text
stringlengths 3
252k
|
---|
Сан өзені (пол. San, укр. Сян) – Польшаның оңтүстік шығысындағы өзен, Висланың оң саласы.
Жоғарғы ағысында Польша мен Укранина шекарасымен өтеді. Шығыс Бескидтен басталып,иреліңкі аңғармен Карпаттың солтүстік беткейін кесіп өтіп, Сандомеж ойысы үстімен ағады. Көктемдегі тастер салынған, ағаш ағызылады. Сан бойында Санок, Пшемысль, Ярослав қалалары орналасқан.
## Дереккөздер |
Желайдарлы сарғалдақ( ветреница лютиковая, anemone hepatica)- сарғалдақ тұқымдас, биіктігі 10-30 см-дей болатын, қабықсыз, түкті тік сабақты, көп жылдық шөптектес өсімдік. Жапырақтары қысқа сағаққа орналасқан айырлы. Гүлдері алтындай сары өңді, сырты эллипс тәрізді түкті жапырақтары болып келеді. Жемісі –қысқа ғана имек тұмсықты ұрық. Сәуір –мамыр айларында гүлдейді.Ресейдің Еуропалық бөлігінде және Кавказдың ормандарында бұталар ішінде, паркті жерлерде өседі.
## Химиялық құрамы
Желайдарлы сарғалдақтың құрамында дәмі ащы камфара-анемонолы болады, оны ыдыратқанда анемонин C5H4O2(C10H8O4) бөліп шығарады. Бұл – суда онша ерімейтін, ал органикалық еріткіштерге жақсы езілетін ерекше кристалды ақ ұнтақ.
## Қолданылуы
Дәрі мақсатында оның жапырақтары пайдаланылады. Жапырақтарының бас айналдырып, уландыратындай ерекшелігі болады, бірақ ол терінің, бүйректің және өкпенің функциялық қызметін арттырады, әсіресе ол дененің салданып ауруына нақтылы аменоррейге ( гипоменструальдық синдромда, гипоменоррейде, опсоменоррейде) әйелдердің етеккірі кешіккенде, жүректің қатты соққан сырқатында, асқазан тұсының ауруларының жиі қолданылады. Сонымен қатар осы шөптен жасалған қайнатындыны, шырын мен сығындыны мерез ауруына, подаграға, шеммен мен көкжөтелге қарсы қолданады.Тамырынан алынған шырын өте зәрлі болғандықтан кей жағдайларда сүйелді жою үшін қажетке жаратады. Жаңадан жиналған өсімдіктердің шырынын белгілі қоспаларға араластырып, оны ұзаұұа созылатын ауруларға, бөрткенге, ревматизмге, қозбаға, әйел ауруларына және т.б. емге қолданады. Сонымен бірге ол мания, меланхолия және истерия секілді көптеген нерв ауруларына қарсы да пайдаланылады. Болгар халық медицинасында желайдарлы сарғалдақты бауыр қабынуына, өт тасы ауруына, көк бауыр, бүйрек және қуық ауруларына сығынды түрде қолданылады. Алтайлықтар желайдармен бас сақинасын, ревматизм және қышыма қотырларды емдейді.
## Тағы қараңыз
* Өсімдік
* Қазақстан өсімдіктері
## Дереккөздер
1↑"Дәрілік өсімдіктер"/Бас редакторы М.Қожабеков-"Қазақстан" баспасы,1975. |
Жиренше (aristolochia clematitis)- кирказон тұқымдас көпжылдық шөп тектес өсімдік. Оның тамыры жайылмалы, сабағы тік және қабықсыз болады. Сабаққа біткен кезекті жапырақтарының жоғары жағындағылары қара- қошқыл, төменгілері айтарлықтай ашықтау келеді. Гүл шешектері сары. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік аудандарында, Кавказда өседі.
## Құрамы
Оның тамыр сабағынан ұзақ зерттеудің нәтижесінде аристохолин, эфир майы, илік және ащы заттар табылды.
## Зерттеулер
Жиреншеден бөлініп алынған хлорлы сутегі тұзы түріндегі алкалоид кейбір органдардың қан тамырларын біраз кеңейтетіндігін фармакологиялық зерттеулер көрсетті. Ал, клиникалық зерттеулер – жиренше алкалоидын гипертониялық аурулардың бірінші және екінші кезеңіндегі емдеу комплексінің дәрі-дәрмек құрамына ұсынуға болатынын дәлелдейді.
## Қолданысы
Болгар медицинасында жиреншенің тамыры да, жер үстіндегі өлігі де пайдаланылады. Тамырын диуретикалық, тер шығаратын дәрі ретінде аздаған мөлшерде қолданса, ішек атониясында тұнба ретінде пайдаланады. Жиренше препараттарын қайнатынды, немесе араққа тұндырған тұнба түрінде өкпе туберкулезі мен етеккірі кешігіп жүрген жағдайда қолданады.
## Дереккөздер |
Жайшүмілдік (Марьин корень, пион, paleonia anomala)- тармақталған жуан тамырлы, қоңыр қошқыл түсті сарғалдақ тұқымдас өсімдік. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Шығыс Қазақстанның таулы, орманды аудандарында кездеседі.
## Құрамы
Оның тамырында 1,6 пайызға дейін эфир майы, пеонол, метил – салицилат, салициль және бензол қышқылдары, салицин қышқылы, 10 пайызға дейін қант, танин және аздаған мөлшерде алкалоидтар болады.
## Қолданысы
Халық медицинасында жаушүмілдік тамырын асқазан-ішек ауруларына, шаншу қадалғанда, ревматизмге, жөтелге, ас қорыту органдарының жарасына қарсы қолданады. Тамрынан жасалған тұнбамен шаш өсіру үшін басты жуады. Бұрынғы замандарда жаушүмілдікті тіс ауруына, іш өткенге, қояншық ауруына да ем үшін пайдаланған.Жаушүмілдіктің тамырынан жасалған сығындылары асқазан сөлінің қышықлын біраз арттыруға мүмкіндік жасайды, ауырған жердің ауруын аздап басады да және седативті күшті әсер етеді. Қазіргі уақытта медициналық практикада жаушүмілдік тамырынан жасалған тұнбаны ұйқысыздықты, нервінің қалыптан тыс қозуынын, жүрек – қан тамырлар жүйесінің невроздарын емдеу мақсатында пайдаланады.
## Дереккөздер
1↑ "Дәрілік өсімдіктер"/Бас редакторы М.Қожабеков-"Қазақстан" баспасы,1975. |
Шихмамай, Шахмамай (т.ж.б. - 1549) - Ноғай ордасының билеушісі, Едігенің туажаты, Уақас бидің немересі. Ол Ноғай ордасының шығысында билік жүргізген. Қырым ханы Мұхаммед Гирейдің 1523 ж. Астраханды жаулап алуына көмектеседі. Әйтсе де кейіннен Қырым хандығының күшейіп кетуінен қорқып, оған шабуыл жасап, патшазада Батыр хан мен Палуан сұлтанның көзін құртуға бел буа кірісті. 1524 ж. таққа отырған Қазан ханы Сафа-гирей Мәскеу ықпалына қарсы күрес жүргізді. Ол осы күресте Ноғай ордасына иек арту үшін Шихмамайдың қызына үйленеді. Ал Шихмамай болса сол кезде Сібір ханы Әмір Сейдахметтің (Сейдақтың) Мәскеумен ауыз жаласуына қарсы болды. Қасым хан тұсында қазақтар Жайық бойының суы мол, қамыс-құрағы ырғалған шұрайлы жерін иеленсе, оның тұрагері Таһир хан 1530 ж, ноғайлардан қатты соққы алып, жеңіліске ұшырады. Шихмамай осы шайқаста ерекше көзе түсіп, 1542 ж. Сарайшықта билік құрды.
## Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007. |
Талдыкөл — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Бұланды ауданының оңтүстігінде, Боқсық өзенінің оң жағалауында, Воробьевка ауылының манында орналасқан.
## Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 198 м биіктікте жатыр. Көл суы реттеліп отырады, сондықтан оның аумағы өзгергіш келеді. Көктемде еріген қар, жауын-шашын суларымен толғанда көл шарасы 9 км2-ге жетеді, ұзындығы 4,2 км, енді жері 4 км. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жағалаулары жазық, қалған жерлері тіктеу. Түбі құмды, тұнбалы. Тұнбасының қалыңдығы 20 - 30 см. Жағалауында қамыс, құрақ өседі. Солтүстік-шығысында бөгетпен бекіген өзек орналасқан. Канал арқылы (1953 жылы салынған) Талдыкөлге Боқсық өзенінен су келеді. Көктемгі су толысу кезінде минералдылығы 500 - 600 мг/л, кермектілігі 4-6 мг/экв, жазда 700 - 800 мг/л, кермектілігі 9—10 мг/экв, қыста 800 -1000 мг/л, кермектілігі 9-10 мг/экв (өте кермекті) құрайды. Суы хлоридті. Талдыкөлдің суымен жайылымдар суландырылады, елді мекендер пайдаланады.
## Дереккөздер |
Сүйменқұл Шоқморов (қыр. Сүймөнкул Чокморов; 9 қараша 1939 ж., Чоңташ ауылы, Ворошилов ауданы, Қырғыз КСР, КСРО — 26 қыркүйек 1992 ж., Бішкек, Қырғызстан — қырғыз киноактері, суретші, Қырғыз КСР-інің (1975) және КСРО-ның (1981) халық артісі, Қырғыз КСР-інің халық суретшісі (1990).
## Өмірбаяны
1958 ж. Бішкек көркемсурет училищесін, ал 1964 ж. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және архитектура институтының кескіндеме факултетін бітірді. Бұдан кейін Бішкек көрмесурет училищесі директорының орынбасары болумен қатар осында пед.қызметпен шұғылданды.
1987-91 ж. Қырғызстан Суретшілері одағының төрағасы болды.
## Шығармашылығы
Шығармашлығын әуелі суретшіліктен бастаған бастаған Чокморов кескіндеме ("Тау жолы", "Ұзату", т.б.) және портрет ("Автопортрет", "Ана", "Манасшы" және Саяқбай Қаралаевтың, актерлер А.Жаңқоразованың, С.Жұмадыловтың, т.б. портреттері) жанрында жемісті еңбек етті.
1968 жылдан киноға түскен. М.Әуезовтың "Қараш-Қараш" пен "Көксерек" (1968, 1973) шығармасы бойынша қойылған фильмдерде Бақтығұл (Алматы қаласында өткен 4-ші Бүкілодақтық кинофестивальдың 1-ші сыйлығы, 1970) мен Ақанғұлдың (баку қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальдың және Швейцарияның Локарно қаласында откен 27-Халықаралық Кинофестивалінің 1-сыйлығы, 1974) рөлін орындап, актерлік үздік шеберлігімен ерекше көзге түсті.
Чокморов бұдан басқа көптеген фильмдерде әр алуан рөлдерді шебер ойнауымен өзінің суреткерлік диапазоны кең актер екенін байқатты. Ол әйбір ойнайтын кейіпкерінің ішкі жан жүниесі мен мінез табиғатын тереңірек ашуға әрі оларды толысу, даму үстінде көрсетуге деп қоятын актер болатын.
## Марапаттары
Өзбек КСР-і (1971) және Қырғыз КСР-і (1978) Мемлекеттік сыйлықтарының, Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының (1972), қырғыстанның Халықаралық Ш.Т.Айматов клубы (1990) мен "Алтын көпір" (1994, қайтыс болғаннан кейін) сыйлықтарының лауреаты.
Қырғыз КСР-і жоғарғы Кеңесінің депутаты (1981 - 90) болған. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тина Омон (фр. Tina Aumont, 14 ақпан, 1946, Голливуд, Калифорния– 28 қазан, 2006, Пор-Вандр, Франция) – француз актрисасы.
## Өмірбаяны
Мария Кристина Омон Голливудте Жан-Пьер Омон мен Мария Монтес атты актерлердің отбасында дүние есігін ашқан. 15 жасында анасынан айырылып, бес жыл өткен соң әкесі басқа әйелге үйленеді. 1963 жылы, 16 жасында Мария Кристина белгілі продюсер және режиссер- Кристиан Марканға күйеуге шығады. Ол одан 20 жасқа үлкен болатын. 1966 жылы Джозеф Лоуздің «Модести Блэйз» фильмінде түседі. Альберто Сорди (Scusi, lei è favorevole o contrario?, 1966), Бернардо Бертолуччи («Партнёр», 1968), Тинто Брасс(«Вопль», 1968 және «Салон Китти», 1976), Альберто Латтуада («Белый, красный и…», 1972),Мауро Болоньини («Дела приличных людей», 1974), Роберто Росселини («Мессия», 1975),Франческо Рози («Сиятельные трупы», 1976), Федерико Феллини («Казанова Федерико Феллини», 1976), Винсент Миннелли, Филипп Гаррель сияқты кинорежиссер мен продюсерлермен жұмыс жасаған. 2006 жылдың 28 қазанында эмболия ауруынан өмірден өтеді.
## Дереккөздер
Тина ОмонTINA AUMONT Мұрағатталған 21 қаңтардың 2018 жылы. |
## Шаруалар соғысы
Шаруалар соғысы (1524 – 1526 жылдар) (Германияда), – бүкіл оңтүстік – батыс және Орта Германияны қамтыған неміс шаруаларының (қала тұрғындары жартысының қолдауымен) феодалдық қанаушылыққа қарсы ірі толқулары.
Оңтүстік Шварцвальдта басталған шаруалар толқуы 1524 жылы маусымда ашық көтеріліске ұласты. 1525 жылы көктемде жоғары Швабия көтерілістің орталығына айналды, онда Бальтринген, Альгау т.б. ірі шаруалар отрядтары пайда болды. 1525 жылы наурыз айының басында Мемминген қаласында өткен шаруалар съезінде Жоғарғы Швабияның басты үш бөлімі «тәңірі құқығы» атты жалпы талап негізінде бірікті. Сонымен қатар ірі билеушілердің әскери және саяи одағы – Швабия одағы христиан бірлестігінің көсемдерін өз жағына тартып, 25 наурызда Ульм қаласында олармен бітім жасады. Бұл феодалдардың әскери күштерін толықтыруға жағдай туғызады, 4 сәуірде Швабия одағының әскерлері Г. Трухзес фон Вальдбургтің басшылығымен Жоғары Швабия одағының шаруаларына шабуыл жасап, оларға Лейцхейма маңында алғашқы соққы берді. Франконияда көтеріліс империя округінің ротенбург қаласында 1525 жылы наурыз айының аяғында басталды. Көтерілісшілер монастырьларды, қамалдарды, басып алып, күйретті, феодалдарды шаруаларға азық – түлік, қару – жарақ беруге «Он екі талапты» мойынадауға мәжбүр етті. 1525 жылы сәуір – мамыр айларының ортасында шаруалар көтерілісі шарықтау шегіне жетті. Бұл кезде шаруалар соғысына 100 мыңға жуық адам қатысты. Шаруалар соғысының тарихы феодализмге қарсы күрестің қозғаушы күші шаруалар және олардың одақтастары – қала плебейлері екендігін көрсетті.
## Дереккөздер
## Шаруалар соғысы
Шаруалар соғысы (1524 – 1526 жылдар) (Германияда), – бүкіл оңтүстік – батыс және Орта Германияны қамтыған неміс шаруаларының (қала тұрғындары жартысының қолдауымен) феодалдық қанаушылыққа қарсы ірі толқулары.
Оңтүстік Шварцвальдта басталған шаруалар толқуы 1524 жылы маусымда ашық көтеріліске ұласты. 1525 жылы көктемде жоғары Швабия көтерілістің орталығына айналды, онда Бальтринген, Альгау т.б. ірі шаруалар отрядтары пайда болды. 1525 жылы наурыз айының басында Мемминген қаласында өткен шаруалар съезінде Жоғарғы Швабияның басты үш бөлімі «тәңірі құқығы» атты жалпы талап негізінде бірікті. Сонымен қатар ірі билеушілердің әскери және саяи одағы – Швабия одағы христиан бірлестігінің көсемдерін өз жағына тартып, 25 наурызда Ульм қаласында олармен бітім жасады. Бұл феодалдардың әскери күштерін толықтыруға жағдай туғызады, 4 сәуірде Швабия одағының әскерлері Г. Трухзес фон Вальдбургтің басшылығымен Жоғары Швабия одағының шаруаларына шабуыл жасап, оларға Лейцхейма маңында алғашқы соққы берді. Франконияда көтеріліс империя округінің ротенбург қаласында 1525 жылы наурыз айының аяғында басталды. Көтерілісшілер монастырьларды, қамалдарды, басып алып, күйретті, феодалдарды шаруаларға азық – түлік, қару – жарақ беруге «Он екі талапты» мойынадауға мәжбүр етті. 1525 жылы сәуір – мамыр айларының ортасында шаруалар көтерілісі шарықтау шегіне жетті. Бұл кезде шаруалар соғысына 100 мыңға жуық адам қатысты. Шаруалар соғысының тарихы феодализмге қарсы күрестің қозғаушы күші шаруалар және олардың одақтастары – қала плебейлері екендігін көрсетті.
## Дереккөздер |
Чувандар (өзд. атауы - этэл), шелаги — Қиыр Шығыстағы аз санды ұлт. Ресейдің Чукотка аймағында тұрады, Анадырь өзені алабында тіршілік етеді. Жалпы саны 1,7 мың адам (2004).
## Тілі
Антропологиялық жағынан моңғолдық нәсілге жатады. Палеоазияттық юкагир-чуван тілінде сөйлейді. Шуван тілі – палеоазияттық тілдер отбасының оқшауланған тілі (юкагир-шуван тілдері), жалғамалы (агглютинативті) тілдерге жатады.
## Діні
Чувандардың діні – православие. Дәстүрлі діни сенімдері сақталған.
## Тарихы
Чувандардың этникалық тарихы өте күрделі мәселелердің бірі. Көпшілік ғалымдар чувандар чукчалармен туыстас деп есептейді. Чувандар — Қиыр Шығыстың, Сібірдің шағын байырғы халқы. Орыс деректерінде олар туралы бірінші рет 17 ғасырда айтылады, онда чувандар юкагир халықтарының бірі ретінде айтылады.Олар казактармен бірге коряктар мен чукчаларға қарсы 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басы аралығындағы әскери жорықтарға қатысып, бұл орыстармен жақындасуға ықпал етті. 18 ғасырдың аяғында чукчалармен қақтығыстар айтарлықтай азайды, бұл халықтың Анадырға қайта оралуына мүмкіндік берді. Олар 19 ғасырдың аяғында Анадыр өңірінде орналасып, 19 ғасырдың басында чувандар екі этнографиялық топқа бөлінді:
* көшпелі, мәдени жағынан чукчаларға, коряктарға жақын;
* отырықшы, оларды Анадырлықтар, Марковтықтар деп те атайды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында отырықшы чувандар-марковтар камчадалдар деп атала бастады, тек көшпелілер ғана чувандар деп аталды. 1989 жылға дейін халық санағында ұлты ескерілмеді, өкілдері чукча, орыс болып жазылды. Отырықшы және көшпелі чувандардың қазіргі топтары көрші халықтармен және өз араларымен араласып кеткенімен, өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтап қалды.
## Кәсібі
Дәстүрлі кәсібі - балықшылық, балық аулау, бұғы өсіру және терісі бағалы аңдарды аулау болды. Олар жабайы бұғыларды аулады, орыстар келгенге дейін олар делдалдық, чукчалармен, Охотск жағалауының тұрғындарымен айырбаспен айналысты. Олар қақпан мен мылтық көмегімен терісі бағалы аңдарды: тиін, қоян, арктикалық түлкі, қасқырды аулады. Отырықшы чувандардың негізгі көлік құралы қайықтардан басқа иттер сүйреткен жеңіл қайың шаналары болды. Бір шанада әдетте 8-ден 12-ге дейін ит болды. 1930 жылдардың басында Марково ауылында 300-ге дейін ит болған, оның 260-ы шана иттер болатын. 1980 жылы ауылда ит шаруашылығы толығымен жойылды.Бүгінде чувандар эвендермен және чукчалармен солтүстік бұғы шаруашылығында жұмыс істейді, дәстүрлі қолөнермен айналысады, балық аулайды және өңдейді. Көпшілігі мал өсіріп, бау-бақшамен айналысады.
Көшпелілер баспанасы ярангалар және чум болды. Отырықшы халық юкагирлермен және орыстармен ортақ ауылдарда, төбесі жоқ, төбесі тегіс ағаш үйлерде тұрды.
## Мәдениеті
Халықтың қазіргі ұрпақтары ертегілерді, жырларды, ескі орыс эпостарын сақтап қалды.Ауыз әдебиеті сақталған. Қазіргі таңда Чувандар ассимиляцияға ұшырап, ұлттық болмысын жоғалта бастаған.
Чувандардың тағамының негізін бұғы еті мен балық құрады. Орманда әртүрлі шөптер мен жидектер жинады. Шұңқырларда балық ашытып, тұздалған, юкола жасады. Қызыл балықты көп мөлшерде кептіріп, өздеріне және иттерге азық үшін жинады. Мереке күндері пирог пен нан пісірді. Сусындардан олар браганы (бурдук) пайдаланып, көп мөлшерде шай ішті. Көшпелілер негізінен бұғы етін пайдаланды.
## Қазақстандағы чувандар
Қазақстанның чуван диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
* 22 (1989 ж.),
* 375 (1999 ж.),
* 25 (2009 ж.) адам.
## Дереккөздер |
Свечников Павел Семенович 1926 жылғы каңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданындағы Коноваловка селосында туған. 1932 жылы оның отбасы Фрунзе қаласына көшiп барады. Сонда ержетiп, Қызыл Армияға шақырылған.Әскерге шақырылып, ерлiкпен қаза тапқан әкесiнiң кегiн алу үшiн Павел жасына бiр жас қосып алып, 1943 жылы мектеп партасынан соғысқа кiрiп кеттi. Сөйтiп, өшпес өмiр тұғырына мәңгiлiкке көтерiлдi.317 гвардиялық истребительтанкiге қарсы артиллерия полкының (Воронеж майданы, 47армия) көздеушiсi гвардия сержанты Свечников 1943 жылдың қыркүйегiнде расчет құрамында Студенец тұсында (Черкасск облысы Канев ауданы) Днепрден өтiп, дұшпанның бiрнеше атыс ошағын құртты. Сөйтiп, ол плацдармды басып алуға септiк жасап, өзге бөлiмшелердiң өзеннен өтуiн қамтамасыз еттi. 1943 жылғы 17 қазанда неміс танкiлерiмен тiркеусіз жүретiн ату құралдарына қарсы шайқаста өжеттiк, табандылық пен батырлық көрсеттi. Жау танкi 3040 метр жерге келiп қалды. Свечников жекпежекке шықты. Ол өз қаруынан оқ жаудырып, танкті жайратып салды. Командир қатардан шығып қалғанда басшылықты өзіне алған Свечников анталаған танктермен атыса берді.Оның батыл қимылының арқасында жаудың екі танкі жайрап, 15 тей жауынгері жер жастанды.Осы ерліктері үшін П.С. Свечниковке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 24 желтоқсанындағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қырғыз ССРі Сокулук ауданындағы Қызылту селосында бір көше оның есімімен аталады.
## Дереккөздер
* Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”
* Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» |
Жәнiбек – ХVІІ ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген қазақ батыры, әкесiнiң аты – Төлек, iнiсiнiң есiмi – Қантай. Қантай – бұл күндегi Қантай Керейдiң түп атасы. Жәнiбек жағасында дүниеге келген Қайранкөл оның өз атымен күнi бүгiнге дейiн «Жәнiбектiң Қайранкөлi» деп аталады.
Керей руынан шыққан.
Жәнiбек жасында ауыл молдасынан оқып, хадимше хат танып, дiни бiлiм алыпты.Жәнiбектiң елi – Орта жүз Керей, оның iшiнде – Ашамайлы Керей, оның iшiнде – Тарышы Керей. Тарышы мерген Алтын орда ханы Өзбектiң бас ақылшысы әрi қырық уәзiрiнiң бiрi болған Танаш батыр Фархадұлының ең кiшi ұлы екен.Жәнiбек он жетi жасынан бастап батыр болып, көзге түсiп, жұрттан алғыс алған екен. Ол өзiне елдес Толыбай сыншы Дәулен батыр ұлы 1625–1668 жылдар аралығында әскерiн басқарып, Харақұла, Батар хонтайжылар басқарған жоңғарқалмақ басқыншыларынан мұсылман елдерiнiң жерсуын, халқын қорғаған кезiндегi қазаққалмақ соғысына қатысқан екен. Дұшпандармен соғыста талай ерлiктер көрсетiп, жекпежекте қалмақтың бiрнеше батырын жер жастандырыпты. Жәнiбек заманында Салқам Жәңгiр, Шығай хандардың, ордабасы Толыбай сыншының оң қолы болған екен. Ол өз тұсында Ер Жәнiбек, Жәнiбек баһадүр, Сынықшы Жәнiбек, Жәнiбек сардар деген құрметтi атпен мұсылман қауымына мәшһүр болыпты. Ол туралы шығарған Қожаберген жыраудың«Ер Жәнiбек» атты, Дәстем салдың «Сынықшы Жәнiбек» деген тарихи дастандары болған екен. Бiр өкiнiштiсi сол, дастандарды жатқа бiлетiн ақсақалдардың соңы 1970 жылға дейiн өмiр сүрсе де, ешкiм осы аталмыш мұраларды жазып алған жоқ.Жәнiбек батырдан ұрпақтар бар. Олар Солтүстiк Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Архангелка, Үлгi ауылдарында, облыс орталығы Қызылжар (Петропавловск) шаһарында өмiр сүрiп жатыр. 1916 жылы «Прием» атты тарихи әрi өмiрбаяндық дастан шығарған әйгiлi ақын Бiржан Берденұлы (1890–1921) осы Ер Жәнiбектiң сегiзiншi ұрпағы екендiгi де Солтүстiк Қазақстан облысындағы мұсылмандарға мәлiм. Ұлы Отан соғысының ардагерi, Социалистiк Еңбек Ерi Есiм Шайкеұлы да осы Ер Жәнiбектiң тоғызыншы ұрпағы. Шоқанның өлiмiн Шыңғысқа, Зейнепке естiртушi екi адамның бiрi әрi Шыңғысқа бас көтерткен атақты Жолан батыр Сармантайұлы (1811–1898) да осы Ер Жәнiбектiң алтыншы ұрпағы екен.
## Дереккөздер |
Климук Петр Ильич (10 маусым 1942 жылы туған, Брест облысы, Брест ауданы, Комаровка селосы) — КСРО-ның ұшқыш-космонавты, Кеңес Одағының Батыры (28.12.1973), Әскери Әуе күштерінің майоры. 1963 жылы КОКП мүшесі. 1964 жылы Чернигов әскери авиация училищесін бітіргеннен кейін, Әскери Әуе күштерінде қызмет етті. 1965 жылы космонавттар отрядына қабылданды. 1973 жылдан Ю.Г. Гагарин атындағы Әскери Әуе академиясының тындаушысы. 1973 жылы 18–26 желтоқсан аралығында «Союз-13» космос кораблінің командирі ретінде В.В. Лебедевпен бірге космосқа ұшты. Ленин орденімен марапатталды.
## Өмірбаяны
Беларусь КСР (қазіргі Беларусь Республикасы) Брест облысы Брест ауданы Комаровка ауылында туған.
Өмірінің алғашқы жылдары кәсіппен өтті. Балалық шағы мен мектеп жылдарын туған ауылында өткізді.
1959 жылы орта мектепті бітіріп, Кременчуг ұшқыштарды алғашқы даярлау мектебіне оқуға түсті, содан кейін Ленин комсомолы атындағы Чернигов жоғары әскери ұшқыштар училищесінің курсанты болды. 1964 жылы оқу орнын үздік бітірді. Одан кейін Кеңес Армиясы құрамындағы авиация бөлімдерінде қызмет етті. 1963 жылдан КОКП мүшесі.
1965 жылы ғарышкерлер корпусына алынды. Жалпы ғарыштық дайындық және «Союз» кемесіндегі және «Салют» орбиталық станцияларында ғарыштық ұшуларға дайындықтың толық курсын аяқтады. Ол экипаж командирі ретінде үш ғарыштық ұшуды орындады. Ол 1973 жылы 18-26 желтоқсан аралығында бортинженер В.В. Лебедевпен бірге «Союз-13» ғарыш кемесінде ғарышқа алғашқы ұшуын жасады. Ұшу ұзақтығы 7 күн 20 сағат 55 минут 35 секундты құрады. Ұшу алдында Ю.Романенко ғарышқа ұшқандардың ең жасы (туған күні бойынша) болды.
1975 жылы қаңтарда «Союз-17» ғарыш кемесінің резервтік экипажының мүшесі болды. 1975 жылы сәуірде «Союз-18-1» ғарыш кемесінің сәтсіз ұшырылуы кезінде кеме командирінің резерві болды. Ол 1975 жылдың 24 мамыры мен 26 шілдесі аралығында бортинженер В.И.Севастьяновпен бірге «Союз-18-2» ғарыш кемесінде «Салют-4» орбиталық станциясына ғарышқа екінші рет ұшты. Ғарышта болу ұзақтығы 62 күн 23 сағат 20 минут 8 секунд болды. Кейін «Интеркосмос» бағдарламасы бойынша ұшуға дайындықтан өтті.
Ол 1978 жылдың 27 маусымы мен 5 шілдесі аралығында «Союз-30» ғарыш кемесінде «Салют-6» орбитасына ғарышкер-зерттеуші, Польша Халық Республикасының азаматы М.Гермашевскиймен бірге халықаралық экипаждың командирі ретінде ғарышқа үшінші ұшты. оның экипажымен бірлескен жұмыс станциясы - В.В. Коваленк және А.С. Иванченков. Ғарышта болу ұзақтығы 7 күн 22 сағат 2 минут 59 секундты құрады.
Ғарышқа небәрі 3 рет ұшуда ол 78 күн 18 сағат 18 минут 42 секунд ұшты.
## Дерек көздер
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 485 бет |
Крыжановский Сава Поликарпович 1914 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша стансасында (қазіргі Тайынша қаласында) туған. Қызыл Армия қатарында 1941 жылдан, шайқастарға сержант, барлаушылар тобының командирі есебінде қатысқан. 1943 жылы қазан айында жаудың тылына өтіп, автотрассада жасаған. Екі автокөлікті қолға түсіріп, 8 гитлершілердің көзін жойып, бірнешеуін тұтқынға алды.1943 жылы 19 қазанда барлауда жүріп танк пен бронетранспортерді жарып, 6 солдат пен офицерді өлтірді.1944 жылдың басында гвардия сержанты Крыжановскийдің жеке есебінде жаудың 96 солдаты мен 5 офицерін өлтіргені жазылған және бірнеше фашист танкілері мен автокөліктері жойылған.КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Сава Поликарпович Крыжановскийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Маңқыстау Тыныштықұлы (дүниеге келген жылы белгісіз) - 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында жасаған қазақ ақыны. Ескіше хат таныған. Араб, парсы, көне түрік тілдерін жақсы білген. Аудармамен айналысып, қисса-дастандарды кітап етіп бастырумен шұғылданған. Мысалы, ол Қожа Ахмед Ясауидің "Диуани хикмәт" атты жинағын Қазан каласында Каримовтар баспаханасында 1901 ж. жеке кітап етіп бастырып шығарған. Маңқыстау өз тарапынан да жыр-дастандар жазған ақын. Мысалы: оның "Сұлтан Сейт-Баттал Ғазудың кереметтері" атты дастаны 1808 ж., "Хазрети Зұлқарнайынның хикмәті" атты толғауы 1909 ж. Қазандағы Хусайновтар баспаханасында деке кітап болып шыққан.
## Дереккөздер |
Мұрат Әбділхайұлы Кәрімов (18.4.1931 жылы туған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973). Үшінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты. "Идеал" татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы.
* 1954 жылы - Алматы мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген соң осы институтта аспирант, ассистент (1954–60),
* (1960–83) Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі,
* (1983–84) ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары.
* (1984–85) Қазақстан Денсаулық сақтау министрілігі өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарды.
* Негізгі ғылыми еңбектері токсикология және онкология мәселелеріне арналған.
* 2 өнертабыстың авторы (1954–60)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Үшінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының тізімі
* Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы |
Қаражал – Бұғылы тауларының оңтүстігіндегі шоқы.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Қарамыс ауылының солтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Шерубайнұра өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 1016 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 4,5-5 км шамасында.
## Жер бедері
Беткейі тіктеу, өзен аңғары, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік-шығыс беткейінен Қарақамыс өзенінің салалары бастау алады. Батысында Қосшоқы, солтүстік-шығысында Қарсақпай, оңтүстігінде Күшік таулары орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Ортаңғы және жоғарғы тас көмір кезеңінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Ашық қоңыр топырақ жамылғысында тобылғы, қараған, жусан, селеу, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қаражал – Қосмұрын тауларының шығысындағы шоқылы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінің оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 827 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км шамасында.
## Жер бедері
Шығыс беткейі тіктеу, солтүстік-батысқа қарай тізбектелген шоқылар аласарып, жазыққа ұласады. Салыстырмалы биіктігі 75 – 80 м.
## Геологиялық құрылымы
Девон жүйесінің ортаңғы және төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, сұлыбас, бұталар өседі. Етегіндегі бұлақтардың маңы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қаражал – Баянауыл тауларының оңтүстігіндегі оқшауланған тау.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан ауылының оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 534 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км.
## Геологиялық құрылымы мен жер бедері
Жер қыртысы силур мен девон кезеңдерінің кристалды порфирит, сиенит, гранитті тақтатастарынан түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан. Жазыққа ұласатын батыс және солтүстік етегінде шағын тұзды көлдер жатыр.
## Өсімдігі
Беткейлерінің және етегінің қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырағында қараған шоғырлары аралас бетеге, қау, сұлыбас өскен.
## Дереккөздер |
Маралды – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы өзен. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алқабы 809 км2.
## Бастауы
Өзен Нарын жотасының оңтүстік беткейінен басталып, Маралды ауылының тұсында Күршім өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары тар, тік шатқалды. Ағыны қатты. Қар, жауын-шашын суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны сағасында 10,6 м3/сек. Ағаш ағызады, мал суарады.
## Дереккөздер |
Бұл беттер төмендегіше мағыналар білдіруі мүмкін:
## Елді мекендер
* Қаражал – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл.
* Қаражал – Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл.
* Қаражал – Ұлытау облысындағы қала (1963 жылдан), Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағының орталығы.
* Қаражал – Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл.
## Таулар
* Қаражал – Бұғылы тауларының оңтүстігіндегі шоқы.
* Қаражал – Түлкілі тауларының солтүстік-шығысындағы таулар.
* Қаражал – Қосмұрын тауларының шығысындағы шоқылы тау.
* Қаражал – Баянауыл тауларының оңтүстігіндегі оқшауланған тау.
* Қаражал – Қалба жотасының оңтүстік бөлігіндегі таулар.
* Қаражал – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батысындағы тау. |
Мүһәзин (араб – жариялаушы, шақырушы) – діндар адамадарды мешіт мұнарасынан намазға шақыратын азаншы, дін қызметкері. Мүһәзин құбылаға қарап, екі қолын құлағының астына тигізіп, саусақтарын жоғары көтеріп, азан сөздерін айқайлап жатқа айтады. Азаншы сөзі екі тармақтан тұрады. Біріншісі азан деп аталады. Онда намаз уақытының жақындағаны хабарланады. Екіншісі – икама. Бұл – намаз басталар алдында азаншының екінші рет намазға шақыруы. Икамада айтылатын сөздердің азанда айтылатын сөзлерден айырмашылығы жоқ. |
Мырзағұл - Дәулет – Ұлы жүз құрамында кіретін Жалайыр тайпасының Андас руынан тараған ата. Андастың үшінші әйелі Жетімектен Шәкі болды, одан Тілес туды. Шөкіден Боскөз бен Қараш туған болатын. Бозкөзден Мырзағұл мен Дәулет, Қараштан Көтенбөрте, Мырзағұлдан Алакөз, Дәулеттен Жетінар тарайған. Бұл екі ру халық арасында Мырзағұл- Дәулет деп аталып кеткен. Мырзағұл- Дәулет ұрпақтары Қазан революциясына қатысты. Одан бұрын олар Талдықорған облысының Қаратал және Көксу жерлерініӊ бойына мекендеген болатын. |
Мысльбек (Myslbek) Йосеф Вацлав (20. 6. 1848–2. 6. 1922) – чех мүсіншісі. Жаңа дәуірдегі чех реалистік мүсін өнері мектебінің негізін салушы. Мысльбек шығармалары шебер жасалуымен және образ айқындығымен ерекшеленді. Табор қаласындағы Я. Жижка ескерткіші жобасының (19 ғ-дың 70 жылдары), Прага Ұлттық театр ғимаратындағы және Палацкий көпіріндегі топтама мен сәндік фигуралардың (19 ғ-дың 80–90 жылдары), Прагадағы Вацлав князьға тұрғызылған ескерткіштің (1913 ж. ашылды), көптеген мүсіндік портреттердің авторы болып келеді. |
Міртемір (толық аты жөні Міртемір Омарбек ұлы Тұрсыннов; 10. 6. 1910 жылы туған, Қаз.ССр-інің Түркістан ауданы, Иқан с.) – өзбек совет ақыны, Өзбекстанның халық ақыны (1971). 1968 жылдан КОКП мүшесі. Самарқандағы Пед. академияның қоғамдық-әдебиет ф-тін бітірді (1932). Көп жылдар бойы мектепте, газет, журнал редакцияларында, баспа орындарында, Өзбекстан Жазушылар одағында әр түрлі қызмет атқарды. М. шығармалары 1926 жылдан жариялана бастады. Тұңғыш кітабы – «Шұғылалар қойнында» 1928 ж. жарық көрді. Мұнай кейін оның «Зафар» (1929), «Коммуна» (1932), «Байтахт» (1936) т.б. өлеңдер жинағы, «Аш-жалаңаштар елінде» (1936) атты романы басылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармалары «Өшпенділік» (1944) жинағына енді. Соғыстан кейінгі жылдары «Өлеңдер» (1947), «Таңдамалы шығармалар» (1958), «Жаңа өлеңдер» (1964) т. б. кітаптары шықты. Ол А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Г. Гейне, Ш. Руставели, Абай Құнанбаев, Жамбыл, Ә. Тәжібаев т. б. шығармаларын өзбек тіліне аударды. М. өлеңдері «Ойлар» (1961) деген атпен қазақ болып басылды. М. 2 орденмен, медальдармен марапатталған. |
Мініс Әбілтайұлы (1930 жылы туған, Монғол Халық Республикасы (МХР), Баян-Өлгий аймағы) – МХР-дің ғылымы. Тарих ғылымдарыныӊ докторы болған(1972). Монғол Халық Революциялық партиясының (МХРП) мүшесі. Абай атындағы педагокилақ институтын бітірді (1955). МХРП ОК-нің жанындағы Партия тарихы институты директорының орынбасары болып жұмыс істеді. «МХР Баян-Өлгий аймағындағы қазақ халқының тарихы» атты монографияның тағы басқа ғылыми еңбектердің авторы. |
Назаров Иван Николаевич (12. 6. 1906, Кошелен с., қазіргі Владимирск обл., Киржачск ауд.,–30. 7. 1957, Москва) – совет химик органигі, КСРО ғылым академиясының академигі (1953; корр. Мүшесі 1946). 1944 жылдан КОКП мүшесі. К. А. Тимирязев атынд. Москва а. ш. Академиясын бітірген (1931). А. Е. Фаворскийдің шәкірті. 1934–47 ж. КСРО ғылым академиясының Органик. химия институтында ғылыми қызметкер. Н. ацетилен мен оның туындыларын, әсіресе винилацетиленнің қасиеттерін зерттеді. Физиол. активті қосылыстар қатарын, сондай-ақ промедол дәрісін синтездеді. Диен синтезі арқылы стероидты қосылыстар алды. Мемл. сыйлықтың лауреаты (1942, 1946). 3 рет Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. |
Навбәти (т.-ө. ж. белгісіз) – 18 ғасырда жасаған ұйғыр ақыны. Хотанда (Шығыс Түркістан) туып өскен. Навбәти лирик ақын. Шығармаларының дені – ғазелдер, рубаилар. Негізгі туындысы 1740 ж. жазған өлеңдер диуаны (жинаған). Навбәти шығармаларында туған елінің азаттығы мен бостандығын көкседі, үстем тап өкілдерінің, дін иелерінің озбырлығына қарсы үн көтерді, ұйғыр тілінде шыққан «Әсирләр садаси» атты жинақта (1963) жарияланды, ұйғыр мектептерінің 8-класына арналған әдебиет оқулығында (1972) басылды. |
Надиров Иван Никитич (15. 7. 1906, Азерб. ССР-і, Кировабад қ.,– 1941, Смоленск) – совет композиторы. Шаруа отбасында туған. 1936 жылы Москва консерваториясын Н. Я. Мясковскийдің класы бойынша бітірді. 1937– 40 ж. академиясын бітірген (1931). А. Е. Федорскийдің шәкірті. 1934–47 ж. КСРО ғылым академиясының Органик. химия институтында ғылыми қызметкер. Надиров ацетилен мен оның туындыларын, әсіресе винилацетиленнің қасиеттерін зерттеді. Физиол. активті қосылыстар қатарын, сондай-ақ промедол дәрісін синтездеді. Диен синтезі арқылы стероидты қосылыстар алды. Мемлекеттіӊ сыйлықтың лауреаты (1942, 1946). 3рет Ленин орденімен және медальдармен марапатталған |
Наккаш Маурин (ан-Наккаш) (1814–55) – ливан театр қайраткері, араб театрының негізгі салушы. 1846 ж. Театр өнері бойынша сабақ алу мақсатымен Италияда болды. 1848 ж. Бейрутта әуесқой актерлер күшімен Ж. Б. Мольердің «Сараңын» жергілікті жағдайға бейімдей отырып сахнаға шақырады. Н. осы спетаельден кейін режиссер, суретші әрі орындаушы ретінде танылды. Ол Бейрутта театр ұйымдастырып, оның сахнасында басқа драматургтардың шығармаларымен қатар өзі жазған «Харн ар-Рашид», «Тапқыр» . |
Назугум (т. ө. ж. белгісіз) – 18 ғ-да Шығ. Түркістанда Маньчжур басқыншыларына қарсы күресте даңқы шыққан ұйғыр халқының қаһарман ақын қызы. Ол 1825 ж. Қашғарда Жаһангер қожа басқарған көтерілісшілер жеңіліс тапқаннан кейін Маньчжур жендеттерінің айуандық зұлымдығынан қаза тапты. Назугум сауатты болған. Ол өлеңдрін жазып та, ауызша да таратып айтқан. Бірақ шығармалары көп сақталмаған. Ел аузында жатталып, бүгінге жеткен бірқатар жырларында («Қашғардан аттанғалы басым жастыққа тимеді», «Шыдай алмай қалмақ, қорлығына әзіз жаннан кештім», «Жанжүн кісі жібереді мендей сорлы қатынға» т. б.) Н. ұйғыр халқының басында түскен ауыр тауқыметті суреттеді. Есімі халық аузында аңызға айналған Назугум туралы композитор Қ. Қожамияров «Назугум» операсын жазды. |
Нақис Савурахун (1854–1923) – ұйғыр ақыны. Қашғар у-нің (қазіргі Шығ. Түркістан) Янгисар қаласында туып өсіп, ғұмыр кешкен. Нақис Савурахун өлеңдері бір жинақ (1885) көлемінде сақталған. Ол үнді жазушысы Иниятуллах Канбунның (1606–71) «Баһары данши» атты кітабын парсы тілінен ұйғыр тіліне аударды (1887), көне қолжазбаларды көшіріп, халық арасына таратты. Нақис Савурахун шығармашылығында махаббат тақырыбы басты орын алғанымен, қоғамдық мәселелерге арналған, халықтың ауыр тұрмысын көрсететін өлеңдері де бар. Оның бірқатар өлеңдерінде ( «Мугани», «Сиыр және бай» т. б.) таптық қайшылық суреттеледі, езуші таптың озбырлығы сыналады, диқандар өмірі мен тұрмысы ( «Бие мен бай» т. б.) шынайылықпен бейнеленеді. Н. 19 ғ-дағы ұйғыр әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын. |
Нель Адғамұлы Болатбаев (1922 ж., [[Солтүстік Қазақстан облысы] – 1996 ж.) — халық депутаттары Солтүстік Қазақстан облыстық советтері атқару комитетінің председателі (1970 жылдан). Қазақ Совет Социалистік Республикасына еңбегі сіңген қоғам қайраткері. 1941-1944 жылдары Совет армиясы қатарында болды.
Арғын тайпасының Қаракесек руының Шаншар бөлімінен шыққан.
## Атқарған қызметтері
* 1944-1948 жылдары сауда және партия, совет қызметтерінде.
* 1946 жылдан Кеңес Одағының Коммунистік Партия мүшесі.
* 1948-1950 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы екі жылдық партия мектебінің тыңдаушысы.
* 1950-1962 жылдары партия, совет қызметтерінде.
* 1962-1970 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Серргеев ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы.
* 1970 жылдан Қазақстан КП ОК мүшесі.
* Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты.
## Дереккөздер |
Мурена (лат. Muraena) – түнде белсенді тіршілік ететін жыланбалық тұқымдасы.
Оның жер шарында 2000-ға жуық түрі бар.Дене тұрқы түріне байланысты. Мысалы, мурена- бантиктің ұзындығы 25 см болса, алып муренаның ұзындығы 4 метрге, ал салмағы 50 келіге дейін жетеді.Көп қыртысты терісі қалың, ашық түсті, қабыршағы болмайды.Көбінің кеудесінде жүзбеқанаттары жоқ.Аузы үлкен, үнемі ашық жүреді. Жақ сүйегінде үлкен, өткір тістері орналасқан. Жемтігін шап беріп ұстап алуға бейім.Көздері түймедей, өте кішкентай. Нашар көретіндіктен жемтігін айыра алмайды.Басының екі жағында кішкене желбезектері орналасқан.Олар әдетте таяз суларда тіршілік еткенді ұнатады. Рифтерді және жартастарды мекендеп, сызаттарға жасырынады.Арқасында басыннан батап құйрық жағына дейін созылған қанаты орналасқан. Бүйір қанаттары болмағандықтан жылан тәрізді көрінеді. Басқа кішкентай жыртқыш балықтарға қарағанда муренаның тістеген жері қатты ауыртады. Уы терісінің астындағы бездерден бөлініп шығады.Муренаны кейде тағамға қосады, бірақ еті улы болғандықтан әлсіздік тудыруы мүмкін.
## Дереккөздер |
Абенгу́ру (фр. Abengourou) — Кот-д’Ивуардың қаласы әрі департаменті. Әкімшілік орталығы Муайен-Комоэ.
## Фотогалерея
## Дереккөздер |
Журуа өзені- Амазонканың оң жақ саласы. Ұзындығы 3286 км. Бастауын Перу Андысының тау алды жазықтарынан (Ламантья) алады. Ірі саласы – Тарауака. Өзен, негізінен, Бразилияның Акри және амазонас штаттары арқылы ағып өтеді. Жоғарғы ағысында биік құмды жазықпен, орта және төменгі ағысында Амазона ойпатымен қатты ирелендей ағады. Жағалауы ну ормандармен көмкерілген. Негізінен, жаңбыр және жерасты суларымен толығады. Өзен күзде тасиды. Қаңтардан мамыр айына дейін суы мол, ал тамыз – қазан айларында су деңгейі күрт төмендейді. Орта және төменгі ағысы (Крузейру-ду-Су қаласынан төмен) кеме жүзуіне қолайлы. Өзен бойында Бразилияның екі шағын қаласы –Эйрунепе, Карауари орналасқан.
## Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедия. 4 том. Алматы, 2007. |
Нево тауы - (ивр. הַר נְבוֹ, Har Nevo; араб.: جبل نيبو, Jabal Nibu) батыc Иорданиядағы теңіз деңгейінен шамамен 817 метр биіктікте орналасқан көтеріңкі жота. Нево Иорданиядағы Өлі теңізді жағалай орналасқан тау тізбектерінің біткен жерінде тұр. Таудың ең биік нүктесі - Сияха, ондағы шіркеу мен монастырь үйінділері 1933 жылы табылған.Шіркеудің мозаикамен көмкерілген еденінің астынан табиғи тастан үңгіп жасалған алты қабір табылған.Нево тауы - тәу етушілер және туристер көп баратын жер. Нево тауындағы Мадаба қаласынан жеті шақырымдай жер- де орналасқан «Моисей мемориалы» - тәу етушілер жиі келетін орын.
Мұндағы шіркеудің басты залы мозаикалармен көмкерілген нефтен және дәліздерден тұрады. Дәліздер мен кейбір бағаналардың ортасында мозаика бөліктері кездеседі.Нево тауы мемлекеттік саябағы - Арканзас мемлекеттік саябақтар жүйесіндегі дельтапланмен секірушілерге секіру алаңын ұсынатын екі саябақтың бірі.Бұл жердің сурет салу мектебі Православ өнерінің өркендеуіне ықпал еттіНево тауындағы археологиялық қазбалар 1933 жылдың шілдесінде басталған.Оны Францискан институтының ғалымдары жүргізді.
Мұса мемориалы, яғни оның өлген және жерленген жері деп болжанған орын ерте христиан заманынан бері тәу ету орталығы болып табылады.Мухаяттағы Георгий шіркеуіндегі оң және сол жаққа ілінген мозаикалардатауыстар, арыстандар және тағы басқа аңдардың бейнелері көрсетілген.
Нево Мемлекеттік саябағының тағы бір ерекшелігі - мұнда толық жарақтандырылған ас бөлмесі және от жағатын жері бар, өте ыңғайлы қылып салынған 14 үй бар.Ғалымдардың зерттеуі бойынша, таудан IV ғасырда жататын шағын шіркеудің қирандылары табылған.
## Дереккөздер |
Америкадағы Ана мешіті - Құрама Штаттардағы ең ескі, арнайы салынғаң мұсылмандардың құлшылық ететін үйі.АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғыс және Ұлы дағдарыстан шыға алмай жатқанда Седар Рапидс қаласындағы мұсылман әулеттері біріге жұмылып, ұйымдасқан түрде құлшылық ететін орын салуға кіріскен. Мешіттің құрылысы 1934 жылы аяқталды.
Ең алғаш құрылысы біткенде мешіттің сырт көрінісі екі қабатты мектеп ғимараты немесе ауыл шіркеуі сияқты болды. Оның кіреберісіндегі кішкентай жасыл күмбезінен басқа ислам сәулет өнеріне тән ешқандай белгілері болған жоқ. Тек тақтайшадағы ағылшынша және арабша жазылған сөздер ғана құрылыстың мұсылмандардың құлшылық ету үйі екенін білдіріп тұрды.Бірінші қабат тек қана дұға қылу мақсатында қолданылды, ал екінші қабат әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылды.
Өзіндік ерекшелігі бар Америкадағы Ана мешіті тек қана мешіт емес, мәдени және тарихи орталық болып қалды. Мешіт 1996 жылы Ұлттық мәдени орындардың тізіміне енді. Америкадағы Ана мешіті - Құрама Штаттарда салынған алғашқы мұсылман мешіті. Ол Айова штатының тарихи ескерткіштер тізіміне және тарихи орындардың ұлттық тізіміне енгізілген. Шығыс Айова өңірі қазірде 30 түрлі елден келген 700-ден аса мұсылман отбасыларының мекені болып отыр.
Тұрғындардың кейбірі жаңадан келген иммигранттар болса, енді бірі - осында төрт ұрпақтан бері отырғандар. Седар Рапидстегі жаңа мұсылман орталығы 1970 жылы салынып бітті. Бүгінде ол - жергілікті мұсылмандардың құлшылық ететін және әлеуметтік шаралар өткізетін үйі. АҚШ-тың Айова штатында болған жойқын су тасқыны Құрама Штаттардағы ең ескі мешітке зақым келтірді.
## Дереккөздер |
Әмір ибн әл-Ас мешіті (араб.: جامع عمرو بن العاص) б.з. 642 жылдың басында Мысырдың негізі жаңадан қаланған астанасы Фустаттың орталығы ретінде салынған.
Әмір ибн әл-Ас-Мысырда, яғни Африка құрлығында бой көтерген алғашқы мешіт. Мешіт жаулаушы әскербасы, баһадүр Әмір ибн әл-Астың шатыры турған жерде орналасқан. Мешіттің бір бұрышында Әмірдің ұлы Абдуллаһтың қабірі жатыр. Бастапқы кезде мешіттің ұзындығы - 29 метр, ені 17 метр, бағаналары жарылған пальма діңдерінең тастардан және саз кірпіштен қаланған, ал шатыры ағаш және пальма жапырақтарымен жабылған күрке тәріздес аласа ғимарат болған.
Мешіт тек құлшылық қылатын орын ғана емес, сонымен бірге діни және азаматтық мәселелер талқыланатын алаң болып табылады. Мешіттің бастапқы қурылысы тым қарапайым еді: қабырғалары жалаң, ешқандай ою-өрнектермен безендірілмеген және минарет немесе жерге төселетін төсеніш те жоқ болатын. Мешіттің ескі бөлігін тек оңтустік қабырғаның бойынан ғана әлі де болса көруге болады. Мешітте мұсылмандар дұға қылғанда жүздерін қарататын құбыла қабырғасына параллель салынған жеті жаңа дәліз бар.
Мешіттің құрылысын әрі қарай дамытқан Аббасидтердің халифы әл-Мамун болды. Ол оңтүстік-батыс жағына жаңа бөлік қосып, мешіттің өлшемін 120x112 метрге дейін жеткізді. Қабырғалары мен төбесі безендірілді және төрт бұрышына «муэдзинге» (яғни азан шақырушылар) арналған бөлме мен минарет қосылды, ал мешіттің еденіне сабаннан жасалған кілемшелер төселді. Мешіттің бағаналары пальма діңінен, тастардан және саз кірпіштерден жасалды.
## Дереккөздер |
Мұхаммед Әли мешіті - (араб.: جامع محمد علي) Каирдегі үлкен мешіттердің бірі.XIX ғасырдың басында Мұхаммед Әли паша Мысырдағы осман на- менгері болып тағайындалады. Билік еткен 25 жыл ішінде ол көптеген әскери іс-шараларды сәттіорындайды. Осының нәтижесінде Мысырдың шекарасы кеңейеді.
1831 жылдан бастап Мұхаммед Әли Мысырды жалғыз өзі биледі. Өзі билік еткен 25 жыл ішінде Каирде көптеген діни ғимараттар бой көтерді. Мұхаммед Әли мешіті - сондай ғимараттардың бірі. Мешіт ішінде Мұхаммед Әлидің қабірі орналасқан. Мешітті 1830-1848 жылдары Юсуф Бохна есімді сәулетші Мұхаммед Әлидің қолдауымен, билеушінің ұлы Тусун пашаның құрметіне арнап салған.
Мешіт Константинополь мешіттерінің үлгісімең Ыстамбұлдың сәулет өнері мектебінің ықпалымен тұрғызылған. Кейбір жерлері Мысыр ғибадатханаларына да ұқсайды. Мешіт Каир қамалының ең биік жерінде орналасқан. Мұхаммед Әли мешітінің минареттері Каирдің кез келген тұсынан анық көрінеді. Алебастр плиталарымен қапталғандықтан мешіт «алебастрлы мешіт» деп аталып кеткен. Мешіттің ішіндегі мінәжат ету залы өте үлкен, ауқымы 1600 шаршы метрге жетеді. Залдың төбесін диаметрі 21 метр, биіктігі 52 метрге жететін күмбез жапқан. Ішкі ауласы мәрмәрлі бағандардан тұратын галереялармен қоршалған.
Мешіттің қақ ортасында күмбез тәрізді субұрқақ орнатылған. Мешіт ауласында сағаты бар мұнара тұр. Мұхаммед Әли мешіті Мысыр елінің ең көрнекті тарихи ескерткіштерінің біріне жатады.
## Дереккөздер |
Сұлтан Хасан мешіт-медресесі - (араб.: جامع السلطان حسن) тек Каирдегі ғана емес, сонымен бірге бүкіл Ислам әлеміндегі ең үлкен мешіттердің бірі. Ғимараттың үзындығы - 150 метр, ал биіктігі 36 метрге жетеді. Ең үлкен минаретінің биіктігі - 68 метр. Мешіт ғимараты жеке орналасқан және үш қасбеті бар. Ал батыс жағында үлкен сауда кешені орналасқан.
Сұлтан Хасан мешітінің сәулет үлгісі Каирдегі көптеген тарихи ғимараттардың үлгісін біріктіреді. Мешіт - Мәмлүк сәулет өнері жауһарларының бірі. Мешіт әу баста жобаланғанда Исламның төрт мазхабы, яғни - Шафи, Малики, Ханафи және Ханбали мазхабтарының әрқайсысының жеке аумақтары болатындай етіп бөлінген.Сұлтан мешіттің құрылысы аяқталардан сәл бұрын қастандықпен өлтірілген.
Мешітті салуда қолданылаан тастар мен Гиза пирамидаларын салуда қолданылған тастар бір- біріне қатты ұқсайды. Мешіт-медресе Мұхаммед Әли көшесінің аяқталар тұсында, Мидах Салах әл-Диннің батысында және қамалдың солтүстік батыс дуалының сырт жағында орналасқан. Сұлтанды жерлеуге арналып салынған бөлмеге оның екі ұлы жерленген. Ғимаратты 1356 жылы Сұлтан Хасан бин-әл- Насыр Мұхаммад бин Қалауын мешіт әрі сүннит исламының төрт мазхабының діни мектебі деп жариялады. Келушілер кешенге жарықтандырылған сахнға бастайтын биік дарбаза арқылы кіреді. Ол Каирдегі ең әсерлі тарихи ескерткіштердің бірі болып саналады.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер |
Убудиа мешіті Малайзия мемлекетінің Куала Кангасар қаласында орналасқан. Ол Малайзияның ең көркем мешіті болып саналады. Мешіттің бес күмбезі бар, біреуі - негізгі, оның көлемі үлкендеу, ал қалған төртеуі - кішілеу. Бүдан бөлек мешіттің жиырма төрт минареті бар.
Мешіттің алтын күмбезі мен минареттер ислам сәулет өнерінің көркемдікке ұмтылысының белгісі. Мешіттің жобасын жасаған сәулетші - Артур Бенисон Хуббак. Мешіттің ұзындығы - 42 метр. Убудиа мешіті Ипох қаласындағы II Сұлтан Ыдырыс шахтың мешіті салынғанға дейін мемлекеттің басты мешіті болды. Ханзаданың пілі шетелден әкелінген итальяндық мәрмәр еденді аяғымен басып сындырғандықтан мешіттің құрылысы біраз кешеуілдеп барып бітті.
Убудиа мешіті Малайзия еліндегі құрылысы ең әсем мешіттердің және «Мейірімділік жері» деген мағына беретін. Алтын күмбездері мен минареттері мешітке ерекше көрік береді. Мешітті ресми түрде ашық деп жариялаған Сұлтан Ыдырыстың ізбасары Сұлтан Абдул Жалил Карамтуллах шах болатын. Перак штатындағы барша мұсылмандардың мақтанышы болып саналады. Мешіттің құрылысы 1917 жылы аяқталды. Оны салуға барлығы 200 мың Малайзия рингиті (ақшасы) жұмсалды. Ол заманда бұл өте көп қаржы болатын. Минареттердің ішкі көрінісі ислам сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
## Дереккөздер |
Буа́ке (фр. Bouaké) — Кот-д’Ивуардағы қала.
## Атақты тұлғалары
* Яя Туре — «Манчестер Сити» футбол клубының және Кот-д’Ивуар ұлттық футбол құрамасының ойыншысы.
## Бауырлас қалалар
* Франция,Вильнёв-сюр-Ло
* Германия,Ройтлинген
* Румыния,Зимнича
## Дереккөздер |
Сегела (фр. Séguéla) — Кот-д’Ивуардың батысында орналасқан қала,әкімшілік орталғы Вородугу.
## Тұрғыны
1988 жыл жылғы деректер бойынша 29 003 адам бар.Адам санының жылдық динамикасы:
## Дереккөздер |
Чжичжи Тәңірқұт, Zhi-zhi Шөже (т.ж.б. - б.з.б. 36) - ғұндар билеушісі (б.з.б. 52-36). Ол билікке келер қарсаңында ғұндарда бес тәңірқұрт дилік жүргізіп, өзара қырқысқан жағдай орын алады. Осы күрес нәтижесінде ғұн билеуші әулетінің арасында қытайлық және қытайға қарсы екі топ пайда болып, екі тәңірқұт: шығыс бөлікте - Хуханье, батыс бөлікте - Чжичжи Тәңірқұт билікке келді. Хань мемлекеті қытайлық бағытты қолдаушы Хуханьені қолдай бастағаннан кейін, Чжичжи Тәңірқұт Қытаймен елшілік қатынасын біржолата тоқтатты да, үйсіндерге одақтас болу үшін елші жіберді. Бірақ үйсіндер оның елшісін өлтірді. Чжичжи Тәңірқұт үйсіндерге шабуыл жасап, динлин, чжянкун (қырғыз) тайпаларын өзіне бағындырды. Б.з.б. 44 ж. Хань патшалығының жіберген елшісін өлтіріп, Талас өзені бойындағы қаңлыларға келді. Қаңлы патшасы оған қызын әйелдікке берді. Ол қаңлы әскерімен бірігіп, үйсіндерге шабуыл жасап, Қызыл аңғар (Чигу чэн) қаласында дейін барды. Қаңлы тұрғындарынан талас өзені бойында қала-қорған (қазіргі Тараз қаласын) салдырып, тұрақтады. Б.з.б. 36 ж. қытай әскерлері Гань Янцию және Цинь Танның қолбасшылығымен Чжичжи Тәңірқұт салдырған қорғанды қоршап, ұзаққа созылған соғыстан соң басып алды. Жаралы Чжичжи Тәңірқұт қолға түседі де, басы кесіліп, императорға жіберіледі.
## Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007. |
## Қара қойлы
Қара қойлы (Қара-Қоюнлу) – Бахарлу тайпасы бастаған Орта Азиядағы көшпелі түрік – оғыз тайпаларының тобы және солар құрған мемлекет. Қара қойлы тайпасы 13 ғасырдан бастап Диярбекирде, Азербайжанда, кейбір топтары Иракта көшіп қонып жүрген. Қара қойлы әулеті Байрам Қожадан басталады. Ол Жалайыр әулетінен шыққан Уәйіс сұлтанның әмәрә болды, Тебризде тұрды. 1380 жылы Байрам қожа қайтыс болғаннан кейін, оның аласы Қара Мұхаммед Ван қаласын астана етіп, Қара қойлы феодалдық иелігінің негізін салды. 1408 жылы сәуірде Қара Жүсіп Мираншах пен Шахрух әскерлерін талқандады. Сонан соң олар одақтастары Жалайыр әулетіне қауіп төндіре бастады. Қара Жүсіп 1410 жылы тамызда Тебриз маңында Жалайыр әулеті әскерлерін күйрете жеңіп, Азербайжанды, Иракты, Арменияны, басып алды. Құрамына Кура өзенінің оңтүстік жағындағы Азербайжан жерлері, Армения, Курдстан және Арба Ирагы кіретін Қара қойлы мемлекеті құрылды. Астанасы Тебриз қаласы болды. Мемлекет 1468 жыға дейін өмір сүрді. Оның билеушілері қара Жүсіп пен Ескендір Темір әулеті мен Ширваншаһты біржолата бағындыру үшін соғыс жүргізді. Ескендір әкесі өлгеннен кейін қайта бас көтере бастаған Ширванға қарсы үш рет жорыққа шықты, бірақ үшеуі де сәтсіз аяқталды. 1435 жылы темір әулетінен шыққан Шахрух сұлтан Ширваншаһпен бірігіп, Ескендір әскерлерін жеңді. 1437 жылы таққа отырған Жаханшаһ Ширванмен достық қатынаста болуға ұмтылды. Бірақ 1447 жылы Шахрух дүниеден озғаннан кейін, өз тәуелсіздігін жариялады.
## Дереккөздер
## Қара қойлы
Қара қойлы (Қара-Қоюнлу) – Бахарлу тайпасы бастаған Орта Азиядағы көшпелі түрік – оғыз тайпаларының тобы және солар құрған мемлекет. Қара қойлы тайпасы 13 ғасырдан бастап Диярбекирде, Азербайжанда, кейбір топтары Иракта көшіп қонып жүрген. Қара қойлы әулеті Байрам Қожадан басталады. Ол Жалайыр әулетінен шыққан Уәйіс сұлтанның әмәрә болды, Тебризде тұрды. 1380 жылы Байрам қожа қайтыс болғаннан кейін, оның аласы Қара Мұхаммед Ван қаласын астана етіп, Қара қойлы феодалдық иелігінің негізін салды. 1408 жылы сәуірде Қара Жүсіп Мираншах пен Шахрух әскерлерін талқандады. Сонан соң олар одақтастары Жалайыр әулетіне қауіп төндіре бастады. Қара Жүсіп 1410 жылы тамызда Тебриз маңында Жалайыр әулеті әскерлерін күйрете жеңіп, Азербайжанды, Иракты, Арменияны, басып алды. Құрамына Кура өзенінің оңтүстік жағындағы Азербайжан жерлері, Армения, Курдстан және Арба Ирагы кіретін Қара қойлы мемлекеті құрылды. Астанасы Тебриз қаласы болды. Мемлекет 1468 жыға дейін өмір сүрді. Оның билеушілері қара Жүсіп пен Ескендір Темір әулеті мен Ширваншаһты біржолата бағындыру үшін соғыс жүргізді. Ескендір әкесі өлгеннен кейін қайта бас көтере бастаған Ширванға қарсы үш рет жорыққа шықты, бірақ үшеуі де сәтсіз аяқталды. 1435 жылы темір әулетінен шыққан Шахрух сұлтан Ширваншаһпен бірігіп, Ескендір әскерлерін жеңді. 1437 жылы таққа отырған Жаханшаһ Ширванмен достық қатынаста болуға ұмтылды. Бірақ 1447 жылы Шахрух дүниеден озғаннан кейін, өз тәуелсіздігін жариялады.
## Дереккөздер |
## Қаңлы тілі
Қаңлы тілі– Б.з.б. 3 ғасырда өз алдына жеке хандығы бар ел болып, Сырдарияның орта жерін Амударияның сағасына дейін, бір шетін Балқашқа дейінгі жерді мекендеген тайпалар одағының тілі.
Б.з.б. 2 ғасырда қаңлыға барып қайтқан Чжан-Цзяньнің айтуы бойынша, қаңлының жазуы болған екен. Ол жазумен жазылған жарғылары хан сарайында сақталып, қылмыскерді жазалауға қолданылған. Қаңлы тілі үйсін тілімен бірдей делінген. Қаңлы тілін анықтайтын жарғы бізге келіп жетпеген. Әбу Райхан Бирунидің айтуынша, Хорезм жерніде жазу бар еді; ол азуды, оны білетін адамды Құтейбе ибн Муслим құртты деп жазып кеткен. Оны соғды жазуы дейтіндер де бар..Академик В. В. Бартольд қаңлы мен қыпшақ ертеден – ақ біріне бірі синоним екенін айтады. Көне заманғы аторлар қаңлы мен қыпшақты бір ел деп санаған. Бұған қарағанда қаңлы мен қыпшақ тілі бір болғаны байқалады. Орта ғасырлардағы қыпшақ тілі сөздігі («Кодекс Куманикус») – қаңлы қыпшақ тілінің үлгісі. Алтын Орда тсындағы әдеби тілдің негізі қаңлы-қыпшақ тілі болған. Қазақ халқы хандық құрғанда да осы тл қазіргі қазақ тілінің негізі болып сақталған. Бұл тіл көне үйсін тілімен бірдей деген, көне үйсін тілі хун тілімен бірдей екені де мәлім. Қазақ халқы үш жүзге бөлінгенде жер ыңғайына қарай қаңлы ұлы жүзге қосылса да үйсін, дулат, найман тайпалары тіліндегі «ч», «дж» дыбыстарының болмауын қаңлы тілінің ерекшелігі деуге болады. Бірақ қазақ тілінің болашақ ерекшелігі – сөз басындағы «й» дыбысының орнына «ж» дыбысының қолданыла бастағанын көреміз. Қаңлы – қыпшақ тілі – қазіргі қазақ тілінің бір негізі.
## Дереккөздер
## Қаңлы тілі
Қаңлы тілі– Б.з.б. 3 ғасырда өз алдына жеке хандығы бар ел болып, Сырдарияның орта жерін Амударияның сағасына дейін, бір шетін Балқашқа дейінгі жерді мекендеген тайпалар одағының тілі.
Б.з.б. 2 ғасырда қаңлыға барып қайтқан Чжан-Цзяньнің айтуы бойынша, қаңлының жазуы болған екен. Ол жазумен жазылған жарғылары хан сарайында сақталып, қылмыскерді жазалауға қолданылған. Қаңлы тілі үйсін тілімен бірдей делінген. Қаңлы тілін анықтайтын жарғы бізге келіп жетпеген. Әбу Райхан Бирунидің айтуынша, Хорезм жерніде жазу бар еді; ол азуды, оны білетін адамды Құтейбе ибн Муслим құртты деп жазып кеткен. Оны соғды жазуы дейтіндер де бар..Академик В. В. Бартольд қаңлы мен қыпшақ ертеден – ақ біріне бірі синоним екенін айтады. Көне заманғы аторлар қаңлы мен қыпшақты бір ел деп санаған. Бұған қарағанда қаңлы мен қыпшақ тілі бір болғаны байқалады. Орта ғасырлардағы қыпшақ тілі сөздігі («Кодекс Куманикус») – қаңлы қыпшақ тілінің үлгісі. Алтын Орда тсындағы әдеби тілдің негізі қаңлы-қыпшақ тілі болған. Қазақ халқы хандық құрғанда да осы тл қазіргі қазақ тілінің негізі болып сақталған. Бұл тіл көне үйсін тілімен бірдей деген, көне үйсін тілі хун тілімен бірдей екені де мәлім. Қазақ халқы үш жүзге бөлінгенде жер ыңғайына қарай қаңлы ұлы жүзге қосылса да үйсін, дулат, найман тайпалары тіліндегі «ч», «дж» дыбыстарының болмауын қаңлы тілінің ерекшелігі деуге болады. Бірақ қазақ тілінің болашақ ерекшелігі – сөз басындағы «й» дыбысының орнына «ж» дыбысының қолданыла бастағанын көреміз. Қаңлы – қыпшақ тілі – қазіргі қазақ тілінің бір негізі.
## Дереккөздер |
Манноза - өсімдік, жануар, бактерия текті биополимер мен полисахаридтердің құрамына кіреді моносахарид. Суда жақсы ериді, дәмі тәтті. Балқу t 132C. Табиғатта Д-формасы ғана кездеседі. Манноза цитрус, анакардие тұқымдасына жататын өсімдіктер жемісінде кездеседі. Манноза организмге активті формасы - гаунозиндифосфатманноза арқылы сіңірледі. ГДФМ көмегімен Манноза қалдығы маннан т.б. биополимерлердің биосинтезіне қатысады.
## Дереккөздер |
## Салахов Ибраһим Низамұлы
Салахов Ибраһим Низамұлы(30.08.1911 жылы,Көкшетау-07.07.1998 жылы)-татар совет ақыны,жазушы.1961 жылдан бастап КОКП мүшесі.Бастауыш білімді медреседе алды.1921-1928 жылдары Көкшетау орта мектебінде,1928-1931 жылдары Қазан пед.техникумында оқыды.
## Шығармашылығы
Салахов шығармаларын татар тілінде жазды.Оның туындылары 1926 жылдап бастап жариялана бастады.«Махаббат» пьесасы(1935),«Жекпе-жек»(1936),«Күзетте»(1937) атты өлеңер жинағы,«Көкшетау далаларында» романы (1965),«Түн қызы» әңгімелер жинағы (1970) т.б шығармалары жарық көрді.Салаховтың бірқатар шығармалары қазақ тіліне аударылып басылды.
## Дереккөздер
## Салахов Ибраһим Низамұлы
Салахов Ибраһим Низамұлы(30.08.1911 жылы,Көкшетау-07.07.1998 жылы)-татар совет ақыны,жазушы.1961 жылдан бастап КОКП мүшесі.Бастауыш білімді медреседе алды.1921-1928 жылдары Көкшетау орта мектебінде,1928-1931 жылдары Қазан пед.техникумында оқыды.
## Шығармашылығы
Салахов шығармаларын татар тілінде жазды.Оның туындылары 1926 жылдап бастап жариялана бастады.«Махаббат» пьесасы(1935),«Жекпе-жек»(1936),«Күзетте»(1937) атты өлеңер жинағы,«Көкшетау далаларында» романы (1965),«Түн қызы» әңгімелер жинағы (1970) т.б шығармалары жарық көрді.Салаховтың бірқатар шығармалары қазақ тіліне аударылып басылды.
## Дереккөздер |
Петру Гроза (рум. Petru Groza; 7 желтоқсан 1884 — 7 қаңтар 1958) – Румынияның саяси әрі мемлекет қайраткері, құқық директоры. 1921-1922 және 1926-1927 жылы румын үкіметтерінде минстр. 1927 жылы реакцияшыл «Халық партиясымен» байланыс үзіліп, Румынияны гитлершіл Германияның қол шоқпарына айналдыруға қарсы күреске қатысқан «Диқаншылар майданы» атты демократиялық шаруалар одағын басқарды. 1943-1944 жылы антифашистік қызметтері үшін бірнеше рет қамауға алынып, тұтқын легерлерінде отырды. Румыниядағы әскери-фашистік диктатура құлатылғаннан кейін(1944 жылы тамыз), Гроза Ұлттық-демократиялық майданының жұмысына белсене қатысты. 1944 жылы қарашадан 1945 жылы ақпан дейін коалициялық үкіметтерде премьер-министирдің орынбасары қызметін атқарып, реакцияға қарсы күресті. 1945 жылы наурызда Румынияның демократиялық күштерінің үкіметін басқарды. Монархия жойылып, Румын халық республикасы жарияланғаннан бастап(1947 жылы 30 желтоқсан) 1952 жылы маусымға дейін Минстр Советінің председателі, Ұлы Ұлттық жиналыс Президиумының председательі(1952-1958) болды.
## Дереккөздер |
Үшсаусақты тоқылдақ(Picoides tridactylus)- десінің үстіңгі бөлігі- қоңыр шұбар, астыңғы бөлігі де сондай, бірақ едәуір ашық түсті, жалпы қошқыл реңді, шағын денелі (50-75 г) тоқылдақ. Аталығының басында- алтын түсті «телпек», ал аналығының басында сұрғылт түсті телпек болады. Отырықшы құс. Бүкіл Еуропа және Солтүстік Американың солтүстік типті қылқанды ормандарында қоныстанады. Қазақстанда шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы қылқанды ормандарында ұялайды. Өмір сүру дағдысы- тоқылдақтар типтес. Қылқанды ағаштардың діңдерінде (кейде телеграф бағандарына) кіретін тесікті дөңгелек етіп ағаш қуысын қашайды. Үшсаусақты тоқылдақтың егжей-тегжейлі өмір сүруі аз зерттелген.
## Дереккөздер |
Мырзабек Төлегенұлы Дүйсенов - 1928 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін бітірт, Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданады. 1953 жылы филология ғылымының кандидаты, 1968 жылы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алды. Көп жыл ҚР ҮҒА жанындағы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очеркін, қазақ әдебиет тарихын жазысуға белсене қатысты.
М.Қаратаевпен бірге орта мектептің орыс кластары үшін «Қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырған.
Бірнеше әңгімелер жинағы, оннан астам повесі бар. «Гүлжан», «Ана махаббаты» повестері орыс тілше, «Емтихан» повесі өзбектіліне аударылды.
## Шығармалары
* Мен қалай торғай болдым? Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1958;
* Жолын болсын. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1959;
* Қалыңдық. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1962;
* Ана махаббат. Повесть. А., «Жазушы». 1965;
* Гүлжан сүйеді. Повестер. А., «Жазушы», 1968;
* Меймандар. Повестер. А., «Жазушы», 1971;
* Ант. Повестер. А.,»Жазушы», 1974;
* Үміт. Повестер. А., «Жалын», 1979;
* Біз күн перзентіміз. Повестер. А., «Жалын», 1983;
* Әдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі. Монография. А., ҚМ КӨБ, 1962;
* Ілияс Жансүгіров. Монография. А., «Жазушы», 1965;
* Ақын мұраты. Монография. А., «Жазушы», 1967;
## Дереккөздер |
## Жасмық
Жасмық – бұршақ тұқымдасының бір туысы. 5 түрі бар. Кәдімгі жасмықтың ірі дәнді (диаметрі 5,6 – 9 мм) түрі бар. Жасмық Алдыңғы және Орта Азия, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Еуропада өсіріледі.
## Бөлінуі
Жасмықтың Қазақстанда 2 түрі бар:
* Шығыстық жасмық
* Тағамдық жасмық
## Шығыстық жасмық
Шығыстық жасмық-бір жылдық, биіктігі 5 – 25, кейде 30 см, сабағы жіңішке, кейде күлгін түсті, түбінен бастап бұтақтанып өседі. Жапырағының ұзындығы 1 – 3 см, гүлі ұсақ, сәуір – мамырда гүлдейді, мамыр – маусымда жеміс береді. Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньның етектерінде бұта арасында өседі, кейде егістік арам шөп түрінде кездеседі. Жайылымда малға құнды жемшөп.
## Тағамдық жасмық
Тағамдық жасмық-бір жылдық, биіктігі 15 – 75 см, сабағы тік, бұтақтары аз, қырлы, жіңішке. Жапырағы кезек орналасқан, ұзындығы 10 – 20 мм, ені 3 – 8 мм, гүлі ұсақ, ұзындығы 5 – 7 мм, бұршақ қынының ұзындығы 6 – 15 мм, ені 8 мм, 1 – 3 тұқымды, маусымда гүлдейді, дәні шілдеде піседі. Қазақстанда тау бөктерінде өсіріледі. Адамға тағамдық, малға жемшөптік өсімдік. Малға сабаны, дәні, топаны, көк шөбі пішені дайындалады. Гектарынан 15 – 30 цент өнім алынады.
## Дереккөздер
## Жасмық
Жасмық – бұршақ тұқымдасының бір туысы. 5 түрі бар. Кәдімгі жасмықтың ірі дәнді (диаметрі 5,6 – 9 мм) түрі бар. Жасмық Алдыңғы және Орта Азия, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Еуропада өсіріледі.
## Бөлінуі
Жасмықтың Қазақстанда 2 түрі бар:
* Шығыстық жасмық
* Тағамдық жасмық
## Шығыстық жасмық
Шығыстық жасмық-бір жылдық, биіктігі 5 – 25, кейде 30 см, сабағы жіңішке, кейде күлгін түсті, түбінен бастап бұтақтанып өседі. Жапырағының ұзындығы 1 – 3 см, гүлі ұсақ, сәуір – мамырда гүлдейді, мамыр – маусымда жеміс береді. Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньның етектерінде бұта арасында өседі, кейде егістік арам шөп түрінде кездеседі. Жайылымда малға құнды жемшөп.
## Тағамдық жасмық
Тағамдық жасмық-бір жылдық, биіктігі 15 – 75 см, сабағы тік, бұтақтары аз, қырлы, жіңішке. Жапырағы кезек орналасқан, ұзындығы 10 – 20 мм, ені 3 – 8 мм, гүлі ұсақ, ұзындығы 5 – 7 мм, бұршақ қынының ұзындығы 6 – 15 мм, ені 8 мм, 1 – 3 тұқымды, маусымда гүлдейді, дәні шілдеде піседі. Қазақстанда тау бөктерінде өсіріледі. Адамға тағамдық, малға жемшөптік өсімдік. Малға сабаны, дәні, топаны, көк шөбі пішені дайындалады. Гектарынан 15 – 30 цент өнім алынады.
## Дереккөздер |
Сапарғали Ысқақұлы Бегалин(1895 жыл, 24 қараша, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылы – 1983 жыл, 10 наурыз, Алматы облысы, Алматы қаласы) қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, шоқантанушы.
## Биография
Арғын тайпасы Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан.
1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 — 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935—1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.
## Еңбегі
Алғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды.
* «Қыран кегі» (1943),
* «Цимлян теңізі» (1953),
* «Таңдамалы» (1956),
* «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар,
* «Көксегеннің көргендері» (1948),
* «Ермектің алмасы» (1955, 1985),
* «Сәтжан» (1947, 1973, 1978),
* «Жас бұтақ» (1953),
* «Жеткіншектер» (1960),
* «Мектеп түлектері» (1961),
* «Шоқан асулары» (1971),
* «Қыран туралы аңыз» (1976),
* «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары,
* «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.
## Аудармалары
Пушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.
* Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.
## Жетістіктері
Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев (21 наурыз 1925 Қарабұтақ ауданы, Ақтөбе облысы - 19 ақпан 2001) — Қазақстанның халық жазушысы, ақын. Қазақстан Республикасының халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев — зиялы, талғамшыл, талапшыл, зергер лирик ақыны.
## Өмірбаяны
1937 жылы Қуандықтың 12 жасында әкесі Төлеген "халық жауы" ретінде он жылға айдалып кетеді. Төлегеннің ағасы Жоныс пен Қуандықтың нағашы ағасы Сауда атылады. Бала Қуандықты пионер қатарынан шығарады.
Он бес жасында үздік оқыған Қуандық Алматыға келіп, Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Сол 1940 жылы бірінші курстың студенті Қуандықтың тұңғыш кітабы шығады. Ол кітап ұстазы Мәулен Балақаевпен (кейіннен профессор, ҚҒА корреспондент-мүшесі) бірге жазылған қазақ тілінің оқулығы болған. Алғашқы қаламақысын 16-дағы Қуандық итжеккенде жүрген әкесіне жасырын (қазыға тығып) жібереді. 1942 жылы 2-ші курстың студенті Қуандық Қазақтың мемлекеттік баспасына жұмысқа алынады (ол кезде Қазақстандағы жалғыз баспасы). Тұңғыш өлеңдерін жаза бастаған болашақ ақын Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев, Әбу Сәрсенбаев секілді тұлғалармен танысады. 1942 жылы Қуандық "Қазақ жүрегі" атты (кейіннен "Ар") бірінші өлең жинағын баспаға тапсырады. Сол жылы редактор Қуандыққа бастығы Бейсембай ағасы Мұхтар Әуезовтың "Абай" романының қолжазбасын редакциялауға жасырын береді. Партия орталық комитетінің адамдары кітаптың шығуына қарсы болғасын, Кенжебаев мен Шаңғытбаев "Абайды" ешкімге білдірмей жарыққа шығарады, және 1942 жылдың 26 шілдесінде "Соц. Қазақстан" газетінде бірігіп рецензия жазады. Одан кейін Бейсембай Кенжебаев бас редакторлық қызметінен "өз еркімен" кетуге мәжбүр болады, ал 3-ші курстың үздік студенті Қуандық, Нұрпейіс Байғанинге қатысты партия қауылысы шыққаннан кейін, Ақтөбеге, Байғаниннің әдеби хатшысы ретінде, кетеді. "Ар" баспадан шығалмай қалады. Және тәкәппар жас ақын (итжеккенде жүрген "халық жауының" баласы!) сол тұңғыш жинағына "Мен — қазақ!" деген өлеңін кіргізеді.
Сталиннің кезінде олай жазу — ерлік болды. "Ар" өлеңінде Шаңғытбаев:
"Тәңірім — ар, соған ғана бағынам,Жалбарынам, жалғыз соған жалынам.Патша тәжі жолда жатса, қайырылмай,Теуіп өтіп, алдыңа кеп табынам", — деп, жазады.
"Астанадан қуғындалған талантты жас ақын үшін партияның белсенділерімен күреске қазақ тарландарының "ауыр артиллериясы" кірісті" . 1943 жылы Мұхтар Әуезов Ақтөбеде жүрген Қуандықтың баспада жатқан "Қазақ жүрегі" ("Ар") кітабына алғысөзін жазады. Қаныш Сәтбаев Қуандықты 3-курстан жаңа ғана құрылған Қазақ ғылым академиясының аспирантураға экстернат етіп бірден көшіру туралы шешім шығарады, шешімге соғыс кезінде Алматыда тұрған белгілі ғалым С.И. Малов қол қояды.
1945 жылға дейін Шаңғытбаев Ақтөбе педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болып істейді.Қуандықтың "Ар" атты түңғыш өлеңдер жинағы М.Әуезовтың алғы сөзімен 1945 жылы жарық көрді. Келесі кітабы "Аққу өні" 23 жылдан кейін ғана жарық көрді (1968).
### Соғыстан кейінгі жылдары
Облыстық "Актюбинская правда" газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1955—73 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Жұлдыз" журналында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Жазушылар одағының секретары, "Қазақфильм" киностудиясы сценарий-репертуар коллегиясының бас редакторы, "Мәдениет және тұрмыс" журналының жауапты хатшысы, қазақ радиосының әдеби хабар бөлімінің бас редакторы болды. 1974 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының консультанты. Қуандық Шаңғытбаевтың "Ар ма, республикам" (1974), "Лирика" (таңдамалылар, 1976), кітаптарын шығарды. 1980—1987 жылдар аралығында "Жыр жаһаны", "Гүлтолқын", "Саршатамыз", "Жыл құсы" атты лирикалық шығармалары жарық көрді. Ол Қ.Байсейітовпен бірігіп "Беу, қыздар-ай" (1960), "Ой, жігіттер-ай" (1967), "Құтырғаннан қүтылған" (1976) пьесаларын, "Алтын таулар" (1960, музыкасы Қ.Қожамьяров пен Н.Тілендиевтікі), "Айсұлу" (1963, музыкасы С. Мүхамеджановтікі) операларының либреттосын жазды. Қуандықтың көптеген өлеңдеріне ән шығарылған. Ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" романын, М. Ю. Лермонтов, Р. Бернс лирикаларын, Омар Һайямның рубаяттарын, М.Горькийдің "Қыз бен ажал" поэмасын т.б. қазақ тіліне аударды.
## Дереккөздер |
Каммон бұғазы – Жапонияның Хонсю және Кюсю аралдарының аралығындағы бұғаз. Ішкі Жапон (Сето-Найкай) және Жапон теңіздерін бірінен соң бірін жалғастырады. Ұзындығы 28 километр, енсіз жері 1,8 километр, фарватеріндегі тереңдігі 10 метр. Жағалауында Симоносеки, Модзи, Вакамацу, Кокура сияқты порттар орналасқан. Модзи мен Симоносеки аралығында 2 туннель (темір жол ұзындығы 3,6 километр және автомобиль жолы ұзындығы 3,45 километр) қазылған. |
Мырқасым Серікбаев (20. 8. 1897, Жетісу облысы, Верный уезі, Жалаңаш с.,–5. 7. 1967, Алматы) – Жетісу өңірінде Кеңес өкіметі орнатуға қатысқан Азамат соғысы ардагерлердің бірі. 1924 жылдан КОКП мүшесі. Пржевальскіде (Қарақол) мектепте, қалалық уч-щеде (1910–16) оқыған. Жетісу обл-нда Кеңес өкіметі орнасымен қоғамдық жұмыстарға араласа бастады. 1919–20 ж. С. Өз еркімен Қызыл гвардияшылар қатарына алынып, 1-мұсылман батальонында барлаушылар отрядын басқарып, Жаркент уезін ақ гвардияшыл полк. Сидоровтың бандысынан тазартуға қатысты. 1920 жылдың көктемінде Шелек болыстық ревкомының төрағасы, Қалжат шекаралық милициясының бастығы. 1921–29 ж. Жетісуда халықсоты, уездік прокурор. 1929–32 ж. Алматы облысы колхоз одағының тұңғыш председателі. С. – колхозшылардың Бүкіл Қазақстандық 1, 2-съездерінің, Советтердің Бүкіл Қазақстандық 5-съезінің делегаты. С. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның орман-тоғай шаруашылығы басқармасында жауапты қызметтер атқарды.
## Дереккөздер |
Әлия Қахармановна Серікбаева (26 маусым 1951 жыл, Алматы, Қазақ КСР) — КСРО-лық және қазақстандық үстел теннисшісі.
## Өмірбаяны
Үстел теннисінен КСРО спорт шебері (1969), Қазақстанның 18 дүркін (1966–70) және «Спартак» ерікті спорт қоғамының КСРО чемпионы, әлем чемпионы (1970), Қазақстан Республикасының үстел теннисінің федерациясының төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Қазақ С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1974). Республикамызда үстел теннисінің елімізге және басқа да шет мемлекеттерге белгілі болуы Әлия Серікбаеваның есімімен байланысты. Әлия Серікбаева Румынияда, Югославияда, ГДР-де, Монғолияда өткен халықтаралық жарыстарға қатысты. 1974 жылдан Алматы балалар спорт мектебінде стол теннисінен жаттықтырушы. 1997 жылы өткен ересектер арасындағы Мельбурндегi ойында ол Қазақстанның жалғыз спорт шеберi болып қала бердi. Қаншама жыл Қазақстанның үстел федерациясы вице - президентi қызметiн үлкен жауапкершiлiкпен атқарды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Теннистен КСРО чемпионаты 1967 |
Середа Семен Пафнутьевич (1. 2. 1871, Сетлова с., Менск у., Черныгов губ.,–21. 5. 1933, Москва) – совет мемл. Және партия қайраткері. 1903 жылдан Компартия мүшесі. Темір жол қызметкері отбасында туған. Рев. қызметін 80 жылдары Смоленскіде бастады. 1996 ж. Статист болып істеді, Орел, Калуга, Рязаньда партиялық жұмыс жүргізді, 1917 ж, ақпанда бурж.- демокр. Революциясынан кейін Рязань Советі аткомының және РСДЖП біріккен комитетінің мүшесі. 1918–21 ж. РКФСР Жер халкомы. 1921 жылдан Бүкіл одақтық халық ш. Советінің (БОХШС) және Мемл. жоспарлау комиссиясының президиум мүшесі.; 1922–27 ж. РКФСР БОХШС председателінің орынбасары, КСРО өндірістік–экономик.советінің председателі және БОХШС өнеркәсіп жоспарлау бөлімінің басқарушысы. 1927–30 ж. РКФСР Халкомсовы председателінің және Мемл. жоспарлау комиссиясы председателінің орынбасары. Партияның 8-, 15–16-съездерінің делегаты. БОАК мүшесі болды. |
Викторенко Александр Степанович 1947 жылы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын ауданындағы Ольгинка селосында туған. Ғарышкер, КСРО ұшқышғарышкері (1987). Кеңес Одағының Батыры (1987).Орынбор жоғары әскери авиация ұшқыштар училищесін бітірген соң (1969) Әскери Әуе Күштерінде қызмет еткен. 1 дәрежелі әскери ұшқыш және 3 дәрежелі ұшқышсынақшы мамандығы бар.Викторенко Ғарышкерлер сапына 1978 жылы алынды. 1987 жылдың 22 шілдесінен 1987 жылдың 30 шілдесіне дейін «Союз ТМ3» ғарыш кемесінің командирі болған. Ол Александров және Сирия,Араб Республикасының азаматы М.А. Фариспен бірге ғарышқа ұшты. 1987 жылы 24 шілдеде«Союз ТМ3» кораблі мен «Мир» ғылымизерттеу кешенін түйістіру жұмыстары жүргізілді.1997 жылы полковник дәрежесінде зейнеткерлік демалысқа шықты. Жұлдызды қалашықта болашақ ғарышкерлерді даярлау тобымен жұмыс жүргізді. Қазір құрметті зейнеткер. Мәскеу қаласында тұрады. Туған өлкесімен тығыз байланыс жасайды.Кеңес Одағының Батыры болған соң үкімет мол мөлшерде зейнетақы алады.
## Дереккөздер
Айбын энциклопедиясы |
Семенова Марина Тимофеевна (12. 6. 1908 жылы туған, Петербург қаласында) – совет балет артисі, КСРО халық артисі (1975 жылы). 1925 жылы Ленинградтың хореографиялық училищесін (Агриппина Яковлевна Ваганованың - белгілі балеринаның класы бойынша) бітірісімен осындағы Сергей Миронович Киров - танымал азамат қайраткері атындағы опера және балет театрына қабылданды. Мұнда 1930 жылға дейін жұмыс ітейді, ал 1930–1952 жылдардың арасында үлкен театрда соло-биші болып жұмыс істеген. |
Ислам Баукенұлы Баукенов 1915 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданы Қарағаш ауылдық кеңесінің Әлибай ауылында туған. Еңбек жолын 1933 жылы Мамлют ауданындағы «1 Май» ұжымшарында есепші болудан бастады. Содан кейін осы ұжымшардың басқарма төрағасы болып сайланады. 1936-1939 жылдары және 1941-1945 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды. 1950 жылдан «Луч Ленина» ұжымшарының төрағасы қызметін атқарды. 1961 жылы сауын сиырлар гуртының бригадирі, кейін «Березовский» кеңшары бөлімшесін басқарды.1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Еслям Баукенұлына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Екі рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.Өзінің еліне еңбегі сіңген азамат.Бұл жайлы халқы мойындаған.
## Дереккөздер
Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 |
Семуле Марта Альмовна (13. 4. 1904 ж. т., Латв. КСР-і, Гүлбен ауд.) – Латв. КСР, Гүлбен ауд. «Копдарбиба» к-зының сауыншысы (1948–61). Соц. Еңбек Ері атағын екі рет (1953, 1958) алған. 1953 жылдан КОКП мүшесі. С. 1952–60 ж. өзінің қарамағындағы әр сиырдан жылына 5500–6000 кг сүт сауды. Лат. КСР КП 14- және 17–19-съездерінде Латвия КП ОК мүшелігіне сайланды. 4–5 сайл. КСРО Жоғ. Советінің және 3-сайл. Лат. КСР Жоғ. Советінің және 3-сайл. Лат. КСР Жоғ. Советінің депутаты. 2 рет Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. |
Сен-жермен бітім шарты – 1919 ж. 10 қыркүйек (Париж түбінде) «одақтас және біріккен мемлекеттердің» АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония, Бельгия, Қытай, Куба, Грекия, Никарагуа, Панама, Польша, Португалия, Румыния, Югославия, Сиам (Тайланд), Чехословакия Австриямен қол қойған шарты. 1-дүн. жүз. Соғыста жеңілген Австрия-Венгрия империясы құлап, оның орнына жаңа мемлекеттер пайда болды. С.-ж. б. ш. Австралияда республика орнауын, Чехословакия мен Югославияның тәуелсіздігін мойындады. Австрияға қараған Богемия, Моравия, Силезия жерлері Чехословакияға берілді, Буковинаны Румынияға, Тирольдің оңт. бөлігін Италияға қосты. Сол кезеңде тағдыры шешілмеген жерлерді Австрия Одақтас мемлекетерге тапсырып, олардың шешімін мақұлдайтын болды. С.-ж. б. ш-ның 88-ст. бойынша Австрияның тәуелсіздігін бұзатын әрекеттерге тыйым (аншлюсе) салынды. Қарулы күштерінің саны 30 мың адамана аспауы, барлық теңіз флотын одақтас мемлекеттерге өткізу т. б. тежеу шаралары белгіленді. |
Шерқала қырқасы, Шырқала қырқасы — Жем өзеннің орта бөлігінің шығысындағы бұйратты қырқа.
## Гегорафиялық орны
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе аулының жанында. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 95-100 км шамасында созылып жатыр, ені 15-20 км. Абсолюттік биіктігі 332 м (Астаусалды тауы).
## Геологиялық құрылымы
Төңкерілген кеседей қырқа палеоген дәуірінің әктасты, сазбалшықты жыныстарынан түзілген. 1851 жылғы геологиялық экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционері Б. Залесский: “Шерқалаға алыстан қарағанда, Римнің керемет пантеондарын, ежелгі замандардың ескерткіштерін көргендей боласың. Жақындап келгенде, жеке қабырғалардың колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің”, — деп жазып, Шерқала қырқасының суретін салып алған. Бұл сурет Залесскийдің “Қырғыз даласындағы өмір” атты альбомында 1856 жылы Парижде, 1989 жылы Алматыда қазақ тілінде жарық көрді. Қырқа арабша “жолбарыс қала” деген мағынаны білдіреді. Кезінде Бозащы түбегінен Хорезм мен Хиуаға жүретін жол бойындағы осы қырқалы тауда әскери қамал болған. Пирамида тәрізді таудың солтүстік-шығыс беткейінің түбінен жол тартылған. Шерқаланы үңгіп қазылған тоннель жоғарылаған соң екі тарау болып, қырқалы тау үстіне шығады. Қамалдың ұзындығы 300 м. Ернеулерінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар.
## Өсімдігі
Қырқадағы жылдық жауын-шашын мөлшері 150 — 200 мм. Топырағы құнарсыз. Жусан, сораңшөп өседі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Көрнекті орындар Мұрағатталған 5 ақпанның 2015 жылы. |
Семсер құйрық (Xiphosura) – теңіз буын аяқтыларының меростома класының бір отряды. Дене тұрқы 80–90 см. Семсер құйрықтың денесі 6 жұп аяқты, буынданбаған баскөкірек және семсер пішінді құйрығы бар құрсақтан құралған. Баскөкірек аяқтары көмегімен жүзеді, қорегін ұстайды. Баскөкірегінің үстіңгі жағында екі жай көзі, бүйірінде екі күрделі көзі болады. С. қ. Дара жынысты, жұмыртқасын теңіз түбіндегі құмға салады, дамып жетілуі триобиттерге ұқсас, жұмыртқадан личинка шығады. Семсер құйрықтың қазбадан табылған 12 туысы силур дәуірінен белгілі. Осы кезде тіршілік ететін семсер құйрықтың 3 туысы (5 түрі) тропик теңіздерінде кездеседі. Олардың біреуі Атлант мұхитының Орт. және Солт. Америка, қалғаны Оңт. және Шығ. Азия жағалауларында кездеседі. Семсер құйрық моллюскілер, су түбіндегі омыртқасыздармен кейде балдырлармен қоректенеді. Кәсіптік маңызы бар. |
Горбунов Иван Никифорович – 1913 жылы Пенза облысы Русско–Камешкир ауданы Бегуч селосында дүниеге келген. 1938 жылы Саратов зооветинститутының ветеринарлық факультетін бітіргеннен кейін бес жылдай Амурдағы ветеринарлық инспекцияны басқарды. 1943-1944 жылдары қорғаныс құрылысында еңбек етті. 1945 жылы Қазақ ССР ІІМ-нің ветеринарлық инспекциясын, кейін мал шаруашылығы бөлімін басқарды. 1953 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданындағы «Петропавл» кеңшарының директоры қызметін атқарды.
1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Иван Никифоровичке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
## Өмірбаяны
1913 жылы Бегуч (Пенза облысының Камешкир ауданында) ауылында дүниеге келген. 1933 жылы Кузнецк ветеринарлық техникумын бітірді, 1938 жылы Саратов зооветеринарлық институтының ветеринарлық факультетін бітірді.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы. |
Боридько Алексей Дмитриевич (1922 жыл, Омбы облысы, Есілкөл ауданы ,Орловка селосын) - Социалистік Еңбек Ері (1967).
* 1934 жылдан осы аудандағы «Красная Орловка» ауылшаруашылық артелінде колхозшы болып істеді.
* 1941-1949 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды. 1949-1955 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Булаев (қазіргі М. Жұмабаев) ауданындағы «Чистов» кеңшарында тракторшы, ал 1955 жылдың сәуірінен трактор бригадасының бригадирі қызметін атқарды.
1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Алексей Дмитриевич Боридькоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұған дейін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысқан.
## Дереккөздер |
Нүркен Мазбаев – Қазақстан футболшысы (шабуылшы). Қазақстан футболының тарихындағы ең үздік ойыншы.
Нүркен Мазбаев 4 маусымда 1972 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
## Карьераcы
### Клубтық карьера
* Нүркен Мазбаев 1992 жылы 20 жасында «Тараз» сапында ойнап, футболдағы алғашқы табысты карьерасын бастайды.
* Нүркен 1992-1997 жылдар аралығында «Тараз» сапында 159 рет алаңға шығып, 59 гол салған. Алты маусым қатарынан клубтың үздік шабуылшысы болды.
* 1995 жылы алғаш рет күміс жүлдеге қол жеткізеді. Келер мауысыда алтын жүлдеге ие болды. Клубтың алғашқы чемпиондық атағына мерген шабуылшы Нүркеннің қосқан үлесі орасан зор.
* 1997 жылы «Таразбен» тағы да жүлделі екінші орынды иеленеді. Сол жылы облыс әкімі ауысып, команданың жағдайы қиындай бастады. Клубтың біраз ойыншылары әр түрлі себептермен команда ауыстырады.
Нүркен де клуб ауыстырып, «Қайсар» клубының сапына өтеді. Қайсар клубында 1998-1999 жылғы маусымда 33 ойын өткізіп, 25 рет гол соқты. Әрі еліміздің ең үздік шабуылшысы атанады.
* Нүркен «Тараз», «Қайсар» сияқты командаларда доп тепкен соң, 1999 жылы оңтүстіктің тағы бір командасы «Синтез» клубына ауысады.
* «Синтез» клубында бар жоғы 14 рет қана алаңға шығады. Ал 2000 жылдардың басына Астананың «Жеңісінен» ұсыныс түсіп, Астана клубының құрамынақосылады.
* «Жеңістің» сапында 27 рет алаңға шығып, тоғыз рет теңбіл допты қақапа торында тулатады. 2001 жылы қайтадан оңтүстік өңірге оралып, «Достық» клубымен келісім-шартқа отырады.Достық клубында 1999 жылда 14 ойын өткізіп, 4 гол салды.
### Ұлттық құрама карьерасы
13 ойын өткізіп 2 гол салды. Жарақат алып ұлттық құрамадағы ойынын тоқтатты.
## Жетістіктері
* 2000, 1996 жылы Қазақстан Чемпионы
* 1995, 1997 жылы Қазақстанның вице чемпионы
* 2000 Қазақстан Кубогының иегері
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.national-football-teams.com/player/15595/Nurken_Mazbaev.html
* http://sport.gazeta.kz/art/?aid=40310 Мұрағатталған 5 ақпанның 2015 жылы.
* http://ffk.kz/rus/clubs/26/ Мұрағатталған 23 маусымның 2012 жылы. |
Бекузаров Руслан Камбулатович – 1927 жылы Солтүстік Осетин АССР-інде туған. 1948 жылдан Ростов облысында бір кеңшардың бөлімше механигі болып істеді. 1954-1956 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы «Восход» кеңшарында бас инженер қызметін атқарды. Ташкенттің ауыл шаруашылығын механизациялау және ирригациялау институтын бітіргеннен кейін 1960 жылдан «Октябрь» кеңшарының директоры, 1963-1981 жылдары Кеңес ауданындағы Чапаев атындағы кеңшарды басқарды.1973 жылы 6 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Руслан Камбулатович Бекузаровқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1972 жылы ол «Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері» атағын алған болатын.
## Дереккөздер
* Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011-2012.
* Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. |
Жанғазы Шерғазыұлы (Мәменбай, Мәкенбай — Жанғазы) (туған-өлген жылы белгісіз) — Кіші жүз сұлтаны (19 ғасырдың 1-жартысы).
Хиуа хандығында қызметте болған. 1818 жылы Хиуа ханы Мұхаммед-Рахим оны Сырдарияның сол жағалауын, Қуаңдария мен Жаңадария маңын мекендеген 1000 түтін Кіші жүз руларының ханы деп жариялады. Оның қарамағындағы қауымдардың көпшілігі балық аулаумен айналысқан. Хиуа ханы Жанғазы сұлтанға өзі билеген аймақ арқылы өтетін сауда керуендерінен алым-салық жинауға құқық берді. Оның үштен бірі Хиуа ханының қазынасына түсіп, қалғаны Шерғазыұлының үлесіне тиетін болып белгіленді. 1847 жылы ол Хиуа бекінісі Жаңақаланың бастығы болып тағайындалды. Хиуа хандығының Арынғазымен күресінде Шерғазыұлы Хиуа ханы жағында болды.
## Дереккөздер |
Черский жотасы, Черский тізбектері - Азияның солтүстік-шығысындағы таулы аймақ, Сібірде, Ресей жерінде. Яна өзенінің төменгі ағысынан Колыма өзеніне дейін Яна-Оймякон таулы қыраты мен Мома-Селеннях тауаралық ойысы аралығында. Ұзындығы 1600 км, ені 400 км-дей. Солтүстік-батыс бөлігі Яна, Индигирка өзендері аралығында Хадаранья (2085 м), Тас-Хаяхтах (2356 м), Чемалгин (2547 м), Боронг (2681 м), Силяп (2703 м), т.б. жоталардан тұрады. Оңтүстік-шығысы қырыққа жуық жота мен массивтен құралады, ең ірілері - Улахан-Чистай (ең биік жері Жеңіс тауы, 3147 м), Черге (2332 м), т.б. Черский жотасы мезозой қатпарлығында көтеріліп, протерозой мен төменгі палеозойдың метаморфты жыныстарынан, пермь, юра, триас құмдақтары мен тақтатастарынан тұрады. Мезозойлық құрылымдар жаңа, қайнозойлық жарықтармен тілімденген. Жотаның осы күнгі морфоқұрылымы қатпарлы-жақпарлы. Таулардың жоғарғы бөліктерінде жер бедерінің альпілік, мұздық пішіндері таралған. Мұзданудың жалпы ауданы 157 км². Климаты тым континенттік, қатаң. Қаңтардың орташа температурасы - 34-40°С (температура төмендегенде -60°С). Жазы қысқа, салқын. Шілденің орташа температурасы 3°-тан 12-13°-қа дейін. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм-ден 600-700 мм-ге дейін. Тау беткейлерінда балқарағай ормандары, оңтүстігінде қайың орманы өседі. Жоғарғы бөлігін төселмелі самырсын орманы, одан жоғары мүкті, бұталы тау тундрасы мен суық тасты шөл алып жатыр. Алтын, қалайының кең орындары бар. Сібір жерін зерттеуші орыс ғылымы И.Черскийдің есімі берілген.
## Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007. |
Чернышев шығанағы – Арал теңізінің солтүстік-батысындағы шығанақ. Теңізден Құланды түбегі және және Возрождение аралы бөледі.
## Сипаты
Шығанақ құрлыққа 25 км-ге сұғына еніп жатыр; ені 13 км-ге жетеді. Солтүстік және батыс жағасы жарқабақты. Мұнда Батыс Үстірттің қиыр шығысы шығанақ бойымен созыла орналасқан. Палеогеннің тығыздалған құмды-саздақты шөгінділерінен түзілген. Жағалауының қалған бөлігі ойпатты. Шығанақтың жағалауға жақын жердегі түбі құмайтты, суы тереңдеген сайын қайыр біртіндеп лайлы балшыққа айналады. Кейбір тұстарында қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінің құмдауытты жағалауын Құмсуат мүйісі алып жатыр. Арал теңізінің суы мол кезінде Возрождение аралы мен Құранды түбегі аралығының ені 80-85 км-дей болған. Қазір шығанақтың теңізге шығар бөлігінің ені 11 км.
## Дереккөздер |
Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген. Ысты руынан шыққан.
Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі.
Бөлтірік сонымен бірге мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қыстау, еңбек жөніндегі талас-тартыстарға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халқы оны қалап, би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташы, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жарған әділ билігінен беті қайтып, әшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек қана қазақтар арасында ғана емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Не бір төрелер, бектер, бай, манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан. Бөлтірік шешен 1854 жылы дүниеден қайтқан. Оның үрім-бұтақтары Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының қалалары мен далаларыңда еңбек етеді.
## Шыққан тегі
Бөлтіріктің шыққан тегі Ұлы жүз — Ысты. Шежіре дерегі бойынша Ыстыдан өрбіген бір ата Ойықтан Қызылқұрт, Зорбай (Ауызүсіген), Орбай (Көкшекөз), Сәтек туған. Осы төрт бұтақтың Зорбайынан Бәйгелді, одан Қосай, одан Малай, одан Сүйіндік, одан Өтеген, одан Сабдалы, одан Әлмен, одан Бөлтірік туады. Бөлтіріктің нағашысы — әйгілі Қараменде би. Ақындық, шешендік өнері ерте танылып, төңірегін әділдік-тапқырлығымен тәнті еткен Бөлтірік ел ішінің дау-шарына көп араласқан, өз ортасының ісілікті, жарастықты болуына айрықша ықпал еткен. Оның абырой беделі ауыл арасымен шектелмей, ел қамы мен халық тағдырына қатысты істерде де еленіп-ескеріліп отырған. Ол Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, сөзімен де, ісімен де танылған. Сондай-ақ, Бөлтірік өз тұсындағы Балпық би, андас Құтым би, мырза Жайнақ би, сарыүйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, Байсерке би, албан Малай би, суан Қожбанбет би, шапырашты Сұраншы би, қасқарау Ноғайбай би, тобықты Құнанбай Өскенбайұлы мырза, сондай-ақ, Сұраншы батыр, Сыпатай батыр, Тезек төре сияқты игі жақсылармен тізе түйістіріп, бастас болып, ел ісіне бел шеше араласқан. Айтқан сөзі жерге түспеген аға сұлтан Тезек төре айтыпты дейді: "Мен екі ақын, бір шешенді көрдім: бірі — жалайыр Бақтыбай, біреуі — қызыл екей Сүйінбай, үшіншісі — Бөлтірік шешен. Атам — Абылай, әкем — Әділ, өзім Тезек едім. Он сегіз мың ғаламды жарылқап, қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен біржола сағым сынды". Сондай-ақ, "Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт", — деген сөзді әйгілі Ноғайбай би айтыпты дейді.
Бөлтірік шешен туралы А.Байтұрсынов, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, К.Әзірбаев, З.Қабдолов, Ж.Дөдебаев еңбектерінде толымды мағлұматтар кездеседі.
## Дереккөздер |
Қатын (алт. -Кадын-) - Об алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ресей Федерациясы жерімен ағады. Ұзындығы 688 км, су жиналатын алабы 60,9 мың км2, жалпы ұзындығы 700 км-ден асатын 250-ден астам саласы бар. Су жиналатын алабында жалпы ауданы 137 км2 болатын 2649 көл бар.
## Бастауы
Бастауынан Сәрсембай жайлауына дейін Қазақстан шекарасын 17 км-дей бойлай ағады. Бастауын Мұзтау (Ақтау, 4506 м) тауының оңтүстік-батысындағы мұздықтан алады. Жоғарғы ағысында Қазақстан аумағынан бірнеше өзен (сала) құяды.
## Дереккөздер |
Шерғазы сөзі мына мағыналарды білдіруі мүмкін:
* Шерғазы хан
* Шерғазы (Хиуа ханы) |
Қарашоқы – Күршім жотасының орта бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарытау ауылының шығысында 28 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2238 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км шамасында.
## Геологиялық құрылымы
Тау девон кезеңінің туфынан және эффузивтік жыныстарынан түзілген.
## Жер бедері
Беткейі тіке жарқабақты шатқалдармен тар өзен аңғарларымен тілімденген. Оңтүстік беткейінен бастау алатын өзен салалары Марқакөл көліне құяды.
## Өсімдігі
Тау етегінде далаға тән өсімдіктер мен жалпақ жапырақты орман қалыптасқан.
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Көкжота тауының солтүстік-батысындағы тау массиві.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл ауданы Қоңыр ауылының оңтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2024 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6,5 км-ге созылған. Енді жері 5 км шамасында.
## Жер бедері
Беткейлері тіктеу, жонды-қырқалы келген. Таудан Тентек өзенінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Сарымсақты, шығысында Жұмақ, оңтүстігінде Жамантас, батысында Көктөбе таулары орналасқан.
## Өсімдігі
Тау беткейінің қызғылт қоңыр топырағында қау, қараған аралас арша, көк терек, қайың, т.б. өседі.
## Дереккөздер |
Генрих Шмидтгаль (нем. Heinrich Schmidtgal; 20 қараша 1985, Есік, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО) – сол қапталдағы қорғаушы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы және өмірбаяны
1985 жылы, 20 қарашада Алматы облысы, Есік қаласында дүниеге келген. Генрих екі жасқа толған кезде отбасы Германияға көшіп кеткен. Алғаш «Ферль» клубының футбол мектебінен тәлім алған. 2003 жылдың 27 тамызында осы клуб сапындағы дебюттік кездесуін өткізді. Бастапқы кездері сол қапталдағы шабуылшы болып өнер көрсеткен. Бірақ, кейіннен бойының қысқалығына байланысты орталық алаңға ойысады.
Бұл командада ол 2007 жылға дейін ойнады. Соңғы маусымда 7 гол соғып және нәтижелі пастарымен көзге түседі. Осыдан соң, футболшыға өзге клубтар тарапынан ұсыныс түседі. Нәтижесінде «Ферльден» кетуді ұйғарады.
«Ферльден» кеткен соң, «Бохумның» фарм-клубында ойнады. Онда көп тұрақтамады. 2009 жылы Германия Оберлигасындағы «Рот-Вайсс» командасына ауысты. Екі жылда 51 рет алаңға шығып, 5 голдың авторы атанды. «Рот-Вайсстан» кейін «Гройтер Фюрт» тарапынан ұсыныс түсіп, 2011 жылдың 20 мамырында келісімшартқа отырады. Шмидтгаль келген жылы «Гройтер Фюрт» Германияның Екінші лигасында чемпион атанып, Бундеслигада ойнау құқығына ие болды. Былтырғы маусымда Германия чемпионатында өз командасының сол қапталдағы негізгі қорғаушысы болды. Бірақ, бұл команда маусым қорытындысы бойынша біріншіліктегі өз орнын сақтап қала алмады. Осыдан соң, Генрих Дюссельдорфтың «Фортуна» клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
2016 жылы "Франкфурт" клубымен келісім шарты біткен соң жарақатына байланысты карьерсын аяқтады.
## Ұлттық құрамадағы ойыны
Шмидтгальды Қазақстан құрамасына 2010 жылы сол кездегі бас бапкер Бернд Шторк шақырған болатын. Осы уақытқа дейін ұлттық құрама сапында 12 кездесуге қатысып, 1 доп соққан. Жалғыз голын басқа-басқа емес, 2013 жылы Нюрнбергте Германия қақпасына енгізді. Мануэль Нойердің қателігін сәтті пайдаланған болатын.
Ұлттық құраманың соңғы ойындарына Шмидтгаль қатысқан жоқ. Атап айтсақ, сол Германиямен өткен қос матчтан соң Болгария, Грузия, Фарер аралдары,Швеция, Ирландия мачтарымен болған кездесулерге келмеді. Көбінесе жарақат, денсаулығына байланысты деген жауаппен шектеліп жүр.
11 ойын/1гол;2 жеңіс;1 тең ойын;11 жеңіліс
## Жетістіктері
### Жеке
Журнал « GOAL » бойынша Қазақстандағы жыл футболшы,2011
### Клубпен
Екінші Бундес Лига Чемпионы 2011/2012
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Статистика карьеры на fussballdaten.de (нем.)
* Профиль игрока на сайте УЕФА Мұрағатталған 5 ақпанның 2015 жылы. (орыс.)
* Из Германии с любовью(қолжетпейтін сілтеме) мақаласы
* Генрих Шмидтгаль в играх против сборной Германии. |
Қазақтың боғауыз (боқауыз, балағат) сөздері деп қазақ тіліндегі әдепсіз, обсценді (лат. obscenus — әдепсіз, ұятсыз) лексикаға жататын сөз тобын атайды.
## Зерттеу
Қазақ тіліндегі әдепсіз сөздерді жинақтаумен сонау XIX ғасырда башқұрттың танымал зерттеушісі Әбубәкір Диваев айналысқаны туралы Ақселеу Сейдімбек өзінің «Бейпіл сөздер» кітабында жазған. Бұны Халел Досмұхамедовтың мына сөздері де растайды:
— Х. Досмұхамедов. — Алматы: Аламан, 1991. — С. 29.
Әбубәкір Диваевтың, қазақтың әдепсіз сөздерімен айналысқан Бейсембай Кенжебаевтың қолжазбаларының сақталған-сақталмағандығы белгісіз. Қазақтың эротикалық фольклоры жеке жинақ ретінде басып шығарылмағанмен, оған өз еңбектерінде Әлкей Марғұлан, Мырзабек Дүйсенов секілді ғалымдар, Ғабит Мүсірепов, Сапарғали Бегалин, Қуандық Шаңғытпаев, Шерхан Мұртаза, Асқар Оразақын секілді жазушылар назар аударған.
## Қазіргі замандағы қолданысы
Қазақстандық жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгердің айтуынша қазіргі қазақтар негізінен орысша боғауызды қолданады екен. Оның пайымдауынша, қазақтар өз ана тілінде тек қазақша боқтаса бастағаннан кейін ғана сөйлей бастайды екен, ал қазақтың боғауыздары орыстыкіне қарағанда әсерлі және бай болып келеді. «Қазір кез келген қазақ жастары бір-бірімен сөйлескенде өздерінің сөз аралық байланысын орыстың боқтық сөзін қосу арқылы жеткізеді. Орыстың өте жағымсыз, бейпіл сөздерін жиі қолданады», — депті жазушы Ақселеу Сейдімбек.
## Этимологиясы
* Тасақ сөзі көне түркі тіліндегі ер адамның жыныстық мүшесі мен мүшеқабының tašaq (تَشَق) деген атауынан пайда болған.
* Ам сөзі оғыздар мен қыпшақтардың диалектісіндегі әйел адамның жыныстық мүшесінің ˘ам (آم/EM) деген атауынан пайда болған.
* Көт сөзі көне түркі тіліндегі köt (كُت) сөзінен пайда болған. Көне түркі тілінде осыған ұқсас ked (соңы, артқы жағы) және ket (соңы, арты) сөздері бар.
* Сігу етістігі көне түркінің sik- (سِك) деген «жыныстық қатынасқа түсу» мағынасындағы түбірінен пайда болған. Ер адамның жыныстық мүшесі де көне түркілерде sik деп аталғанмен, қазіргі қазақ тілінде қыпшақтың қотақ сөзімен аталады.
* Жәлеп сөзі арабтың «жәләб» (араб.: جلب — құлдар; сырттан тасылған тауар) сөзінен пайда болған.
## Басқа түркі тілдерінде
Басқа түркі тілдес халықтарда кейбір қазақтың боғауыз сөздеріне ұқсас немесе бірдей сөздер бар.
## Боғауыз қолданған үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің № 434-ші «Ұсақ бұзақылық» бабына сәйкес, бірқатар құқықбұзушылық, оның ішінде «қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу» 10 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК = 1982 теңге) мөлшеріндегі айыппұлмен немесе 10 тәлікке дейін әкімшілік қамауға алумен жазаланады. Осы бап бойынша құқық бұзушылық жасаған тұлға жазаланғаннан кейін бір жыл ішінде іс-әрекеттерін тағы да қайталаса, 15 тәулікке шейін әкімшілік қамауға алынады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің № 131 «Қорлау» бабына сәйкес «басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту» 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлмен, не сол мөлшердегі (яғни 100 сағат) түзеу жұмыстарына қатысумен немесе 120 сағат мөлшеріндегі қоғамдық жұмысқа тартылумен жазаланады. Осы бұзақылықты «көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып» жасаған адам 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, не сол мөлшердегі (яғни 200 сағат) түзеу жұмыстарына қатысумен немесе 180 сағат мөлшеріндегі қоғамдық жұмысқа тартылумен жазаланады.
## Дереккөздер |
Тау каракаралары (лат. Phalcoboenus) – сұңқар тұқымдасқа жататын жыртқыш құс.
## Сипаттама
Денесінің ұзындығы 45-60 см, массасы 0,8-1,2 кг. Бет терісі жалаңаш. Тұмсығы әлсіз, тіпті бүгілмеген. Табанында жалпақ тырнақтарымен ұзын саусақтары бар.
Құрт-құмырсқамен, кішкентай кеміргіштермен, құс жұмыртқаларымен және балапандарымен, жеміс – жидектермен қоректенеді. Қорегін жерден табады, сол себепті оны латынша – «жаяу-сұңқар» деп атайды.Құс балапандарымен және жұмыртқаларымен қоректенетін оңтүстік тау каракаралары қозыларға шапқаны үшін малшылардың арқасында қырылған және алыстағы аралдарда сақталған.
## Кеңістігі
Оңтүстік Американың оңтүстігінде ашық далада мекен етеді: алпілік шалғын мен Анд тау етегі, Патагония, Фолкленд аралдары және Отты Жер.
## Түрлерінің тізімі
* Phalcoboenus albogularis (Gould, 1837) — ақ тамақты таулы каракара, Дарвин каракарасы, ақ тамақты каракара
* Phalcoboenus australis (J.F. Gmelin, 1788) — оңтүстік таулы каракара, оңтүстік каракара
* Phalcoboenus carunculatus Des Murs, 1853 — әжімді каракара
* Phalcoboenus megalopterus (Meyen, 1834) —тау каракарасы
## Дереккөздер |
Қарашоқы – Қыземшек тауларының солтүстік-шығысындағы тау сілемі.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы Күрметі ауылының батысында орналасқан. Ең биік жері 3000 м-ден жоғары. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 5 км.
## Жер бедері
Тау беткейлері мен өзен арналары қатты тілімденген. Беткейлері жоғары қарай біртіндеп биік шатқалдарға ұласады. Өңірде қар көшкіні, сел тасқыны, т.б. қауіпті табиғат құбылыстары болып тұрады.
## Өсімдігі
Солтүстік жоғарғы белдеулік беткейлерінде шырша, қарағай өскен. Өзен арнасының қара, таудың қызғылт топырағында альпілік шалғындар мен әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер, шатқалдар мен тау баурайында тал, терек, қайың, арша, тобылғы, т.б. ағаштар өседі.
## Дереккөздер |
Шайкин Есім Шәйкенұлы (1926 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Үлгі ауылы – 2002 жылы, Благовещенка) – Социалистік Еңбек Ері (1976). Еңбек жолын 1943 жылы туған аулында қоймашы болып бастаған, кейін сол ауданның Тегісшіл ауылында есепші болып жұмыс істеген. 1944 жылы Кеңес Әскері қатарына алынып, Берлинді алуға қатысады. 1950 жылы Новорыбин май зауытының директоры, 1952 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1955 жылы Преснов аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1962 жылы Республика совхоз басшыларын даярлайтын мектебін бітіріп, «Заградов», «Тораңғыл» кеңшарларының директоры, Соколов аудандық атқару комитетінің төрағасы, Мәскеу, Сергеев аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1985 жылы облыстық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл ауданы «Киров» кеңшарының директоры, Благовещенка селолық округiнiң әкiмi қызметтерін атқарған. Ордендермен және медальдармен марапатталған. Сергеев қаласының Құрметті азаматы.
## Дереккөздер
* Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 |
Жуан мәтін
Байтұрсыновтың ұрпақ сауатын ашудағы қосқан үлесіҚазіргі кезде өз алдымызға тәуелсіз ел болып тұғырымыз қатайғанда, осы жолда өздерінің салиқалы ғұмырларын құрбан еткен азматтарымыздың халқы үшін сіңірген ерен еңбектерін саралап, жаңа заман талабына сай «ақтаңдақтардың» бет пердесін ашып зерделеу өте маңызды. Өсіп келе жатқан ұрпақ өткен тарихын талдап, есінде сақтап, одан әрдайым сабақ алып отыруы қажет. Тарихымызға сын көзбен қарасақ, төңкеріске дейін жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырылып, зерттеуге тыйым салынғаны, зерттеле қалғандарының өзі біржақты бағаланып, шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік болманғандығын ашып айтуға болады. Сондықтан да ұлттық рухы мықты қазақ зиялыларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың халқы үшін көрсеткен елеулі еңбектерін дәріптеу маңызды мәселелердің бірі болмақ.А. Байтұрсынов ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы тарихында ерекше орыны бар аса білімді, салауатты, ірі саяси қайраткер. Ол өзінің орасан зор ерік-жігерімен, ірі ұйымдастырушылық қабілетімен, саяси оқиғаларға көзқарасының тұрақтылығымен зор беделі мен құрметке ие болды. Теориялық жағынан жетік болғандықтан, өз қызметінде таптық белгілерден гөрі ұлттық ұстанымды ұстанды.Өз халқының сауатты болуына, білім алып, көздерінің ашық болуына зор үлес қосқан айтулы азматтардың бірі деп анық айта аламыз.Бұл орайда, А. Байтұрсынов республикадағы мектептердің әр түрінің көбеюі мен оқушылар санының өсуіне зор жағдай жасап, оны өзінің қатаң бақылауына алып отырған. Сауат ашуда қазақ мұғалімдерінің қатарын толықтыру керектігін дер кезінде түсініп, жаңа мұғалімдерді дайындау мен қатар бұрынғы мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мақсатында уездер мен губерниялардың бәрінде қысқа мерзімді және екі жылдық мұғалім дайындайтын курстарды ашты. Осы курстарға жастарды көптеп тартып, оларға стипендия төлеген. Сонымен қатар, ұлтын сүйген ұлды ауыл мәдениеті қатты алаңдатты. Осы орайда ауыл мәдениетінің мүлдем артта қалғанын ескере отырып, А. Байтұрсынов өз кезегінде Комиссариат нұсқаушыларын шалғай ауылдарға іс сапармен мектептер, сауат ашатын орындар мен қызыл отауларды ашуға жіберген. А. Байтұрсыновтың басшылығымен комиссариат педкурстардың қызметі мен жағдайын зерттеу үшін анықтама парақшаларын жіберіп, бірінші басқыш мектептерінің мұғалімдерін дайындау үшін ашылған қысқа мерзімді 4 айлық педкурстар мен мектеп нұсқаушыларының 2 айлық курстарының бағдарламалары мен есеп жүйесін жасаған. Мамандардың тапшылығына байланысты А. Байтұрсынов Халық Ағарту Институттары мен педагогтар дайындайтын арнаулы орта оқу орындарын ашқан. 1921 жылдың бірінші шілдесіне қарай республикада төрт Халық Ағарту институтын іске қосты. А. Байтұрсынов 1920 жылы Орынборда ашылған үлгі-тәрбие мектеп-коммунасының жанынан интернат ашқан. Алғашқы жылдары бұл бастауыш мектеп болды, кейін оны жеті жылдық үлгі-тәрбие мектебі етіп қайта құрды. Оны ауыл шаруашылығына бейімделген үлгі-тәрбие мектебіне айналдырған. Мектепті Академиялық Орталықтың тәжірибелік жұмыс орталығына айналдырады. Мектеп-коммунасында қазақ кедейлерінің, Қызыл Әскердің, кемтар адамдардың балаларын 10 жастан қабылдап оқытқан. Ал жетім балалар мектептің интернатында ешбір ақысыз оқып, үкімет қамқорлығында болды. 1920 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиумының мәжілісі А. Байтұрсыновқа жіберген қатынасында РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы құрамы аз ұлттарды ағарту бөлімі Қазақ Республикасын мекендейтін халықтардың мәдени-ағарту қызметі туралы очеркін құрастыруға қатысуын міндеттейді. Бұл тапсырманы орындауда Орталық Атқару Комитеті Комиссариаттардың өкілдерінен тұратын арнайы құрылған комиссияның мүшесіне А. Байтұрсыновты енгізеді. Президиум алдындағы жауапкершілікті Халық Ағарту Комиссары А.Байтұрсыновқа жүктеген. А. Байтұрсыновтың ыждағатты бақылауының арқасында не бары үш ғана оқулық - әліппе, грамматика, арифметика оқулықтары шықты, бұлардың жалпы таралымы 178 мың дана ғана болды. Бұл оқулықтардың бір бөлігі Қазақстанда, бір бөлігі Қазанда басылды. Басылған оқулықтардың таралымы аз болғандықтан, мектептердің болмашы қажеттігін де өтей алмаған. Халық Ағарту Комиссариатының қызметі 1921-1922 жылдардағы аштық кезеңіне тап болғандықтан, комиссариаттың жергілікті орындармен байланысы үзіліп, Өлкедегі ағарту жұмысына басшылық ету күн өткен сайын қиындай түскен. Қаржы-қаражат пен басқа да қажеттіліктердің жетіспеуі өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің қарапайым сұраныстарын қанағаттандыра алмаған. Орныққан жағдайдан шығу үшін А. Байтұрсынов комиссариаттың жергілікті бөлімдеріне арнап қабылдаған қаулысында аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетуге шақырған. Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариатының жанынан арнаулы ғылыми бөлім – Академиялық Орталық болып 1923 жылы қайта құрылды. Ғылыми мекеменің төрағасы етіп А. Байтұрсыновты бекіткен. Бұл мекеменің басты қызметіне – халық ағарту ісінің өзекті мәселелерін шешумен қатар ғылыми мәселелерге басшылық жасап, олардың жұмысын бір-бірімен байланыстыру арқылы реттеп отырған [22, 38-п.]. Академиялық Орталық теориялық және бағдарламалық жалпы басшылық орталығы» болып қалыптасты. Академиялық Орталықтың кезекті отырысында Өлкені жаппай жайлаған ашаршылықпен күресу үшін «Ашаршылықпен күресу» комитетін құрады. Бұл комитет Академиялық Орталық қызметкерлерінің күшімен концерт ұйымдастырып, оқыған лекцияларында аштан аман қалу үшін көктемгі-жаз айларында сүйрік, борық, буылдық, қарға тұяқ тағыда басқа өсімдіктердің тамырларын қорек етуге болатыны айтылған, «Ашаршылықтың қасіреті» атты сурет көрмесін ұйымдастырып түскен қаржыны ашыққандар қорына жіберген және Орталық Өлкелік мұражай көрме ақысын 1000 сомға көтерген, бір айда мұражайға орта есеппен 1000 адам келген екен, содан түскен 1000000 сом ақшалай қаражатты ашыққандар қорына аударған, ал Физика-медициналық қоғам бірнеше құнды лекциялар оқып, халық арасында жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын үйреткен. 1923 жылы А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерей тойын атап өту туралы Халық Ағарту Комиссариатының Коллегиясы қаулы қабылдап, оны РКП(б) Қазақ облыстық комитеті Президиумының мәжілісіне ұсынып, қолдауды сұрайды. Партия комитеті бұл іс-шараға өзінің тікелей қарсылығын ашық көрсетпесе де, бірақ мерей тойға Кеңес органдары атынан жеке жауапты етіп С. Сейфуллинді тағайындайды [23]. Мерей той Ташкент қаласында өтіп, оған жан-жақтан оқыған зиялы қауым жиналды, яғни қазақ, қырғыз, түрікпен, башқұрт, өзбек, тәжік, ноғай, орыстар. 1929 жылы мамыр айының соңы мен маусымның басында Қызылорда қаласына А. Байтұрсынов іс сапармен келеді. Оның негізгі қызметі қазіргі Абай атындағы педагогикалық ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиетінің профессоры болып жұмыс істеген, отбасы Алматы қаласында болған. Оны Қызылордаға Өлкелік Атқару комитеті ұйымдастырған Өлкетанушылардың құрылтай кеңесіне қатысуға шақырған болатын. Деректер бойынша А. Байтұрсыновты қамауға алынсын деген № 143 ордер 1929 жылы 28 маусымда шыққан, бірақ шындығында оны сол жылдың 2 маусымында алғаш рет тұтқындап Қызылорда қаласының түрмесіне қамаған. Бұл хабарды университеттің ректоры Санжар Асфендияровқа арнайы қатынаспен жіберген.1929 жылы маусым айының аяғында айдаумен А. Байтұрсыновты Алматы қаласының түрмесіне құпия түрде этаппен алып келген. В.И. Лениннің өзі қол қойған Қазақ өлкесін басқаратын әскери төңкерістік комитеті төрағасының бірінші жауапты орынбасары болғанын және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің мүшелеріне кешірім жасалғанын айтқан. Жоғарғы Коллегия ұлт зиялысының кешірім хатын қайта қарап, 1931 жылы 13 қаңтарда бұрын шыққан үкімді бұзып, өзгерткен. «Өлім жазасына кесілген А. Байтұрсынов қамауға алынған күннен бастап 10 жыл концлагерде отыруға үкімі ауыстырылсын. Дүние-мүлкі кәмпескеленсін. Отбасы жер аударылсын» [24, 442-п.] деп Сібірге жер аударумен алмастырған. Он жылға жер аударылған А. Байтұрсынов Архангельск қаласындағы концлагерге 1932 жылдың қарашасында келіп түседі. Мұнда келгенде қайраткер көп азапты шегіп, халі өте қатты нашарлаған. 1937 жылы Алматы көшелерінде Біріккен саяси Бас басқарма бастығы И. Ежовтың шашы тікірейіп, оң қолын жоғары көтеріп, әрбір саусақтарының басында мойындары қылтиып тұрған «халық жаулары» бейнеленген сурет-плакаттар А.Байтұрсыновтың тұрған үйдің де қабырғасына ілінеді. 1937 жылы 8 қазанда оны қайта тұтқынға алады. А. Байтұрсыновты 1937 жылы 8 қазанда Алматы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті үйінің астындағы жертөлеге әкеліп 7 камераға қамаған, бұл жолы «Жапон тыңшысы болған әйелмен астыртын байланыс жасаған» деп айыптаған. Шындыққа ешбір жуыспайтын айыпты басшылыққа алып 1937 жылдың 25 қарашасында Алматы облыстық ішкі істер халық комиссариаты үкім шығарып ату жазасына кеседі. Үкім 8 желтоқсан күні 1937 жылы орындалған. Бұдан кейін, біраз атылған қазақ ұлтының зиялы ұлдарын Алматы облысы, Іле ауданына қарасасты Жаңалық деген елді мекен жеріне апарып көмген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, ел басымыздың жарлығы бойынша, ұлтымыздың зиялы ұлдарына мәрмәр тастан үлкен ескерткіш қойылды.«Қорытынды» бөлімінде зерттеудің нәтижелері, алынған ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.Жеке тұлғаның қоғамның дамуы мен тарихи үрдістерінде ерекше орын алатыны анық. Әрбір дәуірдің мәні мен ерекшелігі жеке тұлғалар арқылы анықталады. Отандық тарихта өзіндік орны бар қоғам, мемлекет қайраткерлерінің бірі - ХХ ғасыр басындағы А. Байтұрсыновтың өз халқын ұйқыдан оятып, бостандық, теңдік және туысқандық жолына салу үшін жүргізген жанпида күресі келер ұрпақты патриоттық тәрбие беруде үлгі болмақ. Екіншіден, бүгінгі күнде Ахметтің азабы мол еңбегі азаматтықтың биік үлгісі ретінде қазақ елінің тарихын қайта жаңғырту үстінде. Үшіншіден, ұлы қайраткер күрескердің еңбегін мүдірместен демократиялық дәстүрлерге берік бүгінгі қазақ, Қазақстан Республикасы зиялылары қайталайтындығына біздің ешбір күмәніміз жоқ.
Пайдаланылған әдубиеттер тізімі:
1 Әшкеева Қ.А. Байтұрсыновтың философиялық көзқарасы: филос.ғ.к. авторефераты. – Алматы.- 2003. - 17 б.2 Имаханбетова Р. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат деректері негізінде): филол.ғ.к. авторефераты.- Алматы. - 2006. – 22-23 б.б.3 Қойгелдиев М.Қ. Ұлттық саяси элита. -Алматы:Жалы. - 2004, - 136 б; Мажитов С.Ф. Национально-освободительная война 1916 г. // Исторический опыт защиты отечества. - Алматы. 1999. – С. 139-162.4 Тұрғараева Г. М. А. Байтұрсыновтың халық ағарту саласына қосқан үлесі // Халықаралық ғылыми конференциясы. – Алматы, 2007 ж. 21-22 сәуір.-Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2007. – 432-437 бб. |
Грирсон Джон (ағылш. John Grierson26. 4. 1898 ж. т., Динстон) — ағылшын кинорежиссері. Глазго және Чикаго университеттін бітірген. Режиссерлік жолын 1929 ж. документті «Балықшылар кемесі» фильмін қоюмен бастады. Бұл фильм ағылшынның документті кино мектебінің негізін салды. Бұдан кейін «Индустриялы Британия», «Грентон Траулер», «Цейлов әні», «Түнгі почта» (1933—36) атты документті фильмдерді қойды. 1939—46 ж. шетелдерде (Австралия, Жаңа Зөландяя, АҚШ) қызмет етті. 1941 ж. түсірген «Черчилль аралы» фильм американ кино өнері мен ғылым академиясының сыйлығына ие болды. |
Энгель Антон Иосифович 1929 жылы Саратов облысындағы Первомай ауданының Воскресенка селосында туды. 1954 жылы комбайнерлер курсын бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облысының Коновалов МТСде комбайнермеханик болып істеді. 1962 жылдан Краснокут ауданының Карл Маркс атындағы кеңшарда бас инженер қызметін атқарды.
1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Антон Иосифович Энгельге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді
## Дереккөздер
* Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011
* Государственный архив Павлодарской области
* Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. — Алматы, 2003. — С.646. |
Колмыков Иван Карпович 1908 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданында туған. Еңбек жолын колхозшы болудан бастаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946-1963 жылдары Баян МТСда комбайыншы болып істеді. Кейін Киров атындағы кеңшарда машина аула сының меңгерушісі қызметін атқарған.1952 жылы 28 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Иван Карпович Колмыковқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұған дейін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен және «Еңбегі ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер
* Айбын Энциклопедия. /Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы.
* Герои Социалистического труда — казахстанцы. — Т. 3. — Алма-Ата: Казахстан, 1970
* Герои труда — североказахстанцы. — Петропавловск; 2012 |
Яков Григорьевич Корабельников (1938 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданындағы Калинин атындағы ұжымшарда туған) - ауыл шаруашылығы қызметкері.
## Өмірбаяны
1954 жылдан «Пушкин» атындағы кеңшарында сауыншы болып істеген. Ол өзінің қажырлы еңбегімен кез келген жағдайда сиырдан мол өнімсүт саууға болатынын дәлелдеген.
## Марапаттары мен атақтары
* 1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Яков Григорьевич Корабельниковке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
* Оның есімі Қазақ КСР Құрмет кітабына еңгізілді.
## Дереккөздер |
Есілбай Тәлкейұлы Қадралин 1948 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чапаев селосында дүниеге келген. Социалистік Еңбек Ері (1980). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1997).
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.
1964-1982 жылдары шопан, жүргізуші, механизатор, 1982 жылдан трактор-егістік бригадасының бригадирі, 1989-1992 жылдары ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарған. Мәскеудегі Дүниежүзі жастарының кездесуіне қатысқан (1972), Берлиндегі Жастар және студенттердің 10-бүкіләлемдік фестивалінің делегаты. 1975 жылы Қазақстан жастары атынан Бирма Республикасында болып қайтты. Қазіргі кезде фермер.
2 мәрте «Ленин», Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2007 жылдың 24 желтоқсанынан №6-4с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Елі үшін еңбек еткендер Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2016 жылы.
* Уәлиханов ауданының құрметті азаматтары |
Қызыл Ту ордені (орыс. Орден Крaсного Знамени) алғашқы кеңестік әскери орден. 1918 жылы 16 қыркүйекте Ресейдегі Азаматтық соғыс кезінде Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті бұйрығымен құрылды. 1930 жылы Ленин ордені құрылғанға дейін Кеңес одағы, Кеңестік Ресейдің ең жоғары наградасы болды. Ұрыс алаңында көрсеткен ерен ерлігі үшін, батылдығы үшін жеке тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлiмдер, қалалар, кемелер, саяси және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар марапатталды. Кейінгі жылдары, Ұлы Жеңістің жиырмасыншы және отызыншы жылдығына орай, соғысқа қатыспаған адамдар да марапатталынды.
*
*
*
*
## Марапаттау тарихы
Қызыл Ту ордені 1918 16 қыркүйекте Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Жарлығымен Азаматтық соғыс кезінде құрылды.
## Дереккөздер |
Дәуітов Ескендiр Садықұлы 1923 жылы Омбы облысының Есiлкөл станциясында туған. 1927 жылы Дәуiтовтар отбасы Петропавл қаласына көшiп келедi. 1942 жылғы 23 қарашада ауыл шаруашылығы техникумының бiрiншi курс студентi Дәуiтов Қызыл Армия қатарына шақырылады.1943 жылдың қыркүйегi. Шегiнiп бара жатқан жауды тықсыра отырып, 16 гвардиялық Чернигов дивизиясының бөлiмдері Днепрге тақап келдi. Алда – үлкен су айдыны. Сондықтан да өте шапшаң түрде ауыр шайқастардан әлсiреген жаудың есiн жиғызбай жедел өзеннен өту керек едi.Ескендiр алғашқылардың бiрi болып Днепрдiң оң жағалауына аяқ басып, пулеметiмен жау траншеясына ұмтылды.Екі гитлерші ержүрек пулеметшiге тап бердi. Батыл жауынгер сасқан жоқ, қанжармен екеуiн де жайратып салды. Жедел пулеметтi орната салып, жауға оқ жаудырды. Алғашында сасып қалған жау артынан шабуылды үдете түсті. Днепрдің оң жағалауына жетiп, жаумен жағаласа кеткен бiздің жауынгерлерден екеуақ – Ескендiр Дәуітов пен оның жолдасы ғана қалды. Олар жаумен жанталаса шайқасты. Дәуітов позициясын бiрнеше рет ауыстырды.Бір мезгілде гимнастеркасынан қан тамшылай бастады. Жаралы жауынгер жаудың екпiнiн қайтарып, жалғыз өзi оқ боратып жатты. Гитлершiлер қайтсе де Дәуiтовтың пулеметiнің үнiн өшiруге тырысты. Оқ бұршақтай борады. Ескендiрге көмекке ұмтылған жолдастары жеткенде ол екi қолы пулемет тұтқасына қарысып қалған күйi жансыз жатты. Ұрыс аяқталды. Бiрақ бұл жеңiстi көру Ескендiрге бұйырмады. Осы ерлiгi үшiн КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығымен Е. Дәуiтовке 1944 жылы 15 қаңтарда қайтыс болғаннан кейiн Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi.Жерлестерi өз ұлдарының есiмiн қастерлеп есте сақтауда. Ескендiр Дәуiтовтың өзi соғысқа дейiн мастер болып iстеген етконсервi комбинатының училищесi қазiр батырдың атымен аталады.
## Дереккөздер
Айбын энциклопедия |
Жиһангер (әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Хушру-и-Гити Панах, Әбілфатх Нұреддин Мұхаммед Жиһангер, Падишаһ-и-Ғази,1569 — 1927 урду: جهانگير) — Ұлы Моғолдар патшалығының 4-падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың шөбересі, I Акбардың үлкен ұлы, Бабырдың шөбересі. Жаһангер әкесі Акбардың билігі кезінде Аллахабадтың әміршісі болды. 1602 жылы әкесінің Декандағы кеңесшісі әрі тарихшысы Абу-л-Фазлды бундела тайпасының көсеміне өлтірткізіп, бүлік шығарды. Жақын досының өліміне, баласының опасыздығына күйінген Акбар ауруға шалдығып, 1605 жылы қайтыс болды. Таққа Жаһангер отырды. Оның билігі кезінде Акбар жариялаған барлық діндердің ынтымағы саясатынан ауытқу орын алып, үнділер мен мұсылмандардың біраз бөлігінің наразылығын туғызды. Жаһангердің үлкен ұлы Хұсрау Пенжабқа қашып барып, көтеріліс ұйымдастырды. Оны сикхтер көсемі қолдап, қаржылай көмек көрсетті. Бірақ Хұсраудың әскері жеңіліп, жақтастары өлім жазасына кесілді, өзінің көзі ойылып алынды. Алайда, орталық үкіметтің билігі әлсіреп, ірі тайпа ақсүйектері күшейе бастады. Мемлекетте жемқорлық дендеді. 1613 жылы Ост-Үндістан компаниясы Жаһангерден Суратта сауда факториясын ашуға рұқсат алды. Жаһангер жаңа жерлер басып алу арқылы билігін нығайтуға ұмтылды. 1614 жылы Меуарды, 1615 — 1620 жылы Пенджабтың Кангр қамалдарын бағындырды. Бірақ 1622 жылы парсылар ұлы моғолдар мемлекетінің сауда керуенінің кілті болып табылатын Кандагар қаласын тартып алды. Жаһангердің соңғы жеңісі 1622 жылы Кашмирдегі шағын князьдік Киштуарды басып алу болды. Өмірінің соңғы жылдарында ол мемлекеттік істерден шеттеп, билік тізгінін әйелі Нур-ЖиҺанға ұстатты. Жаһангер — “''Тузик-и-Жаhангири''” атты естеліктер кітабының авторы.
## Өмірбаяны
Жаһангір тұсында орталық өкімет әлсіреді, феодалдардың билігі күшейді. 1613 жылы Ост-Үндістан компаниясына Суратта сауда факториясын ұйымдастыруға рұқсат берді. 1622 жылы парсылар моғолдардың ірі сауда орталығы Қандағар қаласын тартып алды. Жаһангір мемлекеттік іспен аз айналасты, әйелі Нұржаһанның саяси ықпалы күшті болды. Жаһангір "Тузук-и-Жаһангири" атты естеліктер жазды.
## Дереккөздер |
Қумырза – Күршім алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 28 км, су жиналатын алабы 241 км2, жалпы ұзындығы 57 км болатын 19 саласы бар.
## Бастауы
Бастауын Нарын жотасындағы Үйгентас және Көктас асулары баурайындағы бұлақтардан алып, Күршім өзенінің саласы - Маралды өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы толығымен дерлік тау шатқалымен өтеді. Сандықтау жағалауы тік жартасты, жоғарғы ағысында құзды келген.
## Өсімдігі
Жоғарғы құзды жағалауында қарағай, самырсын, майқарағай, төменде қайың, көктерек, арша, т.б. ағаштардан тұратын беткейлік орман қалыптасқан.
## Дереккөздер |
Қызылсирақ тырна (лат. Antigone antigone) — кішене (ақбас тырнадан да кішкентй) қошқыл реңді тырна. Жабын қауырсындары қара немесе қошқыл сұр жалпы өңіне қарама- қарсы мойныныңақ түсі ерекше көрінеді. Басының алдыңғы бөлімінде қызыл телпекті тақыр терілі үлескісі болады. Бұл тырна Шығыс Сібірде қоныстанады және өте сирек кездеседі, сондықтан оның биологиялық ерекшеліктері айқындалмаған. Қазақстанда XIX ғаырдан- ақ бірнеше рет ұшып келгені мәлім.
## Дереккөздер |
Қыземшек – Ұлытау тауларының оңтүстік бөлігіндегі аласа тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінің оңтүстік-батысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 546 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында.
## Жер бедері
Беткейі сай-жыралармен тілімделген. Шығысынан Керегетассай өзені бастау алады. Солтүстігінде Шиліқұдық бұлағы, оңтүстігінде Қарамола жайлауы бар.
## Өсімдігі
Тау баурайында ұшқат, тобылғы, боз, бидайық, сораң, т.б. өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қыземшек – Бетпақдала даласының оңтүстік-батысындағы тау.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылынан солтүстікке қарай 48 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 265 м.
## Жер бедері
Екі өркештен тұратын тау беткейі көлбеу келген. Беткейі мен етегінде шөл далаға тән өсімдіктер өскен. Солтүстігінде 10 км жерде өзімен аттас кент және кеніш орналасқан.
## Дереккөздер |
Қыземшек – Қызбелтау тауларының шығысындағы аласа тау массиві.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Науырзым ауданы Мереке ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 202 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 2 км.
## Геологиялық құрылымы
Беткейі сай-жыралармен тілімденіп, эрозиялық процестерге ұшыраған. Жоғарғы олигоцен мен миоцен кезеңдерінің сазды, карбонатты жыныстарынан түзілген.
## Жер бедері
Етегінде қорымтас үйінділерінің мол шоғыры жиналған. Баурайы бұлаққа бай. Солтүстігінде Күйік қонысы, оңтүстік шығысында Үлкен жіне Кіші Қосқопа көлдері жатыр.
## Өсімдігі
Сортаңды қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Мұрагерлер (корей тілінде 왕관을 쓰려는 자, 그 무게를 견뎌라 – 상속자들, Wang-gwan-eul Sseu-ryeo-neun Ja, Geu Moo-gae-reul Gyun-dyeo-ra — Sangsokjadeul, ағылш. The Heirs / Inheritors) оңтүстік корейлік Ли Мин Хо және Пак Син Хё әртістерімен түсірілген дорама, SBS каналында 2013 жылдың 9 қазан мен 12 желтоқсан аралығында көрсетілді.
Жанр: дорама.Режиссер: Kang Shin-hyo, сценариін жазған: Ким Ын Сук.
## Сюжет
Чха Ын Сан - кедей отбасыдан шыққан оқушы Кореядан АҚШ-қа апайын іздеп барады. Сол жерде ол Empire Group компаниясының мұрагері Ким Танмен кездеседі. Кореяға келгенде бай балаларға арналған мектепте оқитынын біледі. Сол жерде достарын да, дұшпандарын және махаббатын кездестіреді.
### Әртістер
* Ли Мин Хо— Ким Тан
* Чон Чан У — бала Ким Тан
* Пак Синхе — Чха Ын Сан
* Ким У Бин - Чхве Ён До
* Ян Хён Мо — бала Ён До
* Кристал Чон — Ли Бо На
* Ким Чжи Вон — Рейчел Ю
* Кан Мин Хёк — Юн Чан Ён
* Чхве Чжин Хёк — Ким Вон
* Кан Ха Ныль — Ли Хё Син
### Жүлделері
BaekSang Arts Awards жүлдесі - «Ең танымал әртіс» номинациясы бойынша.
## Дереккөздер |
Қыземшек – Мұңлы тауының солтүстік-батысындағы аласа тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Қаражал қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Қаражал қаласының оңтүстік-батысында 41 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 521 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км.
## Жер бедері
Беткейі жонды-қырқалы келген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Шығысында Қарашоқы, оңтүстік-шығысында Бектау таулары бар.
## Өсімдігі
Ашық қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, жусан, бұталы өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қыземшек – Күнгей Алатау жотасының солтүстік беткейіндегі таулы массив.
## Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы Шілік өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 4032 м. Солтүстіктен оңтүстіккке қарай бойлық бағытта 30 км-ге созылған, енді жері 6 км.
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы протерозой және каледон қатпарлығы кезінде көтерілген. Тау сейсмикалық ауданға жатады.
## Жер бедері
Көлбеу беткейлері кең өзен аңғарлары мен төбесі күмбез тәрізді жоталар жоғары қарай біртіндеп құлама беткейлі шатқалдар мен үшкір шыңдарға ұласады. Жоғарғы белдеулерінде тектоникалық және мореналық шағын көлдер кездеседі. Тау беткейлерінде Құтырған, Талды өзендерінің салалары бастау алады.
## Өсімдігі
Солтүстік бөлігінде шырша, қарағай, өзен аңғарларындағы қара, қызғылт қоңыр топырағында альпілік өсімдіктер (шалғын) мен әр түрлі астық тұқымдасы, бұталар өседі. Аңғары мал жайлауы.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.