text
stringlengths
3
252k
Семей Темір Жолы — “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы АҚ-ның бөлімшесі. Түрксіб (Түркістан-Сібір) темір жолының құрамдас бөлігі ретінде оның құрылысы 1927 ж. көктемде солтүстікте Семейден және оңтүстікте Луговая стансасынан басталып, 1930 ж. 28-сәуірде Айнабұлақ стансасында түйісуімен аяқталды. Түрксібпен бірге Семейде Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір салынды. Семей Темір Жолы телімі 1934-жылға дейін Алтай жолының, 1958-жылға дейін Томск темір жол 5-бөлімшесінің құрамында болды. 1958-жылдан бері Қазақ темір жолының бөлімшесі. Оған бұрынғы ядролық полигонға тартылған Жаңа Семей — Конечная жолы қарайды. Қазіргі кезде бөлімше атқаратын жұмысына қарай үш салалық мекемеге: Семей тасымал бөлімшесіне, Семей магистралдық темір жол жүйесіне және Семей стансасына бөлінген. Тасымал бөлімшесі жылына 1,5 миллионнан астам жолаушы, 332,3 миллион жүк тасиды. Үш мекемеде барлығы 1768 адам еңбек етеді.
Серікқали Зейнолла (10.2.1938, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Нұржау ауылы – 20.3.2004, Алматы қаласы) – жазушы, әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты(1968), профессор (2000). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) және ҚазПИ-дің (1968, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген. 1959–1998 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен»), «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында,«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, Әдебиет және өнер институтында жауапты қызметтерде болды. «Қазақстан» баспасында (1975–1987). Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекетте (1987–1997), 2001 жылдан өмірінің соңына дейін «Раритет» баспасында бас редактор қызметін атқарған. Негізгі ғылылыми еңбектері философиялық ой түйіндеулерімен ерекшеленіп, сын кітаптарында қазақ мәдениеті, сөз өнері мәселелері көркемдік дүниетаным мен эстетикалық талаптар тұрғысынан талданды. Халықаралық «Алаш» (1994), ҚР Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты (2002). «Алтын жамбы» сын мақалалар жинағы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2002). ## Дереккөздер
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. ## Семей полигонының инфрақұрылымы Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді. ## Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Игорь Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. ## Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. ## Суарылған ядролық темірмен Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті. ## Невада - Семей 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. ## Сыртқы сілтемелер * Semipalatinsk test site's website * Semipalatinsk test site's panoramic photos Мұрағатталған 25 наурыздың 2009 жылы. * The Nuclear Threat Initiative's page on the STS Мұрағатталған 30 тамыздың 2009 жылы. * Environmental study of the site's atomic legacy Мұрағатталған 29 наурыздың 2005 жылы. (PDF file) * detailed seismic data for world nuclear tests Мұрағатталған 29 наурыздың 2005 жылы. - shows all explosions at STS from 1966 (PDF file) * nuclearweaponarchive.org/ on the Soviet nuclear program * Details of nuclear explosions at STS, including detailed map of fallout trails Мұрағатталған 26 ақпанның 2005 жылы. * City of Kurchatov (from the site of the East Kazakhstan provincial government) (in Kazakh) * Video and Picture Galleries of Semipalatinsk Test Site. Мұрағатталған 25 наурыздың 2009 жылы. ## Тағы қараңыз * Сары-Өзен ядролық полигоны
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл - 16 қараша 2013, Алматы) — әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСР халық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986). ## Өмірбаяны Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан. Әкесі - Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев (1896-1976), педагог, жазушы, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, білім беру саласында еңбек етті. Анасы - Зылиха Сабырқызы (1906—1997), бастауыш кластар мұғалімі болды.Ермек Серкебаев үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте оқиды. 1941—1943 ж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқып, отбасының материалдық жағдайына байланысты үш жылдан кейін, оны тастап, Қазақстан радиосына дикторлыққа келеді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет атқарды. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1947 жылы Қазақ опера және балет театрына солист болып кіреді. * 1951 жылы Алматы консерваториясын профессор А.М.Кургановтың сыныбында тәмамдап, опера және балет театрына оралады. Студент кезінде Абай атындағы опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Консерваторияны бітірер жылы Абай рөлін орындайды. * 1973 жылы Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған. * 1982 жылы профессор атанады. * 50 астам шетел мемлекеттерінде (Румыния, Пәкістан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия, т.б.) өнер көрсетті. * 7-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. * 8-11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. ## Репертуары Орыс және шетелдік, сонымен қатар советтік классикалық опералардың негізгі партиялары: * Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»); * Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу"); * Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай"); * Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама"); * Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой"); * Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник"); * Валентин ("Фауст"); * қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары. ## Кинодағы рөлдері * 1957 - режиссер Ш.Айманов: "Біздің сүйікті дәрігер" - Тәкен * 1959 - КСРО, Орталық телевидение: музыкалық фильм "В этот праздничный вечер" * 1961 - режиссер Ш.Айманов: "Ән шақырады" - Досай Нұрланов * 1968 - режиссер Ш.Айманов: "Тақиялы періште" - Шыңғыс * 1976 - "Медеудегі кездесу" ## Марапаттары * Вокалистер конкурсының (Будапешт) лауреаты (1953) * ҚазКСР халық әртісі (1956) * КСРО халық әртісі (1959) * ҚазКСР К.Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972) * КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1977) * Октябрь Революциясы ордені (1984) * 2 мәрте Ленин ордені * Еңбек Қызыл Ту ордені * Социалистік Еңбек Ері (1986) * Петропавл қаласының Құрметті азаматы (1990) * "Музыка" номинациясы бойынша "Тарлан" сыйлығының лауреаты (2000) * "Жыл адамы" фестивалінің жеңімпазы (2011) ## Дереккөздер * Серкебаев Ермек Баймуханбетович// Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Евгений Матвеевич Сидоркин (7 мамыр 1930 Киров облысы - 30 қыркүйек, 1982, Алматы) — суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. ## Өмірбаяны * 1957 жылы Репин атындағы архитектура, мүсін және кескіндеме институтын аяқтағаннан * Қазақстанға келеді. Жұбайы - Гүлфайрус Ысмайылова ## Негізгі еңбектері: * "Ақсақал" (1959) линогравюрасы, қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография сериялары * "Көңілді алдағыштар" (1959) * М. Әуезовтің "Абай жолы" (1960) романына иллюстрациялы сериялар * "Қазақ эпосы" (1962) * "Қазақтың ұлттық ойындары" (1964) * "Сәкен Сейфуллинді оқи отырып" (1965) әдебиетіне сериялар және т.б. * Республикалық “Өнер” баспасынан көзі тірі кезінде шыққан «Менің Қазақстаным» атты альбомы сурет шеберінің соңғы альбомы болып табылады.. * * * ## Марапаттары * Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. * Қылқылам шеберінің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт сынды қалалардың халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған. * Қазақстандық гарфика өнері жоғары наградаларға ие болған (олардың ішінде Лейпциг және Краковтағы алтын медальдар), беделді көрмелерге қатысуы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін таныту факторы ғана емес, Қазақстанды әлемге танытуға бірден бір септігін тигізді. ## Дереккөздер
Митрофан Семенович Сильченко (20.4.1898 жыл, Ресей, Воронеж қаласы – 9.12.1970, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958). ## Өмірбаяны * Воронеж діни семинариясын (1917) * сондағы мемлекеттік университетті (1924) бітірген. * Осы университетте оқытушы (1924–1931) * ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор (1931–1970) * 1962 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде академик-хатшы, Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, академия төралқасының ғалым-хатшысы қызметтерін атқарған. ## Шығармашылығы * «Творческая биография Абая» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. * Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ-орыс әдеби байланыстары мен қазақ фольклоры мәселелеріне * Абай * Жамбыл * Мұхтар Әуезов шығармаларына арналған. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Ту * «Құрмет Белгісі» (1945) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Сиыр жылы — тышқан жылынан кейін, барыс жылынан бұрын келетін мүшел есебінің екінші жылы. Орталық Азия халықтарының (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір қайталанып отырады. Григорий күнтізбесі бойынша Сиыр жылы 1997 жылдың 22 наурызынан 1998 жылдың 21 наурызы аралығына сәйкес келді және ол 2009 — 2010, т.б. жылдары қайталанады. ## Пайдаланылған cілтемелер
Шәміл Керімұлы Серіков (5 наурыз 1956 жыл, Алматы қаласы — 22 қараша 1989 жыл, Алматы қаласы) —палуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979). ## Биографиясы 6 жасар жас баланың бойындағы талантты байқаған тәжірибелі бапкер Аянбек Алдабергенов Шамиль Серіковті өз секциясына жаттығуға шақырады. Осы бапкердің қол астында жаттыққан алты жыл ішінде Шамиль төрт рет Қазақстан чемпионы болды, Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасын жеңді. 1972 жылы Алдабергенов Алматыдан көшіп кетуіне байланысты Шамильді өзінің әріптесі Александр Жарковқа тапсырады. Өзінің үлкендер арасындаеы алғашқы чемпионатында сәтсіз өнер көрсетеді. Дегенмен келесі жылы өткен Иван Поддубный Мемориалында әлем және олимпиада чемпионы Виталий Константиновты жеңеді.Көпшілік мұны кездейсоқ жағдай деп бағалаған болатын. Алайда Шамиль келесі жылы КСРО чемпионатында жеңімпаз болады. Шамилтден жеңілген палуандардың ішінде Константинов та болады. Бұл жол жеңіс айқын басымдықпен өткен болатын. Әлем чемпионатына Шамиль Серіков аттанады. Шәміл Серіков әлем чемпионатында бұрынғы әлем чемпионы поляк Юзеф Липенмен кездеседі. Одан кейін италияндық Антонио Кальтабианоны ұтады. Финалда ФРГ палуаны Паскуале Пасареллиді 29:9 есебімен жеңеді. Финалдық сайыста мұндай басымдықпен жеңіске жеткен палуандар болған жоқ. Келесі жылы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен әлем чемпионатын да жеңеді. Алайда КСРО біріншілігінде тек 7 орынға ғана тоқтайды. Мәскеу Олипиадасында алты кездесу өткізеді. Алтауын да анық жеңіспен ұтып шығады. Алайда олипиада жеңісінен кейін жас дарын өзінің бұрынғы біліктілігінен айырылып қалады. Күрестен шаршайды. Кейіндері КСРО ұлттық құрамасына өте алмағандықтан тұңғыш рет Қазақстан біріншілігіне қатысып, 1982 жылы Қазақстан чемпионы атанады. 1989 22 қарашады өз-өзіне қол жұмсап, дүниеден озды . Қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген (1979). Жаттықтырушылары — А.Алдабергенов, Ж.Жарков. КСРО чемпионы (1978, Украина, Запорожье), Еуропа (1979, Бухарест) және әлем (1978, Мексика, Мехико, 1979, АҚШ, Сан-Диего) чемпионы. 22-Олимпия ойындарының алтын жүлдегері (1980, Ресей, Мәскеу) болды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. Ол туралы «Советский спорт» газеті: «Шәміл Серіковтың әдіс-тәсілдерін оқу-жаттығу құралы етіп ұсынуға болады» деп жазған. Шәмілдің бапкері Аянбек Алдабергенов кейін басқа шәкірттеріне чемпионның күрестерінің бейне таспасын үлгі ретінде көрсететін болған. * 1970 жылы күреспен айналыса бастаған. * 1975 жылы КСРО спорт шебері дәрежесін алған. * 1978 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. * 1979 жылы еңбегі сіңген спорт шебері атағын алған. * 1978, 1980-82 жылдары КСРО чемпионатына қатысқан. * 1978 жылы КСРО чемпионы атанды. * 1979, 1980 жылдары халықаралық турнирлер жеңімпазы атанды. * 1979 жылы Еуропа чемпионы атанды. * 1978, 1979 жылдары әлем чемпионы атанды. (Мексика, АҚШ) * 1980 жылы Олимпиада чемпионы атанды. (Мәскеу) * 1980 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1989 жылы 22-қарашада дүниеден озды. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер
Соғды Жазуы, соғда жазуы – солт. семит, арамей жазуының бір түрі. Бірнеше нұсқада кездесетін С. ж-ның өте көне және өте жаңа аталатын екі түрі бар. Олар моңғол, маньчжур жазуларына негіз болған. Ұйғыр әліпбиі осы С. ж-нан өрбіген.
Смирново — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, аудан және Смирнов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы — Петропавл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7556 адам (3649 ер адам және 3907 әйел адам) болса, 2009 жылы 5796 адамды (2749 ер адам және 3047 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1921 жылы Петропавловск — Көкшетау темір жолын салуға байланысты қаланған. Смирновода «Смирнов элеваторы» АҚ, темір жолы және автовокзал, тұрмыс қажетін өтейтін цех, асфальт, нан зауыттары, диірмен, аудандық байланыс бөлімшесі, аурухана, 3 орта мектеп, Мәдениет үйі, кітапхана, қарттар мен мүгедектер үйі, тарихи музей және басқа мекемелер бар. Смирново — ірі автомобиль жолдарының торабы. ## Дереккөздер
Скифтер (көне грекше: Σκύθης, Σκύθαι), Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. V ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті. Геродоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанған. Сонымен қатар олар Азов түбегі маңында “патшалық” скифтер болғанын, олардың көшпелі тұрмыс кешетіндігін, доңғалақты киіз үйлерде тұратындығын мәлімдейді. Ежелгі грек авторларының жазбаларына қарағанда, скифтер арасында құл иеленушілік орын алған. Құлдар негізінен көршілес елдерге жасалған жорықтар кезінде қолға түскен тұтқындардан тұрған. Скифтердің тайпалық бірлестігін құруда Атей патшаның белсенділік танытқаны жайлы деректік мәліметтер сақталған. Оның билігі тұсында скифтер Доннан Төменгі Дунайға дейінгі аралықты мекендеді. Б.з.б. III ғасырдың соңында скифтер патшалығының астанасы Неапол (Симферопол маңы) қаласы болған. Төменгі Днепрдегі Көлин қалашығы оның екінші орталығы болған. Скифтер киммериялықтармен соғысып, Кіші Азияға жорықтар жасап жүрген. Сирияны, Палестинаны жаулап алып, Алдыңғы Азияға үстемдік жүргізген. Фракия тайпаларына, Ескендір Зұлқарнайынға қарсы соғысқан. Скифтер өнерінің ежелгі мұралары Қаратеңіздің солтүстік жағалауында мол шоғырланған. Бұл мәдени ескерткіштер негізінен қорымдарда сақталған. Қазба жұмысы кезінде табылған сәндік бұйымдар: қорамсақтың қабы мен қын, қылыш сабы, жүген мен үзбелері, қаптырмалары мен ер-тұрманы, сауыттар мен әйелдердің сәндік бұйымдары (айнаның сабы, білезік, шолпы, т.б.) алтын мен күмістен жасалған қайуанаттар мүсіндерімен (бұғы, бұлан, арқар, жыртқыш, құстар, фантастикалық жануарлар, т.б.) нақышталған. Бұл сәндік бұйымдардағы бедерлеп немесе құйма әдіспен жасалған өрнек сюжеті көбінесе жыртқыш немесе самұрық құстардың аң алу әрекетін бейнелейді. Әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде Днепр жағалауында скиф ақсүйектерінің алып қорғандары пайда болды. Олардың биіктігі 20 м-ден асқан. Бұларға патшалар мен жасақшылар жерленген. Ақсүйектер қабіріне олардың әйелдері немесе күтуші қызметкерлері мен аттары бірге жерленген. Жауынгерлер жанына қару жарақтары қойылған. Ауқатты адамдардың зираттарынан мыс, алтын, күміс ыдыстар, шарап құйылған грек көзелері, әр түрлі заттар жиі табылған. Б.з. I ғасырының II-жартысында Парзой мен Инисмей патшалардың тұсында скифтер күшейіп, Боспор патшалығына қарсы бірнеше рет соғыс ашқан. Қырымдағы скифтер III ғасырдың II-жартысына дейін өмір сүрген. III ғасырда скифтер өз билігінен біржолата айырылған. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде олар басқа тайпаларға сіңісіп, жеке этникалық ерекшеліктерінен аыйрылған. Дегенмен олар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың экономика, соғыс ісі саласындағы табыстары кейін Ресейдің оңтүстігін мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне елеулі ықпалын тигізді. ## Дереккөздер Смирнов А.П., Скифы, М., 1966; Иллюстрированная история Казахстана, т. 1, А., 2004.Гасанов Заур, "Царские скифы: этноязыковая идентификация "царских скифов" и древних огузов", https://ebooks.az/book_SvXq7m84.html?lang=ru, 2002 Смирнов А.П., Скифы, М., 1966; Иллюстрированная история Казахстана, т. 1, А., 2004.Гасанов Заур, "Царские скифы: этноязыковая идентификация "царских скифов" и древних огузов", https://ebooks.az/book_SvXq7m84.html?lang=ru, 2002
Скибин Федор(т.-ө.ж.б.) – Тәуке ханға жіберілген Ресей елшісі. М. Трошин екеуі 1694 ж. қазақ ордасына келіп, 2 жыл тұрған. Осы сапары жөнінде С. кейіннен жолжазба қалдырған.
Соколов темір кен орны - Қостанай облысы Қостанай ауданы Рудный қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан. Аэромагнитті түсірулер кезінде ашылған (1949, В.П. Носиков). 1949-1955 жылдары барланып, 1951 және 1964 жылдары қорының шамасы есептелініп, бекітілген. ## Геологиялық құрылымы Кен орны Сергеев брахисинклині немесе Соколов-Сарыбай антиклинінің шығыс қанатында визе-серпухов жанартаутекті шөгінді тау жыныстары мен төменгі-жоғары карбон интрузиясы жапсарында орналасқан. Бұлардың бетінде қалыңдығы 35-120 м-дей мезозой-кайнозойдың құмды-сазды шөгінділері жатыр. ## Жатыс сипаты Кен денелерінің қалыңдығы 1000 м Соколов свитасының скарнделген әктасты, туфты, туффитті, андезитті, базальтты порфириттері арасында қалыптасып, меридиандық белдеуге жақын бағытта 2,5 км-ге созылған. Құлау бағыты бойымен кендер 350-1300 м тереңдікте орналасқан. Кен ашық әдіспен өндіріледі. Кен денелерінің бітімі шомбал, сеппелі, желілі, сиректеу жолақты. ## Минералдары, құрамы Басты минералдары магнетит, пирит, мартит, гематит; пайдалы қоспалары никель, марганец, кобальт, т.б. Бай магнетит кентастарында 55,6%, ал кедей кентастарда 31,2% темір бар. Жалпы қоры 1295 млн. т,темірдің орташа мөлшері 40,2%. Соколов темір кенінің кентасы Қарағанды металлургия комбинатының (Испат Кармет) шикізаты. ## Тағы қараңыз * Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ENRC тобы) ## Дереккөздер
Созақ — Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл, Созақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы ### Ежелгі Созақ 1946 жылдың Ә.Х.Марғұлан мен 1947-48 жылдың А.Н.Бернштама бастаған археологиялық қазбалары нәтижесінде, Созақ VI—XIX ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды. 1465-1727 жылдар аралығында Қазақ хандығының елордаларының бірі болған. 1723-1727 жоңғар шапқыншылығында зардап шеккен қалалар қатарына жатады. Тұрғындар қазақтың көне астанасын XIX ғасырдың басында тастап кетті. 1928-34 жылдар аралығында аудан орталығы болды. 1959 жылы құрылған “Қаракөл” ғылыми-өндірістік бірлестігінің, Созақ кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Созақтың орнында орта ғасырларда Созақ (Хузак) көне қамал-қаласы болған. “Хан Мазары” деген қасиетті жерде Әбілқайыр, Жәнібек хандардың сүйектері жатыр. ## Дереккөздер
Солдатенко Вениамин Васильевич (4 қаңтар 1939 — 15 шілде 2023) — кеңестік жеңіл атлетші, спорттық жаяу жарыстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1971). Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 50 км қашықтыққа спорттық жаяу жарыстан жеті дүркін КСРО чемпионы (1967, 1969–72, 1975–76) және қола жүлдегері (1973–74). Еуропа чемпионы (1971, Финляндия, Хельсинки), қола (1969, Афины, Грекия), күміс (1978, Прага, Чехия) жүлдегері. Әлем чемпионы (1976, Швеция, Мальме). 20-Олимпия ойындарының күміс жүлдегері (1972, Германия, Мюнхен). «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Солтүстік қазақ мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1976 ж. жаңакавказ және мазаев биязы жүнді қой тұқымдары саулықтарының қазақтың құйрықты қойларымен будандарын америка рамбульесі, алтай, аскания, кавказ қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Қойдың жүн өнімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында австралия мериностарымен будандастыру жұмыстары жүргізілді. Қойлардың дене бітімі берік, ірі, солтүстік-шығыс Қазақстанның табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Қошқарлары 100 – 110 кг, саулықтары 60 – 65 кг салмақ тартады. Қошқарларынан 12 – 15 кг, саулығынан 5,5 – 6,5 кг биязы жүн қырқылады, орта есеппен ұзындығы 9,0 – 11,0 см, жіңішкелігі 60 – 64 сапаға (20,6 – 25,0 мкм) тең. Жүнінің біркелкілігі, иректілігі, шайыр сапасы мен мөлшері меринос жүнге қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Саулықтарының төлшеңдігі 120 – 140%. Асыл тұқымды . Павлодар облысының “Бесқарағай”, Қостанай облысының “Сұлукөл” шаруалықтарында өсіріледі. Қой тұқымын жетілдіру жұмыстарымен Қазақ қой шаруашылығы. ғылыми-зерттеу институтының биязы жүнді қойларды өсіру және асылдандыру бөлімінің ғалымдары айналысады. ## Дереккөздер
Солнечный — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты кент, Солнечный кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі Екібастұз ГРЭС-ін салуға байланысты қаланған. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 8881 адам (4175 ер адам және 4706 әйел адам) болса, 2009 жылы 4892 адамды (2362 ер адам және 2530 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы. Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан. * Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949). * Нарынқол ауданында мұғалім болды. * "Жұлдыз" журналында жұмыс істеген. * "Балдырған" журналында қызмет атқарған. * Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). ## Биографиясы Бердібек өскен отбасы өте кедей еді. Ол Албан тайпасының Құрман руының Беснайыз тармағынан шыққан. Бердібек 8 жасында анасынан айырылды, бұл оның өмір бойы айнымас азабы болып қалды. Баланың бойына білімге деген сүйіспеншілікті кейін соғыста қаза тапқан ағасы Сатылған сіңірткен. Бала аштық пен ауыр жұмысты және т.б қиыншылықтарды басынан өткерген. Дегенмен, ол өте ізденімпаз, қабілетті бала болып өсті және өмір бойы өзінің оптимизмі мен көңілділігін сақтап қала алды. Мектептен және ФЗО-дан кейін ол әскерде қызмет етті. Одан кейін Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқып (1945-1948), кейін туған ауылында екі жыл ұстаз болып жұмыс атқарды. 1950 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Пионер» және «Қазақстан пионерлері» қазақ газеттерінің редакцияларында қызмет етті. Кейіннен Соқпақбаев Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты (1955-57) бітірген. Бердібек Соқпақбаев жазушылық жолын «Бұлақ» (Көктем) жыр жинағынан бастады. 1950 жылы жарық көріп, бірден өз оқырмандарын тапты. Жазушының келесі кітабы – «Он алты жасар чемпион» повесі. ## Шығармалары * "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы * "Он алты жасар чемпион" (1951) * "Бақыт жолы" (1952) * "Алыстағы ауылда" (1953) * "Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повестьі бойынша жазылған киносценарий де фильмге түсірілді (1965). * "Дала жұлдызы" (1960) * "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965) * "Гауһар" (1966) повестерін жазды. * "Менің атым Қожа повестьі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. * "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958) * "Әпенденің айласы" (1960) * "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. * "Өзім туралы. Жекпе-жек": повесть - А.: Қазақ. мемлекет. Көркем әдебиет баспасы, 1957.- 166 б. * "Өлгендер қайтып келмейд"і: Роман және әңгімелер.- А.: Жазушы, 1979.- 464 б. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969). ## Естеліктер * Туған ауылы Қостөбе мен Алматыдағы көшелер, Нарынқолдағы орта мектеп оның есімімен аталады. * Нарынқолда жазушының қоладан жасалған ескерткіш-бюстін Алматы суретшілер одағының төрағасы Ескен Сергебаев орнатты. ## Дереккөздер
Н. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры – Петропавл қаласындағы мәдени-сахналық ұжым. ## Тарихы * 1887 жылы Сібірге танымал болған А.И. Горбуновтың басшылығымен Петропавлда драмалық артистер жолдастығы негізінде қалыптасты. Театр бұрынғы әйелдер гимназиясы үйінің төменгі қабатында орналасып, өзінің спектакльдерін (А.Н. Островский, “Бақытты күн”, Н.В. Гоголь, “Ревизор”) қояды. Театр дирекциясының қарамағында 1897 жылы 57 адам жұмыс істеп, оның 21-і орындаушы-актерлер тобын құрады. * 1906 жылы қала тұрғындарының қаржысына тастан театр сарайы салынып, сол жылы күзде пайдалануға берілді. * 1912-15 жылдары театр труппасында белгілі актерлер М.И. Велизарий, Е.Л. Ленина, П.Н. Орленев ойнады. * 1917 жылдан кейін театр ұжымы "Халық үйі" деген атпен мәдени қызмет көрсете бастады. 30-жылдардағы театр тарихы пъесалары сахна төрінен түспеген жас драматург Николай Погодиннің есімімен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысы жылдары труппаға жаңа актерлер келіп қосылып, тынымсыз еңбекке кірісті. Майданға аттандыратын орындарда, әскери бөлімдер мен госпитальдарда, ауыл тұрғындарына барып адамдардың рухын көтеріп, сахна өнерін тамашалатты. Соғыс жылдары барлығы екі мыңнан астам концерт қойылып, отыздан астам спектакль сахнаға шығарылды. Осы уақытта қойылған орыс жазушыларының, атап айтқанда А.М. Горький, К.М. Симонов, А.Н. Островский туындылары театрдың кезеңдік спектакльдеріне айналды. Театр тың жерді игеру жылдары жемісті еңбек етті. Осы жылдары театр қойған спектакльдерге белгілі мәскеулік сахна шеберлері М.И. Царев, А.Л. Абрикосов, Г.А. Абрикосов, Е.Н. Козырева, т.б. қатысты. * 1962 жылы театрға Ленин атындағы драматург жүлдесінің иегері Николай Погодиннің есімі берілді. 1972 жылы театр жаңа заманауи ғимаратқа көшіп барды. ## Жетістіктері мен қойылымдар * 1956 жылы театр С. Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” спектаклімен театр көктемі байқауында Қазақ КСР-і Мәдениет мин-нің 1-дәрежелі дипломына ие болды. Театр репертуарынан орыс драматургиясымен (М.Ю. Лермонтов, А.Н. Арбузов, А.А. Фадеев, Н.Ф. Погодин) қатар, аударма пьесалар да (Н.В. Думбадзе, Э. Маков, Ф. Шиллер, т.б.) орын алды. Театрдың көркемдік жағын режиссер Г.И. Пушкарев (1956 – 62), Н.П. Найденов (1963 – 74), Н.А. Воложанин (1975 – 79), т.б. басқарды. Театр ұжымы бірнеше рет Бүкілодақтық театрлар байқауының дипломдары мен грамоталарына (1968, 1978, 1980, 1981) ие болды. Театр сахнасында М. Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” (1956), С. Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” (1986, 1995, реж. Е.Обаев) және Қ. Ысқақовтың “Ақнар” (Ғ. Мүсіреповтің “Ұлпаны”, 1992, реж. Б. Омаров), т.б. пьесалары қойылды. * Мәскеуде өткен "Ғасыр жасы" атты халықаралық фестивальде Ирина Пашкина ең үздік әйел бейнесі үшін жүлде алды. * 2002 жылы Петропавл қаласында Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығына арналған Х республикалық театрлер фестивалінде гран-при иеленді. Аталған фестиваль кезінде көрермен назарына "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымы ұсынылған болатын. * Астана қаласында өткен XV республикалық театрлер фестивалінде Федор Достоевскийдің "Ағаның түсі" пьесасының желісі бойынша қойылған "Мардасов түстері" атты қойылымы бас жүлдені жеңіп алды * 2008 жылы Алматы қаласында өткен II Халықаралық Орталық Азия фестивалiнде "Суд Магжана" спектаклi "За яркое воплощение на сцене исторической личности Казахстана" номинациясында лауреат атанды. * Кеңестер Одағының халық әртiсi, мемлекеттiк сыйлық ақысының иегерi, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» А.М. Мамбетовтың 80 жылдығына арналған ХХ Республикалық театр фестивалiнде — А.Н. Островскийдiң «Гроза» пьесасында (режиссер Т. Кәрiмжанов) Кабанинаның рөлiн сомдаған ҚР халық әртiсi Л.Н. Турпаян сахналық көп жылдығы үшiн сыйлықақыға ие болды. * 2013 жылы Ақтөбеде өткен Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған ХХI Республикалық Қазақстан драма театрларының фестивалiнде Мұхтар Әуезовтың пьесасы бойынша "Қарагөз" спектаклiнде Маржанның рөлi үшiн "Мәдениет саласының үздiгi" құрмет белгiсiнiң иегерi Ирина Полещук көрермендер көзайымы жүлдесiнiң иегерi атанды, оған диплом, ақшадай сыйлықақы, фестиваль мүсiншесi табысталды. Осы жылы Екатеринбург қаласында өткен VII Халықаралық заманауи драматург театрларының фестивалiнде Анна Богачеваның "Царская елка" (режиссер Елена Покрас) ертегiсi "балалар аудиториясын нақты түсiнгенi және жарқындығы" үшiн фестиваль дипломымен марапатталған. * Астана қаласының 15 жылдығына арналған Республикалық театр фесивалiнде Дж. Чэпмен, Д. Фрименнiң пьесасы бойынша "Ключ для двоих" спектаклi үшiн театр ұжымы мерейтойлық дипломмен марапатталды. * 2015 жылы маусым айында театр "Чемоданное настроение" (қоюшы-режиссер — Елена Покрас) ертегiсiмен Екатеринбург қаласында өткен IХ халықаралық "Коляда Plays" фестивалiне қатысты. * 2017 жылы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған Халықаралық көрме шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет күндерiне театр елорда тұрғындарына және қонақтарына музыкалық спектакль "Ночь перед Рождеством" ұсынды (авторы — О. Ернев Н. Гогольдiң шығармалар желiсi бойынша, қоюшы-режиссер — Е. Покрас). Осы жылы театрдың шығармашылық құрамы "Белая Вежа" Халықаралық театр фестивалiнде Беларусь сахнасында "Джут" спектаклiн көрсетіп (авторы — Олжас Жанайдаров, қоюшы режиссер — Тимур Кәрiмжанов), фестиваль қорытындысы бойынша театр қатысушының құрмет грамотасымен марапатталды. ## Театр ұжымы Қазiргi таңда (2018 ж.) театрдың көркемдiк жетекшiсi Елена Покрас. Сахнада ҚР халық әртiсi Л. Турпаян, ҚР еңбек сiңiрген әртiс Н. Косыгина, "Мәдениет қайраткерi" құрметтi белгiнiң иегерi В. Шустов, А. Наргеленас (Мәдениет саласының үздiгi), Л. Шустова (Мәдениет саласының үздiгi), Б. Васко (Мәденет саласының үздiгi), Л. Шалаева (Мәдениет саласының үздiгi), И. Полещук (Мәдениет саласының үздiгi), И. Пашкина (Мәдениет саласының үздiгi), Т. Фомиченко (Мәдениет саласының үздiгi), сондай-ақ А. Никулин, Е. Патешкин, В. Алфимов, М. Черняк, М. Залевская қызмет етуде, театрға жастар да жаңа ағыс енгiзуде. Олар И. Астанина, Е. Вахрина, Ж. Мұқанов, С. Жамина. В. Гронская және т.б. Қойылым бөлiмiнiң меңгерушiсi М. Покрас (Мәдениет саласының үздiгi), костюмер цехiнiң меңгерушiсi Л. Андрюшкина, костюмдер бойынша суретшi С. Таныгина (Мәдениет саласының үздiгi), бас администратор Е. Медведева, жарық бойынша суретшi А. Игнатьев, монтаждау бөлiмiнiң аға инженерi И. Кореневский, тiгiн цехiнiң меңгерушiсi М. Киященко. ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер
Сорос-Қазақстан қоры – қоғамдық қайырымдылық қоры. ## Жалпы шолу Қор негізінің қалануы 1993 жылдан бастау алады. Сол жылдары басты офисі Нью-Йоркте орналасқан Ашық қоғам институты тарапынан Қазақстанның 183 ғалымына өз зерттеулерін жүргізу үшін қаржылай көмек көрсетілді. 1994 жылы “Сапар гранттары”, “Кітапханаларды қолдау”, “Мәдениет және өнер”, т.б. негізгі бағдарламалардың іргесі қаланды, гуманит. білім беру сапасын арттыру, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жобалары іске асырылды, қордың қолдауымен Қазақстан суретшілерінің каталогы басылып шықты. 1995 жылы 28 шілдеде ҚР Әділет министірлінде тіркелді. Сорос-Қақақстан қорының ең жоғары органы құрылтайшылар кеңесі болып табылады. Қордың жалпы қызметін бақылау және жұмыс бағытын, ішкі тәртіпті белгілеу міндеті бақылау кеңесіне жүктелген. Ал атқарушы директор қордың күнделікті нақты қызметіне және бақылау кеңесі қызметінің қамтамасыз етілуіне жауапты. Гранттар алу, жобаларды жүзеге асыру туралы өтініштерді қарау, бағалау және бекітумен сарапшылық корыттер айналысады. Сарапшылық корыттерді бақылау кеңесі құрады және олар кеңесші орган болып табылады. Сорос-Қақақстан қорының құрамында шетелде оқуға қатысты кеңесшілік орталық, демократиялық білім, ұлттық дебаттық, қазіргі заманғы өнер орталықтары жұмыс істейді. Қордың мақсаты – Қазақстанда демократиялық ашық қоғамның дамуына жәрдемдесу болып табылады. Осы мақсатта Сорос-Қақақстан қоры білім беру, БАҚ, адам құқықтары, әйелдер бағдарламалары, қоғамдық салауаттылықты сақтау, әлеуметтік, құқықтық және экономиялық реформалар бағытында бастамалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады. ### Білім беру Сорос-Қазақстан қоры республиканың мемлекеттік білім беру жүйесін реформалауға қатысады. Қор Қазақстан үкіметіне 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге әсер етті. 1995-2013 жылдар аралығында жүзеге асырылған шәкіртақы бағдарламасы аясында Сорос қоры 2000-ға жуық қазақстандық студенттерді Америка және Еуропа университеттерінде оқытуды қаржыландырды. Сорос қоры Қазақстандағы мектептердің 70%-ын инклюзивті мектепке айналдыру үдерісіне ықпал етуде. ### Адам құқығы Бағдарлама аясында қор Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті қолдайды және нығайтады. Қор жыл сайын Қазақстандағы құқық қорғаушылар мен белсенділердің жаңа буынын даярлауды қадағалайды және қаржыландырады. ## Дереккөздер
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (СҚУ) — Солтүстік Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. ## Тарихы 1937 жылы аймақтағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің алғышарты болып табылған Қазақ КСР кеңестік халық комиссариятының 1937 жылдың 19 наурызындағы жарлығы негізінде Петропавл мұғалімдер институты ашылды. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариятының 1937 жылдың 25 шілдесіндегі № 835 бұйрығына сәйкес, 1937 жылдың 1 қыркүйегінде төмендегідей екі факультетте оқу басталды: жаратылыстану-жағрапия және тарих. 1939 жылы Петропавл мұғалімдер институтына мемлекеттік мәртебе берілді. 1945 жылы Петропавл мемлекеттік институтына ХІХ ғасырдың ұлы ұстазы К.Д. Ушинскийдің аты берілді. 1955 жылы Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институты Петропавл педагогикалық институты болып қайта құрылды. 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалы ашылды. Петропавл филиалында төмендегідей екі факультет құрылды: машина жасау және жалпы техникалық. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалы негізінде Жоғары Техникалық колледж ашылды. 1994 жылы Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университеті ашылды. 1996 жылы Солтүстік Қазақстан университеті мен Жоғары Техникалық колледж Солтүстік Қазақстан университеті ретінде біртұтас жоғары оқу орны болып қосылды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 31 қаңтардағы № 163 жарлығымен Солтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 30 мамырындағы № 497 жарлығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2020 жылдың 25 мамырдағы №315 бұйрығы негізінде). ## Факультеттер Білім беру 8 факультетте жүргізіледі: * Медицина факультеті * Агротехнологиялық факультет * Тіл және әдебиет институты * Педагогикалық факультет * Инженерлік және сандық технологиялар факультеті * Тарих, экономика және құқық факультеті * Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті * "Foundation" факультеті ## Тарихи мұражай 2006 жылы университетке Петропавл қаласының Абай көшесі 16 мекенжайында орналасқан тарих және сәулет ескерткіш-ғимараты берілді. 2010 жылдан бастап бұл нысанда жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта университет мұражайының жөндеуден өткен залдарында экспозициялық құрал-жабдықтар орнатылған. СҚМУ мұражайының ашылуы 2011 жылдың наурызында ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеудің кешенді іс-шараларына сәйкес орайластырылды. Бірінші қабатта демонстрациялық зал, М. Қозыбаев залы, археология және этнология залы. Екінші қабатта мұғалімдер институты, педагогикалық және политехникалық институттар, Солтүстік Қазақстан университеті, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ залдары және қор сақтау, материалдарды жинақтау мен қызметкерлер кабинеті орналасқан. ## Дереккөздер
Сопылық әдебиет, Тасаууф әдебиеті - ішкі рухани тереңдікке және Жаратқанға құштарлыққа бастайтын сөз өнері ретінде 8 ғасырда мұсылман елдерінде қалыптасқан. Сопылық әдебиет исламның қайнар көзі саналатын Құран мен хадистерден бастау алған. Иман тақырыбына терең бойлаған алғашқы сопылар жаратылыстың таңғажайып сырлары мен Құранның ішкі мәнін және адамның болмысын ұғынуға талпыныс жасады. Қасаңдыққа бой алдырмай, шынайы ықыласпен жасалған бұл талпыныс кезінде сопылар Құран мен тәпсірге, хадис пен сүннетке және шариғат қағидаларына сүйенді. сопылық әдебиет құлқынның қалауына ерік бермей, нәпсіні тежеу, харам мен күдікті нәрселерге аса сақтықпен қарап, тақуа өмір кешу, фәни дүниенің рахатын тәрк етіп, өлместен бұрын өлу, осылайша сүйікті Жарға қауышу сияқты ұғымдар арқылы өрбіді. Увайс әл-Қарани (657), Хасан Басри (728), Ебу Хашим суфи (767), Ибраһим бин Етхем (777), Суфиян Саури (778), Рабият-ул Адауийя (804), Зу-и-нун әл-Мысри (796 – 861), Баязид Бистами (874), Жүнейд Бағдати (909), Халлаж Мансұр (921) сияқты алғашқы сопылар сопылық әдебиеттің қалыптасуына ықпал етті. Зу-и-нун әл-Мысри “пенде бойындағы рухани кемелдікке бастар жолда кездесетін кедергінің бірі “меннен” бас тартып, Жаратушы Иемен бірігіп, тұтасып кетуі тиіс” десе, Баязид Бистами Алланың шексіз мейірімі туралы айтып, сүйіспеншіліктің маңыздылығын ескертті. Жүнейд Бағдати “сопылық жолда Құран мен хадис білмейтін кісіні пір тұтуға болмайды” деген тұжырымын айтты. Сопалық әдебиеттің мақсаты – Алла тағаланы әрдайым еске ала отырып, одан ғапіл қалмау, таңғажайып тылсым дүниенің көркем көріністеріне көз жіберіп, көңілге тоқу арқылы Алла тағаланың әсем аттары мен сипаттарын білу, оның әмірлерін түсіну және қалтқысыз сезіммен оған құлай беріліп, сүю. Сопылар исламның қайнар бұлақтарынан бастау алған сопылық әдебиетте кемел адам, мағрифат, шариғат, тариқат, хақиқат, мақам, пір, нұр, сабыр, зауқ, тақуа, қайғы-мұң, тәуба, сұхбат, тәуекел, уара, фана, тәсілім, тәсбих, шүкір, мухаббатуллаї, ихлас, зікір сияқты ұғымдарды пайдаланды. Сондай-ақ “жүрек”, “көңіл”, “көкірек көзі” сынды ұғым-түсініктер де сопылық әдебиеттің тұрақты тіркестеріне айналды. Өйткені тасаууф ілімінде жүрек – иманның тұрағы, ұлы Жаратушыға деген сүйіспеншіліктің мекені болып табылады. Сопылық әдебиетте “Хақты танып, Хақиқатқа ұласу”, “Сырды түсінуге ұмтылу”, “Сүйіктіге ғашық болу”, “Жарға ынтық болу”, “Сүйіктімен сұхбат құру”, “Ақиқат шарабын ішу”, “Мас болып, естен тану”, “Көбелек болып, отқа күю”, “Өлмей тұрып өлу”, “Пәруанадай шыр айналу”, “Гүлге ынтызар бұлбұлдай сайрау” сияқты ұғымдар қолданылды. Сонымен қатар сопылар дүниені жемтікке, нәпсіні төбетке теңеді (Дулат Бабатайұлы, т.б.). Сопылар негізінен Тәңірі алдында тізе бүгіп, қатесін ұғынып, тәубаға келуді, “ынталы жүрек, шын көңілмен” егіліп, Жаратқанға жалбарынуды, сүйіктіге мұңын шағып, оған құлшылық етуді насихаттады. Сопылықты “хәл ілімі” деп те атайды. сопылық әдебиет өкілдері Алла мен оның елшісіне арналған махаббатын түрлі тәмсіл-рәміздер мен аллегориялар, ым-ишаралар арқылы жеткізді, трансқа түсіп, Тәңірмен тілдесуді түрліше баяндады. Дегенмен сопылық әдебиетте метафоралық әсіре бояу мен захир іліміне қайшы келетін “шараб” сияқты ұғымдар қолданылғандықтан, кейде шариғат үкімдерімен үйлеспейтін. Тіпті бұл жолда “Мен – Хақпын” (“Ана-л-Хақ”) деген Халлаж Мансұр мен хуруфилік сенімі үшін Сеийд Несими есімді сопылар өлім жазасына кесілген. Сондықтан сопылық әдебиетте Сүйіктінің сырын сақтау, оны жалпақ жұртқа жария етпеу үлкен маңызға ие. Бұл жайында Харис Мухасиби (857), Келебази (990), Ебу Талиб Мекки (996), Абд-ул Керім Кушейри (1072), Хужвири (1077) еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Сопылық пен сопылық әдебиеттің нық орнығып, шариғатпен үндесе бір арнаға түсуіне имам Ғазали (1111) көп еңбек сіңірді. Дәуірінің ең ірі оқу орны саналатын “Низамия” медресесінің басшысы қызметін тастап, ақиқатты іздеп шыққан Ғазали ұзақ ізденіс нәтижесінде ақыл мен жүректің үндестігін табуды көздеді. Одан кейін Ибн-ул Жеузи (1200), Шихабеддин Сухраверди (1191), Хаким Санаи (1130), Феридуддин Аттар (1141 – 1229), Мұхиддин ибн Араби (1165 – 1241/42), т.б. сопылар өз шығарм-тары негізінде сопылық әдебиетті дамытты. Хорасан мен Түркістан жеріне сопылық әдебиет Иран өлкесі арқылы келді. Әуелі Бағдат, Куфе, Шам, Герат, Нишапур, Мерв сияқты қалаларда өріс жайған сопылық әдебиет уақыт өте келе Бұхара, Самарқанд арқылы [[Мауераннахрға]] жетті. Мұны Жүсіп Баласағұнның (12 ғасыр) “Құтадғу білік” шығармасынан аңғаруға болады. Сопылық әдебиет, әсіресе, Қарахан мемлекеті тұсында, Қожа Ахмет Ясауи (1093|1093/1103 –1166) шығармашылық негізінде дамыды. “Менің хикметтерім – “хадис қазынасы”, оны оқып таныр болсаң – бар мағынасы Құран” деп жырлаған Ясауидың “Диуани хикмет” еңбегі көшпелі түркі тайпалары арасында ислам дінінің кеңінен таралуына қызмет етті. Иасауи Құран мен хадисте, тәпсір мен фикхта кездесетін арабша жазылған күрделі ұғымдарды түркі тілінде түсінікті, жеңіл етіп, халық поэзиясы негізінде жеткізе білді. Ясауидан кейін хикмет жазу үрдісін Ахмед Иүгінеки (12 – 13 ғасырлар), Хакім ата Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы – 1186) секілді шәкірттері жалғады. “Бақырғани кітабы”, “Миғражнама”, “Ақырзаман кітабы”, “Мәриям кітабы”, т.б. еңбектер “Диуани хикмет” үлгісінде жазылған. Бұл дәстүрді Сыр мен Еділ бойында Саиф Сараи (1321 – 1396), Хорезми, Құтыб (14 ғасыр), ал Анадолы жерінде Қажы Бекташ әулие, Жүніс Әміре сынды ақындар жалғастырды. 13 – 14 ғасырларда Анадолыда өмір сүрген Мәулана Жалаладдин Руми, Ахмет Факих, Шеяд Хамза, Несими, Гүлшехри, Қайғысыз Абдал сынды ақындар да сопылық әдебиет өкілдері қатарында саналады. Алтын Орда мен Шағатай ұлысында да сопылық әдебиет қарқынмен дамыды. Орталық Азияда Әлішер Науаи, Мырза Бедил, Молла Жәми, Сопы Аллаярдың еңбектері “Чар кітап” деп аталып, мектептер мен медреселерде арнайы оқытылды. Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясында да сопылық сарын көрініс тапқан. Сыпыра жырау мен Асан Қайғыдан бастау алатын сопылық әдебиет дәстүрлері қазақ сөз өнерінде зар заман өкілдері мен Абай, Шәкерім, М.Жұмабаев, М.-Ж. Көпеев, Ғ.Қараш, т.б. ақындарға зор ықпал еткен. Бартольд В.В., Собр. соч., т. 5, М., 1968; ## Дереккөздер
Спасск Жұмысшыларының Ереуілдері– қазақ жұмысшыларының 1904 – 1916 жылдардағы бас көтерулері. Спасск мыс қорыту з-тында 1904 жылы 20 желтоқсанда басталып, 3 күнге созылған. 1907 – 1909 жылдары ереуілдер күшпен басылды. 1912 – 1913 жылдары ереуілдер нәтижесінде жұмысшылардың жалақысы көбейтілді.
Василий Васильевич Струве (21.1.1889, Санкт-Петербург – 15.9.1965, сонда) – шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы, КСРО ғылым академиясының академигі (1935). Шығыс елдері ежелгі тарихын зерттеу жөніндегі кеңес мектебінің негізін қалаушы. 1907 жылы Петербург университетінің Тарих және филология факультетінің тарих бөліміне түсіп, онда көне грек және латын тілдерін, ал белгілі ресейлік египтолог Борис Тураевтың басшылығымен көне египет тілін оқыды. Ол египет жазуының барлық түрлерін, соның ішінде демотик жазуын еркін меңгеріп алды. Ол университетті 1911 жылы бітіріп, ғылыми жұмысын сонда жалғастырды, ал 1913 жылы Адольф Эрманның жетекшілігімен египет тілін терең зерттеу үшін Германияға барды. 1916 жылы Ресейге оралғаннан кейін ол Петербург университетінде приват-доцент болып қабылданып, 1920 жылы профессор болды. 1918 - 1933 жылдары Эрмитаждың Мысыр өнері мен мәдениеті бөлімін басқарды. Университетте лекторлық қызметте жүріп-ақ ол орыс семиттанушысы академик Павел Коковцовтың жетекшілігімен аккад тілін, көне еврей тілін және басқа семит тілдерін үйрене бастады. Шумер тілін ол өз бетімен үйреніп, меңгеріп алды. 1937 – 40 жылдары КСРО Ғылым Академиясының Этнография институтының, 1941 – 50 жылы КСРО ғылым академиясының Шығыстану институтының директоры, 1959 жылдан осы институттың (1960 – 69 жылы Азия халықтары институты) ежелгі шығыс бөлімінің меңгерушісі, Ленинград (Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінде ежелгі шығыс кафедрасының меңгерушісі болды. Ол ежелгі Грекия, Мысыр, Шумер, Вавилон, Ассирия, Урарту, Иран, Палестина, Кіші Азия, Солтүстік Қара теңіз жағалауы және Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті жөнінде көптеген зерттеулер мен оқулықтар жазды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. ## Шығармалары * История древнего Востока. М., 1941; * О гуманности хетских законов // “Вестник Древней истории” 1947, ғ4.; * Наемный труд и сельская община в южном Междуречье в конце 3 тыс. до н.э., // “Вестник Древней истории”, 1948, ғ3. Әдеб.: Список трудов В.В. Струве, Древний мир, М., 1962; 80 лет со дня рождения В.В. Струве, Л., 1969. ## Дереккөздер
Жол – адамдар мен көлік құралдарының жүруіне, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналып салынған (белгіленген) барлық жүру және тасымалдау желілерінің жалпы атауы. Пайдаланылатын көлік құралының түріне қарай жаяу жүрушілер мен велосипедшілерге арналған жолдар, темір жол, автомобиль жолы, әуе жолдары (қ. Әуе кемесі) және су жолы болып бөлінеді. Ірі қалаларда жер асты жолдары (қ. Метро) болады. * Тоқтау жолы - жол, көлік құралының жүргізушісі кауіпті анықтағаннан көлік құралының толық тоқтағанына дейінгі немесе тежеудің соңына дейінгі жол. * Автомобиль көлігінің жүріс жолы - барлық құрылғыларымен жабдықталған автомобиль жолы: көпір, тоннель, жол өткізгіші және т.б. * Тежелу жолы - көліктің тежеуіш иінін басқаннан толық тоқтағанға дейінгі немесе толық тежеуге дейінгі тоқталуы. ## Дереккөздер
Сувенир алтын кен орны - Павлодар облысы Баянауыл ауданының орталығынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. 1967 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Кен қоры соңғы ордовиктің жанартаутекті (порфирит, афирлі лава, туфтар) және шөгінді (туфты құмтас, алевролит, яшма) тау жыныстарында орналасқан. Онда риолит-дацитті, базальтты, микродиоритті, плагиогранитті порфирлер және субинтрузивті түзілімдер кең тараған. Құрылым жағынан Сувенир алтын кен орны көмейі эксплозивті брекчиялармен толған вулканды күмбез. ## Жатыс сипаты Үш кен шоғыры анықталған; солтүстік-шығыс бағыт (құлау бағыты 50-70°) оңтүстік-шығыс (созылу қашықтығы 250 м, құлау бағыты 155 м, қалыңдығы 0,2-36,5 м). Сувенир алтын кенінің текстурасы шомбал, брекчиялы, жолақты, желі-сеппелі болып келеді. ## Құрамы Кентастардағы қорғасынның орташа мөлшері 1,14%, мырыш 6,92%, мыс 3,48%, барит 3,45%. Кен орнындағы “темірқалпақ” деп аталатын құрамында алтын (5,7 г/т) және күміс (72,5 г/т) бар белдем толығымен карьерленген. Қоспалары: күміс, кадмий, индий, селен, теллур, т.б. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Суықбұлақ – Абай облысы Жарма ауданындағы кент. Бақа мағыналар: * Суықбұлақ – қола дәуірі қонысы.
Суықтөбе полиметалл кен орны, Орталық Суықтөбе полиметалл кен орны – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылының солтүстік-батысында орналасқан. 1935 жылы ашылған, 1936 жылы барланып, 1956 жылдан Көксу кенішінде кентас өндіріледі. ## Геологиялық құрылымы Силур-девон тау жыныстарынан құралған, кварцит-барит, барит желілерімен, диорит, кварц-порфир дайкаларымен қиылған синклиналдық қатпардың солтүстік-батыс қанатында орналасқан. ## Жатыс сипаты, құрамы Меридиандық бағытқа созылған, тік құламды бұрыс пішінді кентас денесінің ұзындығы 250-390 м, қалыңдығы 5-55 м. Кентас құрамы сульфидті, қорғасынды. Басты минералдары: пирит, галенит, сфалерит. Пайдалы қоспалары: қорғасын, мырыш, күміс. ## Дереккөздер
Сұлтан Махмұд Хан(1443/64 – 1508) – Моғолстан билеушісі. Жүніс ханның ұлы. 1487 ж. Ташкентте әкесінің орнына таққа отырған. Мұхаммед Шайбанимен одақтасып, қазақтарға және інісі Сұлтан Ахмет ханға қарсы соғысты. Қазақтардан 2 рет ойсырай жеңілді.
Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин(1936 – 2005) – физика-математика ғыламдарының докторы (1973), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1983). Уақ тайпасынан шыққан. Қазақстанда сәулеленудің тасымалдану теориясы ғылыми мектебінің негізін салған. Т. Мұсабаев пен Т.Әубәкіров қатысқан Халықаралық ғарыш станциясының (1991, 1994, 1998, 2001) құрылысына қатысқан. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты туралы фильмнің көрсетілімі(қолжетпейтін сілтеме)
Суяб, Суйаб (парсы: سوی آب‎; түркі. Су – су; соғды. Йаб – канал, арық деген мағына береді) – Шу алабындағы ортағасырлық қала. Тарихи, археологиялық және нумизматикалық зерттеулер бойынша ғалымдар Суяб қаласының орны Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жердегі Шу (Суйаб) өзенінің оңтүстік жағасындағы көне Ақбешім қала жұрты екенін дәлелдеді. Суяб қаласының іргесі V ғасырда қаланып, X – XII ғасырларға дейін өмір сүрген. Суяб VII ғасырда Батыс Түрік қағандығының, VIII ғасырда Түркеш қағанатының, VIII ғасырдың II-жартысынан X ғасырдың I-жартысына дейін Қарлұқ қағанатының астанасы болды. Оның атақ даңқы да дәл осы ғасырларда бүкіл батыс пен шығысқа мәшїүр болды. Көне қытай жазба деректемелерінде Суяб қаласы Су-е-чэн, Су-е-шуй чэн (Суйаб өзені бойындағы қала) деп аталған. Ол туралы алғашқы мәліметті 627 – 629 жылдары Үндістанға жасаған сапары кезінде Суябқа соғып, Батыс Түрік қағандығының қағаны Тон жабғудың қабылдауында болған Қытайдың жиїанкез діндар-монахы Сюань Цзан жазып қалдырған. Суяб туралы бұдан өзге де қытайдың “Тундиянь” (авторы Ду Ю), “Синь таншу”, т.б. тарихи жылнамалары мен араб географтары ибн Хордадбектің “Китап әл-масалик уә-л-мамалик”, Қудама ибн Жафардың “Китап әл-Харадж”, т.б. еңбектерінде мол мағлұматтар кездеседі. Алғаш 1894 жылы В.В. Бартольд тексеріп зерттеді. 1950 жылы Л.Р. Кызласов, 1959 жылы П.Н. Кожемяков және кеңестік археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп зерттеді. Ал Ақбешімді ежелгі Суяб қаласының орны деген пікірді бірінші рет 1961 жылы ағылшын ғалымы Т.Клаусон ұсынды. Ұлы Жібек жолының “оазистік тармағы“ мен “далалық тармағының” тоғысар тұсында орналасқан көне Суяб қаласы өз дәуірінде Батыс Түрік қағандарының көреген саясатының арқасында әрі қағандықтың астанасы ретінде батыста Византия, шығыста Қытай арасындағы халықаралық саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізуде өте маңызды рөл атқарды; қысқышы Ақбешім. ## Дереккөздер
Сұлукөл қойы– жүнді-етті биязы жүнді қой тұқымы. Тұқым Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жергілікті қылшық жүнді қазақы қойларды биязы жүнді жаңакавказ, рамбулье, прекос, аскания қойының қошқарымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Сұлукөл қойының сүйегі мықты, жүні қалың. ## Дереккөздер
Сұлтан Махмұд Хан(1443/64 – 1508) – Моғолстан билеушісі. Жүніс ханның ұлы. 1487 ж. Ташкентте әкесінің орнына таққа отырған. Мұхаммед Шайбанимен одақтасып, қазақтарға және інісі Сұлтан Ахмет ханға қарсы соғысты. Қазақтардан 2 рет ойсырай жеңілді.
Сұраншы(1815 – 1864) – батыр. Ұлы жүз шапырашты ішінде есқожа руынан. Арғы атасы – Қарасай батыр. 1848 – 60 ж. Қоқан билеушілерінің Жетісу басып кіруіне қарсы күресті. 1864 – 65 ж. Ресей әскері сапында Ұзынағаштан Сайрамға дейінгі қазақ ауылдарын азат етуге қаты
Степняк алтын кен орны – Ақмола облысы жерінде орналасқан. Қазақстандағы ең көне алтын кенді нысандарға жатады. Көне кен үңгімелерінің ізі бойынша ашылған (1896, Коузов). ## Геологиялық құрылымы, сипаты Кенді алаң ортаңғы ордовиктің терригендік қат-қабат тау жыныстары (конгломерат, олигомиктілі құмтас, құмайттас пен сазды тақтатас) мен степняк нысанының интрузия тау жыныстарынан (габбро, диорит, гранодиорит, т.б.) құралған. Кеннің таралуында интрузиялық тау жыныстары мен тектоникалық жарылымдар маңызды орын алады. Олардың ықпалынан кенсыйыстырушы тау жыныстары әр түрлі дәрежеде метаморфтанған. Негізгі кентас кварц желілерінде шоғырланған. Алтынның тазалығы – 876 – 908. 3 кен орнында 60-тан астам желі бар. ## Минералдары, құрамы Басты минералдары: пирит, арсенопирит, саф алтын, күміс, графит, сфалерит, пирротин, т.б. Массивтің ұзындызы 7 км, ені солтүстік бөлігінде 2,5 км, ал орталығы және оңтүстігінде 1,4 км. Желілік минералдарда кварц (93%-ға дейін), кальцит, арагонит, анкерит болады. Кендегі алтынның мөлшері өзгеріп отырады, сынамы 830 – 908. Құнарлы кендері солтүстік-батыста шоғырланған. ## Дереккөздер
Сүгір Әліұлы (1882, казіргі Түркістан облысы Созақ ауданы – 1961, сонда) — күйші-композитор. Ықыластың шәкірті. Жастайынан ел арасында "домбырашы Сүгір" атанды. Сүгірдің "Телқоңыр", "Майдақоңыр", "Шалқыма", "Ыңғай төк", "Қосбасар", "Бес жорға", "Боз інген", "Ілме", "Ақжелең", "Амангелдіге арнау", "Аққу", т.б. күйлері бар. Сүгір домбырада оң бұраумен қатар теріс бұрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра үнін қобыз үніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Сондықтан күйлерінде қобыз үні басым. Сүгір күйлері 1964 жылы тұңғыш рет халық аспаптар оркестрінде орындалып, 1968–1969 жылдары нотаға түсірілді. Оның күйлерін насихаттаушылар: Ж. Қаламбаев, Т. Момбеков, У. Бекенов, Г. Асқаров, т.б. Сүгірдің өнері туралы жазушы Т. Әлімқұлов әңгімелер, ақын Б. Батырбекова поэма ("Күйші Сүгір") жазды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Сүгір сарыны * Сүгірдің көзін көргендер санаулы * Сүгір және Мафруза
Сунақ – Сығанақ қаласының ежелгі тұрғындары. Шежіре деректерінде Сунақты Орта жүздың байырғы тайпасы Найманнан тарайтын Дүрмен-Барлас руымен, кейбіреулері Қожалармен (Сунақ аты – Хазрет Аллама Абу-л-Хасан, Зийа-ад-Дин Шайх Сығнақи әулие) байланыстырады. Сунақ - Қазақстанның оңтүстігінде көп таралған. Сунақтардың шығу тегі Һысамиддиннен (Сұнақ-атадан) тарайды. Арғы тегі Абу Бакр Сыддықтан басталады. Сунақ-ата шамасы 1080-1160 жылдардың арасында өмір сүрген. Қожа Ахмет Иассауидің қарамағында бас имам болған, әулие, «Нихая» кітабының авторы. Сунақтардың ұраны қожалармен ортақ «Қожа Ахмет Иассауи». Қожалар мен Сунақтар бір топқа жатады. Сунаққорған аймағына алғаш келген ислам миссионарлері «Өздерінің – идеялық ұраны ретінде «Құдай бір, пайғамбар хақ, сунна – ақ» деп жариялап, көп құдайға табынушылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізген». Осыған байланысты бұл қағиданы таратушы адамды Суннит демей «Сунна – ақ» деген арқылы «сунақ» дей жүріп, халық арасында олар осылай аталып кеткен». ## Сунақ атауы Сунақтар – Сауд Арабиясынан Мекке және Мадина қалаларынан Күрейштер тайпасының Тайм руынан шыққан Әбу Бәкір халифтың тікелей ұрпақтары. Әбу Бәкір-бірінші халиф, ас-Сыддық (аса әділ) деген атаққа ие болған. Мұхаммадтың (с.ғ.с) әйелі Айшаның әкесі (Айша бүкіл мұсылман халқының анасы деп саналған), Мұхаммадпен (с.ғ.с) тайпалас Күрейіш (Курайшит) тайпасынан.Мұхаммед пайғамбар (с.ә.у) Алланың адамға жіберген елшісі, пайғамбарлардың мөрі деп саналса, Әбу Бәкір ас-Сыддық Алланың елшісінің орынбасары мұрагері (преемник) деп саналған. Кейбіреулер сунақтарды өзбектен, қыпшақтан, сарттан, түріктен, түрлі тайпалардың қосындыларынан шығарса, тіпті сунақ деген ел жоқ десе, енді («Ана тілі» газеті, VІ, 1993) оларды наймандардан шығарып, бабасы Әбу Бәкір ас-Сыдықты Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың қызы Фатиманың үлкен баласы етіп отыр. Мұхаммед (с.ғ.у.) өзінен жасы үлкен Әбу Бәкірдің қызына үйленгенде Фатима бұл дүниеде жоқ болатын. Ислам дініңдегі түрлі ағымдар Мұхаммед (с.ә.у) қайтыс болғаннан кейін, әсіресе, суннитке және шейітке бөлінуіне байланысты халифаттағы жоғарғы үкімет орындарына талас тудырған. Суннаққорған регионына алғаш келген миссионерлер сунниттер болғандықтан, жоғарыдағы көрсетілген ұранды, оның маңызын басыңқырап, суннаны бөлектеп айтып «Сунна-ақ» деген сөзбен оның жолдарын көбірек таратуға ұмтылған. Осының нәтежесінде таратушыны Суннит демей, «Сунна-ақ» деген сөздер арқылы «Сунақ» деп халықтың ауызекі тілінде қалыптасып кеткен. VI-VIII ғасырларда негізіннен түрік қағанаты мемлекетінің түрлі тайпаларындағы этникалық топтардың басқа көшпелі тайпалармен және жергілікті иран тілдес халықтармен қосылуы Орта Азия мен Қазақстанның жерінде түрік тілді халықтардың шығу тегіне үлкен әсер еткен. Сол дәуірде бұл территориядағы халықтар,сол кездегі басқа елдердің халықтары сияқты пұтқа, айға, күнге, отқа, суға, найзағайға тағы-басқа табиғаттың ғажайып құбылыстары мен әртүрлі хайуаннатарға табынғаны белгілі. Ата-атаға, ру-руға тайпаларға бөлініп , күштіллері әлсіздерін жаулап, малдары мен мүліктерін тартып алып, сұлу әйелдері мен қыздардын күң етіп, не қосымша әйел ретінде пайдаланған. Қалғандарын құл етіп, керексіздерін жауыздықпен аяусыз қырып кететін болған. Кейбір жауланған рулар ұзақ уақыттан кейін анасының құрсағында кеткен нәрестелер арқылы, төңкерілген қазанның астында не қымыз пісіретін күбінің ішінде тығылып қалған жас сәбилер арқылы өз ұрпақтарын жалғастырғаны ел аузында әлі айтылады. Бұл мейрімсіздік жастарды адамгершілікке жат қасиеттерге, өнегесіздікке, әдепсіздікке баулып тығылыққа ғана тәрбиелеген. Сол кездегі адамдардың не монистекалық күш, не адамгершілік идея болмауына орай ешкімге және ешнәрсеге сенімі де болмаған. Өз жауыздықтарын, өз надандықтарын өздерінің әдет-ғұрпына, салтына, дәстүріне айналдырып, соны моральдық заңды құқық деп берген. Осы айтылған жағдайларға байланысты сунниттер жолын таратушы Суннаққорған аймағына алғаш келген ислам миссионнерлері өздерінің идеялық ұраны ретінде «Құдай бір,пайғамбар хақ, сунна-ақ» деп жариялап, көп құдайға табынушылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізген. Суннаның ықпалдылығының құдіретінің күштілігі сонша, кейнірек осы жайында (алғашқы кезде тек ауыз екі айтылып жүрген) араб тілінде 300 томнан аса кітаптар шығарылған. Осыған байланысты бұл қағиданы таратушы адамды Суннит демей «Сунна-ақ» деген сөз арқылы «сунақ» деп кеткен. Басқа сөзбен айтқанда, сунақтар – қазіргі Қазақстан территориясында алғаш Құран мен суннаны және шариғат жолдарын таратушы сунниттер. Дін жолын таратушылар өз миссиялық міндеттерін іске асыру және өмірлері мен ұрпақтарын сақтау үшін амалсыздан қамал-қорған соққан. Қорған кейін «Сунақ-қорған» деп аталып кеткен. Шындығында, ойлап қараған адамға «Сунақ-қорған» тек салушылардың өз бастарын қорғауы үшін ғана емес, өзге де, терең маңызы бар жоспарлармен де салынған. «Сунақ» атауы ең бірінші рет кейбір діни әкімшілік құжаттар бойынша 660 жылы ғана көрсетілген. Бұл атаудың ауызекі айтылуы бұрынырақ басталған десек, араб миссионерлерінің келу уақыты осы ғасырдың бас жағына қарай жылжуы даусыз. Оңтүстік Қазақстанға арабтар 751 жылғы талас бойындағы шайқастан кейін орналаса бастады. Ислам өзінің ықпалы жүрген барлық жерге тек қана күшпен енбеген, араб әскерлерін басқарған Пайғамбар мен оның ісбасарлары, сахабалардың қолында алдымен Құдай сөзі – Құран болды. Суннах (қазақша Сунаһ не Сунақ) атауы Ислам дінінің алғашқы шыққан күнінен бері қолданысқа түскен. Әсіресе, Мұхаммед (с.ә.у.) серігі Әбу Бәкір тұсында Суннаға зор мән берілді. Бұдан Суннах атауының Араб халқында Мұхаммед (с.ә.у.) тұсында қалыптасқандығын айғақтайды. Суннах атауы тек қана Араб, Қазақ, Орта Азия халықтары арасында ғана тарамай, Кіші Азия мен Пәкістан, Ауғаныстан, Кашмир жерлерінде де кеңінен белгілі болған. Оған сол жердегі халықтардың киім киуінің үлгісі Сунна (Суннизм) жолын ұстанушылардан болған. Сунна бұл Суннизмнің негізі. Сунна – пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.ә.у.) ұстанған жол өнегесі. Ал Мазһаб – тура жол. Пайғамбарымыздың (с.ә.у.) сыртқы келбет көрінісі мен жүріс – тұрысының өзі талайды баурап, дінге кіргізгенін қаперге алсақ, дуаналық пошым мен фанаттық әуйеліктің оған қаншалықты керағар екендігін сезінеміз. ## Тарихта кеткен шатастырулар Сунақ қаласында тұрған бір шейхтың атына 1598 жылы Абдолла ханнан берілген вакуфтік құжатта: «Мазар Абул-Хасан Зиаад-дина шейха Сыгнаки» деп көрсеткен. Осы адамның атына 1634 жылы «Обейдуллах-хан»-нан берілген құжатта «Абу-л-Хасан Зиа-а-дин Сахиби Нихая Сыгнаки» деп жазылған. Осы Шейх Зиааддинді молда, сопы сияқты кейбір діни атымен «Сыгнаки» деген жердің атының ұқсастығы бойынша зерттеушілер 1105-1166 жылдары өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауидің қарамағында бас имам болып істеп, өмірінің соңғы кездерінде Сунақ қаласында өмір сүріп сонда қайтыс болған Һысамиддинмен (Сұнақ-ата) шатастырып, хандар берген вакуфтердегі Зиааддинді осы атағы шыққан Сунақ-ата болуы мүмкін деп жорамалдаған. 1892 жылы құрылған Түркістан үйірмесінің археология әуесқойларының бұл қателігі 1977 жылы Қазақ кеңес энциклопедиясында да қайталанып кейбір тарихшылар осы ұғымды пайдаланып келеді. Осы Кеңес энциклопедиясында сунақтар туралы зерттеудің аздығын ескертсе де, ілгерідегі вакуфтік құжаттарға сәйкес Зиааддин шайхқа жер беруіне байланысты, әулие осы адам, Сунақ-ата осы кісі деп қате болжау жасау арқылы сунақтарды Зиааддиннен тараған деген теріс ұғым берген. Сунақ қаласында өмірінің жас шағы мен соңғы кездерінде өмір сүріп, кейбір мерзімді уақыттарда ғана осы қалада болып тұрған Һысамиддинмен (Сунақатамен), Сунақатадан біраз ғасырдан кейін осы қалада тұрақты өмір сүрген Зиааддинді бір адам болуы керек деп шатасқан. Тарихтағы толық аттары, біріншісінің: - Алла – Уммей Хисамутдин Сахиби – Нихая (Һысамиддин, Асамиддин, Талламан Сакнакия, Сунақ-ата), екіншісінің толық аты – Қожа Хазірет, Аллама Абу-л-Хасан Зиа-ад-дин шейх Сыгнаки (Абу-л-Хасан Зиа-ад-дин Сахиби Нихая Сыгнаки).Тарихшылардың Сунақ-атамен басқа белгілі тұлғалармен шатастыруы Сунақ қаласынан шыққан тарихта аты белгілі ғалымдар да бар. Олар XIII ғасырда өмір сүргендер. Мысалы, осы қала мен Орта Азиядан шыққан алты ғалымның төртеуінің аты Һысамиддинге, яғни Сунақ атаға ұқсас. Әбсаттар Дербісәливтің айтуы бойынша (Жұлдыз, 1991, №11, 161-164-б.) олардың біріншісінің аты «Әл-Хусейн бин Әлибин Хаджджадж ас-Сыгнаки деп жазылса, А. Ю. Якубовский оның Әл-Хусейн атты есімінің алдына Хусам ад-дин деген тағы бір атты қоса көрсеткен»; екеншісінің аты-«Умар Әл-Ахсикати Кусам ад-дин», үшіншісінің – «Хусам ад-Дин әл-Хасан бин әл-Хусайын; төртіншісінің аты-«Хисамеддин Сыгнаки». Ә. Дербісәлиев бұлардың бірінші аттарын өз аттары, екіншісін-әкелерінің, үшіншісін-бабаларының аттары, Сыгнаки – осы қаланікі екендігін білдіреді деп жазған. Сунақтардың шығу тегін уақытқа байланысты Әбу Бәкірдің туған жылынан (572 жылдан) санау керек. Арабтардың есебі бойынша бір атаға 30 жыл берсе, кейбір ғалымдар бір ғасырға үш атадан санаған. Сондықтан 1993 жылы ұрпақ 43-47-ші ата болу керек. Сунақ руы бес атадан тұрады: Қайғақтық, Бессары, Аташ, Қалмырза-Тоқпан, Сиық аталар. Сунақ-атаның өз аты Һысамиддин, ал толық шежіресі мынадай: * Әбу Бәкір Сыддық (572—634 жж.), * Әбділла Сұлтан Мұхаммат, * Әзрет Ақсұлтан, * Сұлтан Қасым, * Сұлтан Кәһап, * Сұлтан Мәуліт, * Мүлки-ша, * Шабур Мәлік, * Сүлеймен Мәлік, * Мәнсүр Мәлік * Піржан Мәлік, * Әбділ Мәлік, * Қайсар Мәлік, * Қаюм Мәлік, * Әбділлә Мәлік, * Ғисамиддин (Сунақ ата) 1132 – 1199 жылдар. Бұл әулет Сиық ата балалары, Қайғақтық ата ұрпақтары, Қалмырза-Тоқпан ұрпақтары, Аташ ата балалары, Бессары балалары болып бес атаға бөлінеді. Сығанақ қаласында ғұмыр кешкен, Ислам әлеміне белгілі болған Ғисамуддин ал-Сығнақи осы әулеттен. Сонымен қатар исламдық шариғат жолдарының білгірі, айтулы ғалым Әбу-Лайс Самарханди осы әулеттің көш басшысы. Һиссамиддин (Сунақ ата) Әбубәкір Сыддықтың он алтыншы ұрпағы, Қылауыз (Жақып) атадан жеті ата жоғарыдан қосылады. Қылауыздан бөліну себебі қожа үш атадан соң, қожалық қасиетін сақтау үшін қожадан үйлену керек және қызын тек қожаның баласына тұрмысқа беру керек болған. Егер қожаның жігіттері үш атаға дейін басқаның қызын алса, төртіншісіне үйленуге рұқсат етпеген, өйткені қожалық қан бұзылады деп есептеген. Бұл қожалық тәртіпті сақтау жолы болған. Осындай ішкі қағиданы сақтамағандықтан Һисамиддиннен төменгі ұрпақтардан бастап сунақ аталып кеткен. ## Дереккөздер Сунақ руы Мұрағатталған 27 сәуірдің 2016 жылы. ## Сыртқы сілтемелер * http://archive.turkystan.kz/kz/articles/view/32826 Мұрағатталған 18 маусымның 2015 жылы.
Сүйінбай Аронұлы — 1815 жылы қазіргі Алматы облысы, Қарақастек ауылында дүниеге келген. Талантты, ұлы қазақ ақыны және айтыс аңызы. Ақын 1898 жылы туған жері Қарақастек ауылында дүниеден өтті. ## Өмірбаяны Сүйінбай Шапырашты (Ұлы жүздің )ішіндегі Екей руынан шыққан. Сүйінбай Жасынан жыраулығымен елге танылған. Сүйінбайдың шығармашылығы оның атасы Кусеп пен әкесі Аронның әсерінен қалыптасқан, олар поэтикалық талантымен және шеберлігімен танылған еді.Атақты Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны пір тұтып,ұстазы ретінде санаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен. Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған. Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған. 1929 жылы алғаш рет “Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”). Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған. Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. ## Дереккөздер
## Сүлейменов Бекежан Сүлейменов Бекежан (12.12.1912, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы – 30.6.1984, Алматы) – ғалым, тарих ғылым докторы (1965), професор (1968), ҚР ғылым академиясының коррдинатор мүшесі (1972). Мәскеудегі К.Либкнехт атындығы Мемлекетік педагогикалық институттың тарих факультетінтін бітірген (1938). 1938 – 1942 жылдары қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттінде оқытушы, 1942 – 1943 жылдары қазіргі Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттінің ректоры, 1943 – 1945 жылдары КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тіл, әдебиет және тарих институтты директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1946 – 1952 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттында бөлім меңгерушісі болды. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданды. 1-орыс революциясы тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері жайында еңбектер жазды. Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылым тұжырымын қолдады. 1952 жылы Сүлейменовтің өзі де кеңестік тоталитарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырады. Оның еңбектеріне “реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлтшылдық идеяларды насихаттады” деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталды. Жазасын Иркутск облысындағы еңбекпен түзету лагерінде өтеп жүрген кезінде 1954 жылы ақталып шықты. Осы жылы Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттына ғылым қызметкер болып орналасты, 1957 жылдан институтттың революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі агрорлық мәселе, 1916 жылғы көтеріліс және Қазақстандағы қоғамдық ой-пікір мен ағартушылық тарихы туралы ғылым еңбектерін жариялады. Ы.Алтынсариннің шығармалар жинағын құрастыруға жетекшілік етті. 1980 жылы Уәлиханов атындағы сыйлық берілді. ## Дереккөздер ## Дереккөздер ## Сүлейменов Бекежан Сүлейменов Бекежан (12.12.1912, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы – 30.6.1984, Алматы) – ғалым, тарих ғылым докторы (1965), професор (1968), ҚР ғылым академиясының коррдинатор мүшесі (1972). Мәскеудегі К.Либкнехт атындығы Мемлекетік педагогикалық институттың тарих факультетінтін бітірген (1938). 1938 – 1942 жылдары қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттінде оқытушы, 1942 – 1943 жылдары қазіргі Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттінің ректоры, 1943 – 1945 жылдары КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тіл, әдебиет және тарих институтты директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1946 – 1952 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттында бөлім меңгерушісі болды. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданды. 1-орыс революциясы тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері жайында еңбектер жазды. Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылым тұжырымын қолдады. 1952 жылы Сүлейменовтің өзі де кеңестік тоталитарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырады. Оның еңбектеріне “реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлтшылдық идеяларды насихаттады” деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталды. Жазасын Иркутск облысындағы еңбекпен түзету лагерінде өтеп жүрген кезінде 1954 жылы ақталып шықты. Осы жылы Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттына ғылым қызметкер болып орналасты, 1957 жылдан институтттың революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі агрорлық мәселе, 1916 жылғы көтеріліс және Қазақстандағы қоғамдық ой-пікір мен ағартушылық тарихы туралы ғылым еңбектерін жариялады. Ы.Алтынсариннің шығармалар жинағын құрастыруға жетекшілік етті. 1980 жылы Уәлиханов атындағы сыйлық берілді. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Сүлейменов Сұлтан Тәшімбайұлы (20.8.1928, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті – 22.6.1996, Алматы) – ғалым, Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты химия өнеркәсібін дамыту, силикаттардың жаңа түрлерін шығару, т.б. мәселелерге арналған. Қазақстан ЖЭС-терінен шығатын көмір қалдықтарын кешенді қайта өңдеу мен құрылыс материалдарын пайдалану саласын кеңейту үшін күл-қождық қалдықтардың қасиеттерін зерттеуді жүйелеумен айналысты, күл-керамикалық материалдарды өнеркәсіптік негізде өңдеудің ғылыми негіздерін жасауға мүмкіндік беретін лабораториялық және теориялық зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер жылу-энергететикалық шикізаттарды үнемдеуге ықпал етті. Сүлейменов С. Т. – 313 ғылыми еңбектің авторы (оның ішінде 6 монографиясы бар), 90-дай авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Шығармалар * Новые силикатные и органические материалы, А.-А., 1967 (соавт.); * Стекло и стеклокристаллические материалы из горных пород Казахстана, А.-А., 1969; * Электротермические фосфорные шлаки – сырье для производства стеклокристаллических материалов, А.-А., 1976 (соавт). ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Сүлейменов Иманбек (16.8.1914, Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылы – 1995, Алматы) – ғалым агроном, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1947), професор (1948), Қазақстан ғылым академиясының коррдинатор мүшесі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1964). Қазақтың ауыл шаруашылығы иннститутын (1935), К.А. Тимирязев атындындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының аспирантурасын (1938) бітірген. 1938 – 1940 жылдары осы академияда ассистент, аға ғылым қызметкер, 1940 жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы институтында директордың оқу және ғылым жұмыс жөніндегі орынбасары, 1940 1942 жылдары Қазақ КСР-і Жер халкомының орынбасары болған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 – 1947 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылығы институттында директордың оқу және ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары, өсімдік өсіру кафедрасының доценті, меңгерушісі, 1947 – 1953 жылдары Қазақ егіншілік ғылым-зертеу институттында лаборотория меңгерушісі, 1953 – 1961 жылдарында Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институттында кафедра меңгерушісі, 1961 – 1971 жылдарында Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтының професоры, 1971 жылдан Қазақтың ауыл шаруашылығы институттында кафедра меңгерушісі, професор қызметін атқарды. Негізгі ғылым еңбектері егіншілік және өсімдік өсіру мәселелеріне арналған. Сүлейменов жаздық және күздік бидайдың биологиясы мен селекциясын, оны өсірудің кейбір технологиясын зерттеді. Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайында жаздық бидайды себу мерзімдерін белгілеп берді. Сүлейменовтің 170-тен астам ғылым еңбегі (оның 7-і монография) жарияланды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Рамазан Бимашұлы Сүлейменов (17.2.1931, Астана қаласы – 23.3.1992, Алматы) – тарих ғылымдарының доктор (1972), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі (1989). Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. * Қазақ Мемлекеттік Университеті бітірген (1954). * Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы, тарих, археология және этнология инcтитутының аспирантурасында оқыған. * 1959 жылдан өмірінің соңына дейін осы институтта ғылыми қызмет атқарды. * 1974 жылдан институттың Қазақстан мәдениеті тарихы бөлімінің меңгерушісі. * 979 жылдан Шығыстану бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеп, бұл салада атқарған жемісті еңбегі үшін Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері болды (1973). Ол ғылыми ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстарға қызу ат салысып, Азия мен Африка халықтары достастығының қазақ бөлімшесінің вице-президенті, Шығыстанушылардың Бүкілодақтық ассоциациясы төрағасының орынбасары, т.б. қызметтер атқарды. * 1984 – 1988 жылдарда Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының директоры * 1987 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болды. Уәлиханов, С.Асфендияров, Т.Жүргенов, т.б. көрнекті өкілдер жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстан тарихына қатысты қытай деректерін жинастырып, құжаттар жинағын даярлауға жетекшілік етті. Оның редакциясымен “Цин империясы мен Қазақстан”, “17 – 18 ғасырлардағы Орталық Азиядағы халықаралық қатынас”, “18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы ширегіндегі Цин империясы мен қазақ хандықтары” атты құжаттар жинағы жарық көрді. 18 ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысты ғылыми еңбек жазып, Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатындағы ұстанымдарының ерекшелігін ашып көрсетті. Сүлейменовтің есімі ҚР БҒМ-ның Шығыстану институтына берілген. Алматы қаласында оның есімімен аталатын көше бар. ## Шығармалары: * Чокан Валиханов – востоковед, А.-А., 1989; * Асфендияров С.Д. и становлении советской исторической науки в Казахстане // Великий Октябрь и социально-экономический прогресс в Казахстане, А.-А., 1987; * Исторический прогресс социалистической наций, М., 1987; * Из истории Казахстана 18 в., А.-А., 1988 (В.Моисеевпен бірге); * Историография культурной революции // Историческая наука Советского Казахстана, А.-А., 1990; * Политический плюрализм и развитие социализма, А.-А., 1990. ## Дереккөздер
Сүбедей баһадүр (туған-өлген жылы белгісіз) – Шыңғыс ханның әскер басшысы. Моңғол тарихында ол «Дарабоз Сүбедей», «Батыр Сүбедей» деп аталады. Оның қыпшақ даласындағы лақап аты «аяғынан жаралы арыстан». 1189 жылы уранхай тайпасынан шыққан қолбасшы Зелмемен бірге Темучинге (Шыңғыс хан) келіп косылған. Ол Шыңғыс хан империясын құру жолындағы барлық шайқастарға қатысып. батылдығымен танылған. 1206 жылы Шыңғыс хан Сүбедейді өз әскерінің сол қанатына жіберіп, ноян (мыңбасы) етіп тағайындады. 1211-15 жылдары Цзин мемлекетіне қарсы соғысқа бастан-аяқ қатысты. Шүршіттермен бітім болып,елге оралғаннан кейін Шыңғыс хан Сүбедейді меркіттерге қарсы аттандырды. Бұл арта жолдан Жошы қолы қосылды. Ырғыз, Жем өзендері бойында меркіт термен болған шайқаста Жошы - Сүбедей қолы жеңіске жетті. Осы жорық кезінде олар Хорезмшах Мұхаммедтің 60 мыңдык әскерімен шайқасып ұрысты тең аяқтады. 1219-21 жылдары Хорезм мемлекетін жаулап алу жорығында ерекше көзгс түскен Жебе мен Сүбедейді Шыңғыс хан 30 мың қолмен Мұхаммед Хорезмшахтың соңынан жіберді. Хорезмшахтың өлгенін естіген олар Шыңғыс ханның келісімімен жорықты әрі қарай жалғастырып, Иран арқылы батысқа аттанды. Түркі-моңғол қолы Иран арқылы Кавказға өтіп, грузин патшасының 60 мыңдық қолын жеңді. Дербент асып, Кавказ даласына шықты. Алан (Осетин)-қыпшақтардың біріккен қолына тап болған Сүбедей мен Жебе оларды жеке-жеке талқандады. Моңғолдармен соғыста жеңілген қыпшақтар орыс князьдерінен көмек сұрады. 1223 жылы 31 мамырда әйгілі Қалқа өзені бойындағы шайқаста моңғолдардың 30 мыңдық қолы орыс князьдері мен қыпшақтардың 130 мыңдай қолын ойсырата жеңді. Қырымға басып кірген түрік-моңғолдар италия көпестері билейтін Судак қаласын талқандап, Еділ Бұлғариясымен соғыса отырып, 1224 жылы Шыңғыс хан ордасына қайтып оралды. 1225 жылы Шыңғыс ханның басшылығымен Таңғұт жорығына аттанды. Осы жорық кезінде алған жарақаттан қайтыс болды (1227) Шыңғыс ханның табытын Моңғолияға жеткізген төтенше әскери топты Сүбедей басқарды. 1229 жылы Үгедей хан тағына отырғанда Сүбедей оның әскерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. 1233 жылы Төлемен бірге Цзин елін бағындыру жорығына қатысты. 1234 жылы ұлы хан Үгедейдің тапсырмасымен Бату хан бастаған батыс жорығына қатысып, ханның бас кеңесшісі ретінде Шығыс Еуропаны жаулап алуға қолбасшылығымен көзге түсті. 1246 жылы Қарақорымда Күшікті хан көтерген ұлы кұрылтайға қатысты. Юань мемлекеті тұсында Сүбедейдің империяға сіңірген еңбегі ескеріліп, 1410 жылы оған Хэван атағы берілді. Сүбедей өз өмірінде 200-ден аса елеулі шайқастарға қатысқан. ## Дереккөздер
Мехлис Қасымұлы Сүлейменов (01.03.1939 жылы туған, Қарағанды қаласы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымның докторы (1982), профессор (1985), Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясының (ВАСХНИЛ) корреспондент мүшесі (1985), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1990). ## Зерттеулері Негізгі ғылыми-зерттеулері дәнді дақылдар өсіру технологиясы мен ауыспалы егіс мәселелеріне арналған. Сүлейменов егістік танаптарда қар тоқтатып, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау құралдарын кең қолдана отырып, астық түсімділігін сүдігерсіз-ақ әрбір гектардан 25 – 30 центнерге, тіпті одан да жоғары көтеруге болатынын іс жүзінде дәлелдеді. Республикада бұршақ тұқымдас дақылдардың егіс көлемін арттыру мәселелерін көтерді. ### Марапаттары Сүлейменов 140-қа жуық ғылыми еңбектің авторы, оның 15-і шет елдерде жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы” ордендерімен, ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен және бірнеше медальдармен марапатталған. ### Шығармалары * Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывания яровой пшеницы, М., 1986; * Какому быть полю, А., 1991; * Оценка основных элементов почвозащитной системы земледелия и изменившихся социально-экономических условиях. Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социо-экономических условиях, НПЦЗХ, Шортанды, 2003. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Сүлеймен Бақырғани (Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата) (XII ғ-дың 2-жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті. Еңбектері – Бақырған кітабы (қыпшақ тілінде жазылған өлеңдер жинағы), Хазрет Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы. ## Өмірбаяны Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Дамаск қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Хакім Ата деген атпен белгілі. ## Еңбектері Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) тұратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғанидің пікірінше, құдайдың сұлулығын фәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгілі, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады. Сүлеймен Бaқырғaнидың “Исмaйыл қиссaсындa” Ибрaһим пaйғaмбaрғa жaрaтушы түсінде aян беріп, құрбaн шaлуы керектігін aйтaды. Жүз түйені құрбaн шaлaды. Аллa Жебірейілге Ибрaһим ұлын құрбaн қылсын деген пәрмен жібереді. Әйелі Ажaрғa ұлын досынa ертіп aпaрaтынын aйтып, бaсын жуғызып, көзіне сүрме жaғып, бaсынa тәжін, үстіне тaзa тонын кигізіп дaйындaйды. Ибрaһим aлмaс пышaқ, жіп aлды. Екеуі Мекке шaһaрынaн шығaды. Ібіліс бұл істі біліп, Исмaйылды aзғырaды. Исмaйыл оның сөзіне сенбей, шaйтaнғa тaс aтып қуaды. ## Әдеміліктің 3 түрі Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген: 1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы; 2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі; 3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік құрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Ясауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдықтың (бұрыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. Сүлеймен Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897 ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды ## Дереккөздер
Сүлейменсай – палеолит дәуірінің ескерткіштері. Жамбыл облысы, Талас ауданы Сүлейменсай ауылынан 9 – 14 км қашықтықта орналасқан. 1958 жылда тас дәуірі ескерткіштерін зерттеумен шұғылданатын Қаратау отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) тауып зерттеген. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созыла жатқан төменгі антропогендік сөрелер құрамына кіретін төбешіктер үстінен тас құралдар жинастырылған. Адамзат тарихының түрлі дәуірлерін қамтитын ескерткіштер арасынан бірнеше (ғ1, 4, 31 – 34 жұрт орындар) палеолит кезеңінің нысандары анықталған. Археологиялық жұмыстар барысында бұл ескерткіштерден екі жағы өңделген шапқы құралдары (54 дана), өзектас (30 дана), қол шапқы (6 дана), унифас (13 дана), тас жаңқа (108 дана) жинастырылған. Олар шақпақ тастан, сұр және қара сұр түсті малтатастан дайындалған. Құралдардың сырты табиғи күштер әсерінен қақталған. Жасалуына қарағанда тас құралдар Бөріқазған, Ақкөл, Тоқалы секілді ескерткіштер бұйымдарына жақын. Сүлейменсайдан алынған тас құралдарының Қазақстандағы басқа ескерткіштерден айырмашылығы – мұнда бұйымдар кейінгі уақыттағы заттармен араласпаған, тек ерте уақыттардағы бұйымдар сақталған. Сүлейменсайдан алынған мағлұматтар Қазақстанның оңтүстік өңірін алғашқы адамдар ерте және орта палеолитте мекендегендігін айғақтайды. ## Дереккөздер
Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов (30 қыркүйек 1941, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Каспий жеке қоғамдық университетінің құқықтық ғылыми-зерттеу институтының директоры (2013 жылдан). ## Толығырақ * Майдан Күнтуарұлы 1941 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген; * 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген; * 1963 – 1966 жылдары КСРО Ғылыми Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты; * 1966 – 1991 жылдар Қазақ КСР-і Ғылыми Академиясының Философия және құқық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, азаматтық құқық ғылымдары бөлімінің меңгерушісі; * 1991 – 1992 және 1994 – 1995 жылдар ҚР Ғылыми Академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры; * 1992 – 1994 жылдар ҚР Ұлттық ғылым академиясының Бас ғалым-хатшысы болды; * 1995 жылдан Қазақ гуманитарлық заң университетінде жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры; * 2013 жылдан Каспий жеке қоғамдық университетінің құқықтық ғылыми-зерттеу институтының директоры. ## Қоғамдық белсенділігі ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің, ҚР Жоғары соты ғылыми-консультативті кеңесінің, ҚР Парламенті Сенатының сараптама кеңесінің, ТМД Экономикалық соты ғылыми кеңесінің мүшесі. ҚР Конституциясын, Азаматтық кодексін, тұрғын үй заңын және басқа да экономикалық реформаға қатысты заңдарды жасауға қатысқан. ## Шығармалар: * Ответственность за нарушение сроков исполнения договорного обязательства, А., 1971; * Структура договорно-хозяйственных связей, А., 1980; * Право и предпринимательство в РК, А., 1994; * Право и иностранные инвестиции в РК, А., 1997; * Комментарий к Гражданскому кодексу РК (общая часть), в 2-х кн., А., 1998; * Energy Charter Treaty, London, 1997; * Право и собственность в РК, А., 1998. ## Ғылыми атақтары * 1966 жылы Заң ғылымдарының кандидаты (ғылыми атағы); * 1980 жылы Заң ғылымдарының докторы (ғылыми атағы); * 1985 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді; * 2000 жылдан Еуропалық құқық Академиясының академигі (Будапешт); * 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. ## Мемлекеттік марапаттары * 1986 жылы «Қазақ КСР Алтын кітабына» енді. * 1999 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды. * ТМД халықаралық парламент ассамблиясының құрмет грамотасымен марапатталған (1978, 2007 жылдары); * 2004 – 2006 жылдары екі мәрте «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» мен марапатталған (ҚР БжҒ министрлігі); * 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі; * 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі; * 2016 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» берілді. ## Дереккөздер
Әшірбек Төребайұлы Сығай (Сығаев) (11.1.1947 ж.т., Түркістан облысы Кентау қ. - 28.11.2014) - театр сыншысы, аудармашы, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Кентау, Түркістан қалаларының, Түркістан облысының құрметті азаматы. ## Өмір жолы Қоңырат руының Жетімдер руынан шыққан. * Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1969). * 1974 - 78 ж. Қазақстанның Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы, * 1978 - 79 ж. Алматыдағы өнер басқармасының бастығы әрі коллегия мүшесі, * 1979 - 83 ж. Қазақстан КП ОК-інің мәдениет белімінде нұсқаушы, * 1983 - 89 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, * 1989 - 91 ж. Алматы театр және кино институтының ректоры, * 1991 - 94 ж. Қазақстан Мәдениет министрінің 1-орынбасары болып қызмет атқарған. * 1994 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясындағы өнертану факультетінің профессоры. * 2003 жылдан Қазақстан Мәдениет, туризм және спорт министрлігінің Алматы каласындағы өкілі. ## Кітаптары Әшірбек Сығай келесі кітаптардың авторы: * "Іңкәр шақ" (1978) * "Сыр сандық" (1981) * "Сахнаға сапар" (1990) * "Жарнама алдындағы ой" (1993) * "Сахна саңлақтары" (1998; Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 2000), * "Театр тағылымы" (2003) * "Толғам" (2004), * "Талдықорған театры" (2005), т.б. . ## Аудармалары Әшірбек Сығай В.И. Ежовтың "Бұлбұлдар түні", О.Ш. Иоселианидің "Арбаң аударылғанша", Ж.Б. Мольердің "Еріксіз үйлену", К.Гольдонидің "Күлкілі оқиға", Ш.Роквидің "Мазасыз әжей", т.б. шығармаларды аударған. ## Марапаттары Әшірбек Сығай Кентау (1997) және Түркістан (2001) қаларының, Түркістан облысының (2014) құрметті азаматы. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000). "Құрмет" орденімен марапатталған (2004).Қазақ және орыс тілдерін біледі. Әскери атағы - аға лейтенант. Сүйіп оқитын әдебиеті - У.Шекспир, драмалар. Үйленген. Жұбайы - Сығай Күләш Дулатбекқызы, үй шаруасымен айналысады. Балалары - Төребай Қанат (1971 жылы туған), Сұңғат (1974 жылы туған), Нұрзат (1985 жылы туған). Немерелері - Ділда (1995 жылы туған), Бахтияр (2005 жылы туған), Бектияр (2007 жылы туған), Іңкәр (2009 жылы туған). ## Деректі фильм 2014 — ”Әшірбек Сығай - СЫН САРДАРЫ” (фильм) режиссері: “Қалила Умаров” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер
Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам. Мәселен ақсақалдарға, құдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады. Сондай-ақ құдағилардың жамбас, қыздар мен күйеулердің төс, балалардың құлақ, бүйрек, жүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға ірі мал жамбасының шұқыршағын, жауырынын, кәрі жілігін аспайды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе бермейді. Қолдың жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды. Сыбағаның, төркін сыбаға, қара сыбаға, өлі сыбаға, су сыбаға түрлері бар. ## Дереккөздер
Сызғанов Александр Николаевич (17.8.1896, Татарстан, Арск қаласы – 8.10.1980, Алматы) – хирург, медицина ғылымдарының докторы (1936), профессор (1934), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1955), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1941). ## Жетістіктер Негізгі ғылыми-зерттеулері жалпы, жеке және операциялық хирургия мәселелеріне арналған. Сызғанов лимфа жүйесі туберкулезін, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту жүйелері ауруларын, эндеметрия бұғақ ауруын хирургиялық жолмен емдеу әдістерін тауып, оларды күнделікті дәрігерлік тәжірибеге енгізді; онкологиялық, бұғақ ауруының ісінуін емдейтін арнайы хирургиялық орталықтар құрды. Оның басшылығымен Қазақстанда хирург-клиниктер ғылыми мектебінің іргесі қаланды, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде респуликалық қан құю станциясы ұйымдастырылып, қан орнына қолдананылатын – КЗК сұйықтығы алынды. Сызғановтың редакциясымен Хирургия орталығының 16 томдық ғылыми еңбегі жарық көрді. 10 монография, 900-ден астам ғылыми еңбек жазған. Оның жетекшілігімен 17 доктор және 73 кандидаттық диссертация қорғалды. 3 Ленин, 2 Еңбек Қызыл Ту, 2 “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Алматы қаласында бір көше Сызғанов атымен аталады. Қазақ ұлттық медицина университетінде Сызғанов атындағы стипендия тағайындалған. ## Шығармалар * О некоторых условиях развития злокачественных опухолей, А.-А., 1970; * О лечении гнойных хирургических заболеваний салициловой кислотой, 2 изд., А.-А., 1980; * Проблемы хирургии, А.-А., 1984. ## Дереккөздер
Мүлік Сүртібаев (1917 жылы 5 қарашада Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы - 1997 жылы 24 мамырда Алматыда) - кеңестік, қазақстандық театр және кино актері. Қазақ КСРнің халық әртісі (1955). Қазақ КСРнің еңбек сіңірген әртісі (1944). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970). ## Толығырақ Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. * 1936 жылы Қарағанды облыстық драма театры жанындағы студияны бітірген. * 1936 жылы Қарағанды облыстық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Осы өнер ошығында жүріп, Төлеген (Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Қозы (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш—Баян сұлуында"), Қобыланды (М.Әуезовтің "Қарақыпшақ Қобыландысында"), Ыбырай Алтынсарин (Ақынжановтың осы аттас драмасында), Абай (М.Әуезов пен Соболевтің осы аттас трагедиясында),Алдар көсе (Құсайыновтың осы аттас комедиясында), Труффальдино (Гольдонидың "Екі мырзаға бір қызметкерінде"), Хлестаков (Гогольдің "Ревизорында"), Фердинанд (Шиллердің "Зүлымдық пен махаббатында") т.б. әр алуан рөлдерді орындады. * 1957 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынады. Осы жылдан бастап актер өнерінің өрлеу, творчествосының табысқа толы жаңа кезеңі басталды. Осы қара щаңырақта жүріп, Ә.Тәжібаевтың "Майра" драмасындағы ақ көңіл Бақтиярды, М.Әуезовтің трагедиясындағы жалындаған жас батыр Кебек пен Көбей биді, Е.Мүсіреповтің "Ақын трагедиясындағы" маңғазсынған, қызғаншақ Жалмұқанды, Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында" мен "Құдағи келіпті" комедияларындағы мансапқор Сапар мен адамгершілігі мол, адал Сұңғатты, З.Қабдоловтың "Сөнбейтін от" драмасындағы өзімшіл, азғын Тайманды, орыстың классикалық драматургиясынан Н.В.Гогольдің "Үйлену" комедиясындағы өзінен-өзі үрейленіп жүрген топас, қуыс кеуде Подколесинді, А.Н.Островскийдің "Жазықсыз жапа шеккендеріндегі" ("Жазықсыз айыптыларындағы") комик актер Шмаганы, М.Горькийдің "Күннен туғандарындағы" ғалым-химик Павел Протасовты ойнап, өзінің көп қырлы сахна шебері екенін танытты. Психологиялық сезім шындығына құрылған рөлдерден Әуезовтің "Қаракөзіндегі" тағдыры аянышты Нарша, Б.Майлиннің "Майдан" драмасындағы момын шаруа Әліш, Қ.Мүхамеджановтың "Жат елде" пьесасындағы өмірі өкінішке толы Жұман, Моримото Каорудың "Шығыстағы бір бейбағындағы" Сесускэ мырза, Қ.Мұқашевтың "Дала дастанындағы" өр мінезді, өжет Жансүгір т. б. кейіпкерлерді М.Сүртібаев творчествосының белесті биігі ретінде ерекше атауға болады. 1970 жылы В.И.Лениннің сахналық тұлғасын (А.Каплердің "Ленин 1918 жылында") жасады. * 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. * 1955 жылдан киноға түскен Аңғарбай ("Өжет қызда"), Мұрат ("Біздің сүйікті дәрігерде", 1958), Мадияр ("Ботакөзде", 1958), Маймұрын ("Егер де біздің әрқайсымызда...", 1962), Қабақбаев ("Үлымда", 1962), Найыл ("Ән қанатында", 1967) т.б. Буффонада мен эксцентрикаға бейім актер өнері үздік сахналық әрекетімен, пластикалық қимыл-қозғалысымен, бай мимикасымен ерекшеленеді. * 1997 жылы 24 мамырда Алматыда көз жұмды. Өмірінің соңына дейін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қара шаңырақта өнер көрсетті. ## Гастрольдік сапары Гастрольдік сапармен Қазанда, Уфада, Нүкісте өнер көрсетті. ## Фильмографиясы * 1955 - Қыз-жігіт - Аңғарбай * 1957 - Ботакөзде - Мадияр Бадыханов * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - Мұрат * 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Маймұрын * 1962 - Менің ұлым! - Қабақбаев * 1966 - Ән қанатында - Найыл * 1979 - Долана - эпизод ## Марапаттары * 1944 жылы Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі құрметті атағы берілді. * 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен "Қазақ КСРнің халық артисі" құрметті атағы берілді. * 1970 жылы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. * "Құрмет белгісі" Ордені * "Еңбек Қызыл Ту" Ордені * "Халықтар Достығы" Ордені * СССРдің "Еңбек ардагері" медалі. * 1996 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Парасат ордені" мен марапатталды. ## Дереккөздер
Асқар Сүлейменов (29 желтоқсан 1938, Шорнақ елді мекені, Түркістан ауданы, Түркістан облысы – 15 мамыр 1992, Алматы) – жазушы, әдебиет сыншысы, драматург. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (дүние салғаннан кейін,1996ж). ## Өмірбаяны * Шорнақ елді-мекенінде туғанымен, балалық шағы Шолаққорған ауылында өткен. Сонда оқып білім алған. * 1959 жылы ҚазПИ-дің әдебиет-тарих факультетін(қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. * 1962 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) аспирантурасын бітірген. * 1961 жылы алғашқы сын мақаласы “Жол басы” “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған. ### Шығармалар * “Бесін” (1970) * “Адасқақ” (1988) * “Бесатар” (1996) прозалық шығармалары * “Кек” (2001) драмалық жинағы * “Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық, өнертанушылық жинағы * Төрт томдық шығармалар жинағы (2007-2009) * “Арғымақтар мен адамдар” деректі фильмінің (1977), * "Ас" ("Құлагер") көркем фильмінің (1976) сценаршысы * "Баянел" ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу") сценарийін жазған * "Кек" драмасы Шымкент (қазіргі ОҚО) облыстық драма театрында (1980, режиссері Қ.Жетпісбаев) * "Төрт тақта-жайнамаз" (1989), "Жетінші палата" (1993), (Қыздай жесір-штата қысқарту" (1994) драма-диалогтары Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Режиссері Ә.Рахимов. Сүлейменов жаңа идеяларды генерациялауға, қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, идеяшылдықтан азат жаңа әдебиет жасауға ұмтылды, өз идеалы үшін күресті. Сүлейменов шығармаларын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады: * Сыншылық кезең. Алғашқы кезеңде ол көркем сын жанрына жекелік сипат дарытуға ұмтылды, көркем шығарманы көркем мәтін қағидасынан тыс талдады. “Түр туралы бірер сөз” (“Жұлдыз” журналы, 1963) мақаласымен әдеби ортада үлкен айтыс тудырған Сүлейменовтің көркемдік-эстетикалық ұстанымдары негізінен осы кезеңде қалыптасып айқындалды. “Өнердің өмірден айырмашылығы – өнер өмірден үйренбейді. Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар. ...Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді” деп түсінген суреткер сыншы ретінде көркем шығармаға қояр биік талабын проза мен драматургияда жүзеге асырды. Ойы құнарлы, көркемдік құрылымы айрықша шығармалар туындатты. * Прозалық кезең. Прозалық кезеңде Сүлейменов шығармаларында XX ғасыр прозасының қағидалары толығымен дерлік көрініс берді, ол модернист қаламгер саналды. Қазақ әдебиетінде құбылыс ретінде бағаланған “Бесатар” повесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Созақ көтерілісін соны көзқараста зерделеді. * Драматургиялық кезең. Суреткердің драмалық кезеңіндегі шығармалық жаңа өнер философиясы аясында талдауды талап етеді. Ол С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісі”, М.Булгаковтың“Жендеттер”, Б.Брехттің “Сычуанның мейірі”, Э.Хемингуэйдің “Бесінші колонна”, Т.Уильямстың “Әйнек айуанхана”, т.б. пьесаларын қазақ тіліне аударған. ## Марапаттары * “Ситуациялар” үштағаны үшін (“Жетінші палата”, “Қыздай жесір – штат қысқарту”, “Төрт тақта жайнамаз” драма-диалогтары) Сүлейменовке ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1996). ## Асқар Сүлейменовтің құрметіне * Сүлейменов есімі Созақ ауданындағы өзі оқыған мектепке (1994) * Сарыағаш қаласындағы бұрынғы Ильич атындындағы мектепке (1999) берілген. * Асқар Сүлейменовке арналған ескерткіш жазушының туған жері - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында оның атындағы мектеп алдына 2011 жылдың 21 желтоқсанында орнатылды. Ескерткіш жазушының жақын досы Ө.Исаевтың ұлы, белгілі кәсіпкер К.Исаевтың демеушілігімен орнатылды. Ескерткіштің ашылуына А.Сүлейменовтің отбасы, туыстары, достары, пікірлестері, аудан зиялылары жиналды. Жазушының туған жерінде оның есіміне аса құрметпен қарайтынын айта кету керек. ## А.Сүлейменов туралы кітаптар * Ө.Қырғызбаев. "Асқар ұшқан ұя”. Деректі повесть. (1997) * “Парасат падишасы”. А.Сүлейменов туралы естеліктер кітабы (1998) * Д.Тұрантегі. "Асқар әлемі". (2004) * А.Қалшабек. “А. Сүлейменов шығармашылығындағы рухани-көркемдік ізденістер”. Зерттеу.(2006). * Ә.Рахимов. "Пьесадан спектакльге дейін". (2011) * Т.Әсемқұлов. "Кемеңгер өмірінен бір үзік сыр". Эсселер. (2012) * Шығармашылығы ғалымдар Р.Сыздықова, Б.Құндақбаев, М.Қойгелдиев, Г.Пірәлиева, Ж.Жарылғапов, т.б., * сыншылар Т.Тоқбергенов, З.Серікқалиұлы, С.Жұмабек, Б.Сарбалаев, Ә.Бөпежанова, т.б. еңбектеріне арқау болды. Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан беріде Асқар Сүлейменов өз шығармашылығымен замандастарына үлкен әсер етті. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. А.Сүлейменовтің әдеби мұрасында көптеген көркем аудармалар бар. Оның аудармалары арқылы оқырмандар Т.Карлейль, Мольер, Э.Хемингуэй, М.Булгаков, Б.Брехт, Т.Уильямс шығармаларымен таныса алды. ## Дереккөздер
Сүттіген (ағылш. Euphorbia) – сүттіген тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктер мен шала бұталар. Биіктігі 15 – 20 см, тамыры тармақталып, сабағы тік өседі. Қандауыр тәрізді жапырағы бүтін жиекті. Гүлдері дара жынысты, жасылдау сарғыш түсті. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – үш ұялы қауашақ. Сүттігеннің көпшілік түрінің сабағы сүтті, шырынды болады, кейбіреуінің ұрығында іш өткізетін май бар. Өте улы өсімдік. Көкшіл сүттіген (Е. helіoscopіa) – дәрілік өсімдік. Халық медицинасында сүттігенді іш өткізетін, несеп жүргізетін және ішек құртын түсіретін, сондай-ақ қатерлі ісіктерді емдейтін дәрі ретінде қолданады. Сүттігенді аса сақтықпен пайдаланған жөн, көп мөлшері ауыр асқынуларға, шырыны көздің, еріннің, мұрынның, жыныс мүшелерінің шырынды қабатына зиянды. 2 түрі: берік сүттіген (Е. sclerocyathіum) және Ярослав сүттігені (Е. jaroslavіі) – өте сирек кездесетін өсімдіктер ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген ## Табиғатта таралуы. Облыстың барлық аймақтарында өсетін 52 түрі бар. Соның ішінде, әсіресе талшық сүттігені (Т. vіrgata) республиканың орманды, шалғынды жерлерінде, егістіктерінде жиі кездесетін арамшөп.Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарының ормандары мен жабайы бұталарының арасында, құмды, сортаң, шөлейіт жерлерде өседі. Сүттігеннің өте қауіптілері – түйе сүттігені, құм сүттігені, күнбағыс сүттігені деп аталады. Дәрілік шикізат ретінде жиналмайды, мүмкіндігінше жайылымдарды тазарту үшін оларды тамырымен жұлып алып тастаған дұрыс. Ал қотырға, қышымаға қарсы қолданылатын дәрі тапшы кезде оның шөбінің тұнбасымен (1:20) осы аруларды емдеуге болады. Бірақ сақтық шараларын бұлжытпай орындау қажет. ## Химиялық құрамы. Сүттіген шөбінің құрамында іш өткізетін май, сондай – ақ эуфорбин қышқылының улы тотығы, шайырлы және органикалық заттар, аздаған алколоидтар болады. ## Малдың улануы. Жалпы сүттігенді мал жемейді. Бірақ жазда дайындалған пішен арасында сүттіген шөбінің араласып кетуі ықтимал. Қыс айларында осындай шөппен азықтандырған мал уланып қалады. Уланған малдың асқазан – ішегі зақымданып, қабынады, іші өтеді, тәбеті қашады. У денеге әбден тараған кезде оның зәріне қан араласады. Аузынан шұбырып көбікті сілекей ағады, тыныс алу органдары мен жүрек жұмысы нашарлайды. Дер кезінде емдемесе уланған мал 1 – 2 күнде өледі. Уланған малға алғашқы жәрдем – оның асқазынын марганцовканың әлсіз ертіндісімен жуу болып табылады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Сүттіген — "Қайнар", 1988. — Б. 227-228. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғы-қасіретін жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген. Қазіргі кезде негізінен қыз ұзатылып кетіп бара жатып, туған-туыстарымен қоштасу барысында айтылады. Қыз өзінің ішіндегі бар сағынышын шығарып, жұртына кетеді. ## Дереккөздер
Сыпатай Саурықұлы(1837, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы- 1899, сонда) — Қоқан хандығы басқыншыларына қарсы күрескен батыр. Ұлы жүз шапырашты руының Есқожа тармағынан. 1857 жылы Ш.Уәлихановтың Жетісуға сапарында оны Іле өткелінде Диқанбай батырмен бірге қарсы алып, жергілікті халықтың кәсібі, әдет-ғұрпы жөнінде көптеген мәліметтер берген. Сыпатай 1860 жылы Қоқан әскеріне қарсы Ұзынағаш шайқасына қатысқан. Сыпатай батырдың ерлігі, елін корғаудағы жауынгерлік жорықтары Жамбыл мен Құланаян Құлмамбет, Жамбыл мен Сарыбастың айтыстарында, Сүйінбайдың жырында айтылған. ## Дереккөздер
Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған – 2020 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожиннің қызы. ## Өмірбаяны ## Зерттеулер Сыздық Рәбиға "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" (1959) тақырыбында кандидаттық, Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті, орфография, жазу теориясы, ахметтану, лингводидактика салаларына арналған. ## Марапаттар “Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995), Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Шығармалары * Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, А., 1959, 1996; * Сөздер сөйлейді, А., 1980, 1994, 2004; * Сөз сазы, А., 1983; * А.Байтұрсынов, А., 1990; * Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1993, 2004; * Абайдың сөз өрнегі, А., 1995, 2004; * Сөз құдіреті, А., 1997; * Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000; * Тілдік норма және оның қалыптасуы, Аст., 2001; * Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, А., 2004; * Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі, А., 2004. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Рабиға Сыздық: Ғылымда жүрген қазақ әйелінің жүгі өте ауыр
Сыпатай Әлібекұлы (1781/82 – 1867/68) – батыр. Ұлы жүздің Дулат тайпасының Ботбай руынан. Әкесі Әлібек момын, етік тігіп, өрім өрумен аймағына аты танылған адам болған. Бірақ балалары – Андас та, Сыпатай да намысқой, өр кеуделі жігіт болып өседі. Көз көрген кескінін К.Әзірбаев: «зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағына тұрған қырауды қамшысымен қағып түсіреді екен. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты», – деп суреттейді. XIX ғасырдың 1-жартысында қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай батыр Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. Атқа мініп, қол жинап, салық жинап жүрген Қоқан ханының жасауылдарын айдап шығады. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді. Арқадан ығысқан Кенесары хан оңтүстікке келіп, Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаған соң ел азаматтарын бастап, Сыпатай батыр Кенесары ханға қосылып, оның сенімді батырларының біріне айналады. Бірақ Кенесары хан қырғыздарға соғыс жасағанда, Сыпатай батыр одан бөлініп, өз әскерін бастап кетіп қалады. Оның өзіндік себебі де бар еді. Жиырмадан жаңа аса берген албырт кездерінде өз елінің жуандары ағайынды екі батырды – Андас пен Сыпатайды сыйғызбай қуып жібергенде, олар көрші қырғыздарға барып паналаған болатын. Қырғыз ағайындар елін Қоқан басқыншыларынан қорғасқан екі батырға риза болып, өз ұлдарындай көріп, алдарына мал салып, үстеріне үй тігіп, қоныстығына жер береді. Қырғыздардың солто тайпасының манабы Қанай Сыпатайдың екінші әкесіндей болып, үлкен қамқорлық көрсетеді. Өзін баласындай етіп өсірген елге Кенесары шабуыл жасамақ болғанда, не істерін білмеген ол қатты қиналады. Ақыры өздеріне адамгершілікпен соншалық жақсылық жасаған елге шабуыл жасауға ұжданы жібермейді, әрі ата жұртының ежелгі көршісі бауырлас елмен қарым-қатынасты бұзғысы келмейді. Сөйтіп екі жақтың арасындағы қантөгіске қатысудан бас тартады. Кейіннен 1860-жылдары Черняев бастаған орыс әскерінің Қоқан хандығына қарсы жорығына Сыпатайдың балалары қатысады. Сыпатай батыр қайтыс болған соң оның асы 1870 жылы Меркіге таяу жерде Сарыкемерде берілді. 1992 жылы С. б-дың 210 жылдығы аталып өтілді. Мазары жаңғыртылып, қайта салынды. 2002 жылы Сыпатай батырға Меркі ауданының іргесінен үлкен ескерткіш тұрғызылды. ## Дереккөздер
Сынтас алтын кен орны – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Кен орны 1930 жылдан барланған. Кен аумағында 30-дан астам кварц желілері бар. ## Минералдары Басты кентас минералдары: пирит, халькопирит, арсенопирит. ## Дереккөздер
Сыздық Кенесарыұлы (Садық сұлтан, Сыздық төре; 1837 жыл – 1910 жыл) — XIX ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. ## Бала шағы Кенесары ханның екінші әйелі Жаңыл ханымнан туған. Кенесары қаза болғаннан кейін оның бала-шағасы төлеңгіттермен Түркістан қаласына іргелес Қаратау маңына көшіп барған. Олар салық төлемеу шартымен Қоқан хандығына қарады. Сыздық ауыл молдасынан білім алып, ер жеткенде Қоқан ханына әскери қызметке кірді. Оған пансат басы (бес жүз әскербасы) атағы берілді. Ол өзінің әскерімен Ұзынағаш шайқасына қатысып, ерлігімен көзге түсті. ## Орыс әскерлермен шайқас 1864 жылы Қоқан ханының әмірімен Созақтың әкімі болып тағайындалды. Бұл кезде Ресей полковнигі Веревкин Түркістан қаласына таяп келіп, қоршауға алды. Осыған орай ол өзінің жасақтарымен Түркістан қаласын қорғауға аттанды. Сыздық жасақтары орыс әскерлерінің қоршауын бұзып, Түркістан қаласына еніп, оны қорғауда батылдық танытты. Сондай-ақ Түркістанға іргелес Иқан ауыл маңында орыс әскерлеріне ойсырата соққы берді. Сыздық Шымкент қаласын қорғауға да қатысып, генерал М. Г. Черняев әскеріне тойтарыс беруде өзінің талантты қолбасшы екенін көрсетті. Генерал Черняев Шымкентті алғашқы шабуыл барысында ала алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Ташкентті қорғау барысында Әлімқұл қаза тапқан соң қаланың беделді ақсақалдарының ұсынысымен Сыздық әмір лашкар (әскербасы) болып сайланып, Ташкентті қорғауды қолға алды. ## Бұхар әмірлігімен одақтасуы Сыздық патшалық Ресейдің басқыншылық саясатына тегеурінді тойтарыс беру мақсатында Бұхар әмірлігімен одақтасу қажет деп тапты. Соған орай Бұхар әмірі Әбулмұзафарға елші жіберді. Бұхар әмірі мұндай келісімді қабыл алып, Ташкентке өзінің Тайшыбек атты өкілін аттандырды. Тайшыбек келгеннен кейін Сыздық Ташкентті басқаруды соған тапсырды. Генерал Черняев әскері Ташкентті алып, Жызаққа қарай бет алғанда Сыздық оған тегеурінді қарсылық ұйымдастырды. Сырдария бойындағы Шардара қамалы маңындағы қазақтарды орыс әскерлерінің тонап жатқаны жайлы хабар алған Сыздық оларға көмекке аттанды. Ол жергілікті қоңыраттардан жасақ құрастырып, орыс әскерлеріне ойсырата соққы беріп, Шардара маңы қазақтарының тоналған мал-мүлкін қайтартты. Бұдан соң Сыздық Самарқандқа барып, Бұхар әмірімен бірге Бұхараға кетті. Сол жақтан 800 адамнан тұратын жасақ алып, Қазалыны азат етуге аттанды. ## Бұхар әмірлігіне қарсы шығуы Қазалының оңтүстігіндегі Сарыбұлақ деген жерде орыс әскерлерімен шайқасты. Үш күнге созылған шайқаста Сыздықтың жасағынан 22, ал орыс әскерлерінен 60-тан астам адам қаза тапты. Перовскіден Қазалыға қосымша орыс әскері жіберілгеннен хабардар болған Сыздық жасағымен Қызылқұм арқылы жүріп Жызаққа келіп, орыс әскерімен шайқасқа түсіп, оларды шегінуге мәжбүр етті. Бірақ бұл кезде Бұхар әмірінің әскері Самарқанд түбінде генерал К.П. Кауфман әскерінен жеңілген еді. Самарқандты қорғаушыларға Сыздық жасақтарымен келіп қосылғанымен қаруы басым орыс әскерлері жеңіске жетіп, Самарқандты алды. Бұхар әмірінің орыстармен бітімге келуін Сыздық сатқындық деп бағалап, онымен де күресуге бел буды. Ол өзімен пікірлес әріптестерімен бірге қазақтар арасынан жасақ жинап, Нұратаны алды. Бұхар әмірі Сыздықтың Нұратаны алғанын естігеннен кейін оған қарсы бес мың сарбаз бен сегіз мың атты әскер жіберді. Жазалауға жіберілген бұл әскер Сыздықтың жасағымен бетпе-бет келгенде үрейленіп, ұрыссыз тізе бүкті. Осылайша Сыздыққа он үш мың әскер қосылды. Алайда бұл әскер Сыздыққа шын беріле қоймады. Соның салдарынан Зеравшан өзен бойында Бұхар әмірімен болған шайқаста Сыздық маңында мыңға жуық адам ғана қалды, қалғандары шайқасқа түсуден бас тартып, қашып кетті. ## Соңғы шайқас Бұл оқиғадан кейін ол Хиуа хандығы иелігіне өтіп, Сырдарияның сол жағалауын қоныстанған қазақтардың басшысына айналды. 1873 жылы көктемде Кауфман Хиуаны жаулауға аттанған кезде Сыздық өзіне қарасты қазақтардан 700 адамнан тұратын жасақ құрды. Бұған Хиуа ханы түрікмендерден құралған 500 адамдық жасақты қосып, Сыздықты Кауфман бастаған әскерге қарсы аттандырды. Әмудария бойындағы Үшошақ деген жерде Кауфман әскерімен Сыздық жасақтары шайқасқа түсті. Шайқас барысында Хиуа ханының орыс жаулаушыларымен келіссөз жүргізіп жатқандығынан хабардар болған Сыздық өз күресін Қашқарға барып жалғастырмақ болды. Ол Гератқа өтіп, сонда үш айдай тұрақтап, Бадахшан арқылы Қашқарға келді. Мұнда оны Қашқардың билеушісі Якупбек қабылдап, оған әскери қолбасшы лауазымын береді. Сыздық Қашқардағы мұсылмандардың көмегімен Түркістан өлкесін орыс жаулаушыларынан азат етуге болады деп үміттенді. Алайда 1877 жылы Қашқарды Цин империясы әскерлерінің жаулап алуына байланысты бұл үміт те үзілді. Сыздық Қытай жаулаушыларымен шайқас барысында ауыр жарақат алды. 1878 жылы Ферғана өңіріне өтіп, орыс билігін мойындауға мәжбүр болды. Оған Сырдария облысының Шымкент уезінде тұруға рұқсат етілді. Сыздықтың ерлік істерін Майлықожа мен Жамбыл ақындар жырға қосқан. ## Дереккөздер
Олжас Омарұлы Сүлейменов (18 мамыр 1936 жыл, Алматы) — қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы (1990), Қазақстанның Еңбек Ері (2016). Халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының негізін салушысы. ## Өмірбаяны Олжас Сүлейменов 1936 жылғы мамырдың 18 күні Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі – Омархан Сүлейменұлы, қазақ кавалерия полкінің офицері. Шешесі – Бәтима Насыржанқызы Беделбай. Нағашы атасы Насыржан Беделбай – белгілі көпес Ғабдұлуәлиевтің сауда үйінде коммерциялық басқарушы еді. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Айдабол тармағынан тарайды. Олжас – Жаяу Мұсаның бесінші ұрпағы. Шежіресі: Айдабол — Малғозы — Толыбай — Орман — Төбет — Байжан — Жаяу Мұса — Тайжан — Ақтай — Сүлеймен — Омархан — Олжас. Белгілі түркітанушы ғалым Лев Гумилев Олжасқа әкесі Омархан атылмай тұрып, екеуі бірге Норильскідегі лагерьде бірге отырып шыққанын айтқан. ### Алғашқы жылдары 1954 жылы Олжас мектеп бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетіне түседі. 1959 жылы оқуын аяқтап, инженер-геолог мамандығын алып шығады. Студент кезінде геологиялық барлау жұмыстарына қатысқан. 1955 жылдан бастап әдеби жолы басталады. Ал 1959 жылы Мәскеудегі А.М. Горький атындағы Әдебиет институтының ақындық аударма ісі бөліміне түседі. 1961 жылы оқуын аяқтамас бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. 1959 жылғы маусымда Олжастың өлеңдер топтамасы алғаш рет орталық басылымда жарық көрді. 1962–1971 жылдарда "Казахстанская правда" газетінің әдеби қызметкері; "Қазақфильм" киностудиясы сценарлық-редакциялық алқасының бас редакторы; "Простор" журналында журналистика бөлімінің меңгерушісы болып қызмет атқарды. ### Жарқын шағы 1971–1981 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының басқарма хатшысы; 1972 жылдан бастап Азия мен Африка елдерінің жазушыларымен байланыс жөніндегі қазақ комитеттің төрағасы болды. 1975 жылы Азия мен Африка жазушыларының 5-конференциясын Алматы қаласында өткізу идеясының құрылтайшысы еді. 1970 жылдардың басынан 1980 жылдардың соңына дейін Азия мен Африка жазушыларымен байланыс жөніндегі Кеңестік комитеттің төраға орынбасары болып қызмет етті. 1975 жылы "Аз и Я" кітабы жарық көрді. Бұл кітап Мәскеуде теріс резонанс тудырып, оған тыйым салынды. Олжастың туындылары 8 жыл бойы басылымға түспей, ақын мүлде жазбай кетті. 1980–1984 жылдарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әрі Президиум мүшесі. 1984—1989, 1989—1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1981 жылы КОКП ХХVI съезінің делегаты. 1981–1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды. Олжас Сүлейменовтың арқасында 1984 жылғы жазда Сергей Соловьевтің ВГИК-тегі шеберханасы Республикалық байқау жарияланды. Сөйтіп қазақ киноматографиясында "тың толқынның" пайда болуына ықпалын тигізді. 1984–1992 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар Одағының хатшысы болды. 1989 жылғы ақпанда халықаралық "Невада-Семей" ядролық қаруға қарсы қозғалысын құрып, оның Президенті атанды. Қозғалыс мақсаты – Семей ядролық сынақтар алаңын және дүниежүзіндегі басқа да ядролық сынақ алаңдарын жабу еді. Антиядролық қозғалыс түпкі мақсатына жетіп, сынақтар тоқтатылды, ал полигон жабылды. Кейіннен "Невада-Семей" қозғалысы "Қазақстан халық конгресі" партиясы болып жаңадан құрылды. 1991–1995 жылдары Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясының төрағасы болды. Оған қоса, 1994–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1995 жылғы тамыздан бастап Италия республикасындағы, оған қоса 1996 жылғы сәуірден бастап Грекия республикасы мен Мальта республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елші қызметін атқарды. Елші қызметінде әдеби миссиясын жалғастырып, Рим қаласында 1998 жылы "Жазу тілі" ("Язык письма", адамзат жазуы мен тілінің шыққан тегі туралы) мен "Құдайдың күлкісі" ("Улыбка бога"), 2001 жылы "Айқас параллельдер" ("Пересекающиеся параллели"ғ түркі-славян тілдері туралы), 2002 жылы "Ежелгі түркілер" ("Тюрки в доистории", ежелгі түркілердің тілі мен жазуының шыққан тегі туралы) кітаптары жарық көреді. 2002 жылы "Тюрки в доистории" атты кітабы түркітану саласында көрнекті жетістіктері үшін Күлтегін сыйлығын алды. 2001 жылдан бастап Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі. 2022 жылы "Байтақ" халық экологиялық партиясы" Олжас Сүлейменовты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсыну идеясын қозғады. ### Отбасы Жұбайы – Маргарита Владимировна, 2023 жылы қайтыс болды. Қыздары: Динара, Мәдина, Ләйлә. Динара қызынан екі жиені бар: Дәмелі мен Димаш. Өз атына жазып алған жиені Ескендір Сүлейменовты 2018 жылғы 22 маусым күні Қызылорда облыстық ІІД басшысының қызы көлікпен қағып кетті. Ескендір апатта дүниеден өтті. ## Ақындық Олжас Сүлейменов өлеңдерін орыс тілінде жазып, басында тек Қазақстанда ғана танымал еді. Бүкіл одаққа есімі алғаш рет 1961 жылғы көктемде шыққан. Әдеби институттағы оқуынан шығып кеткен соң, Алматыға қайтып оралып, "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істей бастады. 11 сәуір күні Байқоңырда болып жатқан оқиғаларды біліп, газет редакторы Федор Боярский Олжасқа "адамның ғарышқа ұшуы туралы" өлең жазуды ұсынды. Түні бойы тыңбай жазып, 12 сәуір күні Гагарин ғарышқа ұшқанын елге жария салғанда Сүлейменовтың өлеңі газет бетіне шығып, Қазақстанның бүкіл қалаларында қуанышты хабар ретінде таратылды. Бұл оқиғадан шабыттанған Олжас небәрі бір аптаның ішінде осы өлеңін ірі "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасына айналдырды. Бұл поэма мамыр айында жарық көрді. Кейін Сүлейменов бұл туралы: "Менің поэмам бүкіл Орталық телеарналар мен радиотолқындарды паш етті, ірі газеттерде басылып жатты. Апта сайын мені зауыттарға, фабрикаларға, студенттік аудиторияларға шақырып, кездесу өткізетін. Бұл менің үлкен жетістігім!" деп айтқан. Олжастың бұл поэмасы Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің сыйлығына ие болды. Бұл Олжастың алғашқы мемлекет тарапынан берілген сыйлығы еді. 25 жасар Олжас Сүлейменовты АҚШ пен Еуропаға баратын кеңестік делегацияларға қоса бастады. Олжас өз поэмасын Париждегі Сорбонна мен Нью-Йорктегі Колумбия Университетінде оқыған. Сүлейменовты оқуынан шығарған әдеби институт директоры Серегин жақын арада оған телеграмма жолдап, әдеби институтқа оралуын сұраған. Кейіннен Олжас Сүлейменовтың "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасынан үзінді Гагариннің бейіттасына қашалады. Сүлейменовтың танымалдық лебіне ілесіп, 1961 жылы "Арғымақтар" атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. 1962 жылы "Жарық түндер" ("Солнечные ночи") өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұл өлеңдер жинағы IV Бүкілодақтық жас жазушылар жиналысында атап өтіліп, Николай Тихонов Олжасты ауыз толтырып мақтады. 1964 жылы шыққан "Шығыстың құтты уақыты" ("Доброе время восхода") атты өлеңдер жинағы Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының Орталық Комитетінің сыйлығына ие болды. Әдеби сыншы Лев Аннинский Олжастың одақтық деңгейдегі танымалдығын келесідей түсіндіреді: Сүлейменовтың өлеңдері мен поэмалары қоса алғанда ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болғар, мажар, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. Ақын шығармашылығы Францияда ерекше танымал болды. Оның өлеңдері былай тұрсын, бірнеше тұтас өлең жинақтары тәржімаланды. 1969 жылы Олжас КОКП қатарына кірді. 1970 жылы Ленинның туғанына 100 жыл толуына орай, Олжастан поэмаға тапсырыс берді. Бірақ поэманың орнына баспаға өзінің "Глиняная книга" шығармасын алып келіп, бүкіл кеңестік зиялы қауым оны өте жоғары бағалады. Бұл поэмасы Сүлейменовтың ең үздік туындысы болып саналады. Бірақ Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты мүлде басқа "Синие острова" поэмасы үшін алады. ## Зерттеулері Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді. Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапті айтуға болады: * 1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кітабі түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйіп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тілсім қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрынғыдан кемелдене түсті. * «1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады. * 1998 ж. жарық көрген «Жазу тілі» кітабы тарихқа дейіңі мәдениетке көзқарас, мұнда автор шығандай шырқап сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді. * «Тaрихқа дейінгі түркілер» кітабында славян және түркі тілдерінің, атап айтқанда, көне қазақ және көне орыс тілдерінің ежелгі өзара байланысы туралы айтылады. Жазушының ондаған жылдар бойы тынымсыз ізденуінің нәтижесінде табылған екі халықтың осындай әрекетке түсуіне қатысты материалдар көне қазақ тілі деген терминді алғаш рет қолдануға мүмкіндік берді. Кітапта бұл терминнің дұрыс екендігі толық дәлелденеді. ### Аз и Я "Слово о полку Игореве" немесе "Игорь жасағы туралы жыр" –Ежелгі Русь әдеби ескерткіші. Жырда 1185 жылы Игорь Святославұлы бастаған русь кінәздерінің половшыларға сәтсіз аяқталған жорығы туралы айтылады. Жыр шамамен 1185 жылы жазылған деген болжам бар. Бұл дастан ежелгі орыс тілінде жазылған деп есептеледі, бірақ орыс лингвистері бірнеше ғасыр бойы дастанның біраз бөлігін түсіне алмай, бұрмалап түсіндірген. Олжас Омарұлы Сүлейменов бұл дастанға алғаш рет 1960 жылы әдеби институт студенті кезінде қызығушылық танытқан. Олжастың шығармалары орыс тілінде жазылса да, өзі қазақ тілін жақсы меңгерген. Оған қоса, Олжас лингвист, яғни тіл ғылымының маманы болған соң, "Слово о полку Игореве" дастаны ол үшін мүлде қиындық тудырған жоқ. Жас лингвист жырдың түсініксіз сөздерінің сырын ашып, ауқымды зерттеу жұмысын жаза бастайды. 1962 жылдан бастап жыр туралы еңбектері жарық көре бастайды. АЗиЯлық пайымдау 1963-1966 жылдар аралығында Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде аспирантурада жүрген кезінде "Игорь жасағы туралы жырдағы" тюркизмдер" ("Тюркизмы в "Слове о полку Игореве") атты кандидаттық диссертация әзірлейді. Олжас Сүлейменов дастанды қостілді деп санап, бұл тақырып аясында ауқымды зерттеу жүргізді. Автор дастан половец-орыс тілдері араласқан шығарма, екі тілдің арасында айқын шекара болмай, бірі екіншісін жалғап жырлайтын дастан екенін дәлелдеді. Оған қоса, автор дастандағы тюркизмдер, яғни түркі сөздері кейін орыс тіліне еш өзгеріссіз енгені туралы пайымдайды. Бұл тақырыпты кеңінен 1975 жылы жарық көрген "АЗиЯ. Книга благонамеренного читателя" атты кітабында ашады. Олжас Сүлейменов "АЗиЯ" кітабында ежелгі русь халқы билингв – қостілді екенін ашық тұжырымдайды. Бұл идеясын жыр екі тілді түсінетін аудиторияға арналғанын, яғни орыс тілін білген адам, половшылар тілін де білгенін көрсету арқылы негіздейді. Сүлейменов қостілді русь халқы идеясын тек бір "Игорь жасағы туралы жыр" негізінде ғана емес, саналуан дереккөздер арқылы дәлелдеуге тырысты. Кеңестік қыспақ Империализм мен руссоцентризмді ұстанған Кеңес идеологиясы Моңғол шапқыншылығы, Русь кінәздерінің Алтын ордаға бағынған кезеңінде орыс тіліне мардымсыз ғана "кумыс", "аркан" сияқты тюркизмдер енді деп қабылдайтын. Бірақ Олжас Сүлейменов "АЗиЯ" кітабында Кеңес идеологиясының көзіне көрінбейтін, әркез орыс сөздері болып саналған орыс тіліндегі тюркизмдерді ашып көрсетті. Орыс академиктер қауымы бұл кітапты "ұлы" орыс тіліне бұрын-соңды болмаған қол сұқпа деп қабылдады. "АЗиЯ" кітабы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кітапқа кеңестік заманға тән «ұлтшылдық», «пантюркизм», «әдістемелік қателер» сияқты айыптар тағылды. Партия басшылығы тез арада кітапқа қатысты жедел шаралар қолданды. Мәскеудегі басшылықтың нұсқауымен Қазақстан компартиясының орталық комитеті кітапқа теріс баға берді. "АЗиЯ" кітабы сатылымнан шығып, дүкен сөрелерінен, кітапханалардан алынды және жойылды. Бұл кітапты басуға рұқсат берген баспа директоры қызметінен босатылды. Ал автор Олжас Сүлейменовтың шығармалары санкцияға түсіп, 8 жыл бойы мүлде жарық көрмей кетті. Республика басшысы Дінмұхамед Қонаевтың КСРО басшысы Брежневке жеке өтінішімен ғана Сүлейменов "қатаң сөгіс" алып қана құтылды. Сүлейменов сол заманда үлкен танымалдыққа ие болған соң, Сүлейменов ісін КОКП ОК қарауы тиіс еді. Бірақ Брежнев нұсқауымен іс Орталық комитеттен КСРО Ғылым Академиясының қарауына тапсырылды. "АЗиЯ"-ға тыйым салынғаннан кейін, бұл кітапқа КСРО-ның түркі халықтары қызыға бастады. Тәуелсіздік алған соң, бұл кітап қайта басылды. "АЗиЯ" кітабы Ресей славист ғалымдарымен теріс бағаланды. Олар Сүлейменовті кәсіпқой лингвист емес, әуесқой зерттеуші, әрі фантаст деп атады. Олжастың көзқарасы нақты зерттеу нәтижесі емес, фантастикалық тұрғыдан қарастырылған деп айыптады. Славистер былай тұрсын, Ресейдің тюркологтері де Сүлейменовті жақтамады. Олар Сүлейменов жаңа сөздер ойлап тауып, жаңа грамматика құрастырды. Оның сөзі ойдан шығарылған, ал жазғаны - білімсіздіктің нәтижесі деп айып тақты. Мұндай қарсы пікірге қарамастан, Тәуелсіздік жылдары Олжас Сүлейменов пікірін өзгеріссіз қалдырып, кітапты кішкене ғана өзгеріс енгізілген редакциясында жариялады. ## Саяси-қоғамдық қызметі Қазақстанда атом сынақтарына тыйым салу - 1989 жылдың басындағы КСРО халық депутаттығына үміткер болған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменовтің сайлау алды бағдарламасындағы ең бірінші пункт еді. 1973 жылы Сүлейменов «Сынақтарға тыйым салынсын!» деген сөздермен аяқталатын, Қазақстан үшін сол кезде ауыр тақырыпқа «Дикое поле» атаулы өлең жазған. Семей ядролық полигонындағы сынақтар туралы сөз қозғаған болатын. Тек 1949-1963 жылдар аралығында Семей маңында сыналған барлық атом және сутегі бомбаларының жарылу күші Хиросимаға тасталған американдық атом бомбасының қуатынан 2500 есе артық болды, бүкіл аймаққа жан түршігерлік экологиялық зиян келтірді. 1989 жылы ақпанда Сүлейменов Қазақстан халқына теледидар арқылы үндеу жасады, келесі күні Алматыдағы Жазушылар одағы ғимарытының алдында ядролық қаруға қарсы «Невада — Семей» қозғалысының құрылғанын жариялады . Ядролық сынақтарға тыйым салу үшін небәрі бір айдың ішінде петицияға 4 миллионнан астам адам қол қойды. Кейін Семей қаласынан депутаттыққа сайланды. Сол жылдың жазында Сүлейменов КСРО халық депутаттарының I съезінде сөз сөйлеп, қозғалыстың мақсаты мен талаптары туралы баяндады. 1989 жылы 19 қазан ядролық сынақтар аяқталғаннан кейін, 1990 жылғы мамыр бірінші үкіметсіз «Антиядролық конгресс» өткізілді. Қозғалысты қолдау үшін шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Анатолий Карпов бастаған бейбітшілік қорынан 400 мың рубль аударылды. Сүлейменов Қазақстан шахмат федерациясының төрағасы болды (1977—1995). Қазақстан Президенті Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлығымен полигон түпкілікті жабылып, ядролық қаруды сынауға халықаралық мораторий жарияланды. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа көптеген елдер қол қойды. Осындай табыстардан кейін «Қазақстан халық конгресі» (1991-1995) қозғалысы саяси партиясына айналды. Осы жылдар бойы оның басшысы Сүлейменов болды. ## Жыр жинақтары «Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабінан бері ол жиырма шақты жыр жинағына автор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады. * «Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж. * «Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967 ж. * «Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж. * «Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж. * «Каждый день — утро», Правда, Мәскеу, 1973 ж. * «Повторяя в полдень», Жазушы, Алматы, 1973 ж. * «Круглая звезда», Художественная литература, Мәскеу, 1975 ж. * «Берега. Определение», Жазушы, Алматы, 1976 ж. * «Olzsasz Sulejmen versei» (мажар тілінде), Еуропа кёнивкадо, Будапешт, 1976 ж. * «Тұңғыш космонавт», Жалын, Алматы, 1979 ж. * «Sakalai virs smevlus» (литван тілінде), Бага, Вильнюс, 1980 ж. * «Земля, поклонись человеку!» (түркімен тілінде), Магарыф, 1985 ж. * «Свиток», Молодая гвардия, Мәскеу, 1989 ж. * «Аргамак» (моңғол тілінде), Улань газар, Улаанбаатр, 1990 ж. * «Айналайын», Жібек жолы, Алматы, 1996 ж. * «Исправляя метафорой мир», Қаржы-қаражат, Алматы, 1996 ж. * «Im Azimut der Nomaden», Интердрюк, Лейпциг, 1997 ж. * Собрание сочинений в 7 томах (в 8 книгах, орысша). Алматы, Атамұра баспасы, 2004. * Таңдамалы туындылары, Жібек жолы, Алматы, 2005 ж. * «Olzhas Sulejmenow gedichte» (неміс тілінде), Қазақстан, Алматы * «Fizikçinin Duası» (түрік тілінде), Ыстамбұл, 1976 ж. ## Шығармалары: * Нұрлы түндер, А., 1962; * Қылықты түн, А., 1963; * Мешін жылы, А., 1967; * Таңдамалы лирика, М., 1968; * Ақ дария аспанында, Таш., 1970; * Атамекен, А., 1972; * Қалаулы қайырма, А., 1973; * Жұмыр жұлдыз, М., 1975; * Көңіл көкжиегі, А., 1976, 1980; * Определение берега, А., 1976, 1979; * Трансформация огня. А., 1985; * Асқардан асу (Преодоление), А., 1987; * От января до апреля, А., 1989; * Тюрки в доистории, А., 2002. ## Марапаттары ### Мемлекеттік марапаттар * 1967 — Еңбектегі ерлігі үшін медаль; * 1981 — Құрмет Белгісі ордені; * 1984 — Еңбек Қызыл Туы ордені; * 1986 — Қазан төңкерісі ордені — 50 жасқа толуына орай; * 1990 — Қазақ КСР халық жазушысы; * 2001 — 1-дәрежелі "Барыс" ордені — Қазақстандағы ядролық сынақтарға қарсы жүргізген күресі үшін; * 2006 — Отан ордені — 70 жасқа толуына орай; * 2014 — Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалі; * 2016 — Қазақстанның Еңбек Ері атағы; * 2016 — "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі; * 2020 — "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалі; ### Шетелдік марапаттар * 2004 — «За заслуги» ордені (Ингушетия, Ресей) — Ингушетия халқына сіңген еңбегі үшін; * 2006 — V дәрежелі кәніз Ярослав Мудрый ордені (Украина) — Қазақстан мен Украина халықтарының достығына қосқан үлесі үшін; * 2006 — «Шохрат» ордені (Әзербайжан) — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достықты орнатуға қосқан үлесі үшін; * 2007 — "Дружба" ордені (Ресей) — Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын орнатуға қосқан үлесі үшін; * 2007 — Өнер мен әдебиет орденінің кавалері (Франция). * 2011 — "Достлуг" ордені (Әзербайжан) — Әзірбайжан мәдениет таратуға қосқан үлесі үшін; * 2016 — Әзербайжан Республикасы Президентінің құрмет дипломы (Әзербайжан) — Әзербайжан мәдениет өз шығармаларында таратқаны үшін; * 2017 — 4-дәрежелі Күншығыс ордені (Жапония) — ядролық қарудың таралуына қарсы жүргізген саясаты және Жапон-Қазақ қарым-қатынасына қосқан үлесі үшін; * 2021 — "Шараф" ордені (Әзербайжан) — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени сабақтастыққа қосқан үшесі үшін; * 2022 — Құрметті легион орденінің офицері (Франция). ### Сыйлықтар * 1961, 1963 — Қазақстан комсомолының Орталық комитет сыйлығының лауреаты; * 1967 — «Доброе время восхода» өлеңдер жинағы үшңн Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағы сыйлығының лауреаты; * 1973 — «Синие острова» поэмасы үшін Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты; * 2000 — Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты; * 2002 — Күлтегін атындағы халықаралық сыйлық лауреаты – "түркітану саласындағы жетістіктері үшін"; * 2003 — Халықаралық Түркия сыйлығының лауреаты – "түркі әлеміне қосқан үлесі үшін"; * 2013 — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бейбіт және даму Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; * 2018 — Шыңғыс Айтматов атындағы ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы сыйлығының лауреаты; * 2020 — Мемлекетаралық ТМД "Достастық жұлдыздары" сыйлығының лауреаты. ### Шығармашылық одақтардың марапаты * 2017 —"ЛиФФт" Еуразиялық әдеби фестиваль алтыны (Еуразия). ### Конфессиялық марапаты * 2023 — «Мир и согласие» ордені (Қазақстан Православиелік Шіркеуі) ### Құрметті ғылыми атақтары * 2004 —Әлиев атындағы Қарашай-Шеркеш Мемлекеттік университеттің құрметті докторы; * 2005 — Маржани атындағы тарих институтының құрметті докторы; (Татарстан Республикасының Ғылым Академиясы) * 2006 — Баку мемлекеттік университетінің құрметті докторы; * 2009 — Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің құрметті профессоры; ### Құрметті азамат * 2009 — Семей қаласының құрметті азаматы; * 2014 — Баянауыл ауданының құрметті азаматы; * 2015 — Павлодар облысының құрметті азаматы; * 2019 — Алматы қаласының құрметті азаматы; ## Әдебиеттер: * Ахметов З.А., Национально-характерные черты языка поэзии Олжаса Сулейменова // в кн. О языке казахской поэзии, А., 1970; * Гусев В., Национальное, интернациональное и общечеловеческое: об Олжасе Сулейменове и его “Глиняной книге” // в кн. Герой и стиль, М., 1983; * Бузаубагарова К.С., Стих Олжаса Сулейменова, А., 1984; * Диканбаева С., О стилистическом комплексе в творческом контексте О.Сулейменова // Сб. научных тр., А., 1984; * Толмачев Г., Повесть об Олжасе, А., 1996; * Вместе с Олжасом, А., 1996; * Ким Н.С., Эпидигматические отношения в языке и их реализация в русской художественной речи (на материале поэзии О.О. Сулейменова), Таш., 2002; * Жуминова А.Б., Тезаурус языковой личности поэта О.Сулейменова, А., 2004; * Сарсембаева А.Ж., Анафора в поэзии О.О. Сулейменова, А., 2005. ## Сыртқы сілтемелер * «Аз и Я» (орысша) * «Язык Письма» Мұрағатталған 8 тамыздың 2011 жылы. (орысша) ## Дереккөздер
Сырдария Жазба Ескерткіштері, Шардара су қоймасы маңындағы Ақтөбе (1960) және Алтын төбе (1980) қалашықтарынан (Оңтүстік Қазақстан облысы) табылған. Ақтөбе қалашығынан табылған Мөр бетінде 9 таңбадан тұратын ойма жазу бар. Бұл таңбалар дәстүрлі көне түркі жазуына сәйкес. Алтын төбе құмыра
Сырлыаяқ қалайы-вольфрам кен орны – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Кен орны 1934 жылы ашылып, барлау жұмыстары 1934-1958 жылдары аралығында жүргізілген. ## Жатыс сипаты Өндірістік маңызы зор штокверктердің ұзындығы 55-100 м, қалыңдығы 17,5 м-дей. ## Минералдары Кен минералдары – касситерит, станнин, шеелит. ## Дереккөздер
Сырлытам кесенесі (Жаңадария) – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет өнерінің ескерткіші. ## Орналасқан жері Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 106,5 км. ## Кезеңі ХІІ-ХІІІ ғасырлар. ## Тарихы, сипаты Сырлытам кесенесі (түркі тілінде "жұмбақ үй") – Алтын Орда кезеңіндегі сәулет өнерінен өте жақсы сақталған ескерткіштерінің бірі. Сырлытам бір камералы порталды-күмбезді құрылыс болып табылады. Құрылыс Орта Азияның ортағасырлық үйлеріне сәйкес келеді. Күйдірілген кірпіштен қаланған, сыртқы ауданы 10x11 м, бүлінгеннен кейінгі биктігі 9 м. 16 қырлы барабаны (мойындық күмбезделіп бітеді, оңтүстік және солтүстік жағында есіктері бар. Барабанының терезелері де сүйірленіп жасалған. Алдыңғы жағындағы пештағы майолика жалатылған плиталардан "П" әрпі тәрізді белдеу жасалып өрнектелген.ХХ ғасырдың ортасына қарай кесене аздап қирады, әсіресе, күмбезді бөлігі бұзылды. 2000-жылдары Сырлытам қайтадан жаңғыртылды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында құрылыс ерітіндісі мен жылтыр қызыл кірпіштің құрамы ерекше қасиеттерге ие екендігі анықталды, қазіргі күні бұл қасиеттердің құпиясы сақталмады. Ақсақалдардың айтуынша, кірпіштердің өте ашық түстері мен сапасы көбінесе кірпіштің қоспасына қосылған түрлі түсті әйнектердің бөлігіне байланысты. Сонымен бірге, қабырғаларының оюланып әрленуі де ерекше қызығушылық туғызады, мысалы, қасбетті жылтыратудағы оюлы күйдірілген сары балшық.1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді. ## Дереккөздер
Сырмақ (қыр. Шырдак) — киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар. ## Атауы «Сыр­мақ» атауы оны дайындау әдісінен алынған. Қазақта «сыру» деген сөз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді. ## Тарихы Алғашқы сырмақ пішінінің қалыптасуына қазақ елінің ежелгі тұр­мысында кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған. Мысалы, кө­нерген киіздерді қа­баттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ық­шамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі ті­гістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Киіз үйдің негізгі бөлшектерінің бірі боп табылады. ## Тоқу технологиясы Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалады. ### Сырып тігудің тәсілдері Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады.Сырмақ бес түрлі бөліктен, яғни екі басы, екі жаны және орта деп аталатын бөліктерден тұрады. Әдетте сырмақ жасауға арналған киізді қойдың күзде қырқыған күзем жүнінен басқан. ## Тағы қараңыз * Тұс киіз * Киіз үй * «Сырмақ қып астына» ## Кітаптар * Сырмақ өнері. Искусство сырмака — Алматы: Алматыкiтап баспасы, 2007. — 232 б. — ISBN ISBN 9965-24-812-5. ## Дереккөздер
Сырғабеков Нығмет(1900 – 1937) – мемлекет қайраткері. 1924 – 26 ж. Қазақ АКСР-і Жоғ. Сотының қылмыстық істер бөлімінің бастығы, 1926 – 28 Жетісу губ. сотының төрағасы, 1928 – 29 ж. Қазақ АКСР-і Жоғ. Соты төрағасы, 1933 – 37 ж. Қазақ АКСР-і а.ш. халық комиссары қызметтерін атқарды.
'Сыр Бойы – газет, Қызылорда облысы және қалалық партия комитеттері мен еңбекшілер депутаттарының облыстық Кеңесінің органы. 1929 ж. 1 шілдесінен шыға бастады. 1932 ж. ақпан айынан "Ленин туы", 1938 ж. 22 наурызынан "Ленин жолы" аталды. 1991 ж. қыркүйек айынан "Сыр Бойы" болып аталып шыға бастады.
Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықов (20.09.1922 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында — 18.12.2018) – ғалым, гидрогеолог, геология-минералогия ғылымының докторы (1966), профессор (1968). Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында ірі гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, гидрогеологиялық жән. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1989). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991). Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. ## Зерттеулер Сыдықов көп жылдар бойы Орталық, Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймақтарында жер асты суларын іздеп, барлау, табиғи және қолданылуға жарамды қорларын анықтау, көп мөлшерлі жер асты тұщы және минералды (шипалы, ыстық, тұзды) сулар қорларын тиімді пайдалану жолдарын зерттеумен айналысты. Сонымен қатар гидрогеологиялық карталарды жасау, тың жерлерді, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, қатынас жолдары орындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әр аймақтың жер асты суларының экономиялық дамуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға тигізетін әсерін, ресурстарын қорғау бағытындағы зерттеу жұмыстарын басқарды. Арал және Каспий теңіздері алаптарындағы жер асты ағынының шаруашылықты игеруге байланысты өзгеруін болжау теориясы мен әдістерін негіздеді. ## Марапаттар Сыдықов “Халықтар достығы”, Бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған (1980), алты жүз жиырмадан астам ғылыми еңбек жазған (оның ішінде қырықтан астам монографиясы бар). ## Дереккөздер
Сырдария облысы – 1917 жылдың 14 қыркүйегіне дейін Түркістан генерал-губернаторлығының (Түркістан өлкесі) құрамында болған Ресей империясындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Ташкент қаласы. 1867 жылы 23 шілдеде құрылған; сол уақытта облыстық үкімет те құрылды. 1918 жылы 30 сәуірде облыс Түркістан АКСР (РКФСР) құрамында болды. 1920 жылдың қазанында Әмудария бөлімінің аумағы дербес Әмудария облысына берілді. 1924 жылы 27 қазанда ұлттық-аумақтық межелеп бөлу нәтижесінде Сырдария облысының көп бөлігі Сырдария губерниясы ретінде Қырғыз АКСР-не (1925 жылдан бастап Қазақ АКСР), қалған шағын бөлігі (Ташкент уезі) — жаңадан құрылған Өзбек КСР құрамына берілді, ал Талас аңғары — Қарақырғыз автономиялы облысына (1925 жылдан Қырғыз автономиялы облысы) қосылды. 1925 жылы 29 қаңтарда Өзбек КСР құрамында Сырдария облысының бір бөлігінен Ташкент облысы құрылды. 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АҚСР-нің аймақтық бөліністің енгізілуіне байланысты, Сырдария губерниясы өз қызметін тоқтатты. ## Географиясы Облыс Түркістан өлкесінің солтүстік-батыс бөлігін алып жатты. Солтүстікте — Торғай және Ақмола облыстарымен, шығыста — Жетісу облысымен, оңтүстікте — Ферғана мен Самарқан облыстарымен және Бұхарамен, оңтүстік-батыста — Хиуа иелігімен, батыста — Арал теңізімен шектесті. Бойлықта созылған төртбұрышқа ұқсас болды. Ауданы 504 700 км² (443,442 шаршы шақырым). Облыстың ең үлкен ұзындығы бойлық бойынша шамамен — 1173 км (1100 шақырым), ені шамамен — 747 км (700 шақырым). Сырдария облысы Түркістан өлкесінің бүкіл ауданының 70%-ға жуығы мен Түркістан генерал-губернаторлығының 25%-ға жуығын иеленді. ## Билік органдары ### Әкімшілік бөлініс Бастапқыда облыс 8 уезге бөлінді: Әулиеата, Жызақ, Қазалы, Перовск, Ташкент, Түркістан, Хожанд және Шымкент. 1868 жылы Ташкент уезі Құрама болып өзгертілді (1887 жылы қайта аталды), ал Түркістан уезі таратылды. 1886 жылы Жызақ және Хожанд уездері Самарқан облысына берілді, ал Әмудария бөлімі Сырдария облысына қосылды. XX ғасырдың басында облыс 5 уез бен бөлімге бөлінді: 1920 жылы Әмудария бөлімі дербес Әмудария облысына айналды. ### Әскери губернаторлар ### Әскери губернатордың көмекшілері ## Бейнелеме * * * ## Тұрғындары 1897 жылғы халық санағы бойынша облыста 1 478 398 адам (803 411 ер адам және 674 987 әйел адам), оның ішінде қалаларда 205 596 адам болды. 155 673 тұрғыны бар (Орта Азиядағы ең көп қоныстанған қала) облыстық Ташкент қаласынан басқасында, Сырдария облысында ірі қалалар жоқ. 1897 жылғы халықтың тіл бойынша үлестіру (XIX ғ. лингвистика бойынша тілдердің анықтамасы): Орыстарды – православиелік және ішінара ескі наным-сенушілерді және басқа еуропалық христиандар мен яһудилерді қоспағанда, халықтың негізгі бөлігін (96,4%) мұсылмандар құрады. ## Сілтеме * Түркістан картасындағы Сырдария облысы (XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы); 1,25 Мб * Царское село кітапханасы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы Сырдария облысының тарихына арналған кітаптар, PDF Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2022 жылы.  (орыс.) ## Дереккөздер
Сібір Қырғыздарының Аймағы– 1854 ж. құрылған облыс. Құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы округтері (дуан) кірді. 1867 ж. есеп бойынша Жер аумағы 763711 км², халқы 300 мыңға жуық болған. 1867 – 68 ж. реформалар бойынша жойылды.
Сілетітеңіз – Ертіс алабындағы тұзды көл. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында орналасқан. Теңіз деңгейінен 64,7 м биіктікте. ## Гидрографикасы Ауданы 750–777 км2, ұзындығы 64,7 км, ені 22,1 км, орташа тереңдігі 2 м (ең терең жері 3,2 м), су жиналатын алабы 23,4 мың км2. ## Жағалау сипаты Жағасының ұзындығы 273,6 км. Жағалауында көптеген шығанақтар, түбектер бар. Батысы және оңтүстігі жағалауы аласа, солтүстігі мен шығысы шағын жыралармен тілімденген. Көлге Сілеті мен Жолақсай өзендері құяды. Жағалауы негізінен жусанды-бетегелі, сортаң шөптесінді. Жайлым үшін пайдаланылады.
Елді мекендер: * Сілеті — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл. * Сілеті — Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл. Өзен: * Сілеті – Ертіс алабындағы өзен.
Сілеусін (Үлгі:Lynx lynx isabellinys Blyth, 1847) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 – 104 см, құйрығы 20 – 31 см, салмағы 13 – 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сілеусін-былайша ұқсастығы онша болмағанымен кәдiмгі үй мысығының бір туысы.Сонымен қатар Сілеусіннің мысыққа қарағанда бітімі шомбал сирақты келетіні тағы да бар. Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал екі ұртында сәнді сақалы болады. Сілеусін – –сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Оның Қазақстан аумағында 3 түр тармағы (еуропа, алтай және түркістан) кездеседі. Олардың таралу аумағы шағын алқапты қамтиды әрі саны да аз болғандықтан, Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына (2010) тіркелген. Сілеусіннің еуропа түр тармағы – Орталық Қазақстанда, алтай түр тармағы – Оңтүстік Алтай тау сілемдерінде, ал түркістан түр тармағы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс алқаптарындағы тау тізбектерінде мекендейді. Сілеусін таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орман өскен белдеулерінде таралған. Оның дене тұрқының ұзындығы 87-104 см., салмағы 13,2-23,2 кг. дейін жетеді. Дене тұлғасы мығым әрі жұмырланып келеді. Басының пішіні жұмыр, құлақ қалқаны үшбұрышты әрі үшкір. Құлақ қалқанының ұшындағы шоқ қылшықты ұзын шашағы қара түсті болып айқын байқалады. Екі ұрт тұсындағы ұзын қылшықты түгі денесіндегі басқа түктерінен ерекшеленіп тұрады. Үстіңгі етті ернінде ірі қылшықты ұзын мұртшалары бар. Жон арқа тұсының түктері қызғылт-қоңырқай, ал құрсақ тұсындағы түктері ақшыл-бозғылт түсті. Сілеусіннің түгі қалың әрі үлпілдеп тұрады. Аяқтары біршама жуан әрі ұзын. Арқа тұсындағы түктерінде қарақошқыл көптеген ұсақ дақтары бар. Құйрығы жуан, оның ұзындығы 20-31 см жұмырланып ұшы шорт кескен бөренедей болып көрінеді. Табандары жалпақ жүрген кезде тырнақтарының ізі жерге түспейді. Тырнақтары мен тістері жақсы дамыған әрі өткір болып келеді. Көзі өте қырағы, есту қабілеті де жақсы дамыған. Жүрген кезде ешбір дыбыс байқалмайды. Ол ағаш басына және жартастарға жылдам өрмелеп шыға алады. Қатты секірген кезде 3,5-4 метр қашықтықты қамтиды. Қорек іздеген кезде тәулігіне 10-15 шақырым жерге бара алады.Сілеусін екі жаста жыныстық жетіледі. Ақпан айының соңында бір айға жуық ұйығады. Буаздық мерзімі 67-74 тәулікке созылып, жылына бір рет 2-3 күшік туады. Күшіктері алғашында соқыр, әлжуаз болады. Екі айдай тек ана сүтімен қоректеніп тез жетіледі де, одан соң өз бетінше қоректене алады. Күшіктеріне аталығы да, аналығы да бірдей қамқорлық жасайды, қорек ұстауға үйретеді. Сілеусін көбіне ағаш тамырларының қуыстарына немесе таса жерлерге жасырынып жататын орын (жатақ) әзірлейді. Жатағының ішіне қураған шөп, қауырсын, жүн қалдықтарын төсеп ыңғайлап алады. Өте сақ жыртқыш аң. Сәл қауіп төнген кезде иіс сезу арқылы бірден байқайды.Ерте кездерде сілеусін Солтүстік Америка және Еуразия құрлығының солтүстік өңірлеріндегі таулы орманды алқаптарда кеңінен таралған. Терісі қымбат бағаланғандықтан көптеп ауланып, соңғы кезде барлық алқаптарда саны азайып кеткен. ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін сілеусін Қазақстанның орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы таулы ормандарда көптеп кездесіп, үнемі ауланып отырғандығы туралы тарихи деректер сақталған. ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейін сілеусін Сыр бойының Қаратау жоталарын да мекендеген. Сілеусінге тікелей қатысты атаулар, сөз тіркестері де көптеп кездеседі. Мысалы, көрнекті қоғам қайраткері, тіл зерттеуші әрі этнограф ғалым ағамыз Жәрдем Салихұлы Кейкіннің (1925-2012) «Қазақ атаулары мен байламдар» атты кітабында (2000 ж) «ілбиін» – ұрғашы сілеусін, інсін – сілеусін күшігі» деген деректер келтірілген. «Сілеусін көз» деген сөз тіркесі көзі сілеусіннің көзіндей қырағы деген мағынаны білдіреді. Тарихшы ғалым Жамбыл Артық¬баевтың 2009 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген аса құнды «Баянауыл» атты кітабында Павлодар обылысындағы Қызылтауда сілеусін болатынын айта келе, «Баянауыл мен Торайғыр тауларының жартастарының қуыс-қуысын сілеусіндер мекендейді. Мәшіндері өсіп жетілгенше, оларға бұл жерде қауіп жоқ» деп жазған. Бұл арада біз сілеусіндердің күшігін қазақ тілінде «мәшін» деп аталатындығын аңғарамыз. Сілеусіннің терісі бағалы жыртқыш аң екендігі Мағжан Жұмабаевтың, Кенен Әзербаевтың, Қалихан Ысқақовтың, Қабдеш Жұмаділовтың, т.б. шығармаларынан да кездестіруге болады. Сілеусін көбінесе қояндарды, еліктерді, құдырларды, түлкілерді, жас бұғы төлдерін, шіл, құр, т.б. жануарларды аулайды. Сілеусін көбіне өзіне қолайлы ағаш басына шығып, аңдып жатып, жақындап келгенде оқша атылып, секіріп ұстайды. Кейде қорегінің біраз бөлігін қор ретінде сақтайды. Кейде өлекселермен де қоректенеді. Қазіргі кезде сілеусінді аулауға тыйым салынып, қатаң қорғауға алынған. Ол еліміз¬дің Қаратау, Ақсу-Жабағылы, Ал¬маты, Марқакөл және Батыс Алтай табиғи қорықтарында және Сайрам-Өгем, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, «Көлсай көлдері», Қатонқарағай, Баяндауыл, Қарқаралы, Көкшетау, Бурабай ұлттық табиғи саябақтарында және таулы алқаптардағы табиғи қорықшаларда қорғауға алынған. Сілеусін хайуанаттар бақтарында қолдан көбейтіледі. Сілеусінді қорғау қажеттігі туралы жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет. ## Тістері Көптеген етқоректілермен салыстырғанда мысықтардың тістері азырақ болады. Олардың жақтарының алдында және артында үшкір күрек тістердің кішкене қатары бар. Олардың үлкен және ұзын иттістері құрбанын жұлып, тістеуге мүмкіндік береді. Иттістерінің артында үстіңгі және астыңғы жақтарда азу тістер болады. Азу тістері қайшы секілді бір-бірімен үйлесіп орналасып, құрбанының қалың терісін жұлмалап жыртуға көмектеседі. ## Жылдамдығы Сілеусіндер сағатына 110 км-ге дейін жүгіре алады. Олардың ұзын аяқтары мен ықшамды денелері құрбандарына жету үшін жоғары жылдамдыққа жүгіруге бейімделген. ## Дереккөздер
Табиғат ескерткіші — ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат объектілері. Халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғауға алынады. ## Табиғат ескерткіштерінің түрлері * Ботаникалық * зоологиялық, * геологиялық * Тарихи * мемлекеттік * Жергілікті ## Табиғат ескерткіштерінің қатары Табиғат ескерткіштері қатарына көне заманнан қалған, сирек кездесетін ағаштар мен ағаш топтары, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар, шағын ормандар мен тоғайлар, табиғаты жағынан теңдесі жоқ өзен жағалаулары мен аңғарлары, мұз дәуірінен қалған үлкен домалақ тастар, геологиялық шөгінділер, үңгірлер, арасан бұлақтары, сарқырамалар, кейбір көлдер т.б. жатады. ## Тағы қараңыз * Қазақстан табиғат ескерткіштерінің тізімі * Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтары ## Дереккөздер
Табан Әл-Хайуан(Жануарлар табиғаты) – Таһир әл-Маруазидің еңбегі. 1120 ж. жазылған. Негізінен жан-жануарлар туралы жаза отырып, автор кейбір түркі тайпалары (қарлұқ, қимақ, хазар, т.б.) жөнінде арнайы мәліметтер береді.
Тағар Мәдениеті– б.з.б. 7 – 3 ғ-ларда Сібір жерін мекендеген тайпалар мәдениеті (темір дәуірі). Минусинск ойпаты, Енисей өз-нің орта ағысы, Красноярск ауданы мен Кемерово облысының шығыс жағында орналасқан. Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының мәдениетіне ө
Тазкира-И Ходжа Хан, (Тазкирян Ходжагян) – тарихи шығарма. Шығыс Түркістандағы қожалар тарихын баяндайды. 1768 ж. Мұхаммед Садық Қашғари жазған. Бұл шығарманы Ш.Уәлиханов Қашқариядан алып келіп, ғыл. айналымға кіргізген.
Асан Дабысұлы Тайманов (7.11.1917 жылы туған, Орда ауданы, Бисен ауылы) — ғалым, физика-математика ғылымдарыныңдокторы (1961), профессор (1961), Қазақстан Ғылымдар академиясының мүшесі (1962). 1936 жылы Орал пед. институтын бітірген. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1947-54 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында, 1954-60 жылдары Иваново және Щуя педагогикалық институтында доцент, 1960-67 және 1971 ж. КСРО Ғылымдар академиясының Сібір бөлімшесінің Математика институтында аға ғылыми қызметкер, 1961-65 жылдары Новосибир университетінің геометрия кафедрасының меңгерушісі. 1968-70 жылдары Қазақстан FA физика-математематика бөлімінің академик-хатшысы. 1970 жылы Қазақстан ҒА Математика және механика институтының директоры. Таймановтың негізгі ғылыми еңбектері теориялық жиынтық топология, үздіксіз бейнелеудің таралуы, борель жиынтығын зерттеу, модельдер теориясы, эвклид кеңістігінің элементтер теориясы сияқты тақырыптарға арналған. Ол 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстан үшін математик кадрлар даярлауға үлкен үлес қосқан. Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальмен марапатталған. ## Дереккөздер
«Тайсойған» полигоны - бұрынгы КСРО Қорғаныс мин-лігі мен Атом өнеркәсібі мин-лігінің сынақ аймағы. Полигон 1952 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында қүрылған. Сынақ ауданының жалпы аумағы 7,5 мың км², зымырандардың түсу ауданының аумағы 12,55 мың км². Полигонды стратег. мақсаттағы зымырандық әскери бөлімдер және әскери-әуе күштерінің бөлімдері пайдаланған. «Тайсойған» полигоны сынақ жұмыстарының түріне қарай 3 телімге бөлінген. 1-телімде («Мақат» алаңында) 40 жыл ішінде әрқайсысы 5,3 т болатын 300-дей СС-20 баллистик, зымырандар сыналды. Зымырандардан қалған аса қауіпті деп саналатын 600 кг-дай жанармай (НДМГ) және 1200 кг-дай азотты тотықтырушы (АК-27И) заттар сол аймақтағы 100 км²-дей жерді ластаған; әскери техника мен құралдардың 1,5 мың г-дай сынықтары әлі жатыр. 2-телімде, 929 - жазғы сынақ алаңында (ГЛИЦ) әскери-әуе күштері Сағыз өз-нің батысы мен Үшоба а-ның солт-нде сынақтар жүргізген. 3-телімде қанатты зымырандар 1991 жылдың қыркүйек айына дейін сыналған. Мұндағы сынақ жұмыстары Сағыз өзенінің шығысында жүргізілді. Бұл жерлердегі әскери техниканың сынықтары 2000 т-дай және зымырандардан қалған аса қауіпті жанармай қоршаған ортаға қауіп төндіруде. Полигон аймағында жанармайдың әсерінен пайда болған улы заттар топырақ пен өсімдіктер жамылғысын, жануарлар мен су құбырларын ластады. Су құрамындағы қорғасын, кадмий, талий, мыс және темірдің мөлшері шектеулі деңгейден 10-15 есе жоғары болған. Сонымен қатар зымырандар түскен жерлердегі топырақ құрамындағы көптеген элементтердің (қалайы, магний, кальций, марганец, хром, сынап, қорғасын, кобальт, т.б.) мөлшері айтарлықтай жоғарылаған. Қызылқоға ауданындағы қоршаған ортаның ластануынан жергілікті түрғындар арасында өкпе, жүрек, қан тамырлары мен қатерлі ісік аурулары жыл сайын көбейіп отырған. Нәрестелердің өлі тууы, 1-2 жастағы сәбилердің өлімі жоғарылаған. ## Тағы қараңыз * Азғыр ядролық полигоны ## Дереккөздер
Талас Жазба Ескерткіштері– Талас өзені бойынан, Қырғызстан мен Қазақстан жерінен табылған көне түркі руникалық ескерткіштері (5–8 ғ-лар шамасы). Ескерткіштер қойтастарға, жартастарға, бұйымдарға ойылып жазылған. Жалпы саны 20. Кейбіреулері Бішкек, Тараз, Алматы, Санкт-Петербург қ
Талас ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік - батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 12,2 мың км². Аудан орталығы – Қаратау қаласы Тараздан солтүстік - батысқа қарай 105 км жерде орналасқан. ## Географиясы Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, шығысында Байзақ ауданымен, батысында Сарысу және Түркістан облысының Бәйдібек аудандарымен, оңтүстігінде Жамбыл, Жуалы аудандарымен шектеседі. Аудан жері, негізінен, жазық, тек оның қиыр оңтүстік - батысы ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының оңтүстік - шығыс бөлігі орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста (1109 м). Солтүстігі Мойынқұмға ұласады. Мұндағы тау-төбелердің ішіндегі ең биік жері Кемпіртөбе тауы (409 м). Жер қойнауында ірі кен орындары барланған. Онда әктас, доломит, мәрмәр және гранит, уран, табиғи газ, алтын, гипс, барит, хальцедон, минералды бұлақтар тағы басқа кен орындары бар. ## Климаты Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы –6 – 10°С, шілдеде 24 – 27°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 250 мм, Қаратауда 400 мм-ге жетеді. ## Табиғаты Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерінен: жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі кездеседі. ## Халқы Тұрғындар саны 55 117 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (87,25%), орыстар (6,31%), басқа ұлт өкілдері (6,43%). Халықтың аудан бойынша тығыздығы 1 км²-ге 4,4 адамнан келеді. Аудан аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым көпшілігі оңтүстігі мен оңтүстік - батысында және Талас өзен аңғарында орналасқан. Бұл өңірлерде 1 км²-ге 13 – 15 адамнан келеді. ## Әкімшілік бөлінісі 24 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген: ## Экономикасы Аудан 1997 жылға дейін, негізінен, қаракөл қойы, оған қосымша биязы жүнді қой, сүтті, етті-сүтті мал, жылқы, түйе, астық, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 11 кеңшардан тұратын. 1997 жылы олар таратылып,әр бағыттағы шаруашылық субъектілеріне бөлінген. Ауданда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары дамыған. Өнеркәсіп саласында 26 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 4-і мемлекеттік, 22-і мемлекеттік емес кәсіпорындар. Шағын кәсіпорындардың саны 121. 2021 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 22631,6 млн. теңгені құрады. Көлік саласында (жолдың жалпы ұзындығы 613 км) 4 кәсіпорын бар. Күрделі құрылыстағы қаржы салымы 7611,8 млн. теңге болды. 18219 м2 тұрғын үй салынды. Ауданда ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың саны – 933, оның ішінде 1 өндірістік кооператив, 933 шаруа қожалықтары, 2 ЖШС бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі (салыстырылымдық бағамен) 2021 жылы 15361,2 млн. теңгені құрады. Аудандағы еңбек ресурсының мөлшері: қалада 23,4 мың адам, ауылдық жерде 10,3 мың адамды құрады. Оның ішінде экон. тұрғысынан белсенді халықтың саны 18,5 мың адам (қалада 7,9 мың адам, ауылда 10,6 мың адам). Жалпы еңбек ресурсына шаққанда жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 79,1%. ## Ауыл шаруашылығы Аудандағы ауыл шаруашылығы жарамды жерінің жалпы аумағы 1,044 млн. га, оның ішінде жыртылған жер 25,6 мың га, шабындығы 25,1 мың га, жайылымы 982,4 мың га жерді қамтыған. Барлық жыртылатын жердің 14,7 мың га жері пайдаланылды. Оған 9,2 мың га бидай, 1,5 мың га жүгері, 2,6 мың га көпжылдық шөптер, 220 га картоп, 394 га бау-бақша және 360 га көкөніс отырғызылды. Ауданда мал шаруашылығы да біршама жақсы дамыған. Әр алуан шаруашылық категорияларын қоса есептегенде (2021): ірі қара мал –29477 бас, қой мен ешкі – 335167 бас, жылқы – 12859 бас және құс – 38266 болды. Олардан 6311,4 мың тонна ет, 8219,1 мың тонна сүт, 174 тонна жүн, 3557,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. ## Әлеуметтік нысандары Ауданда жалпы білім беретін 39 мектеп, 4 колледж, 7 балабақша, 9 клуб,8 мәдениет үйі, 20 кітапхана, мұражай, 2 аурухана, 11 мешіт, 3 емхана, 4 фельдш.-акушерлік пункт, 13 фельдшерлік пункт, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және санаторий бар. Аудандағы ірі кәсіпорындар: мемлекеттік пошта торабы, Ақкөл су шаруашылығы жүйесінің басқармасы, «Қаратау» тау-кен химия комбинаты, «Игілік» көпсалалы кәсіпорны, «Talas Investment Company» ЖШС,«Жамбыл Недр» ЖШС, «Қаратау Про» ЖШС, "Талас 2020" кооперативі және әр ауылдарда ЖШС-тер, ӨК-тер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Аудан аумағында ежелгі тарихи-архитектуралық ескерткіштер көптеп кездеседі. Ауданнан 56 Социалистік Еңбек Ері, 2 Кеңес Одағының Батырлары шыққан. ## Дереккөздер
Тақия – кішігірім сәтен,шұға, барқыт сияқты маталардан әртүрлі тәсілмен(сыру, кестелеу) тігілген баскиім.Оның қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп,арасына кейде жұқалап жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған.Ерлерге арналған тақияның кестелісі де, кестесізі де болады. Тақияны төбесінтөрт сай немесе дөңгелек төбелі етіп тігеді. Тақияны, еркектер үлкен баскиімніңастынан міндетті түрде киілетін баскиім ретінде ұстанған. ## Сипаттамасы Тақияның да үлгілері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше,қатипа т.б. бірнеше түрге бөледі. Етегі аласа, төбесі төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбіреккездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты таптама тақия кіші жүзгетән. Сондай-ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шеккен тақия,сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кеңтаралған.XІX ғасырдың екінші жартысында тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі, жиегі) кеңейіп келген 5 – 7 см, төбелері төрт үшбұрышты сайдан тұрған.Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір, конус тәрізді де болған. Төбелерідоғал, жатыңқы тақиялар да қолданылған. Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген. Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері ментігістерін түрлі контраст мата қиындыларымен әдіптеу де қолданылған.Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақиялардыкөбінесе жігіттер киген. Ерлерге арналған тақияның кестелісі де, кестесізі деболады. Тақияның орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелепәшекейленбейді. Тақиялар көбіне «таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылады.Зерттеушілердің айтуынша, Орынбор даласынан табылған тақияның төбесіконус тәрізді болып келген, ол Ресей этнография музейінде сақталған.Қазақстанда бұрындары құлынның терісі мен тулағынан жасалған төбетейгетүрі жақын келетін баскиімдер болған. (Павлодар коллекциясы 1960 ж). Бұлардыңқай кезеңде тігілгені белгісіз. XІX ғасырдың аяғында онша биік емес цилиндрпошымды бітеу төбелі, шеңберлене пішілген тақиялар пайда болған.Ерлер тақияны төбесі шошақ ақ киіз қалпақ немесе әртүрлі аң терілеріненжиектелген бөріктердің ішінен киеді.Тақияны Маңғыстау өңірінде «телпек», шығыс өңірінің қазақтары «кепеш»деп атайды. Кепеш атауы туралы анық бір ұғым жоқ. Дегенмен Жетісудыңоңтүстігінде кестеленбеген, жай сырылған қыстық баскиімнің ішінен киетінбастың пошымына дәл сәйкестендіріп тігілген, жұқа келген іштен киетін баскиімді де кепеш дейтін көрінеді. Оны көбіне бас ауруы мен ақауы барлар кигендеседі. ## Дереккөздер
Талғар ауданы – Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1969 жылы құрылған. Орталығы – Талғар қаласы. ## Географиялық орны Солтүстігінде Қонаев қаласымен, шығысында Еңбекшіқазақ ауданымен, батысында Іле, Қарасай аудандарымен және Алатау, Алматы қалаларымен, оңтүстігінде Кеген ауданымен шектеседі. Аудан Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аймақтың климаты шұғыл континенталды, жазы ыстық және қысы суық. Топырақтары негізінен қара каштан, олар оңтүстік бөлігінде қара топырақтармен алмастырылған. Аудан жерінде мұздықтардан бастап жартылай шөлді аймақтарға дейінгі ландшафттар қалыптасқан. Пайдалы қазбалардан тас, гранит, құм, қиыршық тас және саз кен орындары бар. Облыс аумағында ерекше қорғалатын Алматы ұлттық қорығы, Іле Алатауы ұлттық паркінің бөлігі бар. ## Халқы Аудан халқының саны 196 567 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (63,77%), орыстар (18,25%), ұйғырлар (9,69%), түріктер (2,57%), әзербайжандар (1,60%), күрдтер (0,77%), татарлар (0,56%), корейлер (0,44%), немістер (0,42%), өзбектер (0,36%), гректер (0,30%), украиндар (0,20%), қырғыздар (0,18%), поляктар (0,12%), шешендер (0,13%), дүңгендер (0,02%), беларустар (0,03%), басқалары (0,59%). ## Әкімшілік бөлінісі 46 елді мекен 1 қалалық әкімдік және 10 ауылдық округке біріктірілген: ## Туризм нысандары Алматы ұлттық қорығы, Талғар шыңы (5017м), Нұрсұлтан шыңы (4376м), Молодежный шыңы (4147м), Амангелді шыңы (3970м). ## Спорттық шыңдалу нысандары * Табаған спорт және демалыс жүйесі. * Ақбұлақ кешені - Қазақстан ұлттық бокс, футбол жастар құрамасы, алматылық Алматы хоккей клубы, биатлоншылар жаттығатын, жарысатын кешенді орын. ## Дереккөздер
Талғар шыңы (ағылш. Pik Talgar) — Қазақстанда, Алматы облысында орналасқан. Орташа биіктігі – 4973 метр. Максималды биіктігі – 5017 метрге жетеді. ## Географиялық орны Талғар шыңы Солтүстік Тәңір тауларының Іле Алатауы тізбегінде, Алматы қорығында орналасқан, оның Алматы қаласынан байқауға болады. Жыл бойы шыңда қар мен мұздықтар еріп болмайды. Алғашқы рет 1938 жылы Сталинск (қазіргі Новокузнецк) қаласының альпинистері Л. Кутухтин, Макатров, И. Кропотовтар осы шыңға шыққан. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Mountain.ru метериалдар  (орыс.) * Шыңына шығу  (орыс.) * Есік қаласынан көретін шыңы(қолжетпейтін сілтеме)  (орыс.)
Гүлжан Ізімқызы Талпақова (12 қыркүйек, 1948 жыл, Атырау, Гурьев облысы, Қазақ КСР) - биші, Қазақстан халық әртісі (1981). ## Өмірбаяны * 1967 ж. Алматы эстрада-цирк өнері студиясы (Ш.Жиенқұлованың халық биі класы бойынша) бітірген. * 1977-79 ж. Мәскеу эстрада студиясында тәжірибе жинақтаудан өтті. * Шығармашылық жолын "Қазақконцертте" (1967 - 69) бастайды. * 1969-73 ж. "Гүлдер" ансамблінде қызмет етті. * 1973 жылдан "Қазақконцерттің" биші-артисі. ## Сахнадағы өнері Талпақова дүние жұзі халықтарының көпшілігінің билерін үйреніп, қазақ сахнасына шығарды. Оның репертуарында қазақтың "Айжан қыз", "Қос Алқа", "Алмас қырғауыл", өзбектің "Хорезм биі" және ұйғыр, корей, вьетнам, моңғол, үнді, мысыр, малай, т.б. халықтардың ұлттық билері бар. ## Гастрольдік сапарлары Гастрольдік сапармен Болгарияда, Германияда (1968), Моңғолияда (1973, 1975, 1977), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Бирма, Малайзия, Сингапур, Шри-Ланка - 1973, 1974), Үндістанда, Жапонияда, Иранда, Таиландта (1975), Финляндияда (1977), АҚШ-та (1981), т.б. елдерде болды. ## Жетістіктері * 1968 ж. София қаласында өткен Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты. ## Дереккөздер
Тамды 1 – орта ғасырдағы қала. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының батыс жағында, Тамды өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Зерттелуі 1941 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И. Пацевич), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байпақов, Д.И. Лобас) зерттеген. ## Сипаты Қала орнының биіктігі 1 м, аумағы оңтүстігі 300 м, солтүстігі 285 м тікбұрышты төбе. Онда қорған қалдықтары мен мұнаралары жартылай дуал сақталған. Қазба барысында табылған саз балшықтан жасалған ыдыстарға қарағанда қаланы тұрғындар 6-13 ғасырларда мекен еткен. ## Дереккөздер
Талдықорған Қорғасынды Аккумулятор Зауыты– аккумулятор, ортақ қақпақты моноблоктар, мотоцикл батареяларын өндіретін кәсіпорын. 1975 ж. іске қосылған. КамАЗ автомобиліне арналған 6 СТ-19А батареясын құрастыратын желі жұмыс істеді. ## Дереккөздер
Тамыз бүлігі (орыс. Августовский путч), кейде Тамыз төңкерісі — Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастары ұйымдастырған, КСРО президенті Михаил Горбачёвті биліктен құлату және КСРО мемлекетін сақтап қалу мақсатымен ұйымдастырылған сәтсіз төңкеріс. Төңкеріс жетекшілері жоғары әскери және азаматтық шенеуніктерден, соның ішінде КСРО вице-президенті Геннадий Янаевтан тұрды, олар бірге Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті (ТЖМК, орыс. ГКЧП) құрған. Төңкеріс жасау Горбачёвтың Қырымдағы демалысы кезінде орындалған және сәтсіз аяқталды, көптеген бақылаушылар бұл оқиғаны КСРО ыдырауын одан әрі жылдамдатты деп санайды. ## Дереккөздер
Тандыр — тандыр нан пісіруге арналған пеш. Биіктігі 80–100 см, түбі жалпақ, ауыз жағын тарлау етіп, кірпіштен күмбездеп қалайды. Ішкі бетін жүн, тұз қосып сүтке иленген сағыз топырақпен сылайды. Тандырды қурай, бұта, бұтақпен қыздырады. ## Галерея * * * * * * * * * * * * * * *
Тамды 2 Обасы – топырақ пен тасты үйінділерден тұратын 39 оба. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылының оңтүстігіне қарай 1,5 км жерде, Тамды өзені бойында орналасқан. ## Зерттелуі 1941 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И. Пацевич), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Л.Я. Маловицкая), 1949-50 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. ## Сипаты Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеле жатқан бұл оба үйінділерінің диаметрі 18–30 м, биіктігі 0,3–3 м. Үйінді шеттерінде немесе үстінде дөңгелек тас қоршаулар салынған. Қабір шұңқырының оңтүстік бөлігіне, төсенішке жатқызылған адам мәйіттерінің бастары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қаратылған. Мүрдені заттармен бірге жерлеген соң қабір үстін ағаш жабындылармен жауып, үйіндісін тұрғызған.Алынған бұйымдарға қарағанда мұнда б.з.б 3-1 ғасырларда өмір сүрген қаңлы, үйсін тайпаларының өкілі жерленген. ## Дереккөздер
Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне сүйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты. ## Аббасилер дәуіріндегі ислам дінін түркілердің қабылдауы және Атлах шайқасының маңызы VІІІ-ХІІ ғасырлардағы айқын білінетін ірі өзгерістерден мұсылман әлеміндегі халықтарды басқа елдердің даму дәрежесімен және оларды бір-бірімен теңестіруге мүлдем болмайтынын байқаймыз. Бұл дәуірде ислам діні жан-жаққа тарап, сол елдерде бүкіл дүние жүзінің ең озық өркениетін қалыптастырған еді. Еуропа елдері болса осы уақытта мәдени құлдырауды бастан өткеріп жатты және олар ғылым-білімді дамытуда мұсылмандарға тәуелді болатын. Ислам дінінің әсерімен Орталық Азия мен Африканың солтүстік аймақтарындағы аралықты қамтыған мәдениет Аббасилердің дәуіріндегідей ешқашан гүлденбеген. Түркілердің ислам дініне өтуі-тарихтағы ең ірі оқиғалардың бірі. Бірақ бүгінге дейінгі кейбір деректерде Ислам дінінің таралуын жазушылар, мәдениетін зерттеушілер Орталық Азияның тарихын ірі өзгеріске ұшыратқан оқиғаны өздерінше басқашалап жазып кетті. Олардың пікірінше: «1. Ислам қылыштың күшімен тарады. 2. Түркілер қорыққанынан мұсылман болды. 3. Талас соғысынан кейін түркілер амалсыз мұсылман болды. 4. Түркілердің көне діндерінің кейбір үгіттері Ислам дініне ұқсас болды деген сияқты және т.б.». VІІ-VІII ғасырларда Орталық Азияның тарихында түркі тайпаларының өз-өздерімен соғысып, мықты болған мемлекеттер жеке-жеке бөлініп кетіп әлсіреп тұрған болатын, міне осындай кезді сәтті пайдаланғысы келген Қытайдағы билік етіп отырған Таң империясы Жетісудың кейбір аймақтарын басып алған. Бірақ шекарасының кеңеюі өте мықты қарқынмен дамып жатқан Умәуи халифатының орнына келген, Аббас халифатының алғашқы ірі жетістіктері болып саналатын, 751 жылғы Атлах шайқасы бүкіл Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасын өте қатты өзгерістерге ұшыратуға себеп болды. Осы бір ірі мұсылмандардың жеңісінен кейін Таң патшалығы 1000 жылға дейін Қазақ жеріне аттап баспаған болса, ал ислам діні бұл жерлерде кеңінен тараған және қалалар аз уақытта әсем де көрікті болып дамыды. Бұл болып жатқан мәдени өзгерістерге Аббас халифатының қосқан үлесі өте көп. 750 жылы 93 жыл билеген Умәуилердің соңғы он төртінші халифы Маруан ІІ-ні Аббасилердің бірінші халифасы Абул Аббас ас-Саффах құлатты. Оның қолбасшысы Зияд ибн Салих Атлах шайқасында мұсылмандардың әскерін басқарып [1.88], 751 жылы мұсылмандар Талас өзені маңында (Қырғызстан) Қытай әскерімен соғысып жеңіп шықты. Осы ұрыста тұтқынға түскен қытайлар (20 мыңға жуық адам тұтқынға түсті, 45 - 50 мыңдай қытай әскері өлді) арасында қағаз жасауды білетін шеберлер де бар екен. Міне осылар арабтарға қағаз жасауды үйретті. Әл Макдиси өзінің «Әл Бэду әт-Тарих» еңбегінде: « бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» деп жазды. Жеңіс түркі халықтарының қытай құлдығынан, оның будда дінінен аман сақтап, ислам өркениетімен дамуына жол ашты [2.18]. Осының нәтижесінде, Бағдатта (793-жылы), сосын Мысыр (шамамен 900 жылы) мен Мароккода (шамамен 1100 жылы) және Испанияда (1150 жылы) қағаз өндірістері ашылды. Арабтардың папирусқа қарағанда жасалуы арзан әрі сапалы қағаз шығаруды үйренуі кітап шығаруды оңайлатты [3.189-190]. Бүкіл Орталық Азияның саяси тарихын өзгерткен осы бір соғыс ғылымның да дамуына үлкен септігін тигізгені шындық. Білім иелерінің түрлі жаңалықтар ашуына, мыңдаған кітаптарды жазуына, осы бір соғыста түркі тайпаларының арабтар жағына өтуі маңызды оқиғаның бірі. Аббасилардың халифаты (751-1258 жж.) кезеңінде түркі халықтары түгел дерліктей хақ дін Исламды қабылдады. Түркілердің ойшылдары, ақылманды оқымыстылары, ел мен әскер басында жүрген көрегенді азаматтары хақ діннің қаншалықты жүрекке конымды һәм жағымды екенін, өздері аңсаған әділет пен рухани тыныштықтың тек осы дінде табылғанын аңғарып, һидаят жолына барды [4.242]. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуіне (себепкер болуы) 200 жылдан астам уақыт кетті. Сол дәуірде туындаған кесек шығармалар бүгінде шығыс әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржанына айналды. Ислам дінін уағыздау және дін оқуды өрістету мақсатымен қалаларда ірі-ірі мешіттер мен медреселер салынды [5.8]. Қазақ жерінде бел алған ислам бірте-бірте христиан дінін де, будданы, зороастризмді және жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастайды. Мысалы, Бирунидің жазуына қарағанда «манидің (манихей) ілімін әр жерге тарататын шәкірттері болды. Ислам елдерінде олардың шоғырланған бірде-бір жері жоқ. Тек Самарқандта (онда бар-жоғы 500-ге жуық адам болған) ғана мани орталығы бар. Мани ілімін Қытай, Тибет, Үндістанның бір бөлігін мекендейтін шығыс түркілердің көбісі ұстанады» [6. 31-32]. Географиялық әдебиеттерде түркілердің арасында исламның таралуы туралы нақты деректер жоқ. Тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты — 960 жыл. Бұл дерек Бағдат қаласында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде Ислам дінін бірінші Қарахандықтар қабылдаған. Ол кезде, яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар Қашғарды билеп тұрды, Бұхара мен Самарқанды жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі 1043 жылы қабылдады (В. В. Бартольд Соч. Т. 5 М. 1968, с. 205). Бірқатар деректерде түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы X ғасырдан бастау алды десе, бір деректер VIII ғасырдан басталған дейді, өйткені 751 жылғы Атлах шайқасында мұсылмандардың Аллаһтың көмегімен жеңіске жетуі түркілердің ислам дінін қабылдауын тездетті. Осыдан бастап дінді қабылдаған халық сол кездегі жаңадан пайда болған әлемдік мәдениетті дамытуға атсалысты. Сол кезеңнен қалған сәулет өнері, ғалымдардың шығармалары қазіргі таңда аса зор бағалануда. X ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ-Боғра хан ислам дінін қабылдап, оның ұлы Боғра хан Харуб б. Мұса 960 жылы ислам дінін мемлекеттік деп жариялады. Ислам діні бірінші кезекте қалаларда жақсы таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кердердегі мұсылман топтары туралы, Ибн Хаукаль Фараб, Кеңжиде мен Шаш аралығында көшіп жүрген мұсылман түріктері жайында жазып кеткен. Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың X ғасырдың аяғындағы қалаларын атай келіп, мешіттерді қалалардағы міндетті құрылыстардың бірі ретінде атаған. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде және Құйрықтөбеге жақын жерден Х-ХІ ғасырларға жататын ең ертедегі мұсылман қабірлері, қаланың орнынан Х-ХІІІ ғасырларда салынған мешіттердің қалдығы және басқа да ірі қалалардан моншалардың болғандығы дәлелденді. Осы сияқты көптеген қазба жұмыстарынан ислам дінінің таралғанын айқын дәлелдейтін заттар анықталды, бірақ ислам діні толық орнықты деп те айтуға келмейді, өйткені, тотемизм мен зороастризмнің белгілері де шығып жатты [7. 480-482]. Түркілердің арасында ислам дінінің беделінің өсуі ІХ-Х ғасырларда шамамен 820 жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды.VІІІ-ІХ ғасырлардағы оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халықтарының жаппай ислам дініне кіргендігін жазады. 840 жылы Нур ибн Асад Испиджабты бағындырады, 859 жылы оның інісі Ахмед ибн Асад Шауғар қаласына жорық жасайды. 766 жылдан бастап Жетісу мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне саяси өктемдігін жүргізген Қарлұқтар мұсылман мәдениетінің ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырық түседі. Олар исламды тіпті Махди халифаның (775-785 жж.) кезеңінде қабылдады деген пікір бар, бірақ бұл пікір олардың белгілі бір бөлігі жөнінде ғана болуы мүмкін. Өйткені 853 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразды, оның басты шіркеуін мешітке айналдырған. Ислам дінін ұстанатын халықтар көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастады [8. 92]. Мысалы, Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі. Ал жекелеген қалаларда сауданың жандануы, бұрын мұсылман емес халықтардың дінді қабылдауына ықпал етті. X ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалды. Сол кездегі Орта Азия тұрғындарының лек-лек болып Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Мәселен, 960 ж. 200 мың шатыр түркі халқы ислам дінін қабылдаған. Бұл түркі халықтарының тарихындағы ірі оқиға. 1232 ж. қайтыс болған тарихшы Ибн әл-Әсирдің «Әл-Кәлім» деп аталатын 8 томдық кітабында осы оқиғаны: «Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды», — деген [4.295]. Бұл оқиғалардан түркі халықтарының біраз бөлігінің ислам дінін кабылдағанын байқаймыз. Бұл кезеңде қалаларда ислам діні кеңінен қалыптасқаны анық, мысалы: Ежелгі Тараз қаласы ислам дінінің осы өңірдегі тарауына тірек болды [1. 95] және тағы бір Орта ғасырдағы гүлденген Испиджаб көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды [1.97], бұдан да басқа қалалар дінді таратуда жақсы істер атқарды. Ислам діні тек қана таралумен шектелмей Орталық Азия мен Қазақстан калаларының келешекте өркендеуіне жол ашып берді. Өйткені бұл дінмен қатар ғылым мен архитектураның даму дәрежесі де айтарлықтай болды. Ал, қайсы дін, қандай мәдениет немесе қай отаршыл ел әлем елдерінің, Орталық Азия мен Қазақстанның мәдени ілгерілеуіне, бұндай өнер, ғылым сондай-ақ өзіндік қайталанбас архитектурасын алып келді? Біз араб мәдениетінің тарихына және оның әлем мәдениетіне қосқан үлесін, Орталық Азия халықтарының мәдениетіне қалай тарағанын білген болсақ, бұрын соңды болмаған әлем өркениетіндегі керемет өзгерістер мен ғылыми жаңалықтарға өте жақсы баға берер едік. ## Жалпы дерек Қытай мемлекетінде талас пайда болып Ұлы Қытай қорғанының сыртына Хан әулеті бөлініп шығады.Олар Жетісудын жеріне бірте бірте кіре бастайды.Олар Түргеш қағанаты жерлерін басып алады.Арабтар Орта Азиядағы жорықтарда Қытайлықтармен шиелініске тап болады. Түріктер туралы қысқаша түсінік Араб + (Түргеш, Қарлұқ) vs Қытай (Хан) Арабтар женіске жетеді Түріктер ислам дінің қабылдайды. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Жолдасов С. Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихы. Алматы «Үш қиян» 2009. 88, 95, 97. * Қазақ тарихы (ғыл-әд. журнал) № 2. Ғизатов Ж. Исламның Қазақстанға таралуы. Алматы 2009. 18 б. * Доктор Рахман. Краткая история ислама. Москва. ІШМАН. 2003.189-190. * Бұлұтай М. Ж. Ата баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? Алматы «Білім» 2000. 242, 295. * Ислам және Өркениет №10. Қосалы А. Исламның Қазақстанға таралуы. Алматы «Бизнес-информ» 2006. 8 б. * Отан тарихы (ғыл. журнал). Жеңіс Ж. Орта ғасырлық түркілер және әлемдік діндер. 2.2005. Алматы. 31-32. * Қазақстан тарихы.«Ата-мұра» (IV томдық), I т .Алматы. 1996. 480-482. * Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы «Дәуір» 1994. 92
Талғар спирт зауыты - Талғар ауданындағы байырғы кәсіпорындардың 6ipi. 1866 ж. құрылған. Кеңес өкіметі тұсында бірнеше рет (1928-30, 1948-50, 1958-64) қайта ұлғайтылып, жаңа техникамен жарақтандырылды. 1971-75 ж. зауытта спирт өндірудің жылдық қуаты 180 мың далга көбейтілген. Қазір зауыттың өндірістік қуаты жылына 600 мың дал. ## Дереккөздер
Бейімбет Майлин ауданы (2019 ж. 24 маусымына дейін Таран ауданы) – Қостанай облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1936 жылы құрылған. Жер аумағы 7,6 мың км². Орталығы – Әйет ауылы. Аудан жері негізінен жазық. ## Географиялық орны Шығысында Әулиекөл, батысында Денисов, оңтүстік-батысында Қамысты, солтүстігінде Фёдоров, Қостанай аудандарымен және Ресей Федерациясымен шектеседі. ## Халқы Тұрғындар саны – 24 853 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 27,41%, орыстар – 43,49%, украиндар – 12,80%, немістер – 7,81%, беларустар – 2,69%, татарлар – 1,85%, әзербайжандар – 0,93%, башқұрттар – 0,48%, армяндар – 0,43%, молдовандар – 0,36%, мордвалар – 0,26%, удмурттар – 0,25%, басқа ұлт өкілдері – 0,24%. ## Әкімшілік бөлінісі 34 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Дереккөздер
Тарантас– адам тасуға арналған жеңіл арба. Қорапты және жадағай арба деп аталатын екі түрі бар. Төрт дөңгелекті, екі тертелі болады. Көбіне бір ат жегіледі. Тарантастардың рессорлы, рессорсыз, атқосшысы отыратын ашық қорапты немесе төбесі жеке жабылған күймелі түрлері болады. Үлкен тарантаста әдетте төрт адам екі-екіден қарама-қарсы отырады. XIX-ғасырдың екінші жартысында тарантас деп жолаушы тасуға арналған артқы және алдыңғыдоңғалақтарының арасы алшақ, рамасы ұзын екі сырық түрінде жасалған, адам отыратын қорабы орта тұсына орналасқан арбаны атайтын болған. ## Дереккөздер
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты – Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты ғылыми-зерттеу институты. Институт 1945 жылы құрылған болатын. 1991 жылға дейін Тарих, археология және этнография институты деп аталып келді, бірақ 1991 жылы институт құрамынан археология бөлімі бөлініп шықты. Археология институтына тарих және этнография институтының дамуына орасан зор үлес қосқан қазақтың көрнекті ғалымы Әлкей Марғұлан есімі берілді. ## Институт тарихы ### Институт басшылары * Әлкей Марғұлан ### Институттың әйгілі қызметкерлері ## Тағы қараңыз * Археология институты ## Дереккөздер
Тарих-и Қыпшақи, «Тарих-и Кипчак-хани», «Тарих-и Кыпчак» – 15 – 18 ғасырларда қазақ даласында болған оқиғаларды баяндайтын тарихи шығарма. Оның авторы – Қыпшақ хан, әдетте оны Ходжамкули-бек Балхи деп атаған. Еңбек кіріспе мен 9 тараудан (кейбір деректерде 5 тараудан) және қорытындыдан тұрған. Онда бұған дейінгі деректерде қамтылмаған Қазақ хандығының ертедегі тарихы баяндалады. «Тарих-и Қыпшақи» тек қолжазба күйінде сақталған. Оның жекелеген үзінділері «15 – 18 ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы туралы материалдар» атты еңбекте жарияланды. «Тарих-и Қыпшақидың» В.Г. Тизенгаузен аударған тараулары жарық көрген жоқ. Ол қазір Шығыс зерттеушілерінің архивінде сақтаулы.Әдебиет: Тагирджанов А., Описание таджикских и персидских рукописей, Л., 1962; Материалы по истории казахских ханств XV – XVІІІ веков, А.-А., 1969. ## Сілтемелер
Тархан грамоталары – ақсүйектердің артықшылығын көрсететін арнайы құжат. Алтын Орда хандары қоластындағы ықпалды шонжарларды өздеріне тарту үшін Тархан грамоталарын таратқан. Кейін Тархан грамоталарын Қырым, Қазан, Орта Азия хандықтарының билеушілері де кеңінен қолданды. Ресей тарихында Тархан грамоталарына ие болған адамдарды және оның қарауындағыларды негізгі салықтан босату мақсатында қолданылды. Ресейде Тархан грамоталарын беру 1506 жылы тоқтатылды. Қырым хандығы да 18 ғасырдың басында жойылды. Еділ өңірінде тархандық лауазым 19 ғасырдың 2-жартысына дейін сақталды. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер және сапрогумолиттер. Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады. Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір және антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады. Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір – бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан. ## Көмір алаптарының тектоникалық жіктемесі Көмір алаптарының қазіргі құрылымы ескеріп жасалған жіктеме. 1954 жылғы нұсқада алаптар тобы бөлінген: 1) көлбеу немесе өте жайпақ жатқан түзілімдер;2) қарапайым қатпарлы құрылымды түзілімдер;3) күрделі қатпарлы құрылымды түзілімдер, сонымен қатар бірқатар қосымша көмір алаптарының тектоникалық жіктемесі бар. ## Дереккөздер
Абай Бөлекбайұлы Тасболатов (21 қыркүйек, 1951, Ақжар ауданы) — Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ресей Федерациясының Әскери ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. ## Қысқаша өмірбаяны * Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищені бітірген. * Мәскеу қаласындағы Ф.Э. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. * 1969 ж. бері — Қарулы Күштер қатарында. * 1973—97 жж. Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищесінде курсант взводы командирінен училище бастығына дейін жоғарылады. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болып қызмет атқарды. * Қазақстан Республикасы Әскери академиясының бастығы болып тағайындалған. * 2002 ж. қаңтардан бастап Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарды * 2006 ж. қаңтардың 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан Қолбасшысының лауазымына тағайындалды. * 2012 жылдан Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты. * 11 қыркүйек 2015 жылдан - Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының бірінші орынбасары. ## Марапаттары * II дәрежелі «Даңқ» ордені * III дәрежелі «КСРО Қарулы Күштері қатарындағы қызметі үшін» ордені * «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі * Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері. ## Сыртқы сілтемелер * ҚР Республикалық ұланы
Тархан– 1) әскери атақ. Түркі-моңғол халықтарында Тархан атауы өте ертеде пайда болып ақсүйектерге, әскери адамдарға берілген. Бұл дәрежесі жағынан ханнан кейінгі екінші дәрежелі ақсүйектер. Батырлар да ерекше әскери еңбегі үшін Тархан лауазымын алғаннан кейін салық жинау құқығын иеленген. Қала, уәлаяттарға әкімдікке тағайындалған. Шыңғыс хан атақты әскербасыларға Тархан атағын берген. Олар бас киімдеріне қауырсын (“қылшан тағушылар”) таққан. Шыңғыс хан Тархан, нояндарға ұлыстарды меншікке беріп, Тархан дәрежесін алғандарды 9 жазадан босатқан. Ресей патшасы да көшпелілердің көне дәстүрі бойынша көрсеткен қызметі үшін қазақ батырларына (мысалы, Есет, Жәнібек тархан) Тархан атағын берген. 2) Ресей өкіметінің Кавказ, Орта Азия, Қырым хандықтарынан шыққан әйгілі адамдарға берген атағы. Тархан атанғандар алым-салықтан босатылған болатын. ## Дереккөздер ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Тасқайнар Флюорит Кендері– Жамбыл облысы Отар ст-ның оңтүстік-батысында орналасқан. 1963 ж. ашылған. Тасқайнар Флюорит Кендерін Оңтүстік Тасқайнар, Шығыс Тасқайнар, Аралық Тасқайнар, Өрікті, Ырғайты деп аталатын кендер құрайды. Олар Бесмойнақ синклиналдық белдемінің солтүстік-батыс бөлігі ернеуінің солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және меридиандық жарылыстарының қиылысқан жерінен орын алады. Флюорит ордовик пен карбонның арасындағы женттастарда шоғырланған. Т. ф. к-нің алғашқы үшеуінде жайпақ күмбезді кентас денелері солтүстік-батысқа бағытталып, ұзындығы 600 – 1200 м, ені 70 – 550 м, қалыңд. 2 – 43,7 м, флюоритінің орташа мөлшілері 30 – 34%, ал соңғы екеуіндегі линза пішінді кентас денелері солт.-батыс және меридиандық бағытта созылып, 100 – 180 м тереңдікте және қалыңд. 0,75 – 18,6 м болып келеді. Кендерінің жаралуы герцин кезеңінің аяғындағы магматизм құбылысымен байланысты.Флюорит флотациялық әдіспен байытылады. ## Дереккөздер