text
stringlengths 3
252k
|
---|
Өнеркәсіп – халық шаруашылығының шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш дайындаумен, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы шикізатын өндіріс құрал-жабдығына, тұтыну заттарына одан әрі өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.
Үлкен екі топтан тұрады:
1) Өндіруші өнеркәсіп – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металдардың рудаларын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) Өңдеуші өнеркәсіп – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент, басқа да құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, өнеркәсіптік бұйымдарды жөндеу, т.б.
Сондай-ақ, өнеркәсіп өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
## Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсібі
Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың тонна мұнай, 0,1 млн тонна көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы бесжылдықта (1928 – 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды. ІІ бесжылдықта (1932 – 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933 – 1940 жылдары республикада Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 – 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті.
## Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан өнеркәсібі
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) жылдары Қазақстан өнеркәсіпті дамытуда маңызды үш міндетті шешті, олар:
* КСРО-ның батысынан көшірілген фабрикалар мен зауыттарды қабылдап алып, орналастыру және іске қосу;
* Өнеркәсіпті одан әрі дамытып, жаңа объектілер салу;
* Майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын номенклатурасын қайта қарау.
Соғыстан кейінгі кезде (1946 – 1950) майдан астында болған республикалар өнеркәсіпі бейбіт жағдайға бейімделіп қайта құрылды. Өнеркәсіп өнімін қарқынды дамытудың іргетасы қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. Бесжылдықта (1951 – 1955) өнеркәсіп өнімі 82%-ға артты, халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр энергиясын, машиналар мен механизмдер, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын өндіру қарқынды жүргізілді.
## 6-шы (1956 – 1960) және 7-ші (1961 – 1965) бесжылдықтар
6-шы (1956 – 1960) және 7-ші (1961 – 1965) бесжылдықтарда өндірістің құрылымдық бағытын түбегейлі түрде өзгертетін жаңа қуаттар іске қосылды. Қарағанды металлургия зауыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының іске қосылуына байланысты қара металлургия өнеркәсіпінің негізі қаланып, онан әрі дами түсті; түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар қатарға қосылды; көмір өнеркәсіпінде жаңа технологиямен жабдықталған оннан астам жаңа шахталар мен қималар іске қосылды; химия өнеркәсіпі Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Қарағанды синтетикалық каучук зауыты, Қаратау кен-химия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындармен толықты; Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру ісі қолға алынды; Қазақстанның шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңа зауыттар салынып, шығарылатын өнім түрі көбейді; жеңіл және тамақ өнеркәсіпін өркендетуде елеулі қадам жасалды. Сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында аумақтық-өндірістік кешендер қалыптаса бастады.
## 8-ші (1966 – 1970) және 9-шы (1971 – 1975) бесжылдықтар
8-ші (1966 – 1970) және 9-шы (1971 – 1975) бесжылдықтар кезінде өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны 2,2 есе, 10-бесжылдықта (1976 – 1980) 18%-ға артты. 1980 жылдардың аяғында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1928 жылмен салыстырғанда 265 есе өсті. Мұнда өнімнің 75%-ы “А” тобынан (өндіріс құрал-жабдығын өндіру) өндірілді. Бұл кезеңде электр энергетикасы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу салалары жедел дамыды. 1980 жылы барлық өнеркәсіп өнімінің 1/4 бөлігі осы салалардың үлесіне тиді.
## 11-бесжылдықта (1981 – 1985) өнеркәсіп
Бұдан кейінгі 11-бесжылдықта (1981 – 1985) неркәсіп өнімінің көлемі 19,4%-ға өсті. Павлодар – Екібастұз, Қаратау – Жамбыл, Маңғыстау өндірістік аумақтық кешендерінің маңызы артты. 400-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Олардың арасында Екібастұз 1-ші МАЭС пен “Восточный” қимасы және Қарағанды кен-металлугия комб-ндағы қаңылтыр цехы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты сияқты өндіріс алыптары бар.
## 12-бесжылдық (1986 – 1990)
12-бесжылдық (1986 – 1990) кезеңінде Екібастұзда бүкілодақтық энергетика орталығы қалыптасты, оңтүстікте фосфор өндірісі өркендеді, батыста еліміздің мұнай базасын жасау, мұнайдың, газдың, полиметалл және темір кентастарының жаңа кен орындарын игеру қолға алынды. Минералдық тыңайтқыштар, түсті және қара металдар өндіруде республиканың одақтағы маңызы арта түсті.
## Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы барысында өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындардың техникасы мен технологиясы, ұйымдастырылу деңгейі төмен екендігі байқалды. 20 ғасырдың 90-жылдары басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп орындары мемлекет иелігінен алынып, жекешелендіріле бастады. 2003 жылғы мәліметке қарағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың саны және олардың үлесі айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар саны 1184 (9,3%), жеке меншікте 11217 (88,3%), ал басқа мемлекеттердің (олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының) меншігінде 306 (2,4%) кәсіпорын болды. Бірақ меншік нысандары бойынша өндірілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) жалпы көлеміндегі өнеркәсіптік өндірістің құрылымы тиісінше 1,3; 82,1 және 16,5% болды. Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі, орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне жіктелді. Сондай-ақ нарықтық экономиканың дамуы барысында ірі-ірі корпоративтік құрылымдар да қалыптасты. Олардың тұрпаттары алуан түрлі: ұлттық және мемлекеттік компаниялар (“ҚазақОйл”, “ҚазТрансОйл”, “ҚазАтомӨнеркәсіп”, т.б.), мемлекеттік және жеке жобалармен жекешелендірілген акционерлік компаниялар (“Испат-Қармет”, “Қазақмыс” корпорациясы”, “Қазақстаналюминий”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, “МаңғыстауМұнайГаз”, “АқтөбеМұнайГаз”, “ҚазХром” ҰАҚ”, т.б.), нарықтың дамуы барысында пайда болған жеке компаниялар (“Қазкоммерцбанк”, “ҚазақстанКаспийшельф”, “Тұран Әлембанк”, т.б.), ұлтаралық компаниялардың Қазақстандағы бөлімшелері (“ТеңізШевройл”, “OKІOK”, “PeтроҚазақстан”, “Алматы темекі фабрикасы”, “Қазхром” “ҰаҚ”, т.б.) мен өкілдіктері (“АВВ LTD” – электротехикалық жабдықтар өндіретін компания, “PGS Onshore” – мұнай барлау, геофизикалық қызмет компаниясы, т.б.). Трансұлттық корпорациялар республиканың өнеркәсіпіне миллиардтаған қаржы салып, қыруар пайда табуда. Әйтсе де Қазақстан экономикасының корпоративтік секторында әлемдік деңгейдегі корпорациялар жоқ дерлік. Қазақстан өнеркәсіпінің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі зор екеніне қарамастан инвестиция тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мүлдем жоқ болатын. Сондықтан жеке жобамен жекешелендірілген кәсіпорындар мен трансұлттық корпорациялар басымдық алды. Республика экономикасында жүргізілген реформа барысында бұрын қалыптасқан өнеркәсіп салалары дамыды. Негізгі капиталға пайдаланылған инвестиция кен өндіру өнеркәсіпіне жұмсалды. Атап айтқанда, осы сала құрылымындағы инвестицияның үлесі 2000 – 2003 жылдары орта есеппен 76,3%-ды құрады. Бұл кезеңде өңдеу өнеркәсіпі саласында инвестиция тапшылығы айқын байқалды: оның үлесі орта есеппен 18%-дан аспады.
## Шетелдік инвестициялар
Қазақстан шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орында болды. Республикада шетел инвестицияларының негізгі капиталдағы үлесі негізінен Батыс Қазақстан (92%), Маңғыстау (66%) және Ақтөбе (75%) облыстарына тиесілі болды.
## Республика өнеркәсібінің әлемдік деңгейі
Республика өнеркәсіп інің тиімділігі әлемдік стандартқа сай емес. Айталық, Қазақстанда 1 доллар ЖІӨ шығару үшін 2,8 кВт-сағ қуат жұмсалса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,2 – 1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады, ал шикізатты ақырғы өнімге дейін өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сонымен қатар өнеркәсіптің біраз салаларында негізгі құрал-жабдықтар ескірген (50%-дан астам). Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің ЖІӨ-дегі үлесі 2004 жылы 30%-дан асты, яғни ақшаға шаққандағы көлемі 3000 млрд. теңгеден астам болды, ал өнеркәсіптің негізгі қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 30 мың теңге шамасында. Негізгі қызметтен алынған табыс 402,2 млрд. теңгені құрады және өнеркәсіптің пайдалылық деңгейі 23%-ға жетті. 21 ғасырдың басынан Қазақстан өнеркәсіпін әртараптандыру үдерісі жүргізіле бастады. Нәтижесінде ақпараттық технология, биотехнология, ядролық технология, автомобиль құрастыру сияқты өндірістің жаңа бағыттары пайда болып, әлемдік бәселестікке төтеп беретін өнім түрлерін кластерлеу ісі жолға қойылды. Қазақстан өнеркәсіпін 2015 жылға дейін жаңа индустриялық инновациялар даму өрісіне шығару, сөйтіп, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен келешекте оның шикізаттық бағыттағы даму үрдісінен сервистік-технологиялық экономика үлгісіне көшу көзделіп отыр.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Malimetter.kz Өнеркәсіп реферат (қазақша)
* Malimetter.kz Өнеркәсіп туралы түснік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні қызметі реферат (қазақша) |
Мұхтарбай Өтелбаев (3 қазан 1942 жыл, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қаракемер) – физика-математика ғылымының докторы (1978), профессор (1982), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
## Өмірбаяны
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* 1969 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
* 1973–2000 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика ғылым-зертттеу институтында, ҚазҰУ-да, Жамбыл педагогикалық институтында, Қарағандыдағы Қолданбалы математика ғылымының зерттеу институтында, ҚазҰПУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды.
* 1993–1995 жылдары ҚР Министрлігі Кабинет жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің аэрогидродинамика бөлімінің бастығы болды.
* 2000 жылдан Еуразия ұлттық университететінде ғылыми-зертеу ортасының жетекшісі, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынбасары қызметін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері функционалдық анализ және оның қолданыстарына, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясына, функционалдық кеңістік теориясына, есептеу математикасына, шекаралық есептердің жалпы теориясына арналған. 160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. 5 патенттің иегері.
## Шығармалары
* Весовые функциональные пространства и спектр дифференциальных операторов (соавтор), М., 1988;
* Оценки спектра оператора Штурма-Лиувилля, А.-А., 1990.
* Ақпарат қорғау мен криптография негіздері Астана 2003 ж.
## Дереккөздер |
Бекет Өтетілеуов (1.7. 1883, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы – 9.7.1949) – ақын, аудармашы, ағартушы, педагог.
* Екі класты орыс-қазақ мектебінде, кейін мұғалімдер даярлайтын курста оқыған.
* 1907 жылдан өмірінің соңына дейін ұстаздық қызметпен айналысқан.
* 1923 – 1925 жылдары Қостанайда Ы.Алтынсарин ашқан, кейін Қазкоммуна аталған мектепте меңгеруші.
* 1925 – 1929 жылдары округтік оқу комитетінің төрағасы.
* 1930 – 1949 жылдары орыс тілінің мұғалімі болды. Өтетілеуов Ыбырай салған ағартушылық жолды жалғастыра жүріп, аудармашылық, жазушылықпен де шұғылданды.
## Шығармалары
* “Дүние ісі ахиретке кетпес” атты тұңғыш кітабы 1912 жылы Қазанда жарық көрді. Онда ақынның екі дастаны бар.
* Кітаптың атымен аталады.
* “Жанғыз сәуегей сипатында”.
* Келесі кітабы “Жиған-терген” 1914 жылы Орынборда басылып шықты. Оған “Қазақтың надан байлары мен нашар көршілері және ғалымдық пен надандық”, “Данышпан қазы”, тағы басқа шығармаларымен қатар Хемницерден “Құмырсқа мен дән”, Пушкиннен “Көктемнің келуі”, Жуковскийден “Туған жер”, Лермонтовтан “Үш бәйтерек”, Крыловтан 15 мысал аудармалары енген.
Осы кітаптардан кейін Өтетілеуов жазушылықты біржола қойып, педагогтік қызметпен айналысқан. Ғ.Мүсіреповтің “Автобиографиялық әңгімесінде” Өтетілеуовтің ұстаздық бейнесі суреттелген.
## Дереккөздер |
## Өтениязов Әбужан
Өтениязов Әбужан – кен инженері, техникалық ғылым кандидаты (1980). Ол кісі 5.5. 1927 жылы, Арал аудaны Бөген ауылында туды. Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген (1954). Жезқазған мыс кенінде (1954 – 1955), Ащысай полиметалл комбинатында (1955 –1984), Қазақстан ҒА-ның Тау-кен істері институтында (1984 – 1999) басшылық және ғылым жұмыстармен айналысқан. Өтениязов Мырғалымсай кен орнында кен шоғырларын оңтайлы ашу мен дайындаудың жобалық-сұлбалық құжаттарын жасауға және өздігінен жүретін машиналарды (жабдықтарды) қолданып, қазу жүйелерінің тиімдісін таңдауға атсалысқан; ғылым-зерттеу мекемелерімен бірлесе отырып комбинат кеніштерінде шахта оқпандарын жүргізудегі жаңа техника мен технологияны, Ащысай полиметалл комбинатының кеніштерінде әр түрлі қазу жүйелерінің соңғы нұсқаларын ұсынып, өндіріске енгізген. Күрделі тау-гидрогеологиялық жағдайда «Глубокий» кенішін жобалауға және салуға белсенді қатысқаны үшін КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығын алған.
## Сілтемелер
## Дереккөздер
Ю. Мальченко
## Өтениязов Әбужан
Өтениязов Әбужан – кен инженері, техникалық ғылым кандидаты (1980). Ол кісі 5.5. 1927 жылы, Арал аудaны Бөген ауылында туды. Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген (1954). Жезқазған мыс кенінде (1954 – 1955), Ащысай полиметалл комбинатында (1955 –1984), Қазақстан ҒА-ның Тау-кен істері институтында (1984 – 1999) басшылық және ғылым жұмыстармен айналысқан. Өтениязов Мырғалымсай кен орнында кен шоғырларын оңтайлы ашу мен дайындаудың жобалық-сұлбалық құжаттарын жасауға және өздігінен жүретін машиналарды (жабдықтарды) қолданып, қазу жүйелерінің тиімдісін таңдауға атсалысқан; ғылым-зерттеу мекемелерімен бірлесе отырып комбинат кеніштерінде шахта оқпандарын жүргізудегі жаңа техника мен технологияны, Ащысай полиметалл комбинатының кеніштерінде әр түрлі қазу жүйелерінің соңғы нұсқаларын ұсынып, өндіріске енгізген. Күрделі тау-гидрогеологиялық жағдайда «Глубокий» кенішін жобалауға және салуға белсенді қатысқаны үшін КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығын алған.
## Сілтемелер
## Дереккөздер
Ю. Мальченко |
Өскемен титан-магний комбинаты ААҚ – түсті металлургия кәсіпорны. 1965 жылы іске қосылған. Комбинат шығаратын сирек металл – титан авиация, ракета-космос өндірісінде, әскери-теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында тұтынылады. Өндірістік цехтары мен қызмет ғимараттары жетілдірілген жабдықпен жарақтандырылған, технологияны өңдеу жүйелерінің жұмысы тұрақты, осы заманғы стандарттау және сертификаттау жүйелері енгізілген. Оның өнімі тек қана экспортқа бағдарланған: Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада сияқты дамыған шетелдерге шығарылады. Комбинаттың өнімін “Таймет”, “Прат енд Уитни” (мотор жасаушы) және “Боинг” (ұшақ жасаушы) сияқты беделді шетелдік фирмалар сатып алады. Кәсіпорынның халықаралық байланыстағы инвестиция әріптесі – Бельгияның “Спешиалти Метала Компани” фирмасы.
Қазіргі таңда «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ әлемнің жеті титан өндірушілердің бірі, оған бүкіл өнімдердің 20%-ы тиісті. 1994 жылдан бастап метал толығымен дамыған шетелдерге экспортталады. Негізгі бөлімі ракета-космос өндірісінде (50%), одан кейін химиялық, биомедициналық, спорттық және зергерлік өнеркәсіптерінде қолданылады. Комбинат сапалы титан шығаратын тәуелсіз, интегралды зауыттардың бірі, ал бүкіл әлемде мұндай кәсіпорындар өте аз.
Тіпті Қазақстанның ең қиын уақыттарында да ТМК ААҚ ғылыми қоғамдармен бірге байланыс үзген жоқ, бұл біріншіден техникалардың дамуына, екіншіден ұзақ уақыттық бағдарламалардың құрылып, титан-магний индустриясының дамуына әсер етті.
Кәсіпорында жұмысшылардың, олардың жанұяларының, ардагерлердің қауіпсіздігі үшін де шаралар қолданылған. Оларға профилактикалық емге, арзан тағамға арнайы талондар беріледі. Мұнда 2 медпункт, 4 асхана және 2 буфет, спорт комплексі және балшықпен емделу қызметі де бар. Жыл сайын жұмыскерлердің спартакиядалары болады. Осындай бағдарлама оларға күш беріп, сонымен қатар өнімнің сапасын да жаксартады.
## Тарихы
Өскемен титан-магний комбинаты — түсті металлургияның ірі кəсіпорны. 1965 жылдың 27 наурызында комбинаттың бірінші кезегі, ал 1966 жылдың 26 наурызында екінші кезегі іске қосылды. Кəсіпорынның 3 негізгі жəне 13 көмекші цехы бар. Негізгі өнімдері: кеуекті титан, магний, калий тыңайтқышы. Өндіріс қалдықтарынан ванадийдің бес тотығы, скандий тотығы, гипохлорит пульпі алынады.
Кəсіпорынның іргетасы 1952 жылы қалана бастады. Біраздан соң алғаш тəжірибе цехы іске қосылып, титан кеуегін өндірудің технологиясы сынақтан өтті. Негізгі цехтарға арналып тəжірибелі жұмысшылар даярланды. 1963 жылы кеуекті титан, ал 2 жылдан соң магний өнімі алынды.
1966-1970 жылдарда қосалқы материалдардың шығынын болғызбай өнім өндіру, титан жəне магний айыру жөнінде жобалық қуат игерілді. Комбинаттың цехтары мен қызмет коллективтерінің шығармашылық еңбектері нəтижесінде титан хлораторы қалыпқа келтіру жəне тұндыру пештері мен бірқатар агрегаттарда еңбек өнімділігі артты.
Комбинат еліміздегі тектес кəсіпорындардың тəжірибесіне қуатты магний электролиздерін, титан жəне карналлит хлораторларын қалыпқа келтіру, дистилляция аппараттарын енгізді.Комбинат қысқа мерзім ішінде өндірістік қуаттарды жедел меңгерді.
1971-1975 жылдары комбинат ағы өндірістік үдерістерді автоматтандыру мег механикаландыру іске асырыла бастады. Ғылыми-техникалық үдерісті жедел қарқынмен дамытуда өндіріс өнімділігін онан əрі арттыру міндеттерін жүзеге асыруға инженер-техник қызметкерлеріне ерекше рөл жүктелді. Өндіріске 5 мың рационализаторлық және 36 өнертабыстық ұсыныс енгізілді.
1967 жылы комбинатқа қазан төңкерісінің 50 жылдығы атағы берілді, ал 1971 жылы титан мен магний өндірудегі және жаңа технологиялық үдерістерді өндіріске енгізудегі жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, комбинат шығаратын сирек металл-титан авиация, ракета-космос өндірісінде, әскери теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында тұтынылады. Оның өнімі тек экспортқа бағытталған: Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания,АҚШ, Канада сияқты елдерге шығарылады.Комбинаттың өнімін "Таймет", "Прат енд уитни"(мотор жасаушы), және "Боинг"(ұшақ жасаушы) сияқт беделді компаниялар сатып алады.кәсіпорынның халықараық байланыстағы инвестиция әріптесі- Бельгияның "Спешиалти Метала Компани "фирмасы.
1993 жылы қыркүйек айында бұрын мемлекеттік кәсіпорын болып келген комбинат енді акционерлік қоғамға айналды. "Өскемен титан-магний комбинаты холдингі" құрылды. Өскемен титан-магний комбинатының ұжымы "Үздік әлеуметтік жоба" номинациясына Бағдат Шаяхметов атындағы медициналық орталыққа ұсынылып, "Парыз 2013" жобасының бас жүлдесін жеңіп алды.
## Дереккөздер |
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388–1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріне жүйрік тарихшысы, емші.
## Өмірбаяны
Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған, өлген жылдары негізінен "Шипагерлік баян" кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор "Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1388 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады.Өтейбойдақ "Шипагерлік баян" кітабында өзі туралы былай дейді: "Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім — Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім — Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жөнібек ханның қарашасымын. Жылым — иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын".Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болған. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол төжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп, шипагерліктің өз заманындағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бүл жолда ол әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бөрін тәрік етіп, бүкіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарп еткен.
## "Шипагерлік баян"
Өзінің төл тәжірибелеріне сүйеніп, осыдан 5 ғасырдан бұрын жазған медициналық үлкен ғылыми еңбегі – «Шипагерлік баян» күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Ғалым бұл кітапты Жәнібек ханның тапсыруымен 1470 ж. (жасы 70-тен асқан шағында) бастаған. Кітабында өзінің аты-жөнін ғана атап, өмірбаянын жазбаған. «Шипагерлік баянда» – жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін), т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет. «Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дәрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дәрі және 4577 рецепт берілген. Бұл қолжазбаны Райымбет, Шыбыл, Қоңырбөрік, Тама, Бұршақ би бір-біріне өсиетпен тапсырып, хижраның 1170-жылына келгенде (Григорий күнтізбесі бойынша 1827–1828 ж.) бесінші рет, 1952 ж. Түменбай Ыстанбайұлы (Іле аймағы, Текес ауданы Шиліөзек а.) алтыншы рет, 1991 ж. Нұртай Түменбайұлы 1952 жылғы нұсқаның 1968 ж. өртелгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет көшірген. Бұдан кейін 1994 ж. араб әрпімен Үрімшіде (Қытай), 1996 ж. Алматыда («Жалын» баспасында) қазақ тілінде басылып шықты.
"Шипагерлік баян" бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын-ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы "мәдени төңкеріс" кезінде "хуң-уейбиндер" тарапынан өртелген.Өтейбойдақтың "Шипагерлік баян" кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғүлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай-ақ, "Шипагерлік баян" кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, металл-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бүл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ "Шипагерлік баян" — ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі."Шипагерлік баян" кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылүлының тек қана ғүлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды түлғасы болғаны айқын аңғарылады.
## Марапаттар
Қытай үкіметі «Шипагерлік баянның» құндылығын бағалап «Мемлекеттік бірінші кітап» деген сыйлықпен марапаттады (1997'). Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2 мемлкеттік медицина орталығын құрылған..
## Дереккөздер |
Евгений Никанорович Павловский (5.3.1884 жылы Ресей, қазіргі Воронеж облысы, Красногвардейск қаласында туып – 27.10. 1965 жылы Ленинградта көз жұмды) – Ресей зоологы, паразитологы, КСРО ғылым академиясының (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ғылым Академиясы) (1939) және КСРО Медицина ғылым академиясының академигі (1944), Лениндік сыйлықтың (1965) пен КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1941, 1951) лауреаты.
Петербургтегі Әскери-медициналық академияны бітірген (1908).
Негізгі ғылыми еңбектері жалпы және жекеше паразитология, әсіресе, арахнология мәселелеріне арналған. Павловский адам, мал аурулары қоздырғыштарын тасымалдайтын эктопаразиттердің фаунасын, биологиясы мен экологиясын зерттеді; кене арқылы жұғатын энцефалит, шіркей арқылы жұғатын қызба, лейшманиоз сияқты паразиттік және трансмиссивтік ауруларды зерттеген. Павловский Қазақстанға жіберілген арахнология-энтомологиялық экспедицияларға басшылық етті. Оның ұсынысымен Қазақстан паразитологтарының қоғамы құрылып, Қазақстан мен Орта Азия республикаларында аурулардың табиғи ошақтары және паразитология мәселеріне арналған алғашқы конференциялар өткізілді.
## Шығармалары
* Ядовитые животные СССР, М.–Л., 1931;
* Лихорадка папатачи и ее переносчики, Л., 1947;
* Учебник паразитологии человека с учением о переносчиках трансмиссивных болезней, 6 изд., Л., 1951.
## Дереккөздер |
Павлодар Машина Жасау Зауыты– машина жасау кәсіпорны.
* Жөндеу-механикалық зауыттың негізінде 1991 жылы құрылған.
* 1994 жылы АҚ-ға айналды. Зауыт 16 тонналық жүк көтергіш авто крандар, төрт тұрықты крандар, көпірлі крандар, арқалық крандар шығаруға мамандандырылған. Кәсіпорын, сондай-ақ жел агрегаттары, жел-су көтергіш қондырғылар, бетон ерітіндісін араластырғыштар, редукторлар сияқты қосымша машина жасау өнімдерін шығаруды да игерді. Сонымен қатар 20-дан астам көпшілік қолды тауар түрлерін: жиһаз, ыстауыштар, металл есіктер, сейфтер, контейнерлер, гантельдер, т.б. шығарады. Зауыт өнімін негізінен Қазақстан Республикасының кәсіпорындары тұтынады. Сонымен қатар Ресей кәсіпорындарының да тапсырыстары орындалады. Кәсіпорында 682 адам еңбек етеді.
## Дереккөздер |
Павлодар алюминий зауыты– түсті металлургия кәсіпорны. 1963 жылы қорыту-мех. цехы өнім бере бастады. 1996 жылғы наурыздан Қазақстаналюминий ААҚ-ның (ENRC тобы) құрамында.
## Тарихы
1955 жылдың қыркүйегінде КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Павлодар қаласында глинозем өндіретін зауыт салу туралы шешім қабылданды. 600 мың жылдық қуаты бар кәсіпорынның техникалық жобасын Бүкілодақтық алюминий-магний институты (ВАМИ) 1960 жылдардың басында дайындады.
Зауыттың бірінші кезегі 1964 жылы пайдалануға берілді. Келесі бес жыл ішінде 2-ші және 3-ші ойық кезегі іске қосылып, қуаты жылына 1 миллион тонна глиноземге дейін кеңейтілді. 1971 жылы 10 ақпанда кәсіпорын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1987 жылдың қазан айында зауыт базасында " Қазглинозем "өндірістік бірлестігі құрылды. БҚ құрамына Павлодар алюминий зауыты, Торғай (ТБРУ) және Краснооктябрь (КБРУ) боксит кен басқармалары кірді.
КСРО ыдырағаннан кейін, 1994 жылы "Қазглинозем" ӨБ акционерлік қоғам болып қайта құрылды, ал 1996 жылы Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастықтың (кейін ЕФПК, ENRC, қазіргі ERG) құрамына кірген "Қазақстан алюминийі" АҮАҚ болып қайта құрылды.
## Бөлім
Кәсіпорынның қуаттылығы-жылына 1,4 млн тонна глинозем, шикізат Торғай (Арқалық қ.) және Краснооктябрь (Лисаков қ.) боксит кен басқармаларынан, Павлодар облысындағы Керегетас әктас кен орнынан түседі. Энергетикалық құрамдас бөлігі Павлодар 1-ЖЭО болып табылады. Алынған глинозем чушкаларда металл алюминийді өндіру үшін Қазақстан электролиз зауытына жіберіледі.
## Басымнама
Бакланов, Анатолий Васильевич — Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Алиева, Зина Сембайқызы-Еңбек Даңқы орденінің толық кавалері.
Поздняков, Виталий Николаевич — Социалистік Еңбек Ері.
Софьин, Николай Степанович — Социалистік Еңбек Ері.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Павлодар картасы(қолжетпейтін сілтеме) |
Павлодар мұнай-химия зауыты – мұнай өңдеу кәсіпорны. 1978 жылы іске қосылған.
Технологиясы жағынан Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі соңғы үлгімен жабдықталған кәсіпорындардың бірі. 2000 жылдан ЖАҚ. Зауыт отындық нұсқа бойынша мұнай өндіреді, өңдеу тереңдігін 85%-ға дейін қамтамасыз етеді, мұның өзі мұнай өнімдерін өндірушілердің әлемдік таңдаулы деңгейіне сай келеді. Мұнай өңдеудің жобалық қуаты бойынша зауыт еліміздегі аса ірі кәсіпорын болып табылады: жылына 7,5 т мұнай өндіреді. Өнімінің негізгі түрлері: этилдендірілмеген бензиндер: А-76, АИ-80, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98; реактивтік қозғалтқыштар үшін отын; жазғы және қысқы дизельді отын; мазут М-40, М-100; құрылыс, жол, төбелік битумдар; мұнай кокстары; техникалық көміртек үшін шикізат; сұйытылған газ. Кәсіпорында 2700-ден астам адам еңбек етеді.
## Дереккөздер |
Павлодарское — Павлодар қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Павлодар ауылдық әкімдігі орталығы. 2012 жылы Павлодар қаласының құрамына енген. 2012 жылға дейін қасқартылған "Жаңаауыл ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
1981–96 жылдары Павлодар қаласының автомобильмен жүк тасу басқармасына қарасты қосалқы шаруашылықтың орталығы болған. Оның негізінде Павлодарскоеде және округке қарасты Шәукен ауылында ЖШС және шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры – Павлодар қаласындағы мәдени-сахналық ұжымның бірі.
## Тарихы
Театр өз шымылдығын 1990 жылғы 7 желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Ерсайын Тәпеновтің қойылымындағы М. Әуезовтің "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясымен ашты.Театр труппасын Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының) драма актерлері (жетекшісі – проф. Р. Қаныбаева) мен муз. комедия (жетекшісі – проф. І. Кенжетаев) бөлімін бітірушілер және Қарағандыдан режиссер Е. Тәпенов бастап келген С. Бекболатов, А. Жукин, С. Тәжібаев, Р. Тәжібаева сынды сахна шеберлері, Жезқазған (актер М. Манапов) мен Талдықорған (Ж. Шайкина) театрларынан келген актерлер құрады.
## Қойылымдары
Театр репертуарынан ұлттық және аударма пьесаларымен қатар музыкалық шығармалар да елеулі орын алды. Олардың қатарында Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты” және “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, М. Әуезовтің “Қарагөз”, А. Сейдімбек пен Б. Ұзақовтың “Күзеуде”, М. Байсеркеұлының “Абылай ханның ақырғы күндері”, Д. Исабековтің “Әпке”, У. Гаджибековтің “Аршин мал аланы”, И. Кальманның “Сильва” опереттасы, т.б. бар. Театр құрамында симфониялық оркестр (дирижері Б. Рахымжанов) және бишілер тобы (жетекшісі Б. Қырықбаева) жұмыс істейді. Театр құрамы әр жылдары келген Т. Атамбекова, М. Байжұманов, Ж. Доспаев, М. Доспаева, К. Жексенбаева, Е. Жанайхан, Г. Қайырбекова, Е. Айтпаев, Г. Саймасаева, Б. Шанимов, Д. Ұябаев, Б. Құрбанова, А. Таспаева, Д. Құспанова, Б. Иманғожаев, К. Айтмұрзаев сынды актерлермен толықтырылды.
## Театр жетістіктері
Театр көрермен қауымның ойынан шығып, жоғарғы кәсіби, өз ісінің майталмандары болып табылатын актерлер ұжымынан құрылған үлкен қара шаңыраққа айналып, республика театрларының алдыңғы қатарында көрініп жүр. Театр қойылымдарын сахналау мақсатында Қазақстан мен шетел сахналарының жетекші шебер мамандары шақырылып тұрады. Өнер отауының репертуарында 90-нан астам әртүрлі жанрдағы спектакль бар. Театр сахнасында әлемдік, орыс және ұлттық драматургияның үздік үлгілері сахналанып, көрермен қауым тарапынан сұранысқа ие болуда.
* 1995 және 2008 жылдары театр актерлері Мысырдағы халықаралық ұлттық театрлар фестивалінде лауреат атанды.
* 2001 жылы Бішкекте өткен халықаралық театрлар байқауында театр актері Бейбіт Шәнім "Үздік ер адам рөлі үшін" номинациясымен марапатталды.
* Ақтау қаласында өткен XVI республикалық Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдығына арналған театр өнері фестивалінде театр Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театры бірінші орынды өзара бөлісті.
## Театр әртістері
Аида Жәмішева, Айзана Тасболатова, Айнаш Хабеева, Айсұлу Балтабаева, Ақтілек Ақдәулет, Ақық Таспаева, Атамбек Тәлжібек, Әйгерім Сүлейменова, Әділ Дәурен, Бағила Мұратқызы, Бауыржан Қайратұлы, Бауыржан Манатбекұлы, Бахаргүл Құрбанова, Баян Исабекова, Бек Тоқатов, Бекнұр Дастанұлы, Гүлжан Қайырбекова, Гүлжанат Омарова, Гүлжихан Хамитова, Дина Құспан, Еркежан Төлеубек, Жұмахан Доспаев, Қарлығаш Жексембаева, Құралай Мұсанова, Медет Садығазин, Нұржан Ахметбекұлы, Нұржан Бауыржанұлы, Рауза Тәжібаева, Рахат Амангелдіұлы, Руслан Зекенұлы, Шанім Бейбіт.
## Дереккөздер
## Театр сайты
http://www.teatrpavlodar.kz/ |
Павлодар трактор зауыты – машина жасау кәсіпорны. 1968 ж. пайдалануға берілген. 1998 ж. кәсіпорынды Алматыдағы Поршень зауыты сатып алды. 1999 жылдың басынан Қазақстантрактор ААҚ болып қайта құрылды. Акциялар пакетінің 100%-ы жекешелер мен жеке тұлғаларға тиесілі.
## Сілтемелер
* ПО «Павлодарский тракторный завод» им. В. И. Ленина. Страницы истории на avtomash.ru
* Суреттер жинағы Тракторы Павлодарского тракторного завода имени В. И. Ленина techstory.ru торабында
* Павлодар облысының әкімшілігі
* Ресми торабы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Өтірік Өлең– қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі. Шендестіру арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты ерекшелігі саналады. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен өмір шындығын өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды: “Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып, мың масаны сонда сойдым” деген сияқты фантастикалық қиялға, күлкіге құрылады. Өтірік өлеңде әсірелеумен қатар бейнелеу, теңеу тәсілдері арқылы көркем бейнелер жасалады, қиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логик. жүйенің қисыны сарапқа түседі. Ақыл-өрісін кеңейтетін фантазиялық қиялдың шарықтауы көрініс тауып, әсіресе ғылыми-техникалық жаңалықтар шынға бергісіз ойға құрылған сан қилы өтірік өлеңдер туындатады. “Бір күні, күн шыққан соң, таңда тұрып, ойыншық – резинка шарға мініп, Жөнелдім қуып екі жер серігін, Дем алдым Ай қасында жолда отырып” деген сияқты жаңа сипаттағы қиялға құрылады. Өтірік өлеңнің “Қырық өтірік” ертегісі үлгісінде айтылатын нұсқалары бар. Өтірік өлеңдер кейінгі кезде айтыстың жеке жанры ретінде жаңа сипатта көрінді. Бұған І.Алтынбаев пен Ә.Ақылбаев секілді ақындардың өтірік өлең айтысы (1984) айқын дәлел бола алады.
Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр. Тiптi, теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол сияқты халық «Тазша баланың қырық өтiрiгi» жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткiзiп келедi. Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi жанр екендiгiн көрсетедi.Қазақ өтiрiк өлең нұсқаларының хатқа түсе бастауы ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын В.В.Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезiктiремiз. Өтiрiк өлең үлгiлерiн жинап бастыруға Ә.Диваев, С. Сейфуллин, I.Жансүгiров сияқты белгiлi адамдар да ат салысқан. Бұл орайда, әсiресе, I.Жансүгiров құрастырып, алғысөз жазған «Ел өтiрiгi» атты жинақты ерекше атаған жөн. Кейiнгi кезеңде өтiрiк өлеңдер жинағы әлденеше рет жарық көрiп келедi .Ел арасында өтiрiктiң қарасөзбен айтылатын түрлерi де мол ұшырасады. Тiптi, әр ауылдың өзiнiң қиыннан қиыстырып: «Өтiрiктi шындай, ақсақты тыңдай» қылып әңгiмелеу арқылы халық «құрметiне» бөленген адамдары болған. Бүгiнгi күндерi баспасөз бетiн көрiп жүрген Әлiмжанның өтiрiгi, Сұраубайдың өтiрiгi, Судырахметтiң өтiрiгi делiнетiн әңгiмелер, бұған айқын дәлел. Е.Ысмайылов өтiрiк өлең қиыстырудың салдар салтында да болғандығын айта келiп: «Салдардың... өлеңдерi де өз мiнездерiне сай өтiрiк, қыңыр мағыналы, қисынсыз құралған күлдiргi болып келедi. Жантұрған сал өзiнiң бiр құрбысына кездескенде:
* Алабас ит көрдiң бе шiдерлеулi,
* Әр ауылдың көлiнде оттап тұрған, –
деп бастайды өлеңдi. Тағы бiр тентек салдың өлеңiнде:
* Көп сиырдан туады жирен айғыр,
* Шоқаң-шоқаң қойға қасқыр шабады.
* Боталы iнген, тайлақтар көкте ұшып жүр,
Буынғаным белiме сексен арқан, – деп жазады. Әрине, салдардың өлеңi дәстүрлi өтiрiк өлеңнен өзгешерек, дегенмен арғы тектерiнен түбiрлес жақындық та табылатындай.Үлкендерге арналған өтiрiк өлеңде әрқашан әлеуметтiк салмақ жатады, қарама-қарсы жағдайларды қиюын келтiре ұйқастырып, сол арқылы өмiр шындығын көрсетiп, байдың сараңдығын, ханның қаталдығын күлдiре отырып сынау ерекше тапқырлықты қажет етедi. Халықтық өтiрiк өлеңдерде осы тапқырлық өте мол-ақ. «Қазақтың ертедегi салты бойынша, ойын-сауық кездерiнде айтылатын өлеңнiң бiр түрi – өтiрiк өлең» – дей келiп – нақтылы деректердi мол шеберлiкпен үдеген фантастикалық дәрежеге жеткiзу, адамның ойына келмейтiн «өтiрiк» әңгiмеге айналдыру қазақ ауыз әдебиетiндегi өтiрiк өлеңдер түрiнiң негiзгi бiр ерекшелiгi болып табылады , – деп көрсетедi М.Ғабдуллин. Әрине, балалар репертуарындағы өтiрiк өлеңдердiң ересектер жырынан айырмашылығы бар. Ең алдымен үлкендер өтiрiк өлеңдерiндегi салмақты әлеуметтiк жүк балалар өлеңдерiнде байқала бермейдi. Олардың құрылысы қарапайым, ұзақ-сонар сюжет жоқ. Көбiнесе төрт жолдан тұратын қара өлең үлгiсiндегi қысқа шумақтардан келедi. Өлеңдерде шендестiрiлетiн заттар, жан-жануарлар да балаларға күнделiктi өмiрден таныс болып келедi. Оның мысал үлгiлерi мынадай:
* Мiнiп алып құртқа,
* Өрмеледiм бұлтқа.
* Алып келiп Айды,
* Көрсеттiм көп жұртқа.
Немесе:
* Жасадым жұмыртқадан алтын табақ,
* Сүңгi мұзды боршалап еттiм тамақ.
* Шегiрткенiң сирағын қасық жасап,
* Ертеден кешке дейiн iштiм шалап, –
деп келедi.
Өтiрiк өлең бала қиялын ұштауда, бейнелi ойлауға жетелеу, ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан да халық ақындары мен балалар жазушыларының шығармашылығында бұл жанр жалғасын тауып өрiстi дамып келедi. Бүгiнгi күн тақырыбына арналған өтiрiк өлеңдердi «Балдырған», «Ұлан», «Ақ желкен» сияқты газет-журнал беттерiнен бүлдiршiн оқырмандар ынтыға оқиды. Бұл өлеңдерде ғылым мен техниканың жаңалықтары өтiрiк өлеңнiң көне формасымен жымдаса астасып келедi. Мәселен:
* Пойызға арттым жалғыз қауырсынды,
* Тарта алмай тепловоз ауырсынды.
* Тышқанға қоса тiркеп берiп едiм
* Жүйткидi әлгi пойыз дауыл сынды.
деген сияқты өлеңдерде «қауырсын» мен тышқан көне өтiрiк өлеңнiң кейiпкерлерi бүгiнгi – «тепловозбен» қатар әрекетте жүр. Қазiргi өтiрiк өлеңнiң қызық табиғатын «... бiздiң заманымызда туған өтiрiк өлеңдер – адам қиялының, арманының өрiсiн кеңейтетiн, қиыннан қиыстырып көп болжаулар жасауға мүмкiндiк беретiн және ұтымды пiкiр тудыратын қызықты жанр. Балаларды мәз-мейрам етiп, көңiл-күйiн өсiрумен қатар оларды қиял пырағына мiнгiзедi , – деп Ш.Ахметов жақсы ашып көрсетедi.Өтiрiк өлеңнiң көлемiнiң үлкен, кiшiлiгiне қарамастан олардың негiзiнде iс-әрекет, белгiлi сюжет болады. Сюжеттiк желiге арқау болған күлкiлi әрекеттер бала жанын баурап отырады. Және ол iс-әрекеттер шектен тыс әсiрелене /гипербола/ немесе шектен тыс кемiтiлген /литота/ көркемдiк тәсiлдермен шендестiрiле сипатталады. Өтiрiк өлеңнiң көлемi неғұрлым ұзақ болған сайын ондағы iс-әрекет бiрден-бiрге дамып оқиға күрделенiп, фантастикалық бояу қоюлана бередi. Ал қысқа өтiрiк өлеңдерде үлкен кiшiрейтiлiп, әлсiз-күшейiп, ұзын-қысқарып, биiк-аласарып деген сияқты әдеттегi үйреншiктi жағдайлар адам сенгiсiз кереғар кейiпте сипатталады. Сондықтан да орыс фольклортану ғылымында бұл жанрды «перевертыши» деп те атайды. Сондай-ақ, бұл жанр әлем халықтары фольклорының барлығында да бар.Өтiрiк өлеңнiң бұлайша барша халықтар фольклорына ортақ балалардың сүйiктi мұрасына айналып, ерекше өмiршең сипат алуында үлкен мән бар. Оның ең басты себебi бала психологиясының табиғи ерекшелiктерiне етене жақындығында.
Бала үшiн айналадағының бәрi жұмбақ. Ол сол жұмбақ сырдың құпиясын ашуға құмар. Иә, өтiрiк өлеңде жұмбақ сырдың қандай шешуi бар дерсiз. Мәселе сонда, бала өтiрiк екендiгiн түсiну үшiн алдымен «шындықты» бiлуi керек. Бала сол бiлгенiн өлеңдегi өтiрiкпен салыстыра отырып ойына бекiтедi. Өтiрiк өлеңнiң бар құдiретi де осында. Ол бала қиялына қанат бiтiредi. Өмiрдегi күнделiктi құбылыстар өтiрiк өлеңде өзгеше қызық түрге енiп шыға келедi.
* Үш жастан мергеншiлiк кәсiп қылдым,
* Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
* Ауынан өрмекшiнiң кiлем тоқып,
* Ұялмай жүз тоқсаннан сатып тұрдым
Бала үшiн бұдан артық қызық бар ма? Бала өтiрiкке иланбайды, қайта соның өтiрiк екендiгiн бiлгендiктен де езу тартады, күле отырып қызығады, қызыға отырып қиялдайды, қиялдай отырып ойымен ойнайды. Өтiрiк өлең жөнсiз қиыстырылған сөздердiң ұйқасы ғана емес, онда белгiлi заңдылық, логика бар. Бала ойын жетелейтiн де осы «ақылға сыйымды өтiрiк». Сондықтан да К.Чуковский өтiрiк өлеңдi «смысловая игра» деп атап, оның мәнi жөнiнде: «Мұндай өлеңдер мен ертегiлердiң пайдасы айқын: бала әрбiр «бұлай еместiң» көлеңкесiнен оның «дәл солай» екендiгiн жiтi сезiнедi, әрбiр қалыптан ауытқу баланың қалыпты өмiр жөнiндегi ұғымын орнықтырады және ол өзiнiң әлемдi танудағы бағдарының берiктiгiне сене түседi. Ол өзiнiң ақыл-ой күшiнiң алдында дәл бiр емтихан қабылдап отырғандай сезiнедi. Және «Мен суық ботқаға күймеймiн», «Мен ұлудан қорықпаймын», «Теңiз түбiнен бүлдiрген термеймiн», – дей отырып емтиханнан сүрiнбей өтiп отырады, ол оның өзiне деген құрметiн, ақыл-ой күшiне деген сенiмiн арттырады, бұл мұнау аласапыран күрделi әлемдi тануда абдырап қалмау үшiн балаға өте қажет. Балалардың өтiрiк өлең ойынының бар қуат-күшi дәл осы өзiнен-өзi емтихан алатын тексерiс сынақтар , – деп үлкен келелi ой айтады. Яғни, өтiрiк өлеңнiң астарындағы күлкi туғызатын жеңiл әзiл, юмор, баланы үлкен рахатқа бөлейтiн рухани азық. Және ол күлкi – ойлы күлкi. Бала күлу үшiн алдымен күлкiнiң көлеңкесiндегi шындықты тануы керек. Бала шындық пен өтiрiктi салыстыра отырып өлеңмен өрiлген ұшқыр қиялды, тапқырлықты, шеберлiктi таниды.Сондай-ақ өтiрiк өлең қай халықтың болмасын тұрмыс-тiршiлiгiмен, өмiр салтымен iштей берiк байланысып жатады. «Дүниенiң ауыры үрген қарын», «Тай серкеге мiндiм де жорға салдым», «Арқан естiк зор торғай шудасынан» деген сияқты үзiндiлер қазақы тiрлiк қана туғызатын жыр жолдары.Өтiрiк өлең бала тiлiн сындыруға, оның ана тiлiндегi небiр бейнелi оралымдарды, дыбыс пен сөз ойнатудың тәсiлдерiне үңiлуге баулитын, өлең жаттап, тiптi өзiнше өлең шығаруға да жолбасшы болатын жанр.
## Сілтемелер
* Өлең.
* Ыбырай Алтынсариннің “Өсиет өлеңдері”.(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер
* Сейфуллин С., Қазақ әдебиеті, А., 1932;
* Қазақ әдебиетінің тарихы, А., 1964, 1-т., 2-кіт.;
* Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1964;
* Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, А., 1998.
Кенжехан Ісләмжанұлы. Рухани уыз, А.,2008 |
Павлодар су құбыры, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары жерінде. Ертістен (Ертіс а. тұсынан) басталады. Жалпы ұзындығы 903 км. Құбыр аптасына өзеннен 26,32 мың м3 су алады. Павлодар облысының Ертіс, Ақтоғай аудандарын және Ақсу қалалық мәслихатына қарасты аумақты және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты 70-ке жуық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етеді.
## Дереккөздер |
Павлодар уезі – Ресей империясының Семей облысы мен РКФСР құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Уездің орталығы — Павлодар қаласы.
## Тарихы
Уез 1868 жылы 21 қазанда Баянауыл мен Ақмола сыртқы округтарының бір бөлігінен, оң жағалаудағы Тобыл және Томбы губернияларының бөліктерінен құрылды.
XIX ғасырдың аяғында Павлодар уезінде 16 көшпелі болыстар болды. Болосты болыстық старшиналар басқарды, содан кейін олардың орнын Кеңес өкіметі кезінде болыстық атқару комитеттерінің төрағалары алмастырды.
1905 жылдан бастап, Столыпин аграрлық реформасына сәйкес, уезге Еуропалық Ресейден шаруалардың қоныс аударуы басталды.
1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің жарлығымен КСРО құрамында Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды.
(27 ақпан 1921 ж.) Омбы губерниясынан Павлодар уезі (31 болыс көлемінде) Қырғыз (1925 жылдан - Қазақ) АКСР-не берілді.
1928 жылы уезде 50-ден астам болыс болды. 1928 жылы 17 қарашада ауылдың жаңа экономикалық құрылысына және кеңестенуіне байланысты Павлодар уезі 9 ауданнан тұратын Павлодар округіне айналды.
## Тұрғындары
Қазақтар халықтың 90%-ын және басқалары құрайды. Арғындар қазақ халқының 78% (негізінен, Басетен, Сүйіндік) құрайды.
## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
### Шаруа болыстары
Александровская, Баянауыл, Беловодская, Белоцерковская, Богдановская, Вознесенская, Галкинская, Голубовская, Ермаковская, Ертіс, Лебяжинская, Марковская, Михайловская, Новоалексеевская, Новоивановская, Орловская, Павлодар, Песчанская, Рождественская, Романовская, Татьяновская, Украинская, Өрлітөбе, Федоровская, Жәміш.
### Қазақ көшпелі болыстары
Ақкөл, Алтыбай, Атакөз, Басқұдық, Баянауыл, Белоцерковская, Бесқарағай, Бестау, Далба, Жәдігер, Жайлау, Қалмаққырған, Қарамол, Қараоба, Қараөткел, Коряковская, Қуатқала, Қызылағаш, Қызылтау, Майгүл, Маралды, Мұздықкөл, Орловская, Павлодар, Сейтен, Тереңкөл, Өрік, Шақнан, Шідерті.
## Дереккөздер
## Әдебиет
Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарское Прииртышье) |
Павлодар Фармацевтика Зауыты– фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп орны. 1999 ж. “ромат фармацевтикалық холдингісінің” құрамына кірген. Бір жолғы шприцтер (жылына 95 млн. дана), бір жолғы қан құю жүйелерін (жылына 10 млн. дана), таблеткалы дәрі-дәрмек (жылына 1,2 млн. таблетка) шығарады. Кәсіпорын таблеткалық дәрі-дәрмек өндірісінің модульдік құралымынан, дәрі-дәрмекті құтыға, блистерге, стрипке салуға мүмкіндік беретін үш дербес орау желісінен, бірнеше өндірістік ғимараттардан тұрады. Зауыт құрамында, сондай-ақ осы заманғы жабдықпен жарақтандырылған, шығарылатын өнім сапасын бақылаудың барлық түрлерін қамтитын зертхана жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Торайғыров университеті – Павлодар қаласында орналасқан жоғары оқу орны, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі.
## Тарихы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1996 жылы мамыр айында Индустриалды институт негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери мектептің бір қабатты 10 барағында және екі ғимаратта орналасқан. Үш факультетте – машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық – 400 студент оқыған. Дәрісті 16 оқытушы жүргізген, оның біреуінде ғана доцент атағы болған.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлады. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.
С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды. Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бірігу үрдісі бойынша халықаралық танымалдыққа жетті, еуропалық білім беру үрдісінің толық құқылы қатысушысы болып табылады. С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Оксфордтық Саммит аясында «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығымен марапатталды.
Жыл сайын өтетін басты рейтингке сәйкес, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның таңдаулы көп салалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарының бесіншісі орынға енді.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Университет аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны.
2011 және 2012 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын сәтті өткізді: университеттің қызметі Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялық агенттігінің және білім беру сапасын қоғамдық бақылау және АККОРК мансапты дамыту бойынша ресейлік агенттіктерінің жоғары бағасын алды.
## Ректорат
1. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры — Арын Амангелдіұлы Өрсариев;
2. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры — Нұрлан Телманұлы Ержанов;
3. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры — Ақышев Арман Айтмұхаметұлы.
4. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Академиялық жұмыс жөніндегі проректоры — Ахметова Гаухар Ғалымқызы.
## Университет факультеттері
«Физика, математика және ақпараттық технологиялар», «Металлургия», «Машинажасау және көлік», «Cәулет–құрылыс», «Қаржы-экономика», «Энергетика», «Гуманитарлық-педагогикалық», «Химиялық технологиялар және жаратылыстану», «Құқық және тарих», «Агротехнологиялық» факультеттері бар.
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінде 9 кафедра жұмыс істейді. Олар:— Психология және педагогика кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.д., профессор Е. И. Бурдина;— Қазақ филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Н. Қ. Жүсіп;— Журналистика кафедрасы — меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ. М. Алдабергенов;— Қазақ тілі кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А. Ф. Зейнуллина;— Орындаушылық өнер кафедрасы — меңгерушісі Д. М. Мерғалиев;— Орыс филология кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г. Н. Кенжебалина;— Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы — меңгерушісі ф.ғ.к., Г. Х. Демесінова;— Шетел филологиясы кафедрасы — меңгерушісі п.ғ.к., А. Қ. Қайырбаева;— Шет тілдер кафедрасы — меңгерушісі Б. К. Жұмабекова.
1998 жылдан' магистратура және аспирантура, мектеп-лицей мен колледж жұмыс істейді.
Университеттің материалдық-техникалық базасы 7 оқу корпусынан, ғылыми кітапханадан (6 оқу залы, 900 мың дана кітап), лабораториядан тұрады.
## Жатақхана
Торайғыров атындағы ПМУ 500 орындық жатақханасы, Ақ. Шокин көшесі, 139/1 үй, 2015 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
Ғимарат 5 қабатты, 3 корпустан тұратын сызықты-арқалық жоспарлау жүйесі бар.
Бірінші ғимаратта зал, 36 орындық бар, компьютер сыныбы, мәжіліс залы бар.
Екінші және үшінші корпустар жатын бөлмелері болып табылады, мұнда 220 екі орынды және 20 үш орынды бөлмелер бар.
Әрбір бөлме раковинасы бар ас үй шкапымен, жұмыс алаңымен, екі көзді электр плитасымен жабдықталған, бөлмеде екі бір кісілік кереует, екі тумбочка, екі орынды оқу үстелі, екі орындық бар.
Дәлізде гардероб, жуынатын бөлме дәретхана, душқа арналған науалар, ыстық және суық су құбыры бар қолжуғышпен жабдықталған, балкон бар.
Кір жуу орталықтандырылған, бөлме ақысы бір айға 3142 теңге (2016 жылғы жағдай бойынша), жатақханада тазалаушылар бар.
## Спорттық база
С. Торайғыров атындағы ПМУ университеті мынадай спорт кешендері бар Ломов көшесі 64, және Р. Люксембург көшесі 138:
720 орындық стадион трибунасымен және футбол алаңы бар.
1. Спорт ядро, 4 жүгіретін 400 қашықтық жолы бар.
2. Ойын алаңдары бар:
3. — баскетбол — 1;
— волейбол — 2;
— бадминтон — 1;
— шағын-футбол — 3.
4. гранат, диск, лақтыратын секторлары бар.
5. Ұзындыққа секретін шұңқыры бар.
Спорт залы:
36 м х 18 м — түрлі ойын ойнайтын залы бар (волейбол, баскетбол, бадминтон)
Стандартқа сай емес залдар бар:
— бокс-залы;
— үстел теннис залы;
— қүрес залы;
— тренажёр залы.
Қыс айларында сырғанақ бар (60 пар коньки).
Шаңғы базасы бар трассаның ұзындығы — 1,5 км, 120 пар шаңғы.
## Университет ректорлары
## Университет кітапханасы
## Дереккөздер |
А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры – Павлодар қаласындағы мәдени-сахналық ұжым.
## Тарихы
Павлодарда кәсіби деңгейдегі театр ашылғанға дейін әуесқойлар бас қосқан труппа жұмыс істеп тұрды. 1893 жылы шыққан афишалардан мадам Плотникова ұйымдастырған әуесқой қойылымдар белгілі. Сондай-ақ, көрермен сүйіп көретін спектакльдер жайында "Омбы телеграфы" газетінде де жазылды.
1920-30-жылдары қалаға арнайы келген труппалар "Шеңбердің төртбұрышы", "Анна Каренина", "Аюдың үйлену тойы", "Доллар мен тоқ", "Тотығу", "Күйреу" сынды қойылымдарды қойды. Осы кезде жергілікті әуесқой актерлер Павлодар облыстық қазақ драма театры ашылғаннан кейін де көрерменді қуантуын жалғастырды. Олардың қатарына арнайы шақырылған әртістер қосылып, облыстық қазақ театрында орыс труппасы құрылды. 1940 жылы өнер ордасының атауы орыс драма театры болып өзгерді.
Алайда Павлодар облыстық орыс драма театрының туған күні 1945 жылдың 6 қарашасы деп есептеледі. Сахна шымылдығы театрдың көркемдік жетекшісі И.Р. Райский қойған А.Е. Корнейчуктың “Платон Кречет” спектаклімен ашылды.
Театрдың алғашқы шығармашылық ұжымында 7 актер мен 13 актриса жұмыс істеді. Театр труппасында ҚазКСР халық әртісі К. Струнина, ҚазССР еңбек сіңірген қайраткері З. Поджио сынды танымалдар өнер көрсетеді. Театрдың бас суретшісі С. Морозов болды.
1947 жылдың 1 қаңтарында орыс ұжым барлық одақ театрларының қатарына қосылып, жеке мекемеге айналды. Директор болып Л. С. Жуков, көркемдік жетекші болып А. П. Струнин тағайындалды. Осы кезде театрға 513 адам сиятын ғимарат берілді. Бұл қалалық бақтағы жасыл эстрада ғимараты болатын.
1959 жылы театрға орыс жазушысы А.П. Чеховтың есімі берілді.
1960-1972 жылдардың аралығы театр үшін тың өзгеріске толы болды. Бұл кезде театрды ГИТИС түлегі В. Ермаков басқарған болатын. Ол ешбір кәсіби театр жасай алмаған идеяларға жан бітірді. Сондай-ақ, театрда Владимир Кузенков, Олег Афанасьев, Дариан және Татьяна Дралюки, Леонид Монастырский, Светлана Степанова, Анатолий Пискунов сынды өз ісінің шеберлері жұмыс істеді.
2000 жылы театрда экспериментальды қойылымдар қойылған кіші сахна ашылды. 2002 жылы театр сахнасында алғашқы қазақстандық мюзикл – Теодор Драйзер романы бойынша сахналанған "Керри әпке" қойылды.
## Қойылымдары
Театр тарихы жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы, соның ең маңыздысы – театрдың 1967 жылы Мәскеу қаласындағы триумфальды гастролі.Орыс жазушылары К.М. Симоновтың, А.Н. Арбузовтың, Б.А. Лавреневтің, А.Д. Салынскийдің, В.В. Вишневскийдің, Н.Ф. Погодиннің, И.И. Назаровтың шығармаларын, сондай-ақ Қазақстан жазушылары Ә.Әлімжанов пен М.Д. Симашконың "Төтенше комиссар" (1979), Ә. Тәжібаевтың "Майра" (1983) секілді шығармаларын сахнаға шығарды. Бұл спектакльдерді қоюда режиссерлер В. Васильев, Е.И. Еникеев, Н.Л. Козлов, В.Н. Кузенков, Б. Омаров, А.П. Струнин, М.И. Федосимов елеулі еңбек сіңірді.
Театр труппасы Чехов драматургиясы бойынша спектакльдер қоюға ерекше назар аударды. Театр тарихи-әлеуметтік тақырыптағы шығармаларды (А.П. Штейн, М.Ф. Шатров, т.б.) сонымен қатар орыс және шетел классикалық драматургиясы (Л.Н. Толстой, М.Ю. Лермонтов, А.М. Горький, В.В. Маяковский; У.Шекспир, Ф.Шиллер, К.Гольдони, т.б.) бойынша да спектакльдер қойып отырды. Мұнда реж. О.А. Афанасьев, П.И. Шияновский, актерлер К.А. Струнина, В.И. Ермаков, Г.Т. Калашников, Ф.А. Миронова, В.И. Кожевников, В.И. Ломакин, В.В. Мельников, И.Г. Чистяков, театр суретшілері Л.Г. Столярова, т.б. қызмет етті.
Театрдың белсенді, қызықты да өнімді жұмысының жарты ғасырдан астам тарихында 600-ден аса пьеса қойылып, 30 мыңнан аса спектакль ойналды, оны шамамен 20 миллион адам тамашалаған.
Бүгінде театр репертуарын ерекше қойылымдармен, ауқымды театр жобаларымен, жаңа жұмыс әдістерімен байытуда.Театр репертуарында классикалық және заманауи драматургиялық пьесалардан құралған 30-дан астам спектакль бар, мәселен, Ғ. Мүсіреповтің "Махаббат дастаны", Ж.Б. Мольердің "Тартюф", А.П. Чеховтің "Шие бағы", "Шағала", М. Булгаковтың "Мастер мен Маргарита", А. Островскийдің "Банкрот", "Бальзаминовтің үйленуі", А. Рыбниковтің "Юнона и Авось", Н. Гогольдің "Ойыншылар", сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қойылымдар.
## Дереккөздер |
ПАЛЕОТЕКТІ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ, палеогенді жыныстар (грек. palaіos – көне) – бастапқы минералдық құрамы біршама өзгерген эффузиялық тау жыныстары. Бұл терминді алғаш 1894 ж. норвег ғалымы В.Бреггер енгізген (1851 – 1940). Мұнда кайнотекті атауына порфир немесе порфирит жалғауы қосылып аталынады. Мысалы, базальт – базальттік порфирит, риолит – риолиттік порфирит. Палеотекті тау жыныстарында қышқыл жанартаулық шыны ыдырап, кварц-дала шпатты агрегатқа айналып, пелиттенеді, серициттенеді, негізді және орта шынылар хлоридтенеді, карбонаттанады. Осы өзгерістерге байланысты тау жыныстардың сырт бейнесі, онымен қоса жылтырлығы жоғалып, сынғыштығы өзгереді. Палеотекті тау жыныстарының қышқылы – қызғылт, сілтілісі – күлгін, орта және негіздісі – жасыл реңді болып келеді.
## Дереккөздер |
Павлодар Картон-Рубероид Зауыты– құрылыс материалдары өнеркәсібі орны. 1975 ж. құрылған. Қайталама ресурстардан шатырлық жұмсақ материалдар, картон, рубероид, пергамин, шынылы маст, жұмыртқаға ұялы картон төсем, т.б. өндіреді. |
Павлодар Химия Зауыты– химия өнеркәсібі орны. 1973 ж. пайдалануға берілген. 1989 жылға дейін КСРО қорғаныс кешенінің кәсіпорны ретінде КСРО Химия өнеркәсібі мин-нің “СОЮЗОРСинтез” құрамында болды. 1994 ж. мемл. акцион. қоғам болып қайта құрылды. 1999 ж. 1 сәуірде зауыт ашық акцион. қоғамға айналдырылды. 2001 жылдың 9 қаңтарынан кәсіпорын акцияларының мемл. пакеті Павлодар әкімінің коммуналдық меншігіне берілді. Өндіретін негізгі өнімдері: кішігірім ыдысқа құйылған сұйық хлор, дезинфекциялаушы заттар, антифриздер мен мұздатпайтын заттар, ИОМС, поливинилхлорлы пластикаттар, майға қоспалар, флотореагенттер, моторлық майлар. “ПХЗ” хлорлы-сілтілі өнімдер өндірісін дамытуға бағдарланып отыр.
## Дереккөздер |
Никола Никитич Пальгов (10.12.1889, Ресей, Тамбов губерния Павлодарка селосы. – 2.6.1970, Алматы қаласы) – география ғылымдарының докторы (1951), гляциолог, Қазақ ССР ҒА академигі.
* Профессор (1952) Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1954)
* Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1959).
* Мәскеу құрылыс училищесін (1913) және Бүкілодақтық сырттай оқыту институтын бітірген.
* КСРО география қоғамының құрметті мүшесі (1960) және Қазақ бөлімшесінің төрағасы (1952–1970)
* Қазақстан Ғылым Академиясы неогр. секторының меңгерушісі (1945–1962).
## Зерттеулері
Оның зерттеу нысаны - қазіргі таңда кең танылған, әбден зерттелген Алматы маңындағы Тұйықсу мұздығы. Одан кейінгі уақытта Үлкен Алматы, Шелек өзендерінің жоғарғы жанындағы мұздықтарда және Іле Алатауы мұздықтарында әртүрлі аспаптармен зерттеу әдістері арқылы бақылау жүргізіп, бұрын - соңды белгісіз болған ірі мұздану түйіндерін ашты. Оңтүстік Тянь - Шаньдағы Көкшалтау мен Теріскей Алатауы жоталарындағы мұздықтарға сипаттама жасады. Нәтижесінде бірнеше мақаласы мен "Іле Алатауының қазіргі мұздануы" монографиясы жарық көрді. Бұл зерттеулері әрі қарай Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Күнгей Алатауына жасалған экспедициялармен жалғасты. Н.Н.Пальговтың ғылыми еңбектерінің барлығы жеке бақылаулары мен зерттеу материалдарына негізделген.
Іле Алатауы мұздықтарын зерттеудегі еңбектерінің нәтижесінде 1956 жылы Н.Н.Пальгов басқарған Қазақстан ҒА-ның География секторы - гляциология саласы бойынша Халықаралық геофизикалық жыл үздігі болды.Экспедициялық тәжірибесі мол ғалым мұздықтар динамикасының метеорологиялық факторларға тәуелділігін анықтады. Сонымен қатар Қазақстанды елтану бағытында қарастырып, өзендер мен көлдерін зерттеді. Көптеген ғылыми қоғамдардың мүшесі болды, соның ішінде Ұлыбританиядағы Гляциология қоғамы да бар. Н.Н.Пальговтың сіңірген еңбегі мен қызметі ескеріліп, Іле Алатауы және Полярлық Орал жоталарындағы мұздықтарға аты берілді.
## Ғылыми жұмыстар
«Опыт исследования ледников Заилийского Алатау» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Қазақстанда гляциология ғылымының негізін салушылардың бірі болды. Жетісу, Сыр-дария облыстары жерін алғашқылардың бірі болып топографиялық картаға түсірді. 250-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. Тянь-Шаньдағы екі мұздық, Полюстік Оралдағы бір мұздық Пальгов есімімен аталады. |
Палеолит (палео... және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен — алғашқы кауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.
Палеолит – қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал шарушылығынан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді ( Олдувэй). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі. Палеолит, негізінен, ежелгі (төменгі, ертедегі) және кейінгі (жоғарғы) Палеолит болып екіге бөлінеді. Ежелгі Палеолит шегі ертедегі археологиялық дәуір іздері ежелгіден бастап бөлшектенеді: Олдувэй (шелльге дейінгі немесе малтатас мәдениеті) адамзат тарихының басы; ежелгі ашель (аббевиль немесе шелль мәдениеті); орта және кейінгі ашель, мустье мәдениеті. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі бөлшектену тек жергілікті сипат алды. Көптеген зерттеушілер Палеолитті екіге емес, үш бөлікке айырып, мустье мәдениетін орта Палеолитке жатқызады. Олдувэй дәуірінде Палеолиттік "Homo habіlіs" өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т.б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар (палеоантроптар) өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі "Homo Sapіens" (неоантроп) пайда болды.
Адам баласы Солтүстік Африкаға қоныстанды. Аляска, Калифорния жерлеріндегі ескерткіштердің ең ежелгісі кейінгі Палеолиттен ары аспайды. Зерттеушілер Американы адамдар б.з.б. 35 – 40 мың жылдар бұрын қоныстанған деп есептейді. Жапон аралдарын қашан қоныстанғандығы жайлы нақты мәлімет жоқ. Мұндағы 80-дей Палеолиттік ескерткіштердің жас шамасы 30 мың жылдан асады. Бұл кездегі анималистік үңгір бейнелеу өнерінде сүйек пен тастан антропоморфты мүсіндер қалдырған. Қазіргі таңда Палеолиттік бейнелеу өнері сақталған 40 шақты үңгірлер зерттелген (қ. Қап үңгірі). Палеолиттік өнер қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ол суреттер, мүсін және графика арқылы бізге жеткен ежелгі адамдардың дүниетанымын бейнелейтін өнер туындылары ғана емес, байырғы адамдар өмірінен мәлімет беретін құнды дерек көздері болып табылады.
Мысалы, Палеолиттік әйелдер мүсіні сол замандағы адамдардың эстетикалық талғамын көрсетеді. Қазақстанда Палеолиттік өнер туындылары әлі табылған жоқ. Бірақ мұнда Африка мен Еуропадағы архантроптар, палеоантроптар мен неоантроптар замандастары өмір сүргендігін айғақтайтын деректер жеткілікті. Қазақстанда, соңғы мәлімет бойынша, 450-дей Палеолиттік ескерткіш орындары анықталған. Ең ежелгі ескерткіштер Қаратау жотасынан табылған. Мұндағы Тәңірқазған, Бөріқазған, Шабақты, Ақкөл, т.б. тұрақтар материалдары шелль-ашель дәуіріне жатады. Қаратау тас құралдары тұрпаттары және оларды өңдеу тәсілдері Африка, Үндістан, Пәкістан мен Қытай жерлерінен табылған бұйымдарға ұқсас. Ашель дәуірінің тұрақтары Орталық Қазақстаннан (Қойтас, т.б.), Ертіс алабынан (Қазыбай), Мұғалжар тауларынан, Маңғыстаудан көптеп табылған. Қаратау жотасынан (Тоқалы, Қызылрысбек, Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Дегерес, т.б.), Орталық Қазақстан мен Жоғарғы Ертіс өңірінен (Обалысай, Мұзбел, Жаман Айбат, Қосмола, Батпақ-8, 12, Құдайкөл, Қанай, т.б.) ашель мен мустье замандарына жататын ескерткіштер зерттелген болатын. Мустье құралдарының негізгі түрлері үшкіртас пен қырғыштан тұрды. Кейінгі Палеолитте тас құралдарын жасау техникасы жетілдірілді. Мустье дәуіріндегі дөңгелек және үшкіл өзектастар орнына призма пішіндес өзектастар пайдаланылды. Бұл кез ескерткіштері (Уәлиханов атындағы тұрақ, Қарабас-3, Бұқтырма, Свинчатка) алдыңғы уақыттарға қарағанда аз зерттелген. Бірақ қолдағы мағлұматтар Қазақстанда адамзат қоғамы үздіксіз дами бергендігін дәлелдейді. Еуразияның кең-байтақ кеңістіктеріндегі шөл, шөлейт аймақ пен далаларда кейінгі 35 жыл ішінде тас ғасырының көптеген тұрақтары табылып зерттелді. Еуразияның куаңшылық аймағы бетінің кұрылысында асқар биік таулар мен қыраттардан бастап ойпат далаға дейінгі мейлінше алуан түрлі жер бедерлері бар. Әлбетте, жер бедері мен көрінісінің бұлайша алуан түрлі болуы мен олардың қуаң аймақта орналасуы ертедегі гоминидтер мекендерінің алуан түрлі ғана емес, сонымен қатар ұқсас болуына да жағдай жасады. Қуаңшылықты өңір аймақтарына эволюциядағы айырмашылық пен оның ұзаққа созылуы, жер аумағын игерудің бастапқы кезеңіндегі ерекшеліктер, сондай-ақ гоминидтердің шығуы мен эволюциясы тән. Бірақ қуаң аймақтың бір сипатты ерекшелігі бар, ол ашық (жер бетіндегі) үлгідегі тұрақтардың өте басым болуы. Олардың көбі кешенді болып келеді және адамдардың ежелгі бабаларының белгілі бір геоморфологиялык жағдайда өте ұзак уақыт (екінің бірінде жүз мыңдаған жылдар бойы) болған іздерін көрсетеді. Өзінің қуаң өңірдегі жағдайына, жер аумағының кендігіне және табиғи-ландшафтық өңірінің алуан түрлі, жер бедері үлгілерінің көп мөлшерде болуына қарай Қазақстан Еуразияның қуаң өңірінің палеолитін зерттеуге модель бола алады. Қазақстан аумағында ежелгі гоминидтер пайда болуының алғышарттарын адамзат тарихындағы өтпелі және ең маңызды кезендегі геологиялық-географиялық жағдайларды негізге ала-отырып іздестіру керек, ал ондай кезең плиоценнің екінші жартысы болып табылады. Ең ертедегі гоминидтердің Африка кұрлығынан бастап қазіргі қуаң өңір мен Сібір аумағына дейінгі кең-байтақ жерде анықталған іздері алғашқы адамдардың өте ауқымды кеңістікте қоныстанғаның дәлелдейді. Қазір бір нәрсе айқын: 1,5 — 1 млн жыл дәуірінде-ақ Каспий маңы ойпатының ашық кеңістіктерінде, Тұран далаларында, Моңғолия мен Солтүстік Қытайда гоминидтердің тұрақтары болған. |
Панфилов (Байпақ) — Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл, Панфилов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ертіс ауылынан батысқа қарай 37 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі бұрынғы Байпақ атты қазақ қонысының орнында 1921 жылы қаланған. 1929 жылы астық өсірумен айналысатын ұжымшардың орталығы болған. 1942 жылы "Суворов" кеңшарынан бөлініп, оған "Панфилов" есімі берілді. 1962 жылы кеңшарға "Калинин" ұжымшары мен "Новоиваново" МТС-і қосылды. 1994 жылы кеңшар жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорнына айналып, 1996 жылы ЖШС-тер ұйымдасты.
## Дереккөздер |
Пазырық мәдениеті, Пазырық обалары, патша обалары – Таулы Алтай өлкесін ерте темір дәуірінде мекендеген тайпалардың археологиялық мәдениеті (біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың ортасы – 3 ғасыр). Осы мәдениеттің айрықша ескерткіштері үлкен обалардың ғылыми әдебиеттегі шартты атауы. Пазырық мәдениеті, негізінен, РФ Алтай Республикасының оңтүстік-шығыс және шығыс өлкелерінде көбірек зерттелген. Зерттеу жұмыстары 17 – 18 ғасырларда басталды. Зерттелу тарихының басты ерекшелігі – 1960 жылға дейін негізгі деректер үнемі үлкен обалардан алынып, ескерткіштердің басқа түрлерін (кіші обалар, қоныстар, т.б.) қазу мен зерттеу тек осыдан кейін ғана қолға алынды. В.В. Радловтың Үлкен Катанда (Қотанды), Үлкен Берел (Қазақстанның Катонқарағай өлкесінде) обаларында жүргізген қазбалары барысында көне дәуірдегі тайпа көсемдері жерленген қабірлер ашылды. Олардың санының көптігі, деректерінің құндылығы 20 ғ. зерттеушілері арасында үлкен ғылыми қызығушылық туғызды. Ертеректе зерттелгендерінің қатарына мыналар жатады: Үлкен Катанда обасы (Радлов 1865 ж.; қайыра зерттеген А.А. Гаврилова 1957 ж.), Үлкен Берел обасы (Радлов 1865 ж., толық деректерін баспаға шығарған С.С. Сорокин 1962, 1967 ж.), Шибе обасы (М.П. Грязнов 1927 ж.), Пазырық қорымындағы 5 оба (С.И. Руденко 1929 ж. 1-оба, 1947 – 1948 ж. 2, 3, 4-обалар, 1949 ж. – 5-оба), Қаракөл қорымының 2-обасы (С.В. Киселев 1934 ж.), Курота-1 қорымының 1-обасы (Киселев 1937 ж.), Яконур қорымының 5-обасы (Грязнов 1939 ж.), Башадар қорымының 2 обасы (Руденко 1950 ж.), Тұйықты қорымының 2 обасы (Руденко 1954 ж.). Бұған қоса 1990 жылдан бастап Ак-Алаха-1, 3, Құтырғантас сияқты үлкен обалар зерттелді. 1980 жылдан бастап дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқан ғылыми қорытындылау жұмыстарында В.А. Могильников, А.С. Cуразаков, В.Д. Кубарев, Л.С. Марсадолов, М.Т. Абдулганеев, П.И. Шульга, Ю.Ф. Кирюшин, Н.В. Полосьмак, т.б. зерттеулері маңызды.Пазырық мәдениеті – жинақталған деректерінің көлемі, олардың маңызы мен зерттелу деңгейі, қатысқан зерттеушілердің санының молдығы, ол туралы пікірлердің жан-жақтылығы мен құндылығы жағынан Еуразия археологиясындағы ерекше құбылыстардың бірі. Дерекнамалық қорды 135-тен астам қорымға біріккен 650-ге жуық обадан алынған мәліметтер құрайды. Үлкен обалардағы жерлеу ғұрпының аса маңызды белгілеріне қабірлердің үлкен, терең болуы, қабір түбіне салынған, ішіне сәнді оюлы саркофагта адам жерленетін ағаш қима, оның сыртына көптеген жылқы мүрделері қойылуы жатады. Қабір түбіне кетіп отырған ылғал қатып, тереңнен қайта буланып шыға алмағандықтан, үлкен обаларда мәңгі тоң қабаты қалыптасқан. Осының салдарынан қабірге салынған адам мен жылқы мүрделері, көптеген бұйымдар жақсы сақталған. Заттай деректер арасында қыш, ағаш, металл ыдыстар, қару түрлері, сәндік бұйымдар, еңбек құралдары көптеп саналады. Қазіргі күнде көптеген қоныстары белгілі болғанымен, олар тек соңғы 15 – 20 ж. ішінде ғана зерттеле бастағандықтан, мәліметтері дәйекті зерттеулер деңгейіне жеткен жоқ. Шешуі табылмай отырған мәселелердің бірі мәдениеттің шығу тегін анықтау болып отыр. Дәл осы аумақта осының алдында, яғни б.з.б. 7 – 6 ғасырларда өркендеген майемер мәдениетімен екі арада тікелей генетикалық сабақтастық жоқ деген пікір қалыптасқан. Расында да Пазырық мәдениетіне тән негізгі белгілер (өлген адамның басын шығысқа қарату, үлкен қабірдегі ағаш қима, көптеп қойылған жылқылар, жалпы үлкен оба тұрғызу дәстүрі, т.б.) б.з.б. 6 ғасырдың ортасына қарай кенеттен пайда болып, күрт қанат жайып, көбейіп кетеді. Руденко кезінде бұл мәдениеттің бүгінгі жалғастырушылары осы күнгі қазақ, қырғыз халықтары деген болатын. Бір топ ғалымдар шығу тегі бойынша Пазырық мәдениеті байырғы түркілердің мәдениетіне жатады деген пікірді ұсынған. Сонымен қатар, зерттеушілердің негізгі бөлігі мұны көне үндіеуропалықтар (иран тілдес тайпалар) мәдениетінің ауқымында ұстап келеді. Үлкен обалардан алынған деректер арасында Алдыңғы Азияның мәдениетіне сәйкес келетін маңызды белгілердің болуына орай соңғы кезде Пазырық мәдениетінің осы өлкелермен екі арадағы тікелей сабақтастығы жайлы пікірлер айтылды. Бұл зерттеушілердің болжамы бойынша, Алдыңғы Азияда (Иран) скифтермен бірге жорықта болып, біраз уақыт билік құрып, кейін ығыстырып шығарылған көшпелі киммериялықтар (кемерлер) Таулы Алтай өңіріне келіп, мәдениеттің қалыптасуына мұрындық болған. Қазақстан ғалымдары (К.Ақышев, т.б.) Пазырық мәдениетін сақ мәдениеттерінің бірі деп санады. Пазырық мәдениетінің ерекше бір саласы – Пазырық обалары. Таулы Алтайдағы Үлкен Ұлаған өзенінің оң жағалауында, Пазырық алқабында диаметрі 24 – 47 м, биіктігі 1,5 – 3,7 м болатын бес үлкен оба қазылды. Тас үйінділердің астында тереңдігі 4 м, ауданы шамамен 50 м2-ге жететін үлкен қабірлер ашылған. Оюлы ағаш саркофаг-табыттарға салынған адам мүрделері биіктігі 2 м, қабырғалары екі қабаттап өрілген, едені мен төбесі бар, іші кең бөрене қималардың ішіне қойылған. Қиманың сыртынан көптеген жылқы сүйектері табылған, мысалы 1-обада 10, 2-обада 7, 5-обада 9 жылқы денесі табылса, 3, 4-обаларда олардың саны 14-ке жетеді. Кезінде қатты тоналғанына қарамастан, қабір ішінде сақталған тоң қабатына байланысты көптеген металл, ағаш, киіз, тері, мата бұйымдары бұзылмаған. Олардың арасында түрлі киім үлгілері, арба, Алдыңғы Азиядан әкелінген түкті кілем сияқты жәдігерлер айрықша орын алады. Бальзамдалған ерлер мен әйелдер мүрделері аса құнды ғылыми деректер саналады. Бұл обаларда тайпа көсемдері мен бай ақсүйектер жерленген. Бұл әлемнің басқа жерінде кездеспейтін, ең алдымен, Еуразияның далалық өлкелеріне тән құбылыс. Қазіргі күнде негізгі бөлігі қазылды..
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
Қазақстан тарихы |
Парасат республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем безендірілген журнал журнал.
* Алғашқы саны 1958 жылы шілдеде “Мәдениет және тұрмыс” деген атпен шықты. Журналдың тұңғыш саны 10 мың дана тиражбен жарық көрді.
* 1990 жылдан “Парасат” деп аталады. Журнал бетінде тарих пен әдебиет, мәдениет пен өнер, руханият мәселелері көтеріледі. Басылымның “Ойтолғақ”, “Жаңғырық”, “Тарих-тағдыр”, “Таным”, “Дерек пен дәйек”, “Салауат”, “Ғұмырдария”, т.б. тұрақты айдарлары бар. Айына 1 рет шығады. Мекен жайы : Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 13-үй,2-ші қабат ( Маметованың бұрышы ). E-mail: [email protected], байланыс телефоны 8(727)273-05-18.
## Парасат бұрынғы Мәдениет және тұрмыс журналының әр жылдардағы бас редакторлары :
* Мұса Дінішев - 07.1958 - 04.1961 ж.
* Абай Бейсембаев - 05.1961 - 08.1963 ж.
* Сапар Байжан ата - 09.1963 - 12.1964 ж.
* Мұса Дінішев - 01.1965 - 07.1976 ж.
* Бақытжан Жиенғалиев - 12.1976 - 12. 1988 ж.
* Камал Смайылов - 12.1988 - 12.1989 ж.
* Бексұлтан Нұржекеұлы - 12.1989- 12.1991 ж.
* Смағұл Елубаев 01.1991 - 05.1995 ж.
* Баққожа Мұқай 06.1995 - 01.2008 ж.
* Ерғали Сағат 02.2008 - 04.2013 ж.
* Серік Әбікенұлы Сарыбаев 04.2013 - ?
## Дереккөздер |
Иван Васильевич Панфилов (1 қантар 1893 жыл, Ресей, Саратов облысы Петровск қаласы – 19 қараша 1941 жыл, Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусеново ауылы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942). Бірінші-дүниежүзілік соғысқа, 1918 – 1920 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.
* 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.
* 1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,
* 1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.
* 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.
* 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.
Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.
## Галереясы
*
## Естеліктер
* Мәскеуде Новодевичий зиратында жерленген.
* Гусенево ауылында қайтыс болған жерге ескерткіш орнатылды (Мәскеу облысы Волоколам ауданы Чисменский ауылдық елді мекені).
* Алматыдағы 28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақта ескерткіш орнатылды.
* Бішкектегі ескерткіш 1941 жылы генерал Панфиловтың ескерткішіне конкурс нәтижесінде тұрғызылған (авторлары Аполлон Мануйлов, Александр Могилевский, Ольга Мануйлова, И. Фрех-Хар және М. Епштейн). Бұл Ұлы Отан соғысы батырының құрметіне қойылған КСРО-дағы ең алғашқы ескерткіш. Ескерткіштің ашылуы 1942 жылдың қарашасында болды.
* 2015 жылы 9 мамырда Астанада генерал Панфилов пен 28 батыр-панфиловшыға ескерткіш ашылды.
* Қырғызстанда 1942 жылы Шу облысының Панфилов ауданы құрылды.
* Волоколамск қаласында Панфилов көшесінде – № 4 үйде мемориалдық тақта; Волоколамск қаласындағы Октябрь алаңында – қола бюст.
* Оның атымен Алматы облысындағы Жаркент қаласы (1942-1991 ж. - Панфилов) және Қазақстандағы үлкен ауыл аталды, Қырғызстандағы ауыл.
* Тараз қаласындағы мектеп оның есімімен аталады.
* Оңтүстік Қазақстан облысындағы 57 мектеп оның есімімен аталады.
* Алматы қаласындағы №54 мектеп оның есімімен аталады.
* Самара қаласындағы №116 мектеп оның есімімен аталады.
* Саратов облысы Петровск қаласының №3 мектебіне оның есімі – өзі оқыған мектеп берілді, сонымен қатар мектепте И.В.Панфиловтың мұражайы бар.
* Саратов қаласындағы №64 мектеп онык есімімен аталады.
* Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қарасу ауданындағы И.В.Панфилов атындағы ауыл.
* Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Панфилов атымен аталады.
## Тағы қараңыз
## Дереккөздер
* Момышұлы Б., Генерал Панфилов, А., 1965
* Совет Одағының Қазақстандық батырлары, А., 1969
* Панфилова М., Панфилов Иван Васильевич, А.-А., 1975. |
Александр Владимирович Парыгин (25 наурыз 1973 жыл, Алматы қаласы, Қазақ КСР) – қазақстандық бессайысшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1996). Азия чемпионатының күміс жүлдегері (1993), 12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994) және Азия чемпионы (1995), Әлем кубогы бәсекесінің күміс жүлдегері (1995), 1996 жылғы Жазғы Олимпиадалық ойындардың жеңімпазы.
## Жетістіктері
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://idwhoiswho.kz/node/1351 ПАРЫГИН Александр Владимирович |
Парыз (араб.: فرض фарз) - анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру. Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге бөлінеді: «Айн парыз» - әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды жеке өзі орындауға тиіс. Намаз бен ораза секілді. Біреудің парызын басқа біреу етей алмайды. «Кифая парыз» - жалпы мұсылманға Парыз бола тұрса да, кейбір мұсылмандардың іске асыруы арқылы барша мұсылманның мойнынан түсетін парыздар. Алайда ешкім орындамаса, барлық қоғам жауапты. Мысалы, жаназа намазын оқығандай. Бір қалада кейбір мұсылмандар қайтыс болған мұсылманның жаназа намазын оқыса жетіп жатыр. Сол кезде қалған мұсылмандар осы жауапкершіліктен құтылады. Бірақ кифая парыздың сауабы өтеген адамдарға ғана жазылады. Өтелмеген жағдайда күнәсі барлықмұсылмандарға жазылады. Парыздың өтелуінде зор сауап пен жақсылық бар. Мойнындағы борышын өтемегендер ақырет азабын тартады. Айта кететін бір жайт, кімде-кім парызды теріске шығарып, Парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Алайда парыз екенін мойындап, бірақ өтемесе, тек қана мойнының борышы болып қалады. Яғни, мұсылман - күнәһар деп есептелінеді.
## Дереккөздер |
Парламент (лат. parlare – сөйлеу, ағылш. parlіament) – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы, өкілдік сайлау заң органы.
Алғаш 13 ғасырда Англияда, 17 – 18 ғасырларда Еуропа елдерінде құрылды. Қазір әлем елдерінің басым көпшілігінде бар. Кейбір елдерде басқаша аталады: Ресейде Мемл. Дума, АҚШ-та Конгресс, Сирияда Ұлттық кеңес, Исландияда Альтинг, Моңғолияда Ұлы хурал, т.с.с. Парламенттің кең өкілетті, шектеулі өкілетті, кеңесші түрлері болады. Алдыңғы екі түрі өз елдерінің саяси-құқықтық механизмінде ортаңғы орын алады. Кеңесші парламенттер абсолюттік монархия елдеріне (Кувейт, БАӘ) тән. Парламент бір немесе екі (жоғары және төмен) палатадан тұрады. Екі палаталы етіп құру Парламентті кәсіпқойландыру мақсатынан туындады. Жоғары палата төмен палаталық әр аймақтан сайланған халық өкілдерінің аймақтық мүдделерін тоғыстыру, асыра сілтеушілігін тежеу, мәселелерді жалпымемлекеттік тұрғыда қарастыру үшін пайда болған. Палаталар сайлау, тағайындау (көбіне жоғары палата) немесе лауазымға байланысты палатадан орын алу жолымен құрылады. Тіпті Ұлыбританияда 1999 жылға дейін лордтар палатасындағы орындар мұрагерлікпен беріліп отырды. Орта есеппен төмен палаталар 4 – 5 жылға 400 – 600, жоғарғылары 6 – 9 жылға 100 – 300 депутаттан құралады. Әр палатаның өзіндік өкілеттіктері болады. Белгілі бір мәселелерді екі палатаның бірлескен отырысында шешеді. Парламенттің басты қызметі заң шығару және үкімет пен басқа да мемлекеттік билік органдарының қызметін бақылау болып табылады. Бақылаушылық қызметі лауазымды тұлғалардың есебін тыңдау, жұмысын тексеру, халықаралық шарттарды мақұлдаудан көрініс табады. Сонымен қатар Парламенттің әкімшілік-басқарушылық (мысалы, жоғары лауазымдарға тағайындау және босату), соттық (импичмент жариялау, рақымшылық жасау) және құрылтайшылық (мемлекеттік институттар құру) өкілеттігі де болады.
## Парламент сайлауы
Қазіргі заманғы демократиялық Парламент палаталарының бірі, тікелей халықпен сайлануын талап етеді. Парламентке сайлау түрлі бағыттағы саяси партияларда көрініс табатын қоғамдағы көңіл-күйдің индикаторы болып табылады.
Әдетте, көпшілік дауыс жинаған партия немесе коалиция үкіметті құрады. Сайлау үнемі, әдетте, 4-5 жылда бір рет өткізіледі.
## Парламент құрамы
Парламент мүшелері Парламенттің төменгі палатасы үшін депутаттар және жоғарғы палата үшін сенаторлар деп аталады.Әдетте парламентке 300-500 мүше кіреді, бірақ олардың саны әртүрлі болуы мүмкін (бірнеше ондықтан 2-3 мыңға дейін). Парламент бір немесе екі Палатадан тұруы мүмкін. Екі палаталы Парламентте, әдетте, палаталардың бірі жоғарғы, екіншісі — төменгі.
Мәселен, Ұлыбританияда Парламенттің жоғарғы палатасы-Лордтар палатасы, төменгі-қауым Палатасы, Ресейде-Федерация Кеңесі мен Мемлекеттік Дума, Қазақстанда-Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі,АҚШ — та-Сенат пен Өкілдер Палатасы. Әдетте, жоғарғы палата төменгі палатадан аз демократиялық жолмен қалыптасады.
## Халықаралық парламент
Парламенттің айқындамасына жататын бірқатар халықаралық органдар бар. Әдетте, олар қандай да бір халықаралық ұйымның құрылымында жұмыс істейді. Мұндай органдар тікелей халық сайлай алады, бірақ көбінесе ұлттық парламенттердің өкілдерінен құралады. Заңнамалық жиналысқа бүкілхалықтық сайлау Еуропалық Одақта, Андия кеңесінде, Орталық Америка Парламентінде бар; Араб Парламенті және Ресей мен Беларусь Одағының Парламенттік Ассамблеясы жоспарланып отыр.
Парламент өкілдерінен тұратын Парламенттік Ассамблея, атап айтқанда, Еуропа, НАТО, ЕҚЫҰ, ТМД кеңесінде бар. Женевада Парламентаралық Одақ — әлем парламенттері қауымдастығы жұмыс істейді. 2008 жылы Стамбулда түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы құрылды.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасы Парламенті
## Дереккөздер |
Паталаха Евгений Иванович (9.5.1933 жылы туған, Украина, Луганск облысы Ровеньки қаласы) – геология-минералдық ғылылым докторы (1971). Новочеркасск политехникалық институтын бітірген (1956). Геологиялық партиялар мен экспедицияларда жұмысшы (1956–1960), Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында аспирант, ғылым қызметкер (1960–1968)Лаборатория меңгерушісі (1968–1974)1974 жылдан директордың орынбасары болды..
## Ғылыми еңбектері
1968 жылы «Механизм возникновения структур течения в зонах смятия (на примере Успенской зоны)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері тектофациялық анализдің негізін жасауға арналған.
## Марапаттар
КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1985).
## Дереккөздер |
Виктор Иванович Пацаев — КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры.
1933 жылы 19 маусымда Ақтөбе қаласында туған.
Пенза индустрия (қазіргі политехникалық) институтын бітіргеннен кейін (1955), КСРО Гидрометеорология қызметінің Орталық аэрология обсерваториясында және конструкторлық бюрода қызмет етті.
1969 жылы ғарышкерлер отрядына қабылданды.
1971 жылы 6 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблімен сынаушы ретінде Г.Т. Добровольский және В.Н. Волковтармен бірге ғарышқа ұшты. Сол жылғы 7 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблі «Салют» ғылыми станциясымен түйісу операциясын ойдағыдай жүзеге асырып, ғарышта 23 тәулікке жуық барлығы 25 тәулік болды. Ұшу бағдарламасы толық аяқталып, Жерге қону кезінде түсу аппаратының герметикалылығы бұзылуы салдарынан экипаждың басқа мүшелерімен бірге қаза тапты.
Ленин орденімен марапатталған.
Қызыл алаңда Кремль қабырғасына жерленді.
Пацаев атында Ақтөбеде көше, алаң, мектеп, шаруашылық ұжымдары бар.
1972 жылдың 19 маусымында ұшқыш-косманавтқа арналған ескерткіш-бюсттің салтанатты ірге тасы қойылды. Ескерткіштің авторлары — скульптор Ю.А.Тур мен архитектор А.А.Заварзин үлкен ауқымды жұмыс атқарды.Бюсттің биіктігі 2 метр.Ескерткіш 1976 жылы ашылды.
## Дереккөздер |
Беркімбай Пәрімбетов (1929 – 1996) – (11.9.1929 жылы туған, Шиелі ауданы ) – инженер-технолог, техникалық ғылым доктор(1982). Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы (1973). Қазақ химия-технологиялық институтын (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті) бітірген (1951). 1954 – 1961 және 1963 – 1965 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы-нда, КСРО Құрылыс және архитектура академиясында, КСРО Құрылыс материалдары өнеркәсібі мемлекеттік комитетінде жұмыс істеген. 1965 – 1973 және 1979 – 1984 жылдары Қазақстан Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі.1973 – 1979 жылдары КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Қазақстан министрлер кеңесінің тұрақты өкілі қызметтерін атқарған. 1984 жылдан Мемлекеттік құрылыс комитетінің «Казоргтехстрой» мекемесінің директоры болды. Анорганикалық байланыстырғыш материалдарының қатаю процестерін, құрылыс материалдарының коррозияға төзімділігін, оны өндіру үшін өнеркәсіптік минералды қалдықтарды пайдалануға арналған..
## Марапаттар
КСРО Министрлер кеңесі сыйлығын алған (1974). 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Константин Петрович Персидский (20.10.1903 жыл, Ресей, Сызрань қаласы — 22.6. 1970 жыл, Алматы) —ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1946), профессор (1934), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1951), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғылым қайраткері (1945).
* 1927 Қазан университетін бітірген — 40 жылдары осы университетте,
* 1940 — 1968 жылдары Қазақ ұлттық университетінде
* 1966 — 1970 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтында ғылыми-педагогика және басшылық қызметтер атқарған.
## Ғылыми еңбектер
* Негізгі еңбектері дифференциялық теңдеулерді шешудегі орнықтылық теориясына арналған.
* Ол математикадағы жаңа бағыт — сызықтық емес кеңістіктердегі дифференциалдық және кейбір функционалдық теңдеулер теориясының негізін салды.
* Қазақстанның жоғары оқу орындарында математиканы оқытуды ұйымдастыруға зор еңбек сіңірді.
## Марапаттар
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Петропавл нан комбинаты— тамақ өнеркәсібі орны. 1933 жылы құрылған. Нан-тоқаш және кондитерлік тағамдар өндірумен шұғылданады. 1936 жылы “Главхлеб” жүйесі, 1939 жылы респ. “Қазнан” наубайхана, макарон және кондитер өнеркәсібі тресі құрамына кірді. 1957 жылы Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті өнеркәсіп басқармасының қарамағына көшті. 1960 жылы қалалық тамақ комбинатымен қосылды, одан кондитер цехы мен крахмал-шірне зауытын қабылдап алды. Қазіргі кезде нан-тоқаш, кондитер, макарон өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады. 1993 жылдан ашық тұрпаттағы АІ.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том |
Петропавл шағын литражды двигательдер зауыты — машина жасау кәсіпорны. 1942 жылы құрылған. Алғашқы өнімі — Л6/3 двигателі. 1945 жылы Л12/4 маркалы двигательдің сериялы өндірісіне көшті. 1966 жылдан автомобильдің бензин сорғыштары, электр генераторының жетектеріне арналған 2 СДМ-1 двигателін шығара бастады. 1980 жылғы тамыздан “Пчелка” мотокультиваторын сериялап шығару қолға алынды. Нарықтық қатынастар жағдайында зауыт құрылымдық тұрғыдан қайта құрылды. 1997 жылы қазанда “Күш агрегаттары зауыты” ЖШС ұйымдастырылып, 2000 жылы оның негізінде “Шағын литражды двигательдер зауыты” ЖШС құрылды. Негізгі өнімін (2 аттың күшінен 12 аттың күшіне дейінгі шағын литражды двигательдер) өндірумен қоса ауыл шаруашылығына қосалқы бөлшектер (орақ пышағының шалғытісін, саусақтарын, орақтың құранды пышағын, “Дон”, “Джон-Дир” комбайндары көлбеу камерасының тасымалдауыштарын, ДТ-75, Т-4 тракторларының тежегіш барабандарын), шағын архит. пішіндер (фонтандар, саябақ отырғыштарын, көше шамдарын, қоқыссалғыштар, сәнді қоршаулар), сондай-ақ “Қызылжар” деп аталатын тіркемелі білікшелі орақтар шығаруды да игерді.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том |
Петропавл уезі — Ақмола облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бөлік. 1868 жылы құрылған. Жер аумағы 60 953 км², тұрғындарының саны 1901 жылы 66570, 1909 жылы 78169 адам болды.
Уезд 12 болысқа бөлінді. Уезде жылқы, ірі қара,қой өсірілді. 1897 — 1901 жылдары Петропавл уезінде қазақтар 4287 мың десятина жерде егіншілікпен шұғылданды. Ресейге тері, мата, май жөнелтіліп, ал ол жақтан металл бұйымдары, мануфактура өнімдері, т.б. әкелінді. Уезде сауда айналымы 7 млн. сом құрайтын ірі сауда жәрмеңкесі — Тайыншакөл жұмыс істеді. Онда 1875 жылы 78000 қой сатылған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ақмола облысының әкімшілік құрылымы өзгеріп, Петропавл уезі Ақмола губерниясы құрамына енді.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том |
Петербург шарты — 1881 жылы Ресей мен Қытайдың Іле аймағындағы шекара мәселесін айқындауға арналған келісімі. Қытайдағы мұсылмандар көтерілісінің қол астындағы ұлт аймақтарына қанат жаюынан сескенген Ресей 1871 жылы қазақ жеріне жақын Іле аймағын басып алды. Қытай Шыңжаңдағы көтерілісті басқаннан кейін Ресейге Ілені қайтару туралы талап қойды. Екі ел арасындағы ұзаққа созылған дипломат. келіссөздерден кейін 1881 жылы 12 ақпанда екі жақ Петербург шартына қол қойды.
Келісім бойынша орыс әскерлері басып алған Іле аймағы Қытай үкіметінің билігіне қайтарылды, тек Цин өкіметінің билігінде қалғысы келмейтіндерді орналастыру үшін деген желеумен Ресей Іленің батыс бөлігін иемденді. Іле халқына бір жыл ішінде Ресейге дүние мүлкімен кедергісіз қоныс аударуға рұқсат берілді. Екі мемлекеттің Іле аймағындағы шекарасы Бежінтаудан басталып, Қорғас өз-н бойлай оның Ілеге құяр тұсына дейін созылып, одан қазіргі Алматы облысындағы Көлжат ауылының шығысын орап өтіп, оңтүстікке қарай Ұзынқаратауға дейін, ал қалған жері 1884 жылғы Шәуешек келісімінде көрсетілген сызықпен өтетін болды. Алайда қазақтардың бұрынғысынша жайлау мен қыстауларын ауыстырып, көшіп-қонып жүруі Ресей мен Қытай шекарасында біраз қиындықтар туғызды. Келіссөздер барысында патша өкіметі “жерлері дұрыс бөлінбеген қазақ рулары тұтасымен Ресей бодандығында болу керек” екендігін дәлелдеу арқылы, Зайсан мен Қара Ертіс аумағындағы шекараны Ресейдің пайдасына қайта белгілеуге қол жеткізді. Шекара сызығы Қара Ертістің Күйтін тауларынан Сауыр жоталарына қарай кесіп өтетін болды. Сондай-ақ Қоқан хандығы Ресейге қарағаннан кейін Ферғана облысы мен Шығыс Түркістан арасындағы шекара сызығы айқындалды. Осы келісімде белгіленген шекараны одан әрі айқындау шаралары 1882 — 84 жылдары жүргізілді. Бірақ өкінішке орай, шекараны айқындау кезінде шекара маңын мекен еткен қазақ пен қырғыз халқының жерлері бәрібір дұрыс бөлінбей, біртұтас халық екі мемлекет аумағына бөлініп кетуге мәжбүр болды.
Петербург шартынан кейін екі мемлекеттің Орталық Азиядағы шекаралық иеліктерінің жалпы бағыты айқындалып, орыс-қытай шекарасының қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл Ресей мен Қытайдың Орталық Азияда әкімшілік-аумақтық биліктерін толық заңдастырып алуына жол ашты. Шыңжаңның шекарасы айқындалып, ол Қытайдың ажырамас бөлшегіне айналды. Ресей империясының ұлт аймақтарындағы аумақтық шептері айқындалып, әкімшілік және шекаралық мәселелерін реттеуге жағдай туғызды. Осы келісімнен кейін Қытайдың бірнеше қаласында Ресей өз консулдықтарын ашты және Іле, Тарбағатай аймақтары мен Қашқар, Үрімжі қалаларында салық төленбейтін сауда жеңілдіктерін алды. Бекітілген келісім-шарт мәтіндері 1881 жылы 19 тамызда алмасылды.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том |
Петропавл атқарушы тетіктер зауыты — машина жасау кәсіпорны. 1941 жылы КСРО-ның батыс ауданынан көшірілген кәсіпорын негізінде құрылған. Соғыс жылдары ғ347 кәсіпорын атауымен қорғаныс өнімін шығарды. 1958 жылдан приборлар, негізінен магнитофондар шығаруға маманданды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы техникасы үшін бөлшектер мен тораптар шығарды. Зауыт цифрлық бағдарламалық басқару қондырғысы бар станоктармен, термопластавтоматтармен, жартылай автоматты құйма машиналармен және роботты техникамен жарақтандырылған. Кәсіпорында бөлшектерді ұнтақ металлургия әдісімен дайындау игерілді. Кейін зауыт “Мұнаймаш” ААІ болып қайта құрылды. Кәсіпорын өндіретін негізгі тауарлардың тізбесі: піскілеуіш және қамыр илеуіш машиналар, кернеуді реттеуіш, бензин сорғыштар, электрлі тұтатқыштар, шығырлар, шұралар, гараж, пәтер, пошта құлыптарын, май қысымын бергіштер, әмбебап шырағдандар, тереңнен су тартатын ЭЦВ 6/8/10 сорғыштар, штангалы ПНН мұнай сорғыштары, НШ сор-ғыштары, топтық жылу есептеуіштер, су өлшеуіштер, бекітпелер, резина-техникалық бұйымдар, әуезді қоңыраулар.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том |
Племянников Алексей Герасимович (1.3.1923, Ресей, Пенза облысы Сосновоборск ауданы Садомские Выселки дер. — 2003, Алматы) — ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғылым қайраткері (1983). Кеңес Армиясының Әскери-малдәрігерлік академиясын бітірген (1946). 1948 — 50 ж. Жамбыл облысында малдәрігерлік, 1950 — 55 ж. Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында ғылым, 1955 — 58 ж. Алматы облысы Шелек ауданында, 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мал шаруашылығы технол. институтында қызмет атқарған. Негізгі ғылым еңбектері қой етін өндіру технологиясына арналған. Племянников бірқатар қой тұқымдарының еттілігін зерттеп, олардың сүйек, ет, май тіндерінің өсуіндегі заңдылықтарды ашты, қойды өнеркәсіптік негізде бордақылаудың жаңа технологиясын жасап (І.Медеубеков, Ғ.Құрманов, т.б. бірге) өндіріске енгізгені үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1974).
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том |
Полухин Петр Иванович (16.7.1911 жылы туған, Ресей, Липецк облысы, Грязин ауданы. Головщино селосы) — металлург-ғалым, техникалық ғылымдар докторы (1951), профессор (1951). Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1975). Социалисттік Еңбек Ері (1971). Мәскеу Түсті метал мен алтын институтын бітірген (1935), “Орақ пен балға” зауытында (1935 — 37), Мәскеу болат және қорытпалар институнда (1938 — 41, 1945 — 49) жұмыс істеді. Сібір металлургия институтының директоры (1949 — 52), КСРО Жоғары оқу орындары министрлігінің бөлім бастығы (1952 — 65), Мәскеу болат және қорытпалар институтында ректор (1965 — 86), 1986 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Полухин құрылымдық материалдарды пластикалық деформациялау мен технологиялық өңдеу саласындағы жұмыстарды басқарды. Рельстерді, құбырларды, арқалықтарды, сұрыптық металдарды, т.б. престеу мен созу процестерін зерттеді, авторлар тобымен бірге жіксіз құбырлар жасауды зерттеп, өндіріске енгізді. КСРО мемлекеттік сыйлығын алған (1972). Ленин орденімен, т.б. ордендер, медальдармен марапатталған. Шығармалары: Прокатное производство, М., 1960; Прокатка и термическая обработка рельсов, М., 1963; Пластическое формоизменение металлов, М., 1968; Качество листа и режимы непрерывной прокатки, А.-А., 1987.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Полосухин Александр Порфирьевич (9.19.1901, Татарстан Республикасы, Тетюши қаласы — 4.9.1965, Алматы) — ғалым-физиолог, медицина ғылымының докторы (1939), профессор (1939), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1954), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1944). Қазақстандағы физиологтар ғылыми мектебінің негізін салған. Пермь мемлекеттік университетін бітірген (1929). 1938 жылдан Қазақстанда тұрып, еңбек етті. 1938 — 63 ж. қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі, декан, директордың орынбасары; 1955 — 65 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті, 1945 — 65 ж. Физиология институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері адам физиологиясына арналған. Полосухин адамның қан айналысы мен лимфа айналысының реттелу тәртібін зерттеп, естен тану (шок) патогенезіне сипаттама берді, оған қарсы арнайы дәрі (Полосухин сұйығы) ұсынды. Оның басшылығымен силикоз ауруын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.Шығармалары: Экстрорецептивная и интерорецептивная регуляция кровообращения, дыхания и лимфотока, М., 1952; Материалы по регуляции венозного кровообращения, М., 1955; Избр. труды, А.-А., 1967.
## Дереккөздер |
Попов Михаил Григорьевич (18.4.1893, Ресей, Саратов облысы Вольск қаласы — 18.12. 1955, Ресей, Ленинград қаласы) — орыс ботанигі, флорогенетигі. Украина Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1945). Петроград университетін бітірген (1917). 1934 — 38 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімшесінде Ботаника секторын басқарып, ҚазҰУ-де жоғары сатыдағы өсімдіктерді жүйелеу кафедрасының меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер жүйеленімі мен филогениясына, геогр. таралуына арналған. Попов Орта Азия мен Қазақстан өсімдіктерін зерттеп, шөлді аймақтар флорасының дамуы туралы теорияны пайымдады, будандастырудың өсімдіктер эволюциясындағы рөлі туралы ілімнің негізін салды. 300-ден аса ғылымға беймәлім өсімдік түрлері мен туыстарын тауып, сипаттама берді. “КСРО флорасы” атты 30 томдық басылымды дайындаған авторлық ұжымның құрамында болды. 50-ден аса өсімдік Попов есімімен аталады.Шығармалары: Избр. соч., Ашх., 1958; Основы флорогенетики, М., 1963.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Юрий Борисович Померанцев (11 ақпан 1923, Киев, Украин КСР, КСРО — 23 наурыз 2022, Алматы) — актер, режиссер, педагог, Қазақ КСР-інің халық артисі (1961).
## Өмірбаяны
* 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* Сахналық өнер жолын 1943 жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан бастады.
* 1945—1953 жылдары Балалар мен жасөспірімдер театрының орыс группасында қызмет етті.
* Спектакльдер қоюмен және педагогикалық қызметпен де шұғылданды.
* 7-сайлауда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
## Ойнаған рольдері
Тұңғыш ойнаған рөлі — С.В. Михалковтың “Мақтаншақ қоянындағы” қасқыр. Сонымен қатар ол әр алуан шынайы сахналық образдар галереясын жасады. Ойнаған басты рөлдері қатарында қазақ драматургиясы бойынша
* ойшыл, ақын Абай
* оның жақын, пікірлес достарының бірі Долгов (М.Әуезов, Л.С. Соболев “Абай”)
* болыс Майқан (Әуезов “Түнгі сарын”)
* Варламов (М.Сәрсекеев “Жарылыс”), т.б. секілді ой-санасы мен ішкі жан сезімі бір-біріне ұқсамайтын мінез-кейіптер бар.
Ол — сөздің мән-мағынасына ерекше ден қоятын, өткір мінезді, сахналық бояуы мол актер.
* 1957 жылдан киноға түскен: дәрігер Лавров (“Біздің сүйікті дәрігерде”), т.б.
## Марапаттары
* Қазақ КСР-і мемлекеттік сыйлығын (М.Ф. Шатровтың “Алтыншы шілде” спектакліндегі Дзержинский рөлі үшін, 1967) алған.
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* 2 рет “Құрмет белгісі” ордені
* медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Полымбетова Фатима Әбілқайырқызы (11.8.1929 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекені — 2016) — ғалым-физиолог, биология ғылымының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақстанның еңбегі сіңген ғылыми қайраткері (1991). ҚазҰУ-ды бітірген (1951). 1951 — 93 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында, ал 1994 жылдан Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдік физиологиясына арналған. Полымбетова мәдени өсімдіктердің биологиялық әр түрлілігін ескере отырып, оларды сақтау, тарату, қорын байыту және республика климатына төзімділігі мен өнімділігін арттыру жөнінде ғылыми бағыт қалыптастырды. Ол дәнді дақылдар, үрмебұршақ, қауын және қызанақтың бірнеше түрлері мен будандарын жинастырып, олардың гендік қорын зерттеді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде өсімдіктердің қолайсыз факторларға бейімделуінің тұрақты (перманентті) теориясын ұсынды. Оның басшылығымен бидайдың бірнеше жаңа сорттары (“Эритроспермум-350”, “Ақсай”, “Мирас”, “Отан”, “Әлем”, т.б.), құрамы белокқа бай үрмебұршақтың 2 сорты (Жоңғарлық, Ақтәтті) шығарылып, өндіріске енгізілді. Полымбетованың ұсынысымен Қазақстанның континентальды климатының (қысы — суық, жазы — ыстық, құрғақ) өсімдіктерге әсерін модельдеуге бейімделген арнайы жылыжай — фитотрон салынды. Полымбетованың жетекшілігімен 12 ғылыми докторы, 30-дан астам ғылыми кандидаты даярланды. 16 монографиясы, 300-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Ол 15-тен аса авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Пайдалы өсімдіктер әлеміне саяхат, А., 1999 (телавт.); Применение физиолого-генетических методов в селекции. “Вестник КазНУ” (серия биологиялық), 2003, ғ2, (вып. 20), ауылы 63 — 66 (соавт.); Генофонд сортотипов фасоли в Республике Казахстан. Материалы Междунар. конф. “Развитие ключевых направлений сельского хозяйства в Казахстане: биотехнология, селекция, генетические ресурсы”, Астана, 2004, ауылы 143 — 148 (соавт.).
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Президент (латын тілінде praesіdens — басшы, алдыңғы қатарда отыратын) — 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге (3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т.б.) қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар (АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда) сайлайды. Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін;
2) қоғамдық, ғылыми, коммерциялық, т.б. ұйымдардың басшысы.
## Дереккөздер |
Пресновка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, аудан және Преснов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы — Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 147 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 6585 адам (3196 ер адам және 3389 әйел адам) болса, 2009 жылы 5725 адамды (2675 ер адам және 3050 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатына байланысты халықта «Қасірет белдеуі» аталып кеткен орыс бекіністері желісінің құрылуына байланысты қаланған. 1961 жылы Пресновкада астық өсіретін кеңшар құрылды. 1996 жылы кеңшар негізінде бірнеше акциондық қоғамдар мен мемлекеттік “Плодородие” кооператив одағы ұйымдастырылды. Бүлардан басқа Пресновкада асфальт зауыты, аудандық электр торабы басқармасы, орман шаркашылығы, құрылыс ұйымдары, тамақ комбинаты, т.б. И.П. Шуховтың мұражай үйі бар. Пресновка арқылы «Петропавловск — Қостанай» автомагистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Наурызшешек, Наурызгүл, Примула (Prіmula)— наурызшешек тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда Балқаш — Алакөл, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле, Қырғыз Алатауларында, Алтайда, Батыс Тянь-Шаньда, Сарыарқада кездеседі. Биік тау басындағы мұздықтардың маңайында, жартастарда, шалғынды тау беткейлерінде, ормандарда бұта арасында, өзен, көл жағалауларында өсетін 12 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 — 30 см-дей, сабағы тік, жапырақтары сабақ түбінде шоқтанып өседі. Тостағанша жапырақшалары түтікшелі қоңырау тәрізді, күлтелері ұзын, желбір қалақшалары бүтін не екіге бөлінген. Аталығы — бесеу, өте қысқа жіпшелермен күлтенің түтікшесіне бекіген. Қызыл, күлгін, сары, т.б. түсті гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Ерте көктемде гүлдейді, аралар және көбелектер арқылы тозаңданады. Жемісі — қорапша. Примула гүлдері әдемі болғандықтан әсемдік үшін өсіріледі. Тостағанша примуланың (P. macrocalya) жапырағы С витаминіне бай және қақырық түсіретін қасиеті бар, сондықтан емдік мақсатта қолданылады. Примуланың 1 түрі — Минквиц примуласы (P. mіnkwіtzіae) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазақстанда 12 түрі бар, оның Минквиц Примуласы деген түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Примула - ғаламшардың барлық жерінде, негізінен Солтүстік жартышардың қоңыржай климаттық зоналарында және Оңтүстік-Шығыс Азияның тауларында кездесетін көпжылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері әртүрлі реңктегі 600-дей түрі бар, олардың арасында қарапайым шағын түрлерден бастап, адамның белінен келетін ұзындарына шейін кездеседі.
Примуланың гүлдеуі ұзаққа созылып, гүлдері бірнеше жаңа түрлі болып өзгереді. Ерте көктемде гүлдейтіндіктен де примуланы ежелден алғашқы гүл деп атайды. Тіпті «примула» деген атаудың өзі де латын тілінен аударғанда «алғашқы» деген мағынаны білдіреді.
Ол туралы тамаша аңыз бар. Бір жолы Петр апостол жұмақ қақпасын күзетіп тұрып, қолын дағы аспан патшалығының алтын кілттері байламын байқаусызда түсіріп алады. Кілт күнәға толы жерге құлап түсіп, оның жанасқан жерінен сақиналана бұйраланған алқызыл гүл өсіп шығады. Іле-шала жіберілген періште кілтті көтеріп алады, бірақ кілттің жылтырлығы мен әдемілігі бэрібір кішкентай ғана әсем гүлге беріліп үлгерген еді.
## Дереккөздер |
“Приуралье” — Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. Қазақстан КП Орал облыстық және қалалық к-ттері мен еңбекшілер депутаттары облысы кеңесінің органы болды. Алғашқы саны 1918 ж. 17 қарашада “Известия областного исполнительного комитета Совета крестьянских, рабочих, киргизских и красноармейских депутатов” деген атпен жарық көрді. 1919 — 20 ж. “Киргизская правда” және “Яйцкая правда” деген атпен шықты. Кейін “Красный Урал” (1920 — 32), “Прикаспийская правда” (1932 — 38), “Приуральская правда” (1938 — 63) деген атпен шығып тұрды. 1963 ж. 1 мамырдан “поэтика” деген атпен шығады. Газетте негізінен өлкенің қоғамдықаласысаяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық саясат мәселелері қозғалды. 1968 ж. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталды. Құрылтайшысы — Батыс Қазақстан облысы әкімдігі.
## Дереккөздер |
Преснов су құбыры — Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облыстары және Ресейдің Қорған облысы жеріндегі тармақталған құбыр жүйесі. 1975 ж. пайдалануға берілген. Құбыр Тобыл өзенінен басталады. Жалпы ұзындығы 3334 км, оның 2121 км-і Қазақстан аумағында. Тәуліктік орташа су ағымы 85,2 мың м3, ал ең жоғарғы су ағымы 104,8 мың м3.
* Қазақ энциклопедиясы |
Пржевальский Николай Михайлович (31 наурыз (12 сәуір). 1839, Ресей, Смоленск губ. Кимборово ауылы — 20 қазан (1 қараша). 1888, Қырғызстан, Қарақол қаласы) — Орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы. Петербург Ғылым Академиясының құрметті мүшесі (1878), генерал-майор (1886).
Петербург Бас штаб академиясын бітірген (1863). 1864 — 67 ж. Варшава юнкерлер уч-щесінде оқытушылық қызмет атқарды. 1867 — 1869 ж. Уссурий өлкесіне саяхат жасады. 1870 — 1885 ж. Орыс география қоғамының Орталық Азияға ұйымдастырған 4 экспедициясын басқарды. поэтика Орталық Азияға жасаған бесінші саяхаты кезінде Ыстықкөлдің жағасында қайтыс болды. поэтика бұрын ғылымға беймәлім Гоби, Ордос, Алашань, Такла-Макан, Цайдам шөлдеріне сипаттама жазды. Наньшань, Куньлунь, Солтүстік Тибет тау жүйелерінің орнын анықтап картаға түсірді; Гумбольдт, Риттер, Колумб, Алтынтаг, Мәскеу, т.б. жоталарды, бірнеше көлді ашты. Қытайдың ұлы өзендері Янцзы мен Хуанхэнің бастауына жетті. 231 пункттің абауылы биіктіктері мен 63 астрон. пункттің орны анықталды; жануарлар мен жәндіктердің 7,5 мыңнан астам түрлері сипатталып жазылды, 18 мың өсімдіктер және көптеген минералдардың бағалы коллекциялары жиналды. Жабайы түйе мен жабайы жылқы (кейіннен Пржевальский жылқысы деп аталды) ашылды. 1886 ж. Петербург ҒА П-ді “Орталық Азия табиғатын тұңғыш зерттеушіге” деген арнайы дайындалған алтын медальмен марапаттады. поэтика есімімен Куньлунь тау жүйесіндегі жота, Моңғол Алтайындағы мұздық, Аляска түбегі мен Куриль аралындағы мүйіс аталған. Үздік геогр. зерттеу жұмыстарын марапаттауға поэтика атындағы сыйлық, алтын және күміс медальдар тағайындалған. П-ге Санкт-Петербургте және Ыстықкөлдің жағасындағы қабірінің басына ескерткіш қойылған.
## Жасаған саяхаты туралы…
1870 ж. Орыс географиялық қоғамы Орталық Азияға экспедиция ұйымдастырды.Моңғолия мен Қытайдың шөлдерімен және тауларымен экспедиция жетекшісі Пржевальский 11800 шақырым жерді басып өтті.Ол Гоби, Ордос және Алашан шөлдерінің ,солтүстік Тибет таулы аудандарының,Цайдам шұңғымасының егжей-тегжейлі сипаттамаларын жасады.Сонымен қатар алғаш рет Орталық Азия картасына жиырмадан астам шоқыларды,жеті ірі және бірқатар ұсақ көлдерді енгізді.Ол еуропалықтардың арасында алғаш рет солтүстік Тибеттің ішкі аймақтарына дейін тереңдеп барды.
Кешікпей Пржевальский екінші саяхатына шығуға бел байлады.Оның жолы Тянь-Шань мен Тарым өзені арқылы Лобнор көліне дейін жетті.
Үшінші саяхатына ол 1879 ж. Тибеттегі Нань-Шань арқылы аттанды және Көгілдір өзен аңғарына шықты.Осы сапары кезінде ол ғылымда әлі беймәлім болып келген жылқылардың түрін сипаттады,бұлар кейіннен оның құрметіне Пржевальский жылқысы деп аталды.
1883-1886 жж. оның төртінші саяхаты ұйымдастырылды: Тибетті басып өтіп, Сары өзеннің бастауын зерттеді, осы жерден Қаракөл қаласына (қазіргі Пржевальск) қарай жүрді. 1888 ж. Пржевальский Самарқанд арқылы орыс-қытай шекарасынан келіп шықты,осы жерде аң аулап жүріп сүзек дертіне шалдықты.Кешікпей ғалым көз жұмды.Ұлы саяхатшыны Ыстықкөлдің жағасына жерледі.Орыс географиялық қоғамы Н. М. Пржевальский атындағы алтын медаль тағайындаған.
## Қосымша:
Н. М. Пржевальский Тибеттің тарихи шаһары-Лхасаға баратын жолды тапты.Бірақ ол қала маңына жақындай алмады: оның жасағы Тибет билеушісі Далай-ламаны ұрлап әкету үшін жіберілген деген дақпырт тарады.
## Шығармалары:
Записки по всеобщей географии для юнкерских училищ, Варшава, 1867; От Кульджи за Тянь-Шань и на Лобнор, М., 1947; Из Зайсана через Хами в Тибет и на верховья Жёлтой реки, М., 1948; От Кяхты на истоки Жёлтой реки, М., 1948.
## Сілтемелер |
Прорва мұнай кен орны, Батыс Прорва — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс шетінде, Сарықамыс кентінен оңтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Іздестіру, бұрғылау жұмыстары 1964-1975 жылдары жүргізілді.
## Геологиялық құрылымы
Кен тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Тұз бетіндегі мұнай қабаттарында юра мен триас шөгінділері өнікті болып табылады. 9 өнікті қабатқа бөлінген. Юраның өнікті кабаттары 2179-2320 м, триастікі 3109-3308 м тереңдіктерде орналасқан. Юра қатқабаттарындағы иірімдердің мұнайлы бөлігінің биіктігі 10-28 м, триастікі 36-75 м, газды бөліктері тиісінше 25—56 м.
## Құрамы
Мұнай құрамында 0,33-1,46% күкірт, 2,05-4,22% парафин, 15,66% шайырлар, 1,12% асфальтендер бар. Кен 1976 жылы пайдалануға берілді. |
Протон(грекше prоtos – бірінші) (р) –атом ядросының элементтік құрамбөліктерінің бірі, сутек атомының, оның ішінде ең жеңіл сутек изотопының яки атомдар ішіндегі ең қарапайымының — протийдің ядросы; ядролардың бөліну процесі кезінде дараланады; болмашы оң зарядпен сипатталады. Ядро құрамындағы протондар саны оның бүкіл зарядын қалыптастыра отырып, химиялык элементтің атомдық нөмірін және атом түрін анықтайды, спині 1/2-ге, массасы 1836 электрон массасына (~10-24 г) тең,бариондарға жататын орнықты элементар бөлшек; сутек атомының жеңіл изотопының (протий) ядросы.
Сутегiнiң атомының ядросы бiр протоннан тұрады. Химия мағынасындағы протон (айқынырақ, оның жеңiл изотобы - протия) сутегiнiң атомының ядросы электронсыз болып табылады. Протонды физикада (немесе p+) pнiң әрiбiмен белгi қояды. (сутегi қаралатын оң ион ретiнде) протонның химия белгiсi, астрофизикалық - HII.(нейтрондармен бiргелермен ) протондар негiзгi құрайтын атом ядроларымен болып табылады. Сәйкесiнше протондардың (протон санына) ядросында санға тең бол қай оның атомдарының ядросының зарядымен өз кезегiнде толық анықталады (және, сәйкесiнше, барлық оның химиялық қасиеттерi) периодты кестедегi химиялық элементтi реттiк нөмiр.
## Қызықты айғақтар
Протон және электронның массаларының қатынасы, (14 ) тең 1836, 152 672 1, 0, 002 Протон және электронның массаларының қатынасы, (14 ) тең 1836, 152 672 1, 0, 002 % дейiн дәлдiкпен мәнге 6 тең бе?5 = 1836, 118 108 711 686% дейiн дәлдiкпен мәнге 6 тең бе?5 = 1836, 118 108 711 686Жылжымайтын бақылаушы үшiн (сонымен қатар кез келген басқа адрондар, сонымен бiрге атом ядролары) протондар Ультрарелятивистскийлер екi жақты батыңқы линзаның формаларын алады.Атомдар арқылы кәдiмгi сутегiнiң протонының радиусының 1960-шi жылдармен әртүрлi әдiс өткiзiлетiн өлшемдерi = 10-шi 1 Фм 0, 8768 0, 0069 метрдiң нәтижелерiне (CODATA-2006 ) келтiрдi ме?15 молар. 0, 8418 0, 0007 Фм 4 % кiшiсi нәтижеге радиус ол үшiн алғашқы тәжiрибелер қиырдың [8 ] мюон сутегiсiнiң атомдарымен. Болғанша мұндай айырмашылықтың себептерi айқын емес.Протонның әртүрлi бiрлiк бейнеленген массасын (кеңес берiлген CODATA 2010 жылдың мәндерi, соңғы мағыналы цифр бiрлiктерiндегi шаманың қателiгi, бiр үйреншiктi ауытқу жақшаларда көрсетiлген) құрайды:[4 ] Мэв/с2 (21 ) 938, 272 046;(90 ) 1, 007 276 466 812. е. [3 ] м;10нiң (74 ) 1, 672 621 777сi ме?[2 ] 27 кг;(14 ) 1836, 152 672 1 [5 ] электронның массалары.Протондар энергиялар негiзгi қайнар көзi болып саналатын термоядролық реакцияларда шығарылатын жұлдыздармен араласады. Ppның реакциялары жеке алғанда - барлық дерлiк энергияның көзi болып табылған циклда гелидiң ядросына төрт протондарының Қосуларына шығарып жатқан күнмен апарады - екi протондардың нейтрондарында 4 айналумен.
## Дереккөздер |
Приход Училищелері– шіркеу жанындағы бастауыш білім беретін оқу орындары. Алғаш Ресейде 1804 ж. бір жылдық оқу орны ретінде ашылған. 1828 ж. қабылданған мектеп жарғысы бойынша П. уч-щелеріндегі оқу мерзімі 2 жылға ұзартылды. 1917 жылдан кейін П. уч-щелері жабылды. |
Пірәлі, Пірғали (туған-өлген жылы белгісіз) — Адай руы мен түрікмендердің билеуші ханы, сұлтан. Нұралы ханның 2-ұлы. 1751–1754 жылдары Орынборда аманатта болған. 1803 жылы Маңғыстау Адайлары мен кейбір түрікмен рулары Ресейге бодан болғанда, Пірәлі соларды билеген. |
Рабғузи (лақап аты; шын аты-жөні – Наср әд-Дин Бурһан әд-Диннің баласы (т.-ө.ж.б.) – 13 ғ-дың аяғы мен 14 ғ-дың басында өмір сүрген жазушы, ойшыл. Рабғузидың Қисса-с-ул әнбийя атты еңбегі қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларының бірі саналады.
## Қиссалары
* Қарлығаштың адамға достығы
* Лұқман Хакім
* Миф
* Қазыңды қумаш
## Кітаптары
### Түркіше Гүлстан
Кітапта табиғат жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер ,пайғамбарлар туралы, діни қайраткерлер жайлы баяндалған. Адам Ата мен Хауа Ананың топырақтан жаралуынан бастап Нұх, Ыдырыс , Ибрахим ,Смағұл , Жақып , Жүсіп , Дәуіт, Сүлеймен , Мұхаммед пайғамбарлардың өмірінен алынған ғибратты әңгімелер мол. Бұлар - Шығыста бұрын- соңды көп айтылып ,тараған сюжеттер. Оны Рабғузи түркі тілінде жазып шыққан. Сонымен бірге өз жанынан шығарғын өлеңдері де бар.
## Дереккөздер
* Қазақ әдебиеті 8 сынып |
Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі – Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген байырғы сәулет өнері ескерткіштерінің бірі.
## Орналасқан жері
XV ғасырда Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығысына қарай 60 м қашықтықта тұрғызылған.
## Тарихи деректер
Әмір Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның әйелі, белгілі хандар Көкенші мен Сүйініштің анасы Рәбия Сұлтан Бегімге (1430-1485) арнайы салдырылған. Бұл кесененің құлыптасы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесінен табылған. Құлыптаста Бегімнің Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендегі, 1485 жылы қаза болғандығы жазылады.
## Кесене сипаты
Алғашында 8 бұрышты бір камералы, цилиндр тәріздес барабанға бекітілген биік күмбезі бар құрылыс ретінде салынып, кейіннен көп камералы шаршы жоспарлы құрылыстармен толықтырылған. Кесене - өте үлкен архитектуралық кешен. Оның құрамына 5 үлкен бөлме кіреді. Кесененің қасбеті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған, 8 бұрышты залы және осы залға жапсарлас салынған ұзынша келген тікбұрышты 2 үй-жай бар. Кесененің айналасынан табылған майоликалық және глазурланған тақтайшаларға қарап, оның полихромды қаптамамен қапталғанын көруге болады. Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде жерасты қабірханаға кіретін есік бар. Қабірхана сыланып, боялған. Онда терімен қапталған ағаш табыттар қойылған. Рәбия Сұлтан бегімнің табытында – «бұл құдіретті Әмір Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құдіретті, ұлы сұлтан Ұлықбек Көрегеннің қызы, ақсүйек, (құдай) кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жасанды Рәбия Сұлтан бегімнің тыныштық тауып жатқан жері» деген жолдар бар. Кесене түркістандық жергілікті архитектуралық дәстүр негізінде салынған алғашқы кесене ретінде өте маңызды. 1980 жылдан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
## Дереккөздер |
Радиотехника зауыты — радиотехника өнеркәсібі орны. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Мәскеуден Петропавл қаласына көшірілген зауыт негізінде құрылған. Зауытта қазіргі кезде Қазақстан, ТПС-54, Ишим, Ишим-003 радиоқабылдағыштары шығарылады. |
Баян Рақышұлы Рақышев (15 наурыз 1934 жылы, Қарағанды облысы, Шет ауданы Қарасаз) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қ.Сәтбаев атындағы арнайы сыйлықтың тұңғыш иегері.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.
* 1957 жылы -ҚазҰТУ-ды бітірген.
* 1957 жылдан - Балқаш кен-металлургия комбинатында қызметте болды.
* 1965 жылдан - ҚазҰТУ-да аға оқытушылықтан ректорға (1985 — 1992) дейінгі қызметтерді атқарды.
## Ғылыми еңбектер
Рақышевтің негізгі ғылыми еңбектері жер қойнауын тиімді игерудің, құрылысқа қажетті тау жыныстарын жарылыссыз өндірудің, жартастарды ұңғылап бұрғылауда жаңа техникаларды пайдалану мен кен байлықтарын ашық әдіспен өндіру мәселелеріне арналған.
* 400-ден астам ғыл. еңбегі, 13 монографиясы жарық көрді.
* Пеленгация источников возмущения в массиве горных пород, А., 2002;
* Системы и технологии открытой разработки, А., 2003.
## Марапаттары
* 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
* 1986 жылы КСРОның "Еңбек Қызыл Ту ордені"
* КСРО медалдарымен марапатталған (1967, 1970, 1989 жылдар);
* 1984 жылы «КСРО Жоғары оқу орнының үздік қызыметкері» атағы;
* 2000 жылы Қазақстанның мемлекеттік степендиясының иегері;
* 2003 жылы Қ.Сәтбаев атындағы арнайы сыйлықтың тұңғын иегері атанды;
* 2004 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді;
* 2005 жылы «Тыңға 50 жыл» медалі;
* 2009 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы күміс медалі;
* 2011 жылы М.В.Ломоносов Ордені;
* 2011 жылы Есенов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты;
* 2013 жылы жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапаттады.
* "ҚР жоғары мектебінің үздік оқытушысы» деген мемлекеттік грантының екі мәрте иегері;
* ҚР Тау-кен кешенінің «2013 жылдың Ғалым ұстазы» номинациясы бойынша «Алтын Гефест» иегері.
## Ғылыми атақтары
* 1978 жылы Техника ғылымдарының докторы;
* 1981 жылы профессор құрметті ғылыми атағы;
* 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі;
* 2013 жылдан Мәскеу Мемлекеттік тау-кен университеті және Украина Ұлттық тау-кен университетінің құрметті докторы;
* 1998 жылдан Тау-кен Ресей ғылым академиясының және Халықаралқ өнер және ғылым академиясының, академигі.
## Дереккөздер |
Василий Васильевич Радлов (Фридрих Вильгельм) (17 қаңтар 1837, Берлин — 12 мамыр 1918, Санкт-Петербург)— Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі (1884).
* Полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келген.
* Жасында гимназияда оқыған, Берлин университетінің философия факультетін бітірген (1858). Осы тұста ол араб тілі, парсы тілі, түрік тілі, татар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі, т.б. тілдерді үйренді. 21 жасында философия докторы деген ғылыми дәреже алды.
* Радлов 1858 ж. Ресейге көшіп келіп, Алтай өлкесінде мұғалім болды.
* Кейіннен Қазан оқу бөлімінің татар, қазақ, башқұрт мектептерінің инспекторы (1871 — 84) музейінің директоры
* Азия (1885 — 90) музейінің директоры
* антропология және этнография (1894 — 1918) музейінің директоры
* Орталық және Шығармалары Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін құрушылардың бірі, оның басшысы (1903 — 18) болды.
## Ғылыми жұмыстары
Радловтың ғылыми өмірі үш кезеңге бөлінеді:
* Алтай
* Қазан
* Петербург.
Алтай кезеңінде (1859 — 71) Батыс Сібір, қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография материалдарын жинаумен айналысты.
Қазан кезеңінде (1871 — 84) “Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы” және “Сібірден” (екеуі де неміс тілінде) aтты екі еңбегі жарық көрді.
Петербург кезеңінде (1884 — 1918) “Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі” атты көп томдығы баспадан шыға бастады (әлі күнге дейін толық жарық көрмеген, 4 жинағы шыққан). 1891 ж. ол Ресей ҒА экспедициясын басқарып, Моңғолия жеріндегі Орхон ескерткіштерін зерттеген. 10-нан астам әріп таңбаларын оқып, Кошо-Цайдам ескерткіштерінің фонет.-грамматикалық ерекшеліктері туралы жазды, мәтіндердің орыс тіліндегі транскрипциясын жасады. Әр жылдары “Құтты білік” (1891 — 1910), “Тоныкөк” (1899) ескерткіштерінің аудармасы мен транскрипциясын жариялады.
Көне ұйғыр жазбаларын, оның тарихын зерттеді, грамматикалық құрылысы жайында бағалы пікірлер айтты. Құнды еңбектерінің бірі — “Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы” деп аталды. Ол ғылыми еңбектерінде түркологияның барлық саласын қарастырды: лексикография мен диалектология, салыстырмалы-тарихи фонетика мен текстология, көне түркі, ұйғыр және араб ескерткіштері, түркі халықтарының фольклоры, этнографиясы, тарихы мен археологиясына байланысты түбегейлі зерттеулер қалдырды. Оның тарих пен этнография саласындағы еңбектері:
* а) Сібір мен Орта Азия түркі тілдес халықтарының этнографиясын;
* ә) олардың көне тарихы; археологиясы, мәдени даму жолдарын;
* б) аңшылық пен көшпелі халықтардың даму ерекшеліктерін, әсіресе түркі халықтарының рулық құрамын анықтау мәселелерін қамтыды.
Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан “Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері” aтты 10 томдық еңбегі болды. Оның 1-кітабы (1866) алтай, құманды татарлары, шор, саян, 2-кітабы (1868) шұлым, түрік, хакас, 3-кітабы (1870) қазақ, 4-кітабы (1872) барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына арналды. Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алынған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы күні бүгінге дейін маңызын жойған мақаласы Радлов жинаған фольклор үлгілері “Халық өлеңдері” (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөзі, өтірік өлең), “Ертегілер”, “Батырлар жыры” (“Ер Көкше”, “Ер Тарғын”, “Сайын батыр”) болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған. Радловтың Сібір қазақтарының этнографиясы туралы құнды еңбегі “Сібірден” деген атпен шықты. Ол қырғыз эпосы “Манасты” жазып алып, бастырып шығарды. Радлов салыстырмалы тарихи зерттеудің нәтижесінде Орта Азия, Қазақстан және Сібірдегі түркі халықтары фольклорының төркіні ортақ екенін дәлелдеді. Радлов көптеген ғылыми еңбектерімен түркология ғылымының дамуына зор еңбек сіңірді, өзінің мектебін қалыптастырды. Оның ісін шәкірттері Б.Я. Владимирцев, Н.Ф. Катанов, С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, т.б. жалғастырды, олар Радловтың ғылыми мұрасы жайлы құнды пікірлер қалдырды. Соңғы уақытта Радловтың шығарм. шеберханасы жайлы жазылған М.Шоқай жазбалары да ғылыми айналымға енді.
## Дереккөздер |
Дәнеш Рақышев (1926-1992) - қазақ әншісі әрі сазгер.
## Өмірбаяны
Дәнеш Рақышев 1926 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Талды ауылында дүниеге келген. Жас Дәнеш алғашқы музыкалық өнерін әнші, домбырашы, гармонист - әкесі Рақыштан алады. Кейін Дәнештің күйші болып қалыптасуына шешуші рөл атқарған белгілі Әсет ақынның шәкірттерімен тығыз араласады. Д.Рақышев өнерге деген жолын көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады.
* 1944-45 жж. Шығыс Түркістанның жас өнерпаздар тобының құрамында көптеген ауылдарды аралап, өнер көрсетті.
* 1945 жылы Д.Рақышев Құлжа ұйғыр-қазақ драма театрының (ҚХР) актері болып орналасып, Әбдірахман (Б. Майлин “Шұға”), Жапал, Қалқаман (М. Әуезов “Еңлік — Кебек” пен “Қалқаман — Мамыр”), т. б. сахналық бейнелерді сомдады.
* 1946-49 жылдары осы театрда қазақ бөлімшесін басқарды.
* 1959 ж. Қазақстанға оралғаннан кейін бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы “Октябрьдің 40 жылдығы” халық театрының режиссері қызметін атқарды.
* 1968 жылдан Талдықорған филармониясының әнші-солисі және осындағы “Тамаша әзіл-сықақ кеші” тобының жетекшісі болды. М. Ержанов, Ж. Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Р. репертуарында: Үкілі Ыбырайдың “Аңшының әні”, Әсеттің “Ардақ”, “Мақпал”, “Атым Әсет”, “Хисмет”, “Аха-ау, жалған”, “Жайқоңыр” әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері бар. Р. “Шаттық толқыны”, “Мақтанышты елім бар”, “Жас қайрат”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Комсомол”, “Саясында алманың”, “Жеңеше”, “Туған жер”, “Алматым”, т. б. әндерін шығарған.
* 1976 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, 1986 жылы Қазақ КСР халық әртісі атағын алды.
Дәнеш Рақышев 1992 жылы қайтыс болды. Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылының зиратында жерленіп, ескерткіш тақта орнатылған.
## Дереккөздер |
Ратушный Юрий Григорьевич (26.8.1935 — 27.8.1996, Алматы) – қазақстандық архитектор, Қазақ КСР-інің еңб. сің. архитекторы (1978). 1962 ж. Новосибирскідегі инж.-құрылыс ин-тын бітірген. Сол жылдан Алматы қаласындағы Қазақ қала құрылысын жобалау ин-тында жобалау тобының жетекшісі, жобалау шеберханасының, ал 1981 жылдан сол ин-ттың бас арх. болды. Оның негізгі жұмыстары: Республика сарайы (1970, Н.И. Рипинский, В.Ю. Алле, В.Н. Ким, Л.Л. Ухоботовтармен бірге), “Қазақстан” қонақ үйі (1978, Ухоботовпен бірге), бұрынғы Алматы облысы партия к-тінің саяси-оқу үйі (1981, Т.Ералиевпен бірге), ҚР-ның тарихи орт. мұражайы (1985, З.Мұстафинамен бірге), т.б. ғимараттар. КСРО (1971) және Қазақ КСР-і (1981) Мемл. сыйл-ның лауреаты.
## Дереккөздер |
Рау Алексей Григорьевич (15.4.1938 ж. т., Украина) — а.ш. ғыл. докт. (1990), проф. (1992). Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). [Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1966). 1966 — 73 ж. осы ин-тта пед. қызметте, 1973 — 95 ж. Қазақ су шаруашылығы ғыл.-зерт. ин-тында, 1996 — 2002 ж. ҚР ұлттық агр. зерттеулер академ. орт-нда (НАЦАИ) қызмет атқарды. 2002 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінде басшылық қызметте. Ол топырақты сүзу процесін, суландырылған жер топырағының сулы-тұзды режимін, суландыру режимін және а. ш. дақылдарын суғару технологиясын теор. және іс жүзінде зерттеп, Қызылқұм суландыру жүйесін кәріздеу мен суландыру параметрлерін жетілдірді; а. ш. дақылдарының өнімділігін арттыруға пайдаланылатын суды 20%-ға дейін үнемдеп, суландырылатын жүйенің экологиясын жақсартуға арналған жаңа құралымдар жасады. Р. 100-ден аса ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы. Өндіріске 10 ұсыныс енгізген. “Ауыл шаруашылығы өндірістеріне агроэкол. тәсілдер енгізу және қоршаған ортаны қорғау”, “Су ресурстарын пайдалану технологиясы және жаңа экономикалық жағдайларда су құрылыстарын пайдалану”, т.б. респ. ғыл. бағдарламаларға басшылық жасады.
## Дереккөздер
## Толықтыру |
“РАШАХАТ АЙН ӘЛ-ХАЯТ” (“Өмір бұлағының тамшысы”) — тарихи шығарма. Шығарма авторы Қожа Ахрардың шәкірті — Фахруддин ибн Пусайн әл-Уаиз әл-Кашифи (1463 — 1532/33). Бүркеншік есімі — Сәфі. Ол өз еңбегін Қожа Ахрардың өмірі мен іс-әрекетін дәріптеу мақсатында парсы тілінде жазған (1488 — 1503). Шығармада Түркістан өлкесінің, Сырдария аймағының саяси-экон., мәдени, тарихи географиясы, т.б. туралы құнды деректер бар.
## Дереккөздер
## Толықтыру |
Рашид әд-Дин, Фазлаллах ибн Абу-ль-Хайр Хамадани (лақап аты ат-Табиб) (1247, Хамадан, — 18.7.1318, Тебриз) — иран тарихшысы және мемлекет қайраткері. Ол Хулагу әулетіне жататын Абаға хан тұсында (1265 — 82) қызметке араласқан. 1298 — 1317 ж. Иранды билеген моңғол хандары Ғазан хан мен Улжайту ханның уәзірі болды. Ғазан ханның реформасын жүзеге асырды. Медицина саласында да үлкен білімдарлық танытып, мемлекет қайраткері ретінде жан-жақты қабілеттілік көрсетті. Оның алым-салық саясаты елдің экономикасын қайта жандандыруға бағытталды. Уәзір болған кезінде ірі жер иеленушіге айналды. Он ұлы жер-жерде өз алдына билік құрды. РАШИД әд-ДИН діни ғұлама, энциклопедист, ғалым, дәрігер, ботаник әрі табиғаттанушы болды. Агро және құрылыс техникасы жөніндегі энциклопедия «Китаб-уль-ахи-уа-ль-асар» мен мұсылман (сүннит) теологиясы бойынша 4 трактат жазған. Оның еңбектерінің ішіндегі ең құндысы — 3 томнан тұратын бізге жетпеген тарихи деректер негізінде жазылған «Жамиғ ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»). Рашид әд-Дин. Абу-Саид Баіадүр хан тұсында биліктен тайдырылып (1317), кейіннен Улжайту ханға қастандық жасады деген желеумен өлім жазасына кесілді. Рашид әд-Диннің еңбектері ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады.
## Дереккөздер |
Рәшид хан, Абд ар-Рәшид (1509-1566) (ұйғ. عبد الرشيد خان)-Шағатай әулетiнен шыққан Қашқарияның билеушiсi(1530-1563 жылдары). Әкесi Сұлтан Саид хан - осы мемлекеттiң негiзiн қалаған(1514жылы ),атасы - Моғолстанның ханы - Сұлтан Ақмет (Алаша қан). Ол Қашқарияны 33жыл басқарды.Оның ұстазы әрi тәрбиешiсi белгiлi тарихшы және саяси қайраткер - Мұхаммед Хайдар Дулат.Дулат тайпасы билеушiлерiнiң Қашқарияда қайтадан билiк құрмақ ниетiнен сескенген Рәшид хан таққа отырысымен дулаттарға қаһарын тiгiп, Мұхаммед Хайдар Дулаттың нағашысы Сайд Мұхаммед мырзаны қуғынға ұшыратты.Бiрақ бұрынғы шәкiртiмен әлi де болса жақсы қарым-қатынас орнатпақ болған М.Дулат Шағатай әулетiнен шыққан қандардың Моғолстан мен Қашқарияны билеуi жайында жазған тарихи шығармасы "Тарих-и Рашидидi" жас ханға арнады.Рәшид хан өзi билiк еткен алғашқы жылдардан-ақ Қазақ хандығына деген бұрынғы туыстық,достық қатынасты емес,қазақтарды Жетiсудан қуып шығу саясатын ұстанды.Ол үшiн бұрыннан өздерiмен дұшпан болып келген шайбанилiктермен достық және татулық келiсiмiне келуге тырысты. Сөйтiп,1533-1537 жылдары аралығында өзбек қаны Убайдолламен одақ жасасып ,қазақтарға бiрнеше рет жорық жасайды.Оларға қарсы қазақтар мен қырғыздардың бiрiккен одағы қарсы тұрады.
## Дереккөздер |
Рахман қайнары, Рахман көлi, арасан – Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы шипалы жылы су көзi.
Оңтүстік Алтайдың кiшкене тектоникалық ойпатында, Арасан көлі жағасында, теңiз деңгейiнен 1750 м биiктiкте айналасын биiк тау, орман қоршаған өте көрiктi жерде орналасқан. Су граниттегi терең тектоникалық жарықтан шығады, температурасы 35 – 42°С. Қайнардың шипалық қасиетi ертеден белгiлi.
* 1925 – 36 ж. бұл жерде курорт болған.
* 1960 жылдан қайта жұмыс iстей бастады.
Рахман қайнарының шипалық қасиетi оның құрамындағы көмiр қышқылының, радонның молдығында. Суы тұщы, минералдылығы 200 мг/л, құрамында гидрокарбонаттар, натрий, кальций, т.б. элементтер бар. Рахман қайнарының суы асқазан, ревматизм, гинекологиялық, жүйке, тыныс ауруларын және әр түрлi улану мен жараларды емдеуде қолданылады.
Өскемен қаласынан 450 шақырым, төрт мемлекеттің Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінің шекарасының қиылысқан жерінде, Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында орналасқан.
Осы жердің астында ағып жатқан өзендердің құрамында, емдік қасиеті бар радон, яғни өте сирек кездесетін гранит миниралдарының ұсақ бөлшектерге бөлінуінің құрамдасы бар. Термалды сулар буындардың, омыртқа сүйектерін, жүйке жүйесін және тері ауруларын емдеуде қолданылады. Шаруа Рахман 1763 жылы ыстық көзді тауып алған. Аңызға сәйкес, ол маралды жаралайды, жаралы жануар осы ыстық көздерге келіп шомылып аман-сау шығады.
## Рахман қайнарының шығуы туралы (аңыз)
Рахман қайнарының қайнарының шығуы туралы — халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысындағы емдік қасиеті күшті Рахман қайнарына байланысты туған. Ерте кезде Алтай тауларының бөктерінде Әбдірахман деген аңшы өмір сүргендігі, оның бір күні жалғыз баласын ертіп аңға шыққандығы аңыз желісі болады да, алдарынан лағын ерткен сыңар мүйізді марал кезіккенде бала көздеп оқ атады. Маралдың лағы жер сүзіп құлап, оның жаралы аяғынан аққан қанды көрген бала шошынып, есінен танғандығы тебірене әңгімеленеді. Жақын маңнан судың сылдырын естіген Әбдірахман баласының есін жиғызу үшін су әкелуге кеткенде сол бұлақ басынан жаңағы марал мен лаққа тап болады да, жаралы лақтың бұлақ суы ішіндегі аяғының қаны тоқтап, жарасы жазылғанын көріп аң-таң болады. Бұлақтан жанторсығына қасиетті судан құйып алады да, баласына апарып ішкізеді. Осы кезде бала есін жияды. Әбдірахман ауылға су әкеліп ауру-сырқауларға береді. Оcыдан кейін бұлақты "Әбдірахман қайнары", кейіннен "Рахман қайнары" деп атайды. Сол кезден бастап халықРахман қайнарын емдік мақсатта пайдаланып келеді. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклор экспедициясы Қатонқарағай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен әдебиет және өнер институты қолжазбалар орталығында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Рахматуллин Қасым Халиуллаұлы(1920 ж.т.) – филос. ғыл. докт. (1968), проф. (1969), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1984). Жаратылыстанудың, астрономияның филос. мәселелерін, диалектика принциптерін, ғыл.-тех. революция мәселелерін зерттеді.Аса көрнекті философ, ғалым, ұстаз Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының өмірі мен шығармашылық қызметі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да философия және саясаттану факультетінің қалыптасып дамуымен тығыз байланысты. Қасым Халиуллаұлы 1971 жылы факультет құрылымына жаңа өзгерістер ендіруге мұрындық бола отырып, факультет құрылымына өзерістер енгізу үшін университет басшылығына ұсыныс жасай отырып, факультетті басқарудың тиімді әдістерін ұсынды. Қасым Халиуллаұлы кафедраның сан-салалы жұмысын уақыт талаптарына сай, заманауи тұрғыдан дамытқан, өзіне дейінгі дәстүрді сақтап, өзін жетілдіре білген ғалым ретінде көрсете білді. Рахматуллиннің басшылығымен филоософия факультетінде диалектикалық логиканың, жаратылыстанудың философиялық мәселелері және арнайы курстардың жүйесі дайындалып, бағдарламалары жасалды.
Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының жетекшілігімен кафедра ұжымы философияны оқытудың жаңа әдістерінің логикалық құрылымын жасап, республикамен қатар, бұрынғы одақ көлемінде белгілі болды. Жаратылыстану факультеттерінде философияны жоғары кәсіби деңгейде оқытуды қамтамасыз ету үшін Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының жетекшілігімен жаратылыстанушылар үшін философияның жалпы теориялық және әдістемелік қызметін жан-жақты, толыққанды ашатын түрлі әдістемелік құралдар дайындалып жарық көрді.
Рахматуллин Қасым Халиуллаұлының ғылыми жұмыстарына қызығушылық танытқан ММУ-нің философия кафедрасы жаратылыстанудың философиялық мәселелеріне қатысты пікірталастарға жиі шақырып тұратын.
Маркстік-лениндік философияның ойлауды және ізденісті тар шеңберде ұстауынан бас тартқан Рахматуллин Қасым Халиуллаұлы ғалам және оның құрылымын зерттеуге ұмтылды. Аспан денелерінің, жұлдыздар мен планеталардың космостық материяның басқа да формаларының құрылымы, қозғалысы және де дамуын философиялық тұрғыдан пайымдап, космонавтиканың философиялық негіздері мен өлшемдерін пайымдап берді.
Сондай-ақ, астрономия және космонавтика, космологияға байланысты жазған ғылыми мақалалары Америка құрама штаттарының ұлттық аэроғарыштық бірлестігінің (HACA) аспан әлемі мен ғарыш саласына қатысты дүниежүзілік мақалалар көрсеткішінің санатына қосылған. Бұл да ғалымның ғылыми еңбегіне әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан берілген жоғары баға деп білеміз. Қ.Х.Рахматуллиннің осы салада атқарған еңбектері жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздері мен астарларын ұғынуға және білім интеграциясының күрделі үдерісінің қыр-сырын танып білуге жол ашты.
## Дереккөздер |
Реликт шағала, қара мойнақ шағала (лат. Ichthyaetus relictus) — татреңтәрізділер отрядына, шағалалар тұқымдасына жататын құс.
Дене мөлшері қарғадай, ақ түсті, тұмсығы қошқыл, көзінің айналасы ақ шеңбермен қоршалған. Реликт шағала — жыл құсы. Қазақстанға сәуірдің басында ұшып келеді. Шоғырласып ұя салады. Жыныстық жағынан 2 — 3 жасында жетіледі. Аналығы ұяға 1 — 4 жұмыртқа салып, оны 24 — 26 күнде басып шығарады. Балапандар 40 — 45 күнде қанаттанып, ұядан ұшады. Жәндіктермен қоректенеді, әсіресе масаларды жақсы жейді. Тамыздың басында қыстау үшін Оңт.-Шығыс Азияға ұшып кетеді. Реликт шағаланың тіршілігі аз зерттелген, себебі, осы күнге дейін олардың тұрақты ұялаған екі жері — Барун-Торей көлі (Забайкалье) мен Алакөл (Шығыс Қазақстан) ғана белгілі. Соңғы кезде ара-тұра Балқаш к. маңында ұшырасып қалады. 1976 — 94 ж. Р. ш-ның жалғыз қоразы Алматы хайуанаттар бағында ұсталды.
1991 ж. көл шағаласымен будандастырылып алынған будан хайуанаттар паркінде тіршілік етуде. Реликт шағала — өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құс болғандықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 1971 ж. Реликт шағаланың ұялайтын орны — Алакөлде “Реликт шағала” орнитол. қорықшасы ұйымдастырылды.
## Дереккөздер |
Репатриация (лат. repatrіatіo — Отанға оралу) — түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды Отанына қайтару. Әскери тұтқындар жайы туралы Женева конвенциясына (1949) сәйкес соғысушы мемлекеттер әскери қимыл кезінде шені мен санына қарамастан ауыр науқас не ауыр жаралы әскери тұтқындарды жол жүруге жарайтын жағдайға жеткізіп барып отанына қайтаруға міндетті. Әскери қимылдар тоқтаған соң соғысушы мемлекеттер Репатриацияға жатпайтындарынан (қылмыс жасағандары, жазасын өтеп жатқандары) өзгесін сөзсіз Репатриациялауға тиіс.
## Дереккөздер |
Сабыр Омарұлы Рахимов [1902, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкібел ауылы — 26.3.1945, Польша, Данциг (қазіргі Гданьск қаласы), сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына жерленген] — әскери қайраткер, генерал-майор (1943), Кеңес Одағының Батыры (1965).
Суан тайпасының Бағыс руынан шыққан. Әкесі ерте қайтыс болып, жас қалған Рахимовты шешесі (өзбек қызы) Өзбекстанға алып кеткен. 1922 жылы әскер қатарына шақырылған. Бакудегі әскери уч-щені бітірісімен (1925), Самарқан қаласындағы атты әскерлер дивизиясында взвод, эскадрон командирі болды. 1925 — 27 жылдары Орта Азияда (Қарақұмда) Кеңес өкіметіне қарсы шыққандармен қарсы күрестегі ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталған (1927). 1941 жылға дейін түрлі әскери мекемелерде қызмет істеді. Соғыс басталғанда полк, кейін дивизия қолбасшысы болды. 1941 жылы шілдеде жау қоршауын бұзып шыққандағы батылдығы үшін 2-рет Қызыл Ту орденімен марапатталып, полковник шенін алды. Оның дивизиясы Дондағы Ростовта, Кавказда ұрыс жүргізді. 1943 жылы Мәскеудегі Бас штаб академиясына оқуға жіберілді. Академияны бітірген соң Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысты. Соғыс жылдары ол басқарған дивизияның жауынгерлік туына 2 Қызыл Ту, Суворов және Кутузов ордендері тағылды. Рахимов Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Суворов ордендерімен, медальдармен марапатталған. Ол жөнінде “Генерал Рахимов” атты көркем фильм түсірілді. Өзбекстандағы ауылдар, мектептер, Ташкенттің бір ауданы, көшесі, метро бекеті, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкібел ауылындағы орта мектеп Рахимов есімімен аталады. Ташкент қаласында Рахимовқа ескерткіш орнатылған. Польша Республикасының бір траулері генерал Рахимов есімімен аталады. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Тәуке хан көшесінің бойында Жеңіс саябағында ескерткіші орнатылған.
## Дереккөздер
## Толықтыру |
Семен Ульянович Ремезов (1642, Тобыл, Орыс патшалығы – 1721 жылдан кейін) – Ресей географы,. картографы, тарихшысы, архитекторы. Тобыл қаласында тұрып, Сiбiрдiң картасын жасап, тарихын жазды. Ремезов үлкен форматты 23 картадан тұратын орыстың тұңғыш географиялық атласы – «Сiбiрдiң сызба кiтабын» (1699–1701) жасаушы ретiнде белгiлi. Атласта Сiбiр туралы XVII ғасырдың аяғына дейiн жинақталған географиялық мәлiметтер (сызбалар, сипаттама түрiндегi қолжазбалар, елшiлердiң жазбалары, т.б.) қорытылды.
## Өмірбаяны
1682 жылы мемлекеттік қызметке түскен. Бүгінгі Қазақстан аймағынан шабуыл жасаған көпшенділермен, сондай-ақ вогулдармен, сібір татарларымен болған шайқастарға белсене қатысқан. 1689 жылы тобыл воеводасы А.П.Головинге емтихан тапсырып, тәжірибесі мол сызбашы ретінде белгілі бола бастайды. Сібірдегі тастан қаланған тұңғыш Кремльдің архитекторы мен құрылыс жұмыстарының басшысы қызметін атқарған. 1703 жылы ұлы Леонтимен бірге құрастырылған «Кунгур қаласы жерінің сызбасы» атты еңбегі жарық көрді. 1703 жылғы жұмыс сапары кезінде Кунгур үңгірін зерттеген. Ремезов туралы соңғы ақпараттар онымен 1720-1721 жылдары кездескен неміс ғалымы, саяхатшысы Д.Г.Месершмидтің және тұтқынға түскен швед офицері Ф.И.фон Страленбергтің еңбектерінде орын алған.
## Сібірдің хорографиялық кітабы (1697-1711)
Бұл кітаптың тарихы әлі күнге дейін белгісіз. Кітап I Петрге арналғанымен, оның қолына табыс етілген жоқ. Хорографиялық кітаптың түпнұсқасы көне актілер архивінде XX ғасырдың басында ғана табылған. Ұзақ жылдар бойы кітап жоғалған болып саналғанымен, 1958 жылы қолжазба Амстердам қаласында фототипия түрінде жарық көрді. 1956 жылдан бері Гарвард университетінің Хоутон кітапханасында сақтаулы. 1990 жылдардың ортасынан бастап ғалымдар Хорографиялық кітаптың жеке беттерін зерттеуде. Археологтар мен этнографтардың мәлімдеуінше, Хорографиялық кітап Ремезовтың өзге екі атласына қарағанда толыққанды ақпарат көзі болып табылады.
## Сібірдің сызба кітабы (1699-1701)
«Сібірдің сызба кітабы» (орыс. «Чертежная книга Сибири») - Ресей тарихындағы XVII ғасырда орын алған географиялық ашуларды қамтитын тұңғыш еңбек. 1696-1697 жылдары Тобольск, Иркутск және т.б. қалаларда Сібірдің әр түрлі аймақтарының карталары дайындалды. Батыс Сібірдің сұлбалары мен сібір өзендерінің атласын Ремезовтың өзі құрастырған. 1699-1701 жылдары 3 ұлымен бірге «Сібірдің сызба картасын» дайындау жұмыстарын жүргізген. Кітап карталары градустық торсыз жасалып, солтүстікке емес, оңтүстікке бағытталған. «Бүкiл сусыз және жолсыз тастақты даланың сызбасы» деген картада тұңғыш рет бүкiл қазақ жерi (орыс. «Земля Казачьи орды») бейнеленген. Онда өлкенiң барлық iрi өзендерi мен көлдерi, басты тау жоталары, керуен жолдары, қираған қала орындары түсiрiлiп, қоныстанған халықтардың аттары аталған. Сызба қазақ жерi үшiн арнайы жасалған тұңғыш географиялық карта ретiнде құнды. Атластың бірінші басылымы 1882 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрді.
Атластың жариялануының 300-жылдығына орай Ресей мемлекеттік кітапхана Геодезия және картографияның федералды қызметімен бірлесіп, еңбектің факсмильді нұскасын шығаруға шешім қабылдады. 2003 жылы 2 томдық «Сібірдің сызба кітабы» 1000 дана көлемінде басылып шықты. Оған қоса 50 дана шамасында коллекциялық басылым жарық көрді. Кітапта келесі қалалардың айналасындағы аумақтар ұсынылған:
* Тобольск
* Тара
* Түмен
* Туринск
* Пелым
* Томбы
* Красноярск
* Иркутск
* Якутск және т.б.
## Кунгур жылнамасы
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында дайындалған сызбалар мен карталардан, автобиографиялық мәтіндер мен проектерден тұратын қолжазбаның түпнұсқасы Ресейлік ұлттық кітапханада сақтаулы. 1734 жылы Г.Ф.Миллердің Сібірге жасаған тұңғыш экспедициясы кезінде сатып алынып, Петербургке жеткізілді. 10 жылдан кейін Ғылым академиясының кітапханасына тапсырылды. Қөпшілік ұмытқан бұл туындыға 1911 жылы Қоғамдық кітапхананың қолжазба бөлімінің қызметкері И.А.Бычков назар аударған. Бычковтан кейін жылнаманы зерттеумен А.И.Андреев, Л.А.Гольдберг айналысқан. Жылнамадағы 154 мақала Е.И.Дергачева-Скоп және В.Н.Алексеевпен заманауи орыс тіліне аударылып, 2006 жылы Верона қаласында (Италия) 4 томдық жинақ ретінде жарық көрді.
## Естелік
* 1993 жыл - Тобыл қаласындағы мүсіннің орнатылуы (мүсіншісі О.К.Комов)
* 2010 жыл - Түмендегі ескерткіштің орнатылуы (авторы И. Г. Минулин)
* 2010 жыл - Түменде «Ремезов» отелі ашылды
* 2021 жыл - Тобыл әуежайына Ремезовтың есімі берілді
## Мәдениеттегі бейнесі
* Семён Ульянович Ремезов А.В.Ивановтың «Тобыл» (2017) атты романындағы басты кейіпкелердің бірі.
## Әдебиет
* Баньковский Л. В. История и экология: очерки об истоках исторической гидрогеографии. Монография. — Соликамск: РИО ГОУ ВПО «СГПИ», 2008. — 356 с. — 41,4 п.л. — ISBN 5-89469-047-1. Часть I. «Ремезов: рек великих и средних, знаток и озёр неизчётно»
* Гольденберг Л. А. Семён Ульянович Ремезов: Сибирский картограф и географ. 1642 — после 1720 г. — М.: Наука, 1965. — 263 с.
* Гольденберг Л. А. Изограф земли сибирской: Жизнь и труды Семена Ремезова. — Магадан, 1990. — 398 с.; ил. — «Чертёжная книга Сибири». — С. 190—200.
* Гольденберг Л. А. Семён Ульянович Ремезов // Творцы отечественной науки: Географы / Отв. ред. и сост. проф., д-р геогр. наук В. А. Есаков; Редколл.: В. М. Котляков, Э. М. Мурзаев, А. В. Постников, А. Э. Каримов (отв. секр.); Институт истории естествознания и техники им. С. И. Вавилова РАН. Московский центр Русского географического общества. — М.: АГАР, 1996. — С. 5—20. — 576 с. — 5000 экз. — ISBN 5-89218-007-7. (в пер.)
* Зиборов В. К. Ремезов Семён Ульянович // Словарь книжников и книжности Древней Руси. Вып. 3, ч. 3. СПб., 1988. — С. 195—196. [1]
* Соколов И. Ремезов, Семён Ульянович // Русский биографический словарь. СПб., 1913. — с. 48-50. [2]
* Шибанов Ф. А. О некоторых аспектах картографии России допетровского времени (XVI—XVII вв.) и роли С. У. Ремезова в истории русской картографии // Вестн. Ленинград. ун-та, 1968. — № 18. Геология и география. — Вып. 3. — С. 127—130. |
Республика алаңы — Алматы қаласындағы еңбекшілер қауымының мерекелік салтанатты шерулері, сондай-ақ әскери парадтар өтетін орын. 1980 ж. ашылған. Алаң оңтүстік жағынан Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы және телестудия ғимараты, ал солтүстік жағынан әр түрлі фирмалар мен компаниялар орналасқан ғимараттар мен 16 қабатты 2 тұрғын үй қоршай орналасып, Республика Алаңы ансамблін (архитектор Р.Сейдалин, А.Іапанов, М.П. Павлов, Ю.Б. Туманян, І.Монтақаев, инженер-конструкторлар К.Нұрмақов, П.И. Вогайцев; КСРО Мемлекеттік сыйлығы 1982) құрған. Алаңның Байсейітова көшесіне ұласар кеңістігі қала қақпасы іспетті. Алатау шыңдарымен әсем жарастық тапқан кең алаң (530-260 м) мерекелік шеруге қатысушылардың қатарынан 6 легін өткізуге лайықталып жасалған. Республика Алаңында Тәуелсіздік монументі (1996) орнатылған.
## Дереккөздер
"Қазақ энциклопедиясы", 7 том |
Республика сарайы — Алматы қаласында орналасқан мәдени орталық ғимараты. 2008 жылы 21 наурызда "Республикалық маңызы бар тарих, мәдениет, қала құрылысы және архитерктуралық ескерткіші" мәртебесі берілген.
## Тарихы
Ғимарат 1970 жылы В.Лениннің 100 жылдығы қарсаңында ашылып, Кеңестік компартия көсемінің есімі берілді. Сәулетшілері - В. Алле, В. Ким, Ю. Ратушный, Н. Рипинский, А. Соколов, Л. Ухоботов және тағы басқалары 1971 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш сайланған президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне кірісуіне байланысты ұлықтау рәсімі өтті. Осы жылы ғимараттың атауы "Республика Сарайы" деп өзгертілді.
## Географиялық орны
Республика Сарайы ғимараты Алматы қаласының Абай мен Достық даңғылдарының қиылысында, Абай даңғылын тұйықтай орналасқан. Ғимарат алдында Абай алаңы бар, мұнда 1960 жылы Абай ескерткіші орнатылды. Төңірегіне шоғырланған ірі ғимараттар бірыңғай архитектуралық ансамбль құрайды.
## Сипаты
Ғимарат аумағы 10 мың м², көлемдік композиция құрылымы 8 темір-бетон тірекке иек артқан алып қайқы шатырдан және астыңғы шаршы бөлігінен тұрады. Вестибюль мен фойенің тас баспалдақ арқылы ғимарат алдындағы серуен алаңымен жалғасуы перспективалық ұласымдылық туғызады. Сарайдың негізгі композициялық кіндігіне 3000 орынды көрермендер залы орналасқан. Зал орындары тұтас амфитеатр түрінде шешім тапқан. Сахнасы (ені 48 м, төрі 18 м) және залы күрделі инженерлік тетіктермен жабдықталған. Қабырғаларының төбемен ұласар жері ашық қалдырылғандықтан, шатыр еңсесі көкте қалқып тұрғандай әсер береді. Еңселі фойе (биіктігі 13 м) төбесіндегі ақшаңқан шамдар интерьерді көріктендіре түседі. Ғимарат астынан ағып өтетін табиғи өзен суы ауаны тазартып тұратын қосымша желдеткішке айналған. Сарайдың экстерьері мен интерьерінде ақ мәрмәр, ағаштың бағалы түрлері, Маңғыстау ұлутасы, алюминий құйма пайдаланылды.
2010 - 2011 жылдары күрделі жөндеу жүргізілді.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.
Референдумның негізгі екі түрі бар:
* Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;
* Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.
Мұндай Референдумның қорытындысы өкімет үшін міндетті болмайды. Халықар. құқықтық мәселе бойынша Референдум (көбіне плебисцит делінеді) өткізу 20 ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды. Мыс., Еуропа Кеңесіне мүше болу-болмау мәселесі бойынша Франция, Дания, Норвегия, Швеция, Ирландия елдерінде Референдум өткізілді. Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімш.-аум. құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады.
## Дереккөздер
Плебисцит |
Бикен Ырымқызы Римова (1 қаңтар 1923 жыл, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы Қанабек а. — 6 қаңтар 2000 жыл, Алматы) — актриса, Қазақ КСР-інің халық артісі (1966).
## Өмірбаяны
Бикен Римова театрды бала кезінен ұнатқан. Ол драмалық үйіпмелерге қатысып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының болашақ әртісіне Қалибек Қуанышбаев, Күләш Бәйсейітова, Құрманбек Жандарбеков сияқты қазақ драмалық өнерінің шеберлері көп әсерін тигізді. 1943 жылы Алматы театр уч-щесін бітірген. 1940 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақтың мемл. академ. драма театры (Алматы) труппасында қызмет етті.
## Ойнаған рольдері
Тұңғыш ойнаған рөлі – Ғ.Мүсіреповтің “Ақан Сері - Ақтоқты” трагедиясындағы Мәрзия (1942). Актриса кезінде
* Сәуле (Ә.Әбішев, “Достық пен махаббат”, “Күншілдік”),
* Фарида (Ә.Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес”),
* Қамаш (М.Иманжанов, “Менің махаббатым”),
* Ғайни (Т.Ахтанов, “Күтпеген кездесу”), т.б. рөлдерді орындап, қазақ сахнасында замандастар образын жасауға елеулі үлес қосты.
* Еңлік (М.Әуезов, “Еңлік-Кебек”),
* Зылиха, Меңсұлу (Ш.Хұсайынов, “Сырымбет саласында” және “Алдар Көсе”),
* Сарыжорға (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”),
* Күнікей (Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”),
* Зейнеп (М.Әуезов пен С.Соболев, "Абай"),
* Жаңыл, Жер-Ана (Ш.Айтматов, “Аңсаған менің әнімсің” мен “Ана — Жер-Ана”, соңғы спектакльдегі рөлі үшін Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйл., 1966),
* Жиіан (Ж.Файзи, “Башмағым”),
* Бостан, Күмри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”),
* Сидзе (М.Каору, “Шығыстағы бір бейбақ”),
* Донна Эльвира (М.Фриш, “Дон Жуанның думаны”), т.б. рөлдерде ойнады.
## Кино саласындағы рольдері
1955 жылдан киноға түсіп
* "Тақиялы періште"
* "Менің атым - Қожа"
* “Өжет қыз”
* “Ана туралы аңыз” (1964)
* “Там-там үні” (1968)
* “Ұлдың оралуы” (1977)
* “Ай астындағы үй” (1983)
* көп сериялы “Тоғысқан тағдырлар” телефильмінде (1996 — 1999), т.б. фильмдерде елеулі рөлдер жасады.
## Жазған шығармалары
* “Абай – Әйгерім” (Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша, 1979)
* “Қос мұңлық” (1991) атты драм. шығарма
ұстаздары мен сахналас серіктері туралы “Өнердегі өнегелі өмірлер” (1997) кітабын жазды.
## Есте сақтау
* Актриса есімі Талдықорғанның қазақ драма театрына (2000) берілді.
## Марапаттары
* “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған
## Дереккөздер |
Анатолий Александрович Рожнов - Социалистік Еңбек Ері (1974), тау-кен маманы, геология-минералогия ғылымының докторы (1988), 7 ақпан 1931 жылы, Ресей Федерациясы, Пермь қаласында туған.
## Еңбек жолдары
* 1953 жылы Солтүстік-Кавказ тау-кен-металлургия институтын бітірген.
* Еңбек жолын қатардағы геолог болып бастаған.
* Жәйрем геологиялық барлау экспедициясының бас геологы болды.
* 70-тен аса ғылыми еңбек жазған. Ғылыми еңбектері Қазақстанның маңызды кенді аудандары Атасу, Қаражал, Жәйрем, Жомарт, Үшқатын, Бестөбені зерттеу мен олардың кен байлықтарын барлауға арналды; кен орындарындағы қорғасын-мырыш және марганец кентастарының қорын есептеп шығару, кен өндіру жұмыстарын жолға қоюда үлкен еңбек сіңірді; темір-марганецті Атасу кен орнын барит-қорғасын-мырыш кентастарының ірі орталығына айналдыруда кең көлемді ғылыми жұмыс жүргізді.
* 1979 жылы Жәйрем, Үшқатын, Арап кен орындарының шикізат базасын кеңейтіп, оларды алғаш ашқан адам деген атаққа ие болды.
## Наградалары
* КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1977)
* Еңбек Қызыл Ту (1971)
* Ленин (1974) ордендері
* Социалистік Еңбек Ері (1974)
* Медальдар
## Дереккөздер
## Дереккөздер
* Геология и металлогения Успенской тектонической зоны, 6 т., А.-А., 1967 — 68 (соавтор). |
Петр Иванович Рычков(1712, Вологда – 1777, Екатеринбург) – Ресей тарихшысы, географы.
## Өмірбаяны
* 1734 жылдан Орынбор өлкесінде қызмет істеп, ұзақ уақыт бойы осы өлкені билеген бас әкімдердің (Кириллов, Матищев, князь Урусов пен Неплюев) іс қағаздарын ресімдеу ісіне жетекші болады.
* Еділ бойы мен Жайық өңірі бойынша құнды археологиялық және этнографиялық, тарихи еңбектер қалдырған. Автор бірнеше рет Жайық өңірінде болып, 1773-1774 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне куә болған.
## Дереккөздер |
Сабырбай Ақтайлақұлы (1793, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Құндызды өңірі — 1880, Апатай қыстағы) — ақын. Әкесі Ақтайлақ елге танымал би болған. Сабырбай жастайынан өлең шығарып, серілік құрған, жиын-тойларда көптеген ақындармен айтысқaн. Сыбанның Түбек бастағaн 16 ақыны Жанақ ақынмен айтысып жеңілгенде, он жетінші бала ақын Сабырбай ғана жыр дүлдүлін тапқырлықпен ұтып кеткен. Бұл айтыс В.В. Радлов құрастырған “Образцы народной литературы тюркских племен” кітабының (1870) қазақ ауыз әдебиетіне арналған 3-томына енген, Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1906), С.Сейфуллиннің “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” жинағында (1931) жарияланғaн. Сабырбай айтыста алдына жан салмаған, Байбала есімді ақын қыздан ғана тізе бүккен. Сабырбайдың Жанақпен, Байбаламен айтыстарын М.Әуезов жоғары бағалaған, “Абай жолы” эпопеясында Қадырбай ақынның прототипі ретінде Сабырбайды алған. Сабырбайдың өз әкесі Ақтайлақпен, Құнанбаймен, Қуандықпен сөз қағысулары да сақталған. Ақынның “Барақ сұлтанға”, “Үш қызыл”, “Жанақ ақын-ға”, “Шaһар-ау, өлемін бе, өлмеспін бе”, т.б. өлеңдері заманa шындығын бейнеледі. “Сыбан Сабырбай ақынның Солтабай төреге айтқан сөзі” “Таң журналындa” (1925, ғ1) басылса, айтыстары “Айтыс” (1965, 1-т.), “Қазақ халық әдебиеті” жинақтарында (1988, 9-т.) жарияланғaн.
## Дереккөздер: |
Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазан, 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.
Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.
## Биографиясы
Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан обылысындағы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Найман тайпасының Бура руынан шыққан.1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, мұнда 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.
1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады.1979 жылы - «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.
## Отбасы
Жолдасы - Тасқын Оқапов (1948-1999)
Ұлдары - Әли Оқапов (1991), Мәди Рымбаев (2000)
Жолдасының қарындастары - Мәншүк (1975), Әлия (1979)
## Хронологиясы
* 1974 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
* 1975 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
* 1976—1979 — «Гүлдер» ансамбілінің солисті
* 1977 — «Гран-при», «С песней по жизни» бүкілодақтық телевизиялық конкурсы
* 1977 — «Гран-при» Болгариядағы «Золотой Орфей» фестивалі
* 1977 — «Гран-при», Сопоттағы халықаралық әндер фестивалі, Польша
* 1979 — Т. Оқапов жетекшілігіндегі «Арай» ансамбілінің құрылуы
* 1979 — Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі
* 1979—1984 — Қазақ Театралды-көркемдік институты
* 1981 — Лениндік Комсомол премиясының лауреаты.
* 1983 — «Гран-при» «Гала-83», Куба
* 1984 — Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі
* 1986 — Казақ КСР-нің Халық әртісі
* 1986 — «Гран-при» «Алтын микрофон», Түркия
* 1995 жылдан бастап Республикалық эстрада-цирк колледжінде оқытушы
* 2000 — «Эстрада жұлдызы» номинацисында «Жыл Адамы»
* 2000 — Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
* 2000 — Платиновый Тарлан премиясын алды
* 2004 — Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты
* 2005 — Мәскеуде Эстрада жұлдыздары алаңында жұлдызы ашылды
* 2007 — "Роза Рымбаева 30 жыл сахнада" мерейтойы
* 2008 — Пекин олимпиадасының факелын алып жүрді
* 2008 — Қарағандыда жеке жұлдызы ашылды (Бибігүл Төлегеновадан кейін)
* 2008 — Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
* 2008 — "Коктем шакырады"концерттік бағдарламасына 10 жыл
* 2011 — Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының гимнін орындап, факелды алып жүрді
* 2011 — "Роза Рымбаева 35 жыл сахнада" мерейтойы
* 2012 — Жапония, Ресей, Түркия және Белоруссиядағы концерттік турне
* 2013 — Imperial Сәң Үйінің бет бейнесі болды
## Дискографиясы
1985 — LP "Роза Рымбаева және «Арай» ансамблі, фирма «Мелодия».
2003 — LP «Ademi-au» (Таңдаулы әндер)
2006 — CD «Cенімен біргемін» (14 қазақша ән)
2007 — DVD «30 жыл сахнада» (3 DVD диск — үш концерт (Мәскеу, СПб, Алматы) и дер. фильм «Роза» және бір CD «Ертеңіме сенемін») [1] Мұрағатталған 12 тамыздың 2014 жылы.
2008 — МР3-жинақ «Любовь настала» («Имена на все времена» сериясында, Ресей)
2009 — МР3-жинақ «Роза Рымбаева» («Золотая коллекция ретро» сериясында, Ресей)
2009 — CD «Вечная весна» (қазақ және кеңестік композиторлар әндері).
2010 — CD «Жерiм жаннатым» (Еркін Ынтықбаев әндері).
## Фильмографиясы
1976 — телевизиялық фильм «Первая песня», студия «Қазақтелефильм».
1982 — «До свидания, Медео»\"Revue na zakázku" совет-чехословак фильмінде басты рөл
1999 — дер. фильм "Женский взгляд". Роза Рымбаева», реж.Оксана Пушкина (Ресей).
2001 — дер. фильм «Роза», реж. Ж. Сабирова.
2002 — дер. фильм "Хвост кометы". Роза Рымбаева», реж. А. Бурыкин (Ресей).
2010 — дер. фильм «И снова здравствуйте!», (Ресей).
## Марапаттары
* Лениндік комсомол премиясы (1981) — жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін
* Халықтар Достығы ордені (1991)
* «Парасат» ордені (2000)
* Құрмет ордені (Ресей) (7 тамыз 2002)
* 2002 — Қазақстан жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
* 2002 — Тарлан
* «Құрмет» ордені (2004)
* Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2004)
* «Звезда созидания» ордені (2004)
* 2005 — Мәскеудегі жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
* «Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
* 2008 — Қарағандыдағы жұлдыздар аллеясыдағы жеке жұлдызы
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
* Шығыс Қазақстан обылысының Құрметті азаматы 2011
## Сілтемелер
* Роза Рымбаеваның бейресми сайты
* Роза Рымбаеваның бейресми сайты
* Биографические сведения
* Интервью Розы Рымбаевой (09.02.2006) Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2007 жылы.
* Роза Рымбаева на сайте Кино-Театр. Ру
* Роза Рымбаева Facebook та
## Әдебиет
* Кожиров Б. «Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары» 2010 жылы
## Дереккөздер |
Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев (18 ақпан 1938 жылы туған, Қостанай облысының Жангелді ауданы — 25 шілде 2020 жыл) — экономист-ғалым. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды бітірген (1960).
* 1960 — 63 жылы ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы
* 1963 — 66 жылы Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты
* 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды.
* 1982 — 90 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры
* 1990 — 94 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры
* 1994 — 96 жылы ҚР ҰҒА президенті.
* 1996 — 2004 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің
* Халықаралық бизнес университетінің ректоры
* 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
* 2007 жылдан бері - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Салық салу «КагЕпегду» ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы.
## Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты: материалдық-техникалық жабдықтаудың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экономикалық реформа теориясы мен әдіснамасы. 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.
## Марапаттары
* Кембридж өмірбаяндық орталығының “Жыл адамы — 1992” атағын алды.
* Еңбек Қызыл Ту (1971)
* “Халықтар достығы” (1987)
* “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.
* Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003).
* «Парасат» (2005)
* II дәрежелі «Барыс» ордендерімен;
* «Тың жерлерді игерген үшін» (1957)
* «Қажырлы еңбек үшін» (1970)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
* «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Кішкенова Нағитай. Ұлдары - Нұрлан, Ерлан, Ербол, экономистер.
## Дереккөздер |
Сағыр — қола дәуірі мен орта ғасырлар аралығындағы тастарға шекілген суреттер. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Сағырнан оңтүстік және оңтүстік-шығысында, Сағыр өзенінің оң жағасында орналасқан. Тастағы суреттер мөлшермен 6 км² жерге салынған. Топтық және жекелей суреттер жер бетінен аздап қана шығып жатқан беті тегіс тастарға салынған. Көбіне салынатын суреттердің нобайын алдымен үшкір құралмен белгілеп алып, сосын қырлап соққылау әдісімен, кейде граффити және қырнап, тегістеу арқылы салған. Тастарда көп жағдайда аңдар (тауешкі, бұқа, бұғы, т.б.) мен адамдар бейнеленген. Сонымен қатар ешкіге мінген адам, біреуінің қорамсағында садағы, белінде қылышы бар, екі адамның атты шылбырынан ұстап жаяу тұрған бейнелері, қорамсақтарында садақтары бар екі жаяу жауынгердің бірі-бірінің басын айбалтамен ұрып тұрған бейнесі және атты жауынгердің бұғыны аулау сәті сияқты көптеген қызықты, қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырларға дейінгі қоғам өмірі жайында мол мәлімет беретін суреттер көп кездеседі.
## Дереккөздер: |
Садық-Ата– орта ғасырдағы қаланың орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қ-нан солт-ке қарай 18 км жердегі Шорнақ а-ның маңында орналасқан. Тік бұрышты, ұзынша келген қалашық аумағы солт-тен оңт-ке қарай 340 м, батыстан шығысқа қарай 180 м. Қалашық үш бөліктен тұрады. |
Әбілқас Сағынұлы Сағынов (27 желтоқсан 1915 жыл, Баянауыл, Павлодар облысы - 2006) - Социалистік Еңбек Ері (1971), тау-кен маманы, техника ғылымының докторы (1967), профессор (1958), ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970). Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
## Еңбек жолы
* Днепропетровск тау-кен институтын бітірген соң 1939 — 1951 жылдары Қарағанды көмір шахталары мен трестерінде басшылық қызметтерде болды.
* 1951 — 1955 жылдары - Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтының директоры.
* 1955 —1958 жылдары - Қарағанды тау-кен институтының ректоры.
* 1958 — 1991 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының ректоры.
* 1991 — 2001 жылдары - Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтында директор.
* 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми кеңесші.
* Негізгі ғылыми еңбектері көмір қабаттарын қолайлы жүйелермен өндіруге, тау-кен техникасын кемелдендіруге, жер асты құрылыстарының беріктігін зерттеуге, шахта алаңдарын аршу және дайындау сұлбаларын жетілдіруге арналған. Сағынов пайдалы қазба орындарын игерудің кешенді механизациясы мен технологиясы ғылыми мектебінің негізін қалаған. Сағыновтың басшылығымен және тікелей қатысуымен Қарағанды көмір бассейнінде алғаш рет кертпешті және үшқабатты қазу, күкіртті газы бар қаттарды қазудың технологиясы, массивті физикалық-химиялық беріктеу, т.б. бойынша кешенді тәжірибелік жұмыстар мен өндірістік сынақтар жасалды.
## Еңбектері
* 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде монографиялар, авторлық куәліктер мен патенттер бар.
* Тау-кен жыныстарының механикасы жөніндегі 2-(Белград, Югославия, 1970) және 3-(Денвер, АҚШ, 1974) Халықаралық конгрестерге қатысып, онда баяндама жасаған.
## Жетістігі
* Техника ғылымдарының докторы (1967)
* Профессор (1958)
* ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970)
* ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986)
* Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995)
## Наградалары
* 2 мәрте Ленин ордені
* Халықтар Достығы ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1971)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Сазантөбе– ежелгі бекініс орны. Сырдария өзенінің төменгі ағысында, өзеннің сол жағалық аңғарындағы «Байраққұм» жерінен 30 километр жерде орналасқан. Төбенің биіктігі 20 метр, ұзындығы 100 метр, пішіні дөңгелек келген. Ортасында 12х12 метр болатын төртбұрышты алаң бар. Төбе жағалай биіктігі 1 метр дуалмен қоршалған. Қазбадан табылған заттар Сазантөбенің біздің заманымыздың 1 ғасырға жататыны анықталды. Археологиялық А.Н. Бернштам 1949 жылы зерттеу жүргізген.
## Дереккөздер |
Абай Оразұлы Сағитов (18.8.1945 ж.туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар стансасы) — биология ғылымының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргіҚазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген (1968). 1968 — 88 ж. Қазақ Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында, 1988 — 2001 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-педагог, басшылық қызметтер атқарды. 2001 жылдан Қазақ Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры. Сағитовтың ғылыми жұмыстары ауыл шаруашылық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау шараларын ұйымдастыруға арналған. Оның қатысуымен ауыл шаруашылығы дақылдарының нематофаунасының бірнеше іргелі ғылыми зерттеулері жүргізілді; жұмырқұрттарға қарсы шараларды интеграциялаудың теориялық және практикалық негіздері қаланды. Сағитов ТМД елдерінде тұңғыш рет фитонематодтардан келетін шығынды болжау моделін құрудың концептуалды принциптерін ойластырған, сызықты экспоненциялды болжамдық моделінің жаңа алгоритмін және параметрлерін есептеу бағдарламасын жасаған. 250-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер: |
Саиф Сараи (1321, Сарайшық — 1396, Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі.
Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сараиды Әмір Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі «Гүлстан би-т-түрки» (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Мысырдағы Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің «Гүлстан» шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сараидың бұл поэмасы XIV ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған.
Саиф қолжазбасы 1915 жылы белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды. Саиф Сараи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған.
## Дереккөздер |
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасының мемлекет қайраткері және жазушы.
## Өмірбаяны
### Төңкеріске дейін
Дулат тайпасының Шымыр руынан. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Түркістан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады.
1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ», – деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді.
1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.
### Төңкерістен кейін
1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады.
1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді.
1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Рысқұлов аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етеді. Осыған орай 1918 жылы 28 қарашада ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Рысқұлов басшылық еткен ерекше комиссия Түркістан автономиялық республикасының 19 уездері мен қалаларында 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты.
1919 жылы 14 наурызда Түркістан Республикасы кеңестерінің 7 съезінде Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары болып Рысқұлов сайланды. Осы жылы 14 – 31 наурыз аралығында Ташкент қаласында болып өткен Түркістан КП-ның 2 конференциясында ОК жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен оның ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери бөлімшелерін құрды. 1919 жылы шілдеде Түркістан Республикасы атқару комитеті Әулиеата және Черняев уездеріндегі саяси-әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынас жайымен танысу үшін онда арнайы комиссия аттандырды. Рысқұлов төрағалық еткен бұл комиссия Әулиеата атқару комитетінің мүшелерін өз міндеттерін іске асыра алмағаны үшін қатаң сынға алып, бұл комитеттің таратылғанын жариялады. Осыдан кейін Әулиеата уездік атқару комитетінің орнына Түркістан атқару комитетінің шешімімен Әулиеата уездік уақытша Революциялық комитет ұйымдастырылды.
1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, жергілікті халықтардың құқығын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді. Атқару комитетінің төрағасы ретінде Түркістан Республиканың Конституциясына сай берілген құқықтарын пайдалана отырып орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, олардың экономикалық жағдайының жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен теңестірілуіне, орыс шаруалары мен казактардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін иелеріне кері қайтаруларына қол жеткізді. Ол Түркістан Республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады.
1924 жылы 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберілді. Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын.
1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1933 жылы Алматы облысының, қазіргі Өжет ауылының шетінде кетіп бара жатып, бір топ еңбекшіні көріп, сонау қиын-қыстау ашаршылық кезіңде, Мойынтұрық ауылының атын, Өжет етіп өзгертуді ұсынған.
### Соңғы күндері
1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының бір ауданына Рысқұлов есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын демалыс паркі бар, онда Рысқұловқа ескерткіш қойылған Қызыл граниттен жасалған Рысқұлов ескерткішінің архитекторы – А.Рыспаев, мүсіншісі – Ю.Баймұқашев. Алматы қаласындағы Басқару академиясына Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2 том кітабы), «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған.
## Сыртқы сілтемелер
* Рысқұловтың хаттары (басы)
* Тұрар мұрасы тасада қалмасын
* ТҰРАРТҰҒЫР(қолжетпейтін сілтеме)
* ТАҒЫ ДА РЫСҚҰЛОВ ХАҚЫНДА(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Сақшы– республикалық газет. 1933 ж. На страже – Сақшы алғашқы саны жарық көрген. 1935 жылға дейін Ішкі істер мин-нің органы ретінде Орынборда шығып тұрған. 1957 – 1960 ж. аралығында Казахстанская милиция болып аталды. 1990 жылдан На страже деген атпен орыс тіл |
Садақ — жебе атуға арналған қол қаруы. Ағаштан доғаша иіп немесе иілген іспетті екі бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ (жебе) салып, тартып ататын, өте көне замандардан келе жатқан қару атауы. Алыс қашықтықтан ұрыс жүргізуге арналған. Садақты тас дәуірінен 20 ғасырға дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады (қ. Құрама садақ). Күрделі садақты ежелгі Шығыста, оның ішінде сақтар, кейінірек ғүндар мен Орталық Азия халықтары көп қолданған. Қазақ садағы көшпелілер садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады. Ауыз әдебиетінде садақтардың қолданылған материалдарына қарай “қайың садақ”, “қарағай садақ”, “үйеңкі садақ” деген атаулары кездеседі. Қайыңның қабығымен қапталған, сарғайған түсіне байланысты “сарыжа”, “сарсадақ” деген атаулары да бар.
## Садақ тарту
Садақ тарту, спорттың ежелгі түрлерінің бірі. Мұны археологиялық қазбалар дәлелдеді. Адамзат дамуының басталуында садақ негізгі аңшылық қару болды, кейін оны әскери мақсаттарда пайдалана бастады. Еуразия халықтарында садақ ату ерте кезден бастап дами бастады. Қазір ол Қазақстанда, Қырғызстанда, Башқыртстанда және басқа да республикаларда көпшілікті тартатын ұлттық спорт түрі болып табылады, ал Бурятияда ешбір ұлттық мейрам садақ атусыз өтпейді, оған мыңдаған адамдар қатысады. Біздің уақытымызда Садақ тарту спорты кең тараған. Ол мергеннен жалпы жақсы дене дайындығын, дәл есептеуді және кездеу әдістерін меңгеруді талап етеді. Садақ атумен кез келген жас пен жыныстағы адамдар шұғылданды. Жарысқа жасы 14-ке жеткен мергендер қатыса алады. Садақ тартудан халықаралық бірлестік 1959 ж. құрылды. Оның жабдығына садақ пен жебеден бөтен: адырнадан киімді қорғайтын көкірекшеден адырнаның соғуынан сол қолдың сақтайтын биялай білезігінен; оң қол саусақтарының мүйізгестенуінен сақтау үшін қалқан немесе саусақ қаптан, жебені алып жүру үшін қорамсақтан, жебені ылғал мен лас заттардан тазарту үшін шашақтан (кистыдан); металл жебені түзейтін машинкеден және басқалардан тұрады. Садақ тарту өтетін орын атыс орны деп аталады. Оның үш жағына қауіпсіздік алабы (ені 20 м.-кем емес) жасауы тиіс және тиісті өлшемі болуы керек. Біздің елімізде садақ атудан жарыс: әйелдер үшін - 30,50 және 70 метрлік, ерлер үшін - 30, 50, 70 және 100 метрлік қашықтықта өткізіледі. Орындайтын жаттығуына байланысты әрбір мерген нысанаға 72 жебені атады, Мұнда байқау атуы болмайды. Садақ тарту командасы әдетте 4 мергеннен тұрады, есеп 3 тәуір нәтиже бойынша жүргізіледі. Садақ тарту әдісі күрделі емес, бірақ оны толық игеру ұзақ және көп еңбектенуді қажет етеді. Спорттық садақ тартудың екі түрі бар.
## Садақ тарту тәсілі
Садақ тарту тәсілі (көне.) ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған. Садақ тарту тәсілі қазақ халқының жамбы ату, алтын хабар, теңге алу секілді ұлттық ойындарында кең тараған. Бұл ойындар жаугершілік кезеңіндегі әскери тәрбие секілді машықтану мектебі болған.
## Дереккөздер: |
Селжүктер — түркі-оғыз тайпаларының бір тармағы. Құрамына қынық тайпасы басшылығындағы әр түрлі оғыз тайпалары кіріп, қынықтардың тайпа көсемі Салжұқ бектің атымен аталған. Салжұқ әулетіне бағынды және саяси тарихы Салжұқ сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар 11 ғасырдың 40–80-жылдары Орталық Азияның бір бөлігін, Иранның көп бөлігін, Әзірбайжан, Күрдістан, Армения, Грузия, Ирак, Кіші Азияны, т. б. аумақтарды жаулап алды. Белгілі көсемдері — Тоғрыл бек, Алп-Арслан, Мәлік шах I. Мәлік шахтың (1073—92) тұсында саяси күш қуаты барынша артты. Бірақ көп ұзамай салжұқтар құрған мемлекет ұсақ сұлтандықтарға бөлініп, бірте-бірте жойылып кетті. Салжұқтар 11—13 ғасырларда басқа да оғыз тайпаларымен және Иран, Әзірбайжан, Кіші Азияның байырғы тұрғындарымен араласып, бірте-бірте соларға сіңісіп кетті. Олар қазіргі түрік, Әзірбайжан, түрікмендер, т. б. түркі халықтарының ұлт ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
## Дереккөздер |
Жұмағали Саяұлы Саин (1912-1961) - ақын, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. Алматы, Көкшетау қалаларының орталық көшелеріне, Арықбалық ауданындағы орта мектептердің біріне есімі берілген. "Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған.
## Ақынның өмір жолы
Жұмағали Саин 1912 жылы қазіргі Көкшетау облысының Арықбалық ауданында (бұрынғыша: Ақмола губерниясы, Көкшетау уезі, Жыланды болысында «Баян» көлінің жағасында) Сая Тілеубердіұлының семьясында туады. Сая Тілеуберді ұлы кедей болғанымен, өзін қадірлей білетін, ауыл үстемдеріне бас ие қоймайтын тәкаппарлау адам екен. Саяның өлеңшілікке, домбыраға үйірлігі болған. Жұмағали төртке келгенде шешесі Бәдігүл, беске шыққанда әкесі Сая қайтыс болып, жас бала әкесінің інісі Сыздықтың қолында тәрбиеленеді. Бұдан кейін біраз жыл бойы Жұмағали үшін жетімдік, мұқтаждық, әркімнің қабағына қарап жаутаңдайтын өмір басталады.
Жеті жылдық мектепті бітірген соң, бірнеше жыл ауылда сауатсыздықты жою ісіне араласқан. 1930 жыл Мәскеудегі «Цветметзолото» институтында, 1930 — 1932 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің әдебиет және өнер бөлімін басқарды. Қазақстан Жазушылар одағында жас жазушылар секциясының меңгерушісі, "Көркем әдебиет" баспасында директор болып істеген. 1941 — 1944 жж. арасында Ұлы Отан соғысы майданында болып, Украинада партизандар отрядын басқарған. Отан қорғау жолында көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін медальдармен марапатталған.
1944—1947 жж. Қазақ мемлекеттік филармониясы халық шығармашылығы үйінің директоры, 1950—1957 жж. «Жаңа өмір», «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960— 1961 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады. 1944 жылы «Жорық жылдары» атты өлеңдер жинағы басылады.
Өлеңдері Орталық баспада және Украина журналдарында да жарияланған, жеке кітап боп басылған.
### Оқуы
1923 жылы Жұмағали Көкшетаудағы панасыз балаларды тәрбиелеп оқытатын коммунаға алынады. 1928 жылы сонда жеті жылдық мектеп бітіреді, пионерге, одан кейін комсомолға өтеді. Бір жыл Петропавлдағы педтехникумда оқыған Ж.Саин бір қыс Москвадағы түсті металл институтында оқиды.
1931 —1932 жылдарда Алматыда ҚАЗПИ-де оқиды.
### Қызметі
1932—1934 жылдары ол Қарсақпайда қалалық оқу бөлімінің бастығы және мектепте сабақ жүргізеді.
1934—1937 жылдары Саин Алматыда комсомол жұмысында және «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді.
1937—1941 жылдары көркем әдебиет баспасының редакторы және жазушылар ұйымында балалар әдебиеті бөлімін басқарады.
### Соғыс жылдары
1941 жылдан 1944 жылдың күзіне дейін Ұлы Отан соғысына қатысады.
Жұмағали майданда 102-ші атқыштар дивизиясының 410 полк ротасында политрук болып істейді. Бұл әскери дивизия Украинада ұрыстар жүргізеді. Политрук Ж.Саин жан аямастық патриоттықпен талай қанды ұрыстарға қатысады.
Кезекті бір үлкен ұрыста Ж.Саин қызмет еткен дивизия қоршауда қалады. Қатары біртіндеп селдіреген жауынгерлер партизандық күреске кіріседі. Ж. Саин басшылық еткен партизан отряды да көптеп ұрыс жүргізіп, гитлершіл жауға қырғын болып тиеді.
Сондай үлкен ұрыстардың бірінде 1942 жылдың аяғында Ж.Саин кеудесіне өткен оқтың жарқыншағы өкпесіне тоқырап, ауыр жараланады.
Қоршаудағы партизандар Саинды Украинаның Луганск облысы, Кременск ауданы, Пшеничный хуторында тұратын Донбастың қарт шахтёрі, патриот Михаил Масловтың үйіне орналыстырады. Фашистер оқупациясында отырған Михаил Масулов Жұмағалиға әкедей, қызы Ефросиния дәрігердей, туған қарындасындай болып, тік тұрып күтеді, өлімнен арашалап алады. Тіміскіген жау біліп қалса бәрін атып, болмаса азаппен қорлап өлтіретіні сөзсіз. Сондай жағдайда Масловтардын, Саинға жасаған болыстығы, аяушылығы, жылға жуық асырап, сақтап, ауыр жаралы күйінде күтіп істеген қызметі тек совет жағдайында болатын адамгершілік, достық, ізгілік, асқақ мейрімділік, бірнеше буын дарынды қаламгерлеріміз рухтана жыр етерлік қасиеттер.
Жорықтағы өмірді, партизандар өмірін, олардың теңдесі жоқ патриоттық қимылдарын Жұмағали Саин өзінің дарынды өлеңдерімен еселей, бірнеше дүркін жыр етті. Алайда бұл тақырып қаламгерлеріміз талай рет оралып, партизандар қимылын, Масловалардын адамгершілік, ерлік, патриоттық қасиеттерін, Ж. Саинның өзінің тамаша ерлік, партизандық, ақындық, адамгершілік сипаттарын ұшқыр шабытпен жыр етуді керек етеді.
1944 жылдың күзінде майданнан оралған Жұмағали туралы Сәбит Мұқанов былай дейді: «Поезбен келе жатыр» деген хабарын алғаннан кейін, әйелі Екатерина Михайловна екеуміз қарсы алдық. Жүдеп біткен Жұмағалидың аяғын зорға басарлық қана халі бар екен. Пәтеріне сүйемелдеп әкеп, тыныс тапқаннан кейін білсек, былайда туберкулезі бар өкпесіне жаудың оғы қадалып, сылып алуға келместік қалыңына бекіген екен (сол оқтар қабырына денесімен бірге кетті). (Қазақ әдебиеті, 16 қараша, 1962).
Келе-келе Саин ауыр жараның зардабынан біраз арылды, оңалды, жазушылық күші қалпына келді. Бірақ басы бүтін айығып кете алмады, операция жасағанда үш қабырғасын алып тастаған кеудесі бір жағына жантық болды, қабағы қатыңқы, өңі қуқыл, шеңгелдеп бүрген ауру тырнағын ажыратпайтыны байқалушы еді. Бірақ ауырып жүрмін, денсаулығым нашарлады дегенді одан естімейтінсің. Одан кейінгі жылдары тынымсыз күресте өтті. Жұмағали тіршілік үшін күресті, жазушылық дарынын жарыққа шығару үшін, жан толғантқан көп жайларды сөз өрнегіне түсіріп жұртшылыққа ұсыну үшін күресті. Бұл бағытта да Саиннын Корчагинге ұқсас сипаттары көп.
### Соғыстан кейінгі жылдар
Ж. Саин 1944—1947 жылдары Қазақстан филармониясында және халық өнері үйінде директор, 1950—1956 жылдары «Жаңа өмір», «Жұлдыз» журналдарының редакторының орынбасары, 1960—1961 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы болды.
1961 жылы, 28 майда Саинның жарамен зақымданған жүрегі біржола тоқтады.
## Шығармалары
* Жас досыма. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948;
* Қарлығаш. Өлеңдер. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1948;
* Айғақ. Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМ КӨБ., 1948;
* Күләнда. Поэма. ҚМ КӨБ, 1950;
* Алтай. Достық туралы аңыз. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1950;
* Дастандар. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1951; Т
* аңдамалы шығармалар. ҚМКӘБ, 1952;
* Өлеңдер. А., «Жаңа өмір» журн. баспасы, 1953;
* Жылдар. Таңдамалы шығармалар. ҚМ КӨБ, 1954;
* Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957;
* Жорық жолдары. Өлеңдер мен поэмалар. А.,»Жазушы», 1970;
* Шығармаларының 3 томдығы, А., «Жазушы», 1977-1979;
* Избранные. А., «Жазушы», 1983.
## Дереккөздер
* Қазақ совет әдебиеті. Алматы 1971 ж.
* Қазақ әдебиеті Энциклопедиясы Алматы 1999 ж.
* Ж.Саин «Шығармалары»
* «Қазақ әдебиеті» газеті 2005 ж. 15 сәуір. |
Қойшығара Салғарин (01.04.1939, Көкалат ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы) - жазушы.
Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген. 1964—1965 жж. «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, 1965 — 1971 жылдары Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, 1971 — 1975 жж. Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. 1975—1990 жж. «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1990—1993 жж. Әдебиет және өнер институтына қызметкер. 1993-1997 жж. ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған.
ҚХР-да жүріп «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тар-мақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды.
«Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» деген ІІ томдық романдары жарық көрді. «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1996).
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Екі рет медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Шығармалары
* Ілгешек. Сықақ өлеңдері. А., «Жазушы», 1966;
* Сол бір күндер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1976;
* Үбедей. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1978;
* Соқпақ жолға бастайды. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1980;
* Тағдырлар тоғысы. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1984.
## Дереккөздер |
Сайрам – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Сайрам ауылдық округі орталығы. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстікке қарай 24 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 32757 адам (2009).
## Тарихы
1929 жылы артельге біріктіріліп, 1958 жылы Ленин атындағы көкөніс-сүт ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, ЖШС, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
2 облыстық аурухана, емхана, облыстық өзбек драма театры, кірпіш зауыты, кәсіптік-техникалық мектеп, орта мектептер, мешіт, сауда орталықтары жұмыс істейді.
## Тарихи деректер
Сайрам (Исфиджаб, Испиджаб) – Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі болған. Жұрты қазіргі Сайрам ауылының Оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда: «Сайрам – Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делінген. Демек, Сайрам – Исфиджабтың кейінгі аты. 15 – 18 ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Зерттеу жұмыстарын 1923 жылы П.П. Иванов, 1925 жылы М.Е. Массон, 1947 жылы Н. Бернштам басқарған. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған, көлемі 28 га жерді алып жатқан қала орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған. Ең көнесі – Падишаһ Мәлік баба мазары. Бұл ескерткіштер 9 – 18 ғасырларға жатады.VI ғасырда тез өсіп- жетілген Испиджаб оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығына айналды. VII ғасырда Орта Азияға арабтар келген кезде бұл қала гүлденіп тұрған еді.714 жылы араб әскерінің қолбасшысы Кутейба Шаш(қазіргі Ташкент) қаласын алғаннан кейін Испиджабқа үлкен жорық жасады. Бірақ бұл төңіректегі елдің күшті қарсылығы арқасында көп ұзамай кейін шегінді. Испиджабты өз резиденциясына айналдырмақшы болған араб қолбасшысының жоспары жүзеге аспады. IX ғасырдың басында Испиджаб қарлұқ мемлекетінің құрамына енді.840 жылы қарлұқ көсемі және Испиджаб басшысы Білге Құл Қадырхан қаған атағын алды.Бірақ сол жылы Испиджаб Орта Азиядағы саманилер шабуылына ұшырады.Саманилермен болған шайқаста Білге Құл Қадырхан қаза табады.Мұнан кейін мемлекет билігіне оның екі ұлы таласты. Үлкен ұлы Базар Арсыланхан Баласағұн (Шу өзенінің бойындағы қала) аймағын билейді,ал екінші ұлы Оғұлшақ Қадырхан Тараз (бұрынғы Талас қаласы) аймағын билейді.Тараз қаласын 993-жылы саманилер басып алғанда, Оғұлшақ Қашқарияға қашуға мәжбүр болады. 840 жылы саманлердің Самарқандағы билеушісі Нұх ибн Асад Испиджабты жаулап алады.Бұл аймақты жер өңдеу мәдениеті сол заманда аса күшті дамыған болатын. Самани билеушісі Испиджабты және оның аймағындағы егістік(жүзім мен астық) жерлерді сыртқы шапқынылықтардан қорғау үшін көптеген қорғандар соқтырды. Алайда Испиджаб Самани мемлекетіне түгелдей бағынышты болған жоқ. Қала және оның аймағын жергілікті түркі тайпалары биледі. Испиджаб аймағы өте үлкен болды. Оның шекарасы солтүстік-батыста Сауранға дейін, ал шығыста Талас аймағына дейін созылды. Испиджаб аймағы саманилер арқылы мұсылман діні тарады да,енді ол оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен діни орталыққа айнала бастады. Х ғасырдың ақырында, яғни 990 жылы Испиджаб Қарахан мемлекетінің қарамағына енді. Қарахан әскері саманилерді Испиджаб аймағынан түгелдей ығыстырды.
## Галерея
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Самани Әулеті — Самани мемлекетінде билік еткен парсы әулеті (819 — 999).
Арғы аталары Саман Худат, Балх маңындағы (Солт. Ауғанстан) Саман елді мекенінен. Араб үстемдігіне қарсы Рафи ибн Лейстің көтерілісін (806 — 10) басуда көрсеткен көмегі үшін Саманның балалары мен немерелері 819 ж. Мауераннахрдың ең маңызды қалалары мен уәлаяттарына басқарушы болып тағайындалды. Халиф Мамун Саманның немересі Нұхқа Самарқанды, Ахмедке Ферғананы, Яхьяға Шаш пен Усрушананы берді. Олар алғашқы кезде Хорасан басқарушылары Тахир әулетінің вассалы болды. 873 ж. Тахир әулеті құлағаннан кейін, Самани Әулеті толық дербестікке ұмтылды. 875 ж. Насыр І Самани Мауераннахрды толық бағындырды. 900 ж. оның мұрагері Исмаил Самани (892 ж.) және басқа да Самани Әулеті өкілдері Хорасан әмірі Әмір ибн Лейс Сафари әскерлерін талқандап, Хорасанды, Солт.-шығыс Иранды бағындырды. Мемлекеттің астанасы Бұхар қ., бұдан басқа экон. маңызды орт-тар: Самарқанд, Нишапур, Мерв, Үргеніш, Герат, Балх, Ғазни қ-лары болды. Самани Әулеті билеген тұста Орт. Азияның Хазариямен, Иранмен, бұлғарлармен, Қытай және Русьпен сауда байланыстары дамыды. Қалаларда медреселер, мешіттер, түрлі ғимараттар салынды. Бұхара өзінің ең бай кітапханасымен аты шықты. 997 — 99 ж. Бұхарды түріктердің басып алуына байланысты Мансұр ІІ-нің тұсында Самани Әулеті билік жүргізуді доғарды
## Тағы қараңыз
* Исмаил Ибн Ахмед Самани
## Суреттер
## Дереккөздер |
Самаурын — шай қайнатуға арналған, оттығы іш жағына орналасқан металл ыдыс. Қазақ жеріне ХІХ ғасырда келген. Самаурынды қайнату үшін түтік пішіндес оттығына отын салып жағатын. Кейіннен оның орнын электр самаурын басқан.
## Тарихы
Самаурын (орыс. самовар) — су, шай қайнатуға арналған тұрмыстық бұйым. Самаурын қазақ жеріне 19 ғасырдан бастап қолданысқа енді. Самаурын жасаудан Ресейдің Тула қаласы ұсталарының даңқы шыққан.
## Суреттер
## Пайдаланылған cілтемелер |
Кәкімбек Салықов (22.01.1932, Еңбек ауылы, Шал ақын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы - 27.11.2013) - мемлекет және қоғам қайраткері, ақын.
Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. 1947 жылы Көкшетау қаласындағы N21 мектепте орташа білім алып, 1950 жылы Сырымбет тауы бөктерінде Казгородок қазақ орта мектебін бітірді. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған кенішінде кен мастері, участке бастығы, К.И.Сәтбаев атындағы кен-металлургия комбинаты парткомының хатшысы, Қазақстан КП қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Жезқазған комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. 1975 жылдан КОКП Орталық Комитетінің аппаратында инспек-тор болып қызмет істейді. 1984 жылы Өзбекстан КПОК-нің бюро мүшесі, Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, одан кейін Кеңестер Одағы Жоғарғы кеңесінің экология комитетінің төрағасы, Жоғарғы кеңестің Президиум мүшесі қызметтерін атқарды.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғүлам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды.
К.Салықов — «Дала», «Қыран-дар», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікғүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді көптеген поэмалардың авторы. Ақын жемісті еңбегін бүгінгі күнге дейін талмай жалғастырып келеді. Соңғы жылдары оның «Ойтолғақ» (2001), «Сырғалы сонеттер» (2001), «Күзгі шуақ» (2004), «Күзгі сарын» (2005), «Сенсің ел данасы» (2006), «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2006), «Мағжанға тағзым» (2008) кітаптары жарық көрді. В.В.Маяковскийдің «В.И.Ленин» поэмасын, А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романын, М.Ю.Лермонтовтың, Ю. П. Полонскийдің, Р. Ғамзатовтың, Алдан-Семеновтың, С.Норовчатов-тың, В.Савельевтің, Я.Коластың, М.Львовтың, моңғол және өзбек ақындарының өлеңдерін қазақ тілі-не аударды. Б.Жүманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір аувіз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңе-сінің депутаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі.
Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
## Шығармалары
* Сыр. А., «Жазушы», 1970;
* Жезкиік. А., «Жазушы», 1973;
* Нұрлы күндер. А., «Жазушы», 1976;
* Добрые дни. А., «Советский писатель», 1981;
* Медная лань. (Орыс тілінде). А., «Жазушы», 1977;
* Жұлдызды жылдар тын ысы. А., «Жазушы», 1978;
* Мәңгі шырақ. А., «Жазушы», 1979;
* Қүтманды күндер. (Қырғыз тілінде). Бішкек. «Қырғызстан», 1981;
* Парасат сыры. А., «Жалын», 1980;
* Шын жүректен. А., «Жазушы», 1981;
* Жезкиік. Ташкент. (Өзбек тілінде). «Ғафур Гүл ам», 1984;
* Реквием. А., «Жібек жолы», 1995;
* Аққу жеткен. А., «Қайнар», 1995;
* Көкжиекке тартқан көш. А., «Жазушы», 1997;
* Тәттімбет. А., «Дәуір», 2002;
* Тәттімбет. Астана. «Фолиант», 2005;
* Қаныш жұлдыз жарқылы. А., «Баспагер», 1999;
* Түркістанға тағзым. Түркістан. «Түркістан университет'!», 2000;
* Сәбит аға. А., «Жібекжолы», 2000;
* Ойтолғақ. А., «Жібек жолы», 2001;
* Сырғалы сонеттер. А., «Жалын», 2001;
* Под звуки домбры. Москва. «Художественная литература», 2001;
* Ұстазымның баласы. А., «Жібек жолы», 2001;
* Жанымның жақсы көрген адамдары. А., «АЭСИ», 2004;
* Бәйкен аға. А., «Үш қиян», 2002;
* Бәй кен жолы. Астана. «Фолиант», 2007;
* Отырар сазы. А., «Өнер», 2002;
* Отырар сазы. Астана. «Фолиант», 2005;
* Аққу жеткен. (әндері ноталарымен) А., «Үш қиян», 2002;
* Таңдамалы. А., «Өлке», 2002;
* Тарихтың тарланбозы. А., «Гауһар», 2003;
* Тарих-тың тарланбозы. Астана. «Фолиант», 2005;
* Нар жігіт. А., «Үш қиян», 2003;
* Күзгі шуақ. Астана. «Фолиант», 2004;
* Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы. А., «Үш қиян», 2004;
* Ақын Тайжан. А., «Үш қиян», 2004;
* Ақсүңқар қанатында. А., «Үш қиян», 2004;
* Күзгі сарын. Астана. «Ел орда», 2005;
* Жез ки ік (таңдамалы). А., «Үш қиян», 2003;
* Бақыт жұлдызы. Астана. «Фолиант», 2005;
* Жезкиік (әндер). Астана. «Фолиант». 2007;
* Сенсің ел данасы. Астана. «Фолиант», 2006;
* Әлемнің сегізінші ғаламаты. Астана. «Фолиант», 2007;
* Мәңгі шырақ алауы (таңдамалы). А., «Жазушы», 2007;
* Көңіл назы. Өлеңдер жинағы. А., «Жазушы», 2008;
* Мағжанға тағзым. Өлеңдер мен поэма. Астана. «Фолиант», 2008;
## Аудармалары
* Даладағы алау. (В.Савельев). А., «Жалын», 1981;
* Вла-димир Ильич Ленин. (В.Маяковский). А., «Жалын», 1988;
* Жайлау жыры. Гэн-дэнгийнДавааджиден. А., «Қазақпарат», 2001;
* А.С.Пушкин. Қанатты сөздері мен нақылдары. Астана. «Фолиант», 2006;
* А.С. Пушкин. Евгений Онегин. Астана. «Фолиант», 2006;
## Дереккөздер |
Сам құмы – Үстірттің солтүстігіндегі құмды алқап.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен 70-100 м биіктікте жатыр. Абсолюттік биіктігі 108 м, салыстырмалы орташа биіктігі 8 м. Солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері 35 км-ге жетеді. Ауданы 2,1 мың км2. Төбешікті, қырқалы алқаптың солтүстігінде Сам, оңтүстік, оңтүстік-батысында Жарыққұдық сорлары жатыр. Көпшілік жерінің грунт суы тұщы, жер бетіне жақын (0,5–10 м). Сам құмында бірнеше елді мекендер (Тұрыш, Сарша, Қызылəскер, Ноғайты), қыстаулар (Абай, Балықбай, Құлыбек, Бұлақтыкөл, Төлеш, Қарағайлы, т.б.) мен тұщы құдықтар (Қасқырбұлақ, Жарқұдық, т.б.) орналасқан.
## Өсімдігі
Ойлауыттарда еркек шөп, жусан т.б. өседі. Қысқы жайылым.
## Дереккөздер |
Саңғыру — қола дәуірінде тас қоршаулардан тұрғызылған обалар. Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Дарат ауылының солтүстік-шығысына қарай 3 километр; 5,5 километр және солтүстік-батысында 4 километр жерде. 1955 — 58 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. Саңғырудан 250 оба табылып, оның 15-і зерттелді. Мұнда қырынан қойылған жалпақ тастардан қоршау жасалынып, оның ішінен төрт бұрышты жер қазылып, қабырғалары таспен қаланған. Өлген адамды сонда жерлеген. Жанына қыштан оюлап жасаған құмыралар, әшекей бұйымдар қойылған. Олардың өрнегі бір-біріне және қазіргі қазақ халқының кілем, тұскиіздеріне салатын геометриялық өрнектерге ұқсас. Сондай-ақ Саңғырудан табылған заттар Қазақстанның шығыс, батыс, солтүстік облыстарының қола дәуіріндегі заттарына да ұқсас екені анықталды. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, Саңғыру жерін қола дәуірінің тайпалары біздің заманымыздан бұрын 11-10 ғасырларда мекендеген.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.