text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қасқаат — Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы ауыл, Ломоносов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Боровской ауылынан солтүстікке қарай 40 км-дей жерде, Тобыл өзені мен оның оң саласы Обаған өзенінің су айрығында, орманды дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1672 адам (833 ер адам және 839 әйел адам) болса, 2009 жылы 1468 адамды (760 ер адам, 708 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1954 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған астық кеңшары мен ауылдық кеңестің орталығына айналды. 1997 жылы кеңшар негізінде Қасқаатта және округке қарасты Көктерек, Қарамай, Уразовка, Шиелі ауылдарында 38 шаруа қожалығы, 3 ЖШС, 1 акционерлік қоғам құрылды.
## Инфрақұрылымы
Ауылдарда байланыс бөлімшелері, 1 орта, 3 бастауыш мектеп, 2 кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшелік пункт бар. Қасқаат арқылы Боровской – Ұзынағаш автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Қасқан – мәнті пісіруге арналған ыдыс. Қасқан ертеде қазан буына қоюға ыңғайлы етіп ағаштан жасалған. Ол дөңгелек келген, ортасында мәнті, қаттама қоюға арналған бірнеше қатар астында бу өтіп тұратын тесігі бар сөре секілді бөліктерден тұрады. Бетіне қақпақ жабылады.
## Дереккөздер |
Қасқыржидек (лат. Daphne) – көкендер тұқымдасына жататын бұта.
## Аталуы
Бұл көкендер тұқымдасына жататын бұтаны алғаш рет сипаттаған Карл Линней болып саналады. Ол бұл өсімдікке лат. Dáphne деген атау берген (грекшеден аударғанда Дәмжапырақ дегенді білдіреді). Бұл атау берілген себебі қасақыр жидек жапырақтары лавр жапырақтарымен ұқсас болған. Грек мифологиясы бойынша Дафна оны қуалап бара жатқан Аполлоннан қашып дәмжапыраққа айналып кеткен.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 40-80 см.
* Сирек бұтақты сабағының сарғыш түсті қабығы болады.
* Жапырақтары ұзынша қандауыр тәрізді, кезектесіп орналасқан.
* Гүлдері ақ, қызғылт немесе сары түсті, хош иісті, бірігіп гүлшоғырын құрайды (кейде гүлі дара да жетіледі). Маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамызда жемісі піседі.
* Жемісі- ашық қызғылт түсті, бір тұқымды сүйекше. Қасқыржиек - өте улы өсімдік
## Өсетін жері мен таралу аймағы
Жер бетінде 70-ке жуық түрі кездеседі. Қазақстанда 2 түрі бар. Алтай, Сауыр, Маңырақ және Тарбағатай жоталарының биік таулы тастақты жерлеріндегі жалпақ және қылқан жапырақты ормандарында өседі. Алтай қасқыржидегін қазақтар усойқы деп те атайды. Бұл өте сирек кездесетін өсімдік. Оның жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланыста қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Қолданысы
Қасқыржидектің жемісі мен қабығынан дәрі жасалады.Гүлі өте әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі.
## Дереккөздер |
Қамар Қасымов (1893, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 14 маусым, 1966, Алматы) - музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958 ж.).
## Өмірбаяны
Қасымов қазақтың дәстүрлі көне музыкалық аспаптарын жетілдіру ісімен айналысқан тұңғыш органолог. Ол XX ғасырдың 1920 - 1930 жылдарындағы мәдени бетбұрыстардың бел ортасында болып, көне қылқобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі қара домбырасы, дауылпаз бен шыңдауылды, сыбызғыны классикалық аспап дәрежесіне дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларды орындауға лайықтап жасады. Ол жасаған аспаптар көптеген халықаралық көрмелерге қойылды. Қасымов жасаған музыкалық аспаптар Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларда сақтаулы.
## Марапаттары
* "Еңбек Қызыл Ту" ордені
* медальдармен марапатталған.
* Моңғолия үкіметінің ең жоғары "Алтын гадс" орденімен марапатталған.
* Баян-Өлгей аймағының құрметті азаматы атанған.
## Дереккөздер |
Қасымбаев Жанұзақ Қасымбайұлы(25.12.1941 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы) — ғалым, тарих ғылымның докторы (1983), профессор (1984), Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі (1986, 1988), Қазақстанның білім беру ісіне еңбегісің қайраткері (1990).
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
ҚазМУ-дің тарих факультеттін бітірген (1965).
Талғар қаласындағы орта мектепте мұғалім (1965-1967), ҚазПИ-дің (қаз. Абай атындағы АлМУ) гуманитарлық факультеттегі тарих кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент (1967-1973), 1982 жылдан Қазақстан тарихи кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары: XVIII-XIX ғасырлары басындағы өлке қалаларының қазақ ауылдарымен және іргелес елдермен қарым-қатынасы: Орталық Азиядағы саяси және сауда байланыстары, қазақ жерін Ресей империясына қосу, қазақ мемлекетінің белгілі қайраткерлері, XIX ғасырдағы қазақтан шыққан генералдар, т.б.
500-ге жуық еңбектері жарияланған. Соның 20 жуығы ірі монограмма зерттеулер, оқу-әдістемелік басылымдар. Әсіресе қазақ хандары (Кенесары, Айшуақ, Жантөре, т.б.), XIX-XX ғасырлары басындағы қазақ-қытай керуен саудасы, қалалар тарихы (Семей, Ақмола) туралы терең мазмұнды, көлемді зерттеулері елімізде және шет елдерде жоғары баға алды. Оңдаған ғылыми кандидаттарымен және доктарыларын даярлаған.
«Парасат» орденімен (1999) марапатталған.
## Дереккөздер |
Сейіт Асқарұлы Қасқабасов (24 маусым, 1940 жылы Семейде туған) — әдебиеттану, фольклоршы ғалым. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
## Білімі
1957 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы N912 қазақ орта мектебін, 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған. 1967 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иснтитутының аспирантурасын бітірген. 1969 жылы «Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
## Еңбек жолы
* 1970-1981 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшысы, әрі «Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары» атты журналының жауапты хатшысы.
* 1981-1983 жылдары Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкер.
* 1983 жылдан Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
* 1989 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінде «Қазақ халық прозасының жанрлары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
* 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде консультант қызметіне тағайындалып, әдебиет және өнер саласына жауапты болған және саяси репрессияға ұшыраған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев, М.Дулатов, т.б. арыстарымызды ақтау жұмысына қатысып, қажетті құжаттарды дайындаған.
* 1990 жылы Орталық Комитетте жаңадан құрылған Саяси процестер социологиясы орталығын басқарған. Мұнда сондай-ақ Идеологиялық комиссиясының мүшесі әрі Орталық жетекшісі ретінде кезінде қате қабылданған көптеген саяси-партиялық құжаттардың күшін жою және жазықсыз тыйым салынған ақын-жазушылар мен қайраткерлерді ақтау қажеттігі туралы Жұмыс тобын басқарған. *1991 — 1992 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Аппаратында Мәдениет секторының жетекшісі, Білім, ғылым және спорт, жастар ісі бөлімінің орынбасары болған.
* 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Аттестациялық Комиссиясының төрағасына тағайындалып, ЖАҚ-ты құрып, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беруге және ғалымдарды аттестациялау-ға қажетті Ережелерді жазған.
* 1993 жылы ТМД елдері Жоғары Аттестациялық Комиссияларының Ассоциациясын құрып, оның төрағалығына сайланған.
* 1994 — 1997 жылдары М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында институт директорының орынбасары, Қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі.
* 1997 — 2001 жылдары Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразия» ғылыми орталығын, шығыстану факультетін ұйымдастырып, басқарған, қазақ фольклоры мен әдебиет тарихы бойынша дәріс оқыған.
* 2001 жылдан бері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарады.
«Казахская волшебная сказка» (1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984), «Родники искусства» (1986), «Колыбель искусства» (1990), «Казахская несказочная проза» (1992), «Абай және фольклор» (1995), «Золотая жила» (2000), «Жаназық» (2002), «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары» (2003), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (2005), «О фольклоре и не только» (2005) «Елзерде» (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса зерттеу жұмыстарының авторы.
Бүгінде ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
## Ғылыми атақтары
* 1989 жылы Филология ғылымдарының докторы (ғылыми атағы берілді);
* 1996 жылы профессор (ғылыми атағы);
* 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.
* 1992 жылдан Халықаралық фольклористер қоғамының мүшесі (Финляндия)
* 2007 жылдан Халықаралық Айматов академиясының академигі
* Дүниежүзілік Шыңғыс хан атындағы академияның академигі
## Марапаттары
* 1986 жылы Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік арнайы сыйлығының лауреаты
* 1992 жылы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
* 1996 жылы Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты
* 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
* 2002 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»
* 2003 жылы Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты
* 2010 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (құрметті атағы) берілді
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
* 2011 жылы «Достастық жұлдызы» мемлекетаралық сыйлығының лауреаты
* 2016 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі" құрметті белгісімен марапатталған.
## Дереккөздер
Әуезовтен бата алған студент Мұрағатталған 7 шілденің 2020 жылы. — Жас Алаш, 18.06.2020 |
Қасірет Белдеуі, Ащылы өзек шебі – («Жаңа Есіл сызығы», «Горькая линия») - 18 ғасырдың 50-жылдары Тобыл мен Ертіс өзендерінің аралығында салынған Ресейдің әскери бекіністері. Қазақ жерін кесіп өтетін Орынбор, Қорған арқылы I Петрдің тұсында салынған Омбы (1716), Ямышев (1716), Семей (1718), Өскемен (1720) бекіністеріне ұласатын орыс мемлекетінің Оңтүстік шекарасында «Даланың мазасыз тағы көшпенділерінен» берік қорғаныс шебін жасау қажеттігін сылтау еткен Ресей Сенаты 1752 жылы 25 ақпанда Сібір корпусының командирі генерал-майор Киндрманның орыс- қазақ шекарасын «түзулеген» жобасын бекітті. Бұл жоба қазақ хандарымен келісілмей жасалды. Жаңа бекіністер жуйесінің құрылысы сол жылғы жаз айларында қауырт қарқынмен басталып, 1755 жылы негізінен аяқталды. Қазақтардың қарсылығына қарамастан орыс әкімшілігі Қазақстан аумағына 50-200 км ендеп кіріп, 86 қамал, редут, острог, пикет, т.б. атаулы әскери қамалдар мен бекіністер орнатты. Оларға көптеген зеңбіректерімен күшті гарнизондар орналастырылды. Бекіністер аралығын атты казактар бөлімшелері күзетті. Жаңа бекіністер шебі Орынбор мен Омбы арасындағы Ресей - Қазақстан шекарасын 2 есе қысқартты. Қасірет белдеуі қазақ даласына сұғына кірудің алғышартын жасап, қарашекпенділердің Солтүстік Қазақстанға кең көлемде қоныстануына жол ашты.
## Дереккөздер |
Қатипа – матаның түрі.
Ол қатты, төзімді. Сондықтан да онымен қазақ шеберлері көбіне әйелдер киетін ішіктің сыртын қаптаған. Одан күпі, шапан секілді киімдер де тігілген.
## Дереккөздер |
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).
## Өмірі
Ұлы жүздің Суан руының Елшібек тармағынан шыққан.
Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес.
Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет. Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді. Әбекеңнің үйінде әңгімелесіп отырғанда: "Мен жақсы көрмейтін адамдарымды қолдан тұншықтырып өлтірдім!" — дегені бар. Ал өзінің құмырсқаға қиянаты болмаған. Мұның мәнісі — ұнатпаған адамды кескіндеген жоқпын дегенге саяды. Шынында да, суретші қаламына іліккен адамның рухани ғұмыры ұзарып, тарихта қалады. Біз кеткен соң да сурет өнері жасай береді. Жалпы, суретте тіл жоқ, түсінісу бар. Басқаша айтқанда, суреттің тілі де — тілсіз тіл, оны кез келген ұлт ұғады. Бірақ әрқалай ұғады. Маған айрықша ұнайтын суретшім — Верещагин. Ол өзі көрген соғыс сұрапылын жазған. Қастеев те солай, өз көргенін көркемсуретке көшірген. Өлмейтіндігі де содан. Олардың суреті — келешекке ғұмыр... Әбілхан аға сурет салудан қолы босай қалса, бір минут та бір орында байыз тауып отыра алмайды екен. Ананы жөндеп, мынаны жасап жіберу... Жаңа үйге көшіп барған бұларға көрші-қолаң ерекше бір таңданыспен қарап жүрді. Бірде Әбілхан аға қолына кетпенін ұстап, бақшасында жұмыс істеп жүрсе, бір көршісі қашаның арғы жағынан сығалап тұрса керек. Амандықтан соң көршісі: "Осы үйге бір үлкен, атақты суретші көшіп келді дейді. Сіз білетін шығарсыз ол кісіні. Қандай екен өзі?" деп қызығушылығын жасыра алмапты. Аңыздай көрінген адамы мұнша қарапайым болар деп ойламаған шығар, мүмкін, ол.
— Бәріміз отбасымызбен көшеге шыққанда бір кварталды қырық минутта әрең жүріп өтуші едік. Әкемді білмейтін адам кемде-кем. Амандық-саулық сұрасқан ел, — деп Гүлнәзия апай сол күндерді сағына есіне алды. — Мысық екеш мысыққа дейін әкемді төңіректеп жүруші еді. Өзі де тарлау үйімізде ауылдастар бар, біз бар, бәріміз мәз-мейрам боп жатқан күндердің бірінде әкем үкі алып келіпті. Кептерлеріміз тағы бар... Жан-жануарларды жанындай сүйетін әкем құмырсқаның тірлігіне де таңданып, осы бір жәндіктен үлгі алыңдар деп отыратын. Ол, әсіресе, "Жолбарыс" деп аталатын итіне көп көңіл бөліп, назар аударатын-ды.Жаны нәзік ағаның жүрегі де нәзік еді. Бірнеше рет инфаркт алған. Ауруханадан үйге алып келе жатқан мәшине бұрылыстан көрінгенде, алдымен Жолбарыс алдынан жүгіріп шығады. Екеуі үнсіз ұғысады. Әбілхан аға дүние салардан бір күн бұрын Жолбарыс та жоғалып кетіпті. Жақсы ит өлігін көрсетпейді... Бұл — қазақтың жеті қазынасының бірі дейтін иттің де иесінің өмірден өтерін, елдің бір қазынасы — талантты ұлынан айырыларын соқыр түйсігі арқылы сезінуінің белгісі екен-ау.
Әбілхан ағаның жүрегі таза таңданыстан жаралған. Ол аспандағы ұшаққа қарап, "бәленбай тонна ауада қалай қалқып тұр" деп, адамзат ақылына тағы бір таңданады. Табиғаттың әрбір жаратылысына үңіліп тұрып, "қандай ғажап система" дейді ол. Осы таңданысының барлығы қылқаламынан сурет болып төгілді емес пе? Бұл да ұлыларға ғана тән ерекшелік шығар."Ер адамның Құдайы ішінде". Әбілхан ағаның сөзі. "Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу — өзіңнің құзырыңдағы іс. Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес" дейді. Қастеевті Қастеев еткен де дәл осы ұстаным, дәл осы — әфсана.
Туғанына 100 жыл толып отырған ұлттың дара тұлғаларының бірі Әбілхан ағаның сүйікті қызы Гүлнәзия апайдың сағынышты әңгімелерінің ішінен қарапайым әкенің әлемін ойып алдық. Даңқ тұғырына мәңгі көтерілген Қастеевтің қарапайым әлемін қазақтың дана қарттарын, ауылдың сол бір қазына қарттарын сағынғандықтан ба, аралай бергің келеді екен. Балалары мен ошағына бақыт, кең байтақ Отанына мерей сыйлаған сирек тұлга Ә. Қастеевтің жеке мұражайын ашу — бар, жоғын түгендеп жатқан елдің атқарылар бір ісі екені көрініп тұр.
Ендеше суреттерінің өзінен "даланың иісі бұрқырап" тұрған данамызға лайықты құрмет жасау парыз.
## Танымал туындылары
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.
## Марапаттары мен лауазымы
* "Қазан төңкерісі" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
* Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).
* Қазақ КСР халық суретшісі (1944).
* Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР-нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қазақсан жерінде» атты туындылары үшің.
* 2004 жылы Ә.Қастеевтің 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 50 теңгелік естелік монетаны айналымға шығарды.
* 2014 жылы Алматыда Қастеев үй-мұражайы ашылды.
## Естелік
* Кастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған.
* Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды.
* 2004 жылы Қастеевке арналға пошта маркілері шығарылды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Абылхан Кастеев — Алматы: «Әдебиет әлемі», 2014.
* Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріндегі ерекшелігі Мұрағатталған 17 қарашаның 2021 жылы.
* Удивительная жизнь Абылхана Кастеева Мұрағатталған 24 қарашаның 2021 жылы. (фоторепортаж)
* Абылхан Кастеев. Первый народный
* Суретші Әбілхан Қастеев YouTube сайтында |
Қатын, хатын, хатун (парсы: خاتون Хатун, түр. Hatun, тат. хатын, қыр. катын, моңғ. хатан, бур. хатан, соғд. xwatēn – «ханым» немесе «әміршінің әйелі») — Түрік қағанатында, Моңғол империясында және Осман империясында кеңінен қолданылған «хан» ер титулына ұқсас әйел атағы. Батыстың «императрица», «царица», «королева» титулдарына шамамен сәйкес келеді.
Түркі-моңғол әлемінде кең тараған көптеген басқа атаулар сияқты «хатун» атауы да басқа (үнді-еуропалық) тіл тобынан, нақтырақ, соғды тілінен шыққан.
Ислам Орта Азияға енгенге дейін «хатун» атағын Бұхара патшайымы алған. Ислам энциклопедиясына сәйкес:
Осман империясында Валиде (Сұлтанның анасы) атағы құрылғаннан кейін кәнизактар осылай аталды.
## Тағы қараңыз
* Ханым
## Дереккөздер |
Қасым хандығы (тат. Касыйм ханлыгы, Qasím xanlığı, قاسم خانليغى) – Мәскеу патшасының бодандығында болған мемлекеттік бірлестік.
## Тарихы
Алтын Орда ханы Ұлығ-Мұхаммедтің ұлдарының бірі Қасымға қызметі үшін оған ұлы князь Иван ІІІ 1452 ж. шамасында өз атымен аталатын қала салуға рұқсат берді. Қасым өз иелігінде мешіт пен тас қамал тұрғызды. 1469 жылы Қасым қайтыс болғаннан кейін, иелігі ұлы Даниярға (1469-86) өтгі. 1486-1512 жылдар аралығында Қасым хандығын Гирей әулетінен шыққан, Мәскеу билеушілеріне қызметке тұрған Нүр-Дәулет пен оның ұлдары Сатылған мен Жанай басқарды. 1512-16 жылдары хандықты Алтын Орданың екінші бір ханы болған Кіші-Мұхаммедтің немересі Шейх-Аллиар, 1616— 67 жылы оның кәмелетке толмаған ұлы Шейх-Әли (Шах-Әли, орыс құжаттарында Шигалей) билік құрды. Мәскеу билеушілері оны бірнеше рет Қазан хандығы тағына отырғызды. Ол Қазанда билік жүргізген уақытта Қасым хандығын інісі Жан-Әли басқарды. Шейх-Әлидің ұлы болған жоқ, сондықтан таққа Алтын Орданың соңғы ханы Ахмедтің шөбересі Саин-Болат отырды (1567-73 ж.). 1573 жылы ол шоқынып, Симеон деген атпен Мәскеуге келіп Иван Грозныйдан «Бүкіл Ресей патшасы» деген атақ алды. Қасым хандығына уақытша ешкім бекітілмей, 1585 жылы Ахмед ханның тағы бір шөбересі Мұстафа- Әли келді. 1600 жылы ол қайтыс болғаннан кейін таққа қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед отырды. Ол біршама тәуелсіз саясат жүргізіп, 1605-10 жылы Қасым хандығын жеке мемлекет етуге ұмтылды. Бірақ 1610 жылы өлтірілді. Ораз- Мұхаммед өлтірілгеннен кейін биілікке Көшім ханның немересі Арслан (1610-27) және оның ұлы Сейт-Бұрхан (1627-78) келді. Сейт-Бұрхан 1653-55 жылдары шоқынып Василий деген ат алды, бірақ тақтан түскен жоқ. Қасым хандығы халықты күштеп шоқындыра бастады. Жергілікті халық шоқынудан бас тартып, миссионерлерді өлтірді. Бірақ соңғы ханның тұсынан бастап бүкіл билік орыс воеводаларының қолына көше бастады. Василий (Сейіт-Бұрхан) хан өлгеннен кейін Қасым хандығын 1681 жылға дейін ханның шешесі Фатима-Сұлтан басқарды. Осыдан кейін хандық жойылып, воеводаға айнылдырылды, 1708 жылы Қазан, 1767 жылы Рязань губернияларына қарайтын уезге айналды. Хандықтың орталығы - Қасым қаласы болды. Ол үлкен гас қорғанмен қоршалды. Қалада Қасым сарайы, мешіт (1700 жылы дейін сақталған), 2 кесене (мазар) болған. Оның біріншісін 1555 жылы Шах-Әли, екіншісін 1616 жылы Арслан патша салдырған. Сейіт-Бұрхан сарайы 19 ғасырға дейін сақталды. Қасым хандығы құрамындағы халық орыс деректерінде қасым татарлары деп жазылған. 19 ғасырда орыс тарихшылары олардың өздерін қазақпыз деп атағанын айтады. Олар Қасым хандығы халкының өздерін қазақ деп те атауы этникалық ұғым емес, әскери тап, яғни қазақ атауынан шыққан деп түсіндіреді. Олардың кұрамында басты 4 тайпа (арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт) болған. Қалған ру-тайпалар қағазға түспеген. Жалпы Қасым хандығы әскерлері Ресейдің ішкі соғыстарына және сырткы жорықтарына (Польшаға, Швецияға, Ливонияға, т.б.) белсене араласып отырған.
## Дереккөздер |
Қауға– оқпан мен шурфтарды үңгу, оқпанды тереңдету кезінде қопарылған тау жыныстарын шығару, материалдарды, адамдарды түсіріп, көтеру үшін қолданатын ыдыс. Қатерлі жағдайда оқпанның тарлығына байланысты арнайы көтергіш қондырғының орнына қауғаны пайдаланады. Көтергіш қондырғыға бір немесе екі қауға тіркелуі мүмкін. Көтеріп-түсіру барысында қауға оқпан қабырғаларына соғылмау үшін оған бағыттағыш қондырғы орнатылады. Қауғалар өздігінен аударылмалы және аударылмайтын болып бөлінеді. Қауғаны жүктен босататын арнайы кешенді жабдықтар болады. .
## Дереккөздер |
Қауыншы мәдениеті - Ташкент өңірі мен оған көршілес Сыр алқаптарын мекендеген тайпалардың көне мәдениеті (б.з.б. 1 ғ. — б.з. 7 ғ.), Қауыншы, Ақтөбе-1,-2, Шәушіқұмтөбе, Мингурюк, Әлімбайтепе, Кугайтепе, Чаштепе, Ақтепе, Шұралысай және т.б. қалалары мен қоныстары, Шәушіқұм, Жамантоғай, Төребай-тұмсық, Тайтөбе, Пәскент, Тұябугуз, Бешбай, Ахангеран сияқты зираттары белгілі.
19 ғ. соңы — 20 ғасырдың басында зираттары қазыла бастады (Н.А.Остроумова, М.Е.Массон). Мәдениеттің толығынан ашылуына 1930 ж. Г.В.Григорьевтің қалалардан алған тың деректері негіз болды. Алғаш 1933 ж. зерттелген. Қауыншы қаласы Ташкенттен 17 км жердегі Күркілдек арығы бойында, осы күнгі Қауыншы қалсының ортасындағы төбе. Қалындығы 6,5 м қабырғамен қоршалған каланың үйлері шикі кірпіштен қаланғаны, мәдени қабаттың 6 м болғаны анықталды. Басқа ескерткіштерін А.Г.Максимова, Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова, Л.М.Левина, М.С.Мерщиев, А.И.Тереножкин, М.Э.Воронец, т.б. зерттеді. Шардара алқабында, Сырдың оң жағасында орналасқан Ақтөбе-2 қаласы үш жағынан топырақ жалмен, өзен жағынан пахса қабырғамен коршалған. Жалпы қаланың аумағы 325x115 м. Ортада биіктігі 20 м дөңгелек төбе бар. Қала үйлері төбе үстінде және оны айнала қоршай салынған. Төртбұрышты, аумағы 28x18,5 м сарайға жүргізілген қазба жұмыстар оның айшық үлгісімен орналасқан 5 бөлмеден, кіре берістегі құрылыстардан және ғимараттың шығыс, батыс жағын айнала өтетін дәлізден тұратынын көрсетті. Ортада салынған шаршы пішіндес қонақ қабылдайтын жай (3,6x3,6 м) ішінен құдык пен камин пеш табылды. Төртбұрышты, шаршы пішіндес шикі кірпіштен қаланған сарайдың кезінде салтанатты ғимарат болғанын көптеп табылған сәнді қыш ыдыс, қару түрлері, әшекей бұйымдар дәлелдейді. Қаланың оңтүстігін ала аумағы 75x90 м үлкен цитадель орналасқан. Шәушіқұмтөбе қаласына шаршы пішіндес жоба тән (250x250 м). Төбенің биіктігі 4—5 м, құрылыстар цитадель және кала үйлері болып екіге бөлінеді. Қауыншының айнала сырты да, цитадельдің өзі де қабырғамен коршалған. Ерте сатының саны мен орта сатының бас кезінен бастап ғұн ықпалдары күшейеді. Ақтөбе-2 қаласы сарайының ашылған бөлмелерінің бірінен ғұн жауынгерінің мүрдесі табылды. Ғұн сарбазы ағаштан торкөз үлгісімен жасалған табытта жерленген.
## Дереккөздер |
Қасқыржем немесе Аспарагус (лат. Asparagus) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік; көкөніс дақылы. Табиғатта Еуропа, Азияның шалғындары мен ормандарында өседі. Ақтөбе облысында, Ұлытауда, Алтай өңірінде, далалық және су алабындағы шалғында, қалың бұта арасында, ағаштары сирек қайыңды орманда өседі.
Мамыр-шілдеде гүлдейді. Биіктігі — 70—120 см, сабағының сырты тегіс, бұтақтанып біткен. Жапырағы қабыршақты, 1—2 ұсақ гүлі болады. Құрамында С, Д витаминдері, қант, белок, каротин бар.
Оның 300-ге тарта табиғи түрі бар. Соның ішінде 2-3 түрі ғана елімізде үй гүлі, біржылдық өсімдік және әрлендіруші ретінде қолданылады.
## Ботаникалық сипаттамасы
Әдемілігі ине секілді ұсақ жапырақтары бар. Осы жапырақтарының ерекшелігінің арқасында ол қыста үй жағдайында, жазда бақшада өсірілсе, флорашы мамандар оның сабағын кесіп, гүлдестелерді әрлендіру үшін қолданады. Сондықтан да ол баршаға әрлендіруші гүл ретінде көбірек таныс. Бойының биіктігі 40-150 см аралығында. Үй жағдайында да және бақшада да ақ түсті кішкентай гүл жарып, артынан қызыл түсті кішкене моншақ секілді жидек салады. Үй жағдайында көп өсірілетіні Ине қылқанды аспарагус (лат. Asparagus acutifolius). Бойы биік, жартылай бұтақты болып өсетін бұл түрдің жер асты бөлігі тамыртүйнекті болғандықтан жақсы дамыған. Отаны — Оңтүстік Африка. Бөлме сәні үшін қауырсынды және Шпренгер аспарагустері өсіріледі.
* Қауырсынды аспарагус (лат. Asparagus setaceus) — тікенек жапырақты, ұсақ ақ гүлді, жемісі қызыл, мәңгі жасыл бұта. Жарық талғамайды, бірақ жылылықты қалайды. Топырақ салынған қыш құмыраларда (ыдыстарда) өсіреді; топырақ құрамының бір бөлігі шым топырақ, бір бөлігі қарашірік топырақ, бір бөлігі жапырақ шіріндісі қосылған топырақ болуға тиіс. Бұған өзен құмын қосады. Қыста бірқалыпты, ал жазда қандырып суарады. Құрғақ ауада бұтақшалары түсін қалады, сондықтан өсімдікке су бүркіп тұру керек. Аспарагус тұқым және бұтағын кесіп алып - отырғызу арқылы көбейтіледі.
Аспарагус тұқымын мамыр-сәуір айларында құм араластырылын, жапырақ шіріндісі қосылған жұмсақ топыраққа себеді. Көктем шыққан аспарагустерді кішкентай қыш құмыраларға көшірт отырғызады. Ал бұталан көбейткенде ең алдымен әр бұтаны жеке бөледі. Қауырсынды аспарагустың кесіп алынған бұтақшаларын сән беріп тұру үшін гүл дестелерге қосылады.
* Шпренгер аспарагусы (лат. Asparagus densiflorus Sprengeri) — ұсақ, нәзік, ақшыл күлгін гүлді, жидек тәрізді қызыл жемісті гүл сабақтары төмен салбырап тұратын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары үлкен әрі қатты келеді. Күтім қауырсынды аспарагустың күтіміндей. Шпренгер аснарагусын аспалы өсімдік ретінде өсіру ге қолайлы.
Жарығы
Ашық күн астында, көлеңке де немесе алакөлеңкеде де өсе береді
Жылуы
Ауа температурасы қыста 12-150С-дан төмен болмағаны дұрыс.
Суғарылуы
Жазда топырағының құрғамай, ылғалды болып тұрғанын ұнатады. Қыста топырағының беткі қабаты құрғаған уақытта суғарады.
Ылғалдылығы
Ауаның үнемі ылғалды болғанын қалайды, сондықтан күніне бір рет су бүркіп тұрған абзал. Ылғал жетіспесе инелері түсе бастайды.
Қоректендірілуі
Жапырағының түсі қанық, сабағы толық болуы үшін көктем, жаз кездерінде әдемі жапырақтыларға арналған минералды тыңайтқышпен қоректендіреді. Топырағы құнарлы болуы үшін жылына бір рет шіріген көң салып тұруға болады.
Аурулары
Ақ ұнтақ ауруымен ауыруы мүмкін.
Көбейтілуі
Түбін бөлу және тұқымын себу арқылы көбейтеді. Түбін 4-5 жылда бір рет бөледі. Тұқымы арқылы наурыз, сәуір айларында жылыжайларда көбейткен дұрыс.
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
## Дереккөздер
## Дереккөздер |
Катонқарағай ауданы — Шығыс Қазақстан облысының шығысында орналасқан әкімшілік бірлік. Орталығы — Катонқарағай ауылы.
## Географиялық орны
Аудан батысында Алтай, Үлкен Нарын, оңтүстігінде Күршім ауданы, Марқакөл аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
## Халқы
Тұрғындары 23 141 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 80,23%, орыстар – 18,39%, басқа ұлт өкілдері – 1,37%.
## Әкімшілік бөлінісі
27 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген:
## Этимологиясы
Бұл атаудың түптөркіні жайлы жазушы Қ.Ысқақов былай жазады:"Бұл елді мекеннің тарихи аты - "Қатынқарағай". "Қатонқарағай" - кеңес дәуірінде бұрмаланып аталған атау. Ол жерде алқа қотан қарағай болған. Ар жақтан мал әкелгендер сол жерде мал тапсырған. Содан "Қотан", "Қотанқарағай" атанған. Алтай мен екі шекарадағы жер, елді мекен аты. Алтай тауынан Ақбұлақ деген үлкен өзен ағады да, ол екіге бөлініп, "Қотан" және "Бұқтырма" деп аталады. Бұқтырма Бедел, Шыңғыстай елді мекендерінің тұсынан ағады, Қотанқарағайды жанап өтеді". Таулы Алтайдағы биіктігі 4506 м Мұзтау жотасынан басын алатын Қатун өзені Таулы Алтайға құлай ағып, Обь жазығындағы Би өзеніне қосылады. Оған "Қатун" "Чуймен" байланысты ағыны қатты көптеген өзендер келіп құяды. Қатун өзенінің жалпы ұзындығы - 680 км. Осыдан барып, ағыны қатты, тасқынды, адуынды өзенді де "Қатын"("қадын") атағаны байқалады. Алтай тауының терістігінде Қатун (Қадын) өзені ақса, оның бергі бетінде қалың қарағай өскен. Сонда бұл атау "Қатун өзені жағындағы қарағай" деген мәнде қойылғаны байқалады. Таулы Алтай тұрғындары қадын - "патша әйел, ханша, қатын, өзен патшасы" деген мағынаға ие деп түсіндіреді.
## Әкімдері
* Серік Зайнулдин (2007-2010)
* Арман Бекбосынов (2010-2013)
* Дәурен Тілеубаев (2013-2014)
* Қалиқан Байғонысов (2014-2016)
* Ахметқали Нұрғожин (2016-2019)
* Ренат Құрмамбаев (2019-2021)
* Ділдар Қалиқан (2021-2024)
## Тарихы
Катонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған, бір жылдан кейін 1929 жылы 20 қыркүйекте Шыңғыстау ауданы Катонқарағай ауданының құрамына енді. 1932 жылы Катонқарағай ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1935 жылы Катонқарағай және Зырян аудандарының құрамынан Большенарым және Бұхтарма аудандары бөлініп шықты. 1954 жылы аудан көлемі Алтай өлкесі Таулы-Алтай автономдық облысы Усть-Коксинский ауданы «Жоғарыкатон» совхозының қосылуы есебінен кеңейді. 1963 жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы Большенарым ауданымен біріктіріліп, аудан орталығы болып Большенарым ауылы анықталды. 1970 жылы 4 желтоқсанда Катонқарағай ауданы орталығы Катонқарағай ауылы болып қайтадан құрылды. 1997 жылы 23 наурызда Большенарым ауданы жойылып, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Большенарым ауылына көшірілді. 2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен бұрынғы Большенарым ауданының аумағында Үлкен Нарын ауданы құрылуына байланысты Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылынан Қатонқарағай ауылына көшірілді.
## Климаты
Катонқарағай ауданы агроклиматтық жағдайы бойынша таулы және қатты-континенттік ауа-райлы альпілік аймақта орналасқан, қатты ұзаққа созылатын қысымен, ыстық және баяу өтетін жазы мен күзі арқылы сипатталады. Аудан аумағы анық төрт климаттық аймаққа бөлінеді:Биік тау аймағы (тундра-шалғынды)Таулы-орманды, артық ылғалдыТаулы, ылғалды орманды далаТаулы – далалы.
Биік таулы және таулы-орманды аймақтың ауа-райы өте ылғалды, қоңырсалқын суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жылда 550-560 мм ылғал түседі. Шілделік ылғалдың ызғары әсіресе анық сезіледі. Желдің орташа айлық жылдамдығы бір жыл ішінде 1,7 м/сек құрайды. Қатты желді күндер саны жылына 7 күнді, ал шаңды боран -10 күнді құрайды. Өсімдік жамылғысы өз таралымында, ауа райы мен жер жамылғысы тәрізді вертикалды аймаққа бағынады. Биік таулы тундралық аймақтарда жасыл қыналар, тал-шілік, бұталар басым. Биік таулы шалғынды аймақ дәнді өсімдіктер, сан алуан шөп түрлерінің басымдығымен ерекшеленеді. Альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер жерге жақын, аймақта тақыр жерлер көбірек, ал субальпілік белдеуде өсетін өсімдіктер неғұрлым жиірек және биік болып өседі. Биік таулы альпі шалғындары Оңтүстік Алтай мен бір бөлігі орталыққа кіретін, атмосферасы ылғалмен жақсы ылғалданатын аймақтарда орналасқан. Таулы-тайга және шалғынды - тайга аймақтары өсімдік жамылғысында қою қылқан жапырақты және ашық қылқан жапырақты тайга ормандарының басымдығымен ерекшеленеді. Орман арасындағы ашық жерлерде жылы және құрғақ ауа райына өсіп үйренген шөптер және қыналы шөптер, әр түрлі дәнді өсімдіктер, шөптер, бұталар және сирек орман таралған. Таулы тайга ормандарында шөптің орташа биіктігі 120-150 см болса, қалыңдығы 80 100 % құрайды. Ірі шөптердің үлесі басым болғандықтан, шөптердің азықтық құндылығы төмен, мал жөнді жемейді және улы деуге де болады. Таулы және орманды-шалғын-дала аймағы тайга ормандарынан қырға ауысады. Ол өсімдік жамылғысында ормандар, орман шалғындары, дала шалғындары мен шалғындық-дала бұталық -шөп тоғайлары өседі. Бұл аймақтағы ормандар ұсақ жапырақты, көк теректі және ақ қайыңды болып келеді. Оңтүстікте, батыста, аздап шығыста, әсіресе тік тау баурайларында –шалғындар, шалғынды далалар, тал шілік тоғайлары секілді ашық ландшафтылар салтанат құрған. Орманды далалы және орманды-шалғын-дала (Нарым және Бұхтарма өзендері бассейні) белдеуінің төменгі бөлігінде негізінен қайыңды-бал қарағайлы және бұталы-шөпті ормандар орын алған. Ашық алаңқайларда және орман алаңдарында бұрынғыдай сансыз көп орман бұталары ( кәдімгі мойыл, орта таволга, тікенді және қылқанды итмұрын, татар бөріжидегі және т.б.) және әр түрлі орманды шалғын шөптері өседі. Аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде шөпті –бұталы- қарағайлы ормандар таралған, онда қарағайлы орманның бір бөлігі аралас, кей жерлерде тұтас шөпті-бұталы тоғайлар. Таулы және далалы аймақтардың өсімдік жамылғысын дала дәнді өсімдіктері, даланың әр түрлі шөптері құрайды. Большенарымның тау арасындағы алқабында, оның шығыс (жоғары) бөлігінде әр түрлі шөпті- бетегелі, ал батыста (төмен) – бетегелі құрғақ далалар жатыр. Аудан аумағының топырақ жамылғысы әр түрлі және негізінен жердің бет-бедеріне тәуелді. Тау жамылғылары 30 %-ға дейін тамырлы жыныстар арқылы шыққан таулы-тундралы, 50 %-ке дейін альпілік және субальпілік таулы- орманды, 30 %-ға дейін кәдімгі таулы қара топырақты болып келеді. Бұл жамылғылар жоғары таулы рельефі жағдайында 2500-2800 м-ден жоғары биіктікте қалыптасқан. Тау жамылғылары жазғы отардағы жайылым ретінде, мал күтуге қысқа мерзімге пайдаланылады.
## Гидрологиясы
Ауданның гидрографикалық желісі сансыз көлдер, өзендер, бұлақтардан тұрады. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұхтарма өзені - ең ірі су ағымы болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарым өзені – екінші ірі су ағымы. Көптеген бұлақтар басын таудан алып, үлкен жылдамдықпен ағысы 1-2 м/сек ағады. Дария тау мінезді. Судың сапасы жақсы, тұрмыста және ауыл шаруашылығында қолдануға жарамды. Жер асты суларының қуаттылығы 60-80 м-ден аспайды. Судың тереңдігі 80 см-ге дейін болады. Жер асты сулары алқаптарда бастау түрінде кездеседі. Тау жағдайында жер асты сулары 30-60 м тереңдікте жатады. Тау арасындағы ойпаттарда, аңғарларда жер асты сулары 0-6 м тереңдікте кездесіп қалады. Ауыл шаруашылығы мақсатына жерлерді бөлу, бұрынғы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының кадастр шекараларында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге әсер ететін, табиғат факторлары кешені бойынша аудан аумағын салыстырмалы бағалау негізінде жүргізілді, атап айтқанда:аумақтың аудан және облыс орталығына, өнім сату базарына, жабдықтау қорына, техникалық қызмет көрсету орталығына қатысты орны;ауыл шаруашылық құрылымы;азықтың сапалы болуы, жайылымдардың орнықтылығы;аумақтың бет-бедері.
Аумақтың қолайлылық деңгейіне оңды ықпал ететін факторлар:транспорттық желілермен жақсы қамтамасыз етілу;өнімді сату- базарлары, жабдықтау қорлары, техникалық қызмет көрсету орталықтарының жақындығы.
Кері ықпал ететін факторлар :жердің сату базарларынан, жабдықтау қорларынан алыста орналасуы;аумақтың транспорт желілерімен аз қамтылуы, жолдың нашар жағдайы.
Жайылымдар көбінесе тасты аймақтарда, таудың биік құламасында орналасқан. Жайылымдық жерлердің ортақ ауданы 108,0 мың гек.-16 %, 200-245,6 -ға дейін -36,8 %, 200-313,4 -тен жоғары 47 %-ды құрайды. Аудан аумағының ауданы облыстың ортақ ауданының 4,7 %-ын құрайды. Ауыл шаруашылығында жайылым жерлер 81%, егістік жерлер 11% орын алады. Аудан аумағы 13167 кв. км (1319075 га). Аудан тұрғындарының саны 01.01.05 жылы 41000 адамды құрады, басым бөлігі- қазақтар (87 %), орыстар, татарлар, немістер және басқа ұлт өкілдері.Аудан – ауыл шаруашылықты. Ауданда мың екі жүзден астам шаруашылықпен айналысатын субъектілер бар. Олар егін және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік ауданы 60818, 5 га жер, соның ішінде: 23613 га- дәнді дақылдар. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндіру 2004 жылы-134 млн 366 мың тенгені құраса, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі- 2 млрд 768, 6 млн. тенгені құрады. Марал және ара шаруашылығы дамуда. Барлық шаруашылық категорияларында мал басы саны өсуде. Аудан аумағында «Большенарымдық лесхоз» Катонқарағайлық ГНПП жұмыс істейді.
Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін:16- диірмен21- шағын наубайхана2- макарон өнімдерін шығаратын желілер21- бөлшектеуіштер1- сливочный май өндіретін цех1- пантокрин цехы1-КРС соғым цехы
Жұмыс істейді:198- дүкен16- қоғамдық тамақтану мекемесі15-АЗС13- қызмет көрсету мекемесі
Өз заманында ауданда Шыңғыстау болысының болысы Әбдікерім Ережепов тұрып, қызмет атқарған. Дамыған көзқарас адамы 20 ғасырдың басында ақ, Шыңғыстаулық екі сыныпты қазақ-орыс мектебінің негізін қалады. Көптеген танымал катонқарағайлықтар, өз кезеңінде осы мектепте дәріс алған. Солардың арасында, қолбасшы генерал-лейтенант И.Д. Копылов, Ленин орденінің иегері, танымал ұстаз-ағартушы С. Түкебаев, КСРО Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев, Социалистік еңбек ері Б. Кітапбаев және тағы басқалар. Аудан өз жерлестері, Совет Одағының Батырларын мақтан тұтады: И.В. Топорков, А.Г. Огнев, В.Р. Спиридов, В.Ф. Величко, В.А. Шулятиков, Т.М. Клименко, үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегері А. Құсметов. Социалистік еңбек ерлері С.К. Слабодчиков, А.Е. Сычук қоғамдық өмірге ат салысуда.Ең үздік 12 катонқарағайлықтарға «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» деген жоғары атақ берілді. Олар: О. Бөкей, К. Искаков, Б. Кітапбаев, К. Кулженов, К. Баекин, А.Е. Сычук, С.К. Слабодчиков, Н. Кубинов, Ф. Тумарбаев, К. Базарбаев, Е. Ретивых және басқалар. Жерлес-жазушылар: О. Бөкей атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары К. Искаков, Д. Ашимханов, А. Асқаров, танымал журналистер – К. Назырбаев, Ермұхан Абдрахманов, М. Алипинова өз заманында аудандық және облыстық газеттерде еңбек еткен. Көптеген Катонқарағайдан шыққан -ғалымдар еліміздің әр түрлі ЖОО-да еңбек етуде.
## Тағы қараңыз
* Аустрия жолы
## Дереккөздер |
* Қашар (кент)
* Қашар (мал) |
Қашар темір кен орны - Қостанай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Бұл аймақта Қашар антиклинорийнің шығыс қанатындағы визе-серпухов ярусының жанартаутекті шөгінді жыныстары мен қышқыл құрамды интрузиялар түйіскен. Кен орны 1950 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Қашар темір кен орны - мезозой-кайнозой қабаттарындағы (қалыңдығы 114-170 м) төменгі визенің гранит-порфирлері мен төменгі тас көмірдің шөгінді-жанартаутекті жыныстарының түйісуінен және тектоникалық жарылым белдеміне магма ерітінділерінің әсер етуінен түзілген жапсарлық-метасоматоздық кен. Метасоматозхға ұшыраған Қоржынкөл шоғыры кен аумағы базальтты-порфиритті туфтар вулканомиктілі құмтастар, әктастар және доломиттер арасында орналасқөан. Кен денелері қабат, линза, штокверк, діңгек пішінді, ұзындығы 7000 км-ге, қалыңдығы 300 м-ге жетеді.
## Құрамы
Мұндағы кентас минералдары, негізінен, магнетиттен тұрады. Сонымен қатар мартит, борнит, пирротин, халькозин, галенит, металсыз минералдардан скаполит, кейде гранат, кальцит, эпидот, актинолит кездеседі. Темірдің мөлшері 30-72%, титан 0,6 – 1,5%, фосфор 0,3%, күкірт 0,15%. Барланған қоры 1,4-1,6 млрд.т. Қазіргі кезде карьерлік әдіспен игерілуде. Соның негізінде Қашар кен байыту фабрикасы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Қимақи Жанах Ибн Хақан, Жанах ибн Хакан әл-Кимеки (т.-ө.ж.б.) – ежелгі қимақтар туралы еңбектің авторы. Оның өмірі мен қызметі жайында нақты деректер сақталмаған. Қ. кітабында қимақтардың қалалары мен қамалдары, сауда жолдары, қолөнері, егін ш. мен діні жөнінде аса сирек құнды |
Әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу.Ескерту. Қашқындықты жасағанәскери қызметші, егер қашқындық ауыржағдайлардың себептерінен болса жәнеегер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, coт онықылмыстық жауаптылықтан босатуымүмкін.
## Дереккөздер |
Қасапхана – мал соятын кәсіпорын. Ол аудан орталықтарында, ірі кенттер мен ауылдарда ұйымдастырылады. Қасапхананың төңірегі дуалмен қоршалып, бөлмелері жарық, құрғақ, едені су өткізбейтін болуы керек. Оның мал соятын, ет тоңазытатын, тері тұздайтын, ішек-қарын және ет сақтайтын бөлімшелері бар. Қасапханада сойылатын мал, ет және ет тағамдары мал дәрігерінің бақылауында болады. Қасапханадан сақтауға, сатуға жіберілетін ұшаға арнайы белгі қойылады.
## Сізге керегі ...
* Қасапшы
## Дереккөздер |
Қимақтар, кимектер, имектер — түркі тайпасы.
Қимақ (кимек) этнонимі алғаш рет 8 ғасырда аталады. Худуд әл-аламда қимақтардың астанасы Имақия деп, ал басқа бір деректерде Кимекия (Қимақия) деп аталады.
Қыпшақтар 8 ғ-дың ортасындағы руналық жазбаларда қимақтарға туыс деп көрсетіледі.
## Гардизи қимақтар туралы
...Бұдан әрі Ертіс өзені жатыр.Ол жерден қимақ елі басталады. өзеннің екі жағалауыңда да жайылып жүрген жылқы үйірлері ,олар кейде мыңнан екі мыңға дейін жетеді. Бұл жылқыларды ұстау қиын. Кейде арқанмен ұстап, үстіне мініп, бас білдіреді. Сонда ,ана қолға үйренеді. Ертіс үлкен өзен, бір жағында тұрған адам ,арғы жағадағы адамды тани алмайды...Өзеннің суы қап-қара. Ертістен өтсең қимақтардың шатырларына барасың...Барлығында да табын-табын сиыр, қора-қора қой бар. Түйелері болмайды. Егер саудагер түйе алып келе қалса, ол түйе бір жылдан артық тұра алмайды. Себебі шөптің тұзы жоқ. Егер біреу тұз алып келетін болсы, ол үшін бұлғының терісін алады. Жазда бұлар бие сүтін ішеді, оны "қымыз" деп атайды. Қысқа қойдың ,жылқының,сиырдың етін кептіріп сақтап, сүр етіп жейді.Бұл елге қар көп жауады, тіпті кейде найза бойына жетеді. Қыста жылқыларын алыстағы жер асты суы сақталатын жерге айдап барады. Ол Оқ-тагдеп аталады...Ағаштан жасалған астауға су сақтайды.Қар қалың жауғанда осы суды ішеді,өйткені қалың қар жылқының суатқа түсуіне жол бермейді.Қимақтар бұлғын мен мумарды аулайды.
## Тағы қараңыз
* Қимақ қағанаты
* Қимақ жолы
## Дереккөздер |
Қирағат (Оқу) - Құран оқу ережелері. Құран Қирағаттының қалыптасу тарихы Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың Меккеден Мединеге көшкен кезінен (һижрат етуінен) бастау алады. Осы кезден бастап Құранды адамдарға жеткізу, оларға Құран талаптарын таныстыру ісі өзекті мәселеге айналған. Бұл кезеңде араб халқының тұрмысы тайпалық жүйеге негізделіп, әр тайпаның өзіне тән диалектісі болған. Бұл диалектілер осы күнге дейін сақталған. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар Құранды барлығы жеті түрлі қырағатта (Хамза, Қиса'и, Ғасым, Хафса, Уарш, т.б.) оқуға рұқсат еткен. Ислам дініндегі «жеті қирағат» ұғымы осыдан қалыптасқан. Қасиетті Құран Кәрімді жеті қырағатта оқу шариат үрдісі десе де болады. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар заманында қалыптасқан бұл үрдіс қазіргі күнге дейін жалғасып келеді.
## Дереккөздер |
Қисса (араб.: - әңгіме, аңыз) - ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос. Мазмұны, құрылысы жағынан лиро-эпосқа жақын. Махаббатты, пәктік пен тазалықты, ізгілікті, адамгершілікті жырлайтын шытырман оқиғалы поэтикалық жанр ретінде Қисса араб, парсы, әдебиетінде кең дамыған. Түркі тілдес халықтарға араб әдебиеті арқылы енген. Көне дәуірдегі қиссаларға Әлидің "Кисса Нүсүф", Рабғузидің "Қиссасул-әнбиясын" жатқызуға болады. 19 ғ-да қазақ даласына Қазан, Уфа. Омбы, Ташкент қиссаларында басылған "Бозжігіт", "Жүсіп-Зылиха", "Сейфілмәлік-Бадиғұлжамал", "Мұңлық-Зарлық" сияқты қиссалар тарала бастады. Сонымен қатар қазақ халқының лиро-эпостық жырлары "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек" жеке кітап болып шықты. Шығыс аңыз-ертегілерінің сюжетін назира дәстүрімен жырлау 18-19 ғасылардағы қазақ ақындарына тән болған. А.Құнанбайұлы шығыс сюжеті бойынша "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" дастандарын ал Түрмағамбет Ізтілеуов "Ескендір хикаясы", "Мәрді дихан", "Рауа бану", т.б. дастандарын жазған. Қиссаларды араб-парсы тілінен аударуға, өңдеп бастыруға еңб. сің. ақындар - Ш.Жәңгіров, А.Сабаұлы, Ж.Шайхысыламұлы, М-Ж. Көпеев, Ә.Тәңірбергенов, т.б. Қиссаны айтушыны қазақтарда қиссашы деп атайды.
## Дереккөздер |
Қима мәдениеті, қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында шығысы Жайық өз., батысы Днестр өз., оңт. Қара теңізге, солт. Кама өз-нің сол жағалауына дейінгі аймақты мекендеген тайпалар қалдырған. |
Бұрғы қашау — айналып тұратын бұрғы колонкасынын ұшына орналасқан, негізгі ұңғылау процесін атқаратын кұрал. Бұрғы қашау конструкциясы тау жыныстарының литологиялык құрамына, механикалық, және қажағыштық (жемірлік) қасиетіне сәйкес жасалынады. .
## Дереккөздер |
Қашқайлар (өзд. атауы – qaşqaylar, жек. т. — qaşqay,; әз. qaşqaylar, парсы: قشقایی) – түркі тілдес тайпалар бірлестігі. Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысында мекендейді. Халықтың үлкен бөлігі Орта Азиядан Иранға ауған түркмен көшпелі рулардың ұрпағы саналады.
Қашқайлардың жартысынан астамы егіншілікпен, қалғандары көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданады.
Қашқай тайпасы алты иль, яғни 6 рудан тұрады. Ру жетекшісін "елхан" деп атайды. Бұл сөз түріктің "ел" және "хан" деген екі сөзінен құралған. "Елбегі" атағы да руға байланысты істерді тәртіпке келтіріп, басқаратын адамға қатысты айтылған. Әрбір тайпаның ісін басқаратын адам "калантар" деп аталады. Ол тайпа ішіндегі адамдардан сайланады. Әрбір тайпа әртүрлі тармақтардан тұрады. Олар жақындық пен туысқандық негізде қауымдасқан. Қашқайлықтар өте еңбекқор, қайратты, ержүрек, төзімді әрі қонақжай халық. Оларда мергендік өнері жақсы дамыған.
## Тарихы
Қашқайлардың тарихы жайлы шашыраңқы әртүрлі мәліметтер бар. Бұл түрік тайпасының қай заманда, қайдан, қандай жағдайдың әсерімен осы аймаққа көшіп келгендігі белгісіз. Қалай болғанда да, қолда бар деректер мен мәліметтерге қарағанда, қашқайлар біртұтас тайпа ретінде бір мезгілде Фарс аймағына келмеген. Олар түркі тілдес тайпалардың біртіндеп бірігуінің арқасында құралған. Шашыраңқы қашқай руларының Иранның оңтүстік жағына біртіндеп қоныс аударуы шамамен 600 жыл бұрын басталып, кем дегенде үш ғасырға ұласып, Зендие дәуірінің аяғына дейін созылды. Қашқай тайпалары шын мәнінде тек 18-ғасырдың басында Сефевидтер дәуірінің аяғында бірікті және өзіндік біртұтастыққа қол жеткізе алды.
## Шаруашылығы
Қашқай халқының экономикасы суық пен ыстық аймақтар арасында көшіп-қонып жүретін барлық көшпелі тайпалар сияқты мал шаруашылығына негізделген. Бұл халық соңғы екі жүз жыл ішінде Иранда киіз үйде тұратын ең үлкен және ең күшті тайпа болып табылады. Бұл тайпа кем дегенде 3 ғасыр бойы жыл сайын жүздеген шақырым арақашықтықты кесіп өтіп, суық аймақтан жылы аймаққа көшіп-қонып жүреді.
Жаз жақындағанда көшпелі тайпалар тұратын киіз үйлер жиналып, еркек-әйел, жас-кәрі демей барлығы жаяу немесе салт атқа мініп, өздерінің жыл сайынғы жолы бойынша суық аймақтардағы көгалды қоныстарға қарай жол тартады. Ал күн суыта бастағанда, оңтүстіктегі ойпаттарға қарай қайта көшеді. Уақыт өте келе көшпелі тайпалардың кейбір отбасылары жол бойындағы ауылдар мен егістік жерлерде тұрақтап, егін шаруашылығы мен бау-бақша егумен айналысып кеткен. Бірақ бұл тайпаның негізгі бөлігі әлі күнге дейін мал бағумен айналысады. Және Фарстың оңтүстігіндегі жайылымдары мен солтүстігіндегі ауа райы қолайлы биіктіктерінің арасында көшіп-қонып жүреді.
Иранның көшпелі тайпаларының үйлері әр аймақтағы ауа райының жағдайы, жауын-шашын мөлшері мен қолданылатын құрылыс материалдарына байланысты әртүрлі болып келеді. Суық және ыстық аймақтарда тұратын көшпенділердің үйлері ауыл тұрғындарының үйлеріне ұқсас. Әрине Иранның көшпенді тайпаларының арасында киіз үйде тұру кең таралған. Киіз үй олардың көшпелі өміріне өте қолайлы болып келеді. Киіз үйдің киізі ешкінің жүнінен басылады. Оның түсі қара. Ол жаңбырды өткізбейді. Жазды күні киіздің керегесі ашық, ал қыста толықтай жабылады. Тайпа басшыларының киіз үйі көп адам сиятын зал сияқты үлкен. Көшіп-қону кезінде киіз үй оңай жиналып, тез құрылады. Тайпадағы ер адамдар киіз үйді тез арада жинап-құруға әбден машықтанған.
Қашқайдың еркектері пен әйелдерінің киімдері ерекше тартымдылыққа ие. Бүгінде олардың киімдері мәдени үлгіге айналған. Әйел адамдар тақия, орамал, түрлі түсті ұзын етекті белдемше, ұзын етекті көйлектер киеді. Бүрмелі белдемшенің үстінен көйлек, ал оның үстінен "арқалық" деп аталатын камзол киіледі. Әдетте көйлек пен арқалық түрлі моншақтар және әртүрлі өрнектермен безендіріледі. Көшпелі тайпалардың әйелдері өздерінің киімдерін тігерде айналадағы табиғаттан шабыт ала отырып, түрлі түсті маталарды пайдаланады. Қашқайлық ер адамдар да бастарына киіз малақай, көйлек, кең шалбар, "лабаде" деп аталатын шапан киеді және ұзындығы шамамен 4-5 метр, ені шамамен 1 метр болатын шәлі-белдік тағады.
Қашқайлық әйелдер барлық істе ер адамдарға көмектеседі. Қашқайлық әйелдер пәктік пен адалдықтың, талпыныс пен төзімділіктің үлгісі болып табылады. Олар үй шаруасы және бала тәрбиесімен айналысып қана қоймай, егін шабу және оны сақтау жұмыстарына да қатысады. Олар сүттен май, айран, сыр, құрт пен уыз дайындайды. Көшпелі тайпалардағы әйелдер қолдары бос кездерінде кілемше, кілем және текемет сынды қолөнер бұйымдарын жасайды. Фарс облысындағы көшпелі тайпалардың кілем тоқу өнері мен өндірісі толықтай әйелдердің қолымен атқарылады. Фарс облысының қолдан тоқылған кілемдері әралуандық жағынан Иранның басқа облыстарымен салыстырғанда теңдессіз. Бұл әралуандыққа тоқыма заттардың, мысалы кілем мен кілемше сынды түрлердің көптігі мен онда қолданылған түстер мен бедерленген суреттердің әртүрлілігін айтуға болады. Қолданылған түстердің әртүрлілігі мен айқындығы басқа факторлардан бұрын қолдан тоқылған қашқайлық бұйымдардың әлемге әйгілі болуына ықпал етті. Қашқайлық әйелдердің жүн бояу, әртүрлі бояулар дайындау және оларды сурет салуда тиімді пайдаланудағы қабілеті таңданыс тудырады.
## Мәдениеті
Қашқай тайпаларының адамдары әдетте ерте үйленеді. Үйлену туған-туыс, тайпа мен рулар арасында орын алады. Аталмыш шеңбер аясынан тыс үйлену өте сирек кездеседі.
Фарс облысында үш үлкен - қашқай, хамсе, мамсани тайпалары мен 8 тәуелсіз тайпа өмір сүреді. Қашқай тайпасы - Иранның ең үлкен тайпаларының бірі.
Қашқай тайпалары арасындағы үйленудің маңызды себептерінің бірі жанұяны ұлғайту деп атауға болады. Өйткені жанұя тайпалық өмірдің ең басты тірегі болып табылады. Қашқай тайпалары өздерін өзі қамтамасыз етуге бағытталған өмір тәсілін ұстанатындықтан, өмірге қажетті барлық заттарды өздері дайындауға міндетті. Сондықтан жұмыс күші олардың экономикалық табысында басты рөл атқарады. Мұнымен қоса, қартайған кезде жұмыспен қамтылуға мүмкіндік болмағандықтан, ата-аналар өз балаларына арқа сүйеуге мәжбүр. Жанұяларда отағасының билігі үстем болғандықтан, ұрпақ жалғастығы үшін ер баланың болуы ерекше маңызды. Ер балалар ата-анаға көмектесіп қана қоймай, дүние-мүлікті сақтап, мал өсіріп, егін егуге де қатысып отырған. Бірнеше ұлдары бар жанұялар өнім өндіріп, күнделікті жұмысты атқаруда аса қиындық көрмейді. Мұндай жанұяларда отбасы мүшелері арасында жұмыс тиімді бөлінетін болғандықтан, олардың жағдайы басқаларға қарағанда жақсы.
Ажырасу көшпелі тайпалар үшін айыпталатын іс болып табылады. Олардың арасында ажырасудың өте сирек кездесетіндігін айта кетуіміз қажет.
Қашқай тайпалары үйлену тойы сияқты қуанышқа толы рәсімдерді жайлауда, суы мол бұлақтың жағасында, көк орай шалғынның арасында киіз үйлерді бір-біріне жарыстыра тігіп, түрлі түсті киім кию арқылы өткізеді. Ат жарысы, жамбы ату, ән айту және т.б. дәстүрлі ойындар үйлену тойында ойналады. Ұлттық би қашқай тайпалары арасында рухтың нығайып, өмірдің қиындықтарына қарсы тұруға қуат беретін фактор болып табылады. Мұнымен қоса, би тұтастық пен бірліктің және достықтың нышаны болып саналады. Билеу барысында бишілер қолдарына түрлі түсті орамал алып, иық тіресе, шеңбер бойымен қозғалады. Қашқай халқының арасында "Дармароу" немесе "Ағаш ойыны" атты би кең таралған. Бұл биде ер адамдар екі-екіден тұрып, дабылдың үнімен үйлесе, бірі қысқа, бірі ұзын таяқшалардың көмегімен кезек-кезек достық күрестің бір түрін көрсетеді. Олар әуен ырғағының үдеуіне ілесе отырып, өздерінің ырғағын арттырады және таяқшаны қарсыластың аяғына ұру арқылы, оның үлкен таяқшасын иемденіп, қарсыласты алаңнан шығарып жіберуге тырысады. Би жеңімпаз анықталғанға дейін осы тәртіппен жалғаса береді.
Қашқай тайпаларының үйлену тойы мен басқа да мерекелеріне қатысты әдет-ғұрыптарымен таныстық. Осы тайпалардың тағы бір әдет-ғұрыптарының бірі "жүн жинау" болып табылады. Жүн көшпелі тайпалар үшін малдан өндірілетін өнім ретінде ерекше маңызды. Өйткені жүн қашқай тайпаларының қол өнерінде қолданылатын бастапқы материал болып табылады. Жүн әртүрлі тоқыма бұйымдарын жасауда пайдаланылады. Жүннен жасалған бұйымдар көшпелі тайпалардың ең маңызды табыс көзі болып табылады. Жүн жинау өзіне тән әдет-ғұрыптар бойынша екі кезеңде орындалады. Бірінші кезең көктемнің басында қыстақта орындалады. Екінші кезең жаздың ортасында жайлауда, "екінші жинау" деген атпен өтеді. Әдетте жазда жиналған жүн киіз жасауға пайдаланылады. Киізді күркелерді жабуға қолданады. Қашқайлық тоқымада жүн мен жіптің бастапқы материал болып саналатындығын айттық. Жүн мен жіптен жасалған қол өнер бұйымдары әлемнің рухани мұрасының тізіміне алынғандықтан, бүгінгі бағдарламамыздың жалғасында Фарс көшпелі тайпаларының жүннен жасалған бұйымдарына тоқталуды жөн көрдік. Бұл бұйымдар Иранның экспортқа шығаратын тауарларының қатарына кіреді.
Жалпы қашқай тайпаларының жүннен жасалған бұйымдарын екіге бөліп қарастыруға болады: кілем мен габбе сияқты түкті бұйымдар мен текемет пен орамал сынды түксіз бұйымдар. Әрине, қашқайлықтардың қол өнер бұйымдарының арасында қоржын сынды бұйымдар да бар. Олар түкті және түксіз материалдың қосындысынан жасалады.
Фарс тайпаларының арасында әлі күнге дейін ең әдемі қол өнер түрлерінің бірі кілем тоқу болып саналады. Кілем тоқу өнерінде еңбек, талпыныс және өнер біте қайнасқан. Бұл жұмыстарды көшпенді тайпалардың еңбекқор әйелдері атқарады. Фарс тайпаларының арасында қашқай мен хамсе тайпалары басқаларына қарағанда көбірек кілем тоқумен шұғылданады. Қашқайлықтар кілемді өте жылдам тоқиды. Өйткені қыс пен жазда екі бөлек аймақта өмір сүру және жылына кем дегенде екі рет көшіп-қону кілем тоқу өнеркәсібін дамытуға кедергі келтіреді. Сондықтан кілем тоқуда көлбеу кілем станогы қолданылады. Көшпелі тайпалар арасында қолданылатын көлбеу станок өте қарапайым. Ол тасымалдауға жеңіл және жылдам құрылады.Текеметті де - көшпелі тайпалардың өнеріндегі біртума бұйымдардың бірі. Қашқайлық текеметтер 100 пайыз жүннен тоқылады. Олардың талшықтарының диаметрі өте нәзік және қолданылатын жүн өте жіңішке болып келеді. Текеметтің түсінің су мен күннің нұрынан оңып кетпей сақталуын қашқайлық текеметтерді атақты еткен ең маңызды фактор деп айтуға болады.
## Тағы қараңыз
* Габбе
* Джажим |
Қияттар– ежелгі тайпа. Қият этнонимі 11 – 13 ғ-ларда пайда болған. Қамұқ моңғол одағына кіреді. Арғы тегі Нұқұс (Нүкіс), Нирун, Қиян тайпалары. Қият-боржығын, қият-құралас, қият-йүркін деген үш атаға бөлінген. 15 – 16 ғ-ларда қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарына құрамына енген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://serke.org/news/kazaktyn-kiyat-ruy-prezident%D1%96n-sailady Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* http://kerekinfo.kz/blog/13548.html |
Қобди — ұсақ-түйек салатын кішкене сандықша. Бітеу ағаштың ішін текшелеп немесе сопақшалап қобылап, ойып алады. Бетіне қайыс топсалы немесе суырмалы қақпақ орнатады.
## Дереккөздер |
Қобда ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1929 жылы құрылған. Жер аумағы 14 мың км². Аудан орталығы – Қобда ауылы.
## Географиялық орны
Аудан оңтүстігінде Ойыл, Темір, шығысында Мәртөк, Алға, батысында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.
## Жер бедері
Қобда ауданының жерінің басым бөлігі үстіртті жазық, оңтүстік-батыс бөлігі төбелі-белесті, мұнда әктас, сазды тақтатастан құралған Ақшатау тауы (абсолюттік биіктігі 245 м), оңтүстігінде Әбді тауы (304 м) орналасқан. Ауданның ең биік жері - Құмсай ауылынан оңтүстік-батыста орналасқан тау (324 м). Шығысы мен оңтүстігі бұйратты. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.
## Климаты
Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -14-16°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300 мм.
## Топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Жері негізінен карбонатты қызғылт қоңыр топырақты, оңтүстігінде қиыршықты бозғылт қоңыр топырақты. Үлкен Қобда өзенінің аңғарында шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысы қара жусан аралас бетеге, қызғылт қау, боз, т.б. әр түрлі ксерофитті шөптерден тұрады. Жануарлардан - қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қарсақ, сарышұнақ, суыр; құстардан - дуадақ, тырна т.б. мекендейді.
## Халқы
Тұрғындар саны 18623 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (81,92%), орыстар (10,53%), басқалары (7,55%).
## Әкімшілік бөлінісі
Аудан аумағындағы 31 елді мекен 16 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,357 млн га, егістік 67,5 мың га, шабындық 18 мың га, жайылым 119,6 мың га (2009). Аудан жерімен Орал-Ақтөбе, Мәртөк-Ойыл автомобиль жолдары өтеді.
## Басшылар
Болат Ахметұлы Құлов 20 наурыз 2020 жыл — қазіргі уақыт
## Дереккөздер |
Серік Смайылұлы Қирабаев (23 наурыз, 1927 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде туған – 26 қазан, 2021 жылы Алматыда қайтыс болған, Астанадан оңтүстікке қарай 20 шақырым жердегі Ұлттық қорымға жерленген) - ғалым, филология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан білім беру ісінің Құрметті қызметкері.
## Жалпы мәліметтер
Серік Смайылұлы 23 наурыз, 1927 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа (Атасу) кентінде туған. Арғын тайпасы Қуандық руы Алсай бөлімінен шыққан.1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіргеннен кейін аспирантурада оқи жүріп, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, «Әдебиет және искусство» журналының бөлім меңгерушісі болып істеген. 1952—1955 жылдары «Пионер» журналында редактор, 1955—1958 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі ((Егемен Қазақстан») газетінде меңгеруші, редакциялық алқа мүшесі болды. 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында 30 жыл бойы доцент, профессор, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, институт ректорының оқу ісін басқаратын орынбасары қызметтерін атқарды. 1988—1995 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып істеді. Қазір сол институтта бөлім меңгерушісі.
## Шығармашылығы
* Қазақ әдебиетінің өзекті мәселеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көре бастады. Содан бергі уақытта 800-ден астам әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрді. С.Көбеевтің жазушылық жолы жайында кандидаттық диссертация қорғады (1957), «Сә Сейфуллин» монографиясы негізінде докторлық диссертация (1964) қорғады. «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітабы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды (1994).
* 1952 жылдан бері қазақ әдебиетінен орта мектепке арналған (IX—X сыныптар) оқулықтар жазумен шұғылданып келеді.
* Ол КСРО Жоғарғы Аттестациялық Комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі, Қазақстан ЖАК-тың төралқа мүшесі, Қазақ энциклопедиясының ред. алқасының мүшесі және әдебиет жөніндегі кеңестің төрағасы болған. КСРО Жазушылар одағы басқармасы тексеру комиссиясының, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Сын кеңесінің мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, одақтың хатшысы, төралқа мүшесі, сын кеңесі төрағасы болып бірнеше жыл істеген. Көп жылдар бойы Қазақстан Білім министрлігі жанындағы оқу-әдістемелік кеңесінің әдебиет секциясының төрағасы ретінде орта және жоғары мектепке арналған оқулықтар мен бағдарламаларды жаңғырту, жетілдіру ісіне басшылық жасады. «Қазақ әдебиеті және мектеп», "Қазақ әдебиеті оқулығына методикалық нұсқау" (Қ.Мырзағалиевпен бірге), т.б. көптеген оқулықтары жарық көрді.
## Жеке өмірі
Әскери атағы - отставкадағы капитан. Үйленген. Жұбайы - Бейсенова Әлия Сәрсенқызы,ҚР ҰҒА академигі. Ұлдары - Қирабаев Нұр, философия ғылымдарының докторы, профессор; Қирабаев Әлім, ҚР СІМ Америка департаменті директорының орынбасары.
## Шығармалары
* Ғабиден Мұстафин. Сын-библиографиялық очерк. А., ҚМ КӨБ, 1956;
* Габиден Мустафин. Критико-биографический очерк. А., КИХЛ, 1957;
* Спандияр Көбеев. А., ҚМКӘБ, 1960;
* Өрлеу жолында. Әдеби-сын мақалалар. А., ҚМКӘБ, 1960;
* Сә Сейфуллин. А., «Жазушы», 1962;
* Сә Сейфуллин. А., «Жазушы», 1966;
* Октябрь және қазақ әдебиеті. Мақалалар мен зерттеулер. А., «Жазушы», 1968;
* Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. А., «Жазушы», 1971;
* Сакен Сейфуллин. Монография. М., Советский писатель. 1973;
* Әдебиет және дәуір талабы. Мақалалар мен зерттеулер. А., «Жазушы», 1976;
* Революция және әдебиет. Екі томдық. А., «Жазушы», 1977;
* Қазақ әдебиеті және мектеп. Зерттеу. А., «Мектеп», 1979;
* Революцией призванный. Статьи исследования. А., «Жазушы», 1980;
* Шындық және шығарма. Мақалалар мен зерттеулер. А., «Жалын» 1981;
* Шындық пен шеберлік. Зерттеулер мен мақалар. А., «Жазушы», 1983;
* Высокое назначение. Статьи, критические очерки. А., «Жазушы», 1985;
* Талантқа құрмет. Зерттеулер мен мақалалар. А., «Жазушы», 1988;
* Таңдамалы шығармалары. Екі том. А., «Жазушы», 1990-1991;
* Жүсіпбек Аймауытов. Өмірі мен шығармашылық. А., «Ана тілі», 1993;
* Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., «Білім», 1995;
* Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті. Зерттеу. А., «Білім», 1998;
* Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Зерттеулер мен мақалалар. А., «Ғылым», 2001;
* Тәуелсіздік рухымен. Зерттеулер, мақалалар, естеліктер. Астана, «Фолиант», 2002;
* Өмір тағлымдары. 2006;
* Тарих және әдебиет. 2007;
* 8 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Алматы, “Қазығұрт” баспасы, 2007.
## Марапаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған.
* 1964 жылы Филология ғылымының докторы (құрметті ғылыми атағы);
* 1966 жылы профессор (атағы);
* КСРОның «Еңбек Қызыл Ту» Ордені;
* КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
* 1968 жылы КСРО Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі;
* 1977 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы;
* 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (құрметті атағы);
* 1995 жылы «Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (құрметті атағы;
* 1996 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
* 2005 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.
* 2007 жылыдың 30 наурызында ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапаттады.
* 2012 жылы президент жарлығымен ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды.
* Көптеген мемлекеттік медалдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қоғалы Артезиан Алабы, Жетісу Алатауының оңт.-батысындағы Алтынемел мен Қотырқайың жоталарының аралығындағы ойыста, Талдықорған қ-нан оңт.-шығысқа қарай 60 – 80 км жерде. Жалпы аумағы 700 км². 50 – 200 м тереңдікте таралған неогендік құм, конгломерат қабаттарының қалыңд. 7 – 48 |
Қиял - Ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т.б.), ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Қазақтың Қиял - Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. Демек, біздің Қиял - Ғажайып ертегілерміз жанр жағынан синкретті, яғни дараланбаған. Қазақ Қиял - Ғажайып ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі трансформациялық процесте болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. Осы себепті Қиял - Ғажайып ертегілерінің біразы жанрлық өзгеріске ұшыраған, олар қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілерінің аралық жанры сияқты. Кей жағдайда Қиял - Ғажайып ертегілері бүтіндей тұрмыс-салт оқиғаларын баяндап келеді. Қиял - Ғажайып ертегілердің сюжетіне, поэтикасы мен құрылысына батырлық жыр үлкен ықпал еткен. Көптеген Қиял - Ғажайып ертегілердің сюжеттік желісінде батырлық жырларындағыдай тұрақты кіріспелер мен қорытындылар бар. Әдетте, сюжеттің кіріспесінде ертегі қаһарманның кәрі ата-анасы мен оның дүниеге келуі туралы баяндалады: қартайғанша перзент көрмей, қу бас аталған құдайдан бала сұрап, әулие-әмбиелердің басына түнеп, жалбарынады. Кемпір-шалдың тілегі қабыл болып, бала сүйеді. Ол - ертегінің бас кейіпкері, батыр, ержүрек жауынгер. Ал қаһарман туралы әңгіме біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын қорытындыда кейіпкер мен оның жанындағылардың бұдан кейінгі тағдыры сөз етіледі. Қорытындыдағы бас кейіпкер көп жағдайда, негізгі сюжеттегі қаһарманның баласы немесе інісі болады. Ол ендігі жерде ағасы не әкесі бастап, үлгере алмай кеткен істі тындыруы тиіс. Қазақ Қиял - Ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрамы біркелкі емес. Әлденеше халық, ұлтқа ортақ халықар. Сюжеттер де, көрші халықтар ертегілерінің нұсқалары да, қазақтың өзіне тән оқиғалар да ертегілерге негіз бола береді. Бұл кездейсоқ емес. Қазақ халқы өмір бойы басқа халықтармен қоян-қолтық аралас, тығыз қарым-қатынаста болды. Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап келсе де, Қиял - Ғажайып ертегілер қазақ халқының тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Қиял - Ғажайып ертегілердің бас қаһарманы, эстетикалық мұраты - халық арманы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары, аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша және басқа да әлеум. Теңсіздіктен жәбір көрген, әділдік іздеген бұқара өкілдері ("Қаңбақ шал"). Бұлардың бәрі халық арманынан туған кейіпкерлер, яғни қияли-тарихи құбылыс. Кейінгі дәуірде, адамзат рулық қоғамға көшкен кезде халықтың арманы өз руын бөтен елден, шапқыншы жаудан қорғайтын жауынгер-батыр болды. Бұл бейне қазақ ертегілерінің біразында кездеседі. Рулық қоғам ыдырай бастаған кезде - арман басқа. Енді ол - ыдырап бара жатқан қоғамның дәстүрін қолдаушы, ата жолын қуушы. Қиял - Ғажайып ертегілер өмірге тікелей жақындап, бұқара арманын дәріптейді, халық эстетикалық мұратқа айналдырады.
## Дереккөздер |
Қоғамдық Еңбек– адамдардың қоғамның экономикалық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Еңбектің қоғамдық сипаты мен нәтижесі өндіріс барысында тікелей бірлескен еңбек нысанында көрініс табады. Оның нәтижесі – қоғамдық жиынтық өнім. Қ. е-тің жұмсалатын аясы – |
Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Дашоғыз уәлаяты Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленген) – ақын.
Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады.
## Өмірбаяны
Әкеден жастайынан жетім қалып, 15–16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.
16–17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді-мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті.
1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.
## Шығармашылығы
Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны»,) дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Қашаған ақын Абыл, Нұрым, Марабай мен мұрат сияқты «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған.Кейбір толғаулары алғаш «Әдебиет майданы» (1935, №5) журналында жарияланған. Өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942), Қ.Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» (1974), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті.XIII-XIX ғ.ғ.» (1981) деген еңбектерінде және «XIXғ. қазақ ақындары» (1988) деген зерттеулер жинағында қарастырылған.Қашаған - І.Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі.Қашаған шығармаларын өз айтуынан естіп, хатқа түсірген – ақынның немере інілері Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсембаев сияқты жыршылар мен Темірғали Күнтуғанов секілді жинаушылар. Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді.Ақын жырларын насихаттауға атсалысқан - Құмар, Сұраубай сияқты жыршы-ақындар, Шамғұл сияқты жыршы-күйшілер, Сәду, Дүйсенбай, Айтқұл сияқты жыршы-термешілер. Қашаған есімі Қазақстан ғана емес, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріне, Ресейдің бірқатар өңірлеріне де кеңінен таныс.
## Өлең-толғаулар жинақтары
* «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (Алматы, 1967),
* «Ақберен» (Алматы, 1972),
* «19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (Алматы, 1985),
* «Бес ғасыр жырлайды» (Алматы, 1984, 2-т., 1989),
* «Қашаған Күржіманұлы: Топан» (Алматы, 1991),
* «Алқаласа әлеумет» (Алматы, 1991),
* «Жыр-дария» (Ақтау, 1995)
* «Қайыртпай кеткен қашаған» (Алматы, 2011) жинақтарында жарық көрген.
* 1991 жылы Маңғыстауда ақынның туғанына 150 жыл толуына арналған той халықтық мереке ретінде атап өтілді. Ақын бейітіне сәулетті күмбез – кесене (бас шебері М.Нұрқабаев) орнатылды.
* 2009 жылы Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында ақынның жаңа мүсіні орнатылды (бас шебері ).
## Ақынның туғанына 170 жыл толуына орай өткізілетін шаралар
2011 жылы Қашаған Күржіманұлының туғанына 170 жыл толады. Осыған орай Маңғыстау облысы мен Қазақстан Республикасының ауқымында арнайы іс-шаралар жоспарланған.
## Cілтемелер
* Норт Каспиан Оперейтинг Компани, http://www.ncoc.kz/kz/kashagan/default.aspx Мұрағатталған 19 маусымның 2015 жылы.
## Әдебиет тізімі
* Маңғыстау Энциклопедиясы, 2008 жыл, "Қазақ энциклопедиясы" баспасы
## Дереккөздер |
Қожабай Тоқсанбайұлы (1841, Қарағанды облысы Жезді ауданы - 1918, сонда) - ақын.
Найман тайпасының Бағаналы (ру) руынан шыққан.
"Балапан қанат бітіп ол ер жетер, Кедейді байлар бақтым деген ол бекер. Ешкімді асырамас ешкім бағып, Әр адам мұратына іздеп жетер", "Кел, Қожабай, сөз сөйле", "Қазақ баласына" өлеңдері, "Төлен сөзі" дастаны сақталған. Қожабай Шығыс әдебиетіндегі дәстүрді сақтай отырып (бір ұйқаспен бастап, сонымен аяқтау, өз атын жырға қосу, т.б.) сондай аңыз-дастандар мазмұнын еркін пайдаланған. Бір топ жырлары Қожа Ахмет Иасауи хикметтерімен үндесіп, дін тақырыбына да жүйрік екенін аңғартады. Қожабай қысқа лирика өлеңдерімен қатар, кең тынысты эпикалық туындылар да шығарған.
Қожабай Тоқсанбайұлы (1841, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Балажезді мекені – 1918, сонда) – ақын. Бауырына басқан Тайлақбай атасынан ерте айрылған бала Қожабай 6 – 7 жасында-ақ ауызша мұңлы өлеңдер шығара бастаған. Ауыл молдасынан сауат ашқан. Баршылық пен жоқшылық, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктер Қожабай жырларының өзекті тақырыбына айналды. Ол “Бай болмақ, кедей болмақ – бір Алладан” деген қалыптасқан қағидаға адал еңбек пен қажымас талапты қосады. Алла “Кел, Қожабай, сөз сөйле заманыңның зарынан” деген толғауында қоғамдағы кереғар құбылыстарға көзқарасын айқын танытса, “Қазақ баласына” атты жырында Сыр бойын жайлаған елдің кәсіп-тіршілігін салыстыра отырып ой түйеді, ел бастаған жақсылардың игі істеріне ризашылығын білдіріп, кейінгілерге үлгі етіп ұсынады. Қожабайдың Амангелді Имановқа хат ретінде жазған жыры болашаққа деген үміт пен жақсы тілекке толы. Ақынның “Ортадан асып барады менің жасым” деген ұзақ толғауы өмір мен өлім, баршылық пен жоқшылық, әділдік пен зұлымдық туралы философиялық ой түйетін күрделі туынды. Шығармадан Қожабайдың Шығыстың классикалық әдебиетімен жақсы таныс болғаны аңғарылады. Ақын шығармалары хақында ғалым М.Жармұхамедов жүйелі зерттеулер жүргізген.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы
## Дереккөздер |
Құддыс Қожамиярұлы Қожамияров (21 мамыр 1918, Қайназар ауылы, Верный уезі, Жетісу облысы, Түркістан КФР, РКФСР — 8 сәуір 1994, Алматы) — ұйғыр сазгері. КСРО халық әртісі Абайдың «Сегіз аяқ» әнін төрт дауысты хорға пайдаланған. «Сегізаяқ» әнінің әуені мен өлеңінің әрбір шумағы қайталанған сайын, олар төрт түрлі дауысқа белініп, гармониялық, ырғақтық және полифониялық бояулар арқылы құбылып отырады. Қ. КСРО, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ол халық музыка фольклоры әуендері негізінде ұйғырдың тұңғыш операсы "Назуғум" (1956) мен "Чип Томур" (1968) балетін жазды. Сондай-ақ, "Алтын таулар" (1960, Н.Тілендиевпен бірге), "Садыр Палуан" (1977) операларының, "Ризвангүл" (1950, КСРО мейл. сыйл., 1951), "Бостандық туралы ән" (1954), симфониялық поэмаларының, "Гүлден Жетісу!" (1970) ораториясының, "А.А. Розабақиевті еске алу" симфони-ясы (1971) мен Үшінші симфония (1984, Қазақстан Мейл. сыйл.), т.б. мұзыкалық шығармалардың авторы. Қ. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі (1955 - 1959 ж. төрағасы). Қазақстан Компартия-сы ОКмүшесі (1961 - 1968). 1959 - 1966 ж. әдебиет және өнер саласындағы Лениндік сыйлық пен Қазақстан Мейл. сыйл. тағайындау жөніндегі комитетттің мүшесі болды.
2 - 3-сайлау Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты. Ленин ордендерімен, Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов (29 сәуір 1946 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған) — ғалым. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1996).Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2015). Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.
## Жалпы мәлімметтер
Төлеген Әбдісағиұлы 1946 жылы 29 сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған. 1962 жылы орта мектепті бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне түседі. Лениндік стипендиат болып оқып, ғылым, спорт және музыкамен белсенді айналысты.
## Білімі
1967 жылы С.И.Киров атындағы (ҚМУ) (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)университетті үздік бітіріп, 1970 жылы (қазіргі Санкт-Петербург) А.Ф. Иоффе атындағы физико-техникалық институтының аспирантурасын бітірген.
## Еңбек жолы
* 1970–1998 жж. А. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде – ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, факультет деканының орынбасары және декан, «теориялық және эксперименталдық физика» - ҒЗИ-ның директоры қызметтерін атқарды.
* 1998- 2001 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры.
* 2001- 2008 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның ректоры.
* 2008 ж. сәуірінен – ректордың кеңесшісі. ЭТФ ҒЗИ-ның ғылыми жетекшісі.
* 1986 ж. УКСР ҒА-ның Теориялық физика институтында (Киев қ.) КСРО-да тұңғыш болып «Калибрлік өрісті керегекөзде стохастикалық кванттау» атты керегекөзді калибрлік теория тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
* 1989 ж. Т. Ә. Қожамқұловқа профессор ғылыми атағы берілді.
* 1994 ж. Жоғары мектеп халықаралық академиясының академигі болып сайланды.
* 2004ж. – құрметті, ал 2008ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі).
* 2005 - 2012 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті.
## Марапаттары
* 1986 жылы "Физика-математика ғылымдарының докторы" құрметті ғылыми атағы;
* 1989 жылы профессор
* 1996 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағы берілді.
* 2003 ж. Нобель сыйлығының иегері П. Л. Капица (Мәскеу қ.) атындағы «Ғылыми жаңалық ашқан авторға» Естелік медалімен марапатталды.
* 2004 жылы "Парасат" ордені;
* 2006 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші болып егемен Қазақстан тарихында тұңғыш рет ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсыруымен «Алтын сапа» - дәрежесін иеленді.
* 2008 жылдан ҚР ҰҒА Академигі;
* 2014 жылы ІІ дәрежелі "Барыс" Ордені;
* 2015 жылы Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* Алматы облысының (2001 ж.) және Жамбыл ауданының (2006 ж.) Құрметті азаматы, сондай-ақ Аризона штаты Туксон қаласының Құрметті азаматы (АҚШ, 2007 ж.).
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсізідігне 25 жыл" медалімен марапатталды.
* ҚР тұңғыш президентінің алтын барыс құрметті төсбелгісінің иегері.
## Ғылыми шығармашылығы
Төлеген Әбдісағиұлы – физик-теоретик, өрістің кванттық теориясы саласы бойынша ірі маман. Халықаралық және республикалық мамандандырылған референттелген басылымдардағы физиканың мынандай бөлімдері, атап айтқанда, кванттық хромодинамика, ядро және элементарлық бөлшектер теориясы, салыстырмалық және гравитация теориясы бойынша, 200-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Калибрлік өрісті стохастикалық кванттау сияқты ғылымның жаңа бағытын дамытты. Ол үш монографияның авторы, соның ішінде «Өріс теориясындағы стохастикалық кванттау» атты монографиясы ғылымның жаңашыл бағытындағы құнды алғашқы еңбек ретінде әлемнің ғылыми жұртшылығына кеңінен мойындалды.Т.Ә. Қожамқұловтың алғашқы ғылыми жұмыстары студенттік кезінен жарық көре бастағанымен, оның нағыз физик-теоретик ретінде іргетасы А. Ф. Иоффе атындағы ФТИ-ның аспирантурасында кандидаттық диссертациясын дайындап жүріп атақты «Л. Д. Ландау және Е. М. Лифшиц теориялық минимумын» тапсыру барысында қаланды. Одан әрі оның ғалым ретінде қалыптасуына және табиғи талантының жарқырап ашылуына Б. П. Константинов атындағы КСРО ҒА ЯФИ-дың жыл сайынғы физикалық мектебі және Л. Д. Ландау атындағы КСРО ҒА ТФИ-дағы академик А. Б. Мигдалдың теориялық семинарлары баға жетпес рөл атқарды. Оның докторлық диссертациясының негізгі нәтижесі жаңа ғылыми бағытты құру болды: калибрлеу өрістерін стохастикалық кванттау. Стохастикалық өрістің фонында жаңа типтегі бұзылу теориясы (торлы және үздіксіз) құрылды, қисық өріс кеңістігінде ковариантты стохастикалық теңдеу алынды, кездейсоқ беттер теориясы ретінде калибрлеу өрістерінің кванттық теориясы дәйекті түрде тұжырымдалды. 1993 жылы "Ғылым" баспасында Т. Ә. Қожамқұловтың "өріс теориясындағы стохастикалық кванттау" монографиясы жарық көрді, онда кванттық хромодинамика саласындағы өз зерттеулерінің негізгі нәтижелері жинақталған. Қазіргі уақытта ол өз қызметкерлерімен бірге далалық коррелятор әдісі аясында өзара әрекеттесудің потенциалды емес табиғатымен және ішекті түзетумен, сондай-ақ спин-орбиталық өзара әрекеттесумен байланысты өзара әрекеттесудің турбопротурбативті сипатын ескере отырып, бөлшектер физикасының өзекті мәселелерімен сәтті жұмыс істеуде. Ол Ұлыбритания, Германия, Жапония, АҚШ, Қытай, Швейцария, Ресей және т. б. елдерде өтетін ірі халықаралық конференциялар мен симпозиумдардың тұрақты қатысушысы болып табылады.
Оның жетекшілігімен көптеген кандидаттық диссертациялар орындалып және 5 докторлық диссертация қорғалды. Ол әлем мойындаған ғылыми мектеп құрды. Оның шәкірттері мен ізбасарлары Ресей, АҚШ, Франция, Израиль, Ұлыбритания, Италия және т.б. ғылыми орталықтарда жұмыс жасайды.
Т.Ә. Қожамқұлов – ғылымның ірі ұйымдастырушысы. Ол Қазақстанда ЖОО жанындағы алғашқы ҒЗИ болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Экспериментальдық және теориялық физика» - ғылыми-зерттеу институтының құрушысы және алғашқы директоры. Т.Ә. Қожамқұлов Қазақстанның жоғары мектебі Ғылым академиясын (ЖМ ХҒА Қазақстандық бөлімшесі) негізгі ұйымдастырушысы. Бұл Академияның басты мақсаты – жоғары мектепте ғылымның дамуына жәрдемдесу және оның қол жеткізген жетістіктерін қоғамның әл-ауқаты мен рухани әлеуетінің жоғарылауына барынша қолдану. |
Сұлтанбек Мырзахметұлы Қожахметов (15.9.1935 жылы туған, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1978), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1983). Мәскеудің алтын және түсті металдар институтын бітірген (1958). 1971 – 81 жылы Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары 1988 – 95 жылы директоры (1982 – 87 жылы Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті), 1994 – 99 жылы ҚР ҰҰА-ның Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы. 2000 жылдан Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры. Негізгі ғылыми еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Қожахметов – ауыр түсті металдар мен оларға ілеспе элементтер теориясы бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізді; оның тікелей қатысуымен және ғылыми жетекшілігімен мыс металлургиясында тиімділігі жоғары және жаңа автогенді процестердің физико-химиялық негізі зерттелді. Жоғары температуралы зерттеулер саласында тұңғыш рет термиялық орнықсыз металл сульфидтерінің (мырыш, кадмий және рений) төте булануы (возгонка), тотығу процестерінің кинетикасы мен механизмі жасалды. Қожахметовтың жетекшілігімен Қазақстан және Ресей ғалымдары бірігіп ашқан автогенді процестің жаңа әдісі – кивцэттік балқыту әдісі мыс қорыту заттарында кең қолданыс тапты. Осы еңбегі үшін авторлар ұжымымен бірге Қ-ке КСРО Мемл. сыйл. берілді (1978). 11-сайлауда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. “Халықтар достығы” орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қожасай мұнай-газ конденсат кен орны — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 километр жерде.
Батысында Жаңажол мұнай-газ конденсат кен орнымен түйіседі. Кен орны 1962-1963 жылдары сейсмикалық зерттеу нәтижесінде анықталған. Іздеу-барлау жұмыстары 1979 жылы басталды.
## Геологиялық құрылымы
Тектоникалық жағынан кен құрылымы өлшемдері 184,5 километр, ендік бағытта созылған брахиантиклинальдік қатпарлы.
## Жатыс сипаты
Коллекторы кеуекті-жарықшақты, карбонатты жыныстардан (әктас, доломиттенген әктас) құралған. Ашық кеуектілігі 9-дан 9,6%-ға дейін өзгереді, өткізгіштігі 0,173 мкм2. Бастапқы қабаттық қысымы 37,3 МПа, темпетаратурасы 73°С. Бастапқы шығымы: мұнай 39,2 м3/тәулік, газ 28,2 мың м3/тәулік. Тұрақты конденсат мөлшері 345 г/м3. Мұнайы жеңіл және ауыр (0,827 – 0,886 г/см3). Газ құрамы бойынша ауыр, құрамында этан, ауыр көмірсутек (20,5 – 31,8%), метан (55,5 – 72,8%) бар. Конденсаттың тығыздығы 0,753 г/см3. Кен орны өндірістік игеруге дайын. |
Қожа Ахмет Ясауи, халық арасында Әзірет (Хазрет) Сұлтан атымен танымал (1093 немесе 1103, Сайрам — 1166, Түркістан) — ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын.
## Өмірбаяны
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайхылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:...Он жетімде Түркістанда тұрдым, мінеОн сегізде Шілтеменен шарап іштім,Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне.
## «Диуани Хикмет»
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына XIV ғ. аяғында атақты Әмір Темір күмбезді сағана орнаттырады. Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.
Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылын білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Ясауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыр әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.
## Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.
Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Ясауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.
Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер
### Дереккөздер
Сілтемелер |
Кененбай Молданұлы Қожабеков (3 ақпан 1928, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы — 3 қараша 1988, Алматы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисті (1972).
## Өмірбаяны
Алматы театр училищесін бітірген (1950).
1950—1961 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті.
1958 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының актері.
1960 жылдың 10 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдер театрынан шығып келе жатқан кезінде Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин үшеуіне көше басбұзарлары шабуыл жасап, жұлынына әлденеше жерден пышақ салып, омыртқасын зақымдайды. Осы бір қарғыс атқан күнді актердің өзі «құлап түскен күнім» деген екен
## Театрлық және кинематографиялық рөлдері
Қожабеков Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында мына рөлдерде басты кейіпкер болып ойнаған: Алдар, Ғани (Ш. Хұсайынов, «Алдар Көсе», «Біздің Ғани»), Доброходов (М. Ақынжанов, «Ыбырай Алтынсарин»), Шагабутдинов (Д. А. Фурманов, «Бүліншілік»), т.б.
Кинодағы алғашқы жұмысы — «Аласталған Алитет» фильміндегі (1950) Айенің рөлі. Ол сонымен қатар «Жамбыл» (1952, Нәдір), «Қыз-жігіт» (1955, Айдар), «Бұл Шұғылада болған еді» (1955, Бақытжан), «Мазасыз көктем» (1956, Атабаев), «Менің атым Қожа» (1963, Әмірқұл), «Қыз Жібек» (1970, Сырлыбай), «Қан мен тер» (1978, Алдаберген), «Жаушы» (1980, Манай), «Қасқырдың апаны» (1984, Бабахан), т.б. фильмдерде ойнап, кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда психологиялық тереңдікке, образдылыққа жетті, типтік жинақтау үлгісін көрсетті.
## Фильмографиясы
* 1949 - Аласталған Алитет - Айе
* 1952 - Жамбыл - Нәдір
* 1955 - Қыз-жігіт - Айдар
* 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Бақытжан
* 1956 - Мазасыз көктемде - Хаваш Атабаев
* 1957 - Арал балықшылары - Ерназар Қалымбетов
* 1958 - Біз Жетісуданбыз - Нартай
* 1959 - Бір түні - Кемел Кәрімбаев
* 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Имаш
* 1963 - Менің атым Қожа - Рахманов
* 1966 - Қилы кезеңде - эпизод
* 1969-1970 - Қыз Жібек - Сырлыбай хан
* 1971 - Менің ағам - эпизод
* 1972 - Арман асуы - Тайырдың әкесі
* 1972 - Құлагер - Батыраш
* 1974 - Эй, ковбойлар - эпизод
* 1975 - Махаббат туралы аңыз - эпизод
* 1975 - Гауһартас - Қауен
* 1976 - Медеудегі кездесулер - спорт администраторы
* 1977 - Кездеспей кеткен бір бейне - эпизод
* 1978 - Қан мен тер - Алдаберген
* 1979 - Даладағы қуғын - эпизод
* 1979 - Қала қалқаны - эпизод
* 1980 - Суыт жортқан жаушылар - Манай
* 1980 - Ебелек - эпизод
* 1981 - Ақырғы аманат - Досмұхамбетбай
* 1982 - Қауын - Ақтұмар станциясының басшысы
* 1983 - Қасқырдың апаны - Мұса Шәріпов
* 1985 - Біздікілерді біліп қой - эпизод
* 1986 - Түрксіб - Қарасұңқар
* 1989 - Сұлтан Бейбарыс - Салех сұлтан
## Марапаттары
«Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Серәлі Қожамқұлов (Серке, 5 мамыр 1896, қазіргі Торғай облысы Қарабалық ауданы, 13 ауылы - 31 желтоқсан 1979, Алматы) — актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі.
## Өмірбаяны
1936 жылында Қазақстанның халық әртісі атағын иеленді.
1976 жылында Социалистік Еңбек Ері (1976).
1913 - 1916 жылдарында Троицкінің "Уазифа" мектебінде оқыған.
1919 жылында қызметте араласып, алдымен Қостанай қаласында Ә.Жангелдин басқарған қызыл әскер тобында жауынгер, кейін сот мекемелерінде халық тергеушісі болды.
1920 - 1922 жылдарында Орынбор қаландағы Татар халық ағарту институтында білім алды. Қожамқұловтың өнерге деген құштарлығын алғаш оятқандар – туған жездесі Жүсіп Темірбеков пен жазушы-драматург Бейімбет Майлин.
1920 жылдары "Қызыл керуен" труппасының жұмысына белсене қатысып, өзінің сахналық өнерге деген қабілет-дарынын байқатты.
Қожамқұлов осыдан кейін Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде де көркемөнерпаздар үйірмесінен қол үзген жоқ. Осы қалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов және актер Қ.Бадыровпен танысып, олармен шығармашылық қарым-қатынаста болды.
## Ойнаған рөлдері
1922 жылында М.Әуезовтің "Еңлік - Кебек" трагедиясында Еспембет рөлін ойнайды.
1925 жылында Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби Қазақ мемлекеттік драма театры ұйымдастырылғанда Қожамқұлов арнайы шақырылады. Театрда ол актер әрі режиссер қызметін атқарып, 1926 -1932 жылдарында Әуезовтің "Бәйбіше - тоқал", Майлиннің "Шаншар молда", "Ел мектебі", "Қалпе", Ө.Оспановтың "Сеңсең бөрік", Н.В. Гогольдің "Үйлену" пьесаларын қойды. Қожамқұлов - әрбір рөлдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мінезі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып, құлпырта ойнататын актер еді. Әсіресе, Қожамқұловтың актерлік шеберлігі комедиялық рөлдерде айқын көрінді. Қожамқұловтың таңдаулы рөлдері қатарында Талтаңбай (Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібінде", Яичница, Земляника (Гогольдің "Үйленуі" мен "Ревизорында"), Тымақбай, Қарабай, Қоңқай (Мүсіреповтің "Амангелдісінде", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Шахтер Тайман (Ә.Әбішевтің "Достық пен махаббатында"), Еспембет, Көбікті хан (Әуезовтің "Еңлік - Кебегі" мен "Қара қыпшақ Қобыландысында"), т.б. бар. Қожамқұлов 1930 жылдан киноға түскен. "Дала әнінде" Батырақтын (1930), "Амангелдіде" Бекет ұстаның (1938), "Ақ гүлде" қарт Жастардың (1942), "Абай әнінде" Баймағамбеттің (1945), "Алтын мүйізде" шопан Әділбектің (1948), "Алдар көседе" Бидің (1964), т.б. рөлін орындады.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты.
1973 жылында "Серага" атты телефильм (режиссер Қ.Әбусейітов) жарық көрді. Гастрольдік сапармен Иранның Шираз қаласында өнер көрсетті. Қожамқұлов атында Жезқазған музыкалық-драма театры, Алматы қаласында көше бар. Алматы қаласында ол тұрған үйге (Фурманов көш., 117-үй) мемориалдық тақта орнатылды. 5-сайл. Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болды.
## Фильмографиясы
* 1930 - Дала әндері - батрақ
* 1931 - Жұт - қойшы
* 1938 - Амангелді -Бекет
* 1940 - Райхан - Кеке
* 1943 - Ақ раушан - эпизод
* 1945 - Абай әндері - Баймағамбет
* 1948 - Алтын керней - Әділбек
* 1950 - Баку жалындары - Қадыр Қырымқұл
* 1954 - Дала қызы - эпизод
* 1954 - Қозы Көрпеш – Баян Сұлу - Қарабай
* 1955 - Қыз-жігіт - Еркебай
* 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - бухгалтер
* 1955 - Алғашқы эшелон - Садықов
* 1956 - Қанатты сый - күзетші
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - Серке
* 1959 - Өмір жолында - қарт
* 1960 - Бір ауданда - Атаке
* 1960 - Тыныштық - қарт аралаушы
* 1963 - Ана туралы аңыз - жылқышы
* 1964 - Алдар көсе - Итбай
* 1966 - Ән қанатында - эпизод
* 1972 - Шоқ пен шер - саябақтағы күзетші
## Сілтемелер
* Серке Қожамқұл. Жас Алаш №75 Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
## Марапаттар
Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен (1966), 3 рет Ленин ордені, Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (1923 жылы 10 наурызда Таразда - 1988 жылы 11 наурызда Алматыда) — кеңестік танымал кинорежиссер. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1970). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972).
## Өмірбаяны
* Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы 1923 жылы 10 наурызда Таразда дүниеге келген. Қорасан қожа руынан шыққан.
* Соғыстан оралғаннан кейін мерзімді басылымдарда карикатуралары мен саяси тақырыптағы суреттерін жариялай бастады.
* Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссер факултетін (А.Довженко шеберханасында) бітірген.
* 1952 жылдан “Қазақфильм” киностудиясында режиссер.
* 1974 жылдан көркемдік жетекші болып істеді. Осында өз сценарийі бойынша, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін қозғайтын “Ана мен бала” атты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Тарихи және заманауи тақырыптарда “Біз Жетісуданбыз” (1958), “Егер біздің әрқайсымыз” (1961, екеуінің де сценарийін жазуға қатысқан), “Шыңдағы шынар” (1965) фильмдерін қойды. 1970 жылы Қожықов өзінің басты жұмысы – “Қыз Жібек” фильмін қойды. 1985 ж. Қажымұқан жайлы “Бізді танып қойыңдар” көркем фильмін түсірді.
## Фильмографиясы
### Режиссер ретінде
* 1955 - Ана мен бала
* 1958 - Біз Жетісуданбыз
* 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
* 1965 - Шыңдағы шынарда
* 1969-1970 - Қыз Жібек
* 1985 - Біздікілерді біл!
### Сценарист ретінде
* 1955 - Ана мен бала
* 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
* 1965 - Шыңдағы шынарда
* 1985 - Біздікілерді біл!
## Марапаттары
* 1970 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағы берілді.
* 1972 жылы “Қыз Жібек” фильмі үшін Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
* “Қызыл Жұлдыз” орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қожеке Назарұлы(1828 – 1881) – күйші-сазгер.
## Өмірбаяны
Жетісудың төрі болып есептелетін Қарқарада дүниеге келген. Қожекенің әкесі Назар сөзге шешен, төңірегіне ықпалды адам болған. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
Қожекенің ел ісіне ерте араласуына әке тәрбиесі ықпал еткен. XIX ғасырдың екінші жартысынан Жетісуға тізе батыра бастаған Ресейдің отаршыл саясатына бас имеген Қожеке 1862 жылы төрт жүздей үйді бастап, үдере көшкен беті Текес өзенінің бойына келеді. Қожеке бастаған рулы елдің көшіп келуіне Қытай өкіметі де бейтарап қарамаған. Алғашқыда Қожекеге шен-шекпен беріп, өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыруға қолданбақ болады. Қожеке сияқты біртуар тұлға халқының қамына қиянат іске бармайды. Ақыры тәкаппар күйшіні айтқанына көндіре алмаған Қытай өкіметі оны азаптап өлтіреді.
Қожеке өзі куә болған, өзін толғандырған өмір құбылыстарының баршасын күй тілінде баяндап отырған. Бұл күнге дейін Қожекенің жүзге тарта күйлері жеткен. Оның күйлері күні бүгінге дейін Жетісу, Алтай, Ертіс, Тарбағатай, Бұратала, Іле өңірлерінде тартылады.
## Шығармалары
Назарұлы Қожекенің күйлері: "Ағарсынның ақ толқыны", "Аққу", "Арман", "Байекенің естіртуі", "Балаларыма", "Балам-ау", "Бозжігіт", "Бөлтірік", "Біржан сал", "Жиренше", "Қарашаштың қазасын естірту", "Жиреншенің Қарашашты жоқтауы", "Кертолғау", "Көрұғлы сұлтан", "Күй бастар", "Күй шақыртқы", "Қамбархан", "Қолға алынар алдында", "Қос келіншек", "Қинау", "Құл пенде", "Мұңдық", "Өз қолым", "Рабат төренің естіртуі", "Раушан", "Сайрам көл", "Сарбарпы бұлбұл", "Тарту", "Тоқтарым", "Түрмедегі қинау", "Шалқайма" тағы басқалар.
## Дереккөздер |
Қожықов Қожахмет Қоңырқожаұлы (1910, Қызылорда қаласы – 10.9. 1953, Алматы) – қазақтың ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салушысы, тұңғыш кәсіби суретшілердің бірі, кескіндемеші, карикатурашы, графикик.
## Өмірбаяны
Қорасан қожа руынан шыққан.Әкесі Қоңғыр-Қожа Қожықов ғалым-ағартушы, ал анасы Ләтипа Хожықова костюмер.
1926 – 28 жылы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркемөнер техникалық шеберханасында оқыған. Оның 30-жылдары салынған “Егін орағы”, “Газет оқу” атты ұжымшар тыныс-тіршілігін көрсететін туындылары, “Алқызыл моншақты келіншек”, “Ақын толғанысы” (Жамбыл бейнесі) атты картиналары ұлттық бейнелеу өнерінің алғашқы қарлығаштары саналады. Қожықов Қазақ мемл. драма және опера театрлары спектакльдерінің алғашқы суретші-безендірушісі болды. 1938 жылы қуғынға ұшырап, ұзақ жылдар лагерь азабын тартты. Айдаудан оралған соң, шығармашылық және ұстаздық жұмыстармен айналысты. 1944–53 жылы “Қазақфильм” киностудиясының декораторы болды.
Заманауи өзекті тақырыптарды қамтыған жүзден астам сатиралық линогравюралар жазды. Нәзік сыршылдыққа тұнған “Жайлауда” (1948), “Кешқұрым” (1949), “Қызыл көш” (1950), “Шабындық” (1950), “Асы жайлауына барарда” (1952), “Құлынды бие” (1952) атты акварельмен орындалған туындыларды өмірге әкелді. “Мың бір түн”, тағы да басқа кітаптарды көркемдеді. Қожықов туындылары Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында, ҚР Орталық мұражайында, Қарақалпақстанның бейнелеу өнері мұражайында (Нөкіс), сондай-ақ, С.Қожықовтың жеке қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қожаберген жырау — Орта жүз Ашамайлы Керейден тарайтын Көшебе руынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болғанымен, соңғы уақыттарға дейін түрлі себептермен әдебиет тарихына енбей, қағаберіс қалып келді.
## Өмірбаян
Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген.
Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Сондай-ақ, шежіреші, білімдар адам болған. Қазақ шаңырағында туған. Анасы Ақбілек Орта жүз, Арғын Айдабол бидің қызы.
Қожаберген қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата-тек» деген дастанын шығарды. Өз аулында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ислам дінін насихаттайды, шеберхана салдырып, елді қол өнеріне баулып, егін салуды қолға алады.
1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожабергенді Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы, әрі бас ақын етіп сайлайды. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырған. Қожаберген батырдың жан-жақты қабілеті бар дарабоз тұлға екендігіне қоса, оның елші әрі сынықшы болғаны жайлы да деректер бар. Оған ақынның «Елшілік» деген өлеңі дәлел.
Қожабергеннің әдеби мұрасын жинап, сақтаған — Сегіз Сері. Ол жыраудың «Елім-ай», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр» т.б. төлтума шығармаларын жинап, бізге жеткізген. Осы дастандарының бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырып, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандап, соны жырға қосады. Бұл жағынан алғанда, Қожабергеннің жыр еткен тақырыбының саяси жағынан өте маңызды екенін көреміз.
«Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлерін шығаруы Қожабергенді күйшілік қырынан танытады. Атынан белгілі болып отырғанындай, күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі халық зарын күй тіліне айналдырады.
Қожабергеннің ақындық талантын танытқан, тарихқа атын қалдырған «Елім-ай» жыр-дастаны. Ел басына түскен ауыр апатты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңін жыр тіліне көшірген. Шығарма 7 бөлімнен тұратын 3683 шумақ, яғни 14732 жол өлең. Қазақ әдебиетінде 11 буынды, 4 тармақты, қара өлең ұйқасымен шығарма жазудың негізін салушы осы Қожаберген жырау десек, қателеспейміз. Оның көлемді дастандарының бәрі бұған дәлел бола алады. Жыраудың бұл дәстүрін кейін оның інісі Дәстем салдың немересі Жанкісі ақын, шәкірттері Көтеш, Жанақ ақындар одан әрі дамытып әкеткені белгілі.
## Әдебиет
* Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы.—«Қазақ тарихы»,1995,6; Керей хан.— «Егемен
* Қазақстан»,1997, 22 наурыз; Жәнібек хан.- «Егемен Қазақстан», 1997, 14 маусым.
* Кекілбаев Ә. Елдік пен ерлік киесі.- «Егемен Қазақстан»,1997, 14 наурыз.
* Қаратаев Т. Әбілхайыртанудың кейбір «ақтаңдақ» беттері.- «Қазақ әдебиеті»,1998, 11 желтоқсан.
* Салғараұлы Қ. Ақ орда ма, көк орда ма.- «Ана тілі», мешін жылы, 2 сәуір.
* Сарай Ә. «Қазақ» атауының ізімен.- Кітапта: «Қазақ тарихынан», А., 1997, 353- 398 беттер.
* Сейдімбек А. Елі үшін туған ер.- «Жас алаш», 1998, 8 қыркүйек.
* Сағынбекұлы Р. Рухани нәр. «Алматы ақшамы», 1996, 7- 9 қазан.
## Дереккөздер |
Құлахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (22.11.1914 жылы туған, қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы - 1986 жылы қайтыс болды) — суретші. Қорасан қожа руынан шыққан. ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақтың тұңғыш театр суретшісі, график, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), 1934-36 жылы Ленинградтың М.Горький атындағы Үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясында (В.М.Ходасобич, А.Г.Тышлер, М.З.Левиннен) оқыды. 1932-1934 жылдары Қазақтың драма театрында, 1943-50 жылдары "Қазақфильмде" суретші болды. 1950-1955 жылдары "Жазушы" баспасында бас суретші. 1970—1973 жылдары Қолөнері мұражайының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы ғылыми көпшілік "Қазақ қолөнер шеберлері" фильмін қойды. Көптеген спектакль (Әуезовтің "Еңлік-Кебегі", Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібі", Шекспирдің "Отеллосы" т.б.), опера (Жұбанов пен Хамидидің "Абайы") мен фильмдердің ("Жамбыл", "Біз Жетісуданбыз". "Атамекен") декорация эскизі мен киім-кешек үлгілерін жасады. Кітап көркемдеу ісімен шұғылданды.
Ол Қазақ драма театрында М. О. Әуөзовтың романы бойынша қойылған «Абай» спектаклін (1940) безендірді. «Абай» операсында 16 костюмнің үлгісін(акварель, 40х25) және 5 декорация (1944, фломастер, темпера), сондай-ақ, «Абай әні» кинофильмінде 22 костюмнің(1945, акварель, барлығы Әуөзовтың музей-үйі қоры) үлгісін жасады. Ол Абайдың «Қыс», «Көктем» атты өлендеріне арнап (1944-1948) шағын иллюстрациялар (сия, қағаз, қалам, автор отбасының қоры), 1954 жылы Абайдың өлеңцер жинағының мүқабасын, бірінші бетін, 6 иллюстрация (акварель), Абайдыңдастаны, өлеңдері, аудармаларына (1953, ксилография), тақырыпттарына суреттер салды.1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапаттадған.
## Дереккөздер |
Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан.Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген.
## Мансабы
Қоңырат тайпасының Божбан руынан шыққан Сұлтанбек Қожанов елдің саяси-әлеуметтік жұмысына 1915-ші жылдан бастап белсене кірісті. Сол жылдары Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрады. 1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Түркістан (Қоқан) автономиясына қызу қолдаушылық танытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құлатуын жергілікті халықтың өзін-өзі билеу құқығын аяқ асты етушілік деп бағалады.
### Ашаршылық кезеңі
Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орт. комиссияның мүшесі ретінде 1918 ж. қарашадан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылы Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды.
### Түркістандағы қызметі
1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Ол осы қызметтерді атқару барысында БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойынша құрған комиссиясы – Түріккомиссияның Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік шараларды Түркістан өміріне күштеп енгізуге, таптық күресті шиеленістіре түсуге, сөйтіп ұлттық мәселені кейінге ығыстырып тастауға бағытталған әрекетіне қарсы тұрды. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап етті.
Мәскеу, Петроград секілді ірі қалаларда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық жастарға материалдық көмек көрсетуде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 жылы Түркістан республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындалысымен, ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды.
1922 – 1924 жылы Түркістан КП комитетінің хатшысы, атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. Қ. мемл. қайраткер ретінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу кезінде (1924) айрықша танылды. 1924 жылы қарашада РК(б)П Қазақ обкомының (1925 жылы ақпаннан – Қазақ өлкекомының) екінші хатшысы қызметіне жіберілді. Қ-тың тікелей ұсынысымен Кеңестердің І съезі қазақ халқы тарихи атауын (патшалық тұсынан бұрмаланып қалыптасқан “киргиз” деген атты төл атауына – “қазаққа” түзетіп) қайтарып, астаналық қала атын Қызылорда деп өзгертті.
### БК(б)П орталық комитетіндегі қызметі
1925 жылы қарашада БК(б)П орталық комитетіне шақырылып, ұлт республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға, 1928 жылы Ташкентке, Орта Азия Бюросына қызметке жіберілді. Мұнда ол үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы болды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Ташкент бөлімшесін ұйымдастырды. 1929 жылы Орта Азия мақта-ирригациялық политехника институтын (САХИПИ) құрып, алғашқы директоры болды, сонымен қатар 1929 – 31 жылы Орта Азия мақта кентінің директоры қызметін атқарды. 1931 – 32 жылы БК(б)П ОК аппаратында істеді.
## Шығармашылығы
Қожанов негізгі міндеттерін қоғамдық, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. Мектепке арналған “Есептану құралы” атты оқулығы (1924), “Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тіліндегі зерттеуі (1928) жеке кітап болып шыққан. «Есеп тану құралы» атты оқулығы көпшілікке арналған қазақ мектебінің математикадан бірінші оқулығы болатын. Кітап өте түсінікті, қызықты жазылған. Арифметиканың негізгі тәсілдерінен басқа да қыр-сырларын аша түседі.
## Соңғы жылдары
РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың басқаруымен өткен жеке кеңесте (1926) сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ И.В. Сталинге 1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы Қожанов ақталғаннан кейін сіңірген еңбегін мойындап, тек қана 1994 жылы еңбектері шығарыла бастады. Алматы, Шымкент қалаларындағы көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған.
## Дереккөздер |
Қойбағар — Обаған алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қарасу ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.
## Сипаты, өсімдігі
Аумағы 96 км2, ұзындығы 17,8 км, ені 9,1 км, жағасының ұзындығы 49 км, ең терең жері 1,6 м, суының мөлшері 20 млн. м3-ге жуық. Жағасы жайпақ. Солтүстік жағалауында қалың қамыс өскен. Көл алабының 70%-ға жуығы егістік, қалған тың бөлігі бозды-бетегелі жусанды жазық.
## Гидрологиясы
Көлге Шолақ және Қарасу өзендері құяды. Көктемгі қар, жауын-шашын суымен толығады. Суы ащылау. Шортан, алабұға, т.б. балықтар бар.
## Дереккөздер |
Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.
* Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры) бастады.
* 1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды.
## Ойнаған рольдері
Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды.
Классикалық драматургиядан Н.В. Гогольдің “Ревизорында” Анна Андреевнаның, А.Н. Островскийдің “Шындық жақсы, ал бақыт одан да артық” және “Таланттылар мен табынушыларында” Мавра Тарасовна мен Долина Пантелеевнаның, Ж.Б. Мольердің “Скапеннің айласы” мен “Сараңында” Зербинетта мен Фрозинаның, т.б. сахналық тұлғасын жасады. 1940 жылдан киноға түсті, Ана (“Райханда”, 1940), Зейнеп (“Абай әнінде”, 1945), Жамал (“Алтын мүйізде”, 1948), Күнікей (”Махаббат дастанында”, 1954), Милиционер әйел (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1957), Шайшекер (“Егер біздің бәріміз де”, 1961) рөлдерінде ойнады. Қ. халық әндерін нақышына келтіре орындаушы ретінде де ерекше көзге түсті.
## Фильмографиясы
* 1940 - Райхан - Райхан
* 1945 - Абай әндері - Зейнеп
* 1948 - Алтын керней - Жамал
* 1954 - Махаббат туралы аңыз - Күнекей
* 1955 - Қыз-жігіт - секретарь
* 1956 - Мазасыз көктемде - Хафиза Бейсенова
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - аға лейтенант
* 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Шайшекер
* 1962 - Балам - Хадиша Ахметқызы
* 1962 - Жол түйісі - сұраушы
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған
* ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1952).
## Дереккөздер |
Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев (18 тамыз 1946 жылы туған, Төле би ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы) – қазақстандық тарихшы ғалым, тарих ғылымының докторы (1994), профессор (1995), ҚР ҰҒА академигі (2017). Мәмбет Қойгелдиев алаштанушы ретінде кеңінен танымал.
## Өмірбаяны
Мәмбет Қойгелдиев 1946 жылдың 18 тамызында Жамбыл облысы, Шу ауданының Төле би ауылында дүниеге келген. Шыққан руы жалайыр.
Мәмбет Қойгелдиев 1968 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін бітірген.
### Еңбек жолы
* Ауыл мектебінде мұғалім, Жамбыл облыстық мұрағатының ғылыми қызметкері (1968-1971);
* Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) доценті (1971-1989);
* Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері (1989-1991);
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жаңа тарихы кафедрасының меңгерушісі, аталған университет жанындағы Біліктілікті арттыру институтының директоры, тарих факультетінің деканы (1991-2001);
* ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарған (2002-2006).
* Бүгінде академик Т.С. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасыыны меңгерушісі.
## Отбасы
Жұбайы – Сәуле Жүсіпқызы. Үш ұлы бар.
## Шығармалары
* "Движение Алаш" (2008)
* "Жетысу-Иссыккульская трагедия" (2008)
* "Байзак Мамбетулы и его современники" (2009)
* "Сталинизм и репрессии в Казахстане. 1920-1940 жж." (2009)
* Главное историческое событие XX века: (К 73-й годовщине Великой Октябрьской революции) / М. Койгелдиев ; Алма-Ата: О-во "Знание" КазССР, 1990. - 18 с.
* Сборник летописей Кадыргали би Косумулы / Р. Сыздыкова, М. Койгелдиев. - Алма-Ата: Каз. ун-т, 1991. - 269, 2 стр.
## Дереккөздер |
Қой жылы — жылқы жылынан кейін, мешін жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 8-ші жылы. Қой жылы Азия халықтарының көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. Григориан күнтізбесі бойынша 2003 жылдың 22 наурызы мен 2004 жылдың 21 наурызы аралығына сай келеді, одан кейін 2015 – 2016, 2027 – 2028, 2039 – 2040, т.с.с. жылдары қайталанады.
## Дереккөздер |
* палеолит тас дәуірінің қоныс орны. Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы Қойтас мекенінде орналасқан. Қойтастан жиналған тас құралдар ежелгі адамдар Сарыарқаны палеолит дәуірінде мекендегенін айғақтайды.
* дәстүрлі діни қабірүсті ескерткіштерінің бір түрі. Қойтастар діни сәулет өнерінде ең көп тараған ескерткіштер түріне жатады. Әдетте Қойтас табантасқа орнатылады, оның тұрқы жұмыр, төртбұрышты, ер сияқты және «желкен тәрізді» түрлері болады. Қойтастарға ою-өрнектер сызық жүргізу немесе қашалып түсірілу арқылы жүзеге асырылады. Қойтастың дене-тұрқына араб әрпімен эпитафиялар мен рулық таңбалар жазылып, кейбірі үштас, бестас, сандықтасқа орнатылады. Орта ғасырларда қойылған Қойтастардың алдыңғы жағынан біртұтас тастан ойылып жасалған шырағдан орнататын болған.
## Дереккөздер
## Қойтастан жиналған тас құралдар
1962 ж. геолог В.С. Тапцырев тапқан. Жинастырылған 86 тас құралдар сары, қоңырқай, ашық-сұр түсті халцедоннан дайындалған. Жинақтамадағы (коллекциядағы) өзектастар өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді. Оларды өңдеу дайындаманың екі жағынан жүргізілген.
Қойлықтан жиналған тас құралдар ежелгі адамдар Сарыарқаны палеолит дәуірінде мекендегенін айғактайды.
## Дереккөздер |
Қозыбай Нәупілұлы (1822, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Маманай мекені – 1914, Көлденең Есіл бойы) – шешен. Шақшақ батырдың ұрпағы, әкесі Нәупіл Сегіз Серінің ағасы. Тура айтатын әділ билігі үшін ел арасында есімі аңызға айналып, “Арқаның арыстаны” атанған. Он жасында Болатнайдағы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Новорыбинка ауылы) медреседе оқып (1832), оны 1835 жылы бітіріп шыққан. 1853 – 58 жылы Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Есет Көтібарұлы бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Қартайған шағында тоғыз ұлының көмегімен 150 адам еңбек ететін шеберхана ашқан. Онда зергерлікпен, ұсталықпен, тігіншілікпен айналысқан, сондай-ақ жұмысшылар аңшылықты, егіншілікті, балық аулауды да кәсіп еткен. Патша өкіметі саясатына қарсы адам ретінде 12 жылға Семей у-не жер аударылған (1898). Нақақтан жапа шеккен шешенді Абай Құнанбайұлы, Түсіп Алшынбайұлы бастаған Семей өңірінің адамдары құрметпен қарсы алған. Ол Ысқақ Құнанбайұлы, қаракесек Ақайдың Хасені сияқты болыстарға кеңесші болған. Қозыбай өмірінің бұл кезеңі туралы ел аузында сақталған аңыз әңгімелер өте көп. Айдауда жүрген Қозыбай Абайдың көмегімен уезд бастығынан мерзімінен бұрын кешірім алып, үш жылдан соң еліне оралған. Оның нақыл сөздері ел арасына кең тараған. Қозыбай мұрасы жайлы әдебиетші ғалымдар Б.Адамбаев, Т.Сүлейменовтер зерттеді.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы |
## Қойшыбаев Мәкәлімің шығармашылығы
Қойшыбаев Мәкәлім (10.5.1926, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы – 12.2.1986, Алматы қаласы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматыдағы музыкалық училищесін (1952), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1959). 1960 жылдан ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. Қазақтың “Той бастар”, “Шахтер жыры”, “Жастар әні”, Абайдың өлеңіне шығарған “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп” секілді әндері мен романстары ел арасына кең тараған. Ұлт аспаптар оркестрге арнап: “Қазақстан”, “Жастық”, “Концерттік күй”, “Атырау дүбірі”, т.б. поэмалары, “Мәншүк”, “Құрманғазы”, “Туған жер”, “Ардагерлер” симфониялық поэмалары, эстрада симфония оркестріне арнап: “Қазақ биі”, Сюита, “Күй-поэма”, “Увертюра”; домбыраға арналған: “Жарыс”, “Жастар”, “Аққу”, “Қызылқұм” атты күйлері бар. Қобыз бен фортепианоға арналған: “Романс”, “Көктем биі”, “Өмір гүлі”, т.б. аспаптық-камералық, вокалды-хор мен спектакльдерге, драмалық спектакльдерге (І.Есенберлиннің “Таудағы тартысы”, Ш.Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындары” мен “Сертке серті”) жазған т.б. музыкалық шығармалары мол.
## Қысқаша шығармашылық өмірбаяны
(10.5. 1926, қазіргАтырау облысы Қызылқоға ауданы - 12.2.1986, Алматы) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматы музыкалық училищесін (1952), Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1959). 1944 - 45 ж. Қостанай, 1945 - 49 ж. Ақтөбе облысы филармониясының, 1960 - 61 ж. "Қазақконцерттін" көркемдік жетекшісі, 1961 - 62 ж. Қазақ филармониясының музыкалық редакторы, 1962 - 65 ж. Алматы консерваториясының фольклорлық қабинетінде ғылыми қызмет атқарды. 1965 - 67 ж. оқу бөлімінің меңгерушісі (проф., 1986) болды. 1968 - 75 ж. Алматы музыкалық училищесінің директоры.Сондай-ақ ол көптеген эстрадалық, камералық, аспаптық шығармалардың, романстардың, күйлердің авторы. Драмалық спектакльдерге жазған музыкалық дүниелері (Ш.Құсайыновтың "Алғашқы ұшқындары" мен "Сертке серті", т.б.) де бар. Қазақ академиясының халық аспаптары оркестрінің құрамымен Румынияда (1951), ҚХР-да (1957) гастрольде болды.
## Дереккөздер
## Қойшыбаев Мәкәлімің шығармашылығы
Қойшыбаев Мәкәлім (10.5.1926, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы – 12.2.1986, Алматы қаласы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматыдағы музыкалық училищесін (1952), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1959). 1960 жылдан ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. Қазақтың “Той бастар”, “Шахтер жыры”, “Жастар әні”, Абайдың өлеңіне шығарған “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп” секілді әндері мен романстары ел арасына кең тараған. Ұлт аспаптар оркестрге арнап: “Қазақстан”, “Жастық”, “Концерттік күй”, “Атырау дүбірі”, т.б. поэмалары, “Мәншүк”, “Құрманғазы”, “Туған жер”, “Ардагерлер” симфониялық поэмалары, эстрада симфония оркестріне арнап: “Қазақ биі”, Сюита, “Күй-поэма”, “Увертюра”; домбыраға арналған: “Жарыс”, “Жастар”, “Аққу”, “Қызылқұм” атты күйлері бар. Қобыз бен фортепианоға арналған: “Романс”, “Көктем биі”, “Өмір гүлі”, т.б. аспаптық-камералық, вокалды-хор мен спектакльдерге, драмалық спектакльдерге (І.Есенберлиннің “Таудағы тартысы”, Ш.Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындары” мен “Сертке серті”) жазған т.б. музыкалық шығармалары мол.
## Қысқаша шығармашылық өмірбаяны
(10.5. 1926, қазіргАтырау облысы Қызылқоға ауданы - 12.2.1986, Алматы) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматы музыкалық училищесін (1952), Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1959). 1944 - 45 ж. Қостанай, 1945 - 49 ж. Ақтөбе облысы филармониясының, 1960 - 61 ж. "Қазақконцерттін" көркемдік жетекшісі, 1961 - 62 ж. Қазақ филармониясының музыкалық редакторы, 1962 - 65 ж. Алматы консерваториясының фольклорлық қабинетінде ғылыми қызмет атқарды. 1965 - 67 ж. оқу бөлімінің меңгерушісі (проф., 1986) болды. 1968 - 75 ж. Алматы музыкалық училищесінің директоры.Сондай-ақ ол көптеген эстрадалық, камералық, аспаптық шығармалардың, романстардың, күйлердің авторы. Драмалық спектакльдерге жазған музыкалық дүниелері (Ш.Құсайыновтың "Алғашқы ұшқындары" мен "Сертке серті", т.б.) де бар. Қазақ академиясының халық аспаптары оркестрінің құрамымен Румынияда (1951), ҚХР-да (1957) гастрольде болды.
## Дереккөздер |
Манаш Қабашұлы Қозыбаев (16 қараша 1931 жылы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы - 30 қазан 2002 жылы, Алматы) — ғалым, тарихшы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының (1995), ҚР тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1997) және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың (1970) иегері. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1986). Қостанай облысының Құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Манаш Қабашұлы 1931 жылы 16 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында туған.
* 1953 жылы ҚазМУ-ды бітірген.
* 1953 – 58 жылдары Қостанай педогогикалық институтында,
* 1958 – 74 жылдары СОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының Қазақ бөлімшесінде,
* 1974 – 79 жылдары Алматы мал дәрігерлік институтында, кейін ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру институтында ғылыми-педогогикалық жұмыстармен айналысты.
* 1979 – 86 жылдарыҚазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы;
* 1986 – 88 жылдары Қазақстан ҒА Тарих және этнол. институты тарихнама бөлімінің меңгерушісі,
* 1988 жылдан өмірінің соңына дейін осы институт директоры болды.
* 2002 жылы Алматыда қайтыс болды.
## Ғылыми шығармашылығы
* Оның 30 монографиясы, 50-ден астам ұжымдық еңбектері бар. Қ. басшылығымен “Қазақстан тарихы” академиялық басылымының 3 томы, ағылшын тілінде “Қазақстан тарихы”, көптеген құжаттар жинақтары, т.б. жарық көрді. Қозыбаев отандық тарихнамада жеке ғылыми мектеп қалыптастырды. 90-ға жуық шәкірт тәрбиеледі. Халықар. конгрестерде, конференциялар мен симпозиумдарда 200-ге жуық баяндамалар жасады. Еңбектері Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Иран, АҚШ, Корея, Армения, Беларуссия, тағыда басқа елдерде жарық көрді.
* Ғылыми зерттеулері Қазақстан халқының 2-дүн. жүз. соғыс жылдарындағы ерлігі мен қаһармандық еңбегіне, Қазақстан мемлекетінің құрылу және қалыптасу тарихына арналған. Оның «Қазақстан- майдан арсеналы», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Ұлы ерлік», «Қазақстан тарихы»т. б. монографиялары жарық көрген. Ғалымның еңбектері тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына, елдегі улттық идеологияны белгілеп, қалыптастыру мәселелеріне арналған. Бірқатар еңбектерінде Абайдың қазақ тарихында алар орны мен тарихи көзқарастары қарастырылады.
* Әр ғалым отандық зерттеулерге айтарлықтай өз үлесін қосады. Бұған халқымыздың: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген дана сөзі дәлел. Осындай нақыл сөзді халқымыз тарих тарланбозы, академик Манаш Қозыбаевқа арнап айтқандай. Қазақстан тарихына 40 жылдық өмірін арнаған М.Қозыбаев артынан 800-ден астам ғылыми-көпшілік еңбектер, соның ішінде 30 монография, 50-ден астам ұжымдық еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдар қалдырып кеткен. Оның еңбектері басым көпшілігі Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуы мен осы кездегі тарихи оқиғаларға арналған. Ғалымның тек соңғы 10 жыл ішіндегі еңбектері мен зерттеулері, мақалалары мен ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары 9 томдық құрайды. Академиялық ғылымының білім саласымен дәстүрлі байланыстарын дамыта отырып, М.Қ.Қозыбаев орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан тарихы пәнінен оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды. Оның басшылығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы»,саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 5 томдық «Азалы кітап», көпшілік қауымға арналған «Иллюстрированная история Казахстана» басылып шықты.
* Оның өмірі мен қызметі- әрбір қазақ баласы үшін үлгі. Ол 1958 жылдан 1974 жылға дейін КОКП ОК жанындағы марксизм- ленинизм институтының Қазақ филиалында аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, сектор меңгерушісі болып қызмет етті. 1986 жылдан -ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кафедра меңгерушісі, содан кейін институт директоры. М.Қ.Қозыбаевтың отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі жоғары мемлекеттік марапаттаулармен атап өтілген. Соның ішінде ең жоғары наградасы Қазақстан тарихының өзекті проблемаларына арналған бір топ зерттеулері үшін ол ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы болып табылады.
## Ғылыми атақтары
* 1969 жылы Тарих ғылымдарының докторы (ғылыми атағы);
* 1970 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.
* 2000 жылдан Еуропалық құқық Академиясының академигі (Будапешт);
* 1989 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1970 жылы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
* 1986 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді.
* 1995 жылы елбасының қолынан Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын алды.
* 1997 жылы ғылым саласындағы еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік, президенттік марапаты «ҚР тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының» лауреаты атанды.
* 2001 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды.
## Әдебиеттер
* http://www.nkzu.kz/page/view?id=28 Мұрағатталған 18 қарашаның 2016 жылы. (Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны)
* http://kazorta.org/m-ozybaev-ly-t-l-a/ Мұрағатталған 18 қарашаның 2016 жылы. (М. Қозыбаев-ұлы тұлға)
* Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы: Қазақстан, 1994, 192 бет
* Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы.-Алматы: -«Қазақ университеті», 1992-272 бет
* Қозыбаев М. Киелі тәуелсіздік. –Алматы: Баспалар үйі, 2009. 448 бет |
Қожебеков Зайнолла Камалейұлы(1929 ж.т.) –биология ғылылымының докторы, профессор (1981), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1971). Қожебеков Қазақстанда алғаш рет қойдың онтогенезінің әр кезеңіне физиолия және биохимия сипаттамалар берген. Қожебековтың басшылығымен малдың жұқпалы ауруларының Қазақстан жерінде пайда болуы және таралуы туралы ақпараттар жиынтығы және “Ветинформ” атты автоматты ақпараттар жүйесі жасалды. 1990 – 93 жылғы ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Еңбек Қызыл Ту және “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қоқан хандығы (1710 – 1876) – Ферғана жазығында 18 – 19 ғасырларда болған мемлекет. Астанасы – Қоқан.
## Тарихы
Қоқан хандары өздерін Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп санаған. Негізінде олар минг (мың) тайпасының өкілдері болатын. Қоқан хандары әулетінің негізін салушы Шахрух би алғаш 1710 жылы шамасында Қоқан территориясында Бұхар хандығынан тәуелсіз кішігірім иелік құрды. Оның немересі Ирдан би немесе Ерденбек би(1774 жылы дүниеден өткен) тұсында жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Қоқан хандығының құрамына Әндіжан, Наманган, Маргелан иеліктері қосылды. 1758 жылы Бұхар хандығы оны мүлде дербес мемлекет деп қарады. 19 ғасырдың 1-жартысындағы билеушісі Әлім хан (1800 – 1809), Омар хан (1809 – 1822) және Мұхаммед Әлі (Мәделі, 1822 – 1842) тұсында Қоқан хандығы дәуірлеп тұрды, саяси жағынан нығайып, территориясы ұлғайды. Ташкент, Ходжент, Қаратегін, Дарбаза, Куляб, Алайды өзіне қаратып алды. 1808 – 1815 жылдары Қоқан хандығы жойқын ұрыстардың нәтижесінде Абылай хан тұқымының қарамағындағы Шымкент, Түркістан қалаларын жаулап алды. Түркістан қаласын жаулап алуы Қоқан хандығы мен Бұхара әмірі арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтыра түсті. Түркістаннан қашқан Тоқай төре Бұхара әміріне барып паналады. 19 ғасырдың 20-жылдары қоқандықтар Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал теңізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап алды. Соның нәтижесінде Қоқан хандығы ның шекарасы батыста Хиуа, Бұхар хандықтарымен, шығысында Шығыс Түркістанмен, оңтүстікте Қаратегін, Дарбаза және Кулябпен шектесіп жатты, солтүстігінде Шудың орта ағысын бойлай отырып Балқашқа дейін жетті. Қоқан хандығы билеушілері Сырдария бойында Дінқорған, Қошқорған, Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған, Жүлек, Шудың бойында Тоқмақ, Пішпек, Меркі, Сарысуда Қаражар, Төртқұман, Ұлытау бекіністерін Қорағаты өз. бойында Иткешу бекінісін салдырды. 1826 жылы Әулиеата бекінісінің негізі қаланды. Қоқан бекіністері төңірегінде көшіп-қонып жүрген қазақ қауымдары жылына түндік басы 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз арба сексеуіл, 100 бау қамыс тапсыруға міндетті болды. Ал егіншілер егіс өнімінің үштен бірін Қоқан хандығы қазынасына төлеуге тиісті еді. Оның үстіне соғыс кезінде қару ұстауға жарайтын әрбір қазақ Қоқан бектерінің қол астында әскери қызмет атқаратын. Осындай езгіге қарсы қазақ халқы талай рет бас көтерді (1821, 1858). Бұл қозғалыстар жақсы ұйымдастырылмай жеңіліске ұшырады. Қоқан хандығында халықтың негізгі кәсібі егіншілік болды. Басты дақылдары мақта және күріш екті. Хандықтағы Қоқан, Әндіжан, Маргелан секілді ірі қалаларында жібек және мата шығаратын ұсақ кәсіпшіліктер едәуір дамыған болатын. Олардың беретін өнімдері елдің өз ішінде ғана сауда-саттыққа түсіп қоймай, басқа жақтарға да шығарылатын. Сонымен қатар, Ферғана жазығын суландыру жүйелерін салу да кеңінен дамытылды. Мәделі хан билігінің ақырғы кезеңінде күшейген халық наразылығын, сол халықтың бас көтерулерін пайдаланған Бұхар әмірі Насрулла 1839, 1841 – 1842 жылдары Қоқан хандығына бірнеше рет ойсырата соққы берді.
Қоқан хандығының Ташкент, Ходжент, т.б. жерлерін өзіне қаратып алды, өз адамын Қоқанға әкім етіп тағайындады. Алайда көп ұзамай Әлім ханның немере інісі Шерәлі хан (1842 – 45) Қоқан хандығы н Бұхар әкімдерінен тазартып, Қоқанда хан болып біржолата орнықты. Насрулла жаулап алған Ташкент пен Ходжентті қайтарып алды. Шерәлі ханның мирасқорлары Худаяр (үзілісімен 1845 – 1875және Малля (1858 – 1862) хандар тұсында Қоқан хандығы ның ішкі жағдайы барынша әлсіреді. 19 ғасырдың 2-жартысында Ресей әскерлерінің Орта Азия хандықтарын бағындыруға бағытталған шабуылы басталды. Орынбор ген.-губернаторы Перовский ұйымдастырған Хиуа экспедициясының (1839) сәтсіздігінен кейін, Ресей өкіметі Қоқан хандығын жаулап алуға кірісті. Бұхар мен Хиуа хандықтарына қарсы болашақ жорықтарда патша өкіметі Қоқан хандығын өте қолайлы плацдарм деп қарады. Іштей әлсіреген Қоқан хандығы жақсы қаруланған Ресей әскеріне айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. 1864 жылы маусым айының 4(17) күні полковник М.Г. Черняев басқарған орыс әскері Қоқанға қарасты Әулиеата қаласын басып алды. Қоқан билігіне қарсы Байзақ датқаны қоқандықтар 1864 жылы тамыз кезінде Шымкентте зеңбірек аузына байлап атады. Ресей әскері 1865 жылы 17 мамырда Ташкентті, 1866 жылы 24 мамырда Ходжентті алды. Хандығының едәуір бөлігінен айырылған Хұдаяр хан алым-салық мөлшерін көбейтті. Мұның өзі халықтың наразылығын туғызды. 1873 – 1876 жылдары болған көтеріліс Қоқан хандығы н одан әрі әлсіретті. Көтерілісті өз күшімен баса алмайтынын білген Хұдаяр хан Түркістан генерал-губернаторынан көмек сұрады. Ол Ресей әскерлерінің келуін күтпестен, 1875 жылы шілдеде Ташкентке барып, ондағы патша әкімшілігіне паналады. Патша өкіметі Насреддин бекті Қоқан хандығы ның ханы деп жариялады. Көтерілісті басып-жаныштау мақсатымен патша әкімшілігі жазалаушы отрядтар жарақтап, оларды көтеріліс шыққан аудандарға жіберді.
1876 жылы ақпанда Әндіжан мен Наманган арасында болған ұрыста көтерілісшілердің негізгі күші талқандалды. Сол жылғы 18 ақпанда Қоқан хандығы жойылып, оның орнына Түркістан генерал-губернаторлығына бағынатын Ферғана облысы құрылды.
## Дереккөздер |
Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014), Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті
## Биографиясы
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген.
## Спорт карьерасы
Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993).
## Отбасы
## Мәскеу олимпиадасында (1980)
## Марапаттар
## Дереккөздер |
Асқар Меңдіахметұлы Қонаев (14.7.1929 жыл, Алматы қаласы – 31.3.1999 жыл, Алматы) – ғалым-металлург, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1981), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).
## Өмірбаяны
* Ысты руынан шыққан.
* Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітірген (1951).
* 1951 – 53 жылдары Теміртау металлургия зауытында болат қорытушы
* 1953 – 88 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында ғылыми қызметкер, институт директоры (1970 – 72)
* 1972 – 74 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті
* 1974 – 86 жылдары президенті
* 1996 – 99 жылдары Қазақстан Ғылым Акадкмиясының Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры болды.
## Ғылыми еңбектері
* Негізгі ғылыми еңбектері кен өңдеудің физика-химия кешенді технологиясын дамытуға арналған.
* кремнийге бай сирек кездесетін металл кендері мен фосфориттердің тотығуын және қалпына келуінің жаңа заңдылықтарын тапты;
* қорғасын өндірісі қалдықтарын электротермиялық жолмен қайта өңдеу әдісін металлургия өнеркәсібіне енгізді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1972);
* басқа ғалымдармен бірлесіп, мыс, қорғасын және мырыш алудың КИВЦЭТ-тік технологиясын жасады (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1978);
* қатарынан фосфор мен кешенді легирлеуші қорытпалар алудың жаңа технологиясын жасады (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982);
* өнеркәсіптік көлемде фосфорлы темір кенін өңдеу технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1984).
## Жетістіктері
* 9 – 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
## Марапаттары
* Ленин
* Октябрь Революциясы
* Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қолданбалы математика институты, 1991 жылы Қарағанды қаласында ұйымдастырылған. 1999 жылдан Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Институт математика, механика, информатиканың негізгі бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу, оларды аймақтық түйінді мәселелерді шешуге қолдану және жоғары білікті ғылыми кадрлар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Құрамында дифференциалдық теңдеулер лабораториясы, механика және экология есептерін математикалық модельдеу лабораториясы, ағымдық технологиялар мен аппараттар бөлімі бар. Негізгі ғылыми бағыттары цифрлық ақпараттардың компьютерлік көрінісі және пайдалы қазбалар орнын жер асты өндіруде тау-кен қысымын басқарудың математикалық ілімін, ағымдық аппараттарды және құбыр арқылы материалдардың тасымалдануын есептеу алгоритмін, көп өлшемді жүйесіз дифференциалдық теңдеулер жүйесінің және дифференциалдық операторлардың спектрлік қасиеттерін зерттеуге арналған. Институтты ұйымдастыруға және оның қалыптасуына ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшесі М.Өтелбаев, профессор Т.Мұстафин, профессор Х.Халманов, т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді. Институт отыздан астам шығармашылық куәліктерге және Қазақстан Республикасының 5 патентіне ие.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қонақ кәде – қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында қонақасы берілгеннен кейін үйге жиналған қауым әңгіме-дүкен құрып, шағын сауық кешін ұйымдастырады. Сол кезде мейманнан қонақ кәде жасауын өтінеді. Келген қонақ аса сыйлы әсіресе әнші, жыршы, шежіре айтатын қарт, сал-сері болса, ауыл адамдары оларға қонақжайлық көрсетіп, бірнеше күн қонақ етіп, ән-жырын тыңдаған.
## Дереккөздер |
Қонтайшы, Хунтайшы – Жоңғар хандығының билеушісі. Қонтайшыдан кейінгі дәреже тайшы, ноян, зайсандар деп аталған.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қоншақ, Құншақ, Коншак (1130-1204) – қыпшақ ханы. XII ғ-дың II-жартысында Шығыс Қыпшақ тайпаларын біріктіріп, күшті әскери мемлекет құрды. Бұл кезде қыпшақтың Шарукан (Сарыхан) әулетінің хандары Солтүстік Донецк және Дон, Кубань өзендерінің бойындағы, Азов теңізінің жағалауындағы тайпалардың басын қосты. Осы әулеттен шыққан Артық ханның баласы Қоншақ 1174, 1178, 1183 ж. Переяславль жеріне шабуыл жасады. 1183 – 84 ж-дағы жорықта Хорол өзені бойындағы шайқаста Қоншақ әскері сәтсіздікке ұшырады. Қоншақ 1185 ж. орыс жасақтарын Каялы өзені бойында жеңіп, Новгород-Северск және Чернигов кінəзі Игорь Святославичпен бірге басқа да кінəздерді тұтқынға алады. Бұл оқиға “Игорь жасағы туралы жыр” эпосына арқау болған.
Сонау алтыншы ғасырдағы І түркі қағаны Бумын қағанның орнатқан дәстүрін ХІІ ғасырдағы хандар да қатаң сақтап, таққа інісі, не інісінің баласы ие болған. Құншақ та сол ата жолын қуып, ағасы Сыржанның орнына отырды.
## Өмірбаяны
Артық батыр Гүржістаннан еліне оралған шақта қалыңдық түсіріп, бала сүюге мүмкіндік алады. Солай дүниеге Құншақ келеді. Орыс жырнамаларыда «Құншақ» есімі 1160 жылдан бастап ұшырасады деседі. Сонда Құншақ 1130-1140 жылдардың арасында туған болып есептеледі. Орыс жылнамаларында оның есімі- Кончак деп жазылады. Ал Қазақ жазбаларында - Қоншақ, Құншақ, Қонжық деп жазылып жүр. Алайда тарихқа жақын есімі - Құншақ болып табылды.
## Билігі
Құншақтың қай жылы биліктің тізгінін қолына алғаны беймәлім. Ол құба қыпшақ пен қара қыпшақтың басын қосып, ел іргесін бекітіп, тастүйін ұлы күшке айналдыруға тырысты және орыс кінəздіктеріне тәуелсіз, дербес мемлекет құруға ұмтылды. Қыпшақтардың бұлай күшеюі «орман адамдарына» ұнамады. Олар аңғал да намысшыл дала хандарын бір-біріне айдап, өздерінің мүдделеріне бағындыруды көздеді. Осылайша, атақты қыпшақтың ханы бола білді. Ол көптеген жорықтарға қатысып, «Шолақ», «Шолғын» соғыстарында көш бастады.Кейін уақыт өте келе, орыс кінəздігі күшейіп, Құншақ хандығы әлсірей бастады. 1187 жылы үш рет, ал 1190-1193 жылдардың арасында үздіксіз шапқыншылыққа ұшыраған қыпшақтар ежелгі қуат-күшінен айырылып қалды. Бірте-бірте бұрынғы атағы өшіп, орыс ықпалына көшті. Сонымен қатар, Құншақтың ұлы Юрий шіркеуге шоқынып, христиан дінін қабылдады. Осылайша, Құншақтың ұрпақтары шоқынып, орыстанып кетті. 1124жылы құба қыпшақтың ханы Бастаймен бірге орыс кінəздарына қосылып, Қалқының түбіне моңғолдармен соғыста қыпшақ әскерін басқарып жүріп, майданда үлкен ерлікпен қаза тапты.
## Дереккөздер |
Қонысбай – ескі бекініс орны. Жамбыл облысы Қарабақыр өзенінің Таласқа құяр жерінен 8 км төмен орналасқан. 1936 ж. Жетісу археологиялық экспедиция (жетекші А.Н. Бернш-там) зерттеген. Бекініс ауданы 240-250 м төбешік-алаң. Қазіргі ені 20 м болатын бекініс қабырғаларының ортаңғы тұсы мен бұрыштарында мұнара қалдықтары сақталған. Дуалдар ені 15 м-лік ормен қоршалған. Төрт мұнаралы қақпа бекіністің оңтүстік дуалының ортасында. Табылған қыш ыдыстар сынықтарына қарағанда, Қонысбай бекінісін халық 8 – 10 ғ-ларда мекен еткен.
## Дереккөздер |
Қопа мұнай кен орны — Ақтөбе облысында Байғанин ауданында, Атырау-Орск мұнай құбырынан 12 километр жерде. Құрылымдық барлау және терең бұрғылау жұмыстары 1962 жылы басталып, сол жылы кен орны ашылды.
## Геологиялық құрылымы
Мұндағы іздестіру-бұрғылау нәтижесінде анықталған қима төменгі пермьнің кунгур ярусының тұзды түзілімдерінен, төменгі пермь-триастық және ортаңғы юраның, төменгі бор мен неогеннің терригенді шөгінділерінен тұрады. Олардың жалпы қалыңдығы 1000 метрден асады. Қиманың өнімді бөлігінің қалыңдығы 540 метрге жетеді.
## Жатыс сипаты
Кен орны көп қабатты және бірнеше ұсақ шоғырларды құрайды. Барлық шоғырлар мұнайлы, жатыс тереңдігі 192 – 659 метр. Табиғи сыйымдылығы бойынша шоғырлар қабаттық, дөңес және стратиграфиялық, тектоникалық элементтермен қалқаланған.
## Қанығу сипаты
Өнімді горизонт коллекторларының жалпы қалыңдығы 6 – 88 метр аралығында өзгереді, тиімді қалыңдығы 5,4 – 86 метр, мұнайға қаныққан қалыңдығы 4,5-10,5 метр. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,58-0,68. Бастапқы қабат қысымы 1,9-7,2 МПа, температурасы 23-36°С. Горизонт бойынша мұнай шығымының өзгеруі 0,25-22,8 м3/тәулік. Кен орны 1966 жылдан уақытша жабылған. |
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.
Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).
## Сюжеті
Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян жүздерін көрмегенімен, бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап, қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.
## Жырдың негізгі идеясы
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспеншілік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.
## Зерттеулері мен аудармалары
Жырда көптеген салт-дәстүр түрлері бар. Мысалға: Белқұда, Жар-жар, Ежеғабыл және т.б.
Орал қаласына "Е.И.Пугачев бастаған көтеріліс" жайлы ақпарат жинауға келген А.С. Пушкин, жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған.Бұл жырды С.Кастанье, Н.Абрамов, Г.Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Пантусов, Р.Әбдірахманов, Е.Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады.Жазушы Г.Твертин (1889 – 1921) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 35). 1878, 1890, 1894 және 1905 ж. Қазан қаласында жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды. Жырды Мәлік Ғабдуллин, Ысқақ Дүйсенбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеген. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар.
## Жырдың кейіпкерлері
Қозы — бастапқы кейіпкер. Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі. Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер. Шын аты - Әбдіжаппар.Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы.Өз туған қызын Қодарға өз пайдасы үшін береді. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді.Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі. Қозы Көрпеш ержеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.Ай мен Таңсық — Қарабайдың асырынды қыздары.
## Қозы Көрпеш - Баян Сұлу трагедиясы
Ғ.Мүсіреповтің халық жыры негізінде жазған 4 перделі, 7 суретті трагедиясы. Шығарма 1939 ж. сәуір айында жазылып біткен. Трагедия алғаш рет Қазақ академиялық драма театрында режиссер М.Г. Насоновтың сахналауымен 1940 ж. 29 сәуірде көрермен назарына ұсынылды. Спектакльге О.Жұмағұлов (Қозы Көрпеш), Ж.Жалмұхамедова (Баян), М.Шамова мен Р.Қойшыбаева, С.Қожамқұлов (Қарабай), Е.Өмірзақов пен Қ.Әділшінов (Жатық), Ш.Айманов пен Ә.Хасенов (Қодар), т.б. актерлер қатысты. Пьеса бірнеше рет орыс тілінде басылған, эстон тілінде кітап болып шыққан (1948, Таллин). "Қ. К. - Б. с." 1950 ж. Мәскеу драма театрында "Махаббат дастаны" деген атпен қойылды, сондай-ақ, КСРО Республикаларының театрларында бірнеше тілдерде сахналанды. Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасынан көрініс. Қозы - Т.Мейрамов, Баян - Б.Жанғалиева. Қазақ академиялық драма театры 1983 ж.
## Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі
Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ізі тек жырда ғана қалған жоқ, қос ғашықтың көзіндей болып келе жатқан мазар да бар. Бұл мазар Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жерде, Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Жалпы биіктігі – 12 метрге жуық. Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде болып келеді. Сырт жағынан ауданы 7,10x7,10 м, ішкі жағынан 3,38x3,38 м, жоғары қарай сүйірленіп, қүмбезделіп өрілген. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты туралы әртүрлі пікірлер бар. Бір зерттеушілер V-X ғасырда көтерілген десе, енді бірі X-XI ғасырда орнатылғандығы туралы айтады. Бұл кезеңдерде адам мүсіндері тастан ойып жасалынған және олар жоғары бағаланған. Қос мұңлық күмбезінің салынуы жайлы да түрлі деректер кездеседі. Соның бірі Жанақ ақынның жеткізуі бойынша, күмбезді Айбас 50 мың адаммен бірігіп салған. Ол үшін жақын жердегі таудан тастар әкелінген. Тау мен Аягөз өзенінің бойында көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеле тұрып, бір қолдан бір қолға беріп жеткізіп тұрған. Олар үш көш жерден (90 километр) тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез жасайды. Ол күмбез әлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді (Жанақ).<
Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.)
Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.)
Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.)
Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.)
Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ, Сурет болып бітіпті Аягөзге. (Жанақ.)
(Жанақ.)
(Жанақ.)
(Жанақ.)
(Жанақ.)
(Жанақ.)
(Жанақ.)
(Жанақ.)
(Жанақ.)
Халық аңызы бойынша, Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі қаланған тасты басқа бір таудан әкелген.Аягөз бойында тұрған бұл кешен мен оның ішіндегі мүсін тастар - исламнан көп бұрын жасалған өте ескі дәуірдің белгілері. Олар Түрік қағанаты кезінде (VI - VIII ғғ.) шыққан. Адамның суретін салған мүсін тасты халық сол кезден ерекше қадірлеген. Және бір ғажайып жері, олардың аты тек қана мүсін таста сақталып қоймай, жер аттарына да қойылып отырған. Оның зор дәлелі Баянның атымен аталатын сол жердегі «Баян жүрек» тауы, Аягөзге құятын екі өзеннің бірінің аты - Айтаңсық, бірінің аты - Айғыз. Бұлардың барлығы бір кездегі тарихта болған оқиғаны еске түсіріп, солардың халық ортасына көп тараған терең сырларын сақтап келген, әсіресе «Баян жүрек» тауы. Баян мен Қозы Көрпештің жиі қосылып сүйіскен жері деп білу керек.Ал қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың зерттеулеріне сүйенсек, Аягөз өзені бойында төрт балбал тастар болған. Тастан жасалған бұл мүсіндер жырдағы кейіпкерлердің нақты бейнелерін кейіптейді. Оның үшеуі әйел адамдар: Баян және Баянның сіңлілері Ай мен Таңсық, ал ер адам – Қозы. Жырдағы ең жарқын түрде айтылатын әдемі сурет Қозы Көрпештің кешені мен оның ішінде тұрған осы төрт мүсін тас. Олар туралы жырда былай делінген:
Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр,
Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр,
Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр,
Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр,
Суреті Аягөздің тасында тұр, Қабыры екеуінің қасында тұр,
Сондай-ақ, ғалым ескерткіштің биіктігіне таң қалып, «тоғыз адам бірінің үстіне бірі мініп тұрған кезде, ең үстіндегісі ғана күмбезге қол жеткізе алады» деген пікір білдірген. Жырды зерттегенде, ғалымдардың да аса көңіл қойып, қызыға қарағаны, әсіресе, Көрпеш пен Баян сұлудың тарихи заманнан келе жатқан ұлы мұнарасы, сәулетті етіп жасаған биік кешені. Ескі қазақтар ондай құрылысты «дың», «діңгек» деп атаған. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның көп жерінде осы күнге дейін сақталып келеді.Ескерткіш тек халық жадында, аңыз беттерінде емес, ақын жырларынан да өзіндік орнын алып жүр. Оған бірден бір дәлел – "Аяқтап болып махаббат дейтін сапарды,Қозы мен Баян моласы, міне, атанды.Қалауын қанша тапқаныменен, қара тас,Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды" – деп басталатын М.Мақатаевтың «Махаббат моласы» өлеңі.
## Аналогтары мен өңдеулері
Кейбір түркі халықтарының фольклорларында жырдың басқа нұсқалары кездеседі. Мысалы, башқұрттарда — «Кузы Курпеш мэнен Маян сылу», барабан татарларында — «Козы Корпеш», алтайлықтарда — «Козы Эркеш» деп аталады.Жыр желісі бойынша Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы, 1954 жылы сол Мүсіреповтың сценарийі бойынша «Махаббат туралы поэма» фильмі түсірілді.1992 жылы танымал қазақ режиссері мен актері Асанәлі Әшімов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» кинофильмін түсірді.
## Қызықты мәліметтер
* Әулие Валентин күні христиандық мейрам болғандықтан, «15 сәуір — Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күні», ғашықтар күні болып белгіленді. Бұл идеяны көтерген Дархан Мыңбай деген ОҚО тұрғыны. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келеді.
* Жырға сүйенсек Баянның сәлемдемелерін Қозыға жеткізер жолында Айбас барлығын әр жерде құлатып алған. Сол жерлер Баянның жіберген заттарымен аталған. Ал кейбір мекендерге Айбастың өзі атау беріп отырған. Мысалы: Жамшы (Тоқырауын), Қарқаралы, Домбыралы-Моншақты Баянауыл, Жауырбұғы және т.б.
## Сыртқы сілтемелер
* Қозы Қозы Көрпеш - Баян сұлу жыры
* Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы
## Дереккөздер |
Қоныс аудару, миграция (латынша mіgratіo – қоныс аудару, орын ауыстыру) – 1. демографияда – халықтың тұрғылықты мекенін, қонысын ауыстыруына байланысты көшіп-қонуы. Қоныс аудару халық өсуінің аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, ол халықтың жай ғана мекен ауыстыруы емес, әлеуметтік-экономикалық тұрмыстың сан алуан қырларын қозғайтын күрделі қоғамдық мәселе ретінде қаралады. Жерге қоныстану, жерді шаруашылық мақсатта игеру, өндіргіш күштерді дамыту, нәсілдердің, тілдердің, халықтардың құралуы, араласып-құраласуы сияқты мәселелер осы қоныс аударумен тығыз байланысты. Сыртқы (құрылық аралық және мемлекет аралық) және ішкі (мемлекет ішіндегі) қоныс аудару: аудан аралық қоныс аудару, халықтың ауылдық жерлерден қалаға көшіп-қонуы түрлеріне бөлінеді. Тұрақты (тұрақты не ұзақ мерзімге мекендеу үшін көшіп-қонуы) және уақытша, маусымдық (біршама қысқа мерзімге көшіп-қону) қоныс аударуы да мүмкін; қоныс Көші-қон; 2. биологияда – тіршілік ету ортасының өзгеруі немесе даму кезеңінің өзгерістеріне байланысты жануарлардың бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы. Балықтардың қоныс аударуын өрістеу деп атайды. Уылдырық шашу, қоректену және қыстап шығу үшін балықтардың белгілі маусымда, теңізден өзенге қарай, судың ағынына қарсы және теңіздердің ішкі жағынан жағалауға қарай жаппай жүзуін – анадромды қоныс аудару, ал кейбір балық түрлерінің уылдырық шашу үшін өзендерден теңізге қарай және теңіздердің жағалауынан ішкі жағына қарай өрістеуін – катадромды қоныс аудару деп атайды; Жануарлардың қоныс аудару; Құстардың қоныс аударуы.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қолжазба. Кемеңгер ақынның қолжазба мұралары осы күнге дейін терең зерттеліп, ғылыми тәртіпке келтірілмеген… Абай мен Шоқанға тиісті алғашқы мәліметтер Мәскеу мен Ленинградтағы, Омбы мен Томск қалаларындағы атақты кітапханалардан, архив қоймаларынан көріне бастады. 1938 ж. Ленинградтағы Күншығыс халықтарын зерттеу институтының архивінен табылды, ол інісі Халиуллаға жазған хаты еді. Онымен бірге Абайдың әкесі Қунанбай мен ұстазы Ғабитханның да Халиуллаға жазған екі хаты шықты. Бұл хаттар 1856-66 ж. жазылған. Ол-тіршілік майданына жаңа шығып жүрген жас Абайдың өмірі туралы қағаз бетіне тұскен бірінші деректер деуге болады. Бұлар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1959 жылғы 6 нөмірінде жарияланды. Хаттардың қазіргі сақталып тұрған жері — Азия халықтарын зерттейтін институттың архиві (5-қор, № 13). Халиулла Омбыінің кадет корпусында оқыған, Абайдың жақсы көрген інісі, Шоқан сияқты әрі ойшыл, әрі жазушы болған. Бірақ жастай өліп, артында оншалық ізқалдырмаған. Абай орыс әдебиетінің терең сырларын, оның биік түлғаларын ең алғаш осы Халиулла арқылы білген… Абайдың қолжазба мұраларынан жақсы танылғаны - Мүрсейіт қолжазбасы неоның кейінгі көшірмелері. Мұны Абай өлеңін толық қамтыған, аса бағалы, негізгі бұлақ көзі деуге болады. Бұл жинақтың тағы бір ерекшелігі — үлкен кітапханада сақталмай, ауылда, сандық ішінде сақталып келген. Сандық түбінде жатқан сирек қолжазбалардың көбі бізге жетпей, көшпелі тұрмыс жағдайында жоғалып отырғаны зерттеуші ғалымдарға бұрыннан мәлім. Егер Мүрсейіт қолжазбасының тағдыры тап осындай болса, онда Абай ақынды жарыққа шығару тіпті қиынболареді. Бірақ Абай ауылының өзгеше мәдениеттілігінен бұл тамаша қолжазба жоғалып кетпей, кітапханадағыдай сақталып, енді жасұрпаққа сәулетті мұраның бірі болып отыр. Тегінде, Абай өлендері өзінің тірі күнінде қолжазба түрінде жинақталып, орыс ғалымдары арқылы, жоғарыда көрсетілгендей, үлкен кітапханаларға да түсе бастаған. Осы соңғы жылдар ішінде, Шоқанның әдебиет мұраларын зерттеу үстінде Абай шығармаларының төрт тізбегін тапты. Олар: бірінші кінез В. А. Кудашевтің тізбегі, екінші Садуақас Қүсаұлының тізбегі, үшінші Г. Н. Потаниннің жинағы, төртінші Н. Я. Коншиннің жинағы. Бұлардың ішінде ең ертеректе жазылғаны — Потаниннің жинағы. Соңғыжинақ 1884ж. жазылған. Потаниннің өтініші бойынша бұл өлеңдер тобын Абай өз қолымен жазып жіберген. Конвертте: «Из Чингизской волостиот А. К.» деген жазуы бар. Потанинге жіберген Абай өлеңдері көпшілікке тіпті мәлім емес, түгелдей жаңадан табылған өлендер. Сондай-ақ жинақтың ішінде үлкен поэма «Қозы Көрпеш — Баян қыз», «Жаңа закон» т. б. бар. Мұнда халық эпосы, заң-жоралар туралы мәліметтер орасан көп. Оның көбі Күншығыс (қазақ, қалмақ, моңғол, якут) тілдерінде. Өйткені, көзіашық, көкірегі саналы адамдардың Потанин сияқты өздері жанындай сүйетін кемеңгер кісіге жазбай қалғандары кемде-кем. Абай өлеңдерінің бірінші рет топталған қолжазба жинағын Садуақас тізбегі деуге болады. Тегінде, мұны бірінші рет тізген МәшҺүр Жүсіпақын Көпейұлы, ал Садуақас оларды өз дәптеріне содан көшіріп жазған. Жинақ 1884-91 ж. арасында тізілген. Абай шығармаларынан басқа да мұнда бірнеше ақынның жырлары жиналған. Оның ішінде қарауыл Арыстан, Тобылбай ақынның, Жусіп пен Садуақастың өздерінің т. б. жазғандары бар. Садуақас осы дәптерін 1897 ж. Петербургқа барған сапарында Петербург университетінің профессоры, қазақ тілін, әдебиетін зерттеуші ғалым П. М. Мелиоранскийге сыйға тартқан. Қазір бұл дәптер Салтыков Щедринатындағы көпшілік кітапханасында, акад. А. Н. Самойловичтың архивінде сақтаулы түр. Бұл дәптерде Абай өлеңдері барын Мелиоранский де, кейін Самойлович те білмеген. Садуақастың бұл дәптері қазақ қолжазбаларының ішіндегі маржандай тізілген көркемініңбірі. Садуақас орыс әдебиетін, Күншығыс халқының әдебиет дүниесін жақсы білген, мәдениетті кісі болғандықтан, Абай шығармаларына зор мән беріп, оны өз қолымен мүлтіксіз көшіріп, ғылыми кітапханаларға тапсыруы игілікті іс болған, Садуақастың бұлай істеуіне Шоқан мен Потаниннің әсері себеп болуында сөз жоқ. Садуақастың осы дәптерінен бұлжытпай кешірген бір нүсқасын (1897) Кудашев қазіргі мемл. геогр. қоғамының кітапханасына тапсырған. Ол осы күнге дейін сол қоғамның архивінде сақтаулы тұр… (В. А. Кудашев. «Перевод киргизских песен и легенд»)… Кудашевтың жинағы Садуақас дәптерінен кешірілгені басынан аяғына дейін айқын көрініп тұр. Бұл дәптердің жалпы құрылысын ешбір өзгертпестен, онда не болса соның баршасын тегіс көшірген… Семейге айдаумен келген орыс революционері Коншин — Абайды жақсы білген кісінің бірі. Ол Семейдің облысы статист. комитетінде хатшы болып тұрғанда, Абайды оған құрметті мүшелікке өткізіп, П. Е. Маковецкийекеуі Абайданқазақтыңбұрынғы билік заңдарын, жора-жосындарын жазып алып отырған.
Н. Коншиннің жинағында Абай шығармалары соншалық көп емес. Ол кісі, көбінесе, саяси-шаруашылық тұрмысқа ерекше көңіл қоятын болғандықтан, Абайдың тек қана азаматтық сарыны бар, мәдениетті, білімді, тұрмыстыжырлаған өлеңдерінғана жазып алған. Мәселен, бұл жинақта «Шоқпардай кекілі бар қамыс қүлақ», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген Абай өлеңдері, бүдан басқа «Өткен замандағы қазақ хикаялары» дегендер бар Бұл соңғы шығарма әлі жарыққа шықпаған, белгісіз жатқан соны нәрсе, барлығы 29 бет. Коншиннің жинағы 1898-1901 ж. тізілген. Бұл жинақтың негізгі арқауы Абай, Шортанбай, Жаяу-Мұса өлендерінен қүрылған.
Абайдың өзіне тән мұрасымен қатар, оның өмірбаянына керекті мәліметтерде Мәскеу, С.-Петербург, Омбы, Томск кітапханаларында, архивтерінде көздесіп отырады. Сондай күрделі деректердің бірі — Абайдың әкесі Құнанбаймен оның балаларын патша үкіметі айыптап, тергеу жүргізген істер. Бұл документтер Омбы мемлекеттік архивінде…
## Дереккөздер |
Қопа-Іле Артезиан Алабы– арынды жер асты суы. Іле және Жетісу Алатаулары аралығында, батысында Шу-Іле таулары және Қараой үстіртімен шектелген ірі, әрі өте күрделі тауаралық ойпатта орналасқан. Қазақстандағы жалпы аумағы – 25 мың км². Су қоры қалыңдығы 4500 метрге дейінгі мезозой-кайнозой шөгінділерінде қалыптасқан. Алаптың тау беткейлеріне жақын шеттеріндегі жер асты сулары арынсыз, көбінесе тұщы, темпетратурасы 10 – 16 градус; орталық бөлігіндегі қабаттар суы арынды, ашқылтым, тұзды, температурасы 40 – 120 градус. Қабаттардағы ұңғымалардың су өнімділігі 10 – 25 л/с-тен 80 – 120 л/с-ке жетеді. Құрамында (мг/л есебімен) йод (2 – 16), бром (10 – 60), бор қышқылы (6 – 20), кремний қышқылы (2 – 16), стронций (3 – 4), радон (5 – 7 эман) бар. Қопа-Іле Артезиан Алабының пайдалануға болатын жалпы болжамдық қоры 217 миллион м3. Ол ауыз су ретінде, жер суаруға, емдеу орындарында (Жаркент-Арасан, Көктал-Арасан, т.б.) пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қорам — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қорам ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде.
## Тарихы
Ауыл 1961-1997 жылдары темекі өсіру бағытындағы кеңшардың орталығы болған. 1997 жылдан кеңшар негізінде ӨК, кейіннен ЖШС және 1140-қа жуық шаруа қожалығы құрылды. Елді мекеннің оңтүстігіненнен 6 км жерде, Бақай тауының етегінен Үлкен Алматы каналы өтеді. Тау баурайында Қорам минералды су бұлақтары орналасқан. Ауыл осы өңірде туып өскен батыр Қорам Сарымырзаұлы (1831 – 1907) есімімен аталған.
## Дереккөздер |
Қорғалжын – Нұра алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысының Қорғалжын ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 307,5 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Ауданы 330 км2, ұзындығы 33 км, ені 21 км, орташа тереңдігі 1,6 метр, ең терең жері 3 м, суының мөлшері 0,5 км3-ге жуық. Су жиналатын алабы 55 мың км2. Солтүстік және шығыс жағасы жарқабақты, батыс және оңтүстік бөлігі жайпақ. Алабының көпшілік жері егістік, қалған жері жайылым. Нұра өзені және көктемгі қар, жауын-шашын суымен толығады. Суының минералдылығы 0,7 – 3,5 г/л.
## Көл байлығы
Балық (тұқы, мөңке, алабұға, шортан, аққайран, т.б.) көп. Жағалауында аққу, бірқазан, барылдауық үйрек, балшықшы, т.б. құстар, қамыс арасында жабайы шошқа кездеседі. Қорғалжын және Теңіз көлдерінде Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған.
## Дереккөздер |
Қорамсақ, қорамса, қорам – садақ оғы (жебе) қабының бір түрі. Бұл әскери жабдықтың атауы қазақ тіліне монғол тілінен ауысқан "хоромсог" сөзінің өзгерген түрі, ауыз әдебиетінде кейде "қорамсақ", "қорам" деген вариантары да қолданылады. Түркі халықтары 13 – 14 ғасырдан бастап кеңінен қолданған. Қазақ жауынгерлері қорамсақты 19 ғасырға дейін қолданған, ол әскери жабдық ретінде ауыз әдебиетінде жиі айтылады.
## Жасалуы
Орта ғасырларда көшпелі халықтарда жақтың оқтарын салып алып жүретін жабдық – қылшан қайыңның тозынан жасалса, XІV-XV ғасырларда көшпелі түркі-монғол халықтарында оқ қабының жұмсақ материалдан (теріден, матадан) жасалған, қорамсақ деп аталатын жаңа түрі қолданысқа енеді. Қазақ қорамсақтары теріден, матадан тігіліп жасалып, ішінде үш бөліктен (оң жақ қыры, сол жақ қыры және түбі) тұратын ағаш қаңқасы болады. Ұзындығы 50 – 60 см, ені 15 – 20 см болды. Оқтар қорамсақта түзу тұруы үшін кейде қорамсақтың ауызына қайыстан өрме жасалып, оқтар осы тесіктерінен өткізіліп басы төмен қаратылып салынды. Қорамсақ жасауға терінің барлық түрі – былғары, көн, сақтиян, көксауыр қолданылған. Қорамсақтың бет жағы теріге баспалау әдісімен бедерленген өрнекпен, металл (алтын, күміс, жез) жапсырмалармен әшекейленді. Матадан тігілген қорамсақтардың беті түсті жібек жіптермен кестеленді. Әдетте жақтың қабы садақ пен қорамсақ бірдей материалдан жасалып, біркелкі әдіспен көркемделді.Оқ салынған қорамсақ жауынгерлік белдікке жақтың қабы – садақпен бірге, оң жақтан аузы кейде артқа, кейде алға қаратылып тағылады. Шығыс бейнелеу өнері деректері батырлардың түрлі әскери дәреже белгісі ретінде қорамсаққа шашақ, аңның (қабыланның, жолбарыстың) құйрықтарын таққанын көрсетеді. Қабыланның құйрығын қорамсаққа қолбасылар, хандар атақты батырлар таққан (барқыт, парча т.б.).
## Символдық мәні
Көшпелі түркі-монғол халықтарында жоғары билік белгісі, жоғарғы мемлекетік символдар, хандық билік атрибуттары болған жақ пен оқты салып алып жүретін жабдықтары да осындай символдық мәнге ие болды. Мемлекеттік символдар ішінде қорамсақ мемлекеттің өзін өзі қорғау мүмкіндігін тұспалдады. Бұл жоғары билік белгісі – садақ пен қылшанды ұстап жүруге арнайы адамдар – "қару ұстаушылар" (курчи) тағайындалып, олар ханның жеке гвардиясының құрамына кірген. Ханның жанында жүретіндіктен көшпелі халықтарда бұл қызметке көбіне ақсүйектер әулетінен шыққан адамдар тағайындалды.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко–татарских наречий в двух томах. Спб: Типография императорской Академии наук, 1869;
* Валиханов Ч.Ч. Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи // Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Алма-Ата: Издательство Академии наук Каз ССР, 1961;
* Кайдаров А.Г. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистическое объяснение // Известия АН Каз ССР. Серия общественная. 1976. No 6. С. 24-35;
* Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Знак и ритуал. Новосибирск: Наука, 1990;
* Базаров Б.В., Ням-Осор Н. Из истории символики и атрибутики монгольской государственности // Этнографическое обозрение. 2003;
* Ахметжан Қ.С. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. Ғылыми редактор және алғы сөздің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: Алматыкітап, 2006. |
Қордабаев Төлеубай Рақымжанұлы (12.12.1915, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы 9-ауыл – 27.4. 2000, Алматы) – ғалым, филология ғылымының докторы (1968), профессор (1970), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976). 1940 ж ҚазПИ-ді бітіріп, МХР-дің Баян-Өлгей аймағында қызмет істеді. 1946 – 93 ж. ҚазПИ-де, Қыздар педагогикалық институтында, Жоғарғы партия мектебінде, Қарағанды мемлекеттік университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі болды. Қордабаев 10-нан астам оқулық, ғылым-зерттеу еңбектер, монография жазған. Негізгі ғылым-зерттеу жұмыстары қазақ тілінің тарихи синтаксисіне, мақал-мәтел және поэзия синтаксисіне, тіл графикасы мен орфографиясына, лексикасы мен лексикографиясына, сондай-ақ жалпы тіл білімі мәселелеріне арналған. Тіл тарихы мен оның құрылымдық мәселелерін зерттеген көрнекті ғалым Қордабаев “Еңбек Қызыл ту”, МХР-дің “Алтын ғадас” орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Қорғалжын ауданы — Ақмола облысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Орталығы – Қорғалжын ауылы.
## Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Егіндікөл, Астрахан аудандарымен, шығысында Целиноград ауданымен, оңтүстігінде Қарағанды облысының Нұра ауданымен шектеседі. Аудан негізінен Теңіз-Қорғалжын ойысында орналасқан. Жер бедері сәл белесті жазық.
## Тарихы
Қорғалжын ауданы 1928 жылы Ақмола округінің құрамында бұрынғы Қоңқор-Қорғалжын, Қорғалжын, Соналы, Жақсыкөң, Сарыөзен болыстары мен Қарақойын болысының бір бөлігінен құрылған (03.09.1928 жылғы БОАК Қаулысы).
Аудан құрылған уақытта жер аумағы 34 030 шаршы шақырымды құраған. 1930 жылы мұнда 11 ауылдық кеңес, онда 327 ауыл-қыстау, 3 шағын орыс ауылдары (оның ішінде 1907 жылы құрылған Сабынды хуторы) болған. Сол жылы ауданда 17 мектеп, 73 сауатсыздықты жою пункті, 3 оқу үйі (изба-читальня), 1 политмектеп жұмыс жасаған.
1932 жылы 20 ақпанда Қарағанды облысы құрылды. Оның құрамына 23 аудан, оның ішінде Қорғалжын ауданы да енді. 1941 жылы тұрғындардың өтінішімен аудан Ақмола облысының құрамына беріледі. Сол уақытта ауданда 13 мың адам тұрған және 1933 шаруашылық біріккен 32 ұжымшар болған.
Бұл жылдары халық арасында сауатсыздықты жою негізінен аяқталған болатын. 28 мектеп, оның ішінде 1 орта, 4 орталау, 23 бастауыш мектеп жұмыс істеген. Оларда 1693 оқушы оқыған. Ауданда 14 орындық бір аурухана, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет еткен. 4 балабақша, қонақүй мен 10 кісілік монша да болған.
1954 жылы 290 мың гектар жаңа жер игеріліп, 7 кеңшар құрылды: Абай атындағы, Армавирский, Полтавский, Буревестник және Ушаков атындағы. Онда 3 мыңға жуық жаңа қоныстанушылар келді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 1970 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығымен облыста Краснознамен ауданының құрылуына орай Қорғалжын ауданының Абай атындағы, Армавирский, Буревестник, Калинин атындағы, Коммуна, Краснознаменский, Ушаков атындағы (бұрын Астрахан ауданына берілген «Полтавский» кеңшары), яғни барлық тың кеңшарлары жаңа Краснознамен ауданына беріледі.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен 1977 жылы 5 ақпанда облыс құрамында Қорғалжын ауданының бір бөлігінен Теңіз ауданы (кейін Қарағанды облысына берілген) құрылады. Жаңа ауданға 11554 халқы бар Аршаты, Баршын, ХХII партсъезд атындағы, Сарыөзен, Соналы, Талдысай кеңшарлары беріледі.
## Климаты
Климаты континенттік. Қысы ұзақ (қар 180 күндей жатады, қалыңдығы 20 сантиметрдей), боранды (20 күндей), суық. Қаңтар айының орташа температурасы –17 – 18 градус. Жазы қоңыржай ыстық, қуаң (50 күндей). Шілде айының орташа температурасы 20 – 21 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 миллиметр. Аудан жері арқылы Нұра, Құланөтпес өзендері ағып өтеді. Көлдер өте көп: негізгілері – Қорғалжын, Теңіз, Қоқай, Асаубалық, Сұлтанкелді, Есей, Шолақшалқар, Жәнібекшалқар, Шишалқор, Қарасор, Құмкөл, Алакөл, т.б.
## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Топырағы қоңыр, күңгірт қоңыр, Нұраның аңғары қара топырақты. Аудан жерінде жабайы шошқа, қоңыр түлкі, қарсақ, борсық, қоян, күзен, ақ тышқан, қосаяқ, су тышқаны, ондатра; құстардан: қоқиқаз, қаз, үйрек, аққу, аққұтан, қызғыш, т.б. көптеген су құстары мекендейді. Көлдерінде мөңке, алабұға, оңғақ, лақа, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан аумағында мемлекеттік Қорғалжын қорығы орналасқан.
## Халқы
Тұрғындар саны 8815 адам (2019).Ұлттық құрамы: қазақтар (87,90%) , орыстар (6,95%) , украиндар (1,78%) , беларустар (0,56%) , немістер (1,17%) , басқалары (1,64%)
Халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4 адамнан келеді.
## Әкімшілік бөлінісі
Аудан аумағындағы 18 елді мекен 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Шаруашылығы, инфрақұрылымы
Ауданда май зауыты, сүт цехы, диірмен, наубайхана, тұрмыстық комбинат, құрылыс, автокөлік мекемелері, типография, астық пункті, т.б. бар. Аудандағы 17 ЖШС, 184 шаруа қожалығы, 3 тағам өңдейтін кәсіпорын, 88 сауда орындары халыққа түрлі салада қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық жері 656,5 мың гектар, оның 46,1 мың гектары егіндік, 28,2 мың гектары шабындық, 382,8 мың гектары жайылым, 199,5 мың гектары тыңайған жер. 2001 жылы 8,5 мың сиыр, 4,2 мың қой мен ешкі, 3,6 мың жылқы, 0,6 мың шошқа, 12,6 мың құс болды. Оқу, білім беру және мәдениет салаларында мектепке дейінгі 8 балалар мекемесі, 5 бастауыш, 8 орталау, 11 орта мектеп, 33 кітапхана, халық театры, мұражай, 22 клуб, 3 мәдениет үйі бар. Денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен аудан аурухана, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшер-акушерлік пункт болды. Аудан “Шамшырақ нұры” (1934 жылдан), “Свет маяка” (1957 жылдан) газеттері шығарылады.
## Дереккөздер |
Қордай сөзінің келесі мағыналары бар:
* Қордай
* Қордай ауданы
* Қордай желі
* Қордай көтерілісі
* Қордай ауылдық округі
* Қордай қызыл гранит кен орны |
Қордай қызыл гранит кен орны - Жамбыл облысының Кіндіктас тауы баурайындағы Бетқайнар ауылының солтүстік-шығысында (17 километр). Ол 1956 жылы барланып, 1962 жылдан бастап пайдаланылады.
## Жатыс сипаты, құрамы
Кен орнының жалпы ауданы 6,5 км2. Граниттің түсі қызыл, құрамында плагиоклаз, кварц, калийлі дала шпаты (25%-ға дейін) және биотит (3-5%) бар. Граниттің қысымға төзімділігі 1060-1950 кг/см2, су сіңіру қабілеті 0,05 – 0,3%. Жұмсару коэффиценті 0,56 – 0,99, тығыздығы 2500 – 2740 кг/м3.
## Қолданысы
Гранит массасын тіліп, қалыңдығы 25 – 80 мм плиталар алынады. Түсіне және блоктардың ірілігіне (1x2x3 м) байланысты Қордай қызыл гранит кен орны үйлердің, ғимараттардың сыртын безендіруге, мүсін жасау материалы ретінде қолданылады.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Қоржын – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.
Басқа мағыналар:
* Қоржын – иірілген жүннен тоқылған үй бұйымы.
* Қоржын – Windows ортасының жүйеге қызмет ету программасы немесе жүйелік бумасы
* Қоржын – экономиканың барлық аяларын пайымдауға арналған атаулар. |
Қоржынкөл темір кен орны - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында орналасқан. 1948 жылы аэромагниттік түсірім кезінде ашылған. 1948-1956 жылдары Д.Д. Топорков, Д.А. Онтоев, т.б. ғалымдар зерттеген.
## Геологиялық құрылымы
Торғай қолатындағы Басты темірлі белдеудің ортаңғы бөлігінде, Соколов-Сарыбай антиклиналының солтүстік-батыс қанатында визе-серпухов жанартаутекті-шөгінді жыныстары мен диоритті-порфиритті интрузиялар жапсарында орналасқан.
## Жатыс сипаты
Кен сыйыстыру қалыңдығы 600 м. Кен денесі заттық құрамы жағынан бастапқы (тұтас магнетит, кентасты женттастар мен скарндар) және тотыққан (мартит, жартылай мартит) болып бөлінеді. Кен белдемінің созылымы 2000 метр, құламасы 1000 метр шамасында. Қалыңдығы бірнеше метрден 250 метрге дейін.
## Минералдары, құрамы
Кеннің минералдық құрамы кальцит-тремолит-магнетитті, флагопит-магнетитті диопсид-магнетитті. Кендегі темірдің мөлшері 49,3%, күкірт 2,21%, фосфор 0,02%. Қоржынкөл темір кен орны орта кендер қатарына жатады.
## Дереккөздер |
Қорқыт ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 ж. Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; Қорқыт Ата ескерткіші.
Қорқыт ата дананың қабiрi кай жерде екенін тап басып айту мүмкін емес. Оның мазары туралы көнекөз адамдардың әрқайсысы әр түрлі айтады. Неғұрлым анығы хәм атақтысы — Сырдарияның төменгі ағысындағы Қармақшы кыстағының маныңдағы мазар. Осы мазар ұзыннан созылған сегіз қырлы үлгіде, төбесі күмбезделіп салынған. Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Мазарға жалауы бар ұзын сырғауыл койылган. Өкінішке орай, Сырдарияның ағынды суы бұл күмбез бен қабір басындағы белгіні баяғыда шайып жіберген. Қазір сол жерге жаңа күмбез салынған.Коркыты ата күмбезді мазарынан әр кез қобыз күйі естіліп тұрған деседі. Оның жаңа кесенесі төрт қобыз бір-6ipiнe суйеніп тұрғандай етіп биікке салынған, одан қобыздың сырлы әуені шығып жатқандай болады. Халық арасында Қорқыт ата қобыз бен күйдің атасы саналады. Ол өзі ойлап тапқан қобызбен күй тартып, ажалды жолатпаған екен. Қорқытты ел шежіресінде мәңгілік өмір жыршысы, бақсылардың атасы, ұлы сазгер ретінде қастерлейді.
## Дереккөздер |
Қоржынкөл – Елтай темір кенді торабы – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы темір қоры шоғырланған аймақ. Торғай қолатындағы басты темірлі белдеудің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Жалпы ұзындығы 40 – 50 километр, ені 10 – 12 километр Құрамына Қоржынкөл, Қожай, Елтай-І, ІІ, ІІІ, ІV, Козырев, Воронин, Лисаковск, т.б. кендер мен кен белдеулері кіреді. Аталған кендерді Орал геофизика тресінің экспедициясы ашты (1947–1949).
## Геологиялық құрылысы
Олардың геологиялық құрылысы негізінен Соколов, Қоржынкөл, Давыдов свиталарының жыныстарынан тұрады. Кендердің скарнді қабаттары Соколов, Қоржынкөл свиталарының карбонатты-жанартаутекті бөлімдерінде, ал темірлі-кремнийлі қабаттары андезитті-базальтты порфириттерде, туфтарда, туффит бөлімдерінде орналасқан. Кендер антиклиналды құрылымдардың қанаттарында, кейде ядроларында кен сыйыстырушы жыныстардың Соколов-Сарыбай интрузияларымен жапсарында кездеседі.
## Жатыс сипаты, құрамы
Қабатты, линзалы, штокверкті, желілі, діңгек пішіндес, қалыңдығы 15 – 50 метрдей кен денелері 50 – 700 метр тереңдік аралығында орналасқан. Кендегі темірдің мөлшері 27 – 72%. Кен құрамында магнетит, мартит, гематит, амфибол, пироксен, кальцит, аздап эпидот, гранат, пирит, пирротин кездеседі. Сондай-ақ Елтай кен орындарында жапсарлы-метасоматиттікпен қатар жанартаутекті-шөгінді кендер анықталған. Қоржынкөл темір кенінен басқасы әлі толық игерілмеген.
## Дереккөздер |
Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы,Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар; қ. Биосфералық қорық.
## Дереккөздер |
Қорым– ертедегі ғұрыптық жерлеу орны. Қорым, негізінен, тастан қаланып, кейде топырақтан тұрғызылған немесе қиыршық тастан үйіп жасалған бірнеше обалардан, қорған-қоршаулардан тұрады. Мұндай жерлеу орындары көбіне шығыстан батысқа қарай қатар орналасады. Қазақстанда қола, темір дәуіріне жататын қорымдар біршама зерттелген. Мысалы, Бесшатыр Қорымы үлкенді-кішілі 31 обадан, Бесоба Қорымы 12 обадан, Жуантөбе Қорымы (Іле өзенінің сол жағалауы) 300 обадан, Берікқара Қорымы (Талас өзені бойы) 500 төмпешіктен тұрады. Кейде обалардың диаметрі 100 метрден, биіктігі 20 метрден асады. Үйінді астында тас жәшік, циста, ағаштан жасалған төртбұрышты немесе дөңгелек саркофагтар да кездеседі. Қорымдардағы ескерткіштер мен табылған әшекей заттар, бұйымдар байырғы тұрғындардың әлеуметтік даму деңгейін, дүниетанымын, қоғамдық қатынастарын анықтауға мүмкіндік береді.
## Дереккөздер |
ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғ-да бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен акад. В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этник. мұра ретіндегі “Қорқыт Атаның кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этник. тегі, этнографиясысы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр.
## Тарихы
Қорқыт ата кітабы тұңғыш зерттеушісі неміс ғалымы Н.Ф.Диц өзінің "Аталар сөзі" атты түркі мақалдардың жинағында Қорқыттың Оғыз ұрпағынан шыққан, көп халықтардың әулие тұтатынын ескертеді. Зерттеушілердің айтуынша Қорқыт ата кітабы бір жылда жасалған не бір ғана оқиғаға байланысты пайда бола қалған шығар емес,ол халықтардың ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде қалыптасқан,ұзақ жылдар қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы.Ол ертеде жыр, ертегі,әңгіме түрінде өмір сүріп келген, кейін біріктіріліп,үлкен бір эпосқа (жырға) айналған.Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысы десек,онда оң шақты ғасыр ішінде өмір сүрген, оң шақты ру, тайпа ұлытарының өткен дәуіріндегі оқиғалар суреттеледі. Жыр оқиғасының бірі Алтайда болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде немесе Сыр бойында, Сардала мен Кавказда өтіп жатады. Бұлай болуы оғыздардың бір кездерде сол өлкелерді жайлап өткендігіне байланысты еді. Сондықтан Қорқыт ата кітабына бір ел, не бір ғана халық ие боп меншіктей алмайды,онда бірнеше хаықтың үлесі.
## Кейіпкерлер
Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор,Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз,Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстем|Рүстемдер жатады. “Қорқыт Атаның кітабында” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған.
Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник. атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қ. Қорқыт ата). “Қорқыт Атаның кітабында” Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 ж. ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедиялық жинағы жарыққа шықты (1999).
## Дереккөздер
(Т. Қоңыратбай)
Аблаев Бауыржан |
Қордай ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілк бөлік. Алғашында (17.1.1928) Алматы округінің құрамында, кейіннен (14.10.1939) Жамбыл облысына қосылады. Аумағы 8,9 мың км². Орталығы – Қордай ауылы.
## Географиясы
Батысында Шу ауданымен, шығысында Алматы облысының Жамбыл ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Қордай ауданының жері негізінен таулы. Солтүстік және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр (биіктіктері теңіз деңгейінен 1000 м-ден жоғары). Кіндіктас, Жетіжол, т.б. тау жоталары ауданның орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Шу аңғары жазық келген. Аудан жерінде кен байлықтарынан гранит (2,6 млн. м³), әктас пен тақтатас (87,4 млн. т), аглопоритті құм (3,1 млн. м³), флюорит (0,467 млн. т), алтынды кентас (0,305 млн. т), молибден (12,2 мың т) және құрылыс тастары кені (8,05 млн. м³) барланған. Олардың кейбіреулері өндірілуде.
## Климаты
Климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы –8 – 10 °C, шілдеде 22 – 24 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм, олардың басым бөлігі күз және қыс айларында жауады. Аязсыз мерзімі 150 – 180 күн.
## Табиғаты
Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетіжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның орталық және оңтүстік-шығысынан Іле өзенінің алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Өзынсу т.б. өзендер ағады. Қақпатас, Қарақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер салынған. Олардағы судың жалпы сыйымдылығы 18,7 млн. м³. Олар аудан шарушылықтарының 4,5 мың гектар жерін суарады және суландырады. Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты тоғандары бар. Шу өзенінен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиевка каналы.
Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сор, қызыл қоңыр, солтүстігінде (Қопа және Қараой жазығында) сұр, сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл т.б. тіршілік етеді.
## Халқы
Тұрғыны 143 827 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (49,62%), дүнгендер (33,81%), орыстар (9,93%), әзербайжандар (2,68%), қырғыздар (1,06%), түріктер (0,71%), немістер (0,30%), басқалары (1,90%).
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 41 елді мекен 19 ауылдық округке біріктірілген:
## Ауыл шаруашылығы
Аудан шаруашылығы негізінен қант қызылшасын, сүтті-етті мал, қой өсіру, астық өндіруге маманданған. Аудан шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 234,0 мың гектар, оның ішінде жыртылған жері 52,6 мың гектар (13,6 мың гектары суармалы), көп жылдық өсімдіктер 0,508 мың гектар жерді қамтиды. Шабындығы 4,8 мың гектар, жайылымы 180,0 мың гектар. 2001 ж. дәнді дақылдар 70,5 мың гектар жерді, қант қызылшасы 0,1 мың га, майлы дақылдар 4,2 мың гектар, темекі 82 гектар, картоп 1,5 мың гектар, көкөніс 4,0 мың гектар, бақша егісі 1,2 мың гектар жерді қамтыды. Сонымен қатар, 484 гектар жерге жемістік және жүзімдік дақылдар отырғызылған.
Ауданның барлық меншік түрлерінде (2001) 30,4 мың сиыр, 15,2 мың шошқа, 207,6 мың қой мен ешкі, 6,5 мың жылқы, 175,1 мың құс болған. Аудан шаруашылығы өнімдерін өндіретін 10 ассоциация жұмыс істейді.
2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда халыққа түрлі салада қызмет көрсететін 668 шаруа қожалығы, 9 ӨК, 4 АҚ және 9 ЖШС болған.
Ауданда 2001 жылдың басында 730 трактор, 180 комбайн, жем-шөп жинайтын 54 комбайн, қызылша жинайтын 3 комбайн болды. Ауданда 10 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ассоциациясы болған. Элита тұқымды және тұқым шаруашылықтарынан астық бағытындағы «Достық» өндірістік кооперативі және «Қайнар» акционерлік қоғамы «Стекловидная – 24», «Безостая – 1», «Богарная – 56», «Интенсивная», «Жетісу» сорттарын өндірумен шұғылданды. 2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда 668 шаруа қожалықтары құрылып, олар жоғарыда айтылған көрсеткіштерге жетті. Ал, шаруашылық субъектілерінің ұйымдастыру-құқықтық түрлерінің саны аудан бойынша 1.10. 2001 ж. 690-ға жетті, оның 668-шаруа қожалығы, 9 өндірістік кооперативті. Ауданда 4 акционионерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі 9 серіктестік тіркелген.
## Әлеуметтік нысандар
Қордай ауданында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттің филиалы, Ноғайбай ауыл шаруашылығы колледжі бар. Одан басқа, ауданда мектепке дейінгі 1 балалар мекемесі, жалпы білім беретін 48 мектеп, мәдениет объектілерінен 28 мәдениет үйі, 2 музей, 38 кітапхана, денсаулық сақтау мекемелерінен 4 аудандық аурухана мен емханасы, 14 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлі-акушерлік пункт және 12 фельдшерлі пункт болды. Ауданда әр түрлі 37 діни бірлестік бар. Оның ішінде 32 мешіт, одан басқа православиялық шіркеу, Свидетели Иегова, евангелиялық (баптистер), христиан адвентистерінің «7 күн» деп аталатын бірлестіктері тіркелген.
## Аудан экономикасы
Ауданда шағын кәсіпкершілікпен айналысатын мекемелердің 10,5% – өнеркәсіп өнімдері саласында, 13,2% – ауыл шаруашылығында, 30,9% – саудада, 2,6% – көлік және байланыс, 4,6% – құрылыста, 0,6% – қонақүй мен мейрамханаларда, қалған 37,5%-і басқа салаларда қызмет істейді. 1991 ж. қарағанда 2001 жылы өнеркәсіп өсімі 20,9%-тен 91,1%-ке, яғни 4,5 есеге жуық өсіпті. Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 16 шағын кәсіпорын, ауыл шаруашылығында – 20, құрылыста – 7, көлік және байланыс саласында – 4, саудада – 47, қонақүй мен мейрамханада – 1, басқа салаларда 57 шағын мекемелер қызмет көрсетеді.
Қордай өңірі қазақтың халық ақыны, әнші Кенен Әзірбаевтің өмірімен тығыз байланысты. Аудан жерімен республикалық маңызы бар автомагистраль өтеді. Аудан орталығы – Қордай ауданынан Тараз қаласына дейінгі қашықтық 300 км-ді құрайды.
## Әкімдері
* Құрманғали Уәлиұлы Уәли әкімшілік басшысы 1992-95, әкім (02.1998-07.2007)
* Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаев 2007—2009 жж.
* Ілияс Әлімұлы Тортаев (желтоқсан 2009 — қаңтар 2012)
* ?
* Нұржан Сәбитұлы Календеров 28 шілде 2013 года - 31 желтоқсан 2013 года
* Қайрат Әскербекұлы Досаев (17.02.2014-2017)
* Байтөле Болатбек Байқонысұлы 27 наурыз 2017
## Ауданнан шыққан тұлғалар
* Марат Мәзiмбай (12.4. 1974) — кәсіпқой боксшы, IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
* Кенен Әзірбаев (1884-1976) — қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
* Айгүл Иманбаева — (15.03.1977) Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) эстрада әншісі, актриса.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
* Саят Медеуов - (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
* Мақсат Базарбаев - (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) әнші
* Несіпбек Дәутайұлы - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен аулының тумасы, жазушы, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты
* Марал Ысқақбай - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
* Мұхтарбай Өтелбаев - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер аулының тумасы, академик, Профессор
## Дереккөздер |
Қорымдық мұздығы – Күнгей Алатауы жотасының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Шілік өзені алабында. Ұзындығы 4,9 км, ашық бөлігі 4,5 км.
## Аумағы
Ауданы 6,0 км2, фирн (мұзқар) алаңы – 2,5 км2, ашық тілі 3,2 км2 , көмілген бөлігі – 0,3 км. Мұздықтың толығу аймағы 4260 м биіктіктен басталады. Фирн сызығы 3830 м биіктіктен өтеді. Мұздық тілі 3350 м дейін төмендейді. Орташа қалыңдығы 67 метр, көлемі 0,40 км3. Соңғы жылдары Қорымдық мұздық шегіну сатысында.
## Дереккөздер |
Қосақбасы– мал ұрлап қолға түскен ұрыға жаза ретінде қолданылатын айып. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұрыға тоғыз айып салынса, оның біріншісін қосақбасы деп атайды. Қосақбасы ірі қарамен не бағалы затпен өтеледі.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қос Алқа– қазақ биі. Дәулеткерейдің осы аттас күйінің (музыкасын биге өңдеген А.Жұбанов пен Л.Хамиди) ырғағымен қыздар тобы орындайды. Музыкалық өлшемі 2/4. Бишілер әсем лирикалық ырғақ пен ойнақы әрі нәзік қимылдар жасау арқылы қазақ қыздарының сыршыл жандүниесін, биязы мінезі мен сұлулығын бейнелейді. “Қос Алқа” биі балетмейстер Ю.П. Ковалевтің нұсқасы бойынша Қазақтың Абай атындындағы мемлекеттік Опера және балет театрында (“Абай” операсында) қойылды.
## Дереккөздер |
Қосаяқтар (лат. Dipodidae) – сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы.
## Таралуы
Қазба қалдықтары Қытайда орта миоцен қабатынан табылған. Солтүстік Африка, Арабия, Кіші және Алдыңғы Азияда, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Қазақстан мен Орта Азияның шөл, шөлейтті және далалы аймақтарында кең таралған.Дүние жүзінде 14 туысқа жататын 40-қа жуық түрі белгілі. Көбіне 2–3 жыл (кейбіреулері 4 жылдай) өмір сүреді. Қазақстанда 9 туыстың 16 түрі мекендейді. Оның 4 түрі: бессаусақты ергежейлі қосаяқ, Гептнер ергежейлі қосаяғы, бозтүсті ергежейлі қосаяқ, үшсаусақты ергежейлі қосаяқ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).
## Биологиялық сипаты
* Дене тұрқы 4,5 – 5,0 сантиметр, салмағы 7 – 10 грамм.
* Тері жамылғысы тығыз әрі жұмсақ, түсі – сарғыш, құм түстес.
* Артқы аяқтары ұзын, 3 не 5 саусақты, алдыңғы аяқтары 5 саусақты. Жүргенде тек артқы аяқтарымен секіреді. Алдыңғы аяқтарымен қорегін ұстап, ін қазады.
* Құйрығы дене тұрқынан ұзын, қысқа түкті.
* Құлақ қалқандары көпшілігінде үлкен, кей түрінде қатпарланып, қысқарған.
* Көздері өте үлкен.
* Күздің аяғынан көктемге дейін қысқы ұйқыға кетеді.
Уақытша және тұрақты індері болады. Індерінің ұзындығы 1 метрден 4 метрге, ал тереңдігі 20 см-ден 2,5 м-ге дейін жетеді.Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Ұрғашылары жылына 2 – 3 рет (әр жолы 1 – 9-дан) балалайды. Көптеген түрлері бірқатар індеттерді, әсіресе оба ауруын таратады.
## Дереккөздер |
Ғұсман Сыйттықұлы Қосанов(25 мамыр 1935, Изатулла ауылы, Белағаш ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ АКСР — 13 маусым 1990, Алматы) — жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбас бұтағынан шыққан.. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРО — АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан «Қосанов Мемориалы» атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Ғұсман Қосанов Лос Анжелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3–4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
Алданыш Рамазанқызы |
Қосбасаров Әсімхан(1916, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы) – айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1977), ҚР халық ақыны (1990). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қосбасаровтың айтыстары “Еңбек күйі” (1972), “Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы” (1975), “Халық поэзиясы және бүгінгі өмір” (1976), “Шашу” (1977), т.б. жинақтарға енді. “Азамат” (1981), “Алатау аясында” (1989), “Ақсеңгірдің ақиығы” (1991), “Жамбылдан алып батаны” (1991), “Ақиық” (2000) аталатын жеке жинақтары жарық көрді. 3-дәрежелі “Даңқ”, 2-дәрежелі “Отан соғысы”, “Қызыл жұлдыз” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі қорықтарының бірі болып табылады. Қорық заңды тұлға мәртебесіне иеленіп табиғи процестердің, үлгілі және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдік және жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігі мен генетикалық қорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау және зерделеу бойынша қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған. Осы үшін Қазақ КСР Министірлер Кеңесінің № 214 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қорық аумағы 543 171 га, қорғау аумағы 89360 га, жалпы көлемі 632531 га құрайды. Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық аумағында 123 үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер бар. Олардың ішінде әйгілі үлкен, кіші Теңіз көлдері, Керей, Қыпшақ болса, тұщы Қорғалжын, Есей, Сұлтанкелді, Қоқай, Асаубалық, Жаманкөл, Жабай, Табанқазы, үлкен, кіші Қаракөл, Манат, Суберген, Тоқтамыс, Базар, Сары және Қызыл көлдер болады. Осы көптеген көлдерді атақты Нұра, Құланөтпес, Көн, Жаман Көң, Жақсы Көң өзендері суландырады. Оның ішінде Теңіз көлдерінің гидрологиялық режимін сақтайды. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Орталық Азия-Үнді және Сібір-Шығыс Африка құстардың (ұшып өтетін) көші-қон жолдары айрығында орналасқан.. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қазақстандағы және барлық Азиядағы ұшып өтетін құстардың ең маңызды сулы-батпақты алқаптары болып табылады. Берілген аумақтың биоалуантүрлілігі бірегей. Оның ішінде Қазақстанның ұсақ таушықтарының флорасының бірден төрт бөлігін құрайтын 60 тұқымдастан тұратын өсімдіктер флорасының 443 түрі және сулы, құрлықты жануарлардың 1400 түрі кездеседі. Қорықта құстың 347 түрі көрсетілген, оның ішінде ұя басатыны 126.Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 41 түрі, ал Халықаралық Қызыл кітапқа 26 түрі енгізілген. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінде сулы-батпақты кешенді құстардың 112 түрі кездеседі, ол барлық Қазақстанға танымал 130-дан 87% құрайды. Қорықта сүт қоректілердің 42 түрлі, 14 балық түрі тіркелген. Құрт-құмырсқалар толығымен зерттелмеген, дегенмен 700 түрі анықталған, бірақ, олардың түр тұқым әртүрлігі 5000-ға жетуі мүмкін. Қорық аумағында Халықаралық табиғат қорғау одағы Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстан Республикасының Қызыл кітаптарына енгізілген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің 60-тан астам түрі белгіленген. Санақ бойынша бұйра бірқазанның дүниежүзілік популяциясының 20% және сирек кездесетін қызыл кітапқа енген қоқиқаздың, ақбас үйректің, дала қыранының, қарабас өгіс шағаланың, жалбағайдың т.б. 10-20% қорық көлдерінде жиналады. Қоқиқаз Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан, оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды.. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – -30 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі.
## Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының тарихы
Таңғажайып табиғаты мен көне тарихы және ұлттық мәдениеті ұштасып жатқан қазақ даласының, оның ішінде Арқа жерінің алқасы секілді аймақтың бірі - Қорғалжын-Теңіз өңірі. Осы өңірдің табиғатын сақтап қалу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру жайлы ойлар ертеден туындаған. Қорғалжын қорығының тарихы Қазақстанның солтүстігі мен орталық аймағында жаппай тың игеру жұмыстары жүргізіліп жатқан мезгілде бастау алған. Жаппай тың игеруден даланың табиғаты ерекше кейбір аймақтарын тез арада сақтап қалу қажеттілігі туындағандықтан, 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы КСРО Ғылым академиясының қолдауымен Теңіз-Қорғалжын көлдерінің жүйесі негізінде табиғи қорық құруға ұсыныс жасайды. Сол жылы Ақмола облысы атқару комитетінің шешімі бойынша Теңіз бес жыл мерзімге аңшылық шаруашылығы болып жарияланды. 1958 жылдың қаңтар айында Қорғалжын көлінде Бурабай мемлекеттік орманшылық шаруашылығының филиалы ұйымдастырылады. 1958 жылдың мамыр айында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Қауылысымен Қорғалжын көлі мен Құланөтпес өзенінің бойында Қорғалжын дала қорығы құрылып, оның аумағы 15 мың гектар болды. 1961 жылы Қорғалжын дала қорығы жабылып, бірсыпыра жерлер жөнсіз жыртылып тасталады. Тың аймақтық атқару комитеті бюросының шешімімен аталған қорық Бурабай орманшылық шаруашылығымен біріктірілген екен. Осыдан соң, Қорғалжын аңшылық-шаруашылық қорығы пайда болды. Оның құрамына Теңіз кіріпті. 1962 жылы Қорғалжын механикалық орман шаруашылығы құрылып, аңшылық шаруашылығына берілді. Жаңа құрылған мекеме "Қорғалжын орманшылық шаруашылығы" деп аталды. 1966 жылы Тың өлкесі жабылған соң жоғарыда аталған орманшылық шаруашылығы Қазақ ССР Министрлер Кеңесіне қарасты Қорықтар мен аңшылық шаруашылықтың Бас басқармасына берілді. Және сол кездегі ғалымдардың арнайы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, 1968 жылы Теңіз бен Қорғалжын көлдерінде "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" құрылды. 1975 жылға дейін көл жағалауларында орналасқан қамыс зауыты, темір жол жұмыскерлерін жабдықтау қызметі, Целиноград балық зауытының кәсіпорны, Қаражар ауылы және "Абай" совхозының Нефтеразведка, Алқым, Абылай бөлімшелерінен мыңға жуық адам қорық аумағынан тыс жерлерге көшіріледі. Қорықшылар тағайындалып, жануарлар дүниесі қорғауға алынады. Сөйтіп, көлдер айналасында көптен күткен тыныштық орнайды. Өздерінің бауыр басқан мекендеріне жүздеген мың бұйра бірқазандар мен құтандар, қаздар мен аққулар, қысқасы құстардың сан түрі қайтадан орала бастайды. Сондай-ақ, жер бетіндегі аңдар мен су астындағы балықтар да көбейіп, тіпті жол бойында алаңсыз отырған қояндар мен тышқаншылап жүрген түлкілерді жиі көруге болатын еді. Міне, содан бергі уақытта Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығындағы жануарлар мен құстар барынша көбейіп, балықтардың ондаған тұқымы өсіп-өніп, Қазақстаннан тысқары жерлерге таныла бастады. Қорықтың содан кейінгі жарты ғасырлық тірлігі көз салсақ, төмендегі ақпараттарды мақтанышпен айтуға болады: 1976 жылы-қазан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Рамсар конвенциясымен халықаралық "А" категориялық сулы-батпақты жерлердің тізіміне енгізілді. 2000 жылы шілде айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы дүниежүзілік "Тірі көлдер" желісіне кірген. 2008 жылы шілде айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне енді. 2008 жылы желтоқсан айында қорық аумағы 543171 гектарға дейін кеңейтілген. 2012 жылы ақпан айында "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне биосфералық резерват ретінде тіркелді. .Жарты ғасыр тарихы бар Қорғалжын қорығына алғаш директоры болған ғалым-орнитолог А. Клепиковты сол кезде сонау Мәскеуден алғызған екен. Одан кейінгі жылдары П. Ефремов, В. Сохранский, А. Кудебаев, В. Сивухин, Ж. Сарқытбаев, Б. Закиров, С.Сүлейменов, М. Айтжанов секілді адамдар жетекшілік жасады. Мысалы, С. Сүлейменов 13 жылдан аса қызмет атқарып, қорықтың өркендеуіне айтарлықтай еңбегін сіңірген қайраткер. Айтжанов Мұрат өзінің басшылық кезеңінде көптеген игілікті істер атқарып, қорықтың бүгінгі жетістіктеріне ерекше еңбек сіңірген адам. Қазір "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының" директоры - Ұ. Абжанов. Бұл күнде Қорғалжын қорығы Арқа өңіріндегі ғылыми-зерттеу, табиғи дүниені қорғау және мәдени-ағарту жұмыстарының орталығы болып табылады. Қорық жайлы республикалық, халықаралық деңгейде фильмдер түсіріліп, әлем жұртшылығына жарнамаланып жатыр. 2018 жыл "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" үшін атаулы жыл. Себебі, қорықтың құрылғанына 50 жыл толып, Қорғалжын ауданының 90 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.
## Өсімдіктер әлемі
Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 443 түрін құрайды. .Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар. Қорықтың биоәралуандығы бірегей. Ол 443 өсімдіктер флора өкілдері мен Қазақ ұсақтөбе флорасының ширегі -60 тұқымдастықтан тұрады. Қорықтың аумағында Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктердің 60-тан астам сирек түрлері белгіленеді. Қазақстанның Қызыл Кітабына өсімдіктердің 5 түрі енгізілген: Шренк қызғалдағы,солғын қызғалдақ,жанаргүл,сарғылт құндызшөп, солғын құндызшөп. Селекциялық қордың резервтік материалы ретінде Шренк қызғалдағының үлкен маңызы бар. Бұл түр гүлінің ірі мөлшерлері және аса әралуан – ақ және сарыдан ашық –қызыл және қою ши қызылға дейін ашық бояуымен ажырайды. Дәл осы түр XVI ғасырда Голландияда шығарылған қызғалдақтың алғашқы мәдени сұрыптарының негізін салушы болып табылады.
## Жануарлар әлемі
Қорық аумағында құстардың 354 түрін кездестіруге болады, соның ішінде 126 түрі ұя құрушы. Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 41 түрі, ал Халықаралық Қызыл кітапқа 26 түрі енгізілген. Осы құстардың арқасында қорық халықаралық маңызға ие болды. Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді. Құстардың қоныс аударуының негізгі 8 бағыттары бар. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка және тарғақ тың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ, мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды. ХТҚО –ға сүтқоректілердің 8 түрі енгізілген: ақбөкен, байбақ суыры. Есепке алу деректері бойынша қорықтың көлдерінде бұйра бірқазанның әлемдік популяциясының 10% дейіні (ХТҚО) және тағы бір қызылкітаптық сирек түр –ақбас үйректің 10-20% шоғырланған, сұңқылдақ аққу,қара бас өгізшағала,қалбағай,алакөз сүңгуір және басқалар кездеседі. Теңіз қызғылт қоқиқаздың солтүстік ұя салу орны болып табылады.
## Теңіз көлі
Өте тұзды көл (тұздылығы 3-12,7 г/м3). Көлемі 1590 км2; ұзындығы 75 км, ені 40 км, тереңдігі 8 м жетеді. Бұл көлге тұңғыш рет Кеңес космонавтикасының тарихында "Союз-23" космос кемесі 20 градус суықтықта су бетіне келіп қонады (Бұл тарихи жайт 16.10.1976 жылы болған. Космос кемесінің құрамында командирі Зудов Вячеслав Дмитриевич және бортинженер - Рождественский Валерий Ильич болған.) Шығатан люгі суда болғанына байланысты космонавттар 12 сағат жерге қонушы аппараттың ішінде болған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайт — korgalzap.kz Мұрағатталған 3 қазанның 2022 жылы.
* Ресми сайт — korg-tur.kz Мұрағатталған 29 сәуірдің 2019 жылы.
* Ресми сайт — http://www.acbk.kz/ Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2018 жылы.
* Ресми сайт — http://www.birds.kz/ Мұрағатталған 1 ақпанның 2019 жылы.
* Ресми сайт — http://www.eco-tourism.kz/
* Ресми сайт — http://www.iucnca.net/ Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2018 жылы.
* Ресми сайт — http://www.visitkazakhstan.kz/ Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2018 жылы.
* Ресми сайт — http://fsbk.kz/ |
Қосдәулет – Каспий маңы ойпатындағы құмды алқап.
## Географиялық орны және сипаты
Нарын құмының орта тұсында, Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандары аумағында. Теңіз деңгейінен 12 – 15 м төмен жатыр. Құм төбелердің салыстырмалы биіктігі 2 – 5 м. Торғай қыстауынан Комсомолец қыстауына дейін шамамен 75 км-ге созылып жатыр, енді жері 40 км шамасында. Аумағы 2,3 мың км2. Грунт сулары 2 – 3 м тереңдікте кездеседі. Аумағында құдықтар (Жәрдем, Қаражыңғыл, Үшқұдық, т.б.), қыстаулар (Торғай, Сабағали, Есқали, Ержан, Қалбағай), жайлаулар (Құбақан, Танаш, Рысқали, т.б,) бар. Батысы мен оңтүстігінде құм төбелер арасында шағыр сор және көлшіктер кездеседі.
## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Өсімдіктерден шағыр, жусан, жүзгін және эфемерлер, жануарлардан ақбөкен, қоян, түлкі, қасқыр, қосаяқ т.б.кездеседі.
## Дереккөздер |
Қосқұдық — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне бағынысты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Қонаев қаласынан темір жол бойымен солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей, Шеңгелді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы Түркістан-Сібір темір жолын салуға байланысты қаланды.
## Дереккөздер |
Қостам– сәулет өнері ескерткіші. 19 ғ. соңы 20 ғ. басында ағайынды Байқожа мен Айқожаға тұрғызылған екі кесене. Қостанай облысы, Арқалық ауданы Жаңақала ауданынан солтүстікке қарай 12 км жерде.
Қостамды Байқожаның әйелінің тапсыруымен Сатыбалды шебер салған делінеді. Екеуі де күмбезді шаршы тектес құрылыс. Құрылымдары шикі кірпіштен қаланып, іші мен сырты күйдірілген кірпішпен қапталған. Байқожа кесенесінің қасбеті “П” пішіндес оюлы жолақпен безендірілген. Сырты шырша тәріздес етіп қаланып, жоғарғы тұсы оюлы тақта кірпішпен әрленген. Тақта кірпіштің оюлары ақ, сары, көк түсті жылтыр қорытпамен қапталған. Бүрмелі күмбездің ұшар басында оюлы тақта кірпіш бекітілген. Аумағы 7x7 м, жалпы биіктігі 7,5 м. Айқожа кесенесінің қасбетінде кіреберіс қуыс, оның екі жағында доғал таяз қуыстар бар. Қабырғаларының сырты екі-екіден сүйірлі таяз қуыстармен әрленген. Қуыстардың ішіне өрнектер салынған. Кірпіштері ақ түсті жылтыр қорытпамен қапталған. Екі кесененің де бұғаты оюлы тақта кірпіштермен бекітілген. Екеуінің де ішкі көрінісінде қабырғалары желкен тәрізді қуыстар арқылы күмбезге ұласқан. Оңтүстік-батысқа қараған есігінің сол жағында төбежабынға апаратын баспалдақ бар. Қостамды 1980 ж. Қазақ КСР Мәдениет министірлігі экспедициясы (жетекшісі Ж.А. Шәйкен) зерттеді. 1981 ж. қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекет қарауына алынған.
## Дереккөздер |
Қостанай жылқысы – жылқы тұқымы.
## Тарихы
Қазақстанның Қостанай, Майкөл және Ресейдің Троицк жылқы зауыттарында күрделі будандастыру (қазақ жылқысының биесін қалмақ, дон, стрелец, орлов-растопчин, ағылшын-араб, таза қанды салт мініс жылқыларының айғырларымен зауыттық будандастыру) нәтижесінде шығарылды. Жеке тұқым ретінде 1951 жылы тіркелді. Қостанай жылқысы негізгі, мініс, дала жылқысы деп үш тұқымдық топқа бөлінеді.
## Биологиялық сипаты
* Бітімі дала жылқысына тән, шымыр, сүйегі ірі, бұлшық еттері жақсы дамыған, аяғы сіңірлі, тұяғы берік.
* Айғырларының шоқтығына дейінгі биіктігі 159 – 160 см, тұрқының ұзындығы 161 – 163 см, кеуде орамы 185 – 187 см, жіліншік орамы 20 см; биелерінде тиісінше 155,4; 156,2; 185,2; 19,5 см. Мініске де, жегіске де төзімді.
* Жүйріктігі 1600 м-де 1 мин 40,4 с; 2400 м-де 2 мин 38,4 с.
* Түсі, көбінесе жирен кейде торы, құла, қара болып келеді.
Қазақ жылқысының биесімен Қостанай жылқысының айғырынан туған құлын ірі әрі мініске, жегуге көнбіс. Құлынын енесінен 6 – 7 айлығында бөлектеп, 1,5 жасынан бастап мініске үйретуге, 2 – 4 жасында бәйгеге қосуға болады.
## Таралу аймағы
Қостанай жылқысы Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Қостанай облысында Қазақ тұлпары жылқы зауыты ұйымдастырылған.
## Дереккөздер |
Қостанай Диірмен Комбинаты– тамақ өнеркәсібі орны. Жеке меншік нысанда кәсіпорын 1902 жылы салынған диірмен негізінде ірге көтерген. Диірмен жанында МС-3175 элеватор, тәулігіне 300 тонналық үш сұрыпты ұн тартатын диірмен зауыты, ұнды ыдыссыз сақтап, автомобиль және темір жол көлігіне ыдыссыз тиеп жөнелтетін цех жұмыс істейді. 1998 ж. ААҚ-ға айналды. 2000 жылы ақпаннан бастап жаңа кешен пайдалануға берілді, ол тәулігіне 80 тонна жұмсақ және қатты бидай тартады.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қостанай Жылу-Энергия Компаниясы– мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу, суды химиялық әдіспен тазарту, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жұмыстарымен айналысады. 2002 жылы 1011 мың Гкал мөлшерінде жылумен қамтамасыз етті.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қостанай Пима Фабрикасы– жеңіл өнеркәсіп орны. 1930 жылдан Пима басу кәсіпшілік-кооператив артелі ретінде жұмыс істей бастаған. 1967 жылы Қостанай киіз етік фабрикасы болып қайта құрылды. 1974 жылы жаңа кешені салынды. 1993 жылы Аяқ киім АҚ болып құрылды. 1994 жылы “Аяз” ААҚ, 2002 жылы 29 қарашадан Қостанай пима фабрикасы деп аталады. Жеке меншік нысанында. Балалар мен ересектер үшін киізден басылып, боялған, табаны резина аяқ киім өндіреді.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қостанай темір кенді алабы – Торғай қолатындағы Қостанай облысының солтүстігі мен орталығын алып жатқан темірлі белдем. Қазақстанда барланып, зерттелген темір кендерінің 85%-ы осында шоғырланған. Зерттеу жұмыстары 1946 жылы басталған. Қостанай темір кенді алабында орналасқан кен орындарының жалпы саны 50-ден астам, кен білінімдер – 3.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны жаратылуына байланысты 4 түрге бөлінеді:
* магматикалық кен орындары (2);
* метасоматикалық (33);
* скарндық стратиформдық жапсарлы метаморфтық белдем (5);
* шөгінді кендер (17).
## Кен белдемдегі кен топтары
Кен топтары:
* Қашар темір кен орны
* Сарыбай темір кен орны
* Соколов темір кен орны
* Ломоносов темір кен орны
* Қоржынкөл-Елтай темір кенді торабы,
* Шағыркөл темір кен орны,
* Адай темір кен орны,
* Бенқала темір кен орны,
* Жаңадәуір темір кен орны, т.б.
Бұл аудандардағы темір кендерінің жалпы қоры 17 млрд. тоннадан асады. Кен орындарының көбі және ірілері скарндық (метасоматиттік) түрге жатады. Шөгінді кен орындары аса көп емес. Ондағы кен қоры екі ірі кеніште (Әйет, Лисаковск) шоғырланған. Қазіргі кезде Лисаковск кенішінен “Испат Кармет” комбинатына жылына 1,38 млн. т байытылған концентрат балқытылуға өткізіледі. Бұл кен қоры комбинаты алдағы 53 жылға дейін шикізатпен қамтамасыз ете алады.
## Құрамы
Кентастың минералдық құрамы гидрогетитті, гидрогетит-сидерит-лептохлоритті, глауконитті. Кентастағы темірдің мөлшері 35 – 37%, фосфор 0,4%, күкірт – 0,7%. Магмалық кендердің геологиялық қоры 965 млн. тонна, оның 945 млн. тоннасы Қашар тау-кен байыту комбинатына жақын орналасқан Давыдов кенішінде. Давыдов кен орнында темір кентасынан басқа кобальт, никель, мырыш бар.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.