text
stringlengths
3
252k
Қостанай уезі, Николаев уезі – патшалық Ресей тұсында Торғай облысына қараған уезд. 1868 жылы құрылған. Тобыл өзенінің жоғарғы ағысы және оның Обаған атты тармағының оң жақ алқабын алып жатты. Халқының саны – 160 мың адамға жетті (1897), оның 130 мыңдайы қазақтар болды. 1899 жылдан кейін жергілікті халықтан 500 мың десятина қара топырақты құнарлы жер алынып, онда Ресейдің орталық аудандарынан қоныс аударылған орыс шаруалары орнықты. Уезде мал басы 870 мыңға жетті. Мұнда жәрмеңке саудасы кең өріс алды. ## Дереккөздер
Қостанай Таңы Мұрағатталған 30 қазанның 2019 жылы. — Қостанай облысының мемлекеттік тілде ақпарат тарататын жалғыз газеті. Алғашқы саны 1922 жылы 25 маусымда “Ауыл” деген атпен шықты. Аптасына 3 рет жарияланады. Қазіргі күні "Сөз әлемі", "Ой-отау", "Тылсым" жобалары жақсы танылған. Қостанай таңы - аймақтық әлеуметтік-саяси басылым. Қазақстан мемлекетінде Қостанай қаласында шығарылады. Облыстың барлық ауданында тарайды. ## Тарихы Газеттiң алғашқы саны 1922 жылы 25 маусымда «Ауыл» деген атпен шықты. Ол РКП(б) Қостанай губерниялық комитетiнiң органы болды. Басылымды ұйымдастырып, оның алғашқы нөмiрiнiң жарық көруiне қазақтың тұңғыш кәсiби журналистерiнiң бiрi Мұхамеджан Сералин мен қазақ әдебиетiнiң қас шеберi Бейiмбет Майлин ерекше үлес қосты. Заманның ағымына қарай газет атауы да сан рет өзгердi. Ол бiрде «Социалды ауыл» (1931-36ж.), бiрде «Большевиктiк жол» (1936-53ж.), бiрде «Коммунизм жолы» (1953-63ж.), бiрде «Коммунизм таңы» (1966-91ж.) атанды. Ал 1991 жылдан бастап бүгiнгi «Қостанай таңы» деген атпен жарық көрiп келедi. Газет өзiнiң 100 жылға жуық тарихында халқының мұңын мұңдады, жоғын жоқтады, туған өлкенiң шежiресiн жазды. Басылымға әр жылдары басшылық жасаған Тумыш Сарходжаев, Зиябек Рүстемов, Қайыржан Бекқожин, Беген Байсақалов, Сапаржан Хайдаров, Сейiт Әбдiбеков, Бақытжан Жангисин, Сержан Үсенов, Салық Молдахметов, Бақытжан Нұрмұхамедов сияқты көрнектi журналистер болды. Олар дүниеден өтсе де, олардың iсiн редакциядағы бүгiнгi iнi-қарындастары лайықты жалғастырып келедi. Бұл басылымда Сәлім Меңдібай, Дамир Әбіш, Ермекбай Хасеновтар көп жылдар табысты еңбек етіп, зейнетке шықты. Бүгінде Жұматай Кәкімжанов, Мнауара Қабдырахметова, Қуаныш Есқабыл, Нұрқанат Құлабаев, Әлібек Ыбырай, Қыдырбек Қиысхан,Қарлығаш Оспанова, Шұға Қоңқабай, Айтолқын Айқадамова, Бердіболат Ғабдуллин, Жандос Жүсіпбек, Қасқырбай Қойшыманов сынды өңірге танымал журналистер қызмет жасайды. ## Марапаты * Басылымның ақпараттық кеңiстiкте өз орны бар, оның әр жылдарғы қызметi Еңбек Қызыл Ту орденiмен, Бүкiлодақтық халық шаруашылығы жетiстiктерi көрмесiнiң II дәрежелi дипломымен (екi мәрте), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет грамотасымен, Сорос-Қазақстан қорының сыйлығымен аталып өткен.
Қостанай Уезіндегі Көтеріліс– қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі. Ресей патшасының майдандағы қара жұмысқа қазақтарды алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығына қарсы Қостанай уезінің Қарабалық, Меңдіқара болыстары наразылық білдірді. 12 шілдеде Қарабалық көтерілісшілері болыс Қыдыровты өлтіріп, жасалған тізімді жойып жіберді, болыс кеңсесін өртеді. Тамыз айының басында шақыру орындарына 74 адам келмей қалды. Уезд басшысы жоғарыға жасаған мәлімдемесінде қарулы қазақтар “орыс қоныстанушыларына зиян келтірмесе де, полицияға барынша өшігіп отыр” деп көрсетті. Бестөбе болысында қылышпен, сойылмен және балтамен қаруланған көтерілісшілер тобы 2000 адамға жетті. Ең күшті толқу 500 адамнан жасақ құрған 4, 5, 6 және 8-а-дарда болды. Қаратамыр қонысына (өрқаш к. маңында) жиналғандарды 85 жастағы Е.Жиеналин, молда С.Төребеков, О.Балғожин басқарды. Көптеген қазақтар көрші Торғай уезіндегі көтерілісшілерге барып қосылды. Тамыз айында уезд басшысы өкіметтен әскер алдырды. Жазалаушы әскер көтеріліс басшыларын ұстап, тұтқынға ала бастады. 1916 ж. күзде Аманқарағай болысындағы 2470 шаңырақтың 600-і Торғай уезіндегі көтеріліске қосылды. Желтоқсанда 2 зеңбірек және 2 пулеметпен қаруланған Қостанай әскери отряды көтерілісті басуға шықты. 1916 жылы 21 желтоқсанда басталған көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы ұрыстар 1917 жылдың ақпанына дейін созылды. Көтерілісшілердің бір бөлігі патша өкіметіне мойынсұнды, қалғандары Амангелді Иманов бастаған көтеріліске барып қосылды. ## Пайдаланған әдебиетттер
Елді мекендер: * Қостөбе – Абай облысы Жарма ауданында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. * Қостөбе – Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл. * Қостөбе – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл. * Қостөбе – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Қостөбе – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Қостөбе – 6–12 ғасырлардағы көне қала орны. * Қостөбе – ежелгі қоныс орны, орта ғасырлық қала. * Қостөбе – ежелгі қоныс орны, орта ғасырлық қала. * Қостөбе ауылдық округі Таулар: * Қостөбе – Ақжар өзенінің оң жағалауындағы аласа тау. * Қостөбе – Мұңлы тауының оңтүстік-батысындағы аласа тау. * Қостөбе – Талас өзенінің төменгі ағысындағы оқшау төбе. * Қостөбе – Мойынқұм құмды алқабының солтүстік-батысындағы шоқы. * Қостөбе – Қарғалытау тауларының оңтүстік бөлігіндегі тау.
А. М. Горький атындағы Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры – мәдени-сахналық мекеме. ## Тарихы 1922 жылы ұйымдастырылған. 1936 жылға дейін губерниялық театр, қалалық, қалалық кеңес театры болды. 1936 жылы облыстық драма театрына айналды. Алғашқы жылдары орыс және украин труппасы болды. Театр сахнасынан шетел жазушыларының шығармалары басты орын алды. Сондай-ақ қазақ жазушылары С. Жүнісовтің “Ажар мен ажал” (1967), Н. Оразалиннің “Шырақ жанған түн” (1982), Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1991) және М. Әуезовтің “Абай” (1995) пьесалары сахналанды. Қуыршақ театрының труппасы республикалық және халықаралық деңгейдегі қуыршақ театры фестивальдарында жүлделі орындар алды (Челябинск, 2000, Пермь, 2003). ## Театр жетістіктері Театр спектакльдерін әр кездері Астана, Алматы, Қарағанды, Челябинск, Пермь және тағы да басқа қала тұрғындары тамашалады. Театрдың жоғары кәсіби деңгейі көптеген конкурстар мен фестивальдерде жоғары бағаланды. 1995 жылы Жезқазғанда өткен Абайдың 150 жылдығына арналған IV республикалық театр фестивалінде М. Әуезов шығармасының мотиві негізінде қойылған «Абай» спектаклі бірінші орын алды. А. Дударевтің «Сумерки» спектаклі 1999 жылы Қарағандыда өткен VII театр фестивалінде 1 орын алды, П. Шеффердің «Амадей» спектаклі 2002 жылы Павлодарда өткен X театр фестивалінде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды. 2007 жылы Астанада өткен XV театр фестивалінде М. Ладоның «Очень простая история» спектаклі «Үздік қойылымы және жастар мәселесін сахнада бейнелегені үшін» сыйлығымен марапатталды. Т. Әбдіковтің «Біз үшеу едік» пъесасы бойынша қойылған спектакль 2009 жылы Қарағандыда өткен XVII театр фестивалінде «Қазіргі қазақ драматургиясын үздік игергені үшін» сыйлығына ие болды. Театр талай мәрте Ресейдегі "CHELoВЕК ТЕАТРА" халықаралық театр фестивалінің лауреаты атанады. 2016 жылы "Достық көпірі" халықаралық фестиваліне қатысты (Йошкар-Ола, РФ, Марий Эл республикасы). Оның қорытындысы бойынша театр екі аталымда дипломмен марапатталды. 2015 және 2017 жылдары театр ұжымы гастрольдік сапармен Израильде болды. Нәтижесінде "Театральный дивертисмент" фестивалінің лауреаты дипломын иеленді. Бүгінде театр қабырғасында Қазақстанның халық әртісі Вячеслав Колпаков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Антонина Олейникова, жетекші актрисалар Раиса Полухина, Валентина Битюкова, Любовь Ромадина өз таланты мен шеберлігін танытып келеді. Театр студиясының жетекшісі Анна Удесиани еңбегінің арқасында актерлік труппа талантты жастармен де толығып келеді. Театрдың бас режиссері Александр Александрович Лиопа – Қостанай сахнасында отыз жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі болса, бас суретші – Құрманғазы Кәкімжанұлы Қаржанов – театр стенографиясы бойынша Қазақстандағы жетекші мамандардың бірінен саналады. Қазір театр репертуарында А. Пушкин, И. Тургенев, М. Әуезов, Б. Жәкиев, М. Ладо, Э. Шмитт, М. Себастиан шығармашылығы бойынша және 10-ға жуық балаларға арналған спектакль бар. ## Дереккөздер
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті — Қостанай қаласында орналасқан жоғары оқу орны. 1993 ж. тамызда бұрынғы Қостанай педагогика институты негізінде құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылығы 3 сәуірдегі № 384 Қаулысы негізінде университетке Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілді. 1998 жылы 25 қыркүйекте А. Байтұрсынұлы мұражайы ашылды. 2000 жылығы ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен университетке Қостанай ауыл шаруашылығы институты қосылды. "Жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 128 Қаулысы негізінде университет құрамынан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп шықты. ## Әр жылдардағы университет басшылары: Хусаин Хасенұлы Валиев техника ғылымдарының докторы, профессор,Еуропа Кеңесі Халықаралық академиясының академигі (ЮНЕСКО),Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі Академиясының толық мүшесі. 2001-2008 жылдары Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры. 2008 жылы Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат болып сайланды 2015 жылғы 25 қарашадан ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болып қайта тағайындалды. Асқар Мырзахметұлы Наметов ветеринария  ғылымдарының докторы, профессор.2009 жылдың 19 қаңтарында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры қызметіне тағайындалды. 2015 жылғы 14 қыркүйекте ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшысы лауазымына тағайындалды. Алма Иригибаевна Дощанова ҚР экономика ғылымдарының кандидаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы №ЖҚ – 16 бұйрығымен ШЖҚ РМК А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры лауазымына тағайындалды. Сеитбек Бекенович Куанышбаев география ғылымдарының докторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 22 шілдедегі ЖҚ №106 бұйрығына сәйкес Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымына тағайындалды. ## Университет құрылымы Университет құрылымында Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық, Үздіксіз білім беру институттары, Ауыл шаруашылығы ғылымдары, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары факультеті, Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар, Құқық және экономика факультеттері бар.   15 факультетте 47 мамандық бойынша мамандар даярланады. 7,5 мың студент оқиды. Оқу жүйесін 57 кафедра ұйымдастырады. Құрамында Физика және ақпараттық технология, Стратегиялық басқару, Агроөнеркәсіп кешенінің жаңа технологиялары, Лингвистикалық ғылыми зерттеу институттары бар. 9 мамандық бойынша аспирантура, бірқатар факульттерде магистратуралар бар. Университеттің ғылыми кітапханасының қорында 708107 дана кітап бар. Ауыл шаруашылығы саласының студенттері үшін өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мақсатында оқу және ғылыми өндірістік бөлімшелер құрылған. 4 спорт залы, ашық спорт алаңдары, “Жастар” студенттік драма театры, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары оркестрлері, фольклорлық ансамбль, т.б. студенттік шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді. ## Дереккөздер.
Қостанайдағы екі кластық орыс-қазақ мектебі – қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп. Іргесін Ы.Алтынсарин қалаған. Ресей үкіметінің Оқу-ағарту министірлігінің “Бастауыш халық училищелері туралы” Ережесіне сәйкес (1874) Торғай облысы Николаев уезінің орталығы – Николаевскіде ашылды. Мақсаты жергілікті басқару орындары үшін отар халықтар өкілдерінен орыс тілін білетін орта дәрежелі шенеуніктер даярлау болды. Оқу мерзімі 6 жыл, 30 бала жатып оқитын мектеп-интернат болды. Мектепке Торғай, Қостанай уезінен қазақ балалары алынды. Шіркеулік-славян тілі, орыс тілі, көркем жазу, арифметика, география, тарих пәндері оқытылды. Оқу жоспары сол кездегі Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына негізделіп, қазақ балаларын орыстандыру бағытында жүргізілді. Онда Жангелдин Әліби Тоғжанұлы, Ә.Алдияров, т.б. қоғам қайраткерлері оқыған. ## Пайдаланған әдебиетттер
Қошқарата: * Қошқарата — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл. * Қошқарата — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл. * Қошқарата — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
Қосшы Одағы– Түркістан АКСР-інде ауыл, қыстақ кедей шаруаларынан құрылған бұқаралық ұйым. Қ. о. ауылда әлеум. өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзеге асыру мәселелермен шұғылданды. Мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізіп, ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеуге қатысты. (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды) ## «Қосшы» одағының белсенділері * Әліби Тоқжанұлы Жангелдин * Ораз Қыйқымұлы Жандосов * Джура Ходжибекович Тюрябеков
Қосшағыл — Атырау облысы Жылыой ауданындағы ауыл, мұнай кәсіпшіліктері орталықтарының бірі, Қосшағыл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде, Құлсары – Қаратон автомобиль жолы бойында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1926 жылы өзімен аттас мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланды. 1934 жылы кентке айналды. Осы кезден бастап Қосшағылдың инфрақұрылымы қалыптаса бастады. 1935 жылы Қосшағыл мұнай кәсіпшілігінде 19 ұңғыма жұмыс істеді. 1938–54 жылдары аудан орталығы болды. Кейінгі кезде кен орнында мұнай қорының азаюына байланысты мұнай өндіру көлемі кеміді. ## Халқы ## Кәсіпорындары Қосшағылда Құлсары мұнай өндіру басқармасының цехы, су және мұнай айдау станциясы, орталық жылу қазандығы, наубайхана, телефон станциясы. Қосшағылдан Қаратон мен Мұнайлы кенттеріне ұзындығы 63 және 46 км су құбыры тартылған. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * №2 орта мектеп — Бұрынғы М.Ю.Лермонтов мектебі, 1932 ж. бастауыш, 1935 жылы 7 жылдық, 1938 жылы орта мектеп болып үлкейтілді. * «Мейірім» бөбекжай бақшасы * «Қосшағыл» мәдениет үйі * Дәрігерлік амбулатория — 25 келушіге арналған екі қатарлы ғимарат. * Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ## Діни ұйымдар қызметі * Қосшағыл ауылдық мешіті — 2023 жылдың қараша айында ашылды. 300 адамға ықшамдалып тұрғызылған мешітте намаз оқу, құран оқу және имам бөлмесі бар. Құлшылық үйі 1998 жылы пайдалануға берілген 70 орындық бұрынғы мешіттің орнына салынған. ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер
## Қотан би Қотанбай (туып-өлген жылдары белгісіз) – би. Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі. Арғын тайпасының ақындары оны өздерінің түп атасы деп санады. Бұқар жырау: “Бәрімізді сұрасаң, Қотанбайдың баласы, арғындардың сабасы. Қарақожа бас болып, Қабыл да болған дуасы”, Көтеш ақын: “Біздердің түп атамыз ақын Қотан, Өзгеден өлеңге үстін болса керек” деп жырлаған. Шежіре бойынша Қотанның баласы Дайыр қожаны (Ақжол би) Қобыланды батыр өлтіргенде (шамамен 1456 – 1459 ж.), арғындар өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп, Жетісуға көшкен (қазіргі Жәнібек, Керей, Қаптағай). Қотан биден қалған әдеби мұра – баласына айтқан жоқтауы. Қотан би туралы Ш.Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім, Г.Н. Потанин, Н.Я. Коншин, М.Шорманов, М.Тынышбаев, М.Мұқанов, Х.Арғынбаев, М.Сәрсеке, Ш.Қуанғанов, тағы басқа шежірешілер мен зерттеушілер еңбектерінде түрлі деректер кездеседі. ҚОТАН – * жайылымдағы қой отарын түнде түнететін, күндіз жусататын орын. Қотанға жыл маусымына қарай, ыстық күндері салқын леп соғатын биіктеу, күзде ықтасын жер белгіленеді. Түрлі жұқпалы ауру микробтарының таралуына жол бермеу үшін, Қотан орны сол маңның жайылым оты сирегеннен кейін ауыстырылады. * Ел жайлауға шыққанда ауыл іргесіндегі мал жусайтын шағын алаң. Түнде Қотанда мал иірілетіндіктен, ит-құстан сақтану үшін оның төңірегіне әр жерден қарақшы қойылады, не Қотанды айналдыра арқан керіп тастайды. Қазақстанның кейбір аймақтарында қарапайым материалдардан (қамыс, жыңғыл, шеңгел, сексеуіл, т.б.) тұрғызылған төбесі ашық қораларды да Қотан деп атайды. ## Дереккөздер ## Қотан би Қотанбай (туып-өлген жылдары белгісіз) – би. Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі. Арғын тайпасының ақындары оны өздерінің түп атасы деп санады. Бұқар жырау: “Бәрімізді сұрасаң, Қотанбайдың баласы, арғындардың сабасы. Қарақожа бас болып, Қабыл да болған дуасы”, Көтеш ақын: “Біздердің түп атамыз ақын Қотан, Өзгеден өлеңге үстін болса керек” деп жырлаған. Шежіре бойынша Қотанның баласы Дайыр қожаны (Ақжол би) Қобыланды батыр өлтіргенде (шамамен 1456 – 1459 ж.), арғындар өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп, Жетісуға көшкен (қазіргі Жәнібек, Керей, Қаптағай). Қотан биден қалған әдеби мұра – баласына айтқан жоқтауы. Қотан би туралы Ш.Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім, Г.Н. Потанин, Н.Я. Коншин, М.Шорманов, М.Тынышбаев, М.Мұқанов, Х.Арғынбаев, М.Сәрсеке, Ш.Қуанғанов, тағы басқа шежірешілер мен зерттеушілер еңбектерінде түрлі деректер кездеседі. ҚОТАН – * жайылымдағы қой отарын түнде түнететін, күндіз жусататын орын. Қотанға жыл маусымына қарай, ыстық күндері салқын леп соғатын биіктеу, күзде ықтасын жер белгіленеді. Түрлі жұқпалы ауру микробтарының таралуына жол бермеу үшін, Қотан орны сол маңның жайылым оты сирегеннен кейін ауыстырылады. * Ел жайлауға шыққанда ауыл іргесіндегі мал жусайтын шағын алаң. Түнде Қотанда мал иірілетіндіктен, ит-құстан сақтану үшін оның төңірегіне әр жерден қарақшы қойылады, не Қотанды айналдыра арқан керіп тастайды. Қазақстанның кейбір аймақтарында қарапайым материалдардан (қамыс, жыңғыл, шеңгел, сексеуіл, т.б.) тұрғызылған төбесі ашық қораларды да Қотан деп атайды. ## Дереккөздер
Қошқаркөл (Ұялы) – Алакөл және Сасықкөлдің аралығындағы көл. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 349,8 м. ## Гидрографикасы Ауданы 120 км2, ұзындығы 18,2 км, ені 9,6 м, орташа тереңдігі 4,07 м, су жиналатын алабы 20,8 мың км2. Көлге Жіңішке өзені құйып, Ұялы өзені ағып шығады. Сыртқы пішіні жарты шар тәрізді. Түбі жазық, тұнбалары біркелкі. Суы тұщы, гидрокарбонат класына жатады. Қошқаркөл жауын және жер асты суымен толығады. ## Өсімдігі, жануарлары Жағалауы қамысты. Су ішінде балдыр, мүйізжапырақ, қарақұмық өседі. Көлде балдырдың 64 түрі, балықтың 8 түрі бар. Батыс және оңтүстік жағалауында ондатр, үйрек, қаз, аққу, шағала, тағы басқа аңдар тіршілік етеді. ## Дереккөздер
“Қоян-Бүркіт” – қазақ биі. Музыкасы Құрманғазының “Ақсақ құлан” күйіне негізделген. Музыка өлшемі 2/4. 1928 – 32 ж. халық бишілері З.Құлсейітов (қоян) пен О.Берсағымов (бүркіт) орындаған. Осы фольклорлық бидің негізінде 1934 ж. балетмейстер Н.Арцыбашева “Айман – Шолпан” спектаклінде өнер көрсетті. 1936 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде театр сахнасында орындалды. 1972 ж. балетмейстер Д.Әбіров бұл бидің 2 түрін сахнаға шығарды. 1973 ж. “Қаламқас” ансамблі (бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы) Чехословакияда өткен халық билері фестивалінде “Қоян-Бүркітті” орындап, жүлде алды. ## Дереккөздер
Қосшағыл мұнай кен орны — Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. 1926 жылы ашылған. Барлау-бұрғылау жұмыстары 1935-1942 жылдары жүргізілген. ## Геологиясы мен сипаты * Кен орны төрт қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. * Солтүстік қанаттың ортаңғы юра және оңтүстік қанаттың пермь триас шөгінділері мұнайлы. Өнімді горизонттар 81 – 420 м тереңдікте жатыр. * Шоғырлар қабаты биіктігі 12 – 127 м тектоникалық, литологиялық-стратиграфиялық қалқаланған. Өнімді горизонттар терригендік таужыныстардан құралған, коллекторлары кеуекті. ## Қанығу сипаты * Мұнайға қаныққан қабаттар:қалыңдығы 2,6 – 13,6 м;ашық кеуектілігі 22,2 – 31,9%;өткізгіштігі 0,031 – 9,718 мкм2;мұнайға қанығу коэффициенті 0,52 – 0,92. * қалыңдығы 2,6 – 13,6 м; * ашық кеуектілігі 22,2 – 31,9%; * өткізгіштігі 0,031 – 9,718 мкм2; * мұнайға қанығу коэффициенті 0,52 – 0,92. * Мұнайдың шығымы 1-ден 320,2 м3/тәулік аралығында ауытқиды. * Қабат қысымы 1,67 – 8,2 МПа, температурасы 19,3 – 29,5°С. ## Құрамы * Мұнайдың тығыздығы:0,827 – 0,927 г/см3;күкірттілігі 0,05 – 0,46%;парафинділігі 0,22 – 1,87%. * 0,827 – 0,927 г/см3; * күкірттілігі 0,05 – 0,46%; * парафинділігі 0,22 – 1,87%. * Газ құрамы:метан (72,7 – 89,3%);этан (2 – 10,1%);пропан (1,2 – 2,44%);изобутан (0,2 – 3,66%);көмір қышқыл газы (0,8 – 3,1%). * метан (72,7 – 89,3%); * этан (2 – 10,1%); * пропан (1,2 – 2,44%); * изобутан (0,2 – 3,66%); * көмір қышқыл газы (0,8 – 3,1%). Қабат сулары хлор-кальцийлі, олардың тығыздығы 1,058 – 1,145 г/см3, минералдары 83,6 – 231,8 г/л. ## Дереккөздер
Қоян Биі– қазақ биі. Құрманғазының “Ақсақ құлан” күйінің сүйемелімен орындалады. Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы екпінді. Биді атақты халық бишісі Зәрубай Құлсейітов Қоянды жәрмеңкесінде үстел үстінде тізілген шыныларды құлатпай (қоян қимылдарын бейнелеп) 40 минут билеп, жүлде алған. Бұл би 1928 – 30 ж. Зәрубай бишінің орындауында Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының концерттік бағдарламасында көрсетіліп тұрды. ## Дереккөздер
Қуанышев Арысбай Қуанышұлы (1922, Ақтөбе облысында Алға ауданында – 19.7.1983, Алматы қала.) – экономика ғылыми докторы (1978). Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1983). Бүкілодақтық политехникалық институтын бітірген (1964). Қазақстанның батыс аймақтарындағы мұнай-газ өндірісі саласында жауапты қызметтер атқарған (1946–70). Қазақстан ҒА Төралқасы хатшысының орынбасары, ғылым академиясының Өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы болды (1970–83). Ғыл. еңбектері мұнай мен газды іздестіру және барлаудың экономика тиімділігін арттыру, мұнай өнеркәсібін басқаруды жетілдіру, өндіргіш күштерді орналастыру мәселелеріне арналды. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1976). «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Қуаңдария – Сырдария өзенінің сол жағалаулық аңғарымен өтетін арна. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 383 км. ## Бастауы Бастауын Қызылорда қалалық әкімдігі аумағындағы Тасбөгет кенті маңынан алады. ## Гидрологиясы Арнасының бірінші бөлігі сағасынан бастап 59,5 км-ге дейін Тамырбөгет деп аталады. Оның 9,5 км-ге дейінге ені 60-100 м, тереңдігі 9 м, 9,5 км-ден 59,5 км-ге дейінге тереңдігі 1-2 м, ені 30-70 м. Өзеннің 59,5 км-інен бастап, 100 км-ге дейінгі ені 40-125 м, тереңдігі 2,5 м болатын Арал теңізіне жалғасатын бөлігі Бозкөл (Ақсай) ойпатына құяды. Арнасымен көктемде 3-4 күн су ағады. Қуаңдария үрме құмдар әсерінен өзгеріп отырады. 20 ғасырдың 50-жылдары мұнда бірімен-бірі өзектер арқылы жалғасып жатқан Ақсай-Қуаңдария көл жүйесі болған. Өімен аттас ауылға дейін (Қармақшы ауданында) жүйе арқылы су жүреді. Қуаңдария және оңтүстігіндегі Жаңадария өзендері алабында көптеген каналдар тартылған. Қуаңдарияның бойында көне заманнан қалған ирригация жүйесінің құрылыстары жиі кездеседі. ## Дереккөздер
Қуат Терібайұлы(1891 – 1952) – Қазақстанның халық ақыны (1936). 1936 жылы республикалық айтысқа қатысып, жүлдегер атанды. Жыр-терме, толғаулары, Күнсағила, Айжан – Жанша дастандары ел арасына кең тараған. Өмір жыры атты жеке кітабы жарық көрген (1951). 2-дүниежүзіліксоғысы жылдарында үгіт бригадасын ұйымдастырған. ## Айтыстары "Айтыс" (1966,3-т.) айтыс жинағынаенген. 1951 ж. "Өмір жыры" дегенатпен таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді. Қазақстан ЖоғарғыКеңесінің грамотасымен (1939), медальдармен марапатталған. (1946). ## Дереккөздер
Аманжол Қошанұлы Қошанов (11 қазан 1934 жылы, СҚО, Шал ақын ауданы, Алқаағаш ауылында туған) — экономист ғалым. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының (2015) және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың (1983) иегері. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1995). ҚР Экономика институтының бас ғылыми қызыметкері. ## Толығырақ * Аманжол Қошанұлы 1934 жылы 11 қазанда ОҚО, Шал ақын ауданы, Алқаағаш ауылында дүниеге келген. Арғын тайпасының Атығай руының Бәйімбет бөлімінен шыққан. * 1951 - 1957 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. * 1961-1964. Қазақ ССР Ғылым академиясының Экономика институтында аспирант. ## Еңбек жолы * 1957-1959 жылдары Ақтөбе кооператив техникумында саяси экономия пәнінің оқытушысы. * 1959-1967. Қазақ ССР Ғылым академиясының Экономика институтында кіші, аға ғылыми қызметкері. * 1967-1995. Қазақ ССР Ғылым академиясының Экономика институтында ғылыми хатшы т.б лауазымдарды атқарды. * 1985-1988. Қазақ ССР Ғылым академиясының Экономика институты директорының орынбасары. * 1988-1995. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Экономика институтының директоры. * 1995-2004. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Экономика институтының Нарықтық экономика теориясы бөлімінің меңгерушісі. * 1996-1999. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының вице-президенті және коллегия мүшесі. * 1999-2004. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Төралқасы мүшесі. * 2004-2009. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Экономика институтының Ұлттық экономика теориясы және институционалдық саясат бөлімінің меңгерушісі. * 2009-2013. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Экономика институтының Әлеуметтік-бағдарлау экономикасы орталығының жетекшісі. * 2009 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ҚР Экономика институтының бас ғылыми қызыметкері лауазымында. ## Ғылыми шығармашылығы * Аманжол Қошанұлы - Нарықтық үй қызметшісі теориясы саласында еліміздің жетекші экономисті. Жаһандану және аймақтық интеграция жағдайындағы түбегейлі экономикалық реформаны, мүліктік қатынастар мен кәсіпкерлікті дамыту трансформациялау, ұлттық экономикалық мүдделерін жүйесін және экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша, оның еңбектері елімізде және шет елдерде танымал болды. * Қошанов өтпелі экономика жағдайында Қазақстанда меншік қатынастарының өзгеруі, кәсіпкерліктің дамуы, ұлттық экономикалық мүдделер жүйесі, жаһандану және аймақтық интеграция жағдайында экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізіп, бұл мәселелер бойынша ғылыми бағдарлама жасауға атсалысты. Ол экономикалық теория бойынша өзіндік ғылыми мектебін қалыптастырды. * Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының академигі Қошанова іс-жетекшілігімен Қазақстан экономикасының даму басымдықтарына сәйкес белсенді қайта құрылымдауды ұшырады. Жеке бастамасымен, жетекші ғылыми және ұйымдастырушылық іс-шаралар кең білімі мен тәжірибесі айтарлықтай Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің орнату және ұлттық мәдениет пен руханияттың жаңғыртудағы қоғамдық ғылымдардың маңызды міндеттерді іске асыруды, нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен Қазақстандағы азаматтық қоғам үлес қосты. ## Ғылыми қызыметтері Қазақстан Ғылым Академиясының Экономика институтының жанындағы докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі арнаулы кеңестің төрағасы, Қазақстан Ғылым Академиясының Төралқасының жанындағы сараптамалық кеңестің төрағасы, Экономикалық реформа жөніндегі ғылыми кеңестің тең төрағасы, Қазақстан Президенті Аппаратының ғылыми сарапшысы, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес комиссиясының мүшесі. ## Шығармалары * 1988 жылы "В тобы кешенін аймақтық филиалдарының қалыптастыру"; * 1993 жылы "Экономикалық негіздері және Қазақстан Республикасында меншік иелігінен алу мен жекешелендіру саясаты"; * 2000 жылы "Қазақстан Республикасында қарым-қатынастарды акционерлік жүйесін қалыптастыру, Қазақстан Республикасында аралас экономикаға кәсіпкерлік мемлекеттің қалыптасуы"; * 2003 жылы "Қазақстан нарықтық трансформация мүліктік қатынастар" (Астана); * 2004 жылы "Жылжымайтын мүлік қатынастары және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс істеуі, Астана-Қарағанды" және т.б. ## Ғылыми атақтары * 1965 жылы Экономика ғылымдарының кандидаты (ғылыми атағы); * 1979 жылы Экономика ғылымдарының докторы (ғылыми атағы); * 1983 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді; * 1983 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондет-мүшесі; * 1989 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. ## Мемлекеттік марапаттары * 1970 жылы «Лениннің туғанына 100жыл» құрмет белгісі; * 1976 жылы КСРОның «ерен еңбегі үшін» медалі; * 1983 жылы «Қазақстанның индустриялық прогресі кемелденген социа- лизм тұсында» монографиясы үшін, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атынды; * 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы; * 1986 жылы КСРОның «Еңбек ардагері» құрметті медалі; * 1995 жылы президенттің жарлығымен «Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді. * 1996 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрмет грамотасы; * 1999 жылы «Астана» медалі; * 2001 – 2004 жылдары екі мәрте «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» мен марапатталған (ҚР БжҒ министрлігі); * 2004 жылдың 19 желтоқсанында жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапатталды. * 2004 жылы Халықаралық ғылыми қауымдастығымен белсенді байла- нысы үшін Халықаралық Кембридж өмірдерек орталығының «XXI ғасырдың аса көрнекті зияткері» құрметті медалімен марапатталды. (Англия); * 2004-2009 жылдары Ғылымда және халықаралық ынтымақтастықта зор жетістіктерге жеткені үшін Америка өмірдерек институты мен ха- лықаралық департаменті «Жыл адамы» құрметті атаққа лайық деп тапты. * 2006 жылы Өзінің мемлекеті мен халқына сіңірген еңбегі мен үлесі үшін әлемнің таңдаулы азаматтарына Америка орталығының (ABJ–АҚШ) «Қазақстан үшін алтын медаль» халықаралық марапаты берілді; * 2007. Академик А.Қ. Қошанов есімі Кембридж орталығының «XXI ғасырдың 2000 аса көрнекті ғалымдары» деген арнайы басылымына кіргізілді. * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * 2009 жылы Халықаралық ғылыми ынтымақтастықта кәсіби жетістікке 46 жеткені және үлесі үшін Америка өмірдерек институтының «Еркін медаль» және «Құрмет ордені» деген марапаттарына ие болды * 2009 жылы Халықаралық өмірдерек қауымдастығының (Кембридж, Ан- глия) «2009 жылдағы әлемнің 100 аса көрнекті ғалымдары» деген ла- уазымына ие болды. 2009. Мамандарды кәсіби даярлау ісінде сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төс белгісімен марапатталды (12.10.2009 ж.). * 2014 жылы елімздің жоғарғы мемлекеттік марапаты ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталған. * 2015 жылы елбасының қолынан ғылым саласындағы ерен еңбектері үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын алды. * Бірнеше медалдар мен құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Қубала (Сұлтанғали) Қуанышқалиұлы (XIX ғасырдың 2жартысы, Сарыөзен бойындағы Қосарал мекені, қазіргі Казталовка кентінің маңы) — айтыс ақыны. Байұлы тайпасының Тана руынан 1875 жылдан Қубала Жайық, Орда елдеріне аты мәлім Озипа, Шөкей, Жыға, Қараішік, Қанымай, Мойыл сияқты ақын қыздармен айтысып, бәрін жеңеді. Қубаланың айтыстары мен өлең, толғаулары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, Әдебиет, өнер институты қорында кездеседі. «Қубала мен Озипа» айтысы басынан аяғына дейін жұмбаққа құрылады. Қубала - айтыс өнерінде, оның ішінде жұмбақ айтысы саласында өзіндік орны бар ақын. ## Дереккөздер
Күнсайын Баймұхамбетұлы Қуатбаев (1935, Алматы облысы Сарқант қаласы – 1991, Алматы) – композитор. Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Республикалық “Мектеп”, “Өнер” баспаларының муыкалық-ноталық басылым салаларында ұзақ жылдар қызмет етті. Оның “Аяулы ақ сұңқарым”, “Таң сәріде”, “Қарындас”, “Таң самалы”, “Шолпаным”, “Күтемін”, т.б. өлеңдерге жазған әндері халық арасына кең тараған. Қуатбаев “Музыка сауаты”, “Музыкалық ойындар, әндер, билер”, “Қоңырау”, “Моншақтар” атты балалар мен жасөспірімдерге арналған әдістемелік оқу құралдарының, әндер жинағының авторы.
Қушоқы — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы кент. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінің солтүстік-батысында 25 км-дей жерде.. ## Тарихы Іргесі 1951 жылы қаланған. ## Халқы ## Кәсіпорындары мен инфрақұрылымы Қушоқы кенті жерінде 1 шаруақожалығы құрылған (2006). «Қазақмыс» қорпорациясының 2 өндірістік кәсіпорны қызмет атқарады: «Қушоқы көмір разрезі» және «Нұра жүк тасымалдау басқармасы». Мәдениет үйі, орта мектеп, стадион, медициналық санитарлық бөлім, пошта, байланыс бөлімшесі бар. Кенттің барлық әлеуметтік саласы Көмір кешенінін балансында тұр. Кент 24 км темір жол тармағы арқылы Нұра стансасымен, 82 км жерде Молодежный көмір разрезімен байланысады. Кент арқылы Қ. Сәтбаев атындағы канал өтеді, кенттің солтүстік-шығысында 7 км жерде республикалық Қарағанды—Павлодар автокөлік трассасы өтеді. ## Табиғаты Бұқар жырау және Осакаров ауданының шекарасында Қушоқы кентінен солтүстікке қарай 5 км жерде Қушоқы тауы бар. ## Дереккөздер
Қу-Арасан минералды суы - Жетісу Алатауының оңтүстік бөктерінде, Көктал ауылының (Панфилов ауданы) солтүстігінен 23 км, Арасан ауылынан 3 км жерде Бурақожыр (Борохудзир) өзені аңғарының оң жағалауында орналасқан. Теңіз деңгейінен 1050-1160 м биіктікте. ## Ұңғымалары 1983 жылы бұлақтар маңынан екі ұңғыма қазылған, бірінен су деңгейін 3,6 м-ге, екіншісінен 12,2 м-ге төмендеткенде 3600 м³ су алынған. Ұңғымалардың суы жылы (26 – 36°С), минералдылығы 0,6 – 1,2 г/л, аз сілтілі (рН 7,8), химиялық құрамы сульфатты-хлорлы натрийлі. ## Құрамы Судың құрамында кремний қышқылы 70-96 мг/л, фтор 7-8 мг/л, литий 0,62 мг/л, күшәла 0,125 мг/л, радон 46-113 эман, т.б. элементтер бар.Ерітінді газдың құрамында азот (74%), оттек (25%), көмір қышқыл газы (2,8%), аргон (0,7%), гелий (0,007%) ұшырасады. ## Емдік қасиеті Минералды судың қан жүру, қозғалу және жүрек, жүйке, асқазан, кардиосклероз, радикулит, полиомиелит, гинекология ауруларына шипасы зор.Қу-Арасан минералды суының маңында 1967 жылдан "Жаркент-Арасан" шипажайы жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Рақымжан Қошқарбаев (1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы (1999). ## Өмірбаяны * 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Тайтөбе ауылына жақын орналасқан Қырыққұдық қыстағында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қуандық руы Темеш бөлімінен шыққан. * 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. қазанда Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. * 1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. * 1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор болды. * 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. * 1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды. Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті. ## Балалық шағы Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған "Штурм" деген кітабында жан-жақты баяндады.Оның балалық шагы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді. ## Әскерде Ол осындай алғашқы, жартылай әскери және қатаң шынығумен 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді.Көкшетаулық полктегі әскери қызметтің жағдайы аса ауыр болды, қала мұндай ірі әскери бөлімді орналастыруға дайын емес еді, казармаға, асханаға, сабақ өткізуге, штабқа және басқа да әскери үйымдар мен әскери қызметкерлерге арналған үйлер болмады.1943 жылдың жазында біздің полктен офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды, Рақымжан осы топқа ілігіп, Ресейдің Тамбов қаласынан қоныс аударып, Фрунзе қаласына орналасқан офицерлік училищеге келеді.Рақымжан училищенің қоғамдық өміріне белсене араласты және партия мүшелігіне кандидат болып қабылданды. Бүл жағдай салтанатты түрде өткізілді, оның әскери қызметке деген адалдығы мен ынталылығы, жақсы әскери және дене шынықтыру даярлығы да аталды.Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді.Р.Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-ші пәрменді армиясына біз 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жеттік. Армия штабы Брест маңындағы Седле стансасына орналасыпты. ## Майданда Рақымжанның майдандағы соғыстарға қатысуы мерзімді баспасөзде және көркем әдебиетте жан-жақты жазылды. Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды, Шпрееге — соңғы сулы бөгетке және Король алаңына — "Гитлердің үйіне" бірінші болып жетті. "Бірінші" дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды. Одер өзенінен өтудегі қанды шайқастан кейін оны партия мүшелігіне қабылдады. Ал партия билеті аса маңызды бекіністі және саяси маңызды мақсатқа жетудің мадақтау белгісі ретінде "Гитлердің үйінде" табыс етілді. Осында "Гитлердің үйінде" барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті. "Гитлер үйі" мен Рейхстагка дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқжаудырылған ашық алан, үстінде еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдатгарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта, жерге жабыса еңбектеумен өтті.Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бүл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Алайда Р.Қошқарбаевтың ерлігін дәлелдейтін құжаттар Кеңестік саясаттың салдарынан құпия сақталды. 1958 жылы 21 ақпанда "Лениншіл жас" газетіне К.Қазыбаевтың "Рейхстагқа ту тіккен қазақ" очергі жарық көргеннен бастап қазақ халқы Р.Қошқарбаевты батыр деп қабылдады. Тарихи ерлік жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды.Бұрынғыдай мұнтаздай, денесі тіп-тік, келбетті жігіт қалпы. Омырауын жауынгерлік "Қызыл ту", "1 дәрежелі Отан соғысы" ордендері, "Берлинді алғаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" медальдары ажарландырып түрды. "Жауынгерлік Қызыл Ту" ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті.Халық қаһарманы атағы Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден өткен еді.Батырдың жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия жөне майдандас досы Ж.Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді, оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты. ## Соғыстан кейін Рахымжан Қошқарбаев Қазақ КСР астанасындағы «Алма-Ата» қонақ үйінде директор болып жұмыс істеді. Ол екі кітап жазды: «Жеңіс туы» және «Дауыл: 1410 күн» деректі повесі (қазақ тілінен аударылған М. Құдайқұлов. – Алматы: Жалын, 1983. – 176 б.). Рақымжан Қошқарбаев Алматы қаласындағы Совет аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып үш рет сайланды. Қошқарбаев соғыс ардагерлері комитетінің қазақ бөлімшесінің президиумының мүшесі, кеңес-герман достығы қоғамының мүшесі болды. «Целиноград қаласының құрметті азаматы», «Балқаш қаласының құрметті азаматы», «Арқалық қаласының құрметті азаматы» атақтарымен марапатталған. Фашизм жеңілісінің 30 жылдығына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.1988 жылы 10 тамызда қайтыс болып, Алматы қаласындағы Кеңсай зиратында жерленген. ## Мадақтамалары №:035 бұйрығымен: 22.04.1945 ж. 79-атқыштар корпусы үшін 150-атқыштар дивизиясының 674-атқыштар полкінің атқыштар взводының командирі, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Одер өзенінен өту кезінде соғысқаныы үшін 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталады. №: 121 соққы армиясының Қарулы Күштерінің бұйрығымен: 18.06.1945 ж. 150-атқыштар дивизиясының 674-атқыштар полкінің атқыштар взводының командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі және Рейхстагтағы шайқастар үшін Қызыл Ту орденінің иегері болады. Оның барысында ол взвод жауының 200-ден астам солдаты мен офицерін жойды, 184 солдатты, қызметшілері бар 14 далалық зеңбіректерд3, 27 ауыр пулеметті тұтқынға алды. № 119 бұйрығымен 28.10.1945 ж. 674-ші атқыштар полкі үшін 150-атқыштар дивизиясының 674-ші атқыштар полкінің атқыштар взводының командирі лейтенант Рақымжан Қошқарбаев «Берлинді алғаны үшін» медалімен марапатталды. 1985 жылы 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 мамырдағы жарлығымен оған қайтыс болғаннан кейінгі ең жоғары ерекшелік дәрежесі – Халық Қаһарманы атағы берілді. ## Естелік Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 17 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының ардагері Р.Қошқарбаевтың есімін мәңгі қалдыру туралы» қаулысымен Целиноград облысындғы (қазіргі Ақмола облысы) Целиноград ауданындағы "Қосшы" ауылындағы орта мектепке оның есімі беріледі. Қазақстан Республикасының басты қаласында, Астанадағы даңғылға Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді. Ақмола облысындағы бұрын Романовка деп аталған ауылдың атауы Рахымжан Қошқарбаев ауылы болып өзгертілді. Р.Қошқарбаев тұратын Алматы қаласындағы Достық даңғылындағы №42 үйде және өмірінің соңына дейін жұмыс істеген «Алматы» қонақүйінің кіреберісінде мемориалдық тақталар орнатылды. Сондай-ақ, Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Өжет» шағын ауданындағы көшеге Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді. ### Ескерткіштер Астана қаласында Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында ескерткіш орнатылды. 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына орай Целиноград облысының аудан орталығы Ақмол ауылында жерлестер Целиноградтық Рақымжан Қошқарбаев пен Талғат Бегелдиновке бюсттер орнатылды. ### Рақымжан Қошқарбаев туралы фильмдер * 1980 — «Жеңіс әскері. Рақымжан Қошқарбаев» — «Қазақфильм» киностудиясы. * 2005 — «Рақымжан Қошқарбаев. Рейхстаг дауылы» — режиссёр Әділ Медетбаев. * 2022 — «Ұлы Отан соғысының батырлары. Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов» — режиссёр Константин Харалампидис. ## Отбасы Әйелі - Яхина Рахил Сейтахметқызы, ұлты - татар. Қызы - Қошқарбаева Әлия Рахымжанқызы. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Ту тіккен (поэма) * Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші
Қуысбек алтын кен орны - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында. Кен орнын 1930 жылы ежелгі дәуірдегі қазба жұмыстарының ізімен Евгений Дмитриевич Шлыгин (1899-1980) ашқан. ## Геологиясы мен сипаты Герлогиялық құрамында габбродиоритті дайкалармен жырымдалған рифей порфириті мен Қуысбек шоғырының кремнийлі тақтатастары бар. Кварцты-желілі және сульфидті минералдану белдемдерінен тұрады. Кварцты желілер солтүстік-шығыс және меридианды бағытта 50-70 м-ге созылған, қалыңдығы 0,5-0,7 м. Игерілген желінің жоғары бөлігінде алтынның мөлшері 150 г/т (орташа 8-10 г/т). Кен орны алаңында минералданған 4 сульфидті белдем бар, олардың қалыңдығы 3-14 м, ұзындығы 200-300 м. Ондағы алтынның мөлшері 3-5 г/т. 200 м тереңдіктен кейін алтынның мөлшері 0,4- г/т-ға дейін кемиді. ## Кен құрамы Кен құрамы пирит, халькопирит, галенит, сфалерит, кварц, турмалин, серицит, хлориттен тұарды. Сульфидтердің мөлшері кварцты желілерде 2-5%, минералданған белдемдерде 10-15% -ға дейін болады. Кен орнының қанаттары 15-20 м қалыңдықта бос түзілімдермен жабылған. ## Дереккөздер
Қалыбек (Қалибек) Қуанышбаев (1893-1968 ж.) — актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.). ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Қаракесек руы Байбөрі бұтағынан шыққан. 1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті. 1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын құруға қатысушылардың бірі болды. 1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты. 1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»), 1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты. ## Шығармашылығы Қысқа пьеса, әзіл әжуа сықақтардың авторы (жинақтар: «Острие», 1936; «Шаншарлар», 1962). ## Атақтары, марапаттары және естелік 2-4-сайлау КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2 рет Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қуанышбаев құрметіне Қарағанды, Қарқаралы қалаларында көшелер аталған. Қарқаралыдағы ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылған. ## Сахна өнеріндегі ойнау таланттары Сахна өнерінің Қалибек Қуанышбаев шыққан ең биік шыңы — М.Әуезов пен Л.Соболевтің пьесасындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай рөлі болды. Дарынды артист бүкіл қазақ халқының алтын діңгегін арқалап шыққандай көрінді. Бұл рөлді бес жылдан кейін кинода қайтадан ойнағанда режиссер Г.Л.Рошаль: "Қалибекпен қызметтес болу басшы адамға бір зор бақыт екен ғой" — дейді. Мәскеудегі көркем театрдың 50 жылдық тойында Одақтағы басты- басты театрлардың ең жақсы спектакльдерінен үзінділер көрсететілген. Қазақстаннан Шекспирдің Мұхтар Әуезов аударған "Асауға тұсауынан" үзінді көрсетіледі. Сондағы Катаринаның әкесі Баптистаның рөлін сомдаған Қалибек Қуанышбаевты жиналған сахна мамандары, ғалымдары орыстың ұлы артистері В.Н.Давыдов пен М.М.Тархановқа теңеген екен. Сахна өнерінің әйгілі саңлағы, Кеңес Одағының халық артисі Құрманбек Жандарбеков "Сахна мақтанышы" деген мақаласында: "Қалибек театрға басқаларымызға қарағанда артықша қабілетімен келген адам. Алғашқы қазақ театры бірнеше өнердің басын қосқан синтездік театр болатын. Пьеса да қоямыз, концерт те береміз, цирк ойындарын да көрсетуші едік. Қалибек осы ойындардың бәріне де қатысып, жұрт көзіне ерекше түсетін. Көрушілерді ол өзінің "Қыз ұзату", "Қой күзету" сияқты күлдіргі сықақ әңгімелерімен таңғалдыратын. Құлаққа жағымды, бояуы мол қоңыр кең дауысын сан қилы кейіпкерлері характеріне лайықтап пайдалана білетін. Қалибек — имитацияның асқан шебері. Бір өзі "Қыз ұзатудағы" бажылдақ кемпір мен балпылдақ шалды, қыз сыңсуын, бұзаудың мөңірегені мен иттің үргенін, қасқырдың ұлығанын — бәрін де айнытпай шебер бейнелеп көркем шығаратын. Ол мысқыл, тақпақ өлеңдер де шығарып, соларды сахнадан шебер орындап жүрді. Қалибек Қуанышбаев халқымыздың ауыз әдебиетін жақсы біледі. Ол Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт және де қазақ ақын-жазушыларының талай өлеңдерін жатқа айтатын. Тіл өнерінде Қалибектен асқан актеріміз болған жоқ. Бүгінгі жас актерлер алар үлгі, дәстүр осы болмақ. Өйткені актердің сөз кереметін ұқпай, сахна шеберлігін игерем деуі мүмкін емес. Актер бойындағы тағы бір артықша қасиет — өз халқының өткен өмірін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, тағы басқа өзғешеліктерін егжей-тегжейлі білуінде жатыр. Эпостық және тарихи тақырыптарға арналған пьесалардың сахналық шешімдерін, көріністерін табуда Қалибек қай режиссерге болсын әр кез консультант, ұстаз болған актер. Біз халқымыздың ескі мұраларын Қалибекше білуге үйренуіміз керек.Қалибек Қуанышбаев актерлік өнерін шыңдай, зерлей жүріп көркем әдебиетпен де көп шұғылданды. Ол "Түйреуіш" және "Шаншарлар" деген сатиралық өлеңдер жинағын шығарды. Драматург Шахмет Құсайыновпен бірлесіп, "Шаншарлар", "Ақ жаулық — көк жаулық" атты комедиялық пьесалар жазды. Қалибек Қуанышбаев өзінің қырық жылға таяу сахналық өмірінде жүз елуден астам рөлде ойнаған екен. Олардың қай-қайсысы болсын өз бояуы, өз нақышымен ерекше дараланған толыққанды образдар. Ол қазақ жас кино өнерінің өсуіне үлес қосты. Оның қатысуымен шыққан "Аманкелді", "Абай" көркем суретті фильмдері бүкіл одақ жұртшылығынан жоғары баға алғаны мәлім. Қалибектің өнердегі жолы қай-қайсымызға да үлгі. Ауыл арасынан шыққан бір топ өнерпаздар қазақтың ұлт театрының іргесін көтерген. Сол міндет табыспен орындалған сияқты", — деп жазған. Қазіргі әркім өз басын күйттеп кеткен заманда артық туған текті түлғалар ұмыт қалды-ау деген ой мазалап жүрген Асанәлі Әшімұлы Қалибек Қуанышбаев жөнінде былай деп қалам тербейді: "Қаллеки Қарқаралыдан шыққан саф алтын — самородок. Ол кісінің көрген мектебі, үлкен сахнасы — "Қоянды жәрмеңкесі". Осы жәрмеңкеде Майра Уәлиқызы, Қажымұқан Мұңайтпасов, Иса Байзақовтармен қанаттаса жүріп, бірге өнер төкті. Бір өзі бір театрға айналған "пері Қалибек" уақыт оздыра келе "сахнаның піріне" айналды. Арнайы білім алып, дүниенің оқуын тауыспай-ақ, далалық эрудициямен, топырақпен, қанмен сіңген табиғи дарынының арқасында дүниелік құбылыс жасаған Қаллекиді Шәкең ұстаз тұтты. Сол ұстазы төсек тартып жатқанда Шәкен кино түсіріп жүреді де, бір-екі айға кешігіп келеді. Шәкеңнің кіргенін сезген Қаллеки іргеге қарап, бұрылмаған күйі жатып алыпты. Шәкең болса сол баяғы еркін қалпымен "оу, шал, бұл не жатыс, тұр карта ойнайық, ақшаң бар ма өзіңнің" дейді ғой. Қалекең бұртиып, бала секілді қарамай қояды. Содан 5-10 минуттан кейін ұлы өнерпаз бақиға аттанып жүре береді. Осынау бір мінезге толы соңғы "үнсіз диалогы", ғажайып қалжыңы, зілсіз өкпесі арқылы өлімнің өзін әжуа етуін қараңызшы. Шіркін, Шәкеңнің келуін күтіп жатқан жүректі ақын болсаң қалай жырласаң да жарасар еді. Сол күні аспан түнеріп, күн күркіреп, шатырлап найзағай ойнап, ұлы актердің, өнерпаздың болмыс-бітімінің бір сәулелі, сұрапыл сәтін баян еткендей еді. Қаллекиді Шәкен туған ағасындай арулап қойды. Заманымызда өз ішімізден теңеу табылмағандай Қаллекиді "қазақтың Шепкині" дейтін. Қазір ойлап қарасақ, ол ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын Қаллеки ғана болып қалған екен. Қалекең Құнанбайды да, Абайды да сомдады. Шекспир шығармаларында ойнады. Қандай рөлде ойнамасын бәрін Абайдан іздейтін, Абайдан табатын. Үстелінде үнемі Абайдың кітабы жататын. Ол осынау алыппен ғана ақылдасатындай, тек содан ғана ләззат алатындай көрінуші еді. Демек оны "сахнаның Мұхтары" десек бек жарасатындай. "Ақан сері— Ақтоқтыдағы" Қалекең сомдаған Мылқауды мен әлі күнге ұмыта алмаймын. Жатсам да, тұрсам да көз алдыма келе береді. Теңдесі жоқ образ жасады. Біз сол қойылымда көпшілік сахнаға қатыстық. Сау адамның образын жасай алмай жүрген бала-шәкірт біздер, опыр-ай, Мылқауды қалай ойнайды екен деуші едік. Қос мұңлықтың трагедиялық халін түсінгеннен кейінгі, Мылқаудың қайғы жұтуын қалай беруді Қаллеки тапты. Әсіресе бармағын тістеп "а-а-а" деп ыңыранғанда қасында жүріп оған қарау өте ауыр еді. Қазақ бір нәрсеге қатты өкінгенде "бармағымды қатты тістеп қалдым" дейді ғой. Қалекең соны ұтымды пайдаланды. Бармағын тістеп, бірер минут тұрғанда залда да, сахнада да жыламайтын жұрт қалмайтын. Сонан кейін Ақтоқтыны көтеріп алып, әлдилеп бесік болады. Таланттың алдында режиссерлердің де дәрменсіз күй кешетін кезі болады. Кітаптағыдай былай жаз, былай ойна деу ол кісілерге жат еді. Ол техникалық шеберлікке емес, өмірдің өз мысалына, ұлттық мінез бен қасиетке ғана жүгінетін. ## Фильмографиясы * 1938 - Амангелді - Байбол * 1940 - Райхан - ақын * 1942 - Алыптың әні - эпизод * 1945 - Абай әндері - Абай * 1948 - Алтын керней - Берғалиев * 1954 - Қозы Көрпеш - Баян сұлу - Жарқын * 1957 - Ботакөзде - эпизод * 1957 - Оның уақыты келеді - Шыңғыс * 1959 - Бір түні - Жарас ата * 1964 - Алдар көсе - Ералы * 1966 - Менің арманым - эпизод ## Мінезі Қалекең өнерде қандай болса, өмірде сондай еді. Отбасында да сол қалпы. Тар дәлізде күн ұзаққа аспай-саспай, толғанып-тебіреніп, әрлі-берлі жүреді де қояды екен. Балалары "көке былай тұрыңызшы" деп әбігері шығатын көрінеді. Көзінде қара көзәйнек, қолында қара таяқ. Баяу қозғалып келе жатқан айсберг секілді болатын Қалекең. Тұла бойы толған мазмұн еді". ## Дереккөздер
Құбыла (араб.: قبلة‎ – тап қарсы бетте тұрған), – намаз оқу, азан шақыру кезінде мұсылмандардың Меккедегі Қағбаны бағыт етуі. Бастапқы кезде құбыла Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті болды. Кейіннен Алладан түскен аят бойынша құбыла Мекке қаласындағы Қағбаға қаратылды. Құбыланың Меккедегі Қағбаға қаратылуы ислам тарихындағы үлкен бетбұрыстардың бірі болып, мұсылмандардың басқа дін өкілдерінен басты ерекшелігі ретінде көрінді. Осыған байланысты оларды “құбыла мен келісім адамдары” (ахл әл-қибла уа-л-жамиа) деп таныды. Мұсылмандар қажыға барғанда ихрам шартын орындау кезінде және қажылық рәсімнің бірі – шайтанға тас ату барысында жүздерін Қағбаға қаратады. Сонымен қатар ислам қағидасы бойынша жерленген мәйіттің басы құбылаға қаратылуы тиіс. Мұсылмандар салтында малдың басын құбылаға қаратып бауыздайды. Көрнекті ислам ғұламасы ибн Араби Құранға сүйене отырып, “Намаз оқыған кезде құбылаға жүзіңді бергеніңмен, Тәңірінің ол жақта ғана емес, барша әлемде бола алатынын естен шығармау керек” дейді. Мешіттердің Меккеге қараған қабырғасында құбыла бағытын көрсету үшін жасалған қуыс (Михраб) болады. ## Тарихы ## Дереккөздер
Құдайбергенов Сарқыт Елекенұлы (20.5.1951 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарғалы а.) – химия ғылыми докторы (1991), профессоры (1994). ҚазМУ-ды (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰУ мен ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғылыми-зертеушы институттарында ғылыми-педагогикалық қызметте (1973–93), ҚР ҰҒА Төралқасының Бас ғалым-хатшысының орынбасары және шет елдермен байланыс жөніндегі басқармасының бастығы (1993–95), Полимер материалдары және технологиялары институттының директоры (1998–2002) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан «ҚазТрансОйл» ЖАҚ ғылыми-технология орт. директорының орынбасары. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты. 10 монографияның, 10 авторлық куәлік пен патенттің иегері. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Құдайкөл – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. Басқа мағыналар: * Құдайкөл – палеолит дәуірінің ескерткіші. * Құдайкөл – Ертіс алабындағы көл.
Құдаша– қазақтың халық биі. Музыкалық өлшемі 2/4. Осы аттас халық әні негізінде қойылған. Жеке орындауда биленетін, әсем ырғақты, шапшаң да ойнақы би. ## Дереккөздер
Қуырдақ — жаңа сойылған малдың өкпе—бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтан турап әзірленетін тағам. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15—20 минут қуырады. Содан кейін бауырлы салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарханға қояды. Қуырдаққа: 1 кг ет, 500 г өкпе, 500 г бауыр, 300 г жүрек, 200 г бүйрек, 300 г құйрық май, 2 бас пияз, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз қажет. ## Бал қуырдақ Көбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі — етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана қуырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтық бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған. ## Жоңқа қуырдақ Тоңазып қатып тұрған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоңқа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырнал жонғанда ет ағаштың жоңқасы сияқты жұп-жұқа болып туралады. Қуырдақтық бұл түрінде суға қайнатпай-ақ майға қуырыл әзірлеуге болады. ## Картоп қосқан қуырдақ Cиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызарғанша қуырады. Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да томат ботқасын, төрт бұрыштан туралған картоп салып, баяу жанған отқа 30—40 минут қайнатады. Бұрыш, лавр жапырағын, бұршақ, укроп, петрушка салып әбден піскенше бұқтырыл қояды. Дастарқанға қоярда түрлі көкөніспен сәндейді. Картоп қосқан қуырдаққа:сиыр еті 100 г. майы 60 г, пияз 150 г, томат ботқасы 100 г, көк 18 г, дәмдеуіштер қалауынша. ## Қара қуырдақ Кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырлық қара майға қуырылғанда қуырдақтық өңін қарайтып жібереді. ## Соғым қуырдағы Ет піскенғе дейін соғым сойған, ішек-қарын аршыған адамдарды тамақтандыру үшін дайындалады. Қуырдаққа көбінесе ірі қараның мойын еті. Мүшеленген кезде түсетін ойынды, қиынды еті, аздап өкпесі мен бауыры қосылады. Соғым қуырдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Қуырдақ еті ағаш тақтаның үсті өткір балтамен ұсақталып кесіледі. Оны дәмдендіре түсу үшін оған татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп, турап пияз салады. Соғым қуырдағын дастарқанға шаймен бірге қояды. ## Үкпе қуырдақ Етті өте майдалан турап қуырады. Үкпе қуырдақтық еті майда болғандықтан, оны суға бүктіріп қайнатпай-ақ, майға қуырың пісіруге болады. ## Дереккөздер
Құдық – гидротехникалық құрылыс. Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету және жер суландыру үшін пайдаланылады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда құдық қола дәуірінде қазыла бастаған. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысынан қазылған құдықтар анықталған. Дәстүрлі қазақ қоғамында табиғи су көздері жоқ шөл және шөлейт өңірлерде құдық көптеп қазылды. Сонымен қатар құдық мұнай, т.б. сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткей суларды аластау (топырақты кептіру) және жер асты суларының режимін зерттеу мақсатымен де қазылады. Құдық— жерасты суларын, мұнайларды, басқа да сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткейлік су ларды аластау, топырақты құрғату, немесе жерасты суларының режімін зерттеу мақсатыңда әдейі қазылатын қазынды.Қолданылуына қарай құдықтар грунт, артезиан, кәріздеу және бақылау болып 4 түрге бөлінеді. Құдықтар қазылу әдістеріне қарай шахталы (шегенді) және құбырлы деп аталады. * Шахталы құдықтар тереңдігі 30 – 40 м, ал диаметрі 0,8 – 1,5 м болатын дөңгелек не шаршы пішінді шахта түрінде қазылады. Кейбір шахталы құдықтардың тереңдігі 100 м-ге (Маңғыстау облысында), кейде 300 м-ге жетеді. Ол жер бетіне жақын жататын грунт суымен елді мекендерді және мал жайылымдарын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Олардан тәулігіне 100 м3 және одан да артық су алуға болады. * Құбырлы құдықтар бұрғылау ұңғымасы тәрізді. Олардың тереңдігі 800 м-ге жетеді. Алматы облысында тереңдігі 250 – 300 м-лік құбырлы құдықтар бар. ## Құдық төлқұжаты Құдықтың қазылу уақыты, кұдьіқ оқпаны өткен таужыныстардың кимасы, судың дебиті, оның физикалык және химиялық сипаты және т.б. деректер тіркелетін құжат. Синонимі: тіркеу парағы. ## Дереккөздер
Құйрықтөбе – ортағасырлық қалашық. ## Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, ортағасырлық Отырар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. ## Зерттелуі Қаланы 1949–51 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А. Н. Бернштам), 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. А. Ақышев) зерттеді. ## Сипаты Қазіргі орнының биіктігі 7,5 м, солтүстіктен батысқа қарай 250 м-ге созылған, батысының ұзындығы 125 м, оңтүстік-батысы 225 м, оңтүстік-шығысы 180 м болып келетін төбешік. Құйрықтөбенің оңтүстік-батыс бұрышында диаметрі 30 м, биіктігі 15 м төбешік түріндегі цитадель орны бар. Цитадель айналасында 4 мұнараның қалдықтары сақталған. Археология қазба жұмыстары нәтижесінде 7–12 ғасырлар аралығына жататын мәдени қабаттар аршылды. Бұл қабаттардан керамикалық ыдыс, құмыра, көзе, тостаған, адам мен жануарлар мүсіндері, 7–8 ғасырларлар теңгелері, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар табылған. Зерттеу барысында күйдірілген және шикі кірпіштен салынған, қабырғаларының қалыңдығы 1,5 м, ауданы 36,5х20,5 м мешіт орны анықталған. Ішінен табылған заттарға қарағанда мешіт 11–12 ғасырларға жатады. ## Тағы қараңыз * Нана (Бактрия құдайы) ## Дереккөздер
Құйрық-бауыр- құйрық майын үлкен бөліктерге бөледі, су құяды, бір қайнатып алып, баяу отта қайнатып пісіреді. Одан соң өнделген бауырды (қабаты алынған) салып, тұз, лавр жапырағын, бұршақты қара бұрыш қосады да, бауыр дайын болғанға дейін (тым пісіріп жібермей) отта ұстайды. Одан кейін құйрық еті мен бауырды осы қайнатпада салқындатады, тіліктеп кеседі. Үстелге әкелерде әрбір бауыр тілігіне құйрық етінің қабатын салады және жасыл бұршақпен, 4—5 см ұзындықта кесілген қиярмен, қызанақпен, жасыл жуамен гарнирлейді, жасыл ақжелкекті турап, бетіне себеді. ## Дереккөздер
Құйысқан– Ер-тоқым аттың мойнына қарай жылжымас үшін ердің артқы жағы мен ат құйрығының астынғы жағын жалғастыратын қайыстан не былғарыдан әшекейлеп жасалған әбзел атауы. «...Құйысқаны құйма алтын,...» (С. Сейфуллин, Шығармалар жинағы).Ертедегі түркі тілдерінде «құдүчақ» тұлғалы сөз қазіргі қазақ тіліндегі «құйымшақ» дегенді түсіндірсе, қазіргі чуваш тілінде «хыдж»—біздегі «арт, бексе» сөздерінің орнына жүреді. Бұлардан байқайтынымыз — сөздің ең алғашқы түбірі «құд», ал қазіргі қазақ тілінде ол «құй» қалпына дейін өзгерген (құй + рық). Осы деректер арқылы «құйысқан» сөзінің бірінші буынының мағынасы мәлім. Екінші түбірді — түркі тілдеріне туыстығы жақын тунгус-маньчжур тілдеріндегі «қайыс» мағынасын беретін «һошшан» тұлғасы болар деп ойлаймыз. Екі түбірді қоса келгенде «құй һошшан» тіркесі пайда болады. Сөз тіркесі біріге келіп (құй һошшан> құйошһшан>құйосһан>құйысһан>құйысқан), қазақ тілінде «құйысқан» түріне дейін өзгеріп, мағынасы —«құйрық қайыс» дегенді білдіретін болған деген топшылау жасаймыз. ## Дереккөздер
Құл Өтемісұлы – ХІХ ғасырда Талдықорған өңірінде өмір сүрген айтыскер ақын. Құлдың “Ассалаумағалейкум, Есім төре”, “Түйенің бір ұраны кебек екен”, “Атқа мініп текешік болып тұрған”, “Садырдың Нияз деген батыры бар”, “Бәйгеге маңқа айғырды қосып тұрмыз” атты жырлары сақталған. Фольклорлық мұраларды жинаушы Ә.Диваев Жетісу өңіріндегі экспедиция кезінде (1921) Құлдың “Өлең сөздің данасы сөз баққанға” атты өлеңін, т.б. шығармаларын жазып алған. Ақынның “Әкем өліп, жете алмай жастай қалдым” өлеңі “ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” жинағында жарық көрді (1985). ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Еркінбек Бекбосынұлы Құлжабаев (1935 ж.т.) – құрылысшы-инженер. ҚР инженерлік академиясының корреспондент мүшесі (1992). Құлжабаевтың басшылығымен елімізде тұңғыш рет Травники – Қостанай – Аманқарағай және Петропавл – Көкшетау – Целиноград мұнай өнімдерін тасымалдау құбырлары жүргізілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Құлжа Жолы – ежелгі керуен жолы. Бұл жол 19-20 ғасырларда Құлжа жолы деп аталып, қазіргі Ташкент, Тараз, Меркі, Бішкек, Тоқмақ, Алматы, Жаркент, Құлжа бағытымен өткен. ## Тарихы және тармақтары Орта ғасырларда Құлжа жолы екі тармаққа бөлінген: * Бірі Тоқмақ, Суяб, Баласағұн, Баршынкент, Қарақол қалаларын, Ыстықкөлдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағындағы Шығу қаласын (Үйсін мемлекетінің астанасы) басып, Құмтеке, Ақбейіт, Сарыжаз, Текес, Сумбе елді мекендері арқылы Құлжа қаласына жеткен. * Екінші тармақ Тоқмақ, Бішкек, Қарғалы, Талғар, Жаркент, Алмалы, Қорғас арқылы Құлжаға, оның бір бөлігі Талғардан Түрген, Қаракемер, Шелек елді мекендері арқылы Торыайғыр, Қулық тауларын асып, Кегеннен (қыстақ) Құмтекей қаласы арқылы бірінші жолға қосылған. ## Дереккөздер
Құлажорға кезеңі – ерте темір дәуіріне жататын тарихи-мәдени кезең. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері хронологиялық жағынан үш кезеңге бөлінеді: б.з.б. 7 – 6 ғасырлардағы майемер, б.з.б. 5 – 4 ғасырлардағы берел және б.з.б. 3 – 1 ғасырлардағы Құлажорға кезеңі ескерткіштеріне Ертіс өзені бойындағы (ұзындығы 250 км) Бөкен ауылынан Шүлбі кентіне дейінгі аралықты қамтыған Құлажорға, Қызылту, Юпитер, Малокрасноярск, Баты, Түсқайың және Славянка сынды оншақты қорым жатады. Бұл жерлерде сексенге жуық оба қазылғанымен толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Б.з.б. 3 ғасырдағы Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің түрлері мен құрылымының сипаты өзгерген. Қола дәуірі жерлеу кешендеріне тән адамды тас жәшікке қою салты кең етек жайды. Тас пен топырақ аралас дөңгелек пішінді Құлажорға кезеңі обаларының көлемі шағын (диаметрі 4,5 – 15 метр, биіктігі 0,3 – 0,5 метр). Диаметрі 30 метрден асатын обалар сирек кездеседі. Мүрделер тереңдігі 1,5 – 2,5 метр шығыстан батысқа қарай созылған сопақша пішінді қабірге қырынан қойылған, ірі гранит тақта тастардан тұрғызылған тас жәшікке салынған. Сонымен қатар тас жәшіктің ішіне ағаш жәшік қою, жай қабірдің үстін тақта тастармен жабу ғұрпы да орын алған. Өлген адамдар шалқасынан жатқызылған, басы көбіне батысқа, кейде шығысқа қаратып жерленген. Батысқа қаратылып жерленген адамдардың жанына заттар қойылмаған, тек бір жағдайда ғана бас тұсынан алтын пластина мен мыстан жасалған әшекейлер табылған. Бұл кезеңдегі жерлеу әдет-ғұрыптарына екі адамды қатарынан жерлеу рәсімі де тән. Жалпы Шығыс Қазақтан көне көшпелілерінің қоныс орындары зерттелінбегендіктен олардың мәдениетін тек жерлеу ескерткіштерінен табылған заттар мен кездейсоқ олжалар арқылы сипаттауға болады. Көшпелілердің басқа аймақтарындағы осы кезең ескерткіштерімен салыстырғанда құлажорғалықтардың жерлеу ғұрпындағы заттар жұпыны болып келеді. Көбіне адамның бас жағына қолдан жасалған құмыра тәрізді қыш ыдыс, оның жанына темір пышақ пен қой омыртқалары қойылған. Оған қарап б.з.б. 5 – 4 ғасырларда пайда болған темір пышақтар Құлажорға кезеңіде күнделікті қолданыста болған деген тұжырым жасауға болады. Осы кезеңде еңбек құралдары мен қару-жарақтарды қайрайтын төрт бұрышты, жоғарғы жағында белдікке тағу үшін жасалған тесігі бар ұзынша қайрақ тастар, ілмекті, ұзынша үшкір айналар, сегіз саны тәріздес сырғалар, т.б. заттар кең тарала бастаған. Осындай ерекше жерлеу ғұрпы тән болып келетін бұл обалар Көкпекті ауданындағы Құлажорға өзені бойында алғаш ашылып зерттелінгендіктен, шартты түрде мұның атымен тұтас бір тарихи кезең аталған. Жерленген мәйіттердің антропол. түр сипатында моңғол текті түрге аздап ұқсастық байқалады. Мұны ғұндардың шығысқа қарай өлы қоныс аударуымен, олардың жергілікті халықтарға тигізген әсерімен түсіндіруге болады. Бұл ескерткіштерді қалдырған халықтың этникалық тегі әлі толық айқындалмаған. ## Дереккөздер
Құлжа Шарты – Ресей мен Қытай арасындағы сауда келісім-шарты. 1851 жылы 25 шілдеде Құлжада қол қойылған. Ресей империясының қазақ даласындағы 18 ғасыр және 19 ғасырдың 1-жартысында жүргізген отарлық әрекеттеріне байланысты Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы шекаралары жақындай түсті. Ресей шикізат көздері мен тауар өткізу рыногін іздеу мақсатында шеткері аймақтармен қоса Орталық Азия арқылы Қытаймен сауданы дамытуды қолға ала бастады. Цин империясы Шыңжаң халқының Азия халықтарымен дәстүрлі сауда байланыстарына қатаң бақылау орнатып, бұл өлкеге Ресейдің сауда байланыстарын орнатуына тыйым салған еді. Ресейліктер Шыңжаңдағы саудасын Орта Азиялық көпестер мен қазақ би-сұлтандарын делдал ретінде пайдаланып, құпия жағдайда жүргізіп келді. Орыс өкіметі бұл өлкеде ресми түрде сауда байланыстарын орнату үшін Қытаймен 18 ғасырдан бері келіссөздер жүргізуге ұмтылды. Бірақ Қытай Орталық Азиядағы жағдайының қауіпсіздігіне алаңдай отырып, орыс үкіметінің талабына құлақ аспай келді. * 1845 жылы Ресей Шәуешек пен Құлжаға, Қашқарға апаратын сауда жолдарын зерттеп қайту мақсатымен Азиялық департаменттің вице-директоры Н.И. Любимовты арнайы сапарға аттандырды. Осы сапардың нәтижесінде Н.И. Любимов керуенді Семейден гөрі Жетісу арқылы жүргізудің әлдеқайда тиімді әрі төте жол екендігін мәлімдеді; * 1851 жылы 15 маусымда Е.П. Ковалевский бастаған елшілік қазақ даласы арқылы Құлжаға аттанып, ұзаққа созылған келіссөздерден кейін орыс-қытай сауда байланысы туралы келісімге қол қойды. Осы шарт бойынша, орыстар Құлжа мен Шәуешек қалаларында ғана сауда байланыстарын жүргізуге рұқсат алды, ал Қашғарияны қытайлықтар жабық қала деп санап, сауда жасауға рұқсат бермеді. Құлжа шарты Ресейдің қазақ жеріндегі, әсіресе, Жетісудағы ықпалының одан әрі күшейе түсуіне жол ашты; * 1854 жылы Ресей “Қытайға баратын орыс керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету” деген сылтаумен Талғар өз-нің Ілеге құяр тұсында Іле бекінісін; * 1854 жылы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің маңында Верный бекінісін салды; * 1855 жылы Көксу өзені жағасында, Шыңжаңға қарай асатын тау асуындағы Іле аңғарында Көксу бекінісін салды; Құлжа шарты орыс-қытай сауда қатынастарының дамуындағы жаңа кезеңді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар, Ресейдің қазақ және қырғыз жерлеріне тереңдей еніп, патша өкіметінің Орталық Азия шептеріндегі ықпалының одан әрі күшеюіне әкелді. ## Дереккөздер
Құлмұхаммед елшілігі – 1594 жылы Тәуекел хан Мәскеуге жіберген елшілік. Елшілік алдында патшалық Ресеймен тығыз саяси қарым-қатынас орнату, әскери одақ құру және Тәуекелдің інісі Ораз-Мұхаммедті Ресей тұтқынынан босату міндеті қойылды. Ресей бұл тұста Бұхар ханы Абдолламен одақтас болған Көшім елімен соғысып жатты. Тәуекел ханның Бұхар хандығына шабуыл жасауы Абдолланың Көшімге көмек көрсетуіне едәуір кедергі жасады. Сондықтан Құлмұхаммед елшілігін Ресей жылы қабылдады. Елшіліктің қару-жарақ сұраған өтінішіне патша өкіметі қаруланған қазақ хандығы Бұхара мен Көшім хандығына қарсы соғыс қимылдарын жүргізуі тиіс деп, ал Ораз-Мұхаммедті босату туралы өтінішіне оның орнына Тәуекел ханның ұлы Үсейін ханзаданы аманат етіп жіберген жағдайда ғана орындалады деп жауап берді. Мәскеуден Тәуекел ханға тілмәш Вельямин Степанов деген елші жіберілді. Мәскеу патшасының талабы мен қойған шарттары қисынсыз әрі өте ауыр болғандықтан қабылданбады. Мәскеумен өзара қатынастарға Тәуекел қазақ хандығының саяси тәуелсіздігін жоғалту түрінде емес, қайта Бұхара хандығына қарсы күрес үшін әскери одақ ретінде ғана қараған болатын. ## Дереккөздер
Құлқыбаев Ғабдолла Әбдіқожаұлы [4.2.1940 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ұйымшыл (қазіргі С.Сейфуллин) ауылы] – ғалым, медицина ғылымының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). Қарағанды медицина институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген (1963). * 1963 – 79 жылдары Қарағанды медицина институтында ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды; * 1979 – 81 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология ғылыми-зерттеу институтының директоры; * 1981 – 90 жылдары Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті. * 1990 жылдан Еңбек гигиенасы мен кәсіби ауруларды зерттейтін ұлттық ғылым орталығының (бұрынғы Еңбек физиологиясы және гигиенасы институты) директорының ғылыми жұмысының негізгі бағыты теориялық токсикология, өндірістік гигиена және медициналық экология мәселелеріне арналған. * Құлқыбаев - фосформен улану патогенезінің негізгі механизмдерін алғаш анықтады. Құрамында әр түрлі антиаксиданттық витаминдер, амин қышқылдары, май қышқылы және тағамдық талшықтары бар тағамның (тамақтың) улануға қарсы модификац. ықпал ететіндігін анықтады. Республикадағы гигиеналық-экологиялық ғылыми-зерттеулер бағытының тұжырымдамасын жасады. * Құлқыбаев – Қарағанды қаласының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Құлмамбет, Құланаян Құлмамбет (1826, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы Күрметті ауылы – 1906, қазіргі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген) – айтыс ақыны. Жетісуда Сүйінбай бастаған айтыс мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Албан ішіндегі Қызылбөрік руының Құланаян атасынан шыққан, Құлмамбеттің Құланаян атануы да содан. Құлмамбет жас кезінен өлең-жырға құмар болып өскен. Жетісу өңіріне әйгілі Шалабай, Асан молда, Көдек, Қойдым, Бөлтірік, Майлы, Қапез, Әбен, Сәдіқожа, Әсел, Шарғын, т.б. ақындар Құлмамбет ақыннан өнеге алып, ұстаз тұтқан. Кемеліне келген шағында Түбек, Жанақ, Бақтыбай, Тезек, Майкөт, Уәзипа қыз, Жамбыл тәрізді айтыс майталмандарымен, қырғыздың Қаламқас, Тұрсынай қыздарымен айтысқан. Құлмамбет “Мың бір түн”, “Қыз Жібек”, “Рақымжанның зары”, “Мұңлық-Зарлық”, “Туғанбай мен Қоңырбай”, т.б. дастандарды жырлаған. Құлмамбеттің айтыстары Жамбылдың жинақтарында, С.Сейфуллиннің алғы сөзімен “Жаңа мектеп” (9.10. 1926) журналында, 1942, 1964, 1965, 1988 жылдары жарық көрген “Айтыс” жинақтарында жарияланған. Шығармалары “Сөзімнің қыл сыймайды арасына” деген атпен 1998 жылы жарық көрді. Ақынның өмірі мен шығарм. жөнінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Н.Төреқұлов, М.Қаратаев, С.Садырбаев, М.Жолдасбеков, т.б. ғалымдар зерттеулер жазды. Құлмамбеттің туындылары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы Орталық ғылым кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталықтарында сақтаулы. ## Дереккөздер
Құлназар ақын (1860, қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл (қазіргі Темірбек Жүргенов) ауылы – 1918, сонда) – ақын, жырау. Кіші жүздің Шөмекей руының Сарыбай атасынан шыққан. Құлназар ақын діни сауатты болған, Шығыс қиссаларын жатқа айтқан. “Хужжаш патшаның хикаясы” атты дастаны бар. Құлназар ақын алғашқылардың бірі болып ‘’Қорқыт атаны’’ жырға қосқан. Шегебай Бектасұлы мен Ырысты қыздың жұмбақ айтысын шешуге қатысқан. Уақ Баймұрзаұлына арнауы, “Шолжаң қоңыр”, “Кербез кезең”, “Аз да болса, тола көптей” аталатын жырлары халық арасына кеңінен тараған. ## Дереккөздер
Құлбек Марат (28.5.1949 жылы туған, Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) – ғалым, технология ғылымының доктры (1998), профессор (1992). ҚазМУ-ді бітірген (1971). Алматы құрылыс материалдары ғылымы және жобалау институтында (1973 – 85), 1985 жылдан қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыстар атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері құрамында отын бөлшектері бар полифазалық керамикалық материалдардың күйдіру теориясы мен практикасына арналған. Осы бағытта ол 1976 жылдан полифазалық жүйелердегі жылу-физикалық және физикалық-химиялық процестерді зерттеумен, қор үнемдегіш көп функциялы жаңа керамикалық материалдарды жасау проблемаларымен айналысады; бейстатикалық термодинамиканың, жылу және масса алмасу теориясының озық әдістерін орынды пайдалана білді. Құлбек әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда ойлап табылған жаңа керамикалық “золокерам” материалдарының технологиясын жасаушы негізгі авторлардың бірі болды (ҚР Мемлекеттік сыйлығы, 2003). “Золокерам” материалдары Қазақстанда, шетелдік өндірісте кеңінен қолданыс тапты. Құлбектің жетекшілігімен ҚазҰПУ жанында “Қолданбалы жылу физикасы және жаңа технология” лабаоатория құрылып, жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыттары мен жетістіктері: М. Құлбектің негізгі ғылыми жұмыстары құрамында отын бөлшектері бар полифазалық керамикалық материалдардың күйдіру теориясы мен практикасын жасауға бағытталған. Бұл мақсатта ол ең алғаш болып қайтымсыз процестер термодинамикасы мен жылу және массаалмасу теориясының озық әдістерін жемісті пайдалана білді. М. Құлбекұлы әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда ойлап табылып елімізде, шетелдерде өндіріске кеңінен енгізілген жаңа керамикалық "золокерам" материалдарының қор үнемдегіш технологиясын жасаушы негізгі авторлардың бірі. М.Құлбекұлы 20-шы ғасырдың соңында алғаш болып тәжірибелік жолмен золокерамикалық материалдардағы жаңа көлемдік-беттік концентрлі-зоналық түрлі түсті эффектілерді ашты (сурет). Бұл құбылыстар «Түрлі-түсті Құлбек сақиналары» немесе қысқаша «Құлбек сақиналары» – деген шартты атқа ие болды. Мұндай құбылыстардың табиғаты әлі күнге дейін толық ашылмай отыр, олар зерттелу үстінде. Бұл ашылған жаңалықтың негізінде алынатын түрлі-түсті керамикалық материалдардың жасау тәсілдеріне 10 шақты авторлық куәліктер мен патенттер алынған. «Құлбек сақиналары» ғылым әлемінде белгілі «Ньютон сақиналарына», «Лизеганг сақиналарына», сондай-ақ табиғаттағы түрлі-түсті тастарға (Яшма, Агат, Сердолик, Кремень т.б.) ұқсас келеді. М.Құлбекұлы кейінгі жылдары «Инверсиялық үдерістер», «Фазалық түрленулер теориясы» тақырыптарына да ғылыми мақалалар жариялап, ол алғаш болып қылтүтіктіқуысты материалдар технологиясында инверсиялық эффектілердің орын алу жағдайын анықтады. М.Құлбекұлының осы жылдарда еліміздің, шетелдердің баспаларында 370-тен астам ғылыми еңбектері жарыққа шықты (монографиялар, кітаптар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми мақалалар, өнертабыс жаңалықтарына берілген авторлық куәліктер мен патенттер). М. Құлбек 1981 жылдан жоғары оқу орындарында ұстаздық қызметпен де айналысып Қазақстан Республикасында жоғары білімді, білікті мамандар дайындауға да өз үлесін қосып келеді. ## Дереккөздер
Құдияр, Худияр хан (туған-өлген жылы белгісіз) – Қоқан хандығының билеушісі. Үш мәрте таққа отырған (1845–1858; 1862–1863; 1865–1875). Билікке қыпшақ тайпасының көсемі Мұсылманқұлдың көмегімен келіп, тәжіктерді сарай маңынан ығыстырып шығарады. Бірақ 1852 жылы Мұсылманқұлды биліктен тайдырып, өлтіртті. Сарай билігі қайтадан тәжіктердің қолына көшті. Қыпшақтар көтеріліс жасап, Құдиярды тақтан тайдырды. Сарай төңкерістерін пайдаланып, ол тағы да 2 рет билікке келді. Ішкі тақталасына қоса ол Бұхара әмірлігімен, қазақ руларымен үздіксіз соғыс жүргізді. Осыны пайдаланған Ресей өкіметі хандықтан бүкіл Оңтүстік Қазақстанды және аса маңызды стратегиялық маңызы бар Ташкент қаласын тартып алды. 1862–1865 жылы Бұхара әмірлігі екі рет Қоқан қандығын басып алды. Құдияр тек Ферғана аймағына ғана билік жүргізді. 1868 жылдан бастап Қоқан хандығы Ресей бодандығына өтті. Құдияр жауларына өте қатал болды. Мысалы, Ұра-Төбені басып алғанда жауларының кесілген басынан мұнара тұрғызғандығы жайлы ел ішінде айтылады. Соғыс шығындары толығымен халықтан салық ретінде жинап алынды. Кезекті халық көтерілісі кезінде Құдияр тақтан түпкілікті айрылып, Ташкенттегі орыс әскеріне қашуға мәжбүр болды. Осыдан кейін көп ұзамай Қоқан хандығы жойылды. ## Дереккөздер
Құлтума Өтемісұлы (1860, Қарағанды облысы Нұра ауданы Жартытөбе ауылы – 1915, сонда) – суырыпсалма ақын, әнші, композитор. Алтай-Қарпықтың шонжары Аққошқар Сайдалының асында 9 күнде 18 ақынмен айтысып, бәрін жеңген. Арғын тайпасы Қуандық руы Әлке бөлімінен шыққан. Ол Шөже, Орынбай, т.б. айтыстың хас шеберлерімен сөз сайысына түскен. Құлтума Біржан сал, Кемпірбай, Жаяу Мұса, Қанапия, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Ғазиз, Иманжүсіп, Шашубай, Балуан Шолақ сияқты сал-серілермен, әнші, ақындармен аралас-құралас болған. Ақынның “Шабыт шақыру”, “Билер жөнінде”, “Өмір туралы”, “Қарттық жөнінде”, “Термелер”, “Бір ақынға” дейтін өлеңдері бар. Оның “Үш көтерме”, “Тау қиялап”, “Пау-ой”, “Шайқалма”, “Дөңбек”, “Жамал-Шамшид”, “Демалыс”, т.б. әндері ел арасына кең тараған. Бұлардың кейбіреуін халыққа жеткізген – әнші Қосымжан Бабақов. А.Жұбанов пен Л.Хамиди Құлтуманың “Үш көтерме”, “Тау қиялап” әндерін “Абай” операсында қолданған. ## Дереккөздер
Құлсары мұнай-газ кен орны — Атырау облысы Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде. ## Геологиялық құрылымы, сипаты Кен орны үш қанатты тұз күмбезді құрылымға жанаса жатыр. Төменгі бор, ортаңғы-жоғарғы юра және пермь-триас мұнайлы түзілімдерінде 21 өнімді горизонт бар. Олар төменгі бор (152 – 382 м тереңдікте), юра (190 – 382 м тереңдікте), юра (190 – 1265 м), пермь-триас (1149 – 1256 м) тұсында түзілген. Төменгі бор кезеңіндегі мұнайлы шоғыр биіктігі 2 – 46 метр, юрада 19 – 70 метр, пермь-триаста 60 – 74 метрге жетеді, ал газды шоғырлардың биіктігі юрада 9 – 39 метр, пермь-триаста 5 – 60 метр. Төменгі борда мұнай қаныққан қабат қалыңдығы 6,5 – 13,5 метр, юрада –3 – 14 метр, пермь-триаста –6,5 – 31 метр. Юра шоғырының газ қаныққан қабаты 2 – 6,8 метр, пермь-триаста 4,2 – 19 метр. Төменгі бор горизонттарының ашық кеуектігі 30%, юрада 18,5 – 26%, пермь-триаста 24,7 – 26%; осыған сәйкес өткізгіштігі 0,387 – 1,1 мкм2, 0,0049 – 0,45 мкм2, 0,063 – 0,687 мкм2. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,7 – 0,8, газға қанығу коэффициенті 0,7. Мұнайдың бастапқы тәуліктік өнімділігі 0,3 – 36 м3. Бастапқы газ факторы 13 – 306 м3/т. Бастапқы қабат қысымы 1,8 – 15 МПа, температурасы 16 – 53°С. ## Құрамы Мұнай тығыздығы 0,785 – 0,919 г/см3, күкірті 0,02 – 0,35%-ды, парафині 0,57 – 2,0%-ды құрайды. Газ құрамы: метан 32,5 – 83,7%, этан 2,3 – 23,4%, пропан 2,3 – 23,6%, изобутан 10,3%, бутан 10,1%, азот 3,4%, көмір қышқыл газ 0,8 – 5,8%. Қабат суы хлоркальцийлі, тығыздығы 1,075 – 1,146 г/см3 және минералдығы 112,8 – 222,3 г/л.
Құлан Алдабергенұлы (1861, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақтөбе ауылы – 1934, сонда) – ақын. Бала кезінен батырлық қисса-дастандарды жатқа айтып, ел арасына ерте танылған. Өлең шығарып, ауыл адамдарының оғаш мінез-құлықтарын мінеп, сүйіспеншілік, достық, ынтымақ тақырыптарына қалам тарта бастайды, өз замандастарымен айтысып, бақ сынайды. Құланның Шегір, Перне қыздармен айтыстары сақталған. Ақын бертін келе ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік тақырыбына шығарған өткір өлеңдерімен танылды. Құланның “Достық”, “Әйелдер бар әр түрлі”, “Бұл дүниеде не ғаріп?”, “Аузымда өлең деген алмасым бар”, “Адам боп дүниеге жаралған соң”, т.б. толғау жырларынан өмір мен адамшылықтың мәні туралы философиялық ой-түйіндері айқын аңғарылады. Ақынның үш мың жолдан астам жыр шумақтары Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Құмалақ Тарту– болжам жасаудың ертеден келе жатқан түрі. Құмалақ Тартуға қойдың қырық бір құмалағы немесе көлемі соған ұқсас ұсақ тастар, өсімдік дәні пайдаланылады. Құмалақты орамал жайылған үстелдін бетіне араластырып лақтырып, орналасу наәтижесіне қарай оқып болжау. ## Дереккөздер
Құм – ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді тау жынысы. Құрамында әр түрлі минералдар мен тау жыныстарының түйіршіктері бар. ## Топтары Пайда болу тегі жағынан құмдар бірнеше топтарға бөлінеді: * көлдік * теңіздік * флювиогляциалдық (сулық-мұздық) * элювийлік * делювийлік * пролювийлік және эолдық (желдік). ## Түйір мөлшеріне қарай жіктелуі * Өте ұсақ түйірлі (0,05-0,1 мм) * Ұсақ түйірлі (0,1-1,00 мм) * Ірі түйірлі (1-2 мм) Саз алеврит мөлшерінің молаюына қарай алевритті құм , сазды құм болып ажыратылады. ## Түстері Құрамындағы тау жыныстарының, минералдардың және олардың сыртын қаптаған әр түрлі минералдық заттардың түсіне сәйкес құм ақ, сары, қоңыр, қара, қызыл, т.б. түсті болады. ## Қасиеті Құраушы бөліктерінің ірілігі әр түрлі және қуыстылығы жоғары (20%-дан астам) болғандықтан құм су, мұнай, газ сияқты заттарды бойына жеңіл сіңдіреді.Құм құрамында алтын, платина, алмас, сапфир, лағыл, циркон сияқты сирек минералдар көп шоғырланса, пайдалы қазынды болып саналады. ## Пайдалануына қарай топтары * Жаппай - автомобиль және темір жол құрылысында, бетон, цемент ерітіндісін даярлауда, силикаттық құрылыс материалдарын өндіруде және басқа салаларда пайдаланылатындар жатады. * Арнаулы мақсатта - құю өндірісінде (формалық құмдар), отқа төзімді материалдар (динас), фарфор - фаянс, әйнек, абразивтік материалдар (қайрақ, егеу) өндіруде қолданылатындар жатады. ## Дереккөздер
Құман, құмған — қолға су құюға арналған, шойыннан, мыстан жасалған тұтқалы, қақпақты, шүмекті сопақша ыдыс. Құман кей жағдайда шай қайнатуға да пайдаланылған. Сәндік бұйым ретінде тұтынуға арналған, күмістен, алтыннан жасалған құмандар да болады. Құман әуелде қолөнершілер шеберханасында құйылып жасалған. ## Дереккөздер
Құлшар Бақтыбайұлы, Қырықмылтық Құлшар (19 ғасыр, Маңғыстау түбегі, Үстірт өңірі – қайтыс болған жылы белгісіз) – күйші. ## Өмірбаяны Адай руының қырықмылтық атасынан шыққандықтан ел арасында «Қырықмылтық Құлшар» атанған. Абыл күйшіден өнеге алған. Құлшардың күйлері Мұрат, Шамғұл, Алым, Орлыбай, Сержан, тағы басқа домбырашы-күйшілердің орындауында халық арасында кеңінен тараған. ## Шығармашылығы «Қырықмылтық Құлшардың қызбен және оның шешесімен күймен айтысуы» аталатын бірнеше күйі бар. Күй сайысында Құлшар «Қыз қамаған», қыз шешесі «Кербез» («Кербез Керік» деп те аталады) күйлерін тартады. Бұл күйлерді халық арасына Құлшардың өзі орындап таратқан. Құлшардың күйлері – үздік, ақпа-төкпе виртуоздық өнер туындылары. Академик А.Жұбанов кезінде Құлшардың күйшілік өнерін ерекше бағалаған. ## Дереккөздер
Құмандар– түркі тілдес көшпелі халық. 11 ғ-да Еділ бойынан Дон өзені мен Қаратау жағалауына келген. 12 ғ-дың басында Киев княздігінің қысымымен Құмандардың басым көпшілігі өзге мекендерге қоныс аударған. Дон бойында Сары ханның аз ғана ордасы қалған. Басым көпшілігі Алты ## Дереккөздер
Құмкент– ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорғаннан 37 км жерде орналасқан. 1946 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Марғұланның пікірінше, Құмкент араб деректерінде кездесетін Камукент қаласының орны. Ол 13–14 ғасырларда Таластан Сайрамға қарай созылған керуен жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған. Құмкент айнала қорғаныс дуалмен қоршалған. Базары дуалдың сырт жағына орналасқан. Қазіргі уақытта қаланың қираған орны төбеге айналған. Биіктігі 20 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 450 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 300 м. Жоғарғы бетіндегі алаңның аумағы 200х160 м. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қабырғаларын жағалай салынған дуалдың орташа биіктігі 0,5 м. Алаңның оңтүстік шетінде тік бұрышты, ауданы 28х30 м, биіктігі 0,5–11 м болатын қамал орны бар. Қалашықтың сыртқы жағында 3 м жерден қаланы қоршаған биіктігі 1,5–2 м дуалдың орны сақталған. Оның сыртынан қазылған ордың ені 10–20 м. 20 ғасырдың 50-жылдары жүргізілген қазба кезінде түрлі ғимараттар орны ашылып, археологиялық материалдар: ыдыстар, мөр-сақина, ұршықтың бастары, т.б. заттар табылды. Табылған ескерткіштерге қарағанда қаланы адамдар 10–15 ғ-ларда мекендеген. Деректерге қарағанда шығыстан Талас өзені, Қаратаудан Бүркітті мен Шабақты өзендері құйған кезде тасыған су Мойынқұмның күнгей бетімен, Шу өзенімен қапталдаса ағып осынау "Ақжайқын", "Жабыкөл", "Телікөлге" құйған екен. Өзеннің арнасы күні бүгінге дейін сақталған. Құмкенттің айналасы "Мыңкөл" аталып, олардың негізгілері Ақжар, Үйреккөл, Қаракөл, Теспе, Домалақкөл, Бүйреккөл, Егізкөл, Қоржынкөл деп аталған. Ну қамыс өскен көлдердің арасына орналасқан Құмкент шаһарының ертеректе "Көкарал" аталуы да осыдан болса керек. ## Дереккөздер
Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы (1.7.1937 ж.т., Алматы қ.) – техникалық ғылым докторы (2003). ҚР және Халықаралық инженерлер академиясының академігі (1992), Қазақстанның құрметті инженері (2001). Қазақстан бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы , оның ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның қайын атасы және миллиардер Тимур Құлыбаевтың әкесі . Дулат тайпасының сиқым руынан шыққан.. ## Қызметі Алматы қаласындағы құрылыс мекемелерінде инженер, басшылық қызметтерде (1961–83) болды. Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы (1983–85), Гурьев (қазіргі Атырау) облысы партия комитетінің 1-хатшысы (1985–90), Республика мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының 1-орынбасары, төрағасы (1990–93), ҚР Тұрғын үй және құрылыс министрі (1993–94 және 1995–97), ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы "Материалдық қорлар жөніндегі" мемлекеттік комитет төрағасы (1994–95), ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрілігіне қарасты Тұрғын үй және құрылыс саясаты комитетінің төрағасы (1997–98) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан «Жібек жолы – Қазақстан ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті. ## Марапаттары «Новые ресурсосберегающие технологии модифицированных строительных материалов» (Түрлендірілген құрылыс материалдарын үнемдеудің жаңа технологиялары) тақырыбында докторлық диссертация қорғады. ҚР Мемлекетінің (2003), ЮНЕСКО-ның Халықаралық сыйлықтарының лауреаты. «Отан» (1997), Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Отбасы * Үлкен баласы — Талғат Құлыбаев — ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының бастығы (2010-2018), Оңтүстік-шығыс көлік басқармасының басшысы (2005-2010), Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің бастығы (2000-2005), заң ғылымдарының докторы, полиция генерал-майоры. Әйелі - Нәйлә Бегалықызы Құлыбаева (тумасында Тоқалова) - жылжымайтын мүлікті жалға беру , пайдаланумен айналысатын екі компанияның және мейрамхана бизнесі мен тамақ жеткізумен айналысатын компанияның басшысы.Балалары:Бексұлтан (1984 жылы туған) - «Теміржол Құрылыс-Атырау» ЖШС Ақтөбе филиалына , шикі мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын компанияға және 2010 жылы құрылған несие серіктестігіне иелік етедіӘлібек (1989 жылы туған) * Балалары: * Бексұлтан (1984 жылы туған) - «Теміржол Құрылыс-Атырау» ЖШС Ақтөбе филиалына , шикі мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын компанияға және 2010 жылы құрылған несие серіктестігіне иелік етеді * Әлібек (1989 жылы туған) * Кіші баласы Тимур Асқарұлы Құлыбаев — Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті (2016 жылдан бастап), Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті (2015-2024), «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» (2009-2011) және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» Директорлар кеңесінің төрағасы (2008-2012). Әйелі - Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева (ҚР бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы, 1967 жылы туған). Forbes журналына шыққан дүние жүзіндегі миллиардерлер тізіміне Орталық Азиядан енген жалғыз әйел (2019 жылдың мамыр айында оның жеке өзінің дәулеті 3,1 миллиард долларға бағаланған). Тимур ұлынан көрген төрт немересі бар: Алтай (1990 ж.т) , Дениза (2004 ж.т) , Нәби (2008 ж.т) және Алишия (2010 ж.т ). ## Дереккөздер
Құмкөл мұнай-газ кен орны — Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Қызылорда облысы Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 150 км және Павлодар-Шымкент мұнай құбырынан 230 км батыста орналасқан. 1983 жылы іздеу-барлау нәтижесінде анықталып, 1984 жылы алғашқы ұңғыманы бұрғылау барысында төменгі неоком түзілімдерінен мұнай алынған. ## Геологиялық құрылымы Кен орны тектоникалық жағынан Сорбұлақ көтерілімінің Арысқұм ойпатынан жапсарлас аймағындағы төменгі неоком мен юра түзілімдеріндегі қабаттардан тұрады. ## Жатыс сипаты Өнімді қабаттың тереңдігі 1063-1270 м. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 19,3-23,7%, өткізгіштігі 0,17- 1,13 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,58-0,71, газға қанығу коэффициенті 0,57-0,72. Бастапқы қабат қысымы 11,5-13,76 МПа, қабат температурасы 49-56 °С. 7 мм штуцерде мұнайдың тәуліктік өнімділігі 125,8 м3, газ 93,8 мың м3. ## Құрамы Бор және юра шоғырларының мұнайларының құрамы ұқсас. Тығыздығы 0,812-0,819 г/см3, күкірт 0,11-0,52%, парафин 10,8-11,5%, асфальтен 0,11-0,92 %, шайыр 4,8-8,42%. Газ құрамында күкіртсутек — 0,02-0,07%, азот — 3,1-10%, көмірқышқыл газ — 0,5-0,9% және гелий 0,01-0,1%. Қабаттағы сулар хлоркальцийлі, минералдылығы 49,784 г/л. Су құрамында бром, литий және стронций кездеседі. Кен орны игерілуде. ## Дереккөздер
Құмкөл титанды кен қайраңдар тобы - Қостанай облысы Қамысты ауданы, Аралкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы мен сипаты Құмкөл титанды кен қайраңдар тобының титандық минералдануы палеоген шөгінділеріне жақын орналасқан. Геологиялық кесінділері кенқайраң көлемінде шаған шоғырының көлденең қабатты жасыл сазбалшықтарынан (эоцен - олигоцендік) басталады. Сазбалшықтар арасынан кейде қалыңдығы 1-2 м құм қабаттары (кварц - глауконитті) кездеседі. Одан жоғары екі фацияға бөлінген қотанбұлақ шоғырының шөгінділері орналасқан. ## Сипаты Құмкөл титанды кен қайраңдар тобы төрт өндірістік кентастық денелерден тұрады. Олардың ішіндегі ең ірісі және титаны көбі шілікті шоғырының шалқарнұра қабаттарына жанасып жатыр. Қотанбұлақ және шағрай шоғырларының кендері ұсақ әрі титаны аз. Сонымен қатар Құмкөл титанды кен қайраңдар тобы өндірістік маңызы бар батыс, орталық және шығыс кентастық шоғырларға бөлінеді. Қоры және мөлшері жағынан ең ірі орталық кентастық шоғырдың ұзындығы 22 км, ені 2 – 9 км, қалыңдығы 7,3 м. ## Құрамы Құмдардың минералдық құрамында кварц (65 – 90%), дала шпаты (7 – 30%), слюда (3%), ауыр фракциядағы кентастық минералдар (6%-дай) бар. Кен бойынша кен байлықтарының орташа мөлшері: ильменит 21,9 кг/м3, рутил 3,8 кг/м3, циркон 4,0 кг/м3. Кентасты құмнан 84,11% ильменит, 98,92% рутил, 64,9% лейкоксен, 99,2% циркон концентраттарын алуға болады. ## Дереккөздер
Құмсай мұнай кен орны – Ақтөбе облысы, Темір ауданында, Темір қаласынан оңтүстікке қарай 70 км жерде. Кен орнының құрылымы 1948 жылы геологиялық түсіріммен анықталып, барлау жұмыстары 1959-1963 жылдары жүргізілген. Кен орны 1960 жылы К-І ұңғымасын тексеру кезінде ашылған. ## Геологиясы мен сипаты Өнімді горизонт ортаңғы юра шөгінділерінде (жатыс тереңдігі 270-285 м) қалыптасқан. Мұнайға қаныққан қабат 7 м, кейде 23 м, сіңіру коэффициенті 0,8. Ашық кеуектілігі 18%, өткізгіштігі 0,688 мкм2. Жабыны ортаңғы юра саздары және юра шөгінділеріне шайыла жайылған Готерив жікқабатының сазды қабаттарынан түзілген. ## Құрамы Мұнайы ауыр (0,939 г/см3), күкіртті (0,71%), парафині аз (0,36%), мол шайырлы (32,2%). Бастапқы қабат қысымы 2,26-2,46 МПа, температурасы 13°С. Ұңғымалардағы мұнайдың тәуліктік өнімділігі 0,82-2,5 м3, газ қанығушылығы 1,2-1,9 м3/т. Мұнайдағы еріген газ құрамы бойынша ауыр, этанды. Ауыр көмірсутектердің үлесі 40%, метан 58%, азот 0,15%. ## Дереккөздер
Құмқала 1,2 - орта ғасырлардағы қоныс орны.Қызылорда қаласынан батысқа қарай 110 км жерде орналасқан. 1946–48 ж. Хорезм археология-этнографияның экспедиция (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеп, Құмқала-1 аумағынан бірнеше бекініс мұнараларының орнын тапқан. Қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген жәдігерлер, көне арықтардың орындары табылған. Құмқала-2 Аққолқа а-ның оңтүстік-батысында 20–25 км жерде, Жаңадария өз-нің сол жағалауында орналасқан. Қаланы 1980–90 ж. жергілікті археологтар (Л.Толстова, Т.Мамиев) зерттеген. Қазір аум. 600х500 м төбешік. Құмқаладан табылған материалдар (құмыра, тостаған, көзе, саптыаяқ секілді әр түрлі заттар) қаланы адамдар 12–14 ғ-ларда мекен еткенін дәлелдейді. ## Дереккөздер
Құлыншақ Кемелұлы (1840, Созақ ауданы, Жартытөбе аулы — 1911, сонда) — ақын. Қоңырат тайпасы Саңғыл руынан шыққан. "Көлбайға", "Дүйсенбі датқа", "Құдды мініп, құланды құрықтап жүр" толғаулары, "Шырын-Шекер" дастаны, "Оңдыбайға", "Майлыға", "Мәделіге", т.б. өлеңдері бар. Құланшақ Майлықожа, Шөже, Тама Берекет, Молда Мұса, т.б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосының толық нұсқасын жырлаған. Ж.Жабаев Құланшақтың ақындық шеберлігін жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құланшақ қолжазбаларын Орта ғылыми кітапхана қорына тапсырған. Құлыншақ ескіше сауат ашып, Шығыстың қисса- хикаяларын көп оқыған. Өлең шығарып, терме, жыр айтқан. "Көлбайға" "Дүйсенбі датқаға" дейтін толғауларында ел билеушілердің жүгенсіз іс-әрекеттеріне наразылық білдіреді, жауға қарсы күресте ел бастаған батырларды дәріптейді. "Шырын-Шекер" дастанында, "Оңдыбайға", "Майлыға", "мөделіге", т.б. өлеңдерінде Құлыншақтың ақындық шеберлігі айқын көрінеді. Құлыншақ Сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже, т.б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорына тапсырған. ## Ақын Құлыншақ Кемелұлының араб әдебиетімен байланысы Өз заманында, көзінің тірісінде-ақ атақ-даңқы алыс-алыс аймақтарға тараған күнгейлік ақын – Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911ж.ж.) Бұл кісі күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының бірі. Туған жері Оңтүстік өңірі. Туған жылына келер болсақ 1840 жыл. Дегенмен Ә.Оспанұлы былай дейді: «1983 жылы жарияланған «Қаратау атырабының ақындары» атты кітабымызда, ол кісі жайында тақыл-тұқыл ғана мәлімет беріп өте шыққанымыздың негізгі себебі де міне осы болатын. Ондағы деректерді бізге беруші Құлекеңнің ең кенже баласы, ол кезде 63-64-тердегі Исахан ақсақалды, Исакеңнің айтуында ақын 1831 жылы туып, өмірінің ақырғы кезеңінде Меке сапарына кетіп, содан қайтар жолда 1901 жылы қағына тиген қатты дертке ұшыра қайтыс болған делінгенді. Бірақ кейінгі Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор Рахманқұл Бердібаев «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты кітабында (1967) және біздің мәліметті ұстанған профессор Ханғали Сүйіншәлиев жазып, жариялап жүрген соңғы зерттеулерде Құлекеңнің дүниеге келген – кеткен уақыттары 1840-1911 жылдар межесінде көрсетіліп, ол Қазақ-Совет энциклопедиясында (7-том, 31 бет 1975 ж.) жарияланып та жіберілді. «Бес ғасыр жырлайды» (2-том, 228-бет 1984 ж, 75-бет 1989 ж.) кітабында, Ақын Құлыншақ қазіргі Шымкент облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе кеңшарында 1840 жылы туылып, 1911 жылы сол жерде қайтыс болған, - делінген. Құлыншақ ақын діни сауатты, араб әлемінен азда болса да хабары болған адам. Ал жоғарыда аталған кітаптардың ішінде Құлыншақты тым діндар қаламгер етіп көрсетуден көрінеу қашқақтаған. Дегенмен біздің ақиқаттан аттағанымыз дұрыс болмас. Ол кісінің діни сауатты әрі діндар қаламгер болғандығы айдай анық нәрсе емес пе? Діндарлығының ең негізгі белгілерінің бірі, ол кенже ұлы Исахан айтқандай, Исламның бес парызының бірі болған қажылықты орындауы. Бұл кісі өмірінің соңында қасиетті Мекке қаласына, қажылыққа барып келген. Құлыншақ Кемелұлының өмірбаянын ақын Сұлтанбек Аққожаев өлеңмен келтірген екен. Өлеңнің соңғы шумақтарында, Құлыншақтың Меккеге барғандығын былайша баяндаған: Айтайын уақытында болған ерді,-Ел берген дүниенің арқасындаМекке мен көріп қайтты Мединені. Діндарлығына екінші бір дәлелді оның Майлықожамен айтысында көре аламыз. Қысқаша тоқталсақ, Исламның бес парызының біріншісі тілін кәлимаға кәлтіру, яғни: «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту. Осы сөзді айтқан адам мұсылман болып есептеледі. Енді ақының осы сөзді (кәлиманы) айтқан өлең жолдарын келтірейін: Қожеке, екенсіз ғой ақылсыз жан,Басында айыбың көп мың менен сан.Келмегейдің баласын кәпір дейсіңЛә иләһә иллалла мен мұсылман. Ақын өзінің діндар әрі мұсылман болғандығын мақтан тұтқан адам екендігін мына жоғарыдағы өлең жолдарынан байқауға болады. Бұл нәрселердің барлығы Құлыншақ ақынның шығармаларының араб әдебиетімен, мұсылманшылықтың негізі болған Құранмен байланысы бар екендігін көрсетеді.Сол заманда тек Қүлыншақ ақын ғана діндар қаламгер болмаған. Өзімсн қатарлас, замандас ақындар да діни сауатты болған. Бұл сөздеріміздің бірден бір дәлелі, ол кісілер сөйлеген сөздерінде, айтқан өлендерінде Алла есімін, діни қағидаларды естен шығармаған. Араб әдебиетіне де жақындықтары болған. Себебі олар өз өлеңдерінде араб сөздерін (сол сездердің баламасы казак тілінде бола тұрса да) қолданған. Мәселен Құлыншақ ақынның "Қисық ақынмен тілдесу" атты өлеңінде мынадай жолдар бар: Максұдың Алла Тағала бергеннен соң.Міндіңіз алтын таққа осы кезде.Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың,Құдайым аямасын берген бағын. Енді осы өлеңдегі араб сөздері мен діни ұғымдарды карастырайық:Біріншіден: әр бір нәрсені Алланың беретіндігін мойындаған, ал екіншіден берген нәрсесін алушы да Құдай екендігін тағы да айтып кеткен.Араб тіліне жақындығын айтар болсақ: өлеңде «мақсұд», «мүбәрәк» деген араб сөзері қолданылған. Ол кісі мақсұдың сөзін келтірген. Бұл негізгі мақсаты, ниет етілген нәрсе. Мағынасын "сұрағаның" десек те болады. Ақын араб сөзінің орнына өз сөзімізді қолданса болар еді ғой. Бірақ олай етпеген. Ақын бұдан кейінгі қатарда араб-қазақ сөздсрін қатар қолданған. Өлеңдегі «мүбәрәк» сөзі қазақша «құтты болсын» деген мағына білдіреді. Атап өткен , мүбәрәк сөзі бір ғана құтты болсын деген мағына емес, басқа да мағыналар береді. Мысалы: көрікті дегсн сияқты. Ақын осы мағынадағы мүбәрак сөзін Майлықожамен айтысқан кезінде былай қолданған: Қожаеке, есенсіз бе, сәлем бердік,Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік. Кей кездерде Құлыншақ ақын араб сөздерін, қазақ өлендерінің ұйқастарында қолданған. Мәселен: Құлыншақ пен Майлықожаның айтысына үңілейік. Онда Құлыншақтың мынадай сөздері бар: Қалай-қалай қожа едің аузың залымСыртында кім болсаң да, ішің мәлім.Құдай бергсн дәулетім менің калың,Ықырар болсаң, тапқаның менін малым. Бұл жердегі «залым» (мағынасы арамы, зұлымдық көрсетуші адам), «мәлім» (мағынасы белгілі) ол араб сөздері. Қазақ залым сөзін жиі қолданады. Ал мәлім сөзі де көп қолданғанымсн онымен теңдей қолданыста жүретін өзіміздің "белгілі" сөзіміз бар емес пе? Бар болса да бұл кісі араб сөзін қолданған. Қолдану себебі сөздің бір біріне жақсы ұйқасып, жеңіл айтылуына байланысты.Қорыта айтқанда Құлыншақ Кемелұлы заманының көрнекті ақын болған. Бір өкініштісі Құлыншақ жайлы деректер жоқ емес, дегенмен жоқтың қасы. Әсіресе шығармалары, өлең жырлары осы күнгі шығарылған кітаптарда аз ғана. Мәселен «Бес ғасыр жырлайды» кітабында ары кетсе он ғана өлеңі жарым жартылай берілген. Десек те Құлыншақ ақынның бізге жеткен өлең жырларын көзіміздің ағы мен қарасындай бағалай білгеніміз жөн болар. ## Дереккөздер
Құнақ(Frіngіllіdae) – әнші торғайлар отрядына жататын тұқымдас. * Жер шарында кең таралған, 33 туысқа бірігетін 133 түрі, ал Қазақстанда 18 туысы, 32 түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 10-22 см, салмағы 7-100 г-дай. * Басы домалақ, мойны қысқа. Көп түрінің тұмсығы жуан әрі мықты. Мекиені қоразына қарағанда ашық реңді келеді. Топтасып ұшады, көбейген кезде жеке-жеке жұп құрады. Жұбымен жүріп ағаштың бұтағына, жерге, жартас жарығына ұя салады. Кейде ұясын өсімдік сабағы не бұтағынан тоқып та жасайды. Табақша тәрізді ұясының аузы ашық болады. * Ұядағы 3-7 шұбар жұмыртқаны мекиені 2 аптадай басады. Құнақтар өсімдік және оның дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Құнақтардың ішінде Арал теңізінен Алакөл ойпаңына дейінгі аймақта кездесетін — шөл Құнағы (Rhodospіza obsoleta) бар. Бұл салмағы 22 — 28 гр-дай болатын кішкентай құс. Реңі қоңырқай құм түстес, бауыры ақ, құйрығы мен қанаттары ақшыл қауырсындармен көмкерілген. Қанаты жылтыраған қызғылт дақты. Тұмсығы қара түсті. * Жыл құсы ұясын ағаш, бұта басына салып, онда 4 — 6 көгілдір, ақ түсті жұмыртқасын басады. Наурызда ұшып келіп, қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Бір жылда 2 рет балапан ұшырады. Тек дәнмен қоректенеді. Құнақтардың 3 түрі және 1 түртармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Торғайтәрізділер
Күләш Құнантайқызы Құнантаева (3 наурыз 1931 жылы, ШҚО, Ұлан ауданы, Шомқора ауылында туған) — ғалым. Қоғам және мемлекет қайраткері. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының және ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. ## Толығырақ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты (1952, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1952–54), Алматы облысы жастар одағының хатшысы (1954–59), Қазақ КСР-і ЛКЖО ОК-нің хатшысы (1959–64), Қазақ КСР-і Жоғары және орта білім беру мин-нің орынбасары (1964–67), Алматы шет тілдері институтында (қазіргі Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері университеті) проректор (1967–68), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында ректор (1968–84) қызметтерін атқарды. 1984 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі, профессор болып қызмет атқарады. «Развитие женского образования в Казахстане (1920–1975 жж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің 9–10-шақырылымының депутаты. ## Ғылыми атақтары * 1981 жылы Педагогика ғылымдарының докторы (ғылыми атағы); * 1982 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.; * 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; * 2002 жыдан Грузия ұлттық ғылым академиясының академигі; * 2005 жылдан ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі. ## Мемлекеттік марапаттары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. * КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені; * КСРОның «Халықтар достығы» Ордені; * КСРО көптеген медалдармен марапатталған. * 1965 жылы «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағы; * 1980 жылы «КСРО Жоғарғы мектебінің үздігі» атағы; * 2000 жылы «Жыл адамы» сыйлығы; * 2000 жылы ебасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Құралай, құралайдың салқыны — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері; табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан амал. Көбінесе адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық жел еседі не жауын-шашынды болады. Осы кезде киік лағы (құралайы) аяқтанады. ## Дереккөздер
Құн — тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы — экономикалық теория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі. Экономика ғылымында бұл мәселеге екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Классикалық және маркстік теорияда құн жеке адамға қатысы жоқ санат ретінде қаралып, ұсталған не жұмсалған шығын бірінші орынға қойылды. Еңбек құны теориясы тұрғысынан ол тауар түріндегі затқа айналған сапа жағынан бір текті абстрактілі қоғамдық еңбек болып табылады. Құн тек айырбас үдерісінде ғана жұртшылыққа танылған жеке еңбек өнімдеріне, яғни қоғамдық тұтыну құны бар тауарларға тән. Тауар құнының мөлшері рынокта еркін белгіленеді және қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен айқындалады. Құн ақшаға айналдырылып бағаланатындықтан, нарықтық экономикада жетекші рөл атқарады. Құн заңы — нарықтық шаруашылықтың реттеушісі, ол тауар өндірісінің, нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды. Жаңа классикалық мектеп құнды пайдалы нәтиже деңгейімен айқындалатын және белгілі бір уақытта мұқтаждыққа айналып отырған пайдалы, қажет нәрсенің сирек кездесетіндігіне тәуелді субъективті санат деп есептейді. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды деп есептейтін экономикалық теорияның бұл бағытын экономистердің көбісі қолдайды. Құн мәселесін шешуге принципті жаңа көзқарасты — шекті пайдалылықты талдау көзқарасын таратушылар: ағылшын У.Джевонс (1835 — 82) пен А.Маршалл (1842 — 1924), австриялық К.Менгер (1740 — 1821), Ф. фон Визер (1851 — 1921), Э. фон Бм-Баверк (1851 — 1914), швейцариялық Л.Вальрас (1834 — 1910), америкалық Дж.Б. Кларк (1847 — 1938), швед К.Виксель (1851 — 1926). Мұндай көзқарас құндылық белгілі бір затқа тән нәрсе емес, ол тек заттың пайдалылығы туралы және оның біздің мұқтажымызға қаншалықты сай келетіні туралы түсінігімізді көрсетеді деген пайымдауға негізделді. Құн теориясындағы басты жаңалық — игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Белгілі бір игілік бірлігінің әр түрлі құндылығы болуы мүмкін емес. Сондықтан құн игіліктің шекті мөлшерімен айқындалады. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық (фр. margіnal — шекті) деп аталады. Шекті пайдалылық теориясы “жаңа классикалық экономикалық талдау” немесе саяси экономиядағы екінші классикалық жағдай деп аталды (біріншісі — А.Смит (1723 — 90) пен Д.Рикардо (1772 — 1823) заманында жасалған). Шекті пайдалылық теориясын таратушылар жеке-дара экономикалық талдауға салыстырмалылық (релятивизм) қағидасын қолданды, бірақ оны жалпы шаруашылық жүйені талдауға қолданбады. Жалпы жүйеде еңбектің көмегімен нені өндіру керектігін айқындау үшін оның меншікті құны белгілі болуға тиіс. Бірақ еңбектің құндылығын білу үшін еңбек өнімінің құндылығын білу қажет. Бұл түйткілдің шешімі — шекті пайдалылық теориясы мен классик. Құн теориясын жинақтау, яғни екі құндылықты өзара бірлікте және бір мезгілде айқындау әдісін қолдану. Жаңа жүйені жақтаушылардың көзқарасы бойынша, құн шамасы рыноктағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігімен байланысты, ал тепе-теңдіктің өзі тепе-тең тәуелсіз күштер ретіндегі пайдалылық пен шығынның әрекеттестігі кезінде қалыптасады. Жалпы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айырбас құны не нәрсе деген мәселе төңірегінде болған екі ғасырлық пікірталас қазіргі заманғы жалпы бәсекелік тепе-теңдік теориясы шеңберінде құнының функциялық теориясын жасаумен аяқталды. ## Дереккөздер
Құрбан айт (Араб тілі: عيد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā, Урду тілі: بقرعید) – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін дайындау үшін жұмыстан сұрану керек еді. Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Аллаһ Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз.Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат – құрбандық шалу. Бұл – айтулы мерекенің ең маңызды амалы. Құрбандық деп құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни Құрбан айт деп аталады.Қасиетті Құран Кәрім және Ислам тарихы бойынша бұл мереке мен оның шежіресі сонау адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) ата және дәстүрлі діндердің түп атасы Ибраһим (ғ.с.) мен оның ұлы Исмайыл (ғ.с.) пайғамбарлармен тығыз байланысты.Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп.Құрбандықтың уәжіпті қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал», – деп бұйырылған. Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» ## Құрбан айттың бірінші күні Құрбан айттық бірінші күні (Зилхиж-жаның 10-ыншы күні) таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы оқылады. Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жасалады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады. Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады. Құрбан аиттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уа хизбиһ» деп айтып, лақтырады. Мағынасы: «Аллаһтың атымен' Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер каламаса да». Алғашқы тас лақтырылғанда тәлбия айту тоқтатылады. Үлкен шайтанға жеті тас лақтырғаннан кейін тәматтуғ немесе қиран Қажылығын орындаушылар Харам аумағының кез келген жерінде мойындарына уәжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл жасап шалдырады. Ифрад Қажылығын орындаушыларға құрбан шалулары уәжіп болмағандықтан нәпіл құрбан шалуларына болады. Ифрад Қажылығын орындаушылар Үлкен шайтан таска (Ақаба жәмрасына) тас лақтырғаннан кейін, ал, тәматтуғ және қиран Қ-ғын орындаушылар құрбандарын шалғай соң, шаштарын алғызып немесе кысқартып ихрамиан шығады. Ихрамда харам болған нәрселердің бәрі қайтадан халал болады. Тек қана әйелдерімен барғандар зиярат та-уабын жасағанға дейін жыныстық қатынас жасай алмайды. Ихрамнан шыққаннан кейін, Меккеге барып, зиярат тауабы жасалады. Бұл тауап былай жасалады: Жақсылап дәрет алып, бар ықыласпен Мәсжидул-Харамға қарай зікір айтып, баяу жүріспен барады. Ер кісілер тауапты бастамас бұрын ридаларын (дененің үстіңгі жағына оралатын их-рам матасы) оң қолтықтарының астынан өткізіп, сол иықтарының үстінен тарта орайлы. Тауапқа байланысты осы әзірліктерді істегеннен кейін «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін зиярат тауабын жасауды ниет еттім. Зиярат тауабын маған жеңіл ет және менен қабыл ал» - деп ниет етіп, Рукнул-Йәмани жағынан қара тастан қарсысына барады. Мүмкіндік болса, тәкбір және таһлил айтып, қара тасты сүйеді. Ал егер мүмкін болмаса, қолмен ишарат етіп, сәлемдеседі. Қара тастың орналасқан бұрышында тауаптың баста-латын жерін білдіретін қоңыр сызық бар. Міне, осы сызықтық тұсынан тауап басталады. Егер тауап бұл сызықтық яғни, қара тастың дәл карсысынан емес кішкене алдыңғы жағынан басталынған жағдайда айналым толық болмай қалады. Қағбаны сол жағына алып, оң жағымен тауапты бастайды. Әр айналымның басында қара тасқа сәлем береді. Барлық айналымдар-да Рукнул-Йәмәни мен Рукнул-Хажа-рул-Әсуәдтің арасында мына дұға оқылады: «Раббәна әәтина фид-дуниәә хасанатан уа фил-әәхирати хасәна, уа қина а'азабәннар. Уа адхилнал-жәнната ма'ал-абрар, Иа А'азизу на Ғаффар. Иа раббал-а'аламин». Мағынасы: «Раббымыз бізге бұл дүниеде де, ақыретте де тек жаксылығыңды беріп, бізді от азабынан сақта' Бізді жақсы, игі кұлдарыңмен бірге жәннатқа кіргіз. Уа, А'азиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, уа, бүкіл әлемнің Раббысы». Алғашқы үш айналымда ер кісілер адымдарын жиі-жиі алып иықтарын сілкіген бойда, жылдам-жылдам жүреді. Бұлай істеу «рәмәл» делінеді. Рәмәл істеу - сүннет, істелінбеген жағдайда тауаптың дұрыстығына зиян келтірмейді. Тауап аяқталғаннан кейін мүмкін болған жағдайда, Ибраһим мақамында, болмаса, мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз оқып, дұға жасалады. Сосын зәмзәм суын ішеді. Егер арафа күнінен бұрын Қ. сағиі жасал-маған болса, зиярат тауабынан кейін жасалады. Зиярат тауабының құрбан аштың үшінші күні ақшам уақытына дейін жаса-луы Имам Әбу Ханифа бойынша - уәжіп, ал Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхам-мед бойынша - сүннет. Жалпы Ханафи мазһабында бұл тауапты Құрбан айттық бірінші күні жасау - абзал. Зиярат тауабын жасаған соң Минаға қайта қайтып, шайтанға тас лақтыру күндерінің түн-дерін сол жерде өткізу Ханафи мазһабында -сүннет, ал басқа мазһабтарда - уәжіп. Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады. ## Құрбан айттың екінші, үшінші және төртінші күндері Құрбан айттық екінші, үшінші және төртінші күндері (Зилхижжаның ІІ, 12, 13-ші күндері) күн тас төбедей ауғаннан кейін бірінші - Кішкентай; екінші - Орта; Үшінші Үлкен шайтан тастарға жеті-жетіден тас лактырады. Кішкентей және Орта шайтан тастарға тас лақтырып болғаннан кейін дұға жасалады. Үлкен шайтан тасқа тас лақтырған соң дұға жасамай, дереу ол жерден кетеді. Құрбан айттық екінші және үшінші күндері күн тас төбедей аумай шайтан тастарға тас лактырмайды. Құрбан айттық төртінші күні шайтан тастарға тас лақгырмайтындар (бұл күні лақтыру абзал, бірақ уәжіп емес) төртінші күні таң атпай Миналан қайтулары шарт. Әйтпесе, төртінші күні де тас лақтырулары уәжіп боп қалады. Яғни, Минала қалғандар үш шайтан тастың әрқайсысы жеті-жетіден тас лақтырып, Меккеге қайтады. Миқат шекараларының сыртынан кел-гендер Меккеден шығар кезде қоштасу тауабын жасайды. Бірақ одан да бұрын жасауларына болады. Егер бұрын жасалын қойса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын жасағаннан кейін Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Мұндай жағдайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы -уадағ (қоштасу) тауабы деп есептеледі. Хайыз және нифас жағдайындағы әйелдер қоштасу (уадағ) тауабын жасамайды. Мәсжидул-Харамның есігіне дейін барып, Қағбамен қоштасып кайтады. Ибну Аббас бұл турасында «Әйел адам хайыз жағдайында болса, қоштасу (уадағ) тауабын жасамастан жолға шығуына рұқсат етілді» (Бухари, Хайыз, 27/Хаж, 144; Муслим, Хаж, 382 (1328),- деп риуаят еткен. Міне, осылайша Қ. амалдары тә-мамдалады. ## Дереккөздер
Құрама жем — арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады. Толық рационды құрама жем құрамында малға қажет барлық қоректік заттар бар даяр азық рационы ретінде шығарылады. Концентратты құрама жем — сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем — құрамында протеин, минерал заттар және витаминдер көп, құнарлы азық. Рацион құрамын теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер — биологиялық белсенді заттардың байытылған қоспасы. Премикстерді құрам жемнің құнарлылығын арттыру үшін және олардың мал организміне биологиялық әсерін күшейту үшін пайдаланады. Құрама жемді азық ұны, балық ұны, жарма, түйіршік, брикет, ұнтақ түрінде өндіреді. Минерал заттар мен витаминдер жағынан теңестіру үшін рационға (оның салмағының 1—5%-ы) қосып беріледі. ## Дереккөздер
Халиди Құрбанғали, Құрбанғали Халиди Аягөзи (1846, Аягөз – 1913, Шәуешек) – қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші. Әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған. Халиди жас кезінде Абдулхақ деген кісінің медресесінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс алады. Шәуешекке көшіп барған соң өзі де медресе ашып, татар, араб тілдерінен дәріс берген.1885 ж. Турфан қаласында ұйғырлардың өмірі туралы «Тарих и жарида-и жадида» деген кітап жазды. 1897 ж. Меккеге бара жатқанда Еуропаның көптеген қалаларында, араб мемлекеттерінде болған. 1910 ж. Х-дің «Тауарих-и хамса и шарки» («Шығыстың 5 мемлекетінің тарихы») кітабы жарық көрді. Кітапта ұйғырлар, өзбектер, қазақтар, моңғолдар, тағыда басқа халықтар туралы жазады. Басым бөлігі қазақ халқының тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен әдебиетіне арналған. ## Дереккөздер
Құрбандық — * Алла жолына арнап шалынатын мал. Құрбандыққа мал шалу дәстүрі ислам тарихында өз ұлы Исмаилды Алла ризалығы үшін құрбан етпек болған Ибраһим пайғамбарға байланысты шыққан. Құрбан айт кезіндегі құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкі союға болады. Құс союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс көлігі саналып, құрбандыққа жатпайды. Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жастағысы сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт. Құрбандық етінің үштен бірі отбасына қалдырылады, екінші жартысы тұрмысы нашар ағайын-туысқа, үшінші бөлігі кембағалдарға таратылады. * Алла ризалығы үшін, сондай-ақ ел, жер, Отан қорғау жолында атқарылатын ерекше іс-әрекеттер. Құрбан (араб.: ‎ -«жақындау»), Шариғаттағы терминдік мағынасы - Аллаһ Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты. Құрбандық шалудың пайдалары мен хикметтері. 1. Аллаһ Тағаланың әмірлерін орындау әрдайым ризашылығына жақындатып, ақыретте сый-сыяпатына кенелтеді. Құрбандық шалу да Аллаһ Тағаланың арнайы әмірі болғандықтан бұл әмірді ықыласпен орындаушы Раббысының ризашылығына қауышып, ана дүниеде жүзінің жарқын болып, мол сауапқа шомары сөзсіз. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді: «Адам баласы Құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қайы ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар». Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадистерінде Аллаһ ризашылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы үшін сауап бар екенін былай деп сүйіншілеген: Сахабалар Расулымызға (с.а.у.): - Уа, Аллаһтың Елшісі құрбандық деген не? - деп сұрақ қойды.- Құрбандық - сендердің Ибраһим (а.с.) бабаларыңның сүннеті, - деді.- Одан бізге қандай сауап бар?- Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.- Қойдың жүнінен ше?- Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап жазылады (ибн Мажа, Сәуәбуладахи, 3118). Аллаһ Тағала құрбанның ағызылған қанына немесе етіне мұқтаж емес. Шалған құрбанның еті немесе қайы Аллаһ Тағаланың құзырына жетпейді. Бірақ оның әмірін ләббайк деп орындаудағы ықылас пен ниет Аллаһ Тағалаға жетіп, ризашылығына себеп болады. Бұл шындықты Құран Кәрім былай деп баяндайды: «Олардың (құрбан малдарының) еттері де, қандары да Аллаһ Тағалаға жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді» («Саффат», 107-аят). 2. Құрбандық шалу - Ибраһим Пайғамбардай (ах.) жалғасып келе жатқан сүннет. Ибраһим Пайғамбар (ах.) Аллаһ Тағалаға берген сөзінде тұрып, бауыр еті баласы Исмайлды Ұлы Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш етіп, қиын сынақтан өтті. Құрбандық шалу сол ғибратты оқиғаның бір көрінісі. 3. Адам баласы Құрбан айтта Құрбандық шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің түкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді. 4. Жаратылысында өзімшілдік, сараңдық сияқты кейбір жаман сипаттардың дәнегі бар жалпы адам баласы Құрбан айтта тек қана Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін кедей бауырларына жәрдем беру арқылы аталмыш болымсыз сипаттардың дәнегінің түбін балтамен тауып, оның орнына бойындағы бауырмалдық, жомарт, кішіпейіл сияқты кәмілдіктің белгісі саналатын сипаттар дәнегінің өніп-өсіп, жетілуі үшін су себеді. ## Құрбан айтта құрбандық шалудың үкімі Ханафи мазһабында Құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбандық шалу - уәжіп. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал» («Кәусар», 3-аят) - деп, әмір етіп, құрбандық шалудың уәжіптігін білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» - деп бұйырған. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһимәкелеріңнің сүннеті», - деуі құрбандық шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы деген мағынаны білдіреді. Бізге уәжіп болған құрбандық шалу - Ибраһимнің (ах.) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді. Құрбандық шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек. * Мұсылман болу. * Құрбан айт уақытында жолаушы болмау. * Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері - 85 грамм алтын, яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толуы шарт емес. Құрбандық шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана егін пайдалану үшін де союға болады. Құрбандық шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін бастадың, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланысты Құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанның шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) Құрбандық шалудың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген. Бәрә ибну А'зибтің риуаяты бойынша: «Аллаһтың Елшісі (с.а.у.): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, Құрбандығымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін емес». Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», - деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді. ## Құрбандыққа шалуға болатын мал Тек қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандықдыққа жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал. Елік, арқар сияқты айдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбандық ретінде сойылмайды. ### Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі Бай болсын, кедей болсын Құрбанайтта шалған Құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үшбөлікке бөліп тарату - мұстахап. Бір бөлігі -туған-туыс, бай болса да көршілеріне сыйғатартылады, екінші бөлігі - кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі - өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі.Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Құрбанның еті турасында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер, әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер» («Хаж», 28-аят).Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шалған Құрбанныңетін қалай таратқаны турасында ИбнуАббас былай деп риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) шалған Құрбандығының үштен бірін - отбасына, үштен бірін - кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын».Уәжіп болсын, нәпіл болсын Құрбандыққа шалынған малдың егін, терісін, сирақ-басынжәне сүтін сату - мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құныкедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанғашалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.Хазіреті Әлидің былай дегені риуаят етілді:«Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) түйелер Құрбандыққа шалынған уақытта басында тұруымды және терілері мен жүндерін таратуымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз береміз», - деді. (Муслим, Хаж, 348).Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайырымдылық қорларына беругеболады.Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан малсойып, қан ағызбаса, Құрбандық міндеті мойнынан түспейді.Өлген кісі өзінің атына Құрбан шалуды тапсырып кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен Құрбан айт күндерінде Құрбаншалуға болады. Шалған Құрбанның етіненжеуіне рұқсат. Бірақ елінің тапсырыпкеткен өсиетін орындау ниетімен шалғанҚұрбанның етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек. ## Ақиқа Жаңа туған сәбидің басындағы шашын«ақиқа» - дейді. Аллаһ Тағаланың нәсіпеткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын мал да «ақиқа» Құрбаны делінеді. АқиқаҚұрбанын сәбидің туған күнінен бастап,балиғат жасына толғанға дейін шалуғаболады. Бірақ сәбиге жеті күн толғандашалу абзал.Сәбидің туғанына жеті күн болғандааты қойылып, шашы алынады. Алынғаншаштың салмағында алтын немесе күмістісадақа ретінде беру - сүннет. Құрбанның да солкүні шалынуы - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хазіреті Хұсайнжәне Хасан үшін ақиқа Құрбанын шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта Құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа Құрбанына да жарайды.Қыз балалар үшін де ақиқа Құрбанын шалады.Ақиқа Құрбанның иесі етінен жеуіне және басқаларға садақа ретінде таратуына болады.Ақиқа Құрбанын шалар кезде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар. Аллаһым, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа Құрбаны» - делінеді. ## Құрбандық әдептері * Құрбандық ретінде шалынатын малды қинамау үшін өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып қайрау - мәкрүһ. Ал, қинамай сою - сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар.Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап малды рахатына қауыштырсын» (Муслим, Сайд,57). * Құрбандық ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:«Инна салати уа нусуки уа махиана уа мәмәти лилләһи Раббил-а'аламина лә шәрика ләһ»(«Әнғам», 162-аят). «Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ». * Одан кейін: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар ля илаһа иллаллоһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» - деп, тәкбір айтып,«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деп бауыздалады. Тек қана Құрбандықтың иесінің ғана «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деуі жеткілікті емес. Құрбандықты бауыздаған адам да «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деуі керек.Әдейі ұмытпаған «Бисмиллаһ» деп айтпаса, Құрбандығының етін жеуге болмайды.Өйткені Аллаһтың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу - харам. Құрбандықтың иесі Құрбандықты бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек. * Сойылатын мал Құрбандық ниетімен бауыздалу керек. Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру - мәкрүһ. ## Бірігіп құрбандық шалу Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбандық ретінде шала алады. Ал сиыр немесе түйені, яғни ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болатын сияқты жеті кісіге арнай, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбандық шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбандық үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбандық болып есептелмейді. ## Дереккөздер
Марат Рамазанұлы Құрманғалиев (8.10.1931, Алматы қаласы — 12.9.1989, сонда) — ғалым, техник ғылым кандидаты (1963), Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы. Бауман атындағы Мәскеу техникалық училищесін бітірген (1955). Құрманғалиев 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ұлттық Академияның Энергетика ғылыми-зерттеу институтында лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборант меңгерушісі қызметінде болды. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда өндірілетін көмірлерді циклондық оттықта жағу процестеріне арналған. Қуаты күшті энергетикалық қондырғылардың көміртозаңдандырғыш қазандықтарда сапасы төмен көмірлерді жағу құбылыстарын оттық модельдерде зерттеу әдістемесін өндіріске енгізді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, авторлар ұжымымен, 1989 ж.). Көмірді қайнаған қабатта, кейінірек айналмалы қайнаған қабатта жағуды зерттеді. 200-ден астам ғылыми еңбектердің, 5 монографияның, 50-ден астам патенттің авторы. “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Құрық (1993 ж. дейін — Ералиев) — Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы ауыл, аудан және Құрық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орналасуы Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км, Қарақия ойысынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жердегі сораң шөптесін өскен шөлді белдемде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 19 ғасырдың соңында қаланған. 1962 жылы Маңғыстау түбегін игеруге байланысты кент мәртебесін алып, 1973 жылы аудан орталығына айналды. Ауыл 1993 жылға дейін "Ералиев" кенті аталып келді. ## Халқы ## Экономикасы Құрықта Қарақия мұнай барлау экспедициясы, құрылыс-монтаж кәсіпорны, материалдық-жабдықтау базасы, кәсіпорындар жұмыс істейді. Кентте 4 минералды ыстық су емханасы бар. ## Денсаулық саласы Ауыл бойынша 1 емхана , 1 аудандық аурухана және Ералиево станциясында 1 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді. ## Дереккөздер
Құрылтай — түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми кеңесі. Түркілерде, кейін Шыңғыс хан империясында Құрылтай үлкен рөл атқарған. Онда, негізінен, ұлы хан сайлау, жауланған жерлерге иелік ету және әскери жорық бағытын белгілеу мен оған әскербасы тағайындау мәселелері шешілді. Ұлыстарда да жыл сайын Шыңғыс хан әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің Құрылтайы шақырылды. 1259 ж. Мөңке ханның өлімінен кейін жалпы моңғолдық, яғни ұлы Құрылтай шақырылмайтын болды. 15 — 18 ғасырларда түркі мемлекеттерінде, соның ішінде қазақ хандығында аса маңызды мәселелерді шешу үшін Құрылтай шақырылған (қ. Қарақұмдағы халық құрылтайы, Ордабасы құрылтайы). 1920 ж. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді Орталық Азия елдерінде мемлекеті биліктің жоғары органы Құрылтай болды. Қазіргі Моңғолияның заң шығарушы органы — ұлы халық хуралы. Моңғол және түркі елдерінде бұл жиналыс, кеңес деген мағынаны білдіреді; Құрылтай — партиялардың, қозғалыстардың, т.б. өзге де қоғамдық бірлестіктердің аса маңызды мәселелерге байланысты бастапқы басқосу жиылысы. ## Дереккөздер
Әбжан Құрышжанұлы(5.9.1930 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақүйік ауылы) — түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы (1973), профессор (1986). ҚазМУ-ді (1953), Қазақстан ұлттық Академисының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын (1956) бітірген. Зерттеген еңбектері негізінен тіл тарихы, көне түркі тілдері мен ежелгі қыпшақ жазба ескерткіштері мәселелеріне арналған. Ол 13 ғасырда жазылған “Кодекс Куманикус” жазба ескерткішін, қыпшақ тілдерінің қазіргі түркі тілдерімен, сондай-ақ қазіргі қазақ тілімен арадағы байланысын зерттеп, 8 — 11 ғасырдағы көне түркі тілі мен тарихы жөнінде, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері туралы еңбектер жариялады, оқу құралдарын жазды. Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Иассауи, А.Йүгінеки шығармаларын көне түркі тілінен қазақ тіліне аудару ісіне үлес қосты. ## Дереккөздер ## Шығармалары 1.Ескі түркі жазба ескерткіштері.Алматы 2001
Хұсаиния медресесі — жоғары дәрежелі оқу орны. Ресми түрде 1891 жылы Орынбор қаласында ағайынды Ахмед (1837 — 1906), Ғани (1839 — 1902) және Махмуд (1839 — 1910) Құсайыновтардың қаржысына ашылған. «Хұсаиния» медресесінің 10 жылға есептелген бастапқы оқу бағдарламасында дүнияуи пәндер басым болды. Кейін діни пәндер күшейтіліп, оқу бағдарламасы 14 жылға созылды. Алғашқы 3 сыныбы — бастауыш (ибтидаи), одан кейінгі 4 сынып — орта (рушди), кейінгі 4 сынып — жоғары дәрежелі білім алуға әзірлейтін (иғдадия) және соңғы 3 жыл — жоғары (ғалия) бөлімі болды. «Хұсаиния» медресесінде әр жылдары Р.Фахретдин, М.Бигей, З.Қадыри, Ф.Кәрими, Ж.Уәлиди, Қ.Сағди секілді түрік білімпаздары сабақ берді. Орта есеппен 120 — 130 шәкірт білім алды. Қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, құмық, қарақалпақ ұлтының өкілдері оқыған. 30 жыл ішінде 2 мыңнан аса мұғалім тәрбиелеп шығарды. Хұсаиния медресесі 1919 жылы Құсайыновтар атындағы Мұғалімдер институты болып қайта құрылды. ## Дереккөздер
Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов (30.5.1951 жылы туған., қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайнар ауылы) — ғалым, педагогика ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998). Қазақстандағы салыстырмалы педагогика және оқулық сапасы мониторингі бағытының негізін салған. Қазақ ұлттық техникалық унститутынтін бітірген (1973). 1973 — 91 ж. ғылыми-педагогика жұмыстармен айналысты. 1976 — 79 ж. Германияда Жоғары техникалық мектепте оқып, неміс тілінде диссертация қорғады. 1991 — 97 ж. Қазақстан Республикасы Білім министрінің басқарма бастығы, департамент директоры, “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясының бас редакторының бірінші орынбасары, “Білім”, “Мектеп” баспаларының директоры, 2001 – 03 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті (1997 — 2001) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Қазақстанның Педагогика ұлттық Академияныңның президенті. Құсайынов салыстырмалы педагогика мәселелерін, оқулық жасау теориясын зерттеп, осы салада оқулықтар мен монография еңбектер жариялады. Оның ғылыми жетекшілігімен шетелдердің білім беру жүйелері зерттеліп, Қазақстанның білім беру саласын реформалау мен дамытудың жаңа үлгісі ұсынылды. Құсайынов 31 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша ғылыми салалық терминологиялық сөздіктерін және қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктер сериясын шығаруға басшылық етті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001). ## Дереккөздер
Құсмұрын округі– 1824 жылы құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Обаған өзенінен Жаңғызтау тауына дейін Есіл өзенінің бойын қамтыған. Құсмұрын округіне 5 болыс, 63 ауыл, 4385 үй қараған. ## Дереккөздер
Құсмұрын — Тобыл алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысының Қарасу, Әулиекөл аудандары аумағында. ## Гидрографикасы Ауданы 400 – 415 км2, су жиналатын алабы 10,5 мың км2. Ұзындығы 60 км, ені 15 км. Ең терең жері 3,5 м. Көлді Обаған өзені жарып ағады. Суы жасыл сарғыш түсті, минералдылығы 1 – 25 г/л. Көл түбі тегіс, оны құмтас, лай шөгінділері жапқан. ## Жағалау сипаты Көлге Қайып, Үшқарасу, Ащықарасу, т.б. өзендер құяды. Орта тұсының жағалаулары жарқабақты (5-7 м) келген. Оңтүстік-батысында Аманқарағай шоқ орманы орналасқан. Алабы негізінен жыртылған. Көлде құстар ұя салады. ## Дереккөздер
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. ## Өмірбаяны Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы болып табылады. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айтқыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи, не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы, Дина Кенжеқызы Нұрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан. Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсан сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. ## Өмірінің тарихы мен тізбесі * 1823 – қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. * 1836-1840 – малшылықты қойып, өнер соңына түседі. Күйші Ұзақтың жанына еріп, ел аралайды. * 1830-1840 – композиторлық өрісі ашылып, ондаған күйлерін дүниеге әкеледі. * 1845-1850 – Жем, Сағыз бойы мен Маңғыстау, Үстірт өңірлерін аралайды. Адай жеріндегі үлкен нағашылары Төремұрат пен Нарынбайлардың елінде өмір сүреді. * 1850 – Маңғыстаудан келген соң, Орынбор түрмесіне қамалады. Көп ұзамай одан қашып шығады. * 1857 – 26 қыркүйекте Орда түрмесіне түседі. * 1857 – қараша айының басында абақтыдан қашады. * 1857-1860 – басқа ауылдарда жасырынып жүреді. * 1860-1863 – елге оралады. * 1864 – абақтыдан қашып кеткені үшін және “мал ұрлады” деген айыппен Орда абақтысына жабылып, онда 2 жыл 7 ай жатады. * 1868 – Журналист Н.Савичевпен кездеседі. * 1868 – Орал түрмесіне түседі. * 1870 – Астраханьнан шақырту келіп, қайтадан түрмеге жабылады.Онда Саранжап деген қалмақпен танысып, түрмеден қашып шығады. * 1882 – Краснояр түрмесінде жатады. * 1884 – билеуші Мақаш Бекмухаммедовтен көмек сұрап, “Ақ паспорт” алады. * 1885-90 – Сахмаға көшіп келеді “Демалыс” деген күй шығарады. * 1890-95 – жаймашуақ өмір кешіп, аң аулап, құс салады. Шәкірт тәрбиелейді. * 1896 – Астрахань облысы, Володар ауданындағы “Алтынжар” деген жерде қайтыс болады. ## Шығармалары Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол!», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты. Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы. Сол сияқты «Айжан-ай», «Айда бұлбұл, «Алатау», «Амандасар», «Бас Ақжелең», «Демалыс», «Лаушкен», «Ойбай, балам», «Саранжап»«Теріс қақпай», «Ұзак Ақжелең» күйлері кеңінен танымал.Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті. ## Күйлерінің шығу тарихы Құрманғазы күйшінің алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып, ұшқыр екпінімен баурап əкетеді.Күйлерінің көпшілігінің тақырыбы бар, құрылымы жағынан бір жүйеге түскен ауқымды туындылар. Күйші домбыраның орындау əдістерін, аспаптың дыбыстық жəне техникалық бай мүмкіндіктерін мейлінше толық қолдана білген. Құрманғазы күйлерінің ерекшеліктеріне – күйдің шарықтау шегінің, яғни кіші саға мен үлкен сағаның жазыла түсуінің арқасында домбыра диапазоны толық игеріліп, күйдің өзіндік өлшемі мен ырғағы шығарманың өне бойында ауытқымай сақталып отырады. “Балбырауын”, “Ертең жетем”, “Бұқтым-бұқтым”, “Балқаймақ”, “Боз қаңғыр”, “Не кричи не шуми”, “Айжан-ай”, “Лаушкен” т. б. көптеген күйлері жайлы төменде толық анықтамалар беріледі: * Қайран шешем Ақбайдың шабармандары Құрманғазыны арбаға байлап жүргелі жатқанда шешесі Ақбаланы көреді. Əлпештеп өсірген анасына əлі күнге дейін қайырымды іс істемегеніне өкініп, енді тағы міне айдалып бара жатқанын ойлап, көзіне жас кеп, шешесінің қасына келеді. “Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық немені туған екем ғой. Кімнің алдында көзіңнен жас шығарып тұрсың?” – деп, жағына шапалақпен тартып жібереді. Құрманғазы өзінің қателігін түсінеді. Орал түрмесінде жатқанда осының бəрін ойлап, шешесіне арнап “Қайран шешем” атты күйін шығарады. Күй күйшінің қапастағы халін баяндағандай баяу басталады да, бірте-бірте əсерленіп, шабыттана төгіледі. * Қапы Құрманғазы өштескен би оның соңына түсумен болады. Бір жиында домбыра тартып, Исатай, Махамбет толғауын айтып отырған Құрманғазыға “Сен Исатай Махамбеттің толғауын айттың”, деп кінə тағып күйшіні ұстатады. Міне, осы өкінішке байланысты “Қапы” деген күйін шығарған екен. * Қош аман бол Құрманғазы қапылыста ұсталып Орда түрмесіне жөнелтілейін деп тұрғанда “Қайтып көріскенше қош аман болыңдар, халқым” деп, “Қош аман бол” күйін тартыпты. “ * Қыз Данайдың қырғыны 1850 жылы Құрманғазы Жем өзенінің бойындағы Төремұрат, Өтен, Нарымбай ағаларымен барып қыз Данайды алып қайтады. Қыз соңынан шапқан қуғыншыларды Құрманғазы отауға жібермей келгенін қағып түсіріп, қорғап тұрады. Оның бұл батырлығына нағашылары риза болып, сый – құрмет жасайды. Шабыты шалқыған күйші осы қуанышқа арнап “Қыз Данайдың қырғыны” күйін шығарады. Құрманғазы күй арқылы ат тұяғының дүбірін, қиян-кескі ұрысты суреттейді. Арасында қыз Данайдың сұлулығын, сыңғырлаған күлкісін сазды дауыстармен бейнелей білген. Бұл күйдің шығуына байланысты Төремұрат ел жиып, мал сойып үлкен той жасайды. * Қызыл қайың Құрманғазы ен далада жалғыз өскен қызыл қайыңның бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан аман қалыпты, дейді. Кейін: “Менің елім де, жерім де, ағашым да пана екен. Анадай қамқор болып, жапырағымен жауып пана болған қызыл қайыңға арнап едім”, – деп осы күйді шығарған. * Көбік шашқан Каспий теңізі бір кезеңдерде деңгейі көтеріліп, жағадан шығып, тасып кетеді екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл әрбір дәуірлік мерзім сайын болып тұратын құбылыс көрінеді. Міне, сондай құбылыс ХІХ ғасырдың екінші жартысында да болған. Мұны ұлы сазгер Құрманғазы мен суырыпсалма ақын Қашаған өз көздерімен көрген. Құрманғазы бір келгенде Қашаған тап болып, екеуі тасып жатқан теңізді жағалай жүріпті. Бұл жөнінде бір суретшінің салған суреті де бар. Қашаған халықты қиналысқа ұшыратқан осы тасқын жөнінде «Топан» атты дастан шығарды. Ақын пәлсапалық ұғыммен табиғаттың қасіретті құбылысын адамзаттың имандылық, нәпсілік қасиеттерінің жоғалуымен байланыстырады. Соның жазасы деп түйіндейді.Ал Құрманғазы асып-тасып, көбіктеніп, толқып жатқан теңізді көріп, оның халыққа залалы тигеніне жаны қиналады. Оған Қашаған дастаны да қатты әсер етеді. Сөйтіп, жүрек сыздатар сазды «Көбік шашқан» күйі шыққан. * Түрмеден қашқан Кітаптағы деректер бойыша, Құрманғазы күйді түрмеден қашқаннан кейін, тынығып жатқанда жазады. Күйші жастайынан өз елінің тәуелсіздігі үшін күреседі және сол жолында талай рет түрме тұтқыны болады. Сондай кездің бірінде, күйшінің түрмедегі досы, Лавочкинге анасы тамағына болат араны жасырып әкеліп береді. Сонда Құрманғазы, өзін жақтайтын түрме жасақтарының көмегімен түрмеден қашып кетеді. Шаршап, демалуға отырған күйші шабыттаным, "Түрмеден қашқан" күйін шығарады. ## Сыртқы сілтемелер * Құрманғазының ұрпақтары * Күй құдіреті ## Дереккөздер
Құсшы ата қорымы –бейіт орны. ## Тарихы Құсшы ата аңыз бойынша құстардың қорғаушысы болған көрінеді. Бұл кешенде түрікмендер мен қазақтардың 17 — 20 ғасырлар аралығындағы 500-ге жуық ескерткіштері шоғырланған. 1982 жылы Ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясын (жетекшісі С.Әжіғалиев) зерттеген. ## Орналасуы Үстірттің орталығы бөлігінде орналасқан. 17 — 18 ғасырларға жататын ескерткіштер зираттың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. ## Қорымның құрылысы Ескерткіштер ішінде тас қоршаулар, түрлі “қойтастар”, сағана тамдар бар. Осы тарихи мұралардың арасында түрікмендердің салор, қожа, иомутбаға тәрізді тайпаларының, қазақтардың табын (шөмішті) және адай руларының таңбалары ұшырасады. Шөмішті-табын таңбасының 20 нұсқасы бар. Сондай-ақ тарақты-табын, шекті, тама, жаппас сияқты рулардың да таңбасы салынған ескерткіштер кездеседі. Мұның өзі Үстіртті қазақ тайпалары мен рулары орта ғасырлардан бастап қоныс еткендігін дәлелдейді. Бұл кешен тас қашау өнерінің қалыптасуын, дамуын ғана емес, оны жасаушы қазақ халқының рухани дүниетанымын да көрсетеді. ## Дереккөздер
Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей облысы Шыңғыстау,Ақшоқы қыстауы — 1886, сонда) — би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. ## Өмірбаяны Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесін ала отырып, ел билігіне араласты. 1834 жылы әкесінің орнына Күшік-Тобықты болысының старшындығына сайланады. Осыдан 1856 жылға дейін билік тізгінін қолынан шығармаған. 1846 жылы генерал Вишневскийдің Ұлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты. Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған” — деп сипаттайды (“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”, А., 1979). Құнанбай “Ескі там” деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1846 жылы хорунжий атағы берілді. 1849–1852 жылдары Қарқаралы округінің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қаласында мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала генерал-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырды. Арқат-Аягөз бекеті аралығында поштаны тонап, хорунжийді өлтірген Табылды, Үдербай, Әбділда, Түңлікбай есімді қазақ жігіттерін Барлық тауында тығылып жүрген жерінен Аягөз округінің аға сұлтаны Барақ Солтабаевтың көмегімен Құнанбай патша өкіметіне ұстап береді. Осының арқасында оның үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқтатылып, хорунжий атағы қайтарылған. ұсталғандар Аягөз қаласыннда дарға асылып, атылғаннан кейін өзінің алданғанын түсінген Құнанбай биліктен бас тартып, қайтып мұндай іспен айналыспауға бекінеді. Омбы архивіндегі “Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі” деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 жылы Құнанбайдың қажылыққа кетуіне байланысты “істі жабу” туралы Mинскке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Құнанбай қажыға 1874 жылы барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған низамын”, шариғат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Медресе салдырып, Әуез, Ғабитхан, Кішкене молда секілді шариат білгірлерін аулына көшіріп әкеліп, бала оқыттырды. Сырттай Кенесары қозғалысына қарсы күрескер ретінде көрінгенімен, оған астыртын қолдау жасап, көмек берді. Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден — Құдайберді, екінші әйелі Ұлжаннан — Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан — Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Балаларының ішінде Абайдың болашағынан ерекше үміт күтіп‚ оны 13 жасынан қасына ертіп, билікке баулыған. Абай да әкесінің билік жолын үлгі тұтты. Ел арасында Құнанбай айтты деген нақыл сөздер кең таралған. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы деректерді жинап, бір ізге түсірген — М.Әуезов, оның “Абай жолы” эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеологиялық ықпалына сай бұрмаланғанымен‚ жан-жақты сипатталып, шебер сомдалған. Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келіп, оның соңғы 40 жылдық өмірін өз көзімен көріпөскен Абай 1895 жылы баласы Әбдірахман дүниеден қайтқанда шығарған «Арғы атасы қажы еді...» деген жоқтау, жұбату өлеңдер Құнанбай туралы бар шындықты айтып, әкесінің ел суйсінерлік ерен тұлғасынжасады. Абайдың суреттеуінше де Құнанбай - ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұнды: шерлі жоқ ‘’жітіктердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам’’. Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі – оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қаратанудың, сауаташудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына ете қажетті екенін ұғынып, өз аулынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 жылы шекара басқармасына қазақша-орысша сөйлей алатын жазабілетін орыс мұғалімін жіберуді сұрап, хат жолдайды. Шекара бастығы Құнанбайдың бұл тілегін мақұлдайды. Бірақ, екі тілді бірдей білетін мұғалімнің жоқ екенін айтып, тобықты еліндегі тілмәшті қызметтен бос уақытында еңбекақы төлеп, бала оқытуға пайдалануға кеңес береді. ## Меккеге қажылық Бұдан кейін Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан Ғабдыназарұлы деген ноғайды мүғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп, өз балалары мен руластарының балаларын оқыта бастайды. Құдайберді, Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Халиуллалар алғашқы сауатын осы мектептен ашқан. Құнанбай балаларын одан әрі оқытуға ерекше ынталы болады. Ибраһимін Семейдегі діни медресеге береді. Халиулланы 1858 ж. Омбы кадет корпусына оқуға енгізеді. Оны бітірген соң Москвадағы әскери училищеде оқуына мүмкіндік жасайды. Құнанбай 1849 ж. Қарқаралыда мешіт, 1874-75 ж. қажылық жолмен Меккеге барып, онда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй - Тәкие салғызған. 1900 ж. Қазан қ-ның баспасынан жарық көрген, шығарушы семейлік Әбдірахман Жүсіплұының «Қажы Әндірбай қалпе» деген жыр үлгісімен жазылған кітабында Құнанбайдың Меккеге сапарына қатысты жолдар бар. Бұл сапар жайлы деректер 1883 ж. Қазанда басылған «Маңызды мәселeлер» деген кітапта Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиевтің кітабында да айтылады Әкесінің бұл сапары туралы Абайдың: «Меккеде уақып үй салып,Пәтер қып, жаққан шырақты.Бір құдайдың жолына, деген жолдарын да оқимыз. Құнанбайдың қарсылас айтыс-тартысқа тұскен адамдары да аз болмаған, талай рет үстінен жазбаша шағым арыздарда түсіріп, тергеуге алынған. Ол дүшпаңдарын қатал жазалап, реті келгенде жер айдатып та жіберген. Күш жұмсап, елін шауып алған. Архив құжаттарыңда Бежей Ералыұлының 250 жылқысын тартып алғаны үшін қылмысты іс қозғалғаны, аға сұлтан болып тұрған көзінде елден заңсыз алым жинап, оны өзі пайдаланғаны, 5000-дай адамнан қол жиып, Ералыұлының аулына шабуыл жасағаны, оның 250 жылқысын айдап әкеткені, басқа кісілердің иелігіндегі шұрайлы жерлерді өз иелігіне алып, көп адамдарды аяусыз жазалап, бірнеше кісі өлімі болғаны, ақырында аға сұлтандықтан босатылып, Омбы қаласына шақыртылып, қамауға алынғаны, патша өкіметінің заңы бойынша 156-баппен жауапқа тартылғаны жайында мәліметтер сақталған. Құнанбайдың бұл ісіне Омбыдағы Батыс-Сібір әскери губернаторының кеңесінде қазақтар жөніндегі кеңесші қызметін атқарып жүрген Шыңғыс Уәлиханов араласып, оны түрмеден босатып, кепілдікке шығарып, ісін кайта қарау деген желеумен бұздырған. Онысымен қоймай, Омбыдан Қарқаралы округіне өзі әкеп салып қайтқан. Шоқан Уәлихановта сол 1854 ж. Омбыда қызметте болған. ## Құнанбай— Бөжей арасы Жер дауы «Құнанбайдың қылмысты ісіңде» үлкен орын алды. Соның бастысы - Бөжейдің жер дауы. Құнанбай— Бөжей арасы 1846ж. дейін жақсы болған. Құнанбай оған үнемі қамқорлық жасап, өзімен тең ұстаған. Шешуі қиын дауларды да сенім білдіріп, Бөжейге жіберіп отырған. Өзімен бірдей күміс мөр де жасатқан. Өкіметтен старшина атағын, мақтау қағаздар да алып берген. Солай бола тұрса да, Құнанбай озбырлығы асқынып, аралары ашылып, ақыры үлкен жауласушылыққа айналады. 1853 ж. Бөжей өлгеннен кейінде Қаратай Сапақұлы, Кенжалы Әйтиұлы бастаған топ арызды тоқтатпай, Құнанбайды айыптап және болысты екіге бөлуді сұрап дамыл таппайды. Бөжей балалары - Жабай, Нұрмолдалар да губернатор Г. А. Колпаковскийге қайта-қайта арызданып, тартып алған жерлерін сүрайды. 1846 ж. басталған бұл дау, 1866 ж. Күшік-Тобықты болысының басқарушысы Құнанбайдың баласы Құдайберді өліп, оның орнына 20-21 жасқа жаңа толған ИбраҺим (Абай) Құнанбайұлы болыстыққа сайланғаннансоң ғана шешіледі. Құнанбайды айыптау ісінде талай кісі өлімі туралы айтылады. Бірақ тергеушілер Құнанбайдың мойнына қоятын айғақты дәлел таба алмайды. Құнанбайға тағылатын айыптың бірі - Қодар мен Қамқаның өлімі. Бірақ ол жайында архивтерде ешқандай дерек кездеспейді. Құнанбай Қарағанды, Семей оязының дербес кемекшісі болды деген дерек бар. Ал, 70 тен асқанда Меккеге барып, қажы атанған Құнанбай енді бұдан әрі (жалған дүние сөзіне араласпай) шымылдықтың ішіңде тыныш жатып, құдайына құлшылық жасаумен өмірін өткізеді. Құнанбай жөнінде ел аузында аңыз-әңгімелер көп, оның ел арасындағы беделін жыр еткен Балта, Қуанышбай сияқты ақындардың өлең-жырлары бар. Мұхтар Әуeзовтың сөзімен айтқанда, «Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол - феодалдық дәуірдің, өз табының бел баласы, ісі мен мінезінде заманының айқын таңбасы бар». Құнанбай жайындағы өмірлік ақиқат материалдар Әуeзовтың «Абай жолы» эпопеясында көркемдік шешімін тапқан. Тобықты елінің Құнанбайынан - әдебиеттік кейіпкер Құнанбай бейнесі жасалған. Құнанбайды толық танып-білу - Абайды да мұқият оқып-зерттеуімізге септігін тигізеді. Қазақ шежіресінде Құнанбай бидің арғы ата-бабалары былайша таратылады: Арғын - Қотан - Дайырқожа - Карақожа - Кенжесопы - Тобықты - Рыспетек - Мұсабай - Сүйірбас - Сары - Кішік - Өйтек - Олжай - Айдос- Ырғызбай - Өскенбай - Құнанбай. Ел аузындағы шежіре-ақындарға қарасақ, осы аталардың бәрі де шетінен осал кісі болмағанын көреміз. Ең әуелі "Арғынның арғы атасы - Қотан ақын" деген қанатты сөз елге жайылып кеткен. Алашта Арғын ата туған зерек,Өзгеден сол кісінің жәні бөлек.Арғынның тұп атасы ақын Қотан,Өлеңге бізден ұста болса керек, Алашта Арғын ата туған зерек,Өзгеден сол кісінің жәні бөлек.Арғынның тұп атасы ақын Қотан,Өлеңге бізден ұста болса керек, - деген Жанақ ақынның өлеңі де бар. Демек, Арғын ұрпақтарының шетінен ақын, әнші, сөзге шешен ділмар боп өсіп-өнгені көрініп түр.Қотаннан кейінгі атасы Дайырқожа болса Әбілқайыр ханның оң тізесін басып отырған сенімді биі екен. Оның шешендік әділдігі жөнінде ел "Ақжол би" деп ұрандап кеткен. Сол Акжол биді Қара қыпшақ Қобыланды батыр өлтіреді. Сонда Қотан ақын баласын жоқтап: Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!.. Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!.. деген екен. Сол дуалы ауыз Қотан ақын айтқан бұл жоқтау да осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Дайырқожаның бәйбішесінен Қарақожа одан Кенжесопы туады. Қанжығалы мен Тобықты осы Кенжесопыдан екен. Бұл екеуінен де кезінде ел билеген мықты кісілер шыққан. Тобықтыдан Рыспетек одан Мұсабай би туған. Мұсабай би әйгілі - Жәнібек ханның белгілі, беделді шешен биі болған. Сол Мұсабайдан Сүйірбас, одан Әлі, Қожаберген, Сары деген батырлар шыққан. Олар атақты Есім ханның сенімді қолбасшы батырлары болып, талай жорық соғыстарға қатысқан. Түркістан шаһарын жаудан азат етер кезде Әлі батыр Түркістан ханы Тұрсынның Қоңырбике деген қызын алып келіп, інісі Сарыға қосыпты. Сарының бәйбішесінен Мәмбет сопы мен Кішік туады. Кішікті ел келе-келе "Күшік деп атап кетеді. Сол Кішіктің тоқалынан атақты Әнет (кейін ел "Әнет баба" деп кеткен) туады. Өнет баба - көріпкел әулие абыз екен. Ол алды артын болжап айта беретін қасиетті кісі болыпты. Әнет баба 1626 жылдары туып, 1723 жылғы жоңғар басқыншылығы кезіндегі бір соғыста алты баласымен бірге жау қолынан мерт болады. Екі қабат бір келіні аман қалып, одан ұл туады. Оның атын жақсы бабасының соңғы тұяғы деп "Бақай" қояды. Сол Бақайдан Әйтек ата ұрпағы тарайды. Әйтектің бәйбішесінен Олжай, ал тоқалынан Байбөрі, Қалқаман туады. Байбөрі ел басқарған беделді кісі болған соң "Бөкең" аталып кеткен. Осы күнгі "Бөкең балалары" сол Байбөріден таралған. Ал, Қалкаман өзі сері, әрі батыр жігіт екен. Ол өзінің Мамыр деген қарындасына ғашықтығынан жазықты боп калады. Әнет би оны өлім жазасына кеседі. Бидің бұйрығы бойынша Қалкаман садақ кезеніп тұрған жігіттердің алдынан шауып өте бергенде, ауыр жараланып аман қалады. Қалқаман еліне өкпелеп, Алатау асып кетеді. Ол Жетісуды жайлап отырған нағашысы Үйсіндер ауылына жетіп пана табады. Осы күнгі Алматы жанындағы "Қалқаман аулы" сол Қалқаманнан қалған үрім-бұтақтар. ## Аңыздар ### Аңыз Ал, Әйтектің үлкен баласы Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек тарайды. Жігітектің бәйбішесінен атақты Кеңгірбай би туған. Сол Кеңгірбайға билік тиген соңақ Тобықты еліне еркіндік орнаған. Оғанға дейін тобықты әр елдің талауында боп жүреді екен. Айдос момын ғана шаруа болыпты. Оның Айпара деген бәйбішесі сол ауылды билеген ақылды да, беделі асқан, ақын ана болған екен.Айпара ана жөнінде ел арасында мынадай аңыз таралған. 1723 жылдың жаугершілік кезінде Тобықты елі оңтүстікке қарай тайлы-таяғымен үдере көшеді. Жолда олар ашығып-арып әбден әбігершілік көреді. Кеше ғана көшіп кеткен бай ауылдың ескі жұртына жетсе, бір ақсақ түйе шөгіп жатады. Ауыл адамдары ол түйені союға бата алмай жүреді. Айпара "іздеп келгендерге өзім жауабын беремін" дейді де, түйені сойғызып, қырық жілік қылып, ашығып келе жатқандарға бөліп бермек болғанда "іздеушілер келе жатыр" дегенді есітіп еді. Айпара дереу түйенің етін терісіне орап, ошақ басына көмеді де, оның үстіне күрке тігіп алады.Күркенің оң жағына шалын өлген адамға ұқсатып жатқызып бүркеп тастайды. Іздеушілер келе бергенде, шалын жоқтап дауыстайды. Әлгілер қаралы үйді тінтуге батылы бармай, басқа үйлерді қарап, түйесінің етін таба алмай қайтып кетеді. Сөйтіп Айпараның ақыл-айласымен ашыққан ауыл адамдары түйенің етін бөлісіп жеп, аштықтан аман қалыпты деседі.Сол Айпара анадан Ырғызбай, Торғай, Көтібақ, Топай туады. Бұлардың ішінде Ырғызбай айбынды Абылай ханның айтулы биі болады. Ырғызбай биден Өскенбай, Өсер, Мырзатай, Жортар туады. Өскенбай бес әйел алып, өсіп-өнген ата болған.1-ші әйелі Зереден - Құнанбай, Құтпанбет, 2-ші әйелі Таңшолпаннан - Төлепберді, Шыбар, Елеусіз, Ақмағамбет, 3-ші әйелі Мақыптан Жақып, 4- ші әйелінен Майбасар, 5-ші әйелі Күншеден Бейсенбі, Сұлтанбек, Кенжебай тарайды.Өскенбайдың Тобықты еліне би сайлануына әсіресе Кеңгірбай би себеп болған деседі ел. Кеңгірбай би қартайған шағында өзінің Ералы, Төлеу, Қотанбұлақ, Қалбай деген балаларына сенбей Тобықтыны билеуге ел қамын ойлайтын ақылды, әділ, әрі парасатты адамгершілігі мол деп Өскенбайды ұсынады. Бұл ұсынысты халық құптап, Өскенбай Тобыктыға би болып бекітіледі. Өскенбай Кеңгірбайдың ойынан шығады. Елді мейлінше адал, әділдік жолымен басқарады. "ісің адал болса, Өскенбайға бар, арам болса, Ералыға бар" деген нақыл содан қалса керек. Өскенбай би 1850 жылы қайтыс болған соң ел-жұрты оның орнына баласы Құнанбайды би етіп сайлайды. Жастайынан әкесінің жанында жүріп ел билеу ісіне араласып жөн-жосық көріп қалған Құнанбай билік жұмысын тез игеріп ілгері алып кетеді. Оның ел билеу әдістері әкесі Өскенбайдан ерекшелеу болады. Кейбір мінез, билік, кесімдері әкесінен асып түседі. Қайсар, қатал мінезді Құнанбай би әрдайым алған бетінен қайтпайтын, алысқанын алып жықпай қоймайтын, жер дауы жесір дауы, күн дауы және сондай ел арасындағы дау-жанжалдарға билік айтарда бұлтармай, жалтақтамай билікті кесе-кесе батыл айтатын адуынды да қатал би болған. Көрші елдердің жерін иелену үшін Құнанбай би әртүрлі айла әрекеттерқолданған. Өзінің тартып алған жайылым, қыстауларына найман, керей, уақ елдерінің қара шаруа малшы, жалшыларын, өзінің сөз сөйлер, сойыл соғарларын орналастырады.Қожа, молдаларды жинап, дін уағыздарын елге таратуды қолға алады.Өзінің балаларын ертерек үйлендіріп, оларға көп әйел әпереді. Ол балаларының малын бағатын жалшы-жақыбайлар ұстайды. Олардың әрқайсысын өз алдына ауыл етіп, жеке-жеке қоныстандырады. Міне, Құнанбай өзіне кажетті жерді осылайша кеңейтіп игеріп отырған. Құнанбайдың осындай әрекеттеріне шамасы келмеген өзге елдер одан ығысып, іргесін аулақ салып, тіптен кейбірі басқа ру-тайпаларға көшіп барып сіңісіп кеткен."Құнанбай тұсында тобықты ішінде мұнымен тең түсетін басты адамдар: Бөжей, Қаратай, Байсал, Сүйіндік, Байдалы, Түсіп сияқты кісілер болған. Мұның көбімен Құнанбай бірде дос, бірде араз боп өтеді. Қатты жұлқысқан кісілері де осы топтың ішінде". Тобықтының бұл айтылған белді-белді адамдарымен айтыс-тартыстары ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясында да жан-жақты суреттелген. Бұдан Құнанбайдың көрші ауылдарға зорлық жасап жайлау, қыстау өрістерін тартып алуы, қарсы келгендеріне дүре соқтыруы, Қодар сияқты жазықсыз жандарды өлім жазасына кесуі, осы тәрізді қаталдық пен өктемдіктерді атасақ та жеткілікті. Сондықтан да одан зәбір-қорлық көрген ел-жұрт: "Оның аты Құнанбай, жүйріктігі құнандай, шұбарлығы жыландай,.." деп, мақалдап кеткен. 1822 жылы Ресей патшалығы "Сібір қазақтарын басқарудың уақытша ережелері" деген заң шығарды. Осы заң бойынша қазақ даласында хандық жойылып, оның орнына аға сұлтандық билігі орнады. Аға сұлтандар тек қана хандар, төрелер тұқымынан белгіленуге тиісті еді. Бұл кезде тобықты елінің ауқымы кеңейіп, оған Қарқаралы округі де қарайтын. Осы округке дуан басы аға сұлтан болып Құнанбай сайланады. Сайлау кезінде айтыс-тартыс аз болмаған. Құнанбайдың аға сұлтан боп сайлануына ең алдымен өзінің ықпал-абырой, беделі себеп болады да, екіншіден оның сөзін сөйлеген демеушілері де осал болмаған. Сондықтан да оның аға сұлтандық дәрежеге қолы жеткен. Халық "қарадан сайланған хан" деп Құнанбайдың атақ, даңқын бұрынғыдан да асқақтата көтеріп әкеткен.Қарқаралыдан Құнанбай аға сұлтан болып еліне келген соң, оған қошемет көрсетіп құтты болсын айтушылар көбейді. Құнанбай қатар-қатар ақ боз тіктіріп, келім-кетімдерді бірнеше күн күтіп, сыйлап той өткізеді. Бұл жиынның аяғы басылған соң жігітек елінің ру басы, атақты Кеңгірбай бидің ұрпағы Бөжейді болыстыққа ұсынады. Бөжей болмаймын деп, ол орынға Өскенбайдың тоқалынан туған, Құнанбайдың інісі өзінің досы Майбасарды атайды. Осы арада біраз айтыс-тартыс шиеленіседі. Ақыры Бөжей жағының ұсынысы қабылданып Майбасар болыс болып сайланып кетеді. Майбасар, ұрдажық, дөрекі, зорлықшыл, әпербақан мінезді екен. Қарамағындагы ауылдарға жайсыз боп шығады. Одан зәбір көрген ел Құнанбайға барса, ол "оны болыс етіп сайлаған Бөжей, соған барыңдар" деп сылтау айтады. Ал, Бөйжейге барса, "Құнанбайдың інісі ғой, ол мені тыңдамайды, Құнанбайға барыңдар" деп жұртты әрі-сәрі әуре қыла беріпті. Бұл істің ақыры Құнанбайға барып тіреледі. Майбасар інісінің кесірінен және оған қоса Құнанбайдың қаталдық, зорлығынан зәбір көріп жүрген Көтібек, Байсал, Қаратай, Пұшарбай, Түсіп сияқты куәгер ел басшыларының арыз-шағымымен істі болып Омбы губернаторына шақырылады. Бір жылдай тергеу астында жүріп әбігерге түседі.Дәл сол жылы тағы мынадай оқиға болады: Семей мен Верный арасында жүріп тұрған губернатордың пошта таситын офицерін өлтіріп, ақша, заттарын тонап кетеді. Оны істеп жүрген әлгінде аттары аталған Құнанбайдың үстінен арыз жазып жүрген қастас ағайындарының адамдары болып шығады. Мұны Құнанбай жақсы біледі екен. "Құланның қасуына, мылтықтың басуы" демекші ол дереу бұл оқиғаны пайдаланып губернаторға барады. - Тақсыр, мен ол адамдарды білемін. Мені осы істен құтқарсаныз, почтавойыңызды өтірген қылмыскерлерді көрсетіп беремін, - дейді. - Губернатор уәде береді. Құнанбай өзінің қастасын, айтысып жүрген адамдарын ұстатып түрмеге жаптыртады. Губернатор Құнанбайды тергеуден босатып, оязға дербес көмекші етіп алады. Міне, бұл жерде де Құнанбай өзінің тапқырлығы мен айлакерлігін танытып шығады. Аға сұлтан болып тұрған жылдары Құнанбай Қарұаралы қаласына мешіт-медресе тұрғызады. Өзінің қол астындағы ауылдардың үлкен-кішісін сол мешіт-медресеге тартады. Жас балаларды оқытып мұсылмандыққа, имандылыққа баул иды. Жасы 70-тен аса бастағанда ел басқаруды, билікті балаларына тапсырып, өзі Меккеге қажылыққа барады. Қазақ елінен, өзге мұсылман жұртынан түсіп, қонып тұрсын деп өз қаражатына Меккеден "Тақия" деген тұрғын үй салдырады. Сөйтіп, сол кезден бермен көптеген келім-кетім мұсылмандардың сауабын алады. ### Аңыз Құнанбаймен бірге Омбыға айдалып барған Тоқсан бидің туысы Торқан деген кісі екі жылдан кейін қашып Құнанбайды паналап, арып-ашып келіпті. Құнанбай Абайды шақырып алып, "мына Торқанды тәрбиелеп, бақ" депті.Абай: "Тәте, бұл адам неңіз еді?" - дегенде, Құнанбай: Қажымас, қате баспас хан бола ма,Таусылмас, табан таймас жан бола ма.Бәйгеден қосқан сайын келсе дағы,Тұлпарда арықтаса сән бола ма? Қажымас, қате баспас хан бола ма,Таусылмас, табан таймас жан бола ма.Бәйгеден қосқан сайын келсе дағы,Тұлпарда арықтаса сән бола ма? - деп, "бұл кісі қиын жағдайда бірге қиналған жолдасым еді", - депті. ### Аңыз Аға сұлтан Құнанбай Абақ - Керейге келіпті дейтін әңгіме бар. Сонау Семейден шығыстағы Абақ еліне арыстың аға сұлтаны Құнанбай келе жатыр деген хабар қалың қазақ пен моңғолдар арасында жаппай таралып кетсе керек. Сонымен қабат, Құнанбайдың еліне бару орайында Керейден бітім аламыз дейтін жұрт түгел тұс-тұсынан аттаныпты.Ел ағалары бас-аяғы жиналып Қаба өзенінің бойында оны үй тігіп қарсы алыпты.Абақтың ел ағалары Шабу би, Шегетай батыр, Шал, Жантөре би, Байқан, Көкен бас қосып, кеңес құрыпты: - Елімізге дақ келтірмей күтеміз, айтысқа түсіп, есеге есе көрсетеміз, тендікте тұрып, тартысқа тартыс береміз, сайысқа түсіп сөзге сөз сынасамыз, - деп сілкініпті.Сауынға тігілгендей қатарласқан оюлы ақ отауларға қонактар толған соң, ортадағы орда - кеңес үйге билер лық толса керек. Ру шонжарлары тиесілі орнына жайғасын болғаннан кейін қонақ иесі Шабу би сөз бастайды. Билікті рудың төрелері немесе ел ағасы билер айтуға тиісті. Сонымен бір-біріне ұсынып отырғанда, төрден орын ала алмаған, есік жақтағы бір шешен сөз бастапты. Қара кұлын терісінен тігілген тайжақы кіреуке жамылып, құлын терісінен жасатқан белбеуіне сапы асынған жас жігіт Құнанбайға қарсы жүгініп: - Біз сөзді қалай бастаймыз?! Ортамыз ойылып, ордамыз бұзылып, қоныс ауып, мекен қуып көшіп жүрген елміз. Тұрған жеріміз қалың дәрсет пен ұранқайдың ортасы. Бұлардың бесік белгісі, төсек үлгісі жок, "алса бітім, берсе бітім" дегенді ғана біледі. Ортасы ойылып, ордасы бұзылмаган, жаны бір, заңы бір ағаның баласы өзі бастамай ма? - депті. Сонда аға сұлтан Құнанбай шынтақтап жатқан жастығынан басын көтеріп, Бейсенбіге барлай қарапты. - Болар, болар, өзі болар. Болғалы тұр екен ғой, аузының жұрт айналар икемі бар, көмейінің жау айбынар сұр жыланы бар жігіт екен. Жиын өзі де басталды емес пе, - депті. Бейсенбі жас болса да осыдан бастап Абақ елі ортасында таныла берген. Кейінгі кезде Абақ елі төре билік айтар төбе би сайлағанда: "Аға сұлтан Құнанбай келгендегі үлкен жиында қазақ пен монғолдың, Найман менУақтың төресі мен билері, шешендері мен шенділері бас қосқанда топ жарып сөз бастаған ата сұлтан Құнанбайды "Аузы дуалы, сөзі куәлі, қара қылды қақ жара сөйлейтін білікті, қайсар, би, айтулы шешен" екен деп, ел зорқұрмет көрсетті. Сол отырыста Бейсенбі оны ұстаз тұтып батасын алыпты. ### Аңыз Құнанбай биді кейбіреулер қатал, мейірімсіз дейді. Тіптен олай емес, оның кешірімшіл, мейірімді кездері де аз болмаған. Оған мына бір болған оқиға дәлел:Тобықты елінде оның ішінде Жуантаяқ руынан шыққан, жортуылшы батыр Бәзіл деген болыпты. Бәзіл үнемі бойынан қаруын тастамайтын, көбінесе ат үстінде жортуылда жүретін ержүректі, қайтпайтын, қимылына көз ілеспейтін өте әбжіл адам болған екен.Қыс түсіп жерге алғашқы қар жауған күні жылқы ішінен жайылымда жүрген Құнанбайдың үлкен қара ала аты жоғалыпты. Денесі ауыр Құнанбай қыста мінуге шыдайтын ат сол ғана екен, жануар сондай зор ат болса керек.Жылқышылар аттың жоғалуын еріксіз Құнекеңе хабарлапты, Құнанбай жылқышыларға: - Сырттан келгенсіз бар ма? Қасқыр жесе, сүйек-саяғы жатады. Ұры болса із-түзі болады, анықтап байқаңдар, - депті. Жылқышылар іздеп қарап, ештеңе байқай алмапты. - Еңдеше, іздеп әуре болмаңдар, мұны Бәзіл сойып алған екен, - депті де қойыпты Құнекең. Алайда, Құнекеңнің жанында жүрген билер мен болыстар Бәзілді сізге шақырайық, қара ала аттың жәйін сұрайық, егер ұрласа - оны жазалайық, - дей беріпті.Бірнеше рет олар соны айта берген соң Құнанбай Бәзілді шақыртайық десендер шақыртыңдар деген екен. Айтқандай бір күнде Бәзіл келіпті. Келген бетінде төрде отырған Құнанбайга қарсы жүгіне тізесін бүгіп отыра беріп: - Құнанбай, мені неменеге шақырттың? - депті бетіне бажырая тік қарап. Сонда Құнанбай жәй ғана дауыспен байыппен сөйлеп: - Бәзеке, ат үстінде көп жүресіз, біздің әлгі жоғалған қара ат көзіңізге түспеді ме? - деп қана сұрайды. Сонда Бәзіл тайсалмай сөйлеп: - Ол Қара ала ат көзіме түскенді қойып, менің ішіме түсті. Оны мен соғымға сойып алдым. Сен бір қыста соғымға - 50-60 қара соясың. Соятын қойдың да есебі жоқ. Сонда маған бір жылқың көп пе? - деген екен. Мұны естіген Құнекең лөм-мим деп ештеңе де айтпапты. Басқалар ойлап қалса керек, Құнанбай Бәзілді енді құртатын болды деп.Үнсіздікті Бәзіл өзі бұзып, Құнанбайға: - Сол ма мені шақырғаның, - депті. Құнанбай: - Иө, сол еді, - депті де қойыпты. Бәзіл үйден шыға бергенде анадайда отырған біреуге: - Ана Бәзілді аттандыр, бірақ оң жақ жеңінде не бар екенін байқашы?- депті. Аттандырып келген жігіт айтыпты: - Оң жақ жеңінің ішінде жалаң қанжары бар екен, - депті. Сонда үйдегі кісілер таң-тамаша қалыпты.- Осыны көрмей білген Құнекеңдер әулиедей білгір емес пе? - дескен былайғы отырған адамдар. ### Аңыз Тобықты елімен Қаржас елі арасында жер дауы шығып, оның аяғы үш- төрт жылға созылыпты. Айтылған бітімге екі жағы келісе алмай наразы болып, жоғары жаққа шағынып, билікті бұздыра беріпті. Сөйтіп бұл дау төтенше съезге түсіпті. Сиезде тобықтылар атынан Құнанбай би, Қаржас жағынан Шорманның Мұсасы сөз сайысына түсіпті. Екі би біраз салғыласып, бір бітімге келе алмапты. Басын келіп изесе, Басын келіп изесе, Оған да қыл бостандық, Оған да қыл бостандық, Аяққа салып баспаңдар. Аяққа салып баспаңдар. Бақ тайса ажарыңа қарамайды, Бақ тайса ажарыңа қарамайды, Біреуді біреу сырттан табалайды, Біреуді біреу сырттан табалайды, Басыңа қарапайым бір іс түссе, Басыңа қарапайым бір іс түссе, Қылды деп білместікпен шамалайды. Қылды деп білместікпен шамалайды. "Адам басы алланың добы" деген, "Адам басы алланың добы" деген, Дәм тартса әр тарапқа домалайды. Дәм тартса әр тарапқа домалайды. Мұса кезекті бір сөзінде: "Менің ата-бабама бақыт қонған, біздің мәртебеміз биік, салмағымыз басым, байтақ жатқан елім бай, көкорай шалғын жерім бар, шалқып жаткан көлім бар..." - деп, өзінің байлығын термелеп, мақтана беріпті. Сонда Құнанбай оған былай депті: Пұт болдым деп мақтанба,Пұттан ауыр батпан бар.Биікпін деп мақтанба,Асқар-асқар таулар бар.Ар жағында аспан бар.Басыма бақыт қонды деп,Тосылмаймын енді деп,Алдаушы жалған дүниеге,Ғалып болып азбаңдар,Қарсы келген дұшпаның,Басын келіп изесе,Оған да қыл бостандық,Аяққа салып баспаңдар.Бақ тайса ажарыңа қарамайды,Біреуді біреу сырттан табалайды,Басыңа қарапайым бір іс түссе,Қылды деп білместікпен шамалайды."Адам басы алланың добы" деген,Дәм тартса әр тарапқа домалайды. Пұт болдым деп мақтанба,Пұттан ауыр батпан бар.Биікпін деп мақтанба,Асқар-асқар таулар бар.Ар жағында аспан бар.Басыма бақыт қонды деп,Тосылмаймын енді деп,Алдаушы жалған дүниеге,Ғалып болып азбаңдар,Қарсы келген дұшпаның,Басын келіп изесе,Оған да қыл бостандық,Аяққа салып баспаңдар.Бақ тайса ажарыңа қарамайды,Біреуді біреу сырттан табалайды,Басыңа қарапайым бір іс түссе,Қылды деп білместікпен шамалайды."Адам басы алланың добы" деген,Дәм тартса әр тарапқа домалайды. "Бөрекелді, Құнекең тауып айтты", - депті ел. ### Аңыз Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйінде бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер "шаруа қайтсе оңалады, малжан қайтсе аман болады?" деседі. Сонда Құнекең: - Шаруаң онға айналған шақта,Мінген атың жүреген болады.Асыраған итің үреген болады,Қатының қадірлі болады,Қызың ажарлы болады,Малың базарлы болады,Шөбің шығымды болады,Малыңа жұғымды болады,Ұлың білімді болады,Құлың сенімді болады, - Шаруаң онға айналған шақта,Мінген атың жүреген болады.Асыраған итің үреген болады,Қатының қадірлі болады,Қызың ажарлы болады,Малың базарлы болады,Шөбің шығымды болады,Малыңа жұғымды болады,Ұлың білімді болады,Құлың сенімді болады, деп, бір тоқталады да, оның аяғын былайша жалғастырады: Шаруаң солға айналған шақта:Мінген атың шабан болады,Асыраған итің жаман болады,Қатының сараң болады,Қызың ажарсыз болады,Малың базарсыз болады,Шөбің шығымсыз болады,Малыңа жұғымсыз болады.Ұлың білімсіз болады,Құлың сенімсіз болады... Шаруаң солға айналған шақта:Мінген атың шабан болады,Асыраған итің жаман болады,Қатының сараң болады,Қызың ажарсыз болады,Малың базарсыз болады,Шөбің шығымсыз болады,Малыңа жұғымсыз болады.Ұлың білімсіз болады,Құлың сенімсіз болады... Әумин! ## Дереккөздер
Құс Өсіру, құс шаруашылығы — мал шаруашылығының құс өсірумен айналысатын саласы. Негізгі өнімі — ет және жұмыртқа, қосалқы өнімі — мамық пен қауырсын. Құс сойылғаннан кейінгі сүйек қалдықтары мен жұмыртқа қатты қабығы өндірісте жемдік ұн ретінде, саңғырығы — бағалы органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Жұмыртқа алу бағытында құстың жұмыртқалағыш тұқымы өсіріледі, ет алу бағытында құстың етті мол беретін тауық, үйрек, қаз, күркетауық тұқымдары өсіріледі. Құс Өсіру алғаш бұдан 4 мыңдай жыл бұрын Үндістанда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де таралған. 18 — 19 ғасырларда Еуропа, Азия және Америка елдерінде тауықтардың бірнеше тұқымдары өсірілді. Қазақстанда құс шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады. 2004 ж. Қазақстанның барлық санаттағы шаруашылықтарында 26,3 млн тауық өсірілді, оның 10,3 млн-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 15,6 млн-ы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0,3 млн-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді. Балапандар инкубаторда шығарылады, оған 7 — 8 айлық мекиен тауықтардан бастап, ересек мекиендердің жұмыртқалары салынады. Азықтық жұмыртқа және ет өнімдерін өндіру үшін негізінен будан (жұмыртқа және ет бағыттарындағы тұқымдарды шағылыстыру арқылы шығарылған) құстар пайдаланылады. Құс өсірудің әдісі, ең алдымен, өнім өндіру технологиясына және жергілікті жағдайларға қарай белгіленеді. Арнайы өндіріс орындарында балапандарды және жұмыртқалағыш мекиен тауықтарды ауасы, төсеніші тазартылып, жылуы, жарықтың берілуі мен ұзақтығы, т.б. реттеліп отыратын, терезесі жоқ құсханаларда жылу батареялары бар торлардың ішінде өсіреді. Құс тұқымын асылдандыру — құстан сапалы өнім алудың басты шарты. Арнайы іріктеліп алынған құс топтарын шағылыстыру арқылы алынып, өсірілген құстар төзімді әрі өнімділігі де өте жоғары болады. Құстарды құнарлылығы мол құрғақ, құрама жеммен азықтандырады. Құрама жемге әр түрлі дәндер және олардың қайта өңделген түрлері, балық және сүйек ұны, шөп ұны, минералдық азықтар, витаминді қоспалар, микроэлементтер қосылады. Құрама жемді құстардың жасына және беретін өніміне қарай ұнтақ және түйіршік түрінде өндіреді. Құстың жұмыртқасы мен еті адам организміне жұғымды да сіңімді диеталық тағамдар қатарына жатқызылады. Құс етінің құрамында белок, май, минералдық заттар, витаминдер мол. Құс етінде протеин көп, дәнекерлік тіндер аз болып келеді әрі бұлшық еттерінің арасында май қабаты болмайды. Сондықтан ол балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланылады. Құстың жұмыртқасы әр түрлі қоректік заттарға бай келеді. Пісірілген жұмыртқа адамның жүйке жүйесін нығайтып, зат алмасуын жақсартады, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады (қ. Жұмыртқа). Жұмыртқаның ақ уызы жеңіл өнеркәсіп саласында жылтыр және хром былғары дайындауда пайдаланылады, тоқыма өнеркәсібінде бояулардың тез оңып кетпеуі үшін қолданылады; бекіткіш ретінде баспахана бояуларына, фотография өніміне қосылады. Жұмыртқаның сары уызы терінің ерекше сорттарын илегенде, сабын қайнатқанда және косметикалық бұйымдар дайындағанда қолданылады. Жұмыртқа, сондай-ақ, медицинада, мал дәрігерлігінде сарысу, вакциналар және бактерияға қарсы дәрілер дайындағанда, фармакологиялық дәрі-дәрмектер жасағанда пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қыздар Училищелері — қыз балаларға кәсіптік білім беруге арналған оқу орындары. Қазақ қыздарына арналған Ырғыз қыздар училищесі 1887 ж. алғаш рет құрылды. Қазақ қыздарына білім беруді мақсат еткен Ы.Алтынсарин патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде Қыздар Училищелерін ашуды сұрады. Кейін осы үлгідегі оқу орындары Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта (1890), Ақтөбеде (1896) ашылды. Бес қазақ-орыс Қыздар Училищелерінде оқушылардың жалпы саны 1896 ж. 211-ге жетті, олардың 141-і орыс, 70-і қазақ болды. Өлкедегі білім беру жүйесінің дамуымен Қыздар Училищелері іргелі қолөнер оқу орнына айналды. Онда қазақ қыздары қолөнер үлгілерін меңгеріп, кәсіптік білімдерін жетілдірді. ## Дереккөздер
Құсбегілік– бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнердің бір тармағы. Құсбегілік жаһанда кеңінен тараған, оның ішінде бүркітшілік қазақ, қырғыз халықтарының дәстүрлі ежелден келе жатқан үлкен төл өнері ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер бар Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады. ## Тарихи сипаттама Көшпелі өмір салтын бастан кешірген қазақ халқы табиғатпен мейілінше етене болған. Көшпелілер табиғатты өз өмірлерінің бөлінбес сыңарына балап, табиғат тылсымын неғұрлым тереңірек таныса, өмірдің солғұрлым мәнді де қызықты болатынын жақсы түсінген. Табиғат аясындағы таным-тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі аңшылық-саятшылыққа байланысты. Аңшылық-саятшылық әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың тамаша үлгісі болған. Құсбегілік әсем табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады. Ел ішіндегі ит жүгіртіп, құс салған, қақпан-тұзақ құрып, тор жайған жалғыз-жарым аңшылықты айтпағанда, көшпелілер арасында бүкіл ру-тайпа болып қотарыла көтерілетін, сөйтіп байтақ өңірді қаумаласа сүзетін аңшылық дәстүрлері болған. Мұндай жойқын аңшылықтың із-сорабы, белгі-айғағы ретінде Қазақстандағы Үстірт үстіндегі "құпия сызық" деп жүрген әйгілі қалта ауыз ұра қазбалары, кезінде Шоқан Уәлиханов таңдана жазған, күні бүгінге дейін ізі сайрап жатқан Іле өзені мен Тарбағатай арасындағы ұраны айтуға болады.Сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқы табиғатпен етене қойындас болғандықтан аң-құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, әсіресе, кейінгі ұрпаққа үйретуге айырықша мән берген.Қазақ аңшылары өздерінің таным-тәжірибесінің арқасында аңшылық-саятшылық үшін жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы сияқты жан-жануардың тілін таба баптап, қалауына көндіре алған. Осылардың ішінде қыран құстарды баптаудың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесі шын мәнісінде әрі өнер, әрі терең біліктілік. ### Тарихи деректер Тарихи деректерге қарағанда, құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақ-сұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап, күтуге, арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы құсбегілік қызметке тек ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші ұстағаны туралы жазылады. ### Қазақ аңыздары Құсбегілік өнері қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерде де ерекше орын алады. Мәселен, қазақтың әйгілі құсбегісі Жалайыр Шораға байланысты аңызда “Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады”, — деп қыран құстар мұң шағады екен. Қазақ және басқа түркі тектес халықтар көбінесе бүркіт асыраған, ал Еуропа мен Ресей билеушілері сұңқарларды қолға үйреткен (“соколиная охота”) ## Түз құсын қолға түсіру әдістері Белгілі әдістері: аумен ұстау, тор жаю, қарға орану, тояттатып алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу. * Аумен ұстау үшін шарық жіптен тоқылған ауды елсіз иен жерге құрады. Ол үшін бес-алты талды жерге әлсіздеу қадап, тормен қоршайды да, ау ортасына мықтап қазық қағады. Қазыққа тірі түлкі немесе қоян, кейде бір-екі тауық байлайды. Қиядан көріп, құдия түскен бүркіт төбесі ашық тордан еш уақытта тік көтеріліп ұшпайды. Жүгіре көтеріліп ұшамын дегенше торға оралады. * Тор жаю әдісі көбіне қыс айларында қар түскен соң пайдаланылады. Ол үшін қар түстес ақ шаңқан торды қар үстіне бір метрге жуық биіктікте кере құрады да, астына тірі түлкі немесе қоян байлайды. Бұған сорғалап түскен қыран аяғын торға шалып алады. Солқылдақ тор бұркіттің аяқ тіреп, серпіле ұшуына кедергі жасайды. * Қарға орану әдісі қар бекіген соң ғана қолданылады. Ол үшін екі адам бүркіттің аңға түскен сәтін аңдып жүріп, ұшырып жібереді де, біреуі қарға көміліп, жемді төбесіне қойып жатады. Суық сорып, аш өзек болып жүрген бүркіт кешікпей жемге оралғанда, қар астындағы жасырынған адам оны ұстап алады. * Тояттатып ұстау үшін түз тағысының аңға түскен немесе жемтікке қонған сәтін аңду керек. Сол сәтте ұшқыр атқа мініп, әбден мелдектеп тойған бүркітке ең ұрымтал деген иек артпадан тұтқиылда қосылып береді. Күн желтең болса жел жағынан шықса, тойған құс ыққа қарай жүгіргенде бетегесімен жер соғып, көтеріліп кете алмайды. Сол кезде ұшқыр атпен төніп келіп құс үстіне шапан сияқты киіммен жаба салу керек. * Шеңгелдестіру үшін қол құсын, қолға үйреткен бүркітті түз қыранына салады. Ол үшін қол құсының балақ бауына түлкінің жон терісін, немесе бір санын қызарта байлап қоя береді. Әрине түз құсының бойын көріп барып жіберу керек. Сонда қол құсы өз тектесімен парлап ұшуды аңсап көтерілсе, түз құсы оның аяғындағы жемге құдияды. Мұндай жағдайда қос бүркіт сөз жоқ шеңгелдесіп жерге түседі. * Ұядан алу үшін аңшының көп еңбегі, әдісқойлығы, ептілігі қажет. Ол үшін мекен-жайын, қонатын мезгілін әбден бақылап алып, тор, тұзақ, шаппасына кигіз салған қақпан, тағы да басқа әдістер арқылы қолға түсіреді. ## Түз құсын баптау тәсілдері Түзден ұстаған құсты үйрететін адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі құсты балапан кезінен бастап баулиды. * Томаға кигізу Түз құсын қолға түсісімен томаға кигізбей үйретуге болмайды. Томаға кигізген соң да екі-үш күн ұйықтамай қарсылық көрсететін қиқарлығы болады. Ондайда ырғаққа (тербемелі әткеншек етіп байланған жұмыр ағаш) отырғызып тербетіп, ұйықтатпайды, яғни екі күн болсын, үш күн болсын құс қарсылығын қойғанша қажымай бірге болған абзал. * Сылап -сипау Қолға түскен құсты бірінші күнен-ақ барлық баптау барысындағы қимыл -әрекетте және түн ортасында тұрып сылап-сипайды. Құстың иесіне әбден бауыр басуы үшін мұндай ықылас қажет-ақ. * Жем жеуге үйрету Құс алғашында жемге өздігінен ұмтылмайды. Сондықтан бір жапырақ етке қант бүркіп, аузына салып жібрген абзал. Сөйтіп қолдан жем жеуге үйреткен соң, алыста тұрып шақырып, құсты өздігінен келіп жем жеуге баулиды. Оған үйренген шақта ат үстінде тұрып жем көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Мұның бәрі құстың атқа да, адамға да үйірек болуына әрі шынығуына бірден-бір себеп. * Шырғаға тарту Баулу кездерінде құстың аяғында байланған ұзын жеңіл шыжым жіптің болғаны абзал. Бұлайша баулуды шырғаға тарту деп атайды. Ерінбей-жалықпай шырғаға көп тартылған құстың қанат, құйрығы берік болып жетіледі. * Далабайға түсіру Далабайға түсіру деп тұлып етіп сойылған аң терісінің (көбінесе, түлкі терісі) үстінен жем алғызуды айтады. Жемді аң терісінің кез келген жеріне қоя салмай бас жағына тығыздап тығып, екі көзінен болар болмас қызартып көрсетіп қою керек. Сосын тұлыпқа ұзын жіп байлап сүйретеді де, құсқа оны ат үстінде ұстап тұрып көрсетеді. Егер құс томағасын сыпырғанда далабай тұлыпқа талпынып, лап қойса әрі қарай сүйретпей тастай салу керек. Сол жерде далабайдағы қант бүркілген тәтті етті бір-екі рет шоқытқан жөн. Мұнан соң құсты қолға алып томағасын кигізеді де, атқа мініп сүйретпе далабайды тағы да көрсетеді. Осылайша қайталай берудің еш зияны жоқ. * Құстың аңға түсу тәсілдеріШаншыла түсу. Бұл тәсілде құс бірде болмаса бірде соғылып, мерт болуы мүмкін.Сыпыра түсу. Сыпыра түскен құс екпінін баса алмай тегеурінін (жембасар үш саусағына қарсы орналасқан артқы жалғыз саусақ) алдырып алады.Іліп түсу. Іліп түсуге қалыптастыру үшін сүйретіп келе жатқан далабайға құс аяғы тиісімен тастай салу керек. * Шаншыла түсу. Бұл тәсілде құс бірде болмаса бірде соғылып, мерт болуы мүмкін. * Сыпыра түсу. Сыпыра түскен құс екпінін баса алмай тегеурінін (жембасар үш саусағына қарсы орналасқан артқы жалғыз саусақ) алдырып алады. * Іліп түсу. Іліп түсуге қалыптастыру үшін сүйретіп келе жатқан далабайға құс аяғы тиісімен тастай салу керек. Құсты аңға салмас бұрын аяғы өреленіп, ауызы тұмылдырықталған тірі түлкіге түсіріп көрудің де пайдасы мол. Мұны құсбегілер "тірілету" деп атайды. Тірі түлкіге қаймықпай түскен құстың аң аулауға үйренгені.Құсты бұлайша баулу әдістерінің қай-қайсысына кіріскенде де, тіпті аңға саларда да қолдағы құсты аш ұстаған жөн. ## Құсты қызылға отырғызу немесе түлету Құсбегілер қолындағы құсын аңға салуға мамыр, маусым айларынан бастап баптайды. Алдымен қансоқты, қызыл сияқты маңызды жем беріп, түлету үшін семіртеді. Бұл кезді қызылға отырғызу немесе түлету деп атайды. Құс түлегі бапты болса, аз күнде-ақ бой жүні сүзіліп, салаланып сала береді. Ал түлек бапсыз болса, жемі қуатсыз немесе маңызсыз болса құстың бой жүні жымдаспай қобырап, қауырсындары бунақталып дұрыс жетілмейді.Қазақ құсбегілерінің қолындағы құсты тиісті бап, күйіне қарай ашықтыруы, қоялатуы (құстыру), шаятыны (ішін жүргізу) болады. * Қоялату үшін бармақтай ақ киізді әбден жуып тазартып, майға орап қылғыттырып жіберсе аздан соң құсып, ішіндегі бар қоясы құсықпен бірге түседі. * Ішін шайып ашықтыру үшін тырна жілігінен жасалған түтіктен бір-екі рет қызыл шай жұтқызады. ## "Қайыру" Қайыру - құсты әр кезде әр түрлі бапта ұстау үшін оған берілетін жеміне байланысты. Құсбегі қолындағы бүркітін қайырып, қалаған бір бабына келтіру үшін бірнеше жем түрлері беріледі: * Қансоқта - өлген аңның немесе малдың туралмаған, қаны сорғалаған кесек еті. * Қызыл - құстың қылғып қақшуына оңтайланып туралған қызыл ет. Мұның да қан сөлі өзінде болады. * Тартпа - малдың немесе аңның желкесі, толарсағы, шандары сияқты құнарлы аз сіңірлі жерлері. * Сарбөртпе - туралған соң суға екі-үш рет шайып, сығып, біршама қан-сөлінен арылтқан ет. * Ақжем - майдалап турап, суға салып қойып, әбден сығымдап, бар маңызынан айырған ет. * Тоят - құс өзі алған аңның етін жұлып жеуі. * Үрген өкпе немесе боз өкпе - сойылған малдың немесе аңның өкпесіне пышақ тигізбей кеңірдегімен қоса алып үріп қояды. Сонда өкпе маңызынан айрылып, құсты белгілі күйге түсіретін жем болып шығады. ## Құс баптауға қажетті мүліктер ## Баптаған қырандарды сынау ## Қазақстандағы құсбегілік Құсбегілік өнер соңғы 10 — 15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта жандана бастады. * 1998 жылдан бастап құсбегілердің басын қосып, баптаған қырандарын сынға салатын "Салбурын” мерекесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. * Қарағанды мемлекеттік университетінің жанынан арнайы құсбегілер мектебі ашылды. * Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылындағы Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебі жанынан Республикалық құсбегілер мұражайы ашылған. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Қыдырғали (Қадырғали) - қазақ ер есімі: * Қадырғали Жалайыр * Қадырғали Жәлелұлы Ахметов * Қадырғали Қонысбайұлы Жаманбалин
Қызбелтау, Қызылбелтау — Торғай қолаты мен Торғай үстірті аралығындағы дөңес таулар тізбегі. ## Географиялық орны, жер бедері Қостанай облысы Науырзым және Жангелді аудандары жерінде, бойлық бағытта 60 км-ге созылып жатыр, енді жері 15 км-ге жетеді. Абсолюттік биіктігі 232 м, салыстырмалы биіктігі 60-80 м. Беткейлері жыра-сайлармен қатты тілімделген. Онда бұлақтар, қайнар көздер көптеп кездеседі. Шығыс және оңтүстік етектері құлама жарқабақтанып, Торғай қақпасына тіреледі. Солтүстігінде жазық келген Қарт қонысы, оңтүстігінде Сарықопа көлдері жатыр. ## Геологиялық құрылымы Қызбелтау жоғары олигоцен мен миоцен дәуірлерінің сазды, қарбонатты жыныстарынан түзілген; дөң бетін палеогеннің теңіздік шөгінділері жапқан. ## Өсімдігі Тау беткейлерінде бетеге, жусан, селеу өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Қыземшек сөздері мына мағыналарды білдіруі мүмкін: Елді мекендер: * Қыземшек – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл. * Қыземшек – Түркістан облысы Созақ ауданындағы кент. Басқа мағыналар: * Қыземшек (тау, Күнгей Алатау) * Қыземшек (тау, Ұлытау таулары) * Қыземшек (тау, Мұңлы тауы) * Қыземшек (тау, Бетпақдала) * Қыземшек (тау, Қызбелтау таулары) * Қыземшек мыс қорыту пункті * Қыземшек кенттік әкімдігі * Қыземшек (тау, Батыс Қазақстан облысы)
Құртқашаш (лат. Iris) – құртқашаштар тұқымдасына жататын өсімдіктер тегі. Қоңыржай, субтропиктік аймақтар мен Солтүстік жарты шарда 250-ден аса түрі белгілі. * Қазақстанда құмды, шөлді және шөлейт жерлерде, далада, тау бөктерінде, ормандарда өсетін 8 түрі бар. * Биіктігі 20 — 200 см. Жапырағы сүйір, гүлдері қос жынысты, ірі болады. Гүл серігі ұзын түтікшелі және иіліңкі 6 бөлікті (оның 3-еуі ірі, сыртын жұмсақ түк басқан). Аталығы — 3, сыртқы бөлігінің түбінде тұратын ұзынша тозаңқаптары таспа пішінді. Жатыны — 2 ұялы. Бал арасымен тозаңданады. * Сәуірден шілдеге дейін гүлдеп, жеміс береді. * Жемісі — көп тұқымды қауашақ. Тұқымы жел арқылы таралады. Сары құртқашаш (І. flavіssіma) — дәрілік өсімдік, жоңғар құртқашашы (І. songarіca) жапырағынан щетка жасау үшін ірі талшық алынады. Альберт құртқашашы және Людвиг құртқашашы (І.Ludwіgіі) — өте сирек кездесетін эндемиктер, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Өсімдік туралы Құртқашаш – табиғатта 250-ден астам түрі белгілі шөптесін өсімдік. Оның көптеген түрлерінің ішінде бір метрден асатын өте биіктері және тым аласа түрлері де бар. Бірақ олардың барлығының дерлік гүл күлтесі бірдей пішінде болады. Гүлінің түсі ақтан қоңыр қызылға дейінгі аралықта алуан түрлі. Оны көбінесе гүлзардың алдыңғы жағына немесе альпі шоқысына отырғызады. Құртқашаштың гүлдеу уақыты түріне қарай көктемге немесе жаздың басына сәйкес келеді. Табиғаттағы түрлері сәуір айында ерте гүлдесе, көгалдандырудағы түрлері мамыр, маусым айларында гүл жарады. Егер, өскен ортасы ыстық болса гүлдеуі 15-20 күнге, ал ауа-райы салқын болса 25-30 күнге созылады. Кейде құртқашаштың ұзақ гүлдегенін қалаған гүлпаздар оны көлеңкеге егіп, жаз ортасына дейін гүлдетіп жатады. Қазақстанның табиғатында құртқашаштың 21 түрі бар. Біраз түрі көгалдандыруда қолданылады. Қазақстанның Қызыл кітабына «Иридодиктиум» деген түрі еніп, қорғауға алынған. Құртқашаштың гүлінің түсі сары, көк, сиякөк болып келетін ергежейлі түрі және сазды, сулы жерлерде өсетін түрлері де бар. ## Күтімі Жер талғамай жақсы өседі. Кез келген жерге тез жерсініп, жылдам өседі. Мол суғарғанды, күннің көзін ұнатады. Кейде осы қасиетін бағалап гүлпаздар құртқашашты жасанды көлшіктің, арықтың жиегіне егіп жатады. Гүлдеп болған гүлсабағын қырқып отырса, жапырағының өзі әдемі болып тұрады. ## Көбейтілуі Құртқашаш тамыртүйнекті өсімдіктер қатарына жатады. Тамыз айында түбін бөлу арқылы көбейтіледі.Құртқашаш – көпжылдық, тамыртүйнекті.Касатиктер тұқымдасына жататын бақша өсімдігі. Ол дүние жүзінің барлық жерлерінде кездесетін бірден – бір өсімдік. 300-ге жуық табиғи түрі бар, соның ішінде 150-ге жуық түрін еліміздің көгалдандыруында кездестіругеболады. Әдемілігі бірнеше түстен құралатын гүлдерінде. Гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта. Гүлінің түсіне бола оны ирис деп атаған.Ирис грек тілінен аударғанда кемпірқосақ деген мағынаны білдіреді. Гүлдеуіауа- райы мен өскен ортасына қарай 23-25 күнге созылады. Көп күтімді қажет етпейді.Құнарлы топыраққа егіп, гүл түйіндерін шығарған уақытта минералды тыңайтқышпен қоректендіру қажет. Салқын не көлеңкеге еккен құртқашаштар ұзақ гүлдейді. Түбін бөлу арқылы күзде көбейтеді. ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер
Қыземшек Мыс Қорыту Пункті — ежелгі кен орны. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 48 км жерде. Алғаш 1968 ж. геологтар В.А. Кастюшин, В.В. Волобуев анықтаған. Аңғарлы ауданы 70x150 м жазықтау далада ежелгі дәуір адамдары қалдырған қорытпалар, минералды мыс қалдықтарының шоғыры табылған. Одан батысқа қарай 1,5 — 2 км жерде байырғы адамдар кентас алған орын анықталған. ұалымдардың пікірінше, осы жерден Қыземшек Мыс Қорыту Пунктіне кентас тасымалданған. Оны осы арадан табылған кен өндіруге қажетті құрал-саймандар сынығы да растай түседі. Шығыс жағындағы Қарамыс орнында тереңд. 5 м вольфрам алынған қазаншұңқыр бар. Қыземшек Мыс Қорыту Пунктінің айналасынан тағы да бірнеше кен орны анықталған. Археологиялық деректерге қарағанда Қыземшек Мыс Қорыту Пункті-н б.з.б. 2 мыңжылдықта қола дәуірі шеберлері пайдаланған. ## Дереккөздер
Құтандар (лат. Ardeidae) – Ескекаяқты құстар отрядының бір тұқымдасы. * Ежелгі түрлері — олигоцен дәуірінен, ал осы күнгілері — орта миоценнен белгілі. Дүние жүзінде (Антарктидадан басқа) барлық материкте таралған, 32 туысы, 66 түрі бар. * Қазақстанда 7 туысқа бірігетін 9 түрі кездеседі. Құтандардың тұмсығы ұзын, ұшы сүйірленіп келеді. Тұмсығының жиектерінде ұсақ “тісшелері” болады, сол арқылы су түбіндегі ұсақ омыртқасыздарды сүзіп алып қоректенеді. Құйымшақ бездері (қауырсындарын судан қорғайды), ұсақ мамықтары және кеуде-арқа тұсында өте майда мамықты қауырсындары болады. * Топтанып тіршілік етеді. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Еділ мен Жайық өзендерінің бойында, Маңғыстау өңірінің сулы-батпақты жерлерінде кіші аққұтан (Egretta garzetta) мен сары Құтан (А. ralloіdes) кеңінен таралған. Бұлардың қанаттарының ұзындығы 23 — 30 см, салм. 345 — 500 г-дай. Кіші аққұтанның түсі ақ, ал сары Құтанның басы мен мойны сары, бауыры ақ түсті, басында ұзын қауырсындардан тұратын айдаршасы болады. * Құтан — жыл құсы. Наурыздың аяғында ұшып келіп, ұяларына 4 — 6 жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп 20 — 22 күндей басады. * Сары Құтанның бір ерекшелігі — ұясына адамдардың келгенін көрсе, ұясын тастап басқа жерге ұшып кетеді. Ұсақ балық шабақтарымен, ұлулармен, су жәндіктері және ұсақ кемірушілермен қоректенеді. Соңғы мәлімет бойынша кіші аққұтанның саны 500, ал сары Құтан 1 мыңға жуық (2003). Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал Құтанның Корея мен Қытайда ғана кездесетін, тіршілігі әлі толық зерттелмеген — сарытұмсық Құтан — Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Ұялары Құтандар үлкен топтармен өмір сүреді. Алайда кейбіреулері жалғыз тұрғанды да қалаулары мүмкін. Бір топ бірнеше жұптан немесе мыңға жуық құстан тұрады. Олар бұтақтар мен таяқшалардан ағаштардың, шатырлардың, мұнара-лардың және түтіндіктердің үстіне үлкен ұялар салады. Олардың ұясының неғұрлым үлкен болғаны олар үшін соғұрлым жақсы. Себебі биік ұядан айналасын жақсы көруге мүмкіндік болады. Сонымен қатар, кейбір құтандар жартастардың жанындағы қуыстарда да өмір сүреді. ## Құтандардың қорегі Құтандар – етқоректі құстар. Әдетте, олар су бетімен ұшып, балық, бақа, шаян, су жәндігі және жылан секілді қорек тауып алады. Кейбір түрлері өлекселермен де қоректенеді. ## Түрлері Құтандар құтан тұқымдасына жатады, сонымен қатар бұл топқа ашықауыз құтандар мен ябирулар да кіреді. Құтандар Антарктидадан басқа әлемнің барлық аймақтарында кездеседі. Әсіресе, әлемнің тропиктік аймақтарында көп болады. Құтандардың 18 түрі белгілі, олар – сұр құтан, Африка құтаны, үнді құтаны, Америка құтаны, үнді ашықауыз құтаны, ақбауыр құтан, түкті мойынды құтан, ақ мойынды құтан, Африка ашықауыз құтаны, магуари құтаны, азиаттық құтан, ақ құтан, қара құтан, қара тұмсықты құтан, көкқұтан, ябиру, ява марабуы, үлкен үнді марабуы және африкалық марабу. ## Дереккөздер
Қызыл алтын кен орны – Жетісу облысы Ақсу ауданы Қапал ауылынан солтүстікке қарай 8 км жерде. ## Геологиялық құрылымы Кен орны кварцты құмтастар мен орта девон тақтатастарының қабатшаларымен жабылып, дайкалармен жанышталған. ## Жатыс сипаты Кендену сатысының ұзындығы 270 м, созылымы субмеридианды бағытта (қалыңдығы 4,7 м, ұз 8-ден 36 м-ге дейін жететін алты кварц-желілі денелер орталығы бөлікшеге кіріктірілген). ## Құрамы Кендердің құрамында халькопирит, пирит, алтын, галенит, кварц, малахит, ярозит, темір мен марганецтің гидрототықтары бар. Мұндағы сомтума алтынның мөлшері 0,05-0,4 мм, кен білінімдерде алтын 19,8 г/т, күміс 0,1-149 г/т, ал мыс 3,6%, қорғасын 2,8%. Қызыл алтын кен орны есептелген қоры бойынша ұсақ кен орындарының қатарына кіреді. Оның жоғары бөлігі ашық әдіспен игерілген. ## Дереккөздер
Қызыларай Тас Мүсіндері — ортағасырлық ескерткіштер. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай тау жоталарының аңғарларында орналасқан. 1991 — 92, 1997 ж. Орталығы Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Мұндай ескерткіштер Беғазы, Ақсораң, Қарасораң тауларының шығыс беткейлері мен Қаратал, Жіңішке, Жыланды, Сарыөлең өзені бойларында көп кездеседі. Қызыларай Тас Мүсіндері негізінен екі үлкен топқа бөлінеді. Бірінші топтағы мүсіндер түркі қағанаты кезеңіне (6 — 10 ғасырлар), екіншісі қыпшақ мемлекеті кезеңіне (8 — 13 ғасыр басы) жатады. Алғашқы топта ер кісілер мүсіндері көп. Жартысынан көбі кеудеден жоғары бейнеленген. Бет әлпеті сұсты, қабағы түйілген ерлер — жауынгер, абыз, құсбегілер. Бірқатарының бас киімі, арқасына төгілген көп тарамды шаштары, белінде белбеуі, оған ілінген қылыш немесе семсер, оқшантай, т.б. бұйымдары бар. Бір қолымен ыдыс, кейбірі құс ұстап тұрады. Мойнынан тұмар және жалпақ жағалы киім үлгілерін көруге болады. Бір құлағында кейде екі құлағында да сырға бар. Саны 50 — 60-қа жететін тас мүсіндер үлкен қақпақ тастардан төрт бұрыш, шаршы етіп салынған қоршаулардың шығыс жағына, тізбектеле тұрғызылған. Тізбектің ұзындығы 100 — 120 м. Қоршау ішіне тас үйілген, олардың арасында ақ шақпақ тастар кездеседі. Қазылған қоршаулардан ағаш баған, от орнындағы күл-көмір қалдықтары табылды. Екінші топтағы тас мүсіндерде әйелдер көп бейнеленген. Бұлардың басты ерекшелігі үйінді тас немесе арнайы салынған ғибадатханаларға бетін шығысқа қаратып қойылған. Ғибадатханалар екі түрлі: бірі — жеке, төрт бұрышты тастан қаланған, ортасына 2 — 5 мүсін тігінен көмілген; екінші түрі — қос қоршаулы. Мұнда тас мүсіндер шығыс жағындағы кіші қоршау ішіне қойылған. Осы өңірде бірегей туынды болып саналатын тас мүсіндер, қоршаулар мен ғибадатханалар Қызыларай тауларының түркі-қыпшақ заманында киелі орын болғанын көрсетеді. Мұнда ғұрыптық, салттық жоралғылар өткізіліп тұрған. Қызыларай Тас Мүсіндері — Қазақстанды мекен еткен ортағасырлық тайпалардың мәдениетінен хабар беретін кешен. ## Дереккөздер
Қызылауыз мұздығы – Жетісу Алатауының солтүстігі беткейіндегі аңғарлық мұздық. Лепсі алабындағы Сарымсақты өзенінің саласы Қызылауыздың бастауында. ## Аумағы Ауданы 4,8 км2, ұзындығы 3,3 км, ашық жері 2,7 км. Фирн (мұзқар) алаңы 2,6 км2, мұздық тілі 1,7 км2, борпылдақ жыныстар жапқан бөлігі 0,5 км2. Фирн (мұзқар) сызығы 3500 м биіктіктен өтеді. Мұздық екі камерадан тұратын цирктің солтүстігі және оңтүстігі беткейінен толығады. ## Дереккөздер
Қызылбастар — түркі тілдес ұлыс. Қазақтың батырлық жырында айтылатын Қызылбастар ұлысы 12 шиит имамының құрметіне тігілген 12 қызыл сәлде киюіне байланысты аталған. Қызылбастар Иран, Ирак, Сирия, Ауғанстан тағы басқа. Кіші Азия жерлерінде тайпалар бірлестігін құрған. 15 ғасырдың ортасына қарай осы түркі тайпаларының әскери әрі діни туыстығына айналған шииттік — Севефи әулетінен шыққан қызылбас билеушілері бүкіл парсы жерін өзіне қаратып, астананы Тебризден Исфаһанға көшірген. Саны 200 мыңдай Қызылбастар жеті тайпаға бөлінеді. Бұл тайпалар бір тілдің әр алуан диалектісінде сөйлейді. Діні, тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері, наным-сенімі мен ұлттық танымы қашқайларға ұқсас. ## Дереккөздер
Қыз қуар (әз. qız qov; қыр. кыз куумай; башқ. ҡыҙ ҡыуыу) — (Кейде қыз қуу деп те аталуы мүмкін) Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі спорттық мәні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез қашуды және қамшы тигізбеуді көздейді. Көп жағыдайларда қыз қуып жетсе жігітке қамшы тигізбей, жай басынан қамшы үйіреді. Бұл жігіт үшін намысты жағдай. Егер жігітке ызаланса аямауы мүмкін. Бұл ойынды бір-бірін ұнататындар да, былайғы боз балалар да еркін ойнауы мүмкін. Ол әрі ат үстіндегі мәдение дене тәрбие. Кейбір кейнгі зерттушілер бұл ойында қызды жігіт сүйеді дегенді айтады. Бұл ақылға қонымсыз, қыз қуар ойынын көрмегендердің фантазиясы. Олар осы арқылы бұл ойынды қазақ жастарының махаббаттасуы ретінде айтқысы келеді. Бірақ қазақ қоғамында жиналған жұрттың көзінше қызды сүю өте әдепсіз қылық есептеледі, ондай жағдайда намысқа тиіп, рулар арасында тіпті қақтығысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан тіпті олар алда қосылатын, не қосылған жұптар болса да, бәрібір ат үстінде сүйісу деген әңгіме жоқ. Әрине, өзара әзіл-қалжың болуы мүмкін. Ойындағы ең басты ереже жігіттің атқа мықты шаба алуы, болмағанда қыздардың қамшысы тиіп масқара болуы. Қыз қуар Қазақстанда, Қырғызстанда ойналатын ұлттық ат ойыны тобына жатады. Мерекеден басқа, бұл ойын бұрын үйлену тойларында өткізілген. Әрине, ежелгі нұсқасы қазір ережеге түсіп, бәлгілі бір тәртіппен өтізілу қолға алынды, бірақ негізгі нәрселер өзгерген жоқ. Ойынның негізгі көздегені жігіттердің намысын шыңдау, ат үстіндегі өнерін, қабілетін арттыру, жақсы ат баптау. Мықты жігіттер жақсы ат баптайды, ат үстінде де өте жақсы отырады, демек ол қыздан таяқ жей қоймайды. Ал, болбыр жігіттер ат үстінде дұрыс отыра алмайды, аты да шабан болуы мүмкін, демек ол қыздың қамшысына қалады. ## Өткізу тәртібі мен шарттары Қыз қуар ойыны үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, жүйрік тұлпарларға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатысушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қолданылады. Жарыстың екі түрі болады. Жарыс жекелей өтеді. Егер жастар екі топқа бөлінсе, онда ойын ережесіне сәйкес, қыздар мен жігіттердің саны тең болуы керек. Ойын төрешісінің бірінші белгісі бойынша, жігіт қыздан 10 метрдей қашықтықта алда тұрып, шабысқа дайындалып тұрады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Қыз жігітті бұрылысқа дейін қуып жетіп, қамшы үйіруі керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан мәреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептеледі. Жарысқа қатысушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей мәреге оралуға рұқсат етілмейді. ## Әдебиеттегі қыз қуар Қыз қуар «Манас» эпосында да айтылыпты: Боз бала, жігіт аралас,Қыз-келінменен жарысып,Қызық өзен бойласып,Қызығысып қырандарҚыз қууспай ойнасып,Талықпай көшіп, бел байлапТаласты көздей бет алып,Ел шұрқырап, шу болыпЕр қуанып, ду болып,Кіндік кесіп, кір жуғанЖеріне көшіп келе жатад. Бәрін өзіне ұйытып, қызықтырып,Қыз қуған жоқ,Барасың қызық қуып.Баяулай бер, жігіт-жан, баяулай көр!Қыз жүрегін жүрмеші суыттырып. Қыз қуар туралы қазақ ақындары былай жырлаған:Қыз да қуып барады – қызық қуып,Бәрді ойынан бір сәтке ұмыттырып.Ұзай көрме, жігіт-жан, ұзай көрме!Біз де отырмыз,Кетпес деп біліп тұрып. Қыз қуардың қызықта осысы бар,Озба, екеуің өзара тосысып ал.Шынашаққа ілгені қамшысы емес,Саған дарыр жүректің оты шығар… ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі ## Сыртқы сілтемелер * [1]
Қызылеспе полиметалл кен орны - Қарағанды облысындағы Мойынты темір жолы стансасының солтүстік-шығысында 45 км жерде. 1834-1918 жылдары шет елдік кәсіпорындар геологиялық қазу жұмыстарын жүргізген. Қызылеспе полиметалл кенінің геологиясы 1919-1950 жылдары зерттелген. ## Геологиялық құрылымы Кен алаңы кембрий-ордовиктің карбонатты, силурдың жанартаутекті-шөгінді және девонның жанартаутекті жыныстарынан құралған. Мұнда Қызылеспе массивіне жататын жоғары карбонның аляскит граниті, ірі денелі калий шпатты гранит, дайкалар бар. Олардың жапсарындағы скарндарда мырыш-қорғасын кентастары көптеп кездеседі. ## Жатыс сипаты Кен орнындағы минералдану процесі темірлі, сирек металды және полиметалды кендер болып бөлінеді. Мұндағы тотығу белдемін қайтадан байыған және алғашқы сульфидтік белдем деп екіге бөлуге болады. Кен денесінің сульфидтермен алғашқы және одан кейінгі баю белдемдері жер бетінен төмен қарай 20-30 м тереңдікке кетеді. Мұнда карбонат, қорғасын, мырыш және мыс карбонаттары, лимонит, псиломелан, вульфенит, хризоколла, опал, халцедон кездеседі. ## Минералдары, құрамы Кенді құрайтын басты минералдар - церуссит және смитсионит. Сульфидтермен қайта байыған белдемде халькозин, ковеллин, борнит, халькопирит бар. Алғашқы сульфидті кенді ұсақ (0,2 — 2 мм) және ірі (1 см) агрегатты галенит, сфалерит, пирит, халькопирит, арсенопирит, құлпырмалы кендер, аргентит, висмутин, станнин, тетраэдрит, касситерит құрайды. Ал, желі минералдары: кварц, кальцит, серицит, хлорит, аксинит. Кендегі қосалқы элементтер — күміс, кадмий, индий, висмут, қалайы, галлий, германий. ## Дереккөздер
Қызылкенші, Қыз Әулие — 17 ғасырдағы сарай. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Кент тауының баурайында орналасқан. Жергілікті халық Қыз Әулие деп атайды. Алғашқы жазба сипаттамасын 19 ғасырда Қарқаралы дуанын ашу барысында Омбы губерниясын басқарған генерал С.Б. Броневский жасаған. Кеңес дәуірінде И.А. Чеканинский, С.С. Черников, Ә.Марғұлан зерттеді. 1985 ж. “Казпроектреставрация” институты қазба жұмыстарын жүргізді. 1986 — 87 ж. Қарағанды мемлекеттік университі жанындағы “Эврика” студенттік-археологиялық экспедициялық (жетекiшісі Ж.Смаилов, А.Бейсенов) зерттеп, негізгі сарайдан, 3 қосымша құрылыстан және іргесіндегі қорымнан 10 шағын обаны аршыды. Сарай тастан қаланған 2 қабатты құрылыс болған. Ортадағы үлкен бөлменің ауданы 11,5x12 м. Едені ақ балшықпен тегістелген, ал шығыс бұрышы қызыл бояумен боялған. Орталығы бөлменің 3 қабырғасынан есік шығарылып, 3 шағын бөлме жапсарласқан. Төртінші қабырғадан оңтүстік-шығысқа қарай сыртқы есік шығады. Сарайдың ішкі қабырғалары ақ балшықпен сыланған. 3 шағын құрылыстың екеуінің пеші бар. Есік алдындағы шұңқыр табиғи бұлақ көзінің орны тәрізді. Қазба барысында табылған заттар тым аз: темір құлып, қолдан құйылған мылтық шүріппесі, екі қорғасын оқ, мыс жүзік пен дөңгелек теңге. Сарайды шамамен 17 ғасырдың орта кезінде қазақтармен бейбіт қарым-қатынаста болған ойрат шонжарларының өкілдері діни пұтхана орны ретінде салдырған. Кейіннен ол жергілікті қазақтардың киелі орнына айналған. ## Дереккөздер
Қызыл Кенші — газет. Қарсақпай ауданы партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары ауданы Кеңес атқару комитетінің органы болды. Алғашқы нөмірі 1931 ж. 7 қарашада жарық көріп, тұңғыш редакторы Әбділда Тәжібаев болды. Газет Қазақстанда жұмысшылар қатарын қалыптастыруды, түсті металлургия өнеркәсібін және мал шаруашылығын өркендетуді насихаттады. 1940 ж. 3 маусымнан бастап Жезқазған ауданы газеті ретінде шықты. 1957 жылдан “Еңбек жолы”, 1962 жылдан “Октябрь туы” деп аталды. 1991 жылдан “Жезді өңірі” аталды. 1995 — 96 ж. Жезді ауданы Ұлытау ауданына қосылғаннан кейін газет шығуын тоқтатты. ## Дереккөздер
Қыдыр, Қыдыр ата, Қызыр (араб.: الخضر‎ [Əл-Хидр, Əл-Хизр] — жасыл адам) — * бір анықтама бойынша, ислам дініндегі пайғамбар. Кейбір дінтанушы ғалымдар оны Ілияс пайғамбар деп жорамалдайды. Құран Кәрімнің Кәһф сүресінде Мұса пайғамбар сапарға шыққан кезде Қыдырға жолыққаны, Алланың оны Мұсаға тағылым үйрету үшін арнайы жібергені жайлы айтылады (66 аят). * екінші бір анықтама бойынша, мифтік бейне. Түркі халықтары мифологиясында Қыдыр бейнесінің астарынан ислам дініне дейінгі және онан кейінгі кезеңде пайда болған екі діни-фольклорлық дәстүр түсінігі аңғарылады. Кей халықта ол теңізде сапар шегушілердің қамқоршысы деп есептелсе, үнділер су иесі деп қабылдаған, сондай-ақ өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан, жылан шағудан сақтайтын пір деп те есептеледі. Сонымен қатар жыр мәтіндерінде Қыдыр ата мен Қызыр ата, Ілияс есімдері дербес үш тұлға ретінде аталады (“Қызыр ата, қырық шілтен; Қыдыр менен Ілияс; олар да болсын жолдасың” немесе “Қызыр Ілияс жар болып, Қыдыр ата қолдасын”). Осыған байланысты “Қыдыр” мен “Қызыр” (Хадир, Хидр, Хизр) бейнелерінің екі түрлі мифтік бастаудан өрбіп, уақыт өте, есімдерінің сыртқы ұқсастығына және мифтік сәйкестігіне қарай бір бейне ретінде түсіндірілгенін топшылауға болады. Қыдыр көбіне-көп батырлық жырларда аталады, батырлар одан демеу, қолдау күтіп, атын атап шақырады. Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). “Қырықтың бірі Қыдыр” сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады. ## Қыдыр ата және Ұлыстың ұлы күні Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Григориан күнтүзбесі бойынша ескіше – 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» түні деп аталады. Қыдыр мұсылман елінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға «қамқоршы», «дәулет» беруші. Діни наным бойынша әр бір нәрсенің иесі болады-мыс. Мысалы: «құт», «дәулет», «ырыс». Олар түрлі құс, адам, жәндік бейнесінде ел кезіп жүреді-міс. Солардың бірі Қыдыр. ## Қыдыр атаның сипаттамасы Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Осы және осыған ұқсас сөздерді бұдан да басқа қазақ халқының салт-дәстүрлері мен, әдет ғұрыптары жайлы, наурызға байланысты кітаптардан кездестіруге болады. Ал, Селезнев Г. және Селезнева А. өздерінің "Духи и души в традициях народного ислама в сибири" атты кітаптарында Қыдырға байланысты мынадай мәліметтер келтіреді:Другой яркий образ, представления о котором довольно устойчиво бытуют в деревнях Уленкуль и Черналы это Казыр-ата. Он представлялся в виде существа антропоморфного вида, старика в белой одежде с посохом. Казыр-ата мог появиться во сне и предсказать будущее, а мог явиться путнику и показать правильную дорогу. В то же время имеются сведения о том, что он невидим или предствлен в образе собаки или кошки белого цвета. Его образ двойстве-нен: он и плотен и бесплотен, и видим и невидим. В любом случае это добрый к людям дух или образ. Если кто-то видел белую кошку или собаку или кому-то было видение человека в белом, похожего на Казыр-ата, то это - доброе предзнаменование. Имеются представления, что Казыр-ата является также покровителем домашних животных: коров и лошадей. Не подлежит никакому сомнению, что прототипом образа Казыр ата, бытующего в по-верьях тарских татар является знаменитый ал-Хадир (ал-Хидр, Хизр/Хезр/Хизыр, Хи-дир/Хызыр, Хиджир, Кидар) - распространенный персонаж устных преданий и мусульманской книжной традиции. Известный в преданиях почти всех мусульманских народов, в тюркоязычной среде он получает титул Ата - отец. В народных рассказах и общемусульманской традиции герой предстает в двойном аспекте - материально-телесном и бестелесно-духовном, сочетает в себе мифическое и событийное, действительное и чудесное. Как духовность - незрим, даритель небесных благ, воплощает плодородие; как телесность - зрим, подлинный человек, смертен, описывается как белобородый старец, путешествующий с посохом из страны в страну. По мнению исследователей, под именем ал-Хадир (Казыр-ата) скрывается сложный образ доисламского мифологического персонажа. Скорее всего, этот персонаж представляет собой собирательный образ природы во всем ее многообразии, выраженный через символику цвета, числа и т.д. (Ислам на территории…, 1999. С. 91-93). В Средней Азии со святым Хызром повсеместно была связана земледельческая обрядность, а сам герой считался подателем изобилия. Здесь существовал обряд, согласно которому на кучу обмолоченного зерна клался кусок глины, для того, чтобы Хызр (Хыдыр) взглянул на собранное зерно или коснулся его рукой - это должно было увеличить урожай (Басилов В.Н., 1970. С. 22; Снесарев Г.П., 1969. С. 223) ## "Қыдыр" сөзінің мағынасы Қызыр сөзін қазақшаға аударсақ жасыл адам деген мағына шығады. «Хадар» – арабша "жасыл" деген сөз. «Хадрауат» - "жасыл көкеністер". Бұл кісінің Хыдыр деп аталуына бірнеше дәйектемелер бар. Хыдыр егер бір жерге отырып кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл боп қалады екен. Екіншіден, ол кісі жасыл киім киіп жүрген екен. Осы себепті жасыл адам яғни, хыдыр деп аталып кеткен екен. Арабтың "الخضر" - "Əл-Хидр" сөзіндегі "ض" - «дод» әрібінің дыбысталуы қазақ тіліндегі «д» және «з» әріптерінің дыбысталуларына бірдей дəрежеде ұқсас. Осы себепті қазақша бұл сөз кей жерлерде «қыдыр» деп жазылса, басқа бір жерлерде «қызыр» болып дыбысталған күйде жазылады. www.fandom.com сайтындағы "YENİŞEHİR (Жаңа шаһар) WİKİ" бөлімінде Қыдыр жайлы былай делінген: Hızır (Arapça: الخضر al Khidr; Yeşil adam), İbrâhimden sonra yaşamış bir peygamber veya veli. Avrupa ve Asya kıtalarına hâkim olan Zülkarneynin askerinin kumandanı ve teyzesinin oğludur. İsminin, Belkâ bin Melkan, künyesinin Ebü'l-Abbâs olduğu ve soyunun Nûh aleyhisselâmın Sam isimli oğluna dayandığı bildirilmiştir. Bazıları da Hızır aleyhisselâmın İsrâiloğullarından olduğunu söylemiştir. Hızır lakabıyla meşhur olmasının sebebi, kuru bir yere oturup kalktığı zaman, oranın yeşerip yemyeşil olmasıdır. Қазақша аудармасы: «Хызыр араб сөзі, Жасыл адам деген мағына береді. Хызыр Ибраһим а.с. пайғамбардан кейін өмір сүрген бір пайғамбар немесе уәли. Зулқарнайнның әскербасы әрі бір әпкесінің ұлы болған. Есімі Бәлка ибн Мәлкан болғандығы айтылады. Лақаб аты Әбул Аббас. Нұхтың а.с. ұлы Самның ұрпағына. Кейбіреулер Хызырдың Бәни Исраил қаумынан болғандығын айтады. Хыдыр аталуының себебі егер бір жерге отырып кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл болады екен.». Араб клубы сайтында Хыдыр есімі жайлы мынадай мәліметтер берілген: والخضر هو النبي / إيليا بن ملكان بن عامر بن شالح بن أرفخشد بن سام بن نوح، وسبب تسميته بالخضر قيل لأنه جلس على فروه بيضاء وتحوّل لونها إلى أخضر ، وقيل إنه عندما يصلي تخضر الأرض من حوله ، وقيل لأنه يرتدي ملابس خضراء ، ويُعرف بالنبي / جرجس .. Қазақша аудармасы: «Илия ибн Мәлкән ибн Амир ибн Шалих ибн Арфахшад ибн Сам ибн Нух. Оның Хыдыр аталу себебі бір ақ жерге отырса, ол жердің түсі жасылға айналар еді. Намаз оқыған жері де жасыл болатын. Және үстіне жасыл киім киіп жүретін. Оны Жәржәс пайғамбар деп те атайтын». Харлампий Баранов өзінің "Арабско-русский словарь" сөздігінде: «Хидр – пророк Илья» деген мәлімет берген. ## Қыдырдың ислам деректерінде кездесуі Мұса пайғамбар мен Хыдырдың (Қыдыр ата) оқиғасы Құран Кәрімде "Кәһф" сүресінің 60-82 аяттарында баяндалған. Бірақ Құран аяттарында Мұса пайғамбар серік болған адамның аты айтылмайды, ол жай ғана "Құлдарымыздың ішіндегі бір пенде" деп аталады. Мұса пайғамбар ілескен адамның аты Ибн Касирдің "Қисасул әнбия (Пайғамбарлар əңгімелері)" кітабында жазылған қиссадан мəлім болады: "Имам Бұхаридің айтуынша, Убай ибн Каъб Ибн Аббастан мына хадисті келтіреді: «Бір күні Мұса пайғамбар Бәни Исраил қауымына уағыз айтып тұрғанда, одан: «Адамдардың ең білімдісі кім?» - деп сұрайды. Сонда пайғамбар «Мен» деп жауап береді. «Аллаһ біледі» деп айтпағандығы үшін, Аллаһ тағала Мұса пайғамбарды айыптайды. Оған уахи етіп, Аллаһ былай дейді: «Екі теңіздің қосылған жерінде бір пендем бар, ол сенен білімдірақ». Сонда Мұса: «О Раббым! Оны қалай табамын?» – дейді. Оған: «Себепке балық салып ал, балақты қай жерде жоғалтсаң, оны сол жерден табасың»,-деп жауап қайтарылады» . Сонымен Мұса жолға шығып, жанына қызметкер ретінде Юшаъ ибн Нун деп аталатын бір жас баланы серік етіп ертіп алады. «Сол уақытта Мұса қызметкеріне: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын немесе жаяу жүріспен жылдар өткіземін», - деді. Екеуі екі (теңіздің) құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда (балық) ыршып түсіп теңізден жол алды» Оларда өздерімен бірге алып шыққан қуырылған балық болды. Ал екі теңіздің құйған жері деген — Қызыл теңіздің қос қапталы болатын. Аталмыш мекенге жеткенде Мұса ұйқыға кетті де, Юшаъ ояу отырды. Сол кезде әлгі қуырылған балық тіріліп, себеттен секіріп теңізге түсіп, жүзіп кетеді. Юшаъ бұл жайтты тамашалап отырды. Бірақ, Мұса оянғаннан кейін оған айтуға ұмытып кетеді. Сапарларын одан әрі жалғастырып, «екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса қызметкеріне: «Азығымызды әкелші. Расында бұл сапарымызда шаршадық», - деді. (Юшаъ): «Көрдің бе? Таста дем алғанда балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізден жол алды»,-деді. (Мұса): «Міне, іздегеніміз осы», - деп екеуі ізінше қайта қайтты. Сонда екеуі Өз тарапымыздан мархамет беріп, Өз қасымыздан ілім үйреткен пенделерімізден бірін тапты».Екеуі осылай артқа қайтып, Хыдырды кездестірді. Ғұламалардың көпшілігі бұл кісіні пайғамбар болған дейді. «Мұса оган: «Саган үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?» - деді. Ол: «Расында сен менімен бірге (жүруге) шыдай алмайсың. Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» - деді. (Мұса): «Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Сондай-ақ саган ешбір істе қарсы келмеймін», - деді». Сонда Хыдыр: «Ал онда маған ілессең, өзім айтпайынша, менен ешнәрсе сұрама»,- деді». Олар осыған келісіп, Мұса Юшаъты елге қайтарып, өздері жолға шығады. «Сөйтіп, екеуі жолға шықты да, кемеге түсіп, (Хыдыр) оны тесе бастады». Ішіне су кірген кеме бата бастады. Кемедегі балықшылар ішке кірген суды сыртқа төгіп, әбігерге түсті. Хыдырдың бұлай істегеніне Мұса таңырқап: «Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсыз істедіц», - дейді». Хыдыр: «Саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсың демедім бе?» - деді». Сонда Мұса Хыдырға берген уәдесі есіне түсіп: «Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімде қолайсыздық тудырма», - деді».Мұнан кейін олар бір жағажайға түсіп, біраз жүрген соң Хыдыр ойнап жатқан балалардың қасына келіп, олардың біреуін жығып құлатып, бауыздап өлтіріп тастайды. «Екеуі Жолға түсті. Бір ұл бала кездесіп еді, (Хыдыр) оны өлтірді». Көз алдында кісі өліміне куә болған Мұса шыдап тұра алмай: «Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас, жаман нәрсе істедің», - дейді». Хыдыр тағы да: «Сен менімен бірге жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?» — деді». Мұса: «Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас мен тараптан үзірге жеттің»,- деп соңғы уәдесін берді. Сосын шаршап-шалдығып, қарындары ашып бір ауылға келеді. Бірақ, ол ауылдың адамдары бұларды үйлеріне түсіріп, қонақ қылмайды. Екеуі үйлеріне түсуге сұранса да, қабылдамайды. Сонда олар ауыл сыртына шығады. Қараса бір дуал қаңырап, құлайын деп тұр екен. Хыдыр барып ол дуалды түзетіп қояды. Мұса оның қонақ күтуге жарамаған ауыл адамдарының құлайын деп тұрған дуалын еш ақысыз жөндеп бергеніне таңырқап қалады. Аллаһ Тағала:«Сонда екеуі тағы жүріп, бір ауыл халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп, (Хыдыр) оны жөндеді. (Мұса): «Егер қаласаң бұған ақы алар едің», - деді. (Хыдыр): «Міне, осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын. Кеме теңізге кәсіп істейтін кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйткені, арт жақтарында әрбір (жарамды) кемені тартып алатын патша бар еді. Ал баланың мүмін әке-шешесі бар тұғын. Оның әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа мәжбүрлеуінен қорықтық. Раббылары оларға оның орнына одан да таза әрі мейірімді бір бала беруін қаладық. Ал енді дуал, бұл қаладағы екі жетім баланыкі болып, оның астында екеуіне тиесілі қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың оларға қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мархамет еді. Сондай-ақ мұны мен өздігімнен істемедім. Міне, осы сенің сабыр ете алмаған істерің»,- деді», - деп айтқан. Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болғай) тәпсірлеуінше, Хыдыр кемені тескен кезде бір патша жолында кездескен барлық кемелерді тартып алып келе жатқан болатын. Тесілген кемені көрген патша оны керек қылмастан алмай кетеді. Ал Хыдыр өлтірген балаға келсек, Аллаһ Тағала бұл баланың ержеткенде залым, кәпір, ата-анасына жәбір беруші адам болатындығын біліп, оны өлтіруге әмір етті. Сөйтіп бұл баланың орнына мүмін әке-шешесіне ізгі бір бала сыйлады. Енді оның ауыл шетіндегі қаңыраған дуалды түзетіп қойғандығын айтсақ, ол дуалдың астында бір марқұм жақсы кісінің екі баласына тиесілі қазына жатыр еді." Бұнымен қоса ислами деректерде сенімділік дәрежесі төмен бірақ Қыдыр туралы көзқарастарды көрсететін басқа да хадистер бар. Бұл хадистерде Қыдыр Ілияс пайғамбармен қажылық жасап, Мұхаммед пайғамбардың сахабалары заманында өмір сүреді. Әл-Хакимнің «Әл-Мустадрак» кітабында Жабирден келесідей хадис келтіріледі: «Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғанда оның барлық сахабалары жиналады. Сол кезде олардың арасына сақалы сұр түсті, дене бітімі мығым бір кісі кіріп келді. Әлгі кісі оларды құшақтап, жылай кетеді. Одан кейін ол сахабаларға қарап, былай дейді: «Шындығында,  барлық бәледен жұбату, шығындар мен өлімнің өтеуі Алллаһта. Алладан көмек сұрап, оған ұмтылыңдар! Қайғы-қасірет кезінде оның жанары сендерде, сондықтан өздеріңнің жанарларыңды оған тастаңдар. Расында бәленің құрбаны — жұбаныш таппаған адам!» Сосын ол кетіп қалды. Әбу-Бәкр мен Әли былай деп айтты: «Бұл болған — Қызыр — оған Алланың сәлемі болсын!»» Әл-Хатыб пен Ибн-Асакир Әлиден хадис жеткізеді. Ол былай депті: «Мен Қағбаны тауап етіп жүргенімде, Қағбаның жабындысына сүйеніп, келесі сөздерді айтып жатқан адамды көрдім: «Уа [біреудің тілегі мен өтінішін] тыңдау сені [басқаларды] тыңдаудан алаңадатпайтын! Уа, саған жүгінетіндердің қажылық етулері ауырлық етпейтін. Өзіңнің кешірімің мен мейіріміңнің лебін бізге сыйлай гөр!». Мен одан сұрадым: «Әй, Алланың құлы! Сөздеріңді қайталашы». Ол менен былай деп сұрады: «Олар саған естілді ме?». Мен: «Иә», дедім. Ол былай деп бастады: «Қолында Қызырдың өзі бар». Демек ол Қызыр болғаны. Сосын ол жалғастырды: «Егер Алланың құлы осы сөздерді намаздан соң айтса, онда Алла оның күнәсі шаң тозаңындай, не жаңбырдағы тамшылар санындай, не ағаш жапырақтарындай болса да, барлығын кешіреді. Әл-Байхақи өзінің жинағының, «Иман» бөлімінде Әл-Хажжаж ибн-Фарафстың сөзінен хадис келтіреді. Бірде екі ер кісі Абдуллаһ ибн-Омар қасында саудаласып жатқан екен. Олардың біреуі тым көп ант берген болатын. Оның дәл осы әрекеті кезінде олардың қасына бір кісі келіп, алдарына тұрып алыпты. Араларында ант іше беретініне былай депті: «Уа, Алланың құлы, доғар! Алладан қорықсайшы, былай көп ант ете берме. Осыншама ант етсең де, наның көбеймейді. Ант етпей қойсаң, наның азаймайды». Ант еткен кісі әлгі адамға былай деп жауап беріпті: «Өз шаруаларыңмен айналыссайшы». Ол болса, былай депті: «Менің шаруам — осы». Әуелгісі оған үш рет кет десе, ол кісі оған үш рет сол сөздерін қайырыпты. Кетейін деп жатқанда былай деген екен: «Сенімнің белгілерінің бірі сені қорқытып немесе қызықтырып өтірікке көндіргенде, шындықты таңдауың екендігін білгейсің! Істеріңді сөздеріңнен артық етпе!». Сосын ол кетіп қалды. Абдуллаһ ибн-Омар [ант ішкен кісіге] былай деген екен: «Оны қуып жетіп, сөздерін жазып ал!». Ол әлгі кісіге жолығып: «Уа, Алланың құлы! Алла саған мейірім еткей, осы сөздеріңді маған жазып берші!» — депті. Ол осы сөздерін оған жаттағанша қайталап беріпті. Содан соң (ант ішкен кісі) мешітке аяғы кірмейінше жолмен жүре беріпті. Ол былай деген екен: «[Қалай екенін] білмеймін — бірақ жер осы сөздерді айтып, аспан айқара ашылды». Әрі қарай ол Әзірет Қызыр мен Ілиясты көргендей болғандығын айтты. Өзінің «Муснадында» Харис ибн-Усама иснады Анасқа жететін хадисті  келтіріпті. Ол былай айтқан екен: «Алла елшісі Мұхаммед былай деген: «Әзіреті Қызыр — теңізде, ал Әзіреті Ілияс — құрлықта. Әр түн сайын олар Зұлқарнайын салдырған Румда кездеседі. Адамдар және Йажуж бен Мәжуж арасында болады». Әзіреті Қызыр мен Ілияс әр жыл сайын ұмра мен қажылықты өтеп, қасиетті Зәмзәм бұлағынан оларға келесі жылға дейін жететін бір ұртам су ішеді. Әл-Акили мен Ибн-Асакир Ибн-Аббастан жеткізген хадисті келтіреді. Онда Мұхаммед пайғамбар былай депті: «Әзіреті Қызыр мен Ілияс әр жыл сайын қажылықта кездесіп, бір-бірінің бастарын қырып, келесі сөздерді айтады: «Алланың атымен! Алланың қалағаны! Тек Аллаһ қана жақсылықты береді! Алланың қалағаны! Тек Аллаһ қана жамандықты қайтара алады! Алланың қалағаны! Барлық игіліктер мен нығметтер тек Алладан ғана!»». Ибн-Аббас айтыпты: «Кімде-кім осы сөздерді оянғанда немесе кешке жатарда үш рет айтса, Алла оны оттан, тоналудан, суға батып кетуден, шайтаннан, зұлым патшадан, жылан мен сарышаяннан қорғап қалады». Ибн-Асакир иснады Мұхаммед ибн-Манкадрға жететін хадис келтіріпті. Ол былай айтып беріпті: «Омар ибн-Әл-Хаттаб жаназа намазын өтейін деп жатқанда бір құпия дауыс артынан оған сыбырлап: «Намаз оқуға асықпа, бізге үлгеруге мұрша бер — Алла саған мейірім етсін!». Омар ибн-Әл-Хаттаб ол кісі қатарға тұрмайынша күтіпті. Омар тәкпір айтып, онымен қоса қалған ер кісілер де айтқан екен. Әлгі дауыс: «Оны қатты жазаласаң, ол қарсы шығады. Ал егер кешірсең, ол сенің мейірімің мен аяушылығыңды күтеді». Омар мен барлық жұрт дауыс қатқан адамға қарады. Мәйітті көмген соң, әлгі адам қабірдегі жерді тегістеп, былай депті: «Ариф» («нұрланған», жоғарғы дәрежелі сопы), салық жинаушы, қазына сақшысы, жазушы немесе күзетші болмасаң да, бақытты екенсің — қабір иесі». Омар ибн-Әл-Хаттаб: «Оны маған әкеліңдер! Оның осы дұғасын қайдан  алғанын сұрайық». Бірақ әлгі адам көздерінен ғайып болыпты. Бәрі қарауға кірісіп, оның табаны қалдырған ізі шынтақтың ұзындығына тең екендігін көріпті. Сонда Омар ибн-Әл-Хаттаб айтыпты: «Алламен ант етейін, бұл Мұхаммед пайғамбар айтқан Әзіреті Қызыр болған». Ибн-Асакир иснады Әл-Аузағи арқылы Макғулиға жететін хадис келтіріпті. Ол болса, Уасиләт ибн-Әл-Аскағидың келесі сөздерді айтқанын естіпті: «Бірде біз Алла елшісі Мұхаммед пайғамбармен  бірге Табукқа жорық жасадық. Біз Жизам өңіріндегі Әл-Хаура деген жерде едік. Бізді қатты шөл қысқан болатын. Бір кезде біз жаңбыр жауған жерге шығып, алдымызда ішінде екі өлексе жатқан жаңбыр суының шалшығы көрінді. Аңдар өлексе етінен жеп болған соң шалшықтан су ішіп жатқан. Біз Мұхаммед пайғамбардан  сұрадық: «Уа, Алланың елшісі, мынау өлімтікті аңдар жеген». Ол жауап берді: «Иә, бірақ осы екі мәйіт таза, олар аспан мен жерден жаратылып, оларды еш нәрсе бұза алмайды. Аңдардың (судан болған) несібесі — іштерінде, біздің несібеміз — бізге болмақ». Түннің үштен бір бөлігі өткенде біз кенеттен мұң мен қайғыға толы дауыстың айғай салғанын естідік: «О құдайым! Мен Мұхаммед пайғамбардың  үмбетінен — кешірілген және нығмет жасалған үмбеттен, жауап берушісі бар үмбеттен болуымды нәсіп ете гөр!». Мұхаммед пайғамбар  келесідей бұйырды: «Әй Хузайфа мен Анас! Мынау шатқалға барып, бұл не дауыс екенін біліңдер!». Әлгі жерге шыққанымыз сол еді киімі қардан ақ адамды көрдік. Оның жүзі мен сақалы да ақ түсті еді. Мен [Хузайфа]  оның жүзі киімінен ағырақ па, әлде керісінше ме түсінген жоқпын. Ол бізден екі, тіпті үш қарысқа ұзынырақ болатын. Біз онымен сәлемдестік, ол да солай істеді. Сосын ол былай деді: «Қош келдіңдер! Сендер Алла елшісі  елшілерісіңдер». Біз иә дедік. Сосын біз: «Алла саған мейірім еткей — сен кімсің?», — деп сұрадық. Ол: «Мен — Ілияс, пайғамбармын. Мен Меккеге жетейін деп жолға шығып, сендердің әскерлеріңді көріп қалдым. Сонда алдында Жебірейіл періште, артында Микаил періште бар періштелердің әскеріндегі бір жауынгер маған: «Бұл адам сенің бауырың, Алла елшісі! Оны қарсы алып, сәлем бер!» — деп айтты. Сендер екеуің қайтып, оған менің сәлемімді жеткізіңдер. Оған менің сендердің әскерлеріңе баруымның қажеті жоқ деп айтыңдар. Түйелер менен шошып, ал мұсылмандар менің бойымнан зәре-құттары қашып кетуден сескенемін. Бұл менің сендер сияқты жаратылмағанымнан. Ол маған келсін деп айтыңдар». Хузайфа мен Анас оның қолын қысып, онымен амандасты. Сосын Әзіреті Ілияс Анас туралы сұрады: ««Бұл кім?». Хузайфа ибн-Әл-Йаман оның Алла елшісінің  сахабасы екендігін айтты. Әзіреті Ілияс оған сәлем берді. Сосын ол былай деді: «Алламен ант етемін, оны бүкіл жерге атақты қылатын аспан олжасына лайықты адамды аспан мекендеушісі Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың  сахабасы деп аталады». Хузейфа сұрады: «Сен періштелерді кездестіресің бе?». Ол былай деді: «Мен оларды жолықтырмайтын күн жоқ. Олар маған, ал мен оларға сәлем береміз». Сосын бізге Мұхаммед пайғамбар  келді. Ол бізбен бірге алға шатқалға кіргенше қозғалып, оның жүзі жарықпен  нұрланды. Әзіреті Ілиястың жүзінен бір жарық шыққан екен, ал оның киімі күн сияқты жарқырап тұрды. Алла елшісі былай деді: «Тыныш!». Біз Мұхаммед пайғамбарға  бес қарысқа жақындадық. Мұхаммед пайғамбар  Әзіреті Ілиясты ұзақ құшақтады. Сосын олар отырды. Кенет біз түйедей дәу құсқа ұқсаған бір ақ түсті жаратылысты көрдік. Ол пайғамбардың  айналасында қанаттарын сермеп э, айналып жүріп, онымен біздің арамызда орнықты. Содан кейін Мұхаммед пайғамбар  бізге қарай [құздан] шықты да, былай деді: «Уа Хузайфа! Уа Анас! Бері келіңдер!» Біз жақындап, алдымызда жасыл түсті дастарқанды көрдік. Мен бұндай керемет дастарқанды бұдан бұрын көрген емеспін. Сосын дастарқанның жасыл түсін ақ түс баурап, біздің беттеріміз бен киімдеріміз жасыл түске оранды. Бұдан соң дастарқан үстінде күтпеген жерден: нан, анар, банандар, жүзім, құрма мен бұршақ пайда болды. Сосын Әзіреті Ілияс былай деді: «Алланың атымен жеңдер». [Анас пен Хузайфа] сұрады: «Уа Алланың елшісі! Бұл жердің тамағы ма?». Ол былай деді: «Жоқ бұл менің қырық түн мен күнге жететін тамағым. Маған оны періштелер әкеледі. Қазір тура сол қырық түн мен күннің біткен кезі. Бұл тамақ Алла: « «Бол!», — дегенде, ол пайда болатын заттардың бірі. Біз сұрадық: «Сен қайдан келе жатырсың?». Әзіреті Ілияс жауап берді: «Румия елі жағынан. Мен мұсылмандар арасынан болған бір халықпен соғысып жатқан періштелер әскерінде болдым». Біз сұрадық: «Сен келеген жерге дейін қанша уақыт жүру керек?». Ол жауап берді: «Төрт ай. Мен ол жерден он күн бұрын кетіп қалдым. Мен Меккеге дейін жеткім келеді. Мен ол жерде жылына бір рет маған келесі Меккеге келуіме дейін бір жыл бойына жететін суды ішемін». Біз одан сұрадық: «Ең күшті шайқастар қайда өтіп жатыр?». Ол былай деді: «Шамда (Сирия мен Ливан), Иерусалимде, Мағриб пен Йеменде. Мұхаммед пайғамбардың  мен баспаған кіші және үлкен мешіті жоқ». Біз одан сұрадық: «Сен Әзіреті Қызырмен қашан кездескен едің?». Ол жауап берді: «Бір жыл бұрын біз Меккеде қажылық кен кездестік. Ол маған: «Сен менен бұрын Мұхаммед пайғамбармен кездесесің. Оған менен сәлем айт деді». Ол Мұхаммед пайғамбарды құшақтап, жылап жіберді. Сосын біз оның қолын қысып, оны құшақтадық. Ол қайтадан жылады, біз де жыладық. Біз ол бір ауыр салмақ сияқты аспанға көтерілгенше қарап тұрдық. Біз Мұхаммед пайғамбарға: «Уа Алла елшісі! Біз кереметті көрдік. Ол аспанға түсіп кеткендей болды!». Пайғамбар жауап берді: «Ол періште қанаттарының арасында ол оны қалаған жеріне дейін жеткізгенше болады».[10] ## Қыдыр атаны шариғи көзқараспен сараптау Халық арасындағы Қыдыр ата жайлы аңыз-əңгімелерді зерделесе, ол байырғы заманнан бері өмір сүріп келе жатқан ұлы әулиелер қатарынан екендігін, жан мен тән сыйлаушы, мәңгі өмір сүретін секілді екендігін аңғарса болады. Енді осы нәрселердің исламға қаншалықты жақын екендігін зерттеп көрелік. Қыдыр атаның есімі пайғамбарлардың қатарынан кездеседі. Мұса пайғамбар мен Хыдырдың қиссасы Құран Кәрімде келген атақты қиссалардың бірі. Құран аяттарына сүйенер болсақ, Хыдыр өздігінен іс атқармаған. Әрі Аллаһ тағаланың ең білімді пенделерінен. Жақсы іс атқарушы болып та есептеледі. Дегенмен әулие, көріпкел, жан мен тән сыйлаушы секілді сипаттары жоқ. «Əулие» араб тіліндегі «уәли» сөзінің көпше түрі. «Уәли» қазақ тілінде "дос", ал «әулие» "достар" деген мағына береді. Жалғыз адамға әулие сөзінің өзін қолдану қате болып есептеледі. Себебі ол көптік мағынадағы сөз. Көріпкелдікке тоқталар болсақ, Ислам дінінің наным, сенімі бойынша болашақты Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Пайғамбарлар да білген емес. Сонымен бірге жан мен тәнді сыйлаушы Аллаһ болып есептеледі. Құран аяттарына жүгінер болсақ Хыдырға яғни, Қыдыр атаға байланысты бұл сипаттар жоққа шығарылатын секілді. Наурыз түндерінде Қыдыр ата «үйлерді аралайды», «батасын береді» деген сөздерге тоқталар болсақ, наурыз әлі күнге дейін жалғасып келуде, демек Қыдыр ата әлі күнге дейін аралап келе жатыр деген сөз. Сондай-ақ кейбір тәпсір және тарих кітаптарында Хыдыр тірі деген пікір айтылады. Негізінде бұл өрескел қате түсінік. Бұған дәлел Абдуллаһ ибн Омар риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз бірде құптан намазын оқып болған соң сахабаларға бұрылып: «Мына түндеріңді көріп тұрсыңдар ма?» - деп сұраған. Олар: «Иә», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Жүз жылдан кейін жер бетінде қазір тірі болған ешкім қалмайды», - деген (Хадисті Бұхари және Муслим риуаят еткен). Сонымен бірге Кувейттің Филикия деген аралында Хыдырдың (Қыдыр ата) қабірі бар деген мағлұматтар бар. Бұл мағлұмат араб тіліндегі уикипедияда жарияланған. Және араб клубы сайтында Хыдырдың қабірінің суреті берілген. Сурет Яхия әл-Рабиғанның (мин әййәми заман) кітабынан алынған. Аталмыш мәліметтерге де сүйенер болсақ, Хыдыр дүние салған. Hızır aleyhisselâm, Allahü teâlânın sevgili kullarındandı. Doğdu, büyüdü ve vefât etti. Қазақша аудармасы: "Хызыр алейһисселам Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарынан. Ол дүниеге келді, өсті, үлкейді және дүние салды." Халық арасында тағы айта кететін бір жәйт, «Қыдыр ата» мен «Қадыр түнін» шатастыратындар кездеседі. Көпшілігі дерлік десек артық кетпеспіз. Қыдыр ата мен Қадыр түні екеуі екі бөлек нәрсе. Қыдыр түні рамазан айында яғни оразада болатын түн. Рамазан айының соңғы он тақ түндерінің бірі Қадыр түні. Ғалымдардың көпшілігі рамазан айының 27-ші түні «қадыр түн» деген пікірлер айтқан. Қадыр түні Қыдыр ата келеді деген де қауесеттер бар. Бұл да негізсіз пікірлер. Қадыр түнінде кімнің келетіндігі, яғни, жер бетіне Қыдыр атаның емес періштелірдің түсетіндігі жайында аяттар бар. Аллаһ тағала Құранда былай дейді:«Негізінде Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммед) Қадыр түнінің не екендігін білесің бе? Қадыр түні мың айдан хайырлы. Періштелер мен Жәбірейіл періште ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін (Жер бетіне) түседі. Ол бейбітшілік кеші (болған қадыр түні) таң рауандағанға дейін жалғасады». Құран аяттары мен хадистерге жүгінсек, Қыдыр атаның тірі, әлі күнге дейін үйлерді аралап жүргендігіне дәлелдер жоқ. Тек қана қауесеттер, аңыздар, халық аузындағы сөздер. Қорыта келе Құран Кәрімдегі Мұса мен Хыдырдың арасындағы оқиғаға қарар болсақ, Аллаһ тағала ізгі, иманды ата-аналардың салауаттылығына өзі тікелей араласып отыр. Оларға бейқайыр ұлдың орнына ізгі перзент сыйлады, балаларына арналған қазынаның сақталуын кепілдіге алды, кембағал балықшыларды да кемесіз қалмауында қарастырды. Демек, Аллаһ тағала әр бір істен хабардар, әрі бұл істі Хыдырға (Қыдыр атаға) жүктеген. Хыдырдың иелік еткен ілімене келсек – бұл оған Аллаһ тағала дарытқан ғайып ілім. Ал, ғайып ілімдер тек пайғамбарларға ғана Аллаһ тағала тарапына беріледі.Қыдыр атаға байланысты ақиқат ғұламалардың айтуынша оның пайғамбарлар қатарынан, Аллаһтың ілімді пенделерінен болғандығы. Ал халқымыздың аузында жүрген аңыздардың шындыққа жанасар жері еш жоқ. Кім білер, Қыдыр ата жайлы қиссалар біздің елге жетіп келемін дегенше жергілікті шамандық наным-сенімдермен араласып, ақыр соңы көріпкел, әулиеге айналған болуы әбден мүмкін. ## Дереккөздер
Қызыл Керуен — қазақтар арасында жүргізілген саяси науқан. 1921 ж. Орынбор губерниясының партия комитеті қазақтың көшпелі аудандарына тұңғыш губернияға Қызыл керуен жіберді. 1922 ж. Ә.Жангелдиннің басшылығымен ҚазАКСР-інің Қызыл Керуені ұйымдастырылды. Бұл Қызыл Керуен 20 мамырдан 9 тамызға дейін Ор, Торғай, Атбасар, Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қарқаралы арқылы Семейге дейін барды. Керуеншілер ауыл жұртшылығына Кеңес өкіметінің декреттерін түсіндірді, жергілікті кеңестер жұмысын жолға қоюға көмектесті және оны жақсарту шараларын белгілеп, ашыққандарға көмектесу, қазақ, орыс кедейлерін жерге орналастыру, оларды байлардың кіріптарлығынан қорғау, мекемелерде ана тілінде іс жүргізуді үйрету, бұқара арасында жұмыс жүргізу үлгісін көрсету, сот органдарының жұмысын ұйымдастыру, халыққа дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарымен айналысты. ## Дереккөздер
Қызылқия мұнай-газ кен орны — Қарағанды облысында, Құмкөл мұнай-газ кен орнынан батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Құрылым 1984-1985 жылдары сейсмикалық барлау нәтижесінде анықталған. Алғашқы мұнай өнімі 1986 жылы (3-ұңғыма арқылы) алынды. ## Геологиялық құрылымы Газ-мұнай шоғыры төмен неокомның арысқұм горизонтының шөгінділерінен (тереңдік ара қашықтығы 1467- 1600 м) табылған. Сонымен қатар аздаған мұнай өнімі 5- және 18-ұңғымадағы іргетас жынысынан алынған. ## Қанығу сипаты, тығыздығы, құрамы Мұнайға қанығу коэффициенті 0,59, газға қанығу коэффициенті 0,57. Қабат қысымы 15,1 — 15,8 МПа, температурасы 61-70°С аралығында өзгереді. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,797-0,805 г/см3, күкірті аз (0,017-0,33%), парафинді (0,6-36,0%) және онда 0,1- 8%-ға дейін шайыр, асфальтендер бар. Ашық түсті фракциялардың шығымы 300°С-қа дейін 57,5%-ды құрайды. Табан сулары хлоркальцийлі, тығыздығы 1,050 г/см3, минералдылығы 61,1 г/л. Судың тәуліктік өнімділігі 9,87 м3.