text
stringlengths
3
252k
МемлекеттікТапсырыс – кәсіпорынға (мекемеге‚ ұйымға) мемлекеттің атынан нақты өнімді дайындап‚ тұтынушыларға жеткізу‚ өндірістік және бейөндірістік, ғылыми-зертеу және басқа сипаттағы белгілі бір жұмысты орындау жөнінде берілетін тапсырма. Мемлекеттік тапсырыс бірінші кезектегі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатын көздейді. Осыған орай кәсіпорындарға өндірістік қуаттарды және әлеуметтік сала объектілерін орталықтандырылған мемлекет күрделі жұмсалым есебінен іске қосу жөнінде мемлекеттік тапсырыс беріледі, сондай-ақ, ең алдымен, жалпы мемлекеттік әлеуметтік міндеттерді шешу, аса маңызды ғылыми-зертеу талдауларын, ғылыми-техника бағдарламаларды орындау және елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін қажетті өнімнің кейбір түрлерін жеткізу де, ауыл шаруашылык өнімдерін республика қорға жеткізу де мемлекеттік тапсырыс негізінде орындалады. Халық тұтынатын өнеркәсіп тауарларын өндіру жөніндегі мемлекеттік тапсырыс, әдетте, олардың ерекше әлеуметтік маңызы бар түрлеріне беріледі. ## Дереккөздер
Менгир (бретонша men – тас, hіr – ұзын) – тігінен орнатылған үлкен, өңделмеген тастар түріндегі археологиялық ескерткіш. Неолит және қола дәуірінің мегалиттік ескерткіштері қатарына жатады. Алғашқы менгирлер б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Классикалық түрлері Батыс Еуропа елдерінде болғандықтан, еуропа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелді. Негізгі көп тараған жерлері Пиреней түбегі мен Франция, Британия аралы. Менгирлерге жатқызуға болатын жәдігерлер, әлемнің түкпір-түкпірінде, оның ішінде еуразиялық далалық белдеуде кездеседі. Батыс Еуропадағы ежелгі түрлерінің биіктігі 4 – 5 метрден асады, салмағы ондаған, жүздеген тоннаға барады. Францияның Бретань өлкесіндегі менгирлер айрықша көзге түседі. Қазірде өз бейнесін (тұрпатын) сақтап қалған (яғни, тігінен тұрған) менгирлердің әлемдегі ең үлкені осындағы биіктігі 12 м Керлоас менгирі болып табылады. Сонымен қатар, қазір құлап жатқан, бірнеше бөлініп, сынған Морбиган Менгирін ғалымдар биіктігі 20 м, салмағы 350 тонна болған деп топшылайды. Кейде ескерткіштер төртбұрышты дөңгелек пішінде немесе параллель қатарлар, яғни менгирлер аллеясы түрінде топтала орналасады. * Менек алқабындағы 1169 тас 11 қатарды құрайды, * Кермариода 10 қатарға тізілген 1029 тас ені 100 м, ұзындығы 1120 м тұтас ансамбльді құрайды. * Карнак (бұрынғы Бретань өлкесінде) маңындағы менгирлер тобына бірнеше қатарға тізілген 3 мыңға жуық тас кіреді, қатарлардың ұзындығы 4 км-ге барады. Әр елдерде жүргізілген қазба жұмыстар менгир маңында күл қабаттары, мал сүйектері, бұйымның кейбір түрлері болатынын көрсетті. Ғалымдар менгирлер ғұрыптық ескерткіштерге жатады деп санайды, өлген ата-бабалар рухын қастерлеумен байланыстырылады. Қазақстан аумағында Ә.Марғұлан зерттеулері барысында қола дәуірінің менгирлері Орталық Қазақстан жерінде көптеп табылды. Ол өлытау мен Шыңғыстау аралығында шашырай орналасқан 100-ге жуық менгирлер тобын ашты. Ақтоғайдағы Көрпетай тауының маңында орналасқан Қызылшоқы менгирлер тобын ұзындығы 250 м тізбек түріндегі 20 тас құрайды. Тастардың ең үлкендерінің биіктігі 3 – 4 м, жалпақтығы 2,8 – 3 м. Оның көрнекті түрлері: * Қарқаралы, * Қызыларай, * Бұғылы, * Баянауыл, т.б. өлкелерде жиі кездеседі. ## Дереккөздер
Меншік — жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат. Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы. * Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі. * Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі. * Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі. Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды. ## Дереккөздер
Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев (16.6.1882 жыл, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл ауылы – 25.02.1937 жыл, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері. Қалмақ төлеңгіт руынан шыққан. * 1903 жылы Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған. * Бірінші орыс революциясы тұсында өңірдегі зиялы қауым өкілдерінен құрылған астыртын ұйымның жетекшісі болып, ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. * 1916 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахань түрмесіне қамалды. * 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ішкі Орда қазақтарының өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға атсалысты. * 1918 жылы Кеңестердің Бөкей губерниясы съезінде губерния атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. * 1919 жылы шілдеде қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомның мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды. * 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР ОАК-інің төрағасы қызметінде жүріп ашаршылыққа қарсы күресті басқарды, * 1921 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарын, * 1924 жылы Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосуда үлкен қажыр-қайрат көрсетті. Патша өкіметі кезінде қоныс аударушыларға тартып әперілген шұрайлы жерлерді қазақтарға қайтару керектігі жөнінде мәселе көтерді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен кеңестік билік ымыраға келмеуі керек деп есептеді. * 1925 – 1926 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы. * 1926 – 1930 жылдары РКФСР экономикалық кеңесінің мүшесі. * 1930 – 1937 жылдары Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссары, Қазақ АКСР ХКК жанындағы ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақ АКСР ХКК жанындағы қорықтар мен тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. * Саяси қайраткер ретінде БК(б)П 10 – 16-съездерінің, Коминтерннің 5-конгресінің делегаты; * КСРО БОАК-інің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституциялық комиссияның мүшесі (1925 – 26); * КСРО БОАК-інің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі (1928 – 1929) болды. * 1921 – 26 жылдары РК(б)П Қазоблбюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды. * 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Ол мәдени-әлеуметтік салаға әсіресе республикадағы оқу-ағарту ісінің дамуына ерекше көңіл бөлді. ## Есте сақтау * Жаңақала ауданындағы орта мектептің бірі * Алматының бір көшесі Меңдешев есімімен аталады. ## Дереккөздер
Ментеке, Меңтеке – Каспий теңізінің солтүстік жағалауын бойлай жатқан шағылды құмды алқап. ## Географиялық орны Нарын алқабының оңтүстігінде, Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандары жерінде орналасқан. ## Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 120 км-ге созылып жатыр, ал ені 30 км-ге жетеді. Теңіз деңгейінен 9 – 14 м төмен орналасқан. Салыстырмалы биіктігі 10 – 11 м. Солтүстігі Нарын құмына ұласады. Құм төбелер мен қырқа аралығында құмды жазық, арна тәрізді ойыстар кездеседі. Оңтүстігі сор, сортаңды құмды-саздақты жазыққа ұласады. Жер бетіне жақын жатқан суы минералды (10-нан 50 г/л-ге дейін). ## Өсімдігі Ментекеде жусан, жүзгін, бұйырғын, бұталы өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. Құмды алқаптың солтүстік-шығысында (Рүстем құдығы маңында) Бэр төбешіктері кездеседі. ## Дереккөздер
Меңдіғалиев Нұрлан (1961 жылы туған, Алматы) – спортшы. * Су добынан спорт шебері (1980), * Спортқа еңбек сіңірген шебер (1981), * 1977 – 1980 жылдары Алматының “Динамо”, * 1981 – 1990 жылдары Мәскеудің ЦСК ВМФ командаларының құрамында ойнаған. Жетістіктері: * КСРО чемпионы (1981 – 1982). * КСРО чемпионатының күміс (1984, 1988) жүлдегері. * КСРО чемпионатының қола (1980, 1983, 1985, 1987) жүлдегері. * КСРО Кубогінің жеңімпазы (1982). * Әлемнің (1982) чемпионы. * Еуропаның (1985) чемпионы. * 24-Олимпиялық ойындардың (1988, Оңтүстік-Корея, Сеул қаласы) қола жүлдегері. ## Дереккөздер
Мемлекеттік Тіл , мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген. Мысалы: Үндістанда мемлекеттік тіл ағылшын тілі болса, хинди тілі тек тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қойған. Марокконың, Алжирдің мемлекеттік тілі араб тілі болғанымен, ресми тіл ретінде француз тілі онымен бірдей дәрежеде қолданылады. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы” мақұлданды. Қазір Қазақстан барлық ғылым-білім, мәдениет, техника салаларын мемлекеттік тілге көшіру кезеңін бастан өткеруде. Мемлекеттік тіл - көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократиялық қоғамды белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебеге (статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында (1997 ж.) анық айтылған. Кеңес заманында КСРО-ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де-факто) мемлекеттік тіл функцияларын орындады. Орыс тілінің осындай ерекше ролі геральдикалық әдіспен анықталады. Мысалы, КСРО-ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде орыс сөздер үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл, ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер. Осыған байланысты "көпұлтты" және "көптілді" деген терминдердің синоним сөздері ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателердің бірі деп қараған жөн. Кезінде КСРО (Югославия т.б.) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өздерінің белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару-әкімшілік органдары бар субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де Республикамыз, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес, көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді. Көпұлтты елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық республика, облыс, аймақ т. б.) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік мәртебе беруге құқылы болса, көптілді елдерде мүндай еркіндік жоқ. Себебі көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт-ұлыстардың қалыптасуы солақай саясаттың, депортация т. б. нәтижелері болуы мүмкін, яғни бұл құбылыстардың тарихи мән-мазмұны жоқ. Сол себептен Қазақстанда мемлекеттік қостілділік қабылданбай, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, орыс тілі ресми түрде қолданылатын тіл болып жарияланды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Ресми тіл ## Сілтемелер * Мемлекеттiк билiк пен мемлекеттiк тiл бiр-бiрiмен сыйыса алар емес, ӨЙТКЕНI, БИЛIК – ҚАЗАҚ ТIЛIН, АЛ ҚАЗАҚ ТIЛI БИЛIКТI ӨЛЕРДЕЙ ЖЕК КӨРЕДI Мұрағатталған 3 қазанның 2011 жылы.
Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер. Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже. Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді. * Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады. * Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады. * Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады. * Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады. Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды. ## ҚР Мемлекттік шекарасы ҚР Мемлекттік шекарасы – Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының және әуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетеін жазықтық. ## ҚР Мемлекттік шекарасын белгілеу ҚР-ң мемлекттік шекарасы жергілікті аймақтарда нақты көрінетін шекаралық белгілермен белгіленеді.Шекаралық белгілердің түрлері,өлшемдері,олардыңсипттамасы мен құру тәртібі ҚР Министрлер кабинеті мен халықаралық шарттар арқылы анықталады ҚР-ң мемлекеттік шекараға байланысты қабылдаған халықаралық шарттар: * "Достастыққа мүше мемлекеттердің, олардың сыртқы шекарасында тұрақтылық жағдайды қамтамасыз етуіне байланысты ынтымақтастық туралы келісім". Бішкек, 1992 ж. 9 қазан * "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше- мемлекеттердің егемендік, территорияның мызғымастығы мен қол сұқпаушылығын сақтау жөнінде Декларация", Мәскеу, 1994 ж. 15 сәір. * "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекаралары жөніндегі ҚР мен ҚХР арасындағы келісім". Алматы, 1994 ж. 21 қазан. * "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы шарт", Мәскеу, 1994 ж. 21 қазан. * "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны БІРЛЕСІП ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 1995 ж. 30 шілде * "ҚР мен Өзбекстан Республикасы арасындағы " Қазақстан- Өзбекстан " шекарасы ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 2001 жыл. ## Дереккөздер
Мерген – көздеген нысанаға дәл тигізетін шебер атқыш. Мылтықпен не садақпен оқ атып, көздеген затына дәл тигізу – мергендік өнер. Ежелгі және орта ғасырларда садақшылардың ішінде “құралайды көзге атқан” атқыштардан арнаулы әскер тобы – “мергендер тобы” құрылған. Олардың қызметі қазіргі заман әскеріндегі мергендер (снайперлер) тобының қызметі іспетті болды. Мергендердің міндеті жаудың қолбасы, әскербасы, басты батырларын жою, т.б. болды. Мысалы, Кенесары әскерінде мергендерден құрылған ерекше әскери топ болып, оның басшысы “мергенбасы” деп аталған. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары мергендер даярлауға зор көңіл бөлінді. Олар оптикалық аспабы бар мылтықпен жау әскерін құртуға атсалысты. Қазіргі кезде мергендік – спорттық өнер сайысының бірі. ## Дереккөздер
I Меңлі Герей (қырымтат. I Meñli Geray; 1445 – 1515) – Герей әулетінен шыққан Қырым ханы (1467, 1469—1475, 1478—1515). Қырым хандығын құрған Қажы Герейдің алтыншы ұлы. ## Өмірбаяны Меңлі Герейдің жастық шағы туралы деректің жоқтың қасы, бірақ оның генуялық Кефе колония-қаласында тәрбиеленгені туралы болжамдар бар. Оның генуя диалектісін білгені, поэзия мен тарихқа қызығушылығы белгілі. ## Билік үшін күрес Қырым хандығының негізін салған Қажы Герей қайтыс болардан бұрын ордада бүлік тудырып, хандық тақты тартып алмақшы болды деген айыппен үлкен ұлы Хайдарды хан болу құқығынан айырады. Қажы Керей қайтыс болғанда тақ мұрагерлігі оның екінші ұлы Нұр Дәулетке бұйырды. 1466 жылы Меңлі Герей хандықты тартып алды. Бірақ бірнеше айдан кейін Нұрдәулетті жақтайтын ақсүйектердің қарсылығымен тақтан түсті. 1468 жылы Меңлі Керей Қырымдағы Судак қаласындағы Генуэз бекетінің тұрғындарының көмегімен екінші рет Нұр Дәулетті тақтан түсіріп, ел билігін қолға алды. Бірақ 1475 жылы Нұр Дәулетті жақтайтындар оны тағы да тақтан түсірді және сол жылы ол Түрік әскеріне қолға түсіп, үш жылдан кейін түрік сұлтанның жарлығымен Қырымға оралып, хандық таққа жайғасты. Меңлі Герей тұсында Қырым хандығы Алтын Ордадан біржола бөлініп шықты, бірақ 1475 жылдан Осман сұлтандығына вассалдық тәуелділікке түсті. Алтын Ордаға қарсы күресте Меңлі Керей өкіметінің нығаюына Мәскеумен одақтастықтың септігі тиді. Иван ІІІ Алтын Ордаға бағыныштылықтан құтылу үшін қырымдықтарды пайдаланды. Меңлі Керей Польша-Литва мемлекетіне шапқыншылықты жиілетіп, Казимир VІ-нің Руське 1480 жылы жорық жасауына мүмкіндік бермеді. 1502 жылы Меңлі Керей Шейх Ахмед тұсында Алтын Орданы біржола талқандады және Қырым хандығын Алтын орданың заңды мұрагері деп жариялады. Сол жылы Польшамен соғыс жүргізілді, Түркияның Молдавияға қарсы соғысына қатысты. Меңлі Герей өмірінің соңғы кезінде оның балалары орыс жерлеріне бірнеше тонаушылық жорықтар жасады. Меңлі Герей өз әкесі секілді Бақшасарайда жерленген. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қырым хандарының тізімі * Қырым хандығы
Мергентөбе– көне бекініс орны. Түркістан облысы Арыс темір жол станциясынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Мекеннің құрылыс жүйелері әбден бұзылып, төбеге айналған орны ғана сақталған. Қазба жүргізу нәтижесінде табылған құты, құман, саптаяқ сияқты қыштан жасалған ыдыстардың сынықтарына қарағанда, Мергентөбе б.з. 1 ғасырнда өмір сүрген қаңлы тайпаларының мекенжайы болған. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. ## Дереккөздер
Меңдіқара ауданы — Қостанай облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1930 жылы ұйымдасып, 1963 жылы қаңтарда "Боровской ауданы" болып қайта құрылды. Жерінің аумағы 6,6 мың км². Орталығы – Боровской ауылы. ## Географиялық орны Шығысында Ұзынкөл, Сарыкөл, батысында Фёдоров, оңтүстігінде Қостанай, Алтынсарин аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. ## Жер бедері Меңдіқара ауданының жер бедері жазық. Шеткі жақтары Тобыл, Үй, Обаған өзендерінің және олардың шағын салаларының аңғарларымен тілімделген. Оңтүстіктен солтүстікке қарай едәуір еңіс, теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ден 83 м-ге дейін төмендейді. Жер қойнауындағы кен байлықтарынан темір кентасы, отқа төзімді балшық, әйнектік және қиыршық құм, т.б. барланған. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы жылы. Ауаның орташа температурасы қаңтарда -17…-18 °C, шілдеде 20…22 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300–350 мм, оның 70–75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Ірі көлдері: Қамыстытеңіз, Алакөл. Алакөлде балықшылық дамыған. Меңдіқара ауданы түгелдей қара топырақ белдемінде орналасқан. Тобыл мен Обаған өзендері суайрығының негізгі батыс бөлігін қара, ал оның қарағай ормандары өсетін жерлерінде күлгін топырақ алып жатыр. Өзен аңғарлары мен жайылымдардың топырағы аллювийлі. Сортаң топырақ негізінен Обаған өзенінің аңғарында кездеседі. Қара топырақты жерлері түгелдей дерлік егін егуге пайдаланылады. Дөңес жерлердің едәуір бөлігіндегі ормандарда қарағай, қайың, терек, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, т.б., ал кемірушілерден күзен, ақтышқан, аламан, қосаяқ, сарышұнақ, оңтүстігінде суыр кездеседі. Өзендер мен су айдындарында ондатр, құндыз, т.б., ормандарда елік, түлкі, т.б. тіршілік етеді. Құстардан дала бозторғайы, бөдене, орманда қара және ақ құрлар, шіл, өзен мен көлдерде: үйректің бірнеше түрі, қасқалдақ, қаз, аққу, су жағаларында: жылқышы, тауқұдірет, қызғыш мекендейді. ## Халқы Тұрғындар саны – 27 279 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 36,33%, орыстар – 52,58%, украиндар – 4,40%, немістер – 2,23%, беларустар – 1,43%, татарлар – 1,45%, әзербайжандар – 0,38%, башқұрттар – 0,32%, басқа ұлт өкілдері – 0,89%. ## Әкімшілік бөлінісі 34 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 10 ауылдық округке біріктірілген: ## Шаруашылығы Аудан негізінен ауыл шаруашылығына маманданған аудан. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 506,6 мың га, оның 303,5 га-сы егістікке пайдаланылады. 2002 жылы ауданда 497 шаруа қожалықтары, 68 ЖШС, 5 АҚ, 7 ӨК ұйымдастырылды. Егіншіліктің басты саласы – астық өндірісі. Мал шаруашылығы ет-сүт бағытындағы сиыр, ет-май бағытындағы шошқа, аздап биязы жүнді қой және жылқы мен құс өсіруге маманданған. Ауданда 41 мың га жерді орман алып жатыр. Оны күтіп-баптаумен және өсірумен Боровской, өзынкөл және Усаков орман шаруашылықтары айналысады. Меңдіқара ауданында ауыл шаруашылығы шикізаты мен жергілікті табиғи ресурстар негізінде май шайқау, ұн тарту, құрылыс материалдарын өндіру, ағаш өңдеу өнеркәсібі өркендеген. Боровской ауылында май зауыты, диірмен, кішігірім тігін фабрикасы, кірпіш зауыты, темір-бетон, қиыршықтас, әктас және ағаш бұйымдарын жасайтын цехтар, педагокикалық колледж, кәсіптік-технологиялық мектеп, жалпы білім беретін 47 мектеп пен мектеп-интернат, 28 кітапхана, 10 мәдениет үйі, аудандық аурухана, тубдиспансер, қымызбен емдейтін санаторий, 25 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 6 дәріхана бар. ## Дереккөздер
Меруерт, інжу – кейбір моллюскілердің бақалшақтарындағы шар тәрізді немесе пішіні әр түрлі түзіліс. Түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара.
Меруертгүл, мамыр қынжыгүлі, мамыр інжугүлі, май інжугүлі (лат. Convallaria majalis) – қасқыржемдер тұқымдасының інжугүл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 см, тамыры ұзындығы Жемісі – қызыл жидек (кейде сары). Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Өсімдік туралы Меруертгүлдің елімізде табиғи өсетін түрі бар. Ол лалагүлдер тұқымдасына жатады. Көгалдандыруда мамырлық меруертүлдің (Convallaria majalis) деген түрі қолданылады. Ол сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Гүлдерінің түсі сұрпына қарай ақ немесе қызғылт түсті. Жапырағы жалпақ, ширатылып келеді. Гүлсидамы жапырақтарының ортасынан шығады. Бір гүлсидамында 6-20 дана кішкене қоңырау секілді гүлдері болады. Меруертгүл өте нәзік өсімдік. Оны көгалдандыруда көбінесе топтап егеді. Меруертгүлді тал, теректердің астына, альпі шоқысына немесе көктемгі гүлзардың жиегіне егеді. Гүлдеп болған соң қып-қызыл моншақ тәрізді жеміс салады. Меруертгүлдің барлық бөлігі тұтастай улы болып келеді, соған қарамастан табиғаттағы меруертгүл ерекше қорғауға алынған. Себебі оның көктемгі әдемі гүлімен қатар, жидегі дәрілік мақсатта қолданылады. ## Күтімі Көп күтімді қажет етпейді. Құнарлы, жеңіл топырақта тез көбейіп, жақсы өседі. Көлеңкеде өскен меруертгүлдің гүлі сабақ басында ұзақ сақталады. ## Көбейтілуі Меруертгүлді тұқымын себу, қалемшелеу арқылы да көбейтеді. Ең оңай тәсілі ерте көктемде немесе күзде тамыр сабағын бөлу арқылы көбейту. ## Меруертгүл туралы тақпақ Жапырағы үлкен болса да, Моншақтай нәзік гүлдері. Меруертгүл деп аталған Ұқсаған соң түрлері. ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727 ## Дереккөздер
Меруертті Үңгір - Қазығұрт ауданындағы үңгір. Өгем жотасының солт.-батыс етегінде. Карсты (оқпа) қабатта пайда болған. Құрылысы күрделі, шахта тәрізді. Тас көмір (карбон) кезеңінің әктасты жыныстарынан түзілген. Үңгірдің ұзындығы 32 м, ені 3 м, биіктігі 2–6 м-ге дейін жетеді. Қабырғалары сазды, үнемі дымқылданып тұрады. Үңгір ішіндегі температура 9 – 11С. Бүйірлік камералар мен шытырмандар көп. Туристік маңызы бар. ## Сілтемелер
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ретінде туы, елтаңбасы және әнұраны жатқызылады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған. Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. ## Қазақстан Елтаңбасы Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов. ## Қазақстан туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. ## Қазақстан Әнұраны Қазақстанның «Менің Қазақстаным» атты қазіргі әнұраны 2006 жылдың қаңтарында қабылданған. Ол танымал аттас өлеңге негізделген еді. Әнұранның сөзін жазған авторы — Жұмекен Нәжімеденов және композиторы — Шәмші Қалдаяқов. ## Рәміздер туралы заңнама 1993 ж. Қазақстан Конституциясы бойынша "республика азаматы мемлекеттік рәміздерді – Елтаңба, Ту, Әнұранды құрметтеуге міндетті" (31-бап). 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін, 1996 жылдың 24 қаңтарында президентті Жарлық ретінде республиканың рәміздері туралы бірыңғай Конституциялық заң шығарылды, ол 2007 жылдың 4 маусымында жаңа "мемлекеттік рәміздер туралы"Конституциялық заңға ауыстырылды. Қылмыстық кодексте мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапкершілік белгіленген: ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Мемлекеттік Рәміздер туралы Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2011 жылы. * National flag of Kazakhstan * [1] Мұрағатталған 3 қыркүйектің 2011 жылы.
Мергенбай Жырау (1831 жылы, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы – 1911, сонда) – жырау, күйші. Мергенбай Жырау Қостанай, Ақтөбе аймақтарын көп аралап, “Қобыланды батыр” жырынан “Қобыландының Темірланды жеңуі” және “Қобыланды батырдың баласы Киікбай” атты жыр-дастандарды жеткізген. Бұлардың үшеуі де 7 – 8 буынды жыр үлгісімен толықтай жырланған. Жинап, қағаз бетіне түсіруші – Ш.Қалмағамбетұлы. Бүгінде Мергенбай Жырау жырлаған үлгілер “Қобыланды батыр” жырының негізгі нұсқаларының бірі саналады. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов оның жыраулық өнерін жоғары бағалады. Мергенбай Жырау туралы мағлұматтар О.Нұрмағамбетова, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдар еңбектерінде кездеседі. ## Дереккөздер
Мерке Минералды Суы– Жамбыл облысы Мерке ауданындағы, Мерке а-нан оңт.-шығысқа қарай 16 км қашықтықтағы жер асты шипалы суы. Ұңғымалардан шығарылған судың температурасы 17 – 23°С. Суы тұщы, минералд. 0,19 – 0,28 г/л. Хим. құрамы хлорлы-гидрокарбонатты, сульфатты натрийлі. Судың құр
Металлогендік дәуір — Жер қыртысының даму тарихына сәйкес жүретін, негізгі геотектоникалық (тектоникалық – магмалық) кезеңдерде кентастық қазба байлықтар түзілетін геологиялық мерзім. ## Тарихы Металлогендік дәуір туралы ұғымды алғаш рет 1911 – 1913 жылы француз геологы Л. де Лоне (1860 – 1938) енгізген. Металлогендік дәуір геологиялық ұзақ уақытты қамтиды. Жер тарихы дәуірлерінде түрліше литогенез, қатпар түзілу, тектоникалық-магмалық процестер және осыларға сәйкес әр түрлі қазба байлықтар тобы мен кен орындарының белгілі генетикалық типтері жаралады. Архей Металлогендік дәуірде аса күшті метаморфизмге шалынған жыныстарда темірлі кварцит, пигматит кендері; ерте протерозойлық металлогендік дәуірде темірдің метаморфогендік кендері, құрамында ураны бар конгломерат, мысты құмтас, хромның, платинаның, мыстың, никельдің магма текті кендері, орта протерозойлық Металлогендік дәуірде бұларға қоса мыстың, қорғасынның, мырыштың колчеданды, уранның гидротермаль кендері кең тараған. Ерте рифейлік М. д-де метаморфизмге ұшыраған мысты құмтас, гидротермаль типті алтын, мыс, қалайы вольфрам кендері, каледондық Металлогендік дәуірге базальттық магмамен байланысты темір, титан, хром, платина және мыс пен мырыштың колчедандық, алтынның гидротермаль кендері тән. Герцин Металлогендік дәуірде темірдің, титанның, хромның, платиноидтардың магма текті, темір мен мыстың скарн текті, мырыштың, қорғасынның колчедандық және гидротермальдық, сирек металдардың грейзендік, пегматиттік, гидротермальдық кендері басым келеді. Альпі Металлогендік дәуірде жанартау және гидротермаль текті мыс, мырыш, қорғасын, сирек металдар, сүрме, сынап кендері түзілген. Қазақстанда көптеген металл кендері протерозой, рифей, каледон, герцин Металлогендік дәуірлерінде пайда болған. Бұлардың ішінде полиметалл, сирек металдар кендері түзілген герцин Металлогендік дәуірлері ерекше орын алады. ## Пайдаланылған cілтемелер
Металтектік карта немесе Металлогендік карта – нақтылы аймақтың геологиялық немесе тектоникалық кұрылыс ерекшеліктерін негізге ала отырып, осы өңірдегі рудалы алаптар мен кендердің орналасу заңдылықтарын және оны құрайтын барша тау жыныстарының түзілімдік, тектоникалық магмалық және метаморфтық процестермен орайласа өткен минералдану дәрежесі жайлы мағлұматтарды кеңінен ашып көрсөтетін сызбалы кескін . Металлогендік карта, кентасты алаптар мен кендердің орналасу заңдылықтарын кеңінен ашып көрсетеді; белгілі аймақтық геологиялық немесе тектоникалық құрылыс ерекшеліктерін негізге ала отырып, тау жыныстарының түзілімдік, тектоникалық магмалық және метаморфтық процестері жайлы мағлұматтар береді.Масштабына, аумақтарды қамтуына және шешілген мәселелерге байланысты карталар шолулық, аймақтық, түбегейлі және болжамдық металлогендік түрлерге ажыратылады. Металлогендік Карта ұсақ (1:500000), орта (1:200000 – 1:100000) және ірі (1:50000 – 1:25000) масштабты болып бөлінеді. Металлогендік Картаның негізі ретінде алдын ала геологиялық жасы, құрамы, фациялары, фазалары, т.б. бойынша жіктелген шөгінді, жанартаутекті, интрузалық жыныстардың формациялары, қатпарлы және дизъюнктивтік құрылымдар, т.б. кен таралу ерекшеліктеріне әсер ететін элементтер көрсетіледі. Осындай қабылданған негізге алдын ала минералдық немесе элементтік құрамы, кен қоры, өндірістік-генетикалық типі, магмалық жыныстар формациялары мен байланысы, кен орынның морфологиялық сипаттамасы, кен маңындағы гидротермальдық өзгерістер, т.б. белгілерге жіктелген кен орындары түсіріледі. Кейде Металлогендік Карталарға кен орындарының тура және жанама белгілері (кейбір минералдық парагенезистер, геохимиялық және геофизикалық ореолдар, түрлі аномалиялар, т.б.) көрсетіледі. Жаралу тегі жағынан ұқсас, белгілі формациялармен, құрылымдармен байланысты кен орындары тараған аумақтар Металлогендік Картада арнаулы белгілермен қоршалады. Осының нәтижесінде картада металлогендік белдеу, белдем, кенді аудан, өріс, т.б. үлкенді-кішілі өңірлер көрсетіледі. Металлогендік Карталардағы деректер негізінде болжам карталары жасалады.Металлогендік картаның негізі — металлогендік аудандастыру жасалып, кенді аудандар мен жеке кен орындарының таралу зандылықтарын айқындайтын әр түрлі геологиялық факторлар көрсетілген металлогендік картаның негізі оған түсірілетін металлогендік мәліметтерге тығыз байланысты. Мыс., ұсақ масштабты металлогендік карталар, әдетте, арнайы тектоникалық негізде жасалса, орта және ірі масштабты металлогендік карталар кажетті кен бакылаушы факторлары көрсетілген арнайы геологиялық негізде құрастырылады. ## Дереккөздер
Мерке, Меркі – ортағасырлық қалашық орны. Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылының батыс жағында, Алматы – Тараз автодаңғылының солтүстігіне қарай орналасқан. 1893 – 94 жылдары В. В. Бартольд экспедиясы, 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А. Н. Бернштам), 1964 жылы Жетісу археологиялық экспедициясының Луговой отряды қазба жұмыстарын жүргізген. 1986–87 жылдары Меркені Қазақ КСР тарихи және мәдени ескерткіштер жылнамасының археологиялық экспедиция зерттеген. Бұл Жетісуда ортағасырлық атауын сақтап қалған аздаған қалашықтардың бірі. Мирки қаласы 7 ғасырдан бастап белгілі. Ол 9–10 ғасырлардағы Кудам мен Ибн Хордадбехтің жолжазбаларында үлкен елді мекен деп аталып өтеді. Қалаға неғұрлым дәл сипаттама берген әл-Макдиси «Мирки – орташа аумақты, бекемделген, ішкі қамалы бар қала» деген. Меркенің орталықтағы қираған орны шығыстан батысқа қарай созылған төртбұрышты төбешік. Солтүстік жағы 380 м, шығысы 275 м, батысы 250 м. Қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде ішкі қамалдың қалдықтары көтеріңкі көрінеді. Ол ішкі қаладан қазіргі кезде мүжіліп, шымға айналған биіктігі 1,5–2 м қорған дуалмен бөлінген. Қабырға бұрыштары дөңгелек мұнаралармен күшейтілген, ішкі қалаға кіре берісте оңтүстік-батыс бұрышынан тұрғызылған тағы да екі мұнара тұр. Ішкі қамалдың іш жағы 11075 м төртбұрыш алаң тәрізді. Оның беткі қабатында әр түрлі үлгідегі және көлемдегі алуан құрылыстардың қалдықтары дөңестеніп жатыр. Ішкі қамалдың батыс қабырғасының ортасына қарай ішкі қамал алаңының жалпы бетінен 4,5 м биіктіктегі тікбұрыш үлгісіндегі төбе жалғасқан. Оның жоғарғы қабатында ауданы 17х10 м жалпақ алаңқай бар. Жоғарғы жағында, жинақталған қарашірік астында көмір түйіршіктерінің дағы бар алтын түстес қабат та бар. Одан төменгі терең қабатта 38х38х8 см көлемдегі күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған қабырғаның қалдығы аршылды. Қабырғаның негізі қоқыс астында қалған. Осы жерден, сондай-ақ шикі кезінде саусақпен белгі салынған көл. 25х25х5 см төртбұрышты күйген кірпіштен төселген еден аумағы анықталды. Қабырға мен еденнің арасы бос ұнтақ, күл қалдықтарымен, ағаш көмірінің түйіршіктерімен толтырылған. Үйінді арасында күйдірілген кірпіш сынықтары мен қыш қалдықтары ұшырасады. Жылтырақ жасыл және қоңыр түстес шыны тәрізді қорытпамен қапталған шамдал-шырақ сынықтары, түбінде айдарлы жапырақша белгісі мен жиегінде әріптері бар әшекей-бедерлі тостағандар қалашықтың ең жоғ. мәдени қатпарын 11–12 ғасырларға жатқызуға мүмкіндік береді. Үйінділерде өзеннің малтатастары мен күйдірілмеген кірпіш сынықтары көп кездеседі. Бұл қабаттың оң жақ бұрышында 3,5 м тереңдікте иленген балшық қабырғасының ізі анық байқалады. Оның табанының деңгейінде алебастр әгінің ақ түйіршігі, ұсақталған сабан қосылған балшық сылақ пен ұсақ көмір түйіршіктері бар қабаттың бөлігі табылды. Қазба жұмысы кезінде көптеген көзелер, темір пышақ сынықтары, қоладан, шыныдан, тастан жасалған әшекей бұйымдар және ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жабдықтар табылды. Алынған материалдарға қарағанда қаланы адамдар 7–13 ғасырларда мекен еткен. ## Меркі тарихы Мерке — б.д.д. (бұдан әрі Меркі) Қытай патшалығын бағындырып, салық салып, үстемдік жүргізген, Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр еткен сақ, ғұн тайпаларының ішіндегі бір үлкен тайпаның аты. Тарихта осы ғұнның бір үлкен тайпасы асқар Алатаудың бауырына Іле бойынан Меркі жеріне дейін мекендеген. Сондықтан да Талғардың үстінде үш Меркі, қазіргі Меркі ауданының жерін, өзенін, тауын Меркі дейді. Сақ, ғұндардан кейін бұл жерді үйсін ұрпақтары билеген. Үйсіннің 35-ші ұрпағы Меркі батыр — жерін, елін қорғап, халқын ұлан-асыр байлыққа бөлеп, бақытты өмір сүргізген. Меркі орта ғасырдан Ұлы Жібек жолы бойында үлкен сауда орнына айналған көне шаһар екендігі тарихтан белгілі. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырда көптеген деректерде ежелгі Меркі жерін батыс Қарлұқ тайпалары мекендегені айтылады. «Қарлұқтар – ежелгі түріктер» — деп жазады Ибн әл-Фахих «Китабахтар әл бұлданның» 166 бетінде. Сондай-ақ Қазақ КСР тарихының І томында «Қарлұқтар Тараздың шығыс жағында мекендеді. Мұнда олардың қарауында Құлан, Мирки қалалары болды» делінген. Меркі туралы 1716 жылы парсы тілінде жазылған «Қырғыз хандарының тарихында» былай делінген: «Бұл мекен жай ескі қала Тараздан шыққын жол бойында орналасқан. Аспара қамалынан 15–16 шақырымда Меркі елді мекені бар. Қала кішігірім өзен бойындағы биік төбеге орналасқан. Мешіті, керуен сарайы, жақсы базары бар…» Керуендер негізінен Жаркент пен Бұқарадан, Түркістаннан тоқтайды. Қала жасыл желекке бөленген. Бұған қарап Меркі жерін тек Қарлұқтар мекендеген ұғым тумаса керек. Оғыздар, қимақтар, соғдылар өмір сүрген. Табиғаттың таңғажайып көрікті жерінде орналасқан алтын бесік – туған жерімізді, түгін тартсаң майы шығатын мекен жайды ата-бабалырымыз дұрыс таңдап алғаны көрініп тұр. Бұл өлкеде ақбас қарлы шыңдары, аспанмен таласқан тау жоталары мен жүзген басқан құмды аймағы мен көгілдір кішігірім көлдері бар, қасиетті де киелі өлкенің шипалық сауықтыру аймағы екенін Республика жұртшылығы жақсы біледі. Меркі қазан революциясына дейін сауда тасымалдау орны ретінде ауруханасы, пошта, бастауыш мектебі бар ауыл еді. Әкімшілік учаскесінің орталығын пристав басқаратын. Учаскеде Меркі, Қарақыстақ, Қорағаты, Аспара болыстары болды. 1916 жылығы 13 шілдедегі патша үкіметінің қазақ–қырғыз жастарын майданға алу жөніндегі жарлығы кедей – шаруалардың наразылығын туғызды. Осы тұста Ақкөз Қосанов басқарған Ұлт азаттық көтеріліс басталды. Осы көтеріліске қатысушыларға Меркілік жас өскін кайраткерлер — «Қазақ–қырғыз жастары революциялық одағының» мүшелері Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сармолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Ысқақ Әсімов саяси жетекшілік жасады. 1917 жылы Әулиеата уезінде Кенес үкіметі орнап, болыс атқару комиттері жанынан коммунистік ұялар құрыла бастады. 1928 жылы 3 қыркүйекте ВЦИК-тің шешімімен Меркі ауданы құрылды. Аудындық партия комитетінің алғашқы бірінші хатшысы Таджин, аудандық атқару комитетінің төрағасы Ш. Омаров, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Оморходжаев болды. 1928–1929 жылдары Меркіде ұжымдастыру жұмыстары жүргізілді. 1929 жылы «Қызыл шығыс», «Қызыл интернационал», «Кеңес», «Қызыл еңбек» және басқа ауылшаруашылығы артельдері, яғни 31 ұжымдар ұйымдастырылды. 1930 жылдары Меркі қызылша кеңшары құрылды. 1932 жылы Меркі қант зауытының іргетасы қаланып, 1934 жылы 12 ақпанда пайдалануға берілді. Қант зауытының бірінші директоры К. А. Череватенко, одан кейін А. Я. Сенкеевич жетекшілік етті. Зауыт сол жылдардан бастап тоқтаусыз жұмыс істеп Меркі, Қордай, қазіргі Т. Рысқұлов аудандарында өндірілген қант қызылшасын өңдеп, халық тұтынатын шекер шығарып келді. 1990 жылдары бұл ірі кәсіпорын еліміздегі тоқыраудың салдарынан 7-ға жылға жуық уақыт тоқтап қалды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында тоқтап тұрған ірі кәсіпорындар қайта жұмыс істей бастағанда Меркі қант зауыты да заман ағымына қарай – 2003 жылы өз жұмысын қайта бастады. Қазір мұнда 800-ге тарта адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 500 тонна шетелдік сары шекерді қайта өңдеуден шығарады. Қазіргі май ірімшік зауыты алғаш «Союз молоко» атымен құрылып, жұмыс істеді. Оның бірінші директоры Акрамов деген азамат болған. 1932 жылы Меркіде алғаш рет дыбысы жоқ, 1936 жылы дыбысы бар кино көрсетіле бастады. 1896 жылы Меркіде қазақ-өзбек мектебі болған. 1934 жылы қазіргі Меркі астық қабылдау мекемесі құрылды. 1923 жылы «Тұтыну кооперациясының несиелік серіктестігі» құрылды. 1934 жылы 15 қыркүйекте аудандық партия комитеті мен аудандық атқару комитетінің органы «Сталин жолы» газеті шыға бастады. Оның алғашқы редакторы Ш. Зайнуллин болды. Бұл газеттің атауы 1955 жылы «Коммунизм туы», «Знамя коммунизма» болып екі тілде шығарыла бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін газеттің атауы тағы да өзгертіліп 1991 жылдан бері «Меркі тынысы» деп аталады. 1939 жылы Меркі әскери комиссияараты ұйымдастырылды. 1939 жылы 14 қыркүйекте Меркіде Ақтоған, Жаңатұрмыс, Жаңатоған, Мыңқазан, Кеңес, Қызыл таң, Қызыл октябрь, Ленин жолы, Меркі орыс, Меркі өзбек, Ново-Воскресеновка, Тәтті, Қызыл интернационал ауылдық поселкелік округтер құрылды. 1947 жылы Аспара ГЭС-і, 1956 жылы Меркі ГЭС-і салынды. 1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталып, ауданнан майданға 12 мың адам аттанды, соның ішінде 17 әйелдер бар еді. 2027 меркілік Отан қорғау жолында майданда қаза болды. Көптеген жерлес майдангерлер майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше ордендер мен медальдарға ие болды. Үш адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар П. Е. Толстов, В. И. Савва, С. А. Ларионов еді. Соғыс кезінде «Большевик» ұжым шары қант қылшасы мен астықтан мол өнім жинап, тапқан қаражатқа әскери ұшақ сатып алып майданға жіберді. «Кеңес» ұжымшары мемлекеттік банкіге 60 мың сом аударып, майдангер жауынгерлер үшін танкі жасатты. Самайын ақ шалған қарттар мен жас балалар, ақ жаулықты аналар уақытпен санаспай күндіз түні еңбек етті. Жоғарыда атап өткеніміздей Ұлы Отан соғысына ауданымыздан 12 мыңға жуық адам аттанып, олардың көпшілігі алғашқы кезеңде Брест қамалын қорғауға қатысты. Сол сияқты Панфилов дивизиясының құрамында болып, сол кездегі астанамыз Мәскеу түбінде кеудісін от пен отққа тосқан аласапыран шайқаста үлкен ерлік көрсетті. Ленинград блокадасынның қанды қырғынын бастан кешті. Ұлы Отан соғысына күтпеген бетбұрыс жасалған Сталинград шайқасында от-жалын ортасында жүрді, Украйна мен Белоруссия майдандарына қатысып, Днепр үшін болған ұрыста үлкен ерлік көрсетті, Киев пен Минск қалаларын жаудан босатып, Польша, Вергрия, Чехословакия, Югославия, Болгария жерлерін неміс басқыншыларынан азат етті. Меркілік майдангерлер арасында 1945 жылы 9 мамырдағы Ұлы Жеңісті Берлінде қарсы алғандар бар екенін мақтаныш етеміз. Жерлес майдангерлер туған жерге кеудесі толы ордендер мен медальдармен оралып, тылдағылар оларды айырықша қуанышпен қарсы алды. Алапат соғыс кездерінде нұрлы болашағымыз үшін жан беріп, жан алысқан, батырлық пен қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетіп жауды жер жастандырған, сөйтіп мерейі үстем боп елге аман есен оралған, бірнеше ордендер мен медальдардың иегері атанған Үмбетов Оспан, Ыдырысов Қайсарбай, Айнақұлов Әбдез, Нарматов Артықбай, Хасенов Шамар, Дүйсенов Қаламбай, Есікбаев Ақмолда, Қозыбағаров Дәуіт, Горащенко Алексей Елесеевич, Черноков Петр Павлович, Аманбайев Өміралы, Миралиев Балтабай, Медетбеков Өмірбек, Қаныбетов Спан, Шырышбаев Алпысбай және тағы басқа көптеген ағаларымыздың есімдерін құрметпен атауға болады. Аллатағала майдан даласынан қайтпай қалған әкелеріміздің, ағаларымыздың көзіндей болған осы бір соғыс ардагерлері ағаларымыздың есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса түсетіні анық. Соғыстан кейінгі жылдары экономикасы құлдыраған шаруашылықтар еңсесін қайта көтере бастады. Олардың басы-қасында өз ісін жетік білетін жетекші басшылар болды. Жоғарыда атап өткеніміздей негізі 1923 жылы қаланған «Тұтыну кооперациясының несиелік серктестігі» жыл өткен сайын дами түсті. Кейіннен аудандық тұтынушылар Одағы болып құрылған бұл мекемені 1950- жылдары И. М. Черкис төраға болып келгенде қатты дамыды. Меркінің сауда мекекмелері Республика, Одақ көлемінде тауар айналымының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді. Бірнеше мәрте Одақтың, Республиканың ауыспалы Қызыл Туына ие болды. 1960–1980 жылдары И. М. Черкистің басшылығымен Меркі өңіріне үлкен-кішісі бар 109 дүкен салынды. Оның ішінде үш қабатты «Меркі әмбебап» дүкені, «Қазақстан» мейрамханасы «Балалар әлемі» дүкені және тағы басқа сауда орындары ашылды. 1958 жылы қызылша мен астықтан аудан еңбеккерлері мол өнім алғаны үшін көптеген еңбек адамдарына КСРО жоғарғы Кеңесі Призидиумының шешімімен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1950 жылдары ұсақ шаруашылықтар ірілендіріліп, 8 ұжымшар, 7 кеңшар құрылды. 1954 жылы Аспара кеңшары, 1956 жылы Ойтал мал бордақылау кеңшары ұйымдастырылды. 1950–1960 жылдары ірілендірілген шаруашылықтардың экономикасы жыл өткен сайын жақсара түсті. Өйткені бұл шаруашылықтарды өз ісін сүйіп атқаратын, жетік білетін басшылар жетекшілік етті. Атап айтқанда О. Үмбетов, Н. С. Хегай, Б. Қырғызбаев; Н. Торғаев, В. Мельниченко, В. Пономаренко, Б. Штанг, Қ. Көксалов, Қ. Ыдырысов, А. Нарматов, М. К. Шандаренко, А. Әспетов, Ә. Әбесов басшылық жасаған тұста шаруашылықтардың экономикасы шарықтады десек артық айтқандық болмас. Меркі аудандық партия комитетінің бірінші хашылары А. Асқаров, Қ. Жүндібаев, Р. Медеулов, Ә. Исмайлов, Н. Торғаев, Р. Асадуллин, Е. Сауранбаев, А. Шупта, Қ. Баймағамбетов, аудан әкімдері Ө. Қырғызбаев, Ә. Жолшыбеков, Т. Мүсіралиев, Б. Сауранбаев, С. Громов, Б. Қарашолақовтар өзіндік үлес қосқандықтарын айта кеткен жөн. Ауданда жыл өткен сайын халықққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жақсара түсті. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау жұмыстары да жаңа талапқа сай жолға қойылды. Елді мекендерді айтпағанның өзінде аудан орталығында 6 орта мектеп, 3-4 қабатты орталық аурухана 2 қабатты Мәдениет үйі, балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайы, аудандық орталық мұражай, А. Асқаров атындағы стадион, демалыс саябағы. Орталық аудандық кітапхана, тұрмыс қажетін өтеу үйі тұрақты жұмыс істеп келді. Кезінде, «Меркі әуендері» ұлттық этнографиялық халық аспаптар ансамбілі Португалияның Санте-Ремо қаласында бүкіл дүниежүзілік байқауға қатысып жүлдегер атанды. Бұл өнер ұжымы сондай-ақ Франция, Швецария, Италия елдеріне гастрольдік сапарға шығып, әлемдік өнер сүйер қауымының қошеметіне бөленді. Еліміз Мемлекет өміріндегі ең қиын қалыптасу кезеңінен сүрінбей өтті. Қазіргі шақта аудан еңбеккерлері азық-түлік молшылығын жасау үшін мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына баса көңіл бөлінуде. Нарық заманында өнеркәсіп орындарын тиімді пайдалану қазіргі басты мақсат болып отыр. Кіріс пен шығысқа баса назар аударылып, ішкі резервтерді дұрыс пайдалану нәтижесінде «Меркі май-ірімшік» зауыты өз өнімдерін сапалы шығарудың нәтижесінде Республика, халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтқанда өткен жылы бұл кәсіпорын алты бірдей алтын медальға ие болды. Қазіргі шақта «Меркі май-ірімшік» зауытының өнімі 70 мемлекетке сатылады. Ауданда шағын бизнесті дамыту барысында елді мекендерде жанар-жағар май құю станциялары пайдалануға берілді. Қазір «Айсұлу» ЖШС, «Буахан» фирмасы, «Зико» шағын кәсіпорындары, М. Несіпбаев жетекшілік ететін «АР-АС» асыл тұқымды жылқы зауыты, жақында ғана пайдалануға берілген Меркі спирт зауыты, Б. Мырзабаев басшылық еткен “Мекамадин-Интеграция” ЖШС заман талабына қарай жұмыс істеуде. Меркі өңірінен ғылым мен өнер қайраткерлері көптеп шыққан. Олардың арасында КСРО жазушылар Одағының мүшесі, ақын Рахымбай Құлбаев, Сорос сыйлығының иегері физика – математика ғылымдарының докторы, Қарағандыдағы қолданбалы математика институтының директоры болған Төленді Мұстафин, Өсбекстан Ғылым Академиясының академигі, Лениндік сыйлықтың иегері, биология ғылымының докторы Ялхын Хамматұлы Тұрақұлов, формацевт ғылымының докторы Илхам Исқақұлы Исқақов, филология ғылымының докторлары, профессорлары ҚазМУ-дің журналистика факультетінде 16 жыл декан болған Темірбек Қожакеев, ҚазМУ-дің проректоры Намазалы Омашов, медецина ғылымының докторы Төлеген Егембердиев, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының коореспондент мүшесі, медецина ғылымының докторы Мустафа Рысұлы, физика–математика ғылымының докторлары Есен Қалметұлы Әлібаев, Берік Бәкірбаев, тарих ғылымының докторы Сырғалбай Нарматов, сазгер Дүнгенбай Ботпаев, Қазақстан халық әртісі Гүлжан Әспетова, Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Мәкен Райысқанова, Бағдат Сәмединова, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова және басқалар ауданымыздың мақтаныштары. Меркіден шыққан ел басқарған Мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыс, аудан басшылары да аз емес. Кезінде, Қазақстан Үкіметін басқарған Министрлер Кеңесінің төрағасы Мәсімхан Бейсебаев, Қазақстан Компартиясы Саяси Бюросының мүшесі болған Жамбыл, Алматы, Шымкент облыстарының бірінші хатшысы болған Асанбай Асқаров, Алматы облысы, Іле ауданының бірінші хатшысы болған Бекболат Бірбаев, Тұрар Рысқұловтың сенімді серігі атанған Шелек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық партия комитетінің ұйымдастыру — партиялық бөлімінің меңгерушісі болған Бекей Байғанаев, Қазақстан Республикасының коммуникация және көлік министрі қызметін атқарған Серік Бүркітбаев, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрі Бауыржан Мұхамеджанов, Республикаға танымал «Сымбат» Академиясының Президенті Сабыркүл Асанова, Жамбыл облыстық партия комитеті хатшысы болаған Әлмұхан Исақов Меркі жерінде өсіп-өніп, ел жұртына қызмет атқарған азаматтар. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде мол жетістіктерге жеткені үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған Совет Рахимов, Тамара Абдуллаева, СССР Жоғарғы Кеңесіне екі мәрте депутат болып сайланаған қызылшашылар звеносының жетекшісі Тұрсын Байназарова, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған Жамал Омарова, Ханшайым Омаровалардың есімін ілтипатпен атап өтуге болады. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болған Галина Асташкина №74 мехколонна эксковаторшысы Александр Шекера, қызылшашы Бүбісара Мұхамедиева, Бүкіл Одақтық Паша Ангелина атындағы жүлденің иегері, механизатор Күләйша Қалдарбаева, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері механизатор Жеңіспек Манатовтардың есімдері ауылшаруашылық саласында ұмытылмастай белгі болып қала береді. Меркі ауданының өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосқан, осы ауданнан шыққан 54 Социалистік Еңбек Ері бар. Олардың қатарында Асанбай Асқаров, Байжүніс Көкебаев, Лев Давыдович Шихваргер, Иван Павлович Ращупкин, Аманжол Тұрғынбаев, Оңалбай Келдеубаев, Советбек Рахымов, Ошақбай Ыбраймов, Рзабай Шаңбаев, Тамара Абдуллаева және тағы басқалар. Меркі ауданы соңғы жылдары өзінің бұрынғы атақ-даңқын қайтадан қалпына келтіру үшін көрікті, сәулетті елді мекенге айналуда. Аудан орталығында және елді мекендерде жыл сайын жаңа құрылыстар бой түзеп, сәндене түсуде. Меркіге кіре-беріс жердегі «Меркі қақпасы» келген қонақтарға «қош келіпсіздер» дегендей ерекше бір сезім тудырғандай болады. Бүгіндері, яғни соңғы жылдары аудан орталығы мен елді мекендерде біраз құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда «Қарға батыр» ауылында орта мектеп, «Меркі» қонақ үйі жанындағы дарынды балалар оқитын мектеп, Савва мектеп интернатында 200 орындық асхана, көптен бері істен шығып, тұрғындардың, әсіресе оқушылардың жүріп тұруын қиындатып келген, Меркі өзенінің бойындағы көпір қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Мектеп пен көпірді Меркінің түлегі «Трансстроймост» АҚ бас директоры Александр Владимирович Рязанов өз демеушілігімен тегін салып берді. Тәтті ауылындағы тозығы жеткен клубты демешілердің көмегімен күрделі жөндеуден өткізіліп, халықтың игілігінге пайдалануға берілді. Кеңес ауылындағы клубты күрделі жөндеуге аудандық бюджеттен 2 миллион 700 мың теңге бөлініп, ол пайдалануға берілді. Сұрат ауылында екі қабатты дүкенді кәсіпкер М. Бакаев кезінде сатып алған еді, сол дүкенді бұл азамат ел-жұртқа тегін қайтарып берді. Тозығы жеткен бұл дүкенді көпшілік орнына айналдыру мақсатында Қостаған ауылына өз демеушілігімен көрікті мешіт салып берген Төребек Төреханов алты миллионға жуық қаражат шығарып, жөндеп берді. Ауданымыздағы Сыра зауыт орналасқан жерге спирт және арақ-шарап өнімдерін шығаратын зауыт салу қолға алынып, ол жақын уақытта пайдалануға берілді. Бұл зауытқа иелік етуші есімі облысымызға танымал кәсіпкер Мақсұт Несіпбаев. Оның қарамағында сондай-ақ мал терісін өңдейтін үлкен цех та бар. Меркі ауданы Қазақстан Республикасының басқа елді мекендері сияқты мәдениеті мен экономикасы өркендеген аймақтың бірі. Бүгінде ауданда 14 ауылдық, кенттік округ, 44 елді мекен бар. Онда 76 мың халық тұрады. Оның ішінде 30-дан астам ұлт өкілдері бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып, қоян-қолтық өмір сүруде. Осында тұрып жатқан халықтың 70,8 пайызы қазақтар, 10,7 пайызы орыстар, 8 пайызы түріктер, 4,2 пайызы әзірбайжандар, 1,63 пайызы өзбектер, 0,50 пайызы күрдтер, 0,44 пайызы немістер, 0,20 пайызы корей, 0,05 пайызы басқа ұлттар өкілдері тұрады. Меркі ауданы негізінен мал шарушылығы және егін шаруашылығымен айналысады. Бұл саламен 1360 агроқұрылымдар шұғылданады. Оның ішінде ірілендірілген 12 агроқұрылым бар, қалған 1348-і шаруа қожалықтары. Бұл агроқұрылымдарда бүгінгі таңда 241 682 қой-ешкі, 38 646 мүйізді ірі-қара, 11 575 жылқы, 59 түйе, 12 261 шошқа, 136 868 құс бар. 2005 жылы ауданда 4 млрд. 170 млн. ауылшаруашылық өнімдері өндірілді, оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 2 млрд. 895 млн. теңгенің, мал шаруашылығы бойынша 1 млрд. 275 млн. теңгенің өнімі өндірілді Ірі қара малға арналған 23 мал ұрықтандыратын пункт жұмыс істейді. 2005 жылы ауданда 44077 центнер ет, 1744 мың дана жұмыртқа, 240580 центнер сүт өндірілді. Әр сиырдан сауылған сүт мөлшері 2691 келі. Ауданда орташа есеппен жылына 50338 гектар ақ егіс орылып, 113764,0 тонна өнім жиналады, жиналған өнім әр гектарға шаққанда орта есеппен 22,6 центнерден айналады. Сондай-ақ ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында ауданда несие серіктестігі құрылған, оған «Меркі несие серіктестігі» ЖШС деген атау берілді. Серіктестіктің құрылтайшылары 41 агроқұрылымдары, жарғылық қоры 22 млн. теңге. Осы серіктестік арқылы ауылшаруашылық өнімін өндірушілер «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы барлығы 30 млн. 270 мың теңге несие алды. 2003-2005 жылдар аралығында ауданда ауылшаруашылық техникаларын лизинг және тікелей келісім-шарт арқылы барлығы 25 астық комбайыны және 19 доңғалақты трактор алынды. Өнеркәсіп өндірісі бойынша сөз ететін болсақ, аудан кәсіпорындары 2005 жылы 979,7 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімін өндірді, 2003 жыл қорытындысымен салыстырғанда өндірілген өнеркәсіп өнімдері 256,2 млн. теңгеге артып, яғни 2003 жылмен салыстырғанда 35,4 пайызға өсіп отыр. Электр қуатының, судың және сүт өнімдерінің өндіріс көлемдері ұлғайып, «Меркі ірімшік зауыты» ААҚ-мы өткен 2003 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемін 59,1 пайызға, «Мекамеди-интеграция» 26,4 пайызға, «Шик-Мерке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріс көлемін 33,7 пайызға, «Меркі қант зауыты» ЖШС 39,1 пайызға өсіріп отыр. «Меркі қант зауыты» ЖШС -гі 2005 жылы 632 млн. 519 мың теңгеге қызмет көрсетіп, 2003 жылмен салыстырғанда 177 млн. 893 мың теңге артық табыс тауып 110 мың 464 тонна қант өндірді. 2006 жылдың 1 қантарына зауытттағы жұмысшылар саны 787. «Меркі ірімшік зауыты» АҚ-мы 2005 жылы 229 млн. 141 мың теңгенің өнімін өндіріп және де 2003 жылмен салыстырғанда 81 млн. 261 мың теңгеге артық. «Меркі ірімшік зауыты» АҚ Алматы қаласында 2005 ж. 25-26 мамыр күндері өткен Халықаралық конкурсқа қатысып, өнім сапасы жөнінен 6 алтын медаль жеңіп алды. Т. Рысқұлов атындағы және Интернациональный елді мекеніндеріне «КазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалиұлы Сұлтанғалиевтың «Интергаз» АҚ президенті Данияр Бірлібаевтің демеушілігімен 13 млн. теңгеден аса қаржы бөліп, аталған 2 елді мекендерге табиғи газ жүргізді. Жалпы аудан бойынша 251 шақырым газ құбыры 10 елді мекендерге тартылып, 6 512 абонентке қызмет көрсетілуде. 2005 жылы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің барлық саны 2560, кәсіпкерлік саласында 13603 адам жұмыс атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша өндірген өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 5 млрд. 244 млн. 792 мың теңгені құрап, аудан бюджетіне 110,1 млн. теңге түсірді. 2005 жылы ауданда спирт және арақ-шарап шығаратын зауытты жүргізу мақсатында 2 млн. 390 мың АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылып, неміс қондырғылары монтаждалып орнатылды, 2006 жылдың мамыр айында зауыт іске қосылып өнім шығара бастады. Аудан көлемінде 21,03 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 3,3 есе артық (2003 ж. — 6,3 мың шаршы метр). Мемлекеттік бюджеттің орындалуы. 2005 жылы бюджетке 479,0 млн.теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, болжам 3,4 пайызға артық орындалды. Республикалық бюджетке 118,5 млн. теңге, облыстық бюджетке — 204,3 млн. теңге, аудандық бюджетке – 156,2 млн. теңге түсті. Ауданда 38 мектеп 48 денсаулық сақтау мекемелері, 40 мәдени ошақтары жұмыс істейді. Ауданда жоғарда атап өткеніміздей 38 білім беру мекемесі — мектеп бар. Оның біреуі гимназия, 26 орта мектеп, екеуі негізгі мектеп, 10 бастауыш мектеп. Бұл мектептерде 2006 жылдың 1 қаңтарында 15 930 бала оқыды. Бұдан тысқары ауданымызда мектеп аралық оқу өндіріс комбинаты, М. Маметова атындағы орта мектеп жанындағы интернат, кешкі мектеп, балалар мен жасөспірімдер үміт сарайы, саз мектебі, 4 балалар бақшасы, болашақ колледжі, №9 кәсіптік мектеп жұмыс істейді. Бұл білім мекемелерінің барлығы заман талабына сай компьютерлермен жабдықталып, интернетке қосылған. Денсаулық саласы бойынша сөз ететін болсақ ауданымызда 46 емдеу мекемелері жұмыс істейді. Олардың ішінде аудандық орталық аурухана, тубдиспансер, аудандық орталық емхана, 9 отбасылық – дәрігерлік амбулатория, 11 фельшерлік – акушерлік пунктер, 20 фельшерлік пунктер және жеке тұлғалардың иелігінде стомотологиялық орталық, бір ауылдық учаскелік аурухана, бір аудандық – санитарлық эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Онда 608 медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Оның ішінде 101 жоғары білімді дәрігер, 351 орта буын медицина қызметкер, 88 кіші медециналық қызметкер жұмыс атқарады. «2003-2005 Ауыл жылдарында» «Сұрат», «Кеңес», «Тәтті» ауылдарындағы клубтар күрделі жөндеуден өткізіліп, халыққа қызмет етуде. Бүгінгі таңда ауданда бір аудандық кітапхана, 26 ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Барлық кітапханаларда 220 152 кітап қоры бар. Оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны 65 987 дана. Халықтың жадында әрдайым ірі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар мәңгі сақталады. Сондай ірі тұлғалардың бірі Жауғаш Қырбасұлы батыр мен Әлібекұлы Сыпатай батыр. Бұл батырлардың ұлы ерліктері әрдайым өнеге келер ұрпаққа аңыз болып айтыла береді. Міне, осы екі батырға аудан басшылығы, жұртшылығы болып еңселі де биік ат үстіндегі ескерткіші жасалынып тұрғызылды. Еліміздің мәдениет саласын дамытуда басты назарда тұрған мәселелердің бірі тарихи–мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және оларды қорғау мен тарихи құндылықтарымызды жаңғырту. Осыған байланысты Меркі ауданында «Мәдени мұра 2004-2006» бағдарламасы басшылыққа алынып, Ә. Марғұлан атындағы археология институтының келісім шарты бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2004 жылы жаз айында осы институттың ғылыми қызметкерлері Қырғыз Алатауының Меркі ауданына қарасты Сандық жайлауында экспедициялық жұмыстар жүргізіп, бұрыннан осы өңірге белгілі көне түркі ғибадатханасын көріп, тағы да сол тектес үш ғибадатханың орнын тапты. Көне түркілер Аралтөбе, Белсаз, Сандық, Сұлусай, Шөлсай, Сулысай, Сүйіндік, Шайсандық, Тоғансай, Қарасай секілді тау қыраттарын әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін өткізетін орын ретінде пайдаланып келгенін анықтады. Меркі ауылының С. Мұқанов атындағы көшесінің бойынан Х-ХІ ғасырларда жасалған қыш-құмыра мен 14 метрдей аралықта жерге төселген кірпіштер табылып, ол аудан орталығындағы мұражайға қойылды. Қазіргі таңда аудан орталығындағы базар маңында археологтар қазба жұмыстарын жүргізуде. Бұл жерден өткен ғасырлардан мирас болып қалатындай құнды дүниелер табылуда. Аудан орталығындағы мұражай 1984 жылы мемлекеттік статусқа ие болған. Қазір онда 12 қызметкер жұмыс істейді. Мұражайда 9 зал, 8 экспозиция бар, ондағы экспонаттар саны — 11 538. ## Дереккөздер
Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты — механика және машинатану салаларында іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын. 1991 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған. ## Құрамы * машиналар механикасы; * машиналар механикасы; * машиналар механикасы; * машиналар механикасы; * деформацияланатын қатты денелер механикасы лабораториялары бар. ## Негізгі ғылыми бағыттары Негізгі ғылыми бағыттары – жоғары класты жазық және кеңістіктік механизмдердің аналитикалық теориясы және олардың негізінде принципті жаңа машиналар, механизмдер және манипуляциялық қондырғылар жасауға; динамикалық параметрлердің өзгергіштігін ескеретін машиналар мен жүйелердің динамикасын, беріктігін, сенімділігін және орнықтылығын, роботты техникалық жүйелерді автоматты жобалауға және басқаруға Жердегі табиғи және техногендік процестердің механикасын, сейсмикалық берік ғимараттарды жобалаудың, құрастырудың, есептеудің, терең және өте терең ұңғымалардың орнықтылығының теориялық негіздерін, әр түрлі орталар мен күш өрістеріндегі табиғи және жасанды аспан денелерінің динамикасын зерттеуге арналған. Институт ғалымдары машинатанудың, Жер және тау жыныстары мен жер асты ғимараттарының, грунттар мен деформацияланатын қатты денелер механикасының; табиғи және техногендік сипаттағы әр түрлі әсерлер кезіндегі кен орындарын (континент пен теңіз қайраңындағы мұнай мен газ орындарын) үлкен көлемде және қарқынды түрде игерудің іргелі негіздерін жасады. Институтта ҚР ӨҰА академиктері Ұ.Уәлиев, М.Молдабеков және 16 ғылым докторы, 38 ғылым кандидаты қызмет атқарады. ## Пайдаланылған cілтемелер
Мешін Жылы – қой жылынан кейін, тауық жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 9-жылы. Азия халықтарының (қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ, Әзірбайжан, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір рет қайталанып отырады. Григорий күнтізбесі бойынша Мешін Жылы 2004 жылдың 22 наурызы мен 2005 жылдың 21 наурыз аралығына келді және ол 2016 – 2017, 2028 – 2029, 2040 – 2041, т.б. жылдары қайталанады. ## Пайдаланылған cілтемелер
## Мұрагер Мұрагер (heir)- иесі қайтыс болған соң, мал-мүліктің мұрагері болу немесе мұраны алуға құқысының болуы. Егер өсиет қалдырылмаса, негізгі заңға сүйене отырып, заң құзіреті мұраны өзіне өткізу тәртібін анықтайды. Мал-мүлік иесінің тікелей немесе болжам жасайтын мұрагері болады. Тікелей мұрагердің құқығы бойынша егер алдын-ала өсиет жасалмаған жағдайда, онда заңның күші жойылып, мұра өзінде қалады. Болжам жасалған мұрагері, егер өте жақын туыстары болса, мыс., Англияда монархтың тікелей мұрагері – үлкен ұлы болады. Егер монархта ұл болмаса, онда оның үлкен қызы қосымша мұрагер болады. ## Мұрагер Мұрагер (heir)- иесі қайтыс болған соң, мал-мүліктің мұрагері болу немесе мұраны алуға құқысының болуы. Егер өсиет қалдырылмаса, негізгі заңға сүйене отырып, заң құзіреті мұраны өзіне өткізу тәртібін анықтайды. Мал-мүлік иесінің тікелей немесе болжам жасайтын мұрагері болады. Тікелей мұрагердің құқығы бойынша егер алдын-ала өсиет жасалмаған жағдайда, онда заңның күші жойылып, мұра өзінде қалады. Болжам жасалған мұрагері, егер өте жақын туыстары болса, мыс., Англияда монархтың тікелей мұрагері – үлкен ұлы болады. Егер монархта ұл болмаса, онда оның үлкен қызы қосымша мұрагер болады.
Микробиология және вирусология институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағында. 1956 жылы Алматы қаласында Қазақстан Ғылым Академиясының Топырақтану – Ботаника институтының микробиология секторы және Аймақтық патология институтының вирусология лаботория негізінде құрылған. Институт микробиология және вирусологияның мәселелерін, микроорганизмдер мен вирустар тіршілігінің заңдылықтарын зерттеп, оның қорытындыларын халық шаруашылығына мен денсаулық сақтау саласында кеңінен қолданумен шұғылданады. ## Басты бағыттары Институтта ғылым - зертеу жұмыстары төрт бағытта жүргізілді: * микроорганизмдер физиологиясы – микроорганизмдердегі зат алмасуды, микроб тектес заттардың физиология белсенділігіндегі биосинтетик. заңдылықтарды зерттеу және микробиология жаңа технологияны жасау; * микроорганизмдер мен вирустар генетикасы мен селекциясы – микроорганизмдердің табиғи және қолдан жасалған өзгерістерін зерттеп, эксперименттік мутагенез және халық шаруашығында қолданылатын микроорганизмдердің пайдалы қасиеттерін күшейту; * микроорганизмдер экологиясы – табиғатта (топырақ, су, тау жыныстарында, т.б.) кездесетін микроорганизмдер тіршілігінің заңдылықтарын зерттеп, алынған нәтижелерді өндіріс пен өнеркәсіпте қолдану; * вирусология бойынша – вирустар мен клеткалардың өзара әрекетін, вирустардың генетикасы мен биохимиясын, өсімдіктердің вирустық ауруларын зерттеу, алынған жетістіктерді денсаулық сақтау және ауыл шаруашылық салаларында қолдану. Институт ғалымдары ашытқылардың тіршілігін зерттеп, олардың көмірсулары мен спиртте төзімділері іріктеліп алынды. Сүт қышқылының бактериялары бөлініп алынып, олар мал азығының сапасын арттыруға қолданылды. Әр түрлі өсімдіктерден шырынды азық сүрлемді даярлауда тиімді бактериялық препараттар (АМС, Силоплант-34, НАК-1, лактокалларин, т.б.); сүрленуі қиын немесе тіпті сүрленбейтін өсімдік түрлерінен биоконсерванттар көмегімен мал азығын дайындау өндірісінде пайдаланатын мутанттар алынды. Антибиотиктің жаңа түрлері: целикомицин, розеофунгин, 1321 препараты, А 23/791 антибиотиктері алынып, олар түрлі өсімдік ауруларына қарсы күресте қолданылады. Триходерма саңырауқұлағы зерттелініп, одан картоп ауруына қарсы қолданатын триходерма препараты жасалды. Қан сорғыш-гнус жәндіктерді жоятын патогендік бактериялар табылды. Сондай-ақ өндірістік пайдалы микроорганизмдердің тұқым қуалаушылық қасиетін өзгерте алатын мутагендік заттарды пайдаланып, олардың өнімділігін арттыруға болатыны дәлелденді. Республикамыздағы кенді аймақтардағы өндіріс қалдықтарын микроорганизмдер көмегімен ыдыратып, олардың зиянды әсерін жоюға мүмкіндік алды. Мұнай қалдықтарын зарарсыздандыратын микроорганизмдер табылып, өндіріске енгізілуде. Микровирустарға қарсы антиденелердің түзілу процесін реттеп, клеткалар мен вирустар арасындағы өзара әрекеттерді зерттеді. Иммуноглобулиннің үш класы бөлініп алынып, олардан антисарысу (антисыворотка) даярланды. Тұмау вирусының бірнеше штаммдары анықталып, бұлардың ішінен індетті қоздыратын рибонуклеин қышқылдары алынды. Аса қауіпті вирустардың антигендерін алудың өте тиімді тәсілі табылып, соның нәтижесінде вирустардың иммуногендік өзгерістерін басқаруға мүмкіндік туды. 1991–2001 жылы целлюлолиттік бактериялардың көмегімен құнарсыз қатқыл жемді (сабан, күнбағыс дәнінің қауызы) жеңіл қорытылатын қорекке айналдырып, оның қоректік қасиеттерін арттыруға мүмкіндік беретін өсімдік шикізатын өңдеу тәсілі табылды. Микроорганизмдердің қайта өсуі мен жоғары сатыдағы организмдердің жаңа түзілістерінің ұқсастығы дәлелденді. Ісік тәрізді болып өсуі кезінде клеткалардың бөлінуі мен жіктелуі бұзылуының метаболалық негіздері зерттелді. Қайталама ісік тәрізді өсуі барысында клеткалар құрамындағы резервтік көмірсулардың (трегалоза, гликоген) көбейіп, құрылымдық көмірсулардың (глюкан, маннан) азаятындығы дәлелденді. Адамдар мен жануарлардың жеңіл және асқынған микоз сырқаттарын емдеуде әсері күшті «Розеофунгин» препараты зерттеліп, өндіріске енгізуге әзірленуде. Микроорганизмдердің, гидролиттік ферменттерді өндіргіштердің, органикалық қышқылдардың, протеиннің, витаминдердің гендік қоры жасалып, олардың тұрақты консорциумдарын алу әдісі табылды. Өнімділігі жоғары әрі фаготөзімді варианттарды сұрыптау әдістері ойластырылды. Әсері нысаналы пробиотиктерді жасаудың микробиол. және биотехнологиялық негіздері зерттелді. Сүт қышқылды бактериялар мен бифидобактериялар жиыны негізінде жануарлар төлдері мен құстарда кездесетін колибактериоз, сальмонеллез бен кокцидиозға қарсы, сондай-ақ адамдардағы дисбактериозды емдеуде әсері күшті пробиотик препараттары жасалды. Вирустық жұқпалы аурулар диагностикасын оңайлатуға арналған тиімді диагностикалық препараттар зерттелді. Мембраналық сорбенттер негізінде СПИД сырқатына қарсы жаппай тексеру жүргізудің (серодиагностика) қарапайым тест-дотблотинг жүйелері, сондай-ақ СПИД сыртқатын дәл анықтаушы тест-иммуноблотинг жүйесі жасалды. Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институты өсімдіктер биотехнологиясы саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу мақсатында құрылған.ҚазССР Ғылым Академиясы Микробиология және вирусология институты ҚазССР ҒА Ботаника институтының Микробиология секторы негізінде 30.01.1956 ж. құрылған (ҚазССР Ғылым Академиясының Президиумының Қауылысы 30.01.1956 жылғы № 13). 31.07.2000 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Микробиология және вирусология институты» (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 24829-1910-ГП) болып қайта атанды. 20.10.2006 жылы ҚР БҒМ РМК «Биологиялық зерттеулер орталығының» ЕМК «Микробиология және вирусология институты» болып қайта атанды (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №81120-1910-ГП), 28.06.2010 жылдан бастап ҚР БҒМ РМК «Микробиология және вирусология институты» болып қайта аталды (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №81120-1910-ГП ). Микробиология және вирусология институты микробиология және вирусология саласында іргелі және қолданбалы мәселелерді қарастыратын Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы ғылыми ұйым болып табылады. Институт қызметінің мақсаты Мемлекеттің ғылыми-техникалық потенциалын нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық саланың дамытуына бағытталған микробиология және вирусология саласында іргелі, іргелі-қолданбалы және қолданбалы зерттеулерді жүргізу болып табылады. Институт қызметінің негізгі пәні микробиология және вирусология саласында зерттеулер жүргізу, медицина, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау үшін микробтық және вирустық препараттарды жасап шығару, микробиология және вирусология саласында ғылыми кадрлар дайындау болып табылады. Институт штаты 107 қызметкерден құралған. Олардың ішінде 15 ғылым докторы, 25 ғылым кандидаты, Институттың бас директоры – Саданов Аманкелди Құрбанұлы биология ғылымдарының докторы, профессор жалпы жұмыс стажы 38 жыл. Институт құрамында келесідей бөлімдер мен бөлімшелер бар: • Микроағзалар экологиясы зертханасы • Микроағзалар физиологиясы мен биохимиясы зертханасы • Микробтық препараттар зертханасы • Вирустарға қарсы қорғаныс зертханасы • Вирустар экологиясы зертханасы • Вирустар биохимиясы зертханасы • Микробтық фитопатология тобы • Антибиотиктар тобы • Микроағзалы ферменттер тобы • Электрондық микроскопия тобы • Ғылыми – техникалық ақпарат пен ендіру тобы • Әкімшілік-басқармалық аппарат Институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: • Металлдардың микробиологиялық трансформациясының миханизмдерін зерттеу және микроағзаларды қолдана отырып қоршаған ортаны биоремедиациялау технологияларын жасау • Мұнаймен ластанған су қоймаларын, топырақты және өндірістік суанарларды микробиологиялық тазартуға арналған бактериялық препараттар мен технологиялар жасау • Өсімдіктерді инфекциялық аурулардан қорғайтын микробиологиялық құралдарды жасау • Адамдар мен жануарларда болатын ішек инфекциялары мен дисбактериозға қарсы пробиотик препараттарды жасау • Жаңа антибиотиктерді іздеу мен зерттеу, белгілі антибиотиктер продуценттерінің белсенділігін арттыру • Өндіріс үшін бағалы микроағзалар штаммдарын ұзақ сақтау мәселелерін зерттеу, биологиялық белсенді заттардың белсенділігін арттыру, микроағзалардың коллекциялық фондын сақтау мен санын арттыру • Қазақстан Республикасының территориясындағы тұмау вирусының циркуляциясының механизмдерін зерттеу, адам, жануарлар мен құстардан тұмау штаммдарын алып, олардың биохимиялық, иммунды химиялық, малекулалық және филогенетикалық талдауын жасау • Қазақстанның ауыл шаруашылығы үшін үлкен практикалық маңызы бар құстар парамиксовирусының штаммдарын бөліп алып, олардың биохимиялық, иммунды химиялық, малекулалық және филогенетикалық талдауын жасау • Орто- және прамиксовирустардың иммунды диагностикасы мен молекулалық диагностикаларының әдістерін дамыту, вирустық инфекцияларының жеңілдетілген экспрес диагностикасы үшін жетілдірілген тест-жүйелерін жасау • Тазартылған вирустық белоктардың негізінде жаңа ұрпақ вакцинды препараттарды жасау, вакцинды препараттардың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа иммунды ынталандырушыларды іздеу мен зерттеу • Вирустық ифекцияларды емдеу мен алдын алуға арналған микробтық және өсімдіктекті вирустарға қарсы жаңа препараттарды жасау • Тұмау вирусының және оның құрылыстық компоненттерінің клеткалық құрылыстар мен органдарға патогенді әсерінің механизмдерін зерттеу. Микробиология және вирусология институты 2009-2011 жж. арналған «Биологиялық жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтары – медицина, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау үшін инновациялық технологияларды жасау негізі» атты іргелі зерттеулер бағдарламасының (ІЗБ) «Өндірістік микробиология мен биотехнологияның биологиялық негіздері» негізгі ғылыми бағытының басты ұйымы болып табылады. Институтта ІЗБ 6 жобасы бойынша, республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасының 5 жобасы бойынша және ХҒТО 1 жобасы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі.ҚР БҒМ Микробиология және вирусология институты бірнеше микробиологиялық препараттарды жасап шығарып өндіріске ұсынды. Төмендегі препараттар салалары бойынша көрсетілген: 1. Экология • Бакойл – мұнаймен ластанған су қоймаларын, топырақ пен өндірістік суанарын микробиологиялық тазартуға арналған жоғары тиімді бактериялық препарат. Препараттың негізі мұнай тотықтыратын белсенді бактериялардың штаммдары болып табылады. Дала сынақтары мұнаймен ластанған топырақтағы мұнайдың көрсеткіші 77-86% -ға азайғанын көрсетті. 2. Ауыл шаруашылығы • «Ризовит - АКС»– топырақты биологиялық азотпен құнарландыру және соя дәндерінің өнімділігін арттыруға арналған түйнекті бактериялар штаммдары негізінде жасалған жоғары тиімді бактериялық препарат. Препарат өнімді, дайын өнімнің сапасын және топырақтың құнарлығын жақсартады, экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік береді, өсімдіктердің ауруларын төмендетеді. • Биоконсерванттар (құрғақ бактериялық ашытқылар). Жемшөптердің кең ауқымын сүрлеуге арналған сүтқышқылды, пропионқышқылды және целлюлозалитикалық бактериялар негізінде жасалған ашытқылар. • Бентобак – физиологиялық пробиотик. Белсенді бастамасы – бентонит арқылы адсорбцияланған сүтқышқылды, пропионқышқылды бактериялар. Препаратты жемдерге қосу жемдердің қорытылуын жақсартады, ішектегі В12 дәруменінің синтезін күшейтеді, торайлардың өнімділігін 30 % - ға жоғарылатады. 3. Өсімдіктерді қорғау • Триходермин – картоп, қант қызылшасының, көкөніс культураларының тамыр шірігіне төтеп беруге арналған. 4. Ветеринария • Лактовит – ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың сальмонеллез бен колибактериоз аурулардың алдын алуға арналған сүтқышқылды және пропионқышқылды бактериялар негізінде емдеу-профилактикалық препарат. 5. Денсаулық сақтау • Розеофунгин – терең және сыртқы микоздарды емдеуге арналған саңылауқұлақтарға қарсы полиенді антибиотик. Бұл антибиотиктың әсер ету спектрі нистатин, леворин, амфотетрациклин секілді көпшілікке мәлім саңылауқұлақтарға қарсы препараттардікінен әлдеқайда кең. • Плантафермин – диарея синдромы бар 3-2 жас аралығындағы сәбилерді емдеуге арналған сүтқышқылды және бифидобактериялар негізіндегі эубиотик. Препарат қабынуға қарсы, микробтарға қарсы әсер етіп, ішек микроценозын қалпына келтіреді. • Полилактобак – сүтқышқылды және пропионқышқылды бактериялар ассоциациясынан құралған пробиотик. Төменгі зәр шығару жолдарын катетеризациялаудан кейін қайта қабынған, 1 және 2 дәрежелі қуық түбі безінің зарарсыз гипертензиясы бар науқастарды емдеу үшін сынақтан өткізілген. Препаратты қолдану қалыпты антибактериалдық емдеудің тиімділігін 2.5-3.7 есе көбейтеді. • Ферментелген қызылша шырыны диеталық және емдік тағам болып есептеледі. Гастрит, энтерокопит, гепатит, холестит сияқты ескі ауруларды емдеуге тиімділігі бар.Ас-қазан-ішек жолдар, жүрек-тамыр және қатерлі, сонымен бірге диабет, атеросклероз ауруларын комплексті емдеуге пайдалануға болады. Институтта жүргізілетін барлық есептер, жобалар мен бағдарламалар «ҰТЗ ұлттық орталығы» АҚ-да тіркелген. ҒЗЖ барлық бағыттарында ғылыми зерттеудің әр кезеңінде патенттік-лицензиялық ізденістер жүргізіледі. Институтта микробиология мен вирусологияның әртүрлі бағыттарында екі ғылыми мектеп қалыптасқан. Халықаралық байланыстар дамытылып жатыр: РҒА Микробиология институты, Мәскеу; ММУ, Мәскеу; РҒА Микроағзалар физиологиясы мен биохимиясы институты, Пущино; РҒА Жаңа антибиотиктерді іздестіру институты, Мәскеу; РДЗА Тұмау институты, Санкт-Петербург; РҒА Д.И. Ивановский атындағы Вирусология институты, Мәскеу; АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментінің Ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы; АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментінің Құс ауруларының Оңтүстік Шығыс зертханасы; АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігі; АҚШ Флорида университеті. Іс қағаздарды жүргізу Номенклатурасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. 1996 жылдан бері бұйрықтар қазақ тілінде шығарылады. Хат алмасу, ақпарат карталары, жарнама материалдары, рефераттар, пікірлер, кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау екі тілде жүргізіледі. Қызметке аларда ғылыми қызметкерлердің қызметітің квалификациялық мінездемесіне сәйкестігі ескеріледі. Кадрларды таңдау және орналастыруда білімнің сапасы, мамандығы, жасы және алдыңғы қызмет орнының мінездемесі ескеріледі. Әр зертханада кадр резерві дайындалады, мамандардың өсуіне мүмкіндік беріледі, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауға дайындау жүргізіледі. Қазіргі таңда Институт ИСО 9001:2009 сапа менеджменті жүйесін енгізуде. ## Құрамы Институт құрамында 10 лаборатория * биотехнология; * клеткалық инженерия; * клеткалық физиология; * генетика; * молекулалық генетика; * физиологиялық генетика; * эксперименттік эмбриология; * өсімдіктердің өсуі мен төзімділігі; * фотосинтез; * биологиялық активті заттаржұмыс істейді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Вирусология * Вирус * Микроорганизм
Мир Әлім Бұхари, Мұхаммед Мір Әлім – парсы тілінде жазған түркістандық тарихшы(19 ғ.). Бұхар әмірлігінде Насроллах әмір билік еткен тұста (1827 – 60 жылдары) Хұзар билеушісі Мұхаммед Әлім бектің хатшысы (дәбірі) болған. Соның тапсыруы бойынша парсы тілінде “Фатхнаме-и Сұлтани” (“Сұлтан жеңістері жайлы кітап”) еңбегін жазды. Бұл еңбек “Тарих-и Әмір Нәсрәллах” (“Насроллах Әмірдің тарихы”) немесе “Тарих-и Сұлтани” (“Сұлтан тарихы”) деп те аталады. Шығарма алғы сөзден, 29 тараудан тұрады. Еңбек Бұхар әмірлері Шах-Мұрат (1785 – 1800 жылдары) пен Хайдар (1800 – 26 жылдары) билік еткен кезеңдерге қысқаша шолу жасаудан басталады. Одан әрі автор Насроллахтың тақ мұрагері атанған күнінен бастап билік жүргізген алғашқы жылдарындағы оқиғаларды сипаттап, Шахрисабз қаласына жүргізген жорығымен аяқтайды. Бұл шығарма Насроллахтың билік тарихын кеңінен баяндайтын еңбектің 1-томы саналады. Шығарма соңында автор 2- томды жазуды ойластырғанын айтады, бірақ жазылғаны жайлы еш дерек жоқ. Бұл еңбекте Бұхар хандығындағы маңғыттардың өзара қырқысуына қазақтардың да тартылғаны туралы мәлімет келтіріледі. Мұнда Орталық Азияның басқа да мемлекеттері мен халықтары жайлы көптеген деректер бар. Қолжазбаның бір нұсқасы Өзбекстан Шығыстану институттының қолжазба қорында және Медине қаласында сақтаулы. ## Сілтемелер * Қолжазба * Тарих * Әмір ## Дереккөздер
Миропиев Михаил Алексеевич – этнограф, әдебит зерттеуші, ауыз әдебиетін жинаушы. Миропиев қазақ ертегілерін жеке кітап етіп шығарып, ол жайлы ғылыми пікір айтқан. 1888 жылы “Дала уәлаяты” газетінде Миропиевтің “Қазақтардың хикаялық әңгімелері” атты жинағынан үзінділер басылды. Онда қазақ халқының ежелден келе жатқан діни нанымдары мен соларға негізделген шығармалар басылған. Ол шығармаларды ауызекі айтылуы күйінде кирилл әліпбиімен қазақ, орыс тілдерінде жариялаған. Миропиев жинағы арқылы тілші ғалымдар сол кездегі қазақтың сөйлеу тілін зерттеуге мүмкіндік алды. ## Сілтемелер * Ауыз әдебиеті * Әліпби * Ертегі ## Дереккөздер
Моғол , мұғыл, мугул (жете, чете, чат, мағұл) – 1) Жетісу мен Шығыс Түркістан жеріндегі көне түркі тайпаларының одағы. Моғол тарихта орта ғасырдан белгілі. Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін, Жетісу мен Шығыс Түркістанда осы одақтың атымен Моғолстан, кейіннен Үндістанда Бабыр құрған ұлы моғол мемлекеті пайда болды. Көптеген тарихи деректерде Моғол моңғол тектес деп жазылған. Бірақ Қ.Жалайыри, Моғол Мұхаммед Хайдар Дулат жазбаларына сүйеніп, Ш.Уәлиханов “моғол четені моңғолдармен шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар” десе, проф. В.В. Григорьев “моғол-четені нағыз моңғолдар деуге болмайды” деп жазды.Г.Левшин зерттеуінде 16 ғасырда Қыпшақ пен Чете даласын Дадан хан билеген моғол ұлысы және қазақтар мекендеді, сол кезде Алтын Орда құрамындағы әр түрлі тайпалардан бөлінген халықтар қазақтарға еріксіз немесе өз еркімен келіп қосылды дейді. Ал Рашид ад-Диннің жазбасындағы Жалайыр тайпасының бір атасы Жайт – Чат Четеге ұқсас. Бұлар көне заманда Сыр мен Шу, Талас бойын мекендеген Сырманақтан, Шуманақтан тараған. Жамал Қарши Моғолды Жете деп жазады. Тегінде бұл тайпаның ертедегі атауы осындай болуы ықтимал, өйткені Жайт-Чат өзгеріске түсіп, Жете-Чете аталып кеткен; 2) Орта ғасырдағы Моғолстанның әскерімен келген түркі тайпалары (мухгал, мугул). Үндістандағы ақсүйектер қауымы-шарифзатқа жататын саийд, шейх, патанның қатарына Моғол да енген. ## Дереккөздер
Миялы – Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, аудан (1959 жылдан) және Миялы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 325 км жерде, Тайсойған құмының солтүстік-шығысында, Ойыл өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Тарихы Іргесі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1942 жылы ұжымшар орталығы болды. 1949 жылы Тайсойған механикаландырылған мал шаруашылығы стансасына айналды. “Мия” шөбі көп шығуына байланысты ежелгі тұрғындар мекендерін «Миялы» деп атап кеткен екен. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 5303 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 6034 адам (3005 ер адам және 3029 әйел адам) болса, 2009 жылы 6473 адамды (3234 ер адам және 3239 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7569 адамды (3839 ер адам және 3730 әйел адам) құрады. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелер 3 балабақша, 2 орта мектеп, 1 мектеп-гимназия, 1 өнер, 1 спорт мектептері, 1 мәдениет үйі, 1 кинотеатр, 1 орталық аурухана, 1 емхана бар. ### Мектептер * Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебі * Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп — 1922 жылы Аяпберген Науанұлы негізін қалаған екі сыныптық мектеп алғашқыда «Аяпбергеннің ақ школы» (Тайсойған бастауыш мектебі) деген атқа ие болып, 1933 жылы Қамыскөл жетіжылдық мектебі, 1952 жылы Ворошилов, 1957 жылы Н.К.Крупская атындағы орта мектеп болып өзгеріп, 1996 жылы Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым Халел Досмұхамедұлының есімі берілді. * Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназия — 2007 жылы Миялы ауылында 320 орындық орта мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қызылқоға аудандық әкімшілігінің 26.12.2008 жылғы №316 «Миялы ауылынан жаңа ұлттық гимназия ашу туралы» қаулысына сәйкес ауданда тұңғыш ұлттық гимназия ашылды. Мектепте 20 орындық жатақхана болды. 2009 жылы аудан әкімшілігінің ұйғарымымен Миялы ұлттық гимназиясы №1 негізгі мектеппен қосылып №1 мектеп-гимназиясы болып қайта құрылды. 2017 жылдың 12 қыркүйегінде мектеп-гимназияға ақын Ы.Шөрековтің есімі берілді. * Миялы балалар өнер мектебі ### Мектепке дейінгі мекемелер * «Жасұлан» бөбекжай-балалар бақшасы * «Нұр-Шуақ» бөбекжай-балалар бақшасы * «Балдырған» бөбекжай-балалар бақшасы ### Аурухана * Қызылқоға аудандық ауруханасы — аудандық денсаулық сақтау бөлімі 1944 жылдан бастап құрылды. Қарабау елді мекенінен 10 төсектік аудандық аурухана ашылды. Аудан орталығы 1959 жылы Миялыға көшірілгенде аудандық аурухана бірге көшірілді. Осы кезде аурухана 35 керуеттік болып, кейіннен 65 керуетке өсті. 1981 жылы типтік жобада 100 керуеттік аудандық орталық аурухана ғимараты салынды. 2009 жылы 30 төсектік аудандық туберкулез ауруханасы салынып пайдалануға берілді. 2011 жылдың 16 наурызында ауысымына 250 адамды қабылдау мүмкіндігі бар аудандық емхана пайдалануға берілді. ### Мәдени мекемелер * Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі * «Арман» мәдениет үйі ## Шағын кәсіпорындар 7 ЖШС, 131 жеке кәсіпкер, 11 шаруа қожалығы, 2 АЗС, 19 жеке дүкен, 1 шайхана, 1 орталық монша, 2 жеке дәріхана, 1 кафе-бар, 1 кафе, 2 базар бар. ## Діни ұйымдар қызметі * «Бәйтерек» мешіті — 2003 жылы салынған. Жалпы ауданы 112 шаршы метр. 50 адамға арналған. Ғимарат ер және әйелдер намаз оқитын бөлмелер мен имамның бөлмесінен тұрады. Биіктігі 8,4 метрлік 4 мұнарасы, 1 күмбезі бар. Арка типтес терезелері үлкен етіп жасалынған. ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Мойынқұм – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл. * Мойынқұм – Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл. * Мойынқұм – Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл. Құмды алқаптар: * Мойынқұм – Түркістан, Жамбыл облыстары жеріндегі құмды алқап. * Мойынқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды алқап. * Мойынқұм – Бетпақдаланың солтүстігінде жатқан құм.
Мойылды – Есіл өзенінің оң жақ саласы. ## Географиялық орны Ақмола облысы Аршалы ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Ерейментау тауларының оңтүстігінен алып, Есіл бойындағы Вячеслав су қоймасына құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 769 км2. Жалпы ұзындығы 73 км болатын 36 шағын саласы бар. Ең ірісі – Тентек Қарасу (20 км). Су жиналатын алабының жер бедері жонды-белесті, жонды-төбелі денудациялық қыратты жазық. Арнасы ирелеңдеп келген. Қар және грунт суларымен толығады. Қараша айының 1-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзынан арылады (140 – 180 күндей мұз құрсауында болады). ## Өсімдігі Карбонатты қара топырақ және қошқыл қоңыр топырағында бетегелі-селеулі, бетегелі-бозды-қызыл қаулы, қарағанды-бетегелі-селеулі өсімдіктер өскен. Айқын байқалатын аңғарында мойыл, талды тоғай шоғырлары кездеседі. Жоғары және төменгі ағыстарында жайылмалары байқалады. Жайылмасының шалғындарын көлтабандатып суландыруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Молда, молла (араб.: المُلَّا‎ /әл-мулла/ – мырза, әмірші, парс. мелла, молдо – ұстаз, діни ғұлама) – шариғат білгірі, діни рәсімдерді атқарушы, ұстаз. Қазақ жерінде патшалық Ресей билігі тұсында молда қызметін атқарған діни қызметкерлердің міндеттері мемлекеттік қаулылармен белгіленіп, шенеуніктердің бақылауында болды. Молда арнайы тағайындалып, жергілікті мешіттердің қарамағына жіберілді. Кеңестік дәуірде діннің өмір сүру формасы діни рәсімдердің аясында қалғаны себепті молдалар қызметі ислам дінінің жөн-жоралғыларын атқарушы ретінде ғана көрінді. Молда қызметіне Орта Азия мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы басшылық жасады. Қазіргі уақытта бұл қызметті Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына бағынатын жергілікті имамдар атқарады. ## Дереккөздер
Молалы — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Молалы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан батысқа қарай 100 км-дей жерде, Үшқара тауының шығыс жағында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1930 жылы Түрксіб темір жолының салынуына байланысты қаланған. Молалыда және округке қарасты Алажиде темір жол стансасында, Орманов ауылында және Қайрақты, Қараой темір жол бекеттерінде 1997 жылдан ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Молалыдағы темір жол стансасының бір сарынды жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Молалы арқылы Алматы – Өскемен темір жолы өтеді. ## Дереккөздер
Ілияс Ысмайылұлы Молдажанов (1900, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бөденелі а. – 25.2.1938, Алматы) – қоғам қайраткері, ақын, журналист. * Руы — Уақ. * Екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген (1914). Жастайынан шығармашылықпен айналысқан. Оның онға жуық дастаны мен қиссасының қолжазбалары Қазан университетінің ғылыми кітапханасында сақтаулы. * 1918 ж. Семейде Алашорда жасақтаған атты әскерге алынып, Жетісу майданында шайқасты. * 1920 ж. наурызда Кеңес өкіметі жағына өтіп, 3-ші Қазақ атты әскер полкінің соғыс комиссары болды. * 1921 – 24 ж. Орынбор мен Семейде партиялық үгіт-насихат жұмыстарын атқарды, “Қазақ тілі” газетінің редакторы болды. * 1925 ж. Павлодар уезінде, 1926 – 28 ж. Қызылжар губерниясында басшы қызметтерде болды. * 1929 – 35 ж. Гурьев, Қостанай округтік атқару комитетінің, Алматы облысы аткомның төрағасы * 1935 – 37 ж. Қазақ АКСР Қаржы халық комиссары болды. * 1938 ж. саяси қуғынға ұшырап, 1956 ж. 30 маусымда КСРО Жоғ. соты әскери алқасының шешімімен ақталды. ## Дереккөздер
Ораз молда Жүсіпұлы, (1814 – 68, кей деректерде 1804 – 75, Сырдария ауданы) – ақын, аудармашы. Ескіше хат танып, Бұхара қаласындағы Көкілташ медресесін бітірген, Бағдатта білім алған. Кейін Көкілташ медресесінде ұстаздық еткен. Шағатай, парсы тілдерін меңгеріп, Ә.Фирдоусидің «Шаһнамасын» түпнұсқадан қазақ тіліне алғаш аударған (1830 – 65). Оның аудармасы Қиямерстің (Каюмарс) патша тағына отыруынан басталады. Соңғы тарауларда мифтік аңыздарға орын берілген. ## Дереккөздер
Зейнолла Молдахметов (3.8.1933 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Октябрь ауылы) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1989). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002). 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық иститутты және Мәскеудегі Нәзік химия технологиялар институтының аспирантурасын (1962) бітірген. 1956–75 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Целиноград педагогикалық институтында, Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. Қазақ химия-технология институтының ректоры (1975–80), Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры (1980–88). 1991–98 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. ҚР ҰұА Орталық Қазақстан бөлімшесінің академик-хатшысы (1988–2001) болды. 1998 жылдан қазірге дейін Қазақстан-Ресей университетінің (Астана қаласы) ректоры. Ұлы зерттеулерінің негізгі бағыты органикалық молекулалардың фотохимиясы мен фотофизикасын, сондай-ақ теориялық және қолданбалы спектроскопиясын, кванттық химия және органикалық молекулалардың реакция қасиеттерін зерттеуге арналған. Молдахметов 5 монография, 6 авторлық куәлік пен патенттің авторы. “Құрмет белгісі” (1981), “Еңбек Қызыл Ту” (1986) ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. ## Шығармашылығы * Спектроскопия комбинационного рассеяния света, А.-А., 1981; * Квантовая химия алкалоидов, А.-А., 1986; Кванттық химия, А., 1997. ## Сілтемелер * Ғалым * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ## Дереккөздер
Молда Мұса, Мұса Байзақұлы (1849, қазіргі Түркістан облысы Түркістан ауданы Шоқтас ауылы – 1932, сонда) – қазақтың халық ақыны. Жасында араб, парсы, шағатай, түрік тілдеріндегі әдеби шығармалармен танысып, Құлыншақ, Мәделі, Майлықожа, Бұдабай ақындардан тағылым алған. Ақынның хат түрінде жазылған Манат қызбен, Бұдабай ақынмен айтыстары сақталынған. Ол “Сырым қызға”, “Қосай тілмашқа”, “Тышқан мен түйе”, “Ағаш пен маймыл”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен молда” секілді көптеген ғибрат өлеңдер, дастандар жазған. Оның шығармашылығы туралы алғаш Ө.Тұрманжанов мақала жариялады (“Әдебиет майданы”, 1935, №8). М.Әуезов Молда Мұсаның ақындығын жоғары бағалап, бір топ өлеңдерін 6-класқа арналған “Әдебиет хрестоматиясына” енгізген (1937). ## Молда Мұса шығармаларына араб әдебиетінің әсері Өз шығармаларын, қазақ өлең өнерінің дәстүрлі үлгісінде жазып, шығыстан (оның ішінде араб) классикалық әдебиетінен нәр алған, бар өмірін Қаратау атырабында өткізген өнер иелерінің бірі - ақын Молда Мүса Байзақұлы. Ел аузында Молда Мұса атанып кеткен ақын Мұсабек қазіргі Түркістан облысы Түркістан ауданына қарасты Шоқтас деген елді мекенде 1849 жылы дүниеге келген. Бұл кісі де діни сауатты, діндар ақын адам болған. Өз ана тілінен басқа араб, парсы тілдерін білген. Жас кезінде әкесі ұстаған молдадан арапша хат таныған. Есейе келе Қарнақ елді мекенінде Қозы молда медресесінде оқыған. Ақынның мына өлеңіне қарап жастайынан шығас (араб, парсы) әдебиетінен нәр алғандығын байқаймыз. Адамға ғылым, өнер қамшы деген, Жүйрікпін арабыға парсыменен, Аз ғана шайырлығым тағы да бар Кідірттім неше ақынды қарсы келген. Ақын өзінің араб және басқа да түрік тілдерін білгендігін бұдан да басқа өлеңдерінде айтып кеткен. Мұсабек ақын да жоғары да атап өтіп кеткеніміздей, өз замандастары секілді, өлеңдерінде араб сөздерін жиі-жиі қолданған. Ол кезде діндар қаламгерлер санаулы ғана болмады ғой. Сонымен қатар сол уақыттағы ақындарды діннен хабарсыз болуы да мүмкін емес. Онымен қоса ол кісілер өз өлендерін бір тақырыпта жазулары да ғажап емес. Мәселен әйгілі ақын Майлықожа "Шора батыр" деген хикая жазған. Шора батыр әңгімесін Майлықожадан жазып алған Әбубәкір Диваевтың нұсқасын және басқа да Майлықожа шағармаларын қүрастырып шығарған белгілі ғалым Ә. Оспанұлының кітабынан оқыған едім. Әңгіме ертегіге ұқсас жазылған екен. Кейін Молда Мұса жайында ізденістер жасағанымда Мұсабек ақынның "Шора батыр" жайында жазғанын кездестірдім. Бірақ Мұсабек ақын Шора батыр жайындағы хикаяны жыр етіп жазған екен. Мұса да кітаби ақындар қатарына жатады. Кітаби ақындар шығыста көп тараған сюжетті өздерінше жырлаған. Жоғарыда айтқанымыздай Шора батыр жырын Майлықожа қара сөзбен жазған. Ал Мұса қисса етіп, яғни жыр етіп жазған. Бүл көркемдік дәстүр жалғастығының белгісі. Бұдан қарап біз Мұса ақынның нәзирә дәстүрін жетік меңгергендігін байқаймыз. Себебі ақын жырды қазақ қауымына жеңіл, түсінікті етіп жырлаған. Ақын Мұса араб сөздерін осы жырында жиірек қолданған. Ақынның бұл жырында адамның шамасынан артық кереметтер көрсетілген секілді. Сонымен қатар діни сипаттарда бой көрсеткен. Қазіргі кезде оңтүстік шайырлары жайында жан-жақты зерттеулер жүргізіп жүрген Ә. Оспанұлы Мұсабек ақынның Шора Батыр жыры жайында сөз жүргізген. Ол кісі осы жыр жайындағы қорытынды пікірінде былай дейді: «Сонымен Шора Батыр тоңірегіндегі барша әңгімеміздің тобықтай түйіні түріндегі қорытынды пікіріміз - бұл шығарма халық қазынасы қатарында саналуға лайық. Егер онда адамның күш мүмкіндігінен тыс кереметтер келтірілген, жеке батырлардың жекпе-жек күрестерінде дінге кіріп, тілді кәлимаға келтіруді талап ету секілді кейінгі кезең қоспалары болса, олар жөнінде айтарымыз - қазақ ауыз әдебиетінде ондай белгілерден дені таза шығармалар жоқ. Ал, оларсыз шығармалар жасалған дәуірлерге тән белгілер өшіп, олар көне күндеріміздің ескерткіші ретіндегі мән-маңызын жоғалтар еді». Ә. Оспанұлы да ол кездегі шығармалардың діни мәтінсіз болмағандығын айтқан. Дегснмен бұл кісінің кей сөзіне қосыла алмаймыз. Бұл аталған ақындар өз өлеңдерін, жырларын діни тақырыпта көп жазған. Діни сөздерді келтіре отырып халықты жақсылыққа шақырған. Діни сөздерді келтіре отырып жамандыққа бастаған ақын жоқ шығар. Себебі дін туралыққа, тазалыкқа шақырады. Осы себепті Ә. Оспанұлының: «ондай белгілерден (яғни діни, арабша сөздсрден) дені таза шығармалар жоқ»,-деген сөзіне қосыла алмаймыз. Сонымен қатар ақын Мұсабектің өлеңдерінің дені таза емес деп те айта алмаймыз. Қазақ айтысқа бейім халық қой. Сондай-ақ айтыс үрдісі сонау ертедегі арабтарда да болған. Арабтар Ислам келмей тұрып есте сақтауды, жаттауды жақсы дамытқан, басқаша айтқанда жазып отырған адамға: «соны жаттауға шамаң келмейді ме?»-деп күлетін болған. Ислам келіп бұл жағдайлар өзгерді. Айтыстың жаңа түрі жазбаша айтыс пайда болып дамыды. Айтыстың бұл түрі араб, парсы, түркі яғни Шығыс елдерінде тарады. Бұл Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан жазбаша айтыс дәстүрі қазақ арасасында да кеңінен тарады. Бұл айтыстың ең етек алған жағы Қазақстанның Оңтүстік өлкесі еді. Мысалы Молда Мүса мен Сырым, Манат қыздармен хат арқылы айтыстары бар. Молда Мұса Сырым кызға да 1875 жылы 26 жастан жаңа асқан уақытта былайша хат жаған:Ақ бетің ағаш үйге жаққан шамдай,Ішіне қараңғы үйдің атқан таңдай.Сыртыңнан Сырым сенің болдым асық,Ерте өткен Бапарым мен Күләндамдай.Ақын өзін қыранға, қызды ақсүңқарға, асыл тасқа теңеген. Арада бұл хатқа Сыр бойынның ақыны Будабай араласып, Мұсабекке жауап қайтарады. Сөйтіп, жазбаша айтыс басталып кетеді. Отыздан асып қалған Мұсабек Төрткөл елдімекеніне досы Жылқыбайдың үйіне түседі. Ал Манат осы ауылдың жиырмадан асқан кескін-келбетіне ақыл парасаты сай қыз екен. Мұсабек:Хат жаздым қалам алып Манатжанға,Жүзіне жанның бәрін қаратқанға,Ақ жүзін бір көрсетер күн бар ма деп,Сыртыңнан жалынушы ем Жаратқанға, -деп бастап: Қайтейін лажсыздан кеттік біз деКетсек те басқа да емес, көңіл сізде.Болғанмен ауыл емес, көңіл жақын,Біздерден әлі дс болса күдер үзбе. Ұлғайған жасына қарамай, жастық дәурені басында тұрғандай астам сөйлеген ақынның күйіп-жанған от жалынды, лапылдап тұрған сөздерге толы хатын алған Манат өзін ұлғайған ақынға тең санамайтынын төмендегіше ашық айтады:Жасында анық сұңқар болғаныңыз,Дариядай жігіт күнде толғаныңыз. Сыпырып жас кезінде ілсең-дағы, Тұғырға мәреден өтіп қалғаныңыз. Осылайша Мұсабек пен Манат екі мәрте хат алысады. Мұсабектің үшінші хатына Манаттан жауап келмейді. Айтыстың жалғасы ауылдағы тойда бетпе-бет кездескенде жалғасып, кейін бітеді. Молда Мұсаның өмірі мен шығармашылығын екі ксзеңге бөлсек болады. Мұсаның шығармашылығы Абайдың шығармашылығына сәйкес келеді. Сәйкес келу ссбебі ақын жастайынан арабша хат танып, Кеңес өкіметі орнағанға дейін діни мәтінде өлең, жырлар жазып діндар қаламгср болады. Бұл уақытты шығармашылығының бірінші кезеңіне жатқызуға болады. Ал екінші кезең Кеңес өкіметі орнағаннан немесе большевиктер өктемдігі өршігеннен басталады. Бізге керегі ақын шығармашылығының бірінші кезеңі ғана. Себебі осы кезеңде ол кісінің араб әдебиетінен сусындағанын байқаймыз, әрі үңіле оқысақ, ақын шығармаларынан өз заманының діндар адам түсінігінің, дін мектебінің талай-талай пайдалы таңбаларын табамыз.Қорыта айтқанда, екі заманның куәсі болған қарымды сөз зергерінің шығармашылығы халықтық әдебиетіміздің асыл қорынан өз орнын тауып, алдағы уақытта да ел игілігіне жарайды деген сенімдеміз ## Дереккөздер
Молла Мұса Сайрами, Молла Мұса бен Молла Айса Қожа Сайрами (1838–1916/17) – ұйғыр тарихшысы. Оңтүстік Қазақстан өңірінде туып-өсіп, кейін Шығыс Түркістанға көшкен. Сайрам маңындағы медреседе білім алған. Мұнда ол жергілікті қожалармен жақындасып, олардың арасындағы байланыс күшейеді. 1864 жылы Шығыс Түркістанда Цинь үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс басталғанда, ол қожаларды қолдады. 1868 жылы Якупбек (Жақыпбек) тағайындаған Ақсу әкімі зекетші Мырза Бабабектің қарамағына хатшы етіп жіберіледі. Мұнда М.М.С. Цинь өкімет билігі қайта орнағанға дейін (1878 жылдың басы) 11 жыл қызмет істеді. Өмірінің қалған бөлігі осы Ақсуда өтті. М.М.С. “Тарих-и-әмниа” (“Тыныштық пен қауіпсіздік тарихы”) атты шығармасы арқылы ғылымға белгілі болды. Бұл еңбегін 1903 жылы аяқтап, 1905 жылы Н.Н. Пантусов оны Қазан қ-нда бастырып шығарды. “Тарих-и-әмниа” – мәліметтерінің молдығы, дәйектілігі жағынан 19 ғасырдағы (әсіресе 1860 – 70 жылы) Шығыс Түркістан тарихы жайлы құнды шығарма. Мұнда өлке қалалары, мазарлары, осы аймақтың Нұх пайғамбардан бастап 19-ғасырға дейінгі тарихы баяндалады. Қазақ-қалмақ қатынастарының тарихынан деректер келтіріледі. М.М.С. келтірген өбайдолла хан жарлығының мәтіні 16 ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қалалардың тарихын тануға көмектеседі. Діни сарынына қарамастан М.М.С. еңбегі тарихи оқиғаларды нақты деректерге сүйеніп түсіндірген. ## Әдебиеттер * Тихонов Д.И., Уйгурские исторические рукописи конца XІX и начала XX века, Уч. зап. Ин-та востоковедения, т. 9, М.-Л., 1954; * Материалы по истории казахских ханств XVІ – XVІІІ веков, А.-А., 1969. ## Сілтемелер
Молла Нийаз Мұхаммед Қоқанди, Молла Нийаз Мұхаммед бен Молла Ашур Мухаммед Хоқанди (шамамен 1802/03 - 1878 жылдан кейін) – тарихшы. Тахаллус Нийази деген лақап атпен белгілі болған. Қоқан ханның әскері құрамында қызмет етіп, әр түрлі жорықтарға қатысқан. Тарихи еңбегі – “Тауарих-и Шахрухийа” парсы тілінде жазылған. Еңбекте Қоқан хандығының 1871 – 72 жылдарға дейінгі тарихына шолу жасай отырып, басқа да халықтар (қазақ, қырғыз, қарақалпақ) жөнінде мағлұматтар берілген. Оның ішінде Ресейдің Орта Азияны жаулап алуы, Ташкент билеушісі Жүніс қожаның Сырдария, Жетісу бойындағы билігі, қазақтардың ауыр жағдайы, Қоқан хандарының қазақтарға шабуылы және билік жүргізуі, өзынағаш түбіндегі орыс-қоқан соғысы (1861 жылы 21 қазан) жайлы көптеген мәліметтер бар. 1885 жылы парсы тіліндегі мәтінді Н.Н. Пантусов аударып, Қазанда бастырып шығарды. Қолжазбалары Санкт-Петербург, Қазан, Ташкент, Душанбе қалаларының архивтерінде сақтаулы. ## Әдебиеттер * Бартольд В.В., Соч. т. 2, ч. 2, М., 1964; * Материалы по истории киргизов и Киргизии, В. 1, М., 1973; * Тулебаева Ж.М., Казахстан и Бухарское ханство в XVІІ первой половине XІX вв., А., 2001. ## Дереккөздер
Тұманбай Молдағалиев (20 наурыз 1935, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" кеңшары - 10 қазан 2011, Алматы) — қазақтың біртуар ақыны. ## Қызмет жолы Шапырашты руынан шыққан. * 1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. * 1970-1973 жылдары "Пионер" журналында жұмыс іетеді. * 1970-1973 жылдары "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды. * 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар жөне жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманағының бас редакторы. ## Шығармашылығы * Тұңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды. * Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді. Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. * "Кәмила" (1960) * "Көктем таңы" (1961) * "Алатау қызы" (1963) * "Ферюза туралы жыр" (1964) * "Зулайды күндер" (1965) * "Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты. * 1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968). * "Ескерткіш" (1969) * "Шақырады жаз мені" (1970) * "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. * "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971) * "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді. * Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я — сын Семиречья" (1962) * "Первая встреча" (1968) * "Новая тетрадь" (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты. ## Музыка Тұманбай Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы. * "Құстар қайтып барады", "Құстар әні" (музыкасы Н.Тілендиевтікі) * "Куә бол" (музыкасы Н. Тілендиевтікі) * "Бақыт құшағында" * "Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі) * "Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі) * "Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әндерге жазылған өлеңдері халық арасында кең тараған. ## Аудармалары Ол Байрон, М. Ю. Лермонтов, Т.Г.Шевченко, О. Туманян, С. Капутикян, К. Ғұлам, X. Ғұлям, Р. Гамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. ## Абай поэзиясы Молдағалиевтің Абай поэзиясының идеялық - көркемдік мазмұнын, сезім шынайылығын, тіл шұрайын сөз ететін «Ұрпаққа тілек» («Қазақстан пионері», 1971, 21 мамыр) атты мақаласы жарияланды. Абай рухына арнап «Қайда барсам алдымнан» («Семей таңы», 1983, 13 шілде), «Абай ағам бастаған» (Жалын, 1985, N95) және «Абай аға аулында» (топтама, Тынық мұхит дәптері, А., 1985) т. б. өлеңдер жазды. ## Марапаттары * «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекттік сыйлығы * Халықаралық Физули сыйлығының лауреаты.\ ## Отбасы * Өмірлік серігі, жары - Қасымова Күлтай. * Ұлы - Дәурен (1966 жылы туған); қыздары - Зәуреш (1959 жылы туған), Жазира (1962 жылы туған), Жанна (1964 жылы туған). ## Дереккөздер
Төлеген Момбеков (1918, Созақ ауданы, Сызған ауылы - 1997) — күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Орта жүз алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Саңғыл руынан. ## Шығармалары 1943 жылдан мәдениет саласында қызмет еткен. Алғашқы ұстазы — өз атасы Бапыш Қожамжарұлы. "Қаратау", "Қара жорға", "Ыңғай төкпе", т.б. күйлерін атасынан үйренеді. Кейін күйші Сүгір Әліұлынан тәлім алады. Момбеков тартатын күйлердің дені Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне кең тараған шертпе күйлер. Ол Сүгірден үйренген "Телқоңыр", "Боз інгеннің бүлкілі", "Бес жорға", "Шалқыма", "Жолаушының жолды коңыры" секілді күйлерін орындады. Оның "Қосбасар", "Мешін", "Салтанат", "Қат-қабат", "Мың жылқы", "Ел жаңа", "Асу", "Анама", "Қоштасу", "Қаратаудың шертпесі" т.б. күйлері грампластинкаға түсірілді. Момбеков туындылары фольклорлық-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің репертуарында орындалды. ## Өмірі 1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы - аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам. Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Төлеген Момбеков есімінің халқымызға кең тарап, төл күйлерінің халықтық рухани кәдеге айналуына көптеген ақын-жазушылар атсалысқан. Бұл орайда Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Рахманқұл Бердібаев, Ақселеу Сейдімбековтердің еңбегі ерекше болды. 1965 жылы Асқар Тоқмағамбетовтің алпыс жылдық мерейтойына байланысты Сыр бойына сапар шеккен Сәбең жолшыбай Созақта да болады. Сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Төлепберген Назарбеков Сәбеңнің құрметіне Созақ ауданының әр жеріндегі күйшілерді тегіс жинатады. Олардың ішінде Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев болады. Сәбең оларға бірнеше күйден тартқызады. Осылардың ішінен Төлеген шерткен шертпе күйге қатты қызығып: «Мұндай дарынды республика көлеміне таныту қажет» деп шешеді. Сөйтіп, Төлеген күйлерін магнитофон таспасына жазып алып, Алматыға ала келеді. Көп ұзамай Созақ ауданының басшылығына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Төлеген Момбековті іссапарға жіберу туралы Алматыдан арнайы хат келеді. Ол кезде Төлеген ауылда Құлжабай Төлеуов, Көпбай Омаров сияқты ақындармен бірге жүріп, автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алматыға келген сол сапарында Төкең грампластинкаға атасы Бапыштың, Сүгірдің және өз шығармаларынан бас-аяғы он екі күй жаздыртады және теледидарда бірер күй орындайды. Сол кезде теледидар қарап отырған Нұрғиса Тілендиев: «Мына қақпас қайдан шықты?!» деп, атып тұрған екен дейді. «Талантты талант қана таниды» деген сол. Нұрғиса Төлегеннің шертісіне сол бойы құлап түсіп, Алматыға келген сайын өзі қарсы алып, қонақүйге орналастырып, оң жағынан орын берген. Төлегеннің 1969 жылы Алматыға келген сол алғашқы сапарында-ақ «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Төлегеннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мақалалар жарияланады. Әдебиет және өнер институтының қорына Төлеген білетін күйлер толық жазылып алынады. Бас-аяғы бір аптаның ішінде кешегі ауыл домбырашысы республика көлемінде танымал болады.Төлеген турасында белгілі күйшілер әрі өнер зерттеушілері: Уәли Бекенов, Жарқын Шәкәрім, Біләл Ысқақовтар қалам тербеген. Төлегеннің ұстазы, Қаратау күй мектебінің ұшар басында тұрған Сүгір Әлиұлы 1961 жылы қайтыс болған. Өкініштісі, Сүгірдің өзінің орындауында бірде-бір күйі таспаға жазылып алынбаған. Көзі тірі кезінде күйлері нотаға да түспеген. Жазушы Мұхтар Әуезов, Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов іздеп барып, Алматыға шақырғанмен, реті келмеген. Ол кез - кеңестік «уралаудың» асқынып тұрған шағы, шертпе күйдің шетқақпай көрген заманы. Күйдің де, күйшінің де қадірі қашқан кез. Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма», «Бесжорға», «Кертолғау» күйлері Төлегеннің орындауының арқасында халыққа жетті. Сүгірдің тартысы құлағында қалған көне көз қарттардың айтуынша, Сүгірдің «Бозінген» күйі бізге тура өз нұсқасында жетпеген. Төлегеннің де «Бозінгеннің бүлкілі» деген күйі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл екеуі екі бөлек күй. Төлеген әуелгі нұсқаны өзінше жетілтіп, басқаша құлпыртып, дамытып әкеткен. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп-жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен Төлегендікі» деп атау керек. Сүгірді көзі көрген және сол ауылдың тумасы, марқұм профессор Керімбек Сыздықов былай деп жазып кетіпті: «…Төлеген Алматыда көпшілік алдында, радио, теледидардан күй тартқанда Сүгір ақсақалды ұстазы ретінде үнемі құрметпен атап, сол кісінің күйлерін тартудан бастайтын. Алғашқы жолы «Қосбасарды» Тәттімбеттікі, «Бозінгеннің бүлкілін» Сүгірдікі деп жаздырғанының басы-қасында жүріп, солай деп жаздыруға себепші де болғанмын. Өйткені сол кездегі біздің ұғымымызда «Қосбасар» деген күйдің қанша түрі болса да ол тек Тәттімбеттің атына тән саналатын. Ал «Бозінген» күйі Ықылас пен Сүгірдің атына байланысты аталатын. Оған Төлеген де пәлен деп қарсылық танытпай, «кімнің қалай тартқанын қайдам, мен өзім оңқайтыма келген күйлерді тартқанда қиялданып, өзімше тартып кетем» деген әңгімені жиі айтатын…». ## Күйлер тарихы Салтанат күйінің шығу тарихы: 1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: “Апама айтам” деп зар еңіреп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші сондай бір ауыр күй кешіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: “Қайтемін, жаным-ау” деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын қызына жұбату ретінде “Салтанат” деп қояды. ## Дереккөздер
Монша – адам жуынуы үшін арнайы жабдықталған орын. Монша ғимараттары ежелгі Грекияда, Римде, Мысырда, Үндістанда салынған. Мұндай моншалар жуынып, денені тазарту орны ғана емес, сонымен қатар демалу, кездесу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын орын болған. Осы әдет орта ғасырларда түркі елдерінде де орын алған. Әсіресе белгілі температурамен жылытылған мәрмәр тасына жатып қыздырыну – шығыс елдерінде ежелден жиі қолданылады. Қазақ жерінде монша XI ғасырдан белгілі. Моншаның адамға ең негізгі әсер ететін факторы – ыстық бу. Жоғары температура әсерінен адамның қан тамырлары кеңейеді, ішкі органдар, тері, бұлшық ет, буындар қанмен қамтамасыз етіледі, жүректің жиырылу саны жиілейді, зат алмасу процесінің қарқындылығы, организмнің оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын шығаруы артады. Өте көп мөлшерде тер бөлінеді. Тер шығаратын және май бездерінің жұмысының жақсаруы теріні тазартып қана қоймай, зат алмасу процесі өнімдерінің организмнен тез шығарылуына мүмкіндік жасайды. Монша процедуралары әсерінен жүрек және өкпе қызметінің жақсаруы жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелеріне жаттықтыр-ғыш әсер береді. Бу моншасы (орыс моншасы), финдік құрғақ ыстық ауа (сауна) моншасы және шығыс моншасы деген түрлері кеңірек тараған. Бұлар бір-бірінен бу бөлмесінің темп-расымен және ылғалдылығымен ажыратылады. Орыс моншасын 55–60 ӘС-қа кейде 70 ӘС-қа дейін ысытса (ылғалдылығы 80–90%), ал саунада температура 70–90 ӘС (ылғалдылығы 5 – 15%) болады. Көптеген емдік әсері болғанымен монша барлық адамға бірдей пайдалы емес. Жүрек ауруы, гипертония, атеросклероз, аневризма, көз бен құлақтың жедел аурулары бар адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге, жас балаларға ыстық моншада қатты қыздырынуға болмайды. ## Дереккөздер
Монтақаев Қалдыбай Жұмағалиұлы (15.1.1950, РФ, Алтай Республикасы, Құлынды ауданы Қаракөл ауылы — 17.10.2008) – сәулетші. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1980), КСРО Халық сәулетшісі (1991). ҚазПИ-ді бітірген (1972). 1972 – 81 жылы Алматы Жобалау интернатында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, шеберхана бастығы болды. 1982 жылдан осы интернаттың бас сәулетшісі қызметін атқарды. Монтақаев 1996 – 2000 жылы Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті, 1999 жылдан Шығыс елдері Сәулет Академиясының вице-президенті, оның Қазақстандағы бөлімшесінің төрағасы, 2000 жылдан “Алматыгипрогор” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Алматыдағы 12 қабатты экспериментті тұрғын үйдің (1976), Қазақстан КП ОК ғимаратының (1980), қазіргі Алматыдағы Президент сарайының (1985), Республика алаңы кешенінің, “Айнабұлақ”, “Ақсай”, “Орбита” ықшам аудандарындағы бірқатар кешенді құрылыстардың, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы Қазақстан мәдени орталығының (1986) жобасының авторлар тобын басқарған. Кейінгі жылдары Астана қаласындағы Президент резиденциясы, Үкімет және Парламент үйі, бірқатар министер, Конгресхолл, Астана аэропорты мен аэровокзалы, орталық әмбебап дүкені және Астанадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш жобаларын жасады. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), Афина қаласында өткен Акрополь мұражайына арналған халықаралық байқаудың дипломанты, дүниежүзілік Бьеннале фестивалінің лауреаты (1989, 1990). Қазақстанның 2000 жылғы “Жыл сәулетшісі” атағын алған. “Құрмет” орденімен марапатталған (1997). ## Дереккөздер ## Толықтыру
Мори Қазақ автономиялық ауданы (ұйғ. مورى قازاق ئاپتونوم ناھىيىسى / Mori Qazaq Aptonom nahiyisi; қыт. 木垒哈萨克自治, пин-йин: Mùlěi Hāsàkè Zìzhìxiàn) — Қытай Халық республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 1955 жылы құрылған. Орталығы – Мори (Мулэй) қаласы жер аумағы 13515 км2. Қазақтардың саны – 19846 адам (1995). Мори Қазақ автономиялық ауданы шығысында Баркөл Қазақ автономиясы және Хами у-мен, оңтүстігінде Пичань (Шаньшань), батысында Цитай, солтігінде Цзинхэ уездерімен және солтүстік-шығысында Моңғолиямен шектеседі. Жер бедері күрделі, айналасы таумен, ал солтүстік-батысы жазық даламен шектескен. Климаты қатал, континенттік, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 – 200 мм. Аудан табиғи ресурстарға бай: мыс, хром, інжу, көмір, тұз, т.б. Тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Қытай деректері бойынша Хань дәуірінде бұл жерде шағын Пулэй патшалығы болған. Тан дәуірінде “Пулэй” деп аталып, Бэйтин әкімшілігіне бағынған. 13 ғасырда Мори жері моңғол тайпаларының жайылымына айналды. 1732 жылы Мори қаласының негізі қаланды. Мори 1754 жылы Цитай уезінің құрамына кіріп, 1930 жылы ресми түрде дербес Мори уезі болып құрылды. 1913 – 14 жылы осы жерге қазақтардың жаппай қоныстануы басталды. 1954 жылы 14 шілдеде Мори Қазақ автономиялық округі деген атауға ие болды. 1955 жылы Үрімшжі округінің, 1958 жылы Санжы-Дүңген автономиялық облысының құрамына енді. 1995 жылғы санақ бойынша ауданда 87706 адам тұрады. Этностық құрамы: ханьдықтар – 61534 адам (70,16%), қазақтар – 19846 адам (22,63%), ұйғырлар – 4213 (4,7%), өзбектер – 1196 (1,36%), т.б. Бұл жердегі қазақтар дінін, ұлттық салт-дәстүрін сақтап қалған. ## Дереккөздер
Мошкевич Виктор Сергеевич (8.10.1928 ж.т., Украина, Харьков) – аллерголог-дәрігер, медицина ғылымының докторы, (1975), профессор (1977). Харьков медицина институтын (1952) және Харьков Шет тілдер институтын (1950) бітірген. 1953 жылдан Қазақстанда, Алматы облыстық ауруханасында, қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығында ҚазөМУ-де, Ядролық қару салдарынан зардап шеккендерге арналған Медициналық-сауықтыру орталығында дәрігерлік, ғылыми және педагогикалық, басшылық қызметтер атқарды. Қазір Алматы қалалық аллергия орталық жетекшісі. Негізгі ғылыми еңбектері аллергология және иммунология мәселелеріне арналған. Ол капиллярлық-перифериялық (шеткі) қан айналысы бұзылуының диагностикасын анықтайтын жаңа әдіс – фотоплетизмографияны ойлап тауып, өндіріске енгізді. Соның нәтижесінде тыныс жолының аллергиялық ауруларын анықтайтын жаңа аспап – фотоплетизмографты жасап, оны клиникалық және ғарыштық медицинаға (Байқоңыр қаласында, 1980) енгізді. Тыныс алу жолдарының аллергиялық ауруларын арнайы шектелген (локалды) аллергендермен иммунды терапия арқылы емдеудің әдісін ұсынды (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1980). 1995 жылдан осы әдіспен емдеу Қазақстанның барлық аллергиялық кабинеттеріне енгізілді. Аллергияға қарсы қолданылатын жаңа препарат – иммунды глобулинді жасап, оны апробациядан өткізіп, өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1990). Поллиноз ауруын емдейтін жаңа препарат – антиполлин жасап, өндіріске енгізді. Ол жаңалықтары мен өнертабыстары үшін 10 патент алған. Шығармалары: Фотоплетизмография, Мочевина, 1980; Клиническая иммунология и аллергия, А., 1992; Поллиноз, А., 2004. ## Дереккөздер * Фотоплетизмография, Мочевина, 1980 * Клиническая иммунология и аллергия, А., 1992 ## Cілтемелер * Поллиноз, А., 2004 * Эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы * Фотоплетизмография
Мұқан қаған (Муюй Кигин) – Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның кіші баласы. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа ағасы Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Мұқан хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Мұқан хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті. Мұқан хан кезінде Түрік қағандығы барынша дамыды. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы * Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1967 * Қазақстан тарихы, 1-т., А., 1996 ## Тағы қараңыз
Мөңке хан (1208 – 1259 жылдары) – Моңғол империясының төртінші ханы (1251 – 59 жылдары). Шыңғыс ханның үлкен әйелі Бөртеден туған кенжесі Төленің үлкен ұлы. 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болғаннан кейін Шыңғыс хан империясында билік дағдарысы басталды. Ұлы хан тағына неғұрлым лайықтылар Жошының ұлы Бату хан мен Мөңке болатын. Соған қарамастан сарай төңірегіндегілердің ұйғарымымен 1246 жылы Құрылтайда Үгедейдің үлкен ұлы Күйік ұлы хан болып жарияланды. Бірақ оны Жошы мен Төле ұрпақтары мойындамады. 1248 жылы Күйік хан кенеттен қайтыс болып, дағдарыс қайтадан күшейді. Шыңғыс хан мен Бөртеден туған 4 ұлдың ұрпақтары екіге бөлініп, билікке таласты. Ақырында Бату ханның тікелей қолдауымен 1251 жылы Мөңке ұлы хан болып жарияланып, Шыңғыс хан империясының соңғы билеушісі болды. Ол Батумен бірлесіп империяны әрі қарай күшейтті. Империяның батысында Бату хан бастаған Жошы ұрпақтары (Берке, Орда Ежен, т.б.), шығысында Мөңке бастаған Төле ұрпақтары (Құбылай, Құлағу, т.б.) билік құрды. Үгедей мен Шағатайдың ұрпақтары биліктен ығыстырылып, қудалауға ұшырады. Сыртқы саясатта жаулап алушылық жорықтар әрі қарай жалғастырылды. Мөңкенің інісі Құлағу бастаған әскер 1256 – 58 жылдары (Аббас әулеті билеген) Иран мен Иракты басып алып, Бағдат халифтығын жойып жіберді. Мөңке мен інісі Құбылай Қытайды жаулап алу жорығын жалғастырды. Батыста Бату хан, кейіннен оның орнын басқан інісі Берке хан Жошы ұлысын дербес басқарды. Басқа ұлыс билеушілері де (Құбылай, Хулағу, т.б.) дербестікке ұмтылды. Соған қарамастан Мөңке ішкі саясатта орталық билікті күшейтуге тырысты, сауда мен экономиканың жедел дамуына мүдделі болды. Мөңке Қытайға қарсы жорық кезінде қайтыс болды. Мөңке қайтыс болғаннан кейін өкімет билігі үшін тартыс қайтадан күшейіп, ол Шыңғыс хан империясының 4-ке бөлінуімен аяқталды. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы * Гумилев Л.Н., Древняя Русь и Великая степь, Мөңке, 1989 * Тюрки в Монгольской империи Чингисхана и его преемников ХІІ – ХІV вв., А.-А., 1989 * Хара-Даван Э., Чингисхан как полководец и его наследие, А.-А., 1992 * Рубрук Г., Карпини П., Путешествие по восточным странам, А., 1993
Муканна көтерілісі – араб үстемдігіне қарсы бағытталған 776 – 83 жылдардағы Орта Азиядағы халық көтерілісі. Көтеріліс «ақ киімді адамдардың» қозғалысы деген атпен белгілі болды. Муканна көтерілісін басқарған Муканна (араб. «жамылғымен жабылған») Мерв өңіріндегі қоныстардың бірінде дүниеге келген қолөнерші Хашим ибн Хаким (туған жылы белгісіз – 783) болды. Ол «Жалғыз көзді Хашим» деген атпен де белгілі еді. Муканна жастайынан білім алып, араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген. Жас шағында мата бояу кәсібімен шұғылданған. Негізін маздакизм (әлеуметтік теңсіздікті жоюды жақтаған діни-философиялық ағым) идеялары құраған ілімді насихаттап, Араб халифатының үстемдігіне қарсы белсенді түрде күресуге шақырды. 759 ж. Бағдат халифіне қарсы қозғалысқа қатысқаны үшін абақтыға жабылып, одан бірнеше жылдан соң қашып шығады. 769 ж. Мервке қайтып келіп, өмірінің соңына дейін халифатқа қарсы халық қозғалысын басқарды. Муканна көтерілісінің негізгі қозғаушы күші шаруалар, негізгі орталықтары Кеш (Шахрисабз), Самарқанд, Наршах қалалары мен Санам таулы бекінісі болды. Муканна көтерілісін басу үшін халиф Абу Жағфар Әзірбайжаннан Жабраил ибн Яхия бастаған әскерді шақыртты. Оларға ибн Салим бастаған 10 мың әскер көмекке жіберілді. Наршах қаласын көтерілісшілер 4 ай бойы қорғады. Арабтар қамалдардың астын 50 жерден қазып құлатып, қалаға басып кірді. 777 ж. жазалаушыларға қосымша әскери күш жіберілді. Арабтар 2 жылдық қоршаудан соң Самарқандты да бағындырып, Муканнаға қарсы аттанды. 4 жыл бойы қарсыласып, әбден әлсіреген көтерілісшілер арабтарға берілуге мәжбүр болды. Қолға түскісі келмеген Муканна өзін жанып тұрған алауға тастап, мерт болды. Муканна көтерілісі жеңілгенімен, араб үстемдігіне үлкен соққы берді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясы * Якубовский А. Ю., Восстание Муканны — движение людей в «белых одеждах». Советское востоковедение, 1948, ғ. 5 * Кадырова Т. К., Из истории крестьянских восстании в Мавераннахре и Хорасане в VІІІ — начале ІX вв., Таш., 1965 * История стран Азии и Африки в средние века, М., 1968
Мукими (туған, өлген жылдары белгісіз) – тарихшы. “Зафарнама-и Мукими” деп аталатын тарихи шығарманың авторы. Мукими – лақап аты, шын аты-жөні мен өмірбаяны белгісіз. Еңбегі Шайбани әулетінен шыққан Абдолла ханның Самарқандты алғанынан бастап (1578), 1588 жылғы Ташкенттегі көтерілісті басқанға дейінгі он жыл патшалық құрған кезеңнің тарихына арналған. Шығарманың кіріспе бөлімі өлеңмен, негізгі бөлімі өлең аралас қара сөзбен жазылған. Қолжазба Душанбеде сақтаулы. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Му’ин әд-Дин Натанзи (туған, өлген жылдары белгісіз) – 15 ғ-да парсы тілінде жазған тарихшы, Әмір Темір ұрпақтарының біріне арналған “Ескендір анонимі” (“Мунтахиб ат-тауарих-и Му’ини”) атты тарихи шығарманың авторы. Аты-жөніне қарағанда Исфахан уәлаятының Натанзи қыстағында (Иран) туған болса керек. Му’ин әд-Дин Натанзи жайлы мәлімет жоқтың қасы, сондықтан көп уақытқа дейін оның еңбегі авторы белгісіз шығарма саналып келді. Дәулет шаһ (Даулатшаһ) Самарқанди парсы әдебиетінің тарихы жөніндегі еңбегінде (1487) осы аталған шығарманың авторын анық көрсетіп жазған. Ол 1409 – 14 ж. Әмір Темір ұрпақтары билеген Иран мемлекетіндегі ғұламаларды атай келіп, “Мунтахиб ат-тауарих-и Му’инидің” авторы сол кездегі үздік ғалым екенін және сарай шежірешісі болғанын айтады. Му’ин әд-Дин Натанзи өз шығармасын 1413 – 14 ж. жазып бітірген. Бұл шығарма жайлы тұңғыш жазған В.В. Бартольд әуелде оның авторы Мусеви деп есептеген. Кейін ол Мусевидің еңбегі “Тарих-и Хайрат” деп аталатынын анықтап, Ескендірге арналған шығарманы “Ескендір (Искандер) анонимі” деп атауды ұсынды. 1927 ж. Бартольд автордың аты-жөнін (“Ескендір анонимінің анықтамасы” деген мақаласында), ал 1929 ж. шығарманың екі нұсқасы бар екенін (“Тағы да Ескендір анонимі хақында” атты мақаласында) анықтады. Му’ин әд-Дин Натанзи шығармасының 1-нұсқасының екі көшірмесі Ресей ҰҒА Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімшесінде, Британ мұражайында және 2-нұсқасының бір көшірмесі Париждегі ұлттық кітапханада сақтаулы. Екінші нұсқасының үзінділерін Ж.Обен 1957 ж. Тегеран қаласында бастырып шығарды. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы * Бартольд В.В., Определение “Анонима Искендера”, Соч., т. 8, М., 1973 * соныкі, Еще об “анониме Искендера”, т. 8, М., 1973
Мусин Қапан Әубәкірұлы (1 қаңтар 1921, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Асуба ауылы – 21 сәуір 1970, Алматы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1968). ## Өмірбаяны Мусиннің анасы – халық ақыны Халима Өтеғалиева баласын жастайынан өнерге баулыған. 1934 ж. Алматы музыкалық училищесін (И.Лесманның скрипка класы бойынша) бітірген. 1939 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ студиясына қабылданды. 1940 ж. осы консерваторияның композиторлық бөліміне ауысты. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1943 – 1953 ж. Қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне дирижерлік етті. 1954 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факултетін (профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция класы) бітірді. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік консерваториясында (композиция кафедрасында, 1961 – 1970 ж. фольклор кабинетінің меңгерушісі) ұстаздық қызмет атқарды. ## Шығармашылығы Мусин қазақ композиторларының арасында алғашқылардың бірі болып симфониялық шығарма жазды. Композитор шығармашылығының дені симфониялық шығармалар, тақырыбының негізгі арқауы – Отан, еңбек адамдары. “Жайлауда” (1948), “Халықтар бақыты” (1953), “Колхоз тойы” (1953), “Мерекелік” (1965) симфониялық поэмалары, 3 симфониясы (І – “Гүлденген Қазақстан” – 1961, ІІ – 1963, ІІІ – 1970); “Тың туралы кантата”, “Сейфуллин туралы поэма-баллада” атты музыкалық хореграфикалық композиция, ұлт аспаптар оркестріне арналған поэмасы, шекті аспаптарға арналған 2 квартет, скрипка мен фортепьяно үшін И.В. Панфиловқа арналып жазылған сонатасы, т.б. камералық, драмалық қойылымдарға жазған музыкалары қазақ музыкасының озық үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, Мусиннің камералық, вокалдық-хор, ән-романс жанрларында жазылған шығармалары ел ішіне, кәсіби музыканттар арасына кеңінен тарады. Оның “Әнші сыры”, “Егіншілер әні”, “Достар әні” атты туындыларын әнші Ж.Елебеков орындады. Сазгердің әр кездері шырқалып жүрген “Сайра, бұлбұл”, “Почтальон”, “Қыз әзілі”, “Жас түлек”, “Жеңеше”, “Сүйікті жарым”, “Қымбат дәурен”, “Бақытысың сен кімнің”, “Аналардың қолдары” сияқты ән мұралары бар. Олардың қатарына аяқталмай қалған “Таң шолпаны” (1967, клавир), “Жаяу Мұса” (1970, бір актісі біткен) операларын қосуға болады. Абай өлеңіне хорға арнап «Күз» деген ән шығарған. ## Дереккөздер
Мусин Әлихан Шөжебайұлы (25.11.1908, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Екінші ауылы. – 30.12.1963, Алматы) – кенші ғалым, техникалық ғылымдар докторы (1957), профессор (1959), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан. Мәскеу Түсті металдармен алтын институтын бітірген (1937). 1937 – 49 жылдарда Қоңырат кенішінде, Успен кен басқармасында, Лениногор кен басқармасында, Березев кенішінде, Қазақстан ҰҒА-нда инженерлік басшылық қызметтер атқарған. 1949 жылдан өмірінің соңына дейін Тау-кен ісі институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері жер астынан кен қазып алу кезінде пайда болатын жер қыртысы қабаттарының қысымы мен оның пайда болу заңдылықтарына арналды. Мусин жайпақ орналасқан кен шоғырдың қалың жерін діңгекті-камералап қазу жүйесінің ортасынан ор жүргізіп қазуды ұсынған. Осы ұсынысы Жезқазған кеніштерінде тәжірибелік-өндірістік сынақтан өтті және кен массасын тиеу жұмыстарын толығымен механикаландыруға, камераның өнімділігін 3 есе арттыруға мүмкіндік берді. Ол камералардың төбесі мен тіреуіш кентіректердің тұрақтылығын зерттеуге қажетті жаңа микросейсмикалық аспапты (ПМС-3) жасауға тікелей қатысты. 60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның және 2 өнертабыстың авторы. Лениногор полиметалл комбинатының кеніштерінде қалың қабатты кендерді қолдан қауырт құлату әдісін енгізгені үшін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды (1961). “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған. ## Шығармалары * Разработка пологопадающих рудных месторождений системой с открытым очистным пространством применительно к условиям Джезказгана, А.-А., 1959; * Разработка месторождений полезных ископаемых Казахстана, т. 1, М., 1963. ## Дереккөздер ## Cілтемелер * Успен кен басқармасы * Тау-кен ісі институты * “Құрмет Белгісі” ордені
Музыкатану — музыка туралы ғылым, өнертанудың бір саласы. Музыкатанудың салаларына музыка теориясы (теориялық музыкатану), музыка тарихы, музыкалық этнография, музыкалық аспапты зерттеу ғылымы, музыкалық акустика, музыкалық психология және музыка сыны жатады. 20 ғасырдың 60 – 70 ж. музыканың қоғамдағы түрлерін зерттейтін ерекше пән ретінде музыкалық социология бөлінді. Теориялық музыкатану музыканың бейнелеу тәсілдерін, даму процесінде қалыптасқан негізгі заңдылықтарын, композициялық әдістерін зерттесе, музыкалық гармония, полифония, әуен, ырғақ, өлшем, аспаптану, форма сияқты, т.б. пәндер музыканың жеке элементтерін зерттейді. Тарихи музыкатанудың мақсаты – музыка өнерінің даму кезеңдерін музыканың түрлі салаларымен, қоғам өмірінің өзгерістерімен байланыстыра отырып зерттеу. Музыка тарихы музыкалық шығармашылықтың құбылыстарын зертеуде музыкалық-теориялық талдаудың нәтижелеріне сүйенеді. Сонымен қатар зерттелетін құбылыстың тарихи шарттылығын ескермейінше теориялық музыкатану қорытындылары толық және ғылыми дәлелді болмайды. Музыка тарихы музыканың жалпы тарихымен қатар жеке ұлттардың музыка тарихын, музыкадағы жанр мен форма (мысалы, опера, симфония, соната), орындаушылық өнер түрлерін (пианизм, скрипкалық өнер), музыкатанудың жеке салаларының (мысалы, гармония жайындағы ілімнің тарихы) тарихын қамтиды. Музыкатанудың маңызды салаларының бірі – ‘‘музыка сыны’’. Ол қазіргі замандағы музыка өнерімен қатар өткен заман музыкасындағы құбылыстарды да талдап, бағалайды. Музыкаға ғылыми тұрғыдан қараудың алғашқы көріністері Қытай, Үндістан, Грекия, т.б. елдерде пайда болды. Гректің көрнекті музыка теоретигі Аристоксеннің (Аристотельдің шәкірті, б.з.б. 4 ғ.) музыка құбылысын қарастырған еңбектері бар. Римнің философ-ғалымы Боэцийдің “Музыка жайында” (6 ғ.) атты трактаты орта ғасырдағы музыка теориясының дамуына әсер етті. ## Музыкатануға мол үлес қосқандар Орта Азия ғалымдары (Әбу Наср әл-Фараби, 10 ғ.; Ибн Сина, 10 – 11 ғ-лар), араб, парсы, Византия теоретиктері. Қайта өркендеу дәуірінде полифония ережелері жүйеге келтіріліп, мажорлы-минорлы ладтар жүйесінің және гармония жөніндегі ілімнің негізі қаланды. 18 ғ-да Дж. Б. Мартинидің (Италия, 1781), Дж. Хокинс пен Ч. Бернидің (Ұлыбритания, 1776 – 89) музыка тарихына арналған ғылыми еңбектері жарық көрді. 19 ғасырда Г. Берлиоз, Р. Шуман, Р. Вагнер, Ф. Лист музыкалық эстетика және музыка сыны туралы еңбектерінде музыка теориясының мәселелерімен шұғылданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан ұлттық музыкалық мектептер қалыптасып, өркендей бастады. 20 ғасырдың басында музыкалық фольклористика кең дамыды. ТМД елдерінде А.Д. Кастальский мен Е.В. Гиппиус орыстың, Д.И. Аракашвили грузиннің, В.А. Успенский өзбек пен түрікменнің, А.В. Затаевич, Б. Г. Ерзакович, А. Жұбанов қазақтың музыкалық фольклорын жинап, зерттеді. Музыкатану ғылымы 20 ғ-да өркен жайды. Жалпы көркемөнер және музыкатану ғылымымен Мәскеу қаласындағы Өнер тарихы институты, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Театр, музыка және кинематография институты шұғылданды. музыкатану мақсатында және әр елдің алдыңғы қатарлы музыкант-ғалымдарының өзара шығармашылық бірлестікте болуы үшін Мәскеу қаласында өткен ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық музыкалық бірлестігінің 7-конгресі болды (1971). Осы мақсатта тұңғыш рет Алматы қаласында (1973) Азия елдерінің халықаралық музыкалық симпозиумы, ал 1974 ж. бүкілодақтық фольклорлық комиссияның халық музыкасын зерттеу жөніндегі пленарлық мәжілісі өтті. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институтында қазақ музыка өнерінің тарихы мен даму мәселелері зерттелуде. Қазақ музыкатану ғылымы 20 ғасырдың алғашқы ширегінде қалыптасып, ұлттық мәдениеттің жеке түрі ретінде халық музыка шығармаларын жинап, зерттеу, музыкалық мұраларды кәсіби өнердің жаңа жанрларында шығармашылықпен пайдалану көзделді. Қазақтың музыкалық фольклорының алғашқы басылымдары – А.В. Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әні” мен “Қазақтың 500 ән-күйлері” атты екі кітабы. Кәсіби өнердің ауызша дәстүрін зерттеу саласында академик Жұбанов еңбектерінің ғылыми әрі танымдық маңызы ерекше. Оның “Құрманғазы” (1936, 1968), “ұасырлар пернесі” (1963, 1975), “Замана бұлбұлдары” (1963, 1975) атты кітаптарына 19 ғ. мен 20 ғасырдың 1-жартысындағы бірқатар көрнекті кәсіби халық композиторларының, әншілер мен музыкалық аспапта орындаушылардың өмірі мен шығармашылық туралы очерктер енген. ## Музыкалық фольклорды жинау - қазақ музыкатану ғылымының негізгі міндеттерінің бірі ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институты мен Алматы мемлекеттік консерваториясы өткен XX ғасырдың 20-80-жылдарына дейін 10 мыңға тарта ән мен күй жазып алды. Ерзаковичтің “Қазақ халқының ән мәдениеті” (1966) мен “Қазақ халқының музыкалық мұрасы” (1979) атты кітаптары музыкалық мұра және осы заманғы музыкалық шығармашылық туралы жүйелі зерттеу болып табылады. И.И. Дубовскийдің “Қазақ халық әндерінің ладтық құрылымы туралы мәселе” (1958), П.Аравиннің “Құрманғазының музыкалық стилі туралы мәселе” (1971), А.Байғаскинаның “Қазақ халық әндерінің өлеңдік өлшемінің эволюциясы мен музыкалық формасының даму логикасы” (1973), Ә.Мұхамбетованың “Қазақтың күйшілік өнері” (1974), С.Еламанованың “Арқаның әншілік дәстүрі” (1974), Б.Қарақұловтың “Қазақтың дәстүрлі музыкалық тілінің кейбір құралдары туралы” (1974), А.Темірбекованың “Қазақ кеңес халық әндерінің ладтық-ырғақтық негізі” (1975), Б.Байқадамованың “Домбыра музыкасындағы тематикалық стереотип туралы” (1976), С.Күзембаеваның “Қазақ музыкасындағы үндестіктің қалыптасуы” (1977), Қ.Т. Жүзбасовтың “Таулы Алтай қазақтарының музыкалық фольклоры” (1980), Қ.Ж. Төлеутаевтың “Балқаш маңы қазақтары әндерінің мелодиялық стилі” (1982) еңбектері қазақ халық музыкасының теория саласындағы зерттеулер. Халық аспаптарын зерттеу ісінде Б.Сарыбаев көп еңбек сіңірді. Ол ұзақ жылдар бойы ел аралап, тарихи, әдеби және археологиялық деректерді зерттеп, ұмыт болған 25-ке тарта музыкалық аспаптарды тапты. “Қазақтың музыкалық аспаптары” монографиясында (1980) халық музыка аспаптарына классификация жасады. Қазақ музыкасында жиі қолданылатын түрлі терминдер Б.Ғизатов құрастырған “Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздіктен” (1981) орын алды. Қазақ музыкасының тарихы КСРО Мәдениет мин-нің Өнертану институты шығарған “КСРО халықтары музыка тарихы” (1966 – 85) атты алты томдығына кезең-кезеңімен жеке тараулар болып енді. Ғизатовтың “Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық оркестрі” (3-басылуы, 1984) атты кітабы тұңғыш халық аспаптар оркестрінің құрылуы және қалыптасу тарихымен таныстырады, Күзембаеваның “Әсемдікті жырлайық” (1982) атты кітабында таңдаулы опера және балет спектакльдеріне сипаттама берілді. Қазақ музыкатану зерттеулерінің маңызды мәселелері Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Композиторлар одағы мен Алматы мемлекеттік консерваториясында өткізілетін “Музыкатану оқуларында” тұжырымдалды. Музыкатану саласына республикамыздағы жоғары оқу орындарында қызмет істейтін ғалымдадың да қосып жүрген үлестері елеулі. Т.Қоңыратбайдың "Көне мәдениет жазбалары" (1991) атты ЖОО арналған оқулығында қазақ музыкасының көне дәуірі алғаш рет сөз болса, автордың одан бергі жердегі "Қазақ халқының музыкалық фольклоры мен мәдениеті" (2003), "Ел мұрасы" (2004), "Қазақ музыкасының тарихы" (2011), "Әлем музыкасының тарихы" (2010) атты ҚР БҒМ грифімен жарық көрген оқулықтары да музыкатану саласына қосылған сүбелі үлес болды. ## Дереккөздер * Ахметова М., Жұбанов А., Ерзакович Б., Советтік қазақ музыкасы, А., 1975 * Қоспақов З., Ерзакович Б., Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы, А., 1986 * Қоңыратбай Т., Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры, А., 1994 * Кетегенова Н., Джумакова У., Казахская музыкальная литература, А., 1995
“Му’уииз Әл-Ансаб Фи Шаджарат Салатин Моғол” – тарихи шығарма. Еңбекте Шыңғыс хан мен Әмір Темір әулеттерінің генеалогиялық кестесі көрсетілген. Кесте Әмір Темірдің баласы Шахрухтың тапсыруымен шамамен 1426 ж. құрастырылған. Авторы белгісіз. Кейбір зерттеушілер бұл еңбекті Әмір Темір әулеті заманында өмір сүрген ғалым Хафиз и Абру жазған деген болжам айтады. Шығарманың 1-бөлімі Рашид әд-Диннің “Шуаб и панджаган” атты еңбегінің қысқартылған нұсқасына ұқсас келіп, Шыңғыс хан ұрпақтарына арналған. 2-бөлімінде Шыңғыс ханның 14 ғ-дағы ұрпақтары жөнінде деректер келтіріледі. Еңбекте сондай-ақ Жошы ұлысындағы әкімшілік-саяси бөліктер мен Ақ Орда жері, т.б. туралы тарихи құнды мәліметтер жазылған. Шығарманың қолжазба нұсқасы ғана бар. Қолжазба Стамбұлдағы Топ Капы мұражайында сақталған. Орыс тіліне аударылған үзінділері В.Т. Тизенгаузеннің “Алтын Орда тарихына байланысты материалдар жинағында” жарияланған. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы * Тизенгаузен В.Т., Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды, т. 2, М.–Л., 1941 * Стори Ч., Персидская литература, т. 2, М., 1972
Мусин Шахан Әлімханұлы (27 желтоқсан 1913, қазіргі Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылы. – 26 желтоқсан 1999, Алматы) – актер, Қазақстанның халық артисі (1966). ## Өмірбаяны Найман тайпасының Бура руынан шыққан. 1930 ж. Алматы ауыл шаруашылық институтында оқыды. 1931 – 1932 ж. Семей облысының Бесқарағай ауданы атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарды. Актерлік жолын 1934 ж. Семей облысы қазақ драма театрында (қазіргі Семей қазақ музыкалы драма театры) бастады. Мусин – осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Тұңғыш рөлі – І.Жансүгіровтің “Кек” (“Кек кетті”) пьесасындағы Бидахмет. Семей қазақ драма театрында Арыстан, Есен (М.Әуезов, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Әбіш (Б.Майлин, “Шұға”) бейнелерін жасады. 1954 – 1957 ж. қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарды. 1957 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер болды. ## Шығармашылығы Мусин, негізінен, зиялы қауым өкілдерінің сахналық бейнелерін жасады. Оның ойнаған рөлдері поэзиялық әуен мен романтикалық серпінге толы. Ақан (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Сырым (Әуезов, “Қарагөз”), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев “Абай”), Махамбет (Ғ.Сланов осы аттас пьесасында), Сапар (Т.Ахтанов “Сәуле”), Әпенде (Назым Хикмет, осы аттас пьесасында), Моцарт (А.С. Пушкин, “Шағын трагедиялары”), Телегин (А.П. Чехов, “Сүйікті менің ағатайым”) рөлдері осы бағытта шешім тапты. Ол сомдаған рөлдердің қатарында Алшағыр, Абыз (Әуезов, “Қарақыпшақ Қобыланды” мен “Еңлік – Кебек”), Қасболат (Ахтанов, “Боран”), Шегір (Ш.Хұсайынов, “Қилы-қилы тағдырлар”), Мұрат (Ә.Тәжібаев, “Майра”), Штурман (К.М. Симонов, “Келер кез”), т.б. бар. Ол саяси қуғын-сүргін азабын тарта жүріп (Колымада, 1937 – 1946; Сібірде, 1948 – 1954) көптеген өлеңдер жазды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түсті: Рүстемов (”Бұл Шұғылада болған еді”, 1955), Сапаров (“Біз осында тұрамыз”, 1956), Баймағанбет (“Шоқан Уәлиханов”, 1957), Профессор (“Ұлан”, 1977), Ректор (“Қосымша саудалар”, 1979), Төле би (“Жазушы асығады”, 1980), т.б. рөлдерде ойнады. ## Фильмографиясы * 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - эпизод * 1956 - Мазасыз көктемде - парторг * 1956 - Біз осында тұрамыз - Сапаров * 1957 - Оның уақыты келеді - Баймағанбет * 1959 - Ертістің жабайы жағасында - Мұратов * 1959 - Бір түні - Баукенов * 1960 - Тыныштық - Нұрғали * 1962 - Жол түйісі - эпизод * 1966 - Ән қанатында - эпизод * 1972 - Ас беру - сал * 1975 - Дала гүрсілі - полковник Түнғалиев * 1976 - Жануарлар саябағындағы жаз - Жануарлар саябағының директоры * 1976 - Медальдің үшінші жағы - Оқтаев * 1977 - Ұлан - эпизод * 1978 - Қосымша сұрақтар - эпизод * 1978 - Аманат - Жүніс Шеров * 1979 - Даладағы қуғын - эпизод * 1979 - Шешуші шайқас - эпизод * 1979 - Күміс мүйізді Алатау - эпизод * 1980 - Суыт жортқан жаушылар - Бөгенбай * 1980 - Адам төзбес балалар - эпизод * 1980 - Ебелек - Хайдаров * 1982 - Қош бол, Медеу - эпизод * 1982 - Қызыл ағаш үй - эпизод * 1983 - Жердегі істер - Атаев * 1983 - Кінәсін өтеу - эпизод * 1986 - Асуда - эпизод * 1987 - Айдай сұлу Айсұлу - кеңесші * 1989 - Кек - эпизод * 1989 - Сұлтан Бейбарыс - эпизод * 1992 - "Отызыншысын" - жою! - мұғалім ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы * Львов Н.И., Казахский театр, Очерк истории, М., 1961 * Сахна саңлақтары, A., 1998
Иван Васильевич Мушкетов (1850 жылы 9 қаңтар, Ресей, қазіргі Волгоград облысы Алексеевская станциясы – 1902 жылы 10 қаңтар, Санкт-Петербург) – орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілердің бірі. Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1872). 1874 жылы Түркістан генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алтай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға ат салысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық құрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 ж. Г.Д.Романовскиймен бірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмының шығу тегін, Каспий теңізі. деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттеп, Батыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарды сары топырақты және саздақ балшықты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зеттеді. 1887 ж. Верныйға келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық “Түркістан” деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геологиялық және орографиялық толық сипаттамасы берілді. Мушкетов әр жылдары Оңтүстік Оралда, Кавказда геологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық “Физикалық геология” атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған. ## Шығармалары * Туркестан, т. 1 – 2, СПб., 1886 – 1906; Физическая геология, ч. 1 – 2, СПб., 1888 – 91; * Геологические исследования в Киргизской степи в 1814, Тр. Геол. ком., т. XІV, ғ5, 1896.
Мұғалжар Мыс Кенді Белдеуі– Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан кенді өңір. Мұғалжар атырабында көптеген мыс кентастар белгілерінің бар екендігі ертеден белгілі. Аралша, Авангард, т.б. мыс-колчеданды кентастар кендерінің ашылуы Мұғалжарды жаңа мысты аймақ қатарына жатқызды. Ең басты кендер негізінен Тагил-Магнитогор белдемінің (Оралдың бас мыс-колчедан белдеуі) оңт. жалғасы саналатын жасыл тасты синклинорийлік белдемнің солт-нде орналасқан. Колчедандық кендер мен кентастар белгілері, базальтоидтық вулканизмнің бастапқы сатылары кеңінен тараған және олардың әр түрлі жыныстары бір-бірінен күрт өзгеше келетін немесе тетелес жіктелген формациялар құрайтын геосинклинальдық ойпаңдарда (синклинорийлерде) орналасқан. Жанартаутектік формациялар ішіндегі кендер субмеридиандық және көлденең жарылыстар белдемдерінің қиылысқан немесе бір-біріне түйіскен жеке телімдерінде (кентас түйіндерінде) шоғырланған. Мұндай түйіндер вулканиттердің көмейлік және субжанартаулық фациялардың дамуымен сипатталады. Синклинорийлік кұрылымдардың геотектоник. дамуымен байланысты эффузиялық магматизмнің солт-тен оңт-ке, батыстан шығысқа қарай жылжуы силурдан (Сакмара белдемі) карбонға (Ырғыз белдемі) дейін, жасы әр түрлі колчедандық кендердің пайда болуына қолайлы жағдай жасады. Колчедандық кентас жаралуымен тығыз байланысты аймақтық жасыл тастық метаморфизм күшінің төмендеуі де осы бағытта байқалады. Осы белдемді солт-ке қарай Ортаңғы Ор, Біршоғыр, Сакмара белдемін Кеңтоғай, Қосестек, Қарғалы, Ырғыз белдемін Қиялыкөл-Қарақұм, Бақсай сияқты кенді аудандарға бөлуге болады. ## Дереккөздер “Қазақ энциклопедиясы – VI том”
Мұғалжар Сирек Металдар Белдеуі–Ақтөбе облысының Мұғалжар тауындағы сирек металдардың кендері орналасқан алқап. Сирек металдардың кентастануы негізінен кембрийге дейінгі метаморфтық кешендерінен (гнейс, амфиболит, кристалдық тақтатас) кұралған және Шығыс Мұғалжар металлогендік белдемінде шоғырланған. Мұнда кембрийге дейінгі ультраметаморфизмімен палеозойдың орогендік граниттік магматизмімен байланысты мигматиттер, граниттік гнейстер, граниттер кең тараған. Сирек жер элементтерінің акцессорлық кентастануы (монацит, циркон, рутил, т.б.) кембрийге дейінгі гранитоидтармен бір кеңістікте топтасқан. Бұл кентастанудан қорымды кендер, кентас белгілері қалыптасады. Бұлардың ішінде герциннің екі сатылы гранитоидтық магматизмімен генетик. байланыста болатын сирек металл және сирек жер элементтерінің кентастануы ерекше орын алады. Лейкократтық граниттердің ірі батолит интрузиялары герцин магматизмінің бірінші сатысымен байланыста келеді. Молибден-вольфрам-висмут кентастануы (Итастыбұлақ, Ақпан, Борлы, т.б.) осы интрузияларда орналасқан. Сирек металл кентастануының пегматиттік және пневматолиттік-гидротермальдық типтері бар. Ырғыз бойының сирек металды пегматиттері танталит-колумбиттік формацияға жатады. Пегматитті алаңдар Талдысай массивінің граниттерімен қиылған, амфиболиттер мен гнейстерден құралған антиклинальдық құрылымдарда орналасқан. Пневматолиттік-гидротермальдық тип грейзендік (Шығыс), альбититтік (Борсықбай, Әйке, Қарасып, т.б.), циркон-монациттік (Шідер, Өтешәлі, Белқопа), кварц-молибденит-серициттік кентасты формацияларды (Итастыбұлақ, Қарабұлақ) біріктіреді. ## Дереккөздер “Қазақ энциклопедиясы – VI том”
Мұғалжар шыны құмдарының кен орны – Батыс Мұғалжар бойында, Ор-Елек (Сакмара-Оралтау) көтерілімінің оңтүстік мен Ор ойпаңында кездесетін құмды алқап. ## Геологиялық құрылымы Құм кендері палеоген мен миоценнің континенттік шөгінділерінде шоғырланған. Ірілері – Батыс Мұғалжар алды ойпаңындағы Мұғалжар мен Айрық. ## Жатыс сипаты, құрамы Арасында саз қабатшалары мен линзалары бар ақ түсті кварц құмының қалыңдығы 25 м-ге жетеді. Құмдағы кварц түйірлерінің мөлшері 95%. Қоспа ретінде магнетит, лимонит, турмалин, хлорит, циркон, лейкоксен, кальцит кездеседі. Құмда 91,6 – 99,0% SіO2, 0,4% Fe2O3, 2,52% CaO, 0,26 – 3,72% Al2O3 + TіO2, 0,77% MgO бар. Қалыңдығы 4 – 4,5 м-ге жететін Айрық кенінің құмы жоғары эоцен жыныстарында ұшырасады. Ор-Елек көтеріліміндегі эоценмен жасты Қараағаш кенінің құмы жақсы іріктелген, құрамында 96,28% SіO2, 0,33% Fe2O3, 1,26% Al2O3 бар. Ор ойысындағы Мамыт кені эоценнің сексеуіл свитасы шөгінділерінде түзілген. Құмы сұр, ашық сары, ұсақ түйірлі; арасында каолин саздары мен кварцит линзалары болады. Бұл кеннің құрамында 96,3 – 97,3% SіO2, 0,33% Fe2O3, 1,28 – 1,50% Al2O3 бар. Аталған кендердің құрамы терезе шынысы мен шыны ыдыс жасауға жарамды. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Мұзбел – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. * Мұзбел – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, 2018 жылға дейін "Пржевальское" деп аталды. Таулар: * Мұзбел – Нұраның сол жағалауында орналасқан жон. * Мұзбел – Ұлытау тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. * Мұзбел – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде, Үстірттің оңтүстік-батыс бөлігіндегі жон.
Мұзбел – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде, Үстірттің оңтүстік-батыс бөлігіндегі жон. ## Жер бедері Солтүстік-батысында Қарынжарық ойысы мен құмы, оңтүстік-шығысында Қарынгүрлі аңғары аралығында 75-80 км-ге созылып жатыр, енді жері 20-25 км. Ең биік жері (340 м) жонның солтүстік-батысында. ## Геологиялық құрылымы Мұзбел жоны сарматтың бақалшақты-оолитті әктастарынан түзілген. Гипс және әктасты жыныстардың шайылуынан пайда болған карсты құбылыстар көп. ## Өсімдігі Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, т.б. өседі. Мұзбел жоны маусымдық мал жайылымына пайдаланылады. Солтүстік-батыс бөлігі Үстірт қорығы аумағына кіреді. Жонды бойлық бағытта бірнеше қара жол кесіп өтеді. ## Дереккөздер
Мұзтау жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстігіндегі жоталар тобының ең биік сілемі. ## Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 4370 м. Батысында Тышқантаумен, оңтүстігінде Шақпақтас тауымен, шығысында Қытаймен мемлекеттік шекара өтетін Желдіарық өзенімен шектелген. 3700 м-ден жоғарғы бөлігін мұз басқан. ## Дереккөздер
Мұғалімдер Семинариясы– бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлаған оқу орны. Қазақстанда алғаш рет М. с. 1903 ж. Семейде, 1913 ж. Ақтөбеде, Верныйда, Оралда ашылды. Қазан төңкерісінен кейін М. с. 3 жылдық пед. курстарға, одан кейін пед. техникумдарға айналды.
Мұғалжар тауы – Орал тауларының оңтүстік жалғасы. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Бақтыбай тауы (657 м). ## Жер қыртысы мен геологиялық құрылымы Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған. ## Жер бедері Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абсолюттік биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауы Ырғыз өзенінің салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады. ## Климаты Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 18"С. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 21 – 25"С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. ## Кен байлықтары Мұғалжар тауы қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде. ## Топырағы, өсімдігі Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол. Батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырак жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана жарамды. ## Жануарлар дүниесі Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Мұқай Баққожа (31 қаңтар 1948, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы — 8 қаңтар 2008, Алматы) — жазушы, драматург. «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. ## Еңбек жолы 1971 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965 жылы Кеген (қазіргі Райымбек) аудандық «Коммунизм нұры» (қазіргі "Хантәңірі") газетінде еңбек жолын бастаған. 1970 — 1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990—1995 жж. Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактор, бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. «Парасат» журналының Бас редакторы болды. ## Еңбектері Ол «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.«Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Парасат» орденінің иегері (2006). ## Дереккөздер
Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі - С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Алматы қаласында Төлебаев к-сі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973 жылдары тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада ашылған. Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР FA-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және т.б. құжаттар бар. Оның 1922 - 35 жылдары Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен құжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің, С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұканов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан-Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашқар қызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттер махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы Қызылорда қаласындағы сотқа (1927 қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған. "Балуан-Шолақ" романының (ҚХР, Шыңжаң) араб әріпімен басылған нұсқасы. Шәкәрімнің 1933 жылы Сәбитке жазған хаты мен фотосуреті, М.Жұмабаевтың "Шолпан" өлеңдер жинағы (1913 М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал (1914) романы, Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар" (1925), т.б. Мұқановтың жеке мұрағатында сақталған кітаптар бар. Мұражайдың мемориалдық бөлімінде жазушының қабылдау бөлмесі, жұмыс орны, демалыс бөлмесі, толық сақталған мыңға жуық кітабы бар, кітапханасы да осы бөлімде. Тұрмыстық заттары, үй жиһаздары, шет елдерден келген түрлі сыйлықтар, картиналар т.б. экспонаттар қойылған. Мұражайда түрлі дәрістер оқылып, кинолофильмдер көрсетіледі. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, экспозициясы жаңартылды, 8 мыңнан астам экспонат жинақталды. ## Дереккөздер
Мұқылай, Мұқылы Гауин Жалайыри, Мұқылы Куянк, Мұқали-Куняк, Мұқалы, Мұхалидай (шамамен 1170 – 1223) – қолбасшы. Жалайыр тайпасынан шыққан. Шыңғыс хан әскерінің төрт ірі қолбасшысының біріншісі, империядағы тоғыз төренің бірі атанған.
Мұқышев Майжан (1936 жылы 10 наурыз, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Дария бекетінде дүниеге келіп – 1990 жылы 14 ақпан, Қарағанды қаласында қайтыс болды) – техника ғылымдарының докторы. (1974), профессор (1976). Мәскеу тау-кен институтын бітірген (1953). Қарағанды көмір алабында (1953–57) және химия-металлургия институтында (1960–63), көмір және кен машиналарын жобалау институтында (1963–90) ғылыми-педагогикалық және инженерлік қызметтер атқарған. 1972 жылы деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері көмір қабаттарын дайындау мен өңдеуге арналған. КСРО мемлекеттік сыйлығының (1972) лауреаты. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, 7 монография мен 15 авторлық куәліктің авторы. ## Дереккөздер
Мұнай өнеркәсібі — отын өнеркәсібіндегі жетекші рөл атқаратын сала. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды. Мұнайды фракциялау арқылы қолданады. Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар. 1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды. Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды. 1980-ші жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды. 1990-шы жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында. Қазақстаннан түрлі маркадағы мұнай өндіріледі. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: * «Шеврон-Тексако» (Теңіз) * ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ) * Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл). «ҚазМұнайГаз» Қазақстанның, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы.Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде. 1970-ші жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр. Көш бастаушы Атырау облысы. Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда. Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омбы-Павлодар-Шымкент. Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Мұқашев Болат Нығметұлы (1942 жылы 22 қазан, Алматы облысы Үштөбе қаласында) – физика-математика ғылымдарының докторы (1984), профессор (1990), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994). Мәскеу инженер-физика институтын бітірген (1967 Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында (1967–70), Қазақстан ғылым академиясының Жоғары энергия физикасы институтында (1970–91) ғылыми жұмыстармен айналысты. 1991 жылдан физика-техника институтының директоры ((2002–04) жылдары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті) қызметтерін атқарды. 1983 жылы деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. Халықаралық Хорезми атындағы (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (2001). 120-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Мұқашев Болат Нығметұлы
Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. Институт 1960 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының мұнай институтын екі жеке ғылыми бағыттағы институтқа – геология және геофизика институты (қазіргі Қазақ мұнай геология барлау ғылыми-зерттеу институты) мен мұнай химиясы және табиғи тұздар институтына бөлу нәтижесінде Атырау қаласында құрылған. Институттың құрамында химия және мұнай өндеу, мұнайдың физикалық қасиеттерін зерттеу, мұнай-химия синтезі, химиялық-аналитика, мұнайдың гетероорганикалық қосылыстары, мұнайдың дисперстік жүйелерінің коагуляциясы, жоғары молекулалы жүйелер, бейорганикалық тұздар және тыңайтқыштар химиясы, табиғи тұздар геохимиясы, мұнай-битумды жыныстардың химиясы мен технологиясы және тұтқырлығы жоғары мұнайды зерттеу лабораториялары (екеуі де 1984 жылдан Алматыда), бірнеше, қызмет көрсетуші көмекші бөлімшелері бар. ## Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары * мұнай химиясы және минералды шикізаттарды пайдалану мәселелері; * мұнай өнімдері мен органикалық қосылыстар негізінде мұнайдың құрамы мен құрылымын анықтау. Институт орындаған маңызды зерттеулер бойынша жаңа мұнай кен орындарындағы (Бозащы, Қарашығанақ, Жаңажол, Кеңқияқ) мұнайдың құрамы мен қасиеттерін зерттеу негізінде оларды өңдеудің ұтымды жолдары анықталды; дисперстік өткізгіштіктің жаңа құбылысы табылды; көмірсутекті сұйықтықтардың тұтқырлығы мен тығыздығы арасындағы корреляциялық тәуелділік анықталды; палеозой және мезозойдың өнікті кешендері бойынша Каспий маңы мұнайы сапасының болжамдық картасы жасалды; автомобиль жолдарының құрылысында пайдаланылатын жаңа битумдық-минералдық қоспалар өңделіп жасалды; мұнай-битумгенез жыныстарынан көмірсутек шикізатын бөліп алу әдісі және мұнай эмульгаторларын бөлудің бірыңғай әдісі, т.б. ашылып өндіріске енгізілді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Сала тарихы Мұрағатталған 3 шілденің 2011 жылы.
Мұңлық– Зарлық – Шығыс сюжетімен құрылған жыр. «Мұңлық– Зарлық» ел арасына тараған ауызша нұсқаларымен қатар қолжазбалары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Алматы қалаларының мұрағаттары мен кітапхана қорларында сақтаулы. Сюжеті жағынан «Мұңлық– Зарлыққа» ұқсас «Алтын Айдар», «Зарлық», «Шапшар хан», «Қиссауылыи Мұңлық – Зарлық» секілді жырлар бізге жеткен. Жырдың халық арасына кеңінен таралуына қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысламұлы көп еңбек сіңірді. Ол ауызша тараған үлгісі негізінде жырды қара сөзбен (өлең аралас) қайта жырлап, 1896–1916 жылдары Қазан қаласында «Хикаят Рисале-и Мұңлық – Зарлық» деген атпен бірнеше рет жариялады. Жыр сюжеті қазақтың ертегі, аңыздарымен сарындас, онда батырлық эпоста кездесетін сөз оралымдары мен бейнелеу тәсілдері кеңінен қолданылған. ## Сілтемелер ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Мұнара * биікке өрлете салынып, жеке орналастырылған құрылыс немесе құрылыстық ғимараттың биік бөлігі. * архитектуралық құрылыс. Ерте заманда қорғаныс, қарауыл немесе белгі беру мақсатында тұрғызылған; * минарет - мешіттің мұсылмандарға мінәжат етуге арналған биік күмбезі. Жалпы пішіні дөңгелек немесе көп қырлы болып бітеді. Қазақстанда оның екі түрі таралған: 1) ішкі баспалдағы және жоғарғы бөлігінде муаззинге арналған (азаншыға) алаңы бар мұнара, әдетте елді мекендердің жанына салынады; 2) дөңнің үстіне шикі кірпіштен немесе тақта түрғызылған ғибадатхана - мұнара. Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысында Діңгек (8 ғ.), Қызылорда облысында Бегім ана (11 ғ.), Сараман-Қосы (11ғ.), Көтібар (19 ғасыр) көне мұнаралары әлі күнге дейін сақталған. ## Галерея * * * * * * * * * * * * * * * * * * ## Дереккөздер
Мұнайшы — Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл (2013 ж. дейін - кент), Мұнайшы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орналасуы Аудан орталық Құрық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км, Жетібай ауылынан оңтүстікке қарай 15 км, Қарақия ойысынан шығысқа қарай 13 км жерде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1975 жылы осы өңірде ашылған мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланды. Мұнайшы ауылының әкімдігі 1 қараша 1991 жылы Қарақия ауданы әкімінің шешімі негізінде құрылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2014 жылғы №308 бірлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың 11.12.2014 жылғы №21/331 санды шешімі негізінде Мұнайшы селосы "ауыл" болып өзгертілді. ## Халқы ## Экономикасы Мұнда мұнай-газ өндіру кәсіпшілігі, байланыс бөлімшесі, т.б. мекемелер орналасқан. ## Инфрақұрылымы Жетібай стансасында заманауи 624 орындық жаңа мектеп салынып, 2016 жылдың 1 – ші қыркүйек күні халық игілігіне пайдалануға берілген болады. 2014 жылы заманауи 140 орындық «Еркемай» балабақшасы пайдаланылуға берілді. Осы балабақшаға көлік қатынасын жақсарту мақсатында 700 метр қатқыл табанды көлік жолы салынды. 2015 жылдың тамыз айында аусымына 40 науқасты қабылдауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимараты салынды. Қазіргі таңда амбулатория жоғарғы білімді дәрігер мамандармен толықтырылды. Мәдениет үйі тарапынан жоспарланған мәдени шаралар уақытылы өткізілде. Қазіргі таңда, мәдениет үйінде би үйрмесі жұмыс жасауда, оған 30 оқушы қатысады. Бейнелеу үйірмесі ашылып, оған 16 оқушы қатысады. 2016 жылы қосымша қолөнер үйірмесін ашу жоспарланды. ## Дереккөздер
Мұра– әдеби журнал. 1982 жылдан Қытайдың Үрімші қ-нда фольклорлық мұраны жинақтау, насихаттау мақсатында қазақ тілінде шығарыла бастады. Жауапты шығарушысы – әдебиеттанушы Оразанбай Егеубай. 2000 жылдан 2 айда бір рет шығып тұрады.
Мұрагерлік– қайтыс болған адамның мүлкі мен мүліктік құқықтарының мұрагерге ауысуы. Мұрагерлік өсиет заң бойынша жүзеге асырылады. Кісі мүлкін бір немесе бірнеше адамға, тұтастай не бір бөлігін ғана қалдыра алады. ## Дереккөздер
Ғани Мұратбаев (3 маусым 1902, Қазалы ауданы – 15 сәуір 1925, Мәскеу) – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. ## Өмірбаяны Әлімұлы тайпасының Қарасақал руынан шыққан. Қазалыдағы орыс – қазақ мектебін, жоғары бастауыш училищесін (1910 – 18), Ташкенттегі орта білім беретін қазақ-қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын (1919 – 20), Ташкенттегі мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін (1920 – 21) бітірген. 1919 жылы Коммунистік Жастар ұйымына мүше болып қабылданып, бірер жыл қалалық, уездік комитетте жұмыс істеді. Жетісу облысында мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды, Жетісу облысы және Ташкент, Самарқан, Верный қалалары комсомол ұйымдарының негізін қалауға атсалысты. Ташкенттегі жетім балаларды интернатқа, балалар үйіне орналастыруға белсене кірісіп, олар үшін ұйымдастырылған интернаттың директоры болды. 1920 жылы Түркістан комсомолының 3-съезінде ОК мүшелігіне сайланып, қазақ-қырғыз жастары бюросын басқарды. 1921 жылы алдымен Самарқан өлкелік комсомол комитетінің, кейін Түркістан Республикасы комсомол ұйымы ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды. Ол осы уақытта Ташкентте «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, оның тұңғыш редакторы болды. Қазақстан комсомолының құрылуын жариялаған 1-өлкелік съезді (1921 жылы 7 – 13 шілде) өткізуге тікелей басшылық жасады. 1922 – 1924 жылдары РКЖО-ның 5-съезінде Ресей Коммунистік Жастар одағы ОК-нің мүшесі, Коммунистік Жастар одағы ОК Орта Азия бюросының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1924 – 1925 жылдары Ресей Лениншіл Коммунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастар арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Коммунистік Жастар Интернационалының 3 – 4-конгрестерінің, Коминтерннің 4-конгресінің делегаты болып сайланды. Өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымына жерленді. ## Марапаттары мен естеліктері Мұратбаев Хорезм республикасының Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қазалы қаласында мемориалдық мұражайы ашылды. «Біздің Ғани» атты көркем фильм, «Осындай қысқа ғұмыр» атты деректі фильм түсірілді. ## Сілтемелер "Сыр елі энциклопедиясы"
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) — айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Алшын тайпасының Байұлы тармағының Беріш руының Қаратоқай аймағынан шыққан. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады. Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері. Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен. Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан. Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған ## Дереккөздер
Мұртаза хан (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) – Шибан әулетінен шыққан сұлтан. Сібір ханы Көшімнің әкесі. Атасы Ибақ хан Әбілхайыр әулетімен жауласып, Сібірге кеткен. М. баласы – Көшім 1563 ж. Едігер Тайбұғыны өлтіріп, Сібірде билікке келді. ## Әдебиет * Парунин А.В. Политическая история Тюменского ханства в 1430-1508 гг.: монография / А. В. Парунин. - Челябинск : Фонд содействия сохранению культурного наследия «Общественный фонд "Южный Урал"», 2023. - 247 с. * Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7–4 ғасырлар). Толық емес мәліметтер бойынша Қазақстанда 300-ден астам мұртты обалаға жататын ескерткіш тіркелген. Оларды Ә.Х.Марғұлан, К.Ақышев, М.П.Грязнов, Ә.Оразбаев, М.Қадырбаев, С.М.Ақынжанов, Ф.Арсланова, С.С.Сорокин, А.Бейсенов, А.Таиров, С.Г.Боталов, т.б. зерттеді. Оның негізгі бөлігі (80%-дан астамы) Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінің жәдігерлері. Қалғандары Шығыс Қазақстан жерінде шоғырланған. Мұртты обалар Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады. Құрылымдық жағынан да, семантикалық өрісі жағынан да күрделі құрылыстарға жатады. Ғалымдардың типологиялық сипаттамалары бойынша, құрылымдық-планиграфиялық ерекшеліктері тұрғысынан бірнеше түрге ажыратылады: 1) кешенде негізгі және қосалқы обалар бірлесе орналасады; 2) тек қосалқы обаның өзі ғана беріледі. * Бірінші жағдайда кешен адам жерленген үлкен обадан, оның шығысында орналасқан ғұрыптық қосалқы кіші обадан және қосалқы обадан шығысқа қарай тартылған екі жарты доға тәрізді иілген «мұрттан» тұрады. * Екінші жағдайда кешенде қосалқы оба ғана болады. Қосалқы обада адам жерленбейді, тек жылқы сүйектері мен қыш ыдыстар қойылады. Үлкен обаға мұртшалы ғұрыптық оба күншығыстан тіркеседі. Мұртты обалар кешенінің барлық мағынасын ашып тұратын да осы ғұрыптық оба. Оның астында жылқы қаңқасы немесе жекелеген сүйектері (көбіне бас сүйек), ал одан шығысқа қарай қыш ыдыс қойылады. Шағын құрылыстар астынан аз мөлшерде күл, кейде мал сүйектері табылған. Бір топ ғалымдар мұртты обалар кешенінің семантикасын ашу барысында мұны жылқыға, күн (от) тәңіріне табыну, ежелгі ата-баба рухын қастерлеу сияқты дәстүрлермен байланыстыратын жалпы сипаттама жасады. Ғылымда ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларын таза парсы тілдес орта ретінде сипаттау қалыптасқанын ескерсе, Мұртты обалардың түркілік дәстүрлерге бейім келуі ерекше назар аудартады. Мұртты обалар құрылымы және семантикасы жағынан көне түркілердің тас мүсін, балбалдармен бірге орналасатын ғұрыптық қоршауларына өте жақын келеді. ## Дереккөздер ## Cілтемелер * семантика * Ә.Х.Марғұлан * корреспондент
Мұнай құбыры– 1) мұнай өндірісінде пайдаланылатын құрал. Пайдалану мақсатына қарай мұнай құбыры жетекші, бұрғылау, ауырлатқыш, шегендеу және сорғы-компрессорлық құбырлар болып ажыратылады; 2) мұнайды және оның өнімдерін тасымалдауға арналған құбыр желісі. ## Дереккөздер
Мұрындық– 1) түйенің, өгіздің танауы арасындағы мұрын шеміршегін тесіп, көлденең өткізілетін жіңішке таяқша. Кептіріліп, майланған, мұқият сүргіленген ағаштан жасалады; 2) арбаның доңғалағы шығып кетпеу үшін белтемірдің ұшына көлденең өткізілетін шағын темір таяқ.
Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаев (17.9.1907, Омбы қаласы – 26.11.1981, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1960), профессор (1968). Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазПИ-ді (1936, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімшесінде ғылыми қызметкер (1937–39) болды. Қазақстан ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1946–52), Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі (1952–81) қызметтерін атқарған. «Лексика современного казахского языка» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің лексикасы мен лексикографиясына, тіл тарихының мәселелеріне арналды. Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаевтың қатысуымен қазақша-орысша, орысша-қазақша, орфографиялық, түсіндірме сөздіктер шықты. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Шығармалары: * Қазақ тіліндегі сын есім шырайлары. А., 1951; * Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. А., 1951 (авторлардың бірі); * Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы диалектологии. А., 1952; * Лексика соеременного казахского языка. АДД., А., 1960; * Краткий казахско-русский словаръ. А., 1959 (құрастырушылардың бірі); * Казахско-русский разговорник. А., 1961 (авторлардың бірі); * Казахско-русский словарь. А., 1954, 1987 (құрастырушылардың бірі); * Учебник казахского языка для 5—6 классов русских школ. А., 1953 (авторлардың бірі); * Қазақ тілі: учебник казахского языка для 8— 10 классов русских средних школ. А., 1953; * Большой русско-казахский словарь. М., 1954 (құрастырушылардың бірі); * Қазіргі қазақ тілі /лексика, фонетика/. А., 1962, 1975 (авторлардың бірі); * Современный казахский язык. Лексика. А., 1959; * Орысша-қазақша мектеп сөздігі. А., 1960 (құрастырушылардың бірі); * Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. I бөлім. А., 1966; * Қазақ тілінің грамматикасы. I. Морфология. А., 1967(авторлардың бірі); * Қазақстан эпиграфикасы. А., 1971 (авторлардың бірі); * Орфографиялық сөздік. А., 1972 (құрастырушылардың бірі); * Қазақ тілі тарихынан. А., 1988. ## Дереккөздер ## Cілтемелер * Филология * Лексикография * Лексика
Тәліп Мұсақұлов(12.07.1909 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылы – 02.10.1987 жылы Алматы) — қазақ совет ғалымы, биология ғылымдарының кандидаты (1958). 1932 жылы ҚазПИ-ді бітірген. Еңбек жолын сол институттың оқытушысы болып бастаған (1932-35). 1935-37 жылдары директордың орынбасары. 1937-42 жылдары Қостанай педагогтық училищесінде және Қостанай мұғалімдер институтында оқытушы, директордың орынбасары, директоры. 1942-46 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1946 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогтық институтындағы қызметін жалғастырып, сонда аға оқытушы, доцент болды. 1954 жылдан бастап ботаника кафедрасының меңгерушісі. Қазақ тіліндегі «Ботаника» оқулығын алғаш жазған. 70-тен астам ғылыми еңбегі жарияланған. Оның ғылыми еңбектері биологиялық атауларды бір жүйеге келтіріп, оларды қазақ тілінде пайдаланудың әдістерін жетілдіруге арналған. Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. ## Ғылыми еңбектері * Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі (1960) * Биология терминдерінің қазақша-орысша сөздігі (1962) * Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы (1963) * Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары, Алматы, 1963-66 (телавтор) [[Санат:]]
Кеңесбай Мұсаұлы Мұсаев (24.3.1931 жылы туған, Созақ ауданы) – ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессоры (1972), ҚР ҰҒА академигі (2003), «Түрік тілі» ұйымының құрметті мүшесі. Түркістан педагогикалық училищесін (1947), ҚазМУ-дың филология факультетін (1952), Тіл білімі институтының аспирантурасын (1956) бітірген. «Қарайым тілінің құрылымы» (1963) тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қарайым тілінің фонетикасы мен морфологиясын жүйелі түрде қамтыған еңбегі «Қарайым тілінің грамматикасы» (1964) деген атпен жарық көрді. Онда Литва мен Украинада тұратын қарайымдардың тілдері туралы деректер жинап, тракай, галиция диалектілері жайында жазды. Мұсаев қыпшақ тобындағы тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеп, әліпби, лексика және орфография мәселелерімен айналысып келеді. Қазіргі кезде Орталық Еуразияда түркі тілдері, олардың тілдік, мәдени байланыстары туралы еңбектер жазып жүр. ## Шығармашылығы: * Грамматика караимского языка. Фонетика и морфология, М., 1964; * Лексика тюрских языков в сравнительном освящении, М., 1975; * Краткий грамматический очерк караимского языка, М., 1977; * Тюрки Центральной Евразии: контакты языков и культур // Актуальные проблемы современной тюркологии и ее задачи на перспективу. І международный тюркологический конгресс, Түркістан, 2002. * О глагольно-именных конструкциях в современном казахском языке. АКД., М., 1956; * Алфавиты языков народов СССР. М., 1965; ## Дереккөздер ## Cілтемелер * Филология * Профессор * Қыпшақ
Қайым Мұхамедханұлы (Ғабдулқайым) (5 қаңтар 1916(19160105), Семей, Ресей империясы — 30 маусым 2004, Семей, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) — Ғалым, абайтанушы, 1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог. Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы (1940). Қазақ КСР-і Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы. ## Өмірбаяны Қайым Мұхамедханов (5 қаңтар 1916 жыл – 30 маусым 2004 жыл) – ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері (1996), Қазақ ССР Әнұранның авторы (1945), Семей қаласында Абайдың мемлекеттік музейін ұйымдастырушы (1940), Абайдың ақындық мектебі мен Қазақстандағы текстология ғылымы, шәкәрімтану және алаштану ғылымдарының негізін қалаған көрнекті ғалым, ақын, жазушы – драматург, аудармашы, ұстаз, қоғам қайраткері, 1000-нан аса ғылыми еңбектің авторы.1940 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағының мүшесі. КСРО және Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Шығыс Қазақстан облысының Семей, Аягөз қалалары, Жаңасемей және Абай аудандарының Құрметті азаматы.Көптеген мәртебелі атақтар мен марапаттар иегері:Халықаралық Абай академиясының Алтын медалінің иегері (Лондон 1995), Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық Абай сыйлығының бірінші лауреаты (1996), Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының бірінші лауреаты (1996), Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. Уақ тайпасының Шоға руынан шыққан. Қайым жас жеткіншек кезінен бастап өлең жазды. 15 жасында кемежайда жүк тасушы, жұмысшы, кадр бөлімі қызметкері, мәдениет қызметкері, мұғалімдік қызметтерді атқарды. Екі жылдық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін әзірлеу курсынан кейін Семей пединститутына түсіп, 1941 жылы экстернмен аяқтайды. Қайым 17 жастан бастап Семей қаласының әртүрлі мекемелерінде сабақ бере бастады. Үздік педагог-тәлімгер өмірінің 60 жылдан астамын жастарды тәрбиелеу және білім беру ісіне арнады. 1937 жылы әкесі Мұхамедхан Сейтқұлов тұтқындалғаннан кейін (1937 жылы 2 желтоқсанда ату жазасына кесілді) Қайым педагогикалық институттан қуылады. Сол кезде жасөспірім жігітке әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдық тұрғыда қолдау береді, ол Қайым үшін ғұмыр бойы тәлімгер және ұстаз болып қалды. Ұстаз және шәкірт өмірлерінің соңына дейін алаш ісіне адал болды. Адамдарды жақсы танитын Мұхтар Әуезов Қайымның бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. Сол себепті Абайдың тұңғыш мұражайын ашуға негіздеме қалауды өзінің шәкірті Қайымға сеніп тапсырды. Қиындыққа толы сапарлар барысында Қайым Абай мұражайы үшін 500 ден аса жәдігерді тауып, сақтады, соның ішінде Абайдың жеке заттары, Абай және оның айналасындағы адамдардың қолжазбалары болды. Мұхтар Әуезов шәкіртіне ғылымдағы жаңа бағыт бойынша зерттеу жүргізуді сеніп тапсырды, ол – Абай мектебі. Қайым Абайдың 30-дан аса шәкіртінің есімін нақтылады және олардың ғылыми-шығармашылық өмірбаяны туралы деректер жинап, жариялады. Ең бастысы ол Абайды көзі көрген қариялардың айтқандары және табылған жазба үзінділер арқылы ғылыми текстологиялық талдау әдісімен әр шығарманың Абайдың қай шәкіртіне тиесілі екендігін дәлелдеді. Өлшеусіз еңбек! Қайым Абай ізбасарлары қатарына алаш арыстарын енгізді. Ғалымдар Мұхамедхановтың зерттеушілік еңбегінің ауқымдылығы мен жаңашылдығын бағалай келе, оның 30-дан аса диссертация қорғағанын атайды. Абай шәкірттері мен ізбасарларын мектептер мен жоғарғы оқу орындары оқытады, ал бұл – қазақ әдебиетіндегі бірегей мектеп, ұлт мақтанышы. Бір өкініштісі, ғалым Мұхамедханов осындай жанкешті еңбегі үшін 1951 жылы репрессияға ұшырап, 25 жылға бас бостандығынан айрылғаны туралы ешқайда айтылып, жазылмаған. Қайым Мұхамедханов ғұмыр бойы Абай сөзінің түпнұсқасын сақтаумен айналысты: Абай өлеңдері мен поэмаларына текстологиялық талдау жүргізіп, әрбір шығармасына ғылыми түсініктеме жазды, ұзақ жылдар бойы бір басылымнан екінші басылымға көшетін жаңсақтықтар мен қателерді жөндеді. Сонымен бірге, ғалым Абайдың белгісіз болып келген 31 шығармасын тауып, олардың Абайдікі екенін дәлелдеді. 1940 жылы қызметін мұражайда аға ғылыми қызметкер болып бастаған Қайым, жоғары оқу орнында сабақ беруін жалғастырды, ал 1947 жылы Мұражай ҚазССР-і Ғылым Академиясы қарамағына өткізілген кезде Академия Президенті Қ.Сәтпаевтың бұйрығымен Мұражай директоры болып тағайындалды. 1945 жылы профессор Е.Исмаилов былай деп жазды: «Мұхамедханов Абайдың өмірі мен шығармашылығына тікелей қатысы бар ерекше құнды қолжазбаларды, мұрағаттық, фольклорлық материалдарды жинақтады». Ғалым-әдебиетші Л.Перелыгин 1966 жылы: «Не забудем, что Каюм Мухамедханов – организатор Семипалатинского музея Абая. Кто знает, может быть, организация мемориального музея Абая является самым драгоценным, что было сделано за последнюю четверть века в области абаеведения». Қ.Мұхамедханов 1940 жылдан бастап Абайдың 100 жылдығын әзірлеу жөніндегі мерейтойлық үкімет комитетінің Ғылыми хатшысы кезінде және кейінгі жылдары Абай бейнесін мүсін және бейнелеу өнерінде мәңгілік есте қалдыру, Абайдың Жидебайдағы қыстауын қайта қалпына келтіру, ақын және туған-туысқандарының қорымын жақсарту мәселелерін көтерді. Сол жылдардағы хаттар мен мұрағат құжаттары – соның айғағы. Ә.Нұршайықов және Р.Нұрғалиевтың айтуынша, Мұхтар Әуезов ең сенімді шәкірті Қайым Мұхамедхановқа көптеген маңызды тапсырмаларды сеніп тапсыратын. «Абай жолы» эпопеясына байланысты көп деректі Мұхаң Қайым Мұхамедханұлынан алды. Сондай-ақ ұстазы шәкіртіне ақын-жыраулар мен батырлар – Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Махамбет, Бұқар жырау т.б. туралы текстерді жаңғыртуды тапсырды. Кеңес заманының бірегей идеологиясы марксизм-ленинизм мектебі болды. Абай мектебі – бұл абайтану ғылымындағы жаңа бағыт және оны, нақты айтқанда, мәдениеттің бір кезеңін анықтап және сақтап қалған Қайым Мұхамедханов. Абай мектебі – бұлар Абайдан оқыған, кеңесін тыңдаған, Абай арқылы орыс, әлем және шығыс мәдениетімен танысқан бір топ ақын-жыраулар, сазгерлер мен ертегішілер, әншілер. Абай шәкірттері ұлы ойшыл, ақынның гуманистік және мәдени философиялық көзқарасының әсерінде болды. Олар –Ақылбай, Әубәкір, Әріп, Әсет, Баймағамбет, Көкбай, Кәкітай, Мағауия, Мұқа, Тұрағұл, Уәйіс, Шәкәрім тәрізді ізбасарлары. Қайым Мұхамедханов отыздан аса есімді қалпына келтірді, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинап, толық өмірбаяндарын жазды. Ол 1930 жылдардың соңында жоғалуға шақ қалған Абай шәкірттерінің хаттарынан үзінділер мен шығармаларын тауып, сақтады. Ол Абайды көзі көрген қариялардың ақын және оның шәкірттері, олардың шығармалары туралы естеліктерін жазып алды. Ғылыми текстологиялық талдау әдісімен әр шығарманың Абайдың қай шәкіртіне тиесілі екендігін дәлелдеді. Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс», «Хисса Жүсіп», Мағауияның «Медғат-Қасым», «Еңлік-Кебек», Көкбайдың «Сабалақ», «Кенесары-Наурызбай», Әсеттің «Салиха Сәмен» және «Евгений Онегин» аудармасы, Әріптің «Біржан-Сара» және тағы басқа да шәкірттері мен алаш ізбасарларының шығармалары мен аудармалары бар.Қайым Мұхамедханов Абай ізбасарлары қатарына Алаш арыстарын енгізіп, олардың өмірбаяндарын жазды, шығармаларын нақтылап сақтады, араб және латын қарпінен қазіргі жазуға көшіріп, ғылыми түсініктеме берді және оларды алғаш рет баспаға әзірледі. Ғылым жолындағы қуғын-сүргін. 1951 жылы 7 сәуірде ҚазССР Ғылым Академиясында «Абайдың әдеби мектебі» атты диссертациясын қорғауы еліміздің тарихындағы елеулі оқиғаның бірі болды. Диссертация қорғалды, бірақ ұстаз бен шәкірт – Әуезов пен Мұхамедхановты айыптау тоқтамады. Диссертацияны қорғау кезінде басталған айыптаулар абайтану барысын талқылауда, сондай-ақ 1951 жылы баспасөзде тапсырыс бойынша жазылған мақалалармен жалғасын тапты. Мұның соңы Мұхамедхановты Абай мұражайы директоры және оқытушы қызметінен босатумен аяқталды. Ақыры 1951 жылы 1 желтоқсанда Қ.Мұхамедханов тұтқындалып, соңынан Семей және Алматы қалаларындағы НКВД түрмесіне, Қарағанды лагеріне қамауға алынды. Шектен шыққан азаптаулар – ыстық және суық камера, тырнақ астына ине жүгірту, басқа тамшылатып су тамызып қинау, моральдық қысым және өлім жазасымен қорқыту Қайымның ерік-жігерін сындыра алмады. Ол «Абай мектебі бар», «Өлсем, Алаш азаматтарынан жаным артық емес» деп жауап берді. Өйткені жастайынан Алаш арыстарын, халқымыздың белгілі азаматтарын, М.Әуезовті көріп өскен Қайым әке үйінің құндылықтарына адал болды. Қайым Қарағанды, Теміртау, Долинка, Дарья, Құлайғыр, Қарабас, Шерубай, Просторное, Топар, Тартаул және басқа да Қарағанды лагерьлерінде болып, азап жолынан өтті. Қ.МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ӘЗІРЛЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ. Қайым Мұхамедханов – Қазақ ССР-і мемлекеттік Гимні мәтінінің авторы (1945). 27 жастағы жас жігіт Қайым Мұхамедханов 1943 жылы Республика Гимнін жазып конкурс жеңімпазы атанды, оның алғашқы жолдары: «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деп басталады. Бұл гимн шамамен 50 жыл бойы айтылғанын ұмытпаған жөн! Қайым ақын ретінде 1936 жылдан бастап таныла бастады. Ол 100 ден аса өлең мен поэмалар жазды, сондай-ақ Ғ.Тоқай, Т.Шевченко тағы басқа ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Карлагта «Туған ел – алтын бесік», «Балаларыма», «Жұбайым Фархинурға», «Отырдық тар қапаста күнді санап», «Шерубай станциясы» т.б. өлеңдерін жазды. Сонымен бірге Н.Карамзиннің «Сормаңдай Лиза» повесін қазақ поэзиясы тілімен аударды.Түрлі мәдениет өкілдерімен әдеби байланыс. Ғалымның ғылыми ізденістерінің қатарынан Рылеев, Семенов Тян-Шанский, Крачковский, Веселовский, Бартольд, Уәлиханов пен Достоевский, Каюм Насыйри, Ғабдолла Тоқай, Шариф Камал, Берді Кербабаев, Тоқтағұл, Хусаин Фаизханов, Хамза Ниязи, Микаэл Налбандян, Сулейман Стальский, Ильяс Бораганский, Ян Райнис, Лу Синь, Адам Мицкевич, Ежи Юрандет, Тарас Шевченко т.б. орын алды. Қайым Мұхамедханов Шәкәрімнің ұлы Ахатпен бірге ақынның есімін ақтауда бар күш-жігерін аямады. 1958 жылы Мәскеуден Шәкәрімнің ақталғаны туралы анықтама келгеннен кейін, отыз жыл бойы Шәкәрім шығармашылығын ақтау және есімін тарихта қалдыру үшін күресті. Ол туралы архив құжаттары және сол кезеңдегі хаттар сөйлейді. Мұхамедханов қазіргі күні де Қазақстандағы жалғыз-дара ғалым-текстолог болып табылады, оның XVIII–XIX ғғ. ақын-жыраулары және ХХ ғ. басындағы ақындар шығармаларының канондық негізін қалыптастыру жолындағы еңбегі аса құнды. Ғалым бірқатар энциклопедиялар шығаруға қомақты үлес қосты: ҚСЭ-нің (Қазақ Совет энциклопедиясы) 12 томына ғылыми түсініктемелер жазып, тарих, әдебиеттану, өлкетану, театр, қазақ батырлары туралы т.б. мақалалардың қателері мен жаңсақтығын жөндеді. Ғалым «Абай» энциклопедиясы, «Абай елі» т.б. кітаптарды шығаруға елеулі үлес қосып, жанкештілікпен еңбек етті. Қолжазбаларды жинаушы және сақтаушы Қайым Мұхамедханов 1940 жылдың басында көптеген қолжазбаларды анықтап, өңдеп ҚазССР-і ҒА мұрағатына сақтауға өткізді. Соның ішінде «Әріп», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», Абай, Шәкәрімнің белгісіз өлеңдері, батырлар, Алаш зиялылары туралы материалдар және т.б. мәдени құндылықтар болды. Ол бұл жұмыспен ғұмыр бойы айналысты және Ғылым Академиясы, Мемлекеттік мұрағат, Абай мұражайы, Өлкетану мұражайы, Достоевский мұражайы, Орталық мемлекеттік мұражай қорларын құнды материалдармен толықтырды. Ол әкесі Мұхамедхан Сейтқұлов тәрізді құнды қолжазбаларды, сирек фотосуреттерді жинап сақтады, халықтың есінде қалдыру мақсатында адамдардың аты-жөндерін нақтылап, түсініктемелер берді. «Майданнан майданға», «Комиссар Ғаббасов», «Перне», «Ер Білісай» тәрізді пьесалар жазды. Аудармашы ретінде 1941 жылы жазушы, әзірбайжан драматургы, композитор, СССР халық әртісі У.Гаджибековтың «Аршын-мал-алан» музыка-комедиялық қойылымын алғаш рет қазақ тіліне аударды. Аталмыш комедия алғаш рет Семейдің музыкалық-драмалық театры және Шымкент театрында қойылды, кейіннен Қазақстанның басқа да драма театрларының репертуарына енді.Ол татар тілінен Шариф Камалдың «Қажы әфенді үйленеді» комедиясын, Пушкиннің «Русалка» поэмасын, француз драматургы Пьер Огюстен Бомаршенің «Фигароның үйленуі», Боккачоның «Декамерон», поляк драматургы Ежи Юрандоттың «Уақыт сондай» т.б. пьесаларды қазақ тіліне аударды. Қайым Мұхамедханов ұмытылған есімдер мен шығарма­ларды қайтаруға көп еңбек сіңірді. Соның қатарында Ильяс Бораганский, Мәжит Дәулетбаев, Ақылбек Сабалов, Ильяс Молдажанов, Тайыр Жомартбаев, т.б. алаш арыстары, қоғам қайраткерлері бар. Майталман педагог-тәлімгер Қазақстан жастарының бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Олар – педагогтар және ғалым-әдебиеттанушылар, философтар мен мемлекет қайраткерлері, білім және мәдениет мекемелерінің басшылары, ақындар мен газет-журнал құрылтайшылары. Қазіргі жастар, ғалымдар мен жерлестері Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығынан шабыт алады. Қ.Мұхамедханов 1942–1947 жылдары Семей облысына қарасты үш орталық – Семей, Павлодар, Өскемен және аудандар бойынша Қазақстан Жазушылар Одағының уәкілі болды. Ол ақындар мен жазушылардың шығармашылық дамуына зор үлес қосты. Жас таланттар мен ақындарды қамқорлығына алып, қолдау үшін түрлі ұйымдарға жазған хаттары сақталған. Қайымның қиындыққа толы тағдыры мен баянды ғұмыры Ж.Саин, Естай ақын, Вс.Иванов, Қажымұқан, Жамбыл, халық ақындары, театр қайраткерлері, әртүрлі ұлттардың ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, Абай, Шәкәрім, Әуезов, Алаш зиялыларымен өткізген әсерлі шығармашылық кездесулермен есте қалды. Қайым Мұхамедхановтың есімі көптеген энциклопедияларға енді – Абай», «Шәкәрім», «Әуезов», «Қазақстан жазушылары» т.б. Ғалым-патриот Қайым Мұхамедхановқа арналып Семей қаласында ескерткіш орнатылды (2010). Ал өзі өмір сүрген және еліміздің тарихының көрнекті қайраткерлері бас қосқан үйге Мемориалдық тақта қойылды (2004). 2016 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, ғалымның 100 жылдығына орай, халықтың патриоттық рухын көтеру мақсатында Қайым Мұхамедхановтың есімін мәңгі қалдыруды ұсынды. 2016 жылы ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай пошта маркасы шығарылды. Семей, Астана, Ақтөбе, Атырау және тағы басқа қалаларда Қайым Мұхамедханов атындағы көшелер бар.Ғалымның өмірі мен тағдыры, оның ғылым мен мәдениетке, мемлекеттік рәміздерге, жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлесі – нағыз патриотизм мен өз халқына қалтқысыз еңбек етудің жарқын көрінісі. Белгілі философ және мәдениеттанушы Әуезхан Қодар өмірінің соңғы жылы (2016) Қайым Мұхамедханов туралы маңызды мақала жазып, ғалымның өмірі мен тағдырына, оның Отан алдындағы қажымас еңбегіне философиялық тұжырым жасады: «...Қайым Мұхамедханов – абайтану ғылымының негізін қалаушы, ірі ғалым-текстолог, Алаш дәуірінде өркендеген еркін қазақ мәдениетін Кеңес дәуірінде жаңғырта білген дәнекерші, ұлттық қазақы дәстүрді дамытқан алтын көпір...» ## Еңбектері 1. Т.1: Зерттеулер, мақалалар. – 2005. – 352 б. – Абай төңірегіндегі ақындар, Абай және XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, Абайдың өнеге алған мектебі, Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатаев, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев, Мұқамеджан Майбасаров, Бейсембай Жәнібеков, Баймағамбет Мырзаханов, Мұқа Әділханов, Әлмағамбет Сексенбаев, Әубәкір Оспанов, Абай шығармаларының текстологиясы жайында. 2. Т.2: Зерттеулер, мақалалар. – 2005. – 344 б. – Әдебиет тарихы туралы зерттеулер: Қаракерей Қабанбай батыр жыры, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қосынұлы Жалайыри, Дулат жырау, Шөже ақын, Ақмолла, Бұқар жырау, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Жанақ Сағындықұлы, Махамбет өлеңдерінің басылымдары және текстологиясы жайында, Қазақ Совет Энциклопедиясындағы (ҚСЭ) кейбір мақалалардағы тарихи деректер, Абайға байланысты кейбір деректер, Абай ағартушы, Абай өлеңдері т.б. 3. Т.3: Абайдың ақын шәкірттері. – 2005. – 328 б. – Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай немересі, Әбубәкір Ақылбайұлы шығармалары, Шаһкәрім, Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов туралы. 4. Т.4: Абай мұрагерлері. Естеліктер. – 2005. – 328 б. – Көкбай Жанатайұлы, Уәйіс Шоңдыбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбайұлы, Мұқа Әділханұлы, Тайыр Жомартбайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Иманбазар Қазанғапұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ыдырыс Мұстамбаев, Қайым Мұхамедханов туралы лебіздер мен естеліктер. 5. Т.5: Мақалалар. Зерттеулер. – 2007. – 344 б. – XIX ғ. қазақ әдебиетінің ірі өкілдері: Махамбет Өтемісов, Шернияз Жарылғасұлы, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Абай өлеңдеріне түсініктер, соның ішінде жаңадан табылған сегіз өлеңі туралы жазылған мақалалар топтамасы, Ақбұлақ жырының тарихы; Орынбай ақын Бертағұлы, Естай Беркімбаев, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Шашубай Қошқарбаев, әйгілі әнші, композитор Майра, Ілияс Молдажанов, Нұрлыбек Баймұратов, Төлеу Көбдіков, Тәңірберген Әміренов, Сәду Машақов, Сапарғали Әлімбетов, Қозы Көрпеш Баян сұлу жыры, Бейсенбай ақын, Мұхамеджан Сералин, Ілияс Жансүгіров, Әлкей Марғұлан, Жұмат Шанин, Есмағамбет Ысмайылов туралы мақалалар топтастырылған. 6. Т.6: Мақалалар. Зерттеулер. Пікір хаттар. – 2008. – 320 б. – Шәкәрім шежіресі, Көкбай Жанатаевтың «Әудемжер» әні, «Құдай» сөзінің мағынасы, Мұздыбай Бейсенбаевтың «Абай және оның заманы» кітабы; Төлеу Көбдіков, Максим Горькийдің әңгімесі «Челкаштың» тұңғыш аудармасы, Уәйіс Шондыбаев, «Тәуке-Жікібай» поэмасы, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов, әйгілі әншілер Майра мен Әміре, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әбілхайыр Досов, Сабыржан Ғаббасов, Абдолла Ярмұхамедов, Елубай Өмірзақов, Ғабиден Мұстафин, Асқар Тоқмағамбетов, Абайдың өнеге алған мектебі, шетел жазушылары туралы мақалалар: А.С.Пушкин, Лев Толстой, Федор Достоевский, Тарас Шевченко, Евгений Петрович Михаэлис, декабрист Кондратий Федорович Рылеев, М.Горький, Крылов және Абай, Абай мен Лермонтов, Абайдың «Қорқытпа мені дауылдан» атты өлеңінің аудармасы, Владимир Даль, П.П.Семенов-Тян-Шанский, В.В.Бартольд, Николай Островский, Всеволод Иванов, Адам Мицкевич; қытай жазушысы Лу Синь, Сулейман Стальский, Түркмен әдебиетінің классигі Берді Кербабаев, өзбек жазушысы Хамза Хаким-зада Ниязи, армян жазушысы Микаэл Налбандян, татар жазушысы Шариф Камал, Ғабдолла Тоқай, Ғалымжан Ғыйрфанұлы, Хұсайын Файзханов, Илияс Бораганский, Қаюм Насыйри, Әубәкір Диваев туралы мақалалар топтастырылған. 7. Т.7: Пьесалар. Өлеңдер. – 2009. – 312 б. – «Майданнан майданға», «Комиссар Ғаббасов», «Ер Білісай», «Перне» атты пьесалары мен осы пьесаларға пікірлер, өлеңдер, Карамзиннің «Сормаңдай Лиза» шығармасының аудармасы топтастырылған. 8. Т.8: Аудармалар. Мақалалар / ред. А.Аубакиров. – 2009. – 320 б. – «Қажы әфенді үйленеді», «Аршын мал алан»,«Уақыт сондай», «Фигаро», «Жас гвардия», «Русалка» пьесалары; орыс тілінде жарық көрген еңбектері: Литературная школа Абая, Абай и Бунин, Шакарим, Жамбыл Жабаев, Аубакир Ахмеджанович Диваев, «Абай» журналында жарық көрген мақалалары, М.Жұмабаевтың «Тоқсанның тобы» өлеңі, қазақ зиялылары Ыдырыс Мұстамбаев, Мұхтар Әуезов, Сабыржан Ғаббасов, қазақ ақындары мен жырауларының өлеңдері мен әндерінің орыс тіліне аудармасының алғашқы жинағы, Всеволод Иванов және ол туралы. 9. Т.9: Мақалалар. Зерттеулер. Абай шығармаларына түсініктемелер. – 2011. – 384 б. – Мақалалар мен зерттеулер: Баймағамбет Айтқожаұлы, Айтыс туралы, «Әдебиет және искусство» журналындағы кейбір шығармалар, Ығылман ақын, Абай музейі, латыш ақыны – Ян Райнис, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары, Мұзафар Әлімбаев, Бейсембай Кенжебаев, Білісай Байғаранова, Баймағамбет Ізтөлин, Нығмет Нұрмақов, «Жүсіп-Зылиха» дастаны жайында, қазақ ақындары Жұмағали Саин, Сәдір Жәпекеұлы, Нармамбет Орманбетов; Алаш автономиясы және Алашорда үкіметі, Тұрлықан Қасенұлы, қазақ театры, Семей театры, «Жалбыр» операсы, «Үйлену» комедиясы, «Он бір белгісіз» пьесасы, «Ауру тістер» комедиясы, Семейдегі өлкетану музейі, Гоголь атындағы кітапхана, Абай атындағы опера-балет театры, «Қамар сұлу» операсы, «Семей таңы» газеті, Күләш Байсейітова, Семей театрының тарихы, Семей педагогика институты, Қалибек Қуанышбаев, Семей педтехникумы (қазіргі М.Әуезов атындағы педучилище), Екейбай Қашағанов туралы; Абай шығармаларына ғылыми түсініктемелер: өлеңдер, дастандар жинақталған. 10. Т.10: Стенограмма. Пікірлер. Материалдар. – 2012. – 384 б. – Стенограмма: 1951 жылғы жоғары аттестаттау комиссиясының стенограммасы, диссертациялық кеңес стенограммасы, құжаттар сөйлейді, Қ.Мұхамедханов «Абай кітабын алғаш шығарған Илияс Бораганский», Кәкітай Ысқақұлы туралы; Ғ.Мұқаметханов [Қ.Мұхамедханов]; Қазақ ССР Ғылым Академиясы, Абайдың мемлекеттік әдебиет музейі: филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. – Семей, 1950. – 318 б. – Қосымша: 478 б. 11. Мұхамедханов, Қ. Абай шәкірттері [Мәтін] : [сүйінші дана] /жинаған, түсініктерін жазған Қ.Мұхамедханов; сөз басын жазған М.Әуезов. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1951. – 263 б. – 1951 жылы Қ.Мұхамедханов тұтқындалған соң баспаханадағы кітап терімі шашылып қалған. 12. Мұқаметханов [Мұхамедханов], Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында [Мәтін] / Қ.Мұқаметханов [Мұхамедханов]. – Алматы: Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. – 144 б. 13. Мұқаметханов [Мұхамедханов], Қ. Мағауия Абайұлы Құнанбаев [Мәтін] / Қ.Мұқаметханов [Мұхамедханов]. – Алматы: Қазақстан мемлекеттік оқу педагогика баспасы, 1959. – 36 б. – (Мұғалім кітапханасы). 14. Мұхаметханов [Мұхамедханов], Қ. Абайдың туған жері, өскен ортасы = Абаевские места / Қ.Мұхаметханов [Мұхамедханов]. – Алма-Ата: Жазушы, 1971. – 34 б. 15. Мұқаметханов [Мұхамедханов], Қ. Комиссар Ғаббасов [Мәтін] : пьесалар / Қ.Мұхаметханов [Мұхамедханов]. – Алматы: Өнер, 1984. – 176 б. – Мазмұны: Комиссар Ғаббасов; Білісай; Толқын; Хажы әпенді үйленеді. 16. Мұқаметханов [Мұхамедханов], Қ. Жүсіпбек Аймауытов [Мәтін] / Қ.Мұқаметханов [Мұхамедханов]// Бес арыс: естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. – Алматы: Жалын, 1992. – Б. 381-452. 17. Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 1-кітап [Мәтін] : [кітапқа Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл өлеңдері мен поэмалары, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары мен алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ.Мұхамедханов. – Алматы: Дәуір, 1993. – 224 б. 18. Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 2-кітап [Мәтін] : [екінші кітапқа Кәкітай, Көкбай және Уәйіс ақындар енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары мен алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ.Мұхамедханов. – Алматы: Дәуір, 1994. – 336 б. 19. Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 3-кітап [Мәтін] : [Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір ақындардың өлеңдері, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] /шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары мен алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ.Мұхамедханов. – Алматы: Дәуір, 1995. – 320 б. 20. Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 4-кітап [Мәтін] : [Тайыр, Баймағамбет, Иманбазар, Әрхам ақындардың өлеңдері, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары мен алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ.Мұхамедханов. – Алматы: Дәуір, 1997. – 240 б. 21. Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] : [Шәкәрім, Турағұл, Кәкітай, Көкбай, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндарын жазып, баспаға әзірлеген Қ.Мұхамедханов. – Алматы: Атамұра, 1995. – 208 б. 22. Мұхамедханов, Қ. Тағдыр және Қарлаг [Мәтін] = Мухамедханов, К. Судьба и Карлаг [Мәтін] / «Қ.Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры. – Алматы, 2008. – 278 б. 23. Мұхамедханов, Қ. Абай кітабын алғаш шығарған Илияс Бораганский [Мәтін] = Ильяс Бораганский – первый издатель книг Абая [Текст] / Қ.Мұхамедханов; жауапты ред. – Ғ.Қабышұлы; «Қ.Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры. – Алматы, 2009. – 64 б. 24. Мұхамедханов, Қ. Абай шығармаларына ғылыми түсініктер [Мәтін] = Абай шығармаларына ғылыми түсініктер / Қ.Мұхамедханов; жауапты ред. – Ғ.Қабышұлы; «Қ.Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орта­лығы» қоғамдық қоры. – Алматы, 2009. – 174 б. 25. Мұхамедханов, Қ. Шәкәрім мен Қайым: тағдырлас [Мәтін] = Шакарим и Каюм: сплетение судеб [Текст] / Қ.Мұхамедханов. – Астана: Фолиант, 2009. – 336 б. 26. Мұхамедханов, Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында [Мәтін] / Қ.Мұхамедханов; «Қ.Мұхамедханов атындағы бiлiм және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры. – 2 бас. – Алматы, 2010. – 164 б. 27. Мұхамедханов, Қ. Тарта көр Семейімнің топырағы [Мәтін] : өлеңдер, поэмалар, мақалалар, арнаулар / Қ.Мұхамедханов; құраст.: Т.Ибрагимов, А.Ғабдуллина; Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. – Семей, 2010. – 144 б. 28. Мұхамедханов, Қ. Шығармалары [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. – Астана: Фолиант, 2014. – (Алтай-Ертіс кітапханасы) Т.1: Абай шығармаларының текстологиясы жайында. – 2014. – 344 б. 29. Мұхамедханов, Қ. Хаттар сөйлейді = Письма говорят / Қ.Мұхамедханов. – Алматы, 2016. – 336 б. 30. Мұхамедханов, Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында [Мәтін] /.Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. – Алма-Ата, 1959. – 144 б. 31. Мұхамедханов, Қ. Абайдың әдебиет мектебі [Қолжазба] : филология ғылымдары дәрежесін алу үшін қорғалған диссертация / Қ.Мұхамедханов. – 1951. – ҚР Ғылым академиясы мұрағатында сақталған. – ҚазССР ҒА академигі М.О.Әуезовтың ғылыми басшылығымен. – Қолжазба бөлімі. ## Марапаттары 1996 жылы "Абайдың ақын шәкірттері"- 4 кітап, "Абай мұрагерлері" «Абай» энциклопедиясын шығарудағы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі. Семей қаласының Құрметті азаматы. Абайдың дүниежүзілік академиясының алтын медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
## МҰСЫЛМАН БЮРОСЫ Мұсбюро(“МҰСЫЛМАН БЮРОСЫ”) – Кеңестік Түркістан республикасындағы жергілікті ұлттардың алғашқы коммунистік ұйымы (1919 – 1920). Түркістан АКСР-інің өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен, тәжік, қарақалпақ коммунистерінің 1-өлкелік конференциясында (Ташкент, 1919, 24 – 30 мамыр) құрылған. Оны ұйымдастырушы әрі төрағасы Тұрар Рысқұлов болды. Түркістанның төл халықтарының құқын қорғаушы ұйым ретінде Мұсбюро отаршылдық езгіден құтылу, ұлттардың өзін-өзі билеуіне қол жеткізу, мұсылмандарды кеңестік құрылыс пен мемл. басқару жүйесіне қатыстыру міндеттерін жүзеге асыру жұмыстарымен айналысты. Бюроның өлкелік, облыстық, уездік ұйымдары ауылдарда Кеңес өкіметін нығайту, күйзелген шаруашылықты қалпына келтіру, жер мәселесінде әділеттілік орнату, ашаршылық және кедейшілікпен күрес жүргізу, мәдени-ағарту және сауатсыздықты жою мекемелерін ашу, жергілікті ұлттар тілінде мерзімдік басылымдар шығару істерін жолға қоюды ұйымдастырды. Түркістан АКСР әскери-рев. Кеңесінің жанынан Мұсылман саяси бөлімі құрылды. Мұсбюро Түркістан Республикасының басшы орындарына өз қызметкерлерін ұсынды. Мұсбюроның қызметіне Д.Нысанбаев (Ташкент уезді қазақтарының өкілі), Ә.Жанкин (Ақмешіт уезді), Ж.Батырбеков (Түркістан қаласы) О.Жандосов, А.Розыбакиев, Ж.Бәрібаев (Жетісу облысы), т.б. белсене қатысты. Большевиктер Мұсбюроның күш алуынан сескеніп, өлкедегі барлық коммунистік ұйымдарды бір орт-қа біріктірді. М-ның 3-конференциясы (Ташкент қ., 1920, 20 – 27 қаңтар) оны тарату жөнінде шешім қабылдауға мәжбүр болды. Конференцияның Түркістандағы саяси билік “Түрік халықтарының Коммунистік партиясына берілсін” деген талабын Мәскеу қабылдамады. Мұсбюро қызметіне қатысқан қайраткерлері пантүрікшілдік және “рысқұловшылдық” аталған антикоммунистік оппозицияның мүшелері деген жалған саяси жаламен айыпталған. ## Сілтемелер * Түркістан Республикасы * Саясат * Коммунистік партия ## Сыртқы сілтемелер * Түркістан қаласы ## Дереккөздер ## Толықтыру ## МҰСЫЛМАН БЮРОСЫ Мұсбюро(“МҰСЫЛМАН БЮРОСЫ”) – Кеңестік Түркістан республикасындағы жергілікті ұлттардың алғашқы коммунистік ұйымы (1919 – 1920). Түркістан АКСР-інің өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен, тәжік, қарақалпақ коммунистерінің 1-өлкелік конференциясында (Ташкент, 1919, 24 – 30 мамыр) құрылған. Оны ұйымдастырушы әрі төрағасы Тұрар Рысқұлов болды. Түркістанның төл халықтарының құқын қорғаушы ұйым ретінде Мұсбюро отаршылдық езгіден құтылу, ұлттардың өзін-өзі билеуіне қол жеткізу, мұсылмандарды кеңестік құрылыс пен мемл. басқару жүйесіне қатыстыру міндеттерін жүзеге асыру жұмыстарымен айналысты. Бюроның өлкелік, облыстық, уездік ұйымдары ауылдарда Кеңес өкіметін нығайту, күйзелген шаруашылықты қалпына келтіру, жер мәселесінде әділеттілік орнату, ашаршылық және кедейшілікпен күрес жүргізу, мәдени-ағарту және сауатсыздықты жою мекемелерін ашу, жергілікті ұлттар тілінде мерзімдік басылымдар шығару істерін жолға қоюды ұйымдастырды. Түркістан АКСР әскери-рев. Кеңесінің жанынан Мұсылман саяси бөлімі құрылды. Мұсбюро Түркістан Республикасының басшы орындарына өз қызметкерлерін ұсынды. Мұсбюроның қызметіне Д.Нысанбаев (Ташкент уезді қазақтарының өкілі), Ә.Жанкин (Ақмешіт уезді), Ж.Батырбеков (Түркістан қаласы) О.Жандосов, А.Розыбакиев, Ж.Бәрібаев (Жетісу облысы), т.б. белсене қатысты. Большевиктер Мұсбюроның күш алуынан сескеніп, өлкедегі барлық коммунистік ұйымдарды бір орт-қа біріктірді. М-ның 3-конференциясы (Ташкент қ., 1920, 20 – 27 қаңтар) оны тарату жөнінде шешім қабылдауға мәжбүр болды. Конференцияның Түркістандағы саяси билік “Түрік халықтарының Коммунистік партиясына берілсін” деген талабын Мәскеу қабылдамады. Мұсбюро қызметіне қатысқан қайраткерлері пантүрікшілдік және “рысқұловшылдық” аталған антикоммунистік оппозицияның мүшелері деген жалған саяси жаламен айыпталған. ## Сілтемелер * Түркістан Республикасы * Саясат * Коммунистік партия ## Сыртқы сілтемелер * Түркістан қаласы ## Дереккөздер ## Толықтыру
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (7 қаңтар 1951 жыл, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007), Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы. ## Қысқаша өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан. * 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. * 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер. * 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер. * 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде. * 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген. * 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған. * 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған. * 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған. * 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. * 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде. * 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. * 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры. * 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. * 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. * 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы. ## Ғарышқа ұшуы * 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. * 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге. * 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. ## Әскери атағы Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан). ## Хоббиі Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту. ## Марапаттары Қазақстан Республикасы: * «Халық қаһарманы» атағы (1995) * «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995) * «Отан» ордені (1998) * «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені * «Астана» медалі (1999) Ресей Федерациясы: * «Дружба народов» ордені (1991) * «Герой Российской Федерации» атағы (1994) * «Лётчик-Космонавт РФ» (1994) * «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998) * «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені Аустрия Республикасы: * Аустрия Республикасының ордені Америка Құрама Штаттары: * «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998) ## Жанұя жағдайы * Зайыбы — Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері. * Баласы — Мұсабаев Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері. * Қызы — Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торабы Мұрағатталған 5 ақпанның 2007 жылы. (орысша) Мұсабаев ресми торабы * Космонавтика күні Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * Талғат Мұсабаев жаңа комитеттің төрағасы болып тағайындалды(қолжетпейтін сілтеме)
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1901 жылы 13 сәуірде туған, Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 1973 жылы 18 сәуірде қайтыс болған, Алматы) — қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1954), 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы. ## Өмірі мен шығармашылығы Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Керей тайпасының сибан шимойын руынан шыққан. Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады. Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының төрағасы болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады. Партия орындарында қызмет атқара жүріп ол көп мәселелердің сырын ұғынады. Қазақ совет әдебиетінің өсуіне бөгет жасау ниетімен жаңашыл жас жазушыларды қақпайлап, тізгіндеп ұстамақ болған ұлтшыл-алашордашылардың зиянды әрекеттерін Сәбит дер кезінде байқап, Сәкен Сейфуллин бастаған советтік жас ақын-жазушылармен бірге тап жауларына қарсы күрес ашады. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. С.Мұқанов жиырмасыншы жылдары бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды.1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды, осы кезде ұлтшылдарды әйгілеуге арналған айтысқа қатынасады. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді. Сәбит әр алуан қызметтер арқауымен қатар түрлі жанрда жаңа шығармаларын жариялады. Поэзияда: «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Сөз-советтік армия»; драматургияда: «Күрес күндерінде» (1938), «Алтын астық» (1939); прозада: «Жұмбақ жалау» (1938), «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941) сықылды шығармалар осы жылдардың жемісі. Екінші Дүниежүзәлік соғысы күндерінде ақын азаматтық, саяси лириканы өткірлей түсті. 1943 – 1951 жылдары Сабит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып істеді. Бұл тұста да ол жас ақын-жазушыларды баулып, үнемі көмек көрсетіп отырумен қатар, өз творчествосын да байытып, «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар» (1945), «Туған жердің тыңында» (1955), «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» тәрізді очерктерін жазды. 1950 жылы Сәбит Мұқановтың шығармашылық қызметінің 30 жылдығы, жасының 50-ге толуына арналған мерейтойына республика жұртшылығы салтанатпен өткізді. Қазақ совет әдебиетінің туып, қалыптасу процесінде үздіксіз сіңіріп келген еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. 1960 жылы жазушының 60 жасқа толуына байланысты оның совет әдебиетіне қосқан зор үлесін атап, КСРО Жоғарғы Кеңесі Сәбит Мұқановты Ленин орденімен наградтады. ## Шығармаларынан ### «Менің мектептерім» Сәбит Мұқанов өз өмір өткелдерін әңгімелей отырып, сол кездегі халық басында болған ауыртпалықтарды сөз етті. Қазақ ауылының революцияға дейінгі тұрмысын суреттеуде жазушы балалық шағын бір шолып өтеді де, Мұқан мен Тұрағұлдың, Мұстафа мен Нұртазаның араларындағы қайшылықтардың бетін ашады. «Менің мектептерім» мен «Өмір мектебі» мемуалдық шығарма болғандықтан, басынан аяғына дейін сюжеттік желі үзілмей, біріне-бірі өрбіп отыра бермейді. Алайда, әңгімеге тікелей қатынасып, әр істің басы-қасында жүретін негізгі кейіпкердің типтік образы арқылы белгілі бір дәуірдің оқиғасын шығармадан айқын көруге болады. Мұның өзі шын мәнінде өмірбаяндық (библиографиялық) шығармалардың жанрлық ерекшелігінен келіп туады, өмір фактілері, тарихи оқиға басты кейіпкерлердің көз алдынан өтеді. Сондықтан да белгілі бір кездегі оқиға да, әдет-ғұрып, салт-сана да бұл романда әңгімешінің өмірге қоян-қолтық араласуы арқылы көрінген. Осыған орай шығармада жаңа адамдар, тың оқиғалар пайда болып отырады. Шығармаларда өмір күнделігі басты геройдың бір жүріп, бір тұрған еңбек адамдарының тұрмыс тіршіліктерінен де танылады. Бет қаритын шыңылтыр аяздарда, боранды күндерде бай малының соңында жүрген жалшылар мен еңбегі еш болған кедей шаруалардың ауыр тұрмысы тебірендірмей қоймайды. Орыс крестьяндарынан көргендерін тұрмыс тіршіліктеріне пайдаланып, егін егіп, өз беттерінше күн көрмекші болған кедей шаруаларды бұра бастырмай, жайқалған астықты жылқыға жеткізіп тастап отыратын Тұртай сияқты байлар да романда әшкереленеді. «Малы бағылмай бос жүретін кең жайлауға егін сеппе деп едім, тыңдамадыңдар, өз обалдарың өзіңе» деп қарап тұратын Нұртаза би де сол Тұртай, тұрағұлдардан асып кете алмайды. Қараңғылық жайлаған қазақ аулында дүмше молдалардың тигізген кесір-кесепаттары да аз емес. Сол бір ауырпалықтарды өз басынан кешірген басты герой үнемі кедей жалшылардың арасынан көрінеді де, болашаққа зор сенім артып отырады. ### «Өмір мектебі» «Өмір мектебінде» кала мен ауыл өмірі қатар суреттеледі, негізгі кейіпкерлер тап күресін жүргізушілер болып келеді. Жазушы «Менің мектептерімде» кісі есігінде жүрген кедей, жалшылардың айғағы ретінде көрінсе, екінші кітапта сол жалшылардың оқу оқып, әлеумет ісіне араласып жүргендіктерін елестетеді. Шығармада автор әрбір істің басы-қасынан көрініп, не сол жұмысты атқарушылардың бірі болғандығын үнемі аңғартып отырады. Октябрь революциясының жеңісі нәтижесінде туған жаңалықтар, Қазақстанда Совет үкіметінің орнауы бұл шығармада нақты және жан-жақты суреттелген. Романда әрбір эпизод әлеумет өмірінде болған үлкен оқиғалар тынысын аңғартып отырады. Кооператив ұйымдарын ашу, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру істері шығармада өзекті мәселе. Боржабай, Шегеннің Айсасы, Қазыбайдың сұлтаны сияқты байлар мен алаш партиясының мүшесі Абылай тәрізділердің бет пердесі ашыла түскен. Ел атынан сенім хат жазып, кооперацияға берілген товарлар мен ауыл шаруашылығына деген заттарды талғамай жұтып жататын олар Совет үкіметіне қарсы зиянкестік әрекеттерін жан таласа жүргізеді. Жаңа дүние құрушыларға кес-кестеп көлденең тұратын Абылай тәрізділердің құбылмалы екі жүзділігі де, бандиттердің зұлымдық әрекеттері де терең ашылған. Бұл шығармалар өз дәуірінің шежіресі есепті. Станция жұмыскері Бексеит пен Нұркиннің Омбыдағы колчактар ұясын талқандауға қатынасуы да бір кездегі тарихи жағдайдың айғағы. Романда халықтың мәдени тұрмысы мен өнерге деген құмарлығы кең суреттелген. Көңіл-күйін, жүрек сезімін ақтара жазған қыз бен жігіттің өлең хаттарында өмір қыспағының іздері жатса, Оспан мен Мақметті мұқату үшін шығарылған өлеңде поэзияны құрал ретінде жұмсаушылық, ән мен күй, өлеңге деген құмарлық, ұлттық дәстүр шығармадан өзекті орын алады. «Алуа басында нелер бір әдемі түндер болады. Кейбір айлы, жұлдызды немесе алашабыр бұлтты тымық түндерде ауылдан қалаға қарай беттеп шығып, жар қабақтана біткен жағадағы жұпар иісті жасыл шалғынның арасында бауырлай жата кетіп, жан-жағыңа көзіңді тіксең де, құлағыңды тіксең де нелер бір көркем суреттерді, нелер бір көркем дауыстарды естисің... Әлде қайдағы ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек қосылып, кейде екі еркек қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеулері қосылып, кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары сапырылып кетіп тымық түнде жұлдызды аспанға биіктеп көтерілген ән құлағыңа шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың... Әлдеқайдағы сайлардан кісінеген де шырқала, кейде баяулап естіліп жатады». («Өмір мектебі», 103-бет.) «Өмір мектебінде» халықтың рухани тұрмысы басты геройдың күрес жолдары арқылы көрінеді де, «Есею жылдары» атты үшінші кітапта тамырын тереңдете түседі. Совет үкіметін нығайту жолында болған әр алуан күресті арқау ететін бұл роман социялистік зор оқиғаларды қамтиды. ### «Есею жылдары» «Есею жылдарында» жазушы бұрыннан көтеріп келе жатқан тақырыбына қайта оралып, ұлтшыл, байшыл ақын-жазушыларға қарсы жүргізілген күрес өмір фактісіне сүйене отырып баяндайды. Еліміздегі мәдени революция кезінде әлеуметтік зор істер атқарған қоғам қайраткелері қатарында Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Әбілқайыр Досов, Белаш, Зікірия Мухеев, Ораз Исаев, Жанайдар Садуақасов, Ораз Жандосов, Сейітқали Меңдешевтер есімі аталады. Негізгі кейіпкерлердің бірі болып отыратын жазушы шығарманың басынан аяғына дейін көрініп, үлкен тартыс, зор оқиғаға тікелей араласып жүреді. Солай бола тұрса да, автор кейде көргеннің куәсі болудан әрі аса алмай қалады. Романда сөз болатын кейіпкерлер саны өте көп, олардың көпшілігі жиын, митинг, мәжілістерде көрініс береді де, шығарма өрісінен шығып қалады. Бұл салада жазушының кейіпкерлерге деген субъективтік қатынасы да біраз әсер еткен. Ел біліп, жұрт таныған тарихи адамдардың қайсы бірі шығармадан өз орнын таппай жататындығы да бар. Дегенмен, бұл роман өз жаңалығымен, өзіндік өзгешелігімен танылған. Шығармада елімізде жүргізілген мәдени революцияның адам санасына әсері нақтылы характерді ашу үстінде көрінген. Әлеуметтік ішкі қайшылықтар роман сюжетінің тартыс желісін құрған. Совет мекемелеріне, үкімет орындарына орналасып алып ұлтшылдық уын себу үшін совет кадрларын қуғынға салған әрекеттерді шығармада терең ашылған. Социалистік құрылыстың әрбір саласынан көрінетін тарихи адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін жазушы ұтымды әңгімелеген. Революционерлердің социалистік құрылысты нығайту жолындағы, идеология майданындағы жүргізген күресін көркемдік шындыққа көтере суреттеген. Жазушы бір жүріп, бірге болған адамдар жайын сөз еткенде олардың характерлерін ашудан көрі өмірбаяндарына көбірек тоқтайды. Романда қаһармандардың арасындағы өзара кикілжің, атақ мансапқа таласу жақтары көп айтылған. Бұл ұнамды образдардың саяси, әлеуметтік мәселелерде атқарған зор істерін көрсетуге көлеңке түсірген. Сабит Мұқанов ақындық өнерін лирикадан бастап, жиырмасыншы жылдардың екінші жарымында көлемді поэмалар жазды. Ұлы Октябрь революциясына дейінгі қазақ әдебиетінде өріс алған поэзия жанры жас талантқа игі ықпал жасаған. Ол халық мұрасының асыл дәстүрлерінің де молынан үйренген. ## Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ықпалы Әдебиет тарихында белгілі бір кезең үшін құбылып болып оқырманын он сан ойға салып келетін шығармалар болды. Өзі құбылыс болумен бірге кезең үшін көркем сөзге талапкер жастарды даярлай келетіні бар. Қазақ совет әдебиетінің классиктерінң бірі – Сәбит Мұқановтың өлеңмен жазылған тұңғыш роман осындай шығарма санатына жатады. Қазақ совет әдебиетіндегі өлеңмен жазылған тұңғыш роман әдебиетке жаңа леп, тың тыныс ала келген. Бұл жауһар туынды күні бүгінге дейін оқырманның барша буынын сұлулыққа баулуда. Роман алпысыншы жылдарға дейін талай талапкердің әдебиетке келуіне айтарлықтай ықпал-әсер етті. Жастарды сұлулыққа құштарландыра, сөз құпиясын меңгеруде тәрбиеші болды. Мұның өзі қазақ совет әдебиетінің профессионалдық тәжірибесі аз, халықтың сан ғасырлардан бері рухани қажетін өтеп келе жатқан фольклордан әлі де іргесін бөлектеп үлгермеген сәтте дүниеге келген көркем шығарманың күні бүгінге дейін атқарған үлкен эстетикалық қызметін көрсетсе керек. Сондықтан тұтас бір халықты оқырмандық белгілі бір кезеңнен алып өткен, туған әдебиетіміздің қазір ағасына айналған ат төбеліндей аға буынын, сан-сапасы молайған кейінгі толқын қаламгерлерін тәрбиелеген , қазіргі салауатты көркем шығармамен бірге тәрбиелесіп келе жатқан романның қыр-сырына бүгінгі уақыт биігінен үңілуге, творчестволық тарихы, кейінгі тағдыры туралы қызыға әңгімелеуге болады. Жақында ғана жарық көргеніне елу жыл толған роман кейінгі ұрпақтан жаңаша сөз етуді тілейтіні де анық. Халық арасында айтылатын жыр негізінде эпикалық таптық туынды жазуды көздейді. Өйткені «Сұлушаш» эпосы жас ақынға өте жақын, етене таныс материал еді. Халық эпосы – «Сұлушаш» бала Сәбиттің талай-талай домбыраға қосып айтып тындаушыларын риза еткен, тіпті күндік дәм-тұзын айырған жыры. Ол кейін «панасыз жетім күнімде, халық жиналған жерлерде, немесе әдебиетке әуес жеке үйлерде жаттаған өлеңдерімді, әсіресе, хиссаларды айтып сонымен тамақ асырадым» («Өсу жолдарымыз», 654 бет) деп жазған, «Сұлушашты» ойға алғаны деп түсінуіміз керек. Халық эпосы Сәбитті осылайша сұлулыққа тәрбиелеген. Көкірегіне құлай жатталған жыр қашанғы айна-қатесіз қайталанып айтыла береді. Орындаушының көңіл-күйіне орай кейде асып-тасып толығып та, қысқарып та сан мәрте айтылған болар-ау?! Осы жайды назарға алсақ, Сәбит Мұқанов белгілі дәрежеде эпос («Сұлушаш») айтушысының біріне айналған екен. Эпос айтушысы – творчестволық тұлға. Жанынан алмай, жадынан қоспай айтпайды. Эпос және оның айтушыларының тарихи тәжірибесіне қарап, халықтың ғашықтық лиро-эпикалық жыры – «Сұлушаш» - Сәбитті, Сәбит – жырды байытты, дамытты, жетілдірді деп нық сеніммен айта аламыз. Дүниеге осылай келген шығарма жөнінде мақтаған, даттаған әр түрлі пікірлердің болғаны мәлім. Бір кезде айтылған сындарға назар аударсақ, көпшіліктің фольклорлық эпостан реалистік шығарма жасаудың мәніне жете түсінбегенін көреміз. Ауыз әдебиеті материалы негізінде жаңа заман, жарқын дәуір идеясын жырлау мүмкіндігін жете пайымдамаған. Уақытында әр қилы пікір тұғызып, әдеби айтысқа себепкер болған роман жайлы пікір одан бері де айтылып келеді. Бұл – шығарманың өміршендік сипатын танытса керек. әлі де бұл романды әдебиеттің әр түрлі мәселелеріне орайластыра зерттеу қажет. Рас, лиро-эпостық сюжетті пайдаланған автор аңыздық, фольклорлық сарындардан тысқары тұра алмады. Көптеген портреттерде, майдан сахнасында эпостық бейнелеу тәсілдері қолданылған. Алтайдың ата-анасының Тезек, Шұнақ аталуында да фольклорлық шартылық жатыр. Бірақ, сол кездегі эпикалық жанр табиғатын барлайтын болсақ адам характеріне нақты деталь негізінде назар салудан, идеяның образдар жүйесінде айтылуынан гөрі авторлық концепцияның ашық публицистік сарынға шығып кететінін байқар едік. Сондықтан романның жеке образдың жүйесіндегі фольклоризм элементтерін автордың саналы түрде барған әдеби тәсілі деп қарау жөн. Аға буын орыс әдебиеті мен ұлт әдебиеттерінің отызыншы жылдардағы даму тенденциясына назар аударғанда мұндай тәсілдің ортақ сипат алғанын байқаймыз. Содан соң автордың оқырманына қарайлайтыны болады. Сол кездегі оқырман ой-санасы, психологиялық көңіл күйін, аңсарын көркем әдебиетті қабылдау мүмкіндігін ескергенде, автор фольклорлық сарындарға әдейі барған. Бұл орайда да фольклорлық әуен-мотивтер әдеби тәсіл ретінде өзін-өзі ақтайды. ## Абай Құнанбаев, Владимир Маяковский, Максим Горький шығармашылықтарының әсері. Сәбит Мұқанов отызыншы жылдары көптеген сын мақалалар, әдебиет зерттеу еңбектерін жазды. Қазақстан жазушыларының II-III съездерінде әдебиет сыны, проза, поэзия жанрларының даму процестері жайында баяндамалар жасап, қазақ Совет әдебиетінің негізгі салаларынан теориялық мәселелер көтерді. Эпостық жырлар, ақындар айтысы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп көлемді мақалалар жазды. Абай мұралары жөнінде көптеген еңбектер берді. Жазушы «XVIII-XIX ғ.ғ. қазақ әдебиеті тарихының очерктері» атты кітапта кейбір мәселелерді жаңсақ топшылап, қателіктер жіберді. Автор Абай творчествосы туралы жазылған еңбектерінде ертеректе жіберген ағат пікірлерін түзеп, өзінің «Жарқын жұлдыздар» атты еңбегінде ұлы ақынның мұрасын дұрыс бағалады. Әдебиет зерттеу мәселесінде теориялық жағынан тың пікірлер ұсынды. Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жарымындағы шығармаларында Сәбит Мұқанов көбінесе өткен өмірдің ауыр қыспағын реалистікпен сипаттады. Бұдан кейінгі кезеңде ол үгіттік сипаты басым саяси-лирикалық шығармалар тудыра бастады. Жаңа өмірдің жарқын көрінісін беруде сюжеттік шығармалар жазып, теңдікке қолы жеткен бұкара халық өкілдерінің табысын жырлады. Отызыншы жылдардағы шығармаларында жазушы Владимир Маяковскийдің жалынды жырларынан, Максим Горький дәстүрінен үйрене отырып, оны өзінше меңгеріп, қазақ совет поэзиясына жаңалықтар енгізді, саяси лирикаларының идеялық-көркемдік сапасын жаңа белгі көтерді; поэзиялық шығармаларында жаңалықтар тудырып, түр мен мазмұн тұтастығын жетілдіре түсті. Сәбит Мұқановтың 1937 жылғы Семейге сапары Абайды жазаша ұғынуына бетбұрыс жасады. Абай шығармаларының 1939 жылы бірінші томы, 1940 жылы екінші томы шыққан академиялық басылымына жазған кіріспе сөзде Сәбит Мұқанов Абайды «халықтың ақыны» деп, өзінің бұрынғы пікірлеріне түбірлі түзетулер жүргізді. Мұның алдында біраз уақыт бұрын, 1934 жылы жазушылардың бірінші съездегі баяндамасында Абайды «қазақ феодализмінің либерал беті» деген болатын.1940 жылы Сәбит Мұқанов Семейге екінші рет келеді. Абайдың туғанына 95 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатынасып, ұйымдастыру, жұмыстарына басшылық етіп, баяндамалар жасайды. Абайтанудағы көзқарасының өзгеруі мен дамуы сапалана түседі және жеделдейді. 1945 жылы Абайдың туғанына жүз жыл толу мерекесіне арналып шығарылған академиялық толық жинақтың кіріспе сөзін Сәбит Мұқанов «Абай – қазақ халқының ұлы кеменгері» деп атап жазды. Осы жылы, Сәбит Мұқанов өзі Абай шығармаларының 1939 жылғы бірінші томына жазған алғы сөзінде ескерткеніндей, абайтанумен тиянақты шұғылданып, қалың кітап арнамақ жоспарын орындайды. 1945 жылғы толық жинақтағы кіріспе сөз сол «Абай Құнанбаев» атты монографияның арқауы екен. 1947 жылы Ғылым академиясының мерекелік сессиясында «Қазақтың ұлттық әдебиеті туралы» баяндама жазған Сәбит Мұқанов түпкілікті шешуші пікірін біржола қалыптастырады: «Абай қазақтың көлемдегі ғана ақын емес. Ол өз тұсындағы қазақ поэзиясын дүниежүзілік ең мәдениетті жазба поэзияның дәрежесіне түр жағынан да, мазмұны жағынан да жеткізген ақын». Әр ұлттың өнерлі иелерімен оның ішінде орыс әдебиетінің талантты қаламгерлерімен, белді зерттеушілерімен арадағы қарым-қатынас Сабит Мұқановтың жазушылық қаламының ұштаса түсуіне, көркемдік танымының кеңейе түсуіне әсері баса айтқан жөн сияқты. Сәбит Мұқанов үшін орыс әдебиеті қазақ әдебиетінің көркемдік талап-мұраттар тұрғысынан жаңа биіктерге көтерілуіндегі мектебіне айналды. Осы орайда -дейді Т.Кәкішев. Сәбиттің ең алғаш рет қарым-қатынасқа түскен орыс әдебиетінің қаламгері В.Маяковский болды. Сәбит Маяковскийді ең алғаш рет 1924 жылы тарих музейдің клубында әдебиеттік диспутта көреді. Маяковский онда өзінің творчесволық әдісін түсіндіре отыра, Пушкиннің «Чернь» өлеңін және өзінің «В. И.Ленин» атты поэмасынан үзінді оқиды. Соның бәрін тыңдап отырған Сәбит Мұқанов «Маяковскийдің кім екенін мен сонда ғана толық таныдым. Одан бұрын да, талай оқығышты көре жүре, мен өлеңді мұндай шебер оқушыны көрген мен «міне қайда оқу!»-дедім мен ішімнен,... оқыған поэманың бар сырын түгел түсініп. Оның оқу шеберлігі, дауыс қуаты, сөз мазмұны мені ғана емес, бүкіл залды билеп ап, қашан оқып болғанша жақтаушылары түгіл қарсылары да дыбыссыз тым-тырыс бола қалды»-деді. Сәбит Мұқановқа В.Маяковскийдің орыс поэзия әлеміндегі өзіндік ақындық үні, өзгеше қолтанбасы ерекше әсер етеді. Осы орайда Сәбит Мұқанов Маяковскийге еліктей, оны үлгі ете отырып қазақ поэзиясына жаңа тақырып, Маяковскийше соны ырғақ әкелді. Маяковский жаңашыл ақын ретінде орыс поэзиясының өлең құрылысының ырғағына жаңалық енгізгені мәлім. Онымен тұтас кезең ақындарының біразы оның ішінде оған Сәбит Мұқанов та айналып өте алмады. Оған Сәбиттің мына өлең жолдары куә: Тыңда,Даусын,Дүние!Деді,Әне,,«бір, екі, үш!»Бар емес пе,,Даусында,Зеңбіректен,Артық күш?, Даусын,Дүние! Даусын,Дүние! Дүние! Дүние! Дүние! Әне,,«бір, екі, үш!» Әне,,«бір, екі, үш!» «бір, екі, үш!» «бір, екі, үш!» «бір, екі, үш!» Даусында, Даусында, Артық күш?, Артық күш?, Бұл өлеңдегі тағы бір ерекшелік ретінде Маяковскийдегі өлең жолдарындағы паузаны көбірек қолдануды атауға болады. Қазақ өлең формасындағы жаңалықтардың бірі есебінде де атап өтуге тұрарлық.. Сәбит Мұқанов халық поэзиясының асыл дәстүрлерін молынан пайдаланып, орыстың классикалық, кеңес әдебиетінен үйрене отырып, поэзиялық күрделі табыстарға жеткен шығармаларының бірі «Майға сәлем» өлеңі. Бұл идеялық-көркемдік жағынан қазақ поэзиясы үшін жаңа, елеулі табыс болды. Осы өлеңімен ақын қазақ совет лирикасында жаңа бет ашты, соны ырғақ, жаңа образ жасады. Маяковский әдісін өз поэзиясында қолданған Сәбит «Гүл бағындай Отаным», «Н-тысяча», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз-Советтік Армия», «Поэзия маршалы» шығармаларында пікір байлығын, көркем образды сөз мағынасын көтереді. Биыл... көктем кезінде... бір күн кешке,Қиял шалқып, әрбір ой түсіп еске,Түн бойы отырдым мен, шекпек болыпҚағазға сөзден сұлу көркем кесте.«Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» «Гүл бағындай Отаным» Сәбит Мұқановтың осы өлеңдері мен поэмалары – қазақ совет поэзиясында Маяковский дәстүрін кеңейте түскен және сол дәуірдегі әдебиетіміздің көркемдік амал-құралдарын молайта түскен шығармалар. Маяковскийден үйрену, әсер алу-дәл Маяковский болу емес. Әсер ала отырып өзінің күшін, қасиетін, қабілетін көрсету басым.Сәбит Мұқанов орыс әдебиетімен қарым-қатынасын еске алған кезде Горькийді айта кету керек. Горькийді Сәбит Мұқанов алғаш рет 1928 жылы Ленинград вокзалында көрген. 1930 жылы Москвадағы Марр атындағы Тіл білімі институтына түскен Сәбит Мұқанов келер жылы ИКП-ның әдебиет бөліміне ауысады. Сол жылы Горькийге барып жолығады. Горькийден алған әсерін былайша түйіндейді: «Горькийге кеңес ақын-жазушылары екі жақтан қызығу керек. Бірінші, Горькийдің барлық еңбегін бойына түгел сіңіріп, білімін Горькийше көтеріп, досқа да, дұшпанға да Горькийше қарай біліп, дәуірді Горькийше сүю, жазуды Горькийше жазу. Екінші, Горькийдің образын өз шығармаларында беруге тырысу»-деп өзінше түйіндейді. Қазақ әдебиетінде Горький дәстүрін қалыптасуын айтқанда Мұқановтың «Өмір мектебі» атты трилогиясын айрықша атаймыз. «Менің мектептерім» дейтін романында революция кезіндегі қазақ ауылының бейнесін көрсетуден басқа бір үлкен маңыз бар. Ол – жазушының проза жанрында Горький мектебінен оқып өскендігін көрсететін творчестволық жаңалық. Сәбит Мұқанов шығармаларында жазушы Маяковскийдің жалынды жырларынан Горький дәстүрінен үйрене отырып, оны өзінше меңгеріп қазақ совет поэзиясына жаңалықтар енгізді, саяси лирикаларының идеялық-көркемдік сапасын белге көтереді, поэзиялық шығармаларында жаңалықтар тудырып, түр мен мазмұн тұтастығын жетілдіре түсті. Осындай орыс әдебиетінің тұлғаларымен кездесіп, қарым-қатынас жасап жүрген Сәбит Мұқанов орыс әдебиетінің озық үлгілерінен, тәжірибесін өзінің шығармаларынан байқауға болады. Мысалы, Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романында қазақ халқының жаңа өмірі үшін әрекет еткен революциялық күрес көрсетіледі.Орыс әдебиетіндегі жетістіктерді тани білген, танып қана қоймай оны өз шығармашылығына шеберлікпен пайдалануға тырысқан Сәбит Мұқанов халқының тіршілігін, онда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыпты өз туындыларына арқау еткен тұстарда ұлттық мінезді негізге ала отырып бере білді. Басынан бәлен дәуір өткерген, өсу мен дағдарысты кешірген орыс әдебиетінің тарихына үңіле қарап, көп мағлұмат алып қана қойған жоқ, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ әдебиетінің тарихына жаңалық енгізуге тырысты. Қорыта келгенде орыс ақын-жазушыларының шығармашылығындағы озық дәстүрлерінен үйреніп қана қоймай, оқыған мен тоқығаннан қазақ әдебиетіне жаңаша сипат дарыта білген Сәбит Мұқановтың әдебиет әлдеміндегі қаржылы еңбегі қай уақытта өз құнын жоймайтыны анық. ## Еңбектері 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Сәбит Мұқанұлы әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір‚ заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. мәні жоғары да бағалы. Оның артында қисапсыз мол мұра - 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. сан-салалы кітаптар қалды. Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы жөнінде шығарма жазу мақсатын жүзеге асыру үшін Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында болып‚ Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанұлы әдебиеттану саласына да көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге‚ поэзия теориясының қағидалары мен ережелеріне‚ өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Орыс символизмінің әдеби‚ эстетикалық және философиялық мәндерін ұғына отырып‚ оны өз өлеңдерінде қолдана білді.С. Сейфуллин «Советстаны» мен І.Жансүгіровтің «Дала» поэмаларындағы фольклорлық ізденістерге‚ ұйқас‚ ырғақ‚ шумақ құрылысындағы соны өзгеріс-құбылыстарға зер салды. «Поэзия мәселесі» дейтін зерттеуінде (1933) «Маған қазақ өлеңінің 4 аяқты‚ 6 аяқты‚ 8 аяқты түрлері күрделі пікір айтуға қолды байлайтын секілденді. Сондықтан мен «Тұрмыс тұлпары» өлеңімнен бастап халық әдебиетінің шұбыртпалы түріне бет алғандай болдым. Маған шұбыртпалы түрдің («Қобыланды»‚ «Алпамыс») екпіні‚ ырғағы 6 аяқтардан күшті сияқтанды. Шұбыртпалы түрдің құшағы пікір құшақтауға кең тәрізденді» деп жазады. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялық‚ сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып‚ олардың халық шығармашылығындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау‚ зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты. 18-19 және 20 ғасырларлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Әдебиет туралы ашық хат» жариялап‚ онда "Қазақстанда әдебиетті зерттеу жөнінде істелген іс атымен жоқ‚ сондықтан біздің міндетіміз аздап болса да‚ әліміз жеткенше осы істелмей жатқан іске атсалысу" деген пікірін білдірді. Сәбит Мұқанұлының қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын‚ негізінен‚ 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы‚ 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Оның «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) атты кітабы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында жарияланған бірден-бір еңбек болды. Еңбекте А.Байтұрсынов‚ М.Дулатов‚ Ж.Аймауытов, Ғұмар Қараш‚ С.Торайғыров‚ С.Дөнентаев‚ Б.Күлеев‚ Жұмабаев‚ М.Әуезов‚ т.б. ақын-жазушылар шығармаларына кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас тұрғысынан келгенімен‚ көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Жұмабаев туралы «Ақындық жағынан келгенде Мағжан‚ әрине‚ қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде‚ әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп‚ Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын жоқ» атты пікірін ашық жазды. «Қазақтың 18-19 ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942‚ кейін тыйым салынған) атты монографиясында ақын-жыраулар (Бұқар‚ Байтоқ‚ Жанұзақ‚ Махамбет‚ Шортанбай‚ Шернияз, Мұрат, т.б.) поэзиясы мен жыр-дастандарға‚ сондай-ақ атақты тарихи тұлғаларға (Абылай‚ Кенесары) қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тұрғысынан қарады. Сәбит Мұқанов қазақ елінің мүддесі‚ халық тағдыры тұрғысынан патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Сонымен қатар ол осыған дейін бір жүйеге түсіп жіктелмеген‚ жеке ғылыми талдау жасалмаған қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу нысанына айналдырды. Оның 1944-45 жылдары жазылып‚ 1961 жылы жарық көрген «Абай Құнанбаев» монографиясы автордың Абай туралы пікірлерінің және қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы көзқарастарының өсіп-жетілу кезеңдерін көрсетеді. Бұрынырақтағы «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар‚ шешендер» («Еңбекші қазақ», 01.03.1923) атты мақаласында ол Абайды ескішіл‚ байшыл ақындар қатарына жатқызып‚ үстем тап ақыны деп санаған болса‚ аталған монографияға дейін Абай болмысын танытатын көптеген құнды мақалалар («Абайды тану жолындағы пікірлер» («Қазақ әдебиеті»‚ 29.11.1934)‚ «Абай – халық ақыны» («Әдебиет майданы»‚ 1937‚ № 4‚ 5)‚ «Абайдың шәкірттері туралы» («Әдебиет және искусство»‚ 1951‚ №7‚ т.б.) жазып‚ Абайтануға үлкен үлес қосты. Сондай-ақ оның «Саяхаттар» (1954), «Туған жердің тыңында» (1955), «Тыңда тұнған байлық» (1957), «Алыптың адымдары» (1959), «Замандас туралы аңыз» (1961) атты кітаптарында 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жинақталған. Оның «Өсу жолдарымыз» (1960), «Жарқын жұлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974‚ «Қазақ қауымы»‚ 1995) атты монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы‚ т.б. туралы жазылған сүбелі еңбек болып саналды. Сәбит Мұқанов жаңа өмірге‚ бақытты өмірге қол жеткіземіз деп сендірген қоғамдық күштермен бірге социалистік идеяларға үн қосып‚ туған елінің мүддесіне‚ халық кәдесіне жарайтын жақсылық табуға ұмтылды‚ суреткерлік дарыны мен қайраткерлік қарымын сарқа жұмсап‚ аянбай еңбек етті. Осы жолда кеңестік идеологияны қолдамаған алашшыл ақын-жазушыларды сын тезіне алып‚ тапшылдық ұстанымдарын айқын танытты. Әйтсе де олардың жазушылық‚ ақындық талантын жоғары бағалады‚ оларды қазақ кеңес әдебиетіне қызмет етуге шақырды. Қазақ халқының ұлттық тілі мен мәдениетіне қатысты Кеңес өкіметінің әр кезеңдердегі солақай шешімдеріне қарсы шығып‚ өзі сенген биліктің сынына да ұшырады. Осы кезеңде Сәбит Мұқанұлына «Алашорда ақыны Мағжанға қамқорлық көрсетті‚ С.Сейфуллин бастаған ұлтшылдар тобында болды‚ буржуаздармен ымырашылдыққа барды» деген айыптар тағылып‚ саяси сенімсіздік көрсетілді. 1951 жылы 13-15 маусымда Қазақстан ҒА-сы мен Қазақстан Жазушылар одағының (Төралқа мүшелерінің) Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасы жөнінде өткізген пікірталасынан кейін Әуезов‚ Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов‚ т.б. әдебиет зерттеушілерімен бірге Сәбит Мұқанұлының да Абайтанудағы «қателіктері» көрсетілді (Әуезовтің «Литературная газетаға» жазған ашық хаты‚ «Абай» журналы‚ № 2‚ 1996). 1956 жылы Қазақстан КП ОК қазақ баспасөздерін аудару арқылы дубляж жасауды ұсынғанда алғаш болып Сәбит Мұқанұлы қарсы шықты. 1956 жылы қазақ зиялы қауымы республиканың қоғамдық-саяси өмірінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы мәселе қойды‚ осыған орай Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі сессиясында сөйлеген сөзінде Сәбит Мұқанұлы «Қазақ республикасында қазақ тілі мәртебесін төмендетуге‚ республикалық мекемелерде‚ жиналыстарда қазақтардың өз тілінде сөйлеуіне тыйым салуға ешкімге құқық берілмегендігі» туралы өткір пікір білдірді (ЦГАНИ‚ 708 қор‚ 30 оп.‚ 76 іс‚ 85-б.). Екі аптадан кейін Орталық комитетке «қазақ тілі тек қана тұрмыстық деңгейде қалып‚ мемлекеттік тіл ретінде өмір сүруін шын мәнінде тоқтатқандығын» баяндай келіп‚ оны қалпына келтіру жолдарын көрсеткен өткір хат жазды. Сәбит Мұқанұлы сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі‚ өсіп-өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің әдебиет жолындағы бастапқы шығармашылық қадамдарына қолдау көрсетті‚ қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. 1930-50 жылдар аралығында әдебиетке келген өз қатарластары мен жаңа толқын өкілдері Сәбит Мұқанұлы жанашырлығын көріп өсті. Сәбит Мұқанұлы есімі қазақ әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталады. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылды. 1956-66 жылдары Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болды. 2-8-сайл. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты‚ КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып, сондай-ақ Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне қабылданып (1958-69)‚ Араб елдерімен достық және мәдени байланыстар қоғамы Қазақ бөлімшесінің төрағалығына да (1965-69) сайланды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының 1-лауреаты атанды. Сәбит Мұқанұлы 2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталды. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламгердің есімі Алматы қаласы көшесіне, туған ауылына, ондағы мектепке, облыстық кітапханаға, облыстық драма театрына берілді. Алматы қаласындағы Сәбит Мұқанұлы атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылған (2000). ## Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Алматы каласында, Төлебаев көшесі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973 жылы тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада ашылған. Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және тағы басқы құжаттар бар. Оның 1922-1935 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен кұжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұқанов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту," Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашқар кызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар" (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттері, махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы, Қызылорда қаласындағы сотқа (1927) қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған. "Балуан Шолақ" романының (ҚХР, Шыңжаң) араб әрпімен басылған нұсқасы, Шәкәрімнің 1931 жылы ақпанда Сәбитке жазған хаты мен фотосуреті, кітабы, М.Жұмабаевтың "Шолпан" өлеңдер жинағы (1913), М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" (1914) романы, Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар" (1925), т.б. Мұқановтың жеке мұрағатында сақталған кітаптар бар. Мұражайдың мемориалдық бөлімінде жазушының қабылдау бөлмесі, жұмыс орны, демалыс бөлмесі толық сақталған. 4 мыңға жуық кітабы бар кітапханасы да осы бөлімде. Тұрмыстық заттары, үй жиһаздары, шетелдерден келген түрлі сыйлықтар, картиналар, т.б. экспонаттар қойылған. Мұражайда түрлі дәрістер оқылып, кинофильмдер көрсетіледі. Кейін С. Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов мұражай-үйлері әкімшілік басқару жағынан біріктіріліп (8.2.1999), "С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені" деп аталды. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, экспозициясы жаңартылды, 8 мыңнан астам экспонат жинақталды. (2000). ### Қысқаша биография * Сәбит Мұқанов ауыл Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1935). * 1935-36 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, * 1936–37, 1943 – 51 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, * 1937–41 жылдары ҚазҰПУ-дың проф-ы қызметтерін атқарған. * Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 жылы жарық көрген. * «Бай баласы» (1928), «Мөлдір махаббат» (1931), «Теміртас» (1935) романдары Қазақстандағы таптық күрес мәселелеріне арналған. * «Ботагөз» (1938), «Сырдария» (1947 – 48) романдарында қазақ халқының тарихы суреттелген. * «Өмір мектебі» автобиографиялық трилогиясына (1949 – 64) Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. * «Аққан жұлдыз» шығармасы (1967 – 70) қазақтың ағартушы-ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған. * Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1956 – 66), 2 – 8 шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болған. * Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1967), * Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (1967) иегері. 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, т.б. ордендермен, медальдармен марапатталған. * Қазір Мұқанов тұрған үй мұражайға айналған (1975). ## Дереккөздер ## Әдебиеттер тізімі * Т.Нұртазин, Жазушы және өмір. Алматы, 1960. * Ергөбеков Қ. Сәбит Мұқанов. Алматы-Мектеп, 1989 * Нұрқатов А. С.Мұқановтың шығармашылық жолы, Алматы, 1956. * С. Мұқанов, Жарық жұлдыз, Алматы, «Санат», 1995. * Рымғали Нұрғали. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры, Астана, 2002. * «Сәбит Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман», II том, Петропавл, 2000. * К.Ергөбеков, С.Мұқанов тағлымы. Алматы, 1989.
Әсия Мұстафина (24.4. 1924, Сырдария ауданы – 14.11. 1991, Алматы) – кен инженері, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1971), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1972). Қазақ тау-кен металлургия институтын (ҚазҰТУ) бітірген (1948). Кемпірсай кен басқармасында (1948–50), Өзбекстан ҒА-нда (1950–51), «Қазақмелиовзрыв» өндірістік-техника бөлімінде (1951–52), Қазақстан ҒА-нда (1952–54, 1955–87), Кеңес – Қытай акционерлік қоғамында (1954–55) инженер, ғылыми-басшылық қызметтер атқарды. Мұстафинаның ғылыми еңбектері кен ашу жұмыстарында жаппай қопару әдістерін қолдану, шарошкалы бұрғылаудың технологиясын жетілдіру, кенді ашық әдіспен қазу жүйелерін талдау және кеніштерді автоматтандырылған басқару жүйелері арқылы пайдалану мәселелеріне арналған. Бишікөл, Әйет, Лисаков, Жезқазған кеніштерінде ашық тау-кен жұмыстарын дамыту және қолдану аясын кеңейту, Соколов кенішінде кен қазу технологиясын жетілдіру жөніндегі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соколов және Сарыбай кеніштерінде экскаватор үңгубеттерінің оңтайлы параметрлерін анықтау арқылы экскаваторлар мен өздігінен аударғыш машиналарды тиімді пайдаланудың ішкі көздерін тауып, «экскаватор – автокөлік – үйінді» кешенді жұмыстарының толық өзара байланысын анықтап, экон. тиімді сұлбасын ұсынды. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков (15.11.1934 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – онколог ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. * Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1957) бітірген. * 1957 – 1972 жылы еңбек жолын Жезқазған кенішінде телімдік терапевтен бастап, Қарағанды облысының онкология дипансерінің бас дәрігері болды. * 1972 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) онкология курсының меңгерушісі. ## Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды хирургиялық жолмен емдеуге арналған. Өңеш, асқазан қатерлі ісігін хирургиялық және терапиялық жолмен емдеу тәсілдерін жетілдірді. Ол өңештегі қатерлі ісікті сылып тастаудың ерекше әдісін тауып, соның нәтижесінде өңеш қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың операциядан кейінгі өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін нәтиже алды. Операциядан кейін науқастардың өлімін және дертінің асқынуын азайтуға мүмкіндік беретін адаптациялық, инвагинациялық., т.б. анастомоздардың (грек. anastomуsіs – саңылау, шығатын жер) түрлерін жасады. 13 өнертабыстың авторы, халықаралық деңгейдегі 2 патенті бар, 20 өнертабыстық ұсыныс енгізген. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * МҰСЫЛМАНБЕКОВ Қани Жұмкенұлы(қолжетпейтін сілтеме)
Мұсылман Жұмысшыларының Біріккен Одағы, Верный мұсылмандарының біріккен еңбек одағы – еңбекшілердің бұқаралық ұйымы. Уақытша үкімет орнаған соң, 1917 ж. 5 мамырда құрылып, негізінен, экон. және ағартушылық мақсаттарды көздеді. Садақ атты сатиралық журнал шығарды.
Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов(11 қараша 1948, Қостанай - 15 қазан 2013, Астана) — мемлекет және қоғам қайраткері. ## Қысқаша өмірбаяны * 1971 жылы - Новосібірдегі кооперативтік сауда институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген, саясаттанушы. * 13-і шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаты. * Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасының Мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген. * Төрағалыққа сайлау алдынан Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары болып тағайындалған. * 2008 жылы қазанның 13 Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасы болып қайта сайланды. ## Марапаттары «Құрмет» орденімен, және төрт медалмен марапатталған. ## Дереккөздер
Мұхамедғалиев Фазыл (15.11.1911 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Мешітқұм ауылы – 15.11.1989, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1949), профессор (1949), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1967), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген (1933). Осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі (1933–51), ректор (1951–57), Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті (1957–60), Қазақ КСР-і ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының директоры (1960–87) қызметтерін атқарған.«Биоморфология дыхательной системы млекопитающих» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері жануарлар морфологиясы мен генетикасына арналған. ## Дереккөздер ## Cілтемелер * зоотехника * профессор
Серік Ишанұлы Мұхамеджанов (03.05.1927 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жарқайың ауылы — 2015) – ғалым, геология ғылымының докторы (1969), профессор (1970), Қазақстан өзге ұлттар Академиясының академигі (1996). Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген (1949). 1949 – 1965 жылы Қазақстан ұлттық Академиясының Геология институтында, 1965 – 1991 жылы Гидрогеология және гидрофизика институтында (1984 – 1991 жылы, директор), 1991 – 93 жылы ВАСХНИЛ-де, ал 1993 жылдан қазіргі ҚазөТУ-да ғылым-педагогика қызмет және “Ыстық су” ғылым-өндірістік ассоциациясының жетекшісі қызметтерін атқарады. Негізгі ғылыми еңбектері платформалық-тауаралық және Орталық Қазақстанның гидрогеологиялық кен аймағында артезиан бассейндері түзілуінің заңдылықтарын зерттеуге арналған. Мұхамеджанов Серік Мұхамеджанұлы Шідерті өзені бассейнінің жер асты суларының қалыптасу заңдылықтарын зерттеді, оның ғылыми ізденістерінің нәтижесінде осы өзен аңғары арқылы Ертіс – Қарағанды каналы салынды. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде жүргізген гидрогеологиялық зерттеулерінің нәтижесінде артезиан суларының орналасу, таралу, қалыптасу заңдылықтары және ресурстар қоры туралы мәліметтер алынды. Жер асты суларын, оның ішінде артезиан суларын пайдаланудың ғылыми-тәжірибелік ұсынысын жасап, өндіріске енгізді. Оның басшылығымен Балқаш – Алакөл өңірінде, Зайсан көлінде бассейнінде, Тарбағатай мен Іле тауларында, Семей өңіріндегі Ертіс маңында, Солтүстік-шығыс Қазақстанда гидрогеологиялық зерттеулер жүргізілген. 350-ден аса ғылыми еңбек жазды. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан ұлттық Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1971).. ## Дереккөздер
Қалтай Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов (24 желтоқсан 1928 жыл, «Шіркейлі» кеңшары, Қызылорда округы, Қазақ АКСР — 7 мамыр 2001 жыл, Мәскеу, Ресей) — қазақ және кеңестік драматург, жазушы, публицист, сценарийші. Қазақстанның халық жазушысы, драматург, алғашқы кәсіби қазақ театр критигі. ## Өмірбаяны 1953 жылы Ташкенттегі театр және көркемөнер институтын бітірді. Қожа руынан шыққан. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінде, Мемлекеттік кино комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағының, Кинематографистер одағының екінші, бірінші хатшысы, 1988–1998 жж. республикалық «Ара–Шмель» журналында, халықаралық «Заман – Қазақстан» газетінде бас редактор болды. Өмірінің соңғы жылдарында халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. ## Шығармашылығы Шығармашылық жолын М.Горькийдің «Тоғышарлар», С.Айнидің «Құлдар», Айбектің «Киелі қан» сияқты атақты туындыларын аударудан бастаған. 1959 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында «Бөлтірік бөрік астында» атты тұңғыш драмалық туындысының премьерасы болды. Қалтай Мұхамеджанов пьесалары адам мінезінің, іс-әрекетінің күлкілі жақтарын алып суреттеуге құрылады. Күлкінің ар жағында ондай құбылысты әшкерелеу сарыны жатады. «Бөлтірік бөрік астынданың» басты кейіпкері Сапар – жылпос, опасыз, өмірді алдау мен арбауға құрып үйренген адам. Ол ауылда әйелі бола тұрып, қалада үйленеді. Автор осыны әшкерелейді. Оны «Бөрік астындағы бөлтірікке» теңейді. Қала қыздарының қазақ тілін білмеуін күлкі етеді. Ал, «Құдағи келіпті» пьесасында адамның отбасындағы тіршілігін суреттей отырып, қаланың тоғышар, сәнқұмар әйелдеріне еліктеген сауатсыз ауыл әйелі Айжанның қызын күйеуінен айырып алмақ болған ісі мен қылығын күлкі етеді. «Қуырдақ дайын» пьесасында Ережеп, Жақан сияқты өмірде өз орны жоқ, әркімге сүйеніп күн көрген мүсәпір адамдардың майысқақ, жұрттың бәріне жақсы көрінуге тырысқан қылықтарын суреттеуді көздеген. Бәрі де күлкіге арқау боларлық дүниелер. Автордың үш пьесасы да кезінде театр сахналарынан қойылды. «Шыңдағы шынарда», «Айман–Шолпан» киносценарийлерінің де авторы. А.Қаһардың «Ауру тістерін», Ш.Айтматовтың «Ана–Жер–Ана», «Арманым, Әселім» пьесаларын, «Ақ кеме» повесі және Шығыс классикасының «Мың бір түн» ертегісін (1-4-томдарын) қазақ тіліне аударды. 1978 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық көрген. 1998 жылы таңдамалы шығармаларының 3 томдығы шықты. Ол драмалық шығармаларында диалогты, диалогтың даралану заңдылықтарын, диалогтар даралығы бәсекелестігін шебер пайдаланды. Оның комедиялық және драмалық туындыларының қай-қайсысында да қазақ қоғамында рухани дерттің белең ала бастауы кеңінен қамтылып, қазақ халқының Кеңес дәуіріндегі алмағайып тағдыры, ұлы тұлғалардың трагедиялық бейнесі айқын көрініс тапты. Карл Маркстың «Капиталын» үш-ақ ауыз сөзге сыйдырған сатира саңлағының қырғыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовпен бірлесе жазған «Көктөбедегі кездесу» пьесасының алар орны ерекше. Бесіктегі кезінен күмән еміп өскен ұрпақтың күйік пен күдікке толы күйкі болмысынан сыр шертеді. ## Марапаттары Қазақстанның Халық жазушысы (1992). «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы, «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік жоғары марапаттарға ие болған. ## Дереккөздер
Айман Қожабекқызы Мұсақожаева (15 наурыз 1958 жыл, Алматы) — скрипкада ойнаушы. Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері (2014), “Әлем артисі” (ЮНЕСКО, 1998 жыл), Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі. ## Өмірбаяны Шыққан руы қожа. * Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. * П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірді. * Айман ұйымдастырушы, талантты ұстаз. 1993 жылдан “Солистер Академиясы” Мемлекеттік камералық оркестрін ұйымдастырды. * 1998 жылдан Астанадағы қазақ Ұлттық музыка Академиясының ректоры қызметіне тағайындалды. * Қазіргі кезде Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. А. Мұсаходжаеваның аты музыкалық Олимпте М. Плетнев, Г. Кремер, Е. Грач, В. Третьяков, И. Гаврш сияқты әлем жұлдыздарымен қатар тұр. Ол Шығыс музыкасының нәзіктігін, сезімталдығын Еуропаның музыкалық мәдениетінің руханилығымен, көпқырлығымен үндестіріп, ұлттық өнерді әлем халқына танытты. ## Балалық шағы Әлемге әйгiлi Айман Мұсақожаеваның ән-күйге деген әуестiгi бала кезiнен басталды. Анасы Рахила балаларының жан-жақты бiлiмдi, жiгерлi болып өсуiне көп күш салды. Әкесi Қожабек Мұсақожаев әр жерде түрлi жауапты қызметтерде жүрдi, облыстық партия комитетiнiң хатшысы болды. Үйдегi төрт бала Алматыдағы интернатта тұрып оқыды. Шешесi Қаскелең ауданынан қалаға келгенде төрт қызды жетектеп, опера және балет театрына алып баратын. Айман Күләш Байсейiтова атындағы республикалық музыка мектебiнде профессор Н.Патрушеваның сыныбында оқыды. Оны ойдағыдай бiтiрген соң Мәскеудегi П. Чайковский атындағы мемлекеттiк консерваториясында Кеңес Одағының әртiсi, профессор В. Климовтың сыныбында оқуын жалғастырды. Айман Мұсақожаева 1976 жылы Югославияда, Белград қаласында өткен халықаралық конкурста лауреат атанды. Небары 18 жастағы қыздың халықаралық сайыста Қазақстан атынан жасқанбай өнер көрсетiп, жеңiмпаздық тұғырдан көрiнуi жиналғандарды айрықша таң қалдырған едi. Бұл оның алғашқы шыққан биiгi болатын. Осыдан кейiн Айманның өсiп, өрлеу жолдары басталды. 1981 жылы Генуядағы Паганини атындағы, 1983 жылы Токиодағы, 1985 жылы Хельсинкидегi Я.Сибелиус атындағы, 1986 жылы Мәскеудегi П.Чайковский атындағы VIII халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. Таңдаулы техника, түрлi әуендердi терең түсiну оның ең қиын скрипкалық туындыларды икемге келтiрiп, әлемнiң тамаша концерт залдарында нақышына келтiре орындауына мүмкiндiк бердi. Концерттiк қызмет жылдарында Айман Мұсақожаева скрипкалық музыканың бай репертуарын жинақтады. Соның iшiнде Йоганн Себастиан Бах, Гайдн, Моцарт, Бетховен, Паганини, Брамс, Чайковский, Сибелиус секiлдi жарқын тұлғалардың, осы заманғы сазгерлердiң, Қазақстан сазгерлерiнiң шығармалары бар. 1992 жылы ол «Солистер академиясы» Мемлекеттiк Камералық оркестрiн құрды және қазiр де оның көркемдiк жетекшiсi болып саналады. Алғашқы құрылған күннен оркестр классикадан бастап бүгiнгi композиторлардың туындыларына дейiн игердi. Ол XVII-XVIII ғасырлардағы көне де әспеттi, сондай-ақ осы заманғы озық үлгiдегi музыкалық құралдармен қамтамасыз етiлген. Оркестр ұжымының жоғары орындаушылық шеберлiгiн Ресейде, Америкада, Жапонияда, Германияда, Австрияда және басқа да елдерде лайықты бағалады. 1993 жылдан берi Айман Қожабекқызы Ресейдегi Петр Чайковский атындағы, Абрам Ямпольский атындағы (Дубна) Халықаралық скрипкашылар конкурсының, Италиядағы Милан қаласында өтетiн Микеланжело Аббадо атындағы Халықаралық скрипкашылар конкурсының қазылар алқасының мүшесi. Мәскеу, Алматы, Бiшкек консерваторияларының профессоры ретiнде белсендi, әрi педагогикалық қызмет атқарып келедi. ## Қазақ Ұлттық Музыка академиясы Шәкiрттерiнiң арасында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары аз емес. Бiрақ Айманның орындаушылық және педагогикалық қызметiнiң шыңы 1998 жылы Қазақ Ұлттық Музыка академиясының ашылуы болып табылады. Бұл астананың Алматыдан Целиноградқа ауысып жатқан кезi болатын. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы Айман Мұсақожаеваның ұсынысы бойынша сол жылдың 31 наурызында Қазақстан Президентiнiң бастамасымен ашылды. Ол республикадағы жас оқу орындарының бiрi болып саналады. Айман Мұсақожаева басқаратын академия өзiнiң қысқа тарихы кезеңi iшiнде Қазақстанның барлық аймақтарынан шығармашылық күштердi өзiне тарта бiлетiн және қазақ музыкасы мен әлемдiк өнердi кең көлемде насихаттайтын перспективалы бiлiм мен мәдени-ағарту орталығы бола бiлдi. Музыка академиясы Қазақстан үшiн бiрегей оқу жобасын ұсынды, оның негiзi етiп бiр оқу орны қабырғасында үздiксiз кәсiби бiлiм беру идеясы алынған. Мұнда бастауыш (1-9 сыныптар), орта (10-12 сыныптар), жоғары бiлiм (I-IV курстар), ассисентура мен аспирантура тоғысқан. Музыканттарды алғашқы қадамынан бастап жоғары кәсiби шеберлiктi толық игерiп шыққанға дейiн жүйелi тәрбиелеу идеясының авторы да Айманның өзi. Академияның мiндетi — республиканың барлық өңiрлерiнен келген дарынды балаларға көңiл бөлу, жан-жақты бiлiмдi өнер шеберлерiнiң жаңа ұрпағын тәрбиелеп шығару үшiн барлық қажеттi жағдай туғызу. Отандық педагогиканың озық дәстүрi мұнда әлемдiк бiлiм беру үрдiсiнiң қазiргi заманғы жетiстiктерiмен шебер ұштасқан. Академияның оқытушы-профессор құрамы жаңа оқу бағдарламаларын және кәсiби музыканттарды тәрбиелеу жөнiндегi әдiстемелердi жасайды, оқу-бiлiм беру базасын кеңейту жолында жұмыс iстейдi, оқу жоспарына бүгiнгi күннiң өзектi тынысына жауап беретiн жаңа пәндердi енгiзiп отырады. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы халықаралық фестивальдар мен конкурстарда Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетiп жүр. Осындағы шәкiрттердiң Италияда, Австрияда, Ресейде өтетiн музыкалық сайыстарда жеңiстерге жетулерi дәстүрге айналды. Өткен кезеңде шынайы талант иелерi Венада, Зальцбургте, Сан-Бартоломеода, Сенигаллияда, Брешиада, Генуяда, Ватиканда өздерiн көрсете бiлдi. Олардың орындаушылық шеберлiгi Еуропа жұртшылығы үшiн шын мәнiсiнде жаңалық болды. Италияда скрипкашылардың «Айсәуле», «Каприччи» ансамбльдерiнiң, студенттiк симфониялық оркестрiнiң концерттерi таңданыс туғызды. Түркияда өткен фестивальда «Ели-гай» балалар хоры үлкен табысқа жеттi. Академия музыканттарының үнiн Лондонда, Берлинде, Брюссельде естiдi. Қазақстан тәуелсiздiгiнiң онжылдығына арналған «Айман-Гала» концерттiк сапары өттi. Музыка академиясы Еуропа консерваториялары, академиялары және жоғары музыкалық мектептер қауымдастығына кiредi, П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттiк консерваториясымен ынтымақтастық туралы шартқа отырды, Париждiң, Хельсинкидiң, Хорватияның музыкалық академияларымен өзара тиiмдi келiсiмдер жасады. Академия жұмыс iстей бастаған алғашқы күндерден шығармашылық тыныс тамыры белсендi соғады: «Руханият» газетi үнемi шығарылады, ұжымның ғылыми қызметiн дамытуға қолайлы жағдай жасайтын ғылыми-әдiстемелiк конференциялар өткiзiлiп тұрады, алғашқы мақалалар жинағы жарық көрдi. Шығармашылық қабiлеттi дамыту, қазiргi заманғы композиторлық техниканы игеру үшiн жанында «Форманта-күй» ансамблi жұмыс iстейтiн Шығармашылық орталық ашылды. Астанадағы мектеп оқушылары мен балалар үшiн абонементтiк дәрiс-концерттер қою дәстүрге айналды, студенттер, оқытушылар мен музыкалық ұжымдардың концерттерi көпшiлiкке танымал бола бастады. Академияда жас орындаушылардың республикалық конкурстары ұдайы өткiзiледi. Халықаралық «Shabyt-Inspiration» конкурсы барған сайын көпшiлiкке белгiлi бола түстi. Оның жұмысына бүкiл дүние жүзiне белгiлi орындаушылар қатысады. Олар студенттердiң шеберлiгi деңгейiне баға берiп қана қоймайды, сонымен бiрге шеберлiк сыныптарын өткiзедi, концерттер қояды. Солардың арасында Милан консерваториясының профессоры, Микеланджело Аббадо атындағы Халықаралық конкурстың негiзiн қалаушы Марчелло Аббадо (фортепьяно), Гентедегi музыка академиясының профессоры Михаил Кугель (альт, Израиль), Стефан Метц (виолончель, Франция), профессор Аркадий Севидов (фортепьяно, Ресей) және басқа да көптеген өнер майталмандары бар. — Бiр үйде төрт қыз туып, өстiк. Төртеуiмiз де музыка жолын таңдап алдық. Бәрiмiз де бiр ұядан шыққан балапандардай жұбымызды жазбай, бiр жерде жұмыс iстеп жатырмыз. Үлкен апам Раиса скрипкада ойнайды, академияның оқу-тәрбие жұмыстары жөнiндегi проректоры. Екiншi апам Раушан қылқобызда ойнайды, қазақ халық аспаптары кафедрасының меңгерушiсi. Сiңлiм Бақытжан виолончель және контрабас кафедрасының доцентi. Өнерге баулып, тәрбиелеген анам мен әкеме мәңгiлiк борыштармыз. Қазiргi жеткен жетiстiктерiмнiң бәрi де солардың арқасы деп бiлемiн. Бойындағы өнерiн шынайы талант иесi өзгелерге үйретуден жалықпайды. Еуропада, Америкада, Оңтүстiк Кореяда шеберлiк сыныптарын жүргiзедi. ## Атақтары Музыка саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн оған * 1988 ж Қазақстан Республикасының халық әртiсi * Халықаралық Шығармашылық академиясының академигi атағы * ЮНЕСКО-ның шешiмiмен «Әлем әртiсi» құрметтi атағы берiлдi. * 2000 ж Мемлекеттiк сыйлыққа ие болды. * Қазақстан меценаттар клубы «Платиндi Тарлан» сыйлығымен марапаттады. * Есiмi Кембридж университетiндегi Халықаралық Өмiрбаян орталығы жариялайтын «XX ғасырдың 2000 көрнектi музыканты» атты дүниежүзiлiк құрметтi тiзiмге енгiзiлiп, осы орталықтың медалiн омырауына тақты. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер Әлем әртiсi Айман Мұсақожаева жайлы үзiк сыр(қолжетпейтін сілтеме)
Мұхаммед Вафа ибн Мұхаммед Захир Карминаги (1685 жыл – 1769 жыл) — Бұхара тарихшысы. Вафа Қази атымен де танымал болған. Мұхаммед Карминаги классикалық парсы әдебиетімен танысып, араб тілін меңгерді, өлеңдер жазды. Бұхар хандығын Әбайдолла хан (1702 – 1711) билеген кезде кітапхана меңгерушісі (китабдар) қызметін атқарды. Мұхаммед Карминаги бұл қызметті келесі билеуші Абул-Пайыз ханның (1711 – 1747) және Бұхарадағы жаңа орны Маңғыт әулетінің негізін қалаушы Мұхаммед Рахымның (1755 – 1759) кезінде де атқарған тәрізді. Мұхаммед Карминаги парсы тілінде “Тухфат-ал-хани” (“Хан сыйлығы”) атты еңбек жазды. Бұл шығарма “Тарих-и-Рахим хан” (“Рахым ханның тарихы”) деген атпен де белгілі болды. “Хан сыйлығында” автордың “Шухрат” деген жасырын атпен (тахаллус) берілген өлеңдері де кездеседі. Оның басқа шығармалар жазған-жазбағаны беймәлім. Мұхаммед Карминаги өз еңбегінде 1759 жылға, яғни Мұхаммад Рахым ханның қайтыс болған кезіне дейінгі оқиғаларды қамтыған. “Тухфат ал-ханиге” байланысты материалдар Ташкент, Душанбе, Санкт-Петербург, Қазан қалалары кітапханаларында сақталған. Мұхаммед Карминагидің еңбегі 18 ғасырдағы қазақтардың Бұхар хандығымен қарым-қатынастары, оның тарихы жөніндегі маңызды тарихи ескерткіш болып есептеледі. Онда қазақтардың Бұхар хандығындағы саяси тартыстарға қатысуы, маңғыттармен одақтастық қарым-қатынастары жөнінде бағалы деректер баяндалған. ## Сілтемелер * Бұхара * Мұхаммед Рахым * Душанбе * Санкт-Петербург * Ташкент ## Сыртқы сілтемелер Мұхаммед Карминаги ## Дереккөздер ## Толықтыру
Мұхаммед Салих, Мұхаммед Салих дамолла Рахым Қарақожаұлы (т.-ө.ж.б.) – тарихшы ғалым. Тарих-и-джандида-и Тошкенд (Ташкенттің жаңа тарихы) атты екі томнан тұратын еңбегінде Ташкент қ-ның тарихын Орт. Азия мен Қазақстанда болған тарихи оқиғалармен ажырамас байланыста баяндаған.
## Мұхаммед Садық Қашқари МҰХАММЕД САДЫҚ ҚАШҚАРИ (т.-ө.ж.б.) – ұйғыр ақыны, тарихшы, философ. Мұхаммед Садық Қашқари шығармалары толық сақталмаған. Оның бізге жеткен кітабы “Тәзкира-и Әзізан” (түзетілген нұсқасы “Тәзкира-и ходжаган” “Қожаның ғұмырнамасы”) 1768 – 1769 жылы жазылып біткен. Шығармада Есім ханның Шығыс Түркістандағы іс-қимылдары туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бар. Бұл еңбекте қазақтардың Жоңғария қалмақтарымен қарым-қатынастары, Хақназар ханның Абд әл-Латиф сұлтанды өлтіруі және Моғолстан ханы Абд ар-Рашид ханның қарсы жорығы туралы дерек келтіріледі. Сонымен қатар бұл еңбекте 17 – 18 ғасырлардағы ұйғыр халқының әдебиеті мен тарихы жайында құнды мәліметтер берілген. Шығысты зерттеушілердің назарын аударған бұл еңбектің мазмұны орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аударылды. Ақынның “Садықнаме” (1780) және 19 ғасырдың 1-жартысында жазылған “Зубдәт ул-масаил вәл әкаид”, “Абад ус-Салиһин”, “Тәзкира-и асхаби кәһф” атты еңбектері философия, дін, этика мәселелеріне арналған. Орыс шығыстанушысы Н.С. Лыкошин оның “Абад ус-Салиһин” атты шығармасын орыс тіліне аударып (“Хороший тон на Востоке”, Петроград, 1915), екі рет бастырды. Мұхаммед Садық Қашқари араб тарихшысы Табаридің “Тарих-и Табари” және Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Тарих-и Рашиди” атты еңбектерін ұйғыр тіліне аударды. ## Сілтемелер * Мұхаммед Хайдар Дулати * Абд ар-Рашид хан * Есім хан * Моғолстан ## Сыртқы сілтемелер ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер ## Толықтыру ## Мұхаммед Садық Қашқари МҰХАММЕД САДЫҚ ҚАШҚАРИ (т.-ө.ж.б.) – ұйғыр ақыны, тарихшы, философ. Мұхаммед Садық Қашқари шығармалары толық сақталмаған. Оның бізге жеткен кітабы “Тәзкира-и Әзізан” (түзетілген нұсқасы “Тәзкира-и ходжаган” “Қожаның ғұмырнамасы”) 1768 – 1769 жылы жазылып біткен. Шығармада Есім ханның Шығыс Түркістандағы іс-қимылдары туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бар. Бұл еңбекте қазақтардың Жоңғария қалмақтарымен қарым-қатынастары, Хақназар ханның Абд әл-Латиф сұлтанды өлтіруі және Моғолстан ханы Абд ар-Рашид ханның қарсы жорығы туралы дерек келтіріледі. Сонымен қатар бұл еңбекте 17 – 18 ғасырлардағы ұйғыр халқының әдебиеті мен тарихы жайында құнды мәліметтер берілген. Шығысты зерттеушілердің назарын аударған бұл еңбектің мазмұны орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аударылды. Ақынның “Садықнаме” (1780) және 19 ғасырдың 1-жартысында жазылған “Зубдәт ул-масаил вәл әкаид”, “Абад ус-Салиһин”, “Тәзкира-и асхаби кәһф” атты еңбектері философия, дін, этика мәселелеріне арналған. Орыс шығыстанушысы Н.С. Лыкошин оның “Абад ус-Салиһин” атты шығармасын орыс тіліне аударып (“Хороший тон на Востоке”, Петроград, 1915), екі рет бастырды. Мұхаммед Садық Қашқари араб тарихшысы Табаридің “Тарих-и Табари” және Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Тарих-и Рашиди” атты еңбектерін ұйғыр тіліне аударды. ## Сілтемелер * Мұхаммед Хайдар Дулати * Абд ар-Рашид хан * Есім хан * Моғолстан ## Сыртқы сілтемелер ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер ## Толықтыру