text
stringlengths
3
252k
Арну киті немесе оңтүстік төрт тісті киті — киттәрізділер отрядына жататын сүтқоректі. Олардың ұзындығы 9 метрге жуық. Ол тұмсықты Байрд китіне ұқсағанымен денесі одан анағұрлым кіші. Денесі қоңыр-сұр, ал басы мен екі бүйірі ақшыл түсті болып келеді. Денесінде аппақ дақтары бар. Басы кішкентай, ал тұмсығы жіңішке, тістері аузы жабық тұрғанның өзінде көрініп тұрады. Аналықтары аталықтарына қарағанда ұзынша болып келеді. Тұмсықты Арну киті топтасып тіршілік етеді. Олардың бір үйірінде 6-10 кит болады. Кейде тіпті одан да көп болуы мүмкін. Киттің осы түрін Тасман теңізінен, Оңтүстік Тынық мұхитында орналасқан Альбатрос Кордильера аралын және Жаңа Зеландиядан кездестіруге болады. Олар мұхит түбін тіршілік ететін балықтармен, жұмсақ денелі омыртқасыздармен қоректенеді. Тұмсықты Арну киті теңіз жағалауына жақын, таяз жерлерде тіршілік етеді. Бұл киттер жазда 34°С суық суда өмір сүрсе, қыста теңіз түбіне қарай кетеді. Ғалымдар олардың теңіздің 7000 метрлік тереңдігінде жүзіп жүргенін байқаған. ## Дереккөздер
# Ақбас шөп Ақбас шөп (Karelinia) – көп жылдық шөптесін өсімдік. Күрделі гүлділер тұқымдасына жатады. Биіктігі 1,5 см. Тік қырлы сабағына бұтақтары кезек-кезек орналасады, жапырағы қалың, жиегі бұдырлы болады, гүл шоғырына дейін жапырақ жаяды. # Шоғырлануы Сағақсыз жапырақшалары (ұзындығы 2-6 см, ені 0,5-2 см) сабақтарын орай кезектесіп орналасады. Ұсақ қызғылт гүлдері себет гүл шоғырына шоғырланады. # Гүлдеуі Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. # Орналасуы Оңтүстік Қазақстандағы сор, сортаң топырақты жерлерінде, өзен жағалауларында, көшпелі-сусымалы құмды аймақтарда (Қызылқұм, Түркістан) өседі.
Хейдар Жамал Джахидұлы (әз. Cəmal Heydər Cahid oglu; 1947 жыл 6 қараша күні Мәскеу қаласында туған — 2016 жыл 5 желтоқсан Алматы, Қазақстан) ресейлік ислам қоғам қайраткері. Ресей Ислам комитетінің төрағасы; «Российское исламское наследие» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының мүшесі; Ислам халық және араб конференциясының (ОИАНК) тұрақты мүшесі; Ресей сол фронтының координациялық топтамасының негізін қалағандардың бірі; Ресей халық ассамблеясының депутаты. Келіспеушілер маршының мүшесі. ## Өмірбаян Хейдар Жамал 1947 жылының 6 караша күні Мәскеу қаласында туған. Әкесі — әзірбайжан, ал анасы орыс.
Дамандар систематикалық жағынан тұяқтыларға жақын, ұсақ жануарлар. Алдыңғы аяғында төрт, артқы аяғында үш саусағы және тұяғының рудименті болады.Африканың төменгі олигоценінен және Еуропаның теменгі плиоцен кезендерінен белгілі. Дене тұрқы 30-60 см, салмағы 1,5 нан 4,5 кг дейін. Сыртқы пішіні кеміргіштерге ұқсас, бірақ филогенетикалық жағынан ет тұмсықтыларға жақын. Құйрығы қысқа немесе мүлдем жоқ. Жоғарғы ерні қақ айрылған. Алдыңғы аяқтары төртсаусақты, ал артқы аяқтары үшсаусақты, тұяқтәрізді тырнақтары бар. Жоғары күрек тістері кіреукесіз, ішкі жағында әрдәйім өсуде болады; диастемасы бар. 3 тұқымдасы, оның ішінде 1 қазіргі кездегісі, 2-3 туысы, (7-12 түрі), Африкада және Азияда, (Аравия түбегінен Сирияға дейін) таралған. Ормандарда, (жекеленіп) және 4,5 мың м. биіктікте таулы аймақтарды, (топ- тасып) мекендейді. Құрлық немесе ағаш-бұталарда, жылдам қимылды жануарлар. Өсімдік қоректілер. Жылына бір рет 1-3 дейін ұрпақ береді. Ет үшін ауланады. ## Дереккөздер
Баян — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Архангель ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде, Масакөл көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 983 адам (517 ер адам және 466 әйел адам) болса, 2009 жылы 644 адамды (337 ер адам және 307 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Шахтер Даңқы монументі — 1974 жылы Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылында, Орталық мәдениет және демалыс саябағынын кіре берісіңде орнатылған (арх. А. Малков, мүсіншісі А П. Билық). Монумент қоладан құйылған қос фигуралы композиция жасап, сұрғылт граниттен жасалған тұғырдың үстіне койылған (жалпы биіктігі — 11 м). Қазақ және орыс шахтерлерінің көмір кесегін биікке көтеріп тұрған бейнесі еңбек қарқынын суреттеуде шебер композициялык шешімін тапқан. ## Дереккөздер
«Қарағанды-Арена» — мұзайдыны спорт сарайы (Қарағанды, Казыбек би ауданы, Республика даңғылы, 13). Шорт-трек, хоккей, кёрлинг және мәнерлеп сырғанаудан жаттықтыру және спорт жарыстарын өткізу үшін арналған, сондай-ақ ойын-сауық, қоғамдық шаралар да өткізіледі. 2012 ж. ашылған. Хоккейлік корт (60×30), көрермендер үшін 5500 орынды трибуна. Мәнерлеп сырғанау, коньки жарысы, ырғақты гимнастика, денсаулықты жақсартатын дене шынықтыру тобы жұмыс істейді. Шайбалы хоккей спорты бойынша «Сарыарқа» командасы 2012 жылдан бастап «Қарағанды-Арена» спорт сарайында жаттығу өткізедi. Бiрiншi ойын «Сарыарка» мен «Барыс-2» командалары арасында өттi. ## Тағы қараңыз * Ақжолтай * Мұз айдыны (спорт сарайы) (Теміртау) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Karaganda Arena details — Eurohockey.com  (ағыл.) * Новый ледовый дворец «Караганда Арена» оказался закрытым для самых юных хоккеистов  (орыс.)
«Қарағанды-Арена» — мұзайдыны спорт сарайы (Қарағанды, Казыбек би ауданы, Республика даңғылы, 13). Шорт-трек, хоккей, кёрлинг және мәнерлеп сырғанаудан жаттықтыру және спорт жарыстарын өткізу үшін арналған, сондай-ақ ойын-сауық, қоғамдық шаралар да өткізіледі. 2012 ж. ашылған. Хоккейлік корт (60×30), көрермендер үшін 5500 орынды трибуна. Мәнерлеп сырғанау, коньки жарысы, ырғақты гимнастика, денсаулықты жақсартатын дене шынықтыру тобы жұмыс істейді. Шайбалы хоккей спорты бойынша «Сарыарқа» командасы 2012 жылдан бастап «Қарағанды-Арена» спорт сарайында жаттығу өткізедi. Бiрiншi ойын «Сарыарка» мен «Барыс-2» командалары арасында өттi. ## Тағы қараңыз * Ақжолтай * Мұз айдыны (спорт сарайы) (Теміртау) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Karaganda Arena details — Eurohockey.com  (ағыл.) * Новый ледовый дворец «Караганда Арена» оказался закрытым для самых юных хоккеистов  (орыс.)
Баймағанбет Ізтөлин ауылы (1999 жылға дейін — Кировка) — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Архангель ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстікке қарай 45 км-дей жерде, Үлкен Сұлтан көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 478 адам (244 ер адам және 234 әйел адам) болса, 2009 жылы 296 адамды (151 ер адам және 145 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Муромское — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде. ## Жергілікті халық 1999 жылы жергілікті халық саны 298 адам (152 еркек және 146 әйел) болса, 2009 жылғы санақтың мәлiметтерi бойынша, ауылда 60 адам тұрады (31 еркек және 29 әйел). ## Дереккөздер
Благовещенка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Благовещен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жекекөл, Жарағаш көлдері аралығында, орманды-дала белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3603 адам (1815 ер адам және 1788 әйел адам) болса, 2009 жылы 3106 адамды (1516 ер адам және 1590 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1893 жылы қаланған. Благовещенка 1970—97 жылдары астық кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары мен акционерлік қоғамдар құрылған. Май зауыты, машина-трактор жөндеу шеберханасы жұмыс істейді. ## Инфрақұралымы Орта мектеп, аурухана, клуб, т.б. бар. Благовещенка арқылы Пресновка — Қайранкөл автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Киелі киіз үйкөшпелілер мәдениетінің сәніне айналған, бабамыздың көзіндей болған киізүйдің қадір-қасиеті турасында көбірек айтып, келер үрпақтын eciнe салып, санасына сіңіріп отыруға тиіспіз. Себебі, қалалық мәдениетке ауысып, заман өзгерген сайын қазақтың болмысын бейнелейтін қасиетті киіз үйіміз тeк қана мүражайдан көретін экзотикалық дүниеге айналып бара жатқандай елестейді. Әрине, киіз үй туралы айтақанда, басты ескеретініміз-ол Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Көшпенді өмірге ең колайлы, шапшаң тігіп, тез жыға салатын, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үй. Іші қыста жылы, жазда салқын болатын киіз үй кез келген жауын-шашынға, дауыл мен боранға төтеп бере алады. Әрқашан ауасы алмасып тұратындықтан, оның тынысы кең, әрі жарык, болады. Экологиялық жағынан өте таза. Мысалы, киіз үй тігіп отыру жерді тоздырмайды, өсімдік жамылғыларын бүлдірмейді. Егер үйдің тігілген орны жайсыз болып шықса, бірнеше жігіт көтеріп апарып, тандаған жеріне қондыра салады.Өзінің өн бойында философиялық астар жаткан киіз үйдің тарихы тым әріден басталады. Тарихи жазбаларға зейін салсақ, б.з.б 105 жылы Үйсін күнбиінеұзатылған Хан династиясының Шижүн ханшасы «Аққу әні» деген өлеңінде: «... Дөңгелек үй, туырлық там орнына, Ет жеп, айран ішеді ас-суына...» - деп жазады. Мұның өзі тарихы тереңнен қозғалатын касиетті киіз үйдің өзіндік қыры мен сырын айқындай түседі емес пе?! Ғаламның моделін бейнелеп, адамды ғарышпен байланыстыратын киіз үй, жай ғана баспана емес, бізді қорғайтын киелі орын болып саналды.Киіз үйдегі кеңістік - қазақ дүниетанымының тоғысқан жері. Осында адам дүниеге келеді, үйленеді және соңғы сапарға аттанады. Көшпенділер әулеті осындай дөңгелек пішінді, ғарыштық баспанада мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп, елдік күрды. Олар киіз үйлерін «хан ордасынан» бастап «қараша үйге» дейін, «ак, ордадан» «қара коска» дейін өз қажеттілігі мен дәрежесіне орай пайдалана білді. Тұтас қаңқасы бір тал шегесіз, бір тал сынасыз түрғызылатын киіз үйдің құрылысы бір қарағанда қарапайым, ал екінші қырынан алғанда өзіндік ерекшеліктерге толы. Әсілінде оның құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады. ШАҢЫРАҚ — киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес. Шаңырақ — кұннің символы. Халқымыз оны қасиетгі санаған. Әсіресе шаңы-рақ көтеріліп жатканда ешкім сөйлемейтін болған. Жәнеертеректе құт құйылады деген сеніммен, шаңыракка ұрлеген қарын байлап қоятын болған екен.КИІЗ ҮЙ КЕРЕГЕСІ. Оны құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» деп, одан қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды. Совда бір канат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанактан кұралады. Желілердің қиылысканынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Көлеміне қарай «желкөз» және «торкөз» деп екі түрге бөледі.УЫК. Ол кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің биіктігі уығына, ал кеңдігі керегесіне байла-нысты болады. Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар екендігін ұмытпаңыз. Уықтың керегеге бай-ланатын үшын «доғалай» десе, сол доғалайды тесіп, қайыстан уықбау тағады. Уықтың иілген жерін иығы деп атаса, шаңырақ пен иықтың арасын уықтыңкары деген екен. Ал шанырақтың көзіне қадайтын ұшын каламы дейміз.КИІЗ ҮЙ ЕСІГІ. Оны«сықырлауық» деп атайды. Киіз үйдің есігі бірнеше бөліктерден тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау. Сықырлауықты тақтайдан жасайтын шеберлер, киіз үйдің сән-салтанаты мен сәулетіне қарай оюмен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әше-кейлейді.
Майбалық — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Благовещен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде, Майбалық көлінен шығысқа қарай орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 423 адам (211 ер адам және 212 әйел адам) болса, 2009 жылы 322 адамды (165 ер адам және 157 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Богдановка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Благовещен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 242 адам (126 ер адам және 116 әйел адам) болса, 2009 жылы 161 адамды (87 ер адам және 74 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Талпын — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Благовещен ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 257 адам (135 ер адам және 122 әйел адам) болса, 2009 жылы 80 адамды (40 ер адам және 40 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жұқалап тілінген бауыр. Дайындалған бауырды ұзындығы 3—4 см және жуандығы 0,5 ұзынша етіп тіліп, майы қатты қыздырылған терең табаға салады да, қуыра бастаған соң бірнеше минуттен кейін ұн сеуіп, майдалап турап, шала қуырылған түйнек пияз, сосын қаймақ қосып араластырып, баяу жанған отқа 30—40 минут бұқтырады. Ащылау үшін ½ ас қасық «Южный», «Московский» тұздықтарын немесе томат тұздығын қосуға болады. 500 г бауырға: 2 ас қасық тоң май, 1 ас қасық ұн, ½ стакан қаймақ, 1 түйнек пияз, әркіз өз қалауынша тұз қосады. ## Дереккөздер
Қуырылған бауыр. Жұқа қабығы мен өтін алып тастап, мұқият жуылған бауырды іріле етіп турайды, сосын тұздап, ұнға аунатып алады да, табаға салып майға немесе маргаринге қуырады. Бауырдың дайын болғанын дер кезінде анықтаудың маңызы зор, қйткені кқбірек қуырылған бауыр қатайып кетеді. Піскен бауыр кескен кезде қызарып тұрмайды. Қуырылған бауырды табаққа салып, оған қуырылған помидор мен пияз қосады. Сиырдың бауырын қуырылғаннан кейін жұмсақ болу үшін үстіне қаймақ құйып, 10-15 минут бұқтыруға болады. ## Дереккөздер
Базарбайтөбе –ежелгі қоныс орны.Сырдария жағалауында, Жаманкөл өзенінде. Сағасының жанында. 1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеген. ## Ауданы Қазіргі орны төрт бұрышты келген, шығыстан батысқа қарай сәл созыла жатқан, ауданы 65х40м төбе. Шығыс жағы басқа бөліктеріне қарағанда биігірек келген, (биіктігі 4 м). Төбенің үсті жалпақ. Жоғарғы алаңқай-төбершік ауданы 35х35 м. ## Орналасуы Топографиясына қарағанда қонысқа қірер қақпа солтүстік жақта орналасқан. Жинастырылған материалдар Қостәбеден оңтүстік табылған заттарға ұқсас. Мамандар Базарбайтөбені халық 1-8 ғасырлар кезінде мекендеген деп есептейді.
# Майбалақ төбе Майбалақ төбе - орта ғасырдағы шағын қала орны.Түркістан ауданы, Иқан ауылынан батысқа қарай 3 км жерде. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. ## Диаметрі Диаметрі 180 м, биіктігі 5 м. Майбалақ төбенің жоғарғы қабатынан қөзелердің, астық сақтайтын хұмдар (құмыралар) мен астық ұнтақтайтын тастардың,тегенелердің сынықтары табылды. ## Табылған заттары Табылған заттарға қарағанда Майбалақ төбе халқы егін егіп, мал өсіргендігі байқалады.Олар Түркістан шұраттары мен Отырар алқабындағы қалалармен мәдени-экономикалық байланыстар орнатқан.
## Жоңғар Алатауының тауалды және оған көршілес жазықтар Агроклиматтық тұрғыдан Алматы облысы аумағындағы Жоңғар Алатауының тауалды және оған көршілес жазықтар (негізінен Балқаш және Қаратал, Көксу, Жамбыл аудандарының батыс бөліктері) тым құрғақ өңірге жатады. Оның гидрометриялық коэффициенті 0,3-0,5-ке тең болса, вегетациялық маусым ішіндегі жиналатын жылу мөлшері 2000-3400°С-ты құрайды. Түсетін жауын-шашынның мөлшері өсімдіктің ылғалға мұқтаждығын толық өтей алмайды. Облыстың бұл өңірлерінде мал шаруашылығы дамыған. Ірі өзен-көл маңында егін шаруашылығы қалыптасқан. ### Солтүстік Тянь-Шаньның агроклиматтық облысы Солтүстік Тянь-Шаньның агроклиматтық облысында вегетациялық маусымдағы термиялық жылу қоры 3400-4000°С-қа тең. Бұл өңірге облыстың Жамбыл, Балқаш аудандарының батыс бөліктері жатады. Температуралық жағдайға байланысты мұнда дәнді, техникалық дақылдар, бау-бақша және жеміс-жидек өсіру тиімді. Алайда, бұл өңірде су тапшылығының болуына байланысты мал шаруашылығы біркелкі дамыған. ### Іле Алатауының тауалды агроклиматтық облысы Іле Алатауының тауалды агроклиматтық облысы Жетісу Алатауы мен Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньға қарағанда ылғалды өңір. Бұл өңірде облыстың Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары орналасқан. Агроклиматтық тұрғыдан өңірдегі гидротермиялық коэффициент 0,5-0,7-ге тең. Вегетациялық маусымдағы жылылықтың жиынтығы 3000-3600°С-қа жетеді. Климаттық жағдайы күздік және жаздық дәнді дақылдар, жүгері, қант қызылшасы, темекі, жеміс-жидек, және бау-бақша дақылдарын өсіруге қолайлы. ### Іле аңғары агроклиматтық облысы Іле аңғары агроклиматтық облысы – өлкенің ең құрғақ және ыстық бөлігіне жатады. Оның гидротермиялық коэффициенті 0,2-0,3-ке тең. Өңірде Балқаш ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі, Қапшағай бөгені өңірі, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр және Панфилов аудандарының Іле ойысына жақын бөліктері кіреді. Жылы маусымдағы жиынтық жылу мөлшері 3600°С-тан асады. Вегетациялық маусымы 180 күндей. Суармалы егін шаруашылығының үлесі басым. Бидай, қант қызылшасы, темекі, күріш, бау-бақша, жүзім өсіріледі. ### Дереккөздер
Азия ботакөзі (лат. Myosotis asiatica) – айлауыктар тұқымдасына жататын өсімдік. Батыс Тянь-Шанынан Алтайға дейінгі барлық биік тауларда кең таралған Қазақстандық он түрдің бірі. Таулардың жоғарғы белдеуіндегі ірі қиыршық тасты, ылғалды беткейлерде, альпі, субальпі орман шалғындықтарында өседі.Сабағы бірден,кейде бірнешеуден болып келеді, түбі босаң (биіктігі 30 см), сыртын қаттылау түк басқан. Түбінде жапырақтары созыңқы эллипс тәрізді, ұзын сағақты, сабақтағылары қандауыр тәрізді, отырыңқы. Гүлдері қалың қысқы шашақта, гүлдеген соң ұзарады. Тостағаншасы үшкір бөліктерге тереңдей кесілген, күлтесі ашық көк түсті, қысқа түтікті және тегіс дөңгелек тәрізді желбірлі (диаметрі 1-см аздау), бес дөңгеленген қалақшаға тілімделген. Ботакөз маусым-шілдеде гүлдейді, жемістері (жұмыртқа тәрізді төрт тегіс жаңғақшадан тұрады) шілде-тамызда піседі. Өте тартымды сәндік өсімдік.
Шандоз — Әбіш Кекілбайұлының шығармасы. Жазушы соны үлгіде жазылған соңғы шығармасын «Шандоз» деп атапты да, жанрын «деректі-тарихи баян» деп анықтаған. Жанрлық белгілеріне қарағанда, тарихи роман. Бірақ, жаңа ғасырдың туындысы ретінде өзгелігі де жетерліктей. Шығармада тарихи дерек пен қаламгер толғамдары кезек ауысып, оқырман қиялын бірде өткен күндер өрнектеріне — Махамбет заманының шындықтарына, тіпті, кейде одан да бұрынғы тарихтарға алып кетеді. ## Сілтемелер * Кітаптың электронды нұсқасы Мұрағатталған 8 қазанның 2020 жылы.
Кутб ад–Дин Айбак Үндістанды орта ғасырларда билеген Дели сұлтанатының алғашқы сұлтаны. Ол қазіргі Ауғаныстан аймағында дүниеге келген. Арғы тегі – ортаазиялық түрік. Бір деректерде Айбак қаласынан шыққандығы айтылады. Бала кезінде соғыста қолға түскен оны Нишапур қаласының кадиі кұлдыққа сатып алады. Құл деген аты болмаса, кади Айбаққа өз ұлындай қарады. Айбақ жан-жақты білім алып, парсы, араб тілдерін еркін меңгерді. Басқару ісімен әскери шеберлікті үйренді. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Ұлы Кир Ахеминидтер әулеті тұсында Парсы имперясының негізін қалаған. Б.з.д. 559 - 530 жылдар арлғында билік еткен. Кирдің билігі тұсында империя барынша кеңейіп, ол Оңтүстік-батыс Азияның үлкен бөлігімен Орталық Азияны бағындырды. Ол өзінің құзырындағы ұлттарға өз діндерін ұстануға, тіпті құдайларына арнап ғибадатханалар тұрғызуына да рқұсат берді. Кир Дрангиянды, Арахосияны,Маргиян мен Бактрияны жаулап алды. Әмударияны кесіп өткеннен кейін ол Джакартаға жетті. Ол жерде Кир Орта Азия тайпаларына қорғану үшін бекініс салдырған болатын. Кир Вавилонды да жаулап алды. Дегенмен ол көбіне жаулап алушы емес, азат етуші және тақтың заңды мұрагері ретінде көрсете білді. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Желкелік – аттың желке тұсына келетін жүгеннің, ноқтаның құрамдас бөлігі, яғни екі жақтаудың түйіскен жері. ## Сипаты Жүген ноқта жақтауының қамшылар жағы ұзындау келеді де, аттың желкесін орап келіп, мінер жақтауға тоға арқылы бекітіледі. Ат желкесін орап тұрған осы бөлшек - "желкелік" аталады.Жүген, ноқтаны кеңейту, тарылтуға арналған жырым сол желкеліктен шығарылған. Бұл жырымның ұзындығы бір сүйемдей. Онда тоғаның тілі түсетін 3-4 көз (тесік) бар. Жырымның ұшы салақтамау үшін тоғаның артында жақтауға бекітілген кішкене қайыс бүлдіргі болады. Жырымның артық ұшы сол бүлдіргіден өткізіледі.Егер жүген-ноқта қайыстан, жіптен түйілген болса, тарылтатын желкелік пен ағытып түйілген болса, тарылтатын желкелік пен ағытып түймелеп тұратын сағалдырық сияқты бөлшектер тоғасыз жасалады. Қайыстан түйіп жасалған тұрманда жалғастырылатын, бекітілетін орындар көбінше шалып байлайтын тұйық бүлдіргелі немесе түймелі, тиекті, түйме баулы болып жасалынады. ## Дереккөздер
Амангелді — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 359 адам (177 ер адам және 182 әйел адам) болса, 2009 жылы 198 адамды (96 ер адам және 102 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Есперлі — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 451 адам (219 ер адам және 232 әйел адам) болса, 2009 жылы 323 адамды (151 ер адам және 172 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қараағаш — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 104 адам (55 ер адам және 49 әйел адам) болса, 2009 жылы 72 адамды (38 ер адам және 34 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Каракалла Рим империясын б.з. 211 – 217 жылдар аралығында билеген. Ол Галлиядағы Лугдунум деген жерде дүниеге келген. Кейінгі император Септимия Север мен Юлия Домнаның ұлдары. Жеті жасында оның есімі Марк Аврелий Антонина Септимия Бассиан болып өзгерді. Бұл Марк Аврелийдің отбасымен нығайту үшін керек болған еді. 213 жылы Каракалла солтүстікке, неміс шекарасына алемандардың мәселесін шешуге аттанды. Каракалла жауынгерлер не жесе, бұл да соны жеп, олардың жалақыларын өсіріп, өзін барынша қарапайым ұстау арқылы олардың ризашылығына бөлінді. Каракалла бар болғаны 29 жасында қайтыс болды. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Суаткөл — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 568 адам (305 ер адам және 263 әйел адам) болса, 2009 жылы 246 адамды (131 ер адам және 115 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жамбыл — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 52 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 762 адам (379 ер адам және 383 әйел адам) болса, 2009 жылы 478 адамды (226 ер адам және 252 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызыл жидек (клюква) қайнатпасы Іріктеп алып, жуып тазартқан жидекті қайнап жатқан суға салып 5 минут ұстайды. Содан соң сүзіп алады да, үстіне ыстық сироп құйып, әзір болғанға дейін қайнатады. Дәмін жақсарта түсу үшін қызыл жидекке алма қосқан дұрыс. Алманы тазартып бөлшектеп кеседі де, жұмсарғаншы суға қайнатады. Сосын жидекпен бірге сиропқа салады. Сондай-ақ қызыл жидекке грек жаңғағын қосып та қайнатуға болады. ## Дереккөздер
Қарлыған қайнатпасы. Жидек пісіп жетілмеген болуы тиіс. Қарлығанның қабығы қатты болады да, оған қант сіңбейді. Сондықтан оны жарып немесе кесіпбөлшектеу керек. Кәдімгі тығымға ұшы 2-3 см шығып тұратындай етуп бірнеше түйреуішті шанышады да, қарлығанды сол арқылы ұсақтап жарады. Егер жеміс ірі болса, оны бұтақтың түбінен кесіп, сымның көмегімен тұқымын алып тастайды. Жидекті 12-14 сағат салқын суда ұстап, сонан соң орнына ыстық сироп құяды да, 5-6 сағат қояды. ## Дереккөздер
Қарбыз қабығының қайнатпасы. Қарбыз қабығының сыртқы жасыл қабатын алып тастайда да, қалған бөлегін кесіп, үстіне салқын су құяды, сосын 5 минут қайнатады. Содан кейін суын төгіп, қабықты жайып кептіреді. Кепкен қабықты салқын сиропқа салып, 10-15 минут жайлар қайнатады. Бұдан кейін үш сағат суытып, соңынан үш дүркін (мөлдір түске айналғанша) қайнатады. Болғаннан кейін лимон шырынын және ванилин қосады. 1кг қарбыз қабығына: 1 кг құмшекер, 2 стакан су, ½ стакан лимон шырыны, тиісінше ванилин керек. ## Дереккөздер
Утіс немесе Гиламонстр (лат. Heloderma suspectum) – Бауырымен жорғалаушылар класының қабыршақтылар отрядыңын утістілер тұқымдасына жататын биологиялық түр. Америка Құрама Штатының оңтүстік-батысы мен Мексиканың солтүстігінде тіршілік етеді. "Гиламонстр" (ағылш. Gila monster) - утістің ағылшынша атауы, Аризонадағы Гила өзеніне байланысы пайда болған. Солтүстік Америкада екі улы кесіртке тіршілік етеді. Утіс соның бірі. Екіншісі - "мексикалық моншақты кесіртке" деп аталады. Утіс сырт көзге түсе бермейді, сондықтан оның өмірін бақылау өте қиын. Утістің терісі - моншақ тәрізді қара, қызғылт, қызыл, оттың тіліне ұқсайтын сары сүйелшелермен қапталғандықтан, шұбар болып көрінеді. Құйрығының ашық және қара түсті жолақтар кезектесе орналасқан. Қабыршақ құрайтын бұл мүйізді моншақтар ғылымда "остеодерм" (остеодерм - омырқалы жануарлар терісінің сүйекке айналуы) деп аталады. Ұзындығы - 60 см, оның шамамен 15-17 сантиметрі құйрығынан тұрады, салмағы - 1-2 келі. Утістер 20 жылдай өмір сүреді. Түсіп қалған тістері үнемі қайтадан өсіп шығады. Иіс сезу қабілеті өте дамыған. ## Дереккөздер
Қарақат (смородина) қайнатпасы. Жидек піскен болуы керек. Оларды іріктеп, сабағынан тазартып, салқын суға жуады. Сосын таза су құйып, 2—3 минут қайнатады да, суын басқы ыдысқа құйып, жидегін суытады. Судың белгілі бөлегін сироп қайнатуға пайдаланады. Суыған жидекті ыстық сиропқа салып жайлап қайнатады. 1 кг қарақатқа: 1,5 кг құмшекер, 2,5 стакан су қосады. ## Дереккөздер
Алма қайнатпасы. Жемісті жуып, қабырғын ашып, дәнінен тазартыда да, қалындыған 2 см етіп бөлшектеп кеседі. Бөлшектенген кесінділері қарайып кетпес үшін, оларды 6 минут ыстық суға батырып, содан соң шұғыл түрде салқын суға салады. Алма батырылған салқын суды сироп әзірлеу үшін пайдалануға болады. Бөлшекпен кесілген алманың үстіне сироп құяды. Сосын баяу жанған отта 5—7 минут қайнатады да, 6—8 сағат ұстайды. Кейін тағы да бірнеше минут қайнатады. Осылайша 3—4 рет қайталанады. ## Дереккөздер
Першерон жылқысы * Першерон жылқысы- Францияда өсіріліп шығарылған. Өзінің дене өлшемдерімен, дене бітімінің сомдылығымен барбонсон жылқысына жақын. Бірақ жүрісі ширақ әсіресе жақсы желеді. Першерон жылқысы Қазақстанның оңтүстігінде кейбір жылқы фермаларында өсірілуде. Першерон айғыларының щоқтығына дейінгі биіктігі-160, тұрқының қиғаш ұзындығы-167, кеуде орамы-199, жіліншік орамы 24,2 см, тірідей салмағы 620кг. Бұлардың күшін сынағанда Силикат дейтін айғыр 835 кг жүк тартқан. Першерон жылқысының басы үлкен, мойны ұзын, етті, шоқтығы мойнымен қосылып кеткен, арқасы, сауыры жалпақ, кеудесі кең және терең, жауырыны ұзын,қиғаш, аяқтары орташа, тұяқтары үлкен,мықты болады. Түстері- көбінесе боз, көк,кейде қара. Бұл жылқы тұқымы тез жетіледі, басқа ауыр жүк тартатын жылқыдан төрі ыстыққа төзімді келеді. ## Дереккөздер Ер қанаты "Қайнар"
Децим Целий Кальвин Бальбин шамамен б.з. 165 жылы дүниеге келген. Ақсүйек отбасынан шыққан Бальбин – б.з. 184 жылы Каппадокияда билік еткен Целий Кальвиннің ұлы. Од көне Бальб тегінен шыққан. Император оны сенатор етіп тағайындағанға дейін б.з. 203 – 213 екі рет консульдық қызмет атқарып, жеті провинцияда губернаторлық қызмет атқарды. Әскери күштерді басқару жағынан мол тәжірбиесі болғандығына қарамастан Бальбин азаматтық салада жемісті еңбек етті. Өзінің парасаттылығымен, қайрымдылығы және мінсіз тазалығының арқасында ол айналасындағылардың сүйіспеншілігіне ие бола біліді. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Жылқылар тұқымдасы (Equidae) — үшінші саусағы жақсы дамып, екінші, төртінші саусағы терінің астында жататын кішкене шаша немемсе шабақ сүйекке айналған. Жылқылардың ұзын құйрығы және өскелең түгі болады. Жылқылардың құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Олардың көпшілігінде біркелкі болады. Атақты саяхатшы Н. М. Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі Орталық Азияның батыс бөлігіндегі таулы далаларды мекендейді. Оларды осы ашқан оқымыстының атымен Пржевальский жылқысы деп атайды. XIX ғасырдың орта кезінде жабайы жылқылар орыс дала-сының оңтүстік бөлімдерінде мекен еткендігі анықталған. Ол жылқыны тарпан деп атаған. Гептнердің (1955) соңғы зерттеуіне карағанда тарпандар өз алдына жеке түр емес, Пржевальский жылқысынан географиялық орны жағынан жекеленген түр тармағы болып саналады. Тарпандар Днепрдің төменгі ағысында өткен ғасырдың 70 жылдарының басында тіршілік еткен. Соңғы тарпанды осында 1876 жылы өлтірген.Жылқылардың барлығы да үйір құрап, тіршілік етеді. Ашық далалы жерлерді мекендеуіне байланысты көптеген бейімделушіліктер пайда болған; тез қозғалу, құлынын ұзақ уақыт көтеру және құлыны туысымен анасына ілесіп жүріп кету тағы басқалар.Кондилатрлардан таралған. Палеоценнен белгілі. Дамуының жоғарғы денгейі эоценмен олигоценде байқалған, (500 түрі болған). Көпшілігі миоценде жойылған. Тақтұяқтылар ірі жануарлар. Қазіргі уақытта 3 тұқымдастары бар: жылқы, салпы ерін және мүйізтұмсық тәрізділер, рика, Азия, оңтүстік Америкада таралған. ТМД-да Жылқы тәрізділер кездеседі, тарпан, 1 жойылған) мен құлан. Шөлді далалық, орманды-далалық кейбір түрлері тропикалық орманда тіршілік етеді. Шөп қоректілер. Полигамдар. Желіні жұп емшекті. Бір кұлын табады. Тарпан мен жабайы есек қолға үйретілген. ХТҚО Қызыл кітабымен, (12 түр мен 3 түрше) КСРО Қызыл кітабына, (1 түрше) енгізілген. ## Туысы Қазіргі жылқылар туысына төрт түрі жатады. * Зебра немесе жолақты ат (лат. E.hipptigris). Бұл жануарлар Африканың ашық далалы жерлерін мекендейді. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады. * Есек (лат. Equus asinus) — түсі біркелкі, құлағы ұзын, құйрығы зебрдікіндей. Жабайы есектер Эфиопияның солтүстігінде, Сомалиде және Эритриде сақталған. Үй есектері солардан шыққан. * Құлаңдар мен онагрлар (лат. Equus hemionus) — оларды жиірек есектерге ұқсатады, көпшілік ғалымдар жылқының қарапайым түрі деп те атайды. Түсі ашық, құлағы қыска, Азияның шөлейтті жерлерінде (Түркмения, Иран, Ауғанстан, Моңғолия, Қытай, Тибет, Батыс Үндістан т.б.) кездеседі. * Нағыз жылқылар (лат. Equus prgewalskii). Олардың түсі біркелкі болады. Құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Атақты саяхатшы Н.М.Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның далаларын мекендейді. Пржевальский жылқысына ұқсас жабайы жылқының бір түрі тарпан (E.gmelini) Украина жерінде осыдан жүз жыл бұрын құрыған. ## Тарпан ХIX ғасырдың орта кезінде жабайы жылқылар орыс даласының оңтүстік бөлімдерінде мекен еткендігі анықталған. Ол жылқыны тарпан деп атаған. Гептнердің (1955) зерттеуіне қарағанда тарпандар өз алдына жеке түр емес, Пржевальский жылқысынан географиялық орны жағынан жекелеген түр тармағы болып саналады. Тарпандар Днепрдің төменгі ағысында 18 ғасырдың 70 жылдарының басында өмір сүрген. Соңғы тарпан 1876 жылы өлтірілген. ## Табиғаты Жылқы тұқымдасына жататын ағзалар үйір құрап тіршілік етеді. Ашық далалы жерлерді мекендеуіне байланысты көптеген бейімделушіліктер пайда болған: тез қозғалу, құлынын ұзақ уақыт көтеру және құлыны туысымен анасына ілесіп жүріп кету т.б.« ## Дереккөздер
Әдеби ағымдар (ағылш. literary movement, фр. mouvement littéraire, нем. Literaturrichtung) — дүниеге көзқарасы, шығармашылық әдісі, бағыты, тақырыбы, жанры мен стилі жағынан бір-біріне жақын шығармашылығын айқындайтын көркемдік, эстетикалық принциптер жиынтығы. Кей жағдайда бір әдеби ағымға жататын қаламгерлердің дүниетанымы, идеологиялық, суреткерлік концепциясы әр түрлі болуы да мүмкін. Мысалы, романтикалық әдебиет өкілдері Джордж Байрон, Адам Мицкевич секілді жазушылар қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгертуді ұстанса, А. Ламартин, Василий Жуковский дінді, Эрнст Гофман өнерді уағыздады. Бұл әр қаламгердің шығармашылық стилинің өзіндік ерекшелігінен туындайды. Бір әдеби ағымның ішінде бірнеше әдеби мектеп болатыны да осыдан. Әдеби ағымдар көркем әдебиеттің қоғам өміріндегі ықпал-әсері кеңейіп, жазушының суреткерлік дүниетанымы мен шығармашылық поэзиясы даралана бастаған кезде пайда болды. Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдарды * қайта өрлеу, * барокко, * классицизм, * ағартушылық әдебиет, * сентиментализм, * романтизм, * реализм, * натурализм, * символизм * футуризм * формализм (түршілдік) деп бөлуге болады. Суреткерлердің үлкен топтарын біріктіріп, әлемдік әдебиеттің дамуында алатын өз орны болса да импрессионизм, экспрессионизм, модернизм т.б. әдебиет ағымдар дәрежесіне қосыла алмады. Қазақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия өкілдерінің көпшілігі романтикалық бағытты ұстады. Халықты қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға жеткізуді армандаған Асан Қайғы, "боз сазаны тоқтыдай, балығы тайдай тулаған" өлкені аңсаған Қазтуған, Еділдің бойын елге толтыруды армандаған Доспамбет секілді жыраулар қазақ поэзиясындағы романтикалық бағыттың негізін салды. ## Тағы қараңыз * романтизм * классицизм * реализм * натурализм * символизм * ағартушылық * барокко * импрессионизм * экспрессионизм * модернизм ## Дереккөздер
Жолбарыс акуласының үстінде жолбарыстың мойндағы қатпары сияқты қатпарлары және жолақтары бар. Сол себепті бұл акуланы «жолбарыс акула» деп атайды. Терісі өте қалың. Жолбарыс акулалар таяз суларда тіршілік етеді. Дегенмен олар 150 м тереңдікке дейін сүңги алады. Тістері өткір болып келеді. Астыңғы жақ сүйегі мен үстіңгі жақ сүйегінің тістері бірдей. Олар бір- біріне жақын орналасқан. Алдыңғы екі қатар тісі қорек ұстауға ыңғайлы. Жолбарыс акулалар 6 м-ге дейін өседі. ## Қоректенуі, тіршілік әрекеттері: Жолбарыс акулалар тасбақа, балық, сүт қоректілері және басқа да акулалармен қоректенеді. Олар қоректерін тірідей қылғытады. Жолбарыс акулалар тропикалық сулар мен қоңыржай суларда да тіршілік ете алады. Жолбарыс акулалар таяз суларда жүзгенді ұнатады, дегенмен тереңдігі 500 метірлік тұңғиықтарда да жүзе алады. ## Дереккөздер
Әбу ТаҺир Мұхаммад ат-Тарази, Әбу ТаҺир Мухаммадбин Әбу Нәсір ИбраҺимбин Маккиат-Тарази ( т.-ө. ж. б.) — Тараздан шыққан ортағасырлық ақын. Жастайынан әкесі - Әбу Насыр ИбраҺиммен бірге ИсфаҺан қаласына қоныс аударып, сонда өмір сүрген. XII ғасырда Тараз қаласынан қоныс аударғандар ИсфаҺан қаласында шоғырланып, бір төңіректе тұрғандықтан, ол төңірек Тараз махалласы атанған. ИсфаҺанда өзінің ақындығымен танылғаны үшін жергілікті тұрғындар оны "Һаджир" (келімсек) ақын деп атаған. Оның шығарған жырларынан бізге дейінгі ортағасырлық араб тарихшысы Йақұт әл-Хамауи ар-Руми жазып алған жолдары ғана жеткен. Бұл жырдың үзіндісінде «Киік менің жарамды тырнайды, Жанарыма ұйқы бермейді. Ол түркі нәсілді Тараз киіктерінен еді. Оның екі бетінің сұлулығы жібек іспетті. Оның екі беті Тараз іспетті хош иісті,»- деген жолдар бар. Оның қаламынан туған бұл жыр жолдарынан Отанынан алыс кеткен адамның туған даласы мен жерін, елін аңсаған көңіл-күй сезіледі. ## Дереккөздер
Николай Ильич Потанин (1801, Преснов ст. - 19 ғасырдың ортасы) - 19 ғасырдың басында Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші. Атасы Андрей екі ағасымен бірге "Горькая желісінің" алғашқы қоныстанушыларының бірі болған. 1816 жылы Сібір жауынгерлерінің әскери училищесінен казак жауынгері ретінде бригадаға жіберілген. 1821 жылы казак унтер-офицері болған. 1822 жылы атты әскер полкына ауыстырылып, 1828 жылы, хорунжийлік шенге ие болған. 1829 жылы Санкт-Петербургтен ханға берілген сыйлықпен қайта оралып келе жатқан қоқан елшісін қазақ даласы арқылы алып өтіп, бағыттарды жаттап алуға және тұрғылықты ауылдар мен жолдарды, хандықтың әскери және экономиклық жағдайын суретттеп-баяндап келуге тапсырма алады. Тоғыз айға созылған саяхаттан оралған соң Әскери басқармаға бағыттардың картасын, саяхат күнделігін және нақты мәліметтер, қысқаша баяндалған жазбалар тапсырады. Мәліметтердің біразы сол кезде "Әскери журналда" жарияланады. Көп кешікпей оған Санкт-Петербургте патшаға ішінде түйе малы бар сыйлық апара жатқан Қоқан елшілігін шығарып салу тапсырылады. 1834 жылы Потанин Баянауыл округінің бастығы болып сайланады, бірақ көп кешікпей қызметінен шеттетіледі. 1840 жылы 5 жасар ұлы болашақ ғалым Г.Н.Потанинмен Пресновқа оралады. 1916 жылы Орыс география қоғамы Батыс Сібір бөлімшесінің еңбектері жарияланатын 38-шығаралымы Г.Н. Потанинге арналып,онда "Хорунжий Н.И.Потаниннің Қоқан хандығы туралы жазбалары" (1829-30) толығымен жарияланады. ## Дереккөздер
Сейвал (лат. Balaenoptera borealis) – Balaenopteridae тұқымдасының киты, мұртты киттердің ішінде үлкендігі жағынан үшінші орын алады. ## Жалпы сипаттама Сей китінің ұзындығы 14-15 метр, салмағы шамамен 20 тонна. Антрактида мұхитында тіршілік ететін мұндай киттердің ұзындығы 21 метрге дейін жетеді, ал салмағы 30 тоннаға дейін тартады. Басының көлемі, жүзбеқанаты китке қарағанда кішірек және көк китке қарағанда дөңестеу болып келеді. Басқа киттерден ерекшелігі оның тұмсығы мен кеуде жүзбеқанатының бір-біріне жақын орналасқандығында. Жүзбеқанаттары үлкен емес, кеудесінде 50 шақты ойығы мен ақшыл, бозғылт мұртшасы бар. ## Таралуы Суық және субтропиктік аймақтардан басқа, барлық мұхиттар мен теңіздерде тіршілік етеді. Жаз айларында субполярлық аймақта тіршілік етуге бейімделген. Өмір сүру ұзақтығын денесіндегі қабаттары арқылы білуге болады. Олар шамамен 65 жыл өмір сүреді. Киттәрізділердің ішіндегі ең жылдам жүзгіш кит болып есептелді. Сағатына 50 шақырымға дейін жүзеді. Әдетте жалғыз немесе 2-5 кит болып жүреді, көбінесе қорегін табу мақсатында топтасып тіршілік етеді. Аналық кит бір ғана ұрпақты өмірге алып келеді. Ұрпағы анасымен 6-9 ай бірге жүреді. Сей киттер 2-3 жылда бір рет ұрпақ алып келеді. Олардың денесінің төрттен бір бөлігін үлкен бастары иемденеді. Жұптасып та, жеке де жүзе береді. Олар қаракөз шаяндармен қоректенеді. Шаяндар көп жерлерде ондап топтанып жүреді. Аналықтары бойы 4,5 метр болатын бір баладан босанады. Анасының сүтімен қоректенетін балақанның бойы жарты жылда 9 метрге дейін өседі. ## Дереккөздер
Лушан (қыт. 庐山) - тау жүйесі және ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне кірген Қытай Ұлттық қорығы. Әлемдік деңгейдегі әйгілі тау. Ол Қытайдың Жяңши өлкесінің солтүстігінде орналасқан. 90-нан астам шоқысы бар, жалпы 382 шм алып жатыр. Лушан тауы айбаттылығымен, ғажайыптығымен, қатерлілігімен де әлемге әйгілі болып келеді. Лушан тауларын үнемі бұлт басып жатады. Әр жылдың орташа 190 күні тұман басып жатады. ## Географиясы Лушан тауы- жазықтықта көтерілген жалғыз тау. Бас шыңы - Дахаяң шоқысы, оның теңіз деңгейінен биіктігі 1474 м. Шоқылардың ара-арасы жота-жалдар, шатқал-сайлар, жалама жартастар, үңгірлер болып келеді. Шатқалдағы қатты ағыс әсерінен сарқырама, шүңеттер, қазан көлдер қалыптасқан. Атақты Үш қаттау сарқырама 155м биіктіктен ағып түседі. Шілдедегі орташа температура 22,6 градус болады. ## Табиғаты Лушан тауында тіршілік мол, орманмен көмкерілу салыстырмасы 76,6%, жоғары дәрежелі өсімдіктердің 3 мыңға таяу түрі кездеседі,жануарлардың 2 мың түрі кездеседі. Тау етегінде Бояңху көлі жыл құстары қорығы-"тырна патшалығы" саналады, ақ тырнаның әлем бойынша ең көп шоғырланған жері осы жер.Лушан тауында субтропик бамбук ормандары, ыстық белдеулік мәңгі жасыл кең жапырақты орман, қоңыржай белдеулік жапырақ тастайтын кең жапырақты орман, суық белдеулік қылқан жапырақты ормандар да кездеседі. ## Галерея ## Дереккөздер
Салмағы жағынан 85% кобальт, хром және никельден тұрады. ХКҚ қасиетің молибден никель, темір, ваннадий, кремний, магний, мыс, берилий қосып жақсартуға болады. Құйманың тұрақтылығы оның құрамындағы хромның көптілігіне байланысты, ол металл бетінде әрекетке түспейтін қабат түзеді. Кобальт құймаға жоғары температурада қаттылық береді. Металл құрылысының ұсақ кристалды болуы және байланыстарының бекімділігі оның құрамына кіретін молибденге байланысты. Құймада көміртегі мөлшері өте аз. Металдың қасиетін сақтау үшін көміртегінің бір тұрақты саны қажет. Карбит түзгіш зат ретінде вольфрам қосады. Мырыш, кремний және темір қоспаның құйылғыштығын арттырады. * ХКҚ балқу температурана байланысты 2-ге бөлінеді 1. Балқу температурасы 1316°С-ге дейінгі2. Балқу температурасы 1316°С жоғарыХКҚ сүйек ткандеріне енгізіп тіс протездеріне тірек ретінде қолданады. Себебі оның коррозияға тұрақтылығы жоғары және аустостотикалық қасиеті жоқ ХҚҚ көлемі күйғаннан кейін 1,8-2 % дейін кішірейеді. Алынған заттың құрылысы ұсақ түйіршікті болу үшін балқу температурасына жақын температурада құю керек. ## Дереккөздер
Уа ұлты- Қытайдың Йүннан өлкесіндегі өмір салты оқшау аз санды ұлттардың бірі. ## Орналасуы Уалар Ланцяңжяң өзенінің батысы, Нужяң өзенінің шығысына дейін көлбеп жатқан Нушан тау сілемінің Оңтүстік бөлігіңде қоныстанған. Жазығы тым аз, асқар белді құз шоқылы өңір Ауа таулы аймағы деп аталады. ## Климаты Ауа аймағы субтропикалық белдеуде орналасқан, климаты жылы, жауын -шашыны мол, астық пен экономикалық дақылдарды өсіруге тиімді келеді. Уалардың көп бөлігі таулы аймақтар мен өзен аңғарларында өмір сүреді. ## Мәдениеті Уалардың өз тілі бар, олардың тілі Оңтүстік Азия тілдер жүйесіне кіреді.Бұрын оларда жазу жоқ болған 1957 жылы латын әліпбиі негізінде Уа жазуы жасалды. Уалардың діні табиғатқа табыну болып табылады. Олардың нанымынша адамдардың қартаюы, жаралуы, ауырып өлуі , жамандық пен жақсылық жын -әруақтармен байланысты.Ұлттық мерекелеріне Алау мерекесі, Жаңа күріш мерекесі және Шаған мерекесі жатады.Шаған олардың ең шаттанып өткізетін мерекесі болып табылады. Дереккөздер
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов - ғалым, филилогия ғылымдарының докторы, профессор, әдебиет зерттеушісі, фольклорист. Ол 1927 жылы желтоқсанның 15 жұлдызында Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында жарқын дүниенің есігін ашқан. 1932 жылы Ақтөбенің Ойылынан Орал облысының Қаратөбе ауданына қоныс аударған. ## Еңбек жолы 1936-1946 жылдары аралығында Қаратөбедегі онжылдық мектепте дәріс алады. Болашақ ғалым 1946-1950 жылдары Орал педагогикалық институтында оқып, осы институтты « үздік» деген бағамен бітірген. Білім алған институтында 1950 жылдан бастап қызмет атқарған. Ғылым жолын ұстанған Мәтжан Мақсымұлы 1953-1956 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасында оқып, 1957 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Ғылым кеңістігінде ғалым атанған ұстаз 1961 жылы кафедра доценті аталсы, одан әрі 1982 жылы ғылым докторы аталады. Ғалымның әдебиет саласына қосқан үлесін елі бағалап, 1986 жылы профессор, 1987 жылы республика жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер атағын берген. Ғұмыры қажырлы еңбекке толы болған ұстаз 1962-1982 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 1992 жылы тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ашқан ғалым мұнда қолөнер туындылары мен латын графикасында жазылған шығармаларды жинақтаған. ## Еңбектері Мәтжан Мақсымұлының әдебиеттану саласына қосқан еңбектерінің орны зор. Жылдар бойы ауыз , қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмор жанрларында зерттеу жүргізіп, 250-ден астам ғылыми проблемалық мақала жазып, шешілмей жүрген шиеленістердің шешімін тапқан. Ғалымның ғылыми қызметтерін ауыз әдебиетін халық арасынан жинақтаған шығармалардан тұратын «Дала дауысы», «Дала мұңы», «Дала арулары», «Сырым Датұлы туралы» еңбектері дәлелдейді. «Дала мұңы» еңбегі жоқтау табиғаты, қоштасу, жұбату, бата сияқты бөлімдерден тұрады. «Сырым Датұлы туралы» зерттеу еңбегінде ғалым дана, шешен атамыз Сырым Датұлы туралы хатқа түспей жүрген шешендік тағылымды сөздерін топтастырған. Мәтжан Мақсымұлының көзі тірісінде өз қайратымен жарыққа шығарып кеткен: «Астарлы әзіл», «Ел әдебиеті», «Халық тағылымы» атты монографиялық, ғылыми-публицистикалық еңбектері, сонымен қоса қазақ әдебиетін оқыту мәселелеріне арнаған қилы тақырыптағы: «XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі сатиралық шығармалардың көркемдік иірімдері», «Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі юморды оқыту жөніндегі методикалық ұсыныс», «Махамбет Өтемісов творчествосы туралы қосымша материалдар», «Сатира мен юморды мектепте оқытудың кейбір мәселелері», «Сырым Датов және оның шешендік сөздері», «Қазақтың халықтық педагогикасының кейбір мәселелері», «Термелер» деп аталатын еңбектері жоғары дәрежеде жазылған ғылыми зерттеу жұмыстары, ғалымның қажырлы еңбегінің жемісі, күні бүгінге дейін өзектілігін жоймаған құнды еңбектер. ## Мәтжан Мақсымұлы - жидашы Мәтжан Мақсымұлы аға ұстаз болуымен қатар, қазақ қолөнеріне 300-ден астам экспонаттарды, қолөнер бұйымдарын, зергерлік жауһарларын жинаған жидашы. Себебі оған артында қалған мұралары куә. Жидашы ғалым көзі тірісінде жинап кеткен зергерлік бұйымдар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің басты мұражайында сақтаулы. Мәтжан Мақсымұлы өз бастамасымен Марокко, Сауд Аравиясы, Египет және тағы да басқа таяу Шығыс елдері мен көршілес елдерге сапар шеккен. Қазақ халқының мәдени мұрасын әлемге әйгілеген ғалым оқушыларымен бірге бірнеше экспедициялар ұйымдастырған. Профессор 1995 жылы кенеттен сырқатқа шалдығып, дүниеден озады. Қазіргі таңда Орал қаласында ғалым есіміне көше аты берілді. ## Дереккөздер * Тілеужанов.М. Ел әдебиеті: оқу құралы - Алматы:Ана тілі, 1992. * Тілеужанов Мәтжан Мақсымұлы: Өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия- Алматы «Арыс», 2002.
Түйекиік- ашатұяқтылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ең ірі шөпқоректі жануар болып, қос өркешті түйекиік немесе бактриан деп аталады. ## Сипаттамасы Түйекиікті қарапайым түйемен салыстырар болсақ, түйекиік сыптығыр да биік, сирақтары ұзындау, табаны кішілеу, мойны сұңғақтау, түгі қысқа, өркеші тіке дөңгелектеу, кішкене әрі үшкілдеу, берік әрі тығыз болып келеді. Үнемі бұта жейтіндіктен тісі де кедір-бұдыр болып келеді. Егде тартқан бурасының биіктігі 1,8-1,9 метр, ұзындығы 3-4 метр болып келеді. ## Ерекше қасиеттері Түйекиік типтік шөл жануары. Оның қанында ерекше сусыздануға қарсы функция болғандықтан, жиырмашақты күндей су ішпей жүре береді. Ол аштыққа да төзімді, сор жаласа болды, өркеш майын жеп айлық аштыққа мойымай төтеп береді. Құмды боранды елемейді. Өйткені, қос қабат қабағы мен ұзын кірпігі құмды тосады, еңіреудегі қозғалмалы желбезегі ауаны сүзеді. Ол өте иісшіл болады екі шақырымдай жердегі суды иіскеп біле алады. Сонымен қатар құмды боранды да алдын ала сезеді. ## Дереккөздер
Құйымшақ — омыртқа бағанасының төменгі бөлігі. Адам денесінің жамбас бөлігінде орналасқан құйымшақ арқадағы омыртқа бағанының ең ұшында, сегізкөзден төмен орналасқан. Оны ғалымдар эволюциялық дамудан қалған белгі деп таниды. Құйымшақтың алдыңғы бөлігі жамбас сүйегінің көптеген функциялары үшін маңызды қызмет атқаратын бұлшық еттер тобымен біріккен. Құйымшақты жаралап алған кезде жамбас сүйегі аумағы ауырып, жағымсыз әсер тудырады. Бұндай жарақаттар құйымшақты соғып алғанда, шығарып алғанда туындайды. ## Дереккөздер
Көнтабандылар немесе Сірі табандылар (лат. Tylopoda) - көп уақытқа дейін бұл отрядтың өкілдерін жұпаяқтыларға жатқызып келді. Бұл жасаққа қазіргі заманда сақталған Түйелер (Camelidae) атты бір-ақ тұқымдас жатады. Тұқымдасқа 2 туыс: Африка мен Азияда кең тараған түйелер мен Оңтүстік Америкадағы өркешсіз түйелер - ламалар жатады. Жеті тұқымдас қазіргі заманда құрып біткен. Құрып біткен тұқымдастар: * † лат. Amphimerycidae * † лат. Anoplotheriidae * † лат. Cainotheriidae * † лат. Merycoidodontidae * † лат. Oromerycidae * † лат. Poebrotheriidae * † лат. Xiphodontidae Сірі табандылардың аяқтары ұзын, аша тұяқты, табаны қалың сірілі («Сірі табандылар» деп аталуы да осыдан). Сірі табандылар Азия мен Оңтүстік Америкада таралған. Жабайы қос өркешті түйе тек Орталық Азияда Монғолиядағы шөлді аймақта (Гобиде), ал гуанако мен викунья Оңтүстік Америкадағы таулы жерді мекендейді. Сірі табандылардың Америкадағы екі түрі (лама және альпака) қолға үйретілген. Бұларды да түйе сияқты көлік есебінде және жүні мен еті үшін ұстайды. Америкада кездесетін Сірі табандылардың өркеші болмайды. Сірі табандылардан тек айыр өркеш түйе мен нар көбінесе Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. КСРО-да сірі табандылардың жабайы түрі жоқ, бірақ қазба қалдықтарына қарағанда бұрын өткен геологиялық дәуірлерде тіршілік еткен. Елімізде сірі табандылардан тек айыр өркеш түйе мен нар өсіріледі. Қазақстанда көбірек өсірілетіні айыр өркеш түйе, ал нар Түрікменияда көбірек өсіріледі. ## Биологиялық сипаттамасы Мойны ұзын ірі жануарлар. Аяғы жұпаяқты, үшінші және төртінші саусақтары сақталған, көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып қозғалады. Қарны үш бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, ұлтабар. Қазір Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің, нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі.Түйелер шөлді жерлерге бейімделген, ұзақ уақыт су ішпей жүре береді. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Май қоры өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Сондықтан өркешінде май көп түйелер шөлге шыңамды келеді. Қолға үйретілген қос өркешті түйелер Монголия мен Қытайда, ТМД-да Әзірбайжанда, Қазақстанда, Орта Азия елдерінде бар. Оларды жүк көлігі ретінде пайдаланады. Ламалар тек кана Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Олардың жабайы екі түрі - гуанока және викунья белгілі ## Дереккөздер
Жылқы сойылып жатқанда соғымшыларға "қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды" деп қуырдаққа дейін ауызға салып жіберетін жедел тағам дайындалады. Соғымның бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап шала пісіреді де асатып жібереді. Бұл да жедел пісіру амалы. Қазақта "мың сіз-бізден бір шыж-мыж артық" деген сөз бар. Бұл - сырттай жай сыйласқаннан гөрі бір рет дәм тартысқаннан артығы жоқ дегенді білдіреді. Дәм татысу - аралас-құраластың басы және тамаққа тойғызу емес, ата дәстүрдің жолы әрі ықылас, достық белгісі.<references>Казактың дарқан дастарқаны "Алматы кітап баспасы", 2010</ref>
Шеркес хан – 1374-1375 жылдардағы Алтын Орда ханы. Ол 1361 жылы Қажы Тарханда тархан ретінде билік құрған. Кейбір қолжазбаларда оның есімі 1372 жылдан бастап шеркес хан ретінде көрсетіледі. Сол жылы Шеркес Мамайдан Қажы Тархан мен Берке Сарайды тартып алған болатын. Шеркес ханның шыққан тегі анық емес, бірақ Тоқа Темірдің ұрпағы болуы мүмкін деген болжам бар. ## Дереккөздер Бегалин Қайрат. Алтын Орда хандары. – Алматы: «Адамар» ЖШС, 2007. – 272 бет. ## Дереккөздер ru.wikipedia.org Черкес(хан Золотой Орды) ## Тағы қараңыз
Егіндік жер, егістік - ауыл шаруашылығында дәнді дақылдарды өсіру үшін қолданылатын егін алқабы. Ол жыл сайын күтіліп, бапталып, суарылып тұрады. Күзде шабылады. Егін жиналады. Егін әр түрлі болуы мүмкін: бидай, арпа, сұлы, көкөністер және т.б. Дүние жүзі бойынша егіндік жер алқабының аумағы 1,3 млрд га. Бұл құрлықтың 10% құрайды. Аталмыш көрсеткіш тұрақты. 1,3 млрд га жердің басым бөлігі бидай шаруашылығына тиесілі.
Алтын Орда хандарының хронологиясы — 1227-1502 жылдар аралығы. ## Дереккөздер
Айдарлы аражегіш (лат. Pernis ptilorhynchus) — Қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. ## Сипаттамасы Айдарлы аражегіш кәдімгі аражегішке өте ұқсас құс. Одан тек қана құйрығының түсімен ерекшеленеді құйрығының ұшына таман қалың, қошқыл жолағы болады, ал кәдімгі аражегіштің құйрық біркелкі шиммайлы болып келеді. Бұдан басқа ересек айдарлы аражегіштердің ақшыл, алқымның төменірек тұсы тағаға ұқсас қошқыл түспен көмкеріледі. Дегенмен бұл екі түрдің айырмашылығын анықтау тіпті мамандар үшіін де проблема болып келеді. Салмағы 0,7-1,5 кг, дене тұрқы 59-66 см, еркек дарасының қанаты 40,4-44,5 см, ұрғашы дарасында 43,7-49,7 см, қанат жайғанда — 150-170 см-ге жетеді. ## Таралуы Айдарлы аражегіш Шығыс Сібір және Оңтүстік Азия да өмір сүреді, сондай-ақ жылыстау кезінде Қазақстанның оңтүстік бөлігінде кездеседі ## Дереккөздер
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды. ## Азан шақырып ат қою Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады. Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Ежелде ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қойған екен. Сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін немесе айқайлап тұрған есімдерден аулақ болған жөн. Есім адамның тағдырына, болмысына әсер ете ме деген сауал төңірегінде ғалымдар XX ғасырдан бері зерттеулер жүргізіп келеді. Соның негізінде адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болған. Ғалымдардың зерттеуінше адам аты оның өміріне айтарлықтай әсер етеді екен, баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла-бойы да соған сәйкес көркемделе түседі. ## Ырымға байланысты ат қою Көбіне қазақтар ырымдап ат қойған. Мысалы, ертеректе бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою дәстүрі болған. Мұны жақсы ырымға балаған. Сәбиге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген мақсатпен мағынасы ерсі немесе сиқысыз есімдерді қойған. Мысалы, Сасық, Қисық, Шоқпыт және т.б. Бірақ қазірде бұл ескірген ырымдар қатарында. Бұрынырақта балаға қолбасшы, пайғамбар, батырлардың есімін берсе көтере алмай, ауырып қалады деп сенген. Сондықтан ондай есім бергеннің өзінде есейгенше еркелетіп, басқа атпен атаған. Адам есімі тағдырына байланысты дегенді ескерсек, ежелде бала аурушаң, не үлкен қасіреттен аман қалса, тағдырын өзгерту мақсатында атын да өзгерткен. Алайда бұл ырымның қаншалықты өмірде іске асқандығы жайлы нақты деректер жоқ. ## Басқа халықтардан енген есімдер Қазақтарда сонымен қатар өзге халықтардан сіңген есімдер өте көп. Айтылуы да, естілуі де әдемі, өзге тілде жақсы мағына беретін есімдерді қою соңғы жылдары кең танымал. Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Мысалы, ежелгі түркі есімдері: Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»). Араб есімдері Абылай («ата, әке»), Аида («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат («бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын, таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»), Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»). Иран есімдері Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Дана («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), Раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ержүрек»). Қазірде түрік (Айлин, Әмина, Айша), ұйғыр (Ділназ, Гүзел, Адель, Гүлзар, Арслан), татар (Замира, Зухра, Мунира, Насима) аттары қазақтар арасында кең таралған. ## Дерек көздері http://www.massaget.kz
Әбдіқадыр мешіті — 20 ғасырдың басында салынған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласында Әбдіқадыр атты кісінің қаржысына салынған. 20 ғасырдың 30 жылдарында бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ескерткіш 1975-80 жылдары жөндеуден өткен. Оның аумағына жаңа медресе ғимараты салынды. Әбдіқадыр мешіті Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғаның дәл ортасында жебе тәрізді арқалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында қарама-қарсы 6 терезе бар. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған. ## Дереккөздер
Шалғындық қарақас (лат. Glareola pratincola) - Татреңтәрізділер отрядының Glareolidae тұқымдасының шағын денелі (100 грамм шамасында) құс. Тұрқы - 28 сантиметр шамасында, алайда жіңішке ұзын қанатының салдарынан (қанаттың алымы - 70 сантиметр шамасында ) шалғындық Қарақас едәуір ірі тәрізді болып көрінеді. Жоны - біркелкі сұрғылт қоңыр, төсі - сұрғылттау, бауыры және құйрық-үсті - ақ, тамағында қара жолақпен жиектелген қызыл-сары теңбілі бар. Қанатының асты (астары) - ашық-қызылсары немесе сарғылт, бұл түрді ажырататын белгі болып саналады. Еуропа және Африканың шөл және шөлейтінде қоныстанады. Қазақстанда барлық оңтүстік жартысын бойлай кездеседі. Сан алуан суқоймаларынан онша ұзамай қоныстанып орнығады. Төсенішсіз шұңқыр жердегі (ол ылғалды болуы да мүмкін, сор немесе кепкен өсімдіктер қоршауында орналасады) көбінесе бар болғаны үш жұмыртқаны ата-енесіне жауынан аянбай қорғап басады. Құс мазасын бұзушыға жағымсыз қатты айғаймен бірлесіп шүйіле шабуыл жасайды. Тек қана бунақденелілермен қоректенеді. Олар қыстайтын Африкада шалғындық Қарақастарды шегіртке жегіш құстар деп атайды. Қарақастар едәуір кеш ұшып келеді (Сәуірде), тамыздың соңында ұялайтын орындарына ұшып кетіп те үлгереді ## Дереккөздер
Сөгеті сасыры (лат. Ferula sugatensis) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көп жылдық өсімдік. Іле Алатауында (Сөгеті аңғарларында) кездеседі. Биіктігі 30 см-ге дейін жетеді. Тамырының жуандығы 0,5-1 см. цилиндр тәрізді. Сабағы біреу, түксіз, ирек болып келеді. Жапырағы сүр жасыл түсті, түксіз. Деңгелек жапырағы сағақты, оның тақташасы дөгелек ромб тәрізді, ұзындығы 4-6 см. Сабақ жапырағы ұсақ. Шатыргүлі 8-13 салалы, шатыршагүлі 12-15 гүлді. Гүлі сары түсті. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі сопақтау, ұзындығы 5 мм, қоңыр түсті. Өте сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Пайдаланған әдебиет
Сейітбаттал Маманұлы (1862, бұрынғы Қапал уезі, Ақтасты мекені – 2 желтоқсан 1913, Қарағаш) - қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкерлердің бірі. Тегі Найман руының Матай тармағындағы Қаптағай (Сары) атасынан шыққан. Атақты Маман байдың бәйбішесінен туған екінші ұл. Ағасы Тұрысбек қажыдан кейін, 1891–1910 жылдар аралығында Арасан болысын басқарып, өмірінің соңына дейін Матай аталығының биі болды. Сейітбаттал туралы ағартушы – ғалым Ғ.Мұсағалиев: «...Марқұм жасында әкесі Маман қажыдан енші алып, малмен саудаға кіріскен, өзінің тырысуы арқасында байлығын 150 мың сомға толтырған... Барлық Қапал ауданына қараған 9 болыс Матайдың ақсақалы, 9 болыс елінің алтын қазығы еді. Қарағаш қыстағында 6–7 мың сом жұмсап, мұнаралы мешіт салуды тікелей өзі басқарды. Өзінің інісі Есенқұл «Жаңа типтегі мектеп салайық» дегенде «құп болады» деп батасын берген». ## Дереккөздер
Төлеубек Әбдіқадыров (08.02.1940, Тәжікстан, Ленинабад облысы, Гиссар ауданы, Канака ауылы - 08.10.2009, Алматы) - мемлекет қайраткері. 1941 жылы әке-шешесінің отбасы Жамбыл облысының Сарысу ауданына көшіп келген. 1961 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітіріп, экономист-қаржыгер мамандығын алды. 1961-73 жылдары Жамбыл облысында қаржы мекемелерінде тексеруші-бақылаушы, Қаратау қаласында және Меркі ауданында қаржы бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1973-97 ж. Алматы қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; меңгерушісі, қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары; 1990- 92 ж. егеменді Қазақстан Республикасының алғашқы қаржы министрі болып істеді. 1997 - 2001 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы. ## Дереккөздер
Құз қарлығаш (Ptyonoprogne rupestris) - Қазақстандандағы құз қарлығаштар туысының жалғыз өкілі. Жар қарлығашқа жалпы ұқсас болса да құз қарлығаштың денесі ірілеу (12-22 грамм). Оның төсі - қоңыр белдікшесіз ақ, ал құйрығында алыстан жақсы байқалатын әр қауырсынында ірі, сопақ ақ түсті теңбілдері болады. Батыс тәңіртаудан тарбағатайға дейін тек Ресаубликаның оңтүстік-Шығыс тауларында ғана қоныстанады. Көбірек жартастардың маңынан кездесуі мүмкін. Мұнда ол қарлығашқа тән әдеттегідей шапшаң ұшып қана қоймай, қимылсыз жазылған қанаты үстінде жоғары көтерілген ауа ағынымен ірі жыртқыш құстардың әдеттегідей жасайтын әрекетіндей қанатын желбіретіп, қалықтайды. Жар қарлығаштан ерекшелігі - інде өмір сүрмейді, жартастың тік бетіне бекітіп, сондап ұя жасайды салындыдағы екі - алты теңбілді жұмыртқаларды аналығы он төрт күнге жуық басып, балапандарын аталығымен бірлесіп жиырма бес күнге жуық қоректендіреді. Сәуірде Ұшып келіп, Қазанда ұшып кетеді. ## Дереккөздер
Абриктозавр- біздің заманымыздан 199-196 миллион жыл бұрын ерте Юра кезеңінде Оңтүстік Африка жерінде өмір сүрген қорек талғамайтын шағым динозавр. Олардың азу тістерінің үстіңгісі - 10 см, төменгісі - 17 см ұзындықта. Алдынғы аяқтары - шағын, әлсіздеу, ал 4-ші және 5- саусақтары мүлде сүйексіз. Абриктозаврдың сүйектері Оңтүстік Африка мен Кап провинциясының аймағынан табылған. Бір бассүйегін 1974 жылы Ричард Тулборн атты палионтолог тауып, талық сипаттап, „Ликоринус“ деген атау берсе, екіншісін 1975 жылы Джеймс Хопсон Африкадан тапқан. Абриктозавр - айтарлықтай кішкентай жануар. Ұзындығы шамамен - 1,2 метр, салмағы - небәрі 45 келі. Абриктозаврдың жақ сүйегінің алдыңғы бөлігінде тіс болмаған. Сондықтан шөптерді жұлып жеуге қатты тұмсығын пайдаланған. ## Қызықты деректер Абриктозавр - гетеродонтозавр тұқымдас динозавр. Гетеродонтозврлар секілді оның да тістері әркелкі болған. Абриктозаврдың алдыңғы аяқтары гетеродонтозаврмен салыстырғанда әлсіздеу әрі шағын болды. Құйрығы денесін тепе- теңдікте ұстап тұруға көмектескен. Артқы аяқтары ұзынболған және олардың тырнақтары ұзын әрі өткір болып келген. Олар қоректерін алдыңғы аяқтары арқылы аузына апаратын болған. олардың қорегіне жапырақ, жемістер, өсімдіктер жатады. ## Дереккөздер
Семенов айдаршөбі (Corydalis semenovii) – арандар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында кездеседі. Биіктігі 35-75 см. Тамыры тармақты. Жапырақ сабағы қанатша, ұзындығы 5 см., гүлжапырағы гүлсабағынан ұзын; күлтелері ашық сары немесе ақшыл түсті, ұзындығы 10-15 мм. Маусым-шілдеде гүлдеп, шілде-тамызда жемістенеді. Жемісі қауашақ, ұзындығы 15-20 мм. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Пайдаланған әдебиет
Жау тылындағы бала — Қасым Қайсеновтың 1961 жылы жазған повесі. Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған. ## Қысқаша мазмұны Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде, Украина жерінде ,жау тылында, партизандар қатарында болған он жасар қазақ баласының басынан кешкен қилы-қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы Серікатаcының қолында ауылда оқып, жазғы демалысында қаладағы әкесіне қонаққа келеді. Көп ұзамай майор Мергенбаевке шекарадан фашист армиясы өтіп кеткеніне,полкте соғыс дабылы соғылғандығы хабары келеді. Он жасар Серікті Жамал жетектеп эшелонмен қайта ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон өртенді. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі. ## Шығарма кейіпкерлері * Серік – жас партизан, патриот, тапқыр ,қырағыл, батыл, қайсар, жасы онда, барлаушы. Өскенде атты әскер командирі не артиллерист болғысы келеді. * Анна Ивановна – Бористің анасы, партизан, комиссар Совченконың жұбайы. * Борис – партизан, жасы Серікпен шамалас. Серіктің жан досы. * Константин Иванович Спижевский –командир, жасы 24-25те, қара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт. Ақылды, ұстамды, сабырлы. Партизан соғысын әбден меңгерген адам. Туған ауылы Григорьевка селосы. Петреяслав, Канев аудандарындағы астыртын ұйымдарды, ірі партизан отрядының бір батальонын басқарады. * Иващенко Коля – Анна Ивановнамен педагогикалық институтта бірге оқыған, досы. * Жомарт Мергенбаев - Серіктің әкесі * Мария - Николай Абраменконың әйелі. Виктордың анасы. Бауырлары: Гаман Иван, Гаман Галя, Гаман Михайл. ## Шығармадағы жер-су атаулары * Украина жері – сұрапыл соғыс кезіндегі Украина суреттеледі. * Винница облысы, Сомогородок ауданы, Зазулин селосы – шығарма кейіпкерінің бірі Анна Ивановнаның туған жері * Киев, Мироновск, Канев, Ржищев – Украина қалалары. * Македон селосы, Пи селосы - жандармдар кішкентай Гаман Михаилді тұтқындады. * Көк орман - Пи селосынан 4-5 шақырым шағын ну тоғай. Гаман Михаил осы жерде өлтірілді. * Хоцкий орманы, Панитов орманы - партизандар болған жерлер. * Переяслав ауданы, Шобитки, Пологи-Вергуны, Григоровка, Лукавец, Зарубенцы, Шобитки - партизандар азат еткен селолар. * Мироновка селосы - партизандарды осы жерде түрмеге қамайды. * Луковец селосы - Днепр жағалауындағы село. ## Дереккөздер ## Сілтеме * Жау тылындағы бала Мұрағатталған 25 қаңтардың 2020 жылы.
Қырғызбаев Өмен а.ш. өндірісі ұйымдастырушы, агроном, экономика ғылым кандидаты, Қазақ мемл. а.ш. институтын бітірген. 1962-67 ж. Меркі а. ш-ғы басқармасының аға агрономы, Меркі ауд. комсомол к-тінің бірінші хатшысы, Меркі асыл тұқымды қой кеңшарының бас агрономы, 1969 - 78 ж. 12 партсьезд атынд. ұжымшардың басқарма төрағасы, 1984 - 90 жылдары Жамбыл облысы а.ш. басқармасының бастығы, Жамбыл обл. а.ш. басқармасының бастығы, Жамбыл обл. а.ш. ғыл.-зерт.ст-ның директоры, 1990 - 92 жылдары Меркі ауданының атқару к-тінің төрағасы, 19920-095 ж. Меркі ауданының әкімі, Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кенесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер "Тараз. Жамбыл облысы" (Қазақ энциклопедиясы), 2003
Сәмәди Зия Ибадатұлы (15.4.1914. Алматы облысы, Панфилов ауданы, Хонихай - 20.11.2000, Алматы қаласы) - жазушы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы (1987). 1931 жылы Шыңжаңға (Қытай) өткен. Құлжа қаласында білім алды. 1934-1958 жылдар аралығында мәдениет, білім беру және баспасөз саласында әр түрлі жауапты қызметтер атқарған. 1962-1963 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болды. 1934 жылы «Қанды дақ» атты алғашқы драмасы Құлжа театрында қойылды. «Ғарип және Сәнәм» (1935), «Сыры ашылды» (1937), «Мейірімді ана» (1937), «Қаһарлы минуттар» (1945), «Зынданда» (1946), «Зұлымдыққа тосқауыл» (1951), «Еріксіз ерлер» (1970), «Жұпархан» (1973-1976) т.б. пъесаларында ұйғыр халқының тарихи тағдыры баяндалды. Отаршылдарға қарсы көтерілісті суреттеген «Майымхан» романы (1965), жазықсыз жапа шеккендердің қайғы қасіретін көрсеткен «Бір тартым темекі» (1970), 20-шы ғасырдың 30 жылдарындағы ұлт-азаттығы қозғалысына арналған «Жылдар сыры» дилогиясы (1-кітап 1967, 2-кітап 1972, 3-4 кітап 1989), ауыл жастарының шаттық тұрмысын, ой-арманын баяндаған «Өрік гүлдеген кезде» повесі (1976), азаттық жолында мерт болғандар туралы «Ғани батыр» атты шығармасы (1979), Ахмет Әпенді романы (1995) жарық көрді. С.Мұқановтың «Қашқар қызы» поэмасын, Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесін ұйғыр тіліне аударды. Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальмен марапатталған. Сәмәди Зия(1914 – 2000) – жазушы, драматург. Қазақстанның халық жазушысы (1987). 1934 жылдан көптеген әңгіме, повесть жинақтары жарық көрген. Мәйімхан (1965), Жылдар сыры (3-кіт., 1967 – 72) Ғани Батур (1979), Ахмет Әпенді (1995) атты романдары жарияланды. С. Мұқан ## Пайдаланған әдебиет
Ақтамақ қалытқы (pharalopus Lobatus) -Қазақстандағы қалытқылардың ең сансыз көп түрі. Бұл жіңішке және үшкір тұмсықты шағын денелі (26дан - 47 граммға дейін) балшықты. Күйіттік жасануда ересек аталықтың жотасы жақсы байқалатын күлгін жұқа қабаты және арқа мен иықтың екі қапталындағы қызғылт сарылау жолақтары бар. Басы - қощқылт сұр, мойынының екі жағында тат түсті теңбілдер орналасқан. Бауыры - ақ. Аталығы жонында күлгін түстің болмауымен, мойынында қызыл сары түстің әлсіздігімен ерекшеленеді. Солтүстік полюстің айналасындағы - тундралық зонада - Еуразияда және Солтүстік Америкада қоныстанады. Қазақстанда сәуір-мамырда, күзгі мерзімде ұшып өтеді. Қалытқылар ұялайтын орындарғы жетіп, құрғақ тамырға немесе шөптер шоғырына ұя салады. Күйіттеу ойнағынан соң аналықтың белсенділігі артып 3-4 шұбар жұмыртқа туады да, оны аталықтың қамқорлығына алғанына көз жеткізіп, өзі бірнеше шақырымдық жерде жазды өткізу үшін Оңтүстікке ұшып кетеді. Орталық және Солтүстік Қазақстан көлдеріне ашық түске боялған аналықтардың сансыз көп тобы жинақталады. Көбейтуге қатыса алмайтын бірлі-жарым аталықтар солармен бірге болуы мүмкін. Тамызда жас құстар мен аталықтардың күзгі ұялау орнына ұшып өтуі басталады. Ақтамақ қалытқылар Қазақстаннан Қазанда соңғы рет ұшып кетеді
Сәрсенбеков Ертай Қожахметұлы (1951 жылы туған, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шежін ауылы) – ғалым, медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1996). 1974 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 1974-1976 жылдары Гурьев облысындағы онкологиялық диспансерде, 1976-1989 жылдары Қазақтың онкологиялық радиологиялық Ғылыми Зерттеу институтында, 1989-1991 жылдары Қазақтың гигиена және аурулардың алдын алу, Қазақтың урология Ғылыми Зерттеу институтында әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1997 жылдан Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы директорының орынбасары. 130-дан аса ғылыми еңбегі жарияланған. ## Шығармалары * Нефть: экология и здоровье, А., 1993; * Современные методы лечения мочекаменной болезни, А., 1997.
Бижанов - Бижанов Керімжан Кісенбайұлы ( 22.4.1960 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Теректі а.) - экономист. Алматы халық ш. ин-тын бітірген (1985). 1984 - 92 жылдары Алматы ет өнеркәсібі өндірістік бірлестігінде жұмысшы, инженер, бөлім бастығы, 1992 - 94 ж. "Алтын" ұжымдық кәсіп орнының директоры, "Құлан" АҚ-ның вице-президенті, 1994 - 97 ж., 1997 -99 ж. Талдықорған қаласының әкімі, 1999- 2001 ж. Жамбыл обл. әкімінің орынбасары болды. 2002 жылдан респ. "Мал өнімдері корпорациясы" ЖАҚ-ның президенті ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы, 2003
Тоқырауын жер асты су кені - Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан солт.-шығысқа қарай 100 км-дей жерде орналасқан. Сулы қабат Тоқырауын өзенінің аңғарында төрттік кезеңнің қалындығы-18-38 м болатын аллювийлік кесектасты-құмды шөгінділерінде қалыптасқан. Ол табаныныда палеозойлық тау жыныстары жатқан қалыңдығы 3,5 - 4 м саздақпен жабылған. Сулары арынсыз, тұщы, минералды 0,2-1 г /л химиялық құрамы гидрокарбонатты - сульфатты және кальцийлі-натрийлі, 0,7-4,4 м тереңдікте жатыр. Алаптан Балқаш қаласына (тәулігіне 81,2 мың м3) шаруашылық мақсатында және ауыз су үшін су алынады. ## Пайдаланылған әдебиет А 90 Атамекен: Географиялық энциклопедия /Алматы:"Қазақ энциклопедиясы", 2011,-648 бет.
Алтысарлар.17 ғасырда Чулым өзенінің (Обьтын тармағы) жоғарғы бойындағы қырды мекен еткен Енисей қырғыздарды (қ.қырғыз) төрт ұлысының [Алтысар,Алтыр,Исар (Езер), Туба] бірі. Оларға Чулым мен жоғарғы Енисей алқабындағы көп теген тайпалар мен рулар бағынды. Алтынсарлар 17 ғасырдың 60 жылдарынан бастап жоңғарларға тәуелді болды 1703 ж. Алтысарларды жоңғарлар зорлап көшіріп әкетті. ## Дереккөздер
Орталық Азияда,Куньлуньмен Наньшань аралығында жатқан тау.Тарин мен Цайдам ойыстарын бөледі. Ұз. 800 км жуық, ең биік жері 6161м (Актаг). Тарим ойысына қараған жағы жайпақ, тау басында көп жылдық қар, мұздық жатады. А. гнейстен, кристалл тақта тастан түзілген. Климаты қуан, тым континенттік. Ірі өзендері (Черчен және оның салары) оңт.-бат. бөлігінде өзен жоқ. аңғарларында сексеуіл, жыңғыл, жоғарғы белдеулерде тау-дала өсімдіктері және альпі шалғыны өседі. Хромит қорғасын, мырыш, никель, платина кендері бар. ## Дереккөздер
Дамалаканта вакка шегірткесі (Damalachantha vacca F. d. W.) — сирек кездесетін дараланып таралған түр. ТМД мен Қазақстандағы Damalachantha B. Bienko туысының жалғыз өкілі. Бұл қанатсыз ірі шегірткенің мығым да жуан денесі сарғыш түсті, алдыңғы кеудесі мен құрсағында қоңыр және қара түсті суреттері бар. Қазақстанның шөлді аймақтарында таралған. Сирек сор өсімдіктері бар тасты-сортаңды жерлерде өмір сүреді. Сор өсімдіктерімен қоректенеді. Жерде жүгіріп жүреді, бірақ баяу. Көбею кезінде қатты шарылдайды, әсіресе аталықтары. Аналығы жұмыртқасын топыраққа салады. Қорыққан кезде басын жерге иіп, құрсағын жоғары көтеріп, үркіту бейнесіне енеді. Түрді қорғау үшін қорғалатын жерлер ұйымдастырылуы қажет, мысалы, Шарын өзені аңғары. ## Тағы қараңыз Шегірткелер ## Дереккөздер «Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005
Аққанат тоқылдақ - дене пішіні орташа тоқылдақ (салмағы 60-70 г.), Қазақстандағы шұбар тоқылдақтар туысындағы төрт түрдің бірі, шөл ормандарын мекендейтін жалғыз түр. Кәрі ағаштары көп, ұңғылауға ыңғайлы жуан діңдері бар тораңғы ормандарында қоныстанады. Орта Азия мен Қиыр Шығыс - эндемигі. Тіршілігі толық зерттелмеген. Мекендейтін тоғайлы ормандардың азаюына байланысты, саны да азайып барады. Республикадағы Қызыл кітапқа енуге жақын тұрған түрдің бірі. ## Дереккөздер "Құстар" (Мектеп энциклопедиясы) - Алматы 2010
Қонақкәде — көңілді отырудың, үй иесінің, сонымен бірге қонақтың риясыз көңілін білдіретін белгі. Үй иесінің қонағына қонақкәде айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл “өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз” дегенді білдіреді. Екіншіден, бұрынғы адамдар жастарды өлең айтуға, айтысқа, шешендікке, домбыра үйренуге ерте баулыған. Олардың “сегіз қырлы, бір сырлы” өнерпаз болып өсуіне қолдау көрсетіп отырған.Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай болып қалыптасқан. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер [1]
Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-анасынан қалған мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен қызығын өзінің ғана көруі – тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетінше күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында «Інім маған, балаларыма қараспайды» деп күңкілдемеуге тиіс. Кейбір ата-ана балаларының еншібасын алдын-ала бөліп, атап қояды. ## Дереккөздер http://bsovetgul.ucoz.ru/load/khaly_d_st_ri_azynaly_m_ra/1-1-0-5
Кармин бояулы ақмия сымыры (Porphyrophora sophorae) — сирек кездесетін, тар эндемикті түр. Келешекте кармин бояуын алудың негізгі шикізат көзі болып табылады.Оңтүстік Қазақстан (Қаратаудың шығыс бөлігінің тау етегі жазықтығы, Мойынқұм) мен Өзбекстанда таралған. Далалы-шөлді жерде тіршілік етеді. Sophora alopecuroide және Sophora sp. тамырларында кездеседі. Ересек аналықтары шілденің соңғы он күндігі мен тамыздың ортасында пайда болады. Жер бетіне шағылысу үшін шығады. Бірінші сатыдағы дернәсілдері қыстайды. Саны белгісіз жағдайларға байланысты қысқарып отыр. Түрді қорғау үшін Қаратау жотасының тау етегі жазықтығында қорықтық жер ұйымдастырып, оны Ақсу-Жабағылы қорығының құрамына енгізу керек. ## Тағы қараңыз Қызыл Кітап ## Дереккөздер «Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005
Жасыл арасақ (лат. Мerops superciliosus) — сарыалқым арасақтан тамағындағы ашық сары түс пен жонындағы ашық қызылсары түс арқылы ерекшеленетін құс. Оның реңі соншалықты шұбар емес, неғұрлым таңдамалы. Даусында аздаған айырмашылық бар, алайда бұл үшін белгілі дағды қажет Каспий маңы, Орта Азия, Оңтүстік-Батыс Азия, Африка және Мадагаскардың шөл аудандарында өмір сүреді. Қазақстанда тек ірі өзендердің – Сырдария, Ембі, Жайық, Сарысу, Шу және Іленің сағаларында аңғарларды бойлай таралған. Жасыл арасақтар індерін көбінесе құм шағылдарының түбінен қазады. Басқа өмір сүру сарыалқым арасаққа ұқсас. Сәуірдің екінші жартысында ұшып келіп, қыркүйек-қазанның басында ұшып кетеді.
Карминді айлаулықтар сымыры (Porphyrophora arnebiae) – айырқұйрықтылар тұқымдасына жататын кошениль жәндік, тар эндемикті, сирек кездесетін түр. Тек қана Оңтүстік Қазақстанда таралған: Арыс маңынан (Дәрменеден) табылған. Өзбекстаннан да белгілі. Қазақстанда цитвар жусанының ( Artemisia cina) егістігінен жиналған. Түрді қорғау үшін табиғи тіршілік ортасында шағын қорықшалар ұйымдастыру қажет. ## Дереккөздер «Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005
Тянь-Шань қанқызы (лат. Coccinella tianshanica) – Орта Азиялық биік таулық сирек кездесетін жергілікті қанқыз түрқанқыз. Тянь-Шаньның солтүстік шығысының бірнеше жерінен белгілі. Өте сирек кездеседі, бірақ тіршілік ошағында саны жоғары, 100 шаршы метрде 150 данаға дейін жетеді. Биік таулы далалардың (теңіз деңгейінен 1600-1800 м биіктікте) оңтүстік беткейлерін қоныстайды. Ересегі мен дернәсілдері — жыртқыштар, жусандағы өсімдік битімен қоректенеді. Мамырдан қыркүйекке дейін белсенді, ересегі қыстайды. Түр биік тау жағдайын меңгерген, бірқатар бейімделушілік қасиеттері бар. Жылына бір рет ұрпақ береді, тіршілік ету ортасында топтанып таралған, бұл жыныстық түрлердің кездесуін жеңілдетеді. Қуыршақ пен жұмыртқаны жекелеген шөптесін өсімдіктерге салады, бұл — күн көзіне жақсы қыздырынуына ыңғайлы және биік тауда жиі болатын желден үлкен қорғаныс. Түрдің тіршілік ететін ортасын шаруашылыққа пайдалану биік таулы жайылымдарда малды шектен тыс бағу түрдің санын азайтып отыр. Түрді сақтап қалу үшін тіршілік ету ортасында шектен тыс мал бағуды қысқарту керек. ## Тағы қараңыз Қызыл Кітап ## Дереккөздер «Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005
## Көмекей шодыры Көмекей шодыры - негіщзінен ер адамдардың тамағындаболатын кішкентай ,бұдырайған шығыңқы мүше. Кейбір тілдерде көмекей шодырын * адамның алмасы * деп те атайды. Оның негізі діни кітаптарда хикаяға барып тіреледі. Құдай Адам -Атаны жаратқан кезінде алма ағашын жеуге тыйым салыпты. Бірақ жылан кейпінде келген ібіліс адамды азғырып алманы жегізген. Адам-Атаның жазасы ретінде жемістің сүйегі тамағында тұрып қалған деседі. Көмекей шодыры- мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан. ## Дереккөздер 1.1100 қызықты дерек -Адам анатомиясы ## Көмекей шодыры Көмекей шодыры - негіщзінен ер адамдардың тамағындаболатын кішкентай ,бұдырайған шығыңқы мүше. Кейбір тілдерде көмекей шодырын * адамның алмасы * деп те атайды. Оның негізі діни кітаптарда хикаяға барып тіреледі. Құдай Адам -Атаны жаратқан кезінде алма ағашын жеуге тыйым салыпты. Бірақ жылан кейпінде келген ібіліс адамды азғырып алманы жегізген. Адам-Атаның жазасы ретінде жемістің сүйегі тамағында тұрып қалған деседі. Көмекей шодыры- мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан. ## Дереккөздер 1.1100 қызықты дерек -Адам анатомиясы
Аралозавр — қазіргі Қазақстан жерінде өмір сүрген динозавр. Қызыорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің солтүстік шығысында Бозтөбе свитасынан табылған. Аралозаврдың тұмсықсыз басы ғана табылған. Шамамен 98—80 миллион жыл бұрын Бор кезеңінде өмір сүрген динозаврдың атауы «Арал аймағының кесірткесі» деген мағынаны білдіреді. Оның бетінде иілген мұрын доғасы болған. Аралозаврдың бұл доғасы басқа гадрозавридтерге, соның ішінде жақын туысы — грипозаврларға қарағанда жақсы дамыған. Негізінен, гадрозаврлардың да доға төрізді тұмсығы болған деген болжам бар. Бірақ ол сүйек қалдықтарымен бірге табылмаған. Аралозаврдың доғасы биік әрі кең болған. Доғаның астында үлкен танау тесіктері орналасты. ## Қызықты дерек * Аралозавр Канаданың қыр мұрынды грипозаврына қатты ұқсайды. * Аралозавр атауы «Арал теңізінің кесірткесі» деген мағынаны білдіреді. * Аралозаврдың атауы алғаш рет 1968 жылы берілді. ## Мәліметтер * Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер * Салмағы : шамамен 5 тонна * Тұқымдас : Гадрозаврид * Отряд тармағы : Орнитопод ## Дереккөздер
Қарабұтақ — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Қарабұтақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынана шығысқа қарай 206 км, аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км жерде, Ырғыз өзенінің оң жағасында орналасқан. Қарабұтақ өңірі Ырғыз өзенінің екі беті мен Ор өзенінің солтүстік-шығыс алқабын алып жатыр. Қарабұтақ жері - аса бай, сулы, нулы, құрақты көлдері бар, белуардан келетін байтақ бозды дала. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 3892 адам (1886 ер адам және 2006 әйел адам) болса, 2009 жылы 2601 адамды (1269 ер адам және 1332 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Әлия мұражайы – Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың Ақтөбе қаласындағы мемориалдық орталық мұражайы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1980 ж. 5 маусымында №248-т өкіміне сәйкес Республика Мәдениет министрлігінің 1980 ж. 11 маусымындағы бұйырғы кезінде ашылды. Ғимараттың1-ші қатары 340 ш.м. көреремен залының көлемі 240 ш.м. Жыл сайын 30 мыңға жуық адам қабаылдайды. Мұрағаттар саны 7000 мыңнан асады. КСРО Төралқасының төрағасы М.Шверниктің Әлияның әкесі Сарқұл Нұрмағанбетовке жолдаған жауап хатының, Әлия оқыған Псков облысының Вятск орта мектебі 7 сыныбының сабақ үлгерімі журналдарының түп нұсқалары, Кеңес Одағы Батырының Грамотасы, Әлия ерлікпен қаза тапақан ұрыс даласының ақтөбелік суретшісі В.В.Шукин жасаған көрінісі /диорама /, «Әлия» кемесінің макеті, майданнан әкелінген қару-жарақтар, Әлия ерлігі арқау болған оннан астам кітаптар, елге жазылған хаттарының көшірмесі, т.б. ерекше көз тартады. Мұрағаттар жылма-жыл толығуда. Өлкетанушы, мектеп мұғалімі С.А.Сысоенко бастаған «Әлия» іздестіру жаз айларында Новгород, Псков, Калуга облысына сапар шегіп, ұрыс даласынан табылған құнды дүниелерді әкеліп тапсырады. Батырдың туған жері Қобда ауданы Әліпбасай ауылы мұражай филиалы жұмыс істейді. Оны ұйымдастырып, мұрағаттрды толықтыруға Ғ.Байдербес салмақты үлес қосты. Әр жылдарда болған мемлекет қайраткерлері, жазушылар, мәдениет өкілдері қолтаңба қалдырған. Олардың арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев, мемелекет хатшысы, көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев аса ірі мемлекет, қоғам кайреткері Д.А.Қонаев, халық әртістері Роза Бағланова, Роза Рымбаева, Кеңе Одаңының Батыры И.Прохоров, ақын-жазушылар Фариза Оңғарсынова, А.Жағанова, Мұрат Аджи, Т.Молдағалиев, Б.Тәжібаев, театр саңлақтары С.Майқанова, Ә.Молдабеков, сазгерлер С.Байтереков,Е.Хасанғалиев,т.б. бар. ## Дереккөздер
Алға балалар үйі — 1986 жылы Жайсаң, Тамды, Темір, Ақтөбедегі №5 балалар үйінен біріктіріліп құрылған. Типтік жобамен салынған 400 орындық жатақханада орналасқан, қосымша концерт, спорт залдары, шеберхана, кітапхана, асхана бар. Онда 350-400 дей бала тәрбиеленеді. Балалар үйінің қосалқы шаруашылығы (жер көлемі 3 га) бар. Жазда балалар шөп шабуға, мал бағуға, көкөніс егуге жәрдемдеседі. Жазғы каникулда жыл сайын 270 бала сырт қалалардағы оқушылар лагерінде, санаторий, демалыс үйі, куротторда демалады. Балалар үйінде тәрбиеленіп шыққандар арасында жоғарғы оқу орындарын бітіріп,елге танымал болған, азаматтар баршылық. Мұнда 43 мұғалім қызмет етеді, оның 4-еуі Қазақсатан Республикасы ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен мараппаталған. ## Дереккөздер
Әбілқайыр хан ескерткіші - Ақтөбе қаласында 2000 жылы Әбілқайыр ханның құрметіне орнатылған ескерткіш. Ескерткіш Әбілқайыр хан даңғылында облыс әкімшілігінің үйі алдында орналасқан. Авторы Ескен Аманжолұлы Сіргебаев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Сәулетшілері – Б.Егінбаев, Н.Қожағұлов. Тұғырдың биіктігі - 2,8 м, ені - 2,1 м, ұзындығы - 5,8 м.Ескеткіштің жалпы биіктігі - 6,5 м, тұғырға дейін жерден биіктігі - 3 м, жерден жалпы биіктігі - 12,3 м.Тұғырдың материалы - Қордай граниті. Ескерткіш қоладан құйылған, салмағы - 11,2 тонна. ## Дереккөздер
Төлегенов Әбдіғали Нұрғалиұлы/1.1.1917 жылы туған,Шалқар ауданы,№11 –а./-партизан.1939 жылы әскерге алынған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ресейдің Брянск,Белоруссияың Могилев облысында майдан тылындағы Т.М.Коротченко басқарған П.Клетнянск партизан бригадасында болған. Белынкович ст. маңайындағы көпірді талқандап, Кричев-Унеча жолындағы неміс эшелондары қзғалысын 27 тәулікке тоқтатуға қатысқан, жаудың 20 солдатын жойған. Осы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, жауынгерлік Қызыл Ту , І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Оның ерліктері Ә.Шәріповтың «Партизан қызы», «Арбасу», «Ормандағы от» , «Ұлы Отан соғысы жылдарында» деген кітаптарында жазылған.Ол әскерден елге 1946 жылы оралып, көп жылдар бойы шаруашылық ұйымдарында еңбек етті. ## Дереккөздер А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.
Алданиязов Муса Алланұлы/22.12.1926 ж.т. Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылы/-партия-кеңес қызметкерлері .Алматы жоғары партия мектебін бітірген/1961/.Еңбек жолын 1941 ж. « Жаңажол» ұжымшарында колхозшы болып бастаған. 1942-44 жылдары бастауыш мектеп меңгерушісі . 1944 -50 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан, Қиыршығыс шекарасында әскери қызметте болған. 1950-57 жылдары Алға ауд. Комсомол коммитеті 1-хатшысы, Бессараб МТС –нің партком хатшысы . 1961-68 жылдары Алға аупарткомының бөлім меңгерушісі, Қобда аупарткомының хатшысы , ауд. халықтық бақылау коммитетінің төрағасы , 1968-72 жылдары Ырғыз ауатком төрағасы болған. 1972-86 жылдары Қарабұтық ауд. «Ақкөл» кеңшарының директоры.Еңбек Қызыл Ту , « Құрмет белгісі» ордендерімен , 13 медальмен марапатталған. ## Дереккөздер А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.
Алданазаров Әбек (1930 ж., Қызылорда облысы, Қазалы қаласы - 1980, Ақтөбе қаласы) - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген гидротехнигі (1976ж). Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылық институтын инженер гидротехник мамандығы бойынша бітірген (1953). 1953-60 жылдары Шұбарқұдық кенті ММС–нің бас инженері, бастығы. 1960-68 жылдары Ақтөбедегі «Қазсубұрғылауқұрылысы» тресі ҚМБ (СМУ) бастығы,1968-80 жылдары «Ақтөбесуқұрылыс» тресінің басқарушысының орынбасары. Оның тікелей басшылығымен Қарғалы су тоғаны, басқа да су шаруашылығы объектілері салынды. «Құрмет Белгісі» (1966), Еңбек Қызыл Ту (1971) ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. ## Дереккөздер
Алданиязов Иса Сафуанұлы(1.09.1939 ж. Мұғалжар ауданы, Жаңажол ауылы) - Республика жол құрылысы жөніндегі белгілі маман. Өскемен жол құрылысы институтын (1967), КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясының басшы кадрлардың мамандығын көтеру институтын үздік бітірген. 1967-69 ж. Алматы облыстық тас жолдар басқармасында аға–инженер, зертхана бастығының орынбасары. 1969-77 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау коммитетінде аға–инженер, бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары. 1977-80 жылдары Республикалық «Дорстроймеханизация» тресі басқарушысының орынбасары. 1980-91 жылдары Республикалық Автомобиль министрлігінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, автомобиль жолдарын пайдалану және автосервис Бас басқармасының бастығы. 1991-93 жылдары Республика автомобиль жолдары, кейін көлік құрылысы Министрінің 1-орынбасары. 1993 жылы, осы күнге дейін «Қазақстан жолдары» акционерлік қоғамының 1-вице-президенті. Шевченко-Ақтау-Қаражанбас-Қаламқас жолын салуға тікелей басшылық етті. ## Марапаттар * ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы, * «Ерен еңбегі үшін» медаліме ## Дереккөздер
Өтеміс Алдабергенов (1917 жыл, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ кенті - 1991 жыл, Ақтөбе қаласы) — партия-кеңес қызметкері. ## Өмірбаяны 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Волхов майданында 2-ші атқыштар дивизиясының 200-ші полкінің құрамында майданның ауыр жолынан өтті. Рота командирінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1945 ж. әскер қатарыннан босаған соң партия-кеңес органдарында қызметте болды. 1962 жылы Ақтөбе облысының кеңес атқару коммитетінің төрағасы болып сайланды. Кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін ұзақ жылдар тұрмыстық қамту басқармасының бастығы. ## Марапаттары 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Каспий маңынан Зайсанға дейін және Қазақстанның батыс бөлігінің ең оңтүстіктегі шекараға дейінгі барлық шөлді аймақтағы құмда өседі. Бұл көпжылдық ұзын да жіңішке тамыр сабақты және көптеген өрмелегіш өркендері бар - құмды қалайтын өсімдік. Ол бірінші болып жылжымалы орнығады, сосын өсіп өнген соң көп уақытқа дейін астында қалып қояды. Сабағы жіңішке , цилиндр тәрізді (ал қияқөлеңдердің көпшілігінің сабағы үш қырлы), жапырағы жіңішке оралған, ұзындығы сабағынан аспайдыМасақ саны -3-6 (төменгілері аналық, жоғарғылары аналық), күрделі гүлшоғырына жиналады. Үрме қияқөлеңнің өзіне тән ерекшелігі жеміс салу кезінде аналық күлдері (айналасындағы ) қоршаған қапшықтардың үлкейіп өсіп кетуі. Нәтижесінде үлкен (диаметрі 2 сантиметр айналасында ) үрмеҚАРЫН ТӘРІЗДІ қызыл қошқыл жіпшелермен безенген жарғақ шарлары бар жемістер пайда болады. Піскен қызғылт қызыл, сары жемістер алыс жерлерге желмен жеңіл домалап кете барады. Қияқөлеңнің өсу кезеңі ерте және өте тез. Ол наурызда өсіп өне бастайды, сәуірде гүлдеп жеміс береді. Ал мамырдың басында түгелдей қурап қалады. Бірақ жапырағы қураған күйінде күзге дейін сақталады. Күзгі жаңбыр басталысымен олар қайта жасыл түске енеді, осы күйінде қар астында қалады.
Жуашықты қоңырбас (лат. Poa bulbosa) – астық тұқымдасының қоңырбас туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Барлық Қазақстанда кездеседі. Далаларда және шөлдерде, құмда және сазды жазықтарда кездеседі, таудың құрғақ беткейлерінде, ол кейде Альпі белдеулеріне дейін көтеріледі. Бұл көпжылдық биіктігі 30-50 см-ға дейін көтеріледі. Онша үлкен емес түп құрады. Сабағының төменгі жағындағы пиязшық тәрізді жуан бөлігіне қор жинайды, соның есебінен ерте Көктемде өсіп жетіледі. Жапырақтары қысқа, жіңішке таспа тәрізді, гүлшоғыры қою шашыраңқы, сопақша сыпыртқы пішінді. Қазақстанда бұл түрдің ерекше тірі туған түрі өседі. Гүлдің орнына мұнда бүршік жетіледі. Гүлдердің қабыршақтары төменгі жағы ұзарып-жуандап, пиязшыққа айналады. Жаңбырлы жылдары пиязшықтан өсіп-өну әдетте өсімдік қурап қалғанға дейін болады. Мұндай жағдайда жас өсімдіктің жапырақтары жан-жаққа шашырап қалатындықтан, қоңырбастың гүлшоғыры жалбырап көрінеді . Мамырдың аяғынды-Маусымда аналық өсімдік қурап қалады және "пиязшықтарын "("ұрпақшыларын ") жерге тастайды. Олар желмен тез таралады. Және күздің алғашқы жаңбырынан соң да өне бастайды. Пиязшықты қоңырбас - төзімді өсімдік, топырақтың сортаңдығына, тастақты топыраққа төзеді. Ең бір мықты қасиеті малдың таптауында да қарсы тұра алады. Далалы жерлер қау, бетеге сияқты астық тұқымдастар мал көп жайылған жерлерден тез жоғалып кетеді, ал олардың орнын жуашақты қоңырбас басады. Көп жерлерде, әсіресе тауларда қоңырбастың көптігі алдыңғы жылдарда мал жайылғандығын білдірді.
Қызыл жыңғыл - Қазақстанда өсетін он жыңғылдардың ішіндегі ең көп тарағаны. Ең Солтүстік алқаптар мен таулы тарбағатай жне Алтай, Батыс Тянь-Шань қыраттарынан басқа еліміздің барлық аумағында дерлік кездеседі. Өзен, көл жағалауларында, құмды және саз кергішті далаларда және шөлдерде құм үйінділерінде, сортаң жерлерде орман-тоғайларда өседі. Бұл бұта немесе кішкене ағаш биіктігі 3-5 метрге дейін. Қарасұр қабықты және қызғылт жылдық өркендерімен. Жасыл өркендерде жапырақтары ұсақ қылқан жапырақтыларға (Қарағай) ұқсас, ұшындағы тығыз гүл шоғыры шашақ, ұзындығы 3-5 см және ені 0,5 см-дей ұзын немесе қысқа сыпыртқыға жиналғын. Гүлдері ұсақ, қосжынысты, бес мүшелі, қысқа гүл табанына орналасқан. Ұзындығы 1 мм-дей онша байқалмайтын тостағаншалы, желектері аздап үлкендеу. Гүлдеу мерзімі кезінде рюмка тәрізді күлте түзеді, жеміс берген кездегі түспейді, бұл осы түрдің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жаңа гүлшоқтарының пайда болуы есебінен гүлдеу мерзімі ұзаққа созылады, Мамырдан Қазанға дейін. Гүлдер болған шашақтарда жемістер біртіндеп пісп жетіледі, жемістері пирамида тәрізді ұшқырлы қауашақ. Тұқым саны көп, ұсақ (0,5 мм), бас жағында тінді, тігінен бастап ұзын түктермен жабылған. Айтарлықтай ұшуға жетілген аппараттары бар тұқымдар ауада еркін қозғалып, кейде өте қашық жерлерге ұшып кетеді.Қолайлы жағдайға тап болғандары жаңа шіліктер құрайды, өсіп өнеді. Басқа өсімдіктер мекен етіп үлгермеген жерлерді иеленеді. Мұндай жағыдай кеуіп қалған Арал теңізінің орнынан байқалады. Теңіз тартыла түсуде. Ончң ізімен біржылдық сораңдар және қызыл жаңғылдар жылжып барады, біраз жылдар өткен соң қалың шіліктер алқабын құрайды. ## Дереккөздер
Тобылғытүс (лат. Spiraeánthus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын монотипті өсімдіктер тегі. Тектің жалғыз биологиялық түрі - Орта Азияда өсетін эндемик - Шренк тобылғытүсі (Spiraeanthus schrenckianus Maxim.), бұта. Синонимы - Spiraea schrenkiana C.A.Mey.. ## Таралуы Қазақстанда аласа таулардың етегіндегі сайларда, құмды жерлердегі қиыршық тасты топырақтарда тоғай құрып өседі. Бетпақдаланың орталық және батыс бөлігінде, Қаратаудың оңтүстігінде ғана кездеседі. Бұл біздің Республикамыздағы ежелгі өсімдіктердің бірі, 30 млн жылдан кем емес (палеоген кезеңі), ол уақытта құрғақ сирек ормандарда және бұталы далаларда кеңінен таралған.Біздің уақытқа дейін тоблығытүс екі шектелген учаскелердн Бетпақдалада және Қаратау тауларында (Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан обылыстарында) кездеседі.Бұл түр ежелгі заманнан қалған жұрнақ болып табылады. Тек Орталық Америкада бұл түрдің бір ғана туысы хамебатирия туысы бар. Бетпақдала шөлінде тастақты топырақтарда, тақырлардың шетінде тобылғытүс онша үлкен емес шіліктер құрайды. ## Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 70 – 250 см, қалың бөрік басы (крона) бар және жіңішке, жұмсақ бұтақтарын сұрғылт сары түсті қабық жапқан. Ұзынша, жұп қауырсынды жапырақтарының ұзындығы 2 – 13, ені 1,5 – 10 мм. Гүлі қызғылт түсті, хош иісті, шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Тұқымбүршігі екеу, онда бір-бірден тұқымы болады. Шренк Тобылғытүсі – сәндік өсімдік, оның әдемі сүрегі әсемдік (сувенир) заттар жасау үшін қолданылады. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
## Нубиялық таутеке Нубиялық таутеке - сүтқоректілер класы ашатұяқтылар отряды қуысмүйізділер түқымдасына жататын жануар.Еуразияда, Солтүстік және Шығыс Африкада тіршілік етеді.Альпілік таутеке латын тілінде «каприкорнус» деп аталады . Испандық таутеке мен Орта Шығыс нубиялық таутеке альпілік таутекеге өте жақын туыс. Нубиялық таутеке - дене тұркы жағынан таутекелердің ішіндегі ең кішкентайы. Аналығы аталықтарынан үш есе кіші болады. Аталықтарының денесінің үзындығы - 125 см, шоқтығына дейінгі биіктігі - 75 см, салмағы - 62,5 келі. Аналығының денесінің үзындығы - 105 см, биіктігі - 65 см, салмағы - 26,5 келі.Таутекелер 3000 -7000 метрлік биіктіктегі биік те тік құз жартастар арасын, әсімдігі сирек жерлерді мекен етеді.Тіршілік ететін ортасына байланысты түсі қоңыр-сары болады. Тамыз айынан бастап текесінің терісі қоңырқай тартып, кейіннен қарайып кетеді. Текесінің сақалы, арқасында қара жолағы болады.Ұзын да жіңішке мүйізі алдымен артқа қарай иілген. Текелерінің мүйізі - бір метр, ешкілерінің мүйізі 30 см-ге дейін жетеді.Маусым сайын таудың басынан - етегінен басына ауысып отырады. Күйекке қазан- қарашада түседі. Табиғатта 10-16 жыл тіршілік етеді. Қуаңшылық кезінде су ішу үшін төменге түскен таутекелерді бедуиндер аңдып тұрады. Таутекелер жауыннан мүйізімен сүзіп қорғанады. 1997 жылғы санақ бойынша, жер жүзінде қазір 2500 бас таутеке ғана қалды. Халықаралық Қызыл кітапқа жоғалу қаупі төнген жануар ретінде енгізілген. ## Дереккөздер Ж 24 Жануарлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-546-4 ## Нубиялық таутеке Нубиялық таутеке - сүтқоректілер класы ашатұяқтылар отряды қуысмүйізділер түқымдасына жататын жануар.Еуразияда, Солтүстік және Шығыс Африкада тіршілік етеді.Альпілік таутеке латын тілінде «каприкорнус» деп аталады . Испандық таутеке мен Орта Шығыс нубиялық таутеке альпілік таутекеге өте жақын туыс. Нубиялық таутеке - дене тұркы жағынан таутекелердің ішіндегі ең кішкентайы. Аналығы аталықтарынан үш есе кіші болады. Аталықтарының денесінің үзындығы - 125 см, шоқтығына дейінгі биіктігі - 75 см, салмағы - 62,5 келі. Аналығының денесінің үзындығы - 105 см, биіктігі - 65 см, салмағы - 26,5 келі.Таутекелер 3000 -7000 метрлік биіктіктегі биік те тік құз жартастар арасын, әсімдігі сирек жерлерді мекен етеді.Тіршілік ететін ортасына байланысты түсі қоңыр-сары болады. Тамыз айынан бастап текесінің терісі қоңырқай тартып, кейіннен қарайып кетеді. Текесінің сақалы, арқасында қара жолағы болады.Ұзын да жіңішке мүйізі алдымен артқа қарай иілген. Текелерінің мүйізі - бір метр, ешкілерінің мүйізі 30 см-ге дейін жетеді.Маусым сайын таудың басынан - етегінен басына ауысып отырады. Күйекке қазан- қарашада түседі. Табиғатта 10-16 жыл тіршілік етеді. Қуаңшылық кезінде су ішу үшін төменге түскен таутекелерді бедуиндер аңдып тұрады. Таутекелер жауыннан мүйізімен сүзіп қорғанады. 1997 жылғы санақ бойынша, жер жүзінде қазір 2500 бас таутеке ғана қалды. Халықаралық Қызыл кітапқа жоғалу қаупі төнген жануар ретінде енгізілген. ## Дереккөздер Ж 24 Жануарлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-546-4
Тораңғы (лат. Populus section Turanga) – талдар тұқымдасының (лат. Salixacede) теректер (лат. Populus) туысына жататын ағаш. Қазақстан аумағында тораңғы ағашының 3 түрі өседі. Оның бірінші түрі – қара тораңғы (лат. Populus diversiolia), ал екінші түрі – ақ тораңғы (лат. Populus pruinosа) деп аталады. Бұ­лардан басқа Литвинов тораңғысы да өседі (Винтерголлер, 1976). Кейбір системалық жүйелерде өзінше бөлек туыс деп есептеледі. Шөлді Арал аймағынан Балқаш-Алакөл ойысына дейінгі аралықта бұрынғы өзен арналарында, озен жағаларында құмды массивтердің арасындағы егістіктерде, тіпті, кейде тақырға ұқсас сортаң жерлерде кездеседі. Бұл теңдесі жоқ жуан діңді және шашыраңқы жарты шар тәрізді әдемі ағаш. Ұзын жолақты қабығы сарғыш-сұр, тереңде, ұзын сызатта жіңішке. Түрге тән белгілі жас өркендер мен қысқа бұтақтардағы жапырақ пішіні болып табылад, түрдің атауы да осыған байланысты берілген. Жас өркендердегі жапырақтар қысқа сағақты, сопақша қияқ тәрізді үшкір тақталы, тақта ұзындығы 7 см-дейін. Бұтақтағы жапырақтар ұзын бүйірі қысыңқы сағақты, ұзынжығы бірдей, дөңгелек тақталы, жиегі теріс немесе иілген тісті. Тораңғы басқа теректер сияқты екі үйлі ағаш, желдің көмегімен тозаңданады. Аталық масақтар қысқа, тығыз, жуан ұзынждығы 2,5 см және жуандығы 0,5 см, гүлдер сагны көп қою қошқыл түсті тозаңқаптары бар. Жеміс беретін сырғалар аталықтарынан екі есе ұзын. Гүлдеу мерзімінің басында олар тік немесе жоғары қарай қиғаш, кейін доға тәрізді төменге иіледі. Жемістері - барынша үлкен, ұзындығы 1 см шамасында қауашақтар бөтелке тәрізді, үстіңгі беті тегіс немесе қыртыстанған. Олар екі жақты ашылады. Тұқым саны көп, ұсақ, жұқа жібек тәрізді түктер шоғының көмегімен желмен тез таралады. Тораңғы, шөлдің ландшафттардың жандандыратын, безендіретін тамаша ағаш. Ерекше сән беретін мықты кәрі ағаш. Биіктігі 30 метрге дейін, діңінің диаметрі 2 метр, өкінішке орай табиғатта мұндай ағаш өте аз. ## Тағы қараңыз * Ақ тораңғы * Қара тораңғы ## Дереккөздер