text
stringlengths
3
252k
Тасбөгет — Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты кент (1948 жылдан), Тасбөгет кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс іргесінде, Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 16922 адам (8896 ер адам және 8026 әйел адам) болса, 2009 жылы 18875 адамды (9437 ер адам және 9438 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1946 жылы осы жердегі ежелгі Қатынкөл және Тасарық ауылдары орнында Қызылорда су торабын салуға байланысты қаланған. 1956 жылы кент жанына Сырдария су бөгеті салынды. 1959 – 97 жылдары Сырдария ауданы орталығы болды. 1997 жылы Сырдария мен Тереңөзек аудандары қосылды да аудан орталығы Тереңөзек кентіне ауыстырылды. 1997 жылдан Тасбөгет Қызылорда қалалық әкімдігі құрамында. ## Кәсіпорындары Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер, т.б. ұйымдар жекешелендіріліп, олардың негізінде “КЭЦ”, “КРМТЦ”, т.б. АҚ-тарға және ЖШС-ларға біріктірілді. Тасбөгетте Қызылорда қаласының бірнеше кәсіпорындары мен өнеркәсіп салаларының бөлімшелері, базалары орналасқан. ## Инфрақұрылымы Тасбөгетте 3 орта, 1 орталау мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, спорт және музыка мектептері, аурухана мен емхана, дәріханалар, спорттық кешендер, мешіттер, сауда орталығы, қонақ үйлер, т.б. әлеуметтік-мәдени нысандар жұмыс істейді. Кент жанынан (6 км) Орынбор-Ташкент темір жолы және Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе автомагистралі өтеді. ## Дереккөздер
‎ Тасөткел бөгені — Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде, Ақсу өзенінің Шуға құйылатын тұсында орналасқан. 1963 жылы іске қосылып, 1974 жылы қайта жөнделген. ## Гидрологиялық сипаты Ауданы 78 км2, ұзындығы 18 км, енді жері 8,5 км, орташа тереңдегі 8,0 м, ең терең жері 31,0 м. Шарасы толған кездегі мөлшері 620 млн м3. Су жиналатын алабы 27 мың км2. Бөген арқылы аудан шаруашылықтарының 42,1 мың га жері суарылады. Бөген Қазақстанның маңызды мелиорациялық құрылыстарының бірі. ## Дереккөздер
Тарсатөбе – ежелгі мекен орны. ## Географиялық орны Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының солтүстік-батыс шетінде орналасқан. ## Зерттелуі 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. ## Сипаты Тарсатөбе тік төрт бұрышты, екі сатылы, аумақты алаң. Төбе биіктігі 12 м. Төменгі алаңның ені 65 м, ұзындығы 170 м, айнала бекініс іргелерімен қоршалған.Қазба жұмыстары барысында көптеген қарапайым қыш ыдыстар табылған. Ең көне түрлері – тұтқалары қой бейнесінде жасалған ыдыстар. 6–8 ғасырларға тән ыдыстар ішінде оғыз тайпалары мәдениетін сипаттайтын белгілер кездеседі.Тұрғындары мал өсірумен, аңшылықпен және егіншілік кәсіптермен шұғылданған. Тұрғын үй және басқа да әлеуметтік құрылыс нысандарына күйдірілген кірпіш пайдаланған.Археологиялық қазба нәтижесінде табылған заттарға қарағанда Тарсатөбеде б.з.б. 3 ғасыр – б.з. 9 ғасыр аралығында өмір сүрген. ## Дереккөздер
Тасқора алтын кен орны – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Кен орны 1965 жылы ашылып, барлау жұмыстары 1966-1974 жылдары жүргізілген. ## Минералдары Кен минералдары: пирит, сфалерит, халькопирит, молибденит, галенит, саф алтын, магнетит, алтаит, лимонит, гематит. Өндірістік металдар: алтын, күміс. ## Дереккөздер
Тастөбе сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: ## Елді мекен * Тастөбе — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Тастөбе — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл, Тастөбе ауылдық округі орталығы. ## Көне қалалар * Тастөбе — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Тастөбе ауылының маңындағы көне қала орыны. * Тастөбе — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ақшолақ темір жол бекеті маңындағы көне қорған. * Тастөбе — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ынталы ауылы маңындағы көне қала орыны. ## Басқа * Тастөбе шайқасы — Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің ақырғы шайқасы өткен жер.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – ҚР жоғары оқу орны. Дулати университетінің білім беру қызметінде қазіргі кезеңде бакалавриатта – 103, магистратурада – 61, докторантурада – 9, барлығы 173 білім бағдарламасы бар. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Сонымен қатар, 6 факультет, 1 институт, колледж және 3 студенттік жатақханасы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры – физика-математика ғылымдарының  кандидаты, доктор PhD, қауымдастырылған профессор  Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысы – оқу, ғылыми-инновациялық, тәрбие беру, өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени тіршілігімен тығыз байланысты. Себебі, университет көптеген мамандықтар бойынша мамандарды үш сатылы даярлауды іске асыратын және аймақтың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін бірден-бір өңірлік жоғары оқу орны. Университте 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы ашылады деп жоспарлануда. Дулати университеті Әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орынға жайғасты. Times Higher Education World University Rankings 2024 жалпы рейтингіне «репортер» мәртебесімен енді. 2024 жылдың 18 наурызында Дулати университеті жалпы есепте QS Stars «3 жұлдыз» артықшылығына ие болды. QS Asia University Rankings рейтингінде 857 университет арасында 601-650 және Орталық Азия рейтингінде 30-орынға ие болды. Қазақстандағы 95 жоғары оқу орнының рейтингінде Дулати университеті сегізінші орынға ие болып, «А+» мәртебесін алды. 2023 жылғы тәуелсіз халықаралық қазақ ұлттық h-index рейтингінде Дулати университеті 151 ұйымның ішінде 31-орынға ие болды.«Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» рейтингінде Қазақстан университеттері арасында 8-орынға ие. ## Бүгінгі жағдайы Университетте бір мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 320- ғылым докторы мен кандидаты және философия докторы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орында. ## Тарихы Дулати университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Алғашында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты болып құрылған. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. 1963 жылы – Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы – Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі берілді. 1998 жылы – Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды. ## Факультеттер * Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті * Жаратылыстану ғылымдары факультеті * Экономика және құқық факультеті * Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті * Технологиялық факультет * Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті ## Институттар * Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты ## Колледж * Қаратау тау-технологиялық колледжі ## Университет ректорлары * 1958-1972 – Сейітов Хамза Сейітұлы * 1962 ж – Жулаев Рахмет Жанғазыұлы * 1972-1987 - Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы * 1987-1991 – Владимир Миллер Иосифович * 1991-1998 – Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы * 1973-1992 – Үркімбаев Марс Фазылұлы * 1992-1998 – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы * 1996 ж – Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы * 1998—2001 - Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы * 2001-2008 - Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы * 2008-2012 – Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов * 2012-2020 – Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков * 2021 жылы – Ержан Әмірбекұлы * 2021-2022 – Ешенқұлов Талғат Ілияұлы * 2022 ж 1-желтоқсаннан Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы ## Ғылым және коммерцияландыру Дулати университетінде «Ғылым және коммерцияландыру» департаменті жұмыс істейді. Елдің және Жамбыл өңірінің өзекті, басым проблемалары бойынша, оның ішінде нанотехнологиялық және биотехнологиялық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдеседі. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жандандырып, Жамбыл өңірінде жаңа инновациялық өндірістерді құруға атсалысады. Ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды ҒЗЖ-ға кеңінен тартып, білім беру процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану жолын нығайтады. ## Халықаралық қызмет 2023-2024 Оку жылыӨзара тиімді, бірлескен келісім-шарттар мен меморандумдар жасауБілім беруді интернационалдандыру университет қызметінің маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту үшін университет бүкіл әлем бойынша серіктес жоғары оқу орындарымен 185 шартқа қол қойды. Оның ішінде: алыс шетелде – 60 ЖОО, ТМД елдерінде – 68 ЖОО, Қазақстан бойынша - 57 ЖОО.Шетелдік ғалымдарды тарту келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуда: Erasmus+, DAAD,Fulbright (АҚШ елшігінің қаржыландыруымен), Оңтүстік Корея елшілігінің қаржыландыруы, республикалық бюджет есебінен. ## Серіктес университеттер * Гангнам Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті, Корея * Томаша Бата университеті, Чехия * Анталья туризм академиясы, Түркия * Еге Университеті, Түркия * Скандинавия Академиялық ұтқырлық институты, Финляндия * «Неофит Рильски» Оңтүстік –батыс университеті, Болгария * Сегед университеті, Мәжірстан * Хайльбронн университеті, Германия * Гданьск технологиялық  университеті,  Польша * Пшасныш лингвистикалық -техникалық университеті,   Польша * Лодз университеті, Польша * Браганса политехникалық институты, Португалия * Малага университеті, Испания * Витаутас Магнус университеті|, Литва * Вайнштефан Триздорф университеті, Германия * Гливице қаласындағы Силезиялық технология университеті,  Польша * Острава техникалық университеті, Чехия * Бельгиялық білім беру кеңесі Брюссель, Бельгия * Султан Сюриф Касим Риу мемлекеттік ислам университеті, Индонезия * Варна экономика университеті, Болгария * Сельчук Университеті, Түркия * Мугла Сыткы Кочман Университеті, Түркия * Афина Ұлттық техникалық университетінің теориялық және есептеу физикасы зертханасы, Греция * Небраска университеті, АҚШ * Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Ресей * А. Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті  (Технологии. Дизайн. Искусство), Ресей * Иванов мемлекеттік политехникалық университеті, Ресей * Мәскеу мемлекеттік педагогикалық  университеті, Ресей * Томск мемлекеттік  педагогикалық  университеті, Ресей * Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті,  Беларусь Республикасы * Беларусь мемлекеттік өнер академиясы,  Беларусь Республикасы * И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Кыргызстан * Украина державск  химия-технологиялық  университеті, Украина * Джизақ политехникалық институты, Өзбекстан * Армения ұлттық сәулет және құрылыс университеті, Армения * Баку еуразиялық университеті, Әзербайджан * Шота Руставели  атындағы Батуми мемлекеттік  университеті, Грузия * Акакия Церетели Университеті, Грузия * Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан Республикасы * Альфраганус университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы ## Университет құрылымы Академиялық жұмыс жөніндегі департамент Маркетинг және кәсіптік бағдарлау департаменті Стратегиялық даму басқармасы Жобалық басқару және цифрландыру орталығы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Кітапханалық-ақпараттық орталық Ғылым және коммерцияландыру департаменті «Бауыржантану» ҒЗО «Дулатитану және өңір тарихы» ҒЗО «А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасы «Гидравлика және гидротехникалық құрылыстар» «Спектрофотометрия зертханасы» «Инфрақызыл спектроскопия зертханасы» «Хроматографиялық зертхана» «Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы» «Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу» «Суды тазарту және материалдар» Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім Әлеуметтік жұмыс басқармасы Ақпарат және медиакоммуниция орталығы Мұражай Әкімшілік-шаруашылық басқармасы «Dulaty university» баспасы Студенттерді есепке алу бөлімі Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығы Дінтану орталығы Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы Сұңқар спорт клубы DU UNION жастар орталығы Қоғамдық қабылдау бөлімі
Тауарих-и Гузида-йи Нусратнаме, «Жеңіс кітабынан жинақталған жылнама» – орта ғасырдағы тарихи шығарма. Кітаптың авторы белгісіз. Бұл жайында ғалымдар бір тоқтамға келмеген. Шығарма 1502 жылы 2 қарашада басталып, 1504 жылы аяқталған. Басымалыдан (кіріспеден) басталып, авторлық кіріспе сөз, оғыз, түркі, моңғол тайпаларының тарихын, Шыңғыс хан, оның мұрагерлерінің тарихын баяндап, Шыңғыс хан әулетінің шежіресін (Тоқа Темір, Шағатай хандан бастап шығарма жазылған мерзімге дейін) таратқан. Сонымен қатар Мұхаммед Шайбани ханның тарихына ерекше мән беріп, Әбілхайыр хан, Махмұд Баhадүр сұлтан, Мұхаммед Темір сұлтан жайында арнайы тоқталған. Әмір Темір өмірінің тарихынан да біраз дерек бар. Шығарманы жазуға Орта Азия мен Иранда жазылған біраз тарихи шығармалар пайдаланылған. Шығарманың нұсқасы Ресей ҒА Шығыс халықтары институтының Санкт-Петербург бөлімшесінде, Британ музейінде сақтаулы. ## Дереккөздер
Тастөбе қорғаны – б.з.б. 3 – 2 ғасырлар ескерткіші. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақшолақ бекетінен оңтүстікке қарай 5,5 км жерде орналасқан. ## Зерттелуі, сипаты 1940 жылы Геромин Пацевич, 1946 – 48 жылы Н.Ф. Федин зерттеген. Сыртқы көрінісі төрт бұрышты, аумағы 45 м, биіктігі 2 м жер дуалмен қоршалған. Оңтүстігінде үш мұнараның орны сақталған, биіктігі 3 м. Қазба барысында керсендер, күбі көзелер, жайпақ табақтар, тостағанға ұқсас ыдыстар, мойны тар құмандар табылған. Тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. ## Дереккөздер
Сыпыра жырау (XIV ғ.) - Суырып салма ақын. Алшын тайпасының Кете руынан шыққан XIV ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдарында өмір сүрген. Оның есімі ескі батырлар жырының талайында аталады. "Өз өмірінде толғау айтып өткен" Сыпыра жайында "Ер Тарғында" "Тоғыз ханды түзеткен кісі еді" делінеді. "Телағыс" жырында ел бірлігінің ұраншысы, ал "Құбағұлда" "Жүз сексенге келген" дана қария ретінде көрінеді. "Едіге би", "Тоқтамыс туралы аңыз" деген жырлар бар. Осылардың бәрінің о бастағы тудырушысы Сыпыра жырау болғанға ұқсайды. "Қырымның қырық батырын" жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деген. Дау-дамай, талас туған кезде халық әрқашан әділін айтар Сыпыра жырауды шақырып, оның шешіміне қанағаттанатын болған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мәселен, ол ноғайлықтарға—Сыбыра йырау, башқұрттарға—Сыбрй йырысы, татар барабиндіктерге — Сафардау, қырымдықтарға — Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды. Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі.Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. «Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында ол ноғайлы ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасындағы беделімен тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызда Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. XІІІ-XІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі - Сыпыра жырау Сұрғантайұлы өмір сүрді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. Бұған жол бермеу үшін Сыпыра жырау Тоқтамысқа Едігеге елші жіберіп, онымен татуласуға, ал сонан соң оны алдап өлтіруге кеңес береді.Сыпыра жыраудың толғауы нақты ақындық сипаттамалар мен бейнелі сөздерге толы. Жырау Едіге жүріп өтуге тиісті жерлерді айшықты суреттеп, тарихи тұлғаларға бейнелі анықтамалар береді. Тоқтамыстың алдында айтылған бұл толғау Сыпыра жырау өміріндегі соңғы толғау болды және шамамен 1390 жылы айтылған. Шоқан Уәлиханов Ноғайлы дәуірін “қазақтың алтын ғасыры” деп бағалаған. Ескілікті ақын-жыраулардың ноғайлыға соқпай өткені жоқ. Оны барынша ұлықтап, көтере дәріптеп жырлаған. “Аңыз былай дейді: дінсіз құшынаштар мен абыздар төменгідей ғажайыптар көрсеткен. Мәжіліске бір сұбжақы (жбан) бал әкеліп, оған түтік жалғайды. Сұбжақыдағы бал тостағанға өзі құйылып, кісілердің алдына өзі жылжып барады екен. Хан осы құшынаштарды өзінің шайхылары санап, жанына отырғызып, үлкен құрмет көрсетер еді.Бірде Ордаға төрт мұсылман келді. Олар құдайға құлшылық етіп жатқандарында Өзбек хан мәжіліс шақырды. Сүйікті шайхылары да бірге ілесе келді. Әдеттерінше қалайы ыдыстағы балдарын да ала келіп, түтікке жалғап, тостағандарды да қойды. Арада біршама уақыт өтті, балдан балшарап бөлініп шықпады. “Неге бал ақпай жатыр?” деп сұрады Өзбек хан. “Ордаға мұсылмандар келген шығар. Мынау солардың әлегі”, дейді шайқылар. “Іздеңдер, алып келіңдер”, деп әмір етті хан. Таса, қалқаларды тіміскіленіп жүріп, хан күрені сыртында бастарын жерге салбыратып дұға қып отырған төрт бейтанысқа кезігеді. “Кімсіңдер?” – деп сұрады мулазимдер. “Бізді ханға апарыңыз” – болды әлгілердің талабы. Міне, келді. “Кімсіңдер, неғып жүрген жансыңдар?” – деп сұрады хан. “Мұсылманбыз. Алланың әмірімен сізді мұсылманға енгізуге келдік” – болды әлгілердің жауабы. “Бұлар қаскөйлер, сөйлетпеңіз, тезірек өлтіріңіз”, – деп шулап қоя берді шайхылар. Өзбек сонда тұрып былай деді: “Не үшін өлтірем? Мен падишахпын. Сендердің ешқайсыңда алашақ-берешегім жоқ. Қайсыңның дінің хақ болса, сонымен бірге боламын. Егер бұлардың діні хақ болмаса, бүгін бал неге ақпай қалды? Тез бәсеке ұйымдастырыңдар, қайсыңның дінің хақ болса, соған бағынармын”, – деді Өзбек хан.Әжептәуір ұзақ әңгімені қысқартып баяндағанда тоқетері былай: екі тандыр қазып, өртеп жақты. Біріне мұсылман түсті, екіншісіне шайхылардың бірі түсті. Шайхы елдің көз алдында лап етіп жанып кетті де, мұсылманның міні қурай аман шықты. Нәтижесінде, мұсылман дінінің артықшылығына көзі жеткен Өзбек хан ислам дінін қабылдады.Тандырға түскен мұсылманның есімі БабаТуклас еді (Сонда, 106- б.). Екінші бір маңызды мәселе қазақ жырлары мен әңгіме, аңыздарында жиі кездесетін, орыс ғылыми әдебиетінде бір бөлек, қазақ тарихи жадында бір басқа әліптелетін Баба Туклас – Баба түкті Шашты Әзиз дерегіне бетпе-бет жолығуымыз. Бұл тарихи тұлға төңірегінде арнайы әңгіме болатындықтан, қазір тоқталып жатпаймыз.Сонымен, Алтын Орданың рухани мұрагері Ноғайлы жеке, дербес өз шаңырағын тіккенге дейін бұл ұлыста мұсылман жол-жоралғысы орныққан-ды. Алайда, Дешті Қыпшақтың өзге де мұсылмандары сияқты Құран қағидаларына сай таза мұсылмандықты емес, тәңірлік, шамандықпен мидай араласып, біте қайнасқан мұсылмандықты тұтынды. Қыпшақ нәсілді жұрт – өмірге фетешизмді (тасқа, аңға, ағашқа табыну), сосын табуды, ең соңы ата-баба аруағын бәрінен жоғары қою нанымын әкелген халық. Қыпшақтың ол діни нанымын тәңірлік, шамдық үрдістер де, ең соңы мұсылмандық та түп орнымен жойып, халық санасынан аластай алмады. Мұхаммед (с.ғ.с.): “Маған табынған халық сорлы” деп айтып, жан иесі адамға емес, жалғыз Аллаға табынуды өз үмметіне қатаң уағыз еткенмен, Дешті Қыпшақта ол талап орындалмады. Ноғайлы негізінен қыпшақ жұрты еді, сондықтан олардың рухани жағынан моңғолға дейінгі қыпшақтармен етене жалғасып жатқанының да басы ашық. Ал қыпшақтардан қалған жазба мұра “Кодикус куманикусты” беттен қалқып ұққанымызбен, терең түсініп, байыбына барғанымыз шамалы. Осы мұраны ұзақ жылдар аударып-төңкерген орыс ғалымдары да, өзіміздің оқымыстылар да “Кодикус куманикустың” Ватиканда сақтаулы басылымының соңында екі музыкалық шығарманың нотасы барын білмеген. Бұл шындықты қазақтарға жеткізген Иштван Қоңыр. Ұлт мерейі десе ұшарға қанаты жоқ, ізденімпаз ғалымымыз А.Сейдімбеков сол нотаны алдырып, Еуропаның өзі ұмытып қалған байырғы нота әліппесін үлкен машақаттармен біреуге оқытып, тыңдап көрсе, “Кодикус куманикус” нотасынан “Ақсақ Құлан-Жошы хан”, “Елім-ай” сарындарын есітіп, таңғалғанын әңгімелейді.Қысқа да шағын мәліметте үлкен мән бар: Ноғайлы-қыпшақ мәдениетінің әрі мұрагері, әрі ілгері дамытушысы. “Ақсақ Құлан” сарынының “Елайрылған”, “Көроғлыда”, “Елім-ай” сарынының Ноғайлы дәуіріне иек артатын “Япыр-ай”, “Қарағым-ай” әндерінде қайталануы тегін емес. Күйдегі толғау сарыны, әндегі жоқтау үрдісіндегі мұңды сағыныштар – Ноғайлы арқылы дамыған қыпшақ ән-күй өнерінің басты лейтмотиві. Ол Қорқыт күйлерінің де алтын тін, үзілмес арқауы. XІІІ ғасырда моңғол ләшкерінен жеңіліске ұшырап, Мажарстанға қашып барып, Бела патша төңірегіндегілердің ұйымдастырған бүлігінде суға ағып өлген Қотан ханның тағдырынан хабар беретін “Суға кетті Ер Қотан”, бәлкім, одан да бұрынғы заманның аужайын аңғартатын “Саймақтың Сарыөзенін” Жанақ ақынның қобызда шерлейтінін Ш. Уәлиханов жазып қалдырған. Сондай-ақ “Шоқан “Ер Шегедейді” Қанқожа, Досжан, Жанақ, Өтеболаттан жазып алған”. Қыпшақтың музыкалық өнерінің қайнар бастауында осы атаулы күйлер болғаны күмәнсіз.Ноғайлы дәуірінде шырқау шыңға жеткен жыршылық мектеп түркі-қыпшақ нәсілінің бұған дейін де мыңдаған жылдық тарихы бар төл өнері болса керек. Қазақ ертегілеріне көз салсақ, қанатты, жеті басты айдаһарлар, жалғыз көзді дәу, жылан адамдар кезеңін сөз ететін, динозавр дәуіріне меңзейтін туындылар көп. Мысалға Ертөстікті алалық, “Жылан Бапы патшалығы” дегеніміз – б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырлардағы Қара теңіз скифтерінің сенім-наным, тарихи аңыздарының жыр жолдарына көшірілген жаңғырығы емес пе? Ал “Керқұла атты Кендебайдағы” жеті басты аждаһа қай, ұранқай, кердері тайпалары, болмаса аждаһаны кие тұтқан қытайлармен шайқастың сәулеленуі емес пе? Ежелгі эпостарымыздың бірі – “Оғыз-наме”. Жыл санауымызға дейінгі XІІ-ІX ғасыр аралығында Қанғайдан Арапат тауы аралығында бұқаны тотем тұтқан қауым жасады. Тотем қағидасы бойынша кие есімі құпия сақталып, қосалқы атпен аталады. Өгіз, Оғыз атауы осылай пайда болса керек. Ал бізге жеткен “Оғыз-наме” X ғасырлар шамасында хатқа түскен.М.Қашқари сөздігінде үзінділері ұшырасатын Афрасиаб – “Алып Ер Тоңа” жыры да б.д.д. VІІ ғасырға жататын эпостың бізге жеткен жұқаналары. Демек, эпос Еуразия көшпелілерінің төл өнері болған. Ал ІX ғасырда бұл жанрды шырқау биікке көтерген Қорқыт жырау. Оның сөздері бізде сақталмағанмен, түріктерде сақталған. Осы шамада “Қобыланды батырға” енген “Қараман батыр”, “Ақ Көбек” жырлары, “Манастың” алғашқы нұсқалары, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай” жырлана бастаса керек. Осы желі Дешті Қыпшақта үзілмеді. Моңғол дәуірі – XІІІ-XІV ғасырларда да бұл дәстүр жалғасын тапты. Осы кезеңде Шез-Баян Балашықұлы, Кете-Бұға Найманлы, Қотан Арғынлы, Сыпыра Шөпбаслы, Парыздық Шабанұлы, Құба Қыпшақ, Қара-Байыс Қаңлы, Ұзын-Айдар Қоңырат, Сұлу-Мәмбет Шырын, Маңқы Маңғыт сияқты жыраулардың есімдері кезігеді. Аттары сақталғанмен, көбісінің мұрасы белгісіз.Бұл орайда Сыпыра жыраудың орны бөлек. Ол шындығында Ноғайлы жырауы емес, Алтын Орда жырауы. Ноғайлы 1391 жылғы Ақсақ Темірдің бірінші жорығынан кейін Едіге ұлысы ретінде пайда болса, сол жылы Сыпыра Тоқтамыс алдында жырлап отырып, өліп кетеді. Ноғайдың “Едіге” жыры осындай дерек ұсынады. Демек, ол Ноғайлы ұлысы тарих есігін ашардан бұрын дүниеден озған. Ендеше, оны ноғайлыға неге телиді? Жоғарыда Ноғайлының Алтын Орданың рухани мұрагері екенін айтқанбыз. Сыпыра жырау өмірі соның бір дәлелі. Әр кезде, әр елде Ноғайлы жырларын, әсіресе “Едіге” дастанын шығарған Сыпыра деген әңгіменің айтылуы тегін емес сияқты. Сыпыра көрген-білген, араласып-қатысқан оқиғасы екенін айғақтағысы келгендей өзі шығарған дастандарға өзін қосалқы кейіпкер ретінде қатыстырып, берген ақыл-кеңестерін жасырмай айтып, жырға енгізіп отырған. Мұны Сыпыраның шығармашылық қолтаңбасы десе де болады. Жалғыз “Едіге” емес, “Айса”, “Айса ұлы Ахмет”, “Алау батыр” “Әмет батыр” жырларында да осы аужай анық аңғарылады. Өзбек хан, Жәнібек хан заманының мемлекеттік тұлғалары – аталмыш батырларды Сыпыра етене жақсы танып, біліп жырына арқау еткен. Сондай-ақ “Құттықия”, “Құбығұл” жырларына жыраудың кейіпкер ретінде қатысуы – Сыпыраның өзіндік тұтынымы мен қолтаңба ерекшелігін айғақтап тұр. Тақырыпты алғашқы зерттеушілердің бірі Ханғали Сүйіншәлиев “Ер Сайын”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай” жырларын эпос қып жырлаған Сыпыра деп біледі .Тоқтамыс, Едіге қандай тарихи тұлға болса, Сыпыра да – сондай тарихи тұлға. Оны болды-болмады деп бұлдыратуға негіз жоқ.Иә, оны ұзақ жасатып, бірде 120, екіншіде 180 жасқа жеткізіп, жырау бейнесін шындықтан гөрі елеске айналдырып жіберушілер бар. Түз жұрты қалаулыларын өлдіге қимай, сырлас сұқбаттасына айналдырып, ұзақ жасатуға тырысқан. Оған қоса Дешті Қыпшақ жылды күнтізбе қағидасына орай есептегенмен, адам жасын 9 ай, 9 күннен қайырған. Яки, биологиялық жасты есептеген. Ендеше, Сыпыраның 120-ға келуі мүлде таңғалдырмайды.Едіге Тоқтамыстан 1387 жылы қашып еді. Міне, осы жай Мұрын жырлауындағы “Едіге” жырына өзек болады. Жырдың әлқиссасында “Тоқтамыстың Сыпыра жырау деген жыршысы” бары айтылады. Кейінгі қосынды, жамау, ауытқушылықтарды ескермегенде, ол Едігеге оппозициялық бағытта болады. Оның елді бүлдіретінін айтып, басын алуға кеңес береді.Сыпыраның сойы (фамилиясы) зерттеулерде Сұрғалтайұлы деп қате жазылған. Қарақалпақтар Сопбаслы, ноғайлар Шөпбаслы деп әліптейді. Ал Шоқан оны бірде Сыпыра десе, бірде “Сұп жырау” деп атайды. Ал жыраудың сырт сұлбасын суреттеуде “сұм аяқ, сұпа бөрікті” тіркесі жиі қолданылады. Бұл жерде “сұпа бөріктіні” – “сұпы бөрікті” деп оқыған жөн. XІV ғасырдың аяғы Орта Азияда сұпылық қозғалыстың жанданған кезі еді. Хорезмде қоңыраттардың сұпылық ордені құрылып, Хорезмді дербес мемлекет деп жариялағанды. Оларды парсы тілді әдебиеттер “чуфи” деп жазған. Яки, сұпы сөзі қалыптасу кезеңін бастан кешірген. Демек, Сопбаслы, Шөпбаслы сөздерін Сопыбаслы деп оқуға негіз бар. Ендеше, Сыпыра орта ғасырда Маңғыстауда сопылық мектептің негізін қалаған адам боп табылады. Осы реттен келгенде 1334 жылы ибн Баттута Сарайшықта болғанда: “Осы қалада түрік нәсілінен шыққан егдерген, сыйлы адамның ғибадатханасы бар. Оны Ата деп атайды. Ол бізге дастарқан жайып, батасын берді” деуінде мән бар. . Әлкей Марғұлан Баттута кездестірген діндар Атаны – Сыпыра деп біледі.Сыпыра жұрты Жемді жайлап, Сарайшықты қыстап отырған әсер қалдырады. Әлкей Марғұлан: “Тоқтамыс пен Едіге айтысып жүргенде жүзге келген Сыпыра жырауды Тоқтамыс күймелі арба жіберіп, Маңғыстаудан Сарайға алдырып, оның кеңесін тыңдайды”, деп қорытады (Сонда, 147-б.).Сыпыра жырау шығармашылығына алғаш назар аударған ғалым Ш.Уәлиханов. Оның аманқарағайлық қыпшақ Жұмағазыдан жазып алған шумақтарын Мелиоранский “Тоқтамыс жыры” жинағына енгізді. Ал Қ. Сәтбаев 1927 жылы баянауылдық қаржас елінің ақыны Қопабайдан екінші рет жазып алып, Орынбордан бастырып шығарады.Аталмыш толғаудың мәтіні төменгідей:Мен қартыңмын, қартыңмын,Не көрмеген қартыңмын.Бастыққа бастық, Бастық ханОны көрген кәріңмін.Одан соңғы Кедей хан,Оны көрген кәріңмін.Одан соңғы Ала хан,Оны көрген кәріңмін.Одан соңғы Қара хан,Оны көрген кәріңмін.Құлағы шұнақ Хазар ханОны көрген кәріңмін.Он екі тұтам оқ атқан, Одан соңғы ер ШыңғысОны көрген кәріңмін.Мұнарасы қырық құлашӨзден сұлтан ЖәнібекОны көрген кәріңмін.Ұлы бабам ДомбауылСоны көрген кәріңмін.Жүз сексенге келгенде, Сонша хандар өткендеЖас та болсаң, Тоқым хан,Сені көрген кәріңмін.(Сонда, 218-б.).Бұл жолдар 180 жас жасаған кәрілігін куәға тарта отырып, көшпелі елдің өткен-кеткеніне барлау жасауымен құнды. С.Сейфуллин де “Қазақтың ескі әдебиеті” кітабында Сыпыра өлеңдеріне орын берген (Алматы, 1933 ж. 139-б.).Ей, жігіттер, шоралар,Он сан ноғай бүлгенде,Саназар батыр жауынан Жаралы болып келгенде,Алаш, алаш болғанда,Алаша хан болғанда,Аязды қыста айырылдықАрасат оты жанғанда,Хан қашып, би қуғанда,Хан Тоқтамыс қорланып,Байтағым деп зарланып,Айтып жылай жөнелді.Сап-сап жүре, сап жүре,Сай азамат қосылып,Жауды жайпай ала алмас,Қара қыпшақ Қобыландым,Сен секілді ерден соң.Есім Байболов Сыпыраның Кавказ жұрты арасында сақталған біраз өлеңін жиып-теріп жария етті. Сыпыра Қобыландыны біліп қана қоймай, өлгенін де көрген. Ел бүлініп, ат тұяғынан шаң бораған жаугершілікте Қобыландының жоғынан “жауды жайпай алмайтынына” өкініш білдіреді. Ал бұл толғау 1391 жылы Дешті Қыпшақ арқылы Ақсақ Темір жорыққа шыққанда, Тоқтамыс Сарайды тастап, Дон даласына қашпақ болған, сонда ел жақсылары Сыпыраны алып келіп, тоқтау айтқызып, Тоқтамысты сабасына түсіріп, Ақсақ Темірге қарсы шығуға көндірген.Өлең жолдарында Саназар батырдың жаудан жаралы боп келгені ауызға алынады. Кетіктен 35 шақырым жерде Саназар әулиенің моласы жатыр. Ыбырай ахун Құлбайұлы да білімімен Сырымды тоқтатқан атақты бай Саназарды еске алады (142-б.). Өлкетанушылар бұл есім иелерін XVІІІ ғ. тумалары деп біледі. Ал Сыпыраның Саназары болса XІV ғасырдың ел қорғаны болған атақты батыр. Ол басқа емес, төртқара Айтұлы Саназар батыр болса керек. 2004 жылы “Жазушы” баспасынан Есенбай Дүйсенбайұлының құрастыруымен жарық көрген “Жеті ғасыр жырлайды” жасағанда “Тағай бидің аты аталады (9-б.).Орыс хан Маңғыстау өлкесінің қожасы Тойқожаны өлтіріп, Тоқтамысты қуған соң, бұл иелікті Көгедай (Наравчатов билеушісі) тоқа-темір Тағайға сыйлаған еді. Орыс жылнамасынан кейін Тағай есімі Сыпыра шығармасында ұшырасады. Өзгелерге беймәлім Маңғыстау билеушісі Тағайды ауызға алуынан Сыпыраның өзі де Маңғыстау түлегі екенін аңдау қиын емес.Енді “Қырық батыр” немесе “Ноғайлы жырларының” сақталып, бүгінге жету сырларына тоқталық. Ғажабы сол – “Қырық батыр” топтамасына енген Ноғайлы жырларын сақтаған негізінен адай жыршылары. Мұрын “Алатайлы Аңшыбай ұрпақтары”, “Қарадөң ұрпақтары” және “Құлыншақ”, “Ақжонасұлы Ер Кеңес”, “Жаңбыршы”, “Телағыс”, “Оғыз батырларды” Нұрым Шыршықұлынан, “Қыдырбай ұрпағы Қобыланды”, “Шынтасұлы Төрехан”, “Әмет батыр”, “Алау батыр”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай”, “Асан Қайғы”, “Абат батыр”, “Тоған батыр”, “Манашы батыр”, “Тұяқбай батыр”, “Айсаұлы Ахмет”, “Қарғабойлы Қазтуған”, “Көрұғлыны” Қашағаннан үйрендім деген. Бұлар Сыпыра жырау мектебін жалғастырушылар еді.Ал Қобдадағы Қобыланды қонысы Байтақ қаласына бір табан жақын Кете жыраулар мектебі Үкі жыраудан басталып, Жаскілең, Бітегенмен жалғасып, Нұрпейіс Байғанинге жетеді. “Қобыланды батыр” жырының Нұрпейіс жырлаған ғажап нұсқасын тудырушылар осылар. Орал аймағындағы Жиенбай жырау мектебінің өкілдері Сүгір, Қубала, Марабай, Көше-лектер де “Ер Тарғын”, “Қыз Жібек”, Ноғайлы жырауларының мұраларын жеткізді. Мұның сыртында Есет Қараұлы, Махамбет, Шынияз, Мұрат, Ығылман жыраулардың ноғайлы жырларының таралуына қосқан үлестері ұшан-теңіз.1625 жылы қыс қатты болып, Ноғайлы мырзалары Астрахан төңірегіндегі қалың қамысты алқапқа қыстап шығуға Астрахан воеводасынан рұқсат сұрады. Сонда Мамай Тінмәметұлы мен Орақ мырза (бұлар Орақ, Мамай батырлар емес, аттас кейінгі ұрпақ), Ақмәмбет мырзалар Байұлынан Үзей, Тіней, Тоқмәмбет, Өтей батырларды уақытша кепілдікке бермек болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Сыпыра жырау
Тауқұм – Шу-Іле таулары мен Іле өзенінің төменгі бөлігі аралығындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде. Батысы Балқаш көлінің жағалық ойпатына, оңтүстігі Күрті өзеніне тіреледі. ## Жер бедері Аумағы 8300 км2, ұзындығы 200 км, ені 60 км. Тауқұм Мойынқұм, Сарытауқұм, Қорғанқұм атты бірнеше шағын құмдардан тұрады. Оңтүстігінде Жусандала даласы, Бозой және Қараой үстірттері жатыр. ## Өсімдігі Құм жүзгін, сексеуілді аласа бұталар, жусан, еркекшөп, изен өсімдіктерімен жақсы бекіген. Іле және оның тармақтарын бойлай қамыс, тал, тораңғы, шеңгел, жиде, т.б. өседі. Тұщы грунт суы оңтүстік-шығыста 60 м, солтүстік-батыста 2-10 м тереңдікте кездеседі. Күздік жайылым ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Таусағыз (лат. Scorzonera) – астралылар тұқымдасына жататын көп, кейде екі жылдық шөптесін өсімдіктер не жартылай бұта. Негізінен Орталығы Еуропадан Шығыс Азияға (оның ішінде Орталық Азия мен Кавказ) дейінгі құрғақ аудандарда өсетін 170-тей түрі бар. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола облыстарында, Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз Алатауларында, Кетпен тауында тараған 28 түрі бар. Қиыршық тасты тау баурайында, далалы, сортаң топырақты, шалғынды, құмды жерлерде өседі. Биіктігі 3 – 50, кейде 70 – 90 см. Тамыры жуандап, түйнекке айналған. Сабағы түзу, тықыр не түкті. Жапырақтары таспа тәрізді, ұзын, жиектері бүтін, кезектесіп орналасады. Тілшік тәрізді ірі гүлдерінің түсі сары, кейде қызыл және күлгін болады, жоғары жағы қиықты, 5 тісті, тозаңқаптары түбінде жебе, гүл шоғы цилиндр тәрізді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Жемісі – дәнек. Құрамында каучук бар реликті түр – кәдімгі Таусағыз (S. tau-caghys) жойылып бара жатқан эндемик. Хантау Таусағызының (S. chantavіca) 2 түрі де қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Таукент — Түркістан облысы Созақ ауданындағы кент, Таукент кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 70-жылдары уран кенін өндіруге байланысты қаланған.. ## Дереккөздер
Таушымылдық (Paeonіa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар. Қазақстанның шығысындағы таулы, орманды аудандарда кездеседі. Қылқан және аралас жапырақты ормандарда өсетін 2 түрі: кәдімгі Таушымылдық (Р. anomala) және дала Таушымылдығы (кейде оны жаушымылдық деп те атайды) (Р. hybrіda) бар. Бұлардың биіктігі 40 – 80 см. Тамыры бұтақты әрі жуан, қоңыр түсті, салмағы 5 – 6 кг болады. Бұтақсыз сабағы бірнешеу, олар тік өседі. Ірі гүлі бір-бірден сабағының ұшында жетіледі. Үш-үштен шығатын саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімделген, сабаққа кезектесіп орналасады. Хош иісті гүлдері қошқыл, қызыл не қызғылт, ақ түсті, қос жынысты, аталығы көп, аналығының саны 1 – 8. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – жапырақша, тұқымының сырты жылтыр, қара түсті. Таушымылдықтың тамырында эфир майы, салицин глюкозиді, крахмал, танин және аздаған алколоидтар болады. Халық медицинасында Таушымылдықтың тамырын емдік мақсатта күзде жинайды. Таушымылдықтың тұнбасы тәбет ашады, асқазан сөлінің қышқылын арттырады, астың қорытылуын жақсартады, жүйкені тыныштандырады. Таушымылдық Қытайда өте ерте заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріліп келеді. Қазіргі кезде оның бір мыңнан аса сорты бар. ## Дереккөздер
Таушешек (лат. Stelleropsis) – көкендер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездесетін 3 түрі: алтай Таушешек (S. altaіca), Тарбағатай таушешегі (S. tarbagataіca) және Тянь-Шань Таушешек (S. tіanschanіca) бар. Бұлардың биіктігі 7 – 30(40) см. Тамыры жуан, бірнеше бөлікке тарамдалып, тереңге жайылып кетеді. Сабағы бірнешеу, онда қалың, сопақша төрт қалақты жапырақтары кезек орналасады. Гүлдері хош иісті, ақшыл, қызғылт түсті, қос жынысты, аталығының саны 8, аналығы – біреу, жатыны бір ұялы, гүлсерігі түтік тәрізді. Көп гүлді (саны 15 – 20), олар топталып, шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Таушешектердің гүлдері әдемі, хош иісті, сәндік үшін өсіріледі. Тарбағатай Таушешегі мен Тянь-Шань Таушешегі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаев (20 тамыз 1915, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қарақия ауылы - 1996) - гидротехника, мелиорация және сумен қамтамасыз ету саласының маманы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қаз.КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Дулат тайпасының Жаныс руынан. ## Қызмет жолы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысты. Бейбіт еңбекке оралысымен Қаз.КСР су шаруашылығы министрлігінде басқарма бастығы, Қаз.КСР министрлер кеңесінде аға референт, бөлім бастығы, сондай-ақ ВАСХНИЛ Қазақ филиалы республикалық тәжірбие-мелиоративтік станциясының директоры болып қызмет атқарды. 1952 жылдан Қазақтың ауыл шаруашылық институтында қызмет істейді. 1961-1963 ж. Су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметін қоса атқарды. 1963-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының «Гидротехника және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. ## Ғылыми жұмысы Оның ғылыми еңбектері негізінен егістік жерлерді суландыру және сумен қамтамасыз ету, мәдени жайылымдарды жақсарту процестерін механикаландыру әрі автоматтандыру т.б. арналған.«Водные ресурсы и схемы водоснабжения сельскохозяйственных территорий» (1963г.), «Основы водоснабжения сельскохозяйственных районов Казахстана» (1970ж.), «Автоматизированное культурное пастбище» (1987ж.), «Основы гидравлики и гидромеханизации сельскохозяйственного производства» (1986ж.), «Ауыл шаруашылық тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру» (1992ж.) атты еңбектері жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 2003 жылы Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің «Гидротехника және мелиорация» кафедрасына профессор Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаевтің аты берілген. ## Дереккөздер
Тәжіғали мұнай-газ кен орны — Атырау облысы жерінде орналасқан. Кен орнынан алғашқы мұнай 1956 жылы өндірілген. ## Жатыс сипаты Құнарлы горизонттар 383 –1067 м тереңдікте орналасқан. Тиімді қалыңдығы 4-14 м.
Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев (28.09.1919, Семей – 31.10.2016, Алматы) – физик, физика-математика ғылымдарының докторы (1958), Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі (1958), профессор (1959), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967). ## Өмірбаяны * Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік Университетін бітірген (1942). * 1942–1944 жылы Нүкіс қаласындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы. * 1944–1949 жылы КСРО Ғылым Академиясының П. Н. Лебедев атындағы физика институтында аспирант. * 1949–1951 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Астрономия және Физика Институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі. * 1951–1957 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Физика-Техникалық Институтының директоры. * 1957–1970 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Ядролық Физика Институтының директоры, бөлім меңгерушісі. * 1970–1981 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Жоғары Энергия Физикасы Институтының директоры, лаборатория меңгерушісі. * 1962–1971 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының вице-президенті. * 1981–1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының кеңесшісі (1992). * 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядролық Орталығының ғылыми жетекшісі. ## Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері классикалық электродинамикаға, ғарыштық сәулелер физикасына, жоғары энергия физикасына арналған. ## Дереккөздер
Тәңірқұт — ғұндардың ең жоғарғы билеушісінің лауазымы. Қытай тарихнамаларында “Тәңірқұт” деген сөздің “Тәңір ұлы” мағынасында екендігі нақты айтылған. Тарихнамада “Тәңірқұт дәнү” деп жазылған “Көктің ұлы дархан (тархан)” немесе “Тәңір ұлы дархан” деген мағынаны білдіреді. ## Дереккөздер
Тәңірқазған Шелль-Ашель тұрағы – палеолит тұрағы, Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарына жататын археологиялық ескерткіш. ## Орналасқан жері Жамбыл облысы, Талас ауданының Қызыләуіт ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км, Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде. ## Зерттелуі 1957-58 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Тарихи археология және этнография институтының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеумен шұғылданған Қаратау отряды (жетекшісі Х.А. Алпысбаева) ашып, 1961-1963 жылдары зерттеу жұмыстарын жүргізген. Барлық тас бұйымдары жалпақ төбешіктен жинастырылған.2000 жылы К.М. Байпақовтың басшылығымен Ә. X. Марғұланның атындағы Археология институтының мамандары тұрақты қайта зерттеді. Қарулардың тұрақта таралуы белгілі шекара шеңберімен шектелген, одан тыс өңделген кремний бұйымдары сирек кездеседі. Тұрақтың ауданы 1 шаршы км-ден артық емес. Сұр балшықтардың жұмсақ жоғарғы қабатында көптеген жәдігерлер табылды.Ғалымдардың пікірінше бұл төбешік төменгі антропоген уақытындағы ежелгі аллювий аңғарымен сай келеді. Тас құралдары 1 км² аумақта бірнеше жерде шоғырланған. 1961-1963 жылдары тас қарулары шоғырланған төрт жерге 0,75 м тереңдікке дейін тікқазба (шурф) түсірілген. Заттардың басым бөлігі, негізінен жоғарғы қабаттан алынған. ## Алынған бұйымдар Бұйымдарды жасауға сұр, қоңыр сұр, сұр қара, қара шақпақ тас пайдаланылған. Көпшілігі сары түсті патина қабаттан жабылған. Тәңірқазғаннан алынған бұйымдар мынадай негізгі топтарға бөлінеді: 1) екі шеті өңделген долбар шапқы құралдары (32 дана); 2) дөңгелек тұрпаттар (7 дана); 3) қол шапқы тәрізді құралдар (6 дана); 4) унифастар (3 дана); 5) тас жаңқадан жасалған бұйымдар (11 дана); 6) өзектастар (26 дана); 7) екінші қайта өңделмеген тас жаңқалары (266 дана). Жинаған заттардың типологиялық және техникалық анықтамасы Тәңірқазған Қазақстан жеріндегі ең көне ескерткіштердің бірі екендігін көрсетеді. Алынған бұйымдарды Еуразия мен Африка құрлығындағы археологиялық кешендермен қатар қоюға болады. Тәңірқазған ежелгі аңшылардың осында келіп қоныстану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей ескерткіш.Оңтүстік Қазақстан өңірлерінен табылған шелль-ашель уақытына жататын Тәңірқазған секілді археологиялық нысандар республика жерін алғашқы адамдардың плиоцен-плейстоцен кезеңдерінде мекендегенін айғақтайды. ## Дереккөздер
Ерсайын Қандержанұлы Тәпенов (16 қазан 1945 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) — режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. ## Өмірбаяны * 1968 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі Ресей театр өнері академиясы) режиссерлік факультетін (педагогтары Н. П. Охлопков, А. В. Эфрос пен В. Д. Дудин) бітірген. * 1974—1976 жылы Мәскеудің Сатира театрында тәжірибеден (В. Н. Плучектің жетекшілігімен) өтті. * 1968—1974 жылы Семей облысы драма театрының (қазіргі Семей музыкалық драма театры) режиссері * 1976—1979 жылы бұрынғы Торғай облыстық музыкалық драма театрының бас режиссері болды. * 1979—1990 жылы Қарағанды облыстық драма театрының бас режиссері болды. * 1990 жылдан Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының бас режиссері болды. * 1970—2003 жылы Мұхтар Әуезовтің «Айман - Шолпан», «Дос — Бедел дос», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері—Ақтоқты», «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» («Махаббат туралы поэма» деген атпен), Е. Г. Брусиловский мен Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» мен «Күшік күйеу», Әкім Таразидің «Жақсы кісі», Дулат Исабековтың «Әпке», Олжас Сүлейменов пен Баққожа Мұқайдың «Заманақыр», Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны», Маман Байсеркеұлының « хан», Н. В. Гогольдің «Yйлену», Антон Павлович Чеховтың «Шағала», Еврипидтің «Медея», Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау», «Король Лир», т.б. авторлардың шығармаларын сахнаға шығарды. * Поэзияға, пластикалық және біртұтас сахналық әсерлі шешімге ден қою оның режиссурасына тән қасиет. ## Марапаттары * 1986 жылы Сәкен Жүнісовтың «Өліара» спектакльінің қойылымы (1982) үшін «Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» құрметті атағы берілді. * 1995 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. * 2011 жылы РФ мәдениет министрлігінің бұйрығымен «А.П.Чехов» атындағы алтын медалмен марапатталды. * 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы; * 2015 жылы «Қазақ хандығына – 550жыл» медальі; ## Дереккөздер
Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұлов (13 наурыз, 1940 жылы туған, Қостанай облысы Фёдоров ауданы Трактово ауылы) – құрылысшы-инженер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы (1977), архитекторлық ғылымдардың кандидаты (1979), профессор (1992), Шығыс елдері халықаралық архитектор (2001) және Халықаралық архитиктура академияларының (2002) академигі. ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Тоқал Арғын руының Төлек бөлімінен шыққан. * 1962 жылы Қазақ политехникалық институты институтының (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) архитектор-құрылыс факультетін бітірген. * 1962 – 1975 жылы Ақмоланың (қазіргі Астана) құрылыс орындарында, Қазақ КСР-і Мемлекет құрылыс комитетінде инженер және азаматтық үй құрылысы басқармасында бас маман * 1975 жылдан Қазақстанның қала құрылысын жобалау институтының (1993 жылдан “KAZGOR” жобалау академиясы) директоры * 2003 жылдан “KAZGOR” жобалау академиясының президенті. ## Жобалары * Алматы қаласында “Қазақстан” қонақ үйі (1978, Ю.Г. Ратушный, Н.Л. Матвиец, т.б.; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1980) * Орталық мемлекеттік мұражайының ғимараты (1984) * Қазақстан Мемлекеттік мұражайының ғимараты (1985, Ратушный, З.М. Мұстафина, т.б.) * Ұлттық банктің әкімшілік ғимараты (1994) * “Алма” сауда үйі (1999) * Спорттық-сауықтыру кешені (2002) * Стратегелиялық зерттеулер институтының ғимараты (2002 – 06) * “Жиһаз” бизнес орталығы (2005), т.б. құрылыс ғимараттары салынды. ## Кітаптары Тәтіғұлов басқалармен бірлесіп * “Қазақстанның қала құрылысы” (1973) * “Жобалау кеңесінен жобалау институттарына дейін” (1980) атты кітапты жазған; * Тәтіғұлов Ә.Ш. Өзекті өмір ("Стержень жизни") Алматы, 2000. * Тәтіғұлов Ә.Ш. Парыз (Считаю долгом своим. 1-том), Алматы, "Баспақан" 2010. * Тәтіғұлов Ә.Ш. Ізгілер ізі (Раздумья о современниках, 2-том) Алматы, "Баспақан" 2010. Ахитектурно-строительная элита Казахстана, Алматы, 2005. * сонымен қатар 170 ғылыми-техникалық мақала * 5 монограммалық еңбектің * бірқатар оқулықтардың авторы. ## Марапаттары * 1999 жылы Мәдениет қайраткері * 2005 жылы Қазақстанның құрметті құрылысшысы атағы. * “Парасат” * Еңбек Қызыл Ту * “Халықтар достығы” * “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Патшайым Тәжібаева (1920 – 1991) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1960), профессор. Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967). Негізгі ғылыми еңбектері Орталық Қазақстанның шөгінді жыныстары мен кен тастарын зерттеу мәселелеріне арналған. ## Өмірі Дулат тайпасының Жаныс руынан. Ол 1920 жылы қазіргі Төле би ауданының Қарақия елді мекенінде дүниеге келген. Патшайымның атасы Есенқұл ел басқарған көзіқарақты, дәулетті адам болыпты. Әкесі Тәжібай сол заманның білімді азаматы болып, орыс тілін жетік білгендіктен үкімет жұмыстарына араласқан. Әкесі ерте қайтыс болып, жетімдіктің, жоқшылықтың тақсыретін ерте тартқан Патшайым балалар үйінде тәрбиеленген. Бауыры Лашкер екеуі сонда жүріп сауат ашып, ары қарай жетіжылдық мектепті бітіреді. Табиғатынан қайсар, алғыр мінезді Патшайымды өмірдің ащысы мен суығы шыңдай түседі. ## Білімі 1936 жылы Алматыдағы педагогикалық училищеге түсіп, оны үш жылда аяқтайды. Бұдан соң Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің геология-минерология факультетіне түсіп, 1943 жылы бірінші дәрежелі диплом алып шығады. Геолог-минеролог мамандығын алған Патшайым Индустрия университетінің кен-металлургия факультетіне аспирант болып қабылданып, Қазақтың Ғылым Академиясын да бітіреді. Сондай-ақ, 1948 жылы Куйбышев (қазіргі Самара) қаласындағы университеттің физика-математика факультетін тәмамдайды. ## Еңбек жолы Бұдан кейін белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақстанның пайдалы қазбаларын, жер қойнауындағы байлықтарын ел игілігіне жарату жолында еңбектенеді. «Қарағым, ауыр мамандықты қалаған екенсің, жер қазу, тас жинау тезек теруден ауыр» деген ұстазы Қаныш Сәтбаевтың сөзі оны қаймықтыра алмаса керек. Қиындықтан қашпайтынын жұмыс барысында көрсете біледі. Алғашқы еңбек жолын Жезқазған-Ұлытау аймағынан бастапты. Ұстазымен бірге тау-кен орындарын зерттейді. Жастайынан қиындыққа төзе білген Патшайым жұмысқа аса жауапкершілікпен қарап, жер қойнауының литологиясын зерттеп, Қазақстандағы литология ғылымының негізін қалады және ұйымдастыра білді. Геология ғылымына өлшеусіз үлес қосумен қатар, Қазақстандағы мұнай-газ көздерін ашу мәселелері бойынша белсенді де көлемді жұмыстар жүргізеді. Елдегі ең мол мұнай өнімі бар Құмкөл кені туралы ең алғаш Патшайым Тәжібаева болжам жасап, оны ел игілігіне жаратуға бастамашы болған. ## Ғылымдағы орны 180-нен астам ғылыми еңбек жазған. Рентген лабораториясын ашқан. Ол – Қазақстанда ғана емес, АҚШ, Жапония, Канада сияқты ірі мемлекеттерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндамалар жасаған танымал ғалымның бірі. . Шөгінді жыныстар мен рудалардың ерекшелігін екшеп, зерделеген. Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы кен орындарын ашқан. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан ең алғашқы ғалым-геолог, литология ғылымының негізін қалаушы. ## Ғалым жайлы жазылған кітаптар * «Асыл тастар асқар тауда туады», * «Ғылымда дара, өмірде дана», * «Патшайым десе – Патшайым». Қазақтың біртуар ақыны Жұбан Молдағалиев «Бәйтерегі ғылымның» атты өлеңінде: «Ғылымда дара, өмірде дана Патшайым» деп аталатын кітапта ғалымның әріптестері мен шәкірттерінің, достарының Патшайым Тәжібаева туралы жазған пікірлері мен естеліктері, ғалымға арнаған өлең жырлары, естелік-эсселері топтастырылған. Кітапты құрастырғандар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Айтмұханұлы Досанов пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы, академик, профессор Құралай Қошқарова. Алматы, Шымкент қалаларындағы, Оңтүстіктегі Қазығұрт ауданындағы үлкен көшелер, екі бірдей мектеп Патшайым Тәжібаева есімімен аталады.. ## Марапаттары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты, Жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған. Америка, Жапония, Германия, Венгрия сияқты елдердің ғылыми қауымдастығының мүшесі. Ол Халықтар достығы және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Отбасы Жолдасы – белгілі дипломат Ахмет Аққошқаров.Қыздары Қарлығаш және Құралай. Кіші қызы – академик Құралай Аққошқарова, ал күйеу баласы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досанов. ## Дереккөздер
Тәлімдік жер – суармалы егіншілік аудандарындағы егісті суармай өсіретін жерлер. Таулы аймақтарда тау етегіндегі ауадан түсетін ылғал мөлшері суарылмайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіншілік береді. Бұл аймақтағы жауынның тағы бір ерекшелігі – оның басым бөлігінің көктем айларында түсіп, жазға қарай құрғақшылық болуы. Табиғаттың осы ерекшелігін, көктемгі жауынды тиімді пайдаланып, жазға дейін пісіп үлгеретін дақылдар егуді тәлімі егіншілік деп атайды. Тәлімі жерлерде құрғақшылыққа төзімді астық (арпа, бидай, тары), техникалық (күнжіт, мақсары), мал азықтық (қонақжүгері, т.б.) және бақша дақылдары (қарбыз, т.б.), т.б. өсіріледі. Өнім алу мөлшері жауын-шашынның түсу мөлшеріне және уақытына, ауа температурасына, т.б. жағдайларға байланысты. Мұнда ылғал қорын жинап, сақтау, оны тиімді пайдалану үшін түрлі агротехникалық шаралар (қар тоқтату, топырақ өңдеудің арнайы әдістерін қолдану, егісті қысқа мерзімде аяқтау, кең қатарлы егу әдістері, т.б.) қолданылады. Ауыспалы егіс жүйесінде топырақ құнарын қалпына келтіріп жақсарту үшін мал азықтық дақыл – жоңышқа, беде егіледі. Тау етегінің біршама жерлерінде жеміс ағаштары мен жидектер отырғызылады. Тәлімі жерлер егістіктері экономикалық жағынан тиімді (оны суарудың қажеті жоқ), тек агротехникалық шаралар қолданылса жеткілікті. Кавказ маңы, Ауғанстан, Иран, Қытай, Үндістан, т.б. елдерде кездеседі. Қазақстандағы таулы жерлерде орналасқан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының егіншілік жерлерінің 5 – 6 миллион га-ын осы Тәлімі жерлер құрайды. ## Сілтемелер
Тәтіқара (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы – 1780, сонда) – ел бастаған көсем,аға батыр, әрі ақын, қазақ жыраулық өнерінің белді өкілі. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Руы — Уақ. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары (“Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты. Өткір мінезді Тәтіқара ел билеген ханның осал жақтарын сынап, батыр-бектердің кемшін тұстарын беттеріне айтып отырған. “Кеше тоқыраулы судың бойында” атты толғауында ол “Ат құйрығын күзеңдер, Аллалап атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар” деп халықты күреске шақырады. Бұдан кейін Абылай мен ақын арасы алшақтап, Тәтіқара сарайдан біржола қуылады. Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап, жоқшылық көреді. Алайда ақын қиыншылыққа мойымаған, ханға бас имеген. Бұған көңілін сұрай келген билерге айтқан “Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар” дейтін жыры дәлел. ## Дереккөздер
Тастыбұтақ– қола дәуірі ескерткіштерінің бір тобы. Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданындағы Көктөбе ауылының маңында. Құрамына Ордың оң жақ саласы Тастыбұтақ өзенінің оң жағалауындағы Темебай қыстағының жанында орналасқан үш ескерткіш: Тастыбұтақ-1, Тастыбұтақ-2 зираттары мен едәуір үлкен қоныс кіреді. 1955 ж. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы отряды (жетек. В.С. Сорокин) ашып, 1957 – 60 ж. Тастыбұтақ-1 зираты мен қоныста кең көлемді қазба жұмыстарын жүргізді. Тастыбұтақ-1 зиратындағы 57 қоршау ауданы 1,8 га жерде үш топ болып орналасқан. Түгелдей қазылған қоршаулардың диаметрі 3 – 5 м, негізгі пішіні – дөңгелек. Ашылған 100 қабірдің 90-ы қарапайым шұңқыр қабірлер де қалғандары тас жәшіктер. Қабір ұзындығы 0,8 – 2,3 м, ені 0,37 – 1,15 м, тереңд. 0,5 – 1,2 м. Әр қабірде негізінен бір, кей жағдайда екі мүрде жерленген, барлығы 118 мүрде табылған. Олардың жатқызылу тәртібі біркелкі – бастары күнбатысқа қаратыла, сол немесе оң бүйіріне аяқтары бүгіліп қойылған. 112 мүрдені ингумация тәсілімен, яғни өртемей жерлесе, қалғандары крематталған. Қыш ыдыстан басқадай заттардың құрамында 15 қола білезік, сырғалар мен қапсырмалар, мыстан, қоладан, пастадан жасалған 700-ден астам моншақ және 1 еңбек құралы – біз бар. Бала қабірлерінен 70-тен астам қой асығы табылған. Қыш жиынтығын 140-тан астам ыдыс құраса, мұның дені бүйірі шығыңқы, аузы кең көзелер, тік бүйірлі ыдыс анағұрлым аз. 67 ыдыстан кездескен ою түрлеріне үшбұрыштар, меандр, иректер мен шұңқыршалар, көлбеу, жазыңқы, тік сызықтар жатады. 72 қабірден түскен палеоантропол. деректер зиратта жерленген адамдардың еуропа тектестерге жататынын және олардың Төм. Еділ мен Оңтүстік Арал өңірлерінің көне тұрғындарына жақындау болғанын көрсетті. Тастыбұтақ қонысынан бір-бірінен 8 м қашықтықта орналасқан ғ1 (ауданы 185 ш. м) және ғ2 (ауданы 145 ш. м) екі үй орны қазылып, олардың тікбұрышты жертөлелер болғандығы анықталды. Заттай деректер тобын көптеген қыш сынықтары, шаруашылық құралдары мен бұйымдар құрайды. Екі үйден ашылған 4 ошақ саяз шұңқырлар түрінде жасалып, біреуінің шеттері таспен жиектелген. Екі үйдің де қабырғалары бойында орналасқан, еден деңгейінен сәл биік ұзын, жалпақ кертпіштер адамдар ұйықтауға арналған орын қызметін атқарған. Осындай қызықты деректерге екі үйден ашылған 3 терең құдық та жатады. Тереңдегі 3 – 5 м-ге жететін бұл құдықтардың біреуінің түп жағында топырақ құламау үшін жасалған ағаш шарбақ бар. Көне қоныстардың тұрғын үйлерінің ішінде құдықтардың болуы айрықша жағдай екенін ескере келе, ғалымдар бұл қола дәуірінде құрғақ, шөлейт ауа райының болғандығын дәлелдейтін тағы бір маңызды мысал деп санайды. Тастыбұтақ ескерткіштері андрон мәдениетінің батыс шетінде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілігінен дерек беретін өте құнды жәдігерлер болып табылады. Негізгі ерекшеліктері бойынша орта қола кезеңінің алакөл мәдениетіне жатады. ## Дереккөздер
Тәукин Мұхаметқали (1814 – 20.2.1894) – сұлтан, Кіші жүздің Батыс бөлігінің правителі (1847 – 1865). Айшуақ ханның немересі. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқыған. Корпусты толық бітірместен, 1831 жылы 25 қарашада Кіші жүздің Батыс бөлігі басшысының қарамағына әкімшілік қызметке жіберілді. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға қатысты. 1839 жылы Ресейдің Хиуаға жіберген әскери экспедицияның құрамына енді. 1847 жылы Кіші жүздің Батыс бөлігінің сұлтаны (правитель) болып тағайындалды. Сұлтан М.Баймұхамедов бастаған Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Петерборға барып, император [[Николай I-нің қабылдауында болып, “Әулие Владимир” орденімен марапатталды. 1860 жылы екінші рет Мәскеу мен Петерборға Кіші жүз өкілдерімен барды. Осы сапарында Ш.Уәлиханов, П.И. Небольсин, Л.Н. Плотников секілді шығыстанушылармен танысты және императорлық ерікті экон. қоғамға мүше болып қабылданды. Петерборда шығатын “Экономические записки” журналына қазақтардың шаруашылығы туралы мақаласын жариялады. Кіші жүз сұлтандарының шежіресін қағазға түсірумен айналысты. 1865 жылы полковник шенінде отставкаға шықты. 1868 жылы патша өкіметі қабылдаған “Уақытша ережеге” наразылық танытқаны үшін 1870 жылы Архангельскіге жер аударылып, одан 1874 жылы елге оралды. ## Сілтемелер
Тәңіршілдік — дәстүрлі түркі халқының дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілім, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер және кейбір осы замандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Хазар қағандығы) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. ІХ ғ түркілердің әйгілі туындысы «Ырық бітік» кітабында "Тәңірі - Түрік Тәңрісі" (Түріктердің Құдайы) ретінде аталған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, империялық деңгейде Тәңіршілдік әсіресе ХІІ – ХІІІ ғасырларда монотеизмдік сенім/дін ретінде ұстанылған; қазіргі тәңіршілдердің көбі оны монотеизмдік деп санайды. Орхон-Енисей ескерткіштерінің Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тас ескерткіштерінде "Тәңірідей Тәңріден жаралған" деп басталады, әрі "Төбеңнен Тәңірі баспаса, астыңнан қара жер айырылмаса, түркі халқы төріңе кім шыға алады, тәбәрігіңді кім жырта алады" деген сөздер бар. Аббас халифатының елшісі Ибн Фадлан Хғ басында оғыздарға жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде 'Бір Тәңірі' деп, басын көкке қаратып мінажат ететінін" айтқан. Әртүрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке хан: "…Біз тек Бір Тәңіріні медет етеміз" деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Джованни Плано Карпини, Вильгельм Рубрук жазып қалдырған. «Тәңір» ұғымы Шумер сына жазуларында, сондай-ақ ғұндар мәдениетінде “Зингир” (“зеңгір”) түрінде кездеседі. Кеңес одағы ыдыраған 1990 жылдардан бастап Тәңіршілдік Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдегі Татарстан, Башқұртстан) түркі тілді халықтардың интеллектуалды зиялыларының ұстанымы болған. Ол сондай-ақ Бурятияда, Сахада (Якутияда), Хакасияда, Тывада және басқа да Сібірдегі түркі халықтарында біртіндеп дами бастады. Алтайлық Бурханизм және Чуваштардың Ваттисен йăли қатарлылардың кей элементтері тенгризмге ұқсайды. Моңғолияны кейде оның тұрғындары "Мәңгілік көк Таңрінің елі" (Munkh Khukh Tengriin Oron) деп атайды. ## "Тәңір" сөзі Ежелгі және қазіргі түріктер арасында Тәңір (көне түркіше: Täŋri) ұғымының түрлі формалары бар: Тәңірі, Тангара, Тангрі, Танри, Тангре, Тегри, Тингир, Тенкри, Тери, Тер, Туре. Тәңір сөзі көне түркі тілінен шыққан: Тенк ("таң сәрі") немесе Тан ("таң"). Сонымен қатар, Стефан Георгтің болжауынша, түрікше "Тәңірі" сөзі түптеп келгенде Прото-Енисейдің *tɨŋgVr - "жоғары құдірет" сөзінен келіп шыққан. ## Сенім жүйесі Тәңіршілдік сенімі бойынша, Тәңірі – барша болмыстың арғы құдіретті киесі, әрі негізі. Қазақта "иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар" деген терең мағыналы сөз бар. Ұлы Тәңірдің “Көк, Ұлы, Нұр”, т.б. сипаттары биіктікті, тұтастықты білдіреді. Тәңір өзін медет етушілердің соғыста жеңуіне де, өмірде өзіне тән өмір жолын тауып, мағыналы, мәнді, табысты, салиқалы, салуалы ғұмыр кешуіне де, биік орын мен мансапқа көтерілуіне де, сондай-ақ халықтардың өркендеп, өсуіне де жол ашады. Ғалам - Тәңірінің кітабы; Тәңіріні түсіну - сол ғаламды тану мен түсіну арқылы іске асады; Тәңірі сүйген кісі болу - сол ғаламда биік мақсаттарға талпына алу арқылы іске асады. Тәңірі ешкімді алаламайды, тек ол берген ерік-жігер мен зердені дұрыс қолдана алу-алмау адамдардың әртүрлі деңгейде болуын белгілейді. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске ұшырау - халықтың рухани азғындап, өз тамырынан азып, қабілетсіз жалқау, надан және арсыз болғаны үшін Тәңірі оларға жіберген жазасы болып саналады. ## Галерея * * * * * * * ## Дереккөздер
Тәліпов Шүкір Тәліпұлы(1908 – 1980) – хим. ғыл. докт. (1949), проф. (1949), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1967). Ғыл. жұмыстары сирек және шашыраңқы элементтердің аналит. химиясын, алюминий мен басқа металдар фторидін, табиғи қосылыстар мен олардың синтетик. туындыларының реагенттік
Алексей Иванович Тевкелев(1674 – 1766) – тілмаш, елші. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі аты-жөні – Құтлұғмұхаммед Мамашев. ## Өмірбаяны * 1711 жылы Петр I-нің Прут жорығына қатысып, онда тілмаштық қызмет атқарған. * 1716 жылы А.Бекович-Черкасскийдің Хиуа мен Бұхарға жасаған экспедициясына қатысқан. 1719 жылы Сыртқы істер коллегиясына тілмаш болып қызметке орналасты. * 1720 жылы Аюке ханның қарамағына қалмақ тілін үйренуге жіберіледі. * 1722 – 1723 жылы парсы жорығына Петр I-нің құпия істер жөніндегі аға тілмашы ретінде қатысты. * 1730 жылы Әбілқайырдың Санкт-Петербургке келген елшілерін қабылдаушылардың қатарында болды және осы елшілікке жауап ретінде патша өкіметінің Кіші жүзге жіберген елшілігін басқарды. * Кейіннен И.К. Кирилловтың Орынбор экспедициясына * 1735 – 1736 жылы башқұрт көтерілісін басуға қатысты. Тевкелев басқарған жазалаушы отрядтар 50 деревняны өртеп, 2 мыңдай адамды өлтірді. * 1742 жылы бригадалық генерал атағын алды. * 1743 жылы Тевкелевтің тікелей қатысуымен Орынбор қаласы мен оның төңірегіндегі бірнеше қамалдың негізі қаланды. * 1743 – 1749 жылы патша өкіметі оны Әбілқайыр басқарған Кіші жүз билеушілері мен Орынбор әкімшілігі арасындағы жанжалды реттеуге пайдаланды. * 1751 – 1759 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің көмекшісі болып, патша өкіметі жүргізген отаршылдық саясаттың сойылын соқты. * 1755 – 1756 жылы кезекті башқұрт көтерілісін басу кезінде қазақ даласына қашып кеткен башқұрттарды кері қайтару ісіне араласты. * 1760 жылы қызметтен біржола босап, демалысқа шықты. Тевкелевтің елшілік қызметі барысында жүргізген мың беттен астам “Күнделігінде” қазақтардың қоғамдық-саяси, мәдени өмірі жайында және ру-тайпалық құрамы туралы көптеген мәліметтер қамтылған. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Тевкелев елшілігі * Тевкелев комиссиясы
Текелі қорғасын-мырыш комбинаты – Қазақстандағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындарының бірі. Алматы облысындағы Жетісу Алатауы сілемдерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. 1933 жылы инжылы-геологтар М. Юдичев пен М. Қадылбековтың зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзеннің жағалауынан қорғасын-мырыш кен орны ашылды. Комбинат құрылысы 1937 жылы басталып, кен өндіру және оны өңдеу жұмыстары 1942 жылдан жүргізіліп келді. Комбинат құрамында Текелі, Көксу, Тұйық кеніштері мен 2 кен байыту фабрикасы, бірнеше қосымша цехтар жұмыс істеп келген. Комбинаттың негізгі өнімі – қорғасын, мырыш және барит концентраттары еліміздің түсті металлургия зауыттары мен химия, мұнай өндіру кәсіпорындарында қайта өңделіп отырған. 1971 жылы Текелі қорғасын-мырыш комбинаты кен өндірудегі жоғары өнімді технологияны өндіріске енгізгені үшін КСРО халық шаруашылығы көрмесінің алтын және қола медальдарымен марапатталған. 1996 жылы жоғары сапалы (45%) рентабельді кентас қабатының бітуіне байланысты комбинат өз жұмысын тоқтата бастады. 2003 жылдан жиналып қалған клинкерді (қалдықтарды) өңдеумен бір ғана цех жұмыс істеп тұр. ## Сілтемелер
Тегістік — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде, Талас өзенінің оң жағында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Текес өзені – Іле алабындағы өзен. ## Бастауы Теріскей Алатауының солтүстік-шығыс сілеміндегі Қопыл тау массивінен басталып, Қытай жеріндегі Қарабура ауылының тұсында Іле өзеніне құяды. Теріскей Алатауы баурайында екі аттас қайнар көзі – сол және оң Текес орналасқан. Өзенге Қазақстан аумағында 10 ағын құйылады. Олардың ең ірілері - Орта-Көкпақ, Үлкен-Көкпек және Баянкөл. ## Географиялық орны Алматы облысының Райымбек ауданы мен Қытай жерінде. Текес ауылынан төмен жасанды су қоймасы, су торабы және ГЭС бар. ## Гидрологиясы Жалпы ұзындығы 438 км, оның 218 км-і Қазақстан аумағы арқылы ағып өтеді. Су жиналатын алабы 28100 км2. Аңғары жоғары бөлігінде тар, терең шатқалмен ағады, төменгі ағысы жазықпен ағып, арнасы мемлекеттік шекараға дейін кеңейеді. Орташа су ағымы Текес тұсында 9,02 м2/с. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Алматы облысы туризмінің ресми сайты Мұрағатталған 3 мамырдың 2020 жылы. * Алматы облысы туризм басқармасының ресми сайты Мұрағатталған 23 сәуірдің 2020 жылы.
Тәшенов Болат Төлешұлы (11.4.1941 жылы туған, Түркістан облысы Созақ ауданы, Қызылбайрақ ауылы) – ғалым, физика-математика ғылымының докторы (1984), профессор (1995), Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақ мемлекеттік университетін (ҚазҰУ) бітірген (1964). 1964 – 1984 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының астрофизика институтында аспирант, кіші, аға ғылым қызметкер, лаборатария меңгерушісі, 1984 – 2004 жылы осы институттың директоры. Негізгі ғылыми еңбектері атмосфералық оптика мәселелеріне арналған. Тәшенов келешегі зор су буының жолақтарындағы аспан жарықтығына қатысты зерттеулер негізінде жаңа әдісті ұсынды. Ол соңғы кезде атмосфераны лидарлық әдіспен зондтау мәселесін белсенді түрде дамытып келеді. Мұндай әдіс Қазақстанда бірінші рет аэрозоль құрамын зерттеуде қолданылды. Қазіргі кезде Тәшенов Қазақстан аумағында тұрақты Жер атмосферасын оптикалық әдіспен және жасанды жер серіктерінің көмегімен оның экологогиялық күйін қадағалайтын ұялы байланыс стансаларын құру жұмысын белсенді түрде жүргізуде. Медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер
Тектұрмас – ерте орта ғасырдағы қала орны. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Талас ауданы Көшек батыр ауылының солтүстік-батысына қарай 5 км жерде орналасқан. ## Зерттелуі Алғаш 1898 жылы В.А. Каллаур ашқан. 1949 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы (жетекшісі Л.И. Ремпель), 1980 жылы осы экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байпақов) зерттеген. ## Сипаты Жобасы тікбұрышты келген қала жұртының ауданы 300х200 м. Қалашықтың солтүстік шетінде орналасқан цитадельдің ауданы 70х70 м, биіктігі 11 м. Айнала қорғаныс дуалмен қоршалып, сыртынан ор қазылған. Қаланың іші мен сыртында құрылыс қалдықтары байқалады.Қазба барысында табылған қыш ыдыстардың сынықтары мен қалашықтың жобасының сипаты оның 7 – 13 ғасырлар аралығында өмір сүргенін білдіреді. ## Дереккөздер
Теледидар мұнарасы, телемұнара – әдетте металдан, темір-бетоннан немесе аралас материалдардан тұрғызылған, ұшар басына телехабар, радиохабарларды таратушы стансалардың, жылжымалы нысандары мен радиорелелі, радиотелефондық байланыс жасау антенналары, кейде метеорологиялық бақылауға арналған аспаптар орнатылатын ғимарат. Теледидар мұнарасы неғұрлым биік болған сайын, теледидар бағдарламаларын қабылдау радиусы да ұлғая түседі. Теледидар мұнарасының биіктігі теледидар станция қуатының әсер ететін радиусымен, таратушы антенналардың өлшемдерімен және санымен анықталады. Дүние жүзіндегі ең биік Теледидар мұнарасы – биіктігі 536 м болатын Останкино (Мәскеу) және биіктігі 550 м болатын Торонто (Канада) мұнаралары. Қазақстандағы ең биік телемұнара Алматы қаласында орналасқан. Телемұнара – ұшар басына теледидар, радиохабар тарату, радиотелеграф пен радиореле байланыстарының антенналары орнатылған биік мұнара. Телемұнарада жоғары көтергіш, радиотаратқыш т.б. электрондық жабдықтар болады. Дүниежүзіндегі ең биік телемұнара Мәскеудегі Останкино телемұнарасы. Ол КСРО тұсында Бүкілодақтық телеорталықтың мұнарасы болып тұрды. Оның биіктігі 533 метр. Алматы қаласынан 1080 биіктікте орналасқан Көктөбе жотасында биіктігі 360 метр болатын телемұнара орналасқан. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5 ## Тағы қараңыз * Әлемдегі телемұнаралар ## Сілтемелер
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 жыл, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, – 1862 жыл. қайтыс болған) — қазақ күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Шаншар бөлімінен шыққан. Тәттімбет атқа ерте мініп, ел ісіне ерте араласқан адам. Батыс-Сібір генерал-губернаторы генерал-майор Фон Фридрихс Тәттімбет туралы арнайы жинаған мәліметінде мынандай дерек келтіреді: "Тәттімбет — ақ сүйектер әулетінен, бірақ көпестер гильдасына тіркелмеген. Қарқаралы округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842 жылдың 20 қаңтарынан 1845 жылдың 25 қаңтарына дейін болыс болды. Бұл жұмыстан өз арызы бойынша 1854 жылдың 29 шілдесіндегі бұйрықтың негізінде босатылды, қылмыс жасамаған, тергеуде, сотта болмаған » (ООМА, 3-қор, 3-тізім, 3902 -іс). Тәттімбет Ресей патшасы II Александр-нің таққа отыру салтанатына қатысқан. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов, Григорий Николаевич Потанин, Адольф Янушкеевич сияқты оқымысты-ғалымдармен, Алшынбай, Құнанбай, Шорманның Мұсасы, Жайықбайдың Ыбырайы, Кішкентайдың Аққошқары, Сандыбайдың Ердені, Уәлиханның Шыңғысы сияқты дала шонжарларымен, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан-сал, Жаяу Мұса, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяк, Шашақ сияқты күйшілермен қадірлес-сыйлас болған. Бұл адамдар Тәттімбет көкірегінен күмбірлеп төгілген әсем күйлердің тұсауын кесіп, талғампаз сарапшысы болып отырған. Оның өнеріне Біржан сал: «Тәттімбет — ардагерім, Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған бармағына», — деп сүйсінеді. Тәттімбет талай-талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады.Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді. 1855 жылы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Сарыарқа қазақтарының өкілдерімен бірге Санкт-Петербургға барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Ресей астанасының өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медальді Егіндібұлақ ауданы “Қаратау” кеңшарының тұрғыны Тәттімбеттің шөбересі Өзек Кәбішұлында сақтап қалған. Тәттімбет күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, сондай-ақ домбырашылар Н.Шынтеміров, Ғ.Айтбаев, А.Әжібекұлы, С.Қарабаева, Т.Түсіпбеков, Ғ.Кәріпбеков, т.б. күйшінің өзіндік ерекшеліктерін сақтап, күй тарту мектебіне айналдырған. Кеңес дәуірінде Тәттімбет күйлерін Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов, сондай-ақ М.Тілеуханов, А.Байбосынов, Ж.Нұржауов, т.б. кәсіби күйшілер орындап, насихаттады. Қазақ композиторларының камералық-аспаптық, симфониялық және опералық туындыларында Тәттімбеттің көптеген күйлері пайдаланылды. Мысалы, Евгений Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде “Сары жайлау” күйлері орындалады. Мансұр Сағатов Тәттімбеттің “Сылқылдақ” күйін эстрада оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды. Күйшінің туған жерінде Егіндібұлақ халық аспаптар оркестрі, Қарағанды қаласындағы музыкалық училище Тәттімбеттің есімімен, ал Ақтоғай ауданындағы халық ансамблі композитордың есімімен аталады. 1984 жылы Егіндібұлақ ауданында композиторға ескерткіш-белгі (мүсіншісі Ж.Молдабеков, археолог А.П. Малков) қойылды. Алматы мемлекеттік консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) 1971 жылдан шертпе күй класы жұмыс істейді. Ол Тәттімбет күйлерін негізге ала отырып, Қазақстанның басқа да өңірінің шертпе күй дәстүрлерін жинақтап үйретеді. ## Шығармашылығы Тәттімбеттің кең таралған күйлерінің кейбіреулері: ### Сары жайлау Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді. ### Былқылдақ Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал “Былқылдақ” күйі жер атына байланысты (елінде Былқылдақ атты сазды жайлау болған) шыққан. Күйдегі романтика – мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр. ### Көкей кесті Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – “Көкей кесті” күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі. ### Сылқылдақ Сөйтіп, ол домбыра үніне “жан бітіреді”, күйдің табиғатын, сырын ашады. Тәттімбет лирикасының тағы бір қырын ашатын “Сылқылдақ” күйі. Бүл күйді композитор өзімен күй сайысына түсіп, өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап орындаған. “Сылқылдақ” күйінің музыка тіліндегі күміс қоңырау үні, әдемі әуені тыңдаушыға ерекше әсер қалдырады. Күй бойынан жастық жалын мен өмірге құштарлықтың лебі еседі. Күй сарыны Тәттімбетке тән композициялық ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі нақышын танытады. ### Қосбасар Тәттімбеттің “Қосбасар” күйінің бірнеше түрі бар. Осы аттас күйлер Тоқа, Әбді, т.б. халық күйшілерінде де кең өріс алған. Әр “Қосбасардың” өз тарихы, айтары бар. Тәттімбет “Қосбасарлары” туған жер табиғатын, халық өмірін суреттейді. ### Бес төре Тәттімбет тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған. Композитор “Бес төре” күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған. Бұл юморға толы туынды. Тәттімбет қоғамдық болмысқа сын көзімен қарап, өзінің шығармалық туындысы арқылы әлеуметтік бағытын аңғартады. Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар. ## Дереккөздер
Тәшенов Қазис Тәшенұлы (1.8.1928 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ақсу ауылы) – физиолог-ғалым, биология ғылымының докторы (1968), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1994). Омбы (Ресей) ауыл шаруашылық институтын бітірген (1952). Қазақстан Ғылым Академиясы Эксперименттік биология институтының кіші ғылыми қызметкері, аспиранты (1953 – 56); Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы - Физиология (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы) институтының кіші, аға ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1961 жылдан), директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары (1980 – 87), директоры (1986 – 90) болды. 1990 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы Төралқасының мүшесі, биология және медицина ғылымдары бөлімінің академик-хатшысы. Негізгі ғылыми еңбектері мал физиологиясына арналған. Тәшенов күйіс қайыратын малдың таз қарынында микробиологиялық белоктың жинақталу процесі азық рационының сипатына және ас қорыту жолына келіп түсетін сілекей мөлшеріне байланысты екендігін бірінші рет анықтады. Хирургиялық операция арқылы ұйқы безі мен өт жолдарын бөлек шығарудың түтіктік әдісін ойлап тапты. Сондай-ақ жүйкелер мен қан тамырларын бүтіндей сақтай отырып, ұлтабардан бөліп алынған кішкене қарын жасау тәсілін ұсынды. Ас қорыту органдары мен сүт бездерінің қызметін реттеуге бүйрек, қалқанша және жыныс бездерінің қатысын анықтап, ас қорыту және сүт түзілу (лактация) процестерінің өзара байланысты екенін дәлелдеп, сүт шығару механизмін ашты; Чехословакия ғалымдарымен бірлесе отырып, күйіс қайыратын малға арналған жасанды азық рационын ұсынды. Тәшеновтің жетекшілігімен 25-ке жуық ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалды. 250-ден астам ғылыми еңбегі бар, оның 4-уі монография, 20-дан астам жұмысы шетелде жарық көрді. ## Сілтемелер
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов (20 наурыз 1915 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Танакөл ауылында (Бабатай қыстауында) туған - 18 қараша 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) — мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген. Арғын тайпасының Қуандық руының Қареке бөлімінен шыққан. ## Қызметі * 1934 – 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі * 1939 – 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары * 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі * 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952) * 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы * 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы * 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы * 1961 – 1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары * Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зерттеу институтында, Оңтүстік Қазақстан облыстық талдау-есептеу орталығында қызмет атқарған. ### Қайраткерлігі Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Түркістан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. ## Марапаттары «Ленин», «Еңбек», «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған ## Ел есінде қалған істері * Тың игеру кезінде Көкшетау облысында совхоз директоры болған Ф. Моргун 1957 жылы совхоз тұрғындары жер астында тұщы су болса да қажетті құралдың болмағандығынан 20 шақырым жерден суды тасып ішіп қиналып жатқанда Жұмабек Тәшенов келіп бір аптаның ішінде Армениядан скважина арқылы су тартатын компрессор алғызып беріп су мәселесін шешіп бергенін ризалықпен жазады. * Жұмабек Тәшенов Шымкент облысында атқару комитеті төрағасының орынбасары кезінде, күзде Түркістан аймағының мақташылары мақта тазарту зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқанда сол ауданға уәкіл болып барған Жұмабек Тәшенов Қарағанды облысының басшылығымен хабарласып қажетті 1,5 мың тонна көмірді жеткіздіріп береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын 102,7 пайыз орындайды. Сонымен қатар Жұмабек Ахметұлы Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп іске жаратуды жүзеге асырады. Кезінде Жұмабек Тәшеновтің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте: «Н.С.Хрущев Жұмабек Тәшеновтың намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр»,- деп мәлімдеген. * Экономист, профессор Ғарай Сағымбаевтың Жұмабек Тәшенов республика басшылығында болған 6 жылда Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті қарыштап алға басқанын төмендегідей деректермен көрсетеді: электр энергиясы қуатын өндіру – 2 есе, мұнай өндіру – 1,6 есе, көмір өндіру – 2 есе, цемент шығару – 15 есе, мақтадан мата тоқу – 5 есе, тоқыма сырт киім шығару – 3 есе, минералды тыңайтқыш өндіру – 2 есе, аяқ киім тігу – 4 есе, ет өндіру – 2 есе, қант өндіру – 1,5 есе, мал майын шығару – 1,4 есе, өсімдік майын шығару – 2 есе өскен. Егіс көлемі – 6 миллионнан 22 миллион гектарға, ірі қара мал саны – 5,5 миллион, қой мен ешкі – 28,5 миллион басқа дейін өсті. Халық шаруашылығында 125 мың жоғары білімді, 215 мың орта білімді мамандар қызмет етті. Бес жылда 690 мың пәтер салынып, 2,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер іске қосылады. 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777 киноқондырғылар, 25 музей, 19 облыстық театрлар жұмыс істеп тұрды. Сөйтіп, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс мәдениеті айтарлықтай жақсарды. * Жұмабек Тәшенов жоғары қызмет бабына орай бір мезгіл Мәскеуде де басшылық жұмыс атқарып отырған. Сол кездегі тәртіп бойынша КСРО құрамындағы 15 одақтас республика Жоғағы Кеңестерінің төрағалары КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары болып есептелінетіндіктен «мәскеулік төраға» демалысқа шыққанда 1 ай бойы Мәскеуге барып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының қызметін уақытша атқарған. Мәскеуге барар бір сапары қарсаңында Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов Жұмабек Тәшеновтен Бауыржан Момышұлының екі рет Батыр атағына ұсынылып өтпей қалғанын, сол атақты алып беруге араласуын өтінеді. Жұмабек Тәшенов Мәскеуге барысымен мұрағаттан Б. Момышұлының құжаттарын алғызып танысады. Батырлыққа екінші рет ұсынылған құжаттың қорытындысында соғыс кезіндегі кейбір қылықтары кеңес офицерлерінің ар-ожданына қайшы келгендіктен Б.Момышұлына мұндай атақты беруге болмайды деп маршал Конев қолын қойыпты. Ж.Тәшенов Жоғарғы Кеңестің атынан маршалды шақырып алып мәселені түсіндіреді. Маршал Конев «Бұл туралы менің пікірімді білмек болсаңыз, мен өз өмірімде ешқашан бір айтқан пікірімді өзгерткен адам емеспін. Бұл жолы да солай қаламын»,-деп көнбей қояды * Мәскеудегі кезекті қызметін атқару кезінде украиндық бір ғалымның «қылмысты ісі» алдына келеді. Қарт ғалымға бір жауапты қызметкерді өлтірді деген айып тағылып өлім жазасына кесіліпті, кешірім жасау туралы өтініші де қабылданбапты. «Мәскеулік төраға» - К.Е.Ворошилов демалыста болғандықтан орынбасары Жұмабек Тәшенов қол қоюға тиісті болады. Жоғары Кеңес қызметкерлерінің бұл мәселе К.Е.Ворошиловпен келісілген деген қарсылықтарына қарамастан, адам тағдыры болғандықтан Жұмабек Тәшенов өлім жазасы туралы үкімге қол қоймай түрмеге өзі барып қарт ғалымға жолығады. Кінәсіз екеніне көзі жеткен соң қайта тергеуге жіберіп ақтап қалады. Кейін кісі өлтірген қылмыскер де анықталып жазасын тартады. * Бірінші хатшы Н.Хрущев еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп «Тың өлкесі» деген аймақ құрып оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Мәскеуден Т.И.Соколов деген өз адамын жібереді. Ол «Тың өлкесін» Ресейге өткізуге бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Бұл әрекетті білген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов 1960 жылы күзде «Тың өлкесінің» орталығы болған Целиноград қаласына шұғыл түрде ұшып келіп, республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей бассыздық жасағаны үшін Т.Соколовты қызметінен алып 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және «Тың өлкесі» ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады. Одан кейін Алматыда Үкімет мәжілісінде келесі жылдың халық шаруашылық жоспары қаралып жатқанда мінбеге көтерілген Тың өлкелік атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары А.И.Козлов: «Жұмабек Ахметұлы! Біз сіздерден ештеңе сұрамаймыз, тек Мәскеудің бергеніне тимесеңіздер болғаны»,- деп қыр көрсетеді. Мұндай жүгенсіздікке төзбеген Жұмабек Тәшенов оны тоқтатып қойып: «Тың өлкесі Қазақстанның құрамында, ал Қазақстанды оның Орталық партия комитеті мен Үкіметі басқарады. Сіз сол партияның мүшесісіз. Мынадай қыңыр мінез бен істі қоймайтын болсаңыз партиядан шығарып орныңыздан аламыз. Сонан кейін баратын жеріңізге барып арызыңызды айта беріңіз»,- деп қадап айтады. Н.Хрущевтің қырына ілігіп қызметінен төмендетіліп Мәскеуден Қазақстанға жіберілген А.Козлов зәресі ұшып сол жерде кешірім сұрайды. Осылай Жұмабек Тәшенов Мәскеудің жіберген кеудемсоқ адамдарын тәубесіне келтіріп Қазақстаннның бес облысының берілмейтінін ашық мәлімдейді. * Еркінбек Тұрысов пен Жолдыбай Базаров былай деп жазады: 1959 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасының 10 жылдық мерекесіне орай КСРО басшысы Н.С.Хрущев бастаған делегация барады. Делегацияны ҚХР басшысы Мао Цзедун өзі қарсы алады. Әңгіме үстінде Мао Цзедун: «Кеңес Одағы сөз жоқ ұлы ел, ал біз Ұлы Қытаймыз»,- депті. Н.С.Хрущев: «Солайы солай ғой, бірақ КОКП – дүнежүзілік коммунистік қозғалыстың авангардында келеді», - дейді. Мао Цзедун: «Бірақ Қытайда коммунистер КСРО-ға қарағанда көп қой» - дегенде Н.С.Хрущев сөзден тосылып қалады. Сонда Жұмабек Тәшенов «Революцияны Кеңес коммунистері жасады емес пе? Олар кейін қытай коммунистеріне көмектесті ғой», - деп тығырықтан жол табады. Бұл уәжге қытай жағы жауап бере алмай қалады. Н.С.Хрущев әңгіме біткен соң риза болып Тәшеновке: «Сен өзің марксист екенсің ғой», - депті. Келесі күні Кеңес делегациясының құрметіне қонақасы беріледі. Қонақасы кезінде араққа қызып алған Н.С.Хрущев бәрінен өзін жоғары санап орынсыз лепіреді. Бірге барған Жұмабек Тәшенов ыңғайсызданып Н.С.Хрущевті шынтағынан түртеді. Ол ызғарланып «тише» деп алып лепіруін жалғастыра береді. Мұны байқап қалған Мао Цзедун аудармашыға әлдене деп ақырын тіл қатады. Аудармашы Жұмабек Тәшеновке сыбырлап: «Сіз ұялмай-ақ қойыңыз», - депті. Осы жәйіттен кейін Мао Цзедун кеңес делегациясын шығарып салуға келмейді. Қайтар жолда Н.С.Хрущев: «Саған әлгі Мао Цзедун кеше не деді?», - деп сұрайды. Сол оқиғаға зығырданы қайнап келе жатқан Ж.Тәшенов: «Мынауыңа айт, көп ойлап, аз сөйлесін деді», - деп жауап береді. Н.С.Хрущев қызараңдап Тәшеновке сұқ саусағын безейді. * Садықбек Адамбеков пен Жолдыбай Базаров былай деп жазады: 1958 жылы 28 шілдеде ҚКП Орталық Комитетінің бюросында «Қазақ әдебиеті» газетінің саяси бағыт-бағдарының коммунистік идеологияға сай келмейтіндігі, «озық ойлылардың» ойлап тапқан пролетариат мәдениетіне, талабына жат дүниелерді аңсап «ауруы», қазақ ұлтшылдарын төңірегіне топтастыру, «адам айтқысыз қателікке ұрындырғандығы» газеттің жабылып-жабылмауы талқыға түседі. Мінбеге сөйлеуге шығып бара жатқан газеттің бас редакторы Сырбай Мәуленов Қазақстанның бірінші басшысы И.Д. Яковлев бастаған топтың мысынан аяғын сылбыр басып, түсі қашып бара жатқанда, ешкімді көзге ілмей орынсыз ілік тауып «Қазақ әдебиетін» тұқыртып немесе жауып тастағалы келіп отырғандарға ызаланған Жұмабек Ахметұлы: «Тайсақтамай батыл сөйле!» деп жігер береді. Жұмабек Ахметұлының әлгі сөзі С. Мәуленовты сескенбей сөйлеуге итермелеп, қорытынды сөзінде былай дейді: «Қазақ халқының басынан шойындай қара бұлт кетпей-ақ қойды. Арал маңында, Бетпақдалада оба ауруына қарсы бекет бар. Ал, Алматыда ұлтшылдарды қолдан жасайтын «фабрика» жұмыс істейді», - дейді. Жұмабек Тәшеновтің бір ауыз сөзі «Қазақ әдебиеті» газетін жақтаушыларды бір көтеріп тастап, мәжіліс залындағы қарсылас топты жеңіп шығуына жол ашып бергендей болады.Жұмабек Ахметұлы бірінші басшыға: «Иван Дмитриевич, қазақ тілінде шығатын «Қазақ әдебиеті» газеті туралы мәселе қаралып жатқанда, осы бөлімде жұмыс істейтін қазақ жолдастар неге бюроға қатыспайды?», - дейді. Оның сұрағына жауап беруді И.Д.Яковлев Қ.Оспановқа ысырады. Қ.Оспановтың орнына жауап берген Н.Иванов: «Жандосов демалыста, Ысмағұлов іссапарда, А... Шалабаев...», - дейді.И.Д. Яковлев: «Сіз бен біз қазақша білмейміз, сонда бұл мәселені бюроға кім әзірлеген?» деп сұрайды. Н.Иванов: «Басқа сектордағы жолдастарды пайдаландық», - дейді.Сәбит Мұқанов: «Сонда Қазақстан Орталық Комитетінде қазақ жігіттеріне сенім жоқ деп түсінеміз бе? Осы жаңа ғана Ысмағұловты да, Шалабаевты да көрдім ғой», - дейді. И.Д. Яковлев ойланып қалады. Өз кезегінде Сақтаған Бәйішев газеттің ұлтшылдығын 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетімен салыстырып, «А.Байтұрсыновтың «Қазақ» газетінің лебі аңқып тұр» - деп сөгеді.Осы мәселеге байланысты «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан» - С.Д) газетінің редакторы Қасым Шәріпов: «Қазақ әдебиеті» газетін жабу керек, ал басқа қазақ тілді газеттерді аудармаға айналдырмаса болмайды. Егер «Социалистік Қазақстан» газетін «Казахстанская правдадан» аударып, мен редактордың орынбасары болып қол қойсам, өзіме үлкен бақыт санар едім», - дейді. Сонда Жұмабек Тәшенов: «Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, не деп отырсың өзің!», - деп басып тастайды. Сөйтіп ҚКП Орталық Комитетінің бюросындағы талқылауда «Қазақ әдебиеті» газеті жабылудан аман қалып, газетті жақтаушылардың пайдасына шешіледі. * Академик Шапық Шөкиннің айтуынша Жұмабек Тәшенов Үкімет басшысы болған кезінде бірінші қазақ-орыс сөздігін құрастырған филолог-ғалым Хайрулла Махмудов қабылдауына кіріп, өзінің жай-күйін айтып, пәтер алуына көмек сұрайды. Сонда Жұмабек Тәшенов: «Мұндай адам қалай үйсіз жүр, қаладағы салынып жатқан үйлерден қалаған пәтеріңізді алыңыз, сол сіздікі болады»,-дейді. Х.Махмудов қаланың у-шуы аз бұрышынан пәтер алады. Бірақ ол жердегі салынған үйлер екі бөлмелі екен. Екі пәтерді қосуға рұқсат етілмейтін. Ал, Жұмабек Тәшенов: «Қабырғаны бұзып, біріктіріңдер, өзім жауап беремін», - деп бұйрық береді. * Керімбек Сыздықовтың жазуына қарағанда Жұмабек Тәшеновтың атына сырттай қанық болып жүрген ауыл ақсақалдарының бірі жолы түсіп қалаға келгенінде әдейі өзін көрейін деп іздеп барып, келісті келбетіне қарап тұрып: «Құдайға шүкір, мың қайтара шүкір! Айтса айтқандай-ақ екенсің-ау, байлаулы арыстаным-ай! Елің үшін айдауға түскен, байлауға түскен арыстанның өзі екенсің-ау»,-деп сүйсінген екен. * Бір кезде Жолдыбай Базаров мынадай оқиғағаның куәсі болыпты. Журналистің ауылында бір ақсақал соңғы демі бітуге аз ғана уақыт қалғанда көңілін сұрап келуші адамдардың біріне: «Өлсек, өлерміз. Тәшеновтен жанымыз артық па?», - деп айтыпты. * «Соғыстан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарып жүргенмін. Үйленгенмін, жұбайымыз екеуміз қарт әке-шешемізбен тар үйде тұруға мәжбүр болдық. Бұл жағдайды кездейсоқ білген Жұмабек Тәшенов маған 4 жыл соғыста болған майдангер ретінде кезексіз үй бергізді». (профессор Мұқаш Елеусізов) ### Лебіздер * «Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім - Жұмабек» (Ғабит Мүсірепов, жазушы) * «Жұмабек Тәшенов қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді»(Сағадат Нұрмағанбетов, генерал, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы) ### Сөздері * Біз броньмен соғысқа бармай қалдық қой. Қабылдауымызға келген соғыс ардагерлерінің өтініш-тілегін жерге тастамайық, олар от пен оқтың астынан келді * «Никита Сергеевич, егер Жоғарғы Кеңес әр республиканың жерлерін жергілікті органдарынсыз шеше беретін болса КСРО-ның және ұлт республикаларының Конституциясын жою керек қой. Ал ол Конституциялардың баптарында әр ұлт республикасы өзінің тарихи жеріне, ондағы байлығына өз меншігім деп пайдалануға құқы бар. Оны өзгертуге ешкімнің, ешбір органның құқы жоқ». * «Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің» ## Дереккөздер
Қарағанды темір жол вокзалы — Қарағанды темір жол стансасының вокзалы. Алдында вокзал алаңы орналасқан. Жолаушыларды қабылдап жөнелтеді және оларға қызмет көрсетеді. Ғимараттың жобасын «Ленгипротранс» институтты жасаған (авторы П.А.Ашастин,М.Б.Бениолинсон). 1956 жылында вокзалда жолаушылардың 2 күту залы, уақытша тоқтағандар мен балалы әйелдер дем алатын бөлмелері, байланыс бөлімшесі және телефонмен сөйлесетін пункті, анықтама бюросы,Темір жолы билеттерін сататын кассалары, дәрігерлік пункті, кол жүгінсақтайтын қоймалары, шаштаразы, азық-түлік сататын, дәріхана және газет-журнал киоскілері бар. Жолаушыларға арналған зал ішінде қала төңірегіңде қатынайтын поездарға билет сататын АБ-6,теңгелерді ұсактайтын автоматтар орнатылған. Вокзалдың іші және күту залдары мүсінші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген суретшісі П.К.Антоненконың барельефтерімен әшекейленген. Жыл сайын вокзал орта есептен 1,5 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. ## Дереккөздер
Телеграф Стансасы – телеграф желісінің байланыс арналарын жалғауға (коммутациялауға) арналған жабдықтар кешені. Телеграф желісінің шеткі құрылғылары байланыс арнасымен тек хабар тарату кезінде ғана жалғанады. Жалғастыру қолмен – оператор-телеграфистің көмегімен немесе автоматты телеграф стансасы арқылы орындалады. Автоматты телеграф және телефон станцияларының жалғаушы жабдықтарында айтарлықтай айырмашылық жоқаласы. ## Сілтемелер
Темірқұтылық хан(т.ж.б. – 1400) – Алтын Орда ханы (1395 – 1400). Ұрыс ханның немересі. Әмір Темір 1395 ж. Тоқтамысты талқандағаннан кейін Алтын Орда тағына Т. Қ-ты отырғызды. Билікті ханның атынан Едіге би жүргізді. Сарай, Хажы-Тархан, т. б. қалаларда Темірқұтылықтың есімі жазылған теңгелер табылған. ## Тағы қараңыз
Қанафия Темірболатұлы Телжанов (1 мамыр 1927, Шығыс Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы - 30 қыркүйек, 2013, Алматы) – кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің (1963) және КСРО-ның (1978) халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967), Халықаралық жоғары мектебі ҒА-ның құрметті (1995) және ҚР Ұлттық ғылым академиясының (2003) академигі. ## Өмірбаяны Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан. * Суретшілік өнерге деген қабілет-икемі бойынан ерте байқалған Телжанов 1937 жылы КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы дарынды жасөспірімдер көркемсурет мектебіне қабылданды. * 1941 – 44 жылы эвакуациямен Ресейдегі Киров облысының Халтурин ауданындағы Русаново селосында тұрды. * 1947 жылы Алматы көркемсурет училещесін (педагогы Л.П. Леонтьев) бітірген. * 1953 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербургтің) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме факультетін (академик М.И. Авиловтың шеберханасы бойынша) бітірген. * 1953 – 1958 жылы Алматы театр-көркемсурет училещесінде ұстаз. * 1964 – 1968 жылы Қазақстан суретшілер одағы Басқармасының төрағасы, КСРО Суретшілер одағы Басқармасының хатшысы әрі мүшесі (1964 – 1986) болды. * 1973 – 1986 жылы Қазақтың көркемсурет галереясының (қазіргі ҚР Мемлекеттік өнер музейі) директоры. * 1978 жылдан Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында педагогикалық қызметпен айналысты: бейнелеу өнері (1978 – 1993), одан кейін академиялық кескіндеме (1993 – 2000, Қазақтың мемлекеттік көркемсурет академиясында, 2000 жылдан – Қазақ ұлттық өнер академиясында) кафедраларының меңгерушісі; 1981 жылдан профессор. ## Шығармашылығы * Алғашқы көркем шағын жанрлық туындысы – “Жамал” картинасы (1955, Мәскеу, Третьяков галереясы) арқылы одаққа танылды. * Қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс әкелген “Еңбек адамдары” атты топтамасына (“Атамекен”, “Домбыра әуендері”, екеуі де 1958; “Көкпар”, 1960; “Тыныштық” 1964; “Кеңес”, 1966) 1967 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді. * Төңкеріс тақырыбындағы монументті полотнолардың “Қазақстан 1918 жылдары” (1957), “Революция күзетінде” (1980 – 81), “Бастау” (1967), “Қазан” (1970), “Бозаралдықтар” (1972) атты триптихтердің * тұрмыстық (“Бүркіт салу”, 1964; “Қыз қуу”, 1966) * ұлттық (“Абылай”, “Бостандық үшін”, 1990) тақырыптағы еңбектердің авторы. * Телжанов жеке басқа табынушылық кезеңінің қасіретіне (“Yйде”, 1965) алғашқылардың бірі болып қылқалам тартқан суреткер. * Телжановтың “Алғашқы рет” (1954), “Қарлығаш” (1958), “Күн сәулелі өлкеде” (1960), “Жеңіс” (1975, “Төңкеріс күзетінде – 11” (1988), т.б. туындыларынан лиризмге толы асқақ поэзия байқалады. * Суретші кескіндемелік монументті картиналарымен қатар графикалық еңбектер (“Венеция” графикалық топтамасы, 1961) жасаған. Әскери жанрдағы еңбектері үшін 1968 жылы М.Б. Греков атындағы күміс медальға ие болған. * “Қазақстанның бейнелеу өнері” (М., 1974; қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) және “Қазақ КСР-інің мемлекеттік өнер музейі” (А., 1981; қазақ, орыс, неміс, француз және ағылшын тілдерінде) альбомдарын құрастырып, алғы сөзін жазды. * 1949 жылдан Телжанов шығармалары респ., бұрынғы ТМД елдерімен қатар халықаралық көркемсурет көрмелерінде (Венгрия, (Венгрия, Финляндия, ГДР, Үндістан, Чехословакия, Румыния, Югославия, Польша, Бельгия, Цейлон, Бирма, Швеция, Дания, Ауғанстан, Моңғолия, Канада, Мексика, т.б.) қойылған. Телжановтың картиналары Қазақстанның (негізінен Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде), Ресейдің (Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясында) мұражайларында және шетелдердегі жекеменшік галереялар қорында (АҚШ, Қытай, Жапония, т.б.) сақтаулы. ## Қоғамдық қызметі * ҚР Үкіметі жанындағы бейнелеу және сәулет өнері саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің (1962 жылдан) * КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет пен өнер саласы бойынша Лениндік сыйлықты тағайындау жөніндегі комитетінің (1964 – 1968) * Дүние жүзі мұражайлары халықаралық кеңесінің (1982, Мәскеу қаласы) мүшесі болды. * 6 – 7-сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. ## Марапаттары * Қазақ КСР еңбек сіңірген суретшісі (1961) * Қазақ КСР халық суретшісі (1963) * КСРО халық суретшісі (1978) * Ш. Уәлиханов атындағы КСРО премиясы (Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы) * Отан ордені (2005) * Парасат ордені (1998) * Қызыл Ту ордені * Халықтар достығы ордені * Құрмет Белгісі ордені (1959) * Еңбек ардагері медалі (КСРО) * Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі * «Тың жерлерді игергені үшін» медалі * Астана медалі * М.Б.Греков атындағы күміс медалі (1968). ## Отбасы Әкесі Т.Телжанов белгілі қоғам қайраткері. ## Дереккөздер
Темір жол стансасы – темір жол көлігі аялдайтын, темір жол көлігіне және жолаушыларға түрлі қызметтер: жүктерді қабылдайтын, жүк тиеу-түсіру, сақтау және жеткізу жұмыстары жүргізілетін, локомотивтер мен вагондар құрастырылатын, тағы басқа техникалық қызмет көрсетілетін, тасымал үдерісін басқаратын кәсіпорын. Ол жұмыс сипатына қарай тораптық, аралық, бөліктік, сұрыптау, жүк және жолаушыларға арналған темір жол стансасына, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сипатына қарай жоғары және 1 – 5 сыныпты темір жол стансасынана бөлінеді. Қазақстандағы ірі темір жол стансалары – Арыс, Шымкент, Тараз, Шу, Алматы-1, Семей, Защита, тағы басқа. ## Дереккөздер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Темір уезі– Орал облысы, Торғай губерниясы, Орынбор-Торғай губерниясы және Ақтөбе губерниясы құрамындағы әкімшілік бірлік. Орталығы – Темір қаласы. 1896 жылға дейін Ембі уезі деп аталды. ## Әкімшілік бөлінісі ΧΧ ғасырдың басында уез құрамына 10 орыс, 21 қырғыз болысы кірді. 1926 жылы уезде 17 болыс болды: Жекенді, Жетікөл, Жиделі-Сағыз, Жұрын, Қайыңды, Қалмаққырған, Қасқара, Құйды Ойыл, Перелюбовская, Орыс-Ембі, Тамды-Оймауыт, Темір, Темір-Орқас, Шығырлы, Ембі-Байсары, Ембі-Мұғалжар, Ембі-Темір. ## Тарихы Ембі уезі 1868 жылы Орал облысының құрамында құрылды. 1896 жылы уез Темір уезі болып өзгертілді. 1920 жылы уез Торғай, одан кейін Орынбор-Торғай губерниясының құрамына еніп, 1921 жылы таратылды. 1922 жылы Ақтөбе губерниясының құрамында қалпына келтіріліп, 1928 жылы жойылғанға дейін сонда қалды. ## Тұрғындары 1897 жылғы санақ бойынша уезде 95,1 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар – 99,0%. Темір уездік қаласында 616 адам тұрды. 1926 жылы уезде 75,9 мың адам тұрды. (бұл кезде уездің ауданы 1897 жылмен салыстырғанда 2 есе аз болды). ## Әдебиет * Темир, город // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
Қазақстан әйелдері – қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал. Әйелдер қауымына арналған "Азат Әйел" (1925) және "Теңдік" газеттерінен бастау алады. 1926 жылдың қаңтар айынан бастап "Әйел теңдігі" деген атпен журнал болып шыға бастады. Журнал 1935 – 1941 жылдары және 1950 – 1954 жылдары "Сталин жолы". 1955 жылдың қаңтарынан “Қазақстан әйелдері” болып шығады. Негізгі тақырыптары: отбасы берекесі мен тұрмыс мәдениетінің өзекті мәселелері, ұрпақ тәрбиесі. Таралымы – 40 мың дана (2003). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1976). ## Тарихы Теңдік – Қазақ өлкелік партия комитеті жанындағы әйелдер бөлімінің газеті. Қызылорда қ-нда 1925 ж. мамыр – шілдеде 7 саны жарық көрді. 1926 ж. қаңтардан ай сайын шығатын Әйел теңдігі журналына айналды. “Әйел теңдігі” — қазақ әйелдеріне арналған қоғамдық-саяси журнал. Ол бастапқы кезде, 1925 жылы. 5 мамырда өлкелік партия камитетінің жанындағы әйелдер бөлімінің газеті ретінде “Теңдік” деген атпен Орынбор қаласында шыққан. Редакторы — Соня Есова. Журналды шығару жұмысына Ш.Қожахметов, Р. Сүгіров, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов белсене қатысқан. Кей нөмірлеріне (мысалы, 1925 жылы N3) редактор ретінде Бейімбет Майлин қол қойған. Кейіннен журналға Нұржамал Сәнәлиева (1932 — 1934), Н. Арықова (1934 — 1935) басшылық етті. Мақсаты — Қазақстан автономиялы республикасы ОАК-нің 1920 жылы қабылдаған қалың малға, әмеңгерлікке, көп әйел алушылыққа тиым салу туралы декретін бұқараға түсіндіру, әйелдердің қоғамдық өмірге араласуын насихаттау болды. 7 нөмірі жарық көрген соң, 1926 жылы шілде айынан “Теңдік” газеті журналға айналып, “Әйел теңдігі” аталды. Журналдың партия тіршілігі, әдебиет, кітап сыны, өнер-білім үйрену, заң, сұрақ-жауаптар, тілшілер, т.б. бөлімдері болды. * Сайты: Қазақстан әйеледрі Мұрағатталған 27 қаңтардың 2012 жылы. ## Дереккөздер
Теміржолшы – Қазақ темір жолы басқармасы мен жолдық кәсіподақ комитетінің газеті. Алғашқы саны Алматы қ-нда 1934 ж. 8 қыркүйекте Түрксіб деген атпен жарық көрді. 1935 ж. Т деп аталды. Екі рет үзілістен кейін (1963 – 69, 1970 – 73) 1974 ж. 1 қаңтарынан қайта шыға бастады. ## Дереккөздер
Темір ауданы – Ақтөбе облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Орталығы – Шұбарқұдық кенті. ## Географиялық орны Темір ауданы солтүстігінде Қобда, Алға, шығысында Мұғалжар, оңтүстігінде Байғанин, батысында Ойыл аудандарымен шектеседі. Аудан Ақтөбе облысының батысында, Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ең биік жері 355 м (Бадамша ауылының тұсында). Оңтүстік-батысы сай-жыралармен тілімделген жазық болып келеді. ## Тарихы Ауданның іргесі 1869 жылы құрамында 17 болысы бар уезд орталығы болып қаланған. Ол қазіргі Мұғалжар, Темір, Ойыл, Байғанин, Қобда аудандарының оңтүстігін қамтыған. 1921 жылы 27 болыс болды және Ақтөбе губерниясындағы аудан орталығы, 1923 жылы Ақтөбе губерниясының іріленуіне байланысты Темір уезі (14 болыс) аталған. 1928 жылы уез таратылып, 1930 жылы ауданға айналды. 1935 жылы одан Жұрын ауданы бөлініп шықты. Қазіргі Темір ауданы 1972 жылы құрылған. ## Пайдалы қазбалары Жер қойнауынан мұнай, тас темір, құрылыс материалдары барланған. 1967 жылы алғаш рет Жаңажол мұнай-газ конденсат кен орны табылып, 3000 м тереңдіктен алғаш рет жоғары дебитті мұнай ағымы алынды. Бұл кен орны 1983 жылдан бері игерілуде. ## Климаты, топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауаның орташа жылдық температурасы қаңтар айында –15 – 17°C, шілдеде 22 – 24°С. Аудан жерімен Ойыл, Темір, Шилі, Құмды, Бабатай, Шығырлықұмды, т.б. өзендер ағып өтеді. Жер қыртысында негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр және сортаңды сұр топырақ басым. Оларда боз, бетеге, жусан, изен, сұлыбас, қамыс, құрақ өседі. Аңдардан қасқыр, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, ондатр, сарышұнақ, аламан тышқаны кездеседі. ## Халқы Тұрғынадар саны 37740 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,82%), орыстар (2,55%), украиндар (0,25%), немістер (0,05%), татарлар (0,08%), басқалары (0,53%). Тұрғын халықтың басым бөлігі автомобиль және темір жол және ірі өзен бойларында, мұнай өндіретін өңірлерде біршама тығыз қоныстанған. ## Әкімшілік бөлінісі Ауданда 24 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Ауыл шаруашылығы Ауданда 1996 жылға дейін астық, оған қосымша биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олар түгелімен дерлік жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылығы саласында 6 ЖШС және 384 шаруа қожалығы ұйымдастырылды (2005). Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1,261 миллион га, шабандығы 36,1 мың га, жайылымы 1,131 миллион га. Ауданда қой мен ешкінің саны 94,7 мың бас, жылқы 5,5 мың бас, түйе 0,45 мың бас болды (2005). ## Өнеркәсібі, инфрақұрылымы Өнеркәсіп саласында аудан аумағында бірнеше ірі кәсіпорындар бар. Олардың ішіндегі ірілері: “Қарақамыс”, “Стройуниверсал” ЖШС, “Көлік” АҚ, “Әлия жолдары”, “Шанс-1”, “Манас”, “Айқап”, “Сагор”, “Тасқұдық”, “Ақтөбемұнайгаз”, Кенжылуэнергия”, “Толғанай” ЖШС-лары, т.б. Білім беру, мәдениет мекемелерін жалпы білім беретін 32 мектеп, 2 мәдениет үйі, 14 кітапхана құрайды. 3 аурухана, ауданы аурухана, санэпидстанса, 17 фельдшаруашылығы-акушерлік пункт ел денсаулығын сақтауға қызмет етеді. Аудан аумағында археологиялық және табиғат ескерткіштерінің жалпы саны – 41. Аудан жерімен Атырау – Қандыағаш темір жолы, Ақтөбе автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Тентек төре(туған-өлген жылы белгісіз) – Оңтүстік қазақтарының Қоқан хандығына қарсы 1821 жылғы көтеріліс басшысының лақап есімі. Көтеріліс бүкіл Оңтүстік Қазақстанды қамтып, Шымкент, Сайрам, т. б. мықты бекіністерді басып алды. Қоқандықтар көтерілісті күшпен басты. Тентек төре – қазақ сұлтаны; қысқаша Рүстем төре. ## Сілтемелер * Сейітов * Сәтбаев * Рүстем төре * Қоқан хандығы ## Дереккөздер
Темірқазық — Кіші аю шоқжұлдызындағы 2-ші жұлдыздық шамада көрінетін жарық жұлдыз. Ол дүниенің солтүстік полюс нүктесіне өте жақын орналасқан және солтүстік жарты шардан көрінеді. Темірқазық үш жұлдыздан тұрады. Оның ең жарығы айнымалы жұлдыз деп есептеледі. Қазіргі Темірқазық — α Кіші аю жұлдызы есептеледі. Әдетте ауырлық күштің әсерінде ғаламшардың өз өсінде айналуы кеңістікте өзгеріс туғызады, оны әдетте өстік прецессия (axial precession) деп атайды. Жершарының айналу өсінің өзгеруіне ілесіп оның "темірдей қазығы" (полюс нүктесі) да тарихта түрліше болған, болашақта да түрліше болады. Шамамен 4800 жылдың алдында, Полюс нүктесі жұлдызы α Айдаһар жұлдызы болған. Ежелгі грекиялық жазбалар бойынша "темірдей қазық" β Кіші аю жұлдызы болғаны анықталған. 2100 жыл өткенде қазіргі Кіші аю α мен темірқазық бағытының бұрышы ең кішкене болды (27'38"). Яғни, кезекте осы α Кіші аю жұлдызы жер үшін қозғалмайтын полюс жұлдызы есебінде жер шарының "темірдей қазығы" есептеледі, әрі ресми түрде Темірқазық жұлдызы деп аталады. 31 ғасырдан кейін γ Цефей жұлдызы жер шарының "темірдей қазығы" болады. 14000 жыл шамасында уақыт өткен соң α Лира жұлдызы жер шарының "темірдей қазығы" болады. ## Темірқазық жұлдызының маңызы Темірқазық жұлдызы ежелден тартып ғарыштық жетектеуіш (аспан денелерін күзету арқылы бағытты ажырату) жолбелгісі есептеледі. Онымен алыс сапарға шығушылар, теңізшілер жақсы таныс болған. Қазақта "Темірқазықты білсең жолыңнан адаспайсың" деген мәтел бар. "Компас" секілді бағыт айыру құралдары болмаған замандарда солтүстік жарты шардың адамдары ашық түнде көбінесе Темірқазыққа қарап барар бағытын тапқан. ## Қазақ әдебиетінде кездесетін Темірқазық тақырыбы Темірқазықтың навигациялық жұлдыздар санатына жатуы ғана емес, оның қашанда бір тұстан тұрақты көрінуі де көптеген халықтардың мәдениетінде өзіндік маңызға ие символ белгіге, мәдени білім-тәрбиенің маңызды мазмұнына айналған. Қазақ мифологиясында Темірқазық пен жетіқарақшы туралы ертегі айтылады. Аңыз бойынша Темірқазық Тәңірінің құдіретімен аспанға қағылған ат байлайтын алтын қазық болып, ол дүниенің кіндігі есептеледі. Оған Ақбозат пен Көкбозат арқандаулы тұрады, олар түнімен Темірқазықты айнала оттап жүреді. Ал, шөміш пішінді Жетіқарақшы болса олардың соңынан аңдиды да жүреді. Негізі Темірқазықты төңіректеп әр түні бір айналып шығатын Жетіқарақшы (Үлкен Аю, ондағы жеті жұлдыз Үлкен аю α、β、γ、δ、ε、ζ және η жұлдыздары) және Қара құрт (Кассиопея шоқжұлдызы, W әрібіне ұқсайтын, Темірқазықтың бір шетінде Жетіқарақшыға қарсы орналасқан бес жұлдыз) шоқжұлдыздары орналасқан. Темірқазық төңірегіндегі жұлдыздардың әр түн сайынғы Темірқазықты өзек өс етіп айналуы Жер шарының өз өсінен айналуынан екені белгілі. Ал, сол жұлдыздардың өзіндегі өзгерістер мен қозғалыстар аралықтың тым алыс болуына байланысты жай көзге көрінетіндей шамада емес. Қазақтың жауынгер ақыны Махамбет Өтемісұлының «Ерлердің ісі бітер ме!» деген өлеңінде «Темірқазық жастанбай, қу толағай бастанбай» деген өлең жолдары кездеседі. Мұндағы «Темірқазық жастану» — сол жұлдызы самсыған түнде батырлардың далаға түнеуі мағынасын береді. Ондайда адам басы бейне қу толағай секілді қатып қалады дегенді айтса керек. ## Физикалық құрылымы Темірқазық (α Кіші аю жұлдызы) үш жұлдыздың бірлігі. Олардың негізгісі (Кіші аю А жұлдызы) болса сары түсті Цефеид жұлдызы, ал келесі Темірқазық В жұлдызы сары түсті Ергежейлі болып, ол 2400 AU қашықтықтан орағыта айналып жатыр. Темірқазық В жұлдызын 1780 жылы Уильям Гершель байқаған болып, қазіргі кішкентай телескоптармен де көруге болады. 1929 жылы Темірқазық А жұлдызының спектрлі қосары бар екені белгілі болды, ол ергежейлі серік есептеледі және Кіші аю Pα, немесе Кіші аю aα жұлдызы деп аталады. 2006 жылы қаңтарда NASA жариялаған Хаббл ғарыш телескопының суретеріне негізделгенде, Темірқазық (Кіші аю α жұлдызы) жұлдызындағы осы үш жұлдызды анық ажыратуға болады. Темірқазық А жұлдызы Ергежейліге 18.5 AU шамасында жақын орналасқан, бұл шамамен күн мен Уран ғаламшарының арасындағы қашықтық. Осы арқылы Темірқазық А жұлдызының жарығы қалай жасырылатынын аңғаруға болады. Hipparcos спутниктік өлшеуіне негізделгенде, Темірқазық пен Жер шарының шынайы арақашықтығы 434 жарық жылы. Басқа да деректерге негізделгенде, Темірқазық А жұлдызы F7 күйіндегі Аса алып жұлдыз (Ib), немесе жарқыраған алып жұлдыз (II) есептеледі. Екі кішкентай серік жұлдыздары: Темірқазық В жұлдызы болса F3V Негізгі тізбекті жұлдызы болып 2,400 AU қашықтықтан өз өсінде орағытып айналады. Таяудағы зерттеу мен күзетулер бойынша Темірқазық А және Ғ түріндегі тұрақты жұлдыздардан құралған, әлдеқашан күйреп жемірілген галактиканың бөлігі есептеледі. Темірқазық Бірінші Цефеид жұлдызына тән. Цефейд жұлдыздарының жарығы айырықша жойқын болғандықтан, жұлдызара қашықтықты өлшеудің таптырмас орайы есептеледі. Темірқазық бізге жақынырақ орналасқандықтан ол туралы зерттеу де көбірек қолға алынды. 1900 жылдары оның жарық шамасының өзгеріс периоды 3.97 күн болып, жарық өзгерісі орта есеппен ± 8 %(шамамен 0.15 магнитуда) болған. Бірақ XX ғасырда оның амплитудасы шұғыл құлдырап, 1990 жылда өзгеріс мөлшері 1 % түсті және осы маржаны сақтауда. Дегемнен, осы аралықта жарқырауы 15% артты, периоды да жыл сайын 8 секундқа артты. Таяуда 《Ғылым》журналының хабарлауынша, Темірқазықтың жарық шамасы Птолемей күзеткен кездегіден 2.5 есе артты (Қазір 2 деңгейлі жұлдыз, ал ол заманда Темірқазық (Кіші аю α жұлдызы) 3 деңгейлі жұлдыз болған. Астроном Edward Guinan-ның айтуынша бұл өзгеріс нәтижесі шынында таңғаларлық, "Егер бұл рас болса, бұл ставка жылдамдығының өзгерісі теорияда мөлшерленген жұлдыздар өзгерісінен 100 есе артық болуы мүмкін." ## Темірқазықтың солтүстік полюсті көрсетуі Темірқазық (Кіші аю α жұлдызы) негізінен жердің өз өсінде айналуының қиыр солтүстік полюсінің аспанында тұрғандығы себепті ол жер бетінен қарағандағы аспанда қозғалмайтын нүкте есептеледі. Ал солтүстік жартышардағы тұрақты жұлдыздар түгелдей оны төңіректеп айналып жүреді. Демек ол Астрономиялық жетектеуіш жұлдыз, және Аспан денелерін өлшеудің таптырмас тұғыр нүктесі есептеледі. Бұған ең ежелгі жазбалардан бері қарай нақты дәлел келтіруге болады. Қазір Темірқазық жұлдызы (Кіші аю α жұлдызы) солтүстік полюс нүктесінен бар болғаны 0.7° (ай диаметрінің 1.4 есесіндей) ауытқиды. Ол өз кезегінде екі рет солтүстік полюсті дәл көрсеткен. Қалған уақыттарда ол негізінен солтүстік полюсті меңзейді. Әрине, жер шары полюсінің өзгерісіне орай Кіші аю α жұлдызы мәңгі-бақи солтүстік полюсті көрсетіп, Темірқазық болып тұра бермейді. ӨЗ өсінде домалаған Жер шары түмен жылдар бойындағы тербелу мен ауытқу шамасының артуына ілесіп, оның полюс орбитасы бір шеңберді сызады. Осы шеңберге тұспа-тұс келген тұрақты жұлдыздар, мысалы Тубан, Лира секілділер өткенде және болашақта жер шары полюсі бағытталатын Темірқазық бола алады. Болашақта, қазіргі Темірқазық тіпті де полюске туралана түседі, 2100 жылдары шамасында ол полюсті көрсетуі ең төменгі ауытқуға (0.5°-тан кіші) жетеді. Солтүстік жарты шарда Темірқазықты әйгілі Жетіқарақшы арқылы және онымен қарсы жақта параллел жатқан Кассиопея (Қара құрт) шоқжұлдызының W пішіні арқылы бірден байқауға болады. Эквадор сызығының оңтүстік бөлігінде негізінен Темірқазық көрінбейді. Кіші аю α жұлдызы Темірқазық ретінде кейде аспандағы ең жарық жұлдыз деп те сипаттайтындар болған. Өйткені оның төңірегінде жарық жұлдыздар жоқ болған соң айналасындағыларына қарағанда біршама жарық есептеледі. Дегенмен оның жарқырау шамасы аспанда 48 орында (өзінен артық 47 жарық жұлдыз бар) тұрады, демек ол соншылық жарық жұлдыз есептелмейді. Аспанда ең жарық жұлдыз (Күнді айтпағанда) әрине әйгілі Сүмбіле жұлдызы екені о бастан белгілі. Оңтүстік жарты шардың, Оңтүстік полюстің дәл осылай айырықша бағаланған темірқазық жұлдызы жоқ. Дегенмен бұлдыраңқы Сигма Октанта (σ Octantis) жұлдызын оңтүстік полюс нүктесі бағытына ең жақындеп есептеп, оны оңтүстік жарты шардың Темірқазығы деп атауды ұсынушылар бар. Бірақ оған салыстырғанда Оңтүстік Крест жұлдызы оңтүстік жарты шардың полюс нүктесін тіпті де дәлрек көрсетеді. ## Арақашықтық Көптеген есептеулерді өзара біріктіргенде, Темірқазықтың бізден арақашықтығы 434 жарық жыл (133 секундтық парық) екен. Ол жер шарына ең жақын Цефеид жұлдызы. Цефеид жұлдызы дегеніміз жарқырауы өте күшті, жарық жарқырауының ауытқуы мен пульсациялық циклі арасындағы байланысы айқын жұлдыз болып, ол Құс жолындағы және Құсжолы сыртындағы жұлдыздардың қашықтығын есептеуге қолайлы және сенімді жұлдыз. Темірқазық жұлдызы жерге ең жақын цефеид жұлдызы ретінде тұрақты санасу көрсеткіші етіп, басқа әлемдік қашықтықтарды есептеуге тіке пайдалануға болады. Hipparcos спутингінің 1989-1993 жылдар аралығындағы өлшеуі мен есептеуіне негізделгенде арақашықтықтың дұрыс есептелу дәлдігі 0.97 Milliarcsecond -ке жеткізілді. Бірақ кейбір зерттеулер арақашықтық шамасына күдік туғызады, өйткені аталған жұлдыз Цефеид жұлдызы ғана емес, ол және Қосаржұлдыз есептеледі. ## Мәдениет саласында * Жұлдызнамада (астрология), балгерлікте Темірқазық жұлдызы 15 Behenian бұлжымас жұлдыздарының (Behenian fixed stars) бірі болып, оның сырлы таңбасы болды. * Үнді мифологиясы бойынша Дхрува ханзада мәңгі өмір сүретін және жарқырай беретін Темірқазыққа айналған. Дхруваның өмірі кешірмелері туралы мифтерге сүйеніп үнділер балаларын қайтпас-қайсар болуға, көңілді де жайдары болуға, істі табандылықпен істеуге, жүректі болуға үйретеді. («The Bhāgavata Purāṇa» 4-ші тарау) Демек бұл қасиеттер өз кезегінде Темірқазықтың дарытатын қасиеті дегенді де білдіреді. ## Дереккөздер
Тентексор мұнай кен орны — Атырау облысының Мақат ауданындағы Оңтүстік Ембі мұнайлы-газды ауданына жатады. 1945 жылдан пайдаланылады. ## Геологиялық құрылымы Кен орнының геологиялық қимасының табанын төменгі пермьның кунгур ярусының тас тұзы құрайды, оны саз, малтатас, құмтастан тұратын жоғарғы пермь мен триас шөгінділері, құмтас, малтатастан құралған төменгі юра, құм мен сазды орталық юра жыныстары жапқан. ## Сипаты, құрамы Кен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған тұз күмбезін байланыса келеді. Өндіруге тұрарлық мұнай ортаңғы юраның құмды-сазды свитасының солтүстік-батыс қанатындағы готерив пен төменгі апт шөгінділерінде. Юра мұнайының шайыры аз (5,5%), тығыздығы 840-850кг/м3, жеңіл фракциялар шығымы 200°С-қа дейінгі температурада 3,5-9,0%. Қоры жөнінен шағын кен саналады.
Терлікбаев Әйкен Ахатұлы (24 Желтоқсан 1920, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь (қазіргі Мамырсу) ауылы – 16 Тамыз 1984, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1972), профессор (1973). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1962). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Республикадағы емдеу мекемелерінде қызметкер (1944–1955), «Каменское плато» санаторийінде бас дәрігер (1955–1963), Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтының (1963–1982, қазіргі Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы) директоры, [[Алматы мемлекеттік медицина институты]]нда (1983–1984) профессор болды. Негізгі ғылыми еңбектері туберкулез клиникасы мен эпидемиологиясына арналған. 180-нен астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы. 5 әдістемелік ұсыныстың иегері. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі», Халықтар достығы ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер:
Терек (лат. Populus) – талдар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштардың тегі. ## Таралуы Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, көктерек, қара терек, бәйтерек, тораңғы, т.б.) бар. Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда берікқара терегі мен тораңғы – өте сирек кездесетін өсімдіктер қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Ағаш туралы Терек - тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы - жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті. ## Қолданылуы Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Көгалдандыруда көше бойларына, жол жиектеріне көбірек отырғызылады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта, отын үшін өсіреді. ## Күтімі Құнарлы топырақта, күн көзінде жақсы өседі. Жазда аптасына бір рет мол суғару керек. Көктем, күз мезгілдерінде көңмен қоректендірген жөн. ## Көбейтілуі Күз кезінде қалемшелеу жолымен оңай көбейтіледі. ## Терек туралы тақпақ Теректер биік өседі,Алатұғындай Ай ұстап.Діңдері жұмсақ бірақ таСондықтан аздап майысқақ.Жел соққанда ән айтарЖапырақтары “дауыстап”.Дауыл тұрса тербеліпТеректің белі қайыспақ. ## Сілтемелер * Остапьюк В.М. Перспективы использования Ginkgo biloba L. в городском озеленении Украины * Гүлстан сайты Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. Қазақ энциклопедиясы ## Дереккөздер
Тері-Венерология Ғылыми-Зерттеу Институты, ҚР Денсаулық сақтау мин-нің қарамағында. 1930 ж. Алматыда құрылған. Негізгі ғыл. бағыттары венерол. және жұқпалы тері ауруларын, псориаз, т.б. тері ауруларын анықтау, емдеу және олардан сақтану әдістерін жетілдірумен шұғылданады.
Терістеу– Гегель диалектикасында нысанның дамуы үдерісінің екінші сатысының сипаттамасы, яғни бір заттың басқа затқа айналу үдерісі, осы үдеріс барысында бірінші заттың өзгеріп, екінші заттың құрамындағы тәуелді элемент күйіне көшуі, оның бастапқы күйге шендесуі. Терістеу (Отрицание; negation) - * нәтижесі операндтың бульдік мөніне қарама-қарсы бульдік мәнге ие бір орынды бульдік операция; * айтылған ойға қарама-қарсы ой, яғни айтылған ойды теріске шығару. Терістеу операторы (Оператор инвертирования; complementary operator) — емес терістеудің логикалық операциясын анықтайтын символ. Not-пен, тұжырым алдандағы ¬ немесе ! және -- тұжырым үстінен сызылып белгіленуі мүмкін. ## Дереккөздер
Тереңөзек – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы кент, аудан және Тереңөзек кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 52 км жерде, Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 9408 адам (4708 ер адам және 4700 әйел адам) болса, 2009 жылы 9132 адамды (4604 ер адам және 4528 әйел адам) құрады. ## Тарихы, шаруашылықтары Іргесі 1906 жылы Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына байланысты қаланған. Кент 1995 жылға дейін өзімен аттас мал бордақылайтын кеңшардың орталығы болған. Одан басқа Жаңадария орман шаруашылығы аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының №10 кәсіптік-техникалық мектебінің орталығы болды. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты бұрынғы шаруашылықтар мен кәсіпорындар жекешелендірілді. Олардың негізінде (заңды тұлғалар бойынша) Т-те 11 ЖШС, 1 шаруа қожалығы, 5 АҚ, өнеркәсіп бағытындағы кәсіпорындар құрылды. Сонымен қатар, аграрлық секторда А. ш. құрылымдары 5 АҚ, 26 ЖШС, 2 серіктестік, 2 ӨК, 30-дан астам біріккен шаруашылықтар бар. ## Инфрақұрылымы Кентте 3 орта, 1 бастауыш, 1 кәсіптік-техн. мектеп, 3 кітапхана, 1 музей, мәдениет үйі, стадион, 3 спортзалы, аудандық аурухана, емхана, фельдшер-акушерлік пункт, санаторий-профилакторийі бар. Тереңөзекте 2 қонақүй орналасқан. ## Кәсіпорындары Су құбырларының жалпы ұзындығы 14,5 км. 160-қа жуық шағын кәсіпкершілік нысандар жұмыс істейді. Ірі кәсіпорындарына «КРЭК» АҚ бөлімшесі, «Асар», «Шапағат-Лимитед», «Гүл-Дастан» ЖШС-тері, «Тереңөзек мұнай өнімдері», «Тұмар» АҚ-тары, «Қазпошта», «Қазақтелеком», орман ш., су ш., «Қайнар» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны, т.б. аудандық бюджеттік мекемелер жатады. Кенттегі темір жол стансасының ғимараты архитектуралық ескерткіштер тізіміне енгізілген. ## Тереңөзек халық театры Тереңөзек халық театры – кәсіпқой сахналық-концерттік мекеме. Сырдария ауданы мәдениет үйі жанынан драма үйірмесі ретінде ашылған. 1988 жылы халық театры атағын алған. Театр ұжымы Ш. Құсайыновтың «Есірген ерке» үш актілі драмасын (1990), Ә.Әбішевтың «Мәди» спектаклін (1992), Абайдың 150 жылдығына және 2-дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 50 жылдығына, А.Тоқмағамбетовтың 90 жылдығына (1995) арналған театрландырылған көріністерді, Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» спектаклін (1999) сахналады. 1996 жылы Жаңақорған кентінде өткен облысы халық театрлары байқауында Қ. Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек» спектаклін қойып, жүлделі 2-орынды жеңіп алды. 1998 жылы Қызылорда қаласында өткен Сырдария ауданының мәдениеті мен өнері күндерінде Ә. Ақпанбетовтің «Түнгі көбелектер» спектаклін сахнаға шығарды. ## Кент суреттері * * * * * ## Дереккөздер
Терісаққан – Есіл алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола, Қостанай, Ұлытау облыстары жерімен ағып өтеді. ## Бастауы Бастауын Ұлытаудағы Бақаншайыншақ тауы етегіндегі бұлақтардан алып, Көксай ауылы тұсында Есіл өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 334 км, су жиналатын алабы 19500 км2. Аңғарының ені жоғары бөлігінде 3-5 км, төмендегі ағысында кең, жайпақ келеді, жайылмасы 2 жақты, жоғары бөлігіңде арнасы ирелең. Жауын-шашын суынан толысады.Суы тұщы, сәл кермек - ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су шығыны Балталы ауылы тұсында секундына 8,97 м3. Сағасында топырақтан үлкен тоған салынған.Тоған суы - тұщы, жазда шабындық суаруға, елді мекендер мұқтажына пайдаланылады. Өзеннің жоғары және орта өңірі мал жайылымы, шабындық. ## Салалары Терісаққанға жалпы ұзындығы 109 км болатын 25 шағын өзен мен жылғалар құяды. Басты салалары –Майбұлақ, Шолақсай, Талсай, Босағаөзек, Бала Терісаққан, Ащылы, Шабдар, Көкпекті, Қайрақты. ## Жағалауындағы елді мекендер Байжігіт, Балталы, Ковыльное, Матросово, Гагаринский Меңдеш, Шалгай, Молодежное, Целиное, Бектас, Жалғызтал, Терісаққан. ## Дереккөздер
Теріскей Алатау (қыр. Тескей Ала-Тоо) — Орталық Тянь-Шаньдағы таулы жота. Батысы Шу аңғарынан басталып доғаша иіліп, шығысында Хантәңіріне дейін 380 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері шығысында (5216 м). Жотадағы мұздану ауданы 1080 км². Солт. беткейінің 2100 – 2900 м бөлігінде шыршалы орман өседі. ## Дереккөздер
Тиграхауда-сақтар (парсышадан сүйір төбелі, бас киімді) — сақтардың негізгі үш тобының бірі. Олар б.з.б. VIII–II ғасырларда Памир-Алай тауының солтүстігінен бастап, Тянь-Шань тауларын жағалай шығыс Алтай тауының батыс сілемдеріне дейін, солтүстікте Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі аймақта тұрған. Ежелгі грек тарихшылары Геродот пен Страбон Тиграхауда-сақтарды “азиялық скифтер” деп атап, олардың киізден жасалған, сүйір төбелі бас киім киетіндігін және садақ, қысқа қылыш пен айбалта секілді қаруы болғандығын жазады. Иранның сына жазуларында (I Дарий патшаның мазарындағы жазбаларда) сақтардың үш тобын атап, олардың ішінде Тиграхауда-сақтар көне деректерде массагеттер деп аталғаны айтылған. Персеполь сарайы қабырғаларында бедерлеп салынған суреттерде Тиграхауда-сақтар моңғол нәсілдес кейіпте бейнеленген. Ежелгі сақ тайпаларының одағы өз заманында әлеуметтік құрылысы мен шаруашылығы ілгері дамыған ел болған Жетісудағы Тиграхауда-сақтардың материалдық-мәдениет жағынан өз алдына дербес, өзіндік ерекшелігі болды. Алматыдан 50 км жердегі Есік обасы мен Іле жағасындағы Бесшатыр – бұлардың тарихы мен мәдениетінің айғағы. ## Дереккөздер
Тизенгаузен Владимир Густавович (1825, Нарва қ., Эстония – 2.11.1902, Санкт-Петербург) – шығыстанушы ғалым, тарихшы, археолог, нумизмат, Ресей ғылым академиясының корреспон-дент мүшесі (1893). 1848 ж. Санкт-Петербург университетінің шығыстану бөлімін бітірген. 1861 ж. жаңадан ашылған Археологиялық комиссияға қызметке орналасып, өмірінің соңына дейін жұмыс істеді. 1873 ж. “Шығыс халифатының теңгелері” деген еңбегі жарық көрді. Нумизматика саласына қосқан елеулі еңбегі үшін оны Орыстың императорлық археологиялық қоғамы күміс медальмен марапаттады. 1876 – 78 ж. Таман түбегіндегі б.з.б. 4 ғ-ға жататын “Ағайынды жетеу” атты қорғанға археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Археологиялық комиссияның төрағасы, граф С.Г. Строгановтың жеке қаржысы есебінен Алтын Орда туралы шығыс деректерін жинастырды. Алтын Орда тарихына қатысты араб деректерінен тұратын материалдар жинағын 1884 ж. жариялап, парсы деректерінен тұратын материалдар жинағын баспаға әзірледі. Бірақ оның бұл еңбегі тек 1941 ж. жарық көрді. ## Дереккөздер
Теңізшевройл немесе ТШО (ағылш. Tengizchevroil, TCO, орыс. Тенгизшевройл, ТШО) — Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын. 1993 ж. ҚР Үкіметі мен Шеврон корпорациясы арасында 40 жылға жасалған шарт бойынша құрылған және осы шарт бойынша Теңіз және Королев кен орындарын игеру жөнінде келісімге келген. Қазіргі кезде кәсіпорынға: Шеврон, ЭксонМобил, ҚазМұнайГаз, ЛукАрко компаниялары енеді. ## Тарихы 1993 жылғы 6 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Кеннет Дерр Алматы қаласында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы 40 жылдық келісімге қол қойды. Қазақстан үшін ғана емес, Шеврон корпорациясы үшін де бұл мәміле 1970-ші жылдардың басынан бергі ең ірі халықаралық мәміле еді. Осы Қазақстан-Америка мұнай келісім-шартына қол қойылуының бүкіл дүние жүзі үшін экономикалық қана емес, саяси маңызы болды. 1992 жылы Қазақстан, Ресей және Оман үкіметтері Каспий құбыр консорциумын құру туралы құжаттарға қол қойды, ол Теңіз-Новоросийск мұнай құбыры арқылы Теңіз мұнайының әлемдік нарықтарға экспортқа шығарылуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Осылайша Қазақстанның орасан зор мұнай алыбының және жалпы ел экономикасы дамуының жаңа кезеңі басталды. ## Өндірістік жобалары «Теңізшевройл» ЖШС сан миллиардтап тартылған инвестицияларды тиімді игерудің арқасында ТШО өндірістің бүкіл инфрақұрылымын түбегейлі қайта құрып өндіріс базасын кеңейтті. 2007 жылдың аяғына қарай компанияның жалпы активтері 10.5 млрд. доллар құрады. 2008 жылда Екінші буын зауытының барлық өндірісінің пайдаланылуға берілуі қазіргі бес технологиялық желіде өндіріліп жатқан өнімді екі еселеуге мүмкіндік берді және шығарындылар көлемін азайтуда өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етті. Бүгіндері өндіріліп отырған көмірсутектер шикізатынан ТШО түпкі өнімнің бірнеше түрін шығарады. ТШО-ның тауарлы мұнайы өте «жеңіл», көмірсутектің жеңіл молекулаларынан тұрады. Екінші буын зауытын іске қосқаннан кейін, кәсіпорын тәулігіне мұнай мен газ өндіру көлемін сәйкесінше 540 мың барель және 765 млн текше фут деңгейіне дейін ұлғайтуТеңіз мұнай кен орныға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, көмірсутектер шикізатының қалған бөлігінен, ілеспе газдардан тауарлы газдар (құрғақ газ бен сұйытылған газдар - пропан мен бутан), сондай-ақ Теңіз кен орнының шикі мұнайының құрамында жоғары шоғырланған күкіртсутектен өндірілетін күкірт шығарылады. 2007 жылы еуропалық сападағы пропан мен бутан өндіру көлемі 860 метрикалық тоннаны, ал құрғақ газ сату көлемі 3,7 миллиард текше метрді құрады. Сондай-ақ ТШО 2007 жылы күкірт сатудан жоғары көрсеткішке қол жеткізді, 2 миллион тонна күкірт сатып, 2006 жылғы өзінің көрсеткішін 24 пайызға асыра орындады. 2013 жылы мұнай өндіру көлемі 27,1 миллион тоннаны (216 миллион баррель ) құрады. ## Көлік мүмкіндіктері 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде Теңіз кен орнының шикі мұнайы әр түрлі жолдармен, соның ішінде Атырау-Самара құбырымен, темір жолмен және баржалармен тасымалданды. ТШО үшін темір жол мұнай тасымалдаудың негізгі көлік түрі болды. Мұнайдың негізгі барар орындары Қара теңіздегі порттар - Одесса, Феодосия (Украина) және Батуми еді. Бірақ кейін компанияның тасымал көлігі жөніндегі басымдықтары өзгерді. 2001 жылғы 25 наурызда КҚК аясындағы Теңіз-Новороссийск құбырына мұнайды бірінші сынамалы құю басталды, ұзындығы 1480 километр бұл құбыр кен орнын Ресейдегі Новороссийск қаласының қасындағы Южная Озерейка теңіз терминалымен байланыстырды. 2008 жылы ТШО ұлғайып келе жатқан мұнай көлемін «Оңтүстік бағыт жолы» арқылы экспорттауға мүмкіндік беретін коммерциялық шарттар жасасты. Ол Теңіз мұнайын Ақтау порты арқылы Каспий теңізімен Қазақстаннан Бакуге (Әзірбайжан) және одан әрі Батумиге (Грузия) жеткізіп, одан кейін Қара теңізбен халықаралық нарықтарға экспорттауға мүмкіндік берді. Бұл маршрутпен мұнай тасымалдау 2008 жылдың қазан айында басталды. Қара теңіз терминалдарынан Баку-Джейхан құбыры арқылы алғашқы мұнайды жөнелту 2008 жылдың қараша мен желтоқсан айларында басталды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта ТШО өндірген құрғақ (табиғи) газды Қазақстанның газ құбырына тасымалдау үшін Теңіз-Құлсары газ құбырлары пайдаланылуда, 2004 жылы ТШО бұл газ құбырының екінші тармағының құрылысын салып, оны Орта Азия – Орталық магистральды газ құбырына жалғады, бұл құбыр Орталық Азиядан, соның ішінде Қазақстаннан, Ресей арқылы батыс елдеріне қарай газ экспортын қамтамасыз етеді. ## Күкіртті өндіру және сату ТШО өндіретін мұнайдың құрамында күкіртті газ бар, оның 14 пайызы күкіртсутектен тұрады. Шикі мұнайдан алынып тасталған күкіртсутек технологиялық қондырғыға жіберіліп, ол жерде ауамен, жылумен және катализаторлармен реакцияға түседі, осының нәтижесінде қарапайым сұйық күкірт пен су түзіледі. Күкірт 30 мыңнан астам басқа өнім түрлерін шығару кезінде пайдаланылатын құнды өнім болып табылады. 2006 жылы ТШО 1,570 млн тонна күкірт өндіріп, оны Қытай, Ресей,Өзбекстан, Қазақстан, сондай-ақ Жерорта теңізі бассейні елдеріне сатудың көлемі 1,648 мың тоннаны құрады. 2007 жылдың қорытындысы бойынша ТШО 2 миллион тонна күкірт сатты, яғни 2006 жылғымен салыстырғанда 24 пайызға артық. Соңғы жылдары ТШО күкіртке қатысты жобаларға 100 млн. доллар бөлді, және де алдағы үш жылға қосымша қуаттар үшін тағы да 1400 млн.доллар бөлуді жоспарлауда. ТШО күкіртті Қазақстанды қоса 25 елдегі 77 тұтынушыға сатуда.ТШО күкіртті ашық сақтаудың қоршаған ортаға және адам денсаулығына ықпалын, аталған мәселені зерттеуді жалғастырада. Атап айтқанда ауаға, суға, топыраққа күкірттің әсері туралы зерттеу түйіндерін тексеру мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізуді жалғастыруда. ## Әлеуметтік бағдарламалар ТШО 1993 жылы «Атырау Бонус Қоры» деп аталатын бес жылға арналған бағдарламасын ендіруден бастады. Ол бойынша Атырау мен Теңіз кен орнына іргелес жатқан аудандарда әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық сала нысандарын дамытуға 50 млн. доллар мөлшерінде қаржы құю көзделген болатын. Атырау қаласында жылыту қазандығы, нан зауыты мен клиника, сондай-ақ Құлсары кентінде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға арналған 20 тұрғын үй және клиника салынды. 1999 жылы аяқталған «Атырау Бонус Қоры» бағдарламасының орнына «Игілік» деп аталатын әлеуметтік жобалар бағдарламасы келді. Жобаны іске асыруда Атырау қаласындағы Жайық өзенінен өтетін бас көпірді қайта жаңғыртты, Атырау университетінің жаңа ғимаратын салуға, қаладағы ғимараттарды жаңартуға және Жайық өзенінің жағасын бекітуге 5 млн. доллар жұмсалды. 2007 жылы ТШО кәсіпорыны Сарықамыста тұрған 374 отбасына (1590 адам) арнап Атырау қаласындағы Лесхоз ықшамауданынан жеке кент тұрғызды. Қалған 377 отбасына (1889 адам) Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде осыған ұқсас жаңа тұрғын үй кешенін салды. Сонымен қатар, Атырау облысының, Жылыой ауданындағы және Атырау қаласындағы мәдениет мекемелеріне, балалар үйлеріне, интернаттарға, қарттар үйлеріне, ауруханалар мен клиникаларға, мүгедектер ұйымдарына және тұрмыс деңгейі төмен адамдарға демеушілік көмек көрсетуде. ## Дереккөздер
Тишин полиметалл кен орны - Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде. 1958 жылы ашылған. Кен орнын А.А. Малыгин, В.В. Попов, Б.В. Беспаев, Э.С. Төлеубаев, т.б. ғалымдар зерттеген. ## Геологиялық құрылымы Кен орны Кенді Алтайдың солтүстік-шығыс мыжылу белдемінің батыс тармағы саналатын Кедров-Бутачиха жаншылу белдемінің ендік Лениногор грабен-синклиналімен қиылысқан жерінде орналасқан. Ол девон кезеңінің кентас сыйыстырушы тау жыныстары альбитофирлердің, диорит-порфирлердің, габбро-диабаздардың көптеген дайкаларымен қиылған жанартаутекті тау жыныстарынан қалыптасқан. Кен денесі ендік бағыттағы мыжылу белдемдерімен көмкерілген. ## Жатыс сипаты Негізгі кен шоғыры ильинск және сокольный подсвиталарының жанасқан жерінде пайда болған ұзындығы 1 км-ден жоғары, ені 200 м-ге созылып жатқан гидротермалдық өзгерген тау жыныстары белдемінен орын алған. Екі (Негізгі және Солтүстік-батыс) телімге бөлінген. ## Минералдануы, құрамы Минералдары: сфалерит, галенит, халькопирит, пирит. Мысалы, қорғасын, мырыш металдарының өзара қатынасы 1:2,6:12. Пайдалы қоспалары – алтын, күміс, кадмий, селен, теллур. Кентас ашық және шахта әдістері бойынша өндіріледі. Аса ірі кендерге жатқызылады. ## Дереккөздер
Тобыл титанды кенқайраңдар тобы, Қостанай облысы аумағындағы Шығыс Орал антиклинорийі мен Торғай ойпаңының аралығында орналасқан. Бұл ауданда кендену шелекті свитасының шалқарнұра қабатына кіретін алевритті жұқа қабатты алювийлік фацияға жататын құмдар және көне көл жағалауларында болған ұсақ түйіршікті кварцты құмдар қабаттарымен ұштасқан. Шалқарнұра құмдарындағы ауыр минералдардың мөлшері барлық қабаттарда бірдей емес. Оларда ильменит пен цирконий көп тараған. Шашылымдар түпкі кристалдық тау жыныстары іргетасының таяз қабаттарына орналасқан қалыңдығы 2 – 4 м болатын линза тәрізді денелер. Жеке кен денелерінің таралу көлемі неоген-төрттік кезеңдерінде шайылуға ұшырағандықтан аса үлкен емес. Олар жер бетіне жақын (3 – 5 м), бір-бірінен 4 – 5 км қашықтықта топтасып, 35 – 40 км² аумақты қамтиды. Тобыл титанды кенқайраңдар тобындағы минералдардың мөлшері: ильменит – 33,8 кг/м3, рутил – 5,3 кг/м3, цирконий – 3,7 кг/м3. Кендегі ТіО2-нің барланған қоры 419 мың т. ## Дереккөздер
Тобыл-обаған артезиан алабы, Қостанай облысының солтүстігінде, Тобыл ойысында орналасқан. Оңтүстігінде Қостанай құрылымдық белдемімен, батысы Орал тауымен, шығысы Орталық Қазақстан қыраттарымен, солтүстік бөлігі Ресей жерімен шектеседі. Қалыңдығы 30 – 40 м негізгі сулы горизонттар палеогеннің және жоғарғы бордың құмды шөгінділерінде шоғырланған. Грунт сулары олигоценнің қалыңдығы 5 – 35 м құмды қабаттарында кездеседі. Минералдылығы 1 г/л-ден аспайтын тұщы грунт сулары Тобыл, Тоғызақ, Әйет, Үй өзендерінің аңғарларындағы қалыңдығы 10 – 20 м құмды шөгінділердің қабаттарында тараған. Обаған өзен аңғарында құмайт, саздақ қабаттарындағы судың минералдылығы 3 – 10 г/л. Нақты артезиандық арынды сулар бор қабаттарында қалыңдығы 50 – 130 м құм, құмтас, құмайт шөгінділерінде қалыптасқан. Олардың қойнауындағы тұщы сулар Рудный қаласының оңтүстік-батысында, Әйет, Тоғызақ, Тобыл өзендерінің аңғарларында, Әулиекөл көлі мен Қостанай қаласы аралығында, ұзындығы 60 – 80 км, ені 3 – 12 км-ге жететін кең жолақта таралған. Тереңде жатқан юра, триас сулы кешендерінде жер асты суларының тұздылығы 5 – 10 г/л-ден 60 г/л-ге дейін жетеді. Палеоген горизонттарындағы ұңғымалардың өнімділігі 8 – 10 л/с, бор горизонттарында 1 л/с-қа жетеді. Тұщы және шамалы тұзды сулардың пайдаланылатын қоры 10 м³/с. Алап Оңтүстік Орал бөктерлерінен қоректенеді. ## Дереккөздер
Тоғыз-Оғыз– ежелгі түркі тайпасы, 8 ғ-дағы Орхон-Енисей жазбаларында кездесетін тайпалар одағы. Тоғыз Оғыз туралы алғашқы деректер 630 жылғы Қытай жазбаларында кездеседі. Одақтың негізін тоғыз тайпа: сеяньто , эдиз, букут, тунло, хунь, хусэ, секир, сицзе, циби құраған.
Тоғыз тарту– қазақтың дәстүрлі қоғамындағы сыйлық немесе айып өлшемі. Үлкен жиын-тойда ат бәйгесіне және әр түрлі дау-шарда бір тоғыздан үш тоғызға дейін сыйлыққа немесе айыпқа Т. т. берген. Ол түйе бастаған 8 жылқы, жақсы ат бастаған сегіз ұсақ мал, құндыз бастаған тоғыз жағалы киімді құраған. ## Дереккөздер
Тоғылық Темір хан (1329 – 1362/63) – Шағатай ұрпағы, Моғолстанның 1347 – 1363 ж.ж. алғашқы ханы. ## Шығу тегі Шыңғыс хан – Шағатай – Мутүген – Есен Дува – Барақ хан – Дува – Инал – Қожа – Тоғылық Темір. ## Өмірбаяны 19 ғ. ортасында Шағатай қағанаты батыс және шығыс бөліктерге бөлінеді. Шығыс бөліктегі көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалардың әмірлері мемлекеттің одан әрі ыдырауына жол бермеу үшін шағатайлық хан іздестіреді. Рөлі күшті дулат тайпасының әмірі Болатшы 16 жасар Тоғылық Темірді іздеп тауып, оны 1347 – 48 ж. хан етіп көтереді. Шығыс бөліктегі жаңадан құрылған мемлекет – Моғолстан деп аталады. Оның шекарасы Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуы бойынша: «шығыста – қалмақ жерлерімен, Барскүл, Еміл, Ертіспен, солтүстікте – Көкше теңізбен (Балқаш), батыста – Түркістанмен, Ташкентпен, оңтүстікте – Ферғана, Қашқар, Ақсу, Үалыш, Тұрпан уәлаяттарымен шектеседі...» Моғолстанға Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) және Қырғызстанның басым бөлігі енген. Тоғылық Темір хан тұсында Алмалық қаласы астана болды. Тоғылық Темір хан 1360 жылға дейін Моғолстанның ішкі саяси істерімен айналысып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, салық жүйесін қалпына келтіреді, бүкіл Моғолстанды біріктіреді, ұлыстық жүйені сақтап, ұлысбегі лауазымын дулат тайпасының әмірлеріне қалдырады. Тоғылық Темір хан ислам дінінің таралуына кең қолдау көрсетеді, өзі 24 жасында Аршададин Мәуленнің ықпалымен мұсылмандықты қабылдайды. Ислам Тоғылық Темір хан тұсында Моғолстанда мемлекеттік дінге айналады. Дулатидің мәліметі бойынша, Моғолстанда бір күнде 160 мың адам мұсылмандықты қабылдаған. Сыртқы саясатта Тоғылық Темір хан Шағатай мемлекетін біріктіруге күш салды. Сол мақсатпен ол 1360 және 1361 жылдары екі рет Мәуереннаһрға жорықтар ұйымдастырады. 1361 жылғы көктемдегі екінші жорығы өте нәтижелі болып, Мәуераеннаһр Моғолстанға қосылады. Тоғылық Темір хан онда ұлы Ілияс Қожаны әкім етіп тағайындайды. 1362/1363 жылы 34 жасында Тоғылық Темір хан қайтыс болады. Ол Алмалық қаласында жерленеді. Ұлы Ілияс Қожа хан таққа отырады ## Дереккөздер
Тиын – Қазақстанның ұсақ ақша өлшемі. Ұлттық валюта – теңгенің жүзден бір бөлігіне тең. 1993 жылдың 15 қарашасынан 1, 2, 3, 5, 10, 20, 50 тиындық ұсақ ақша түрінде айналысқа енгізілді. Кейін бұл тиындар айналыстан шығып қалды. ## Банкноталар ## Шақалары ## Дереккөздер
Тойшыбеков Мәкен Молдабайұлы(1938 ж.т.) – генетик-селекционер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1987), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Тойшыбаев асыл тұқымды қой шаруашылығында зиготаны трансплантациялау, бұдан алынған қошқарларды кроссбред қой шаруашылығында пайдалану мәселелерін зерттеді. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. ## Дереккөздер
Ғаббас Сәдуақасұлы Тоғжанов (1900, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жарқын ауылы– 1937) – қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, публицист. Омбы гимназиясын (1917) бітіріп, Ташкенттегі Орта Азия университетінде (1922– 23), Мәскеудегі В.Г. Плеханов атындағы халық ш. институтында (1923– 24) оқыған. Жас кезінде Омбы қаласында құрылған «Бірлік», «Жас азамат» қазақ жастарының ұйымдарына қатысқан. 1919 – 22 жылдары Ресей коммунистік жастар одағы Сібір бюросы жанындағы қазақтатар секциясының хатшысы, «Еңбекші жастар» газетінің редакторы, Ақмола губерниясы төтенше комиссиясының хатшысы, Ақмола жалпы білім комитетінің алқа мүшесі, 1922 – 23 жылдары Ташкентте шыққан «Жас алаш» газетінің жауапты хатшысы, 1923 – 24 жылдары КСРО ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Орталық Күншығыс баспасы қазақ секциясының хатшысы қызметтерін атқарды. 1924 – 26 жылдары БК(б)П ОК баспасөз бөлімінің нұсқаушысы, 1926 – 28 ж. Қазақстан өлкелік партия комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, 1926 – 32 ж. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы, 1935 – 36 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1936 – 37 жылдары Қазақ КСР ХКК жанындағы көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 1937 жылдары репрессияға ұшыраған. ## Абай туралы еңбектері Тоғжанов Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі - «Абай» атты моногр. очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол - сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған ультрасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрғанмен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы - өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.), - дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай - самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), -деп түйіндейді. ## Дереккөздер
Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев (7 қыркүйек 1939 жыл Алматы облысы Іле ауданы ҚазЦИК ауылы) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері. ## Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. * С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1963) заңгер мамандығы бойынша; * КСРО МҚК №302 Минск мектебін; * КСРО СІМ Жоғары дипломатиялық мектебін (1971) бітірген. * 1956 жылдан - Алматы облысы Іле ауданының «Комсомол» үжымшарында жұмысшы. * 1957 жылдан - Алматы облысындағы Боралдай кірпіш зауытының вагоншы-жұмыскері. * 1958 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. * 1963 жылдың шілде айынан -Алматы облыстық прокуратурасының тергеушісі. * 1963 жылдың қыркүйек айынан - КСРО МҚК №302 Минск мектебінің курсанты; КСРО МҚК кадрлық офицері, жедел өкілден ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы лауазымына дейінгі қызмет жолын өткен. * 1991 жылдың қараша айынан - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚР МҚК Басқармасының бастығы. * 1993 жылдың маусым айынан - ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары. * 1993 жылдың желтоқсан айынан - ҚР ҰҚК төрағасы. * 1995 жылдың қараша айынан - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы міндетін атқарушы. * 1997 жылдың наурыз айынан - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы. * 1999 жылдың қазан айынан ҚР қорғаныс министрі. * 2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР Президентінің кеңесшісі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет әдебін сақтауы жөніндегі комиссияның төрағасы - ҚР Президеті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. * 2002 жылдың қыркүйек айынан - «Еуро-Азия Эйр Интернэшнл» ААҚ Халықаралық еуразиялық әуе компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. * 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. * ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2002 жылға дейін). ## Марапаттары * «Даңқ» (1997) * «Барыс» (2008) ордендерімен; * 14 медальмен марапатталған. * «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001). ## Отбасы Үйленген. Жұбайы - Сәуле Досжан. Қызы - Гүлмира; ұлы - Дәулет. Немерелері - Әміржан,Дәужан, Камилла, Іслем, Селима. ## Дереккөздер
Тоқмұрзин Қыдырма Хамитұлы(25 Наурыз 1938 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Қараағаш ауылы — 2016) – химия ғылымының докторы (1990), профессор (1993), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (2003). ## Қысқаша өмірбаяны: 1963 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1963–1970 жылдары ҚазМУ-да аспирант, ғылыми қызметкер. 1970–1975 жылдары Қазіргі Атырау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. 1975–1988 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында лаборатория меңгерушісі, директор болды. 1988 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. ## Еңбектері: «Синтез и нуклеофильные реакции шестичленных азот и серосодержащих гетероциклических соединений с карбональной группой» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері гетероқұрлықтық қосылыстар химиясына, стереохимияға, органикалық қосылыстардың реакциялық қабілетіне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 30 авторлық куәлік пен өнертабыстың иегері. ## Дереккөздер:
Тоқал сөзінің мағынасы — түсіндірме сөздікте — қатын үстіне алған әйел. «Нұртаза әлгі әзірде тоқалының үйінен шығып, ...екі шақырымдай жердегі қойлы ауылға келген» (С. Жүнісов, Ақан сері.). Біздің байқауымызша, мына «тоқал» тұлғасының «мүйізсіз» ұғымын беретін «тоқал» сөзімен мағына жағынан ешбір байланысы болу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан сөз төркінін басқаша іздестірген жөн болмақ. Парсы тілінде біздегі «екі» мағынасын «до» тұлғалы сөз берсе, «екілік», «екінші» ұғымдарын «дохал» сөзі түсіндіреді. «Дохал» сөзі кейбір түркі тілдеріне ауысып, «тоқал әйел» тіркесі пайда болып, кейін «әйел» сөзі түсіріліп, «тоқал» қалыптасуы ғажап емес. Бұл тұрғыдан қарағанда «тоқал әйел» біздің қазіргі түсінігімізге аударғанда «екінші әйел» болады. Бәйбішеден (қараңыз «бәйбіше» сөзінің төркінін) кейінгі алған әйелдің «екінші» болып аталуы да дағдыдан тыс керінбесе керек. ## Дереккөздер
Тоқтамыс хан (шамамен 1350 – 1406) – Алтын Орда ханы (1380 – 97/98). Жошы хан әулетінен. ## Өмірбаян Әкесі Ұрыс ханның қолынан қаза тапқаннан кейін, Ақ Ордадан Әмір Темірге қашып барды. 1378 – 1379 жылдары Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты жаулап алып, Ақ Орданың билеушісі болды. Ол Мамайдың Күлік шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды. Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды басып алды. Таққа отырысымен Шыңғыс хан әулетінің тақ үшін 25 жыл бойғы қырқысуларын жойды, ақша реформасын жүргізді. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, Қажы-Тархан, Қырым иеліктері мен т.б. ұсақ ордалардың басын қосып, қуатты Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салды. ## Мәскеуге жорық Алтын Ордадан бөлініп шықпақ болған Ресей жерлеріне шабуыл жасады. 1382 жылы Мәскеуді басып алып, өртеп жіберді. Бірақ Тоқтамыстың ұлы державалық ниеттері Әмір Темірдің қарсылығын туғызып, екеуінің арасында ұзаққа созылған қиян-кескі күрес басталды. 1387 жылы туған Кавказдағы Кура өзеніннде Әмір Темірден жеңіліс тапты, бірақ Орталық Азияда Тоқтамыстың, Қамар әд-Дин мен Еңке төренің одақтасқан әскерлері Самарқанд пен Бұхараның төңірегін шапқыншылыққа ұшыратты. Тоқтамыс 1391 жылы 18 шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 жылы 15 сәуірде Терек өзені аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 жылы Едігенің қудалауына ұшырап, Литваға қашты. 1399 жылы Ұлы Литва князі Витовтпен одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 жылы 12 тамызда Темір Құтлығ пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да жеңіліске ұшырады. 1406 жылы Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқасып, қаза тапты. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Тоқтаров Рамазан Айыпұлы(1935 – 2000) (Павлодар қаласы) - жазушы. Алматыдағы шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірген. Алғашқы жинағы Ертіс перзенті 1962 жылы жарық көрген. 1958 - 60 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газеті мен "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналында, 1964 жылдан қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, "Жазушы" баспасында аға редактор, бөлім меңгеруші қызметтерін атқарған. 1989 - 97 жылдары республикалық "Жұлдыз" журналында бас редактордың орынбасары. Алғашқы "Ертіс перзенті" жыр жинағы 1962 жылы жарық көрген. "Бақыт" (1965), "Ертіс мұхитқа құяды" екі кітап (1968 - 69), "Тұлпардың сыны" (1975), "Жердің үлгісі" (1979), "Ғасыр наны" (1983), "Сусамыр" (1985), "Таңбалы жарғактың құпиясы" (1990), "Жұлдыз" журналында "Жендет" (1991), "Бақыт құлдыктың ақыры" (1995), т.б. романдары, "Терістік шұғыласы"(1971) повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Халықаралық "Алаш" сыйлық иегері (1994). Қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000).Рамазан Тоқтаров 2000 жылы 13 желтоқсанда қайтыс болды. 2002 жылы Павлодар қаласындағы Баспа үйінің қабырғасында мемориалдық тақта орнатылды. ## Дереккөздер
Толағай – тас қоршаулы обалар тізбегі. Қарағанды облысы Шет ауданы Нұра ауылының оңтүстігінде, Толағай тауының солтүстігінде 14 км жерде. Аумағы 3,80×4,70 метр. Табылған заттар қола дәуіріне жатады. Археологиялық зерттеу жұмыстарын ең алғаш 1935 жылы В. Никитин, В. А. Селевин, 1956 жылы Ә. X. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Оның аумағы 3,80x4,70 м. Қазба кезіңде мәйітті тас жәшікке қоятыны анықталған. Сондай-ақ кұмыралар, дөңгелек алқалар, алтын қаптырылған қола сырғалар, қола моншақтар табылған. ## Дереккөздер
Толғау - қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған жанр. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар "санатна-сыятырлар", құмықтар "ойлу йырлар", башқұрттар "қобайыр" деп атайды. Ноғай мен құмық әдебиетінде ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген 13 - 14 ғасырларға сәйкес келеді. 15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Көрнекті өкілдері Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Дулат, Махамбет, Базар, т. б. Генетикалык жағынан магиялық функциясы болғаны байкалады. Хандык дәуірде аса зор идеологиялық мәнге ие болды. Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі бейнелеу тәсілі - дидактика. Толғауда кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Құрылысы тирада пішінді, буын саны аралас, кейінгі даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, біртіндеп тұрақталған. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады. ## Дереккөздер
Толстов Сергей Павлович (25 Қаңтар 1907, Санкт-Петербург қаласы – 28 Желтоқсан 1976, Мәскеу қаласы) – шығыстанушы, этнограф, археолог. ## Қысқаша өмірбаяны: 1953 жылы КСРО Ғылым академиясының мүшесі. 1956 жылы Өзбекстан Ғылым академиясының құрметті академигі. 1930 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.1939–1951 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, декан. 1942–1966 жылдары КСРО Ғылым академиясының Этнография институтының директоры. «Советская этнография» журналының редакторы қызметтерін атқарған. ## Еңбектері: Ол – алғашқы қауымдық құрылыс, ерте дүние, орта ғасыр тарихы мен археологиясына, дін тарихы және сол елдердің этногенезі жайлы 300-ден аса еңбек жазған. Көп томды «Дүние жүзі елдері» басылымының редакторы және авторларының бірі. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясын ұйымдастырушы (1937), басшысы (1969 жылға дейін) болды. Сыр бойындағы Бәбіш – Молда, Шірік – Рабат, оның маңындағы Ірікбай, Бестамқала, Бөрлі 1, 2, Шағырлы 1, 2, Іңкәрқала, Сырлытам, Қарақалпаққала, Аралбайқала, Қызылқала, т.б ондаған көне қалалар мен елді мекендерге қазба жұмыстарын жүргізіп, тарихи қалыптасуын анықтауға үлес қосты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер:
Асқар Тоқпанов (Әлиасқар) (13 қазан, 1915 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы - 22 қараша, 1994 жылы Алматы) — Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1975). ## Толығырақ Дулат тайпасының Жаныс руынан. 1932 -1933 ж. ҚазҰПУ-да оқыды. 1939 ж. Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтын (проф. В.Г. Сахновскийдің жетекшілігімен) бітірді. 1939 -1944 және 1948 - 1951 ж. Қазақ академия драма театрында қоюшы режиссер болып, М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абай" (1940), Ш.Құсайыновтың "Марабай" Әуезовтің " Сын сағаттасы" (екеуі де 1941) мен "Еңлік - Кебек" (1944), С.Мұқановтың "Жеңіс жыры" (1942), Ғ.Мустафиннің "Миллионер" (1950), А.П. Штейннің "Намыс соты", Д.Гоу мен А.Д. Юссоның "Терең тамырлары" (екеуі де 1948) секілді спектакльдерді сахнаға шығарды. 1951 - 1953 ж. қазіргі Қазақ академялық балалар мен жас өспірімдер театрында, сондай-ақ, Қарағанды (1945-1946), Атырау (бұрынғы Гурьев; 1955, 1959), Жамбыл (1969 -1971) облысы қазақ драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Олардың қатарында: М.Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсарин" (1951, 1956; Балалар мен жасөспірімдер театрының Бүкілодақтық фестивалінің 2-дәрежелі дипломы, 1958), Құсайыновтың "Нұрлы тас" (1951), "Көктем желі" мен "Алдар көсесі" (1953 - 1954, бәрі де Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрында), Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері Ақтоқтысы", Н.В. Гогольдің "Ревизоры" (1945 - 1946, Қарағанды облысы драма театры) Әуезовтің "Абайы" (инсценировка бойынша, 1955) мен "Қарагөзі" (1959), Мүсіреповтің "Амангелдісі" (1955, қазіргі Атырау облысы драма театры), Т.Ахтановтың "Махаббат мұңы" (1969), Н.Ф. Погодиннің "Кремль куранттары" (1970, Жамбыл облысы драма театры); Ә.Тәжібаевтың "Майрасы" (1957, өзі Ақаевтың рөлін орындады), Б.Майлиннің "Майданы" (1965), А.Үйғын мен И.Сұлтановтың "Әлішер Науаиы" (1983, үшеуі де Қазақ академия драма театрында), т.б. спектакльдері бар. Тоқпанов спектакльдерді қоюмен қатар, кейбір басты рольдерді өзі сомдады: Ыбырай (Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсаринында"), Ленин (Погодиннің "Кремль куранттарында"; Республика театрлар байқауының лауреаты, 1970) т.б. Ол сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы мақалалар мен пьесалар ("Тазша бала", "Тасыған төгілер") жазып, қазақ тіліне Г.Ибсеннің ("Нора"), А.Н. Островскішдің ("Шьшдық қатты - бақыт тәтгі"), А.П. Чеховтың ("Шағала" мен "Иванов"), А.В. Софроновтың ("аспаз әйел", "Күйеуге сенген аспаз", М.Горькийдің ("Форма Гордеев", инсңенировка) туындыларын аударды. Алматыдағы театр училищесінде (1939 -1944) жөне Өнер институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы, 1955 - 1963 ж. кафедра меңгерушісі; 1975 жылдан професор) пед. қызметпен шұғылданды. 1955 ж. Алматыда ол тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. ## Мемлекеттік марапаттары * 1957 жылы «Қазақ КСР Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді. * 1975 жылы «Қазақ КСР Халық артисі» құрметті атақтарымен марапатталған. * 1975 жылдан профессор (құрметті ғылыми атағы берілген); * Еңбек Қызыл Ту Ордені * Халықтар Достығы Ордені * Құрмет белгісі Ордені * Еңбек ардагері медалімен және көптеген медалдармен марапатталған. ## Шығармалары Сахна сазы, А. 1969; Кешеден бүгінге дейіп, А., 1976; Іңкәр дүние, А., 1991. ## Дереккөздер
Толыбеков Серғали Еспембетұлы (9 Наурыз 1907, Қызылорда облысы бұрынғы Қазалы уезі Байқожа ауылы – 22 Маусым 1995, Алматы қаласы) – экономика ғылымының докторы (1961), профессор (1962), Қазақстан Ғылым академиясының мүшесі (1962). Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.Шежіре: Серғали-Еспембет-Толыбек-Өтемболат-Малайдар-Қожан-Ақберді-Тәуке-Дөсек-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей ## Қысқаша өмірбаяны: 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1932–1938 жылдары осы институтта ассистент, доцент. 1947–1950 жылдары институт директоры. 1950–1952 жылдары кафедра меңгерушісі. 1952–1963 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында директор.1963–1974 жылдары ҚазПИ-де ректор. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің кеңесші-профессор қызметтерін атқарған. Толыбеков «Общественно-экономический строй казахов в 17–19 вв» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер:
Томпақасар – көне қаланың орны. Жосалы т. ж. ст-ның оңт.-батысында 60 км. жерде. Ертедегі Томпақасар қаласы үш бөліктен тұрады. Мәдени қабатының аумағы 7 – 10 м-ге жетеді. Алып жатқан алаңының аумағы 2 га. Зерттеу жұмыстарын 1946 – 1948, 1950 ж. С.П. Толстов басқарған Хорезм археол. – этнография экспедициясы жүргізген. Томпақасар – тік бұрышты құрылыс. Оның солт. бөлігінің қабырғасының биікт. 10 м. Қазбадан қызыл кірпіш түстес қыш ыдыстар, шағын құмыралар, шыны моншақтар т. б. заттар табылған. 1983 – 1991 ж. Хорезм археол. – этнограф. экспедициясының (жетекш. Л.М. Левина) қазба жұмыстары нәтижесінде 40 бөлме мен дуал қабырғалары, кіреберістері аршылды. Зерттеу барысында садақ оғы, керамика өнімдері, әшекей бұйымдар табылған. Үстіңгі құрылыс қабаты б. з. б. 3 – 2 ғ-ларға жатқызылған. Бөлмелерінің қабырғалары саз қам кірпіштен тұрғызылған. Ішкі құрылымы суфа (тапшан), ошақ және шаруашылық шұңқырлардан тұрады. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Асқар Тоқмағамбетов (19 қыркүйек 1905 жыл, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы), бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар – 21 тамыз 1983, Қызылорда қ.) — қазақтың ақыны, жазушысы. ## Өмірі Дулат тайпасының Сиқым руының Қарақойлы бөлімінен шыққан. 1932 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітірген. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") (1927-30), "Ленин жолы" (Қызылорда, 1933—34), "Қазақ әдебиеті" (1934-35), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") (1937-1944) газеттерінде, "Ара" журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент (1935—37), Қызылорда (1944-52, 1957-62) облысаралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды. 1925 жылы "Ленин суретіне" атты өлеңі тұңғыш рет "Еңбекші қазақ" (казіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы "Еңбек жыры" деген атпен жарық көрді. Таңдамалы шығармаларының жинақтары бірнеше рет (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975 жылдары) жарық көрді. Тоқтағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-1930) отаншылдық тақырыбына арналған шығармалар жазды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достастығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Тоқтағамбетов қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Шығармашылығы Ақын лирикасының бір саласы 1930-1940 жылдары жазылған "Біздің Сәуле", "Қош аман бол", "Бәтиманың хаты", "Күт мені", "Сүйген жарға", т.б. әнге арналған өлеңдері. Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін "Қыран тұғырдан ұшады", Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін "Ақмоншақ" (О.Бодықовпен бірге) повестерін жазды. Қаратау мен Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған "Әке мен бала" романын кейін кайта толықтырып, "Қарбаласта" (1975) деген атпен жариялады. Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы "Жыр күмбезі" (1975) атты тарихи романның авторы. "Күлкі-сықақ" 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов "Әзірет Сұлтан", "Семафор ашық", "Екі заң" атты драмалық шығармалар, "Бәріміз де сондай болсақ" киносценариін де жазды. С. Айнидің "Құлдар" романын қазақшаға аударды (1953). Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы "Күлкі-сықақ" 1929 жылдары басылды. Әнге лайықты өлеңдері де көп. Қазақ поэзиясында поэма жанрын өркендетуде үлесі көп. «Жыр күмбезі» атты тарихи романы Базар жырау, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары секілді жырау ақындардың өміріне арналған. ## Сілтемелер * Мағжанға тағзым. Жас Алаш №67. Мағжан айтқан әңгiмелерден есiңiзде не қалды? Жұмабай Шаяхметов – Сталиннiң оң қолы болмақ, Сәбит Мұқанов – Голощекиннiң сол қолы болмақ, Асқар Тоқмағамбетов – Мәйкевский (Маяковский дегенi – С.Т.) болмақ көрiнедi дейтiн. Сәбит Мұқановтың түрiн бiр көрсем деушi едi. Неге олай дейтiнiн iштей ұғатынбыз Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * Асқар Тоқмағамбетов — iKitap.kz Мұрағатталған 24 мамырдың 2015 жылы. ## Дереккөздер
Топырақтану ғылыми-зерттеу институты– топырақ пен оның жамылғысын кешенді түрде зерттейтін ғылыми-зерттеу мекемесі. 1945 жылы Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысымен құрылған. Институтта 4 ғылыми бөлім мен 3 лаборатория, аспирантура, диссертациялық және ғылыми кеңес жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыттары Қазақстан аумағындағы топырақ пен оның жамылғысын зерттеудің ғылыми негізі; топырақ ресурстарының өнімділігін арттыру және оларды пайдалану; топырақ құнарлылығын арттыру; топырақ экологиясы мен оны қорғау мәселелері. Институт ғалымдары топырақ пен оның жамылғысының қазіргі жағдайын анықтау үшін географиялық-генетикалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде графикалық ақпарат және цифрлық мәлімет беретін әлемдік дәрежедегі жаңа топырақ картасын жасады. Сонымен қатар еліміздің экологиясы нашар аудандары топырақтарының қазіргі жағдайын анықтап, оларды болашақта тиімді пайдалану жолдарын ұсынды. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1974). «Қазақстанда суландыруды дамытуды жетілдіру үшін топыраққа мелиорациялық баға берудің ғылыми негізі» атты монографиясы үшін 1984 жылы институттың бір топ ғалымдарына (Ж.Аханов, Қ.Қаражанов, В.М.Боровский, М.А.Орлова, Л.И.Пачикина, В.А.Корниенко) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. ## Дереккөздер
Торғай — Қостанай облысының Жангелді ауданындағы ауыл, аудан және Торғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 550 км жерде, Торғай өзенінің оң жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 6462 адам (3177 ер адам және 3285 әйел адам) болса, 2009 жылы 5767 адамды (2799 ер адам және 2968 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына байланысты «Оренбург» атты бекініс есебінде қаланған. 1845 жылы «Торғай» деп аталып, қала мәртебесін алды. 1868 жылы жаңадан құрылып, аттас облыс пен уездің орталығына айналды. 1883 жылы көрнекті қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның ұсынысы бойынша мұнда қыздарға арналған училище ашылды. Қалада әскери лазарет жұмыс істеді. 1876 жылы қаладағы тұрғындар саны 570 адам болса, 1902 жылы 1,2 мыңға жетті. 1920-29 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі орнады. 1990–1997 жылдары Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанда Торғай орталығы Арқалықта болған Торғай облысы құрамына енді. 1997 жылы ол ыдырап, Торғай Қостанай облысына көшті. ## Инфрақұрылымы Әлеуметтік-экономикалық саласында әкімшілік мекемелер, ауданы байланыс және телекоммунация, коммуналдық, көліктік кәсіпорындар мен ұйымдар, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорын, баспахана, 3 орта мектеп, музыка мектебі, Нұрқан Ахметов атындағы ауылдық кәсіптік-техникалық мектеп, кітапхана, ауданы аурухана, емхана, дәріхана т.б. әлеуметтік мекемелер жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Торғай артезиан алабы– Мұғалжар тауы мен Сарыарқа қыраттары аралығы, солтүстігінде Қостанай белесі мен оңтүстігінде Арал теңізіне дейінгі кең аймақты алып жатқан жер асты сулы өңір, Оңтүстік Торғай ойысында орналасқан алап. Алаптың ауданы — 300 мың км2-ден астам. Аумағында жалпы мезо-кайнозой жыныстары (қалыңдығы 1700 м-ге дейін), ал сулы қабаттың жоғары бөлігінде антропоген, плиоцен, олигоцен (30 м тереңдікке дейін) және төменгі жағында бор (120 м-ге дейін) шөгінділері басым тараған. Алаптың өзен аңғарындағы және бұларға ұштаса жатқан өңірлердегі тұщы не сол тұздылау су қоры 500 мың м3/тәулік боп анықталды. Суының арыны күшті, кей ұңғымаларда су шапшып атқылайды. Ұңғымалардың тәуліктік өнімі алаптың шет жақтарында 500 – 850 м3, орт. мен оңт.-батысында 350 – 400 м3 болады. Суының минералд. Мұғалжар тауы мен Ұлытауға жақын жерлерде және үстіңгі құмды қабаттар мен Үлкен Борсық құмына таяу жатқан жоғ. қабаттарда 1 – 3 г/л, алаптың басқа бөліктерінде 70 – 100 г/л, оңт.-шығыстағы мұнайлы өңір маңында 100 – 250 г/л. Өңірдегі тұщы судың елеулі мол қоры олигоценнің құмды шөгінділеріндегі грунт суларымен байланысады. ## Дереккөздер
Торғай көтерілісі — Торғай қазақтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. Оған Амангелді Иманов пен Әбдіғапар Жанбосынұлы басшылық жасады. Көтеріліске 1916 жылғы Ресей патшасының отарлау саясатына байланысты шыққан жарлығы себеп болды. 1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған генерал А.Лаврентьевтің 9 мың жазалаушы тобы жіберілді. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабы орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. ## Дереккөздер
* Торғай облысы — Ресей империясының құрамында болған әкімшілік бірлік (1868-1920). * Торғай облысы — Қазақ КСР-ның (1970-1988) және Қазақстан Республикасының (1990-1997) құрамында болған әкімшілік бірлік.
Торғай қоңыр көмір алабы – негізінен Қостанай облысының, ішінара Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары жерін қамтитын көмірлі аймақ. Ауданы 150 мың км2. Алаптың кейбір кен орындары 19 ғасырдың соңында белгілі болды, қалғандарының көпшілігі 1942–1952 жылдары ашылған. Алапты әр жылдары М.М.Пригоровский, И.С.Яговкин, К.Я.Бабич, А.П.Тюрин, А.С.Богатырев, А.М.Сульман, Е.И.Новиков, М.В.Бунина, Р.В.Шулятникова, И.В.Орлов пен Е.Г.Буковскийлер т.б. ғалымдар зерттеген. ## Геологиялық құрылымы Көмірлі шөгінділер табанында палеозой тау жыныстары орналасқан жас платформалық формацияға жатады. Алап свиталары литологиялық құрамы жағынан аргиллиттерден, алевролиттерден, гравелиттерден, конгломераттардан тұрады. Торғай қоңыр көмір алабының кен орындары мен көмірлі құрылымдары аумақтық белгісі және құрылымды-геологиялық ерекшеліктері бойынша алты топқа біріктірілген. Олардың ішіндегі ең бастылары: Обаған, Есіл, Байқоңыр топтары. * Обаған тобы Торғай алабының солтүстік-батыс бөлігінде шоғырланған. Мұндағы жақсы зерттелген кен орындары Құсмұрын, Егінсай, Приозерное, Харьковское, Черниговское, т.б. Көмірлілігі құсмұрын (төменгі юра) мен дүзбай (ортаңғы юра) свиталарымен байланысқан. Дүзбай свитасындағы көмір қабаттарының жиынтық қалыңдығы 50 м-ге дейін, Құсмұрында 118 м-ге жетеді. Обаған тобындағы кен орындарының көмір қабаттары 25–100 м-ге дейінгі тереңдікте жатыр. * Есіл тобы алаптың шығыс бөлігін алып жатыр. Ол ірі (15–25×80–120 км) әрі терең грабен тәрізді меридиан бағытына және солтүстік-шығысқа созылған ойпаңдардан тұрады. Мұнда Орловск, Мақат, Қызылтал, Савинковское, Жаныспай, т.б. кен орындары бар. Көмірлігі дүзбай свитасымен байланысқан, көмір қабаттарының орташа қалыңдығы 30–147 м. * Байқоңыр тобы алаптың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оған игеріліп біткен Байқоңыр мен Қияқты кен орындары кіреді. Құрылымы жағынан күрделі болып келетін 4 көмір қабаты ортаңғы юра түзілімдерінде шоғырланған. Бұл топтағы көмірлі құрылымдар толық зерттелмеген. ## Құрамы Көмір маркасы Б2; ылғалдылығы 31–35%, жылу бөлгіштігі 6,5–6,9 мың ккал/кг, күлінің балқу температурасы 108–1660°С, ұшқыш заттары 28–59%, күлділігі 13–29%, күкірт 0,3–1,1%, тығыздығы 1,220–1,230 г/см3, кокстеу кезінде бөлінетін гумус қышқылы 12–31%, битум 4–6%, шайыр 5–19%. Алаптың көмірі аса тиімді отынға жатады, барлық энергетикалық қондырғыларда пайдалануға болады.
Торғай қолаты, Торғай аңғары – Мұғалжар мен Сарыарқа таулары аралығында орналасқан ойпат. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Оңтүстіктен солтүстікке қарай 800 км-ге созылып жатыр. Қолат тектоникалық жолмен пайда болған. Солтүстігін Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұратын табиғи аңғарлық қақпа – Торғай қақпасы алып жатыр. Оның орнында палеоген кезеңінде Торғай мен Сібірді Торғай өзенінің орта ағысы жалғастырып тұрған ені 20-25 км бұғаз болған. Қолаттың қазіргі ені 20-75 км, салыстырмалы төменділігі 200 м, тұнбалы, құмды саздақтан түзілген. Торғай қолаты жерімен солтүстік бағытта Обаған, оңтүстік бағытта Торғай өзені ағып өтеді. Суы таяз, ащы көлдер көп (Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б.), көктемде қолаттағы көлтабандар еріген қар суына толады, ыза сулары минералданған. ## Климаты Климаты тым континенттік, солтүстіктен оңтүстікке қарай континенттілігі арта түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 200 мм. Орташа жылдық температура шілдеде 20 – 22°С, қаңтарда –16 – 17°С. Солтүстігі далалық белдемге, оңтүстігі бөлігі шөлейт белдемге кіреді. Жері шабындыққа, мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Торғай таңы — газет, Қазақстан КП Торғай облыстық Арқалық қалалық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары облыстық Кеңесінің органы. 1970 жылы Қазақ КСР құрамында жаңадан Торғай облысының құрылуына байланысты Арқалық ауданы газетінің негізінде ашылған. ## Дереккөздер
Торғай уезі– 1868 – 1917 ж. Торғай облысы құрамында болған төрт уездің бірі. Орталық Торғай қаласы болды. Уез 13 болыстық пен 65 ауылдан құралды. Торғай уезі облыстың оңтүстігінде орналасып, Ұлытаумен шектесті. 1897 жылғы санақ бойынша уезде 87039 адам болды. Олар негізінен мал ш-мен айналысты. Торғай өз. бойында есімі аңызға айналған Қыпшақ Сейітқұл егіншілікпен айналысқан. Ы.Алтынсарин 1868 – 1974 ж. Торғай уезі судьясы, 1876 – 1979 ж. Торғай бастығының көмекшісі болды. 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың бас кезінде Торғай уезі қазақтары патша өкіметінің қоныс аудару саясатына наразылық танытуын күшейте түсті. Торғай уез аймағында 1916 ж. Торғай көтерілісі болды. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Төбеттөбе – ежелгі бекіністі мекен. ## Географиялық орны Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының оңтүстік жағынан 11 км жерде орналасқан. ## Зерттелуі Төбеттөбені 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. СипатыМекенінің көрінісі – сопақша келген төбешік. Оның ауданы 110×90 м, биіктігі 4,5 м. Зерттеу жұмыстары барысында төбешік үстінен жинастырылып алынған көзелердің сынықтарына қарағанда Төбеттөбе – б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. 3 ғасыр аралығында өмір сүрген жергілікті халықтың жұрты. ## Дереккөздер
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28 қазан 1893, қазіргі Қызылту ауданы, Көкшетау облысы – 21 мамыр 1920, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – ақын, ағартушы. ## Өмірбаяны Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында “Оқып жүрген жастарға”, “Тәліптерге”(“Шәкірттерге”) Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,“Ендігі беталыс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Оқудағы мақсат не?” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,“Анау-мынау” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Мағынасыз мешіт” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Жарлау”, “Досыма хат” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Шығамын тірі болсам адам болып” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Түсімде” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Жазғы қайғы” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Қымыз” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Кешегі түс пен бүгінгі іс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”, т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет етті. 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен “Ләнет бұлты шатырлап” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Алтыаяқ” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. сияқты өлеңдер жазған. “Ендігі беталыс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Тұрмысқа” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Бір адамға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Туған еліме” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Сымбатты сұлуға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Қыз сүю” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Гүләйім” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Өмірімнің уәдесі” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Жан қалқам” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Гүл” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан. 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.В. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып, “Шал мен қызға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “А, дүние” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Жас жүрек”, “Сарыарқаның жаңбыры”, “Адасқан өмір”, “Кедей”, “Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды. ## Шығармашылығының ерекшелігі Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. ## Поэма жанрына қосқан үлесі Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты . Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” – Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. “Айтыс” поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл. ## Шығармалары: * Толық шығармалар жинағы Қ-о. 1933; * Таңдамалы шығармалар А., 1957; * Избранное А-А, 1958; * Шығыс 1-2 Торайғыров А., 1987; * Шығыс 1-2 Торайғыров А., 1993. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары Мұрағатталған 9 маусымның 2011 жылы. * Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған презентация * Сұлтанмахмұт Торайғыров сайты (1893-1920) Мұрағатталған 4 сәуірдің 2012 жылы.
Төлебаев Райыс Қажыкенұлы (15 Қаңтар 1941 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар станциясы) – медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1994), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). ## Қысқаша өмірбаяны: 1964 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1964–1967 жылдары Жамбыл облысында дәрігер.1970–1975 жылдары Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында директор.1975–1987 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде директор.1987–1991 жылдары Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының Өскемен бөлімшесінде директор.1993–1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында ректор.1997–2001 жылдары Астана мемлекеттік медицина академиясында ректор болды. 2001 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Негізгі ғылыми еңбектері оториноларингология мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер:
Төле-Бұқа(т.ж.б. – 1291) – Алтын Орда ханы (1287 – 91). Бату ханның шөбересі. Ататегі: Бату — Тұқан - Тарбу - Төле Бұқа 1285- 87 жылы аралығында Туда Мөңкенің Венгрия және Польша жерлеріне жасаған жорықтарына қатысты. Мөңке Темірдің ұлдарымен бірлесіп, Туда Мөңкені тақтан тайдырды. Кейін өзі Алтын Орда ханы болды. 1288 жылы Рязаньға жорық ұйымдастырып, қаланы өртеді. Артынша Польша мен Венгрияға жорық жасады. Польша жеріндегі шайқастың бірінде Ноғай Төле Бұқаны тастап кетті. Соның салдарынан Төле Бұқа шайқаста жеңіліс тауып, жау қолынан кұтылып шықты. Оның билік етуі кезінде тақ таласы өрши түсті. Ол Ноғайдың ұйымдастыруымен қастандықпен өлтірілді. Одан кейін билік Тоқтаның қолына көшті. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Торғай үстірті – батысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық аймақ. ## Жер бедері Солтүстігінде Тобыл маңы аккумуляттік жазығынан оңтүстігінде Шалқартеңізіне дейін 600 км-ге созылады. Ені батыстан шығысқа қарай 300 км. Үстірт негізінен Қостанай облысының аумағында, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстары жеріне кіреді. Абсолюттік биіктігі батыс және шығыс бөліктерінде 200 – 300 м, оңтүстігінде Шалқартеңіз ойысына қарай 150 – 170 м. Солтүстік бөлігі аз тілімделген, көбінесе жазыққа ұласып кетеді. Оңтүстік бөлігінде үстірт беті біртұтас тегіс, беткейі тік. Үстірттің дәл ортасын жарып меридиан бағытында Торғай қолаты өтеді. Оның оң жағасы бойында құрғақ арналар, тұзды көлдер көп. Үстірттің тегіс бетінде аласа төбелер, жондар. бұйратты қыраттар, көлшік ойыстары, жыралар кездеседі. ## Геологиялық құрылымы Геологиялық құрылымы жөнінен эпигерциндік Тұран тақтасына жатады. Қатпарлы іргетастың бетін жапқан мезо-кайнозой шөгінді жыныстары қабатының қалыңдағы ондаған м-ден оңтүстік-шығыста 200 м-ге дейін барады. ## Су жүйесі Үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзендерінің және Торғай қолатының шағын өзендері өтеді. Ірілері: Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б. Гидролық торы сирек, көбінесе жазда үзіліп қалатын өзендер басым. Бастылары: Торғай, Ырғыз, Өлкейек, Ұлы Жыланшық. ## Климаты Климаты тым континенттік, құрғақ. Қысы аязды, жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм, қаңтардың орташа температурасы –16 – 18оС, шілденікі 21 – 24оС. ## Топырағы мен өсімдігі Солтүстік бөлігі қара және қышқыл қызғылт қоңыр топырақты. Мұнда селеулі-бетегелі құрғақ дала қалыптасқан. Құмды алқаптарда реликті шоқ қарағай ормандары өседі (Аманқарағай, Наурызымқарағай). Орта және оңтүстік бөліктерін бозғылт қызғылт қоңыр топырақты, бетегелі-жусанды шөлейтті дала алып жатыр. Қиыр оңтүстік шеті бозғылт қоңыр топырақты жусанды-сораңды шөл. Бұл бөліміне сусыма құм массивтері шоғырланған. Ірілері: Торғай өзен бойындағы Тосын құмы, Ұлы Жыланшық өзен маңындағы Аққұм және Ырғыз маңы құмы. Құмда жусан, еркекшөп, жүзгін басым өскен. Далалық алқаптың көп жері егіншілікке пайдаланылады. Шөлейт және шөл аймақтары – мал жайылымы. Өзен аңғарының жайылма шалғындарынан қысқы мал азығы дайындалады. Жер қойнауынан боксит пен қоңыр көмірдің аса бай кен орындары ашылған. Торғай үстіртінің солтүстігінде Наурызым қорығы орналасқан. ## Тағы қараңыз * Торғай қолаты * Торғай қақпасы ## Дереккөздер
Төле би (1992 жылға дейін — Новотроицкое) — Жамбыл облысы, Шу ауданының және өзімен аттас ауылдық округінің орталығы. Тұрғыны 20,2 мың адам (2010). Ауылда 5 мектеп, 6 балабақша бар. Шу өзенінің сол жағасында орналасқан. Атау қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Төле бидің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен берілген. Жанұя саны 3962. ## Экономикасы Ауылда мал шаруашылығы, оның ішінде қой, ірі-қара өсіру қолға алынған. Егістік алқаптары бар. Қарбыз, қауын, қызанақ, қияр өсіріледі. ## Ғимараттар ### Аудандық музей Аудандық музей ғимараты өткен ғасырдың 1914 жылы шіркеу ретінде бой көтерген. Кейін белгісіз себептермен кинотеатр, кафе сияқты ойын-сауық отауы да болыпты. 1998 жылдан бері Мұражай үйі. ### Төле би мешіті Мешіт аудан тұрғындарының жәрдемімен салынған. Мешіт «Төле би» деп аталады. Мешіт құрылысы 1998 жылы толықтай аяқталды. Көлемі 500 кісіге шағымдалған. Мешіттің медресесі бар. ## Ескерткіштер ### Төле би Әлібекұлы ескерткіші Төле би ескерткіші 1993 жылы Шу ауданының Төле би ауылында орнатылды. Төле би Әлібекұлы (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты би, мемлекет қайраткері. Ол Қазыбек және Әйтеке билермен бірлесе отырып, Ұлы Даланың қатал заңын бір жүйеге келтіріп, оны жаңа жағдайдағы тіршілікке сәйкес бай мазмұн мен түр беріп қайта түзді. «Жеті жарғы» атанған түзілген құжатта ертеден келе жатқан дала демократиясы ескеріліп, жаңаша көзқараста жер мен жесір дауы, құн мәселесі, т.б. әділ шешімін тапты. ### Балуан Шолақ ескерткіші 2011 жылы Шу ауданының құрылғанына 80 жыл толуына және Шу қаласының 50 жылдығы мерейтойы қарсаңында қазақтың біртуар ұлы атақты балуан, әнші, композитор, қазақтың атақты ақыны, Қазақстанда цирк өнерінің негізін салушы ақын Балуан Шолақтың (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) (1864-1919 жж.) құрметіне ескерткіш тұрғызылды. 20 метрлік биік ескерткіш 2011 жылы Төле би ауылында салтанатты түрде ашылды. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 17860 адам болса, 2009 жылы 19000 адамды құрады. ## Дереккөздер
Төлеген мұнай кен орны — Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуінде, Доссор кентінен оңтүстікке қарай 25 км қа-шықтықта орналасқан. 1936 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Тектоникалық құрылым тұрғысынан кен орны солтүстік-батыс бағытта созылып жатқан сопақша тұзкүмбезді құрылымдармен байланысты қалыптасқан. Тұз бетіндегі шөгінділер жіңішке грабен арқылы оңтүстік-батыс және солтүтік-шығыс қанаттарға бөлінген. Кен жинаушылары кеуекті тау жыныстарынан түзілген. Кен орнының қалыңдығы 8,9 м мұнаймен қаныққан өнімді қабаттары төменгі апт және баррем тау жыныстарымен байланысқан. Мұнайлы горизонттар ұсақ, орта түйірлі құмдарда шоғырланған. ## Құрамы, тығыздығы Мұнайының шайыры көп (37,5%), күкірті аз (0,28%), мұнайға қанығу коэффициенті 0,68, тығыздығы 0,919-0,926 г/см3, парафинсіз, бензинсіз, тұтқырлығы 50°С-та 12,2-15,6 сантистокс. Суының құрамы хлорлы-кальцийлі, сульфатсыз келеді. Төлеген мұнай кен орнын Ембімұнай ЖШС кәсіпорны 2004 жылдан бастап игеруде.
Төлепбаев Байдабек Ахметұлы (10 Қазан 1921 жылы туған, Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылы) – тарих ғылымының докторы (1967), профессор (1968), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1975), КСРО Ғылым академиясының мүшесі (1981). Қазақстан Халық ағарту ісінің үздігі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1982). ## Қысқаша өмірбаяны: * 1949 жылы Ташкент мемлекеттік педогогикалық институтын бітірген. 1939–1945 жылдары Мектепте, Ташкент қаласындағы кәсіптік училищеде ұстаз, директордың орынбасары болды. 1947–1949 жылдары Өзбекстан КП ОК жанындағы партия мектебінде оқыды. 1949–1960 жылдары Өзбекстан КП ОК-де насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі. 1960–1973 жылдары КОКП ОК-нің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1973–1976 жылдары Қазақстан КП Алматы облысы партия комитетінің хатшысы. 1976–1983 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті. 1983–1984 жылдары Тарих, археология және этнология институтының директоры. 1985–1991 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры қызметтерін атқарды. 1992 жылдан Тарих, археология және этнология институтының бас ғылыми қызметкері болды. ## Еңбектері мен Жетістіктері: «Орта Азия республикаларында партиялық аграрлық саясатының жүзеге асуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 9 монографияның авторы. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы, «Парасат» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Мұқан Төлебаев (13 наурыз 1913(19130313), Қарашыған шатқалы, Сарқан ауданы, Жетісу облысы — 02 сәуір 1960, Алматы) — қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), бұрынғы ҚР әнұраны авторларының бірі. ## Өмірбаяны * Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген. * Төлебаев орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. * Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1-слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі. * Мәскеу консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936). * 1941-1945 жж. Е. Брусиловскийден сабақ алған. Ол Е.Брусиловскиймен бірлесіп «Аманкелді» операсын жазған. * Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады (1942-1944). * Мәскеу консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951). * Мұқан Төлебаев соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып 47 жасында дүниеден озған. ## Шығармашылығы Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық – эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады. М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокалды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады. Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады. М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі. ## Қызықты фактілер * Қазақстан Республикасы алғашқы әнұраны авторларының бірі. * Мұқан Төлебаев - жаңашыл композитор. Ол бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған. * М.Төлебаев, А.Жұбанов, Е.Брусиловский, В.Великанов, Л.Хамиди, С.Шабельский, Б.Ерзакович - жетеуі 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағын құрған. * «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі бар құнарлы туынды. * Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастайды, бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады. ## Атақтары * КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942); * Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948); *Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960). ## Дереккөздер
Төретам — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы темір жол бекеті, кент, Төретам кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жосалы кентінен батысқа қарай 80 км жерде, Сырдария өзенінің бойында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 5976 адам (3073 ер адам және 2903 әйел адам) болса, 2009 жылы 9548 адамды (4929 ер адам және 4619 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1905 жылы темір жол станциясы ретінде қаланған. Төретамнан Байқоңыр ғарыш алаңына арнайы темір жол тартылған. ## Дереккөздер