text
stringlengths
3
252k
Сақшы - қол сұғылмайтын адам болып табылады. Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді: * оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері заңмен айрықша қорғалатындығы; * оның белгілері бір тұлғаларға ғана - қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы; * бұл тұлғалардың сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі; * Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі. ## Сақшының міндеттері Сақшы; * өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға; * қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынатындарға да бермеуге; * көрсетілген бағдар бойынша жылжи отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісте, қоршауларды мұқият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға ; * тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша, постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету - әскери қылмыс болып саналады; * ГжҚҚЖ-ның 115-бабында көрсетілген ереже бойынша постыда оқталған қару болуы және әрдайым әрекетке дайын болуға; * постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтықта қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге; * қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге; * постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге; * объект қоршауынан (постыдағы) ақау тапқанда және өз постынан жақын жерде не көрші постыда тәртіп бұзушылық байқалған кезде қарауыл бастығын шақыруға; * қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй-жайына дереу хабар беруге міндетті. ## Сақшаға тыйым салынады !!! Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандайда бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға қажеттілік болмаса патронда оқжатарға жіберуге тыйым салынады. Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің жұмысқа таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек. Сақшы өзіне немесе өзі күзетіп тұрған объектіге анық шабуыл жасалған жағдайда қаруды ешқандай ескертусіз қолдануға міндетті. Қарауыл бастығы жұмысқа таратушылар мен қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естерін салады, ауысымды қарауыл үй-жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызып,"Ауысым, оң жақтан бір-бірлеп оқта!" деп пәрмен береді. Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, сүңгіні бекітеді де , қаруды оқтайды, қарауыл бастығы қарудың оқталуын тексереді (ГжҚҚЖ;114,115-баптар).Қаруды оқтап болған соң әскери қызметші:"Қару оқталды және сақтандырғышқа қойылды!" деп баяндайды, сонан соң жеке алып "Бәлдікке!" күйінде ұстап, бір адым кейін шегінеді. Осындай тәртіпке басқа жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды. Қару постыға шығар алдында оқталады. Қаруды оқтау және оғын алып тастау қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің пәрмені бойынша, қарауыл үй-жайында арнайы жабдықталған және оқ ұстайтын жабдығы бар жарық жерде, олардың тікелей бақылауымен, ал ауысымдар постыларға машинамен бара жатқан кезде,қарауыл бастығының нұсқауында көрсетілген орындарда, қажет болғанда, оқ ұстауға арналып жабдықталға орындарда жүргізіледі. ## Дереккөздер
Новое — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Қайраңкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 73 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 254 адам (132 ер адам және 122 әйел адам) болса, 2009 жылы 199 адамды (106 ер адам және 93 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ипалақов Төлеген Тұрсынұлы (1947 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – технология ғылымының докторы, профессор. Қазақ политехникалық институтының (1970 қазіргі Қазақстан ұлттық техникалық университеті) бітірген. Өскемен қаласындағы Бүкілодақтық түсті металлдар ғылыми зерттеу институтында инжинер, Өскемен Жол құрылысы институтында аға инжинер, ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, Шығыс Қазақстан техникалық университетінде декан (1995-96), ал 1996 жылдан 1-проректоры қызметін атқарады. Ипалақов 58 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның («Геомеханическое обоснование напряженного состояния прибортовых массивов и конструирование устойчивых карьерных откосов ресуров сберегаюшего профиля», 1996) автор. ## Дереккөздер Қазақстан ғылымы: Энциклопедия.
Бытралы мылтық – кішкентай домалақ шарларды немесе оқтарды атуға арналған, тұрақты снаряд энергиясын тұтынатын тегіс оқпанды қару. Бұл – иықтан көздеп атуға арналған мылтық. Олардың калибрі әртүрлі болады: соның ішінде бір оқпанды, екі немесе одан да көп оқпанды түрлері кездеседі. Сорғысы бар рычагты, өзі зарядталатын, тіпті толығымен автоматтандырылған нұсқалары да бар. Бытыралы мылтық – тегіс оқпанды қару. Оның алдындағы тегіс оқпанды мушкет сияқты мылтықтарды 18 ғасыр әскерлері кеңінен қолданған. Аталған қарудың түп атасы – мушкет. Ол адамның өзін қорғауынан бастап қарулы қақтығыстарға дейін, түрлі мақсаттарға пайдаланған болатын. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Украинское — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Қайраңкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1131 адам (571 ер адам және 560 әйел адам) болса, 2009 жылы 724 адамды (375 ер адам және 349 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Күйсандық үй- (Piano house-ағыл.) Қытайдағы өркендеген аймақтардың бірінде, яғни Аньхой провинциясындағы Хуайнань қаласында орналасқан. Күйсандық үйдің жобасы Қытайдағы беделді жоғарғы оқу орындарының бірі- Хефейс техникалық университетінің студенттерімен жасалынған.Оның құрылысы 2007 жылы аяқталған.Осы уақытта Хуайнань қаласы жаңа аймақтың дамуына назар аудартуды қажеттілік деп көрген. Сондықтан осы Күйсандық үйді қаланың келешек нышаны деп жариялаған ## Бүгінгі күндердегі беделі Қазіргі уақытта ол әлемнің ерекше көріністі ғимараттардың бірі болып саналады. Негізінен осы орталықтың басты мақсаты тек Қытай халқының ғана емес, тіпті өзге бір шет елден келген адамдардың назарларын аударту еді. Және де қазіргі кезде ол міндетің атқарып Хуайнань қаласын әлемге танытып жатыр. ## Құрылысы Осы ғимарат 1:50 масштабында дайындалған. Оның мөлдір әйнекті скрипка, және қара күйсан пішіндесті екі бөлігі бар. Дегенмен оның әуен, ырғаққа ешбір қатысы жоқ. Шың мәніңде осы күйсанда көрме орталығы, яғни қалалардың даму жоспарлары мен келешектегі өзгерістері берілген. Ал скрипкаға тоқталатын болсақ, ішінде осы ғимараттың бас есігіне әкелетін баспалдағы орналасқан. Оның құрылысына қазіргі заманға сай материалдар қолданылған. Яғни: әйнек, полиэтиленген мұржа және бетон.Ғимараттың күллі қабырғалары мөлдір және өңделген шыныдан тұрғызылған.Осының салдарынан орталыққа күндізгі уақытта барынша табиғи жарық түсіріледі. Ал түнде ғимаратты жарқыраған сұлбамен аса сонылап безендірген. Тіпті оның арқасынан осы үй -маныңдағы қалған ғимараттарды елеусіз қылады. ## Ғимарат жайында ой- пікірлер Осы ғимарат жайында пікір таластар әлемге көптеп таралған. Ал Қытайда Күйсандық үйді талқылағанда сындар жиі кездеседі. Біреуі:«жалықтыр постмодернизм » десе, екіншісі «әдеттегі бір студенттің жобасы» дейді.Дегенмен, осылайша аталған «кәдімгі жоба» бүгінгі күнде бүкіл дүние жүзіне әйгілігімен жайылған. ## Сыртқы сілтемелер http://www.novate.ru/blogs/080412/20476/http://blogga.ru/2010/06/16/zdanie-pianino-v-kitae/ Мұрағатталған 29 сәуірдің 2014 жылы.http://uatraveller.com/primechatelnosti/525-piano-house-khuajnan-kitaj.htmlhttp://subscribe.ru/archive/build.ybstroy.ybstroy/201006/21140425.html
Айнахан Есет -1958 жылы дүниеге келген. Ақын, журналист. Маңғыстау өңірінің белгілі қаламгері. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық «Рауан» газетінде жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған, республикалық ұлттық тәуелсіз «Үш қиян» газетінде жұмыс істеген. Қазіргі күні «Маңғыстау» облыстық газетінің қызметкері. «Олжашы шежіресі», «Өмір сыры», «Ақжелең» кітаптарының авторы. ## Дереккөздер * http://adebiportal.kz/authors/ ## Тағы қараңыз * http://adebiportal.kz/catalog/book/ma-ystau-a-yn-zhazushylaryny-k-tapkhanasy-39-tom/
Сәдібекұлы Айжарық - 1939 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, «Қармыс» елді мекенінде туған. 81-ге қараған жасында 2020 жылы 13 шілдеде Қызылорда қаласында өмірден озды. Н.В.Гоголь атындағы пединституттың филология факультетін тамамдаған. 1966–1971 жж. аудандық «Жаңадария» және «Сырдария» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1972–1997 жж. облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің еңбекші хаттары, совет құрылысы, партия тұрмысы, саясат және қоғам бөлімдерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі және редколлегия мүшесі, 1993–2000 жж. республикалық «Сұхбат» және халықаралық «Түркістан» саяси газеттерінің Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш әңгімесі облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған. «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Жүректегі жауһарлар», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Жұмыр жерде біз бармыз» атты кітаптардың авторы. Облыстық партия және комсомол комитеттерінің, кәсіподақтары облыстық советінің Құрмет грамоталарымен, «Жеңістің XX жылдығы», «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен және 1987 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Советінің Грамотасымен марапатталған. Қызылорда қаласы Әкімінің және облыс Әкімі мен Мәслихатының Құрмет Грамотасын, Республика Президентінің «Алғыс хатын» алған. Облыс Әкімінің 2003 жылғы, 2009 жылғы стипендиаты. ## Дереккөздер * http://adebiportal.kz/authors/s-d-bek-ly-ayzhary/ Мұрағатталған 6 наурыздың 2014 жылы. ## Тағы қараңыз * http://adebiportal.kz/catalog/book/arasha-yd-kel-n/ Мұрағатталған 29 сәуірдің 2014 жылы.
Шопашев Тілеген (2.7.1922 жылы туған, Қызылорда облысы,Шиелі ауданы)- қазақ совет ақыны. 1948 жылдан КОКП мүшесі. 1942-1945 Ұлы Отан соғысына қатысты. Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1953). Аудандық,обл. газет редакцияларында (1945-1951), Қызылорда облысында партия комитетінде (1953-1954) қызмет істеді. Сырдария ауд. газетінің редакторы (1954-1957), "Жазушы" баспасының аға редакторы (1958-1964) болды. Шығармалары 1956 жылдан бастап жарияланды. "Жаңбыр" (1957), "Өмірге сапар" (1959), "Туған жер" (1966), "Бәйтерек" (1971), "Көңіл көктемі" (1973) т.б. өлеңдер жинақтары шықты. Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Шиваза Ясыр Жумазович ( лақап аты- Шянма) (18.5.1906 жылы, Фрунзе облысы, Мәскеу ауданы)- дүнген совет жазушысы. 1940 жылдан КОКП мүшесі. Темір ұстасы семьясында тұған. Ташкенттегі халық ағарту институтының физико-математика факультетін бітірді (1930). Қырғыз мемлекет баспасында редактор (1930-1938), бас редактор (1954-1957), " Шыйуәди Чи" (" Қазан туы") газетінің редакторы (1957-1964), Қырғыстан Жазушылар одағы басқармасының секретары (1938-1942,1946-1954) болып қызмет атқарды. Шығармалары 1929 жылдан бастап жарияланды. Оның " Таң жұлдызы"(1931), " Революция толқындары"(1932), "Таңддамалы өлеңдері атты (1958) атты жинақтары, "Мейянзының әдебиеті"(1933), "біз өткен жолдар" т.б. кітаптары, "Салир" (1936) пьесасы бар. Қырғыстан КПОК мүшелігіне кандидат (1958-1965) Еңбек Қызыл Ту, " Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
«Кассам» — қатты отынды, басқарылмайтын, майдангерлік жолмен жасалған реактивті снаряд. Газа секторындағы Израиль аумағынан атқылау үшін қолданылады. Ислам әлеміндегі танымал ықпалды әл-Кассамның құрметіне аталған. Алғашқы «Кассам» Израиль-Палестина қақтығысына байланысты 2001 жылдың қазанында, екінші интифада кезінде әуеге көтерілді. «Жер-жер» нұсқасы бойынша жасалған қарапайым зымыран кәдімгі оқтұмсықпен жабдықталған. Ол адамдар мен ғимараттарды жойып талқандау мақсатында қолданылады. Ол жарылғыш зат орнатылған ішкі қуыс түтіктен дайындалады. Зымыранның артқы бөлігінде жанармайдың ерекше түріне арналған құрылғы орнатылады, жанған кезде одан газ бөлініп, артқа қарай ұшады да, зымыранды қозғалысқа келтіреді. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Шимойын - Абақ керейден тараған ру. Шимойындыйынды шежірешілер кейде Абақ Керейден, кейде Ашамайлы Керейден таратады. Соңғы дерек бойынша оның Танаш, одан Сибан, Балта, Көшебе және Тарышы. 19 ғасырдың бас кезіндегі жазба деректерде шимойын сибанға жатады деп көрсетеді. Сондай-ақ халық арасындағы шежіре деректерде Ашамайлы Керейден Сибан, одан Шимойын, одан Байназар, Қайназар, Есназар, Ерназар, Жаназар, Маназар, Алданазар, Жолдыбай, Жылыбай, Қосай, Досай деген он бір ата тараған. Жоңғар шапқыншылығы кездерінде шимойындар керейдің басқа руларымен бірге Орта және Солтүстік Қазақстан жерлеріне ығысқан. 18 ғасырдың 2-жартысынан кейін Абақ Керейлермен бірге Шығыс Қазақстан жерлеріне жылжыды. 20 ғасырдың алғашқы кезінде оның негізгі бөлігі Петропавл және Көкшетау уездерінде, аздаған бөлігі Семей, Павлодар және Омбы уездеріне қоныстаған. Олар негізінен мал өсіріп, егін еккен. ## Тұлғалар * Сәбит Мұқанұлы Мұқанов * Марат Сәбитұлы Мұқанов (тарихшы) ## Дереккөздер
Григорий Романович Ширма (21.1.1892 жылы, қазіргі Брест облысы, Пружан ауданы - 23.03.1978, Минск)- белорус совет хор дирижері, фольклорист, қоғам қайраткері, КСРО халық артісі (1955), Соц. Еңбек Ері (1977). 1959 жылдан КОКП мүшесі. 1918 жылы Седлецк мұғалімдер институтын бітірді. 1912 жылдан ұстаздық етті. 1- дүние жүз. соғысқа қатысты. 1940 жылы Белорус КСР-інің Мемлекеттік хор капелласын ұйымдастырды, әрі 1970 жылға дейін оның көркемдік жағын басқарды. Белорус халқының муз. фальклорын зерттеп, 2000-нан аса ән жинады. "Белорус халық әндері" (1929, Вильнюс), "Белорус халық әндері, жұмбақтары, шағын әңгімелері" (1947, Минск) т.б. еңбектірі жарық көрді. Ленин орденімен, Болгар Халық Республикасы орденімен және басқа екі орденмен марапатталған. ## Дереккөздер
Шкетан.М ( лақап аты; шын аты-жөні- Яков Павлович Майоров; 29.10.1898, Оршан ауданы- 16.5.1937)- мари совет жазушысы. Кедей шаруа семьясында туған. 1922-1929 жылдары ә Иошкар кечеә ( "Қызыл түн") атты газетте қызмет істеді. Ол драматург, актер және режиссер ретінде мари ұлттық театрын құруға көп күш жұмсады. 1929 жылы туған ауылына келіп, колхоз құрылысына қатысты. Тұңғыш пьесасы " Қажетсіз" 1919 жылы алғашқы әңгімесі "Құдай кінәсі" 1923 жылы жарық көрді. Оның пьесаларында жаңа өмірге жол іздеген мари еңбекшілерінің талабы суреттеледі. "Беу, ата-аналар"(1928), "Лай тұнбасы" (1932) және т.б. драмалары респ. театрларда үнемі қойылып келеді. Ол көптеген әңгімелер, очерктер және публицистикалық мақалалар жазды. Оның " Эренгер" (1923; орыс тілінде 1953) атты романы- мари әдебиетіндегі тұңғыш күрделі шығармалардың бірі. Романда мари халқының өміріндегі өзгерістерсоц. құрылыс бейнеленген. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Шмидт Вильгельм (16.2.1868-10.2.1954)- Австрия этнографы, лингвист. Венаның этногр. мәдениеттарихы мектебінің негізін салушы, католик попы. 1895-1938 жылдары Австрияда, кейіннен Швейцарияда тұрды. Вена (1921-1938), Фрейбург (1939 жылдан) университетінің профессоры. Ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Мұхит аралдары және Австралия тілдеріне салыстырмалы зерттеулер мен жіктеу жұмыстарын жүргізген маман. Ол этногр. жөніндегі білімін "ең алғаш адамды құдай жаратқан" деген теориясын ғылми ақиқат деп дәлелдеуге арнаған. Оның бұл идеясын католиктік топтар қолдады, ал ғылыммен шұғылданушы топтар оған сенімсіздікпен қарады. Оның теріс көзқарасына қарамастан оның жинаған мол деректері " алғашқы" діншілдікті түсіндіру жөнінде ғылымда бағалы еңбек болып есептелінеді. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Шмидт мұз асты жазығы- Шығыс антарктидадағы советтік континент аралық "Комсомол" және " Восток" ст-лары ауданындағы түпкі жыныстық беттің бөлігі. Оңтүстік-батыстан Гамбурцев, солтүстік-батыстан ГОлицын мұз асты тау жоталарымен қоршалған. Кейбір бөліктерінің тереңдігі 4500 м-ден асатын қалың материктік мұзбен жабылған. Советттік антарктикалық экспедиция мұх жабынын сейсмозондтау, сонымен қатар гравиметрлік және геомагниттік бақылаулар жүргізу нәтижесінде 1957-1960 жылдары ашқан. Бұл зерттеулер нәтижесінде біршама тереңде деп есептелген мұз шарасы теңіз деңгейіне жақын биіктікте жатқандығы анықталды. Австралияның антарктикалық экспедициясының 1962 жылғы жүргізілген зерттеу жұмыстары бұл облыстың солтүстік бөлігінің түпкі жыныстық беті теңіз деңгейінен 1500 м төмен О.Ю.шмидтің кұрметіне осылай аталған. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Шоқай мазары- 19 ғасырдың орта кезінде қабір басына портал-күмбезді үлгімен тұрғызылған архит. ескерткіш. Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы Байқадам с-нда. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (Ә.Х.Марғұлан) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мазар текше жобамен қызыл кірпіштен тұрғызылған. Шеңберленіп келген барабан дулыға іспетті күмбезге ұласады. Барабанды айналдыра жылтыр плитадан фриз тартылған. Еңселі порталының қос босағасында мұнараға ұқсас минареттері бар. Жоғарылаған сайын сүйірлене түскен қос минареттің басында азаншыға арнап күмбезшелі қондырғы ортақтан. Порталындағы жебеге ұқсас тайыз қуыс ортасынан есік шығады. Шоқай мазарының интеръері жебеге ұқсас тайыз қуыстармен, ішкі еңсенің қабырғамен ұласар жердегі дөдегесі геометриялық өрнекті фризбен әсемделген. ## Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті — қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігі, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күре саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асыру салаларында басшылық жасауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі №313 Қаулысымен құрылды. ## Міндеттері * Құқық бұзушылық профилактикасы * Қоғамдық тәртіпті сақтау * Жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік бақылау және қадағалау * Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымын мемлекеттік бақылау * Күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылау * Ішкі істер органдарына ведомстволық бағынысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік өндірістің жағдайын бақылау ## Құрылымы Комитеттің 1 бөлімі және 7 басқармаcы бар (2023 жылға): * Қару айналымын бақылау бөлімі * Ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмыс және бақылау басқармасы * Қоғамдық тәртіпті сақтау басқармасы * Әкімшілік практика басқармасы * Ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасы * Профилактикалық қызмет басқармасы * Тіркеу және цифрландыру басқармасы * Жол қауіпсіздік басқармасы ## Дереккөздер
Нұрлан Темірғалиұлы Темірғалиев (1947 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы,Тайпақ ауданы) – қазақстандық ғалым-математик, физика-математика ғылымдарының докторы, Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясының академигі, ҚР білім озаты. ## Білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы * 1969 жылы ҚазМУ-ды «Математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. * 1969-1972 жж. КСРО ҒА В.А. Стеклов атындағы математика институтында аспирантурада оқыған (Мәскеу қаласы). * Физика-математика ғылымдарының кандидаты (МИЖМА, 1973 ж.) * 1987-1989 жж. - «Об эффективности алгоритмов численного интегрирования и восстановления функции многих переменных» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. [1] ### Мансап * Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында кіші ғылыми қызметкер (1972–1974). * ҚазҰУ-да аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1974–1997) болды. * 1997 жылдан Еуразия ұлттық унверситетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Қазіргі таңда Теориялық математика және ғылыми есептеулер институтының Мұрағатталған 10 мамырдың 2013 жылы. директоры. ### Ғылымға қосқан үлесі Ғылым жолындағы уақыт аралығында елу шақты ғылыми еңбек жазып, бес ғылым кандидатын даярлады. Қазір он аспирантқа жетекші (1996 жыл). Оның докторлық диссертациясы «Об эффективности алгоритмов численного интегрирования и восстановления функций многих переменных» деп аталады. Оны жас ғалым Москвадағы Стеклов атындағы математикалық институтта қорғады. Сенімшілері: физика-математика ғылымдарының докторлары, профессорлар В. Н. Тепляков, М. М. Сктиганов, Н. А. Бобылевтар. Олар Нұрлан Темірғалиұлының Мұрағатталған 4 қарашаның 2013 жылы. дүниежүзі математиктерінің ширек ғасырдан бері шеше алмай келе жатқан проблеманы шешкендігін бір ауыздан мойындады. Бұл мәселемен орыс математигі Н. М. Коробуов, Қытай Ғылым Академиясының вице-президенті Хуа Ло-Кен, неміс математигі Э. Хлавка айналысқандығын көпшілікке паш ете отырып, Нұрлан Темірғалиұлы, бұл мәселені Америкада шығатын «Қазіргі математика» журналының сандық интегралдаудың өзекті мәселесі екендігін есептегенін, өзінің соны шешкендігін мақтан етеді. 1995 жылы Назарбай Блиев бастаған топ Сергей Михайлович Никольскийдің тоқсан жылдығын тойлауға келгенде, көпшілік алдында Қазақстан математикасының жетістіктерін атай келіп, Нұрлан Темірғалиұлын «ұлы математик» екендігін өз аузынан айтты. Бұған Қазақстан математиктері де қуанады. Ғалымның нәтижелері есептеу математикасында қолданылатындығы оның өміршеңдігін дәлелдейді. Нұрлан Темірғалиев Қазақстандағы математикалық білімді жетілдіруге бар күш-жігерін салып, сол үшін күресуде. Ол ауық-ауық газет-журнал беттерінде бұл туралы пікірін айтып, оны дәлелдейді. Ол кейінгі жылдары кадрларды даярлау сапасы республика бойынша төмендеп, оқу-құралдары жетіспей, оқыту мазмұнына біріңғай талап қойылмайды деген өз дәлелдерін айтады. Математикалық білімді жақсартудың бір жолы ретінде ғалым үш томдық «Математикалық анализін» жазды. Оның бірінші томы 1987 жылы «Рауан» баспасынан, екінші томы «Ана тілі» баспасынан 1991 жылы, үшінші томы «Білім» баспасынан 1996 жылы шықты. Бұлар математикалық анализден жазылған кейінгі жылдардағы қомақты еңбек. Онда дәстүрлік материалдар мен жаңа теориялар байланыстырыла, әдістемелік жағынан ұстамды жазылған оқулық. Математикалық терминологияны жасаудың халықаралық тәжірибесін қатаң ұстанған автор өз кемшілігін түзетуден қорықпайды. Адамгершілігі мол, қарапайым да әңгімешіл ғалым, ескі тарихты қазіргімен байланыстырудыжақтайды. Шәкірттеріне жағдай жасап, олардың хал жағдайын білгісі келіп, бірге жүреді. ### Марапаттар мен жетістіктер 2002 жылы «Қазақстанныі білім озаты» белгісімен марапатталған. Халықаралық Зерттеу Комитеті мен Американдық Биографиялық институтының шешімімен «Жыл адамы - 2003» атағы берілген. 2004 жылы Қазақстанның ЖОО Қауымдастығы басқармасының шешімімен мемлекеттік тілдегі «Математикалық талдау» іргелі үш томдық курс үшін және жараталысытану пәндер бойынша сұранысқа ие оқулық ретінде білім берудің барлық стандарттарына жауап беретін өскелең ұрпаққа мирас боп қалатын оқу құралы үшін А. Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталған. «Ең үздік оқытушы - 2010» грантының иегері. 2011 жылы Халықаралық Сократ комитетінің ұсынысымен (Оксфорд, Ұлыбритания) үздік ғылыми жұмыстары үшін «The Name in Science» арнайы сыйақысының иегері атанды. Ғалымның есімі «Ғылымға қосқан үлесі үшін» белгісімен Дүниежүзілік ХХІ ғасырдың аса көрнекті ғалымы тізіліміне енген.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды қамтамасыз ету; жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру жөніндегі функцияларды қамтамасыз ету.Комитеттің төрағасыБисенқұлов Берік БайболлаұлыМекенжайы: 010000 Қазақстан, Астана қ-сы, Ш. Айманов к-сі, 4Телефон: +7 (7172) 71-58-68Сенім телефоны: +7 (7172) 71–58–25Ресми сайт: http://www.zholpolice.kz/ Мұрағатталған 29 сәуірдің 2014 жылы.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi Iшкi iстер министрлігінiң құзыретi шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасау саласында үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттiң негізгі мiндеттерi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру мен қоғамдық және мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлеу болып табылады.Комитеттің төрағасыВыборов Анатолий Николаевич
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі— Қазақстан Республикасы үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы, Қазақстан Республикасындағы индустрия және елді индустриялық-инновациялық, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырумен айналысады. Индустрия және жаңа технологиялар министрі — Әсет Өрентайұлы Исекешев ## Тарихы ## Құрылымы * ҚР ИЖТМ Атом энергетикасы комитеті * ҚР ИЖТМ Инвестиция комитеті * ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті * ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті * ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті * ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті * ҚР ИТЖМ геология және жер қойнауын пайдалану комитеті ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашу, сондай-ақ ішкі істер органдары үшін заңнамада белгіленген құзырет шегінде алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру болып табылады.Комитеттің төрағасыКожаев Марат ШадетхановичМекенжайы: 010000 Қазақстан, Астана қ-сы,Манас к-сі,4. Телефон: +7 (7172) 71-41-06Факс: +7 (7172) 71-44-79
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстан ішкі істер органдары жүйесін басқаратын, Қазақстан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейтін, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасау және іске асыруға жауапты министрлік. ## Тарихы 1920 жылдың қазанында Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) ретінде құрылды, 1946 жылдан Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі деп аталды. 1996 жылы 3 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік автомобиль инспекциясы (МАИ) Жол полициясы болып өзгертілді. 1998 жылғы 9 желтоқсандағы №307 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан милициясы "полиция" болып өзгертілді. Үкіметтің 2001 жылдың 8 маусымындағы қаулысымен министрліктің Жол полициясы комитеті құрылды. Қазақстан үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Әділет министрлігінің құрамына берілді. Қазақстан үкіметінің 2002 жылдың 22 мамырынағы қаулысымен министрліктің Тыл департаменті таратылды. Қазақстан президентінің 2002 жылдың 28 тамызындағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2002 жылдың 26 қыркүйегіндегі қаулысымен министрліктің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы министрліктің Ішкі әскерлер комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Президенттің 2002 жылғы 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2002 жылғы 11 қазандағы қаулысымен министрліктің Жол полициясы комитеті таратылды, оның мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері министрлікке берілді. Президенттің 2003 жылдың 23 желтоқсанындағы Жарлығымен экономикалық және сыбайлас қылмыстарды анықтау және тергеу функциялары Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне (Қаржы полициясы) берілді; қылмыс жасады деп күдіктенген және айыпталған адамдарды ұстау және тергеу изоляторында жазасын өткеретін сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды атқару, сондай-ақ құжаттау және Қазақстан азаматтарына жеке куәлігі мен паспортын беру функциялары Әділет министрлігіне берілді. Әділет министрлігі есірткі айналымы мен оның заңсыз айналымына қарсы іс-әрекет ету саласындағы функциялары Ішкі істер министрлігіне берілді. Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2004 жылдың 3 наурызындағы қаулысымен министрліктің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды. Үкіметтің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдары Iшкi iстер министрлiгiнiң Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерi болып қайта аталды. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi құрылды. ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығымен: * қоғамдық тәртіпті бұзушыларды медициналық айықтырғыштарға жеткізу функцияларын қоспағанда, медициналық айықтырғыштардың қызметіне байланысты функциялары Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына; * кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының қызметі функциялары Білім және ғылым министрлігінің қарамағына; * Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік техникалық тексеруден уақытылы өтуді бақылау функциясын сақтай отырып, көлік құралдарына мемлекеттік техникалық тексерудің жүргізілуін бақылау өкілеттіктері Көлік және коммуникация министрлігіне, көрсетілген техникалық тексеру жүргізу жөніндегі функциялары бәсекелі ортаға; * аса маңызды стратегиялық объектілерді күзету функцияларын қоспағанда, күзет қызметі функциялары бәсекелі ортаға берілді. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылды. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысымен Қазақстан азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асыру Әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігіне қайтарылды. Президенттің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ішкі істер министрлігіне кері қайтарылды. ҚР Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша өкілеттіктерін қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру функциялары берілді. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 245 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті таратылды. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті Әкімшілік полиция комитетіне қосылды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Жол полициясы Әкімшілік полициямен бірікті. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен таратылған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің негізінде Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті құрылды. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы болып қайта аталды. Министрліктің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Криминалдық полиция комитеті және Тергеу комитеті таратылды. ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 110 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті құрылды. Үкіметтің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдар - Ішкі істер департаменттері, ішкі істер басқармалары, ішкі істер бөлімдері, Көліктегі ішкі істер департаменті мен ішкі істер желілік бөлімдері сәйкесінше Полиция департаменті, полиция басқармасы, полиция бөлімі, Көліктегі полиция департаменті және желілік полиция бөлімі болып қайта аталды. Президенттің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылуына байланысты ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылды. ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 қаулысыменІшкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды. ## Міндеттері Ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттер: * құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою * қоғамдық тәртіпті сақтау * жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау * азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын мемлекеттік бақылау * күзет қызметі саласын мемлекеттік бақылау * мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзету * террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау * азаматтық және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру * Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету * құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласын мемлекеттік бақылау * жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу * лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асыру * әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу * қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тексеру * жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру * зерттеулерді жүзеге асыру * іздестіруді жүзеге асыру * есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру * қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау * қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстау * мемлекеттік қызметтер көрсету * халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру ## Құрылымы ### Министрлік комитеттері * Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы * Әкімшілік полиция комитеті * Көші-қон қызмет комитеті * Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті * Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті ### Министрлік департаменттері * Өзіндік қауіпсіздік департаменті * Күзет қызметін бақылау департаменті * Криминалдық полиция департаменті * Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті * Тергеу департаменті * Жедел-криминалистикалық департамент * Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті * Тыл департаменті * Штаб департаменті * Заң департаменті * Кадр саясаты департаменті * Қаржымен қамтамасыз ету департаменті * Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті * Ақпараттандыру және байланыс департаменті * Ақпараттық саясат департаменті * Ішкі аудит департаменті ### Министрліктің аумақтық бөлімшелері * Облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы Полиция департаменттеріАудандар мен қалалардағы Полиция басқармаларыАудандар мен қалалардағы Полиция бөлімдеріАлматы қаласының метрополитендегi полиция басқармасы * Аудандар мен қалалардағы Полиция басқармалары * Аудандар мен қалалардағы Полиция бөлімдері * Алматы қаласының метрополитендегi полиция басқармасы * Көліктегі полиция департаментіСтанциялардағы желiлiк полиция басқармалары мен бөлімдеріАстана қаласының әуежайындағы желiлiк полиция бөліміАлматы қаласының әуежайындағы желiлiк полиция бөлімі * Станциялардағы желiлiк полиция басқармалары мен бөлімдері * Астана қаласының әуежайындағы желiлiк полиция бөлімі * Алматы қаласының әуежайындағы желiлiк полиция бөлімі * Iшкi iстер министрлiгiнiң Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгi * Iшкi iстер министрлiгiнiң Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы * Iшкi iстер министрлiгiнiң Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы * Iшкi iстер министрлiгiнiң Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы * Iшкi iстер министрлiгiнiң Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы ### Министрлік қарамағындағы ұйымдар * «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медиа орталығы» ЖШС * «Ақпараттық-өндірістік орталық» ШЖҚ РМК * «Алатау» ШЖҚ РМК * «Арман санаторийi» АҚ * «Қазақстан санаторийі» АҚ ### Министрлік қарамағындағы мемлекеттік мекемелер * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кинологиялық орталығы. * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы. * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы. * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Автокөлiктiк қызмет көрсету мекемесi. * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы. Білім беру ұйымдары * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы. * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Бәрiмбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты. * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы (Шымкент қаласы). * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы. Госпитальдер мен емханалар * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң емханасы бар орталық госпиталi. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментiнiң емханасы. * Ақмола облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Ақтөбе облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Алматы қаласы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы. * Жетісу облысы Ішкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Атырау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Шығыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі * Жамбыл облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Батыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Қарағанды облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Қызылорда облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы. * Қостанай облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Маңғыстау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы. * Павлодар облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Түркістан облысының Полиция департаментiнiң емханасы бар госпиталi. * Шымкент қаласының Полиция департаментiнiң емханасы. Күзет қызметі басқармалары * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы). * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының және Ұлытау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы. * Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы ## Министрлер тізімі ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнің стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге және стратегиялық жоспарлау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру; өңірлік даму; халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу; сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту; ішкі сауданы реттеу және дамыту; жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау; инвестициялар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік; экономиканың секторларында мемлекеттік активтерді басқару; мемлекеттік басқару жүйесін дамыту; жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.ҚР Экономикалық даму және сауда министріДосаев Ерболат Аскарбекович
Жаңажол — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Майбалық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде, Ақбастыкөл және Амангелді көлдерінің арасында орналасқан. ## Белгілі тұлғалар Есеней сұлтан, Ұлпан, Ғабит Мүсірепов, Ербол Шаймерденов. Ауылда атақты Есеней сұлтан мен Ұлпанның бейіттері бар. Сондай-ақ, атақты қазақтың классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтың мұражайы орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 712 адам (360 ер адам және 352 әйел адам) болса, 2009 жылы 484 адамды (243 ер адам және 241 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ольговка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Майбалық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде, Ізбасар және Стрелецкое көлдерінің аралығында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 356 адам (175 ер адам және 181 әйел адам) болса, 2009 жылы 236 адамды (124 ер адам және 112 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі — табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. ## Құрылымы Министрліктің құрамына кіретін комитеттер * ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті * ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті * ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті * ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті * ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты ұйымдары * "Республикалық жедел құтқару жасағы" ММ * "Апаттар медицинасы орталығы" ММ * "Қазселденқорғау" ММ * "Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы" ММ * "Селденқорғау құрылыс" ШЖҚ РМК * "Қазавиақұтқару" АҚ * "Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы" АҚ * "Қызылорда теміржол ауруханасы" ЖШС * "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС * "Теңіз жасағы" АҚ Аумақтық органдар * Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменттері Әскери бөлімдер * 28237 әскери бөлімі (Ұзынағаш а.) * 68303 әскери бөлімі (Семей қ.) * 52859 әскери бөлімі (Қарағанды қ.) * 20982 әскери бөлімі (Ақтөбе қ.) ## Тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң және Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгiнiң базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі құрылды. 2014 жылғы 6 тамызда министрлік таратылып, материалдық резерв және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін қоспағанда, өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне берілді. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығымен Төтенше жағдайлар органдары Қазақстан Республикасының Үкіметіндегі жеке ведомствоға қайта бөлінді. Үкіметтің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды. ## Министрлер тізімі ## Ведомстволық наградалар "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де Мемлекеттік рәміздері мен геральдикасы мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық наградалары: * Медальдар:«Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» ;«Мінсіз қызметі үшін» I, ІІ, III дәрежелері;«Суға батқандарды құтқарғаны үшін»;«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін». * «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» ; * «Мінсіз қызметі үшін» I, ІІ, III дәрежелері; * «Суға батқандарды құтқарғаны үшін»; * «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін». * Төсбелгілер:«Азаматтық қорғау органдарының құрметті қызметкері»;«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»;«Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы»;«Үздік құтқарушы-жауынгер»;«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін»;«Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін»;«Құтқарушы» I, II, III дәрежелері;«Халықаралық дәрежелі құтқарушы». * «Азаматтық қорғау органдарының құрметті қызметкері»; * «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»; * «Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы»; * «Үздік құтқарушы-жауынгер»; * «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін»; * «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін»; * «Құтқарушы» I, II, III дәрежелері; * «Халықаралық дәрежелі құтқарушы». * * * * * * * * * * * * * * ## Дереккөздер
«ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ немесе Қор) – Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасын жүргізу барысында 1997 жылғы 27 қарашада құрылған және № 0000001 лицензиясын алған Қор. «ҰларҮмiт» ЖЗҚ» АҚ – Қазақстанның әрекеттегі жинақтаушы зейнетақы қорларының ішіндегі жетекшілер үштігіне кіретін жүйе құрушы қорлардың бірі, сондай-ақ, мемлекеттік қатысуы бар Қор болып табылады. Қазіргі уақытта Қордың ірі акционері - «БТА Банкі» АҚ, ол өз алдына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бақылауында. Кастодиан-банкі «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ * № 0000001 лицензия Қазақастан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 2005 жылғы 20 маусымда берілді (зейнетақы жинақтарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметі) * № 3.2.1./42 лицензия 2010 жылғы 31 мамырда берілді, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру құқығы (зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметі) ## Тарихы 1997 жыл. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясын бекіту туралы» Қаулысы қабылданғаннан кейін біздің Қордың акционерлері бірінші болып бұл идеяға қолдау көрсетті және жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Осылайша, республиканың қаржы нарығында бірінші корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры – «Қазақтелеком–Үміт» пайда болды.Бірінші қазақстандық қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүргізу қызметі бойынша № 0000001 мемлекеттік лицензиясын алды. «Қазақтелекомның» бүкіл ұжымы Қордың салымшыларына айналды. 1998 жыл. Акционерлермен Қорды «Үміт» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. 2000 жыл. Кәсіподақтар Федерациясының БЖЗҚ «Үміт» ЖЗҚ--ға қосылды. 2001 жыл. «Ұлар» ЖЗҚ және «Үміт» ЖЗҚ акционерлері «ҰларҮміт» ЖЗҚ» ЖАҚ деген атаумен елдегі ең ірі екі қорды тепе-теңдік негізінде біріктіру жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Бірігу мақсаты - зейнетақы саласында жоғары кәсіби қызмет көрсетудің заманауи талаптарына жауап беруге қабілетті, қуатты қаржы және әлеуметтік институт құру идеясы болды. Осы уақыттан бастап біріккен бренд ретінде «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қорының даму тарихындағы жаңа кезеңі басталды.2005 жыл. Жарғының жаңа редакциясының қабылдануына байланысты «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамы - «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы болып атауын өзгертті.«ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 100 млрд. теңгеден асты. 2009 жыл. «ҰларYмiт» ЖЗҚ» АҚ тарихта алғашқы рет жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысын жетілдіруге бағытталған қосымша әрекеттерді жүзеге асырып, салымшылардың мүдделері үшін Қор жұмысының сапасын жаңа деңгейге көтерді.Қор алғашқы болып:- инвестициялық қоржынның құрылымын толығымен ашты. «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ инвестициялық қоржынының құрылымын ерікті жариялау бастамасының арқасында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті тұлғасында реттеуші осындай талапты басқа ЖЗҚ-лар үшін де енгізді. Инвестициялық қоржынды міндетті толықтай жариялау БЖЗҚ құрылғаннан кейін де сақталды.- комиссиялық сыйақының үдемелі шәкілін қолданды: Қордың комиссиялық сыйақысы көп жылдар бойы салымшылар үшін кіргізілген табыстылықтың деңгейіне тәуелді болды.- есептік саясатта: Қор инвестициялық қоржынын толығымен нарықтық құны бойынша бағалауды жүзеге асырды. 2010 жыл, маусым. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Қорғау» ЖЗҚ» АҚ-ның активтерін, активтер көлемінің жеткіліктілігі, өтімділігі, тұрақтылығы бойынша талаптарға сәйкес келетін және мемлекеттік қолдауға ие «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-на беру туралы шешім қабылдады. 2010 жыл, желтоқсан. «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ басқару жүйесінің ISO 9001-2008 стандартының талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды. 2011 жыл, мамыр. «БТА Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ-н Қорға қосу арқылы «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-н қайта ұйымдастыру жүзеге асырылды, ол республикамыздың қаржы қызметі нарығының зейнетақы сегментіндегі «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ үлесінің 20%-ға дейін ұлғаюына алып келді. 2012 жыл. «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ - мемлекетіміздің барлық аймақтарындағы салымшыларға қызмет көрсететін 21 филиал мен 140 бөлімшеден тұратын кең таралған желілердің бірін құрды. Ұзақ мерзімді мемлекеттік қарыз алу саясатын қалыптастыруды, сондай-ақ мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларына инвестициялауды қарастыратын зейнетақы активтерін инвестициялаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасады. Қызметін бастаған кезеңнен бері Қорда 4 мыңнан астам жоғары дәрежелі өз ісінің мамандары жұмыс істеді. ## Көрсеткіштер 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша * Зейнетақы активтері: 442, 957 млрд. теңгеден астам (шамамен 2,86 млрд. АҚШ дол.) * Салымшылар саны: 1 377 357 адам * Есептелген инвестициялық кіріс: 121,151 млрд. теңге (шамамен 781,6 млн. АҚШ дол.) * Қызметін бастаған кезеңнен бергі зейнетақы төлемдері: 66,7 млрд. теңгеден астам (шамамен 430,4 млн. АҚШ дол.) * Меншікті капитал: 14,768 млрд теңге (шамамен 95,3 млн. АҚШ дол.) * Жарғылық капитал: 11,812 млрд. теңге (шамамен 76 млн. АҚШ дол.) ## Акционерлер Қордың даму тарихында оның акционерлері ретінде ірі табысты компаниялар болды: 1997 жылы бірінші акционері «Қазақтелеком» АҚ, содан кейін жетекші банктер, қаржылық және өнеркәсіптік компаниялар.2010 жылдан «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-ның негізгі акционері болып «БТА Банкі» АҚ табылады. ## Басшылық 2011 жылғы қарашадан * Басқарма Төрағасы болып Дәулет Мухтарович Сахипов табылады * Басқарма мүшелері:Айгуль Толеухановна Дусалиева,Максим Владимирович Бычков * Айгуль Толеухановна Дусалиева, * Максим Владимирович Бычков ## Директорлар кеңесі * Анвар Галимуллаевич Сайденов (Төраға), * Азамат Мырзаданович Жолдасбеков (тәуелсіз директор), * Малик Тулеубекович Есенбаев ## Сыртқы сілтемелер * www.ularumit.kz Мұрағатталған 19 шілденің 2013 жылы. Ресми сайты * www.kase.kz/en/emitters/show/UUPF Мұрағатталған 29 сәуірдің 2014 жылы. * www.raexpert.kz/database/companies/ularumit Мұрағатталған 13 наурыздың 2014 жылы. * mln.kz/content/daulet-sakhipov-i-budushchim-pensioneram-i-profuchastnikam-rynka-trebuetsya-vyderzhka Мұрағатталған 29 сәуірдің 2014 жылы. * www.kursiv.kz/freshkursiv/details/deistvujushie-lica-weekly/daulet-saxipov-pensionnye-dengi-dolzhny-rabotat-v-yekonomike-rk Мұрағатталған 29 сәуірдің 2014 жылы. * newsite.kazpravda.kz/print/1351650217 Мұрағатталған 13 наурыздың 2014 жылы.
Рашида Ғалиақбарқызы Хаджиева (21 қараша 1948 жыл, Астанада туған) — қазақстандық актриса, Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі (1987), Құрмет орденінің иегері (2012) және Қазақстан Білім беру ісінің үздігі. ## Өмірбаяны Хаджиеваның ұлты қазақ. Әкесі — Әлқұлов Ғалиақбар, марқұм, қаржы инспекторы болып жұмыс жасаған. Анасы — Әлқұлова Бәден, марқұм, үй шаруасында болған.КСРО Ленин орденді Мемлекеттік академиялық Кіші театры жанындағы М.С. Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесінің актерлік факультетін бітірген (Мәскеу, 1972). 1972 жылдан — Торғай музыкалық драма театрында актриса. 1976 жылдан — Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында актриса. 1983 жылдан Жезқазған драма театрында актриса. 1996 жылдан бері — труппа меңгерушісі, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса. «Махаббат дастаны» (Мақпал), «Күйеуіңізді сатыңызшы» (Елена), «Қамар сұлу» (Гүлжан), «Қош, махаббат!» (Сәлима), «Үлкен әкпе» (Қамажай), «Ескі үймен қоштасу» (Назгүл), «Мәңгілік бала бейне» (Қатша, Үзынғайша), «Ромео и Джульетта» (Капулетти), «Жүрейік, жүрек ауыртпай» (Бәйбіше), «Қара кемпір» (Қара кемпір) қойылымдарында рөлдерде ойнайды. ## Өз өмірі Діни көзқарасы — мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Жақсару». Хоббиі - кітап оқу. Тұрмыс құрған. Жұбайы — Жанат Әубәкірұлы Хаджиев (1949 жылы туған), Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері. ## Марапаттары * 1973 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Президиумының "Құрмет" грамотасымен марапатталған. * 1987 жылы "Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағы. * 2012 жылы президент жарлығы бойынша Құрмет ордені мен марапатталды. * 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі. ## Дереккөздер
Сәбит — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Майбалық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 204 адам (113 ер адам және 91 әйел адам) болса, 2009 жылы 155 адамды (76 ер адам және 79 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті — жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы. ## Тарихы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы №1755 қаулысымен Iшкi iстер министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi таратылып, орнына Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №129 Жарлығына орай ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы №900 қаулысымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігінің қарамағына өтті. ## Міндеттері * жазаларды өтеу және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау тәртібі мен шарттарын реттеу * сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, күдіктілердің, айыпталушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету ## Қарамағындағы мекемелер Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөліністердің тізбесі * Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті * Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі * Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек» ШЖҚ РМКЕңбек-Жайық, Еңбек-Батыс, Еңбек-Ақтау, Еңбек-Ақтөбе, Еңбек-Қызылорда, Еңбек-Шымкент, Еңбек-Тараз, Еңбек-Тас, Еңбек-Жауғашты, Еңбек-Семей, Еңбек-Ақмола, Еңбек-Аршалы, Еңбек-Астана, Еңбек-Атбасар, Еңбек-Көкшетау, Еңбек-Қостанай, Еңбек-Қызылжар, Еңбек-Павлодар, Еңбек-Қарағанды филиалдары * Еңбек-Жайық, Еңбек-Батыс, Еңбек-Ақтау, Еңбек-Ақтөбе, Еңбек-Қызылорда, Еңбек-Шымкент, Еңбек-Тараз, Еңбек-Тас, Еңбек-Жауғашты, Еңбек-Семей, Еңбек-Ақмола, Еңбек-Аршалы, Еңбек-Астана, Еңбек-Атбасар, Еңбек-Көкшетау, Еңбек-Қостанай, Еңбек-Қызылжар, Еңбек-Павлодар, Еңбек-Қарағанды филиалдары * Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі * Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлiмi * Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлiмi Түзету мекемелері * №1 мекеме (Атбасар қ.) * №2 мекеме (Аршалы ауданы, Аршалы к.) * №3 мекеме (Астана қ.) * №4 мекеме (Степногорск қаласы, Заводской к.) * №5 мекеме (Степногорск қаласы, Ақсу к.) * №6 мекеме (Көкшетау қ.) * №7 мекеме (Зеренді ауданы, Гранитный а.) * №8 мекеме (Ақтөбе қ.) * №9 мекеме (Ақтөбе қ.) * №10 мекеме (Іле ауданы, Жауғашты а.) * №11 мекеме (Алматы қ.) * №12 мекеме (Қонаев қаласы, Заречное а.) * №13 мекеме (Алматы қ.) * №14 мекеме (Қонаев қаласы, Заречное а.) * №15 мекеме (Атырау қ.) * №16 мекеме (Өскемен қ.) * №17 мекеме (Өскемен қ.) * №18 мекеме (Шемонаиха ауданы, Половинка а.) * №19 мекеме (Семей қ.) * №20 мекеме (Семей қ.) * №21 мекеме (Семей қ.) * №22 мекеме (Глубокое ауданы, Бобровка а/о) * №23 мекеме (Жарма ауданы, Шуақ а.) * №24 мекеме (Өскемен қ.) * №25 мекеме (Тараз қ.) * №26 мекеме (Жамбыл ауданы, Айша бибі а/о) * №27 мекеме (Орал қ.) * №28 мекеме (Орал қ.) * №29 мекеме (Абай қ.) * №30 мекеме (Шахтинск қаласы, Долинка к.) * №31 мекеме (Шахтинск қаласы, Долинка к.) * №32 мекеме (Абай ауданы, Северное а.) * №33 мекеме (Шахтинск қаласы, Долинка к., Сангородок е.м.) * №34 мекеме (Шахтинск қаласы, Долинка к., Сангородок е.м.) * №35 мекеме (Абай ауданы, Қарабас к.) * №36 мекеме (Шахтинск қаласы, Долинка к.) * №37 мекеме (Қызылорда қ.) * №38 мекеме (Қостанай қ.) * №39 мекеме (Жітіқара ауданы, Тоқтаров а/о) * №40 мекеме (Қостанай қ.) * №41 мекеме (Арқалық қ.) * №42 мекеме (Ақтау қ.) * №43 мекеме (Ақтау қ.) * №44 мекеме (Павлодар қ.) * №45 мекеме (Павлодар қ.) * №46 мекеме (Павлодар қ.) * №47 мекеме (Екібастұз қ.) * №48 мекеме (Петропавл қ.) * №49 мекеме (Қонаев қаласы, Заречное а.) * №50 мекеме (Петропавл қ.) * №51 мекеме (Айыртау ауданы, Новоукраинка а.) * №52 мекеме (Қызылжар ауданы, Ольшанка а.) * №53 мекеме (Шымкент қ.) * №54 мекеме (Шымкент қ.) * №55 мекеме (Леңгір қ.) * №56 мекеме (Шымкент қ.) * №57 мекеме (Қонаев қаласы, Заречное а.) * №58 мекеме (Тараз қ.) * №59 мекеме (Тараз қ.) * №60 мекеме (Қызылорда қ.) * №61 мекеме (Қарағанды қ.) * №62 мекеме (Жезқазған қ.) * №63 мекеме (Павлодар қ.) * №64 мекеме (Астана қ.) * №65 мекеме (Көкшетау қ.) * №66 мекеме (Петропавл қ.) * №67 мекеме (Тараз қ.) * №68 мекеме (Қызылорда қ.) * №69 мекеме (Шымкент қ.) * №70 мекеме (Ақтөбе қ.) * №71 мекеме (Талдықорған қ.) * №72 мекеме (Алматы қ.) * №73 мекеме (Өскемен қ.) * №74 мекеме (Орал қ.) * №75 мекеме (Атырау қ.) * №76 мекеме (Қостанай қ.) * №77 мекеме (Ақтау қ.) * №78 мекеме (Шымкент қ.) * №79 мекеме (Атырау қ.) ## Дереккөздер
Жалтырша — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Майбалық ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 62 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 72 адам (35 ер адам және 37 әйел адам) болса, 2009 жылы 45 адамды (19 ер адам және 26 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бабажанов— ататек. Аты шыққан иелері: * Мұхамед-Салық Бабажанов - этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы. * Қарауылқожа Бабажанов - Бөкей ордасының старшыны (19 ғасырдың1-жартысы), ірі жер иесі, саудагер, Жәңгір ханның қайын атасы. * Дадаш Бабажанов — екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, бөлімше командирі. Өзбек. * Бабажанов Шухрат — суретші, журналист, саясаткер.
Бабек: * Бабек — Әзірбайжандағы қала. * Бабек — Болгариядағы ауыл. . * Бабек — 816-837 ж.ш. Әзірбайжан мен Батыс Иранда болған ірі халық көтерілісінің көсемі. * Бабек — Бабектің өмірбаяны және оның ерліктері туралы көркем фильм. * Бабек — балет Акшин Ализаденың балеті. (Бабек (youtube.com))
Бабек (парсы: بابک خرمدین‎) немесе Папақ (789—800 ж.ш., Билалабад, Иран Әзірбайжанында — қаңтар 838, Самарра , Ирак) — Иран Әзірбайжаны мен Батыс Иранда болған ірі халық көтерілісінің көсемі. Иран Әзірбайжанында туған. Ұсақ саудагер баласы. 816 ж. хуррамидтер қозғалысын басқарды. Әзірбайжанда арабтарға қарсы көтеріліс ұйымдастырды. Көтерілісті басқаннан кейін өкімет Бабекті Самаррада халықтың көзінше азаптап жазаға тартады. Әзірбайжанда Бабек халық каһарман ретінде құрметтеледі. ## Дереккөздер
Мопла көтерілісі - Үндістанның Малабар округы, Мадрас пров-ндағы мұсылмандардың (мопла) феодализм мен империализмге қарсы 1921 жылғы көтерілісі. Көтерісшілер темір жолды басып алды, телеграф байланысын үзіп, ағылшын әкімшілігін сыртқы дүниеден бөліп тастады. Көтерілісті халифат қозғалысына қатысушы, арбакет В. Хаджи Кунахмед басқарды. Олар Эрнад, Валлуванад округтарын басып алып, «халифат патшалығын» жариялады. Қару-жарақ тапшылығын көрген моплалар 1921 жылдың ақырында берілуге мәжбүр болды. Таулы аймақтарда қарулы күрес 1922 жылғы февральдың ақырына дейін толастамады. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
Орал Арматура заводы – арматура кәсіпорны. Орал қаласындағы шойын құю заводының негізінде 1925 ж. құрылған. Өнеркәсіпте, транспортта, құрылыста, ауыл шаруашылығында қолданатын арматура өнімдерін, әр түрлі диаметрлі вентиль, конденсатотводчиктер жасап шығарады. Шойын құю, механикалық –құрастыру цехтары бар. Заводтың арматура өнімдері 36 шетелге экспортқа шығарылады. 1974 ж. заводта 13,6 мың тонна шойын қорытылды және 1,67 млн. данадай арматура бөлшектері өндірілді . Завод цехтары техникалық жағынан қайта жарақтандырылып, автоматты және жартылай автоматты станоктармен жабдықталған. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
Юлия Антоновна Путинцева (7 қаңтар 1995(19950107), Мәскеу) – кәсіби ресейлік теннисшы, 2012 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанның намысын қорғайды. Жеке сында ITF сериясындағы турнирлерде 6 дүркін жеңімпаз. Жеке сында юниорлар арасында Үлкен шлемның 2 дүркін финалисты (US Open – 2010. Australian Open – 2012). Жеке сында Orange Bowl – 2011 турнирының финалисты. Жеке сында юниорлар арасында Үлкен шлемның 1 дүркін жартылай финалисты ( Уимблдон – 2010). Жұптық сында юниорлар Олимпиадасының 1 дүркін жартылай финалисты (2010жыл). Юниорлар рейтингінде әлемнің экс – 3 ші ракеткасы. Жеке сында Les Petits As – 2009 турнирінің жеңімпазы. ## Жалпы Ақпарат Путинцева Юлияның әкесі - Антон өзі тенниске бағыттап үйреткен, қызының жеке бапкері, анасы – Анна. Юлияның Илья деген ағасы бар. Грунтта өнер керсеткенді ұнатады. 2012 жылдың мамыр айынан бастап қазақстан намысын қорғап жұрген тағы бір қазақстандық теннисші. 2013 жылы Франциядағы Патрик Муратоглу Теннис Академиясында бас бапкер Муратоглудан дәріс алып шықты, және де швейцариялық Мартина Хингес бапкері болды. ## Спорттық карьерасы Бес жастан теннис ойнауды бастаған. 2010 жылдан бастап кәсіби теннисшы. 2014 жылдың 14 сәуір айына жұктелсек жеке дәрежедегі турнирлерде өнер көрсетіп, оның ішінде 99 матчте жеңіске жетіп, 64 матчте жеңілген. Сол уақытта жұп сынында турнирлерде өнер көрсетіп, оның ішінде 1 матчте жеңілген.Жеке дәрежеде өнер көрсететін теннишылардың рейтингінде 2013 жылы 29 сәуір айында ең жоғарғы 88 орынды ұстап тұрды. 2013 жылы 18 жасар Путинцева Юлия алғаш рет бір неше Үлкен Шлем турнирларында өнер көрсетті .2013 жылы қаңтар айында Мельбурнде өтетін Австралия ашық чемпионатының бірінші айналымда Юлия Путинцева америкалық 20 жасар әлемнің 33 ракеткасы Кристина Макхейлмен жолы түйісіп жеңген. Екінші айналымында жеңіліске жетті. Франция Ашық Чемпионатының екінші айналымында жеңіліске жетті. Және де келесі Лондонда өтетін Үлкен Шлем Турнирінде, Уимблдон-2013-те бірінші айналымында бельгиялық әлемнің 20-шы ракеткасы Кристен Флипкенске 5-7, 4-6 есебімен жеңілді. ## Жеке сында жыл соңындағы рейтингі * 2013 — 102 * 2012 — 121 * 2011 — 241 * 2010 — 725 ## Турнирларда Өнер Көрсету * Жеке дәрежедегі турнирледе өнер көрсету * Жеке дәрежеде ITF турнирлердің финалы (9) * Жеңістер (6) * Жеңілістер (3) ## Сілтемелер * WTA сайтындағы профилі. * ITF сайтындағы профилі Мұрағатталған 9 мамырдың 2014 жылы..
Петровка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Мирный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Баян көлінің солтүстік жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 617 адам (309 ер адам және 308 әйел адам) болса, 2009 жылы 344 адамды (172 ер адам және 172 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Касем Абдель Керим-Ирактың мемлекет қайраткері. Ол 1914 жылы Бағдатта дүниеге келген. ## Еңбек жолы 1955 жылдан бригадалық генерал,1959 жылдың январынан генерал-майор. 1956 жылы бір топ ирак офицерлерімен бірге армия ішінде антиимпериалистік, антимонархиялық астыртын «Еркін офицерлер» ұйымын құрды. Бұл ұйым жасаған әскери төңкеріс 1958 жылғы Ирак революциясының бастамасы болды. 1958-1963 жылдары Ирак республикасының премьер-министрі, қорғаныс министрі әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы. Касем Абдель Керим Үкіметі бастапқы кезде бірқатар прогресшіл шараларды жүзеге асырды. 1959 жылдың аяғынан бастап демократияшыл күштерді тұншықтыруға ойысты, 1961 жылы күрдтарға қарсы соғыс ашты, жеке басының диктатурасын орнатты. «Баас» партиясы жетекшілік еткен реакцияшыл төңкеріс кезінде атылды. Бұл оқиға 1963 жылы 9 ақпанда орын алған болатын. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
Мирное — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Мирный ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде, орманды - дала белдемінде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланды. 1932–66 жылдары астық өндіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Мирноеда ЖШС-тер және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1003 адам (479 ер адам және 524 әйел адам) болса, 2009 жылы 575 адамды (279 ер адам және 296 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Оқпан маңы – шахта оқпаның жер астындағы қазбалармен жалғастыратын және шахталық- өндірістік машиналар мен құралдар тұратын қазбалар жиынтығы. Мұнда шахтадағы суларды сарқып, жер үстіне айдамалайтын насос камерасы, қосалқы электр станциясы, электровоздар гаражы, әр түрлі қоймалар мен қазылған кен және тау жыныстары жинақталатын станция, машиналар мен механизмдердің забойларға таралу торабы, жер үстінен төмен түсірілген бос вагонеткалар және қазба бекіту материалдары орналастырылатын орындар т. б. болады. Шахта жұмысының көлеміне карай Оқпан маңы жер бетімен бір немесе 2-3 оқпан арқылы байланысады. Оның бірі кен шығаруға (скипті оқпан) , екіншісі (клетьті оқпан) адамдар мен әр түрлі материалдар тасымалдауға пайдаланылады. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.
Каскай тайпалары (ca-as-sa) каскейлер, каскилар, кашкилар, кашкейлер – ежелгі заманда Хет патшалығының солтүстік және солтүстік-шығысына таман Понт тауларын, Кіші Азияны мекендеген тайпалар одағы. Каскай тайпалары көршілес хеттерге үнемі шабуыл жасап тұрды. Шабуылдар мерзімі б.з.б 17 ғасырмен б.з.б. 13 ғасыр аралықтарын қамтыды. Олардың негізгі шаруашылығы - ірі қара мал шаруашылығы және тоқыма кәсіпшілігі. Біздің заманымыздан бұрын 14 ғасырға дейін Каскай тайпаларында «әскери демократия» сақталып келді. Біздің заманымыздан бұрын 12 ғасырдан бастап Каскай тайпалары, ассириялық деректемелер бойынша, Кіші Азияның табал және мушка тайпаларымен көршілес жатқан шығыс шетін мекендейді. ## Дереккөздер Қазақ энцеклопедиясы 8 том.
Айымжан — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Мирный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 570 адам (290 ер адам және 280 әйел адам) болса, 2009 жылы 419 адамды (210 ер адам және 209 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Карийск қуғыны – патшалық Россияның Қара өзені (Забайкалье) бойындағы саяси каторгасы. 1838 жылы алтын кенінің бай қоры табылуына байланысты пайда болды. Алтын өндіру үшін әуелі оған қылмыстыларды, 1873 жылдан саяси тұтқындарды жіберді. Мұндағы 7 түрмеде (біреуі саяси тұтқындарға арналып 1881 жылы салынған) не бары 211 (кей деректерде 217) саяси тұтқын (оның 32-і әйел) болды. Олардың көбі 70-80 жылдардағы процестерге байланысты сотталған халықшылдар еді. И. Н. Мышкин бастаған топтың 1882 жылы каторгадан қашуының сәтсіз аяқталуынан кейін, саяси тұтқындардың жағдайы нашарлады. Азапқа, қорлауға шыдамай бірнеше тұтқын әйел өзін-өзі өлтірді. Ерлер түрмесінде 14 саяси тұтқын уланып өлді. Кара трагедиясы атанған 1889 жылғы оқиғадан кейін, 1890 жылы бұл арадағы тұтқын орындары жойылып, саяси тұтқындар Акатуйға ауыстырылды. ## Дереккөздер Қазақ энцеклопедиясы. 4 том.
Рождественка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Мирный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстікке қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 372 адам (187 ер адам және 185 әйел адам) болса, 2009 жылы 177 адамды (91 ер адам және 86 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бұл граната 1915 жылы Ұлыбританияда Ульям Миллс жасап шығарды. Оның «Mk 5», «Марк 23» немесе «Mk 23» және «Mk 36» деген нұсқалары бар. Соңғы нұсқасы 1917 жылы шығарылды. Гранатаның білігі винтовканың оқпанында қойылған. Атыс бос потронмен іске асырылды, осылайша граната нысанға тиеді. Миллс гранатасы бельгиялық граната үлгісімен жасалды. Миллс гранатасы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Антантада, 1918 – 1922 жылдары азаматтық соғыста Ресейде қолданлды. Сол кезде ол Ресейде жасалмайтын, Англиядан тасымалданатын. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Ұзынкөл (1999 жылға дейін — Комсомольское) — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Мирный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстікке қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 361 адам (180 ер адам және 181 әйел адам) болса, 2009 жылы 243 адамды (112 ер адам және 131 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызылорда медицина колледжі 1928 жылы 15 тамызда "Қазақ акушерлік техникумы" деген атпен ашылған. 1954 жылы "Қызылорда медициналық училищесі" болып аталынды. 1996 жылы 14 маусымда Қызылорда медицина колледжі болып қайта құрылды. 1999 жылдың 25 қаңтарында Қызылорда медицина колледжі мемлекеттік қазыналық мекеме болып тіркелді. Қызылорда медицина кол­леджінің директоры, медицина ғылымдарының докторы, облыс­тық мәслихат депутаты Ақ­марал Шәріпбайқызы Әл­назар­ова. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2001 жылғы 3 тамыздағы Мемлекеттік лицензиясы негізінде: * 0301000 - Емдеу ісі; * 0309000 - Акушерлік іс; * 0304000 - Стоматология; * 0306000 - Фармация; * 0302000 - Мейірбеке ісі; * 0305000 - Лабораториялық диагностика; * 0303000 - Гигиена және эпидемиология мамандықтары бойынша орта; * 1121000 - Медицина техникаларын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу Медицина кадырларын дайындайды.Колледж 2008 жылы мамыр айында Мемлекеттік аттестациядан өтті. 2009-2010 оқу жылында колледжге "ҚР СТ ИСО 9001-2009" сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Колледж "Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны - 2010" облыстық байқауының қорытындысы бойынша І орын иеленген. ## Сілтемелер: * kyzylorda-zhastary.kz сайтындағы профилі. Мұрағатталған 2 мамырдың 2014 жылы.
## Сыртқы сауда құжаттары. Халықаралық сауда айналымында көптеген құжаттар қолданылады. Ондай құжаттарға мыналар жатады: фактура, теміржол құжаттамасы, халықаралық әуе көлігінің құжаттамасы, халықаралық автомобиль көлігінің құжаттамасы СМR, өзен көлігінің коносаменті, [теңіз көлігінің коносаменті]], жіберушінің пошталық куәлігі. Фактура * келесідей мәліметтерден тұрады: * жазылып берілген күні мен орны; * сатушының аты және мекен-жайы; * сатып алушының аты және мекен-жай; * төлеуші туралы мәліметтер * жіберудің тәсілдері, күні және көлік құралдарының түрлері; * жүкті артудың және түсірудің орны; * жіберілетін тауардың нақты сипаттамасы; * сатушы тарапынан жасалатын қосымша шығындар; * тауарларды таңдау мен сұрыптау; * фактураның қорытынды сомасы; * төлем төлеудің тәртібі мен мерзімі; * фактураны жазып берген тұлғаның қолы. Теміржол құжаттамасы * жіберушінің аты, мекен-жайы; * жүкті қабылдаушының аты мекен-жай; * тауардың сипаттамасы, салмағы мен қорапқа салынуы; * қозғалыстың бағыты; * тасымалдау үшін тариф; * жеткізілетін стансаның штемпелі; * теміржол құжаттамасына қосылған құжаттардың тізімі; * тауардың мінездемесін сипаттайтын басқа да нақты мәліметтер. Әуе көлігінің халықаралық құжаттамасы Әуе көлігінің халықаралық құжаттамасы (ағылшын тілінде: negotaible air cosignment note) тауарды әуемен тасымалдауды куәлендіретін құжат болып табылады. Көлік құралына IATA (әуе көлігі бойынша халықаралық конвенция) конвенциясымен орнатылған талаптар қойылады. Автомобил көлігінің халықаралық құжаттамасы CMR Өзен көлігінің коносаменті * жүкті тиеумен айналысатын ұйымның атуы мен мекен-жайы; * жікті қабылдаушының атауы мен мекен-жайы; * баржаның атауы мен номері; * жүкті тиейтін порт, жүкті тиеудің орны мен күні; * тауардың сипаты, белгісі мен салмағы; * көлік үшін төленетін төлемнің орны; * жүкті тиеуге жауапты тұлғаның қолы; * көлік құралы ісі бойынша капитанның немесе агенттің қолы; * коносаменттің саны мен көшірмесі. Теңіз көлігі бойынша коносамент Теңіз көлігі бойынша коносамент (ағылшын тілінде: bill of lading) теңіз арқылы тасымалдаудың маңызды құжаты болып табылады. Аталған коносамент тасымалдау туралы келісім болып табылмайды, бірақ тасымалдаушы жазып беретін тауар құжаты болып табылады және: * теңіз арқылы тауараларды тасымалдау немесе үйлесімді тасымалдаудың дәлелдеме құжаты; * екі тараптың жасаған келісімін дәлелдейтін құжат; * тауар үшін меншік құқығын дәлелдейді; Жіберушінің пошталық куәлігі ## Дерек көзі: * Қазақстан Республикасындағы кеден кодексі. 2003 жыл 1 - мамыр; * «Основа таможенного дела» В.Г. Драганов Москва, Экономика. 1998 г. * «Что такое сертификация?» М.Ахметжанов Алматы, 2000 г. ## Сыртқы сауда құжаттары. Халықаралық сауда айналымында көптеген құжаттар қолданылады. Ондай құжаттарға мыналар жатады: фактура, теміржол құжаттамасы, халықаралық әуе көлігінің құжаттамасы, халықаралық автомобиль көлігінің құжаттамасы СМR, өзен көлігінің коносаменті, [теңіз көлігінің коносаменті]], жіберушінің пошталық куәлігі. ### Фактура * келесідей мәліметтерден тұрады: * жазылып берілген күні мен орны; * сатушының аты және мекен-жайы; * сатып алушының аты және мекен-жай; * төлеуші туралы мәліметтер * жіберудің тәсілдері, күні және көлік құралдарының түрлері; * жүкті артудың және түсірудің орны; * жіберілетін тауардың нақты сипаттамасы; * сатушы тарапынан жасалатын қосымша шығындар; * тауарларды таңдау мен сұрыптау; * фактураның қорытынды сомасы; * төлем төлеудің тәртібі мен мерзімі; * фактураны жазып берген тұлғаның қолы. Теміржол құжаттамасы * жіберушінің аты, мекен-жайы; * жүкті қабылдаушының аты мекен-жай; * тауардың сипаттамасы, салмағы мен қорапқа салынуы; * қозғалыстың бағыты; * тасымалдау үшін тариф; * жеткізілетін стансаның штемпелі; * теміржол құжаттамасына қосылған құжаттардың тізімі; * тауардың мінездемесін сипаттайтын басқа да нақты мәліметтер. Әуе көлігінің халықаралық құжаттамасы Әуе көлігінің халықаралық құжаттамасы (ағылшын тілінде: negotaible air cosignment note) тауарды әуемен тасымалдауды куәлендіретін құжат болып табылады. Көлік құралына IATA (әуе көлігі бойынша халықаралық конвенция) конвенциясымен орнатылған талаптар қойылады. Автомобил көлігінің халықаралық құжаттамасы CMR Өзен көлігінің коносаменті * жүкті тиеумен айналысатын ұйымның атуы мен мекен-жайы; * жікті қабылдаушының атауы мен мекен-жайы; * баржаның атауы мен номері; * жүкті тиейтін порт, жүкті тиеудің орны мен күні; * тауардың сипаты, белгісі мен салмағы; * көлік үшін төленетін төлемнің орны; * жүкті тиеуге жауапты тұлғаның қолы; * көлік құралы ісі бойынша капитанның немесе агенттің қолы; * коносаменттің саны мен көшірмесі. Теңіз көлігі бойынша коносамент Теңіз көлігі бойынша коносамент (ағылшын тілінде: bill of lading) теңіз арқылы тасымалдаудың маңызды құжаты болып табылады. Аталған коносамент тасымалдау туралы келісім болып табылмайды, бірақ тасымалдаушы жазып беретін тауар құжаты болып табылады және: * теңіз арқылы тауараларды тасымалдау немесе үйлесімді тасымалдаудың дәлелдеме құжаты; * екі тараптың жасаған келісімін дәлелдейтін құжат; * тауар үшін меншік құқығын дәлелдейді; Жіберушінің пошталық куәлігі ## Дерек көзі: * Қазақстан Республикасындағы кеден кодексі. 2003 жыл 1 - мамыр; * «Основа таможенного дела» В.Г. Драганов Москва, Экономика. 1998 г. * «Что такое сертификация?» М.Ахметжанов Алматы, 2000 г.
Қаратал мұнай кен орны — Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор темір жол стансасының солтүстік-батысында 80 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан. Кен орны 1954-1960 жылдары барланып ашылған. ## Геологиялық сипаты * Кен орны 4 қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. * Төменгі борда 360-443 м тереңдікте бір неокомапт мұнайлы қабаты бөлінген. * Иірімнің биіктігі 13-15,6 м. * Су-мұнай жапсары -355,6-400 м. * Өнімді горизонт терригендік таужыныстардан түзілген, коллекторлары кеуекті. * Қабаттарының мұнайға қаныққан қалыңдығы 2,6-3 м, ашық кеуектілігі 21,5% , өткізгіштігі 0,285 мкм2 аралығында, мұнайға қаныққан коэффициенті 0,81. * Мұнайдың шығымы 0,54 м3/тәулік, бастапқы қабаттың қысымы 3,65 МПа. ## Химиялық құрамы * Күкірті аз - 0,4% * Парафині аз - 0,65% * Шайырлылығы - 34% * Хлоркальцийді қабат суларының тығыздығы 1110 кг/м3. ## Дереккөздер
Қоғамдық тамақтандыру объектілерін (бұдан әрі - объектілер) орналастыру, жер учаскесін беру, құрылыс пен қайта жөндеу туралы жобалық құжаттарды бекітуге, пайдалануға беруге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол беріледі. Объектілер оңаша тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған үй-жайларда, алаңы 700 шаршы метрден артық болмайтын ғимараттардың бірінші қабаттары мен төменгі қабаттарында, сол сияқты өнеркәсіптік және басқа да объектілердің аумағында орналаса алады. Бұл жағдайда қоғамдық тамақтандыру нысандарымен қатар немесе олардың үстінде орналасқан адамдардың тұрмысы, дем алу, емделу, еңбек етудегі санитарлық-гигиеналық жағдайлары нашарламауы керек. Тұрғын үйлердің бірінші қабатына орын саны 50-ден аспайтын және жұмыс режимі сағат 23-ке дейін қалыптасқан объектілерді орналастыруға рұқсат етіледі. Тұрғын үйлерде орналасқан объектілердің тұрғындар бөлігінен оқшауланған кіретін есігі мен эвакуациялық шығатын есіктері болуы керек. Азық-түліктік шикі заттар мен тағам өнімдерін тұрғын үйлердің ауласы жағынан қабылдауға рұқсат етілмейді. Өнімдерді тиеу тұрғын үйлердің терезелері жоқ, жер асты туннелдерінің магистраль жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлары арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Өндірісі шағын объектілер үшін жүкті түсіру-тиеу негізгі кіретін есік арқылы, жұмыс басталарға дейін жүргізуге рұқсат етіледі.Тұрғын үйлердің бірінші қабаты терезесінің астына, тротуарларға қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жазғы алаңдарын орналастыруға, тағам дайындайтын технологиялық жабдықтарын, дыбыс шығаратын аппаратураларын орнатуға рұқсат етілмейді. Объектілерде тұрғын үй-жайларын, қоғамдық тамақтандырумен байланысы жоқ жұмыстар және қызмет көрсету орындарын орналастыруға, хайуанаттар мен құстарды ұстауға болмайды. Объектінің аумағы таза ұсталынып, көркейтіліп, қасында уақытша автокөлік қоюға арналған алаңдар қарастырылуға тиіс, қоқсықтарды жинауға арналған қақпағы бар контейнерлерді қоюға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң болуы керек. Контейнерлер алаңның шетінен кем дегенде 1 метр қашықтықта орналастырылады. Қоқсық жинағыш алаң нысаннан және тұрғын үйлердің есік пен терезелерінен кем дегенде 25 метр (бұдан әрі - метр) қашықтықта орналастырылады. Қоқыс жинайтын алаңдарды санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде, жергілікті атқару органдарымен келісе отырып, жалпы аулалық қоқыс жинауға арналған алаңдарда орналастыруға рұқсат етіледі. Алаңнан қоқсық контейнерлердің 2/3 көлемі толған кезде шығарылып, жұмыстың аяғында олардың іші кальцийленген соданың 1% ыстық (45-50оС) ерітіндісімен немесе Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген заттардың реестріне сәйкес басқа жуғыш заттармен жуылып, тазартылуы тиіс. ## Дереккөздер http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V030002526_
Миролюбово — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Кладбин ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін қысқартылған "Новорыбин ауылдық округі" құрамында болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Пресновка ауылынан шығысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 305 адам (164 ер адам және 141 әйел адам) болса, 2009 жылы 207 адамды (112 ер адам және 95 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Багаудтар (лат. Bagaudae) - Галлия мен Солтүстік Испаниядағы Римге қарсы халық-азаттық қозғалысына қатысушылар (3-5 ғ.). Қозғалыс ІІІ-V ғ-ларда орын алып, қатарын кедей адамдар, құлдар құраған. 283-285 ж. (немесе 269-270) басталып, негізінен Сена мен Луара өзендері аралығындағы аймақтарда өріс алды. Багаудтардың жетекшілері - Аманд пен Элиан болған, өз-өзін император деп жариялап, олар армия құрды. Рим әскерлері қозғалысты басқаннан кейін 408 ж. қөтеріліс қайта басталды. 435-447 ж. көтеріліс Солтүстік-Батыс Галлияны қамтыды, бірақ қайтадан көтерісшілер жасағы жеңілді. 5 ғ-дың ортасында Солтүстік Испанияда қозғалыс орын алды. 454 ж. оларды римдіктер, кейін вестготтықтар жаныштады. ## Дереккөздер
Тениаринхоз – қоздырғышы ауыз – нәжісті механизмі арқылы таралатын, көбінесе асқазан жолдарының зақымдалуымен, токсикалық – аллергиялық реакциялармен және диспептикалық бұзылу белгілерімен сиппаталатын антропанозды биогельминтоз. ## Қоздырғышы Taeniarhynchus saginatus (синон. Сиыр немесе қарусыз цепень) аш ішекте паразиттік өмір сүретін таспа тәрізді ірі цепень. Құрамында өте көп мүшелері (проглоттид) бар, оның әрқайсысында 150 мыңға дейін жұмыртқа бар, ұзындығы 7-10 м, басында 4 сорғышы болады. Жұмыртқалары жұмыр, жұқа және мөлдір қабығында 6 қармағы бар, қоршаған ортада тез бұзылады. Әр бір жұмыртқада екі контурлы көлденең сызықты қабыршақпен қоршалған ұрық болады. Сиыр цепенінің даму барысында иелері ауысып отырады. Ақырғы ие адам, аралық ие – ірі қара мал және де енеке (буйвол), зебу, қодас. Африкада сиыр цепені личинкаларының сирек жағдайда қарақұйрық пен киіктің денесінде паразиттік өмір сүргені тіркелген. Бірақ жабайы жануарлар тениаринхозды таратуға қатыспайды. ## Эпидпроцесстің сиппатамасы. Тениаринхоз барлық елдерде кездеседі, әсіресе Африкада, Азия және Балқан елдерінде кең таралған. АҚШ – та ірі қара малдың 1% - не дейін сиыр цепенімен залалданған. ТМД елдері ішінде Кавказда, Орта Азияда, оның ішінде Қазақстанда жиі тіркеледі. Сонымен қатар республиканың біраз облыстарында (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және т.б.) тениаринхозбен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 1,0 – ден асады. Сиыр цепенінің онкосфералары қоршаған орта әсеріне біршама төзімділік көрсетеді. Инвазия қоздырғышының жалғыз ғана көзі – тениаринхозбен ауыратын адам. Инвазияның берілу механизмі ауыз – нәжістік. Берілу жолы – алиментарлық, залалдану факторы – ірі қара малдың финноздық еті. Тениаринхоздың берілуі мынандай схемамен өтеді: инвазия көзі болатын залалданған адам (ақырғы ие) → инвазияланған материал түскен қоршаған орта объектілері → ірі қара мал, оның денесінің тіндері инвазияның берілу факторлары болады → қабылдаушы адам (болашақ ақырғы ие), цистицеркпен залалданған етті пайдаланса, инвазия қоздырғышының көзі болады. Сиыр цепенінің айналым циклінің шеңбері осылай тұйықталады. Сиыр цепенімен инвазияланған адамдар 2-4 айдан кейін басқаларға жұқтырушы қабілетіне ие болады және ондаған жылдар бойы инкосфераларды бөліп отыруы мүмкін. Тениаринхозды қабылдаушылық жалпы барлық адамдарға тән. Дегенмен, ересектердің залалдануы, балалармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары. Ол тамақтануға, өндірістік – кәсіпқойлыққа және тұрмыстық әрекеттерге, әдет – ғұрыпқа, дәстүрге байланысты. Әйелдер, ерлерге қарағанда, көбірек залалданады. Соңғылардың ішінде бұл инвазия мал соятын мекеме, тамақ дайындаумен байланысты кәсіпқойлық (қасапшылар, ет комбинаттары, ет базары, ет дүкендерінің жұмысшылары, аспаздар) топтарда кездеаеді. Ауылдық жерлерде, әсіресе мал шаруашылығы жақсы дамыған аймақтарда, тениаринхозбен залалданушылық молырақ. ## Патогенезі және клиникалық көріністері Патогенезі және клиникалық көріністері мынандай жағдайлармен анықталады: гельминт сорғыштарымен аш ішек шырышты қабатының механикалық жарақаттануы; ішектің жұрмей (жабылып) қалуы, ішек қабырғасының тесілуі, зат алмасуына гельминттің токсикалық әсері; гельминт тез өсу және даму процесі кезінде (жас гельминт тәулігіне 7-10 см ұзарады) тағамдарды пәрменді пайдаланатындықтан, адам организміне қажетті қоректік заттардың азаюы, осы себептен биологиялық құнды компоненттердің жетіспеушілігінің туындауы; инвазия ұзақтылығының бірнеше жылға созылуы. ## Диагноз қою. Диагнозды сенімді түрде қоюға дәреттен тыс уақытта цепень мүшелерінің өз бетімен, көбінесе түнде, сыртқа шығуын анықтау негіз болады. Гельминттің жетілген бунақтары мен жұмыртқаларын табу үшін зертханалық әдістермен науқастын артқы тесігі айналасындағы қыртыстарынан және нәжістен алынған нативті жағындыларды Като тәсілі бойынша қалың жағындыны, байыту әдісімен (энторобиоз кезіндегідей) дайындалған препараттарды микроскопта қарау қолданылады. Сиыр цепенін шошқа цепенінен ажырату қажет. Ол үшін екі әйнекшенің ортасына қыстырылған препараттағы цепень бунағын жарыққа қарап анықтайды. Сиыр цепенінің 18-32, ал шошқа цепенінің 8-12 бүйірлік тармақтары болады. Сиыр цепенін ішек жолын рентгениен зерттеу арқылы да табуға болады. Сонымен қатар серологиялық реакциялар арқылы табуға болады. ## Емдеуі. Празиквантел, фенасал, албендазол, еркек жынысты қырыққұлақтың (папоротник) сығындысы, асқабақ дәні. ## Эпидемиологиялық қадағалау, эндемияға қарсы және алдын алу шаралары Инвазия қоздырғыштарының көзі және ақырғы иесі тек қана адам болғандықтан, эпидемияға қарсы және медициналық алдын алу шаралары төмендегідей болады: * Инвазияланғандарды белсенді түрде табу, оларды есепке алу және дегельминтизациялау, инвазиядан толық арылғанға дейін емделгендерді диспансерлік бақылауға алу мақсатында тұрғындарды (қауіпті топтарды) жоспарлы түрде сақтандырып, ал қалған контингенттерді – эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша тексеруден өткізу; * Елді мекендердің, мал шаруашылық фермаларының, қоғамдық тамақ мекемелерінің, базар және басқа объектілердің санитарлық жағдайын үнемі тексеру; * Тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмысын кеңейту; ## Дереккөздер * http://vse-zabolevaniya.ru/bolezni-infekcionnye/teniarinhoz.html * http://www.infectology.ru/nosology/parasitic/helmintoses/taeniarhynchosis.aspx Мұрағатталған 2 мамырдың 2014 жылы. * http://ilive.com.ua/health/teniarinkhoz-prichiny-simptomy-diagnostika-lechenie_8393i160.html * http://www.blackpantera.ru/useful/health/sickness/5105/ Мұрағатталған 2 мамырдың 2014 жылы.
Новорыбинка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Кладбин ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін қысқартылған "Новорыбин ауылдық округі" орталығы болған. ## Географиясы Аудан орталығы - Пресновка ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 647 адам (304 ер адам және 343 әйел адам) болса, 2009 жылы 502 адамды (240 ер адам және 262 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Мамыт жер асты су кен орны – Ырғыз-Өлкейек аралығында, Қоссор көлінің батысында 10 км жерде, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы , Мамыт ауылының аумағында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Сулы горизонт қабаты орташа қалыңдығы 7 м болатын континенттік олигоцен шөгіндісінде шоғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстары эол әрекетінен сұрыпталған құмдардан тұрады. Олар суды жақсы сүзіп өткізе алатын коллекторды құрайды. ## Сипаты Жер асты суы 5 м тереңдікте жатыр. Суы мол тау жыныстарындағы ұңғымалар дебиті 0,3-0,8 л/с. Суы гидрокарбонатты кальцийлі және сульфатты натрийлі. Тереңдігі 15-25 м ұңғымалардың әрбіреуінің тәуліктік су шығымы 38 м3. Кен орны игерілмеген. ## Дереккөздер
Халед Багдаш (араб.: خالد بكداش‎, 1912—1995) — Сирия жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. Дамаскіде аль-Мухаджирин (المهاجرين) атты күрділер тұратын ауданында туған. Сол жерде бастауыш және орта білім алды. Дамаск университетінің заң факультетінде оқып жүрген жерінен саяси жұмысшы қозғалысына қатысқаны үшін университеттен шығарылған . 1930 жылдан бастап Сирия Коммунисттік Партиясының (СКП) мүшесі. 1933 жылдан СКП Орталық Комитетінің хатшысы, 1937 жылдан бастап - бас хатшысы. 1935 ж. Коминтерннің 7-ші конгресіне қатысты. 1954-58 ж. Сирия парламентінің депутаты болды. КОКП-ның 19-шы, 20-шы съездеріне, 1957 ж. Коммунистікжәне жұмысшы партиялары өкілдерінің Мәскеуде өткен кеңестеріне Сирия, Ливан КП делегациясын және КОКП-ның 21-ші, 22-ші съездеріне, 1960, 1969 ж. Мәскеу кеңестеріне Сирия КП делегациясын бастап келді. Багдаш - бірсыпыра теориялық және публицистикалық еңбектердің авторы. "Коммунистік Партияның Манифестін" араб тіліне аударушы. 1995 ж. 15 шілдеде 83 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болды. ## Дереккөздер
Кәдімгі бетеге (лат. Festuca sulcata) – астық тұқымдасының бетеге туысына жататын, қаулардың қатарында дала зоналарында сондай-ақ таулы ауданда өсімдіктер бірлестігінің доминанты болып табылады. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі, мал жайылымына төзімді, жайлымдарда қаулармен қатар кездеседі. Бетеге құрғақшылық жағдайда тіршілік етеді. Оның жіңішке, жіп тәріздес оралған жапырағы суды аз ғана мөлшерде буландырады, ал қалың да тығыз түбірі суды шықтан, жаңбырдан және қардан жинайлды. Сабақтары жіңішке, тегіс, биіктігі 30-60 см-ге, гүлшоғыры жіңішке, босаң сыпыртқы. Масақтары ұсақ, эллипс тәрізді, 5-15 гүлден тұрады, масақтарының қабыршақтары тінсіз, төменгі гүлдісінің тін ұзындығы болар-болмас 2 мм. Кәдімгі бетеге мамыр-маусым айларында гүлдейді. Орталық Қазақстан далаларына жүргізілген ғалымдардың бақылауы бойынша, бетегенің алғашқы гүлдері сағат 13-те ашыла бастайды, ал сағат 16-ға қарай барлық гүлдер ашылып болады. Тозаңға бар-жоғы 20 минут бөлінеді, ал 19 сағатқа қарай барлығы жабылады. Дәнектерінің пісуі 2-3 аптаның ішінде өтеді, төгілуі 1 айға созылады. Олар өте ұсақ және жеңіл, сондықтан өзі пісіп жетілген орыннан небәрі 1-2 метр желдің көмегімен таралады. Бірінші көктемде пісіп жетілген соң, тұқымның жартысынан аз бөлігі ғана өнеді. Екі жылдан кейін 97 %-ы өніп шығады және осы деңгейде өну 10 және одан да көп жылға жалғасады. Жас өсімдік 3-5 жылға дейінгі жас аралықтарында гүлдейді, жеке түрлердің тіршілік ұзақтығы 30-40 жылға дейін. Бетеге – Қазақстанның далалары мен шөлейттері үшін ең жақсы үшін ең жақсы жайлымдық өсімдік. Жапырақтары мен тамры жылқылар үшін негізгі азық көзі. Шөбінің құрамында ақуыз және май көп мөлшерде кездеседі. Осы себептерден мал бордақлауда қолданылады. ## Дереккөздер
# Құмақжол Құмақжол – Шерқала қырқасының орта тұсындағы төбе. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Қаражар ауылының оңтүстік-шығысында 37 км жерде орналасқан. # Абсолют биіктігі Абсолют биіктігі 236 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 4 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі белесті келген. Солтүстігінде Өтебайтау, батысында Ыстықтау, оңтүстік-батысында 1,8 км, жағалау ұзындығы 6,7 км. Жағалауының солтүстік және шығыс бөлігін қамыс басқан, қалған бөлігінде қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. # Суы Суы сәл ашқылтым, мал суаруға жарамды. Солтүстігінде шағын көл жатыр. Суы қараша айының соңғы онкүндігінде ериді. Көлде балық бар, сондай-ақ жыл құстары ұя салады. Батыс жағалауымен электр желісі өтеді.
Зигберт Тарраш (нем. Siegbert Tarrasch, 5 наурыз 1862, Бреслау — 17 ақпан 1934, Мюнхен) — тарихтағы ең беделді шахматшылардың бірі. * Германиядағы Бреслау қаласында орта тап отбасында дүниеге келген. Элизабет гимназиясын бітірген. Медицина саласын оқып, дәрігер ретінде көп жылдар бойы Нюрнбергте, кейін Мюнхенде дәрігер болып жұмыс істеген. Кейін шахмат саласына бар жан тәнімен беріліп кетті. Стейница шахмат мектебін оқып зерттеді. Көптеген шахмат оқулықтарының авторы. Ең атақты еңбегі "300 шахмат партиясы" деп аталытын кітабы. ## Турнирлік көрсеткіштері ## Жеке өмірі Тарраш Анна Розалии рож. Рудольфке үйленген (1865—1940). Олардың бес баласы, яғни 3 ұл 2 қызы болды. 1924 жылы әйелімен ажырасып, дәл сол жылы Гертруде рож. Шрёдерге үйленді (1892—1966). ## Кітаптары * «Үш жүз партия» 1895 * «Қазіргі шахмат партиялары» 1912 * «Шахматттар» 1931 ## Тағы қараңыз * Тарраш қорғанысы ## Дереккөздер * Нейштадт, Яков Исаевич|Нейштадт Я. И. Зигберт Тарраш. М. : Физкультура и спорт, 1983. 272 с. * Романов И. Незнакомый Тарраш. // «64 — Шахматное обозрение». — 1987. — № 6. — С. 22—23. * Крогиус Н. Тарраш — публицист. // «64 — Шахматное обозрение». — 1990. — № 7. — С. 24—25. ## Сілтемелер * Лучшие шахматисты мира. Тарраш Мұрағатталған 2 мамырдың 2014 жылы. * Партии в базе Chessgames
Шырмауық кирказан (Кирказан тұқымдасы) — тұқымдастың өкілі тропикалық және субтропикалық аймақтарға тән. Қазақстанның солтүстік-батыс шекарасында тараған. Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе облыстарының өзен жағалауларында, су жағалауларындағы шалғындықтарда және шіліктер арасында өседі. Бұл көжылдық өрмелегіш тамырсабақты, биіктігі 90 см-ге дейін әлсіз иректелген сабақты, кезектесе орналасқан жүрек тәрізді ашық-жасыл, жұұа жапырақты. Гүлдер шоқ болып жапырақтардың қуысна орналасқан. Пішіні де ерекше, түрлі жәндіктердің көмегімен айқас тозаңдана алады. Гүлсерігі қарапайым, пішіні біркелкі емес, түтікше тәрізді. Түтіктің түбіне 6 аталық және аналық орналасқан, қампиған, ал жоғары бөлігі үлкен тіл тәрізді қайырылған. Гүлдеу кезеңінің басында, аналықтар аузы пісіп жетілгенде, кирказанның гүлі жоғары көтеріліп, тіл тәрізді бөлігі имектеніп жәндіктердің қонуына ыңғайлы алаң түрінде болады. Гүл түтігінің ішіне енген жәндіктер аталық пен аналық орналасқан гүлдің түбіне жетеді. Қайтар жолда оларұа түтікшенің ішіндегі көптеген қатты, ішке қарай қиғаштай орналасқан түктер, кедергі келтіреді. Тұзаққа түскен жәндік шығар жол іздеп жан ұшырады. Олар аналықтығ жіпшесін қозғайды, басқа гүлдерден алып келінген тозаңды оған сілкиді. Түтіктің қатты түктері тозаң пісіп, ашылып, жәндіктер жаіа тозаңды жинағаннан соң иіліп қалады. Содан кейін ғана жәндіктер босап шығады. Кирказанды шыбындар мен қоңыздар тозағдандырады. Оларды гүлдің сыртқы көрінісі ғана емес, сонымен қоса шіріген еттің иісі тәрізді өте жағымсыз иісі де өзіне шақырады. Тұқымдарының үлкен жолақтары бар олар алмұрт тәрізді қауашаққа орнаасқан, тұқымының құрылысы да ерекше, суда көп уақытқа дейін өсіп-өну мүмкіндігін жоғалтпай тұра алады. ## Дереккөздер
ADATS (ағылш. Air Defense Anti-Tank System — Әуе шабуылына қарсы қорғаныс және танкіге қарсы жүйе) — жоғарғы жылдамдыты және шағын жылдамдықты тактикалық авиация ұшақтарын анықтауға арналған америкалық кешен. Ол құрлықта жылдам қозғалатын, мақсатты нысандарды жоятын әскери қару санатына жатады. Кешенді швейцариялық «Эрликон» фирмасы америкалық «Мартин Мариэтта» компаниясымен бірге 1984 жылы жасап шығарған. 1986 жылы Канаданың қарулы күштеріне әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің 36 кешені мен оның 800 зымыранын тасымалдау туралы келісімшартқа қол қойылды.
Ви́ктор Ильи́ч Толмачёв (туы. 11 тамыз 1934) — кеңестік, ресейлік авиаконструктор. Ан-124 «Руслан» және Ан-225 «Мрiя» ұшақтарының конструктарларының бірі. ## Биография Виктор Ильич Толмачёв 1934 жылы туған. 1959 Харьков әуе институтын озаттықпен бітіріп, Антонов ЗЖБcіне жобалаушы-инженер ретінде түсті. «Ан» сериясы ұшақтарының көбісінің жобалауына қатысқан. Виктор Ильич Толмачёв отандық авиация үшін өмірінің елу жылын арнады, антонов ұщақтарының үкіл типтерінің жасалуына қатысты — Ан-2, Ан-14, Ан-8, Ан-10, Ан-12, Ан 24, Ан-22, Ан-26, Ан-32, Ан-28. В истории советского авиастроения Виктор Ильич әлемде Ан-124 «Руслан» и Ан-225 «Мрiя» ауыр жүк тасымалдау ұшақтарын жасау арқылы танымал болды. Ан-124 жобасының негізгі қатсушысы, жоспарлаумен жобалаудан бастап, серияға шығаруға және қолдануға кіргізуге дейін қатысқан. В 1983 ж. Виктор Ильич Ан-124 «Руслан» бас конструктор орыбасары болып, ал 1985 бас конструктор болып тағайындалды. Ан-225 «Мрия» ұшағының алты қозғалтқыш жүйеснің жобалаушысы . 1989 ж. Ан-124 жобасының жүйелі қаржыландыруы тоқтатылды. Руслан ұщақтарын сақтауда «Волга-Днепр» әуе желісі маңызды рөл ойнады, сол кездегі техникалық директоры болған Виктор Ильич Толмачёв. «Волга-Днепр» әуе желісі Ан 124 ұшағының ең бірінші азаматтық қолданушысы болды. Рекордтық уақытта, үш ай ішінде,1992 жылы «Волга-Днепр», УАПК «Авиастар» және АНТК Антонова азаматтық сертификация өткізіп, Ан-124 ұшақтары жаңа белгіленуін алды Ан-124-100. Кәзіргі уақытта Толмачёв Волга-Днепр әуе желісінің техникалық директоры. ## Марапаттамалары 1992 жылы Украина Мемелекеттік сыйлық иегері, Ан-124 ұшағы үшін ## Сілтемелер * Технический директор Группы компаний «Волга-Днепр» Виктор Ильич Толмачев Мұрағатталған 31 қазанның 2011 жылы. * Главному конструктору "Руслана" и "Мрии" Виктору Толмачеву - 75 лет Мұрағатталған 1 мамырдың 2014 жылы.
Тарраш қорғанысы 1. d4 d52. c4 e63. Nc3 c5 Іс- тәжірбиеге көрнекті неміс гроссмейстірі, XIX ғасырдың соңында - XX ғасырдың басында дүнежүзілік біріншілікте үміткерлердің бірі Зигберт Тарраш (1882- 1934) енгізді. * Тарраш ферзь гамбитінде қара жағы оқшауланған сарбазға (1.d4 d5 27 c4 e6 3. Kc3 e5) өз еркімен баратын қорғанысты ойлап тапты. ## Тарраштың жетілдірілген қорғанысы 1.d2-d4 d7-d5 2.c2-c4 e7-e6 3. Kb1-c3 Kg8-f 6 4.Kg1-f3 c7-c5 * d5 оқшауланған пешкасы тұрақты түрде әуреге түсіреді. Қара жағы сол с7-с5 босататын жүрісті пайдаланып, оны пешка қатарында сақтайды. Ақ жағы инициативаға ие болады, оның есесіне пілді с8-ге қамап қоймайды, ал d5:с4 жүрісінен кейін b7-b5-ке жүріп гамбиттік пешканы ұстап қалу керек деген оларда "меркантилдік" қызығу пайда болады. Тарраштың жетілдірілген қорғанысының ой өзегі осындай. ## Дереккөздер
Николай Николаевич Бекетов (13.01.1827-13.12.1911) — орыс физикалық химигі, Санкт-Петербург ҒА академигі (1886ж). Физикалық химияның негізін салушылардың бірі. Алюминотермияның негізін салушы. Қазан униветситетін 1848 жылы бітірген. 1849-1853 медицина-хирургиялық академияның Н.Н.Зининнің лабораториясында, 1854-1855 жылдары Санкт-Петербург университетінде, 1855 жылдан бастап Харьков университетінде, 1886 жылдан бастап Перетбург ҒА химия лабораториясында жұмыс істеді. Н.Н. Зинимен бірге органикалық қосылыстарды жоғары температура жағдайында зерттеген. 1852 жылы бензурен мен ацетуренді синтездеген. Реакцияның бағыты реагенттердің күйімен сыртқы жағдайларына тәуелділігі туралы бірқатар теориялық жобалар ұсынған. Оқушылармен бірге өзі ұйымдастырған термохимиялық зертханасында зерттеулер жүргізген: сілтілі металдардың оксидтері мен хлоридтерінің түзілу жылуларын анықтаған, ең алғаш сілтілі металдардың сусыз оксидтерін алған. 1865 жылы физикалық химия бойынша лекциялардың алғашқы курсын оқып, практика ұйымдастырған. 1864 жылы оның ұсынысы бойынша Харьков униветситетінде физикалық химия бөлімін құрылған. Орыс физикалық химия қоғамының президенті (1889-1890, 1896-1897, 1900-1903, 1911 жылдары). ## Дереккөздер
Қарақамыс — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Озёрный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде, Кіші Қарақамыс көлінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 226 адам (114 ер адам және 112 әйел адам) болса, 2009 жылы 162 адамды (86 ер адам және 76 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Үрмелі түтік (ағылш. blowgun) - үрлеу арқылы қозғалысқа келетін қару бір түрі. Оның ұзындығы 45 сантиметрден 7 метрге дейін жетеді. Үрмелі түтіктің негізгі төрт түрі бар. Ең қарапайымы – бамбук ағашынан немесе қамыстан жасалған бір- ақ рет қолданылатын түтік. Үрмелі түтіктің тартылыс күші шектеулі. Түтік ұзын болған сайын оқ алысқа ұшады. Таза табиғат аясында өмір сүріп, аң аулауды кәсіп еткен Австралия аборигендері сияқты тұрғындар жебе жасауға қажетті ағаш табылмаса, осындай үрмелі түтіктерді жасап алатын. Үрмелі түтік жебесінің үшкір басын уға малып, аң ататын болған. Осындай қарудың ең қарапайым әрі қолайлы түрін африкалықтар ойлап тапқан: олар 50 см түтіктен ұзындығы 10 см- ге жететін жебені үрлеп ататын. Африкалықтардың қаруы, негізінен, аң- құстарды ұстауға арналған. Осы қарумен олар құсты 10- 20 метр қашықтықтан ататын. Удың күші адам үшін аздау, адамның жүрегіне немесе бетіне бірнеше рет тигенде ғана адам қаза табатын. Ал индонезиялық тұрғындар мен бразилиялық үндістердің аңшылық түтігінің ұзындығы 2,5 метрге жететін, нысанысында саңылуы бар болатын. Солтүстік Латын Америка тұрғындары пальма бұтағынан үрмелі түтік жасаған. Құстардан басқа ірі аңдарды ұстаған кезде міндетті түрде жебелерге у жағатын болған. ## Дереккөздер
Имек қызылтаңдай (Көкнәрлар туыстасы) - таудың төмегі белдеулерінде Тарбағатайдан батыс Тянь-Шаньға дейін, шөл, егісіктер мен орманды жазықтарда тоты көкнәрмен бірге өседі. Тоты көкнәрға ұқсайды. Қызылтаңдай - бір жылдық жапырақтарының пішіні мен гүлінің түсі көкнәрға ұқсас. Айырмашылығы - түгі жұмсақ, жапырақ бөліктер жіңішке және бүршіктері дөңгеленген, ұшында мүйізшесі жоқ. Гүлдері ашық қызыл, диаметрі 6 см-ге дейін. Өсімдіктің құрамында С дәрумені, алколоид және қою май бар. ## Дереккөздер
Леманн күшаласы немесе Ит күшаласы (лат. Eminium lehmannii) — шаяноттар тұқымдасына жататын Күшала туысының саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Құмды шөлде, орманды тау етегінде, аласа таулардың тастақты беткейлерінде, Қазақстанның оңтүстігіде, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысында өседі. Бұл сыртқы түрі ерекше көп жылдық, жер шарының троптиктік және субтропиктік аймақтарына тән тұқымдасқа жатады. Біздің еліміздің тұрғындарының көпшілігі бұл тұқымдар өкілдерін, жекелей алғанда аппақ үлкен гүлді оранжереялық, бөлмелік өсімдіктер ретінде біледі. Ыстыққа, құрғақшылық жағдайына жақсы бейімделген. Жылдың көп мезгілін түйнек күйінде өткізеді. Жер үсті өркені басқа эфемероидтарға ұқсап тек ерте көктемде наурыздың соңы сәуірде өсіп-өнеді. Гүлдеп болып және жемісі піскен соң (мамыр-маусымның басы) толығымен тіршілігін жояды. Тек шар тәрізді түйнегі келесі жылғы ұрпақ беретін өркені қалады. Жапырағы жалпақ қандауырша секілді, биік сабақты. Гүлдеуші сабағы 20-40 см. Гүлдер саны көп, өте ұсақ, дара жынысты, гүлсерігі жоқ, бір түйін аналық гүлдер сабақтың төменгі жағында орналасқан. Сабақ ортасында жеміс бермейтін гүлдері бар.Тозаңдану шыбын арқылы айқас тозаңданады. Гүлшоғырының 3 шағында болатын жағымсыз иіс пен ашық түсті жамылғы оларды еліктіреді. ## Дереккөздер
Калиновка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Первомай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде, Темное көлінің солтүстік-батысында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 201 адам (97 ер адам және 104 әйел адам) болса, 2009 жылы 176 адамды (92 ер адам және 84 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бауман — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Озёрный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 75 км-дей жерде, Шанабай көлінен солтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 319 адам (167 ер адам және 152 әйел адам) болса, 2009 жылы 291 адамды (149 ер адам және 142 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақбалық — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Озёрный ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде, Ақбалық көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 257 адам (141 ер адам және 116 әйел адам) болса, 2009 жылы 111 адамды (61 ер адам және 50 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Озёрное — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Озёрный ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 825 адам (417 ер адам және 408 әйел адам) болса, 2009 жылы 603 адамды (301 ер адам және 302 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Будённое — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Первомай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан батысқа қарай 41 км-дей жерде, Долбилово көлінің батысында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 686 адам (334 ер адам және 352 әйел адам) болса, 2009 жылы 548 адамды (265 ер адам және 283 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Карский Евфимий Федорович – белорус совет тіл маманы, әдебиет зерттеуші, фольклорист. Ол 1861 жылы Гроднен облысында 1 қаңтарда дүниеге келген. ## Лауазымдары * 1916 жылдан Петербург ҒА-ның академигі * 1894 жылдан Варшава университетінің профессоры1917 жылдан Петербург университетінің профессоры. * 1894 жылдан Варшава университетінің профессоры * 1917 жылдан Петербург университетінің профессоры. * 1917 жылдан Петербург университетінің профессоры. 1885 жылы Нижинск тарих-филология институтын бітірген. ## Еңбектері Карскийдің негізгі еңбектері белорус тілі, әдебиеті мен фольклоры және көне славян тілі мен палеография мәселелеріне арналған. «Белорустар» деген еңбегінде халық тілінің дамып жетілу заңдылықтарын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Карский 1905 – 1917 жылы «Русский филологический вестник», 1920 жылдан «Известия отделения русского языка и словестности Академии наук» журналдарының редакторы болды. Ол 1931 жылы 29 сәуірде дүниеден озды. ## Дереккөздер М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том.
Майбалықтытөбе - ортағасырлық қалашық орны. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы маңында, Иқан аулынан батысқа қарай 3 километр жерде орналасқан. 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Қазір диаметрі 180 метр, биіктігі 5 метр төбе. Майбалықтытөбенің жоғарғы қабатынан көзелердің, астық сақтайтын құмыралар мен астық ұнтақтайтын тастардың, теңгелердің сынықтары табылды. Зерттеу барысында алынған мәліметтерге қарағанда қаланы халық VII - IX ғасырларда мекен еткен. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Нартбай Датқа Байкүшікұлы 1793 жылы Алматы облысы, Көксу ауданы, Сарыбастау бөктерінде дүниеге келген батыр. Нартбай батыр Қытай мен Орта Азия елдері арасында қатынайтын сауда керуенінің басшысы болған. Ел ішіндегі абырой - даңқының арқасында оның басқарған керуені қарақшылардың шабуылына ұшырамай, діттеген жеріне аман баратын болған. Жасы ұлғайғанда өзінің туған ауылы - Көкбастауға келіп, елді егіншілік, диқаншылық кәсіпке жұмылдырған. Нартбай батыр тұрған жерге оның есімі берілген. Бірақ кейін ол жер "Сарыбастау" деп аталдын. Аудан орталығынан 20 км қашықтықта Нартбай батырдың ескерткіші орнатылған. Оның есімімен аталатын бастау да бар. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Науша Қаржауұлы - XIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген батыр. Ол інісі Наурызәлімен бірге руластарын басқарып, 1827 жылы көктемде Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысады. Олар Қаратоғай батыр Мәметұлы бастаған алаша руының көтерілісшілеріне қосылып, Жәңгір ханға Астрахан және Орал казак орыстарының озбырлықтарынан қорғап, таласты жер мәселесін шешуді - Қараөзеннің шығыс жағалауы мен Сарыөзеннің бойын қазақтарға қайтаруды, алым - салықтар мөлшерін азайтуды, т.б. талап етеді. Науша батыр және Қаратоғай басқарған толқу 1829 жылы көктемінде Ішкі Ордадағы алаша, байбақты, тана, беріш және т.б. руларды қамтыған. Ел аузында Науша батыр Ақбұлақ шайқасына да қатысып, Исатай батырдың мүрдесін жау қолына түсірмей, өзі жасырып жерлеген деген де әңгіме бар. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Иван Иванович Неплюев (1693 - 1773) - Орынбор генералы - губернаторы. 1744 жылы қазақ халқын ата қоныстарынан ығыстыру жөнінде қосымша жобаның авторы. Бұл жобада қазақтарды Орал мен Сібір жағынан қоршауға алу жоспарланған еді. Әсіресе, Жайық қалашығы, Орынбор, Орск, Жаңа Ойыл шебі, Сібір шебіндегі әскерлерді қазақтарға қарай бағыттау болды. 1742 жылы 19 қазанда И.И. Неплюев қазақтарды Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар саламын, бұдан былай осы жарлық алғаннан кейін қамал маңында және Жайық өзенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады». ## Неплюев кадет корпусы Неплюев кадет корпусы – әскери мамандар даярлаған оқу орны. 1825 ж. 2 қаңтарда Орынборда ашылған. 1844 ж. Орынбор Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. Оқу орны Азия халықтарын отарлауға қажетті мамандар даярлау мақсатын көздеді. Алғашында арнайы жабық оқу орны болып, қазақ балалары қабылданбады. Кейін кадет корпусындағы екі эскадронның (Еуропалық және Азиялық) біріне, Азиялық эскадрондағы 30 орынға қазақ ақсүйектері мен старшындарының балаларын қабылдауға рұқсат берілді. Бірақ кейін патша үкіметі мұндай оқу орнында қазақ балаларын оқытуды қауіпті деп есептеп, 1868 жыл 4 тамызда қазақ балаларына бөлінген 30 стипендияны жойды. Енді қазақтар ерікті түрде өз қаражатымен оқитын болды. Бұдан кейін корпуста қазақ балаларының саны күрт азайып, бірен-саран ірі байлардың балалары ғана бітіріп шықтын. Орынбор губерниясының бірінші губернаторы Иван Иванович Неплюевтің құрметіне аталған. ## Дереккөздер
Бұрандамүйізді теке кейде Мархур (лат. Capra falconeri) - тау текелері туысының сүтқоректі жануары. Мүйізі жалпақ бұранда, бұрғы тәрізді келеді, сол себепті Иір мүйіз ешкі деп те аталады. ## Сипаттама Дене ұзындыгы 170 см - шоқтығының биіктігі 90 см - салмағы 90 кг кейде одан көп. Бұрғы тәрізді мүйізі тік - түсі жирен. Аталықтарының мойны мен кеуде жүндері ұзын. Ешкінің мүйізі кішілеу, текесінің мойны, төсі ұзын шудалы. Түсі сарғылт сұр, кәрі текелері сұрғылт-ақшыл. Бұрандамүйізді теке Индияның таулы аймақтары - Иранда- Ауғаныстанда таралған. ТМД-да тек Пяндж өзені бойында - Кугитангтау және Бабатаге сілемдерінде кездеседі. Тау сайларының тік беткейлері мен жартастарын мекендейді. Құруға тақау жануар. ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітаптарына енгізілген. Еріксіз көбейеді. ## Дереккөздер
Жеңіс семсері — 2012 жылы "Қазақфильм" шығарған балалар фильмі.Слоган : «Жас жүрек, батыр ерлігі» ## Сюжет Жасқаншақ бала Айтуар ойнап жүріп ерекше семсер тауып алады. Семсердің иесі Арыстан батыр тіріліп семсерін іздеп келеді. О дүниеден батырмен бірге жоңғар шаманы семсерді іздеп келеді. Семсердің құдіреті шайқаста көмектесетін еді.
Силы би — үйсін елінің ұлы күнбиі (б.з.б. 33 - 16 ). Бұл кезеңде үйсін елі екі иеліктен тұрды. Силы би билік еткен жылдары үйсін елінің кіші күнбиі Өжет қайтыс болып, оның орнына баласы Бөрі би отырады. Нәтижесінде үйсін елінің билеуші топтары арасында үкімет билігіне таласқан күрес үдей түседі. Әсіресе, кіші күнбилікке талас болып, ақсүйектер арасында қырқыс басталады. Б.з.б. 20 жылы ұлы күнби Силы би бытыраңқылық жағдайға түскен үйсін елін қайта біріктірді. Силы би өзінен бұрынғы Оңқай биден кейінгі ел басқаруда жақсы көзге түскен билеуші. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Сұлтанбет сұлтан (Сұлтанмұхамед, Сұлтанмәмет) (1710 жылы, Түркістан төңірегі - 1790, қазіргі Павлодар облысы) - би, мемлекет қайраткері, қазақ сұлтаны, дипломат, Абылай ханның немере ағасы. 18 ғасырдың 1-жартысында Орта жүз ханы Әбілмамбет ханның жарлығымен қыпшақ ұлысының басшысы болды. Абылай ханды Жоңғар шапқыншылығынан құтқаруға, сонымен қатар Жоңғарларға қарсы әскери күрестерге белсенді қатысты. Бос қалған Іле өзені үшін Қытай - Қазақ арасындағы аумақтық келіспеушілік шешуде ол өзін мәмілегер ретінде танытты. Абылай ханның өлімінен кейін Сұлтанбет сұлтанға хан тағы ұсынылды, бірақ ол Уәлиге жол берген.' Мәмілегерлік қабілеті мол Сұлтанбет кейде хандардың атынан Ресей ұлықтарына дала халқының мұң-мұқтажын айту үшін жиі барған. Абылай ханның жұмсауымен екі рет (1762 және 1767 жылы) Қытайға елші болып барып, шекара мәселесін реттеген. Ертістің оң жағалауын орыс отаршыларынан сақтап қалуда зор еңбек етті. Ертіс бойын билеген Сұлтанбеттің беделі жоғары болғанын Ш.Уәлихановтың «Орыс үкіметі шынайы ханның өзі тұрғанда да Орта жүз билеушілерінің ішінен Абылаймен, оның бауыры Сұлтанбетпен көбірек қарым-қатынас жасады» деп жазғанынан көруге болады. Ресей үкіметі оған арнап Ертіс өңіріндегі Төретұмсық деген жерде еуропалық үлгідегі сәулетті үй-жай салып берген. Оның 1762 жылы Ресей патшайымы Екатерина Патшамен және басқа да ықпалды орыс қайраткерлерімен жазысқан хаттары сақталған. Екатерина II өзінің таққа отыру рәсіміне орай шақырған санаулы қазақ билеушілерінің ішінде Сұлтанбет те болған. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін мұрагерлікке ұсыныс жасалғанда, жасының ұлғайғанын ескеріп, орнын Абылайдың үлкен ұлы Уәлиге берген. Сұлтанбеттің он үш ұлы (кейбір деректерде он сегіз) болған. Олардың көбі (Орыс, Иман, Жәңгір, Үкібай, Тортан, Шаншар) кезінде Ертіс бойын мекендеген іргелі руларды билеп, сұлтан атанған. Осылардың ішіндегі танымалы, бәсентиін руының билеушісі - Орыс сұлтан. Ол Абылай хан мен Сұлтанбеттің тапсырмасы бойынша бірнеше рет Ресей және Қытаймен дипломат, келіссөздер жүргізген. ## Дереккөздер
Орта патриния (Валерианалар тұқымдасы) — дала зонасында, Қазақстанның шығыс бөлігі тауларында, Астанадан оңтүстікке қарай және Семей обысында көп таралған. Қаулы аралас шөпті далаларда, жартастарда, қорымда, өзен қиыршық тастарында өсіп, кейде шілік құрады. Тамыры өзекті, көпбасты. Бірнеше сабақты (биіктігі 50 см-ге дейін). 2-5 жұптан қарама-қарсы орналасқан жапырақтар қауырсын тәрізді бөліктерге бөлінген. Гүлдері ашық сары, тостағаншасы онша байқалмайды, қоңыраулы, 5 бөлімді гүл тәжімен және 4 аталық, қалқан тәрізді гүлшоғырына жиналады. Мамыр-шілде айларында гүлдейді, шілде-қыркүйекте жеміс береді. Жемістері сопақтау, жарғақты, гүлжапырақтары жайылып қанат тәрізді өскен. Желдің көмегімен тұқым таралуы жеңіл. ## Дереккөздер
## Май тектес көмірсутектерінің ашуы Май қатарындағы көмірсутектерінің ішінде метанды тотықтыратын бактерияны псевдомонас хербикола деп атайды.Бұл спора үзбейтін бактерия, егер атмосферада метан мен оттегі болса, олар минералды ортада жақсы өсіп дами алады.СН4+2О2=СО2+2Н2О+212 ккал Метан нергия. Мұнда алғашқы өнім ретінде этан пайда болып, ол этиленге айналады. Этилен бұдан әрі этил спирті, сірке, кымыздық қышкылдары арқылы көмір қышқылына айналады. Метан көмегімен бұл бактериялар өз денесіне қажетті заттарды жинайды. Дәл осы сияқты баска көмірсутектері де (пропан, бутан, гексан т. б.) тоты-ғады. Бұл бактериялардың мұнай жәке жанғыш газдарды алдын ала жер қыртыстарынан бақылап табу үшін зор маңызы бар. Соны-мен қатар май қатарындағы басқа да көмірсутектері бактериялар көмегімен тотығады. Мұнда да аралық өнім ретінде спирт, кетон заттары пайда болуы мүмкін. Соның нәтижесінде көмір қышқыл газының көмегімен май қышқылдары түзіледі. Жалпы кәмірсутектерінің тотығуы өте тез жүреді. Мәселен, 2 шаршы дециметр көлемде 30 күн ішінде 800 мг-лай парафин ыдырайды. Көмірсутектері косылыстарының барлығы ыдыраған кезде көмір қышқыл газы мен су пайда болады. Оны мынадай схемамен кероетуге болады: қанық-қан көмірсутектері —*қанықпаған көмірсутектері—► спирттер —*кетоқосылыстар —^ май қышқылы—*көмір қышқыл газы және су.Бұл процес аэробты бактериялар мен зең саңырауқұлақтарының әсерінен жүреді. Егер ортада азот пен күкірт қышқылының түздары болса, реакция өте тез жүреді.Парафин катарындағы және қаныкяаған көмірсутектері, май қышқылдары, майлар да осындай өзгеріске түсуі мүмкін. Бұл процестер көміртегі қосылыстарының таібиғаттағы айналымында зор роль атқарады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ## Май тектес көмірсутектерінің ашуы Май қатарындағы көмірсутектерінің ішінде метанды тотықтыратын бактерияны псевдомонас хербикола деп атайды.Бұл спора үзбейтін бактерия, егер атмосферада метан мен оттегі болса, олар минералды ортада жақсы өсіп дами алады.СН4+2О2=СО2+2Н2О+212 ккал Метан нергия. Мұнда алғашқы өнім ретінде этан пайда болып, ол этиленге айналады. Этилен бұдан әрі этил спирті, сірке, кымыздық қышкылдары арқылы көмір қышқылына айналады. Метан көмегімен бұл бактериялар өз денесіне қажетті заттарды жинайды. Дәл осы сияқты баска көмірсутектері де (пропан, бутан, гексан т. б.) тоты-ғады. Бұл бактериялардың мұнай жәке жанғыш газдарды алдын ала жер қыртыстарынан бақылап табу үшін зор маңызы бар. Соны-мен қатар май қатарындағы басқа да көмірсутектері бактериялар көмегімен тотығады. Мұнда да аралық өнім ретінде спирт, кетон заттары пайда болуы мүмкін. Соның нәтижесінде көмір қышқыл газының көмегімен май қышқылдары түзіледі. Жалпы кәмірсутектерінің тотығуы өте тез жүреді. Мәселен, 2 шаршы дециметр көлемде 30 күн ішінде 800 мг-лай парафин ыдырайды. Көмірсутектері косылыстарының барлығы ыдыраған кезде көмір қышқыл газы мен су пайда болады. Оны мынадай схемамен кероетуге болады: қанық-қан көмірсутектері —*қанықпаған көмірсутектері—► спирттер —*кетоқосылыстар —^ май қышқылы—*көмір қышқыл газы және су.Бұл процес аэробты бактериялар мен зең саңырауқұлақтарының әсерінен жүреді. Егер ортада азот пен күкірт қышқылының түздары болса, реакция өте тез жүреді.Парафин катарындағы және қаныкяаған көмірсутектері, май қышқылдары, майлар да осындай өзгеріске түсуі мүмкін. Бұл процестер көміртегі қосылыстарының таібиғаттағы айналымында зор роль атқарады. ## Дереккөздер * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Қызыл жүзгін , қызыл жүзген (лат. Calligonum aphyllum) – тарандар тұқымдасының жүзгін туысына жататын Қазақстандағы 20 түрдің арасындағы ең көп тарағаны. Үйінді құмдар, құмды шөлдерде, Солтүстік Каспийден Балхаш-Алакөл ойпаттарында, Қызылқұм шөлдерінде өседі. Бұл бұта (биіктігі 1-2 метр) қызғылт немесе қошқыл қабығымен ерекше. Бір жылдық бұтақтары қалың, жасыл, ұсақ мүшелерге бөлінген. Жапырақтары ұсақ, жұқа пленка секілді. Гүлдері қос жынысты, ұсақ, екі қатарға орналасқан, гүлсерігі кең, 5 бөлікке бөлінген. Сәуір-мамырда гүлдейді, маусым-шілдеде жемісі піседі. Жемістерінің диаметрі 1,5-2 см, шар тәрізді қабырғалы, жарғақ қанатты жаңғақтар. Піспеген жемісі қышқылдау болғандықтан лимон қышқылының негізгі көзі. Ал піскен жемістің 7%-ы бояғыш заттар. Сондықтан тері өңдеуде пайаланылады. ## Дереккөздер
Қабан — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Первомай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде, Питное көлінің солтүстігінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 255 адам (132 ер адам және 123 әйел адам) болса, 2009 жылы 132 адамды (64 ер адам және 68 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құртқашаш тасжапырақ (Құртқашаштар тұқымдасы) – құмды, шөлді, шөлейт аймақтарда, Каспийден Балқаш-Алакөл ойпаттарына, Қаратаудан Жоңғар Алатауына дейін кездеседі. Жусанды-бетегелі далаларда, сексеуіл шіліктерінде, тоғайларда, қиыршық тасты беткейлерде, тау етегінде өседі. Жапырағы жіп тәрізді өте жіңішке (2 мм), ұзындығы 40 см-ге дейін, өзіне тән ерекшелігі өте тығыз түп, қою сабақтанған бұтақтар. Сәуір-мамыр кезінде гүлдейді, маусым-қыркүйекте жеміс береді. Жемістері үлкен сопақ, үш қырлы қауашақ. Тұқым саны көп, үлкен (5 мм айналасында) созыңқы, қара қошқыл түсті. Мәдени түрде өсірілмейді. ## Дереккөздер
Орталық — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Троицк ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Пресновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 492 адам (252 ер адам және 240 әйел адам) болса, 2009 жылы 215 адамды (121 ер адам және 94 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Чапаевка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Первомай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде, Құжы көлінің солтүстік-батысында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 243 адам (125 ер адам және 118 әйел адам) болса, 2009 жылы 185 адамды (86 ер адам және 99 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сукірне (Гидрозоль) - су десперсиялық ортасы ретінде болатын кірне. Коллоид су ертіндісінде болса гидрофильді және гидрофобты болып бөлінеді. Гидрофильді коллоид өз сыртына судың молекулаларын адсорбциялайды. Мысалы желім, крахмал, ақуыз, кремний қышқылы, қола, тағы басқа заттардың молекулаларын адсорбцияламайды. Мысалы, алтын, күміс сияқты металдар, сульфидтердің кірнелері.Кірнедегі коллоид бөлшектері үздіксіз диффузиялық қозғалыста болады. Бұл қозғалыс нәтижесінде бөлшектер түйіседі, одан бірігісіп бұрынғысынан үлкенірек агрегат түзіп, салмағы ауырлағандықтан тұнбаға түсуі мүмкін. Іс жүзінде бұл байқалмайды, өйткені оңтайлы жағдайда коллоид жүйесі ұзақ уақыт өзгеріссіз тұрады.Коллоид бөлшектер әдетте электролитті ортада түзіледі. Олар өз сыртына электролиттен иондарды адсорбциялайды, соның салдарынан өздері де электр зарядты болады. Коллоид бөлшектерінің заряды аттас болғандықтан біріге алмайды және ірірек агрегаттар түзбейді. Зарядталған коллоид бөлшектерімен бірге ерітіндіде қарсы зарядты иондар - қарсы иондар болады.
Бала 4-5 жасқа толғанша әкесі оған тай – құнан арнап, ер тоқым, қамшы, жүген даярлап қояды. Атқамінер тойы көбіне жаз айларында болады. Ел жиналғаннан кейін баланы өзіне арнаған тай немесе құнанына мінгізіп, қуаныш қылады. Тойда айтылатын тілектер, берілетін бата жыр түрінде болады: Ақ тілеік, ақ тілек,Атқа тоқым сал, тілек.Жасыңнан малды баға біл,Атқа жақсы шаба біл.Өнеге, өнер таба біл,Аймағыңа жаға біл.Тең құрбыңның алды бол,Мінеки, атқа міндің –Ашылды жол. * Атқамінер тойы баланың ержеткені, өскені, азамат болғандығының белгісі болып саналған. Бұл той балаға да үлкен жауапкершілік артып, сана- сезімнің оянуына, тез есеюіне әсер еткен. ## Дереккөздер
Краснознаменка ауданы – Целиноград облысының оңтүстік-батыс жағындағы әкімшілік аудан. Ол 1970 жылы Атбасар мен Қорғалжын аудандарын шағындауға байланысты құрылды. Жері 7,1 мың км². Халқы 16,4 мың (1973). Ауданда 11 сельсовет бар. Орталығы – Краснознаменка селосы. Краснознаменка ауданы Сарыарқаның орталық бөлігіндегі Есіл мен Теңіз көлінің аралығындағы су айырықта. Жері негізінен жарық, тек оның орталық бөлігі сайлы-жыралы, белесті. Пайдалы қазындылардан гипс, кұм, гипсті саз кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық.. 1973 жылы Краснознаменка ауданында білім беретін 22 мектеп, 1 ауылдық жастар мектебі, 5 кино қондырғы бар аудандық мәдениет үйі мен клуб, 29 кітапхана, 5 учаскелік аурухана мен емхана, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт, 15 балалар бақшасы болды. ## Дереккөздер
Тізбекті зымыран кейбір азиялық елдерде әскери ойындарда пайдаланылды. Әсіресе қытайлықтар дәстүрлі үші әскери өнеріне қосымша ретінде қолданады. Ол бірнеше металл біліктен құрылады. Олардың ұшы бір-біріне жалғасып, тізбек құрады. Әдетте, қамшының бір ұшында металдан жасалған найза болады, екінші ұшында металдан бекітілген тұтқасы бар. Тізбекті қамшыға жалғанған жалау оның көркін ашады және қамшы әуеде қалықтап ұшқанда ысқырған дыбыс шығарады. Пайдаланушы өзін кездейсоқ ұрып алса да, жалаудың арқасында зақымдану мүмкіндігі азаяды. ## Дереккөздер 1100 қызықты деректер.
Леманн күшаласы немесе Ит күшаласы (лат. Eminium lehmannii) — шаяноттар тұқымдасына жататын Күшала туысының саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Құмды шөлде, орманды тау етегінде, аласа таулардың тастақты беткейлерінде, Қазақстанның оңтүстігіде, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысында өседі. Бұл сыртқы түрі ерекше көп жылдық, жер шарының троптиктік және субтропиктік аймақтарына тән тұқымдасқа жатады. Біздің еліміздің тұрғындарының көпшілігі бұл тұқымдар өкілдерін, жекелей алғанда аппақ үлкен гүлді оранжереялық, бөлмелік өсімдіктер ретінде біледі. Ыстыққа, құрғақшылық жағдайына жақсы бейімделген. Жылдың көп мезгілін түйнек күйінде өткізеді. Жер үсті өркені басқа эфемероидтарға ұқсап тек ерте көктемде наурыздың соңы сәуірде өсіп-өнеді. Гүлдеп болып және жемісі піскен соң (мамыр-маусымның басы) толығымен тіршілігін жояды. Тек шар тәрізді түйнегі келесі жылғы ұрпақ беретін өркені қалады. Жапырағы жалпақ қандауырша секілді, биік сабақты. Гүлдеуші сабағы 20-40 см. Гүлдер саны көп, өте ұсақ, дара жынысты, гүлсерігі жоқ, бір түйін аналық гүлдер сабақтың төменгі жағында орналасқан. Сабақ ортасында жеміс бермейтін гүлдері бар.Тозаңдану шыбын арқылы айқас тозаңданады. Гүлшоғырының 3 шағында болатын жағымсыз иіс пен ашық түсті жамылғы оларды еліктіреді. ## Дереккөздер
Крапива Кондрат (лақап аты; шын аты-жөні – Кондрат Кондратьевич Атрахович; 05.03.1896; Минск уезі, Низк деревнясы) – белорус совет жазушысы, БССР Халық жазушысы (1956), БССР ғылым академиясының академиі (1950) және вице-президенті (1956). 1941 жылдан КПСС мүшесі. Крапиваның алғашқы сықақ өлеңдері 1922 жылы жарық көрді. Ол белорус әдебиетінің сатира жанрын дамытуға көп үлес қосты. Крапиванің драматургия саласындағы еңбегі зор. «Достықтың ақыры» (1934) , «Ең соңынан кім күлсе» (1939, КСРО Мемлекет сыйлығы, 1941), т.б. көптеген драма шығармалары еңінен мәлім. Крапива Кондрат – көрнекті ғалым. Белорус-орыс лингвогеография саласындағы ғылми жұмыстары үшін КСРО Мемлекет сыйлығын (1971) алды. 3 мәрте Ленин орденімен, Октябрь Революциясы орденімен және басқа 3 орденмен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ақтоғай ауданы – Павлодар облысының солтүстік-батысында орналасқан аудан. Ауданның әкімшілік орталығы – Ақтоғай ауылы облыс орталығынан солтүстік-батысқа қарай 116 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан. Негізі жер ауып келген шаруалардың құнды жерлерді игеруімен байланысты 1907 жылы қаланған. Ауыл шаруашылық алабының аумағы соның ішінде егістік жерлер – 36,4 мың га, шабындық жерлер – 34,1 мың га, жайылымдар – 594,1 мың га, тыңайған жерлер – 246,0 мың га, бау-бақшалар – 0,45 мың га, көпжылдық өсімдіктер – 0,05. ## Физикалық-географиялық сипаттамасы ### Географиялық жағдайы Ауданы 9,8 мың км². Солтүстігінде Ертіс ауданымен, оңтүстігінде — Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарымен, батысында — Ақмола облысының Ерейментау және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандарымен, шығысында — Тереңкөл және Павлодар аудандарымен шектеседі. ### Климаты Климаты қатал континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура −17°-18°С, шілде айында— +20°+21°С. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250-300 мм. ### Жер бедері және гидрография Аумақтың жер бедері— жазық (Ертіс жазығы). Жер қойнауындағы табиғи құрылыс материалдары зерттелінген. Аудан аумағында Ертіс, Сілеті (өзен), Шідерті өзендері, Жаалулы, Тобылғысор, Тайқоңыр, Сасықсор және т.б. көлдері өтеді. Топырағы қою қызғылт. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан аумағының көп бөлігі жыртылған. ### Флора және фауна Дәнді, бетегелі, қылқан селеу өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, борсық, суыр, аламандар мекен етеді. ## Халқы ### Этникалық құрамы Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына) * қазақтар — 10 580 адам (75 %); * орыстар — 1 892 адам (13,48 %); * украиндар — 702 адам (5 %); * немістер — 279 адам (1,99 %); * татарлар — 99 адам (0,71 %); * белорустар — 88 адам (0,63 %); * басқалары — 390 адам (2,78 %); * Барлығы— 14 030 адам (100,00 %). ### Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны — 21,0 мың адамды, 2012 жылы — 14,0 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 2,15 адамнан, ал 2012 жылы 1,43 адамнан келді. ## Тарихы 1938 жылы Куйбышев ауданы ретінде құрылған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1963 жылы 2 қаңтардағы Президиумы Жарғысымен Краснокутск ауылы орталығы бар Краснокутск ауданы болып өзгертілді. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылдың 4 мамырындағы Президиумы Қаулысымен Ақтоғай ауданы болып өзгерді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен 1993 жылдың 7 қазанында Ақтоғай ауданының орталығы - Краснокутск ауылы Ақтоғай болып өзгерді. ## Әкімшілік бөлінісі Аудан аумағындағы 31 ауыл 7 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Экономика Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүтті мал шаруашылығы, дәнді дақыл шаруашылығы. Күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты жасалынады. Кәсіпкерлік - аудан экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және жаңа жұмыс орнын құрудың негізгі құралы болып табылады. Қазір ауданда 364 шағын бизнес субъектілері қызмет істейді.Аудан аумағы бойынша облыстық шеңберде маңызы бар автомобильді жолдар өтеді, "Ленинск-Ертіс-Русская Поляна" жер телімі 43-128 (85 км) км, "Ақтоғай-Шолақсор" жер телімі 0-164 (164 км) км. ## Әлеуметтік сала ### Білім беру және ғылым 2012 жылғы жағдайға сәйкес ауданда 2 мектепалды ұйымдары тіркелген. 2001—2002 оқу жылында 32 жалпы білім беру мектептері (4390 оқушылар), оның ішінде 16 орта мектеп (3848 оқушылар), 7 негізгі мектептер (384 оқушылар), 9 бастауыш мектептер (158 оқушылар); оның ішінде 16 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп орыс тілінде оқытады және 14 қазақ-орыс тілдеріндегі аралас мектептер, 2012 жылы ауданда 30 орта жалпы білім беру мекемелері, 1 кәсіби лицей-мектебі тіркелген. ### Денсаулық сақтау Ауданда Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы бар, бас дәрігері Марат Тұрсынұлы Сатабаев. ### Мәдениет Қожамжар ауылында халық Ағартушысы Ж. Тіленшиевтің 1967 жылы даталанған мүсіні бар. Ауданда Ақтоғай орталық аудандық кітапханасы бар. Әр түрлі газеттер шығарылады: «Коммунистік еңбек» (1939 жылдан), «Коммунистический труд» (1955 жылдан), Ауыл Тынысы. ## Әйгілі адамдар Ақтоғай ауданы Кеңес Одағының батыры – Серікбай Мүткеновтың, Социалистік Еңбек Ерлері — А. А. Ахмединова мен Қ. Қаленованың отаны болып табылады. ## Дереккөздер
Шөптесін кеуел (Кеуелдер тұқымдасы) — тропиктік және субтропиктік белдеуде тараған, кеуелдер тұқымдасының Қазақстандағы жалғыз өкілі. Ал Қазақстанда тек шөлді аймақтарда, сазды, қиыршық тасты, құмды және сортаң топырақта кездеседі. 18-20 м-лік тамырының арқасында ыстыққа төзімді, көп жылдық өсімдік. Көп сабақты, төсемелі ұзындығы 2 м-ге дейін, қысқа сағақты, дөңгеленген жылтыр тақталы, кезектесе орналасқан. Гүлдері үлкен, диаметрі 4-8 см. Желектері үлкен, тостағаншаның санымен бірдей (төртеу). Мамыр-маусымда гүлдейді, шілде-тамызда піседі. Гүлдері тек кешке қарай ашады. Кешке ашылған гүл ертеңгісін сағат 10-11-де гүлдеуі аяқталады. Осылай бір гүл бір тәуліктен аз өмір сүреді. Тамырын жібекті қою жасылға бояу мақсатында қолданады. Маринадталған жемісі мен бүршігі қоспа ретінде етке Кавказда, Жапонияда және т.б. жерлерде қосылады. ## Дереккөздер