text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан.
## Тарихы
Ауыл алғаш 1936-38 жылдары Жамбыл ет комбинатының қосалқы шаруашылығы (подхоз) болып құрылды. Кеңес дәуірі кезінде "Победа" деп аталып келген. Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 06.02.1997 жылғы ұйғарымымен ауыл "Жеңіс" болып қайта аталды.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңатұрмыс ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Байсын ауылы кіреді. Орталығы – Байсын ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 875 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Атабек тал - жер атауы. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, қазіргі "Қарлығаш" пионер лагері орналасқан жерде Ұлы Отан соғысынан кейін бақша егіп, тал-дарақ еккен Байзақ ауылындағы Жаңабай руынан шыққан Атабек ақсақалдың атымен аталған.
## Дереккөздер |
Жібек жолы — Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Тарихы
1948-1949 жылдары тауық фермасы болып құрылып, "Құс фабрикасы" деп аталған. Жасанды көл жасалынып, үйрек, қаз, тауық, тағы басқа да құстар өсірілген. Жертөле тамдар соғылып, адамдар сонда тұрған. Кейінірек көше сызылып, жаңа үйлер соғылған. Ауылға негізінен орыс, неміс ұлтының өкілдері қоныстанған.
"Құс фабрикасы" жабылғаннан кейін, "Мал бордақылау" кеңшары ұйымдастырылып қой, шошқа, жылқы, сиыр бордақыланған, ет дайындаумен айналысқан. Мал бордақылау кеңшары 1977 жылы Ленинск ауылына көшіріліп, ауылды Үшбұлақ жүзім кеңшарына қосып жіберген.
Ауыл 1958 жылдан бастап, көрші ауыл аты (қазіргі әскери гарнизон Королевка) - ғалым С.П.Королевтың атымен аталған. 1991 жылы Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін кеңшарлар тарады. Сол уақытта Королевканың жері Жаңатұрмыс ауылдық округінің құрамына енді. Королевка ауылы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан, 1997 жылы Жібек жолы аты берілген.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
## Кең-баба этнопаркі
Шымкент қаласында 2001 жылдың қыркүйек айында ашылған этнопаркі. Қаланың орталығында орналасқан ескі пионерлер паркінің орына ашылды. Жалпы ауданы 3,5 га жерде шеберлер мен қолөнершілер ауылы, Келісім алаңы, "Азиатский перекресток" эстрадасы, суретшілер галереясы, жеті ұлттық-мәдени павилиондарына(қазақ-өзбек, түрік-кавказ, славяндық, татар-башқұрт, еуропалық, корей-ұйғыр және қытайлық) арналған жайлар бар. Сонымен қатар, паркте құм үстіндегі "Сафари" ертегі қалашығы, "Миниатюрадағы Қазақстан" макеті бар. Аттракциондар қалашығы, волейбол және баскетбол алаңдары, теннис корты, шахмат клубы, шайхана, интернет-кафе, "Дары Юга" жасыл қалашығы, Ақ-су сарқырамасы, 9 фонтан және жасанды канал бар. Этнопаркке кіру тегін.
## сілтемелер
* http://news.gazeta.kz/art.asp?aid=149719(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.sael.kz/index.php/etnopark-ken-baba Мұрағатталған 29 шілденің 2013 жылы.
## Кең-баба этнопаркі
Шымкент қаласында 2001 жылдың қыркүйек айында ашылған этнопаркі. Қаланың орталығында орналасқан ескі пионерлер паркінің орына ашылды. Жалпы ауданы 3,5 га жерде шеберлер мен қолөнершілер ауылы, Келісім алаңы, "Азиатский перекресток" эстрадасы, суретшілер галереясы, жеті ұлттық-мәдени павилиондарына(қазақ-өзбек, түрік-кавказ, славяндық, татар-башқұрт, еуропалық, корей-ұйғыр және қытайлық) арналған жайлар бар. Сонымен қатар, паркте құм үстіндегі "Сафари" ертегі қалашығы, "Миниатюрадағы Қазақстан" макеті бар. Аттракциондар қалашығы, волейбол және баскетбол алаңдары, теннис корты, шахмат клубы, шайхана, интернет-кафе, "Дары Юга" жасыл қалашығы, Ақ-су сарқырамасы, 9 фонтан және жасанды канал бар. Этнопаркке кіру тегін.
## сілтемелер
* http://news.gazeta.kz/art.asp?aid=149719(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.sael.kz/index.php/etnopark-ken-baba Мұрағатталған 29 шілденің 2013 жылы. |
В.И. Чапаев атындағы мемориалдық мұражай – Батыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
## Орналасқан жері
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ақжайық ауданында орналасқан.
## Кезеңі
Ғимарат 1854 жылы салынды, мұражай 1941 жылы ашылды.
## Тарихи деректер
Мемориалды мұражай ғимараты 1854 жылы салынған, көпес С. Манжуковтың ескі екі қабатты үй құрылысы болып табылады. 1919 жылдың тамызында мұнда В. И. Чапаев басқарған 25-ші атқыштар дивизиясының штабы орналасқан. Мұражай 1941 жылы ашылып, 1953 жылы жабылды. 1959 жылы КОКП ОК және Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша В.И. Чапаев атындағы Республикалық мұражайы қайта ашылды.
## Экспозициялары
В И. Чапаевтың өмірі мен қызметіне арналған және 25-ші атқыштар дивизиясындағы сәтті жолы туралы экспозиция 5 залда орналасқан. Мұражай кешеніне 25-ші Чапаев дивизясының штабы, кейіннен В.И. Чапаевтың мемориалдық мұражайы, В.И. Чапаевтың қайтыс болған және Чапаевтықтардың ағалық зираттары кіреді.Бірінші зал В.И. Чапаевтың дәуірін суреттесе, екінші зал халық батыры Исатай Тайманов пен патриот-ақын Махамбет Өтемісұлының бастауымен қазақ шаруаларының көтерілісіне арналған материалдарды қамтиды. Үшінші залдың экспозициясы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына арналған. Төртінші зал халық жазушысы Ж. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Бесінші зал Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған, мұнда Ақжайық ауданының тәуелсіздік жылдарындағы экономика, білім, медицина, мәдениет, спорт және туризм саласындағы жетістіктері ұсынылған.Бүгінгі күні мұражай қорында 8107 жәдігер сақталуда.
## Дереккөздер |
Біркөлік шатқалы – Түркістан облысы Төле би ауданында, Шымкент қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте Тәңір тауының тау сілемдерінде орналасқан.
## Өсімдігі
Шатқал бойымен Біркөлік өзені ағады. Мұнда жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары, емен, шынар, зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөптер өседі.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экспедициясының ауыл аймақтарды археологиялық зерттеулері кезінде Біркөлік шатқалынан 2 қорым табылған. Қорымдар классикалық сұлба бойымен(шығыстан батысқа қарай) орналасқан 30 обадан тұрады.
## Дереккөздер |
## Hill корпорациясы
Әлемдік деңгейдегі мотор майлары мен майлағыш материалдар өндіретін ҚР аумағында орналасқан алғашқы және жалғыз зауыт. Зауыт Шымкент қаласында 2010 жылдың I тоқсанында іске қосылды. Зауыттың өндірістік қуаты - жылына 24 мың тонна. Импорт алмастыру сомасы - жылына 200 млн-нан астам АҚШ доллары. Зауыт 200 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.Потенциалды өндірістік қуаты - жылына 70 мың тонна, бұл елдегі сұраныстың 30%-ын қанағаттандырады. Қазіргі таңда қолданылып жатқан жабдықтары өндіріс қуатын жылына 100 мың тоннаға дейін көтеруге есептелген. Зауыттың аккредитациядан өткен, компания жанындағы тәуелсіз сынақ зертханасы өндірістің барлық кезеңінде өнім сапасына қатаң бақылау жүргізеді. Бұл зертхана тестер мен сынақтарды ASTM американдық стандартына сәйкес автоматтандырылған ең үздік жабдықтармен жүргізеді. Компания TM Fastroil және Hill өнімдерінің көптеген түрлерін өндіреді(бұл мвйлағыш материалдардың кез-келген түрлері, құрамы мен конфигурациясы):
* Өндірістік майлар(IND)
* Коммерциялық транспорттарға арналған мотор майлары(CVL)
* Мотор майлары(PVL)
* Трансмиссиялық майлар
### сілтеме
http://www.hillcorp.kz/page Мұрағатталған 8 шілденің 2013 жылы.
## Hill корпорациясы
Әлемдік деңгейдегі мотор майлары мен майлағыш материалдар өндіретін ҚР аумағында орналасқан алғашқы және жалғыз зауыт. Зауыт Шымкент қаласында 2010 жылдың I тоқсанында іске қосылды. Зауыттың өндірістік қуаты - жылына 24 мың тонна. Импорт алмастыру сомасы - жылына 200 млн-нан астам АҚШ доллары. Зауыт 200 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.Потенциалды өндірістік қуаты - жылына 70 мың тонна, бұл елдегі сұраныстың 30%-ын қанағаттандырады. Қазіргі таңда қолданылып жатқан жабдықтары өндіріс қуатын жылына 100 мың тоннаға дейін көтеруге есептелген. Зауыттың аккредитациядан өткен, компания жанындағы тәуелсіз сынақ зертханасы өндірістің барлық кезеңінде өнім сапасына қатаң бақылау жүргізеді. Бұл зертхана тестер мен сынақтарды ASTM американдық стандартына сәйкес автоматтандырылған ең үздік жабдықтармен жүргізеді. Компания TM Fastroil және Hill өнімдерінің көптеген түрлерін өндіреді(бұл мвйлағыш материалдардың кез-келген түрлері, құрамы мен конфигурациясы):
* Өндірістік майлар(IND)
* Коммерциялық транспорттарға арналған мотор майлары(CVL)
* Мотор майлары(PVL)
* Трансмиссиялық майлар
### сілтеме
http://www.hillcorp.kz/page Мұрағатталған 8 шілденің 2013 жылы. |
## Оңтүстік Қазақстан облысы саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы
Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы 2001 жылдың 2 қарашасында Қазақстанның 10 жылдығы қарсаңында ашылған. Архитекторы мен дизайнері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері А. Найманбай.Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының 2 залы бар: экспозициялық және екінші қабатта орналасқан «Тағзым» залы. Барлық композициялардың негізі - «Репрессия» мүсіні болып табылады. Бұл жерде мемлекет және қоғам қайраткерлері – Қазақстанның саяси қуғын-сүргін құрбандары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М. Тынышпаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, Н. Төреқулов, С. Меңдешов, С. Садуақасов, С. Асфендияров, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, Ш. Құдайбердиев, Қ. Жұбанов, Ж. Шанин, О. Жандосовтардың портреттер галереясы бар.
Сонымен қатар, бұл жерде Қазақстан тарихындағы қайғылы кезеңдер көрсетілген:
* Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы;
* Созақтағы шаруалар көтерілісі;
* 3 млн-нан астам қазақтың өмірін қиған аштық;
* 1 млн-нан астам қазақтың шет мемлекеттерге бас сауғалай көшуі;
* Үлкен террор жылдарындағы 25 мың қазақстандық, оның ішінде 2500 оңтүстік қазақстандықтардың жазықсыз құрбан болуы;
* "Алжир" және "Карлаг" тұтқындарының қайғылы күйі;
* 1986 жыл, желтоқсан - Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен жастар көтерілісі
Мұражайдың "Тағзым" залында 30 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жазықсыз атылған 2500 адамның есімдері жазылған естелік тақталары орнатылған.
## сілтемелер:
* http://repressiya.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6&Itemid=16&lang=ru Мұрағатталған 30 тамыздың 2016 жылы.
## Оңтүстік Қазақстан облысы саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы
Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы 2001 жылдың 2 қарашасында Қазақстанның 10 жылдығы қарсаңында ашылған. Архитекторы мен дизайнері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері А. Найманбай.Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының 2 залы бар: экспозициялық және екінші қабатта орналасқан «Тағзым» залы. Барлық композициялардың негізі - «Репрессия» мүсіні болып табылады. Бұл жерде мемлекет және қоғам қайраткерлері – Қазақстанның саяси қуғын-сүргін құрбандары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М. Тынышпаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, Н. Төреқулов, С. Меңдешов, С. Садуақасов, С. Асфендияров, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, Ш. Құдайбердиев, Қ. Жұбанов, Ж. Шанин, О. Жандосовтардың портреттер галереясы бар.
Сонымен қатар, бұл жерде Қазақстан тарихындағы қайғылы кезеңдер көрсетілген:
* Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы;
* Созақтағы шаруалар көтерілісі;
* 3 млн-нан астам қазақтың өмірін қиған аштық;
* 1 млн-нан астам қазақтың шет мемлекеттерге бас сауғалай көшуі;
* Үлкен террор жылдарындағы 25 мың қазақстандық, оның ішінде 2500 оңтүстік қазақстандықтардың жазықсыз құрбан болуы;
* "Алжир" және "Карлаг" тұтқындарының қайғылы күйі;
* 1986 жыл, желтоқсан - Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен жастар көтерілісі
Мұражайдың "Тағзым" залында 30 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жазықсыз атылған 2500 адамның есімдері жазылған естелік тақталары орнатылған.
## сілтемелер:
* http://repressiya.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6&Itemid=16&lang=ru Мұрағатталған 30 тамыздың 2016 жылы. |
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар — Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалардың тізімі. Қазақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңына жерленуді рухани сабақтастықтың белгісі, ұлағатты өнеге деп саналады. Бұл дүниеде ынтымағы жарасқан Алаш баласының, о дүниелік болған соң да Әзірет Сұлтанның қасына жерленіп, бір жерде жатуы кемелдікке жеткендіктің айқын көрінісі. Қолда бар мәліметтер бойынша Әулие қабірінің жанына қазақ халқынын жиырмадан астам хан-сұлтаны, көптеген батырлары мен билері, игі жақсылары жерленген. Кіші Ақсарайы бөлмесіне 1999 жылдың маусым айының 3 жұлдызында кесенеге алты жыл жүргілізген реставрациялық жұмыстар кезінде табылған мәйттер қайта жерленген.
* Есім хан - 1627–28 жылдары;
* Жәңгір хан - 1652 жылы;
* Тәуке хан - 1715 жылы;
* Болат хан - 1723 жылы;
* Сәмеке хан - 1738 жылы;
* Жолбарыс хан - 1740 жылы;
* Әбілмәмбет хан - 1771 жылы;
* Абылай хан - 1781 жылы;
* Бөкей хан - 1819 жылы;
* Ондан сұлтан - 1585 жылы;
* Жәнібек сұлтан - 1643 жылы;
* Тұрсын сұлтан - 1717 жылы;
* Қайып сұлтан - 1718 жылы;
* Сейіт сұлтан - 1745 жылы;
* Сығай сұлтан - 1750 жылы;
* Есіркеп сұлтан - XVIII ғасыр;
* Барақ сұлтан - 1750 жылы;
* Әбілфеиз сұлтан - 1883 жылы;
* Тәуке сұлтан - 1787 жылы;
* Болат сұлтан - 1798 жылы;
* Есім сұлтан - 1798 жылы;
* Қасым сұлтан - Белгісіз;
* Тоғай сұлтан - 1816 жылы;
* Әликен хан - 1860 жылы;
* Ақтан Абыз - XVI ғасыр;
* Қосдәулет Нұрби Абыз - XVI ғасыр;
* Қаракесек Шаншар Абыз Бұлбұлұлы - XVI–XVII ғасырлары;
* Арғын Әнет Баба Кішікұлы - 1723 жылы;
* Жалайыр Нарынбай Әулие - XVIII ғасыр;
* Найман Қонақай Әулие - 1763 жылы;
* Арғын Сүгірұлы Мешітбай - шақшақ Жәнібектің Батагөйі - XVIII ғасыр;
* Қаракесек Бертіс Би Шаншарұлы 1633–1707 жылдары;
* Мадияр Би Жауғаштыұлы - 1735 жылы;
* Қазыбек Би Келдібекұлы - 1763 жылы;
* Қараменді Би - XVIII ғасыр;
* Атығай Бақтыбай әулие - ХVII ғасыр;
* Қарауыл Қанай Би - XVIII ғасыр;
* Мүсірәли Сопы Әзізұлы Сауранбай - 1752 жылы;
* Күлен Би - Белгісіз;
* Үсен Би - Белгісіз;
* Шаштығұл Би - Белгісіз;
* Шоң Би - XVIII–XIX ғасырлары;
* Құшетқалиұлы Бекболат Би - XІХ ғасыр;
* Қоңыршұнақ Ердес Би Шүренұлы - XVIII ғасыр;
* Бағаналы Бабыр Би Бөкенбайұлы -1864 жылы;
* Қожамқұлұлы Тұрдықұл Би - 1895 жылы;
* Шекті Тілеу Батыр Айтұлы - 1684 жылы;
* Шекті Жолдаяқ Батыр Тілеуұлы - 1684 жылы;
* Есіркеп Батыр Жаманқараұлы - 1696 жылы;
* Әжібай Батыр - XVIII ғасыр;
* Адай Шоғы Батыр Мұңалұлы - 1726 жылы;
* Тобықты Көкенай Батыр - 1728 жылы;
* Шаншар Жарылқап Батыр - XVIII ғылы;
* Дәу Баласы Балта Батыр - 1743 жылы;
* Тарақты Наймантай Батыр - 1745 жылы;
* Жанұзақ Батыр Алдиярұлы - 1749 жылы;
* Шақшақ Жәнібек - XVIII ғасыр;
* Тобықты Жандос Батыр Олжайұлы - 1752 жылы;
* Атығай-қойлы Андықожа Батыр - 1752 жылы;
* Мерген Батыр Бабасұлы - 1754 жылы;
* Қанжығалы Әлібек Батыр Құдайбердіұлы - XVIII ғасыр;
* Сайдалы Нияз Батыр Барқыұлы - XVIII ғасыр;
* Айтбай Батыр Аткелтірұлы - XVIII ғасыр;
* Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай Батыр - 1755 жылы;
* Арғын Күлеке Батыр Тәңірбердіұлы - 1760 жылы;
* Арғын Қойлыбай Батыр Малайұлы - XVIII ғасыр;
* Матай Бөрібай Батыр - 1760 жылы;
* Қарпықұлы Текей Батыр - 1764 жылы;
* Қырықмылтық Шобан Батыр Жаманқұлұлы - 1773 жылы;
* Қанжығалы Бөгенбай Батыр - 1775 жылы;
* Желкілдек Батыр Бөлтекұлы - XVIII ғасыр;
* Таңыбайұлы Жәутік Батыр - 1775 жылы;
* Қоралас Жауғаш Қырбасұлы - 1782 жылы;
* Қаракесек Жарылқап Батыр - 1786 жылы;
* Бөртеұлы Мамай Батыр - 1789 жылы;
* Қойкелді Батыр - 1795 жылы;
* Қараша Айтбай Батыр Сырғақұлы - XVIII ғасыр;
* Қаржас Мырзақұл Батыр - XVIII ғасыр;
* Қоңырат Сырғақ Батыр Ниязұлы - Белгісіз;
* Мәңжіғұл Батыр - Белгісіз;
* Сіргелі Тілеуке Батыр - Белгісіз;
* Есенқұл Қырғыз Батыры әрі Манабы - 1800 жылы;
* Тобықты Мамай Батыр - 1810 жылы;
* Есенбай Батыр - 1844 жылы;
* Есей Батыр - XІХ ғасыр;
* Найман Көшербайұлы Дулыға Батыр - 1890 жылы;
* Қожа ... - 1432 жылы;
* Әмірзада Әли - 1438 жылы;
* Бақи Сұлтан Мір Қалани - XV ғасыр;
* Рәбия Сұлтан Бегім - 1485 жылы;
* Қожа Дәруіш Мұхаммед - 1514 жылы;
* Мүбәрәк Шах Сұлтан - 1519 жылы;
* Мәстүра ханым - 1519 жылы;
* Аман Бике Ханым - 1520 жылы;
* Құл Мұхаммед Сұлтан - 1524 жылы;
* Сүйініш Қожа хан - 1524 жылы;
* Шуджа Ад-дин Халил Мырза - 1533 жылы;
* Мұхаммед Әмір Хан - 1541 жылы;
* Шуджа Ад-дин Мансұр Мырза - 1543 жылы;
* Құдайбердіұлы Тоқтасын - 1543 жылы;
* Тоқтасын - 1544 жылы;
* Бек-Шайқым Қожа - шамамен XVI ғасыр;
* Бұзау Жарасұлы
* Бижігіт Бұзауұлы
Хандардың қабірлерінен тек қана Абылай ханның қабірі толығымен зерттелінген. 70 жасында қайтыс болған Абылай хан Ахмет Ясауи қабірханасының шығыс есігінің табылдырығының алдында жерленген. Тарихта осы орын ханның құрметіне Абылай хан бөлмесі деп аталған. Кейбір тарихи деректер бойынша Абылай ханның бейтіне «Айна-тас» атты құлпытас орнатылған. Археологиялық және антропологиялық зертеулердін нәтижесі табылған адам қанқасы Абылай ханға тиесілі екендігін дәлелдеді. Уақыт өте келе Түркістан қаласында ұлтымыздың тарихымызда өшпес із қалдырған, ұмыт болған тұлғалар да аз емес.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.azretsultan.kz/magazine/2017_year_%E2%84%961.pdf
* http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/460/ Мұрағатталған 15 тамыздың 2013 жылы.
* http://el.kz/4680
* http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/region/south_kazakh_oblast/memorial/yassayu Мұрағатталған 22 мамырдың 2013 жылы. |
Жаяу Мұса Байжанұлы (30 шілде 1835 жыл, Семей облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы – 1929 жыл) — қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақыны.
Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руының Айдабол бөлімі.
## Өмірбаяны
Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.
Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды.
Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Польша, Литва жерінде болады.
Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулие-ата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады.
## Шығармалары
Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады.
Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады.
Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты.
## Дереккөздер |
Жаңасаз — Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сазтерек ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан, егемендік алғанға дейін "Конезавод" аталып келген. Еліміз егемендік алғаннан кейін облыс әкімінің 24.01.1995 жылғы шешімімен аталмыш ауыл "Жаңасаз" атауын қайта алды.
## Атау тарихы
Жаңасаз атауы туралы екі түрлі ел аузында аңыз-әңгіме бар.
Біріншісі, ертеде ауыл жұрты егін егіп, диханшылықпен айналысады. Талас өзенінен арық тартып жерін суарады. Сол уақыттарда елге жау шабады да, халық жерін таста құмға көшіп кетеді. Ал арықтың суы байланбай қалып, жерді бірнеше жыл бойы су басып жатады. Жау кеткеннен соң халық қоныстарына қайта келсе, су жайылып жатқан жерге жаңадан саз байланып, бірнеше ұсақ көлдер пайда болған деседі.
Екіншісі, ертеде жергілікті халық жазда егін егіп, қыста құмға көшіп отырған. Сондай бір жылдары ел қысқы қыстауға көшкенде су молайып, егін еккен жерлерге су жайылып, жаңадан саз пайда болады. Сол көлшіктердің орындары әлі бар. Олар: Ояр, Жетімсаз, Шойынбет және Жексенбі көлшіктері. Олардың бұлай аталу себебі, сол көлшіктердің жағасында отырған кісілердің аттарымен аталған. Содан халық бұл жерді "Жаңасаз" атап кеткен.
## Халқы
## Дереккөздер |
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы — Қарағанды облысының басты әмбебап кітапханасы.
## Тарихы
Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының [1] қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейнімен, Қарағанды қаласының құрылысы және оның дамуымен тікелей байланысты.1931 жылы 15 тамызда БК(б)П ОК «Көмір және кокс ресурстарын көбейту» туралы қаулысы шықты, онда «... Қарағанды көмір бассейнінің географиялық жағдайы, көмірдің мол қоры, оның қолайлы жатысы Қарағанды көмір кен орнының базасында КСРО-да үшінші қуатты көмір базасын құруды тездетуді талап етеді»-делінген.1931 жылы 18 қарашада КСРО халық шаруашылығы жоғарғы кеңесі Президиумының «Қарағанды бассейнін салу туралы» қаулысы шықты. Осы шешімдер Қарағанды көмір бассейні мен Қарағанды қаласының болашағын, оның дамып жетілуін анықтады.Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы[2] 1934 ж. қалалық кітапхананың негізінде ұйымдастырылып 1938 жылы облыстық статусқа ие болған. Кітапхананың қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейінімен, Қарағанды қаласының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Облыстық әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдық даму кітапхананың қалыптасып дамуына әсер етті. Қалалық кітапхана деңгейінен облыстық әмбебап ғылыми кітапхана деңгейіне көтерілді. Кітапхана өлкетану және мерзімді басылымдармен диссертациялар авторефераттар депозитарийі міндетін атқарады. Кітапхана алғаш ашылғанда қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Байжанов екі бума кітапты Полина Петровнаға тапсырып, «Міне, біздің қалалық кітапхана, жұмысыңа табыс тілеймін»-деген екен. Полина Петровна қалалық партия комитетіне барып жүріп кітапханаға үш кішкене бөлмеден тұратын жеке үйге қол жеткізіпті. Ол Ескі қаладағы Костенко атындағы паркі орнындағы кеншілердің клубы болған.
## Кітапхана директорлары
Облыстық білім беру бөлімінің қаржылық жоспарлау және бюджет секторының деректері бойынша 1935 ж. Қарағандыда бір ғана қалалық кітапхана болған. Оның штатында кітапхана меңгерушісі Кривцова Полина Петровна, екі кітапханашы – Александра Петровна Симонова (кейінде Республикаға еңбегі сіңген мұғалім), Лидия Александровна Шлыкова және екі үй сыпырушы болған (ОББ-нің 1935 ж. 1 қаңтарына есебі). Кітапханада көп кешікпей абонемент және оқу залы ашылған. Кітапхана қоры алғашқыда тек Мәскеуден келген көркем әдебиеттер, саяси және техникалық кітаптармен толыққан. Бір жыл өткенде қор 12 мың дана кітаптар мен журналдарды құрады.Қарағанды Ұлы Отан соғысы майданынан алыста болғанына қарамастан соғыс лебі сезініп тұрды. Қарағанды көмір бассейнінің шахталары тоқтаусыз жұмыс жасап, майданға керекті көмір өндірді. Мыңдаған қарағандылықтар майдандағы армияға шақырылды. Қалада жаралы жауынгерлер үшін эвакогоспиталь ашылды. Кітапхана қызметкерлері оларға дауыстап оқу ұйымдастырып, әдеби шолулар жасады. Соғыс уақытына қарамастан кітапханада лекциялар ұйымдастырылып, конференциялар өткізілді, кітап көрмелері ұйымдастырылып, ұйымдасқан түрде радио тыңдау жүргізілген. Штатында 12 адамы бар кітапхана ұжымын соғыс кезінде қысқартылмады.
## Жаңа замандағы кітапхана келбеті
Қазіргі кітапханада 12 құрылымдық бөлімдер мен секторлар жұмыс істейді. Кітапханада қазақ тілін үйрену Ресурс орталығы, құқықтық ақпарат орталығы, Америкалық ақпараттық ресурс орталығы, Оқу орталығы, "Жыр- Жауһар" поэтикалық клубы, "Әдеби қонақжай", "Вива, Лингва!" ағылшын тілінде сөйлесу клубы т.б. бірлестіктер жұмыс істейді.Кітап қоры мазмұны жағынан білімнің әр саласын қамтиды, 400 мың данадан астам, оның ішінде 50,0 дана мемлекеттік тілде, 15000 дана шет тілдерінде. Бұлар кітаптар, диссертациялық авторефераттар, мерзімді басылымдар, СД, пластинкалар, карталар мен ноталар т.б. Жыл сайын кітапханаға 7000-дай құжаттар түседі, олардың 50 % мемлекеттік тілдегі басылымдар құрайды.1997 жылдан бастап кітапхана жұмысының барлық бағыттарына жаңа ақпараттық-технологияны қарқынды енгізуде: Ғалам тор арқылы Отандық және шет елдік ресурстарға қолжеткізу ұйымдастырылды, штрих код арқылы кітап беру және есеп жұмыстарын автоматтандыру енгізілуде, пайдаланушыларға виртуальді қызмет көрсетіледі. АБИС кітапханалық процестердің негізгі түрлерін - өңдеу, сақтау және деректерді электронды форматта беру мүмкіндіктерін туғызды. Кітапханадағы басты ақпараттық ресурстардың бірі электронды каталог. Онда кітапханаға түсетін құжаттардың барлық түрлері көрсетіледі.
## Әдебиеттер
Қарағандыдағы алғашқы кітапхана: тарих беттерінен. 1934-2009 [Мәтін] = Первая библиотека Караганды: страницы истории.1934-2009 : жинақ Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының 75 жылдық тарихына арналған / Қарағанды облысының Мәдениет басқармасы, Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы ; құраст. В. И. Пак. - Қарағанды : Гласир, 2009. - 247 б. : фот.Аманжолова , Д. Б. Тарих беттерін аударсақ... [Мәтін] / Д. Б. Аманжолова // Кітапхана әлемі = Мир библиотеки : Қазақстан кітапханашыларының кәсіби журналы. - 2012. - № 4. - 8-9 б. Аманжолова, Д. Кітапхана желісі - инновация игілігіне [Мәтін] / Д. Аманжолова // Орталық Қазақстан. - 2013. - 20 сәуір (№ 62/63). - 2 б. Аманжолова, Д. Б. Шығармашылық пен жаңашылдық аймағы: Қарағанды облысының кітапханалық кеңістігі [Мәтін] / Д. Б. Аманжолова // Кітап патшалығы. - 2013. - № 1/2. - 41-43 б. Телпекбаева, С. О. Виртуалды кітап көрмесі оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндік [Мәтін] / С. О. Телпекбаева // Кітапхана әлемі = Мир библиотеки. - 2012. - № 4. - 34-37 б. Уатаева, Б. Жас кітапханашы - кемел келешегіміздің кепілі [Мәтін] / Б. Уатаева // Кітап патшалығы. - 2012. - № 3. - 18-23 б.
## Сілтемелер
Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК сайты |
Ақ бата
Халықтың тілек- бата сөздері жеткіншек, жас ұрпақты әдепті, зерделі, сабырлы, арлы болып өсуге баулиды.
Бата- хылықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар- оның рухани өмірінде тұтастық, бірлігін, салт- дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.
Болашақтың тұтқасы, иесі- ұрпағына амандық, парасаттылық, ізеттілік, өжеттілік, мейірім, өнер- білім, құт- береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу- ежелден адамзаттың асыл мұраты болса керек.
Халықтың ежелгі қонақжайлық салты бойынша, құрметті мейманға арналып қой немесе тай сойылады, қонақасы беріледі. Сойыс малы қонаққа көрсетіледі. Себебі, ол малдың күйін, дені таза екендігін көреді. Сонан соң бата жасайды. Алғыс яки бата сөзде үй иесінің сау- саламат болып, пәле- жаладан амандығын тілейді.
Ахмет Байтұрсынұлы былай дейді: «Бата- біреуге алғыс білдіргенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады».
Сондай- ақ шешен, ақын, зергерлер өздерінің қасиетті өнерін ізбасар шәкірттеріне аманат етіп тапсырғанда, ақ батасын береді.
## Бата үлгілері
- Тең құрбыңның ішіндеҮстем болсын талабың!Үйіңе мейман келгенде,Ашық болсын шырайың!
- Әлдеріңнен келгеншеЖығылғанды көтеріп,Сүрінгенді сүйеңіз.Тарығып келген адамғаБермесек, отқа күйеміз.Бергенді тым- ақ сүйеміз,Жомарттық қылық қолдансаңҮйіңізден кетпесінМереке мен тойыңыз!
- Құдай жарылқасын,Бақ қарасын,Қыдыр дарысын!Айдан аман,Жылдан есен қылып,Үйдегі, түздегіМал, басты аман қылсын!
- Лұқпандай мың жаса,Ер дарысын жасыңа,Инабат берсін қызыңа,Дәулет берсін ұлыңа,Жұрт жиналсын тойыңа!Тасың өрге домалап,Өсе берсін ырысың!
- Беретін батам асыңа,Амандық берсін басыңа!Бар екем деп тасыма,Жоқ екем деп жасыма.Еңбек етсең ерінбей, Дәулет келер қасыңа!
- Арыстандай болсын айбатың,Аюдай болсын қайратың.Гүлге толсын өңірің,Көңілді өтсін өмірің,Асқа толсын табағың,Ашық болсын қабағың!«Бата» дедің маған,Бақ дарысын саған.Дастарқаныңнан кетпесін,Адал тапқан тағам!
- Пейіліңе қонақжай,Бата берем, қолың жай.Ақ жарылған жүрегің,Қабыл болсын тілегің!Бізге сойдың қой,Үйіңнен кетпесін той!
- Рақмет дәміңе,Ризалық берсін бәріңе.Аман болып басыңыз,Жүзге жетсін жасыңыз!Дастарқаның тоқ болсын,Уайым- қайғың жоқ болсын.Аман сақтап абырой берсін.Айың тусын оныңнан,Күнің тусын солыңнан.Мал мен басың тез өсіп,Кетпесін дәулет қасыңнан!
- Абылайдай орда бол,Ақ тілеулі жолда бол!Қабанбай мен БөгенбайБастап кеткен қолда бол!Жәнібектей өрде бол,Төле бидей төрде бол!Қазыбек пен ӘйтекеАйтып кеткен жерде бол!
- Балам, балам, бақты бол,Досқа жұмсақ, дұшпанға қатты бол!Қазыбектей дана бол,Қазып кеткен сара жол.Қабанбайдай қайратты,Бөгенбайдай айбатты,Ақандайын сері бол,Ақыл- ойдың кені бол!Ақылды бол, дана бол,Адасқанға пана бол.Жақсыны мақта,Нашарды жақта,Момынды сыйла!Жарлылық- өлім емес,Дүниеқоңыздық- өмір емес.Қиындық көрсең, мұқалма,Ауырлық көрсең, жұқарма.Қамқоршы бол кішіге,Үлкенді үлгі тұт алға!
- Абайдың басын берсін,Жамбылдың жасын берсін.Әміренің әнін берсін,Сәкеннің сәнін берсін.Құрманғазының күйін берсін,Шараның биін берсін.Қажымұқанның қайратын берсін,Исатайдың айбатын берсін.Мұхтардың атағын берсін,Бауыржанның жүрегін берсін!
- Жас ұрпақ ғұмырлы болсын,Ата- анаға мейірлі болсын.Қуанышты, көңілді болсын,Еңбегі өнімді болсын.Ақылды, сезімді болсын,Халқына сенімді болсын!
- Өмірлі бол, қарағым,Таудай болсын талабың!Өз құрбыңның алды бол,Бақытты бол, малды бол!
- Оң болсын, балам, сапарың,Молықсың дәмің, татарың.Туған елің тапсырғанПарызын өте Отанның!
- Жарқын болсын көңіліңЖаздың әсем таңындай.Таза болсын өміріңТаудың аппақ қарындай.Жатсын қонақ үйіңнен Күндіз- түні арылмай,Дастарқаның мол болсын.Мызғымасын босағаңШаңырағың биік боп,Қосағыңмен қоса ағар!
- Білімің қатарыңнан асып өтсін,Бақытың абыроймен тасып өтсін.Артыңнан өлмейтұғын ат қалдырып,Жалғанды жалпағынан басып өтсін!
- Кетпес дәулет,Кең пейіл,Ұшпас бақыт берсін!
- Еліңе елеулі бол,Халқыңа қалаулы бол!
- Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!
- Айдай жарқыра,Жұлдыздай жылтыра.Маңдайың ашық болсын,Дұшпаның қашық болсын!
- Жаңбырсыз жаздан сақта,Дос болып, қас болғаннан сақта.Күле кіріп, күңіренгеннен сақта.Нанды басқан кесірден сақта.Мезгілсіз келген өлімнен сақта!
- Бақытың өссін күн сайын,Аспандағы жұлдыздай.Сегіз қырлы, бір сырлы,Қадірлі бол халқыңа!
- Не тілесең, соны берсін,Алдың базар, артың шаһар болсын.Бақыт қонсын, қыдыр дарысын,Кең пейіл, кетпес дәулет берсін.
## Мақалада Дереккөздер
1.↑http://www.qazaquni.kz/8802.html Мұрағатталған 14 наурыздың 2016 жылы.
2.↑http://bilim.idhost.kz/ Мұрағатталған 15 тамыздың 2013 жылы.
## Ақ бата
Халықтың тілек- бата сөздері жеткіншек, жас ұрпақты әдепті, зерделі, сабырлы, арлы болып өсуге баулиды.
Бата- хылықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар- оның рухани өмірінде тұтастық, бірлігін, салт- дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.
Болашақтың тұтқасы, иесі- ұрпағына амандық, парасаттылық, ізеттілік, өжеттілік, мейірім, өнер- білім, құт- береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу- ежелден адамзаттың асыл мұраты болса керек.
Халықтың ежелгі қонақжайлық салты бойынша, құрметті мейманға арналып қой немесе тай сойылады, қонақасы беріледі. Сойыс малы қонаққа көрсетіледі. Себебі, ол малдың күйін, дені таза екендігін көреді. Сонан соң бата жасайды. Алғыс яки бата сөзде үй иесінің сау- саламат болып, пәле- жаладан амандығын тілейді.
Ахмет Байтұрсынұлы былай дейді: «Бата- біреуге алғыс білдіргенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады».
Сондай- ақ шешен, ақын, зергерлер өздерінің қасиетті өнерін ізбасар шәкірттеріне аманат етіп тапсырғанда, ақ батасын береді.
## Бата үлгілері
- Тең құрбыңның ішіндеҮстем болсын талабың!Үйіңе мейман келгенде,Ашық болсын шырайың!
- Әлдеріңнен келгеншеЖығылғанды көтеріп,Сүрінгенді сүйеңіз.Тарығып келген адамғаБермесек, отқа күйеміз.Бергенді тым- ақ сүйеміз,Жомарттық қылық қолдансаңҮйіңізден кетпесінМереке мен тойыңыз!
- Құдай жарылқасын,Бақ қарасын,Қыдыр дарысын!Айдан аман,Жылдан есен қылып,Үйдегі, түздегіМал, басты аман қылсын!
- Лұқпандай мың жаса,Ер дарысын жасыңа,Инабат берсін қызыңа,Дәулет берсін ұлыңа,Жұрт жиналсын тойыңа!Тасың өрге домалап,Өсе берсін ырысың!
- Беретін батам асыңа,Амандық берсін басыңа!Бар екем деп тасыма,Жоқ екем деп жасыма.Еңбек етсең ерінбей, Дәулет келер қасыңа!
- Арыстандай болсын айбатың,Аюдай болсын қайратың.Гүлге толсын өңірің,Көңілді өтсін өмірің,Асқа толсын табағың,Ашық болсын қабағың!«Бата» дедің маған,Бақ дарысын саған.Дастарқаныңнан кетпесін,Адал тапқан тағам!
- Пейіліңе қонақжай,Бата берем, қолың жай.Ақ жарылған жүрегің,Қабыл болсын тілегің!Бізге сойдың қой,Үйіңнен кетпесін той!
- Рақмет дәміңе,Ризалық берсін бәріңе.Аман болып басыңыз,Жүзге жетсін жасыңыз!Дастарқаның тоқ болсын,Уайым- қайғың жоқ болсын.Аман сақтап абырой берсін.Айың тусын оныңнан,Күнің тусын солыңнан.Мал мен басың тез өсіп,Кетпесін дәулет қасыңнан!
- Абылайдай орда бол,Ақ тілеулі жолда бол!Қабанбай мен БөгенбайБастап кеткен қолда бол!Жәнібектей өрде бол,Төле бидей төрде бол!Қазыбек пен ӘйтекеАйтып кеткен жерде бол!
- Балам, балам, бақты бол,Досқа жұмсақ, дұшпанға қатты бол!Қазыбектей дана бол,Қазып кеткен сара жол.Қабанбайдай қайратты,Бөгенбайдай айбатты,Ақандайын сері бол,Ақыл- ойдың кені бол!Ақылды бол, дана бол,Адасқанға пана бол.Жақсыны мақта,Нашарды жақта,Момынды сыйла!Жарлылық- өлім емес,Дүниеқоңыздық- өмір емес.Қиындық көрсең, мұқалма,Ауырлық көрсең, жұқарма.Қамқоршы бол кішіге,Үлкенді үлгі тұт алға!
- Абайдың басын берсін,Жамбылдың жасын берсін.Әміренің әнін берсін,Сәкеннің сәнін берсін.Құрманғазының күйін берсін,Шараның биін берсін.Қажымұқанның қайратын берсін,Исатайдың айбатын берсін.Мұхтардың атағын берсін,Бауыржанның жүрегін берсін!
- Жас ұрпақ ғұмырлы болсын,Ата- анаға мейірлі болсын.Қуанышты, көңілді болсын,Еңбегі өнімді болсын.Ақылды, сезімді болсын,Халқына сенімді болсын!
- Өмірлі бол, қарағым,Таудай болсын талабың!Өз құрбыңның алды бол,Бақытты бол, малды бол!
- Оң болсын, балам, сапарың,Молықсың дәмің, татарың.Туған елің тапсырғанПарызын өте Отанның!
- Жарқын болсын көңіліңЖаздың әсем таңындай.Таза болсын өміріңТаудың аппақ қарындай.Жатсын қонақ үйіңнен Күндіз- түні арылмай,Дастарқаның мол болсын.Мызғымасын босағаңШаңырағың биік боп,Қосағыңмен қоса ағар!
- Білімің қатарыңнан асып өтсін,Бақытың абыроймен тасып өтсін.Артыңнан өлмейтұғын ат қалдырып,Жалғанды жалпағынан басып өтсін!
- Кетпес дәулет,Кең пейіл,Ұшпас бақыт берсін!
- Еліңе елеулі бол,Халқыңа қалаулы бол!
- Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!
- Айдай жарқыра,Жұлдыздай жылтыра.Маңдайың ашық болсын,Дұшпаның қашық болсын!
- Жаңбырсыз жаздан сақта,Дос болып, қас болғаннан сақта.Күле кіріп, күңіренгеннен сақта.Нанды басқан кесірден сақта.Мезгілсіз келген өлімнен сақта!
- Бақытың өссін күн сайын,Аспандағы жұлдыздай.Сегіз қырлы, бір сырлы,Қадірлі бол халқыңа!
- Не тілесең, соны берсін,Алдың базар, артың шаһар болсын.Бақыт қонсын, қыдыр дарысын,Кең пейіл, кетпес дәулет берсін.
## Мақалада Дереккөздер
1.↑http://www.qazaquni.kz/8802.html Мұрағатталған 14 наурыздың 2016 жылы.
2.↑http://bilim.idhost.kz/ Мұрағатталған 15 тамыздың 2013 жылы. |
Қосы батыр (2020 жылға дейін — Қарасу) — Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
## Ауыл атауының шығу тарихы
Ауыл маңында бірнеше терең сайлар бар, осы сайлар әр көктемде және су мол болған жылдары жоғары жақтағы Ақшолақ ауылы жағынан аққан сулар осында жиналып, жаңағы терең сайлардың ернеуін шайып, ауыл сыртындағы үлкен тоғанға қарай ағады. Кейде су мол болып, ауылдың ортасындағы көпірлерді шайып кетіп отырған. Тоқтаған су жаз айларына дейін тартылмай, сайларда қарақошқылданып жататын болған. Табиғаттың осы бір құбылысы жылда қайталанып, осы жерді мекендеген халық өз ауылдарын "Қарасу" деп атап кеткен.
## Дереккөздер |
Көкөзек — Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. 1920 жылдары колхоз болып құрылды.
## Халқы
## Ауыл атауының тарихы
Ауыл атауының шығу тарихы туралы ел есінде мынадай әңгіме бар. Қарасу мен Көкөзек ауылының ортасында "Көкалыс" деген шөбі шүйгін, көк құрақ, бидайдың ерте көктемде бітік өсетін саздауыт алаңқай жері болған. Сол алаңқайдан ылди сулар бірігіп Көкөзек ауылының ортасындағы өзекпен төмен қарай ағып жатқан. Ертелеу кезде шамамен 1880 - 1900 жылдары аралығында тұрғылықты ел құм жиегінде шашыраңқы қалыпта отырған да, ұжымдастыру кезінде қазіргі Көкөзек ауылының тұрған жерінен ауылдың, көшенің жобасы сызылып халықты сол көшеге қоныстандыра бастаған. Кейін келе Көкөзек ауылы пайда болады. Құм жиегіне жақын жазықта ағып жатқан өзен сонау Алатау басынан басталып, Қарасу көлінің жиек жақ шетіне келіп құяды. Өзеннен шығатын кіші суды халық өзек деп атаған. Ерте күзден бастап, қыс түсіп, жер беті ақ қар жамылғанға дейін өзектің екі жағы жап-жасыл желек жамылып жататын. Ауыл жағасы от, суы мол өзектің атына байланысты "Көкөзек" деп аталған.
## Дереккөздер |
Қостөбе (1993 жылға дейін — Головановка) — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде, жусан аралас сұлыбас, бидайық басым өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты, төбелі-жонды келген таудың құрғақ шөлейт белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Жамбыл ауданы құрамындағы "Жамбыл" кеңшары 1932 жылы құрылған. Қостөбе ауылы "Жамбыл" кеңшарына қарасты елді мекен болған. Кеңшардың міндеті қызылша ұрығын дайындау болатын. Шамамен 1932 жылдардан бастап Қостөбе ауылына үйлер салына бастаған.
## Атау тарихы
Ауыл атауының "Қостөбе" аталуының себебі: Қызыл Жұлдыз ауылы мен осы ауыл екеуінің арасында екі үлкен қос төбе болған. Сол төбеге айланысты ауыл аты Қостөбе аталып кеткен. Қазіргі уақытта бұл төбелердің біреуі тегістеліп кеткен. Қазақстанда ұжымдастыру жүріп жатқанда осы аталған ауылға Голованов деген христиан жер ауып, сауда орталығын ұйымдастыру мақсатында келген. Осында тұрып көп жыл бойы қызмет еткен. Осы кісінің атымен ауылды "Головановка" деп 1993 жылға дейін атап келген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрақасының 04.05.1993 жылғы №2189-ХІІ қаулысымен атауы қайтадан "Қостөбе" болып өзгертілді. 1996 жылға дейін Жамбыл ауданының арнайы бірлестігінің бөлімшесі болып келді. 1997 жылы Байзақ ауданына ауысты.
Ауылда өндірістік кооператив және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасты.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлі-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Қостөбе — 6–12 ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер аулының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Алғаш А.Н.Бернштам 1938 ж. зерттеген. 1985 – 87 ж. К.М.Байпақов бастаған Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тараз археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қостөбе 6 ғ-да қоныс аударған соғдылықтар негізін қалаған Жамукат қаласының орны болса керек деп болжанады. Қостөбе қаласынының орталық бөлігі дөңес болып келген. Көл. 420×450 м. Кезінде қала биік қабырғамен айнала қоршалып тұрған. Сақталып қалған қабырғалардың биіктігі 3 м-ге жетеді. Қабырғалардың бұрыштарындағы мұнаралар биіктігі 16 – 18 м болған. Қаланың төрт қақпасы болған. Қазіргі кезде қақпалардың қабырғалардан ажырап қалған бөліктері ғана сақталып қалған. Қазба жұмыстарының жүргізілуі барысында Қостөбедегі сарайдың орны анықталды. Сарайдың қабырғалары шикі кірпіштен қаланған, тек бір қабырғасы ғана пахсадан тұрғызылған. Сарай 20-дан астам бөлмелерден тұрады. Оның орталық залының көлемі 9,5×8,2 м, салтанатты бөлмесінің көлемі 8×14 м, бөлмелердің біразында ошақтардың орны сақталып қалған. Қазба жұмыстары кезінде керамикадан жасалған ыдыстар, сүйектен жасалған бұйымдар табылды. Сондай-ақ, табылған бұйымдардың ішінде сырғалар, белдіктің тоғалары да бар. Белдік тоғаларына тауысқұсының және қораздың суреттері ойылып безендірілген.
Цитаделінің аумағы 150x150 метр. Қала іргесінде үлкен зираттар бар. Айнала радиусы 5 қм жерде түрлі кішігірім бекіністер көптеп орналасқан. Қала орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде 8 - 9 ғасыр кезіндегі отқа табынушылар ғибадатханасының орны табылды. Ғимараттардың көпшілігі безендірілген панелдермен көмкерілген. Олардың ою-өрнектері Варахша, Афрасиаб қалаларға ұқсас болып келеді. Мұның өзі Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Талас өңірі қалалары Орта Азиямен тығыз мәдени байланыста болғанын айқындай түседі.
## Мәртебесі
2014 жылы Қостөбе қалашығы «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылды.
2017 жылы Қостөбе республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.
## Дереккөздер |
Баянтай (2023 жылға дейін — Воскресеновка) — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Володар ауылдық округіне жатады.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 351 адам (166 ер адам және 185 әйел адам) болса, 2009 жылы 327 адамды (166 ер адам және 161 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бұрлық — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Украина ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 345 адам (167 ер адам және 178 әйел адам) болса, 2009 жылы 304 адамды (157 ер адам және 147 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Виктор Алексеевич Абгольц (1944ж.т) — кеңес футболшысы, «Қайрат», «Шахтер» командаларының шабуылдаушысы,КСРО шебері.
## Өмірбаяны
### Еңбек жолының басталуы
Виктор Алексеевич Абгольц – 1944 жылы Қостанай облысы, Тобыл стансациясында дүниеге келген. Оның отбасы бұл жаққа күштеп қоныс аударылған болатын. Кейіннен Қарағанды қаласына отбасымен 1948 жылы көшіп келген. Виктордың үлкен ағасы Леонид Абгольц 1950 жылдары «Шахтер» сапында өнер көрсеткен. Ал өзі футболға шындап 14 жасынан бастап ден қояды. Алғашқы бапкері Христофор Газелеридиден футболдың қырын-сырын үйренеді. Кейіннен Андрей Гумировтің тобына жазылып, футболшы ретінде әріқарай шындала түсті. Осы жылы Бүкіл одақтық оқушылар спартакиадасына қатысады. Елдің бәрін таңқалдырып, Абгольц ойнайтын Қазақстан құрамасы бірінші рет он бес одақтас республикадан келген команданың ішінде үшінші орынға қол жеткізеді. Бұл үлкен жетістік болатын.
## Футболдағы карьерасы
1962 жылы Абгольц «Шахтермен» КСРО чемпионатының «Б» тобында чемпион атанады. Кеншілер осыдан кейін «А» тобына жолдама алады. «Шахтер» сапындағы сол кездегі 18 жастағы жас ойыншыны алматылық «Қайрат» өздеріне шақырады. Бірақ «Қайрат» сапында тек бір маусымды өткізді. Тәжірбиелі ойыншылармен қатар бір командада өнер көрсету жас футболшыға қиынға түсті. Команда каптитанымен келіспей, «Шахтерге» оралуды жөн санапты. Қарағандыға оралған соң, «Шахтердің сапында үш маусымда 107 ойын өткізіп 34 гол соғады. Қайтадан «Қайрат» 1968 жылы екінші рет өз қатарларына шақырады. Бұл кездері «Қайрат» жоғары лигада өнер көрсетіп жүрген болатын. Келген жылы тоғыз гол соғып, команданың бас мергені атанады. Бірақ Абгольцтың тоғыз голы да «Қайратты» жоғары лигада сақтап қалмады. Дегенмен келесі жылы «Қайрат» қайтадан жоғары лигаға оралды. Ал 1971 жылы «Қайрат» өз тарихында алғаш» халықаралық теміржолшылар одағының кубогын ұтып алды.Бұл кубокты ұтып алуда шабуылшы Абгольцтың еңбегі зор болған. «Қайраттың» сапында өткізген үш маусымда ол 110 ойында 30 рет қаншығасын майлайды. Кейіннен жол апыратына ұшырап, миы шайқалғаннансоң негізгі құрамда сирек көріне бастайды. Осылайша командадан кетіп,1972 жылы қайтадан өзінің бұрыңгы клубына оралады. 1973 жылғы маусымда «Шахтер» бірінші лигада жоғары нәтиже көрсете алмай екінші лигаға жол тартады. Абгольц осылайша соңғы маусымын екінші лигада өткізіп, бутсысын шегеге іледі.
## Тренерлік карьерасы
1973жылы футболдағы карьерасынан кейін командада қалып Валентин Гроховской бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді.
## Судья карьерасы
1975 жылдан бастап төрешілікке бет бұрады, 1980 жылы бүкіл одақтық төреші дәрежісін иемденеді.1990 жылдан бастап ҚФФ-ның төрешілер комитетінің мүшесі.
## Футболдағы жетістігі
Виктор Абгольц футболшы ретінде жоғары лигада 95 ойында 14 гол соққан, ал бірінші лигада барлығы 230 ойында 81 голды қарсыластардың қақпасына тулатқан. Екінші лигада 34 ойын өткізіп, 21 гол еңгізді. Ал жалпы 359 ойында 116 гол соққан.Ол сондай-ақ «Қайрат» сапындағы алғашқы хет-трихтың авторы, Кировабадта өткен ойында «Динамо» қақпасына үш доп соққан болатын. Екінші хет-тригін донецкінің «Шахтеріне» қарсы ойында орындады. КСРО кубогының 1/8 финалында мәскеудің «Динамосына» алтын допты алған жер бетінде алғашқы атақты қақпашы Лев Яшиннің қақпасына гол соққан болатын.
Виктор Абгольц футболдық жолында тек екі команда құрамында ғана өнер көрсеткен, «Шахтердің сапында ең көп ойын өткізген Он футболшының, мергендер көшінде үздік бестіктің қатарында. Сондай-ақ төрешілік қызметте де үлкен жүмыс атқарды. Қазақ футболының дамуына өз үлесін қосқан шабуылшы, «Қазақстанның үздік 100 футболшысы » қатарынан ойып орын алатыны анық.
Кешегі Кеңес үкіметі кезінде елімізде «Қайраттан» кейін танымал командалардың бірі қарағандылық «Шахтер» болды. Сол «Шахтер» мен қазақ футболының флагманы болған «Қайраттың» қатарында өнер көрсеткен үздік шабуылшы– Виктор Абгольц.
## Отбасылық жағдайы
Үйленген. Баласы Олег Абгольц кезінде Алматының «Локомотивы» сапында өнер көрсеткен, кейіннен Германияға көшіп, сондағы шағын футбол клубтарында ойнаған. |
Балқаш — Балқаш жағалауында орналасқан қала. Балқаш көлінің жағасындағы ең ірі қалалардың бірі. Қала Қарағанды қаласынан 380 км қашықтықта Бертіс айлағында орналасқан. Халық саны – 73,7 мың адам.
## Тарихы
1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Қала 1937 жылы Прибалхашстрой кентінің базасында құрылды.
Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кен орны мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. 1967 жылы Лондондық Халықаралық Көрмесінде балқаштық мыс халықаралық мыс эталоны болып танылды.
## Туризм
Көл және көл маңындағы табиғат ескерткіштерінің (Бектау ата шатқалы, тоғайлы ормандар) рекреациондық потенциалы туристерді қабылдауға таптырмас мүмкіндік береді. Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады. Балқаш көлінің жағалауында жылына 4 мыңнан астам адам демалады. Демалушыларға жағдайды облыстың ірі өнеркәсіпорындары мен жеке меншік кәсіпкерлердің 9 демалыс зонасы жасайды. Көлдің батыс жағалауында халықаралық және республикалық маңызы жоғары Алматы – Екатеринбург тас жолы өтеді. Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі – Бектау ата тау желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген. Сонымен қатар Бектау ата тауында киелі саналатын тұзщы су көзі бар «Әулие» үңгірі орналасқан. Бектау ата тау желісі – туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы.
## Халқы
## Географиясы
### Климаты
## Экономикасы
Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы алып, өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна.
Қалада 2007 жылы 414 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері.Негізгі экономикалық бағыт:
* түсті металлургия;
* энергетика;
Қаланың негізгі кәсіпорындары:
* «ЗОЦМ» АҚ
* Балқаш қаласы әкімінің жанындағы «Су Жылу Транс» КМК
Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:
* электр және жылу энергиясы;
* түсті металдар өндірісі;
2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 20877 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 31683 теңге.2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 216083,4 млн. теңгені құрады.Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 5005,3 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 117,7%-ды құрайды.Кәсіпорындардың өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1978,6 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінің 134,0%-ын құрады.2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 3829,2 млн. теңге шамасында құралды, ақылы қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз)– 887,8 млн. теңге.
### Ауыл шаруашылығы
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады.
2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га – егістік алқаптар.
2006 жылғы астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішіндекартоп 0,1 мың га, көкөніс 0,2 мың га.
2006 жылы 1,8 мың тонна картоп, 3,6 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,06 мың тонна ет (тірі салмақта), 1,8 мың тонна сүт; 445,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 3,1 мың бас; шошқа - 0,3 мың бас; жылқы - 42 бас; құс – 5,4 мың бас.*
## Білім
Қалада 2006/2007 оқу жылы басына
* 21 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 12456 оқушы оқиды,
* 1 кешкі жалпы білім беретін мектеп - 200 оқушы
* 4 колледжде – 2736 оқушы,
* 2 кәсіби-техникалық оқу орнында – 1195 оқушы,
* 1 жоғары оқу орнында - 2595 оқушы оқиды.
Қалада
* 9 кітапхана,
* 5 клуб типті мекеме,
* 1 мұражай істейді.
## Инфрақұрылымы
Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар.
## Транспорты
Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады.
## Дереккөздер |
Кестелеу (өрнек салу) - мата бетіне әшекей өрнек салу өнерінің бір түрі. Кестелеуге кез келген маталар және әр түрлі жіптер (мулине, жүн жіп, жібек жіп, синтетикалық жіп) пайдаланылады.
## Қолмен кестелеу
### Керекті құрал-жабдықтар
* Кестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелек кергіш қажет.Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді. Өте нәзік бұйымдарды кестелеуге өте жұқа бірақ құрылымы тығыз маталарды пайдаланған жөн, себебі ол жұмысқа қосымша айқындық әсер беріп тұрады. Айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді.Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне (нөмеріне) байланысты болады. Кесте тігудегі ең басты құралдың бірі болғандықтан иненің сапасының жоғары болғаны дұрыс. Кестенің түрлеріне қарай инелердің де түрлері әр түрлі болады. Жіптің жеңіл сабақталуы үшін иненің көзінің үлкен болғаны дұрыс. Өте ірі инемен кестеленген кесте тегіс болып түспейді.Жүн маталарды кестелеуге ұзындығы орташа (көлемі 1-10) емес, бірақ жіп өтетін көзі үлкен, ұшы сүйір ине қолданылады.Ұшы сүйір (көлемі 13-26), ұзын және жуан, көзі үлкен ине материалды жуан жіптермен кестелеу үшін қолданылады.Тегіс тоқылған және селдір матаны (канвалауға) кестелеуге ұшы доғал (өлшемі 13-26) ине пайдаланылады. Мұндай ине матаның жіптерін суырмайды, түтпейді.Жіптің ұзындығы 50-60 см. артық болмауы керек. Кесте жіптердің бірнеше түрлерімен кестеленеді:Ширатылған мақта жіп - әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Канваға кестеленетін кестелерден басқа түрлеріне қоладана береді.Ширатылған жібек жіп - алты қабаттан тұрады, мақта жіптер сияқты пайдаланылады, ерекшелігі жібек жіп жарқырап кесте түрін ашып тұрады.Ирис - ширатылған жылтыр жіп кестенің көп түрлеріне қолданылады.Кесте тігуге арналған жұмсақ мақта жіп - көбіне канва және қалың маталарды кестелеуге қолданылады.Металл жіптер.Жіңішке жүн жіп - қос қабатты жіңішке жүн жіппен маталарды, сонымен қатар канваға тігілетін әдемі өрнектерді кестелеуге жарамды.Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см. болғаны дұрыс.Оймақ - қалың маталарды кестелеген кезде қолды жарақаттамай матаға иненің кіруін жеңілдетеді. Оймақтар қандай материалдан жасалса да ортаңғы саусаққа киюге ыңғайлы болғаны дұрыс.
* Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді. Өте нәзік бұйымдарды кестелеуге өте жұқа бірақ құрылымы тығыз маталарды пайдаланған жөн, себебі ол жұмысқа қосымша айқындық әсер беріп тұрады. Айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді.
* Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне (нөмеріне) байланысты болады. Кесте тігудегі ең басты құралдың бірі болғандықтан иненің сапасының жоғары болғаны дұрыс. Кестенің түрлеріне қарай инелердің де түрлері әр түрлі болады. Жіптің жеңіл сабақталуы үшін иненің көзінің үлкен болғаны дұрыс. Өте ірі инемен кестеленген кесте тегіс болып түспейді.Жүн маталарды кестелеуге ұзындығы орташа (көлемі 1-10) емес, бірақ жіп өтетін көзі үлкен, ұшы сүйір ине қолданылады.Ұшы сүйір (көлемі 13-26), ұзын және жуан, көзі үлкен ине материалды жуан жіптермен кестелеу үшін қолданылады.Тегіс тоқылған және селдір матаны (канвалауға) кестелеуге ұшы доғал (өлшемі 13-26) ине пайдаланылады. Мұндай ине матаның жіптерін суырмайды, түтпейді.
* Жүн маталарды кестелеуге ұзындығы орташа (көлемі 1-10) емес, бірақ жіп өтетін көзі үлкен, ұшы сүйір ине қолданылады.
* Ұшы сүйір (көлемі 13-26), ұзын және жуан, көзі үлкен ине материалды жуан жіптермен кестелеу үшін қолданылады.
* Тегіс тоқылған және селдір матаны (канвалауға) кестелеуге ұшы доғал (өлшемі 13-26) ине пайдаланылады. Мұндай ине матаның жіптерін суырмайды, түтпейді.
* Жіптің ұзындығы 50-60 см. артық болмауы керек. Кесте жіптердің бірнеше түрлерімен кестеленеді:Ширатылған мақта жіп - әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Канваға кестеленетін кестелерден басқа түрлеріне қоладана береді.Ширатылған жібек жіп - алты қабаттан тұрады, мақта жіптер сияқты пайдаланылады, ерекшелігі жібек жіп жарқырап кесте түрін ашып тұрады.Ирис - ширатылған жылтыр жіп кестенің көп түрлеріне қолданылады.Кесте тігуге арналған жұмсақ мақта жіп - көбіне канва және қалың маталарды кестелеуге қолданылады.Металл жіптер.Жіңішке жүн жіп - қос қабатты жіңішке жүн жіппен маталарды, сонымен қатар канваға тігілетін әдемі өрнектерді кестелеуге жарамды.
* Ширатылған мақта жіп - әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Канваға кестеленетін кестелерден басқа түрлеріне қоладана береді.
* Ширатылған жібек жіп - алты қабаттан тұрады, мақта жіптер сияқты пайдаланылады, ерекшелігі жібек жіп жарқырап кесте түрін ашып тұрады.
* Ирис - ширатылған жылтыр жіп кестенің көп түрлеріне қолданылады.
* Кесте тігуге арналған жұмсақ мақта жіп - көбіне канва және қалың маталарды кестелеуге қолданылады.
* Металл жіптер.
* Жіңішке жүн жіп - қос қабатты жіңішке жүн жіппен маталарды, сонымен қатар канваға тігілетін әдемі өрнектерді кестелеуге жарамды.
* Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см. болғаны дұрыс.
* Оймақ - қалың маталарды кестелеген кезде қолды жарақаттамай матаға иненің кіруін жеңілдетеді. Оймақтар қандай материалдан жасалса да ортаңғы саусаққа киюге ыңғайлы болғаны дұрыс.
### Кеңестер
Кестелеу кезінде жіпті түйіншектеуге болмайды.
* Кестелеуді бастар алдында жіпті матаға бекіту тәсілдері:бірінші тәсіл - инені бірнеше рет шаншып, ұсақ тігістер жасап алу керек, ол жер артынан кестемен жабылып кететіндей болуы тиіс;екінші тәсіл - инені бір рет шаншып алып, жіпті матадан ақырына дейін суырмай, қалған ұшын екінші рет ине шаншып, үстінен тігіп алу керек, жіптің ұшын қиып тастап, оның үстін кестемен бастырады;үшінші тәсіл - екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығарып, жіпті ақырына дейін тартпай, инені қайта төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталған ұшын бастыра тартады.Кестені бітірер кезде кестелеп отырған жіпті жиі шаншып, суреттің астына жіберіледі.
* бірінші тәсіл - инені бірнеше рет шаншып, ұсақ тігістер жасап алу керек, ол жер артынан кестемен жабылып кететіндей болуы тиіс;
* екінші тәсіл - инені бір рет шаншып алып, жіпті матадан ақырына дейін суырмай, қалған ұшын екінші рет ине шаншып, үстінен тігіп алу керек, жіптің ұшын қиып тастап, оның үстін кестемен бастырады;
* үшінші тәсіл - екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығарып, жіпті ақырына дейін тартпай, инені қайта төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталған ұшын бастыра тартады.
* Кестені бітірер кезде кестелеп отырған жіпті жиі шаншып, суреттің астына жіберіледі.
* Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Матаны кішілеу кергішке салып, үстінен үлкен шеңберді салады да кереді.
* Суретті матаға көшіргі қағаз арқылы калькаға түсіріп, сосын сурет нұсқасын түрлі-түсті қарындашпен сызады. Жібек маталарға сурет түсіру үшін суреті бар қағазды матаға салып сурет нұсқасын көктеп шығады да қағазды жыртып алып тастайды.
### Кесте түрлері
Жай тігістер
* Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдаланылады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі тігістерде алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.
* Барқыт тігісі. Кестенің бұл түрімен балалардың киімін әшекейлейді. Оның үстіңгі жағы айқасып келеді де, астынан параллель бағытта екі қатар тігіс түседі. Кестенің бұл түрімен кестелегенде жіптерді санап, есептеп отыру керек. Егер кесте тігінен тігілетін болса, онда материалдың екі шетінен параллель екі сызықты белгілеп алады. Қалың маталардан екі жіптен суыр керек. Кестелеу төменнен жоғары қарай басталады. Инені тігіп отырған адам өзіне қарай бағыттап шаншып отырады. Кестені 3-4 түрлі жіппен кестелеуге болады, тек жіптердің түсі бірін-бірі ашатындай, дұрыс таңдалуы қажет.
Біз кесте
Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тігілу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды. Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.
"Шнурок" және "велюшка" тігісті кестелер
Бұл тігістермен көйлектің қалтасын, кеудесін әшекейлеуге болады. Кестелетін материалдың өзінің жібімен төгілген кесте ерекше әдемі болып шығады. Кесте төгілетін жер ромбылап торға бөлінеді, ромбының жақтары 2-3см. болуы керек. Сосын тор сызықтары бойымен сиректеу етіп тігіс түсіріледі. Тігістің көлемі және олрадың ара қашықтығы біркелкі болғаны дұрыс, олар 5 миллиметрден аспағаны жөн. Жаңа жіппен тігілетін келесі тігісте инені алғашқы тігістің әр қайсысының түбірінен жоғарыдан төмен қарай шаншу керек. "Шнурок" тігісі осылайша тігіледі. Егер инені біресе жоғары, біресе төмен шанши тіксе "велюшка" деген тігіс шығады.
Санап кестелеу
Санап кестелеу де аталатын кестені жіп оңай суырылатын матаға кестелейді. Бұл тігіс әдетте тік сызық бойына түсіріледі. Санап кестелеу түрлері:
* Терме тігіс - өрнектің бір шетінен келесі шетіне дейін, жіптерін санай отырып, біресе оң жағына, біресе теріс жағына қарай матаның жібін бойлай "инені алға салу" әдісімен тігіледі. Теріс жағының өрнегі оң жағының өрнегіне кері болып түседі.
* Қиғаш тігіс - матаның көлденеңінен 2 жібін, тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта тігіледі.
* Айқас тігіс - кесетенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын бақылау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады. Бір түсті жіппен кестелеген кезде көбінесе басқа түсті жіппен жиіектеліп отырады. Бұл кестені үш түрлі тәсілмен тігуге болады.1 - тәсіл - матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырылып тігіледі, сосын осылай кері бағытта қайталанады:2 - тәсіл - матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру. Оңнан солға қарай тұтас айқас тігіс тігіледі. Сосын теріс жағынан инені сол жаққа қарай өткізіп, араға бір бүтін айқас тігіс қалдырады да, инені оң жақ бетіне шаншып шығарады.3 - тәсіл - көлбеу айқас тігісі. Кестелеуді төменнен жоғарыға қарай бастау керек.
* 1 - тәсіл - матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырылып тігіледі, сосын осылай кері бағытта қайталанады:
* 2 - тәсіл - матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру. Оңнан солға қарай тұтас айқас тігіс тігіледі. Сосын теріс жағынан инені сол жаққа қарай өткізіп, араға бір бүтін айқас тігіс қалдырады да, инені оң жақ бетіне шаншып шығарады.
* 3 - тәсіл - көлбеу айқас тігісі. Кестелеуді төменнен жоғарыға қарай бастау керек.
* Жартыкеш айқас тігіс. Бұл кестенің екі жақты тігісі болады, яғни астыңғы және үстіңгі тігістер жіпті үзбей отырып тігіледі. Түзу және қиғаш болып түсетін кестенің бұл түрі қарапайым, әдемі өрнек түзеді. Кесте екі жүріспен тігіледі:1 - жүріс - "инені алға салу" әдісімен сурет нұсқасының бойымен жүріп шығу;2 - жүріс - алғашқы жүрісте ашық қалған жерлерді қамти отырып, "инені алға салу" әдісімен кері бағытта тағы да жүріп шығу.
* 1 - жүріс - "инені алға салу" әдісімен сурет нұсқасының бойымен жүріп шығу;
* 2 - жүріс - алғашқы жүрісте ашық қалған жерлерді қамти отырып, "инені алға салу" әдісімен кері бағытта тағы да жүріп шығу.
Санап тігілетін кесте
Бұл кестені матаның жібін санап отыру арқылы тігеді. Кесте төгілетін мата селдір болуы керек. Кестелейтін жіптің жуандау болғаны дұрыс, өйткені ашық жер қалмай жиі тігіледі. Тігістің тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. Тік түскен тігістің саны мен биіктігінің алмасып келуі ирек-ирек өрнек түсіреді, ал тік және көлденең тігістердің жымдаса түсуінен басқа бір өрнек туады. Кестелеуді солдан оңға қарай жүргізеді. Инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Сосын матаның астына түскен инені алғаш шанышқан жермен дөңгейлестіре, оң жаққа қарай әкеліп, жаңа тігіс түсіреді.
Өткерме тігісті кесте
Кестенің бұл түріне мережкалар (шілтерлер) жатады.
Шым кесте
Шым кесте - сурет бойынша кестелеу. Кестенің бұл түрін кез келген матаға түсіруге болады.Оның бірнеше түрі бар.
* Бір жақты тығыз кесте ("верхошов" немесе "владимир кестесі") - мұндай кестемен жастық тысына, дастарқанға т.б. өсімдік сабақтарын, гүлін, жапырағын салып кестелейді. Мұның бір өзгешелігі, тігілген кестенің тігістері түгелдей матаның оң жақ бетіне түседі, ал теріс жағынан матаның небәрі бірнеше жібі ғана іліп алынады. 6 қабатталған мулине жіппен немесе жүн жіппен тігіледі. Әдете, қызыл жіпке көк, сары, жасыл және ақ жіпті үйлестіріп алады. Бұл кестенің тігістері біріне-бірі тым тақау түспейді. Оң жақ бетіне негізгі сурет түседі, ал теріс жағына сурет нұсқасының бойымен көктелген сияқты бір қабат тігіс түсіп отырады.
* Өсімдік жапырағын салып тігу үшін тығыз кестемен кестелейді - тігісті жапырақтың ортасынан бастап екі бағытта қиғаштай түсіреді, кестелеу жапырақтың сүйір ұшынан басталады:бірінші - тігісті ұзын етіп ортаға қарай түсіреді;алдымен жапырақтың бір жақ бөлігі тігіледі, сосын жоғарыдан төмен қарай екінші бөлігі тігіледі;гүлін тіккен кезде тігісті ортаға қарай түсіреді, ортасын әдетте кереге көздеп толтырады. Кереге көзді түсіру үшін кестелеп отырған жіпті бір шетінен екінші шетіне көлденеңінен және тігінен тартады. Пайда болған кереге көздің қиылысқан жерлеріндегі жіпті бекітіп, крестпен немесе басқа да тігіс түрлерімен әшекейлеп тігуге болады.
* бірінші - тігісті ұзын етіп ортаға қарай түсіреді;
* алдымен жапырақтың бір жақ бөлігі тігіледі, сосын жоғарыдан төмен қарай екінші бөлігі тігіледі;
* гүлін тіккен кезде тігісті ортаға қарай түсіреді, ортасын әдетте кереге көздеп толтырады. Кереге көзді түсіру үшін кестелеп отырған жіпті бір шетінен екінші шетіне көлденеңінен және тігінен тартады. Пайда болған кереге көздің қиылысқан жерлеріндегі жіпті бекітіп, крестпен немесе басқа да тігіс түрлерімен әшекейлеп тігуге болады.
Ақ кестемен әйелдердің іш киімін, бет орамалдарды, жастық тыстарын кестелейді. Сурет нұсқасын "инені алға салу" әдісімен тігіп алады. Кесте бедерленіп түсетін жерге келесі кестенің бағытна қарама-қарсы бағытта бірнеше ірі тігіс түсіріледі "кесте көлденеңінен түсетін болса, оның астынан ұзынынан тігіс түсіреді).
* Бедерленіп түскен ақ кесте әдетте кестенің басқа түрлерімен де жақсы үйлесіп кетеді:түйіндеу (гүлдің және жапырақтың кей жерлерін осылайша кестелейді) - инені матаға шаншып, оған жіпті бірнеше рет орайды (түйіннің размеріне байланысты), сосын жіпті сол қолдың бас бармағымен басып тұрып, ілмектің үстінен тартып алады да бекітеді;ойып алып торлау - бұл кестені тігерде сурет нұсқасын алдымен "инені алға салу" әдісімен тігіп алып, сосын тесікке торлайтын инені шаныша отырып, тығыз етіп кестелейді;матаның теріс жағынан айқастырып, қиғаш тігіс түсіріп, оң жағынан сурет нұсқасын қысқа тігістермен толтырады.
* түйіндеу (гүлдің және жапырақтың кей жерлерін осылайша кестелейді) - инені матаға шаншып, оған жіпті бірнеше рет орайды (түйіннің размеріне байланысты), сосын жіпті сол қолдың бас бармағымен басып тұрып, ілмектің үстінен тартып алады да бекітеді;
* ойып алып торлау - бұл кестені тігерде сурет нұсқасын алдымен "инені алға салу" әдісімен тігіп алып, сосын тесікке торлайтын инені шаныша отырып, тығыз етіп кестелейді;
* матаның теріс жағынан айқастырып, қиғаш тігіс түсіріп, оң жағынан сурет нұсқасын қысқа тігістермен толтырады.
Бұл шым кестенің бір түрі. Оның жеке өзін де сабақты кестемен бірге де қолдана беруге болады.
* Атлас кесте - тігістері біріне-бірі өте жақын, шым болып түседі. Қолданылатын жіптер - мулине және жібек. Инеге жіпті бір қабаттан қана сабақтайды. Әрбір келесі тігісті тіккенде алдындағы тігілген тігітен сәл кері қарай инені көрші тігістің ортасын ала шаншиды. Барлық тігіс жапырақтың өзегі бойынша жүріп отыруы қажет.
* Екі жақты түрлі-түсті шым кесте - шым кестенің қарапайым бір түрі. Кішкентай және орташа формадағы өсімдік бейнесі, сондай-ақ геометриялық ою-өрнектер кестелінеді.
* Көркем кесте - бұл кестемен тек өсімдік суретін ғана емес, шағын пейзажды бейнелеуге де болады. Осы кестемен кестелегенде бір түсті жіптің бірнеше түрі бір-біріне баяу ауысып, құлпыра өзгеріп отырады. Ол үшін бірнеше түстің тігісінің ұзындығы әр түрлі етіледі. Сосын екінші түсті жіппен кестені жалғастырады, бұл тігістердің ұзындығы да әр түрлі етіліп, алғашқы тігістен қалған аралық шетінен толтырылады. Олар алғашқы тігістің үстін баса отырып, бір түрлі жіптің бірнеше түске ауысқанын байқатпай жібереді.
* Орыс кестесі - бұл кесте "инені алға салу" әдісімен матаның түзу жібі бойымен тігіледі, инені оң жағынан 1 мм жерден өткізеді. Өрнектің бәрін бір бағытта түсетін тігіспен тігеді. Иненің жанындағы тігістің ортасына таман шаншып, келесі қатардың тігісін түсіреді. Кестелеген кезде тігістердің арасынан мата көрінбейтіндей етіп кестелейді. Ол үшін тігістердің арасы өте жиі болуы тиіс (бос ширатылған жіппен тіккен дұрыс). Орыс кестесімен ақ сары және сұр түсті маталарды ақ жіппен кестелейді. Сондай-ақ жастық, жастық тысына, дастарқанға, т.б. ұсақ тор көздермен үйлестіріп, әдемі кестелер төгеді. Матаға тор көзді жасау үшін тор көз түсетін жердің бір шетінен келесі шетіне дейін жіпті шаршылап таратып, жіптердің қиылысқан жерін ұсақ көлденең тігістермен бекітеді.
* Қиып кестелеу. Бұл кестемен көрпенің, жастықтың тыстарын, көйлек, жейдемелерді кестелейді. Кестелеу мәнері ақ кестемен ойып торлуға ұқсайды, айырмашылығы формасының тек қана дөңгелек емес, сопақша да болып келуінде.
Зер кесте
Алтын, күміс сияқты қымбат бағалы заттар жүргіртіп немесе жіптің сыртын солармен әшекейлеп жасалған сәндік бұйым. Алтындалған жіппен тігілген бұйымдарды да зер деп атайды. Зерленген дайын бұйымдардың үлкен-кішілігіне қарай зертаспа, ширатпа зер, оқа деп бөлген. Зерлеп тігу кесте өнерінде көп қолданылады. Көбінесе қымбат шапандар, дәулетті адамдардың бас киімдері, бағалы тұскиіздер, қалталар эер жіпптермен кестеленеді.
Оюластырып кестелеу
Оюластырып кестелеу немесе оюластырып жапсыру - маталарды бөлек-бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бұлар бірыңғай матаға (барқыт, шұға т.б.) біртұтас мазмұндағы бірнеше ою-өрнектердің жиынтығынан, үйлескен тұтас желісін жасау нгегізінде тігіледі. Бір матаның бетіне екінші матадан қиылған сұлба салынып шет жақтары әр түрлі кесте тігістерімен тігіліп сәнделеді. Көбнесе торлау әдісін қолданады. Кесте тігер алдында қиылып алынған өрнекті мата бетіне көктеп алып шеттерін бүгіп кестелеуге болады немесе салынатын өрнекті маталарға арналған желімдермен үтіктеп бекітіп алады.
Баспа кесте
Баспа кесте деген материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Шым кесте ақ матаға тегістікті сақтау арқылы жіпті қатар орналастыру әдісімен тігіледі. Шым кестеге өрнек пен оюдың , аң-құс, гүлдің түрлі сұлбалары салынып, көбіне орамалдың шеті, кимешектің жағы, жастықтың тысы, жейденеің жаға-жеңі және төсек жапқыш, сәукеле сияқты басқа да көптеген киімдерге тігіледі.
Көпіртіп тігу
Әзірленген өрнек үлгісінің үстінен тігіледі. Мұндай материалдың бетіне бүлдіргеленген жіп түйіндері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түрлі болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын, қарбыз түйнектері, гүлдің жапырақтары, тақияның төбесінің өрнектері тігіледі.
Түктеп тігу
Бізбен шаншылған жіптің үстіңгі жағында өң бетінде кейде 1, көбіне 2 см-дей бүлдіргі жіп қалдырып отырады. Кестені тігіп болғаннан кейін қалған бүлдіргілерді тегіс қырқады. Жиі шаншылып қалың түскен бүлдіргі қырқылған соң, кілемнің түгі сияқты болып түрлі-түсті болады. Кейде түгінің биіктігі біркелкі болу үшін астына ширатқан жуан жіп, жұмсақ металл шыбықты мүйіздеп ою-өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған соң, әлгі тігіс астынан салған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Сонда түктеп тігілген кесте біркелкі, ою-өрнегі айқын болады.
"Рококо"
Мұндай кестемен тек өсімдік бейнесін ғана түсіреді. Оның формасы дөңестеу болып, бедерленіп түседі. Кестелеуге мулине, жүн және синтетикалық жіптер қолданылады. Иненің көзі кішкентай, өзі жуан балуы керек. "Рококоны" жеке өзін емес, басқа кестелермен бірге тіккен жөн.
* Тігу әдісі:жіпті теріс жағынан бекітіп, инені оң жағынан шығару керек;сосын инені матаға шаншып, иненің ұшына жіпті орайды;оралған жіпті саусақпен басып тұрып, инені сол арқылы шығарып алады;инені қайтадан матаға шаншып теріс жағына шығарады.
* жіпті теріс жағынан бекітіп, инені оң жағынан шығару керек;
* сосын инені матаға шаншып, иненің ұшына жіпті орайды;
* оралған жіпті саусақпен басып тұрып, инені сол арқылы шығарып алады;
* инені қайтадан матаға шаншып теріс жағына шығарады.
Кестенің көлемі инеге оралған жіптің орам санына байланысты.
Баумен кестелеу
Киімді әшекейлеу үшін пайдаланылады. Жіптерден (жүн, жылтырақ жіп қосылған жартылай жүн), ширатлыған баумен немесе дайын баулармен тігіледі. Баудың жуандығы мен түрі кесте тігілетін бұйымның қандай екендігіне байланысты. Бір киер киімге тігілетін бау жіңішке, жылтылдақ болуы керек. Мұндай жағдайда майда өрнектерді таңдаған жөн. Оған маржан салып тігіп, өрнекті толықтыра түсуге де болады Спорт киімдері үшін бауды жуандау етіп, бедерлеп тігеді. Түсірілген өрнек түрі де ірі геометриялық бейне және эмблема болуы керек. Теріден, замштан аппликация жасап, толықтыруға болады. Ширатылған баудың нұсқасы суреттің үстіне салынып, астынан білдірмей тігіледі немесе суретте көрсетілгендей етіп бекітіледі.
Ришелье
Ришелье - ойма кесте. Өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай ортасын кереге көздеп, шалу арқылы түрлі өрнек салады. Көрпенің, жастықтың тыстарын, салфеткаларды, бет орамалдарды, киімді өрнектеуге қолданылады. Сурет нұсқасын "инені алға салу" әдісімен бір рет немесе бірнеше рет жүргізеді. Мұнымен бір мезгілде өрнектердің арасынан брид жасалынады.
* Оларды 3 түрлі тәсілмен жасауға болады:орау, ілмек, тігіспен тігу немесе негігі тігістің астынан қосымша тігіс түсіру;сосын өрнектің бәрі шетінен қиятын жаққа қарай бағытталып, тығыз етіп ілмек тігіспен тігіледі;өрнек дайын болған кезде өрнек сызығы мен шетінің арасындағы материал қайшымен қиып тасталынады.
* орау, ілмек, тігіспен тігу немесе негігі тігістің астынан қосымша тігіс түсіру;
* сосын өрнектің бәрі шетінен қиятын жаққа қарай бағытталып, тығыз етіп ілмек тігіспен тігіледі;
* өрнек дайын болған кезде өрнек сызығы мен шетінің арасындағы материал қайшымен қиып тасталынады.
Бұл кестеде тігілетін өрнектер қалдырылып фоны қиылып тасталады. Тығыз тоқылған маталарға кестеленеді, мақта, ирис және жібек жіптер пайдаланылады.
Гобелен кесте
Гобелен кесте кенеп, мақта және селдір маталарға тігіледі. Бұл кестемен (оны жүн жіппен немесе жуан етіп ширатылған жібек жіппен тіккен дұрыс) әдетте бұйымдарды тұтастай кестелеп, тігінен және қиғашынан тігеді.
* Тік тігісті солдан оңға қарай немесе оңнан солға қарай тігінен жүргізеді. Тігістің биіктігі матаның 2-4 жібінің аралығында болады.
* Қиғаш тігісті солдан оңға қарай биіктігін матаның 2 жібіне, енін матаның 1 жібіне тең етіп алып кестелейді
## Машинамен кестелеу
Түрлі бұйымдарды әшкейлеу үшін машинамен кестелеу де кеңінен қолданылады. Қолмен кестеленетін кесте түрлерінің барлығын дерлік машина да атқара алады.
## Тағы қараңыз
* Гобелен
## Дереккөздер
## Дереккөздер
* "Вышивка", альбом. Киев "Веселка" 1986г. |
Құсақ, Қосақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Бәйтерек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан, әрі ауылдық округ орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Высокое — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қаратал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Жергілікті халық
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 221 адам (113 ер адам және 108 әйел адам) болса, 2009 жылы 145 адамды (74 ер адам және 71 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры немесе Астана Опера — Қазақстандағы Астана қаласында орналасқан опера және балет театры.
## Тарихы
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры құрылысы 2010 жылы басталып, 2013 жылы 21 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен алғашқы маусымын ашты. Театр Орталық Азиядағы ең ірі театр болып саналады.
Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. «Астана Операның» репертуарында М.Төлебаевтың «Біржан — Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опералары, Ғ. Жұбанованың музыкасына жазылған «Қарагөз» балеті бар.
Театрда Милан Ла Скала театры, неаполитандық «Сан-Карло», генуэздік «Карло Феличе», Ұлттық Париж операсы, Санкт-Петербургтегі Мариин театры және т.б. гастрольдік сапармен болды.
2014 жылы «Астана Опера» (Нью-Йорк — Торонто — Париж — Антверпен — Роттердам) әлемдік турнесі өтті; сондай-ақ Маскат Корольдік театрында (Оман), Graz Opera (Австрия); Мариин театрында (Ресей), Theatro Municipal (Бразилия), Рим операсы (Италия), театрда гастрольдер өтті «Карло Феличе» (Италия), София патшайымның өнер сарайы (Валенсия, Испания) және басқа да театрларда өнер көрсетеді.
## Театрдың техникалық сипаттамасы
«Астана Опера» ғимаратын салуға 30 елден астам маман қатысты. Сахнаны неміс мамандары дайындаса, акустикасына италия мамандары жауап берді. Театрдың ішкі жағы және сырты сицилиялық мрамормен безендірілген.
«Астана Опера» залына 1250 көрермен, ал камералық залда 250 адам сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар Бас сахнаның көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метр.
Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептелген.
## Опера труппасы
* Мейір Байнеш — Опера труппасының директоры
* Мәнсия Естекова — Опера труппасының инспекторы
* Жанар Ахметова, Ирина Кургузкина, Дина Мирманова — Жетекші концертмейстерлер
## Марапаттары
* А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы үшін Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының (2018) лауреаты.
* «Жылдың театр алаңы» номинациясында классикалық өнер саласындағы «BraVo» халықаралық сыйлығының иегері (Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Астана Опера ғимаратының 3D нұсқасы |
Төрткүл — Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жалғызтөбе ауылдық округіндегі ауыл.
## Тарихы
Осы ауылдың маңында ертеде ІХ-Х ғасырларда қамал іспеттес қорғандар соғылған. Оның төрт бұрышты кіретін қақпасы және биіктігі 5-6 м. болатын қабырға-дуалы болған. Қамалдың маңын мекендеген халық сырттан жау шапқан кезде оның ішіне кіріп қорғанған. Бұл қорғандар солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай әр 4-5 км сайын орналасқан. Ондай қорғандар бірнеше. Қорғандар төрт бұрышты болғандықтан, қарауыл-сақшылар оның үстіне шығып жердің төрт бұрышын қарауға мүмкіндік болған. Яғни, төрткүл дүниені бақылап отырған. Сондықтан да жергілікті халық бұл қамалдарды Төрткүл деп атаған. Ал, осы қамалдың айналасындағы елді мекендерді тұрғылықты халық қамалдың атымен Төрткүл деп атап кеткен. Кейінірек ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Ресей шаруалары қазақ жеріне қоныс аудара бастаған кезде осы ауылға да көшіп келген орыстар жері суармалы, егіншілікке лайықты болғандықтан Багара деп атаған ҚР Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссияның 06.02.1997 ж. ұйғарымымен аталмыш ауыл тарихи атауын қайта алды.
## Халқы
## Дереккөздер |
Үшбұлақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Ботамойнақ ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 192 адам болса, 2009 жылы 210 адамды құрады.
## Атау тарихы
1930 жылы Түрксіб темір жолы Жамбылды басып Алматыға қарай өтеді. Ол кезде темір жолдың үстіңгі жағында Кер жол болған. Таудың етегінде көптеген бұлақтың көздері болған. Содан су ағып тұрған. Оны бұрын "Сасық бұлақ" деп атаған. Сол су көздері темір жол жағасына дейін әр жерден ағып келген. Ағып жатқан су көздері "Үшбұлақ" деп атаған. Бұрын бұл жерлерде үй болмаған. Адамдар осы жақын жердегі Королевка ауылында тұрған.
## Ауыл маңындағы жер атаулары
Кер жол - ертеде оны Жібек жолы деп атаған. Ол Әулиеатадан шығып Қаратаудың етегін жағалап баратын тақыр тас жол. Онымен Қытайға дейін жолаушылар, саудагерлер керуендерімен қатынап отырған.
Қызыл кестік - дөңестеу жер. Ол Үшбұлақ бекетінен шығысқа қарай 2 км жүрсе темір жолдың астыңғы жағындағы (батыс жағында) үлкен бір сай жыра. Топырағы - қызыл қоңыр, құрылысқа жарамды.
## Дереккөздер |
Сеңкібай (1993 жылға дейін – Еңбек) — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
1993 жылға дейін "Еңбек" деп аталып келген. Сеңкібай деген батыр, датқа болған, ол кісі туралы атақты ақындар Сүйінбай, Майкөт және Жамбыл сияқты жыраулардың еңбектерінен кездестіруге болады. Төле бидің жақын туысы, жорықтағы жолдасы болған. Сеңкібай 80 жасқа толған шағында тоған қаздырып кеткен екен. Ол тоған әлі күнге бар және оны жайлай мекендеген батырдың ұрпақтары өз ауылын Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі төралқасының 07.10.1993 жылғы №2410-ХІІ қаулысымен Сеңкібай датқаның есімімен атаған.
## Дереккөздер |
«Айқын» – Қазақстанда таралатын республикалық қоғамдық-саяси газет. Оның алғашқы нөмірі 2004 жылдың 6 наурызында жарық көрген. Республика көлемінде беделі, ықпалы, таралымы жөнінен жетекші орындардың бірінде.
Газеттің алғашқы құрылтайшысы – «Литер-Media» ЖШС. Газет медиа-холдинг құрамында 2009 жылға дейін болды.
2009 жылы Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусиннің жетекшілігімен өткен кеңесте «Айқын» және «Литер-Media»-ға қарасты «Литер», «Қазақстан теміржолшысы» газеттері «Нұр Отан» партиясының құрылтайшылығымен құрылған «Нұр Медиа» медиа-холдингінің құрамына өтті.
«Айқын» – «Nur Otan» партиясының негізгі ресми газеті. 2004 жылдан 2018 жылға дейін аптасына 5 рет, 2018 жылдан бері аптасына 4 рет шығып келеді. Газеттің «Айқын-апта» қосымшасы 2019 жылға дейін жарық көрді.
2004-2018 жылдар аралығында Алматы қаласы Әйтеке би көшесі 79-да шығып тұрса, 2018 жылдың 7 қазанынан бастап, Астана қаласына қоныс аударды. Қазіргі мекенжайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/1.
«Айқын» газеті жазатын негізгі тақырыптар – саясат, экономика, әлеумет, спорт, халықаралық саясат. Газет 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап сараптама жанрына ерекше мән беріп, мақалаларды осы стильге көшірді. Қоғамдағы ең өзекті проблемаларды жан-жақты сараптап, зерттеп жазады. Өз саласында мойындалған мамандардан сұхбат алады. Газет тиражы 40 000 дана.
## Бас редакторлар
«Айқын» газетін әр жылдары елге белгілі журналист-публицистер басқарды.
2004 -2007 жыл аралығында газеттің бас редакторы Серік Жанболат болды.
2007-2008 жылдары газетке Бауыржан Омаров редакторлық етті.
2008 жылдан 2019 жылға дейін Нұртөре Жүсіп бас редактор атанды.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап газеттің бас редакторы – Нұрмұхамед Байғараев. == Құрылымы ==Айқын газеті құрылымдық жағынан Саясат және экономика, Әлеумет және руханият, Интернет-редакция, Аймақтағы тілшілер қосыны болып бөлінеді.
Газеттің Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы және Шымкент қаласында меншікті тілшілері бар.
## Жетістіктері
2005 жылы – Президент сыйлығын иемденген.
2006 жылы – «Алтын жұлдыз» сыйлығына ие болған.
2017 жылы – «Үркер» сыйлығын иемденген.
Газет журналистері ҚР Президенті грантының және «Үркер» сыйлығының, Журналистер Одағы сыйлығының иегерлері, БАҚ саласындағы, мерекелік және басқа да медальдармен, алғысхаттармен марапатталған.
## Сайты
Айқын газетінің Aikyn.kz сайты 2008 жылы іске қосылған. Басылымның интернет нұсқасының аудиториясы Қытай, Ресей, АҚШ, Франция, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасын да қамтиды. Сондай-ақ сайтта газеттің PDF-нұсқасына жазылып, оқуға болады. Сайттың 1 тәуліктегі қаралымы 40-60 мың арасында. Liveinternet.ru рейтингінде Қазақстандағы топ-10 медиа сайттың қатарына кіреді.
## Басылым аудиториясы
2021 жылы мамыр айында Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және саясаттану факультетінде «Айқын» газетінің төл аудиториясы ашылды.
## Дереккөздер |
Сарыбарақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Темірбек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Атау тарихы
Алғашқы колхоздастыру кезінде патшалы Ресейден осы аймақтарға қоныс аударған мұжықтардың бір тобы отырықшылыққа лайықты бір жерді таңдап, сол жерге сары топырақтан кірпіш құйып үй сала бастайды. Бұл үйлерді мұжықтар өз тілдерінде "барак" деп атаған. Ал, жергілікті халық алыстан сап-сары болып көрінген бұл үйлерді өз тілдеріне сәйкестендіріп, "Сарыбарақ" деп атап кеткен. Содан бері бұл аймақ осылай аталып келеді.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 38 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Төрекелді — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Төрекелді каналының бойында орналасқан ауыл, Жаңатұрмыс ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Тарихы
Алғаш 1950 жылы ауылда жібек құртын өсірген (шелкопряд) шаруашылық болған. Сондықтан да ауыл "Шелкотрест" деп аталған. Ауыл Шымкент облысына қарасты болған. 1990 жылдары жібек құртын өсіру өндірісі тоқтатылды. 1997 жылы ауылға Төрекелді (Төрегелді) атауы берілген. Байзақ датқаның үлкен ұлы Төрекелдінің есімімен қойылған.
## Ауыл маңы
Осы ауылда "Араб төбе" деген төбе бар. Араб деген адам үлкен молда болған. Әр түрлі ауруларды емдеген. Кеңес уақытында 50-ші жылдары қуғанға үшырап, күндіз осы төбенің түбіне тығылып, түнде ауылға келіп, тамақтанып кетіп отырған. Сталин өлгеннен кейінгі уақытта Арабты қуғындау тоқтатылған. Осыдан бұл төбе "Араб төбе" деп аталып кетеді.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шахан — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Темірбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. Осы жерді мекендеген Жаңабай руынан шыққан Шахан деген батыр болған. Ауылды осы батырдың құрметіне Шахан деп атаған (ҚР Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссияның 06.02.1997 жылғы ұйғарымы).
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жер асты үңгірі ішіндегі бұлақ - Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, "Жеті төбенің" тұсында 3 км-дей жерде Қаратаудың беткейінде "Жұмабай базы" (кісі атымен аталған қыстау) деген жерде (тау жырасында) бұлақ ағып шығады. Сол бұлақтың жоғары жағында тау жарылып, үңгір борлып қалған. Оған түсіп тереңірек барса, ағып жатқан өзен бар. Ол жерден үнемі самал жел соғып тұрады.
## Дереккөздер |
Всеволодовка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қазан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 366 адам (178 ер адам және 188 әйел адам) болса, 2009 жылы 306 адамды (150 ер адам және 156 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Әйтімбет каналы (Әйтімбет - Байзақ датқаның ең үлкен ағасы Жүндібайдың ұлы) – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Ақшолақ аймағындағы канал, ұзындығы 35 км. Байзақ ауданының Байзақ атындағы ұжымшарының, Үшбұлақ, Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым (бұрынғы Иличь) кеңшарының егістіктеріне су апарады.
## Дереккөздер |
Энеолит (лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас) – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. Энеолит адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалынғандары да пайда бола бастады. Адамдардың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Энеолит дәуірінде ауа-райы ылғалды болып, ірі сүтқоректілер көбейгендіктен аңшылар көшіп жүретін аумақтарын қысқартып, кейде бір жерге ұзақ уақыт шоғырлана да бастайды. Қоғамдық қарым– қатынасы – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері Иманбұрлық, Сексеуілді -1, -2 және Павлодарға жақын жерде, Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.
## Мыс-тас ғасырының ерекшелігі
Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдеп шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастады. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың- егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдеп айналыспады. Үй құрылысына төбесі ағашпен жабылып, жартылай жерден қазылған көп бұрышты немесе шеңберлі құрылыстар салу басым болды. Энеолит кезеңінде қайтыс болған адамды қоныстың шетіндегі зиратта жалғыз жерлеу, сонымен қатар қайтыс болған адамның бейнесін жасау дәстүрлері кездеседі. Мұндай бейнелерге қарап энеолиттік адамның түр-сипаты еуропалық нәсілге жататынын байқауға болады.
## Еңбек құралдарының жетілдіру
Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталады. Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті.Сол кезеңдерде металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші қолданылған металл - мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді. Олардың мысты кездейсоқ ашуы да мүмкін. Өйткені мыс отқа таспен бірге жиі түсті. Адамдар өздері "тас" деп ойлаған заттың отқа балқығанын, суыған кезде өз пішінін өзгертіп, жаңа пішін алатынын аңғарған. Адамзат үшін зор маңызға ие болған жаңалық осылай ашылған. Сөйтіп, тас, пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған энеолит кезеңі басталды.
## Мыс-тас ғасырының ескерткіштері
Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші- Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған.Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де жолықты. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Ыдыстар сазбалшықтан жасалған, тұбі жұмыртқа тәрізді болып келеді. Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған. Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Моншақтардың жиектері мұқият тегістелген, ал тесіктері бұрғылау әдісімен жасалған. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.
## Дереккөздер |
Ресурстар қарғысы (ағылш. resource curse) немесе молшылық парадоксы (ағылш. paradox of plenty) — табиғи қорлары (ресурстары) айтарлықтай көп елдердің қазба байлықтары кемдеу немесе олардың қоры мүлдем жоқ мемлекеттерге қарағанда экономикасының баяуырақ дамитындығын сипаттайтын құбылыс.
Бұл парадокcтың негізгі себептері ретінде келесілерді атауға болады:
* Ресурстардан түскен табыстың елге ағылуынан айырбастау курсының көтерілуінен туындайтын, экономиканың басқа секторларының бәсекелестікке қабілеттегінің төмендеуі;
* Әлемдік нарықта ресурстарды сатудан түсетін табыстардың аса өзгергіштігі;
* Экономикаға «оңай» ақшаның ағылуымен байланысты мемлекеттік реттеуде жасалатын қателер немесе коррупцияның дамуы;
* Реалды өндірістік секторды дамытуда нағыз ынталандыру және шынайы қажеттіліктің болмауы, өйткені шикізаттық кірістер ағымдағы мемлекеттік құрылым (тоқырау және стагнация) кезінде салыстырмалы түрде жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді.
## Түсініктің пайда болу тарихы
Ресурстар қарғысы терминін алғаш рет Ричард Аути 1993 жылы қолданған.
Алайда табиғи ресурстар артықшылық емес, елге қарғыс болып келетіндігі туралы ойлар XX ғасырдың 80-жылдары пайда бола бастаған. Джеффри Сакс және A. Уорнердің әйгілі еңбектерін қоса алғанда, әртүрлі зерттеулерде елдердің мол табиғи ресурстары мен әлсіз экономикалық дамуы арасында өзара байланыс біліне бастаған.
Экономикалық өсімнен ресурстар молшылығы бөлектігінің айқын мысалы болып мұнай өндіруші елдер табылады. 1965 - 1998 жылдар аралығында ОПЕК елдерінде адам басына шаққандағы ІЖӨ өсімі 1,3 % дейін төмендесе, басқа дамушы елдерде бұл көрсеткіш орта есеппен 2,2 % құраған.
## Тағы қараңыз
* Голланд ауруы
## Дереккөздер |
Ресурстар қарғысы (ағылш. resource curse) немесе молшылық парадоксы (ағылш. paradox of plenty) — табиғи қорлары (ресурстары) айтарлықтай көп елдердің қазба байлықтары кемдеу немесе олардың қоры мүлдем жоқ мемлекеттерге қарағанда экономикасының баяуырақ дамитындығын сипаттайтын құбылыс.
Бұл парадокcтың негізгі себептері ретінде келесілерді атауға болады:
* Ресурстардан түскен табыстың елге ағылуынан айырбастау курсының көтерілуінен туындайтын, экономиканың басқа секторларының бәсекелестікке қабілеттегінің төмендеуі;
* Әлемдік нарықта ресурстарды сатудан түсетін табыстардың аса өзгергіштігі;
* Экономикаға «оңай» ақшаның ағылуымен байланысты мемлекеттік реттеуде жасалатын қателер немесе коррупцияның дамуы;
* Реалды өндірістік секторды дамытуда нағыз ынталандыру және шынайы қажеттіліктің болмауы, өйткені шикізаттық кірістер ағымдағы мемлекеттік құрылым (тоқырау және стагнация) кезінде салыстырмалы түрде жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді.
## Түсініктің пайда болу тарихы
Ресурстар қарғысы терминін алғаш рет Ричард Аути 1993 жылы қолданған.
Алайда табиғи ресурстар артықшылық емес, елге қарғыс болып келетіндігі туралы ойлар XX ғасырдың 80-жылдары пайда бола бастаған. Джеффри Сакс және A. Уорнердің әйгілі еңбектерін қоса алғанда, әртүрлі зерттеулерде елдердің мол табиғи ресурстары мен әлсіз экономикалық дамуы арасында өзара байланыс біліне бастаған.
Экономикалық өсімнен ресурстар молшылығы бөлектігінің айқын мысалы болып мұнай өндіруші елдер табылады. 1965 - 1998 жылдар аралығында ОПЕК елдерінде адам басына шаққандағы ІЖӨ өсімі 1,3 % дейін төмендесе, басқа дамушы елдерде бұл көрсеткіш орта есеппен 2,2 % құраған.
## Тағы қараңыз
* Голланд ауруы
## Дереккөздер |
Ресурстар қарғысы (ағылш. resource curse) немесе молшылық парадоксы (ағылш. paradox of plenty) — табиғи қорлары (ресурстары) айтарлықтай көп елдердің қазба байлықтары кемдеу немесе олардың қоры мүлдем жоқ мемлекеттерге қарағанда экономикасының баяуырақ дамитындығын сипаттайтын құбылыс.
Бұл парадокcтың негізгі себептері ретінде келесілерді атауға болады:
* Ресурстардан түскен табыстың елге ағылуынан айырбастау курсының көтерілуінен туындайтын, экономиканың басқа секторларының бәсекелестікке қабілеттегінің төмендеуі;
* Әлемдік нарықта ресурстарды сатудан түсетін табыстардың аса өзгергіштігі;
* Экономикаға «оңай» ақшаның ағылуымен байланысты мемлекеттік реттеуде жасалатын қателер немесе коррупцияның дамуы;
* Реалды өндірістік секторды дамытуда нағыз ынталандыру және шынайы қажеттіліктің болмауы, өйткені шикізаттық кірістер ағымдағы мемлекеттік құрылым (тоқырау және стагнация) кезінде салыстырмалы түрде жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді.
## Түсініктің пайда болу тарихы
Ресурстар қарғысы терминін алғаш рет Ричард Аути 1993 жылы қолданған.
Алайда табиғи ресурстар артықшылық емес, елге қарғыс болып келетіндігі туралы ойлар XX ғасырдың 80-жылдары пайда бола бастаған. Джеффри Сакс және A. Уорнердің әйгілі еңбектерін қоса алғанда, әртүрлі зерттеулерде елдердің мол табиғи ресурстары мен әлсіз экономикалық дамуы арасында өзара байланыс біліне бастаған.
Экономикалық өсімнен ресурстар молшылығы бөлектігінің айқын мысалы болып мұнай өндіруші елдер табылады. 1965 - 1998 жылдар аралығында ОПЕК елдерінде адам басына шаққандағы ІЖӨ өсімі 1,3 % дейін төмендесе, басқа дамушы елдерде бұл көрсеткіш орта есеппен 2,2 % құраған.
## Тағы қараңыз
* Голланд ауруы
## Дереккөздер |
Егетай көлі (тоқтау су қоймасы) - Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Егетай деген адам атымен аталған көл.
## Дереккөздер |
Домбыра Party, Домбыра пати — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс. Домбыра патилер, әдетте, аптаның белгіленген бір күнінде бұқара көп шоғырланатын қаланың қоғамдық орындарында open-air, яғни ашық аспан астында ұйымдастырылады. Шарада домбырада күйлер тартылады немесе аспап сүйемелдеуімен әндер шырқалады. Қозғалыстың ерекшеліктерінің бірі - аспаптарда тек өнер шеберлері немесе арнайы оқу бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам ойнай алардай дәрежеге жеткізуге үлес қосу. Қозғалыстың саяси астары жоқ.
Шараға тек домбырашылар ғана емес, сонымен қатар өзге ұлттық аспаптарда ойнай алатын өнерпаздар және тыңдармен-көрермендер қатыса алады. Шара жайлы, қатысушыларды шақыру әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Шараларда түсірілген бейнематериалдар жиі ғаламторда бөлісіледі.
*
*
## Тарихы
Домбыра пати қазақ блогерлері мұрындығымен 2012/2013 жылдары туындаған қозғалыс. Шаралар тізбегі Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қызылжар, Жаңаөзен, Орал сияқты Қазақстанның ірі қалаларында, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағында (2012 жылдың 15 тамызынан бастап), сонымен қатар Ыстамбұл, Лондон сияқты әлем метрополияларында өткізіліп келеді.
Домбыра Partyдің ресми басталған күні - 2012 жылдың 16 тамызы. Сол күні Астана қаласының бір топ жастары, атап айтқанда "КерекИнфо" сайтының қолданушылары Аршат Оразов, Алдан Жылгелді, Нұрғиса Асылбеков, Маралбек Сағынғанов, Жанасыл Болатбек, Данияр Алан, Алмас Алтай және Нұрберген Мақым атты сегіз жігіттің бастауымен дүниеге келген бірегей жоба[дереккөзі?].
## Сыртқы сілтемелер
* Қозғалыстың фейсбуктағы тобы
* Астанадағы домбыра пати; Алғы сөз. Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Дамбыра пати/Ілмектер Мұрағатталған 27 маусымның 2013 жылы.
* Баян-Өлгейліктер үшін Фейсбукта ұйымдастырылған Домбыра Party шарасы
## Дереккөздер |
Чосон әулеті ( кәр. 조선 (朝鮮) [Чосон], 대조선국 (大朝鮮國) [Тэджосонгук], сондай-ақ Ли әулеті) — 1392 жылдан 1897 жылға дейінгі ауқымды кезеңде билік құрған Кореяның соңғы әулеті. Оның алдындағы әулет төрт ғасырға жуық билік құрған Корё әулеті болған.
Ресми түрде Ли Соңге (Тхэджо) негізін салған. Ли Соңге Корей түбегіне шабуыл жасаған жапон пираттарына қарсы тұруымен танымал болған. Кейіннен генерал Ли соңғы Коре әулетіне қарсы көтеріліс жасады. Чосон атауы аңыз бойынша б.з.д 2333 жылы құрылған Ежелгі Чосон атауынан шыққан. Әулеттің 518 жылға созылған билігі 1910 жылы Кореяның Жапониямен аннексиясынан кейін жойылды.
## Патшалары
* Тхэджо 태조 (1392—1398)
* Чонджон 정종 (1398—1400)
* Тхэджон 태종 (1400—1418)
* Седжон 세종 (1418—1450)
* Мунджон 문종 (1450—1452)
* Танджон 단종 (1452—1455)
* Седжо 세조 (1455—1468)
* Йеджон 예종 (1468—1469)
* Сонджон 성종 (1469—1494)
* Ёнсан-гун 연산군 (1494—1506)
* Чунджон 중종 (1506—1544)
* Инджон 인종 (1544—1545)
* Мёнджон 명종 (1545—1567)
* Сонджо 선조 (1567—1608)
* Кванхэгун 광해군 (1608—1623)
* Инджо 인조 (1623—1649)
* Хёджон 효종 (1649—1659)
* Хёнджон 현종 (1659—1674)
* Сукчон 숙종 (1674—1720)
* Кёнджон 경종 (1720—1724)
* Ёнджо 영조 (1724—1776)
* Чонджо 정조 (1776—1800)
* Сунджо 순조 (1800—1834)
* Хонджон 헌종 (1834—1849)
* Чхольчон 철종 (1849—1864)
* Коджон 고종 (1864—1907)
* Сунджон 순종 (1907—1910) |
Төрекелді каналы (Төрегелді тоғаны немесе Аққойлы тоғаны) – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы канал. Құдайберген Бәйтінұлының нұсқауымен ауыл азаматтары күшімен қазылған. Төрекелді Байзақ Мәмбетұлының үлкен баласы. Жамбыл ауданы Ақбұлым, Байзақ ауданындағы Байзақ атындағы ұжымшардың суармалы жеріне ылғал жеткізеді. Ұзындығы 60 км.
## Дереккөздер |
Зуфар ибн Һузәйл. (араб.: زُفر بن الهذيل أبو الهذيل) (110 -158 һ.ж.) Зуфар Әбу Ханифаның жанында Әбу Юсуф пен Мухамадқа қарағанда көп жүрген. Анасы парсы әкесі араб болған. Әбу Ханифаның қияс етудегі ілімді шәкірті.
## Өміртарихы
Бағдат тарихы кітабында әл-Музниге бір кісі келіп Ирақ елінің ғалымдары жайлы сұрайды. әл-Музниден Әбу Ханифа жайлы не айтасың дейді? Ол кісі ғұлама дейді. Әбу Юсуфты сұрағанда, хадисті жақсы меңгерген дейді. Мұхаммед ибн әл-Хасан жайлы мәселені бөліп-бөліп, анық қанығына жетіп, жақсы түсіндіреді дейді. Зуфар жайлы не дейсің деп сұрағанда, мәселені қияспен жақсы түсіндіреді деп жауап берген.
Зуфардың өмірі қысқа болғандығы себепті соңынан жазған кітабы қалмаған. Ол Әбу Ханифадан соң 8 жыл өмір сүрген. Зуфар 158 жылы 48 жасында дүние салған. Зуфар Әбу Ханифадан алған ілімін ауызша жеткізіп отырған. Әбу Ханифаның көзі тірісінде Басраның қазысы болған.
Ибн Абдулбирдің «әл-Интиқау» кітабында Зуфар Басраға қазы болып бара жатқанда Әбу Ханифаның айтқан өсиеттері жазылған. Әбу Ханифа Зуфарға «Бізбен Басралықтардың арасында бірашама айырмашылық бар. Оларда көраумаушылық, дұшпандық кездеседі. Олардың арам пиғылдарынан ұзақ бол» дейді. Зуфар Басраға келгенде жергілікті ғамлымдарды жинап әр түрлі мәселелерді қозғайды. Фиқһ мәселесінде олардың келіскендігін байқаған уақытта «бұл Әбу Ханифаның көзқарасы» деп айтып отырған. Олар «Әбу Ханифа бұл мәселені дұрыс деп есептейді ма» дегенде, «ия» деп жауап беріп отырған. Осылайша Зуфар басралықтарға ұнап, көңілінен шығады.
## Дереккөздер |
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андроново мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыстық андроноволықтар қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер Андроноволықтардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.
Жалпы, Қазақстанда Андроново мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің басты ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андроново мәдениетінің ескерткіштері Қазақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андроново мәдениеті арқылы қарастырады.
Андроново мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андроново тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроноволықтарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнекті балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андроново тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді. Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Бұдан ертерек уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Сәндік заттардың Андроново тайпалары мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із тәрізді» сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.
## Этимологиясы
Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андроново ауылы маңынан табылуына байланысты осылай аталған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. XVIII-XVI ғасырлардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. XVI–XII ғасырлардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. XII–VIII ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.
## Ескерткіштері және оның зерттеушілері
Андроново мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. XVIII-XVI ғғ, орта қола б.з.д. XV-XII ғғ., кейінгі қола б.з.д. XII-VIII ғғ. Андроново мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.з.д. 17-9 ғасырлар). Андроново мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезеңдерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А. Теплоухов болды. Әсіресе М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ақ Андроново мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді. Кейін К.В. Сальников Орал сыртының Андроново мәдениетіне хронологиялық топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII — XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі — б. з. б. XV — XII ғасырлар, Замараев кезеңі — б. з. б. XII — VIII ғасырлар. Андроново мәдениетін К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды. Қазақстанның Андроново мәдениетін кезеңдерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты. Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті. Зерттеушілердің көпшілігі Андроново мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жағынан, әрі, шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде кұрылған деп есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын. Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андроново мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді.
### Орталық Қазақстан
Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер табылды. Орталық Қазақстанның Андроново мәдениетіне тән сипаты - оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
* Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында крематация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Керамика ыдыстардың жоғарғы жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
* Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
* Кейінгі кезеңі — Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.
### Солтүстік және Батыс Қазақстан
Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андроново мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андроново мәдениетінің сатыларын, олардың хронологиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасына жақын Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы бола алады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы) қоныстары - Андроново тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері.
### Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
Ескерткіштері — Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды.
## Шаруашылығы
Андроново қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды рөл атқарған. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: 1). биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі моңғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроноволықтар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроноволықтар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында андроноволықтар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.
## Ежелгі кеншілер
Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазғанда осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Андроноволықтар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптеп бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқ киім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшекейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.
## Халық, қоғам, әдет-ғұрып
Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабірлер қазу ісінде өзгешеліктері болған. Бұл Андроново қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар, абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.
## Діни көзқарастары
Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайым болды. Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені "Жер-ананың" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан. Андрондықтардың түсінігінше, өлген соң да "о дүниеде" тіршілік жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін , қару-жарағын, ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген. Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм (шығу тегін жануармен байланыстыру), фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну), анимизм (жанға, рухқа сену) сияқты ғұрыптар да орын алды. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған.
### Өнері
Өліктер қабірде бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды. Сонымен қатар олардың өнері де жақсы дамыған, қыш-құмыраларды жасап қана қоймай олардың бетіне геометриялық фигураларды салған, құмыра сыртына әр түрлі бұйымдар жабыстырып әшекейлеген. Аң аулаудың құпияларын түсіне отыра, қару-жарақтың әрі ыңғайлы, әрі қолайлы түрлерін жасаған (қалайы пышақ, найза ұштары, жебенің бастары бәрі қалайыдан болған).
### Тастағы суреттер
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды.
## Дереккөздер |
Домбыра Party, Домбыра пати — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс. Домбыра патилер, әдетте, аптаның белгіленген бір күнінде бұқара көп шоғырланатын қаланың қоғамдық орындарында open-air, яғни ашық аспан астында ұйымдастырылады. Шарада домбырада күйлер тартылады немесе аспап сүйемелдеуімен әндер шырқалады. Қозғалыстың ерекшеліктерінің бірі - аспаптарда тек өнер шеберлері немесе арнайы оқу бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам ойнай алардай дәрежеге жеткізуге үлес қосу. Қозғалыстың саяси астары жоқ.
Шараға тек домбырашылар ғана емес, сонымен қатар өзге ұлттық аспаптарда ойнай алатын өнерпаздар және тыңдармен-көрермендер қатыса алады. Шара жайлы, қатысушыларды шақыру әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Шараларда түсірілген бейнематериалдар жиі ғаламторда бөлісіледі.
*
*
## Тарихы
Домбыра пати қазақ блогерлері мұрындығымен 2012/2013 жылдары туындаған қозғалыс. Шаралар тізбегі Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қызылжар, Жаңаөзен, Орал сияқты Қазақстанның ірі қалаларында, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағында (2012 жылдың 15 тамызынан бастап), сонымен қатар Ыстамбұл, Лондон сияқты әлем метрополияларында өткізіліп келеді.
Домбыра Partyдің ресми басталған күні - 2012 жылдың 16 тамызы. Сол күні Астана қаласының бір топ жастары, атап айтқанда "КерекИнфо" сайтының қолданушылары Аршат Оразов, Алдан Жылгелді, Нұрғиса Асылбеков, Маралбек Сағынғанов, Жанасыл Болатбек, Данияр Алан, Алмас Алтай және Нұрберген Мақым атты сегіз жігіттің бастауымен дүниеге келген бірегей жоба[дереккөзі?].
## Сыртқы сілтемелер
* Қозғалыстың фейсбуктағы тобы
* Астанадағы домбыра пати; Алғы сөз. Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Дамбыра пати/Ілмектер Мұрағатталған 27 маусымның 2013 жылы.
* Баян-Өлгейліктер үшін Фейсбукта ұйымдастырылған Домбыра Party шарасы
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайы — Қазақстанның қазіргі заман тарихы мұражайы болып табылады. Ол тәуелсіз Қазақстанның егеменді ел болып қалыптасуының кескін-келбетін мемлекет басшысының сан қырлы қызметі арқылы бейнелейді.
Аз ғана мерзім ішінде (2004 ж. 28 тамыз) мұражай кешенді ғылыми-зерттеу, ағарту және мәдени орталыққа айналды. Мұражайдың Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы резиденциясында орналасуы және оның ішкі көрінісі мен жиһаздарының бұрынғы қалпында сақталып қалуы ізденіс идеялары мен экспозициялық шешімін табуда, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігінің тарихын толық көрсетуде өз үйлесімін, үндестігін табуға мүмкіндік туғызып отыр.
## Тарихы
Осы резиденцияда Мемлекет басшысы жеті жыл қызмет істеген (1997-2004 жж.). Үймерет астананың көшуіне байланысты 1997 жылдың желтоқсан айында салынған.
Алғашқы келушілерді мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған. Ғылыми концепция тұрғысынан экспозиция тақырыбын анықтау және ғылыми-зерттеу бағыттарын құру кезеңі, 2007-2008 жылдар мұражай үшін маңызды болды. Тәуелсіздік тарихына қатысты материалдарды бірізді, реттілікпен қалыптастыру барысында экспозициялық көрсетілім логикасына қол жетті.
Мұражай қоры хронологиялық және тақырыптық жағынан - еліміздің егемендік жолындағы тарихын, ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарын, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі өзара ықпалдасу бастамаларын көрсетеді. Мәдениеттану тұрғысынан алғандағы экспонаттар - әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері және ұлттық психология, салт-дәстүрмен танысу нысаны ретінде қызығушылық тудырады. Тарихи деректер мемлекет тағдырындағы бетбұрыс кезеңде халық көшбасшысының рөлінің еліміз үшін қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.Қазақстанның жаңа заман тарихының басталу кезеңі Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Еліміздің Президенті биліктің бейнесі ғана емес, мемлекет болуымыздың нышаны.
Экспозицияларды қалыптастыру және жаңғырту барысында алғашқы күндерден бастап жинақтау жұмыстары жүргізіліп, Алматы, Қарағанды облыстарына, Украинаға ғылыми-ізденіс экспедицияларын ұйымдастыру қолға алынды. Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы бүкіл елдің тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, тарихи байланыстар мен оқиғалар жөніндегі материалдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
## Мұражай коллекциялары
Мұражай коллекциялары қазіргі Қазақстанның тарихы мен мәдениетін әлемдік даму тұрғысынан тануға мүмкіндік береді, себебі мұражай қорының негізін егеменді елдің құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдерін қамтитын құжаттар, фото-бейне материалдар құрайды. Мемлекет Басшысының жеке кітапханасы мұражайдың үш залында орналасқан, ол 12700 сақтам бірлігін құрайды. Коллекция ғылыми қызығушылық туғызатын және ақпараттық құндылығы жоғары, полиграфиялық безендірілу тұрғысынан бірегей болып келетін отандық және шетелдік басылымдардан тұрады.
Коллекциялар қорының байлығына, өзіндік ерекшеліктеріне әлемнің кез келген мұражайы қызыға да қызғана қарайды десек артық айтқандық емес. Көптеген мұражайға қойылған жұмыстардың жасалуы, қайталанбайтындығы, бірегейлігі, шебердің өзіндік қолтаңбасын көрсетіп тұрады. Мұражайға әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері съезінің делегаттары тарту еткен сыйлықтар кешені қойылған.
Шығыс елдерінің сәндік-қолтаңбалы өнерінің нақышты теріден, сүйектен және тастан жасалған дүниелері, сувенирлері, ыдыстары осы елдердің өзіндік қалыптасқан салт-дәстүрінен хабар береді. Ресейдің көркемөнер кәсібі, Азия елдерінің түрлі аймақтары шеберлерінің күмістен соғылған заттары, еуропалық фарфор, атақты чех хрусталі - қор коллекциясын құрайды. Бұлар тұрақты тақырыптық экспозиция ретінді қойылған, бірақ уақытша жылжымалы көрме ретінде көрсетуге болатын мүмкіншілігі де бар. Дәрімен атылатын және суық қарулардың нұсқалары, оларды тағып жүру дәстүрі, қолдану және сыйға тарту жөнінде зерттелген бай материалмен және жасалу шеберлігімен таныстырады.
Қазақстан Республикасының Президентінің бірегей марапат коллекциясы тұрақты экспозициялар қатарына қойылған. Коллекция геральдика (елтаңбатану), фалеристика (марапат пен таңбаларды зерттейтін ғылым саласы) дәстүрі жөнінен ғана емес, олардың тарихы, ел тарихы мен марапаттар жөнінен мол хабар береді.
Мұражай коллекциялары облыстық, аймақтық мұражайларға көрмеге шығарылып тұрады. «Мәдениет арқылы сұхбат» атты халықаралық жоба қазақстандық көрмелерді әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетімен таныстырады. Келуші қауымның пайдалануы үшін мұражай барлық бағытта жасалып жатқан жұмыстар жөнінде ғылыми жинақтан бастап, монография, көрме каталогтары, буклеттермен қамтамасыз етіледі.
## Дереккөздер |
Ағыбет ауылдық округі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ағыбет, Алғабас, Жаңаталап, Жұлдыз ауылдары кіреді. Орталығы – Ағыбет ауылы.
## Дереккөздер |
Ақбастау ауылдық округі — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақбастау, Жолғабас, Кеңес, Тұрақты ауылдары кіреді. Орталығы – Ақбастау ауылы.
## Дереккөздер |
Ақбастау ауылдық округі:
* Ақбастау ауылдық округі – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақбастау ауылдық округі – Қарағанды облысы, Абай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақбастау ауылдық округі – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Галицино — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Володар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 210 адам (94 ер адам және 116 әйел адам) болса, 2009 жылы 81 адамды (37 ер адам және 44 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мақпал Әбдіманапқызы Исабекова (21 ақпан 1984, Панфилов) — қазақ эстрада әншісі. «SuperStar KZ» жобасына қатысып, танымал болды. SuperStar KZ жобасының қатысушысы, актриса, тележүргізуші, «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2004).
## Өмірбаяны
Мақпалдың әкесі – Әбдіманап Исабеков, суретші, ұлты жағынан қазақ, суан руынан шыққан. Шешесі – Бибінұр Сейдаханова, психолог болып жұмыс істеді, ұлты жағынан ұйғыр. Жанұясында 3 бала, Мақпал олардың арасында кішісі. Ол жасынан әнші болуды армандады. Анасы айтқанындай ол әр түрлі әндерді айтатын, мектеп арасындағы іс-шараларында ылғи ән айтуға да Мақпалды алатын.
2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетке финанс-экономикалық факультетке түсті.
«SuperStar KZ» телевизиялық жоба басталғанда Мақпал аралас-сұрыпта қатысты және бірінші 12 қатысушыларға жеңіл кірді, бірақ 7 турдан кейін 2004 жылы қаңтар айында жобадан шықты.
Осылай Мақпал музыкалық продюссер Эрик Тастамбековтың көмегімен музыкалық карьерамен шұғылданды.
* 2004 жылдан бастап Мақпал Исабекова бірнеше бейнеклиптерде түсірілді, Иван Бреусовпен бірге өнернамамен шұғылданды. Тез арада жаңа дебюттық альбом (Первый поцелуй», 2005) Қазақстанда сәтті да табысты болды.
Юрмалда жылда болатын музыкалық фестиваль «Новая волна 2005»арқасында шет елдерге де танымал болды. 9 орын ғана алса да, ол көрермендер көзайымынан приз алды(Стефан Ричи дизайны бойынша жасалған үлкен бриллиантпен салынған алтын сақина) өзінің туған жерінде ынтагерлікпен білдірінді. Және Алма-ата қаласында «Выбор года» фестивалінде «Алтын адам» премиясын алды.
* 2006 жылдан бастап - «Новое имя - надежда» музыкалық категориясында Қазақстанның тәуелсіз жебеуші премиясы.
* 2007 жылда еркектерге арналған «Esquire Казахстан» журналының болжамы бойынша ол «Певица ж.» яғни «Жылдың әншісі» болды.
* 2009 жылда Рессейлің атақты продюссері Доминик Джокермен бірге жұмыс істеді. («Бесконечность» хиті - «Музыкальная фишка» призі)
2009 жылдың жазында Мәскеудегі ГИТИСтің эстрадалық факультетіне түсті.
## Сілтемелер
* http://music.nur.kz/artist_bio-8059-makpal-isabekova Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Бұл халық ауыз әдебиетінің керемет туындыларының бірі.Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзіндегі халықтардың белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр» жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған.Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп нұсқалы жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында жазылса, ал қалған 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған болып есептелген, ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы тұр.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870–1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық, көркемдік қасиеті жан–жақты қарастырылған болып келеді. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем, эпитет, теңеу, салыстыру, әсерлеу молынан кездеседі.Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу, Алматы, Орынбор, Қазан, Ташкент және Нөкіс қалаларының мұрағаттарында, Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және жазбатану бөлімінде сақтаулы тұр. |
2013 жылғы 6 - 17 шілде күндері аралығында ресейлік Қазан қаласында өткен жазғы Универсиаданың медальдар санағы. 23 олимпиадалық және 4 олимпиадалық емес спорт түрінен 351 медальдар комплекті ойнатылды.
Универсиададағы алғашқы алтын медальға австралиялық Саманта Миллс 281,40 ұпаймен 1 метрлік трамплиннен суға секіруде қол жеткізді, күміс және қола медельдарға тиісінше қытайлық Цзя Дунцзинь және Ван Литин ие болды.
Ұйымдастырушы елдің алғашқы медальін 3 метрлік трамплиннен суға секіруде Евгений Кузнецов Универсиада чемпионы атанып алтын медальды олжады, қытайлық Линь Цзинь және Цинь Тянь тиісінше күміс және қола медальдарына қол жеткізді.
## Медальдар санағы
Ұйымдастырушы ел2013 жылдың 17 шілдесіне қарай мәлімет:
## Тағы қараңыз
* Жазғы Универсиада 2013
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* 2013 жылғы Универсиаданың ресми сайты (орыс.)
* 2013 жылғы Универсиаданың ресми сайты Мұрағатталған 8 наурыздың 2018 жылы. (ағыл.) |
## Рёло үшбұрышы
Рёло үшбұрышы - бірдей үш шеңбердің қиылысу аумағымен шектелген жазықтық фигура. Рёло үшбұрышын Франц Рело ойлап тапқан жоқ,бірақ осы үшбұрышты көп зертегендіктен, оның құрметтіне осы үшбұрышты оның атымен аталды. Франц Рело- атақты неміс ғалымы, инженер. Ол 1829 және 1905 жылдар аралығында өмір сүрді. Рёло үшбұрышы шеңбердің маңызды қасиеттерімен ерекшеленеді.
## Салу жолдары
Осы үшбұрышты салу оңай.Оның 2 салу жолдары бар.1)Қағаздың бетіне 3 бірдей қиылысатын шеңберлерін салып, олардың ортақ қиылысу жері – рёло үшбұрышы болып табылады.2)Біріншіден, қағазға тең қабырғалы үшбұрышты саламыз. Содан кейін осы үшбұрыштың төбелерімен өтетін доғалар саламыз.
*
*
## Рёло үшбұрыштың қасиеттері
*
Рёло үшбұрышы шеңбер сияқты қалай айналдырса да, оның ені бірдей болады. Осыны біз 1 суретте көре аламыз, және біз осы үшбұрыштың шаршының барлық 4 қабырғаларына жанасуын көре аламыз.Рёло үшбұрыштың тағы бір ерекшелігі – ені үнемі тең фигуралардың арасында ауданы ең кіші болады, сондықтан оны қолдануға тиімді.
## Рёло үшбұрыштың қолданылуы
### Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышы
Рёло үшбұрышы автомобильдің іштен тұтанатын қозғалтқыштарда да қолданылады.
*
Осы іштен тұтанатын қозғалтқышты 1957 жылы неміс инженері Ф.Ванкель ойлап тапты.Рёло үшбұрышы әрдайым іштен тұтанатын қозғалтқыштың қабырғалармен жанасады, сондықтан іштен тұтанатын қозғалтқышта 3 тұйық кеңістік пайда болады. Осы кеңістіктерде отын тұтынады.60-шы жылдардың ортасында Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышты алғаш рет NSU Prince Spyder-машинасында қолданылған.1974 жылы ВАЗ машиналарда Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышты қолданылады. Қазіргі кезде Mazda RX-8 Hydrogen RE машинасында Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқыш қолданылады. Осы қозғалтқышы бар машиналар сутекпен де, бензинмен де жүруі мүмкін.
### Грейфер механизмі
Рёло үшбұрышы грейфер механизмде қолданылады. Грейфер механизмі кинопроекторларда қолданылады. Ол пленканың кадрлерін ауыстырады
*
## Рёло үшбұрышының архитектурада қолданылуы
Рёло үшбұрышы готикалық стильде жасалған соборларда қолданылады.
*
*
*
## Дереккөздер
## Рёло үшбұрышы
Рёло үшбұрышы - бірдей үш шеңбердің қиылысу аумағымен шектелген жазықтық фигура. Рёло үшбұрышын Франц Рело ойлап тапқан жоқ,бірақ осы үшбұрышты көп зертегендіктен, оның құрметтіне осы үшбұрышты оның атымен аталды. Франц Рело- атақты неміс ғалымы, инженер. Ол 1829 және 1905 жылдар аралығында өмір сүрді. Рёло үшбұрышы шеңбердің маңызды қасиеттерімен ерекшеленеді.
## Салу жолдары
Осы үшбұрышты салу оңай.Оның 2 салу жолдары бар.1)Қағаздың бетіне 3 бірдей қиылысатын шеңберлерін салып, олардың ортақ қиылысу жері – рёло үшбұрышы болып табылады.2)Біріншіден, қағазға тең қабырғалы үшбұрышты саламыз. Содан кейін осы үшбұрыштың төбелерімен өтетін доғалар саламыз.
*
*
## Рёло үшбұрыштың қасиеттері
*
Рёло үшбұрышы шеңбер сияқты қалай айналдырса да, оның ені бірдей болады. Осыны біз 1 суретте көре аламыз, және біз осы үшбұрыштың шаршының барлық 4 қабырғаларына жанасуын көре аламыз.Рёло үшбұрыштың тағы бір ерекшелігі – ені үнемі тең фигуралардың арасында ауданы ең кіші болады, сондықтан оны қолдануға тиімді.
## Рёло үшбұрыштың қолданылуы
### Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышы
Рёло үшбұрышы автомобильдің іштен тұтанатын қозғалтқыштарда да қолданылады.
*
Осы іштен тұтанатын қозғалтқышты 1957 жылы неміс инженері Ф.Ванкель ойлап тапты.Рёло үшбұрышы әрдайым іштен тұтанатын қозғалтқыштың қабырғалармен жанасады, сондықтан іштен тұтанатын қозғалтқышта 3 тұйық кеңістік пайда болады. Осы кеңістіктерде отын тұтынады.60-шы жылдардың ортасында Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышты алғаш рет NSU Prince Spyder-машинасында қолданылған.1974 жылы ВАЗ машиналарда Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышты қолданылады. Қазіргі кезде Mazda RX-8 Hydrogen RE машинасында Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқыш қолданылады. Осы қозғалтқышы бар машиналар сутекпен де, бензинмен де жүруі мүмкін.
### Грейфер механизмі
Рёло үшбұрышы грейфер механизмде қолданылады. Грейфер механизмі кинопроекторларда қолданылады. Ол пленканың кадрлерін ауыстырады
*
## Рёло үшбұрышының архитектурада қолданылуы
Рёло үшбұрышы готикалық стильде жасалған соборларда қолданылады.
*
*
*
## Дереккөздер |
* Протон – атом құрамындағы элементар бөлшек.
* Протон – ауыр кластағы зымыран-тасығыш. |
Сапаев Ғазиз Санаев (10.10.1926 ж.т. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы,Ақмектеп с.)– жазушы. Семей қаласындағы мұғалімдер институтын,педагогикалық университетын бітірген.Шығыс Қазақстан облысының,Зайсан ауданында,Семей облысының, Аягөз ауданында және Семей қаласында он екі жыл мектепте мұғалім, 1959-1981 ж. Семей обл. «Семей таңы» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1981 жылдан шығарм. жұмыста. Семей обл. драма театрында қойылып жүрген пьесаллардың авторы. |
Алтыбуынды өлең – әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын өлең өлшемі. Өлеңнің бір шумақтағы тармақтары бір өңкей буыннан құралады. Біздің өлең құрылыстарында негізге алатынымыз шумақ. Абай Құнанбайұлы шығармашылығынан бастап қазақ поэзиясында кең қолданылып келеді. Мысалы, Абайдың „Көзімнің қарасы“ өлеңіндегі
Көзімнің қарасыКөңілімнің санасыБітпеді іштегіҒашықтық жарасы
- деген шумақ Абай өленінің нақты үлгісі болып табылады. |
Сұраншы батыр — тарихи жыр. Қоқан хандығының Жетісу қазақтарына жасаған зорлығына қарсы бас көтерген Сұраншы батыр ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз-әңгімелер топтамасы. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған «Сұраншы батыр» жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген қарияның айтуынан жазылып алынды. Қазіргі кезде «Сұраншы батыр» жырлары мен аңыз-әңгімелерінің және Жамбыл поэмасының қолжазба нұсқалары Орталық ғылым кітапханасының қорында және Әдебиет және Өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
## Дереккөздер |
Яһуда Амандықов 1935 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1953 жылы Созақ орта мектебін бітірген соң, 1962 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.
Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.
Филология ғылымдарының кандитаты. Жамбылтанушы ғалым.
Композитор. Қаратауым және Түркістан әндерінің авторы.
## Шығармашылығы
1957 жылдан 1976 жылдар арасында үздіксіз облыстық, аудандық 80-150 кісілік хор-капелласын басқарды.
Сол Созақ аудандық хор-капелласы 1975 жылғы Таллинде өткен халықаралық фестивальге қатысып, елге үлкен жүлдемен оралған.
Яһанның әндері 1954 жылдан халық арасына кең тараған.
Республикалық ұлт-аспаптар оркестрі “Отырар сазының”, Қазақ радиосының эстрадалық оркестрінің, Ішкі істер министрлігінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің репертуарларынан Яһуда Амандықовтың әндері 1978 жылдан бері түскен емес.
## Сыртқы сілтемелер
* [1](қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Тастөбе – көне қала орны. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Ынталы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км қашықтықта орналасқан. 1986 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедициясы (жетекшісі М.Елеуов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазба жұмыстары кезінде қыштан жасалған құмыралар, табақтар табылды. Ол ыдыстардың жасалу мерзіміне орай Тастөбе қаласы 10 – 12 ғасырда өмір сүрген деген болжам жасалды.
## Дереккөздер |
Тастөбе – ортағасырлық қала орны.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылынан солтүстікке қарай 300 м жерде.
## Зерттелуі
Қалашықты 1898 жылы В.А. Каллаур, 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы зерттеген.
## Сипаты
Ескерткіш үш бөліктен тұрады. Алғашқысы – дөңгелек төбе, биіктігі 18 м, диам. 100 м-ге жуық; екіншісі – осы төбені барлық жағынан қоршаған, өлшемдері солтүстіктен оңтүстікке қарай – 130 м, шығыстан батысқа қарай – 170 м террасадан тұрады; орт. бөлігі ормен бөлінген. Негізгі төбеден оңтүстік-батысқа қарай 30 м жерде өлшемдері 80 - 50 м, биіктігі 2,5 м, шығыстан-батысқа қарай созылыңқы бекіністің қалдығы сақталған; үшіншісі – негізгі төбеден солтүстікке қарай 50 м жерде орналасқан. Оның табанының аумағы 90 - 70 м.Қалашықтың үстінен қыш ыдыстардың, күйдірілген кірпіштің сынықтары кездеседі. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда қалашықты тұрғындар 6 – 12 ғасырларда мекен еткен. Олар мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.
## Дереккөздер |
Тастөбе — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Көлқайнар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Аса ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде, Тасарық өзенінің жағалауындағы сұр, қара жусан аралас баялыш, көкпек басым өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң шөлді далада орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1996 жылға дейін "Куйбышев" деп аталып келді. 1964–1997 жылдары қызылша өсіретін Куйбышев атындағы кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Тастөбеде 1997 жылдан өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.Тастөбе ауылы - VII-X ғасырлардағы қала (Тастөбе) орны. Тастөбе ауылының солтүстік аумағында 400 м жерде биік төбе орналасқан, айналасында қыш құмыра, күйген кірпіш сынықтары көптеп кездеседі. Ауыл маңында көптеген қорғандар бар.
## Дереккөздер |
Ханча́ (кор. 한자 /hɐːn.t͈͡ɕɐ/) — корей тілінің жазбаларында қолданылатын, қытайлық иероглифтер. Бұл ханьцзы деген қытай сөзінің корей тіліндегі оқылуы..
Ханча корей тілінің жарты лексикасын құрайтын, қытайлық шығу текті сөздерді жазғанда қолданылады.
Оңтүстік Кореяде ханчаны өте сирек қолданады — негізінен газет журналдарда ғана. Басқа әдебиеттерде ханча мүлдем қолданылмайды. Көп жағдайда ханчаны сөздің басқада көп мағынасы бар екендігін көрсету үшін жақшаның ішінде жазады.
Солтүстік Кореяда ханча мүлде қолданылмайды, қолданудан түсіріп тастаған.
## Дереккөздер |
Қаракемер ауылдық округі — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауылдық әкімшілік бірлік. Жер көлемі - 21295 га.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қаракемер, Құмтүйін, Сеңгірбай елді мекендері қарайды. Ауылдық округте Төле би атындағы, Ильич атындағы орта мектептер, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт бар.
## Ауыл маңы табиғаты
Сұлукөл - су қоймасы, қолдан жасалған көл, сол кездегі аудан басшылары айналасына сәнді талдар егіп, жұрт демалатын орынға айналдырмақшы болған, кейін қараусыз қалып, келіп құятын суы болмағандықтан көлдің суы тартылып қалған, шағын көлшік.Көкіштің көлі - сол маңның иесі, шаруашылығы ерте домалаған Көкіш деген байдың жайлауы болған деседі. Ол көлге де құятын су көздері болмағандықтан тартылып кеткен, қазіргі кезде шағын көлшік.Ауылдық округта 2 Төрткүл төбешігі бар. Төрткүл кезінде бекініс болған, биіктігі 6 м, ені мен ұзындығы 120 х 30 м қорғандар қалдығы.
## Дереккөздер |
Горное — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Арықбалық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстікке қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 239 адам (116 ер адам және 123 әйел адам) болса, 2009 жылы 202 адамды (93 ер адам және 109 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
"Шытулы көлеңкелер"(Dark Shadows ағылш.сы) -Тим Бертонның готикалық фильмі. Премьера 2012 жылдың 9 мамырында орындалды.
## Мазмұны
Барнабас Коллинз - балық зауытының иесі, бай және азулы ақсүйек.Барлық қыздарға ұныйды.Бірақ ол Жозетту Дюпрэ қызға ғашық болады. Алайда үй шаруасындағы қызметші әйел Анжелика оны лағнаттап,қансорғышқа айналдырады.
## Кейіпкерлер
* Джонни Депп- Барнабас Коллинз
* Ева Грин- Анжелика Бушар[4]
* Мишель Пфайффер- Элизабет Коллинз Стоддарт[5]
* Джеки Эрл Хейли- Вилли Лумис[6]
* Хлоя Морец- Кэролин Стоддард, член клана Коллинз[7]
* Джонни Ли Миллер- Роджер Коллинз[8]
* Белла Хиткот- Виктория Винтерс/Жозетта Дюпре[9]
* Хелена Бонэм Картер-доктор Джулия Хоффман[10]
* Гулливер Макграт-Дэвид Коллинз
* Айвэн Кэй - Джошуа Коллинз
* Кристофер Ли - Билл Маллой
* Элис Купер- камео
## Тағы қараңыз
* Официальный сайт фильма
* Официальный сайт фильма(қолжетпейтін сілтеме) (орыс.)
* «Мрачные тени» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында |
Грачёвка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қазан ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан батысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 40 адам (22 ер адам және 18 әйел адам) болса, 2009 жылы тұрғындары болмады.
## Дереккөздер |
Өрнек ауылдық округі:
* Өрнек ауылдық округі — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Өрнек ауылдық округі — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Өрнек ауылдық округі — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Гусаковка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Гусаков ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 64 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1238 адам (609 ер адам және 629 әйел адам) болса, 2009 жылы 812 адамды (409 ер адам және 403 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
* Пионер — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Ащыбұлақ ауылының бұрынғы атауы.
* Пионер — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл.
* Пионер (Ермекеев ауданы) |
* Пионер ауылдық округі — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Қарасу ауылдық округінің бұрынғы атауы.
* Пионер ауылдық округі — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Егіндіағаш (1993 жылға дейін — Восточное) — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстікке қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 297 адам (161 ер адам және 136 әйел адам) болса, 2009 жылы 196 адамды (106 ер адам және 90 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бұрана мұнарасы — Қарахан мемлекетіне тиесілі Х-ХІ ғғ. архитертуралық ескерткіш. Мұнара Бішкектен 80 км, ал Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Бұрана мұнарасы көне архитектуралық кешеннің құрамында болғандықтан, мемлекеттің қорғауы мен бақылауына алынған.
## Сипаттамасы
Тарихшылар мұнараның салыну уақытын Х-ХІ ғғ. деп көрсетеді. Мұнараның биіктігі — 21 м, диаметрі — 9 м. Бастапқы биіктігі 44-48 м шамасында болған көрінеді. Кейін болған жер сілкінісінен мұнара биіктігі бүгінгі қалпында сақталған. Археологтар мен архитекторлар бұл ескерткішті зерттей келе, өз заманыңда маңдай алды құрылыс болып саналған бұл ескерткіштің дәл осы жерге не үшін салынғанын анықтады. Бұрана мұнарасының шығысында осы аттас өзен бар. Ол жазда кеуіп қалады. Мұнараның айналасын жал топырақ үйілгені байқалады. Ол көлемі 560 және 480 м тік бұрышты алаңды қоршайды. Мұнараның солтүстік жағында биіктігі 10 м шаңдақ төбе тұр. Бұл - ескі үйдің құлаған орны. Осыған орай, мұнара ертедегі қоныстың ортасына салынған болуы тиіс. Осы төңіректі зерттеген археологтар қазба жұмысының қорытыңдысына және ерте заманғы жазба деректерге сүйене отырып, бұл үлкен үйінді ертедегі Баласағұн қаласының орны екенін анықтаған.
## Тарихы
XIX ғасырдың ортасынан бастап Бұрана мұнарасы мен оны жан-жақтан қоршаған қалашық орыс ғалымдары мен өлкетанушыларын қызықтыра бастайды. Ескерткішті зерттеуге Ф. В. Поярков, В. Д. Городецкий, А. М. Фетисов, Н. Н. Пантусов, В. П. Ровнягин және атақты орыс шығыстанушысы В.В. Бартольд зор үлестерін қосты.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап мұнара мен қалашықты сақтау жұмыстары басталды. Осы мақсатпен 1927-1928 жылдары олар Қырғыз АКСР-нің шешімі бойынша жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, консервацияланды.
1927 жылы М. Е. Массон және 1928 жылы А.И. Тереножкин қазба жұмыстарымен, материал жинаумен, кескіндерді қағаз бетіне түсірумен айналысты.
1930-шы жылдары мұнара мен қалашыққа Қырғыз КСР-нің ғылым комитеті мен жұртшылық назар аудара бастайды. Мерзімді баспасөздерде алғашқы мақалалар жарық көреді.
1938 жылы ескерткіш аумағын Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген (А. Н. Бернштам жетекшілігімен).
1953-1954 жылдары П. Н. Кожемяко Бұрана қалашығына қатысты ең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізген.
1976 жылы Бұрана қалашығы мемлекеттік қорықтар тізіміне еніп, қорғауға алынды.
1976 жылы жөндеу жұмыстарынан кейін қалашық аумағында Республикалық археологиялық-архитектуралық мұражай ашылды.
## Аңыз
Аңызға қарағанда, ықпалды ханның қызы туыпты. Хан осы оқиғаны атап өтіп, қызының болашағын білу үшін мемлекеттегі барлық балгер әйелдер мен дана адамдарды шақырған. Бір қария ханға қызының он алтыншы туған күнінде қарақұрттың кесірінен мерт болатынын баяндапты. Хан қызын қорғау үшін үлкен мұнараны тұрғызуға бұйрық берді. Ханның қызметшілері тағамдарды мұқият тексеріп, себеттерге салып, қызына баспалдақтың көмегімен жеткізген. Арада біраз жылдар өткен. Қызының он алтыншы туған күніне хан себепке салынған жемістерді әкеліпті. Хан себетке жасырынған қарақұртты байқамаған. Ақырында қарақұрт жеміске қолын созған ханның қызын тістеп алады.
## Дереккөздер |
Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты 2017 немесе FINA 17-ші әлем чемпионаты — Мажарстанның Будапештте 2017 жылдың жазында өткізілді.
Жарыстар 5 спорт түрінен өткізілді: жүзу, синхронды жүзу, суға секіру, ашық суда жүзу және су добы.
## Жүзу
### Ерлер
### Әйелдер
## Ашық суда жүзу
## Синхронды жүзу
## Суға секіру
### Жеке кезең
### Синхронды секірулер
## Хай-дайвинг
## Су добы
## Медальдық есеп
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Чемпионаттың ресми сайты Мұрағатталған 1 шілденің 2017 жылы. |
Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты 2019 немесе FINA 18-ші әлем чемпионаты — Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 2019 жылдың жазында өткізілді.
Жарыстар 5 спорт түрінен өткізілді: жүзу, синхронды жүзу, суға секіру, ашық суда жүзу және су добы.
## Жүзу
### Ерлер
### Әйелдер
## Ашық суда жүзу
## Синхронды жүзу
## Суға секіру
### Жеке кезең
### Синхронды секірулер
## Хай-дайвинг
## Су добы
## Медальдық есеп
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Чемпионаттың ресми сайты Мұрағатталған 27 шілденің 2019 жылы. |
Qazaqstan дауысы — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында шығатын әлемнің 180 елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Түпнұсқасы 2010 жылы голландиялық RTL4 телеарнасында The Voice of Holland атауымен жарық көрген.
## Ережелер
Қатысушылар тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынасады. Жүзден аса қатысушылардың ішінен 4 тәлімгер өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Жобаның жеңімпазы халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.
Үміткерлер "көрмей таңдау", "жекпе-жек", "жарға жығу" кезеңі бойынша сайысқа түседі.
## Тәлімгерлер
## Маусымдар
## Сыртқы сілтемелер
* Жобаның сайты |
Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты 2015 немесе FINA 16-шы әлем чемпионаты — Ресейлік Қазан қаласында 2015 жылдың 24 шілде - 9 тамыз күндері аралығында өтті.
Жарыстар 6 спорт түрінен өткізілді: жүзу, синхронды жүзу, суға секіру, хай-дайвинг, ашық суда жүзу және су добы.
## Күнтізбе
Ашылу салтанаты 2015 жылдың 24 шілде күні «Татнефть-Арена» мұз сарайында өтті, ал жабылу салтанаты сол жерде 9 шілде күні өткізілді.
## Әлем рекордтары
## Жүзу
### Ерлер
### Әйелдер
## Ашық суда жүзу
## Синхронды жүзу
## Суға секіру
### Жеке кезең
### Синхронды секірулер
## Хай-дайвинг
## Су добы
## Медальдық есеп
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Чемпионаттың ресми сайты |
Жөргенбай Сүйіндіков (1918 ж. Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Мибұлақ ауылдық округі, Ақкеңсе ауылы - 2000 ж. Түркістан облысы Ордабасы ауданы) - Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері.
## Өмірбаяны
1938 - 1987 ж. аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында партия ұйымының хатшысы, Бөген аудандық (қазіргі Ордабасы ауданы) мемлекеттік қауіпсіздендіру бөлімінің бастығы, компартия комитетінде шаруашылық меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдары II Беларусь және III Украина майданында болды. Ерен ерлігі үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен, "Ерлігі үшін", "Г.Жуков" медальдарымен, сонымен қатар Совет Одағының маршалы Солтүстік әскери топтың бас қолбасшысы К.Рокосовскийдың алғыс хатымен, ал еңбектегі жетістіктері үшін "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, Одақтың, республиканың, облыстың әр түрлі дәрежедегі бірнеше Құрмет грамоталарымен наградталды. Жергілікті Советтердің бірнеше рет депутаты болып сайланды
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Жиделі – Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл.
* Жиделі – Жамбыл облысы Тараз қаласына қарасты болған таратылған ауыл.
* Жиделі – Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл.
* Жиделі – Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл.
* Жиделі – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
* Жиделі – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Жиделі – Іле өзенінің оң тармағы.
* Жиделі – Сырдария алабындағы өзен.
* Жиделі – Сарысу алабындағы өзен.
* Жиделі – Сырдария алабындағы өзен.
Басқа мағыналар:
* Жиделі көшесі (Астана)
* Жиделі (құдық)
* Жиделі (шығанақ)
* Жиделі ауылдық округі (Алматы облысы)
* Жиделі ауылдық округі (Түркістан облысы) |
* Қараой ауылдық округі – Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қараой ауылдық округі – Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қараой ауылдық округі – Алматы облысы Іле ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қараой ауылдық округі – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қараой ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Елецкое — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл, Елец ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 462 адам (218 ер адам және 244 әйел адам) болса, 2009 жылы 414 адамды (203 ер адам және 211 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жиделі — Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан, бұрынғы ауыл. Бұрын ауылдық округ Жамбыл (Тараз) қаласын жеміс-жидекпен қамтамасыз етіп отырған. Содан "Жиделі" ауылы атанған.
## Географиялық орны
Тараз қаласының оңтүстік-батыс шетінде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 0,1 мың адам (2009).
## Дереккөздер |
Алматы-1 — Алматы қаласында орналасқан қазақстандық темір жолдардың теміржол вокзал кешені.
## Тарихы
Алғашқы пойыз Алматыға 1929 жылы 19 шілдеде келді. Уақытша вокзал қаладан 9-10 шақырым жерде болды.
1930 жылы Түркістан-Сібір темір жолында қозғалыс ашылып, Жол Алматыны Мәскеумен байланыстырды.
Вокзал кешенін 1974 жылы сәулетшілер С.О. Мхиторян, з. м. Солдатова және басқалар жобалаған.
Вокзал кешені ғимаратының өзі 1976 жылы аяқталды және тәулігіне 6,6 мың жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Ғимарат кеңестік азаматтық қоғамдық архитектураның үлгісі болып табылады және 1973 жылы пайдалануға берілген Алматы әуежайының ғимаратымен сыртқы келбеті бойынша үндес болды.
Ғимарат заманауи архитектуралық формасымен ерекшеленді, қасбеті алюминий байланыстырылған витраждармен аяқталды. Ғимараттың құрамы технологиялық талаптарды ескере отырып, вокзал қызметтерін (1-қабат — кассалар, 2-ші және 3-ші — күту залдары, шаруашылық Үй-жайлар), мейрамхананы еркін орналастыруға мүмкіндік берді. Жертөле қабатында сақтау камералары, асхана, тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелері бар. Жолаушылар платформалары вокзал ғимаратымен туннельдермен байланысты. "Алматы-1" теміржол вокзалы күн сайын орта есеппен 2,5 мың жолаушыға қызмет көрсетеді.
2015-07-17 облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының индекстері мен атаулары бекітілген: КВ-67 "Алматы 1 — Шамалған— Ұзынағаш стансасы" және КВ-69 "Алматы 1 — Винсовхоз — Чапаево".
2016 жылы "Алматы 1" жүк және транзиттік құрамдардың проблемалық жүктемесі байқалды.
2017 жылғы 29 қарашада стансаның атауы "Алма-Ата 1 стансасы"-дан "Алматы-1" болып өзгертілді..
2018 жылдың қараша айында вокзал маңындағы алаңды қайта жаңарту аяқталды, көгалдандыру алаңы кеңейтілді және 40-тан астам ағаш отырғызылды, шағын сәулет нысандары орнатылды, Әліби Жангелдин ескерткішінің қаптамасы жаңартылды. Теміржол вокзалының алдында қоғамдық көлік үшін басымдықпен ағындарды бөлу жүргізілді, қауіпсіздік аралдары бар жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталды. Жаңа аялдама кешендері орнатылды.
## Болашағы
2013-2020 жылдары Алматы метросының құрылыс жобасына сәйкес Алматы 1 вокзалына Метрополитен желісі салынуы тиіс еді, ал оның жанында "Алматы-1"метро стансасы орналасады. Жоба тоқтатылды, өйткені оны жүзеге асыру үшін қажетті миллиардтаған долларлық қаржыландыру маңызды емес қалалық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды: BRT жобасы және көптеген айырбастау құрылыстары.
2030 жылға қарай Алматы 1 арқылы транзиттік жүктердің өтуін азайту үшін стансаны айналып өту үшін "Жетіген — Қазбек-Бек" желісінің құрылысы жобаланды.
## Қайта құру
2007 жылы "тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес талап етілетін қалпына келтірудің орнына вокзал ғимаратын күрделі қайта құру жүргізілді, нәтижесінде сол кездегі сәулет ескерткіші болып табылатын вокзал ғимаратының сыртқы және ішкі келбетін түбегейлі өзгертті.
## Сәулет ескерткіші
1984 жылы 26 қаңтарда Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің Атқару комитеті теміржол вокзалының ғимаратын Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізді.
2010 жылы теміржол вокзалының ғимараты Алматы әкімдігі мен мәслихаты бекіткен қаланың тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің жаңа тізіміне енбеді, ал 2012 жылы республикалық тізімнен шығарылды.
## Әліби Жангелдин Ескерткіші
1975 жылы Алматы 1 стансасының вокзал маңындағы алаңда революционер және азаматтық соғысқа қатысушы Әліби Тоғжанұлы Жангелдинге ескерткіш тұрғызылды. Ескерткіштің мүсіншілері Т. с. Досмағамбетов пен О. Прокопьева, тұғырдың сәулетшісі Ш. Уәлиханов болды. Келесі, 1976 жылы бұл жұмыс Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Ескерткіш, ҰЭМ сәйкес, вокзал маңындағы алаңның архитектуралық ансамбліне біркелкі сәйкес келеді.
Революция қайраткерінің мүсіндік бейнесі толық ұзындықта жасалған, қолаға құйылған, әшекейлі белбеуі бар жылтыратылған қара габбро гранитінің биік, күрделі тұғырында көтерілген. Фигура жігерлі қозғалысқа толы, жеке тұлғаның мақсаттылығы мен ерік-жігерін жеткізеді. Тұғыры бар ескерткіштің жалпы биіктігі 11 метр.
1979 жылы 4 сәуірде Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитетінің "Алматы қаласының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің тізімін бекіту туралы" № 139 шешімі қабылданды, онда Әліби Жангелдин монументі көрсетілген. Шешіммен күзет міндеттемесін ресімдеу және ескерткіштерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу көзделген.
1982 жылы 26 қаңтарда ескерткіш Қазақ КСР Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.
## Вокзал айналасындағы нысандар
* Әліби Жангелдин ескерткіші
* Март Village (Сауда орталығы)
* Арман 3D (кинотеатр)
* Жібек Жолы (Сауда орталығы)
## Дереккөздер |
Жалпақтөбе сөзі мынадай мағыналардың бірін білдіруі мүмкін:
* Жалпақтөбе (көне қала) – ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының солтүстік-батысына қарай, Отырартөбеден 10 км жерде орналасқан.
* Жалпақтөбе (ауыл) - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Полатқосшы ауылдық округі құрамындағы ауыл. |
Алматы-2 — Алматы қаласында орналасқан Қазақстан темір жол вокзалы мен станциясы
## Сипаттамасы
Вокзал фойесінде газет, дәріхана, кәдесый дүңгіршектері, пошта бөлімшесі, анықтамалық бюро орналасқан. Шығыс павильонында билеттерді алдын ала сату кассалары, мейрамхана, күту залы, Батыс павильонында жөнелту күні билеттерді сату кассалары, сақтау камералары бар. "Алматы 2" вокзалы күн сайын қызмет көрсетеді: жазда 3,5 - 4 мың адам, қыста 2,5-3 мың адам.
## Тарихы
Верный қаласында осы ауданда зират орналасқан, ал Абылай хан даңғылы Старокладищенская көшесі деп аталған. 1921 жылы зират сел тасқынымен жойылды.
Бастапқыда вокзал ғимараты Красногвардейское трактінде орналасқан, бірақ М.Тынышпаевтың ұсынысы бойынша вокзал бұрынғы ескі зират көшесіне көшірілді, ол үшін Алматы-1 және Алматы-2 станциялары арасында бір жолды қалалық теміржол желісі жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл учаске Алматы-2 - Алматы-1 аралығы болып табылады және электрлендірілген. Алматы 2 станциясының теміржол вокзалының ғимараты 1936 жылы сәулетшілер А. П. Галкин мен М. Кудрявцевпен байланысты "Харьковтранспроект" типтік жобасы бойынша салына бастады. Құрылыс 1939 жылы аяқталды.
1977 жылы "Алмаатагипрогор" институты ғимаратты қайта жөндеуден өткізді: сол қанаты қосылды, интерьері өзгертілді; сыртқы қабырғалары мәрмәр плиткамен қапталған.
2012 жылы теміржол вокзалы ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
2020 жылы Алматы-2 вокзалын толық қайта құру жоспарлануда.
Алматы-2 вокзалы Алматы-1 вокзалына қарағанда қала орталығына едәуір жақын орналасқан. Бірақ онда Алматы-1 вокзалына қарағанда жолаушылар пойыздары аз.
## Архитектура
Ғимарат-конструктивистік элементтерді қолдана отырып, классицизмнің стильдік бағытында салынған 1930 жылдардағы сәулет ескерткіші.
Құрылыс тұрғысынан симметриялы орталық ось бойымен орналасқан теміржол вокзалының негізгі кіреберісі монументалды порталмен ерекшеленеді. Есіктер олардың үстінде орналасқан витраждармен ерекшеленеді. Фризде, аркалы терезе саңылауының үстінде, Социалистік Еңбек көріністері бар рельеф орналасқан. Құрылымның іргетасы қоқыс, қабырғалары кірпіштен қаланған, сыланған, кейінірек мәрмәр плиталармен қапталған. Сәндік элементтер гипстен құйылған және қоланың жұқа қабатымен жабылған.
Социалистік өмірдің рельефтері, сәндік элементтерді чех мүсіншісі Иван Вахек жасаған.
## Ескерткіш мәртебесі
1984 жылғы 26 қаңтарда Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің № 2/35 "жергілікті маңызы бар Алматы тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері туралы" шешімімен Алматы-2 теміржол вокзалының ғимараты сәулет және қала құрылысы ескерткіші болып танылды. Содан бері вокзал ғимараты мемлекеттің қорғауында болды, ресми мәртебесі "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде" бекітілген. Вокзалдың қорғаныс аймағының ауданы сәулет ескерткіші ретінде 2014 жылы бекітілген.
## Вокзал маңындағы нысандар
* Абылай хан ескерткіші
* Қазақ көлік және коммуникация академиясы
* Райымбек батыр станциясы
## Дереккөздер |
Жамбыл — Алматы облысы, Райымбек ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы −Нарынқол ауылынан батысқа қарай 8 км-дей жерде, Хан Тәңірі тауынан бастау алатын Байынқол өзенінің жағалауында, тау баурайының альпілік шалғынды шөбі ескен қара топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1953-96 жылдары қой өсіруге маманданған "19-партсъезд" ұжымшарының орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
Жамбылда орта мектеп, мешіт, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жамбыл — Ақмола облысы Астрахан ауданы, Николаев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Астраханка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 59 км жерде, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1906 жылы қаланды.
## Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Жамбыл ауылы маңынан Алматы – Астана – Қостанай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Жалтыр (78 км).
## Дереккөздер |
Жамбыл — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде, Іле Алатауының батыс сілемдерінен басталатын Ұзынағаш өзені жағалауындағы боз, селеу, жусан өскен қоңыр, сұр қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1930-1936 жылдары "Ерназар" ұжымшарының, 1936 жылдан Жамбыл атындағы ұжымшардың, 1980 жылдан кеңшардың орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив, 128 шаруа қожалығы құрылды.
## Инфрақұрылымы
Жамбылда орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жамбыл — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл. Төкпе жырдың дүлдүлі Жамбыл Жабайұлының есімімен аталған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жамбыл — Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде, Жайықтың Көшім тармағы бойындағы Дөңгелек бөгені жағалауындағы жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды-қоңыр топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 675 адам (338 ер адам және 337 әйел адам) болса, 2009 жылы 304 адамды (151 ер адам және 153 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1973 жылы Жамбыл атындағы асыл тұқымды жылқы өсіру кеңшары негізінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жамбылда және оған қарасты Бітік, Үштөбе, Бұлан, Дөңгелек ауылдарында 13 шаруа қожалығы құрылған.
## Инфрақұрылымы
1 орта, 2 орталау және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, 4 кітапхана бар. Дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік пункттер халық денсаулығына қызмет етеді. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Ауыл көшелері
* Абдулов көшесі
* Бостандық көшесі
* Жағалау көшесі
* Жамбыл көшесі
* Желтоқсан көшесі
* Қазақстан көшесі
* Тәуелсіздік көшесі
## Дереккөздер |
Қазақ опера мұрасының алтын қорын байытып, әлемдік опера деңгейімен теңестірген алғашқы ұлттық сазгерлеріміздің бірі – Мұқан Төлебаев. М.Төлебаев КСРО-ның халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аса көрнекті композитор, қазақ музыкасының классигі, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны авторларының бірі. М.Төлебаев 1913 жылдың 13 наурызында қарт Балқаштың жағалауындағы Қарашыған атты ауылда, Бөрлітөбе ауданына (қазіргі Сарқан ауданы) қарасты «Үлгі» колхозында дүниеге келген. Композитордың әкесі - Төлебай Үйсінбайұлы революцияға дейін мал бағу, егін салуды кәсіп еткен, «Үлгі» колхозын ұйымдастыруға ат салып қатысқандардың бірі болған, анасы – Тәжібала Ақшалқызы бетіне ешкімді келтірмеген адуынды, бірбеткей кісі болыпты. Сондықтан да ол ескі әдет-ғұрыптың шеңберіне сыймай, өнер жолына өз тірлігімен, өз талабымен мүмкіндік алған дарынды ана. Қай адамның болмасын қалыптасуына, азаматтық қасиеттерінің айқындалуына оның айналасы әсер етпей қоймайды. Бұл ретте Мұқанның бала жастан бастап ауыз әдебиетінің бай үлгілерінен сусындайтынын атай өткеніміз орынды. Көкірегі ояу айтыскер ретінде танылған өз анасы Тәжібала мен сүйегіне сөз сіңген әкесінің інісі Апырбайдан талай жыр-хиссаларды, есімі елге белгілі салқам сері Құл ақынның өлеңдерін ұзақ түнге тыңдап өскен. Жас Мұқанның өнерге деген құштарлығын ұштауына, кейіннен ұлы композитор болып қалыптасуына осы адамдардың ықпалы тигені сөзсіз.
## Мұражайдың құрылуы
Осындай дарынды, ұлы композитордың құрметіне ашылған мұражай ғимаратының іргетасы 1941 жылы қаланды. Сол кезден бастап 1983 жылға дейін тұрмыстық комбинат мекемесі ретінде қолданыста болды. Кейіннен 1983-1993 жылдар аралығында ғимарат әскери комиссариаттың қолданысына берілді. Ал 1993 жылдан бастап М.Төлебаевтың мемориалды мұражайы ретінде қызмет атқара бастады. Мұражай даңқты композитордың 80 жылдық мерейтойына орай ашылған. Мұражайдың ашылуына композитор, Қазақстанның Еңбек Ері Е.Рахмадиев, сол кездердегі Талдықорған облысының әкімі С.Ақымбеков, Бөрлітөбе ауданының әкімі А.Тұрғанбеков, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Р.Есдәулетов, М.Тынышпаев тарихи-өлкетану мұражайының директоры К.Нұртаев және мұражайдың алғашқы директорлары болған Г.Төлеубаева, Мұқан Төлебаевтың немере інісі, марқұм Қ. Дүйсембековтер зор үлес қосты. Ал 1994 жылы мұражайдың алдына аса көрнекті композитор Мұқан Төлебаевты мәңгі есте қалдыру мақсатында ескерткіш қойылды. Мыстан құйылған мүсіннің авторы Едіге Рахмадиев.
Мұражайда музейлік маңызы бар материалдар саны - 1422 болса, оның 673-і негізгі қорды, 749-ы көмекші қорды құрайды. М.Төлебаев аз ғана ғұмырында өнер көгінде өшпес ізін салып үлгерген құйрықты жұлдыз іспетті. Кең құлашты, мол тынысты, шалқар шабытты образға беріле отырып, өнер әлеміне көптеген классикалық шығармалар әкелді. Соның бірі әлемдік деңгейде жазылған «Біржан-Сара» операсы. Ол саз мектебінің алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі болып тарихқа енген. Мұражайда М.Төлебаевтың 500-ден аса құжаттары мен пайдаланған заттары бар. Киген киімдері, ғылыми құндылығы жоғары еңбектері «Біржан-Сара» операсының, «Кестелі орамал», «Тос, мені тос», «Жеңіске» әндерінің түпнұсқасы, өз қолымен жазған классикалық, симфониялық шығармалары, әндері мен романс¬тары, қолтаңбасын қалдырған музыкалық аспаптары, т.б. заттары аса ұқыптылықпен сақталған.
## Мұражайдың ішкі бөліктері
Мұражайдың әр залы композитор өмірінің, яғни өмір есігін ашқан кезеңнен бастап жарық дүниеден озғанға дейінгі бағындырған белестерін бейнелеп тұратын үш экспозициялық залдан тұрады. Ондағы құжаттар арқылы сазгердің кешегі Одақ көлемінде аты мәшһүр болғанын көруге болады. Сонымен қатар композитордың 1942-1944 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарған кезеңінен сыр шертетін естеліктер де қызықтырмай қоймайды. Қазір қолданыста жоқ, сол заманның ұлттық аспаптары, сахна¬лық киім үлгілері жайлы мол түсі¬нік қалыптастыруға болады. Ал бүгінгі күнде біртуар қазақтың маңдайалды жұлдызынан қалған шаңырақ өз мекенінің мақтанышына айналған.Мұражай экспозициясынан композитордың шеберлікті шыңдау жолындағы ізденістері, азаматтық, адамгершілік бітім-болмысы, үлкен өнерге деген ынта-жігері кеңінен көрініс береді.
## М.Төлебаев мемориалды мұражайының экспозициясының тақырыптары
* М.Төлебаевтың отбасы мен балалық шағы
* М.Төлебаевтың отбасына тиесілі тұрмыстық заттар.
* Өлкеден шыққан ақын-сазгерлер
* М.Төлебаевтың өнер жолының басталуы.
* Әлемдік деңгейдегі классиктер
* Қазақ сазгерлері
* Мұқан Төлебаевтың өмірінің соңғы жылдары және оның есімін мәңгі есте қалдыру.
Мұражайдың алға қойған басты мақсаттарының бірі – Мұқанның кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл қазына, құнды еңбектерін жинақтап, өмірі мен қызметін зерттеу, оның еңбектері, жазған шығармаларының терең сырлары мен көркемдік ерекшеліктерін көпшілікке таныстыру. Композитор М.Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойының қарсаңында мұражай қызметкрлері ғылыми-зерттеу және жинау жұмыстарын жүргізуде. Мұражайда жыл сайын даңқты композитор құрметіне әдеби-сазды кештер ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына байланысты лекциялар оқылып, әңгіме-сұхбаттар жүргізіліп, көрмелер ұйымдастырылып отырады. Олардың қатарында Балқаш көліне келген демалушылар, шетелден келген қонақтар, ақын-жазушы, композиторлар да бар. Көпшілік бұл мұражайды сазгеріміздің «Қара шаңырағы» деп атайды.
Келген көрермендерге музейде өткен экскурсиялар М.Төлебаев өмір сүрген ғасырдан сыр шертіп, бір ғасыр кейінге шегінгендей үлкен әсер қалдырады.
## Дереккөздер |
Жамбыл — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қаскелең қаласынан солтүстікке қарай 6 км-дей жерде, Қаскелең өзенінің оң жағалауы мен сол жағалауындағы боз, селеу, жусан өскен қызыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан. Оң жағалау ауылдың ескі орталығы. Сол жағалау 2011 жылдан бастап салынған жаңа тұрғын үйлер.
## Халқы
## Тарихы мен әлеуметтік ахуалы
Іргесі 1935 жылы Қазақ егіншілік ҒЗИ-ның бөлімшесі ретінде қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары егін және мал шаруашылығымен айналысады. Бірақ қалаға жақындығы үшін жайылымдық және егін егетін жер азайып келеді. Жаңадан келіп қоныстанушылар көп. Халықтың көбі қалаға барып келіп жұмыс жасайды.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, балабақша, бильярд салоны, медпункт, өте ескі Қазпочта ғимараты, ескі әкімдік ғимараты, шағын маркет сауда орындары, жол бойындағы кафелер т.б. бар. Ауылда электр жарығы, газ, су бар. Канализация жоқ. Қоқыстарды жинау, өңдеу қызметі жоқ. Сол себепті экологиялық ахуалы нашарлап кеткен. Инфрақұрылым нашар дамыған немесе өте ескірген. Әкімшілік ғимараты мен почта соғыстан бұрын салынған. Медпункт ескі, аурухана жоқ. Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп 1982 ж. салынған 3 қабатты ғимарат, оқитын балалардың саны 1063. балалардың саны жылдан жылға оралмандардың, басқа облыстардан көшіп келушілердің есебінен артып келеді, Жамбыл аулындағы барлық балалар бір мектепке сыймайды, сондықтан балалардың бір бөлігі басқа ауылдарға немесе қалаға барып оқиды. Орталық көшелерге ғана асфальт жол төселген. Басқа көшелеріне тек тас төселген. Ауылдан шыққан меценаттардың қаржысына 1000 адамдық "Мұса" мешіті салынған. Мешіт жанында медіресе салынған. "Мұса" мешіті ауылдың көркі саналады. Ауылдың ортасынан М-36 респубилкалық трассасы өтеді. Автотрасса бойында "Жаңа ауыл" рестораны, тамақтану орындары, бильярд залы, қонақүйлер, жанармай бекеттері бар. Ауылдың халқы 1990 жылдардың ортасынан бастап жылдам өсіп келеді. Оралмандарды көшіру бағдарламасымен және өз еркімен Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерінен келген мигранттар көп. Алматы мен Қаскелең қалаларына жақын болғандықтан перспективасы бар жерлердің бірі саналады. Жер бағасы да қымбаттай түскен.]
## Дереккөздер |
## Ашылуы
Атақты ақын Сүйінбай Аронұлының ғибратты ғұмырынан сыр шертетін Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбайдың әдеби-ескерткіш мұражайы – ақынды мәңгілік есте сақтап, оның шығармашылығы мен өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету мақсатында, Алматы облысы әкімінің шешімімен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында 1996 жылы 24 тамыз күні ашылды. Ашылу салтанатына еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі қатысып, лентасын қиды.
Қазіргі таңда өзіндік тарихы бар бұл музей - ғасырлар қойнауынан Сүйінбай ақынның өмірінен сыр шертетін асыл мұралар мекені. Оның қорында барлығы 775 жәдігер сақтаулы, оның 415-і негізгі қорда, 360-ы көмекші қорда сақтаулы.Мұражайды ашу ісі Сүйінбай Аронұлының шәкірті, ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық торқалы мерей тойымен тұспа – тұс келді.
## Толығырақ
1990 жылы мұражай құрылысы басталған алғашқы күннен бастап, оған қадағалаушы болып қызмет жасаған журналист, актёр, сазгер, Жамбыл ауданының, Алматы облысының Құрметті азаматы атақтарын алған, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері Құрамысов Жолдасхан Аукенұлы болды. Ол 1945 жылы 25 мамырда Жамбыл ауданының Кастек ауылында дүниеге келген, 1996 жылы осы мұражайға директор болып бекітіліп, 2012 жылдың 16 мамыр айына дейін еңбек етіп келді. Қазіргі кезде зейнеткер. Мұражайда қызмет істей жүріп, көптеген «Менің пірім - Сүйінбай», «Бөрілі менің байрағым», «Ер Қарасай», «Райымбек – ұран Райымбек!», «Отаным, елім Қазақстан», «Нұраға», «Аспанда Димаш есімі», «Суықтөбе», «Майтөбе», «Ұлар әні», «Ей ұлар, сен де ұлар, мен де ұлар », «Еңлік гүл», «Қыран қанаты», « Жамбыл ата» тағы басқа көптеген патриоттық әндерін жазды.
Мұражайдың келбеті шығыстық үлгімен жасалған. Мұражай ауласына Сүйінбай ақынның мәрмәр тастан жасалған ескерткіш бюсті қойылған. Мұражайдың ішкі бөлігі екі үлкен зал мен фойеден құралған.
## Сүйінбай Аронұлының өмірі мен творчествосын ашатын мұражай бөлімдері
* Сүйінбайдың балалық шағы
* Ақын болып қалыптасуы
* Сүйінбай өмір сүрген орта
* Ақынның ата–тегі
* Жақындары мен үрім-бұтағы
* Творчествосын зерттеушілер
Мұражайдың жұмысы сан қырлы. Атап айтар болсақ, телегей теңіз экспонаттарды ғылыми-танымдық талаптар тұрғысынан ұтымды жүйелеу, оны көпшіліктің талғамына сай ұсыну, зерделенген жәдігерлер негізінде басылымдар шығару елдегі, облыстағы атаулы күндер мен тарихи тұлғаларға арнап көрмелер жабдықтау, өлке тарихына қатысты мәдени шаралар өткізу, белгілі бір көрнекті тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру, Алматы қаласындағы оқу ордаларының студенттеріне дәрістер оқу сияқты қызметтерді атқару арқылы халқымыздың асыл қазынасын болашақ ұрпаққа жеткізуді көздеуде. Бүгінгі күні мұражай директоры болып Садуақасова Аяужан қызмет атқаруда.
## Дереккөздер |
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.
## Өмірбаяны
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
## Мұралары
Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.
Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.
## Ахмед Иүгінеки гуманизмі
Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді.
## Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары
Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады.Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген білімді берудегі тарихи процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс табады. Саясат пен билік, мемлекет пен саяси жүйе, саяси теориялардың тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен дамуының тарихы қамтылады. Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен саяси қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде дами түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың жалпы жиынтығында ол ерекше орынға ие.Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен теорияларының дамуына ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О. Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің саяси көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Сөз басында айтарымыз, А. Йүгінеки билік үшін күрескен, халықты басқаруға ұмтылған, оларға үстемдік жүргізгісі келген саясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Бұл арабшадан аударғанда «тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші» деген мағынаны береді. Сонымен қатар, ол Йүгінекидің лақап аты ретінде де қолданылған.Түркістан шаҺарының күнбатыс бүйірінде көне Йүгінек (Югнек) қыстағында туып өскен, өзінің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хакоик») дастанымен даңқы жайылған Ахмед Йүгінеки (Югнеки) ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына көптен таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Ахмед Йүгінеки есімі энциклопедиялар мен әдебиет тарихы кітаптарында да тұрақты аталады. Зерттеушілер Ахмед Йүгінекидің туған, өлген жылдарын дәл басып айта алмайды. Ақын жөнінде мағлұмат тым аз сақталған. А. Йүгінекидің өмір кешкен заманын ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы деген тұжырым шындыққа жақын болса керек. Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жеткен деректер Ахмедтің көзі көрмейтін зағип болғанын, өзінің зерек, зерделілігінің арқасында ғана ізденіп, білім жиғанын, түркі тілдерін, араб тілін меңгергенін, өз кезінің ең білімдар адамдарының бірі болғанын мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес жүз жолдан артық «Ақиқат сыйы» дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапханаларында сақталған.Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сондықтан, Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді. Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді («Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал», т.т.). Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы.«Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды. Өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі көңілімізді қуантады. «Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан «Ақиқат сыйында» айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.Жалпы қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Сонымен бірге, лидерліктің саяси салада саяси басқару негізінде түсінілетіні белгілі. Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана айқындала түседі. Қазіргі оқырман А. Йүгінекидің осы көзқарасы арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін қажет ұстаным екенін айқындап, оның қазіргі күндегі негізгі биліктік ұғымдарға жат еместігін ұғынамыз. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтар А. Йүгінеки пікірінше жайсаңдылық пен құрмет етушіліктен ажырамайды. Ал оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғам саяси плюрализм, көппартиялық, партия ішілік және партияның сыртқы қызметін таниды.Еңбектегі «... дүниенің зұлымдық пен жамандыққа толуы, құлшылықтың риякерлікке айналуы, мұсылмандардың көр еліктеушілікке (тақлит) салынуы, мешіттердің қаңырап қалуы, шарапханалардың толып-тасуы, ғалымдардың амал-істен, захидтердің күнәдан, даналардың (арифтердің) «ракс пен самадан» (зікір салудан) қолы тимеу, жамандық-індеттің жайылуы» сияқты наразылықтары мен жан айқайы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік тұрақсыздығынан көрініс береді.Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси институттардың маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды орындауда билік орындары түрлі саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер шарттарында өз құрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ұғымды білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды.Қоғамдық өзгерістер мен тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды. Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері де айқындалған. Ақынның жоғарыда айтылған ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам үшін ең негізгі қажеттілік саяси тұрақтылық екенін түсінеміз.Шығармаға қатысты адамзаттың материалды және рухани саласындағы эталондық құндылықтар жүйесіндегі жетістік жиынтығындағы мәдениетін де атап өте аламыз. Мәдениет жетістіктеріне жету жолында бұл шығармада көптеген ой-пікірлер айтылған. Сондықтан ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастарында сол кезеңнің саяси мәдениетіндегі олқылықтар туралы айтылып, оң нәтижелерге ұмтылуды қоғам мүшелеріне жүктейді. Ақын мәдениеттің жалпы органикалық бөлігін құрайтын түсініктерді қалыптастыруға тырысады. Сонымен бірге, «Ахмедтің дүниеге көзқарасының бұқарашылық сипаты мына тұжырымдардан жақсы байқалады: «әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен деп сеніп қалуға болмайды, олардан әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені олардың қолында шексіз күшті билік бар: кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә қалжыңының өзі оның басын жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан аулақ бол». Жүйнекидің этикалық-педагогикалық ой-толғамдары кейде нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың мінез-құлық нормалары мен қағидалардың гуманистік көріністері айқын аңғарылады».Ата-бабаларымыздың өміртанымы мен өсиетін меңгеру, тілін түсіну тез арада тындыра салатын шаруа емес. Ол тыңғылықты іздену мен қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл шығарманың бүгінгі жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап өте аламыз. Өйткені, бүгінгі Қазақстанның даму шарттарында отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды шаруа болып табылмақ. Сондықтан «Ақиқат сыйы» еңбегінің Қазақстандағы патриотизмді тәрбиелеу мен қалыптастыруда құнды еңбек екенін атап өтуіміз қажет.Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Патриотизм (гректің πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς - отан) түсінігінің негізгі мәні әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайтын саяси принцип және әлеуметтік сезім. Патриотизм Отанының жетістіктері мен мәдениетінің ерекшеліктерін мақтан тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен сипатталады. Оның тарихи қайнар көзі тіл мен дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен ұлттық мемлекетті құру шарттарында патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық сәттерін танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылмақ.Өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай патриотизм бірнеше формаларда көрініс табады: полистік патриотизм – антикалық қала-мемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм – империя және оның ұкіметіне лоялдылықты көрсететін сезімдік белгі; этникалық патриотизм (ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім; мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен оның халықтарына бағытталған сезім.Жалпы бұл түсініктің өзі әр түрлі анықтамалар арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық дәуірде patria термині («Отан») тек туған қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим империясындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі жергілікті діни өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде бұл ұғым «ұлтшылдықпен» байланысты болды. Осы себептерге байланысты Франция мен Америкада бұл түсінік «революционер» ұғымымен синонимдес болды.«Патриотизм» түсінігіне кең түрде анықтамалар берілгенімен, оның жалпы сипатына қатысты нақты анықтамалар жоқ. Мәселен, С.И. Ожеговтың редакциясында жарық көрген сөздікте: «Патриотизм - өз Отанына, халқына деген адалдық пен махаббат», - деп анықтама берілген. Философиялық сөздікте: «Адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім. Оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс», - делінген. Дегенмен, «патриот» түсінігіне біз түрлі мазмұнда анықтамалар берілгендіктен, «патриотизм» сипатына жан-жақты нұсқадағы түсініктемелер ұсынылады. Бұл аталмыш құбылыстың күрделі табиғатымен түсіндіріліп, мазмұнының көп қырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм мәселесін білім берудің барлық салаларын қамтыған және Отанға деген қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси шарттарындағы азаматтық көзқарастары негізінде қарастырылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», - деп пайымдайды. Сонымен қатар, Елбасымыз қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының маңызды құрамдасына тоқталып кетеді. «Бұл өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі тиіс. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық тұрғыда мойындалуы – бұл баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және байлығы екендігі сөзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын көтеру керек! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын».Патриотизм мәнін толықтай түсінбеушілік біздің тарихымыз бен мәдениетіміз, тұрақтылықты қамтамасыз ететін қоғамның саяси дамуының стратегиясына қатынастары негізінде анықтай алмаймыз. Дегенмен, патриотизмды қалыптастыру бұл ситуативтік жоспардағы мәселе емес. Бұл еліміздің саяси жүйесін алға қарай демократияландыру жолындағы түрлі әлеуметтік топтарды біріктіруге бағытталған үнемі қозғалыстағы фактор. Сондықтан бүгінгі шарттарда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына ықпал ететін кешенді іс-әрекеттер қажет.Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғамның модернизациялануына ықпал етуімен қатар, оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ, ұлттық құндылықтары айқындалған мемлекет те ғана ұлттың өзін-өзі тану, ұлттық мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы процестегі жетекші рөл патриоттық тәрбие берудегі нормативті-құқықтық базаларға толықтай сүйенген мемлекет институттарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар жүргізуде ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қиыншылықтарға ұрынатыны жасырын емес. Оларға мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет. Көптеген қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік көзқарастармен бағалап, көп бөлігі патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған сәйкес, мемлекет патриоттық тәрбие беруде азаматтық қоғам институттарын араластыруы қажет.Патриотизмге тәрбиелеуде ерекше рөлді білім беру атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі күнде патриоттық тәрбие берудің сапасын жоғарылатуда білім беру мекемелерінің маңыздылығы жоғары.Патриотты тәрбиелеу – бұл әлеуметтік ортаның (отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар) объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік процесс. Демек, патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбиелік жүйеге арнайы мақсатты қимылдар жүргізілгендігі дұрыс деп ойлаймыз. Мектептердегі оқу және сабақтан тыс жұмыстар шарттарында тұлғаның сәтті патриоттық тәрбие беруде кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Патриоттық тәрбие берудің әдістемесі тәрбиенің нақты кешенді шараларын айқындайды. Бүгінгі шарттарда патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану белсенділігін жоғарылату қажет. Мектептегі пәндер өз еліне патриоттық сезім мен мақтанышты қамтамасыз ететін бағытта жүруі тиіс. Мәселен, тарих пәнінде тәуелсіздігімізге қатысты материалдарды игеруде құрғақ тілде фактілер келтіру аз шаруа. Оқыту процесінде балаларға республикамыздың саяси беделін суреттеп, қазақстандық азаматтардың бейбітшілік пен достықта өмір сүруіне жоғары баға беріп, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың маңыздылығын дәйектеу қажет. Оқыту процесінде патриотизмнің қоғамның дамуындағы қызметтік рөлінің жоғарылығына назар аударылуын дұрыс санаймыз.Саяси әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде түрлі деңгейдегі шығармашылық қызмет өкілдерін дайындайтын жоғары мектепті атай аламыз. Жоғары мектеп тек нақты білімді қалыптастырып қана қоймай, оның әлеуметтік инициативасын анықтайтын өмір салтын айқындайды. Жоғары мектеп жастардың саясатқа араласу процесіндегі маңызды рөлге ие. Өйткені, жастар өз саяси ұстанымдарын жоғары оқу орнының ықпалында қалыптастырады. Демек, болашақ мамандардың еліміздегі саяси процестерді қабылдауы оның жоғары оқу орнындағы дайындық сапасына байланысты.Студенттер ақпаратпен толық қамтылған ортаға бейімделген жастардың білімді бөлігі болып табылады. Бүгінгі жастар бұрынғы саяси әлеуметтендірудің стереотиптерінен жеңіл құтылған топ. Олар бірінші болып тоталитарлық қоғам негіздеген құндылықтарды жоққа шығарды. Сондықтан бүгінгі күнде барлық саяси күштердің өз жақтастары ретінде студенттерді қосуы кездейсоқ құбылыс емес. Жастар – бұл қазіргі қоғамдағы белсенділігі жоғары әлеуметтік база.1986 жылғы желтоқсан оқиғасының негізгі субъектілері болып жастар табылатыны белгілі. Орын алған оқиғаларға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірінші хабарда: «ұлттық элементтерді арандатушы оқушы жастар тобы көшеге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешімін қолдамады», - деп жазылды [38]. Сондықтан сол кезеңнің саяси процесіне әсер етуді мақсат тұтқан жастардың қимылы мен олардың ықпалын 1986 жылғы болған оқиға көрсете алды. Міне, осы студенттер орталықтың саясатына наразылықтарын ашық көрсете алды.Бүгінгі жағдай көрсеткендей, студенттер еліміздің саяси өміріне кеңінен ықпал ете алады. Жастар қазіргі шарттарда саясатқа қатысуы саяси жүйенің сипатына ықпал ету арқылы өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылататынын түсінді. Бүгінгі күнде біз өзге тарихи және әлеуметтік кеңістікте өсіп жатқан, дәстүрлі емес, инновациялық әлеуметтік құрылымдағы, еркін мемлекет мүшесі болып табылатын жастар деп білеміз.Саяси күрестің нәтижелері мен қорытындыларын анықтауда жастардың саяси қатысуы саяси лидерлердің назарын аудартуда. XX ғ. соңы – XXІ ғ. басында «түрлі-түсті революциялар» негізгі күші болып табылған жастар қозғалыстарының саяси процестердегі қимылдары көрініс тапты.Осы революциялар шеңберінде саяси оппозиция жоспарланған және тиімді үйлестірілген қызметі жолымен бұқаралық сананы манипуляциялаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану арқылы жастардың белсенділігін көтерді. Міне, осы студенттер жоғарыда аталған оқиғаларда маңызды рөл атқарды. Студенттердің оқиғаға жаппай қатысуы студенттік қозғалыстардың жалпыхалықтық сипатта екенін айқындауға мүмкіндік берді. Осы студенттердің көмегімен оқиғаның бұқарашылдығын БАҚ-та көрсетудің қажеттілігі саналды.Біздің ойымызша, Грузия, Украина, Қырғызстанда орын алған саяси процестер жастардың саяси санасына әсер етті. Сол себептен, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда жеке саяси ойыншылар рөліне үміткер саналған жастар ұйымдарының саны ұлғайды. Бұл экономикалық және әлеуметтік-саяси дамудың объективті заңдылықтары мен нәтижелері негізінде Қазақстандағы жастардың саяси өмірдегі маңыздылығы жоғарылағанын көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік билік органдарына позитивті қатынастарға ықпал ететін, азаматтық позицияларды жоғарылататын, жастарды заңды саяси қызмет пен олардың әлеуметтік мәселелерін шешетін мемлекеттік жастар саясаты қажет.Дегенмен, алдын ала жоспарланған немесе арнайы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтыны анық. Тұлға оның ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбиесі дамиды. Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие процесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет. Сонымен қатар, еліміздегі саяси ақиқат мәселелеріне объективті сипаттама беретін жаңа арнайы курстар енгізілуі қажет.Патриоттыққа тәрбиелеудегі ең маңызды рөл бұқаралық ақпарат құралдарына да жүктеледі. Міне осы институт өте жоғары көлемде саяси ақпарат таратуда жылдам мүмкіндік пен субъекттік-объекттік басқару ерекшеліктеріне ие. Сонымен бірге, бүгінгі күндегі БАҚ-тың өмір сүруі оның таралымы ғана емес, демеушілерінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты екендігі жасырын емес. Олар объективті ақпаратты ұсынуға қарағанда, сенсациялық ақпараттарды жариялауға үйір. Көп жағдайда демеушілерінің әлеуметтік және саяси тапсырыстарын орындау мақсатында өз материалдарын жариялап жатады. Бұл тұста патриотизмге тәрбиелеу мәселесінің кадрдан тыс қалу қаупі мол екендігін дәлелдейді. Сондықтан бүгінгі күнде бұқаралық ақпарат құралдарында патриоттық тәрбие берудің элементтерін кеңінен пайдалану қажет.Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Бұл шара жүйелі түрде жүріп, саяси әлеуметтендірудің институттары арқылы өз бағыттарын айқындауға тиіс деп ойлаймыз. Жалпы «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат сөздерден құралғандығы туралы баршамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол мұрасы бүгінгі қоғам үшін, оның ішінде саяси ілімдер тарихы үшін үлкен табыс деп атауымызға болады. Әдиб Ахмед Йүгінекидің жоғарыда талданған шығармасы өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарымен қазіргі саяси ғылымдардағы жоғары мәні өшпейтін құнды мұра болып қалыптасатынына толықтай сеніміміз бар. Қорыта келе, қазіргі саяси ғылымдарды жаңа идеялармен толықтыруда Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегін кең дәрежеде пайдалана аламыз және оның орны ерекше.
## Шығармалары:
* Ахмед Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы, Баспаға дайындағандар: Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов., А., 1985. Хибат-ул хақайық, Ташкент, 1971.
* Малов С.Е., Памятники древнетюкской писменности, Тексты и исследования, М-Л., 1951;
* Бердібаев Р., Жазба мұралар, ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966;
* Шербак А.М., Грамматический очерк языка тюркских текстов Х — ХІІІ вв, Из Восточного Туркестана, М-Л., 1971.
## Сілтемелер
* Ахмед Иүгінеки Мұрағатталған 5 маусымның 2016 жылы.
* Ахмед Иүгінеки
* «Тарих» - История Казахстана - школьникам | Тарихи кезең | Орта ... Мұрағатталған 11 маусымның 2016 жылы.
## Дереккөздер |
## Құрылуы
Мұражайдың орналасқан ғимараты 1933-1934 жылдары Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Жандосов Ораз Кәкімұлына салынған үй болатынМұражай 1987 жылы алғашында тарихи-этнографиялық мұражай болып ашылды. Ал 2011 жылы 25 қаңтарда Алматы облысы әкімдігінің № 18 қаулысымен мұражайдың атауы «Райымбек аудандық тарихи өлкетану мұражайы» болып өзгерді.
## Мұражай директорлары
* Бүйенбаева Тұрар (1977 - 1986 жылдары)
* Турсынбаева Жамила (1986 - 2008 жылдары)
* Тұрлыханов Серік (2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)
Мұражайда барлығы – 1856 музейлік маңызы бар заттар мен материалдар бар. Оның ішінде 1675 – негізгі қор, 181- ғылыми көмекші қорларға жатады. Мұражай қорын құрайтын экспонаттардың ішіндегі құнды заттарға қола дәуіріне жататын балбал тас, петроглифтер және О.Жандосовтың жеке заттары бар. Мұражайда экспозицияға арналған 4 бөлме бар.
## 1-бөлме
Бұл бөлмеде О Жандосовтың кезіндегідей бұрынғы қалпы сақталған экспозициялық комплекс безендірілген. Олар, өзі қолданған тұрмыстық жиһаздары, киімдері және т.б. заттарды көруге болады. Сонымен қатар О. Жандосовтың өмірі мен қызметіне байланысты архивтік суреттер мен құжаттарын, «Жаңа мектеп» журналына жазған сауатсыздықты жою жөніндегі 1929 жылғы баяндамасын көруге болады.
## 2 - Табиғат бөлмесінде
Райымбек ауданының құрылу тарихы мен территоиясының схема-картасы.Экспозициядағы экспонаттар: Жылдың төрт мезгіл көрінісі мен мамонттың тісінің бір бөлігі, азу тісі. Қызыл кітап мұқабасымен табиғат қорғауға арналған документтердің фотокөшірмелері. Райымбек ауданы тау төсіне орналасқан, табиғаты қатал, қысы ерте түсіп, көктемі кеш шығатын Жетісу өңіріндегі ерекше аудан. Соған қарамастан астықтың дәнді-дақылдың көп түрлері өседі. Ауданда өсірілетін дақыл түрлері мен аң құстардың қатырылған денелері қойылған экспозиция да қойылған.
## 3 -Этнографиялық бөлмеде
Ауданындамыздағы көптеген тарихи архелогиялық ескерткіш орындарынан адамды жерлеу дәстүрінен көрініс.Б.э.д. 3-1 ғасырларда қыштан жасалған Жетісу үйсіндерінің ыдыс аяқтары, садақтың ұшы дән үккіш тас, батырлардың киетін сауыт -саймандары, садақ, найза, шоқпар, сақетер және т.б. Қазақ халқының батырлары мен билерінің фото көшірмелері ілінген.
### Қарқара көтерілісі туралы деректер
* Қарқара жәрменкесінен табылған жез құмған, тігін мәшине.
* Патшалық заманнан бергі Ресей ақшаларының тұпнұсқалары.
* Жетісу өлкесіндегі ұлт-азаттық көтеріліс картасы.
* Албан-бұғы тасы.
Ұзақ батырдың қабірінің басына қойылған таңбалы тас қойылған.
## 4 бөлме
1917 жылдағы Кеңес Одағы орнаған кезден бастап Тәуелсіз Қазақстандағы аудан тарихына арналады1917 жылдағы Кеңес одағы орнаған кезден бастап, Қазақстан егеменеді ел, тәуелсіз мемлекет болғанға дейінгі уақытты көрсететін бөлмесінде:Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің суреттері мен орден медальдары, Социалистік сыйлығының, Еңбек Ерлерінің суреттері қойылған.Жалаулы селосынан табылған алтыннан жасалған бұйымдар әзіргі уақытта орталық мемлекеттік музейде сақтаулы, олардың фото көшірмелері аудандық музейде экспозицияға қойылған.
## Дереккөздер |
## Құрылуы
Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың музейінің құрылысы 1987 жылдан бастап қолға алына бастаған. Ең алғашқы кездері ақынның өзі тұрған үйін шағын музей етуді сол кездегі Үмбетәлі орта мектебінің ұстаздары қолға алып, мектеп жанындағы музей етіп бастаған. Ақынның ұрпақтары Зейнеп апай, Дәмегүл апай, Әлия апай, ұлы Мұхиттың рұхсатымен Үмбетәлі ақынның көзі тірісінде өзі тұтынған заттары, арабша жазған қолжазбалары, мемлекеттік наградалары, куәліктері, өзі тұрған қабырғасы 1949 жылы қаланған үйге қойылып, оның көркемдеу жұмыстарын Үмбетәлі мектебінің ұстаздары Нөсербаева Жібек, суретші Халилов Бекзада, қол өнер шебері Рау Иван Иванович және ақынның немересі Ысқақовтар жасаған.Кейіннен музейді ауқымды етіп, бүкіл халықтың игілігіне жарату мақсатымен ақынның күйеу баласы, сол кездегі ҚАЗПИ-дің профессоры марқұм Сейлібай Мұсабеков Жамбыл аудандық, Алматы облыстық партия, кеңес басшыларына хат жаза отырып Қазақстан орталық комитетіне шыққан. Ақынның құнды мұраларының болашақ ұрпақ үшін қажет екендігін түсінген сол кездегі Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы, қазақ халқының өнер мен тарихының білгірі Өзбекәлі Жәнібеков рухани демеушілік білдіріп, Үмбетәлі музейінің ашылуына бірден бір себепкер болды. Тек қана себепкер болмай, Үмбетәлі өзі тұрған үйдіің қасынан еңселі жаңа музей ғимаратын салуға өкіметтен қаражат та бөлдірді. Сонымен құрылысы 1987 жылы басталған Үмбетәлі Кәрібаев музейі 1989 жылы толық бітіп, сол жылдың қазан айында салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынды Үмбетәлінің шәкірті Қазақстан Республикасының Халық ақыны Әсімхан Қосбасаров өлеңмен бастап, жырмен шашу шашады. Үмбетәлі музейінің алғашқы директоры болып сол ауылдың келіні Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Надежда Лушникова сайланды. Н. Лушникованың Үмбетәлі музейінің жұмыс істеуіне сіңірген еңбектері айтарлықтай. Көптеген ақынға қатысты тарихи жәдігерлерді жинап мұражайға қоя білді. Өзі осы мұражайды 20 жылдан астам уақыт (1989-2012ж.ж.) басқарды.
Үмбетәлі музейі ашылғаннан кейін, ақынның 100,110,120 жылдық мерей тойлары Республикалық дәрежеде аталып өтіліп, музейдегі жәдігерлер жылдан жылға толыға бастады. Музейдегі ең құнды жәдігерлер: ақынның өзі ұстаған домбырасы, суыр терісінен жасалған қасқыр ішігі, шапандары, бөріктері, күмістелген ер-тұрмандары, ескі мылтық пен айбалтасы, шоқпары және өзі көзі тірісінде шыққан кітаптары. Үмбетәлі өз заманының айтулы ақыны, қазақтың айтыс, жыршы-термешілік өнеріне қосқан үлесі шектеусіз. Үмбетәлі ұлы Жамбылдың ең сүйікті шәкірті атанып, Жамбылдың көптеген шығармаларын жатқа айтып осы заманға жеткізумен де ерекшеленеді. Сол себептен Жамбыл оған былай деп бата берген екен:Мен сені келіп едім сынағалы,Бұйырған алып жүрмін сыбағаны.“Қара жорға” деп саған ат қоямын,Сөзімнің осы болсын тиянағы – деп жырлауы оның өз заманының шоқтығы биік ақын екендігін көрсетсе керек. Үмбетәлі ұстазы Жамбыл, замандастары Кенен, Иса, Нартай, Өмірзақ, Әбдіғали ақындар мен жазушылар М.Әуезов, С.Мұқанов, орыс жазушысы М.Шолоховпен тығыз творчествалық байланыста болса, қазақтың ел басқарған қоғам қайраткерлері І.Жансүгіров,О. Жандосов, Ұзақбай Құлымбетовтармен дос жаран болған. Үмбетәлі ақын тек қана Қазақстан ғана емес Қырғыз, Қарақалпақ, Ресей, Қытайға да өз заманында аты танымал атақты ақын атанған. Оның атақты Нүриләмен айтысы сол заманның ең айтулы айтысы болған.
## Толығырақ
Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев 1889 жылы Жамбыл ауданы, Шолаққарғалы ауылында туып, 1969 жылы сол ауылда қайтыс болған. Қазіргі кезде ақын тұрған ауыл, бір мектеп, бір көше және сол ауылдағы жеке шаруашылық серіктестігі Үмбетәлі атымен аталып, Республикалық дәрежедегі мемориалды музейі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Үмбетәлі ақынның қыздары Зейнеп пен Дәмегүл, ұрпақтары сол ауылда, Алматы қаласында және Жамбыл ауданының елді мекендерінде тұрып жатыр. Ақынның ұрпағы Мұхит Кәрібаевтың демеушілігімен 2007 жылы толық өлеңдер жинағы, 2009 жылы 2-томдық кітаптары басылып шыққан. Мұражайдың қазіргі директоры ақынның туған немересі Әуелбек Ысқақов та ата жолын қуып айтыстарға қатысып өлең жазумен және сурет салумен шұғылданып жүр. Әуелбектің "Үмбетәлі жырларының жалғасы”, “Менде бір мөлдір тамшымын”, “Даңқты диқан Қасымбек” атты кітаптары шыққан. Суретші ретінде туындылары Алматы облыстық суретшілер көрмесінің катологында жарияланған. 2012 жылдан Үмбетәлі музейінің директоры қызметін атқарып келеді.
Үмбетәлі Кәрібаевтың музейі негізінен 2 ғимараттан тұрады. 1949 жылы салынған ескі үйде ақынның кезінде өзі тұтынған заттары қойылса, 1989 жылы салынған жаңа ғимаратта ақынның замандастары мен ұрпақтарына байланысты экспонаттары қойылған. Мұражайда әр жылдары қазақтың танымал азаматтары Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі Рәтбек Терлікбаев, белгілі жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов жұмыс істеген.Қазіргі кезде мұражайдың негізгі қорында 958 жәдігер, көмекші қорында 1353 жәдігер бар. Мұражай Алматы-Бішкек тас жолынан 2 шақырым төмен, Ұзынағаш ауылынан 6 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Ақынның туған күніне орай жыл сайын аудан көлемінде “Үмбетәлі оқулары” өтіп тұрады, 2012 жылдан бастап ақын Әуелбек Ысқақовтың жетекшілігімен мұражай жанында жас ақындар үйірмесі жұмыс істейді.2009 жылы Алматы қаласындағы Республикалық кітап мұражайында белгілі жазушы Н.Қапалбекұлының жетекшілігімен ақынның 2 томдық кітабының тұсау кесері өтсе , 2013 жылы Талдықорған қаласындағы С.Сейфуллин атындағы кітапханада ақынның немересі Ә. Ысқақовпен кездесу өткізіліп, Жетісу телеарнасының “Замана” атты бағдарламасында тікелей эфир арқылы көрсетілген.
## Дереккөздер |
Жалпақтөбе — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы ауыл, Полатқосшы ауылдық округі орталығы. Аты айтып тұрғандай жалпақ, әрі үлкен төбенің маңында орналасқан ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 28-дей жерде.
## Халқы
Бұрынғы Дунгановка атауын жергілікті халық өздері атаған, себебі, Қытай императорынан қысым көрген Ме Дажове басқарған дүнген ұлтының өкілдері 1878 жылы Ферғана жазығы арқылы өткен. 20-25 отбасы Әулиеатаға жетеді.
## Дереккөздер |
## Құрылуы
Ақын-Сара атындағы тарихи-өлкетану музейі құрылсын деген 1992 жылдың 26 қазанында Алматы облысы Қапал ауданы әкімшілігінің №127 шешімі шықты. Осы шешім бойынша алғашқы музей директоры Марат Алыбаев тағайындалды.1860 жылдары Қапал уезінің дәрігері генерал И.Саболевский тұрған үйде орналасқан музей 1993 жылы 19 маусымда апамыздың 115 жыл мерей тойы қарсаңында Ақын Сараның мемориалды музейі болып ашылып, бекітілген жоспарға сәйкес толыққанды жұмыс істей бастады. Музей ғимараты реставрациядан өтіп, жаңа экспозиция жұмыстары жасалынып, жұмысты жалғастырған Шолпангул Батырбаева 1993ж. музей директоры қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің қорғауына алынған музей Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 2000 жылы музей директоры қызметіне Азатгүл Батырбаева тағайындалып, 2005 жылы музей ғимараты күрделі жұмыстарынан өткізілді. 2012 жылы жылу жүйесі жүргізіліп, мұражайдың материалдық – техникалық базасы жақсартылды.
Қазіргі күнге музей жұмысын Айгүл Әлімбаева басшылыққа алып отыр. І.Жансүгіров атындағы университетін тарих мамандығы бойынша бітірген маман 2007 жылдан бері еңбек жолын мәдениет саласында жалғастыруда.
## Музейдің мақсаты мен бағыты
Жетісу жерінің ақындарымен соның ішінде ақын Сараның өмірін, шығармашылығын насихаттап, жастарға таныстыру. Оның мұрасын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
## Музей экспозициясы
Музей экспозициясы Ақын Сараның балалық шағы, өскен ортасынан басталып, ақындық жолы, қазақ әдебиетіндегі елеулі оқиғаларының бірі-Ешкөлмес тауының етегіндегі атақты ақын Біржан салмен айтысы, ақын өлеңдері және Сара мұрасын зерттеушілер мен ізбасарлары туралы мәлімет береді.
## Музейдің экспозициясы төмендегі тақырыптық құрылым бойынша құрылған
* Ақын Сараның балалық шағы
* Ақын Сараның өскен ортасы
* Ақын Сараның өлеңдері мен Біржан салмен айтысы
* Ақын Сараның мұрасын зерттеушілер мен ізбасарлары.
Музейдің әр бөлмесі өз тақырыбын қамтыған. Апамыздың кезіндегі шаруа отбасының тыныс-тіршілігін, киген киімдері, күмістен әшекейлеген заттар, ортасына байланысты мағлұматтармен толы экспозициялық композициясы тақырыптық жүйеде орналастырылған. Өткен кезендегі құндылықтарды бүгінгі күнде, бүгінгі күннің саңлақтарын келешек ұрпаққа жеткізетін музейдің қорында 603 жәдігер бар, оның ішінде 256 негізгі қор, 347 көмекші қор құрайды. Сараның өз қолымен ұстаған іс тігін машинкасы мен қайшысын қайын сіңілісі Биғайша Кәукенбайқызы өлер өлгенше қадірлеп сақтаған. Қайтыс болар алдында ұлы Ниетбайға тапсырып кеткен екен. Осылай қолдан қолға сақталып жеткен заттар Ақын Сараның мемориалды музейінің ең құнды жәдігерлері болып саналады. Сонымен қатар домбырасы және Сараның сіңілісі Нурғайша Мейрамбайқызы Сара апамыздың отбасында ұсталған қара қазанын музейге табыс етті.
Музейдің негізгі жұмыс бағдары «Мәдени мұра» бағдарламасына сүйене отырып ұжымының өз мақсат, бағдар-жоспарлар арқылы мұражайға келушілерге, аудан тұрғындарына, әсіресе мектеп оқушыларына, жастарға мұражайды барынша жақындатып, олардың таным әлемін кеңейтуғе үлкен жұмыс атқарылады. Музей қызметкерлері оқушыларға лекция, экскурсия, көрмелер, әдеби –музыкалық кештер, жазба ақындардың мүшәйрасын, сурет байқауы сияқты әр түрлі мерекелерді өткізіп, жұрт назарына тамашалатады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.