text
stringlengths 3
252k
|
---|
DR концерт залы (дат. Koncerthuset) Данияның астанасы Копенгаген қаласында орналасқан жаңа концерт залы. Француз сәулетшісі Жан Нувельдің жобасы бойынша құрастырылған кешен төрт залдан тұрады (ең үлкен залдың сыйымдылығы 1800 адам және тағы екі зал 600 көрерменге арналған). Кешеннің ашылу салтанаты 2009 жылдың 17 қаңтарында өткізілді. Лондондық The Telegraph ғазетінің мәліметі бойынша кешеннің жалпы құны 360 миллион долларды құрады. Әзірше бұл әлемдегі ең қымбат концерт залы болып табылады.
## Сыртқы сілтемелер
* Кешеннің ресми сайты Мұрағатталған 1 қарашаның 2011 жылы.
* arcspace.com feature on the Koncerthuset Мұрағатталған 22 қаңтардың 2009 жылы. |
Туристік кластер– бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық қызметтермен сабақтас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы.
## Дереккөздер |
Көктіреген, көктіреу (ағылш. skyscraper) — өте биік ғимарат. Тұрғын үй, жұмыс кеңсесі, қонақ үйі сияқты алуан-түрлі мақсаттарды атқаруы мүмкін.
Көктіреген ғимараттардың минималды биіктігі даулы болып келеді. АҚШ пен Еуропада көктіреген ретінде 150 метрден (500 фут) аласа емес ғимараттарды атайды .
## Дереккөздер |
Тарихшы Берекет Кәрібаевтың айтуынша, бізде тудың түсі түрліше болған екен. Алтын Орда, Ақ Орда кезінде туымыздың түсі ақ болыпты. Туда Шыңғыс әулетінің таңбасы – тарақтың белгісі бейнеленген (2-сурет). Aнжелино Дулцерт деген итальян картографы 1339 жылы құрастырған картасында осы туды көрсеткен екен. 1375 жылы Абраам Крескес құрастырған каталандық атласта да осы жалау жүр. Білуімізше, Абылай хан заманында да жауынгерлерді ерлік пен өрлікке бастаған тудың түсі – ақ. Байрақ ұзындығы үш құлаш найзаға сапталыпты. Биіктігі – 150 сантиметр, ені – 70 сантиметр. Абылай заманындағы ту 1930 жылға дейін Арыс қаласы маңындағы «Хан қорған» мекенінде сақталып келген деген дерек бар. Шығыс Түркістандағы Оспан батырдың да туының түсі ақ көрінеді.<gallery>Сhttp://fotohost.kz/images/2013/06/21/f8rCq.png/gallery(қолжетпейтін сілтеме)> |
Бранли жағасындағы мұражай (фр. Le musée du quai Branly) Париждегі орналасқан мұражай. Африка, Азия, Океания және Америка құрлықтарында тұратын халықтарының «қарапайым көркемөрен» үлгілері жиналған.
Франция президенті Жак Ширактың бастамасымен негізделген және Францияның астанасында 2006 жылы ашылған. Мұражайдың құрылуы жобадан құрылыстың аяғына дейін 10 жыл уақыт алды. Ресми топографиялық атауы — Бранли жағасындағы мұражай.
Бранли жағасы Париждегі Сена өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Көршілес ғимараттар арасында: Лувр, Орсе мұражайы, Үлкен және Кіші сарайлар, Токио сарайы. Мұражай жобасының авторы француз сәулетшісі Жан Нувель болып табылады.
Мұражай қорларында көркемөнердің 300 мыңнан астам бұйымдары жиналған, бірақ орталық мұражай ғимаратында тек қана 3500-ге жуық экспонаттар шығарылған. Олардың барлығы географиялық қағидаты бойынша орналасқан: Африка, Азия, Океания және Америка.
## Сыртқы сілтемелер
* Мұражайдың ресми сайты |
Көктіреген, көктіреу (ағылш. skyscraper) — өте биік ғимарат. Тұрғын үй, жұмыс кеңсесі, қонақ үйі сияқты алуан-түрлі мақсаттарды атқаруы мүмкін.
Көктіреген ғимараттардың минималды биіктігі даулы болып келеді. АҚШ пен Еуропада көктіреген ретінде 150 метрден (500 фут) аласа емес ғимараттарды атайды .
## Дереккөздер |
Сағыз — жеуге жарамсыз эластиктің негізінде жасалған, әртүрлі дәм және иіс беретін қосымшалардан тұратын, ауызбен шайнауға арналған, жұтуға арналмаған кулинарлық өнім.
## Пайдасы мен зияны
Сағызды шайнау кезінде сілекей бөлінуі күшейеді, бұл тістердің реминерализациясы мен тазартылуына ықпал етеді; шайнау бұлшықеттері сағыздың пластикалық және физикалық-механикалық қасиеттеріне байланысты біркелкі, теңдестірілген жүктеме алады; тіс массажы белгілі бір дәрежеде пародонт ауруларының алдын алу болып табылады.
Сарапшылар сағызды тамақтан кейін бірден және күніне бес минуттан артық емес қолдануға кеңес береді. Әйтпесе, асқазан сөлінің аш қарынға шығарылуына ықпал етеді, бұл асқазан жарасы мен гастриттің дамуына ықпал етеді. Дегенмен, қыжылдаумен ауыратын адамдарда тамақ ішкеннен кейін, сағыз оның белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Сілтілі реакциясы бар босатылған сілекей жұтылады. Өңештің төменгі үштен бір бөлігінің қышқылдық құрамы бейтараптандырылады. Бұл ретте сілекейдің тұрақты ағуы өңештің төменгі үштен бір бөлігін тазалауды қамтамасыз етеді.
Сағыздың кейбір еритін компоненттері, егер олар оған көп мөлшерде енсе, денеге зиянды. Мысалы, сағыздағы кең таралған қант алмастырғыш сорбит іштің өтуін тудыруы мүмкін, бұл туралы өндірушілер қаптамада ескертеді. |
## Көкбөрі
Көкбөрі сөзінің шығу тарихы
Түркі тайпалары мекен еткен ұлан ғайыр далада қасқырдан басқада жан- жануарлардың мол болуына қарамастан ең басты тотем етіп нақ осы аңды алуының өзіндік себептері айқындалды. Қытай жылнамасындағы Үйсіндердің патшасы Кун-Мо туралы дерекке осы деректің «Қазақтың көне тарихы» атты кітаптағы нұсқасына сондай-ақ, ел арасында кең таралған Ашина туралы мифтерге салыстыра талдау жасалады.
Көк бөріні тотем тұту қырғыз, қарақалпақ, өзбек, тәжік халықтарының ғұрыптық фольклорында да жан-жақты көрініс алады.Әсіресе, туысқан башқұрт елі өздерінің ұлттық атауын бөрі тотемімен байланыстырады.
Уақыт өте келе бөрі нагуалға, яғни жеке адамдардың жебеуші рухына айналады. Ел аузында атақты Қаз дауысты Қазыбектің жиені Абақ керей Жәнібектің, Есет батырдың жебеуші көк бөрілері болған деген аңыз бар. Керей Жәнібек ұйықтаған кезде үстінде екі бөлтірік ойнап жүрсе, Есет батырдың езуін арлан жалап тұрады екен.Бұл жерде ел үмітін ақтаған батырлардың аруағын үстем етіп көрсету үшін оларды ең киелі ұғым көк бөрімен байланыстырғанын айта кетпекпіз. Бұл батырлардың бойындағы ерен күшпен қайсарлық жоғарғыдан, Тәңірдің өзінен бастау алып тұр. Ал, бөрілер- сол Тәңірінің ерекше ілпипатын жеткізуші.
Қасқыр туралы наным- сенімдердің ел санасына терең бойлағаны сонша, ата-бабаларымыз бауыр еті-балаларына бұл «киелі жануардың» есімін беруді әлі күнге дейін үрдіс етіп келеді.Бұған ел арасында кең таралған Бөрібай, Бөріқұл, Бөлтірік, Қасқырбай, Бөрі тәрізді есімдер мысал бола алады.Түркі халықтарына ортақ мұра «Алпамыс батыр» жырындағы басты кейіпкердің әкесінің Байбөрі аталуы да осындай үрдістің бір көрінісі болып табылмақ.
1237- 1238 жылы Алтынорда әскербасыларының бірі болған Бөрінің, 1664 жылы дүниеге келіп, көрсеткен ерліктерінің арқасында Матай елінің ұранына айналған Бөрібай Жаубөрі ұлының, алашты аузына қаратқан Бөлтірік шешендердің есімдері де батыр, қайсар болған деген ұғымнан туындаған. Ал, олардың атына заты сай болып өсуі сөздің магиялық күшіне иланып, «баланың болашақ тағдырына азан шақырып қойған есімі тікелей ықпал етеді» деген сенімнің растығын дәлелдегендей еді.
Түркі халықтарының фольклорында қасқыр бейнесі түрлі жанрларда: ғұрыптық поэзияда, эпостық жырларда, паремеологияда, халықтық прозада алуан қалыпта кездеседі. Көк бөрі, көкжал қасқыр деп адамға дос, қамқоршы бейнені суреттейді.
Қара мен ақты, күн мен түнді, жақсылық пен жамандықты салыстыра көрсету, әсіресе, дуалистік мифтер мен аңыздарда жиі кездеседі. Көк бөрі адамдар қысылған шақта ғайыптан пайда болып, көмекке келеді. Адам мен қасқырдың арасындағы туыстық қатынастан гөрі достық қатынас басым сипатталады.
Көк бөрі бейнесі- көк Тәңірмен астасып жатыр.
Қасқырдың адам түсіне кіруі және оны жору туралы мәліметтерді қорыта келіп, көршілес халықтар бөріні түркі тайпалардың символы ретінде қабылдағанын да байқадық.Генелогиялық мифтерге, ел арасында кең таралған ырымдар мен ғұрыптарға, халықтық ем- домдарға, арбау өлеңдері мен эпос, шежірелерге талдау жасау барысында көк бөрінің түркі халықтарының фольклорында киелі жануардың қатарына жоғарғы Тәңірлік құдіреттің деңгейіне дейін көтерілгенін көреміз.
Көріп отырғанымыздай, бөрі символикасының астары тереңде жатыр. Жұмысты жазу барысында қасқыр бейнесінің төмендегідей басты функциялары анықталды:
1.Түркі халықтарының ілкі ата- бабасы болып табылады.
2.Тұтастай бір халыққа қысылған шақта көмекке келеді (қол бастайды, жол көрсетеді т.б)
3. Дәрменсіз сәбилерді асырап өсіреді.
4.Жеке адамдардың нагуалына (жеке тотем) айналады.Осы функцияларына сәйкес, ол батырлық пен қайсарлықтың, қайраттылық пен тапқырлықтың символы ретінде бейнеленеді.
## Мақалада қолданылған материалдар
1.Жалын журналы
## Көкбөрі
Көкбөрі сөзінің шығу тарихы
Түркі тайпалары мекен еткен ұлан ғайыр далада қасқырдан басқада жан- жануарлардың мол болуына қарамастан ең басты тотем етіп нақ осы аңды алуының өзіндік себептері айқындалды. Қытай жылнамасындағы Үйсіндердің патшасы Кун-Мо туралы дерекке осы деректің «Қазақтың көне тарихы» атты кітаптағы нұсқасына сондай-ақ, ел арасында кең таралған Ашина туралы мифтерге салыстыра талдау жасалады.
Көк бөріні тотем тұту қырғыз, қарақалпақ, өзбек, тәжік халықтарының ғұрыптық фольклорында да жан-жақты көрініс алады.Әсіресе, туысқан башқұрт елі өздерінің ұлттық атауын бөрі тотемімен байланыстырады.
Уақыт өте келе бөрі нагуалға, яғни жеке адамдардың жебеуші рухына айналады. Ел аузында атақты Қаз дауысты Қазыбектің жиені Абақ керей Жәнібектің, Есет батырдың жебеуші көк бөрілері болған деген аңыз бар. Керей Жәнібек ұйықтаған кезде үстінде екі бөлтірік ойнап жүрсе, Есет батырдың езуін арлан жалап тұрады екен.Бұл жерде ел үмітін ақтаған батырлардың аруағын үстем етіп көрсету үшін оларды ең киелі ұғым көк бөрімен байланыстырғанын айта кетпекпіз. Бұл батырлардың бойындағы ерен күшпен қайсарлық жоғарғыдан, Тәңірдің өзінен бастау алып тұр. Ал, бөрілер- сол Тәңірінің ерекше ілпипатын жеткізуші.
Қасқыр туралы наным- сенімдердің ел санасына терең бойлағаны сонша, ата-бабаларымыз бауыр еті-балаларына бұл «киелі жануардың» есімін беруді әлі күнге дейін үрдіс етіп келеді.Бұған ел арасында кең таралған Бөрібай, Бөріқұл, Бөлтірік, Қасқырбай, Бөрі тәрізді есімдер мысал бола алады.Түркі халықтарына ортақ мұра «Алпамыс батыр» жырындағы басты кейіпкердің әкесінің Байбөрі аталуы да осындай үрдістің бір көрінісі болып табылмақ.
1237- 1238 жылы Алтынорда әскербасыларының бірі болған Бөрінің, 1664 жылы дүниеге келіп, көрсеткен ерліктерінің арқасында Матай елінің ұранына айналған Бөрібай Жаубөрі ұлының, алашты аузына қаратқан Бөлтірік шешендердің есімдері де батыр, қайсар болған деген ұғымнан туындаған. Ал, олардың атына заты сай болып өсуі сөздің магиялық күшіне иланып, «баланың болашақ тағдырына азан шақырып қойған есімі тікелей ықпал етеді» деген сенімнің растығын дәлелдегендей еді.
Түркі халықтарының фольклорында қасқыр бейнесі түрлі жанрларда: ғұрыптық поэзияда, эпостық жырларда, паремеологияда, халықтық прозада алуан қалыпта кездеседі. Көк бөрі, көкжал қасқыр деп адамға дос, қамқоршы бейнені суреттейді.
Қара мен ақты, күн мен түнді, жақсылық пен жамандықты салыстыра көрсету, әсіресе, дуалистік мифтер мен аңыздарда жиі кездеседі. Көк бөрі адамдар қысылған шақта ғайыптан пайда болып, көмекке келеді. Адам мен қасқырдың арасындағы туыстық қатынастан гөрі достық қатынас басым сипатталады.
Көк бөрі бейнесі- көк Тәңірмен астасып жатыр.
Қасқырдың адам түсіне кіруі және оны жору туралы мәліметтерді қорыта келіп, көршілес халықтар бөріні түркі тайпалардың символы ретінде қабылдағанын да байқадық.Генелогиялық мифтерге, ел арасында кең таралған ырымдар мен ғұрыптарға, халықтық ем- домдарға, арбау өлеңдері мен эпос, шежірелерге талдау жасау барысында көк бөрінің түркі халықтарының фольклорында киелі жануардың қатарына жоғарғы Тәңірлік құдіреттің деңгейіне дейін көтерілгенін көреміз.
Көріп отырғанымыздай, бөрі символикасының астары тереңде жатыр. Жұмысты жазу барысында қасқыр бейнесінің төмендегідей басты функциялары анықталды:
1.Түркі халықтарының ілкі ата- бабасы болып табылады.
2.Тұтастай бір халыққа қысылған шақта көмекке келеді (қол бастайды, жол көрсетеді т.б)
3. Дәрменсіз сәбилерді асырап өсіреді.
4.Жеке адамдардың нагуалына (жеке тотем) айналады.Осы функцияларына сәйкес, ол батырлық пен қайсарлықтың, қайраттылық пен тапқырлықтың символы ретінде бейнеленеді.
## Мақалада қолданылған материалдар
1.Жалын журналы |
Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы (1966 жылы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Күрті ауданында дүниеге келген) - Алматы облысының бұрынғы әкімі.
## Білім алуы
Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.
## Өмірбаяны және Еңбек жолы
Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» совхозында жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары «КСРО-ның 60 жылдығы» атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
## Әкімдік еңбегі
Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы 2011 жылдың сәуір айы - 2014 жылдың тамыздың 19-ы аралығында Алматы облысының әкімі.
## Дереккөздер
* Тарихы терең Талдықорған (Облысты басқарғандар, 35 бет): кітап
* http://blog.zhetysu-gov.kz/content-view-1.html Мұрағатталған 25 ақпанның 2013 жылы. |
Мұртаяқты шаяндар (лат. Cirripedia) – максиллоподалар табына жататын шаянтәрізділер. Мұртаяқты шаяндардың денесі қатты бақалшақпен қапталған, осы белгісіне қарай ұлулар типіне жатқызылады. Олардың аяқтары бунақты мұрташаларға ұқсағандықтан мұртаяқты шаяндар деп атайды. Олар теңіздерде ғана тіршілік етеді. Ересектері су түбіндегі заттарға (тастар, кеменің асты, теңіз жануарларының денесі т.б.) жабысып, бір орынынан қозғалмайды.
## Сипаттамасы
Бақалшақтары бір-бірімен қозғалмалы байланысқан тақташалардан құралған. Қоректенген кезде шаян тақташалардың арасынан көкірек аяқтарын шығарады да, бақалшақтың ішіне су кіреді. Бұл шаяндар сумен бірге ілесіп келген ұсақ ағзалармен қоректенеді. Қозғалмай тіршілік ететіндіктен олардың денесі көптеген өзгерістерге ұшыраған:
* олардың денесінің сыртындағы бунақтары мен хитинді қабаты жойылған;
* басы өзгерген, себебі олар қандай да бір басқа затқа басы арқылы бекінеді;
* құрсақ бөлімі қысқарып, жойылған;
* аяқтарының қызметі өзгерген, су кіргізуге ғана бейімделген. Кейбір түрлері паразиттік жолмен тіршілік етеді.
## Құрылысы
Денесі екі қабат мантия қаптарынан тұрады. Денесі жұмсақ, екі бөлімнен тұрады: бас және көкірек. Басының алдында орналасқан мұрташалары қысқа. Олар безді болып келеді. Мұртшаларының қызметі: затқа бекіну. Артқы мұрташалры болмайды. Көкірек бөлімінде 6 жұп аяғы бар.
## Маңызы
Мұртаяқты шаяндардың зияны көп. Кемелердің астына миллиондап жабысып, кеменің жүзуін баяулатады. Кит, акулалардың терісіне де жабысады. 700-ге жуық түрі бар. Мысалы, теңіз жаңғағы.
## Дереккөздер
Қызықты биология. 2-бөлім: Жануарлар дүниесі (омыртқасыздар). - Алматы: "Таймас" баспа үйі, 2007. - 136 бет. Сәтімбеков Р., Әлімқұлова Р. |
Қарқаралы — Қарағанды облысындағы қала, Қарқаралы ауданы орталығы.
## Атауы
Қарқаралы қаласының атауы қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі Қарқарамен байланысты. Қарқаралы тауларының алыстан қарағандағы пішіні Қарқара бас киіміне ұқсап кетеді екен.
## Географиялық орны
Қала Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде, теңіз деңгейінен 815 м биіктікте жатыр. Ең жақын темір жол станциясы - Қарағайлы (25 шақырым) орманды-тоғайлы, жақпар-тасты келген көрікті Қарқаралы тауларының шығыс етегінде, Қарқаралы өзенінің екі жағасында жайғасқан.
## Тарихы
Қарқаралы 1824 жылы сәуірдің 8 күні Сібір қазақтары дала губернаторлығының әкімшілік-аумақтық орталығы — станица негізінде, Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік қалаға айналды. 1928 жылға дейін Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінің, 1928-1930 және 1934-1936 жылдары Қарқаралы округінің орталығы болды. 1930-1934 және 1936 жылдан Қарқаралы ауданының орталығы. 19-ғасырдың екінші жартысында жері шұрайлы, жайылымы малға, қойнауы кенге бай Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени - ағарту орнына айналды. Мұнда саяси тұтқындар жер аударылды. Қарқаралының солтүстігіндегі Қарасор көлінің жағасында 1848 жылдан 1930 жылға дейін белгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды. Мұнда талантты әншілер мен артистер (Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, М.Уәлиева ) өз өнерлерін, ал Қажымұқан Мұңайтпасов күрес бәсекесін көрсетіп тұрған.Қарқаралы тарихы ұлы Абайдың есімімен тығыз байланысты. Әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда көктөбелі күмбезді мешіт салдырып өз атын ұрпақтарына мәңгілік ескерткіш қылып қалдырып кеткен кемеңгер еді.
## Қала келбеті
Қарқаралы – ешбір қалаға ұқсамайтын, өзіндік кескін-келбеті, сәулеттік өзгешелігі, бай тарихы бар өңір. Бір қаланың өзі - мыңдаған туристерге жәдігерін ұсына алатын эскпонаты көп орталық. Тарихқа көз жүгіртсек, құла түзде құлан, арқар жайылып, орман-тоғайымызда аю мен бұлан жортқан замандарда бұл өңірде жер бетіндегі ең алғаш мекендеген адам баласы болғаны белгілі. Тіпті, жыртқыш жануардың ең алғашқы тұқымдасы динозаврлардың болғанын да тарих ақиқаттады. Оған дәлел – қала басындағы «Суық бұлақ», «Үш үңгір» қазба орындары. Қала іргесіндегі Кент тауларының Талды қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігері де – көне сақ, ғұн тайпаларының дәуірлеу кезеңінің белгісі. Бұған қарап арқа төсіндегі Қарқаралының 2 мыңжылдан астам тарихы бар, ескі жұрт екенін бағамдаймыз. Кент, Алат, Талды қоныстары жарты әлемді жайпаған ұлы бабаларымыздың құтты мекені болғаны – айғақты тарих.
## Өзін-өзі басқаруы
Тарихи өлке Қарқаралы дуанын билеген Құсбектің тарихта алар орны ерекше. Абылай өлгеннен соң (1781 жылы) да қазақты төре тұқымының бiрiнен соң бiрi биледi. Бергi Арғынды: Бөкей-Бiрәлi-Шалғынбай Құсбек билеп, әділдіктің ақ туын қадады. Құсбек төре сұңғыла саясатшы, жеті тоспаға бөлінбес шешен, ол уәдесінен тайқымас дуан басшысы болған. Алаш қайраткері, ұлт көсемі, Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан мен Құсбек төрелердің арғы аталары бір – Бөкейхан. Көкжал Барақтың ұлы Бөкейханды 14 жасында Қаз дауысты Қазыбек мен шекшек Нұралы би Орта жүзге хан сайлау үшін қаракесек еліне алып келген. Бұл туралы Құсбек төре бейіті туралы деректерді алғаш жинақтаған ғалым, зерттеуші Мыңжасар Әдекенов: «Атақты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасынан кейін азат етілген жерлерге Сырдың бойынан, әр жерден қайта серпіліп келіп жиналған елді басқаруға деп Қаздауысты Қазыбек би мен шекшек Нұралы би Самарқандағы Барақ ханның 14 жасар баласы Бөкейханды 1748 жылы алып келіп, Орта жүзге хан сайлаған екен. Содан бері, міне, 258 жыл өтті. Осы 258 жыл Бөкейхан мен одан тараған, ел басқарған сұлтандардың тарихы орталық Қазақстанның, Қарқаралы аймағының да тарихы», – дейді. Осылайша қазақ жерінің жазиралы өңірі Қарқаралы төре тұқымдарының құт-берекелі қонысы болған.
## Халқы
## Шаруашылығы
Қалада тоң май айыратын, сыра қайнататын, кірпіш зауыттары жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы және қыздар бастауыш мектептері болды. Қарағайлы қорғасын-барит кен-байыту комбинатының салынуына, оған теміржол мен тас жолдардың жүргізілуіне, қалада ауыл шаруашылықтың дамуына және айналасында көптеген дем алыс орындарының пайда болуына байланысты Қарқаралы жедел өсті. Қазір қалада нан зауыты,тамақ комбинаты «Тоғай» ЖШС-автокөлік мекемелері астық қабылдау пункті, шеге жасайтын, тағы басқа ұсақ кәсіпорындар, баспахана жұмыс істейді. Бала бақша, 3 орта, 11 кешкі мектеп, ауыл шаруашылық колледжі, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, кинотеатр, екі кітапхана, тарихи-өлкетану, табиғат мұражайлары, аудандық аурухана т.б.бар. Қала төңірегінде «Шахтер»,»»Сосновый бор» санаторийлері, туристік база, оннан астам демалыс үйі, бес оқушылар лагері орналасқан.
### Халық мұрасы
Қарқаралы тау сілемдерінің етегі ежелден көшпелі елге қоныс болған. Ол туралы өткен заманнан жеткен аңыз бен ертегілерде айтылған, Қарқаралы туралы көптеген өлеңдер мен аңыздар жазылған. Ең алғаш «Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу» қиссасын орыстың жазушысы М.М. Пришвин осы төңіректе естіген.
Қазақтың мың әнін жинаумен тарихта теңдессіз тәлім қалдырған атақты музыка зерттеушісі А.В. Затаевич Қарқаралы өңіріндегі құйма құлақ, зерделі де зерек жыраулар ауызынан 154 ән жазып алған.
Жазиралы Қарқаралы табиғатына тікелей байланысты «Сұлушаш» поэмасын 1928 жылы Сәбит Мұқанов дүниеге әкелген.
### Зерттеулер
Қарқаралының ақ қайың мен жасыл терек зерлеген шұрайлы өлкесі ерте кезден-ақ оқымысты-ғалымдардың, саяхатшы-зерттеушілердің көңіліне ұялап, көзін қызықтырған. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов, Қарқаралы округінде екі рет — 1855 және 1863 жылдары болды. Қызмет бабындағы сапарын ол халықтың ауызекі аңыз-әңгімелерімен, ән-жырларымен танысуға арнады. Ш.Уәлиханов мал шаруашылығы жөнінде бірсыпыра қызықты материалдар жинады. Оның «Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны» деген еңбегі осы тақырыпқа арналады.
Атақты саяхатшы П.П.Семенов-Тяньшанский редакторлығымен 1865 жылы басылып шыққан «Ресей империясының Географиялық-статистикалық анықтамалық сөздігі» Қарқаралының атағын асқақтата түсті. Қалың оқырман қауым алғаш рет Қарқаралының сұлулығы туралы, әлі де зеттетлмеген үңгірлер мен қорғандардың құпияларына ынтыға түсті.
Орыстың саяхатшысы Г.Н. Потанин өзінің жолжазба естеліктерінде, бұл өңірде болғанда сол кездегі көпес Рязанцевтің үйінде тоқтаған. Бұл ғимарат бүгінгі ұрпаққа сол қалпында жетті.
### Халық ағарту
Қарқаралыда ашылған оқу орындары Орталық Қазақстан бойынша ең алғашқы білім орталықтары болып табылады.
### Атақты тұлғалары
Қазақтың алғашқы ағартушы, қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Нығмет Нұрмақов бұл өңір тарихына өз таңбаларын қалдырған.
Қала көшелеріне келмеске кетіп ұмыттырылмақ болған А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, Құнанбай қажы, Ұлы Отан соғысындағы батырларымыз Н. Әбдіров, М. Мамраев, П. Теряев, А. Қосыбаев есімдері берілді. Сонымен бірге Қарқаралының бір көшесі ақын Қасым Аманжолов есімімен аталады.
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы Қарқаралы топырағынан шыққан.
## Дереккөздер |
Өскемен қаласындағы Достық үйі 1992 жылы 6 қарашада ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ана тілін, салт-дәстүрді, халықтар мәдениетін жаңғырту, Қазақстан жастарын патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында құрылды.
Достық үйінің қанатының астына алғашқылардың бірі болып «Видергебурдт» неміс мәдени орталығы, Шығыс Қазақстан корейлер ассоциациясы, «Вайнах» шешен мәдени орталығы, славян мәдениет қоғамы, «Қазақ тілі» облыстық және қалалық қоғамы, қытай және ұйғыр орталықтары кірді. Кейінірек армян, орыс, татар, украин, белорус, әзірбайжан, поляк, еврей ұлттық-мәдени орталықтары ашылды. Қазіргі Достық үйін Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Н. Назарбаев ашқан. Ол Республика бойынша бірінші болып құрылды. ШҚО халқының кіші ассамблеясының жұмыс тәжірибесін Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі зерттеп, Қазақстан облыстарының барлық әкімдеріне қолдануды ұсынды. Қазіргі таңда Достық үйінде 20 этномәдени бірлестіктер жұмыс істеуде, Достық үйі жанынан ШҚ халқы ассамблеясының жастар қанаты мен ғылыми- сараптамалық Кеңесі құрылды. Әр түрлі халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және тарихи мәдениетін дамыту үшін алдыңғы қатарлы ғалымдар Достық үйінде дәріс жүргізеді.
## «Мәдени мұра» бағдарламасы
«Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде: орыс ән отауы (жетекшісі Л.П. Попова), «Елімнің әуендері» қазақ ән отауы (жетекшісі А.Н. Жұмақанова) музыкалық мәдениетті насихаттайды 2007 жылдың маусым айында «Халық ұжымы» атағын төмендегі ансамбльдер дәлелдеді: «Русская песня» (орыс мәдени орталығы), «Кохання» (украин мәдени орталығы), «Майглёкхен» (неміс мәдени орталығы), «Ладушки» (славян мәдени қоғамы), «Үлгілі» атағын - «Улыбка» балалар би ансамблі иеленді.
## Халық ұжымы
«Халық ұжымы» атағына алғаш рет «Зоар» (еврей мәдени орталығы) мен «Вдохновение» ансамбльдері (орыс мәдени орталығы) лайық деп танылды. Сонымен қатар Достық үйінің іс-шараларына мына ұжымдар белсенді ат салысуда: «Бастеньки» фольклорлық ансамблі (славян мәдениет қоғамы), Достық үйінің «Жігер» домбырашылар ансамблі және «Мечта» жастар вокалды студиясы, «Сарман» вокалды ансамблі (татар мәдени орталығы), би ансамбльдері «Ичкерия» (шешен мәдени орталығы), «Хэдоди» (корей мәдени орталығы).
## Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебі
ШҚ ассамблеяның бастамасы бойынша 2001 жылдың қаңтарында Өскемен қаласындағы Достық үйінің негізінде «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебі» ММ құрылып, мемлекеттік мәртебесін алды. Мектебтің негізгі жұмыс бағыты – облысымызда тұратын халықтардың ұлттық мәдени салт-дәстүрі мен тілдерін үйрету мен жаңғырту, сонымен қатар, басқа да әлемдік тілдерді үйрету, қазіргі заман талабына қажетті интеграциялану барысында білім беру болып табылады. 2008-2009 оқу жылында «Жаңғырту» мектебінде 14 тілді оқыту ұйымдастырылған: қазақ, орыс (тереңдетіліп оқыту), украин, белорус, татар, еврей, поляк, шешен, корей, армян, әзірбайжан, неміс, қытай, ағылшын. Жалпы оқу сыныптарының саны 48, ал оқушылардың саны 820 адамды құрайды.
## Этномәдени бірлестіктер
* «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» қоғамдық этномәдени бірлестігі»
* ШҚ татар этномәдени бірлестігі
* «ШҚО корейлер ассоциациясы» ҚБ
* ШҚ әзірбайжан этномәдени бірлестігі
* ШҚ украин этномәдени бірлестігі
* ШҚО еврей этномәдени бірлестігі
* ШҚО белорус этномәдени бірлестігі
* Шығыс Қазақстан облыстық поляк этномәдени бірлестігі
* ШҚ «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігі
* Шығыс Қазақстан «Арарат» армян этномәдени бірлестігі
* ШҚ ұйғыр этномәдени бірлестігі
* «Славян мәдениетінің Шығыс Қазақстан облыстық қоғамы»
* «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі
* «Жоғарғы-Ертіс орыс казак» ҚБ
* «ЛАД» республикалық славян қозғалысы» қоғамдық бірлестігі
* «Ермак Тимофеевич атындағы Казак жерлістігі» қоғамдық бірлестігі
* Облыстық «Қазақ тілі қоғамы » ҚБ
* «Ынтымақ-Содружество» жастар ұйымы
* «Қалалық Қазақ тілі қоғамы» ҚБ
* «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» ҚБ
* «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің
## Дереккөздер |
Жыл қайыру — халықтың тапқырлық есебінің бірі-жыл қайыру. Бұл әсіресе, адам жасын есептеуге келгенде бірден-бір ұтымды жол. Ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғаның, неше мүшелге толғанын білгісі келсе, ол өз туған жылын он екіге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе-мешін, қалдық біреу болса-тауық, екеу болса-ит, үшеу бола-доңыз, төртеу болса-тышқан, бесеу болса-сиыр, алтау болса-барыс, т.с.с болып, әрі қарай есептеле береді.
## Жыл басы
Жыл басы-наурыз айынан басталады.Жыл санау мен жыл қайыруда осы наурыз айынан басталатынын ұмытпау керек.Жыл басы тышқан.Жыл қайыру да осы тышқаннан басталады және оның реттік кезегі мынадай:
* Тышқан
* Сиыр
* Барыс
* Қоян
* Ұлу
* Жылан
* Жылқы
* Қой
* Мешін
* Тауық
* Ит
* Доңыз
## Түсініктемелер
* "Көне түріктер", 1994 ж.
## Дереккөздер |
Қазақша ет асқанда ең алдымен жіліктен бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Көбінесе тойға қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар: 2 жамбас, 2 ортан жілік, 2 асықты жілік, бел омыртқа, 2 сүбе, 2 қабырға, төс, омыртқа, 2 жауырын, 2 тоқпан жілік, 2 кәрі жілік, бұғана, мойын.
## Бас
Қойдың, ешкінің, сиырдың басын үйтіп, қырып жылы суға бірнеше рет қайталап, мұқият жуып тазартады. Қой, ешкінің басы тұтас күйінде, ал жылқының, түйенің басын бөліп асады. Сиырдың әр шекесі бір бастың орнына жүреді. Жылқының шекесін кәдеге жүрмейтіндіктен сый қонақтарға тартпайды. Бас асқан етпен бірге беріледі.
## Борша
Көбінесе ірі қара етінен дайындалады. Кәуәптің бір түрі. Санның, қолдың, жауырынның, қара кесек еттерін ұзыншалап кесіп алады. Етті темір тордың үстіне салып, жалындатпай шоққа қақатап пісіреді. Шоққа қақталып қызыл-күрең тартқан борша өте дәмдә болады.
## Жал
Жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Ол жылқының шоқтығы мен ауыз омыртқасының арасында, мойын омыртқаны ұстап тұратын желкемен жымдаса бітеді. Жалдың шоқтыққа тақау ұшы жуан болып, екінші ұшына қарай біртіндеп жіңішкере береді. Соғымға сойған жылқының жалын арша ағашқа іліп, ыстап 1-2 сағат сүрлейді. Қазіргі кезде жал қазы, қарта, шұжық сияқты салқын дәм орнында да көп қолданылады.
## Қарта
Жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Қартаны асқан етке қосып береді.
## Жая
Жылқы етінің аса кәделі мүшелерінің бірі. Жылқының терісін сыпырып алғаннан кейін жаяның етін тұтастай бөлек сылып алады. Жаяны сыйлы қонақтарға асылған етке қосып береді, яғнм оын бас табаққа, қос табаққа, сондай-ақ сый табаққа салады.
## Жөргем
Малдың ащы ішегі мен тоқ ішегінен өріп жасалады. Ащы ішек жіңішке, әрі өте ұзын болғандықтан, оны тоқ ішек секілді жалаңқабат өре салмай бірнеше еселеп шумақтайды да, одан соң әлгі шумақтың белінен айналдыра, шандып орап, ішектің ұшын бекітеді. Жөргемді қонақ табақтарына салмайды.
## Қазы
Жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет, Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. Қазыны сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді.
## Шұжық
Сан, қол, жон еттерін алады, мойын еті жарамайды. Туралған ет пен пен майға араластырып, содан кейін ішекке салып толтырады. Ішектің екі ұшын жіппен байлайды. |
Теміртау — Қарағанды облысындағы қала, Орталық Қазақстанда Нұра өзенінің бойында орналасқан. Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау — республикадағы ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т.б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады.
Теміртауда еліміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек етті, өндіріске мол үлесін қосты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында білім алды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы қаладан шыққан.
## Халқы
## Қала туралы
Теміртау — облысқа бағынышты қала. Ол Республикамыздың орта бөлігінде орналасқан. Бұрынғы Самарқанд кентінің базасында 1945 жылы 1 қа-занда құрылған. Қала мен оның өнеркәсіптік нысандарын салу Қарағанды көмір бассейнін игеру кезеңімен байланысты.
Жаңадан ашылған көмір өндірісі электр қуатына мұқтаж еді, сондықтан Қарағанды қаласынан 30 километр қашықтықта орналасқан, 200 тұрғыны бар Самарқанд кентінің жанында, Нұра өзенінің бойында гидроузелдің құрылысы басталды. Оның құрылысы 3 жылдан кейін аяқталды.
1942 жылы ҚарГРЭС-те бірінші турбогенератор пайдалануға берілді.Соғыстың қиын жылдарында, КСРО-ның көптеген өндірістік аудандары басып алынған кезде Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қарағанды қаласының жанында металлургиялық завод салу туралы шешім қабылдады.1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия заводы жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарына қосылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 1 қазандағы Жарлығымен Самарқанд кенті Қарағанды қаласының қала маңындағы аймағынан шығарылып, Теміртау қаласы болып қайта құрылды.Қаланың аумағы 29610 га. Қала тұрғындарының саны – 2010 жылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 178 723 адам.
Қаланың құрамына 6822 адам тұратын қалалық типтегі Ақтау кенті кіреді. Кенттің аумағында құрылыс материалдарын шығаратын үш кәсіпорын: «Central Asia Cement» ЖШС-і, «Қарцемент»ЖШС-і және «КЗАЦИ» ЖШС-і орналасқан.Өзінің экономикалық ерекшелігі жағынан Теміртау қаласы инфрақұрылымы дамыған ірі индустриалдық орталық болып табылады. Қалада 1500 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде: құрылыс ұйымдары - 382, сауда саласында - 337, өңдеу өндірісінде - 160, тау кен өндірісінде -7, көлік және байланыс кәсіпорындары - 71, электроэнергия, газ және су өндіру саласында - 28, ауыл шаруашылығында-1, басқалары - 514.
Қарағанды облысының жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде Теміртау қаласы кәсіпорындарының шығаратын өнімдерінің үлес салмағы 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 32,4%-ті құрады, оның ішінде: жалпақ жайма 100%, қара металдан құбыр жасау - 89,2 %, жылу энергиясы- 42,8%, электр энергиясы - 25,0%, тас көмір - 47,2 %, цемент - 100%-ті құрады.
Теміртау қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2010 жылы кәсіпорынның қолданыстағы бағасымен (шағын кәсіпорындар, көмекші шаруашылықтар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) (жұмыс,қызмет) 329,6 млрд теңгеге ) өнімдер (жұмыс,қызмет) шығарылды, айғақты көлем индексі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 97,4%-ті құрады.
Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндіріс құрылымын келесі салалар құрайды: металл өңдеу және металлургия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тартатын өнеркәсіп, электроэнергетика, басқа да металл емес минералды өнімдер шығару.
Қала мен Ақтау кентінің тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы, «ТЭМК» ЖШС-і, «Техол» ЖШС-і, «Central Asia Cement» ЖШС-і, «Карцемент» ЖШС-і, «КЗАЦИ» ЖШС-і, «Бидай-нан» ААҚ-ы, «Bassel Gruup LLS» ЖШС-і.
Қаланың дамыған инфрақұрылымы бар.
Автомобиль жолдарының ұзындығы -295 км., оның ішінде 259 км. жолдың беті асфальтталған, 36 км жолдың беті асфальтталмаған.
Теміртау қаласының жолаушыларын тасымалдау қаланың 11 ав-томобиль маршруттары арқылы күнделікті жүзеге асырылады, маршрут таксиі режімінде 5 маршрут және трамвай маршрутында 2, сонымен қатар Ақтау кенті және Мырза станциясы бағыты бойынша жүктерді және жолаушыларды тасымалдау іске асырылады.
Қаладағы үнемі жұмыс істейтін маршруттардан басқа жазғы уақытта жолаушыларды тасымалдау үшін жағажай бағытына 5 маршрут қатынайды.
Күнделікі жолаушылар автобусы маршруттарында сегіз негізгі тасымалдаушылар жұмыс істейді:
* «Daт - TS» ЖШС -і 6 маршрутта қызмет көрсетеді - №№ 7, 8, 10, 14, 22 және 25 (Бейбітшілік даңғылы,251, тел: 95-91-45);
* «TTS» ЖШС-і 3 маршрутта қызмет көрсетеді - №№ 6, 12 және 23 (Бейбітшілік даңғылы, 251, тел: 95-91-45);
* «Қала көлік» ЖШС - і 2 маршрутта қызмет көрсетеді - №№3,15 (Димитров көшесі 214. тел. 95-93-82, 95-91-48);
* ЖК Ж.Г.Мусин - № 6 маршрут таксиінде қызмет көрсетеді;
* «Стэка» ӨК-і маршруттық такси режімінде 3 маршрутқа қызмет көрсетеді - №№ 01, 02, 04 (Бейбітшілік даңғылы, 19, тел. 95-29-19);
* ЖК Т.Қ.Түнқатар - №05 маршрутқа қызмет көрсетеді (Димитров көшесі, 214 тел: 95-93-82, 95-91-48);
* ЖК А.Н.Голубничий Ақтау кенті – Мырза станциясы маршруттарына қызмет көрсетеді.
* «ТАУ-Профи» ЖШС-і 5 жағажай маршруттарына қызмет көрсетеді: «Уралочка», «Пионерские лагеря», «Сортопрокатное производство», «Строителей», «Черемушки» жағажайлары (Бейбітшілік даңғылы, 251, тел: 95-91-45).
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның трамвай паркі №№ 4 және 2 трамвай маршруттарына қызмет көрсетеді, трамвай жолының ұзындығы-48 километр. Парктің жылжымалы құрамы 35 вагоннан тұрады.
Теміртау қаласының тұрғын үй қоры 1160 көп қабатты, 6173 жеке тұрғын үйлерден тұрады.
Теміртау – жоғары мәдениетті қала, оның шығармашылық көркемөнер-паздар ұжымдары Республикамыздан тыс елдерге де танымал.Мәдениет мекемелері теміртаулықтар мен қала қонақтарына күн сайын толыққанды демалыс пен рухани қанағат сыйлайды. Олар:
* Балалар мен жасөспірімдер театры;
* Тарихи-өлкетану мұражайы;
* Қалалық мәдениет Сарайы;
* Мәдениет және демалыс паркі;
* Кереңдердің мәдениет Үйі;
* Қалалық кітапханалардың 7 филиалы бар орталықтандырылған жүйесі;
* Соқырлар мен нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхананың филиалы;
* «Ақтау» мәдени-бос уақыт өткізу орталығы;
* 2 жеке кинотеатр.
Теміртау қаласының аумағындағы 3 ескерткіш тіркелген, оның ішінде 2-уі сәулет ескерткіші, олар:
* балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты, 1955 жылы пайдалануға берілген, 2009 жылы күрделі жөндеу жүргізілді;
* мәдениет Сарайының ғимараты, 1972 жылы пайдалануға берілген,2010 жылы күрделі жөндеу жүргізілді.
Монументалдық өнер ескерткіштері:
* Ұлы Отан соғысында қайтыс болған теміртаулық жауынгерлер ескерткіші.Ескерткіштің іргетасына Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған теміртау-лықтардың және жауынгер-интернационалистердің есімдері жазылған плита орналастырылған. Ескерткіш 1974 жылы ашылған, авторы - С.Б.Назарян.
2000 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған кәсіпорын жұмысшыларына естелік Монумент ашылды (Жеңістің 55 жылдығының қарсаңында ҚарГРЭС-1-дің аумағында).
* 2001 жылы Металлургтер Монументі ашылды (авторы А.Билык, материалы - тот баспайтын болат және қола).
* 2002 жылы қызметтік борышын атқару барысында қайтыс болған Теміртау қаласы ішкі істер басқармасының қызметшілеріне естелік Монументі ашылды (ішкі істер басқармасының аумағында).
Теміртауда 34 үкіметтік емес бірлестіктер, 10 ұлттық-мәдени орталықтар, 4 саяси партиялардың өкілдіктері, 23 діни бірлестіктер мен топтар жұмыс істейді.
Қалада этноаралық және конфессияаралық қарым-қатынас тұрақты.
Қаланың ақпараттық кеңістігін 7 газет: «Теміртау», «Зеркало», «Магнитка плюс», «Металлург», «Второе счастье», «Вечерняя газета», «Темиртауский рабочий» газеті және 2 журнал: «Директор KZ», «Экстрасенс», 3 телеканал: «Сфера» ТРК, «29 канал» ТРК, «43 канал» ТК, «43 канал» сандық телевидение, 1 радиоканал - «Радио-102» құрайды.
Теміртау қаласында бір жоғарғы оқу орны: Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті, сонымен қатар медициналық, политехникалық және музыкалық колледждер, Қарағанды мемлекеттік университетінің Букетов атындағы колледжі, 4 кәсіби лицей жұмыс істейді.
Қалада 30 мыңнан астам адам дене шынықтыру және спортпен айналысады.2005 жылы «Миттал Стил Теміртау» жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт кешенінде баскетболға, волейболға, мини-футболға және гандболға арналған ойын залы, бокс пен күрес жаттығуларын өткізуге арналған залдар, біріктірілген 2 кіші зал жұмыс істейді. Жаттығу үшін нысанда арнайы жабдықталған зал жұмыс істейді.Үлкен залда көрермендер үшін 200 орындық қойылған. Спорт кешенінде су себезгі және киім шешетін орын жұмыс істейді. Спортшылар мен спорт әуесқойлары үшін қалыпқа келтіру орталығы жұмыс істейді.
2007 жылы қаңтарда «Арго» жеке жүзу бассейні (бұрынғы «Полимер») пайдалануға берілді.
Меморандумға сәйкес 2008 жылы «Металлург» стадионына күрделі жөндеу жүргізілді, оның ашылуына 2008 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты.
Стадионда жеңіл атлетика, футбол, шаңғы тебу бойынша жаттықтырулар жүргізіледі, шахмат-шашка клубы, мотоклуб, Тоғызқұмалақ ұлттық ойын секциялары ашылған, «Болат АрселорМиттал Теміртау» футбол командасының, Қазақстан Республикасының чемпионатының жоғарғы лигасына қатысушылардың оқу-жаттығу процесстері өткізіледі. Қыста стадион аумағында мұз айдыны жасалады, онда жалға коньки және шаңғы беру ұйымдастырылған. Жазда роликті коньки жалға беріледі. Қала тұрғындарының стадионда столдағы теннис ойнауына, сөйтіп бос уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік бар. Күнделікті стадионға 345 спортпен айналысатындар келеді.
2008 жылы Мұз сарайының үш жыл тоқтап тұрған тоңазтқыш жабдықтарына жөндеу жүргізіліп, 2008 жылы 4 қазанда салтанатты ашылып, хоккеймен, коньки тебумен, спорттық бимен және жалпы дене шынықтырумен айналысатындарға пайдалануға берілді. 2010 жылы 300 млн теңгеге Мұз Сарайын жөндеудің 1-кезеңі жүргізілді, оның 200 млн теңгесі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен жасалған Меморандум бойынша төленсе, 100 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінді.
Қалада спорт ізбасарларын дайындау және өсіп келе жатқан ұрпақты сауықтыру мақсатында облыстық балалар-жасөспірімдер мектебі, спорттың есу түрлері бойынша олимпия ізбасарларын дайындайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың филиалы жұмыс істейді. Спорттың он түрі бойынша облыстық спорт мектептерінің бөлімшелері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде 2838 оқушы спортпен айналысады.
«Жол картасы - 2009» Республикалық бағдарламасына сәйкес 2009 жылы спорттық нысандарға, атап айтқанда, балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, «Строитель» стадионына, ату тирына және БЖСМ-нің ауыр атлетика залына, спорттың есу түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Жастар» жүзу бассейніне күрделі жөндеу жүргізілді, Ақтау кентінің спорт Үйі пайдалануға берілді.
2010 жылы қалалық деңгейде 69 көпшілік-спорт шаралары өткізілді, оған 11435 адам қатысты. Қаланың құрама командалары облыстық деңгейдегі 21 жарысқа және республиклық ауқымдағы 5 турнирге қатысты. Біздің спортшыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленеді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту жұмысына көп көңіл бөлінеді, жұмыс 6 топта жүргізіледі, оған 78 адам қатысады. Олардың 7-уі пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатына қатысты.
Әкімдік қызметкерлері, қалалық кәсіподақ, денсаулық сақтау мекемелері, балалардың аулалық клубтары, орта оқу орындары мен колледждер, балалар үйлері мен интернат оқушылары арасында үнемі бұқаралық спорттық спартакиадалар өткізіліп тұрады.
Балалардың аулалық клубтары арасында футболдан «Былғары доп», шайбалы хоккейден «Алтын шайба» жарыстары, жүзуден көпшілік шаралар өткізілді.
Грек-рим күресі бойынша біріншілік, Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне, Денсаулық сақтау күніне арналып жеңіл атлетикадан эстафета, балалар мен ересектер арасында академиялық есуден Қазақстан Республикасы біріншілігі, есірткімен және есірткінің заңсыз таралуымен күрес күніне арналып спорттың 6 түрінен жарыс өткізілді. Отбасы күніне арналып «Мамам, папам және мен – спорттық жанұямыз» атты қызықты шара өткізілді.
Қалада жеке спорттық клубтар жұмыс істейді, олар: «Евразия», «Меруерт», «Адриналин», «Пекин», «Z-клуб», аталған мекемелерде жаттықтыру залы, бассейн, сауықтыру орталықтары бар, оларда 1420 адам спортпен айналысады.
Қазақстанның басқа қалаларының ішінде Теміртаудың алатын орны ерекше. Тарихи өлшем бойынша қаланың қысқа, түрлі оқиғаларға толы өмірі – Республикамыздың қалыптасуының ажырамас бөлігі.
## Дереккөздер |
Көрісу - әдет-ғұрыптың бір бөлігі. Көрісудің үш түрі бар.
## Бірінші түрі
Бұрынғы дәстүр бойынша ұзатылған қыздар жыл толмай жұртына баруына болмайды. Бұл ұзатылған қыз жаңа қауымға алаңсыз үйренсін деген мақсатпен жасалған. Және келін болғаннан кейінгі биологиялық өзгеріске ұшырауы кезінде өзінің еліне көрінбеуге тырысқан. Елін, бауырын сағынып жүрген осындай кездерде қыздың аға інісі іздеп келгенде қыз оларға өлең, жырымен көрісіп, жылап, өзінің сағынышын, өкпе - назын, қуанышын білдіреді. Мұндай сәтте қыз туыстарына басындағы жаулығын көрсетуге ұялып, оны алып тастап, орамал тартып алады. Қыздың бұл көрісуі өте жарасымды әдет-ғұрып қатарына жатады.
## Екінші түрі
Кейде бауырларын көптен көрмеген сыртта жүрген әйелдер де туыс-туғанын көргенде көрісіп жылап, мұңын шағады. Мұның да еш ерсілігі жоқ. Өйткені, ел жұртын, туған жерді, ағайынды сағынудың белгісі.
## Үшінші түрі
«Кімдер екенін айырып болатын емеспін, кезек-кезек келіп мені құшақтап көрісіп жатыр» (Т.Әбдіков). Туыс-тұғандары, ет жақындары қайтпас сапар шеккенде артта қалған ағайын, іліктері көрісіп, жылайды дауыс қылады. Еркектер де көріседі, бірақ әйелдердей жоқтау айтып, дауыс қылмайды. |
Береславка — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Гусаков ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 79 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 409 адам (204 ер адам және 205 әйел адам) болса, 2009 жылы 241 адамды (119 ер адам және 122 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ринат Рифхатұлы Зайытов (17 қараша 1983 жыл, Аягөз, Абай облысы) — қазақстандық айтыскер, суырып-салма және жазбаша ақын, актёр, филолог, мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдан бастап Қазақстан Мәжілісі VII-шақырылымының депутаты.
## Өмірбаяны
Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Қаракерей руының Мұрын бөлімі.
М. Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығын алып шықты. «Тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық конкурсының жеңімпазы (2001 жыл).
Телевизиядағы алғашқы қадамы Семей қаласының жергілікті каналындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасымен басталған.
Ол 2001-2008 жылдар арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы.2008-2010 жылдар аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы.
Аягөз ауданының құрметті азаматы; «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.
Бос уақытында бильярд, футбол ойнап, аңшылыққа шыққанды ұнатады. Сүйікті фильмі - «Однажды в Мексике» болса, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы – сүйіп оқыр кітабы болып табылады.
## Дереккөздер |
Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (орыс. Костанайская областная универсальная научная библиотека им. Л. Н. Толстого) — Қостанайда орналасқан Қазақстанның ұлттық кітап қоймасы.
## Тарихы
Қазақстанда революцияға дейін кітапханалар ең алдымен орыс халқы басым болған губерниялық және уездік қалаларда құрылды. Осылай, Торғай қамқорлық қоғамы Қостанай уездінің қоныс аударып келген орыстар арасында бастапқы білім беруді тарату туралы 1891 жылы Қостанайда ақысыз «Халық оқу залының» ашылуы туралы ұсынысымен Торғай облысының әскери губернаторына өтінішпен барды. 1892 жылы осындай оқу залы ашылды, онда 467 кітаптар болды, және ол Жарғы негізінде жұмыс істеді.
1894 жылы Қостанай қаласының Халық үйінде бірінші көпшілік кітапханасы ашылды. Өкінішке орай, біздің кітапхананың тарихы осыдан бастауын алатыны туралы нақты дәлелдер жоқ.
Кітапханадағы бар құжаттарда келесі мәлімдемелер байқалады: «1936 жылдың қаңтар айынан бастап, Қостанай облысының білім алуына байланысты, қалалық кітапхана облыстық кітапхана деп атала бастады».
1949 жылы атақты орыс жазушысы Лев Николаевич Толстойдың 120 жылдық мерейтойына байланысты кітапханаға оның есімі берілді. Кітапханаға оның есімі кездейсоқ берілмегені туралы мұрағаттық құжаттар дәлелдейді. Л.Н.Толстойдың мұрасының ерекше қызықтыратыны ол оқырман-шаруа адамдарымен жарияланбаған қатынас хаттары, хат жазысуы. Өмірінің соңғы жылдарында Л.Н. Толстой Ресейдің шалғайдағы түкпірлерден, сонымен қатар ұлттық шеттерден көптеген хат алып тұрды. Бірде бір жол адресаттың назарысыз қалмайтын, бұл туралы жазушының алынған корреспонденцияға жауап хаттары мен белгілеулері дәлелдейді.
Бұл қарым-қатынаста есте қаларлығы оның Қостанай уездінің Торғай губерниясының шаруа адамдарымен хат жазысуы. Л.Н.Толстойдың мәскеулік мұражай қорында «қостанайлық іздер» бар: өте жақсы сақталған қостанайлық В.И. Касиванов пен И.В. Колесниковтың оннан артық хаттары. Әр біреуінде – жазушының жеке белгілеулері. Бұл тұрғыда жергілікті деректемелермен, сонымен қатар Қостанай пединститут мұражайының әдеби қоры едәуір қызығушылық тудырады. Қостанай педагогикалық институттың профессоры, марқұм Н.И. Кандалинм Лев Николаевичтің қостанайлықтармен жазысқан хаттары туралы айтылатын мәліметтерді жинады, ол бұл сұрақ бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысты және Л.Н.Толстойдың Мәскеудегі мұражайына бірнеше рет барып тұрған.
Л.Н. Толстойдың қостанайлық Василий Исаевич Касивановпен хат жазысуы 1907-1908 ж.ж. жатады. Бұл уақытта Л.Н.Толстой Ясная Полянада өмір сүрген. В.Касиванов – қазақ Зауральесіне көшіп келген, Самаралық губерниясының шаруа ортасынан шыққан. Осы жерден Л.Н. Толстойға 24 қаңтарда хат жіберілген. Автор өзінің жазушы шығармашылығымен қызыққаның айтып, оның кітаптарын қалай және қайда сатып алуға болатының сұрайды. Толстойдың хатшысы Касивановтың хат конвертінде белгілеген екен: «Касиванов кітап сұрайды. Костанай». Хатты оқып, жазушы «алыс түкпірге» қарсы болмай: «Кітаптарды жіберу керек»,-деп өкім етті. Осы жылдың 25 мамыр айында жіберілген, екінші хат, кітаптардың тағайындалған жеріне келіп түскені туралы дәлелдейді. Өз атынан, Толстой кітаптарын тыңдаушылар атынан (қостанайлық шаруа адамдардың көпшілігі сауатсыз болғандықтан кітаптарды дауыстап оқыған) Касиванов былай деп жазған екен: «Сіздің мәңгі бақи құлдықтан теңдік пен бостандыққа апаратын тура жол шындық ілімін оқыған уақытта, жер қазушы ер кісілер қандай ынтамен ұйып тыңдайтындарын суреттеп бере алмаймын». 1908 жылы 31 наурыз айында жазылған В.Касивановтың үшінші хаты, едәуір мәнді және қызығырақ. Сыйлыққа алынған кітаптар («он бес кітапша») үшін алғыстан басқа, хат есте қаларлық еңбекшіл халықтың өмірі мен оның көсемдері туралы ойларды құрайды.
Л.Н.Толстойдың И.В.Колесниковпен хат жазысуы оданда маңызды. Колесниковтың Толстойға жазған тоғыз хаты сақталған (оның жартысы Челябі түрмесінде жазылған), жазушының екі жауап хаты (олардың біреуі «Сіздің ағаңыз Лев Толстой» деп жазылған), жазушының Колесниковке қарым-қатынасы туралы В.Молочковтың естеліктері, Колесников туралы Толстойдың өзінің күнделікті жазбалары және И.Колесниковтың бір хатының дәйек сөзі мен саралауы оның «Ғасырлар туралы» мақаласында маңызды орын алады. 1909 жылдың мамыр айының 1-інде Л.Н.Толстойға кіріп-шыққан В.А.Молочников жазушымен әңгімелескен уақытта оның хатты «Күрделі кезеңдер» жинағымен салыстырып отырғаның еске түсіреді. Оған ерекше әсер еткені ол хаттың авторы – сауатсыз, бірақ оның ойынша, ауыр өмірдің себеп мәнісіне дұрыс жақындайтын шаруа адам. «Дәл көздеген жерге тигізеді, Бұл хатты суретке түсіріп алу керек – деп шаттықпен байқайтын Лев Николаевич». 1909 жылы 21 мамыр айында Лев Николаевич Колесниковтың хатын тағы еске түсіреді: «Кеше таңертеңде «Орыс сөзінің» тілшісі келді. Мен оған «Күрделі кезеңдер» туралы әңгімелеп, айтып жаздырттым... Ер адамның хаты өте заңды – белгілі қылғым келеді». Л.Толстойдың қостанайлықтармен хат жазысуы жазушының тек орталық Ресейде ғана емес, сонымен қатар елдің шеткі ұлттық өңірлерінде де шаруа адамдардың тобына ықпалының шексіз екені, оның өзара қарым-қатынас жасау туралы айтуға ерік береді. Ұлы Отан соғысы– бұл Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхананың өмірінде ерекше кезеңі. Соғыс жылдарында біздің қалада снарядтар жарылмады, оқтар зуылдамады. Бірақ майдан әрбіреудің жүрегінен, әрбіреудің тағдырынан өтті, және қостанайлықтар бір ғана оймен өмір сүрді: бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін. Қостанай облыстық кітапхананың 1961 жылы «Қазақ ССР еңбегі сіңген кітапханашысы» атағына лайықты Анна Павловна Вертинская басшылық еткен ұжымы да ерекше болып қалған жоқ. Соғыс уақытына қарамастан, кітапхананың жұмысы тоқтап қалған жоқ: кітап қоры толықтырылып, мерзімді басылымдар түсіп тұрды, көшірумен келген Кеңес Одағының – Мәскеу, Ленинград, Симферополь, Киев, Херсон және т.б. үлкен қалаларының арқасында оқырмандардың саны көбейе берді. Кітапханашылардың арқасында, бүгінде біздің кітапханамызда майдан оқырмандарынан келген қасиетті жәдігерлері – хаттар сакталган.
Кiтапхана ғимараты ұзақ жылдар бойы Повстанческая 74 көшесінде орналасқан. Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың дамуы, пайдаланылып отырған алаңнын кеңейтуімен қоса, техникалық жабдықтардың, кітапханалық қордың, штаттың, бөлінген қаржының артуымен коса жүрді. 1979 ж. шілде айындағы мәнді оқиға – жаңа типтік ғимаратқа көшу болды. Кітапхананың пайдалаланылатын алаңы 6 000 шаршы метрді құрайды, кітап сақтаудың сыйымдылығы 500 мың том, оқырмандар үшін орындар саны – 500.Облыстың басты кітапханасы, көпшілік қостанайлықтар үшін жай ғана «Толстовка», бірақ бұл есім 60 жыл бойы қала тұрғындарын қуанттырып, таң қалдырып, біліммен байытып келеді. Лев Николаевичтің сөзі: «Кітаптың мәні – мәңгі... Мәні бұл – ойдың мәңгі есте сақталуы»,- біздің кітапханаға толық құқықпен айтуға болады. Әлемдік деңгейдегі ұлы орыс жазушының есімі біздің кітапхана үшін өте көп маңызы бар: Толстойдың еңбектері кітапхана сөрелерінде қозғалыссыз тұрмайды, ылғида оқырман қолында. Қатты айтылмасын, бірақ бұл таң қаларлық емес, өйткені олар өмір сүруге көмектеседі, ойлауға, жасауға мәжбүр етеді.
1997 жылы Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК дүниежүзіне белгілі Сорос қорының грантын алды. «Толстовка» Сорос қорымен, «Евразия» және ашық қоғам Институтымен ұйымдастырылған конкурсқа қатысты, және бестік жеңімпаздардың ішіне кірді. Гранттың арқасында Интернет жүйесіне кіруге рұқсат ашылды, этап бойынша оқу семинарларына шақырулар алынды, үлкен мөлшерде жаңа әдебиеттер түсірілді. «Пушкиндік кітапхана» мегажобасына қатысуға байланысты қор едәуір ресейлік басылымдардың ең жақсы әдебиеттермен, сонымен қатар электрондық ақпаратты тасушылармен толықтырылды.
1998 жылы Л.Н.Толстойдың 170 жылға толуына байланысты кітапхана қонақжайында А.М.Горькийдің сөзімен аталған: «Толстой – бұл біртұтас әлем» атты үнемі колданыстағы көрме ашылды. Онда – шығарма жинақтамалары және жеке туындылары, соның ішінде 1872 жылы жарыққа қайтадан басылып шыққан «Әліппе» басылымы, И.Репиннің, И.Крамсковтың репродуктивтік суреттері, Толстойдың замандастарымен түсірілген фотосуреттері, оның романдарына иллюстрациялар, олардың балаларының Толстой туралы естеліктері және т.б. өз орнын тапқан.
2001 жылы «РАБИС» бағдарламасын сатып алуға байланысты кітапханалық процесстерді автоматтандыру, кітапхана жұмысын түбегейлі өзгертті. Кітапхана қорына ағымдағы түсімдер туралы ақпарат енгізуде электрондық каталогты қалыптастыру бар қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі уақытта кітапханада 45 автоматтандырылған жұмыс орны бар, толықмәітінді құқық қоры: қазақ және орыс тілдерінде «Заң» және «Заңгер 4.0 - Максимум», ол құжаттарды электрондық түрде жеткізу қызметін атқарады.Облыстың ірі кітапханаларының әрбір тарихи беттері - өңір мәдениеті дамуынын едәуір салмақты қазынасы.
Бүгін Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК – бұл электрондық ақпаратпен жұмыс істейтін, Интернеттің қорын жүйелейтін, әртүрлі электрондық қызметті көрсететін және жаңа технологияларды енгізудегі өзінің болашағын толық сенімді байланыстыратын кітапхананың жаңа үлгісі. Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК – маңызды ақпараттық, мәдениеттік, өлкелік білім алатын орталық, Қостанай облысында басып шығарылған басты баспа туындыларының, және өлке туралы әдебиеттердің, облыс кітапханалары үшін ғылыми-әдіскерлік орталық қоймасы.
Кітіпахана қызметкерлері 20 жылдан артық әртүрлі кездесу-кештерін ұйымдастырады. Кітапхананың қонақтары әр түрлі жылдары Сара Назарбаева, Әбіш Кекілбаев, Шыңғыс Айтматов, Иван Шеголихин, Морис Симашко және т.б. болды.
Кітапхана оқырмандарға салалық бөлімдер, оқу залдары, ақпараттық орталықтар арқылы қызмет көрсетеді; өлкенің мекемелері мен билік ұйымдарына ақпараттық көмек көрсетеді.Кітапхананың кадрлік құрамы – 130 қызметкер, 14 бөлімдегі жұмысты 97 кітапхана мамандары ұйымдастырады. Жыл сайын кітапхана 35 мың оқырманға қызмет етеді, оларға 900 мың дана әдебиеттер беріледі. Кітапхана 500 атаудан артық журнал мен газет жаздырады.
Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК бір орында тұрмайды – ол арықарай дамиды, өзінің ұстанған жолын бекітеді және жалпы кітапханалық іске өз үлесін қосады. «Кітапханалар – бұл өткеннен болашаққа көпір» деген қалыптасқан сөз қазіргі «Толстовканың» өміріне сай келеді.
## Құрылымы
### Әкімшілік
* '
Қазина Гүлжамерия Ғалиасқарқызы
Тел./факс: 8 (7142) 500 - 354
E-mail: [email protected]
* Ғылыми хатшы
Доронина Светлана Александровна
Тел./факс: 8 (7142) 503 - 075
E-mail: [1]
* Директордың кітапхана істері жөніндегі орынбасары
Безаубекова Сәния Серікқызы
Тел.: 8 (7142) 503 – 075
E-mail: [email protected]
* Директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары
Ерғалиева Мауия Тоқмағамбетқызы
Тел.: 8 (7142) 500 – 381
* Бас бухгалтер
Рахметова Зульхича Шафаисқызы
Тел.: 8 (7142) 500 - 328
### Бөлімшелер
Кітап қорын толықтыру және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі
Кітап қорын толымдау және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі кітапхана қорының ғылыми-дәлелді қалыптастыруын іске асырады, кітапханада кітап қорын жүйелі және каталогтық өңдеуді жүргізеді және оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің қызметі:
* қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі әдебиеттерді ағымдық толымдауды ұйымдастыру,
* кітап баспалары мен кітап дүкендерінде, жеке кәсіпкерлер мен жергілікті авторлардың әдебиеттерін сатып алу,
* мерзімдік басылымдарға жазылуды дайындау, олардың түсімін қадағалауын іске асыру,
* келіп түскен әдебиеттерді қабылдау, есепке алу және тіркеу, мүкәммал кітаптарынан шығынға жазылған әдебиеттерді шығару,
* баспа туындыларын жүйелеу,
* электрондық каталогты ұйымдастыру (электрондық каталогқа құжаттарды енгізу),
* мерзімдік басылымдар мен кітаптардың қызметтік және оқырмандық каталогтарын жүргізу және редакциялау.
Жылына кітаптар мен басқа материалдардың келіп түсуі 10 мыңнан артық бірлікті құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде – 3 мыңнан артық бірлік және 300 жоғары мерзімдік басылымдар атауы. Кітапханаға кітаптар, электрондық басылымдар, журналдар, газеттер, карталар, ноталар, аудиовизуалды материалдар сатып алынады.
Басты, алфавиттік оқырмандық, жүйелі каталогтар жыл ішінде 21 500 карточкаға толықтырылады. Электрондық каталогтың берілім қорына 5 600 жоғары сипаттама енгізілген, соның ішінде мемлекеттік тілде - 1 500 артық.
Электрондық каталогтың "Кітап" бөлімі берілім қоры кітап басылымы 72 000 жоғары жазуларды құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде – 8 000 артық.
Бөлім жанында айырбас-қор секторы бар. Қорға жыл ішінде 35 000 артық бірлік келіп түседі, соның ішінде мемлекеттік тілде - 32 000 артық. 41 000 жоғары бірлік облыс ОКЖ беріледі, негізінде, ол Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік тапсырысы бойынша келіп түсетін және жергілікті авторлардан сатып алынатын әдебиеттер.
Кітап қорын толымдау және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі – Галиуллина Гульфира Умурзаковна.
Тел. 390-561
Ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімі
* жоспарлауды, есеп беруді, кітапхана бойынша есепті, оқырмандарды тіркеуді жүзеге асырады;
* студенттерге қызмет көрсету жөнінде білім беру мекемелерімен (Қостанай қ. ЖОО) келісім шарт жасайды;
* оқырмандарды кірерде және шығарда бақылап отыру арқылы кітап қорының сақталуын қамтамасыз етеді;
* бөлімдердің оқырмандарға қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіріп отырады;
* кітапхананы (төменгі қабаттағы және кіреберіс бөлмелердегі оқырмандарға арналған ақпараттарды жаңалап отыру), тақырыптық сөрелерді, кітап көрмелерін және барлық бөлімдердің жалпы іс-шараларын безендірумен айналысады;
* кітапхана бөлімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарын үйлестіріп отырады;
* оқырмандарды кітапхана қызметтерін пайдалану ережелерімен және оның мүмкіндіктерімен (кіреберіс бөлмеде үнемі қайталай отырып, бөлім қызметтерін жарнамалап тұратын компьютер орналастырылған) таныстырады;
* бірыңғай тіркеу карточкасы бойынша оқырмандар құрамына талдау жасайды.
Кітапхана 30 000 астам (бірыңғай тіркеу карточкасы бойынша – 17 000 астам оқырман) оқырманға қызмет көрсетеді. Жыл сайын келушілер саны 300 000 астам адамды құрап, басылымдарды қағаз және электронды түрде беру саны 800 000 астам данаға жетеді.
Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі – Некрасова Вера Алексеевна.
Тел. 500-381
Бақылау үстелі – тел. 500-667
Негізгі кітап сақтау бөлімі
Кітап қорларын сақтау бөлімі баспа өнімдерін сақтайтын негізгі орын болып табылады.
Ол кітапхананың жертөлесінде орналасқан және 2 қабатты алып жатыр. Бөлімде 7 адам жұмыс істейді.
Бөлімнің негізгі міндеті: кітапхананың негізгі қорын сақтау, ұйымдастыру және пайдалану.
Негізгі қызметтері: құжаттарды сақтау, оқырмандарға қызмет көрсету, басылымдарға уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізу және оларды қайта түптеу, құрылымдық бөлімшелердің қорларын жоспарлы тексеріп отыру, әдебиеттерді құрылымдық бөлімшелер арасында қайта бөлу, 1941-1945 жж. мерзімді басылымдарды сандық жүйеге көшіру.
Бөлімнің құрылымы: негізгі сақтау секторы, мерзімді басылымдар секторы, жаңа түсімдер секторы, сирек кітаптар секторы.
Негізгі сақтау секторы қорды пайдалану үшін қызмет көрсету бөлімдеріне ұсынады.
Мерзімді басылымдар секторы 1940 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі мерзімді басылымдарды сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады.
Жаңа түсімдер секторы ай сайын жаңадан түскен кітаптарға көрме-шолулар ұйымдастырып отырады. Оқырмандар күн сайын жергілікті мерзімді басылымдармен таныса алады.
Сирек кітаптар қорында 1000 астам дана құжат сақтаулы тұр. Олар 8 коллекцияға біріктірілген. Жылына 4 рет аталған қордың кітаптары кітапхана ішінде ұйымдастырылатын көрмеге шығарылады.
Бөлімде сақтаулы тұрған құжаттар саны (дана):
* Барлығы: 362.344
* Ктаптар - 302.609
* Газеттер - 5.235 жинақ, оның
ішінде:
* мемлекеттік тілде – 796
(аталуы бойынша - 91),
* орыс тілінде – 4.439
(аталуы бойынша - 313)
* Журналдар – 54.500, с.ш.:
* мемлекеттік тілде – 5.500
(аталуы бойынша - 86),
орыс тілінде – 49.000(аталуы бойынша - 822).
Бөлім арқылы бір жыл ішінде берілген құжаттар көлемі:
* Кітаптар – 10.000
* Мерзімді басылымдар – 13.000
Бөлімнің техникамен жабдық-талуы:
* кітапхананың жергілікті желісіне қосылған 1 компьютер;
* А3 қалыптағы 1 сканер;
* 1 селектор;
* 1 телефон.
Оқу залы бөлімі
Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ірі бөлімшесі болып табылатын Оқу залдары бөлімінің құрылымдық бөлігі екі залдан – оқырмандардың тапсырыс бере алатын және кітаптарды пайдалануға ала алатын жалпы оқу залы мен мерзімді басылымдар залынан тұрады.
Оқу залдары бөлімі жыл сайын осында келетін 9 мыңға жуық оқырманға 35 мың данадан астам әдебиеті бар әмбебап кітап қоры мен Қазақстан мен Ресейде шығарылатын 300 астам журнал мен 115 астам газет түрін ұсына алады.
Оқу залдары бөлімі қордың мүмкіндігін көрсету жолында әр түрлі ақпараттық жұмыстарды тұрақты өткізіп келеді және осы мақсатта келесідей жұмыс түрлерін ұйымдастырады:
* Кітап көрмелері.
* Көрме-шолулар.
* Кітаптар мен мерзімді басылымдардың тұсаукесерлері.
* Танымал тұлғалармен кездесу-кештер.
* Оқырмандармен бенефистер.
* Кітаптарға, журналдарға бейнешолулар.
* Жазғы оқылым.
Оқу залдары бөлімінің қорлары барлық пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға және келесідей қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді:
* Алдын ала берген тапсырыс бойынша оқу залында отырып жұмыс істеу үшін білімнің барлық саласы бойынша әдебиет беру.
* Түрлі тақырып бойынша электрондық басылымдар беру.
* Тақырыптық және жеке «папка-досьелер» беру.
* Залдағы ашық қордың кітаптарымен, кітап көрмелеріндегі, тақырыптық сөрелердегі кітаптармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
Бұлардан басқа біздің оқырмандарымыз келесідей қосымша қызметтерді пайдалана алады:
* Мәтінді теру және редакциялау.
* Мәтіндерді, суреттерді, фотосуреттерді көшіру.
* Интернет қызметін ұсыну (30 минут тегін).
* Электрондық пошта арқылы хабарлар жіберу және алу.
* Кітапхананың аванзалында әдебиеттердің көшірмесін түсіріп беру.
Оқу залы бөлімінің меңгерушісі – Борисенко Раиса Ивановна
Телефон: 502-527
Халықаралық кітаптар бөлімі
Ұсынады:
* Әлем халықтарының 60 тілінде 15 мың дана әмбебап қорын.
* Ұлт өкілдерінің мерекелері, салт-дәстүрлері туралы Ұлттық мәдениет орталықтарының әдебиеттерін, Қазақстан халықтары тілдерінің сөздіктерін.
* Ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі (энциклопедиялар, оқулықтар, аудио- және бейнекассеталар) қазіргі кездегі жиі қолданылатын оқу материалдарын.
* Тіл тұңғиығын түсіну. АҚШ Әлем Корпусы волонтерлерінің қатысуымен американдық пікірталас клубы, неміс тілінің курсы (Гёте ат.институт).
Қызмет көрсету аясы:
* Мәдени іс-шаралар: кештер,тұсаукесғерлер, тақырыптық кештер, саяхаттар, библиографиялық шолулар, кітап көрмелері.
* Аудармалық қызметтер, тіл үйрену бойынша кеңестер.
* Ақпараттық қызмет: библиографиялық анықтамаларды орындау.
* Облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету.
Әріптестік:
* Қазақстан халықтарының облыстық Ассамблеясы.
* Қостанай облысының ұлттық-мәдени орталықтары.
* Достық үйі
* Гёте ат. тіл үйрену орталығы.
* Жоғары және арнайы орта оқу орындары: шетел тілі факультеттері.
Халықаралық кітаптар бөлімінің меңгерушісі - Фёдорова Валентина Павловна.
Байланыс тел: 500-690
Кітапханаларды дамыту бөлімі
Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің тарихы Қостанай облыстық кітапханасының қызметкер Мария Зиновьевна Короткихты әдіскер лауазымына тағайындау туралы шыққан 1939 ж. 01.10. № 15 бұйрығынан бастау алады. Кітапхана сол кездің өзінде-ақ облыс кітапханашыларына қолдарынан келгенше әдістемелік көмек көрсете бастады.
1950 жылдан бастап облыстық кітапхана жанынан бір жылдық оқушылық курсы ұйымдастырылды.
Алайда кітапханада мұндай жұмыспен айналысатын жеке бөлім болмағандықтан кәсіби әдістемелік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және дамыту жұмыстары бәсең жүргізілді.
1959 жылы әдістемелік бөлімі құрылды. Қостанай облысының Облыстық мәдениет басқармасының 1959 ж. 16 ақпанындағы № 20 бұйрығымен А.Ж.Мусафиров Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың әдістемелік бөлімінің бірінші меңгерушісі болып тағайындалды. Бөлім жұмысы кітапханаларға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді, дінге қарсы, қорғаныс және қоғамдық-саяси әдебиеттерді таратуды ұйымдастыру жұмыстары бойынша іс жүзіндегі көмек көрсетуге бағытталды.
1962 жылы облыстық кітапхана бөлімдерінің жұмыстарын жақсарту мақсатында алғашқы Әдістемелік кеңес құрылды (1962 ж.01.01. № 3 бұйрық).
Жұмыс істеген уақыты ішінде бөлім ғылыми-әдістемелік бөлімнен кітапхана маркетингі (1998 ж.) болып қайта құрылды, ал 2005 ж. қазіргі атауына – Кітапханаларды дамыту бөліміне ие болды.
Түрлі кезеңде бөлімде меңгеруші болғандар: А.Ж. Мусафиров, В.А. Лапшин, Г.М. Павлинский, Р.Н. Приемская, Н.В. Пигарева, Л.А. Литвинова, Н.Б. Шорохова, Л.Ф. Гавергова, К. Омарова, Н.Д. Пархоменко, Е.Н.Багрянцева, қазір бөлімге С.А. Доронина жетекшілік етеді.
Қазіргі уақытта кітапханаларды дамыту бөлімі 405 мемлекеттік кітапханадан тұратын кітапханалар жүйесіне әдістемелік-ұйымдастырушылық жетекшілікті жүзеге асырады.
Бөлім мамандары кітапханалардың ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге, олардың даму стратегияларын қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөледі. Бөлім облыстың кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеруге ерекше көңіл бөледі.
Бөлімнің міндеттері:
* Мемлекеттің кітапхана ісі саласындағы саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсету;
* Кітапхана ісі саласы бойынша әдістемелік жән ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
* Облыс кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Жұмыстың ұстанымы:
Ынтымақтастық және жариялық
Біз өңірдің барлық кітапханаларымен келісуге, бірлесе жұмыс істеуге қашанда дайынбыз.
Өзгерістер мен даму
Біз өз жұмысымыздың әдістері мен стильдерін жетілдіріп, инновацияларды енгізіп отырамыз.
Жұмыс бағыты:
Кітапхана жүйесінің, сонымен қатар жекелеген кітапханалардың жағдайы мен дамуына талдау жасау;
Кеңес беру, әдістемелік және іс жүзіндегі көмектер көрсету;
Кітапхана жұмыстарындағы жаңалықтарды іздестіру, бағалау, дайындау және қолдану;
Ғылыми-зерттеу жұмыстары;
Кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру, олардың кәсіби тұрғыдан өсе түсулерін қамтамасыз ету;
Әдістемелік құралдарды дайындау, шығару және тарату.
Біздің қызметіміз
Біз
сіздің кітапханаңыздың әдістемелік менеджментін қалыптастыруға,
оқырмандарға қызмет көрсетуді және кітапхана жүйелерін дамытуды ұйымдастыруға,
кітапханалық жаңа технологияларды игеруге көмектесуге дайынбыз.
Біз сіздерді
Қазақстанның, алыс және жақын шетелдер кітапханаларының инновациялық жұмыстарымен,
кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы авторлық қызықты жобалармен,
ақпараттық қорларды бірлесе пайдалануды ұйымдастырумен (ҚЭЖ, жиынтық электрондық каталогтар жасау және т.б.),
кітапхана жұмысының құқықтық тәртібімен,
әдістемелік жаңа әдебиеттермен таныстырамыз.
Біз
оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудан кітапханалық жаңа технологияларды үйретуге дейінгі кітапхана жұмысының түрлі мәселелері бойынша кеңес беру және іс жүзіндегі көмектер көрсетеміз.
Сіз
кітапхана ісінің теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша өткізілетін вебинарлар мен семинарларға,
«Виртуалды кеңістіктегі ақпарат мәдениеті», «Кітапхана сайтын жасау» және т.б. тақырыптар бойынша өткізілетін семинар-практикумдарға,
кітапхана жұмысының түрлі бағыты бойынша шығармашылық зертханаларға,
«Кітапханадағы әлеуметтік зерттеулер», «Электронды құралдар шығару технологиясы» және т.б. тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарына қатыса аласыз.
Барлығыңызды бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз!
Егер Сіздің кітапханаңызды дамыту қажет болса және Сіз қосымша ақпарат алғыңыз келсе,
бізбен келесі телефон бойынша хабарласыңыз:
8 (7142) 390-490 (e-mail: [email protected] )
Жан-жақты ақпаратты бізбен жүзбе-жүз кездескенде алуға болады.
Абонементтер бөлімі
Абонемент бөлімі кітаптар мен журналдарды үйге тегін береді.
Бөлімге Қостанай қ. тіркеуде (тіркелімде) тұрған оқырмандар жазыла алады.
Бөлім кітаптардан, мерзімді басылымдардан, энциклопедиялар мен сөздіктерден тұратын көптеген салаға қатысты баспа өнімдерін ұсынады.
Бөлімнің негізгі мақсаты мен міндеттері:
* Кітапхана қызметін пайдаланушыларға жайлы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
* Қазақ және әлем көркем әдебиеті шығармаларын оқырмандардың пайдалана алуларын қамтамасыз ету;
* Тұлғаның өз бетінше білім алуына және өзін-өзі дамытуына қолдау көрсету.
Бөлімде көркем әдебиеттің (қазақ және шетел әдебиеттері, классикалық және қазіргі заманғы әдебиет) бай қоры жинақталған. Кітап қорының әлеуметтік (қоғамдық) және гуманитарлық (әлеуметтану, тарих, экономика, философия, педагогика) салаға қатысты көп бөлігі соңғы жылдары шыққан кітаптардан құрылған. Бөлім сіздің назарыңызға келесідей тақырыптық кітап көрмелері мен көпшілік сұранысқа ие әдебиеттерді ұсынады: шытырман оқиғалар, фантастика, тарих, «әйелдер романы», отбасылық кітаптар және т.б.
Сіз үйіңізге «Простор», «Наш современник», «Иностранная литература», «Крестьянка», «Знание - сила», «Здоровье» және т.б.журналдарды ала аласыз.
Бөлім материалдары ашық қорда орналастырылған. Ақпараттың баспа түріндегі нұсқаларын сөрелерден өз бетінше қарау арқылы да, электрондық каталогтың көмегімен де табуға болады.
Біздің кітапханашыларымыз сіздерге қажетті ақпаратты тауып беруге көмек көрсетуге қашанда дайын.
Бөлім қызметі:
* Бөлім қорының әдебиеттері үйге 30 күнге, мерзімді басылым 14 күнге дейінгі мерзімге беріледі;
* Кітапхананың негізгі кітап сақтау қорындағы құжаттармен таныстыра алады;
* Ашық сөрелердегі кітаптар туралы кеңестер береді;
* Тақырыптар бойынша әдебиеттерді ұсынады;
* Тақырыптық көрмелер мен әдебиетерді іріктеуді ұсынады;
* Кітапхана және бөлім қорында бар нақты құжат туралы анықтама береді;
* Қызмет көрсетудің кепілдік түрін жүзеге асырады;
* Әдебиеттерді тапсырыс бойынша сақтап қоюды жүзеге асырады.
* Онлайн режимінде кітапты ұзарту.
Бөлім меңгерушісі Юркова Лариса Валентиновна
Тел. 500-671
Е-mail: [email protected]
Өнер бойынша әдебиеттер бөлімі
Өнер бөлімі – сиқырлы саз бен әсемдік әлемі
Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер туралы әдебиеттер бөлімінде мәдениет пен өнердің сан алуан салалары бойынша әр түрлі ақпарат тасығыштарда: қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптардың, ноталардың, күйтабақтардың, аудио және бейнематериалдардың, сондай-ақ газеттер мен журналдардың аса бай қоры жинақталған.
Қорда әмбебап анықтамалықтар, мәдениет пен өнер туралы энциклопедиялық басылымдар, библиографиялық көрсеткіштер, облыстың, республиканың өнер және мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы тақырыптық папкалар жинақталған.
Өнер туралы залда болған кітапхана қызметін пайдаланушы кәсіби өнер мен халық шығармашылығы жөнінде мол мағлұмат ала алады. Бөлім әлемнің түрлі мұражайларының бейнелеу және қолданбалы өнер туралы коллекцияларын көрсететін әсем безендірілген альбомдарды ұсына алады. Егер сіз бос уақытыңызда шеберлігіңізді шыңдай түскенді ұнататын болсаңыз, біздің бөлімнен өзіңізге көмекші бола алатын кітаптарды таба аласыз. Мысалы, ағаш ою, тал тоқу, орман мүсіні, металл бұйымдары, макрама, моншақ тоқу, кесте тігу, құрақ жамау және т.б. туралы әдебиеттер үйіңізде отырып сүйікті ісіңізбен айналысуға жәрдем жасаса, «Дом и интерьер», «Архитектура, строительство, дизайн», «Интерьер & дизайн» секілді дизайн және сәулет өнері туралы журналдар мен кітаптарды оқып шыққанан кейін үйіңізді жаңаша жабдықтай алатын боласыз. Бөлім музыканы ұнататындарға домбыраға, қобызға, фортепианоға, аккордеонға, балалайкаға, баянға, скрипкаға, тіпті арфаға арналған ноталарды, ал үйінде отырып ән салғысы келетіндерге танымал әндер мен романстардың ноталарын ұсына алады. Бөлімде ең ірі фонотекалардың бірін сақталған және ол музыкалық шығармалармен (классикалық, эстрадалық, халықтық) қатар танымал театр қайраткерлерінің, жазушылардың, ақындардың дауыстары жазылған винилді күйтабақтарды тыңдауға ұсына алады.
Бөлім жергілікті мәдениет және өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер өткізіп, кәсіби және әуесқой суретшілердің көрмелерін ұйымдастырып отырады. Осындай шығармашылық ынтымақтастықтың нәтижесінде бөлім қорында бейнелеу өнері шығармаларының түпнұсқаларынан, қолдан жазылған ноталардан, автордың аудиожазбаларынан, афишалардан, көрме каталогтарынан, қолтаңбалары мен сыйға тарту туралы жазулары бар басылымдардан тұратын ерекше коллекция пайда болды.
Бөлім қызметкерлері келесідей қызмет түрлерін көрсетуге қашанда дайын екендігін ескертеміз:
* қажетті әдебиетті, партитура мен музыкалық шығармалардың жазбаларын, безендіру материалдарын, көрмеге арналған материалдарды таңдау;
* аудиокассеталарды, CD, күйтабақтарды тыңдау;
* аудиокассетаға, шағын дикіге немесе ықшам дискіге жазба түсіру;
* бейнекассета немесе DVD қарау;
* бейнежазбаларды сандық нұсқаға түсіру;
* кинолекторий ұйымдастыру;
* шығармашылық жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру.
Бөлім меңгерушісі – Төлекова Ләззат Жақсылыққызы
Телефоны:500-741
Қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімі
Бөлімнің тарихы 1991 жылдан басталады. Бөлімнің құрылу мақсаты – ол қазақ тілінің жан-жақты дамуын, ҚР тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін оқып білу.
Кітап қоры өте бай және әмбебапты, 120 атаудан артық мерзімдік басылымды, 58 000 артық дананы құрайды.
Егерде қазақ тілінде қарым-қатынас жасағыңыз келсе – бізге келіңіздер! Қазақ тілін үйреніндер, толықтырындар және жетілдіріндер. Біз сіздерге аудио және видео таспаларын, өздігінен үйреткіштерді, сөздіктерді, тілдескіштерді, оқулықтарды ұсынамыз. Сізге мәтінді аудару немесе кеңес алу керек пе? Келіңіздер, біз сіздерге көмектесеміз!
Сіз өзіңіздің ой өрісіңізді кеңейткіңіз келіп және жаңа достар тапқыңыз келе ме? Біздің қаланың қалаулы адамдарымен жүргізілетін кездесулерге, шығармашылық кештерге, тұсау кесерлерге, дөңгелек үстелдерге, оқырмандар конференцияларына келіңіздер. Сіздер үшін «Шапағат» клубы жұмыс істейді.
Қорларға жол көрсеткіші ретінде алфавиттік және жүйелік каталогтары, «Қазақстан» каталогы, электрондық және карточка түрінде «Қостанай облысы» атты өлкетану картотекасы болып табылады.
Сіздің қызметіңізде қорға ашық кіруге болатын үлкен оқырман залы бар. Онда әртүрлі мерзімдік басылымдар, тақырыптық папкалар, портреттер ұсынылған.
Бұдан да көп білгіңіз келе ме? Біздің сайтқа кіріңіздер және бізге келіңіздер! Сіздерді көруге әрқашанда қуаныштымыз!
Бөлімнің меңгерушісі – Катаева Гүлнар Сұлтанқызы.
Тел. 500-687
Ақпараттық-библиографиялық бөлім (АББ)
Бөлімнің тарихы дегеніміз – бұл кітапхананың анықтамалық-библиографиялық жұмысының жүргізілу тарихы. Бөлімнің тарихы кітапхана құрылымының жеке бірлігі ретінде құрылғаны 1977 ж. басталады. Бөлімде 5 қызметкер жұмыс істеген болса, қорда 7288 құжат болды.
Алайда кітапхананың библиографиялық жұмысы бұдан ерте басталған деген де дерек бар. Облыстық кітапхананың 1942 ж. жұмысының жылдық есебі берілген мұрағат құжаттарында кітапхана А.П. Вертинскаяның қолымен жазылған «Кітапхананың библиографиялық жұмысы 1941 ж. тамызында басталды. Сипаттама берілетін газеттер мен журналдардың тізімі жасалынды. Журналдар 1938 ж., газеттер 1941 ж. 22.04. бастап» деген мәлімет сақталған.
АББ қазіргі кезде көрсететін қызмет түрлері:
* барлық пайдаланушыларға ақпараттық, библиографиялық және анықтамалық қызмет көрсету;
* кітапхананың анықтамалық аппаратын жүргізу;
* толық мәтінді ДБ қалыптастыру;
* басылым жұмыстары;
* облыс кітапханаларына ғылыми-әдістемелік кеңестер беру;
* толық мәтінді «Параграф» және «Заң» ДБ бойынша құқықтық ақпараттар беру;
* анықтамаларды орындау (тақырыптық, анықтайтын, фактографиялық, статистикалық және т.б.);
* виртуалды анықтамалық қызмет көрсету;
* ККҚО, республикалық жинақты ЭК құрастыруға қатысу;
* қордағы 8436 түрлі құжатты ұсыну.
Бөлім ұжымы анықтамалық-библиографиялық аппаратты жасайды:
Электрондық каталог (ЭК) 2001 ж. қаңтарынан бастап жүргізіліп келеді. Онда кітапхананың қазақ және орыс тілдерінде жаздырып алатын қазақстандық және ресейлік газеттері мен журналдарынан алынған материалдар көрсетілген.
Барлық пайдаланушылар үйлерінде отырып-ақ кітапхана қорында бар кітаптар мен мерзімді басылымдар туралы қажетті ақпаратты алуы үшін ЭК кітапханамыздың сайтына шығарылған.
ЭК бірге карточкалық каталогтар мен картотекалар жүргізіліп келеді:
* «Қазақстан» елтану каталогы. Кітаптар, кітапшалар, мақалалар енгізілген бұл каталогта Қазақстанға қатысты мейлінше толық ақпарат жинақталған. 1956 ж. жүргізілген каталогтың хронологиялық жазбалары 1941 ж. басталады (2009 ж. шілдесінен бастап библиографиялық жазбалар тек электрондық нұсқада жүргізіледі).
* «Қостанай облысы» картотекасы кітапханадағы облысқа арналған материалдардан тұрады. Олар негізінен қазақ және орыс тілдерінде мерзімді басылымда жарияланған мақалалар. Картотека 1956 ж. жүргізіліп келеді, хронологиялық жазбалар 1941 ж. басталады (2009 ж. шілдесінен бастап библиографиялық жазбалар тек электрондық нұсқада жүргізіледі).
* Мақалалардың жүйелік картотекасында кітапханаға түсетін ресейлік газеттер мен журналдардың материалдары көрсетіледі. Картотека 1955 ж. жүргізіледі, хронологиялық жазбалары 7 жылды қамтиды (2004 ж. мамырынан бастап библиографиялық жазбалар тек электрондық нұсқада жүргізіледі).
Бөлімнің ерекшелігі қорының әр жақтылығы болып табылады.
Бөлімнің қоры анықтамалық әдебиеттерден тұрады. Олар негізінен сөздіктер, анықтамалықтар, әр жақты және салалық энциклопедиялар, библиографиялық басылымдар, кітап және газет мақалаларының жылнамалары.
Құрметті пайдаланушылар!
АББ қорында не бар екендігін білгіңіз келе ме?
Бұл жерде елтану және әлемдік сипаттағы, Қазақстанның саясаты мен экономикасы, тарихы мен әдебиеті, өсімдік және жануарлар әлемі туралы әр жақты бірегей әдебиет жинақталған.
Сіз тек біздің бөлімнен ғана еліміз туралы жан-жақты ақпарат ала аласыз.
Бұл жерде:
«Новая энциклопедия», «Менің Қазақстаным», «Мәдени мұра»
серияларымен шыққан кітаптар жинақталған.
Рекордтар кітабы, энциклопедиялар, түсіндірме, тілдік және тақырыптық сөздіктер – бұлардың барлығын тек АББ таба аласыздар.
Сіздің кез келген сұрағыңызға біздің кітаптардан жауап табуға болады.
Өлкетану – бөлім жұмысында басымдық берілетін бағыттардың бірі.
Бөлім қорында Қостанай облысы бойынша негізгі әдебиеттер жиналған.
Қостанай облысы, оның тарихы мен бүгінгі өмірі, оның халқы мен облыста болып жатқан оқиғалар бөлімнің басылым жұмысында көрініс тауып отырады.
1973 ж. «Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі», 1981 ж. «Қостанай қ. кітапханаларының алатын газеттері мен журналдарының жинақты каталогы» жыл сайын шығып келеді.
Қостанайлық танымал тұлғаларына арнайы көрсеткіштер тұрақты шығарылып келеді:
* Қазақстанның халық жазушылары М. Хакімжанова мен Ғ. Қайырбековтың,
* ҚазКСР халық әртісі С. Қожамқұлов пен Қ. Бадыровтың,
* ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Қ. Дәулетованың,
* ҚазКСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, академик М. Қ. Қозыбаевтің,
* белгілі ақындар Н. Ораздың, Ж. Баязидтің және А. Шаяхметтің,
* Қостанай қ. құрметті азаматтарының,
* Қазақстанның Еңбек Ері С. Б. Бұқановтың және т. б.
Тақырыптық көрсеткіштер:
* Қостанай облысының тарихы (75 жылдыққа орай),
* Баспасөз бетіндегі Қостанай облысы,
* Ұлы Отан соғысы Жеңісінің мерейтойына арналған,
* облыстың тарихи және мәдени ескерткіштері және т. б.
Аталған барлық библиографиялық құралдар кітапхана сайтына орналастырылған.
"Параграф" және "Заң" деректердің бірегей электронды базасынан құқықтық ақпарат ала аласыз.
Бұл жерден нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерінен басқа
* заңдарға берген заңгерлер түсініктемелерімен, Жоғарғы Сот пен Республиканың басқа да соттарының шешімдерімен,
* сот істеріне шолулармен, халықаралық құқықтың құжаттарымен,
* Қазақстан Парламенті мен жергілікті билік органдарында қарастырылып жатқан заңдардың жобаларымен,
* құқықтық және іске қатысты құжаттар мен басқа да құжаттардың үлгілерімен танысуға болады.
Виртуалды анықтамалық қызмет
Кітапханада оқырмандарға анықтамалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Виртуалды анықтамалық қызметі» жұмыс істейді. Қашықтағы пайдаланушылармен жұмыс істеу үшін жасалған бұл қызмет кітапханашы мен пайдаланушының қажет кезінде байланысқа шығуына мүмкіндік береді. Пайдаланушы ақпарат іздеуде жедел кәсіби көмек алады, қажетті мәліметтердің бір бөлігін күні бұрын ала отырып кітапханадағы жұмыс уақытын үнемдейді. Қостанай ОӘҒК виртуалды анықтамалық қызметі біздің бөлімде құрылған және осы жерде жұмыс істейді. Бір тапсырыс 3 күнге дейінгі мерзімде орындалады.
Сіздерге қызметтің түр-түрін қуана-қуана ұсынамыз!
Қызметкерлер саны – 10.
Кітапханалық жоғары білімділер – 5.
Педагогикалық (филологиялық) жоғары білімділер – 4.
Кітапханадағы орташа еңбек өтілі – 22 жыл.
Бөлім қызметкерлерінің жұмысы алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және медальдармен атап өтілді.
Тел. 500-704
E-mail: [email protected]@mail.ru
Кітапханалық процесстерді автоматтандыру және механизациялау бөлімі
Кітапхана үрдістерін автоматтандыру және механикаландыру бөлімі кітапханадағы ақпараттық – библиографиялық үрдістерді автоматтандыру саласы бойынша кеңес беруді, іс жүзінде көмек көрсетуді, басқа да ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыратын бөлім.
Бөлімнің қызмет аясы:
* кітапхана бөлімдеріндегі компьютерлердің бағдарламаларын орнату және жұмыс істеулерін қамтамасыз ету;
* орталықтандырылған жергілікті есептеу жүйесін жасау және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
* кітапхананың басқа бөлімдерімен бірге электронды ақпараттық қорларды жасақтау және оларға кез келген пайдаланушының қол жеткізуіне мүмкндік тудыру;
* облыс кітапханаларына кітапхана үрдістерін автоматтандыру мәселелері бойынша әдіскерлік және іс жүзінде көмек көрсету.
Бөлім үш бөліктен тұрады: оқырмандарға қызмет көрсету, құжаттарды электронды түрде жеткізу және техникалық қызмет көрсету бөлімдері.Оқырмандар үшін ақпараттық-қызмет бөлмесі жұмыс істейді және келесі қызметтерді ұсынады:
* Интернет,
* электронды көшіру,
* техникалық жабдықты жалға беру,
* электронды ақпарат тасығыштарға (CD, DVD, флэш-жинағыш) жазу,
* басып шығару.
Құжаттарды электронды түрде жеткізу бөлімі оқырмандарға Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ірі кітапханаларынан ақпарат көздерін электронды түрде (мерзімдік басылымдар мақалалары, кітаптардың тараулары, диссертациялардың аворефераттары және т.б.) ұсына алады.
Бөлім қоры есептеу техникалары, Интернет, ақпараттық технология, ақпараттану бойынша кітаптармен, журналдармен және электронды ақпарат тасығыштармен жабдықталған. Түрлі сала бойынша CD және DVD-дискілерге жазылған электронды оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі - Гришина Светлана Салаватовна.
Тел.: 500-363
Көрме-бұқаралық жұмыс бөлімі
Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы құрылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.
Жұмыстарының негізгі бағыттары:
* кітапханада қоғамдық ұйымдармен, қаланың кәсіпорындарымен және мекемелерімен бірлесе отырып бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру;
* облыстың белгілі ақындарының және жазушыларының кітаптарының тұсаукесерлерін өткізу;
* тақырыптық көрмелерді дайындау және ұйымдастыру;
* БАҚ кітапхана жұмыстары туралы ақпараттар беру;
* ЖОО студенттерін кітапхана жұмысымен таныстыруды ұйымдастыру;
* кеңесулер, конференциялар, семинарлар жұмысына қатысу;
* өндірістік жұмыстар бойынша есеп берулерге және жоспарлар жасауға қатысу.
Бөлім ішінде облыстың ақындарымен және жазушыларымен бірлесе жұмыс істейтін әдеби-кеңес орталығы (ӘКО) жұмыс істейді. Орталық жұмысында әдебиетшілердің байқауы ерекше орын алады.
Жас авторлардың «Өркенде де, жайнай бер, туған елім Қазақстан» шығармашылық байқауы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ол шығармашылықпен айналысатын жастардың Халықаралық «Шабыт» байқауына іріктеу кезеңі болып табылады.
Бөлім меңгерушісі – Дауренбекова Дарига Аскаровна
Тел. 500-322
E-mail: [email protected]
## Құжаттар қоры
Кітапхананың әмбебап құжаттар қоры 539 322 дананы құрап, оның 57 893 данасы мемлекеттік тілде сақталуда және бұл облыс аймағындағы ең ірі қор болып табылады.
Кітапхана қоры келесі бөлімдерден тұрады:
* кітаптар - 437 207,
* кітапшалар - 5 916,
* мерзімдік басылымдар - 75 856,
* нота басылымдары – 8 229,
* бейнелеу өнері басылымдары,
* аудио және бейне материалдар (күйтабақтар, магниттік таспалар, диафильмдер) - 10 676,
* электронды ақпарат тасығыштар - 1 232,
* картографиялық басылымдар - 196,
* сирек басылымдар - 1 305.
Қор қазақ, орыс, шетел және ТМД халықтарының тілдерінде жинақталған. Жыл сайын 10 000 данадан артық басылым өнімдері, соның ішінде газеттің 120 астам түрі, журналдың 450 астам түрі мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде алынып тұрады.
Сирек басылымдар
Кітапхана өзі жұмыс істеген жылдары қордың шын мәнінде інжуі болып табылатын, құндылығы жағынан теңдесі жоқ сирек басылымдарды жинақтауға қол жеткізді. Кітаптардың сирек қоры кітапты сақтау бөлімінің құрамына кіреді. Бұл басылымдарға жеке бөлме бөлініп, олар басқалардан бөлек ұсталады және мұқият күзетіледі. Қазіргі кезде қорда әрқайсы өзінше құнды 600 астам кітап бар. Сирек қорда немесе кейбіреулер атап жүргендей «құнды қорда» бірнеше басылым жинақтары сақтаулы.
## Каталогтар және қорлар
Кітапхананың каталогтар мен картотекалар жүйесі - кітапхана қорының түрлі аспектілерінен хабар беретін, жоспарлы түрде ұйымдастырылған, бірін-бірі толықтырып тұратын кітапхана каталогтары мен библиографиялық картотекалардың жиынтығы. Каталогтар мен картотекалар жүйесі-біртұтас ұйым.
Каталогтар мен картотекалар жүйесіне қосылғандар: электронды, оқырмандар және қызмет көрсету каталогтары, оқырмандар картотекалары. Электронды каталогтар қазақ, орыс және басқа тілдерде орындалады.
Оқырмандар каталогтары:
* Қазақ, орыс және басқа тілдердегі электронды каталогтар;
* Қазақ, орыс және басқа тілдер бойынша үш бөліктен тұратын оқырмандардың жүйелі каталогы;
* Оқырмандардың қазақ, орыс және басқа тілдердегі алфавиттік каталогы;
* Сирек кітаптардың алфавиттік каталогы;
* «Қазақстан» елтану каталогы;
* Ноталардың алфавиттік каталогы;
* Дыбыс жазудың алфавиттік каталогы;
* Дыбыс жазудың «Қазақстандық» алфавиттік каталогы;
* Дыбыс жазудың «Қазақстандық» жүйелі каталогы;
* Аудио және бейне материалдардың (CD-ROM-дар, бейнекассеталар) алфавиттік каталогы;
Қызмет көрсету каталогы:
* Қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша екі бөлімнен тұратын негізгі алфавиттік каталог.
Оқырмандар картотекалары:
* Қазақ, орыс және басқа тілдердегі мақалалардың жүйелі каталогы.
* Қазақ және орыс тілдеріндегі «Қостанай облысы» өлкетану картотекасы.
* 2001 ж. дейінгі көркем әдебиет шығармалары атауларының алфавиттік картотекасы.
* Ноталық басылымдардың алфавиттік картотекасы.
* Қазақстандық ноталық басылымдардың алфавиттік картотекасы.
* Дыбыстық жазбалардың тақырыптық картотекасы.
* Шетел тіліндегі сұхбаттар тақырыптарының картотекасы.
* Тілін үйреніп жүрген елдің картотекасы.
* Шетел тілдерін үйреніп жүрген оқырмандар үшін әндер мен өлеңдер картотекасы.
* Өлеңдердің, дәйексөздердің, безендірулердің, мамандықтардың, пікірсараптардың тақырыптық картотекалары.
Электронды каталог 2001 жылдан бастап қазақ, орыс және басқа тілдерде жүргізіліп келе жатыр. Ол каталогтар бөлмесінде орналасқан. Каталогтың көлемі 2013 жылдың 01 қаңтар қарсаңында 458 924 библиографиялық жазбаны құрады. Каталогта әртүрлі құжаттар: кітаптар, мақалалар, CD және басқалар көрсетілген.
## Кітапхананың негізгі жетістіктері
* «Қырым-2001 г.», «Қырым-2002», «Қырым -2006» «Қырым-2008» «Қырым-2011», «Қырым-2012», «Қырым-2013» (Қырым Республикасы) халықаралық конференцияларына қатысу.
* ИФЛА-2009, Италия, ИФЛА-2010, Швеция, Голландия, ИФЛА-2012, Финляндия қатысу.
* «Электронды кітапхана және халықаралық әріптестік» халықаралық семинары өткізілді. Ресейлік-қазақстандық «Шекарадағы кездесулер» жобасы жұмыс істейді (2008).
* Педагогика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу мәдениет жән өнер институтының электронды кітапханалар, ақпараттық технологиялар мен жүйелер кафедрасының профессоры В.К.Степановтың қатысуымен интернет-семинар өткізілді (2010).
* Астанада Қостанай облысының мәдениет күндері өткізілді (2011).
* Америка бұрышы ашылды (мамыр, 2009).
* РАБИС желісінің электронды каталогы жасалды (қаңтар, 2001).
* Сайт жасалды (тамыз, 2001).
Үкіметтік марапатқа ие болғандар:
* Қазина Г.Ғ. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), М. Шолохов ат. «За гуманизм» (2004), «Мәдениет қайраткері» медальдары (2012), «Кітапхана ісінің шебері» омырау белгісі (2011);
* Потрясилова А.Б. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2002);
* Ким В.А. «Мәдениет қайраткері» омырау белгісі (2002);
* Бексұлтанова В.К. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005).
## "Кітапхана өмірі" фотокөрмесі
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
Үлгі:Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы |
Қарқаралы округі — 1928-1930 және 1934-1936 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
## Округ 1928—1930 жылдары
Қарқаралы округі 1928 жылы 17 қаңтарда Семей губерниясының бір бөлігінен құрылды. Аудан орталығы Қарқаралы қаласы болды. Округ 7 ауданға бөлінді:
* Абыралы ауданы. Орталығы — Үйтас шыңы.
* Ақсары ауданы. Орталығы — Бесоба мекені.
* Балқаш ауданы. Орталығы — Қарабұлақ мекені.
* Берікқара ауданы. Орталығы — Милыбұлақ мекені.
* Қу ауданы. Орталығы — Хлебородное ауылы.
* Шет ауданы. Орталығы — Қайрақты мекені.
* Шұбартау ауданы. Орталығы — Қотанемел мекені.
1929 жылдың жазында Балқаш ауданы Тоқырау ауданы болып өзгертілді. 14 желтоқсанда Ақсары ауданы таратылды.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
## Округ 1934—1936 жылдары
1934 жылы 4 шілдеде Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының бөлігінен орталығы Қарқаралы қаласы болатын Қарқаралы округі құрылды. Ол 7 ауданға бөлінді:
* Абыралы ауданы. Орталығы — Қайнар ауылы.
* Баянауыл ауданы. Орталығы — Баянауыл ауылы.
* Жаңаарқа ауданы. Орталығы — Атасу ауылы.
* Қарқаралы ауданы. Орталығы — Қарқаралы қаласы.
* Қоңырат ауданы. Орталығы — Ақтоғай ауылы.
* Қу ауданы. Орталығы — Егіндібұлақ ауылы.
* Шет ауданы. Орталығы — Ақсу-Аюлы ауылы.
1935 жылы 9 қаңтарда Абыралы ауданы Шығыс Қазақстан облысына қайтарылды.
1936 жылы 29 шілдеде Қарқаралы округі жойылып, аудандары Қарағанды облысына берілді.
## Басшылары
Аудандық партия комитетінің басшылары
* Сұлтанғалиев 1928-1929
* Нұрсейітов Нұрғали 1933-1936
## Әдебиет
* Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
## Дереккөздер |
Еңлік-Кебек ескерткіші. Махаббат мұнарасы — билер сотының кесімі бойынша 1780 жылы шілдесінде құрбан болған қос ғашық — Еңлікпен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш мұнара. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей — Қарауыл тас жолынан 5 км жерде.
Ескерткіштің қазіргі тұрған жері бұрын “Шұбартөбе” аталған. Ол ғасырлар бойы жаугершілік уақытта қарауыл қарайтын, ас пен тойларда бәйгеге қарақшы тігіп, көмбе болатын жиын орны болған. Оның басындағы Еңлік-Кебек ескерткішінің өз тарихы бар. 18 ғасырдың 80-жылдарында сүйіп қосылған екі ғашықты мейірімсіздікпен ат құйрығына сүйретіп өлтіруші топ олардың денесін өздерінің ақтық тілектері бойынша бірге көмеді. Келесі жылы Шұбартөбені қоныс еткен рулар Еңлік пен Кебектің қабірін таспен сандықшалап, қайтыс болған ағайындарын “ер-азамат жалғыз жатпасын” деп сол араға жерлейтін болған. Сөйтіп, бара-бара Шұбартөбе үлкен қорымға айналады. 1875 — 80 жылы Абай ауылына қонақ болып, тобықты елін аралаған Біржан сал Ералы бойын жайлайтын мамай руындағы Салсары (Смағұл Мақышұлы) мен Құсайын Бейсенұлы деген атақты тоғызқұмалақшы, домбырашы, әнші салдарға сәлем бере келген жолы Еңлік — Кебек бейітін көреді. Келесі жылы Біржанның тапсыруымен Рыскелді деген тас қалаушы шебер Еңлік — Кебектің қабірін сандықшалап, басына құйма кірпіштен шағын мұнара тұрғызған. Қабір сандықшасының тұрқы тұтас, құбыла жақ басы екі айыр болған. Бұл қабірдегі адамның екеу екендігін білдірген ишара болса керек. Кейін мұнара құлап, оның ізі ғана қалған. . «Абай жолы» романында «Ералы жазығындағы кішкене төбе» деп суреттелетін мұнда күллі ғашықтар символы болған Еңлік-Кебек мазары бар. «Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім» деген Абай сөзі құлпытасқа қашалыпты.
1960 ж. Абай ауданының тұрғындары Еңлік пен Кебек бейітінің басына қазіргі жаңа ескерткішті тұрғызды.
## Дереккөздер |
Өскемен — Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және Өскемен қалалық әкімдігі орталығы. Қаланың негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған.
Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 333 112 адам (2019ж.). Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 %-ын құрайды), оның 2476 –сы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Өскемен қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
## Қысқаша сипаттама
Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 % құрайды), оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.
17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған.Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген.Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6,3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3,4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.
Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
## Қаланың құрылу тарихы
XVII ғасырда орыс үкіметі Ертіс өзенінің бойымен жоғары өрлеу үшін бірнеше қадамдар жасады. Бұл ұмтылыстың бірнеше себептері бар:
* а) Ресейдің шығыс шекараларын қамтамасыз ету;
* б) шығыс елдерімен сауда байланысын кеңейту;
* в) Алтайдың байлығына ие болу.
Бекіністі Үлбінің Ертіс өзеніне құяр жерінен салу жоспарланды. Отрядтың командирі гвардия майоры Иван Михайлович Лихарев император Петр I «рапорт» жазды. 1720 жылғы 12-17 тамыз күндері қамалдың құрылысы басталды. И.М. Лихарев подполковник Ступиннің басқаруымен 363 адамнан тұратын гарнизон қалдырды. Құрылысқа инженер Летранже жетекшілік етті.
Уақыт өте келе бекіністің жанынан адамдар қоныс тебе бастады. Ауыл болып, одан станица атанды. Станица 1804 жылдан қалашық деп атала бастады. Ал 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңіл өнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары ауыр өнеркәсіп дамыды.
### Оқиғалар жылнамасы
Өскемен бекінісінің салынуы жөніндегі жазбаша мәліметтерді боярин Федор Байков қалдырған еді.
1714 ж.- І Петрге сібір губернаторы М.Гагарин Иркеть өзенінің жағасында “алтын құмдар” бар екендігін айтады.
1715 ж. Шілде – Тобылдан шыққан И.Бухгольц отряды Ертісті бойлай жүзеді. Жуық арада Ямышев бекінісі салынады.
1719 жылы І Петр Яркенд алтынын іздеуге және сібір губернаторы Матвей Гагариннің озбырлық қылықтарын әшкерелеу үшін жаңа отряд жібереді.
1720 жылдың мамыр айында И.М. Лихаревтің экспедициясы Ертіс бойымен Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Үлбінің Ертіске құяр сағасынан жаңа - Өскемен бекінісінің негізі қаланады. Ресей империясының картасынан Өскемен қамалы орын алады.
1882-1885 ж.ж. – Покров шіркеуі салынды.
1902 ж. Мариин әйелдер училищесі тұрғызылды. Педагогикалық курс тыңдуашылары Халыққа білім беру қоғамының қаржысына оқыды.
1912 ж. “Эхо” синематографы ашылды, ол кейіннен “Октябрь” кинотеатры аталды.
1917 жылдың қазан-қараша айларында Өскеменде большевиктік ұйымдар құрылды. Большевиктер өз совдептерін құрды. Оған жиырма төрт жастағы майдангер Яков Васильевич Ушанов жетекшілік жасады.
1918 жылдың 14 наурызы күні билік большевиктік совдеп қолына көшті.
1918 ж.- “ Усть-Каменогорская жизнь” газеті шықты.
1919 жылдыңжазында Өскемен абақтысында колчактардың қамауындағы қызылдардың көтерілісі болды.Н.Тимофеев пен С.Гончаренко ғана тірі қалды.
1919 жылдың күз айында жергілікті партизан отрядтары бірікті. Бірінші Алтай Қызыл қырандарының полкы құрылды. Полк командирі болып коммунист Никита Иванович Тимофеев тағайындалды.
1920 жылдың бас кезеңінде Кенді Алтайда Кеңес үкіметі орнады.
1920 жылдың 4 сәуір күні Халық Үйінде Өскемен қаласының жастары жиналды. Бұл Өскемендік комсомолдардың бірінші жиыны еді.
1924 ж.- Бірінші телефон желісі Қалалық комиссариат пен қалалық Кеңес арасына тартылды.
1925 ж.- Б-4 типті бірінші радиоқабылдағыш құрылды.
1930 ж., қазан – Семей қаласынан әкелінген құрал-жабдықтар негізінде Қалалық телефон станциясы ұйымдастырылды. Бұл құрал-жабдықтар нөмір қоятын құралдан және 20 телефон аппаратынан тұрды.
1931 жылы Рубцовка-Риддер темір-жолының құрылысы басталды. 1938 жылы бұл жол Кенді Алтайды Транссібір және Орта Азия магистралдарымен байланыстырды.
1934 ж. – астық жинау науқанына орай республикамызға Сергей Киров келді. Ол үш күн Шығыс Қазақстанда болды. Осыған орай Большая көшесіне Киров есімі берілді. 1934 жылы Киров сөз сөйлеген көне ғимарат (бұрынғы облыстық Атқару комитеті) қазір тарихи ескерткіш болып саналады.
1935 ж.- облысты аудандармен байланыстрып тұрған әуе жолы ашылды.
1936 ж.- Атеистік саяси көзқарастың әсерімен Покров храмы құлатылды.
Пожарный деп аталатын қалтарма көшеге Максим Горький есімі берілді.
1939 ж.- Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды.
Өскемен су-электр станциясының құрылысы басталды.
1941 жылдың 8 мамыры күні жол құрлысының екінші кезеңі басталды. Жол құрлысына соғыстың кедергісі көп болды, бірақ, құрлыс жалғаса берді және соғыстың бірінші жылы аяқталды.
1942 ж.- Мыс өндіретін электролит зауытының құрылысы басталды.
1947 ж., қыркүйек – Мыс зауыты алғашқы металл өнімін берді.
1949 ж.- Қазан айында Үлбі металлургия зауыты өз өнімдерін шығара бастады.
1950 ж.- Металл кадмииін өндіру игерілді.
1950 жыл – түсті металдар ғылыми- зерттеу институтының Алтай филиалы құрылды - “Гинцветмет”- “ Алтайцветмет”. 1955 жылы Түсті металдардың Бүкілодақтық тау-кен институты деп қайта өзгертілді.( ВНИИцветмет)
1951 жыл- Өскемен қалалық пионерлер үйі облыстық деп өзгертілді.
1951 ж. Өскемен мыс зауыты қорғасын-мырыш зауыты деп қайта аталды.
1952 ж, маусым- Қорғасын зауыты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарынан орын алды.
1952 ж. 20 желтоқсан – ГЭС тұңғыш өндірістік ток қуатын берді.
1953 ж. 3 маусым- Өскемен су-электр станциясының тұңғыш шлюзы пайдалануға берілді.
Маусым айында конденсатор зауытының құрлысы басталды.
1954 ж. қаңтар айында Защита-Зырян темір жолы пайдалануға ұсынылды.
1955 ж. маусым. Жаңа мыс зауыты іске қосылды. Өндіріске бүкіләлемдік стандартқа сәйкес метал өндіруге лайықты жаңа технология енгізілді.
1956 ж., 19 маусым - Өскемен жиһаз фабрикасы бірінші өнімін берді.
1957 ж, 30 сәуір - Өскеменде Металлургтердің мәдениет сарайы ашылды.
1958 ж., 15 наурыз - Өскемен телеорталығы тұңғыш теле хабар ұйымдастырды, осыдан кейін телехабарлар үздіксіз жалғасын тапты.
1958 ж., қазан- Өскемен құрлыс- жол институты ашылды.
1958 ж. 6 қараша - алаңда В.И.Ленинге ескерткіш тұрғызылды.
1958 жылы Шығыс машина жасау зауытында болат қорытылды.
1959 ж., сәуір - Өскемен конденсатор зауыты алғашқы өнімін берді. ( 62 конденсатор шығарылды.)
1959 жылдың аяғында өскемендік құрылысшылар қала халқына Байланыс Үйін сыйға тартты.
1961 ж., 16 қазан Өскемен аспаптар зауыты тұңғыш өнімін шығарды.
1962 ж., 11 тамыз - Өскемен Орталық мәдениет Үйі ашылды.
1962 ж., 10 қазан- Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін берді.
1963 ж., 3 наурыз - Өскемен титан-магний комбинатының тәжірибе цехы титан губкасын өндірді.
1965 ж., 27 наурыз - Өскемен титан –магний комбинаты толық пайдалануға ұсынылды.
1965 ж., 12 қазан - Өскемен аэропортына Өскемен-Алматы авиарейсін орындаған АН-24 лайнері қондырылды.
1965 ж., 6 қараша – “Юбилейный” кинотеатры ашылды.
1968 ж., қаңтар. - Өскемен қаласында керамзит зауытының құрлысы басталды.
1969 ж., 22 наурыз- Өскеменде Спорт сарайы ашылды. (5100 орын)
1970 ж., қаңтар – Шығысқазақстандықтардың Мәскеу, Алматы телехабарларын көруіне арналған магистралдық байланыс желісі пайдалануға берілді.
1970 ж., 9 тамыз - Өскеменде Ертіс арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді.
1970., қазан - “Өскемен” қонақүйі пайдалануға берілді.
1970., шілде - Өскемен жібек-маталар фабрикасының негізі қаланды.
1973., сәуір - Өскеменде екі аудан құрылды: Үлбі және Октябрь аудандары.
1974 ж., қараша – Жаңа Согра поселкесінде бақша өнімдерін өндіретін арнаулы КОКП ХХІІІ сьезі атындағы совхоз құрылды.
1975., 7 мамыр - Өскемен қаласының Ертіс жағалауында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға ескерткіш қойылды.
1975., қыркүйек - Өскемен мәдени-ағарту училищесі ашылды.
1979ж., желтоқсан – Жібек –маталар комбинатының 500 тігін станогынан тұратын құрылысының үшінші кезеңі басталды.
1980 ж., мамыр – Шығыс Қазақстан аумағында қорықтар туралы шешім қабылданды: оған Күршім, Тарбағатай, Марқакөл, “ Рахман көлі” қорықтары енді.
1981., қараша – О.Бөкеевтің “ Ән салады шағылдар” кітабы жарыққа шықты.
1982 ж., тамыз - Өскемен қаласында Қазақстан композиторларының әндеріне арналған фестиваль өтті.
1986 ж., -Малеев кені пайдалануға берілді.
1987 ж., желтоқсан – қатты аязда Үлбі көпірі істен шықты.
1989 ж., облыстық типография құрылысы аяқталды.
1990 ж., 14 маусым.- Зайсан ауданында 9 баллдық күшті жер сілкінісі болды.
1990ж., 12 қыркүйек- Үлбі металлургия зауытының бериллий өндірісінде жарылыс болды.
1992.ү қаңтар - Қалпына келтірілген Троицк Храмына “Христос Вседержитель” иконы қайтарылды.
1994 ж.,- қаңтар - Өскемен қаласындағы тұңғыш жекешелендірілген жоғары оқу орны Шығыс Гуманитарлық институтының негізі қаланды.
1996 ж., қаңтар – 70 жылдан кейін Троицк Храмы қызметін бастады.
1997., мамыр – Шығыс Қазақстан және Семей облыстары біріктірілді. Қыркүйек айында Краснооктябрьск көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Қазір М.Әуезов даңғылы деп аталады.
1998 ж., 25 қазан – Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.
1999 ж., Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы болды.
## Халық саны
Өскемен қаласы халқының саны
## Өскеменнің рәміздері
### Өскемен қаласының туы:
Ту Өскемен қаласының елтаңбасы бейнеленген ортасынан шетіне қарай ығысқан ағаштан тұратын тіктөртбұрышты, ақ түсті мата болып табылады.Ағаштың ұлттық оюмен өрнектелген жолағы бар. Матаның қарама-қарсы жақтарында тілше жасайтын екі диагональді жолақтар бірігеді, бұл Үлбі және Ертіс өзендерінің қосылуын көрсетеді.Мемлекеттік ту көгілдір түсті, ою және диагоналды жолақтар қаланың өлкелік тиістілігін бейнелейді.Түстердің (ақ, көгілдір, елтаңбаның көптүрлігі) тіркесімі тазалықты, байлықты, өркендеуді білдіреді. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2
### Өскемен қаласының елтаңбасы:
Елтаңбаның негізінде – араларында су кеңістіктері бар тау шыңдары бейнеленген классикалық түрдегі қалқан. Ол жасыл жағалаулармен жиектелген Үлбі және Ертіс өзендерін бейнелейді.
Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде – қаланың аталуы, төменгі бөлігінде қамалдың орналақан жылы жазылған лентамен оралған күзеттік мұнара. Елтаңбаның түсі: сары – байлық пен күшті, көк – сұлулық пен ұлылықты,жасыл – табиғи байлықты білдіреді. Елтаңбаның ені мен ұзындығының қатынасы 4:3
### Гимні
Жаса, Өскемен!
Сөзін жазғандар: В. Юркина, С. Апасова Әнін жазған: С. Апасова
1. В самом сердце Рудного Алтая
Над рекой, у каменных высот
Ты стоишь как крепость вековая
Мира и спокойствия оплот.
Подружились Левый с Правым
Две судьбы в одну объединив,
Всем народом трудовым и славным
Крепость в город-сказку превратив!
ПРИПЕВ: Славься, Усть-Каменогорск!
Встанем рядом и споем друг-другу:
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
2. Твой металл известен всей планете???
В Атомпроме нет тебя сильней,
Здесь в хоккей играют наши дети,
В Высшей Лиге знают твой хоккей!
Жасай бер қиындық көрместен,
Әр күнi дәулетiң өрлеткен.
Жасай бер жылдармен жасарып,
Ұл-қызың бесiктей тербет сен.
ПРИПЕВ: Жаса, Өскемен, Жаса!
Әсем әнмен, әсем жырмен өрiлiп.
Мақтанамыз өзiңмен
Сүйемiз сенi
Оттай ыстық сезiмменен.
Славься, Усть-Каменогорск
Встанем рядом и споем друг-другу:
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
Город казахстанских металлург
## Экология
Бүгінгі күні экология мәселесі Өскемен қаласы үшін ең өзектілердің бірі болып табылады, өйткені Өскемен қаласы бірегей урбанизацияланған жүйені көрсететін Қазақстанның өте ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады.
Қалада қалыптасқан экологиялық ахуалды ескере отырып, жергілікті атқарушы билікпен экология мәселелеріне және қоршаған табиғат ортасын жақсарту мен тұрақтандыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына көп көңіл бөлінеді, олар облыстық және жергілікті бюджет есебі қаражатындағыдай, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен де жоспарлануда және жүзеге асырылуда.
«2008-2010 жылдарға арналған ШҚО қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының аясында Өскемен қаласына шарт бойынша жос-парға сәйкес 2010 жылы облыстық бюджет қаражатынан 54,6 млн теңге бөлінді, олар жыл қорытындысы бойынша 100 % мөлшерінде игерілді.
2010 жылға арналған шарт бойынша нақтыланған жоспарға сәйкес Өскемен қаласын көріктендіру бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12,1 млн теңге бөлінді, олар 100 % мөлшерінде игерілді.
Өскемен қаласының табиғатты пайдаланушы – ірі кәсіпорындарымен («Қазмырыш» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, «Өскемен ЖЭО» және «Согралық ЖЭО» ЖШС) 2010 жылы жоспарланған табиғатты қорғау іс-шаралары жыл қорытындысы бойынша жоспарланғанның 108 % игерілді.
Өскемен қаласы әкімінің төрағалығымен экология мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына облыс жұртшылығы Кеңесінің сараптамалық комиссия өкілдері кіреді. 2010 жылы жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, оның жұмыс барысында қала үшін бірінші кезектегі келесі экологиялық мәселелер зерделеніп, қарастырылды:
1. 2005-2009 жылдар аралығындағы қала атмосферасының ластануына талдау жүргізілді;
2. Қаланың орталық бөлігінде көлік құралдарын доғаруды шектеу арқылы қаланың орталық көшелері босатылды және светофорлар жұмысының мерзімділігі реттелді;
3. Қаланың жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындарының жылжы-малы құрамы шығындылар нормасына сәйкес тексерілді;
4. Су деңгейінің төмендегені үшін Ертіс алабын егжей-тегжейлі зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысында Ертіс алабы су деңгейінің төмендеуі табиғатты-климаттық өзгерістерге байланысты болатындығы анықталды;
5. Атмосфера ауасының ахуалын мониторингтеу, зиянды заттарды бейтараптау және су ағысын тазалау бойынша басқа елдердің тәжірибесі зерделенді және оларды Өскемен қаласына енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Климаты шұғыл континенталдық. Қаңтардағы орташа температура -17 тен -26 градусқа, шілде айында +19,6 тен +23 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының абсалюттік көрсеткіші қыста -55, жазда +41 градус. Жауын шашынның түсу мөлшері әркелкі, негізінен жылына 1000мм.2004 жылдың 1-қазанына дейінгі мәлмет бойынша қала халқының саны 302,9 мың адам, соның ішінде 292,2 мыңы қала, 10,7 мыңы ауыл тұрғындары. Қала территориясына Меновной ауылдық округына кіретін Ахмер, Жаңа Ахмер, Ново-Явленка, Самсоновка, Меновной, Ново-Троицк, Прудхоз ауылдары қосылған.Жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік және атқару органдары арқылы жүргізіледі. Атқару билігін қала әкімі жүзеге асырады. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылай негізін қалалық коммуналдық меншік құзырындағы жергілікті бюджет пен мүлік құрайды. Экономикалық құрылымда өнеркәсіп 57%, сауда 29%, құрлыс 10%, көлік және байланыс 2%, ауыл шаруашылығы 1% алады.
Өскемен қаласының облыстық жалпы ішкі өнімдегі үлесі өнеркәсіпте 49,7%, негізгі капиталға инвестиция салуда 46,2%, жолаушыларды тасымалдауда 50,4%, сыртқы сауда айналымында 72,1%, саудада 51,7% ауыл шаруашылығында 1,2% құрайды.
## Өскемен қаласының құрметті азаматтары
Славский Ефим Павлович, 1898ж.т., Бірінші атты әскер армиясының комиссары болған. Мәскеу түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Орджоникидзе қаласында “ Электроцинк” зауытының директоры қызметін атқарған. Славский Е.Ф. машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді..
Протозанов Александр Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс –Қазақстан обкомының бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды..
Чистяков Михаил Иванович (1917-2006) — майдангер, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.
Күленов Ахат Сәлемхатұлы (1932-2007) — УК СЦК” АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауына тұрғын –үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды, халықтың айтуынша Куленов немесе Металлургтер поселкасы деп аталады.
Иванов Анатолий Степанович, 1928., жазушы, “Повитель”, “Тени исчезают в полдень”, “ Вечный зов” романдарының авторы.
Баталов Юрий Васильевич, Д.Серікбаев атындағы Шығыс –Қазақстан техникалық университетінің ректоры. Ю. В.Баталовтың тұсында Өскемен құрлыс-жол институты Қазақстанның ең ірі оқу орнының біріне айналды.
Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, (1937 ж.т.), С. Аманжолов атындағы Қазақстан университетінің ректоры. Ережеп Әлхайырұлының ұйымдастыруымен бұл оқу орны Қазақстанда бірінші болып классикалық университет статусын алды.
Шаяхметов Бағдат Мұхаметұлы (1946-2013) — қарапайым жұмысшыдан Өскемен титан-магний комбинатының директорлығына дейінгі жолдан өтті. Комбинатты 90-жылдардағы экономикалық қысымнан шығарды.
Плахута Алексей Егорович, 1936 ж.т., Ертіс құрлыс басқармасын басқарған. Оның басшылығымен Өскеменде Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Ертіс жағалауы мен Қызыл қырандар жағалауы, алты мектеп, балалар бақшасы, училищелер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш тұрғызылды.
Коротина Мария Ивановна, 1927ж.т., бас хирург, жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары . Мария Ивановна өз өмірін денсаулық сақтау ісіне арнаған жан.
## Өнеркәсіп
Қаланың экономикалық ахуалы соғы жылдары тұрақты даму үстінде. Оған жылдан-жылға өсіп келе жатқан өнеркәсіп көрсеткіштері ықпал етіп отыр (2000ж – 12,2%, 2001ж - 116,3%, 2002ж - 102,3%, 2003ж - 105,8%, 2004ж – 105,9%). Экономиканың басты тұтқасы түсті металургия. Бұл сала обылыс, сол секілді қала экономиасының барометрі болып табылады. Қала өнеркәсібі жалпы республика шеңберінде танымал кәсіпорындармен атақты, олар "Үлбі металургиялық зауыты" АҚ, "Қазмырыш" ҰҚ, "Өскемен титан-магний зауыты" АҚ және т.б.
Машина жасау кешенінде «Шығысмашзауыт» АҚ, «Азия Авто» АҚ, "Өскемен арматура заводы" АҚ, "Өскемен конденсатор заводы" АҚ басқа да кәсіпорындаржұмыс істеп, негізінен тау кен және өңдеу жабдықтарын, мұнай-газ құбыры арматурасы, автомобиль, конденсатор жасаумен айналысады.Қалада ірі тамақ өнеркәсіптері де орналасқан, атап айтсақ: "Май" ААҚ, "Эмиль" ЖШС, "Үлбі-Комплекс" ЖШС, "Әділ" ААҚ. Өндіріс орындары ет және сүт өңдеу, өсімдік және сары май, кондитер, ликер өнімдерін және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге бағытталған.
## Мәдениет
### Музей
* Облыстық жергілікті тарих мұражайы
* Шығыс – Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығы
* Шығыс Қазақстан өнер мұражайы
### Кітапханалар
* А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана
* Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
* Шығыс Қазақстан Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
* Шығыс Қазақстандағы республикалық ғылыми-техникалық кітапхана филиалы
* Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы (ШҚО-да жалғыз)
## Театрлар мен залдар
* Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстандық драма театры
* Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы
* Облыстық халықтар достығы үйі
* Металлургтер мәдениет сарайы
* Борис Александров атындағы спорт сарайы
### Кинотеатрлар
* Юбилейный — 6 кинозал
* Hollywood — 2 кинозал
* ЭХО — 3 кинозал
* 5D кинотеатры
## Діни ғимараттар
## Өскеменнің діні
2017 жылға қалада 28 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: бес мешіт; Православие приходтары – 7; Протестанттық бірлестіктер – 13; Рим-католик шіркеуі «Қасиетті Розаридің Әулие Мария Мәриям»; Өскемендегі Кришна санасы қоғамы; ШҚО еврей қауымы.
Жоғарыда аталған діни бірлестіктерде 25 ғибадат орны бар.
## Бұқаралық ақпарат құралдары
### Телеарналар
* «Алтай» телеарнасы
* «Атамекен» телеарнасы
### Радиостанция
* «Радио NS» — 107.0 МГц
* «Русское радио» — 100.5 МГц
* «Еуропа Плюс Қазақстан» — 101.8 МГц
* «TENGRI FM» — 103.5 МГц
* «Radio MIX» — 107.9 МГц
* «Авторадио Қазақстан» — 104.7 МГц
* «Gakku FM» — 106.0 МГц
* «Радио Дача» — 102.3 МГц
* «Қазақ радиосы» — 104.0 МГц
* «Шалқар радиосы» — 105.6 МГц
### Газеттер
* «Устинка плюс» апталық ақпараттық газеті
* «Менің қалам» апталық газеті
* «Рудный Алтай» әлеуметтік-саяси апталығы
* «Дидар» саяси апталығы
* «7 күн» облыстық газеті
* «Заң» заң туралы газет
* «Өскемен жылжымайтын мүлік» газеті
* «Flash» газеті
* «Стимул» газеті
* «Моя усадьба» газеті
* «Регион-Press» газеті
* «Вестник компании» газеті
* «Из рук в руки» жеке хабарландырулар газеті
* «1000 объявлений» жеке хабарландырулар газеті
* «Всё для вас» жеке хабарландырулар газеті
* «Авто Инфо» жарнамалық және ақпараттық газеті
* «Реклам» газеті
## Білім мен ғылым
2017 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша қалада 44 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және 48 мектеп жұмыс істеді (оның ішінде 2 жеке).
### Орта кәсіптік білім беру
* С. Аманжолов ат. ШҚУ Жоғарғы колледжі
* Д. Серікбаев ат. ШҚТУ Жоғарғы техникалық колледжі
* Шығыс Қазақстан менеджмент пен технология колледжі
* Өскемен медициналық колледжі
* Техника-экономикалық колледжі
* Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжі
* Шығыс Қазақстан заң колледжі
* Шығыс Қазақстан техника-экономикалық колледжі
* Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі (ШТГК)
* Өскемен құрылыс колледжі
* Өскемен техникалық колледжі
* Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі
* Қазақстан-Корей «Квансон» колледжі
* Көлік және өмір қауіпсіздігі колледжі
* Кәсіптік оқыту және сервис колледжі
* Стоматологиялық колледж
* Бизнес пен құқық колледжі
* Абдуллин бауырларының атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі
* ҚАЕУ колледжі
* Өскемен политехникaлық колледжі
### Жоғарғы оқу орындары
* Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
* Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті
* Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ)
* Шығыс Қазақстан аймақтық университеті (ШҚАУ)
* Алматы Экономика және Статистика Академиясы (АЭСА)
* филиалдар:Өскемендегі Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті филиалыӨскемен филиалы «Ақпараттық технологиялар» жеке мекемесі
* Өскемендегі Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті филиалы
* Өскемен филиалы «Ақпараттық технологиялар» жеке мекемесі
Қалада КСРО министірлігінің Кеңесімен шешімімен Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және тау-кен металлургия институты ретінде құрылған 1950 жылдан бастап Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия түсті металдар институты жұмыс істейді.
## Өскемен мәдениетте
Қала Николай Ановтың «Пропавший брат» және «Огни на Иртыше» кітаптарында, Николай Чекменёвтың «Семиречье» романында, «Охотники за бриллиантами» телесериалда, «Экипаж» и «Тағдыр тәлкегі» фильмінде айтылады. Павел Васильевтің «Серафим Дагеев қаласы» және Михаил Чистяковтың «Усть-Камень» өлеңдері Өскеменге арналған. Виктор Дьяковтың «Дорога в никуда» романында, «Путешествие на Бухтарму» әңгімеде кездеседі.
## Қала басшылары
### Әкімдер
* Николай Тимофеевич Носиков (1992 — 1995)
* Юрий Анатольевич Кудинов (1995 — 1997)
* Александр Александрович Лукин (саясаткер) (16 мамыр 1997 — 1999)
* Вера Николаевна Сухорукова (қыркүйек 1999 — қаңтар 2003)
* Александр Васильевич Гречухин (қаңтар 2003 — қаңтар 2004)
* Амангелді Қажібайұлы Қажібаев (15 қаңтар 2004 — қаңтар 2005)
* Мағзам Тоғжанұлы Баяндаров (қаңтар 2005 — 30 мамыр 2005)
* Александр Михайлович Быстров (30.05.2005 — 2006)
* Манарбек Қадылғұмарұлы Сапарғалиев (14.09.2006 — 2007)
* Шәкәрім Сабырұлы Бұқтығұтов (наурыз 2007 — тамыз 2008)
* Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов (тамыз 2008 — 2009)
* Ислам Әлмаханұлы Әбішев (наурыз 2009 — ақпан 2012)
* Серік Шәуенұлы Тәукебаев (3 ақпан 2012 — 25 мамыр 2013)
* Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов (25 мамыр 2013 — 20 сәуір 2016)
* Ерлан Қапарұлы Аймұқашев (20 сәуір 2016 — 3 мамыр 2017)
* Қуат Мұхитұлы Тұмабаев (30 мамыр 2017 — 16 тамыз 2018)
* Жақсылық Мұқашұлы Омар (20 тамыз 2018 — бүгінгі күндері)
## Туыстас қалалар
* Каннын, Оңтүстік Корея — 2011 жылдан бастап.
* Бурса, Түркия — 2011 жылдан бастап.
* Бобруйск, Беларусь.
* Йокнеам-Илит, Израиль — 2012 жылдан бастап.
* Барнауыл, Ресей — 2012 жылдан бастап.
* Өлке, Моңғолия — 2018 жыл 1 ақпаннан бастап.
## Суреттер
## Дереккөздер |
Семей мемлекеттік медициналық академиясының қазақ тілі кафедрасы 1990 жылы тамыз айында ашылды. Қазақ тілін пән ретінде оқытып, үйретуге негізінен 1-2 курстың студенттері қамтылды. Сабақ 140 сағаттық бағдарлама бойынша, яғни төрт семестр көлемінде жүргізіледі. Кафедрада бір ғылым кандидаты бар. Кафедра оқытушыларының ғылыми еңбектері Семей қаласының баспа орындарынан шығып жатқан жинақтарда жарияланып тұрады. 1995 жылы жинақталған тәжірбиелердің негізінде доцент М. Имашевтің бастауыш топ студенттеріне қазақ тілін үйретуді оңайлату мақсатындағы "15 кесте" атты көмекші қүралы басылып шықты. Қазіргі кафедра меңгерушісі: филология ғылымының кандидаты, доцент Имаш Мұхаметқан Имашұлы.
## Дереккөздер |
Жезқазған — Қазақстанның Ұлытау облысындағы 1954 жылы құрылған қала, облыс орталығы.
Қала аумағы 1,8 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтар санағы бойынша 97,3 мың адамды құрады.
Қалалық әкімшілікте 3 ауылдық округ, 18 ауылдық елді мекен бар. Қалада 2007 жылға 1 қаңтар күнінің санағы бойынша 1133 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 13 ірі, 58 орта, 1062 шағын субъектілер.
## Географиясы
Жезқазған қаласы байырғы Сарыарқа жерінде орналасқан, негізгі аумағы кең байтақ, көз жетпес даланы құрайтын жазықтық пен алқаптардан тұрады. Сол себептен, Сарыарқа ерте заманнан бері көптеген халықтар арасында «Ұлы дала» деген атқа ие болған.
Жақын орналасқан анағұрлым үлкен таулардың бірі – Ұлытау (1195 м), Ұлытаудың таулы беткейінен Қаракеңгір өзені мен оның тармақтары, сондай-ақ, Сарыкеңгір, Сарысуға құйылатын Жыланды және Жезді өзендері өз бастауын алады. Бұл мыс аймағы. Шөптесінді жамылғысында астық-жусанды, жусан және жусанды-тұзды кешендер ашық қоңыр және қоңыр топырақ бетінде үйлесім тапқан.
Климаты шұғыл континентті және құрғақ. Аумағы шаңды дауыл әсеріне көп ұшырайды. Қысы қатты, ал, жазы ыстық әрі құрғақ. Көктемі мен жазы қысқа. Жоғары деңгейлі континенталдығы мен құрғақтығы мұхиттар мен теңіздерден қашық орналасқандығынан. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы мен күн жылуының мөлшері көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын: жаздық бидай, жүгері, әр түрлі көкөністер өсіруге мүмкіндік бер.
Жануарлар әлемі өте бай. Сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 200 түрі, балықтың 20 түрі бар. Қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық, ақкіс, аламан, ақ қоян кеңінен таралған. Су қоймаларында ондатр бар.
### Климаты
## Тарихы
Жезқазған — Қазақстанның мысты қазынасы. Қала тарихы комбинаттың тарихымен тікелей байланысты. Жезқазғанның алғашқы тұрғындары құрылысшылар мен кеншілер болды.
Байырғы қазақ жері өзінің жер асты байлығымен белгілі болған. Жезқазған мысты кен орны адамзатқа 3000 жыл бұрын белгілі болған. Бұған куә көптеген ашық жұмыстар кесіндері, балқыту пештері, жыныстар мен кен үйінділері. Бұрынғы кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған. Уақыт өткен сайын мұндай өндірулер азайған. Сонау жылдардан халықтың жадында сақталып, бүгінге жеткені жергілікті жер атауы – Жезқазған.
Ғасырлар жылжып өтті. 1771 жылы Орталық Қазақстанға барон Траубенбергтің экспедициясы келді. Экспедицияға қатысушылардың бірі капитан Николай Рычков өзінің күнделігінде былай деп жазған: Ұлытаудың айналасында сол елді мекендеген байырғы тұрғындар қазған көптеген мыс кен орындары, сондай-ақ, алтын мен күміс кендерінің белгілері де табылды. Траубенберг экспедициясы нәтижесінің қызығушылық тудырғаны сондай Жезқазған аумағына тағы да бірнеше зерттеушілер келді. Кен орнын пайдалануды бастауға ниет білдіргендер де болды.
1847 жылы екатеринбургтік көпес Николай Ушаков малшы Батыр Бақасынның мыс белгілері байқалған үлкен аумақ жерін 400 сомға жалдады. Ушаковтың да, одан кейінгі Рязановтардың да мысқа бай өлкені зерттеуге және оны өндіруге қажетті жеткілікті қаражаты болған жоқ. Жезқазған, Ресейдің басқа да көптеген пайдалы қазбалы кен орындары сияқты ХХ ғасырдың басында шетел акционерлік капиталының қолына тиді.
1909 жылы ағылшындар Рязановтан Жезқазған кен орнын сатып алды және 1913 жылдың көктемінде Қарсақбайда мыс балқыту заводы мен байыту фабрикасын салу үшін дайындық жұмыстарын бастады.
Ағылшындарға теміржол салу тиімді болған жоқ. Құрылысқа қажетті жүк Қарсақбайға 400 шақырым жердегі Жосалы станциясынан түйелермен жеткізілді. Түйелермен жеткізу мүмкін болмаған жағдайда жабдықтар «керуенмен» жіберілді. Жосалы станциясынан Қарсақбайға қарай ұзындығы 13 шақырым рельс жолы салынды. Оған бес паровоз бен 278 вагон тіркелді. Құрам 13 шақырымға ғана жүре алатын, одан соң жол бұзылып, алдыңғы жағына қайта төселетін. 1917 жылдың қазанында үш жыл жол жүрген «керуен» Қарсақбайға келді.
Қазан төңкерісі жергілікті болсын, шетелдік болсын капиталистердің билік жүргізуіне тыйым салды. Халық өз байлығына ие болды.
Азамат соғысынан кейін 1925 жылдың маусымында Атбасар түсті металдар тресі құрылды, оған Қарсақбай комбинаты, ал, 1928 жылдың қарашасында Қарсақбай мыс балқыту заводы алғашқы өнімін берді.
Осы кезде Жезқазғанның аумағында геологиялық зерттеу жұмыстары кең етек алды. Жер қойнауын зерттеушілердің мәліметтері негізінде КСРО Ғылым академиясының ғылыми сессиясы 1934 жылдың қарашасында Жезқазған мысты кен орнын қоры бойынша еліміздегі бірінші кен орны деп таныды.
Мысты өңірді табысты игеру үшін ең алдымен көлік проблемасын шешу қажет еді. 1935 жылдың жазында теміржол трассасына қаражат қарастырыла бастады, келесі жылы оның құрылысы басталып та кетті. Қазан төңкерісінің ХХ жылдығын мерекелеу қарсаңында ұзындығы 400 километр енді теміржол Жезқазғанға дейін жеткізілді. Сонымен қатар, Жезқазған комбинатының құрылысына дайындық жұмыстары да қарқынды жүргізілді.
1940 жылы «Покро-орталық», «Петро-орталық» қуатты пайдалану шахталарының және су қоймасының құрылысы басталды. Комбинат өркендеп, дамыды, онымен бірге 1938 жылы негізі қаланған құрылысшылар кенті де өсіп, көркейе түсті. Жаңа үйлер, мәдени және тұрмыстық мекемелер салынды, Жезқазған өнеркәсіп ауданында ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдастырылды.
Нацистік Германияның Кеңес Одағына шабуылы Үлкен Жезқазғанның құрылысын тоқтатты. Жезқазғандықтардың барлық күш-жігері өнім шығаруды көбейтуге бағытталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мыс кенін өндіру бірнеше есе өсті.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмысшылардың, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен қызметшілердің жанқияр еңбегі үшін Жезқазған комбинатына Мемлекеттік қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл туы 16 рет тапсырылды. Бұл ту Отан алдындағы еңбегі үшін комбинатқа мәңгілікке қалдырылды.
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуынан кейін комбинаттың кешенді дамуы жаңа қарқынға ие болды. 1947 жылы Жезқазған байыту фабрикасының құрылысы басталды, оның үш секциясы 1954 жылы пайдалануға берілді. 1955 жылы мыс-қорғасын кенін қайта өңдеуге арналған төртінші секция қатарға қосылды.
Соғыстан кейінгі он жыл ішінде, 1945 жылдан бастап 1955 жыл аралығында 6 шахта салынып, пайдалануға берілді.
Үлкен Жезқазған адам танымастай өзгерді. Он жыл ішінде 108 мың шаршы метр тұрғын алаң, Мәдениет сарайы, 4 орта мектеп, 8 бала бақша, бірнеше аурухана мен дүкен, нан заводы, 100 километр теміржол, 150 мың шаршы метрден аса бетонды жол, 215километр су және кәріз құбырлары салынды, темір бетон өнімдері заводы мен екі асфальтбетон заводы салынды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1954 жылғы 20 желтоқсандағы жарлығымен 30 мыңнан астам тұрғыны бар Үлкен Жезқазған жұмысшылар кенті Жезқазған қаласы болып қайта құрылды.
Жеті жыл ішінде екінші байыту фабрикасы, жылу электр орталығы, бірнеше шахта, оның ішінде, ашық жұмыстардың ірі карьері №55 алып шахта іске қосылды. Сондай-ақ, ет комбинаты, сүт зауытты, ұн тарту комбинаты, тоқыма-тігін фабрикасы салынды. Көп қабатты үйлердің тұрғын алаңы 383 мың шаршы метрді құрады.
Жезқазғандықтар Қазақ КСР Ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың атымен аталатын тау-кен металлургиялық комбинатын ерекше мақтаныш тұтады.
Білім және мәдениет жүйесі дамыды. Жезқазған алғашқылардың бірі болып теледидарды игерді. Қарағанды политехникалық институтының кешкі факультеті ашылды, ол 1992 жылы тау-кен технологиялық институты болып қайта құрылды. Кейін осы институт пен Жезқазған педагогикалық институты базасында қазіргі О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті ашылды.
Дене тәрбиесі мен спортты дамытуға ерекше мән берілді. Үш стадион жұмыс істеді. «Горняк», «Металлург», «Еңбек» футбол командалары бірнеше рет республика чемпионы атағына ие болды, сол кездегі командалардың екінші лигасында жүлделі орындарды иеленді. Сарысу және Жезді өзендерінде балық аулау дамыды. Арқа даласындағы қала көгалдандырылып, барлық жұмысшы кенттерімен және олардың қосалқы шаруашылықтарымен, асфальтты жолдармен байланыс орнатылды, қазіргі заманға сай әуежай салынды.
1973 жылы Жезқазған жаңадан құрылған Жезқазған облысының орталығы болды. Қала Ұлытау ауданының қалыптасуына үлкен көмек көрсетті. Жезқазған мыс балқыту заводының құрылысы аяқталды, №3 байыту фабрикасы салынды, жаңа алып шахталар іске қосылды.
Тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономикасын қалыптастыру кезеңінде барлық қосалқы кәсіпорындарымен қоса тау-кен металлургиялық кешенін сақтап қалу, қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін күрделі қаржы салымын тарту мәселесі тұрды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық экономиканы қалпына келтіру, тұрақтандыру және көтеру стратегиясына сәйкес республикамызға шетел инвесторлары шақырылды. Әлемдік экономикалық жүйеге белгілі оңтүстік Кореялық «Самсунг» фирмасы стратегиялық әріптеске айналды, ол 1995 жылы 200 млн. аса АҚШ долларын бөлді. Бұл Жезқазғанның басты кәсіпорнының өмірін түбегейлі өзгертуге себеп болды. Жезқазғандық кеншілер, байытушылар мен металлургтер қысқа мерзім ішінде қалыптасқан жағдайдан шығудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болды, ал, тау-кен ісінде қайта жабдықтау жүргізілді. 1998 жылы «Қазақмыс» корпорациясы толықтай өндірістік бағдарлама бойынша жұмыс істеді. Ерекше тапшы шикізат пен металл шығаратын «Жезқазған түсті металл» мемлекеттік кәсіпорны да жұмыс істей бастады.
## Халқы
Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 60,0%-ы қазақтар, 27,8%-ы орыстар, 1,4%-ы немістер, 1,3%-ы татарлар, 4,1%-ы украиндар, 0,9%-ы белорустар, 4,5%-ы басқа ұлт өкілдері.
2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттері: туу – 16,73; өлім – 10,88 және табиғи өсім – 5,85
## Экономикасы
2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны, Сәтбаев қаласында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде жұмыс істейтіндерді есепке алғанда, 45175 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 39511 теңге.
2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 210886,1 млн. теңгені құрады.
Жылдық деректер бойынша 2006 жылғы негізгі капиталға инвестициялар 16057,8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 103,6%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1655,5 млн. теңгені немесе 2005 жыл көлеміне 163,9%. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 8678,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 3314,7 млн теңге.
## Статистикасы
### Өндірісі
Қаланың негізгі экономикалық бағыты түсті металлургия, машина жасау және металл өндеу, энергетика және тағам өнеркәсібі.
2006 жылғы астыққа 1,1 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп 0,8 мың га; көкөніс 0,2 мың га. Осыдан 2006 жылы 11,6 мың тонна картоп, 4,9 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 1,1 мың тонна ет (тірі салмақта), 4,0 мың тонна сүт, 4671,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Қаланың негізгі кәсіпорындарының ішінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ЖезРЭК» АҚ, «ПТВС» АҚ айтуға болады.
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 16 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 184 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 4,5 мың халықтың жеке қосалқы шаруашығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 251,4 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 1,0 мың га – егістік алқаптар.
2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 6,9 мың бас, қой мен ешкі – 22,5 мың бас,шошқа – 4,3 мың бас,жылқы – 1,8 мың бас, құс – 23,1 мың бас.
### Ғимараттары
Қалада 2006/2007 оқу жылы басына 22 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 14999 оқушы, 7 колледжде 6470 оқушы, 2 кәсіби-техникалық оқу орнында – 920 оқушы, 1 жоғары оқу орнында 4283 оқушы оқиды.
Қалада 13 кітапхана, 6 клуб типті мекеме, 3 мұражай, кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 2 мекеме, 1 театр, 1 концерт залы жұмыс атқарады.
## Әнұраны
Жезқазған маршы
Сарыарқаның сағымымен бірге ұшқан, Сәулетімен сәніменен нұр құшқан. Салтанатты Жезқазғанның қаласы-ай, Асты алтын, үсті күміс гүлстан. Жезді бойы жез қалам, Жер түбінен жезді алам. Алтын қалам, кең далам, Жеқазғаннан айналам. Асқаралы асқарысың жерімнің, Мақтанышы, дастанысың елімнің. Көзін ашқан кеше Қаныш ағамыз, Тусыраған тұл бойында кенімнің.
Әні:Жақсыкелді Сейілов, сөзі: Нұрәсила Бәрменбаева
## Маңызы
Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қаракеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан.
Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды.
1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Қалада «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны, «Жезқазғансирекметтал республикалық мемлекеттік кәсіпорны», «Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны, «Ұлытау» қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және тағы басқа бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті, ботаника бағы, медициналық колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 мұражай және тағы басқа мәдени мекемелер бар. Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев есімімен тығыз байланысты.
## Экологиялық және экономикалық проблемасы
Жезқазған моноқала болып келеді. Қала бір бағытты болғандықтан экономикалық және әлеуметтік дамуы әртүрлі факторлармен біраз шектеледі. Ол - Қазақстанның дәл ортасында орналасып, шикізат пен адамды тиімді тасымалдауға, Қазақстанның ең ірі логистикалық центріне айналуына зор потенциалы бар қала. Бірақ, инфақұрылымы және жолдары өте нашар. Жезқазғанның табысын Астана, Алматы, Қарағанды секілді ірі қалалар ғана көруде, ал Жезқазған болса сол пайданың өте аз бөлігін қолдануда. Моноқалар бір бағытты болғандықтан, шикізаттың барына, әлемдегі бағаның өзгеруіне тым тәуелді болып келеді. Осының біреуі үлкен өзгерістерге ұшыраса, мыңдаған адамдар жұмыссыз қалып, қала өз тіршілгін тоқтатады. Осыны түсінген шенеуніктер “Жезқазған-Бейнеу” Еуропа мен Парсы бағытында тауарларды экспорттауға арналған теміржол магистралін салды. Теміржол магистралі Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті қосып туристтердің осы қалаға соғып, аралау ықтималдылығын көбейтті. Сонымен қатар, инвестициялар құйылып, тек ғана шикізат емес, бірақ сол шикізатпен жұмыс істейтін өндіріс кәсіптер салынғаны экономикалық даму тұрғысынан зор қадам болар еді. Сонымен қатар “жасылдандыру” технологиялары мен әдістерін еңгізіп, дамыту саласында қаражат бөлінгені абзал.
Кеңгір суқоймасының жылдан жылға азайуы, ауыз суының жақсармауы, ауаның ластығы адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияның тигізіп жатыр. “ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК зерттеулеріне қарасақ, Жезқазғандагы ауа ластығы өте жоғары, қызыл түспен боялған. Ал Кеңгір суқоймасының ластану деңгейі 5-класстан жоғары, яғни ең жоғарғы ластанудың түрі. Атмосферада көп мөлшерде күкіртті ангидридты, көміртегі тотығын, азот оксидін, газ бен сұйықтық түрінде кездестіруге болады. Жылдан жылға бұл зиянды газдардың мөлшері азаюда. Мысалы, 2016 жылы 2012 жылға қарағанда зиянды газдардың мөлшері 33,7%-ға төмендеген.[h Жезқазғанда зауыттар қаланың Батысы, Шығысы және Оңтүстігінде орналасқан екен. Өндірістік аймақтан бөлінетін ең басты зиянды заттар: бейорганикалық шаң (күкірт мыс, күкірт қорғасын), азот оксиді, күкірт оксиді, көміртегі тотығы, көмір шаңы, мырыш, қорғасын, мыс, алюминий, ағаш шаңы, күкіртті сутек, көміртегі күкірті болып табылады. Осылар Оңтүстіктегі және Шығыстағы зауыттарда көбірек бөлінеді. Зауыттар адамдар тұратын аймаққа өте жақын орналасқан, бұл халықаралық, экологиялық нормаларға сай емес. Ең алыс зауыт қаладан 4900 метрде, ал ең жақыны 500 метрде орналасқан. Зауыттар қаланы жан-жақтан қоршағандықтан, ауадағы зияынды заттар жел арқылы қаланың ішіне тасымалданады. Сондықтан атмосфералық ауа, жер топырағы, ауыз суы ластанады және адамдар арасында түрлі аурулар таралады. Осы мәселелерге Қазақстанның үкіметі және халықаралық органдар көңілдерін бөлулері керек.
## Маңызды оқиғалар хроникасы
Жезқазған кен орындарында мыс кенін өндіру көне дәуірде басталған. Тас үйінділері арқылы ертедегі кен қазушылар 1 млн. тоннадан астам тотыққан мыс кенін өндіргені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
* 1772 жылы капитан Николай Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатынан күнделік жазбалары кітап болып шыққан, онда Жезқазған мыс кен орны туралы тұңғыш жазылған.
* 1847 жылы орыс өнеркәсіпшісі Николай Ушаков Жезқазған мыс кен орнын ресми тіркетті.
* 1912 жылы желтоқсан айында «Спасские медные руды» акционерлік қоғамыныңың жиналысы Жезқазған мыс кені негізінде мыс қорыту зауытыныңың және байыту фабрикасының құрлысын бастау жөнінде қауылы қабылдау.
* 1925 жылы 10 маусымда «Атбасцветмет» тресі құрылып, оның құрамына Қарсақбай мыс зауыты, Байқоңыр көмір ошағы және Жезқазған мыс кеніші кірді.
* 1928 жылғы 19 қазанда Қарсақбай бірінші мыс балқымасы алынды.
* 1929 жылы Қаныш Сәтбаев «Атбасцветмет» тіресінің геологиялық барлау бөлімінің бастығы және бас геологы болып тағайындалды.
* 1934 жылы Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясы қазақстандық базасы ғылыми кеңесінің Үлкен Жезқазғанның мәселелеріне арналған сессиясы болды.
* 1936 жылы 25 наурызда КСРО Ауыр Өнеркәсіп Халық коммиссары Серго Орджоникидзе «Жезқазған мыс қорыту комбинатының құрлысы туралы» бұйрыққа қол қойды.
* 1937 жылдың қараша айында кең табанды темір жол Жезқазғанға дейін салынды.
* 1954 жылы 20 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Жезқазған қаласы құрылды.
* 1960 жылы 8 желтоқсанда Жезқазған телевизия студиясы жұмыс істей бастады.
* 1961 жылдың көктемінде Жезқазғанда КСР Ғылым Академиясының, республика геология және жер байлығын қорғау министрлігінің, Қарағанды халық шаруашылығы кеңесінің және Жезқазған кен-металлургия комбинатының біріккен сессиясы болды.
* 1963 жылы Жезқазғанда екінші байыту фабрикасы іске қосылды.
* 1964 жылдың наурыз айында Жезқазған кен-металлургия академик Қаныш Сәтбаев есімі берілді.
КСРО Жоғарғы Советінің Президиумы 1966 жылғы 14 мамырдағы жарлығымен мыс кенін өндіру мен өндеудегі, жаңа техниканы енгізу - дегі үздік табыстары үшін Жезқазған кен-металлургиялық комбинатын жоғарғы дәрежелі үкімет марапаты – Ленин орденімен марапаттады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1966 жылғы 13 тамыздағы жарлығымен түсті металлургия базасын салып дамытқаны және Үлкен Жезқазғанның күрделі құрлыс жоспарын нәтижелі орындағаны үшін «Қазмысқұрлыс» (орыс. «Казмедьстрой») тресінің ұжымы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады.
* 1970 жылы Жезқазған түсті металл ғылыми-зерттеу, жобалау институты құрылды.
* 1971 жылы наурыз айында мыс қорыту зауытының бірінші кезегі қатарға қосылды.
* 1973 жылдың 20 наурызында Жезқазған қаласы жаңадан құрылған аттас облыстың әкімшілік орталығы мәртебесіне ие болды. Облыс 1997 жылдың 3 мамырында қайта таратылды.
* 1973 жылы қала әуе жайында «Ту - 154» жолаушы ұшағы қонды.
* 1987 жылы кен-металлурия комбинаты мен түсті металлургия ғылыми зерттеу және жобалау институты бірігіп, «Жезқазғанцветмет» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылды.
* 1992 жылы орталық мешіт ашылды.
* 1993 жылы Жезқазған облыстық автомобиль жолдары басқармасы «Жезқазған жолдары» ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
* 1993 жылы 30 маусымда қазақ – түрік лицейі ашылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылдың шілдесіндегі қаулысымен «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы шетелдік «Самсунг» компаниясына басқаруға берілді.
* 1995 жылы мыс қорыту зауытының сирек металл цехында алғаш осмий алынды.
ҚР Үкіметінің 1995 жылғы 28 қыркүйегіндегі қауылысымен мемлекеттік кәсіпорын «Жезқазғансирекмет» (орыс. «Жезказганредмет») құрылды.
* 1996 жылы тамыз айында халықаралық талапқа сай «Қазақмыс» корпорациясының медициналық орталығы салынды.
ҚР Үкіметінің 1996 жылғы мамырдағы қауылысымен Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті құрылды.
* 1996 жылы тамыз айында халықаралық талапқа сай «Қазақмыс» корпорациясының медициналық орталығы салынды.
* 1997 жылы «Сарыарқа», «Подробности», «Жезказганская газета» газеттері шыға бастады.
* 1997 жылы жазда қалалық атқарушы орындардың тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты реформалау тәжіриебесін үйреніп зерттеу мақсатында Жезқазғанда облыстық семинар – кеңес өтті.
* 1998 жылдың сонында «Қазақмыс» корпорациясының барлық кәсіпорындарының құрылымдарын қайта құру аяқталды.
* 1999 жылы сәуір айында қаламызда Қ.И.Сәтпаевқа ескерткіш орнатылды.
* 1999 жылы сәуірде Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті ҚР Білім және ғылым министірлігімен, Қарағанды облыстық әкімятымен, Жезқазған қалалық әкімятымен, «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп «Академик Қ.И.Сәтпаевтың Қазақстанда инженерлік істің қалыптасуына және дамуына үлесі» деген тақырыпта ғылыми - техникалық конференция өткізді.
* 1999 жылы сәуір айында қаламызда Қ.И.Сәтпаевқа ескерткіш орнатылды.
* 1999 жылы 3 мамырда «Алтай – Дунай» архео-этологиялық экспедициясы Евразия даласымен өтетін жолға аттанды.
* 2001 жылғы мамырда «Қазақмыс» корпорациясы «Wored Quality Commitment Award» (жоғары) сапалы өнім үшін алтын дәрежесі белгісімен марапатталды.
* 2001 жылы мамыр айында православия шіркеуі салынды.
* 2001 жылдың 21 маусымында № 8 орта мектеп мектеп-гимназия болып, 2001 жылдың 6 қазанында № 7 орта мектеп мектеп-лицей болып құрылды.
* 2002 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті өндіріске сапалы мамандар дайындағаны, ғылымды және білім беруді дамытқаны үшін Франциядағы «Өнеркәсіпке ықпалдасу Ассоциациясының «Алтын медалімен» марапатталды.
* 2002 жылы қараша айында құрылыс материалдарын сататын «Парасат – Декор» сауда орталығы ашылды.
* 2002 жылы желтоқсанда «Сарыарқа» мәдини-демалыс орталығы ашылды.
* 2003 жылы қалада орталық әмбебап дүкені, «Нұр», «Самади» сауда үйлері бой көтерді.
* 2003 жылы наурызда «Менің ауылым – менің алтын бесігім» атты тақырыппен республикалық ақындар айтысы өтті.
## Дереккөздер |
Петропавл (орыс. Петропавловск, қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысындағы қала, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.
Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 219 011 адам (2019 ж.) .
## Тарихы
Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатында әскери бекініс ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.
Егер 19 ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, 20 ғасырдың басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды. Осы жылдары Ресейден жер аударылған шаруалар келіп қоныстана бастады. Олардың басым бөлігі қалаға көшіп келіп, жұмыс күшін көбейтті. Қалада қолөнер мен майда кәсіпкерлік дамыды. Қаланың экономикасына 1-дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы кері әсер етті. Қала 1932 — 1936 жылдары Қарағанды қаласының құрылысын басқаратын және ірі темір жол торабын салудағы негізгі орталыққа айналды. 1932 жылы «Казстройматериал» кірпіш зауыты іске қосылды. Мех. зауыт қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде қала кәсіпорындарының қатары өсіп, жұмысшылар саны 13 есеге ұлғайды. 2-дүниежүзілік соғыс алдында Петропавлда коммуналдық және электр көлігі шаруашылықтары қалыптасты. 2- дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген 20-ға жуық зауыт, фабрикалар қала экономикасын біршама көтерді. Соғыстан кейін қала жедел дами бастады. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көптеген кәсіпорындар салынып, қаланың әлеуметтік-экономикалық, білім беру және мәдени-ағарту саласы қарқынды дамыды.
90-жылдары нарықтық экономикаға өтуге байланысты Петропавл қаласындағы ірі өнеркәсіп орындары өз жұмыстарын біршама баяулатты. Шаруашылық байланыстар үзіліп, кәсіпорындардың жұмысы тоқтай бастады. Тек 90-жылдардың соңынан бастап ел экономикасымен бірге Петропавл қаласының да экономикасы біршама жақсарды.
## Географиясы
### Климаты
## Бүгінгі қала
Қазіргі кезде Петропавл Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға «Еуразия», «Вита», «Молочный союз» АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, «Сұлтан», «Тонус» т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 музыкалық, 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавлда 3 театр, филармония, 3 мұражай, 3 кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3 телерадиокомпания жұмыс істейді.
## Экономикасы
Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады.
Қалада жалпы бiлiм беретiн 47 күндiзгi мектеп жұмыс iстейдi, оларда 22,3 мың оқушы бiлiм алуда, сонымен қатар 10 колледж (13,0 мың оқушы), жоғарғы бiлiм беретiн 3 оқу орыны (11,0 мың студент) бар.
Облыс орталығында 3 театр, 1 филармония, 3 мұражай, 8 кiтапхана, 3 клубтық мекеме бар.
2010 жылғы 1 қаңтарға 4 995 заңды тұлға тiркелген, оның iшiнде 94,8%-ы шағын (қамтылғандар саны 50 адамнан кем), 4,3 - орта (51-ден 250 адамға дейiн), 0,9%-ы - iрi (250 адамнан артық) кәсiпорындар. Кәсiпорындардың басым бөлiгi (88,8%) жеке меншiк нысанының кәсiпорындары.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiгiндегi негiзгi құрал-жабдықтардың бастапқы құны 2009 жылғы 1 қаңтарға (жер құнын есепке алмай) 160,3 млрд теңге құрады, тозу дәрежесi 40,0% болып, 2008 жылдың соңына баланстық құны 96,3 млрд теңге болды.
Қала өнеркәсiбiнде (қаржылық емес сектор) 2009 жылы 46 835,1 млн теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2008 жылғы деңгейден 4,0%-ға жоғары болды. Электр қуатын өндiру 2 371,1 млн квт.сағ, жылу қуаты - 2 123,9 мың Гкал, сүт өнiмдерi 27,4 мың тонна, ұн - 100,9 мың тонна, нан - 12,7 мың тонна, макарон - 26,2 мың тонна, алкогольдi iшiмдiктерi 2 114,7 мың литр құрады.
Құрылыс ұйымдарының өз күшiмен 8 530,1 млн теңге сомасында мердiгерлiк жұмыстар орындалды. Өткен жылы облыс орталығында жалпы аумағы 27 223 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi.
2009 жылы бөлшек саудада сауда кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлермен 39 800,0 млн теңгенiң тауары сатылды. Орташа бiр адамға шаққанда бөлшек сауда 203,9 мың теңге құрады.
## Мәдениеті
### Театрлар
* С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстың қазақ сазды-драма театры
* Солтүстік Қазақстан облыстың қуыршақ театры
* Солтүстік Қазақстан облыстық Н. Погодин атындағы орыс драма театры
### Мұражайлар
* Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
* Облыстық бейнелеу өнері мұражайы
* «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені
* Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихы мұражайы
### Кітапханалар
* С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
* Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы
* И. Шухов атындағы қалалық кітапхана
## Бауырлас қалалары
* Омбы, Ресей
* Челябі, Ресей
* Новосібір, Ресей
* Екатеринбург, Ресей
* Ганновер, Германия
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайты (қаз.) (орыс.)
* Бейресми сайт |
Ақтөбе ( тыңдау) — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.
Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен [Елек өзені] мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді.
Ақтөбе Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша төртінші орында, Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Халық саны — 497 381 адам (1 қазан 2019). Ақтөбеде көптеген этностар өмір сүреді. Қазақтар>дан (76,3%) кейін саны жағынан ең көп этнос өкілдері орыстар (16,89%) болып табылады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар мен христиандар. Қала әкімшілігіне бағынышты бес ауылдық округте 51 508 адам өмір сүреді. Болашақта 1,3 млн адамды «сыйдыруға» тиіс қалыптасып жатқан Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе маңындағы онға жуық елді-мекен кіреді.
Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе Торғай өңірінің революциялық күштерінің орталығына айналды. Қала кезекпен ақтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары Ақтөбеге көшірілді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі.
## Атауы, рәміздері
### Атауы
Қала атауының қазіргі жазылуы 1940 жылы кириллица негізінде жасалған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста. 1929— 1940 жылдары қала атауы латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиімен «Aqtɵbe» деп, одан бұрын араб-парсы әріптерін қолданған әліпбимен «اقتوبە» деп жазылған. Қытай және Таяу Шығыстағы қазақтарға арнап шығарылатын басылымдарда қала атауының араб әріптерімен жазылатын нұсқасы әлі күнге шейін қолданылады.
1891 жылы Ақтөбе бекінісі (Акъ-Тюбе) Ресей империясының уездік қалаларының біріне айналғаннан бастап 1999 жылға дейін қаланың орыс тіліндегі атауы «Актю́бинск» (Актюбинскъ) түрінде жазылып келді. 1999 жылдың 11 наурызында жарияланған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қаулысына сәйкес, қала атауының орысша транскрипциясы «Актобе́» болып өзгертілді. Бұл қаулы «Тiл туралы» заңның «елді мекендердің… дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс» деген тұсына сәйкес келеді. Орыс тіліндегі жаңа атау Ресейдің мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография Федаралдық қызметімен ресми түрде мойындалды.
Қала атауы көне түркі тіліндегі aq («ақ») және töpü («төбе») сөздерінен құралған. Бұл атау орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме» немесе «Беловершинск» деп те атайды.
«Ақтөбе» және осыған ұқсас елді мекен атаулары Қазақстаннан басқа елдерде де кең таралған (Ахтуба, Актюба, Ақтепа, Ақ Таппе, Ақдепе) .
### Таңбасы
Ақтөбенің ең алғаш таңбасы (авторы: С. Т. Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді. 20 жыл өткен соң, 1988 жылдың 24 желтоқсанында халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М. Ф. Луцинның жобасы бойынша жаңа таңбаны қабылдады.
1998 жылы алда келе жатқан Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойының қарсаңында қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. Құрамына ғалымдар, архитекторлар және бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері кірген жюри 50 жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Таңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні қалалық Мәслихаттың 23-сессиясында қабылданды.
Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы). Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген.
## Физикалық және географиялық сипаттама
### Географиялық орналасуы
Қаланың географиялық координаттары — 50°16′00″ с. е. 57°13′00″ ш. б.50.26667° с. е. 57.21667° ш. б. / 50.26667; 57.21667 . Уақыт белдеуі — UTC+05:00.
Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында, теңіз деңгейінен биіктігі 250—400 м жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқан.
### Азия мен Еуропа шекарасы
Қазіргі таңда Еуропа мен Азия арасындағы шекараны нақты белгілеу даулы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл құрлықтардың шекарасын Жайық өзені арқылы жүргізетін болсақ, Ақтөбе Азияда орналасқан қала болып шығады. Бірақ географтардың арасында ең кең таралған пікір бойынша, Еуропа мен Азияның шекарасы Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен, Жем өзенін бойлай және әрі қарай Мұғалжар таулары арқылы өтеді екен. Бұған пікірге сәйкес, Ақтөбе Еуропада орналасқан қалалардың қатарына жатады. Бірақ географиялық орналасуына қарамастан, бұрынғы Кеңестік Одақтың елдерін батыс географтары Еуропа мен Азиядан бөлек ерекше аймақ ретінде қарастырады.
### Өзен-сулары
Қала Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, оның аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан. Қаланың орталығымен Електің сол жақ тармағы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір тармағы — Жіңішке өзені ағып өтеді. Сазды өзені ірі сауда-саттық орындары орналасқан қала орталығынан ағып өтетіндіктен 2010 жылдан бастап өзен жағасын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қаланың оңтүстік бөлігінде Тамды өзенінің төменгі тұсы орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетімен Қарғалының сол жақ тармағы Песчанка өзені ағып өтеді. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді.
Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта ақтөбеліктер «Ақтөбе теңізі» деп атап кеткен, 1988 жылы іске қосылған, сыйымдылығы 245 млн м³ болатын Ақтөбе су қоймасы орналасқан. Оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналған Сазды су қоймасы орналасқан (1967 жылы салынған). Солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта қала маңындағы ең үлкен қолдан жасалған су айдыны — сыйымдылығы 280 млн м³ тең Қарғалы су қоймасы орналасқан (1975 жылы салынған).
### Климаты
Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.
Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2316 сағат.
Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны — сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті — 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — маусым (35 мм), ең аз түсетін ай — қыркүйек (19 мм).
* Орташа жылдық температура — +5,3 C°
* Орташа жылдық жел жылдамдығы — 2,4 м/с
* Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 68 %
### Экологиясы
Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді ірі өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен.
2013 жылы сантарлық-эпидемиологиялық бақылау қала ауасын азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және тағы да басқа заттарға тексергеннен кейін ауаны басты ластайтын себеп қаланың кәріз жүйесі екені анықталды. Кәріз жүйесіндегі күкіртсутектің үлесі 2—16 % жетуі мүмкін, оған қоса ағын судың құрамында сульфидтер көп. Осының кесірінен түнде және таңғы мезгілде қаланың бірнеше ауданының тұрғындары жағымсыз иістен қорлық көріп жүр. 2013 жылы қаладағы автокөлітер саны 178 мыңға жетті. Бұл да қала ауасының ластануына өз үлесін қосады.
Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытының бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытының алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы ескірген тазарту құрылғыларының кесірінен Елек өзеніне жылына 10 млн м³ дұрыс тазартылмаған ағын су төгеді. Ағын судың белгіленген мөлшерден асқаны үшін «Ақбұлаққа» әкімшілік шаралар қолданылғанымен, жағдай оңалар емес.
## Тарихы
### Ежелгі замандарда
Бұл аймақта өмір сүрген ежелгі тайпалар мал шаруашылығымен айналысып, Солтүстік Қазақстанның тайпаларына жақын болған. Тікбұрышты және доғал қорымдардың ендік бағытталуының мысалы ретінде Ақтөбе маңындағы Сынтас және Бесоба қорымдарын келтіруге болады. Қала маңындағы далада қола дәуіріне жататын сақина тәріздес тас дуалдар мен қорғандар табылған. Ақтөбеге жанындағы Қарғалы өзенінің жағасында орта қола дәуіріне жататын бұйымдар табылған.
### Ақтөбе қаласының іргетасының қалануы
Тарихи деректерге көз салсақ, Ақтөбе төбесі мен Құрмыш төбесінің ортасында қала салу туралы мәселе 1867 жылы Орынбор губернаторының кеңсесінде көтерілгенге ұқсайды. Бұл жерде қала салуға осы өңірдегі барлық ру басылары қарсы шығады. Оның басты себебі — қала салғасын жерімізді тартып алады деген орыс патшалығына сенімсіздіктен туады.
Елек бойында салынатын шаһардың қазақ өміріне, оның күнделікті тыныс-тіршілігіне өте пайдалы екендігін болжай білген Дербісәлі Беркімбаев осы жаңа істі қолдауға қадам жасайды. Сол мақсатта 1867 жылы сол өңірдегі ру басыларын Ойсылқара әулие басында үлкен асқа жинайды. Астан соң қала салу мәселесін талқыға ұсынып, барлығын тегіс тыңдап, соңында сөз алған ол «қала салып, қазақтарды шоғырландырмаса, болашағымыз болмай қалады» деп жиналғандарды сендіруге тырысады.
Жер мәселесі қай кезде де қазақ үшін елдіктің тұғыры саналғандықтан бір жиналғанда жұртшылықты иландыру, бұрын болмаған жайға көндіру бір жағынан алғанда мүмкін де емес еді. Сондықтан алғашқы бас қосу оншалықты нәтиже берді деп айтуға болмайды.
Келесі жиналыс 1868 жылдың жазында Қостөбенің қасында Бекқұлы әулиенің басында берілген астан соң өтеді. Мұнда да былтырғы әңгіме жалғасын табады. Өздерінің ауылдарында бұл мәселені жан-жақты талқылап, жергілікті халықтың алдынан өтіп, ризашылығын алып келген ру басшылары жиын соңында қала салуға келісімдерін береді. Бұдан кейін сол ру басылары Орынборға шақырылып, «қала салынсын» деген құжат қабылданады. Сонымен, Дербісәлі Беркімбаев 1869 жылы Ақтөбе қаласының іргетасын қалайды.
### Уездік қала дәрежесінде
1891 жылдың 25 наурызында шыққан «Далалық облыстарды басқару туралы ережеге» сәйкес, Ақтөбе Қостанай секілді Ресей империясының Торғай облысының уездік қалаларының бірі болып бекітілді.
Бастапқы уақытта тез дамымағанымен, Ақтөбе қаласы бірқалыпты өсу қарқынын сақтап, Қостанай секілді құлдырау мен халық санының азаюына душар болған жоқ. 1886 жылдың шілдесіне қарай қаладағы аулалардың саны 177 жетті, бірақ 1891—1892 жылғы ашаршылықтың кесірінен біраз тұрғын қаладан босып кетті. 1893 жылдан бастап халық саны қайтадан өсе бастады. 1895 жылы тұрғындар саны 2263 адамға жетті, оның 1041 православ христиандар, 202 мұсылман болды. 1896 жылы қалаға Кіші Ресейдің губернияларынан 100-ге таман отбасы көшіп келді.
1902 жылы қала арқылы Орынбор мен Ташкент арасын жалғастырған Ташкент темір жолы өтіп, Ақтөбе экономикасының әрі қарай дамуына әсер етті. 1905—1907 жылдары қалада бірнеше рет қара халықтың наразылық шерулері мен ереуілдер ұйымдастырылды.
### Азаматтық соғыс кезінде
Ақтөбе 1918—1919 жылдардағы Азаматтық соғыс кезінде Торғай өлкесінің революциялық күштерінің орталығы болды. 1918 жылдың 8 (21) қаңтарында қалада Кеңес өкіметі орнады. Сол жылдың шілде айында Колчак армиясының Түркістанға жолын жауып тастаған Ақтөбе фронты ашылды, бірақ 1919 жылдың сәуір айында Зиновьев пен Фрунзе қызылдарға кері шегінуге бұйрық беріп, аздан кейін қала ақтардың қоластына өтті.
1919 жылдың 1 қыркүйегінде Всесвятский ауылы жағынан (қаланың оңтүстік-батысы) қызылдардың Оңтүстік армияның уақытша базасына айналған Ақтөбе қаласына шабуылы басталды. Қалаға зеңбіректерден оқ жаудырылды; аспанан қызылдардың аэропланы бомбалар лақтыра бастады. Үлкен дүрбелең басталды. Тұрғындар оңтүстік-батыс бағытында қаланы тастай жөнеліп еді, алайда тез арада жетіп үлгерген қызылдардың атты әскері қашқындардың бір бөлігін қоршап үлгерді. Тым-тырақай қашқан әскердің ешқандай қарсылық көрсетуге шамасы болмады. 2 қыркүйек күні Ақтөбе қызылдардың қоластына өтті.
### Кеңес дәуірінде
1920—1925 жылдары Ақтөбе қаласы Ресей КФСР-ның Қырғыз АСКР-ы құрамында болды, 1925 жылы Қазақ АКСР-ның қарамағына өтті, 1936 жылы Ресей КФСР-ның құрамынан бөлініп шыққан Қазақ КСР-на қосылды. Кеңес дәуірінде Ақтөбе қаласы Ақтөбе губерниясы (1921—1928), Ақтөбе ауданы (1921—1922, 1928—1933, 1970—1997), Ақтөбе уезі (1922—1928), Ақтөбе округы (1928—1930) және Ақтөбе облысы (1932 жылдан бастап) сияқты бірнеше әкімшілік-территориалды бірліктердің орталығы болды.
Қазан төңкерісінен кейін Ақтөбе қарқынды дами бастады. 1932 жылдың 10 наурызында қала Қазақ КСР-ның жаңадан құрылған Ақтөбе облысының орталығына айналды. Осыдан кейін қалада ұзындығы 10,5 км болатын алғашқы су құбыры жүргізілді, 25 су колонкасы орнатылды. Облыс орталығы ретіндегі алғашқы онжылдықта қалада 2 электр станциясы салынды, көшелерде 250 жарықтандыру құрылғысы орнатылды. Қаланы жасылдандыру жұмыстары атқарылды, жаяу жүргіншілерге арналған алғашқы жолдар пайда болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ақтөбеде 312-ші атқыштар дивизиясы] 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы, 129-шы миномет полкы және тағы да басқа әскери жасақтар құрылды. 312-ші атқыштар дивизиясының 11 мың адамының 9,5 мыңы соғыс майданында қаза тапты. Дивизия командирі Александр Наумов «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағының бірінші иегері болды. 29 ақтөбелік Кеңес Одағы батыры атанды.
Соғыс кезінде Кеңес Одағының жау басып алған қалаларынан көшірілген кейбір кәсіпорындар Ақтөбеге жөнелтілді. 1941 жылдың тамызында қалаға Запорожьеден ферроқорытпа зауытының жабдықтары келді. Мәскеуден «Электросчетчик» кәсіпорынының, Мәскеу рентген зауытының, № 14 жүн тоқу фабрикасының және тағы да басқа кәсіпорындардың жабдықтары көшірілді.
1940—1960 жылдары ферроқорытпа және хром қосындылары, рентген аппаратурасы және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары; ет және сүт комбинаттары; трикотаж, жиһаз және тігін фабрикалары секілді ірі өнеркәсіп мекемелері ашылды. 1962 жылдың 3 мамырында орталығы Ақтөбе қаласында орналасқан, құрамына Ақтөбе, Орал және Гурьев облыстары кіретін Батыс Қазақстан өлкесі құрылды. 1964 жылдың 1 желтоқсанында Батыс Қазақстан өлкесі таратылды. 1977 жылы қала Батыс Қазақстан темір жолының орталығы боп тағайындалды.
Кеңес дәуірінде көптеген кәсіпорындары бар индустриалды қалаға айналды, өнеркәсіп пен мәдениеттің аймақтық орталығы болды, және бүгінгі таңда да осындай болып қала береді.
### Тәуелсіз Қазақстан дәуірі
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық белсенділік Қарағанды мен Шымкент сияқты өнеркәсіп орталықтарынан елдің батысындағы мұнайлы облыстардың орталықтарына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау) ауысты.
Қазақстанға депортацияланған халықтардың өкілдері мен республикаға 1970—1980-ші жылдары Кеңес Одағының басқа республикаларынан келген мамандардың эмиграциясының кесірінен 1990-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың бастапқы кезеңінде қаладағы халық санының азаюы байқалды.
2000-шы жылдары қаладағы құрылыс саласында үлкен серпіліс орын алды: құрылыстың қарқыны бойынша Ақтөбе қаласы мен облысы ел ордасы Астанадан асып түсті. 2005 жылы 137,1 мың м² тұрғын үй енгізу жоспарланғанымен, жылдың қорытындысы бойынша 289 773 м² тұрғын үй тұрғызылғаны белгілі болды. Жеке құрылыс көрсеткіші жоспарланған мөлшерден бес есе асып түсті. Жалпы алғанда 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есе артық тұрғын үй қолданысқа берілген екен.
2007—2008 жылғы қаржылық дағдарыс пен оның артынан ұласқан Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан Ақтөбедегі жылжымайтын мүлік пен жалға алу құны күрт төмендеп кетті. Қала ішіндегі жер телімдерінің бағасы 30 % кеміді. Қала тұрғындарының жалақы мөлшері төмендеді, кейбір кәсіпорындар медициналық сақтандыруға бөлінетін қаражатты азайтты, тұрмыстық техника мен электроникаға сұраныс азайды. Ақтөбе әуежайындағы жолаушылар тасымалы 13 % бәсеңдеді, ұлттық валюта девальвациясының кесірінен қала автосалондарындағы автокөлік сатылуы кеміді.
2010-шы жылдар Батыс Қазақстандағы діни экстремизмнің өршуімен сипатталады. 2011 жылдың 17 мамыр күні Ақтөбе қаласының 25 жасар тұрғыны Рахымжан Мақатов Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жергілікті Департаментінің алдында жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан өзі қайтыс болды, бірнеше адам жарақттанды. Бір айдан астам уақыт өткен соң, 26 маусым күні қалада тәртіп сақшылары мен қылмыстық іс бойынша күдіктілер арасында қарулы қақтығыс орын алды. Бұл оқиғаларды жұртшылық Темір ауданында бірнеше полиция қызметшілерін қасақана өлтірген діни экстремистердің тобымен байланыстырды. Аз уақыттан кейін қаланың шет ауданындарының бірінде құрылысы аяқталмаған үйдің ішіндегі жарылыстың салдарынан үш адам қаза тапты. Қаза тапқандардың біреуі Ақтөбе облысының Ішкі істер Департаментінің экстремизмге қарсы күресетін басқармасының жедел уәкілі болып шықты.
Қала халқының саны 2030 жылға дейін 625 мың адамға, 2040 жылы 1 млн адамға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін қаланың аумағы 29 739 га-дан 72 965 га-ға шейін ұлғаюы тиіс (2003 жылғы бас жоспар бойынша 42 847 га болуы керек еді). Жеке тұрғын үй құрылысы шектетіледі, жаңа бас жоспар бойынша қалада негізінен көпқабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Ақтөбе «жаңа» және «ескі қала» болып бөлінетін Қазақстанның жалғыз қаласы. Осы бөліктердің арасын жалғау үшін қаланың Мәскеу ауданында сәйкес инфрақұрылымы бар көпқабатты тұрғын үй массивтерін тұрғызып, қаланы біріктіретін орталыққа айналдыру жоспарланып отыр.
## Әкімшілік және территориалдық құрылымы
### Қала әкімдігі және жергілікті өзін-өзі басқару
Ақтөбе қаласының әкімдігі қала аумағы мен оның қарамағында орналасқан бес ауылдық округтегі атқарушы өкімет қызметін атқарады. Қала әкімшілігінің күйі мен мәртебесі «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ережесімен реттеледі. Әкімшілікті 2001 жылдың 23 қаңтарында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару» заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі тағайындайтын қала әкімі басқарады. Қала әкімі қызметін алғашқы боп Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов 1996—2002 жылдары атқарды. Ақтөбенің 2023 жыл, 27 маусымнан бері әкімі — Азамат Бауыржанұлы Бекет.
Ақтөбе қаласы Мәслихатының депутаттары қала тұрғындарымен сайланатын жергілікті өкілдік орган қызметін атқарады. 1994 жылдың 24 наурызында Мәслихаттың I-шақырылымның 1-сессиясы өтті. Алғашқыда мәслихат 43 депутаттан тұрды, мәслихат хатшысы боп Пётр Георгиевич Лащенов сайланды. Кейінгі шақырылымдардардағы депутаттардың саны 23 дейін азайды. Соңғы V шақырылымның 1-сессиясы 2012 жылдың 20 қаңтарында өткізілді.
### Қала бюджеті
2015 жылы қала бюджетінің кіріс деңгейі 39,55 млрд теңге (213 млн АҚШ доллары), шығын мөлшері 43,08 млрд теңге (231,9 млн доллар) деп белгіленген.
Ақтөбе бюджетінің негізгі табыс көздеріне салық түсімдері (23,7 млрд теңге), трансферт түсімдері (16,1 млрд теңге), салықтық емес түсімдер (2,3 млрд теңге) жәненегізгі капиталды сатудан түскен қаражаттар (2,1 млрд теңге) жатады. Негізгі шығыс баптарына білім беру жүйесі (16,9 млрд теңге), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (11,5 млрд теңге), трансферттер (7,2 млрд теңге), транспорт пен байланыс (5,5 млрд теңге), қарыздарды өтеу (1,9 млрд теңге), әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру (1,37 млрд теңге) жатады.
Ақтөбе облысының ірі салық төлеушілерінің қатарына негізінен мұнай және газ өндіретін компаниялар кіреді, бірақ олардың арасында Ақтөбе қаласында негізделген бірнеше мекеме де бар: «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Анвар» ЖШС (супермаркеттер мен дүкендер желісі), «Кабиев и К» ЖШС (супер- және гипермаркеттер желісі) және т. б.
### Қала аудандары
Қала Ақтөбе төбесінің етегінде орыналасып, темір жол станциясының маңында шоғырланған «Ескі қала» деп аталатын және солтүстік-батыста орналасқан, әкімшілік ғимараттар мен сауда орталықтары орналасқан Әбілқайыр хан даңғылының бойында шоғырланған «Жаңа қала» деп аталатын екі негізгі ауданнан құралған.
Ескі қаланың аудандарына Құрмыш, Мәскеу (Москва), Татар слободасы (Татарка) және Оторвановка аудандары жатады. Қаланың ескі бөлігі негізінен бір қабатты жеке тұрғын үйлерден тұрады, арасында Ресей империясы заманында тұрғызылған ғимараттар кездеседі. Жаңа қаланың аудандарына Шанхай (Шаңқай), Сазды, Болашақ, Кең Дала аудандары мен мөлтек аудандар жатады.
Аты аталған аудандардан бөлек Жилгородок (Тұрғындар қалашығы), Авиагородок, Сельмаш, Заречный, Қарғалы (Жилянка), Кірпішті (Кирпичный), Жаңақоныс (Новый), Ақжар, Бауырластар, 41-ші разъезд және т. б. аудандар бар. 2000-шы жылдардан бастап қала аумағында 30 астам жаңа аудан пайда болды. 2012 жылдан бастап 5 мөлтек ауданнан құралған, тұрғындар саны болашақта 260 мың адамға жетуі мүмкін Нұр Ақтөбе (бұрынғы Актобе-Сити) ауданының құрылысы жүріп жатыр.
## Халқы
Халқының ұлттық құрамы сан алуан. Қазақтардың үлестік құрамы — 76,30 %. Біршама орыстар (16,89 %), сонымен қатар украиндар (2,68 %), татарлар (1,53 %), немістер (0,60 %), корейлер (0,28 %), әзербайжандар (0,20 %), өзбектер (0,17 %), басқалар (1,35 %) халықтар тұрады. (2015 жылдың 1 Қазаны бойынша).
Қала әкімшілігіне 367 220 саны бар Ақтөбе қаласынан басқан тағы да 5 селолық округтер кіреді. (Благодарның, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды)) жалпы алғанда 22 ауданға ие, сол аудандардағы адам саны 48 368 адам (2012 жылдың 1 Қаңтары бойынша). Қала әкімшілігіне тәуелді территорияда барлығы 415 588 халық тұрады.
Қазіргі уақытта халық саны бойынша Ақтөбе облысында бірінші орын алады және Қазақстандығы төртінші қала болып келеді (Алматы, Астана, Шымкент-тен кейінгі).
Халық санының жылдам өсуіне байланысты үкімет қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын әзірледі. Ақтөбе қаласының миллион халқы бар мәртебесін алу үшін бағытталған бас жобасын ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.. Проекттіні жүзеге асыру 2011 жыл мен 2040 жыл аралығына есептеліп отыр.
Ақтөбе қаласы халқының саны
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Пайдаланылған әдебиет
* История Казахской ССР с древнейших времён до наших дней в пяти томыах / А. Н. Нусупбеков (гл. ред.) и др. — Алма-Ата: Наука, 1977. — Т. 1. — 579 б.
* Топонимика Казахстана. Энциклопедический справочник — Алма-Ата: Аруна Ltd., 2010. — 816 б. — ISBN 9965-26-330-2.
* Казахстан. Национальная энциклопедия — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004. — ISBN 9965-9389-9-7.
* А. А. Кауфман Переселенцы-арендаторы Тургайской области (2-я часть) — СПб: Типография В. Безобразова и Комп., 1897.
* И. Еловскій Голодный поход Оренбургской арміи — Пекин: Типография Успенского монастыря при Русской Духовной миссии, 1921.
* Энциклопедия «Актобе» / Под ред. М. К. Тажибаева — Актобе: Отандастар-Полиграфия, 2002. — 786 б. — 10000 таралым. — ISBN 5-628-02641-7.
* Известные имена / Сост. Е. Ж. Курманбеков — Актобе: ОАО «Полиграфия», 1999. — 270 б. — ISBN 5-7667-9244-1.
* Paul Brummell Kazakhstan: The Bradt Travel Guide — Bradt Travel Guides, 2008. — 408 p. — ISBN 9781841622347.
* Мурзатаева М. Сравнительная характеристика климата Уральска и Актобе. — ЗКГУ им. М. Утемисова, 2014.
* Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 1.
* Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 2.
* Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 3.
* Н. И. Журин Сверяя шаг по Ильичу (коренные преобразования в экономике и культуре Актюбинской области за жылы Советской власти) — Казахстан, 1969. — 206 б.
* Институт географии (Академия наук СССР) Казахская ССР: экономико-географическая характеристика / Ред.: О. Р. Назаревский — Государственное издательство географической литературы, 1957. — 733 б.
* Б. С. Каррыев, М. Б. Айдарханов, Е. К. Балафанов Всемирное Интервидение: Основы информационной культуры — Алма-Ата: SIBIS, 2006. — 403 б. — ISBN 9789965952821. |
Шапырашты Наурызбай батырдың 2006 жылы 300 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Қарасай ауданының аумағындағы биік төбе басына ескерткіш орнатылды.
Алыстан менмұндалап, ерлік пен өрлікке, бірлік пен берекеге шақырып тұрған алып ескерткіштің ашылуына елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнайы келген. Ескерткіш жобасының авторы: Қ. Жарылқапов, мүсінші Н. Далбай, тас кесу жұмыстары - В. Черепанов. Ескерткіш 2006 жылдың 16-шы қыркүйегінде ашылды.
## Дереккөздер |
Ескерткіш 2009 жылы орнатылып, осы жылдың жиырма төртінші қыркүйегінде ашылған. Ескерткіштің авторлары: архитекторы – Қабай Баулуков, мүсіншілері – Мәлік Жүнісбай, Болат Құсайынов. Биіктігі 5 метр, салмағы 5 тоннаны құрайтын Ескерткіштің астына қойылған тас граниттен, ескерткіш қоладан құйылып жасалған. Қабанбай батыр бес қаруын асынып тұр. Мемориалдық тақтай жоқ тұғырда тек «Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) 1692-1770 жж.» деген жазу бар.
## Дереккөздер
* Жетісу. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004, - 712 бет
* Ақпараттық кітапша. Жер жаннаты - Жетісу. Астана: «Атамекен, Қазақстан Картасы». 2012, – 110 бет |
Қарасай батыр ескерткіші — 2006 жылы Қаскелең қаласында Қарасай батыр рухына арналып орнатылған. Тапсырыс беруші аудандық әкімдік. Авторы мүсінші Қазбек Жарылқапов, Нұрлан Даубай. Тарихи деректер Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайында сақталған. Биіктігі 6 м 34см, тастан жасалған.
## Дереккөздер |
Ақшоқы — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Константинов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 270 адам (158 ер адам және 112 әйел адам) болса, 2009 жылы 135 адамды (73 ер адам және 62 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мұқағали Мақатаевтың әдеби - ескерткіш мұражайы 1991 жылы қыркүйекте Қазақ КСР Министрлер кабинетінің 544 қаулысымен Ұ. Қарамановтың қол қоюымен ашылды. Бүкілодақтық байқауда «Алтын медаль» жүлдесін жеңіп алған С. Фазылов пен Б. Кәрімовтың жасаған мұражай жобасы таңдап алынып, 60 жылдық мерейтойында лентасы ілінді. Аудандық партия комитетінің Бірінші хатшысы Б. Сабаншиев мұражай қадасын қақты. Аудан әкімі Қаһарман Мұхтарұлы Күдер ол кезде құрылыс жұмысын басқарып, бас маман ретінде адал тер төгіп, қызмет жасады. Колхоз бастығы Тұрсын Шорманов пен селолық Совет төрағасы Ж. Өтеевтер де өз үлесін қосты. Мұражай халыққа қызмет етіп, елдің, жердің рухани демеушісі, жас ұрпақтың жебеушісі болып келеді.
Мұражайдың алдына 1991 жылы Какимов Қадыржан мен Алжар Мүсірепованың көркемдеуімен, ақынның кеудесінен кескінделген тас мүсіні бейнеленіп қойылды.
Қарасаз ауылындағы М. Мақатаевтың әдеби- мемориалды мұражайы 1991 жылы 4 шілдеде ашылған. Мұражайда 734 экспонат бар, негізгі қоры 548, қосымша қоры -186. Негізгі қорда М. Мақатаевтың өзі пайдаланған кітаптар, өлеңдерінің қолжазбалары, насыбай шақшасы, шахмат тастары мен тақтасы, жеке гигиеналық заттары, өзі киген киімдері, портфелі, папкасы, т.б. заттары сақтаулы.
2011 жылы ақынның әдеби-мемориалды мұражайына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді Барлығы 177 млн. теңге бөлініп, қосымша конференц зал салынған. Музей кеңселік жиһаздар мен жаңа технологиялық аудио-бейне, дыбыс-жарық құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Мүражай директоры – Өтеев Жұмаш, жоғарғы білімді, журналист, мұқағалитанушы. Мұражайда 6 қызметкер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы, немесе Қазақ АКСР (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan) — қазіргі Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы алдымен Қызылорда (1925—1929), кейіннен 1929 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді..
## Шекарасы
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен, солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
## Ауданы және Халқы
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.
## Қазревком мүшелері
* С.Меңдешев (1882-1937)
* 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
* 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
* 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
* 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
* 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
* 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
* 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
* 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
* 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
* А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
* "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;
* 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
* 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
## Дереккөздер |
## Құрылуы
Облыстық Достық Үйі 2008 жылы 28 қарашада, Алматы облысының бұрынғы әкімі болған С.Ә.Үмбетовтің бастамасымен, арнайы құрылыс жобасы бойынша ашылды. Достық Үйі ғимараты өз жұмысын 2008 жылдың қараша айынан бастады. Ғимаратттың авторы – Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі Нүркен Белдібаев. Достық Үйі халықтың өзіндік мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін сақтап дамытуға және этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын белсендіруге мүмкіндік берді
## Толығырақ
Ғимарат құрылысы темір бетонды тұтас рамалы каркастан жасалған, сыртқы қабырғалары кірпіштен, үстіңгі жабыны тұтас темір бетонды. Сейсмикалық тұрақтылығы 9 балға дейін. Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі – 4217,1 шаршы метр. Пайдалы көлемі – 3383,4 шаршы метр. Құрылыс көлемі – 19012,4 шаршы метр. Учаске алаңы – 1,0 га, салушы алаңы – 1390 шаршы метр. Көгалдандыру алаңы – 2242 шаршы метр. Ғимарат құрылысына облыс бюджетінен 500 миллион теңге бөлінді.Жекешелендіру түрі – коммуналдық.
## Төменгі қабаты
Төменгі қабатта 50 орындық кафе, ас залы, сахналық киімді сақтау орны, шаруашылыққа арналған бөлмелер орналасқан.
## 1-ші қабаты
1-ші қабатта 13 компьютермен жабдықталған мультимедиа орталығы, тілдерді үйрену орталығы, жан-жақты техникалық жағдай жасалған дыбыс жазу студиясы, әкімшілік кабинеттері және облыстық орыс, қытай, поляк, неміс этномәдени орталықтарының кеңселері, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің бөлмесі орналасқан.
## 2-ші қабаты
2-ші қабатта облыстық Ассамблея төрағасы мен оның орынбасарларының кабинеттері, 50 орынды мәжіліс залы, дөңгелек стол пікірлесу алаңы ретінде орналасқан. Бір мезетте 4 – желіде синхрондық аударма жүйесімен жабдықталған. 205 орынға арналған акт залы, би залы, «Бірлік» жастар қауымдастығы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, Ассамблея хатшылығы, көркемді жетекші, облыстық татар этномәдени орталығы бөлмелері бар.
## 3-ші қабаты
3-ші қабатта 14 этномәдени бірлестіктердің кеңселері, би залы орналасқан.
Алматы облысы бойынша 71 этномәдени орталықтары болса, оның ішінде Достық Үйінде орналасқан облыстық 23 этномәдени бірлестіктер жұмыс атқаруда.
## Қызметінің мақсаты
Достық Үйінің қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясатын, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын іске асыру, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Талдықорған қаласындағы Достық Үйі Елбасының қоғамдық келісім және ұлтаралық татулықты нығайту саясатын жүзеге асыру мақсатында тұрғызылған. Аталған этномәдени орталықта облыс пен қала көлемінде этникааралық келісім аясында алуан түрлі жұмыстар жүргізіледі.
## Маңыздылығы
Достық Үйі Еліміздің қоғамдық және мәдени өміріне белсене ат салысып жүрген, татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігіне айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Астанада өткен 12-ші сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол - біздің талайғы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз. Ол - біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуге тиіс» - деп атап өткен. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың бірі этносаралық татулық екені мәлім. Соның арқасында барлық этнос бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп, береке-бірлікте еліміздің болашағы үшін қызмет атқарып жатыр. Талдықорғандағы Достық Үйі – соның айғағы.
## Дереккөздер |
## Орналасқан жері
Алматы облысы Ескелді ауданындағы бұрынғы Шұбар ](1977 жылға дейін) қазіргі Алдабергенов ауылында орналасқан. Алматы облысы Ескелді ауданы Алдабергенов ауылындағы екі мәрте Еңбек ері Нұрмолда Алдабергеновтің мемориалды мұражайы Жетісу өлкесіндегі көрнекті мәдени орындардың бірі.
## Құрылуы
Алматы облысы Ескелді ауданы Алдабергенов ауылындағы екі мәрте Еңбек ері Нұрмолда Алдабергеновтің мемориалды мұражайы Қазақстан Республикасы Коммунистік Партиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қолдауымен 1986 жылы Қазақ ССР Министрінің қаулысымен ресми түрде колхоз тарихындағы қоғамдық музей болып құрылды. Оған ауыл шаруашылығының өндірісін ұйымдастырушы, қоғам қайраткері, екі мәрте Социалистік Еңбек ері, екі рет Ленин және Еңбек қызыл Ту ордендерімен, 6 рет Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Үлкен Алтын медалімен марапатталған Нұрмолда Алдабергеновтің есімі берілді.
## Толығырақ
Музей орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 3978 шаршы метр, экспозиция қойылған орынның көлемі - 9,2 шаршы метр. Қазір мұражайда 4706 мұрағат бар. Ондағы жәдігерлер жыл өткен сайын толыға түсуде.
Мұражай Қазан революциясының қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы, Кеңес өкіметі кезіндегі, кейінгі әлеуметтік өзгерістер, жаппай ұжымдастыру жылдары, ұжымдық қозғалыстың даму жылдары тақырыптарына орай топтастырылып, безендірілген 4 зал мен 4 бөлмеден тұрады. Мұнан өзге бірнеше зал, бөлме, бөлім, бұрыш бар. Онда нар тұлғаның өмірі мен еңбек жолы туралы, шаруашылықтың экономикасы мен мәдениетінің даму кезеңін, еңбек адамдарының тұрмысқа қажетті бұйымдары және еңбек құралдары жинақталған. Сонымен қатар Жетісу өлкесіне танымал батыр, би ақын бабаларымыздың тарихи өмірінен және Нұрмолда Алдабергеновтің үзеңгілестері, халық ақындары, ұлы жазушылар, мемлекет қайраткерлері, шетелден келген қонақтармен бірге болған сәттерінен мағлұмат береді.
Мұражай кіреберісіндегі бөлмеде мемлекеттік рәміздер - еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні орналастырылған. Ол тәуелсіздіктің 20 жылында жеткен жетістіктерді баяндап тұрғандай. Келесі залда Жетісу жеріне танымал әулие батыр бабаларымыз Ескелді би, Балпық би, Қабылиса жырау және олардың шәкірттерінің суреттері ілінген. Осы залда Балпық бидің алтыншы ұрпағы Н. Алдабергеновтің балалық шағы мен кемелденген кездерінен сыр шертетін диограмма мен бюсті орналасқан.
Келесі залда Н. Алдабергеновтің еңбек жолы Түркістан-Сібір теміржол құрылысы мен алғашқы колхозды ұйымдастырған колхоз мүшелерінің суреттері ілінген. Одан кейінгі бөлмедегі халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен қолөнер туындылары көрермендерді қызықтырады. Келесі бұрышта Ұлы Отан соғысында Украина жерін азат етуде, жауға пулеметпен оқ жаудырып ерен ерлік көрсеткен Кеңес Одағының батыры, осы елді мекенде туып-өскен Матай Байысұлының мүсіні қойылған. Сонымен қатар соғыс кезіндегі тылдағы өмір, мал шаруашылығын ұйымдастыру, суландыру жүйелерін жүргізу, ауыл мәдениетін көтеру, колхозшылардың тұрмысын жақсарту сияқты жанкешті еңбектері баяндалған.Екінші қабаттағы колхозды басқарған бес колхоз бастығының портреті және Н. Алдабергеновтің жұмыс бөлмесі келушілердің назарын ерекше аударады. Үлкен залда 19 Еңбек Ерінің портреті төрден орын алған және олардың қол жеткен табысын баяндайтын бұрыштар көркемделіп қойылған.Мұражай тарихында өшпейтін орын алған көрнекті қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 1986 жылы мұражайға келуі және қолтаңбасы көркемделіп қабырғаға ілінген. Сондай-ақ, 1988, 1995, 2002 жылдары Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үш мәрте Алдабергенов ауылында және мұражайында болып, өзінің қолтаңбасын қалдырды. Елбасының Н. Алдабергеновтің 100 жылдық мерейтойына жіберген құттықтау хаты да келушілердің назарын аудармай қоймайды.
Бұл мұражайға арнайы келген көптеген қоғам қайраткерлері мен қазақтың классик жазушылары ауылдың табысына тәнті болып, республикадағы шаруашылық басшылары мен шетелден келген қонақтар озық тәжірибесін үйренген. Мұражай экспозициясында тұрған әр жәдігер құнды. Өткен күндердің белгісі кейінгі ұрпаққа мол мұра. Тәуелсіз Қазақстанның жастарына өткен тарих, баға жетпес құнды материалдар мәліметтер беріп, олардың отаншыл, ұлтжанды, еңбекқор болып өсуіне ықпалын тигізері сөзсіз.
## Пайдаланған әдебиет |
Талдықорған — Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан қала, Жетісу облысының орталығы.
## Тарихы
Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы "Гавриловка" ауылы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 жылы (кейбір деректерде 1921 жылы) "Гавриловка" ауылының атауы ресми түрде "Талды-Қорған" ауылы деп өзгертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады. 1930 – 1944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған ауылына қала дәрежесі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, 2022 жылдың маусымына дейін Алматы облысының орталығы болып келді. 2022 жылдың маусымынан жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы.
## Географиясы
Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстың орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында (теңіз деңгейінен 570-600 м биіктікте), Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың жер аумағы 74 км² құрайды.
## Климаты
Қаланың климаты континенттік. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, жазы ыстық және қуаң, шілдеде - 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 350 - 400 мм. Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс (34%), солтүстік (16%) бағыттан соғады. Жылына 50 күнге дейін қуаңшылық байқалады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.
Бір қызығы, Талдықорған қала мәртебесін 1944 жылы ғана алған. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, жазы ыстық және қуаң, шілдеде - 22-24°С құрайды.
## Өсімдіктері
Талдықорған бұта аралас сулыбас, бетеге, боз, эфемерль бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкеп, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өpiк, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан, т.б. шөптесіндер өседі.
## Әкімшілік ұйымдастырылуы
Қалалық әкімшілік аумаққа қарасты 7 елді мекен Еркін және Өтенай ауылдық округтеріне біріктірілген және құрамында Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы бар.
## Халқы
Халық тығыздығы - 1 км²-ге шаққанда 1155 адам.
## Ұлттық құрамы
* Қаланың ұлттық құрамы (2019 жылдың 1 қаңтарғы санақ бойынша):
* қазақтар — 128 652 адам. (74,97 %)
* орыстар — 33 824 адам (19,53 %)
* кәрістер — 4236 адам (2,45 % %)
* татарлар — 2452 адам (1,42 %)
* немістер — 1060 адам (0,61 %)
* украиндар — 307 адам (0,18 %)
* ұйғырлар — 803 адам (0,46 %)
* шешендер — 423 адам (0,24 %)
* өзбектер — 307 адам (0,18 %)
* белорустар — 65 адам (0,04 %)
* әзербайжандар — 149 адам (0,09 %)
* поляктар — 68 адам (0,09 %)
* қырғыздар — 81 адам (0,05 %)
* басқалары — 786 адам (0,45 %)
* Барлығы — 173 213 адам (100,00 %)
## Діни сенімдері
Талдықорғанда мынадай діни ғибадат орындары бар:
* «Иман» орталық мұсылман мешіті
* «Нұр» мұсылман мешіті
* «Жетісу» мұсылман мешіті («Ақмешіт»)
* «Ерқын» мұсылман мешіті
* «Керімбек би» мұсылман мешіті
* Талдықорғандағы Иегова куәгерлері қауымдастығы
* 2 православие шіркеуі:
* Джон теолог соборы
* Құдайдың Қасиетті Архангелінің Габриел шіркеуі
* Қасиетті Марияның католик шіркеуі
* Бетел пресвитериандық шіркеуі
* Синагога
* «Агапе» евангелиялық христиан шіркеуі
* «Талдықорған қаласы жергілікті бахаилер рухани ассамблеясы» діни бірлестігі
* Евангелист христиандар шіркеуінің діни бірлестігі – «Вефезда» баптистері
* Евангелист христиандар шіркеуінің діни бірлестігі – «Думамис» баптистері
* «Христиандар шіркеуі – Талдықорған қаласының жетінші күнінің адвентистері» діни бірлестігі
* «Жаңа өмір» толық Інжіл шіркеуінің діни бірлестігі
* Евангелдік христиан баптистерінің шіркеуі
## Өнеркәсіп
Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны — 1055, 72 АҚ, 82 егістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ipi кәсіпорындарға «Қайнар», «Teмip», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т. б. акционерлік қоғамдар жатады. Ауыл шарушылығы бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғамдар бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ, «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» АҚ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұңқар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалық жол құрылысы» ЖАҚ, т. б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының (82333 га) ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527 га, жайылымы 65429 га, шабындығы 873 га.
## Әлеуметтік инфрақұрылым
Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы дамыған. С. Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы кітапхана, М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, І. Жансүгіровтің әдеби музейі, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 7 халықтық көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ, білім беру саласын бойынша
* І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi,
* Медицина колледжі,
* Қ.Байсеитов атындағы музыкалық колледж,
* Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі,
* Талдықорған жоғары политехникалық колледжі,
* 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектеп,
* жалпы білім беретін 22 мектеп жұмыс істейді.
Қала аумағындағы республика және облыстық деңгейде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектура ескерткіштері санатында
* "Даңқ" ескерткіші (1968 ж. салынған),
* "Атамекен" кинотеатры (1950 ж.) ,
* Көркем-сурет галереясы (бұрынғы Пионерлер үйі , 1957 ж.),
* № 3 кәсіптік-техника мектеп ғимараты (1958),
* Сән ательесі (1959),
* Қалалык әкімшілік ғимараты (1950) ,
* Аяқ-киім фабрикасы (1952),
* І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимараты (1975),
* Ақ мешіт (1996),
* С. Сейфуллин атындағы кітапхана (1982),
* М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т. б. бар.
Калада Б. Римова атындағы облыстық драма театры, «Алтын дән», «Туған тел», «Ачимноуль», «Контраст», Ардагерлер хоры, Қуыршақ театры, «Улыбка», «Солнышко» атты көркемөнерпаздар тобы жұмыс істейді. Қала аумағындағы автокөлік жолының ұзындығы 352 км, оның ішінде 247 км-не асфальт төселген, 96 км-i тас жол. Талдықорған арқылы Алматы-Өскемен, Семей-Алматы, т. б. бағыттарға автокөлік өтеді. Қалада темір жолы стансасы 1949 жылы салынды. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жолы стансаларына жүк пойыздары қатынайды. Тікелей пойыз жүрмейді.
19 емдеу-сауықтыру орыны:
* қалалық емхана;
* жүрек ауруларын емдейтін орталық;
* қалалық, санитарлық-эпидемиология станса;
* облыстық онкология диспансері;
* әйелдерге дәрігерлік көмек беретін орталық;
* облыстық перинатальдық орталығы;
* облыстық аурухана;
* қалалық облыстық балалар ауруханасы;
* жұқпалы аурулар ауруханасы;
* туберкулез диспансері;
* облыстық наркология диспансері;
* қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы;
* қалалық қан орталығы;
* қалалық бөбектер үйі, т.б. жұмыс істейді.
Талдықорған қаласынан Астана қаласына дейін қашықтық 758 км, Алматы қаласына дейінгі қашықтық 279 км.
Тұрғындар саны 168,674 адамды құрайды (2023 жылы). Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.
Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңір аралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 1 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім беру мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар.
Қаланың құрылыс индустриясын дамыту, балаларға арналған тағамдар, электр сорғылары, сүт өнімін, керамика-граниттан жасалған плиталар, жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті бар.
## Бауырлас-қалалар
, Анталья, Түркия
## Көрнекі орындары
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/141/ Мұрағатталған 11 қаңтардың 2012 жылы. |
«Елтаңба» - «герб» немістің Ербе – «мұра» деген сөзінен шыққан, мұрагерлік ерекшелеу белгісін – иесінің тарихи дәстүрлерін көрсетіп тұратын символикалық мағына берілген заттар мен сұңғаттардың үйлесімін таңбалайды. Елтаңбаның тікелей негізін рулық отбасылық меншік белгілері – славяндарда тудар межелер таңбалар түріктер мен маңғолдарда таңба салды. «Таңба» термині бәрінен бұрын көне түрік қағанатында қолданыла бастады.
Алматы облысы таңбасының композициялық негізі – «күнді» бейнелейтін сәуле шашып тұрған дөңгелек. Дөңгелектің ортасында спираль тәріздес етіп салынған қанатты барыс пен бүркіт басты көреген құс - самұрық бейнеленген. Бұл құс – Сақ заманында қазына- байлықтардың күзетшісі.
Екі бейненің сабақтастығы адамгершілік құтқарушы күшінің, жанкештіліктің киелі құс – бүркіт туралы көне евразиялық аңыздың жаңғырығы ] аспанның атап айтқанда оттың, күн күшінің және аспаннан немесе қасиетті таудан жерге сауықтыру қабілеті бар өмір ағашының жас бұтақтарын әкелген мәңгіліктің бейнесі болып табылады.
Қанатты барыс – бейбітшілік пен тәртіп сақшысының тыныштық, айбындылық пен ерліктің символы. Барыс – Жетісу жерінің ерекшелігін бейнелейді. Спираль – эманацияның ұлы жасаушы күшінің айғағы, айналып тұратын көк күмбезінің, күн қозғалысының, жыл мезгілдері ауысуының, Жер айналасының бейнесі болып табылады. Таңба екі бояумен: Қазақстан Республикасы елтаңбасы сипатымен алтын және ашық көк түсте берілген. Ашық көк – аспан мен теңіздің көрінісі – заңғар мен тұңғиықтың, сондай-ақ ол – жетілгендіктің, тұрақтылықтың, әділеттіліктің, берілгендіктің және абырой, ар, намыстың белгісі.
Күн тәріздес алтын түс даңқты, құдіретті күшті, сенімді, салмақтылықты, тұтастықты паш етеді. БҰЛ – өмірдің көрінісі. Таңба евразия өнерінің дәстүрінде жасалған. Сыртқы дөңгелекте «Алматы облысы» - деп жазылған, ал олардың арасында екі, жеті бұрышты жұлдыз салынған. Жеті саны және сыртқы дөңгелектегі ала сызық ішкі дүниенің киелілігін қорғаудың нышаны. Алматы облысы Таңбасында өткен дәуірдің, бүгінгі күннің тек алға ұмтыла дамуының таңдаулы символдары және осы аймақтың тұрғындарына арналған жарқын болашақ сипатталған.
## Дереккөздер |
Астана күні — Қазақстанда 6 шілдеде тойланатын мемлекеттік мейрам.
## Тарихы
1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Астана қаласының мерекелік іс-шараларының ресми сайты Мұрағатталған 5 сәуірдің 2013 жылы.
## Тағы қараңыз |
Астана күні — Қазақстанда 6 шілдеде тойланатын мемлекеттік мейрам.
## Тарихы
1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Астана қаласының мерекелік іс-шараларының ресми сайты Мұрағатталған 5 сәуірдің 2013 жылы.
## Тағы қараңыз |
Темір – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы қала (1928 жылдан), Темір қалалық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шұбарқұдық кентінен шығысқа қарай 50 км жерде, өзімен аттас өзен бойында орналасқан.
## Халқы
* 2328 адам (2009);
* 2310 адам (1999).
## Тарихы
Іргесі 1868 жылы әскери бекініс ретінде қаланған. 1869 жылы қазақ даласын басқару жөніндегі патша үкіметінің . Қалада осы жылы 99 үй, 913 адам тұрған, 2 дәрігерлік орын, бір кластық орыс-қазақ мектебі, қоғамдық кітапхана, пошта бөлімшесі, мешіт, шіркеу жұмыс істеген.
## Жәрмеңке
1900 жылдан бастап маңызды сауда орталығы болды. Мұнда жылына 2 рет жәрмеңке өткізіліп тұрды. Саудагерлер Ташкент, Бұхара, Үфі, Орынбор, Қазан қалаларынан келіп тұрған.
## Уезд кезінде
1922 жылы құрамында 31 болыс болды. 1928 жылы аудан орталығына айналды. 1976 жылы тұрғыны 5,0 мыңға жуықтады. Қалада 1996 жылға дейін май зауыты, құрылыс мекемелері, ауданы тұрмыс қажетін өтеу комб, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер болған. Уақытша Ережесіне сәйкес құрамында 17 болысы бар (қазіргі Темір, Ойыл, Байғанин, Мұғалжар аудандары) уезд орталығы болған
## Ауыл шаруашылығы
Олардың негізінде Темірде шаруа қожалықтары, ӨК, ЖШС-лар ұйымдастырылды. Ірілері: “Қарақамыс”, “Балдысай”, “Темір”, “Толғанай”, “Қоныс” ЖШС-лары.
## Инфақұрылымы
Қалада Сақтаған Бәйішев атындағы орта мектеп, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. әлеуметтік-мәдени мекемелер орналасқан. Қала маңында Сырлытам бейіті, Ишан ата, Әндірдің мешіті, Темірдің өзінде Ахмет Қалпе мешіті бар.
## Дереккөздер |
Тас жол веложарыстарынан әлем чемпионаты (ресми атауы - ағылш. UCI Road World Championships) - Халықаралық велосипедшілер одағымен велоспорттың тас жол тәртіптерінен ұйымдастырылатын жыл сайынғы әлем чемпионаты. Әлем чемпионатының бағдарламасына ерлер элитасы, әйелдер элитасы және 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы топтық және жеке жарыстар кіреді.
## Тарихы
Алғашқы тас жол веложарыстарынан әлем чемпионаты Германияның Нюрнбургринг қаласында 1927 жылы өткізілді. Кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы италияндық велошабандоз Альфредо Бинда атанды.
1995 жылға дейін әуесқойлар және кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионаты бөлек өткезілген.
## Әлем чемпионаттары
## Жалпы медальдар саны
## Сыртқы сілтемелер
* Халықаралық велосипедшілер одағының ресми сайты |
Көгалдағы хоккейден әлем чемпионаты — төрт жылда бір рет ерлер ұлттық құрамалары арасындағы көгалдағы хоккейден өткізілетін халықаралық жарыс.
## Жеңімпаздар және жүлдегерлер
## Жалпы медальдар саны
## Сыртқы сілтемелер
* Халықаралық көгалдағы хоккей федерациясының ресми сайты Мұрағатталған 1 ақпанның 2010 жылы. |
Көгалдағы хоккейден әлем чемпионаты — төрт жылда бір рет ерлер ұлттық құрамалары арасындағы көгалдағы хоккейден өткізілетін халықаралық жарыс.
## Жеңімпаздар және жүлдегерлер
## Жалпы медальдар саны
## Сыртқы сілтемелер
* Халықаралық көгалдағы хоккей федерациясының ресми сайты Мұрағатталған 1 ақпанның 2010 жылы. |
## Қазақ топонимиясы
Қазақ тілінің лексикасына араб, моңғол, иран, славян тілдерінен сөздер енсе, ол кірме сөздер лексикасынның құрамдас бір бөлігі болып саналатын жалқы есімде де өз іздерін қалдырады. Жалқы есімге кірме элементтер екі жолмен енеді: 1) Алдымен лексикаға өткен кірме сөз, кейін топоним жасауға қатысады. 2) Жер-су аты бірден, даяр күйінде келіп, тілімізге еніп кетеді. Зерттеушілер қазақ топонимиясын екі кешенді топқа бөліп қарайды. 1. ана тілі негізінде қалыптасқан атаулар; 2. Басқа тілдер негізінде жасалған атаулар. Ана тілінің негізінде жасалған топонимдерге қазақ тілінің арғы тектеріне жататын қыпшақ, түркі, ғұн, сақ тілдерінде жасалған топонимдер бөлінбей-жарылмай тұтас кіреді. Туыстас, көрші түркі тілдерінен ауысқан, нұсқалас атаулар да осы топқа жатқызылады. Ал кірме қабатқа кеңінен алғанда, араб, парсы, моңғол, самодий, үндіеуропа тілдерінен енген атаулар жатқызылып жүр.
## Қазақстанда кездесетін кірме түбір топонимдер
Қазақстанда кездесетін кірме түбір топонимдердің кейбір үлгілері мыналар: Арғұт (өзен. ШҚО, Қатонқарағай ауданы), Әндіжан (е.м. ОҚО, Созақ ауданы), Дегерес (өзен;е.м. Алматы облысы, Жамбыл ауданы), Долан (е.м. Алматы облысы, Қарасай ауданы), Зәңгі (қыстау. ШҚО, Қатонқарағай ауданы), Индер (көл;е.м. Атырау облысы, Индер ауданы), Кәушік (е.м. ОҚО, Түлкібас ауданы), Қалжыр (өзен. ШҚО, Күршім ауданы), Зайсан (көл; е.м. ШҚО, Зайсан ауданы).
### Арғұт
Арғұт- өзен. ШҚО, Катонқарай ауданы, Ғалым Ш.Т Қуанғанов Арғұт гидронимі туралы, М. Тынышбаевтың пікіріне сүйене отырып, түркі.арғұ+т “арғындар” деген этнониммен жасалғаны дәлелденді. Ал белгілі тіл маманы Л. Будагов Алтайдағы Қатын өзеніне құятын Аргут (Арғұт) өзенінің аты жөнінде былай дейді: “Аркыт(түрк.) моңғол. архот- қымыз даярлауға және сақтауға арналған төрт теріден тігілетін үлкен ыдыс; оның түп жағы төртбұрыш болып келеді де, аузына қарай пирамида тәрізді жіңішкере береді; ұзын жең сияқты ауыз жағын мойын деп атайды”. Арғұт гидронимі арқыт “саба” сөзінен жасалып, “бірнеше өзенді қосып, құйып алатын саба тәрізді өзен” мағынасын білдіреді.
### Әндіжан
Әндіжан- е.м. ОҚО, Созақ ауданы, Өзбекстандағы көне қала Әндижанның атынан жасалған ойконим. Көбінесе мұндай көшірмелі атауларды сол жақтан көшіп келгендер алып келеді. Қазақстанға алғаш қоныс аударған орыс шаруалары өздері тұрған губернияның атауын ала келгені тарихта белгілі.
### Дегерес
Дегерес- е.м. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ғ. Қоңқашпаев, А. Әбдірахмановтар монғолдың дзэргерес “жабайы ешкі, тау ешкі, жирен” сөзінен жасалғанын айтады. Дэг- “кедір-бұдыр жер, ұңқыр-шұңқыр” жер деген мағынаны білдереді. Ал Дегерес “төбелі, кедір-бұдырлы жермен ағатын өзен”.
### Долан
Долан- е.м. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Долан монғолдың дулан “жылы”, “ық”, жер мағыналы сөзінен жасалған ойконим.
### Зайсан
Зайсан- көл; е.м. ШҚО, Зайсан ауданы. Зайсан көлінің бірнеше аты бар: 1. Бұл өлкені ежелден мекендеген түркі тілді сақ, ғұн, түркілер көлді Бейтеңіз деп деп атаған. Шыңғысхан бұл өлкені наймандардан тартып алған соң, моңғолдар көлді Хонхотты нор “қоңыраулы көл” деп атаған. Көлдің толқыны лықсып, жадағай жағаны шолпылдатып ұрып тұратын дауысы атауға уәж етіп алынған. 3. Жоңғарлар мекендеп тұрған кезде, бір жұттан қалмақтарды балығымен, су тышқанымен аман алып қалғандықтан көлді Зайсанг нуур яғни “мырза көл” атандырады. Зайсан сөзі моңғол тілінің сөздіктеріне еңбегендіктен, ол сөз қытай тілінен алынған цзайсян “канцлер, әкім, министр” мәніндегі лауазым атын білдіреді. Жоңғария құлағаннан кейін, орыстың әскери адамдары мен саяхатшылары көлді Нор Зайсан түрінде картаға түсіреді.
### Зәңгі
Зәңгі- қыстау. ШҚО, Катонқарағай ауданы, Монғолдың занги “мәжбүр үстемдегі кезінде моңғол феодалдарына берілген атақ”, қазақша “би, әкім” лауазымына жақын. Шығыс Қазақстан жері біраз уақыт Жоңғарияның қол астында болған кезден қалған топоним.
### Индер
Индер- тау;көл. Атырау облысы, Индер ауданы. Индер топонимі моңғолдың өндөр, қалмақтың үндер “биік, зор, ұзын” сөзінен шыққан. Өндер немесе үндер орысша жазылғанда, Индер болып жазылған.
### Қалжыр
Қалжыр- өзен. ШҚО, Күршім ауданы. Халықтық этимология “қалыңжар” сөзінен шығарады. Түркітанушы- ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжолов Қалжыр “асау долы буырқанған” дейді. Себебі Марқакөлден ағып шығатын бұл жалғыз өзеннің бұралаңдап, қисық ағуы, орта тұсынан 90-градусқа жуық бұрылып алып, оңтүстікке қарай бет алатыны атауына себеп болған. Моңғолдың галжир “қисық”, “қыңыр” сөзі Қалжыр гидронимін туғызады.
### Кәушік
Кәушік- е.м. ОҚО, Түлкібас ауданы. Орыстың каучук деген сөзінен шыққан топоним. “Каучук- өсімдіктерден алынатын резина өндіруге қажетті созылмалы шикі зат” .
## Дереккөздер
1. Б.Н. Бияров, Қ.Т. Сапаров Шығыс Қазақстан облысы топонимдерінің қалыптасу ерекшеліктері // География және табиғат. – Алматы, 2006.
2. Б.Н. Бияров Өр Алтайдың жер-су аттары. – Алматы, 2002.
3. А.С. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы:Санат, 1996.
## Қазақ топонимиясы
Қазақ тілінің лексикасына араб, моңғол, иран, славян тілдерінен сөздер енсе, ол кірме сөздер лексикасынның құрамдас бір бөлігі болып саналатын жалқы есімде де өз іздерін қалдырады. Жалқы есімге кірме элементтер екі жолмен енеді: 1) Алдымен лексикаға өткен кірме сөз, кейін топоним жасауға қатысады. 2) Жер-су аты бірден, даяр күйінде келіп, тілімізге еніп кетеді. Зерттеушілер қазақ топонимиясын екі кешенді топқа бөліп қарайды. 1. ана тілі негізінде қалыптасқан атаулар; 2. Басқа тілдер негізінде жасалған атаулар. Ана тілінің негізінде жасалған топонимдерге қазақ тілінің арғы тектеріне жататын қыпшақ, түркі, ғұн, сақ тілдерінде жасалған топонимдер бөлінбей-жарылмай тұтас кіреді. Туыстас, көрші түркі тілдерінен ауысқан, нұсқалас атаулар да осы топқа жатқызылады. Ал кірме қабатқа кеңінен алғанда, араб, парсы, моңғол, самодий, үндіеуропа тілдерінен енген атаулар жатқызылып жүр.
## Қазақстанда кездесетін кірме түбір топонимдер
Қазақстанда кездесетін кірме түбір топонимдердің кейбір үлгілері мыналар: Арғұт (өзен. ШҚО, Қатонқарағай ауданы), Әндіжан (е.м. ОҚО, Созақ ауданы), Дегерес (өзен;е.м. Алматы облысы, Жамбыл ауданы), Долан (е.м. Алматы облысы, Қарасай ауданы), Зәңгі (қыстау. ШҚО, Қатонқарағай ауданы), Индер (көл;е.м. Атырау облысы, Индер ауданы), Кәушік (е.м. ОҚО, Түлкібас ауданы), Қалжыр (өзен. ШҚО, Күршім ауданы), Зайсан (көл; е.м. ШҚО, Зайсан ауданы).
### Арғұт
Арғұт- өзен. ШҚО, Катонқарай ауданы, Ғалым Ш.Т Қуанғанов Арғұт гидронимі туралы, М. Тынышбаевтың пікіріне сүйене отырып, түркі.арғұ+т “арғындар” деген этнониммен жасалғаны дәлелденді. Ал белгілі тіл маманы Л. Будагов Алтайдағы Қатын өзеніне құятын Аргут (Арғұт) өзенінің аты жөнінде былай дейді: “Аркыт(түрк.) моңғол. архот- қымыз даярлауға және сақтауға арналған төрт теріден тігілетін үлкен ыдыс; оның түп жағы төртбұрыш болып келеді де, аузына қарай пирамида тәрізді жіңішкере береді; ұзын жең сияқты ауыз жағын мойын деп атайды”. Арғұт гидронимі арқыт “саба” сөзінен жасалып, “бірнеше өзенді қосып, құйып алатын саба тәрізді өзен” мағынасын білдіреді.
### Әндіжан
Әндіжан- е.м. ОҚО, Созақ ауданы, Өзбекстандағы көне қала Әндижанның атынан жасалған ойконим. Көбінесе мұндай көшірмелі атауларды сол жақтан көшіп келгендер алып келеді. Қазақстанға алғаш қоныс аударған орыс шаруалары өздері тұрған губернияның атауын ала келгені тарихта белгілі.
### Дегерес
Дегерес- е.м. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ғ. Қоңқашпаев, А. Әбдірахмановтар монғолдың дзэргерес “жабайы ешкі, тау ешкі, жирен” сөзінен жасалғанын айтады. Дэг- “кедір-бұдыр жер, ұңқыр-шұңқыр” жер деген мағынаны білдереді. Ал Дегерес “төбелі, кедір-бұдырлы жермен ағатын өзен”.
### Долан
Долан- е.м. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Долан монғолдың дулан “жылы”, “ық”, жер мағыналы сөзінен жасалған ойконим.
### Зайсан
Зайсан- көл; е.м. ШҚО, Зайсан ауданы. Зайсан көлінің бірнеше аты бар: 1. Бұл өлкені ежелден мекендеген түркі тілді сақ, ғұн, түркілер көлді Бейтеңіз деп деп атаған. Шыңғысхан бұл өлкені наймандардан тартып алған соң, моңғолдар көлді Хонхотты нор “қоңыраулы көл” деп атаған. Көлдің толқыны лықсып, жадағай жағаны шолпылдатып ұрып тұратын дауысы атауға уәж етіп алынған. 3. Жоңғарлар мекендеп тұрған кезде, бір жұттан қалмақтарды балығымен, су тышқанымен аман алып қалғандықтан көлді Зайсанг нуур яғни “мырза көл” атандырады. Зайсан сөзі моңғол тілінің сөздіктеріне еңбегендіктен, ол сөз қытай тілінен алынған цзайсян “канцлер, әкім, министр” мәніндегі лауазым атын білдіреді. Жоңғария құлағаннан кейін, орыстың әскери адамдары мен саяхатшылары көлді Нор Зайсан түрінде картаға түсіреді.
### Зәңгі
Зәңгі- қыстау. ШҚО, Катонқарағай ауданы, Монғолдың занги “мәжбүр үстемдегі кезінде моңғол феодалдарына берілген атақ”, қазақша “би, әкім” лауазымына жақын. Шығыс Қазақстан жері біраз уақыт Жоңғарияның қол астында болған кезден қалған топоним.
### Индер
Индер- тау;көл. Атырау облысы, Индер ауданы. Индер топонимі моңғолдың өндөр, қалмақтың үндер “биік, зор, ұзын” сөзінен шыққан. Өндер немесе үндер орысша жазылғанда, Индер болып жазылған.
### Қалжыр
Қалжыр- өзен. ШҚО, Күршім ауданы. Халықтық этимология “қалыңжар” сөзінен шығарады. Түркітанушы- ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжолов Қалжыр “асау долы буырқанған” дейді. Себебі Марқакөлден ағып шығатын бұл жалғыз өзеннің бұралаңдап, қисық ағуы, орта тұсынан 90-градусқа жуық бұрылып алып, оңтүстікке қарай бет алатыны атауына себеп болған. Моңғолдың галжир “қисық”, “қыңыр” сөзі Қалжыр гидронимін туғызады.
### Кәушік
Кәушік- е.м. ОҚО, Түлкібас ауданы. Орыстың каучук деген сөзінен шыққан топоним. “Каучук- өсімдіктерден алынатын резина өндіруге қажетті созылмалы шикі зат” .
## Дереккөздер
1. Б.Н. Бияров, Қ.Т. Сапаров Шығыс Қазақстан облысы топонимдерінің қалыптасу ерекшеліктері // География және табиғат. – Алматы, 2006.
2. Б.Н. Бияров Өр Алтайдың жер-су аттары. – Алматы, 2002.
3. А.С. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы:Санат, 1996. |
Әйелдер арасындағы көгалдағы хоккейден әлем чемпионаты — төрт жылда бір рет әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы көгалдағы хоккейден өткізілетін халықаралық жарыс. Алғашқы әлем чемпионаты 1974 жылы Францияда өткізілген, ал чемпионаттың алғашқы әлем чемпионы Нидерланд құрамасы атанды.
Ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1971 жылдан бастап өткізіледі.
## Жеңімпаздар және жүлдегерлер
## Барлық медальдар саны
## Сыртқы сілтемелер
* Халықаралық көгалдағы хоккей федерациясының ресми сайты |
Альянц Арена (нем. Allianz Arena) - Германияның Мюнхен қаласында орналасқан футбол стадионы. 2005 жылы пайдалануға берілді. Сыйымдылығы 69 901 (66 000 отыратын орын). Альянц Аренаның құны 340 млн еуроны құрады.
## Тарихы
2002 жылы құрылысы басталып, 2005 жылы аяқталды. 2006 жылдан бері "Бавария" және "Мюнхен-1860" командаларының өз алаңындағы матчтарын өткізеді. Төртінші санатқа жатады.
2006 жылғы Футболдан әлем чемпионатының бірнеше ойыны өткен. 2012 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы өткен.
Ашылу салтанаты 2005 жылы 30 мамырда өтті. Онда "Мюнхен-1860" және "Нюрнберг" командалары ойнап, алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті.
2024 жылғы Футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтті. Турнирдің бірінше кездесуі осы стадионда Германия мен Шотландия құрама командалары арасында өтіп, Германия 5:1 есебімен қарсыласынан басым түсті.
## ӘЧ-2006
"Альянц Аренада" өткен ойындар
* 9. 06. Германия - Коста-Рика - 4:2. ТТ
* 14. 06. Тунис - Сауд Арабиясы - 2:2. ТТ
* 18. 06. Бразилия - Аустралия - 2:0. ТТ
* 21. 06. Кот-д'Ивуар - Сербия және Черногория - 3:2. ТТ
* 24. 06. Германия - Швеция - 2:0. 1/8
* 5. 07. Франция - Португалия - 1:0. 1/2
## ЕЧ-2024
* 14. 06. Германия - Шотландия - 5:1. ТТ
* 17.03. Румыния - Украина - 3:0. ТТ
* 20.06. Словения - Сербия - 1:1. ТТ
* 25.06. Дания - Сербия - 0:0. ТТ |
## Жоғарғы қалалық бастауыш училище
Бұл ғимарат 1886 жылы Головков көшесінде салынған. Төбесі төрт қырлы сырғымалы, симметриялы бүйірлік тік бұрышты шығыңқылықтары бар екі қабатты ғимарат. Орталық шығыңқылығы бес қырлы фигура тәрізді. Барлық шығыңқылықтарының қисық сызық түріндегі маңдайша қабырғалары бар. Ғимаратқа кіреберіс орталық шығыңқылықтың тура ортасында орналасқан. Қасбеттің алға қарай шығыңқы орталық бөлігінің қимасы қисық маңдайша қабырғасында шаршы формалы төбетерезе бар. Кең маңдайша қабырға жалпақ кемертірекпен безендірілген. Кемертіректер алаңы қабаттардың арасын бөліп тұрған рельефті тартымды да айшықтап тұр. Терезе ойықтары сәл ғана байқалатын аркалық тәсілмен аяқталған. Саябақ жағындағы бас кіреберіс жауырындық қабырғамен безендірілген және қанатшасы бар. Оның үстінде ағаштан жасалған тізбек қоршаулы қылтима орналасқан. Бастабында үстіңгі қабатта қалалық училище, астыңғы қабатта бастауыш әйелдер училищесі, 1912 жылдан бастап жоғарғы қалалық бастауыш училище орналасқан. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғимарат жалпы білім беретін мектеп ретінде пайдаланылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда госпиталь орналасқан. Совет кезеңінде жабынының периметрі бойынша орнатылған декоративтік мұнарашалар жойылған.Басқа елеулі бүлінісі жоқ. Ғимараттың ішкі жағында ішінара қайта бөлу жүзеге асырылған.
## Троица шіркеуі
Сәулет ескерткіші, 1789 жылы 26 маусымда алғашқы тасы қаланып, 1809 жылы құрылысы аяқталған. 1810 жылы 9 қазанда қасиетті сумен дұғаланған. Құрылыс Тобол епископы Варламның батасын беруінен кейін басталған. Құрылыс дұға қылушылардың қаражаттарына ғана емес, Аса жоғарғы жарлықпен 1799 жылы бөлінген Инженерлік Департаменттің қаражаттарына салынған. Троица шіркеуі үш тақты болған. Ортаңғы тағы Қасиетті Троицаға, оң жақ тақ Қасиетті еваангелист Иоанн Богословқаға, ал үшінші тақ Илья пайғамбарға бағышталған. Троица шіркеуі өзінің архитектурасы жағынан қарапайым, шағын, провинциалдық ғимарат. Композициясындағы негізгі ауқымды алып тұрған массивті екі түсті параллелепипед. Төрт қырлы қоңырау бөлмесі қазіргі кезде жойылған. Қасбеттерінің қарапайым өңделуі жауырындықтар мен жартылай циркульдық жайпақ рамалық көмкерулерден тұрады. Материалы: тас. Батыс қасбеттің ұзындығы 16,89 метр. Оңтүстік қасбеттің ұзындығы 32, 14 метр. Ғимараттың биіктігі 9,2 метр.
## Көпес үйі
Көпес үйі- 20 ғасырдың басында салынған. Егер совет кезеңінде салынған қосымша құрылыстарды, ғимараттардың ескерткіш ретінде қабылдануын бұрмалайтын жарнама қалқандары мен маңдайшаларды ескермесе, бұл ғимарат өзінің бастапқы бет-бейнесін сақтаған. Кірпіштен салынған бір қабатты үй. Төбесі шатырланған, шифер жабылған. Қасбет композициясы симметриялы, терезе ойықтары жартылай циркуль формасына ұқсас. Бас қасбеттің бүйірлері тік бұрышты қашаутаспен көмкерілген. Терезелердің үстінде тісмәнер белдеуі созылып жатыр. Үйдің ұзын бойына тегістелген ернеу орнатылған, оның астынан ырғақты түрде екі деңгейлі маңдайша кенере орналасқан. Ғимарат он бөлмеден тұрады.
## Көпес Ахтам Рафиковтың үйі және лабазы
Ғимарат 19 ғасырдың аяғында салынған. Екі қабатты тұрғын үй кірпіштен салынған. Төбесі төрт қырлы. Кірер есігі алдыңғы жағына орналасқан. Ғимарат декорлармен безендірілген. Бірінші қабаттың бір бөлігін кесіп өтетін арка орналасқан. Негізгі ғимаратқа осы стильде орындалған бір қабатты құрылыс жалғасып жатыр. Қасбет бөлігі елеулі бүлініске ұшырамаған. Ауладағы құрылыстары бұзылған. Ішкі жағынан қосалқы құрылыс салынып жатыр, бұл ғимараттың тарихи бейнесін бұрмалайды.
## И.Н.Кожевниковтың ыдыс-аяқ дүкені
Дүкен 1914 жылы М. Горький көшесінде салынған. Мұнда көпес Иван Никанорович Кожевникотың шыны, фаянс және басқа ыдыс-аяқтарды сататын дүкені орналасқан. Тұтқындағы чехтар қасбетін өңдеуге қатысқан, оған медальондардағы тарихи мәтіндер куә. Совет кезеңінде ғимаратқа “Алтай” мейрамханасы орналасқан. Кірпіштен салынған бір қабатты ғимарат модерн стилінің ерте кезеңіне жатады. Оған тарихи стильдерді араластыру тенденциясы тән. Ғимарат Реннесанс дәуірінің дәстүрлі әуендеріне әшекейленген. Рационалдылықпен қатар композициядан үстірт декорациялылықтың белгілері байқалады. Ғимараттың логикалық, айқын да қарапайым формасы бар. Декорациялық элементтер ретінде өсімдік мәнері мен әуендері пайдаланылған. Жоғарғы жағы жарты шеңберленіп келген терезе маңдайшалары жайпақталып тәмәмдалады. Жүзім сабақтары чех мәдениетінің айқын белгілерінің бірі жүзім шаруашылығы туралы баяндайды. Бұрын ғимараттың үш кірер есігі болса, қазір соның бұрышта орналасқан біреуі ғана сақталған. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының көрме залы.
## О.Ф.Костюриннің механикалық шеберханалары
Шеберхана Киров көшесінде орналасқан. Бұрын галереямен жалғасқан екі қабатты ғимараттар. Сол жақтағы ғимаратқа кіретін есік бас қасбеттің орталығынан шығыс қасбетке көшіріліп, оның орнына терезе шығарылған. Қабаттарды рельефті белдеу бөліп тұр, екінші қабатта үш тік бұрышты терезе орналасқан, қабат төрт мұнарашамен аяқталады, орталық терезенің үстінде дөңгелек төбетерезе орналасқан. Оң жақ ғимарат жартылай иілген арка түріндегі діңмаңдайша, ол жауырындық қабырғаға сүйеніп тұр. Терезелері тік бұрышты. Екінші қабаттың терезелері маңдайша қабырғамен біріктірілген, екінші қабат үш мұнарашамен аяқталады, оның ортаңғысы металл өсімдік айшықпен әсемделген. Қабаттарды кең рельефті белдеу бөледі. Совет жылдарында бірінші қабаттағы жоғарғы жағы жартылай шеңбер болып аяқталатын тік бұрышты терезелер квадратты терезелерге ауыстырылған. Және маңдайша кенерелері мен басқа да әшекейлері жоғалтылған.
## Дереккөздер
## Жоғарғы қалалық бастауыш училище
Бұл ғимарат 1886 жылы Головков көшесінде салынған. Төбесі төрт қырлы сырғымалы, симметриялы бүйірлік тік бұрышты шығыңқылықтары бар екі қабатты ғимарат. Орталық шығыңқылығы бес қырлы фигура тәрізді. Барлық шығыңқылықтарының қисық сызық түріндегі маңдайша қабырғалары бар. Ғимаратқа кіреберіс орталық шығыңқылықтың тура ортасында орналасқан. Қасбеттің алға қарай шығыңқы орталық бөлігінің қимасы қисық маңдайша қабырғасында шаршы формалы төбетерезе бар. Кең маңдайша қабырға жалпақ кемертірекпен безендірілген. Кемертіректер алаңы қабаттардың арасын бөліп тұрған рельефті тартымды да айшықтап тұр. Терезе ойықтары сәл ғана байқалатын аркалық тәсілмен аяқталған. Саябақ жағындағы бас кіреберіс жауырындық қабырғамен безендірілген және қанатшасы бар. Оның үстінде ағаштан жасалған тізбек қоршаулы қылтима орналасқан. Бастабында үстіңгі қабатта қалалық училище, астыңғы қабатта бастауыш әйелдер училищесі, 1912 жылдан бастап жоғарғы қалалық бастауыш училище орналасқан. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғимарат жалпы білім беретін мектеп ретінде пайдаланылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда госпиталь орналасқан. Совет кезеңінде жабынының периметрі бойынша орнатылған декоративтік мұнарашалар жойылған.Басқа елеулі бүлінісі жоқ. Ғимараттың ішкі жағында ішінара қайта бөлу жүзеге асырылған.
## Троица шіркеуі
Сәулет ескерткіші, 1789 жылы 26 маусымда алғашқы тасы қаланып, 1809 жылы құрылысы аяқталған. 1810 жылы 9 қазанда қасиетті сумен дұғаланған. Құрылыс Тобол епископы Варламның батасын беруінен кейін басталған. Құрылыс дұға қылушылардың қаражаттарына ғана емес, Аса жоғарғы жарлықпен 1799 жылы бөлінген Инженерлік Департаменттің қаражаттарына салынған. Троица шіркеуі үш тақты болған. Ортаңғы тағы Қасиетті Троицаға, оң жақ тақ Қасиетті еваангелист Иоанн Богословқаға, ал үшінші тақ Илья пайғамбарға бағышталған. Троица шіркеуі өзінің архитектурасы жағынан қарапайым, шағын, провинциалдық ғимарат. Композициясындағы негізгі ауқымды алып тұрған массивті екі түсті параллелепипед. Төрт қырлы қоңырау бөлмесі қазіргі кезде жойылған. Қасбеттерінің қарапайым өңделуі жауырындықтар мен жартылай циркульдық жайпақ рамалық көмкерулерден тұрады. Материалы: тас. Батыс қасбеттің ұзындығы 16,89 метр. Оңтүстік қасбеттің ұзындығы 32, 14 метр. Ғимараттың биіктігі 9,2 метр.
## Көпес үйі
Көпес үйі- 20 ғасырдың басында салынған. Егер совет кезеңінде салынған қосымша құрылыстарды, ғимараттардың ескерткіш ретінде қабылдануын бұрмалайтын жарнама қалқандары мен маңдайшаларды ескермесе, бұл ғимарат өзінің бастапқы бет-бейнесін сақтаған. Кірпіштен салынған бір қабатты үй. Төбесі шатырланған, шифер жабылған. Қасбет композициясы симметриялы, терезе ойықтары жартылай циркуль формасына ұқсас. Бас қасбеттің бүйірлері тік бұрышты қашаутаспен көмкерілген. Терезелердің үстінде тісмәнер белдеуі созылып жатыр. Үйдің ұзын бойына тегістелген ернеу орнатылған, оның астынан ырғақты түрде екі деңгейлі маңдайша кенере орналасқан. Ғимарат он бөлмеден тұрады.
## Көпес Ахтам Рафиковтың үйі және лабазы
Ғимарат 19 ғасырдың аяғында салынған. Екі қабатты тұрғын үй кірпіштен салынған. Төбесі төрт қырлы. Кірер есігі алдыңғы жағына орналасқан. Ғимарат декорлармен безендірілген. Бірінші қабаттың бір бөлігін кесіп өтетін арка орналасқан. Негізгі ғимаратқа осы стильде орындалған бір қабатты құрылыс жалғасып жатыр. Қасбет бөлігі елеулі бүлініске ұшырамаған. Ауладағы құрылыстары бұзылған. Ішкі жағынан қосалқы құрылыс салынып жатыр, бұл ғимараттың тарихи бейнесін бұрмалайды.
## И.Н.Кожевниковтың ыдыс-аяқ дүкені
Дүкен 1914 жылы М. Горький көшесінде салынған. Мұнда көпес Иван Никанорович Кожевникотың шыны, фаянс және басқа ыдыс-аяқтарды сататын дүкені орналасқан. Тұтқындағы чехтар қасбетін өңдеуге қатысқан, оған медальондардағы тарихи мәтіндер куә. Совет кезеңінде ғимаратқа “Алтай” мейрамханасы орналасқан. Кірпіштен салынған бір қабатты ғимарат модерн стилінің ерте кезеңіне жатады. Оған тарихи стильдерді араластыру тенденциясы тән. Ғимарат Реннесанс дәуірінің дәстүрлі әуендеріне әшекейленген. Рационалдылықпен қатар композициядан үстірт декорациялылықтың белгілері байқалады. Ғимараттың логикалық, айқын да қарапайым формасы бар. Декорациялық элементтер ретінде өсімдік мәнері мен әуендері пайдаланылған. Жоғарғы жағы жарты шеңберленіп келген терезе маңдайшалары жайпақталып тәмәмдалады. Жүзім сабақтары чех мәдениетінің айқын белгілерінің бірі жүзім шаруашылығы туралы баяндайды. Бұрын ғимараттың үш кірер есігі болса, қазір соның бұрышта орналасқан біреуі ғана сақталған. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының көрме залы.
## О.Ф.Костюриннің механикалық шеберханалары
Шеберхана Киров көшесінде орналасқан. Бұрын галереямен жалғасқан екі қабатты ғимараттар. Сол жақтағы ғимаратқа кіретін есік бас қасбеттің орталығынан шығыс қасбетке көшіріліп, оның орнына терезе шығарылған. Қабаттарды рельефті белдеу бөліп тұр, екінші қабатта үш тік бұрышты терезе орналасқан, қабат төрт мұнарашамен аяқталады, орталық терезенің үстінде дөңгелек төбетерезе орналасқан. Оң жақ ғимарат жартылай иілген арка түріндегі діңмаңдайша, ол жауырындық қабырғаға сүйеніп тұр. Терезелері тік бұрышты. Екінші қабаттың терезелері маңдайша қабырғамен біріктірілген, екінші қабат үш мұнарашамен аяқталады, оның ортаңғысы металл өсімдік айшықпен әсемделген. Қабаттарды кең рельефті белдеу бөледі. Совет жылдарында бірінші қабаттағы жоғарғы жағы жартылай шеңбер болып аяқталатын тік бұрышты терезелер квадратты терезелерге ауыстырылған. Және маңдайша кенерелері мен басқа да әшекейлері жоғалтылған.
## Дереккөздер |
Петр Петрович Косырев (1909-1953) - құрылыста стахановшылар қозғалысын бастаушы. 1909 жылы Омбы қаласында туған.
## Еңбек жолы
* 1932 жылдан бастап Шымкент қорғасын - мырыш заводының құрылысында слесарь, кейін завод кәсіподақ комитетінің өндіріс бөлімінің меңгерушісі, комсомол комитетінің секретары, слесарьлар бригадирі, механикалық цехтың мастері болып жұмыс істеді.
* 1935 жылы кірпіш қалауды тездету, сол арқылы құрылыс объектілерін мерзімінен бұрын тапсыруды көздеген стахановшылар қозғалысын республикада алғаш болып бастады.
* Өмірінің соңғы кезеңінде еліміздің қорғаныс қуатын нығайтуға үлес қосты.
## Жетістігі
* Қазақстанда құрылыста стахановшылар қозғалысын бастаушы.
* 1935 жылы 1-Бүкілодақтық стахановшылар съезіне қатысқан.
## Дереккөздер |
Семей медицина университеті (СМУ) — 1953 жылы негізі қаланған 65 жылдық тарихы бар Қазақстан Республикасының ең көне оқу орындарының бірі болып табылады. Университет өзінің клиникалық базасы (Университет ауруханасы) және Павлодар және Өскемен қалаларында филиалдары бар Қазақстандағы ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. 2018 жылдың қазан айынан бастап Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты (РМжЭ ҒЗИ) біріктіру арқылы СМУ құрамына кірді.[1] Мұрағатталған 22 маусымның 2020 жылы.
Университет жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру үшін білім беру қызметін көрсетеді. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Студенттер контингенті бес мыңнан астам адамды құрайды. Оқу нысаны – күндізгі. Университетте шетелдік студенттер оқиды, олардың үлесі жалпы контингенттің 18,3% құрайды. Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының үлесі 87,5% құрайды.
Қазіргі уақытта Семей медицина университеті Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағындағы ең ірі жоғары оқу орны және Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары үшін медициналық кадрлардың негізгі жеткізушісі болып табылады. Университет жыл сайын Қазақстан университеттерінің ұлттық рейтингінде жетекші орындар алады. 2019 жылы – Қазақстанның үздік медициналық университеттерінің рейтингінде «Ғылым мен инновацияны дамытудағы көшбасшы» және «Студенттердің оқу нәтижелері бойынша көшбасшы».
Университет түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша Қазақстандағы медициналық ЖОО арасында көшбасшы болып табылады. 2015-2018 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен құрастырылған «Еңбекті дамыту орталығы» АҚ рейтингі бойынша университет Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында 14-орынға және медициналық ЖОО арасында түлектерге сұраныс деңгейі бойынша 1-орынға ие болды. Жалпы алғанда, университет өмір сүрген жылдар ішінде Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде (Пәкістан, Үндістан, Палестина, Судан, Марокко, Иордания, Израиль, Сирия, Ресей, Норвегия, Германия, Канада және т.б.) табысты жұмыс істейтін 35 000-нан астам мамандарды дайындады, бұл дайындалған мамандардың біліктілігінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Университетте жоғары мақсаттарға жету үшін 1500-ден астам профессорлар, оқытушылар, қызметкерлер мен дәрігерлер еңбек етуде. Жыл сайын 600-ден астам талапкер университеттің студенті атанады, студенттердің жалпы саны 5000 адамнан асады.
## Тарихы
Семей медицина университетінің тарихы 1953 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы 320 студентті қабылдаған медицина факультетінің ашылуынан басталды. Ашылған алғашқы жылдары институтта марксизм-ленинизм негіздері, биология, анатомия, гистология, бейорганикалық химия, физика, шет тілдері, латын тілі, дене шынықтыру, биохимия және органикалық химия кафедралары бар болғаны 10-ақ кафедра болды.
1957 жылы КСРО Жоғары және орта арнаулы білім Министрлігінің шешімімен институт ІІ санатты ЖОО қатарына жатқызылды.
1959 – алғашқы түлектер бітірді. 275 түлек дәрігер дипломын алды.
1960 – Т.К. Раисов, Б. Жұмабаев, Ж.Б. Базарбеков, А. Кӛрпешов, Г. Канафиянов және басқа студенттер Бекен Жұмановтың басшылығымен «Жасдәурен» жастар театрын құрды.
1963 – институт ректоры болып Қазақ СРО ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Назарова Тамара Александровна тағайындалды.
1963 – институтта педиатрия факультеті ашылды. И.М. Турецкий факультеттің алғашқы деканы болды.
1964 – институттың бас ғимараты ӛз жұмысын бастады. Бас ғимаратпен бірге 400 орынға
№4 жатақхана пайдалануға берілді.
1971 – 6 курсты бітіргеннен кейін түлектердің алғашқы мамандануы басталды (интернатура).
1974 – институт ректоры болып доцент Усов Дмитрий Васильевич тағайындалды.
1976 – ғылыми жұмыстар кӛлемінің кеңеюіне байланысты кафедрааралық эксперименталды зертхана ұйымдастырылды және ашылды, Е.Н. Шатский оның бірінші жетекшісі болды.
1976 – ғылыми жұмыс жӛніндегі проректор, профессор Б.Х. Хабижановтың бастамасы бойынша патенттік бӛлім ашылды.
1976 – институт ректоры болып Қазақ СРО ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Хлопов Николай Архипович тағайындалды.
1982 – СОКП тарих кафедрасы доценті Анна Лукьяновна Птущенконың басшылығымен М. Мәметова атындағы мұражай ашылды.
1984 – Павлодар қаласында дәрігерлер біліктілігін жетілдіру факультеті ашылды.
1985 – институт ректоры болып профессор Белозеров Евгений Степанович тағайындалды.
1986 – Мемлекеттік медицина университетінде бастапқы ардагерлер ұйымы құрылды.
1987 – институт ректоры болып ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылым және техникаға еңбегі сіңген қайраткер, профессор Раисов Тӛлеген Қазезұлы тағайындалды.
1993 – университет қызметкерлері үшін 156-пәтерлік тұрғын үй салынды. Бӛлімдерде, қызметтерде және кафедраларда компьютеризация жүргізілді. 4 компьютерлік сынып ашылып, жабдықталды. Соның ішінде, бір класста 33 компьютер интернет желісіне қосылды.
1993 – тұңғыш рет «Экология. Радиация. Денсаулық» халықаралық ғылыми конференциясы ӛткізілді. Аталған конференцияның бас тақырыбы – радиациялық аймақтар тұрғындарының денсаулығы.
1998 – Қазақстан Республикасында алғашқы рет ағылшын тілінде шетелдік студенттерді оқыту басталды. Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Суданнан келген студенттер Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінде ағылшын тілінде оқу мүмкіндігіне ие болды.
1998 – облыстық аурухана университет құрамына кірді. Оның клиникалық базасына 510 орынға кӛпбейінді аурухана, стоматологиялық емхана, 10 мың адамға қызмет кӛрсететін тренингтік отбасылық емхана; академия студенттерінің алған теориялық білімін іс жүзінде нығайту мүмкіндігі күшейді.
1999 – республикалық «Семейный врач» журналы және «Медицина для всех» газеті шыға бастады.
2001 – академия ректоры қызметіне медицина ғылымдарының докторы, профессор Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы тағайындалды.
2001 – қала және аудан оқушылары үшін университетте биология пәні бойынша бірінші олимпиада ӛткізілді.
2003 – ЖОО оқытуға лицензия алды.
2005 – ЖОО SGS (Казахстан) «Медеу консалтинг» сертификациялық органы арқылы сапа менеджменті жүйесі бірінші сертификациядан ӛтті.
2007 – ректоры болып ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рахыпбеков Тӛлебай Қосиябекұлы тағайындалды.
2007 – «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина» жаңа мамандықтары енгізілді.
2007 – офис тіркеуші, оқу-әдістемелік орталық, оқу-клиникалық орталық ашылды.
2008 – «Ғылым және денсаулық сақтау» журналын халықаралық тіркеу бойынша жұмыс басталды.
2009 – Сертификациялық орган «Total Quality Certification Services International» (KAZAKHSTAN) ИСО 9001:2008 халықаралық стандартының барлық талаптарын сақтауға ЖОО менеджменті жүйесінің сәйкестігін растады.
2009 – «Ииновациялық технологияларды қолдану арқылы жоғары білімді дамыту» бағдарламасы бойынша 10 оқытушы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасы бойынша шетелде оқып келді. Осы жылдары практикалық дағдыларды бекіту және тексеру мақсаттарында әрбір клиниканың базасында (медициналық орталықта, жедел кӛмек ауруханасында, №2 перзентханада) 3 симуляциялық кабинет ашылды.
2009 – күрделі практикалық дағдыларды дамытатын робот симулятор сатып алынды; ондай робот ТМД мемлекеттері арасында бірінші рет сатып алынды.
2009 – республикада ғылымды дамыту мен реформалау концепциясын жүргізу рейтингі бойынша университет 1 орын алды.
2010 – университет ректоры Тӛлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков Болон декларациясына қол қойды.
2011 – ҚР VI жазғы Универсиадада спорттың 15 түрі бойынша біздің мемлекеттің 85 жоғары оқу орны арасында Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті жалпыкомандалық есепте үздік ондық командалар сапында, ал жоғары медициналық оқу орындары арасында жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алды.
2011 – университет сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Моделін енгізді (EFQM) және сапа менеджменті Еуропалық қорын «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне ауысу бойынша жұмысты ӛткізді.
2011 – «Паталогиялық анатомия және соттық медицина» кафедрасына Ю.В. Пруглоның аты берілді. Кафедраның үздік студентіне атаулы жыл сайынғы шәкіртақы тағайындалды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ.Н. Мұқанов атаулы шәкіртақы демеушісі болып табылады.
2012 – университет сапа менеджменті Еуропалық қорының «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне сертификат алды. Валидация нәтижелері бойынша университет «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне сәйкестікке сертификат алды.
2012 – жалпы медициналық факультеттің бірінші түлектер легі оқуды аяқтады – 349 түлек диплом алды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 48 түлек. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының ағылшын топтары ашылды.
2012 – ардагерлер ұйымы қасында «Ардагер» клубы құрылды. «Ардагер» клубы мүшелері Ұлы Отан соғысына қатысушылармен, қаланың белгілі қоғамдық және мәдени қайраткерлерімен студенттердің кездесуін ұйымдастырады, жағдайы тӛмен отбасыларға әлеуметтік кӛмек кӛрсетеді, студенттерге кеңес береді, университеттің қоғамдық жұмысына қатысады.
2012 – шетелдік баспаларда монграфиялар тұңғыш рет шығарылды: «Денсаулық сақтаудағы қаржылық менеджмент» (Т.Қ. Рахыпбеков), «Адрено-тиреоидты жүйе және әсер етуші ағзаға тӛмен дозалық радиациялық» (С.О. Тапбергенов), «Ми инсультының этникалық ерекшеліктері» (Т.Н. Хайбуллин), «Медициналық білім және кәсіби дамуы» (Арнайы шығарылым, Ресей медициналық оқытушылары қоғамдастықтары журналы).
2012 – Сапа Азиаттық жүйесі 10-Конгрессінің (ANQ) шеңберінде, Қазақстан жоо-дары арасында алғашқы рет Университет номинацияда жеңімпаз болып танылды сертификат берілді.
2012 – «Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметова» мұражайының ашылуына 30- жылдық мерейтойымен белгіленді (1982-1912 жж.)
2012 – сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Моделін (EFQM) енгізгеннен кейін университет оны бар сапа менеджменті жүйесімен ықпалдастырды.
2012 – «Денсаулық сақтау саласындағы үздік оқу орны» номианциясында Asian Education leadership awards бірлестігінен марапат, Дубай, БАӘ.
2012 – «Мэрлар бейбітшілік үшін» делегациясының оқу –клиникалық орталыққа сапары.
2013 – «Центр сертификации Inter Cert» ЖШС инспекциялық аудит ӛткізді, оның нәтижелері бойынша № KZ.7500207.07.03.00077 25.06.2013 ж. сертификат алды.
2013– валидация бойынша есепті талдаудан кейін қабылданған университеттің сапа менеджменті жүйесін дамытудың келесі қадамы 4- жұлдыз деңгейіне универитеттің жетуі болды. Сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Модельдері (EFQM).
2013 – Семей қ. тарихында бірінші рет Университеттің Медициналық орталығы базасында Кардиохирургиялық бӛлімше және Эндоваскулярлы зертхана ашылды, ӛздігінен ашық жүрекке бірінші оталар жасалды, коронарография, стенттеу. Астана қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
2013 – Ӛскемен қаласында университеттің филиалы ашылды.
2013 – «Жырдауа» мектебінің басшылығымен Бірінші Республикалық студенттік айтыс ӛткізілді.
2013 – ҚР VIІ жазғы Универсиадада спорттың 15 түрі бойынша біздің мемлекеттің 139 жоғары оқу орындары арасында Семей қ. мемлекеттік медицина университеті жалпыкомандалық есепте мықты бестік командалар сапында, 135 жоо пьедесталдан қалтырып, олардың 35 дене тәрбиесі кафедрасы бар; жоғары медициналық оқу орындары арасында жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алды; ҚР VIІ жазғы Универсиада қорытындылары бойынша Семей қ. ММУ Дипломмен, ҚР Білім Министрлігінің Медалімен және Кубогымен марапатталды.
2013 – Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойын атып ӛтті.
2013 – Қазақстан экономикасы ӛнеркәсіптері кӛшбасшыларын марапаттау Жалпы мемлекеттік Республикалық рейтингілік бағдарламасына сәйкес «Қазақстанның кӛшбасшысы 2013» «Активтер мен міндеттемелер кӛрсеткіштері», «Түсімділік кӛрсеткіштері» және «Ӛтімділік кӛрсеткіштері» номинацияларында 2011-2012 жылдар
қортындылары бойынша Семей қ. ММУ Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-дары арасында 3-ші орын және еліміздің медициналық ЖОО-дары арасында 1-ші орын алды.
2013-2014 – Абай облысы палуандары екінші жыл қатарынан жеңіске жетті, «Қазақ Барысы – 2013» Республикалық турнирде – Айбек Нұғымаров, «Қазақстан Барысы – 2014» – Тұрсынов Мұхит.
2013-2014 – Білім сапасын Бағалау Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігі Республикалық рейтингінде жоо-дар рейтингінде Семей қ. ММУ бакалавриат бағдарламалары бойынша екінші орын алды.
2014 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті «Қазақстан Барысы» ІҮ – Республикалық турнирі жеңімпазы, дене тәрбиесі кафедрасы оқытушысы Тұрсынов Мұхитты ұлықтады.
2014 – IREG Observatоry толыққұқықты қатысушысы, ТМД мемлекеттері үздік жоо-дары тізіміне Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің кіруі туралы куәлік, «РА сарапшысы» Халықаралық рейтингілік агенттігінен ЖОО-мен алынған ЖОО табысты және тиімді менеджментінің кӛрсеткіші болып табылады.
2014 – Аккредиттеу және рейтинг Ұлттық агенттігінде (АРҰА) Институционалды ұлттық аккредиттеумен университет 5 жыл мерзімге аккредиттеу ӛткізілді.
2014 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті 5 жыл мерзімге аккредиттелді.
2014 – Аккредиттеу және рейтинг Ұлттық агенттігінде (АРҰА) институционалды ұлттық аккредиттеу.
2014 – Университет «Республикалық жооаралық электронды кітапханаға» кірді. http://lib.kazrena.kz. «Springer Link» және Web of Knowledge (Thomson Reuters) мәліметтер базаларының толық мәтіндік ресурсымен бірыңғай электронды кітапхана құру туралы «НЦНТИ» АҚ келісім шарт бекітілді.
2015 – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігімен қаржыландыратын 2015-2017 жж. 5 грант бар, жалпы сомасы 87 млн теңгеден астам.
2015 – рейтингілік дүниежүзілік цитат келтіру базаларына «Ғылым және денсаулық сақтау» журналын алға жылжыту» жобасы жүзеге асырылуда, соның ішінде «Scopus». «Ғылым және денсаулық сақтау» журналы ғылыми цитат келтіру Ресейлік индексіне және E-library, Ulrich’s Periodicals Directory, Global Health, CAB Abstracts халықаралық мәліметтер базаларына енді.
2015 – Үндістан ЖОО-дар Қоғамдастығына енді.
2015 – Мамандандырылған ұлттық аккредиттеу 5 бакалавриат білім беру бағдарламасы, 7 резидентура, 4 магистратура, 2 докторантура білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (НКАОКО).
2015 – «Қазақстан Республикасындағы отбасылық медицинаның қалыптасыуының 20 жылдығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
2016 – фармакология және дәлелді медицина кафедрасына профессор М.Н. Мусинның аты берілді.
2016 – оқытушылар мен студенттер үшін заманауи интерактив үстелдермен Астана бӛлмесі ашылды.
2016 – Семей қ. ММУ ОКО СЛР ӛтеу үшін Сипиарлен манекені және жүрек-ӛкпе реанимациясы үшін оқыту робот-манекені сатып алынды.
2016 – «Ғылым және денсаулық» атты жас ғалымдар Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының аясында FRCS, MRCGP, DLS Виджай Кумардың (Ұлыбритания) семинары.
2016 – Saint Louis University-мен әріптестік туралы шартқа қол қойылды.
2016 – 9 мамандық бойынша білім беру бағдарламалары Халықаралық аккредиттеу.
2016 – «Травматологиядағы-ортопедиядағы диагностика және емдеудің инновациялық технологиялары» атты проф. Д.М. Кульджановтың шебер-классы.
2016 – Семей қ. ММУ стратегиялық әріптесі Saint Louis University (АҚШ) сарапшылар тобының сапары.
2016 – Қазақстандағы Канаданың елшісі Шон Стайл мырзаның сапары.
2016 – «Біз ядролық қарусыз әлем үшін» атты флеш-моб.
2016 – «Жастар арасында салауатты ӛмір салтын насихаттау және жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындауды қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік аспектілері» атты А.К. Кульназаровтың 70-жылдығына арналған Бірінші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
2016 – Қазақстандағы Швеция Тӛтенше және Ӛкілетті елшісі Христиан Камиллдың сапары.
2016 – Қазақ күресі бойынша Қазақстан чемпионатындағы 2 орын.
2016 – Қазақстан Респуликасында алғашқы рет Семей медицина университеті ата-аналар съезі ӛткізілді.
2016 – алғашқы рет Барселонаға шетелдік академиялық мобильділік ұйымдастырылды.
2017 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Өңірлік Онкологиялық диспансер және жедел медициналық кӛмек ауруханасы арасындағы үш жақты келісім шартқа қол қою.
2017 – қалалар мен аудандар оқушылары үшін Семей қ. мемлекеттік медицина университетінде химия пәнінен бірінші олимпиада.
2017 – м.ғ.д. Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлының Семей қ. ММУ ректоры лауазымына тағайындалуы.
2017 – Үндістаннан талапкерлерді бірінші ӛздігінен қабылдау.
2017 – қарусыздандыру бағдарламасы бойынша БҰҰ делегациясының сапары.
2017 – биохимия және химиялық пәндер кафедрасына профессор Тапбергенов Салават Оразұлының атын беру.
2017 – қаланың Жастар мәслихаты депутаттары қатарына университет студенттерінің сайлануы.
2017 – Ӛскемен қаласында Семей мемлекеттік медицина университетінің филиалы және университеттік госпиталі ұйымдастырылды.
2017 – Saint Louis University hospital, Семей қ. ММУ Павлодар филиалы және Павлодар облысы ДСБ арасында әріптестік туралы келісім шартқа қол қойылды.
2017 – Қазақстан Республикасында алғаш рет «Қазақстан Республикасының денсалуық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламысың аясында Тарбағатай, Бородулиха, Абай, Бесқарағай, Үржар, Кӛкпекті аудандарына және Риддер мен Курчатов қалаларына мультидисциплинарлы командаларының шығуы ұйымдастырылған.
2017 – Вильнюс университетіне студенттер академиялық мобильділігі.
2017 – Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен әріптестік туралы келісім шартқа қол қою.
2017 – Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен әріптестік туралы келісім шартқа қол қою.
2017 – стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде Saint Louis University Hospital Семей қ. ММУ профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық мобильділігі.
2017 – жаңа құрылымдық бӛлімшелер ашылды: ішкі аудит қызметі, қоғаммен байланыс қызметі, мемлекеттік сатып алулар бӛлімі, стратегиялық даму бӛлімі, халықаралық ынтымықтастық және академиялық мобильділік бӛлімі, PR-технологиялары және маркетинг бӛлімі, бухгалтерлік есеп және есептілік, жоспарлау және экономикалық талдау бөлімі.
2017 – «Medical Foundation» дайындық бӛлімі ашылды. Дайындық бӛлімінің аясында ЖОО талапкерлері үшін ағылшын тілі, биология, химия пәндерінен курстар ұйымдастырылды.
2017 – профессорлық-оқытушылық құрамның 39 мүшесі үшін шетелдік тағылымдамағы бару ұйымдастырылды.
2018 – «Семей қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ филиалымен және Қазақ Гуманитарлық-Заң Инновациялық университетімен әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.
2018 – Семей қ. ММУ мен Башкент университеті (Түркия) арасындағы стратегиялық әріптестік жӛніндегі меморандумға қол қойылды.
2018 – Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің коррупцияға қарсы саясатын жүзеге асыру тәжірибесі елімізде үздік деп табылды.
2018 – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде саябақтар Маршы акциясы ӛтіп, аллеяда 200 шырша отырғызылды.
2018 – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстан Республикасының 3 үздік ЖОО қатарына кірді.
2018 – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстан Республикасының ең үздік 20 ЖОО қатарына кірді.
2018 – Тәуелсіз агенттігі рейтингінің нәтижесі бойынша білім беру сапасын қамтамасыз етуі бойынша II орынға ие болды.
2018 – Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттінің «Студенттерді оқыту нәтижесі бойынша кӛшбасшы» номинациясында I орын иегері.
2018 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті өзінің 65-жылдығын атап өтті. Мерейтой аясында «Медициналық білімді, ғылымды және практиканы модернизациялаудағы заманауи инновациялық әдістер» атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
2019 – 5 ақпанда университет “Семей медициналық университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.
2019 – Башкент университетімен стратегиялық серіктестік аясында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу.
2019 – Профессор Фазыл Сердар Гюрель Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (Провост) қызметіне тағайындалды.
2019 – “Семей медициналық университеті” КеАҚ мен Абай облысы Семей қаласының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2020 – Қазақстанның 2020 жылғы үздік университеттерінің ұлттық рейтингі бойынша «Үздік медициналық университет».
## Университет ректорлары
1953 ж. институт директоры болып Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Василий Сергеевич Бобов тағайындалды.
1956 ж. институт ректоры болып доцент Чуваков Қожахмет Чувакович тағайындалды.
1963 ж. – Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Назарова Тамара Александровна институт ректоры болып тағайындалды.
1974 ж. – институт ректоры болып доцент Усов Дмитрий Васильевич тағайындалды.
1976 ж. – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Николай Архипович Хлопов институт ректоры болып тағайындалды.
1985 ж. - профессор Евгений Степанович Белозеров институт ректоры болып тағайындалды.
1987 ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, профессор Раисов Төлеген Қазезұлы институт ректоры болып тағайындалды.
2001 ж. – медицина ғылымдарының докторы, профессор Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы Академияның ректоры болып тағайындалды.
2007 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай Рахыпбеков университет ректоры болып тағайындалды.
2017 ж. – университет ректоры болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы тағайындалды.
2021 ж. қазіргі уақытқа дейін университет ректоры медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич.
## Дереккөздер |
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы, немесе Қазақ АКСР (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan) — қазіргі Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы алдымен Қызылорда (1925—1929), кейіннен 1929 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді..
## Шекарасы
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен, солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
## Ауданы және Халқы
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.
## Қазревком мүшелері
* С.Меңдешев (1882-1937)
* 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
* 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
* 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
* 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
* 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
* 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
* 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
* 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
* 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
* А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
* "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;
* 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
* 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
## Дереккөздер |
Саран (Сораң) — 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылған Қарағанды агломерацияcына жататын шағын қала. Қала аумағы 174,0 шаршы километрге тең. Қарағандының батысында 15 шақырым жерде орналасқан.
## Тарихы
1943 жылы Саран көмірлі ауданын игеруге байланысты іргесі қаланды. Қаланың негізгі экономикасын өнеркәсіп кәсіпорындарын құрайды. Өнеркәсіптің өндіруші және химия салалары басымшылық алып отыр.
## Халқы
## Экономикасы
Қалада 2007 жылға 319 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде
* 7 ірі, 32 орта, 280 шағын субъектілері.
Негізгі экономикалық бағыт:
* резеңке бұйымдарын өндіру.
Қаланың негізгі кәсіпорындары:
* «Саран резеңке техника» ЖШС,
* «Қарағанды резеңке техника» ЖШС,
* «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның бөлімшелері.
Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:- резеңке-техникалық бұйымдар;- көмір.
2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 4840 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 25411 теңге.2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 6597,0 млн. теңгені құрады.Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1250,8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемнен 3,5 есе артық.Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 547,7 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 126,9%-ын құрады.2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 781,6 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 159,3 млн. теңге.
### Ауыл шаруашылығы
2006 жылғы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады.2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өңдірушілерінің нақты бары: 2 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 12 шаруа қожалығы, 4,4 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы.Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 0,8 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылды, оның ішінде 0,6 мың га - егістік алқаптар.
2006 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 1,8 мың бас; қой мен ешкі – 0,5 мың бас; шошқа – 2,3 мың бас; құс – 4,1 мың бас.
## Білім
Қалада 2006/2007 оқу жылы басына
* 10 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 4929 оқушы оқиды,
* 1 колледжде - 1443 оқушы,
* 2 кәсіби-техникалық оқу орнында 644 оқушы оқиды.
Қалада
* 3 кітапхана,
* 2 клуб типті мекеме,
* кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 1 ұйым жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Әбілхайыр Ордасы немесе Көшпелі өзбектер хандығы — XV ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған.
Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.
Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.
Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.
Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды.
1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.
1450 жж. Әбілхайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқараға жорық жасайды.
1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.
1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.
## Дереккөздер |
## Қазақ халқының есептері
## Қырсық жолаушы
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады.Қырсық екі араны неше күнде өтеді?
## Жылқыға жем беру
Ауылдасы жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады.Сонда ол:-жылқыларыма күніне 10 қадақ жем беремін.2 бием бар. Құнанға екі қадақтан,тайға бір қадақтан жем беремін.Әржағын өзің есепте .Шаруасың ғой,-деді үй иесі.
## Қасықыр,ешкі және қырықбуын
Бұл да халқымыздың ертек есептері.Шаруа өзеннен қасқыр,ешкі және шөпті алып өтуі керек.Қайыққа шаруаның өзі мінеді.Одан соң не қасқырды,не ешкіні , не шөпті алуына болады.Егер шаруа жағаға ешкі мен қасқырды қалдырып, шөпті алып кетсе , қасқыр ешкіні жеп қояды.Егер шаруа жағаға ешкі мен шөпті қалдырып,қасқырды алып кетсе, ешкі шөпті жеп қояды.Шару өз жүгін қалай өзеннен аман-сау алып өтеді?
## Шекпен киген қара мен қарқаралы хан
Мейірімді,өз бағыңыздан бір алма алуға рұқсат етіңіз,-деді қара.Хан алуға рұқсат етті.Қара баққа келсе ,бақ үш рет қоршауға алынған екен.Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр.Қара бірінші жасауылға келіп:
-Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады,-деді.
-Ал, бірақ шығарда алған алманның тең жартысын ,және бір алма бересің,-деді жасауыл.
Қақпадағы екінші және үшінші жасауыл да оған осылай деді.Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін,қара бақтан неше алма алуы қажет?
## Тауық нешеу саналған?
Қызық есеп айтайын,
Сынап сені байқайын.
Жауап айтшы бөгелмей,
Шешім болсын дегендей.
Бір сарайға қамайлар,
Тауық , түлкі табылар.
Есеп шарты мынандай:
Аяқ пен бас саналар.
Отыз аяқ жүр бір топ боп.
Көрмегенмен оларды
Айыруға болады.
Болсадағы бұл тосын,
Жауап берші,жүр досым.
Түлкі нешеу қамалған?
Тауық нешеу санлған?
## Қолданылған материалдар
1.Қазақ халқының есептері,Бабаңнан саған не қалған.
## Қазақ халқының есептері
## Қырсық жолаушы
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады.Қырсық екі араны неше күнде өтеді?
## Жылқыға жем беру
Ауылдасы жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады.Сонда ол:-жылқыларыма күніне 10 қадақ жем беремін.2 бием бар. Құнанға екі қадақтан,тайға бір қадақтан жем беремін.Әржағын өзің есепте .Шаруасың ғой,-деді үй иесі.
## Қасықыр,ешкі және қырықбуын
Бұл да халқымыздың ертек есептері.Шаруа өзеннен қасқыр,ешкі және шөпті алып өтуі керек.Қайыққа шаруаның өзі мінеді.Одан соң не қасқырды,не ешкіні , не шөпті алуына болады.Егер шаруа жағаға ешкі мен қасқырды қалдырып, шөпті алып кетсе , қасқыр ешкіні жеп қояды.Егер шаруа жағаға ешкі мен шөпті қалдырып,қасқырды алып кетсе, ешкі шөпті жеп қояды.Шару өз жүгін қалай өзеннен аман-сау алып өтеді?
## Шекпен киген қара мен қарқаралы хан
Мейірімді,өз бағыңыздан бір алма алуға рұқсат етіңіз,-деді қара.Хан алуға рұқсат етті.Қара баққа келсе ,бақ үш рет қоршауға алынған екен.Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр.Қара бірінші жасауылға келіп:
-Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады,-деді.
-Ал, бірақ шығарда алған алманның тең жартысын ,және бір алма бересің,-деді жасауыл.
Қақпадағы екінші және үшінші жасауыл да оған осылай деді.Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін,қара бақтан неше алма алуы қажет?
## Тауық нешеу саналған?
Қызық есеп айтайын,
Сынап сені байқайын.
Жауап айтшы бөгелмей,
Шешім болсын дегендей.
Бір сарайға қамайлар,
Тауық , түлкі табылар.
Есеп шарты мынандай:
Аяқ пен бас саналар.
Отыз аяқ жүр бір топ боп.
Көрмегенмен оларды
Айыруға болады.
Болсадағы бұл тосын,
Жауап берші,жүр досым.
Түлкі нешеу қамалған?
Тауық нешеу санлған?
## Қолданылған материалдар
1.Қазақ халқының есептері,Бабаңнан саған не қалған. |
## Құрылуы
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі 1974 жылы 1 наурызда Ќазақ ССР Министрлер Кеңесінің 04.12.1973 г. № 992 шешімі және Қаз ССР Мәдениет Министрлігінің 1974 жылы 21 ақпандағы № 41-Р бұйрығы бойынша құрылды. 1993 жылы музейге белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың аты берілді. Музей Талдықорған қаласының орталығында орналасқан.
Алматы облысы әкімінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 18 Қаулысына сәйкес «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды. Алматы облысында орналасқан 19 музей филиалдары болып табылады.Бүгінгі күні музей қорын 24 524 экспонат құрайды, оның ішінде 10934 экспонат негізгі қорға жатады. Музей залдары қала тұрғындары мен қонақтарына өлкенің бай, әрі сұлу табиғаты мен өткен және қазіргі тарихы туралы сыр шертеді.
## Музей экспозициясы 2 қабатта орналасқан келесі залдар мен бөлімдерден тұрады
* «Жетісудың табиғаты» залы;
* «Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы» залы;
* «Ќазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы» бөлімі;
* «Жетісу патшалық Ресей кезеңінде» бөлімі;
* «Жетісу Кеңес дәуірі кезеңінде» бөлімі;
* «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімі.
Музейдің жалпы көлемі 1457 шаршы метрді құрайды. Соның ішінде экспозиция көлемі - 1091 кв.м. болса,
* табиғат залы - 237 кв.м
* көне және ортағысырлық тарих залы - 266 кв.м.
* кеңес және қазіргі кезең залы - 588 кв.м.
Қор сақтау бөлімдерінің көлемі - 120 кв.м., фойе - 210 кв.м.
## Музей құрылғаннан бері басқарған директорлар
* 1974 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында директоры – Беримбетов Ө.Б.,
* 1974-75 жж - Шестаков В.
* 1975-80 жж – Раев Ш.Р.
* 1980 – 1983 жж – Лян А.Л.
* 1983 жылдың ақпан айынан бастап Нұртаев Какен Бейсенбекұлы
## Музей бірінші күндерден бастап өз қызметін бес бағыт бойынша атқарады
* Ғылыми-зерттеу және жинау жұмысы.
* Ғылыми-қор жұмысы.
* Ғылыми-экспозициялық жұмысы.
* Көпшілік-ағарту жұмысы.
* Баспасөз жұмысы.
## Толығырақ
Музей қорына осы жылдар аралығында Жетісу өлкесінің табиғи байлықтары, флорасы мен фаунасы туралы, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары, халық ақындары, батырлары, мемлекеттік қайраткерлер, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталып келеді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауыл шаруашылығының дамуына күш салып, тер төккен еңбеккерлер т.б. ардақты жерлес тұлғалардың жеке заттары, құжаттары таптырмас музейлік құндылық болып есептеледі. Алматы облысының бүгінгі жағдайы, экономикасы, мәдениеті, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге байланысты заттар да жиналып, келушілер назарына ұсынылады.
«Жетісудың табиғаты» экспозициясы өлкенің алуан түрлі өсімдік және жануарлар әлеміне, жерасты қазба байлықтарына арналады. Жетісудың көрікті жерлерінің бірі – Іле Алатауы, осы тау сілемдерінің флорасы мен фаунасын бейнелейтін диорама безендірілген. Тауда өсімдіктердің 1200-ден астам түрі, сонымен қатар 1500 омыртқасыздар мен 213 омыртқалылар түрі мекендейді. Қызыл кітапқа енгізілген: қар барысы, Тянь-Шань аюы, тас сусар, Сібір таутекесі, сонымен қатар, басқа еш жерде кездеспейтін көбелектердің түрлері диорамада көрсетілген. Өлкені зерттеу тарихында есімдері мәңгілікке қалған П.П.Семенов Тянь-Шанский мен Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған экспозициялық комплекс безендірілген. Жетісу табиғатына арналған залда өлкенің керемет жерлерінің бірі- балықтың 20-дан астам түрі бар Балқаш көлінің диорамасы. Сондай-ақ бұл өңірде 520 мың гектар жерді алып жатқан «Алтын емел» Ұлттық табиғи паркі орналасқан. Осында экотуризм объектілеріне арналған үш ескерткіш: «Әнші құм», «Ақтау» және «Бесшатыр» қорымдары бар. Ұлттық табиғи паркте кездесетін Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген қарақұйрық, құлан, қара ләйлек, бүркіт т.б. аңдар мен құстардың тұлыптары экспозициядан орын алған. Табиғатта сирек кездесетін жұмбақ құбылыстың бірі «Әнші құм». Құмды таудың ұзындығы 3 км, ені 500 м., ал биіктігі – 100 м. Құм жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдың өніне ұқсас дыбыс естіледі. Осы ғажап көрініс диорамада көрсетілген. Осы залда Жетісудың жер асты қазба байлықтарының үлгілері қойылған. Экспозицияда өңдеу және қаптау материалы ретінде қолданылатын малахит, сұр агат, ақ мәрмәр тастармен қоса яшма, нефрит, сердолик, кварц сияқты түрлі табиғи тастардан жасалған әшекей бұйымдар да бар. Бұл коллекция 2002 жылы «Асылтас» акционерлік қоғамының геологиялық музейінен алынған.
«Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы» залына шолу «Тас ғасырының классификациясынан» басталады. Осындағы неолит (б.д.д. У-ІІІ ғғ.) заманының экспонаттары, яғни әйелдің мүсіні, қырғыш тастар, тас-жәшік табыты ерекше назар аударады. Залдағы Есіктен табылған «Алтын Адамның» көшірме мүсінін көрермен ұзақ тамашалайды. Жетісуды әр заманда мекендеген тайпалардың (ғұндар, үйсіндер, түркі тілдес тайпалар) тіршілігі мен тұрмысы жайлы археологиялық қазба байлықтар сыр шертеді. Ол жартастағы бейнелер, балбал тастар, қыш ыдыстар т.б.
Х-ХІІ ғғ. тарихқа қала мәдениетінің өркендеуі атымен енді. Ұлы Жібек Жолының бір тармағының Іле алқабы арқылы өтуі осы кезеңде сауда-саттықтың маңызын арттырды. Бүгінгі күні облыс территориясында 87 ортағасырлық қала орындары анықталған. Аса ірілері: Талхиз, Екі Оғыз, Қойлық, Дүнгене т.б. Музей экспозициясындағы түрлі қыш құмыралар, хумдар, ыдыстар, су құбырының бөліктері, шикі кірпіш - Жетісу ортағасырлық қалалары мәдениетінің өркендегенін дәлелдейді.
1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихқа енді. Жетісу өңірінде жоңғарға қарсы жүргізілген ірі шайқастардың екеуі Орбұлақ шайқасы (1643 ж.) мен Аңырақай шайқасы (1729 ж.)
Жауды біржолата жеңіп, сағын сындырған Аңырақай шайқасы болды. Археология залына қойылған С. Пожарскийдің Аңырақай шайқасының суреті өте нанымды шыққан. Халық батырларының қару-жарақтарынан безендірілген экспозицияда музейдің аса құнды экспонаттарының бірі Балпық бидің ұрпақтары өткізген дулығасы сақтаулы.
«Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы» атты экспозицияда дәстүрлі қолөнер бұйымдары: сүйекпен безендірілген ағаш төсек, көне сырмақтар, түскиіздер, теріден, ағаштан дайындалған ыдыстар, ұлттық киімдер, зергерлік әшекейлер т.б. халық шеберлерінің қолынан шыққан құнды заттар қойылған. Жеке витринада көне музыкалық аспаптар: қобыз, домбыра, дауылпаз, шертер, сыбызғы т.б. орналасқан.
Жетісу халқының рухани және мәдени өмірінің өркендеу кезеңі ХІХ-XX ғғ. жатады. Суырып салма айтыс ақындары Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Бақтыбай Жолбарысұлы, Қалқа Жапсарбаев, Әсет Найманбаев, Темірғали Рүстембеков, Сара Тастанбекова т.б. халық ақындарының өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелейтін экспонаттардан жеке экспозициялық комплекс безедірілген.
«Жетісу патшалық Ресей кезеңінде» атты қойылымда қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы Ш.Уәлиханов және Жетісу облысының алғашқы губернаторы Г.А.Колпаковский, 1889 жылы өлкеде тұңғыш ашылған «Мамания» мектебі, оның іргесін қалаушы тарихи тұлғалар, алғашқы мұғалімдер т.б. жайлы баяндайды. Сол кезеңдегі сауданың дамуынан мәлімет беретін «Қарқаралы жәрмеңкесі» атты арнайы экспозициялық комплексте орыс самаурынын, шығыс халықтарының құмғандарын, тігін машинесін, қазан т.б. көруге болады.
1916 жылғы ұлт-азаттыќ көтерілісінің Жетісудағы ошақтары тарихына қатысты архивтік құжаттар, қозғалыс жетекшілері Тоқаш Бокин, Ұзақ Саурықов, Бекболат Әшекеев туралы мәліметтер қойылған. Осы экспозицияда Ұзақ батырдың шоқпарын, басқа да көтерілісшілердің қолданған қаруларын көруге болады.
Келесі бөлім кеңес дәуірі кезеңіндегі Жетісудың тарихына арналған. 1918 жылдың наурызында өлкеде Кеңес Үкіметі орнатылды. 3 - наурызда Верный (Алматы) қаласында, 15 наурызда Гавриловка селосында (Талдықорған қ-сы). Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысқан жерлестеріміз: А.Әбубәкіров, Қ.Байсақов, К.Майстрюк т.б. жеке суреттері, құжаттары, сол тарихи оқиғаларға куә. Өлкедегі Азамат соғысы жайлы әңгімелейтін экспонаттардың ішінде Черкасск қорғанысына қатысушылардың қарулары, Тарбағатай «Тау қырандары» қызыл партизандарының құжаты, соғысқа қатысушылардың суреттері бар.
Аталған кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуал, бай мүлкін тәркілеу, ауылшаруашылық ұйымдарын құру, үлкен нәубетке ұшыратқан 1930 – 33 жылдардағы ашаршылықты баяндайды.
Қуғын-сүргін құрбандары М.Тынышпаев, І.Жансүгіров, Ж.Күдериннің, т.б. өмірдерек құжаттары қойылған. Осы жерде Түрксіб жол құрылысы туралы, Социалистік Еңбек Ері М.Жарболовтың және басқа да құрылысшылардың заттары мен құжаттары бар. 1920-30 жж өлкеде халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларының дамуын, 1926-40 жж. индустрияның өркендеуін айқындайтын экспонаттар орналастырылған. 1941-45 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған экспозицияда соғыс жылдарынан қалып, уақыт өте сарғыш тартқан алғыс грамоталары, үш бұрышты майданнан келген хаттар, фотосуреттер, сондай-ақ «Максим» пулеметі, т.б. заттар бар. «Өлкенің соғыстан кейінгі даму кезеңі» деп аталған бөлімде өнеркәсіптің өркендеуі, ең үздік зауыттар мен фабрикалар, коммуналдық құралдар эксперименталды зауыты, КОКП-ң XXІ съезі атындағы тігін фабрикасы, Қарабұлақ қант зауыты, Қарғалы шұға комбинаты т.б. көрсетілген--. Кеңес үкіметінің көрнекті мемлекеттік қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.А.Қонаевқа орталық экспозиция арналған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ерлері Н.Алдабергенов пен Н.Головацкий, Социалистік Еңбек Ерлері А.Даиров, З.Ж.Тамшыбаева, т.б. осындай құрметті атаққа ие болған 193 адамның материалдарымен танысуға болады. Музей экспозициясында осы өңірден шыққан талантты өнер тұлғаларының деректі материалдары көрсетілген. КСРО Халық әртісі М.Төлебаев, Қазақ ССР-нің Халық әртістері Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Қ.Байсеитов, Б.Римова, Д.Рақышев, З.Қойшыбаева, Қазақ ССР-нің Халық суретшісі Ә.Қастеев әйгілі ақын М.Мақатаев, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Т.Әбжалиев, т.б. өмірдеректік, шығармашылық құжаттары қойылған. М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын жазғанда пайдаланған пианиносы да осы жерде.
Музей экспозициясының соңғы бөлімі «Қазіргі кезеңдегі Алматы облысы» Бұл жердегі негізгі тақырып «Тәуелсіз Қазақстан» деп белгіленіп, ұлттық рәміздеріміз, еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі және қызмет жолдары көрсетілген.Келушілердің назарына облыстағы өнеркәсіп «Қайнар» ААҚ, «Ажар» ЖАҚ, «Азия-электрик» ЖАҚ, «Ерка» ЖШС өнімдері) мал және ауыл шаруашылығының, орта және кіші бизнестің («Фуд Мастер», «Голд Продукт», «Винзавод «Иссык» ЖАҚ өнімдері, көлік, байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорттың дамуы жайлы экспонаттар қойылған.
## Дереккөздер
## Құрылуы
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі 1974 жылы 1 наурызда Ќазақ ССР Министрлер Кеңесінің 04.12.1973 г. № 992 шешімі және Қаз ССР Мәдениет Министрлігінің 1974 жылы 21 ақпандағы № 41-Р бұйрығы бойынша құрылды. 1993 жылы музейге белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың аты берілді. Музей Талдықорған қаласының орталығында орналасқан.
Алматы облысы әкімінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 18 Қаулысына сәйкес «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды. Алматы облысында орналасқан 19 музей филиалдары болып табылады.Бүгінгі күні музей қорын 24 524 экспонат құрайды, оның ішінде 10934 экспонат негізгі қорға жатады. Музей залдары қала тұрғындары мен қонақтарына өлкенің бай, әрі сұлу табиғаты мен өткен және қазіргі тарихы туралы сыр шертеді.
## Музей экспозициясы 2 қабатта орналасқан келесі залдар мен бөлімдерден тұрады
* «Жетісудың табиғаты» залы;
* «Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы» залы;
* «Ќазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы» бөлімі;
* «Жетісу патшалық Ресей кезеңінде» бөлімі;
* «Жетісу Кеңес дәуірі кезеңінде» бөлімі;
* «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімі.
Музейдің жалпы көлемі 1457 шаршы метрді құрайды. Соның ішінде экспозиция көлемі - 1091 кв.м. болса,
* табиғат залы - 237 кв.м
* көне және ортағысырлық тарих залы - 266 кв.м.
* кеңес және қазіргі кезең залы - 588 кв.м.
Қор сақтау бөлімдерінің көлемі - 120 кв.м., фойе - 210 кв.м.
## Музей құрылғаннан бері басқарған директорлар
* 1974 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында директоры – Беримбетов Ө.Б.,
* 1974-75 жж - Шестаков В.
* 1975-80 жж – Раев Ш.Р.
* 1980 – 1983 жж – Лян А.Л.
* 1983 жылдың ақпан айынан бастап Нұртаев Какен Бейсенбекұлы
## Музей бірінші күндерден бастап өз қызметін бес бағыт бойынша атқарады
* Ғылыми-зерттеу және жинау жұмысы.
* Ғылыми-қор жұмысы.
* Ғылыми-экспозициялық жұмысы.
* Көпшілік-ағарту жұмысы.
* Баспасөз жұмысы.
## Толығырақ
Музей қорына осы жылдар аралығында Жетісу өлкесінің табиғи байлықтары, флорасы мен фаунасы туралы, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары, халық ақындары, батырлары, мемлекеттік қайраткерлер, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталып келеді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауыл шаруашылығының дамуына күш салып, тер төккен еңбеккерлер т.б. ардақты жерлес тұлғалардың жеке заттары, құжаттары таптырмас музейлік құндылық болып есептеледі. Алматы облысының бүгінгі жағдайы, экономикасы, мәдениеті, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге байланысты заттар да жиналып, келушілер назарына ұсынылады.
«Жетісудың табиғаты» экспозициясы өлкенің алуан түрлі өсімдік және жануарлар әлеміне, жерасты қазба байлықтарына арналады. Жетісудың көрікті жерлерінің бірі – Іле Алатауы, осы тау сілемдерінің флорасы мен фаунасын бейнелейтін диорама безендірілген. Тауда өсімдіктердің 1200-ден астам түрі, сонымен қатар 1500 омыртқасыздар мен 213 омыртқалылар түрі мекендейді. Қызыл кітапқа енгізілген: қар барысы, Тянь-Шань аюы, тас сусар, Сібір таутекесі, сонымен қатар, басқа еш жерде кездеспейтін көбелектердің түрлері диорамада көрсетілген. Өлкені зерттеу тарихында есімдері мәңгілікке қалған П.П.Семенов Тянь-Шанский мен Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған экспозициялық комплекс безендірілген. Жетісу табиғатына арналған залда өлкенің керемет жерлерінің бірі- балықтың 20-дан астам түрі бар Балқаш көлінің диорамасы. Сондай-ақ бұл өңірде 520 мың гектар жерді алып жатқан «Алтын емел» Ұлттық табиғи паркі орналасқан. Осында экотуризм объектілеріне арналған үш ескерткіш: «Әнші құм», «Ақтау» және «Бесшатыр» қорымдары бар. Ұлттық табиғи паркте кездесетін Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген қарақұйрық, құлан, қара ләйлек, бүркіт т.б. аңдар мен құстардың тұлыптары экспозициядан орын алған. Табиғатта сирек кездесетін жұмбақ құбылыстың бірі «Әнші құм». Құмды таудың ұзындығы 3 км, ені 500 м., ал биіктігі – 100 м. Құм жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдың өніне ұқсас дыбыс естіледі. Осы ғажап көрініс диорамада көрсетілген. Осы залда Жетісудың жер асты қазба байлықтарының үлгілері қойылған. Экспозицияда өңдеу және қаптау материалы ретінде қолданылатын малахит, сұр агат, ақ мәрмәр тастармен қоса яшма, нефрит, сердолик, кварц сияқты түрлі табиғи тастардан жасалған әшекей бұйымдар да бар. Бұл коллекция 2002 жылы «Асылтас» акционерлік қоғамының геологиялық музейінен алынған.
«Жетісудың көне және ортағасырлық тарихы» залына шолу «Тас ғасырының классификациясынан» басталады. Осындағы неолит (б.д.д. У-ІІІ ғғ.) заманының экспонаттары, яғни әйелдің мүсіні, қырғыш тастар, тас-жәшік табыты ерекше назар аударады. Залдағы Есіктен табылған «Алтын Адамның» көшірме мүсінін көрермен ұзақ тамашалайды. Жетісуды әр заманда мекендеген тайпалардың (ғұндар, үйсіндер, түркі тілдес тайпалар) тіршілігі мен тұрмысы жайлы археологиялық қазба байлықтар сыр шертеді. Ол жартастағы бейнелер, балбал тастар, қыш ыдыстар т.б.
Х-ХІІ ғғ. тарихқа қала мәдениетінің өркендеуі атымен енді. Ұлы Жібек Жолының бір тармағының Іле алқабы арқылы өтуі осы кезеңде сауда-саттықтың маңызын арттырды. Бүгінгі күні облыс территориясында 87 ортағасырлық қала орындары анықталған. Аса ірілері: Талхиз, Екі Оғыз, Қойлық, Дүнгене т.б. Музей экспозициясындағы түрлі қыш құмыралар, хумдар, ыдыстар, су құбырының бөліктері, шикі кірпіш - Жетісу ортағасырлық қалалары мәдениетінің өркендегенін дәлелдейді.
1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихқа енді. Жетісу өңірінде жоңғарға қарсы жүргізілген ірі шайқастардың екеуі Орбұлақ шайқасы (1643 ж.) мен Аңырақай шайқасы (1729 ж.)
Жауды біржолата жеңіп, сағын сындырған Аңырақай шайқасы болды. Археология залына қойылған С. Пожарскийдің Аңырақай шайқасының суреті өте нанымды шыққан. Халық батырларының қару-жарақтарынан безендірілген экспозицияда музейдің аса құнды экспонаттарының бірі Балпық бидің ұрпақтары өткізген дулығасы сақтаулы.
«Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы» атты экспозицияда дәстүрлі қолөнер бұйымдары: сүйекпен безендірілген ағаш төсек, көне сырмақтар, түскиіздер, теріден, ағаштан дайындалған ыдыстар, ұлттық киімдер, зергерлік әшекейлер т.б. халық шеберлерінің қолынан шыққан құнды заттар қойылған. Жеке витринада көне музыкалық аспаптар: қобыз, домбыра, дауылпаз, шертер, сыбызғы т.б. орналасқан.
Жетісу халқының рухани және мәдени өмірінің өркендеу кезеңі ХІХ-XX ғғ. жатады. Суырып салма айтыс ақындары Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Бақтыбай Жолбарысұлы, Қалқа Жапсарбаев, Әсет Найманбаев, Темірғали Рүстембеков, Сара Тастанбекова т.б. халық ақындарының өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелейтін экспонаттардан жеке экспозициялық комплекс безедірілген.
«Жетісу патшалық Ресей кезеңінде» атты қойылымда қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы Ш.Уәлиханов және Жетісу облысының алғашқы губернаторы Г.А.Колпаковский, 1889 жылы өлкеде тұңғыш ашылған «Мамания» мектебі, оның іргесін қалаушы тарихи тұлғалар, алғашқы мұғалімдер т.б. жайлы баяндайды. Сол кезеңдегі сауданың дамуынан мәлімет беретін «Қарқаралы жәрмеңкесі» атты арнайы экспозициялық комплексте орыс самаурынын, шығыс халықтарының құмғандарын, тігін машинесін, қазан т.б. көруге болады.
1916 жылғы ұлт-азаттыќ көтерілісінің Жетісудағы ошақтары тарихына қатысты архивтік құжаттар, қозғалыс жетекшілері Тоқаш Бокин, Ұзақ Саурықов, Бекболат Әшекеев туралы мәліметтер қойылған. Осы экспозицияда Ұзақ батырдың шоқпарын, басқа да көтерілісшілердің қолданған қаруларын көруге болады.
Келесі бөлім кеңес дәуірі кезеңіндегі Жетісудың тарихына арналған. 1918 жылдың наурызында өлкеде Кеңес Үкіметі орнатылды. 3 - наурызда Верный (Алматы) қаласында, 15 наурызда Гавриловка селосында (Талдықорған қ-сы). Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысқан жерлестеріміз: А.Әбубәкіров, Қ.Байсақов, К.Майстрюк т.б. жеке суреттері, құжаттары, сол тарихи оқиғаларға куә. Өлкедегі Азамат соғысы жайлы әңгімелейтін экспонаттардың ішінде Черкасск қорғанысына қатысушылардың қарулары, Тарбағатай «Тау қырандары» қызыл партизандарының құжаты, соғысқа қатысушылардың суреттері бар.
Аталған кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуал, бай мүлкін тәркілеу, ауылшаруашылық ұйымдарын құру, үлкен нәубетке ұшыратқан 1930 – 33 жылдардағы ашаршылықты баяндайды.
Қуғын-сүргін құрбандары М.Тынышпаев, І.Жансүгіров, Ж.Күдериннің, т.б. өмірдерек құжаттары қойылған. Осы жерде Түрксіб жол құрылысы туралы, Социалистік Еңбек Ері М.Жарболовтың және басқа да құрылысшылардың заттары мен құжаттары бар. 1920-30 жж өлкеде халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларының дамуын, 1926-40 жж. индустрияның өркендеуін айқындайтын экспонаттар орналастырылған. 1941-45 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған экспозицияда соғыс жылдарынан қалып, уақыт өте сарғыш тартқан алғыс грамоталары, үш бұрышты майданнан келген хаттар, фотосуреттер, сондай-ақ «Максим» пулеметі, т.б. заттар бар. «Өлкенің соғыстан кейінгі даму кезеңі» деп аталған бөлімде өнеркәсіптің өркендеуі, ең үздік зауыттар мен фабрикалар, коммуналдық құралдар эксперименталды зауыты, КОКП-ң XXІ съезі атындағы тігін фабрикасы, Қарабұлақ қант зауыты, Қарғалы шұға комбинаты т.б. көрсетілген--. Кеңес үкіметінің көрнекті мемлекеттік қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.А.Қонаевқа орталық экспозиция арналған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ерлері Н.Алдабергенов пен Н.Головацкий, Социалистік Еңбек Ерлері А.Даиров, З.Ж.Тамшыбаева, т.б. осындай құрметті атаққа ие болған 193 адамның материалдарымен танысуға болады. Музей экспозициясында осы өңірден шыққан талантты өнер тұлғаларының деректі материалдары көрсетілген. КСРО Халық әртісі М.Төлебаев, Қазақ ССР-нің Халық әртістері Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Қ.Байсеитов, Б.Римова, Д.Рақышев, З.Қойшыбаева, Қазақ ССР-нің Халық суретшісі Ә.Қастеев әйгілі ақын М.Мақатаев, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Т.Әбжалиев, т.б. өмірдеректік, шығармашылық құжаттары қойылған. М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын жазғанда пайдаланған пианиносы да осы жерде.
Музей экспозициясының соңғы бөлімі «Қазіргі кезеңдегі Алматы облысы» Бұл жердегі негізгі тақырып «Тәуелсіз Қазақстан» деп белгіленіп, ұлттық рәміздеріміз, еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі және қызмет жолдары көрсетілген.Келушілердің назарына облыстағы өнеркәсіп «Қайнар» ААҚ, «Ажар» ЖАҚ, «Азия-электрик» ЖАҚ, «Ерка» ЖШС өнімдері) мал және ауыл шаруашылығының, орта және кіші бизнестің («Фуд Мастер», «Голд Продукт», «Винзавод «Иссык» ЖАҚ өнімдері, көлік, байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорттың дамуы жайлы экспонаттар қойылған.
## Дереккөздер |
Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі ЗО жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды. Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, түнде ұйқысының бұзылу себебі - өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсе қызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті кеткен, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені-күндестік, бірін- бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орға жығып, өртке қамаған алауыздық. Зығырданы қайнаған шерлі ақын елді түзеудің амалын қарап, тығырықтан шығар соқпақ іздеп, басын тауға, тасқа соқса да, жол таба алмай, ақыры елінің ырқынан айрылып, өзгеге бодан болатынына бармағын шайнайды. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кекесінді күйінде қалады. Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау жоқ. Ары ширығып, намысы қайнаған ұлы ақын туған халқының барлық буын, барлық нәсілін өзі күйдіріп айтқан кесел-кесепаттардан, сор-сұмдықтардан арыл, тазар, сонда ғана белге шығасың деп тұрғандай. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1954 жылғы жинақта 12-жол «Бір күн тыртың етеді,бір күн жыртың»делінсе, 1939, 1945, 1957 жылғы басылымдарда «Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың»болып алынған. Нұрсейіт қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта 13-жол «Өз басына би болған өңкей қыйқым» болса, кейінгі басылымдарда «Бас-басына би болған өңкей қыйқым» деп берілген. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
## Дереккөздер |
Ат қою рәсімдеріБала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Ырымға байланысты ат қоюҚазақтың салты бойын- ша, жас нәресте туған кез- де ата-анасы ең сыйлы, қат- ты құрмет тұтатын адамы- на өз сәбиінің есімін қой-ғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұн- дайда үлкен кісілердің айт-қаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойыл- са, оның болашақ тағды-ры соған байланысты бо- лады», - деген наным-се- нім бар. Адам есімі ке- лешек тағдырына қанша-лықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір- біріне ұқсас? Бұл XX ға-сырдың басынан бері ға- лымдардың зерттеу жүргі- зіп келе жатқан жұмыс-тарының бірі. Соның нәти- жесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды. Осы адам есімде- рін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.Ырымдап ат қою – қа-зақтың қанына сіңген дәс-түрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмі-рі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түп- кі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. Жалпы, Шоқан Уәлиханов ырымды әдет-ғұрыпқа жатқыз- са, Сейіт Кенжеахметұлы «Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып, ха-лықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы»,- дейді. Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта ол – жақсы дәстүр. Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс. Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдын- да қойған. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің бірі Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланы бесікке бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды. Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған. Бірінші ке- зекте балаға ағайын-туысы-ның ұйғарымымен өздері іштей құптап жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. Ал, ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар. Маңдайы нұрлы болып туған бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік, Жаманбала, Сасықбай деп, әдейі жиіркенішті есім қоя салады. Баламның аты затына сай болсын деп не-бір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер болған. Бірақ, олардың есімін әке-шешесі ержеткенше жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере алмай, өліп қа-луы ықтимал деп жорыған» (Ю.Бошняков, Денсаулық, 1991, № 11, 25 бет). Иә, баласының атын ырымдап қою – ата-анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зе-ре, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бір ғажабы, кейбір елдерде «тағдыр» деген сөз ат қою деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені, ертеректе адамдар атын өзгертуді өз өмірін басқа арнаға бұ- ру деп қабылдаған. Өмірінде күрт өзгеріс болған, мысалы, күйеуге шыққан қыздардың тегін өзгертуі де осындай түсініктен шыққан дейтіндер де бар. Бәрі мүмкін. Ал, Латын Америкасында бір адамға қосарланған аттың сыртында бірнеше есімді, яғ- ни, 8-9 атты бірақ қою дәс-түрі қалыптасқан. Оны Бра- зилия мен Мексиканың те-левизиялық сериалдарынан айқын аңғаруға болады. Бұл теледидарлық хикаяттарда Луис – Карлос – Фернанда – Аугусто – Мария – Хосе - Игнасио деген шұбалаңқы есім айтылмайды ма? Бұл жақта өзіне осындай шұбалаңқы есім қойылған бала өсе ке-ле солардың ішінен бір ат- ты таңдап алып, туған-туыс, жолдас-достарына сол есіммен өзін атауды өтінетін кө-рінеді. Есімдерді ырымдап қою бір- неше топқа бөлінеді. Олар негізінен, мынандай: атақ-ты, белгілі, ғұлама, жақсы адамдарға тартсын деп олар- дың есімін қою, бала тілеп, тілеуі қабыл болған-да шүкіршілік айтып, соған лайықты атау (Ондай есімдер: Тілеуқабыл, Аллабер- ген, Құдайберген, Тілеубер- ген, Тәңірберген). Шаңырақ-та сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп, жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз өмірге ке-ле бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан тә-різді есімдермен атап, ұл күту. Егерде баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңді-гүл, Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан. Баласы қайтыс болғаннан кейін шаңырақта тағы да бір сәби дүниеге келсе, біздің ата-бабаларымыз оны өлген ұл-қызының орнына келген санап, сол баланың өтеуі деп, ұлдарын Төлеген, Төлеу, Төлеубек, Төлеуқадыр деп атауды ырымға айнал-дырған. Республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланған бір мақалаға арқа сүйесек, 24 жылда 20 баланы дүниеге әкелген Қамаш апай қыз бала тоқтап, орнына ұл келсін деген ырыммен 8 қызының есімін Тоқтар деп атапты.Көрдіңіз бе, біздің қазақ халқының сәбиіне ат қояр-да ырымға қалай сенетіні, ырымды қалай сақтайтыны. Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге келгенінде ол Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді. Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр Негізінен, қазақ халқын-да балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар:1. Балаға артық сауса- ғына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артық-бай, Қосекен.2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай. 3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.4. Баласы шетіней бер- ген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аман-күл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжа-сар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- санбай, Ұзақбай.6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына бай- ланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқ-парбай т.б.7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Иса- тай, Қазыбек, Махамбет, Сә- бит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат мата- лардың, нәзік өсімдіктер-дің атын қою. Есімдері: Ай- ман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақ- пал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т.б.11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек. 12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Ба-қыт, Мақсат, Мұрат. 13. Алғашқы балаға ат қою. Есімдері: Тұңғышбай, Алғаш бек, Әуелбек. 14. Соңғы балаға ат қою.Есімдері: Кенжебай, Кенже-гүл, Кенжетай.15. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.16. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б. 17. Туған мезгіліне байланысты ат қою. Есімдері: Таңатар, Түнғатар, Күздібай, Шілдебай, Айтуар, Таңжарық.Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті. Бұл да бұлжытпай орындалатын заң. Жасыратыны жоқ, халықтардың бір-бірі- мен ыстық қарым-қатынасы-ның нәтижесінде және сол ұлттың, ұлыстың әдебиеті мен тарихын оқып, білудің нәтижесінде кейбір есімдер бір-біріне ауысып, сол халықтың бірқатар есімдері біздің төл есімдерімізге де айналып кеткені қашан. Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Олардың кейбірі мынандай: Ежелгі түркі есімдері Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).Араб есімдеріАбылай («ата, әке»), Аи-да («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат («бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын, таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»), Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия(«сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).Иран есімдеріАйдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Да-на («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), рау- шан («көрнекті, ашық-жар-қын»), Рүстем («батыр, ер-жүрек»).Бұрындары қазақ халқында біріккен сөздерден тұратын, яғни, әрбір сөз, есімнің бірінші әрпін бір-біріне қосып қойылатын есімдер де болатын. Солардың бірі – МЭЛС. Ол Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин деген есімдердің бірінші әрпінен тұрады. Сон- дай-ақ, қала аттарымен (Ирак, Бағдат) балаларды атау да орын алды. Құдайға шүкір, қазір балаларын орысша атау (Мила, Света, Тимур) да тиылды.Адам атына планеталардың ықпалы Ғылыми деректерге сүйен-сек, адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол.Әсіресе, қысты күндері туғандардың басты қасиеті пысықтық, көктемде туған-дарға жұмсақтық, жаз мез- гілінде туғандарға қайырым-дылық, күзде туғандарға ша-руақорлық қасиеттер тән. Есімдері түрлі әріптен баста- латын жас жұбайлар есімде- рі ұқсас, бір әріптен басталатын адамдарға қарағанда бақытты өмір сүреді екен. Мәселен, Марат, Хасен. 4+1+2+1+4=12. 5+1+3+5+ 5=19. 12+19=31. Қорытынды сан (31). Яғни, 1-9-ға дейінгі бір таңбалы санға сәйкес-тендіріледі. 31-бұл (3+1=4).Міне, осы 4 саны сіздің есі-міңіздің саны болып есептеледі. Назар аударыңыз!Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалы- на бағынады. Адам өз есі-мінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады. |
«Астана» велоклубы (ағылш. 'Astana Pro Team') — қазақ компаниялар одағының демеушілігімен ұйымдастырылған кәсіби велокоманда (бұрынғы атаулары Liberty Seguros-Würth Team, Würth Team және Astana-Würth Team). Қазіргі таңда UCI Po Tour ұйымының рейтингісі бойынша Әлемде 229 ұпаймен 4-ші орында тұр.
25 Мамыр, 2006 ж. дейін бас демеуші болып отырған Liberty Seguros, команданың спорт басшысы Manolo Saiz-бен байланысты болған допинг жанжалы салдарынан, бас демеушіліктен бас тартты.
3 шілде, 2006 ж. дейін команда демеушісі Würth компаниясы (Алмания) болғанымен, команда 2006 ж. Тур де Франс жарысының қатысушылар санынан тыс қалғанынан кейін, бұл да демеушіліктен бас тартуын жариялады.
Команда абыройының асқақтаған кезі 2006 жылғы Испания көпкүндігіндегі қазақ велошабандоздары Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің 1-ші және 3-ші орын иеленгенде болған.
2007 жылғы Тур де Франста уақыттық-сын (time-trial) этапындағы жеңісінен кейін болғын допинг-тестінен сүрінген Винокуров командасының жетекшілеріне Халықаралық Велоспорт Одағы Астана командасын толықтай жарыстан кетуін сұрады. Сонымен қатар қан алмастырды деп айып тағылған Винокуровтың командалас серіктері Андрей Кашечкин пен неміс Матиас Кеслер (Matthias Kessler) допинг тестерінен сүрінді, осылайша ПроТур ережелеріне сәйкес команданың негізгі жұлдыздары Винокуров пен Кашечкин командадан аластатылды.
2013 жылы команда бас менеджері болып Лондон олимпиадасы чемпионы Александр Винокуров тағайындалады, ал командаға танымал Винченцо Нибали және оның нөкерлері Ликвигаздан Астанаға ауысып, алғашқы ірі жеңіс - Джироны ұтады.
## Командалық форма тарихы
*
*
*
*
*
## Жетістіктері
* Америкалық Леви Лейфеймер 24 ақпанда аяқталған сегіз күндік "Калифорния туры" атты жарыста Астанаға 2008 жылғы алғашқы жеңіс әкелді
* Дәл осы уақытта біткен Португалияда өткен бес күндік "Альгарве турында" литвалық легионер Томаса Вайткус мәреге 3-ші болып жетті.
* Басктер елі Туры – Контадор 1-ші келді (Сәуір-2008)
* Tour de Romandie 5 этаптық жарысында астаналық алман Андреас Клөден 1-ші келді
* Мамырдың 4-де Про-Тур рейтиңінде Астана командасы 90 ұпаймен алғашқы орында тұр.
* Маусымның 1-де - Giro d'Italia-2008 турын Контадор жеңіспен аяқтады.
* Испандық Вуельта-2008 көпкүндігінде - 1-ші, 2-ші орынды Контадор мен Леви алды
* 2013 жылғы Джиро ди Италияны айқын басымдықпен команда капитаны италиалық Винченсо Нибали ұтып алды
## Спорттық директорлары
* Александр Винокуров
* Гвидо Бонтемпи
* Дмитрий Седун
* Горазд Стангели
* Александр Шефер
## Құрамы
* Янец Брайкович
* Асан Базаев
* Борут Бозич
* Александр Дьяченко
* Дмитрий Фофонов
* Энрико Гаспаротто
* Франческо Гавацци
* Андрей Гривко
* Дмитрий Груздев
* Джакопо Гуарньери
* Максим Иглинский
* Валентин Иглинский
* Танел Кангерт
* Андрей Кашечкин
* Фредрик Кессиакофф
* Роберт Кисерловски
* Роман Кройцигер
* Франческо Машарелли
* Евгений Непомнящий
* Евгений Петров
* Симоне Понци
* Сергей Ренев
* Кевин Зеелдрейерс
* Егор Силин
* Паоло Тиралонго
* Александр Винокуров - бас менеджер (2013 жыл маусымынан)
* Андрей Зейц
* Дмитрий Муравьев
## 2011 жыл
Команда капитаны Александр Винокуров үшін кәсіби спорттық соңғы жылы Тур де Франсқа қатысып сары жейдені бірнеше күн киіп немесе бір немесе бірнеше этапты жеңу мақсаты тұрған. Жалпы есепте алғашқы ондыққа жақындап келе жатқан ол Тур де Франс 9-шы этапында құлап бел сүйегін сындырып алып, көп ұзамай спорттық мансабын тоқтатқанын мәлімдеді. Осы жағдайда 2006 жылы Қазақстаннның екінші қаһарманы атанған Андрей Кашечкин Астана сапына қайта қосылды. Кашечкин Вуэльтада топ жарам деп мәлімдегенімен, ондағы көрсеткіші тым нашар болды. Осы кезде Вуэльтада швециялық легионер Фредерик Кессякоф, осы жылы Аустрия турын жеңген, жалпы есепте алғашқы үштікке де ілігіп келіп еді (11ші этапта), бірақ қызуы көтеріліп жарыстан шығып қалды.
## 2012 жыл
31 қаңтар күні испанияның Кальпе қаласында «Pro Team Astana» кәсіби велокомандасының 2012 жылғы маусымдағы құрамы таныстырылды. Алтыншы маусымда команданың басшылығы негізгі сенімді Роман Кройцигерге, Янец Брайковичке және команданың лидері Александр Винокуровқа артады. 2012 жылдың ең негізгі мақсаты - Джиро, Тур де Франс пен Вуэльта жарыстарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу. Дегенмен бір күндік жарыстарда жеңіске жету де мақсаттардың бірі .
Спорт арбитраж соты Альберто Кантадорды екі жылға кәсіби спорттан аластады. Аластатылу мерзімі 2010 жылдың тамызынан басталды. Сот шешіміне Кантадордың қанынан тыйым салынған кленбутерол табылғаны негіз болды.Сондықтан испандық шабандоздың 2010 жылы Астана командасының құрамында "Тур де Франс" жарысында жеңген атағы да жойылды. Автоматты түрде "Тур де Франс-2010" жарысының жеңімпазы Андре Шлек болып саналады.
* 1ші 3 кезең Volta a Catalunya, Janez Brajkovič
* 1ші Amstel Gold Race, Енрико Гаспаротто
* 1ші Лиеж–Бастонь–Лиеж 2012, Максим Иглинский
* 2ші «Түркия туры – 2012» Команда шабандозы Александр Дьяченко жалпы есепте 2 орынға табан тіресе, «Астана» командалық сында топ жарды.
## 2013 жыл
Бұл маусымда Александр Винокуров спорттық директор лауазымына көшсе, команда сапында атақты италиандық Винченсо Нибали мен жас қазақ жәстар арасындағы әлем чемпионы - Алексей Луценкомен толысты.
## Сыртқы сілтемелер
* Клубтың ресми торабы-2010 жыл
* Клубтың ресми торабы-2009 жыл Мұрағатталған 20 қарашаның 2020 жылы.
* Жанкүйерлер сайты
## Дереккөздер |
Әбеулов Мұқатай- 1917 жылы Семей қаласы Шұбартау ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. 1941 жылдан майданда болған. 152- гвардиялық танкіге қарсы шабуылдаушы артиллериялық полктың қару көздеушісі (4-гвардиялық кавалериялық корпус, 2-ші Украин майданы) гвардия қатарындағы жауынгер Әбеулов Венгрияны азат ету ұрысында ерекше көзге түсті. 1944 жылы 6- қазанынан 6- желтоқсаны аралығында тіке көздеу қарумен жаудың 6 танкісін, 4 броньдық транспорттерін және көптеген басқа да техникасын жойды. 1944 жылдың 16-желтоқсанында Мохора (Будапешт қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым) елді мекенінде жау танкілерін шабуылдау кезінде қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батыр ұрыс болған жерде жерленген. Батырдың Отанында бюст орнатылған.
## Дереккөздер |
Құлшыораз - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан тарайтын бұтақ. Құлшыораз Бигелдіұлынан тараған ұрпақ. Негізгі бөлігі - Жамбыл облысы, Сарысу ауданында, бір бөлігі - Жезқазған қаласында тұрады. Ақтөбе облысында, әлде Батыс Қазақстан облысында Құлшыораз батырдың кейінгі алған әйелінен туған балалар тұрады деген сыбыстар бар.
## Дереккөздер |
Әуезхан Салықбаев - Социалистік Еңбек Ері (1966), озат теміржолшы. 1929 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Арыс қаласында туған.
Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.
## Еңбек жолы
* 1944-1950 жылдары - Арыс стансасында вагон тіркеуші, техникалық кеңсе қызметкері.
* 1950 жылдан жол кезекшісі, механикаландырылған комплексті бригада бригадирі.
* 1961 жылы ол механикаландырылған төбешік кезекшісі мен маневрлік диспетчер қызметтерін қоса атқарудың бастамашысы болды. Басқарған ұжым өндіріске еңбектің озық әдістерін, әсіресе составтарды ажырату және құрастырудың түйдекті тәсілдерін енгізу нәтижесінде еңбек өнімділігі екі еседей арттырды.
## Жетістігі
* 7-ші бесжылдықта (1956-1965) ол басқарған комплексті бригада 13430 ауыр салмақты поезд құрастырып, нормадан тыс 3129 мың т жүк жөнелтті.
* 5-сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.
## Наградалары
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1966)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы, немесе Қазақ АКСР (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan) — қазіргі Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы алдымен Қызылорда (1925—1929), кейіннен 1929 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді..
## Шекарасы
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен, солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
## Ауданы және Халқы
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.
## Қазревком мүшелері
* С.Меңдешев (1882-1937)
* 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
* 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
* 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
* 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
* 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
* 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
* 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
* 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
* 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
* А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
* "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;1937 жылы репрессия құрбаны болды.
* "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;
* 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
* 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
## Дереккөздер |
Бірлестік — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қамсақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 594 адам (308 ер адам және 286 әйел адам) болса, 2009 жылы 591 адамды (298 ер адам және 293 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазақ күресі — Еуразия құрлығындағы барлық дәстүрлі күрес түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнері халық арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақ күресі 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді.
2016 жылы ЮНЕСКО толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақ күресін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.
## Тарихы
Қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келді. Ірі халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Дене тәрбиесі және спорт комитеті алқасының шешімімен 1972 жылы қазақ күресінен тұңғыш рет 12 балуан «Қазақ КСР-інің спорт шебері» атағына ие болды. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция өтіп, сонда қазақ күресі бойынша халықаралық федерация құрылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар.Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда қазақ күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.
2010 жылы Астана қаласында өткен үшінші Әлем чемпионатына ФИЛА (UWW) президенті Рафаель Мартинетти арнайы келіп Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясын ФИЛА мүшелігіне қабылдау туралы құжатқа қол қойды. Бұл ұлттық күресіміздің тарихындағы ең бір маңызды сәттің бірі.
Жалпы алғанда 2004-2023 жылдары аралығында қазақ күресінен Қазақстанда, Иранда, Бразилияда, Оңтүстік Африкада және тағы басқа елдерде 10 Әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогы, 6 Еуропа біріншілігі ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларда «Qazaq kuresi» Ассоциациясының тікелей жетекшілігімен жұмыс істейтін өңірлік федерациялар құрылған. Ал халықаралық аренада әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресінің федерациялары жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда төл күресті ел ішінде және шетелді дамыту және жарыстарды өткізу жұмыстары «Qazaq kuresi» Ассоциациясына жүктелген. Бұған дейін елімізде қазақ күресін дамытумен Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясы айналысып келген болатын. 2022 жылдың 29 ақпанында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде үш федерацияның бірлескен Конгресі өтіп, сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi Ассоциациясы құрылды. Ассоциацияның мақсаты – қазақ күресін республикалық және халықаралық аренада дамыту, оны олимпиадалық спорт түрлері бағдарламасына енгізу үшін тиісті қадамдар жасау және кешенді шараларды ұйымдастыру.
2022 жылы Біріккен Күрес әлемі (UWW) халықаралық ұйымы төл күресімізді дамытуда біршама еңбек сіңірген Qazaq Kuresi Ассоциациясын мүшелікке қабылдады.
2023 жыл қазақ күресі үшін тарихи жыл болғанын атап айтқан жөн. Төл күресіміз алғаш рет Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының (World Combat Games) бағдарламасына енді. Бұл маңызды оқиға Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Эр-Риядта болды.
## Сипаттамасы
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақ күрес күш жетілдіретін спорт. Қазақ күресінде адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады.
Балуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.
Күресетін балуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, ал салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады.
Қазақ күресі аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.
Бұрын қазақ күресінде жас, салмақ шектеулері ескеріле бермейтін. Қазіргі уақытта осы спорт түрінде бірыңғай спорт киімі – берен және күрес жүргізу техникасына қатысты белгіленген белгілі бір ережелер бар. Қазақ күресінен балуанның киімі самбошы киімімен біршама ұқсас. Самбодан айырмашылығы, қазақша күресте шапан қысқа жең, иықтарында шағын жапсырмалары бар (ұстасу үшін). Кеудеше аса берік материалдан тігіледі.
Белден және белден жоғары кез келген ұстасуға рұқсат етіледі. Ұстасудың мақсаты — қарсыласының жауырынына тастау.
## Негізгі ережелері
2001 жылы жасалған әдіс-тәсілге ұпай беру жүйесін ұлттық терминдермен ауыстыру туралы Жаналинге ұсыныс жасалынды. Техникалық әрекеттер үшін берілетін ұпай орнына «бүк», «жамбас», «жартылай жеңіс», «таза жеңіс» сөздерін қолданыла басталды. «Баста», «Тоқта» терминдері айналымға енді.
Қазақ күресі тік тағанда жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Береннің жеңі мен белдеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері рұқсат етілген. Қолды қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға болады. Тіземен кілемге тиюге болмайды, бұған қатысты алдын-алу ескерту береді.
Қазақ күресі техникасы бойынша грузин (чидаоба), татар (куреш) және өзбек күресімен (кураш) ұқсас. Қазақ күресінің тәсілдері самбо техникасына енгізілген. Көбіне қазақ күрес балуандары самбо, дзюдодан әртүрлі жарыстарға қатысады.
## "Қазақстан барысы", "Еуразия барысы", "Әлем барысы"
2012 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі өтеді. Бұл осы ұлттық спорт түрін дамыту үшін өткізіледі. Турнир Тараз қаласында өтеді. Турнирге барша Қазақстаннан спортшылар қатысады. Ережеге сәйкес, балуандар абсолюттік салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар Тараз қаласында "Еуразия барысы" халықаралық турнирі өтеді. Мұнда Еуропа мен Азиядан балуандар қатысады. Тұрақты қатысушылары Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қытай және Қазақстан балуандары.
Ал 2014 жылы Павлодарда алғаш рет қазақша күрестен "Әлем барысы" әлемдік турнирі өтті. Жарысқа спортшылар әлемнің түкпір-түкпірінен қатысады.
## Қазақ күресінің техникасы
Шалып лақтыру — техникалық арсеналында жетекші орындардың бірін алады. Оның алдыңғы, артқы және бүйір шалу сияқты түрлері бар. Әдіс бір аяқтың астына да екі аяқтың астына да орындалады. Шабуылдаушы балуан қарсыласын өз қойған аяғын арқылы арқасына лақтырады.
Қағып лақтыру — алдыңғы, артқы, бүйір және іштен қағып лақтыру деп бөлінеді.
Иліп лақтыру — самбо терминологиясында бұл — сирақтың ілмектері.
Лақтыра жығу — бұл лақтыру кезінде, аяқ (аяқ) қарсыластың алдынан немесе аяқтың артқы бөлігі ішінен кіру арқылы лақтыру.
Арқадан асырып лақтыру — бұрыла лақтыру. Самбо терминологиясында — арқа арқылы лақтыру. Қарсыласына арқасымен бұрылу есебінен - кейін иіліп не лақтырған жағына алға қарай жығылып орындалады.
Еңкейіп лақтыру — еңкейіп лақтыру. Күшті балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Көбінесе қарсы әдіс ретінде қолданылады, сол мезетте қарсыласының иық арқылы балуанның белін басып алуға тырысқан кезде орындалады. Осы сәтте лақтыруды жүргізетін балуан басты қимылдатып бұрын кенеттен дене тұрқын, аяқтағы тізе буындарын түзетуі тиіс және қарсыласын өзіне қаратып, содан кейін денені алға күрт көлбеулетіп және тізені төмен тастап есебінен көтеру керек.
Көтермелеп лақтыру — үстіне отырғыза лақтыру. Қазақ күресінде тарихы терең белгілі әдіс. Сыртынан және ішінен отырғызу арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалады.
Айналдырып лақтыру — шыр айналдыра лақтыру. Қатаң тәсілдер, қазақ күресінде ежелден белгілі. Күші көптер қарсыластарын иық деңгейіне, тіпті одан да жоғары бас деңгейіне көтереді, олардың айналдыра әр түрлі тәсілдер орындаған: оларды қойылған жамбас, арқа арқылы тастаған, немесе сыртынан іліп алу арқылы лақтырған. Бұл техниканы меңгерген балуаннан қарсыластары қорқатын. Кейбір физикалық әлсіз балуандар осындай лақтырудан кейін жарақаттар алған.
Тонқалана асып домалай лақтыру — домалай лақтыру. Белден екеуі де ұстасқан кезінде жүргізіледі, шабуылдаушы лақтыруды орындай отырып, бір жағына қарсыласты ала отырып, қолдың күш-жігері арқасында оны өзіне қарай лақтырады және арқасымен ұстап қалады.
Кеудеден лақтыру — бүгіле лақтыру. Самбо терминологиясында — кеуде арқылы лақтыру.
Орап лақтыру — cамбода бұл ілмек тәсілдердің бір түрі.
## Тағы қараңыз
* Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі
* Қазақстан қазақ күресін Олимпиада ойындары бағдарламасына қосуға күш салады(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақ күресі (қазақ ұлттық күресі)
* Қазақ күресі Қазақстан Республикасының ұлттық энциклопедиясының беттерінде Мұрағатталған 10 қыркүйектің 2017 жылы. |
Булыжайлар конструкциясы бойынша бірқұламалы және екіқұламалы, тереңдетілген және жер беткі болып бөлінеді.Қолдану мерзіміне қарай бужайлар ерте, орташа және кеш мерзімді болып бөлінеді. Булыжайлар жылыту тәсілі бойынша күн сәулесімен қызатын, биологиялық және техникалық болып бөлінеді. Қазақстанда қолданылатын бужайдың негізгі типі болып әйнектелген немесе пленкаланған жақтау бар және қамыс төсеніштермен жабылатын, бір құламалы тереңдетілген бужай саналады. Екіқұламалы құрастырмалы-тасымалданатын пленкалы УРП-20 бужайлары да қолданылады, оларды кез келген жылумен қыздырылатын тереңдетілген және жер беткі бужайларға орнатуға болады. Бірқұламалы тереңдетілген бужайлардың негізгі элементтері болып: мөлдір жабын (әйнек немесе пленка), ор, қорап (бекіткіш), жылытатын жабдық (биоотын немесе изоляциялық материалы бар қыздыратын жабдық) есептеледі.Булыжайлық жақтау ағаштан жасалады, оның мөлшері 160 х 106 см. Бужайдың қорабы ағаш, кірпіш немесе темірбетоннан жасалады. Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарында қолданылатын ерте мерзімдегі биожылытқышы бар бужайлардағы ордың тереңдігі 70-75 см, оңтүстікте – 60-65 см, орташа мерзімдегілер – 55-60 және 50 см, кеш мерзімдегілерде – 30-40 см болады. Техникалық жылитын бужайлардың оры биологиялық жылитындарға қарағанда таяздау келеді, олардың түбі мен қабырғаларына жылу жібермейтін материалдар төселген (шлак және т.б.). Жылыту элементтері құммен жабылған, оның үстіне тамыржүйесі орналасатын 20-25 см қалыңдықта топырақ тасталады.Булыжайларды электрмен жылыту үшін ПОСХВ (810-61 типтік жоба) оқшауланған қыздыратын кабель, қыздыратын сымдары бар асфальтбетонды блоктар (810-75 типті жоба), ішінен оқшауланбаған болат сымдар өткізілген, асбестоцемент құбырлардан тұратын қыздырғыш элементтер қолданылады. |
## Шымкенттің дендросаябағы – ағаштар патшалығы
«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар.
### Қазақстан дендросаябақтары
Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын.
Ағаштар саны-500 мың-нан астам.Шөптесін өсімдіктер саны-1млн.360 мың.
### Дендросаябақта тәртіп сақтау ережелері
* дәрілік шөптерді жинауға;
* от жағуға;
* ағаштарды қырқуға;
* аң мен құсты аулауға;
* балық ұстауға;
* демалған жерде тамақ қалдықтары мен күл-қоқысты қалдыруға болмайды.
### Шымкент дендросаябағының флорасы мен фаунасы
Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.
## Дереккөздер
* http://www.sael.kz/index.php/dendropark Мұрағатталған 29 шілденің 2013 жылы.
* http://www.shymkent.gov.kz/index.php/component/k2/item/477-%D1%88%D1%8B%D0%BC%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%BA%D0%B5-%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D0%B0-%D1%88%D1%8B%D0%BC%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%A3-%D0%B1%D0%B5(қолжетпейтін сілтеме)?
## Шымкенттің дендросаябағы – ағаштар патшалығы
«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар.
### Қазақстан дендросаябақтары
Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын.
Ағаштар саны-500 мың-нан астам.Шөптесін өсімдіктер саны-1млн.360 мың.
### Дендросаябақта тәртіп сақтау ережелері
* дәрілік шөптерді жинауға;
* от жағуға;
* ағаштарды қырқуға;
* аң мен құсты аулауға;
* балық ұстауға;
* демалған жерде тамақ қалдықтары мен күл-қоқысты қалдыруға болмайды.
### Шымкент дендросаябағының флорасы мен фаунасы
Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.
## Дереккөздер
* http://www.sael.kz/index.php/dendropark Мұрағатталған 29 шілденің 2013 жылы.
* http://www.shymkent.gov.kz/index.php/component/k2/item/477-%D1%88%D1%8B%D0%BC%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%BA%D0%B5-%D0%B1%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D0%B0-%D1%88%D1%8B%D0%BC%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%A3-%D0%B1%D0%B5(қолжетпейтін сілтеме)? |
Қорғаулы топырақтар деп – арнай қондырғылары бар, маусымнан тыс, яғни жыл бойы көкөніс өсіруге арналған микроклиматы бар жер үлескілері мен құрылымдарды айтады. Қорғаулы топырақ құрылымдарын культивациялық құрылымдар деп те атайды.Қорғаулы топырақтарға жататындар: жылыжай, булыжай, жылытылған топырақ құрылымдары, оларды кейде қарапайым қорғаулы топырақтар деп те атайды, саңырауқұлақжай – саңырауқұлақтар мен қозықұйрықтарды өндіруге арналған культивациялық құрылымның ерекше бір түрі.
Қорғаулы топырақтар халық шаруашылығының бірқатар салаларында пайдаланылады. Олардың қолданылатын салары:
1. Жеміс (субътропикалық, цитрус), жидек, жүзім өсіруде;2. Әртүрлі дақылдардың көшеттерін өсіруде;3. Бағалы жеміс және орман ағаштарының отырғызу материалдарын жеделдетіп өндіруде;4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шығаруда;5. Жануарларға үстеме қорек ретінде ерте пісетін дәруменді балдырлар өсіруде;6. Сәндік өсімдіктерді өсіруде және т.б.Көкөністерді қорғалған топырақтарда өсіру халықты жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылады. Негізінен қорғаулы топырақтарда көкөніс өсіру солтүстік облыстарда аса маңызды. Себебі, онда ашық танапта көкөніс өсірудің табиғи кезеңі оңтүстікке қарағанда қысқарақ.
[Қорғаулы топырақтардың маңызы]:
1. Көкөністер көшеттерін ашық және қорғалған топыраққтарға арнап дайындау;2. Ашық танапта көкөніс өсіруге болмайтын кезеңде көкөніс өндіру үшін жергілікті жағдайда пісіп үлгермейтін дақылдар өндіру үшін
[Қорғаулы топырақтардың міндеттері]:
1. Жыл бойы және маусымнан тыс (ашық танаптағы көкөніс өндірудегі уақытты есептемегенде) жоғары сапалы көкөніс өндіру;2. Көкөніс дақылдарының түрлерін көбейту;3. Культивациялық құрылымдар үшін көшеттер өсіру;4. Ашық танапқа арнап көшеттерр дайындау;5. Жылу сүйгіш дақылдардың жылыжайлық сорттары мен будандарының тұқымын дайындау;6. Екіжылдық аналық көкөніс дақылдарын ашық танапқа отырғызар алдында өсіріп алу;7. Ашық танапқа өсірген көкөністерді ары қарай өсіру, пісіріп-жетілдіру;8. Көкөніс дақылдарын солтүстік аймақтарға қарай көбірек тарату және олардың түрлерін көбейту.
[Қорғаулы топырақтардың ерекшеліктері]:
1. Жыл мезгілі мен ауа-райы жағдайына қарамастан көкөністерді өсіріп-өндіру техникалық базасының болуына (арнаулы орын, жылыту және қорғаныс қондырғыларығ сумен қамтамасыз ету, жасанды қоректендіру, желдету, жарықтандыру қондырғылары, ауаның келуін реттейтін қондырғылар және т.б.) байланысты;2. Қажетті микроклиматты жасайтын қондырғылары мен құрылымдар құнының жоғарылығы;3. Ашық танаптағы көкөністермен салыстырғанда аз ғана жер бөліктеріне орналастыруға болатындығы;4. Культивациялық орындардағы аудандарды өте тиімді пайдалану: бір орыннан немесе бір жерден жылына 3-5 рет өнім алуға болатындығы, өсімдіктерді жол жиектері мен стеллаждарға бірнеше қатар етіп орналастыруға болатындығы;5. Өнімділігінің жоғарылығында, егер ашық танапта қиярдың өнімдіділігі 90тн/га болса жоғары көрсеткіш болып есептелінеді. Ал жылыжайда 250-300 тн/га орташа деп бағаланады. Яғни ір шаршы метрден 40-50 кг, гектарына 400-500 тн өнім алуға болады;6. Қол еңбегін жоғары деңгейдегі механизациямен ұштастырып қолдануға және өндірістік процестерді электрификациялау, жекелеген жағдайларда жұмыс түрлерін толық автоматтандыруға болатындығы;7. Әрбір өсімдікке жеке күтім жасауға болатын жерді тиімді пайдалануға бағытталған дақылдардың өндірудің күрделі технологиясын (өсімдікті қалыптастыру, гүлдерді қосымша тозаңдандыру, үстеме қоректендіру, жиі суару және т.б.) пайдалану;8. Қорғалған топырақ жағдайларына бейімделген арнайы сорттарды қолдану;9. Өнім өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы. Ол жасанды микроклимат жасау және күрделі агротехникалық шараларды орындауға кететін материалдық шығындармен анықталады;10. Еңбекті ұйымдастырудың ерекшелігі және қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігі, ол күрделі қондырғыларды пайдалану мен микроклимат жасау,ды білу, сондай-ақ өсімдіктердің агротехникалық талаптарын қатаң орындау болып табылады;11. Өсімдіктердің тамыры мен қоректену ортасы бірнеше компоненттерден тұрады: оларды субстрат немесе грунт деп атайды. Гидропоникалық әдіспен өсімдіктерді өсіру кезінде топырақ қоспасы орнына инертті материалдар пайдаланылады, яғни олар субстраттарды қоректік ерітінділермен үнемі ылғалдандырып тұрады.
жылыжайкөшетжайбулыжайсаңырауқұлақжайжылыжай анықтамасы, жіктелуі |
Ботай — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қаратал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 151 адам (74 ер адам және 77 әйел адам) болса, 2009 жылы 84 адамды (45 ер адам және 39 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сыр бойы, Сыр - Сырдария өзенінің екі жағалауында орналасқан елдің, өңірдің жанама атауы. Сыр бойына: Қазақстанның Түркістан облысы мен Қызылорда облыстарының батыс бөліктеріндегі аудандар, Өзбекстанның Сырдария өзені бойындағы жерлерінің шығыс жақ бөлігі жатады. Сыр бойы елдерінің өзіндік менталитеті, өзіндік дәстүрі бар. Мысалға: Сыр мектебі(күйшілік өнерде). |
Бейсимметриялық диметилгидразин («БДМГ», «гептил», 1,1-диметилгидразин) — жоғарықайнағыш (қайнау температурасы 0 °C жоғары) зымырандық жанармай компоненті. БДМГ қоса тотықтырғыш ретінде азот қышқылы қоспасында немесе таза күйінде азот тетраоксиді жиі қолданылады. Қасиеттерін жақсарту мақсатында гидразинмен, яғни аэрозинмен қоспада қолданылуы мүмкін.
Зымырандық техникада кеңінен қолданылады. Дәлірек айтқанда, ресейлік «Протон», ресей-украиндық «Днепр» және «Космос», украиндық «Циклон», американдық — «Титан», француздық — «Ариан» зымыран-тасығыштарында, пилотталатын кемелердің, жерсеріктердің, орбиталды және планета аралық станцияларынының қозғағыш құрылғыларында, сонымен қатар кейбір баллистикалық зымырандарда қолданылады.
## Негізгі мәліметтер
БДМГ — аминдерге тән өткір жағымсыз иісті, түссіз немесе аздап сарғыштау келген мөлдір сұйықтық. Қайнау температурасы +63 °C, кристаллизация температурасы −57 °C, тығыздығы 790 кг/м³. Сумен, этанолмен, мұнай өнімдерінің көбісімен және көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады. Гидроскопты, яғни ауадан ылғалды сіңіреді. Азот қышқылы және азот тетраоксиді негізіндегі тотықтандырғыштармен контактқа түскенде өздігінен тұтанады. Бұнысымен зымырандық қозғағыштардың оңай оталуын және көп реттік іске қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, құралымын жайдақтатады.
Күшті токсикалық, канцерогендік және мутагендік әсерге ие. Адам ағзасына әсері: көздік былжыр қабығы, тыныс алу жолдары мен өкпенің қозуы; орталық жүйке жүйесінің өршуі; ішек-қарын трактының бұзылуы (лоқсу, құсу), үлкен концентрациясында ес-түсінен айырылу.
## Дереккөздер |
## Орналасқан жері
Талдықорған қаласы, Ғарышкер шағын ауданы, Қонаев көшесі 22.«Жастар» спорт сарайы құрылысының құны 3 млрд 5 млн теңгені құрайды. Талдықорған қаласында сәулеті мен көлемі, атқаратын қызмет ауқымы жағынан республикада бірегей салынған «Жастар» спорт сарайы Алматы облысы әкімдігінің қаулысымен 2010 жылдың тамыз айында ашылды. «Жастар» спорт сарайының жалпы көлемі 22757,3 шаршы метр. Бұл ғимараттың маңайының алып жатқан көлемі 8 гектар. Осындай кең көлемдегі ғимаратқа қызмет көрсету үшін 120 адам қызмет атқарады. Алматы – Өскемен күре жолының оңтүстік шығысынан орын тепкен төрт қабатты ғимаратта спорттың барлық түрлеріне лайықталған 14 спорттық зал, 5 сыртқы спорттық алаң, асхана, фитнес-аймақ, 15 номерлі 25 орындық (бір және екі адамдық) қонақ үй орналасқан.
## Спорттық залдары
* Қазақша күрес, самбо залы;
* Дзюдо залы
* Таэквондо залы
* Грек-рим күресі залы
* Ауыр атлетика залы
* Бокс залы
* Теннис залы
* Тренажерлар залы
* Тир ату залы
* Бильярд залы
* Екі ойын залы (минифутбол, баскетбол, волейбол, индор-хоккей ойналатын алаңдар)
* Шашки, Шахмат, Дойбы залы;
* Талдықорған қаласының «Андрей Кивилев» атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаттығу залы.
## Сыртқы спорттық алаңдары
* Футбол алаңы
* Волейбол алаңы
* Баскетбол алаңы
* Екі үлкен теннис корты.
## Толығырақ
«Жастар» спорт сарайының спорттық залдарында спортты дамыту мақсатында жаттығу мен жарысқа қажетті және қолайлы жағдайлар жасалған. Әр зал қажетті спорттық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етілген. Әр залдың өзінің шешініп киінетін екі бөлмесі (ерлер және әйелдер үшін), оның санитарлық торабы (жуынатын душы, әжетханасы ) және тренер мен құралдар қоятын кабинеттері бар. Спорт сарайы бір мезгілде 2081 адамды қабылдай алады. «Жастар» спорт сарайының орталық залында 1676 орындықты орын бар.«Жастар» спорт сарайында балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін оқыту-жаттықтыру спорттық секциялары жұмыс істейді. Олар дзюдо, карате-до, карате-шинкиокушинкай, таэквондо, самбо, қазақша-күрес, джиу-джитсу, стол теннисі, грек-рим күресі, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, регби, индор-хоккей, садақ ату, велосипед сияқты спорт түрлерімен айналысады. Күнделікті спорттық секцияларға спортшылар мен спорт сүйгіштерден оқыту-жаттығу сабақтарына 1000-1500 адам қатысады.
«Жастар» спорт сарайында жыл сайын маңызды іс шаралар өткізіліп тұрады. Олар: қалалық, облыстық спорттық жарыстар, турнирлер, спартакиадалар, республикалық және халықаралық чемпионаттар, турнирлер. 2012 жылы Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы Олимпиадасында алтын медаль иеленген үш қызымыз Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло олимпада қарсаңында «Жастар» спорт сарайында ауыр атлетикадан екі ай бойы әйелдер құрама командасының оқыту-жаттығуларына қатысуы нәтижесінде жеңімпаз болғаны - осы спорт сарайының дәрежесінің қаншалықты екенін бағалауға мүмкіндік береді.Сол сияқты «Жастар» Спорт сарайында спорттық іс шаралардан басқа мәдени, саяси іс шаралар да өткізіледі. Олардық ішінде Қазақстан қала құрылысы және архитекторлары Одағының, шетел қонақтарының қатысуымен бірге өткізген семинар көрмесін, өндірістік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі республикалық инвестициялық форумын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдау митингілерін, Алматы облысы әкімінің өткізетін «Жаңа жыл шыршасы» мейрамдарын атап өтуге болады.
## Пайдаланған әдебиет
## Орналасқан жері
Талдықорған қаласы, Ғарышкер шағын ауданы, Қонаев көшесі 22.«Жастар» спорт сарайы құрылысының құны 3 млрд 5 млн теңгені құрайды. Талдықорған қаласында сәулеті мен көлемі, атқаратын қызмет ауқымы жағынан республикада бірегей салынған «Жастар» спорт сарайы Алматы облысы әкімдігінің қаулысымен 2010 жылдың тамыз айында ашылды. «Жастар» спорт сарайының жалпы көлемі 22757,3 шаршы метр. Бұл ғимараттың маңайының алып жатқан көлемі 8 гектар. Осындай кең көлемдегі ғимаратқа қызмет көрсету үшін 120 адам қызмет атқарады. Алматы – Өскемен күре жолының оңтүстік шығысынан орын тепкен төрт қабатты ғимаратта спорттың барлық түрлеріне лайықталған 14 спорттық зал, 5 сыртқы спорттық алаң, асхана, фитнес-аймақ, 15 номерлі 25 орындық (бір және екі адамдық) қонақ үй орналасқан.
## Спорттық залдары
* Қазақша күрес, самбо залы;
* Дзюдо залы
* Таэквондо залы
* Грек-рим күресі залы
* Ауыр атлетика залы
* Бокс залы
* Теннис залы
* Тренажерлар залы
* Тир ату залы
* Бильярд залы
* Екі ойын залы (минифутбол, баскетбол, волейбол, индор-хоккей ойналатын алаңдар)
* Шашки, Шахмат, Дойбы залы;
* Талдықорған қаласының «Андрей Кивилев» атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаттығу залы.
## Сыртқы спорттық алаңдары
* Футбол алаңы
* Волейбол алаңы
* Баскетбол алаңы
* Екі үлкен теннис корты.
## Толығырақ
«Жастар» спорт сарайының спорттық залдарында спортты дамыту мақсатында жаттығу мен жарысқа қажетті және қолайлы жағдайлар жасалған. Әр зал қажетті спорттық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етілген. Әр залдың өзінің шешініп киінетін екі бөлмесі (ерлер және әйелдер үшін), оның санитарлық торабы (жуынатын душы, әжетханасы ) және тренер мен құралдар қоятын кабинеттері бар. Спорт сарайы бір мезгілде 2081 адамды қабылдай алады. «Жастар» спорт сарайының орталық залында 1676 орындықты орын бар.«Жастар» спорт сарайында балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін оқыту-жаттықтыру спорттық секциялары жұмыс істейді. Олар дзюдо, карате-до, карате-шинкиокушинкай, таэквондо, самбо, қазақша-күрес, джиу-джитсу, стол теннисі, грек-рим күресі, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, регби, индор-хоккей, садақ ату, велосипед сияқты спорт түрлерімен айналысады. Күнделікті спорттық секцияларға спортшылар мен спорт сүйгіштерден оқыту-жаттығу сабақтарына 1000-1500 адам қатысады.
«Жастар» спорт сарайында жыл сайын маңызды іс шаралар өткізіліп тұрады. Олар: қалалық, облыстық спорттық жарыстар, турнирлер, спартакиадалар, республикалық және халықаралық чемпионаттар, турнирлер. 2012 жылы Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы Олимпиадасында алтын медаль иеленген үш қызымыз Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло олимпада қарсаңында «Жастар» спорт сарайында ауыр атлетикадан екі ай бойы әйелдер құрама командасының оқыту-жаттығуларына қатысуы нәтижесінде жеңімпаз болғаны - осы спорт сарайының дәрежесінің қаншалықты екенін бағалауға мүмкіндік береді.Сол сияқты «Жастар» Спорт сарайында спорттық іс шаралардан басқа мәдени, саяси іс шаралар да өткізіледі. Олардық ішінде Қазақстан қала құрылысы және архитекторлары Одағының, шетел қонақтарының қатысуымен бірге өткізген семинар көрмесін, өндірістік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі республикалық инвестициялық форумын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдау митингілерін, Алматы облысы әкімінің өткізетін «Жаңа жыл шыршасы» мейрамдарын атап өтуге болады.
## Пайдаланған әдебиет |
Мырзағұл Шыманұлы (1845–1906), ол әрі би, әрі шешен, әрі бүкіл аймаққа беделді тұлға, болыс болған. Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан. XVII ғасырдағы Тілеу батырдың жетінші ұрпақтарының бірі.
Мырзағұл би - елі мен жері үшін күресе білген, халық қамын қорғаған үлкен ағайының бірі болған. Ол 1872–1879 жылдары Ырғыз уезіндегі Аралши болысын басқарған, 1878 жылы қазақ зиялыларының депутатциясы құрамында Санкт-Петербург пен Москваға барып, ІІ Александр патшаның қабылдауында болған, 1879–1887 жылдары Тілеу руының аға биі, 1891–1908 жылдары екі рет Шеңгелді болыстығына болыстыққа сайланған, Шалқар қаласында 2 кластық орыс-қазақ мектебін ашқан, 1901–1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолын салуға белсене қатысқаны үшін Орынбор әкімшілігінен «Мақтау грамотасын» алған. Осындай әкімшілік қызметтерде жүргенімен, ел мүддесін көздеген. 1882 жылы маусымда өткен Орал, Торғай облыстарының болыстары мен билерінің құрылтайында шығып сөз сөйлеп, патша үкіметінің жер саясатын ашық сынаған. Отаршылдарға жер бермеу үшін күрескені себепті 1891 жылы 15 қаңтарда болыстықтан босатылып, 6 айға сотталып, түрмеде отырып шыққан. Езгіге қарсы толқулар ұйымдастырғаны үшін екінші рет сотталып, 1908 жылы Орынбор түрмесінде отарлаушылар қолынан қаза табады. Сүйегі Орынбордағы мұсылмандар зиратында. «Қазақ совет энциклопедиясында»: «Мырзағұл Шыманұлы... 1903-жылы Біршоғыр, Шалқар станциясында басталған шаруалар көтерілісін басқарды...Патша өкіметінің отарлық саясатына ашықтан-ашық қарсы шықты» деп жазылған. Қарт ағайындарының естеліктерінде, Мырзағұл Шыманұлы - 7 жасынан зерек, шешен әділдікті көздеуші, ауылдың үлкендері арасында өткізілген жиналыстарды тындап, дау шешуге қатысып, билік айтқан деседі. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1995 жылы Мырзағұл бидің атына Ақтөбе облысы Шалқар қаласының басты көшелерінің бірі беріліп, темір жол вокзалы алдында оған салтанатты түрде ескерткіш қойылды. Сонымен қатар ас беріліп, Мырзағұл Шыманұлының туған топырағы болып табылатын, Шалқар ауданының 7 ауылына, Мырзағұл Шыманұлы ауылы атауы берілді. Мырзағұл Шыманұлының Әйтекеш, Қидаш есімді балаларының ұрпақтары Ақтөбе өңірінде тұрады. Әйтекеш есімді баласының Муапық атты баласы 1914–1995 жылдар аралығында өмір сүрді. Атасы Мырзағұл Шыманұлы атсалысқан Темір-жолда адал, озат еренбей еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Мырзағұлов Муапық Әйтекешұлының ұрпақтары: Абылайсан, Міржақып, Қабыл, Дабыл, Сабыр, Әмір. Немерелері: Нұржан, Нұрлан, Ерлан, Еркін, Абай, Ермек. Шөбересі: Әбілмансұр. Ұрпақтары ел алдында белді еңбек етіп жүрген жандар болып табылады.
## Дереккөздер |
## Сартымбет
Сартымбет. Айыртау маңындағы Сартымбет ауылының жанындағы Монастрь таулары деп жаңсақ атап жүрген ескерткіш жер қойнауынан шыққан тастың тектоникалық
қозғалыстың ықпалынан екі блокқа бөлініп, эрозиялық үрдістерге ұшырап, айтарлықтай бүлінген және кеңіген жырығынан тұрады. Ескерткіш Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай,
Алматыға баратын тас жолдың бойында, одан 50 шақырым қашықтыққа Ұлан ауданына қарасты жерде орналасқан. Кіре берісі шығысқа қараған, оған қарама-қарсы қарама
қабырғада қол ұстасқан адамдардың бейнесі минералды бояу- қынамен салынған. Адамдардың тұлғасы екі кейіпте: бірі-қысқа біркелкі қолдарын төмен түсіріп аяқтарын талтайтып
тұрған бастары болымсыз байқалатын адам кескіндер, ал екіншілері-геометриялық тік сызықтар арқылы бөлінген тікбұрышты құрайды. Қолдары қалдық (рудимент) ретінде
көрсетілген, көбінің аяқтары көрсетілмеген. Үңгір тектес кеңістік стационарлы баспана, не болмаса культтік жоралар жасау үшін ғибадатхана ретінде қолданылған. Үңгірдің
табанында мәдени қабаттың болуы әбден мүмкін. Антропоморфты фигуралардың негізгілері тік сызықтың төменгі жағынан екі аяқ шығарылып, ал жоғарғы жағынан екі қысқа қол
шығару арқылы бейнеленген. Ішкі жағынан тік сызықтармен екіге бөлінген негізі тікбұрыш антропоморфты фигуралардың екінші категорияларының аяқ, қол бастары болымсыз
байқалынады. Олар кейде қол ұстасып дөңгеленген адамдардың кейпін көрсетеді. Адам бейнелерінің үшінші категориясы екінші суреттердегі сияқты екіге тік сызықпен бөлінген
ромб сияқты денелерімен, ал қол-аяқтарының сызылуы екінші топтағы адамдар кескіндеріне ұқсас етіп бейнеленген. Осындай стилистикалық сипаттағы және әртүрлі көп
фигуралы композициядағы антропоморфты суреттер Оралда, Орталық Азия мен Байқал жағалауында кездеседі. 19 ғасырдың өзінде-ақ осындай сюжеттер Ертістің жоғарғы
ағысындағы Бұхтырмадан анықталған болатын. Осындай адам кескіндері Павлодар облысындағы Жасыбай көлінде де бар. Олардың семантикасы күрделі, көп адамдар
қатысқан ғұрыптық іс-әрекетті көрсетеді. Кейбір астроархеологтардың тарапынан Сартымбет астрономиялық бақылау пункті ретінде танылып жүр, бірақ Шығыс-Батыс осінің бағыты
түйісу нүктелерімен сәйкеспейді, 5 градусқа қиғаш, яғни күн математикалық көкжиек деңгейінде емес, одан әлдеқайда жоғары- Жалғызтас тауының құлдиына қарай батады.
Математикалық есептердің негізгі аргументтері ретінде көрсетіп жүргендері- шағын үңгірден опырылып түскен сынықтың бетіндегі ақ дақтар. Олардың ежелгі қызыл қынамен
салынған қабырға суреттерімен байланысы жоқ және бетіндегі тотықтың болмауына қарағанда таяуда түсірілген сияқты. Бұл нысандар және тағы бірнеше шұңқырлар, олардың қате
пікірінше астономиялық маңызды күндердің негізгі бағытын дәл анықтап, алдын-ала болжау үшін пайдаланылған. Сартымбет жар қабағының шығысқа қарсы тік қабырғасында қызыл
қанамен бір-бірімен қол ұстасқан оншақты адамның 4 немесе 5 қатары бейнеленген. Сан жағынан “қол ұстасқандардың” өзіндік сипаты бар. Әзірше сақталуы нашар болғандықтан
адамдардың санын дәл мүмкін емес, бірақ қатысушылар екі типте: біреулері тікбұрыш типтес денелерінен қысқа аяқтар мен қалдық қолдар шығарылып бейнеленілсе, екіншілері
дәстүрлі түрде бастары көрсетілмей қол-аяқтары үшбұрыш құрай төмен қарай бейнеленген. Әрине бұлай бейнелену кездейсоқтық емес, мүмкін социум тіршілігіндегі маңызды
жағдайға байланысты орындалатын ғұрыптық би кезіндегі жұптық қарама-қарсылықтың сипатын көрсетеді. Сондықтан Cартымбет бояулы суреттерінде анықталған жағдайлардың
(жыл басы, табиғат немесе социум тіршілігінің циклы, дүниеге келу мен өлу) ұласпалылығын жоққа шығармаймыз, бірақ оларды көне адамдар аспанды бақылап жұлдыз
жолдарын есептеп отырған астрономиялық пункттермен байланыстырмайды. Суреттегі өзінің ерекше тұлғасымен көзге түсіп, қол ұстасқандардан оқшау тұрған адамның
сұлбасын сиқырлы іс-әрекеттерді басқарып тұрған негізгі бақсының символы ретінде тануға мүмкіндік береді. Б.П.Шишлоның пікірінше жартас бетіндегі осы типтес белгілі бір
қатысушылардың саны жағынан құрылған «қол ұстасқан персонаждар» қол ұстасқандардың мән-мағынасын (шаман атрибуттарындағы сияқты) түркі-моңғол этнографиялық
материалдарындағы би және сөз қағыстыру арқылы жүретін ғұрыптық жарыстардың негізінде анықтауға болады. Қазақстанмен шектесіп жатқан, Жасыл көлдегі ерте [[қола
дәуірі]]нің Алтай петроглифтері кешенінде де осыған жақын сюжеттер бар екенін зерттеп дәлелдеді.
## Бөрітастаған
Бөрітастаған- жартасындағы бояулы суреттер туралы өткен 20 ғасыр басындағы әртүрлі өлкентану жазбаларында сан рет кездеседі. Оның маңында ғұрыптық тас
құрылыстардың, тұрақтардың, кремний еңбек құралдарының және өндіріс қалдықтары кездесіп жатады. Қола дәуірінде жазық дала ортасындағы жалғыз граниттің шығар тұсы
тегістігіне қызыл қынамен салынған суреттер соңғы келушілердің жазуының кеселінен қатты бүлінген. Олардың арасынан жануарлардың бірнеше фигурасы мен адам бейнесін
байқауға болады. Қазақстан аумағындағы бедерлеу өнерінің кереметтей ескеркіштерінің қатарына, ерте кезден –ақ ғалымдардың қызығушылықтарын туғызғанын, 19 ғасырдың
соңы мен 20 ғасырдың басындағы Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің жазбаларының есептері, жолжазбалары мен қысқаша ақпараттарының
әртүрлі басылымдарынан жарық көрген Бөрітастағанның қабырғасындағы жазба суреттері жатады. Сол замандағы Бөрітастағанның жазба-суреттері туралы өлкетанушылардың
бірнеше ақпараттары бар. Бірі- Бейсенбай Байболовтың , екіншісі- В.И.Каменскийдың ақпараттары.
### Бейсенбай Байболов
Бейсенбай Байболов- Ертеде қырғыздар арасында аты танымал бір батыр кемпір өмір сүрген екен. Күндердің күнінде Тарбағатай тауының бөктерінде, ұршығын иіріп, бір отар
қойды бағып отырған кезінде малға қасқыр шауыпты. Сол сәтте малын қорғайын деп қолындағы ұршығын қасқырларға лақтырғанда, Тарбағатай тауынан (25-30 шақырым)
қашықтыққа орналасқан Боғас жазығына түседі де, тауға айналып кеткен. Қазақтар қасқырды «бөрі» деп атаған, демек «бөрі –тастаған» деген атау содан пайдам болған.
“Бөрітастаған” тауы ерекше көрініс береді: ол елді-мекені жоқ далада, айналасында бір де бір тау не бір дөң жоқ жазық жерде орналасқан; адамдарға төбесіне шығуы өте қиынға
түсетін биік жалаң жартас. Осы жартастың қасында халық әділ қазыларының аймақтық төтенше жиыны өтеді. Таудың тастарында жиынға қатысқан басшылардың аты-жөні
жазылған, және де еуропа нәсілді адам басының көне суреті бейнеленген.
### В.И.Каменский
В.И.Каменский- “Бөрітастаған” туралы аңыздардың бірінде былай дейді, бір күні құдіретті патшайым Тарбағатай тауының бөктерінде саны жетпес табын- табын малын қорғап
отырып, Зайсанмен арадағы жазықтан қасқырларды көріп қалып, жартастан үлкен тасты жұлып алып бөрілерге лақтырған. Сол себептен жапанда жалғыз “бөріге тастаған тас”
тұр.
## Қоңқай
Қоңқай- Ұлан ауданының Тарғын ауылы жанындағы биік төбенің басындағы жер қойнауынан шығып жатқан бедер тегістікті көк тастардың беттеріне қашау және контурлы
техника арқылы салынған көптеген таутекелердің бейнесін көруге болады. Суреттер бір заманда салынған және стильдік тұрғыдан сақ дәуіріне жатады. Солардың арасынан
тізесі бүгілген, денесі боялған тау ешкінің контурлы фигурасы ерекше көзге түседі. Көп бейнелі композицияның құрамына енген бірнеше антроморфты бейнелер бар.
## Дереккөздертеп тізімі
1. Шығыс Қазақстан облысындағы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі. Өскемен, 2006 жыл
## Сартымбет
Сартымбет. Айыртау маңындағы Сартымбет ауылының жанындағы Монастрь таулары деп жаңсақ атап жүрген ескерткіш жер қойнауынан шыққан тастың тектоникалық
қозғалыстың ықпалынан екі блокқа бөлініп, эрозиялық үрдістерге ұшырап, айтарлықтай бүлінген және кеңіген жырығынан тұрады. Ескерткіш Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай,
Алматыға баратын тас жолдың бойында, одан 50 шақырым қашықтыққа Ұлан ауданына қарасты жерде орналасқан. Кіре берісі шығысқа қараған, оған қарама-қарсы қарама
қабырғада қол ұстасқан адамдардың бейнесі минералды бояу- қынамен салынған. Адамдардың тұлғасы екі кейіпте: бірі-қысқа біркелкі қолдарын төмен түсіріп аяқтарын талтайтып
тұрған бастары болымсыз байқалатын адам кескіндер, ал екіншілері-геометриялық тік сызықтар арқылы бөлінген тікбұрышты құрайды. Қолдары қалдық (рудимент) ретінде
көрсетілген, көбінің аяқтары көрсетілмеген. Үңгір тектес кеңістік стационарлы баспана, не болмаса культтік жоралар жасау үшін ғибадатхана ретінде қолданылған. Үңгірдің
табанында мәдени қабаттың болуы әбден мүмкін. Антропоморфты фигуралардың негізгілері тік сызықтың төменгі жағынан екі аяқ шығарылып, ал жоғарғы жағынан екі қысқа қол
шығару арқылы бейнеленген. Ішкі жағынан тік сызықтармен екіге бөлінген негізі тікбұрыш антропоморфты фигуралардың екінші категорияларының аяқ, қол бастары болымсыз
байқалынады. Олар кейде қол ұстасып дөңгеленген адамдардың кейпін көрсетеді. Адам бейнелерінің үшінші категориясы екінші суреттердегі сияқты екіге тік сызықпен бөлінген
ромб сияқты денелерімен, ал қол-аяқтарының сызылуы екінші топтағы адамдар кескіндеріне ұқсас етіп бейнеленген. Осындай стилистикалық сипаттағы және әртүрлі көп
фигуралы композициядағы антропоморфты суреттер Оралда, Орталық Азия мен Байқал жағалауында кездеседі. 19 ғасырдың өзінде-ақ осындай сюжеттер Ертістің жоғарғы
ағысындағы Бұхтырмадан анықталған болатын. Осындай адам кескіндері Павлодар облысындағы Жасыбай көлінде де бар. Олардың семантикасы күрделі, көп адамдар
қатысқан ғұрыптық іс-әрекетті көрсетеді. Кейбір астроархеологтардың тарапынан Сартымбет астрономиялық бақылау пункті ретінде танылып жүр, бірақ Шығыс-Батыс осінің бағыты
түйісу нүктелерімен сәйкеспейді, 5 градусқа қиғаш, яғни күн математикалық көкжиек деңгейінде емес, одан әлдеқайда жоғары- Жалғызтас тауының құлдиына қарай батады.
Математикалық есептердің негізгі аргументтері ретінде көрсетіп жүргендері- шағын үңгірден опырылып түскен сынықтың бетіндегі ақ дақтар. Олардың ежелгі қызыл қынамен
салынған қабырға суреттерімен байланысы жоқ және бетіндегі тотықтың болмауына қарағанда таяуда түсірілген сияқты. Бұл нысандар және тағы бірнеше шұңқырлар, олардың қате
пікірінше астономиялық маңызды күндердің негізгі бағытын дәл анықтап, алдын-ала болжау үшін пайдаланылған. Сартымбет жар қабағының шығысқа қарсы тік қабырғасында қызыл
қанамен бір-бірімен қол ұстасқан оншақты адамның 4 немесе 5 қатары бейнеленген. Сан жағынан “қол ұстасқандардың” өзіндік сипаты бар. Әзірше сақталуы нашар болғандықтан
адамдардың санын дәл мүмкін емес, бірақ қатысушылар екі типте: біреулері тікбұрыш типтес денелерінен қысқа аяқтар мен қалдық қолдар шығарылып бейнеленілсе, екіншілері
дәстүрлі түрде бастары көрсетілмей қол-аяқтары үшбұрыш құрай төмен қарай бейнеленген. Әрине бұлай бейнелену кездейсоқтық емес, мүмкін социум тіршілігіндегі маңызды
жағдайға байланысты орындалатын ғұрыптық би кезіндегі жұптық қарама-қарсылықтың сипатын көрсетеді. Сондықтан Cартымбет бояулы суреттерінде анықталған жағдайлардың
(жыл басы, табиғат немесе социум тіршілігінің циклы, дүниеге келу мен өлу) ұласпалылығын жоққа шығармаймыз, бірақ оларды көне адамдар аспанды бақылап жұлдыз
жолдарын есептеп отырған астрономиялық пункттермен байланыстырмайды. Суреттегі өзінің ерекше тұлғасымен көзге түсіп, қол ұстасқандардан оқшау тұрған адамның
сұлбасын сиқырлы іс-әрекеттерді басқарып тұрған негізгі бақсының символы ретінде тануға мүмкіндік береді. Б.П.Шишлоның пікірінше жартас бетіндегі осы типтес белгілі бір
қатысушылардың саны жағынан құрылған «қол ұстасқан персонаждар» қол ұстасқандардың мән-мағынасын (шаман атрибуттарындағы сияқты) түркі-моңғол этнографиялық
материалдарындағы би және сөз қағыстыру арқылы жүретін ғұрыптық жарыстардың негізінде анықтауға болады. Қазақстанмен шектесіп жатқан, Жасыл көлдегі ерте [[қола
дәуірі]]нің Алтай петроглифтері кешенінде де осыған жақын сюжеттер бар екенін зерттеп дәлелдеді.
## Бөрітастаған
Бөрітастаған- жартасындағы бояулы суреттер туралы өткен 20 ғасыр басындағы әртүрлі өлкентану жазбаларында сан рет кездеседі. Оның маңында ғұрыптық тас
құрылыстардың, тұрақтардың, кремний еңбек құралдарының және өндіріс қалдықтары кездесіп жатады. Қола дәуірінде жазық дала ортасындағы жалғыз граниттің шығар тұсы
тегістігіне қызыл қынамен салынған суреттер соңғы келушілердің жазуының кеселінен қатты бүлінген. Олардың арасынан жануарлардың бірнеше фигурасы мен адам бейнесін
байқауға болады. Қазақстан аумағындағы бедерлеу өнерінің кереметтей ескеркіштерінің қатарына, ерте кезден –ақ ғалымдардың қызығушылықтарын туғызғанын, 19 ғасырдың
соңы мен 20 ғасырдың басындағы Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің жазбаларының есептері, жолжазбалары мен қысқаша ақпараттарының
әртүрлі басылымдарынан жарық көрген Бөрітастағанның қабырғасындағы жазба суреттері жатады. Сол замандағы Бөрітастағанның жазба-суреттері туралы өлкетанушылардың
бірнеше ақпараттары бар. Бірі- Бейсенбай Байболовтың , екіншісі- В.И.Каменскийдың ақпараттары.
### Бейсенбай Байболов
Бейсенбай Байболов- Ертеде қырғыздар арасында аты танымал бір батыр кемпір өмір сүрген екен. Күндердің күнінде Тарбағатай тауының бөктерінде, ұршығын иіріп, бір отар
қойды бағып отырған кезінде малға қасқыр шауыпты. Сол сәтте малын қорғайын деп қолындағы ұршығын қасқырларға лақтырғанда, Тарбағатай тауынан (25-30 шақырым)
қашықтыққа орналасқан Боғас жазығына түседі де, тауға айналып кеткен. Қазақтар қасқырды «бөрі» деп атаған, демек «бөрі –тастаған» деген атау содан пайдам болған.
“Бөрітастаған” тауы ерекше көрініс береді: ол елді-мекені жоқ далада, айналасында бір де бір тау не бір дөң жоқ жазық жерде орналасқан; адамдарға төбесіне шығуы өте қиынға
түсетін биік жалаң жартас. Осы жартастың қасында халық әділ қазыларының аймақтық төтенше жиыны өтеді. Таудың тастарында жиынға қатысқан басшылардың аты-жөні
жазылған, және де еуропа нәсілді адам басының көне суреті бейнеленген.
### В.И.Каменский
В.И.Каменский- “Бөрітастаған” туралы аңыздардың бірінде былай дейді, бір күні құдіретті патшайым Тарбағатай тауының бөктерінде саны жетпес табын- табын малын қорғап
отырып, Зайсанмен арадағы жазықтан қасқырларды көріп қалып, жартастан үлкен тасты жұлып алып бөрілерге лақтырған. Сол себептен жапанда жалғыз “бөріге тастаған тас”
тұр.
## Қоңқай
Қоңқай- Ұлан ауданының Тарғын ауылы жанындағы биік төбенің басындағы жер қойнауынан шығып жатқан бедер тегістікті көк тастардың беттеріне қашау және контурлы
техника арқылы салынған көптеген таутекелердің бейнесін көруге болады. Суреттер бір заманда салынған және стильдік тұрғыдан сақ дәуіріне жатады. Солардың арасынан
тізесі бүгілген, денесі боялған тау ешкінің контурлы фигурасы ерекше көзге түседі. Көп бейнелі композицияның құрамына енген бірнеше антроморфты бейнелер бар.
## Дереккөздертеп тізімі
1. Шығыс Қазақстан облысындағы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі. Өскемен, 2006 жыл |
Жатаған укекіре ( лат. Acroptilon repens) - Астралылар тұқымдасының Маралтамыр тегіне жататын мәдени дақылдар түрлеріне орасан зиян келтіретін арамшөп өсімдік.
Жатаған укекіренің отаны - Орталық Азия.
Жатаған укекіре өз тұқымынан және тамыр жүйесінен улы заттарды бөлу арқылы аллелопаттық әсер етеді. Арамшөп үй және түз жануарларына,соның ішінде жылқы малына, өте зиянды. Жатаған укекіренің тереңге таралған тамыр жүйесі, топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, агротехникалық шараларды жүргізуде қиыншылық тудырып, шығындар көлемін едәуір көбейтеді.
Арамшөп шаршы метр жерге 100 сабаққа дейін топталып, шоғырланып өседі. Жатаған укекіре тұқыммен көбею және вегетативті жолмен, яғни тамырдың балғын бұтақшаларымен, тамырсабақтарымен және тамыр кесінділерімен, көген тамырларымен көбейеді.
Тамыр кесінділері топырақта 3 жылға дейін өміршеңді болып келеді. Тұқымдары топырақта 5 жылға дейін сақталады.
Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісті маусым-шілде айларында береді. Себетгүл шоғыры өте жүзгіш болып келеді, сондықтан ағын су, жауын-шашын суымен, суармалы сулармен, тұқымдық материалмен және сабанмен, шөппен таралады.
Биіктігі 20-70 см. құрайды, сабақтары тік болып, жапырақтары кезектесіп орналасады. Жатаған укекіренің түсі сұр-жасыл болады.
## Дереккөздер |
Барлыбай Бәсентиінұлы - Абылай хан заманында өмір сүрген батыр. Бәсентиіннің қай атасынан тарайтындығы жөнінде дерек жоқтың қасы. "Абылай туралы жырдың" Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасында мынадай дерек кездеседі....Тоқал терек түбіндеАйналып кеңес құрды хан.Бәсентиінұлы БарлыбайОмыраулап сөйлледі,Кісі ырқына көнбейді:- Сен көк бөрідей желдің, хан,Тоқал терек түбіндеАттанып кеңес құрдың, хан.Иманды қолға тұсымыз,"Кел қайталық", - дейді хан.
Арғынның Момын деген тоқалынан Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы. Бәсентиін Қарасопыдан тарайды. Бәсентиіндер Павлодар уезінде қоныстанған. Бәсентиін руларының ұраны - "Барлыбай".
## Дереккөздер |
1962 жылы Талдықорған қаласында қалалық мәдениет сарайы қолданысқа берілді.1965 жылы ақиық ақын І. Жансүгіровтың туғанына 70 жыл толуына орай қалалық мәдениет сарайына Ілияс Жансүгіровтің аты берілді.2002 жылы Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болуына орай қалалық Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайына, Алматы облысы Әкімінің «Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы» қазыналық коммуналдық кәсіпорны статусы берілді.
Мәдениет сарайының орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67.Ғимараттың жалпы көлемі 4500 кв.м, мекемеге қарасты жер учаскесінің көлемі 3340,4 га.
Алматы облыстық әкімдігіне қарама-қарсы салынған мәдениет үйі Талдықорған қаласындағы әсем де көркем ғимарат. Екі мекеменің арасындағы орталық алаң- қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына, серуендеуіне, мерекелік шерулер мен мәдени іс-шаралар өткізуге арналған бірден-бір қолайлы тамаша алаң.Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының 2002 жылдан бергі директоры: Алпысбаев Әли Демегенұлы, дирижер, композитор, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, Құрмет орденінің иегері, Жетісу мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Талдықорған қаласының және Көксу ауданының Құрметті азаматы.
## Мәдениет сарайында жұмыс істейтін бөлімдер
* Әкімшілік басқару бөлімі;
* Халықпен жұмыс істеу және шығармашылық бөлімі;
* Жастармен жұмыс істеу бөлімі;
* Техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу бөлімі;
* Шаруашылық техникалық бөлімі.
Мәдениет сарайында штат кестесіне сәйкес 47 адам жұмыс істейді.
## Мәдениет сарайы жанынан бой көтерген өнер ұжымдары
* «Ардагер әжелер» ансамблі - Көркемдік жетекшісі оқу ісінің үздігі, Елбасы «Құрмет грамотасының» иегері Алтын Бөркеқызы. Құрамында 35 мүшесі бар ансамбль, көптеген елеулі жұмыстар атқаруда. Ансамбль қалалық мерекелер, байқаулар және концерттерді тәрбиелік мәні зор әндермен, ұлағатты сөздермен әрлеп қала халқына таныла бастады.
* «Жас таланттар» би ансамблі - көркемдік жетекшісі Калашникова Марина Витальевна. Облыстық мәдени іс шаралардан басқа, Қарағанды қаласында өткен Республикалық «Танцевальная радуга – 2012» атты байқауына қатысып лауреат атанып 2-ші орынды жеңіп алды. 2013 жылдың наурыз айының 24 мен 1 сәуір аралығында Польша - Германия - Франция - Чехия қалаларында өткен «Детское Сияние» атты халықаралық фестиваліне қатысты.
* «Жетісу шеберлері» ансамблі - көркемдік жетекшісі жоғарғы оқу орнының үздігі, доцент Мустафин Болат Ахмедиұлы. Ансамбль жастар арасынан дарынды, шебер орындаушыларды өз қатарына тартып отырады.
Алматы облысы әкімінің «І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» облыс орталығында өтетін іс- шараларға қызмет көрсетеді.Мемлекеттік мерекелерге қатысты облыс, қала әкімдерінің салтанатты жиындары дәстүрлі түрде өтіп отырады. Қалалық және Облыстық білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа жолдауы талқыланады, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің есептік кездесуі, Облыс әкімінің Халық алдындағы есеп беруі, Халықаралық әйелдер мейрамы мерекесімен құттықтауы, және де әр департаменттердің төл мерекелері секілді облыс әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларда жиі өтеді.Мәдениет сарайында халықтың рухани қажеттілігін өтеу үшін түрлі кештер, әртүрлі байқаулар ұйымдастырылып отырылады. Айтар болсақ: Ұлттық дәстүрдегі әндерді насихаттау үшін өткен «Жетісу» телеарнасының түсірілуімен
* «Ән керуені» телебайқауының Гала концерті,
* Жетісу мемлекеттік университетінің «Шағала» би ансамблінің концерті,
* Мәуліт мерекесі,
* Композитор Мұқан Төлебаев атындағы Республикалық «Алтын таяқша» атты дирижерлар байқауы,
* «Жас ғалым» атты инновациялық жобалар байқауы,
* «Талдықорған шұғыласы» атты байқауы,
* «Елі барда ел елеусіз қалмайды» атты облыстық композиторлар шығармалары байқауы,
* Көркем сөз шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқауы,
* «Ел іші - өнер кеніші» атты Республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауы,
* «Көшбасшы – 2012»
атты байқаулар сияқты түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Мәдениет сарайында түрлі іс шаралардан басқа эстрада жұлдыздарының концертері де жиі өтіп тұрады, мәселен «Жігіттер» квартетінің, әнші Маржан Арапбаева, әнші Гүлнүр Оразымбетова, «Каспий» тобының концерті, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның концерті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құралай Сарқытбаеваның «Жетісудың аққуы» атты концерті, «Аққу мен Гәкку» әзіл-сықақ театрының жаңа қойылымы, «Мафия мен тақия», «Шаншар» әзіл-сықақ театры, «Базар жоқ» әзіл-сықақ театрының жаңа қойылымы, «Кентау шоу» әзіл, ән би жастар театры, «Күреңбел күлкісі» әзіл-сықақ театрлары сияқты тағы басқа елге танымал өнер жұлдыздары Жетісу жұртшылығына өз өнерлерін паш етуде.
## Дереккөздер |
Қазанғап Сатыбалдыұлы (1771–1856) — би, аға сұлтан. 1843–1848 жылдары Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, сондай-ақ Бәсентиін елінің төбе биі болған. Арғын тайпасы Бәсентиін руы Бөрі бөлімінен шыққан.
## Ұрпақтары
Бердәлі Қазанғапұлы (1812–1842) — би. Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, би;
Момынбек Қазанғапұлы (1810 жылы туған) — болыс. 1843–1863 жылдары Баянауыл болысының басшысы;
Нөгербек Қазанғапұлы (1812–1882) 16 жылдай Баянауыл Сыртқы Округінде қазы;
Арон Нөгербекұлы (1846–1895) — болыс. 15 жылдай болыс болған.
## Дереккөздер |
Байқадам Қаралдин - 1877 жылы желтоқсанның 18-інде, бұрынғы Торғай уезі, Қараторғай болысында дүниеге келген (Қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байқадам ауылы). 1930 жылы мамырдың 5-інде қайтыс болды. Қоғам және мемлекет қайраткері.
Қаралдин 1891 жылы Торғай орыс-қазақ екі жылдық училищесін бітіргеннен кейін уездік басқармада есепші және көшірмеші болып істеген. 1903 жылы үлгілі қызметі үшін уездік басқармаға үшінші разрядты шенеунік болып қабылданады. 1911 жылы аудармашы қызметіне жоғарылытады. Қаралдин 1909-1910 жылдары Торғай және Сырдария облыстарының қыстақтарын зерттеуге белсене араласып, Страховск бөгенін салуды басқарды.
1916 жылғы Торғай көтерілісінің қарсаңында уезд бастығы Гарф пен губернатор Эверсманға патша жарлығына наразы халықтың талаптарын түсіндіруге күш салды. 1916 жылғы 8 желтоқсанда Қаралдин бірқатар көтеріліс басшыларымен бірге патша өкіметіне опасыздық жасағаны үшін дарға асу жазасына кесілді. Оның бұл жазадан құтылуына Ресейдегі ақпан төңкерісі себеп болды. Қаралдин Қазан төңкерісінен кейін Торғай уездік халық комиссары болып, бұл қызметін 1918 жылы мамыр айына дейін атқарды. Уезде Кеңес өкіметі қалпына келтірілген соң Торғай уездік атқару қызметінің төрағасы болып сайланды. Бір жылдан кейін, Әліби Жангелдин, Ахмет Байтұрсынұлымен бірге Мәскеуге барып, үкімет басшыларымен болған Алашорда мәселелері бойынша келісімге қатынасты. 1919 жылы тамызда жаңадан ұйымдастырылған Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери революциялық комитеттің хатшысы болып тағайындалды. 1920 жылы маусымда Торғай уездік атқару қызметінің мүшесі және жер бөлімінің меңгерушісі болып сайланды.
Ол Жангелдинмен бірге РКФСР ХКК-нің 1919 жылы 10 шілдедегі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы» декретінің жобасын әзірлеуге қатысты. В.И.Ленин қолқойған бұл декреттің Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуына негіз болғаны белгілі. КСРО-да бай-кулактардың мал-мүлкін тәркілеу науқаны басталғанда Қаралдин де заңсыз айыпқа тартылды. Өзін жазықсыз жападан арашалап алу үшін Қызылордағабарған Қаралдин дереу тұтқындалып, кешікпей Семейде атылды. Қазақ КСРО Жоғарғы соты алқасының 1960 жылғы 18 ақпанындағы шешімімен ОГПУ “үштігінің” 1930 жылғы 25 мамырдағы үкімі негізсіз деп танылып, Қаралдин толық ақталды. Қазір Қостанай облысы, Амангелді ауданының бір елді мекені Қаралдин есімімен аталады.
Оның ұрпақтары арасынан көрнекті композитор Бақытжан Байқадамов, Қазақ КСР халық әртісі Айсұлу Байқадамова, қаламгер Данабике Байқадамова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Күнімжан Байқадамова еліміздің белгілі азаматтары болды.
## Дереккөздер |
Бабас Бурабайұлы - би, XVI ғасырда өмір сүрген, жоңғар-қалмақтарға қарсы көтерілісте қол бастаған. Торғай өңіріндегі Бабас көлі, Бабастың бос қыры деген жер аты осы Бабас бидің есіміне байланысты қойылған. Шығу тегі - Кіші Арғынның Айдарке Ермен атасынан.Баласы Мерген Бабасұлы (1671-1754) - батыр, би, көсем сөздің шебері. XVIІ ғасырда өз руын басқарған. Шақшақ Жәнібекпен бірге жоңғарларға қарсы жауға шапқан. Ел аузынан жетикен дерек бойынша, Мерген оның лақап аты. Бұл атауға атқан жеріне қалт еткізбей дөп тигізетін мергендігіне байланысты ие болған.Баймырза Мергенұлы (1741-1829) - батыр, ру басшысы, жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған қолбасшы. Емельян Пугачев көтерілісін қолдаған.
## Дереккөздер |
XVIII ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы және құнды тарихи ескерткіш болып саналатын Е.И. Пугачевтің музей-үйі қала тұрғындары мен қонақтардың сұранысына ие. Әр адамның санасында Отан деген ұғым өзі мекендейтін қаланың тарихымен оның архитектуралық және тарихи ескерткіщтердің бірі – Емельян Пугачевтің музей-үйі. Бұл музейдегі жәдігерлердің әрқайсысының тарихы бар. 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысының өртіне шарпылған мекені ретінде тарих бетінен өз орнын алған музей-үйінің тарихи құңды деректер жинаумен шұғылданған ұлы орыс зерттеушілері мен жазушыларының есімдерімен де тығыз байланысты екендігі дауысыз.
1967 жылы бұл үйде кітапхана болса, 1991 жылдан бастап қайталанбас тарихи ескерткіш облыстық тарихи - өлкетану музейінің қарамағына берілді. Мұнда қазақтардың тұрмыстық бұйымдары мен қару жарақтарының түп нұсқалары, тулар, зеңбіректер, құнды патша сыйлықтары орын алған.Музей көрмесіндегі жүздеген жәдігерлер - өлке тарихы мен Жайық қазақтарының тұрмыстық келбеті мен өзіндік ерекшелігінің айшықты белгілерінің бірі.Орал қ., Достык-Дружба даң., 35,тел: 8 (7112) 26 49 86 |
Әлемге әйгілі «Бюллер» фирмасының жабдығы негізінде жұмыс жасайтын «Белес агрокешені» ЖШС-ының астық өңдеу кешені Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Белес ауылында 2009 жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. 2012 жылы 35 мың тонна бидай тартылып, 26,5 мың тонна астық өндірілді. Бүгінде түрлі сұрыпты астық, кебек пен жарма ұнтағын өндіруде. Мұнда 100 адам тұрақты жұмыс жасаса, соның 30-ы Оралдан қатынайды, 70-і - Белес ауылының тұрғындары. Олардың арасында жас мамандары да бар. Біліктіліктеріне қарай жалақы төленеді. Ал жұмыстың бәрі компьютерлендірілген. Шикізат та жеткілікті. Компанияның арнайы бункерлерінде 15 мың тонна бидай сақталуда. Өнім негізінен Атырау мен Ақтауға жөнелтілуде.
Ұнның түрлері:1. Жоғары сорт 2. Бірінші сорт 3. Екінші сорт 4. Мерекелік 5. Эстра 6. Кеспелік 7. Классик
Экстра – жаңа жауған қардай аппақ түсі бар, өте ұсақталған ұны әсіресе ашытылған, құмшекерлі, бисквит пен қабат-қабат қамырлы, сүт пен май қосылған тәтті тағамдарды пісіруге өте қолайлы келеді.
Кеспелік - Ыстық өнімдерді дайындауға аса ыңғайлы келетін өнім. Қамыры созылмалы, әрі тез иіні қанып, жеңіл жайылады. Пісірген кезде пішіні бұзылмай, дәмі су татып кетпейді.
Классик – ұнның қамыры жақсы көтеріліп, илеген кезде тез иіні қанып, нан пісіру ісіндегі осы бір ерекшелігімен дараланады.
Дереккөздер :
* «Белес Агро» ЖШС Орал қаласында нан зауытын іске қосуды көздеп отыр Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
## Сандықтың сыртқы көрінісі
1. Тоғызқұмалақ сандығы шахматтікі секілді екі қақпағы бар, әр қақпақтың қалыңдығы 5 см. Оның сырт жағы күршекпен бекітіліп қойылды. Осы ойын туралы 1-жазған кісі-
Николай Николаевич Пантусов деген адам (1906 жыл, Қазан). Оның ойын осы ғана деуі және бал ашатын құмалақпен екеуі бір деп айтуы қате. Бал құмалақ-41, бұл-162.
2. «Тұздый» деген сөзге қарап, бұл ойынның ескі заманда болғанын байқауға болады. Қазіргі тілде «тұздый»- тұздыққа айналып кеткен. Орхон жазуларының мәліметтерінше,
бұдан 13 ғасыр бұрын біздің К, Ғ,Қ әріптерінің орнына И қолданылған екен.
## Сандықтың ішкі құрылысы
Сандықтың ішін ашса, жан-жағы қақпаққа 4 жерден ғана тиіп тұрған дөңгелекке ұқсайды. Шет-шетінің бос жеріне әр түрлі балға, орақ, жұлдыз сияқты суреттер салуға болады.
Дөңгелектің шетін ала бірімен-бірінің арасы тең 18 шұңқыр болады, әрқайсысының тереңдігі-2 см, кеңдігі-5 см. Ол шұңқырларды отау дейді. 18 отаудың ортасын ала бірімен-бірінің
арасы 8 см 2 үлкен шұңқыр болады. Әрқайсысының кеңдігі 8 см, тереңдігі 2 см. Бұл шұңқырларды «Орда» немесе «Қазан» дейді. Айтылған 18 отаудың ішінде ойын басталмас
бұрын 9-9-дан құмалақ болады (барлығы 162), олар жүріс үстінде «Ат» деп аталады. Бірақ та 18 отаудың бәрінің бірдей арнаулы аты болмайды.Бұл отау, шынында, (18:2) екі жаққа
бөлінеді. Бір жаққа берілген ат екінші жақтың да аты болып саналады. Сөйтіп 9 отаудың ғана аты болады. Солдан оңға қарай 1-отауды «Құйрық» не болмаса «Арт» дейді. Себебі
ондай құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады.
2-отауды «Тек тұрмас» дейді, себебі жүріс көбінесе осыдан басталады.
3-отауды «Ат өтпес» деген. Оның себебі қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.
4-отау- «Жаман үй», өйткені қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады.
5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.
6-отауды «Сары дала» деп атаған, себебі бұл жүріске де, тұздый алуға да ыңғайлы.
7-отау-«Қосан жылаған». Бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше рет тұздый отырғызыпты, соған ыза болып жылапты-мыс.
8-отауды «Көк мойын» дейді. Мұнда да көптен көп тұздый алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді.
9-отауды «Аққасқа» дейді. Себебі бұл шұңқырда құмалақ көп жиналады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ қарсы жақтың отауына түседі, бірденн оған аттап түсу
ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады.
## Ойын ережелері
1. Ойынды біріне-бірі қарсы отырып екі-ақ кісі ойнайды, кім бұрын жүретіндігін жеребеші шешеді.
2. Аттардың жүрісі солдан оңға қарай басталады. Қай отаудан бастау ойыншының өз еркінде, бірақ алдыңғы 5 отаудан бірінен жүру міндетті.
3. Ойыншы жүргенде сол отауда бір құмалағын тастап кетеді, қалған 8-ін отау басы сайын бірден салып отырып, жеткен жеріне дейін барады. Құмалақтың жетісіне қарай қарсы
жақтың отауына да салынады.
4. Аша жүру, жаба жүру. Әр ойыншы жүргенде өз отауларындағы құмалақтар жұп болып қалуын көздеп, қарсы адамдікін тақ қылып кетуге тырысады. Бір жолда тақ қылып кетсе,
келер жолы оны өзі жұп қылып барып, жеп қоймақ ниетпен болады. Өзінің отауларын да жұп қылумен ол өзін-өзі қауыпсіздендіреді. Өйткені қарсы ойыншы жүрумен оның құмалағы
тақ болып қалады да , түк ала алмай кетеді. Басқалай айтылса, отауларындағы құмалақты жұпқа жеткізе жүру-жаба жүру, тақ қалдыра жүру-аша жүру деп аталады.
5. Қарсы жақтың бір отауындағы бар құмалағын алып, жүріс жүрген адам соңғы құмалағын қарсы жақтың отауына салғанда, ондағы құмалақ саны 4,6,8,10 болса, қарсы жақтың
құмалағы жүріс үстінде бір отауда 4-тен төмен болса, жұп болғанмен алуға болмайды.
6. Ойыншының өз құмалағы өз отауына немесе қарсы жақтың бос отауына түссе, түк ала алмайды.
7. Ойыншының өз жүрісінде өз құмалағы өзінің отауының бірінің санын 4-ке жеткізіп кетсе, ол 4 құмалақты «қойым қоздады» деп өзі алып қояды. Сондықтан екі жақтағы ойыншы
да өздерінің жағынан «қой қоздатуға», ал қарсы жақтан қоздатпауға тырысады.
8. Отау басында бір ғана құмалақ қалса, келесі жүрісте ол бір құмалақты екінші отауға апарып салып, жүріс қылады.
9. Әр ойыншының ішінен үнемі ойланып есептеп отыратын нәрсесі-өз отауларында екі құмалақ қалдырмау. Егер ол екеуінің үстінде қарсы жақтың аты жетіп үшеу болса, тұздый
болып қалады. Сонда ол отау мүлде қарсы жақтікі болып кетеді. Ол тұздый екі жақтан да құмалақ жинап отырып, ойын біткен соң, қарсы жақтың қазанына түседі.
10. Тұздый тек бірінші, 9-отауға жасалмайды, басқаларының қайсысында болу есеп емес, әйтеуір бір ғана отауда жасалады. Ойынның жақсы болуы үшін тұздый 5,6,7,8
отаулардан жасалғаны жақсы. Әсіресе, 8-де құмалақ көп жиналады.
11. Тұздый қарсы жақтың отауынан жасалғанда, екінші жақтың тұздыйды қарама-қарсы тұрған отудан жасауға жол жоқ.
12. Ойын үстінде ұтып алынған құмалақтарды әр ойыншы өзінің меншікті қазанына салып отырады.
13. Ұту белгісі: жүрісі көп, қазанында құмалағы көп адам ұтқан болып есептеледі.
14. Ұтылу белгісі: кімде-кімнің жүрісі жоқ болса және ордасындағы құмалағы 81-ге (әуелгі қалыбына) жетпесе, ұтылған саналады.
15. Әрбір ұтыстан келген құмалақ «Құпай» не «Ұпай» деп аталады.
16. Ойынның бітуі: бір жақтың жүретін жолы бітіп, бар құмалағы екінші жақтың пайдасына кетсе, я бір қарсы жақтың ордасына түсңп кетсе, ойын біткенге саналады.
17. Жаңадан ойын басталғанда, алдымен ұтқан адам жүреді. Дегенмен ойын ережесін жақсы білген адам ұтады деуге болмайды. Мұнда неғұрлым ойлау, бақылау, есептеу
жұмысын ширақ ұстаған адам ұтып кетеді. Кімде-кім ойламай, екі жақтың құмалағын есептемей отыра берсе, сөз жоқ ұтылады. Жақсы ойнаушылар қарсы жақтың адамын
сақтандырып, айтып отырып-ақ өз жоспарын орындайды.
## Қосымша жобалар
1. Аттың ең соңғысы барып түскен отаудан (екіден бастап жұп құмалақтарды алуға) тұздый жасауға болады.
2. Құмалағы көп отауды «Бай» дейді.
3. Жалғыз құмалақты екінші отауға алып баруды «Көшіру» деп атайды.
## Дереккөздер
1. С.Е.Бидельманов. Улан ауданының спорт жұлдыздары. "Рекламный Дайджест" баспаханасында түптелген.Өскемен, 2008
## Сандықтың сыртқы көрінісі
1. Тоғызқұмалақ сандығы шахматтікі секілді екі қақпағы бар, әр қақпақтың қалыңдығы 5 см. Оның сырт жағы күршекпен бекітіліп қойылды. Осы ойын туралы 1-жазған кісі-
Николай Николаевич Пантусов деген адам (1906 жыл, Қазан). Оның ойын осы ғана деуі және бал ашатын құмалақпен екеуі бір деп айтуы қате. Бал құмалақ-41, бұл-162.
2. «Тұздый» деген сөзге қарап, бұл ойынның ескі заманда болғанын байқауға болады. Қазіргі тілде «тұздый»- тұздыққа айналып кеткен. Орхон жазуларының мәліметтерінше,
бұдан 13 ғасыр бұрын біздің К, Ғ,Қ әріптерінің орнына И қолданылған екен.
## Сандықтың ішкі құрылысы
Сандықтың ішін ашса, жан-жағы қақпаққа 4 жерден ғана тиіп тұрған дөңгелекке ұқсайды. Шет-шетінің бос жеріне әр түрлі балға, орақ, жұлдыз сияқты суреттер салуға болады.
Дөңгелектің шетін ала бірімен-бірінің арасы тең 18 шұңқыр болады, әрқайсысының тереңдігі-2 см, кеңдігі-5 см. Ол шұңқырларды отау дейді. 18 отаудың ортасын ала бірімен-бірінің
арасы 8 см 2 үлкен шұңқыр болады. Әрқайсысының кеңдігі 8 см, тереңдігі 2 см. Бұл шұңқырларды «Орда» немесе «Қазан» дейді. Айтылған 18 отаудың ішінде ойын басталмас
бұрын 9-9-дан құмалақ болады (барлығы 162), олар жүріс үстінде «Ат» деп аталады. Бірақ та 18 отаудың бәрінің бірдей арнаулы аты болмайды.Бұл отау, шынында, (18:2) екі жаққа
бөлінеді. Бір жаққа берілген ат екінші жақтың да аты болып саналады. Сөйтіп 9 отаудың ғана аты болады. Солдан оңға қарай 1-отауды «Құйрық» не болмаса «Арт» дейді. Себебі
ондай құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады.
2-отауды «Тек тұрмас» дейді, себебі жүріс көбінесе осыдан басталады.
3-отауды «Ат өтпес» деген. Оның себебі қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.
4-отау- «Жаман үй», өйткені қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады.
5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.
6-отауды «Сары дала» деп атаған, себебі бұл жүріске де, тұздый алуға да ыңғайлы.
7-отау-«Қосан жылаған». Бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше рет тұздый отырғызыпты, соған ыза болып жылапты-мыс.
8-отауды «Көк мойын» дейді. Мұнда да көптен көп тұздый алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді.
9-отауды «Аққасқа» дейді. Себебі бұл шұңқырда құмалақ көп жиналады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ қарсы жақтың отауына түседі, бірденн оған аттап түсу
ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады.
## Ойын ережелері
1. Ойынды біріне-бірі қарсы отырып екі-ақ кісі ойнайды, кім бұрын жүретіндігін жеребеші шешеді.
2. Аттардың жүрісі солдан оңға қарай басталады. Қай отаудан бастау ойыншының өз еркінде, бірақ алдыңғы 5 отаудан бірінен жүру міндетті.
3. Ойыншы жүргенде сол отауда бір құмалағын тастап кетеді, қалған 8-ін отау басы сайын бірден салып отырып, жеткен жеріне дейін барады. Құмалақтың жетісіне қарай қарсы
жақтың отауына да салынады.
4. Аша жүру, жаба жүру. Әр ойыншы жүргенде өз отауларындағы құмалақтар жұп болып қалуын көздеп, қарсы адамдікін тақ қылып кетуге тырысады. Бір жолда тақ қылып кетсе,
келер жолы оны өзі жұп қылып барып, жеп қоймақ ниетпен болады. Өзінің отауларын да жұп қылумен ол өзін-өзі қауыпсіздендіреді. Өйткені қарсы ойыншы жүрумен оның құмалағы
тақ болып қалады да , түк ала алмай кетеді. Басқалай айтылса, отауларындағы құмалақты жұпқа жеткізе жүру-жаба жүру, тақ қалдыра жүру-аша жүру деп аталады.
5. Қарсы жақтың бір отауындағы бар құмалағын алып, жүріс жүрген адам соңғы құмалағын қарсы жақтың отауына салғанда, ондағы құмалақ саны 4,6,8,10 болса, қарсы жақтың
құмалағы жүріс үстінде бір отауда 4-тен төмен болса, жұп болғанмен алуға болмайды.
6. Ойыншының өз құмалағы өз отауына немесе қарсы жақтың бос отауына түссе, түк ала алмайды.
7. Ойыншының өз жүрісінде өз құмалағы өзінің отауының бірінің санын 4-ке жеткізіп кетсе, ол 4 құмалақты «қойым қоздады» деп өзі алып қояды. Сондықтан екі жақтағы ойыншы
да өздерінің жағынан «қой қоздатуға», ал қарсы жақтан қоздатпауға тырысады.
8. Отау басында бір ғана құмалақ қалса, келесі жүрісте ол бір құмалақты екінші отауға апарып салып, жүріс қылады.
9. Әр ойыншының ішінен үнемі ойланып есептеп отыратын нәрсесі-өз отауларында екі құмалақ қалдырмау. Егер ол екеуінің үстінде қарсы жақтың аты жетіп үшеу болса, тұздый
болып қалады. Сонда ол отау мүлде қарсы жақтікі болып кетеді. Ол тұздый екі жақтан да құмалақ жинап отырып, ойын біткен соң, қарсы жақтың қазанына түседі.
10. Тұздый тек бірінші, 9-отауға жасалмайды, басқаларының қайсысында болу есеп емес, әйтеуір бір ғана отауда жасалады. Ойынның жақсы болуы үшін тұздый 5,6,7,8
отаулардан жасалғаны жақсы. Әсіресе, 8-де құмалақ көп жиналады.
11. Тұздый қарсы жақтың отауынан жасалғанда, екінші жақтың тұздыйды қарама-қарсы тұрған отудан жасауға жол жоқ.
12. Ойын үстінде ұтып алынған құмалақтарды әр ойыншы өзінің меншікті қазанына салып отырады.
13. Ұту белгісі: жүрісі көп, қазанында құмалағы көп адам ұтқан болып есептеледі.
14. Ұтылу белгісі: кімде-кімнің жүрісі жоқ болса және ордасындағы құмалағы 81-ге (әуелгі қалыбына) жетпесе, ұтылған саналады.
15. Әрбір ұтыстан келген құмалақ «Құпай» не «Ұпай» деп аталады.
16. Ойынның бітуі: бір жақтың жүретін жолы бітіп, бар құмалағы екінші жақтың пайдасына кетсе, я бір қарсы жақтың ордасына түсңп кетсе, ойын біткенге саналады.
17. Жаңадан ойын басталғанда, алдымен ұтқан адам жүреді. Дегенмен ойын ережесін жақсы білген адам ұтады деуге болмайды. Мұнда неғұрлым ойлау, бақылау, есептеу
жұмысын ширақ ұстаған адам ұтып кетеді. Кімде-кім ойламай, екі жақтың құмалағын есептемей отыра берсе, сөз жоқ ұтылады. Жақсы ойнаушылар қарсы жақтың адамын
сақтандырып, айтып отырып-ақ өз жоспарын орындайды.
## Қосымша жобалар
1. Аттың ең соңғысы барып түскен отаудан (екіден бастап жұп құмалақтарды алуға) тұздый жасауға болады.
2. Құмалағы көп отауды «Бай» дейді.
3. Жалғыз құмалақты екінші отауға алып баруды «Көшіру» деп атайды.
## Дереккөздер
1. С.Е.Бидельманов. Улан ауданының спорт жұлдыздары. "Рекламный Дайджест" баспаханасында түптелген.Өскемен, 2008 |
## Тәуелсіздік саябағы
"Тәуелсіздік" саябағы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ашылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі салтанатты түрде ашқан саябақ қаланың Қабанбай батыр көшесіндегі төбенің жазығында орын тепкен. Саябақтың триумфті – 15 метрлік қақпасын аттаған тұста, 1991 жылдан – күні бүгінге дейінгі елімізде орын алған тарихи маңызды оқиғалар тасқа қашалып жазылған. Көлемі 5,8 гектар алқапты құрайтын аумаққа “Ел бірлігі” монументі орналасып, “Тәуелсіздік шежіресі” аллеясы салынды. Онда еліміздің әр жылдардағы жарқын тарихы мәрмәр тастарға ойып жазылған. Саябақта көкейге елжандылық сезімін ұялатар тағы бір нысан ол – «Алтын шаңырақ» ел бірлігі тәуелсіздік монументі. Елімізде мекен етіп жүрген барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің барельефі бейнеленген алып гранит тұғырдан 137 тік тіреуден тұратын композиция көтеріліп, шаңырақты ұстап тұр. Ондағы 137 тіреу еліміздегі 137 ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бітімгершілікте өмір сүріп жатқандығын білдіріп тұрғандай. Саябақ құрылысының жалпы құны 680 миллион теңгені құрайды. Оның – 373,5 миллион теңгесі жергілікті қазынадан каралса, қалғаны Елбасының «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында кәсіпкерлер қаржысымен жүзеге асты.Шымкенттіктердің тағы бір мақтан тұтар нысаны ол – «Жер-Ана» тәуелсіздік монументі. Бұл архитектуралық композициялар туған жердің кеңдігін, бейбітшілік пен халықтар келісімін бейнелейді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көшелерінің қиылысында орын тепкен, биіктігі 34 метрді құрайтын бұл монументпен «Тәуелсіздік» саябағының арасын «Мемлекеттік рәміздер» алаңы мен ұзындығы 104 метрді құрайтын «Алтын көпір» жалғастырып тұр.
## Дереккөздер
* http://www.akorda.kz/kz/page/page_memleket-basshysy-nursultan-nazarbaev-ontystik-kazakstan-oblysyna-zhumys-saparym_1348722842(қолжетпейтін сілтеме)
* http://archive.adiletgazeti.kz/politic/print:page,1,32-shyrayly-shymkentmn-shuay.html(қолжетпейтін сілтеме)
## Тәуелсіздік саябағы
"Тәуелсіздік" саябағы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ашылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі салтанатты түрде ашқан саябақ қаланың Қабанбай батыр көшесіндегі төбенің жазығында орын тепкен. Саябақтың триумфті – 15 метрлік қақпасын аттаған тұста, 1991 жылдан – күні бүгінге дейінгі елімізде орын алған тарихи маңызды оқиғалар тасқа қашалып жазылған. Көлемі 5,8 гектар алқапты құрайтын аумаққа “Ел бірлігі” монументі орналасып, “Тәуелсіздік шежіресі” аллеясы салынды. Онда еліміздің әр жылдардағы жарқын тарихы мәрмәр тастарға ойып жазылған. Саябақта көкейге елжандылық сезімін ұялатар тағы бір нысан ол – «Алтын шаңырақ» ел бірлігі тәуелсіздік монументі. Елімізде мекен етіп жүрген барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің барельефі бейнеленген алып гранит тұғырдан 137 тік тіреуден тұратын композиция көтеріліп, шаңырақты ұстап тұр. Ондағы 137 тіреу еліміздегі 137 ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бітімгершілікте өмір сүріп жатқандығын білдіріп тұрғандай. Саябақ құрылысының жалпы құны 680 миллион теңгені құрайды. Оның – 373,5 миллион теңгесі жергілікті қазынадан каралса, қалғаны Елбасының «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында кәсіпкерлер қаржысымен жүзеге асты.Шымкенттіктердің тағы бір мақтан тұтар нысаны ол – «Жер-Ана» тәуелсіздік монументі. Бұл архитектуралық композициялар туған жердің кеңдігін, бейбітшілік пен халықтар келісімін бейнелейді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көшелерінің қиылысында орын тепкен, биіктігі 34 метрді құрайтын бұл монументпен «Тәуелсіздік» саябағының арасын «Мемлекеттік рәміздер» алаңы мен ұзындығы 104 метрді құрайтын «Алтын көпір» жалғастырып тұр.
## Дереккөздер
* http://www.akorda.kz/kz/page/page_memleket-basshysy-nursultan-nazarbaev-ontystik-kazakstan-oblysyna-zhumys-saparym_1348722842(қолжетпейтін сілтеме)
* http://archive.adiletgazeti.kz/politic/print:page,1,32-shyrayly-shymkentmn-shuay.html(қолжетпейтін сілтеме) |
Тұяқ Елқондыұлы (туған-өлген жылдары белгісіз) — шешен, би. Тарақты руының беделді кісі.
## Жыры
Оның Тарақтының қыздарынан туған атақты адамдар туралы жыры:
Қаз дауысты Қазыбек би,
Ол да менің жиенім.
Қаракерей Қабанбай,
Ол да менің жиенім.
Қанжығалы Бөгенбай
Ол да менің жиенім.
Шақшақұлы Жәнібек,
Ол да менің жиенім.
Ошақты да Сапабек,
Ол да менің жиенім.
Қарсендегі Ер Көпбай,
Ол да менің жиенім.
Тобықтыда Құнанбай,
Ол да менің жиенім.
Дәулет, Байзақ Мәмбет,
Ол да менің жиенім.
Дүкенұлы Ықылас,
Ол да менің жиенім.
Ботпай-Шымыр Сыпатай,
Ол да менің жиенім.
Шұбыртпалы Ағыбай,
Ол да менің жиенім.
## Дереккөздер |
Бурыл — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Бурыл ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан. Ауылдан батысқа қарай 1,5 км жерде Бурыл тауы бар. Ауыл Талас өзені аңғарының шалғынды қызылқоңыр топырағы қалыптасқан қоңыржай жылы агроклиматтық белдемінде жатыр. Қарабақыр өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1961-97 жылдары аралығында "Ровненский" ("Ровное") көкөніс-сүт кеңшары орталығы болып келді. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссияның 06.02.1997 жылғы ұйғарымымен ауыл тарихи атауын қайта алды.
Бурылда “Диқан”, “Абай”, “Ынтымақ”, “Амангелді”, “Төле би” өндірістік кооперативтері мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Мектеп, аурухана бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобильдік жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Көкбастау — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Жаңатұрмыс ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1950 жылы Амангелді атындағы қызылша өсіру шаруасымен айналысатын ұжымшар негізінде құрылған. Бір кездері ауыл маңында "Қарлығаш" атты бастау болған. Сол таза бұлақтан ауыл адамдары су алып тұрса, сол бастаудан аққан арықтан ауыл малдары сусындаған. 1948 жылы мұнда халық үй сала бастайды. Ел кәдесіне жараған мөлдір таза бұлақтың атымен жергілікті халық ауылдарын "Көкбастау" деп атап кеткен.
## Дереккөздер |
Талас — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Қостөбе ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстікке қарай 8 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1933 жылы қаланған. Ауыл атауы ауылдың шығысында ағып жатқан ежелгі Талас өзенінің атына байланысты қойылған. Талас пен Тараз ескі заманнан бірге аталады. "Қаратаудың құшағында қырық бұлақ бар болса, Талас өзенінің қырық сағасы бар", - деп айтады халық. Атақты Майкөт ақын Құлмамбет ақынмен айтысқанда:"Аса, Талас екі өзен,Ат бауырынан саз алған.Балдырғанын жегенде,Баланың көңілі мәз болған" деп, жер байлығын жырға қосқанын кім білмес.
## Дереккөздер |
Мұхтар Әуезовтің әйгілі трагедияларының бірі - «Қарагөзде» (1926) бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастар тағдыры көрсетіледі.
Қазақ драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып көрсетеді: «Жалпы пьеса тақырыбы-беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте тарқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы: асықтық пен ақындық құмарлығына елтіген уыз жастар жайы. Пьесаның екінші айқындаған идеясы азаптан туған ақындық, қан-қайғыдан туған қаза, жеке бастың ғана күй-шерінен басталып барып, халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек». Шығарма қаһармандары, бір-біріне ғашық Сырым мен Қарагөздің өзара іңкәрлық сөздері мына диалогтермен айқын көрінеді.
Сырым: Қара түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақтотым...келші күнім!...
Қарагөз: Жаным Сырым! Менің бар дүниеден бөліп-жарып алғаным- бір ғана сен өзіңсің. Қандай азап көрсем де, қай қайғыда тебіренумен жүрсем де, жүрегімнің түбінде құпия боп тығылған жылғыз бір сәулем бар. Өз ішімде жанған сол күнім, сөнбес жарығым бар...Соным-өзіңсің, сен ғанасың...
Бірақ Қарагөз бен Сырымның ғашықтығына тас бөгеттей кедергі бар. Ол- екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына әрі қыздың басқаға ауған бейілін өзгертуге дәрменсіздігіне көңілі күпті. Драматург өзінің шығармасында өмірде сирек кездесетін жағдаятты таңдап алған, тартыс желісін бірден-бірге ширата түсіп, характерлерді де мейлінше дәйекті, толық етіп сомдаған. Сырым мен Қарагөздің махаббатына тосқауыл болған-олардың аталастық жақындығы. Міне, осы хал бұлардың жас өмірін жайқалдырмай, мезгілсіз қасіретке ұшыратады. Наршаның аулына ұзатылып барғанда да Қарагөздің ойынан Сырым бір сәт те шықпайды, өзінің жанында бәйек болып отырған қосағы Наршаға көңіл аудармайды. Ал Наршаның жағдайы да айрықша мүшкіл. Атақты ауылдың маңдай алды жігіті, ақылды Нарша Қарагөз жүрегін өзіне бұра алмағанына шерлі болады. Наршаның адамгершілігінің биіктігі, сұлу Қарагөзді әрі түсініп, әрі күйініштен күн кешкені оны көркем әдебиеттегі қайталанбас сом тұлғалар қатарына қосады. Бір-бірін сүйгенінен басқа жазығы жоқ Сырым мен Қарагөздің ел дәстүрі алдында «қарабет» атанып, бірінің жынданып өлуі, екіншісінің тірі жүрсе де, сергелдең өмірге душар болуы халықтың ғасырлар бойында қалыптасқан дәстүріне кереғар келуінің салдарынан туады.
## Дереккөздер
1. "Қазақ әдебиеті" кітабы. Атамұра баспасы. Алматы, 2009 жыл |
Жазғы Универсиада 2013 (ресми атауы: XXVII жазғы Универсиада) 2013 жылдың 6 - 17 шілде күндері аралығында Татарстан астанасы Қазан қаласында өткізілген жазғы Универсиада. Жарыста 162 елден келген 10 000 жуық спортшы 27 спорт түрінен бақ сынасты. [дереккөзі?]
## Универсиада нышандары
* Универсиада тұмары ретінде ақ барыстың марғауы таңдалған. Ақ барыс - Татарстанның мемлекеттік елтаңбасында бейнелген ұлттық және тарихы нышаны болып табылады.
* Қазан Универсиадасының логотипі — жұлдыздар және сәйкес латынша әріптермен көмкерілген, бес континенттің олимпиадалық түстерімен стильдендірілген қызғалдақ.
* Қазан Универсиадасының ұраны — «U are the World». Мағынасы келесідей пайымдалады: «Сен — әлемсің» және «Универсиада — бұл тұтас бір әлем».
## Спорттық ареналар
## Спорт түрлері және күнтізбе
2013 жылдың жазғы Универсиадсында жарыстар 27 спорт түрінен өткізіледі. Универсиада бағдарламасына бұрын болмаған спорттың жаңа бес түрі (регби-7, бокс, белбеу күресі, самбо және синхронды жүзу) енгізілді.
Жарыстар кестесі келесі түрде көрсетілген:
Соңғы бағана: Жеке спорт түрлерінен жалпы жарыстар саны
## Медальдар санағы
Ұйымдастырушы ел2013 жылдың 17 шілдесіне қарай мәлімет:
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* 2013 жылғы Универсиаданың ресми сайты (орыс.)
* 2013 жылғы Универсиаданың ресми сайты Мұрағатталған 8 наурыздың 2018 жылы. (ағыл.) |
Абай — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Сазтерек ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан. Үш колхоз - "Жаңасаз", "Сармық", "Ақтөбе" біріктірілген. "Сармық" осы жерді мекендеген жергілікті халықтың арғы аталарының аты. Жаңа қонысқа ат қою таласы туады. Ауыл халқы шаруашылықтың атын ұлы Абайдың есімімен атауды жөн көрген. Орталығы болып "Жаңасаз" колхозының жері таңдалынып алынып, сол жылдан бастап "Сармық" колхозының тұрғындары көшіп келіп тұрақтана бастаған.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жақаш — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Суханбаев ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде, боз жусан, ши, жүзгін аралас сортаңды шөп өскен құмайтты сор, сортаңды, сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесін 1929 жылы "Батырақ" ауыл шаруашылығы артелін ұйымдастырушылар қалаған. 1962-1997 жылдары Фрунзе атындағы қызылша өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Ауылға Тұрар Рысқұловтың серігі Жақаш Мамыровтың есімі еліміз егемендік алғаннан кейін облыс әкімінің 06.07.1992 жылғы №60 шешімімен берілді.
## Ауыл маңы
Ауылда "Сәмбет" каналы бар. Оның ұзындығы 10 км. Талас өзенінен басталып, Тегістік, Жақаш, Қарасу және Көкөзек ауылдарын басып өтеді.
Сонымен бірге ортағасырлық тарихы бар "Қоңыртөбе" (төбенің қоңыр түсті топырағына байланысты) деп аталатын жота бар.
## Дереккөздер |
Қазақстанның шексіз аймақтарында, солтүстіктен оңтүстікке қарай барлық табиғи аймақтар: орманды, далалық, шөлейт және шөл, ал шығыстағы және оңтүстік шығыстағы биік тау
сілемдері тағы бір аймақ-биіктік аймағын құрайды. Жердің теңіз бетінен биіктеуіне байланысты өсімдік белдеулері де ауысып отырады. Табиғи аймақтар алуан түрлі балды
өсімдіктердің түрлеріне бай. Осының базасында тұрақты және көшпелі омарталар тұрады. Ара шаруашылығының дамыған жерлері негізінен таулы аудандар; мұнда аса бай табиғи
балды өсімідіктер көп. солтүстік далалық аймақтарда ара шаруашалықтары қара құмық, қыша сияқты шірнелі мәдени өсімдіктердің негізінде жақсы дамыған. Бірақ, бұл
аудандарда да әлі пайдаланылмаған балды қсімідіктердің қоры жеткілікті. Қазақстанда ара шаруашылығының ең жақсы дамыған кезінде 300 мың ара семьясы болған. Аралардың
ең басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында. Екінші орында Алматы облысы тұр. Климаттық және бал өндіру жағдайларына байланысты Қазақстанның барлық жерін 6 ара
шаруашылықтық белдеулерге бөлуге болады: шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік және орталық. Әр белдеудің табиғи-климаттық жағдайларына қарай ара
шаруашылығын жүргізудің өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан Қазақстандағы ара шаруашылығының болашақтағы дамуы осы белдеулердің ерекшеліктерін терең білуде жатқан сияқты.
## Шығыс белдеуі (ШҚО)
Шығыс Қазақстан облысын оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай Ертіс өзені басып өтеді. Ертістің оң жағында оңтүстік Алтайдың Уба, Иванов, Үлбі, Холзун, Нарын,
Күршім жоталары бар тау жүйелері жатыр. Негізінен бұл таулар аласа, жапырақты және қылқан жапырақты ормандармен, бұталармен, алуан түрлі тау және шалғындық шөптесін
өсімдіктермен көмкерілген. Қытаймен шекаралас жерлерде ғана тау шыңдарының биіктігі 3000 м жетеді. Ертістің сол жағалауы – Қалба тау жоталары. Облыстың оңтүстігі Сауыр
мен Тарбағатай тау жүйелері, батысы – құрғақ далалы, ұсақ шоқылы болып келеді. Оңтүстік аудандары шөлейт жерлер. Шығыс Қазақстанда балды өсімдіктердің 3 типі бар:
таулы-орманды, таулы-далалық және далалық. Омарталар негізінде алғашқы екеуінде орналасқан.Таулы орманды аймақтар балды өсімдіктерге бай болғанымен, бал өнімі оңайға
түспейді. Қыстың ұзаққа созылуы, көктемде күннің жиі суытуы ара семьясының өсуі мен дамуына көп кедергі жасайды. Ал жаздың қысқа, жауынды, тыс салқын болуы бал өндіруді
тоқтатып та тастайды. Бұл жағдайда тәжірибелі омарташылар ғана жыл сайын тұрақты өнім ала алады. Күшті ара семьялары ғана қысқа уақытты тиімді пайдалана алады.
Омарталарды тым жақын орналастыруға болмайды. Тау беткейлері қылқан жапырақты орман, ал жазық жерлері шабындық болып келетін омарталардың ара қашықтығы 1,5-2 км
болып келетін облыстың Зырян, Глубокое аудандарына тән. Бұл дұрыс емес. Таулы-орманды алқаптардың омарталары көшпелі емес, тұрақты. Тау жолдарының нашарлығы
омартаны көшіріп жүруге үлкен қиындықтыра туғызады. Жолдың жоқтығынан көптеген алаптар әлі пайдаланылмай келеді.
## Оңтүстік Шығыс аймағы
Балқаш көліне құятын Іле өзенінің оң жағын Жоңғар Алатауы тау жүйелері, Қырғызстанмен шекарадағы Іле Алатауы жотасы кіретін Тянь-Шань тау сілемдері жатыр.
Облыстың батысын ірі көл Балқаш шектейді. Көлден тау беткейлеріне дейін, шөл мен шөлейт, топырағы ащы, сортаң, құмды жазық және тасты төбелер жатыр. Ол Жоңғар Алатауын
Тарбағатай тауларынан бөліп тұратын Алакөл ойпатымен, Іле өзенінің аңғарын да алып жатыр. Төбесін мәңгі қар мен мұз басқан оңтүстік-шығыс аймақта ірі тау сілемдері тұр.
Мәңгі мұздақтардан көптеген ірілі-уақты өзендер бастау алып, тау алдындағы ауылшаруашылық жерлерін суландырады. Балқаш маңындағы, Алакөл ойпаты, Іле жазығының ыстығы
теңіз деңгейімен салыстырғанда биіктей келе қоңыржай, одан да жоағырлағанда қоңыржай суық климатқа ауысады. Ал биік тауларда тым суық. Тау биіктеген сайын түсетін
ылғалдың мөлшері де көбейе түседі. Шөлді аудандарда жылына 150-200 мм, тау беткейлерінде 500-600 мм, тау белдеуде 600-800 мм ылғал түседі. Өсімдік жабыны биіктік
деңгейіне байланысты болады. 800-1500 м биіктікте бұталар мен алуан түрлі далалық шөптесін өсімдіктер, жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Солтүстік беткейлерінде аралас
шөптесін өсімдіктер, күнгей беткейлерінде ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктер болады. Келесі белдеуде қылқан жапырақты орман, аралас шөптер, солтүстік беткейлерінде бұталар
мен шалғындық өсімдіктер, ал күнгейінде шалғындық, шалғындық-далалық және далалық өсімдіктермен жабылған. Қылқан жапырақты орманнан жоғары субальпі шалғындығы, ал
3500 м жоғары мәңгі қар мен мұздақтар жатыр. Омарталарды негізінен тауда 1200-1800 м биіктікте ораналастырады. Тауға жақын, алым таудың аралас шөбімен қатар мәдени
өсімдіктерден де болатын жерлерде омарталар аздау. Көшпелі омарталар мамыр, маусым айларында өзен жағалауындағы тоғайларды пайдаланады, ал шілде-тамыз айларында
биіктегі шалғындыққа көшеді. Сондықтан бұл аймақта бал өнімін алатын жерлерді 4 белдеуге бөлуге болады: таулы, тау алдындағы, тоғайлы-шағылды, және биік таулы деп. [[Іле
Алатау]]ының өсімдіктерінің бал өнімі мөлшермен төмендегідей: ағашты-бұталы алқаптарында 10кг/га, солтүстік беткейлеріндегі аралас шөптер 17-21 кг/га, оңтүстік беткейлерінде
27-30кг/га. Бал қорының шешуші маңызы бар көрсеткіші алқаптарда бал бермейтін өсімдіктердің шоғырлануы. Пайдасыз ұшу алаңы барлық жердің 40% (ну болып өскен шыршалар,
итмұрындар, тау жыныстарының үгіліп ұсақ тас күйінде болуы, жер бетіне шығып жатқан жартастар, су көздері, жолдар және жеке меншік жерлер). Омарталар орналасқан жердің
маңайы әдетте шабындық болып келсе пайдасыз алқаптың көлемін 80% жеткізеді. Сонымен таулы жердің бал қоры 2 км радиуста 15 т/га, ал ішінде шабындықтар бар болса бұл
көрсеткіш екі есе азаяды. Есептеулердің көрсеткеніндей бір нүктеде ара семьяларының саны 70-80 нен артпауы керек. Егер арасында шабындық жерлері болып, немесе мал
жайылымы ретінде пайдаланылса, ара семьясының саны одан да аз болуы керек. Өсімдіктердің шірне бөлуіне ауаның құрғақтығы қатты әсер етеді. А.С Өтешівтің зерттеулері
бойынша Іле Алатауының 1500 м биіктігінде температура 24°С ауа ылғалдылығы 45% болған кезде өсімдіктердің басым көпшілігі шірне бөлуін күрт азайтады; ал аршатамыр мен
түрінген үлбірегі шірне бөлуін мүлде тоқтатады. Алматы облысының таулы аймақтарындағы бал өнімінің аздығы кездейсоқ емес. Оңтүстік –шығыс аймақта көшпенді ара
шаруашылығы соңғы жылдары ғана дамып келеді. Омартаны көктемде тау алдындағы жерлерге немесе Іле өзенінің аңғарына көшіреді. Ол жерлер жылы болғандықтан ара
семьялары тез өсіп ерте көктемгі алымды пайдаланады, ал шілдеге қарсы басты алымға тау беткейлеріне апарады.
## Оңтүстік аймақ (Жамбыл, Қызылорда, ОҚО)
Оңтүстік облыстардың шығыс жақ жиегінде оңтүстік-батыс Тянь-Шаньнның Қырғыз жоталарымен және Талас Алатауының сілемдері жатыр. Солтүстік батысында жазық далаға
кірігіп Қаратаудың аласа жоталары тұр. Тауларындағы өсімдік белдеулері жазық тау маңындағы егістігімен, бақшаларымен аздаған қолайсыз жерлері бар аралас шөптер өскен
1000-1400 м биіктікте тұр. Одан жоғары орта таулы бұталы, аздаған жапырақты тоғайлары: алма, алқоры, грек жаңғағы, бадам, Семенев үйеңкесі өскен. 2000-2500 м биіктікте таулы
шалғынды-далалық белдеу, альпі және субальпі шалғындықтары. Таулардың басы мұздақтар. Таулардан төмен төбелер мен төбешіктер біртіндеп сұры және қоңыр топырақты шөл
және шөлейт белдеуге ауысады. Мұнда шөлейт аймақтың балды өсімдіктері бар Таудан бастау алған өзен аңғарларында суармалы жерлер бар. Көбінесе жүзім өсіріледі. Жамбыл
облысында Қарғыз жерінен басталып Мойынқұмда жоғалатын Шу өзені ағады. Оңтүстік бағытында Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысын басып өтетін Сырдария өзені
жатыр. Сырдарияның кең аңғарында Қызылорда облысының барлық дерлік ауылшаруашылығына қолайлы балды өсімдіктер өседі. Кейбір жерлерінде тоғайлардың маңында шөп
басқан құмдауыт жерлер де бар. Ара шаруашылығы таулы аудандарда дамып, соңынан жазық жерлерге де тарала бастады. Қазір ара омарталарын көшпенді жағдайда ұстау,
бал өнімін жазық жерлерде дамытуға қол жеткізеді. Шөл жағдайында арашыға араларды сумен қамтамасыз етуге қатты назар аудару керек. Шөліркеген аралар су іздеп, көп
энергия жұмсайды, өзінің негізгі жұмысына кедергі болады. Су тапшылығы ұрпақты дамытуды тоқтатуға мәжбүр етеді, аралардың жұмыс қабілетін төмендетеді. Әрбір ара
семьясына күніне 0,3-0,5 л су қажет. Суды қажетсінген араларда аса қуаңшылықта су қорын жинайтын жаңа биологиялық қасиет пайда болады. Кәрездің ұяшықтарының көпшілігін
сумен толтырып тастайды. Ол су дамып келе жатқан ұрпақ үшін ұядағы ауа ылғалдылығын бірқалыпты ұстап тұруға керек. Шөл жағдайында ара ұяларын ашсақ, жақсы желдетілген
жерге қояды. Ұшақтарына мейлінше кеңейтеді. Қораптарының сыртын ашық түске сырлайды немесе әктейді. Төбесін сабаннан жасалған қалың жабынмен жабады. Бұл шаралардың
бәрі араұяларды қызып кетуден және кәрездің жарылып кетуінен сақтайды.
## Солтүстік аймақ (Қостанай, Ақмола, Павлодар, СҚО)
Бұл 4 облыс екі табиғи зонада орналасқан – орманды-далалық және далалық. Негізінен бұл аймақтың жері жазық болып келеді. Кейбір жерінде орман, аздаған бөліктерінде аласа
жоталар көптеген көлдері мен өзендері – Тобыл, Обаған, Есіл, ал шығысында Павлодар облысын кесіп өтетін Ертіс өзені бар. Коиматы континентальды: қысы тым қатты, 4-5
айға созылады, желді. Жазы ыстық. Ара шаруашылығы солтүстік Қазақстанда ерте уақытта басталғанымен көп уақыт жақсы дамыды. 2-3 ара ұясы бар әуесқой арашылар да сирек
кездесетін. Өткен ғасырдың 60-жылдарында тыі және тыңайған жерлерді игерген соң, қарақұмық пен күнбағыстың егістігі молайған кезде ғана жақсы дами бастады.
Тозандандырушы араларға өндірістік сұранысты қамтамасыз ету үшін жыл сайын Cолтүстік облыстарын республиканың шығыс және оңтүстік шығыс аймақтарынан көп мөлшерде
пакетті аралар жеткізіледі. Көшпенді болып қалыптасқан ра шаруашылығы ауылшаруашылық дақылдарының балды өсімдіктерінің базасында дамыды. Кейбір жағдайларда табиғи
балды өсімдіктер қорына да сүйенеді. Ерте көктемде омартаны суық желдің әсері тимейтін тоғайдың ішіне орналастырған. Алдымен тал өсімдігінен алым алған. Содан соң сары
қарағаннан, оның алымы біткен соң орманға көшірген. Орманда шие, жабайы таңқурай, бұта қараған сияқты өсімдік гүлдерінен сүйемелдеуші алым алған. Орманда сүйемелдеуші
алымның көмегімен ара семьясы өсіп күш жинайды және қосымша аралар дайындайды. Маусым айында омартаны эспарцет, қыша егістігіне көшірген. Жақын жерде
түйежапырақтың көктемгі себілімі, қарақұмықтың көктемгі егісі.
## Орталық аймақ (Қарағанды облысы)
Орталық Қазақстан солтүстік және оңтүстік облыстардың ортасында шөлейт аймақта орналасқан. Аумағының біраз бөлігі аласа келген. Ұлытау таулары мен орталық
Қазақстанның уақ төбешіктері алып жатыр. Климаты континентальды, жазы ыстық және қуаң, қысы суық, әрі желді өндірістік ара шаруашылығымен айналыспайды, бірнеше кішкене
әуесқой арашылардың омарталары бар. Балды өсімдіктер қоры нашар зерттелген.
## Батыс Қазақстан (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары)
Қазақстанның батыс облыстары солтүстігінде Орынбор облысымен, батысында Астрахань облысымен, оңтүстігінде Түркістанмен шектеседі. Аласа Мұғаждар тауларынан
басталатын үлкен өзендері Эмбі және солтүстіктен оңтүстікке қарай Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын басып өтетін Орал өзені. Көрсетілген облыстардың аумағы
үш табиғи аймақта жатқандықтан климаты әртүрлі болып келеді. Бұл аймақта омарталар аз, ал бары батыс Қазақстанның солтүстік аудандарында шоғырланған. Маңғыстау
облысында арамен мүлдем айналыспайды. Ірі өндірісті қалалары өсіп келе жатқандықтан жылыжайларды аралармен тозандандыру қажеттігі туындайды. Арашы Я.А Витяковтың
тәжірибесінен үлгі аларлықтай. Ол 90 ара ұясын бөліп 4 жерге орналастырған. Онда көп мөлшерде табиғи дақылдар: қыша, жоңышқа, бақша және көкөніс телімдерін өсіретін. Оған
қоса өзен аңғарының табиғи өсімдіктері де бар еді. Омартаны бөлген жылы әр ара ұясынан орта есеппен 50,5 кг бал алды. Ал оған дейін омартаға кіріс бермейтін. Әуесқой
арашылардың кішкенен омарталары да көшіп-қонып жүреді.
## Дереккөздер
1. Р.Д.Риб. Ара шаруашылығы. Өскемен, 2006 жыл |
Тегістік — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Темірбек ауылдық округінің орталығы.
## Атау тарихы
1926 жылдан бастап халық мұнда шоғырлана бастайды. Ол кезде бұл ауылды "Батырак" деп атаған. Амангелді ауылы колхоз болып құрылғанда, оның айналасындағы ауылдар Амангелді ауылына өнімдерінен, мал төлінен бөліп берген. Сонда "Тегістік" ауылының тұрғындары бірінші болып тегіс жинап берген дейді. Содан кейін бұл ауылды "Тегістік" атап кетеді.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Аймантөбе — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан. Кеңес дәуірі кезеңінде "Ленин" аталып келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 06.02.1997 жылғы ұйғарымымен ауыл "Аймантөбе" болып қайта аталды.
Ауылдың батысында "Аймантөбе" деп аталатын тарихи қорым бар. Ол атаудың шығу тарихы туралы ауылдың көнекөз қарияларының айтуы бойынша, осы жерден көшіп бара жатқан көштегі бір байдың сұлу, ерке қызы науқастанып қайтыс болып, осы төбеге жерленеді. Қайтыс болған қыздың есімімен төбе "Аймантөбе" аталып кеткен екен.
## Халқы
## Дереккөздер |
«Qazsport» — 2013 жылы ашылған тұңғыш мемлекеттік спорттық телеарна. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы құрамына кіреді. Телеарна тәулігіне 18 сағат хабар таратады.
## Тарихы
2013 жылдың 1 шілдесінде ашылды. Ашылу рәсімі Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өтті. Спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. «QAZsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70 пайызы тікелей таратылады. Олардың негізгісі - Қазақстанда кеңінен таралған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер. Спорт шаралары туралы телекөрсетілімдерді белгілі қазақстандық спорт журналистері қазақ және орыс тілдерінде комментарий мен сараптама жасай отырып жүргізеді. Бағдарламалар кестесіне телекөрсетілімдер, жаңалықтар, төл бағдарламалар мен спорттық деректі кино енеді.
## Логотиптері
*
*
*
## Бағдарламалары
* «СПОРТты ТАҢда» таңғы спорттық, ақпараттық, танымдық, ойын-сауық бағдарламасы
* «SPORT REVIEW» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы
## Директорлары
* Есей Жеңісұлы (2013)
* Диас Ахметшәріп (2013-2014)
* Павел Цыбулин (2015-2020)
* Нағи Бақытбеков (2020 жылдан бері)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Qazsport» телеарнасының ресми сайты
* «Qazsport» телеарнасының онлайн көрсетілімі
* «Qazsport» телеарнасы (YouTube)
* «Qazsport» телеарнасы (ВКонтакте)
* «Qazsport» телеарнасы (Instagram)
* «Qazsport» телеарнасы (TikTok)
* «Qazsport» телеарнасы (Facebook)
* «Qazsport» телеарнасы (Telegram)
* «Qazsport» телеарнасы (X)
* «Qazsport» арнасы Интернет мұрағатында: kazsport.kaztrk.kz сайты (2013-2018 жылдары)} |
Қазақстанның бірқатар облыстарының қысы ұзақ, әрі қатаң, аралар тіршілігіндегі ауыр кезең. Сондықтан, аралардың қыстан қысылмай көктемге жетуіне барлық жағдай жасалады.
Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында араларды арнайы салынған қыстақтарда ұстайды. Ара шаруашылығына мамандандырылған ірі шаруашылықтарда және бірнеше
омарталардан тұратын фермаларда ірі ара қыстақтарын шаруашылық орталықтарында салу ұсынылады.
## Қыстақ талаптары
1. Ішкі ауа температурасы тұрақты, климаты құрғақ аймақтарда 0° +2°С , ылғалды аймақтарда +3°-+4°С жылы болу керек. Қ андай жағдайда болмасын ауа температурасы 0°С
түспеу керек те +5°С аспау керек.
2. Қыстақтарда жақсы желдеткіш болу керек. Оның көмегімен ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Желдеткіш тесіктерінен қыстақтағы жылы, ылғалды ауа, аралардың тыныс алуынан
шыққан көмірқышқыл газ сыртқа шығарылып, сырттан құрғақ, салқын ауа кіріп, ішін салқындатып, аралардың тіршілігіне қажетті жағдайдар туғызады.
3. Қыстақтағы шартты ауа ылғалдылығы 80-90% болуы тиіс. Ылғалдылық жоғарылап кетсе араның қорегі ашып, көгеріп кетеді. Ал тым құрғақ болса қорек қатып қалады да
аралардың оны пайдалануы қиындап кетеді.
4. Қыстаққа араны қатты мазасыздандыратын жарық түсірмеу керек. Қыстаққа сырттағы шу естілмейтін болуы, тышқандар кіре алмайтындай жағдайлар жасау керек.
5. Қыстақты міндетті түрде жаз айларында салу керек. Күзде салынса астындағы жер мен құрылыс материалдары кеуіп үлгермейді де қыстаққа араларға зиянды ылғал болады.
Қыстаққа салу үшін омарта аймағының биік, құрғақ, бар болса биік ағаштардың қалқасын таңдап алады. Көктемгі су қыстаққа зиян келтірмейтіндей, ал ағаштар суық желдің
өтінен қорғайтындай болуы керек. Кіретін есігі жел жағында болғаны дұрыс. Қыстақ типтері жер асты суларының тереңдігіне, аймақтың климат жағдайларына байланысты, жер
астындағы, жартылай жерастындағы және жер бетіндегі деп жіктейді. Аязы 40°С және одан жоғары болатын қатаң климат жағдайында және жер асты сулары жер бетінен 3 м
тереңдікте жатса, жер асты қыстағын салу тиімді. Төбесін жақсылап жылылығанда ауа температурасы қыс бойы тұрақты болады. Көктемде қыстақ күн көзінен жылылағанда ауа
температурасы қыс бойы тұрақты болады. Көктемде қыстақ күн көзінен жылынып кетпейді, сондықтан, ауа температурасын азайту шараларын қарастырудың қажеті болмай
қалады. Жер асты сулары 2,5 м тереңдікте жатса жартылай жер асты қыстақтарын салуға болады. Олардың қабырғаларының жартысы жер астында тұрады. Сыртқа шығып тұрған
қабырғаларын топырақпен көмеді немесе 0,75-1 м қашықтықта екінші қабырға салынып, арасын топыракпен толтырады. Мұндай қыстақтар ауа температурасын бірқалыпты ұстап
тұра алады. Жер асты сулары жер бетіне тым жақын жатса, жер бетіндегі қыстақтарды салады. Қысы қатаң жылдарда жылуды бірқалыпты ұстап тұру қиынға соғады. Көктем
кезінде температура көтіріліп кетуі мүмкін. Қыстақтың ішкі биіктігі 2,5-3 м болу керек. Қыстақ құрылысын бастамай тұрып,омарта тұрған орында шұқыр қазып, жер асты суларының
деңгейін біліп алу керек.
## Қыстақтың көлемін анықтау
Ара шаруашылығына маманданған ірі кәсіпорындарда қыстақты арнайы дайын жобалармен салады. Шаруа қожалықтары мен әуесқой арашылар құрылысты өз жобаларымен
салады. Бұл жағдайда қыстақтың көлемі омартадағы қысқа баратын ара семьясының санна және ұя қораптарының көлеміне байланысты болады. Кішкене қыстақта ара ұяларын
сөрелерге 4 қатардан 3 қабатты етіп орналастырады. 2 қатарды ортасына, 2 қабырғасына бір қатардан қояды. Ұя саны көбірек омарталарда 3 қабаттан 6 қатар етіп қояды.
Қыстақтың ені ұяның көлеміне, қатар арасындағы адам жүретін кеңістікке байланысты. Мысал ретінде 4 қатарлы ұялары көп қабатты қыстақты алсақ, мұндай қыстақтың ені 4,38
м болады (4 ұяның көлемі-54,5 см х 4=2,18 м, екі жол 90 см х 2=1,8 м + қабырғамен шеткі қатардың арасы 10 см х 2=20 см, және ортада тұрған 2 қатардың арасы 20 см) .
Қыстақтың ені мен ұзындығы тұрақты екенін есте ұстау керек. Қыстақтың ұзындығын анықтау үшін барлық ұя санын қабат санына бөлу керек. Нәтижесінде сөренің әр қабатында
неше ұя орнатуға болатыны белгілі болады. Енді бр қабатта орналасатын ұя санын ұяның сыртқы көлеміне көбейту керек. Шыққан санға көрші ұялардың ара қашықтығын және шеткі
қатарда тұрған ұялармен қабырға арасындағы қашықтықты қосу керек. Есіктің алдында алаң қалдыру үшін ортаңғы қатарды шеткі қатардан 2 ұяның ұзындығындай қысқарақ
жасайды.
## Типті қыстақтың құрылысы
Ірі шаруашылықтарда қыстақты дайын жобамен салады. Қыстақтың барлық типінің едені, төбесі, қабырғалары, шатыры, желдеткіш каналдары болуы керек. Ішінде ұяларды
орналастыратын сөрелері болады. Көлемі қыстақтарда ұяларды бірнеше қабат етіп қояды. Қабырғаларын М-75 маркалы кірпіштердн қалайды. Қыстақтың тағанын бутобетонмен
жабады. Едені 2 қабатты. Астына қалыңдығы 300 мм майлы сары топырақ, оның үстіне қалыңдығын 10 мм етіп құрғақ құм жаяды. Есігін киізбен қымтап, қаңылтырмен қаптайды.
Төбесін бірнеше қабат етіп жабады. Астыңғы қабат қалыңдығы 40 мм тақтай немесе төрт бұрыш ағашпен жабылады. Үстінен сары топырақ ертіндісімен қалыңдығы 30 мм сылақ
жұмысы жүргізіледі де үстіне қалыңдығы 50 мм шыны сынықтары мен араласқан құм төгіледі. Оның үстінен сары топырақты-органикалық жылу жібермейтін жабын жабылады да,
қалыңдығы 60 см құрғақ топырақ төгіледі. Төбесінде жаз кезінде желдететіндей етіп жылытылған тесік қалдырады. Желдетілуі табиғи жолмен іске асырылады. Еденнің астынан
20х20 см етіп жолақ қалдырылады немесе құбыр орнатылады. Жолақтың бетін темір тормен жауып (тышқан кірмеу үшін) екі жағынан биіктігі 45 см қоршау орнатады. Іштегі ауаны
сыртқа шығару үшін тақтайдан ауа сорғыш жасалады. Шығатын және кіретін ауаның мөлшерін реттеу үшін,кәдімгі үй ішіндегі сияқты қалқаншылар орнатылады. Шатырын ағаш
материалдарынан жасап,үстін толқынды асбестцемент тақталарымен жабады. Әдетте шаруашылықтарды 150,250,500,800 ара ұяларына арнап қыстақ салады. Қыстақтың негізгі
көрсеткіштері 8,9,10,11-таблицаларда берілген.
## Шығыс Қазақстан облысында араларды қыстату
Шығыс Қазақстан облысында араларды қос ішінде қыстату кең қолданылады. Бұл әдіс қары қалың түсетін, қатты желі жоқ аудандарда ыңғайлы. Далалық аймақтарға, қарын жел
алып кететіндіктен бұл әдіс жарамсыз. Қос дегеніміз екі діңгек, олардың арасында үстінен қойылған ағаш білік болады. Ол білікке екі жағынан сырғауылдар қояды. Оның үстінен
тығып етіп (қалыңдығы 20 см) қияқ шөбімен жабады. Қысы құрғақ, көктемде жайылған су келмейтін жерге орнатады. Таулы жер болса теріскей бетіне қою керек. Көктемде
көлеңкеде қар тез ери қоймайды, күзде қостың үстін қар басып қалады. Көктемде де қар ұзақ сақталып, қос жылынып кетпейді. Алдымен қос салатын жерді тегістеп алады. Ол
үшін 1-2 күрек бойы орынды қазып шығу керек. Терең қазудың қажеті жоқ, қабырғаларынан топырақ сусып төгіліп тұрады. Қостың көлемін ара ұяларының санына шақтап есептеп
алу керек. Ені-2,7 м, ұзындығы-4,5 м, биіктігі-2,5 м болса 60 ара ұясы сиып кетеді. Сырғауыл жерге 45° бұрыш жасап тұрғаны абзал. Оның бұрышын азайтып жіберсе үстінен қар
мен жаңбыр суы өтіп кетеді, егер тік етіп қойса үстіне қар тоқтамайды. Үстінде қар жақсы тұруы үшін ағаш бұтақтарын немесе бұталардыы көлденең тастау керек.
Сырғауылдардың арасынан шөп түсіп кетпейтіндей арасын 10-30 см етіп қояды. Төбені жабуға сабан қолдануға болмайды. Біріншіден сусып тоқтамайды, екіншіден оның
арасында дақылдың дәні жүрсе тышқандарды қаптатып жібереді. Ең жақсысы шалғындықтарда немесе сазда өсетін қияқ шөбі. Сабан сияқты сырғанамайды және түсіп те
кетпейді. Оның үстіне су сіңбей ағып түседі, тез шірімейді. Мұндай жабын ауыстырмаса да 3-4 жыл шыдайды. Қосты, күздің жаңбырына жібермей құрғақта салу керек. Үстіне
салған қияқ кеуіп, отырып қалады. Қостың 3 жағы да толық жабылады, ара ұялары қоныстанған соң ұя кірген жағын сырғауылмен немесе тақтаймен жауып, үстінен қалың етіп
шөппен бастырып тастайды. Қостағы ұяларды тығыз орналастырады. Қостың артқы қабырғасынан бастап пирамида сияқты етіп орналастырады. Жердің бетіне жуан сырғауылдар
төсеп, астыңғы қабатта 6 ұя, оның үстіне 5 ұя, оған 3 ұя дегендей. Сөйтіп пирамида кіретін есікке жақындайды. Егер жер сыз болса құрғақ қияқ шөбін төсейді, өйткені ол суды
жоғары өткізбейді. Ұяларды қосқа қыстатқанда ешқандай желдеткіштің қажеті болмайды. Қияқ немесе басқа шөп газ алмасуды өздері атқарып, жылуды шығармай ауа
температурасын бірқалыпты ұстап тұрады. Қыс айларында қоста температура +4 - +5° артпайды, көктемде ысып кетпейді. Қос ешқандай күтімді қажет етпейді. Қосты әртүрлі
көлемде жасауға, бірақ бір қоста 70 ара ұясынан артық орналастыру дұрыс емес. Қостың үлкен көлемі ауа алмасуын жәнее қажетті температураны ұстап тұра алмайды. Омарта
үлкен болса 40-60 ұя сиятындай етіп бірнеше қос тіккен дұрыс. Міндетті түрде қосты айналдыра су ағатын арық жүргізу керек. Қос салу күрделі жұмыс емес. Араларды осы әдіспен
қыстату таулы Алтайда кең өріс алған.
## Дереккөздер
1. Р.Д.Риб. Ара шаруашылығы.Өскемен, 2006 жыл |
Ақшолақ — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында орналасқан темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан шығысқа қарай 22 км-дей, облыс орталығы - Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Ауыл 1925 жылы Арыс-Бішкек темір жолын салуға байланысты пайда болған. Ауыл атауының шығу тарихы туралы ел аузында бірнеше нұсқасы бар. Бірі, "Ақшолақ" деген аяғы шолақ, әулие кісі болған екен дейді. Екіншісі, "Ақшолақ" деген батыр болыпты дейді. Тағы бірі "Ақшолақ" есімді қыз болған дейді. Дегенмен, ауыл атауының тура нұсқасын ешкім білмейді.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Қашаған Күржіманұлы — қазақ ақыны, жырау.
* Қашаған кен орны — Қашаған ақынның құрметіне аталған ірі мұнай-газ кенорны.
## Басқа мағыналар
* Қашаған Жаманқараев
* Қашаған көшесі (Астана) |
Ақтөбе — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Сазтерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 21 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шымкент қаласындағы химия-фармацевтикалық зауыт – 1882 жылы Иванов пен Савинков көпестері ашқан әлемдегі ең алғашқы фармацевтикалық кәсіпорындарының бірі. Ең алғаш шығарылған өнім - сантонин. Кеңес дәуірі кезінде зауыт елдегі ең маңызды фармацевтикалық кәсіпорынға айналып, аты «Ф.Э. Дзержинский ат. №1 химия-фармацевтикалық зауыты» болып өзгереді. Көптеген жылдар бойы зауыт тек қана фармацевтикалық шикізат шығаруға мамандандырылып келді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін компанияның басшылығымен «ХимфармАҚ» базасында халықаралық стандартқа сай келетін SANTO сауда маркасымен дайын дәрілік препараттарды шығаратын ірі заманауи бағдарламаны қолға алды. Республикадағы дайын дәрілік өнімдерді өндіретін жалғыз химия-фармацевтикалық зауыт болып саналатын аталмыш кәсіпорында өнімнің 200 түрі шығарылады. Компанияның республика бойынша 150-ден аса медициналық өкілдері бар. 2011 жылы Polpharma еуропалық фармацевтикалық компаниясы «Химфарм» АҚ-ның мажоритарлық акционеріне айналды. 2011 жылы жұмсақ дәрілік препараттарды өндіруге GMP сертификатын иемденді.
## Сыртқы сілтемелер
* http://wikimapia.org/10108485/ru/%D0%90%D0%9E-%C2%AB%D0%A5%D0%B8%D0%BC%D1%84%D0%B0%D1%80%D0%BC%C2%BB
* http://www.santo.kz/history.html Мұрағатталған 18 қарашаның 2013 жылы. |
Базарбай — Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде, Базарбай каналының бойында орналасқан.
## Тарихы
Бұл ауылға тұрғын үйлер 1957 жылдан бастап салына бастайды. Бұған дейін онда 3-4 жертөлелер ғана болған.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңатұрмыс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Тарихы
1927 жылы колхоздастыру кезінде осы ауыл құрылады. Кезінде осы аймақты мекендеген үш рудың ұрпақтары бөлек-бөлек қоныстанған болатын. Ұжымдастыру кезінде осы үш жұрттың басын біріктіріп, бір жерге шоғырландырады. Сол жаңа қоныстарын "Жаңатұрмыс" деп атаған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.