text
stringlengths 3
252k
|
---|
* Қызылқорған — ортағасырлық бекініс орындары. Түркістан облысы Созақ ауданы Шу өзенінің төменгі ағысында өланбел сайында орналасқан. 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Бернштам) зерттеген. Бернштамның пікірінше, Қызылқорған бекініс орны 19 ғ-да керуен сарай қызметін атқарған. Шу арқылы Сарысу бойымен Орталық Қазақстанға апаратын сауда жолында маңызды байланыс бекеттері болған тәрізді. Қызылқорған ауданы 32Ө32 м, биіктігі 2 м төрт бұрышты төбе. Оны айналдыра қазылған ордың ені 4 м, тереңдігі 0,5 м. Қызылқорған бекінісінің ауданы 35x35 м, биіктігі 2 м. Сыртынан айналдыра қоршаған ордың ені 3 — 6 м, тереңдігі 1 м шамасында.
* Қызылқорған Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылынан солтүстікке қарай 10 — 12 км жерде Қызылқорған , одан солтүстікке қарай 5 км жерде Қызылқорған орналасқан. 1980 ж. Жамбыл облысы тарихи өлкетану мұражайы (жетекшісі Қ.Байбосынов ), 1983 ж. ҚазМУ-дың археологиялық отряды (жетекшісі М.Елеуов Мұрағатталған 9 желтоқсанның 2011 жылы. ), 2000 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық кешенді экспедициясы (жетекшісі Қ.Байпақов(қолжетпейтін сілтеме)) зерттеген. Қызылқорған ауданы 40x30 м, биіктігі 1 м, тік бұрышты алаңқай. Айнала салынған қорғаныс дуалының ені 8 — 10 м, биіктігі 1 — 1,5 м. Дуалдың үстінде 8 күзет мұнарасының қалдықтары сақталған. Қамалдың сыртқы қақпасы солтүстік-батыс шетінде. Солтүстік дуалдан 6 м қашықтықта салынған, ауданы 1,5Ө1,5 м барлау шұңқырынан (тікқазба) бекіністің мәдени қабатының 2 м екендігі анықталды. Қызылқорған тік бұрышты, ауданы 165x170 м. Оны қоршаған дуалдың ені 20 м, биіктігі 2 м. Қорғаныс дуалының бойында 15 күзет мұнарасының орны бар. Сыртқы қақпа солтүстік-шығыс шетінде. Қалашықты қоршаған ордың ені 2 м, тереңдігі 2 — 2,5 м. Қазба жұмыстары кезінде табылған зат сынықтары қалашықты халық 10 — 12 ғасырларда мекен еткендігін дәлелдейді.
* Қызылқорған – Ақтау жотасындағы Жыңғылды аңғарының шығыс қапталындағы оқшау тау. Жан-жағы тік жартасты. 1960-жылдардың ортасына дейін батыс жағының ұшар басында кертпештелген басқыш ізі сақталған. Жаугершілік заманда Қызылқорған қорған міндетін атқарғанын айғақтайтын белгі бүгінде жоқ. Қызылқорған шығыс бетіндегі су ағар жүлге бойында қолдан қазылып жасалған тасқақ құдықтар 1980 жылдардың орта шеніне дейін сақталды. Қазір тегістеліп кеткен. Қызылқорған Маңғыстаудың әсем жерлерінің бірі болып саналады.
## Сілтемелер
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Мергентөбе |
Қызылқұм Артезиан Алабы– жер асты суы. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағын, Қаратау мен Арал теңізі аралығын алып жатыр. Алап оңтүстігінің аздаған бөлігі Өзбекстан жеріне кіреді. Қазақстандағы бөлігінің ауданы 115 мың км². Грунт сулары тау етегіндегі ысырынды конустарда, ойпаттағы өзен арналарында, Қызылқұм өңіріндегі еспе құмдарда таралған. Бор кезеңінің сенон, тұран, сеномен, альб қабаттамаларымен тығыз байланысты. Бұлардың әрқайсысының құрамында бірнеше сулы құм, құмтас қабаттары кездеседі. Қалыңдылығы тау етегінен ойыс орталығына қарай 30 м-ден 300 м-ге, қалыптасқан тереңдігі 20–30 м-ден 1770 м-ге дейін өзгереді. Ойыс орталығында қазылған ұңғымалардан шығатын атқылама судың өнімділігі 2–70 л/с, температурасы 30–50С. Геотермиялық болжам бойынша Арыс ойысының ең терең бөлігінде судың ыстықтығы 100–110С-қа жетеді, ал олардың болжамдық пайдалану қоры 240 м³/с. Суларының химиялық құрамы, тұздылығы тау етектерінен алыстаған сайын өзгеріп отырады. Қаратау етегіне жақын аудандарда бор қабаттарында таралған сулар тұщы (0,2–0,4 г/л), құрамы гидрокарбонатты-кальцийлі. Арал теңізіне қарай судың тұздылығы арта түседі. Қызылорда қаласының тұсында минералдылығы 1–1,5 г/л, Арал теңізінің жағалауында 3–10 г/л, құрамы сульфатты, хлорлы-натрийлі. Түркістан, Шәуілдір, Арыс елді мекендерінде терең ұңғымалардан шыққан ыстық сулардың шипалық қасиеті бар. Бор, антропоген қабаттарындағы тұщы сулар ауыз су ретінде, егістік суаруға кеңінен пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қызыл Дала — газет. 1930 ж. 21 қарашадан бастап Семей қаласында шығып тұрды. Газеттің бір беті “Жас большевик” деген атпен жастар өміріне арналды. 1931 ж. “Ет алыбы” атты қосымшасы шыға бастады. Газет ауыл жастарына тәлім-тәрбие берді, шаруалар одағын күшейтті. 1932 ж. ақпанда “Қызыл Дала” орнына “Социалды Шығыс” газеті шыға бастады. Кейін “Екпінд” (1935), “Семей правдасы” (1956), “Ертіс” (1963) деген атпен шықты. 1966 жылдан бастап “Семей таңы” аталды.
## Дереккөздер |
Қызылой газ кен орны – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байзақ газ кен орнынан батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Кен орны 1967 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Қызылой көтерілімінің аумағы 19Ө13,5 км, амплитудасы 100 м антиклиналь қатпар түрінде. Эоцен қимасынан (ақсазды және құм қабаттары) 3 газ шоғыры табылған.
## Жатыс сипаты
Ақ сазды шөгінділердің ортаңғы бөлігінен тұратын негізгі газ горизонты 439 м тереңдікке жайылып, саз қабаттарымен кезектесе түзілген ұсақ түйіршікті сазды алевролиттерден құралған. Алевролитті жыныстың ашық кеуектігі 37,6%. Коллектордың жалпы қалыңдығы 13,5-17,9 м. Тиімді газға қаныққан қалыңдығы 8,0 м, газға қанығу коэффиценті 0,65. Ақ сазды горизонттың қабат қысымы 4,8-5,0 МПа, температурасы 32°С. 15 мм диафрагмадағы газдың тәуліктік өнімділігі 93 мың м3.
## Құрамы
Газ құрамында метан 84,5-95,5%, ауыр көмірсутек 0,4%, азот 8,3%, көмір қышқылы 1,5%, аргон 0,05%, гелий 0,015-0,031%. Құм горизонтындағы газ құрғақ, 92% метаннан, 0,7% этаннан, 0,9% ауыр гомологтардан, 6% сирек газды азоттан, 0,9% көмір қышқылынан тұрады. Кен орны өндірістік игеруге дайындалған.
## Дереккөздер |
Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітап” — халықаралық дәрежедегі құжатттардың бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 - 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 - 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41, бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
## Қазақстанның Қызыл кітабы
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
## Қызыл кітап беттері
Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар.
* Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі. Мысалы, енді ғаламшарымызда теңіз сиыры жоқ.
* Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық арада ілбіс немес қар барысы секілді жануралар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу қаупінде тұрмыз.
* Қызыл кітаптың сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ аюлар немесе қоқиқаздар. Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар тізімі берілген. Мысалы, көк кит.
* Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған орасан жылан - анакондалар жатады.
* Жасыл беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен өсімдіктер тізім берілген. Мысалы, құндыз.
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
## Дереккөздер |
Қызылсай — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылсай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Жаңаөзен қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Маңғыстау үстіртінің шығыс жағында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1963 жылы Маңғыстау облысындағы Өзен мұнай-газ кенін игеруге байланысты қаланды. 1997 жылға дейін «Өзен» деп аталып келді. Қызылсай облыстағы ең ірі мұнай-газ өндіру орталықтарының бірі. Мұнда өндірілген мұнай мен газ Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ-мұнай өңдеу зауытына жіберіледі.
## Өнеркәсібі және инфрақұрылымы
Өзен кенінен мұнай мен газ 1965 жылдан бастап өндіріле бастады. 1965–69 және 1974–78 жылдары Қызылсайды Ресейдің Самара қаласымен қосатын ұзындығы 1232 км, Жетібай кентімен және Ақтау қаласымен қосатын ұзындығы 141 км магистральды мұнай құбырлары салынып, іске қосылған. Қызылсайда орта мектеп, кітапхана, аурухана, клуб, цифрлі АТС, тағы басқалар бар. Тұрғындар газ және электрмен толықтай қамтамасыз етілген.
## Ауыл шаруашылығы
2016 жылға қарай ауылда 4 шаруа қожалығы тіркелген. Ауыл бойынша мал саны – 2457 бас (мүйізді ірі қара- 61 бас, мүйізді ұсақ малдар - 1122 бас, жылқы- 320 бас, түйе - 494 бас, құс - 460).
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Қызылтаң – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл.
* Қызылтаң – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Қызылтаң – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Әулиекөл ауылының бұрынғы атауы.
* Қызылтаң – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
* Қызылтаң – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Қызылтаң – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл.
Тау:
* Қызылтаң – Бетпақдаланың шығысында, Желтау тауларының солтүстік бөлігінде орналасқан оқшау төбе. |
Қызылқұм шөлі — Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Ауданы 300 мың км² (оның 1/3 -інен астамы Қазақстан аумағында (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында).
## Географиялық орны
Қызылқұм шөлі Өзбекстан, Қазақстан (солтүстік бөлігі) және шағын оңтүстік-батыс бөлігі Түркіменстан республикасында жатыр. Солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратау тауларына ұласады.Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 53 м-ден (Қызылорда облысы Арал теңізі жағалауы) 300 м-ге дейін (Оңтүстік Қазақстан облысы Қайрақтау таулары, 388 м).
## Геологиялық құрылымы мен жер бедері
Қызылқұмның орта бөлігінде палеозой кезеңінде пайда болған бұйратты қалдық тау жұрнақтары(Бұқантау, Тамдытау, Құлжықтау т.б. Өзбекстанда) кездеседі. Олардың ең биік жері 992 м (Тамдытау тауы, Өзбекстан аумағында). Жалпы, шөлдің жер бедері жазық. Геологиялық тұрғысынан 3 құрылымдық ярустан тұрады. Олар бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық тау жыныстары құрайды. Жер қыртысында қалыңдығы 500-2000 м болатын юра және бор жүйелері мен кайнозойдың құмды-сазды, мергельді шөгінділерінен тұрады. Тақыр жерлерде де кездеседі. Юра және бор қабаттарында мұнай-газ кен орындарының барлығы анықталды (Қызылорда облысында). Бор, палеозой қабаттарында артезиан сулары бар. Қызылқұм шөлінің басым бөлігін қырқалы-ұялы және қырқалы құм төбелер алып жатыр. Кейде биіктігі 10-15 м болатын шағыл құмдар да кездеседі.
## Климаты
Климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы -7-9°С, кей жылдары температура -40°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының орташа температурасы 26-29°С, кейде ауада температура 46°С-қа дейін жетсе, ал құмда 70-72°С-қа дейін жетеді.Жауын-шашын мөлшері 100-175 мм-ден аспайды, оның 60-65% -ы қыс және көктем айларына келеді. Шөлде қар жамылғысы тұрақсыз. Алғашқы қар қараша айының соңында түседі. Шөлдегі салыстырмалы ылғалдылық жаз айларында 16-25% -ға дейін (оңтүстікте 11-15% ) төмендейді.Желдің орташа жылдамдығы 3-5 м/с. Жаз айларында шаңды дауыл соғады.
## Су жүйесі
Қызылқұм шөлінде тұрақты ағын өзендер жоқ. Тек солтүстігімен өтетін Сырдария өзенінен тартылған каналдар өзен аңғары бойын ғана суландырады. Қызылорда облысының оңтүстігінде Қызылорда, Қуаңдария, Жаңадария және Іңкәрдария, т.б. ірі су жүйелері тартылған. Көктемде құм төбелер, қырқалар арасында шағын көлдер мен өзендер пайда болады. Төңірегі жыл бойы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қызылқұмның қазақстандық бөлігін Қызылорда облысының әкімшілік аудандары алып жатыр.
## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Шөлдің басым бөлігін (92% -ын) құм басып жатыр. Сондықтан қандай топырақ болмасын құрамында құм болады. Жалпы алғанда топырағы бозғылт қоңыр, құмдақты қызғылт және сұр, сортаң топырақ қалыптасқан. Мәрмәр, графит, тас көмір, алтын, оңтүстік-батысында ірі газ кен орны бар. Өсімдік жамылғысында эфемер аралас жусан, сексеуіл, жүзгін, құмқияқ, бұйырғын, тораңғы, т.б. өседі. Сырдария атырауының төңірегінде тоғай өседі. Қызылқұм өңірі қаракөл қойын, етті-сүтті мал өсіруге қолайлы.Шөл құмдарында қарақұйрық, ақ бөкен, тышқан, сарышұнақ, тасбақалар, т.б. мекендейді.
## Тағы қараңыз
* Қызылқұм артезиан алабы
* Қызылқұм суару жүйесі
## Дереккөздер |
Қызыл қасқыр - (лат. Cuon alpinus) — қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң.
Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100 — 110 см, құйрығының ұзындығы 45 — 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 — 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Көбеюі жөнінде деректер аз. Мысалы, Бейжің хайуанаттар паркінде қызыл қасқырдың қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 — 4 күшік туатыны анықталған. Көбею кезінде үйірімен (5 — 10, кейде 30) жүреді. Қызыл қасқыр — терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда қызыл қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Статус
EW санаты – еліміздің жабайы табиғатында жойылып кеткен түр; XX-ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап оның мекендеуі жайында нақтылы деректер жоқ. ХТҚО-ң Қызыл тізіміне (ЕN санаты), Ресейдің Қызыл (1-ші санат), Қырғызстанның Қызыл (өте сирек және зерттелмеген, ол туралы XX-ғасырдың 50-ші жылдарынан бері деректер жоқ түр) кітаптарына тіркелген.
## Генофондын сақтау үшін таксонның маңызы
Қызыл қасқыр– осы аттас туыстың Қазақстан фаунасы мен әлемдік фаунадағы бірден-бір өкілі.
## Таралуы
Таралу аймағы - Оңтүстік және Орталық Азия мен Шығыс Азияның оңтүстік жартысын қамтиды. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр мен Алтай тауларына енетін таралу аймағының солтүстік шегі жатыр. XX ғасырдың бірінші жартысында, аңдардың нақтылы кездескен жерлері Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері мен оның орталық (Сарқант) және шығыс (Алакөл ауданы) бөлімдерінде, Семей облысының Майтабай ауылына жақын жерде, Марқакөл маңында, Бұқтырма өзенінің аңғарында еселке алынған .
## Мекендейтін жерлері
Жартасты шатқалдар, субальпі және альпі шалғындықтары, сырттар, таудың далалы және орманды участкілері, әсіресе теңіз деңгейінен 2500-4000 м биіктікте көп кездеседі. Қыс кезінде қасқырлар тұяқты жануарлардың соңынан еріп 800-1500 м биіктікке дейін төмендейді.
## Саны
Қызыл қасқыр көптеген аудандарда өте сирек кездескен, тек Тарбағатай, Сауыр мен Жоңғар Алатауында біршама жиі кездескен. XX ғасырдың 20-21-ші жылдары Алакөл ауданында бір маусымда кейде 6 қасқырға дейін ауланған. Соңғы онжылдықтарда XX-ғасырдың 80-ші жылдарыңда қызыл қасқырларды Оңтүстік Алтайда және Батыс Тянь-Шаньда кездесетіні жайында мақалалар жазылды. Олар қойшылар мен аңшылардың ауыз екі мәліметтері, өкінішке орай ешқандай рәсімделмеген еді. Бұл жағдайларда қызыл қасқырларды сұр қасқырлармен шатастыруы мүмкін, өйткені бұлардың жеке өзгергіштігі жоғары, кейде түсінде қызғылт рең басым болатын аңдар көптеп кездеседі.
## Биологиялық ерекшеліктері
Қызыл қасқырға мекенін жиі ауыстыру тән. Шыңғыстау жотасында және Ямынеев ауылының маңында (Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 70 км) кездескені белгілі. Негізгі жемтігі – таутеке, арқар, елік, қабан, марал, үй малдары. Хайуанаттар паркінде қаңтар – ақпанда ұйығады, 2 ай буаз болады. 3-9 бөлтірік туады. Көбею кезеңінен тыс кезде қасқырлар топқа жиналады және жиі 3-10-нан бірігіп жемтігін аулайды. Жаулары мен бәсекелестері – қасқыр, барыс.
## Қолда өсіру
Мәскеу, Пекин және басқа хайуанаттар парктерінде көбейеді.
## Қорғауды керек ететін шаралар
Әзірге тек хайуанаттар парктерінде өсіру жайында ғана айтуға болады.
## Зерттеу үшін ұсыныстар
Қызыл қасқыр жөнінде хабар түскен ауданды мұқият тексеру.
## Дереккөздер |
Сарыарқа самалы – Павлодар облыстық газеті. 1929 ж. «Кеңес туы» деген атпен өлкелік басылым ретінде жарық көрген. Қазір Saryarqa samaly деп аталады.
1929 жылдың 15 ақпанында Павлодар өңіріндегі қазақ баспасөзінің негізі қаланды. Бұл күні «Сарыарқа самалы» газетінің негізін қалаушы округтік «Кеңес туы» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. Алғашқы редакторы – Бейсенбай Кенжебаев. Газет алғашқы екі-үш ай бойы аптасына бір рет екі мың дана тиражбен шығарылған. Елімізде шаруашылықты ұжымдастыру қозғалысына байланысты 1930 жылдың 14 ақпанынан бастап басылым атауы «Колхоз» деп өзгертілді. Ал 1938 жылдың 14 сәуірінен «Қызыл ту» деген атпен шыға бастады. Газеттің қоғам өміріндегі орны, журналистерінің белсенділігі ескеріліп, 1979 жылы 15 наурызда «Қызыл ту» газеті «Құрмет Белгісі» орденімен наградталады.
Басылым 1991 жылдың 26 қыркүйегінен бастап «Сарыарқа самалы» деген жаңа атаумен жарық көруде. Газет аптасына 3 нөмір – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері шығады. Апталық таралымы - 26 000 дана. Газет Ертістің Павлодар өңірімен қатар, еліміздің барлық облыстарына және Ресейдің Алтай, сондай-ақ Моңғолияның Баян-Өлгий өлкелеріне тарайды.Газеттің қазіргі Бас редакторы – Нұрбол Қанатбекұлы Жайықбаев.
2000 жылы «Сарыарқа самалы» Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
2014 жылы Қазақстан Журналистер академиясының жалпыұлттық «Алтын Жұлдыз» дипломын алды.
2016 жылдың 25 қазаны күні Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 15 000-ыншы нөмірі жарық көрді.
2022 жылдың 28 қазанында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Журналистика саласындағы ұлттық URKER-2022 сыйлығын “Үздік өңірлі БАҚ” номинациясы бойынша жеңіп алды.
Газет 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап аптасына 2 рет (сейсенбі 12 бет және бейсенбі 24 бет болып) жарық көреді.
Газеттің Saryarka-samaly.kz сайты және әлеуметтік парақшаларда ресми аккаунт-парақшалары жұмыс істейді.
2023 жылы газет жүлдесіне арналған ұлттық спорт түрі - Тоғызқұмалақ ойынынан ХV республикалық турнир өткізеді.
2024 жылы 15 ақпанда “Saryarqa samaly” газетінің жарыққа шыққанына 95 жыл толады.
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми веб-сайты Мұрағатталған 1 қаңтардың 2012 жылы. |
Қызылту I, II - тас және топырақ үйінділерінен тұратын обалар. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қызылту ауылының жанында. 1950, 1952 - 53 жылдары Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (С.С. Черников) зерттеген. Қызылту I, ІІ-де барлығы 8 оба бар. Қызылту І-ден 4 оба қазылды. Оның екеуінде мүрделер солтүстік-шығысқа немесе оңтүстік-батысқа бағыттап қазылған ұзынша қабірде жалпақ тастардан жәшік секілді жасалған табыт ішіне шалқасынан жатқызып жерленген. Табыттан көзе, ағаш ыдыстар қалдығы, қой сүйектері табылды. Ал тек тастан тұрғызылған бір обадан айналасын ағашпен өріп шығарған қабір ішінен жанына екі жылқыны бірге көмген баланың сүйегі, қоладан және темірден жасалған ауыздықтар, сүйектен жасалған алқалар, тоқымның қалдықтары табылды. Бұлар - б.з.б. 5-3 ғасырлырда өмір сүрген сақтардың бұйымдары. Тастан үйілген екінші бір обаға өлген адамдар екі мезгілде жерленген. Үстіңгі қабаттағы қабірге басы солтүстікке қаратылып 4 адам қатар жерленген, мүрденің жанына қыш ыдыстар, қақталған алтын қола алқалардың сынықтары, темір ілгектер, сопақша моншақтар, қойдың сүйектері қойылған. Төменгі қабаттағы қабірге басын батысқа және оңтүстікке қаратып, сол жақ бүйірінен бір қырына жатқызылған үш адам жерленген. Мүрденің қасына қола айна мен алқалар, жұқа алтын сынықтары, екі темір қанжар, қыш ыдыстар, мүйізден жасалған біз, ақ моншақтар, алтынмен нақышталған т.б. заттар табылды. Бұл заттар - б.з.б. 3 - 1 ғасырларда өмір сүрген тайпалардікі. Қызылту II-дегі жерден казылған қабірлерге мүрделер басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызып жерленген. Қабірдің ішінен б.з. 9-12 ғасырларына жататын темір пышақ, үш қырлы жебе, ердің сынығы, сүйек алқалар, т.б. заттар табылды.
## Дереккөздер |
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті — Қазақстанның Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орны. 1937 жылы құрылған.
Университеттегі 6 институт, 24 кафедрада педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, өнер, бизнес және басқару, құқық,техника және технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары аясында бакалавриаттың 66, магистратураның 34, докторантураның 13 білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша мамандар даярланады.Университетте 550-ге жуық профессор-оқытушы 10 мыңнан астам білім алушыға дәріс жүргізеді. Сондай-ақ, 5 ғылыми орталық пен әскери кафедра, өндіріс орындарында кафедралардың 95 филиалы бар..Университетте білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-шараларына жүйелі қатысуына, рухани, мәдени, спорттық белсенділігін арттыруға ықпал ететін жастар ұйымдары жұмыс істейді.Ғылыми кітапхананың OPEN SPASE кеңістігі, 24/7 форматындағы "МегаПро" бағдарламасы қызмет етеді, сыртқы электронды ресурстарды пайдалануға мүмкіндігі мол. Университеттің 9 оқу ғимараты бар. Түркия,Канада, Корея Республикасы, Ресей, Польша, Бельгия, т.б. шетелдік оқу орындары және жетекші ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. Университет: Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2024 ғаламдық рейтингісінде 1201-1400 орындар аралығында; UI GreenMetric World University Rankings – университеттердің Дүниежүзілік рейтингінде 1015 орында; QS EECA ТОП-300, QS Asia ТОП-551-600,QS Asia University Rankings – 2024 рейтингінде ТОП 601-650 қатарында.
## Тарихы
1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1952 жылы наурыз айында Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жылы 21 сәуірде Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталды.
1996 жылы 7 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1976 жылы 13 шілдеде Қызылордада Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды.
1990 жылы 15 қарашада аталған филиал Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып қайта құрылды.
1992 жылы 12 ақпанда Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына атақты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылы 7 мамырда Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ы.Жакаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты біріктіріліп, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
2012 жылы 28 сәуірде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ретінде қайта ұйымдастырылды.
2020 жылы 1 шілдеде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды.
## Университет басшылары
Боробов Андрей Афанасьевич, 1937-1938 жж.
Ривкин Соломон Ильич, 1938-1948 жж.
Айтжанов Айдарбек, 1948 ж. (наурыз-тамыз)
Тоқмұрзин Орал,1948-1951 жж.
Коргулин Әбдірахман, 1951-1952 жж.
Жаманбаев Қадыр,1952-1954 жж.
Ермеков Әділ,1954-1963 жж.
Өсербаев Базарбек, 1963-1970 жж.
Камардинов Оралхан, 1970-1987 жж.
Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы, 1987-1991 жж.
Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, 1991-1995 жж.
Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы,1996-1998 жж.
Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы, 1976-1996 жж.
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,1996-2007 жж.
Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы, 2007-2011 жж.
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, 2011-2019 жж.
Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, 2020 жылдан қазірге дейін.
## Мұражайлар
Университет жанында 4 мұражай: Университет тарихы мұражайы (мекен-жайы:Ы.Жақаев көш.,11); Археология және этнография орталығының көрме залы (Әйтеке би көш.,29-А); Спорт даңқы мұражайы (А.Иманов көш.,60); Су шаруашылығы музейі (Назарбаев даңғылы, 15) бар. 9 тақырыптық блок бар.
## Дереккөздер |
Қыз Жібек — қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері — Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.
## Тарихы
'Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. “Қыз Жібектің” Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жылы “Қазақ эпосы”, “Казахский эпос” жинақтарында, 1963 жылы “Қыз Жібек” деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар. “Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.
## Мазмұны
"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.
"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.
Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады.
Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, "жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады". Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне "мырзалықпен" танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.
Көркем шығарма болғандықтан жырда Төлеген мен Жібектің бір-біріне деген сүйіспеншілігі бірден ашылмайды. Жібекке деген Төлегеннің ынтықтығы сатыланып көрсетіледі. Ең алғаш Жібек туралы ол өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады. Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып, оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді. Әрқайсысын Жібек екен деп жақындағанда, Қаршыға "Жібек емес" дейді.
Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады. Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды", - дейді жыршы. Жібектің ғажайып көркін көрген Төлеген: "Жиһанда бұл сипатты әйел көргенім жоқ еді, енді мұны алайын!" - деп шешеді. Осы сәттен бастап Төлеген енді белсенділік көрсетеді.
Жырдағы Қыз Жібек көркінің сипатталуы:
Жалпы, Төлеген ғашықтық эпостың дәстүріне сәйкес, өзіне тиісті сынақтардың бәрінен сүрінбей өтеді: қалаған жары үшін ол өз елін, ата-анасын тастап, жалғыз өзі қауіпті сапарға шығады; махаббатқа адалдық танытып, жарық дүниемен қоштасады. Мұндай жағдай романдық эпос кейіпкерінің бәрінің басынан өтеді, Төлеген де осыны бастан кешіреді.
Тумысынан ерекше жаралған Төлегеннің мінезі Жібекке деген ғашықтық сезімі пайда болғаннан кейін бұрынғыдан гөрі жұмсарып, оның болмысын байыта, нұрландыра түседі. Ол өте сезімтал, нәзік жанды болып көрінеді. Бұл қасиеті, әсіресе, Төлегеннің Сансызбаймен қоштасқан сәтінде және әуелеп жүрген алты қазға қарата зарын айтқан кезде барынша кең ашылады. Әсіресе, соңғы монологта Төлегеннің ішкі сезімі өте лирикалық, тебіреністі рухта ашылады.
Жібек те - өз теңін іздеген ару. Оның арманы - өзін құлай сүйген, махаббатқа адал адамға қосылу. Жібектің идеалы - бай да, батыр да емес. Оған керегі - өзінің жүрегін жалындата алатын, өзі сияқты жаны таза, ақылды әрі көрікті жігіт. Яғни, Жібектің өзі қалай сүйсе, жігіт те оны солай сүюі керек. Міне, Төлеген осындай адам. Оны Жібек алғашқы кездесуде-ақ сынап, байқаған. "Жалғыз атты" адамсың дей отырып, Төлегеннің сөзінен, өзін қалай ұстайтын мінезінен оның бекзат жан екенін аңғарған.
Жалпы, Жібектің образы эпоста идеалды болып суреттеледі, оның бойында қазақ әйелінің ең асыл қасиеттері жинақталған. Жырда ол екі бейнеде көрінеді: сұлу қыз және адал әйел. Жырдың алғашқы бөлімінің біраз жері - сол сұлу қызға арналған. Оның сұлулығы алыс жерлерге жетеді, Төлеген де, қалмақ ханы Қорен де ару қыздың даңқын естіп келеді. Жібектің өз елінде де талай жігіт оған ғашық, бірақ Жібекке жолай алмайды, өйткені, Жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді.
Жібектің сұлулығына ақылы мен ақындығы да сай. Алғаш кездескен сәттегі Төлегеннің сөзіне берген жауабы өте ұтымды әрі әсерлі. Ол өзін үлкен шеберлікпен таныстырады жігітке, өзінің кім екенін кәнігі ақындарша баяндайды. Өзін халық құрметтейтінін, жоғары бағалап, сыйлайтынын айта келіп, Жібек Төлегенді әдейі кемсіте сөйлейді, сөйтіп, оның жігіттік намысын сынайды. Жігіттің айтқан жауабына, көркі мен ұстамдығына риза болған Жібек енді өзі іздеген адам - осы Төлеген екеніне көзі жетеді де, соған тұрмысқа шығуға бел байлайды. Бірақ ол жігіттің өзіне ұнағанын сездірмейді, ойын ашық айтпайды. Іштей жақсы көріп қалса да, әліптің аяғын бағады, себебі әкесі қалай қарайды бұл жігітке, әлі белгісіз еді. Әкесінің батасын алған соң ғана Жібек өзінің сезіміне ерік береді, Төлегеннің шақыруын жылы қарсы алып, оның отауына өзі барады.
Осы тұста жырдың көркемдігі де бөлекше ғажап. Алғашқы неке түнінің мұндайлық сұлу, сырлы, тәтті суретін әлем әдебиетінің жаһанға мәлім жауһарларынан да табу қиын.
Міне, осыдан бастап Жібек - күйеуіне өте адал әрі қамқор әйел ретінде көрінеді. Төлегенге деген терең де мөлдір сезімін, шексіз берілгендігін ол, әсіресе, жаман түс көргенін жеңгесіне айтып, Төлегеннің сапарға шықпауын өтіну арқылы білдіреді. Осы эпизодта Жібек - сүйікті жар ғана емес, алдағыны болжай алатын көреген әйел болып бейнеленеді. Көрген түсін өзі жорып, Жібек жеңгесін Төлегенге жұмсайды, Төлеген жолға шықпасын деген тілек білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, Жібек Төлегенге тыйым салады. Бұл - жырда екінші тыйым: әкесі Төлегенге алыстағы Шекті еліне, Жібекке баруға келісімін де, батасын да бермеген-ді. Фольклордың поэтикасы бойынша тыйымды бұзған кісі бір қасіретке тап болады. Ал, қазақтың этикасы бойынша әке батасын алмаған баланың жолы болмайды. Ендеше, Төлегеннің мерт болуының түпкі себебі - осы екі тыйымды бұзғаны дейді жыр.
Жібек Төлегенге ғана адал емес, оның еліне, руына адал. Сүйген жарына ғана емес, оның ел-жұртына деген махаббатын Жібек Төлегенді сегіз жыл бойы күту мен ол келмеген соң оның елінен біреу келуін тосу арқылы да білдіреді. Күйеуінің елін Жібек - өзінің қорғаны деп біледі. Қалмақтың Қорен ханы күш көрсетіп, Жібекті зорлықпен алмақшы болғанда, ол Төлегеннің руын есіне алып, Сансызбайдың неғып келмей жатқанына таң болады. Зарыға күткен Сансызбайы келгенде Жібек еш ойланбастан қайнысымен бірге қашуға бел байлайды. Өйткені, ол, біріншіден, Төлегеннің "өліп кетсем, артымда еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар" деген өсиетін орындауы керек. Екіншіден, Жібек, өз заманының салты бойынша, өзін Жағалбайлының жесірімін деп есептейді де, әмеңгерінің келуін күтеді. Үшіншіден, Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. "Сансызбайды көрген соң, Жібектің көңілі тояды", - дейді жыршы. Демек, Жібек енді өзі сүйіп қалады Сансызбайды. Яғни, Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады.
Сансызбай болса өзін нағыз батыр, елінің таянышы, Жібекті өзі сияқты сүйе білген ер азамат ретінде көрсетеді. Ол Төлеген секілді емес. Ерте жасынан ерлікке даярланып, ағасы дайындап кеткен тоғыз қабат сауытты, дулығаны киініп, найзасы мен садағын асынып, тұлпар атқа мініп, кәдімгі батырларша жолға шығады. Оның бұл сапары, бір жағынан, бұрынғы батырлардың қалыңдық іздеп, сапар шегуін еске түсірсе, екінші жағынан, батырдың жау қолына түскен әйелін (яки қалыңдығын) тұтқыннан азат ету үшін күреске аттанатынын қайталаса, үшінші жағынан, болашақ батырдың алғашқы ерлігін ойға оралтады. Ал, мұның бәрі классикалық батырлық эпосқа тән. Демек, "Қыз Жібек" жырының екінші бөлімі - көне заманнан келе жатқан "жігіттің ерлікпен үйленуі" туралы сюжет болып табылады. Бұл сюжет, әсіресе, батырлық ертегі мен көне эпоста жиі кездеседі. Осы ежелгі сюжетті жыршылар әдемі пайдаланып, жырға шеберлікпен енгізген, сөйтіп, екі сюжеттен тұратын өте көркем ғашықтық жыр тудырған.
Эпоста Сансызбай екі сипатта көрінеді: ағасын жанындай жақсы көретін бауыры және оның ісін жалғастырушы інісі. Бірінші сипаттағы Сансызбай - әлі жасөспірім, сондықтан оны бейнелеуде жыр лирикалық психологизмге орын берген. Қайын жұртына кетіп бара жатқан ағасымен қоштасқан сәттегі Сансызбайдың мінезі, ағасына айтқан сөзі - оның терең ойлы, ата-анасы туралы қам жейтін, келешегін ойлайтын бала жігіт екенін дәлелдейді. Мұңлы болған Сансызбайдың қайғыратыны: ағасы әкесінен бата ала алмай және жалғыз аттанып бара жатқаны, ол кеткен соң ата-анасының, ел-жұрттың халі не болатыны, өзінің тым жас екендігі, сол себепті әке-шешесін бағып-қағуға әлі жарамайтыны... Осының өзі-ақ Сансызбайдың ерекше жан екенін көрсетіп, оның келешекте нағыз азамат болатынын аңғартады. Ағайынды екеуінің қоштасу сөздерінен Сансызбайды алда үлкен де қатерлі сынақ күтіп тұрғаны сезіледі. Оны Төлеген де болжап, інісіне қажетті батырдың сауыт-сайманын дайындап қойғанын айтады және өзі мерт болса, Жібекті іздеп табуды, ешкімге қор қылмай, жар етіп алуды тапсырады. Міне, осылай жырдың эпилогі іспетті көрінетін Сансызбай мен Жібек жайындағы қосымшаның пайда болуы ақталады да, бүкіл жыр біртұтас көркем дүниеге айналған.
Жырдағы осы екінші сюжет эпосқа мейлінше қазақы сипат дарытқан. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы екінші бөлікте көбірек әрі жарқын көрінеді.
Егер бірінші бөлімде Төлеген Қыз Жібекті алу үшін екі жүз елу жылқы сатып алып, қалыңмал берген дәстүр көрінсе, екінші бөлімде қандай да бір істі бастар алдында үлкендердің батасын алу ғұрпына үлкен мән беріледі. "Ата қарғысы - оқ" деп түсінген халық Төлегеннің мерт болғанына аянышпен қараса да таңданбаған, қайта оны заңдылық деп қабылдаған. Ал, "баталы ұл арымас" деген ұғымды ұстанған жыршы да, тыңдарман да Сансызбайдың ақжолтай болғаны - әкесінің оң батасын алғандықтан деген ой ұсынады. Сондай-ақ Жібектің әмеңгерлік салтымен Сансызбайға қосылуы да - ел үшін еш оғаш емес, керісінше, оны орынды деп білген.
Сонымен Сансызбай Жібекті алады, бірақ ол тек әмеңгерлік жолымен ғана алмайды. Сансызбай, кәдімгі қаһармандық эпостағы батырларша, ерлік жасап алады. Ол бұл жерде - Жібекті құтқарушы, түптеп келгенде, әділеттілік орнатушы, сондықтан да оның іс-әрекеті толығымен құпталады. Оның образы біржақты емес. Сансызбай - ең әуелі батыр.
Бізге жеткен "Қыз Жібек" жыры - таза сөз өнерінің дүниесі, сондықтан ол көркем шығарма деп түсініледі. Олай болса, мұнда жүйелі композиция, қызғылықты сюжет, бітіспейтін тартыс, кестелі тіл, яғни көркем шығармаға не керек, соның бәрі болуға тиіс және олар жырда айтарлықтай көрініс тапқан. Әрине, бұл әлі жазба әдебиеттің үлгісі емес, мұнда көпқатпарлы іс-әрекет жоқ, шытырман оқиға баяндалмайды, кейіпкерлердің мінез-құлқы, психологиясы, характері динамикалық түрде дамымайды. Дей тұрғанмен, "Қыз Жібек" жырында басты қаһармандармен қатар басқа да кейіпкерлер оқиғаларға араласып, шығарманы мазмұн жағынан байыта түскен. Олар екі топқа бөлінеді. Бірі - басты қаһармандардың жанашыр достары болса, екіншісі - олардың қарсыластары. Достары Жібек пен Төлегеннің, содан соң Жібек пен Сансызбайдың махаббатын қоштап, оларға әрдайым жәрдем етіп жүреді. Бұлардың арасынан Қаршыға мен Шегені ерекше бөліп алуға болады.
Жалпы, Қаршыға мен Шегенің образдары көне эпостағы ежелгі көмекшілердің ғашықтық жырда өзгергенін көрсетеді. Мұның басты себебі - "Қыз Жібек" тұтас эпосқа, яғни көркем жырға айналған заманда (ХV-ХVІ ғ.ғ.) және одан кейінгі дәуірлерде де (ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.) ер адам туралы қоғамдық идеалдың ауысқаны. Ол - тек қана қара күштің иесі емес, оны-мұныдан хабары бар, шежіреші, ақылды әрі сөзге ұста адам. Бас қаһарманның өзі сегіз қырлы, бір сырлы болғандықтан, оның көмекші достары да сондай болуға тиіс.
Жырға үлкен серпін беріп, оған көркем шығармаға қажетті қасиеттерді дарытып тұрған нәрсе - кейіпкерлердің бітіспес тартысы. Оны күшейтіп, ширықтыруда бас қаһармандарға қарсы қимыл жасап жүрген Бекежан мен оның жолдастары және қалмақтардың ханы - Қорен. Алайда, Бекежан мен Қорен бір-біріне ұқсамайтын дұшпандар. Бекежан - романдық эпостағы дәстүрлі кейіпкер, яғни екі ғашықтың ортасында жүрген қастангер (жігіт - қыз - қастаншы).
Ал, Қорен хан болса, ол Бекежаннан өзгеше дұшпан. Қорен - елдің ішіндегі қаскүнем емес, сырттан келген жау. Жау болса да, ол - нағыз батыр. Өз ойын ашық айтады, күшіне сенеді. Жібекті күшпен алатынын да жасырмайды, Сырлыбайға қызыңды бермесең, еліңді шабам деп, бүкіл ауылды қамап, тұтқында ұстайды. (Әлбетте, адамгершілік тұрғысынан келгенде, бұл да - зорлық). Сансызбаймен жекпе-жекте өзін нағыз батырша көрсеткен Қорен жай күнде мақтаншақ әрі өз айтқанынан қайтпайтын, ешнәрсенің байыбына бармайтын, тек өзінің қара күшіне сенетін дүлей бейнесінде көрінеді. Эпос оны, бір жағынан, асқан ержүрек батыр етіп бейнелесе, екінші жағынан, анайы ақымақ етіп суреттейді.
Егер Қорен мен Бекежанды салыстыра қарасақ, екеуі де - жағымсыз кейіпкер, бірақ олар бір-біріне ұқсамайды. Эпос оларды бірі-біріне қарсы қоятын секілді. Қорен - ашық жау, ол - қазақ елінің ата жауының өкілі. Оның бүкіл ойы мен іс-әрекеті - күллі ел жауының әдеткі ісі. Яғни, оның мақсаты - шапқыншылық жасап, Шекті руын жаулап алу, күш көрсетіп, мал-мүлкін талау, еркектерді қырып, әйелдерді - күң ету. Қорен Жібекті сүйгендіктен алайын демейді, оны салық деп қарайды. Өмірде де, фольклорда да сыртқы жау қашанда жеңген елінен алым-салық талап етеді, міне, Қорен де осылай істейді.
Бекежан болса - сырттан келген жау емес, іштен шалған қаскүнем. Былай қарағанда, Бекежанның Жібекке ғашық болуында еш сөкеттік жоқ. Ол да жігіт, ол да сұлу қызды алуға құқылы. Бірақ эпос пен жыршы оны қызды ұнатқаны үшін жек көрмейді, керісінше, оны өз сезімін қызға жеткізе алмағаны үшін, қыздың жүрегіне жол таба алмай, зұлымдыққа барғаны үшін жексұрын етіп көрсетеді. Бекежан өз махаббаты үшін адал күреспей, жауыздық жолын таңдайды, ал бұл жолда ол өзін арам пиғылды адам ретінде танытады. Сол себепті ол өзінің жымысқы тірлігін жасырын істейді, ойын құпия ұстайды. Жырда Бекежанның қалай өмір сүріп жүргені, бұрын кім болғаны айтылмайды. Эпос оны тек "қарақшы" деп атайды. Ал, қарақшының болмыс-бітімі белгілі. Қоренге қарағанда, Бекежан - айлакер, қу, бәрін алдын-ала ойластырып қояды, әрбір арам ісін залымдықпен жүзеге асырады. Сондықтан ол Қореннен де қауіпті. Сол себепті жыр да, жыршы да, тыңдаушы да Қоренді емес, Бекежанды қарғайды, оны ит өлімге қияды. Бекежан - адам табиғатындағы ең жағымсыз қасиеттердің, зұлымдықтың, жауыздықтың белгілерін бойына жинақтаған, солардың символына айналған образ. Міне, бізге жеткен "Қыз Жібек" жыры - таза көркем фольклордың айшықты үлгісі екені осыдан да байқалады.
Қазақтың классикалық түрдегі "Қыз Жібек" жыры - ежелгі рулық заманда пайда болған "жігіттің үйленуі" туралы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпос болып қалыптасқан түрі. Бұл сюжет, әсіресе, Қазақ хандығы тұсында көркем фольклордың тамаша үлгісіне айналған. Талантты ақындар мен жыршылар "Қыз Жібек" жырын тамаша романдық эпос етіп жырлаған, соның арқасында ол біздің заманымызға жетіп отыр. Жетіп қана қойған жоқ, қазіргі мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды. "Қыз Жібек" жыры профессионалды операға, көркем фильмге негіз болды. 1971 жылы Ғабит Мүсірепов сценарии бойынша Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді. Төлеген мен Жібек рөлдеріне Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешева таңдалды.
## Пайдаланған әдебиет |
Қыпшақбаев Иса (15.1. 1927 жылы туған, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай ауылы) — ғалым, профессор (1993), Қазақстан Ғылым Академясының академигі (2003).
1948—1997 жылы Қазақ ауыл шаруалығы институтында, Қазақ ауыл шаруалығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зертеу институтындатында (1970—1978 жылдары директор), Қазақ ауыл шаруалығын механикаландыру ғылыми-өндірістік бірлестігінде (1978—1997 жылдары бас директор) ғылыми-педагогикалық, басшылық қызметтер атқарды. 1997 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ұстаз.
Негізгі ғылыми еңбектері ауыл шаруалығы техникасын механикаландыруға арналған. Қыпшақбаевтың басшылығымен жасалған ауыл шаруалығы дақылдарын егу және жинау, мал шаруашылығындағы қол еңбегі мен өндірістік процестерді кешенді электрмеханикаландыру, табиғи және мәдени жайылымдарды жақсарту, жем-шөп жинау және дайындау, сумен қамтамасыз ету, т.б. жұмыстарды механикаландыруға арналып жасалған құралдар мен техникалар, жел эрозиясына ұшыраған және суландырылатын жерлерге егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және жинау жұмыстарын кешенді механикаландыруға арналған технология республика шаруашылықтарында кеңінен қолданылды. Оның ішінде ауыл шаруалығы машиналарын жөндейтін және техникалық қызмет көрсететін жабдықтар, топырақ өңдейтін машиналар кешені, т.б. өндіріске енгізілді. Осы жеткен табыстары үшін 1970 — 90 ж. аралығында интститут пен Қыпшақбаев басшылық еткен бірлестік республиканың “Алтын кітабына” жазылды.
100-ден аса ғылыми еңбектің, 16 авторлық куәліктің иегері.
Құрмет белгісі, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Лұқпан Қылышұлы Қылышев (14.3.1909 жыл, Шыңғырлау ауданы - 1991 жыл, Алматы) — ғалым, Биология ғылымдарының докторы (1957), профессор (1959), Қазақстан FA-ның корреспондент-мүшесі (1959), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974).
## Өмірбаяны
* ҚазПИ-ді бітірген (1935).
* 1942 жылдан Қазақстан ҒА-да (1946 жылға дейін КСРО FA-ның Қазақ Филиалы)
* Ботаника институтының Биохимия зертханасын (1944-1952)
* 1952-1955 жылдары осы FA-ның Ботаника бағының директоры.
* Молекулалық биология және биохимия институтының алколоидтар биохимиясы зертханасын (1983-1986) басқарды
* 1986 жылдан сонда ғылыми кеңесші.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылым еңбектері өсімдіктер биохимиясына арналған.
* Алколоидтар (пиридин, хинолизидин, изохинолин) мен фенол қосылыстары биосинтезі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін өндіріске енгізді
* ғылымға беймәлім жаңа ферменттер (анабазиноксидаза, никотин және лупининдегидрогенеза) ашып, оларға сипаттама берді
* көміртегімен таңбаланған алколоидтер алу әдісін тапты;
* республиканың оңтүстігінде өсетін иілік өсімдіктер мен құрамында аллколоидтары бар өсімдіктердің өнеркәсіптік қорын анықтап, оларды ғылыми тұрғыдан бағалады
* итсигек пен дәрмененің мәдени плантацияларын жасау әдістері
* Шымкент химия-фармацевтикалық зауытындағы өндірістік қалдықтарды органикалық тыңайтқыш және отын ретінде пайдалану жолдарын анықтады;
* Өсімдіктерінің тұздан улануы механизмін ашты.
## Марапаттары
* «Халықтар Достығы» орденімен
* бірнеше медальмен марапатталған.
* БҚО Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында Лұқпан Қылышев атындағы ОЖББМ бар.
## Шығармалары
* Биология анабазиса безлистного, А.-А., 1961;
* Микробиологические окисления анабазиса, А.-А., 1977;
* Флавоноиды растений, А.-А., 1978 (авторларының бірі).
## Дереккөздер |
Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы (18 ғасырдың 70-жылдары, Сыр бойы — 19 ғасырдың 30-жылдары, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарабидайық мекені) — есімі аңызға айналған егінші. Орта жүздегі бес таңбалы қыпшақтың торы бірлестігінен тарайтын жеті арыс қитаба руынан шыққан. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5 — 6 жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған 12 үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңірлеріне тарады. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.
## Дереккөздер
Қазақстан энциклопедиясы |
Қылует жер асты мешіті – Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет қатарындағы ескерткіш.
## Орналасқан жері
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен оңтүстікке қарай 120 м қашықтықта орналасқан, ХІІ ғасырда салынған ортағасырлық діни сәулет құрылыстарының бірі. “Қылует” сөзі араб тілінде “халуәтун” – жалғыз, оңашада қалу, жеке болу дегенді білдіріп, Жаратушаға оңашада отырып құлшылық ету мағынасын береді. Қожа Ахмет Яссауи 63 жасында Қылует мешітін арнайы салдырып, қалған өмірін осында өткізген және Диуани хикмет, Мират-ул-қулуб, Пақырнама және т.б. көптеген еңбектерін жазып қалдырған деген деректер кездеседі.
## Мешіттің сипаттамасы
Теңіз деңгейінен 228 м биіктігінде, жартылай жер астында орналасқан Қылует мешіті кезінде 18 бөлмеден тұрған. Мешіттің жер астында орналасуы, ол жақта өмір сүру жағдайын ауа райына тәуелді етпеу мақсатына сәйкес. Мәселен, жерасты қыста жылы, ал жазда салқын. Мешіттің ішінде адамның өмір сүріп, ғибадат етуіне жан-жақты қолайлы жағдай жасалған. Мешіттегі бөлмелер:
* “Ғар” бөлмесі – бір адамның құлшылық етуіне арналған жеке бөлме. Ол жер астында 4-4,5 метр тереңдікте орналасқан. “Ғар” бөлмесінің қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынып, “балхи” әдісіне сәйкес жасалған төрт қырлы күмбезбен жабылған. Қабырғаларында шұңғыл ойықтары бар және ХІІ ғасырдағы “Әулие Құмшық Ата” мешіті құрылысының сызбасы бейнеленген. Бөлменің ұзындығы 135 см, ені 135 см және биіктігі 175 см.
* “Жамағатхана” бөлмесі – Қылует мешітіндегі ең үлкен және терезесі бар жалғыз бөлме. Мешіттің негізгі күмбезі осы Жамағатхана бөлмесіннің үстінде орналасқан. Күмбездің ішкі жағы ағаштан жасалса, шатыры темірмен қапталған. Шатырды ұстап тұратын негізі ретінде арнайы бағаналар қойылған. Бөлменің ұзындығы 20,9 метр, ені 14,7 метр және жалпы күмбезбен қоса есептегенде биіктігі 6,4 метр.
* “Құжыра” бөдмесі – шәкірттерге арналған бөлме.
* “Мешіт” бөлмесі
* Ыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын бөлмелер. Кейбір деректерге сәйкес , мешіттің қонақүйлері мен жылқы байлайтын ат қоралары да болған екен.
Қылует мешіті Ұлы Отан соғысы жылдары кірпіштерін май зауытын соғуға қолдану үшін бұзылған. Дегенмен 1972-1973 жылдары Т.Н.Сенигова және 1979 жылы Е.А.Смағұлов зерттеушілерінің жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде ХV-ХVІ ғасырларға тән «Қылует» мешітінің орны анықталған. 1942 жылы сәулетші ғалым А.Л.Шмидтің жасаған макеті бойынша сол жерде қайта қалпына келтірілді.
## Дереккөздер |
Қыпшақхан, Хожамқули-бек Балхи (17 ғ-дың 2-жартысы, Балх — ө.ж.б.) — ортағасырлық тарихшы. Әкесі Иманқұл Аштархан әулетінен шыққан Сұбханқұли хан сарайында (1630 — 1732) құшбегі деген жоғары қызмет орнына ие болды. Қыпшақханның өзі де хан сарайында әскери қызмет атқарған. 17 ғ-дың аяғында әкесімен бірге Меккеге қажылыққа барып, одан Үндістанға өтеді. Ол Пенджаб билеушісі Әбу ас-Самау ханның қол астында қызмет істеп, оның тапсырмасымен 1722 ж. өзінің белгілі тарихи шығармасы — “Тарих-и Қыпшақ ханиды” жазды. 1724 — 25 ж. шығармасын қайта қарап шығып, жаңа деректер қосып өңдеген. Парсы тілінде жазылған шығарма 5 бөлімнен тұрады. Соңғы екі бөлімі Шайбани және Аштархан әулеттеріне арналған. Онда Қазақстанның 15 — 17 ғ-лардағы тарихына байланысты деректер бар.
## Дереккөздер
Қазақстан Энциклопедиясы |
Қыпшақ тілдері — түркі тілдері арасында тіл саны бойынша ең ірі топтардың бірі. Қыпшақ тілі тармағын ғалымдар Батыс-түркі тілдері (кейде солтүстік-батыс тілдері ) деп атайды. Қыпшақ тілдері орта ғасырда көне түркі тілдері негізінде қалыптасқан.
## Бөлікшелері
Географиясына және тілдің құрамына қарай қыпшақ тілдері келесі тармақтарға бөлінеді :
* Батыс қыпшақ тілдері - құман, яғни қарайым тілі, қарашай-балқар тілі, құмық тілі, қырымтатар тілі, армян-қыпшақ тілі, ұрым тілі;
* Қыпшақ-бұлғар тілдері - башқұрт тілі, татар тілі;
* Қыпшақ-ноғай тілдері - добруджа татар тілі, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, ноғай тілі.
* Қырғыз-қыпшақ тілдері - алтай тілі, қырғыз тілі.
## Ерекшеліктер
Қыпшақ тілдері тобына басқа түркі тілдерінен айырмашылығы:
* дауыстылар саны 8 — 9 болады, ы, і, у, ү ерекше дыбыстары қолданылады;
* ерін үндестігі сирек кездеседі (құлұн — құлын);
* созылыңқы дауыстылары жоқ; в) ғ, г дыбыстары мүлдем айтылмайды не у, й дыбыстарымен алмасады. (тағ>тау);
* сөз басында ұяң б, қатаң т, к, қ дыбыстары болады (болат, тіл — полат, діл);
* б дыбысының орнына м қолданылады (бен — мен);
* сөз басында й ~ ж ~ ж (дж) дыбыстары тұрақсыз келеді (йол — жол (джол);
* кейбір қатаң дыбыстар ұяң айтылады: п>б, қ>ғ, к>г дауыстылар арасында спирант дыбыстарға айналады: п>у; б>у; қ>ғ; к>г.
## Көне қыпшақ ескерткіштерінің тілі (Қыпшақ жазба ескерткіштері)
Көне қыпшақ тілі Қимақтар мемлекеті тұсында туындап (9 — 11 ғасырлар), қазіргі тілдердің негізі болған. Моңғолдар үстемдігі тұсында ол тілде сөйлейтін ру-тайпалар ыдырады, Алтын Орда кезінде (13 — 15 ғасырлар) әдеби, ресми тіл ретінде қолданылып, кейін тұтастығынан тағы да айрылды. Сөйтіп, қазіргі Қыпшақ Тілі Тармағы пайда болды. Қыпшақ тілі Осман түріктері тілінің диалектілеріне айналған.
## Дереккөздер |
Қырдың қызыл сиыры — сиырдың сүтті асыл тұқымы.18 ғ-да Запорожье сұр сиырын остфрисландия бұқаларымен шағылыстыру арқылы алынған. 19 ғ-да Украина жерінде Қырдың қызыл сиырын өзара, кейін ангельн бұқаларымен асылдандырды. Қазақстанда жергілікті тұқымның сиырын қырдың қызыл асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру арқылы жерсіндірілді. Асылдандыру тәсілі сиырдың сүттілігін, сүтінің майлылығын, экстерьерін (жануардың сыртқы дене бітімі) іріктеп таңдау жолымен жүргізілді.
Қырдың Қызыл Сиыры құрғақ континентті ауа-райына бейім келеді. Малдың түсі қызыл, дене тұрқы созылыңқы және сүт бездері мен кеудесінің орта бөлігі, бөксесі едәуір жақсы дамыған, құйымшақы ұзын. Бұлшық еттері, кеудесі, тері асты клетчаткалары орташа дамыған. Артқы жағы жалпақтау әрі түзу және ұзын, ішті келеді. Сирақтары жіңішке, тұяқ бітісі мықты. Асыл тұқымды ш-тарда орташа сүт өнімд. 3000 — 4500 кг, сүтінің майлылығы 3,6 — 3,8%.
Кейбір асыл тұқымдарының сүттілігі 9000-нан 12500 кг-ға дейін жетеді. Сиырының тірілей орташа салм. 445 — 550 кг, ал бұқалары — 800 — 1000 кг. Бордақыланған сиырдың үлес салмағы 50 — 56%.
Қырдың қызыл асыл тұқымының бұқасы мен сиырын шағылыстыру арқылы Премьера 357-Н, Злодей 459-Н, Ахмет, Сұлтан 29-Н, Май 3108-Н, Пталина-ДН-709, т.б. линиялары шығарылған..
## Дереккөздер |
Қырқынан Шығару– сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткенде орындалатын ғұрып. Қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестенің қарын шашын ер кісі алған, ұрпағы өсіп-өнген қария әже 40 қасық суды баланың үстіне құйып тұрып “30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын” деп тілек айтқан. Баланы Қырқынан Шығару тойына жиналған адамдардың әрқайсысы нәрестені шомылдыратын ыдысқа ырымдап 40 қасық су құяды, шомылдырған ыдысқа “Күні күмістей жарқырап тұрсын” деп күміс сақина, жүзік сияқты әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара бөліседі. Қария анаға көйлектік мата, шашын алған ер кісіге тақия, т.б. сыйлықтар беріледі. Қарын шашты шүберекке түйіп, бөбек киімінің иығына қадап қояды. Өнерлі әйелдердің біріне “Он саусағы майысқан шебер, өнерлі болсын” деп баланың тырнағын алғызады.
## Дереккөздер |
Қырман— комбайннан түскен дәнді кептіріп, құрғататын, тазартатын, ашық не қалқалы қарапайым алаң. Қырманды тегіс, құрғақ жерде жасайды. Ол жердің шөбін тазартып тегістейді, суғарады, 1 — 2 тәулік өтіп жер дегдіген соң таптайды, асфальт төсейді, айналасын қоршайды. Кептіріліп тазартылған дән, машинаға тиеліп, элеваторға немесе арнаулы астық қоймаларына жөнелтіледі. Қырман басында дән тиелген машиналарды өлшейтін таразы, дән тазалайтын, аударыстыратын, астық тиейтін конвейерлер, дәнді желдететін жабдықтар, құрал-саймандар, бункерлі агрегат, электр қозғалтқыш, жылжымалы электр ст. немесе үнемі ток беретін электр көзі болады, міндетті түрде өрт сөндіргіштермен жабдықталады.
## Дереккөздер |
Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театры – мәдени-сахналық ұжым.
## Тарихы
Театр 1955 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандары театрлары негізінде ұйымдастырылған.
1960 жылы театр Қызылорда қаласына көшіріліп, Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері – Ақтоқты" трагедиясымен сахна шымылдығын ашты.
Ш. Әбдібаев, О. Әбдімомынов, Т. Айнақұлов, Ш. Бәкірова, Ж. Бағысова, К. Балғынбаев, А. Қанетов, К. Көпбаева, К. Көпбаев, П. Қуанышев, А. Манасбаева, Ш. Марденов, Е. Оразымбетов, С. Пірмаханов, С. Рақышев, Х. Саурықов, А. Сейілханов, Р. Тәшібаева, С. Тұрлымұратов, С. Шотықовтар театр негізін салушылар қатарына жатады. Алғашқы режиссерлері – Ж. Әбілтаев, Р. Андриасян, М. Байсеркенұлы, Е. Оразымбетов, Х. Теміров, Мен Дон Ук, Т. Өтебаев. Суретшілері – А. Абдырахманов, Ж. Әбіров, Е. Кан. С. Пірмаханов театрда қазір де жұмыс істейді.
1967 жылы Нартай Бекежановтың есімі берілді.
## Қойылымдары
Театр ұжымы М. Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абай", М. Әуезовтің "Қаракөз", "Қара қыпшақ Қобыланды", Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", Қ. Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында", "Жат елде", Т. Ахтановтың "Махаббат мұңы", "Әке мен бала", С. Жүнісовтің "Тұтқындар", "Қызым, саған айтам", О. Бодықовтың "Нартай", Қ. Мұқашевтың "Парторг" пьесаларын, сондай-ақ У. Шекспирдің "Король Лир", Ф. Шиллердің "Зұлымдық пен махаббат", Ш. Айтматовтың "Ана - Жер-Ана", М. Кәрімнің "Айгүл елінде", т.б. спектакльдерді сахналады. Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген артисі В.И. Дьяков К. Гольдонидің "Екі мырзаға бір қызметші", Н. Гогольдің "Ревизор" комедияларын сәтті сахналады. Бұл шығармалар жас театрдың буынын бекітіп, актерлердің кәсіби шыңдалуына айтарлықтай ықпал еткен спектакльдер қатарында.
## Театр жетістіктері
* 1968 жылы В. Вишневскийдің "Оптимистік трагедия" спектаклі үшін театрға Қазақстан жастары Ленин комсомолы сыйлығы берілді.
* 1976 және 1978 жылдары театр ВЦСПС пен КСРО мәдениет министрлігінің ауыспалы Қызыл туын және ақшалай сыйлығын екі мәрте жеңіп алды.
* 1979 жылдың 15-31 мамыр аралығында театр ұжымы Нүкіс қаласына үлкен гастрольдік сапармен барып, Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері –Ақтоқтысы", У. Шекспирдің "Король Лирі", М. Әуезовтің "Түнгі сарыны" мен "Еңлік – Кебегі", Ш. Құсайыновтың "Біздің Ғаниі", Д. Исабековтің "Әпкесі", Т. Ахтановтың "Күшік күйеуі", А. Сатаевтың "Ақбөпесі" және Қарақалпақ драматургі К. Рахмановтың "Келін" комедиясы көрсетілді. Репертуардағы шоқтығы биік спектакльдерімен барған театр ұжымы қарақалпақтықтарға үлкен өнер мерекесін сыйлап, өздері де көпшіліктің құрмет-қошеметіне бөленді.
* 1981 жылы театр ұжымы Ф. Шиллердің "Зұлымдық пен махаббат" трагедиясымен КСРО-дағы ГДР драматургиясының фестиваліне қатысып, фестиваль лауреаты деп танылды. Бұл атаққа Х. Теміров пен суретші С. Пірмаханов та ие болды. Мәскеуден келген театр сыншылары облыстық қазақ театрының классикалық шығарманы қоюдағы талпынысына, суретші мен режиссердің көркемдік шешімдеріне оң бағасын берді.
* 1990 жылы үшінші рет Алматыға есеп беру гастролі қорытындысымен төрт орындаушы, С. Шотықов "Қазақстанның халық әртісі", Ә. Арысбаева, Б. Алпысбаев, А. Сейілханов, Е. Оразымбетов "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" деген құрметті атақтарды иеленді.
* 2000 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық VІІІ театрлар фестиваліне Д. Исабековтің "Аққу–Жібегімен" қатысып, театрдың бас суретшісі С. Пірмаханов "Ең үздік сценография", Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Б. Алпысбай "Ең үздік эпизодтық рөл" номинацияларын жеңіп алды.
* 2003 жылы Орал қаласында Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнап өткізілген XI республикалық театрлар фестиваліне драматург Т. Әліпбайдың "Исатайдың барында" спектаклімен қатысып, II орынды иеленді.
* 2004 жылы Қостанай қаласындағы Қапан Бадыровтың 100 жылдығына арналған XIІ республикалық театрлар фестиваліне Ж. Аймауытов пен Б. Майлиннің шығармаларынан құрастырылған "Аласапыран" спектаклімен қатысып, II орынды иеленді.
* 2005 жылы Татарстан астанасы Қазан қаласының 1000 жылдығына орай өткізілген түркі тілді елдердің театрларының халықаралық фестивалінде лауреат болып қайтты. Ж. Аймауытов пен Б. Майлиннің "Аласапыран" спектакліндегі бас рөлі үшін Р. Ахметов "Ер адам рөлін үздік сомдағаны үшін" номинациясын иеленді. Осы жылы әлемдік классика – У. Шекспирдің «Макбет» трагедиясы бойынша қойылымы К. Жандарбеков пен К. Байсейітованың 100 жылдығына орай Қызылордада өткен республикалық фестивальде театрға үлкен табыс әкелді. Қазақстан халық әртісі С. Шотықов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Б. Алпысбай "Құрмет" орденімен марапатталып, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі А. Арысбай – президенттің Құрмет грамотасына ие болды.
* 2007 жылы театр әртісі Ү. Бегімова "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды.
* 2008 жылы Ақтау қаласында өткен Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдығына арналған Қазақстан театрларының XVI республикалық фестиваліне Мысыр жазушысы Тауфик Аль-Хакимнің "Сұлтанның сасқаны-ай!" комедиясымен қатысып, жүлделі III орынды иеленді.
* 2009 жылы Қарағанды қаласында өткен Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған XVII республикалық театр фестиваліне С. Балғабаевтың "Өтірік айтпайтын адам" трагикомедиясымен қатысып, театр әртісі А. Байдалиева "Әйел бейнесін үздік сомдағаны үшін" номинациясымен марапатталды.
* 2010 жылы Алматы қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттерінің III халықаралық театр фестиваліне Р. Отарбаевтың "Мұстафа Шоқай" драмасымен қатысып, "Саяси әлеуметтік тақырыпты көтергені үшін" номинациясын иеленді.
* 2012 жылы Түркия мемлекетінің Кония қаласында өткен "Мың тыныс және бір дауыс" атты түркітілдес театрларының халықаралық фестиваліне Тургай Нардың "Төбекөз" спектаклімен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.
* 2013 жылы театр директоры М. Әбдікәрімов "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды.
* 2014 жылы Қызылорда қаласында Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXII республикалық фестиваліне М. Әуезовтің "Қаракөз" трагедиясымен қатысып, "Сахналық актерлік ұзақ ғұмыр" номинациясымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Б. Алпысбаев, "Үздік сценографиялық шешім" номинациясымен қоюшы-суретші С. Пірмаханов марапатталды. Осы жылы театр Астана қаласында өткен халықаралық тілдер фестиваліне қатысып, Лондоннан, Санкт-Петербургтен келген театрлармен Д. Исабековтің "Өкпек жолаушы" пьесасы бойынша ағылшын, орыс тілінде қойылған спектакльдермен жарысқа түсіп, театр қазақ тілінде Д. Исабековтің "Ескі үйдегі екі кездесу" спектаклін көрсетті. Шетелдік қонақтар сыр бойының өнерпаздары ұсынған спектакльді жоғары бағалап, театрды тілдер фестивалінің жеңімпазы ретінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы өнер күндеріне аталған спектакльмен шақырды. 2015 жылдың сәуір айында театр ұжымы Лондонға барып, алғаш рет ағылшын сахнасында қазақ тіліндегі спектакльді көрсетті. Англия астанасы Лондонның төрінде орналасқан Британ корольдік музыкалық театр сахнасында қойылған бұл спектакльді ағылшынның өнер сүйер қауымы тамашалап қазақ артистеріне зор ілтипат білдірді.
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Театр сайты
https://qyzylorda-drama-theatre.kz/ |
Қырықтық — қой қырқатын құрал (қайшы); айқастырылып, серіппелі етіп орнатылған қос пышағы болады. Олардың қолға ұстар жағы бір-бірімен иіліп жалғастырылады. Қол ҚЫРЫҚТЫҚ ғы, электр ҚЫРЫҚТЫҚ, күйдіргіш ҚЫРЫҚТЫҚ болып бөлінеді (ҚЫРЫҚТЫҚ Қой қырқу; Қырықтық агрегаты). Күйдіргіш ҚЫРЫҚТЫҚ көп қолданылмайды.
## Дереккөздер |
Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер өз әсерін тигізді.Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара – Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. 1096 жылы "Құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. XI ғ. аяғы – XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Хорезмшах Атсыз (1127–1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оның немере інісі Алып-Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезмшахқа тәуелді болып шықты. Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған.Хорезм шахы Мұхаммед (1200–1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресін жалғастыра берді. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қайырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп моңғол басқыншылығының дәуірі басталады. Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой басым болған. Жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген. Аң аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары балық аулаумен шұғылданған, олар кішкене қайық, кемелерді пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтар негізінен тары өсірген. Олар жетіспеген астықты Орта Азияның егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап алып отырған. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған. |
Қырық Өтірік–қазақтың тұрмыс-салт ертегісі. “ ҚЫРЫҚ ӨТІРІК” ертегісінің ұқсас нұсқалары қарақалпақ, татар, өзбек, түрікмен, хакас және бурят халықтарының фольклорында кездеседі. Ертегінің негізгі сюжеті тазша баланың немесе тапқыр жігіттің қырық ауыз өтірікті табанда құрастырып, ханның қызына үйленуі туралы оқиғаға құрылған. Ертегінің әңгіме түрінде және өлеңмен жазылған нұсқалары бар. “ ҚЫРЫҚ ӨТІРІК ” қазақ ауыз әдебиетінде “Тазшаның қырық өтірігі”, “Тазша бала әңгімесі” деп те аталады.
## |
Қыстау - қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады. Қыстаудағы тұрақжай түрлері: киіз үй, қоржын үй, жер үй, ас үй, сондай-ақ, шаруашылыққа арналған мал қора, тезек қора, пішен қора, т.б. Кең тараған Қыстау үйінің пішіні төрт-бұрышты, есіктері мен терезелері оңтүстікке, ал бітеу қабырғалары қысқы желдің өтіне қарайды. Қабырғалары шикі кірпіштен, шымнан, кейде тастан қаланады. Тұрғын бөлмелер саны 2 - 4-тен келеді. Астық, т.б. азықтарды ішкі қабырғасы күйдірілген ұраларда (тереңдігі 2 м-ге дейін) сақтайды. Үйдің ортасына биіктігі қабырға бойынан сәл асатын ағаш діңгек - бақан қаз қатар орнатылады. Оларға ұзына бойы бас арқалық (белағаш) қойылады да, ал арқалыққа көлденең сырғауылдар - жөкелер төселеді. Оның үстіне қамыс жауып, балшықпен бастырылған бақандар мен сырғауылдар жүйесіне арқа сүйейді. Жарық төбедегі тесік арқылы кіреді. Мұндай Қыстауды қазіргі кезде кейбір жерлерде шопандар пайдаланады.
## Дереккөздер |
Фаянс (Италиядағы Фаянс өндірілген Фаэнца қаласының атымен аталған), жанан – кеуек құрылымды түсі ақ керамикалық материал.
* Фаянсқа ұқсас бұйымдар ертедегі Мысырда, кейін Қытайда (4 – 5 ғасырларда) шығарылды.
* Сапасы жоғары Фаянстар 18 – 20 ғасырларда Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресейде шығарыла бастаған.
* Фаянстың фарфордан айырмашылығы құрамында саз бен коалин (83%) көп болады. Ол саз, коалин, кварц және дала шпаты қоспасын 1280°С-та күйдіру арқылы алынады.
* Фаянс бұйымдарын өндірудің технологиясы фарфор өндіру ісіне ұқсас болғанмен өзгешелігі де бар. Мысалы, Фаянс массасы дайындалатын қоспаның құрамында дала шпаты, т.б. минералдар аздау және одан жасалатын бұйымдарды үш қайтара (әуелі 1280°С-та, кейін 1050°С, бетіне сурет салынған соң 600 – 900°С-та) үздіксіз қыздырылатын жер асты пештерінде күйдіреді. Фаянс бұйымдарының бетіне мөлдір емес глазурь жағылады.
* Санитарлық Фаянс ылғалдығы 30 – 32% болып келетін созылғыш массадан гипсті пішіндерге салынып, арнайы қондырғыларда жасалады.
* Фаянс әр түрлі ыдыстар мен сәндік бұйымдар жасауда, медицинада, құрылыста қолданылады.
## Дереккөздер |
Лабақ күмбезі — сәулет өнері ескерткіші. Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан. 1874 жылы шикі кірпіштен қаланған, іші мен сырты күйдірілген кірпішпен қапталып өрілген. Ескерткіштің ауданы 7,25x8,25 м, биіктігі 6,45 м. Кіре беріс есігі оңтүстік-батысында. Төрт бұрышты пішіннен дөңгелек күмбезге ұласу бұрыш қуыстары арқылы жүзеген асқан. Қабырғаларының дәл ортасында да осы секілді қуыстар жасалған. Лабақ күмбезінің көлемі, интерьердің 8 қуысы, сондай-ақ, кіре беріс ойықтағы қуыс төмен қарай сәл кеңи түскен. Күмбездің бұрыштары шығыңқы етіп екі қатар кірпіштен қаланған.
## Дереккөздер |
Қызылтөбе – ортағасырлық қалашық орындары.
Төле би ауданы Ынтымақ ауылының маңында Доңғызтау өзенінің оң жағалауында.
* 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова)
* 1979 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Подушкин) зерттеген. Қалашықтың қазіргі орны екі бөлек төбешік.Біріншісі – қамал. Ол табаны 100х90 м, үстіңгі бөлігі 50х40 м, биіктігі 9 м тік бұрышты төбешік. Оған солтүстік жағынан жалғасып жатқан рабад, табаны 130х80 м, үстіңгі жағы 70х50 м, биіктігі 5–6 м келген төбешік. Ескерткіштің едәуір бөлігі автомобиль жолы мен өзге де құрылыстар салу кезінде бұзылған. Қазба жүргізу барысында табылған материалдарға қарағанда халық Қызылтөбені 5–8 ғасырларда мекендегені аңғарылады.Сайрам ауданы Ақсу өзенінің оң жағалауында. 1968 жылы Шымкент педогогикалық институтының археологиялық отряды зерттеген
* Біріншісі – қамал. Ол табаны 100х90 м, үстіңгі бөлігі 50х40 м, биіктігі 9 м тік бұрышты төбешік. Оған солтүстік жағынан жалғасып жатқан рабад, табаны 130х80 м, үстіңгі жағы 70х50 м, биіктігі 5–6 м келген төбешік. Ескерткіштің едәуір бөлігі автомобиль жолы мен өзге де құрылыстар салу кезінде бұзылған. Қазба жүргізу барысында табылған материалдарға қарағанда халық Қызылтөбені 5–8 ғасырларда мекендегені аңғарылады.
* Сайрам ауданы Ақсу өзенінің оң жағалауында. 1968 жылы Шымкент педогогикалық институтының археологиялық отряды зерттеген
* Қалашықтың ішкі қамалының қазіргі орны табаны 60х80 м, үстіңгі жағы 40х50 м, биіктігі 10 м төбешік. Оған шығыс және батыс жағынан ауданы 0,2 га екі төбешік (рабад орны) жалғасады. Мұндағы құрылыс орындары пахса блоктарынан (ұзындығы 1,2–1,5 м, қалыңдығы 0,6–0,7 м) және шикі кірпіштен (көлемі 38х18х8 см) тұрғызылған. Археологиялық зерттеу барысында шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдаланатын құм, тостаған, саптаяқ ыдыс сынықтары табылған. Сондай-ақ Қарахандар әулеті билік құрған кезеңге жататын сырлы ыдыстар, дәнүккіштер, саз ыдыстар күйдіруге арналған пеш орны да аршылған. Қазба жүргізу нәтижесінде алынған заттарға қарағанда Қызылтөбені халық 8–12 ғасырларда мекендеген. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.
## Дереккөздер |
ЛАТЫШЕВ Георгий Дмитриевич (4.11.1907, Ресей, Брянск облысы Бежица қаласы – 3.4.1973, Киев қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1946), профессор (1940), Украина ғылым академиясының корреспонденция мүшесі (1948), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтын бітірген (1929). Украина (1930–41, 1941–46, 1965–73), Ресей (1953–58) ғыл.-зерт. және жоғары оқу орындарында жұмыс істеді. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтын ұйымдастырып, оның директоры (1958–65) болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері ядролық физикаға (γ-сәулесінің затпен әсерлесуі, ядролық резонанс, γ-дефектоскопия, ядролық спектроскопия) арналған. 1932 ж. К.Д.Си-нельников, А.И.Лейпунский және А.К.Вальтермен бірге КСРО-да тұңғыш рет жасанды үдетілген бөлшектермен атом ядросының жіктелуін жүзеге асырды. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1949).
## Дереккөздер
Активный осадок радиотория, М., 1960; Спектрометр с двойной фокусировкой, А.-А., 1962 (соавт.); Ядерный магнитный резонанс в проточной жидкости, М., 1964 (соавт.). |
Лашық — уақытша тұруға арналған шағын баспана. Лашықты көшпелі халықтар көші-қон кезінде уақытша демалатын, қолайсыз ауа райынан қорғанатын тұрақ ретінде пайдаланған. Оны іргесін шеңберлендіре, ұштары жерге қадалған 3 — 4 сырғауыл-сырық басын айқастыра байлап жасайды. Үстіне киіз немесе тері-терсек жабады. Ол жылдам құруға, әрі бұзып жинауға қолайлы. Лашық атауы орыс тіліне “лачуга” болып енген. Солтүстік Американың байырғы халықтары Лашық тәрізді “вигвам” деп аталатын баспананы пайдаланған.
## Тарихы
Вигвамның тарихы еуропалықтар американдық материкке келгенге дейін және тіпті Мая империялары, Инкалар мен Ацтектердің пайда болуынан бұрын басталады. Үй салу технологиясы климатқа байланысты өзгеріп отырды: үндістер Американың солтүстігінде де, оңтүстігінде де - полярлық аймақтардан экваторға дейін мекендеді. Орындау техникасына сүйене отырып, үйді күмбез тәрізді саябақ ретінде сипаттауға болады. Олар үлкен мөлшерге жетті және 30 адамға дейін арналған. Үйдің негізі жұқа икемді бұтақтардан жиналды. Ол ағаш қабығының үлкен немесе кішкентай бөліктерімен жабылған. Осы мақсатта үндістер қарағай мен қайыңды пайдаланды. Құрылым сонымен қатар қамыс, шөп, жүгері жапырақтарымен жабылған. Жоғарғы қабат кейде басқа жақтауымен, сыртқы жағынан, басылған. |
Легкунец Раиса Ефимовна (10.5.1938 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы Новоникольск ауылы) – ғалым, химия ғылымының кандидаты (1971).
Әл-Фараби атындындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1966).
1966 – 71 жылдары аспирант және ҚР ғылым академиясының Химия ғылыми институтында жұмыс істеген, 1971 – 2002 жылдары ҚазҰУ-дың химия факультетінде аға ғылыми қызметкер болды.
Негізгі ғылыми еңбектері үлкен молекулалы қосылыстардың гидродинамикалық қасиеттері мен полимерлердің айқас-талғамды еріткіштер қоспасындағы әрекеті тақырыптарына арналған.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986).
## Сілтемелер
* Химия
* Ғылым
* Қазақстан
## Дереккөздер
<references> |
Лебедев Константин Борисович (15.1.1927, Ресей, Екатеринбург қ. — 9.5.1992, Алматы) — ғалым, техникалық ғылыми докторы (1971), профессор (1985). Қазақ политехникалық университетін (қазіргі Қаз ҰТУ) бітірген (1948). 1948 — 68 ж. Балқаш кен-металлургия комбинатында, Қазақстан ҰА-ның Металлургия және кен байыту инcтитутында, 1968 жылдан өмірінің соңына дейін “Казмеханобр” институтында жұмыс істеді. Негізгі ғылыми еңбектері сирек металдар (молибден мен рений) гидрометаллургиясының физика-химия негіздерін жасауға арналған. Лебедев АН-21 П мен АН-2116 маркалы ионалмастырғыш шайырлар және активтелген көмірлерді пайдаланып, Балқаш кен-металлургия комбинатындағы молибден өндірісінде шайылмалы күкірт қышқылы мен өзекті (маточный) ерітіндіден рений бөліп алудың сорбция технологиясын енгізді (КСРО Министрлер Кеңесі сыйл., 1984); Зырянов қорғасын комб-нда оның қатысуымен құрамында цианы бар ақаба суларды тазартудың ерекше сорбция-ион алмасу технологиясы КСРО-да алғаш рет енгізілді. “КСРО өнертапқышы” белгісінің иегері. Лебедев 300-ден астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 5 монографияның авторы. 23 авторлық куәлік алған. Медальдармен марапатталған.
## Пайдаланған әдебиет
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алексей Ираклиевич Левшин (1798-1879) - Ресей тарихшысы, түркітанушы.1845 жылдан Ресей география қоғамының негізін қалаушылардың бірі және 1873 жылға дейін сол қоғамының төрағасының көмекшісі және Кеңестер мүшесі болған. Ресей империясының мемлекеттік қайраткері. Қазақтар жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазған адам.
## Өмірбаяны
* Алексей Ираклиевич Левшин 1798 жылы Ресей империясының Тульск губерниясында туған. Әкесі - Гераклий Алексеевич Левшин (1772), анасы - Сусанна Васильевна. Левшиндер отбасында төрт ұл, екі қыз болған.
* Алексей Воронеж гимназиясында оқып, одан кейін Харьков университетін бітіреді.
* 1818 жылы шетел ісі коллегиясына (Петр I құрған орталық басқару мекемелері) жұмысқа кіріп, Азиялық департаментте қызмет істейді.
* 1820 жылы Орынбор шекаралық комиссиясына бекітіліп, қазақтар жөніндегі мұрағатты сұрыптау ісімен айналысады.
* 1831-1837 жылдары - Одесса қаласының бастығы.
* 1838-1844 жылдары - Иркутскіде азаматтық губернатор.
* 1844-1855 жылдары - үшінші мемлекеттік мүлік департамент министрлігінде ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы.
* 1856 жылдан - сенатор және ішкі істер министрінің көмекшісі.
Алексей Ираклиевич Левшин 16 қыркүйек 1879 жылы Курск губерниясы, Дмитриев уъезі, Хомутовка селосында қайтыс болады. Денесі Пожилиноға әкелініп Левшиндер тегінің склепінде (өлгендерді табытқа салып қоятын жер астындағы лақып) жерленеді.
## Жетістіктері мен атақтары
* Ресейде он шақты ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі.
* Еуропалық елдер қоғамдарындағы мүшелігі:Мекленбургтік патриоттық қоғамы (1848)Саксен-Альтенбругтік жануарларға дұрыс қарау қоғамы (1849)Курляндық экономикалық қоғамы (1849)
* Мекленбургтік патриоттық қоғамы (1848)
* Саксен-Альтенбругтік жануарларға дұрыс қарау қоғамы (1849)
* Курляндық экономикалық қоғамы (1849)
* Ресей ғылым Академиясының құрметті мүшесі (29.12.1856)
* Харьков университетінің құрметті мүшесі атағы (1855)
* Мемлекеттік кеңес мүшесі (1868 жылдан)
## Марапаттары
* Императордың Москвалық университетінің алтын медалі (1855)
* Бүкіләлемдік лондондық көрмеге қатысқаны үшін Патшалық-Лондондық комиссияның арнайы медалі (1852)
* Әулие Александр Невский, Ақ Бүркіт, Әулие Владимирдің 2-ші дәрежелі, Әулие Аннаның 1-ші дәрежелі, Әулие Станиславтың 1-ші дәрежелі ордендерінің иегері.
## Бағалы сыйлықтары
* Ресей императорларынан алған бағалы сыйлықтары:бриллиант жүзік (1820);алмазды үш темекі сауыты (1823, 1856, 1876);1853-1856 жылдардағы соғысқа орайластырылған Андреев бауындағы естелік қола медаль;шаруаларды азат етуге қатысқаны үшін алтын медаль.
* бриллиант жүзік (1820);
* алмазды үш темекі сауыты (1823, 1856, 1876);
* 1853-1856 жылдардағы соғысқа орайластырылған Андреев бауындағы естелік қола медаль;
* шаруаларды азат етуге қатысқаны үшін алтын медаль.
## Еңбектері
* Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы (1832) атты еңбегінің 1-бөлімінде қазақ жерінің географиялық сипаттамасы берілген. 2-бөлімі қазақ халқының тарихына, 3-бөлімі этнографиясына арналған. Бұл еңбегінде Левшин “қазақ” деген атауға ғылыми анықтама беруге тырысқан. Қазақ халқының Ресей әкімшілігіне өтуінен бастап, 19 ғасырдың басына дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыстармен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастан көптеген мағлұматтар береді.
* Орал қазақтарының тарихы және статистикалық сипаттамасы (1823).
* Кіші жүз ханымен (Шерғазымен 1820 жылы16 қазан) кездесу.
* Татарлардың ежелгі қаласы Сарайшық туралы хабар(1824).
* Қазақ халқының аты-жөні және оның нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы (1827).
## Дереккөздер |
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этруск әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (бустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber — тәуелсіз, liber — кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) — а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) — аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) -- ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.
## Қазақша өлшемді латын әліпбиі
Дыбыс құраудың халықаралық қосалқы баламалары gh, ph, sh халықаралық жағдайларға ғана қолданылады.
Толықтыру:
1) Жуандық «`» белгісі «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «q», «x», «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa [қысқа], uzin [ұзын], xilim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты]. t.b.;
2) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] aera [әра] мыңжылдық, «ое» [ө] poena [пөна] жаза және «ue» [ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы: poёta немесе poēta [поета] ақын. Ал қазақ тілінде олардың арасына айыру белгісін «’» қойу арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қостаңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дауысты дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset т.б.;
3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн.
4) "y" және "z" әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Латыншадағы «y» таңбасы қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Қазақ тіліндегі «r», «w», «y», «z» дыбыс таңбаларының алдында табиғи түрде [і]-[ы] дыбыстары жасырын сақталған. Сондықтан бұл таңбалардың дауыссыз дыбыстармен [і]-[ы] дыбыстарынсыз тікелей тіркесіп келулеріне болады. Алайда, тіліміздің нақтылығын арттыру үшін, түбір сөздердің бірінші буынында жуан-жіңішкеліктері мен еріндік езуліктерін дәл көрсетіп жазған жөн. М: s`yliq, uw, uwis, kyw, jetisw, Jetis`w, swret, tyim, t`yim, kelw, aedeby, qi`ltyma, Atraw, qzil, qarz, traektr, t.b.
5) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia [ыталия], Russia [рұссия], Francia [франшия];
6) Халықаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі ғ, ш, ф дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi`mkent, Pharyza, Aebish т.б.
7) Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona);
8) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп;9) Латынның «c» таңбасы «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. Соған негізделіп, [ш] фонемасын белгілеген жөн. Латын тілінде классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан "g" әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырдағы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн;
10) Ал латындағы «х» таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе қыпшақ тілінің [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн;
11) Латыншадағы «h» таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh;
12) Қолдан келген жағдайда [ә], [ө], [ү], [ң], [ы] дыбыстарына құрама таңбалардың ықшам түрін қолдануға да болады. М: Äset (Aeset), änci (aenci), ädemi (aedemi), saŋlaq (sanhlaq), taŋ (tanh), Öskemen (Oeskemen), öner (oener), Ĭdĭrĭs (I’diris), sĭmbat (si’mbat), Sĭxanaq (Si`xanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) т.б.;
13) Орыс тілінен енген «е» [йе] дыбыс таңбасы латыншада «ye» болып жазылады. М: Sansizbayev, Yelyena, Yevgyeniy, Qazanbayeva, Aytbayev, Tsaryeva, Yekatyeriyna t.b.
"К" әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы "K" немесе KAL – Kalendae – календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған. Сол себепті оны өзіміздің [к] фонемамызға қолданғанымыз жөн.
Классикалық латын тілі кезеңінде "u" және "i" әріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі "v", "j" әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда "j" әріпінің орнына "і" әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Ал әлемдік ауқымға келсек, өте мөте ағылшын тілі факторын ескерсек, "j" әрпі тек [ж] фонемасын береді. М: Jonson [жонсон].
Герман тілдеріндегі "w" әрпі ХІ ғасырда енгізілген. Ол герман тілдеріндегі дауыссыз [у] фонемасын белгілеу үшін енгізілген. Сондықтан оны өзіміздегі [у] фонемасын беогілеген жөн.
Дауыссыздар латын тілінде muta (p,b,t,d,c,g) және liquida (l,r) болып бөлінеді.
Әрине, айта кеткім келетіні - латынның тілдік заңдылығына белгілі дәрежеде үйлескенімізбен, оған бүтіндей үйлесуіміз мүмкін емес. Сондықтан дәнін алып қауызын тастауымыз керек сиақты.
Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар:
* ph [ф] болып оқылады philosophus [философұс] философия;
* rh [р] болып оқылады rhetor [ретор] ритор;
* th [т] болып оқылады theatrum [театрұм] театр ;
* ch [х] болып оқылады pulcher [пұлхер] әдемі;
* sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;
* qu [құ] болып оқылады aqua [ақұа] су.
Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана, scientia [скиентиа] білім. Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нги] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингұа] тіл, angulus [ангұлұс] бұрыш, longus [лонгұс] ұзын, unguis [унгүис] тырнақ.
Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылған. Ал оның латын тілінің дамуының соңғы кезеңіндегі өзгерістерін бұл жерде ескермейміз.
Біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ертеден-ақ басталған. Оның бір бұлжытпас айғағы - Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Ал бұның аударылмаған түп нұсқасын оқысаңыз, кәдімгі қазақша.
XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармалары латын әліпбиінде жазылған болатын:
1) kkce ulaxim kgnde semirir. Ol xowun (көкше ұлағым көгенде семірір. Ол ғоуұн. p.73)
2) Olturganim oba yer basqanim baqir canaq (Олтұрғаным оба йер басқаным иақыр шанақ. Ол үзеңгі.)
3) (CC, 120/145) Yazda yavli/yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir. (Йазда йаулы тоқмақ йатыр. Ол кірпідір)
4) (CC, 119/143) aq kmening avzu yoq. Ol yumurtqa (Ақ кеменің аузы йоқ. Ол йұмұртқа)
5) (CC,120/145) burunsiz buz teser. Ol qoy bogu. (Бұрұнсыз бұз тесер. Ол қой богұ)
Қазақтың өлшемді латын әліпбиін жасауда ең алдымен осы «Кодекс куманикус»-қа көбірек мән берілді:
1) Koekce ulaxim koegende semirir. Ol xowun;
2) Olturxanim oba yer, basqanim baqir canaq;
3) Yazda yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir;
4) Aq kemeninh awzi yoq. Ol yumurtqa;
5) Burunsiz buz teser. Ol qoy boxu.
Мен бұл әліппенің атын «өлшемді» деп атаған себебім: әдетте өлшем деген сөз стандард деген сөздің қазақша баламасы болып келеді. Яғни бұл әліппе тек қана стантандардты латын әліпбесінің негізінде жасалғандықтан, «Қазақтың өлшемді (стандардты) әліппесі» деп аталды. Өркен Тоқтарұлы.
Barliq adamdar t`wmisinan azat jaene qadr-qasyeti men quqiqtari tenh bolip duenyege keledi. Adamdarxa aqil-parasat, ar-ojdan berilgen, sondiqtan olar br-brimen tuwistiq, bawirmaldiq qarim-qatinas jasawlari tyis.
Ықшам түрінде:
Arĭstanbaydĭŋ muqĭcĭ
– Jaqsĭ keldiŋ, cĭraxĭm, seni körwge qumar bolĭp otĭr edik, – dep öziŋe jastĭq qoya seni maqtay söyleytini de bar.– Keŋes ökimetiniŋ jumĭsĭna qasĭq qanĭm qalxanca dayĭnmĭn! – dep belsendilik körsetetini de bar.
Arĭstanbaydĭŋ Muqĭcĭ deytin belsendi kedeyiŋ men bolamĭn! – dep tösin qaxĭp qoywdan da tayĭnbaydĭ.
– Älgi ökil qayda? Siz bolasĭz ba? – dep maxan töne tüsti.
– Jumĭsĭm: belsendi kedey edim. Osĭ eldegi «Arĭstanbaydĭŋ Muqĭcĭ» deytin men bolamĭn. Batĭraqtar körisinen kolkhozĭmĭzxa orĭn kelgen eken, soxan meni jiber desem, bastĭxĭmĭz jibermeydi. Bastĭxĭmĭz oŋbaxan neme: Äkesiniŋ äkesi Bädel qajĭxa barxan kisi. Özin tüsirtip tastamasam bolmas...Tüsine almay qayta surap edim. Muqĭc cataqqa saldĭ.– Sizdiŋ munĭŋĭz «törecildik», munĭŋĭz «oŋcĭl men solcĭldĭq»! Men izdenetin jerdi bilem, sizdiŋ üstiŋizden de izdene alamĭn, – deydi Muqĭc.
Munĭŋĭz asĭra siltew! – dep calqayaqtaydĭ. Birew qysĭnsĭz jala japsa, isiŋ aq bolsa da betiŋ bir küreŋ tartpaqcĭ xoy.
– Öziŋ nege aytpaysĭŋ? – dep, bĭlayxĭlarĭ oxan tüylikti.
– Muqĭctĭŋ osĭ erkelegeni jeter. Muqĭctĭŋ kümanĭn acw kerek! Munĭŋ kim ekenin bilesiŋder me? – dedi.– Bilemiz xoy, – dep otĭrxandar kürsindi.
Beyimbet Maylĭn “Aristanbaydĭnh muqĭcĭ” cĭxarmasĭnan üzindi.
Құрама түрінде:
Aristanbaydinh muqici
– Jaqsi keldinh, craxim, seni koerwge qumar bolip otr edik, – dep oezinhe jastiq qoya seni maqtay soeyleytini de bar.– Kenhes oekimetininh jumisina qasiq qanim qalxanca dayinmin! – dep belsendilik koersetetini de bar.
Aristanbaydinh Muqici deytin belsendi kedeyinh men bolamin! – dep toesin qaxip qoywdan da tayinbaydi.
– Aelgi oekil qayda? Sz bolasz ba? – dep maxan toene tuesti.
– Jumisim: belsendi kedey edim. Osi eldegi «Aristanbaydinh Muqici» deytin men bolamin. Batraqtar koerisinen koelkhozimzxa orin kelgen eken, soxan meni jiber desem, bastiximz jibermeydi. Bastiximz onhbaxan neme: Aekesininh aekesi Baedel qajixa barxan kisi. Oezin tuesrtip tastamasam bolmas...Tuesine almay qayta surap edim. Muqic cataqqa saldi.– Szdinh muninhz «toerecildik», muninhz «onhcil men solcildiq»! Men izdenetin jerdi bilem, szdinh uestinhzden de izdene alamin, – deydi Muqic.
Muninhz asra siltew! – dep calqayaqtaydi. Brew qysinsz jala japsa, isinh aq bolsa da betinh br kuerenh tartpaqci xoy.
– Oezinh nege aytpaysinh? – dep, bilayxilari oxan tueylikti.
– Muqictinh osi erkelegeni jeter. Muqictinh kuemanin acw kerek! Muninh kim ekenin bilesinhder me? – dedi.– Bilemz xoy, – dep otrxandar kuersindi.
Beyimbet Maylin “Aristanbaydinh muqici” cixarmasinan uezindi.
Кирилше:
Арыстанбайдың мұқышы
– Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік, – деп өзіңе жастық қоя сені мақтай сөйлейтіні де бар.– Кеңес өкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын! – деп белсенділік көрсететіні де бар.
Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын! – деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.
– Әлгі өкіл қайда? Сіз боласыз ба? – деп маған төне түсті.
– Жұмысым: белсенді кедей едім. Осы елдегі «Арыстанбайдың Мұқышы» дейтін мен боламын. Батырақтар көрісінен колхозымызға орын келген екен, соған мені жібер десем, бастығымыз жібермейді. Бастығымыз оңбаған неме: Әкесінің әкесі Бәдел қажыға барған кісі. Өзін түсіртіп тастамасам болмас...Түсіне алмай қайта сұрап едім. Мұқыш шатаққа салды.– Сіздің мұныңыз «төрешілдік», мұныңыз «оңшыл мен солшылдық»! Мен ізденетін жерді білем, сіздің үстіңізден де іздене аламын, – дейді Мұқыш.
Мұныңыз асыра сілтеу! – деп шалқаяқтайды. Біреу қисынсыз жала жапса, ісің ақ болса да бетің бір күрең тартпақшы ғой.
– Өзің неге айтпайсың? – деп, былайғылары оған түйлікті.
– Мұқыштың осы еркелегені жетер. Мұқыштың күманын ашу керек! Мұның кім екенін білесіңдер ме? – деді.– Білеміз ғой, – деп отырғандар күрсінді.
Бейімбет Майлин "Арыстанбайдың мұқышы" шығармасынан үзінді.
## Дереккөздер |
Ленгер көмір кен орны – Шымкент қаласынан шығысқа қарай 35 км жерде. Дербес Ленгер кен орнынан (ауданы 25 км2) басқа, ондағы өнеркәсіптік кен екі көмірлі (Тоғыз және Оңтүстік) және болашақта өнім алуға мүмкіндігі мол 4 алаңға (Оңтүстік (10 км2), Георгиевка (80 км2), Шымкент (60 км2) және Қазығұрт (30 км2)) бөлінеді.
## Жатыс сипаты
Өнеркәсіптік алаңдағы 6 қабаттың үшеуінің (негізгі, жоғарғы және төменгі) қалыңдығы 0,9–2 м. Тоғыз бен Оңтүстік алаңдарда да үш қабат бар, олардың негізгі қабатының қалыңдығы 12 м-ге дейін жетеді. Ал Георгиевка алаңынан қалыңдығы 0,8–8,13 м екі қабат (негізгі, жоғарғының астындағы қабаттар) анықталған.
## Геологиялық құрылымы
Ленгер көмір кені 19 ғасырдан белгілі. Көмірлі түзілімдердің жасы алғашқы юра кезеңіне (қалыңдығы 350–500 м) жатады, құрамында 10 көмір қабаты бар, олардың бесеуінің (негізгі, аралық, жоғарғының астындағы І және ІІ, жоғ. қабаттар) жұмыстық қуаты 0,9 м-ден 14,7 м-ге дейін. Қалың қабаттардың құрылысы күрделі (2–3 будадан тұрады).
## Құрамы
Көмірі қарашірінділі (гумустық), қоңыр (маркасы Б3) болып келеді. Орташа күлділігі 18–22%. Көмір құрамында күкірт мөлшері жоғары (3%-ға дейін), өндірілген көмір өз бетінше жануға бейім. Жылу бөлгіштігі 7,3 мың ккал/кг-ға дейін. Кен орны жер асты тәсілімен шахталарда өндіріледі.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Лепсі – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Лепсі – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Лепсі – Балқаш алабындағы өзен.
* Лепсі – мұздық |
Лениногор кенді ауданы - Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Құрамына Риддер-Сокольный полиметалл кен орны, Тишин полиметалл кен орны, Новолениногор және бірнеше ұсақ (Долинное, Шүлбі, т.б.) кен орындары кіреді. Игеру уақыты жағынан көнесі 1776 жылы Ф.Риддер ашқан Риддер-Сокольный полиметалл кен орны.
## Геологиялық құрылымы
Кен орыны каледондық (микрокристалды тақтатастар) және герциндік (жанартаутекті шөгінді) жыныстардан тұратын екі құрылымға бөлінген. Мұндағы маңыздылығы жағынан екінші орындағы нысандардың бірі 1958 жылы А.А. Малыгин ашқан Тишин полиметалл кен орны болып табылады. Ол Негізгі және Солтүстік-батыс кен шоғырларына бөлінеді. Кенінде Zn — 6,5%, Pb — 1,12%, Cu — 0,61% сонымен қатар Au — 0,8 г/т және Ag — 12,8 г/т кездеседі.
## Жатыс сипаты
Лениногор Кенді ауданындағы кен жыныстары 600 м тереңдікке дейін таралған және әр түрлі қабат пен линза тәрізді иірімдер түрінде ұшырасады. Pb — Zn, Zn — Cu және алтынмен байытылған (1,7 г/т) полиметалды кендер құрамында күміс көп (68,6 г/т) және қоспа ретінде Cd, Se, Te, Sb, Bі, Tl кездеседі.
## Минералдары
Лениногор кенді ауданының негізгі кенді минералдары сфалерит, пирит, галенит, халькопирит, пирротин, алтаит, гессит, теллуровисмутин, сильванит. Кенді ауданның кен орындарын 1917 жылға дейін шетелдік кәсіпкерлер, ал одан кейін кеңестік заманда Лениногор полиметалл комбинаты игерген. Қазіргі уақытта “Қазмырыш” Акционерлік Қоғамына қарайды.
## Дереккөздер |
Лепсі мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Лепсі өзенінің оң саласы Сарымсақтының бастауында. Мұздықты 1904 жылы В.В. Сапожников алғашқы рет зерттеп, осылай атады.
## Аумағы
Ұзындығы 5,3 км, ашық жері 4,7 км. Жалпы ауданы 6,2 км2, ашық жатқан тілі 2,5 км2. Фирн (мұзқар) сызығы 3480 м биіктікте.
## Дереккөздер |
Петр Иванович Лерх (1828 — 4 қыркүйек 1884, Гамбург) — шығыстанушы, археолог. 1850 ж. Санкт-Петербург университетін бітірген. 1858 ж. Н.И. Игнатьев бастаған елшілікпен бірге Хиуа мен Бұхараға барған сапарында бірнеше құнды қолжазбалар мен ортағасырлық теңгелер алып қайтты. 1867 ж. Археологиялық комиссияның тапсыруымен Түркістан өлкесін зерттеді. Сырдария бойындағы Сауран, Сығанақ қалаларында, Талас алқабының бірқатар қала орындарында болып, ортағасырлық Жанкент қаласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Полковник шенінде Қазалы уездініңнің бастығы болды. 1876 ж. шығыстанушылардың 3-Халықаралық конгресінің ұйымдастырушыларының бірі ретінде 7 — 8 ғасырлардағы Орталық Азиядағы ақшалар жөнінде баяндама жасады. Ол өзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен, мұқият сипаттаумен қоса, олар туралы жазбаша хабарларды іріктеп, осы үзінділерге талдау жасады және түсініктеме берді. Жазба деректерді өзінің археологиялық олжаларымен салыстыра келіп, ол қираған орындарды зерттеді. Лерх ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалаған ғалымдардың бірі болды.
## Дереккөздер |
Лисаков темір кен орны - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында, Тобыл темір жол стансасынан оңтүстікке қарай 20 км жерде. Кен орны 1937 жылы зерттелген. Ашық әдіспен игеріледі.
## Құрылысы мен сипаты
Кенді қабаттың қалыңдығы 4 – 40 м. Кен гидрогетит және гидрогетит-сидерит-лептохлорит түрлеріне бөлінеді. Бұл минералдар қалыңдығы 4-24 м көлбеу кен денесін құрайды. Олардың шекарасы сынамалау әдісі бойынша анықталады. Аралары кенсіз тау жыныстары орналасқан төрт өнеркәсіптік кенді телімдерге бөлінеді:
* Басты телім - ұзындығы 20 км, ені 100-2500 м, қалыңдығы 12 м, қоры 29,7%,жабынының тереңдігі 8 м;
* Оңтүстік телім - ұзындығы 12 км, ені 100-1000 м, қалыңдығы 4 м, қоры 3,1%, жабынының тереңдігі 15 м.
* Дала телімі - ұзындығы 11 км, ені 100-2000 м, қалыңдығы 5 м, қоры 3,3%, аршылымының қалыңдығы 15 м;
* Шығыс телімі - жалпы қордың 63,9%-ы шоғырланған, оның ұзындығы 22 км, ені 100-2000 м, қалыңдығы 5 м, аршылымының қалыңдығы 20 м
## Минералдары
Кенде кентастың бастапқы және үгілген түрлері бар:
* Бастапқы кентас минералдары: гидрогетит, магнетит, сидерит.
* Кентассыз минералдар: кварц, лептохлорит, пироксен, кальцит, эпидот, рутил, дала шпаты, гранат.
## Дереккөздер |
Лихарёв Экспедициясы– Ресей патшасы Петр І-нің Қазақ хандығына аттандырған И.М. Лихарев бастаған арнайы экспедициясы (1719). Л. э. зерттеулерінің нәтижесінде Өскемен бекінісі салынды, экспед. жүріп өткен жерлер картаға түсіріліп, Ертіс жағалаулары мен Зайсан к-н геогр. жағы |
Лисаков кен байыту комбинаты – қара металлургия өнеркәсібінің ірі кәсіпорны. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарайды. Қостанай қ-ның оңт.-батысында 120 км жердегі Лисаковск қ-нда орналасқан, 1949 ж. ашылған. Өнеркәсіптік қоры 2,8 млрд т-дан асады. Кенінің құрамында таза темір – 65,2 %, фосфор – 0,5 %, саз балшық – 5,5 %. |
Сергей Данилович Луганский (1918—1977) — қазақстандық ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (2 қыркүйек 1943; 1 шілде 1944). 1938 жылы Орынбордағы ұшқыштар мектебін, 1949 жылы Мәскеудегі әскери-әуе академиясын бітірген. 1939–40 жылдары кеңес-фин соғысына қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский 390 рет ұшу сапарына шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. 2 рет әуе таранын жасады. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО Қарулы Күштерінің әскери әуе күштері саласында әр түрлі жоғары басшылық қызметтерде болды. Соғыс жылдарында көрсеткен ерліктері үшін Ленин, Александр Невский, 2 мәрте Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз (2 рет) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы[дереккөзі?] |
Луговой — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, ірі темір жол бекеті, Луговой ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Құлан ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-дей жерде, Қорағаты өзенінің бойында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1924 жылы Бурное (қазіргі Бауыржан Момышұлы)-Фрунзе (қазіргі Бішкек) темір жолын салуға байланысты қаланған.
## Халқы
Луговойда вагон жөндеу шеберханасы, ауданы тұрмыс қажетін өтейтін комб. бөлімшесі, мұнай базасы, астық қоймасы, т.б. әлеуметтік-ағарту мекемелері жұмыс істейді.
## Ауыл суреттері
*
*
*
## Дереккөздер |
## Лұқпан Хакім
Лұқпан Хакім— шығыс халықтарының фольклорында кездесетін көркем бейне. Қазақ, өзбек, түрікмен, т.б. халықтар ертегілері мен хикаяттарында Лұқпан Хакім бейнесі жан-жақты сипатталған. Көп ізденіп, терең білім алған ол халқының қамқоршысы, әділетті, шындықты жақтап өткен жан ретінде айтылады. Лұқпан Хакім жайлы ел арасына тараған аңыздар Жиренше шешен мен Қарашаш жайлы аңыздарға өте ұқсас. Ел арасында “Лұқпан хакім мың жасапты” деген аңыз бар. Осыған орай Лұқпан Хакімнің берген жауабында: “Жақсы жандармен дидарласып, сұхбаттасқанда жасыма жас қосылады” депті. Гректің атақты мысалшысы Эзоптың Сирияда араб тіліне аударылған (12 ғ.) қырыққа жуық мысалы Лұқпан Хакім атына қатысты тараған. Түркі халықтарының ертедегі аңыздарында Лұқпан Хакім Ескендір Зұлқарнайынның кеңесшісі әрі дәрігері деп те айтылады. Шығыс аңыздарында Лұқпан Хакім бірде Йемен патшасы, кейде әулие деп аталса, енді бірде абиссиниялық құл деп айтылады. Орта ғасырдағы араб оқымыстылары Лұқпан Хакім тарихта болған адам деп жазады. Құран Кәрімнің 31-сүресі “Лұқман сүресі” деп аталған. Онда Лұқпан Хакімге шүкіршілік ету үшін даналық берілгендігі, оның пайғамбар емес дәрігер екендігі, сондай-ақ Лұқпан Хакімнің ұлына айтқан өсиеті баяндалған.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы
## Лұқпан Хакім
Лұқпан Хакім— шығыс халықтарының фольклорында кездесетін көркем бейне. Қазақ, өзбек, түрікмен, т.б. халықтар ертегілері мен хикаяттарында Лұқпан Хакім бейнесі жан-жақты сипатталған. Көп ізденіп, терең білім алған ол халқының қамқоршысы, әділетті, шындықты жақтап өткен жан ретінде айтылады. Лұқпан Хакім жайлы ел арасына тараған аңыздар Жиренше шешен мен Қарашаш жайлы аңыздарға өте ұқсас. Ел арасында “Лұқпан хакім мың жасапты” деген аңыз бар. Осыған орай Лұқпан Хакімнің берген жауабында: “Жақсы жандармен дидарласып, сұхбаттасқанда жасыма жас қосылады” депті. Гректің атақты мысалшысы Эзоптың Сирияда араб тіліне аударылған (12 ғ.) қырыққа жуық мысалы Лұқпан Хакім атына қатысты тараған. Түркі халықтарының ертедегі аңыздарында Лұқпан Хакім Ескендір Зұлқарнайынның кеңесшісі әрі дәрігері деп те айтылады. Шығыс аңыздарында Лұқпан Хакім бірде Йемен патшасы, кейде әулие деп аталса, енді бірде абиссиниялық құл деп айтылады. Орта ғасырдағы араб оқымыстылары Лұқпан Хакім тарихта болған адам деп жазады. Құран Кәрімнің 31-сүресі “Лұқман сүресі” деп аталған. Онда Лұқпан Хакімге шүкіршілік ету үшін даналық берілгендігі, оның пайғамбар емес дәрігер екендігі, сондай-ақ Лұқпан Хакімнің ұлына айтқан өсиеті баяндалған.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Алексей Тимофеевич Лукьянов (12.4.1922 жыл, Ресей, Краснодар өлкесі, Армавир округі, Отрадно-Ольгинск селосы - 2010 жыл) — ғалым, физика-математика ғылым докторы (1969), профессор (1972), Қазақстан ҰА-ның академиясы (1991), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974).
## Өмірбаяны
* 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* 1950 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия және физика-математика факультеттерін, аспирантураны бітірген (1959 ж.).
* ҚазМУ-да математикалық пішіндеу проблемалық зертханасын (1967 ж.), кейін өзі бірнеше жыл бойы басқарған қолданбалы математика кафедрасын ұйымдастырды (1967 ж.).
* Ғылыми істер жөніндегі проректор қызметінде жүріп ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мәселесіне көп көңіл бөлген (1977-1986 жж.). Оның бастамасымен ғылыми құралдар жасау тәжірибелік-сынақ зауыты құрылды. Ғылыми зерттеулерді автоматтандыру және математикалық пішіндеу факультетаралық зертханасының меңгерушісі болды.
* 1969 жылы УКСР ҒА жанындағы кибернетика Институтында есептеу математикасы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
* 1972 жылы оған теориялық және математикалық физика бойынша профессор атағы берілді.
* 1979 жылы ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, сонымен қатар “математика” мамандығы бойынша ҚР ҰҒА мүшесі болып сайланды (1994 ж.). Математикалық пішіндеу теориясы мен әдістері бойынша ҰҒА комиссия мүшесі, “Электронное моделирование” (Киев қ.) және “Вычислительные технологии” (Новосібір қ.) журналдарының редколлегия мүшесі.
## Ғылыми жұмыстары
* Негізгі ғылыми еңбектері математика модельдеу әдістерін физика, химия, биология, техника есептерін шешуге қолдануға және дербес туындылы теңдеулерге арналған есептеу техникасы құралдарын жетілдіруге арналған.
* 500-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 6 монографияның және 70-тен астам өнертабыстың авторы.
## Ғылыми еңбектері
* Лукьянов А.Т., Артюх Л.Ю, Ицкова П.Г. Резонансное равновесие в задачах теории горения. –Алма-Ата: Наука, 1989.
* Жеребятьев И.Ф., Лукьянов А.Т. Математическое моделирование процессов тепло-и массопереноса с подвижными границами. –Алма-Ата: ҒЫлым, 1992.
* Лукьянов А.Т., Ицкова П.Г., Вербицкая И.С., Математическое моделирование каталитического окисления газовых смесей. –Аматы: Қазақ университеті, 2000.
## Марапаттары
* Қолданбалы математика саласына және резонансты құбылыстарды зерттеудегі еңбектері үшін халықаралық “Жыл адамы” (Кембридж, Англия, 1992), (Америка биография институтының, 1993) атағына ие болды.
* ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы
* Еңбек Қызыл Ту
* Парасат ордендерімен.
* “Жауынгерлік ерлігі үшін”
* “Киевті қорғағаны үшін”
* “1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін”
* “Отан қорғаушы”
* “В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін” медальдарымен
* ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен.
* А.Т. Лукьянов есімі IВС және АВІ Энциклопедиялық биографиялық анықтамалыққа енгізілген.
## Дереккөздер |
Махмұд Ғазнауи, Махмұд ибн Себуктегін, Ймин әд-Даул (970 – 1030) – Ғазнауи әулетінен шыққан билеуші (998 – 1030), қолбасшы. 998 ж. Хорасанның әмірі болған. М. Ғ. бүкіл Шығыс Иранды, Рей мен Исфаханды, Ауғанстан аумақтарын, Солт. Үндістанның батыс бөлігін, Әмудария өз-н Махмұд Ғазнауи Махмұд ибн Себуктегін, Ймин әд-Даул (970 — 30.4.1030, Ғазни) – Ғазнауи әулетінен шыққан билеуші (998 – 1030), талантты қолбасшы. М. ұ. тұсында Ғазнауи сұлтандығы саяси қуаттылығының жоғ. шыңына көтерілді. 998 ж. Бағдат халифасы оған “йемин әд-Даул уа амин әлмилла” (мемлекет пен діни қауымның сенімді тұлғасы) деген атақ беріп, Хорасанның әмірі етіп тағайындады. М. ұ. бүкіл Шығ. Иранды, Рей мен Исфаханды, Ауғанстан аумақтарын, Солт. Үндістанның батыс бөлігін, Әмудария өз-не дейінгі жерлерді бағындырып, қол астындағыларға шариат тәртібін орнатты. Жерді толығымен мемлекет меншігіне айналдырып, қала ақсүйектерінің табысына қатаң бақылау орнатуға тырысты. Ол Солт. Үндістанға ислам дінін тарату мақсатымен 17 рет жорық жасады. Осы жорықтары үшін “Ғазиз” деген атақ алды. М. ұ. өз сарайына мұсылман ғұламаларын топтастырып, олардың ғылыммен айналысуына үлкен мүмкіндік туғызды. Әл-Утби өзінің “Китаб әл-Йамини” деген еңбегінде М.ұ-дің билік құрған кезі туралы жазды.
## Дереккөздер
Якубовский А.Ю., Махмуд Газневи, Л., 1934; Шабани Р., Иран тарихы, А., 2002. С. Тортаев«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
## Сілтемелер |
Махмұд сұлтан (1443 — 1476 жылы қайтыс болған) — Созақтың билеушісі, Жәнібек ханның баласы. М. с. Түркістанда Мұхаммед Шайбани ықпалының нығаюына кедергі жасап, осындағы өз иеліктерін Бұрындық ханмен келісе отырып кеңейтті. 15 ғ-дың 70-жылдарыСауран, Созақ түбінде, Қаратауда, т.б. жерлерде бірнеше ірі шайқастар болып өтті. Йасыны (Түркістанды), Сығанақты бірде қазақ хандары, бірде Мұхаммед Шайбани басып алып, екі жақ кезек жеңіске жетіп отырды. Махмұд сұлтан сондай шайқастардың бірінде қаза тапқан. |
Ляпичев Георгий Филиппович(1922 – 2001) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1986). Қазақстанның магмалық кешені, Қазақстанның құрылымдық-формациялық кешені, 1:500000 және 1:1500000 масштабты Қазақстанның металлогендік кешені карталарын жасауға және Қазақстан металлогениясы және басты тау |
Махмұт Тараби (т.ж.б. — 1238 ж.ө.) — Бұхарадағы моңғол басқыншыларына қарсы көтерілістің басшысы. Көтеріліс 1238 ж. Бұхарадан 18 — 20 км қашықтықта, Заравшан өз-нің жағасындағы Тараб елді мекенінде басталды. Көтеріліске Бұхара қ. мен оның айналасындағы қыстақтардан егіншілер мен қолөнершілер қатысты. Көтерілістің жалпы басшылығын қолөнерші М. Т. өз қолына алды. Көтерілісшілер Бұхараны басып алып, басқа қалалар мен қыстақтар тұрғындарын өздеріне қосылуға шақырды, арнайы үндеулер жолдады. М. Т. өзін Бұхара мен оның айналасындағы аймақтардың халифы деп жариялап, қала билеушілерін өз билігін ресми түрде мойындауға мәжбүр етті. Тарабтық саудагер Шамсуддин Махбуби бас садр (дінбасы) болып жарияланды. М. Т. моңғолдарға қызмет еткен ақсүйектердің бірқатарын жазалады, көпшілігін қаладан қуды. Карманадан шыққан моңғол әскерінің Бұхараға таяп қалғанынан хабардар болған М. Т. көтерілісшілерді бастап қарсы аттанды. Мәлік деген жерде болған шайқаста моңғол әскері жеңіліп, 10 мыңға жуық адамынан айырылды. Алайда көтеріліс басшылары М.Т. мен Шамсуддин Махбуби де шайқаста қаза тапты. Моңғол әскері басшылары өлген көтерілісшілерді арада бір апта өтпей-ақ ауыр жеңіліске ұшыратты. Моңғолдар Бұхараны қайтадан басып алып, 20 мыңнан аса адамды өлтірді. Дегенмен бұхаралықтар үшін алым-салық мөлшері азайтылды.
## Дереккөздер
Узбекистан Республикаси, энциклопедия, Таш., 1997. Н. Әшіров "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
## Сілтемелер |
Махмұт Ялавач, Махмұт Жалауаш, Махмұт Ялавач Хорезми (т.ж.б. — 13 ғ-дың ортасы) — моңғолдардың Мауереннахр-ға қойған бірінші билеушісі (даруғашы, даруғабек). Хорезм саудагерінің отбасында туып-өскенімен, жас кезінде саудамен түркі-моңғолдар арасына барып, сонда қалып қойған. Шыңғыс ханның, кейіннен оның мұрагерлерінің ерекше сеніміндегі адам болды. Шыңғыс ханның Хорезм Мұхаммед шаһқа елшілікке жіберген үш мұсылман саудагерінің бірі М. Я. еді. Кейін Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр жаулап алынғаннан кейін, Шағатай ұлысына берілген Мауереннахрды азаматтық тұрғыдан басқару осы елдің жергілікті салт-дәстүрді жақсы білетін адамы, М. Я-қа тапсырылды. Шағатай ұлысында болған түрлі талас-тартыстарға қарамастан, М. Я. әулеті 14 ғ-дың басына дейін Орта Азияның отырықшы өлкелеріндегі азаматтық басқаруды өз қолдарында ұстап тұрды. Тарихшы Жуайнидің айтуына қарағанда, М. Я. және оның баласы Масудбектің тұсында Мауереннахрдағы қалалардың экономикасы, мәдениеті мен ғылымы жедел өркендеген. Олар Шағатай ұлысының қаржы жүйесін тәртіпке келтіруде көптеген шараларды жүзеге асырған. Мөңке хан тұсында (1251 — 59) М. Я. моңғолдардың Қытайдағы даруғашысы болды.
## Дереккөздер
История народов Узбекистана, 1-т., Таш., 1992; Қазақстан тарихы, 2-т., А., 1998. Е.Қызырқанұлы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
## Сілтемелер |
Дмитрий Дмитриевич Мацуцин (4.11.1898, Верный (қазіргі Алматы) — 30.1. 1980, сонда) — композитор, дирижер, фольклоршы, педагог. ҚазКСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1978).
1926 ж. Мәскеу консерваториясының хор-дирижерлік факультетін (профессор П.Г.Чесноковтың класы бойынша), ал 1930 ж. этногр. бөлімін (проф. А.Д. Кастальскийдің класы бойынша), 1935 ж. осы консерваторияның аспирантурасын (проф. Д.М. Данилиннің жетекшілігімен) бітірген. 1933 ж. М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” пьесасына музыка жаза отырып, Қазақстандағы шығарм. жұмысын бастады. Осы жылдардан бастап М. Қазақ драма театрының муз. жетекшісі, филармонияның хор дирижері болып, ұйғыр театрының оркестрін басқарды. Сондай-ақ 1935 — 41 ж. Алматы муз. уч-щесінде ұстаздық етті. М. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 — 58 ж. Құрманғазы атындағы консерватория мен музыкылық училищедегі педагогтік қызметін жалғастырды.
Мацуцин ұлттық музыка мамандарын тәрбиелеуде елеулі еңбек сіңірді. Ол қазақтың 100-ден аса ән-күйін дауыс пен фортепиано үшін және хорға өңдеп жазды. Ұлттық театрларда қойылған: С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” (1937), Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” (1938), Ә.Тәжібаевтың “Майра” (1957), Әлжаппар Әбішевтің “Кім менің әкем?” (1958), т.б. пьесаларға және орыс, ұйғыр драмаларына, симфон. оркестрге арнап музыка жазды. Сондай-ақ оның скрипкалық триоға арнаған “Қазақ әуендері” сюитасы (1936), қазақ әндері тақырыбында фортепианоға арнап жазған 12 пьесасы (1951) бар.
Қызыл Жұлдыз (1943), “Құрмет белгісі” (1959) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Махмұд Ибн Уәли, Махмұд бин Әмір Уәли (1595/96, Балх — ө.ж.б.) — тарихшы, әдебиетші. 17 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген. Өз заманының жан-жақты білімді адамы болған. Орта ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы жөніндегі аса құнды деректеме саналатын “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” (“Мейірбан адамдардың ізгі қасиеттері жайлы телегей-теңіз құпия сырлар”) және т.б. шығармалар жазған. Оның “Махаббатнаме”, “Наджм-и сакиб”, “Ахлақ-и Хусайни” атты қасидалар мен ғазелдер жинағы және “Равайих-и тайиба” атты сопылық танымдағы шығармасы бар.1625 — 1630 ж. Үндістанға(Пәкістан) саяхат жасап, Кабул, Пешавар, Лахор, Дели, Аллахабад, Бенарес, Калькутта және т.б. қалаларда болды. Үндістаннан қайтып оралған соң Аштархан әулетінен шыққан Нәдір Мұхаммед ханның сарайында қызмет істеп, әуелі Балхта, сонан соң Бұхарада тұрды. Жоғарыда аталған негізгі еңбегін Нәдір Мұхаммедтің тапсыруы бойынша 1634 ж. 24 қыркүйекте бастап, 1640/41 ж. аяқтаған. “Бахр әл-асрар” — энциклопедиялық көлемді шығарма (7 том). Махмұд ибн Уәли бұл шығармасын жазуда араб, парсы-тәжік және түрік тілдерінде бұрынырақ түзілген (Ибн әл-Факих, Табари, әл-Истахри, Әбу Райхан әл-Бируни, Ата Мәлік Жуайни, Фазлаллах Рашид әд-Дин, Шараф әд-Дин Әли Йезди, Масуд бин Осман Кухистани, Әмин Ахмед Рази, Зайн әд-Дин Махмуд Васифи, т.б. ғалымдар шығармаларын) еңбектерді пайдаланған. Сонымен қатар бұл еңбекте қазақ хандарының шығу тегі, Ақ Орда, Әбілхайыр хан мемлекеті, Қазақ хандығының тарихына қатысты, 16 — 17 ғ-лардың басындағы қазақ, Орта Азия халықтары, қазақ-моғол қатынастары, Есім және басқа қазақ хандарының Шығыс Түркістандағы Шағатай әулетінің өзара талас-тартысына қатысуы жайлы да мәліметтер бар.
## Дереккөздер |
Марат Кененбайұлы Мәзімбаев (1 наурыз, 1974 жылы туған, Қазақ КСР Жамбыл облысы Қордай ауылы) – Қазақстандық кәсіби боксшы, кәсіпқой боксшы, екінші жеңіл салмақ категориясында сөйлейді. IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс Азия ойындарының (1997), Қарулы Күштер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 13-Азия ойындарының қола жүлдегері (1998).
## Өмірбаяны
1974 жылы 1 наурызда Кордай кентінде дүниеге келген (Жамбыл облысы). Төртінші сыныпта боксты оқуға кірдім. 13 жасында алғашқы жетістік болды — жасөспірімдер арасында республика чемпионатын жеңіп алды. Осыдан кейін Республикалық Олимпиадалық резерв мектебіне түсті. Спорттық орта мектебінің түлегі және Ішкі істер министрлігінің академиясы. Сиднейдегі Олимпиадаға қатыса алмағаннан кейін, кәсіби мансапты бастау туралы шешім қабылдады. Кәсіби сақинадағы алғашқы жекпе-жек 2001 жылы болды. 2005 жылы IBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағына ие болды және WBO Intercontinental World Champion. Өз мансабын 2007 жылы аяқтады. Промоутер болды. Бірнеше жыл бойы Ішкі істер министрлігінің академиясында, онда ол сабақты және самбо үйретті. Тараз қаласындағы №3 Олимпиадалық резерваттың облыстық балалар-жасөспірімдер мектебін басқарды. 2013 жылдан бастап «Жамбыл» бокс клубын басқарады.
## Толығырақ
Алғашқы бапкерлері – Н.П. Фролов, С.Болдырев.
* Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы (1993 – 96).
* Шығыс Азия ойындарының (1997, Пусан, Оңтүстік Корея) күміс жүлдегері.
* Қарулы Күштер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1998, Дублин,Ирландия).
* Азия ойындарының қола жүлдегері (1998, Бангкок, Тайланд).
* 1997 ж. Германияның Галле қаласында өткен халықаралық турнирде күміс жүлдені иемденді.
* Кәсіпқойлар арасында ІВА тұжырымы бойынша әлем чемпионы (2005, Алматы).
* WBO тұжырымы бойынша интерқұрлық чемпионы (2005, Алматы).
## Сілтемелер
* Марат МӘЗІМБАЕВ: Бокстан біржолата кеткен жоқпын
## Дереккөздер |
Мәжіліс (араб.: مجلس — Majlis: жиналыс, кеңес, әңгіме) — қауым алдында тұрған мәселені шешу мақсатында бас қосып кеңесу, алқа құрып жиналыс жасау; Түркия, Иран елдерінде заң шығарушы орган; Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.
## Дереккөздер |
Мәжусилік (арабша — отқа табынушы) — отқа табынушылық сипаттағы көне сенімдер мен ислам әдебиетіндегі жиынтық атау. Мәжусилік атауының (Авеста тілінде magus — сиқыршы) “маг” түбірінен шығуы, ислам әдебиетінде зорастризм дініне сенушілерді осылай атауға негіз болды. Сасани әулетінің мемлекеті арабтардың қол астына қараған соң Мәжусилік діндегілердің едәуір бөлігі исламды қабылдады. Алайда исламдану баяу жүргендіктен, [10_ғ.X ғасырда Иранның орталық бөлігіндегі халықтың жартысы бұрынғысынша зорастризмді ұстанды. Ислам үстемдік құра бастаған алғашқы ғасырларда мұсылман әкімш. Мәжусилікке өз ата-бабаларының дініне адалдығын сақтаушылар ретінде, “кітап иелері” (христиан, иудей) халықтары қатарында қарым-қатынас құрып, “қамқорлыққа алынған діндер” санатына жатқызды. Құранда Мәжусилік “кітап иелері” мен пұтқа табынушылар (мүшіріктер) ортасында аталады: “Расында иман келтіргендер, яһуди болғандар, сабиғиндер, христиандар, мәжусилер және Аллаға шерік қосқандар күдіксіз, Алла осылардың арасына үкім айтады” (22 сүре 17 аят). Сондықтан да ортағасырлық тәфсіршілер Мәжусилікті басқа дін өкілдерімен араластырмай бөліп атады. Мұсылман дәстүрінде Мәжусилік туралы әр түрлі пікірлер болды: ар-Рази және ан-Нишапури Заратуштраны (Зардуш) пайғамбар емес, өзін пайғамбарға теңеуші (мутанабби) деді. Кейбір тарихшылар (Табари, Балазури, т.б.) оларды пұтқа, отқа табынушыларға жатқызса, ғалымдар бұл дін алғашында бір құдайлыққа шақырған, пайғамбары болған, жақсылық пен жамандық ұғымдарын ажыратқан дін деп қарсы пікір айтты. Осындай пікірлерге зорастризм дінінде Ахура Мазда (дана тәңірі) туралы ұғымның бірінші орынға шығуы және оның жақсылық жаршысы — Спента Майни және жамандық басшысы — Ангра Майни атты ұлдары бар, ұлдарының таласы мәңгілікке ұласады деген сенімі негіз болған. Исламның ықпалымен Мәжусилік өкілдері бір құдайлық негізге бет бұрып, бірталай керітартпа әдет-ғұрыптардан (өлген кісінің мүрдесін жыртқыш құстарға, иттерге тастау, жақын туыстардың некелесуін құптау, тағыда басқа) арылды. Иран жеріндегі Мәжусилік ұстанушылардың басым көпшілігі мұсылмандықтың шииттік бағытын қабылдады. Кейінгі ғасырларда Мәжусилікті ұстанушылар Иранның шығыс аймағында (керман) өмір сүріп, “ғабар” аталды, негізгі қауымдастығы Үндістанның Бомбей аймағында “Парси” деген атпен өмір сүрді.
## Дереккөздер |
Өскенбай Қабылбекұлы Мәдиев (17.6.1945 жылы туған, Түркістан облысы Арыс қаласы Задарья ауылы) — техника ғылымдарының докторы (1980), профессор (1983), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
Жамбыл технология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын бітірген (1966). Жамбыл технология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында (1966 —1968, 1971 — 1998), Халықаралық қазақ-түрік университетінде (1998 — 2002), Тараз мемлекеттік университетінде (2002 — 2003) ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарған. 2003 жылдан Алматы экономика және статистика академиясының Жамбыл институтының ректоры.
Мәдиев тері өңдеу процесінде қолданылатын алюминий, цирконий және титан қосындысы негізінде жаңа илегіштер синтезінің теориялық негіздерін жасайтын жаңа бағыт ашты. Бұл жұмыстарының нәтижесінде өндірілген өнімнің түр-түрін көбейту және сапасын арттыру, тері өңдеу фабрикаларында экологиялық жағынан зиянды хром қосындыларын қолдануды азайтуға немесе толығымен ауыстыруға мүмкіндік беретін жаңа кешенді минералдық илегіштер шығарды. Қоршаған ортаға зиянсыз диаммонийфосфатпен мал терісін бүлінуден сақтаудың теориялық негізін салып, практикалық әдістерін енгізді. Мәедиевтің практикалық ұсыныстары мен түрлі әдістемелері Қазақстан мен ТМД елдеріндегі тері өңдеу фабрикаларында кеңінен қолданыс тапты.
16 авторлық куәліктің иесі, 4 монография, 150-ден астам ғылыми еңбек жазған.
## Шығармашылығы
* Минеральное дубление в производстве кож, Мәскеу, 1987.
## Дереккөздер |
Мәйек
— жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланылатын ұйытқы ашытқы. Айран мен сүзбені сүт қышқылды бактериялар арқылы, яғни Мәйек қосу арқылы ұйытқы жасауға болады.
- түсіндірме сөздіктегі мағынасы — жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланылатын іріткіш. «...өзінен көп кейін оянған әйелі намазын оқып, сиырын сауып, сүтіне мәйек салып та үлгерді» (Ғ. Мұстафин, Дауыл). Е. Бекмұхаметов «қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» деген кітабында бұл сөздің парсы тілінен ауысқандығын көрсете отырып, мағынасын дәл жоғарыдағыдай қалыпта түсіндіреді. Ал Н. Оңдасыновтық «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік» атты еңбегінде бұл сөз парсы сөзі есебіне алынбаған.
Ертедегі түркі жазба ескерткіштері сөздігінде майе — мән; негізгі бастама мағынасында беріледі де, парсы тілінен деп белгіленеді.
Шын мәнісінде бұл сөз араб және парсы тілінде де кездеседі. Сондай-ақ мағыналары да бірдей. Арабша майеғ—1. ағатын, сұйық; 2. сұйықтық; парсы тілінде майеғ— 1. сұйық, ағатын; 2. Сұйықтық.
Осы деректерге қарағанда, «мәйек» сөзінің алғашқы мағынасы араб, парсы тіліндегілер де, түркі тілдеріндегі мағыналар туынды, ауыспалы деуге болады. Тағы бір еске алатын жайт — араб тілінде «муййе» сөзі «су» мағынасын береді. Осыған қарағанда, бұл тілдегі майеғ» сөзінің түп төркіні — «су» мағынасындағы «муййе» сөзі болуы да ғажап емес. Өйткені ағатын сұйық түрінің алғашқысы «су» екенін теріске шығару қиын.
## Дереккөздер |
Мәктубат — әдеби жазбалар жинағы.
Мектептегі оқу мақсатына лайықтап оқулық түрінде жазылып, орыс әліпбиімен 1879 жылы баспадан шыққан. Ыбырай Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” кейін “Мәктубат” деген атпен, көпшілік халыққа арналып, араб әрпімен бірнеше рет (1886, 1889, 1899) Қазанда қаласында жарияланды. “Мәктубат” мектептен тыс оқырмандар үшін дала өмірінде орын ала бастаған ағартушылық әдебиеттің бастамасы болды. Сол дәуірдің өзінде бұл екі кітап үлкен жаңалық болып,өзіне лайық бағасын алды (“Оренбург листогі”, “Торғай газеті”, “Айқап”, тағы да басқа). Аталған кітаптардағы “Кел, балалар, оқылық!”, “Өнер-білім бар жұрттар”, тағы да басқа туындылар көпшілік ұғымына әбден сіңісіп, жас ұрпақты білім алуға, мәдениеттің жаңа үлгі-дәстүрін батыл меңгеруге шақырды.
## Дереккөздер |
Мәлік Шах — салжұқ сұлтаны (1072–1092). Оның тұсында Грузия мен Қарахан мемлекетін бағындырған Салжұқ сұлтандығы саяси жағынан күшейді. Шекарасы Сырдариядан Нілге дейін, Каспийден Жерорта теңізіне дейін созылды. Мемлекет астанасы Исфаһан қаласы болды. Мәлік Шах тұсында Салжұқ әулеті билеген Керман (1041–1187), Рум (Кіші Азияда 1077–1307), Сирия (1094–1117) сұлтандықтары құрылды. Бірақ 1-крест жорығынан кейін салжұқтар Палестинадан, кейін Сириядан, Грузиядан, Азияның кейбір аймақтарынан айырылды. Мәлік Шахтың өлімінен кейін исмаилшылдар қозғалысына байланысты ішкі тартыстар шиеленісті. 1118 жылы Салжұқ мемлекетін Мәлік Шахтың балалары бірнеше иеліктерге бөліп алды.
## Дереккөздер |
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани (1906 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы — 02.05.1997, Алматы) — геолог ғалым, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1946), профессор (1968), ҚР Ұлттық ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент мүшесі (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1966).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан.
Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, мектебін құрушы; жазушы. Қазақ тау-кен металлургия институты (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1939). КСРО ҰА-ның Қазақстан бөлімшесінде (1939 — 43), Геология ғылымдары институты (1943 — 46), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі ҚазҰПУ) (1946 — 50), Қазақ политехникалық институты (қазіргі ҚазҰТУ) (1950 — 88) ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы — кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясы жаңғыртатын жаңалық жасады. Ол |тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті:
* тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориясы негізін анықтау;
* тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау.
Осы мәселелерді біріктіре шешу — тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геол. құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау — Құсмұрын кен өрісін ашқан. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында П.А. Рыжовпен бірге Лениногор, Зырьян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. М. геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемл. тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ғыл.-көпшілік, фантастик. жанрларына да үлес қосты. Оның “Жер астына саяхат” атты кітабы көптеген оқырмандардың геолог, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты. Әбу Наср әл-Фарабидің Дамаскідегі (Сирия) Баб ас-Сағир қорымынан қабірін тауып, құлпытас орнатуға ат салысқан. Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. “Әл-Фараби” тарихи романында оның көркем бейнесін сомдады, ал “әл-Фараби және Абай” еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғыл. және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын, ғылым тарихын, ислам ғылымын зерттеуде де көп тер төккен. 1984 ж. Кувейтте шығатын “әл-ұараб” мерзімдік басылымында “әл-Машани” бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. М. 350-ден астам ғыл. еңбек, оның ішінде 9 монографияны жазған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Ақжан әл-Машани атында
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Жаратылыстану институтына әл-Машани аты берілген, университетте әл-Машани мұраларын зерттейтін орталық және ғалымның есімі берілген аудитория бар.
## Еңбектері
* Как образовались горы, А., 1939;
* Геометрические методы изучения структуры рудных полей, А.-А., 1946;
* Жер сілкінісі, А., 1949;
* Жер құрылымы, А., 1949;
* Терминологический русско-казахский словарь/геология, горное дело и металлургия, А.-А., 1950;
* Жер астына саяхат, А., 1957;
* Механика массива горных пород, А., 1961;
* Кристаллография, минерология және петрография, А., 1969;
* Әл-Фараби, А., 1971;
* Космология Аль-Фараби, А., 1971;
* Основы горной механики, А., 1972; ұ
* Ғажайып от ошағында, А., 1978;
* Основы геомеханики скально-трещиноватых пород, А., 1985;
* Геомеханика, А:, 1994;
* Әл-Фараби және Абай, А:, 1994;
* Ай арысы, А., 1996;
* Космос және космология, А., 1999;
* әл-Фараби және бүгінгі ғылым, А., 2004.
## Дереккөздер |
Сабыр Әбдірәсілұлы Мәмбеев (1.5.1928 жыл, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абайбазар ауылы) — кескіндемеші, Қазақстанның еңбең сіңірген өнер қайраткері (1963), Қазақстан халық суретшісі (1979).
## Өмірбаяны
* Алматы көркемсурет училищесін (1946)
* Санкт-Петербургтегі Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (А.Ефимов пен А.И. Авилов шеберханасынан) бітірді (1953).
* 1956-1962, 1968-1982 жылдары және 1998 жылы Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.
* 2017 жылдың 1 тамызында Алматы облысында қайтыс болды
## Шығармалары
Мәмбеев өзінің шығармаларында ауыл өмірін, оның сұлу табиғатын өзгеше қырынан бейнелейді. Ол әр жылдары
* “Сұхбат” (1954)
* “Қара кимоно” (1956),
* “М.О. Әуезов” (1957)
* “Тауда” (1957, Мәскеудегі Шығыс халықтары мұражайы)
* “Киіз үйде” (1958, Мәскеу, Третьяков галереясы)
* “Қоныс аудару” (1959)
* “Менің қаламда” (1960)
* “Терезе алдындағы қыз” (1961)
* “Көктем” (1965)
* “Жастар” (1968), тағыда басқа суреттер, пейзаждар мен портреттер жазған.
Оның шығармалары, негізінен, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда сақтаулы.
## Марапаттары
* 1959 ж. - “Құрмет” орденімен марапатталған
* 1963 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы берілді
* 1978 ж. – Халықтар достығы ордені
* 1980 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен «Қазақ КСР-нің халық әртісі» құрметті атағы берілді
* 1985 ж. – «Еңбек ардагері» медалі
* 1985 жылы – Еңбек Қызыл Туы ордені
* 1988 жылы – Еңбек Қызыл Туы ордені
* 1996 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақ кескіндемесін дамытуға сіңірген ерекше еңбегі және өнерге сіңірген еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Мәмбеев Сәдуақас (1898, бұрынғы Сырдария губерниясы Перовск уезі, Шиелі ауылы — 1958, Ресей, Красноярск өлкесі) — қоғам қайраткері, заңгер. 1914 ж. орыс-қазақ мектебін, Мәскеудегі екі жылдық заң курсын бітірген. 1922 ж. шілдеде Сырдария губерниясының, прокурорының көмекшісі, 1925 — 1928 ж. Жетісу губерниясының прокуроры, Қазақ АКСР Әділет халық комиссары және республика прокуроры қызметін атқарды. 1931 — 1938 ж. Орта Азия әскери округі Қазақстан бөлімінің прокуроры болды. 1939 — 1955 ж. жазықсыз жер аударылды. 1955 жылы ісі қайта қаралып, ақталды.
## Дереккөздер |
Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев (13 қырқүйек 1937 жыл, Астрахан облысы) — ғалым, химия ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983) Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академгі (2003).
* ҚазПИ-ді бітірген (1963).
* 1963 — 1984 ж. ҚазөАУ-де, ҚазөУ-де ғылыми педагогикалық жұмыстар атқарды.
* 1984 — 2001 жылдар Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры
* 1993 — 1995 ж. ҚР Білім министрі.
* 1994 жылдан Қазақстан-Америка еркін университетінің (Өскемен қаласы) президенті.
Негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты
* координациалық қосылыстар электрхимиясы;
* табиғат қорларын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың химиялық, биологиялық әдістеріне арналған.
* Түсті металлургия кәсіпорындарындағы түсті, сирек металдарды, өнеркәсіптің ақаба және қайтымды суларындағы сынап және соған сәйкес элементтерді, ауыр металдарды бөлу және анықтау әдістерін енгізді.
* Сонымен қатар шараптарды диметалдау, қаракөл терілерін өңдеуде және сақтауда қолданылатын технологиялық ерітінділерді жасап, өндіріске енгізді.
* Мәмбетқазиевтың тікелей қатысуымен жаңа технологиялар енгізу жөніндегі неміс концерні “Штокхаузен” мен “Альдос” фирмасының базалық кәсіпорны Қазақстан-Герман-Ресей экологиялық орталықтары ашылды (1996). Осы орталықтар негізінде таза су және жаңа технологиялар ҰЗИ құрылды.
* Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаты.
* Мәмбетқазиев “Парасат” орденімен марапатталған.
Казақстан Республикасының білім министрі, ҚР Үкімет мүшесі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты (1993-1995). Өскемен қаласының құрметті азаматы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті ректоры; Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері. Президент пен Үкіметтің қолдауын тапқан және тәжірибеге енгізілген білім беруді реформалаудағы инновациялардың авторы. Оның бастамасымен 1991 жылы Өскемен педагогикалық институты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгертілді, ол ҚР-дағы үшінші және Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі бірінші университет болды. Республикада халықаралық серіктестік негізіндегі бірінші – ҚАЕУ құрды. Қазақстан Республикасында тестілеу жүйесін, үш тілде оқытуды, үздіксіз көп сатылы білім беру жүйесін енгізудің бастамашысы болды, бұл бастама арқылы республикада ШҚМУ бірінші болып магистрлер мен бакалаврларды дайындай бастады. Ғылыми зерттеулерді дамытты, материалдық базаны нығайтты: университет бірнеше ірі ғимаратқа ие болды, Сібе көлінде оқу-ғылыми-өндірістік кешен салынды; ӨПИ меншігіне «Панкратьев бағы» атты бақ шаруашылығы берілді. ШҚМУ Университтердің еуразиялық ассоциациясы мен «Сібір ашық университеті» ассоциациясына мүше болды. Моңғолияда ШҚМУ филиалы ашылды.
## Дереккөздер |
Манты — шығыс тағамы. Манты пісіру үшін арнайы дайындалған қамырды жұқа етіп, оқтаумен жайып, төртбұрыштап немесе дөңгелектеп ұсақтап кеседі де, ет пен пияз, тұз, бұрыш қосып дайындалған фаршты үстіне көз мөлшермен салып жиектерін, саусақтың ұшымен жапсырады. Табақша ыдыстарға мантыны тізіп салып, буға пісіреді.
## Құрамы
Салмасына 300г қой еті 30г қой майы 7-8 бас пияз Қара бұрыш, қызыл бұрыш, тұз
Қамырына 1 жұмыртқа 1 стақан ұн 0,5 ст су 1 шай қасық тұз
## Манты дайындау рецепті
Қой еті мен майын еттартқыштан өткізіп аламыз. Пиязымызды майдалап турап, етке қосып, тұз, бұрыштарды сеуіп, жақсылап араластырып қоямыз. Енді қамырымызды дайындап алайық. Жұмыртқаны ыдысқа жарып, оған су, тұз, ұнды салып, жақсылап қамыр илейміз. Манты пісіргішіміздің астыңғы табағына су құйып, пешке қоямыз. Енді қамырымызды жайып, формасын келтіріп, кесіп, дөңгелектеп немесе төртбұрыштап кесуге де болады. Дайын қамырларымызға салмасын салып, мантымызды бүгеміз. Манты табаларын майлап, мантыларымызды нығыздап саламыз да, бетін майлауды ұмытпаймыз. Мантымызды отқа қоямыз. Мантымыз жарты сағаттан соң дайын болады. Дайын мантымызды алып, тәрелкеге салып, аскөкпен сәндеп, дастарханға қоямыз.
## Дереккөздер
http://szh.kz/aspaz/manty-zhasau/ Мұрағатталған 12 қарашаның 2014 жылы. |
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).
## Балалық кезі
* Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Байұлы тайпасы, Шеркеш рынан шыққан..
Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.
* Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғали аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да, 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.
* Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.
## Өмірбаяны
* Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
* 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
* Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
## Оған көрсетілген құрмет
* Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.
* Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған.
* Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар.
* Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады.
* Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) атты көркем фильм түсірілді.
*
*
## Дереккөздер |
Мәмен Ерғалиұлы (1868, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы — 1931, сонда) — күйші-композитор.
Құрманғазыдан тағылым алып, халық арасында оның күйлерін (“Адай”, “Байжұма”, “Төремұрат”, “Терісқақпай”, тағыда басқа) насихаттады. өстазының орындаушылық нақышын терең меңгерген Мәмен өз жанынан “Ақ Шолпан”, “Қайғылы қара”, “Қаражан ханым”, “Кербез ақжелең”, тағыда басқа күйлер шығарған. 20 ғ-дың басында қазақ даласында болған аласапыран кезеңді меңзейтін “1916 жыл”, “1917 жыл” атты күйлері бар. Мәмен күйлері терең толғаныспен, серпінді де ойнақы әуен ырғағымен жігерлендіретін оралымдарға бай шығармалар. Шәкірттері — домбырашылар Р.Омаров, Ә.Есқалиев, Б.Қарабалина, тағыда басқа.
## Дереккөздер |
Мәншүк Мәметова – Іле Алатауының орта бөлігінде, Кіші Алматы сілеміндегі шың. Биіктігі - 4189 м. Кіші Алматы және Солтүстік Талғар өзендері алабының су айрығы. 1944 жылы шыңға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілген.
## Дереккөздер |
Мәрмәрлі қабырға мұздығы – Тәңір тауы тау жүйесінің солтүстігінде, Теріскей Алатауының шығыс сілеміндегі мұздық. Сарыжаз жотасының солтүстік беткейі мен Меридиан жотасының батыс беткейінде, Текес алабындағы Байынқолдың бастауында. Мұздықты 1902 жылы зерттеуші Г. Мерхбахер ашты.
## Аумағы, жер бедері
Ұзындығы 7,8 км, ашық жатқан жері 7,5 км. Ауданы 22,5 км2, фирн (мұзқар) алаңы 14,9 км2, ашық жатқан тілі 7,5 км2, борпылдақ жыныстармен жабылған бөлігі 0,1 км2, фирн сызығы 3960 м, ал мұздық тілі 3350 м биіктікте. Мұздықтың орташа қалыңдығы 120 м, көлемі 2,88 км3.
## Дереккөздер |
Мәди Бәпиұлы немесе Мәди (1880, Қарағанды облысы қазіргі Қарқаралы (бұрынғы Егіндібұлақ) ауданы – 1921, Қарқаралы) - ақын, халық әнші-композитор. Қарапайым халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік және теңсіздікті сынағаны үшін биліктің қудалауына ұшыраған.
Жалған айыппен түрмеге қамалып,Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде отырды. Қамауда отырғанда әділетсіздіктерге күйініп, бостандықты аңсаған «Қаракесек» әнін жазды. Халық арасына оның «Үшқара», «Мәди», «Шіркін-ай» және т.б. әндері кең тарады. Мәди түрмеде отырып 1916 жылғы көтеріліске үн қосты, өзінің өлеңдерінде патша үкіметі мен жергілікті феодалдардың зорлықшылдығы мен жүгенсіздігін айыптады. Кейбір өлеңдері Е.Г. Брусиловскийдің ұлттық «Қаракесек», «Ер Тарғын», «Шіркін-ай», «Мәди», «Қыз Жібек» операларында қолданылды. Мәди шығармалары әлі толық зерттелмеген. Оның шығармаларын А.Қ. Жұбанов, А.Бектасов зерттеді. Ә.Әбішев Мәдиге арнап «Найзағай» романын жазды.
Мәди Бапиұлы (1880-1921) - композитор, ақын. Балалық шағынан өзінің әнімен және домбырадағы ойынымен даңқы шыққан. Ол Ақан сері, Біржан-сал сияқты әнші ақындармен кездесе жүріп, ол бұл халықтық өнерді жете меңгереді, олардан оқиды. Мәди жалған айыптау бойынша сотталады.Ол түрмеде туған жеріне деген сағыныштан “Қаракесек” әнін дүниеге әкеледі, онда тағдырының ауырлығын, әлемдегі әділетсіздік туралы жырлайды. Мәдидің шығармашылық мұрасы толық жиналмаған.Оның халық жадында сақталған әндері әлі күнге сыр - сымбатын жоғалтқан жоқ. Биік пафосы, еркін, жан-дүниені баурайтын оның сұлу әндері қазіргі кезде сахна мен радиодан жиі естіледі. Оның әндері Е. Г. Брусиловскийдің “Қаракесек”, “Ер Тарғын”, “Шіркін-ай”, “Мәди”, “Қыз Жібек” операларында қолданылды. Мәдидің өмірі мен шығармашылығына А. Жұбановтың, А. Бектасовтың зерттеулері, Ә. Әбішевтің “Найзағай” романдары арналған.
## Өмірбаяны
1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жас кезінен-ақ ән айтып, домбыра тартып аты шыққан. Арғы аталары атақты би Қазыбек екен. Арғын тайпасы Қаракесек руы Айбике Шаншар бөлімінен шыққан. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала. Әнші әрі дәулескер күйші ретіңде де, ерте танылады. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты cаңлақтармен кездесіп, өнеге, тәлім алады.
Сол кездегі үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар, Карқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Қамауда елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мөди өзінің атақты "Қаракесек" әнін шығарады.
1915 жылы Мәди түрмеден қашып шығады. Бұл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. "Шіркін-ай" әні осы кезде туған.
1916 жылы ол еліне оралады. 1917 жылы болыс билеуші Айтқожа Теміржанов Мәдиді "жылқы ұрлады, түрмеден қашты" деп айыптап, тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысыңда отырып қарсы алады.
1918 жылы бостандыққа шығады. Композитордың халық арасына кең тараған атақты "Мәди" әні осы кеңестік кезеңмен байланыстырылады. Кеңес өкіметі кезінде 1919 жылы Мәди Колчакқа қарсы шайқастарға қатысады. Ақ гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа өмірді нығайтуға кіріседі. Ал кеңес қызметіне кіріп алған жаулары оны ебін тауып өлтіруді үйғарады. 1921 жылдың ақпан айында Мәди қаза табады.
Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әңдері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар опералардан, сиюталардан, кантаталардан тұрақты орын алды. Композитордың тағдыр-талайынан терең сыр қозғайтын Мәди Бәпиүлының әндері талайларды тебірентумен келеді.
## Дереккөздер |
Мәсенов Төлеген (14.11. 1917, қазіргі Қарағанды облысы Нұра ауданы — 5.12.2002, Алматы) — ғалым, морфолог-гистолог, биология ғылымының докторы (1967), профессор (1968), Қазақстан ҰА-ның коррдинатор мүшесі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1939). 1945 — 1947 ж. Ақмола облысы халық ағарту бөлімінде жұмыс істеді. 1947 — 2002 ж. ҚазҰУ-де және Экспериментті биология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми еңбектері жануарлардың эволюциялық морфологиясына арналған. Ол жануарлар органдар мен органдары жүйелерінің дамуындағы заңдылықтар, тіндер мен клеткалар құрылымындағы түраралық ерекшеліктер, тұқымаралық және алыстекті будандастыру кезінде пайда болған биологиялық қасиеттер мен сапасы жағынан өнімді түрлердің тұқым қуалау дәрежесіне тәуелді екенін дәлелдеді. Қазан төңкерісі, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мәскеев Қуаныш Мүбәракұлы (12.2.1922 жылы туған, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы) — ғалым, фтизиатр, медицина ғылымының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1981). Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1955). 1955 — 1963 ж. Алматы облысында дәрігер фтизиатор. 1963 — 1975 ж. Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында доцент, профессор, проректор, 1975 — 1987 ж. қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры. Негізгі ғылыми еңбектері тыныс органдары, сүйек-буын, лимфабездері туберкулезіне және оны қоздыру микробтарын зерттеуге арналған. Ол кеңірдек, перифериялық және ішек лимфабездері туберкулезінің үлгісін алу үшін әр түрлі вируленттік микробтарды жануарларға жұқтыру арқылы тәжірибе жасады. Соның нәтижесінде макроорганизм мен туберкулез қоздырушыларының арасында жүретін күрделі процестерді ашып, туберкулездің морфогенезі мен фтизиогенезіндегі ғылымда кейбір талас тудырып жүрген сұрақтардың жауабын тапты. Мәскеев экологияға қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындардың жас ерекшеліктеріне қарай бронхит, жедел және созылмалы пневмония ауруларының себептері мен маскүнемдікке шалдыққан адамдарда болатын деструктивті туберкулездің өту жолдарын анықтап зерттеді. Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мәслихаттөбе – ортағасырлық қалашық орны.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылынан батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.
## Зерттелуі
1966 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы отряды (жетекшісі С.П. Толстов), 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.
## Сипаты
Қазіргі орны трапеция пішіндес тік қабырғалы төбешік. Биіктігі 4,5 м. Астыңғы бөлігінің немесе табанының аумағы 130х80 м, алаң ауммағы 100х60 м. Оған солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ені 100 метр, ұзындығы 200 метрдей таға тәріздес рабад жалғасады. Зерттеу барысында құмыра, тостаған, саптаяқ, тағыда басқа ыдыс сынықтары табылған. Олар жасалу технологиясы бойынша осы төңіректегі Қостөбе, Пұшықмардан секілді қалашықтардан алынған материалдарға өте ұқсас. Ғалымдардың пайымдауынша, Мәслихаттөбені халық 7-8 ғасырларда мекендеген. Олар егін егіп, мал өсірумен айналысқан.
## Дереккөздер |
Сырбай Мәуленов (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын.
Арғын тайпасының Шақшақ руының Аю бөлімінен шыққан.Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 —1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының,1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды.
Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Сырбай Мәуленов Әдебиет порталында
* Сырбай Мәуленов шығармаларының жанрлық ерекшелігі |
Мәсі— аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтрылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратыл, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасынаа жіңішке сыздық салады.
Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан-жылға көбейе түсуде.
Мөкі — мәсінің сыртынан киюге арналған кебістің бір түрі, былғырадан тігілген қонышсыз аяқкиім. Бұрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жұмсақ қара былғарыдан, табаның қатты ұлтаннан биік өкше етіп тікке. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген. Кейде кебістің өкшесіне бірнеше қабат ұлтан салып шегелеп, тұмсығын домалақтап жасаған.
## Дереккөздер |
Темірхан Медетбек (06.03.1945, Амангелді ауылы, Түркістан қаласы, Түркістан облысы) — ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Радио мен телевидениеде, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы болды, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы.
Алғашқы жыр жинағы “Жанымның жас құрағы” деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды. “Абай әлемі” (1995) және “Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар” (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. “Көк түріктер сарыны” атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған. Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды, көне түркілердің ірілігін сағынады, рухани тоғышарлықты, ұсақталуды мінейді. Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды. Жауға деген өктемдік “Қуат жырында”, “Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім” деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның “Махамбет рухының монологы”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” дастандары — ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтик. болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов өлеңдерін тәржімалады. Медетбекке “Тағдырлы жылдар жырлары” жинағы үшін ҚР-ның Мемлкеттік сыйлығы берілді (2000).
## Дереккөздер |
Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов (2 қыркүйек 1932(19320902), қазіргі Ресей Федерациясы, Волгоград облысы, Палласовка ауданы, Савинка селосы — 17 қараша 2009, Астана) — қазақстандық және бұрынғы кеңес театр, кино және опера режиссері,педагог, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан орденінің» иегері.
Астана қаласының Құрметті азаматы (2000 жыл).
## Өмірбаяны
Байұлы тайпасы Жаппас руынан шыққан.
* 1952 жылы Алматы хореография училищесін, 1957 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі Мемлекеттік театр өнері академиясы) режиссерлік факултетін (проф. Н.И. Горчаков пен А.А. Гончаровтың мектебі бойынша) бітірді.
* 1957 — 1995 жылдары Қазақтың мемлекеттік академия, драма театрында режиссер, директор, Мосфильм киностудиясында стажер-режисер, Қазақфильм студиясының көркемдік жағын басқарушы, бас режисер қызметтерін атқарған.
* 1970 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады,
* 1979 жылдан Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) профессоры;
* 1981 жылдан Қазақ театр қоғамының (қазіргі Қазақстан театр қайраткерлері одағының) төрағасы, 1996 жылдан президенті.
* 1999 жылдан Ақмола облысы қазақ музыкалы драма театрының (Астана қаласында) көркемдік жағын басқарады.
## Өнер жолы
Мәмбетов өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында Ш.Хұсайыновтың “Ертіс жағасында” пьесасын қоюмен бастады.
## Комедия жанрындағы қойылымдары
* Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” (1959, осы спектакльде өзі Арыстанның рөлін орындады),
* М.Әуезовтің “Айман-Шолпан” (1960),
* Қ.Байсейітов пен К.Шаңғытбаевтың “Беу қыздар-ай” (1960),“Құдағи келіпті” (1961),
* Лопе де Веганың “Қызғаныштан махаббат” (1962),
* М.Фриштің “Дон Жуанның думаны” (1968),
* “Ой жігіттер-ай” (1970),
* Ф.Эрвенің “Түлкі бикеш” (1984)
### Басқа да қойылымдар
* Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуін” (1975),
* Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұжданын” (1974),
* Т.Ахтановтың “Анты” (1977) мен “Жоғалған досын” (1985),
* Айтматовтың “Ақ кемесі” (1984, инсценировкасын өзі жасаған) мен “Боранды бекетін” (“Ғасырдан да ұзақ күн” деген атпен, 1990) сахнаға шығарды.
## Трагедия жанрындағы қойылымдары
* Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” (1962),
* Айтматовтың “Ана — Жер-ана” (1964, Қазақстан Мемл. сыйл., 1966),
* Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1971) сияқты трагедиялары Мәмбетов трактовкасы бойынша оптимистік рухта шешім тапты.
* Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” (1967) мен “Қарагөзін” (1981),
* Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” (1973, инсценировкасын өзі жасаған; КСРО Мемл. сыйл., 1974),
* А.П. Чеховтың “Ваня ағайын” (“Сүйікті менің ағатайым” деген атпен, 1982; сондай-ақ 1996 ж. Орыстың мемл. академ. драма театрында),
* У.Шекспирдің “Кориоланын” (1992),
* Софоклдың “Эдип патшасын” (1993) қойып, батыл, ізденімпаз суреткер екенін танытты.
## Либреттолары
* 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Мәмбетов муз. шығармаларды сахналау жұмысымен де айналысты.
* А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1963),
* Ғ.Жұбанованың “Еңлік-Кебек” операсын (1975) қоюмен бірге “Ақ құс туралы аңыз” (1966) және “Қарагөз” (1991) балеттерінің либреттосын да жазды.
## Фильмдері
* “Ән қанатында” (1966),
* “Қан мен тер” (1978);
* “Жаушы” (1980) фильмдерін қойды.
## Фильмографиясы
### Актёр ретінде
* 1948 - Алтын керней - Төкен
* 1955 - Мексикандық - эпизод
### Режиссер ретінде
* 1966 - Ән қанатында
* 1970 - Ғасыр ішектері
* 1976 - Абай
* 1978 - Қан мен тер
* 1980 - Суыт жортқан жаушылар
## Қоғамдық қызметі
* Астана қаласының құрметті азаматы (2000).
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның (1998) және
* Қазақстан Ресупубликасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі,
## Марапаттары
* 1961 "Қазақ КСРның еңбек сіңірген өнер қайраткері"
* 1965 "Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы" (Ш.Айтматовтың "Ана жер ана" спектельі үшін)
* 1970 Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР халық артисі)
* 1972 "Қарақалпақстанның халық артисі"
* 1974 КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. (Ә.Нұрпейісовтың "Қан мен тер" спектакльі үшін)
* «Еңбек Қызыл Ту ордені»
* «Халықтар достығы ордені»
* 2000 жылы президент жарлығымен қазақ театр өнеріне сіңірген зор еңбектері үшін ҚР Ең жоғарғы марапаты алтын жұлдызды Халық қаһарманы атағы және ең жоғары «Отан ордені» берілді.
* 2000 жылы Астана қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
* Бірнеше медальдар мен "Құрмет" грамоталарымен марапатталған.
## Жеке өмірі
Әзірбайжан Мәдиұлының жұбайы: әйгілі композитор, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, педогог-профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова (1927-1993). Бес баласы бар.
Әзірбайжан Мәдиұлының әпкесі: танымал театр актрисасы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі Аққағаз Мәдиқызы Мәмбетова. |
Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биікте орналасқан.
## Тарихы
Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу спорт кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С.Қайнарбаевқа инженер С.Б.Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі – хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, қонақүй, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материал қабатты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған.
Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электрон таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3-4 см, қыста 10-15 см-ге дейін жетеді. Медеу спорт кешені құрамына Медеу қонақүйі кіреді. Медеу қонақүйінің бір, екі орындық және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамды қабылдай алады.
Сенбі, жексенбі күндері Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конькишіні қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әртүрлі халықар. жарыс өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу спорт кешені – тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
Медеу – Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сыйғызады.
## Рекордтар
Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.
## Фильмография
* 1982 жылы Қазақстан-Чехословакия киностудиялары бірігіп "Көріскенше қош бол, Медеу!" атты көркем комедиялы фильм түсірді.
## Дереккөздер |
Медеу шатқалы (қонысы), Іле Алатауының солтүстік баурайында Кіші Алматы өзені аңғарында, теңіз деңгейінен 1520 — 1750 м биіктікте.
Оны Кімасар тау сілемі қоршап жатыр. Шығысы Қабырғатаумен, оңтүстік-батысы Құмбелмен, оңтүстігі Медеу спорт кешені шектеседі. Медеу шатқалы арқылы Мыңжылқы қонысына баратын автомобиль жолы өтеді. Орманды-дала және таулы-орманды географиялық жағдайына байланысты мұнда ерекше таулы климат қалыптасқан. Ауаның жылдық орташа мөлшері қаңтарда — 4,3 °С, шілдеде 18,1°С. 1400 метрден жоғарыға қарай әр 100 м сайын ауаның жылдық орташа температурасы 0,66 °С-қа төмендеп отырады. Темп-раның теріс (минус) кезеңі 5 — 7 айға созылады. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 151 күн, атмосфералық қысым 610 — 630 мм, ауаның жылдық орташа ылғалдылығы 50 — 55%, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 843 мм. Кіші Алматы өзенінің жылдық орташа температурасы 5,10С. Шатқалдың 21 мың га жерін орман алқабы алып жатыр. Онда терек, Тянь-Шань шыршасы, долана, шетен, қайың, тағы басқа өседі.
Медеу шатқалы Алматы қаласы тұрғындарының демалыс аймағы саналады және оның туристік маңызы зор. Шатқалда дүние жүзіне белгілі Медеу спорт кешені, тағы басқа әлеуметтік инфрақұрылымдар орналасқан. 1972 ж. сел тасқынына қарсы Медеу бөгеті салынған.
## Дереккөздер |
Георгий Цараевич Медоев (30.6.1901, Ресей, Солтүстік Осетия Республикасы, Дигора қаласы — 23.11.1991, Алматы) — геолог, профессор (1967), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корресспондет мүшесі (1962). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кен институтын бітірген (1930). 1930 — 1935 ж. Қазақ геоллогиялық тресінде, Семей геологиялқ-барлау техникумында, 1936 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ политехникалық инсититутында (қазіргі ҚазҰТУ) және Қазақстан ҰА-ның Геология инсититутында қызмет атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның геологиясы мен геоморфологиясын, тектоникасын, вулканизмдерді, соның ішінде, Қарағанды көмір алабының геологиялық құрылысын зерттеу мәселелеріне арналған. Қ.Сәтбаев, тағыда басқа ғалымдармен бірге Орталық Қазақстанның металлогения картасын жасауға қатысқан. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948) мен Лениндік сыйлық (1958), лауреаты. “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мегалит Мәдениеті — негізгі ескерткіштері қатарына мегалиттер, яғни аса үлкен тастардан жасалған құрылыстар кіретін көне археологиялық қазба ескерткіштердің жалпылама атауы. Неолит пен қола дәуірлеріне байланысты қолданылады. Атау, ең алдымен, мегалиттік құрылыстар кеңінен тараған Батыс Еуропа елдері ғылымына тән және басқа елдер ғылымына батыстан енген. Мегалит Мәдениеті 20 ғасырдың басында О.Монтелиус, С.Мюллер, М.Гернес, сондай-ақ И.Арнольди, Дж. Дэниел, Дж.Хокинс, Г.Чайлд, Дж.Кларк, С.Нордман, Е.Шпрокхофф, тағыда басқа көптеген ғалымдар еңбектерінде зерттелді. 20 ғасырдың басында ғылымда алдымен мегалиттік құрылыстарды ғана қамтитын ерекше мегалит мәдениеті жайлы пікірлер қалыптасты. Осы тәсіл мегалиттік құрылыстарды тек әлдеқандай бір этникалық топтарға таңатын, ал бұл ескерткіштердің таралуын осы топтардың бір өлкеден екінші өлкелерге жылжуымен түсіндіретін пікірлердің туындауына мүмкіндік берді. Бұдан келіп көне дәуірлерде алып мегалиттер салумен шұғылданған ерекше “құрылысшы” халық өмір сүрген, ол мұхит жағалауларымен жылжып отырған дегенге саятын көзқарас пайда болды. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап Батыс Еуропаның неолит пен қола дәуірлерін қамтитын көне мәдениеттерін кеңінен зерттеу ісі қарқынды дамыды. Осы кезден бастап мегалиттер салумен шұғылданған ерекше халық жайлы болжам пікірлер өмір сүруін тоқтатты. Түрлі деңгейде зерттелген Батыс Еуропа мегалит мәдениеті қатарына көптеген мәдениеттерді жатқызуға болады. Гүлдену мерзімі б.з.б. 2400 — 2300 жылдарға тұстас келетін Франциядағы Сена-Уаза-Марна (СУМ) мәдениетінің қабырғалары үлкен тастармен көмкерілген, ішінде 70-ке дейін адам жерленген “жабық галерея” түріндегі қабірханалары белгілі. Шақпақ тастан жасалып, жақсы өңделген балталар, жапырақ пішіндес қанжарлар мен түбі тегіс қарапайым көзелер көптеп табылған. Бретань мегалиттер дәуірі мәдениетінің өз ерекшеліктері бар. Британияда мегалиттер жергілікті уиндмиллхилл мәдениетінің кезінде тарайды. Мұндағы 1925 ж. зерттелген негізгі ескерткіш Уиндмилл-Хилл қонысының алғашқы қабаттары б.з.б. 3-мыңжылдықтың басымен мерзімделеді. Кейінгі неолитте, б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдықтың басында Оңт. Англия мен Шотландияда райнио-клектон мәдениеті қалыптасты. Осы мәдениет ауқымында Британияның атақты ескерткіші Стонхендждің ерте бөлігі пайда болды (бұл мегалиттік ескерткіш 3 кезеңде салынған, 3 бөліктен тұрады). Англияның мегалиттер дәуіріндегі айрықша ескерткіштерінің бірі — Эвбюри кешені. Бұған диам. 350 м үлкен кромлех, менгирлер аллеясы, Овертон-Хилл ғұрыптық құрылысы, көптеген “ұзын обалар” мен мегалиттік қабірлер, күшейтілген қалашық және жалпы Еуропаның ең үлкен обаларының бірі саналатын биікт. 37,5 м Сильбюри-Хилл обасы кіреді. Ирландияның үлкен тас обалар астындағы мегалиттік қабірханалары, негізінен, жергілікті клайд-карлингорд мәдениетіне қарасты. Батыс Еуропаның неолиттік мәдениеттері бір-бірімен байланыста дамыды, мұның өзі мегалиттік ескерткіштердің кең тарауына әсер етті.
## Дереккөздер |
Қилыбай Үсенұлы Медеубеков ( Шымкент облысы Ленин ауданы Ленинское селосында 15 мамыр 1929 жылы туған - Алматы қаласында 3 мамыр 2015 жылы қайтыс болған) — ғалым, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1978), профессор (1979), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (1996) және Қазақстанның ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері (1997).
Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.
К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды. 1997 жылдан бастап Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығында жұмыс жасады. Медеубековтың академик Ә.Еламановпен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде республикадағы биязы жүнді, жоғары өнімді қой тұқымы — солтүстік қазақ мериносы шығарылды. Ол академик В.А. Больмонттың бастамасымен қолға алынған ағылшынның биязылау кроссбред жүнді қойларын жерсіндіру, сондай-ақ линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер бітімдес қойлардың отандық репродукторларын құру жұмыстарын жалғастырды. Оның негізгі ғылыми ізденістері бағалы қой тұқымдарының гендік қорын сақтауға, жетілдіру және көбейтуге, таза тұқымды австралия мериностарының репродукторын құруға, солтүстік қазақ мериносын асылдандыруға және биязылау жүнді, төлді көп беретін қой тұқымын шығаруға бағытталған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1980-1991 жж.), КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақтар Кеңесінің депутаты (1979-1990), Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) вице-президенті, оның Шығыс бөлімшесі төралқасының төрағасы қызметтерін атқарған.
500-ден астам ғылыми еңбек жазған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1974). Октябрь революциясы, “Халықтар достығы” және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Кыйлыбай Үсенұлы Медеубеков(1929 жылдың 15 майының р.) -, қоғамдық және саяси қайраткер, профессор, ауыл шаруашылық ғылымның докторы, академик ұлттық академия ғылым Қазақстан республикасы және россиялық академияның ауыл шаруашылық ғылым қазақстандық ғалым. Жоғарғы ақылдың төрағасы КазКСР(1979-90), қазақ КСР(1975-90 жж.) жоғарғы ақылының депутаты, КСР(1989-91 жж.) жалғаулығының халықтың депутатының, Қазақстанның коммунистік партиясының құрылтайының қатарының уәкілімен және уәкілмен XXVI КОКП және КОКП құрылтайының XXVII құрылтайының сайлады1948 жыл 10 классты селе Казыгуртского лениндік ауданның бітірді;1953 жылға өзгелікпен Лениннің және ауыл шаруашылық академияның еңбектің қызыл знамени мәскеулік ордена зоотехникалық факультетін им. К. А. Тимирязевтің бітірді;1957 жыл - бітір- аспирантураны ойдағыдай кандидаттық диссертацияны қорғады;1957 жыл - министрлікпен ауыл шаруашылық КСР жалғаулығының ВАСХНИЛ қазақ филиалының әміріне деген оқтаулы болды;1962 жылдың 17 қазанының болжамды мал шаруашылығымның(КНИИЖ) қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық институтының директоры болды;1978 жыл - докторлық диссертацияны тақырыпқа кроссбредного қой шаруашылығымның "ғылыми негіздері Қазақстанның" оңтүстігінде мал шаруашылығымның бүкілодақтық институтында қорғады;1979 жыл - 1991 жыл - аттың Ленина ауыл шаруашылық ғылымының бүкілодақтық академиясының вице-президент, төраға ВАСХНИЛ күншығыс аймақтарының төралқасы болып сайланды;1972 жыл – мүшесі-тілші сайлайды;1982 жыл - академикпен сайлайды;1980 жыл - 1990 жыл - қазақ КСР жоғарғы депутаты;26 наурыздың 1989 - 26 1991 желтоқсаннан - халықтың депутатының халықтың депутат Съезда;1980 жыл - 1991 жыл - қазақ КСР жоғарғы мәжілісінің төрағасы;1992 жыл - ауыл шаруашылық ғылымның қазақ академиясының академигімен сайлайды;1996 жыл - Қазақстан республикасының ғылымының ұлттық академиясының академигімен сайлайды;1998 жыл - қазақ ұлттық аграрлық университеттің профессоры.
Академик Медеубаев К. У. бір мен өзінің оқушысымен кең ғылыми зертте- ша акклиматизацияға және игерушілікке құндардың қойдың ағылшын тұқымының полутонкорунных мясо-шерстных : линкольн жасады, ромни-марш, бордерлейстер, гемпшир, суффольк, оксфорддаун, шевиот, саутдаун, ал да ша мынадай қойдың меншікті репродукторының жаралған. көпжылдық ғылыми зертте- жеке нәтижелері на тақырыпқа кроссбредного қой шаруашылығымның "ғылыми негіздері бас Қазақстанның" оңтүстігінде в оның докторлық диссертациясының негізіне деген жатты, нешіншіні ол ара 1978 жылы ара мал шаруашылығы бүкілодақтық институт қорға-. Мясо-шерстных қойдың жаралғанының әдістемесі полутонкой кроссбредной жүнмен негізбен осы бағыттың үш жаңа тұқымының шығар- үшін: қазақ мясо-шерстной(МШК) үшпен вниутрипородными үлгілермен(1991 жылы апробирована) послужила Ажырат- үшін акжайиской(1996 жылы апробирована) Қазақстанының юго-западном аймағында - батысшыл аймақ үшін, бұл ел үшін тапшы кроссбредной жүннің өндірісінде асқан халық-сарамжал-саран мағына және Жанаркинская үш тұқымы екі үлгімен(2007 жылы апробирована) - орталықтың Қазақстаны үшін болды.Үшін жемісті қызметті ара ғылым, ауыл шаруашылық өндірістің дамуында, К. У. Медеубеков мемлекеттік және қоғамдық қызметін сыйла- еңбектің қызыл знамени екі орденами, қазанның революциясының орден, халықтың достығының орден, медаль "үшін айбынды еңбек в 1941-45 жж." ҰОС жыл., үшін маңғол халықтың республикасының(1976) "еңбектің өзгелігінің", үшін тыңның жерінің"(1974) "игерушілігін, ұмытылмас юбилей медальпен "60-лет жеңісті 1941-1945 жж." ұлы отандық соғысында. соңмен қолыммен әскердің генералының, советтік жалғаулықтың батырының В. Л. Говорова(2005 г.); 100 жас бер күн академиктің А. И. туғыз- Бараева(2008 г.); Қазақ КСР(1970, 1979 жж.) жоғарғы ақылының мәртебелі сауаттарымен; трижды аттың Ленина(1985, 1990, 1992 жж.) ауыл шаруашылық ғылымының бүкілодақтық академиясының мәртебелі сауатымен. Сыйлықтың лауреаты им. академиктің В. А. Бальмонта.ара 1997 жылы президенттің РК Н. А. жарлығымен К. У. Медеубекову Назарбаевы үшін үлкен үлесті в Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына ғылымның және Қазақстан" республикасының техникасының "еңбек сіңірген қайраткерінің атағы берілді.
## Өмір жолы
* 1948 жыл - Қазығұрт ауданының Ленинское селосында 10-сыныптық мектепте бітіруі;
* 1953 жыл - К.А. Тимирязев атындағы Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендарымен марапатталған Мәскеу ауыл шаруашылық академиясының зоотехникалық факультетін үздік бітірген;
* 1957 жыл — аспирантураны бітіріп, Медеубеков кандидаттық диссертациясын табысты қорғады;
* 1957 жыл — КСРО ауыл шаруашылық министрлігімен ЛАШҒБАның Қазақ филиалына жіберіледі;
* 1962 жылдың 17 қазаны - Қазақ ғылыми зерттеу технологиялық мал шаруашылығы институтының (ҚҒЗТМИ) директоры ретінде тағайындалды;
* 1978 жыл — «Оңтүстік Қазақстанның кроссбредтік қой шаруашылығың ғылыми негіздері» темасына Бүкілкеңестік мал шаруашылығы институтында докторлық диссертациясын қорғады;
* 1979 — 1991 жылдары — Ленин атындағы бүкілкеңестік ауыл шаруашылығы академиясының вице-президенті, ЛАҒШБАның Шығыс өкілдігінде Қазақстан және Қырғызстан бойынша председателі жұмыстарын атқарды;
* 1972 жыл — ЛАҒШБАның тілші-мүшесі ретінде тағайындалды;
* 1982 жыл — ЛАҒШБАның академигі ретінде тағайындалды;
* 1980 — 1990 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес депутаты;
* 1989 жылдың 26 наурызы — 1991 жылдың 26 желтоқсан аралығы — Халық депутаттар Кеңесінің Халық депутаты;
* 1980 — 1991 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің председателі;
* 1992 жыл — Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясының академигі ретінде тағайындалды;
* 1996 жыл — Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі ретінде тағайындалды;
* 1998 жыл — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры.
## Дереккөздер |
Егор Казимирович Мейендорф (1794 – 1863) – саяхатшы, геолог, Ресей армиясы Бас штабының капитаны. А.Ф. Негридің (1820 – 21) дипломатиялық миссиясының құрамында Бұхар хандығына барды. 1826 жылы осы сапары туралы жазған шығармасы «Орыс елшілерінің Орынбордан Бұхарға саяхатының қысқаша жазбалары» деген атпен француз тілінде Парижде жарық көрді. кітап төрт тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауы қазақ даласы арқылы өткен сапарға арналған. Автор қазақтар жөнінде, олардың дәстүрі, көші-қоны, тұрмыс-салты, аңшылығы, халық әндерінің үлгілері туралы көптеген этнографиялық мәліметтер берген және қазақ қоғамындағы әйелдер орны, билер мен сұлтандардың басқару мәселелері жөнінде де айтып өткен. Кітабының кейбір тарауы «Северный архив» (1822), «Мануфактура и торговля» (1832) журналдарында жарияланды.
## Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" |
Медресе (араб.: مدرسة, медраса - оқу) — орта (сирек жағдайда жоғары) конфессионалдық мұсылмандық мектеп. Дін қызметкерлерін, мұсылман бастауыш мектептерінің мұғалімдерін және Таяу, Орта Шығыс, тағыда басқа елдердің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары мұсылман мектептері.
## Жалпы мәліметтер
Медресе арабтарда VII-VIII ғғ. пайда болып, Таяу және Орта Шығыс елдерінде IX-X ғғ. тарады. Ресей мемлекет құрамында өмір сүрген мұсылман халықтары үшін кей Орта Азиялық медресе білім беру дәстүрінің маңызы зор болды. Олар: Самарқандағы (848), Бұхарадағы («Медресе фарджек», Юг. 1 жартысы; «Масудия», «Хания», 1250). М. Поволжие мен Орал татарлары мен башқұрттарында, Кавказ бен Закавказье мұсылман халықтарында да болды. Медресе мақсаттары мен мазмұны және оқыту әдісі бірдей болды. Дәрісханаларда ислами ілімдер мен бағыттар тарихы, Құран Кәрімнің тарихы, астрономия, шығыс әдебиеттері, трактаттар оқытылған. Негізінде медресе ғимараттарын бай адамдар өзі қаржысына салдырған немесе халықтан жиналған қаражатқа салынған. Шолақ қорғандағы Бабата медресесі XIX ғасыр күйдірілген кірпіштен салынып, әк балшық материалынан қаланған. Бұл медресенің дәрісханасы үйдің бұрыш жағына салынып, қос күмбезделіп жабылған. Медресе оқушыларды дайындау деңгейі бойынша 3-ке бөлінген:
* бастауыш (иптидаи),
* орта (рушди),
* жоғары (игдади).
Орта типтегі медресе оқушылар мұсылмандық құдайтануды, заңтануды, логиканы, ежелгі философиялық ілімдерді, математиканы, георафияны, араб және парсы тілдерін оқыған. Медресе арабизмның (құрамына лексикофафия, этимология, синтаксис, риторика, тарих кірген), дін оқуы мен заңтанудың философияның (логика, математика, георафия, асфаномия, медицина, жаратылыстану ғылымдары мен ойтану философиясы) толық курсы (XI-XII ғғ.) оқытылған. Оқытудың негізгі әдістері дәріс пен диспут болған. Орта типтегі медресе міндеті - мектептерге молда мұғалімдерді дайындау, мешіттерге қызметшілер дайындау болған; жоғары типтегі медресе қазыларды (билер), шариғатты түсіндірушілерді, мұсылман заңдарының білгірлерін дайындаған. Медресе өздерін рухани лауазымға арнаған жандар ғана емес, кейін мұғалім, дәрігер т.б. мамандықтарын алуды мақсат еткен түрлі дәрежелі зиялы адамдар да оқыған.
## Тарихы
Медресе тарихы Үндістандағы Дели, Калькутта, Лахор қалаларынан басталып, Ирандағы Тегеран (Рей), Исфаһан, Тебриз; Ауғанстандағы Кабул, Герат; араб шығыс әлеміндегі Бағдат, Александрия, Каир (Мысыр), Дамаск (Шам); Африкадағы (Мағриб) Алжир, Тунис, Триполиге дейін; Испанияда Кордоваға; Орта Азияда Бұхара, Самарқандқа және Қазан, Уфа, Семей, Орынборға дейін шығыс елдеріне кең тараған мұсылмандық ағарту ісімен тығыз байланысты.
Медресе үшін салынған ғимараттарда шығыс елдерінің көрікті ұлттық өрнегін қолданған, ал маңдайшаларына түрлі өсиет-өнеге, ғибрат сөздер, салғызған адамның, шеберлердің аты-жөні, іргесі қаланған жылы жазылған. Медресе ішіндегі оқу бөлімшелері құжыра, дәрісхана деп аталған. Әрбір ірі медресе де кітапханалар жұмыс істеген. Мысалы, XI ғасрдағы Бұхара медресесінде ірі кітапхана болған. Осындай ортағасырлық медреселердің зәулім ғимараттарынан мыналарды айрықша атауға болады: Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. Мұнда кезінде медресемен бірге кітапхана да болған. Бұхара қаласындағы көне медреселерге Арслан ханның бас мешіті (XII ғасыр), 1119 — 1120 жылдары салынған Намазғақ медресесі жатады. Ірілерінің бірі — Мір Араб медресесі (1530); 1568 жылы салынған Көкілташ медресесі, мұнда 160 құжыра мен дәрісхана бар, жалпы бұл қалада жоғары, орта, бастауыш білім беретін 100 шақты медресе болған.
Самарқандта 19 медресе жұмыс істеген. Оның ішінде Ұлықбек медресесі — 1420 жылы салынған ірі медреселердің бірі. Қоқанда 37 медресе болған. Наманғанда 20 медресе., Ташкент-те 23 медресе, оның ірілері — Қожа Ахрар (1490), Барақ хан (1554) медреселері. Сырдария облысында [Сайрам (Исфиджаб), Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт, Зеңгі Ата, тағыда басқа] 31 медресе болған. Семейде 7 медресе, оның үлкені — Ахмет Риза медресесі. Орынборда 10 медресе, олардың ішіндегі ірісі — Хұсаиния, Уфада он шақты медресе болған, ең ірісі — Ғалия (XIX ғасыр). Қазанда 50 медресе болды, оның кейбірі жоғары, орта, көбі төмен дәрежелі медресе еді. Олардың ірілері — Ахундов және Апанаев Медреселері, А.Әмірханов медресесі (1780). Бөкей ордасында, сондай-ақ Бакуде, Хиуада, Астраханда, Бақшасарайда (Қырымда) vедреселер болған.
## Оқу барысы
Медреселерде дәріс беретін оқытушылар “абыз”, “ахун”, “молда”, “хазірет”, онан жоғарысы “мударрис” деп аталды. Ал оқушыларды “шәкірт”, “талиб әл-илим” (ғылым ізденуші) деп атаған. Медресе өзінің білім беру, оқу дәрежесіне қарай төрт басқышқа бөлінеді:
* Бастауыш медрес', оны ибтидия деп атайды, оқу мерзімі 4 жыл;
* Рошдия, оқу мерзімі 3 жыл;
* Икдадия — жоғары оқуға дайындық, оқу мерзімі 3 жыл;
* Ғалия, мұнда жоғары білім беріледі, оқу мерзімі 3 жыл.
Ғалияны бітірген шәкіртке “абыз”, “молла”, “халфе” немесе “мударрис” деген атақ берілді. Медреседе жалпы оқу мерзімі 12 — 13 жылға созылды. Ал кейбір Медреселерге түсу үшін “техзирия” атты даярлық сынып болған. Оқу пәндері медресенің сатысына байланысты белгіленген. Жоғары білім беретін Медреселерде: араб тілі (лексика, этимология, синтаксис, шешендік өнер, тарих); дін, заңнама (Құранды, аят хадистерді түсіндіру, шариат); фәлсафа (логика, математика, география, астрономия, медицина, табиғаттану негіздері, ой талдау философиясы) оқылды. Медреселердің бағдарламасында діни оқу жағы басым болды.
Медреселерде орта ғасырда тек молла, халфе ғана емес, астроном, тарихшы, лингвистер, тағыда басқалар сабақ берген. Өйткені сол кездің өзінде — Бируни, ибн Сина, әл-Фараби, Омар Хайям, Науаи, Қашқари, Хорезми, Ұлықбек, тағыда басқа атақты ғалымдар негізгі білімді медреселерден алған. XIX ғасырдың ішінде медреселерде Шығыс әдебиетінің кейбір үлгілері оқытылды. Мысалы, Сопы Аллаяр (түрік-шағатай тілінде), парсы, араб тілдерінде Қожа Ахмет Иасауи, Қожа Хафиз, Физули, Бедел шығармаларын оқыған.
Абай оқыған Камали қазірет Медресесі діни кітаппен қатар, Фирдауси, Хафиз, Физули, Шамси, Сайхали, Науаи өлеңдерін үйреткені белгілі. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында медреселерде көне оқу жүйесін қолдайтын ағым қадимшілдікке қарсы жәдидшілдік пайда болды. Әуелде “усули жәдид” (жаңа) немесе “төте оқу” деген атпен бұл қозғалыс белгілі дәрежеде игі рөл атқарды.
Медреселердің оқу жүйесіне физика, математика, ана тілі, география, химия, тағыда басқа пәндер енгізілді. Сол кездің зиялылары Гаспралы, ұ.Тоқай, ұ.Камал, Ф.Әмірхан, М.ұафури, Мамедкулизаде, А.Байтұрсынов, А.Ақмолда, Т.Жомартбаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, М.Қалтаев, тағыда басқа төте оқуды жақтады. Усули-жәдид үлгісі мен төте оқу жолының Қазақстанда іске асуы 1900 жылдың басынан әсіресе 1905 жылғы төңкерістен соң өріс алды. Қазақстанда жаңа әдіспен оқытатын жүздеген медреселер жұмыс істеді. Араб әрпіне алғаш рет реформа жасалды. Медресе шәкірттері түрлі қолжазба, газет, журналдар (“Садақ”, “Тарақият”, т.б.) шығарды.
Медресе Орта Азия мен Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. Қазір мұсылман шығысы елдерінің мәдени өмірінде медресенің орны ерекше. Ислам елдерінде 20 ғ-дың 60-жылдарында оқу-ағарту жүйесін қайта құруға байланысты медреселердің екі түрі қалыптасты: оқу-ағарту жүйесіне енетін зайырлы орта, жоғары оқу орындары және діни Медресе Дүниетанымдық медреседе оқу ақысыз және бөліп оқытылады. Барлық медреселерде Құранды үйрену міндетті. Медресені бітіргендер университетке түсуге құқылы. КСРО-да орта діни білім беретін Мир Араб Медресесі жұмыс істеді. 20 ғасырдың 90-жылдарынан кейін Орталық Азия мемлекеттерінде медреселер көптеп ашыла бастады.
## Дереккөздер |
Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы(1946 ж.т.) – а. ш. ғыл. докт. (1991), проф. (1996), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Жоңышқа дақылы селекциясының теор. негіздерін жасап, осы дақылдың жаңа сорттарын шығарған. |
Меликов Эдуард Георгиевич (19.2.1923 жылы туған, Ресей, Кисловодск қаласы) — архитектор. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген архитекторы (1969). 1951 жылы Әзірбайжан политехнилық институтын бітірген. 1951 — 1955 жылы Қарағанды облысының атқару комитетінің құрылыс және архитектура істері жөніндегі бөлімінің қызметкері, 1955 жылдан осы бөлімнің бастығы болып тағайындалды. Меликов Теміртау қалалық Кеңес үйі (1952), Ақтас ауылындағы Кеншілер мәдениет сарайы (1954) жобаларының авторы, Қарағанды қаласына арнап жасаған архиектура жобасы үшін Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1978). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әліхан Торғауыттегі Мелдебеков (24.3.1948 жылы туған, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы) — Ауыл шаруашылық ғылым докторы (1991), професcор (1994), ҚР ӨҰА-ның академигі (2003).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық унилерситетін) бітірген (1970). 1973-2003 жылы Қазақтың мал шаруашылық технологиялық ғылыми-зертханалық институтында директор (1993-2003), 2003 жылдан Зоология институтынның директоры ұлы еңбектері, негізінен ірі қарамалдың етті бағыттағы тұқымдарының өсіп-өнуіне және одан алынатын өнімді көбейту жолдарын қарастыруға бағытталған. Сонымен қатар жайылымды тиімді пайдалануды, күнделікті қолданылатын тәуліктік азықтандыру мөлшері мен құрамының бірқалыптылығын, малды жеңіл құралымдардан жасалған қораларда ұстау тәсілдері мен тиімділігін анықтады. Мелдебековтің ұсынысымен су жылуымен дайындалған, жан-жақты ғылыми тұрғыдан сараланған тәуліктік азық құрамымен малдарды бордақылау республиканың көптеген аймақтарында іске асырылды. Ол — “Жетісу” етті ірі қара тұқымын шығарушылардың бірі. 190-нан астам ғылыми еңбектің авторы, өндіріске экономикалық жағынан тиімді 15 ғылыми ұсыныс енгізген.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік Банк- мемлекет құратын және әдетте, мемлекет пен мемлекеттік органдардың бюджеттеріне қызмет көрсететін, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыратын және тиісті мемлекеттік ұйымдардың тапсырмасымен түрлі банк операцияларын орындайтын банк. Кейбір мемлекеттерде — бұл орталық немесе ұлттық банкілер.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік аумақ – жер шарының белгілі бір мемлекеттің иелігіндегі бөлігі.
Мемлекеттік шекараны білдіретін меже ішіндегі әуе кеңістігі мен жер қойнауы, су түбі де сол мемлекеттің аумағына кіреді. Осы кеңістікке тұтастай мемлекеттің билігі жүреді, оған өзге күштердің рұқсатсыз кіруіне мемлекет тыйым салып, өзге мемлекеттерден қорғайды. Сондай-ақ мемлекеттік аумақ - мемлекеттің бес белгісінің бірі, яғни мемлекет болуы үшін оның тәуелсіздігі, билеуші органдары мен әскері, алым- салық жүйесі, құқық жүйесі, сондай-ақ өз аумағы болуы керек. Халықаралық құқық бойынша өзге мемлекет аумағына ешбір мемлекеттің қол сұғуға хақысы жоқ. Мемлекеттер арасындағы соғыс та, негізінен, осы жер үшін таластан туындайды. Сол себепті өз аумағын қорғау - кез келген мемлекеттің басты міндеті. ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстан аумағын қорғау - Республиканың әрбір азаматының қасиетті борышы әрі парызы.
## Дереккөздер |
Юрий Васильевич Мельниченко (5 маусым, 1972 жыл, Джалабад) - Қазақстандық грек-рим күресінен палуан, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Үш дүркін Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстаннның жеті дүркін чемпионы, 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасының күрес федерациясы мен ассоциациясының вице-президенті.
## Биографиясы
* 1972 жылы Қырғызстанда дүниеге келді. Ұлты - украиндық.
* Грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы.
## Спорттағы жетістіктері
1996 жылы Атлантада алауын жаққан XXVI жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. 24 жасар Юрий Мельниченко үшін де аталған Олимпиада оның бұған дейінгі сынға түскен боз кілем бәсекелерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі болатын. Сондықтан 57 келіде ел намысын қорғау сеніп тапсырылған жерлесіміз алыстағы Америкаға тас-түйін дайындықпен барған еді.
Алғашқы белдесуінде Юрий Мельниченко 2 дүркін әлем чемпионы ресейлік Александр Игнатенкомен кездесті. Қарсыласы осыған дейін екі олимпиадаға қатысып үлгерген тәжірибелі балуан. Бірақ, жерлесіміздің жеңіске деген айрықша жігері мен шыңдалған шеберлігі өз дегенін істеді. Қарсыласын қапсыра құшақтап доғадай иіле лақтырған жерлесімізге төрешілер ең жоғары баға 5 бал берді. Мұнымен тоқтамаған Юрий белдесуді 10:0 есебімен өз пайдасына шешті.
Екінші-үшінші айналымда қазақ балуаны тиісінше Еуропаның экс-чемпионы украиндық Руслан Хакимовпен және әлем біріншілігінің жүлдегері румын Мариан Сандуды айқын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Ал, ақтық сынға шығу жолында Барселона олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, тегі түрік, Германия азаматы Иылдызбен күресті. Әккі қарсыласынан 3:0 есебімен айласын асырып, құрама қоржынына кем дегенде күміс медальді олжалап қойды.
Алайда, кеудеде атойлаған алдаспан намыс Юрий Мельниченкоға қол созымда тұрған алтынға шешуші ұмтылыс жасауды бұйырды. Әрине, бұл бұйрықты орындау оңай шаруа емес еді. Өйткені, ақтық айқаста жерлесімізді жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі әлем чемпионы Деннис Хоол күтіп тұрған болатын.
Бүкіл Америка жұртшылығы үміт артқан бітіспес бәсекелесін өзге емес дәл Атланта боз кілемінде қапы қалдырып, есесін қайырған Юрий Мельниченко тарихи жеңіске жетеді.
Барселона Олимпиадасынан кейін бұрынғы Одақты құраған республикалардың барлығы халықаралық жарыстарға өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде қатыса бастады. Осы бір аумалы-төкпелі қиын кезең мен даңқты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыханов Юрий Мельниченконың үлкен спорт пен жеке өміріндегі болашағын Қазақстанмен байланыстыруына үлкен ықпалын тигізді.
Барлық қажетті жағдай жасалған «Дәулет» кәсіпкой спорт клубында Дәулет Тұрлыханов пен атақты ресейлік бапкер Геннадий Сапуновтын жіті бақылауымен жаттыға бастаған Юрий Мельниченко енді ересектер бәсекесінде жаңа асуларды бағындыруға білек сыбана кіріседі. Төккен тері ақталып, 1994 жылы Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік Жер Қоры– мемлекеттің шекарасындағы не оның әкімш.-аумақтық бірлігіндегі жерлер. Қазақстанда жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде (ҚР Конституциясы, 6-бап, 2-тармақ). |
*
*
*
Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат.
Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.
Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді.
Декларацияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді.
Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.
## Дереккөздер |
Мектеп-Коммуна — оқу-тәрбие орны. РКФСР-де педагогикалық және еңбек мектептерінің тәжірибелік мәселелерін жүзеге асыру мақсатында 1918 жылдан құрыла бастады. Мектеп-коммуналардың негізгі міндеті балалардың дене және ақыл-ой дамуына жағдай жасап, оларға бастауыш білім берумен бірге, еңбек дағдыларын қалыптастыру болды. Мектеп-коммуналар 1-басқышты (оқу мерзімі — 4 — 7 жыл) және 2-басқышты (оқу мерзімі — 9 жыл) болып екіге бөлінді. Олардың жандарынан интернаттар ашылды. 1926 жылы ҚазКСР Халкомкеңесі мектептегі оқу-тәрбие жұмысын реттеп отыратын “Қазақ мектеп-коммуналарының жарғысын” бекітті. Қазақ мектеп-коммуналарына жер телімдері, Ауыл шаруашылық құрал-саймандары, мал бөлінді. Алғашқы жеті жылдық тәжірибелік мектеп-коммунасы 1919 жылы Орынборда ашылды. 1928 жылы мектеп-коммуна Семейде құрылды. 1925 — 26 жылы республикада 37 мектеп-коммуна жұмыс істеп, оларда 4510 адам оқыды. Кейін мектеп-коммуна жалпы білім беретін мектептерге айналды.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік Кәсіпорын — мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша бөлінбейтін кәсіпорын. Оны құрған кезде жарғылық капитал теңгерімде бөліп көрсетілмейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын мемлекеттік органдар келісімшартқа сәйкес жалдайды және жұмыстан босатады. Бюджеттік кәсіпорын смета бойынша бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарға жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорын, мекеме), шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар жатады.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік Дума (орыс. Государственная Дума, кейде қысқартылып орыс. Госдума) — Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы атты парламентінің төменгі палатасы.
Ресей Думасы қазіргі 8-шақырылымының 450 депутаты 2021 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде сайланған, депутаттар арасында 6 түрлі саяси партияның өкілдері бар. Думаның 2016 жылдан бері төрағасы — «Біртұтас Ресей» мүшесі Вячеслав Володин.
## Тарихы
Дума сөзі Ежелгі Русь заманынан бері әртүрлі кеңесші және өкілді органдарға қатысты қолданылатын (мысалы боярлық дума). Ал Мемлекеттік Дума аталатын орган алғаш рет 1905 жылы бүкілресейлік заң шығарушы орган ретінде пайда болды. Ресей империясының Мемлекеттік думасы 1917 жылға дейін қызмет етіп, ақпан төңкерісінен кейін таратылды.
КСРО мен РКФСР-да жоғары заң шығарушы органның функциялары тиісінше КСРО Жоғарғы Кеңесіне (1937–1991) және РКФСР Жоғарғы Кеңесіне (1938–1993), ал 1989 жылдан бастап КСРО халық депутаттарының съезіне және Ресей халық депутаттарының съезіне жүктелді.
1993 жылғы қыркүйек-қазан оқиғаларының бастау нүктесі болған Президент Борис Ельциннің №1400 «Ресей Федерациясындағы конституциялық реформаны кезең-кезеңімен жүргізу туралы» Жарлығы Съезді және Жоғарғы Кеңесті таратып, жаңа парламент жасап, сайлау өткізуді қарастырды. Жоспар бойынша Мемлекеттік Дума осы жаңа парламенттің төменгі палатасы болатын еді.
Одан кейінгі оқиғалардың нәтижесінде 1993 жылы 12 желтоқсанда Ресейдің жаңа Конституциясы қабылданған референдуммен бір мезгілде I-шақырылымдағы Мемлекеттік Думаның сайлауы өтті. Конституция Федералдық Жиналыс палаталарының бірі ретінде Мемлекеттік Думаның мәртебесін қамтамасыз етті.
## Құқығы
Мемлекеттік Думаның Ресей Конституциясында бекітілген құқығы:
* Ресей премьер-министрін тағайындауға келісім беру;
* Ресей Үкіметінің жұмыс нәтижелері туралы, оның ішінде Мемлекеттік Дума көтерген мәселелер бойынша жыл сайынғы есептерін тыңдау;
* Ресей Федерациясының Үкіметіне вотум жасау;
* Ресей Орталық банкі төрағасын қызметке тағайындау және қызметінен босату;
* Есеп палатасы төрағасын және аудиторларының жартысын тағайындау және қызметтен босату;
* Федералдық конституциялық заңға сәйкес әрекет ететін Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындау және қызметінен босату;
* Амнистия жариялау;
* Ресей президентіне импичмент жариялау (көпшіліктің үштен екісі қажет).
## Санкциялануы
2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруі себебімен 2022 жылдың 24 наурызында Мемлекеттік дума депутаттарының 328-іне және Мемлекеттік Думаның өзіне АҚШ тарапынан санкциялар салынған еді.
## Соңғы сайлау
## Дереккөздер |
Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттік билік органдары атынан шығарылған бағалы қағаздар, яғни үкімет пен жергілікті атқарушы органдар шығарған бағалы қағаздар немесе елдің мемлекеттік (ұлттық) банкісінің бағалы қағаздары. Мемлекеттік қарыз алысу нысандарының бірі. Мемлекеттік бағалы қағаздар облигациялар немесе иеленушісіне эмитенттен ақшалай қаражат немесе жағдайға қарай мүлік, оның атаулы құнының белгіленген пайызын не өзге де мүліктік құқықтар алу құқығы берілгенін куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздарға жататын өзге де бағалы қағаздар түрінде шығарылады.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік стандарт – елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган бекіткен нормативтік-техникалық құжат.
Қазақстанда стандарттау мен метрологиялау жүйесі 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасынан дами бастады. Ол ұлттық өнімдердің сапасы мен бәсекелестігін арттыру, табиғат және энергетика ресурстарының шынайы есебін жүргізу және айналадағы орта мен халықтың денсаулығын қорғау міндеттерін шешу мәселелерімен тығыз байланысты болды.
1993 жылы “Стандарттау және сертификаттау туралы” және “Өлшемдер бірлігі туралы” Қазақстан Республикасының алғашқы заңдарының қабылдануы Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Бұл заңдар 1999 және 2000 жылдары толықтырылды. Осы заңдарға сәйкес Қазақстан Үкіметі стандарттау жұмыстарын реттеудің нормативтік құжаттарын дайындады. Қазақстанның Мемлекеттік стандарт органы 1994 жылдан бері Стандарттау жөніндегі халықараралық ұйымға (ІSO) мүше. Қазақстанның стандарттау жүйесі стандарттау мен сертификаттау жөніндегі ұлттық бағдарламаға негізделген, Қазақстан кәсіпорындары ІSO-ның халықараралық стандарттары бойынша жұмыс істейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандартты дайындау үшін жиырмаға жуық техника стандарттау к-ті құрылған. Олар әсіресе тамақ өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, көмір және металлургия өндірістері сияқты салаларда жұмыс атқарады.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік хатшы – мемлекеттік дәрежедегі лауазымды тұлға.
Ұлыбританияда қорғаныс істері, ішкі істер және Шотландия істері жөніндегі мемлекеттік хатшы лауазымы бар. Бельгияда мемлекеттік хатшы премьер-министрдің орынбасары болып саналады. Ал АҚШ-та мемлекеттік хатшы конституция бойынша кеңесші орган болып саналғанымен, іс жүзінде сыртқы істер министрінің қызметін атқаратын сыртқы саясат басқармасы – мемлекеттік департаментті басқарады.
Қазақстанда мемлекеттік хатшы лауазымы Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жоғары лауазымдардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қызмет атқарады.
## Сілтемелер
* АҚШ Мемлекеттік хатшысы
* Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.