text
stringlengths 3
252k
|
---|
Нұғыманова Жәмила Сәкенқызы – иммунологы, медицина ғылымдарының докторы. 1976 жылдан КОКП мүшесі. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1972-75 ж. Өлкелік патология ғыл.-зерт. Ин-тында аспирант, 1975-89 ж. жұқпалы аурулар ин-тында ғыл. қызметкер, ғалым-секретарь. 1989 жылдан Аймақтық тағам проблемалары ин-тында бөлім басқарады. Негізгі ғыл. еңбектері эксперементтік аллергия кезінде иммуноциттерден туындаған клеткалардың құрылысы мен қызметіндегі ерекшеліктерді зерттеуге арнаған. 2 авт. куәлік алған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Минц Иссак Израилович – совет тарихшысы, тарих ғыл. докторы, КСРО ғылым академиясының академигі, Соц. Еңбек Ері. 1917 жылдан КОКП мүшесі. Қызыл профессуралар ин-тын бітірген. Негізгі ғылыми еңбектері КОКП, Октябрь революциясы және Азамат соғысы тарихына арналған. Минц Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыда тұрды. Республикада тарихшы-ғалымдарды даярлауға сүбелі үлес қосты. Оның басшылығымен «Совет өкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы жеңісі» атты ғылыми еңбегі жарыққа шықты. Ленин орденімен 2 рет, 2 рет тябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту т.б ордендерімен марапатталған. Лениндік сыйлықтың және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Орынбеков Мұқанмадияр Серікбайұлы – совет философы, филос. ғылымдарының докторы. МГУ-ді бітірген, КСРО ғылым академиясының Философия ин-тының аспирантурасын бітірген. 1967 жылдан ҚазССР ғылым академиясының Философия және право ин-тында лаборант, кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер. Ғыл.-зерт. еңбектері диалектик. Материализм, әлеум. Таным мен жаратылыстанудың филос. проблемалары, ғылымының методлогиясы мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Позднеев Алексей Матвеевич – орыс шығыстанушысы, монғолтанушы. Санкт-Петербург университетін бітірген. 1988 ж. «Монғолдың «Эрдэнийн Эрихэ» жылнамасы» еңбегі үшін ғылым докторы атағын алды. 1887 ж. қалмақтар арасында жасаған саяхаты негізінде қазақтардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, ғылыми мәліметтер жинады. «Брокгауз-Ефрон» энциклопедияның 29-томында жарияланған «Қырғыз-қайсақтар» аты ғылыми мақала жазды. Онда қазақ халқының тарихы, этнографиясы, әдебиеті мен өнері т.б. туралы ғылыми мәліметтер келтірілген.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Заградовка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Заградов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстікке қарай 54 км-дей жерде, Жаманкөл көлінің шығысында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1125 адам (557 ер адам және 568 әйел адам) болса, 2009 жылы 1000 адамды (496 ер адам және 504 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Рамазанов Виссарион Тасжанұлы – совет гельминтологы, малдәрігерлік ғыл. докторы. Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тын бітірген. 1954-60 ж. Жамбыл облысында малдәрігері болды. 1960-87 ж. Қазақ малдәрігерлік ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер, гельминтология бөлімі құрамындағы эхинококкоз зерттеу секторын басқарды, 1987 жылдан жетекші ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан малының эхинококкозына, ценурозына және альвеоккозына қарсы хим. Шаралар қолдану, эпизоотология мен иммунитет мәселелеріне арналған. 1 авт. Куәлігі бар.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Сальников Василий Герасимович – совет инж. –технологы, техника ғылымдарының докторы, профессор. 1967 жылдан КОКП мүшесі. Томск политех. Ин-тын бітірген. 1960-79 жылдары инженерлік жұмыста болды. 1979-87 ж. Павлодар индустрия ин-тында кафедра меңгерушісі. 1987 жылдан декан. Негізгі ғылыми еңбектері электр құрал-жабдықтарын зерттеуге арналған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Седунов Анатолий Андреевич – совет стоматологы, медицина ғылымдарының докторы. 1962 жылдан КОКП мүшесі. Ташкент медицина институтын бітірген. 1959-62 ж. Ташкентте стоматолог-дәрігер. 1962-89 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтта ортопедиялық стоматолог. Кафедрасының ассистенті, доценті, меңгерушісі, 1989 жылдан профессоры. Седунов «Құйылған ситалл» атты стоматологиялық жаңа материал алып, одан тіс протездерін жасау технологиясын ұсынды.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Рузуддинов Саурбек – совет стоматологы, медицина ғылымдарының докторы. 1971 жылдан КОКП мүшесі. Алматы мемлекеттік медицина институтын және Москва медицина стоматологиялық институтының аспирантурасын бітірген. 1974-89 ж. Алматы мемл. Медицина ин-тында ортопедиялық стоматол. Кафедрасының ассистенті, доценті, 1989 жылдан профессоры. Негізгі ғылыми еңбектері стоматолгогия мәселелеріне арналған. 8 авт. куәлігі бар.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Жер қабаты опырылғанда, кейбір кесек жыныстар жоғары көтеріліп, біреулері төмен түсіп, бірінің үстін бірі басады. Жақпар жыныс – жер қабығының сынып қалған бөлігі. Ол басқа бөліктерден құрылымы, бағыты, тікірейіп қозғалу жылдамдығымен ерекшеленеді. Жоғары көтерілген жақпар жынысты – «Горст», төмен түскенін «Грабен» дейді. Горст – екі жиегі ой, ортасы дөң болып келген жақпартас. Мұндай жерлер көбіне тау жотасы немесе қырат болып есептелінеді. Горсттың басы тегіс, беткейі тік, құламалы боп келеді. Жақпарлы-құжбан таулар литосфераның созылғыштық қасиетін жоғалтқан қатты бөліктерінде, яғни, континент шетінде пайда болады. Жақпарлы тау сығылғанда, жыныстар опырылмай қоймайды. Опырылғанда алдымен кере тартылып, артынан сығылады. Өте берік кесек жыныстар кере тартылған уақытта оңай опырылады. Жақпарлы-құжбан таулар зор пішінімен, тік құламалы бет кейімен, бөлек-бөлек боп жатқан бедерімен ерекшеленеді. Оған Невада және Калифорния штаттарындағы Сьер ра-Невада таулары, Вайомингтегі Үлкен Тетон тау жотасы мысал бола алады.
## Дереккөздер
Балаларға арналған танымдық энциклопедия "Таулар" |
Су астындағы таулар саны жер бетіндегіден көп. Су астында, сондай-ақ, «Қазаншұңқыр» деп аталатын ойпаттар да болады. Қазаншұңқырлар – мұхиттардың ең терең жері. Су астындағы таулар мен қазаншұңқырлардың көбі жер бетіндегілерден биік және терең. Суасты таулары жер қыртысындағы екі платформаның соқтығысып, опырылып сынып, жерді жарып, жоғарыға шығуының нәтижесінде түзілген. Платформалар бірін-бірі итергенде, ұштары сынып, тау пайда болады. Әлемдегі ең ұзын тау тізбегі Атлант мұхитының астында жатыр. Ортамұхиттық тау жотасы Атлант мұхитының дәл орта тұсын басып өтеді. Ол – Америка мен Африканың ортасындағы су алабы. Суасты таулары туралы сөз қозғағанда, ғаламшарымыздағы ең биік тау Эверест емес екенін айту керек. Эвересттің биіктігі 8848 метр ғана. Жер шарындағы ең биік тау Тынық мұхитының түбінде жатыр. Ол – Гавай аралдарындағы Мауна Кеа тауы. Оның жарты бөлігі мұхит суының астында. Мауна Кеаның биіктігі 10 000 метр.
## Дереккөздер
Балаларға арналған танымдық энциклопедия "Таулар" |
Дөңес таулар жер астынан балқып шыққан тастардан түзіледі. Оңтүстік Дакотадағы Блэк Хиллз бен Вайоминг, Нью Йорк маңындағы Адирондак таулары – жыныстың қатпарланбай, жақпарланбай дөңгелей үйіліп, биіктеуінің нәтижесінде пайда болған дөңес таулар. Дөңес таулар өздерін қоршаған жерден анағұрлым биік тұрады. Сол себептен олар тез эрозияға ұшырайды. Дөңес таулардың екі түрі бар: біріншісі – жанартаудан шыққан жер асты жынысының күмбез тәрізді боп орналасуынан пайда болады. Ал, екіншісі – бір кездері өте биік болған, бірақ қазір мүжіліп, шайылып, эрозияға ұшырап, дөңестенген таулар. Кейде мұздықтардың әсерінен таулардың басы күмбез тәрізді пішінге ұқсап кетеді. Солтүстік және Оңтүстік Каролинадағы Увар таулары осы әдіспен түзілген дөңес тауға мысал бола алады.
## Дереккөздер
Балаларға арналған танымдық энциклопедия "Таулар" |
Жағалы шөл далаларда екі мезгіл бар: ұзақ әрі жылы жаз және қысқа, салқын қыс. Орташа жаңбырдың жаууы, әдетте жартылай сусыз шөл далалардан гөрі, жағалы шөл далаларда көбірек кездеседі. Топырағындағы тұз құрамы орташа қалыпта. Анголаның Намиб шөл даласы, Оңтүстік Африка мен Чилидің Атакама шөл даласы – салқын жағалы шөл далалар.Чилидің Атакама шөл даласы – тұздың алабы. Ол лава мен құмнан тұрады. Ол – әлемнің ең құрғақ шөл даласы. Осы шөл далаларда салқын болуға бейім жылы аймақтарды кездестіруге болады. Бұл жердің қысы, әдетте, салқын және қысқа, ал жазы ұзақ және жылы. Топырағының құрамы жоғары сілтілі құмнан тұрады. Ол өте борпылдақ. Жауын суын жерге тез сіңдіреді. Жағалы шөл даладағы көптеген флора аймағы суды жақсы сақтағандықтан, қалың жапырақтылығымен ерекшеленеді. Олардың тамырлары жерге тимеген жеткілікті суды сіңіру үшін жер бетіне өте жақын жатыр. Жағалы шөл далалардың аңдары мен жануарларына мыналар жатады: бұжыр терілі амфибиялар, жыртқыш құстар, сыпырынды жинаушы cүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар және жәндіктер.
## Дереккөздер
Балаларға арналған танымдық энциклопедия "Шөлдер" |
Дін әрдайым адамзат қоғамының маңызды бөлігі болып келген. Өздерінің құрметін көрсету үшін олар өз құдайларына әдемі ескерткіштер салып отырған. Ежелгі уақыттан бері мықты қолөнершілер діни ғимараттар тұрғызу үшін еңбек еткен. Осы қасиетті жерлер мен киелі орындар бүкіл әлемге тарап, діннің мәнісі мен мәдениеттің маңыздылығын айқындап келген. Олардың тарихы, өнері, сәулет өнері мен мағынасы әрқалай. Кейбіреулері бүгінде тарихи мәнге ие болса, енді біреулері әлі күнге дейін саяси, қоғамдық немесе мәдени рөлдерін жалғастыруда.Жалпы, діни әңгімелер мен аңыздарға сүйенсек, көптеген мешіттердің, қауымдардың, ғибадатханалар мен синагогалардың сенімі мен құлшылығы бір-біріне ұқсайды. Атағы жер жарған қасиетті орындарға мыналар жатады: Үндістандағы алтын ғибадатхана мен Бодгхая, Акшардхам Мандир, Меккедегі Қағба, Иерусалимдегі Жоқтау қабырғасы, Камбоджадағы Ангкор Ват ғибадатханасы, Стамбулдағы Көк мешіт, Мянмадағы Пагода және Қытай ғибадатханасы. Бұл ғимараттар көптеген саяхатшылардың назарын өздеріне аударып келеді. Осы діни ескерткіштер мен ғибадатханалардан басқа, діни мақсатпен жиі баратын әлемдік жерлер бар. Олар – Үндістандағы Бенарес пен Испаниядағы Сантияго-де-Компостела. Бенарес киелі Гангасымен атақты. Ал Сантияго-де-Компостела мәсіхшілер арасында танымал. Ол жерде Жақып пайғамбар қайтыс болған.
## Дереккөздер
ТАНЫМАЛ ЖЕРЛЕР/ Ауд.: Д. Жазылбеков – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». |
Саятшылық құстары деген – уақытты көңілді өткізу үшін пайдаланатын құстар. Кей елдерде саятшылық құстары боп тек қырғауыл, құр және бөдене саналады. Бұл топқа түйетауық, қаз-үйрек, жылқышы, тауқұдірет, шүрілдек тәрізді су құстарын жатқызуға болады. Саятшылық құстарды адамдар кеңінен аулайды. Оларды аулауға пойнтер, сеттер, ретривер тұқымды иттерді әдейі баулиды. Бұрындары үкімет саятшылық құстарды айқындап, оларды аулау туралы заң шығарып, аңшыларға рұқсат құжат беріп жататын. Заң ағылшын ақсүйектерінің көңіл көтеруіне жақсы жағдай жасайтын. Ал қазір бірқатар елдерде шығып жатқан заңдар, негізінен, аңшыларды емес, аңдарды қорғауға бағытталуда. Саятшылық құстары тобына 260-тан астам құс түрі кіреді. Бұл топта тауыс деген құс та бар. Саятшылық құстарының көпшілігінің денесі ірі, тұмсығы қатты, сирақтары балғадай күшті боп келеді.
## Дереккөздер
ҚҰСТАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-454-6 |
«Жеңіс бояулары» көрмесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67-жылдығына арналған. Көрмеде екі суретші, екі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, біздің жерлестеріміз - Липат Петрович Сёмин мен Виктор Сергеевич Меньшиковтың 140 кескіндемелік бояутақталары көрермендердің ауқымды аудиториясында назарға ұсынылады.
Виктор Сергеевич Меньшиков Ресейдің Воронеж облысындағы Анна селосында дүниеге келген. 17 жастағы жас жігіт өз еркімен майданға аттанады. Гвардиялық бөлімде минашы болды, Белорусияда, Польшада соғысып, Сандомир плацдармінде шайқасады. Одан кейін Варшаваны азат ету үшін Висло-Одерск операциясы болды, бұл шайқаста көрсеткен ерлігі үшін польшалық және кеңестік екі медальге ие болады. Ары қарай Одерск плацдармі, Зеелов биіктіктері және соңында Берлин. Жауынгердің ерен ерлігін Отаны Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен, «Берлинді алғаны үшін», «Г.Жуков медалімен», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және өзге де наградалармен марапаттады. Соғыс аяқталғаннан кейін Виктор Сергеевич 1951 жылға дейін Германияда басқыншы әскер тобында қызмет етеді.
Білімі мен қызметі бойынша заңгер, жүрек қалауы бойынша суретші 1960 жылдан бастап Өскеменде тұрады. Облыстық және қалалық прокуратураларда, облыстық сотта судья болып қызмет етеді.КСРО Әділет министрлігінің Мақтау қағазымен және «Еңбектегі жетістіктері үшін» белгісімен марапатталады. Ұзақ уақыт бойы журналистикамен айналысты, 600 баспа басылымдардың авторы, «Социалистическая законность» журналының бүкілодақтық конкурстарының лауреаты болып табылады. В.С.Меньшиковтың: «Заң қалай бұйырса» (1988), «Адамдар тағдыры» (2005), «Судьяның қойын дәптерінен» (2006), «Тағдыр қалтарысы» (2011) сияқты очерктері, новеллалары мен әңгімелері жарыққа шықты.Ол 1977 жылы қылқаламды қолына алып, сол кезден бастап ұзақ жылдар бойы өзінің сүйікті ісіне бос уақытын бөліп келеді. Суретшінің көптеген туындылары негізінен пейзаж жанрында салынған. Автор композициялар құрылымында, реңдік шешімдерде еріксіз түрде орыс классиктерінің пейзажынан үлгі алады. Суретші әрбір жұмысында өзінің табиғатқа деген қарым-қатынасы, әрбір қас-қағым сұлулықтың қайталанбайтындығы туралы салмақты әңгіме айтқандай болады. Бұндай картиналар қатарына «Қыс», «Мұзтаудың қысқы көрінісі», «Ерте көктем», «Мая шөп» жатады.
Липат Петрович Сёмин 1922 жылы Зырян ауданының Соловьево селосында дүниеге келген. Қаһарлы 1941-ші жылы 19 жасар жігіт өз еркімен майданға аттанды. Батыс, Оңтүстік, 4-ші Украина, 1-ші Прибалтика, Сталинград майдандарында барлаушы болды, жаяу әскер мен атты әскер құрамында соғысты, Қырымды, Белорусияны, Польшаны азат етуге қатысты. Соғысты Шығыс Пруссияда аяқтады. I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Польшаны азат еткені үшін» медальдарымен және басқа да үкімет наградаларымен марапатталды.
1944 - 47 жылдары Орал жаяу-әскер училищесінде оқып жүрген кезінде сурет салуға және кескіндемеге бет бұрған-ды, Свердловскінің көркемсурет галереясына, кейіннен – Мәскеудегі Третьяков галереясына барып жүрді, жастық жалынмен қабырға газеттерін, жауынгерлік парақшаларды безендіріп, майдандастарының портреттерін салып, бейнелеу өнерінің негізін үйренді. Ұзақ жылдар бойы балташы болып жұмыс істеді. 1975 жылы Өскемен қаласына көшіп келді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Липат Петрович кескіндемемен түпкілікті шұғылданып, ерекше өнімді еңбегімен, дүниетанымын жеткізудегі жігерлілігімен және шынайылығымен тәнті етті. «Жеңіс бояулары» экспозициясы – суретшінің шығармашылық өміріндегі үшінші жеке көрмесі. Ағымдағы жылдың мамыр айында Липат Петрович 90 жасқа толады.
Автордың еркін де шабытты қылқаламынан шыққан сәнді натюрморттар айрықша әсемдігімен, бояуларының қанықтығымен және бейнелігімен тәнті етеді. «Құлқайырлар», «Таушымылдықтар», «Мамыргүл мен «Құртқашаштар», «Жұлдызгүлдер», «Түймедақтар» кенептерде жанданып, біздің жүрегімізге сұлулық нәрін төге отырып, қуаныш пен кереметтілік сыйлайды.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
## Шығыс бекеті
Теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте, оңтүстік геомагниттік полюсте орналасқан. Зерттеу бекеті орыстарға тиесілі. Мұнда қашанда жан түршіктірер суық болып тұрады. 1983 жылдың 21 шілдесінде осында ғаламшарымыздағы ең төмен температура тіркелді (-89,2°C). Бекет Шығыс (4 шақырым мұз астында) деп аталатын әлемдегі ең үлкен көлдің аймағында жатыр.
## Эврика
Эврика – Канададағы Эллесмер аралына жақын маңда орналасқан зерттеу бекеті. Эвриканы да әлемнің ең суық жеріне жатқызады. Ол 1947 жылы метеорологиялық бекет ретінде салынған екен. Жыл бойындағы орташа температура – -20°C. Қыста көбіне 40°C көрсетеді. Соған қарамастан қызығушылығы мол туристер осында келуден бас тартқан емес. Эврикаға жету үшін ұшаққа 20 000$ жұмсайсыз.
## Оймякон
Оймякон Якутия республикасында, Солтүстік жарты шардың оңтүстігінде 350 шақырым жерде жатыр. 1926 жылы осы жерде температураның рекордтық төмен көрсеткіші (-71,2°С) тіркелген болатын. Осы оқиғаға байланысты ауылдардың бірінде мемориалдық тақта қойылған.
## Денали
Денали немесе Мак-Кинли тауы Солтүстік Американың ең биік шыңы саналады. Ертеден-ақ "Жер бетіндегі ең суық тау" деген лауазым алған. Қыста ауа температурасы -40°C болады. Таудың биіктігі – 6194 метр.
## Ұлан-Батыр
Ұлан-Батыр моңғол даласында, теңіз деңгейінен 1300 метр биіктікте жатыр. Оған "Әлемдегі ең суық астана" деген ат берілген. Қаңтар айында ауа температурасы -16°C түспейді.
## Дереккөздер
* http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/16728

* http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/16728 |
Сатылы пирамиданың құрылысы бүкіл тарихта бірнеше мәдениеттен көрініс тапты. Бұл пирамидалар, әдет те, үлкен және бірнеше тас қабаттан немесе сатыдан тұрды.Сатылы пирамида, әдетте, мастаба ретінде басталатын. Ол бірінің үстіне бірі қойылып, кішірейе беретін бірқатар мастаба пішіндерінен тұрады. Түпнұсқасы қандай болғанына қарамастан, ол шөл топырақтан өсе отырып, таңғалдырарлық геометриялық пішінді жасайды. Перғауындардың алғашқы мәйіттері үлкен, қарапайым, «Мастаба» деп аталатын шұңқырлар болды. Олар күнге кептірілген саз кірпіштен жасалған және көпшілігі шаңға айналып кеткен. Мұның барлығы сатылы пирамидалардың тұрғызылуымен, шамамен, б.з.д.2630 жылы өзгерді. Ол Джосер перғауын үшін жасалған және әдеттегі мастаба болатын. Бірінші пирамида б.з.д.2750 жылы Зосер патшаға арнап салынған Саккарадағы Сатылы пирамида болды. Сатылы пирамидалардың ең бай ғимараттарының бірі – Колумбияға дейінгі өркениеттер болды. Сатылы пирамидалардың қал дықтары Юкатандағы Майя қалаларында, сол сияқты ацтек, толтек және инк архитектурасында табылған.
## Дереккөздер
МУМИЯЛАР МЕН ПИРАМИДАЛАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет.– Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-451-1 |
## Мазмұндама
Қазақ ертегісі. Әкесімен баласының арасында татулық туралы жазылған. Мерген Аламанның әйелі - Қарашаш. Бір уақытта Қарашашатың шашы суға түседі, оны көрген Сұлтан оған ғашық болады. Жалмауыз кемпір Қарашашты әкелуге көмектеседі және Аламанды байлап тастайды. Жоламан ұлы әкесін байлаудан шешуге көмектеседі.
Аламан ханды және оның әскерлерін өлтіреді. Ол әйелін, қызын және ұлы Жоламанды атасына апарады. Атасы Қарашаштың істеген ісін білген соң, Қарашашты және қызын өлтіреді. Ал Аламанға өзінің қызын (Қарашаштың сіңлісін) қосады. Жалмауыз кемпір ханның өлгенін естіп, Аламанды өлтіргісі келеді. Жоламан кемпірді өлтіреді.
Сөйтіп Аламан мен Жоламан өз мақсаттарына жетіп, ауылына келеді.
## Басты кейіпкерлер
Аламан- Мерген. Қарашаштың күйеуі болды, бірақ Қарашаш Сұлтанға ғашық болады. Аламан сол үшін Сұлтанды өлтіреді.
Жоламан- Аламанның ұлы. Ол Аламанның босауына көмектеседі. Соңында жалмауыз кемпірді өлтіреді.
Қарашаш- Аламанның әйелі болды. Бірак Сұлтанға ғашық болып, соған күйеуге шықты. Сол үшін оның әкесі оны өлтірді.
Сұлтан- Қарашаштың шашын көріп, оған ғашық болады. Сол үшін Аламан оны өлтіреді.
Кемпір- Ол Қарашашты Сұлтанға әкелуге көмектесті. Соңынды Жоламан жалмауыз кемпірді өлтірді.

Кемпір- Ол Қарашашты Сұлтанға әкелуге көмектесті. Соңынды Жоламан жалмауыз кемпірді өлтірді. |
## «Жүз» термины туралы
Қазақ жүздері – отандық тарихымызда өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Жүздердің пайда болуының уақыты, себептері, шарттарына, тіпті «жүз» терминінің этимологиясына да қатысты ғалымдар арасында ортақ шешім жоқ. Сол себептен біз бұл мәселеге өз үлесімізді қосып, үлкен мәселенің бір тармағы болып табылатын «жүз» терминінің мәнін ашуға әрекет етіп көрмекпіз.«Жүз», Т. Жанұзақов анықтағандай - этнотермин [1.470]. Дегенмен, бұл сөз этнотермин дәрежесіне бірден жетпеген. Мысалға, «Диуани лұғат ат–Түрк» еңбегінің авторы М. Қашқари сөздігінде «жүз» деген сөз бар. Ондағы JUZ / иуз – жүз сөзінің мағынасын автор мақалмен келтіреді: «Иузге көрме ердем тіле – Жүзге қарама, қасиет тіле. Яғни, адамның шырайлы, сұлу жүзіне қарама, оның қасиетіне, әдеп–ақлихатына қара». Бұдан біз ортағасырлық ғалымның «жүз» сөзінің баламасы бет–әлпет деген мағына беретінін айтқысы келгенін түсінеміз. Олай болса Қашқаридің тұсында «жүз» сөзі тарихи айналымға әлі енбей, тек болмыстық қолданыста болғанын және әлі этникалық дәрежеге көтерілмегенін жору қиын емес. Сонымен бірге ортағасырлық өзге де авторлардың еңбектерінде қарастырылып отырған «жүз» сөзі этнотермин ретінде қолданылмайды [2].Жалпы қазақ тарихында ру–тайпалардың бөліктерге бөлінуін «жүз» терминімен сипаттау кейініректе қолданыла бастаған. Біз мұндай қорытындыға қазақ тарихына қатысты ортағасырлық, жаңа замандық дерек көздерін қарап шыққаннан кейін келдік. Алайда тарихи деректерде «жүз» сөзі кездеседі, бірақ ол қазақ жүздеріне қатысты айтылмайды. Мәселен, Махмуд ибн Уалидің "Бахр ал-асрар" еңбегіндегі мына жолдар жайлы болып отыр: «Что касается Бахадура, сына Шайбан–хана, ... он вместо отца стал главенствовать над элем и улусом. Повелев собраться близким родственникам, племенам и четырем каучинам, он выбрал для зимовок и летовок Ак–Орду, которая известна так же как Йуз–Орда» [3. 347]. Мұндағы «йуз» сөзі «жүз» деген сөз екені айдан анық, дегенмен мәселе оның бұл контекстте қандай мағына беріп отырғанында. Назар аударыңыз «йуз» арабтың «джуз»/ бөлік сөзі емес, сандық «жүз» дегенді білдіреді. Осыған негізделіп Б. Ахмедов «Йуз–Орда» тіркесін «100 орда», орданың нешеу болғанын меңзеп тұрған тіркес дейді [4.165]. Т. Сұлтанов болса керісінше «Йуз–Орда» тіркесі «Ақ Орданың» баламасы, яғни «негізгі орда» деген мағынаны білдіретінін айтады [5.73-74.]. В. Юдин болса бұл пікірлермен келіспейді, оның ойынша «Йуз–Орданың» аудармасы «Орда Сотня» дегенге саяды, бірақ ол мұндағы «Сотня», яғни «жүз» нендей мағына беретінін сарапқа салып: «Тука Темур получил 100 юрт-хозяйств собственно монголов из тех 4000 монголов-воинов, которые были выделены Чингизханом Джучи. Основные контингенты монголов Чингиз отдал, естественно Бату и Орда Еджену. Все же прочие сыновья Джучи получили, вероятно, только по 100 монгольских юрт–хозяйств. Традиция наделения тюркской знати сотней хозяйств известна еще из древнетюркских рунических памятников» деген қорытындыға келеді [6.35]. Я, күрделі. Осы мәселенің жеңіл шешімін бізге Р.Теміргалиев ұсынады: «термин Жуз-Орда выглядит не совсем логичным, поскольку сами казахи никогда не смешивали эти два разных понятия – "жуз" и "орда". Тем не менее, расшифровать данное название можно. Судя по всему, этот термин произошел не от слова "орда", а от имени первого хана Восточного Кипчака – Орда-Ежена. То есть, это название надо понимать как "жуз Орды". В таком случае все становится на свои места. Причем, в подобном названии нет ничего удивительного, поскольку обычай называть государство именем его первого правителя был широко распространен в Великой степи. Вспомним улус Джучи, улус Чагатая, улус Бату и т.п. Да и Казахское ханство ногайские беки в переписке с московскими царями называли "Урусовым царевым юртом»[7]. Егер В. Юдиннің «Орда Сотня» тіркесін Г. Федоров-Давыдовтың да дұрыс деп тапқанын ескерсек [8.144] оның «сотня» сөзінің мағынасы «жүздікке» тең келеді дегені тағы бар емес пе? Олай болса нәтижесінде В. Юдиннің айтқысы келгені «Йуз–Орда» деген «Жүздік Орда», яғни «Орда Сотня» болып шықпай ма? Дегенмен, бұл жерде бір шикілік қалған сияқты. Онда В. Юдин мен Р. Теміргалиевтің пікірлерін «будандастырып» көрсек қайтеді? Біздің меңзегеніміз В.Юдиннің тіркесіндегі Орда – Орда Еженнің аты болса, онда Р. Темиргалиевтің болжамы да түсінікті болар еді, яғни «Орданың Жүздігі» / «Жуз Орды». Мәселенің шешімі біздің ойымызша осы болуы әбден мүмкін.
Жаңа дәуір әдебиеті бізге қазақ жүздері туралы аса ауқымды ақпарат бермейді. Дегенмен, бұл дәуір бізге қазақ жүздерінің пайда болуына байланысты орыс ғалымдарының қағаз бетіне түсірген аңыздарды қалдырған. Осы орайда аңызды оқып отырып алдыңдағы ақпаратты жай тарихты мифологизациялауға балап ығыстырып, зерттеуімізде де тарихнамалық маңыз беріп қана қоюға болады. Дегенмен, аңыздың астарында ақиқаттың да болуы мүмкін емес пе? Н.И. Гродеков өзінің «Киргизы и кара киргизы Сыр-Дарьинской области» атты еңбегінде мынадай мәлімет келтіреді: «Алаша хан послал три отряда холостых наездников разных узбекских родов пограничную область, сторожить свои владения. Находясь там долго без жен, они занимали к себе, рассказами о богатстве, 300 кибиток долы (цыган или бродяг) и подговорили жен убить мужей; затем взяли к себе жен долы. Предводителями трех орд после Алаша были его три сына: Великий – Байшура, Средний – Жаншура, и Малой – Карашура. Размножившись и разбогатев, киргизы начали распростроняться во все стороны; причем заняли: Великая орда (улу юз) юг, около населенных мест, Средняя орда (орта юз) – места, удобная для табунов, а Малая орда (кши юз) – местности, пограничная в Россию» [16.44] Ал Г.Н. Потанин болса өзінің Мұса Шерманұлынан жазып алған мынадай аңыз келтіреді: «Предок всего киргизского народа был Котан; он имел трех сыновей – Акджол, Альчин и Юсун. От Акджола произошла Средняя Орда, от Альчина – Малая и от Юсуна – Болшая». [17.239] Көріп отырғанымыздай екі автордың беріп отырған аңыздарының негізгі мәні жүздердің бір атадан тарап отырғаны, олай болса біз үш жүз бауырлас, қандас болды деп қорыта аламыз. Ал бұл аңыздардың алғашқысынан біз «жүз» сөзінің мәніне байланысты мынаны түйдік: «жүз» – «орда» сөздері синоним, яғни бір мағынада қолданылады және оның мағынасы әскер, жүздік дегенге саяды.Сонымен бірге ХІХ ғасырдың көрнекті қайраткері, тарихшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да қазақ жүздерінің қалыптасуын халық арасында тараған аңызбен байланыстырады. Дегенмен оның келтірген аңызының ерекшелігі жүздерді бір атадан таратпайды. Автор жүздердің қалыптасуын Майқы бидің өмір сүрген уақытымен сәйкестендіреді. Сол заманда бір Қызыл Арыстан ханның ала баласы туған кезінде әкесінен ажырап, уақыт өткен соң оның тірі екенін білген заманда хан оны шақырып келуге үш рет жүз сарбаздан жіберіп отырады. Олардан кейін қазақ жүздері қалыптасады деседі. Сол сарбаздарды басқарып барған батырлардың аттары біріншісінікі Үйсін, Майқы бидің ұлы; екінші жүздіктің басшысы Қотан бидің ұлы Болат; үшінші жүздіктің басшысы Қоғам бидің баласы Алшын болды. Арыстан ханның баласы хан көтеріліп, Алаша хан атанғанда Үйсін «Ұлы жүз Үйсін» атанып, Түпқазық салықшы; Болатқожа «Орта жүз Ақжол» атанып, тосқауылшы болады; Алшын беті қайтпас ержүрек болғандықтан Кіші жүз Алшын атанып, Жау шабарлар болады. [18.15-17] Осылайша қазақ жүздері қалыптасты деген өзінің уәжін келтіреді. Алдымыздағы ақпаратты сарапқа салар болсақ, бұл жерде қазақ жүздері үш жасақтан, яғни әскерлерден қалыптасқан. Сонымен бірге мұнда тағы бір астарлы нәрсе үш жүздің бір хандықты құрауында және орталық билікке бағынуында болып тұр. Яғни бұл жерден біз мынадай қорытындыға келеміз: «жүз» атауының бұл аңыз бойынша мағынасы – жүздік немесе орыс тілінде «сотня», әскер.Қарап шыққан деректердегі қазақтың «жүз» атауының мағынасы ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басына дейін орыс ғалымдардың танымында әскер, жүздік, яғни әскери бөлініс ретінде бейнеленген. Және бұл жағдай Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса» атаулы еңбегінде де сақталады: «Үш жүздің ... үш ұлдың аты екендігі, болмаса оларды үшке бөлгенде әкімдеріне берілген мансаптың аталуы екендігі тарихи шындық. Ресейде аға сұлтан, қытайда уаң, күң сияқты, арабша жүз дегені – бөлшек, топ мағынасында» қолданылатындығын айтады [19.66]. Осы пікірді қолдайтындарға сонымен бірге С. Аманжолов, Х. Адильгереев, С.Муқанов, Т. Омарбеков, Б. Кәрібаев, У. Шәлекенов секілді тарихшыларымызды жатқыза аламыз [20].Заманауи тарихшылардың арасында кеңестік кезең ғалымдарының еңбектеріне сын көзбен қарау қалыптасып қойған, әйтсе де қазақ елінің тарихының нақты мәселелеріне қатысты негізгі концепциялардың сол дәуірде қалыптасып үлгергені даусыз. Сол сияқты біздің тақырыбымызды зерттеудің алғышарттары да өткен ғасырдан бастау алады. Алайда, «жүз» терминіне байланысты тарихшылар бір тоқтамға әлі де келе алмады. Зерттеушілер өз тарапынан мәселенің зерттелуіне үлес қосып, болжамдарын алға тартуда, деседе ортақ пікір жоқ - бұл факт. «Жүз» терминінің этимологиясына қатысты тарихта орын алатын бірнеше негізгі пікірлерге тоқталайық. «Жүз» терминіне байланысты алғашқы гипотизаның авторы М. Тынышбаев болса керек. Оның айтуынша «Жүз» сөзінің мағынасы ежелгі түрік тілінен аударғанда «доз», яғни «бекініс», «Орда» деген мағынаны білдіреді [21.147-149];Келесі гипотиза В.В. Радловтікі, ол: «юз» (жүз) және гуз (уз) сөзі төркіндес екенін айта келіп: «Если моя концепция правильна, то гузы (узы) может быть, все равно, что «юз», т.е. – «сто племен» деген пікірге тоқтайды». [22.117];Тағы бір пікірдің авторы – З. Қинаятұлы. Ол «Juz» сөзі бағыт бағдарды білдіретін ұғым» дей келе өз тұжырымын былай түсіндіреді: «Ежелгі түріктер бұл ұғымды «Juz» (жүз), «Gar» (қол), «Jiguur» (қанат) деген мағынада қолданған. Мұндағы қол дегені әскери қол (корпус), «жүз» дегені оң жақ, сол жақ немесе оң қанатым, сол қанатым деген ұғымды білдіреді» [23.584].Айта кететін жайт, «жүз» проблемасымен тек тарихшылар айналысып жүрген жоқ. Мысалға, Е. Жанпейісов «жүз – буын, бунақ деген мағына береді, ұрпақ деген семантикаға саяды. Сонда Ұлы жүз – Үлкен буын немесе ұрпақ, Орта жүз – орта буын немесе ұрпақ, Кіші жүз – соңғы буын болып шығады» десе [24], Т. Жанұзақов «жүз» терминінің этимологиясын А. Кононовқа сүйеніп, былай түсіндіреді: «жүз» этнотермині көне түрік тіліндегі оғуз этнотерминінің фонетикалық тұрғыдан өзгерген күйі... жүз – ру, тайпа, тайпалық одақ» деген мағынаны беретін сөз дейді [1.473].Мұқият анализ жасайтын болсақ, айтылған пікірлердің барлығы қазақ жүздері қалыптасып болғаннан кейінгі, жүздердің атқаратын функциясына қарап жасалған тұжырымдар екенін байқауға болады. Ал егер қазақ жүздері әлі қалыптаспаған деп алсақ, бір бүтінді бөліктерге бөліп оны дәл солай «бөлік» деп атай салуға болар ма еді? Біздің ойымызша назарымызды ең алдымен сол кездегі жағдайға аудару керек. Жауға қарсы стратегия ойлап тауып, ел қорғау мақсатында үш тарапқа бөлініп халықты аман сақтауға тырысқан ата бабаларымыз аспаннан жаңалық тапқан жоқ, олар көшпелілердің дәстүрлі, ел қорғау әдісін ұстанды. Олай болса неге сол дәстүрлі үшке бөліну салтын дәстүр бойынша «жүздік», «жүз» деп атамасқа? [9.309-310]. Сонымен бірге біз мынаны есімізден шығармауымыз керек: қазақ жүздерінің қалыптасуына байланысты аңыздардың басым көпшілігінде «жүз» – әскер мағынасын меңзейді және Ш. Уәлиханов та «сотня» сөзін «жүз» сөзінің баламасы ретінде қолданған. Жалпы бұл жағдай, «жүз» сөзін әскери бөлініс ретінде қабылдау, ХҮІІІ–ХІХ ғасырлардағы (және ішінара XX ғасырдағы еңбектерде (мыс. М.П.Вяткин) орын алады. Тек кейінгі зерттеулерде ғана ғалымдардың аталмыш этнотерминге жүздің сипатын білдіретін түрлі мағына таңып жүргенін байқаймыз. Алайда бұл талпыныстар бос әурешілік емес пе екен? Тарихшыларымыз «жүз» сөзінің бастапқы дұрыс мағынасынан ауытқып кетпегеніне ( «орда» терминін қараңыз) кім кепіл? Біздің ойымызша «жүз» сөзі эволюцияға ұшыраған. «Жүз» - бастапқыда әскери жүздік мағынасында қолданылып, кейін ол әкімшілік бірлікті білдірген, бұл орайдан «жүз» сөзін оң, сол, ортаңғы қанат, жер жүзі [25.33], «түз» (дала, степь) [26.36] деп ұғынудың да себептері түсінікті болады.Қорыта келгенде айтарымыз, қазақ жүздері туралы мағлұматтарды біз негізінен қазақ–орыс қатынастарының құжаттарынан және орыс зерттеушілерінің еңбектерінен таба аламыз. Онда «орда» сөзі «жүз» сөзінің баламасы ретінде қолданылады. Жалпы құжатттардағы «орда» термині «хандық» деген мағынада да қолданылады. Ал оның «жүз» мағынасында қолданысқа енуі жоғарыда дәлелдегеніміздей 1569 жылға сай келеді және 1585 жылдан бастап Ұлы жүз – «Большая Казатцкая Орда» деп хатқа түседі. Ал «жүз» - түркі сөзі, мағынасы - «жүздік» болуы ақылға қонымды көрінеді.

"Ақсақ киік" — ертеден ауыздан ауызға таралып келе жатқан байғұс киіктің аянышты жолмен қаза болғаны жайындағы аңыз. Осы аңыздың Сәкен Сейфуллин жазған қысқаша үзіндісі бар:
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген,Жәндіктің киік деген баласы бар...
Киікті қазақ және дейді бөкен,Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен.Киікті атып аңшы өлтіргенде,Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен...
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,Басқаға жануарды-ау теңгермедім.Көздері мөлдір қара ақ бөкенді,Адамның баласынан кем көрмедім...
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен.Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,Кездесіп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ әдет қылған киікті атып,Мүйізін пайда қылып, шетке сатып.Сандалған бір киікке ұшырастым,Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік,Сандалып қаңғырақтап басын иіп.Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,Мергеннің кеудесінде оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны,Қиналып ентігеді шыбын жаны.Боялып ақ денесі қызыл қанға,Келеді әлі бітіп, жығылады...
Сандалып келе жатты ақсақ киік,Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып.Ақбөкен сахараның бота көзі,Атты екен қандай мерген көзі қиып?..
Бота көз сахарада қына терген,Кім екен жапан түзде сені көрген?Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..
## Қысқаша мазмұны
Арқаның Бетпақ деген елсіз-көлсіз даласында мергендер дамыл қылмый бірте-бірте азайып келе жатқан бейшара киікті атады. Бұл өлең жолдарында адамдардан жазасыз киіктерді атпауды, аяныш сезімі жоқ қатігез жан болмауды сұрайды.
## Кейіпкерлер
* Киік — өзге аңға теңелмейтін сұлу жануар ретінде сипатталады. Түр келбетін ақын былайша суреттейді: "Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген."
* Аңшы — аяныш сезімі жоқ қатігез адам ретінде сипатталады.
## Дереккөздер
* Қазақ Әдебиеті. Хрестоматия: Орыс тілінде білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч., Астана: "Арман-ПВ" баспасы, 2012. -176 бет. |
## Құбығұл (эпос)"
Қазақ эпосы "Құбығұл" көне ауыз әдебиетінің мысалы.
Қазіргі кезде эпос көптеген кітаптарда басылып, таратылған.
## Қысқаша мазмұны
Осы эпос Уәли ханның және оның ұлы Құбығұл батырдың хикаялары туралы әңгімелеп береді.
Батырдың балалық шағынан шын маххабатын тапқанын және ханның кәрілігін де оқи аламыз.
Басты Кейіпкейлер
* Уәли хан- Құбығұлдың әкесі. Ол қайғыда болғанда оған әулие келіп көмектеседі. Ол батырды өзінен гөрі көбірек ұнатады.
* Құбығұл- өмірді сүйетін батыр. Жақсы жігіт жасынан бостандыққа саяхятқа ұмтылады. Жасы жеткенде ғажайып орманды аралап қызға ғашық болады.
## Құбығұл (эпос)"
Қазақ эпосы "Құбығұл" көне ауыз әдебиетінің мысалы.
Қазіргі кезде эпос көптеген кітаптарда басылып, таратылған.
## Қысқаша мазмұны
Осы эпос Уәли ханның және оның ұлы Құбығұл батырдың хикаялары туралы әңгімелеп береді.
Батырдың балалық шағынан шын маххабатын тапқанын және ханның кәрілігін де оқи аламыз.
### Басты Кейіпкейлер
* Уәли хан- Құбығұлдың әкесі. Ол қайғыда болғанда оған әулие келіп көмектеседі. Ол батырды өзінен гөрі көбірек ұнатады.
* Құбығұл- өмірді сүйетін батыр. Жақсы жігіт жасынан бостандыққа саяхятқа ұмтылады. Жасы жеткенде ғажайып орманды аралап қызға ғашық болады. |
Ислам фестивальдары ислам дінінің қағидаларына сүйенеді. Әдетте, ислам мейрамдарында мешіттерде намаз оқылады. Ораза айы мен айт мерекесі – мұсылмандар үшін ең үлкен мейрам. Айт – қуаныш пен шаттыққа толы күн деген ұғымды білдіреді. Ораза айт күндері әр бір мұсылманның шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, ерекше мерекелік дастарқан жайылып, қонақтар шақырылады. Мұсылмандардың тағы бір ұлық мерекесінің бірі – Құрбан айт. Ораза айт сияқты бұл мереке де үш күн бойы аталып өтеді. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетеді. Мұсылмандарда тойланатын тағы бір маңызды мереке – 22 наурыз. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Адамзаттың бойына қан жүгiрiп, табиғат, Жер-Ана, жан-жануар түлеп, жаңарады. Бұл күнді «Ұлыстың Ұлы күнi» деп те атайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық ауызбiршiлiкте болады.
## Дереккөздер
ФЕСТИВАЛЬДАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-455-4 |
Тонкошуровка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Заградов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстікке қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 606 адам (312 ер адам және 294 әйел адам) болса, 2009 жылы 258 адамды (124 ер адам және 135 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Калиновка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Амангелді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 239 адам (116 ер адам және 123 әйел адам) болса, 2009 жылы 46 адамды (21 ер адам және 25 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бекмұхамбетова Нәзигүл - Қазақстанның әйгілі суретшілерінің бірі. 2005 жылдың 12 сәуірінде Ф. Достоевский мұражайында суретші Нәзигүл Бекмұхамбетованың картиналарының экспозициясы болып өтті. Бұл көрме суретшінің ең алғашқы жеке көрмесі болып табылады. Суретшінің картиналары өз көрерменін әр түрлі түспен боялған суреттерімен тамсандырады. Өз картиналарының композициясын ең алдымен түрлі түсті бейнелерде көретін суретші өз жұмыстарын майлы, акварель, пастель краскаларымен салады. Суретші портрет, пейзаж жанрында қалам тартады. Жыл сайын сәуір айында суретші өз жұмыстарын өнерсүйер қауымға ұсынады.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
## Х - ХІІІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
X-XII ғасырлар қалалар санының өсіп, олардың құрылысының, аумағының ұлғаюымен ерекшеленді. Осы мезгілде қала мәдениетінің жаңа аудандары қалыптасты. Археологтар бұл кездегі қала орындарын көлеміне қарай үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топ - көлемі 30 гектардан асатын қала орындары. Олардың қатарында Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе, Құйрықтөбе, Сауран, Жанкент, Құмкент, т.б. бар. Екінші топ - көлемі 10 гектардан 30 гектарға, ал үшінші топ - 10 гектарға дейінгі қала орындары болды.Солтүстік Шығыс Жетісуда IX-XIII ғасырлар басында қала мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Егер бұған дейін осы аумақта не бәрі 10 ғана қала болса, біз қарастырып отырған кезде олардың саны 70-ке жеткен. Мұнда да археологтар көлеміне қарай ескерткіштерді үш топқа бөледі.Мұндағы қала жұрттары «төрткүл» үлгісінде, яғни тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланып салынған. Қала қақпалары бар дуалдармен қоршалған.X-XII ғасырларда қала мәдениеті Орталық, Шығыс Қазақстанда да қалыптаса бастады. Орталық Қазақстанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары Нұра, Кеңгір, Жезді аңғарлары мен Ұлытау етегінен төртүклдердің орындарын тапқан.Қарастырып отырған кезеңдегі қала құрылысының құрылымында пайда болған жаңа элементтердің бірі мешіттер пен моншалар болды.X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Бабаджа қатын кесенесі де осы Тараз қаласында салынған.XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда кейін XIY ғасырдың соңында Ахмет Йасауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.
## Арыстанбаб кесенесі
Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18 ғасырда екі күмбезді құрылыс тұрғызылды. 18 ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909 жылы қайта бой көтерді. Жер асты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды. Кешен алғашқы үлгісіне негізделіп қалпына келтірілген, яғни Ислам дінінің ғұламасы Арыстанбаб жерленген жерге тұрғызылды, екінші бөлме мешіттің сол қанаты оның дін жолындағы шәкірті Гурханға арналды. Кейін осы екі нысан біріктірілді.
## Ахмет Йасауи ғимараты
Түркістан қаласындағы Ахмет Йасауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Йасауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Йасауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.«Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Йасауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкені басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен.Қожа Ахмет Йасауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет ЙасауИкесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.Ахмет Йасауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м., ұзындығы – 65,5 м.Әйгілі қола қазан – Тай қазан Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің басты көрнектілігі болып табылады. 1935- жылы Кеңес одағы кезінде ол Ресейдегі Эрмитажға алынған. Содан 1989- жылы қыркүйек айына дейін сақталған. Тай-қазан Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің үлкен залының ортасында орналасқан. Оны жеті металдың құймасынан Тавризден шыққан шебер жасаған. Қазанға 3000 литр су сияды, Салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 м. Қазан мұсылмандарға мінажат жасап болған соң таратылатын әулие суға арналған. Бұл күнде мұнда осы қазанды көріп, тиын салу мақсатымен дүние жүзінен мыңдаған саяхатшылар келеді.Сырдариядағы ірі қала Сығанақ еді. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.
X-XII ғасырларда Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа қалалар – Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, т.б. пайда болды. Ортағасырлық қалалар ірі үш бөліктен тұрған. Олар цитадель, шахристан, рабад. Алғашқысында қала билеушісі, қалалық әкімшілдік орналасса, шахристанда – ақсүйектер, бай шонжарлар мен дінбасылары тұрды. Рабад – Ұсақ саудагерлер, қолөнершілер мен кедей топ тұрған қала бөлігі еді. Кейін олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы – шахристаннан рабадқа ауысқан.
## Қолөнер, сауда, ақша айналымы
X-XIIғасырларда Қазақстан қалаларының дамуында Ұлы Жібек жолының маңызы зор болды. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан қалалары сауданың, қолөнердің, ақша айналымының, мәдениеттің орталықтары болды. Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын басты қақпасы Жетісу болды. Жол Жетісуда Тараз, Алматы, Шелек, Сүмбе, Ілебалық, Алмалық,Құлан, Хантау,Айнабұлақ қалалары мен бекеттерін басып өтті. Ал Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі Оңтүстік Қазақстан өңірі еді. Мұнда жол Испиджаб, Отырар, Сүткент, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалаларын басып өткен.
Ортағасырлық Қазақстанның материалдық мәдениетінің басты бір саласы – сәулет құрылыс өнері. Оның даму барысында қалаларда қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер тұрғызу, ислам және басқа да діни кешендерін салу ісі өрістеді. Бұлардың архитектуралық сыртқы көрінісі жинақы, қаланың орталық алаңдарында орналасқан іргелі құрылыстардан тұрған. Мешіт құрылысында, оның зәулім биік мұнарасын тұрғызуда сәулет өнерінің сол кездегі жетістіктері пайдаланылған. Ол кездегі монументальдық архитектуралық құрылыстар қатарына Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабаджа-Хатун және Айша-Бибі кесенелері жатады. Бұл құрылыстар тек архитектуралық әсемдік жағынан ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың материалдық асыл мұралары қатарынан жоғары орын алады. Материалдық мәдениет жүйесінде, осы заманға дейін жеткен шығыс моншасының құрылыстары мен оларға тартылған су құбырларының маңызы ерекше. Мұндай құрылыстар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Отырардан, Түркістаннан, Тараз, Ақтөбе, Талғар т.б. қалалардан табылды. Қала тұрғындары тұрмысында монша алдыңғы кезектегі ролдердің бірін атқарды. Монша мешіттен кейінгі адамдар ең көп баратын орын болды.
Қала мәдениетінің дамуында ислам маңызды роль атқара бастады. Ибн Хаукаль Фараб пен Кенжид және Шаш аралығында көшіп жүрген мұсылман-түріктер жайлы жазған. ХІ-ХІІ ғасырларда ислам қыпшақтар арасына да таралды. Археологиялық қазбалар ІХ-ХІІ ғасырлардағы қалаларда мұсылман мәдениетінің басымдығын айғақтайды. Тараз бен Меркеде христиандық шіркеулер мешіттерге айналдырылды. Исламды тұтынушы халықтың көбеюіне байланысты қалаларда үлкен мешіттер салынды. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта ғасырлық қалалар туралы зерттеулердің қатарында 2005- жылы жарық көрген академик К. Байпаковтың «Қазақстанның ортағасырлардағы қалалары» атты кітабы бар. Кітап ортағасырлық Қазақстан қалалары туралы құнды мәліметтер береді.Қолөнер, сауда, ақша айналымы
X-XII ғасырларда қалалар санының өсіп, олардың құрылысының, аумағының ұлғаюымен қала тұрғындарының саны да артты. Бұл тұтыну бұйымдарына сұранысты арттырды. Соған сәйкес қалаларда түрлі бұйымдар өндіретін шеберлер мен шеберханалар да көбейе бастады. Қарастырып отырған кезеңде қолөнердің бірнеше түрлері дамыды. Олар қыш құмыра, шыны, металл бұйымдарын жасайтын ұсташылық, зергерлік, тас өңдеу кәсібі еді. Құмырашылар аяқпен айналдыратын ұршықтарымен саз балшықтан түрлі формада құмыра мен қыш ыдыстар жасаған. Қыш құмыра жасау орындары ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Құйрықтөбе, т.б. қалалардан табылған. Бұл ыдыс түрлерінің бір ерекшелігі, олардың іші-сырты жылтырап тұратын түрлі түсті әйнек тәрізді сырмен (бояумен) сырланған. Ол бояулар қанша уақыт өтсе де өз түсін жоғалтпаған. Бояудың ғажайып сыры күні бүгінге дейін жұмбақ болып отыр.
Ортағасырларда сауда айырбас немесе ақша арқылы жүрді. Сауданың дамуында Ұлы Жібек жолының ролі күшті болды. Мұны біз өткен сабақтан да білеміз. Отырар, Тараз, Ясы, Талғар,т.б. қалалар орындарында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде алтын, күміс, қоладан жасалған теңгелердің табылуы тауар-ақша қатынастарының болғандығының дәлелі. Археолог ғалымдар ірі қалалар Отырар, Испиджабта ақша шығаратын сарайлар болған деп есептейді.Дегенмен айырбас саудасы басымырақ болған. Қалаға дала тұрғындары ауыл шаруашылық өнімдерін астық, жеміс-жидек, жүн, тері, ет, сүт апарса, керісінше, қалалықтар оларға қала қолөнершілерінің өнімдерін керамика, шыны, зергерлік әшекей бұйымдарын шығарған.
Егіншіліктің дамуы да қалалар санының артуына байланысты болды. Қала сыртындағы егін егуге жарамды жерлер игеріле бастады. Қолдан суару жүйесі дамытып жетілдірілді. Су құбырлары салынады. Арнадан су бөлетін ұзын және тар, тармақталған арықтар қазылады.Қала және ауыл тұрғындары бау-бақша дақылдарын өсірді, жүзім шаруашылығымен және үй жанында мал өсірумен айналысты. Сонымен қатар олар үй жануарларын - жылқы, сиыр, қой, ешкі ұстаған.Қ

Талапкер — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Амангелді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 235 адам (120 ер адам және 115 әйел адам) болса, 2009 жылы 174 адамды (89 ер адам және 85 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Поляковка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Амангелді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3,5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 178 адам (90 ер адам және 88 әйел адам) болса, 2009 жылы 80 адамды (39 ер адам және 41 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Славянка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Заградов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстікке қарай 65 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 158 адам (80 ер адам және 78 әйел адам) болса, 2009 жылы 102 адамды (52 ер адам және 50 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ғұмар Ескендірұлы Макаров — 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. Төрт жасында анасынан айырылған оның балалық шағы, есею жылдары Өскеменде, осындағы Жамбыл атындағы қазақ мектеп-интернатында өтіпті. Мектепті бітірісімен Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының сурет-графика факультетіне оқуға түседі. Оны бітірген соң жолдамамен 1972 жылы Семей педагогикалық институтына сабақ беруге келеді. Содан бергі 30 жыл бойы ол ұстаздық пен шығармашылықты қатар алып келеді.
## Жұмыс орны
Ғ.Е. Мақаров Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің дизайн және бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы. Жыл сайын жазғы мезгілде Қазақстан даласына, таулы аймағына сапар шегеді, ұзақ әрі жемісті еңбекпен шұғылданады. Шығыс өңірінің қатал да сұлу табиғаты, суретшінің пейзаждарынан ерекше орын алады.Суретші живописьтің ішінде пейзаж, яғни табиғат көріністерін салғанды ұнатады. Суретшінің өзі бұл туралы : «туған жерімнің әсемдігі, кең даламның дархандығы менің бойыма қуат бітіреді. Содан да болар менің көрмелеріме жиналған көрермендер Жасыбай көлінің күміс суын, күн шуағына маужыраған тау мен қырқаларды, қарағай көмкерген шатқалдарды көргенде қатты толғанады. Мен сурет салғанда бір нәрсенің өзін мың құбылтып беруге тырысамын.» дейді.
## Туындылары
Ғұмар қатысқан көрмелердің жалпы саны жиырма шақты, әрбірінің өзі жеке тақырып деуге болады. Оның творчествосымен тек қазақстандық жерлестері ғана емес, шетелдіктер де жақсы таныс. Шығармашылық жұмыстары Германия, Израиль , Ресей, АҚШ, Қытай меншік көркем өнер иегерлерінің қолында. Жалпы туындыларының саны 300 – ден асады. Алматыда «Ұмай тәңірісі » галереясы, Владимир Филатовтың ұйымдастыруымен халықаралық фестиваль аясында тағы да көрмесі ашылған еді. Осы фестивальда еңбегі жоғары бағаланып, «Мастер-класс» фестиваліне қатысып, «Қазақстанның Жібек жолы» номинациясында жүлдегер атанды.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Қазақстанның әйгілі суретшілерінің бірі. Мұратбек Жанболатов Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1948 жылы 20 шілдеде туған. 1966 жылы Абай орта мектебін тәмамдаған ол Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне оқуға түседі. 1970 жылы оны сәтті аяқтайды. Сонан кейін Абай атындағы драма театрында жұмыс істеген ол Мәскеудің Суриков атындағы сурет институтына түсіп, онда алты жыл оқиды. Сол жылдары Ресейдің небір тума дарындарынан дәріс алып, Италияның қайта өрлеу дәуірінің суретшілерінің, шеберлерінің шығармаларымен кеңірек танысады.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Архат Оразғалиев 1964 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Орта мектепті ауылдан бітіріп, екі жыл әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін Алматыдағы сәулет құрылыс институтында оқып, 1990 жылы сәулетші мамандығын алып шығады. Екі жыл «Семжилстрой» тресіндегі жобалау институтында жұмыс істейді. Бала күнінен әртүрлі заттарды жасауға бейім тұрады. Негізгі құралы арша мен жаңғақ ағашы. Бірде Ертіс жағасынан динозаврдың кескінін елестететін ағаш кесегін тауып алып,артық жерін жонып, сыртын лактап, жасыл түсті динозавр жасап шығарды. Сондай-ақ марал , арқар, бұғылардың мүйізін тауып алып, басын ағаштан сомдайды. Ағашқа қоса қатырма қағазды іске жаратады, мәселен әйгілі «Титанник» фильміндегі кеменің макетін жасап шығарады. Ал қару – жарақтарға көбінесе темірді пайдаланып , садақ, арбалет, айбалта шоқпар, қанжар, қылыш сияқты көне қару түрлерін , олардың қыны мен оқ-жебелерін жасай бастайды. Архат жасаған дүниелерді көпшілік қауым сыйлық үшін алады. Ол Ұлы «Абай жолы» эпопеясындағы сегіз кейіпкерді ағаштан қашап апарады. Барлығы да өз иесін тапты. Сол жолы «Бала Абай» деген туындысын Сара Назарбаеваға тарту етті.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Өтепбаев Нұрбұлан 1951 жылы бұрынғы Семей облысы, Баженова ауылында дүниеге келді. Шығыс Қазақстан өңіріне танымал суретші, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері кафедрасының профессоры Нұрбұлан Өтепбаев 1969 жылы Семей педагогикалық институтында тұңғыш рет ашылған көркемсурет және графика факультетінің студенті атанды. 1973 жылы институтты тәмамдап, дипломын қолға алған жас маман Абай ауданына жолдама алды.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Татиев Талғат Әбікенұлы 1966 жылы 7 қарашада бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауылында туған. 1991 жылы Семей педагогика институтын бітірген. 1997 жылға дейін Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда суретші-реставратор болды. Сол жерде қалалық жыл сайынғы сурет көрмелеріне қатысып жүрді: «Күзгі салон», «Мен өмір сүремін» көрмесінде ( 1994 ж.) 1997 жылы суретші А.Е. Махномен бірге «САК» тобын құрады.1998 жылы суретшілер тобы Алматылық «Вояджер» галереясында бірлесіп жұмыс істейді. Астаналық көркемсурет өміріне белсене араласып, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының галереялар парады көрмесіне жұмыстары қойылды. Сол жылы «САК» тобы Сорос қорының грантын жеңіп алып, Семейде суретшілердің «Барлық елдердегі Семейліктер бірігіңдер» көркемсурет акциясын өткізді.2003 жылдан бастап Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында еңбек етеді.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Амангелді — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Амангелді ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан батысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1029 адам (501 ер адам және 528 әйел адам) болса, 2009 жылы 700 адамды (330 ер адам және 370 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ертіс Тәтиев 1957 жылы мамырдың 17-де Саржал ауылында дүниеге келді. 1974 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, сол кездегі саясаттың әмірімен қой өсірушілер комсомол-жастар бригадасында еңбек етіп, 1976-1978 жылдары әскери борышын өтегеннен кейін, Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының көркем сурет графика факультетін 1983 жылы бітірген Саржал ауылының тұрғыны, Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектептің мұғалімі Ертіс Исайынұлының осындай өнерге үлес қосқан талантты шебер .1985 жылы Ұлы Отан соғысының жеңісінің 40 жылдығына арналған «Белгісіз солдат» ескерткіші, 1989 жылы Ұлы Отан соғысына арналған тағы бір «Белгісіз солдат» ескертіші Қасқабұлақ ауылында 1998 жылы «Ауыл шежіресі», «Еңбек даңқы» аллеясын жасауда қажымай еңбек етіп, терін төге білді.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Абамүслім Досанұлы (1910-1948) – Ұлы Отан соғысының қайраткері, Қараспан сельпосының бастығы.
## Өмірбаяны
Досанұлы Абамүслім 1910 жылы дүниеге келген.1938 жылы Алматы қаласында Қазпотребсоюздің 1-жылдық бухгалтерлер дайындайтын курсын бітіреді. Курсты тәмәмдағаннан кейін Қараспан сельпосында бухгалтер, осы мекеменің бастығы болып қызмет атқарған. 1941 жылдан 1943 жылдың сәуір айына дейін Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыста бірнеше медальдармен марапатталып, соғыс кезінде ауыр жарақат алған. Соғыстан келгеннен кейін Қараспан сельпосының бастығы, Комсомол колхозының бастығы қызметтерін атқарады. Соғыстан алған жарақатынан 1948 жылы тамыз айында қайтыс болған.
## Дереккөздер |
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын.
## Тарихы
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды.Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз. Тоғызқұмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А.С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А.С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген.
Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті:
* Бірліктер-тастар(құмалақтар)
* Сан орны-отау
* Сан белгісі-отаудағы тастар саны
* Нөл-бос отау
* Бөлшектік белгі-тұздық
* Теңдік белгі-қазан
* Қосу белгісі-ойда
* Алу белгісі-ойда
* Көбейту белгісі-ойда
* Бөлу белгісі-ойда
Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы:
Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы:Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады;Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы:Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы:Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады;Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.
Егерде, шығаратын есептің саны тоғызқұмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады.
Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы:
* Ондық санау жүйесі: 9 тас
* Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас
* Сегіздік санау жүйесі: 7 тас
* Жетілік санау жүйесі: 6 тас
* Алтылық санау жүйесі: 5 тас
* Бестік санау жүйесі: 4 тас
* Төрттік санау жүйесі: 3 тас
* Үштік санау жүйесі: 2 тас
* Екілік санау жүйесі: 1 тас
Санау жүйесінің бағыты:Сағат тіліне қарсы бағытта
Санау жүйесінің ережесі:
Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады.
## Әлемде
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.
Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Моңғолияда эсон коргоол, Шри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.
Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.
## Қазақстанда
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
## Тоғызқұмалақ ережесі
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
### Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
* 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.
Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
* 2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
* 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
### Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
* 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
* 5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
* 6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
### “Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
* 7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
* 8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.
* 9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.
## Тағы қараңыз
* Тоғызқұмалақтың ойын сандығы
## Сілтемелер
* Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының ресми сайты
## Дереккөздер |
Шірін Жұмаханұлы (1911-1943) – Ұлы Отан соғыс ардагері. 1929 жылғы колхоз басшысы.
## Өмірбаян
1911 жылы Төрелер отбасында дүниеге келген. 1929 жылы Комсомол атындағы колхоз құрылып сол колхозда есепші болып қызмет істеген. Кейіннен сол колхозда бастық боған. Колхоз бастығы болып тұрған кезінде соғыстан бронмен босатылғанына қарамастан өз қатарлары соғысқа алынып жатқанда өз еркімен 1942 жылы маусым айында соғысқа кеткен. Кейінгі кезде соғыстан оралмаған боздақтар деген кітапта 1943 жылы 30 тамызда Украинаның Донецк облысы Вишневка хуторында жерленген деген дерек бар.
## Дереккөздер |
Жоңғар жершошағы (Cynomorium coccineum var. songaricum) — жершошақтар тұқымдасына жататын бір жылдық паразитті, шөптесін өсімдік. Көбінесе саңырауқұлақтың жеміс беретін денесіне ұқсас, түрі әдеттен тыс ерекше, гүлдесін өсімдікке ұқсамайды. Ол хлорофил түзбейді. Түрлі шөлде өсетін тамырлы, қоректік ақ тікен, сораң, жыңғылдардың есебінен тіршілік етеді.
## Таралуы
Шөлді аймақтарда Мойынқұмнан Зайсанға дейін, солтүстік Тянь-Шань, Қаратау (Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысының оңтүстігі) тауларының тау етегінде кездеседі. Сортаңдалған топырақтарда, қиыршық тасты топырақта жалғыздан немесе топталған өркендермен өседі.
## Ботаникалық сипаттамасы
Сабақтың жер асты бөлігі жуанданған түйнек тәрізді, жер үсті бөлігінің биіктігі 10-80 см. Ол да барынша үлкен, етті, күңгірт қызыл немесе қошқыл сиякөк түске боялған. Көп санды қабыршықтар сабаққа кезектесе орналасқан - түрі өзгерген жапырақ. Олар жерден көтеріліп келе жатқан жас өркенді механикалық зақымданудан қорғайды. Сбағы барынша әлсіз, сондықтан қой жайылғанда жиі жапырылып қалады. Сабақтың түйнек тәрізді бөлігіне жиналған заттар қоры өсімдікке тапталан жағдайдың өзінде де гүлдеу және жеміс беру мерзімін толық аяқтауға мүмкіндік береді. Гүл шоғыры үлкен (ұзындығы 25 см-ге дейін, ені 3 см) цилиндр немесе түйреуіш тәрізді. Оның жуан өстік бөлігіне бірнеше жүздеген ұсақ гүлдер топталады, гүлдің құрылысын тек бірнеше есе үлкейтіп барып көруге болады. Гүлдер қызметіне байланысты үш типке бөлінеді - аталық, аналық, қосжынысты. Олардың барлығында жалғыз төрт-алты тілше тәрізді боялған қабыршықтан тұратын жай гүл серігі бар. Аналық гүлдер (олар аталықтан 2-3 есе үлкен) бір ғана аналықтан тұрады. Аталықтар бір аталықтан және 1-2 ашық сары түсті шірнеліктерден тұрады. Қосжыныстылары бір аталықтардан және тіпті болымсыз жетілмеген түйіннен тұрады.
Гүлдеу мерзімінде гүл шоғыры 2 кезеңге бөлінеді - аталық және аналық. Бірінші кезең жылдам - үш-бес күнде өтеді, бұл уақытта аталықтар тез өседі және тозаң қатарының гүлсеріктерінің жалпы тобына алып шығарады. Гүлдер өткір сасық иіс шығарады. Нәтижесінде шыбындар, ұсақ қоңыздар, құмырсқалар т.с.с ұшып келе бастайды. Жәндіктер шірнелеріне тозаңдарды жинайды. Аналық кезең екі аптаға жуық созылады. Өсімдіктің иісі әлі де сақталады, шірнеліктер қалыптасуын жалғастырады. Онымен қоса жәндіктерді қос жынысты гүлден төгілген тозаң өзіне тартады. Біздің елімізде туысы жоқ осы бір ерекше өсімдік осындай күрделі жолмен айқас тозаңданады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Cynomorium Songaricum (Suo Yang) |
Сәкен Назарханұлы 1964 жылы 11 сәуірде Саржал ауылында туған.
## Биографиясы
Мектеп бітірген соң, әскер қатарына барып, азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін, Семейдегі дизайнерлік училищеге түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. Бұдан кейін суретші-дизайнер мамандығы бойынша осындағы «Союз-Мир» суретшілер шеберханасында жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп Шәкәрім атындағы университеттің бейнелеу өнері факультетін сырттай оқып бітіреді. Тоқсаныншы жылдардың басында ұлттық қолөнерімен ден қойып айналысқан. Ең алдымен сандық , жер үстел , бесік, тостаған, торсық, ожау секілді заттарды ағаштан ойып жасады. Жай жасаған жоқ оларды ою-өрнектермен безендіреді. Одан кейін қобыз, домбыра жасаумен айналыса бастайды. Біртіндеп тері, киізден бұйым жасауды меңгерді. Уақыт өткен сайын сол заттарына сұраныс арта түсті. Сөйтіп ол темірден де түйін түюге ұмтылған. Ұлттық өрнектермен безендірілген қылыш пен оның қынабын, темір қалқан жасады. Сол жұмыстарының бәрі дерлік түрлі көрмелерге қойыла бастады. Көрмелердің көбінде ұлттық өнерді насихаттаудағы еңбегі арнайы дипломдармен марапатталып жатты. Мұның жұмысына шетелден келген меймандар да қызығушылық танытып, бұйымдарын жиі сатып алып жүрді. Енді Сәкен гобелен өнерін меңгеруді ойластырып жүр. Ши мен жүнді орнымен пайдалана отырып, жасаған әр затына ұлттық әр беру де ойында. Ұлттық өнерді ұлықтап келе жатқан Сәкен кез-келген дүниеде ұлттық нақыш ою-өрнектердің болғаны жөн екенін түсінді. Ал, ұлттық нақышын дәл келтіру үшін бұйымның шығу тегіне , астарына үңілуді әдетке айналдырды. Оның қолынан шыққан дүниелерден қазақы болмыс пен қазақы мәдениеттің иісі аңқып тұратындықтан да болар, шетелдіктердің көбірек қызығушылық танытатыны. Алғашқы бұйымдарының бірі – тостаған жиынтығына ағылшындардың ынтасы артып, зор ықыласпен сатып алған болатын.Бүгінде ағаш, сүйек, тері, мельхиор, күміс сияқты материалдарды пайдаланып, түрлі бұйымдарды , бүркітші құралдарын , бес қаруды , ұлттық музыка аспаптарын жасап жүрген Сәкен Назарханұлы Алматы, Астана қалаларында өтетін көрмелерге тұрақты қатысып тұрады.
## Туындылары
Үйеңкіден ойып домбыра жасауға әбден төселген Сәкеннің назары қобызға ауа береді.Оған кез-келген материалдың таңдалып алынбайтындығының өзі неге тұрады? Шанағына түйе терісі , ішегіне бесті айғырдың құйрық қылы, мойнына – кебуі келіскен қарағаш, қайың сынды қатты ағаштар қолданылып жасалған қобыз ғана ғасырлар қойнауынан тіл қата алады. Сондай қобыздың бірі Семейдегі музыкалық колледжінің тапсырысы бойынша жасалған болатын. Шебердің ең кейінгі туындыларының бірі Тәуелсізідігіміздің 15 жылдығына арналды. Қылқобыз,таңбалы тастар,және Қазақстан картасының символдары біріктірілген композициялық туынды Невзоровтар атындағы мұражайда тұр.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Театр фестивальдары – фестивальдардың ішіндегі ең көнесі. Оны драмалық шығармалар мен театр өнерінің мерекесі деуге болады. Классикалық грек театры деген кезде, Диониске арналған діни фестивальдар еске түседі. Ортағасырдағы мифтік шығармаларға негізделген көріністер христиан діни мерекелерінде қойылатын. Соңғы жылдары театр фестивальдары Уильям Шекспир немесе Бернард Шоу сияқты даңқты драматургтердің еңбектерін кеңі нен насихаттау мақсатында өтетін болды. Фриндж театр қозғалысы сияқты фестивальдарда жас драматургтер мен өнер жолын енді бастаған актерлердің еңбегін ынталандыру көзделеді. АҚШ штаты Солтүстік Каролинадағы Триангл театр фестивалін (ТТФ) ұйымдастырушы коммерциялық емес ұйымдар халыққа театр өнерін түсіндіру мен оның қасиетін, құдіретін ұғындыруды мақсат етеді. Сол үшін жыл сайын Триангл театр фестивалін ауқымды етіп өткізеді. Уильямстаун театр фестивалі жазда өтеді. Онда өнер биігінен көрініп жүрген әйгілі актерлер жиналып, көрермендермен тәжірибе бөліседі.
## Дереккөздер
ФЕСТИВАЛЬДАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-455-4 |
## Алтын Орда құрылуы
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.
1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды.
Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.
## Алтын Орда өзін билеген хандары
Бату -1243-1255 жж, Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 жылы Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.
Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді.
Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғысхан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші топтың өз адамдары – ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын-Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.Монғолдар жаулап алған елдерін арнайы тағайындалған әкімдер-даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарды. Басқа елдердегі сияқты, монғолдар бұл жерлерде де басқарудың бұрынғы жүйесін өзгерткен жоқ. Жергілікті басқару қызмет орындарының көпшілігінде бұрынғыша жергілікті феодалдар болды, бірақ оларды монғол шенеуніктері қадағалап отырды.
Қазақстан жеріне монғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын «Ясыларын» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді. Ол бойынша жергілікті халық соғыс жорықтарына қатысу үшін әрбір он үйден (түтіннен) бір жауынгер беруге міндеттелді. Бүкіл халықтан хан әулетіне сыбаға тиіс деп есептелді және оларға ауыр алымдар мен міндеттемелер түсіп отырды. Көшпелі мал өсірушілер копчур деп аталатын салық төлеуге тиісті болды, оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды-әрбір он тугар егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж(жер салығы) алынды. Зерттеушілер жер-жерден жаппай алынған, монғолдар белгілеген салықтың кемінде 20 түрін атап көрсетеді.
Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік бола алған жоқ, оның әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әртүрлі, экономикалық негізі төмен болды. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы байланыстар шиеленісе түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен кейін, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасындағы хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алды. Бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін іштегі алауыздық жегідей жеді. Тек 1357 -1380 жылдар арасында Алтын Орда тағында 25 хан ауысты. Оған қоса Алтын Орда қарауындағы езілген бұқара халықтың азаттық күресі өрістеді. ХIV ғасырдың аяқ кезінде Мәуереннахр билеушісі Әмір Темірдің күшті шабуылдары да Алтын Орданы әлсіретпей қоймады. 1380 жылы Куликово даласында Мамай хан бастаған монғол әскерлерін талқандаған орыс княздары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда ХV ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Алтын Орда Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары болып бөлініп кетеді. Хорезм Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кірді. Сөйтіп экзогенді (ішкі) және эндогенді (сыртқы) факторлар нәтижесінде Алтын Орда мемлекеті күйреді.
Монғол шапқыншылығы жергілікті халықтар мен елдердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына орасан зор шығын әкелді. Елдің саяси және мәдени байланыстарын үзіп, шаруашылығын күйретті. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы отырықшы, қала мәдениеті мен егіншілігі гүлденген аудандары тапталды. Қалалар мен елді мекендер Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент сияқты ірі орталықтар қиратылып, Жетісу бойындағы қалалар құрып кетті.
Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді.Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған.Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІΥ-XΥ ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды.
## Ақ Орда
### Ақ Орданың дербестікке ие болуы
Алтын Орданың күйреуімен монғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жерінде жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы. 1227 жылы Жошы ханның қайтыс болуымен билік оның екінші ұлы Батудың қолына өтті. Бұл туралы Әбілғазының «Түрік шежіресінде» мынадай дерек кездеседі: «Жошы ханның өлімін естіген Шыңғыс хан қайғы жамылып, аза тұту жариялады. Ол Отчигинге Дешті Қыпшаққа аттанып, Жошы ханның орнына Сайын хан деген лақап атпен белгілі, оның екінші ұлы Батыны сайлап, оның бұл дәрежесін ағалары мен бүкіл әмірлеріне мойындатуды бұйырды... Бәрі бірауыздан оның билігін мойындады». Мұрагерлік мәселесіне қатысты бұл шешім жөнінде Рашид ад-дин «Орда інісі Батының хан тағына отыруын қолдап, әкесінің тағына оны өз қолымен отырғызды», - деп жазды. Бату Шығыс Еуропаға жасаған жорығынан оралған соң өз ұлысын әке ордасынан бөліп алды. Өз ордасының батыс шекарасын Жайықпен шектеп, одан шығысқа қарайғы жерлер ағасы Орда Ежен билігіне өтті. Ақ Орданың негізін қалаған да осы Орда Ежен. Рашид ад-дин: «кімде-кім Орда ұрпағынан келіп, Баты ұрпақтарының орнына хан болып отырмайтын, өйткені олар бір- бірінен алыста болды және әрқайсысы өз ұлысының жеке билеушілері саналды», - деп көрсетеді. Ақ Орда алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды.
### Жер аумағы және этникалық құрамы
Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды.
Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесіне сүйенсек онда он бір хан билік құрған. Оларды билеген уақытына қарай мынадай ретпен тізеді:
* Орда Ежен,
* Күнқыран,
* Қоныш,
* Баян,
* Сасы-Бұқа,
* Ерзен,
* Мүбарак,
* Шымтай,
* Ұрысхан,
* Қойыршақ,
* Барақ.
### Ішкі және сыртқы саясаты. Шаруашылығы
Ақ Орданың әскери-саяси күшінің шырқау шегіне жетіп күшейген мезгілі Шымтайдың мұрагері Ұрыс ханның тұсы. Осы кезде Алтын Орда тағы үшін болып жатқан билікке таластан Ақ Орда билеушілері де шет қалмады. Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан оқшаулана бастады. Мүбарак хан 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғаларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, 1376 жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. Бірақ осы кезде Маңғыстау Үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй Хожаның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялады. Ақ Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ, осыдан кейін ол Әмір Темірдің қамқорлығынан босануға тырысады. Бірақ 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда құлдырады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті. Оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді.
Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан Х1Vғ. соңы –ХV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреді. Барақ хан ішкі талас-тартыстар мен сыртқы шабуылдарды тоқтата алмады. 1428 жылы Барақтың өлімінен кейін маңғыттық Едіге ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақтың біраз бөлігіне өз билігін таратса, солтүстікте шайбаниліктер бас көтере бастады. Шайбанилік Әбілқайыр хан XΥ ғ. ортасында Ақ Орданың біраз жерлерін басып алды. Биліктен айырылған Орыс хан ұрпақтары оңтүстікке, Сыр бойына қарай ығысты. 1446 жылы Әбілқайыр Ақ Орданың астанасы болған Сығанақты басып алды.
## Моңғолстан мемлекеті
XIV ғасырдың ортасында Шағатай әулеті мемлекетінің ыдырауымен, оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.) еді. Моғолстан тарихы бойынша құнды дерек көзі «Тарих и- Рашидиде» бұл туралы мынадай мәлімет бар: «Моғол тілінде (шежіреде) ханды әмір Поладшы он алты жасында әкелді деп айтылады. Он сегіз жасында (Тоғылық Темір) хан болды, 24 жасында мұсылман болды, ал 34 жасында өлді». Дегенмен деректер негізгі саяси билік дулат тайпасының өкілі әмір Поладшының қолында болды деп көрсетеді.
Моғолстан Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. «Моғолстан» тарихи термині «монғол» атауынан шыққан. «Монғол» есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи туындыларда «моғол» деп айтылып жазылатын болған.
XIV-XV ғасырларда Моғолстан құрамына Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аймақтары кірді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың көрсетуінше, Моғолстан аумағы төмендегідей болды: «Қазіргі уақытта Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен ені жеті сегіз айлық жол болады. Оның шығыс шекарасы қалмақтардың жері Барыскөл, Емел және Ертіске тіреледі. Солтүстігінде Көкше теңіз (Балқаш), Бум Лиш және Қараталмен, батыс шекарасы Түркістан мен Ташкент және оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Тұрфанмен шектеседі. Осы төрт шекаралас аймақтың ішінен мен Моғолстанның оңтүстік аймағын көрдім. Ташкенттен Әндіжанға дейін он күндік жол. Әндіжаннан Қашқарға дейін жиырма күн, ол жерден Ақсуға шейін он бес күндік жол... Қалған үш жағын көрген жоқпын. Сол жаққа барып келіп жүргендерден есіттім, олардың айтуынша ол шекаралар ұзындығы жеті сегіз айлық жол...». (Карта қою керек)Ол жергілікті түрік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі еді. Оған кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалардың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.
Сонымен XV ғасырдың орта шенінде Жетісу, Қырғыз жерлерін қамтып жатқан Моғолстан мемлекетінің құрылуы Дешті Қыпшақты біріктірген Ақ Орданың пайда болуымен қатар жүзеге асқан Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болғаны даусыз. Моғолстан ордасының орталығы - Алмалық қаласы болды.Тоғылық Темір мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Ханның бұйрығы бойынша исламды қабылдамаған әмірлер мен бектер өлім жазасына кесілген.Бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билік жүргізуді көксеген Тоғылық-Темір Мәуереннахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуәреннахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір 1360 жылы оларды бағындыруға кірісті. Бұл кезде Орта Азияның болашақ әміршісі Ақсақ Темір өзінің шағын тобымен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрген болатын. Тоғылық Темір Кешті алып, оны басқаруды Темірге тапсырды.1361 жылы Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық Темір оған билеуші етіп баласы Ілияс-Қожаны қалдырды. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Ілияс-Қожа Моғолстанға оралды. Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды.Ілияс Қожаның Моғолстанға қайтуын пайдаланған Әмір Темір Мәуереннахрдағы билікті өз қолына алу үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады. Алғашқы қақтығыстарда моғол ханы жеңіліске ұшырайды. 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші «Батпақ шайқасы» болады. Кескілескен шайқаста екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылады. Бұл шайқаста Ілияс Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Осы жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанады. Самарқан халқы ерлікпен шайқасады. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен моғол ханы кейін қайтуға мәжбүр болады.
XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстанға бірнеше дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болады.1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болды. Хандық билік үшін талас оның балалары Жүніс пен Есен Бұға арасында өрбіді. 1433 жылы Есен Бұға дулат әмірлерінің қолдауымен хан тағына отырады. Ол 1462 жылға дейін билікте отырды.Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абд ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады.
Моғолстан мемлекетінің билеушілерін мынадай ретпен беруге болады: Тоғылық Темір – 1348-1362жж., Ілияс Қожа – 1363-1365жж., Әмір Қамар ад- дин – 1365-1389жж., Қызыр Қожа – 1389-1399жж., Шами Жахан – 1399-1408жж., Мұхаммед – 1408-1416жж., Нақш Жахан – 1416-1418жж., Уәйіс хан – 1418-1433жж., Есен Бұға – 1433/34-1462жж., Дос Мұхаммед 1462-1468/69жж., Жүніс – 1469- 1487жж.. Жүністен кейін Моғолстан бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды келесі сұлтандар басқарды: Ахмет сұлтан, Махмұд сұлтан, Хадид сұлтан, Мансұр сұлтан, Саид сұлтан. Одан әрі Моғолстан біржола Қазақ хандығының құрамына енді.
Егер қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен қазақ хандығының құрылуына XIV-XV ғасырларда өмір сүрген этносаяси қауымдастықтардың тікелей қатысы бар десек, мұның Моғолстанға да байланысты болғандығы. Біріншіден, Моғолстан мемлекеті оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағын қамтыды, екіншіден, оның негізгі халқы қазақ этносын құраған басты тайпалар үйсін, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, т.б. болды және Қазақ хандығы ретінде құрылған қазақ мемлекетінің шаңырағы да осы жерде қайта көтерілді.
## Дереккөздер
1. Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы. (көне дәуірден) А., 1995.
2. Мыңжани Н. Қазақтың көне тарихы. А., 1993. 400-бет.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1, 2 томдар. А., 1997. 542- бет., А., 1998.
4. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы, 1996.
5. Артыкбаев Ж.О. Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячелетий. СПб., 2005.
Санаты: Қазақстан тарихы

Санаты: Қазақстан тарихы |
Би фестивальдары – мың бұралып билегенді ұнататындардың мерекесі. Би фестивальдарының көбі би өнерінің қыр-сырын ашуды мақсат етеді. Би фестивальдары адамдарға жағымды әсер сыйлап, өмірге деген құлшынысын арттырады,адам денесінің әдемілігін, мүмкіндігін терең түсінуіне жағдай жасайды. Бұлардың біразы ашық аспан астында, далада өтеді. Франциядағы «Екі жасар арыстан биі» фестивалінде, Шри Ланкадағы жыл сайынғы би фестивальдарында бишілер көшелерді аралап, би парадын ұйымдастырады. Азия, Тынық мұхит елдерінің біріккен фестивалі, Ванкувер халықаралық би фестивалі, Жаңа Зеландия танго фестивалі, Рилдэнс, Грек провансалдарының фольклорлық би фестивалі, Окленд би фестивалі, Аотеароа хип-хоп саммиті, Латын Америка жыл сайынғы сальса билерінің сайысы сияқты көптеген танымал би фестивальдары бар. Классикалық үнді билері салт-дәстүрге негізделгендіктен, ғибадатханалар мен тығыз байланысты. Үндістандағы би фестивальдары рухани жаңғыру мақсатында, ата-баба дәстүрін ұмытпау үшін өткізіледі. Қазіргі заманда бұл фестивальдар үнді мәдениетінің ажырамас бөлігі саналады.
## Дереккөздер
ФЕСТИВАЛЬДАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-455-4 |
Шығыс Қазақстан өнер мұражайы 1 шілде 1990 жылы ашылған. Мұражай ХIХ ғасырдың соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. 18.02.1991 жылғы ҚазСРО мәдениет жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің шешімімен облыстық этнографиялық мұражайдан берілген 90-нан астам кескіндеме және графикалық жұмыстар өнер мұражайының ашылуына негіздеме болды. Кейін, 1991 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшесі, шығысқазақстандық суретші Агейкин Леонид Евтихиевичтің жанұясы 1000 кескіндеме және графикалық жұмыстарын мұражайға сыйға тартты.
## Сипаттамасы
Мұражай қызметінің бағыттары – Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасын пластикалық өнер, әдебиет және музыка бағыттары бойынша зерттеу және көпшілікке тарату.
Қызмет түрлері:
- Жинақтау
- Сақтау
- Көрме
- Ғылыми зерттеу
- Ғылыми-әдістемелік
- Ғылыми-ағарту
- Экспедициялық
Мұражай жиынтығы 8358 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде, негізгі қорда - 5238 жәдігер; ғылыми –қосымша қорда – 3120 сақтау бірлігі. Негізгі қордағы пластикалық өнер - 2788 жәдігер, әдебиет -1213 жәдігер, музыка – 510 жәдігер құрайды. Мұражайда балалар шығармашылық қоры құрылған, онда 499 кесіндеме және графикалық жұмыстар сақталуда.Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен белсенді түрде толықтырылуда, мәселен, 2011ж. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Татиев Талғат Әбікенұлының «Көктем. Қалыңдық», ҚазСРО-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әжиев Үке Әжиұлының «Байқоңыр даласында» көркем туындылары, ҚР Суретшілер одағының мүшесі және «Мәдениет қайраткері», профессор Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлынан қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: домбыра, дауылпаз, дабыл, сыбызғы, жетіген, қылқобыз, сазген сатып алынды.
Жүйелі түрде ШҚ Өнер Мұражайынан тыс жерде мұражай қорынан жылжымалы көрмелер өткізіледі. Мәселен, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада ШҚ Өнер Мұражайының «Графика» қорынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» көрмесі өтуде. Көрмеге Ғ.Г. Мерқасымовтың, Л.Е. Агейкиннің, В.Т. Титовтың, Э.В. Чубуктың, Ә.Т. Шоқановтың жұмыстары қойылған.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Әзбергенов Елгезек (Ақберен Елгезек) (1980), жазушы, ақын.
## Еңбекжолы
1980 жылы, Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылының Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі тарих факультетінің түлегі. Қазақтан Жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері.«Көк бөрінің рухы», "Көлеңкелер күбірі" атты өлеңдер жинағының авторы.
## Еңбектері
Әзбергенов Ақберен шығармалары:
Алтын қалам [Мәтін]. - Алматы : Өнер, 2010. - 240 б.
Елгезек, Ақберен. Көлеңкелер күбірі [Мәтін] / А. Елгезек. - Астана : Фолиант, 2009. - 152 б.
Әзбергенов Ақберен туралы:
Ғұмырнама [Мәтін] // Мөлдір сана. - 2010. - 4-18 шілде.- Б.15.
Ұмыт қалған ұлттық мүдде [Текст] // Жалын . - 2009. - № 1. - С. 2-17 б.
Шайхыұлы, Ермахан. Ағынан жарылсақ... [Мәтін] : сұхбаттар жинағы / Е. Шайхыұлы. - Алматы : Қазығұрт, 2012. - 320 б
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Асқар Алтай (Асқар Құмарұлы Алпысбай) — жазушы, сыншы; «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2001), Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері (1998), «Сорос» қоры сыйлығының лауреаты (1996).
## Еңбекжолы
1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында туған. Балалық шағы Күршім, Марқакөл, Қатонқарағай өңірінде өткен. Күршім ауданының Қаратоғай орта мектебін бітірген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1984).
Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С. Мұқанов мұражай-үйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, « Жұлдыз » журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «Ер-Дәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін атқарған. 2005 жылдан бері «Арда» баспасының Бас директоры.
Әкесі Құмар кең байтақ Алтайдың Ақтау (Мұзтау), Сарытау, Аршаты, Қаражал, Құзғынды, Жайдақ, Марқакөл, Алқабек, Қалжыр, Бөкенбай, Бүйрек, Бұқтырма, Зайсан өңірлерін, Алтайдың Ресейге қарап қалған Шүй жеріндегі ұлы сілемдерді атпен аралатып, елмен жерді тануына ерекше ықпал еткен. Сондықтан да автордың «Алтайдың ал қызыл модағайы», «Аза» (Қайың сауған, ел ауған) романдары, «Қызыл бөлтірік», «Қара бура» повестері, «Қызбейіт», «Дода», «Кержақтың монологы» т.б әңгімелері мен эссе, мақалалары туған жеріне арналады.
## Еңбектері
Жазушының «Қыр мен қала хикаялары» (1988, «Санат» ), «Алтай новелласы» (2001, «Өлке»), «Казино» (2008, «Атамұра») кітаптары жарық көрген. Әңгіме, повестері «Повестер мен әңгімелер» (1997, «Жібек жолы»), «Нарық нақыштары» (2003, «Қайнар»), «Қызыл бөлтірік» (2006, «Арда») т.б ұжымдық жинақтарда жарық көрді.
Шығармалары:
Алтай А. Алтай новелласы [Мәтін] : Роман - миф, повесть - притча, новелла / Алтай А. - Алматы : Өлке, 2001. - 292 б.
Алтай А. Казино [Мәтін] : [абсурд әлем новеллалары] / Алтай А. - Алматы : Атамұра, 2008. - 368 б.
Алтай А. Қыр мен қала хикаялары [Мәтін] : Повестер мен әңгімелер / Алтай А. - Алматы : Санат, 1998. - 192 б.
Алтай А. Қыр мен қала хикаялары [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / А. Алтай. - Алматы : Санат, 1998. - 192 б.
Алтай, Асқар. Туажат [Мәтін] : (Тамұққа түскен сәуле). Роман-модерн / А. Алтай // Ақ Ертіс . - № 5.- Б.5-31.
Мерзімді басылым беттерінде:
Алтай А. Анималист жазушы немесе аң-құстың тілін білген... [Мәтін] / А. Алтай // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 2 ақпан.- Б.7.Алтай А. АҚШ консулының тас лақаты. [Мәтін] : [Әңгіме] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 10 наурыз.- Б.
Алтай А. Ақындық туралы ой [Мәтін] : [Өлең] / Алтай А. // Шамшырақ. - 1997. - 22 ақпан.- Б.
Алтай А. Алаштың ұлы перзенті [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 1993. - 2 көкек.- Б.4.
Алтай А. Алдаспан алаштың ақыны Мағжан [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 1993. - 22 қазан.- Б.7.
Алтай А. Әбдісалан [Мәтін] / Алтай А. // Алтын орда. - 2005. - 8-14 шілде.- Б.30
Алтай А. Жан әлемің жайдақтанбасын... [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 9 қараша.- Б.6
Алтай А. Бұрқақ өмір,бұлғақ тағдыр [Мәтін] : [Репрессияға ұшыраған Қаржы халық комиссарлары:М.Мырзағалиев,М.Орымбаев,І.Молдажановтар туралы] / Алтай А. // Егемен Қазақстан. - 1997. - 5 ақпан.- Б.
Алтай А. Құм сарыны:романнан үзінді [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 1995. - №20 маусым.- Б.(N12).-8-9
Алтай А. Ол он алты жаста еді [Мәтін] / Алтай А. // Семей таңы. - 2005. - 16 желтоқсан.- Б.6
Алтай А. Ұлт әдебиеті және ұлттық таным [Мәтін] : [Әдебиеттегі ұлтшыл ой-сананың қалыптасуы,орнығуы жайлы] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 1994. - №25 қараша.- Б.(N47).-4
Алтай А. Роман, роман, және роман... [Мәтін] / Алтай А. // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 20 сәуір.- Б.4
Алтай, Асқар. Нарқызылдың шабысы [Мәтін] : жазушы Мұхтар Мағауин туралы / А. Алтай // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 19 наурыз.- Б.10.
Алтай, Асқар. Туажат [Мәтін] : (Тамұққа түскен сәуле). Роман-модерн / А. Алтай // Ақ Ертіс . - № 5.- Б.5-31.
Алтай А. Егемен ел туралы елеулі еңбек: "Намыс найзағайы" романын оқығанда туған ой [Мәтін] /
Алтай А. // Түркістан . - 2010.- 30 қыркүйек (№ 39). - 8
Алтай А. Дық [Мәтін] / А. Алтай // Абай. - 2011. - №2.- Б75-87.
Алтай А. Төребейіт [Мәтін] / А. Алтай // Қазақ әдебиеті. - 2011 - 28 қазан.- Б. 9.
Алтай А. Шурави [Мәтін] / Алтай А. // Егемен Қазақстан . - 2012.- 24 қаңтар (№ 27/32). - 15
Асқар Алтай туралы:
Таңжарықова А.В. Асқар Алтайдың "Алтай новелласы" атты роман-мифіндегі фольклорлық сарындар [Мәтін] / Таңжарықова А.В. // Қайнар" ун-тетінің хабаршысы = Вестн. ун-та "Кайнар" . - 2010. - № 4/2.- Б.106-110 б.- Библиогр.: 5 атау.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Хан академиясы - онлайн білім беру платформасы және коммерциялық емес ұйым.
Хан академиясының негізін қалаушы - Салман Амин Хан, тегі үнді американдық ағартушы, кәсіпкер және осы ұйымның құрылтайшысы.
## Тарихы
Хан академиясының негізі 2006 жылы қаланды.
## Оқу
## Сыртқы сілтемелер
Хан академиясының сайты
* Ресми сайты
* Хан академиясы YouTube видеохостинг сервисіндегі жеке бейнедидары
* Khan Academy, Wikia, http://khanacademy.wikia.com/wiki/Khan_Academy_Wiki .
* Хан академиясы on Facebook
* Browse Khan – Watch a Video/Jump to Playlist drop-down Menu, Khan academy, http://www.khanacademy.org/#browse .
* Khan Academy, http://www.khanacademybangla.com/ .
* Khan Academy, Google, https://sites.google.com/site/khaniverse1/languages/italian/ka-videos-with-italian-audio .
* In the Media: Khan Academy-Related Talks and Interviews, Khan academy, http://www.khanacademy.org/#talks-and-interviews .
* "The 10 Most Innovative Companies in Education", Fast co, http://www.fastcompany.com/1738940/the-10-most-innovative-companies-in-education . (Khan Academy #3)
* "Notes on Khan Academy videos", Sites, Google, https://sites.google.com/site/khanacnotes/home .
* 60 Minutes, CBS, Sunday наурыз 8, 2012, http://www.cbsnews.com/video/watch/?id=7401696n .
* Khan, Salman (қараша 4, 2012), After Words, The One World Schoolhouse, http://www.c-spanvideo.org/program/Khan .
* Khan Academy Windows 8 App to Learn Everything through Video Lectures, Howto connect, http://www.howto-connect.com/khan-academy-windows-8-app-to-learn-everything-through-video-lectures/ .
## Тағы қараңыз
Салман Хан
## Дереккөздер |
Мұхамеджанұлы Шерехан (1947-1999 жыл)
## Өмірбаян
Шерехан Оразбеков 1947 жылы Төреарық ауылында туған.Шымкенттегі педогогикалық институттың қазақ тілі әдебиет факултетіне түсіп, бітірген. Содан Ломоносов атындағы орта мектеп жанындағы институтта тәрибеші болып жұмыс істейді.Кейіннен Торғай облысының мектебінде 7-8 жылдай мектеп директоры болып жұмыс істеп келіп, Ордабасы аудандық оқу бөлімінің инспекторы, соңынан Обручевкадағы М.Горький атындағы орта мектебінің директоры соңғы жылдары Мамаевкадағы Е.Ерназаров ортамектебінің директоры болып жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
Алтыбаев Қалибек (1943), журналист, сөзжұмбақшы.
## Еңбекжолы
Алтыбаев Қалибек Қизатұлы 1943 жылы 23 сәуірде Зайсан ауданы, Сталин колхозына қарасты Сайқан қыстағында дүниеге келген. Бастауыш білімді «Обалы», «»Ворошилов мектептерінен, орта білімді Дайыр мектебінен сырттай алған.
1976 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы жоғарғы партия мектебін сырттай бітірген. 1957-1963 жылдары Абай, Кендірлік, Зайсан совхоздарында шопан болып жұмыс істеген. 1963-1966 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өткізген.
1967-2003 жылдары комсомол, кәсіподақ,кеңес органдарында, аудандық дайындау мекемесінің директоры, аудан әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, шаруа қожалығының төрағасы қызметтерін атқарған.
## Қызметтері
Қалибек Алтыбаев – қазақтың танымал сөзжұмбақшысы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының құрметті азаматы. «Сан сұраққа саяхат» (1993), «Зайсан өрнектері» (2000), «Абайдың алып айдынынан» (2001), «Шырағың мәңгі сөнбейді» (2003), «Сынаптай сырғыған жылдарым» (2003), «Атамекен Зайсан» (2006), «Үш кемелдің шалқарынан» (2011), т.б. кітаптардың авторы. Бұл кітаптарының басым бөлігі сөзжұмбақтардан тұрады. Анау-мынау емес, ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің алып айдынын арқау еткен сөзжұмбақтар дүниесі.
Ұлы Абай, Шәкәрімнің, Мұхтардың ізі қалған Семейдің зиялы жұртымен бертінде жақын араласты. Семейдегі республикалық Абай қорының президенті Балтабек Ерсәлімов, Абай қорық-мұражайының бұрынғы директоры Төкен Ибрагимов, өскемендік танымал ұстаз Қанипа Бітібаеваның ой-пікірлерінің, кеңес-пайымдарының пайдасы үлкен болды.Ал енді осы айтылғандарға қарап, Қалибек ағаны өмір бойы жазу-сызумен, сөзжұмбақпен айналысқан жан екен деп ойлап қаларсыз. Мүлдем олай емес. Ол өмір бойы аудан өмірінің ыстығы мен суығына тонып, шаруашылықтарда қызмет етіп келді. Жастық шақта біраз уақыт мал да бақты. Аудандық газетте мақала, өлеңдердері бұрқырап шығып жатты. Оқуды сырттай оқыды. Содан Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Әскерден оралған соң «Кендірлік» кеңшары комсомол ұйымының хатшылығына бекітілді. 1970 жылы «Қаратал» кеңшарына жұмысшы комитетінің бастығы, 1973 жылы Благодарнен ауылдық кеңсесінің төрағасы болып сайланды. Алматының жоғарғы партия мектебін сырттай оқып бітірді. 1987 жылы аудандық дайындау кеңсесіне директор болып келді. 1990 жылдардың басында Семей полигоны жөніндегі арнайы комисссияның төрағасы болды.
Қалибек Қизатұлы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы.
## Еңбектері
Алтыбаев Қалибек, шығармалары:
Алтыбаев, Қалибек. Тегін білу - тектіліктің тірегі [Мәтін] / Қ. Алтыбаев. - Семей : Талант, 2009. - 300 б.
Алтыбаев Қ. Атамекен Зайсан [Мәтін] / Алтыбаев Қ. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2006. - 505 б.
Алтыбаев Қ. Сан сұраққа саяхат [Мәтін] : Сөзжұмбақтар / Алтыбаев Қ. - Алматы : Өнер, 1993. - 64 б.
Алтыбаев Қ. Зайсан өрнектері [Мәтін] : Сөзжұмбақтар: Т. 1. Т.1, 2000
Алтын қалам [Мәтін]. - Алматы : Өнер, 2010. - 240 б.
Алтыбаев, Қалибек. Абайды оқы, ойлан, тап [Электрондық ресурс] : [Автoрдың еңбегі тек Абай шығармалары бойынша құрастырылған сөзжұмбақтардан тұрады.] / Қ. Алтыбаев. - Семей : Интеллект, 2012. - 232 б. с.
Алтыбаев, Қалибек. Ұстаз-елдің тірегі, мектептің жүрегі [Электрондық ресурс] : [Зайсан ауданындағы оқу-ағарту саласының алыс - жақын тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктері сөз болады.] / Қ. Алтыбаев. - Өскемен : Рекламный дайджест, 2011. - 404 б. с.
Алтыбаев, Қалибек. Үш кемелдің шалқарынан [Электрондық ресурс] : [Абай, Шәкәрім, Мұхтардың бай мұралары бойынша жасалған сөзжұмбақтар.] / Қ. Алтыбаев. - Семей : [б. ж.], 2011. - 274 б. с.
Байбатыров Ғ. Алып Айдыннан сусындап [Мәтін] : [Зайсандық Қалибек Алтыбайдың "Абайдың алып айдынынан" атты кітабы баспадан шықты. Осы кітап туралы пікір] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 2001. - 30 маусым.- Б.4
Байбатыров Ғ. Шежіре кеуде - сырсандық [Мәтін] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 2003. - 22сәуір.- Б.4
Дәріқұлов Н. Шырағың мәңгі сөнбейді [Мәтін] : Зайсан ауданының құрылғанына 75 жыл толу құрметіне арналады / Дәріқұлов Н., Алтыбаев Қ. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2003. - 200 б.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Жарқайың — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, Алматы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 259 адам (132 ер адам және 127 әйел адам) болса, 2009 жылы 169 адамды (88 ер адам және 81 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Балшабеков Хамит, ақын (1939-2007).
## Еңбекжолы
Ақын 1939 жылы 20 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Тарбағатай ауданы «Үшқарасу» деген жерде дүниеге келген. Әкесі Балшабек Қытай жерінде болыс болған, ел басқарған. Хамит әкесі мен анасының тәрбиесі мен өнегесін көріп өседі. Халқының көне ән мен жырларына терең үңіліп солар жайлы сыр толғап, жастайынан өлең жазуға әуестенеді.
Ол Дүрбілжіңдегі жеті жылдық орта мектепті бітіреді. Орта мектептен кейін Үрімшідегі тас жол қатынас техникумына оқуға түсіп, оны қытай тілінде оқып бітіреді.1962 жылы ақынның отбасы Қытайдан Қазақстанға оралады. Қарағанды облысының Жезқазған аймағы «Жетіқоңыр» совхозына келіп, әкесі мен анасының қасына малшы болып орналасады. Кейін Қарағандыдағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне сырттай оқуға түседі. Бірақ бұл оқуын аяқтай алмай, кейіннен ақын жоғары білімін Семей қаласындағы Н. Крупская атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқуын жалғастырады. Осы оқу орынында ол белгілі ғалымдар Қ. Мұқаметқанов, Қ. М. Жүнісов, Қ. Шаяхметов сияқты ұстаздардан білім алады.1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының «Шілікті» совхозына көшіп келеді. Шілікті орта мектебінде көп жылдар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1996 жылы құрметті демалысқа шығып, 2007 жылы дүниеден қайтты.Ақын Хамит Балшабеков оқырмандарға «Жылқышы әні», «Балтамыр» , « Қантамыр» тағы басқа жыр жинақтарымен таныс.
## Еңбектері
Балшабеков Хамит шығармашылығы:
Балшабеков Х. Қантамыр [Мәтін] : Өлеңдер, поэмалар, балладалар / Балшабеков Х. - Өскемен : [б. ж.], 2003. - 120 б.
Балшабеков Х. Өмір,саған ғашықпын [Мәтін] : Өлеңдер.Толғаулар.Дастан / Балшабеков Х. - Өскемен : [б. ж.], 1993. - 115 б.
Балшабеков, Хамит. Жылқышы әні [Мәтін] : өлеңдер / Х. Балшабеков. - Алматы : Жазушы, 1969. - 72 бет
Сырласым [Мәтін] : Зайсан ауданы ақын-талапкерлерінің өлеңдері. - Өскемен : [Рудный Алтай], 2008. - 165 б (Введено оглавление)
Балшабеков Х. Айнакөлге алғыс мол [Мәтін] : [Зайсан ауд. көркемөнерпаздары туралы ] / Балшабеков Х. // Достық. - 1997. - 21 шілде.- Б.
Балшабеков Х. Алпысымның ауылын іздеп келем. [Мәтін] : [Өлең] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1999. - 23 қараша.- Б.
Балшабеков Х. Аралбайдың түсі [Мәтін] : [Сықақ әңгіме] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 6 наурыз.- Б.
Балшабеков Х. Әрінбекке, Ақынды танығысы келмеген әкімге [Мәтін] : [өлеңдер] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 28 наурыз.- Б.
Балшабеков Х. Бәйтерек [Мәтін] : [Тарбағатай ауд.И.Нұразхановқа арналған өлең] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 25 сәуір.- Б.
Балшабеков Х. Ертіске кеткен екі арман [Мәтін] : [поэма] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1997. - 6 желтоқсан.- Б.
Балшабеков Х. Есімде қалған бір есім [Мәтін] : [Тарбағатай ауд. Ұлағатты ұстаз Х.Құдайбергенов жайында] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 4 тамыз.- Б.
Балшабеков Х. Жұлдыздар алыстан жарқырайды [Мәтін] / Балшабеков Х. // Дидар. - 2005. - 5 наурыз.- Б.2
Балшабеков Х. Жұлдыздарда жылу бар [Мәтін] : [Тарбағатайлық жас өнерпаздар жайында] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1995. - 26 сәуір.- Б.
Балшабеков Х. Жыланның уы [Мәтін] : [Поэма] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1995. - 25 қараша.- Б.
Балшабеков Х. Көкдауыл [Мәтін] : [Поэма] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1994. - 27 желтоқсан.- Б.
Балшабеков Х. Көкдауыл [Мәтін] / Балшабеков Х. // Семей таңы. - 1999. - 2желтоқсан.- Б.11
Балшабеков Х. Қара көз [Мәтін] : [Өлең] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 24 қаңтар.- Б.
Балшабеков Х. Құдай жолы [Мәтін] : [Поэма] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 20 қараша.- Б.
Балшабеков Х. Қыз жүрегіндегі тамшылар [Мәтін] : Тарбағатай ауд.Өлең] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 16 мамыр.- Б.
Балшабеков Х. Мұзтауға бардым [Мәтін] : [Оралхан Бөкеевке арнау] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1999. - 27 наурыз.- Б.
Балшабеков Х. Поэзия [Мәтін] : [Поэма] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1995. - 16 наурыз.- Б.
Балшабеков Х. Тағылық тағдыр [Мәтін] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1999. - 21желтоқсан.- Б.
Балшабеков Х. Теңіздердің толқынын соңыма ертіп.Қыран монологі [Мәтін] : [өлеңдер] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1997. - 15шілде.- Б.
Балшабеков Х. Тораңғының шарт сынған бұтағындай. [Мәтін] : [Жыр дәптерінен] / Балшабеков Х. // Семей таңы. - 1999. - №9-15 қыркүйек(N36).- Б.9.
Балшабеков Х. Төрге шық,амандық [Мәтін] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 4 қыркүйек.- Б.
Балшабеков Х. Тілек [Мәтін] : [Тарбағатай ауданының 70 жылдық мерейтойына орай] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1998. - 2 қазан.- Б.
Балшабеков Х. Ұмытылмас тұлға [Мәтін] : [Қилы заманның қиыншылығын көрген зайсандық Ә.Төгісов жайлы] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1997. - 22қараша.- Б.
Балшабеков Х. Шындықты айттым жасқанбай [Мәтін] : [Ақын С.Ғабдуллинге жауап] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 22 желтоқсан.- Б.
Балшабеков Х. Шыңғыс және торғай [Мәтін] : [Баллада] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 24 қаңтар.- Б.
Балшабеков, Хамит. Пенделерге хат [Мәтін] : поэма / Х. Балшабеков // Ақ Ертіс. - 2011. - № 2.- Б.33-43.
Балшабеков Хамит туралы :
Ғафуров Аслан. Хамит ақын халықтың жүрегінде! [Мәтін] : ақын Хамит Балшабекұлыныңтуғанына 70 - жыл / А. Ғафуров // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2009. - N 12.- Б.22-24
Байбатыров Ғ. Талантқа тағзым [Мәтін] : [Тарбағатай ауд. ақын Х.Балшабековтың шығармашылық тойы өтті] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 1995. - 30 қараша.- Б.
Қорабай А.А. Шілікті [Мәтін] : баяндамалар, өмірдеректер, әңгімелер, өлеңдер / Қ. А. Ануарбекұлы. - Өскемен : [б. ж.], 2012. - 196 б
Тоқпатаев У. Менің замандастарым [Мәтін] / Тоқпатаев У. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 440 б.
Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. [2-ші кітап] : С. Ғабдуллаұлы. Х. Балшабеков. Ғ. Байбатыров. К. Ерқасов. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 326 б. (Введено оглавление)
Көпшікбаева Ш. Хамаңның "Қантамырын" оқығанда [Мәтін] / Көпшікбаева Ш. // Тарбағатай нұры. - 2003. - 20 қыркүйек.- Б.3
Қайратұлы Б. Шын ақынның толғағы [Мәтін] : [Тарбағатайлық ақын Х.Балшабековке арналған өлең] / Қайратұлы Б. // Дидар. - 1995. - 28 қаңтар.- Б.
Қайырбаев Ә. Мен де бір күн айналамын көшкінге [Мәтін] : [Тарбағатайлық ақын Х.Балшабеков жайлы үзік сыр] / Қайырбаев Ә. // Қазақстан әйелдері. - 1995. - №2.- Б.24
Нұқайұлы Т. Ақын мен уақыт [Мәтін] / Нұқайұлы Т. // Дидар. - 1995. - 23 қараша.- Б.
Тоқпатаев У. "Санамда сәулесі мол жыр-таңым бар..." [Мәтін] : [Облысымызға танымал тарбағатайлық ақын Хамит Балшабеков туралы] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2001. - 2 қазан.- Б.3
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Ахмет Жүнісов 1926 жылы 20 маусымда бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданындағы Қызылтас аулында дүниеге келген. Бала шағында шекара ауып, жастық шағы ҚХР – да өтті. 1947 жылы Үрімжі қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, ол 1961 жылға дейін Шыңжан өлкелік «Шұғылы» журналының бас редакторы қызметін атқарып, алыс жердегі қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып, көшбасшылық жұмыс жасады.
Оның алғашқы әңгімелері 50-ші жылдардың бас кезінен бастап жарық көреді. Шыңжан баспасынан шыққан алғашқы әңгімелер жинағына енген шығармалары кезінде қытай, ұйғыр тілдеріне аударылған. Жазушылардың Пекинде өткен съезіне қатысып, зор беделге ие болған соң, Шыңжаң өңірінде Жазушылар одағын құруға тікелей ат салысады. Бірақ Қытайда басталған Мәдени революцияның кесірі белгілі жазушылар мен ақындарға «ұлтшыл» деген қара күйе жағылып, түрме қаупі төнгеннен кейін, туған жері Қазақстанға кетуден басқа жол қалмайды. Сөйтіп 1961 жылы ата мекеніне қайтып оралғаннан кейін Ақсуат селосындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы әдебиет пәнінен дәріс береді.1995 жылы «Ана тілі» газетінде жұмыс істеді.
## Шығармалары
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, соңғы жылдары Алматы қаласына қоныс аударған еді. Елге оралған соң ұстаздық ете жүріп, ол шығармашылық жұмыспен айналысты. «Жанасыл», «Өмір іздері», «Аласапыран кез», «Жолаушы» жинақтарында қазақтың басынан кешкен ащы оқиғалары баяндалған. Жазушының ең сәтті шыққан туындысы – «Пәниден бақиға дейін» атты кітабы. Бұл қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, ұлттық спорт ойындары жайындағы танымдық еңбек. Жазушы драматургия саласына да қалам сілтеп, он шақты пьеса жазды. Мыңға жуық публистикалық мақала, екі жүздей әңгіме, он шақты повесть, үш романның авторы.
## Әдебиет
* Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - 392 б. - Жүнісов Ахмет: б. 140.
* Қазақ әдебиеті : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Жүнісов Ахмет: б. 233.
* Қазақстан жазушылары : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - 480 б. - Жүнісов Ахмет: б. 176-177.
* Шығыс жұлдыздары : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. Жүнісов Ахмет: б. 79.
* Шығыс Қазақстан Облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Жүнісов Ахмет: б. 361.
* Белгілі жазушы Ахмет Жүнісов 1998 жылы 72 жасқа қараған шағында дүние салды. |
Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова - ақын, филология ғылымдарының кандидаты, (1966)
## Еңбекжолы
1966-шы жылы 1-ші қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1982–1987 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған.
1987–1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995–2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
## Марапаттамалары
«Аққұс» республикалық ақындар конкурсының жүлдегері (1993), жастардың шығармашылық «Шабыт фестивалінің (1999) гран –при жүлдегері, Президент степендиясының иегері (1999), ақын Қ. Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық жыр конкурсының жүлдегері, Жарасқан Әбдірашев атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), «Шығыс шынары» халықаралық жыр мүшәйраларының (2010,2011) жүлдегері, ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы- 2011» мемлекеттік грантының, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Университеті медалінің, ҚР БҒМ "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ хандығына 550 жыл" медалінің, Қырғыз Республикасы Тоқтағұл Сатылғанов қорының "Тоқтағұл - 150" медалінің иегері.
## Еңбектері
Әскербекқызы Жанат шығармалары:
Әскербекқызы, Жанат. Көркемдік өріс [Мәтін] : (Е. Раушанов поэзиясы негізінде) / Ж. Әскербекқызы. - Алматы : Таймас, 2008. - 293 б.
Әскербекқызы Ж. Даңғыл [Мәтін] : Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы / Әскербекқызы Ж. - Алматы : Арыс, 2007. - 192 б.
Әскербекқызы Ж. Көк түріктер әуені [Мәтін] : Өлеңдер / Әскербекқызы Ж. - Астана : Елорда, 2002. - 87 б.
Әскербекқызы Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр [Мәтін] : өлеңдер мен поэма / Әскербекқызы Ж. - Алматы : Жазушы, 2007. - 240 б.
Әскербекқызы Ж. Қаракөз-бұлақ [Мәтін] : Өлеңдер / Әскербекқызы Ж. - Астана : Елорда, 2001. - 184 б.
"С.Аманжолов оқулары -2004" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары = Материалы международной научно-практической конференции "Аманжоловские чтения-2004" = " AMANZHOLOV READDINGS-2004" the ihternational science -practical conference PAPERS [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2004. - 464 б.
Әскербекқызы, Жанат. Даңғыл [Мәтін] : Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы / Ж. Әскербекқызы. - Алматы : Арыс, 2007. - 190 б.
Шабыт [Мәтін] : жеңімпаз жас ақын-жазушылардың антологиясы / құраст. Б. Қарағызұлы. - Астана : Астана Бланк Баспа, 2009. - 288 б. (Введено оглавление)
## Аудармалары:
Еуропа классикалық поэзиясы [Мәтін] / ред. Г. Аймұхамбетова ; құраст. Ж. Әскербекқызы . - Астана : Аударма, 2011. - 552 б.
Сакура гүлдегенде [Мәтін] / ауд. Ж. Әскербекқызы. - Астана : Аударма, 2010. - 190 б
Севанның салқар самалы [Мәтін] : бүгінгі армян әдебиеті туындылары / құраст. Ж. Әскербекқызы . - Астана : Фолиант, 2010. - 384 б.
Чехов, Антон Павлович. Әңгімелер [Мәтін] / А. Чехов. - Астана : Аударма, 2009. - 527 б (Введено оглавление)
Әскербекқызы Жанат туралы:
Әубәкір Ж. Жанат жинағындағы жаңа леп [Мәтін] / Әубәкір Ж., Құдайберген А. // Ертіс өңірі. - 2008. - 23 қаңтар.- Б.12.
Дәуренбекова, Лаура. Қазақ тілінде сөйлеген сакура [Мәтін] / Л. Дәуренбекова // Егемен Қазақстан. - 2011. - 17 тамыз.- Б.12.
Шәмшікенова С. Алтайдың ақмаңдайлы ақын қызы [Мәтін] / Шәмшікенова С. // Дидар. - 2006. - 7 наурыз.- Б.4
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Серік Ғабдуллаұлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шымқора ауылында 1937 жылы 17 тамызда туған.
Ел қатарлы орта мектепті аяқтап, ауылшаруашылығында жұмыс жасап, отбасын құрғанннан кейін Алматы қаласындағы ҚазМУ-дің филология факультетіне түсіп, оны 1966 жылы бітіреді. Сол жылы облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне қызметке орналасты. Кіші әдеби қызметкерден бөлім меңгерушісіне дейінгі журналистік жолда кәсіби мамандығын ұштап, табиғи талантын таныта білді. Серік Ғабдұллаұлының барлық саналы ғұмыры облыс аумағында өтіп, оның өсу- өркендеу бағыты жөнінде көптеген мақалалар жазды. Өндірісті қаланың өнеркәсәп, құрылыс, транспорт, білім беру мен мәдениет салаларына елеулі үлес қосты. қарапайым металлург, құрылысшы, жүргізуші, кенші, дәрігер, мұғалім т.б. салалардағы еңбек адамдарының табыстарын насихаттап, халық шаруашылығы саласындағы кемшіліктерді сын тезіне салды. Ол газет жанрының қарапайым түрі - хабардан бастап, суреттеме, репортаж, сұхбат, очерктерді бірдей меңгерді. Сондай-ақ, ол «Коммунизм туы» газетінде ай сайын тұрақты түрде «Жас дәурен» бетін ұйымдастырып, жас ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосты. Облыстық, қалалық комсомол комитеттерінің мүшесі болды. Серік Ғабдуллаұлы 1991 жылдан халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы болғанда оның қасынан Өскеменде тұратын ұлт өкілдерінің «мәдени орталығын» құруға бастама көтерді. Облыстық «Ақсақалдар алқасын» құруға, облыстық мешіттің ашылуына мұрындық болды. Сол жылы облыстық айтыскерлер мен Өскемен қалалық «Шабыт » жас ақындар мектебін ашты. «Шабыт» және «Звено Алтая» ақындар мектептерінде жас таланттардың шығармашылық қалыптасуына белсенді жетекшілік жасады. Осы шығармашылық ұйымдар күні бүгін жұмыс істеп келді. Серік Ғабдұллаұлының облыс өмірінде алар орны бар. Ол облыс орталығында шығатын республикалық, әдеби-мәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының шығуына белсенділік танытты. Журнал қазақ-орыс тілдерінде 2001 жылдан бері тұрақты шығып келеді. С. Ғабдуллаұлы осы журналдың Бас редакторы болып қызмет атқарды. Кәсіптік және қоғамдық жұмыстарды абыройлы атқарғаны үшін қырық жыл жүзінде ҚазақССР, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитет, облыстық қалалық партия комитеттерінің жоғарғы марапатына ие болды. 2007 жылы Қазақстан республикасы Президентінің «Құрмет грамотасын», 2009 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болды. Өскемен қаласының Құрметті азаматы.Серік Ғабдуллаұлы Қазақстан Журналистер, Қазақстан Жазушылар Одақтарының мүшесі. Оның қаламынан туындаған «Көктем лебі», «Бұқтырма сарыны», «Көктем – көкөрім шағым», «Ақ босаға», «Жылдардан жеткен жаңғырық», «Ұланғайыр», «сөйле, менің жүрегім», «Алтай асу», «Седой тулпар» т.б. кітаптары және жетпіс жасқа толуына байланысты екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген. 2013 жылы 75 жасқа толуына орай «Алтай-Ертіс кітапханасы»сериясынан өлеңдер жинағы жарық көрді.2014 жылы 22 қаңтарда Өскемен қаласында қайтыс болды. Туған жері Ұлан ауданы Шымқора ауылында жерленген.
## Шығармалары
Ғабдуллаұлы С. Алтай асу [Мәтін] : Өлеңдер мен толғаулар / Ғабдуллаұлы С. - Алматы : Қазақпарат, 2002. - 140 б.
* Ғабдуллаұлы С. Ұланғайыр [Мәтін] : Өлеңдер мен толғаулар / Ғабдуллаұлы С. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2003. - 356 б.
* Ғабдуллаұлы С. Таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 2, 2007. - 357 б.
* Ғабдуллин С. Сөйле,менің жүрегім [Мәтін] : Өлеңдер мен балладалар / Ғабдуллин С. - Семей : Б.ж., 1998. - 131 б.
* Жылдардан жеткен жаңғырық [Мәтін]. - Өскемен : Полиграфия, 1995. - 135 б.
* Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. Т. 1 : К. Оразалин. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 274 б.
Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы
* Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. Т. 2 : К. Оразалин. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 413 б.
* Ғабдуллаұлы С. Ақиқатты айтар жалғыз жыр ғана [Мәтін] : Қазақстандағы жаңа поэзия= Новая поэзия Казахстана / Ғабдуллаұлы С. // Күміс күйме= Явь и сны. - Алматы, 2001
* Ғабдуллаұлы С. Қош келдің, наурыз! [Мәтін] / Ғабдуллаұлы С. // Ақ Ертіс=Иртыш. - 2008. - №2. - С. Б. 3.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Танин - сия жасайтын жаңғақтан алынатын органикалық зат. Ол суыққа қарсы және залалсыздандыратын дәрі ретінде кеңінен қолданылады.
## Емдік қасиеті
Танинді шырышты қабық суықтағанда, ауыз қуысы, жұтқыншақ пен көмей ауырғанда, ауыз уылғанда, жара іріңдегенде, күйіп қалғанда, ішімдікке және ішкі құрылысты жуатын металдан жасалған заттардан уланғанда қолданады.
## Қолданылуы
Танинді шырышты қабық суықтағанда, ауыз қуысы, жұтқыншақ пен көмей, мұрын және тік ішек ауырғанда 1-2% су мен глициринді араластырып, ауырған мүшеңізді шаю керек. 1% ерітіндімен күніне 3-5 рет клизма жасауға болады.
Жара іріңдегенде, күйп қалғанда, денеңізді жарақаттап алғанда 3-5-10 су мен глицирин ерітіндісін және 10-20% мазьді қолдануға болады.
## Зияны
Іш өткенде танинді қолдануға болмайды, өйткені ол асқазанды бұзып, тәбетті төмендетеді және ас қорыту жұмысын баяулатады.
## Құрамы, формасы және сақталуы
Танин ұнтақ түрде болады. Бір пакетте 5 немесе 10 гр. болады. Оны құрғақ жерде аузы мықтап жабылатын банкіде сақтау крек. Сақтау мерзімі - 5 жыл.
## Тағы қараңыз
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер |
Жиреншин Әбусағит (Әбіш) Мұсылманқұлұлы, журналист, аудармашы, жазушы, абайтанушы -ғалым (1913).
## Еңбекжолы
Әбіш бала кезінде молдадан арабша дәріс алады. Кейіннен баланың зеректігін байқаған ағасы Құлсүлеймен Семей қаласындағы орыс мектебіне береді. 1924 жылы 11 жастағы Әбіш орыс мектебіне түсіп,оны үздік бітіріп шығады. 1928 жылы Семей ауылшаруашылығы техникумына оқуға түседі.Қазақстанда басталып келе жатқан 1931-1932 жылғы аштық зобалаңның зардабын байқаған Әбіш өзінің әке-шеше, бауыр-қарындастарын алып Орта Азияға өтеді. Ауыр жол азабын көріп, 1933 жылдың басында Ташкентке жетеді. 1933 жылы Орта Азия геодезия тресінің орынбасары болады. Сол жылы Орта Азия университетіне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді.1936-1938 жылы Ташкентте ғылыми-педагогикалық жұмыста істейді.
1938-1942 жылы Қазақстан Халық комиссарлар советі Ә.Жиреншинді өз елі Қазақстанға қызметке шақырады. Бұл жылдары Республика ғылыми зерттеу коғамының Ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
1942 жылы өмірлік жары Сайда Әрхамқызымен танысып, шаңырақ құрады. 1942-1951 жылы Қазақстан Орталық музейінде директор, сонымен қатар Қазақ ССР Ғылым академиясының өлкетану комиссиясының меңгерушісі, Қазақ Мемлекеттік Университетінің доценті қызметтерін атқарды.
1951-1954 жылдар арасында қазақ интеллигенциясы, көрнекті ғалым жазушыларының бір тобы қудалауға ұшырайды. Тарих ғылымынын докторы және профессоры Е.Бекмаханов Кенесары Қасымовтың көтерілісін тарихқа енгізгені үшін айыпталады. Осы кезде оны жақтаған жалғыз ғалым осы Ә. Жиреншин еді. Сол үшін ол Жамбыл қаласына қуғындалады. Онда жүргенде техникумде сабақ береді.
1954 жылы ғана рұқсат болып Алматыға оралады. Осы жылы Алматыдағы Көпшілік кітапханаға директор болып тағайындалады.1959-1961 жылы Қазақстан баспа бірлестігнің бас басқармасының I-орынбасары,1961- 1962 ж. кітап сауда бірлестігінің бастығы, 1962 жылдан бастап өмірінің соңына дейін педагогикалық жұмыспен Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында сабақ береді.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Гүлнұр Зұлқаршын (1979 жылы 10 қазанда Қытай Халық Республикасында туған) – қазақстандық ақын. 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына келіп қоныстанды.
А.С. Пушкиннің туғанына 210 жыл толуына, Сәкен Сейфуллиннің туғанына 105 жыл толуына және отбасы жылына арналған «свободной музы произношение» 5 өңірлік поэзия байқауларының жүлдегері (2009), аудандық «Ауылың қалай, ақыным?» атты ақындар айтысының екі дүркін 1- орын алған жүлдегері (2010ж), Ұлы Жеңістің 165 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасының 3- орын жүлдегері, П. Васильевтің 100 жылдық мерейтойына арналған жыр мүшәйрасының 2-орын жүлдегері. 2011 жылы Өскеменнің іргесіндегі «Шығыс» ықшамауданы салынған соң, отбасымен осында көшіп келеді. Бүгінде осы ықшамауданның әкімшілігінде бас маман болып қызмет істейді.
## Дереккөздер |
Белгілі жазушы, сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы «Жаңа несіп» колхозының Кезеңшілік деген жерінде 1939 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітірген соң, 1958 жылы Алматыдағы КАЗПИ-дің тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1964 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. 1971-1975 жылдары аспирантурада оқиды. Болашақ қаламгер өзінің еңбек жолын қарапайым ауыл жұыстарынан бастады.
1964-1969 жылдары Жданов атындағы сегіз жылдық мектепте тәрбиеші, қазақ тілі мен әдебиет және тарих пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1969-1976 жылдары Семей облыстық телевидениесінде әдебиет-драма, музыкалық ақпараттар редакциясының редакторы, аға редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы еңбектері студенттік жылдары «Лениншіл жас», «Екпінді» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында жарық көрді.
1976 жылдың 12-сәуірінен күні бүгінге дейін Абай қорық мұражайының шырақшысы. 1996 жылы «Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері» атағы берілді, 1998 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайлы зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал қаламгер өзінің «Өлең өрісі» (1979 ж.), 1999 жылы «Оймен оңаша» атты поэзиясы, «Индираға хат», «Толқын толғау» (2001 ж.) монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгімелерінің, «Жаза» операсының либреттосы т.б. екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы. «Күй әлемі», «Ән өлкесі» атты кітабы халқымыздың кешегі –бүгінгі ән-күй қазынасы мен қазіргі күйшілік, әншілік орындаушылық шеберлік мәселелерін қозғайды.
Жазушы «Толқын толғау» деген кітабында кешегі-бүгінгі ән-күй қазынасы мен қазіргі күйшілік, әншілік-орындаушылық шеберлік мәселелерін қозғайды. Жазушы өзі көп жылдан бері қадағалап, бойына сіңіріп жүрген бірқатар игілігі мен өнер тұлғалары енеркшеліктерін, халықтық қайнар бастаулар ырыздығын жүрек сүзгісінен өткізіп, әсіресе саз бен тыңдаушыны қабылдау, тану табиғатын таразылайтын қызғылықты қыруар көзқарастар қорыта алған. Бұл - ән асылы, күй құдіретін тыңдай білетін жанашыр жан тебіреніс-толғаныстары жайлы аллитерациялық эсселер.
## Дереккөздер |
Марат Қабанбаев (1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған - 2000 жылы қайтыс болған) — жазушы.
Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан.
## Өмірбаяны
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін "Лениншіл жас" газетінде, "Жалын" баспасында, Қазақ КСР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді.
М.Қабанбаевтың бұл шығармалары "Философиялық ойларымен" ерекшеленеді, сонымен қымбат та. Өзгеге ұқсамауға тырысушылық, өмір шындығын өзінше бейнелеуге, соны соқпақ салуға құштарлық Маратқа, оның творчествосына ғана тән қасиет. |
Мерғали Ибраев (1942-1997) - журналист, драматург, ақын және прозаик. 1942 жылы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң Семейдің педагогикалық институтына түсіп, армия қатарына барып келген соң аудандық газетте бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметін атқарады.Осы тұста қаламы ұшқыр журналист, ойлы да өрнекті жазатын ақын ретінде таныла бастайды.
1970-1978 жылдары " Лениншіл жас" ( Жас алаш) газетінің Семей, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі болып істейді.1969 жылы Қазақстан жастарының " Жас керуен" атты жинағына енген бір топ өлеңдерінен бастап "Темір тұлпар", "Күміс тау", "Өнегелі өркен", "Құтты қоныс", "Судағы сәуле" атты өлең жинақтары жеке-жеке кітап болып басылып шықты.
" Мерғали ақын және шын ақын",- деп жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, Мерғали Ибраевтың шығармалары тақырыбы сан алуан, өлең дастандары терең мазмұнға құрылған, ақындық шеберлікпен өрнектелуімен оқырманын баурап алады.
Ақын 40-қа жуық ән мен күйдің авторы.
Оның өлеңдеріне жергілікті сазгерлер ән жазып, ақын туындыларын ел жүрегіне ұялата түсуде.Ағамыздың ұлттық театр өнерінің дамуына лайықты үлес қосқан драматургтік еңбегі ерекше. Күй атасы Құрманғазы өміріне арналып жазылған тұңғыш драманың авторы. Сол сияқты "Қалқаман-Мамыр, "Құрманғазы", "Шәкәрім", "Қайырлы таң, әке!" сияқты драмалық шығармалары Қарағанды, Семей театрларында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алды.
Табиғатында сегіз қырлы, бір сырлы Мерғалидың өмір жолындағы басты қызметі - журналистік.Жаңалықты жылдам сезгіш, қоғам, заман көшінің алдыңғы сапында болу, өз ұлтын сүю, оның болашақ тағдырын, мәдениетін, тілін рухани байлық салт-дәстүрін марапаттау оның журналист"к туындыларының өзегі.
Бір ғана мысал Қайта құру деп аталатын кезеңде "Семей таңы", "Ақжол", атты айдар ашты, осы бөлімніңі арнайы ұйымдастырушы да, оның тұрақты авторы да Мерғали болды, нақты архив материалдарына сүйене отырып жазған тарихи мақаласының саны 50-ден асып кетті.
Мерғали Ибраев әдебиетке сіңірген еңбегі үшін "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, Журналистер одағының сыйлығымен бағаланған. |
Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев (23 желтоқсан 1947, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылы) - журналист, ақын.
Уақ тайпасынан шыққан.Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев 1947 жылдың 23 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Шыңғыстай орта мектебін, 1970 жылы Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1970-1996 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет істеген. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы.1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде бөлім редакторы қызметін атқарып келеді.
Әлібек Қаңтарбаев «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Қыран ғұмыр» атты поэтикалық, «Сол бір кез есімде», «Армандастар» атты прозалық, «Алаш азаматы» атты проза-поэтикалық еңбектердің авторы.
Ә.Қ.Қаңтарбаев – Қазақстан Республикасының Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, 2007 ж. Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты атанған. 2009 жылы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры - 2009» төс белгісімен марапатталған .
## Дереккөздер |
Қазақтың әйгілі балуаны, өлеңнің, Еуропаның чемпионы, екі мәрте әлем кубогының иегері, бұрынғы Кеңес Одағының жеті мәрте чемпионы Дәулет Тұрлықановтың атасы Қажымұқан, М.Әуезовтермен таныс болған Тұрлықан Қасенұлы Қазақстан Жазушылар Одағынын Шығыс облыстарындағы бөлімшесін басқарған көзі ашық, зиялы азаматы еді. Оның Жазушылар Одағына қабылдануы туралы 1934 жылғы шілде айындағы «Қазақ әдебиеті» газетінде жазылған. Тұрлықан «Еңбек» журналының бас редакторы, ақын, балуан, ұстаз болған кісі. Ақын - қызыл империяның қанды шеңгеліне Сәкен, Ілияс, Бейімбеттермен қатар ілініп арманда кеткен азамат. Архив деректеріне сүйенсек, Тұрлықан Қасенұлының сол кездегі ақын-жазушылармен қоян-қолтық араласқан.
## Қызметтері
Семейде «Еңбек» жинағын шығаруға ұйтқы болған Тұрлықан бір жағынан ұжымшар жастар мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Оның шәкірті белгілі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мүхамедханұлы ұстазы туралы: «Тұрлықан аға әдебиет пәнінен сабақ бере бастағанда, алдымен әдебиет деген сөздің мағынасын айқындап, ашып түсіндіретін. Көркем әдебиеттің өзіне тән қасиеттерін анықтап, атап ұғындырып, жеріне жеткізіп сипаттап беретін. Көркем әдебиеттің тарауларын айта келіп, ақындық өнерді айрықша атап, «Сөздің асылы-өлең» дейтін өлеңін нақышына келтіріп жатқа айта жөнелгенде жанымызды жадыратып жіберетін. Менің әдебиет жолына түсуіме игі әсер еткен, көп тағылым алған алғашқы ұстазым- Тұрлықан Қасенұлы болды,-деп еске алады.
## Өмірінің соңғы сәттері
Тұрлықан ақын кеңес идеологиясының қыспағында бар қабіле-қарымын таныта алған жоқ. Қасен қажының ұлы, «байдың бал асы» деген сөзден құтыла алмады. Амалсыздан саясаттың ығына жығылып, партияға өтті. Үш рет ұсталып, үш рет партиядан аластатылды. Ақыры 1937 жылы 27 желтоқсанда темір торға қамалды. Отыз жетіде торға түскен Т.Қасенүлы 1942 жылы Төменгі Тагильде бұл жалғанмен қош айтысты.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Исмайлұлы Сейфулла - 1912 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Көлтоған ауыл Советі, Карл-Маркс ауылында дүниеге келген. 1935 жылы Арыс ауданы, Ермоловка ауылында Лекбезді бітірген.(28.07.1941 ж.-25.09.1945) жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыста екі рет “Қызыл Жүлдыз" ордендерімен басқа да көптеген медальдармен марапатталған. Елге оралғаннан соң колхозда, совхозда ауыл шаруашылық саласында агроном, бөлімше басқарушысы болып қызмет атқарды.Осы көп жылдары істеген еңбегін өкімет бағалап, "Еңбек Қызыл Ту”, “Даңқ” ордендерімен және де көптеген медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мүсілім Құмарбеков, жазушы (1939). Мүсілім Құмарбекұлы 1939 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданына қарасты Шымқора селосында дүниеге келген. 1964 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Сол жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») ғазетінде қызмет істеді.
Шығыс Қазақстан облыстық «Ақ Ертіс» әдеби-мәдени, қоғамдық журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі.«Алтайдың ардагері», «Қыз күлкісі», «Асау Ертіс», «Шынар», «Алтайым — алтын бесігім», «Жастық жағалауы» атты кітаптары бар.2003 жыл «Фолиант» баспасынан «Жар жағасындағы үй» деген повестер жинағы, «Базальт» баспаханасынан «Тауқымет» атты романы жарық көрді.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Кенжеханұлы Шаншархан (туған жылы белгісіз)
## Өмірбаян
Соғысқа дейін Бірлік елді мекенінде 7 жылдық мектебін бітіріп, еңбек жолын Қызыл ту бастауыш мектебінде бастаған. 1940-1941 ж.ж. осы мектептің меңгерушісі болып, 1941 жылдан бастап Бірлік мектебінде еңбек етіп, 1941 жылы соғысқа аттанады. Соғыста капитан дәрежесіне дейін көтеріліп, 1953 жылы Шымкенттегі мемлекеттік Крупская атындагы мұғалімдік институты, 1959 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтты бітіріп, Мамаевка, Обручевка (қазіргі Қараспан) елді мекендерінде мұғалім мектеп директоры кейіннен кешкі мектеп директоры қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан. Көптеген орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ерқасов Көпен Ерқасұлы, 1952 жылғы 4-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданының Тесік Ұя ауылында қатардағы шаруаның отбасында дүниеге келді. Осы өңірдің Ақбұлақ ауылында өсіп-өнді. Алты жасында, 1958 жылы Горный селолық кеңесіне қарасты Жалаңаш бастауыш мектебінің бірінші класына барып, 1968 жылы Горный (қазіргі Ақбұлақ) орта мектебін 16 жасында бітіріп шықты. Ән салуға қабілеті болғандықтан 1968 жылғы 1-қыркүйектен 1969 жылғы 19-тамызға дейін Горный селолық Кеңесіне қарасты Майтерек селолық клубының меңгерушісі болып істейді. 1969 жылы күзде Өскемен ауылшаруашылық техникумының зоотехния бөліміне оқуға түсіп, онда 1970 жылғы көктемге дейін оқыды. Әскери міндетін Совет әскерлерінің сол кездегі Германиядағы Тобына кіретін әскери бөлімінде 1970 жылғы 1-маусымнан 1972 жылғы 20 мамырға дейін атқарды.
Әскерден қайтып келген соң Өскемен ауылшаруашылық техникумынан құжаттарын алып, Алматыдағы сол кездегі С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл Фараби атындағы Ұлттық университет) журналистика факультетінің дайындық бөліміне оқуға түсіп, келесі жылы бірінші курстың студенті болып қабылданды. Университетте үздік оқығандықтан топ комсоргі, факультет кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. Үшінші курсты бітіргеннен кейін үйленіп, сырттай оқуға ауысқан соң, Марқакөл аудандық «Маяк»-»Шамшырақ» газетіне жұмысқа орналасады. Жұмыс істей жүріп, университеттегі оқуын журналист мамандығы бойынша 1979 жылы бітіріп, диплом алды.
Аудандық газетте хаттар мен бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. «Шамшырақта» 1976 жылдан бастап 1997 жылға дейін табан аудармай 21 жыл бойы жұмыс істеді. Сол кезде әр жылдары Марқакөл аудандық газетінің редакциясы мен баспахана кәсіподақ комитетінің төрағасы, партия ұйымының хатшысы, аудандық халықтық бақылау комитетінің мүшесі, аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы бола жүріп, аудан көлемінде бұрын орысшаланып кеткен немесе атауы таза орысша қойылған Алексеевка, Горный, Черняевка, Бобровка, Успенка, Орловка, Сорвенка, Николаевка, Архиповка, Рождественка секілді ауыл-село аттарының қазақшалануына көп күш салып, «ұлтшыл» деген атақ алды. Дегенмен бұл реттегі еңбегі текке кеткен жоқ. Қазір ол ауылдардың Теректі, Ақбұлақ, Қалжыр, Төсқайың, Ақжайлау, Шанағаты, Бұғымүйіз, Мойылды, Қайнарлы, Жиделі деп аталуына ақынның көп маңдай тері сіңген.Марқакөл ауданы таратылып, газет жабылғаннан кейін бір жыл ауылда жай шаруамен айналысты. 1998 жылы Өскемен қаласына көшіп келіп, «НТК-Восток» телеарнасында диктор-журналист, қазақ бағдарламаларының редакторы, қазақ бағдарламаларының директоры қызметтерін атқарды.
2001 жылы бұл телеарна жабылғаннан кейін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (қазіргі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне) мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі бас маман аудармашы болып істейді.
Өлеңдері Марқакөл аудандық «Шамшырақ», облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар»), «Лениншіл жас» (Жас Алаш), «Тіл мен діл» «Ертіс өңірі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жұлдыз», «Ақ Ертіс», «Шолпан» журналдарында жарияланған.
Алғашқы өлеңі 1984 жылы Алматыдан шыққан жас ақындардың «Қарлығаш» ұжымдық жинағында, 1988 жылы төрт автордың өлеңдерін біріктіріп Алматыда жарық көрген «Төрткүл дүние» жыр жинағында жарияланды. Енді кітабы шығарайын деген кезде өкімет ауысты. Сөйтіп қаржы жоқтығын айтып «Жалын» баспасы 1992 жылы қолжазбасын қайтарып береді. «Марқакөл маржандары» деп аталатын сол кітапты өз қаражатына 2003 жылы ғана шығарды. 2004 жылы Өскеменде «Ағажай Алтай» атты жеке жыр кітабы жарық көрді.
2005 жылы өлеңдері Шығыс Қазақстан облысы ақын-жазушыларының «Алтай әуендері» атты хрестоматиясында жарияланды. 2006 жылы «Жүректегі жазулар» деген жыр кітабы Шымкентте жарық көрді. Оны жариялауға Өскемендегі «Нимекс-Текстиль» ЖШС директоры Бақыт Әсембекұлы Қаныбеков демеушілік жасады.Облыс ақындарының Т. Нұқай атындағы жыр мүшәйрасында 2006 жылы бірінші орынды жеңіп алды.
2007 жылы облыстық мәдениет басқармасы жариялаған «Әдеби үрдісті қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін» конкурсының поэзия номинациясы бойынша сыйлығын алды. Сол қаражаттың үстіне өз ақшасын қосып, жазылып, дайын тұрған «Ақиқат» атты жыр жинағымды 300 данамен шығарып, оқырмандарға таратты, кітапханаларға өткізді.
2008 жылы облыс ақын-жазушыларының «Алтын тамыр» атты 8 томдық жинағының алғашқы томдарының бірінде төрт ақынның бірі болып жарияланды. 2009 жылы «Бәйтерек» атты жыр жинағымды өз қаражатына шығарды.2011 жылы “Ақбұлақ” атты таңдамалы өлеңдер жинағым облыс әкімі Б. Сапарбаевтың араласуынан кейін облыстық мәдениет басқармасының демеушілік етуімен жарияланды. Мерзімді баспасөзде жарияланып, жақсы бағаланған “Ақнайман қырылған” атты поэмамды кезекті жыр жинағыма кіргізіп, оны да биыл өз қаражатына шығарды.Шымкенттің жігіттері демеуші болып жатқан ақиық ақынға Алтайдың бай-манаптарының да бір қарасатын кезі жеткен сияқты...
2007 жылы Қазақстан жазушыларының Алматы қаласында өткен кезекті ХШ құрылтайының делегаты болып сайланды. Мәскеулік жазушы Владимир Губаревтің «Сталиннің саяжайы» атты спектаклін, Александр Пушкиннің, Сергей Есениннің, Ярослав Смеляковтың бірер өлеңін орыс тілінен қазақшаға тәржімеледі. «ШҚО бизнес-кітабының» аудармашысы.
Жазушы Серік Байхоновтың «Мейірбан шөптер» деген әңгімесін қазақ тілінен орыс тіліне аударды. Аздап домбыра шертіп, ән саламын. Өзімнің «Туған жер» атты әнім, Мұқағалидың сөзіне шығарған «Сынық қанат шағалам», «Сағындым-ау» атты әндерім бар. Бірақ олар әлі күнге дейін нотаға түспеген, музыкамен безендірілмеген. Сондай-ақ ақын өлеңдеріне сазгерлер Төлеухан Әбедимов «Дәрігер», Маржан Маниярова «Марқакөлді аңсау», Бағдат Есдәулетова «Қытай қазақтарының әні», Уатхан Жүнісов «Ағайын» деген әндер жазды.
Аудандық газетте істеп жүрген кезде КСРО Журналистер Одағының мүшесі болдым. 2005 бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесімін. Соған орай “Қазақстан жазушылар одағының мүшелері” атты энциклопедиялық бір томдық анықтамалықта, биыл жарық көрген “Шығыс жұлдыздары” атты екі томдық анықтамалықта өзге әріптестеріммен қатар суретім мен қысқаша өмірбаяным жарияланды. Аты-жөнім Қазақстан жазушылар одағының мүшелері телефон анықтамалығына кірген.
Мүсілім Құмарбековтың «Жар жағасындағы үй», Дүйсенбі Смайылұлының «Өзегі өршіл өлеңім», Төлеухан Қоғабаевтың «Жақсыдан – шапағат», облыстық мұсылман әйелдері лигасының төрайымы Г.Етекбаева құрастырған «Ақниет әжелер ғибраты», облыстық әкімшілік пен облыстық мәдениет басқармасы шығарған «Шығыс Қазақстан облысының сәулет ескерткіштерінің Тізбесі» кітаптарының редакторы болдым, соңғысына аудармашы ретінде де көп еңбек сіңірді.
## Шығармалары:
* Ерқасов К Ақиқат [Мәтін] : өлеңдер мен толғаулар / Ерқасов К. - Өскемен : [Рудный Алтай газеті редакциясының баспаханасы], 2008. - 306 б.
* Ерқасов К Марқакөл маржандары [Мәтін] / Ерқасов К. - Алматы : Қазақпарат, 2003. - 180 б.
* Ерқасов, Көпен. Бәйтерек [Мәтін] / К. Ерқасов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2009. - 317 б.
* Ерқасов К. Егемен болдық,ел болдық [Мәтін] : [Қазақстан егемендігі туралы өлең ] / Ерқасов К. // Дидар. - 2000. - 4сәуір
* Ерқасов К. Марқакөл [Мәтін] : [Марқакөл туралы өлең ] / Ерқасов К. // Дидар. - 2000. - 4сәуір
* Ерқасов, Көпен. Ақнайман қырылған [Мәтін] : [Нәубет жылдары Қытай асуға бел буған ақнайман көші қызылдардың жаңбырша жауған пулемет оғынан түгелдей жер құшқан. ] *К. Ерқасов // Дидар. - 2011. - 7 шілде.- Б.5.; 9 шілде.- Б.7.
## К. Ерқасов туралы:
Қаңтарбаев Ә Көпенде күрсініс көп [Мәтін] / Қаңтарбаев Ә // Дидар. - 2005. - 15 қаңтар.- Б.6
Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. [2-ші кітап] : С. Ғабдуллаұлы. Х. Балшабеков. Ғ. Байбатыров. К. Ерқасов. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 326 б.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Айтмұхамбет Қасымұлы Қасымов (29 маусымда 1950) - жазушы, журналист. Жазушы, журналист Айтмұхамбет Қасымов Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аюды ауылында 1950 жылдың 29 маусымында дүниеге келді. Қазақтың мемлекеттік университетін бітірген.Шығыс Қазақстан өңіріндегі баспасөз тарихын, оның ішінде 1931 жылы шыққан «Жұмысшы» газетінен бастау алатын облыстық «Дидар» газетінің тарихын зерттеумен шұғылданып жүр.
Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы, жерлесіміз – марқакөлдік Жақыпбек Малдыбаевтың өмірін зерттеуші. Президент мұрағаты, Орталық Мемлекеттік, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, ҰҚК мұрағаттарынан жинаған деректері бойынша «Жұмысшы» газетінің тұңғыш редакторы, 1938 жылы «халық жауы» ретінде көптеген ұлт зиялыларымен бірге саяси қуғын-сүргінге ұшыраған журналист, жазушы М. Тайшыбаевтың өмірі мен шығармашылығын жайлы «Қызыл қырғынның құрбаны» атты кітап жазып шығарды.Қазіргі кезде облыстық “Дидар” газетінің редакторы.
1965 жылы жоғарғы Тайынты сегізжылдық мектебін, 1967 жылы Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатты бітірген. 1973 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, Болыпенарым (қазіргі Қатонқарағай) ауданындағы Парамоновка, Алыбай мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, мектеп директоры болып қызмет істеген.
1977 жылғы қыркүйектен бастап облыстық «Коммунизм туы» газетінде (қазір «Дидар») әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1997 жылдан бері Бас редакторлық орынбасары болып еңбек етті. 2009 жылғы ақпан айынан осы газеттің Бас редакторы қызметін атқаруда.
«Алтайдан ұшқан ақиық» (1999), «Арулар әлемі» (2000), «Үміт патшалығына саяхат» (2003), «Қызыл қырғынның құрбаны» (2004), «Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев» (2007) атты бес деректі-көркем кітаптың және «Дидар» газетінің 75 жылдық тарихын баяндайтын «Тарихи жол» (2006) атты ғылыми-зерттеу еңбегінің авторы.
Қазақстан Респубикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2006), «Астанаға — 10 жыл» медалімен, 2008 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Зүкенұлы Мәуітқазы – журналист, айтыскер ақын.(1938)
Мәуітқазы Зүкенұлы Омартегі бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы «Қызылағаш» ауылдық округіне қарасты Құсмұрын тауының бөктеріндегі «Ақбұлақ» атты бұлақ бойында 1933 жылы 10 тамызда туған. (құжат бойынша 1938 жыл деп көрсетілген.) Анасы - Нұршағи Нұрпейісқызы сауатты, ақынжанды адам болған. 1955 жылы Көкпекті ауданындағы Биғаш ауылының «Маяковский» атындағы орта мектепті өте жақсы бітіріп, Алматыдағы №1байланыс училищесіне оқуға түсіп, 1958 жылы радиотехник мамандығын алып шығады. Мамандығыбойынша біраз жыл жұмыс істеген соң, 1960 жылы мұғалімдік қызметке ауысады. 1965 жылы Алматы қаласындағы ҚазПИ- дің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін сырттай оқып бітіреді. 1958 жылдардан бастап аудандық, облыстық газеттерге әртүрлі тақырыптағы ауыл өмірінен сыр шертетін мақалалары, әңгіме-очерктері шыға бастайды.1964 жылы тұңғыш рет аудандық ақындар айтысына қатысып, аягөздік Қабыш Исмаиловпен айтысады. Бірнеше дүркін аудандық, облыстық айтыстардың жүлдегері атанған. Жармалық Сәдуақас Берденов, шарлық Кеңесбек Қалиев, аягөздік Ғаббас Шөкімұлы сияқты ақындармен сөз таластырған. Жарма ауданында драма үйірмесін құрып, 1972 жылы «Халық театры» атағын қорғаған. Жеті-сегіз жылдай осы театрдың қоғамдық негіздегі режиссері қызметін атқарған.
25 жыл орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарып, 1980 жылдан Жарма аудандық «Рауан» газетінің редакторының орынбасары болып істеген. Аудандық, облыстық газеттердің тұрақты штаттан тыс тілшісі болып, аудан, облыс өмірінің тыныс-тіршілігі туралы жазып тұрған. Мәуітқазы Зүкенұлының «Бел- белес» (1998), «Дала қырандары» (2000), «Қасен қажы әулеті» (2002), «Темір жол тарланы» (2004), «Айналайын ауылым» (2005), «Өмір өрнектері» (2006), «Сұрапыл соғыс тарландары» (2010) т.б. жинақтары жарық көрген. Бірнеше дүркін облыстық, республикалық мақтау қағаздарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.Бүгінгі күні Өскемен қаласында тұрады, әлі де шығармашылықтан қол үзген жоқ.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Манабаев Ақылбек, ақын (1934-1984).
Ақылбек Манабаев 1934 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Түркістанның Қараүңгір ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Сонда оқу бітірген соң «Тарбағатай» газетінің редакторының орынбасары болып қызмет еткен. 1962 жылы Үржар ауданына келіп жұмысшы, кітапханашы, «Алға» газетінде журналист болып еңбек етті. 1967 жылдан өмірінің соңына дейін «Семей таңы» газеті редакциясында әдеби қызметкер болды. Семейлік ақындар ортасында Ақылбек Манабаев толғаныс, тебіренісі майда, ырғақты, нәзіктікпен, жұмсақтықпен тіл қатып, сырласар сипатымен ерекшеленеді. Ақынның таланты ана сүтімен дарыған тума талант. Анасы Бәтиманы ауыл арасындағы той-жиынға қос атпен алдыратын. Ақылбек сол анасынан нәр алған еді. Ақынның «Жазира», «Самал сазы», «Мәуелі бәйтерек», балаларға арналған «Алтын мен көпір», «Тау тескен» атты кітаптары өзінің көзі тірісінде жарық көрді.«Анама хат», «Жүрек сөйлейді» кітаптары қайтыс болғаннан кейін жан жарының араласуымен жарық көрді. Ақын-көпшілік өлендерінде нақыштың нәзіктігіне, сүйріктігіне сүйінгіш, солардан сыр түйгіш қаламгер. «Жазира» атты жыр жинағы сияқты «Самал сазы» да өмірге іңкәр құштарлықпен жазылған.Ақылбек Манабаевтың жазған жырларынан табиғат тамашалары кең орын алады. Сонымен қатар өзінің тұстастарына қарағанда қазақ тілінің өзіне тән поэтикалық-этнографиялық сөздік қоры бай. Ақын ежелгі ізгі дәстүрді де орынды ұстанады. Көп жастардың аузына түсе бермейтін тұрмыс-салтта қалыптасқан бұйымдар мен заттық теңеу, баламаларды жиі қолданады. «Самал сазы» атты жинағына кірген екі баллада аңызға құрылған. 1989 жылы шыққан ақынның «Жүрек сөлейді» атты кітабына негізінен ең таңдаулы өлеңдерді мен балладаларды, «Чили балалары» атты поэма енді. Өміршең де өрелі өлең жолдарынан ақын жанының тынысы, дүрсілі аңғарылады.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Дүйсенкүл Бопова (13.12. 1933 ж. т., Ордабасы ауданы Қарааспан ауылы) – еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы (2003). Шымкент педагогикалық институтын (1960), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1965) бітірген. Еңбек жолын 1948 ж. Арыс қалысындағы орта мектепте кітапханашы болып бастаған. 1950 – 1959 ж. Арыс аудандық комсомол комитетінде хатшы-машинка басушы, есепке алу секторының меңгерушісі, аудандық партия комитетінің техникалық хатшысы, нұсқаушысы, аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, облыстық партия комитетінің ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. «Құрмет белгісі» (1971), Еңбек Қызыл Ту (1980) ордендерімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған..
## Дереккөздер |
Меңғали Шаймарданұлы Мусин (1927-2011), журналист, жазушы-өлкетанушы.
Меңғали Шаймарданұлы 1927 жылдың тамыз айында Катонқарағай ауданы (бұрынғы Үлкен Нарын ауд.), Нұғыман ауылында дүниеге келген. Жазушы өз бабалары жайлы: «алғашқы Жоғарғы Ертіс ауданына қоныстанушылар менің үшінші атамның, яғни Дінмұхаммед Шәрәпидің басшылығымен қоныстанған»,- дейді. Бұл аңыз М.Мусиннің «Волга впадает в Иртыш» романында жазылған.
1931 жылдың басында Меңғали Шаймарданұлының ата-анасы қазақ-орыс аралас елді мекеніне, яғни Күршім ауданына көшіп барады. Жазушы мүлдем орыс тілін білмегендіктен, ал қазақ тілі татар тіліне ұқсас болғандықтан Меңғалиды ата-анасы Құмашқын (қазіргі Күршім) қазақ мектебіне оқуға берген. «Орыс тілінде білімін 17 жасымда әскер қатарына шақырылғанда ғана арттырдым, ал қазақ тілін үйге қайтқанда ғана үйрендім»,- дейді Меңғали Шаймарданұлы.Екі кластық қазақ мектебін бітірген соң, Казнаковка, Самар аудандарындағы орыс мектебіне түсіп, төрт класты аяқтайды. Аттестатты Үлкен Нарын ауданындағы Жұлдыз орта мектебінен алды. Алғаш рет Меңғали Шаймарданұлы әдеби шығармалармен айналысуды қазақ тіліндегі шығармалардан бастап, сол бойынша күнделік жүргізе бастады. Ал 16 жасында «Жамбыл», «Партизандар» атты поэмалары жарық көрді. Бұл шығармалары жазушының жеке мұрағатында сақталған.
М.Мусин аудандық «Сталинский путь» газетінде екі жыл жұмыс атқарып, кейін «Знамя Коммунизма» (қазіргі «Рудный Алтай») газетіне ауысады. Содан бері басылымнан қол үзген жоқ, нәтижесінде елу жылдан астам журналистік тәжірибесі жинақталды. 1964 жылы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімін тәмамдаған. Зейнеткерлікке «Рудный Алтай» газетінен шықты, оның Риддер қаласындағы меншікті тілшісі болды. Осында қызмет істеген жылдарда П.Бажов атындағы сыйлықтың лауреаты болды. 1995 жылы ұлтаралық Қытай радиосының әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Бұл сайыс Жеңістің елу жылдығына орай өткізілген. М.Мусиннің шығармалары мәскеулік, республикалық басылымдарда басылды. «И любовь твоя и боль» атты повестер жинағы, «Қырғын», «С Катонских гор, с берегов Нарыма», «Түнекте тұншыққандар» атты кітаптары жарық көрген.
Москва қаласында жоғарғы партия мектебін бітірген. 50 жылдық жұмыс өтілі бар кәсіби журналист. Көптеген орталық, аймақтық, облыстық, аудандық баспасөз беттерінде, «Огонек», «Жұлдыз», «Простор» журналдарында, халықаралық «Феникс» журналында, сонымен қатар дерекке негізделген жинақтарда еңбектері жарияланды.
«Люди щедрого сердца» (1964), «Любовь таоя и боль» (1979), «Унесенные в небытие» (1997), «Репортаж XX века» (1999), «Почтовый ящик 15», «Волга впадает в Иртыш» (2003), «Дети Каратая» атты кітаптары әртүрлі деңгейдегі баспалардан басылып шықты.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Дәулет Сейсенұлы — жазушы-журналист, 1949 жылы 28 ақпанда Абай облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде, облыстық партия комитетінде қызмет атқарған. 1983 жылдан бері республикалқ «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі. Осы жылдарда «Ақиқат» журналында, еларалық «Заман Қазақстан», облыстық әкімшілікте қызмет істеген. Ол «Жұлдыздар сөнбейді» атты әңгімелер жинағының, «Қазақтың саны қанша», «Семей елі, Семей жері», «Шежірелі Шыңғыстау» атты деректі кітаптардың авторы. 2007 жылы қаламгер Дәулет Сейсенұлының ғұлама ақын Шәкәрімнің туғанына 150 жыл толуына орай «Нартұлға» сериясымен жарық көрген әдеби көркем тілді. «Шәкәрім» атты ғұмырбаяндық кітабы жарыққа шықты. Дәулет Сейсенұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Семей қаласы (2001) мен Абай ауданының Құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Тасқараұлы Азамат - ақын, (1990).
Азамат Тасқараұлы 1990 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Феклистовка ауылында туған.2007 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы арнайы-облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатын бітіргенХалықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қарасазда өткен Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық мүшәйраның 2006 жылы 2 орын, 2007 жылы гран-при иегері, Аягөз қаласында өткен кәсіптік ақындар мүшәйрасының лауреаты, облыстық Т.Нұқай атындағы жыр додасының гран-при иегері, Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық қордың «Мұқағали мұрасын насихаттауға қосқан елеулі еңбегі үшін» грамотасының иегері, «Свободной музы приношенье» аймақтық әдеби конурстың екі дүркін гран-при иегері, Ұлы Отан Соғысының 65 жылдығына арналған мүшәйраның 1 орын иегері т.б.
ШҚО «Шабыт» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары, ШҚ өнер мұражайының қызметкері «Күзгі дем симфониясы» (2009 ), «... ал, Лондонда түн» (2010) жыр жинақтары мен«Өнер гиперболасы» повесінің авторы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Тұрғазы Нұқаев, ақын (1937 - 2001 ж.ж).
1955 - 1960 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогика институтында оқып, осы оқу орнының тарих-филология факультетін тәмамдайды.1960-1968 жылдары Ұлан ауданы мектептерінде мұғалім, мектеп директоры болып жұмыс істейді. Бұл жылдары Тұрғазының өлеңдері, балладалары, мақалалары облыстық, республикалық баспасөзде жиі жарияланып тұрды.
Т.Нұқаевтың шығармалары :
Анаға тағызым Хикаят.-Өскемен: Полиграфия, 1995.-91б.
Әз ағамыз- Әнекең.- Өскемен: Полиграфия,1994.-52б.
Жарқыраған қос жұлдыз : Ғұмырнама.-Өскемен: Полиграфия,1999.-173б.
Тұңғыш Өлеңдер.-Алматы : Жалын, 1978.-32б.
Ұлы даланың ұлымын: Өлеңдер,балладалар, толғаулар, дастан.-Өскемен,1995.-177б.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жыл 6 қазанШығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулы) - ақын.
1976 жылы көршілес Шыңғыстай аулындағы орта мектепті бітірді. 14 жасынан өлең жазып, әдебиетке деген ерекше құштарлығымен көзге түскен.
1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған .
1976 жылы Бақытжан Раисова С. М .Киров атындағы (қазір Әл Фараби атында) Қазақ Мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Университеттегі ұстаздары Р.Нұрғалиев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, А.Оразбаева Бақытжанның әдебиетші - маман ретіндегі жан-жақты білімін, табиғи берген ақындық дарынын ұштауға, тереңдете түсуге сәулелі жол ашқандай болады.Жоғары оқу орнын үздік аяқтаған Бақытжан 1981 жылы «Қазақ университеті» газетінде қызмет атқарады.1982 жылы Катонқарағай ауданындағы Аршаты аулына оралып мұғалім болып қызмет істейді.1984-85 жылдары Бақытжан Раисова аудандық «Арай» газетінде аудармашы-тілші ретінде қызметте болады. Өзінің жүрек қалауымен әдебиетші ұстаздық жолға бет бұрады. 1987 жылдан 1997 жылға дейін ауданның танымал әдебиетші ұстазы атанады.1995 жылы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай Алматыда өткен конференцияда Бақытжанға «Білім беру ісінің үздігі» атағы беріледі.
1997-2007 жылдары ол Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы гуманитарлық - эстетикалық дамыта оқыту бағытындағы мектепте ұстаздық қызметін жалғастырады.
Оның өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Дидар», «Арай» газеттерінде, «Жұлдыз», «Ақ Ертіс», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында, «Балауса» студент-жастар топтамасында «Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай» жинағында, «Алтай әуендері» атты топтама-хрестоматияда жарияланған.
Б. Раисованың 2000 жылы «Білім» баспасынан «Ай мен Алтай» 2005 жылы «Елорда» баспасынан «Сезім сәулесі» жыр жинақтары басылып шыққан.2009 жылы «Ғасырдың мұңы» баспадан шығады. Өз заманының толғақты мәселелерін сезім сәулелерімен өрнектей білген ақын әрі ұстаз Б.Раисова қазір Өскемен қаласындағы Дарынды балаларды оқытатын гимназияда қызмет істейді.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Сакенұлы Зейлабдин—1930 жылы 15 мамырда Төреарық ауылында туған.Ол мектепті Арыс қаласындағы Киров атындағы орта мектепті бітірген соң,Шымкенттегі екі жылдық мұғалімдер дайындайтын институтты бітіріп, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында екі жыл жұмыс істеген.Арыс ауданының Обручевкадағы Горький мектебінде, Арыстағы Киров атындағы мектепте, Ақдала совхозындағы С.Ерубаев атындағы мектебінде жұмыс істеді. Задария совхозында А.С.Макаренко мектебін салдырып, (1955 жыл) мектеп директоры болып, осы мектепте 1964 жылға дейін жұмыс істеді. Соңғы жылдары Жамбыл орта мектебі мен Ломоносов орта мектебінде 1973-1990 жылдары мектеп директоры және мектеп жанындағы 100 балалық институт меңгерушісі көп жылдары, оқу ісінің меңгерушісі болып 48 жыл педагогикалық салада жұмыс атқарды. Осы жұмыстары үкіметпен партия бағалап, оқу ағарту ісінің үздігі, Еңбек, тыл ардагері оннан астам диплом грамоталарымен марапаттады.
## Дереккөздер |
Мағзұмов Тоқтарбек, жазушы (1958)
Мағзұмов Тоқтар 1958 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Қызыл Жұлдыз аулында туған. 1975-1977 жылдары ауыл мектебінде жұмыс істеген. 1982 жылы Алматы қаласының Ауылшаруашылық институтының агроном мамандығы бойынша, 1998 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару жүйесі факультетін бітірген. 1982-1992 жылдары Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық басқармасында, 1992-1997 жылдары Шығыс Қазақстан аймақтық жекешелендіру комитетінде бөлім бастығы 1997-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мекемелерді қайта құру, жабу басқармасының бастығы болып қызмет істеген. 2007 жылдан бері Өскемен қалалық ауылшаруашылық басқарма бастығы. 2003 жылы «Қыз суреті» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрген. «Байберді асуы» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағының авторы.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Рәшев Мыңбай (1930), ақын.
Мыңбай Ахметкәрімұлы Рәшев (Тотыяйын Рамазанов) 1930 жылы 19 қазанда облысымызға қарасты шалғайдағы Баршатас ауданының "Алғабас" совхозында (бұрынғы Семей облысында) туған.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген.
"Жас алаш" (бұрынғы "Лениншіл жас!" газетінде) қызмет еткен.
Осыдан кейін "Ара" - " Шмель" журналына шақырылып, сықақ жанрында қызмет етуі де оның творчествосын байыта түседі.Журналдың алғашқы бас редакторы ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің тәлім-тәрбиесінде болған жылдары жемісті. " Терек пен тікенек", " Бетің қисық болса", " Қисық айна", " Суылдақ", " Бүйімбай" т.б. сатиралық жинақтары басылды.Сықақтары мен мысалдары " Крокодил қосымшасы" сериясында, " Крокодил", " Дружба народов" журналдарында да жарық көрген. М.Рәш тек сатирик қана емес, эпик ақын. М.Рәшевтің тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы "Алғашқы боразда" деген атпен жарыққа шықты.Қырыққа тарта кітаптың авторы Мыңбай жиырмаға жуық поэмалар мен балладаларын оқырманға ұсынды. Олардың ішінде шұбартаулық жас шопандар өмірінен жазған "Бастау," 28 - гвардияшы-панфиловшы батырлар, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы өмірінен жазылған поэмалары - " Батыр- дастан" және әзірбайжан халқының ұлы ағартушысы, драматургі, ақыны Мырза Фатали Ахундов жайынан жазған " Сабухи" поэмалары әдебиетімізде елеулі туындылар.Мыңбай шығармалары алуан тақырыпты, солардың ішінде Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі - міне, ақын творчествосына арқау болған тақырыптар.Бүгінгі ұланғайыр өміріміздің елеулі де ауыр мәселесі - экология проблемасын тебірене, ядролық жарылыстарға, соғыс атаулыға ащы наразылығын ашына жырлайды. Өткен ғасырдағы ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов өмірінен жазған " Жұлдызды жиһанкез" дастаны да айтуға тұрарлық. Сатирик жалақор, жәдігөйдің сұрқия қылығын өткір сатирамен өртейді. Басқаларды сақтандырады, тазалыққа, пәк адамшылыққа шақырады.Мыңбай сатириктік өрнегін поэзияда ғана емес, прозада да көрсетіп келеді. Сықақ, әзіл-оспақ өлеңдері тәрізді қара сөзбен жазылған әңгімелері де ықшам, тап-тұйнақылығымен татымды да тартымды оқылып отырады. Оқиғалары нанымды. 1957 жылдан Жазушылар одағының мүшесі. Біраз өлеңі орыс тіліне аударылып жеке кітап боп басылды. М. Рәшевтің сықақтары, фельетондары мен мысалдары өзге тілдерге де аударылған. Мыңбай Рәш өз жанрында әдебиетімізге белгілі дәрежеде үлес қосқан белді, бедерлі қаламгер.Ақын " Тың және тыңайған жерді игергені үшін!" медалімен марапатталған.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Ноғайбай Сүлейменұлы 1855 жылы Бұрынғы Семей облысы Зайсан уезі Маңырақ болысының 4-ауылында Ноғайбай қыстағанда (қазіргі Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі) дүниеге келген. 6-7 жасар кезінде шешекпен ауырып, екі көзінен айрылған.
1916 жылы шетелге ауған елмен бірге [[[Қытай]]ға өтіп кеткен. Ноғайбай атының ұмытылмай әдебиет тарихында қалуына себепкер болған орыстың белгілі этнографы- А. Ивановский. 1889 жылы Зайсан өңірінде болып, сол жылы Мәскеу университетінде шығарылатын «Этнографическое обозрение» журналында «Киргизский народный поэт-певец Ногайбай» деген мақала жазады. 1937ж. Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығы аталып өтілді. Сол тойда Қазақстанның түкпір-түкпірінен небір жезтаңдай іншілер, шақырылыпты. Сол тойда Жамбыл: «Іштеріңде Ноғайбайдың әндерін білетіндерің бар ма?» деп сұрағанда, ешкім жауап бере алмапты. Сонда Жамбыл: «Япырай, осы жұрттың кемтарларды елемейтіні бар. Әйтпесе қазақта Шөже мен Ноғайбайдан асқан ақын бар ма?» деген екен.
- деп жырлаған зағип ақынды жыр алыбы Жамбыл дүлдүлдердің қатарына тегін қоспағаны анық.Ноғайбай ақынның өлеңдері жазбаша емес, ел аузында сақталған. Ноғайбай ақынның өлеңдерін жинақтаушы С. Сырымбетов. (Ертіс өңірі. - 04.05.2011ж).Бүгінде Ноғайбай ақынның 18 өлеңі, 1ән, 1 поэм, 2 айтысы ғана мәлім.Ол тек қара өлеңнің ғана тарланы емес, асқан әнші, домбырашы, сазгер, үлкен айтыскер ақын болған. 1923 жылы 68 жасында ШҰАР Алтай аймағы Бурылтай өңірінде қайтыс болған.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Тілеуханов Төлек, жазушы (1939).
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
1939 жылы 18 шілдеде бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1964–1969 жж. мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, 1970–1988 жж. «Жазушы» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, 1992–1995 жж. «Айқап» баспасында бас редактор, 1996 жылдан «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды.1965 жылы «Қазақстан әйелдері» журналында алғашқы әңгімесі жарияланған.Қаламгердің шығармалары 1965 жылдан бастап жарық көре бастады. Оның «Көрші келіншек», «Шарапатты жан», «Өзгенің бақыты үшін», «Өмір арнауы», «Мәуелі бәйтерек» әңгіме-повестері, «Келешек кіріспесі», «Үш ұрпақ мұңы» романдары жарық көрген. Австралия жазушысы А. Маршаллдың «Мен секіріп ойнай аламын» повесін, Р.Тагордың, А.Чеховтың, словак жазушысы Андрей Плавактың, өзбек жазушысы Х.Нәзірдің, орыс жазушысы А.Беляевтің, үнді жазушысы А.М.Нуридің әңгіме, повестерін аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Табеев Қайым-Мұнар, жазушы (1956).
1956 жылы 5 мамырда бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы , Аягөз ауданы «Шолпан» кеңшарында дүниеге келген. 1981 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетінің аспирантурасын социолог-заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Алматы мемлекеттік басқару институтында, 2004 жылы ҚР Президенті жанындағы қызмет академиясының мамандықты жетілдіру курсында оқыған. Журналист, жазушы және қоғам қайраткері. Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Жастар Одағы және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлықтарының лауреаты.Шығармашылық жолын 1981 жылы республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі Ұлан») газетінен бастап, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» , «Егемен Қазақстан» газеттерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды. 1994-1996 жылдары Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің кеңесшісі, 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің бас маманы, 1998-2012 жылдары Алматы қаласы әкімі аппараты Тіл басқармасының бас маманы , бастығы, Ішкі саясат департаменті БАҚ және ақпараттық саясат бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Әкімі аппараты ұлт саясаты жөніндегі бөлімінің бастығы қызметтерін атқарып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қалалық хатшылығының меңгерушісі болған. 2012 жылдың 1 қазанынан "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалының Қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Баспасөз хатшысы, қалалық филиал Төрағасының орынбасары. Сонымен қатар, қоғамдық негізде Алматы қалалық "Мирас" рухани қоғамдық кеңесі Төрағасының орынбасары.Белгілі публицист-жазушы Қайым-Мұнар Табеев - әйгілі Желтоқсан оқиғасы жайында ең алғашқы болып басылым беттеріне мақала жариялаған қаламгерлердің бірегейі. Ол 1986 жылғы Желтоқсанды оқиға емес, "көтеріліс" деген дұрыс деп баға берген. Қайым-Мұнар Табеев 1986 жылдың ызғарлы Желтоқсанында алаңға шыққан жастар билік үшін емес, тек өз елінде өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алу сынды адами құқыларын талап етіп шықты деп атап көрсетеді.
## Шығармашылықтары
«Шырқа керней» («Жалын», 1983), «Ар өлшемі» («Жалын», 1984), «Қатарда жүр қарт солдат» («Қайнар», 1985), «Халық қалаулылары» («Қайнар», 1987), «Байғазы», («Жалын», 1989), «Алматы. Желтоқсан-86» («Шабыт», 1991) жинақтарында деректі әңгімелері жарияланды. «XX ғасырдың обасы» («Қазақстан», 1989), "Желтоқсан жаңғырығы" ("Гауһар" баспасы, 1991 ж.), «Үш күннің дерекнамасы» («Дәуір», «Науан хазірет» баспалары, 1993), «Мұзда жанған алау» («Дәуір», 1993), «Қайсар рухты қазақ» («Атамұра», 1994), «Қазақтың желтоқсаны» (Дайк-Пресс, 2006) атты кітаптары жарық көрді. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған Адам құқын қорғау комиссиясының жауапты хатшысы, 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі және Алматы қалалық атқару хатшылығының меңгерушісі болып сайланған. 1990 жылы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді. Республикалық баспасөз конкурстарының бірнеше дүркін жүлдегері. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жас зерттеушілерге арналған жүлдесінің иегері және «Парасат», «Қазақстан әйелдері», «Денсаулық» журналдары, «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері ұйымдастырған тарихи тақырыптық конкурстардың жеңімпазы. "Құрмет" орденінің иегері. «Астанаға 10 жыл», "Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл","Желтоқсан Ардагері", "ҚР Ұлттық Ұланының үздігі" медальдарымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ақпарат және баспасөз, Қоршаған ортаны қорғау минстрліктері мен Алматы қаласы Әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Тұрсынханұлы Салхан (1933-2006 жыл)
## Өмірбаян
1933 жылы Төреарық ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, соғыстан кейін колхозда әртүрлі жұмыстар атқарған. 1960 жылы Шымкент қаласындағы колхоз-совхоздарға бухгалтерлер дайындайтын курсты бітірген.Соғыстан кейінгі ауыр жылдары ел экономикасын көтеруге өз үлесін қосты.Колхоз, совхозда есепші, агроном бөлімше басқарушысы қызметтерін атқарған.Бұл кісі Қазақстанға көптеп пайдасын тигізгне және осы адал жұмысы үшін көптеп мадақтамалар,медальдар,ордендар алған.
## Дереккөздер |
Ыбыраев Жүніс Ақатайұлы, жазушы, журналист (1928–2002).
12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мақпал ауылында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Агропромышленный комплекс Казахстана» — «Қазақстан агроөнеркәсібі» журналында жауапты қызметтер атқарған. «Қазақстан» баспасында бөлім меңгерушісі болған.Бірқатар көркем очерк кітаптарының авторы, көптеген жинақтар құрастырған. М.Слуцкистің, А.Курчаткиннің роман, әңгімелерін қазақшаға аударып, кітап етіп бастырған.2002 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Зейнолла Тілеужанов (1942 ж.), ақын.
Зейнолла Тілеужанов Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Ақсуат ауданына қарасты «Қызыл қайың» ұжымшарында 1942 жылы 29 қарашада дүниеге келген. 1968 ж. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. «Жетісу» облыстық газетінде, кинематография комитетінде, «Жаңа фильм-Новый фильм», «Еңбек таңы» журналдарында және Мәдениет Министрлігі жанындағы халық шығармашылығы үйінде қызмет атқарған.
Тырнақалды жырлары республика жас ақындарының «Жас керуен» (1969) жинағына енген. Кейінгі жылдары «Лебіз» (1971), «Солидарность» (1973 орыс тілінде ұжымдық жинақ), «Толағай тау», «»Ой ағысы», «Сарыарқа», «Махаббат дастаны», «Аспанға көшкен ауыл», «Күнге табынғандар» атты жыр кітаптары шыққан. Көптеген шетел ақындарының өлеңдерін, сондай-ақ 100-ге тарта кинофильмдерді қазақшаға аударған.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Мұрат Рақымжанұлы Сұлтанбеков (1938) ақын, аудармашы.
Мұрат Сұлтанбеков 1938 жылы 28 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келді. Болашақ қаламгердің балалық шағы қиындықпен өтті.
1971 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің үлкен залында «Абайдың поэмалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шыққан жас ғалым өзі оқыған пединститутта аға мұғалім, доцент, Талдықорғанның педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет етеді.
Қос тілдің шебері, қаламгер Мұрат Рахымжанұлының ұшқыр қаламынан әр жылдары бес кітабы жарық көрді. Абайдың он бір өлеңін, Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» шығармаларын тәржімалап, сондай-ақ Б.Майлийннің «Жалбыр» пьесалары, Есмағамбет Исмайлов, Кәмен Оразалин шығармалары, Сәду Машақов, Аманжол Шамкенов, Тәңірберген Әміренов, Қашаф Туғанбаев, Ақылбек Манабаев сынды ақындардың өлеңдері, 2005 жылы Ырысхан Мұсаұлының «Саға» романы, 2006 жылы Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықұлының «Мәңгілік махаббат жыры» дастаны, 2007 жылы Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» шығармалары М.Сұлтанбековтың аударуында орыс тілінде сөйледі. 2007 жылы М.Рақымжанұлының «Поэтическое вдохновение:Абай, Шакарим и Мұхтар» атты кітабы шықты. Онда автордың мақалалары, эссе, өлеңдері және поэмалары жинақталған.М.Сұлтанбеков аудармашылықпен қоса, драматургия саласында жемісті еңбек етті. Көп актілі «Аттила» атты тарихи пьеса жазды және Қайнар университеті мен Патеон Ассос университетінің Седимес институты ұйымдастырған Алматыда өткен Аттиланың 1600 мерейтойына арналған ғылыми конференцияда Аттила жөнінде баяндама жасап, аталған пьесасы үшін Аттила атындағы медальмен марапатталды.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Ақын. 1922 жылы бұрынғы Семей губерниясы Күршім-Алтай болысының 6-ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) көшпелі-шаруа отбасында дүниеге келді. Әкесі Шаяхмет тәлім-тәрбиесі мол үлкендердің салиқалы әңгімелеріне қатыстырып, мақал-мәтел, көркем шешендік сөздердің үлгілі тәлімінен сабақ алып өсуіне ықпал жасайды.
М. Шаяхметов шығармалары:
Шаяхметов М. Өткен күннің өткелдері.- Алматы:АБА"Айкос", 1999
Шаяхметов М. Жылдар, жылдар: Естелік. 2-ші кітап.- Алматы: АБА "Айкос", 2001.- 267 б.
Шаяхметов М. Ғасыр асулары [Мәтін].- Алматы: Фолиант,2006.- 512 б.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Матжанұлы Бердіхан (1930-1978 жыл)
## Өмірбаян
Матжанов Бердіхан 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Төреарық ауылында дүниеге келген.1949-1950 жылы Шымкент қаласындағы колхоздарға есепшілер дайындайтын техникумды бітірген.Соғыстан кейінгі ауыр жылдары колхозда есепші, бас есепші қызметтерін атқарды. 1970-1973 жылдары Семей қаласындағы финансивті институтқа түсіп жоғары білім алған.1970-1978 жылдары өмірінің соңына дейін Қараспан ауылдық кеңесінде бас бухгалтер қызметін атқарды. Қай салада қызмет етпесін, іскер, көпшіліктің көңілінен шыға білетін, өз ісін тиянақты атқаратын білгір азамат еді.
## Дереккөздер |
Сақабаев Көкей (Көпжасар) (1930 – 1995) -жазушы, журналист.
Көкей (Көпжасар) Сақабаев 1930 жылы 1-ші қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, бұрынғы Самар ауданының Көкжыра ауылында дүниеге келді. 1954 жылы Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен институтын бітірді. 1958 жылдың желтоқсан айынан бастап Лениногорск қаласында инженер-кенші қызметін атқара отырып, шығармашылықпен айналысады. Қазақ және орыс тілдерінде жазған. Жергілікті, облыстық, республикалық газеттерде, «Жұлдыз», «Простор» журналдарында жарияланды. Алғашқы әңгімелер жинағы «Өткел аузында» 1964 жылы басылып шықты. «Кенші келбеті», «Көктас» романдары жарыққа шықты. Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың өмірі жайлы көп ізденіс жұмыстарын жүргізіп, мағлұматтар жинады. Оның «Намыс» атты кітабы өзі қайтыс болғаннан соң 2000 жылы жарық көрді.Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1995 ж.). Риддер (Лениногорск) қаласында өзі тұрған Гагарин көшесіндегі № 25 үйге ескерткіш тақта орнатылған.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Байдосұлы Күркебай (1830–1916) — қазақ батыры. Найман тайпасы Саржомарт руынан шыққан.
Күркебай Байдосұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды (Кеңсу) ауылында дүниеге келген. Жас күнінен жүректілігімен, асқан мергендігімен көзге түсіп, «батыр» атанған екен. Ол елін, жерін шеттен келген басқыншы, шақырусыз келімсектерден қорғап, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өмірінің көп бөлігін жортуылда өткізген адам.
Кедейлерге болысып, аштарға азық тауып беріп, қамқоршы болыпты. Зар жылағанды уатып, көкірегі қарс айырылыпты, сондықтан патшаға жақпапты. Көнекөз қариялардың айтуынша Күркебай қол мерген болыпты. Не нәрсені болсын көздемей ата салатын көрінеді және атқаны қате кетпейтін көрінеді. Eл аузында тараған өлеңде:
Бұл хабарды естіген батырды сол әділетсіз заманда қорғап қалу мүмкін емес еді. Сондықтан бас сауғалап қашудан басқа амал болмапты. Өзін ұстауға келген 60 солдатты қырып тастап Мәнжүр елінен бірақ шығыпты. Ол жерде Бөке батырды пана тұтып жүргенде Күркебайдың батырлығы Үрімжідегі Мәнжүр билеушілерінің құлағына жетіпті. Әміршінің алдына Күркебайды әкелгенде сағы сынбай, сұс көрсетіпті. Жандарал оқ жетер жердегі шаруаны көрсетіп, қолына мылтық бергізеді. «Көздемей атып, сонау шаруаның басындағы бөркін атып, өзін аман қалдырсаң басыңа бостандық берем», - депті. Батыр әміршінің талабын мүлтіксіз орындап басына бостандық алыпты. Еліне келген Күркебай 1916 жылы дүниеден қайтты. Зираты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды аулының жанында.
## Дереккөздер |
ДОСАНОВ ТАЛҒАТ ЕРТАСҰЛЫ
## Өмірбаян
Ордабасы ауданы,Төреарық аыуылының тұрғыны Талғат орта мектепті бітірген соң, Шымкенттегі М.Әуезов атындағы университеттің спорт факультетіне оқуға түсіп, жаттықтырушы мамандығын алды. Қатарынан бірнеше жыл бойы бокстан Қазақстан чемпионы болды. 1955 жылы Ленинградта өткен Азия елдерінің спортакиадасында І-орынды жеңіп алды.1998 жылы Кубалық командамен сайысқа түсіп жеңіске жетті. 1999 жылы Азия мемлекеттерінңі чемпионатына өтіп, өзбекстандық атақты руслан Шагаевпен боксқа түсіп оны жеңіп, күміс медальға ие болды. 1997 жылы мамыр айында Оңтүстік Кореяда Азия чемпионатына қатысып талғат жеңіске жетті. 2009 жылдың 17 сәуірінде Алматыда бірінші рет ауыр салмақты кәсіпқой бокстан 130 кг салмақты Қанат Алтаевпен бокстасып, оны жеңіп, жеңіске ие болды. 24 жыл бокспен айналысып ел мерейін көтеріп үлкен абыройға ие болды.Талғат кәсіпоқой бокстан Қазақстан Республикасының алгашқы чемпионы. |
Әбунасыр Пернеханұлы Серіков (1965 жыл, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төреарық ауылы) — Қазақстан мәдениет қайраткері, комик, актёр.
## Өмірбаяны
1965 жылы Төреарық ауылында дүниеге келген.
1989-1993 жылдары Алматы қаласындағы Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Өнер жолын “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрында бастаған.
Қазіргі кезде “Нысана” әзіл-сықақ театрының директоры.
## Марапаттары
1993 жылы Қазақстан Республикасының әзіл-сықақ конкурсының лауреаты.
1995 жылы Қазақстан Жастар одағының сыйлығының лауреаты.
2003 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
## Фильмографиясы
* Сұр бойдақ (2014) - Қадырбек
* Ғашық жүрек (2010)
## Дереккөздер |
Сәдібек Түгел (23 ақпан 1955, Ұлан ауданы, Абай облысы) — қазақ жазушысы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 2019 жылғы Қазақстандағы президент сайлауына Ұлы дала қырандары республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының атынан қатысты.
## Өмірбаяны
Сәдібек Түгел 1955 жылдың 23-ші ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді.
### Қызметтері
Сәдібек Түгел Шымқора ауылындағы Жамбыл орта мектебін 1972 жылы бітіріп, сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті. 1980 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінен жоғары білімді «журналист» деген мамандық алды.
1973 жылы мамыр айында Кеңес әскері қатарына шақырылды. Әскери міндетін Кеңес әскерінің Қарулы Күштерінің Шығыс Германиядағы тобында атқарды. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастады. Екі жыл Алматы қаласындағы мақта-мата иіру фабрикасында слесарь болып жұмыс істеді. 1977–1978 жылдары аудандық «Өркен-Расцвет» газетінде аудармашы, 1979 жылдары Ұлан аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1979-1984 жылдары аудандық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, 1984-1988 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді.
1988-1990 жылдары Жоғары партия мектебінде екі жыл күндізгі бөлімінде оқып, «саясаттанушы», «социолог» деген мамандықтарға ие болды. 1990-1992 жылдары аудандық бақылау комитетінің төрағасы және басқа да жауапты қызметтерде болды. 1992-1994 жылдары «Ұлан Таңы – Уланские Зори» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді.1994-1998 жылға дейін Алматы қаласында «Қазақстан Теледидары мен Радиосы» корпорациясында жауапты қызметтерді атқарды.
1998 жылдың басында Астананың тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Сәдібек Түгелдің тікелей атсалысуымен Астананың баспасөзінің іргетасы салынды. Көптеген жаңа Бұқаралық Ақпарат Құралдары құрылды, астаналық ақпарат кеңістігі қалыптасты. Сәдібек Түгел Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығын ашып, 1000-нан астам баспасөз маслихаттарын, брифингтер, кеңестер және қызықты кездесулер өткізді.
Саясаттанушы ретінде 2001 жылдан 2002 жылға дейін Республикалық Халықтық-патриоттық «Менің Қазақстаным» қозғалысының төрағасы болды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Халықаралық Баспасөз Орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
2004 жылдан 2005 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бөлім меңгерушісі болды.
2004 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық Спорт Түрлері қауымдастығының 1-ші вице-президенті, Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті. Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі негізгі ұйымдастырушысы. Қазір ол достарымен бірлесіп, дүниежүзінде теңдесі жоқ «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салуда. Сәдібек Түгел Астанаға арналған «Астана қаһармандары» – «Первопроходцы Астаны» атты жобаның авторы.
Астана радиосы ұйымдастырған үлкен акцияда «Астананың 10 жылдығының қаһарманы» атағына ие болды. Ол ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Құрметті азаматы. ҚР-ның мәдениет қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
2003–2005 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпаратпен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.
### 2019 жылғы президент сайлауы
2019 жылдың 22 сәуірінде Сәдібек Түгел сол жылдың президент сайлауына «Ұлы Дала Қырандары» атынан президенттікке үміткер екенін жариялады. Ол — қатысуын жариялаған үміткерлдерің тұңғышы еді. 2019 жылдың 3 мамырында 122 мыңнан астам қол жинап, Орталық сайлау комиссиясымен тіркелді.
Түгел қазақ тілін сақтау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қазақтың дәстүрлі құндылықтарын сақтау және насихаттау сияқты мәселелер бойынша үгіт жүргізді. 2019 жылдың 3 маусымында Түгел қазақ әйелдерінің шетелдіктерге тұрмысқа шығуына тыйым салуды ұсынды. Түгел небәрі 0,92 пайыз дауыс жинап, сайлауда соңғы орынға ие болды.
## Шығармалары
Әңгімелері газет, журналдарда жарияланып тұрады. «Қайдасың, қазағымның қазанаты» деректі повесінің, «Асыл жиреннің киесі» әңгімелер жинағының авторы.
Шығыс Қазақстан өнер мұражайының негізгі әдеби қорында автордың «Қайдасың, қазағымның қазанаты», «Көк күмбезді Астана» атты кітаптары сақтаулы.
## Дереккөздер
* http://old.qamshy.kz/?p=19759 Мұрағатталған 16 қаңтардың 2017 жылы.
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Нұрмахан Магрипханұлы Мелдеханов (1964 жылы Бөген ауданы, Төреарық ауылы) - каратэші.== Өмірбаян ==* 1981 жылы Ломоносов атындағы орта мектепті бітірген.
* 1992 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы, спорт мектебінде жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушы, Оңтүстік Қазақстан облысы “Каратэ-до” федерациясының президентінің орынбасары.
* Қазіргі таңда шәкірті көп ұстаз ретінде танылып кеткен.
* Ол Азияны Каратэ-до-дан ұтқан.
* Қоржынында 50 астам медальдар 100 ден астам мақтау қағаздары бар.
## Дереккөздер |
Омарханұлы Керімбай (1936 жыл-? жыл)
## Өмірбаян
1936 жылы 1 мамыр айында Төреарық ауылында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы мектепті бітірген. 1954 жылы Совет Армиясының қатарына алынып, Ленинградта үш жыл 1958 жылы Қарағандыда бір жарым жыл шахтада істеген.Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтын 1968 жылы бітірген. 1968-1976 жылдары Бөген ауданында П.М.К. инженерқызметін атқарған.1976-1981 жылдары Шымкент қаласындағы рембыттехникада директордың орынбасары, бас инженер қызметін атқарған.1981-1998 жылдары Шымкент қаласындағы бухгалтерлер дайындайтын училищнің директоры қызметін атқарған.
## Дереккөздер |
САПИЕВ АЛЕУХАН ОРАЛХАНҰЛЫ
## Өмірбаян
Сапиев Алеухан Оралханұлы 03.04.1964 жылы Бөген ауданының Қараспан совхозы, Комсомол ауылында (қазіргі Ордабасы ауданы Қараспан совхозы, Төреарық ауылы) дүниеге келді. 1971-1981 жылдар аралығында М.Горкий атындағы орта мектепте оқып, бітірді. 1981 жылы Шымкент автомеханикалық технкумына тапсырып, білім алды.1984 жылы техникумды бітіріп, диплом алды және жоғары білімді заңгер.1984-1986 ж.ж. отан алдындағы' әскери қызметтік борышын Ленинград қаласында өтеді. 1986 жылдан бастап Арыс қалалық жолаушы тасымалдау автопаркте диспечер мамандығы бойынша қызмет жасады.1990-1993 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық МАИ басқармасына жол полиция инспекторы қызметін атқарды.1993-1997 ж.ж. лейтенант шенін алып, Мақтарал ауданында жол полиция аға инспекторы лауазымын алып, қызмет етті. 1997 жылы Ордабасы аудандық ІІБ-ң жол полиция бөлімшесінің тәжірибе қадағалау инспекторы лауазымын алып, қызмет атқарды. 2003-2009 ж.ж. Ордабасы аудандық ІІБжол полиция бөлімшесінің бастыгы лауазымына етіп, қызмет етті. 2009жылдың маусым айынан бастап, зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі таңда, коммерциялық жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. |
" Аталы сөздер ", — Әдіһам Шілтерхановтың 1981—85 арасында жазған кітабы. 1993 жылы «Баспа» фирмасынан, 1995 жылы Алматы «Атамүра» баспасынан басылып шықты. Осы кітап туралы "Ордабасы" баспасының редакторы Нармахан Бегалыұлы былай дейді: Қазақ халқы ықылым замандардан бергі ой-толғамдарын мақал-мәтел, қанатты сөз ретінде кейінгіге мұра етіп келеді. Бабалардың сол үрдісін жалғастырушылардың бірі әрі бірегейі Әдіһам Шілтерхановтың бұл кітабы — әркімнің төрінде тұруға лайықты қазына."Аталы сөздер" кітабының ішінен:
* Тасты жарып гүл шықса,
күнге қарай ұмтылар.Топты жарып ұл шықса,шынға қарай ұмтылар.
* Шыдамда шек жоқ деме,
Момында кек жоқ деме.
* Су сынаптан ауыр болар деймісің,
Мыс алтыннан тәуір болар деймісің?
* Шешесін ұқпайтын, әкеден ықпайтын, ұл болмайды. Шешеге тартпайтын, әкеге жүк артпайтын, қыз болмайды. |
(Габара́жеп, осет. Æгъуызаты(Гæбæраты) Иуане, жүк. ივანე იალგუზიძე; 1775, Залда(қазірде оңтүстіктің Осетия) - 5 1830 тамыздың отырды, Тифлис) - православиелік миссионер, осетин жазушы, ағартушы. Осетин әдеби дәстүрдің бастаушысы, бірінші осетин автор.
## Биографиясы
Рухани семинарияны бітірді, осетин, грузиндік және орыс тілдермен иеленді, рухани семинарияның Тифлистік мұғалімі болды.1821 жылы бірінші оқулықты-әліппені осетин тілде шығарды. Ялгузидзе екі әліпбиі: бір - бас негіз грузиндік шіркеу жазу-сызудың жасады, ал сырт - бас негіз зайырлы болды.Ялгузидзе ақындық туындыларынан дейін біздің ғана "Алгузиани"(осет. "Агъуызы кадæг") үлкен дастанының он бөлігі жетті. 1820 жылы әліппені және катехизисті осетин тілінде келді. |
Терісі мың құбылып тұратын кесіртке. Оның терісі, әдетте, жасыл түсті болады. Ал оған қандай да бір қауіп төнген жағдайда ол терісінің түсін өзгертіп, жауынан қорғанады немесе жемтігіне байқатпай жақындайды. Аяқтары едәуір ұзын, ағаш басында өрмелеп жүруге бейімделген. Саусақтары бір-бірімен тұтаса келіп, екеуі алға, екеуі артқа қарай иілген, қысқыш тәрізді. Ширатылған ұзын құйрықтары бұтақтарды орап ұстауға ыңғайлы. Көзінің айналасындағы тұтасып, алға қарай дөңестеліп тұратын, қалың терілі қабақтарының сырты ұсақ қабыршақтармен қапталған.Құбылғылардың құйрығы маймылдың құйрығына, терісі қолтырауын терісіне,тілі құрбақаның тіліне ұқсайды және мүйізтұмсықтікіндей мүйізі болады. Ұзындығы 15-30 см-ге дейін жетеді. Құбылғылар- суыққанды жануарлар.Қыс мезгілінде өздерінің дене жылуын сақтай алмайтындықтан, суық басталысымен ұйқыға кетеді. Құбылғылардың иіс сезу және есту қабілеттері нашар дамығанымен, көру қабілеті өте жоғары. Сонымен қатар оның көздері бір-біріне тәуелсіз, әртүрлі бағытқа қарай алады. Яғни, ол бір мезгілде әрі өзіне келер қауіп-қатерден сақтанып, әрі жемтігін аңди алады.
Құбылғылар Азия, Африка, Еуропа және Мадагаскарға жақын аралдарда кездеседі.
## Дереккөздер
ЖАНУАРЛАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-446-5 |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.