text
stringlengths
3
252k
Макс Берг (17 сәуір 1870, Шецин — 22 қаңтар 1947, Баден-Баден; толық есімі: Макс Пол Эдуард Берг (нем. Max Paul Eduard Berg)) — неміс сәулетшісі, қала құрылысшы және 1909-1924 жылдар аралығында Вроцлавтағы қала сәулетшісі. Берг ең алдымен өзінің бас жобасы - Жүз жылдық залымен танымал. ## Сыртқы сілтемелер * www.wroclaw.pl: Collection of photographs of Jahrhunderthalle Мұрағатталған 14 наурыздың 2007 жылы. * Another collection of photographs of Jahrhunderthalle(қолжетпейтін сілтеме) * biography
Айқышты өрмекші (лат. Araneus) - лат. Araneidae тұқымдасының аранеоморфты өрмекшілердің тегі. Өрмекшілердің барлығы сияқты - жыртқыш, жәндіктермен қоректенеді. Жер шарында кең тараған, 2000-ға жуық түрі бар, Қазақстанда 15-тен 30-ға дейін түрлері кездеседі. ## Биологиялық сипаттама Дене тұрқы аналық дарақында 17 мм-ден 26 мм-ге дейін, ал аталығы - 10—11 мм. Денесінде ак және ақшыл-қоңыр түсті дақтар крест белісіне ұқсас орналасқан. Денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7-бунағы). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Айқышты өрмекшінің аса улы жәндіктерге жатпайды. Уы адам үшін, ірі мал, қой, ит үшін қауыпсыз. Дененің дызылдауына, тітіркенуіне келтіруі мүмкін. Тышқан, егеуқұйрық үшін - токсикалық күші қауыпты. Бездерде бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция даму барысында байқалатын бір ерекшелік – өрмек сұйықтығы бөлініп шығатын өрмек бездерінің дамуы. Олардан бөлінген сұйық зат ауада тез қатады да, өрмек жібіне айналады. Бұларды өрмекшілер тор құру, ұстап алған жемтігін орап тастау, жұмыртқа пілләсін жасау үшін қолданады. Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесіне мальпиги түтікшелері және коксальды бездер (жүретін аяқтарының 1- және 3-жұптарының бунақтарынан ашылатын бір не екі жұп бездер) жатады. Тыныс алу органдары жапырақты өкпе қапшығы мен трахеялардан тұрады. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі қысқарған, 3 – 4 остиялары (жүрегіндегі қақпақшалары бар саңылаулы қос тесік) бар. Сезім органдары жақсы жетілген. 8 көзі 2 доға түрінде орналасқан. Дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі байқалады . ## Түрлері Жалпы табиғатта айқышты өрмекшілердің 1000-нан астам түрлері белгілі. СНГ-да 15-тен 30-ға дейін түрі таралған. Ең көп тараған түрлері: * лат. Araneus albotriangulus * лат. Araneus angulatus * лат. Araneus diadematus * лат. Araneus cavaticus * лат. Araneus quadratus * лат. Araneus marmoreus ## Пайдасы * Айқышты өрмекші ауыл шаруашылығы зиянкестерін құртады * Уы медицина мен биохимияда пайдаланылады * Өрмек жібегі алынады. ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Айқышты өрмекшіИнтересные факты из жизни паука-крестовика Мұрағатталған 5 тамыздың 2020 жылы. * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Айқышты өрмекші * Интересные факты из жизни паука-крестовика Мұрағатталған 5 тамыздың 2020 жылы. ## Дереккөздер
Даниял Магомедұлы Гаджиев- 1986 жылдың 20 ақпанында Дағыстан АССР, Қызылюртта дүниеге келген. Қазақстандық грек-рим күресінен кәсіби балуаны. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. ## Өнербаяны Өз туған жерінде еркін күреспен айналысқан. Ең бірінші жаттықтырушысы Құрбанов Н.Б. 2001 жылдан бастап Тверь қаласында грек-рим күресімен айналыса бастаған. 2011 жылдан бастап Қазақстан құрамасына енген. Д.Тұрлыханов атындағы спорт мектебінде жаттығады. Азияттық Олимпиада Лицензиясы бар жарыста жеңімпаз атанған. Батыс-Қазақстан облысының атынан жарыстарға шығады. Алматы қаласында тұрады. ## Жетістіктері * 23 жасында жастар арасында Ресей чемпионы. * 2012 жылы өткен Лондон 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. ## Дереккөздер
Тобылғытүс (лат. Spiraeánthus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын монотипті өсімдіктер тегі. Тектің жалғыз биологиялық түрі - Орта Азияда өсетін эндемик - Шренк тобылғытүсі (Spiraeanthus schrenckianus Maxim.), бұта. Синонимы - Spiraea schrenkiana C.A.Mey.. ## Таралуы Қазақстанда аласа таулардың етегіндегі сайларда, құмды жерлердегі қиыршық тасты топырақтарда тоғай құрып өседі. Бетпақдаланың орталық және батыс бөлігінде, Қаратаудың оңтүстігінде ғана кездеседі. Бұл біздің Республикамыздағы ежелгі өсімдіктердің бірі, 30 млн жылдан кем емес (палеоген кезеңі), ол уақытта құрғақ сирек ормандарда және бұталы далаларда кеңінен таралған.Біздің уақытқа дейін тоблығытүс екі шектелген учаскелердн Бетпақдалада және Қаратау тауларында (Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан обылыстарында) кездеседі.Бұл түр ежелгі заманнан қалған жұрнақ болып табылады. Тек Орталық Америкада бұл түрдің бір ғана туысы хамебатирия туысы бар. Бетпақдала шөлінде тастақты топырақтарда, тақырлардың шетінде тобылғытүс онша үлкен емес шіліктер құрайды. ## Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 70 – 250 см, қалың бөрік басы (крона) бар және жіңішке, жұмсақ бұтақтарын сұрғылт сары түсті қабық жапқан. Ұзынша, жұп қауырсынды жапырақтарының ұзындығы 2 – 13, ені 1,5 – 10 мм. Гүлі қызғылт түсті, хош иісті, шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Тұқымбүршігі екеу, онда бір-бірден тұқымы болады. Шренк Тобылғытүсі – сәндік өсімдік, оның әдемі сүрегі әсемдік (сувенир) заттар жасау үшін қолданылады. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Бүкпежапырақ немесе байғұт (лат. Alchemilla vulgaris) — раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық жатаған (желілі) сабақты өсімдік. ## Биологиялық сипаттама Сабағыны биіктігі 30-40см. Жапырақтары қысқа сағақты немесе сағақсыз өсімдік сабағына жабысып орналасқан. Төменгі жапырақтары бүйрек тәрізді, 7-9 бөлшектеген тұрады. Жоғарғылары - саусақ салалы, 9-11 қалақтан тұрады. Гүлдері майда, сары-жасыл түсті, қос жынысты. Олар жалған шатыр гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. ## Таралуы Бүкпежапырақ бүкіл Еуропа елдерінде таралған. Ормандарда, жол шетінде, көгалдарда жиі кездеседі. ## Химиялық құрамы Жер бетіндегі бөлімінің құрамында илік заттар (7,2—11,3 %), катехиндар, флавоноидтар, фенолкарбон қышқылдары, лигнин, липидтар, кумариндар табылған. Жапырақтарында витамин С 210 мг % дейін болады. Аз мөлшеледе темір, бор, марганец, медь, мырыш, молибден, никель бар. ## Пайдалануы Гүлдеген кезінде жиналып кептірілген шөбі медицинада қабыуға қарсы шипа ретінде, қақырық түсіргіш, зәр айдағыш ретінде колданады. Шөбінің тұнбасын ұдайы қолданса - холестерин көрсеткішін төмендетеді. Сырттай фурункулезда, ойық жараға қарсы, безеулерде пайдаланылады. Қантыз диабетте, семіздікте, тұмау, эпилепсияда қосымша ем ретінде қолданылады . ## Дереккөздер
Ноғайбаева Саумал - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаңаталап колхозының звеношысы (1946). 1906 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы құрылған Жаңаталап колхозын алғашқылардың бірі болып жұмысқа кіріп, қызылша өсіруші болады. Қызылшадан жоғары өнім алу жолында қажырлы еңбек етеді. * 1946 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. Осы жылы қызылшашылар тобының звеношы болып тағайындалады. Өздеріне бекітілген 6 гектар жердің әр гектарынан 335 центнерден, ал 2 гектардың әр гектарынан бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш көрсетіп - 808 центнерден өнім алып, міндеттемелерін ойдағыдай орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Черкес Мұса-Оглы Мұрадов - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый путь" колхозының бригадирі (1946). 1918 жылы Әзірбайжанда, Карьягинск ауданы, Ялевант селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1937 жылы Қазақстанға қоныс адарған соң "Новый путь" колхозына жұмысқа кіріп, 1944 жылға дейін бақташы, содан кейін егін суарушы болады. * 1946 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болу тапсырылады. 1947 жылы қызылшадан мол өнім алу үшін үздік қызылшашылар тәжірибесін қолдана отырып, агрономның көмегімен агрожоспар жасайды. Агротехникалық кешендердің барлық жағдайларын қатаң сақтай отырып, себу жұмыстарын ойдағыдай аяқтайды. Еңбектері ақталып, бұл жыл да жемісін береді - 55 гектар жердің әр гектарынан 349 центнерден, ал мол түсімді 4 гектар алқаптың әр гектарынан 811 центнерден қант қызылшасын алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Найманқұлова Базигүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Кировск ауданы, "Большевик" колхозының звеношысы (1945). 1921 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Құлбай-Төлебай ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1942 жылы "Большевик" колхозына жұмысқа кіріп, белсенді колхозшы болады. * 1945 жылы оны қызылшашылар тобына звеношы етіп сайлайды:1946 жылы бригада бір гектарлы болып бекітіліп, ол жерден олар 415 центнер қант қызылшасын алады. Жоғары көрсеткіштері үшін колхоз басқармасы тарапынан 6 рет сыйлықтар беріледі, ал 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.1947 жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 531 центнерден, ал 4 гектардың әр гектарынан 807,5 центнерден өнім алады. * 1946 жылы бригада бір гектарлы болып бекітіліп, ол жерден олар 415 центнер қант қызылшасын алады. Жоғары көрсеткіштері үшін колхоз басқармасы тарапынан 6 рет сыйлықтар беріледі, ал 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 531 центнерден, ал 4 гектардың әр гектарынан 807,5 центнерден өнім алады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии Мұрағатталған 21 қазанның 2013 жылы.
Нұрбаев Мұхаметқали - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз колхозының председателі (1945). 1901 жылы Жамбыл облысы, Ақбұлақ ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылдан колхоз ұйымдастыру жұмыстарында болады. * 1938-1945 жылдар аралығында Ильич атындағы, одан кейін "Октябрь" колхозының председателі болып істейді. * 1945 жылдың басында Жамбыл аудандық жер бөлімін басқарады, 1945 жылдың соңында Қызыл Жұлдыз колхозының председателі болады. Колхоз 1946 жылы қант қызылшасының өнімі бойынша ауданда бірінші орынға шығады. 1947 жылы 75 гектар жердің әр гектарына 563 центнерден, ал 18 гектардың әр гектарына 831 центнерден қант қызылшасы өсіріледі. ## Наградалары * "Құрмет белгісі" ордені (1946) * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * "Отличник социалистического сельского хозяйства" төс белгісі * "Отличник пищевой промышленности" төс белгісі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Қазақтың музыка аспаптарын Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларынан да кездестіруге болады. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 20-дан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған. ## Топтастырылуы Аспаптарды бес топқа бөлуге болады: * үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнай, қоссырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней; * ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген, шертер, екі және үш шекті домбыралар, қылқобыз; * жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесе шаңқауыз; * ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл , кепшік, шың; * аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері. ## Жеке түсініктемелер Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған. Асатаяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы -110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Асатаяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды. Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құралып жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты қуыс мойын, шіңкілдік деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Дауылпаз - ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысыы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.Дауылпаз тектес аспаптар түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында "Тәбльбасс", қырғызда "Доолбас" деп аталады. Жетіген - қазақ хылқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге "жетіген" деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді. Желқобыз - үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны, әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі болады. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. "Желбуаз" аспабын белгілі композитор Н.Тілендиев "Отырар сазы" оркестірінде қолданды. Қылқобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілері және "нар қобыз", "жез қобыз" деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобызды пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыыз байланысты екені де айтылады. Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады. Қоңырау - қазақ халқының ертеден келе жатқан сылдырмақты музыкалық аспабының бірі. Бұл аспап дыбысы сыңғырлап шығатын металдардан әр түрлі көлемде жасалады. Сырт көрінісі шар тәріздес, іші қуыс, ортасында тілшесі болады. Аспаптың жеті музыкалық дыбыс қатары бар. Ертеде үй тұрмысында, малшылар арасында көп қолданылған. Далада бос жайылып жүрген малдың мойнына қоңырау таққан, өйткені қасқыр металдан шыққан дыбыстан қатты қорқады. Қоңырауды сол сияқты мектептеде қолданады. Бұл аспап арнайы кішкене балғашамен ұру арқылы дыбысталады. ### Қазіргі жағдай Көне музыка аспаптарының табылуымен байланысты музыка мамандарының алдына жаңа міндеттер жүктелді. Ол міндеттер көне аспаптарды жетілдіріп жасап шығару, орындаушыларды тәрбиелеу, түрлі ансамбльдер ұйымдастыру, т.б. Қазақ музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 жылы Алматы қаласында, 1947 жылы Осакаровкада, 1957 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) жанынан шеберханалар ашылды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін (жаңадан жасатып) ұсынған профессор А.Жұбанов болды. Музыкалық аспап жасау шеберлері Оразғазы Бейсембайев пен Абузар Аухадиев көне аспаптардың біраз түрлерін жаңартып жасап шығарды. Шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, т.б. музыкалық аспаптардың алғашқы үлгілерін жасады. Жетігенді, шертерді, үш шекті домбыраны, сыбызғыны, шаңқобызды, қылқобызды, асатаяқтың көптеген түрлерін меңгеріп ансамбльге қосып, жеке ән-күй орындап жүрген жас музыканттарымыз да бар. Орындалатын көне күйлердің кейбірі халқымыздың өткендегі тұрмыс салтын, табиғатын бейнелейтін, осы күнге дейін ұмытылып қалып тартылмай келген. ## Галерея * Қазақ музыкалық аспаптар * * * ## Тағы қараңыз * Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайы ## Дереккөздер * Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Ауыр атлетикадан Азия чемпионаттары ауыр атлетикадан Азия федерациясымен ұйымдастырылады. Ерлер үшін алғашқы чемпионат 1971 жылы өткізілді, ал әйелдер үшін 1988 жылы. 2008 жылдан бастап Азия чемпионаты жазғы олимпиадалар үшін квалификациялық жарыс болып табылады. ## Чемпионаттар тізімі Сұр түспен жазғы Азия ойындары кезінде өткізілген Азия чемпионаттары белгіленген. ## Жалпы медальдар саны 1998-2024 жылдар ## Сыртқы сілтемелер * AWF (Ауыр атлетикадан Азия федерациясы) ресми сайты
Қошалақ — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстікке қарай 95 км жерде құм төбелер қоршаған Нарын құмында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 339 адамды құрады (172 ер және 167 әйел адам). 2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда 329 адам тұрады (164 ер және 165 әйел). 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 152 адамды (83 ер адам және 69 әйел адам) құрады. ## Атақты тұлғалары * Жұмекен Нәжімеденов – қазақ ақыны, Қазақстан мемлекеттік әнұранының авторы. * Бақтықожа Ізмұхамбетов – Атырау облысының әкімі. * Рахымжан Отарбаев - жазушы, драматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ## Елді мекендегі көшелер * Бақыт Қарабалина көшесі ## Дереккөздер
* Қошалақ – Құрманғазы ауданындағы елді мекен * Қошалақ – Қостанай облысындағы құм.
Бәби би орыс еліне бодан болуға қарсы шыққандардың бірі болды. Бәбидің баласы Ақша 1732 жылдың 7 ақпанында Әбілқайыр ханмен М.Тевкелевке келіп, өздерін бидің жібергенін, бұрынғы наразылық ниетінен бас тартқанын, жасақтарын тарататынын жеткізеді. «Бұдан былай ханмен тілмаш осы топтың ауылдарымен бірге болып, еш алаңсыз көшіп-қонуларыңа болады»,-деп айтады. Бірақ олар Бәби бидің ауылына баруға қорқады. Өтінішіне ден қоймаған елшіге қарсы Бәби жасақ жинап, інісі Байқараны атып өлтірген башқұртты қолына беруді талап етеді, болмаса елшіні өлтіретінін айтады. Бидің А.Гладышевке қатысты мәліметтерінде, Елизавета патшайымға Нұралы сұлтанды хан етіп сайлау туралы жазған хаттары да кездеседі. ## Дереккөздер
Сапақ (Сопақ) би Әлімнің Төртқара руының Оразгелді тармағына жатады. Сапақ Сапай баласы шамамен 1774-1775 жылдарда өмірге келіп, Арал ауданында өз атымен аталатын «Сапақ» атты жерде 1859-1860 жылдары дүниеден өткен. Сапақ биде – Шөңкі, Бейіс, Есенжол, Аманжол атты ұрпақ тараған. Сапақ биге сәлемдесуге келген інісі Жетеске: «Шырағым, бір-екі күн еру бол, осы Қарақұмда ағайын-туғандарым бар, бірге аралайық»,- депті. Елемес Жөненұлы қонақтарды күтіп алып, қонағасында сояр қойға бата сұрапты. Сапақты жасы үлкен болса да Жетеске қарап: «Жетес жаста болсаң да алыстан келген қонақ едің, осының батасын сен бер»,- дейді. Сондағы Жетестің батасы: депті. Сөйтіп Елемес бай ретті сөзге тоқтап, билерге тайын сойып, күткен көрінеді. Бір жылдары Әлім ме Шөмекей арасында адам өлігі болып, арты дауға ұласады. Сапақ би бастаған жігіттер мұзды ойып екі адамның өлігін тауып алып, Шөмекейлерден құн сұрапты. Екі жақ Қаратай есімді биге төрелікке жүгінеді. -депті Сапақ Сапақ би үш жүзге белгілі би болған. Ол туралы Қазалы, Арал өңірі жайлы шыққан жинақтарда, Қойшағара Сағариннің Көмбе атты романында, т.б.кітаптарда жазылған. Сондай-ақ «Туркестанские ведомости» газетіні 1902 жылғы бір санында Арал өңірінің бір бекетінің Сапақ есімімен аталатыны жазылған. ## Дереккөздер
Егізшоқы немесе енеке қараторғайы (лат. Buphagus) — тек Африка континентіде кең таралған Торғайтәріздестер отрядінің құстары. Бұл құстардың ерекшелігі - ірі қара малға, пілдер, мүйізтұмсықтар, әсіресе енекелерге үйір болуы. Жануардың арқасына отырып алып сонымен бірге ұзақ жолсерік болып, соның терісіндегі құрт-құмырсқалармен, қандалалармен, биттерімен көректенеді. Бірақ бұл симбиоз ірі мал үшін айтардай пайдалы емес. Себебі құстардың тұмсығымен сол мал терісін жарақатталғанның нәтижесінде патогендік микрофлораны жұқтырады. Құстар ол малдың қанын да арасында ішеді. ## Биологикалық сипаттама Егізшоқылар - ірі емес (кәдімгі қараторғайдай) құстар, басқа құстардаң тек қана "тұрмыс дәстүрімен" ғана емес, тұмсығының және аяқтарының құрылысымен де ерекшеленеді. Тұмсығы әлуетті, қысқаш сияқты, енді, тұмсығының табаны - дөңгелек тәрізді, ұшы - қайырылған. Аяқтары да өте күшті, қатты қайырылып қалған өткір тырнақтарымен. Қанаттары ұзын. Құйрығы еді, үшбұрыш тәрізді. терісі өте қалың болады. Түсі - көбінесе сұрғылт емесе қоңыр, төменгі жағы - ақшылдау. Көзі - қызғылт, тұмсығы да ашық түсті сары немесе қызыл. ### Таралуы Егізшоқылар тек Африкада Сахара даланың оңтүстігінде ғана кездеседі. ### Пайдалынған әдебиеттер * Жизнь Животных т.6 Птицы М.: Просвещение 1986 * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ## Сыртқы сілтемелер * https://species.wikimedia.org/wiki/Buphagus?uselang=ru
Басықара би Құрманұлы — Алшын тайпасының Төртқара руынан шыққан би және батыр. 10 - 12 жасында билік айтып, әділдігімен ел ішінде көріне бастайды. Ел әңгімелерінде Басықараны бірде батыр, бірде би деп атайды. Басықараның бабасы Тасым батыр Төртқара ғана емес, Әлімұлы бірлестігінің да атағын арттырған батыр. 1840-1841 жылдары өзінің атымен аталатын жерде қайтыс болған. Басықарадан – Бекмырза, одан Бәймен туады. Бәймен бидің, Басықараның есімдері «Қазақ-орыс қатынастары» жинағында кездеседі. Мұрағатта олардың есімдері, істеген істері жайлы қысқаша деректер жазылған. Мысалы, 1792 жылдың маусым айында басқа билермен бірге Ералы сұлтаның хан болуына қарсылық білдіргендердің ішінде Басықара бидің есімі де бар. Басықараның тапқыр, әділ билік жасағаны ел аузында айтылады. Қазалы су торабы Басықара атымен аталады. Бүл деген бабаға үлкен құрмет. Ел аузында «Басықара басып айтады, басқа билер қасып айтады»- деген сөз бар. ## Дереккөздер
Жанкісі Басыбайұлы (1772, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарағандысай бойы – 1849, Сыр бойы) — ақын, би. Найман тайпасының Бағаналы тармағынан шыққан. Басыбай аңшының шаңырағында дүниеге келген. Кейбір аңыз әңгімелерде Жанкісінің шын аты — Жанқиса және ол Қоқан хандығы әскерлерімен қақтығыста қайтыс болған делінеді. Жанқисаның жанама аты Жанкісі екенін Е. Бекмаханов та атап көрсеткен. Жанкісі шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Мақпал — Сегіз” дастанының үзіндісі, “Қоқан ханына айтқаны”, “Қожыққа айтқаны” толғаулары ғана жеткен. Жанкісінің “Қоқан ханына айтқаны” толғауы “Ай, заман-ай, заман-ай” жинағына кірген. Осы толғауында Жанкісі Қоқан ханын, оның салықшы бектерінің әділетсіздігін өткір сынаған. Кейін оларға қарсы ашық күреске шыққан. Жанкісінің “Қоқан ханына айтқаны” толғауы 1830 жылы орыс тіліне аударылып, “Песня о временах владычества коканцев” деген атпен “Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания, переложенных в русские стихи” жинағында жарық көрген (1885, Орынбор). Кейбір шығармалары Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Жанкісі шамамен 1770–1772 жылдары Ұлытау өңірінде туып, 1848–1849 жылдары Сыр бойында қайтыс болған деседі. Би, әрі ақын Жанкісінің әкесінің аты түрлі жинақтарда әртүрлі айтылып жүр. Бірде Өтеміс, енді бірде Басыбайдың баласы делінеді. Бидің артында «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» тағы басқада айтқандары ел есінде. Бірсыпырасы жинақтарда жарияланған. «Қоқан ханына айтқаны» деген тегеурінді өлеңі алғаш рет 1875 жыл «Записки Оренбургского отделения РГО» журналында жариялаған. Екінші рет 1885 жылы Орынбор қаласында ғалым, профессор Н.Веселовскийдің құрастыруымен «Образцы Киргизской поэзии» деген кітапқа енген. Осы кітабында ғалым Веселовский жырдың авторы Жанкісін «Сыр бойылық Найман» дегенді ғана жазған екен. Әрі би, ақын Жанкісі Қоқан хандығының қазақ жұртшылдығына жасап жүрген озбырлығы туралы, өткір тілмен ашына баяндап, айыптау, қарсылық сөзімен айтқан.Жанкісіні осы өлеңінің соңында: депті. ## Дереккөздер
Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахитдинұлы (1 қыркүйек 1948, Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасы (наурыз 2016). ## Білімі Байұлы тайпасы Адай руынан. * Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971). * Техника ғылымдарының докторы (1998). * Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003). * 5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. ## Биографиясы * 1971 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы (Гурьев облысы Сарықамыс кенті). * 1972 жылдан - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтының бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері (ҚазҒЗГБИ, Гурьев қаласы). * 1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық мөлшерлеу және ЕҒҮ отрядының бастығы (Гурьев қ.). * 1978 жылдан - ҚазҒЗГБИ-ның зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары. * 1983 жылдан - Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері (Аден қаласы, Йемен). * 1987 жылдан - ҚазҒЗГБИ-нда зертхана меңгерушісі. * 1988 жылдан - Гурьев сынақтық-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы. * 1991 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Мұнай және газ басқармасының бастығы. * 1993 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ теңіз жобалары жөніндегі бірлескен кәсіпорындардың атқарушы директоры, «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК-ның теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖАҚ-тың бас директоры. * «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ БК-нің үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры. * 2003 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі. * 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі. * 08.2007 - 01.2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі. * 2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі V шақырылымдағы депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланды . * 2012 жылдың 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Б.Ізмұхамбетовты Атырау облысынң әкімі ретінде тағайындады . * 2016 жылғы 25 наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы. ## Қоғамдық қызметі Гурьев облысының Балықшы аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1989-1991). ## Марапаттары * «Құрмет» (1999), * II дәрежелі «Барыс», * I дәрежелі Ұлы Петр (РФ, 2006), * «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина Республикасы, 2008) ордендерімен марапатталған . * Йемен ХДР-дағы КСРО елшілігінің Алтын кітабына енгізілген (1986). * Уфа мұнай институты Алтын белгісінің жүлдегері. ## Отбасы Әкесі - Ізмұхамбетов Салахатдин, мұғалім болған. Анасы - Қалиева Әсима, зейнеткер. Үйленген, екі баласы, үш немересі бар. ## Дереккөздер
Бекарыстан Амалдықұлы (1765, Қызылорда облысы Қазалы ауданы - 1858, Қарақалпақстан, Мойнақ ауданы ) - Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан би. Ел арасында сакталған аңыз- әңгімелерге қарағанда Жанқожа батыр жорыққа аттанар алдында Бекарыстанға барып, сәлем беріп, ақылдасып отырған. Абылай ханның ұлы Жанғозы сұлтанды жалғыз ауыз сөзбен тоқтатқан шешендігі, түрікмен барымташыларын садақтың жалғыз оғымен сескендірген айбары туралы ел арасында «Бірауыз сөзбен ханды қайырған, жалғыз оқпен жауды қайырған жайсаңым-ай» деген қанатты сөз де сақталған. Қызылорда облысының Қазалы ауданында Бекарыстан би атындағы ауыл бар. Бекарыстан Амангелдіұлы Қоқан, Хиуа бекеттерінің озбырлығына қарсы шыққан, жарлы-жақыбайларды үнемі қамқорлыққа алып, күрделі қиын мәселелерді байыппен туралықпен шешіп отырған. Елі ішінде би атанып, халықына сыйлы болған кісі. Ел аузында там-тұмдап жеткен бидің сөздері қалған. Оның Жанғазы сұлтанды бір ауыз сөзбен тоқтатқан, түрікмен елінің барымташыларын садақ оғымен қаймықтырғанын аңыз етіп айтады. «Бір ауыз сөзбен ханды қайтарған, жалғыз оқпен жауды қайтарған Бекарыстай бабаларың болған»,- деп отырады көнекөз қариялар. Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен би Бекарыстанға бір ауылдың аты беріліп, баба ескерткіші тұрылған. Би Қарақалпақстанның Аралмен шектескен «Мойнақ» ауданы жеріндегі «Томпақ ата» қорымына жерленген. Мұрағат құжаттарында 1853 жылы Бекарыстан Амалдыковтың (Амандыков) Кішкене Шекті руынын Асан бөлімінің Матығұл аталығынан тарайтын және ол кісінің жасының 68-де екені көрсетілген. Би туралы ауызша айтылған деректер мен жазбаша жазылғадар сәйкес келіп тұр. Жайлауы Арал бекінісі мен Қызылқұмда, қыстауы Қосаралда болған. Өзінен үлкендердің айтқанын бұлжытпай орындайтын кісі екен. Екінші бір құжатта бидің 1856 жылы 2 қыркүйекте 20 сом күміс ақшаны сыйға алғаны жазылады. ## Дереккөздер
Нұрманбетов Ақық (1887-1966) - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Шұбартау ауылдық советі, Жаңалық колхозының звеношысы (1939). 1887 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Еңбек жолын бала кезінде байларға жалшы болып бастайды. * 1930 жылы алғашқылардың бірі болып жаңадан құрылып, қалыптасып жатқан Жаңалық колхозына жұмысқа кіреді. * 1939 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып, тәжірибесін молайтып, агротехниканы жетік үйренеді. * 1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда болады. Соғыстан оралған соң жұмысын жалғастырып, қызылшадан мол өнім алу жолындағы еңбегі табыстарға жеткізеді. 1945 жылы "За трудовую доблесть" медалімен наградталады. 1946 жылы межеленген 150 центнердің орнына 5 гектар жерден 400 центнер қант қызылшасын алады. ## Наградалары * 2 рет Ленин ордені * Еңбек Қызыл Ту ордені * За трудовую доблесть" (1945) * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Пірімқұлов Түйте - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Октябрь" колхозының председателі (1944). 1914 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылында туған. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Жетіжілдықты бітіргеннен кейін "Қызыл-Қайнар" колхозында есеп жүргізуші болып істейді. * 1936 жылы Жамбыл аудандық халықтық білім беру бөлімі жанындағы бір жарым айлық мұғалімдік курсты бітіреді. * 1936-1940 жылдары "Октябрь" колхозында мектепте мұғалім болады. * 1940-1944 жылдары ферма меңгерушісі болып істейді. * 1944 жылдан "Октябрь" колхозының председателі болып тағайындалады. Іскерлігі және агротехниканы білуі колхозда өнім көрсеткішін жылдан жылға көтеруге мүмкіндік береді:1945 жылы 180 центнердің орнына 100 гектар жердің әр гектарынан 350 центнерден;1946 жылы - 463 центнерден;1947 жылы 552 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды. * 1945 жылы 180 центнердің орнына 100 гектар жердің әр гектарынан 350 центнерден; * 1946 жылы - 463 центнерден; * 1947 жылы 552 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * "Құрмет белгісі" ордені (1947) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қара зере (лат. Nigella sativa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын, тік әрі көп бұтақтанған, биіктігі 30-60 см болатын сабақтары бар біржылдық өсімдік. Жапырақтары майда көбіне екі-үш мәрте қауырсын тектес жарылған, саусақ тәріздес кейіпте аз, селдір кезекпен орналасқан. Жоғарғы жапырақтары гүлдердің астына орналасқан және олардың үстінде жамылғы тәріздес болып көтеріліп тұрады. Гүлдері бөлек-бөлек, қос жынысты, ақ, көгілдір немесе сары түсті жапырақшалы гүл тостағаншалы, диаметрі 4 см-ге дейін жететін ірі гүлдер болып келеді. Түкті түрлерінде гүлдері 2-4 қатармен орналасқан. Гүл жапырақшалары тәтті шірнелерге айналған. Өсімдіктің өзі ұзын сабақты, басы көкнәр тәрізді. Ортасында жемісі – иісі мен дәмі өткір қара түсті дәндері (тұқымдары) орналасады. Жемісі қабысқан немесе қабарған ортақ қорапша түзетін бес жапырақшадан тұрады. Бұл өсімдіктің жас дәндері пайдалы. Бақтарда сирек өсірілетіндіктен қара зерені табиғаттан табу оңайға соқпайды, сондай-ақ жабайы түрлері де өте сирек кездеседі. ## Климаттық орта жағдайы Бұл өсімдік жарықсүйгіш, суыққа да төзімді, жас өскіндері көктемгі суыққа шыдамды, оңай төтеп береді. ## Топырақ таңдауы Қара зере жеңіл, борпылдақ, орташа ылғалды, арам шөптерден ада, әкті құнарлы топырақтарда өседі. Қышқылды топырақтарда нашар жетіледі. Топырақта ылғалдың мөлшерден тыс көп немесе аз болуы өсуін қиындатады. Сортаң топырақта да өсе алады. Жас өскіндері көктемгі суыққа төзімді. ## Көбеюі Тұқым арқылы көбейеді. Тұқымдарының түсі қара, бұжырлы, үш өткір қырлы, жұмыртқа пішіндес болып келеді. Тұқымының құрамында 0,8-1,4% эфир майы және 28-30% қою майлар болады. ## Гүлдеуі Жас өскіндер тұқым себілгеннен кейін екі айдан соң гүлдейді (маусым-шілде айларында). Ал тұқымы қыркүйек, қазан айларында пісіп-жетіледі. ## Таралуы Қара зере Жерорта теңізі аумағында, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Европада, Кіші және Орта Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Пакистанда, Үндістанда, Қытайда, Солтүстік Африкада, Орталық және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде және Солтүстік Америкада кең таралған. ## Дереккөздер
Қараторғай тұқымдастар(Sturnidae) - сайрағыш торғайлар отряд тармағының торғайтәріздестер отрядына жататын 73 тұқымдастардың біреуі.Олардың атамекені - Африка және тропиктік Азия.Еуропаның Қоңыржай ендігінде бірнеше түрлер ғана кездесед.Бұлар - өте ширақ және қауымдасып өмір сүретін құрлықтық-ағашшыл құстар.Дене мөлшері торғайлардан шауқарға дейінгі шамада(50-150 г).Олар ашық табиғи көріністерде - дала және шөлден тауларға дейін қоныстанады.Сондай-ақ орманды дала және игерілген аудандарда, мәдени көріністі ортада орнығуды ұнатады.Тек қана тұтасқан қалың тоғайларда(мысалы, тайга типтес) бұл тұқымдасқа жататын құстардың өкілдері өмір сүрмейді. Көптеген түрлер қопсыған ұяларын сан алуан қуыстарға - жерден қазылған інде, тас аралықтарына, құрылыс шатырларына, т.б. орналастырып, топтасып өмір сүреді.Қолдан жасалған ұялау орындарына ынталына орналасады.Жұмыртқалары безендірілмеген, алайда қабығының түсі көгілдір(көбінесе), жасылдау немесе қызғылтсары болып келеді.Аталықтары жақсы сайрайды, оның үстіне тұқымдастардың көптеген өкілдері бөгде дыбыстарға еліктей алады немесе құйқылжытады.Араластырып қоректенеді. Жаздың алғашқы жартысында негізінде бунақденелілерді жейді, балапандарын да солармен қоректендіреді, ал күзге таяу, жидекредің пісуіне қарай, солармен қоректенуге ауысады.Сол кезде қараторғай текті құстар ауыл шаруашылығына төтенше пайда келтіреді(мысалы алаторғай - шегіркелерді жоятын құстардың ішіндегі ең жақсы құс), бір кездерде нағыз зиянкестер болып шығады. ## Дереккөздер Құстар.Мектеп энциклопедиясы.Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А.
Өтетілеу би – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесіні билік жолын ұстаған баласы. Өтетілеу шамамен 1760 жылдары дүниеге келген. Байұлы тайпасы Жаппас руынан шыққан. Өтетілеу қарақалпақ, Бұқара, Қоқан, Хиуа хандықтары арасындағы түрлі келісімдерге араласқан би. 1834 жылы Бұқараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевичтің «Записки о Бухарском ханстве» атты еңбектерінде (жазбаларында) Өтетілеу би туралысөздер бар. Негізгі мазмұны: «...1824 жылға дейін хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отыратын, бірақ арнайы алым түрі жоқ болатын. Кейіннен тонаушыылық шектен шыға бастайды. Сол тұста Шөмекейлер Хиуа ханына арнайы елші жіберіп, зекетті өздері апарып тұратын болып келіске-ді. Бұл келісім 1832 жылға дейін созылады. Өтетілеу би 1832-33 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зкетті өздері келіп жинауын ұсынады. Осыны күтіп отырғандай Хиуа бектері Сырдария бойына еркін ене бастаған. Атақты Балқы Базар Төребай биге арнаған көңілқосында:...Өтетілеу, Сарытай,Мөңке, Қылыш би өтті. Бес бозғұлдың баласын,Наһандай өрге сүйреген,-Деп тегін айтпаса керек.Ел арасында Өтетілеу бидің күзді күні Арқада қайтыс болып, кейіннен Сырға әкелініп, Ер Сейтпенбет әулиенің қасына жерленгені айтылады. Орынбор губерниялық хатшысы Бегловтың мәлімдеуінше Өтетілеу би 1845 жылы дүние салған. Өтетілеу атында жер-су аттары бар. ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Пішенбаева Шолпан - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Алматы облысы, Іле ауданы, Фрунзе атындағы колхоздың звеношысы (1942). 1897 жылы Алматы облысы, Іле ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Фрунзе колхозы құрылғанда Пішенбаевтар отбасы алғашқылардың бірі болып колхозға еніп, қызылша өсіреді. * 1932-1942 жылдары темекі өсірушілер тобының звеношысы болады. * 1942 жылы оның бригадасы қызылша өсіруге ауыстырылады. Көп күш-жігердің арқасында қызылша өсіру агротехникасының өзіндік тәсілін қалыптастырады. Осы тәсілінің арқасында 1945 жылы қант қызылшасының көрсеткішін анағұрлым көтереді. 1946 жылы - таға да біршама жоғарлатады. 1947 жылы қажырлы еңбектің арқасында 2 гектар жердің әр гектарынан 1033,5 центнерден, қызылша өсіруші Жантоқова Дариға орындаған рекордты өнімнен не бәрі 6,5 центнер кем өнім жинайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * "15 лет Казахской ССР" төс белгісі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
## Бауыр шемені Құрсақ қуысына сұйықтықтың жиналуы бауыр ауруларының негізгі асқынуы болып саналады,бірақ та шемен цирроз кезінде жиі кездеседі.Бауыр шемені кенеттен немесе іш кебуімен қатар бірнеше айдың ішінде бірті-бірте дамуы мүмкін.Бауыр шемені бар науқастарға перкуссия жасағанда іштің бүйір тұсы аздап ауырады,ал ортасында ішектің тимпаниті байқалады.Науқасты сол жағына аударып жатқызғанда сыздап ауыруы төменге болады,және ол құрсақ қуысының сол бөлігінен сезінеді,ал оң жақтан тимпаникалық дыбыс естіледі.Құрсақ қуысындағы шамалы сұйықтықты ультрадыбыспен сол сияқты компьютерлік томография әдістерімен анықтайды.Сұйықтық көп мөлшерде болғанда бауыр шеменіне қосымша симптомдар қосылады:кіндіктің және шаптың жарығы,жіліншілік веналарының,геморроидалды веналардың варикозды кеңеюі,диафрагманың жоғары жылжуы,жүректің жылжуы және күре тамырдағы қысымның жоғарылауы сияқт белгілер кездеседі.Шемен сұйықтығымен төменгі қуыс венаның қысылуынан,сонымен бірге гипоальбуменияның салдарынан дененің төменгі бөліктері ісінеді. ## Анықтау әдістемелері Бауыр ауруларын анықтаудаКеңінен таралған қазіргі заманғы әдістермен қатар шеменнің себептерін анықтау үшін бауырдың немесе құрсақ қуысының биопсиясы мен лапароскопияны және диагностикалық парацентезді қолдануға болады.Диагностикалық параәентезді диаметрі 1,5 сс-ге дейінгі инемен залалсыздандырылған жағдайда орындайды.Іштің оң жақ төменгі бұрышын жергілікті анестезия жағдайынжа тесіп,50 мл-дей сұйықтық алады.Оны цитологиялық және биохимиялық зерттеуге жібереді.Бұл әдістің перитонеальды сұйықтықтың айырмашыдығын бағалау,ондағы белоктың,лейкоциттердің және эритроциттердің мөлшерін анықтау үшін маңызы көп. ## Дерек көздер Ішкі аурулар пропедевтикасы,Айтбембет Б.Н,Алматы-2009. ## Бауыр шемені Құрсақ қуысына сұйықтықтың жиналуы бауыр ауруларының негізгі асқынуы болып саналады,бірақ та шемен цирроз кезінде жиі кездеседі.Бауыр шемені кенеттен немесе іш кебуімен қатар бірнеше айдың ішінде бірті-бірте дамуы мүмкін.Бауыр шемені бар науқастарға перкуссия жасағанда іштің бүйір тұсы аздап ауырады,ал ортасында ішектің тимпаниті байқалады.Науқасты сол жағына аударып жатқызғанда сыздап ауыруы төменге болады,және ол құрсақ қуысының сол бөлігінен сезінеді,ал оң жақтан тимпаникалық дыбыс естіледі.Құрсақ қуысындағы шамалы сұйықтықты ультрадыбыспен сол сияқты компьютерлік томография әдістерімен анықтайды.Сұйықтық көп мөлшерде болғанда бауыр шеменіне қосымша симптомдар қосылады:кіндіктің және шаптың жарығы,жіліншілік веналарының,геморроидалды веналардың варикозды кеңеюі,диафрагманың жоғары жылжуы,жүректің жылжуы және күре тамырдағы қысымның жоғарылауы сияқт белгілер кездеседі.Шемен сұйықтығымен төменгі қуыс венаның қысылуынан,сонымен бірге гипоальбуменияның салдарынан дененің төменгі бөліктері ісінеді. ## Анықтау әдістемелері Бауыр ауруларын анықтаудаКеңінен таралған қазіргі заманғы әдістермен қатар шеменнің себептерін анықтау үшін бауырдың немесе құрсақ қуысының биопсиясы мен лапароскопияны және диагностикалық парацентезді қолдануға болады.Диагностикалық параәентезді диаметрі 1,5 сс-ге дейінгі инемен залалсыздандырылған жағдайда орындайды.Іштің оң жақ төменгі бұрышын жергілікті анестезия жағдайынжа тесіп,50 мл-дей сұйықтық алады.Оны цитологиялық және биохимиялық зерттеуге жібереді.Бұл әдістің перитонеальды сұйықтықтың айырмашыдығын бағалау,ондағы белоктың,лейкоциттердің және эритроциттердің мөлшерін анықтау үшін маңызы көп. ## Дерек көздер Ішкі аурулар пропедевтикасы,Айтбембет Б.Н,Алматы-2009.
Сопита Танасан — Тайландтық ауыр атлетші. 2013 жылдың ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 53 кг дейін салмақта қола медальға қол жеткізді. ## Нәтижелері
Жамал Райымқұлова - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Бірлік-Үстем колхозының звеношысы (1945). 1910 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930-1945 жылдары егіншілер бригадасында жұмыс істейді. * 1945 жылы оған қызылшашылар тобына звеношы болуды сеніп тапсырады:Осы жылы оның тобы межеленген 210 центнердің орнына әр гектардан 480 центнерден өнім алады. Бұл еңбегі бағаланып "За трудовую доблесть" медалімен наградталады;1946 жылы 230 центнердің орнына әр гектардан 581 центнерден өнім түсіреді;1947 жылы 5 гектар жердің әр гектарынан 809,4 центнердің өнімін жинайды. * Осы жылы оның тобы межеленген 210 центнердің орнына әр гектардан 480 центнерден өнім алады. Бұл еңбегі бағаланып "За трудовую доблесть" медалімен наградталады; * 1946 жылы 230 центнердің орнына әр гектардан 581 центнерден өнім түсіреді; * 1947 жылы 5 гектар жердің әр гектарынан 809,4 центнердің өнімін жинайды. ## Наградалары * "За трудовую доблесть" медалі (1945) * Еңбек Қызыл Ту ордені (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Туриева Тима Будзиевна (22 маусым 1992, Владикавказ) — Ресейлік ауыр атлетші. 2013 жылдың ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 63 кг дейін салмақта алтын медальға қол жеткізді. ## Марапаттары ### Әлем чемпионаты * Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2013 — Вроцлав 63 кг дейін салмақта алтын медаль. * 63 кг дейін салмақта алтын медаль. ## Дереккөздер
Қызылқұлақ, Физалис немесе Қытай шамы (лат. Physalis alkekengi) — алқалар тұқымдас өсімдіктердің ішіндегі ең ірі бөлімі. Физалис сәндік өсімдіктер ретінде қолданады. ## Биологиялық сипаттама Қызылқұлақ - бойы 40-60 см, кейде одан да биік көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтарының ұзындығы 6-12 см, ені 4-9 см. Гүлдері ақ, бесмүшелі. Күлтесі 10-15 мм диаметрінде. Өсімдіктің ерекшелігі - өзгешеленген жеміс. Гүлдеп болғаннан кейін тостағаншасы өсіп, қызарып үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай жарқын-қызыл қорапшаға айналады. Қытайдың дәстүрлі қағаз шамдарына ұқсайды. Физалистер - жылусүйгіш өсімдіктер. ## Таралуы Физалистың отаны - Орта Америка мен Солтүстік Американың оңтүстік-батысы. Осы жерден теңізшілермен Оңтүстік Еуропаға алып келінген. Еуропадан Қытай мен Жапонға жеткен. ## Пайдалануы Оңтүстік аймақтарда физалистің жемісін азық ретінде қолданады. Медицинада физалисті қабынуға қарсы ем ретінде, қан тоқтатқыш, зәр айдағыш, өт айдағыш дәрі ретінде пайдаланады. Физалистің құрамына сүттік қант кіреді. Шамадан артық мидың және дененің жұмысында, немесе ұзақ аурудаң кейінгі адамдарға өсімдік регенерациялық және қалпына келтіру мақсатында қолданылады. Қоңыржай климатта жемістері толық пісіп үлгермейді, бұл жағдайда олар улы болады. Сол себепті өсімдік тек сәндік декор ретінде қолданады. ## Галерея ## Пайдалынған әдебиеттер * Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.zooclub.ru/flora/13.shtml Физалис (Physalis alkekengi) * http://www.efloras.org/florataxon.aspx?flora_id=2&taxon_id=200020559 Physalis alkekengi in Flora of China @ efloras.org * http://medicina.kharkov.ua/medicinal-plant/762-physalis.html Мұрағатталған 14 тамыздың 2011 жылы. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қызылқұлақ
Түншырақ - (лат. Noctiluca scintillans) - түсі жоқ, бірақ биолюминесценция құбылысы бар динофлагеллят. ## Биологиялық сипаттама Диаметрі 2-3 мм-дей шар пішінді денесі бар. Қозғалатын және жиырылатын қармауыштары болады. Көбеюі - екіге бөлініп немесе бүршіктеу арқылы, бүршіктері ұсақ - 20 мкм. Түншырақтың цитоплазмасында майлы қосымдылары болады, механикалық немесе химиялық тітіркенудің нәтижесінде биолюминесценция құбылысы пайдаланады. Теңіздің жоғарғы жылы суларының қабаттарында топтанып жиналып теңіздің түнгі жаркылына себеп болады. ### Синонимдары Mammaria scintillans Ehrenberg, 1834Medusa scintillans Macartney, 1810Medusa marina Slabber, 1771Noctiluca marina Ehrenberg, 1834Noctiluca miliaris Suriray, 1816 ### Суреттер * * * ### Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Жібеккөбелек (лат. Bombyx mori) — Bombycidae тұқымдасының жібектің өндірісінде маңызыды экономикалық рөлін атқаратын көбелек. Қытайда 3000 жыл б.з.д. пайдалана басталған. Осы күндерге дейін жібеккөбелекті бастапқы жабайы түрі Шығыс Азияда: Қытайдың солтүстік облыстарында және Ресейдің Приморский крайда жабайы түрінде таралған. Қолға үйретілген түрі – Тұт жібек көбелегінің (Bombyx morі) маңызы зор. Ол Қазақстанның оңтүстігінде (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы) өсіріледі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 4 – 6 см, ақ түсті. Ұрпақ беруіне қарай моно және поливольтинді болып бөлінеді. Жұмыртқасы қыстап шығады. Пілләдан шыға салысымен шағылысады. Ұрғашысы 2 – 3 тәулікте 500 – 700 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның даму кезеңі 10 – 12 тәулікке созылады. Жұлдызқұрттары жалаңаш, жотасының артқы бөлімінде мүйізгек өскін болады, тұт ағашы жапырағымен қоректенеді. Жұлдызқұрттар қуыршаққа айналар алдында өздерінен бөлінетін жібек талшықтарын піллә құруға жұмсайды. Өте берік, ұзындығы 1000 – 1500 м жібек талшығынан тұратын пілләні 3 тәулікте түзеді. Бұл талшықтар жұлдызқұрттарының өрмек бездерінен бөлінеді. Жібек талшықтары құрамында күрделі Aмин қышқылдарының кешені болуына байланысты өте берік әрі эластик. (созылғыштық) қасиетке ие болады. Олардан әйгілі Жібек матасын алады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерінде жібек талшығы 20%-ға көп болады. Қуыршағы 10 тәулікте дамиды. Тұт Жібек көбелегі б.з.б. 3-мыңжылдықта Қытайда қолдан өсірілген. Қазіргі кезде Жапонияда, Қытайда, Үндістанда, Кореяда, Үндіқытай елдерінде өсіріледі. Тұт Жібек көбелегінің пілләсі жібек мата тоқу үшін пайдаланылады. Жібек көбелегінің кейбір түрлері (сақиналы, дара) жеміс ағаштарына, ал Қарағай жібек көбелегі және Сібір жібек көбелегі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы қылқан жапырақты ормандарда болады. Өсімдіктерге зиян келтіреді. ## Биологиялық сипаттама Салыстырмалы түрде қарағанда - ірі көбелек, қанатын жазған кездегі ені 40-60мм. Түсі - сатал ақ. Алдынғы қанаттарының сырт жағында ойық бар. Мұрттары тараққа ұқсаған ирек тісті. Бұл көбелектердің ерекшелігі - іс жүзіде ұшу қабылетін жоғалтқан. Және де афагия бақыланады - ауыз қуысы жетілмегендіктен көбелек өмір бойы азықтанбайды. Ұрғашы көбелек бір салғада 500-700 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрт тез өсіп 26-32 күнде дамып шығады. Осы уақыттың ішінде 4 рет түлеп үлгереді. Соңғы түлегеннен кейін түсі сарғаяды. Жұлдызқұрт тек түт ағаштың жапырақтарымен көректенеді. Көбелекке айналған кезінде жұлдызқұрт піллә тоқиды, жібектің ұзыдығы 300-500 метрден 1500 метрге дейін болады. Пілләнің түсі түрлі болуы мүмкін: қызғылт, жасыл немесе сары. Өнеркәсіп үшін тек ақ түсті жібекті пайдаланады. 15-18 күні пілләдан көбелек шыгады. Бірақ бұл сатыға жібеккөбелекті жеткізбейді: пілләні 2-2,5 сағат 100 °C температурада ұстап ішіндегі жұлдызқұртын өлтіреді. Бір жағынан жібек жібін ажырату процессін де жеңілдетеді. ## Пайдалануы Жібек шығару жеңіл өнеркәсібінен басқа жібеккөбелектің құрттарын Қытайда азық ретінде қуырып қолданады. Қытай халық медицинада жұлдызқұрттарын кептіріп, әр түрлі дәрілік жиынтыққа қосып ем ретінде пайдаланады. ## Сыртқы сілтемелер * Стриганова Б. Р., Захаров А. А. Пятиязычный словарь названий животных: Насекомые (латинский-русский-английский-немецкий-французский) / Под ред. д-ра биол. наук, проф. Б. Р. Стригановой. — М.: РУССО, 2000
Теңізқауырсын (лат. Pennatulacea) — омыртқасыздар жануарлардың ішекқуыстылар типінің сегіз сәулелі маржандарына (Octocorallіa) жатады. 200-ден астам түрі мұхиттың терең жерлерінде жайғасып, бірен-сараны судың жағалауында өседі. ## Биологиялық сипаттама Теңізқауырсында қаңқа болмайды, олардың денесі цилиндр тәрізді, төменгі жағы жалпайып табанға айналған, табанымен су астындағы грунтқа бекиді. Табанының қарама-қарсы жақ ұшында ұзын жіңішке қармалауыш шоғырларымен (6 не 8 сәулелі) қоршалған ауыз қуысы бар. Көбінесе планктонмен қоректенеді. Теңізқауырсын жынысты да, жыныссыз да түрде көбейе береді. Дернәсілі планула ауыз тесігі арқылы аналық полиптан бөлініп шығып, біраз уақыт суда жүзіп жүргеннен кейін су астында субстратқа орнығып, ересек түріне айналады. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Полиптің денесінде бүршік пайда болады да, оның ұшында жаңа қармалауыштардың бастамасы түзіледі, бірақ аналық дара бастан бөлінбей көбейе береді. Кейбір жеке тіршілік ететін актиниялар көлденең және ұзына бойына бөліну арқылы көбейеді. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Дәутәлі Серіков(1880 жыл – белгісіз) — қазақ Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаңалық колхозының звеношысы. 1880 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы алғашқылардың бірі болып Жаңалық колхозына жұмысқа қызылша өсіруші болып кіріп, кейіннен қызылшашылар тобын басқарады. * 1945 жылы ол қызылшадан мол өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Советінің Президиумының "За трудовую доблесть" медалімен награталады. * 1947 жылы оның тобы табанды еңбек еңбек етіп, нәтижесінде 2 гектар жердің әр гектарына 850 центнерден қант қызылшасын өсіріп, міндеттемелерін асыра орындайды. ## Наградалары * "За трудовую доблесть" (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Руденко Павел Зиновьевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Жамбыл МТС-ның аға механигі (1947). 1911 жылы Ресейдің Омбы облысы, Полтавск ауданы, Полтавка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1933 жылы Қазақстанға, Жамбыл қаласына қоныс аударып, жылқы зауытында 3 жыл механик болып істейді. * 1936 жылы Шымкент механикаландыру мектебі жанындағы механиктер курсын бітіріп, Жамбыл облысы, Свердлов МТС-да аға механик болып еңбек етеді. * 1939 жылы Жамбыл қаласында ұйымдастырылған шаруашылық есептегі машина-трактор шеберханасының бақылау механигі болып тағайындалады. * 1941-1946 жылдары Комсомол МТС-нда аға механик болып істейді. * 1947 жылы Жамбыл МТС-на аға механик болып ауыстырылады. Жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуі: жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізілуін бақылау; тракторшылар, комбайншылар және механиктер құрамын таңдау; оларды жұмысқа дайындау сияқты өзінің қызметтік нұсқамасына сай қимыл-іс әрекетінің арқасында жыл сайын жоспарды артығымен орындап отырды. 1947 жылы жоспарды асыра орындап, колхоз әр гектардан 328 центнерден, мол түсімді алқаптан - әр гектардан 496,4 центнерден өнім жинайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Ақ қалмақ - қазіргі тілеуіттеер мен алтайлықтардың арғы атасы; алтайкісі (алтай-кижи) мен төлеңгіттердің денін 19 ғасырда осылай атаған. Ақ қалмақ 17 ғасырда және одан кейінгі дәуірде Би (Бия), Қатын өзендерінің қосылған жерінен қазіргі Новосибирск қаласына дейін Обь өзені бойындағы далалық жерде көшіп- қонып жүрді, негізінен ірі қара өсірді. А. қ, батыста құланды даласын алып жатты, шығыста Томь өзеніне дейін жетті. 17ғасырдың басында Ақ қалмақтың саны 5мың адамдай болды. ## Дереккөздер Қазақ совет энциклопедиясы, Алматы, 1972 жыл, 1 том,209 бет
Аманқұтан- төменгі палеолитке жататын мустьер дәуірінің қонысы. Өзб. КСР-інің Самарқан облысындағы Аманқұтан қыстағына 2 км жердегі үңгірден табылған. 1947-1949жж. Өзбекстан археологы Д. Н. Лев орта шені мен түкпірін зерттеді. Бұл үңгірден талай рет жағылған оттың орны, жануарлардың сүйектері , сүйектен жасалған еңбек құралдары табылды. Әдеб.: Лев Д. Н. ,Древний палеолит Амана- Кутана, "Тр. Узб. Гос. ун-та. Новая сер." , в. 61, Самарканд, 1956 е г о ж е Новые Памятники палеолита в Узбекистане, в кн. ТР. Комисии по изуч. четвертичного периода,(т.) 13, М.,1957. ## Дереккөздер Қазақ совет энциклопедиясы, Алматы, 1972жыл, 1 том, 327 бет.
Рябинский Степан Петрович - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Лугов МТС-ның тракторшылар бригадасының бригадирі (1943). 1913 жылы Жамбыл облысы, Лугов ауданы, Каменка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Сталин атындағы колхозда жұмысшы болады. * 1932 жылдан Лугов МТС-да тракторшы болып істейді. * 1935-1937 жылдары Қызыл Армия қатарында болып, оралған соң жұмысын жалғастырады. * 1943 жылы тракторшылар бригадасының бригадирі болып тағайындалып, тракторлар жұмысын жоғары деңгейге көтереді. Тракторшылар бригадасының қарқынды жұмысы нәтижесінде колхоз 1947 жылы астық дәнді дақылдар алқабының әр гектарынан 21,9 центнерден, қант қызылшасының әр гектарынан 405 центнерден өнім түсіреді. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Сатыбалдиев Әбілмәж - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Белбасар колхозының бригадирі (1946). 1908 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1934 жылы Белбасар колхозына кіріп, колхозшы болып жұмыс істейді. * 1937 жылы егіншілер бригадасының бригадирі болады. * 1945 жылы егін алқабындағы жемісті еңбегі үшін "1941-1945 Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен наградталады. * 1946 жылы колхоз басқармасы оны қызылшашылар бригадасының бригадирі етіп тағайындайды. Жаңа дақылдың өсіп-өнуінің агротехникасын меңгеріп, тәжірибе жинақтайды, 1947 жылы жоғары өнім алуға міндеттеме алады. Үлкен қажырлы еңбектерінің нәтижесінде еңбектері зая кетпей 60 гектар жердің әр гектарынан 357 центнерден, ал 8 гектарлы мол түсімді алқаптың әр гектарынан 807 центнерден қант қызылшасын жинап, межеленген жоспарды артығымен орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалі (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Көгілдір грот (итал. Grotta Azzurra — «зеңгір грот») — Капри (Италия) аралының солтүстік жағалауында орналасқан үңгір. Гроттың ұзындығы - 56 метр, ені - 30, күмбездің су деңгейінен биіктігі - 15 метр, кіре беріс биіктігі - 1,3 метрге дейін. Үңгірдің теңіз жағынан қарай бір ғана кіреберісі бар, сондықтан үңгірге тек қана қайықпен кіруге болады. Кіреберісі төмен орналасқандықтан, дауыл кезінде оған кіруге мүмкін емес. Гроттың басым бөлігін теңіз суы басқан, ішіне түскен күн сәулелері суға және үңгірге әдемі көкшіл түс береді. ## Галерея * * * ## Сыртқы сілтемелер * The Grotta Azzura Мұрағатталған 4 маусымның 2009 жылы. — «Isola di Capri» сайтында  (ағыл.),  (итал.)
Сетінек - (лат. Gadus morhua)  - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Кәсіби маңызы зор балықтардың бірі. Балықтан белгілі танымал консервтің өндірісін жасайды. Және балықтың бауыры өте майлы (74%-ға дейін) болғандықтан - балық майының шикізаты болып табылады.. ## Биологиялық сипаттама Денесінің ұзындығы 1,8 м-ге жетеді. Өнеркәсіптікте жасы 3-пен 10-ны арасындағы үлкендігі 40-80 см балықтар қолданады. Арқасындағы қанаттары -3, құйрық қанаттары - 2, иегінде етті мұрты бар.Түсі - жасыл-зәйтүнді емесе құба, қарын жағы ақ.Денесін қабыршақ жапқан, барлық балықтар сияқты өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Дара жынысты, сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Уылдырығын жылына бір рет шашады.Бастапқы екі жылда майда шабақтар шаянтәрізділермен көректенеді. Үш жастан бастап сетінек жыртқыш балыққа айналып айқын миграция жасай бастайды. Майшабақпен, мойвамен және сайрамен көректенеді. Арасында теңіз түбіндегі фаунаны да жейді. Жасы 8-9 жасқа ал салмағы 3-4 кг-ға жеткенде сетінек тұнғыш рет уылдырық шашады. Ұрғашы сетінек 2-3 бәліп уылдырықты шашады.Жалпы 20-25 жылға дейін өмір сүреді. ### Таралуы Сетінек тұзды суларда (мұхиттарда) тіршілік етеді. Көбіне алапта жүреді. Тереңдікте сирек кездеседі.Балық Атлант мұхитының солтүстік аймақтарыда таралған. Тіршілік ету ареалы Бискай шығанағынан бастап Баренцев теңізінен және Шпицбергеннен Хаттера мүйісіне (Солтүстік Каролина) дейін созылады. Осыған байланысты балықтың түршелері - арктикалық, ақтеңіздік, балтикалық болып бөлінеді. ### Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Сыртқы сілтемелер * А.Черницкий, «Треска» Мұрағатталған 3 шілденің 2009 жылы.
Сейдәлиев Әлімқұл - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы), Көкөзек колхозының егіншілер, қызылшашылар бригадасының бригадирі (1946). 1905 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Көкөзек ауылында туған. Дулат тайпасының Жаныс руынан. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930-1936 жылдары Көкөзек колхозында колхозшы болады. * 1936 жылы егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. * Ұлы Отан соғысына қатысып, 1946 жылы еліне оралған соң қызылшашылар бригадасының бригадирі болады. 1947 жылы қант қызылшасы бойынша өнімді 178% орындайды. 40 гектар жердің әр гектарынан межеленген 210 центнердің орнына 375 центнерден, ал 5 гектардан - 808 центнерден өнім алып, міндеттемелерін ойдағыдай орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Шүкірлік — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қаратал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 290 адам (143 ер адам және 147 әйел адам) болса, 2009 жылы 235 адамды (113 ер адам және 122 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2014 (ағылш. 2014 World Weightlifting Championships) Қазақстанның Алматы қаласында қараша айының 4-16 күндері аралығында өтті. Бұл чемпионат 2016 жылдың Олимпиада ойындарына лицензиялық кезең болып табылады. ## Жарыстар кестесі Жергілікті уақыт UTC+6 ## Өткізілу орны Әлем чемпионаты Алматы қаласында орналасқан Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніңде өткізілді. Ғимарат 1967 жылдың қарашасында ашылған, 2011 жылы Алматы және Астана қалаларында 7-ші қысқы Азия ойындары қарсаңында қайта құру жұмыстарынан өтті. Қайта құрудан кейін кешеннің сыйымдылығы 5000 орынды құрады (бұрын 3800 орын). Спорт кешеніңде хоккейден, бокстан, күрестен, волейболдан, гандболдан және баскетболдан жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар жиі ірі мәдени іс-шаралар өткізу үшін қолданылады. Аталмыш кешеннің жаңа келбеті Philips Қазақстан және SkyMax Technologies компанияларының бірлескен жобасы бойынша жүзеге асырылып, Азиаданың негізгі нысаны ретінде спорт кешені халықаралық стандарттарға сәйкес толығымен қайта жаңғыртылған болатын. Оған аталмыш компаниялардың ең кәсіби инженерлері мен жобалаушылары тартылды. ## Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ### Ерлер ### Әйелдер ## Медальдық есеп ## Қатысушы елдер Чемпионатқа 72 елден 538 спортшы қатысады. ## Командалар ретингтері ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Әлем чемпионатының ресми сайты
Қазақстанның кең-байтақ даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Орта ғасырлар кезеңінде тарихшылар, географтар, саяхатшылар және ғалымдар ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы мәліметтер қалдырған. ## XVIII ғасырдағы зерттеулер 1707 жылы жарық көрген С.Ремезовтің «Сібір картасы» қазақ даласындағы археологиялық ескерткіштер туралы мәліметтерді қамтиды. 1733 жылы Г.Ф.Миллер бастаған бірінші академиялық экспедиция қазақ жерінде жұмыс істеді. П.И.Рычковтың 1774 жылы жарық көрген «Орынбор топографиясы» атты еңбегінде ертедегі кеніштердің орны туралы ақпараттар бар. Бұл кезеңдегі зерттеулер ғылыми негізде жүргізілмей, кездейсоқ табылған жәдігерлерді жинаумен шектелді. ### XIX ғасырдағы зерттеулер Ресейдегі археологиялық зерттеулердің кеңеюі Қазақстандағы көне ескерткіштерді ғылыми түрде зерттеуді қажет етті. Атақты қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов өз қолжазбаларында ортағасырлық Талғар және Шеңгелді қалалары туралы мәліметтер қалдырған. Орыс шығыстанушысы В.Радлов Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді бірінші болып тарихи кезеңдерге бөлді. Оның еңбектері Қазақстан археологиясының дамуына үлкен үлес қосты. 1867 жылы Ресейдің Археологиялық комиссиясының шешімімен орыс шығыстанушысы П.Лерх Түркістан өлкесін зерттеуге кірісті. Ол Сауран, Сығанақ, Тараз қалаларының жоспарларын картаға түсіріп, Жаңакент қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді және ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалады. 1862 жылдан бастап В.Радлов Шығыс Қазақстан жерінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1893-1894 жылдары белгілі ғалым В.Бартольдтың Орта Азияға ғылыми сапары Қазақстан археологиясының дамуына негіз болды. Оның ғылыми еңбектері әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. 1895 жылы академик В.Бартольд Ташкент қаласында алғашқы археологтар үйірмесін ашты. Үйірме мүшелері В.Кларе мен А.Черкасов 1904 жылы Отырар қаласында қазба жұмыстарын жүргізді. ### XX ғасырдағы зерттеулер 1920 жылы Түркістан мәдени ескерткіштерді қорғау және мұражайлар комитеті құрылды. Комитеттің негізгі міндеті тарих ғылымының үлкен бір саласы – археологияны дамыту болды. Сайран және Тараз қалаларында археологиялық зерттеулер жүргізіліп, М.Массоның Түркістан туралы алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді. XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстанда М.Грязнов, И.Синицын, С.Черников және О.Кривцова-Гракова бастаған экспедициялар орталық және шығыс аймақтарда жұмыс істеді. 1936-1940 жылдардағы А.Бернштам бастаған археологиялық зерттеулер ғылыми жағынан өте құнды болды. Экспедиция Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріндегі сақ дәуірінен соңғы орта ғасырлардағы ескерткіштерге зерттеулер жүргізді. ## Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдар Тек 1948 жылы белгілі археолог Г.Н. Сосновский кездейсоқ табылған тас құралдар мен жануар сүйектерін зерттей отырып, «Қазақстан жерінен Азияның осы бөлігіне тән алғашқы қоныстанушылардың қалдықтары табылуы мүмкін», – деген болжам айтты. Қазақстан археологтарының жетістіктері бұл болжамнан асып түсті. Талантты қазақстандық археолог X.А. Алпысбаев 1957 жылы Үлкен және Кіші Қаратау жоталары маңынан ертедегі тас дәуіріне жататын көптеген тұрақ пен үңгір тапты. Бұл жаңалықтар қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аймақтарында ерте тас ғасыры ескерткіштерінің орны белгілі болды. Оларға «Бөріқазған», «Тәңірқазған», «Тоқалы», Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, «Шабақты», «Мұзбел», «Үшбас», «Қошқорған», «Шоқтас», «Ащысай», «Семізбұғы», «Қарабас», «Ангресор», «Батпақ» және басқа да ескерткіштер жатады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей, ұстай білген. Олар аң аулаумен, азық болатын өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Орталық Қазақстандағы қазбаларға қарағанда, ежелгі адамдар тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірмен, қырғыштармен, шапқылармен және кескіштермен жасап, өз қажеттеріне жаратқан. Жетісу аймағында артефактілері анықталған тас дәуірінің тұрақтары Шарын өзені аңғарындағы «Ақтоғай-1-4» ескерткіштерінен табылды. Осы аймақта тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ. Таймағамбетов көп мәдени қабаттан тұратын Майбұлақ тұрағын ашты. Ол Алматы облысындағы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай екі шақырым жерде Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан. Қазба жұмыстары төбешіктің орталық бөлігінде жүргізіліп, оның аумағы 130 шаршы метрді құрады. Қазбаның тереңдігі 8 метрге жетіп, үш мәдени қабат анықталды. Қазба барысында таспен қаланған ошақ пен оттың орны анықталды. Еңбек құралдарынан екі қырғыш, қырнауыш, ойықты құрал табылды. Мәдени қабаттардың қалыңдығы адамдардың ұзақ уақыттық қонысымен қатар, тұрақ-шеберханалардың болғандығын дәлелдейді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор В.Ф. Зайберт басқарған Солтүстік Қазақстан және Көкшетау археологиялық экспедицияларының 30 жылдық ғылыми зерттеулері Қазақстанның ежелгі тарихында әлемдік өркениеттер қатарына жататын бірнеше жаңалықтарды ашты. Жылқы жер бетінде тұңғыш рет б.з.д. IV мыңжылдықта Солтүстік және Орталық Қазақстанда қолға үйретілді. Бұл құбылыстың тарихи мәні өте зор. Б.з.д. IV мыңжылдықтан бастап, Еуразияның ежелгі жылқыларының пайда болу кезеңінен XVII-XVIII ғасырлардағы индустриялы дәуірге дейін жылқы өркениет үдерісінің дамуында тек ұлы далада ғана емес, ескі әлемнің адамдар мекендейтін барлық жерлерінде де негізгі рөл атқарды. «Ботай» қонысы әлемде алғашқылардың қатарында жартылай отырықшылық тұрмыс салтына көшті. Жартылай жер үстіне тұрғызылған үйлер ағаштан, саз балшықтан, жылқы сүйегінен, қайың қабығынан және шымнан салынды. Үйлердің ауданы 120 шаршы метрге дейін жеткен. Олардың пішіні көпбұрышты, ал күмбез тәрізді төбелері ешқандай тіреусіз-ақ өте берік болды. Ботайлықтар қола дәуіріне дейін екі мың жыл бұрын мыстан жасалған құрал-саймандар мен әртүрлі заттарды пайдаланған. Ежелгі ботайлықтардың үй кәсібінде сүйектен заттар жасау кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, тері илеу, тоқыма бұйымдарын дайындау, ағаш өңдеу де дамыды. Сүйектен және мүйізден жасалған бұйымдарға аралау, бұрғылау, жону және жылтырата тегістеу әдістері кеңінен қолданылды, тіпті оларды өңдеуге мыс құралдарды да пайдаланған. «Ботай мәдениетін» жалғастырушылар алғаш рет даладағы малшылардың күнтізбегін жасады. Қыста олар қыстақтарда әрі тұрақты үйлерде тұрса, жаз айларында Жезқазған мен Ұлытаудың таулы-дала аймақтарында малдарымен бірге көшіп жүрген. Қыш құмыраға салынған екі доңғалақ пен олардың ортасында тұрған аттың нақышталған кескіні бұл көшпелі өмірдің дәлелі болып табылады. Қазақстандық археологтар мен олардың шетелдік әріптестерінің «Ботай мәдениетіне» қатысты ғылыми ізденістері бүкіл әлемде ғылыми және қоғамдық жариялылыққа ие болып, олардың жұмыс нәтижелері адамзаттың жұмбақ тарихының сансыз сауалдарына жауап беруде және болашақта да жауап бермек. ## Алғашқы палеометалл және индустрияның бастауы Қазақстан жеріндегі археологиялық зерттеулер Ғылым академиясы құрылғаннан кейін жаңа қарқынмен жүре бастады. Республикадағы археологиялық зерттеулерге Тарих институтының археология бөлімі жетекшілік етті. Академик Ә.X. Марғұлан бастаған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы көптеген жылдар бойы ұлы Арқа жеріндегі зерттеулерін жүргізді. Қола дәуірінің негізгі орталықтарының бірі – Орталық Қазақстан. Бүгінгі күні ғалымдар бұл өңірден сол кезеңге жататын 30-дан аса елді мекен мен 150-дей қабірді (қорымды) зерттеді. Біздің заманымызға дейінгі XII-VIII ғасырлар «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деп аталады. Бұл мәдениет Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғаш табылған жерлеріне қарай аталған. «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталады. Олардың қатарына «Ақсу-Аюлы-ІІ», «Ортау-ІІ», «Байбала-ІІ», «Бесоба», «Бұғылы-ІІІ» кешендері жатады. Археологтардың еңбегімен Солтүстік және Батыс Қазақстанда қола дәуірінің көптеген ескерткіштері ашылды. Оның ішінде ғылымға кеңінен белгілі «Алексеевка», «Ұралысай», «Тастыбұлақ» және басқа қоныстар бар. Батыс Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ескерткіштері таспен қоршалған болса, Есіл өңірінің Петровка, Боголюбово төңірегіндегі елді мекендер орман және қазылған ор топырағынан соғылған дуалмен қоршалған. ### Археологиялық жаңалықтар Қола дәуіріне жататын Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалардың бірі – Қостанай мен Челябі облыстарының түйіскен жеріндегі Арқайым. Соңғы кездегі археологиялық зерттеулер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қола дәуірінде адамдар қоныстанғанын және игергендігін көрсетіп отыр. Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі (мазары) де маңызды ескерткіштердің бірі. Мазар саз кірпіштен салынып, іші дөңгеленіп, қабырғаларының сырты төртбұрышты болып келген. Шеңберді айналдыра кірпіштен тікбұрышты тіреулер өрілген. Үйдің ортасына және дәліздерге ыдыстар, қоладан жасалған құралдар мен қарулар, алтын әшекейлер қойылған. Өлген адамның мәйітін ортаңғы бөлмеге жатқызып өртеген. ### Металлургия және тау-кен өндірісі Қола дәуірінде далалық өркениеттің іргетасы қаланды. Орталық Қазақстан аймағы Орал тауларынан Енисейге дейін, оңтүстігінде – Тянь-Шань мен Памир, Орталық Азияның шөлдеріне дейінгі аралықты қамтыған Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының құрамында болды. Бұл мәдени орта Еуразия аймағындағы бірегей құбылыс болып табылады. Б.з.д. II мыңжылдықта өндіруші мал шаруашылығы мен кешенді отырықшы-бақташылық бағыттары толықтай қалыптасты. Жезқазған кенішінен қола, сақ және орта ғасырлар дәуірлерінде 1 миллионнан астам тонна мыс рудасы алынған. Аса ірі көне кен орнына «Кенқазған» жатады. Мұндағы көне карьердің қазіргі ұзындығы – 500 м, ені 100 м. Мамандар оның қазіргі сақталған тереңдігі 10 м, ал кезінде 30 м-ге жеткен деп санайды. «Кенқазғаннан» көне дәуірде 800 мың тонна мыс рудасы алынған. «Кенқазған» рудасы одан 100 шақырым қашықтықтағы қола дәуірінің «Атасу» қонысына жеткізіліп, сонда балқытылған. Атасу өзені алқабында орналасқан осы қонысты зерттеген археологтар мұнда 22 балқыту пешінің орнын ашты. Қарағанды облысындағы «Суықбұлақ», «Қарқаралы 1-2», «Шортандыбұлақ», «Талдысай» сынды көптеген металлургиялық қоныстар да бар. ### Қорытынды Орталық Қазақстан Еуразияның аймағында үлкен тау-кен, металлургия және металл өңдеу ошақтарының біріне айналды. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі қоныстарының ең үлкені болып табылатын «Кент» қонысының ауданы – 30 гектар. Мұнда тұрғын үй, түрлі шеберханалар, ғұрыптық орындар санатына кіретін 100-ден астам құрылыс орны бар. Беғазылықтар әскери ақсүйектер – пәрменді көсемдер басқарған бірнеше ірі тайпалық бірлестіктен құралған. Үлкен көлемдегі тас кесенелер билік пен байлықты өз қолдарына жинаған, металл өндіру мен оны бөліп тарату саласына бақылау жасап отырған, алыс өлкелерге жорықтар жасаған қаһарлы көсемдердің қабірлері болып табылады. ## Петроглифтер Қазақстан аумағында петроглифтердің зерттелу тарихы 100 жылдан астам уақытты қамтиды. Тас ғасырынан бастап кейінгі орта ғасыр уақытына дейінгі кезеңдерді қамтитын петроглифтер түрлі аймақтарда табылған. Оларға «Тамғалы», «Теріс», «Қарасай», «Баянжүрек», «Ешкіөлмес», «Маңғыстау», «Мұғалжар», «Қаратау», «Қарақыр», «Ақбақай», «Қырғыз Алатауы» жатады. ### Таңбалы археологиялық кешені 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне Қазақстаннан екінші болып «Таңбалы археологиялық кешені» енгізілді. Бұл кешен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейінгі екінші орынға ие болды. «Таңбалытас» суреттері Таңбалы өзенінің құрғап қалған арнасының ортасындағы жырылған сайдың аңғарында орналасқан. Өзеннің екі жағындағы жота беткейлерінің жоғарғы жағы сурет салуға қолайлы. ### Петроглифтердің сипаттамасы Таңбалының петроглифтері Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жартас суреттерінің ең көп шоғырланған жерлерінің бірі. Әртүрлі кезеңнің шеберлері салған бұл суреттер осы маңда тұрған тұрақтар мен жерлеу орындары арқылы дәлелденеді. «Таңбалытас» суреттері антропоморфты бейнелер – күн сияқты бетперде киген фигуралардың көптігімен ерекшеленеді. Бұл суреттер жартас бетінің ең ұшар биіктеріне салынған, мұның себебі олар үлкен кеңістікте көзге көрінуі үшін және күн сәулесі түсіп тұруы үшін қажет болған. ### Күн басты бейнелер Таңбалының «күн басты» бейнелері олардың орны мен атқарған қызметіне қарамастан, жоғары белгілік пен үлкен ақпаратқа ие. Кейбір зерттеушілер «күн басты» бейнелер алғашқы құдайларды емес, рух пен құдайлардың араласуын білдіреді деп санайды. Бұл бейнелер діни-ғұрыптық іс-әрекеттерге қатысушылардың антропоморфтық бейнелерге теңестірілуін және мифопоэтикалық сананың көрінісін білдіреді. «Күн басты» бейнелердің әртүрлі болуы пантеонның көпсатылы иерархиясын көрсетеді. ### Мифологиялық кешен Бақсылықтың мифологиялық кешенінде ғарыштық кеңістіктің үш мүшеден тұратындығының идеясы мен оның «әлем бәйтерегімен» байланыстылығы басты орынды алады. Бақсы өзі, бір жағынан, «әлем бәйтерегін» білдірсе, екінші жағынан, байланыстырушы рөлін атқарады. Таңбалының «күн басты» бейнелері күн құдайына табынумен, өмірлік айналыммен, табиғи циклмен байланысты болуы мүмкін. Бұл персонаждардың тур-бұқалар бейнелерімен және мифтік-ғұрыптық кешендермен, әсіресе құрбандық шалу идеясымен байланысты екені сөзсіз. Кеуделеріне суреттер салынған бұқалардың бейнелері жиі кездеседі және кей зерттеушілер оларды бақсылық транс сәттеріндегі қалыптасқан күйдің нәтижесі ретінде түсіндіреді. ### Әскери күймелер Көптеген әскери қос атты күймелердің бейнелері күнге табынумен байланысты. Б.з.д. II мыңжылдық ортасында далалық Еуразияның қола дәуірі тайпаларында әскери күймелердің культі дамыды. Қоғамда күймелердің кастасы ерекше артықшылықтарды пайдаланды, бұл жайлы көне арийлердің қасиетті жазбаларында айтылған. ## Киіз үйі Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл қазбалар әдетте қоныстар өзендердің жағасында, жайылымы мол алқаптарда, көлдердің маңында орналасқанын көрсетті. Қоныстар 6-10 үйден, ал үлкендері 20 үйден тұрды. Өзен жағасында бір немесе екі қатар болып тізілген тұрғын үйлердің аумағы 100 шаршы метрден 300-400 шаршы метрге дейін жеткен. Қола дәуіріне жататын «Шағалалы», «Петровка», «Атасу», «Бұғылы» тұрақтарын қазған кезде дөңгелек сызықтар мен торкөз шарбақтан көтерілген көп қырлы қабырғалары бар, төбесі конус немесе пирамида тәрізді етіп жабылған үй қалдықтары табылды. Сондықтан «қазақтың киіз үйінің жобасы ежелгі қола дәуірдегі баспаналар негізінде пайда болған» деп айтуға толық негіз бар. ### Киіз үйдің тарихы мен құрылымы Киіз үй б.з.д. VII ғасырда кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналды. Киіз үйдің сол кезден бастап кең тарағанын Гоби Алтайы, Сібірдегі Баяр қия тасы және Қырым жартастарында тасқа қашалған суреттерден байқауға болады. Сақ тайпаларының киіз үйде тұратынын алғаш рет ертедегі грек тарихшылары жазған. Киіз үйдің сыртқы пішіні байырғы дың, домбауылдарға ұқсас, шеңбер қабырғалы, төбесі күмбезделіп келеді. ### Киіз үйдің символикасы Киіз үйдің ерекше мәні бар басты символы – оның шеңбер тұрпаты. Шеңбер жалпы мәдениетте дүниенің символы ретінде доминант рөлге ие болған. Шығыс сәулетінде, өнері мен кейбір жазу таңбаларында дөңгеленген шеңбер тәріздес формалар кеңінен қолданылған. Киіз үйдің үш деңгейлік құрылымдық бөліктері (кереге, уық, шаңырақ) әлемнің үш қабатын бейнелейді. Ішкі кеңістігіндегі төр – сый-құрмет орны, ошақ – жылу көзі, кіндік және басқа да ерекше мәнді орындар сол қоғамдағы негізгі әлеуметтік қатынастарды көрсетеді. ### Экологиялық үйлесімділік Көшпенді халықтың экологиялық жүйеге барлық жағынан үйлесімді баспана үлгісін жасап шығаруы асқан шеберліктің көрінісі болып табылады. Осы шығармашылық нәтижесі – киіз үй әлемдік өркениеттің бірегей үлгісі ретінде танылған. Киіз үйдің құрылымы, оның табиғатпен үйлесімділігі, кеңістікті тиімді пайдалану мүмкіндігі қазақ халқының өмір сүру салтына толықтай сай келеді. ## Қазақстандағы сақ және сармат археологиясы 1957 жылы атақты археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Ақышев бастаған Жетісу археологиялық экспедициясы үйсін қоныстарымен қатар сақ қорғандарын зерттей бастады. Іле алқабында орналасқан «Бесшатыр» қорғандары қазылды. Сол уақытта археолог С.С. Черников бастаған экспедиция Шығыс Қазақстандағы «Шілікті» қорғанын қазу кезінде көптеген тамаша олжалар тапты. ### Есік қорғаны және алтын адам 1969 жылы Есік қаласының маңынан қазылған сақ қорғандарының бірінен алтын киіммен жерленген адамның қабірі ашылды. «Есік» қорғанына жерленген адам – әрі жауынгер, әрі абыз, әрі малшы болған. Бұл оның қабірінде табылған қару-жарақтардан, ерекше шошақ қалпағынан, айнадан және бақташының ұзын ерме қамшысынан белгілі. ### Сақ мәдениеті Сақтарда аң стилі жоғары орында болған. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтардың суреттелуі еді. «Аң стилі» өнері ежелгі аңыздарда сақталған адамның әртүрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсініктермен байланысты. Сақ аңыздарында жылқы күнмен және отпен байланыстырылды. «Есік» қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар күн қозғалысын білдіреді. Белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы З.Самашев Шығыс Қазақстандағы «Берел» қорғандарының бірінен 13 аттың сүйегін тапты. «Шілікті» қорымындағы «Бәйгетөбе» обасын тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Төлеубаев зерттегенде табылған алтын заттар мен құрылысына қарап, сақтарда сәулет өнері мен қолөнер бұйымдарын жасаудың жоғары дәрежеде болғандығы анықталды. Орталық Қазақстан аймағындағы «Талды-1-2» қорымдарын зерттеген археолог, тарих ғылымдарының кандидаты А.Бейсенов сақ обасынан өте көрнекті алтын бұйымдар тапты. Сақтардың түсінігі бойынша, құдай әртүрлі жануарлар бейнесінде өмір сүрген. Бұл мифологиялық бейнелер Еуразия даласындағы өнерде өзіндік «аң стильді» тудырды. ### Сармат тайпалары Сармат тайпалары Еуразияның саяси-экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған. Археологиялық тұрғыдан маңызды сарматтардың жерлеу орындары Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы Лебедевка ауылының маңынан табылып, зерттелді. Бұл қорым диаметрі 10-20 м, биіктігі 0,5-2 м болып тігінен бір-біріне жақын орналастырылған бөренелермен бекітілген. Қабірдің қалың тақтай төселген еденінде басы солтүстікке қаратылған әйел адамның қаңқасы табылды. Табылған заттардың ішінде ең маңыздысы – гректер жасаған қола құмыра. Оның тұтқасы ернеуіне бекітілген жерінде атылғалы тұрған кобра жыланының басымен аяқталған, ал бүйіріне бекітілген жері гректердің шарап құдайы Дионистің бейнесінде берілген. Бұл бай қорғандар сарматтардың Қара теңіз жағалауындағы гректің қала мемлекеттерімен тығыз байланысты болғандығын, сондай-ақ грек мәдениетінің сарматтар қоғамының дамуына әсер еткендігін дәлелдейді. ## Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар Ұлы Жібек жолы – адамзат өркениетінің теңдесі жоқ тарихи ескерткіші. Бұл керуен жолы ғасырлар бойы Еуропа мен Азия арасындағы сауда-саттық, мәдени және ғылыми байланыстардың негізгі артериясы болды. ІІ ғасырдан бастап, Шығысты Батыспен байланыстырып, елдер мен халықтардың экономикасының, мәдениетінің дамуына үлкен әсер етті. «Ұлы Жібек жолы» атауы тек 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофеннің еңбегінде пайда болды. Бұл атау адамзаттың таңғаларлық жетістігінің куәсі болып, халықтардың ғылыми ойларымен, мәдени және діни идеяларымен бөлісуіне мүмкіндік туғызды. ### Ұлы Жібек жолының бағыты Бас сауда жолы Тянь-Шань тауларының бөктерімен жүріп, Сырдария, Талас, Шу, Іле алқабын кесіп өтіп, Қытайға қарай созылды. Оның тармақтары Сырдария жағасымен Аралды бойлай Жайық өзеніне, ары қарай Қара теңіз жағалауына, Византияға, Батыс Еуропаға өтті. Жібек жолы арқылы Рим, Франция, Византия, Русь, Иран, Араб халифаты, Түркі қағанаттары, Қытай, Корея, Жапония сияқты елдерде өндірілген тауарлар ағылды. ### Мәдени және діни алмасулар «Жібек жолы» арқылы тауарлармен қоса өнер, архитектура, мәдениет, музыка мен би өнері, қойылымдар таралды. Иран, Соғды, түркі өнерпаздары Қытайдың би мәдениетіне үлкен үлес қосты. Осы жол арқылы діни ой-пікірлер де таралды. Миссионерлер өз діндерін алыс елдерге алып барды. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға, Кореяға, Жапонияға буддизм келді. Вавилоннан Иран мен Кавказ маңы арқылы иудей діні тарады. Жібек жолы буддизммен қоса, христиан және ислам діндерінің кең өріс алуына себепкер болды. ### Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы Қазақстанның отырықшы қала халқы мен көшпелі тайпалары көрші елдермен және алыс жұртпен қарым-қатынас жасауы арқасында ежелгі өркениетті өмірге әкелді. Қала мәдениетінің қалыптасқан екі ауданы – Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 100 жылға жуық уақыт археологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді. Археология халықтардың материалдық мәдениетінің негіздерін зерттеуге барынша көңіл бөліп келеді. ### Отырар қаласы Отырар қаласы Ұлы Жібек жолындағы маңызды орталықтардың бірі болды. VІ-VIII ғасырларда Отырар – Фараб Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы болған, ІХ-ХІІ ғасырларда – аймақтың бас қаласы, ХІІІ-ХV ғасырларда – Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі, ал ХVІ-ХVІІ ғасырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығына айналды. Отырар ХVІІІ ғасырдың орта шенінде қаңырап бос қалып, сол ғасырдың екінші жартысында әбден қирап, жергілікті тұрғындар Отырартөбе деп атап кеткен үйіндіге айналды. ### Археологиялық зерттеулер Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Отырар қаласының құрылысы, тұрғын үйлер, қолөнер шеберханалары жайлы көптеген құнды деректер алынды. Сонымен қатар, Сауран, Испиджаб, Тараз, Құлан, Меркі, Ақтөбе, Қаялық, Талғар, Жанкент, Жент, Сидақ, Ясы, Алтынтөбе, Мардан, Тамды, Түймекент, Бектөбе, Кедер, Жамұқат, Бозоқ қалаларындағы құрылыстар зерттелді. Жаңакент пен Баба-Атадағы ішкі қамал құрылыстары, Құлан мен Көкмардандағы тұрғын үйлер, Суяб пен Науакеттегі будда храмдары мен мешіттер, Испиджабтағы ғибадат орындары да белгілі болды. Қазақстан қалаларындағы бейнелеу және сәндік өнері «Ұлы Жібек» жолы бойында орналасқан Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс, Шығыс Түркістан қалаларымен ұқсас болып келеді. Ұлы Жібек жолы арқылы Еуразияның түйіскен жерінде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара тоғысып, сабақтасып жатуына ыңғайлы жағдай туды. Бұл жол халықтар арасындағы мәдени, экономикалық және діни байланыстың дамуына үлкен үлес қосты. ## «Мәдени мұра» бағдарламасы 2003 жыл Қазақстанның мәдени дамуындағы белесті кезең болды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың халқымызға Жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама мәдениетімізді зерттеу мен сақтау мақсатында маңызды қадам болып табылады. Археологиялық кешендерге ауқымды қазба жұмыстары жүргізіліп, олардың маңызына қарай таңдалып алынған ескерткіштер зерттелді. Зерттеуге ұсынылған кешендер халықтың генетикалық жады үшін маңызды болып табылатын тарихи-мәдени эталонды ескерткіштер және «Бүкіләлемдік мәдени мұра» бағдарламасының номинаттарының тізіміне енгізілген ескерткіштер болды. ### Мәдени мұраның маңызы Мәдени мұраны зерттеу – өткен тарихымызды, мәдениетіміздің терең бастауларын тану. Қазақстан үшін де, басқа елдер үшін де антропогенез мәселелері маңызды болып табылады. Еуразия мен Африканың жақын және алыс аумақтарымен өзара мәдени байланыстағы елдің алатын орнын зерттеу аса маңызды. Мәдени мұра әр алуандығымен байырғы өркениетті қоғамның басты белгісі, ұлттық және мемлекеттік дүниетанымның интеграциялық құрамдас бөлігі болып табылады. Мәдени мұраның заттық бөлігі халықтың материалданған жады тәрізді көрінеді. Оның маңызды бөлігін археологиялық мәдени мұра құрайды. Археологиялық ескерткіштер тас және қола дәуірінің тұрақтары, кен өндіру, суландыру жүйелері, қорғандар мен бекіністердің үйінділері, ортағасырлық қалалар мен монументальды құрылыстарды қамтиды. ### Қазіргі қоғам үшін маңыздылығы Қазіргі қоғам үшін мәдени мұраның айрықша мәні бар. Ғылыми-техникалық революция мен электрондық ақпарат құралдары дәуірінде мәдени мұраның қажеттігі арта түсуде. Жаһандық стандартқа жетелейтін жаңадан орын алған стереотиптер мәдени мұраның сақталуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету қажеттігін дәлелдейді. Қазақстан мәдени мұраны сақтап қалу мен пайдалану мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Дамыған елдерде әл-ауқат деңгейінің жоғары болуы бұқаралық туризмнің дамуына ықпал етеді, ал бұл «Мәдени мұраға» деген көзқарасты жақсартады. ### Археологтар мен зерттеушілер Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу мен сақтау жұмыстарының басында көптеген танымал археологтар мен зерттеушілер тұр. Олардың қатарына К.Байпақов, З.Самашев, В.Зайберт, С.Жолдасбаев, Ж.Таймағамбетов, М.Елеуов, М.Қожа, Ә.Төлеубаев, А.Марьяшев, Ә.Ақышев, В.Евдокимов, А.Подушкин, Р.Бурнашева, Т.Савельева, М.Хабдуллина, Е.Смағұлов, Ж.Құрманқұлов, Н.Алдабергенов, Т.Жауымбаев, Ж.Смайлов, О.Артюхова, А.Досымбаева, Ю.Мотов, А.Ермолаева, М.Тұяқбаев, М.Қасенов, А.Бейсенов, А.Бисембаев, А.Рогожинский, И.Кукушкин, В.Варфоломеев, А.Плешаков, Д.Тәлеев, А.Волошин, Г.Терновая, Ж.Жетібаев, Ғ.Омаров, В.Мерц, В.Логвин, Ғ.Бексейтов, Г.Петенева, Ғ.Ысқақов, Г.Жұмабекова, Д.Воякин, Г.Базарбаева, Т.Лошакова, А.Астафьев, А.Оңғар, Е.Есжан, С.Ақылбек, А.Ержігітова, С.Мургабаев, М.Бақтыбаев, Б.Железняков, А.Горячев, С.Потапов, Т.Мамиров, А.Чотбаев, О.Кузнецова, С.Ілияс, С.Қалиев, Ж.Утубаев, Д.Байтілеу, А.Нұсқабай, Е.Төлегенов, М.Сейітқалиев, Е.Әміров, Е.Оралбай, Т.Өсеров және басқа да көптеген археологтарды мақтанышпен айтуға болады.
Шұбар сайрақ (Zoothera dauma ) – Қазақстандағы шұбар сайрақтар туысының жалғыз өкілі . Қылғытпа сайрақтан денесі ірі ( 130-180 г. ). Жотасы – қауырсын ұштары жарты ай іспеттес қара түспен аяқталып, сары зәйтүн түстес қабыршақпен безенген , дәл сондай безендірулер бауырында да бар , олар – сары қызыл қошқыл реңді ақшыл болып келеді . Ұшып жүргенде қанат астарындағы ақ жолақтар көзге түседі .Оңтүстік Сібір және Қиыр Шығыста , ормандарда , соның ішінде тауларда мекендейді . Соңғы жылдары шұбар сайрақтың Іле Алатауы ( Үлкен Алматы шатқалы ) , Күңгей Алатауының ( Құлсары қонысы) солтүстік беткейлерінде ұялауы жиілей түсті. Осы жұмыртқаны жарып шыққан , нашар ұшатын балапандар кездесті .Бұл сайрақтың Жоңғар Алатауында да сирек ұялауы мүмкін , өйткені соңғы жылдары ересек құстар бірнеше рет байқалады . Өте бай тасалағыш , Жерде жүреді , ондайда қылғытпа сайраққа қарағанда құйрығы едәуір қысқа болып көрінеді . Үріккен кезде пыр етіп ұшып , ағаш басына қонақтайды . Негізінде іңір қараңғысы мен түнде белсенді . Осы кезде оның маубас жапалықтың « сплю» дегеніне ұқсас ақырын шығарған әуені естіледі . Бұл көбінесе екі буынды – бірінші буынында дыбыс жоғарылайды . Ал екінші буынында ( ергенектің желден теңселгеніндей сықырлайды ) дауыс төмендейді . Жекелеген жылдары Іле Алатауының Үлкен Алматы шатқалында мұндай әуен мамырдың бүкіл екінші жартысында естіліп тұрады . Бұл -шұбар сайрақтардың ұшып өтетін кезеңі . Шұбар сайрақ – көңіл аударатын өте аз зерттелген құс .
Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады.Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді. ## Қазақстандағы Жібек жолы Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы). ## Жібек жолындағы тауарлар Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.
Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер өз әсерін тигізді.Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара – Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. 1096 жылы "Құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. XI ғ. аяғы – XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Хорезмшах Атсыз (1127–1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оның немере інісі Алып-Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезмшахқа тәуелді болып шықты. Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған.Хорезм шахы Мұхаммед (1200–1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресін жалғастыра берді. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қайырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп моңғол басқыншылығының дәуірі басталады. Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой басым болған. Жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген. Аң аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары балық аулаумен шұғылданған, олар кішкене қайық, кемелерді пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтар негізінен тары өсірген. Олар жетіспеген астықты Орта Азияның егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап алып отырған. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған.
Уыз хан (Оғыз хан) ел билеген уақыты шамамен б.з.б I мыңжылдық - б.з-дағы I мыңжылдықтың басы. Уыз ханның ата тегі-аты аңызға айналған Алаша хан. Әбілғазы Баһадүр ханның "Түрік шежіресінде" Уыз ханның әкесі Қарахан, атасы Моңғол хан, бабасы Алаша хан делінген. Моңғол хан көп жылдар патшалық құрып, өлерінің алдында төрт ұлының үлкені Қараханды өз орнына қойып кетеді. Осы Қараханның заманында елдің бәрі имансыз болғаны соншалық, олардың арасында Құдайға сенетін бір адам қалмаған. Тіпті дінді мойындады дегенді естісе, баласы атасын немесе атасы баласын өлтіретін жағдайға жеткен еді. Күндердің күнінде Қараханның бәйбішесі ай мен күннен де сұлу сымбатты бір ұл туады. Қарахан баласы бір жасқа толған тойдың қызған шағында өзінің билеріне қарап: "мына біздің ұлымыз бір жасқа толды, бұған қандай ат бересіңдер? - дейді. Билер аузын ашып үлгергенше жас бала: "Менің атым Уыз болар, оны білмек баршаңызға парыз болар" депті. Осы Уыз хан түрік-моңғол нәсілінен тұңғыш Құдайға сенуші болған екен. Уыз хан құтты мекен Сарыарқа өңірінде 16 жыл патшалық құрып, о дүниеге сапар шеккен екен. ## Дереккөздер
Жерқұлақ - (лат. Tuber melanosporum)  - жейтін саңырауқұлақтардың ең қымбаты, 1 кг жерқұлақ Еуропа базарында 1000 еуро тұрады. Өте биік бағаланатын деликатес. "Дастарқаның қара бриллианты" деген атауға еге болған. ## Биологиялық сипаттама Жерқұлақтың вегетативтік денесі жердің астында ораласады, қисық дөңгелекке ұқсас 3-9 см диаметрінде, 4-6 тегіс емес қыры болады.Сыртының түсі қызыл-қоңырдан қараға дейін.Іші қатты, ақшыл-сүр немесе ақшыл-қызыл мәрмәр суретті. Өскен сайын қарайып қара-қоңыр болады. Өзіне сай қатты хош иісі болады. Дәмі өте жағымды, қышқылдау болады.Споралары 35-25 мкм ұршық тәрізді сопақша келген, қисық.Көбіне еменнің немесе басқа ірі ағзалардың өміріне байланыста болып ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді. Жер астыда 2-3 см-дан жарты метрге дейін тереңдікте өседі.Жабайы шошқалардың ауес асы. Саңырауқұлақтың хош иісі жабайы шошқаларды тартып, солардың арқасында споралар таралады.Адамдар асқа пайдалау үшін саңырауқұлақтарды қарашадаң наурызға дейін тереді. ### Таралуы Ең кең таралған жері - Францияда, орталық Италияда және Испанияда. Әсіресе Фрацияның оңтүстік-батыс Дордонь, Ло, Жиронда департаменттерінде және Воклюз оңтүстік-шығыс департаментінде. ### Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Сыртқы сілтемелер * Сокровища Перигора — статья в журнале «Вокруг света» * Таксономия на сайте www.mycobank.org
Алан Бөрібаев — әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген еуропалық конкурстардың жеңімпазы. 1979 жылы Алматы қаласында туған. Күләш Бәйсейітова атындағы Республикалық музыкалық колледжді скрипка класы бойынша бітіргеннен кейін, опералық - симфониялық дирижерлік (профессор Т.Әбдірашевтің класы) және скрипка (профессор Р. Мұсақожаеваның класы) мамандығына Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Оқуын Қарағанды филармониялық оркестрінің екінші дирижері мен Астана қаласындағы Қазақ ұлттық академиялық оркестрінің шақырылған дирижері қызметтерімен ұштастырады. Халықаралық байқаулар мен фестивальдар дипломанты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестріне, "Солистер Академиясы" Мемлекеттік камералық оркестріне дирижерлік етті. Бүгінгі таңда Ирландия елінің Ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның түлегі қазірде Еуропалық оркестрлермен жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нидерланд елінің Брабанд оркестрінің бас дирижері. ## Мансабы 2003—2007 жылдары Астана Мемлекеттік Филармониясы симфониялық оркестрінің бас дерижері, сонымен қатар 2004—2007 жылдары Майнингеннің бас музыка директоры. 2007 жылдан бастап Норчёпинг симфониялық оркестрін, 2007 жылдан нидерландтық Брабант оркестрін, ал 2009 жылдан бастап Ирландияның Ұлттық симфониялық оркестрін басқарады ## Дереккөздер
Түрік әлеміне рухани қажеттілік керек, біз оны сактардың, ғұндардың материалдық мәдениетінен іздейміз. Ал, жазба деректері түріктердің тек тарихы ғана емес, сонымен қатар мәдениетін толықтай зерттеуге мүмкіншілік береді. Түрік елдерін ерте орта ғасырларда әлемге танытқан олардың ерлікке толы мәрт мінезі, батырлық әфсаналары мен жырлары, жазу мәдениеті, тәңіршілдік дүниетанымы, балбал тастары болды. Қашанда ұлы дала тұрғындарына тән берік және жасампаз рух бұл дәуірде өзге елдерге үлгі шашты болды. Рухани мәдениет түрік тілінің, әдебиеттің, дүниетанымының, салт-ғұрпының Еуразиялық әлемге тарауына жол ашты. Екінші жағынан Еуразиялық құрылықтың негізгі бөлігін біріктірген алып түрік мемлекеттері, олардың берік шаруашылық-әлеуметтік негізі рухани мәдениеттің серпілісін туғызды. Оның ішінде көне түріктердің жазу мәдениетінің алатын орны ерекше. Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліменттерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түрік жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда түріктер I V ғасырдың екінші жартысында өзі жазуларын кең ауқымды қолданған. Түріктер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда өзі жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліменттер бар. Мысалға алғанда Византия императорына түрік елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелегінде көрсеткен. Жалпылама ерте орта ғасырда алғанда түріктердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамында 35 әріп бар. Ал көне түрік жазуы – рунанемесе сына жазуы деп аталған. Көне түрік жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түрік жазуының ескерткіштері табылған. Түріктің жазба ескеткіштерінің көп кездесетін жері - Сібір өлкесі Енесей өзені бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII – IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түрік жазуы қолданылу аясы біршама зор болған. «Түрік руна жазбалары» – бұл ұғым тюркологиямен айналысатын адамдардың бәріне таныс. Бірақ барлығы қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінің ағара қоймайды. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенгі білдірмейді. Оны – «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі –латыннын «арканум» (мысалға «Таро арқаны») немесе грекше «мисmерион» (мистерия) сөздерінің аналогы. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді. Руналар – ежелгі герман әліпбиінің белгілері (II в. кейінгі ортағасырға дейін), Скандинавия, Исландия, Гренландия, Англия, Солтүстік Еуропа, Солтүстік Причерноморье, Ескі Ладога және Новгород елді-мекендеріндегі тастардағы, металлдардағы, ағаштардағы, сүйектердегі қаушаулар, белгілер. Руналардың нақты шығу тегі бүгінгі күнге дейін анықталмаған. Норвеж ғалымы К. Марстрандердың ойынша рунадар солтүстік италийлік әліпбидің модификациясы болып табылады. Руна жазбалары /футарк/ көбінесе бір немесе бірнеше сөздерден тұрады. Мысалы, зат есім, қабылдану немесе магиялық брактеатта /алтыннан жасалған дөңгелек ілгіш/ сиқырлау. Бірнеше жолдардан тұратын жазулар сирек кездеседі. Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында І Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И.Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинвияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап, оны «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В.Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В.В.Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған жері бойынша жазу «орхон-енисей» жазуы деп атала бастады, ал басқа белгілері /тілі және жазылу сипаты/ бойынша ол ертедегі түріктердің руналық жазуы деп аталып кеткен. Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік моңғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенге өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі екінші Түрік қағанаты /689-744 жж./ және Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты /745-840 жж./ дәуірінде орнатылған. Ең әйгілері – Бірге-қаған мен оның інісі, қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне 732-735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер және екінші Түрік қағанатының алғашқы қағандарының кеңесшісі Төныкөктің /716 жыл/ құрметіне Тоныкөктің тірі кезінде-ақ орнатылған ескерткіш. Орта Азия мен Қазақстан аумағында руналық ескерткіштердің екі тобын – ферғаналық тобы мен жетісулық тобын бөліп қараған жөн. Бұларға үлкен-үлкен қой тастардағы, қабір басына қойылған тастардағы тоғыз жазу және Талас өзенінің аңғарындағы Терексай қойнауындағы жартас бетіндегі жазулар, Жамбыл қаласының маңынан табылған керамикадағы жазулар, теңгелер мен тұрмыстық бұйымдардағы ұсақ жазулар мен жекелеген белгілер, ағаш таяқшадағы жазу /Талас өзені бойынан кен қазу жұмыстарында кездейсоқ табылған/, сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан табылған екі қола айнадағы руналық жазулар, Талғар қала жұртынан табылған қыш ұршықбастағы ұсақ жазулар жатады.
Алан Бөрібаев — әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген еуропалық конкурстардың жеңімпазы. 1979 жылы Алматы қаласында туған. Күләш Бәйсейітова атындағы Республикалық музыкалық колледжді скрипка класы бойынша бітіргеннен кейін, опералық - симфониялық дирижерлік (профессор Т.Әбдірашевтің класы) және скрипка (профессор Р. Мұсақожаеваның класы) мамандығына Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Оқуын Қарағанды филармониялық оркестрінің екінші дирижері мен Астана қаласындағы Қазақ ұлттық академиялық оркестрінің шақырылған дирижері қызметтерімен ұштастырады. Халықаралық байқаулар мен фестивальдар дипломанты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестріне, "Солистер Академиясы" Мемлекеттік камералық оркестріне дирижерлік етті. Бүгінгі таңда Ирландия елінің Ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның түлегі қазірде Еуропалық оркестрлермен жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нидерланд елінің Брабанд оркестрінің бас дирижері. ## Мансабы 2003—2007 жылдары Астана Мемлекеттік Филармониясы симфониялық оркестрінің бас дерижері, сонымен қатар 2004—2007 жылдары Майнингеннің бас музыка директоры. 2007 жылдан бастап Норчёпинг симфониялық оркестрін, 2007 жылдан нидерландтық Брабант оркестрін, ал 2009 жылдан бастап Ирландияның Ұлттық симфониялық оркестрін басқарады ## Дереккөздер
Қола дәуірі – қоладан жасалған еңбек құрал-саймандары және қарулар басты роль атқарған кездегі адамзат тарихындағы ірі кезеңдердің бірі.Еуразия дала аймағында ол бір жарым мың жылға созылған біздің заманымызға дейінгі III ғасыр аяғымен - I ғасыр басына келеді. Қола – мыстың басқа металдармен қоспасы.Сапалы қолалар қаттылығы және беріктігі жағынан мыстан асып, қарапайым болаттан кем түспейді.Қола дәуірінің ең ерте деректері (б.з.д. III мыңжылдық) Қарқаралы ауданындағы Қарағаш зиратынан алынды. Мұндағы бір қабірден мыс пышақ, қырғыш және қыш ыдыстармен бірге жерленген ер адам мүрдесі кездескен.bronzvek/03.jpgГлиняный сосуд эпохи бронзыБ.з.д. II мыңжылдықтың басынан б.з.д. XIV—XIII ғ. дейін (орта қола кезеңі) Қазақстанда андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын атасу (алакөл) және нұра (федоров) мәдениеттері өркеңдеді. Орта қола кезеңі тұрғындарын шартты түрде андроновтықтар деп атау қалыптасқан.Биік деңгейдегі мәдениетті ұстанған андроновтықтардың қоғамын жауынгер арбалары бар әскери көсемдер басқарды. Қарқаралы ауданындағы Талды өзенінің жоғарғы ағысындағы Сатан зиратында осындай арба қалдықтары табылған. Көне жауынгер қабіріне қойылған екі аяқты арбаның ағаш дөңгелектерінің білігіне 10 шабақ қондырылған. Мұндай арбалар жаумен шайқастарда қолданылған. Жүйткіп келе жатқан арба үстінде түрегеп тұрып, олар қарсыластарын садақпен атып түсіріп отырған.Андроновтықтарға археологиялық деректер арқылы бажайлауға болатын күрделі қоғамдық құрылым тән еді. Көсемдер мен ақсақалдардың биік әлеуметтік статусы олар өлгеннен кейін де нақтыланып отырып, оларға монументалды жерлеу құрылыстары — обалар тұрғызылды. Мысалы, Ақсу-Аюлы-2 зиратының ең үлкен обасының диаметрі 17 жарым метр. Оның астынан ортасында сыртынан қақпақтастармен айналдырылған екі жерлеу камерасы бар екі қатарлы тас қоршау ашылды. Осындай обалар Атасу өзені бойындағы Ортау-2 зиратынан да белгілі. Қатардағы андроновтықтарды шағын көлемдегі қоршауларда жерлеп отырған. Тұрғындарды металмен қамтамасыз етіп отырған металлургтер мен ұсталар андроновтықтар қоғамында маңызды роль атқарды.bronzvek/15.jpgАндроновтықтар өзен бойларын игере отырып, құрғақ климат жағдайында өмір сүрді. Олар егіншілікті де білді, бірақ өз қажеттерін, негізінен, мал шаруашылығы арқылы өтеді.Ықылым замандардан бастап Қазақстан далаларында мал шаруашылығының ролі өте зор еді. Қола дөуірінде негізгі шаруашылық түліктері болып қой мен мүйізді ірі қара саналды. Жылқы маңызды көлік құралы болды.Андроновтықтар мәдениетінің Ригведа мен Авеста деректері бойынша танымал ежелгі арийлер мөдениетімен көп ұқсастықтары бар. Сірә, үш мың жыл бұрын Үндістанға қоныс аударып, көнеүнді өркениетінің негізін қалаған арийлер осы Қазақстанның андроновтықтары арасынан шыққан болар. Андронов тайпаларының екінші бөлігі Қазақстан жерінде қалып, бұдан кейінгі кезеңдер мәдениеттері қалыптасуының аса күрделі процестеріне қатысқан.Орталық Қазақстандағы мыс кендерінің бай қоры ірі, күшті металлургия ошағының дамуына негіз болды.Соңғы қола дәуірінде (б.з.д. XIII-IX ғғ.) Орталық Қазақстанда андроновтықтар мәдениетінің негізіңде қалыптасқан беғазы-дәндібай мәдениеті өркендеді. Археологтар Беғазы, Дәндібай, Айбас дарасы, Бұғылы, Саңғыру-1 және Саңғыру-2 сынды зираттарды, Атасу-1, Ақмұстафа, Мыржық, Қарқаралы-1, Қарқаралы-2, Қарқаралы-3 (Суықбұлақ), Кент, Бұғылы-1, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ және т.б. қоныстарды зерттеді.Беғазы-дәндібайлықтар үй жанындағы бақташылықтан экономикалық дамудың анағүрлым табысты формасы болып табылатын отарлы жайылымды шаруашылыққа көшкен еді. Бұл өзгеріс Беғазы-Дәндібай тұрғындары жасаған бірегей далалық өркениеттің қалыптасу алғышарт-тарын қамтамасыз етті. Осы уақытта көне қалалардың прототипі болып саналатын ерекше ірі қоныстар пайда болды. Неғұрлым жақсы зерттелген қонысқа Қарқаралы ауданындағы Кент тауының сайында орналасқан Кент қонысы жатады.Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштерімен белгілі қола дәуірінің жаңа кезеңі басталды. Бұл мәдениет өздерінің атауын Дәндібай мен Беғазы қорымдарының сипаттары бойынша алды.Жалпы ареалын сөз етсек, осы мәдениеттің тайпалары Орал тауының шығыс беткейінен, Қазақстан далаларын қоса отырып, Алтай тауларына дейінгі аумақты мекендеген.Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі керамика болып табылады. Ол «белдеулі керамика» деген атау алған. Белдеу (валик) - қыш ыдысқа балшықтан жапсырылған сәл дөңестеу жолақ түрінде болады, ол ыдыстың мойын тұсын сәндейді. Белдеу мерзімдік (хронологиялық) ерекшелік ретінде Алтайдан Балқан түбегіне дейін Еуразиялық дала алқаптары бойынша өте кең таралған болатын. Белдеулі қыш беғазы-дәндібай мәдениетінің барлық жерлеу орындарынан және қоныстарынан табылған. Әдетте ыдыстар белдеуден басқа тырнақ бедері, шырша, ирек, саусақ ізі, тор, үшбұрыштармен әшекейленген. Ою ыдыстың жоғары жағында салынған.Кент, Шортандыбұлақ, Бұғылы-2 қоныстарында қола дәуірінің федоровтық-нұралық (орта қола) кезеңі мен соңгы кезеңінің, яғни белдеулі керамика кезеңінің ерекшеліктерін байланыстырған ыдыстар табылды. Бұл үлкен жаналық еді. Басқа деректермен біріге отырып,. осы маңызды мәлімет беғазы-дәндібайдің белдеулі ыдыстарының андронов дәуірінен бастау алатынын, демек, беғазы-дәндібайлықтардың андронов тайпаларынан тарағанын куәландырады. Андроновтықтар мен дәндібайлықтар антропологиялық типі бойынша да біртектес. Еңбексүйгіш және Баянауыл тауларындағы Шойындыкөл молаларындағы дәндібай жерлеулерінен табылған үш бас сүйектің зерттелуі олардың андроновтық еуропеоидтық түрге жататындығын көрсетті. Осы жағынан алғанда да, беғазы-дәндібайлықтар андроновтықтардың ұрпағы болып табылады.Беғазы-дәндібай дәуірінде адамдардың өмірінде мәнді езгерістер болған. Андронов кезеңіндегі мал шаруашылығының үй маңындағы түрінің орнына оның жайылымдық формасы қалыптасты. Мал шаруашылығының бұл түрі бойынша жайылымдар қысқы және жазғы деп бөлінген, қыста мал қоныс маңында ұстауда болады, ал жазда жайлауға айдалады. Шаруашылықтың мұндай әдісінде малмен бірге жазғы жайылымға қоныстың барлық тұрғындары немесе оның көп бөлігі кетеді.bronzvek/01.jpgБеғазы-дәндібай кезінде Қарқаралы өлкесінің түрғындары малды, яғни сиыр, жылқы, ұсақ малды кептеп өсірген.Аңшылықтың нысаны болып киік, арқар, құлан, қабан, марал, бұлан, қасқыр, қарсақ, суыр, құндыз және ірі құстар табылған. Қоныстардың остеологиялық жинақтары негізін ірі және ұсақ мүйізді мал мен жылқы сүйектері құрайды. Жабайы фаунаның қалдықтары 2% аспайды. Демек, аңшылық қосалқы мән атқарған. Беғазы-дәндібайлықтардың ет-сүт тағамдарын мал шаруашылық экономикасы толығынан қамтамасыз етті.Беғазы-дәндібайлықтардың алысқа көшу үрдісі аса жоғары бола қоймаған. Олар өзен және ірі бұлақ жағалары бойында стационарлы түрдегі тұрғын жайларда өмір сүрген. Әдетте қоныста 4-5-тен 20-ға жуық тұрғын үй болған. Оларды салу үшін тереңдігі 0,5 м шамасында қазаншұңқыр қазған. Оның қабырғалары тас тақталарымен, тақталы қоршаулар немесе талды шарбақтармен бекітілген.Мұндағы халықтың ең ірі тұрғын орны Кент болған. Қызылкеніш өзенінің оң жақ жағасындағы оның көлемі - 150 000 ш. м. Кенттің қарсысында сол жақ жағада орналасқан Алат, Алат-1. Алат-2 қоныстарымен бірге алғандагы жалпы көлемі 300 000 ш. метрді құрайды.Кент - қола дәуірінін каласы.Көне қоныстардың қала статусы археологиялық тұрақты қалыптасқан белгілер арқылы анықталады: 1 - қоныс аумағы 15 га-дан аз болмау керек; 2 - халық саны 5000 тұрғыннан аз болмауы керек; 3 - үлкен, күрделі (ғұрыптық) сәулет ескерткіштердің болуы; 4 - қонысқа тән өзінің ауыл шаруашылық аумағының болуы; 5 - қолөнер өндірісі; 6 - сауда мен айырбас; 7 - қала мен оның маңындағы тұрғындарындағы әлеуметтік стратификацияның (қабаттардың) байқалуы.Көне Кентті құраған құрылыстардын қалдығы Қызылкеніш өзенінің екі жағасында 30 га аумақты алып жатыр. Әдетте Сарыарқа көне малшыларының мекен-жайлары 0,1 га-дан 2 га-ға дейінгі мөлшерде. Кент оларды тұрғын және шаруашылық құрылыстарының көлемі және саны бойынша едәуір асып түседі. Ал оның тұрғындарының болжалды саны - 1500 адамнан астам.Кенттің ауылшаруашылык аймағын оған синхронды Әкімбек, Домалақтас, Қызылтас, Қызылтас-1, Найза, Байшора, Нарбас сияқты анағұрлым шағын қоныстар құраған. Оларда қысқы кезеңде бірнеше отбасының қарауында мал ұсталған.bronzvek/07.jpgКентте муйіз ою ісі қолөнер өндірісі деңгейіне жеткен, яғни өнімді тапсырушыга немесе рынокқа өткізе алатындай болган. Осы мүйіз кесу шеберлері пирофилиттен де заттар ойған, әзірше олардың да неге арналғанын анықтауға мүмкіндік жоқ. Олар шартты түрде «ұштықтар» атауымен сипатталып жүр.Кентте әзірше қола құю шеберханаларының орындары табылған жоқ. Мүмкін бұл уақытша жағдай болар, себебі ескерткіштің тек 2% аумағы ғана қазылған. Кесенелердегі сияқты Кентте де бөгде мәдениет түріндегі ыдыстар бар, олар қазба жұмыстары барысында алынған барлық керамикалық жинақтардың 5% құрайды. Қышшы дөңгелегінде жасалған ыдыстардың фрагменттері табылған. Бұл басқа жақтан әкелінген ыдыс. Мұндай керамиканың табылған негізгі аймағы - Оңтүстік Өзбекстан және Түркменстан, кейбір бөлек нұсқалары иран түпнұсқаларына сәйкес. Кентке әкелінген ыдыстардың енді бір жолы Шығыс Аралмаңы өңіріне нұсқайды. Импорт ыдыстарының енді бір құрамдас бөлігі Батыс Сібірдің елов және ирмен мәдениетіндегі керамикаға ұқсайды.Кентте импорттық ыдыстардың кездесуін металл саудасының болғанымен түсіндіруге болады. Орта Азияның көптеген аудандарында және Батыс Сібірде мыс кенорындары жоқ. Бірак металдың қажеттілігі кенсіз аудандардың тұрғындарын оны басқа жақтан әкелуге міндеттеді. Орталық Қазақстанның мыс кендерінің алып қорлары беғазы-дәндібай кеншілері мен металлургтарына үлкен көлемдегі металды өндіруге мүмкіндік берді.Металл өндіру мен оның бөліп-таратылуын бақылауды Кепт, Бұғылы, Қызыларай, Беғазы тауларында және басқа таулы-орманды оазистерде өмір сүрген бірлестіктердің көсемдері жүргізген. Кент. Бұғылы-2. Шортандыбұлак қоныстары сол жерлердегі көсемдердің ордасы және сауда орталыгы болған. Көп малмен бірге сыртқа металл сату билеуші әулеттердін баюының маңызды бір көзі болып табылған. Сондықтан да Атасу ықшамауданының қоныстары (Мыржық, Ақ-Мұстафа, Сангру-3), Ұлытау ескерткіштері сияқты Кент, Шортандыбұлақ, Бұғылы-2 қоныстары қазбалары жағынан өте бай. Қатардағы бақташылар тұрған шағын коныстарда металл бұйымдары сирек кездеседі, ойылған сүйек пен импорт керамикасы да жоқ. Керісінше, қала маңындағы қоныстарда металл, оюлы сүйек көп, басқа жақтан әкелінген ыдыстар да бар. Ал осы қалалық орталықтардың жанында басқару элитасының мазарлары орналасқан - бұл кесенелер түріндегі құрылыстар. Бай әулеттер ойылған сүйек, пирофиллиттен жасалған бұйымдар сияқты сән-салтанаттық заттардың сұранысын қамтамасыз еткен.bronzvek/17.jpgСонымен, археологиялық дәлелдер Кенттің қала статусын мойындауға мүмкіндік береді, ал бұл болса ерте өркениеттің пайда болуының бірден бір шарты және белгісі болып табылады. Сондықтан, өркениет пен мемлекеттіктін нышандары Қазақстанда біздің дәуірімізге дейін 2-1 мыңжылдықтар аралығында пайда болған деген мәселені көтеруге болады.Сарыарқада қала орталықтарының пайда болуы мал шаруашылыгының жаңа сапалы жапылымдық түріне және металдың жаппай, тауарлы өндіруіне байланысты мүмкін болды. Беғазы-дәндібай қоғамы мықты көсем басшылары бар ірі тайпалы бірлестіктерден құралған және олар мемлекеттік құрудың ерте сатысында тұрган. Көсемдер басқарган бірлестіктердің экономикалық, әкімшілік, саяси және идеологиялық орталықтары Кент, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ сияқты қала дәрежелі қоныстарда болган.Үш мың жыл бұрын Қарқаралы даласы бірегей де жарқын өркениеттің белгілерінің қалыптасу ошағы деңгейіне жетті. ДереккөздерАкишев А.К. Эпоха бронзы Центрального Казахстана. Автореф. дис. канд. ист. наук. - Л., 1953.Алексеев В.П. Палеография СССР. /СА, 1972, № 1 Археологическая карта Казахстана. - А., 1960.Аскаров А.А. Типы оседлых поселений бронзового века и истоки урбанизации на юге Узбекистана. /Древние города. - Л., 1977.Ахинжанов С.М., Макарова Л.А., Нурумов Т.Н. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. - А., 1992.Варфоломеев В.В. Бегазы-дандыбаевские погребальные сооружения могильника Карагаш. /Вопросы археологии и этнографии Центрального Казахстана. - Караганда, 1982.Варфоломеев В.В. Кент и его округа (некоторые итоги палеоэкономического и социокультурного анализа памятников Восточной Сарыарки). /Степная цивилизация Восточной Евразии. Т. 1. Древние эпохи. - Астана, 2003.Варфоломеев В.В. К вопросу «о мощном миграционном потоке бегазы-дандыбаевских племен. /Социально-демографические процессы на территории Сибири (древность и средневековье). - Кемерово, 2003.Варфоломеев В.В. Сары-Арка в конце бронзовой эпохи. Автореф. дисс. канд. ист. наук. - А., 1991.Генинг В.Ф. Этнический процесс в первобытности. Опыт исследования закономерности зарождения и раннего развития этноса. - Свердловск, 1970.Генинг В.Ф., Зданович Г.Б., Генинг В.В. Синташта. 1. Челябинск, 1992.Грязнов М.П. Памятники карасукского этапа в Центральном Казахстане. /СА, 16, 1952.Грязнов М.П. Этапы развития хозяйства скотоводческих племен Казахстана и Южной Сибири в эпоху бронзы. /КСИЭ, Вып. 26, 1957.Демографический энциклопедический словарь. - М., 1985.Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. Эпоха бронзы Центрального и Северного Казахстана. - Караганда, 2002.Евдокимов В.В., Ткачев А.А. Работы Карагандинского отряда. /АО — 1978. - М., 1979.Евдокимов В.В. Исследования отряда Карагандинского университета /АО - 1979. - М., 1980.Евдокимов В.В. Работы Карагандинского отряда. /АО - 1980. - М., 1981.Евдокимов В.В. Народонаселение Степного Притоболья в эпоху бронзы. Автореф. дисс... канд. ист. наук. - Киев, 1984.Евдокимов В.В. Историческая среда эпохи бронзы степей Центрального и Северного Казахстана. - А., 2000.Евдокимов В.В. Эпоха бронзы степей Центрального и Северного Казахстана. Автореф. дисс...д-ра ист. наук. - А., 2001.Зданович Г.Б. Периодизация и хронология памятников эпохи бронзы Петропавловского Приишимья. Автореф. дисс...канд. ист. наук. - М., 1975.Итина М.А., Яблонский Л.Т. Мавзолеи Северного Тагискена. Поздний бронзовый век Нижней Сырдарьи. - М., 2001.Кузьмина Е.Е. Древние скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. - Фрунзе, 1986.Кузьмина Е.Е. Откуда пришли индоарии? Материальная культура племен андроновской общности и происхождение индоиранцев. - М., 1994.Кукушкин И.А. Культ огня у племен Казахстана в эпоху бронзы: динамика, функции. Автореф. дисс.канд. ист. наук. - А., 1993.Ломан В.Г. Гончарная технология населения Центрального Казахстана второй половины 2-готысячелетия до н. э. Автореф. дисс. канд. ист. наук. - М., 1993.Маргулан А.X. Главнейшие памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана. /Вестник АН КазССР, 1956, №3(132).Маргулан А.X. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - А., 1979.Маргулан А.X., Акишев А.К., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. - А., 1966.Маргулан А.X. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - А., 1979.Массой Е.М. Экономика и социальный строй древних обществ. - Л., 1976.Нурумов Т.Н., Макарова Л.А. Домашние и дикие животные эпохи энеолита и бронзы Центрального и Северного Казахстана. /Проблемы палеоэкономики Казахстана по археологическим данным. - А., 1988.Сальников К.В. Бронзовый век Южного Зауралья (андроновская культура). /МИА, 21, 1965.Ткачев А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. Ч. 1,2. - Тюмень, 2002.Шнирельман В.А. Происхождение скотоводства. - М., 1980.
Илья Ильяұлы Глинников (1984 жылдың 19 қыркүйегі күні дүниеге келген) — Ресей актеры. ## Өмірбаяны мен карьерасы Илья Глинников Новомосковск, Тула облысында 1984 жылдың 19 қыркүйегі күні дүниеге келген. Ол 3 жасынан мектепке баратын жасына дейін бимен, ал мектепте жеті жыл бойы футболмен шұғылданды. Сонымен қатар, Илья Ильяұлы 5 жыл жүзумен айналысқан. Бұл кісінің бесінші сыныптан соң музыка мен биге деген қызығушылығы артып, 9 сыныпта ол Ұлы Отан соғысына атсалысқан өзінің атасына арнаулы өлең-жырымен байқауда жеңімпаз атанды. Гимназияны бітіргеннен соң Илья өзінің би коллективін ұйымдастырып, Ресейлік жарыста екінші орын алды. Сол уақытта ол жарнамалық шығармашылық, музыкалық клиптерде түсе бастаған болатын. ## Фильмографиясы * 2008 — Клуб — "Бойз бендтің" қатысушы * 2009 — Универ — Паша, Кузяның Агаповкадан досы (в серии № 147) * 2009 — Первая любовь — Иван * 2010—2013 — Интерны — интерн Глеб Романенко * 2010 — Туман — Антон Чирко, * 2011 — Ласточкино гнездо — Кирилл * 2012 — Обучаю игре на гитаре — Марков жас кезінде * 2012 — Тень — (в производстве) * 2013 — В спорте только девушки — (в производстве) * 2013 — Домоправитель * 2013 — Залётчики ## Сыртқы сілтемелер Подробное интервью Ильи Глинникова агентству «Атмосфера» Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2020 жылы.
Сібір хандығы, кейде Түмен хандығы, Шибан Ордасы (сіб. тат. Себер ханлыгы, Себер йорты, орыс. Сибирское царство, Сибирский юрт, Шибанская Орда) — XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибан ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір (Түмен) хандығы Пермь жерімен, Қазақ Ордасымен, Маңғыт жұртымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін. ## Саяси тарихы ### Бастауы «Сібір» терминін ең алғаш Жошының 1206 жылы «Shibir» жерінен оңтүстікке қарай орналасқан орман тайпаларын бағындыруы жайлы жазылған, 1240 жылы жарық көрген «Моңғолдардың құпия шежіресінде» кездестіреміз. Алайда ғалымдар «Сібірдің» қамтыған аумағын сенімді түрде нақтылай алмауда. Палладидің тұжырымына сәйкес - бұл Барабы жазығының солтүстігі (Ертіс пен Обь арасы). XIV ғасырда Сібір хандығының болашақ астаналары батысеуропалықтардың карталарында кездесе бастайды: Қашлық «Sebur» ретінде венециандық ағайынды Пицциганилердің картасында (1367), ал Чинги-Тура «Singui» ретінде Каталон атласында (1375). Сібір (Түмен) хандығының құрылуына негіз болған әкімшілік-саяси бірлікті анықтау барысында екі негізгі пікір қалыптасты. ### Тайбұға иелігі ретінде XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Алтын Орда құрамына кіріп, Шибан әулиетінің жері саналғанымен, елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжорлары әулетінің қолында болды. Тайбұға Шыңғысханның құрметіне өзінің астанасы Тура қаласын Чимги-Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнында Түмен қаласы орналасқан. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр хан басып алды. ### Шибан ұлысының құрамында Жошының бесінші ұлы Шибан ұлысты екі рет иеленді: * 1227 жылы Шыңғыс хан Батый мен Орда Ежен хан арасындағы дау-дамай кезінде Жошы ұлысын 3-ке бөліп, Шибанға «Боз Орданы» берді. * 1246 жылы моңғолдардың «Батыс жорығынан» кейін Батый ұлысты 14 бөлікке бөлді. Ұлыстардың құрамы мен шекарасы жиі өзгеріп отырды. Алайда Шибан ұрпақтары ұлысты сақтап қалды. Өзбек ханның реформаларынан кейін Шибан ұлысы өз шекарасын өзгеріссіз сақтап қалған жалғыз әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде белгілі. ### Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468) Түменнің (Чинги-Тура) шеткі аймақтық статусынан «көшпелі өзбектер мемлекетінің» астанасына айналуы шибан әулетінің өкілі Әбілхайыр ханның тұсына сәйкес келеді. Қала келесі 18 жылға (1428-1446) мемлекеттің елордасына айналады. «Чинги-Тура уәлаяты» термині дәл сол кезеңде пайда болған. «Шыңғыснама» мен «Нүсретнама» еңбектерінде түмен хандарына Қазан қаласы бағынғаны туралы дерек кездеседі. ### Түмен хандығы (1468-1508) Түмен хандығы дербес мемлекет ретінде XV ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Оның алдында «Ібір» атауымен Алтын Орданың құрамында еді. Тобыл өзенінің орта ағысында орналасқан. Ақ Орда, шибан, тайбұға билеушілерімен ұзаққа соғылған тартыстың нәтижесінде мемлекеттегі жоғарғы билікті Ибақ иеленді. 1471 жылы ноғай мырзаларымен, Ұлы Орданың билеушісі Ахмет ханмен, қазақ билеушілерімен (Керей мен Жәнібек) одақ құрған Ибақ Әбілхайыр ханның мирасқоры Шайх-Хайдарды жеңді. Ал 1481 жылдың қаңтарында ноғай мырзалары Мұса және Жаңбыршымен бірігіп, Ұлы Орданың ханы Ахметті өлтірген. Ноғай мырзаларының қолдауына ие болған ағайынды Ибақ хан пен Мамық сұлтан 1492 жылы Қажы-Тарханды (қазіргі Астрахань) сәтсіз шабуылдады. Жорықтың нәтижесіз аяқталуына қырым ханының көмек бермеуі себеп болды. Ағайынды Ибақ пен Мамық тұсында Түмен хандығы өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тарихи деректерде Ибақ түмен, ноғай, қазан және Шибан әулетінің ханы ретінде белгілі. Сібір жылнамаларына сәйкес Ибақ хан 1495 жылы (кейбір деректер бойынша 1493) тайбұғалық Мұхамедтің қолынан қаза тапқан. Алайда бұл деректер 1620-шы жылдардың жазбаларында кездескендіктен, ғалымдар ортасында дау-дамайларға алып келді. Ибақтың өлімінен кейін билікті өз қолына алған Мамық астананы Қашлыққа (Сібір) көшірді. 1495-1496 жылдары ноғай және қазан бектерінің көмегімен Қазан тағына отырды (1495-1497). Мемлекетті басқарудағы қатыгездігі жергілікті саяси және экономикалық топтардың наразылығын тудырды. Мамық ханның сәтсіз жорығынан кейін қазан бектері оған қаланың қақпасын ашпай қойды. Түмен хандығына қайтуға мәжбүр болған хан жолда қайтыс болды. ### Ескер жұрты (1508-1563) Мемлекеттегі дағдарыс Мамықтың өлімінен кейін хан тағына отырған Ағалақтың тұсына сәйкес келді. «Кіші мұз дәуірі» көшпенді халықтың Орта Азияға қоныс аударуына алып келді (шамамен 250-400 мың). Халықтың бірінші тобы 1490-шы, ал екінші тобы 1510-шы жылдары көшті. Халық санының күрт кемуі саяси дағдарысты тудырды. Тақ үшін талас шиеленісе түсті. Ибақ ханның ағасы Ағалақ Ноғай Ордасына бет алып, Мәскеу билеушілерімен қарым-қатынас орнатты. Хан тағына отырған Құтлық 1506 жылдан бастап «Түмен және Сібір ханы» ретінде белгілі. Алайда сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер мен климаттың әсері 1510-1511 жылдары бірнеше ұлыстың Орта Азияға көшуімен аяқталды. Биліктен Шыңғыс ұрпақтарын ығыстырған тайбұғалық Мұхаммед Ескер жұртының негізін қалады. Тайбұға әулеті мемлекеттің жаңа билеушілеріне айналды. 1555 жылы тайбұғалық билеуші Едігер өзінің Орыс патшалығына тәуелділігін мойындады. ### Көшім ханның тұсындағы Сібір (Түмен) хандығы (1563-1598) Едігердің орыс патшасының қол астына өтуі Шибан әулеті өкілдерінің наразылығын тудырды. 1555-1563 жылдары Мәскеуде Едігердің, Мұртаза мен оның ұлдары Ахмет-Керейдің, Көшімнің елшілері келіссөздер жүргізген. Орыс патшасы IV Иванның ноғай биі Исмаилге хатына сәйкес хан тағына 1563 жылы Мұртазаның үлкен ұлы Ахмет-Керей отырды. Шибан әулетінде қалыптасқан дәстүр бойынша ағайынды хандардың біреуі саяси, ал екіншісі әскери функцияларды атқарған. Көшім хан 1560-шы және 1570-ші жылдары шығысқа ұйымдастырған жорықтарының нәтижесінде Қызыл-Тура мен Есілдің сағасынан бастап, Ом өзені, Барабы даласы, Обь маңындағы жерлерді басып алды. Жергілікті тайпалардың билеушілерімен одақ құрып, төленетін алым-салықтың мөлшерін бекітті. Жаңа шекаралардың бойында кішігірім қалашықтар салдыртты, ал саяси жағдайы тұрақсыз аймақтарға сенімді адамдарын жіберген. Барабы даласында ханның өкілі ретінде ордасы Тон-Тура қаласында (орыс. Воскресенское городище) орналасқан Боян би белгілі. Обь өзенінің жоғары ағысында мекендеген қалмақ тайпалары Көшім ханның одан әрі шығыс аймақтарды бағындыруына кедергі болды. Көшім хан 1569-1570 жылдары қазақ ханы Хақназарға қарсы әскери жорық ұйымдастырған. Ноғай билеушілеріне жөнелтілген орыс елшісі Семен Мальцевтің Мәскеуге жазған хатына сәйкес 1569 жылы Хақназар хан, Шығай және Жалым сұлтандар бастаған әскер Ноғай ордасын шабуылдаған. 1570 жылы қазақ ханы басып алған жерлерінен шегініп, ноғай мырзаларымен, түмен (сібір) ханымен бітімге келген. 1570-ші жылдары Түмен (Сібір) хандығының майдан даласындағы белсенділігі батысқа ауысты. Оралдың арғы бетін басып алған Көшім Пермь жерін және салынып жатқан жаңа орыс қалаларын жиі шабуылдаған. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты. 1574–1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі. 1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Ескер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі. 1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығының Мәскеу мемлекетінің құрамына кіру үрдісі басталды. ## Мемлекетті басқару жүйесі Сібір хандығы көпұлтты саяси бірлестік еді. Жоғарғы билеуші – хан. Ханды бектер, мырзалар, тархандар сайлайтын. Мемлекеттік құрылым жартылай әскери сипатқа ие болған. Хандықты басқаруда хан уәзірге (қараша мен кеңесші) арқа сүйеген. Сібір хандары ұлыстарды басқарып отырған мырзалар мен бектердің жұмысына араласа қоймайтын. Әскери олжаға қызығушылық танытқандықтан, мырзалар мен бектер соғыстар мен жорықтарға белсене қатысатын. Түркітілдес феодалдар қатарына ханты және мансы тайпалары феодалдарының бір бөлігі жатқан. Алайда, түркітілдес емес тайпалар, негізінен, тәуелділік жағдайында болды. Сібір хандығында туған осындай қарама-қайшылықтар мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізді. ## Халқы мен экономикасы Түркітілдес тайпалар, негізінен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, балық аулаумен, аңшылықпен айналысатын. Осыған қарамастан, археологтар Тобыл мен Ертіс алқаптарында отырықшылық өмірдің белгілерін тапқан. Сол аймақтарда үй шаруашылығы, тоқыма, метал өңдеу, қыш-құмыра өнеркәсібі дамыды. Сібір хандығының негізгі әкімшілік және әскери орталықтары: Қызыл-Тура, Қасым-Тура, Явлу-Тура (қазіргі Ялуторовск қаласы), Тонтур. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды. ## Сібір хандығындағы қалашықтар мен елді-мекендер ## Әскері Сібір отрядтарынан өзге Сібір хандығы жорықтары кезінде жергілікті тайпалардың жауынгерлеріне арқа сүйеген. Сібір әскерінің нақты санын анықтау қиын. Алайда, Абалақ өзенің бойындағы шайқаста Көшім ханның ұлы Мәметқұл бір түменді (10 мың адам) басқарған. Хандықтың әскері орталықтандырылмағандықтан, орыс әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. Көшім хан қол астына ноғайлардан құралған кішігірім отряд жасақтаған. Сібірдің көптеген князьдері гарнизондармен нығайтылған қалашықтарда тұрған. Сібір хандығының жауынгерлері майдан даласында садақ, қылыш, найза, айбалталарды кеңінен қолданған. Ал қорғаныс құралдары ретінде дулыға, сауынттың алуан түрін кездестіреміз. ## Сібірдің билеушілері ### Сібірдің моңғол шапқыншылығына дейінгі билеушілері * Он-Сом хан * Тайбұға (1220-белгісіз) Шибан ұлысы * Шибан (1243 жылдан бастап) * Бахадүр хан (1266-1280) * Жошы-бұға (1266-1280) * Мың-Темір (1359 жылға дейін) * Болат-Темір (1359-1367) * Әлібек хан (1367-1375) * Қағанбек (1375-1380) * Дәулет шейх (1382 жылға кейін) Тоқа-Темір әулеті * Тоқтамыс хан (1396-1406) * Шыңғыс-оғлан (1407-1403) Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр ордасы) * Қажы-Мұхаммед хан (1420-1428) * Жұмадық (1425-1428) * Махмұд-Қожа (1428-1429) * Әбілқайыр хан (1428-1468) Түмен хандығы, Ескер (Сібір) жұрты * Ибақ хан (1468-1495) * Мамық хан (1495-1497) * Ағалақ хан (1497-1505) * Құтлық хан (1505-1525) * Қасым (1516-1530) * Едігер (1552-1563) * Бекболат (1558-1563) * Ахмет-Керей хан (1563-1579, 1574-1578) * Көшім хан (1569-1574, 1578-1598) * Әли хан (1598-1607) ## Әдебиет * Атласи Х. История Сибири. — Казань: Татар. кн. изд-во, 2005. — 96 с. * Греков Б. Д., Якубовский А. Ю. Золотая Орда и её падение. — 2-е изд. — М.—Л.: Изд-во АН СССР, 1950. — 10 000 экз. * Егоров В. Л. Историческая география Золотой Орды в XIII-XIV вв. — М.: Наука, 1985. — 11 000 экз. Архивная копия от 10 апреля 2008 на Wayback Machine * Исхаков Д. М. Тюркско-татарские государства XV—XVI вв. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2004. — 132 с. — (Biblioteka TATARICA). — 500 экз. * Маслюженко Д. Н., Рябинина Е. А. Реставрация Шибанидов в Сибири и правление Кучум хана во второй половине XVI века // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 97—111. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7. * Матвеев А. В., Татауров С. Ф. Сибирское ханство Кучума царя. Некоторые вопросы государственного устройства // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 112—117. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7. * Миллер Г. Ф. История Сибири. — М.—Л.: АН СССР, 1937. — Т. 1. * Миллер Г. Ф. История Сибири. — М.—Л.: АН СССР, 1941. — Т. 2. * Мухамедьяров Ш. Ф. История Сибири с древнейших времен до наших дней. — Л., 1968. — Т. 1. — С. 353—372. * Похлёбкин В. В. СИБИРСКОЕ ХАНСТВО. Отношения между Сибирским ханством и Русским государством (1555-1598 гг.) // Татары и Русь. — М.: Международные отношения, 2000. — С. 149—160. — 192 с. — ISBN 5-7133-1008-6. * Сабитов Ж. М. Генеалогия Торе. — 3-е изд. — Алма-Ата, 2008. — 326 с. — 1000 экз. — ISBN 9965-9416-2-9. Архивная копия от 27 января 2012 на Wayback Machine * Сибирские татары. Монография / Отв. ред. С. В. Суслова. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2002. — 240 с. — 500 экз. — ISBN 5-94981-009-0. * Скрынников Р. Г. Ермак. — М.: Просвещение, 1992. — 160 с. — 150 000 экз. — ISBN 5-09-003828-7. * Соболев В. И. История Сибирских ханств : По археолог. материалам. Дис. д-ра ист. наук: 07.00.06. — Новосибирск, 1994. * Султанов Т. И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть. — М.: АСТ:АСТ МОСКВА, 2006. — С. 285—290. — 445 с. — (Историческая библиотека). — 5000 экз. — ISBN 5-17-0358040. * Трепавлов В. В. Ногаи в ханствах Шибанидов // История Ногайской Орды. — М.: Восточная литература, 2002. — С. 90—139. — 752 с. — ISBN 5-02-018193-5. * Тычинских З. А. К вопросу об административно-политическом и территориальном устройстве Сибирских татар в XVI-XVIII вв. // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 172—182. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7. * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2. * Файзрахманов Г. Л. История татар Западной Сибири: с древнейших времен до начала XX века. — Казань: Татар. кн. изд-во, 2007. — 431 с. — 1000 экз. — ISBN 978-5-298-01536-3. * Фарисов Ф. Ф. Из истории тюменских и сибирских татар // Тайны Татарского народа (часть 1).
Түрпітек - (Zaglossus bruijni) - ілкіаңдарға (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілердің ішідегі біртесіктілер тұқымдасына жатады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Түрпітектің алғашқы сипаттамасын 1786 жылы Берлин зообағының мұражайының жетекшісі В. Петерс және оның әріптесі Дориа (Peters Doria et) Генуи берген. ## Биологиялық сипаттама Түрпітек әдетте түрпіден ірі болады: денесінің ұзындығы 77 см-ге жетіп салмағы 5-10 кг болады, кейде 16 кг дейін болады. Түсі қара-қоңырдаң қараға дейін. Денесі тікенекті, тікенектері 3-5 см. Құйрығы қысқа 5-7 см.Аяқ-қолы түрпіге қарағанда ұзынырақ және етті болады. Тырнақтары қалың және мықты. Еркек дарақта үйрек-тұмсықтікіндей артқы аяғының ішкі бетінде артқа қарай бүгілген мүйіз тырағы бар, бірақ ол улы емес. Түрпінің артқы аяғы бесбармақты, ал алдығысы - үшбармақты.Басында цилиндр тәрізді төменге қарап қалған тұмсығы (рострум) бар. Тұмсығы ұзын - басының ұзандығының 2/3 болады. Ұшында танауларымен ауыз тесігі бар.Тілі ұзын (30см дейін), тікенекті. Тістері жоқ.Басында кішкетай құлақтарың қалқандары көрінеді.Түрпітектер - гетеротермалдық жануарлар: қоршаған ортаның температурасына байланысты дене қызуы 36-дан 25° С-ге дейін өзгереді.Көбіне жауынқұрттармен көректенетін түрпітек тұмсығымен жерді ақтарып азығын табады. Ірі құртты тапса алдынғы аяқтарымен басып тұрып, құрттың басын тілімен ауызына салып сорып алады. Жауынқұрттан басқа термиттермен, құрт-құмырсқа және олардың личинкаларымен көректенеді. Бірақ Мәскеу зообағында түрпітек қуана-қуана етті де бауырды да жеген.Көбейу маусымдығы шілде айыда басталады. Жалғыз тұкым туып оны дорбашасына салып жүреді. 10 күнде төл жұмыртқаны жарып шығарады. Оны 6 айға дейін анасы сүтпен емізеді.Тіркелген ең ұзақ өмір сүрген түрпітек - Лондон зообағында 30 жыл 8 ай. ### Таралуы Жұмыртқа салатын сүтқоректілердің ішіде түрпітектерді жағдайы ең ауыр болып есептеледі. Бүкіл жершарында 1982 жылғы санауда 300 000 дарақ қалған.МСОП Қызыл Кітабына кіргізілген.Табиғатта түрпітектер Жаңа Гвинея араладарында және Салавати, Вайгео деген Батыс Жаңа Гвинея (Индонезия) аралдарыда дыңқыл ормандарында кездеседі. ### Пайдалаған әдебиет * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * Полная иллюстрированная энциклопедия. «Млекопитающие» Кн. 2 = The New Encyclopedia of Mammals / под ред. Д. Макдональда. — М.: «Омега», 2007. ## Сыртқы сілтемелер * Почти неизвестная проехидна Мұрағатталған 9 тамыздың 2012 жылы. * Проехидна — длинноносый и колючий зверёк Мұрағатталған 11 ақпанның 2012 жылы.
Киіз үй тарихынан. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған. Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII— ғ. екінші жартысынан) пайда болған. Киіз үй; «Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Еуропа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған»,— деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев. Ойды ой қозғайды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болады. (Акишев). Біздің жыл санауымызға дейінгі IV—III ғасырлардың өзінде-ақ тек жылқы малының өзі төрт-бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады (Бичурин). Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн-көріс мұқтажынан бастап рухани талғам-талабына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының ұзына тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол. ## Ыдыс-аяқ Ыдыс-аяқ. «Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш», — деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне жоғарыда бір ауыз сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарын жасаған. Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді. Мұқият өңдеген қайың, әсіресе, оның безі қара шұбарланып, қосымша әшекейсіз-ақ әдемі болады. Шеберлердің айтуынша, әбден кепкен қайыңда бөтен иіс те, шайыр да болмайды, сондықтан оған құйылған қымыздың дәмі де бұзылмайды. Қымызға арналған ағаш ыдыстар: тегене, ожау, шара, сапты аяқ, тостаған, күбі, піспек. Ел ішінде бұл ыдыстардың түрлері күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылса, оның сәнделіп жасалған ғажайып түрлері де аз болмаған. Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені — саба. Саба — молшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар сабаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Мысалы, Есенейдеген атақты бай алты айғырдың терісінен саба тіктірген. Оны «тай жүзген» деп атаған. Мұндай сабаларға ас берерде немесе ұлы дүбір бір дуан елді шақырып той жасарда биенің сүтін сауып, жинап, құйып қымыз ашытқан. Тегене — үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс. Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10—15 литр еркін кетеді, әрі құйылған қымызды сапырып отыруға ыңғайлы. Әдетте, тегенелердің іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылады. Сүйек не күмістелген темір әшекейлермен әр түрлі асыл тастармен безендіріледі. Кейбір тегенелердің қақпағы ағаштан жасалып, күміс әшекейлермен көркемделеді. Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ағаш ожау қолданылады. Қазақ арасында қымыз сапыратын ожаудың екі түрі жасалды. Оның ішінде Қазақстан жеріне ең көп тараған түрі — ұзын сапты ағаш ожау. Мұндай ожаудың сабын сүйектеп, күмістеп, оюлап безендіретін болған. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында ожаудың қысқа сапты түрі де кездеседі. Ожаудың қай түрі болсын, мұқият өңделіп, сырт пішіні әркелкі жасалады. Қымыз ішуге арналатын үлкенді-кішілі шара, сапты аяқ, тостаған сияқты ыдыстарды да қайыңнан шауып, кейде сыртына ою ойып, күмістеп безендіреді.Саптыаяқ – саптыаяқ деп әдетте ағаштың безінен ойылған сабы бар бақыраш тәрізді шұңғыл ыдысты, яғни ағаштан жонып жасаған аяқты айтады. Зерен – қымыз, шұбат құятын қадірлі ыдыс. Көлемі де, сырты да шараға ұқсас болады. Қатты ағаштан ойылып жасалады. Шұңғыл жиегі қалың бүйірі тіктеу келеді. Жиегінен, бүйірінен ойып, сәнді ою-өрнек жасалады орнықты болу үшін жалпақ, шығыңқы түбі болады. Түсін біріыңғай келтіру үшін ағаш қабықтары бояуымен қанықтырады. Шара – қымыз құюға араналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды. Қымызды дастарқанға апарағанда сабадан осы шараға құйып апарады. Оның ішіне 10-12 литр қымыз сияды. Шараны емен, қайын сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді. Шара сырты ою-өрнектермен күміс немесе сүйек әшекейлермен көркем безендіріліеді. Өзіне лайық ағаш қақпағы болады. Ол да әшекейленіп жасалады. Сары қымыз әсем шара ыдысты дастарқан сәні, үйдің көркі, қолы берекелі әйелдің мәртебесі десе де болады. Қазан – басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді. ## Қазақтың ұлттық киімдері Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше. ## Дереккөздер
Ала құмай - бүркіт тәрізділер тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Басы, мойны ақ, тықыр мамықты, құйрығының үсті ақ, арқасы ақшыл сары, салмағы 8-10 кг. Қанаты 3 метр. Сүт қоректілердің, әсіресе суыр мен тұяқты жануарлардың өлімтігімен қоректенеді. Тянь- Шань, Памир, Гималай тауларының биік жоталы жерлерінде кездеседі, онда ағаш бұтақтарына үлкен ұя жасап, ақшыл жасыл бір жұмыртқа салады. Ауаны ластайтын және түрлі ауру таратуға себепкер болатын өлекселермен қоректенғендіктен пайдалы құс. ## Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1972, 1 том, 245 бет
Қыналар (лат. Lichenes) — денесі екі құрамбөліктен (балтыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қыналар соңғы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктеге жатқызылып келді. Алайда олардыңң құрылысыжәне тіршілік әрекетіерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі етінде өз алдына жеке қарастырылатын болды. Қыналар - ерекше және ғажап ағзалар. Саңырауқұлақты жіпшумағы көк-жасыл балдырды орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырды түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орналастырады. Оның құрамындағы балдырларды ауадаң ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақ бөлімі ретінде қарастыруда. Қазіргі кезде қыналарды 26 мыңға жуық түрі белгілі. Қынаны зерттеушілер лихенологтар деп аталады. Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерге өседі. Тасты үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Антарктикадаң 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортада өсетіндері жоғаы температурада тез кеуіп кететіндіктен, тіршілігі уақытша тоқталады. Қайтада қолайлы жағдай туса, кеуіп қалған қыналар қалпына келіп, тішілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды айықша тығыз қалың қабықша қоғап тұрады.Қыналар пішініне қарай үш топқа бөлінеді: * Ағашты діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына. Бұлар сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады. * Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары - жапырақ тәрізді қыналар * Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталға ақшыл-жасыл, ақшыл түстілері - бұта тәрізді қыналар. Қыналар саңыауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбелесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырладың фотосинтезі нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен көроетенеді. Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікте орнығады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіні де бар. Қынаның құрамында біржасушалы көк-жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасуша хроматофорлары көмірқышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзеледі. Ғалымдар қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырларды көректік ортада жеке жеке өсірген. Сонда саңырауқұлақтардың жіпшелері ғана пайда болып, спора түзілмеген. Балдырларда көбеюдің барлық түрлері болған. Сондықтан қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар паразитті көректенуге бейімиделе бастады деген қорытындыға келген.Қыалар өсімді жолмен көбейеді. Оның деесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінің бөліп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі. Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез өтеді.Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай - оттегі бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында өсе алмайды.Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалауға болады. ## Табиғатты, шаруашылықтағы маңызы Қыналардың топыраққа көректенуі нашар жүреді. Тастардың бетіне, суыған жанартау қалдықтарының (лава) бетіне алғаш "қоыстанатын" да осы қыналар. Олар өсіп тұрға жеріне Қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топыақ пайда болады. оған басқа өсімдіктер орығады да, жауарларды мекеніне айналады.Қыалардың шаруашылық маңызы өте зор. Бұғы қыасы деп аталаты қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдеріне өсетін жерқынаны қайнатып, дизетерия ауруын емдеуге пайдаланады. Снымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәілік жасалады. Қыадан қант, спирт, бояу, такмус алынады. қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады. * * * * * * * ## Дереккөздер
Тұрым би Шуақұлы — 1890–1891 жылдарда өмірге келіп, 1928–1929 жылдары Болтай өңірінде қайтыс болды. Аппаз биде көп сөз есітіп, іштей шамырқанып жүрген Қаңлы Тұрым, Сауранбай бидің ел билеуге жарайтынын сезіп, елді біріктіріп, оның болыс болуына ықпал жасапты-деседі.Тұрым биден жеткен сөздер: …Шайтан шабыра көп болады,Жегенің шөп болады.Буйырса бір-екі түйір ет болады,Әр адамның астында темірден мінген ат болады.Ағайын бір-біріне жат болады.Сөйлейтін қағаз болады. Тұрым би қайтыс болғаннан кейін ел ішіде: "Тұрым кетті - бақ кетті", - деген сөздер қалыпты.Асқар Тоқмағамбетов өзінің кітаптарында Сыр елін, әсіресе Қараөзектегі билер қатарына Тұрым биді қосып, оның ел билігіне араласқан нақты мысалдармен өрнектеген. ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
## Байжан би Өз қатарынан асып туғанн әкелі-балалы Байжан және Сартай билердің есімдері 300 жылдан бері ұмытылмаған емес. Қандай бір саяси кезеңдерде бұл билердің халқына жасаған қызметі, елдің елдігін сақтауға белсене араласқан игілікті істері халық жадынан шықпаған.Байжан би Қосқұлақұлы мен Байжанұлы Сартайдың есімі XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласына жайылған Ресейдің әскері қызметші-зеттеушілері мен шығыстанушы-ғалымдарының,қазақ жерін аралаған шетелдік саяхатшылардың, Ресей елшісі М.Тевкелевтің күндері мен жазбаларына жиі ұшырасады. Әрине,ол жазбалардан ірі тұлғалардың бүкіл қызметі мен қоғамдығы орны тұтыстай көрібегенімен олардың өмір сүрген уақыты,шыққан тегі және басқа да оқиғаларды білумізге септігі тиері сөзсіз. Алшын тайпасының Шекті руының Жақайым бөлімінің Ақбура аталығынан Асан батыр туaды. Оның баласының аты да Асан. Сол кіші Асаннан-Дәулет, Қосқұлақ туған.Қосқұлақтан-Алтынбай, Байжан өсіп-өнеді. Арғы-бергі бабалардан жеткен шежіре сілемі осылай.Байжан бидің есімі бізге алғаш рет орыс-қазақ қатынастарында,6 наурыз 1732 жылғы дерегінде кездесті. Сосын, М.Тевкелев өз күнделігінде өзін жақтырмайтын бірнеше старшиналардың атын айта келіп, солардың қатарында Байжан би мен Сартайды да атайды.Бір атаның буынын орта есеппен 25-30 жас деп есептесек,сонда Байжан би Қосқұлақұлы шамамен 1650-1660 жылдары туып, 1740-1750 жылдары қайтыс болған ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Байжан би Өз қатарынан асып туғанн әкелі-балалы Байжан және Сартай билердің есімдері 300 жылдан бері ұмытылмаған емес. Қандай бір саяси кезеңдерде бұл билердің халқына жасаған қызметі, елдің елдігін сақтауға белсене араласқан игілікті істері халық жадынан шықпаған.Байжан би Қосқұлақұлы мен Байжанұлы Сартайдың есімі XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласына жайылған Ресейдің әскері қызметші-зеттеушілері мен шығыстанушы-ғалымдарының,қазақ жерін аралаған шетелдік саяхатшылардың, Ресей елшісі М.Тевкелевтің күндері мен жазбаларына жиі ұшырасады. Әрине,ол жазбалардан ірі тұлғалардың бүкіл қызметі мен қоғамдығы орны тұтыстай көрібегенімен олардың өмір сүрген уақыты,шыққан тегі және басқа да оқиғаларды білумізге септігі тиері сөзсіз. Алшын тайпасының Шекті руының Жақайым бөлімінің Ақбура аталығынан Асан батыр туaды. Оның баласының аты да Асан. Сол кіші Асаннан-Дәулет, Қосқұлақ туған.Қосқұлақтан-Алтынбай, Байжан өсіп-өнеді. Арғы-бергі бабалардан жеткен шежіре сілемі осылай.Байжан бидің есімі бізге алғаш рет орыс-қазақ қатынастарында,6 наурыз 1732 жылғы дерегінде кездесті. Сосын, М.Тевкелев өз күнделігінде өзін жақтырмайтын бірнеше старшиналардың атын айта келіп, солардың қатарында Байжан би мен Сартайды да атайды.Бір атаның буынын орта есеппен 25-30 жас деп есептесек,сонда Байжан би Қосқұлақұлы шамамен 1650-1660 жылдары туып, 1740-1750 жылдары қайтыс болған ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Тарвердиев Мамет-Сала Джафар Оглы - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый путь" колхозының звеношысы (1942). 1882 жылы Әзірбайжанда, Карадальнск ауданы, Мазарали селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып, "Новый путь" колхозына қызылша өсіруші болып жұмысқа кіреді. * 1939 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болады. * 1942 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалып, 1947 жылы табанды еңбектерінің арқасында бригада өздеріне бекітілген 12 гектар жердің әр гектарынан 362 центнерден қант қызылшасын алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Сүлейменов Ысқақ - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Октябрь колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1943). 1916 жылы Жамбыл облысы, Жалпақтөбе ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1936 жылы "Октябрь" ұжымшарына жұмысқа кіріп, қатардағы колхозшы болып еңбек етеді. * 1943 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Бригада жоспарды жыл сайын асыра орындап, қант қызылшасынан мол өнімін алып отырды:1945 жылы 22 гектар жердің әр гектарынан межеленген 180 центнердің орнына 481 центнерден;1946 жылы 220 центнердің орнына 521 центнерден;1947 жылы 220 центнердің орнына 638 центнерден. * 1945 жылы 22 гектар жердің әр гектарынан межеленген 180 центнердің орнына 481 центнерден; * 1946 жылы 220 центнердің орнына 521 центнерден; * 1947 жылы 220 центнердің орнына 638 центнерден. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Тәңкі би Қаржауұлы — 1763–1965 жылдар аралығында туған, 1830 жылы Кіші (Арал) Қарақұмда қайтыс болыпты. Тәңкінің батырлығынан шешендігі басым болса керек. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан. Шежіре: Тәңкі би-Қаржау-Қалымбет-Метей-Әлдеберлі-Келмембет (Сарқасқа)-Келдібай-Бозғұл-Шөмекей Ел әңгімелеріне бүгінге дейін Тәңкі шешен аталады. Арғы бабалары Сарғасқаның Метейі. Көрнекті ақындардың бірі Молдахмет Дабылов өзінің шежіре дастаныңда: ...Метейден Тәңкі шешен сайрап туды, Билікті талай дауда алған жығып, - депті. Тәңкі өзі турасында:«…Ей, Алла, тіл жағыма бердің ерік,Несіне қимағанның маған көрік», - деп өзінің бет-бейнесінен хабар етсе, екінші бір шумақта: «Тары да бітеді бұл жерге.Арпа да бітеді бұл жерге.Бірақ Тәңкі би бітпейді бұл жерге», - деп өзінің ерекше адам екенін тағы да білдіріп өтеді. ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген.VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. X ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. X ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. XI ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (XI ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс Түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, IX ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, VIII-IX ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер IX ғасырдың ақыры мен X ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (IX ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. ## Қимақ мемлекетінің құрылуы VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардың мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды.Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған. Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді. ## Этникалық және тайпалық құрамы Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан маңызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенегтермен, қарлұқтармен, қыпшақтармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады ## Саяси тарихы Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды. Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп. ## Жазуы Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді. ## Шаруашылығы Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді. ## Қимақ мемлекетінің құлауы X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия және т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы әл-Марвазиді (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу жөнінде мейлінше кұнды ақпарат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суреттейді: «Олардың (түріктердің) арасында кұндар деп аталатын бір топ адам бар, олар кытай қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен кетті. Икинджи ибн Қошқар Хорезмшах солардың (арасынан) шыққан. Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді. Бұлар олардан көп те күшті болатын. Бұлар оларды жайылымнан қуды. Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмендер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенеттер жеріне көшіп барды». Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді.Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты. ## Дереккөздер
Тұранбаев Сатылған - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлік-Үстем колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1947). 1912 жылы Жамбыл облысында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Ауылдық мектепті бітірген соң, көп жыл колхозда диқаншы болып жұмыс істейді. * Ұлы Отан соғысы жылдары, майданда болып, көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін мемлекеттік медальдармен марапатталып, еліне қайтады. * 1946 жылы колхозда техник болып жұмыс істейді. * 1947 жылы қызылшашылар бригадасына басшылық етіп, өздеріне бекітілген 7 гектар жердің әр гектарынан 809 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды артығымен орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Тортаева Қанымқыз - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Қызыл Жұлдыз" колхозының звеношысы (1939). 1901 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Қазақстанда колхоздар ұйымдастырылып жатқанда алғашқылардың бірі болып "Қызыл Жұлдыз" ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіріп, 20 жыл қатардағы қызылшашы болып жұмыс істейді. * 1939 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады. Бригада мол өнім алу жолында қажырлы еңбек көрсетеді:1945 жылы 6 гектар жерге 250 центнерден, 1946 жылы 7,3 гектарға 472 центнерден, 1947 жылы 2 гектар жерге 750 центнерден өнім өсіреді. * 1945 жылы 6 гектар жерге 250 центнерден, 1946 жылы 7,3 гектарға 472 центнерден, 1947 жылы 2 гектар жерге 750 центнерден өнім өсіреді. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * "За трудовое отличие" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Түнғатарова Күләй - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Белбасар колхозының звеношысы (1943). 1941 жылы Жамбыл облысы, Луговское ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1941 жылы Белбасар колхозына жұмысқа кіреді. * 1943 жылы колхоз басқармасы оны қызылшашылар тобының звеношысы етіп тағайындайды.1945 жылы қант қызылшасы алқабының әр гектарынан межеленген 103 центнердің орнына 125 центнерден;1946 жылы 110 центнердің орнына - 130 центнерден;1947 жылы 202 центнердің орнына - 500 центнерден өнім алып, алған міндеттемелерін ойдағыдай орындайды. * 1945 жылы қант қызылшасы алқабының әр гектарынан межеленген 103 центнердің орнына 125 центнерден; * 1946 жылы 110 центнердің орнына - 130 центнерден; * 1947 жылы 202 центнердің орнына - 500 центнерден өнім алып, алған міндеттемелерін ойдағыдай орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Аршашыл қунақ (leucosticle nemoricola) - үй торғайдың аналығына жабын қауырсынының реңі де, қылығы да өте ұқсас құс. Аршашыл қунақтың жабын қауырсыны - қөріксіз күңгірттеу қоңыр, ал қылығы өзіне ұқсас топта торғайдың шырылдағаны сияқты дауыспен шуылдайтын әдеті бар, сондай-ақ тұрған қалпы торғайға тәні - қанатын түсіріп, құйрығын көтеріп алады. Тек қана ұшып көтерілген кезде ұзын, үшкір қанаты оны бұлдыр қунақ кейпіне келтіреді. Қазақстанда аршашыл қунақ Батыс Тәңіртаудағы Оңтүстік Алтайға дейін оңтүстік және шығыстың биік тауларында орын тебеді. Ол шалғынды беткейлердің ұмсынған тастармен кезектескен бүкіл субальпілік және альпілік белдемнің төменгі бөлігін алып жатады. Аршашыл қунақтар кешірек - тек қана маусымда ұялай бастайды. Ұялары шығар аузынан бір жарым метр тереңдікте топырақтан қазылған інде, тас астындағы қуыста орналасады. Салындыдағы 4-5 шаңқандай ақ жұмыртқаларды аналығы 12-15 күнбасады, ал аталығы бұл кезде аналықты субальпілік шөппен уақтылы қоректендіреді. Балапандарды ұяда15-18 күн, ұшқан соң да ұзақ қоректендіреді. Оның үстіне алғашқы күндері балапандарға негізіндебунақденелілерді береді, алайда көп ұзамай оларды тек қана өсімдіктекті қорекке көшіреді. Балапандар ұшқан соң аршашыл қунақтар жүз-жүзден топқа жиналып, қыс бойы қорек іздестіріп жылыстайды. Шырша тұқымы түсімді болған кезде бұл топтар шыршалы орманда пайда болады. Бұл жерде қунақтар шала ашылған бүрлерден шырша тұқымын алып жейді. ## Дереккөздер Құстар (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010
Бұлдыр қунақ немесе тау қунақ (Leucosticte arctoa) - тау қунақтар туысындағы ең ашық реңді құс. Ол алыстан қарағанда ақ қанаты және құйрығымен қара түсті сияқты болып көрінеді. Аталықты жақыннан қарағанда төсі және бауырының күңгірт қара жабын қауырсынының үстіндегі күміс түсті таңқурай реңді жұқа қабат, сондай-ақ мойын сыртындағы ашық түсті жолақ жақсы байқалады. Аналығы қызғылт реңсіз, бозғылт түсті болып келеді. Бұлдыр қунақ інжүрең қунақ тәрізді топ түзеді. Қазақстанда бұлдыр қунақ Оңтүстік Сібірдің биік тауларында нағыз шығыстық шекарада - Алтайда ғана ұялайды, ал қыста Ертістің аңғарына түседі және Жоңғар Алатаының етегінен екі рет кездескен. Бұлдыр қунақтың тұқым топта өмір сүру дағдысы зерттелген жоқ. ## Дереккөздер "Құстар" (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010
Алаутүсті микрозегрис (Микрозегрис пламенный Microzegris pyrothoe Eversmann, 1832) — саны қысқарып бара жатқан ақ көбелектер түрі. Ресейдің Еуропа бөлігінің оңтүстік-шығысында, Орта Азияда, Оңтүстік Алтайда, Батыс Қытайда таралған.Қазақстанда Оңтүстік Балқаш маңы мен Каспий маңынан (Үстірт шоқысынан) нақты белгілі. Құмды,сортаңды шөлдердегі сексеуілді және астық тұқымдас түрлі шөпті жүзгіндіктерде тіршілік етеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Көбелектердің ұшуы сәуір, мамырда байқалады.Жұлдызқұрты мен қоректік өсімдігі белгісіз. Республика жерінен тысбарлық жерде саны төмендеуде,ал біздің республикамызда мәліметтер жоқ. Сарыесік-Атырау шөлі, Iле өзенінің жағалауында (Бақанас ауданы) сирек кездеседі,кей жерлерде кәдімгідей. Жер жырту,малды шектен тыс бағу, ағаш-бұталы өсімдіктерді кесу нәтижесінде, тіршілік ететін ортасының бүлінуі мен толық бұзылуы, түр популяциясына қатты әсерін тигізіп отыр. Түрді қорғау үшін сексеуілді ормандарды қорғау керек. ## Дереккөздер Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас.
Тергеуова Қалдыбала - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Шұбар ауылдық советі, Жаңалық колхозының звеношысы (1946). 1912 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Жаңалық колхозының қалыптасуына ат салысып, қызылша өсіруші болып жұмыс істейді. Мол өнім алу жолында талмай еңбек етіп, алдыңғы қатарлы колхозшы болады. Көптеген жылдар ішіндегі жемісті еңбегі үшін 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1946 жылы қызлшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады. Осы жылы өздеріне бекітілген 3 гектар жердің әр гектарынан 819 центнерден қант қызылшасын алып, аса жоғары көрсеткіш көрсетеді. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Тоқболатты би (XVIII ғасырдың соңы – XIX ғасырдың ортасы) — би, оны кейде хан деп те атайды. Қаракетенің Қарабазары, Қарабазардан: Байбөрі, одан Қожамжар. Қожамжардан: Тоқболат, тағы басқа ұрпақтары бар. Тоқболат туарда Қожамжарға Қыдыр әулие аян беріп, «үшінші ұлыңның атын Тоқболат қоярсың, оған бақыт қонар, халық сыйлап құрметті тұлға болар», - деген халық аузында аңыздар қалған. Қармақшы өңірінде «Тоқболат атамыз би болды,би болды емсе хан болды» - деген сөз бар. Тоқболат өз заманында Кете руының бетке ұстар айтулы басшысы болғандығын «Тоқболат» деген жер атауы дәлелдей түседі. ## Дереккөздер
Байсақал керуенбасы (би) XVIII ғасырмен XIX ғасырдың басыда есімі біраз жерге жайылған. Байұлы тайпасы Жаппас руынан шыққан. Шамамен 1770-1780 жылы туылып 1850-1851 жылдары қайтыс болған Байсақал Тілекеұлының арғы бабасы Өтетілеу би Қасқаұлы 1738 жылдың 3 тамызында патша өқілі Татищев мырзаға ант берген билердің бірі. Тілеке Өтетілеуұлы әрі би, әрі батыр болған кісі екен. Ол хан сұлтандар мен қатар Ресей генерал-губенаторларымен сыйластықта болыпты.1803-05 жылдардағы мұрағат құжаттарында Бұхара мен Тоцкий арасында сауда жасап, керуендердің аман-сау оралуын басқаратын ағайынды Көбек, Ақсақал, Байсақал екені айтылған. Олар сонымен қатар өздеріне қарасты Жаппастың (ру) 6 бөлімдерідегі 7200 шаңыраққа билік жасайтыны нақты жазылған.Өтетілеу, Тілеке, Байсақал, оны баласы Ахмет жайында «Қазақ тарихының материалдары» Илья Казанцевтың Санкт-Петербугте 1867 жылы шыққан «Описание Киргиз-Кайсаков» атты еңбегінде және «Казахско-русские отношения в XVIII - XIX веках» кітабында, Қазақстан мемлекеттік мұрағатының №4, №383, №384 қорларында тағы басқа құжаттарда сақталынған. ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов: Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Терлікбаев Мырзақұл - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаңалық колхозының егіншілер бригадасының бригадирі (1932). 1910 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Жаңалық колхозына кіріп, егіншілер бригадасында егінші болып жұмыс істейді. * 1932-1941 жылдары егіншілер бригадасының бригадирі болды. * Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда болады.1944 жылы соғыстан соң өз колхозына оралып, жұмысын жалғастырады.1945 жылы қант қызылшасынан межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 160 центнерден, астық дәнді дақылдан - межеленген 10 центнердің орнына әр гектардан 10,5 центнерден өнім алады;1946 жылы - қант қызылшасынан - 282 центнерден, астық дәнді дақылдан - 11,5 центнерден; Осы жылы ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Советінің Президиумының Жарлығымен "За трудовую доблесть" медалімен наградталады;1947 жылы - 4 гектар жердің әр гектарынан 833 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды асыра орындайды. * 1945 жылы қант қызылшасынан межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 160 центнерден, астық дәнді дақылдан - межеленген 10 центнердің орнына әр гектардан 10,5 центнерден өнім алады; * 1946 жылы - қант қызылшасынан - 282 центнерден, астық дәнді дақылдан - 11,5 центнерден; Осы жылы ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Советінің Президиумының Жарлығымен "За трудовую доблесть" медалімен наградталады; * 1947 жылы - 4 гектар жердің әр гектарынан 833 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды асыра орындайды. ## Наградалары * "За трудовую долбесть" медалі (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Уәли би Итенұлы (1798–1881) — би. 83 жасында өмірден өтіп сүйегі Қорқыт ата қорымына қойылған. Оның бейітінің бір бөлігі 1950 жылға дейін сақталған, бірақ одан кейінгі кезде дария шайып Сырдарияға құлап кетеді.Орыс патшаларының қазақ жерінің отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдары Жайық өзенінің бойына, арқаға ауып келе бастайды. Сол кезде Итен де Құлты, Уәли деген балаларымен бірге кәзіргі Ақтөбе облысына көшіп келеді.Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәли би өзіне қарасты ағайындарын Сыр бойына көшіруді ойластырады. Сөйтіп Алтын руы Сыр бойындағы ағайындармен араласып, қыз алысып, құдандалы болып кетеді.Уәли би осы өңірде е сыйлы адам болып, өз елінің ішінде билік құрады. Алтын руынан шыққан Тобжан, Әлібай сияқты халыққа қадірменді кісілермен бірге ағайынның білігін, татулығын сақтауға белсенді қызмет атқарады.Уәли би Кеңесары хан басқарған халық көтерілісін де қызу қолдаған. Осындай көзқарасы үшін ол басқа билермен бірге Орынбор қаласына шақырылып, губенатордан қатты ескеру алған.Уәли би баласының бірі Байзақ әке жолын қуып билік айтқан. Сыр бойындағы «Байзақ тоғайы» деп аталатын жер осы кісінің атымен аталған. ## Шежіре Байұлы – Алтын – Көзала – Ораз – Айдар – Тілеуке – Дербісәлі – Итен. Итеннен: Құлты, Уәли, Жақсылық және Тәспенбет туады. ## Дереккөздер
Чуваштар (чув. чӑваш) — түркі тілдес халық. Ресей құрамына кіретін Чуваш Республикасы халқының негізін құрайды. 2002 жылғы халық санағы бойынша Ресейде 1 637 200 чуваш тұрған, солардың 889 268 Чувашияда. Чуваштар Башқұртстанда, Татарстанда, Самара, Ульяновск, Түмен, Ростов, Волгоград, Кемерово, Орынбор, Мәскеу облысында, Красноярск өлкесінде және Мәскеу қаласында тұрады. Жалпы дүние жүзінде 1 800 000-тан астам чуваш бар. Қалған чуваштардың көбі Украина, Қазақстан және Эстонияда тұрады.Чуваштар Чувашияда тұратын халықтың 67% құрайды. ## Тілі Чуваш тілі алтай тілдер отбасының түркі тобының бұлғар тобына (болгар және хазар тілдерімен қатар) кіреді, тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады.Чуваш тілінің жазуы ХVIII ғ. орыс (кириллица) графикасы негізінде құрылды, 1870 жылдары чуваш тілінің жазуы И.Я. Яковлевпен реформаланған, кеңестік кезеңде чуваш тілінің әліпбиі айтарлықтай жаңғыртылған. Чуваш тілі екі диалектіге бөлінеді: төменгі («у» деп сөйлейтіндер) және жоғарғы («о» деп сөйлейтіндер), олар өз кезегінде бірқатар сөйленістерге бөлінеді. Чуваш тілінің тарихында төрт кезең ерекшеленеді: арғы бұлғар (праболгар), ежелгі бұлғар, орта бұлғар және жаңа бұлғар немесе чуваш. ## Діні Қазіргі таңда чуваштардың арасында православ христиандар, мұсылмандар бар. Өз нанымдарын сақтаған да чуваштар бар, олар негізінде Татарстанда, Башқұртстанда, Чувашиядан тыс жерде шағын чуваш елді мекендерінде тұрады. ## Тарихы Чуваш халқының атауы бұлғарлардың сувар немесе суваз тайпа одағының атауынан пайда болған болып саналады. 6 ғасырда оның Солтүстік Кавказға қоныс аударуы басталып, оның бір бөлігі Ғұн патшалығын құрады, ал бір бөлігі жеңіліске ұшырап, Закавказеге ығыстырылады. VIII-IX ғасырларда суварлардың ұрпақтары Еділ бұлғарларының құрамына енген Орта Еділ бойына қоныстанды. Бұл кезеңде халықтардың мәдениеті, діні, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының айтарлықтай бірігуі байқалады. Халықтардың қоныс аударуы кезінде қоныс аударған оңтүстік тайпалары Еділ бойына жартылай қоныстанып, бұлғар-сувар халықтарымен сіңісіп кеткен деген болжам бар. Алайда, 9 ғасырдың аяғында чуваштардың ата-бабалары Бұлғар патшалығынан бөлініп, солтүстікке қарай қоныс аударды. Чуваш халқының түпкілікті қалыптасуы тек 16 ғасырда, суварлардың, көршілес Қазан патшалығының татарларының және орыстардың ассимиляциясы орын алған кезде ғана аяқталды. ## Кәсібі Бүгінгі таңда, ауыл шаруашылығы Чуваштардың өмірінде маңызды рөл атқаруда. Ежелгі заманнан бері халық егіншілікпен белсенді түрде айналысып, үш танапты немесе егістік жүйесін пайдаланады. Негізгі дақылдар бидай, қара бидай, сұлы, бұршақ, қарақұмық болды. Мата жасау үшін зығыр мен кендір өсірілді. Чуваштар әрқашан тамаша сыра қайнатушылар ретінде танымал болды: әр отбасында сыраның өзіндік рецепті бар. Өңірде мал азығына қолайлы жер болмағандықтан, мал шаруашылығы жетекші рөл атқарған жоқ. Үй шаруашылығында жылқы, сиыр, шошқа, қой, құс өсірілді. Чуваштардың тағы бір дәстүрлі кәсібі - ара шаруашылығы. Чуваштар бау-бақша өсірумен де айналысқан, шалқан, қызылша, пияз, бұршақ, жеміс ағаштары, кейінірек картоп отырғызған. Қолөнер түрлерінен ағаш ою, қоржын мен жиһаз тоқу, қыш бұйымдары, тоқыма және қолөнер өнері жақсы дамыды. Чуваштар қолөнер ағашын өңдеуде үлкен жетістіктерге жетті. Баспаналары күйдірілген немесе жалпақ кірпіштен салынған шатырлы үй. Көбіне үйлері үш бөлік етіп тұрғызылған. ## Мәдениеті 19-ғасырдың екінші жартысына дейін чуваш әдебиеті әртүрлі фольклорлық жанрда дамыды. Чуваш халық әндері алуан жанрлы, құрылымы жағынан бір дауысты болып келеді. Халық аспаптары: шахлич, шапар, сарнай (үрмелі), кесле (шертпелі), вархан, палнай (тілді), параппан (соқпалы), ханкарма (шылдырмақты) т.б. скрипка мен гармон да қолданылады. Ұлттық киімдері: ерлер - тақия, бөрік, жейде, шалбар, теріден жасалған аяқ-киім (лапта етік), күртеше, тон, әйелдер - жеңсіз ұзын көйлек, зергерлік бұйымдармен кестеленген кең балақта шалбар, үстіне шупар, күзде сахман, қыста тон киген. Бас киімдері үш бұрышты хушпу, орамал тартқан. Ұлттық тағамы ұннан, көкөністен (яшка т.б.) сүттен (турах, уйран, шекет т.б.), еттен (хуплу, шартан, тұлтармаш т.б.) жасалды. Сүйікті сусыны - балмен қайнатылған арпа сырасы. ## Қазақстандағы чуваштар 1926 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 2 267 чуваш болды, оның ішінде Ақмола (61,9%) және Семей (23,7%) губернияларында тұратын чуваштар тіркелді. Солтүстік және орталық өңірлерде қоныстану үрдісі іс жүзінде сақталды. Қазақстанның чуваш диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай: * 22 871 (1970 ж.), * 22 310 (1979 ж.), * 21 730 (1989 ж.), * 11 851 (1999 ж.), * 6 700 (2013 ж.) адам. ## Дереккөздер
Петр Степанович Хорешков - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Лугов МТС-ның тракторшылар бригадасының бригадирі (1946). 1918 жылы Жамбыл облысы, Луговая селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1932 жылы бастауыш мектептің 4 класын бітірген соң, 14 жасында Ленин атындағы қой совхозына жұмысқа кіреді. * 1936 жылы тракторшылар курсын бітірген оны "Восток" колхозына жұмыс істеуге жібереді. * 1939 жылы армия қатарына шақырылып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысады. * 1946 жылы соғыстан кейін өз колхозына оралып, тракторшылар бригадасын басқарады. Колхоз жұмысын механикаландыруға ат салысып, тракторлық жұмыс сапасын жақсартады. Нәтижесінде колхоз 60 гектар жердің әр гектарынан 455 центнерден қант қызылшасын жинайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Мәмбет Бұлғақұлы (1704-1769) – би, шешен, аталық хандарды тәрбиелеуші. 1738 жылдың 3 тамызыда Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы В.Н. Татищевтің қабылдауында болған Әбілқайырдың 12 бидің бірі – осы Мәмбет, Орта жүз қазақтарын Шақшақ Жәнібек, Барлыбай Тауасарұлы сынды батырлармен бастап барған. ## Өмірбаяны Найман тайпасының Қаракерей руының Байжігіт атасынан шыққан, кейін Мәмбет бидің ұрпақтары Мәмбет руы болып кеткен. Ауыз әңгіменің артында шындық оқиғалар тізбесі жатады. Ол өткен тарихымыздың ауыздан-ауызға тарап жеткен шежіесі – жазба таихты егізі. Сондықтан да әрбір ел аузындағы әгімелерді ой елегінен, таихи деректер сүгісгнен өткізіп баып пайдаланганда ғана – рухани байлық болмақ.Ел ішінде есімі аса құрметпен аталатын, сар далаың сар жолынан үзіліп естілетін аыз бен шыдық иесінің бірі – Мәмбет аталық. Мәмбет аталық есімі Сыр мен Қыр арасында жиі айтылып жүрсе де, бүгінгі баба айтқан ұлағатты сөздері мен тәрбиеге байланысты кеестері, атқарған қызметтері туралы жетімсірей жетке сөздер ғана бар. Мәмбеттің адамкершілігі мен ақылдылығына тәті болған халық оның есіміне аталықты қосып беріпті. Аталық Шығыс елдерінде оның ішінде қазақ еліндеде қамқоршы, ақылшы деген мағынаны береді. Нақты айтсақ бұл атақ ханның ұлдарын тәрбиелеуші дегенді білдіреді. Кейіннен ханың сарайындағы шендік атаққа айалған. Ел басшыың отбасына аталық кеңес беру, екіің бірінің қолынан келе бермейтіндігін ескерсек, Мәмбет бабаның ірі түлға болғанын пайымдауға болады. Мәмбет әрдайым кіші жүз ханы Әбілхайырдың қасынан табылып, оның көрші орыс патшалығымен қарым-қатынаста болуыа атсалысты.1738 жылдың 3 тамызыда Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы В.Н. Татищевтің қабылдауында болған Әбілқайырдың 12 бидің бірі – осы Мәмбет аталық. Яғни ант берген ру ақсақалдарының, билерінің ішінде (56 адамың бірі болып). Ат қабылдау құжатына Әбілхайыр хан мен баласы Ералы сұлтанның мөрлері басылып, билер қолдарын қойған. Мұы «Айқап» журналында «Қазақ қай заманында Россияға қосылған» атты М.Сералин (1913 ж) мақаласынан оқып-танысуға болады. Жазба деректе осылай жазылып қалған болса, ауызша деректер де бұдан алшақ емес.Мәмбет аталықтың жас шамасын айғақтау мақсатымен демографиялық (текті есептеу) зерттеулер бойынша әрбір аталық арасын 25-30 жастан есептегенде, Мәмбет ата шамамен 1704-1769 жылдары өмір сүрген деп топшылауға болады. Мәмбет аталық туралы айтқанда, жазғанда оның шығу тегі мен жасы ғана емес, қазақ халқы үшін атқаған еңбектерін, халық ісіне араласқан саясаткер, қайаткер болғанын қалың қауымға жеткізген абзал. Бііншіден, Еділ бойыдағы қалмақтар мен башқұрттар, түкменде, Жоңғар алатауындағы қоңтайшылар елді бүліншелікке ұшыратқан тар кезеңде Әбілқайыр көршілес, іргелі Ресейге бода болу келісім білдіргенде, сол тұстары хан саясатын қолдаған адам. Кіші жүздің Шөмекей тайпасының атына антқа қол қойған екі адамның бірі. Бұдан Мәмбет аталық хан мен халықтың арасында ықпалды адам екенін тани түсеміз.Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына Нұралы Сұлтанды хан етіп сайлауға генерал-губернаторға арнайы хат жазып, үндеуге қол қойғандарды ішінде басы Жәнібек тархан болса, үндеуге қол қойғандады бірі де Мәмбет аталық. Және де Әбілқайыдың өлімін анықтауға белгіліенген төрт бидің бірі блып тағайындалған. ## Батырлығы Кейде Мәмбет биді батыр деп те атайды. Ол Әбілқайыр ханның ұсынысымен 1723-1724 жылдарғы қазақ даласында әткен «Бұланты», «Білеуті», «Аңыақайда» жоңғар қонтайшыларының жасағымен болған ұрыстарда қазақ халқының қолбасшының кеңесшісі болған. Мәмбет аталық қыс айында Арқа жақта қайтыс болып, «аманаттап» жер қойнына тапсырады. Қүн жылып, то еріген шақта «аманат» дегені Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне әкеліп жерлейді. Бүгінде оның есімі қазақты хан, сұлтан, билермен бірге жазылған. ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Үнзетай Шарабаева - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, "Оян" колхозының звеношысы (1943). 1911 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Карсно-Восток ауылдық советінің ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1936 жылдан "Оян" колхозында жұмыс істейді. * 1943 жылы қызылшашылар тобын бсқарып, қажырлы еңбектерінің арқасында жоғары өнім көрсеткішін көрсеткен:1945 жылы - әр гектардан 300 центнерден;1946 жылы - әр гектардан 330 центнерден;1947 жылы - әр гектардан 500 центнерден. * 1945 жылы - әр гектардан 300 центнерден; * 1946 жылы - әр гектардан 330 центнерден; * 1947 жылы - әр гектардан 500 центнерден. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
## Үмбет би Үмбет Ғалиев — 1818 жылдары туылып кейбір жазбаларда 1888 жылы, ал басқа мақалаларда шамасы 1893–1994 жылдары қайтыс болған деп айтылады. Арал бойының халқы биді "Үмбет молда" атап кеткен. Себебі ол діни имандылық жолында біраз еңбек еткен. Заман ағымына қарай ел басқару ісіне қарай бет бұрыпты. Ол әділ билігімен бірде шешендік сөзімен айналасындағы дау-жанжалдарды шешіп көзі тірі кезінде «Пірлі би» аталған. Үмбет бидің есімі Қазалы уезінің түрлі бөлімдеріне арналған құжаттарда 1865–1866 жылдарда кездеседі. Бұл кезең әлі болыстық басқаруға көшірілмеген кез болатын. 1866–1867 жылдардың бірнеше құжаттарыда "Зауряд хорунжий Үмбет Ғалиев" деп қол қойған жерлері бар. 1868 жылы алғашқы Ақторғай болысын Үмбет Ғалиұлы басқарған. Болыстықтың негізін Төртқара руының адамдары құрған. 1875 жылдың мамыр айындағы Қазалы уезі бастығының бүйрығымен 66 адам әр түрлі сыйлықтармен марапатталады. Солардың 57 тізімінде Үмбет Ғалиұлының 3 санатпен мерепатталған. Қазалы ояздық кеңесінде бітімгер сот болған И.Аничковтың 1897 жылдың 12 ақпаында жазған «Поездка на киргизские поминки в 1892 году» деген мақаласында зауряд хорунжий молда Үмбет Ғалиев асты басқарған үш бидің арасында көрсетілген. Үмбет бидің ата-тегі: Әлім – Төртқара – Қараш – Сейтқұл би – Матай. Матайдан тараған ұрпақтары келе-келе оның Үмбет сияқты белгілі ұрпақтары баба есімімен Матай Үмбет болып аталады. ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Үмбет би Үмбет Ғалиев — 1818 жылдары туылып кейбір жазбаларда 1888 жылы, ал басқа мақалаларда шамасы 1893–1994 жылдары қайтыс болған деп айтылады. Арал бойының халқы биді "Үмбет молда" атап кеткен. Себебі ол діни имандылық жолында біраз еңбек еткен. Заман ағымына қарай ел басқару ісіне қарай бет бұрыпты. Ол әділ билігімен бірде шешендік сөзімен айналасындағы дау-жанжалдарды шешіп көзі тірі кезінде «Пірлі би» аталған. Үмбет бидің есімі Қазалы уезінің түрлі бөлімдеріне арналған құжаттарда 1865–1866 жылдарда кездеседі. Бұл кезең әлі болыстық басқаруға көшірілмеген кез болатын. 1866–1867 жылдардың бірнеше құжаттарыда "Зауряд хорунжий Үмбет Ғалиев" деп қол қойған жерлері бар. 1868 жылы алғашқы Ақторғай болысын Үмбет Ғалиұлы басқарған. Болыстықтың негізін Төртқара руының адамдары құрған. 1875 жылдың мамыр айындағы Қазалы уезі бастығының бүйрығымен 66 адам әр түрлі сыйлықтармен марапатталады. Солардың 57 тізімінде Үмбет Ғалиұлының 3 санатпен мерепатталған. Қазалы ояздық кеңесінде бітімгер сот болған И.Аничковтың 1897 жылдың 12 ақпаында жазған «Поездка на киргизские поминки в 1892 году» деген мақаласында зауряд хорунжий молда Үмбет Ғалиев асты басқарған үш бидің арасында көрсетілген. Үмбет бидің ата-тегі: Әлім – Төртқара – Қараш – Сейтқұл би – Матай. Матайдан тараған ұрпақтары келе-келе оның Үмбет сияқты белгілі ұрпақтары баба есімімен Матай Үмбет болып аталады. ## Дереккөздер * Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Дойра - өзбек пен тәжіктердің соғып ойнайтын музыкалық халық аспабы. Орыстың бубені мен қазақтың дағырасына ұқсас. Бір жақ беті көнмен қапталады, шанағының ішкі жағына темір шығыршықтар ілінеді. Орыдаушы шанағын соғып, дыбыс күші тембірін өзгертіп отырады. Дойра асамбльдерде, оркестрлерде және халық билері сүймелдеу ретінде кең пайдаланылады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Шейн Степан Иванович - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке МТС-ның тракторшылар бригадасының бригадирі (1939). 1904 жылы Ресейде, Воронеж облысы, Байгураков ауданы, Тюковка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып Мерке ауданында тракторшы болып істейді. * 1939 жылы тракторшылар бригадасына басшылық етеді. * 1946 жылы қажырлы еңбегіне лайық "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы тракторлық жұмыстарды тыңғылықты орындаған оның бригадасы, жоспарды артығымен орындайды. Жердің жақсы өңделуі нәтижесінде колхоз 120 гектар жердің әр гектарына 506 центнерден қызылша өсіреді. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Цой Моисей Андреевич - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, Горький атындағы колхоздың звеношысы (1947). 1904 жылы Ресейдің Приморье өлкесі, Сучанск ауданы, Алексеевка селосында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1938 жылы Талдықорған облысына қоныс аударып, Горький колхозына жұмысқа кіреді. * 1944-1946 жылдары қызылшашылар бригадасының бригадирі болып істейді. 1945 жылы межеленген 245 центнердің орнына әр гектардан 371 центнерден қант қызылшасын өсіреді. * 1947 жылы алдыңғы қатарлы қызылшашылар тобын басқару тапсырылады. Рекордты өнім алуға міндеттеме алған бригада 2 гектар жердің әр гектарынан 816 центнерден және 7 гектар жердің әр гектарынан 484 центенрден өнім жинап, алған рекордтық міндеттемелерін ойдағыдай орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Еуропалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды. Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен өзара әрекет етті. ## Орта ғасыр мәдениеті Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Еуропада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия – «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы». Орта ғасырда математика, сәйкесінше математикалық символдар тілі болған. Алайда бұл математикалық символдар дін ілімінің символдары болған, өйткені математика «сакральды арифметика» түрінде болды, ол құдайшыл шындықтарды символдық түсіндіру қажеттіліктеріне қызмет етті. Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде көркем стиль жасайды. Роман стилі бірінші жалпы еуропа стилі болып саналады, ол VIII-XII ғ.ғ. тараған және ежелгі рим сәулет өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы үшін еуропалық орта ғасырдың екі жетекші сәулет стильдерінің бірі. Жабындыларды көтеріп тұрған жуан қабырғалы және бойница түріндегі терезелері бар роман стилінің ғимараты өзінің типі бойынша бекініс ғимараты болды. Бұл ұқсастықты дөңгелек бақылау мұнаралары толықтырып тұрды. Роман өнері жасаған негізгі құрылыс – қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс. Қорған – рыцарьдың бекінісі, шіркеу – Құдайдың бекінісі және т.б. Қорқыныш тудыратын, бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс. Роман соборының сырты өте жарасымды. Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде, бағаналардың аяқ жағында, терезелерде, қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер, жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген. Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге отырғызылған. Роман стилін XII-XIV ғ.ғ. тараған готика ауыстырады, ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде: ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған және «готтар өнері», яғни варварлар деген мағынаны берген. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды. Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрған күн сәулесі түседі. Осының бәрі орган музыкасымен үйлесімде діндарлардың ерекше эмоционалды-шаттық күйін тудырды: барлық линиялардың аспанға ұмтылысын, тастың дематериализациясы адамға жерге қатысты басқа әлемде тұрғандай сезім тудыратындай әсер ету керек болатын. Готикалық сәулетте бірінші рет көшеге немесе алаңға шығатын, әшекейлеу жағынан ғимараттың басқа бөлігінен ерекшеленетін әшекейленген фасад қолданылды. Готикалық собор христиан сенімінің сұлулық пен гүлдену үлгісі ғана емес, қаланың сәттілік символы болды. Париж Құдай Анасының соборы, Франциядағы Рейм және Шартр соборлары, Германиядағы Кельн соборы, Англияда Солсберри аббаттылығы және Вестминстер аббаттылығы готика құрылыстарының жауһары болып саналады. Адамзаттың рухани бірігу құралы мектеп болды, онда әр текті халық жалпы ойлауды және жалпы өмір сүруді үйренді. Орта ғасырлық мектеп антика мектебінен бастау алады. Оны ұйымдастыруға антикалық білімі бар ерте орта ғасыр қайраткерлері үлкен роль атқарды. VI ғ. өмір сүрген Боэций Платонның «жеті еркін өнерін», яғни орта ғасырлық оқу орындарында оқытылатын жеті міндетті пәнді тұжырымдады. Өз кезегінде «жеті еркін өнерді» екі бөлікке бөлу қабылданды: тривиум (үш бастапқы білім – грамматика, риторика және диалектика), және квадривиум (төрт білім жолы: геометрия, арифметика, астрономия және музыка). Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді адамдарға деген қажеттілікті тудырды, бұл мектептердің базасында университеттердің пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ. басы) және басқа еуропа орталықтарында пайда болды. Оларда жетекші факультет дін ілімі болғанмен, басқа факультеттер феодалдық қоғамда ақсүйектер білімінің таралуына мүмкіндік жасады. IX-XIV ғ.ғ. билік жүргізген философия схоластика, орта ғасырлық діни философия деген атқа ие болды, оның негізгі мақсаты – діни дүниетанымға теориялық негіздеме беру, дәлелдердің логикалық әдістерімен діни догмаларды ұтымды дәлелдеу. Атауы «схола» деген (мектеп) сөзден шыққан, бұл оның мектептік-дидактикалық сипатын көрсетеді. Схоластиканың ішінде бірнеше бағыттар дамыды. Олардың арасындағы дау алдымен жалпы ұғымдар проблемасына шоғырланды. Бағыттардың бірі – реализм жалпы ұғымдар заттардан тыс өз бетімен болады және әлем мен танымда оның алдында болады деп тұжырымдаған. Номинализм деп аталған басқа линия жалпы ұғымдардың өз бетімен өмір сүруін теріске шығарды және тек жалғыз заттарды ғана мойындады. ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі философ Фома Аквинский болды. Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан, менмендіктен және нашар қылықтардан бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен жетімдерді қорғап, қол астындағыларға қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып, оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің ханымы үшін турнирлерде күресе білетін, жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем ханымға деген махаббатынан қатты байқалады. Литургиялық драма пайда болды, ол соборда ойналып, қызмет бөлігі болып саналды, ол храм папертиінде болып, латын тілінде емес, жергілікті диалектіде жүргізілді. Кейіннен миракль (христиан сенімінің қарапайым адамдарға, оның ішінде күнәлілерге игілікті әсері туралы ғажайып аңыздар), мистерия (керемет мерекелік ойындар, олар бірнеше күнге созылады, христиандық сюжеттерді насихаттағанмен, ақсүйектер ұйымдастырады), моралите (христиан рақымшылдарын мадақтайтын аллегориялық көріністер) сияқты жанрлар қалыптасады. Готика кезеңінің әдебиетінде ваганттар поэзиясы ерекше орын алады, бұл поэзияны таратушылар кезбе студенттер болды. Олардың еркін ойлы поэзиясы орта ғасырдың аскетикалық (тақуа) идеалдарынан алыс болды; ваганттар таза ақсүйек әдебиетін құру жолымен жүрді. Олар уайым-қайғысыз салтанат өмірді әндеріне қосты: «Барлық білгірлікті, оқуды тастап, жастық шақта рахат алу – біздің міндетіміз…». Олардың поэзиясында сатиралық антиклерикальды нота басым болды. Кейде ваганттардың өлеңдерінде баспанасыз, тапшылық өмірге деген наразылықтары да болды. «Пайдасыз өмір, сауық-сайран үшін емес, мен оқуды қайыршылықтан тастадым». ХІ-ХІІ ғ.ғ. батырлар эпосы жазылды, бұл осы уақытқа дейін ауызша дәстүрде ғана беріліп келген. Халық ертегілерінің қаһармандары әдетте өз елі мен халқын қорғаған жауынгерлер болды; эпикалық аңыздарда ерлік, күш, адалдық, қаһармандық дәріптелді. Француз эпосының ең зор ескерткіші - «Роланда туралы жыр», оның кейіпкері патриот Роланд болып табылады, оның өмірлік мақсаты император мен «сүйікті Францияға» қызмет ету. Немістің батырлар жырының ірі ескерткіші – «Нибелунгтар туралы жыр». Эпостың негізі «ұлы қоныс аудару» кезіндегі ежелгі неміс аңыздары, бірақ жырдың барлық сипаты ХІІ ғ. феодалды рыцарьлық Германиямен байланысты. Осы кезде «Беовульф» ағылшын батырлар эпосы және «Үлкен Эдда» скандинавиялық эпикалық мұрасының ескерткіші өмірге келеді. Шығыста, Византияда христиан шіркеуі күшті империялық билікке тәуелді болды. Византия императорлары V ғ. бастап шіркеу өмірінде маңызды роль атқарды; тіпті шіркеу соборларын шақыру құқығын да император шешті, ол қатысушылар құрамын анықтап, олардың қаулыларын бекітті. Батыста шіркеу мемлекетке бағынбағандығымен қатар ерекше орынға да ие болды. Рим папасы маңызды саяси фигура да болды. Батыс пен Шығыс шіркеулерінің арасында қарама-қайшылықтар пайда болып, уақыт өте келе принциптік сипатқа ие болып, тереңдей берді. ІХ ғ. ортасында филиоква (филоква) – католик шіркеуінің Қасиетті Рухтың Құдай-әкеден ғана емес (Шығыс шіркеудің позициясы), Құдай-ұлдан (Батыс шіркеудің позициясы) шығуы туралы дауы болды. 1054 ж. шіркеулер бір-бірінен толық тәуелсіздігін жариялаған кезде біржолата бір-бірінен қол үзді. Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің – христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция – католик шіркеуі құрған сот-полицей мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық процесс жылы 1229 жыл саналады. Орта ғасырдың соңғы ақыны мен жаңа кезеңнің алғашқы ақыны Данте Алигьеридің поэтикалық жаңашылдығы дүниеге және поэзияға ортағасырлық көзқараспен қатар болды. Оның поэзиясына тән белгілер аллегория мен символика болды. Алайда Дантенің кейіпкерлері өзінің өміршеңдігімен жаңа дүниетанымға, әлем мен адамға деген жаңа қатынасымен жол ашты. Кескіндемедегі түпкі ренессанс белгілерін Джотто жұмыстарынан көруге болады, бұл композицияның алуандығы мен өміршеңдігі, тұрмыстағы нақты заттарды, жағдайды, костюмдерді, перспективалар мен анатомияны ескере отырып, нақты кеңістікте кейіпкерлердің табиғи орналасуын көрсетуге тырысуы. Шығыс Орта ғасыры мен Қайта Өрлеу мәдениеті. Орта ғасырлық араб мәдениеті арабтандыруға ұшыраған, исламды қабылдап, классикалық араб тілі көп уақыт әдебиет пен дін тілі ретінде билік құрған елдерде өркендеді. Барлық орта ғасырлық араб мәдениеті, адамдардың күнделікті тұрмысы мен өмір салты, қоғамдағы мораль нормалары VII ғ. Араб түбегіндегі тайпаларда пайда болған ислам дінінің әсерінен дамыды. Араб философиясының пайда болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің («жекеленгендер») қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық мұрасымен кең танысады. Аристотель философиясы басты назарда болады. «Неоплатондалған» аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы – «шығыс перипатетизмінің» басты бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен байланысты. Әл-Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі – Біртұтастан жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ басқаратын «рақымшыл қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы қояды. Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Еуропаның философиясы мен ғылымына әсер етті. Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы, дәрігер, жаратылыс тану ғылымдарын жетік меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы – Абу Әли Ибн Сина (Батыс Еуропада Авиценна деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік мәдениет тарихында белгілі орын алады. Философиялық шығармаларының ішінде ең белгілісі - «Китаб-аш-шифа» («Сауығу кітабы»). Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен, практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді. Ол антика философтарының көзқарастарын дамытты, оның прогрессивті көзқарастары ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды. Араб философиясының әрі қарай дамуы Ибн Баджу, Ибн Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен байланысты, олардың шығармашылығы араб философиясының шыңы болды. Ибн Рушд аристотельдік ілімді кейінгі неоплатондық өзгешіліктен тазартып қана қойған, натуралдық пантеизмге бейімделген дербес жүйені құрды. Ибн Рушд сенімнен ақыл-парасаттың басымдылығын дәлелдеді және діндарлардың философиялық проблемалармен айналысуының заңсыз екендігін дәлелдеді. Орта ғасырлық араб ғылымының орталықтары Бағдат, Куфа, Басра, Харон қалалары болды. Әсіресе Бағдатта өмір қызу қайнап жатты, онда «Ғылым үйі» - академиялардың, обсерваториялардың, кітапхана мен аудармашылар алқасының өзіндік бірлестігі құрылды. Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені Алла мен құдайға қатыстының барлығын бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері кілем тоқуда жақсы дамыды, оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті еуропалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды. Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы. X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі «Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады. Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты. ## Жаңа заман мәдениет «Жаңа заман мәдениеті» ұғымы XIV ғасырдан қазіргі уақытқа дейінгі тарихи кезеңді қамтиды. «Қайта өрлеу» (Ренессанс) термині XVI ғ. бейнелеу өнеріне қатысты қолданыла бастады. Ренессанс антика ғылымдары мен өнерлерінің қайта өрлеуі ретінде сипатталады. Бұл жалпы дұрыс. Алайда Ренессансты тек бір антикаға ғана жатқызуға болмайды, бұл Ренессанста бастыны байқамау болып саналады. Кейіннен «Қайта өрлеу» ұғымы кең мағынаға ие болады. Ренессанс мәдениетіндегі ең бастысы – адамзат тұлғасын дәріптеу теориясы мен практикасы. ### Итальян қайта өрлеуі Итальян Қайта Өрлеуі іштей кезең-кезеңге бөлінеді: түпкі ренессанс (XIII-VIV ғ.ғ.), ерте Қайта Өрлеу (XV ғ.), кемелденген немесе жоғары (1550-1530 ж.ж.), кейінгі (XVI ғ. ортасы). Түпкі ренессанстың жалпы сипаттамасы Түпкі ренессанстың өтпелі кезеңін түсіну үшін ең тамаша материал – Данте Алигьери (1265-1321 ж.ж.) шығармашылығы. Оны Орта ғасырдың соңғы ақыны және жаңа дәуірдің алғашқы ақыны деп атайды. Данте 1300 жылды адамзат тарихының ортасы деп санаған және сондықтан әлемнің жалпы және қорытынды сипатын беруге тырысты. Мұны ол «Ғажайып комедияда» (1307-1321 ж.ж.) тамаша бейнелеген. Поэманың антикамен байланысы «Комедиядағы» негізгі кейіпкерлердің бірі – рим ақыны Вергилий екендігінен көруге болады. Ол - жер бетіндегі даналықтың, ағартушылықтың, өнегеліктік символы. Антика әлемінің атақты адамдары – пұтқа табынушылар Гомер, Сократ, Платон, Гераклит, Гораций, Овидий, Гектор, Энейді ақын тозақтың алғашқы тоғыз шеңберлерінің біріне орналастырған. Франческо Петрарканы (1304-1374 ж.ж.) Еуропадағы бірінші гуманист және әдебиетші деп санайды. Петраркидің барлық өмірі - өз мүддесі мен өзін-өзі ғана ойлайтын жеке адамның өмірі. Бұл жағынан ол әдебиеттегі бірінші индивидуалист. Петрарка өзінің сүйіктісі Лаураға арналған сонеталарымен белгілі. Осы кезеңде лирикалық поэзия гүлденеді. Джованни Бокаччо (1313-1375 ж.ж.) бұл жағынан ерекше орын алады. Ол өз шығармашылығында жаңа адамгершілік принциптерін айқындайды. Әдебиет ісімен айналыспас бұрын ол алты жыл құқықты зерттеген, бірақ ол негізінен классикалық мифологиямен шұғылданды. Бокаччоның көркем шығармасы «Декамеронда» (1350-1353 ж.ж.) өзінің биік шыңына жетті. Адамзат табиғатының барлық байлығы антикадан кейін алғашқы рет ақсүйектік және тұрмыстық жағынан көрінеді. «Декамерон» махаббат оқиғаларының көптігімен таң қалдырады. Енді әйелжандылық кінәланбайды, ғашықтардың тапқырлығы дәріптеледі. Бокаччо ғашықтық ісінде сословиелік шектеулерге қарсы болған: дворяндар қызметшілерімен, ақсүйектер атшыларымен құмарлық жолындағы бөгеттерді табысты жеңе біледі. Орта ғасыр кезінде флорентиялық Джотто ди Бонде, қысқаша Джотто өнері белгілі болды. Джоттоның әлем өнерінің алдындағы басты еңбегі ол өзінің шығармашылығында орта ғасырлық тұрақтылықтан ауытқып, эллинистік әлемді кеңістіктік қабылдауды жаңғыртты. Джотто өнерінің жаңа реалистік тұжырымдамасы екі басты көркем принципке негізделеді: үш өлшемді кеңістікті перспективті беру принципіне және жарық көлеңкесінің көмегімен пластикалық фигураны көлемді түсіндіру принципіне. Ерте Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы. Италиядағы Ерте Қайта Өрлеудің сипаттамасына көше отырып, келесіні атап көрсету қажет. XV ғ. басында Италияда жас буржуазиялық тап өзінің басты белгілеріне ие болды. Ол дәуірдің басты әрекет етуші тобы болды. Ол өмірде өзінің нақты орнын алып, нық тұрды, өзіне сенді, байып, дүниеге басқа көзқараспен қарады. Италия қалалары кішкентай болды, ал қоғамдық өмір қызуы, саяси әуестік иірімі күшті болды. Осы отта инициативті, энергиясы мол адамдар шынықты. Адам санасындағы бұл жылжуды Қайта Өрлеудің маңызды қайраткерлерінің бірі, Мирандола республикасының билеушісі, тарихта Пико делла Мирандола есімімен белгілі болған Пико (1462-1494 ж.ж.) байқады. Ол «Адамның қасиеті туралы» трактатын жазды, онда адамның белсенділігі, адамның өзін-өзі жаратуы туралы ілім баяндалады. Өзін-өзі жасайтын универсальды адамның – іс пен ой титанының бейнесі идеалды болып саналады. Ренессанс эстетикасында бұл құбылыс титанизм деген атауға ие болған. Қайта Өрлеу адамы өзіне бірінші кезекте абсолютті тұлға түріндегі жасаушы және суретші ретінде қарады. Еуропа мәдениетінің тарихы Ерте Қайта Өрлеуге ізгіліктің пайда болуымен міндетті. Ол қайта өрлеу мәдениетінің философиялық-практикалық типі ретінде болады. «Гуманизм» (ізгілік) терминін (оның латын формасы – studia humanitatis) Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа адамдары» антика философы мен шешені Цицеронды өздерінше түсініп, енгізген. Термин адамның алуан табиғатының толықтығы мен бөлінбейтіндігін білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен тақсырлар, профессор мен көшірмешілер, дипломаттар мен дін басылары. Бұл еуропаның зиялы қауымының дүниеге келуі болды. Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты нәтижелері адамзат даралығын теориялық дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және айрықша концепцияны жасау болды. Неоплатонизм Қайта Өрлеу философиясы болды. Онда идеялар әлемі адамзаттың барлық тұлғасын анықтап, ұғындырады және ұйымдастырады деген ой басты орын алды. Қайта Өрлеу дәуірінде идеялар әлемі туралы ілім Әлемдік Ақыл мен Әлемдік Жан туралы ілімдер формасында болады. 1470-1480 ж.ж. Лоренцо Медичидің бастауымен Платондық академия деген атпен де белгілі Флорентиялық академия гүлденеді. Ол клуб, ғылыми семинар мен діни секта арасындағы орын болды. Академия мүшелері ғылыми диспуттармен, басқа сабақтармен, серуендеуде, жиындарда, антика авторларын зерттеумен және аударумен уақыт өткізді. Академия қабырғасында өмірге, табиғатқа, өнерге, дінге деген емін-еркін қатынас дамыды. Ренессанстың даралығы гуманизмнің әсерінен секулярланған – шіркеу ықпалынан босатылған болды. Алайда қайта өрлеушілерді атеисттер деп айта алмаймыз. Атеизм қайта өрлеу идеясы болған жоқ, бірақ шіркеуге қарсылық нағыз қайта өрлеу идеясы болды. Қайта өрлеу дәуірінің адамы рухани болып қалғысы келді. Бейнелеу өнерінде Ерте Қайта Өрлеу бастаушылары суретші Мазаччо (1401-1428 ж.ж.), мүсінші Донателло (1386-1466 ж.ж.) және сәулетші Брунелески болып саналады. Олардың бәрі Флоренцияда өмір сүрді. Мазаччо Джоттоның ұмытылып бара жатқан дәстүрін қолдап, кескіндемемен үш өлшемді кеңістікті бейнелеу ісін соңына жеткізді. Өнер танушылар Мазаччоның үш өлшемділік негізінде қадірлі және өзіне сенімді адамды, немесе лирикалық, ал кейде назды адамды бейнелеуін бірінші орынға қояды. Осыдан оның кескіндемесі скульптуралық әсер тудырады. Осы көлемділік үшін антика бейнелері қажет. Өнерде еуропа пластикасының көптеген проблемалары – дөңгелек мүсінді, монументті, ат монументін жүз жыл алға шешіп тастаған мүсінші Донато ди Никколо ди Бетто Барди болды, ол тарихта Донателло деген есіммен белгілі (1386-1466 ж.ж.). Шебердің көптеген жұмыстарының ішінен оның қола Давидін атап көрсеткен жөн. Брунелескидің Флорентия республикасы соборының үстіндегі алып сегіз қырлы күмбезімен атағы шықты (1420-1436 ж.ж.). Ол адамдардың бірігу символы ретінде қабылданды, өйткені онда «барлық тоскан халқы жинала алатындай» салынды. Ерте Қайта Өрлеу – эксперимент жүргізуші кескіндеме уақыты. Дүниені жаңаша сезіну – оны жаңаша көру дегенді білдірді. Шындықты қабылдау тәжірибемен тексеріліп, ақылмен бақыланады. Осы кезең суретшілерінің бастапқы мақсаты – қалай көреміз солай бейнелеу. Осы уақыт үшін бұл революциялық төңкеріс болды. Ерте Қайта Өрлеу кескіндемесі сол кезеңдегі итальяндық нәзік сезімді, сезімді әсемдік пен грацияны бейнеледі. Осы құбылысты көркем ұғынудың керемет үлгілерін Сандро Ботичелли (1444-1510 ж.ж.) берді. Оның шығармашылығында гуманистердің жан мен дененің теңесуі туралы түсініктері жүзеге асырылды. Жоғары Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы Түпкі ренессанс Италияда 150 жылға, Ерте Қайта Өрлеу 100 жылға, Жоғары 30 жылға созылды. Итальян Қайта Өрлеуінің алтын ғасыры, итальян өнерінің ең жоғары кезеңі Италиядағы қиын кезеңмен, итальян қалаларының тәуелсіздік үшін күресі кезеңімен сәйкес келеді. Коперниктің, Галилейдің, Кеплердің ұлы жаңалықтары адамның құдіреті туралы армандардың күл-талқанын шығарды. Коперник пен Бруно жерді адамның көзінің алдында мәнсіз дүниеге айналдырды. Ренессанс мәдениетінің дағдарысы саясат сферасында да айқын байқалды. Ренессанстың саяси өмірі қарқындылығымен және көп жоспарлығымен ерекшеленді. XV ғасырдағы-XVI ғасырдың басындағы итальян режимдерінің бірде-бірі тұрақтылығымен ерекшеленбеді және билік тирандардың қолына көшіп отырды. Даралықтың қоғамдық идеологияда билік құруы саяси практикаға да әсер етті. Бұл Николо Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) шығармашылығы мен қызметінде айқын көрінеді. “Князь” (немесе “Монарх”, “Государь”) трактатымен атағы шыққан Макиавелли орташа демократиялық және республикалық құрылысты қолдады, бірақ өзінің демократиялық және республикалық көзқарастарын болашақ заман үшін ғана насихаттады. Ренессанс құндылықтарының дағдарысы байқалуының қызықты формасы утопизм болды. Идеалды қоғамды құру алыс және белгісіз уақытқа жазылған, бұл авторлардың идеалды адамды шұғыл жасау мүмкіндігі утопиясына сенбеуін растайды. Томмазо Кампанеллланың Күн идеалды Мемлекетінде (1568-1639 ж.ж.) автордың Қайта Өрлеудің гуманистік құрылысынан бас тарта отырып, адамдардың барлық өмірін қатаң белгілеудің ұсақ бөлшектеріне дейін таң қалдырады. Жоғары Қайта Өрлеу өнері өмірдің тамаша жақтарының гармониялық синтезіне ұмтылу, жалпы бейне үшін жекеліктен, шамалы нақтылықтардан бас тартады. Бұл - Жоғары Қайта Өрлеудің Ертеден басты айырмашылықтарының бірі. Осы кезеңнің еуропа мәдениеті үшін мәнін түсіну үшін үш есімді атау жеткілікті: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микельанджело, олардың шығармашылығы итальян қайта өрлеуінің басты құндылықтары – зерде, үйлесім, қуатты бейнелейді. Леонардо да Винчи “Үңгірдегі Мадонна” картинасында толысқан шебер ретінде көрінеді. “Кеш құпиясы” оның шығармашылығының шыңы болып саналады. Леонардоның қылқаламынан шыққан Мона Лиза портретінде классикалық, яғни қайта өрлеу белгілері – кескін айқындылығы, сызықтардың көзге көрінетін иілімділігі, физиономия тұрғысынан көңіл-күйдің мүсіндік құлпыруы және жартылай қиял түріндегі пейзажы бар қарама-қайшы және белгісіз болашаққа шақыратын портреттің үйлесімі айқын көрінеді. Рафаэль сұлулық табиғаттың тазарған және жетілген формасы түрінде болады деп сенген. Ол адам көзіне көрінеді, суретшінің міндеті оны көрсете білу болып табылады. Рафаэльдің “Сикстин мадоннасы” өзіне тарту қасиетінің тереңдігімен ерекшеленеді. “Афина мектебінде” гуманист, антика мәдениетін тамаша білгір ретінде көрінеді. Микельанджелоның батырлық титанизмінің жалғыз фигурасы – бұл Давид (1501-1504 ж.ж.). Оның атақты “Қорқынышты сот” фрескесінде Микельанджело жердегі барлық пайдасыз істерді, тәннің бұзылуын, адамның тағдыр алындағы шарасыздығын көрсетеді. Жоғары Ренессанс суретшілерінде адамзат тұлғасы барлығынан биік қойылған. Бұл практиканы венециандықтар ғана бұза бастады, оның ішінде алдымен Джорджоне, оның пейзажы адамзат фигуралары бейнеленген терең гармониялық үйлесімде болады (“Ұйқыдағы Венера”). Тициан сюжеттің эмоционалдық мазмұнына көңіл аударумен ерекшеленеді. Бұл “Кесарь динарийі” атты атақты картинасында жақсы көрінеді. Айтылғандардан қорытынды шығара отырып, Қайта Өрлеу жаңа еуропалық мәдениетті қалыптастырудың ұзақ, күрделі және қарама-қайшы процесі ретінде көрсетіледі. Оның кейінгі орта ғасырдың әлеуметтік және рухани өмірінің терең алғышарттары болды, ол өз кезеңінің көптеген нақты экономикалық, саяси, идеологиялық факторларымен негізделеді. Бұл процесс ескі орта ғасырлық әлеммен күресте және ымыраға келуде болды. Соңында оның дамуы “шіркеудің рухани диктатурасын” бұзып, гуманистік дүниетанымды бекітті, идеология мен мәдениеттің барлық облыстарының революциялық өзгеруіне әкелді. Итальян Ренессансының өз бастауы, өз жетілуі, өз соңы бар. Ренессанс дағдарысы оның идеялық бағдарламасының, оның рухани идеалдарының әлеуметтік шындықпен қақтығысуынан туған. Барлық Ренессанс жаңа заманның адамзат тұлғасының индивидуализмінің бірінші формасының жеткіліксіздігін және аяқталмауын ұғынудан туады. Екі стихия Ренессанстың рухани өмірін және өнерін көрсетеді. Бір жағынан, Қайта Өрлеу ойшылдары мен суретшілері адамзат қайғысын түсінуде және көркем бейнені терең ұғынуда шексіз күш пен мүмкіндікті сезеді. Екінші жағынан, олар адамзаттың шектелуін, табиғат өзгерістеріндегі, көркем шығармашылықтағы оның шарасыздығын әрқашан сезініп отырды. Сондықтан Ренессанс адамның антропоцентризмінің қуатты негіздемесін тұрақты іздестіру ретінде көрінеді. ## Дереккөздер
Жайран немесе Зерен - (лат. Procapra gutturosa, Gazella gutturosa) - қуыс мүйізділер тұқымдасына жататын жұп тұяқты сүткөректі жануар. ## Биологикалық сипаттама Тұрқы 105-150 см, биіктігі (шоқтығынан) 54-84 см, салмағы - 20-39 кг. Мүйіз текелерінде ғана болады. Жайранның жүні қыста ұзыдау, жазда қысқалау. Түсі арқасының, қабырғасының құм түсті сұрғылт. Бауыры ақшыл, құйрығы қысқа, ақ. Қараша - қаңтар айларынан бастап 6 ай төл көтеріп, 1-2 лақ туады. Кәсіптік маңызы бар аң. Бірақ саны аз болғандықтан, аулауға тыйым салынған. ## Таралуы Орта Азияның солтүстігінде, Алтай, Тува, Забайкальеде тараған. Қазақстанда жоқ. Бірақ қазба түрінде Түркістан облысында Жоғарғы Серафимовка ауылыда және Алматы облысында Шарын өзені бойында антропоген қабатынан табылған. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Сыртқы сілтемелер * Позвоночные животные России: Дзерен Мұрағатталған 22 қаңтардың 2021 жылы. * Статья в Большой советской энциклопедии(қолжетпейтін сілтеме) * Редкие и исчезающие животные России и зарубежья: Дзерен Мұрағатталған 28 сәуірдің 2009 жылы.
Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha); киноринхалар (Kіnorhyncha); түкті құрттар (Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы – ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар – адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді. ## Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы - денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі - артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады. Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар - дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының жіпшеқұрты - свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді. Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында - суыртқы (ришта), бұлшықеттерде — трихинелла, ішекте ішексорғы, үшкірқұрт паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетелі. Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың тоқ ішегіне үшкірқұрт (острина) орнығады. Ол — паразит құрт, аналығының тұрқы 1 миллиметрден аспайды. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, құйрығы үшкір, тұрқы 1,5 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Үшкірқұрт екі сүйір үштарын қадап, соқыр ішекте және тоқ ішекте тіршілік етеді. Үшкірқұрттың алдыңғы ұшында - ауыз, соңғы бөлігінде аналь тесік (артқы тесік) орналасады. Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі құйрық деп аталады. Оның денесі тығыз қабықшамен - сірқабықпен қапталған. Сірқабықтың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан үшкіркүрт денесін жиыра, қысқарта алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі. Жер шарында кең тараған. Ж. қ-дың 5 класы бар, 27 мыңдай түрі белгілі. Денесі жіп тәрізді созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге жетеді. ## Дереккөздер
Молокандар — Ресейдегі діни секта, христиан дінінің бір ағымы. 18 ғасырдың аяғында Тамбов губерниясында қалыптасқан. Оның негізін қалаушы — Семен Уклеин. Молокандар шіркеуді, шіркеу иерархиясын, оразаны, иконаны және православие діни жораларын теріске шығарды. Молокандық — феодал-басыбайлылық жүйенің күйзеліске ұшыраған кезінде пайда болған шіркеуге қарсы шаруалар қозғалысының бір түрі. Молокандар патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырайды. 20 ғасырдың басында олар 1,2 млн адамға жетті.Ұлы Октябрь революциясынан кейін олар ыдырай бастады. Кәзір Молокандардың аздаған топтары Закавказьеде, Украинада, Ресейде Ростов облысында бар. 1900 жылы молокандар АҚШ пен Мексикаға көшті. ## Дереккөздер
Шмашева Батима Хасенқызы - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Бірлік-Үстем колхозының звеношысы (1947). 1914 жылы Алматы қаласында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Бастауыш мектептің 5 класын бітіріп, 16 жасында, 1930 жылы Калинин атындағы колхозға жұмысқа кіреді. Бірнеше жылдан соң "Бірілік-Үстем колхозына ауысып, колхоз хатшысы болып еңбек етеді, қоғамдық және өндірістік жұмыстарға белсене араласады. * 1947 жылы қызылшашылар тобын басқарып, колхозда алдыңғы қатарлы топтардың деңгейіне жетеді. 2 гектар жердің әр гектарынан 800 центнерден, өздеріне бекітілген алқаптың әр гектарынан 385 центнерден қант қызылшасын алып, межеленген жоспарды асыра орындап, табысқа жетеді. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Шоманова Жезбала - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Белбасар колхозының звеношысы (1947). 1923 жылы Шу ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Еңбек жолын 1943 жылы Белбасар колхозында қызылша өсіруші болып бастап, жоғары өнім алу жолында тынбай еңбектенеді. * Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік жұмысы үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалып, қажырлы еңбектерінің арқасында 2 гектар мол түсімді алқаптың әр гектарынан 805 центнерден, орташа түсімді қалған жердің әр гектарынан 524 центнерден өнім жинаған. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қарағұлов Ишанбай (1909 - 1992) - эпидемиолог, қоғам және мемлекет қайраткері. Медицина ғылымының докторы (1950), профессор (1950). ## Жұмыстары мен зерттеулері ҚазКСР Ғылым академиясының (1961) корреспондент мүшесі. Қазақстанның (1961) және Қарақалпақстанның (1965) еңбек сіңірген ғылым қайраткері.Негізгі ғылыми еңбектері жұқпалы ауруларға қарсы күресу және Қазақстанда денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру мәселелеріне арналған. ### Мұхтар Әуезовпен байланысы 50-жылдары Мұхтар Әуезов Кеңес-үнді достығы қоғамының республикалық басқармасының төрағасы, Қарағұлов орынбасары болды. Осы кезде екеуінің арасынла достық қарым-қатынас орнап, көп уақыт аралас-құралас жүрді. Үндістанға 2 рет барған сапары нәтижесінде, Қарағұлов үнді елінің тарихы, экономикасы, этнографиясы мен медицинасы туралы "Индиялық достарға барғанда" атты кітап шығарды (1962, орыс тілінде). Мұхтар Әуезов бұл шығармаға алғы сөз жазып, өзінің жүрек жарды лебізі мен ыстық ықыласын білдірді. Ал Қарағұлов "Естен кетпес күндер" деген естелігінде ("Қазақ әдебиеті", 1977, 20 мамыр) ұлы жазушымен қатар тізе қосып, еңбек еткен, бірге өткізген қимас күндерін елжірей еске алған. ### Дереккөздер
Құтымова Ғайнижамал Мұстафақызы (1900-1947) - ғалым, қоғам қайраткері, медицина ғылымының кандидаты (1942). ## Өмірлік жолы Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1928). 1928-47 ж. сонда ординатор, Өзбек КСР Денсаулық сақтау халкомында басқарма бастығы, халкомның орынбасары болды. Өзбек Кср Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған (1938). ### Мұхтар Әуезовпен байланысы Ғайнижамал мен Мұхтар Әуезовтың арасындағы достық, сыйластық, бір-біріне ынтықтық қатынас ұзақ жыл бойы үзілмеген. Екеуінің жазысқан 700-дей хаттары мен жеделхаттарында (соның ішінде Әуезовтың 385 хаты бар) тек сүйіспеншілік мәселесі ғана емес, әдебиет, мәдениет, қоғам, саясат т.б мәселер туралы айтылған. Хаттың бәрі орыс тілінде жазылған. Олар қазір Ташкентте тұратын тарих ғылымының докторы Серікжан Қарабаевтың қолында сақтаулы. 1942 ж. "Абай" романы жарыққа шыққанда, автор қолтаңба жазып, кітаптың бір данасын Ғайнижамалға сыйлаған. ### Дереккөздер
Юнусова Патыш - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Октябрь" колхозының звеношысы (1933). 1898 жылы Қырғыз жерінде, Ленинопольск ауданы, Қызыл-Сай ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1933 жылы "Октябрь" колхозына жұмысқа кірген оны колхоз басқармасы қызылшашылар тобының звеношысы етіп тағайындайды. Оның басқаруымен қызылшашылар тобы өнімнен тек жоғары көрсеткіш көрсетіп отырды:1945 жылы межеленген 180 центнердің орнына 1 гектар жерден 653 центнер қант қызылшасын жинаған;1946 жылы - 210 центнердің орнына әр гектардан 770 центнерден;1947 жылы - 4,5 гектар жердің әр гектарынан 734 центнерден, ал 2 гектардан 800 центнерден өнім алады. * 1945 жылы межеленген 180 центнердің орнына 1 гектар жерден 653 центнер қант қызылшасын жинаған; * 1946 жылы - 210 центнердің орнына әр гектардан 770 центнерден; * 1947 жылы - 4,5 гектар жердің әр гектарынан 734 центнерден, ал 2 гектардан 800 центнерден өнім алады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қаһар Абдулла (1907-1968) — жаңа өзбек әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, Өзбекстанның халық жазушысы (1967). ## Шығармалары Романдарында таптық қайшылықтар мен коллективтендіру дәуіріндегі өмір суреттері берілген. "Жаңа жерде" (1949) деген пьессасы үшін Қаһар КСРО Мемлекеттік сыйлығына (1952) ие болды. ### Мұхтар Әуезовпен байланысы Мұхтар Әуезовтың қайтыс болуына байланысты, бір топ өзбек қаламгерлерімен бірге жазған "Жанымызға жақын адам" деген мақалада ("Литературная газета", 1961, 29 маусым) ұлы жазушының өзбек әдебиетінің жанашыры, қамқоршысы болғанын тебірене еске алады. Шынында Әуезов туысқан халықтар әдебиетіне зер салып, қадағалап оқып, зерттеп отырған. "КСРО халықтары әдебиеттерінің өркендеуі" атты еңбегінде Абдулланың "Қос шынардың оттары", 'Қайта туған халықтың әдебиеті" мақаласында "Зымыран құс" романдарының өзіндік ерекшеліктерін атап өткен. ## Дереккөздер
Сары жайлау — Тәттімбет Қазанғапұлының күйі. Оны Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді.
Междуозёрное — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Елец ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде, Құмдыкөл және Жетікөл көлдерінің ортасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 131 адам (57 ер адам және 74 әйел адам) болса, 2009 жылы 52 адамды (26 ер адам және 26 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Шматова Евдокия Васильевна - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Новый путь" колхозының звеношысы (1943). 1887 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы "Новый путь" колхозы құрылып жатқан кезде алғашқылардың бірі болып жұмысқа кіріп, 13 жыл сауыншы болып істейді. * 1943 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болған ол, қызылша өнімін жыл өткен сайын жоғарлатып, жоспарды артығымен орындап отырды:1946 жылы - 213%;1947 жылы - өздеріне бекітілген жердің әр гектарынан 720 центнерден. * 1946 жылы - 213%; * 1947 жылы - өздеріне бекітілген жердің әр гектарынан 720 центнерден. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1947) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қоспақ үйрек - ((лат. Anas acuta) , "anas"- үйрек, "acutus" — үшкір) - дүниежүзінде ең көп таралған үйрек туысының бір түрі. ## Биологиялық сипаттама Салмағы 0,7 кг-нан 1,15 кг-ға дейін болады.Тұмсығы 43-53 мм, жайғада қанаты 20-29 см. Басы, мойны қара, жемсауы ақ, арқасы сұр, құйрығы сүйір, қара. Құс жылдам ұшады, суда жақсы жүзеді, жыл құсы. Ерте көктемде ұясын жерге жасап 6-11 жұмыртқа салады. 22-23 күнде балапан басып шығарады. Қоспақ үйрек өсімдік жапырығы, бүршігі, тұқымыме, құрт-құмырсқаны, олардың личикаларымен көректенеді. Шарушылыққа зиянды құрт-құмырсқаларды жеп пайда келтіреді. Дәмді еті үшін ауланады. ## Таралуы Қоспақ үйрек Солтүстік Америка, Евразияда көп таралған. Қазақстанда Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысыда көп кездеседі. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Сыртқы сілтемелер * http://animalbox.ru/birds/shiloxvost-anas-acuta%7Ctitle=Шилохвость%7Cpublisher=Энциклопедия(қолжетпейтін сілтеме) * http://www.webcitation.org/65t9bAYfC%7Carchivedate=2012-03-03(қолжетпейтін сілтеме) * Позвоночные животные России: Шилохвость Мұрағатталған 23 шілденің 2021 жылы. * Фото, видео и аудио файлы с участием шилохвости Мұрағатталған 10 қазанның 2012 жылы.