text
stringlengths 3
252k
|
---|
Сандыққап— сандық сыртына кигізілетін ұлттық жиһаз. Сандық тозбау үшін түйеге артқанда жайлы және сәнді болуы үшін сыртын Сандыққаппен қаптап қояды. Сандыққапты жұқа басылған ақ киізден тігіп, сыртына қызыл, жасыл шұғадан ою бастырады. Кей жерлерде Сандыққапты бір түсті (қызыл, жасыл, т.б.) матаны түрлі-түсті жіппен кестелеп, қалыңдау матамен астарлап, арасына мақта яки жүн тартып, сырып жасайды.
## Дереккөздер |
Сапа Василий Антонович (14.1.1922, Қостанай облысы Федоров ауданы Успеновка а. — 1994, Алматы) — механик, физ.-матем. ғыл. докт. (1964), проф. (1967). Қазақстан ғылым академиясының корр.-мүшесі (1989). Қазақстанның еңб. сің. ғылым қайраткері (1974). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1948). 1948 — 1993 ж. осы ун-тте пед., түрлі басшылық қызметтер атқарған. Ғыл. еңбектері массасы айнымалы денелер механикасына, күрделі жүйелер динамикасына, аналитик. механикаға, қатты дене және қуыстары сұйықтықпен толтырылған дене динамикасына, т.б. арналған. Біртұтас мех. жүйе қозғалысының тұрақтылығы теориясының дамуына үлкен үлес қосқан. Сапаның басшылығымен жасалынған құрамы өзгермелі механика бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесі шетелдік ғалымдардың назарына ілікті. 200-ден аса ғыл. еңбек жазған. Еңбек Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Пайдаланылған cілтемелер
Шығ.: Движение цилиндра, вращающегося вокруг своей оси, с учетом силы сопротивления, пропорциональной первой степени скорости //Ученые записки КазГУ, т. 14, вып. 3, 1952; Несколько случаев прямолинейного движения точки переменной массы в среде с сопротивлением //Изв. Ясского политехнического института (Румыния), т. 7 (ІІ), вып. 3 — 1, 1961. М. Байленова
Шығ.: Движение цилиндра, вращающегося вокруг своей оси, с учетом силы сопротивления, пропорциональной первой степени скорости //Ученые записки КазГУ, т. 14, вып. 3, 1952; Несколько случаев прямолинейного движения точки переменной массы в среде с сопротивлением //Изв. Ясского политехнического института (Румыния), т. 7 (ІІ), вып. 3 — 1, 1961. М. Байленова |
Сапарғали Қуанышұлы (1855, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Маманай ауылы — 1914, Тюмень облысы, Қошқарағай) — ақын, әнші, балуан. Сапарғали ауылында Қожаберген-Асқан, Троицк қаласында Зейнолла иман медреселерінде оқыған, өз бетінше орысша хат таныған. Aраб, парсы, татар тілдерін меңгерген. Сапарғали “Керей Ер Жәнібек”, “Ер Сәтбек”, “Бөрібай батыр”, “Aйдос батыр”, “Айдабол сардар”, т.б. дастандарды жырлаған. Өз жанынан “Айсары — Шорман”, “Назыбек пен Күлше”, “Қожа Мансұр” атты лирик. дастандар шығарған. Оның Ерғали, Таразы, Нұрым, Айсұлу ақындармен айтысы сақталған. Н.Наушабаев, Б.Толыбаевпен жазбаша жұмбақ айтысқа түскен.
## Дереккөздер |
Саптыаяқ — қазақтың ұлттық ыдысы. Қатты ағаштан жасалады. Саптыаяқтың өзінен өрнектеліп ойылып шығарылған (ұзындығы 15 — 18 см, ені 5 — 6 см-дей) тұтқасы болады. Саптыаяқтың сабына (тұтқасына) күміспен торлап, ақық тастар орнатылған түрлері де болған.
Саптыаяқ — салқын, ыстық сусындар құюға арналған тұтқасы бар ыдыс. Әдетте сыйымдылығы 300-500 мл болады.
## Дереккөздер |
Сандықтау ауданы – Ақмола облысының солтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан орталығы - Балкашино ауылы.
## Тарихы
Аудан 1928 жылдың 17 қаңтарында Петропавл округінің Көкшетау уезі болысының Кеңес және Ақан-Бұрлық бөліктері, Атбасар уезінің Социалистік болысындағы орталығы Балкашино селосы құрамында орналасқан. 1930 жылдың 17 желтоқсанында Балкашин ауданы Арық-Балық ауданына қосылды. 1932 жылдың 20 ақпанында 23 аудан құрамымен Қарағанды облысы құрылды, соның ішінде Арық-Балық ауданы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. 1935 жылдың 9 қаңтарында аудан Молотовқа өзгертілді.
1957 жылдың 30 тамызындағы «Ақмола облысы Молотов ауданын Балкашин ауданына өзгерту туралы» ҚазКСР Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығы негізінде Ақмола облысының Молотов ауданы Балкашин ауданына өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 14 қарашасындағы №3759 «Жеке әкімшілік-территориялық бірліктердің атауын өзгерту мен олардың транскрипцияларының өзгеруі туралы» Жарлығымен Балкашин ауданы Сандықтау ауданына өзгертілді.
## Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Зеренді ауданымен, батысы мен солтүстік-батысында Жақсы және СҚО-ның Айыртау, Ғабит Мүсірепов аудандарымен, шығысында Бурабай, Бұланды аудандарымен, оңтүстігінде Атбасар ауданымен шектеседі.
Сандықтау ауданы Сарыарқадағы Көкшетау қыратының абсолюттік биіктігі 300 — 500 м болатын ұсақ шоқылы, төбелі-белесті оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігін Сандықтау (626 м), Жақсытүкті (596 м) таулары, оңтүстік бөлігін Атбасар жазығы (өңірі) алып жатыр. Кен байлықтарынан уран, вольфрам, молибден, апатит кентастары кездеседі.
## Климаты
Климаты тым континенттік. Қысы ұзақ, суық, қары аз (30 см). Қаңтардың орташа температурасы -18°С. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы — 19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 — 400 мм.
## Өзен, көлдері
Аудан жерінен Жабай өзені және оның салалары — Жыланды, Сарқырама өзендері ағады. Үлкен көлдері — Жақсы Жалғызтау, Құмдыкөл.
## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Солтүтігінде негізінен қалыпты қара топырақ, оңтүстік бөлігінде карбонатты қара топырақ, тауларында шымды-күлгін және орманның сұр топырағы, өзендер бойында жайылманың шалғындық топырағы тараған. Солтүстігі әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, тауларында қарағай, қайың, терек, долана, арша, т.б. өседі. Оңтүстігінде сұлыбас, селеу басым тараған. Жабай өзенінің жайылмасында бидайық, арпабас, айрауық т.б., кей жерінде ақтікен, жусан, сораң өсімдіктері өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, суыр, қоян, аламан, көртышқан, сарышұнақ, қосаяқ, бұлан, марал, елік, тиін, сілеусін; құстардан аққұр, құр, шіл, тоқылдақ, бөдене, су қоймаларында қаз, үйрек, т.б. су құстары мекендейді, алабұға, таутан, мөңке, шортан, аққайран, т.б. балықтар кездеседі.
## Халқы
Тұрғындар саны – 18 398 адам (2019).
* ұлттық құрамы: орыстар (56,38%), қазақтар (19,43%), немістер (6,61%), шешендер (7,96%), украиндар (3,44%), белорустар (1,48%), басқалары (4,71%)
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 41 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген:
## Шаруашылығы мен инфрақұрылымы
Ауданда 4 автокөлік мекемесі, 1 құрылыс ұйымы, 3 астық қабылдау пункті, май, ірімшік, нан з-ттары, тұрмыс қажеттерін өтейтін комб., баспахана жұмыс істейді. А. ш-мен 1 АҚ, 19 ЖШС, 190 шаруа қожалықтары шұғылданады. А. ш-на пайдаланатын жері 546,3 мың га (2004), оның ішінде егістігі 383,5 мың га, шабындығы 8,3 мың га, жайылымы 153,4 мың га, орманы 76 мың га (2004). Жыртылатын жердің 268,3 мың га-на дәнді дақылдар себіледі. Ауданда 2004 ж. 23,0 мың бас ірі қара, 9,1 мың қой мен ешкі, 7,9 мың шошқа, 4,9 мың жылқы, 53,7 мың құс болды.
Әлеуметтік салада ауданда 39 мектеп, мәдениет үйі, 23 клуб, аудандық аурухана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 31 фельдш.-акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді (2004).
## Дереккөздер |
Сардар (парсы: سردار – сирдар) — әскери басшы. Осман империясындағы соғыс қимылдарын жүргізуші армия қолбасшысының, Англия билігі кезеңінде Египеттегі ағылшын офицері, хедив армиясы қолбасшысының лауазымы.
* Иранда, Ауғанстанда Сардар ықпалды сановник, тайпа басшысы.
* Қазақтар да өз қолбасшыларын Сардар деп атаған. Мыс., 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Амангелдіні сарбаздары “Сардар” деп атаған.
* Үндістанда сардар деп сикх әскербасылары аталады.
* Қырғыз, ұйғыр т.б. түркі тілдерінде де "әскер басы, қолбасшы" мағынасында кездеседі.
* Түркіменстанда сардар титулы кезінде президент Сапармұрат Ниязовқа берілді.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Саркентөбе– ежелгі қоныс. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс т.ж. ст-нан 7 км жерде. Аумағы 40×45 м. Қазба барысында табылған тұрмыстық құрал-жабдықтарға қарағанда тұрғындар қонысты б.з. 1 ғ-нда мекен еткен. |
Саржан Қасымұлы Саржан - сұлтан (туған жылы белгісіз — 1836 жылы өлген) — қазақ халқының 1825 — 36 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Абылай ханның немересі. Қарқаралы округіне қарасты Қарпық болыстығын басқарған. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына (1822) тақ мұрагері Ғұбайдолла Уәлиұлы және әкесі Қасым сұлтанмен бірге қарсылық танытып, Ресей өкіметі тарапынан ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына келтіруді талап етті. Оның осы мақсаттағы Солтүстік және Орталық Қазақстан аудандарын қамтыған көтерілісі (қ. Саржан сұлтанның көтерілісі) он жылдан астам уақытқа созылды. 1836 жылдың жазында Қоқан билеушілері Саржанды інілері Ержан, Есенгелділермен бірге зұлымдықпен өлтірді. Оның бастаған ісін інісі Кенесары жалғастырды;
қ. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
## Дереккөздер |
Сарқант, Сарқан — Қазақстандағы қала (1968 жылдан), Жетісу облысы Сарқан ауданының (1928 жылдан) және Сарқан қалалық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 155 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесін 1858 жылы Орталық Ресейден қоныс аударушылар қалаған.
## Инфрақұрылымы
Қалада ауданы байланыс торабы, электр энергетика жүйесі, т.б. ірі кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылықтар орналасқан.
## Дереккөздер |
Сартақ хан (т. ж. б. — 1256) — 1255-56 жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы, Бату ханның үлкен баласы, Шыңғыс ханның шөбересі. Жас кезінде әкесінің ықпалымен белгілі орыс князі Александр Невскиймен анда болған. Еділ өзенінің төменгі сағасының батыс жағалауынан бастап, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы мен Қырым аралығында билік құрды.
## Билігі
1256 жылы француз королінің Қарақорымға жіберген елшісі Рубрук ең алдымен Сартақтың сарайына аялдап, оған корольдің түрік және араб тілдеріне аударылған грамотасын табыс еткен. Сартақ әкесі Бату қайтыс болған соң Мөңке ханның (Қарақорымда) ұйғарымымен хан тағына отырды. Бірақ көп ұзамай қайтыс болып, тақты әкесінің інісі Берке иеленді. Сартақты Батудың iнiсi Берке өлтiрткен.
## Түсініктеме |
Сартүтік (лат. Cancriniella) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Биікт. 3 – 10 см. 1 түрі – Крашенинников С-гі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. |
Сары Батақұлы (1863, қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Талдықұм ауылы — 1895, сонда) — ақын, әнші. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
Жасынан зерек, алғыр, ән-жырға әуес болып өсіп, ел арасында “әнші бала” атанған. Ол өлеңдерінде өз заманындағы әділетсіздікті, озбырлықты әшкерелеп, соның салдарынан қуғынға ұшыраған. Ырғыз, Орынбор, Орск түрмелерінде тұтқында болып, Сібірге айдалған. Кейін Орск маңындағы Шиелісай деген жерде қазаға ұшыраған. Оның “Дариға”, “Әридай”, “Дүния”, “Қыс Қосан”, “Сарының Сібір айдалып бара жатқандағы әні”, “Туған ел” атты әндері туған елге, жерге деген сағынышты танытады. Сарының “Сарының әні”, “Туған ел” атты әндері “Амангелді” көркем фильмінде пайдаланылды. Ол жөнінде А.Жұбанов “Сары” атты музыкалық пьеса (1940 жылы, либреттосы Ә.Тәжібаевтікі) жазды.
## Дереккөздер |
Сарай-Берке (Жаңа Сарай, Сарай әл Джедид) — Алтын Орда мемлекетінің екінші астанасы, 1260 жылы Берке хан салдырған. Ол XIV ғасырдың басынан XV ғасырға дейін елорда болып тұрды. Қаланың қираған орны Еділ өзенінің бойында, қазіргі Волгоград облысы Царев ауылының маңында алғашқысынан біршама жоғары орналасқан.
## Тарихы
А. Ю. Якубовскийдің айтуынша, Сарай-Беркені Алтын Орда билеушісі Берке құрды (шамамен 1260), ал Өзбек хан тұсында мемлекет астанасы Сарай-Батудан (Ескі сарай) Сарай-Беркеге (Жаңа сарай) көшірілді.
В.Л.Егоров Якубовскийдің көзқарасын дәлелденбеген деп атай отырып, археологиялық деректер мен жазба деректер Сарай әл-Джедидтің кеш - 1330 жылдары пайда болғанын көрсетеді. Ибн Арабшахтың айтуынша, қала 63 жыл өмір сүрген, сондықтан оның негізі 1332 жылы қаланған.
1334 жылы Алтын Ордаға барған Ибн Баттута Бату негізін салған қалаға қатысты Сарай-Берке атауын қолданады. Егоров Сарай-Берке Сарай-Батудың басқа атауы деп болжайды.
Сарай-Беркенің гүлденген кезі 14 ғасырдың бірінші жартысына жатады.
1361 жылдан кейін, «Ұлы дүрбелең» дәуірінде қала хан тағына үміткерлердің әртүрлі қолдарына өтіп, 1395 жылы Әмір Темір Тоқтамыспен соғыс кезінде оны қиратты.
1402 жылы Сарай-Берке қалпына келтірілді, бірақ бұрынғы сән-салтанатына енді жете алмады.
1769-1770 жылдары осы жерлерді зерттеуші С.Г.Гмелин былай деп жазды:
Шамамен 1469 жылы қалаға Афанасий Никитин келеді, ол бұл туралы өзінің «Үш теңіз арқылы жүру» атты саяхат жазбасында атап өткен.
1471 жылы Сарай-Беркені Вятка үшқұйнық қарақшылары басып алып, тонады.
1480 жылы князь Ноздроват-Звенигород қаланы талқандады, ал 1502 жылы Қырым ханы Меңлі Герей жаулап алғаннан кейін қала толығымен бос қалды.
1623-1624 жылдары мәскеулік көпес Федот Котов Еділдің төменгі ағысымен Парсыға жасаған сапарында былай деп жазды:
## Орналасуы
Бір гипотеза бойынша Сарай-Берке Еділдің тармағы Ахтубаның сол жағалауында, Волгоград облысы , Ленин ауданы, Царев ауылының жанында орналасқан, алайда Царевское қалашығы болып табылатын елді мекен Гүлістан қаласының қирандылары болуы мүмкін дейтін болжам бар. Яғни оның Сарай-Беркемен еш байланысы жоқ.
А.В.Пачкаловтың 21 ғасырдың басында жүргізген зерттеулері бойынша Сарай-Берке Астрахань облысы, Харабалин ауданы, Селитренное ауылы маңындағы Селитренное елді мекені, өйткені онда 13-14 ғасырдың басындағы кезеңдегі теңгелер табылмаған.
## Зерттеулер
Сарай-Беркеге зерттеу жұмыстарын 1843 — 51 жылдары А.В. Терещенко, 1922 жылы Ф.В. Боллод, 1959 — 67 жылдары Г.А. Федоров-Давыдов жүргізген. Өзбек хан таққа отырғаннан кейін (1312 — 1341) Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркеге көшірілді. Қаланың гүлденген уақыты 14 ғасырдың 1-жартысы. Бердібек ханның бұйрығымен қалада мешіт, медресе, мазарлар салынған. Археологиялық қазба барысында металл өңдейтін ұсталардың шеберханалары ашылды, сондай-ақ тері мен тоқыма ісінің дамығандығы анықталды. Қалада саудагерлер маңызды рөл атқарған. Бұхара, Самарқанд, Үргеніштен өздерімен бірге ислам дінінің идеяларын ала келген олар бүкіл Алтын Орда халқының мұсылмандықты қабылдауына әсер етті.
## Пайдаланылған әдебиет
## Дереккөздер |
Сары ағаш суы — Келес артезиан алабы өңірінен 1948 ж. табылган Сарыағаш шипалы суы, Сарыағаш минералды суы. Шипалы-термальды су — сеноман жікқабатында, 800-1170 м терендікте, өрқайсысының қалыңдыгы 150-200 м құмтас, қиыршықтас, саз қабаттарында кездеседі. Суы — азотты, минералдылығы — 0,5-0,8 г/л, гидрокарбонатты-натрийлі, сілтілі. Құрамында кремний қышқылы (30-40 мг/л), фтор (1,5-4,4 мг/л) мөлшері көбірек кездеседі. Суының температурасы 42— 57°С. Ұңғымалардан секундына 5 л су арындап шығады. Осы суды ем үшін пайдаланылатын "Сарыағаш" курорты 1956 ж. ашылды. Курорт ұңғымалардан тәулігіне 84 м³, Сарыағаш қаласы тәулігіне 354 м³ су алады. Бүдан басқа онда¬ тегіс, батыстан шығысқа қарай аздап еңкіштеу келеді. Онтүстік-шығыс бөлігіңде Аралтебе түбегі (биіктігі — 117 м), солтүстік-батысында Аралтөбе аралы (ауданы — 11,2 км², ұзындығы — 5 км, ені — 2,8 км, биіктігі 47 м) бар. Көл жағасы аласа, қамысты. Сасықкөлге Тентек, Қаракөл, Ай өзендері құяды. Шілде айында көл суы 29°С-ка дейін жылынады. Айдыны бетінде есетін желдің жылдамдығы — 2—4 м/с. Толқын биіктігі — 1— 1,8 м. Қарашаның аяғында мұз қатып (ақпандағы қалыңдығы — 60—62 см), сәуірдің бас кезінде мұзы ериді. Көктемде өзен деңгейі көтерілген кезде Ұялы көлімен (Алакөл мен С. аралығында) жалғасып кетеді. Жылына көлге 989 млн. м³ өзен ағыны, 100 млн.м³ жер асты суы, 212 млн.м³ жауын-шашын суы қосылады. (1932—1964 ж.ж. аралығы бойынша). Деңгейінің жылдық ауытқуы — 0,65 м, суының минералдылығы — 0,270 г/л — 2,16 г/кг, мөлдірлігі — 0,2—2,6 м. Көл суының химиялық құрамы гидрокарбонатты. Көлде балықтың 8 түрі бар (сазан, көксерке, алабүға, көкбас т.б.). Сасықкөлге Тентектің құяр түсында ондатр жерсіндірілген (1943 жылдан). 1946 ж. мұнда Алакөл мемлекетгік ондатр шаруашылығы құрылды. 1956 жылдан ондатр терісі дайындалуда. Көлде: үйрек, қаз, бірқазан, аққу, балшықшы, шағала, ал жағасындағы қамыс арасын: қабан, түлкі, мәлін (теңбіл мысық) және т.б. мекендейді. |
Шора Шамғалиұлы Сарыбаев (2 наурыз 1925 жылы, Ташкент — 2 мамыр 2018 жылы, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1985). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
## Толығырақ
Байұлы тайпасының Байбақты руының Бұғанай бөлімінен шыққан.
ҚазМУ-ды (1950), оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1954 — 95 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі (1954 — 60, 1967 — 95), институт директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы институттың бас ғылыми қызметкері. Ғылыми-зерттеу еңбектері диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғылыми мақалалар мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. Сарыбаев профессор Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1966), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” (1969), “Жаңа атаулар сөздігін” (1992) құрастырушылардың бірі. “Қазақтың аймақтық лексикографиясы” (1976) монографиясы — түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. Сарыбаев “Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші” атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол “Түркітану әдебиетінің библиографиясын” (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 кандидаттық, докторлық диссертацияларының библиографиялық көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 ж. АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықар. конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. 2018 жылдың 2 мамырында 94 жасына қараған шағында дүниеден озды.
## Шығармалары
* Междометие в казахском языке, А., 1959;
* Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, А., 1960;
* Современный казахский язык, А., 1962 (телавт.);
* Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1966 (телавт.);
* Қазақ диалектологиясы, А., 1967 (телавт.);
* Қазақ, моңғол тілдерінің туыстығы жайлы, А., 1967;
* Монгольско-казахские лексические параллели, А., 1971;
* Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, А., 1975 (телавт.);
* Казахская региональная лексикография, А., 1976;
* Қазақ тіліндегі аймақтық лексика, А., 1989 (телавт.);
* Қазақ тіл білімі мәселелері, А., 2000;
* Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, А., 2005 (телавт.).
## Ғылыми атақтары
* 1977 жылы Филология ғылымдарының докторы құрметті ғылыми атағы;
* 1979 жылы профессор құрметті ғылыми атағы;
* 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
## Мемлекеттік марапаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
* 1985 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді;
* 1985 жылы КСРОның «Еңбек ардагері» құрметті медалі;
* 2001 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды.
* 2005 жылы «Ұлы Отан соғысына 60 жыл» медалі;
* 2005 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағы;
* 2007 жылы жоғарғы президент жарлығы бойынша мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапаттады;
* Көптеген медалдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сарай-Бату (Ескі Сарай, Сарай әл Махруса — «Құдай қорғаған сарай») — ортағасырлық қала, Алтын Орда мемлекетінің алғашқы астанасы. Еділ өзенінің төменгі ағысына 1254 жылы Бату хан салдырған. Қаланың қираған орны қазіргі Астрахан облысы Селитренное ауданының маңында.
## Тарихы
Қаланың негізін 1250 жылдардың басында Шыңғысид Бату салған. Дереккөздердегі алғашқы жазба 1254 жылдан басталады - францискандық Рубруктың «Шығыс елдеріне саяхат» («Бату Этилияда салған жаңа қала») кітабында көрсетілген. Алғашында бұл көшпелілер тұрағы болды, кейін ол қалаға айналды. Сарай-Бату Алтын Орданың басты саяси орталығы болды, бірақ ол бірден экономикалық орталыққа айналмаған. Алғашқы монеталар мұнда, қала құрылғаннан кейін 30 жыл өткен соң, шамамен 1282 жылы Туда Меңгу хан тұсында шығарылды.
Сарай-Бату Ахтуба өзенінің сол жағалауын бойлай 10-15 км-ге созылды. Оның ауданы, Ф. В Баллодтың пікірінше, шамамен 36 км² болды, бұл дерекке қаланы қоршап тұрған жылжымайтын мүліктер мен учаскелерді есепке алғанда ғана сенуге болады; Қазіргі археологиялық деректер бойынша қала блоктары шамамен 10 км² аумақты алып жатыр.
Сарай-Батуда 75 мыңға жуық адам тұрған. Мұнда халық көп ұлтты болды: моңғолдар, қыпшақтар, черкестер, орыстар, бұлғарлар, византиялықтар. Әрбір этникалық топ өз кварталына қоныстанды, онда оларға қажеттінің бәрі: мектеп, шіркеу, базар, зират болған. Қалада қолөнершілердің кварталдары болды, онда: құмырашылар, зергерлер, шыны үрлеушілер, сүйек оюшылар, құюшылар мен ұсталар жұмыс жасады. Әктас ерітіндісі бар күйдірілген кірпіштен сарайлар мен қоғамдық ғимараттар салынды, ал қарапайым тұрғындардың үйлері қыш кірпіш пен ағаштан тұрғызылды. Археологиялық экспедицияға қатысушы, тарихшы Вадим Леонидович Егоров Шыңғыс хан ұрпақтарының біріне тиесілі болған сарай қазбалары жайлы жазған:
«Ол жерде шамамен 30 бөлме бар. Жатуға болатын пештері бар („қаны“ деп аталады). Ішкі қабырғалары алтын жалатылған қыш тақталармен қапталып, парсы өлең шумақтарымен әрленген. Еден де алтыбұрышты қыш тақталармен жабылған»
1261 жылы Сарай-Бату жаңадан құрылған Орыс шіркеуінің Сарай епархиясының орталығына, ал 1315 жылы католиктік епископтың орталығына айналды.
Өзбек ханның (1313-1341 жж. билік құрған) тұсында Алтын Орданың астанасы Ахтуба өзенінің бойындағы Жаңа Сарайға (Сарай-Берке) (қазіргі Волгоград облысы, Ленин ауданы, Царев ауылының маңында) көшірілді.
Жошы ұлысының астанасы Генуя, Милан, Париж сияқты өз заманындағы ең әдемі және ең үлкен қала болды. Қалалар саудагерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, қажетті инфрақұрылымды – базарларды, үй-жайларды, қоймаларды, кеден пункттерін қамтамасыз етті, сол арқылы тауар айналымын ұлғайтты, демек салық түсімдерінің ұлғаюына әкелді. Астаналар Сарай мен Жаңа Сарайдың халықаралық сауданың стратегиялық торабында орналасуы және сауда орталығы ретінде қызмет етуі кездейсоқ емес. Сауда жолдары бойында қалалар салынды. Олар да қолөнер орталығына айналды. Сарай-Беркенің «металлургия өнеркәсібі» қалаға да, ауылға да қажетті барлық металл бұйымдарын: күректер, балталар, аралар, орақтар, шегелер және әртүрлі жүзді қару-жарақтарды өндірді. Сарайда керамикалық құбырлардан жасалған су құбыры және ағаш құбырлардан жасалған кәріз жүйесі болды, көптеген субұрқақтар мен шығыс қалалық моншалар болды.
Елорданы Сарай-Беркеге көшіргеннен кейін Сарай-Бату қаласы әбден тозып, оның көптеген ғимараттары бұзылды. Ескі астананың ғимараттары тұрғызылған кірпіш және басқа материалдар басқа қалалардың, мысалы, Қажы-Тарханның құрылысында пайдаланылды.
## Археология
Сарай-Бату қазіргі Астрахан облысы, Харабалинск ауданы, Селитренное ауылының ауданында орналасқан.
Селитренное қонысында көп жылғы қазба жұмыстары кезінде 14-15 ғасырларға жататын қыртыстар табылды. Ал 13 ғасырға қатысты қыртыстар жоқ. Сарай қаласы бастапқыда қазіргі Красный Яр ауылының (А.В. Пачкалов) ауданында орналасқан нұсқасы бар. Красный Яр орнында 13 ғасырдағы қалалық қабаттардың болуы болжанады, сонымен қатар елді мекеннің жанында Маячный Бугор қорымы бар, оның қорымдары екінші жартысы - 13 ғасырдың аяғына жатады. Елорда Селитренное ауданына тек 1330 жылдары ғана көшірілген болуы мүмкін (бұл кезде Жаңа Сарай туралы мәліметтердің пайда болуы осы көшірумен байланысты болуы мүмкін).
## Өнерде
Бұл жерде 2012 жылы «Орда» фильміне арнап павильон тұрғызылған. Кейіннен ол Сарай Бату мұражайына айналды.
## Зерттеулер
1922 жылы Ф.В. Боллод, 1931 жылы П.С. Рыков қазба жұмыстарын жүргізген, 1980 — 1890 жылдары Ресей ғылым академиясының археол. ин-тының экспедициясы зерттеген. Қалада соғыста қолға түскен түрлі саладағы шеберлердің қолынан шыққан салтанатты сарайлар, мешіттер және қолөнер шеберханалары болған. Жазба деректерде Сарай-Батуда шығыс пен батыстың көптеген елшіліктерінің болғаны айтылады (Плано Карпини, Гильом Рубрук, т.б). Египеттің атынан Сұлтан Бейбарыс жіберген елшілік бірнеше рет Сарай-Батуда болғаны туралы да мәліметтер бар. Сарай-Бату Өзбек хан таққа отырғанға дейін (1312 жылы ) Жошы ұлысының орт. болды. Кейбір деректер бойынша Бердібек ханның денесі де осы жерге жерленген. Кейіннен Алтын Орда хандарының өзара қырқыстары мен Әмір Темір жорығы салдарынан (1395 — 1396 жылдары) қала қатты бүлінген. Қала 1480 жылы толығымен күйреген. Қазба барысында табылған археологиялық материалдар Сарай-Батудың кезінде Еуропа мен Шығысты жалғастырған сауда жолының бойындағы маңызды орт-тардың бірі болғандығын аңғартады.
## Дереккөздер |
Сарыбай темір кен орны — Қостанай облысы Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Кен орнын 1949 жылы ұшқыш М.Г. Сургутанов ашқан. 1949-1956 жылдары геолологиялық-геофизикалық жағынан барланып, 1965 жылы қорының шамасы бекітілген. 1961 жылдан пайдаланылып келеді.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны Валерьян синклинорийіндегі Соколов-Сарыбай антиклинінің батыс қанатын құрайтын визеилік шөгінді-жанартаутекті түзілімдерінде орналасқан. Кен денелері төменгі карбонның жанартаутекті шөгінді тау жыныстарында шоғырланған.
## Жатыс сипаты
Сарыбай темір кен орны пласт тәрізді үш кен шоғырына бөлінеді: Батыс (созылымы 1900 м, қалыңдығы 170-185 м), Шығыс және Оңтүстік-шығыс (созылымы 1000 м). Жалпы қоры 527 млн. т, ондағы темірдің мөлшері 42,14%. Кен ашық әдіспен өндіріледі.
## Минералдары, құрамы
Басты минералдары магнетит, пирит, пирротин, мартит, т.б. қоспалар. Кентастың бастапқы магнетитті, бастапқы сульфидті, тотыққан-мартитті, шала-мартитті, т.б. түрлері бар. Құрамындағы темірдің мөлшеріне байланысты магнетит кентастары бай (Fe>50%), орташа (Fe — 30 — 50%), кедей (Fe — 20 — 30%) болып бөлінеді. Пайдалы құраушыларына кобальт, мыс, қорғасын, мырыш, никель, күміс, кадмий жатады. Темір алу кезінде кентасты магнетикалық сепарациядан өткізіп, агломерациялау әдісімен байытады. Концентраттағы темір шығымы 60 — 63%. Сарыбай темір кені қоры жөнінен ірі кен орнына жатады.
## Дереккөздер |
Сарт — Орталық Азияның отырықшы халқының өзбек өкіліне қатысты қолданылған атау. Түрлі замандарда оның нақты мағынасы өзгеріп отырған. Көне замандарда «Ақ сарттар» деген атпен белгілі болған сарттар белгілі бір этникалық топқа жатпаған; көбінесе қала тұрғындары болған.
«Сарт» сөзі түркі тіліндегі «сары ит» деген сөз тіркесінен келіп шыққаны қәте, оны көшпенділер отырықшы қала тұрғындарын кемсітуге қолданған еді деген жорамал айтылған болатын. Сол себепті кеңес заманында «сарт» ұғымына тыйым да салынды. Бірақ Бартольдтың пікірінше «сарт» сөзі «сары ит» дегеннен шықпаған, оған меңзейтін әдеби немесе филологиялық айғақтар жоқ.
## Тарихы
### Шығу тегі
«Сарт» сөзі көшпенділердің отырықшыланған халықты және қала тұрғындарын сипаттау үшін пайдаланылатын сөзі ретінде пайда болған секілді. Ол сөздің төркіні — үнді тілдеріндегі сартхаваха, яғни саудагер немесе керуенбасы деген мағынадағы сөз (ол қазіргі һинди тіліндегі сетх деген сөзбен түбірлес). Ол сөз көне ұйғыр тіліне соғды тілінен шамамен 8-9-шы ғасырларда енген болса керек. Ол сөздің өзі де «соғды» сөзінің өзгертілген түрі болуы да әбден мүмкін.
Ең алғаш рет түркі тілінде бұл сөз 1070 жылы жазылған Құдатқұ білік («Құтты білім») деген кітапта кездеседі, онда ол Қашғарияның отырықшы тұрғындарын білдіреді. Ол сөз Орталық Азияның иран тілдес болсын, түркі тілдес болсын, барлық отырықшы мұсылмандарын да білдірген сияқты. Рашид ад-Дин Жами ат-тауарих деген еңбегінде Шыңғыс ханның мұсылман қарлұқтардың билеушісі Алп-Арсланнға «Сартақтай» деген атақ берілсін деп әмір еткені туралы жазады. Рашид ад-Диннің өзі бұл сөзді «тәжік» деген сөзбен мағыналас сөз деп түсінгені анық. Алайда Рашид ад-Динніңұлты парсы болғандықтан «Сартақтай» деген сөзді дұрыс түсінбей қалған болуы да ықтимал, себебі Шыңғыстың ұлдарының бірінің аты да Сартақтай болған.
### Басқа мүмкін мағыналары
Моңғол билігінен кейінгі заманда біз Әлішер Науаидың Иран елін «Сарт ұлысы» деп, «сарт тілі» деп парсы тілін атағанын білеміз. Сол сияқты Бабыр патша да Марғұланның халқын «сарт» деп, ал Әндіжанның халқын «түрік»деп атағаны белгілі. Яғни ол сарт деп парсы тілділерді атаған. Кабул уәлаятының қалалары мен ауылдарының тұрғындарын да ол «сарт» деп атаған.
Түркістанның шұратты аймақтарына Шайбани ханның жетелеуімен өзбектер келгенде жағдай одан әрі күрделілене түсті. Олардың сөйлеу тілі түркі-қыпшақ тілі, ал шұраттарда тұратын халықтың тілі түркі-қарлұқ тілі болды. Осы кезден бастп «сарт» деп тек қана парсы тілділер ғана емес, кейбір түркі тілділер де атала бастайды. Өзбектердің өздері отырықшыланғаннан кейін де өзбек руларына жатпайтын түркілерді «сарт» деп атауын жалғастыра берді.
### Қазіргі заманғы мағыналары
Бартольдтың дәлелдеуінше, 19-шы ғасырда «сарт» деп аталған ұлттар әбден түркіленуге ұшырады. 19-шы ғасырда Ресей әдебиетінде «сарт» деп кейде Ферғана, Ташкент, Шымкент және оңтүстік Сырдария губерниясының түркі тілді тұрғындары аталды. Олар аздап Бұқара мен Самарқандта да тұратын. Жалпы алғанда «сарт» деп Ресей үкіметі Түркістан аймағының отырықшы орыс емес тұрғындарын атайтын. Ол сөздің нақты мағынасы, оның шығу тегі туралы пікірталастар өте көп болды. Бартольд былай деп жазады: «Қазақтар «сарт» деп отырықшы өмір сүретіндердің түркі тілдес болсын, тәжікше сөйлесін, бәрін атаған». Н.П. Остроумов болса «сарт» дегеніміз бірұлттың емес, кәсіптің атауы деген пікірді алға тартады да, «Жаман қырғыз сарт болар, жаман сарт қырғыз болар» деген бір мақалды дәлел ретінде келтіреді. Бұл түсініспеушілік 1897 жылғы Ресей империясының санағы кезінде шиеленісе түседі: Ферғана губерниясында сарттардың саны өте көп болып шығады да, көршілес Самарқанд губерниясында сарттар өте аз, ал өзбектер өте көпболып шығады. Өзбек пен сарттың арасындағы айырмашылық мүлдем түсініксіз болып кетті. Тарихи жағынан өзбек дегеніміз 16-шы ғасырда Шайбани ханға еріп келгендер болады да, сарт дегеніміз олар келгенде Мауреннахрдың байырғы тұрғындары. Өзбектер қазақ тіліне жақын қыпшақ диалектінде, Хорезмде тұратын сарттар парсы тілінің қатты ықпалына ұшыраған оғұз диалектінде, ал Ферғанада тұратын сарттар ұйғыр тіліне өте жақын және қазіргі өзбек тілінің бастауына айналған қарлұқ диалектінде сөйлеген. 1924 жылы кеңес үкіметі Орталық Азиядағы отырықшы түркі тілдес жұрттың бәрі «өзбек» деп аталуға тиіс деп шешіп, «сарт» деген атауға патшалық отаршылдық заманның қорлайтын сөзі ретінде тыйым салынды. Бірақ жаңа Өзбек КСР-ының тілі ретінде өзбектердің тілі емес, сарттардың тілі таңдалды.
«Сарт» ұғымын нақты бір этникалық немесе тілдік топқа теліп айту қиын. Орталық Азияның түркі тілді және парсы тілді тұрғындарының арасындағы басты айырмашылық олардың ұлты немесе сөйлейтін тілі емес, олардың көшпенді не отырықшы болғаны еді. Қазақтар, қырғыздар және түрікмендер тиісінше дала, тау және шөлде өмір сүрген көшпенділер болды да, отырықшы түркілер мен тәжіктер Хиуа, Бұқара, Самарқанд сияқты үлкен қалаларда немесе қыстақтарда («қышлақтарда») өмір сүргендіктен сарттар деп аталды. Бірақ бәрінің де ортақ атауы — түркістандықтар, немесе мұсылмандар еді.
### Доңсян тұрғындары
Бір қызығы, солтүстік-батыс Қытайда тұратын моңғол тілді мұсылман доңсяндар өздерін сарта немесе санта деп атайды. Бұның Орталық Азиядағы сарт атауымен қандай байланысы бары белгісіз.
## Әдебиеттер
* Н.В. Остроумов. Значение Названия «Сарт» (Ташкент) 1884
* Н.В. Остроумов. Сарты – Этнографические Материалы (Ташкент) 1890 (стр. 7)
* В.В. Бартольд. “Sart” Ency. of Islam Vol. IV S-Z (Leiden & London) 1934 pp175-6
* W. Barthold & Maria Eva Subtelny "Sart" Ency. of Islam New Edition Vol. IX SAN-SZE (Leiden: Brill) 1997 pp66-8
* Yuri Bregel "The Sarts in the Khanate of Khiva" Journal of Asian History Vol.12 1978 pp121-151
* Maria Eva Subtelny "The Symbiosis of Turk and Tajik" in B.F. Manz (ed.) Central Asia in Historical Perspective (Boulder, Col. & Oxford) 1994
* Әлішер Науаи Мухакамат әл-лұғатайн
* Құдатқұ білік
* Бабурнама
* Рашидуддин Фазлулла Жәми ут-Тауарих. |
Сұлтан Сартайұлы Сартаев (15 қазан, 1927 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туған — 13 желтоқсан 2019 жыл) — ғалым. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Қазақстан Республикасы заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. «Қазақ КСР Президенті лауазымын белгілеу туралы» заң әзірлеушілердің бірі. Қазақстанға Еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қызылорда облысының Құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Сұлтан Сартайұлы 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
* 1945 – 1949 жылдары Алматы заң институты н бітірген.
* 1952 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
* 1952 жылы Мәскеу Заң институтында «Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Білім және дамыту» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. (Мәскеу);
## Еңбек жолы
* 1952 – 1955 жылдары Алматы Заң институтының аға оқытушы, доцент, басшысы;
* 1955 – 1992 жылдары Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) де доцент, кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканы, мемлекет теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры және Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры;
* 1992 – 2007 жылдары Қазақ Құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры;
* 1995 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры;
## Қоғамдық лауазымдары
* Қазақ КСР-ның президенттік кеңесінің мүшесі;
* 1990 – 1993 жылдары Қазақ КСРнің Халық депутаты;
* 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің12-ші шақырылымының төрағасының лауазымына кандидат;
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-13 шақырылған, Халықаралық және парламентаралық қарым-қатынастар жөніндегі комитеті Республикасы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі болды.
* 1990 жылы Қазақ КСР-ның Президенті жанындағы кешірім комиссиясының төрағасы *1989 – 1994 жылдары Қазақстан заңгерлер одағының президенті.
* Қазақ халықаралық байырғы халықтар және этникалық азшылық қорының президенті.
* 1994 жылдан Қазақстан Республикасының адвокаттар алқасының вице-президенті.
## Ғылыми шығармашылығы
Сұлтан Сартайұлының 500-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, (1960), оның ішінде «Қазақ Совет мемлекетінің қалыптасуы», «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы» (1961, автормен бірге), «Ұлттық мемлекеттік одақтас республикалардың» (1968, тең авторы.) «Қазақ ССР-нің мемлекеттік биліктің ең жоғары өкiлдi органы» авторы ( сөз, ар-ождан және ормандарды бұрын 1972), «заң Қазақ КСР мемлекеттердің тарихы» (1982), «мемлекет тарихы және Қазақстан құқықтарын арналған материалдар» (1994, компилятор), «мемлекеттік-құқықтық көрікті Уәлиханов» (1996, автормен бірге), « Қазақстан Республикасы Конституциясының «(2001),» Қазақстан халқына заңгерлер «(2002 Ed.),» қалыптастыру «(2002, автормен бірге) т.б ғылыми еңбектері жарық көрген.
## Ғылыми атақтары
* 1952 жылы Заң ғылымдарының кандидаты
Диссертация тақырыбы: «Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Білім және даму» (Мәскеу Заң институты);
* 1970 жылы Заң ғылымдарының докторы құрметті ғылыми атағы берілді.
* 1972 жыл профессор құрметті атағы;
* 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.
* 1996 жылдан ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі;
* 2003 жылдан ҚР Жоғарғы білім беру академиясының академигі;
## Мемлекеттік марапаттары
* 1981 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
* КСРОның бірнеше медалдарымен марапатталған.
* КСРОның «Еңбек ардагері» медалімен екі мәрте марапатталған.
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері;
* 2001 жылы тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
* 2008 жылы Қырғыз Республикасының «Даңқ» Ордені;
* 2009 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды;
* «Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы;
* «Қазақстанның Еңбек сіңірген заңгері» құрметті атағы;
* Бірнеше Қазақстан Республикасының мерекелік медалдарымен марапатталған;
* ҚР Білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»;
* «Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері» атағының иегері;
* Қызылорда облысының Құрметті азаматы құрметті атағы. |
Сарыандыз (лат. Ligularia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда ылғалы мол шалғындарда, батпақты жерлерде, өзендер мен жылғалардың жағалауында, альпі және субальпілік тау белдеулерінің тасты беткейлерінде, егістіктерде арамшөп ретінде өсетін 16 түрі бар. Олардың арасында биікт. 10 см-ден 1,5 м-ге дейін жететін түрлері де кездеседі. Жапырақтары жүрек, бүйрек, ұзынша жұмыртқа тәрізді немесе жиегі ойықша тілімденген (сирек бүтін жиекті) болады. Бес тісті күлтесінің кеңіген бөлігі қоңырау тәрізді не түтікті-қоңыраулы, тозаңқаптарының түп жағы үшкірленіп келеді. Сары түсті гүлдері қос жынысты, себет гүлшоғырына топталған. Себеттері гетерогамды, гүлтабаны тегіс, сырты жалаңаш келеді. Мамыр — тамыз айларында гүлдеп, маусым — қыркүйекте жеміс салады. Тұқымшалары ұзынша немесе цилиндр тәрізді, оның ақ кейде күрең түсті ұзын айдаршасы болады. Сарыандыздың 3 түрі: Карелин Сарыандызы (L. Karelіnіana), Шишкин Сарыандызы (L. Schіschkіnі) және Павлов Сарыандызы (L. Pavlovіі) — эндемиктер. Соңғысы өте сирек кездесетін (Қаратауда ғана) өсімдік ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Сарқан ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы “Лепсинск” (Шұбарағаш) деп аталды. 1935 жылы аудан орталығы Сарқанға көшірілді.
## Жер бедері
Солтүстігінде Абай облысының Аягөз ауданымен, шығысында Алакөл ауданымен, батысында Қаратал, Ақсу аудандарымен және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Қытаймен шектеседі.
Ауданның оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігі таулы келген, солтүстігі, солтүстік-батысы мен батысы аласа қырат, төбелерден тұрады. Басқа бөлігі жазық. Оңтүстік-шығысы Қытаймен шектеседі. Жер қойнауынан бентонит кені (Үлдерсай), құрылыс материалдары, натрий сульфаты бар Қарашаған кен орны барланған.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты континенттік. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы –7 — 10°С, шілде айынікі 22°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 450 — 550 мм, таулы өңірде 700 — 800 мм. Лепсі, Басқан, Теректі, Сарқан, Ақсу өзендері ағып өтеді. Ауданның жазық өңірінде Алтай, Жасылкөл көлдері бар. Жазық келген солтүстік, солтүстік-батыс бөлігінің топырағы сұр, сортаңды сұр, құмды, құмайтты сұр, орталық өңірінде қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау бөктері мен аңғарларда қызғылт-қоңыр, қара топырақ басым. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер: Жоңғар бәрбісі, көктем жаргүлі, қаражемісті итжүзім, марал түбірі, Виттрок рауғашы, қызғылт радиолла, ақшыл сиягүл, Шренк қызғалдағы өседі. Шөлді, шөлейтті өңірде қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік, жабайы шошқа, ондатр, таулы бөлігінде қоңыр аю, тау ешкісі, арқар, марал, суыр, т.б. кездеседі. Құстардан: дуадақ, аққу, үйрек, қырғауыл, ұлар, кекілік, бұлдырық бар. Тұщы суларында сазан, шармай, алабұға, аққайран, патшабалық (форель), таутан балықтары кездеседі. Балқаш, Алтай көлдерінде бекіре, ақсерке, табан балық, жайын, көксерке бар. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген аңдардан: қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, сусар, қара күзен, барыс, шағылқұм мысығы; құстардан — қызғылт бірқазан, көкқұтан, бүркіт, қоқиқаз, аққу, шүрегей, тырна, дуадақ, тарғақ, жұртшы, лашын, үкі, т.б. кездеседі.
## Халқы
Аудан халқының саны 36 962 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (80,76%), орыстар (17,11%), татарлар (0,68%), немістер (0,37%), шешендер (0,60%), басқалары (0,49%).
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 36 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:
## Шаруашылығы
Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, астық, қант қызылшасы, көкөніс өсіруге және омарта ш-на маманданған 7 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан кейін олар жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданда 14 ӨК, 10 АҚ, 64 серіктестік, 37 ЖШС, 1000-ға жуық шаруа қожалығы құрылды (2003). Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар: “Қанатжан”, “Талдықорған электр жүйесін тасымалдау компаниясы”, “Сарқант аудандық электр жүйелері” АҚ-тары және “Су арналары” мемл. қазыналық кәсіпорын, “Сарқант аудандық суландыру жүйелері кәсіпорны”, “Алатау” баспа бірлестігі АҚ, ауданы телекоммуникациялар кәсіпорны, “Қаратал орманы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, т.б. Ауданда 537,8 мың га жер а. ш-на жарамды, оның ішінде 69,0 мың га егістік, 174,1 мың га шабындық бар (2003). 65,3 мың қой мен ешкі, 22,0 мың ірі қара мал, 8,5 мың жылқы, 6,4 мың шошқа, 0,1 мың түйе және 67,8 мың құс тіркелген (2003).
## Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін 31 мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, гуманитарлық колледж, балабақша, шығармашылық үй, 2 кітапхана, 2 мұражай, 4 мәдениет үйлері жұмыс істейді. Емдеу-сауықтыру орындарынан 3 аурухана (оның ішінде орт. ауданы аурухана), 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдш.-акушерлік пункт, 2 сан.-эпидемиол. ст. халыққа қызмет етеді (2003). Аудан аумағынан Алматы — Өскемен автомобиль магистралі және Түркістан — Сібір темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Сарыесікатырау – Балқаш көлінің оңтүстігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Алматы облысы Балқаш жіне Жетісу облысы Көксу, Кербұлақ және Қаратал аудандарының жерінде.
## Жер бедері
Ұзындығы 240−250 км, ені 120−180 км, ауданы 40 мың км2-ге жуық. Қырқааралық ойпаңдарында сор не тақыр жерлер кездеседі. Жер асты суы 2−80 м аралығындағы тереңдіктен шығады (Нарынбай, Ағашаяқ, Шекара, Шеңгелді, Бидайшы құдықтары).
## Климаты
Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы – 9 −14°С, шілдеде 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 150−180 мм.
Сарыесікатырауда Іле өзенінің көне арналарының (Шетбақанас, Ортабақанас, Ортасу) ізі сақталған. Сонымен бірге жеке төбелер (Көшқонар, Қарақаралы, Босаған, Орта Көкдобақ, Қаражды, т.б.) мен қоныс (Қарқаралы, Мыңғылши, Ұзынарал), қыстаулар (Арыстан, Сәрсембай, Нарын, Бесшағыл, т.б.) кездеседі.
## Өсімдігі
Іленің атырауында қара сексеуіл, жүзгін, жусан, теріскен, еркекшөп, құм қияғы, изен, сортаң жерлерінде күйреуік, Балқаш көлі жағалауында жыңғыл өседі. Негізінен мал жайылымы үшін пайдаланылады. Көктем, күз айларында Сарыарқа өңірінің қазақтары Сарыесік түбегі арқылы өтіп, Сарыесікатырау құмын қыстау еткен.
## Дереккөздер |
Сарықопа – Тобыл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Жангелді ауданының жерінде орналасқан. Тізбектеліп бір-біріне жалғасып жатқан шағын 5 көлден тұрады.
## Гидрографикасы
Жалпы ауданы 336 км2, су жиналатын алабы 17440 км2. Орташа тереңдігі 2 м.
## Сипаты
Көлдің батыс жағалауы түйетайлы, біртіндеп жазыққа ұласады, ал шығыс жағалауы биік (5-5 м). Көлге Теке, Сарыөзен өзендері құяды. Су мол жылдары көл қазаншұңқырындағы су деңгейінен асып Сарысу, Тәуіш өзені арқылы Торғай өзеніне құяды. Балыққа (мөңке, алабұға, қарабалық) бай. Суымен шабындық суғарылады.
## Дереккөздер |
Сарыкөл — Қостанай облысы Сарыкөл ауданының және Сарыкөл кенттік әкімдігі орталығы (1928 жылдан), кент (1965 жылдан).
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Қостанай қаласынан шығысқа қарай 135 км-дей жерде, Сарыкөл көлінің батыс жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 10284 адам (5011 ер адам және 5273 әйел адам) болса, 2009 жылы 9469 адамды (4594 ер адам, 4875 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың соңында қаланған. 1922–1997 жылдары "Урицкое" деп аталған.
## Кәсіпорындары
Сарыкөлде жөндеу-мехаикалық орталығы, нан, май және сусын су зауыттары, диірмен, құрылыс және тұрмыстық кәсіпорындар бар. Сарыкөл арқылы Қостанай–Көкшетау автомагистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Сарыкөл 1, 2 — қола дәуірінен қалған обалар тобы.
Сарыкөл-1, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Сарыкөл көлінің жағасында. 1947 жылы Орталық Қазақстан мұражайының этнографиялық экспедициясы, 1949 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі С.Черников) зерттеген. 35 обадан тұрады. Ол тас сынықтары мен топырақ үйінділерінен тұратын аласа төбешік. Биіктігі 0,5 — 2,5 метр аралығындағы 6 оба аршылған. Қазбадан адам мәйіті салынған тас қобдишалар мен өрнекті балшық құмыра табылды. Жерлеу салты қола дәуірі мен андрон мәдениеті кезеңіне жатады.
Сарыкөл-2 де Сарыкөл жағасында. Ол тас үйінділерден жасалған бірнеше обадан тұрады. 1949 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Черников) зерттеу жүргізген. Қазба кезінде 6 оба 14 тас қоршау аршылған. Обадан шұңқырға қойылып, беті үлкен жалпақ тастармен жабылған мәйіттер, балшық құмыралар, темір пышақтар табылды. Оба 1 ғасырдағы сармат дәуіріне жатады.
## Дереккөздер |
Сарымалай(шын аты – Садық; 1835 – 1885) – қазақтың халық композиторы, сыбызғышы. Сарымалай халық күйлерін шебер орындаумен қатар өз жанынан Қара жорға, Нар идірген, Бұлбұл, Жорға аю, Шал бүркіт, Ақ қабанның толқыны, т.б. күйлер шығарған.
Сарымалай (Сыдық) (1835, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы — 1885, сонда) — халық композиторы, сыбызғышы. Жасынан жоқшылықтың тауқыметін көріп, мал соңында жүргеннен “сары малай” атанған. Сарымалай сыбызғыны алғаш әкесінен үйренген. Кейін Сабыр есімді сыбызғышыдан шеберлігін шыңдаған. Ол осы аспапта халық күйлерін шебер орындаумен қатар, өз жанынан күй де шығарған. Сарымалайдың шығармалары Бат. Қазақстан, Орынбор қазақтары мен башқұрт ұлты арасында кең насихатталған. Сарымалайдың шығармасын осы заманға жеткізген Ы.Уәлиев саналады. Сарымалайдың ол орындаған бірқатар күйлерін 1936 жылы Б.Ерзакович жазып алған. Сарымалайдың нотаға түсірілген “Қара жорға”, “Қоңыр”, “Шоңай”, “Ақсақ қой”, “Балжыңкер”, “Боз інген”, “Желмая”, “Жетім бала” күйлері әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді. Сарымалай сыбызғыда күй шығарудың құрылымын жетілдіріп, 3 тесікті аспаптың ойығын 6-ға жеткізген. Осы негізде қарапайым аспаптың дыбыс ауқымы кеңейіп, үн байлығы молайып, диапазоны арта түскен.
## Сілтемелер
* Қара жорға
* Қазақстан
* Композитор
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Сарыөзек – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл.
* Сарыөзек – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
* Сарыөзек – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл.
* Сарыөзек – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл.
* Сарыөзек – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Сарыөзек — Қорғас халықаралық автомобиль жолы
* Сарыөзек көшесі (Астана) |
Сарыоба темір кен орны - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара темір жол стансасының оңтүстігіне қарай 40 км жерде орналасқан кен. Кен орны 1938 жылы ашылып, 1943-1949 жылдары барлау жұмыстары жүргізілді, 1952 жылы қоры есептелді.
## Геологиялық құрылымы
Кен Орал сырты мегантиклинорийіндегі Боранбай гранитті массивінің экзожапсарында орналасқан. Интрузия жапсары бойымен 4,5 км созылған скарнды-кенді белдемнің қалыңдығы 150-200 м. Кеннің барлық кентастары скарнды, олар екі ірі кен денесін құрайды.
## Жатыс сипаты
Негізгі кен денесі жер бетінде жатыр; созылымы 1200 м, құлау бағытында 320 м, қалыңдығы 8-40 м. Жасырын денесі жер астында; созылымы 328 м, тереңдігі 100 м, қалыңдығы 16-50 м. Кішігірім денелерінің қалыңдығы 0,2-5 м-ден 15,4 м-ге дейін болады.
## Минералдары, құрамы
Басты кенді минералдары: магнетит пен мартит; қосымшалары: гидрогетит, гетит, пирит, т.б., ал кенсіздеріне гранат, эпидиот, пироксин, актинолит жатады. Бастапқы кендері женттасты (брекчия). Құрамында 34,46% темір мен аздаған күкірт, фосфор кездеседі. Тотығу белдеміндегі кендер қойтасты, охралы-лимонитті, ұнтақты, мартитті, т.б. болып келеді. Ондағы темір 35-57%, ал фосфор мен күкірттің мөлшері өте аз. Сарыоба темір кен орнындағы кеннің қоры 41 млн. т, мұндағы темір мөлшері 36,1%.
## Дереккөздер |
Сарыжылан, Сарыбауыр немесе Сарлан (лат. Pseudopus apodus) – қабыршақтылар отрядына жататын сарыбауыр кесіртке. Оңтүстік-батыс Еуропада, Орта және Оңтүстік-батыс Азияда, ал Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кездеседі.
Денесінің ұзындығы 1,2 метрдей, салмағы 550 граммдай. Сыртқы түрі жылан тәрізді, аяғы болмайды (тек еркектерінде артқы аяғының жұрнағы сақталған). Басы ірі, біркелкі қалқанмен жабылған. Сарыжыланның арқасы қоңыр не қоңырқай, бауыры сарғыш-қоңыр немесе қызғылт түсті болады. Нағыз жыландардан негізгі айырмашылығы қозғалмалы қабағы, құйрығы ұзын болады.
Сарыжылан тау өзендерінің аңғарларын, жеміс бақтары мен егістіктерді мекендейді. Кейде теңіз деңгейінен 2000 м биіктікке де көтеріліп, тіршілік етеді. Суда жақсы жүзеді, қауіп төнген сәтте суға қарай қашуға тырысады не тастардың, шөп-бұталардың астына жасырынады. Адамды шақпайды, қолға тез үйренеді, ін қазбайды. Наурыздың соңы — сәуірдің басында қысқы ұйқыдан оянады. Аналығы маусым — шілде айларында пішіні сопақ 8 — 10 жұмыртқа салады. Тамыздың ортасында жас Сарыжыландар пайда бола бастайды. Омыртқасыздармен (көбінесе жәндіктер және моллюскалармен), ұсақ омыртқалылармен және жерге түскен жеміспен қоректенеді. Зиянды жәндіктерді жеп пайда келтіреді. Сарыжылан табиғатта өте сирек кездеседі. Қазақстанда Ақсу — Жабағылы қорығында қорғалады. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Аналығы маусымның соңында пана жерде 8-10 ұзыншақ жұмыртқасын салады. Бір айдан кейін ұзындығы 10 см кішкентай кесірткелер шығады. Жылына 6-7 ай белсенді. Сарыбауыр – зиянсыз бауырымен жорғалаушы, бау-бақшалардағы зиянкестерді жеп, пайда келтіреді. Егер қолға түссе, шағайын деп ойламайды, тек босанып шығу үшін жылан сияқты бүкіл денесімен қатты бұралаңдайды.
## Дереккөздер |
Сарышығанақ бөгені – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы бөген. 1944 жылы Қараөзен бойында салынған, 1960 жылы жөндеуден өтті.
## Гидрологиялық сипаты
Ұзындығы 120 км, ені 150–180 м, тереңдігі 25–30 м, су сыйымдылығы 60 млн. м³, айдыны 0,2 мың км². 15700 га жерді көлдетіп суарады. Бөгеннен төменге қарай су жіберетін алты қақпа секундына 133 м³ және Баубек, Айдархан магистралды каналдары 40 м³ су өткізеді. Суында сазан, шортан, аққайран, көксерке, жайын, табан, т.б. балықтар бар. Айналасы мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Сарытоғай сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:
Елді мекендер:
* Сарытоғай – Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл.
* Сарытоғай – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл.
* Сарытоғай – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
Көше:
* Сарытоғай көшесі – Алматы қаласындағы көше.
* Сарытоғай көшесі – Астана қаласындағы көше.
Басқа мағыналар:
* Сарытоғай (оба) |
Састөбе, Сазтөбе — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы кент, Састөбе кенттік әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 31 км жерде.
## Халқы
## Тарихы
20 ғасырдың басынан 1930 жылға дейін "Жыланды ауылы" аталып келді. 1917 жылдан ақ балшық өндіріледі. 1932-33 жылдары екі әк күйдіру пеші бар «Жұмыскер» артелі құрылды. 1937 жылы «Састөбе цемент завотын салу туралы» қаулы қабылданып, 1952 жылы іске қосылды. Цемент, әк, сульфаттық портландцемент, түсті цемент өнімдерін шығарды. Оның негізінде 1990 - жылдары цемент зауыты «Састөбецемент» АҚ болып құрылды. Қазір цемент, әк шығаратын жеке кәсіпкерлер жүргізетін зауыт жұмыс істейді. Састөбеде және округке қарасты Ынтымақ, Қызылту ауылдарында «Аманат-Инвест-Су» ЖШС, «Эль-К» филиалы, «Мұнай өнімдері» ЖШС, «Қызылжар» ЖШС, «Қызылту» ӨК құрылды.
## Инфрақұрылымы
Састөбе ауыл округінде А. Макаренко атындағы жом және А. Оразбаева атындағы жом деп аталатын 2 жалпы орта мектептер, музыка мектебі, 2 мәдениет үйі, аурухана, емхана, 3 мешіт, "Ер-Жәнібек" спорт кешені, стадион, саябақ, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Сасықкөл – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
Көлдер:
* Сасықкөл – Есіл алабындағы көл.
* Сасықкөл – Алакөл қазаншұңқырының солтүстік-батыс жағында орналасқан көл.
* Сасықкөл – Шерубайнұра алабындағы ағынсыз көл.
* Сасықкөл – Үй өзені алабындағы көл.
* Сасықкөл – Шүрексор көлі алабындағы көл.
* Сасықкөл – Есіл алабындағы көл.
* Сасықкөл – Сарысу алабындағы көл. |
Сатыбалдин Сағындық(1937—2020) – экономист, қоғам қайраткері, экон. ғыл. докт. (1980), проф. (1982), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Ғыл.-зерттеулерінің негізгі бағыттары бух. есеп пен аудиттің халықар. стандарттары, өнеркәсіпте нарықтық тетіктерді қалыптастыру, ҚР-нда өнді |
Сауыт:
* 1) (көне.) садақ, қылыш, найза, т.б. қарулардан қорғануға арналған киім.
Ол ұзын темір шығыршықтарды бір-бірінен өткізіп тоқылған тордан қысқа жейде түрінде жасалады. Сауыттын дулығасы, бұған қосымша мойынды жабатын жалбағай сауыт пен қол сауыт, аяқ сауыт темір шығыршықтан жеке тоқылады.
Алғаш Сауыт I мың жылдықта Ассирияда пайда болған. Кейін бар елдерге тарады. Қазақстанның ежелгі тұрғындары — сақтар да сауыт жасаған;
* 2) адамдарды, әскери техниканы және қорғаныс құрылымдарын әртүрлі жою құралдарының әсерінен сақтайтын құрал.
Ең көп тарағаны — болатты сауыт. Сонымен қатар жеңіл болуы үшін аллюминий қорытпаларынан, идастмасса, қыш және композициялық материалдардан жасалынған "Стар" да қолданылады.
Снарядтар мен ядролық қарудың жою факторларынан тиімді кешендік сақтау үшін әртүрлі материалдардың қабатынан тұратын (болат, жеңіл қорытындылар, пластмассалар, шыны талшықты, қыш және басқалар) аралас сауыттар колданылады.
Экрандалған (бөлінген) сауыт негізгі сауыттық бөліктен және оның алдында кішігірім қашықтықта орналаскан жіңішке металл бөлігінен, армираланған тордан немесе резинадан жасалған экраннан тұрады.
Экран кумулятивтік оқ-дәрінің ерте жарылуына себеп болып, оның негізгі сауытқа әсерін азайтады. Сауытты танкілерге, ұшақтарға және басқаларға қояды.
## Сауыт түрлерi
* Жапон сауыты
## Дәстүрлі қазақ сауыт түрлері
* Аймауыт
* Шар-айна
* Зере
* Ақ сауыт
* Көк сауыт
* Торғауыт
* Кіреуке
* Көбе
* Қалқан
## Дереккөздер |
Эльвира Баяхметқызы Сахатова (19.09. 1965, Алматы), ХДСШ-і (1992), халықар. гроссмейстер (1994).
Мамандығы журналист респ- ның (1989 - 90) ч-ны. КСРО халықтары IX спартакиадасына ( 4-орын), X спартакиадасында (2-орын), Бүкілдүниежүзілік 3 ш-т олимпиадасына (1992 - Манила, 1994 - Мәскеу,1996 - Ереван) қатысушы. 1996 жылдан Люксембург қ-сында тұрады.
## Дереккөздер |
Наталия Ильинична Сац (27 тамыз 1903, Ресей, Иркутск - 18 желтоқсан, 1993, Мәскеу қ.) - режиссер, драматург, театр қайраткері, КСРО халық артисі (1975), өнертану ғылымдарының кандидаты (1962), профессор (1984), Социалистік Еңбек Ері (1983).
## Өмірбаяны
* 1917 ж. Мәскеу қаласындағы А.Н. Скрябин атындағы музықалық техникумды бітірді.
* 1920 ж. А.С. Грибоедов атындағы драма студиясын бітірді.
* 1953 ж. Мәскеудегі театр өнері институтының театртану факультетін бітірді.
* Ол Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының негізін салушы.
* 1937 - 42 ж. жазықсыз жала жабылып, қуғын-сүргінге ұшырады.
* 1944 - 50 ж. Қазақстанда өзі ұйымдастырған Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері болып, осы театр сахнасында А.Н. Толстойдың "Алтын кілтін" (1947), У.Шекспирдің "Он екінші түн" (1947) және "Вероналық екі бозбаласын" (1949), сондай-ақ, Қазақ академиялық опера және балет театрында Дж. Пуччинидің "Чио-Чио-санын" (1944) қойды.
## Шығармашылығы
* Сац балаларға арналған опералардың либреттосын да жазды.
* Балалар театрына арналған бірқатар пьесалардың авторы.
* "Менің өмірімнің новеллалары" атты кітаптың (1984) авторы.
## Марапаттары
* КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972).
* 1982 ж. Лениндік сыйлықтың иегері
* 1984 ж. Бүкілодақтық Лениндік Комсомол сыйлығы берілді.
* Ленин ордені.
* Социалистік еңбек ері
* Ленин ордені
* Октябрь революциясы ордені
* Еңбек Қызыл Туы ордені
* Халықтар Достығы ордені
* КСРО халық әртісі
* Ресей халық әртісі
* КСРО министрлер кеңесі сыйлығы.
## Есте қалдыру
* 1995 ж. Қазақстандағы Мемл. академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрына Сацтың есімі берілді.
## Дереккөздер |
Сатыбалдин Әзімхан (13.10. 1959 жылы туған, Талас ауданы, Ақкөл ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2003).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
* Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген (1981).
* Институттан кейін Талас ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің экономисі
* Майтөбе кеңшарының бас экономисі.
* 1984 – 85 жылдары Қазақ агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты
* 1986 – 93 жылдары Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институты кіші ғылыми қызметкер
* Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкерден институт директорының орынбасарлығына дейінгі өсу жолынан өтті.
* 1994 – 95 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Бас ғылыми хатшысы.
* Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінің Бас директоры
* 1995 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімі бастығының бірінші орынбасары
* 1996 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
* 1996 жылы қыркүйегінен Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының негізінде құрылған Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Бас директоры.
* 1996 – 99 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының вице-президенті қызметін қоса атқарды.
* 2003 жылдан республикалық саяси «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
* 1996 жылы Қазақ ауыл шаруашылық академиясының акад., ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының коррекция мүшесі болып сайланды. Орталық Азиямен Кавказ өңірінің сегіз мемлекетінің ауыл шаруашылық зерттеу форумына жетекшілік етеді, Дүниежүзілік ауыл шаруашылық зерттеу ұйымы Президиумының мүшесі.
* 1997 жылы Ресей ауыл шаруашылық ғылым академиясының академигі.
* 2001 жылы Моңғолия ауыл шаруашылық ғылым академиясының шетелдік мүшесі (академигі) болып сайланды.
## Ғылыми еңбектері
160-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, экономика ғылымдарының 1 докторын, 19 кандидатын дайындаған.
## Марапаттары
* 1988 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығы
* 1994 жылы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы
* 1999 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.
## Дереккөздер |
Саудакент –
* ортағасырлық қала орны. Сарысу ауданы Саудакент ауылында орналасқан. 1901 жылы В.А. Колосов зерттеген. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Әлкей Марғұлан) ішкі қамалдың солтүстік-шығыс бұрышына тікқазба (шурф) түсірген. Оның барысында құлаған бөлме орны аршылып, сырланбаған қыш ыдыстар, мал сүйектері шыққан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) қала үстінен материалдар жиыстырған. 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы (жетекшісі Қ.Байбосынов) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Саудакенттің орны тікбұрышты келген көлемі 230 және 160 м, биіктігі 6 м төбе. 11 мұнараның орындары сақталып қалған. Ішкі қамал қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде. Бұл биіктігі 2 м, көлемі 40 м2 болатын төбе. Қала орнынан сырлы және сырланбаған қыш ыдыс қалдықтары көптеп кездеседі. Бұлар Талас өңіріндегі қалалардан табылған материалдарға ұқсас. Алынған заттарға қарағанда Саудакентті халық IX – XV ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Саудакент арқылы Жібек жолы өткен.
* орта ғасырлардан сақталған қала орны. Сарысу ауданы, Байқадам қыстағының оңтүстік-шығыс шетінде. Тік төртбұрышты келген төбе аумағы 230x160 м, биіктігі 6м. Үстінде сақталған биіктігі 2 м жер дуалмен қоршалған, әр жерінде 11 мұнара қирандысы байқалады. Солт.шығыс бөлігінде төртбұрышты келген биіктігі 2 м орталық қорғаны бар. Қала орнын 1901 ж. В.А. Колосовский сипаттаған. 1946 ж. Ә. Марғұлан орталық қорғаннын солтүстік-шығыс жағына тексеру шұңқырын қазып, әртүрлі қыш ыдыстардың сынықтарын жинаған. Алынған материалдардың түрлері, боялған сырлары, жасалу тәсілдері қала ғұмырының 9-15 ғасырларда өткендігін баяндайды.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Сарыөзен – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Сарыөзен – Еділ-Жайық алабындағы өзен.
* Сарыөзен – Торғай алабындағы өзен.
* Сарыөзен – Ертіс алабындағы өзен.
* Сарыөзен – Сарысу алабындағы өзен.
Басқа мағыналар:
* Сарыөзен – Астана қаласындағы көшенің атауы.
* Сарыөзен – Нұра ауданына кіретін ауылдық округ.
* Сары-Өзен – Семей полигонына кіретін ядролық полигон. |
Саяқ — Қарағанды облысы Балқаш қаласына қарасты кент (1961 жылдан).
## Географиялық орны
Балқаш қаласынан шығысқа қарай 178 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1960 жылы қаланған. Республикадағы мыс кенін өндіретін маңызды орталықтардың бірі.
## Дереккөздер |
Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы(1939 ж.т.) – заңгер, заң ғыл. докт. (1986), проф. (1990), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі салалары нормативтік-құқықтық актілерді, құқық пен әлеум. мүдделерді, құқықтық мемлекет тұжырымдамасын зерделеуге арналған. |
Сарыкемер (1992 жылға дейін — Михайловка) – Жамбыл облысындағы ауыл, Байзақ ауданының (1938 жылдан) және Сарыкемер, Бәйтерек ауылдық округтерінің орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде, Талас өзенінің сол жағалауындағы сұр жусан, баялыш, күйреуік, көкпек басым өскен, тау алды жазығының сұр, шалғынды-сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1875 жылы қаланды. Халық ауылға қоныстанбаған кезде, ауыл маңындағы Талас өзенінің бойы сарыкемерленіп, күнге шағылысып тұратындықтан ежелден бұл жер Сарыкемер аталған. 1880 жылы орыс көпесі Михайловтың атымен Михайловка қаласы аталған десе, басқа нұсқаларда келімсектер тұрған жерлеріне бірінші кезекте шіркеулерін салған, шіркеуді өздерінің қасиетті "Михайлов день" күні қарсаңында ашылғанына байланысты атаған дейді. Ауылға Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің торалқасының 19.03.1992 жылғы №1262-ХІІ қаулысымен өзінің ежелгі Сарыкемер аты қайтарылып берілді.
Осы елді мекеннің тұрғыны болған Әмірбек қажы Есенбаев 1957 жылы көне Тараз қаласы жайында жазылған мұрағат материалдарын жинаған кезде, Ташкенттегі Орта Азия университетінің кітапханасына барған сапарында Ресейдің археологиялық-этнографиялық экспедициясын басқарған ротмистр Н.А.Петровтың 1791 жылы жазған зерттеулерімен танысқан болатын. Сол көне құжаттар салынған жәшіктің сыртқы бетінде “№117-61220, материалы Таласской долины и устные сказания очевидцев” деген зерттеу тақырыбының аты жазылған. Онда Байзақ датқаның әкесі Мәмбет датқаның батыр тұлғасы туралы жан-жақты баяндалған және оның өciп-өнген әулетінде қалыптасқан қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жайында да аса құнды деректер жинақталған. Әcipece, Мәмбет датқаның жаз жайлауы Талас өзенінің жағасындағы Сарыкемер елді мекенін айнала қоршап жатқан малға жайлы, шөбі шүйгін, суы мол, кең жайылымдар болатыны ерекше айтылған.
Орыс этнографы Петровтың зерттеулерін негізге алсақ, Сарыкемер елді мекені XVII ғасырдың басында, яғни Мәмбет датқа өмір сүрген дәуірде қалыптасқан.
Ертеректе, Талас өңірінің қазіргідей егіншілік кәсібі кеңірек дами қоймаған дәуірде, суға деген сұраныс аз болған. Өзен кемерінен асып, кез келген жерді кемерлеп, кеміріп жататын. Әcipece “Қызғалдақ тасу”, “Қарақұйрық тасу” дейтін Таластың тасулары малға да, жанға да өте қауіпті болатын. Сондай шақта су деңгейі күрт көтеріліп, секундына мөлшері 100-150 текше метрге жететін. Мұнша көп тасқын судың дүлей күші өзен жағасын опыра кемерлеп, биік-биік жарқабақты әп-сәтте “жасай” салатын. Сол жарқабақтар сонау бip замандардан бepi тасқын судың күшімен біріне-бірі ұласып, Сарыкемердің шығыс жағын тұтас бip кемерге айналдырып алған деседі. Яғни, Сарыкемер деген атау сол сары топырақты кемерге байланысты аталуы ақиқат. Өйткені, қазақ елінде ежелден елді мекендерді жер, судың, сай-саланың атымен атай салу әдет болып саналатын. Бұл атауды ойлап тапқан сол дәуірдің замандасы Мәмбет датқаның әулеті болар деген ой бар. Себебі, Талас өңірі негізінен солардың ата қонысы, жайлауы болған.
Бұған ресми түрде дәлел бола алатын тағы бip аса беделді басылым бар. Ол - “Қазақ Совет Энциклопедиясының” 8-томы. Кітаптың 70-бетінде Михайловка (Сарыкемер) туралы мынадай дерек бар: “Михайловка-Свердлов ауданының орталығы, село Жамбыл қаласының солтүстік шығысында (16 км) Талас өзенінің жағасына орналасқан. Селоның алғашқы аты “Сарыкемер” кейіннен “Шардара”, 1880 жылдан “Михайловка” болды” делінген.
## Кәсіпорындары
Сарыкемердегі бұрынғы кірпіш зауыты, нан, тамақ комбинаты, жол құрылысы, автокөлік мекемелері, ауыл шаруашылығы технологиялық бірлестігі, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер 1997 жылдан өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына біріктірілді. Олардың ішіндегі ірілері: «Сарыкемер» автокөлік кәсіпорны, «Әулиеата құсы» акционерлік қоғамдары, «Байзақ» ӨК. Одан басқа аудандық тұтынушылар кооперативі, шағын кәсіпорындар мен ірі сауда орталықтары, мейрамханалар, телекоммуникациялық торап, мемлекеттік пошта торабы, электрлендіру жүйесінің мекемесі жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
3 орта, 1 мектеп-гимназия (5-ші соғылуда), 1 кәсіптік мектеп, музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, клубтар, 5 кітапхана, Ғ.Мұратбаев атындағы мұражай, 2 стадион, мешіт, аудандық аурухана мен емхана, дәріхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
## Өмірбаяны
### Отбасы
Қоңырат тайпасының Божбан руынан шыққан. 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.
### Балалық шағы
Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.
Заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыруфакультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
### Спорт
* 1995 жылы он бес жасында Түркістан қаласында өткен З. Сейітбековты еске алу турнирінде тұңғыш рет топ жарған Бекзат өмір бойы осы жүлдесінің өте ыстық екенін айтып өтті. «Түркістан 95» деген жазуы бар қыш құмыраны Сидней Олимпиадасының алтынымен тең көрген. Дәл сол жылы жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, бапкерлер көзіне түсе бастайды.
* 1996 жылы Қостанай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ішкі біріншілігінде чемпион атанады. Дәл сол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, облыс орталығындағы мектеп-интернатта жаттыға бастайды.
* 1997 жылы Қарағанды және Германияның Кельн қалаларында өткен халықаралық турнирлерде топ жарады. Сонымен қатар Олимпиадаға даярлау облыстық орталығына қабылданады.
* 1998 жыл Бекзат үшін табысты болды. Сол жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
* Қостанай қаласында өткен жарыста 54 келіде сынға түскен ол Марат Мәзімбаевтан ұтылып қалғанымен, бапкерлер сенімінен шығып, ұлттық құрамаға қабылданады.
* Түркістан қаласында Әбдісалан Нұрмахановтың құрметіне өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып қоймай, жарыстың ең үздік боксшысына берілетін сыйлыққа ие болады.
* Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанады.
* Таиландта өткен бүкіл Азия біріншілігінде жүлдегер қатарына ілігеді.
* 1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде оза шауып, Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізеді. Дәл осы күміс жүлдесімен бірге Сидней Олимпиадасының жолдамасына да ие болады.
* Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі төртжылдық додасына аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокті төбесіне көтереді. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді.
## Сидней Олимпиадасы 2000
Ташкентте бокстан өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзатты бапкерлер жартылай жеңіл 57 келі салмақ дәрежесіне лайық көреді. 57 келіде ел намысын Атланта Олимпиадасында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп салмақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбейді. Оның үстіне 1999 жылы Хьюстон қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақтамайды. Қазақстандық жанкүйерлер мен бокс мамандары Бекзаттың жастығын алға тартып, оны Олимпиадаға жібергісі келмейді. Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от барын байқап, ел намысын қорғауды Түркістандық жас ұланға сеніп тапсырады. Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!» деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген.
* Бекзат Саттарханов Сидней шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін румын боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бірінші раундында Бекзат өзіне бір жұдырық дарытпай, 4-0 есебімен алда тұрды. Екінші раундта табло 8-2 есебін көрсетіп тұрды. Ал ең соңында төрешілер 14-5 есебімен бұл кездесудің сөзсіз жеңімпазы деп Бекзатты таниды.
* Олимпиаданың сегізінші күнінде Бекзат африкалық Джефри Матебулламен қолғап түйістіріп, 16-5 есебімен қарсыласын тізе бүктіреді. Сиднейдегі екінші кездесу де Бекзаттың жеңісімен аяқталған болатын.
* Олимпиададағы үшінші кездесуінің өте тартысты болғанын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Бекзаттың өзі мойындады. Кезінде Грузияда жаттығып, кейін Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен арадағы тартыс 12-11 есебімен Бекзаттың пайдасына шешілді.
* Марокколық Тахар Тамсаманимен Бекзат ХХVІІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында жолықты. Егер бұл сыннан өтсе, Олимпиада алтынына таласуына мүмкіндік туатын еді. Өз мүмкіндігін құр жібермеген Бекзат 22-10 есебімен қарсыласын қапыда қалдырады.
* Бекзаттың финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, америкалық Рикарду Хуарес еді. Ол Сидней финалына жету жолында Атланта Олимпиадасының чемпионы С. Камсингті тізерлеткен мықты боксшы болатын. Атағы алысқа кеткен қарсыласын Бекзат Саттарханов 22-14 есебімен жеңіп, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанады.
## Жұдырықтасу техникасы
Бекзат рингте тек жұдырықпен ғана емес, ақылмен де жұмыс істейтін боксшылардың қатарынан. Әсіресе аяқпен қимылдауда ерекше белсенділік танытқан. Сидней рингіндегі қарсыласы Джеффри Матебула: «Бекзаттың аяғы мықты екен, жорға жүрісті боксшы есімді алды. Осы жігіт финалға ілігеді» деп дөп басып айтыпты. Жаттығу кезінде аяғына 3-4 келілік қорғасын байлап алып жүгіреді екен. Аяғына ауыр тас байлап алғандығына қарамастан, құрамадағы әріптестерінің үнемі алдын орап кететін. Бокс мамандары мен жанкүйерлер Бекзаттың бокстасу техникасы қазақтың даңқты боксшысы, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа ұқсайтынын ерекше атап өтті. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 23-45-те Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатына ұшырап, қайтыс болды.
## Мемлекеттік марапаттамалар
Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.
## Бекзатты еске алу шаралары
Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 2005 жылы спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат» атты кітап жазды. 2006 жылы «Қазығұрт» баспасынан спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы мен баспагер Темірғали Көпбаев құрастырған «Бекзат» фотоальбомы жарық көрді. Фотоальбом «Дара Бекзат», «Бала Бекзат», «Мәңгілік Бекзат» деген үш бөлімнен тұрады. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсіріп, тұсауын кесті. Бұл фильм кейін «Құлагер» жүлдесін жеңіп алды. Фильм тек «Еларна» арнасынан көрсетілген. Әнші композитор Гүлнұр Өмірбаева «Бекзат» әнін дүниеге әкелді. Бұл ән 2002 жылы өткен «Азия дауысы» фестивалінің «Қазақ әндері» бәйгесінде «Алтын домбыра» жүлдесін жеңіп алды. 2011 жылдың мамыр айында Бекзат Саттархановтың қабірі басындағы жүлделердің көшірмесі ұрланып кетті. Бекзат жүлделерінің көшірмесі бағалы металдан жасалғанын біліп, қолды қылған күдіктілер әлі ұсталған жоқ.
## Бекзат өміріндегі қызықты оқиғалар
Бекзат Сидней Олимпиадасының финалына боксшы Ермахан Ыбырайымовтың спорттық жейдесін киіп шыққан. Бір деректер бойынша, ол бокстағы бетке ұстар ағасының жейдесін ырымдап киіпті. Екінші бір дерекке сүйенсек, оның өз жейдесінде жарнама жазылғандықтан, ұйымдастырушылар өз жейдесін киюге рұқсат бермеген.
Бекзат жаттығу жұмыстарынан кейін тез арада қалыпқа келетіндігімен ерекшеленген. 2000 жылдың маусымында Тайландта жаттығып жүргенде тай елінің дәрігерлері қатты таңғалады. Себебі, 33 минут жүгіріп келген Бекзат Саттархановтың жүрек соғысы 3-4 минутта қалпына келеді екен. Бекзаттың бұл ерекше қасиетін бапкерлер Тұрсынғали Еділов, Александр Апачинский, Анатолий Визирякин мен құраманың дәрігері Юсуп Шамузов қана біледі екен.
Бекзаттың бойында бала күнінен бері байқалатын бір қасиет болған. Ол өзін жеңген боксшыдан міндетті түрде есе қайтаруды мақсат тұтады екен. 1995 жылы облыстық жарыстардың бірінде Данияр есімді баладан жеңілген Бекзат кезекті сайыста қарсыласын соққының астында қалдырған. Ал Аргентинада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында ол украиналық Сервин Сүлейменовтан жеңіліп қалады. Сервиннен жеңілгеніне қатты намыстанған ол "алдағы уақытта оны міндетті түрде жеңемін" деп бапкерлеріне сөз беріпті. Айтқандай-ақ, Ресейде өткен ТМД елдерінің боксшылары қатысқан халықаралық бокс бәсекесінде Сервин Сулеймановтың тізесін дірілдетеді. Осы жекпе жекте Бекзаттың оң қолы ісіп, бармақ сүйегі шығып кеткен. Ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың бокс қолғабын күшпен тартып шешкен кезде, қолғапқа қан толып қалғанын көреді. Намысқой Бекзат бармақ сүйегі шығып кетсе де, шыдамдылық танытып, жеңіске жеткен.
Бекзаттың Бекзат есімді інісі өсіп келе жатыр. Ата-анасы Бекзатты мәңгі есте қалдыру мақсатында немерелерінің біріне Бекзат есімін берген.
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.
## Дереккөздер
* Елу екі жылдың есесін қайтарған Бекзат Мұрағатталған 8 сәуірдің 2015 жылы. |
Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаева (1930)- әдебиет зерттеуші, филологиялық ғылыми докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының — корреспондент мүшесі, Ұлттық Ғылым Академиясының Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйл. лауреаты, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер. Абай туралы ғалымның байсалды ғылыми түйін-тұжырымдары «XIX және XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-еуропа әдеби байланыстары» (1972), «Әдеби байланыстар»(1974), «Өрнекті өріс» (1977), «Әдебиет мерейі» (1981), «Қазақ әдебиеті және Шығыс» (1982), «Шәкәрім» (1988,1990), «Шәкәрім Кудайбердиев» (1993) және «Абайдың «Ескендір поэмасы» (1970), «Пушкин» және «Абай» (1975), «Абайды танып болдық па?» (1988), «Абай мұраларын зерттеудің мәселелері» (1988), «Абайға барсаң абайла» (1990, бірнеше авторлармен бірге) атты моногр. еңбектері мен арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрген.Сәтбаева орыс мектептерінің 8-9 кластарына, Республика жоғары оқу орындарының филол. факультеттерінің орыс бөліміне арнап жазған «Қазақ әдебиеті» (1976, 1979) оқулықтарында «Абай Құнанбаев», «Ақылбай», «Мағауия Құнанбаев» тарауларын жазды. Абай тарапы шетел баспасында 1970жылға дейін басылған мақалаларды жүйелеп алғы сөз жазып «Шет ел сыны қазақ әдебиеті хақында» (орыс тілінде, 1971) деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.Сәтбаева. «Орта Азия мен Қазақстан әдебиеттерінің тарихы» атты Москвада орысша шыққан (1960) оқулықтың «Қазақ әдебиеті» тарауын, Абай өмірі мен мұрасы туралы материалдарды, деректер мен мәліметтерді дайындаған.
## Дереккөздер |
Сәтпаевит— ванадаттар класына жататын минерал.
* Химиялық формуласы: 6Аl(OН)3*3V(O2OН)*2VO(OН) 2
* Сингониясы — ромбылық, агрегаттары ұн тәрізді, майда қабыршақтар, қабықшалар, жиырылымдар.
* Түсі — сары, қаттылығы — 1,5-2.
* Сатпаевит көмірлі тақтатастардың тотықтану белдемдерінде кездеседі.
## Дереккөздер |
Сәбит Мұрат(1938 ж.т.) – филос. ғыл. докт. (1990), проф. (1994). Диалектиканың категориялары мен принциптерін, олардың логик., танымдық-теор. маңызын, ғыл. теория құруда атқаратын рөлін, кванттық механиканың қалыптасуы мен дамуын зерттеп, ғыл. талдау жасаған. Қазақс |
Саятов Марат Құсайынұлы(1937 ж.т.) – вирусолог, биол. ғыл. докт. (1986), проф. (1987), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Негізгі ғыл. еңбектері вирусология мәселелеріне арналған. С. сүтқоректілер мен құс қанының сарысуындағы тұмауға қарсы ингибаторлар мөлшерін анықтады. |
Сәрсембинов Шәмші Шәріпұлы(1944 ж.т.) – физ.-матем ғыл. докт. (1983), проф. (1984), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Негізгі ғыл. еңбектері мен өнертабыстары қатты дене физикасы мәселелерін зерттеуге арналған. |
Сәмәди Зия Ибадатұлы (15.4.1914. Алматы облысы, Панфилов ауданы, Хонихай - 20.11.2000, Алматы қаласы) - жазушы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы (1987). 1931 жылы Шыңжаңға (Қытай) өткен. Құлжа қаласында білім алды. 1934-1958 жылдар аралығында мәдениет, білім беру және баспасөз саласында әр түрлі жауапты қызметтер атқарған. 1962-1963 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болды. 1934 жылы «Қанды дақ» атты алғашқы драмасы Құлжа театрында қойылды. «Ғарип және Сәнәм» (1935), «Сыры ашылды» (1937), «Мейірімді ана» (1937), «Қаһарлы минуттар» (1945), «Зынданда» (1946), «Зұлымдыққа тосқауыл» (1951), «Еріксіз ерлер» (1970), «Жұпархан» (1973-1976) т.б. пъесаларында ұйғыр халқының тарихи тағдыры баяндалды. Отаршылдарға қарсы көтерілісті суреттеген «Майымхан» романы (1965), жазықсыз жапа шеккендердің қайғы қасіретін көрсеткен «Бір тартым темекі» (1970), 20-шы ғасырдың 30 жылдарындағы ұлт-азаттығы қозғалысына арналған «Жылдар сыры» дилогиясы (1-кітап 1967, 2-кітап 1972, 3-4 кітап 1989), ауыл жастарының шаттық тұрмысын, ой-арманын баяндаған «Өрік гүлдеген кезде» повесі (1976), азаттық жолында мерт болғандар туралы «Ғани батыр» атты шығармасы (1979), Ахмет Әпенді романы (1995) жарық көрді. С.Мұқановтың «Қашқар қызы» поэмасын, Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесін ұйғыр тіліне аударды. Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.
Сәмәди Зия(1914 – 2000) – жазушы, драматург. Қазақстанның халық жазушысы (1987). 1934 жылдан көптеген әңгіме, повесть жинақтары жарық көрген. Мәйімхан (1965), Жылдар сыры (3-кіт., 1967 – 72) Ғани Батур (1979), Ахмет Әпенді (1995) атты романдары жарияланды. С. Мұқан
## Пайдаланған әдебиет |
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер].Бұрынғы Көкшетау облысы, Ақжар ауданы, Жарқын ауылында туған.
Керей тайпасының Ашамайлы руының Малай-Бақтыбай бөлімінен шыққан.
Ол қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдiгiне арнады. Ол 33 жылдық ғұмырын қазақ елiнiң ел болып өркендеуiне арнады. Тiрлiгiнде Алаш жұртының азаттығын аңсаған қайсар ұл қылышынан қан тамған қилы заманға, тоталитарлық жүйеге қарсы тұрды. Жасынан саясаттың өтiнде жүрдi, ұлт азаттығы үшiн отаршылдармен айқасты. Ұлттың теңдiгi үшiн ғұмырын сарп еттi.Қайсар ұлдың азаттық жолында атқарар шаруасы әлi көп едi. Бiрақ Кеңес өкiметiнiң қазаққа жасаған қиянатына қарсы шыққаны үшiн елiнен аластатылды. Жұмбақ жағдайда уланып, Кремль ауруханасында қайтыс болды. Смағұлдың денесi 1933 жылдың 16 желтоқсанында арнайы пеште өртеледi. Содан берi рухы мықты қайсар азаматтың күлi 78 жыл бойы Мәскеудiң Дон қабiрстанында топыраққа көмiлмей, құмыра iшiнде сақталып келген едi.Қаңтардың 21-і күні таңғы сағат 7:15-те «Мәскеу - Астана» бағытындағы №874 ұшақпен Алаштың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі елордаға жеткізілді
Он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мектебінде білімін жалғастырады. 1912-1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, бір жыл мұғалім болады да, Омбыдағы ауылшаруашылық мектебіне түседі.
1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.
1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.
Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.
1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.
Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.
Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.
С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.
Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.
С. Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.
Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Северцов Николай Алексеевич (1827 – 1883) – Ресей зоогеографы және саяхатшысы.
1846 жылы Мәскеу университетін тәмамдаған, 1855 жылы диссертация қорғаған. 1857 – 79 ж. Орта Азия мен Қазақстан жерін зерттеп, алқап орфографиясы, геологиясы, өсімдігі мен жануарлары жөнінде бай деректер жинады, оның табиғатына алғаш рет кешенді-географиялық сипаттама берді.Н. А. Северцовтің Қазақстанды зерттеу жұмыстары П. П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұспа-тұс келеді. Ол əуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н. А. Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми - ой пікірлерді кеңейтті.Ғалымның табиғат компоненттерінің өзара байланысы жəне сабақтастығы туралы идеясы географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашты.
1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург ҒА-сы ұйымдастырған экспедицияға И.Г.Борщов пен Н.А.Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерiнiң маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесiнде Батыс Қазақстанның жер бетi, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейдi.19 ғ-дың соңы — 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоологиялық зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi. Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерiнiң фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геол. уақытта Каспий мен Арал теңіздерi арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты.
Северцовтың, А.М.Никольскийдiң зерттеулерi географиялық тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы”) деген күрделi еңбегiнде (1873) Орта Азияны географиялық аудандастырудың негiзiн қалады.Жануарлардың өсуі мен өнуін және таралуына назар аударды. Ғалымның табиғат компоненттерінің өзара байланысы және сабақтастығы туралы идясы географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашты. |
Сәукеле — ұзатылған қыз киетін, аса бағалы, биік төбелі салтанатты бас киім. Оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылары киген.
## Сипаттамасы
Сәукеленің негізгі бөліктері — тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулен басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптел көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоңғарын тағады. шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шегі шырайналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі.
Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукеле кигізіл, ақ желек жабатындар да кездеседі.
## Дереккөздер |
Әбу Сәрсенбаев (1905 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ботақан ауылы — 1995 жылы 25 қарашада Алматы) — ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1996). Ұлы Отан соғысының ардагері. Парасат орденінің иегері.
## Өмірбаяны
Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан.
* Астрахандағы кеңес-партия (1929) мектебін бітірген.
* Алматыдағы жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы (1934) мектебін бітірген.
* 1942-47 ж. Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* «Темір жолшы» газетінде (1934-36) редактор
* Қазақтың мемлекеттік біріккен баспасында (1936-42) директор, бөлім меңгерушісі
* Қазақ мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының (1947—53) директоры
* Жазушылар одағында кеңесші (1953—58) болды.
## Шығармашылығы
Ә.Сарсенбаев әдебиетке 30-жылдардың орта тұсында араласа бастады.
* «Жүрек сыйы» (1938)
* «Ант» (1939) жыр жинақтары оның ақындық карымын танытты.
* «Туған өлке» (1948)
* «Махаббат жыры» (1949)
* «Отан таңы» атты кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек қаһармандарының бейнесін жасауға арналған. Оның шығармашылығында Отан қорғау, патриоттық тақырыбы ерекше орын алады.
* «Ақша бұлт» (1947) жыр жинағына ақын майданда жазған жырларын топтайды.
Әр жылдарда жарық көрген
* «Сенің бақытыңды қорғағандар» (1950)
* «Офицер күнделігі» (1960)
* «Жауынгер монологі» (1972)
* «Батырлардың ізімен» (1974) прозалық кітаптарында Ұлы Отан соғысы тақырыбына, кеңес адамдарының ерлігін, патриоттық тұлғасын бейнеледі.
* «Ақмаралдың жүрегі» (1940) атты алғашқы поэмасына Қазан революциясына дейінгі қазақ әйелінің қиын тағдыры арқау болған.
* «Намыс ұлы» (1943)
* «Шие ағашы» (1943) поэмаларында кеңес адамдарының ерлік, патриоттығы жырланды.
* «Ұлым туралы ой» (1948)
* «Миллиардтың ізімен» (1957)
* «Жас коммунист туралы жыр» (1959)
* «Жазылмаған дастан» (1961)
* «Отыз үшінші көктем» (1975) атты поэмалары сол кездегі замандастар өміріне арналған.
* Ә.Сарсенбаевтың прозалық шығармаларының ішінде байырғы қазақ балықшы-жұмысшыларының ауыр тіршілігін шыншылдықпен бейнелейтін «Толқында туғандар» (1953)
* Каспий теңізшілерінің еңбегіне, өміріне арналған «Теңіз әуендері» (1969) романдарының орны ерекше.
* 5 томдық шығармалар жинағы (1980—85)
* «Ұстаздар мен тұстастар» (1986) дастандар топтамасы
* «Қасиетті махаббат» (1987) кітаптары жарық көрді.
* «Арбасу» (Қ. Жұмалиевпен бірігіп, 1948)
* «Теңіз махаббаты» (1975) пьесаларының, сондай-ақ мектеп оқулықтарының авторы.
* А. Пушкин, М. Лермонтов, Ш. Петефи т. б. көптеген жырларын қазақ тіліне аударды.
## Марапаттары
* Октябрь Революциясы ордені
* 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
* "Еңбек Қызыл Ту" ордені
* "Халықтар достығы" ордені
* «Қызыл Жұлдыз» ордені
* "Құрмет белгісі" ордені
* КСРОның бірнеше медалдарымен марапатталған.
* тәуелсіз Қазақстанның «Парасат» ордені.
* 1996 жылы "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы берілді.
## Есте қалдыру
Бүгін де Алматыда, Атырауда бір-бір көше, Құрманғазы ауданындағы бір мектеп ақынның есімімен аталады. Алматыдағы ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған.
## Тағы қараңыз
* Сәрсенбаев атындағы көше (Алматы)
## Дереккөздер |
Сегізбаев Сұлтан(1899 – 1939) – мемлекет қайраткері. 1932 – 37 ж. Қазақстан КП ОК-нің аппаратында, Солтүстік Қазақстан облысы партия к-тінің 1-хатшысы болды. 1937 – 38 ж. Өзбек КСР ХКК-нің төрағасы қызметін атқарды.
## Өмірбаяны
Шаруа отбасында дүниеге келген. Тегі қазақ.
1916 жылы Орта Азия көтерілісіне қатысқан. 1918 жылы РКП(б) қатарына кіреді. 1918-1919 жылдары - Түркістан КП(б) Аққорған болыстық комитетінің төрағасы.
1921 жылы Кронштадт көтерілісін басуға қатысты. Сол жылы «Қосшы» одағының жауапты хатшысы болды. Басмашылдыққа қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі.
## Марапаттары
Қызыл Ту орденімен марапатталған (1924).
## Дереккөздер |
Оразбек Сәрсенбаев (1938 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылы - 2015 жылы 5 мамырында Алматы қаласы) — жазушы.
## Өмірбаяны
Әкесі - Байкенжеұлы Сәрсенбай (1909-1992), шаруа болған. Анасы - Төлепбайқызы Бибіайша (1917-1993), шаруа болған.
Ол 1945 жылдың күзінде "Жансейіт" бөлімшесіндегі 3 кластық мектепке оқуға түседі. Одан соң "Ақтоған" жеті жылдық мектебін бітіріп, Шиелі ауданы орталығындағы №45 қазақ орта мектебінде оқуын жалғастырады.
1957 жылы С.М.Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби) Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға кірген.
Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң О.Сәрсенбай туған жеріне қайтып оралып, Шиелідегі М.В.Ломоносов атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасады. Ал 1966 жылы Алматыға, жастар газеті "Лениншіл жасқа" қызметке шақырьшады. Бұдан кейін "Жұлдыз" журналында (1968—1973), "Қазақ әдебиеті" газетінде (1974—1982) бөлім меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағында (1982—1986) әдеби кеңесші қызметін атқарған.
1987—1993 жылдар аралығында "Жазушы" баспасының бас редакторы, "Өнер" баспасының директоры (1993—1995) болады.
1996 жылдың басынан өмірінің соңына дейін О.Сәрсенбай "Қайнар" баспасының бас директоры болып қызмет атқарды.
## Шығармашылығы мен марапаттары
О.Сәрсенбайдың творчестволық өмірбаяны орта мектепте, университетте оқып жүрген шәкірттік жылдарда басталды. Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында аудандық "Стахановшы", облыстық "Ленин жолы", республикалық "Қазақстан пионері", "Лениншіл жас" газеттерінде оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері жарияланады. Оның әңгімесі негізінде Долана (1981) көркем фильмі түсірілген.
Жазушы О.Сәрсенбай осы уақытқа шейін 20-дан астам жеке кітаптар бастырған. Оның әдеби сын, көркем публицистика, тарих, мәдениет, философия саласындағы жарияланымдары оқырманға кеңінен таныс. Сондай-ақ ол баспагер және аудармашы ретінде Ислам әдебиетін қалың оқырмандар арасында тарату ісінде елеулі еңбек етіп келеді. "Құран Кәрім", "Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері", "Шайтаннан сақтану жолдары", "Сыйқырдан сақтану және емделу жолдары", "Адал мен арам", "Мұсылмандық әдеп сабағы", т.б. ондаған кітаптарды қазақшаға аудару ісіне тікелей қатысты. Жазушының жеке шығармалары украин, орыс, эстон, якут, Марий, тува, венгер, қытай, корей, ағылшын, өзбек, қырғыз, татар т.б. тілдерге аударылған.
Оразбек Сәрсенбай негізінен бүгінгі заман тақырыбына қалам тартып келе жатқан суреткерлеріміздің бірі. "Шамшырақ" (1990), "Шеңбер" (1998) романдары кешегі социализм заманында өмір сүрген ұрпақтың басынан өткерген қилы-қилы тағдырын сөз еткен нағыз көркем, кестелі туындылар ретінде әдебиетіміздің алтың қорына қосылған дуниелер болды.
Оның "Уәде" атты повестер мен әңгімелер жинағына Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы (1987), "Шамшырақ" романына халықаралық "Алаш" сыйлығы (1994) берілген. Ал "Шеңбер" романы үшін О.Сәрсенбай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын (2000) алған. ҚР Президентінің Жарлығымен "Құрмет"орденімен (2000), "Парасат" орденімен марапатталған. "Қазақстан Республикасы баспа және полиграфия ісінің қайраткері" (2004) атағы бар.
Тәжірибелі баспагер ретінде О.Сәрсенбай "Қайнар" баспасына қызметке келгелі бері нарықтық заманның талаптарына лайық жаңа сериялар аштыруға, басылымдардың тақырыптық өрісін кеңейтуге басшылық жасады.
## Дереккөздер |
Сейдалы(т.-ө.ж.б.) – Кіші жүз сұлтаны. Нұралы ханның немере інісі Досалы сұлтанның Е. Пугачевке аманатқа берген баласы. Кейіннен Ресей өкіметіне адал қызмет етіп, Кіші жүздің батыс бөлігіне сұлтан-правитель болды. |
Сейсембаев Манас Ахметжарұлы(1950 ж.т.) – мед. ғыл. докт. (1995), проф. (1998). С. бауыр, өт, ұйқы безі, ішек-қарын ауруларын анықтау, оларды хирург. жолмен емдеу әдістерін жетілдірді. Қазақстан Мемл. сыйл-н алған (1999). |
Қалдыбек Сәбденұлы Сәбденов (20 қыркүйек 1932, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО — 25 маусым 2022) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1991), профессор (1989). Жаратылыстану ғылымдары академиясының, халықараралық жоғары мектептер академиясының академигі.
Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.
КСРО өнертапқышы. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1957). 1957–59 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының бас малдәрігері. 1959–68 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауылы шаруашылық саласында басшы қызметте болды. 1968–73 жылдары Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бөлім бастығы, директор. 1973–77 жылдары Алматы облысы ауылы шаруашылық басқарма бастығының бірінші орынбасары, басқарма бастығы. 1978–83 жылдары Қазақстан Компартиясының Алматы облыстық комитетінің хатшысы. 1983–96 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ректоры. 1996 жылдан осы университетте профессор. Алматы облысы қоғамдық қорының директоры. 160 ғылым еңбектің, 5 монографияның, 6 оқулық пен оқу құралының авторы, 25 авторлық куәліктері мен патенттері бар, КСРО халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің 4 күміс, 3 қола медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Астана» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Алматы облысының, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының құрметті азаматы. Ол Қазақстан Республикасы ЖАҚ-ның сараптау кеңесінің, Қазақстан Республикасы Аграрлық ұлттық академиялық орталықтың ғылым кеңесінің, Алматы облысы әкімі жанындағы ақсақалдар алқасының, Диссертациялық кеңестің мүшесі.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" |
8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы — Алматыда жасақталған әскери құрама (1941). Тұңғыш командирі – И.В. Панфилов. Алғашында 316-атқыштар дивизиясы болып жасақталып, Мәскеу түбінде көрсеткен ерен ерлігі үшін Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы аталды. Құрамы Алматы, Талдықорған, Шымкент облыстары мен Кырғызстан тұрғындарынан жасақталды.
1941 жылы 17 тамызда Солтүстік-Батыс майданға жіберілді. Алғаш ұрысқа 6 қазанда Батыс майданның генералы К.К.Рокоссовский басқарған 16-армиясы құрамында Мәскеу қорғанысының шешуші учаскелерінің бірі - Волоколамск бағытында кірді. Мәскеуді қорғаудағы теңдессіз ерлігі үшін дивизия 1941 жылы 17 қарашада Қызыл Ту орденімен марапатталып, 18 қарашада Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы атақ алды. 23 қарашада дивизияға соғыста ерлікпен қаза тапқан оның тұңғыш командирі И.В. Панфилов есімі берілді.
Дивизия 1941 жылы 15 желтоксанда 16-армияның құрамынан Ставканың резервіне (16-30 желтоқсан) өтті. Оның командирі болып генерал-майор И.М.Чистяков тағайындалды. 1942 жылы 16 наурызда Солтүстік-Батыс, Калинин майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды.
1942-43 жылдары Ловать өзенінде Холм қаласы түбінде қорғаныс ұрыстарын, 1944 жылдың басында 2-Прибалтика майданында Пушкин таулары мен Новосокольники түбінде шабуыл ұрыстарын жүргізді. Режица (Резекне) қаласын азат еткені үшін «Режицалық» құрметті атағы берілді, Риганы босатуға атсалысқаны үшін 2-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.
1945 жылдың көктемінде жаудың 350 мыңдық Курляндия тобын талқандау операциясына қатысты.
2-дүниежүзілік соғыс кезінде дивизияның 36 адамы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардыц ішінде Б.Момышұлы (1990 жылы берілді), В.Клочков, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров, И.Курганский, И.Шапшаев, А.Қосаев, М.Сеңгірбаев, А.Крючков, Я.Бондаренко, т.б. бар. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлік табандылық пен ерліктің, Отанға шексіз берілгендіктің үлгісі ретінде тарихта қалды (қ. 28 гвардияшыл- панфиловшылар). Мыңдаған жауынгер мен командирлер, саяси қызметкерлер орден, медальдармен марапатталды.
Соғыстан кейін дивизия моторландырылған атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1954 жылы дивизияның жауынгерлік даңқ мұражайы ашылды.
## Дереккөздер |
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (12 желтоқсан 1942, Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы - 16 қыркүйек 2009 жыл, Астана) – жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).
## Өмірбаяны
Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен. Орта жүздің Тарақты руынан.
* 1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін бітірген соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау, Ақтау кеңшарларының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етеді.
* 1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шықты. Университетте оқып жүріп 1963-64 жылдары Троицк қаласында әскери міндетін атқарып қайтады. Ол Әл-Фараби атындағы университеттің «Журналист» газетін шығарушы алқаның және М.Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, «Қайнар» қолжазба журналының бас редакторы, Мәскеудегі қазақ жастары құрған «Жас тұлпар» атты мәдени қозғалыстың Қазақстандағы өкілі болып, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды.
* «Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975)
* Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан»газетінің жауапты хатшысы (1975-1976)
* 1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі.
* 1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.
* 1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.
* 1988-1997 ж. ҚазКСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
* 1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
* 1999 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі.
Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.
## Шығармашылығы
* Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген
* «Қыр хикаялары» (1977)
* «Тауға біткен жалбыз» (1979)
* «Кеніш» (1979)
* «Алпамыс батыр» (1979)
* «Серпер» (1982)
* «Ақ қыз» (1991) және т.б. әнгіме, повесть, очерктері
* «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981)
* «Мың бір маржан» (1989)
* «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992)
* «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993)
* «Күй шежіре» (1993)
* «Көшпелілер тарихы» (1995)
* «Ойтолғақ» (1997)
* «Күй шежіре» (2-т.; 1997)
* «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді.
### Аудармалары
* Гомердің «Илиада»
* «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974)
* И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды.
Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған.
## Қанатты, нақыл сөзі
Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың күй өнері» (2002) атты кітабында былай деген болатын:
. Бұл сөз оның өмірі мен шығармашылығының бағдарламасы іспеттес.
## Марапаттары
* «Кеніш» кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болып, бірінші дәрежелі сыйлықпен марапатталады.
* «Құрмет» орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сегіз сері Шақшақов (1818-1854; шын аты - Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов) — ақын, палуан, батыр, сазгер, дәулескер күйші.Сегіз деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті.
«Қылышпын қынабынан алынбаған,
Алтынмын таразыға салынбаған.
Ашамайлы Керейдің ер ұлымын,
Бейне бір жанған оттай жалындаған»
## Өмірбаяны
Керей тайпасының Ашамайлы Керей тармағынын Көшебе руынан шыққан, арғы атасы Қожаберген жырау — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" заманының ұлы ескерткіші — "Елім-ай" дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған.Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-тұрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған."Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған.Сегіз он жеті жасында қазіргі Қостанай облысының "Құсмұрын" деген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлының ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен деген тілеумен Мүхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның шілдехана тойын арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар.Омбыдағы орыс әкімдері оны қазақтың ру басыларымен, беделді билерімен келісім сөз жүргізу саясатына пайдаланғысы келген.
## Соғыс кездері
Айналасына жігіт жинап, отаршылардың мекен-жайына ойран салады, соғыс өнерін жетік білетін ол мұздай қаруланған әскерден де қорықпай жол торып, аңдып жүріп соғысады, талай рет жеңіске жетеді. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Патша әкімдері оны ұстап қамауға, алыс Сібірге айдауға, қарсыласса атып тастауға жарлық береді. Сегіз Нияз сері деген сенімді жолдасымен бірге Сырдария жаққа қоныс аударуға мәжбүр болады.Той-думаны көп Сыр бойында жас жігіттің асыл қасиеттері жарқырап ашылған. Көпшілік жиналган жердің көркіне айналып, жақсы көрген қыздарға арнап, талай тамаша әндер шығарған. Ерлігімен көзге түсіп, Бұхара, Хиуа жақтан қарумен келіп, бейбіт елдің мал-жанын тонайтын қарақшыларға қарсы жасақ ұйымдастырады, басқыншылардың талай рет бетін қайтарып, кек алған.
Алайда бұл жақта да көп тұрақтау қиын-тұғын, артында қуғын бар. Өзіне ерген жігіттерді бастап, ол Батыс Қазақстан жаққа жол тартады. Жайық өзені мен Нарын құмында бұл кезде патша, хан саясатының озбырлығына қарсы наразылық оты лаулап келе жатқан. Бүл ел Сегіздің нағашы жұрты болғандықтан ішке оңай сіңеді. Исатай, Махамбет бастаған көтерілісшілергеәскери кеңес береді.
Бұл жақта да тұрақтай алмай, Кавказдағы елдерге өтеді, атақты Шәміл бастаған мұсылмандар көтерілісіне катысады. Соңынан Иран, Ауғанстан жаққа кетеді. Ақырында төрт жылдан кейін Сыр бойына қайтып оралады.
Мұз жастанып, қар төсеніп, жорықта жүрген жылдарында өкпесіне суық тигізіп, Сегіз 36 жасында (1818 жылы туған) ауырып қайтыс болады. Нияз сері, Біржан сал, Жаяу Муса, Нүржан т. б. шәкірттері ол туралы арнау өлең шығарып, жоқтау жазған. Оның қайғылы махаббаты жайында шөкірттері "Мақпал-Сегіз" деген бірнеше дастанды жарыса жазып, елге таратқан.
Сегіз серіні бүгінгі ұрпақтары әлі күнге дейін жөнді тани алмай келеді. Шындыққа жүгінсек, ол — қазақ сал-серілерінің атасы!
## Шығармашылық өмірі
Соғыс өмірі "Қашқын келбеті" деген дастанында өлеңмен баяндалған.Ақмешітке (Қызылорда) келген соң Арқадан Сыр бойына қатынап жүрген адамдар арқылы елдегі атақты болыс-билерге сөз салады. Омбы генерал-губернаторына беделі өтетін аға сұлтан, билердің көмегімен кешірім алып, Солтүстік Қазақстандагы қазіргі Жамбыл ауданына қарайтын Гүлтөбе — Маманай деген жердегі ата қонысына келеді. Көп ұзамай өзі қалаган Ырысбике деген қызға үйленіп, балалы-шағалы болған.
Серілік, салдық туын тігетіні де осы кез. Бозбала шағында Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Нұржан Наушабаев, Ыбырай Алтынсарин тағы басқалар Сегіз серіден әртүрлі өнер үйреніп, бата алған. Оның әндерін жалпақ елге жаюшылар да — солар. Көп шәкіртінің бірі Жаманқұл Дәндібайұлы; "'Елу бес әнін Сегіздің өзім елге тараттым", "Қырық бес күйін Сегіздің тартып бердім әр жерде", "Тарап кетті халыққа жүзден астам..." — деп жырлаған.Соған қарағанда Сегіздің біз білмейтін әндері көп, талайы бұрынғыша "халық әні" делініп немесе басқа сал-серілердің қанжығасында кеткен тәрізді. Ал, күйлерін зерттеген ешкім жоқ. Оның "Ер Исатай", "Жорық", "Қашқын келбеті", "Өкініш", "Ақылсыз шаһзада", "Ақбұлақ" атты жыр-толғаулары, дастандары Ғылым академиясының қолжазба қорында жатыр. "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Қозы-Көрпеш — Баян сұлу", "Қамбар батыр" сияқты жыр-дастандардың Сегіз жырлаған нұсқаларын Жүсіпбек Шайхысламұлы Арқа жақты аралап жүріп, хатқа түсірген де, Қазанда өз атынан бастырған.
## Шығармашылығы
* "Қашқын келбеті",
* "Ер Исатай",
* "Жорық",
* "Қашқын келбеті",
* "Өкініш",
* "Ақылсыз шаһзада",
* "Ақбүлақ",
* "Ер Тарғын",
* "Қыз Жібек",
* "Айман-Шолпан",
* "Қозы-Көрпеш — Баян сұлу",
* "Қамбар батыр",
* "Гаухартас"
## Шәкірттері
* Біржан сал,
* Жаяу Мұса,
* Нұржан сал
* Жәмішбай Бегенұлы
## Дереккөздер |
Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов (2 наурыз, 1938 жылы Түркістан облысы, Түркістан - 3 қараша, 2007 жылы Түркістан) — актер, театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1987). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979). Платинды «Тарлан» сыйлығының иегері. Түркістан қаласының Құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Райымбек Ноғайбайұлы 1938 жылы 2 наурызда Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
* 1955 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «актерлік» бөлімін бітірген.
* 1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қызыметке алынады. (Осы театрда жүріп: Н.Гогольдің «Үйленуінде» Кочкарев; Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» Адвокат; Қ.Мұхаммеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» Сұңғат; «Құдағи келіпті» Арыстан; Ш.Айтматовтың «Ана – жер-Анасында» Жайнақты; М.Байджиевтің «Жекпе-жегінде» Әзизді; М.Әцезовтың «Қарақыпшақ Қобыладысында» Бірсімбайды; У.Шекспирдің «Оттеллосында» Касиосын және «Асауға тұсауында» Люченцио сынды т.брөлдерді шебер сомдаған дарынды артист).
* Мәскеудегі театр иниститутының режиссерлік бөлімін бітірген.
* 1982 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Жастар мен балалар театрын басқарды.
* Жастар театрындағы алғашқы алғашқы қойылымы Ә.Тауасаровтың «Ас а құрметті Икс» комедиясы. Кейін М.Әуезовтың 1954 жылы жазылып, бірақ жарыққа шықпаған «Алуа» драмасын сахналады. Осы еңбегі үшін 1984 жылы Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің бұйрығымен Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Сонымен қатар, Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысын», Ш.Мұртазаның «Қызыл жебесін» және Т.Рұсқұловтың бейнесін, «Сталинге хат», «Бесеудің хатын» сахнаға әкелген дарынды театр режиссері.
* 1995 жылы кіндік қаны тамған жері, түркі халқының рухани астанасы Түркістанға театр ашуды мақсат етті.
* 2000 жылы Райымбек Ноғайбайұлының бастамасымен Қазақстан театрларының қатырына ең жас Түркістан музыкалық драма театры қосылды.
* 2001 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан театрына барып «Көк түріктер» қойылымын тамашалады. «Райымбек Ноғайбайұлы негізін қалаған Түркістан театрының болашағы зор деп сенемін» деп елбасы бағасын берген.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1979 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (құрметті атағы);
* 1984 жылы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (құрметті атағы);
* 1987 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі (құрметті атағы);
* 2003 жылы Қазақстан Республикасының «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері;
* Президент жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталған.
* Түркістан қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы);
* бірнеше медалдармен марапатталған.
## Отбасы
* Баласы: Азат Райымбекұлы Сейтметов – М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
* келіні: Данагүл Темірсұлтанова - М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
## Дереккөздер |
Сейдалин Рүстем Аббасұлы(1927 ж.т.) – архитектор, Қазақ КСР-інің еңб. сің. архит. (1970). Негізгі еңбектері Қарағанды қаласындағы спорт кешені орналасқан Орт. мәдениет және демалыс бағы (1957), Алматы қаласындағы Достық үйі (1972), Даңқ мемориалы (1975), Қазақ КСР-і Мемл. сыйл-н алған |
Сейтек Оразалыұлы (1861 —1939 жж.) – күйші - композитор.
## Өмірбаяны
* 1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген. Көрнекті күйші-композитор, өзіндік домбыра мектебінің негізін қалаушы.
* Бала кезінен-ақ музыкаға өте бейім, қабілетті болады. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан үйренген. Мұнан соң Дәулеткерейдің күйлерін тыңдап, өнерпаздық қазынасын молайтып отырды.
* Сейтек Оразалыүлы жас кезінде шығармаларындағы бостандық сүйгіш идеялары үшін патша өкіметі тарапынан талай қуғын-сүргінге ұшырады. Өмірінің біраз жылын Орда, Үркіт, Астрахань, Мәскеу түрмелерінде өткізеді.
* 1897 жылы Сахалинге саяси түтқын ретінде жер аударылады. Оған орыстың революцияшыл жүмысшыларымен байланысты болды деген айып тағылады. Осы кезеңдегі күйлері: "Түңілдім", "Арман", "Айдау".
* 1905 жылы айдаудан оралғаннан кейін, Сейтек абзал анасы, туған баласы, жан жолдасының қазасын естіп, "Ғазиз", "Жоқтау", "Сардала" күйлерін шығарады.
* 1916 жылы патшалық Ресейдің езушілік саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін бейнелейтін "16-жыл" күйінде Сейтектің әлеуметтік көзқарасы танылады.
* 1917 жылғы Қазан төңкерісін "Партсъезд", "17-жыл", "Бостандық" күйлерінде жырлады. Сейтек Кеңес әкелген жаңалықтарға белсене араласты. Орда ауданының Шонай ауылы кедейлерінің комитетінде мүше болып, алдыңғы қатарда жүрді.
Сейтектің "Арпалыс", "Айман", "Шәрипа", "Қарашаш", "Бес қыз", "Көк ала ат" және басқа туындылары Қазақтың мемлекеттік ұлт аспаптары оркестрі репертуарынан орын алды.
## Шығармалары
* "Арпалыс",
* "Айман",
* "Шәрипа",
* "Қарашаш",
* "Бес қыз",
* "Көк ала ат",
* "Ғазиз",
* "Түңілдім",
* "Арман",
* "Айдау" ,
* "Жоқтау",
* "Сардала"
## Дереккөздер |
Сейітбеков Лесбек (18.4. 1938 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылы) — техника ғылымы докторы (1984), профессор (1986), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1995). Ташкент қаласындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және суландыру институтын бітірген (1960). 1961 — 66 ж. Жамбыл облысы шаруашылықтарында, 1966 — 91 ж. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында, 1991 — 93 ж. Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясында қызмет атқарды, 1993 — 2003 ж. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының директоры, ал 2003 жылдан осы институт негізінде құрылған. Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталық директорының орынбасары болды. Ғылыми зерттеулерінде мал шаруашылық өнімдерін өңдеу және екпе жайылымды қоршау технологиялары мен машиналар жасау теориясын дамытты. Жел қуатымен су көтеретін ВВ-3Т, жел қуатымен электр тогын өндіретін ВЭ-2Т, ВЭ-2, 7Т, күн қуатымен жұмыс істейтін ГЭ-300 қондырғылары мемлекеттік сынақтан өтіп, өндіріске ұсынылды. Оның тікелей басқаруымен және өзінің қатысуымен қой шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен 10 түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Олардың барлығы мемлекеттік сынақтан өтіп, Орта Азия мен Қазақстан Республикасының 250-ден астам шаруашылықтарына енгізілді. Бұл машиналардың бір үлгісі Моңғолия елінің шаруашылығында іске қосылды. Сейітбековтің басқаруымен “Агроөнеркәсіп кешенін ғылыми қамтамасыздандыру” мемлекеттік мақсаттағы ғылыми-техникалық бағдарламасының жеті тарауы орындалуда. 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 кітап, 3 ұсыныс, 35 авторлық куәліктері мен патенттері бар. КСРО-ның Бүкілодақтық көрмесінің алтын (1983), күміс (1988), қола (1989) медальдарымен марапатталған.
Шығ.: Машины для каракулеводческих комплексов, А.-А., 1978; Механизация процессов установки постоянных изгородей на пастбищах, А., 1994; Получение биогаза из отходов животного и растительного происхождения, А., 2004; Микробиологическая анаэробная конверсия биомассы, А., 2005. |
Саид Шағимерденұлы Сейфуллин (3.10.1905, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы — 22.5.1985, Алматы) — геолог-барлаушы, геология-минералогия ғылымы кандидаты (1960). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонт мүшесі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1965). Мәскеу Геология барлау институтын бітірген (1932), Қ.И. Сәтбаевтың шәкірті. Еңбек жолын 1929 ж. Жезқазған кенішінде бастап, 1956 жылға дейін бас геолог, геология-барлау экспедиясының бас инженері қызметтерінде болды. 1956 — 78 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында лаборатория меңгерушісі, 1978 — 85 ж. ғылыми кеңесші болды. Сейфуллин Қазақстанда металлогения ғылымын дамытуға үлес қосты. Сейфуллиннің басшылығымен жер қыртысындағы мыс кенінің орналасу заңдылықтарын ашу, геол. барлау, кенді пайдалану жұмыстарын жоспарлау және тиімді бағыттау жолға қойылды. Осы мақсатта бірқатар мыс кен орындары қалыптасуының геол.-құрылымдық, минералдық геохим. жағдайларын зерттеу жөніндегі ғылыми жұмыстар атқарылды. Сейфуллин Жезқазған өңіріндегі мыс кендерін (Сарыоба, Қыпшақпай) алғаш ашты (1939 — 40). Оңтүстік Қазақстанда құмды тақтатастарды табу жұмыстарына басшылық етті. Сейфуллин екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.
## Шығармалары
Геолого-структурные условия формирования месторождения Джезказгана, А.-А., 1964 (соавт.); Стратиформные месторождения меди западной части Центрального Казахстана, А.-А., 1976 (соавт.). |
Ғабдығапар Сағитұлы Сейітқасымов (14.9.1940 жылы туған, Қостанай облысы, Жангелді ауданы — 21.3.2019) — экономика ғылымы докторы (1989), профессор (1990), Қазақстан Ғылым Академиясының акад. (2003). ҚазМУ-ды бітірген (1963). 1963 — 69 ж. Жангелді ауданында, 1969 — 73 ж. Қазақ ауыл шаруашылық экономика ғылыми-зерттеу институтында, 1973 — 93 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми, басшылық қызметтер атқарды. 1993 — 99 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында проректор, 1999 — 2001 ж. Астана қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті бөлімшесінің директоры, 2001 жылдан Қаржы және несие институтының ректоры. Ғылыми жұмыстары ауыл шаруашылық экономикасы мен қаржы және банк ісі саласына бағытталған. Сейітқасымов астық дайындаудың экономикалық тиімділігін анықтаудың жаңа көрсеткіштер жүйесін; астық өсіру, тасымалдау, дайындау, сақтаудың экономикалық тиімділігін кешенді зерттеудің ғылыми әдістерін жасады. 200-ге тарта ғылыми еңбектің, оның ішінде оқу-әдістемелік құралдардың, 20 монография мен оқулықтардың авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған.Шығ.: Организация заготовок зерна в Казахстане, А.-А., 1982; Экономическая эффективность заготовок зерна, А.-А., 1986; Становление аудиторской деятельности в Казахстане, Караганда, 1996; Деньги, кредит, банки (учебник), А., 1996; Ценные бумаги и фондовый рынок, А., 1998; Ақшалар, несие, банктер (оқулық), А., 2000. |
Сейіт Төбе — ортағасырлық қаланың орны. Түркістан облысы, Шардара ауданы, Восход ауылынан 1 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1950 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Аумағы: оңтүстік ені – 190 м, солтүстік ені – 220 м, солтүстіктен – оңтүстікке қарай – 140 м тік бұрышты төбе. Қалада көлемі мен биіктігі әр түрлі екі алаң бар. Солтүстік-шығыс бұрышында бір, оңтүстігінде кішірек екі мұнараның қалдығы сақталған. Соңғысы кірер қақпадағы бақылау мұнарасы болған тәрізді. Табылған заттардан қаланың орта ғасыр қалаларына тән үш бөліктен (қорған, шаһристан, рабад) тұратыны анықталған. |
Сексеуіл (1, 2) — неолит және энеолит дәуірлерінің тұрақтары. Сексеуіл-1 ескерткіші Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл станциясынан солтүстікке қарай 8 км жерде.
1955 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетек. С.П. Толстов) ашып, зерттеген. Тұрақтан тісті қалыппен өрнек түсірілген түбі дөңгелек құмыра сынықтары, сүңгі, найза мен жебе ұштары, тас түйреуіштер, тас жаңқадан дайындалған қырғыштар, трапеция пішіндес қыстырмалар, бір шетті қырғыштар, тескіштер, түзетілген пышақ тәрізді тас тіліктері, ұлутастан жасалған әшекейлік бұйымдар, т.б. заттар жинастырылған. Сексеуіл-2 тұрағы Сексеуіл ст. аумағынан табылған.
Зерттеу жұмыстарын 1938 ж. Л.И. Боровлев, 1944 ж. Г.А. Яншин басқарған геологиялық топ, 1955 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы жүргізді.
Ескерткіштен шақпақ тастан дайындалған құралдар, тас жаңқалары, жебе ұштары, көлемі мен бітімі әр түрлі қырғыштар, түбі жайпақ қыш ыдыс сынықтары жинастырылған. Жебе ұштары екі жағынан қысып түзету арқылы мұқият өңделген; олар ойықтау сағалы, қалақша бітімді келеді. Сондай-ақ найза мен сүңгі ұштары табылған. Сексеуіл ескерткіштерінен мал сүйектері көп шыққан. Олардың 80%-ы қолға үйретілген мал сүйіктері екендігі анықталған. Бұл Қазақстан аумағын мекен еткен байырғы тұрғындардың неолит дәуірінде өнім өндіруге көшкендігін аңғартады.
## Дереккөздер |
Сексеуіл — Қызылорда облысы Арал ауданындағы кент, Сексеуіл кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде, Алтыншоқысу тауларының оңтүстік баурайында, қуаң шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 8347 адам (4117 ер адам және 4230 әйел адам) болса, 2009 жылы 9296 адамды (4616 ер адам және 4680 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі Орынбор-Ташкент темір жолы магистралін (20 ғасырдың бас кезі) салуға байланысты қаланған. Кентте темір жол стансасының локомотив депосы, "Құланды асыл тұқымды жылқы" зауытының орталығы орналасқан. Соңғы халық санағы бойынша Сексеуіл кентіндегі халық саны 11 мың болды. Бұл Сексеуіл кентінде демографияның өсіп келе жатқанын көрсетеді.
## Ауыл суреттері
*
*
## Дереккөздер |
Зұлқарнай Сейітов (27.12. 1924 жылы туған, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Мінайдар ауылы) — ғалым-биохимик, биология ғылымы докторы (1972), профессор (1977). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1979). Омбы ауыл шаруашылық институтын (1951) және оның аспирантурасын (1954) бітірген. 1954 — 97 ж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) органика және биохимия кафедрасында доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1963 — 93) болды. 1998 — 2001 ж. Қазақ ұлттық университетінде, 2002 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде жұмыс істейді. Негізгі ғылыми еңбектері мал биохимиясына арналған. Сейітов сиыр мен бие, түйе сүтіндегі белок, амин қышқылы, май қышқылы, үглицерид, витаминдер құрамы мен оның технологиялық қасиетін химиялық тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік қорда ұзақ жылдар сақталатын сарымайдың сапасы мен оның тотығуға беріктілігі құрамындағы антиоксиданттар мен май қышқылының құрамына байланысты екенін дәлелдеді. Бие мен түйе сүтін, саумал, қымыз бен шұбатты молекалық деңгейде кептірудің жаңа әдісін тауып, содан алынған құрғақ ұнтақтан табиғи қымыз бен шұбат өндірудің жаңа биотехнологиясын ұсынды. Сейітов қымыз бен шұбатты (олардың бастапқы кездегі құрамын өзгертпей) ұзақ мерзімге сақтаудың жаңа әдісін енгізді. Сейітов — “Қазақ бальзамы” шипалы сусыны мен ішіне алтын тамыр салып ашытқан “Алтынсу” тұнбасының авторы. Бальзам Алматы облысында, ал “Алтынсу” Өскемен қаласында өндіріледі. 150-ден астам ғылыми еңбектердің (12 кітап, 2 оқулық), 7 авторлық куәлік пен 2 патенттің авторы. 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Шығ.: Основы электронной теории в органической химии, А.-А., 1981; Жизнь — миг, день — вечность, А., 2002; Кумыс и шубат, А., 2005. |
Сексен бірінші атты әскер дивизиясы — әскери құрама. 1941 ж. тамыз-қазан айларында Жамбыл қаласында жасақталған. Алғашқы командирі — генерал-майор А.Т. Густишов. Дивизия 1942 жылдың күзінде соғысқа жіберіліп, Сталинград майданы әскерлерінің құрамына қосылды. Ұрысқа алғаш рет Еділ жағалауында кірген Сексен бірінші атты әскер дивизиясы майданның оңтүстік қанатында қорғаныста болды. Қараша айындағы шабуыл ұрыстары кезінде 4-атты әскер корпусының құрамында ұрыса отырып, Цаца к-нен Плодовитое, Абганерово стансасы арқылы Верхнеяблочное елді мекеніне дейін келді. Сталинград түбінде қоршауда қалған жау әскерлерінің сырттан көмекке ұмтылған күштерін тойтарып, қоршаудың сыртындағы жауды талқылауға қатысты. Ақсай, Котельниковский қалаларын азат етті. Сталинград шайқасы аяқталғаннан кейін Сексен бірінші атты әскер дивизиясы резервке шығарылып, таратылды да, құрамы 7-атты әскер корпусына біріктірілді.
## Дереккөздер |
Сексеуілдідала – Бетпақдаланың оңтүстік-шығыс бөлігі.
## Географиялық орны
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Оңтүстік-шығыстан (Бірлік ауылы маңынан) солтүстік-батысқа, Керегетас жалына дейін 110-120 км-ге созылып жатыр, ені 20-30 км. Абсолюттік биіктігі 300-400 м, солтүстік-шығысында Шу-Іле таулары сілемдерінің (Жамбыл, Шоғырлы, Майжарылған, Хантау) етегімен, оңтүстік-шығысында Шу өзенінің аңғарымен шектеседі.
## Геологиялық құрылымы
Шөгінді малтатастардан, құм мен саздақтан түзілген. Жер бедері көне эрозиялық арналармен (ұзындығы 10 км, ені 10-20 м), қалдық төбешіктермен (ұзындығы 6 км, ені 2 км, биіктігі 10-12 м), белесті құм жалдармен және ойдым-ойдым дефляциялық ойыстармен ерекшеленеді. Жер асты сулары 5-7 м тереңдікте кездеседі, минералдылығы 3 г/л.
## Өсімдігі
Тұздылау құмды өңір табиғатына бейімделген сексеуіл, күйреуік, баялыш, сарсазан, теріскен, жүзгін, жыңғылбас, құм қарағаны, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады, сексеуіл өсіретін және дайындайтын шаруашылықтар орналасқан.
## Дереккөздер |
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі. Ол Қазақстандағы ғылыми және техникалық дамудың көшбасшысы болды. Қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, Шығыс елдерінің ғалымдары арасында ғылым мен техника саласындағы КСРО алғашқы академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстандағы Ленин сыйлығының бірінші иегері болды.
Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлауы үшін Ленин орденімен марапатталды (1940). 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. «Жезқазған ауданының кен орындары» еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды (1942). КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1943). «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» (1943). Тыл ресурстарын жұмылдыруға қосқан үлесі үшін екінші Ленин ордені мен ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды (1945). Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге қосқан үлесі үшін үшінші Ленин орденін алды (1957). Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық болжамдық карталарын әзірлеуі үшін Ленин сыйлығын жеңіп алды (1958). Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төртінші Ленин орденімен марапатталды (1963).
1924 жылы 25 жасында ғалым қазақ орта мектептерінің оқушылары үшін араб графикасында «Алгебра» оқулығын дайындады, бұл кітап математикалық білім берудің негізін қалады.
Оның есімі бүгінде ғылыми институттарда, университеттерде және көшелерде мәңгілікке қалдырылған.
Қаныш Сәтбаевтың туған күні 12 сәуір Қазақстанда Ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітілді.
## Өмірбаяны
### Балалық шағы және білім алуы
Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.
Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды.
1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.
Одан кейін оның өмірінде немере ағасы, орыс филологиясының оқытушысы А.З. Сәтбаев (1937 жылы ол атылады) басқарған Семей мұғалімдер семинариясындағы кезең басталады. Семей қаласында Қаныш Сәтбаев Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовпен, демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен кездескен, ал Мұхтар Әуезов және Әлкей Марғұланмен бірге оқыған. Семинарияда атақты ағайынды-өлкетанушы Белослюдовтар, ерлі-зайыпты ағартушылар – Назипа және Нұрғали Құлжановтар сабақ берді.
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов.
1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты. Жас талаптың денсаулығы сыр бергендіктен, диплом алу үшін емтиханды мерзімінен бұрын тапсырады.
1920-1921 жылдары Сәтбаев туған өлкесіне оралып, асқынған туберкулез дертінен қымыз ішіп емделеді. Осы кездерде ол Шәрипа Омаровға үйленіп, ол некеден Ханиса атты қызды болады. Болашақта Ханиса Қанышқызы медицина ғылымдарының докторы, С.Н. Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеттің құрметті профессоры, Қазақ ССР ғылымға еңбек сіңірген қайраткері.
### Томск технология институты
Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады. 1921 жылы Сібір технологиялық институтының студенті, кейін тұңғыш қазақ математика профессоры Әлімхан Ермековтің арқасында жас Қаныш томскілік геология профессоры, болашақ академик М.А. Усовпен кездеседі. Бұл кездесудің Қаныш тағдырындағы мәні зор.
Қаныш, Сібір технологиялық институтының студенті бола жүріп, өзінің өмірлік мұратына айналған жолды таңдайды. Соғыс зардаптарынан күйреген қаланың өмірі жаңадан қалпына келе бастаған кезде, қоғамда азық-түлік, отын және киім сияқты негізгі қажеттіліктердің тапшылығы сезіледі. Осындай ауыр кезеңде Қаныш М. Усовтың қамқорлығын көре отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас әке мен ұл арасындағы туыстық қатынас сияқты жылылық пен сыйластыққа толы болады. Қаныш Томскіде ауыр науқас болған кезде, Усов оны жұбайымен бірге өз үйіне көшіп келуге көндіреді. Осы кезеңде Қаныш Таисиямен танысады, ол кейінірек технологиялық институттың тау-кен факультетінде оған серік болады.
Таисия Қанышқа әйелі, досы және одақтасы ретінде қолдау көрсетеді. Бұл қарым-қатынастың нәтижесінде екі қыз дүниеге келеді. Үлкен қызы, Мейіз Қанышқызы, ата-анасының ізін қуып, геолог мамандығын таңдайды және осы салада ғылым докторы атанады. Алайда, екінші қызы Марияш, 12 жасында дүниеден озады.
### Ашаршылық кезеңде
1930-шы жылдары Қазақстанда болған жаппай ашаршылық - қазақ даласының тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Бұл кезеңде көптеген ауылдар қаңырап, халық басынан асқан қиындықтар өткерді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев осы қасіретті жылдары елдің қиын жағдайына бей-жай қарамады. Ол, өзі басқарған бөлімдегі жұмысшылар саны мыңға жеткен кезде, аштықтан зардап шеккендерге көмек көрсету қажеттігін түсінді және осы бағытта іс-қимыл жасады.
Әпкесінің ауылына кездейсоқ барған кезінде Қ.Сәтбаев киіз үйлерде аштықтан көз жұмған адамдарды көріп, шалажансар балаларды кһреді. Арасында өз жиендері де болатын. Бұл жағдай қатты толғандырады және ол бұл балалардың барлығын өз қамқорлығына алуға шешім қабылдайды. Олардың қамқорлығына алынғандардың бірі, Кемал Ақышев кейіннен белгілі археолог ғалым болып шықты. Ол ғылым докторы атанып, Алматы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде әлемге әйгілі "Алтын адамды" табуға үлес қосқан.
### Жезқазғандағы қызметі
1926 жылы Қ.И. Сәтбаев Томск технологиялық институтын табысты аяқтап, тау-кен инженер-геологы дипломын иеленген қазақтың алғашқы азаматы ретінде халық шаруашылығы Орталық кеңесінің қарамағына жіберіледі. Қаныш әлемдегі ең ірі мыс кен орны Қарсақпайда екендігін дәлелдеу үшін аттай 15 жылын сол жерде өткізеді. Мұнда ол «Атбасцветмет» трестінің геология бөлімін басқарды. Оның құрамына Қарағанды көмір бассейні, Успенский мыс руднигі, Спасск мыс балқыту зауытын қамтыған Спасск комбинаты мен салынып жатқан Қарсақпай мыс балқыту зауыты, Байқоңыр көмір шахталары, Жезқазған мыс кеніштері мен Қорғасын кен орнынан тұратын Қарсақпай комбинаты кіретін. Келесі жылы (1927 жылы) ол сол тресттің басқарма мүшесі болып сайланды.
Атбасар трестінің қарамағында Карсакпай ауылындағы мыс кен орны және салынып жатқан мыс балқыту зауыты болды. Зауыт құрылысы он жыл бұрын басталған, ағылшындар Қарсақпай аймақты концессияға алып, мыс іздеуге кіріскен. Олар балқыту цехын салып, жабдықтың бір бөлігін орнатқан, бірақ көп мыс таба алмаған. Ақпан төңкерісі басталған кезде ағылшындар зауытты тастап кеткен, кейіннен совет үкіметі оны аяқтауды шешкен. Тресттің бас геологы ретінде Сәтбаев ол жерді тексеру үшін барып, құрылыс жұмыстарының жүрісі туралы білген. Кен орнымен және зауыт басшылығымен айналысқан мамандар аймақтағы мыс өндірісінің даму перспективасына өте скептикалық қарады. Олар, кеннің қоры тек келесі 10-15 жылға жететінін, одан артық еместігін айтты. Дегенмен, Сәтбаев олармен келіспеді. Ол Жезқазған ауданында алдыңғы уақытта анықталмаған үлкен мыс қоры бар деп санады. Геолкомнан бір бұрғылау станогын бөлуін сұрап, аймақта металдың бар-жоғын зерттеуге кірісті. Геолком басшылығы мен Жезказған ауданын жақсы білетін мамандар Сәтбаевтың идеясын сәтсіздікке ұшырайтынына сенімді болды.
Алайда, жұмыстар басталғаннан кейін бір жыл өткен соң, Сәтбаев пласты он метрден асатын үлкен руда кенішіне тап болды. Ленинградта жүргізілген талдау нәтижелері бұл руда кенішінің бұрын белгісіз, мысқа бай екенін көрсетті. Осы жаңалықтың арқасында Сәтбаев 1928 жылы да іздеу жұмыстарын кеңейте алды. Тағы үш ірі кен орындарын анықтаған геолог 1929 жылы зерттеу жұмыстарын екі есе арттырады. Осы жылы тағы үш кен орны және бір жаңа руда алабы ашылды. Бұл жағдайларды ескере отырып, Сәтбаев «Қазақстанның Халық Шаруашылығы» журналында мақала жариялап, Жезказған әлемдегі ең бай мыс провинцияларының бірі екенін, тіпті Американың көптеген провинцияларынан да үлкен екенін мәлімдеді. Өз болжамдарына сүйене отырып, жақын жердегі Қарсақпай зауыты Жезказғаннан алынған руданың көлемін өңдей алмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол аймақта су қоймасын салу және кең жолақты теміржол желісін тарту қажеттігін болжады. Бұл ұсыныстарымен ол жоғарғы органдарға тұрақты түрде жүгініп, баспасөз беттерінде сөз сөйлеп, тіпті аймақтың дамуын КСРО-ның бесжылдық экономикалық даму жоспарына енгізуді ұсынды.
Сәтбаевтың ұсыныстары трест басшылығы мен Геолком тарапынан кері реакция тудырды. Жас геолог ұсынған Жезказған даму жоспарының орнына, олар 1930 жылғы зерттеу жұмыстарының көлемін өзгеріссіз қалдыруды ұсынды. Сәтбаев өз болжамжарының дұрыстығын дәлелдеуге тырысып, өз ұсыныстарын ВСНХ (Всесоюзный совет народного хозяйства)-ның тау-металлургиялық секторының отырысында қарауға қол жеткізді. Ұзақ талқылаулардан кейін ВСНХ Геолкомның пікірімен келісіп, Сәтбаевтың дәлелдерін жеткіліксіз деп тапты. ВСНХ шешімімен келіспеген Қаныш Имантайұлы 1930 жылдың көктемінде КСРО Госплан төрағасы Г. М. Кржижановскийдің қабылдауына түсіп, өз ұсыныстарын негіздеді. Осыдан кейін Жезқазғанға арналған зерттеуге қосымша қаржы, бұрғылау техникасы және мамандар бөлінді. Келесі екі жылда зерттеу жұмыстарының көлемі арта түсті. Сәтбаевты алаңдатқан аймақтағы су тапшылығы мәселесі шешімін тапты: ол келесі, 1933 жылы аймақта су іздеу мақсатында гидрогеологиялық зерттеулерді бастау туралы келісімге қол жеткізді.
1932 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақстандық геология ғылымында маңызды орын алатын «Жезқазған мыс-кен ауданы және оның минералды ресурстары» атты алғашқы ғылыми монографиясын жариялайды. Бұл еңбегінде ол Жезқазған кен орындарының аса бай екендігін ашып көрсетеді. Бұған дейін ағылшын мамандары мен Халық комиссарлары кеңесі жанындағы Геологиялық комитеттің қызметкерлері болжамдағандай, 60 мың тонна емес, айтарлықтай көбірек - 2 миллион тоннадан аса мыс қоры бар екендігін анықтайды. Бұл Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми болжамының дәлдігін растайды.
1933 жылы басында ВСНХ Жезказғандағы барлау жұмыстарының қаржыландыруын күрт қысқарту туралы шешім қабылдады. Бөлінген қаржының тек бір пайызы ғана қалдырылды. Мұндай шешімге аймақтың дамымаған инфрақұрылымы себеп болды: ешқандай темір жол немесе автомобиль жолы жоқ, су мен басқа да тұрмыс үшін қажетті шарттар жетіспеді. Қызметкерлерді сақтап, жұмыстарды жалғастыру мақсатында Сәтбаев қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге мәжбүр болды. Ол «Золоторазведка» және «Лакокрассырьё» трестерімен оларға қажетті пайдалы қазбаларды барлау туралы келісімге қол қойды. Алайда, жинақталған қаржы жұмыс көлемін сақтауға немесе одан әрі кеңейтуге жеткіліксіз болды.
Сәтбаев М. А. Усов пен оның досы, профессор Владимир Алексеевич Ванюковтың көмегімен КСРО Ғылым академиясында сөз сөйлеп, Жезказған мыс рудасының қоры туралы жасаған қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеді. 1934 жылы өткен Академияның үшінші сессиясында үшінші бесжылдық кезеңінде Жезказғанда мыс қорыту комбинатын салу қажеттігі туралы айтылды. Сессия Сәтбаевтың Жезқазған — Қарағанды — Балхаш темір жолын салу туралы ұсынысын да қолдады. Сәтбаев өз ұсыныстарын ауыр өнеркәсіп наркомы Григорий Константинович Орджоникидзеге жеткізді.
1936 жылдың 25 наурызында ауыр өнеркәсіп халық комитетінің төрағасы Серго Орджоникидзе Жезқазған мыс балқыту комбинатын салу бойынша дайындық жұмыстарының басталуы туралы бұйрыққа қол қояды. Осыдан кейін аймақта кең көлемді зерттеу жұмыстары басталды. Кейінірек Жезказған мыс кен орны сол кездегі әлемдегі болжамды қоры бойынша ең ірісі болып шықты.
Тек 1938 жылдың басында ғана мыс саласының басқарушы штабы түбегейлі қайта құрылып, Қ.И. Сәтбаев Жаңа ауыр өнеркәсіптің жаңа наркомы Л.М.Кагановичке шақырылады да, 1938 жылдың 10 ақпанында Жезқазған үшін тарихи мәнге ие КСРО НКТП бойынша №50 бұйрық дүниеге келді. Онда жоғары өндірістік қуатты жаңа Үлкен Жезқазған комбинатын жобалауға шұғыл кірісу қажеттігі туралы айтылды.
1939 жылғы 31 қаңтарда БКП(б) Орталық Комитетінің хатшысы Лазар Моисеевич Кагановичке жолдаған хатында Қаныш Сәтбаев Жезқазғанның келешегіне қатысты өз алаңдаушылығын білдіреді. Онда ол, Жезқазған кен орнының Қазақстандағы мыс өндірісі үшін аса маңызды, сенімді және стратегиялық ресурс екенін атап өтеді. Сәтбаевтың бұл әрекеті, оның айнымас сенімін, қажырлы еңбегін және Жезқазған кен орнының дамуына деген адалдығын көрсетеді. Ол Қазақстанның минералдық ресурстарын игеруде және ғылыми зерттеулерде көрсеткен ерекше жігері арқылы келешек ұрпаққа үлгі бола алды.
### Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
1929 жылы Қ.И. Сәтбаев алғаш рет Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қарсақпай ауылына келіп, КСРО ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының "Главцветмет" геологиялық барлау комбинатының бас геологы қызметіне тағайындалды. Геологиялық барлау жұмыстарының қаражаты аз болғанына қарамастан, оның жаяу әдіспен жүргізген зерттеулері пайдалы қазбалардың орналасқан жерлерін анықтап қана қоймай, ежелгі тарих ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі кеніштер, қорғандар және жартастағы суреттерді табуға мүмкіндік берді .
1935 жылы бір экспедиция кезінде Сәтбаев араб әріптерімен жазылған жазуы бар тас плитаны тапты, онда Әмір Темірдің хан Тоқтамысқа қарсы жорығы туралы хат жазылған. Араб әліпбиін бала кезінен білетін Сәтбаев жазудың алғашқы жолдарын оқи алды, бірақ оны әрі қарай оқу үшін мамандардың көмегі қажет болды. Жазу кейіннен зерттелу үшін мемлекеттік «Эрмитаж» музейіне тапсырылды .
Кейінірек Сәтбаев Алтыншоқы төбесіндегі қорған үлкен рәсімдік отқа арналған жылу-техникалық құрылыс деп болжам жасады. Бұл тұжырымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобасы бойынша жүргізілген заманауи зерттеулермен расталды .
Сәтбаев сондай-ақ Ұлытау, Арғанаты тауларының айналасында және Торғай өзенінің бастауында көптеген археологиялық ескерткіштерді ашты. Ол барлық олжаларды мұқият фотоға түсіруді талап етті, бұл археологиялық деректердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 1935 жылы ағылшынның ағаш фотоаппараты отандық «Фотокор» фотоаппаратымен ауыстырылды, бұл суреттердің сапасын айтарлықтай жақсартты .
Сәтбаев Қазақстан археологиясының қалыптасуында маңызды рөл атқарды, ол Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында археология секторын ұйымдастырды. Оның қызметі ұлттық археология мектебінің қалыптасуына және көптеген танымал археологтардың кәсіби өсуіне ықпал етті .
Оның көп жылдық зерттеулерінің нәтижелері «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» монографиясында жинақталған, онда қола дәуіріндегі металдарды өндіру және өңдеу процестері туралы мазмұнды қорытындылар ұсынылған .
## Ғылым академиясындағы қызметі
Қазақстан ғылымының ірі ұйымдастырушысы ретінде танылған Сәтбаев, 130-дан астам еңбегін, негізінен Жезқазған кен орынына арнап жазды. Оның зерттеулері және жарияланымдары, әсіресе Жезқазған мыс кен орнының зерттелуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосты.
1942 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін, Сәтбаевтың екі маңызды монографиясы жарық көрді. Олардың біріншісі - «Қазақстан мен Кеңес Одағының мыс құмдары» монографиясы, ол Жезқазған қаласындағы жұмыс істеу кезінде жинақталған материалдарға негізделген. Бұл еңбек, жер қойнауын зерттеушінің көпжылдық бақылауларының нәтижесінде жазылған, мыс кендерін тез арада барлау және анықтау бойынша геолог-іздеушілер үшін практикалық ұсынымдар береді.
Екінші монографиясы - «Қазақстанда қара металлургияның дамыту мүмкіндіктері туралы», Қазақстанның темір рудасы кен орындарының геологиялық сипаттамасын береді және олардың ішінде металлургия өнеркәсібінің шикізат базасы бола алатын келешегі бар кен орындарын көрсетеді. Бұл еңбектер, мыс және темір рудасының тапшылығы кезеңдерінде өнеркәсіптің дамуына зор үлес қосқан.
Соғыс қарсаңында, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өзінің маңызды еңбегі «Жезқазған аумағының кен орындары» деп аталатын көлемді монографиясын аяқтайды. Бұл зерттеу жұмысының бастамасы 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» және «Народное хозяйство Казахстана» журналдарында, сондай-ақ басқа басылымдарда жарияланған мақалалардан алынған. Он бес жылдық зерттеулер мен жинақталған материалдар негізінде ол ірі монографияны құрады. 1942 жылы бұл еңбегі үшін ол Мемлекеттік (Сталиндік) екінші дәрежелі сыйлыққа лайық деп танылды. Бұл марапат, шын мәнінде, соғыстың ауыр күндерінде Қазақстанға арзан мыс өндіру арқылы үлкен үлес қосқан Жезқазған кен орынының құрметіне берілген.
Осы уақытқа дейін, Сәтбаев қырықтан астам ғылыми еңбек жазды, олардың бірқатары диссертациялық жұмыс ретінде танылды. 1942 жылдың 17 тамызында Жоғары аттестациялық комиссия оның жұмыстар жиынтығын бағалау негізінде Қаныш Имантайұлына геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін береді.
Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Төралқасының дерлік бүкіл құрамы Қазақстанға көшірілген болатын. 1941 жылдың ортасында, академиктердің отбасылары мен балалары Қазақ КСР-інің Бурабай шипажайына эвакуацияланып, ал кейбір ғылыми институттар Алматы қаласына - ол кездегі республиканың астанасына орналастырылды. Осының арқасында кеңес ғылымының көрнекті өкілдері Алатау етегіндегі қалада шоғырланды. Олар арасында металлургия саласының мамандары Алексей Александрович Байков және Иван Павлович Бардин, белгілі геолог Владимир Афанасьевич Обручев, кеншілер Леонид Дмитриевич Шевяков және Алексей Александрович Скочинский, химик Эдуард Васильевич Брицке, агрономдар Дмитрий Иванович Прянишников және Николай Васильевич Цицин, транспорт саласының ғалымдары Владимир Николаевич Образцов, топырақтанушы Леонид Иванович Прасолов, тарихшылар Анна Михайловна Понкратова және Николай Михайлович Дружинин болды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев эвакуацияланған ғалымдарға ерекше көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсетті. Олардың көбі соғыс салдарынан тұрғын үй жағдайларынан айрылып, қалыпты өмір сүру ритмінен алшақтап қалған еді. Қаныш Сәтбаев және қазақстандық қоғамдастық оларға жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салды. Алматыда тұрғын үй мәселесі өткір болғанымен, ғылыми қауымдастықтың мүшелері бір-біріне көмек көрсетіп, сырттан келген ғалымдарға баспана табуға көмектесті. Академиктер мен олардың отбасылары үшін республика Үкіметі Медеу шатқалындағы ең жақсы демалыс үйін бөлді, бұл оларға жаңа жағдайларға бейімделуге және ғылыми жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қаныш Имантайұлының басшылығымен өткен ғасырдың 40-шы жылдары Қазақстанда Жезді марганец рудаларының кен орны ашылып, іске қосылды. Бұл кен орны Ұлы Отан соғысы жылдарында украиндық Никополь мен Грузиядағы Чиатур кен орнының уақытша қолдан шығып қалуына қарамастан, Кеңес Одағына броньды болат шығаруды жалғастыруға мүмкіндік берді. Соғыс жылдарында КСРО марганец кенінің 70,9% осы кен орнында алынды.
### Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті
1946 жылдың маусым айында, көп жылғы дайындықтан кейін, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстан Ғылым Академиясының (Қазақстан ҒА) тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл оқиға 1944 жылы Қ.И. Сәтбаевтың жетекшілігімен, академияны құруға арналған Үкімет комиссиясының құрылуымен және КСРО Ғылым Академиясының Президенті С.И. Вавилов басқарған, КСРО ҒА-ның он бір академигін қамтитын комиссияның жұмысымен бастау алды. Академия құрылғанда, онда он сегіз Ғылыми Зерттеу Институты (ҒЗИ), сегіз сектор, жеті тәжірибелік станция және үш ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің жалпы саны 1400 адамды құрады, оның ішінде 57 ғылым докторы және 184 ғылым кандидаты болды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылым мен Қазақстанның индустриялық дамуына қосқан үлесі, оның ғылыми басқару және өнеркәсіптік кешендерге тәжірибелік көмек көрсету саласындағы орасан зор ұйымдастырушылық қызметімен айқын көрінеді. Оның басшылығымен Қазақстан Ғылым Академиясында ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, мұнай және табиғи тұздар химиясы, химия-металлургия, тау-кен металлургия, ихтиология және балық шаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі салаларында жаңа академиялық институттар ашылды.
1947 жылы Қаныш Сәтбаевтың Англияға сапары кезінде Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Уинстон Черчилльмен болған кездесуі ерекше оқиға болды. Черчилль қалжыңдап: «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрағанда, Сәтбаев: «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап берген.
1946 жылдың соңында Қазақстан Ғылым Академиясы және оның Президенті Сәтбаевтың үстінен қиын кезең басталды. Кейінгі жылдары, атап айтқанда 1951 жылы, Сәтбаев ұлтшылдық, партияға қабылданған кезде әлеуметтік шығу тегін жасырды, ұлтшылдарға қамқорлық көрсетті және 1917 жылы Алаш-Орда үкіметінде үгітші болғанын жасырды деген айыптар тағылды.
Осы айыптаулардың нәтижесінде, 1951 жылы 23 қарашада Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті бюросының шешімімен Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президент қызметінен және Төралқасының мүшелігінен алып тасталды. Бұл оқиғалар Сәтбаевтың ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының директоры лауазымынан да босатылуы мүмкін екендігін көрсетті. Оның басқару стиліне сын айтылып, институтта түрлі комиссиялар мен тексерулер жүргізіле бастады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың күрделі кезеңдерінде КСРО Ғылым Академиясы оның кәсібилігі мен еңбекқорлығын жоғары бағалай отырып, қажетті қолдау көрсетті. Оның жеке басын жақсы тани отырып, КСРО ҒА Президенті А.Н. Несмеянов Сәтбаевқа Орал бөлімшесінің басшысы немесе КСРО ҒА Геологиялық-географиялық бөлімшесі төрағасының орынбасары лауазымын ұсынды. Дегенмен, Сәтбаев өзінің республикасына деген міндеттемесін басшылыққа ала отырып, бұл ұсыныстан бас тартып, 1952 жылдың сәуірінде үйіне оралды.
КСРО Ғылым Академиясының қолдауы арқасында, Сәтбаев Геологиялық ғылымдар институтының директоры лауазымын сақтап қалды және Орталық Қазақстанның болжамды металлогениялық картасын құру бойынша жұмысын жалғастырды. 7 жылдан кейін, Сәтбаевтың Орталық Қазақстанның металлогениясы бойынша маңызды ғылыми еңбегі Ленин сыйлығына ұсынылды. Алайда, ол бұл сыйлықты жеке алудан бас тартып, металлогениялық картаны дайындауда ұжымның еңбегін ерекше атап өтті. Бұл әрекеті арқылы Сәтбаев ғылыми қауымдастықтағы ұжымдық еңбектің маңыздылығын және өзінің ұжымдық жетістіктерге деген сенімін көрсетті.
1954 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті басшылығы ауысқан соң, 1951 жылы Сәтбаевқа тағылған айыптаулар қайта қаралып, ғалым кінәсіз деп табылды. 1955 жылдың маусымында ол қайтадан Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президенті болып сайланды және 1956 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті мүшесі атанды.
Қазақстан аумағы арқылы Ертіс, Есіл, Орал, Сырдария және басқалары бар 2174 өзен ағып өтетіні белгілі. Алайда, өзендердің тек 5,5 пайызы ғана Орталық Қазақстанның үлесіне тиетін. Ғалым Ертіс-Қарағанды каналының құрылысын белсенді түрде қолдап, Кеңес Одағының түрлі инстанцияларында каналды жобалау ісін жандандыруға жан-жақты ықпал етті.
1959 жылдың жазында Қаныш Сәтбаев, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Алексей Николаевич Косыгин алдында Ертіс-Қарағанды каналының құрылысының маңыздылығын негіздеп, оны келесі жеті жылдық жоспарға енгізуге көмек көрсетті. Бұл құрылыс бүгінде Қаныш Сәтбаев атымен аталады, оның Қазақстан экономикасы мен экологиясына қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, Қаныш Имантайұлы Маңғышлақ түбегіндегі табиғи ресурстарды кешенді зерттеу жұмыстарын жетекшілік етті, мұндағы көмір, мұнай, газ және қара металлургия кен орындарының жаңа кен орындарын зерттеуге басшылық жасады. Бұл жұмыстар Қазақстан экономикасының дамуына және республиканың өнеркәсіптік базасының кеңеюіне елеулі үлес қосты.
Қаныш Сәтбаевтың өміріндегі қиын кезеңдер, атап айтқанда 1937 жылы үш ағасының қуғын-сүргін кезінде атылып кетуі және 1951-1952 жылдары ұлтшылдыққа қарсы науқан кезінде Қазақстан Ғылым Академиясының Президенті қызметінен босатылып, қудалануы, оның денсаулығына ауыр әсер етті. Академик 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеу ауруханасында алпыс бес жасқа толар жылы дүниеден озды.
Мәдени мұра және тарих
Қаныш Сәтбаев Шоқан Уәлихановтың жазып алған «Едіге» жырының мәтінін қайта жаңғыртып, араб және татар тілдеріндегі қазақ оқырманына түсініксіз сөздерден тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясына сай өңдеген.
Сәтбаев Ұлытау өңіріндегі басты тарихи, мәдени және археологиялық ескерткіштерді зерттеуге зор көңіл бөлді. Оның «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегінде Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар, қазақ этносының саяси орталығы екендігі толық дәлелденген.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зерттеу сапарларының бірінде, жергілікті тұрғындардың Алтын шоқы шыңында араб жазуымен тас табылғаны туралы айтуы оның назарын аударды. Осы ақпаратқа сүйеніп, Сәтбаев аталған орынды зерттеуге шешім қабылдайды. Бұл тас, Әмір Темірдің қазақ даласына жасаған жорығы туралы ескерткіш болып шықты, ол Темірдің бұйрығымен орнатылған. Бұл ескерткішке Эрмитаж мұражайының директоры, академик Орбели зор қызығушылық танытып, 1936 жылы оны Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург) әкеледі. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде тастағы жазба 1391 жылға тиесілі екені анықталды, бұл Темірдің Дешті Қыпшаққа, Алтын Орда ханына қарсы жүргізген жорығының нақты дәлелі болды.
Ұлытау таулары қазақ халқының негізгі тайпаларының аумақтарының бастау алған орны ретінде, қазақтардың ежелгі саяси орталығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл ауданда сақталған материалдық мәдениет ескерткіштері, атап айтқанда Кеңгір өзені маңындағы, Жезқазғаннан 65 км оңтүстікте орналасқан, «Алтын Орда стиліндегі» күйдірілген төртбұрышты кірпіштен жасалған үш кесене Ұлытаудың тарихи рөлін айқындайды. Халық аңызы бойынша, бұл кесенелер Алашахан, Шыңғыс ханың ұлы Жошы және сарай сазгері Домбауылдың молалары.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, Қазақстанның индустриялық және ғылыми саласының дамуына қосқан үлесімен қатар, тарих саласындағы зерттеулері арқылы да құнды үлес қосты. Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаевтың қызы, Шәмшия Қанышқызы Сәтбаева, белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты болып табылады. Ол өз кезегінде Қазақстан ғылымына зор үлес қосқан қайраткер ретінде танылған.
Білім беру
Қаныш Сәтбаев оқу-ағарту саласына да зор үлес қосты. Ол қазақ орта мектептерінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған, бұл оқулық математикалық білім берудің негізін қалауға көмектесті. Бұл кітапты ғалым 1924 жылы 25 жасында қазақ тілінде араб графикасымен жазып шыққан екен. 592 беттік қолжазба артынша латын графикасына 1929 жылы (1400 бет) көшірілген.
Музыкалық мұра
Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеу мен сақтауға да үлес қосты. Ол Александр Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына қазақ халқының музыкалық мұрасының 25 әнін өзі орындап, оларға орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп, енгізген.
Ғылыми мұрасы
Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаев минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау сияқты аймақтарға да айрықша назар аударып, олардың кен орындарының стратиграфиясы, тектоникасы, құрылымы, металлогениясы, геохимиясы және пайда болу тегі туралы терең зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулері арқылы ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешенді әдісін енгізіп, Қазақстанның геологиялық ғылымында жаңа кезеңнің басталуына ықпал етті.
Академик Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен және көптеген тәжірибелі мамандардың қатысуымен бірнеше жылдар бойы атқарылған тынымсыз еңбек, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталарының жасалуына әкелді. Осы карталарды пайдалану арқылы Сарыарқа аймағында көптеген жаңа қара, түсті және сирек метал кен орындары ашылды, біраз кендерге жаңа өндірістік баға берілді. Қаныш Сәтбаевтың бұл жұмыстары Қарағандыдағы металлургиялық завод салуды, Қостанай мен Алтайдағы темір және марганец кендерін, Қаратаудағы фосфорит кендерін игеруді, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуын және бірқатар ғылыми зерттеу институттарының ашылуына бастау болды.
Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғалымдары арасындағы ақылшы және тәрбиеші ретінде танылды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық және қазақстандық деңгейдегі комиссиялар мен комитеттерде мүшелік және басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ, ол КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитет президиумының мүшесі болды. Оның еңбегі төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері атанды.
Қаныш Сәтбаев адамдардың талантын танып, жастарды дұрыс жолға бағыттай білді. Ол сонымен қатар, бірқатар жастарды ғылымға әкеліп, тәрбиеледі. Ол дайындаған ғылыми кадрлар кейіннен ірі ғалым болып қалыптасып, Қазақстан ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосқаны белгілі. Осындай адамдардың бірі – ғалым-энергетик Ш.Ш. Шөкин. Оның ықпалымен академик Әлкей Марғұлан сияқты ірі ғалымдар ғылыми қауымдастыққа қосылды. Әлкей Хаканұлы Марғұлан кейіннен археология саласындағы көшбасшы және қазақстандық археология ғылымының негізін қалаушы болып танылды.
Сәтбаев, сондай-ақ, геолог Шахмардан Есеновтың кәсіби өсуіне негізгі ықпал етті. Ол Есеновтың талантын танып, кейіннен оны Қазақ КСР Геология министрі лауазымына тағайындауға көмектесті. Қаныш Сәтбаев Евней Букетовті де ғылымға бағыттап, 1960 жылы оны Қазақ ССР Ғылым Академиясының химия-металлургия институтының директоры етіп тағайындады. Евней Арыстанұлы кейін химия саласындағы маңызды жаңалықтардың авторы және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.
Академиктің басшылығымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі құрылды және Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің құрылуына мұрындық болды. Бұл қадамдар республикадағы геологиялық зерттеулердің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарды.
Ол академияның құрылымдық бөлімдерін, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды және ғылыми базаларды жоспарлауда негізгі рөл атқарды. Сонымен қатар, ғылыми кадрлар дайындау ісіне аса жауапкершілікпен қараған, ғылыми зерттеулерді халық шаруашылығы мүддесіне сай бағыттап, елдің экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан.
Сәтбаевтың басшылығымен Жезқазған кен-металлургия комбинаты, Қарағанды және Балқаш металлургия зауыттары сияқты ірі өнеркәсіптік нысандардың құрылысы жүзеге асырылды. Ол Ертіс-Қарағанды арнасының салынуын, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлеріндегі табиғи байлықтарды зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға тікелей қатысқан.
### Ғылыми еңбектері
* К проблеме большого Джезказгана, журнал Народное хозяйство Казахстана, №1-2, 74–83-бб. (1936)
* «Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам картасының методологиясы, нақты базасы мен негізгі тұжырымдары туралы» Главные закономерности пространственного размещения зон эндогенного оруднения в Центральном Казахстане, Советская геология, ҚазССР Хабаршысы. Геология сериясы, 1955, 20 шығ., 3–35-бб. (1955)
* «Орталық Қазақстанда эндогендік кендену аймақтарының кеңістікте орналасуының негізгі заңдылықтары» О методологии, фактической базе и основных выводах металлогенических прогнозных карт Центрального Казахастана, Известия АН КазССР, (Советская геология, 1957, №58, 93–109-бб.)
* «Түсті металдар кенін кешенді пайдалану бойынша Қазақстан Ғылым академиясының зерттеулері» Исследования Академии Наук Казахстана по комплексному использованию руд цветных металлов, Вестник АН КазССР, ҚазССР ҒА Хабаршысы. 1962, №12, 3–11-бб. (1962)
## Наградалары мен марапаттары
* 1940 жылы Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлағаны үшін Ленин орденімен марапатталды.
* 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
* Сол жылы «Жезқазған ауданының кен орындары» ғылыми еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды.
* 1943 жылы КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған.
* 1944 жылы «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы берілген.
* 1945 жылы тыл ресурстарын жұмылдырғаны үшін екінші Ленин орденімен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
* 1957 жылы Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге жұмылдыру үшін үшінші Ленин орденімен марапатталған.
* 1958 жылы Қаныш Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар тобы Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық болжамдық карталарын құру және әдістемені әзірлеуі үшін Ленин сыйлығына ие болған.
* 1963 жылы Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төртінші Ленин орденімен марапатталған.
## Отбасы
Қаныш Сәтбаевтың әкесі - Имантай Сәтпаев, ауыл биі болған. Ол өмірінің ширек ғасырынан астам уақыт Нұрым деген әйелімен бірге өткізген. Осы некеден бір қызы дүниеге келіп, бала кезінде қайтыс болған. Әкесінің екінші әйелі - Әлима. Бұл некеден үш бала дүниеге келген: қызы Қазиза және екі ұлы, Бөкеш (Ғазиз) мен Қаныш.Қаныш Сәтбаев өзі бірнеше рет үйленген:
* Бірінші некеден екі қызы: Ханифа (дәрігер және физиолог, 1921—2016), Шәмшиябану және ұлы Майлыбай (Мәлеш, 1924—1940) дүниеге келген. Майлыбай 16 жасында қайтыс болған.
* Екінші әйелі Таисия Алексеевнадан (қыз кезіндегі тегі Кошкина) қыздары Мейіз, Мириам және бала кезінде қайтыс болған ұлы дүниеге келген.
* Азаматтық некеден Камила Досовна Утегеновамен қызы Джамиля туған.
## Тарихи мұра
### Қаныш Сәтбаев есімі берілген нысандар
Академик Қаныш Сәтбаевтың есімі Қазақстанның ғылыми және өндірістік әлемінде кеңінен танымал және құрметтеледі. Оның аты бірқатар білім беру мекемелеріне, кен-металлургия комбинаттарына, сондай-ақ Қазақстанның қалаларындағы көшелерге, мектептерге және аграрлық шаруашылық объектілеріне берілген. Қаныш Сәтбаевтың ғылыми және өндірістік жетістіктері елдің экономикасы мен білім беру саласын дамытудағы маңызды үлесін айқын көрсетеді. Сонымен қатар, Алатау жотасының биік шыңы мен мұздағы, сондай-ақ Қаратау жотасында орналасқан ванадий кенінің рудасынан табылған жаңа минерал – сәтбаевит Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады. Бұл ғалымның Қазақстанның геологиялық зерттеулеріне қосқан зор үлесін мәңгілікке есте сақтауға арналған.
Қаныш Сәтбаевқа арналған бірнеше мұражайлар оның ғылыми және қоғамдық қызметіне, сондай-ақ жеке өміріне арналған экспозицияларымен келушілерге ғалымның мұрасын таныстырады. Бұл мұражайлар Қазақстанның мәдени және ғылыми өміріндегі Қаныш Сәтбаевтың орнын көрсете отырып, келешек ұрпаққа ғылымға деген құштарлықты және елінің дамуына үлес қосудың маңыздылығын насихаттайды.
* Қазақстан Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институты
* Сәтбаев ғаламшары
* Сәтбаев қаласы
* Сәтбаев көшесі (Алматы)
* Сәтбаев көшесі (Астана)
* Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы (Павлодар)
* Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
* Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
* Сәтбаевтың мұздығы
* «Сәтбаевит» минералы
* «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі
### Ескерткіштер
* 1999 жылы ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай Сәтбаев ескерткіші Алматыда қойылды.
* 2011 жылы енді бір ескерткіш Қарағандының вокзал алдындағы алаңына орнатылды.
* 2017 жылы академиктің мүсіні Степногорскте салтанатты түрде ашылды.
* 2021 жылы Сәтбаевқа ескерткіш Астанада өзі аттас көшенің бойында қойылды.
### Сәтбаевтану
* Медеу Сәрсеке. ЖЗЛ. Сәтпаев. Мәскеу, Молодая гвардия, 2003 жыл, ISBN 5-235-02625-X
* "Қаныш" энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясының" редакциясы, 2011 жыл.
* Артюхова О.А. Валукинский Николай Васильевич // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 80–87 беттер.
* АКК – Қазақстанның археологиялық картасы. Алматы: ҚазКСР Ғылым академиясының баспасы, 1960. 450 бет.
* Батырбеков Г.О. Академик Сәтбаев және оның замандастары. Алматы: «Рауан», 1999. 176 бет.
* Бейсенов А.З., Жұмабекова Г.С., Базарбаева Г.А. Ел орталығындағы ежелгі мұраларды зерттеу жолы: Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы археологиялық экспедициясының құрылу тарихы // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 11–64 беттер.
* Григорьев А.П., Телицина Н.Н., Фролова О.Б. Әмір Темірдің 1391 жылғы жазуы // Азия және Африка елдерінің тарихының тарихнамасы және деректануы. 2004. Шығарылым 21. 3–24 беттер.
* Крамаровский М.Г. Әмір Темірдің тасы // Алтын Орда. Тарих және мәдениет. Санкт-Петербург: «Славия», 2005. 167–170 беттер.
* Қызласов И.Л. Археолог Леонид Романович Қызласов. Өмірбаяндық очерк // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 108–118 беттер.
* Лозовский И.Т., Сипайлов Г.А. Қаныш Сәтбаевтың Томскідегі студенттік жылдары. Томск: ТПУ баспасы, 1999. 135 бет.
* Марғұлан А.Х. Сарысу мен Ұлытау өзендерінің ескерткіштерін зерттеу // ҚазКСР Ғылым академиясының хабаршысы. 1948. No 2 (35). 53–60 беттер.
* Марғұлан А.Х., Әкішев К.А., Қадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті. Алматы: «Ғылым», 1966. 435 бет.
* Могильницкий В.Б. Сәтбаев жерінде. Қарағанды: Полиграфия, 1992. 157 бет.
* Потанин Г.Н. Идыге туралы қазақ жырынан үзінділер (Ч. Валихановтың жазбаларынан) // Валиханов Ч.Ч. Шығармалар толық жинағы, 5 томдық. Алматы: Қазақ кеңестік энциклопедиясының бас редакциясы, 1985. Т. 5. 296–299 беттер.
* Рогожинский А.Е. Бетпақдала шетіндегі Тамғалытас тасының белгілері мен жазулары // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 2. 297–307 беттер.
* Боранбаев С. Ұлы мұра // Индустриальная Караганда. 06.04.1999.
* Сарсеке М. Феномен. Астана: «Фолиант», 2018. 960 бет.
* Сәтбаев Қ.И. Ежелгі Жезқазған // Қазақстан правдасы. 1936. No 148.
* Сәтбаев Қ.И. Қазақстан мыс қоры // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 3. 155–162 беттер.
* Сәтбаев Қ.И. Қарағанды бассейнінің түсті және қара металлургиясының дамуы // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 3. 115–154 беттер.
* Сәтбаев Қ.И. Жезқазған өңірінің тарихи-археологиялық деректері // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 5. 44–52 беттер.
* Сәтбаев Қ.И. Жезқазған ауданындағы ежелгі ескерткіштер // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 5. 69–75 беттер.
* Сәтбаева Ш.К. Ошақтың жарығы. Алматы: Қазақстан баспасы, 1999. 184 бет.
* Усманова Э.Р., Жұмашев Р.М., Жұмабеков Ж.А., Антонов М.А., Қасбаров А.Р. Алтыншоқы төбесінің жұмбағы: Әмір Темірдің 1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорығының бір эпизоды туралы // Тарих, әдебиет, өнер журналы. Ресей Ғылым академиясы. 2018. Т. 13. 7–24 беттер.
## Сілтемелер
* Қаныш Сәтбаев. «Қазақтың Қанышы». «Тарих. Тағдыр. Тұлға» YouTube сайтында
* Е.Қ. Бейсембетов. Қазақстанның дамуында ұлы ғалымның рөлі
* "Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?
* Қаныш Сәтбаев туралы 15 қызықты факт
## Дереккөздер |
Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлы (1905, қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарабұлақ селосы — 1989, Алматы) — көрнекті педагог, педагогика ғылымы докторы (1966), профессор (1967), КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі (1967),Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 1931 ж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітіргеннен кейін Қазақ ауыл шаруашылық институтында ассистент, химия кафедрасының меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1940 ж. директоры, 1941 — 55 ж. Қазақ КСР-ының Оқу министрі, 1955 — 63 ж. Қазақ мемл. ун-тінде проректор, педагогика кафедрасының меңгерушісі, 1963 — 74 ж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. 80-нен астам ғылыми еңбегі бар. Ленин ордені (1945), “Құрмет белгісі” (1960), Еңбек Қызыл Ту ордендерімен (1971) марапатталған.Шығ.: Қазақ совет мектебінің тарихы жөніндегі очеркі, А., 1958; Қазақ совет мектебінің тарихы, А., 1967.С. Қалиев |
Дәурен Хамитұлы Сембаев (3.10.1933, Алматы — 4.12.2015, Алматы) — ғалым, химик-органик, химия ғылымдарының докторы (1982), профессор (1986). Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).
Әкесі - Әбдіхамит Ібінияұлы Сембаев, Қазақ КСР Оқу министрі болған. Інісі - Дәулет Хамитұлы Сембаев, банкир. Қарындастары - Сәуле Әбдіхамитқызы Бәйішева, профессор және Рауза Әбдіхамитқызы Сембаева.
Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технология институтын бітірген (1956). 1956 жылдан А.Б. Бектұров атынд. Химия ғылымдары институтында ғыл. қызметте.
Негізгі ғыл. еңбектері органик. қосылыстардың арасындағы өзара құрылымдық байланыстардың ерекшеліктерін, олардың оксидті катализатор қатысында катализдік тотығу және тотықтыру аммонолизін анықтау, органик. заттардағы әр түрлі орталықтардың реакцияға қабілеттілігі мен олардың катализдік реакцияларға қатысу мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. С. зертханасында ванадий-титанды катализаторлар жасалып, өндіріске енгізілді. Осы катализаторлар негізінде никотин қышқылын шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс құрылды (Украина, Умань қ.).
230-дан астам ғыл. еңбектің, 30 авторлық куәлік, 55 патенттің авторы. С. бірнеше медальмен марапатталған.
Шығ.: О связи между фазовым составом и каталитическим действием окисных ванадиево-титановых контактов в реакций профазного окисления о-ксилола, Кинетика и катализ. 1979, т. 20 (соавт.); Катализаторы органического синтеза, А., 1992 (соавт.). |
Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы — сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау жұмыстарымен айналысатын және Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аумақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізетін ғылыми мекеме.
## Тарихы
Республикалық сейсмологиялық бақылау жүйесі Қазақстанда өзінің дамуын КСРО Ғылым академиясының Жер физикасы институты негізінде құрылған бірнеше сейсмикалық станциялармен бастаған еді. Бұл 1929 жылы ашылған «Алма-Ата» станциясы, 1932 жылы құрылған «Шымкент» станциясы, 1950-1951 жылдары құрылған «Іле», «Курменты», «Шелек», «Фабричный» станциялары және соңғы 1961 жылы құрылған «Қызыл-Ағаш» станциясы еді.
1976 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Сейсмология институты (ары қарай (СИ) құрылды. Бұл уақытқа дейін Қазақстан территориясында 12 сейсмикалық станциялар жұмыс жасап келген еді.СИ ұйымдастырғаннан бастап бақылау жүйесі дами бастады. Станциялар саны көбейіп, бақылау параметрлері саны кеңейді. Сейсмикалық бақылаулардан басқа геомагниттік, гравиметриялық, геодезиялық, электротеллурлық бақылаулар жүргізіле бастады.
1979 жылы барлық бақылау жүйесі СИ құрамындағы Тәжірибе-әдістемелік партиясына біріктірілді. Тәжірибе-әдістемелік партиясымен болжау полигонын дамыту жұмыстары жүргізілді. 1979 - 1980 жылдары 9 әртүрлі станциялар, оның ішінде 7 гидрогеологиялық станциялар ашылды. Қазақ КСР 1981 жылға экономикалық және әлеуметтік дамуның мемлекеттік жоспары мен қайта құрылған мекемелер тізіміне сәйкес Қазақ КСР Ғылым академиясы Президиумының 1981 жылдың 8 қаңтарындағы № 10 қаулысына қабылданып 1981 жылы «Қаз КСР ҒА Сейсмология институтының Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» (Қаз КСР ҒА СИ СТӘЭ) құрылды. 2000 жылы Қаз КСР ҒА СИ СТӘЭ «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі болып құрылды. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің құрылуына байланысты «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ Ғылым комитетіне берілді де, «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді («ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ).
«СТӘЭ» ММ-сі 2013 жылы «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» АҚ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-і болып қайта құрылды.
2022 жылы "Сейсмология институты" және "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" ЖШС біріктіріліп, "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС құрылды.
## Сипаттама
Сейсмикалық қатерді бағалаудың өзекті мәселелерін шешу және сейсмикалық қауіпті Солтүстік Тянь-Шань аумағындағы жер сілкіністерін болжаудың әдістемелік негіздерін жетілдіру мақсатында 1976 жылы Геология ғылымдар институты мен Математика және механика институтының бірқатар лабораториялары негізінде Сейсмология институты ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта институт құрамында сейсмологияның негізгі мәселелері бойынша іргелі зерттеулер жүргізетін 6 ғылыми лаборатория (жер сілкіністерін болжау; Жер қыртысының физикасы; Жер қыртысының серпімділік процестері; Жер қыртысының флюидтік режимдері; сейсмобиология; жер сілкіністерінен келетін зиянды болжау) және физмкалық процестер мен табиғат құбылыстарының мониторингін жүзеге асыратын сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік экспедиция жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: Қазақстанның сейсмикалығы мен сейсмикалық қауіпсіздігінің ғылыми бағыты шеңберінде сейсмикалық процестер теориясын жетілдіру мен жер сілкіністерін болжау әдістерін дамыту, республиканың сейсмикалық қауіпті аудандарының аумағында сейсмикалық белсенділікті болжайтын тиімді мониторинг жүйесін құру, жер сілкінісінің әлеуметтік-экономикалық зардаптарын болжау мен төмендетудің сандық әдістерін зерттеу. Институтта телесейсмикалық (Алматы, Бурабай, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Семей), аймақтық (25 сейсмик. ст.) және жергілікті тораптарды қамтитын аспапты бақылау жүйесі құрылған. Соңғысына геофизикалық (20 бекет), гидродинамикалық және гидрохимиялық (12 бекет) бақылау бекеттері; Жер қыртысының қазіргі заманғы қозғалысын геодезияның жер үсті және ғарыштық әдістерімен бақылау бекеттері мен қималары (90 бекет), сондай-ақ биостационарлар (5 бекет) енеді. Алматы аумағында қазіргі заманғы 15 сандық инженерлік-сейсмометриялық станциялардан тұратын торап құрылып, жұмыс жасады. Автоматты режимде мониторинг материалдарын жинап, өңдейтін, жер сілкіністерін болжаудың бағдарламалық әдістерін игеру мен бейімдеу жұмыстарын атқаратын Талдау және болжау орталығы құрылды. Келіп түсетін ақпаратты өңдеудің бүкіл технологиялық циклін қамтитын жергілікті компьютер желісі жұмыс істейді.
* Институт қызмет еткен жылдарда Қазақстанның сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету теориясының ғыл. негіздері жасалып, жер сілкіністерінің Қазақстанның қазіргі заманғы тау түзілістерінде шоғырлану жағдайларын зерттейтін сейсмикалық-тектоникалық бағыт қалыптасты;
* Қазақстан аумағының жер қыртысындағы жер сілкінісін туындатушы аймақтарының (ең қауіптілері Солт. Тянь-Шань, Жоңғар, Тарбағатай, Алтайда орналасқан) картасы құрастырылды; </il>
* жер сілкіністері ошақтарының қалыптасу ортасы – тектоносфераның терең құрылымын кешенді геофизикалық зерттеу бағыты дамыды;
* Жер қыртысы құрылымдары мен жоғарғы мантияның кернеулі-деформацияланған күйін сандық жағынан сипаттау әдістері жасалды;
* Тянь-Шаньның сейсмикалық-тектоникалық жағдайларына қатысты күшті жер сілкіністерінің алдындағы физ. өрістер мен әр түрлі табиғат құбылыстары параметрлерінің болжамдық, ақпараттық қасиеттері зерттелді; әр түрлі параметрлер мен сейсмикалық арасындағы корреляциялық байланыстар анықталды;
* күтілген жер сілкінісінің қарқынына байланысты әр түрлі ғимараттар мен инж. байланыс тораптарының зақымдану дәрежесін болжауға, сондай-ақ экон. және адамдар шығынын шамамен болжауға мүмкіндік беретін, жер сілкіністерінің зардаптарын болжауға арналған мақсатты-бағдарламалық кешен құрылды, т.б.
Институт бақылау деректерін салыстыру және жетекші мамандар алмасу түрінде Жапония, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанмен ауқымды халықаралық байланыс орнатқан.
## Дереккөздер |
Семей Асбест-Цемент Бұйымдары Зауыты — құрылыс материалдары өнеркәсібі орны. 1961 ж. іске қосылған. Жобалық қуаты 198 миллион шартты тақта, нақты өндірістік қуаты 225 миллион шартты тақтаға жетеді. 1996 жылдың аяғынан ЖШС. Шифер цехында 6 түрлі ирек және жазық шифер тақтасын шығаратын желі жұмыс істейді. 2002 ж. маусымнан төбелік құм-цемент тақтасы мен сыртқы өңдеу тақтасын шығаратын желі іске қосылды. Ол бір ауысымда төрт түрлі-түсті 4 мың тақта шығарады. Кәсіпорын өнімдерін республиканың, Ресейдің, Орталық Азия мемлекеттерінің құрылыс ұйымдары пайдаланады. Зауытта 300-дей адам еңбек етеді. |
Семей Жылу-Электр Орталықтары — қала кәсіпорындары мен тұрғындарын жылумен және электрмен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындар. 1931 жылдан жұмыс істей бастаған. 1934 ж. ТЭЦ-1, 1960 — 80 ж. ТЭЦ-2, аумақтық 1 жылу қазандығы, Шульба жылу орт. салынды. Жылу-электр кәсіпорындары “Облыстық жылу-электр коммуналдық өндірістік бірлестігінің”, 1965 жылдан “Алтайэнерго” өндірістік бірлестігінің құрамында болды. 1995 — 96 ж. “Семей Жылу-Электр Орталықтары” ААҚ болып қайта құрылды. 1997 ж. орталықтар “АЕS Кантри Пауэр Лимитед” компаниясының құрамына өтуіне байланысты “АЕS Семей жылу орталығы” деп аталды. 2003 ж. тамызда оның орнына “Теплокоммунэнерго” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды. Оның құрамында 2 жылу-электр орт., қуаты 10 Гкалдан асатын 6 жылу қазандығы, Ертістің жағалауын жылытатын 39 кіші қазандықтар жұмыс істейді. Жылу-электр орт-тары сағатына 1028 Гкал жылу, 18 МВт электр өндіреді. Кәсіпорында 1588 адам еңбек етеді. |
Семей Жүн Өңдеу Фабрикасы — байырғы жеңіл өнеркәсіп орны. 1935 ж. құрылған. 1997 ж. шілдеден “Сенім LTD” ЖШС болып құрылды. 2000 ж. “Семтекс” ЖШС деп аталды. 2001 ж. осы кәсіпорынның негізінде “КазРуно” ғылыми-өндірістік қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың құрамына қой өсіру, ғылыми-зерттеу технологиялық институттары, 350 ауыл шаруашылық қожалығы кіреді. 2004 жылдан АҚ. Жылына 15 — 20 мың тонна жүн жуып, 700 тонна топс шығарады. |
Семей машина жасау зауыты — машина жасау кәсіпорны. 1969 жылдан Ресейдегі Рубцовск машина жасау зауытының дербес бөлімшесі ретінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның негізінде 1988 жылдың қаңтарында құрылған. 1993 жылдан акционерлік қоғам. 2003 жылдың наурыз айынан “Қазақстан инжиниринг” ҰАҚ-ның құрамында.
Кәсіпорын қарлы, батпақты жерде жүретін көлік, шынжыр табанды тартқыш шығарады, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін дайындайды. Өнімінің негізгі түрлері: ГТ-Т және жетілдірілген ТТ-ТА, ТТ-ТВ транспортер-тартқыштар, ер-тоқымды ГТ-ТФ. З-тта 260-тан астам адам еңбек етеді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* https://ke.kz/ |
Семей көтерілісі — 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі. Көтеріліс Семей облысына қарасты Павлодар, Қарқаралы, Семей, Өскемен, Зайсан уездерінің көптеген болыстарын қамтыды. Семей көтерілісі Қазақстанның басқа аймақтарындағы сияқты патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық күрес сипатын алды. Патша өкіметінің Семей облысындағы жергілікті әкімшілігінің мәліметтері бойынша 1916 ж. шілде — тамыз айларында көтерілісшілердің саны Семей уезінде 7 мыңға, Зайсан уезінде 4 — 5 мыңға, Павлодар уезінде 5 — 6 мыңға жетіп, Өскемен уезінде 3 мыңнан асқан. 25 шілдеде Семей уезінің бірнеше мың көтерілісшілері жазалаушы казак-орыс отрядымен болған соғыстан кейін Бақпақтыкөл ауданына шегінді. Көп ұзамай ондағы көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. 31 шілдеде Өскемен уезінің Тайыпты болысының 3 мыңдай көтерілісшісі жүзбасы Воробьевтің жазалаушы отрядымен соғысып, 60 көтерілісші оққа ұшты. Бір орт-тан басқарылмаған және бір-бірімен тығыз байланысы болмаған Семей облысындағы көтеріліс ошақтары қазан айында басылды. Жетісу мен Торғай облыстарындағыдай ұйымдасқан сипат алмағанымен Семей көтерілісі Семей өңірдегі қазақтардың ұлттық сана-сезіміне сілкініс әкелген аса зор саяси-әлеуметтік оқиға болды.
## Дереккөздер |
Семей облысы (орыс. Семипалатинская область) — 1854–1920 жылдары Ресей империясының құрамында болған әкімшілік аумақ. Әкімшілік орталығы — Семей қаласы.
## Тарихы
Облыс алғаш 1854 жылдың 19 мамырында құрылды. 1882 жылдың 18 мамыры мен 1917 жылдың 4 наурызы аралығында Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. 1920 жылы тамызда Қырғыз АСКР-нің құрамына енді.
1920 жылы 11 желтоқсанда Семей губерниясы болып өзгертіліп түзілді. 1939 жылы Кеңес өкіметі кезінде Семей облысы болып, Қазақ КСР-інің әкімшілік бөлігінің бірі ретінде қайта құрылды.
## Әкімшілік бөлінуі
Облысқа 5 округ: Ішкі, Аякөз, Көкпекті, Қапал және Алатау қарады. Әр округқа 5 — 20 болыс қарады. Әр болыс 10 — 12 ауылдан тұрды. Әр ауылда 50 — 70 түтін болды. 1870 жылы жаңа әкімшілік бөлініске байланысты Семей облысы 4 округтан (Семей, Қарқаралы, Көкпекті, Павлодар) құрылды. XX ғасырдың басында облысқа 5 уезд кірді:
## Халқы
Семей облысын қазақтардан басқа Ресейден қоныс аударған казак-орыстар да мекендеді. Олардың қоныстары бірте-бірте өнеркәсіп пен сауда орталығына айнала бастады. 1870 жылғы есеп бойынша Семей облысында 510163 адам тұрды. 1893 жылғы жалпы санақ бойынша облыста 684500 тұрғын болды. Олар негізінен Орта жүздің әр түрлі тайпалары мен руларының өкілдері еді (қ. Семей уезі, Қарқаралы уезі). 1897 жылғы облыстың ұлттық құрамы:
## Облыстың жетекшілері
### Әскери губернаторлар
### Облыстық үкіметтің төрағалары мен әскери губернатордың жолдастары
### Вице-губернаторлар
## Бейнелемесі
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
СЕМЕЙ ТАҢЫ — аймақтық газет. Бұрынғы Семей облысы қалалық партия комитеттері мен облысы кеңесінің органы. Тарихы 1917 жылғы Алаш партиясының "Сарыарқа" газетінен басталады. Әр жылдары уақыт талабына сәйкес аты өзгеріп отырды. 1919 — 28 ж. “Қазақ тілі”, 1928 — 30 ж. қарашаға дейін “Жаңа ауыл”, 1930 — 32 ж. “Қызыл дала”, 1932 — 35 ж. “Социалды Шығыс” деп аталды. Одан кейін газет “Екпінді”, “Семей правдасы”, “Ертіс” болып өзгерді. 1966 жылдан “Семей таңы” деген атпен аптасына екі рет шығып тұрады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1969). ҚР Президенті сыйлығының лауреаты. |
Семей уезі — Ресей империясы, Ресей Республикасы, РКФСР құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Әр түрлі уақытта Колыван наместниктігі, Тобыл губерниясы, Семей облысына кірді.
## Тарихы
Қала Екатерина II-нің 1782 жылғы 20 (31) қазандағы «Колыван облысында қалалар құру туралы» жеке жарлығымен құрылды.Уезд орталығы – Семей бекінісі (қазіргі Қазақстанның Семей қаласы).1796 жылы 12 (23) желтоқсанда Коливан наместниктік таратылғаннан кейін Семей уезі Тобыл губерниясының құрамына кірді.1804 жылы Семей бекінісі қала мәртебесінен айырылып, Томбы губерниясының құрамына кірді, уезд таратылды.1822 жылы Омбы облысының құрылуымен Семей округі құрылып, он алты жылдан кейін - 1838 жылы таратылды (Семей сол уақытта Томбы губерниясының Бийск уезіне жатқызылды).1854 жылы Семей уезі Батыс Сібір генерал-губернаторлығының Семей облысы құрамында (1882 жылға дейін), 1882-1917 жылдары Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығы Семей облысының құрамында қалпына келтірілді.1921 жылға қарай Семей уезі 49 болыстан тұрды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің 1923 жылғы 5 шілдедегі қаулысына сәйкес жүзеге асырылған болыстарды ірілендіруден кейін, уезде олардың саны 16 жетті.Семей уезі 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР ОАК жарлығымен, автономияның әкімшілік-аумақтық бөлінісін реформалау барысында таратылды, онда губерниялар, уездер мен болыстар аудандар мен округтермен алмастырылды.
## Географиялық жағдайы
Семей уезі Семей облысының шығыс бөлігін, Павлодар мен Өскемен уездерінің арасын алып жатты.Уездің көп бөлігін дала алып жатты (бір бөлігі - қара жер, бір бөлігі - сазды-сортаң). Уездің оңтүстік-батыс бөлігінде Шыңғыстау, Арқат және Баянауыл тауларының аласа сілемдері болды.
## Тұрғындары
Арғындар - қазақ халқының 32 % (тобықты).
## Әкімшілік-аумақтық бөлініс
### 1917 жылға дейін
* 1-шаруа телімі - Александровская шаруа болысы, Сейтен, Малыбай, Бесқарағай, Аққұм, Беген, Балағаш қазақ болыстары;
* 2-ші шаруа телімі - Карповская шаруа болысы, Аршалы, Делбегетей, Қоқан, Семізтау, Айғыржал, Кеңтүбек қазақ болыстары;
* 3-шаруа телімі - Қызылмол, Қандығатай, Енрікей, Мұқыр, Қызыладыр, Шыңғыс, Бұғылы, Шаған қазақ болыстары.
## Экономика және шаруашылық қызмет
Халықтың негізгі қызметі егін шаруашылығы болды. Қара бидай, жаздық бидай, сұлы, арпа себілді, картоп отырғызылды. Олар темекі, зығыр, қарасора, күнбағыс дәндерін, қарбыз бен қауынды жинап, шөп дайындалды.Отырықшы және көшпелі халықта мал шаруашылығы дамыған: ірі қара, ешкі, қой, шошқа, түйе және жылқы.Халық ара шаруашылығы, аңшылық және балық аулаумен де айналысқан (қызыл және ақ балық, уылдырық, балық майы).
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Ресей империясының 1897 жылғы алғашқы жалпы халықтық санағы (Финляндиядан басқа) (орыс.). Демоскоп Weekly. Тексерілді, 3 мамыр 2017. |
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті — Семей қаласында орналасқан жоғарғы оқу орны. 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-малдәрігерлік, технологиялық инститтутардың бірігуінен құрылды. Қазақтың ойшыл-ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының аты берілген.
## Университет тарихы
Шәкәрім университеті 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік, технологиялық университтерін біріктіру нәтижесінде құрылды. Бүгінгі таңда университет жоғарыда аталған бойынша ұзақ және бай тарихын дәріптеуде.
Семей педагогикалық институты еліміздің ең көне білім ордаларының бірі болып есептеледі. Іргетасы 1934 жылы қаланған. Ал Семейлік зоотехникалық институты 1952 жылы ашылса, Семей технологиялық институтының тарихы 1963 жылдан бастау алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 13 қарашадағы және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылғы 1 ақпандағы № 304 бұйрығымен үш жоғары оқу орнының (педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік және технологиялық) бірігуі негізінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті құрылған.
1999 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1436 қаулысымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті деп атауын өзгертті.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 14 ақпандағы № 129 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы қаулысы негізінде ЖОО құрамына бұрынғы Мемлекеттік қаржы институты кірді.
2004 жылдың ақпан айында Семей мемлекеттік педагогикалық институты жеке ЖОО ретінде бөлінген еді. Алайда 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Семей мемлекеттік педагогикалық институты біріктіріліп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті болып құрылды.
Шәкәрім Университеті кең сұранысқа ие әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары, бизнес және құқық бойынша көп деңгейлі мамандарды дайындайды. Мамандықтар салаларында қырықтан артық бакалавриат, бірнеше жоғары арнайы білім беру, отызға жуық магистратура мамандықтары, бес мамандықтардар бойынша докторанттарды дайындайды.
Университет Ресей, Германия, Беларусь Республикасы, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай, Венгрия, Түркия, Польша, Словения, Балтық жағалауы, Украина, Қырғызстан елдерінің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Университет оқытушылары мен студенттер АҚШ-та, Венгрия, Польша, Түркия, Чехия, Оңтүстік Корея елдерінде білім алуда.
Университеттің белсенді студенттері өз шығармашылық қабілеттерін “Конгресс”, “Парасат”, дебат клубтарында, “Enactus”,Қазақстан студенттер альянсында, сән студиясында және басқа да жастар ұйымдарында жүзеге асыра алады.
## Факультеттер
* Филология факультеті
* Ветеринария және агроменеджмент факультеті
* Жаратылыстану-математика факультеті
* Инженерлік-технологиялық факультеті
* Гуманитарлық-экономика факультеті
## Дереккөздер |
Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин (15 қазан 1894, Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы – 25 ақпан 1938, Алматы) — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушысы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920–1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қуандық руының Есентемір бөлімінен.
### Білім алуы
1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үш сыныптық қалалық училищесінде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған.
«Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді.
1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болады. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.
1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды.
1916 жылдан 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады.
1917 жылы 9 наурызда ол Ақмолаға көшіп келіп, онда Ақпан төңкерісі туралы «Біз асығыс жиналдық» атты өлең жазған.
1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен "Тіршілік" газетін шығаруға қатысады.
Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.
### Азаматтық соғыс
Ақмола 4 маусымдағы 1918 жылы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң Сейфуллин тұтқындалып, 1919 жылы 5 қаңтарда Петропавл түрмесіне жіберілген болатын. Ол 47 күн бойы (24 қаңтар - 12 наурыз), атаман Анненковтың «өлім пойызынан» өтті. Омбыда, ол Колчак түрмесінен қашып (3 сәуір), шілдеде туған ауылына жетті. Екі айдан кейін, С.Сейфуллин Әулие-атаға қашуға мәжбүр болды.
## Азамат соғысынан кейін
Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды.
1937 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 25 ақпанда Алматы КСРО ІІХК-ының (орыс. НКВД) қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болғаннан кейін 1957 жылы ақталған.
## Марапаттаулары
* Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).
## Естелік
* С. Сейфуллин есімі Қарағанды облысында кентке, Қарағанды қаласында драма театрына, Астанада Қазақ агротехникалық университетіне берілген.
* Омбы облысының көшелері, Астана және Алматы басты көшелерінің біріне Сәкеннің есімі берілген.
* 2005 жылы Сейфуллин арналған Қазақстан маркасын шығарылды.
## Сәкен және Абай
20 ғасырдағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар:
«Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол,Бастаушы адасқанға болғандай жол,Өзге сөздің патшасы - сенің сөзің,Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол...»
- деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.
«Сөзіңді үлгі қылды білген адам,Түсінбес оқыса да бітеу надан,Наданға құр қу ағаш құрған тезің,Көткеншек алға қарай баспас қадам...»
- деген әлеуметтік ойларды ұлы ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын «Бірлік» қоғамына басшылық жасап жүргенде өзі мықтап түсінді. Сондықтан «Кім басшы - аға халыққа», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» деген өлеңдерін жазып, ел қамын ойлау адастырмас арман жолы екенін ұқты. Сол тұста жас ақынды қолтығынан демеп, алға бастырып жіберген Абайдың азаматтық әуені болатын, «Сөз патшасынан» қоғамдық мән-мағына тауып, өз пікірін сабақтауға бел буды.
«Сөзіңнің жылдан-жылға қадірі артты,Оқуға құмар қылды талай жасты,Құмар болған кеудесі - сәулелі ар,Айтпаймын ауылдағы шыбай масты...»
-деуінің сыры да түсінікті. «Сәулелі ары» барлар ғана Абайға серік болмақ.
«Саналы көзі ашыққа сөзің алтын,Санасызға - жел сөз - соққан салқын,Ойында санасыздың еш нәрсе жоқ,
Ілгері бассын деген қазақ халқын...» - деген қомақты пікірді түйіндегенде Сәкеннің Абайды қалай түсінгені өзінен-өзі айқындала бермек.
Абайдың 1909 жылы өлеңдер жинағы шығып, қазақ сахарасына кең таралғанда көңіл көзі ашықтар, әсіресе ақындар мен оқушы шәкірттер дүр сілкінген болатын. Абай ақындығына тәнті болып, өлең арнағандар некен-саяқ. Абайды әдебиетіміздің атқан ақ таңы, жаңа беті, үлгі-өнегенің асыл арнасы деп танығандар ете көп болды. Абайдың өз төңірегіндегілер ғана емес, алып ақындықтың қуатты күшін алыстан сезіп-білгендер де қосылып жатты. Сол қалың дүрмектің арасынан Мағжан «Хакім Абайға» өлең арнап, жарқ етіп көрінді.
«Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,Өлтіріп талай жанды жүгін артар,Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар»,
- деп шын өнердің мәңгілік екенін, оны дүниеге әкелген дарынның әрқашан қадір-құрметке бөленерін ізбасар ақын мықтап ұғынды. Абай ақындығына ден қойып, одан медет тілегендер көбіне халық қамы жайындағы кешелі ойлардан өріс алып, үлгі шашуға талпынды. Әрине, олардың ішінде Шәкәрімнің орны бөлек. Кенбай да Абай рухын насихаттаулардың ірісі болғаны рас. Тайыр Жомартбаевтың, қазақтың тұңғыш публицист қызы Нәзипа Құлжанованың Абайға арнаған өлеңдері мен сүбелі ойлары Қазақ газетінде жарияланды «Уақ» деген бүркеншік атпен 1914 жылы жазған автор сол ойларды мәнді түйіндеп, күніне жүз оқысаң да жабықтырмайтын, бір ойынан бір пікірі асып түсетін жыр маржанын айта келіп:
«Сөзі рас, сөзі таза, сөзі ақыл,Көңілге бір жері жоқ, жабыспайтын.Қазақта мұнан артық сөз шыққан жоқ,Бағалап мынау не деп пар ұстайтын...Есіл ер бұл заманда болмайды-ау деп,Қазақта қабырға жоқ қабыспайтын...»
- деуі Абайдың қоғам алдындағы беделі мен салмағын айқын танытады. Осы ойларды Сұлтанмахмұт «пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан табарлыққа ашық тұрады марқұм Абай өлеңдері» деп тұжырымдауы ақынның аузынан әлдеқалай шығып кеткен әншейінгі әдемі сөз емес еді. Абайға арналған өлеңдердің, оның ішінде Сәкен жырының қай-қайсысы болмасын, сөз маржанын қомақты ой-пікірмен әрлендіре түсіп, көркемдікті әлеуметтік менімен ажарланғанда ғана жұрт жүрегіне жол табатынын көрсетті. Және сол кезде қолына қалам алғандардың жалпақ қазақ тілімен-ақ ел- жұртқа керекті ой-пікір айтып, сана-сезіміне жеткізе алатыны, солай болуға тиіс екендігі эстетика, таным-біліктің сүбелі талабы болып қалыптасты. Осы жөнінде қазақтың қоғамдық ойының көгінде жарық жұлдыз бола білген Міржақып Дулатұлының мына мойындауының мәні зор. Қазақ зиялыларында орыс, араб, парсы сөздерін араластырып жазу машығы күшті болған тұста, яғни «1908 жылы «Оян қазақты» жазып жүргенімде, әлгі «әдеби тілдерді» неғұрлым көбірек кіргізу жағын ескерусіз қалдырмадым. Сол жылдарда Абай кітабы Һәм «Қырық мысал» шықты. «Қырық мысалды» оқығанымда өзімнен-өзім ұялдым. Өзімнің Һәм өзім секілділердің адасып жүргенін сонда байқадым» (266-6.) дегені ана тілінің қуатын сарқа пайдалану қажеттігін ұғынғандығын көрсетеді. Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салып, әдеби тілін қалыптастырды дегеннің нақты дәлелін осындай «мойындаудан көріп», бүкіл қазақ әдебиетінің ендігі беталысы таза ана тілінің байлығын игеруде екенін анық аңғарамыз. Абайды оқығандардың да, Абайдың шапағаты тиіп, ақындық сапарға шыққандардың да қазақ тілінің лексикалық қорын сарқа пайдалануға, әрі бейнелі, әрі түсінікті шығарма беруді машыққа айналдыруға ұмтылыстары ұлы Абайдың ұстаздық бейнесін танытады. Сәкен Абай үлгісімен талай шумақтар жазғаны белгілі. Әсіресе «Ғазелде» Абайдың өлең өрнегін айнытпай қолданып, ұлы ақыннан шеберлікті шыңдаудың жолын үйреніп жүргенін көрсетеді. Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегі - жарқын да ажарлы жаңашылдығы болса, Сәкеннің үлгі алғаны да, шама-шарқынша ілгері дамытқаны да осы саладан анық көрінеді. Кейбіреулер Сәкен Абайға онша құлай қоймады дегенді сылтау қылып, Абай мен Сәкен арасына "Қытай қорғанын" соғып, алшақтатып жіберуге тырысады және бұл мәселені көбіне идеялық арнада алып шықпақ болып жүргендер де жоқ емес. Қазақ өлеңінің өрнегі жағынан болсын, әуендік мақамы, әуездік ырғағы жағынан болсын реформа жасауда Абай мен Сәкеннің орындары ерекше. Екеуінің рухани табысатын ұлы арнасы да осы салада.
Абай қазақтық өңге бейімделген силлабикалық өлеңіне тониканың үлгі-өрнектерін білдірмей қосып отырды. Бұл ақын қуатының мықтылығынан, күштілігінен. Абай өлеңдерінің өрнегі мен өлшемдері былайғы жұртқа әлімсақтан бері қазақ поэзиясының төл түзілісі болып көрінеді. Өйткені Абай диірменінің құдіреті сондай - ол қандай жаңа түр-үлгісі болсын, жаңа мақам-ырғақ болсын ұнтақтап өз ыңғайына бағындырған уақытта шектен шыққан ұнның қай түрі болса да қазақ диірменінен, таным-түсінігінен шыққандай, ешбір қоспасы сезілмей тұрады. Бәрі бейтаныс болғандықтан Абай сөзі айрықша тартымды да қызықтырғыш. Оның үстіне өрнек арқылы үлкен ғибрат-мағына өріліп, дестеленіп шыққан кезде Абай жасаған жаңа дүние дәстүрлік сипатқа ие бола түседі. Қазақта бұрын бар ма еді, жоқ па еді деуге шамаң келмей, тұмылдырықталған тайлақтай Абайдың соңынан ере бересің.
Оқушысы мен тыңдаушысын ақындықтың ұлы құдіретімен құлатып, жақтас етіп алған Абай өлеңінің жаңашылдығына алғаш назар аударған адам Ахмет Байтұрсынұлы. Өзінің «Қазақтың бас ақыны» деген атақты мақаласын жазды. Абайдан басталған реформаторлық рух қазақ ақындарының ішінде Мағжанда бейнешілдік, сөз құдіретін асқақтата беру жағында айрықша көп болса, сыртқы түр арқылы, екпінді ырғақ арқылы тоникалық өлеңге іш тарту машығы Сәкенде мейлінше анық байқалады. Абай рухының Сәкенге айрықша дарыған тұсы осы. Жаңа мақам іздеген уақытта Сәкен тартынуды білмеген, осылай жасау қажет деп ұққан болатын. Бұл жолда тамаша табысқа жетіп жатқанын да көреміз, орынсыз ожарланғанда омақа аса құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең өрнегіне зорлық жасап, төсегін жыртқанын да көреміз. Сәкен жасаған өлең ернектері Абаймен деңгейлес болмағанмен, реформаторлық ниеттері мейлінше рухтас болғандығын анық аңғарамыз. Абай ағартушы-демократтық бағытқа берілгенде ескі арна арқылы барамын, жетемін деген жоқ. Сондықтан ол бұрынғы дәстүрлі машықтар мен мақамдарды, терме мен толғауларды өзгерте, іштей түлете, кейде қирата бұтарлады. Есмағамбет Ысмайылов, 3ейін Шашкин, Сәбит Мұқанов тұжырымдауынша, Абай жасаған 16 түрдің көбі осындай төңкерісшілдіктің жеңісі. Ол идеялық жағынан да, түр жағынан да бірін-бірі толықтырып, Абай кемеңгерлігін аспандата беруге жағдай жасады. Осы рух көзі келгенде, уақыты туғанда кеңес әдебиетінің бастаушысы болған Сәкенге дарыды, жұқты. Замана өзгерісі, қиын өткелдер жыл жылмағай болып оп-оңай өте салмайды. Ол ойға да ниетке де, өлеңге де өзінің табын салып, өз өрнегіне талай жаңалықтар әкеледі. Осы процесс Секен шығармаларында алабөтен болғандықтан, ол да ұлы жаңашыл болып есептеледі. Абаймен рухтас еткен өлең өрнегіне келсек, онда Сәкеннің атақты «Советстанының» түрін алдымен ауызға алу қажет. Өйткені ол - Сәкеннің ілгерінді-кейінді ізденістерінің қорытындысы, қазақ поэзиясындағы жаңашылдықтың үлгісі. Талай ғасырдан бері әдебиетіміздің қайнар бұлағы, өркендер арнасы болып келген поэма жаңа дәуірде соны сипат ала бастады. Көбіне сюжетсіз жырланатын өмір шындығы, дидактикалық әуен Абайдан кейінгі көркемдік даму барысында уақыт дүмпуімен эпикалық көлемге қол созды. Осының нәтижесінде кәсіпқой поэзияның бейне жасау бағыты өрістей түсті. Әрқилы көркемдік тәсілдер тоғыса келіп, Сәкен Сайфуллин өлеңдерінде өмір шындығы өршіл романтика арқылы жарқырай көрінді.
Көкіректі кернеп, кең даланы күңірентіп, қатты айғайлап ән салдым. Әніме қосылды кең дала, аққулы, қазды шалқар көл, қамысты, құрақты көк өзен, - қосылды бері шуласып, қосылды бәрі шаттанып» деген асқақ романтика жаңа өмірдің айбынды асаулығын аңғартқандай. Сондықтан Асау тұлпар образды төңкерістің аумалы-төкпелі заманын бейнелеуге сай болды. Бұл бораздада біріне-бірі сабақтасып, іштей қабысып жатқан екі жай бар. Бірі - тұлпар, қазақ әдебиетінде ерекше қастерленген бейне. Демек, оның дәстүрлік сипаты қалың. Сәкен Асау тұлпарды бейнелегенде қазақ халқының таным білігінен алыстамай, дәстүрді пайдалану арқылы және өмірге ұмтылғандарға әсер ету мақсатын кездеді. Сондықтан да халық Асау тұлпарды жатсынбай қабылдады. Екіншіден, Сәкен баяндауында тұлпардың тек сыртқы түрі ғана сақталып, ішкі мазмұны, көздеген мақсаты, мінез-құлығы, іс-әрекеті мүлде жаңаша суреттелді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясына Сәкен сіңіре бастаған жаңалық, жаңашылдық әуелінде ескі дәстүрге сыйымды болып, соның бесігінде ержетіп, заманға лайық жаңа түр екенін анық аңғартты. Соның нәтижесінде Асау тұлпар жаңа өмірдің апалаң-топалаңы мен ізденісіне сай табылған романтикалық астары қалың бейне болды.
Сәкен 20-жылдардың орта шенінде дәуір ыңғайына қарай Қара айғырға - отарбаға көше бастады. Қазақ поэзиясының дәстүрлі 11, 7 және аралас буынды өлеңдері ұлы Абайдан кейін құбыла молаюы Сәкен тұсында мейлінше күшейе түсті. Өйткені қазақтың ақындық аспанында Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов сынды сәйгүліктердің бәсеке жарысы айқын естіліп жатуы және жаңа заманның дауылы, толқын-ырғағы өлең өрнегіне жаңалық әкелді. Жаңалықты формалистік жаттығуларға айналдырмай, кезең идеяларын, мақсат-мұраттарын нанымды жырлаудың амалы етті. Жаңа өлшем жаңа түрді қажетсінді. Сәкен поэзиясында дәстүрлі өрнектермен қатар Абай өлеңдерінің үлгісі жиі кездесіп отырғанына қарамастан, тоникалық белгілерге іш тарту басым болды. Ал мұның өзі, яғни буын ұйқастығынан туатын ырғақтың екінші қатарға көшіріліп, негізгі айтар ой екпіндік ырғақпен жырлануы қазақ поэзиясына сіңе бастаған жаңалықтың нышаны, силлабикалық өлеңге соны белгілердің ене бастауы еді. Абай мұны білдіртпей, сездірмей жүзеге асырса, Секен осы принципті «Советстанда» әбден орнықтырып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа түр жасады. Замана бейнесін жасау мақсатына ден қойған автор көбіне жеделдікті, екпінділікті, езгеріс-құбылысты 11 буынды қара өлеңмен беруге болмайтындығын түсініп, көбіне жыр үлгісіне бой ұрып отырады. Ойды төгіп-төгіп, бастырмалатып айту замана рухына сай келетінін анық ұғады.
«Ақырды асау, жаңғырды дала...», - деген сияқты әр қимылды тездете түсуге мүмкіндік беретін мақалды көп қолданды. Сондықтан да кейбір өлең шумақтары бұрынғы дәстүрлік санынан кейде артып, кейде жетпей жатып-ақ логикалық ойды түйіндейді. Сонда екпіндік нышан басым көрінеді. Қазақ өлеңдерінің негізгі құрылысы әндік, әуендік, саз ырғағына бейімделгендіктен екпіндік принцип көбіне тақпақтай түйіп-түйіп айтуға іш тартып тұрады.
«Зырла, экспресс, ұш, зырла!Жұлдыздай-ақ құлдырла!Аямай жүгір бәрің де!...»
- деген өлеңнің бар динамикасы дауыс екпініне құрылады да, өлең ұйқасы екінші қатарға көшіріліп, айтар ой ақырғы жол өзгешелігінен табылып отырады.
«Егер мінсе - шыдасын!Қорқақтар мейлі жыласын,Шыдамаса құласын!Аямай сілте барыңды...»
- деп жігерлі түйінделеді. Аралас буынды өлеңнің ежелгі құрылысының шет жағасы сақталғанымен де дауыс ырғағы алғашқы қатарға шығып, жаңа леп пайда боладыСиллабикалық өлең жүйесіне тониканың екпіндік ырғағын енгізу талабы Сәкен поэзиясында ерте басталған. 1915 жылы қарашада жазған «Жазғы түнде» деген өлеңінің әр шумағы жеті жолдан құрылып, оның алғашқы екі жолы бір ұйқаспен (А,), 4-5 жолы (-6, Кб) бір ұйқаспен, 3-6 жолдар кейде ұйқасып, кейде ұйқаспай ой екпініне бейімделуі, ал ақырғы жолы 2-жолдың логикасымен сабақтасып жатуы тегін емес.
Бұл өлең өрнегіндегі әуен мен ұйқас, бунақ пен ырғақ ажырамас тұтастық тапқан. Ой, пікір түюге арналған шумақтардың өзі әрқилы болғанымен дауыс үндестігіне, екпіндік ырғаққа негізделеді де, ішкі ұйқастарын аракідік сақтап отырады. Бәрі де іс-қимылды аңғартатын етістікпен өріледі. Мұнан кейінгі өлеңдерінде, әсіресе «Үлтшылдық сандырағы», «Біздің ұлан», «Ленин» атты өлеңдерінің өрнегін дамыта, өркендете келіп «Советстан» түрін жасады. Абайдың да, Маяковскийдің де шығармашылық ықпалы Сәкенге тигені рас, алайда Абайдың «Сегіз аяғы» қазақ поэзиясында қандай жаңалық болса, «Советстан» да- сондай жаңа ернек. Өлең шумағы алты жолдан құрылып, ішкі буын-бунақ қатаң сақталады. Егер өлеңнің ішкі құрылысында ешбір езгеріс, жаңалық болмаса жол санында, үйқаста мән аз болар еді. Бірақ бәрі де керісінше. «Советстан» 11, 11, 4, 4, 4, 11 буынды шумақтан тұрады. Силлабиканың негізгі шарты дұрыс сақталғанымен де, тоника белгілері де бірсыдырғы байқалады.
1, 2 және 6 жолдар бунақтап айтуды қажет етсе, 3, 4, 5 жолдар міндетті түрде нәшпенен бөлшектеуді, тақпақтап айтуды талап етеді. Демек, екпіндік талап өлеңнің өн бойына емес, тек белгілі бір жолдарына (3, 4, 5) қажет болып, екпінді ырғақты қажет етеді. ішкі ұйқастың да атқарып тұрған рөлі зор. Бунақтар әр жолда тұрақты буынмен беріледі де, дауыс ырғағына әрқашан екпін түсіріп, экспрессиясын күшейтеді. Сонда бүкіл өлең шумағына динамика еніп, қимыл-әрекет өзінен езі пайда болады.
«Советстандағы» осы өлең өрнегіне дауыс екпіні ортақ қазық болып, әрқилы лептердің бәрін езіне бағындырады, адуынды тірлікті жаңа леппен жырлауға мүмкіндік беретін өрнекке айналады. Қазақ поэзиясының мазмұнына революция жасаған Сәкен дәл осындай революцияны оның лексикасы мен түріне де жасады. Оған көп мысалдың біреуі - «Советстан» поэмасы. Октябрь революциясының дауылы қазақтың даласында тудырған бұл тамаша тау сол әдемі қалпында мәңгілік сақталуына сеніміміз берік» деген болатын С. Мұқанов. Сонымен «Советстан» қазақтың силлабик. өлең жүйесіне тоник. белгілерді молынан енгізуге болатындығын әбден дәлелдеген туынды болды. Сәкен елеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тарту, мазмұнды түрмен ашып беру сияқты ізденістерге ерік берді. Өзінің сылқым сылдыры, ойнақы өрнегімен «Сыр сандық» дүниеге келді. «Сыр саңдықты ашып қара (8), Ашып қара, сырласқым (7) Сым пернені басып қара (8), Басып қара, жырласын...» (7) Өлеңді дөңгеленді ернектеу де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар, осы шырқ айналған сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып, еріксіз би билеткендей. Шалыс ұйқаспен жазылуы да елеңнің инверсиясын күшейтіп, динамикасын ойнақы еткен. Сәкеннің мәнді ізденістері осындай сәтті түрлерге жеткізіп, халықтың эстетика. талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді. «Советстан» мен «Сыр сандыққа» еліктеушілер ете кеп болды. Жаңашылдығын жұрт әбден танып, мойындаған шақта Сәкен қазақ поэзиясымен «ойнай» бастады. Эксперимент-тәжірибені күшейтті. Жалаң түр қуушылыққа салынған кезі де болды. Жаңа өмірдің келбетін жасау қажет деген ұран белең алған шақта дыбыс қуу, қимылды күшейту, екпіндету тенденциясы өлеңнің мазмұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен жұрдай еткен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұрандата жырлау, плакатқа айналдыру, рапорттау қажет деп сырт көрініске табынғанда тасырлаған дыбыстар қаптап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Маяковский болу тенденциясы да көп ақынның көңіліне ұялай бастаған шақта заңдылықты қатаң сақтайтын силлабика жүйесі тас-талқан болып, поэтик. қасиеттен жұрдай бола бастады.
Абай мен Сәкенді өнер өрісінен іздеген уақытта ғана олардың бауырлас, рухтас екендігі осы жаңашылдық саласында айқындала түседі. Тіпті бұған Сәкеннің көзқарасы, Абай туралы ойлары кедергі бола алмайды, өйткені жаңашылдық рух белгілі бір көзқарастан емес, көркемдік тәжірибеден, санаға білінбей сіңген үлгі-өрнектерден бастау алады. Сондықтан сөзі бір жақта, ішкі таным-білігі бір жақта жүретін «шығармашылық қайшылықтар» өзінің диалектика. бірлігін жоғалтпайды, қайта осындай ұлы тұлғалар арқылы бадырайып көрінеді. Сәкенді идеялық тұрғыдан алшақтатқысы келетіндер Абайдың ұлы жаңашылдығының бесігінде Сәкен тербеліп ескендігін кере, түсіне бермейді. Кейбіреулер Абай мен Сәкен заманының өзгешелігін ескере қоймайды да екеуін бір уақытты кеңістіктен қарап, ой-пікір алшақтығын тауып алуға тырбанады. Абай заманы - қазақтың бел омыртқасы үзіліп, бодандыққа әбден мойын ұсынған кезі. Сондықтан да осы қорлықтан қутылар жолды Шоқан, Ыбырай, Абайлар ағартушылық идеясынан іздестірді, соған сеңді. Ал Сәкен сахнаға шыққан дәуірдің ерекшелігі мүлдем басқа. 1905жылғы революцияның күресшіл рухы бара-бара азаттық, теңдік ұранына, төңкеріс заманына, азамат соғысының ылаңына ұласты. Кедейді жарылқаймыз, дүниенің тұтқасы - еңбек, оның иесі - бейнетқорлар болады, бай-кедей болмайды деген идеяның ел-жұртқа қалың өрттей тез жайылуы, көпшіліктің соған имандай сенуі Сәкеннің әрі бақыты, әрі соры болғандығын енді ашық айтуымыз керек. Сәкен бұған ешбір шүбәсіз сенді, берілді, тапсырмасын бұлжытпай орындады.
Жаңаша өмір басқаша арнамен өркендейді деп түсіңді, сол жолға аянбай, алаңдамай, жалтақтамай қызмет ету ер азаматтың парызы, міндеті деп білді- Осыған ылайықты ой айтты, пікір толғады. Сәкеннің Абай жайындағы ой-пікірлері айтыс мақаладан басталды. 1923 ж. Нәзір Төреқұлов «Темір қазық» журналының 1-санында Сәкеннің «Асау тұлпар»жинағына сын жазып, Абайдың ойып түсер өлеңін эпиграф етті. Нәзірге қайтарған жауабында «Абайдың бүл қағидасы ез заманында Құнанбайдың тұқымы тәрізді қара қазақты билеген жуан атаның балаларының қолынан орыс патшасының уездік әкімдері билікті алып, әр елге «болыстық» деген, «волостной старшина» деген дәрежелі қызметті орнатып, оған қазақтың «аталы», «атасызына» қарамай, әркімді «шарға түсіп», таласып болыс болатын болған соң, қара қазаққа хан болған Құнанбай тұқымының билігіне «атасыз», кешегі «тебінгісі тесік» жамандар біраз жал біткен соң таласа бастаған».Міне, Нәзірдің «бісміллә» қылып келтіріп отырған бүл сөздерін Абай сол Құнанбайлардың аяғынан ала бастаған «ата сыздарға», кешегі «тебінгісі тесіктерге» айтқан сөзі: «таласпа жаным-ай қолыңнан келмеске, боларсың бақадай көптессең егеске...». Әрине, Абайға айтуға ылайықты-ақ! Қанша тыраштанғанмен «Жер астынан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан мұндайлар» Абайға, Құнанбайға қайдан жетсін! Абайдың бүл мақалын 1917ж. большевиктерге қарсы адамдар айтқан. Бүл мақалға қарсы болсақ та, біз де бүл «бісмилланы» мысал қылып алып көрейік», - дегенде Абайдың ата-тегі басым айтылады да, ұлы ақынның шығармашылығына сөз тигізбегендігін көреміз. Нәзірдің қазақшаға шорқақтау екендігін дәлелдеу үшін «Түркістандағы қазақ жігіттері Нәзірдің қолына «қазақша үйрен» деп Абайдың өлең кітаптарын берген. Нәзірдің келтіріп отырған «бісмилласы» сол Абай кітабынан. «Ал Абайдың ғашықтық тақырыбында Һәм әйелді өлең қылған сөздерін аралап, теріп алған кісіге Абайдың өзендерінің іш індетіпті бізден аулақ, тіпті сорақы кеткен жерлері бар. Абайды да Нәзір жақтырмауға керек еді ғой» деп, Абайдың бес өлеңінен үзінді («Салмағыңнан жаншылып, Қалсын құмар бір қанып») келтіреді де, өзінің махаббат лирикаларын түсінбей сез еткен сыншыға Абай өлеңдерін көлденең тартады. «Абайдың езімен билікке таласа бастаған кешегі темен атаның баласын кекетіп, мысал қылып келтірген елеңдерін «бісмилла» орнына ала жүгірген Нәзір бүл өлеңдердің мағынасын неге сұрап алмады екен?» деп көркемдік таным мәселесіне ойысады. Сез арасында «бүлікшіл» Абайдың төбесі көрініп қалатыны рас. Тарттық көзқарастың ызғары алыстан сезіледі.
Сәкеннің совет заманында жазған алғашқы зерттеу еңбегі «Әдебиет Һәм оның бағыттары» деп аталып, 1922 ж. жарияланды. Әдебиеттің туып, өркендеуі жөнінде кең көлемді еңбек жазбаққа ниет еткені сез саптауынан анық байқалады, бірақ өкініштісі - сол Сәкеннің алдына қойған мақсатына жетуге мұрсаты болмаған сияқты. Жұмыстың соңғы тарауларын жазбаған, жаза қалса жарияламаған. Әйтеуір бізге мәлім емес. Әйтпесе бүкіл әлемдік әдебиеттің даму жолын шолғанда қазақтың сәтті түрлерге жеткізіп, халықтың эстетика. талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді. «Советстан» мен «Сыр сандыққа» еліктеушілер өте көп болды. Жаңашылдығын жұрт әбден танып, мойындаған шақта Сәкен қазақ поэзиясымен «ойнай» бастады. Эксперимент-тәжірибені күшейтті. Жалаң түр қуушылыққа салынған кезі де болды. Жаңа өмірдің келбетін жасау қажет деген ұран белең алған шақта дыбыс қуу, қимылды күшейту, екпіндету тенденциясы елеңнің мазмұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен жұрдай еткен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұрандата жырлау, плакатқа айналдыру, рапорттау қажет деп сырт көрініске табынғанда тасырлаған дыбыстар қаптап, қара дүркінділік етек алғаны да жоқ емес. Оның үстінде Маяковский болу тенденциясы да көп ақынның көңіліне ұялай бастаған шақта заңдылықты қатаң сақтайтын силлабика жүйесі тас-талқан болып, поэтик. қасиеттен жұрдай бола бастады.
Абай мен Сәкенді өнер ерісуінен іздеген уақытта ғана олардың бауырлас, рухтас екендігі осы жаңашылдық саласында айқындала түседі. Тіпті бұған Сәкеннің көзқарасы, Абай туралы ойлары кедергі бола алмайды, өйткені жаңашылдық рух белгілі бір көзқарастан емес, көркемдік тәжірибеден, санаға білінбей сіңген үлгі-өрнектерден бастау алады. Сондықтан сөзі бір жақта, ішкі таным-білігі бір жақта жүретін «шығармашылық қайшылықтар» өзінің диалектика. бірлігін жоғалтпайды, қайта осындай ұлы тұлғалар арқылы бадырайып көрінеді. Сәкенді идеялық тұрғыдан алшақтатқысы келетіндер Абайдың ұлы жаңашылдығының бесігінде Сәкен тербеліп ескендігін көре, түсіне бермейді. КейбіреулерАбай мен Сәкен заманының өзгешелігін ескере қоймайды да екеуін бір уақытты кеңістіктен қарап, ой-пікір алшақтығын тауып алуға тырбанады. Абай заманы - қазақтың бел омыртқасы үзіліп, бодандыққа әбден мойын ұсынған кезі. Соңдықтан даусы қорлықтан құтылар жолды Шоқан, Ыбырай, Абайлар ағартушылық идеясынан іздестірді, соған сенді. Ал Сәкен сахнаға шыққан дәуірдің ерекшелігі мүлдем басқа. 1905жылғы революцияның күресшіл рухы бара-бара азаттық, теңдік ұранына, төңкеріс заманына, азамат соғысының ылаңына ұласты. Кедейді жарылқаймыз, дүниенің тұтқасы - еңбек, оның иесі - бейнетқорлар болады, бай-кедей болмайды деген идеяның ел-жұртқа қалың өрттей тез жайылуы, көпшіліктің соған имандай сенуі Сәкеннің әрі бақыты, әрі соры болғандығын енді ашық айтуымыз керек. Сәкен бұған ешбір шүбәсіз сенді, берілді, тапсырмасын бұлжытпай ораңдады.
Жаңаша өмір басқаша арнамен өркендейді деп түсіңді, сол жолға аянбай, алаңдамай, жалтақтамай қызмет ету ер азаматтың парызы, міндеті деп білді. Осыған ылайықты ой айтты, пікір толғады. Сәкеннің Абай жайындағы ой-пікірлері айтыс мақаладан басталды. 1923 ж. Нәзір Төреқұлов «Темір қазық» журналының 1-санында Сәкеннің «Асау тұлпар»жинағына сын жазып, Абайдың ойып түсер өлеңін эпиграф етті. Нәзірге қайтарған жауабында «Абайдың бүл қағидасы өз заманында Құнанбайдың тұқымы тәрізді қара қазақты билеген жуан атаның балаларының қолынан орыс патшасының уездік әкімдері билікті алып, әр елге «болыстық» деген, «волостной старшина» деген дәрежелі қызметті орнатып, оған қазақтың «аталы», «атасызына» қарамай, әркімді «шарға түсіп», таласып болыс болатын болған соң, қара қазаққа хан болған Құнанбай тұқымының билігіне «атасыз», кешегі «тебінгісі тесік» жамандар біраз жал біткен соң таласа бастаған».
Міне, Нәзірдің «бісміллә» қылып келтіріп отырған бүл сөздерін Абай сол Құнанбайлардың аяғынан ала бастаған «атасыздарға», кешегі «тебінгісі тесіктерге» айтқан сөзі: «таласпа жаным-ай қолыңнан келмеске, боларсың бақадай көптессең егеске...». Әрине, Абайға айтуға ылайықты-ақ! Қанша тыраштанғанмен «Жер астынан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан мұндайлар» Абайға, Құнанбайға қайдан жетсін! Абайдың бүл мақалын 1917ж. большевиктерге қарсы адамдар айтқан. Бүл мақалға қарсы болсақ та, біз де бүл «бісмилланы» мысал қылып алып көрейік», - дегенде Абайдың ата-тегі басым айтылады да, ұлы ақынның шығармашылығына сөз тигізбегендігін кереміз. Нәзірдің қазақшаға шорқақтау екендігін дәлелдеу үшін «Түркістандағы қазақ жігіттері Нәзірдің қолына «қазақша үйрен» деп Абайдың өлең кітаптарын берген. Нәзірдің келтіріп отырған «бісмәлласы» сол Абай кітабынан. «Ал Абайдың ғашықтық тақырыбында Һәм әйелді өлең қылған сездерін аралап, теріп алған кісіге Абайдың өлеңдерінің ішінде тіпті бізден аулақ, тінтті сорақы кеткен жерлері бар. Абайды да Нәзір жақтырмауға керек еді ғой» деп, Абайдың бес өлеңінен үзінді («Салмағыңнан жаншылып, Қалсын құмар бір қанып») келтіреді де, өзінің махаббат лирикаларын түсінбей сез еткен сыншыға Абай елеңдерін көлденең тартады. «Абайдың өзімен билікке таласа бастаған кешегі темен атаның баласын кекетіп, мысал қылып келтірген елеңдерін «бісмәлла» орнына ала жүгірген Нәзір бүл өлеңдердің мағынасын неге сұрап алмады екен?» деп көркемдік таным мәселесіне ойысады. Сез арасында «бүлікшіл» Абайдың төбесі көрініп қалатыны рас. Таптық көзқарастың ызғары алыстан сезіледі.
Сәкеннің совет заманында жазған алғашқы зерттеу еңбегі «Әдебиет Һәм оның бағыттары» деп аталып, 1922 ж. жарияланды. Әдебиеттің туып, өркендеуі жөнінде кең көлемді еңбек жазбаққа ниет еткені сез саптауынан анық байқалады, бірақ өкініштісі - сол Сәкеннің алдына қойған мақсатына жетуге мұрсаты болмаған сияқты. Жұмыстың соңғы тарауларын жазбаған, жаза қалса жарияламаған. Әйтеуір бізге мәлім емес. Әйтпесе бүкіл әлемдік әдебиеттің даму жолын шолғанда қазақтың көркемдік таным-білігіне соқпауы, оның ішінде Абайға аялдамауы мүмкін емес. Тегінде шаруа басты болып жүрген Сәкен бұл еңбекті қағазға түсіре алмағандықтан ауызекі айтумен ғана шектелген сияқты. 1924 жылдың басында Сәкен Орынбордағы қазақ жастарының орталық клубында қазақ әдебиетінің тарихы туралы лекция оқыды. «Еңбекші қазақ» газетінде 19 ақпан күні сол лекцияны тыңдаған Сәбит Төңкеріс ұлы «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген атпен естіп- білгенін езінде баяндап берді. «Сәкен жолдастың оқыған лекциясының қысқаша қорытындысы алынды. Ұзартып жазса Сәкен жолдастың баяндамасы кеп сез болатын еді. Бірақ газет беті тар болғандықтан қысқаша түрін ғана жазып отырмыз. Сондықтан мұны оқушылар Сәкен баяндамасының дәмі деп ұғуы керек» деп ескертпе жасады. «Ақ жол» газетінде Темірбай деген кісі «Қазақ әдебиетінің тарихынан» деген мақала жазып, Сәкенге жаппаған пәле қалдырмады. Соған Ғабит Мүсірепов «Қисық сынға әділ тере» атты мақаламен («Еңбекші қазақ», 1924, N° 183) жауап берді.
Сәкен әдебиет тарихын әріден бастаған. «Ел қазағының арасына жазба әдебиет таратқан Түркістаннан шыққан қожалар. Ол кезде қазақтың арасына кең таралған Қожахмет Иассауидің кітабы. Біздің қазақ ақындары соның сезіне еліктеп кеткен» деген ойды айтып, соңғы кезде араб-парсы, татар, өзбек, орыс сөздерімен қазақ тілін шұбарлап жүргендерге тоқталады. Сәкеннің ез ойы болсын, не хабарлаушының түсінігі болсын, әйтеуір «Қазақ әдебиеті 1900 жылдан бері шыққан. 1905 жылдың жұмыскер қозғалысынан кейін ұлт сезімі туа бастап, қазақ ақындары тіл түзеу деген пікірді жарыққа шығарған. Бірақ сол әдебиеттің азған уақытында бірен-саран елеңін таза қазақ тілімен жазғандар болды. Мәселен, Абай, Абайдың ол әдебиетті туғызған екендігіне дәлел болатын жұмыс емес. Себебі Абай арғы жағында таза қазақ тілімен сез жазушылардың жолын мықтап қалған, басталған жолдың иесі ғана. Абайдың қазақ әдебиетінің ағасы деушілік қате» деген пікір жазылған. Мұны Сәкен айтты ма, жоқ па, бірақ Төңкеріс ұлы Сәбит езіміз білетін Сәбит Мұқанов болса (бұл кезде Сәбең «Еңбекші қазаққа» қатысып, Сәкен үйінде Ғабит екеуі бірге жатып жүрген кезі), онда 1923 ж. «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласында Абайға қырын қарайтыны белгілі болатын. Сондағы ойдың салқыны бар екені даусыз. Мүмкін, ондай пікірден Сәкен де аулақ болмаған шығар, өйткені Абайды қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастырды дегенге дау айтпаса да, қазақ әдебиетінің атасы, негізін салушы дегендерге қосыла қойған кезі шамалы. Оның үстіне Сәкенді 1922-1924 ж. сынаушылардың қай-қайсысы болмасын, әсіресе Темірбай, Сәкеннің таптық позициясын тарихтан хабарсыздар мен байланыстырып, тарихи жетесіздер қатарына қосып жібермекке жан салған болатын. Сондай қаңқу сездерді Сәкеннің «қасарысып, принципшілдікке салынуына» себепші болғанын да естен шығармайық. Мәдени, әсіресе әдеби мұраны игеру саласында жіберген қате-кемшіліктер, артық-кем пікірлер 20-30 жылдарда кімде болса да кеп болғандығын санаттан шығарып тастауға тағы болмайды. Соның ішінде Абай туралы ой-пікірлердің кереғар болғандығы әмбеге аян.
20-жылдардағы қалың айтыс-тартыста кебіртек әңгіме болған бір сала - оқып-үйрену мәселесі. Алаш оқығандары кебіне кеп Абай мен Мағжанды ақын-жазушыларға ұстаз, үлгі мектебі ретінде әдейі ұшындыра керсетіп келді, жазды. Идея дұрыс болғанымен, басыбайлы шәкірт болуды қаламағандар аз емес. С. Мұқанов айтыс екпінімен «ұлтшылдардың, кейбір ұлтшылдыққа бейімдердің алдымызға үлгі ал деп тарта беретіні қазақ ұлтшылдарының шығармалары. Ұлтшыл не еңбекшіл деп бөлмей алғанда, жалпы қазақ әдебиеті езінен езі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ» (Өсу жолдарымыз. -А., 1960, 50-б.)деген қате тұжырым жасап, сынның астында қалған болатын. Осы әңгіменің бір шеті Сәкенге де тиіп жатты. Смағүл Садуақасов «Ұлт театры туралы» мақалаларын 1926 ж. жеке кітап етіп шығарғанда Сәкен оған пікір айтты, сез арасында «Смағүлдің «Секен жазғандарын түзете берсін» деген ақылын рахмет айтып қарсы аламын. Бірақ бір алмайтын жерім, Смағүлдің «сез шеберлігін Абай мен Мағжаннан үйрен» деген ақылын тұтас ала алмаймын.
Үйренуден қашпаймын. Бірақ дұрыс үйретушілерден үйренеміз деймін. Абайды былай қоя тұрайын. Әрине, кей ретте Абайдан үйрену дұрыс» деп табады да, Мағжанға келгенде ерін мойнынан алып тулайды. Өйткені оның орыс оқытушылары Бат. Европаға қашып кеткенінің үстіне «Мағжан «шебер сөздің» молдасы болса, Бөкейханов пен Шоқаев шебер саясаттың молдалары ғой... Осылай болған соң, бұлардың медресесінен мен сірә оқи алмайтын шығармын» деуін психол. жағынан түсінуге әбден болады. Жалпы түсінігінде оқып-үйренуден безбейтіндігі анық байқалып, Мағжанға мұрит болуды ақындық намысы қаламағандығын анық көреміз. Сәкен еш уақытта өз ойын бүркемелеп айтқан пенде емес. Бәрі де ашық, анық. Оның күштілігі де, осалдығы да осында.
1927 ж. Сәкеннің «Қазақтың көркем әдебиеті туралы» деген мақаласы шықты. Оның «Қазақ әдебиеті қалай туып, қалай өсіп, кімнен үлгі алып келеді» деген тарауында 1924 ж. жасаған баяндамасының алыс жаңғырығы жүр. Әсіресе «1905 жылғы төңкеріс дүмпуімен қазақ әдебиеті аздап болса да ұлтшылдық рухымен өсе бастады. Үлгісі енді мүлде ноғай мен орыс әдебиеті болды» деп білді де, «Орысқа алдымен жанасқан қазақтың билері, ақсүйек дінділері болғандықтан, орыс әдебиетінен, ең алдымен, Абай тәрізділер нұсқа алған. Қазіргі қазақ әдебиетінің үлгісі - орыстікі» деп шорт кеседі. Әрине, бүл пікірді бірден қабылдай қою қиын, алайда, әдебиетінің кәсіпкерлік жолға шығуын айтып отырса, онда бұл тұжырымға тарихи сабақтастықты ескеріп, ойлана қараудың артықтығы бола қоймас. Ал Абайдың айналып өтуге болмайтын үлкен тұлға екені осыдан да анық көрінеді.
Таптық көзқарастың салқыны Сәкенге Абай жөнінде сақтана айтуды, мүмкіндігінше, онша жанаса бермеуді ұсынған сияқты. Абайды сөзінің бісмәлласына айналдырар пиғыл Сәкенді революцияшыл белсенділікпен талай сөйлеген шығар деп те қалатын сияқты. Сондайлардың бірі езім болғанымды жасырмайын. Әуелі «Тар жол, тайғақ кешуді» сүзіп шықтым. Абайдың ақындығына байланысты бірде-бір ауыз сөз жоқ. Абайдың бап апары мен ағайын-туыс қандарының аты аталып, «Абай» журналының бұдан әрі шығу-шықпау жайынан басқа бөтен ауыз сез жоқ. Сондай-ақ «Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиетінің күйлерінен», «Әдебиет тап құралы», «Қазақ әдебиеті туралы хат» деген шығармаларында Абайдың жалпы рухы сезілгенмен, тікелей айтылған ой-пікір кездеспейді. «Қазақ әдебиеті» кітабында, Ақмолда, Ыбырай, Ақан сері, Шәкәрім жинақтарына жазған алғы- сөздерінде де Абайға тікелей бағышталған ештеңе жоқ. Қазақстан жазушыларының 1934 жылғы съезінде де Абайға сықпапты. Осы «олқылықтарды» толтырған еңбек -1934-1935 ж. Өтебай Тұрманжанов екеуі 5-класқа арнап шығарған «Көркем әдебиет» оқу құралы десе де болғандай. Әуелі қазақ совет жазушыларын орыс, қырғыз, езбек, тәжік ақын-жазушыларымен таныстырып алғаннан кейін «XIX ғасырдың ақырындағы, XX ғасырдың басындағы қазақ ақындары» деген үшінші тарауда «Классик жазушылардың мәні», «Өткен өмірді түсіну үшін әдебиеттің мәні», «Ескі әдебиетті қалай оқу, білу керек» деген бөлімдерден кейін Абайға арнайы үлкен тарау берілті. Тарихи сабақтастықты сақтау туралы Маркс, Ленин пікірлеріне сүйене отырып «Өткендегі әдебиет мастерлері, көркем сездің көрнекті шебер ұсталары классиктеріміз Абай, Ақмолда, Қарашұлы Омар, Мәшһүр Жүсіп, Торайғыр ұлы Сұлтанмахмұт» деп әрқайсысына жеке-жеке белім арнаулары, әрине, беті оңға бұрылған әдебиет танудың алғашқы қарлығашы еді. Ең алдымен, тарих пен әдебиетінің ара жігін ажыратып, бірі - дәлелдей түсіндірсе, екіншісі - суреттеп кернететіндігін, яғни «Шортанбайдың «Зар заманын» оқысақ, билеуші таптың әкімшілігінен айырылып зарлағанын білесің. Абайдың сезін оқысаң, сары тонға оранып шолтаңдаған бай, байдың малын бағып, жыртық купенің ішінде бүрсеңдеген кедей кез алдыңа елестеп келеді» деген баяндауларда таптық танымның түтінін оңға бұра бастағанын байқаймыз. Абайға арнаған монограф. тараудың «Ақынның балалық шағы» белімін Кәкітай баяндауына негіздей өрбітсе, «Абайдың орыстың және басқа елдің жазушыларымен танысуын» арнайы әңгімелейді. «Кей аудармаларының көркемдігі ана ақындардың түп сездеріне кем болмағандығын» айта келіп, «Абайдың қартайғандағы арманын» - ғылым-білім мен ұрпақ қамына тәуелдейді. «Абайдың елеңі» деген белімде «іші алтын, сырты күміс - сез жақсысын» талап еткенін, жаңа эстетика. норма орнатқандығын айта келіп, Абай «қазақ әдебиетінде ұлы қазына дерлік мұра қалдырды. Осы мұраны Ленинше ұғып, пайдамызға асыру біздің әдебиетіміздің міндеті» деген тұжырымға келеді, «Аттың сыны», «Аңшылық туралы», жылдың төрт мезгіліне арналған елеңдерін оқушы ерсіне лайық баяндай талдап, ақындық шеберлігіне тоқталады.«Тіл ретінен Абайдың шығармалары кеп пайда береді. Қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары толық көрсете алады. Сондықтан да Абай шығармаларының мәні зор. Онан қазақ тілін сұлулап, көркем нақыстап, әдемі кестелеген әсерлі жыр, сұлу, күйлі елең қылып шығару ретінде де Абай үлгі-ернек болатын үздік шебер ақын екендігі белгілі» деп ой түйеді. Абайдың ақындық шеберлігіне шаң жуытпаудың үстіне сол кездегі қызыл көздердің көңілін табу үшін «Ескі тұрмыспен, ескі санамен танысу үстінде Абайдың шығармаларының мәні зор» деп те қояды. Ұлы ақынның үлгі-өнегесінен кез жазбауға шақырып, әрқашан қадір-құрмет тұтуды жас ұрпаққа ұғындырады.
Дарынды дарынның танып, мойындауы әншейінді процесс емес. Л. Н. Толстойдың И. С. Тургенев пен У. Шекспирді, Ф. М. Достоевскийдің Толстойды жазушы деп танымауы сияқты жайлар әдебиет тарихында жиі кездеседі. Оның шет жағасы Абайдың Бұхар, Дулат, Шортанбайлар, Сәкеннің Мағжан жөніндегі лебіздерінен қылаң беретіндігі осыдан. Бұған дәуір идеологиясы араласып, таным-біліктің ұйқы-тұйқысын шығарып жатса, артық-кемді айтылған ой-пікірлерге түсіне қарау жөн болмақ. Айрықша желдете, ажарландыра айтпағанымен, Сәкеннің «қазақ ақындарының ішінде Абайдан елеңге шебері жоқ» деген түсінігі дәуірдің ұйтқи соққан дауылдарында өзгерген жоқ. Сондықтан Сәкеннің Абайға деген ұлы махаббаты жаңашылдық рухтан, реформаторлық ізденістен табылып, қазақ әдебиетіне олжа сұлуы тарихи сабақтастықтың құнарлығына дәлел болары сезсіз.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Сәкен Сейфуллин «Әдебиет порталы» сайтында
* Сәкен Сейфуллин Sputnik.kz сайтында
* Cәкен Сейфуллин: «Мен Сәбит Мұқановты адам етіп едім. Ол мені осындай күйге душар етті. Жазықсыз басыма бәле салды» |
Семізбұғы корунд кен орны - Қарағанды облысы Қарағанды қаласынан солтүстік шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан кен. М.П.Русаков пен Н.И.Наковник ашқан (1926). Мұнда корунд 1927 жылдан өндіріліп келеді.
## Геологиялық құрылымы
Семізбұғы Корунд Кені ерте герциндік гранитоидтар мен төменгі девон эффузиялары жапсарындағы туынды кварциттер массивінде шоғырланған.
## Жатыс сипаты
Ауданы 10 км2 болып келетін массивте үш кентас денесі (Бас корундты, Корунд-гематитті, Баритті-корундты) және Үлкен делювийлік қорым бар. Байытудан алынатын кондиционерлі концентраттағы корундтың орта мөлшері 40-45%. Кен орны ТМД елдері бойынша бірден-бір корунд шығаратын орын. Корундты Қыштым зауыты (Орал) пайдаланып келген.
## Дереккөздер |
Семейцемент — құрылыс материалдары өнеркәсібі орны. 1958 ж. құрылған.
2000 жылдың қазан айынан кәсіпорынды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, құрғақ қоспалар өндірісі іске қосылды. Қазіргі кезеңде төрт технологиялық желі бойынша сулы тәсілмен портланд цементінің М-400, М-500 түрлерін шығарады, клинкер, әктас, ғаныш өндіреді. Қуаты — жылына 1230 т цемент. Кәсіпорында 1420 адам еңбек етеді. |
Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры – кәсіби музыкалық драма ұжымы.
## Тарихы
1920 жылы құрамында әйгілі Әміре, Иса, Жұмат, Қалибек сынды майталман өнер иелері топтасқан "Ес-аймақ" қоғамы ұйымдастырған жартылай кәсіпқой драма труппасы негізінде құрылып, 1934 жылы ресми түрде бекітілді. Труппаның ұйымдастырушылары М. Әуезов, Қ. Сәтбаев және режиссер Ғ. Төребаев болды. Театр шымылдығын I. Жансүгіровтің "Кек" пьесасымен ашты. Театрдың құрылуы мен қалыптасуына өнер шеберлері Ж.Т. Шанин, 0. Беков, Қ. Жандарбеков, композитор Л. Хамиди көп еңбек сіңірді. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арнап А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" операсының ықшамдалған нұсқасын қойды (режиссер Қ. Жандарбеков). 10 жыл өткен соң Қ. Жандарбеков операның әдеби-драмалық негізінде "Абай" спектаклін қайта қойды. 1952 жылы маусымда Ш. Айманов және Я. Штейннің "Абай" инсценировкасын көрсетті. Абай бейнесін әртіст С. Қыдырәлин, Құнанбайды - Н. Аханов , Зерені - Ж. Сәкенова жасады.
## Қойылымдар
Театр ондаған алыс-жақын шетел классиктерімен қатар, әлемдік драматургия дәрежесіндегі М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, Б. Майлиннің, Ғ. Мұстафиннің, Р. Ғамзатовтың, Ш. Айтматовтың шығармаларын сахнаға шығарды. "Еңлік – Кебек", "Қаракөз", "Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу", "Айман – Шолпан", "Бөлтірік бөрік астында" пьесалары театр репертуарының алтын қорына айналды.
## Театр ұжымы
Өнер ордасының, аға буын әртістері мен режиссерлардың озық дәстүрлерін бүгінде талантты әртістер одан әрі жалғастыруда. Театрда үш Қазақстанның халық әртісі: Күләш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шайзат Бахтинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, 14 мәдениет қайраткері, барлығы 64 адам еңбек етуде.
Симфония оркестрі және балет әртістері тобы бар. Театр классикалық шығармаларды музыкамен көркемдеп, балетпен ұштастыруға зор еңбек сіңіруде. Сондай-ақ театр жанында әртістер даярлайтын "Театр студиясы" жұмыс істеп, аз уақыт ішінде студия жүздеген жас сахна шеберлерін тәрбиелеп, үлкен өнерге жолдама берді.
## Театр жетістіктері
Театр Каирде өткен халықаралық фестиваль мен республикалық фестивальдердің лауреаты. Сондай-ақ облыс орталықтарына, Моңғолия мен Қытайға гастрольдік сапарға шығып қайтқан.
* 2014 жыл – Павлодар қаласында өткен Ж. Аймауытовтың 125 жылдығына арналған "Алаштың ардақтысы" атты Қазақстан аймақтық театрлары фестивалінде "Әдебиетті насихаттағаны үшін" номинациясы бойынша диплом.
* Тараз қаласында өткен "Тұңғышбай әл-Тарази, Таразға шақырады" атты әртістерге арналған І Республикалық театр фестиваліне қатысқаны үшін театр "Алғыс хатпен" марапатталды.
* 2015 жылы Өскемен қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне А. Тілеуханның "Керей хан - хан Жәнібек" спектаклімен қатысып бас жүлде жеңіп алды.
* 2016 жылы Атырау қаласында өткен Р. Отарбай атындағы театр фестивалінен жүлделі үшінші орынды иеленді. "Көрермен көзайымы" номинациясын Ә. Байрова иеленді. Осы жылы Орал қаласында өткен Иран-Ғайып атындағы театр фестифалінен, Б. Төлеков "Үздік ер адам бейнесін", Б. Тойымбаева "Үздік әйел бейнесін" иеленді.
* 2017 жылы Атырау қаласы, драматург Иран-Ғайыптың "Мәңгілік елдің алтын адамы" атты Республикалық Театрлар фестивалінде "Жоғары дәрежелі өнер көрсеткені үшін" деген дипломмен "Адасқан бақ құсы" қойылымы марапатталды, "Керікеткен-Патша-Әмірші" образын жоғары деңгейде сомдағаны үшін Б. Төлеков марапатталды.
## Дереккөздер
## Театр сайты
* http://teatr-abai.kz/ |
Сенат (латынша senatus, senex — кәрі, қария сөзінен) — 1) Ежелгі Римдегі жоғарғы мемлекеттік кеңес. Сенат басында ең көрнекті, еңбегі сіңген сенатор (prіnces senatus) тұрды. Сенат сайлау заңдары мен нәтижесін бекітті, магистраттар қызметін бақылады, оларға кеңес берді, сыртқы саясатпен айналысты, қаржыны және діни жоралғылардың орындалуын қадағалады. Яғни іс жүзінде мемлекетті Сенат биледі. Сенат қаулылары — сенатус-консульттер халық жиналысы мен плебейлер жиналысы шығарған қаулылармен бірдей заң күшіне ие болды. Рим империясы кезеңінде Сенаттың маңызы, саяси ықпалы төмендеп, жай ғана дәулетті әулеттер өкілдерінің жиналысына айналды; 2) көптеген елдерде парламенттің жоғарғы палатасы. Сенат түрлі жолмен: тікелей сайлау, жанама сайлау, сирек жағдайда төменгі палатаның өз құрамынан сайлауы (Норвегия, Исландия) арқылы құрылады. Кейбір елде Сенат мүшелері түгел тағайындалады (Германия, Канада). Федералды мемлекеттерде Сенатқа әрбір федерация субъектілерінен 1 — 2 өкілден сайланады. Сенат төменгі палатадан келген заң жобаларын бекітіп, мемлекет басшысына жібереді, келіспеген жағдайда төменгі палата қабылдаған заңдарға вето қоюға құқылы. Сенаттың заң шығару ісіне араласудан бөлек бірқатар маңызды өкілеттіктері болады, мысалы, халықаралық шарттарды мақұлдау, кейбір жоғары лауазымдарды тағайындау, т.б.;
## Дереккөздер |
Сергеев бөгені — Солтүстік Қазақстан облысындағы бөген. Есілдің абсолюттік биіктігі 125–150 м-лік жазық өңірден өтетін орта бөлігіндегі аңғарында 1969 жылы іске қосылған.
## Гидрологиялық сипаты
Сергеев қаласынан бастап оңтүстікке қарай 75 км-ге созылған. Шарасының ауданы – 117 км2, сыйымдылығы - 695 млн. м3 (1982 жылы 680, 1983 жылы 693 млн.м³ болды). Ені – 7–8 км, орташа тереңдігі – 5,9 м. Жағасының ұзындығы 264 км. Бөгенге Иманбұрлық өзені құяды. Есіл суын тиімді пайдалану мақсатымен салынған. Облыстағы негізгі астықты өңірлердің экономикасында бөгеннің маңызы зор.
## Дереккөздер |
Семей Ұн-Құрама Жем Комбинаты — байырғы аграрлық-өнеркәсіп орны. 1930 ж. ұн зауыты ретінде салынып, 1936 жылдан өнім бере бастаған. 1941 — 42 ж. Полтава, Воронеж облыстарынан көшірілген құрал-жабдықтардың негізінде құрама жем зауыты салынып, 1942 ж. қаңтарда өзінің алғашқы өнімін майданға жіберді. 1957 ж. зауыт іске қосылып, осы атпен комбинат болып құрылды. Шығыс Қазақстан және Семей облыстары қосылғаннан кейін кәсіпорын “Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты” АҚ деп аталды. 2001 ж. “Ардагер” аграр-өнеркәсіп, қаржы корпорациясының құрамына кірді. Ұн тарту желісінің жалпы қуаты тәулігіне 600 т. 2000 ж. ұн мен жарманы қағаз қалтаға салатын жабдық желісі, 2001 ж. сағатына 600 кг печенье шығаратын желі мен 800 кг макарон өндіретін желі, 2003 ж. бір жұмыс кезегінде 300 т ұн тартатын диірмен іске қосылды. Комбинат қазір жоғары сұрыпты ұнның үш түрін, оның ішінде глютоны жоғары макарондық ұн, бірінші сұрыпты ұнның екі түрін, екінші сұрыпты ұн, қара бидай ұнын шығарады. Толық рационды жем шығару қуаты айына 15000 тоннаға жеткізілді. Кәсіпорында 500-ден астам адам еңбек етеді. |
Мұхамеджан Сералин (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы — 8 қараша 1929, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылы) — ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы.
## Өмірбаяны
Қожа руынан шыққан.
* Троицкідегі медреседе оқыған (1880)
* Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген (1891).
* 1911 — 1918 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын шығарды.
* 1919 — 1920 жылдары “Ұшқын” газетінде қызметкер,
* 1921 жылы Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитеттінің төрағасы,
* 1922 — 1923 жылдары Қостанай губаткомы төрағасының орынбасары,
* 1923 — 1926 жылдары “Ауыл” газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
## Шығармашылығы
Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді:
* 1-кезеңіне “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жазады.
* 2-кезең 1918 – 1928 жылдары аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды.
* Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген.
* “Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын қолдады.
* Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский (1846 – 1847) нұсқасынан,
* сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған (1915).
## Дереккөздер |
Ескен Аманжолұлы Сіргебаев (19.05.1940, Алматы) - суретші, мүсінші. Қондырғылы және монументті мүсін саласында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
## Өмірбаяны
* 1969 жылы қазіргі Санкт-Петербург кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген.*
* 1969-74 жж. Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.
* 1978-93 жж. Алматы театр және көркемсурет институтында, Қазақ көркемсурет академиясында сабақ берді.
* 1986-88 ж. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының хатшысы болды.
## Туындылары
1960 жылдан бастап жасаған мүсіндерімен көрмелерге қатысып келеді. Ол қондырғылы, монументті, монументті-безендіру мүсін саласымен айналысады.
* М. Әуезов (мыс, 1977, Алматы)
* әл-Фараби (Оңтүстік Қазақстан облысы, мыс) мүсіндерінің авторы.
* Н. Байғанин (Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, бетон)
* І. Жансүгіров (бұрынғы Жансүгіров ауылы, қола)
* М. Әуезов (Алматы, қола мен гранит, 1980) т.б. ескерткіштерін жасаған.
Монументті-безендіру саласында еңбек етіп:
* "Шопан мен құрішші"(1975, Қызылорда қ.)
* "Ф.М. Достоевский" (1975, Семей қ.)
* "Қазақ эпосы" (1977, Атырау қ.), т.б.жасады.
* «Жас Абайдың портреті» (1963, гипс, Керкемөнер көрмелерінің дирекциясы қоры)
* дипломдық жұмысы ретінде «Абай портреті» (1969, гипс, Санкт-Петербургтегі Көркемсурет Академиясы қоры)осы еңбектің көшірмесі негізінде «Абай портреті» (1971, гипс, Павлодар облысы өнер музейі қоры)
* осы еңбектің көшірмесі негізінде «Абай портреті» (1971, гипс, Павлодар облысы өнер музейі қоры)
* Абайдың Семейдегі мемлекеттік қорық-музейі үшін креслода отырған «Абай ескерткіші» (1970, мыс) суреттерін салды.
* «Абай портреті» (1974, қапталған мыс, Ақмоладағы өнер музейі қоры)
* сол жылы «Абай портреті» (1974, гипс) жұмысы Қазақстан Республикасы жас суретшілерінің көрмесіне қойылды.
* Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде (үлгі ретінде) қолына кітап ұстап тұрған «Абай» тұлғасы (1979, гипс) тұр.
* Сіргебаевтың тағы бір «Абай портреті» (1977-79, ағаш, Қазақтың мемлекеттік өнер музейі қоры)
* граниттен жасалған 2 еңбегі «Абай» (1983, бюст, Қазақтың мемлекеттік өнер музейі қоры)
* «Абай» (1985, Көркемөнер көрмелерінің дирекциясы қоры) туындысы бар.
## Марапаттары
* Ш. Уәлиханов атынд. Мемлекеттік сыйлығы лауреаты.
## Галерея
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Семей Ет Комбинаты — тамақ өнеркәсібінің байырғы кәсіпорны. 1937 — 38 ж. шұжық және консерві зауыттары ретінде іске қосылған. КСРО бойынша үшінші орында болған кәсіпорын 1944 ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде комбинат жекешелендіріліп, әр жылдары “Сары Арқа”, “Сұңқар”, “Руц” деген атаулармен жұмыс істеп тұрды. 2001 ж. қараша айынан жұмысын тоқтатып, банкротқа ұшырады. 2004 ж. “Никаинвестмент” инвесторының қаражатымен жаңа құрал-жабдықпен жарақтанған консерві және шұжық цехтары іске қосылды. Комб. күніне 35 мың дана консерві қалбырын, 20-дан астам шұжық түрлерін, тартылған ет, тұшпара шығарады. Кәсіпорында 368 адам еңбек етеді. |
Лепсі уезі (1867) — Жетісу облысына қарасты әкімшілік бөлік. Патша үкіметінің 1867 — 68 ж. Қазақстанда жүргізген әкімшілік-саяси реформаларына сәйкес құрылған. Оның құрамына 13 болыс енді. Сергиополь уезінің жері 78 мың 356 км², халқы 120 мың адам болды. Уезд халқы негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. 1893 жылғы деректерге қарағанда Сергиополь уезіндегі егіс көлемі 90 мың 973 десятинаға жеткен. Уезд экономикасында сауданың үлес салмағы едәуір болды. 1893 ж. жүргізілген санақ бойынша уезде ішкі сауда 197 млн. 294 мың сомға жеткен екі жәрмеңке (Нарын — Сергиополь және Бақты) жұмыс істеген. 1869 ж. Сергиополь уезінде үш мұғалімі бар бір мектеп болды. Онда 40 шәкірт білім алды.
## Дереккөздер |
Семенов-Тян-Шанский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович [2.(14). 1.1827, қазіргі РФ, Липецк облысы Чаплыгин ауданы Урусово с. маңындағы иелік — 26.2. (11.3.)1914, Санкт-Петербург] — Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1873). Орыс География қоғамының вице-төрағасы (1873 — 1914).
Санкт-Петербург университетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1848). 1851 ж. Дон бойының флорасын зерттеп, магистрлік диссертация қорғады. 1853 — 55 ж. Германия, Швейцария, Италия, Францияның географиясын, геологиясы мен экономикасын зерттеді. С. 1856 — 1857 ж. Тянь-Шаньға саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп, оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты. Сырдарияның бастауын зерттеп, Шу өзеннің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдеді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Іле жазығы деген атаулар енгізді. Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі Орта Азиялық экспед-лары (Ш.Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, М.Б. Певцов, Г.Н. Потанин, т.б. қатысқан) ұйымдастырылды. Семенов Тян-Шанский шет елдік және ресейлік 53 ғыл. мекеменің құрметті мүшесі, 20 ғыл. қоғамның мүшесі болып сайланды. Семенов Тян-Шанский саяхаты кезінде қазақтардың тұрмыс-салтымен терең танысты. Уәлихановты Орыс География қоғамының мүшелігіне ұсынды. Шоқан мезгілсіз қайтыс болған соң ғалымның еңбектерін жинақтап, жариялауға атсалысты. Семенов Тян-Шанский есімімен ондаған тау шыңдары мен мұздықтар, 30-ға тарта өсімдік, көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады.
## Тянь-Шаньды зерттеу...
Тянь-Шань - Орта және Орталық Азиядағы таулы жүйе. Орталық Тянь-Шаньға өрлеген алғашқы еуропалық ғалым-зерттеуші Петр Петрович Семенов болатын.1856 ж. бастап ол осы ауданға бірқатар күрделі сапарлар ұйымдастырды және өзінің ғылыми ерлігі үшін Тян-Шандық деп аталу құқығын иеленді.1853 ж. өзінде Семенов құпиясы мол Тянь-Шаньға өрлеуді мақсат тұтты.Ресей сыртқы істер Министрлігі азиялық елдерді «географиялық ғылымның жаулап алуынан» қызғанышпен қорыды, бірақ бәрібір ғалымға Алтай мен Қырғыз даласында болудың сәті түсті.1856 ж. Семейден Семенов Балқаш көліне дейін жетті.Ол өзінің «кебір ұшы» Алакөлмен бірге ортаазиялық қыраттарды біртектес қырғыз даласынан бөліп жатқан Балқаштың оңтүстік-шығысында ол оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан, «көз қарықтырардай... мәңгілік қар құрсауындағы» асқар таулардың тізбегін көріп, оны Жоңғар Алатауы деп атады. Осы шоқылардан әрі қарай «төмен және ыстық» Іле өзенінің алқабы басталды. Оны жүріп өтіп, ғалым Верный (қазір бұл Алматы қаласы) қаласына тоқтады.Осы жылы зерттеуші Ыстықкөл жағасына ат шалдырды: «Оңтүстіктен көз ұшына дейін ... Ыстықкөлдің көк суы... қар алып қар тізбегімен құрсанған», - деп сипаттайды өз әсерін Семенов. Бұл оның «қиялындағы Тянь-Шань» - Теріскей Алатауының шоқысы болатын (Батыс Тянь-Шаньдағы таулы шоқы).Теріскей Алатауының асуынан ол ертегідей табиғат көрінісіне сүйсіне көз тастады. Оның алдында «көрініп тұрған ең ұлы асқақ таулы қыраттар мұнартты. Ол жоғары-төмен жайылған қармен жабылған. Дәл ортасында дара, жылдам өзінің алып ұзындығымен бас айналдыратын аппақ өткір шыңды пирамида көзге шалынады» - ұзақ уақыт бойы Тянь-Шаньның ең жоғарғы нүктесі (6995) болып есептелген Хан Тәңірі осы болатын. Сарыжаз өзенінің алабына түскен ол өзеннің бастауына дейін жетті, алдынан қарсы алған мұздықтарды тамашалаған соң, Верныйға қайтып оралды.
## Шығармалары
* Мемуары, т. 1, 3 — 4, СПб., 1915 — 17 (т. 2, переизд. под назв. “Путешествие в Тянь-Шань”), М., 1946.
## Дереккөздер |
Серғалиев Мырзатай Серғалиұлы (17.3.1939 ж. т., Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Жаңажол аулы) — тіл білімі маманы, филология ғылымының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1995), ҚР білім беру ісінің үздігі (2000). ҚазМУ-ды (1960), осы университеттің аспирантурасын (1965) бітірген. 1965 — 99 ж. Қазақстан ҒА Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, ҚазМУ-де аға оқытушы, доцент, профессор, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. Серғалиевтің қазақ тілінің синтаксисі мен стилистикасына арналған “Синтаксистік синонимдер” (1981), “Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы” (1991), “Синтаксис және стилистика” (1997), “Синтаксистік зерттеулер” (2004), тіл мәдениеті және көркем әдебиет тілі туралы “Қазіргі қазақ әдеби тілі (морфология, синтаксис)” (телавт., 1991), “Көркем әдебиеттің тілі” (1995), “Қазақ тілі мәдениеті” (М.Балақаевпен бірге, 1995, 2004), “М.Әуезов және көркем шығармалар тілі” (1998), “Ғ.Мүсірепов және тіл мәдениеті” (2003), әдебиет сынына қатысты “Сөз сарасы” (1989), “Ой өрнегі” (1995), лексикография саласында “Русско-казахский словарь” (1993, 1995, 2000, 2002 — 04), “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі” (1996), “Казахско-русский, русско-казахский словарь” (2004) атты еңбектері жарық көрген. “Қазақ грамматикасы” атты академикалық еңбектің (2002) авторы. 600-ге жуық ғылыми еңбегі жарияланған, оның ішінде 15 монография бар.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.