text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қайрақты – көне кен орны. Балқаш көлінің солтүстік жағындағы Тесіктас тауында орналасқан. Қайрақты осы өңірдегі ежелгі металлургия орталықтарының бірі болған. Мұнда ұңғып алу, қайталама қазу, отпен уату, т.б. әдістер арқылы қола дәуірінде кен өндірілген. Оны осы арадан табылған диаметрі 0,2 мм мыс түйіршіктері және тас қайрақ, қайла, балға, т.б. қазба жұмыстары мен кен өндіру ісіне қажетті бұйымдар дәлелдейді. Тесіктас тауында Қайрақты сияқты 21 кен орны анықталған. Бұл өңірді қола дәуірінде мекендеген тайпалардың еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда жоғары шеберлікке жеткендігін археологиялық материалдар да растайды.
## Дереккөздер |
Қайрақ — металдан жасалған заттардың (пышақ, қайшы, т.б.) жүздерін қайрауға арналған құрал. Қол қайрақ және электрлік қайрақ болып бөлінеді. Қол қайрақтың металдық және абразивті, тасымалданатын және үстелге орнатылатын түрлері болады. Күнделікті тұрмыста пышақ қайрауға қолайлысы – абразивті қайрақ Электрлік қайрақ қорап ішінде орналасқан қозғалтқышқа бекітілген дөңгелек қайрақтан, яғни шарықтан тұрады. Мұндай шарық металмен жұмыс істейтін өндіріс орындарында қолданылады.
## Дереккөздер |
Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы — 30 желтоқсан 2006, Алматы) — Қазақстанның Халық қаһарманы (1995), Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.
## Өмірбаяны
Найман тайпасының Қаракерей руының Құйымшақ бөлімінің Малай бұтағынан шыққан.
* 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген.
* Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.
* 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.
* Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отаны Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.
* Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.
* 1951-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды.
* 1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.
## Шығармашылығы
Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.
* 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде
* «Илько Витряк»
* «Переяслав партизандары»
* «Ажал аузынан»
* «Жау тылындағы бала»
* «Днепрде»
* «Жау тылында»
* «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді.
Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері
* «Елімнің ертеңіне сенемін»
* «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.
## Марапаттары
* «Богдан Хмельницкий»
* «Отан соғысы»
* «Чехословакия партизаны»
* Украинаның «За заслуга» ордендерімен
* Кеңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған.
* Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты.
* Қазақстанның халық қаһарманы.
## Дереккөздер |
Арыстан Сайлаубайұлы Қайнарбаев (1 шілде, 1939 жылы туған, Алматы қаласы) – сәулетші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген архитекторы (1978).
## Өмірбаяны
* 1967 жылы Мәскеудің Жоғары Көркем өнеркәсіп училищесін (Л.М. Поляков пен А.И. Зайцевтен) бітірген.
* Сол жылдан Алматы мемлекеттік қала жобалау институтының бас архитекторы болды.
## Жобалары
* ҚР Мемлекеттік циркі (1972; В.З. Кацев, С.В. Коханович, т.б. бірлесіп)
* Қазақ академиялық драма театры (1980; О.Ж. Баймырзаев, М.Ф. Жақсылықовпен бірлесіп)
* М.Әуезов ескерткіші (1980; мүсінші Е.А. Сергебаев) жобасын жасады.
Қайнарбаев салуға қатысқан ғимараттар көлемінің ықшамдылығымен, осы заманғы үлгілерді орынды пайдалануымен ерекшеленеді.
## Марапаттары
* КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1975)
* ҚазКСР-і мемлекеттік сыйлығы (1982) лауреаты.
## Дереккөздер |
Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII–XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.
Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.
Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 жылы Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 жылы 24 тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.
Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген.
## Қосымша ақпараттар
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен.
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:
- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, - депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ, Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
"Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті.
Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.[7][өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгімелер[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріңдер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөп айта аламын.
"Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күмәніңіз бар ма? - деп сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде, айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөп шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі, - десіп, тарапты.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандық үстінде Ақбалық сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимәнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар, - депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып, намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес, Жоқтық ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен қоса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:
- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:
- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.
Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
Келінің керіске сай болса,
Қызың сумақай болса,
Сол үйдің берекесі түгел кетеді,
— Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.
Әйелің жаман болса.
Досың сенен безініп,
Үйіңнен кетер қонағың, -
- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.
- Әйелің қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:
- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.
- Ал, не жаман?
- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.
депті.
Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
- Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар. Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
- Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе тұтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса, депті.
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас қосып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе, шайқасайық!" - дейді. Осыған халық бәтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынамақшы болып, оның үйіне келсе, Қазыбек үйде жоқ екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жоқ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаның жақсы ма?
- Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек. - Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі.
...Қасына он кісі ертіп, астына "Телқоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп, Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді.
"Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма, тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді.
Күндердің күнінде бие құлындап, құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір қулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер, - дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектің тауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарамды жігіті бар екен.
Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып, сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп:
- Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып тұр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сәлемін алған соң:
- Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарқ-қарқ күліп:
- Жарайды, балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді.
Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді. Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады.
- Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді. Сонда бала:
- Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді.
Сонда Абылай бір төбенің басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйлаңдар. Көп арасында мына Қазыбек сықылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрыңдар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Қол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды алмас қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтықпен дөпдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөпдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артық; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алғандай болады.
Сонымен Абылай қош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні аттарына қар тепкізеді, әлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас қосып отыр екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жоқ, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп далаға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келекеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жоқ" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сұңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты. Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп қолына таяғын алып, көпшілікке келіп әрқайсысымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдың?" - дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап тұр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халықты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп тұр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ер жетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дәмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ә" дегеннен шарқылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдық, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған тәкаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып:- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып:
- Ерден ердің несі артық, Ептестірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық.
Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, - дейді. Содан кейін Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан:
- Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
- Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын
Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! -
депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек:
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отырғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады.
- Осылардың өздері келгелі әр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері:
- Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті.
Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп:
- Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып:
- Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді. Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан:
- Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының әрқайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап:
- Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондықтан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, сондықтан сенің атың бұдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Тоқсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бұдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті.
Сүйтіп есеп-қисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты.
- Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті.
— Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып:
- Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жең ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек тұр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп:
- Тісі сынса - ауыз ішінде, қолы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен:
- "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мә, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мә, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып:
- Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті.
Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Әр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға:
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді.
Қазыбек оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты.
Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жорғалап:
...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді. Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер:
- Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай:
- Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді.
- Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат.
Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай:
- Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай:
- Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай.
Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі,
Ақиық келсе, тек кетпес,
Айнала қуса ит жетпес.
Сондадағы мерт етпес!
Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:
- Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне.
- Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай:
- Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан да қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып:
- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.
Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,
Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.
- Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:
- Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі: - Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, өлде үрлап алды ма, оны білмеймін, өйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді.
Екінші әйел тұрып:
- Бала өзімдікі, өзім талтым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін: - Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда бал аға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп түр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдысатын бір мөселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып дал ада отырғанда Төле сөз бастайды.
- Уа, өлеумет, күс үшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді. Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да: - Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді.
- Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:
- Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, да у төртеу болады" деп, үш ел өр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып:
- Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы үлға лайык! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болЫн шығады.
"Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа кой.
Жасы кіші демеңдер,
Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Жоңғарлардың қолбасшысы Сары Манжы бастаған отыз мыңдай ойрат Сарыарқаны шарлап одан Қаратау атырабын Түркістан төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде Қалдан Cереннің батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты.
Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, Әбілхайыр, Әбілмәмбет хандар, Барақ сұлтан, Жәнібек батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді.
Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді.
Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы Ұлытауды жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі:
- Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек:
- Арық емес қатумын,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Бала кезден татумын.
Жаугершілік кезде ер азады,
Көшершілік кезде түйе азады,
Ермен бірге ел азады,
Көктемде бие азады,
Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.[8]
Қазыбек би жайлы әңгіме
Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты.
Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай: Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады!
- Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала:
- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Борбасым.
Қасым жомарт сиякғы,
Даңқың аян болғасын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл-қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей
Айтқаны ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей.
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын.
Шыныдай мүзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын.
Құбылып басып ойнайтын,
Қылығына ????
Тұғырдаяқан тұйғындай,
Көк аспанда ойнайтын.
Қапшын болсаң, құтылып,
Қусаң, жетпей қоймайтын,
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын.
Қара қасқа жорғаны.
Сыйладым деп ханыма,
Жөнің бар жанға байлайтын, - депті.
Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер.
- Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор,
Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе, бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай.
## Қосымша ақпараттар
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен.
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:
- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, -депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
"Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті.
Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.[1]
## Қазыбек би жайлы әңгімелер
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріддер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөл айта аламын.
"Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күманыңыз бар ма? - деп, сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі десіп, тарапты.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті.Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына:Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:
- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:
- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.
Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
Келінің керіске сай болса,
Қызың сумақай болса,
Сол үйдің берекесі түгел кетеді,
— Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.
Әйелің жаман болса.
Досың сенен безініп,
Үйіңнен кетер қонағың, -
- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.
- Әйелің қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:
- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.
- Ал, не жаман?
- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.
депті.
Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мөнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
- Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе түтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса, депті.
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас косып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе сонсын шайқасайық!" - дейді. Осыған халык бөтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынам ақшы болып оның үйіне кел се, Қазыбек үйде жок екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жок, жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаныц жақсы ма?
- Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек.- Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі.
...Қасына он кісі ертіп, астына "Телкоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді.
"Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді.
Күндердің күнінде бие кұлындап құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір кулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектіңтауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарам- ды жігіті бар екен.
Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп:
- Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып түр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сөлемін алған соң:
- Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарк- қарк күліп.
- Жарайды балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді.
Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді.Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады.
- Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді.Сонда бала:
- Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді.
Сонда Абылай бір төбеніц басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйландар. Көп арасында мына Қазыбек сыкылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрындар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Кол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды ал мае қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтыкпен дөлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөлдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңцар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артык; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алған дай болады.
Сонымен Абылай кош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні атта- рына қар тепкізеді, өлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдер- ден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас косып отыр екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жок, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп дал аға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келе- кеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жок" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сүңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты.Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп колына таяғын алып, көпшілікке келіп өрқайсы- сымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп үйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жаісға, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдын?" - дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі колы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап түр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халыкты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп түр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ержетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дөмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ө" дегеннен шаркылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдык, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған төқаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып:- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып:
- Ерден ердің несі артық, Ептесірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық.
Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, дейді. Содан кейін, Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан:
- Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
- Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датықды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз. Елімізден күг-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дөмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, кун боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! -
депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек:
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отыр- ғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады.
- Осылардың өздері келгелі өр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері:
- Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті.
Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп:
- Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып:
- Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді.Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан:
- Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының өр қайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап:
- Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондыктан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңкылдап шығады екен, сондыктан сенің атың бүдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Токсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бүдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті.
Сүйтіп есеп-кисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты.
- Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті.
— Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып:
- Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жен ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек түр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп:
- Тісі сынса - ауыз ішінде, колы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен:
- "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мө, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мө, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып:
- Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті.
### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Әр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға:
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді.
Қазыбек оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты.
Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жорғалап:
...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді. Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер:
- Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай:
- Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді.
- Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат.
Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай:
- Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай:
- Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай.
Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі,
Ақиық келсе, тек кетпес,
Айнала қуса ит жетпес.
Сондадағы мерт етпес!
Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:
- Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне.
- Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай:
- Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс ханда қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып:
- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.
Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,
Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.
- Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:
- Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.
### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі:- Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді.
Екінші әйел тұрып:
- Бала өзімдікі, өзім таптым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдысатын бір мәселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып далада отырғанда Төле сөз бастайды.
- Уа, әлеумет, құс ұшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді.Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да:- Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді.
- Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:
- Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, дау төртеу болады" деп, үш ел әр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып:
- Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы ұлға лайық! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болып шығады.
"Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа кой.
Жасы кіші демеңдер,
Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Жоңғарлардың қолбасшысы Сары Манжы бастаған отыз мыңдай ойрат Сарыарқаны шарлап одан Қаратау атырабын Түркістан төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде Қалдан Cереннің батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты.
Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, Әбілхайыр, Әбілмәмбет хандар, Барақ сұлтан, Жәнібек батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді.
Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді.
Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы Ұлытауды жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі:
- Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек:
- Арық емес қатумын,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Бала кезден татумын.
Жаугершілік кезде ер азады,
Көшершілік кезде түйе азады,
Ермен бірге ел азады,
Көктемде бие азады,
Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты.
Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай:Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады!
- Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала:
- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Борбасым.
Қасым жомарт сиякғы,
Даңқың аян болғасын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл-қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей
Айтқаны ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей.
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын.
Шыныдай мүзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын.
Құбылып басып ойнайтын,
Қылығына ????Тұғырдаяқан тұйғындай,
Көк аспанда ойнайтын.
Қапшын болсаң, құтылып,
Қусаң, жетпей қоймайтын,
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын.
Қара қасқа жорғаны.
Сыйладым деп ханыма,
Жөнің бар жанға байлайтын, - депті.
Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер.
- Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор,
Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай.
## Тағы қараңыз
* Төле би
* Әйтеке би
## Сыртқы сілтемелер
* Арық емес, қатумын
## Дереккөздер |
Қайым айтыс - қайым өлең, қайымдасу – айтыстың бір шумақ өлеңмен қайырып отыратын шағын түрі.
“Қайыра айту”, “қайта жауаптасу” деген ұғымнан шыққан. Қайым айтыс көбіне қыз бен жігіттің қарама-қарсы мәндегі сұрақ-жауаптарына құрылады. Бұл шумақтардың алғашқы екі жолын қыз да,жігіт те қайталап айтуы мүмкін. Осы жайт алғашқы қайым айтыс үлгілерінің тым қарапайым, жанынан қосып айтуға жеңіл болып келетінін көрсетеді. Қайым айтыста әзіл-оспақ, шымшыма, астарлы сөздер қатар жүреді. Қайымдасулардың басым көпшілігінде бір-бірін әжуалап, іліп-қағыту да, сыпайы мақтаулар да орын алады. Айтыстың ақыры қыздың жұмбақ айтуымен, жігіттің оған жауап беруімен аяқталады. Жігіт қыз жұмбақтарын толық шешсе, қыз оған орамал, сақина, жүзік, кейде күміс түймесін беріп, кәде жолын жасаған.
## Сөз төркіні
Қайым, қайым өлең. Түсіндірме сөздік анықтамасында — бірден ойдан шығарып айтылатын... өлең, қара өлеңнің бір түрі делінсе, Қазақ Совет энциклопедиясында — қайым айтыс - «әріптестер бір ауыз өлеңмен қайырып отыратын айтыстың шағын, жеңіл түрі» екендігінтүсіндіреді (ҚСЭ, VI, 410). «Айман қыз қайым өлең жақсы айтады...» (Айтыс).
Өздеріңіз көріп отырғандай, «қайым» сөзі тілімізде тек «өлең» не «айтыс» сөздерімен ғана тіркеске түсе алады екен. Демек, тілімізде жеке әрі жиі қолданылмайтын сөздер қатарына жатады.Бізге қажеті — «қайым» сөзінің шыққан төркіні және алғашқы мағынасының қандай болғандығын анықтау. Өзге тілдерде — араб, парсы, моңғол не тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің ішінде дәл бүл түлғалас, мағыналас сөз кездеспеді. Тек түркі тілдері ішінен тувалардан тілге тиек, топшылауымызға тірек боларлықтай сөзге тап болдық. Онда «хайым» тұлғалы сөз, қазақша айтқанда «теңбе-тең», «жеңіліссіз», «ұтыссыз» (вничью) деген мағыналарға нұсқайды да, мысалда «хайым ойнаар» тіркесін келтіреді - Мұның қазақшасы «тең ойнау» (сыграть вничью) (Рус.-тув. сл., 1980, 75). Осы дерекке сүйене отырып, біздегі «қайым» сөзінің бастағы мағынасы «теңбе-тең», «жеңіліссіз» деген болса керек деп ойлаймыз. Әдетте, екі адам өлеңмен айтысқанда біреуі басым түсіп, жеңіп шығуы керек. Ал мына өлең айтысында әрқайсысы алдарына ондай талап, міңдет, қоймайтындығын байқаймыз. Тек өлең шығарып, оны жұртқа әсерлі түрде жеткізе білуге машықтану, дағдылану. Қайым өлеңнің көбіне жастар арасында өтуінің өзі осы ойға жетелейді. Үйрену, жаттығу үстіндегі айтыста жеңу, жеңілу шарты болмаған сияқты.
## Дереккөздер |
Қайыпназар Аймағамбетұлы (1891, қазіргі Шиелі ауданы – 1926, сонда) – ақын. 13 жасынан Самарқанда дін ғұламаларынан дәріс алған. 17 – 18 жасында өлең шығара бастаған. Ақын өлеңдері кезінде жазылып алынбағандықтан, көбі бүгінге жетпеген. «Бозбала», «Билер», «Замана» (1916) атты ұзақ тол ғауларымен, «Ақындық туралы», «Кедейлік» сияқты жырларымен қатар Қайыпназар ақынның «Қасқа атпен айтысы» (1918), «Аман мен Күләштің айтысы» атты өлеңдері сақталған. Қайыпназар өлеңдері «Сыр елінің өнер өркендері» атты жинаққа енген, өлеңдері ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер ин-тының Қолжазба қорында сақтаулы.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
ҚАЙРАҚТЫ КЕН-МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ – түсті металлургия кәсіпорны. Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кеніштерін игеру мақсатында 1986 жылы құрылған. 1992 жылдан қазіргі атымен аталады. Солтүстік Қатпар кенішінен алынған кентасты тәжірибелік-өнеркісіптік өңдеу жолымен үш тотықты вольфрам металын өндіреді. Кеніштегі кентас қоры С1 санаты бойынша 34,7 млн. т, кентастың құрамында үш тотықты вольфрам – 0,234%, молибден – 0,042%, висмут – 0,15%, мыс – 0,16%.
## Дереккөздер |
Әмен Әбжанұлы Қайдаров (3 маусым, 1923 Қарағанды облысы Нұра ауданы, Жіңішке ауылы - 5 ақпан 2015, Алматы) – қазақстандық тұңғыш телевизия аниматоры, суретші, кинорежиссер, профессор. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1974), Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының (1980) және «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаттары «Барыс ордені» және «Парасат ордені» нің иегері. Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері. Қазақстанның Мәдениет және Ақпарат саласының Үздігі.
## Өмірбаяны
* 1951 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
* 1965 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының мультипликация қоюшы суретшілері бөлімшесін (Мәскеу қаласы, 1965) мультфильмдердің қоюшы суретшісі мамандығы бойынша бітірген.
* 1966 жылы Сценаристер мен режиссерлердің жоғары курстарын бітірген.
* 1951 жылдан - «Қазақстан әйелдері» республикалық журналының көркемдік редакторы, «Ара» журналының қызметкері.
* 1965 жылдан “Қазақфильм” киностудиясының мультипликация цехының негізін салып, басқарды.
* 1975 жылдан - ҚазКСР Кинематографистер одағының хатшысы.
* 1970 жылдан - мультбірлестіктің көркемдік жетекшісі.
* 1983-1991 жылдары - Қазақстан суретшілер одағы басқармасының хатшысы болды.
* 1993 жылдан бері - Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының анимация оқытушысы (қазіргі - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы). Қазақ ұлттық мультипликациясының негізін салушы.
* ҰОС қатысқан (1941-1946), Оңтүстік-Батыс, Дон, Сталинград, Бірінші украиндік майдандарында радист, байланысшы болған.
Қазақ жұрты тұңғыш қазақ мультипликаторы, ұлттық анимация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровпен мәңгілікке қоштасты. 92 жасында көз жұмған Қайдаров – қазақ анимация өнерін жарты ғасыр бұрын әлемге танытып, ұлт руханиятында өшпес із қалдырған тұлға.
Қазақ үшін Қайдаровтың өмірі аңыз, өлімі аза. Оның жарты ғасырдан астам арпалысып, аяқтай алмаған күресі, жете алмай кеткен арманы қалды артында.
Ол – ұлттық анимация өнерін «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (1967); «Құйыршық» (1969); «Жанар» (1972); «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975); «Ақсақ құлан» (1968); «Қожанасыр – құрылысшы» (1970); «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультфильмдер жауһарымен толықтырған тұлғалы режиссер. Оның өмірі тек шығармашылыққа арналмапты. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгер майдан даласынан аман оралады. Соғыстан кейін Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсуретшілер училищесін бітіріп (1951 ж), Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетін (1958-1965) тәмамдап, елге келді. Міне, Әмен Қайдаровтың ұлттық руханият үшін өлшеусіз еңбек етуге кіріскен кезі осы еді.
Жас аниматор үшін алғашқы туындысын жасау оңайға соққан жоқ. Өйткені ол шақта Қазақстанда анимациялық фильм жасауды ешкім де ойға алмаған болатын. Режиссер жоспарда, жобада жоқ алғашқы мультфильмін құпия түрде дайындауға кірісті. Ә.Әбжанұлына сол тұста қазақ киностудиясын басқарып отырған Камал Смайылов қолдау көрсетіп, қаражат тауып береді. Туынды дайын болғанда Ә.Қайдаровтың құпиясы ашылады. Сынға ілікті. Жігерлі жігіт жасқанған жоқ. Мәскеу кинематографистер одағы қазақ режиссерінің анимациялық фильм жасағандығына, жоспардан тыс жаңа туындының өмірге келгеніне қайран қалысты. Ең бастысы қазақтың халық ертегісі желісімен түсірілген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі аниматор мамандарды сүйіндіріп, мақұлдауын бірден алады.
Ә.Қайдаров жасаған мультфильм 1968 жылы Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде, 1975 жылы Нью-Йоркте өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдегер атанады. Бүгінде жарты ғасырлық тарихы бар анимациялық фильм – бірнеше ұрпақты ізгілік нәрімен сусындатып, ғасырмен, уақытпен бірге жасасып келе жатыр. Әлі де жасай берері анық.
Ә.Қайдаров бастаған қазақ мультипликаторлары қазақтың өнерін дамытумен ғана шектелген жоқ. Олар бауырлас қырғыз, түрікмен және тәжік елдеріндегі тұңғыш мультфильмдерді жасауға ат салысып, шығармашылық қолдау көрсетті. Бұл кезеңді қазақ анимациясының «алтын дәуірі» деп атауға негіз бар. Өйткені Совет өкіметі тұсында қазақ мультипликаторлары түсірген графикалық және қуыршақ фильмдердің саны жүзге жетіп, ғажайып туындылар қатары молайған еді. Мысалға, режиссер-суретшілер Ж.Дәненов пен Ұ.Қыстауовтың “Алпамыс батыр”, “Айдаһар аралы”, Е.Әбдірахмановтың “Тапқыштар”, “Бозторғай”, Б.Омаровтың “Үш шебер”, “Қаңбақшал”,Т.Мұқанованың “Жібек шашақ”, “Қайшы”, Қ.Сейденовтің “Тігінші мен ай”, “Қадырдың бақыты” атты мультфильмдері – қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармаларға айналды. Сондай-ақ қазақ анимациясының дамуына А.Әбілқасымов, А.Тоқшабаев, Ұ.Бекішев және басқа да шеберлер зор үлес қосты.
Алайда тәуелсіз Қазақстанның анимациясы дамып кете алған жоқ. Ә.Қайдаровты өмірінің соңына дейін күреске итермелеген түйткіл осы еді. Өнердің абыз қариясы көз жұмғанымен, көңілі алаң ұрпақ тәрбиесі, экранға телмірген қазақ балаларының келешегі оны соңғы деміне дейін мазалады. Себебі жарты ғасыр бұрын халық ертегісін анимацияға айналдырып, әлемді таңғалдырған режиссер, соңғы кездері әлем елдерінің анимацияға баса назар аударып, арнайы студиялар аша бастағанына қызыға қарап жүрген еді. Мысалы, Ресейде ежелгі «Союзмультфильм» студиясы, Қытайда 20-дан астам жаңа анимациялық орталықтар ашылыпты. Ал көптеген елмен терезесі теңескен, экономикасы дамып арнаға түскен қазақ елінде анимацияға арналған жеке мекеменің болмауы жанашыр мамандарды қынжылтты. Әрине, Әмен ағаның тәлімін алған талай жас режиссер талпынып, ұлттық анимацияны жасауға тырысып бағуда. Бірақ «жаяудың шаңы шықпастың» кебі. Бүгінде жеткіншектер үшін шетелдік «Шрек», «Спандж Боб», «Бетмэн», «Өрмекші адам», «Кунг Фу Панда» анимациялары құныға көретін фильмге айналып үлгерді.
Еңбекқор Әмен аға қазақ анимациясының болашағы жастар екенін әуелден аңғарып, шәкірт тәрбиелеу ісін жолға салды. Өнер академиясы жанынан Өнер факультетін, кейіннен анимация кафедрасын ашуға бастамашы болып, ұстаздық етті. Бүгінде қазақ киноөнерінде Ә.Қайдаровты ұстаз тұтқан режиссерлер легі жемісті еңбек етіп келеді. Бірақ оның қазақ ұлттық анимациялық студиясын ашу арманы орындалмай бақиға аттанды. Ең бастысы Әмен Қайдаровтың қолы жетпеген арманды кезек күттірмейтін мақсатқа айналдырып, орындауымыз керек. Сонда ғана күрескер ұлдың рухы ризалыққа бөленер еді.
## Қосымша лауазымдары
ҚР Суретшілер одағының, Кинематографистер одағының, Дизайнерлер одағының, Журналистер одағының мүшесі. Халықаралық мультипликаторшылар ассоциациясының (АСИФА) мүшесі.
## Шығармалары
Ол – Қазақстандағы мультипликациондық кино өнерінің іргесін қалаушылардың бірі. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша халық ертегісі негізінде тұңғыш түрлі түсті “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” атты мультипликациондық фильм жасалды.График, плакатшы, карикатурашы. Суретші-кескіндемеші, кескіндеме кенептерінің, миниатюралардың, көптеген атақты адамдар портреттерінің, пейзаждардың авторы. 40-қа жуық саяси плакаттың авторы (1952-1967).
* «Ақсақ құлан» (1968)
* «40 өтірік»
* «Қожа Насыр - құрылысшы» (1971)
* «Күн сәулесі» (1975)
* «Лаула» (сценарий авторы, 1981)
* «Сиқырлы кілем» (1981)
* «Құйыршық» (1969)
* «Тағдыр» және басқа мультфильмдердің режиссері, сценарисі. * “Құйыршық” (1969)
* “Жанар” (1972)
* “Күн сәулесінен пайда болған көжек” (1975) атты мультипликациондық фильмдерді жасап, қойды.
Көптеген мақалалардың авторы.Өзі қойған бірсыпыра фильмдер сценарийінің авторы.
## Жетістіктері
* «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультипликациондық фильмі үшін Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациондық фильмдер фестивалында жүлде (1975) алды.
## Марапаттары
* 1980 жылы «Ақсақ құлан» (1968 жылғы), «Қожанасыр – құрлысшы» (1970 жылғы), (Қырық өтірік) (1978 жылғы) т.б мультипликациондық фильмдер топтамасы үшін «Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығы» лауреаты атанды;
* 1974 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді.
* 1971 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
* 1985 жылы КСРОның «Отан соғысы» Ордені;
* КСРОның Бірнеше мерекелік және құрметті медалдарымен марапатталған.
* 2004 жылы «Жуков» атаныдағы медалі;
* 2005 жылы «Украинаны қорғағаны үшін» медалі және т.б
* Тәуелсіз Қазақстанның марапаттары
* 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
* 2002 жылы «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты;
* 2003 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» берілді.
* Қазақстанның көрнекті өнер мен мәдениет қайраткерлеріне берілетін мемлекеттік және президенттік степендиялардың бірнеше мәрте иегері.
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
* 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі» құрметті төсбелгісі;
* 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының Үздігі» құрметті төсбелгісі;
* 2012 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды.
* 2013 жылы «Жыл адамы – Алтын адам» ұлттық сыйлығының иегері.
* бірнеше «Құрмет» грамоталарымен марапатталған.
* «Еңбек ардагері» құрметті медалімен марапатталған.
## Отбасы
* Әкесі - Хайдаров Әбжан (1890-1975), мұғалім болып жұмыс істеген. Анасы - Хайдарова Зейнеп (1900-1983), мұғалім болып жұмыс істеген.
* Үйленген. Жұбайы - Хайдарова Валентина Константиновна (1928 жылы туған), шығармашылық қызметкер.
* Ұлы - Хайдаров Кәрім (1952 жылы туған);
* қызы - Хайдарова Вера (1954 жылы туған).
* Немерелері - Данияр (1977 жылы туған), Әнел (1974 жылы туған), Айжан (1980 жылы туған).
* Шөберелері - Әнуар (1999 жылы туған), Тимур (2000 жылы туған), Варвара (2005 жылы туған).
## Дереккөздер |
Қайыпов Дүйсен - (1.12.1927, Өзбекстан, Ташкент облысы қазіргі Зеңгіата ауданы – 10.6.1990, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970). Қазақ КСР-і ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1970). Мәскеу мемлекеттік университетін (1950), Қазақ КСР-і ҒА Физика-техника институтының аспирантурасын (1956) бітірген. Қазақ КСР-і ҒА Физика-техника институтында кіші ғылыми қызметкер (1950–57), Ядролық физика институтында лаборатория меңгерушісі, институт директорының орынбасары (1957–69), бөлім меңгерушісі (1969–90) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері гамма сәулелердің резонанстық шашырауын және Мессбауэр эффектісін зерттеу мәселесіне арналған.Ол гамма сәулелердің резонанстық шашырауын және мессбауэр эффектісін зерттеді,бұл әдістерді жасап, оны заттардың молекуласы және физикалық-химиялық қасиеттерін талдау үшін пайдаланады. Атом ядросы құрылымын зерттеу жұмыстарын басқарды.
Шығ:Таблица атомных волновых функций, А-А, 1974; Ядерный гамма-резонанс и сопутствующие процессы, А-А., 1976; Ультрахолодные нейтроны, А-А., 1985.
## Пайдаланған әдебиетттер
Қазақстан Ұлттық инциклопедия 5-том |
Қайыпов Мәлік Арықтайұлы(1956 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (1992), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Тау-кен қазбаларының элементтерін босатылған толқыннан қорғаудың қажеттілігін негіздеді және осы толқындарды тау жыныстарын бұзу технол. операцияларына қолданудың мүмкіндігін көрсетті. |
Қайыпов Арықтай Қайыпұлы - (10.10.1914, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қарақұдық ауылы – 25.12.1993, Алматы қаласы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1964), профессор (1968), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1972). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1971), Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті. Қазақстанның және Орта Азияның металлогениялық картасын құрастырушылардың бірі. Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1939, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) және аспирантурасын (1943) бітірген. 1939 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне қарасты Шұбартау геология партиясын басқарды. 1943–93 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, сектор жетекшісі, институт директорының орынбасары (1964–66), бөлім меңгерушісі болды. Арықтай Қайыпұлының негізгі ғылыми жұмыстары металлогения саласына арналған. Орталық Қазақстанда Ақмая сирек металл кен орнын ашқан. Арықтай Қайыпұлының Ащысай және Зырянов кендерінде жүргізген зерттеулері жаңа кентас қабаттарын табуға, кендердің жалпы қорын анықтауға мүмкіндік беріп, Алтай қаласында қорғасын комбинатының салынуына негіз болды. Комбинаттың жаңа шикізат қорын тауып, үздіксіз жұмыс істеуіне үлкен үлес қосты. Оның Жетісу Алатауында, Шығыстағы Миөзек – Құсмұрын металлогениялық белдемінде, Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқа аудандарында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдың өндірістік кендерінің төм. палеозойдағы жанартаулық жыныстармен байланыстылығы Қазақстан аумағында алғаш рет анықталды. Бұрынғы еңбектері бойынша докторлық диссертация қорғады. Арықтай Қайыпұлының басшылығымен 11 томдық «Металлогения Казахстана» монографиясы жарық көрді (1977–83). КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1985). Халықтар достығы орденімен, медальдармен марапатталған. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Қақпан Жиренбайұлы (1864 қазіргі Қарағанды облысына қарасты Шет ауданындағы Бұғылы тауының баурайында – 1933 Қызылжар (Петропавл)) – халық ақыны. Толғауларында ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздіктің сырын ашады. Қобыланды батыр, Ер Қосай, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырларын жинап таратқан. Өз жанынан Тәмәм мен Бакарам дастанын шығарған. Қақпанның азан шақырып қойған аты – Батырбек. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан.. 7 жасынан соқыр болып қалған.
## Семьясы
* Әйелі: Ақбикеш
* Балалары Торғайбек, Саулебек, Қасымхан.
## Дереккөздер |
Қайыр хан(шамамен 1165 —1220 жылдар)Отырар қаласының билеушісі, әмірі. Ол билік құрған кезеңде Отырар қаласы Қазақстан мен Орта Азияның ірі мәдени, ғылыми, сауда орталығына айналды. Әлемде кітаптарының саны мен сапасы жағынан екінші орынға шыққан кітапхананың Отырарда болуы да оның есімімен тығыз байланысты. Шыңғыс ханның замандасы. Сонымен бірге, Шыңғыс әскерінен Отырарды қорғау жолында жан аямай шайқасқандардың бірі болып саналады.
Қайыр хан, Ғайыр хан Иналшық (т. ж. б. – 1220, Отырар) – Отырар қаласының билеушісі. Хорезмшаһтарға қызмет еткен, қыпшақ тайпасынан шыққан. Шыңғыс ханның Қытайға жасаған сәтті жорықтарынан кейін Хорезм шаһы Мұхаммед Қарақорымға жедел түрде екі елшілік аттандырды. Ол елшіліктерді қабылдаған Шыңғыс хан да өз тарапынан Хорезмге елшілік аттандырды. Екі жақты келісімдерден кейін көп ұзамай 500 түйеден тұратын, құрамында 450 адам бар сауда керуені 1218 жылы Қарақорымнан Отырар қаласына келіп жетті. Саудагерлер арасында Шыңғыс ханның тыңшылары бар деп есептеген Қайырхан керуенді тонап, адамдарын қырып тастады. Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап етті, бірақ Хорезмшаһ бұл талапты орындамай, келген елшілерді өлтірді. Нәтижесінде екі ел арасында соғыс басталып, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғыс хан әскері Ертістен Жетісу арқылы Сырдарияға келіп жетті. Отырарға таяғанда Шыңғыс хан қаланы қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды. Қайырхан бар күшін салып қорғанды. Қорғаныстың 5-айы бітуге таянғанда хорезмдік әскербасы Қараша-Хаджиб 10 мыңдық қолымен беріліп, моңғолдарды қалаға кіргізіп жіберді. Соғыс қаланың ішінде жүрді. Қайырхан сенімді әскерлерімен қамалға берік бекініп, тағы бір ай соғысты. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана Қайырхан 1220 ж. ақпанда қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына апарылып, сол жерде өлтірілді.
## Шыңғыс ханның Орта Азияға кіруі
Шыңғыс хан Орта Азияны жаулап алуды армандаған еді. Ол кезде Орта Азияда Хорезмшах Мұхаммед билік жүргізіп түрған-ды. Оның 400 мың адамнан тұратын қуатты әскері болған. Ал Шыңғысханның қол астында 200 мың жауынгері бар еді. Сондықтан да Шыңғысхан оған 500 нарға сыйлықтар артып, керуен жібереді. Елші арқылы жолдаған хатында, Мұхаммедті "сүйікті ұлым" дей отыра, достық ұсыныс жасауды да ұмытпады. Бұл оны біраз қапаландырды. Алайда Мұхаммед өте көп сыйлық артылған керуенді жауап ретінде жөнелтті де, Қайыр ханнан 450 адам мен 500 түйеден қүралған керуенді де тексеруін сұрайды. Отырарлықтар 30 шақырымға созылған жерасты жолымен қаланы қоршай қамал салды. Пышақтөбе, Қыштөбе жөне Көксарайда қару-жарақ шығарыла бастады. Сыртқы жаулардан қауіп төне ме деген оймен, қалаға тек дайын өнімдері бар зергер көпестер өткізілді.Шыңғысхан мемлекеттер арасында соғыс отын тұтандыру ниетімен 450 адамнан құралған шағын әскер мен тыңшыларды жіберді. Қонақтардың көздеген мақсаты үш күн ішінде орындалды. Керуенді бастап келген елші бірнеше рет Қайыр ханға "үлкен құрметпен қабылда" деген талап қойды. Тіл тигізген моңғол елшісіне Қайыр хан керуен туралы өз ойын білдіріп, моңғолдық көпестердің "тауарларын" көрсетуін талап етті. Жауап берудің орнына, тағы да тіл тигізіп, қыр көрсеткен моңғол елшісін Қайыр хан өлтіреді. Содан кейін ол қонақтардың тауарларын тексеріп, қалғандарын өлтіруге бұйрық береді. Алайда моңғолдардың біреуі қашып тығылады.Біраз уақыт өткен соң, Шыңғыс ханнан Мұхаммедке хат келеді. Онда оның көпестерінің Отырарда қаза болғандығы баяндалған еді. Шыңғысхан кінәлі адамдарды Мұхаммедтің алып келуін өтінеді. Егер де бұл өтініш орындалмаса, соғыс бастайтынын білдіреді. Мұхаммед моңғол ханының қыр көрсеткенін елемейді. Ол Шыңғыс ханның әскеріне Қайыр хан өзі-ақ тойтарыс береді деп ойлайды.
### Отырардың қоршауға алынуы
1219 жылы қыркүйек айында 150 мың адамнан тұратын моңғол әскері Отырарға жақындайды. Шыңғыс хан әскерінің түменбасылары: Шағатай, Үгедей, Сүбедей, Жебе, Тонышар Отырарды қоршауға алады. 50 мың адамнан құралған әскері бар Қайыр хан Отырарды табандылықпен қорғайды. Олар қала қақпасын қатты бекітеді. Екі айдан аса отырарлықтар жаудан қорғанады, Шыңғысхан бүкіл әскерін Отырар айналысында топтастыруды жөн көрмей, бір бөлігін көрші қалаларға жібереді. Осылай моңғолдар соғысты бірнеше жерде жүргізеді. Тез арада Самарқан мен Бұхараны алды. Отырарды алуға келген Шағатай мен Үгедейге су көзіне апарар жер асты жолы белгілі болады. Олар тез арада жер асты жолын бекітеді. Біраз уақыт өткен соң, азық-түліктің қоры таусылып, Отырарда аштық орын ала бастайды. Аштыққа шыдамай, соғыс жеңіліспен аяқталады деп ойлаған Отырар әскерінің бір бөлігінің (10 мың адам) басшысы Қаража Қажып моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ал Мұхаммед болса, өзінің 400 мың әскері бола тұра, қол ұшын беруге асықпайды.
### Отырардың берілуі
Қоршауда бес ай бойы болған Қайыр ханның әскерінде 20 мың адам ғана қалды. Жеті айға созылған соғыста шал-кемпірлер мен балалар да табан тіресе шайқасты. Қала тұрғындары 2 ай бойы аш болды. Жаулар қаланы өртеді. Қала тұрғындарының бірі қалмай өлтірілді. Ал Қайыр хан өзін-өзі өлтірмекке бел буды. Шыңғысхан Қайыр ханды тірідей жеткізуге бүйрық берген екен. Қайыр хан Шағатай мен Үгедейдің қолына түскен соң, оның өтініші бойынша, көз алдында сатқын Қаража Қажып пен оның әскерінің басы алынған екен. Қайыр ханды Бұхарадағы Шыңғыс ханға жеткізіпті. Сонда Шыңғысхан: "Менің елшімді өлтірген сен бе?" — деген сауал қойған. Қайыр хан: "Сенің елшің соғыстың басталуына себепкер болды. Ал моңғолдардың ханы көп елдің көз-жасына қалды. Оның қанқұмар жанын жер де, Көк Тәңірі — Аспан да қабылдамайды. Ал сүйегін құрттар кеміреді", — дейді.Шыңғысхан оның аузына қайнап тұрған қорғасын құйған екен. Осылайша Отырар билеушісі Қайыр хан 1220 жылы айуандықпен өлтірілген.
## Дереккөздер |
Қаламқарова Люция Ысқаққызы - (21.5.1937, Қырғызстан, қазіргі Бішкек қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Мәскеудің Жалпы және коммуналдық гигиена ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1966) бітірген. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Аймақтық патология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1966–74), 1974–2003 жылы Қазақ тағамтану академиясында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2003 жылдан БҰҰ жанындағы биология қауіпсіздік жөніндегі халықаралық бағдарлама бойынша сарапшы әрі лаборатория меңгерушісі. Люция Ысқаққызы Қазақстан Республикасындағы санитарлық микробиология мектебінің негізін салушылардың бірі. «Распространение, биологические свойства, этиологическая значимость условно-патогенных микроорганизмов возникновении пищевых токсикоинфекции и разработка мер профилактики» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 300-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002).
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қақпан – аң аулауға арналған, темірден жасалатын аңшылық құралы.
## Сөз морфологиясы
Сөз төркіні – түркі тілінен. Якут тілінде «хап» (Э. Пек., СЯЯ, 1959, III, 3318), туба-кижи тілінде де дәл осы тұлғалы сөз (А. Бас., ДЧТ, 1966, 125) «ұстап алу», «шап беріп ұстау» мағыналарында айтылады. Құралдың осындай іс-әрекетіне байланысты - қан жұрнағын қосып «қагіқан» атауын берген. Біздің тілімізде оның «қақпан» тұлғасында керінуін тілдегі метатеза (дыбыстардың орын ауыстыруы: (қолқап — қолбақ) құбылысынан деп қараған жөн.
## Қақпан сипаты мен түрлері
Қақпанның көбінесе бір немесе екі құлақты ортасында шүріппеге бекітілген жалпақ тілі болады. Ортасындағы шүріппесі арқылы жабылады. Қазақ аңшылары оның бала қақпан, тісті қақпан сияқты түрлерін пайдаланған. Ұстайтын аңына қарай "қасқыр қақпан", "түлкі қақпа"н деп те аталады. Бала қақпан немесе қолқақпан, қарсақ, түлкі, суыр, қоян т.б. ұсақ аңдарды ұстауға, ал тісті қақпан аю, сілеусін, қабылан аулау үшін құрылады. Қасқыр аулауға арналаған қасқыр қақпан, ал жолбарыс аулауға арналған нар шынжырлы, серпері (шаппасы) екі елідей қалың қақпанды жолбарыс қақпан дейді. Аюға құрылатын қақпан шомбал болып келеді. Иісшіл аң темір иісін сезбес үшін, қақпан алдын-ала түрлі шөптермен бірге қайнатылуы мүмкін дейді. Қазақ ұсталары қақпанды темірден соғып, оны серперін малдың, қойдың салқын құйрық майына суарып, шынықтырып алатын болған. Майға суарудың мәнісі – қақпанның серіперінің серпіні мықты болады. Жыртқыш аңдар аса иісшіл болады. Сондықтан темірдің иісін кетіру үшін жаңа соғылған қақпанды шамалы уақыт сойылған қойдың терісіне орап тастайды немесе көңнің арасына салып қояды.
## Қақпанның құрылысы
Қақпанның құрылысы қарапайымдау болып келеді. Қақпанның аң ұстайтын аузын қандауыз, қандауызды қысып тұратын бөлегін серпер деп атайды. Әсіресе қақпанның серперін өте баптап, суын тауып, әрі серпімді, әрі қатты етіп соғады. Соған қарай тиегінің бекітілуі, табақшасының орналасуы, шапқандағы серпінмен көтерілетін биіктігі бәрі де есептеліп, жасалады. Аң басып қақпан тиегін тайдыратын жерін қақпанның табаны, кей жерде қақпанның түндігі деп те атайды. Қақпанның қандауызын жатқызып, табанына жапсырып тұруға тиісті ағашты қақпан тиегі, ал түндіктегі тиектің сұғынып тұратын көлденең ағашын тиектің қонағы дейді. Тиектің арты қақпан бүлдіргесіне бекітіледі. Қақпанның тұғыр табақшасы дөңгелек шеңбер пішінді болады да, оның көлемімен бірдей етіп, екі доғадан құралған қос жақтау шаппасы (қақпанның тісі) жеңіл қозғалмалы етіп, тұғыр табақшаның үстіңгі бетіне екі жағына мұрындықтап бекітіледі. Темірден жасалатын қақпанның ортасында шүріппемен жалғастырылған тістері болады. Қақпанды аң алып кетпес үшін салдауыр (тоқпақ) тағады. Аң қиып кетпес үшін салдауырды қақпанға темір шынжырмен қосақтайды. Кішірек аңдарға қайыс қолайлы. Қақпанға тағар салдауыр ауыр ауыр тастан, темірден жасалса, кейде арқар мүйізі пайдаланылады. Қақпанды аңға ашық және жабық құрады. Құмды өңірде қақпан құрғанда оның жерге қағатын қазығы болмайтындықтан, оның орнына үлкенірек тістерден тұратын ауырлау шәңгегі болады. Аң қақпанды сүйретіп қашқан кезде бұта-шілікке ілініп қалады да, ұзап кете алмай қолға түседі.
## Қақпан құру
Қақпан құру шынжырлы құру және жер тиекті құру деп екі түрге бөлінеді. Ұзын шынжырмен қақпанды жерге қазық арқылы немесе ағаш тамырларына бекіту арқылы құру "шынжырлы құру" деп аталады. Ал, қақпанның астын 50-70 см қазу арқылы қысқа шынжырмен жер астына көлденең ағаш байлап құру "жер итиек етіп құру" деп аталады.Қақпан құру – айрықша тәжірибені керек етеді. Өйткені, жыртқыш аңдар иіске те сезімтал келеді, тіптен, өз үйірі мен бөгде аңдардың жүріп кеткен ізінде қалған иістен, адамның қақпанда қалған иісіне дейін ажыратып сезіп қояды деседі аңшылар. Жолбарысқа құратын ақпанның өз ерекшелігі болды.Аюға қақпан құрардың алдында аңшы аюдың ізін, тұратын, келетін бағытын, жер жағдайын тексереді. Аюдың шалғынды жапырған ізі мен жапасына қарай отырып, үлкен-кішілігін, түсер салмағын, жалғыз емес екенін, барлығын шамалап барып, бар мүмкіндікті ескеріп қақпан құрады.Қасқырға қақпанды аңның ізін жақсы ажырататын, оның ескі-жаңасын айырып, із кесе алатын аңшылар салады. Тәжірибелі аңшылардың айтуынша бөрілердің әдетте жортуылға шығарда, одан оралғанда, суға түскенде, апанына келерде жүріп өтетін жалғыз аяқ шуама жолдары болады. Із білетін кісі осынау жолдарды тауып, қақпанын сонда салады. Бір ескеретін жәйт, қасқырға қақпан жылдың барлық мезгілінде қарасонар, қансонарда салына береді. Қақпан құрардағы басты шарт – сол жердің бедері және өсімдік шөптерінің түр-түсімен жымдасып, секем тудырмауы керек. Кейде білінбес үшін кәнігі аңшы қар немесе жаңбыр жауып келе жатса, бұрыңғы діттеп жүрген жеріне қақпан құрады.Қасқырдың арланы кез-келген жерге сарымайды. Ол белгілі бір оқшау тұрған бұта түптеріне ғана артқы аяғын көтереді. Ондай жерді аңшылар қасқыр сарығы дейді. Егер ондай жер табылса, қақпан сол жерге, яғни қасқыр сарығына құрылады.Қақпанды "жер итиек" етіп құрғанда киік жараланбайды және өлмейді. Кейде елікке тоқпақты қақпан да құрылады. Бұл _ қақпанға белгілі салмақтағы тоқпақты байлап қана қоятын әдіс. Мұнда елік тоқпақты сүйретіп, жақын аралықта жүре береді. Аштан арам өліп қалмайды, ұзаққа кете алмайды, кейде тоқпақ ағашқа ілініп те қалады. Бұл әдыс – қақпанды он шақты күнде бір рет көретіндердің құру әдісі. Әдетте қақпанды құрғаннан кейін 3-5 күнде бір рет аралап көріп тұрады. Аптасына бір, он күнде бір көретін кездер де болады.Қақпанды киік жолдарының аттама жеріне, секіріп түсетін жеріне, жалғыз аяқ жолдарына немесе жар (тұз) жалайтын жерлеріне құрады. Кейде жарларға тұз апарып шашып кетіп, киікті баурайтын жағдайларда болады.Қақпанды саятшылар да қолданған. Қаршыға, лашын, ителгі, күйкентай, тұрымтай сияқты қыран құстар өзінің ұстаған қоян, үйрек, саршұнақ, торғай т.б. жемтігін жемімен тояттап отырғанын байқаған саятшы әлгі жыртқыш құсты жасырын келіп, отырған орнынан үркітіп жібереді де, олардың жемтіктері жатқан орынға қолқақпан құрады. Бұндай шағын, кішкене қыран құстар қалған жеміне қайта оралып, қақпанға түседі. Құсқа құрылған қақпанның шаппасына құс аяғын зақымдамас үшін, жұқа киіз, шүберек орап, байлап қояды. Ал бүркіт сияқты ірі қыран құстар қалған жемтігіне еш уақытта қайта оралмайды.
## Қақпанға байланысты кейбір ырымдар
Аңшылар өңірінде «мерген – мергендігінен атып алады, қақпаншы құрып қойып ертесіне жатып алады» деген тәмсіл бар. Қақпан құрушы қақпанды жаңа болса, майлап оттың жалынына ұстайды. Сөйтіп, қақпанның қанды болуын тілейді. Қақпанды құрарда «ия, қақпаным далаға шаппай, ұйықтап тыныш жатпай, серіппең қатты болып, аң атаулының аяғынан ала жатқайсың» – сияқты тілек сөздер айтып, ырымдайды. Біреудің «қанды» қақпанын сұрап алатындар да болады. Өйткені, аңшылар арасында ежелден қалыптасқан «қанды қақпан қанмен дос» және «қанды қақпан тыныш жатпайды» деген ұғым бар. Сондықтан, аты шулы «қанды» қақпанның иесіне тиісті тарту-таралғы беріп алып: «ал қақпаным, тыныш жатпай, шақыра жат!» – деп құрады. Егер қақпанды қырсық шалды деп есептесе, иесі садақа беріп, бал аштырып, дұға оқытып барып қана құратын болған.Сонымен бірге, қақпанның сыбағасы деген кәде бар. Оның мәні қақпанды қадірлеп, кие тұтқандықты білдіреді. Яғни, аңшы қақпанның иесіне қақпанға түскен олжадан тиесілі бөлігін береді.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Сатылғанов Ж. Қауырсын табиғат достарының клубы. Алматы: Қайнар, 1985;
* Қазыханқызы Н. Аңшылық хикаялары. Алматы: Атажұрт, 2011;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Қалауова Зияш(1921 – 1952) – ақын. Шығармаларына халық өмірі, елдің соғыс жылдарындағы ерлігі мен соғыстан кейінгі бейбіт еңбегі арқау болған. Кавказ шыңында, Қазақ жастары атты поэмалары қазақ жауынгерлерінің майдандағы батырлығын паш етеді. |
Қалауса-Жембулықтар, Қалауса-дембулықтар – ноғай тайпасы. 19 ғ-да Ставрополь губ-ның Пятигорск уезінде, Қалаус пен Күгілтай өзендерінің аралығында көшіп жүрген. Қ.-Ж. мисит, қарұм, қаңлы атты үш руға бөлінеді. Жалпы саны 1850 ж. 13,6 мың адам. Ислам дінін ұстанған. Негізіне
## Сілтемелер |
Қалжа — жас босанған әйелге арнап пісірілетін тағам. Жаңа босанған әйелге ақсарбас қой сойып, ақтілеу айтып, қалжа жегізеді. Себебі аяғы ауыр кездегі тер шықпаса, ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық болады деп ырымдайды. |
Қақыра – уақытша тұрғызылған баспана.
## Тұрғызу барысы
Қақыраны төрт қабырғалы етіп салады. Ол үшін алдымен төрт бұрышынан төрт діңгек орнатып, артынан қамыс немесе ағаш бұтақтарын буып алып, екі діңгектің ортасына тігінен тізіп, белдеуін талмен, шілікпен бекітеді. Шөп, жылқының бопайын, саз топырақты иін қандыра араластыра отырып балшық дайындап, қамыстың сыртын түгел сылайды. Бұндай сылақ жауын-шашында езілмейді, әрі кепкен кезде жарылмайды.Қабырғасын тұрғызғаннан кейін төбесін қамыспен жауып, қамыстың үстіне майда шөп тасталады. Оның үстін лаймен сылайды. Пеш орнатылып, төбесіне қалдырылған ойықтан түтін тартатын мұржа шығарылады. Еденді шымнан тазартып, оны да саз балшықпен сылап шығады. Сылақ кепкеннен кейін қабырғалары әктеледі. Тұрақты мекен-жай қалыптасқанға дейін қақыра барлық өңірлерде кеңінен тараған.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Жәнібеков Ө. Жолайрықта. Алматы: Рауан, 1995; ҚӘТС. 9-том. Алматы: Арыс, 2008;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Қалдан Серен (1693 – 1745) – жоңғар хандығының билеушісі (1727 – 45), қолбасшы. Әкесі Сыбан Раптан 1723 ж. қазақ жеріне басып кіргенде, Қалдан Серен 10 мың қолмен Балқаш пен Қаратауды шапқан.
## Өмірбаяны
Сыбан Раптан өлгеннен кейін таққа отырды. Оның тұсында қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті. Жоңғарлар Жетісудың біраз жерін, Іле Алатауынан Балқашқа дейінгі өңірлерді, Сібір өңірін жаулап алды. Әйгілі Аңырақай, Бұланты шайқастары, Қалмаққырылған оқиғалары осы Қалдан Серен билеген кезеңдерде өтті. Болашақ қазақ ханы, сұлтан Абылай 1741—43 жылы жоңғар тұтқынында отырды (қаласы Абылай). Қалдан Серенмен соғыс барысында қазақ хандығының билеушілері, батырлары бір орталыққа бірігіп, өз еліне қорған бола білді. Осы кезеңде Ресей үкіметі екі жақты саясат жүргізіп, бір жағынан жоңғарлармен тығыз әскери дипломаттық қарым-қатынаста болса, екінші жағынан қазақтарды «өз қамқорлығына алуға» тырысты. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін, жоңғар хандығында тақ таласы басталды. Көп ұзамай, 1755-58 жылдары Цин империясы жоңғар мемлекетін жойып жіберді.
## Дереккөздер |
Қалдығайты – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 243 км, су жиналатын алабы 5,8 мың км².
## Бастауы
Бастауын Шыңғырлау ауданындағы Алмастау тауының оңтүстік-батысынан алып, Төлен ауылының тұсында тұзды көлдерге құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары кең, орта ағысы құмды өңірмен ағады. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Батпақкөл, Қалдығайты ауылдары тұсында жайылма құрап, батпақтанады. Қар көп болған жылдары қатты тасиды. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-дей 40 шақты саласы бар. Ірілері: Песчаная, Баянас, Ащысай, т.б. Жайылмасы – шабындық, жайылым. Өзен суында шортан, қарабалық, алабұға, сазан, т.б. балықтар кездеседі.
## Дереккөздер |
Ғани Әлімұлы Қалиев (19 шілде 1938, Белбасар, Жамбыл облысы — 12 наурыз 2024) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1994).
## Өмірбаяны
* Қырғыз мемлекеттік университетін (1962) бітірген.
* 1963–64 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы.
* 1968–84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988–96).
* 1984–88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
* 1991–96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.
* 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан социал-демократия «Ауыл» партиясының төрағасы. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары агро теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылық технология ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын алудың әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді.
## Дереккөздер |
Қалқаман — Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, темір жол бекеті, Қалқаман ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Ақсу қаласынан батысқа қарай 66 км-дей жерде, Ертіс-Қарағанды каналының Астана-Павлодар темір жолымен қиылысында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1952 жылы Астана-Павлодар темір жолын салуға байланысты қаланған. Қалқаманда жол машиналары зауыты, жол құрылысы кәсіпорындары мен басқармалары, элеватор, тұрмыс қажетін өтеу қызметтері жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Қалиев Байынқол Қалиұлы - (23.1.1939 жылы туған, Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1991), профессор (1996).
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
ҚазМУ-ды (1963, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1967–91 жылдары ҚР ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, 1991–95 жылдары бөлім меңгерушісі болды. 1995 жылдан Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, терминология, этнолингвистика, тіл мәдениеті, аударма салалары бойынша зерттеулер жүргізді. 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974–86, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1988) авторларының бірі, жауапты редакторы. 150-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қалқа Өзені Бойындағы Шайқас– түркі - моңғолдар мен орыс әскерлері арасындағы алғашқы шайқас. 1220 жылы Жебе ноян мен Сүбедей ноян бастаған 30 мыңдық қол Солтүстік Иран арқылы Кавказға басып кірді. Кавказды кесіп өтіп аландарды, қыпшақтарды (орыс жылнамаларында - половецтерді), т.б. халықтарды бағындырып, Қырымға және орыс князьдіктерінің оңтүстігіне шабуыл жасады. Бірақ, негізгі мақсаттары батыс аймақтарды барлап қайту болғандықтан, еш жерге тұрақтамай, Каспийді айналып, елдеріне қайтпақшы болды. 1223 жылы сәуірде орыс князьдері өзара күш біріктіріп әрі қыпшақтармен одақтаса отырып, моңғолдарға соққы беруді ойластырды. Орыс князьдері арасында шайқас болатын жер жөнінде келіспеушіліктер орын алды да, князьдер Мстислав Удалой, Даниил Волынский және қыпшақтар Қалқа өзенінен өтті де, қалғандары сыртынан бақылап тұрды. Шайқас 1223 жылы 31 мамыр күні Қалқа (Кальчик) өзенінің (қазіргі Украинадағы Донецк облысында) бойында болды. Жебе мен Сүбедей өзеннен өтіп келген орыс князьдері мен қыпшақтардың әскерлерін күйрете жеңді, аман қалғандары Днепрдің арғы жағына қарай қашты. Моңғолдар қайтадан өзеннен өтіп, бақылап тұрған орыс әскерлерін қоршауға алды. Киев князі Мстислав басқарған негізгі әскер үш күн шайқастан кейін толық жеңіліп, берілуге мәжбүр болды. Бірақ Жебе мен Сүбедей де ол жерде аялдаған жоқ. Каспийді айналып өтіп, жолдағы ұлыстарды бағындырды. Сөйтіп Еділ, Жайық, Сырдария өзені арқылы Шыршық бойында отырған Шыңғыс хан ордасына қайтып оралды. Шайқас Шығыс Еуропа елдерінің, соның ішінде орыс князьдіктерінің де әлсіз екендігін көрсетіп берді. Жебе мен Сүбедей жорықтары негізінде алынған барлау мәліметтеріне сүйене отырып, 1235 жылы Қарақорымда өткен құрылтайда Шығыс Еуропаға жорық жасау жөнінде шешім шығарылды. Әскерге бас қолбасшы болып - Бату хан, кеңесшілікке - Сүбедей ноян тағайындалды.
## Дереккөздер |
Қаламтөбе – ежелгі қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылынан оңтүстікке қарай 3,5 км жерде орналасқан. 1969–70 жылдары Отырар археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) тауып, зерттеген. Қазіргі орны екі төбеден тұрады. Үлкен төбе тік бұрышты келген. Оның аумағы 40–20 метр, биіктігі 4,3 метр. Одан 30 мньр шығысқа қарай дөңгелектеу келген, диаметрі 10 м, биіктігі 2,4 метр төбешік орналасқан. Зерттеу барысында ангобты өрнегі бар құмыралар, т.б. қыш ыдыстар жинастырылған. Зерттеулер нәтижесінде қала тұрғындары мұнда б.з. 1–6 ғасырларында өмір сүргені және егіншілікпен айналысқаны анықталды.
## Дереккөздер |
Қалмақкөл – Есіл алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданының оңтүстік-шығысында, Аққанбұрлық өзенінің сол жағалауында, Шағалалы ауылының батысында 4 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 308,3 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 53,1 км2, ұзындығы 10,7 км, енді жері 8,2 км, жағалау бойының ұзындығы 32,5 км.
## Жағалау сипаты
Батыс және солтүстік жағалаулары жыралы-құламалы, оңтүстік мен шығысы жайпақ келген. Қызғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, боз, т.б. өседі. Жағалауы шабындық ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қалмаққырылған, Белеуітті, Білеу – Шалқартеңіз алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 325 км, су жиналатын алабы 10,1 мың км².
## Бастауы
Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Қарамола тауының оңтүстігінен басталып, Ботамола бейітінің оңтүстік-шығысында 5,2 км жерде, Нарөлген ауылынан 5 км, Шұбартеңіз сайы (бұрынғы көлге) 28 км жетпей тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Жылдық орташа су ағымы 1,05 м³/с. Аңғары кең (0,5 – 4 км), бүйірлік жырауылысайлармен тілімденген, жоғарғы ағысында жағалау беткейлері тік, биіктігі 10 – 40 м. Төменгі ағысының жағалауы жайпақ. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Су ағыны көктемде болып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қалмаққырылғанға ұзындығы 10-нан 48 км-ге жететін көптеген салалар құяды. Оң салалары: Шауыпкелсай, Алшынбайсай, Керегетассай, Күнтоғай, Сарыбұлақ, Аманжолсай, Дүйсембай, Шолақсай, Жиде, Бозінген; сол салалары: Қарсақпай, Талсай, Қаратөбесай, Ащылысай, Ақкиіксай, Тұрған, т.б. Алабы – мал жайылымы, жайылмасы шабындық ретінде пайдаланылады. 1723 жылы осы өзеннің бойында қазақ сарбаздары қалмақтарды ойсырата жеңгеннен кейін бұрынғы Белеуітті өзен сол жеңістің құрметіне Қалмаққырылған болып аталған.
## Дереккөздер |
Ғафу Қайырбеков(15 тамыз 1928 Қостанай облысы, Торғай) – 1994) – ақын.
Арғын тайпасының Айдерке руынан шыққан.
Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.
* 1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті.
* 1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды.
* 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты.
«Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды.
## Өлеңдері
Көптеген әндердің өлеңін жазған. Балаларға арналған
* «Балықшы Иван» (1957),
* «Балқурай» (1962),
* «Күн баласы» (1963),
* «Ақ көйлекті шал» (1968) атты кітаптар жазған.
* «Қарқаралы басында» (1967),
* «Ақжелкен» (1976),
* «Жел қайық» (1980),
* «Толассыз толқын» (1981),
* «Бір кеменің үстінде» (1981),
* «Елтінжал» (1990),
* «Өмір оттары» (1988),
* «Ел мен жер» (1991),
* «Үш қиян» (1993),
* «Алыс та жақын жағалаулар » (2001),
* «Атамекен» (2005),
* «Үйренсең де ұқсама (Сырбайға)»
* «Бауырсақ»
* «Жершілмін»
* «Мен туған»
* «Естелік» (2007) атты прозалық және зерттеу, очерктер жинақтарының авторы.
## Шығармалары орыс тілінде
Алматы мен Мәскеу баспаларынан
* «Родные травы» (1957),
* «Иван Рыбак» (1959),
* «О сверстниках» (1960),
* «Степной колокол» (1961),
* «Разговор с солнцем» (1963),
* «Тургайские волны» (1975),
* «Белый ветер степей» (1979),
* «Звездные судьбы» (1981),
* «Звезда счастья» (1984),
* «Крылатые годы» (1984),
* «Белый парус» (1990) атты орысша кітаптары жарық көрген.
«Алғашқы асу» (1964), «Сарыарқа саздары» (1972), «Беласар» (1978) атты ІІ томдық шығармалар жинағы, ІІ томдық шығармалар жинағы, (1988, 1998), көптомдық шығармалар жинағының екі томы жарыққа шыққан.
## Марапаттары
Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Халықтар Достығы орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі табыстары үшін», «Ыбырай Алтынсарин». «Жеңіске 50 жыл», «Тың және тыңайған жерлерд! игергені үшін» медальдарымен марапатталған. Қостанай облысының, Қостанай қаласының, Торғай облысының, Арқалық қаласының Құрметті азаматы.
## Шығармалары
* Құрдас. А., 1954;
* Балықшы Иван. А., 1955;
* Дала қоңырауы. А., 1956;
* Қосбасар. А., 1958;
* Таулар сөйлейді. А., 1960;
* Арал әуендері. А., 1961;
* Балқурай. А., 1962;
* Күн баласы. А., 1964;
* Жер астындағы жұлдыздар. А., 1965;
* Большевик ауылы. А., 1967;
* Алтын бесік. А., 1969;
* Көсемнің нұрлы атымен. А., 1970;
* Дала саздары. А., 1972;
* Қанатты жылдар. А., 1973;
* Торғай толқыны. А., 1974;
* Ақжелкен. Повестер. А., 1976;
* Асу алда. А., 1977;
* Таңдамалылары. Екі том. А., 1978;
* Жел қайық. Повесть. А., 1980;
* Жұлдызды тағдырлар. Поэма. А., 1980;
* Бір көмейің үстінде. Әдеби сын. А., 1981;
* Маңғыстау маңғаздары. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1982;
* Туған топырақ. «Жазушы», 1985;
* Крылатые годы. Стихотворение и поэмы. М., «Художественная литература», 1984;
* Күнтеңескен. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1986;
* Ана туралы жыр. «Өнер», 1987; *Шұбалаң. «Жазушы», 1988;
* Көнсадақ. «Атамұра», 2004;
* Құрдастар. «Раритет», 2008.
## Дереккөздер |
Қалба жотасы – Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батысында орналасқан. Алтайдан оны Ертіс өзенінің аңғары, батыс бөлігін Сарыарқадан Шар және Көкпекті өзендерінің аңғары бөліп жатыр.
## Геогрфиялық орны
Әкімшілік тұрғысынан Абай облысының Жарма (батысы) және Көкпекті, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандарының жерін қамтыған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 км-ге созылып жатыр, енді жері 120 км-ге жуық (орта тұсында).
## Жер бедері
Солтүстік-батысы мен батысының жер бедері аласа таулық сипатта, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысы орта биіктік таулы шоқылықты құрайды. Аласа таулық солтүстік-батысы мен батысы Асқаралы (731 м), Қойсары (771 м), Айыртау (1003 м), Шұбаршоқы (974 м), Қаратақыр (758 м), Бала Құсмұрын (1035 м), Обалы (719 м) тәрізді жеке таулардан тұрады. Солтүстік-шығысы мен шығысы Талды (1574 м), Жаңаасу (1421 м), Қаражал (1144 м), Сарышоқы (1598 м, Қалба жотасының ең биік жері), Кальчуга (1377 м), Суықшоқы (1380 м), т.б. шоқылы таулар мен шағын жоталардан тұрады.
## Геологиялық құрылымы
Палеозойдың Об – Зайсан қатпарлы облысына жататын Қалба жотасының Зайсан қатпарлы жүйесі Зайсан көлінің батыс жағалауынан бастап Ертіс өзеннің сол жағалауымен Семей қаласына дейін созылып жатыр. Қатпарлы жүйе батыста Сарыарқа каледонидтерінің, шығысында Ертіс жарылымының арасынан орын алған. Жарма (Оңтүстік Қалба), Қалба – Нарын синклинорийінен құралған геосинклинальдық кешен ультранегізді массивтермен ұштасқан жоғарғы ордовиктің порфирит формациясынан, силур мен девон жыныстарынан, бұлардың бетіндегі төменгі және ортаңғы тас көмірдің терригендік, теңіздік жыныстарынан түзілген. Жарма (Оңтүстік Қалба) жыныстарының басым бөлігі силурдың соңынан ортаңғы триасқа дейінгі эффузивтерден құралған. Тектоникалық тұрғысынан мұнда күмбезді-жақпартасты көтерілімдер плейстоцен-неоген кезеңдерінде болды. Кейбір блоктар 2000 – 2500 м тереңдікте жатыр. Сейсмикалық тұрғысынан аймақтың Зайсан көліне қарайтын оңтүстік-шығыс бөлігі магнитудасы 6 – 7 балдық белдемде орналасқан.
## Кен байлықтары
Кен байлықтары негізінен тас көмір-пермь жүйесінің сиал блогында шоғырланған. Жер қойнауында алтын, күміс, полиметалл кендерімен бірге тантал, вольфрам, қалайы сирек металды кендері өндіріледі.
## Климаты
Қалба жотасына жылдың суық маусымы, негізінен, Азия антициклонының батыс тармағына байланысты. Аймақта қаңтар айының жылдық орташа температурасы –19 – 21°С, кей жылдары қыста ауа температурасы –49°С-қа дейін төмендейді. Жазда (шілде айында) орташа ауа температурасы оңтүстік-батысында 20 – 23°С, солтүстік-шығысында 18 – 20°С-ты құрайды. Кей жылдары жазда температура 38°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 280 – 350 мм-ден (оңтүстік, оңтүстік-батысында) шығыс, солтүстік-шығыста 350 – 420 мм аралығында. Қалба жотасы ылғалға тапшы аймаққа жатады. Мұндағы гидротермик. коэффициент (ГТК) мөлшері 0,2 – 0,5-ке тең. 10°С-тан жоғарғы температураның жылдық жылу мөлшері 2400 – 2600°С аралығында. Жауын-шашынның басым бөлігі (65%) сәуір – қазан айларында болады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының 2-онкүндігінде қалыптасады. Оның қалыңдығы батыс, оңтүстік-батысында 15 – 20 см, шығыс, солтүстік-шығыста 30 – 35 см, тау шатқалдарында 40 – 60 см-ді құрайды. Қыста желдің басым бөлігі батыстан соқса, жазда оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы Қалба жотасының батысында 3 – 4 м/с, шығысында 1 – 2 м/с.
## Су торабы
Өзендерінің барлығы Ертіс алабына жатады. Ірі өзендері: Көкпекті, Бөкен, Шар, Қызылсу Қанай, Ұлан, Абылайкит, Тайынты. Көлдері: Шалқар, Айыр.
## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Қалба жотасының топырағы негізінен тауалдының қызғылт қоңыр, қоңыр (батысында) және таудың қара топырағынан тұрады. Зайсан көлінің батысында (Қызылқұм құмында) құмды-сазды топырақ, орта тұсындағы (Көкпекті ауданында) тауларда альпілік шалғын топырақ қалыптасқан. Онда далаға және құрғақ аласа тауға тән далалық түрлі шөпті өсімдіктер өседі. Шығысы мен солтүстік-шығысында Сібір жазығына тән сирек ағашты және қайыңды-қарағайлы орман қалыптасқан. Бұталар (тобылғы, ешкісабақ, қараған, арша, итмұрын), қайың, терек, көк терек бар. Одан жоғарыда балқарағай, самырсын, қарағайлы орман өседі. Жануарлардан мұнда тиін, шұбар тышқан, қоңыр аю, сілеусін, құдыр, меңіреу құр, шіл, тұйғын, тоқылдақтар, ұлар бар.
## Дереккөздер |
Шәмші Қалдаяқов (15 тамыз 1930, Отырар ауданы – 29 ақпан 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Қазақстанның Еңбек Ері (2022, қайтыс болғанынан кейін). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.
Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" қалай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды.
Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.
## Өмірбаяны
Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын, жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас. Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.
Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.
Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.
Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...
Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық артисі.
## Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі
Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын:
* «Ақ ерке – Ақ Жайық»,
* «Арыс жағасында»,
* «Сыр сұлуы»,
* «Жарқырайды Жезқазған»,
* «Қарқаралы»,
* «Фосфорлы Жамбыл»,
* «Байқоңыр»,
* «Талдықорған – әнім менің»,
* «Ырысты өлке – Шардара»,
* «Отан»,
* «Теріскей»,
* «Мойынқұмда»,
* «Отырардағы той»,
* «Көгілдір Көкше»,
* «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.
Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын:
* «Менің Қазақстаным»,
* «Теңізде – толқында»,
* «Бақыт құшағында»,
* «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
* «Ақмаңдайлым»,
* «Ақсұңқарым»,
* «Қайдасың»,
* «Еркежан»,
* «Ана туралы жыр»,
* «Құшақ жайған қандай адам»,
* «Қайықта»,
* «Қыз сағынышы»,
* «Ақ бантик»,
* «Кешікпей келем деп ең»,
* «Қуаныш вальсі»,
* «Әнім сен едің»,
* «Сағынышым менің»
әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева, т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды.
Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.
## Марапаттары
Республика жастар сыйлығының иегері болды (1965).
## Шәмші есімі ел есінде
1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған. 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым ме-нің» (реж. Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002).
## Шығармалары
* Әндер, А., 1967;
* Бақыт құшағында. Әндер жинағы, А., 1971;
* Сағынышым менің. Әндер, А., 1978;
* Менің Қазақстаным. Әндер, А., 1981;
* Шәмші әлемі. Әндер, А., 2000.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ШӘМШІ ТАБИҒАТЫНЫҢ ШЫҢЫ МЕН ШАТҚАЛЫ Мұрағатталған 23 қаңтардың 2022 жылы.
* Шәмші Қалдаяқов: «Мені іздеп келген аяғыңнан айналайын»
* Жәмила Қалдаяқова: Шәмші ешқашан отбасының шырқын бұзған адам емес Мұрағатталған 23 қаңтардың 2022 жылы.
* Шымкентте Шәмші ескерткішіне гүл шоқтары қойылды |
Қалпақ – ерлердің дәстүрлі бас киімі. Негізгі материалы – киіз. Қиынды төрт сайдан құралып, күмбез пішінді, етегі қайырылатын болып тігіледі. Екі жақ күнқағары айыр болып тігілгендерін айырқалпақ деп атайды. Оның бір жағы – байлық, келесісі – билік деген мағына береді. Мұндай Қ-тар қымбат маталардан тігіліп, алтын не күміс жіптермен кестеленеді. Ерте кезде оларды хан, сұлтан, би, ауқатты қазақтар киген. Ақ киізден сәндеп тігілген ақ қалпақ қазақ, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында кең тараған. Кейде мұны да айырқалпақ, киіз қалпақ деп атай береді. Оны ақ қозының күзем жүнінен, кейде түбіт қосып басқан жұқа киізден жасайды. Қайырылған күнқағары алды арты кейде жырық болып келеді. Сайлары қосылған тігістері мен етегі қара барқытпен көмкеріледі де, төбесі нәзік ою-өрнектермен сәнделеді. Төбесіне, сәнді болу үшін, нәзік жіптер арқылы жалғанып, қысқа шашақ тігіледі. Қ-тың түр-түсі киюшінің жас ерекшеліктерін де білдіреді. Ақ киізден тігілген Қалпақ – жеңіл. Оның ыстықта күн өткізбейтін, ал салқында суықтан қорғайтын қасиеті бар.
## Сөз төркіні
Орта парсыша: kulāfak > түрікше: *qalpāq/*qalfāq > қазақша: қалпақ
## Дереккөздер |
Қалпе - ислам дінінің Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабындағы атақтардың бірі.
Түркі халықтары арасында мужтаһид ғалымдар (ислам ғалымдары) қалпе арқылы сипатталады. Қазақ қоғамында қалпе деп күнделікті күйбең тіршілікке араласпайтын, ел ішінде сый-құрметке ие болған, шариғат заңдарын қатаң орындайтын діндар, тақуа адамды айтады. Қазақ халқында дін білгірі, алым (ғалым) ретінде, әрі діни жырлар мен қиссалар шығарып, ақын-шайыр ретінде танылған қалпелер көп болған.
## Дереккөздер |
Мұхит Ғалымұлы Қалымов (5.5. 1931, Атырау облысы Индер ауданы Мәмбет а. – 3.11.2002, Алматы) – кескіндемеші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989).
Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме факультетін (1964), осы институттың аспирантурасын (1970) бітірген. 1965 жылдан суретшілігімен қоса ұстаздық етті.
1965 – 1970 ж. Алматы көркемсурет училищесінде, 1970 – 1980 ж. Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет кескіндеме бөлімінде, 1980 – 1985 ж. Алматы архитектуралық-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) кескіндеме мен мүсін кафедрасын басқарды, 1985 – 1993 ж. Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1993 жылдан. өмірінің соңына дейін осы институттың кескіндеме кафедрасының профессор болды.
Қалымов тарихи тақырыптарға, қазақтың белгілі өнер саңлақтары мен ірі қайраткерлердің бейнесін жасауға көп көңіл бөлді. Оның “Бабалар”, “Абылайхан”, “Сырым батыр”, “Исатай – Махамбет”, “Мұрат ақын”, “Құрманғазы”, “Қайран шешем” полотноларынан көпке тұлға болған ерлердің бейнесін көреміз. “Ғани Мұратбаев”, “Әуезов пен Ш.Айтматов”, т.б. портреттері бейнелеу әдісінің сонылығымен және адамның ішкі психологиялық жан-дүниесін ашудағы шеберлігімен ерекшеленеді. Бұдан басқа “Алғашқы қазақ атты әскері”, “Абылай хан билер ортасында”, “Көбік шашқан”, т.б. картиналарын салды.
Махамбет атындағы сыйл. иегері (1996).
Суретші туындылары Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында, Атырау, Астана, Қарағанды мұражайларында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қалмақ хандығы, кейде Торғауыт хандығы (қалм. Хальмг хана улус) - қалмақтардың XVII-XVIII ғғ. Мәскеу патшалығы мен Ресей империясының құрамындағы мемлекеттік бірлегтігі.
## Тарихы
### Мемлекеттің құрылымы
Хандық ұлыстардан (ұлыстарды нойондар басқарған), ұлыстар - аймақтар мен хотондардан (зайсангтың басқаруымен) құралған. Хандықта дамыған сот жүйесі болды (зарго - сот, заргучи - төреші). 1655 жылы Далай-лама V тайшы Шукур-Дайчинге хан атағын ұсынды. Алайда тайшы керекті шарттардың жеткіліксіздігінен титулдан бас тартты. Мемлекеттің шарықтау шегі Далай-лама VI 1690 жылы хан атағын қабылдаған Аюканың тұсына сәйкес келді. Орыс үкіметі Аюканы хан ретінде 1709 жылы мойындады. Қалмақ билеушілері Ресейдің ең ірі шайқастарына қатыса отырып, сыртқы және ішкі саясатын еркін жүргізіп отырды. Хандық Тибеттегі дін адамдарымен, Жоңғариядағы билеушілермен байланыстарын үзбей сақтап келген.
### Қалмақтардың Еділдің бойына келуі
XVI ғасырдың аяғында Сібір хандығын жаулап алған Орыс патшалығы қалмақтардың торғауыт және хошоуыт тайпаларымен кездесті. Торғауыттардың Еділ мен Солтүстік Кавказға көшуінің себебі әлі де белгісіз. Каспийдің солтүстігіне Чокурдың хошоуыт ұлысы алғаш болып қоныс аударған.
XVII ғасырдығ ортасында торғауыттар Ұлы Даланың батысында Үлкен және Кіші Ноғайларды ығыстырып, жаңа орынға орнықты. Ноғайлардың басым көпшілігі Қырым мен Кавказдың солтүстігіне көшуге мәжбүр болды.
1664 жылы жазда Ресей сюзерен ретінде оны ресми түрде өз вассалы санатына алды. Қалмақ хандығының негізін Дайшын тайшы мен оның мирасқоры Моншақ (Пунчук) қалаған. 1650-1664 жылдары қалмақтар қырым татарларына, қабардалықтарға, Дон, Запорожье казактарына, қазақтарға, башқұрттарға шабуыл жасап, Ресей мемлекетінің оңтүстік - шығыс шекарасын қорғады. Осы қызметі үшін орыс патшасы олардың қоныстарын кеңейтіп, Дон бойындағы кеңістікті қосып берді. Ресей қалаларымен еркін сауда жасау мүмкіндігін берді, әрі тайпа көсемдері мен билеушілеріне жалақы тағайындап, сый-сияпаттар жасап тұрды. Патша тарапынан Моншаққа мемлекеттік биліктің ерекшелік белгілері (шоқпар, ту,) мен қалмақ халқының билеушісі деген атақ берілді.
Сөйтіп Ресей үкіметі ресми актілер арқылы Қалмақ хандығының вассалдық құрылымын заңдастырды. Ресейге сіңірген ерекше еңбегі үшін Петр I оның билігіне араласпай, ол сырт көзге тәуелсіз билеушіге айналды. Аюке өлгеннен кейін орыс патшалары хандарды өздері тағайындады. Қазақтар жоңғарлардан ажырату үшін Қалмақ хандығының адамдарын «құба қалмақ» деп атады. Екі ел арасында, әсіресе XVIII ғасырдың 1-ші жартысында, көші-қон аймақтары үшін жиі-жиі әскери қақтығыстар болып тұрды. Бұл соғыстарда қалмақтар үнемі Ресейге сүйеніп, одан қару-жарақ (мылтық, зеңбірек, оқ-дәрі, т.б.), тіпті әскери көмек те алып тұрды. Көптеген зерттеушілер 1731 жылы Әбілқайыр ханды Ресей бодандығына өтуге мәжбүр еткен себептердің бірі батыстан төнген осы «құба қалмақтар қаупі» деген пікір айтады.
1750 жылдары Еділдің бойына шығыстағы жоңғар ұлыстарынан (орыс деректерінде "Зенгория" атауымен белгілі) дербет тайпасы көшті. Жоңғар хандығының құлауынан кейін нойон Шееренг (Цэрэн) 10 мың адамымен Еділдің бойына жетті.
XVII ғасырда құрылған мемлекеттегі халық негізінен тоғауыт тайпасынан шыққан. Сондықтан, орыс деректерінде "Қалмақ хандығы", "Торғауыт хандығы" атаулары қатар кездеседі.
### Қалмақтар қатысқан негізгі соғыстар мен шайқастар
* 1607 ж. - Қазақ хандығына қарсы жорығы
* 1619 ж. - қалмақтардың ноғай әскерін талқандауы
* 1620 ж. - башқұрттарға қарсы әскери жорығы
* 1635 ж. - астрахан татарларына қарсы әскери жорығы
* 1645 ж. - Кабардаға әскери жорығы
* 1658 ж. - қырым татарлары мен ноғайларға қарсы сәтті жорығы
* 1660 ж. - Том қаласын шабуылдауы
* 1661 ж. - Қырым хандығына соғыс ашуы
* 1676 ж. - орыс-түрік соғысына қатысуы
* 1678 ж. - қалмақ казактарының Қырым хандығының әскерін талқандауы
* 1680 ж. - Пенза қаласына жорығы
* 1684 ж. - Аюка ханның Сайрамды жаулап алуы
* 1696 ж. - Азов қаласын шабуылдауға қатысуы
* 1698 ж. - Ресейдің оңтүстігіндегі қырым татарларына қарсы жорығы
* 1720-1721 ж. - Солтүстік соғысқа қатысуы
* 1710 ж. - орыс-түрік соғысына қатысуы
* 1722 ж. - Ресейдің Парсы жорығына қатысуы
* 1735 ж. - орыс-түрік соғысына қатысуы
* 1735 ж. - Кубань мен Қырымға сәтті жүргізілген жорықтары
* 1741 ж. - орыс-швед соғысына қатысуы
* 1768 ж. - орыс-түрік соғысына қатысуы
* 1812 ж. - Наполеонмен болған соғысқа қатысуы
* 1814 ж. - Парижді басып алуға қатысуы
### Хандықты жою
XVIII ғасырдың 2-жартысында Жоңғар мемлекеті жойылды. Кіші жүз бен Орта жүз Ресей бодандығына өтті. Солтүстік Кавказ халықтары, Дон, Запорожье казактары толық бағындырылды. Сөйтіп Ресейге Қалмақ хандығының әскери қызметінің қажеті болмай қалды. Сондықтан оларға патша өкіметі тарапынан қысым күшейді.
1767-1768 жылдың ауыр қысынан кейін қалмақ ұлыстарында жұт басталды. Ресей үкіметі қалмақтарға нанды белшіленбеген жерленде сатуға қатаң тыйым салды. Қалмақтардың негізгі жайылымдары орналасқан жерінде донның казактары қоныстанып, Царицын сызығы пайда болды. Бұл жайылымдардың тарылып, үлкен мал шығынына алып келді.
1771. Қалмақ хандығының билеушілері Қытайдағы Цинь империясы Жоңғар хандығын талқандап, халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтарына ата-бабаларының жері қаңырап, иесіз қалды деген лақап тарады. Осыған байланысты халықтың көшбасшылары Ұбашы хан және Церен тайшылар тайпаластарын атамекендері Жоңғарияға қайтару үшін ұлы көш жасауға үгіт жүргізді. Шапқыншылықтардан қажыған, Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған қалмақ халқы 1771 жылы 5 қаңтарда ата-мекендері Жоңғарияға қайта көшуді бастады. Дінбасылар астрологияның көмегімен атамекенге қайтудың қолайлы жыл мен айдың уақытын есептеп шықты. Қалмақ халықының Еділ бойынан Жоңғарияға сапары осылай басталды.
Қалмақтарды тоқтату мақсатымен Екатерина II үкіметі жайық казактарына, Орынбор губернаторына, өзіне бодан болған Кіші жүз билеушілеріне арнайы циркуляр (өкімхат) жолдады. Убаши әскері Жайық сызығындағы бекіністерді (Кулагин, Индер тауындағы Қалмақ, Сорочиков) бұзып өтті. Орынбо сызығынан генерал М.М. Траубенберг бастаған әскер де қалмақтарды тоқтала алмады. Нұралы ханның Траубенбергке зеңбіректерді қалдыру туралы өтініші орындалмады. Траубенбергтің үкімет алдындағы есебінде зеңбіректерді қалдырмаудың себептері баяндалған. Генерал қалмақ әскерінің жақсы жабдықталғанын ескере отырып, қазақтардың Убаши әскерін тоқтата алмайтына сенімді болды.
Тарихи деректерде Еділден шыққан 170-180 мың халықтың Цин империясына дейін жеткендері туралы біраз қарама-қайшылық бар (15-70 мың). Жол бойында қазақ және қырғыз тайпаларының тұтқындарына айналғандар туралы да нақты деректер жоқ.
Барлық дербет нойондары өзіне бағынышты халық пен әскерімен өз орындарында қалды. Олар Дон, Еділ және Солтүстік Кавказдағы жайылымдарынан айырылғысы келмеді. Оларға қоса Еділдің, Еділ мен Жайықтың арасындағы кейбір торғауыттар мен хошоуыттар да "Шаңды жорықты" қолдамаған.
Халқының басым көпшілігінен, әскерінің екіден үш бөлігінен айырылған хандық қатты әлсіреді. Осыны пайдаланған Екатерина II 1771 жылы 19 қазанда арнайы жарлығымен Қалмақ хандығын жойды. Император Павел I 1800 жылы Қалмақ хандығын қайтадан қалпына келтірді. Алайда 1803 жылы жаңа патша Александр I хандықтты қайта таратты.
### Қалмақ хандығының билеушілері
Торгауыт тайшылары керейіт тайпасынан шыққан.
* Хо-Урлюк тайшы (1633-1644)
* Шукур-Дайчин тайшы (1644-1661)
* Мончак тайшы (1661-1672)
* Аюка хан (1672-1724)
* Церен-Дондук тайшы (1724-1735)
* Дондук-Омбо тайшы (1735-1741)
* Дондук-Даши тайшы (1741-1761)
* Убаши тайшы (1761-1771)
Багацохур ұлысының билеушілері
* Додьби (1771-1781)
* Ассарай (1781)
## Әдебиет
* Батмаев М.М. Калмыки в XVII—XVIII веках. События, люди, быт. 2 томда. — Элиста: Калм. кн. из-во, 1993.
* Батмаев М.М. Социально-политический строй и хозяйство калмыков в XVII—XVIII вв. — Элиста: Джангар, 2002.
* Цюрюмов А.В. Калмыцкое ханство в составе России: проблемы политических взаимоотношений. — Элиста: Джангар, 2007.
* Пальмов Н.Н. Очерк истории калмыцкого народа за время его пребывания в пределах России. — Астрахан: Калмгосиздат, 1922
## Ескертпелер |
Қамар Ад-Дин(туған жылы белгісіз – 1390) – дулат тайпасының әмірі. 14 ғасырдың 2-жартысында Моғолстанда билік құрған. Шу-Іле өзенінің аралығы мен Ыстықкөл маңындағы ұлысты билеген. 1380 жылы Қамар Ад-Дин Тоқтамысқа барып, Әмір Темірге қарсы одақ құрды. 1389 жылы Әмір Темірдің жорығынан кейін бұл одақ жойылды. Қамар Ад-Дин науқастан қайтыс болды.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том |
Қамастар, қамисиндер – түркі тайпасы. 19 ғ-да Енисей губ-ның Кан уезін, Енисей өз-нің оң жағалауын мекендеген. Түркі және самоед тайпаларынан пайда болған көшпелі Қ. халқы үш ұлысқа бөлінеді: 1) ұғымақ, негізінен, Ман, Кан өзендерінің салаларын мекендеген; 2) аба |
Қамба– дән, ұн және дәнді дақылдар сақталатын орын. Қ-ны ағаштан, тастан және жергілікті құрылыс материалдарынан салады. |
Қамбар Ата, Қамбар баба – қазақтың сенім-нанымында жылқы малының пірі, иесі. Кейбір аңыздарда Қ. а. есімі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Қамбар Ата бейнесі түркі халықтарының ежелгі фольклорында көп кездеседі.
Мысалы, түрікпендік Гамбар баба – қазақтың Қорқыты сияқты сазгерлер мен әншілердің, ақындардың пірі болып саналады, ол “дутар” делінетін саз аспабын ойлап тапқан деседі. Қазақ фольклорында Қамбар Атаның мифтік болмысы су стихиясымен (“Көл иесі Қамбар-ау, Шөл иесі Қамбар-ау, қарағыма көз сал-ау”), музыкамен, муз. аспапты ойлап табумен (түрікмен мысалы), жылқы малымен байланысты. Жылқы (“су жылқылары”, “суын бие”, “суын айғыр”) мен музыканың су стихиясымен ұштастырылатындығына (қазақтың Қорқыт атасы, түрікпеннің Ашықайдыны, осетиннің Сырдоны, т.б.) қарап, Қамбар Ата мифтік сипатының тек жылқышыларға қамқорлық жасаумен шектеліп қалмайтындығын аңғаруға болады. Осындай үш сипаттағы Қамбар Ата бейнесінің қазақ-түрікпендік негізінің қалыптасу арнасы Каспий т-ндегі Маңғыстау жағалауында өрбіген. Жылқы иесі мен жылқышылар пірі болған түрікпендік Дүлдүл атаның моласы Каспий теңізінің жағасында, Маңғыстау облысына таяу жерде, Бекдаш қаласы маңында жатыр. Дүлдүл – Әзірет Әлінің тұлпары, ал теңіз жағалауындағы мола ежелден бар, яғни осы мола иесі ислам діні таралмастан бұрын оның жылқы иесі қызметін сақтағанымен, басқаша аталғандығын шамалауға болады.
Таласбек Әсемқұл Қамбардың шығу төркінін парсының "хаумаварга" (сақтар) сөзімен байланыстырады. "Хаумаварга" мен "Қамбар" - екеуі бір халықтың аты. "Хаумаварга" деп пасрылар, "қамбар" деп қаңлылар айтқан. Иран мен Тұран бөлінбей тұоғанда осы екі сөз бірдей қолданыста болған сияқты. Серікбол Қондыбайдың айтуынша, "қам" бақсы, шаман. Бақсының ойыны кейбір түркі тайпаларда "қамлау" деп аталады. Ал осы құрамадағы "бар" сөзі "бөрі" болуы мүмкін. Сонда жинақтап келгенде "қамбар" - "қамбөрі", яғни "қасқыр терісін киген бақсы" дегенді білдіруі мүмкін.
## Сілтемелер
* https://el.kz/news/archive/ambar_ata/ |
Қалнияз Шопықұлы (1816, Самқұмы, қазіргі Маңғыстау облысы – 1902, Тәжікстан, Гиссар алқабы) – жырау. Адай руынан шыққан қазақ жырауы.
## Өмірбаяны
Ежелгі ерлік дастандарды,«Ақтабан — шұбырынды», Исатай-Махамбет көтерілісі оқиғаларын, көне жыраулар мұрасын ести өседі. Атырау, Хиуа өңіріне тараған әдеби мұралардан өнеге алады. Хиуа хандарының Маңғыстау, Үстірт қазақтарына басқыншылық шабуылдары мен патша үкіметінің отарлаушылық саясаты Қалнияздың ел қорғауға үндейтін жырлар толғап, көне ерлік дастандарды насихаттауына ерекше әсер етеді. Қалнияз өз дәуіріндегі Хиуа хандары басқыншылығына қарсы күрескен Балуанияз бен Қармыс Толеп пен Амантүрлы , Қожалақ пен Қарақұл, Сүгір мен Тұрмамбет, Балта мен Дәуіт сияқты батырлар бастаған жорықтардың көбіне қатысып, жауынгерлерді өлең, толғауларымен ерлікке үндеген. Патша үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесіне» наразылық білдірген Маңғыстау қазақтарының бірқатар ауылдарымен бірге Қалнияз да Хорезм өңіріне барады . Бұл мекенге де көп тұрақтамай, 1870—1880 жылдар аралығында табын Адайбек, Қосқұлақ Көтібар, Бегей Тай жандармен бірге бірқатар адай, табын ауылдарын бастап Тәжік жеріне өтіп, одан көшіп Ауғанстанның Төрiбағлан деген жеріне тоқтайды. Бірақ, жергілікті әкімдердің талауына көне алмай, Есембет Бердібек батыр ұрпақтары Балжігіт, Жанжігіт және Бәли Марқабай батырлардың ұрыса көшуімен сол ауылдардың бірқатары қайтадан Тәжік жеріне келеді. Бұқар әміріне қарайтын бұл аймақты қоныс ету үшін Байбақты Нұрмағанбет, Қырықмылтық Жарғанқажылар қызмет етеді. Сөйтіп, бұрын елсіз жатқан Себістан, Саңлақ, Көләп, Қарған Сарайкемер, Қара тау, Теректі, Төлеу тау сияқты жерлерді заңды мекен етеді. Вахш, Пәндік сияқты дариялы, Теректі сияқты қолайлы қоныста отырса да, Қалнияз елді аңсап, бірқатар ауыл елге қарай Душанбе, Гиссар бетіне көшеді. Қалнияз сол Гиссар алқабында 1902 ж. 83 жаста дүние салады. Балалары қайтадан Теректі тауындағы елге қосылады.
## Шығармашылығы
Қалнияздың «Ер Қармыс» жыры, «Жаскелеңмен айтысы», «Көтібар бөтен кісім бе?» деген толғаулары Маңғыстау, Атырау, Қарақалпақстан, Түрікменстан жеріндегі қазақтар арасына кеңінен тараған. Аталған шығармалары және «Сүгір батырға айтқаны», «Батыр да Балуанияз, Қар мысы бар» аталатын өлең, толғаулары Маңғыстау, Үстірт жерінде, «Амантұрлы батыр қазасын естіртуі», «Қожалақ батырға айтқаны», «Ер Көней», «Билерге», «Қара бір сөзге келгенде» жырлары Хорезм өңірінде, «Ожырай Тәжібай ақынмен айтысуы», «Аңсадым аға, жеңге, ағайынды», «Қалнияз едім күнінде», «Ата қоныс Нарында» толғаулары тәжік аймағында жүргенде туған. Қалнияз жырлары халық тағдыры, елді, жерді сақтау сияқты өз дәуірінің ең көкейкесті мәселесіне арналған. «Ер Қармыс» дастаны, Қожалақ, Сүгір, Ер Көней батырларға арнаған толғаулары осы тақырыпта. Ақынның Көтібар ауылында және билермен кездескенде айтқан толғаулары да оның шеберлігі мен ақпа-төкпе жыраулығын танытады. «Ер Қармыста» жырау Ер Қармыс, Ер Төлеп батырларды шебер бейнелеген. Қалнияз ақпа-төкпе ақындығымен қатар, айтулы Әнші, күйші де болған. «Қалнияздың жорық күйін», «Қалнияздың жыр күйін» Орта Азия жеріндегі қазақ өнерпаздары жиі орындайды Қалнияз Сыпыра жыраудан басталып, Абыл мен Қарасай, Қарыз бен Нұрым жырлап ұластырған «Қырық батыр» аталатын батырлық жырларды айтушылардың бірі болған. Ол —екіталай кезенде ақылшы болып ел бастаған, елі мен жерін қорғар күн туғанда қолына найза алып жорық жыршысы боп қол бастаған жауынгер жырау. Қалнияздың Күлшар, Қожа Бимағамбет, Қортан атты балаларының ішінде Қортан (1868— 1952) әке жолын қуып ақын, жыршы болып тәжік жеріндегі қазақтарға атағы кең тараған. Қалнияз жырлары «Аламан» (Ташкент, 1926), «Ақберен» (Алматы, 1972), ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы (Алматы, 1985) жинақтарында жарияланған.
## Дереккөздер |
Қалымбаев Серік Ахметұлы(1961 ж.т.) – көгалдағы хоккейден еңб. сің. спорт шебері (1984). Алматының Динамо командасы құрамында 1979 – 90 ж. 11 рет КСРО чемпионы, КСРО Халықтары спартакиадасының жеңімпазы атанды, бес рет КСРО кубогын, екі рет Еуропа чемпиондары кубогын жеңіп алды |
Қалтагүл (лат. Caltha) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Тараулы, өсетін жері
Екі жарты шардың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 40-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарындағы батпақты, сазды шабындықтарда, көлдер мен өзендердің жағаларындағы ылғалды жерлерде өсетін – батпақ Қалтагүл (Caltha palustrіs) бар.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 30-40 см, тамыры шашақталып ұйысып жатады.
* Тік өсетін сабағының төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, жоғарғы жапырақтары сабаққа қондырмалы болады.
* Жапырағы бүтін жиекті, бүйрек кейде жүрек пішінді, кезектесіп орналасады.
* Гүлі ірі, ашық сары түсті, аналығы мен аталығы көп.
* Наурыздан маусымға дейін гүлдеп, дән салады.
* Дәні – қара, жылтыр түсті.
## Құрамы
Қалтагүлдің құрамында протоанемонин алкалоиды бар. Сондықтан көктемде оны жеген сиырлар уланады.
## Қолданысы
Қалтагүлдің гүлі әдемі болғандықтан, әсемдік үшін де өсіреді. Өсімдікті пісіргеннен кейін улылығын жояды. Сондықтан тамырын пісіріп, ет және балыққа дәмтатымдық тағам ретінде қосады.
## Дереккөздер |
Мұрат Дүйсенбіұлы Қалматаев(8 қыркүйек 1936, Мариновка ауданы Жарма, Шығыс Қазақстан облысы - 16 маусым 2016, Қазақстан Алматы) – әскери және қоғам қайраткері, генерал-майор (1986), журналист. 1983 жылы республика ІІМ-нің жаңадан ұйымдастырылған саяси бөлімінің бастығы болып тағайындалып, 1986 жылы генерал-майор атағы берілді.
Найман тайпасының Матай руынан шыққан.
Әкесі Дүйсенбі Омбыдағы кадет корпусында оқып, әскери фельдшер мамандығын алған соң Жарма, Көкпекті аудандарында жаппай емдеу ісін ұйымдастырып, жергілікті тұрғындарды жұқпалы шешек, оба ауруларынан сақтап қалуға көп еңбек сіңірген. Шөптен дәрі жасап, дәріхана ашқан, суы мен батпағының емдік қасиеті күшті көлді тауып, санаторийлік емдеуді ұйымдастырған. Сол «Дүйсенбі көлі» қазіргі уақытта да халық емдеу ісіне пайдаланылып келеді.
Қалматаев 1959 жылы ҚазМУ (қазіргі Қазақ ұлттық университеті), 1967 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1959-65 жылдары Семей облысы Көкпекті ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы, осындағы аудандық «Жұлдыз» газетінің редакторы болды. 1967-75 жылы Семей облысы партия комитетінде нұсқаушы, партиялық-ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1967-75), Қазақстан КП ОК-нің инспекторы (1975-80), Орал облысы партия комитетінің хатшысы (1980-83) қызметтерін атқарды. 1983 жылы республика ІІМ-нің жаңадан ұйымдастырылған саяси бөлімінің бастығы болып тағайындалып, 1986 жылғы қарашада генерал-майор атағы берілді. Қалматаевтың азаматтық тұлғасы осы жылғы желтоқсан айында Алматыда өтіп, Кеңес Одағының әміршіл-әкімшіл басқару жүйесін, отаршыл империяның шаңырағын шайқалтқан оқиғалар кезінде айқын көрінді. Ол көтерілісші жастар жағына ашық пейіл танытып, жазалаушы отрядтардың қимылдарын тежеуге, жарақат алған қыздар мен жігіттерге медициналық көмек ұйымдастыруға барынша күш салды. Республика Бас прокурорына, Қазақстан КП ОК-нің 2-хатшысына кіріп, алаңда «заңсыздыққа жол беріліп жатқанын» айтып, бұл тағылықты тоқтатуды талап етті.
Әділдік жолындағы осы заңды әрекеттері үшін «өз қызметіне лайықсыз адам» ретінде дереу Ауғанстан соғысына жөнелтілді. Қалматаев 1988-89 жылдары Ауғанстан соғысында бірнеше жауапты операцияларға қатысып, басшылық етті. Майданнан аман-есен елге оралып, Семей облысы Ішкі істер басқармасын басқарды (1989-94). 1995 жылы ҚР ІІМ-нің кеңесшісі болып тағайындалды. Қалматаев 12-13 сайланған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі комитеттің төрағасы болды. ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет белгісі», «Қызыл Жұлдыз», «Халықтар достығы», «Отан күзетінде» ордендерімен, 8 КСРО және шетел медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қамқа тон – зерлі жібек матамен тысталған тон. Ол үшін ең алдымен иленген теріден тон даярлап, сыртын зерлі қамқамен тыстаған. Әдемілігін арттыру үшін түрлі бағалы аң терілерінен қайырма жаға салып, етек-жеңін жұрындаған. Қамқа тонды ерлер де, әйелдер де киген. Әйелдердің тоны қапсырмаланса, ерлер белдік арқылы буынған.
## Сипаты
ҚР ҰМ қорындағы ақ түлкінің терісінен тігілген қамқа тонның иық тігісі қиғаш түскен, қондырма жеңді. Жеңін қиықтан құрап, ұзын бойынан екі жерден қусырған.Артқы бойын үш бой матаның енімен алған, жақтау қусырмалары, белінде танап тігілген қиық қатпарлары бар. Су күзеннің терісінен қайырма жаға салынған. Етек-жеңіндегі жұрынға жалғастыра жылтыр оқа басқан. Жалпы ұзындығы 114 см, екі иіннің аралығы 38 см, жеңі 61 см, етегінің шалғайы 186 см, өңірінің ені (етегінде) 39 см.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1969;
* Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы: Өнер, 2009;
* ҚӘТС. 9-том. Алматы: Арыс, 2008. |
Қамыс (лат. Phragmites) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Ph. communіs). Оның биіктігі 0,8 – 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см-дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.
## Дереккөздер |
Қамыс cырнай — қазақтың үрмелі музыкалық аспабы.
Өзегі қуыс қамыс түтігінен жасалған. Қамыс сырнайдың сыбызғыға ұқсамайтын өзіне тән тембрлі үні бар. Ол өз алдына жеке күйге келеді. Жасалуы да, дыбысталуы да күрделі. Түтіктің іші жіңішке шыбықпен тазаланып тұрады. Ұшында ойылған тілшесі болады. Дыбыс қатары ойықтардың үн шығаратын тілшесіне байланысты, құлақ күйлері тілшеге негізделген. Үні гармонь, сырнай саздарына ұқсас, көлемі шағын болғанымен дыбысы ашық келеді.
Қамыс сырнай аспабын қалпына келтірген аспаптанушы Болат Сарыбаев. Бүгінде күйге келтіріп насихаттап жүрген Еділ Құсайынов. Музыкалық аспаптардың қайыстан жасалған түрлері жалпы түркі халықтарына таралған. Қамыс сырнай аспаптарының түрлері Алматыдағы ұлт аспаптар мұражайында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қалың мал - қазақтың бұрыннан келе жатқан салт дәстүрінің бірі. «Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне, сонымен бірге салауаттарына да байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. Негізінен қыз алатын, яғни Қалың беретін жақты қинамайды. Жігіт жақ қалың берсе, қыз жақ кит кидіретін болған және қыз жасауын береді. Осылайша екі жастың отауын тігіп, шаңырағына керекті заттарды толықтап беретін болған. Қазақта: "теңін тапса тегін бер" - деген осыдан шықса керек. Деседе "қалыңсыз қыз болсада, кәдесіз қыз болмайды" - деп ата салттан аттамауды да дәріптеп отырған. Мұнда қалың малға сүтақы да кіреді.
«Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» деп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты. Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).
## Дәстүрлі қалыңмал түрлері
* Бас жақсы: түзу мылтық, берік сауыт, жақсы сырт киім, қашса құтылатын, қуса жететін бір сәйгүлік және малдығы артық бір түйе немесе олардың орнына бес ірі қарадан 20 жылқы берілген.
* Қара мал: қалың малдың ең өзекті бөлімі ірі қара саны бір жиырма, бес жиырмаға дейін (21-25 жылқы) барған.
* Той малы: қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны. Той малы 20-70 бас жылқыға дейін жеткен.
* Сүт ақы: қалыңдықтың анасына берілетін 1-7 түйе. Қыз әкесінің ата күшіне төленетін ақы.
* Жігіт түйе: бұған 2 түйе және міндетті түрде жақсы сырт киім мен ер-тұрман беріледі.
* Ілу: қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілген кәде. Егер ілуге көп қаражат жұмсалса, тиісінше қара мал саны азайтылған.
* Дөңгелек қалың: он шақты қарадан аспаған (кедейлер ортасында жүрген).
* Балама қалың: 10-15 ұсақ мал орнына бір тәуір жылқы берілген.
* Олқы қалың: 37 ірі қара - әйелі өліп, балдызын алғанда төленген.
## Дереккөздер |
Қамбар батыр – қазақ халқының қаһармандық жыры.
Жырдың 19 нұсқасы белгілі. Қамбар туралы сюжетті (жыр желісін) алғаш жазып алған Л.Мейер оны «Киргизская степь Оренбургского края» (1865) атты журналда бастырған. Бұл Қамбар оқиғасын Сыр бойындағы Алтыасар тарихымен байланыстыратын аңыз үлгісі. Қазан университетінде «Қисса-и Қамбар» (1888), Қазан қаласында «Тоқсан үйлі тобыр» (1903) деген атпен жырдың алғашқы нұсқалары жарияланған.
* 1902 ж. Әбубәкір Диваев жазып алып, 1922 ж. Ташкентте бастырған.
* 30-жылдары Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезовтер жариялап, 1957 ж. жеке жинақ болып шыққан. Қазақ даласының әр түрлі аймақтарынан жазылып алынған жырдың өзіндік ерекшеліктері бар.
«Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Оқиға Әзімбайдың байлығы мен сұлу қызы – Назымды суреттеуден, 18 жасқа толған Назымның жар іздеген назынан басталады. Назымның ағалары – Қораз, Дораз, Қарымсақ, Қабыршақ – дара мінез иелері. Бұл кезде Қамбар да ер жетіп, елін асырап отырған батыр тұлғасында көрінеді. Эпостағы этникалық мәліметтер оның оқиға суреттелетін кезеңнен кейіндеу туғанын аңғартады. Жырда қазақ халқының тарихи жауы – қалмақ, кейінгі этникалық бірлестік – ноғайлы атауларымен бірге қазақ этнонимі де жиі кездеседі. Қамбардың шыққан тегіне қатысты — арғын, «Сонда Қамбар сөйлейді:
«Ағайыным тауысты
Қара аттан бөлек малымды.
«Сыртым бүтін, іш түтін»,
Білмейді ешкім әлімді.
Жолдас қылды Құдайым
Кедейлік деген залымды.
Ұрлық қолдан келмейді,
Ат үстінен соғыс қып,
Жемесем тауып нанымды.
Екі аяғым салақтап,
Аш бөрідей жалақтап,
Қинады жоқтық жанымды.
Ұядан жалғыз баламын,
Құс етін беріп бағамын
Үйдегі екі кәрімді.
Оған да назар саламын,—
Қабатыма аламын
Алпыс үйлі Арғын мен
Тоқсан үйлі Тобырды.
Сеніменен ойнасам,
Айналар ісім қиынға.
Айыпқа мені бұйырма,
Айтамын, Назым, зарымды».
Назымның әкесі Әзімбайға келгенде – «12 баулы өзбек» тіркестері қолданылған. Жыр сюжетінің алғаш аңыз түрінде туып, бері келе эпостық үлгіге ауысқаны аңғарылады. Ондағы көптеген ономастикалық атауларға қарап, Әуелбек Қоңыратбаев «Қамбар батыр» сюжетінің кейбір нұсқалары Сыр бойында туған деген тұжырым айтады. Кезінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Н.Смирнова, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдар зерттеп, пікір айтқан.
"Қамбар" жыры бұрынғы замандардан бері қарай ауызша айтылатын жыр болған.Басында, ең алғаш өлең болған кезінде де, жазылып айтылған емес. Сондықтан, мұның өлеңдік құрылысында сол ауызша жырдың ерекшеліктері бар. Ең алдымен бұнда өлеңқатар аумайтын белгілі санды (төрт жолды, алты жолды, я тағы басқаша) шумаққа бөлінген емес. Бұл желдірме екпінімен көп жолды шумақ боп құралады. Шумақтары белгілі бір санмен, бір қалыпты боп тұрмайды.Кейде 4-5 жол бір шумақ боп кетсе, кейде қосылып айтылатын әуеннің және әңгіме қызуының ыңғайына қарай немесе сөйлеуші адамның көңіл күйіне қарай, әралуан боп, ауысып отырады. Кейде 9, кейде тіпті оннан аса жолдан құралатын шумақта болады. Бұнда сол желіге сөйлеген сөздің екпінімен кеткен өлең-жыр, таусылмайтын ұзақ шумақ боп жүре береді. Ондайда ұйқас та белгілі бір орындарында тұрмайды. Жазуда, мысалы, төрт жолды ұйқаста әрқашан бірінші, екінші, төртінші жолдардың аяғы ұйқасып отыратын болса, бұнда ұйқас олай емес. Кейде екі жол аралатып, кейде үш, төрт жоларалатып, анда-санда аяғы бір тиіп отырады. Жырдың ішіндегі өлең қатары да ұзақ болмайды. Көп қатар жоқ, оның орнына лекітіп, тез қайырып, ауызша әуендетіп,екпіндетіп, қорыттырып отыратын жеті-сегіз буынды қатар болады. Өлеңді құрайтын сол буын, ырғақ (ритм) өлшеуі. Және, әсіресе, дыбыс үндестігі болады. Мағынасын алғанда бір жайды ұзақ сөйлеп кеп таратып, көп қайталап айтатын машық бар. Әңгіменің, уақиғаның өзі көп дамымаса да, бір хал, я бір суретті әралуан көрініспен теңеп, асықпай көп көріктеп отыратын ерекшелік бар. Сондықтан, әңгіме, уақиғаның ілгері қарай дамуы аз болса да, бір мазмұндас теңеу, салыстыру көп болады. Тағы бір ерекшелік — теңеулерге алған көріністерден байқалады. Бірін бағлан, бірін бөрі қып, бірін асау, бірін бұғалықшы қып, бірін түлкі, бірін тазы қып көрсетулердің барлығы— осы батыр жырының ескі заман жыры екенін көрсетеді. Теңеудің бәрін жабайы табиғаттан алады. Бұнда мәдениет, қала сияқтының әсері, қатынасы жоқ. Натуралдық теңеулер. Жыртқыш аңдарды теңеуге алған түрдің өзі де шабуыл деген заманның қоғамдық құрылысына дәл келеді. Соның өз тумасы, өз айғағы боп шығады. Бұл жағынанда жырдың ішкі мазмұны мен сыртқы түрі бірыңғай боп қабысып тұрғанын көреміз
«Қамбар батыр» жырының 1888 жылы Қазандағы «Университет» баспахансында басылым көрген У.Тухфатуллин, 1890 жылы Санкт-Петербургте шыққан «Түрік хрестоматиясындағы» (3-том) И.Н.Березин, белгісіз жыршының «Кәрімовтер» баспаханасында жарыққа шығарған нұсқалары Кеңес кезеңінде де бірнеше мәрте түрлі өзгерістермен жарияланып отырған. Сондықтан топтаманың 43-томына осы жыр үлгілері түпнұсқа негізінде дайындалып, Ә.Диваев, Қалқай, Б.Мұқамбайұлы, Ш.Қалмағамбетов, М.Жапақов, Ә.Шоқатаев және белгісіз айтушы мен С.Әбжанов жеткізген екі ертегілік нұсқалармен толықтырылды.
## Дереккөздер |
Қамысты — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Қамысты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде, жусан, кекпек, еркекшеп, т.б. өр түрлі шептер ескен сортандау бозғылт-қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1703 адам (862 ер адам және 841 әйел адам) болса, 2009 жылы 1464 адамды (730 ер адам және 734 әйел адам) құрады.
## Тарихы
1961–1997 жылдары Калинин атындағы қой кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде 1997 жылдан Қамыстыда және округке қарасты Бірінші мамыр ауылында 70-тен астам шаруа қожалықтары құрылған. Оларда Е. Ниетқалиев атындағы орта, бастауыш мектеп, мәдениет үйі, клуб, дәрігерлік амбулатория бар.
Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Қамыстыбас, Қамбаш – Сырдария алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданында, Қамыстыбас темір жол станциясынан 2 км батысқа қарай орналасқан. Теңіз деңгейінен 58,1 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 178 км2. Көл ендік бағытта 30 км-ге созылған, енді жері 5-8 км, жағалауының ұзындығы 115,6 км, шарасына 980 млн. м3 су жиналады. Ең терең жері 10 м. Көл Тәуіп-Жарма каналы арқылы толығады.
## Сипаты
Шығыс жағалауы аласа, құмды. Оңтүстігі биік, жарлы (23 м-ге дейін), солтүстік жағалауының биіктігі 5 м-ге жетеді. Жазық келген оңтүстік-батыс жағалауы Сырдариямен жалғасып жатыр. Қамыстыбаста сазан, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Көлде қаз, үйрек, т.б. құстар, қамыс, құрақ арасында ондатр, жабайы шошқа кездеседі.
## Дереккөздер |
Қалыбек, Қадыбек – Ертіс алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының солтүстік-шығысында жатыр. Теңіз деңгейінен 85,6 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 95,6 км2, ұзындығы 17 км, енді жері 7,3 км, жағалауының ұзындығы 70 км. Көлдің ең терең жері 2 м. Су жиналатын алабы 2660 км2. Алабының басым бөлігі қар, жаңбыр суларымен толығады. Деңгейі жылына 0,3-0,5 м ауытқып отырады. Қуаңшылық жылдары саязданады. Суының минералдылығы 0,5 – 20 г/л.
## Жағалау сипаты
Түбі жазық, жағалауы ашық, топырағы сазды, оңтүстік және батыс жағалауы сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік-батысынан Ащысу, солтүстігінен Жарған өзендері құяды. Басқа жерлері шабындық және жайылым.
## Дереккөздер |
Қанапия Басығараұлы – (1840, қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданы - 1917, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы) - әнші, сазгер, Аса ауқатты орталан шыққан. Бізге жеткен өндеріне қарағанда Біржан салмен дос болған. Қанапия әндері кезінде көп болған, бізге жетқені "Кер бесті", "Ат басты шылбырымды", "Қанапияның әні" секілді туындылары. Асқақ, жоғары дауыспен, жігерлі айтылатын бұл әндерінде, негізінен, жастық жақ қызығын мадақтайды. Қанапия әндерін алғаш А.В. Затаевич нотаға түсірген. Қанапияның ұрпақтары Қостанай облысында тұрады.
## Дереккөздер |
Қалмақтар (қалмақ. – хальмг, хальмгуд) — ойрат тобына жататын моңғолтілдес халық. Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ Республикасының (Хальмг Тангч) жергілікті халқы. Негізінен, орыс тілінде сөйлейді. Қалмақ тілін сирек қолданады. Қалмақтар XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында Орталық Азиядан қоныс аударған ойрат тайпаларының ұрпақтары.
2002 жылғы Жалпыресейлік санақтың қорытындысы бойынша Ресей Федерациясында 183 372 қалмақ тіркелген. Шетелдегі диаспоралары, негізінен, АҚШ-та (Нью-Джерси Штаты) және Батыс Еуропада (Франция мен Германия) тұрады. Қалмақтар арасындағы негізгі дін - буддизмнің Гелугпа мектебі. Буддизмнен басқа қалмақтар арасында православие және ислам дінін ұстанатындар бар.
## Тілі мен жазуы
Қалмақ тілі Алтай тілдері шоғырының моңғол тілдері бұтағының батыс тобына жатады. Кейде ойрат-қалмақ тілі деп те аталады. Қалмақ тілі екі говорға бөлінеді (торғауыт, дербет). Әдеби тілі осы екі говор негізінде дамыған. Қалмақтар 17-ғасырдың ортасына дейін ұйғыр-моңғол жазуын, одан кейін зая-пандит жазуын қолданған. 1924 ж. кириллица, 1931 ж. латын, 1938 ж. қайтадан кириллица жазуына көшті. 1992 жылдан Қалмақ Республикасында орыс тілімен қатар мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
## Діні
Будда дінін ұстанады, Қалмақтардың көпшілігі тибеттік буддизмді ұстанады. Кішкене бөлігі православие, исламшылар мен атеистер бар. Қалмақстан - Еуропадағы буддизмнің дәстүрлі түрі бар жалғыз аймақ. Бұл дін 16 ғасырдың аяғынан бастап тарады. Осы уақытқа дейін аспан (тәңіршілдік), от, су, жер, тау табынушылары болған. Құрбандық шалуды, тотемдік жануарларға табынуды қамтитын шаманизм мен фетишизм қолданылды. Бақсылардың арасында ерлер де, әйелдер де болған. Кейбір ғұрыптар бүгінгі күнге дейін сақталған.
## Тарихы
### Орыс мемлекетінің құрамында
XVI ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғарияда тұратын батыс моңғолдардың тайпалары бөлініп кетті: бір бөлігі Кукунор өзеніне қарай, екіншісі көшпей, Жоңғар хандығының негізін қалап, ал үшіншісі - батысқа, Орыс патшалығының жерлеріне қарай қоныс аударып. Қалмақтар бастапқы кезде қазіргі Шығыс Қазақстан жерінен бастап, кейін Еділдің төменгі ағысы мен Каспийге қарай көшкен. Қалмақ тайпаларының алып жатқан ең үлкен аумағы мынадай еді: оңтүстігінде - Терекке, солтүстігінде - Самара өзеніне, батыста - Донға, шығысында - Жайық өзеніне дейін (кейінгі ареалы біраз тарылып, қазіргі Қалмақ Республикасы алып жатқан жерлерге сәйкес келеді).
### КСРО құрамында
1920-1941 жылдар
1920 жылдың басында большевиктер "қалмақ халқының дала облыстарын" басып алды. 1920 жылдың 4 қарашасында РКФСР ХКК мен ВЦИК қаулысына сәйкес Қалмақ автономиялы облысы (Еңбекші қалмақ халқының автономиялы облысы) (1928 жылға дейін орталығы Астрахан, ал 1928 жылдан бастап Элиста қаласы) құрылды. Автономиялы облыс 1928-1934 жылдары Нижнеповолжск өлкесінің, ал 1934 жылдан бастап Сталинград өлкесінің құрамында болды. 1922-1925 жылдары автономиялы облысқа Донның бойындағы қалмақтар көшірілді.
1935 жылдың 20 қазанында Қалмақ автономиялы облысы Сталинград өлкесінің құрамынан шығарылып, Қалмақ Автономиялы Кеңес Социалисттік Республикасы құрылды.
Қалмақтардың депортациясы
1942 жылы неміс әскері Қалмақ АКСР-ның бір бөлігін басып алды. Қалмақ халқының бір бөлігі гитлерлік Германияның жағына өтіп кетті. Қалмақтардың басым бөлігі Қызыл Армияның қатарында қалды.
1943 жылы Қалмақ АКСР-ы азат етілгенімен, Қалмақ АКСР-ның билік органдары қайта қалпына келтірілген жоқ. 1943 жылдың желтоқсанында Қалмақ АКСР-ы таратылып, оның аумағы көршілес Астрахан облысының құрамына енді. Қалмақтардың басым бөлігі Сібір, Орталық Азия, Қазақстан, Алтай аймақтарына жер аударылды.
XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басы
1957 жылы Ставрополье өлкесінің құрамындағы Қалмақ АО қалпына келтірілді.
1990 жылы Қалмақ АКСР Жоғарғы Кеңесі ЗКФСР құрамындағы Калмақ КСР-ның егемендігі туралы Декларацияны қабылдады.
1992 жылдан бастап Қалмақ КСР Қалмақия Республикасы-Хальмг Тангч деп атала бастады.
1994 жылдың 5 сәуірінде Қалмақия Республикасының Конституциясы қабылданды.
## Құрамы, қоныстануы, жалпы саны
### Этникалық топтары
Қалмақтар торғауыт, дербет, хошоуыт, хойт, элет, бузав сияқты тайпалардан құралған. Дербет тайпасы алған рет 1240 ж. "Моңғолдардың құпия шежіресінде" кездеседі. Бузав тайпасы XVIII ғғ. казак әскерлернің құрамында қызмет еткен Донның бойындағы қалмақтардан пайда болған. Қазіргі Қырғыз Республикасында тұратын сарт-қалмақтар - элет тайпасының өкілдері. XVII - XX ғ. ортасына дейін қалмақтардың тайпалары жеке-дара ұлыстарға бөлініп өмір сүрген. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалмақтардың отырықшылық өмірге бейімделуі ұлыстардың әкімшілік-аумақтық бірлікке айналуына алып келді.
Қазіргі уақытта қалмақтардың ру мен тайпаларға бөлінуі тұрмыста, саяси өмірде де байқалады. Бұл құбылыс ресейлік және Ресейден көшіп кеткен қалмақтарға да тән. Заманауи әдебиетте "улусизм" (рушылдық) терминін кездестіруге болады.
Қалмақ этносының бір бөлігі башқұрттардың, қазақтардың, қырғыздардың, өзбектердің, түркмендердің, хакастардың, тарбағатай қырғыздарының құрамына енді. Қазақтардың құрамындағы төлеңгіттердің шыққан тегі - қалмақтар.
### Ресей империясы
XVII ғ. орыс бодандығын қабылдау алдында қалмақтардың саны, шамамен, 270 мыңдай болған. Негізінен Еділдің төменгі ағысын мекендеген. Ресей жеріндегі қалмақтардың саны Шығыс Сібір мен Орталық Азиядан қоныс аударған тайпалардың есебінен өсіп отырды. Алайда 1771 жылы шамамен 17-180 мың адам патша үкіметінің тарапынан қысымның артуы Жоңғарияға көшуге мәжбүр болды.
Ресей империясының соңғы онжылдығында қалмақ тайпалары 8 ұлыстың (Кіші Дербет, Маныч, Икицохур, Багацохур, Харахус, Эркетен, Хошоуыт, Яндык) құрамында бытыраңқы қоныстандырылып өмір сүрген. Ұлыстардың алып жатқан аумағы "қалмақ даласы" деген атаумен белгілі. Қалмақтардың Орынбор (шамамен 1000), Астрахан (шамамен 900) және Орал (шамамен 700) казак әскерлерінің құрамындағы қызметі тұралы белгілі.
### Кеңес Одағы
1950 жж. дейін қалмақтардың саны тұрақсыз болды. Дәл осы уақытта халық саны азаюының 3 кезеңі бақыланған. Қалмақтардың күрт кемуіне 1918-1920 жж. Ресейде болған азамат соғысы мен 1921-1924 жж. болған аштық қатты әсер етті. Егер 1897 жылғы санақ бойынша Ресей империясының құрамында 190,6 мың қалмақ болса, 1926 жылғы санаққа сәйкес бар болғаны 129,3 қалмақ қалды. 1918 бен 1924 жж. аралығынжа кем дегенде 70 мың адам қайтыс болды.
### Қырғызстан
Қырғызстанда қалмақтардың айрықша субэтносы - сарт-қалмақтар мекендейді. Халық санағы бойынша Қырғызстандағы сарт-қалмақтардың саны:
* 1989 - 5050 адам;
* 1999 - 5824 адам;
* 2009 - 4188 адам.
2009 жылғы Ыстықкөл облысындағы сарт-қалмақтардың үлесі:
* Қаракөл қаласы - 679 адам немесе халықтың 1,0% үлесі;
* Ақ-Су ауданы - 2805 адам немесе халықтың 4,4% үлесі;
* Түп ауданы - 171 адам немесе халықтың 0,3% үлесі.
### АҚШ және Еуропа
XX ғасырда қалмақтардың бір бөлігі Ресей мен КСРО-дан көшіп кетті. Олардың ең ірі диаспоралары АҚШ (2 мыңға жуық) пен Францияда (шамамен 1 мың) қоныстанған.АҚШ-тағы қалмақтар Нью-Джерси (Хауэлл, Нью-Брансуик қалалары) және Пенсильвания (Филадельфия қаласы) штаттарында тұрады. Хауэлл қаласы қалмақтардың АҚШ-тағы бейресми астанасы ретінде саналады. Қалада қалмақ көшесін ("Kalmuk road") кездестіруге болады. Жаңа қалмақ эмигранттары Нью-Йорк, Калифорния, Флорида, Вашингтон бағыттарын таңдауда.
## Генетикалық қоры
Популяциялық генетиканың мәліметтері бойынша қалмақтар арасындағы Y-хромосомды гаплотоптың таралуы төмендегідей:
* C3c1-M77 (C2b1a2a) — 38,7 %
* C3d-M407 немесе C2c1a1a1 (10,8 %)
* N1c-Tat немесе N1a1 (10,1 %)
* R2a-M214 (7,7 %)
* O3-M312 (6,8 %)
* C3*-M217 немесе C2 (6,6 %)
* O2-P31 немесе O1b (5,2 %)
* R1a1a-M17 (3,3 %)
* J2a-P37.2 (1,6 %)
* N1b-P43 немесе N1a2b (1,4 %)
* D-M174 (1,2 %)
* Q1a1a-M120 (0,9 %)
## Кәсібі
Қалмақтардың дәстүрлі шаруашылығының негізі көшпелі мал шаруашылығы болды. Семіз құйрықты және ірі жүнді қойлар және қалмақ дала тұқымды жылқылары басым болды. Етке өсірілетін қызыл тұқымды сиырлар, сондай-ақ ешкілер мен түйелер өсірілді. Отырықшы өмір салтына көшуімен (орыс қалмақтары мен Батыста өмір сүргендерді қоспағанда, қалған қалмақтар жартылай көшпелі өмір салтын жалғастыруда) шошқа шаруашылығымен айналыса бастады. Дәнді дақылдар – қара бидай, бидай, тары және басқалары, техникалық дақылдар – зығыр, темекі, бақша, бақша және бақша дақылдары өсірілді. 20 ғасырдан бастап қалмақтар күріш өсірумен де айналыса бастады. Қолөнер дамыды, оның ішінде тері өңдеу, киіз басу, ағаш ою және т.б.
## Мәдениеті
### Күнтізбесі
## Киімдері
Ұлттық киімдері: ерлер - ұзын жеңді жейде, сыртынан бешпент, күмістен жасалған белбеу, шалбар, бастарына қойдың жүнінен жасалған бөрік (папаха) киген. Аяқтарына теріден жасалған қызыл және қара түсті етік киген. Әйелдері - ұзын жеңді ақ жейде, шыт көйлек, қамзол, құлақтарына алтыннан, күмістен жасалған сырға, алқа т.б. таққан. Бастарына бөрік, аяқтарына теріден жасалған етік киген.
### Тағамдары
Қалмақ тағамдары көшпелі өмір салты жағдайында қалыптасты. Отырықшылыққа көшкенге дейін тамақты негізінен ешкі, қой, сиыр еті мен сүті құрады. Кейінірек тағамдары шошқа, құс етімен әртараптандырылды. Қауын шаруашылығы мен бау-бақшаның дамуымен қауын, қарбыз, алма, алмұрт пайда болды. Тамақтану негізін қазір сүт өнімдері, қой еті және сиыр еті құрайды. Дәмдеуіштерден пияз, сарымсақ, лавр жапырағы қолданылады. Еттің, майлы сүт өнімдерінің, ұнның көп болуына байланысты тағам құнарлы және жоғары калориялы. Қалмақ асханасының танымал тағамдары:
* Дотур. Қой етінің етінен дайындалған көже. Бүйрек, бауыр, қой ішегі алынып, қазанда шошқа майы, қан, сүтпен бірге бұқтырылады. Содан кейін қоспасы сорпамен құйылады, қайнатылып, пиязбен бірге беріледі.
* Бёриги. Бұл қалмақтардың тұшпарасы. Пияз қосылған ұсақталған қой етінен жасалған. Пішіні бойынша олар пирогтарға ұқсайды және орыс асханасына қарағанда пішіні үлкен келеді.
* Борцовки. Майға қуырылған торттар. Олар бірінші және екінші тағамдармен, нанның орнына шаймен жейді.
Ешкі, қой, сиыр, жылқы сүтінің негізінде көптеген пайдалы тағамдар дайындалады. Ашыту арқылы олар айран сияқты сүт қышқылы сусыны - чигян жасайды. Ол дәрілік болып саналады, оны будда монахтары жиі ішеді. Қой сүзбесінен кептіру арқылы дәмді шююрюмг тағамы алынады. Сонымен қатар қымыз да танымалҚалмақ шайы (джомба) орыс сусынынан өте ерекшеленеді, сорпаға ұқсайды. Ол шай (жапырақты шай), су, кілегей, сиыр майы, тұздан тұрады.
## Қазақстандағы қалмақтар
Қазақстанға қалмақтар өткен ғасырдың орта шенінен бастап көші-қон үрдісіне орай қоныстанған. Қазақстандағы қалмақтардың саны - 442 адам (2013)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
https://travelask.ru/articles/kalmyki-kochevoy-narod-ispoveduyuschiy-buddizm |
Қанатты сөздер– тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса, нақыл өлең, терме, толғауға айналып кетеді. Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" десе де болады.
## Дереккөздер |
Қандас Құдалық– туыстық ұғым. Туыстас, түбі, тегі бір отбасылардың қыз алысып, қыз берісуі. Өзбек, түрікмен, күрд, т.б. халықтарда өз туыстарына үйлену кең етек жайған. Қазақтар жеті атаға дейін қыз алыспайды. |
Қанағат – қазақы этномәдени ортада қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік қатынасты реттеуде айырықша рөл атқаратын моральдық-этикалық категория.Қанағат – араб сөзі. Қазақ мәдениетіне бұл сөз ислам дінінің әсерімен келгенімен, мейлінше «қазақыланған» ұғымға айналды, яғни, этностену үрдісіне ұшырады. Қанағат – басқаның қолындағысынан дәметпеу, өзінде барды місе тұту, өз нәпақасына шүкірлік айту, өзгенің ризығына қол сұқпау, тойымсыздықтан бойын аулақ ұстау дегенді білдіретін діни мәнді де ұғым.
## Қанағат ұғымының негізделген қағидалары
Қанағат ұғымының моралдық категория ретіндегі дәстүрлі қазақы ортадағы әлеуметтік қатынасты реттеуші функциясы негізделген қағидалар:
* өзгенің нәпақасына сұқтанбау (қара нан мен қара су ішсең де, басқаның еңбегін жеме; біреудің ризығы жұқпайды);
* өз ризығын адал еңбектен табу («еңбекпен тапқан нан тәтті»; «еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей»);
* жоққа бола сары уайымға салынбау (барға – қанағат, өткенге – салауат; бармен базар; көрпеңе қарай көсіл);
* жалқаулықтан бойын аулақ ұстау (қайғысыз қара суға семірер; еңбек түбі зейнет; еңбек ер атандырар);
* ынсаптылық таныту (қанағат – қарын тойдырар; қанағатсыздық – астындағы атын сойдырар);
* қолда барға шүкіршілік ету (осы күніме мың шүкір, мың алғыс);
* материалдық емес құндылықтарды қадірлеу (бірінші байлық – денсаулық; екінші байлық ақ жаулық);
* үнемшіл болу (үнемшілдің қолы берекелі, үнемшіл жоқшылық көрмейді);
* ашкөздіктен, тойымсыздықтан ада болу, ашкөз адамды айыптау, жек көру (қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң, болады бар да - арманда, жоқ та – арманда (Сүйінбай Аронұлы); түйені түгімен, биені бүгімен; өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ (Шортанбай Қанайұлы); өзі тойса да, көзі тоймас; адам топыраққа ғана тояды);
* ысырапшылдықтан, малшашпақтықтан сақтану (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашапақ – бес дұшпаның, білсеңіз (Абай);
* өзіне бұйыртқанды қадірлеу, барынша пайдалану; көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың, әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың, өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың (Асан қайғы);
* нәпсісін тыю, нәпсіні ақылға жеңдіру (өзін басқара алған өзгені де басқарады);
* көреалмаушылық, басқаның байлығын күндеуге жол бермеу (кең болсаң, кем болмайсың; көрсекызарлық іштарлықтың белгісі);
* басқа түскен байлықты көтере білу, дарақылықтан сақтану (мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге (билерден қалған сөз);
* ризыққа берілгендердің өлшемін сақтау, тиесіліден артық тұтынбау мәдениетін игеру (судың да сұрауы бар; Ішер судың да шамасы бар: артық – зиян; шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады;
* материалдық дүние шектеулі, рухани дүние шексіз екенін ұғындыру (дүниенің құлы болма; қудым сені қу дүние, ұстатпадың; дүниенің қызығы сіз бен бізде (Бөлтірік шешен)
* өзіндегіні ұқсату, шамасын білу (көрпеңе қарай көсіл; барымен базар болу);
* қарақан қара бастың қамын ойламау, бауырмал, көпшіл болу (атаңның баласы болма, адамның баласы бол; адамның күні адаммен; бөлінгенді бөрі жейді; қолыңдағымен бөліс; өзгені өзіңдей сыйла, жат жаныңнан түңілсін).
Жоғарыда айтылғандай, қанағат, ең алдымен, моральдық-этикалық ұғым. Қанағат көшпелі ортада әдеттік құқықтың нормалары мен принциптері сияқты императивтік функция атқарған жоқ. Оның жоғарыда аталған негізгі қағидалары ұрпақ тәрбилеудің де, социумдағы әртүрлі әлеуметтік категорияларының арасындағы сан деңгейлі және сан салалы байланыстың үйлесімділігін қамтамасыз ететін де ұстанымдар болды.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Ел аузынан: Шешендік сөздер. Ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер. Құраст.: Б. Адамбаев, Жарқынбекова Т. Алматы: Жазушы, 1985;
* Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған: Х. Алтай. Медине: Құран Шәриф басым комбинаты, 1991;
* Сүйінбай. Таңдамалы шығармалары. Құраст. Садырбаев С. Алматы: Білім, 1996;
* Толысбай К.Асанқайғы. Алматы: Дайк-Пресс, 2006. |
Қанай шешен Құттымбетұлы - 1695-1698 жылдар шамасында туып, 1775-1780 жылдары дүниеден өткен қазақтың атақты би, шешені әрі батыры. Ол атақты Абылайханның сенімді бас билерінің бірі болған.
Арғын тайпасы Қарауыл руынан шыққан. Балалық шағы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылында өткен. Зерек, сезімталдығы жас кезінен қалыптаса бастаған баланың сөз тапқыш алғырлығы ауылдастары арасына таралады. Бір күні үйіне келіп отырған қонақ:
- Мына сүйекті ана балаға бере салыңыздаршы, - дегенде, Қанай бала:- Ақсұңқар құс шашып жейді, қарақұс астына басып жейді, ит сүйек жейді, адам ет жейді, сүйекті өзіңіз жеңіз, - деп еті жоқ жамбасты қайтарып беріпті.Сол - сол-ақ екен, содан бастап ол ел, жер, жесір барымта дауына араласа бастайды. Бұл Қанайдын 13-15 жастар кезі болса керек.Бірде Жоңғар ханы хабар салыпты: үш жұмбағым бар, соны шешіңдер. Егер шеше алмасаңдар маған бағыныңдар, депті. Халық сасып қалады. Қанай тұрып "Жұмбағын естімей тұрып неге сасасыңдар, әуелі айтсын" дейді.Жұмбақ мынандай екен: Қатар тұрған екі қыздың қайсысының жасы үлкен, қайсысының жасы кіші, екі пышақтың қайсысы ұсталған, қайсысы ұсталмаған, қатар тұрған екі аттың қайсысы кәрі биеден, қайсысы жас биеден туды. Соны айырып беріңдер дейді.Қанай екі қызды бір үйге орнықтырып күте беріңдер, қайсысының үлкен, қайсысынын кіші екенін өздері білдіреді дейді. Қанайдың айтканындай-ақ аз күн ішінде жас қыздың өзінен үлкенге көрсеткен құрметі арқылы жастығы білініп калады. Бірінші жұмбақ осылай шешіледі.Екі пышақтың темір басын отқа салыңдар, сонда бұрын ұсталған пышақтан майдың иісі, ұсталмаған пышақтан темірдің иісі шығатын болады дейді. Бұл жұмбақ та шешіледі.
Екі атты мініп, қара суға түсіріп терлетіп әкеліп желдің өтіне байлап қойыңдар. Сонда кәрі биенің құлыны желге артын береді, жас биенің құлыны желге қарсы карап тұрады дейді. Сөйтіп бұл жұмбақтың да шешімі табылады."Сыпайылық - сыйыңды арттырады, кеңдік - құрмет туғызады, шыншылдық - сенімге жеткізеді, жиындылық - табысқа бастайды, мейірбандық - билікке жол ашады. Үш ғасыр өтсе де, Қарауыл Қанай бидің рухының да, сөзінің де өлмеуі осынау бір ғажайып адамгершілік қасиеттеріне де байланысты."Түйенің бурасы жақсы, сөздің турасы жақсы" дегендей, Қанайдай айбынды білгір, шежіреші би-шешенге кара қылды қақ жара айтатын әділдік, оспадарлыққа, менмендікке, парықсыздыққа жалғаншылдыққа аяусыз соққы берген. Қарауыл би Ташкент шаһарының бегі болған жылдарда талай теңсіздіктердің жолын қиған. Сондай-ақ, Қазақ мемлекетінің негізін нығайтуда күрделі шараларды жүзеге асырған.Көкшетаулық Асқар Нұғманұлы (1904-1981) мынадай тарихи-әдеби деректерді, 1926 жылы естігенін жазады: Қарауыл Қанай шешен үш жүздің дау-шарын ғана емес, сондай-ақ қазақ пен кырғыз, өзбек пен түріктің арасындағы даулы мәселелердің де түйінін шешіпті
XVII ғасырдың аяғында Ташкентте бек болған" байдың" шөбересі, сөзі сұңқар қанатының қағысы сұңкылындай, ну дауысты Құттыбайдың немересі бала Қанайдың ақыл-ойының қуат-серпіні мен тер адамшылық әресін сынамақ болады:Ақтайлақтай майталманның бала Қанайдың бойынан кісілікті, шешендікті көруі болып отыр. Парлап сұңғыла баба бүркіт пен парлап ұшатын, шарықтауға дидарласуы қандай ғанибет! Иә, рақымдылық - жолбарыстай жортатын сайыпқырандарды тәрбиелеуі жеткілікті.Заманыңызда болған небір айтулы ұлттық бермейміз бе деп Абылай хан сұрағанда, сонда Бұқар:
- Айтсаң, Малайсарыны айтсаңшы, үні жақсы еді. Қарауыл Қанайды айтсайшы, еді.Бір аста өзбектің бір бегі Қанайға:- Жігіт деген кім, мігіт деген кім, ат деген не, мас деген не? - депті.- Жауабын ас ішкеннен кейін беруге уәделескен ! Қанай түрлі жеміске қарап отырып:- Біздің қазақ жал-жая, қазы-қарта, жамбас о» дейді, мына сияқты дәмді "мас" дейді. Күресте жеңілгенді "мігіт" дейді. Бәйгеде озған атты "ат" де ғанын "мат" дейді, - депті.Содан өзбектер бір-бірінен айырғысыз екі қара атты салыстырып:- Қайсысы жас, кайсысы кәрі? - дейді. Қанай ат алдына шөп салдырып: "Ертең таңертең айтайын" түскен кезде қараса, жас ат желге қарсы қарап, кәрі ат жас, кәрісін осыдан айырыпты. Өзбектер екі шұбар кәрі, қайсысы жас екенін сұрайды. Қанай бір уыс тастағанда, кәрі тауық шетте шашылған тарыны тұсынан шоқи бастайды. Келесі кезекте өзбектер : сынық сүйем тобылғы әкеп: Түп жағы қайсы, бас: бір аяқ суға тобылғыларды салғанда, тобылғының қырағанын байқап, оны тубі, ал көтеріңкілеу жағаға қарауыл Қанай би есімі ақын-жыраулар шығармаларында құрметпен аталады. Шал Құлекеұлы:
Абылайдың тұсында құтпан болған.
Сөйлейін Баян, Қанай, Жолдыбайдан — десе, ақын-композитор Балуан Шолақ: -Нұрмұхамбет - Балуан Шолақ менің атымБар елге мағүлым болған асыл затым.Нағашым Жалпақ Қанай деп атайды.Болады Ұлы жүздік арғы затым, -деп тебіренеді.
Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасында Қанжығалы қарт Бөгенбайдың, "аузынан жалын шашқан жас Жаңатайды "найзасын нажағайдай ойнататын жас барыс" Бәсентиін Сарымалайды "ойы удай, тілі шаян" Қарауылдың қара тілге дес бермейтін шешені Қанай биді таңғажайып құлшыныспен сипаттап өтеді.Абылай хан Көкшенің бауырына "өңшең көкжалдарын" жинап алады. Мақсаты - қазақ даласына қаптап төнген дұшпандардың бетін қайтару, оларға аяусыз соққы беру. Мінеки, осы қарбалас, ала құйын шақ былайша суреттелген:Жиылды өңшең ноян ығай-сығай, Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай. Ту баста Абылайды хан көтерген, Қамқоршысы Қарауылдың шешен Қанай.Міне, осы тұста хан Абылай мұңды кейіпке түседі. Терең ойға шомады. Бүкіл батырлары сақадай сай тас-түйін, жорыққа әзір. Қанай би: "Бұл қалай?" - деп, бөгелістің мән-жайын сұрағанда, Абылай:
Қанайым, ойың удай, тілің шаян,Амал не, келген жоқ батыр Баян.Наркескен, өрттей өскен, қайтпас болат,Баянсыз қанатымды қалай жаям?"
деп қамығады.
## Дереккөздер |
Қансімір, "вампир" – мифтік тұлға. Қазақ халқының наным-сенімі мен ауыз әдебиетінде сақталған Қ. жын-перілер жөніндегі хикая кейіпкерлерінің бірі. Онда тек жалпы жын-пері, жын-шайтан деп аталатын жиынтық сипатты иеленген.
## Түсініктемелер |
Қаңлыбаев Ораз Мұсағалиұлы(1931 – 1978) – конькиші, жаттықтырушы. Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері (1953). Велосипед пен допты хоккейден Қазақстан чемпионы болды. Конькиден алыс (стайерлік) қашықтықтарға жүгіруден және көпсайыстан 12 рет Қазақстанның чемп |
Қаңлы сөзінің бірнеше мағынасы бар:
* Қаңлы руы–қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі.
* Қаңлы мемлекеті
* Қаңлы (ауыл)
* Қаңлы ақын
* Юань патшалығы кезіндегі қаңлылардан шыққан саяси қайраткер, қолбасшы |
Жамал Мұсағалиқызы Қаңлыбаева(1923 жыл, Семей – 1974) – тех. ғыл. докт. (1965), проф. (1968), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1970). Негізгі ғыл. еңбектері жер қабаттарында шахта қазбаларының әсерінен пайда болатын жылжу процестерін радиоактивті изотоптар әдісін қолдану арқылы зерттеуге арналған.
Ғылым кандидаты, одан кейін техника ғылымдарының докторы атанған ең алғашқы қазақ-әйелі, сонымен қатар өз өмірін маркшейдериге арнаған түркі әлемі нәзік жандылардың алғашқы өкілі.Оның негізгі ғылыми-теориялық зерттеулері республикалық, одақтық және шетелдік басылымдарда 65 монографияда, мақалалар мен брошюраларда жарияланған.
## Білімі
1940 жылдың күзінде ол Тау-кен металлургия институтының гидрогеология бөліміне оқуға түсті.
1949 жылы оқу бітіргеннен кейін үш жыл өткен соң Жамал Мұсағалиқызы Қарағанды көмір бассейінің өндірістік учаскесінің шахталарында өз бетінше ғылыми жұмыстар жүргізді. Жүргізген жұмыстарының нәтижесі бойынша Жамал Қанлыбаева Бүкілодақтық маркшейдірлік ғылыми-зерттеу институтын басқарған профессор Степан Гаврилович Авершиннің жетекшілігімен «Қарағанды көмір бассейнінде жер асты тау-кен жұмыстарының әсерінен жер бетіндегі орын ауыстыруды есептеу» атты тақырыбында диссертация қорғады.
1952 жылы кандидаттық диссертация қорғаған, аспирантураның түлегі Жамал Қанлыбаева тау-кен саласы бойынша техникалық ғылдымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған алғашқы қазақ әйел болды.
## Кәсіби қызметі
1954-1974 жж. аралығында Тау-кен металлургия институтында маркшейдерлік бөлімнің басшысы болып жұмыс істеді. Оның басшылығымен институт радиоактивті изотоптарды қолдануға негізделген әйгілі әдісті жасауға кірісті. Көпжылдық зерттеулердің қорытындысын жасай отырып, нәтижесінде Жамал Мұсағалиқызы 1956 жылы докторлық жұмысын сәтті қорғады. 1970 ж. Ж.М. Қанлыбаева Қазақ КСР-нің ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланады.
## Марапаттары:
«Құрмет белгісі», «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.Фрейбергтегі (Германия) тау-кен академиясында марапатқа ие болған алғашқы әйелдердің бірі және ең жақсы баяндамасы үшін қаланың құрметті кеншісі атағына ие болды.
## Өнертабыстары
Әлем бойынша алғаш рет радиоактивті изотоптарды қолдануға негізделген көмір қабаттарын қазу кезінде тау жыныстарының кернеулік жағдайын бақылаудың жаңа әдісін ойлап тапты.
## Дереккөздер |
Қанжыға – ерге бөктерген затты байлайтын қайыс жіп, таспа. Қанжыға ердің қапталындағы әдейі тесілген тесіктен қапталдық пен желдікті ұстап тұратын әнжімен құйысқан бекітілген шеттіктің түбіне жақын жерінен тұйықталып өткізіледі немесе қапталға әдейі бекітілген шығыршыққа тұйық бау шалынып байланады. Қанжығаның ұзындығы жұп күйінде екі-үш қарыстан бір метрге дейін де болады.
## Қанжығалау
Ердің артына бір затты байлауды «қанжығалау» деп атайды. Қанжығалауға қолайсыз зат, нәрселер байланбаған. Өйткені, аттың шабын соғады, сонымен қатар салмақты нәрселерді қанжыға көтермейді. Дәстүрлі ортада қанжығалау көбінесе саятшы және аңшыларға қатысты қолданылды. «Қанжығасы майлану» деген сөз тіркесі, әдетте, аңшылық пен саятшылықта олжалы қайтқандарға ғана қатысты емес, жалпы адамның жолы болғанын, жеңіске жеткенін, олжалы болғанын да білдіреді.
## Қанжығаға байлау
Қанжығаға байлау – аңшының алған аңын жолай кезіккен адамға беру салты. Қолы ашықтықтың, жомарттықтың және қарым-қатынасты реттеуге бағытталған салттың көрінісі бола тұра, бұл ғұрыптың наным-сенімге де негізделген астары бар. Яғни, дала аңы баршаға ортақ қауым игілігі. Сондықтан, қалыптасқан дәстүр бойынша, кездескен жолаушыға аңды, яғни, олжаны беру керек. Өйткені, жолда ұшырасқан адам қырықтың бірі – Қыдырға баланады. Олжа байламаса құдайдың бергелі тұрған одан да үлкен несібесінен құр қаласың деген сенімге сай атқарылатын ғұрып болып саналады. Қанжығаға өзі алған тұңғыш аңын өзіне байлау да – құсбегілік өнерде атқаралытын ғұрыптардың бірі. Аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш олжасын басқа біреуге сыйламайды, яғни байламайды. Әйтпесе, қанжыға қурап, құр қалады, қанды болмайды, жол болмайды деп ырымдайды. Яғни, бақ пен несібе басқаға кетпесін деп алған аңын біреуге берместен, ырым қылып өзі алады.Аңшылармен кездескен адам қанжыға қанды болсын деген тілек айтады. Яғни, аң алып, оны қанжығаға байлаңыз деген тұспал сөз айтады. Құсбегі қанжығаға аң байлағанда «қанжыға майлансын!» деп айтуы керек. Қанжығасына аң байланған адам құсбегіге алғыс, рахмет айтып, бата беріп жолын жасаған. Ал егер, ұстаған аңды біреудің қанжығасына байлап үлгермесе, оған аңды үйіне әкелген соң да беруіне болады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Нұрғалиұлы Н., Еженбекұлы Е. Ат әбзелдерi. Ер. Ата салтыңды аяла (Қазақ салт-дәстүрлерi туралы таным). Құраст. Н.Ақбаев. Алматы: Ана тілі, 1998. 96-113 бб.;
* Тоқтабай А. Қазақтардың аңшылыққа, құсбегілікке, балық аулауға байланысты жора-жосындары. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Алматы: Арыс, 2005. 116-126 бб.;
* Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи-этнографиялық шолу. Таңдамалы. шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
* Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Саят. Алматы: Қайнар, 1989;
* Қазыханқызы Н. Аңшылық хиқаялары. Этнографиялық эссе. Алматы: Атажұрт, 2010. |
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіптіОның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен.Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.
## Жоңғар соғысында атқарған ролі
Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлеғін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар", — деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды.
Бөгенбай батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған шешуші Аңырақай шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо басқарған қалмақ әскерлері Ӏле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған. Жеңісті баянды етіп, жауды өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына жиналған үш жүздің әскер жасақтарының Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.
## Қытай әскерлеріне қарсы әрекеттері
Бөгенбай батыр қартайған шағына дейін ат үстінде жүрген. 1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды.Бөгенбай батырдың ең ірі жорықтарының бірі 1750 жылы Аягөз өңірінде жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін екі жақ мәмілеге келіп, достық келісім жасады. Бөгенбай батыр дана және аса зерделі адам болған. Ол 1761 жылы елшілік миссиямен Абылай ханның ұлы Әділді алып Қытайға барған. Батыр Торғай өзенінің жағасында қаза болған. Бұрында бұл жер "Бөгенбай сөресі" деп аталған, ал қазір "Шахта" деп аталады. Денесін қырық күн бальзамдағаннан кейін 45 күнде Ежелгі екінші Мекке саналған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи — Әзірет Сұлтан кесенесіне ақ түйемен алып барып жерлеген.
## Дереккөздер |
Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы (1873, қазіргі Сырдария ауданы Майлыбай ауылы – 14 наурыз 1923, сонда) – ақын, Сыр бойындағы шайырлық мектептің көрнекті өкілдерінің бірі.
Ел арасында «Қаңлы Жүсіп», «Молла Жүсіп» деген есімдермен аты жайылған. Алғашқыда ауыл молдасы Темір қожа деген кісіден хат танып, әрі қарай өз бетінше мұсылманша және орысша сауатын жетілдірген. 14 – 15 жасқа қараған шағында ақындығымен халыққа таныла бастады. Біраз уақыт биге атқосшы, болысқа тілмаш болды. Кеңес өкіметі тұсында Тереңөзек қыстағының сотында хатшылық қызмет атқарды.
Қаңлы Жүсіп поэзиясында әлеум. сарын мол. Оның «Замана түріне», «1916 жыл» атты толғауларында орыс отаршылдығын әшкерелеу мен ұлт бірлігін насихаттау орын алса, «Әлди-ай» әуенімен айтылатын «Оспанбайдың қызы едім, мен Зылиха» өлеңінде және «Жүкті қыз», «Ана мен бала» хикаяттарында әйел теңдігі мәселесі жырға қосылады. Ақынның «Мағрупа қыз», «Мәрді Салық», «Ағайынды үш жігіт», «Әбірһаттың бастан кешкендері», «Түлкі, қасқыр һәм қой» атты қисса, дастан, мысалдары шығыстық үлгіде жазылған. Қаңлы Жүсіп жұмбақ айтыстың шебері. Қарасақал Ерімбетпен, керейт Даңмұрынмен, Нақып қожамен, Шәкей салмен, Бермағанбетпен жазбаша айтыстары сақталған. Оның Кете Жүсіппен жазба айтысы 8 жылға созылған.
Ақын өмірі мен шығармашылығын ғалымдар Е.Ысмайылов, М.Байділдаев, т.б. зерттеген.
## Дереккөздер |
Қанжығар Елшілігі, (Хың жигыр) – Абылай ханның 1757 ж. қыркүйек – қазан айларында Қытайдың Цин патшалығына жіберген ең алғашқы елшілігі. Қанжығалы (Қанжығар) Бөгембай батыр бастап барған. Елшілік Тарбағатай өңірін қайтару мәселесін қойған. |
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақтығы 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% жасұнық, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% ақуыз болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.
## Сілтемелер
* Ауру
* Қылша
## Дереккөздер |
Қапаған қаған, Қабылан, Мочур (туған жылы белгісіз – 716 ж.) – Шығыс Түрік қағанатының бас қағаны (691 – 716). Құтлық қағанның немере інісі, Күлтегін мен Білгенің немере ағасы.
## Басқаруы
Қапаған Қаған түрік қағандығының қуатын арттырып, оның әскерін күшейтті.Шығыс түрік қағандығының иелігін Темір қақпадан (Дербент) Қадырхан тауына, Тоқарыстаннан Ұлы Хинган тауларына, Сарыөзенге (Хуанхэ) дейін ұлғайтуды мақсат етті.Қапаған қағанның Қытаймен соғыстары негізінен Сарыөзеннің Солтүстік жагалауларында жүргізілді. 694 жылы басталған қытаймен соғыстары Қытай корғанының арғы жағында жатқан Ордос түркілерін елге қайтару мақсатында жүргізілді. 697 жылы қытай шапқыншылығына ұшыраған қидандарды түгелімен, бүкіл Маньчжурия өзіне қосып алды. 706 жылы Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. 706-07 жылдары қытай және та¬табы шапқыншылықтарына тойтарыс беріп отырды. 709 жылы тоғыз-оғыздарды женді. 711-12 жылдары Енисей аздары мен шіктерін өзіне қаратты. 712-13 жылдары Алтайдан асып, Жетісудағы он оқтарды бағындырды. Сырдариядан өтіп, Темір қақпаға жалғас жатқан Тоқарыстанға жетіп, соғдыларды күйрете жеңді. 714 жылы қайта бас көтере бастаған табғаштарға алты рет соққы берді. Қапаған Қаған үдере көшпек болган тоғыз- оғыздарды тоқтатып, Ұлы Құм даланың (Гоби) солтүстігінде оларға күйрете соққы берді. Қапаған қаған қытай заңына негізделген заңды бұзып, ежелгі түркілер заңын қалпына келтірді. 716 жылы Толы өзенінің жағасында Бай-егу (Байырғы) тайпасы Қапаған қағанның әскерімен шайқасып, күйрей жеңілді. Шағын ғана жасақпен жорықтан оралып келе жатқан Қапаған қағанға байегулер тұтқиылдан шабуыл жасап өлтіреді де, қағанның басын қытайларға апарып береді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Қапал уезі– әкімшілік аудан. 1869 ж. құрылып, Жетісу облысының құрамына кірген. Жер аумағы 74100 км². Уез халқының саны 180 мың, оның 158 мыңы – қазақтар болды (1897). Тұрғындары негізінен мал, егін шаруашылықтарымен айналысты, бал арасын өсіріп, кірешілікті кәсіп етті. Қапал уезі орталығының ірге тасы 1847 жылы қаланған Қапал қаласы болды.
## Дереккөздер |
"Қапал-Арасан" - санаторий. Ақсу ауданындағы Бүйен өзені бөліп тұрған Қаракүнгей және Баянжүрек тауының аралығында, теңіз деңтейінен 975 м биіктікте, Талдықорған қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан. "Қауылы" мекенінің адам ағзасына шипалылығы 1848 ж. белгілі болған. 1850 ж. алғаш сауықтыру үйі салынып, 1853 ж. оның төңірегіне 53 га бақ отырғызынған. Орташа жұмсақсы 35 С. Қапал минералды қайнарларының емдік қасиеті 1840 ж. доктор Светаев, 1868 ж. И.Соболевский, 1951 ж. ауылыАлғазин зерттеген. 1899 ж. емдеу орны ресми түрде жабылған. 1930 ж. Пятигорск бальнеол. ҒЗИ экспедициясы "Қапал-Арасан" мекенін кешенді түрде тексерген. Соның қорьггындысы бойынша 1931 ж. "Қазақкурорт" тресі емдеу-сауықтыру орны қайтадан ашуға шешім шығарды. 1959 және 1973 ж. жаңа ғимараттар салынды. 1982 ж. 500 орындық 5 қабатты корпус пайдалануға берілді. 1992 ж. республика Автомобиль жолдары мин-гі 150 орындық шипажай кешенін салып, осы кезге дейін "Аксу-Арасан" профилакторийі жұмыс істеді. Кейін еліміздегі экономикалық-әлеум. қиыншылықтарға байланысты санаторий жабылып қалды. Тек 2000 ж. белгілі бизнесмен Еркін Қалиевтің күшімен санаторий ғимараттарын қалпына келтіру, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2002 жылдан санаторий демалушыларды қабылдай бастады. Қазір мұнда буын, бүйрек, бауыр және ас корыту органдарының, несеп жодарының кеселдерін, гинеколия және урологиялық ауруларды емдейді. Ол үшін табиғи минералды, хлорды-сулырат-натрийлі термалды су көздері пайдаланылады. Сондай-ақ, санаторийде бальнеолдеу және физиоемдеу бөлімдері, арнаулы ванналар мен шипалы балшық, т.б. кабинеттер жұмыс істейді. Олар осы заманғы медицина аппараттармен, арнаулы дәрмектермен жабдықталған. "Қапал-Арасан" санаторийі емделіп, тынығуға қолайлы, климаты қоңыржай, қалыпты белдемде орналасқан.
## Дереккөздер |
Қапшағай Обасы– ежелгі зират орындары. Алматы облысы Іле өз-нің сол жағалауындағы Қапшағай қонысында, 5 обадан тұрады. Обалардың орташа диам. 7 – 10 м, биікт. 0,5 м. Қ. о-на жерленген адамдар б. з. б. 1 ғ. мен б. з. 2 ғ-нда өмір сүрген. |
Адамбек Кәдірбекұлы Қапанов (9.3.1927 жыл, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы - 8.08.2011) - архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1971), профессор (1999).
Мәскеу сәулет институтын бітірген (1951). 1951 — 1967 жылдары Қазақ мемлекеттік қала құрылысы бас жобалау институтында архитекторлық шеберхананың бас архитекторы, Алматы мемлекеттік қала құрылысын жобалау институтының директоры (1967- 1997), 1971 - 1983 жылдары Алматы құрылыс-жобалау бас басқармасының бастығы әрі қаланың бас архитекторы қызметін атқарды.
Алматы қаласының орталығын қайта құруға, көрікті архитекторлық ансамбльдерді қалыптастыруға белсене қатысты. Оның жобасы бойынша Орталық мәдениет және демалыс басының қақпасы (1954 - 55 ), Республикалық Орталық стадион спорт кешені (1958 - 1964, архитектор А.Я. Косовскиймен бірге), қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы кешені (1964) салынды. Д.Қонаев мүсіні, қазіргі Алматы қалалық әкімшілік, ғимарат (1976 - 80), Республика алаңы (1980 жылы КСРО Мемлекттік сыйлығы, 1982) авторларының бірі болды.
Алматы қаласының 1978, 1989, 2000 жылдарындағы бас жоспарын жасауға қатысты.
Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1987), "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қапшағай Су Электр Стансасы — су-энергетика кәсіпорны. Алматы қаласынан солтүстікте 70 км қашықтықта, Іле өзенінің Қапшағай шатқалында. Сыйымд. 28,14 млрд. м³, қуаты 434 мың кВт. Жылына 1163 млн. КВт сағ энергия береді. СЭС 1972 ж. толық қуатымен жұмыс істей бастады.
## Дереккөздер |
Қараала сиыр – сүт бағытындағы тұқым. Голланд тұқымы мен одан тараған остфриз тұқымдарының бұқаларын жергілікті сиырмен ұзақ уақыт бойы өндіре будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1959 ж. бекітілді. Қазақстанға тың игеру жылдары әкелінді. Қараала Сиыр – сүтті мол беретін тұқым, етінің сапасы жақсы. Жергілікті жерге тез бейімделеді. Түсі қара, ала, кейбір сиырлардың жамбасы мен жауырынында ақ жолағы болады. Республикада асыл тұқымды Қараала Сиырдың саны 30 мыңнан асады. Өнеркәсіптік әдіспен сүт өндіру технологиясына әбден бейімделген. Бұқасы 850 – 950 кг, сиыры 470 – 550 кг тартады. Жылына 3,7 – 4,2 мың кг сүт береді, майл. 3,6 – 3,7%. Ет шығымы 55 – 57%. Таңдаулы табындары Ақмола облысы «Красноярское» АҚ-да, «Бастау» ЖШС-де, Алматы облысы «Панфиловский», Қостанай облысы «Заречное» шығысында, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу тәжірибе шаруашылығында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Қараағаш Обасы– көне бейіт орындары. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Сарыкөл к-нен 4,5 км солт-те. Обалардың орташа диам. 2 – 15 м, биікт. 1 – 4,5 м. Қ. о-нан алтын тәж, тас орнатылған екі сырға, кәрібтас моншақ, өрнек салынған көзе, т.б. табылған. Қ. о. – б.з.б. 6 – 4 ғ- |
Қарабақанас, Бақанас, Ортабақанас – Іле алабындағы құрғақ арна, Іле өзенінің ежелгі арнасы.
## Географиялық орны
Алматы облысының Балқаш ауданы жерімен ағып өтеді. Садырбек мүйісі тұсында Балқаш көліне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 301 км. Құмды арнасы өзгеріп отырады. Арнасындағы су көктемгі қар суымен 7 – 10 күндей ғана ағады. Аңғары көктемгі жайылым.
## Дереккөздер |
Қараасар – ежелгі қалашық орны. Жусалы темір жол станциясынан оңтүстікке қарай 45 км жерде Қараасарды 1946 жылы Хорезм археология-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) ашып, жоспарын қағазға түсірген. Жинастырылған көзе, саптаяқ, құмыра, т.б. тұрмыстық және шаруашылық заттарға қарағанда, Қараасарды адамдар б.з.б. 3 және б.з. 3 ғасырларында мекен еткен. Олар егін өсірумен және мал шаруашылығымен айналысқан.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Қарабас — Қарағанды облысы Абай ауданындағы кент.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде. Жерінің жалпы ауданы 0,8 мың га.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1927 жылы қаланған. 1950 жылдан бастап қала типтес кент. 1961 жылы Абай қалалық халық депутаттар Кеңесінің құрамына кіреді. 1930 жылы Қарабас Карлагтің кақпасы, қоныс аудару пункті болған.
## Кәсіпорындары
Кентте «Қараганданеруд» АҚ (ЖШС «Биофуд» — темір кабылдау, ЖШС «ТА8-2004» - силикаттык кірпіш өндеу, АҚ«Қазақстан Темір Жолы» Қарабас Қарағаңды бөлімінің депосы - электровоз жөне вагондарды жөндеу. РМК «Еңбек-Қарағанды» 91 филиалы.
## Инфрақұрылымы
Мектеп, емхана, кітапхана, мәдениет ұйі, АҚ «Қазпошта» аудаңдық пошта байланыс филиалы, «Қазақтелеком» байланыс бұйымы, дөріхана, 21 дұқен, асхана бар. «Қазақстан Темір Жолы» Қарағанды бәлімінің Қарабас темір жол стансасы орналасқан. Қабылдау, атқару жолдары Қарағанды көмір бассейнінің онтүстік тобына, «Абай» темір-бетон бұйымдары зауытына қызмет етеді. Темір жолдың 754-ші км жөне Тадды Құдык бөлімшесі Қарабас кентіне қарайды. Қарабас кентінің үстінен Қарағанды—Абай— Жезқазған трассасы өтеді. Кент басқа елді мекендермен автомобиль, темір жолдары арқылы байланысады.
## Дереккөздер |
Қарабалық (Schіzothorax) – тұқылар тұқымдасының бір туысы. Бұларды көкбаспен бірге «тілікшелілер» деп атайды, себебі, бұлардың аналь тесігі мен аналь қанаты ірі қабыршақтармен қоршалған. Қазақстанда Қарабалықтың кәдімгі Қарабалық (Sch. іntermedіus) және Қарабалық (Sch. argentatus) деген түрлері бар. Кәдімгі Қарабалық ең кең тараған түр. Қазақстанда Сырдария, Талас өзендері алабында (соның ішінде Асы (Аса) өзен көлдерінде – Билікөл, Ақкөл, Ащыкөлде және Ащыбұлақ суқоймасында), Қаратаудан ағатын өзендерде, Түркістан облысындағы Қызылкөл тұйық көлінде кездеседі. Ұзындығы 40 см-ге, салмағы 1,2 кг-ға дейін. Түсі судың мөлдірлігіне қарай өзгереді. Бүйірінде қоңыр дақтар болады. Дене бітімі жұмыр. Екі жұп мұртшалары бар. Қабыршағы майда. 7 жылдай тіршілік етеді. Еті дәмді. Қарабалық үш түр тармағына жіктеледі: балқаш Қарабалығы (Sch. arg. argentatus), көкбас Қарабалық (Sch. arg. pseudaksaіensіs) және ащыкөл Қарабалығы (Sch. arg. saltans). Бұлардың ұзындығы 49 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай болады. Шабақтарының түсі күмістей ақ, ересек дарабастары тіршілік ортасына сәйкес әр түсті: қоңыр күмістен қоңыр сарғышқа дейін өзгереді. Дене бітімі жұмыр. 10 жылдай тіршілік етеді. Қарабалықтардың аталықтары 3 – 8, аналықтары 3 – 9 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын су температурасы 11°С болғанда (8 – 122 мыңдай) тереңд. 1 – 2 м өзен қайраңына, тасты жерлерге шашады. Әр аналық барлық уылдырығын бір мезгілде шашқанмен, популяцияның жалпы уылдырық шашу мерзімі шамамен 2 айға созылады. Тамағы қоректік қордың түрлік құрамына байланысты: балдырлар, моллюскілер, хирономидтер дернәсілі, т.б. Бұрын Балқаш – Іледе кәсіптік ауланатын негізгі балықтардың бірі болған; көп аулану, жыртқыштарды (көксерке, жайын, ақмарқа) жерсіндіру нәтижесінде 1970 жылдан кәсіптік маңызын жойды. Қазір негізінен Балқаш – Алакөл су алабындағы шағын өзендерде әуесқойлықпен ауланады. Қарабалықтың түр тармағы ішіндегі жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілгені – Көкбас Қарабалықы (Sch. arg. pseudaksaіensіs). Бұл Балқаш – Іле, Шу су алабында, Ыстықкөлде тараған. Оның ұзындығы 80 см, салмағы 12 кг, шамамен 17 – 19 жылдай тіршілік етеді.
## Сілтемелер |
Қара Бодын– ежелгі түркі тайпаларына кіретін әлеуметтік топ. 7 – 8 ғ-лардағы ежелгі түркі жазбаларынан белгілі. 11 – 12 ғ-ларда Қ. б. атауының орнына қаралұғ атауы енген. |
Қарабұлақ — ауыл (2016 жылға дейін – кент), Жетісу облысы Ескелді ауданы (1968 жылдан) және Қарабұлақ ауылдық округі орталығы.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1855 жылы Верный – Текелі автомобиль жолы бойында қаланған. 1951–97 жылы қызылша өсіретін ұжымшар орталығы болып келді. Қарабұлақта қант зауыты, ұн тарту, құрама жем, автокөлік жөндеу кәсіпорындары бар.
## Дереккөздер |
Қарағанды квазисинклинорийі– Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тектоникалық құрылым. Ортаңғы және кейінгі каледонидтердің түйіскен белдемінде шығыс және солтүстік-шығыс бағытта созыла орналасқан. Екі құрылымдық қабаттан: қызыл түсті девон молассалары мен карбонның көмірлі түзілімдерінен құралған.
## Дереккөздер |
Қапаш Жаманұлы (туған-өлген жылдары белгісіз) – әнші-композитор. 19 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген. Дауысы аса күшті, асқақ, үнді болған. Қапаш әншілік-орындаушылық өнерімен қоса өз жанынан "Қарғаш", "Гауһар", "Арман сол", "Жоныл алды", "Шалқақ кер", "Шәмші-Қамар", т.б. әндер шығарған. 1915 жылы Ақмола қаласында өткен үлкен жәңкермеңкеде өнер көрсетеді. Оның әндері Қ.Бабақовтың орындауында жазылып алынды, ал бірқатары (қолжазба түрінде А.В. Затаевичтің музыкалық-этнографиялық жинағыш енгізілген) Қазақстан ғылым академиясының орталық кітапханасында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Қарабұтақ Бекінісі - бекініс-қамал. 1848 (1847) жылы мамыр айында салынған. Ақтөбе облысындағы Ырғыз өзенінің Қарабұтаққа кұяр сағасында орналасқан.
Патша өкіметі Арал теңізіне қарай жылжу ниетімен Орск қаласы мен Райым бекінісінің аралығында салған. Мұнда оның ірге тасын қалаған орыс гидрографы А.И.Бутаков экспедициясымен бірге келген шағын гарнизон орналасты. Бірнеше жылдан кейін осы бекіністің үстімен Орск — Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) жолы өтетін болды. 19 ғасырдың соңында Қарабұтақ бекінісі Ырғыз уезінің сауда-саттық жүргізетін қалашығына айналды. Қарабұтақ бекінісінде училище, аурухана, тұрғын үйлер салынды.
## Дереккөздер |
Қарағайлы - Алматы облысы, Қарасай ауданында болған ауыл, бұрынғы өзімен аттас ауылдық әкімшілік округ орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, Іле Алатауының баурайында, Қарағайлы өзені жағалауындағы бетеге, боз, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қара топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматгық белдемде орналаскан.
## Халқы
Тұрғыны:
* 6,0 мың адам (2002);
* 9,6 мың адам (2009).
## Тарихы
Ауыл 1992 жылдан Қарағайлы деп аталады. 1965-97 жылдары бау-бақшамен айналысатын Чапаев кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қарағайлыда және округ аумағындағы Қарғалы, Рахат және Құрамыс ауылдарында бірнеше серіктестік пен 275 шаруа қожалығы құрылды. Ауылдарда 2 орта мектеп, 4 кітапхана, мәдениет үйі, 2 фельдшер-акушерлік пункт, 2 дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Қарағанды Машина Жасау Зауыты, Пархоменко атынд. – өңдеуші өнеркәсіп орны. 1942 ж. құрылған. Өнеркәсіп кен қазу, көлік, металлургия, а. ш., т.б. салаларына арналған бөлшектер мен жабдықтар шығаруға мамандандырылған.
## Дереккөздер |
Қарағанды көмір өндірістік бірлестігі – көмір өнеркәсібі орны. 1947 жылы құрылған. Құрамында 26 шахта болды. Оған Қушоқы және Молодежный көмір қимасы, 8 байыту фабрикасы, 4 кен-шахта және кен көлігі жабдықтарын жөндейтін зауыт, Қарағанды көмір құрылысы тресі және 14 мекеме кірді.
## Дереккөздер |
Қапшағай Таңбалы Тасы– тасқа шекілген көне суреттер мен жазулар. Алматы қ-нан 100 км жердегі Іле арнасының жарқабағына салынған. Негізгі өнер туындыларының мерзімдік шегі б.з.б. 2 ғ. – б.з. 13 ғ. аралығында.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы — жоғары оқу орны болып табылады, онда күндізгі және сырттай оқыту факультеттерінде жедел-іздестіру қызметі және тергеу-криминалистикалық маманданулар бойынша «құқық қорғау қызметі» мамандығының жоғары заңгерлік білімі бар мамандарын даярлау жүзеге асырылады.Карагандинский Юридический Институт
Институтта оқуға үміткерлер денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, жалпы орта, бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білімі бар 25 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан іріктеледі.Инситуттағы барлық оқу кезеңі (4 жыл) шұғыл әскери қызметті өтуге теңеледі және ішкі істер органдарындағы қызмет өтілі ретінде есептеледі. 3- курстан кейін тыңдаушыларға «В» категориялы автокөлікті жүргізу құқығына куәлік беріледі.Оқу процесінде тыңдаушылар казармалық жағдайда болады, үш мезгіл ыстық тамақпен және формалы киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, шәкіртақы алады. Осының барлығы ІІМ қаражаты есебінен жүргізіледі, яғни ақысыз негізде.Ішкі істер органдарындағы қызмет – бұл мемелекеттік қызметтің ерекше түрі. Институт түлектеріне «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріледі, олар міндетті түрде ІІО-ның аумақтық бөліністерінде жұмыспен қамтамасыз етіледі және сол бөлінген жұмыс орындарында 5 жыл үздіксіз қызмет өткеруі тиіс.
Қазіргі уақытта ЖОО-ның құрамында үш факультет (күндізгі, сырттай және біліктілікті арттыру және мамандарды қайта даярлау факультеттері), он төрт кафедра, он екі бөлім (оның ішінде магистратура және адъюнктура бөлімдері), оқу орталығы, ғылыми-зерттеу лабораториясы, баспахана және басқа да құрылымдық бөліністер бар.Институттың ғылыми әлеуетін тоғыз ғылым докторы және сексен екі ғылым кандидаты құрайды. Демек, біздің ЖОО Қазақстан Республикасының ең үздік жоғары заң оқу орны болып табылады, барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, сабақтарды жоғары білікті мамандар оқытудың жаңаша әдістері мен нысандарын пайдалана отырып, сапалы деңгейде өткізеді.2000 жылдан бастап институтта 12.00.08 – қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық-атқару құқығы және 12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандықтары бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істеп келеді. 2008 жылғы қаңтардан бастап аталған кеңес докторлық кеңес болып қайта құрылды. Оның құрамына Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының танымал ғалым-заңгерлері енген.Институттың ғалымдары Қазақстан мен Ресейдегі жоғары оқу орындарының заң факультеттерімен, Мәскеу, Омбы, Алматы ІІМ Академияларымен, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы академиясымен және басқа да жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыста. Оқытушылар мен тыңдаушылардың оқу және ғылыми жұмысын 300 мың кітаптан тұратын қоры бар жалпы және арнайы кітапханалар қамтамасыз етеді.
Институтың материалдық-техникалық базасы үнемі нығайып отырады. Қазіргі уақытта 6 дәріс залы, 30 оқу аудиториясы, 36 оқу-әдістемелік кабинеті, педагогикалық шеберлік кабинеті бар 2 оқу корпусы, жедел-криминалистикалық полигоны, 2 жақсы жабдықталған жатақханасы, 600 орынға арналған асханасы бар. 9 қабатты әкімшілік ғимараты мен институттың магистранттары мен адъюнкттеріне арналған жатақхана кешенінің құрылысы аяқталды.ЖОО-ның аумағында 2 өзін-өзі қорғау залы, ауыр атлетика залы, 25 метрлік жүзу бассейні, стадионы және тирі бар қазіргі заманғы спорт кешені орналасқан. Институттың Қарағандыдан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Долинка кентіндегі оқу оталығы бар. Мұнда ату тирі, криминалистикалық полигон, психологиялық кедергілер жолағы, спорт құрылыстары, жазғы қалашық, екі қабатты 2 казарма, клуб, асхана орналасқан. Оқу орталығында 1-курстың лагерлік жиындары, 3 және 4 курс тыңдаушыларының кешенді жедел-тактикалық жаттығулары, ойындар және жаттығулар жүргізіледі.
Институт мақтанышы – оның түлектері. 39 жыл ішінде 15000-нан астам жоғары білікті мамандар даярланды, олардың көпшілігі ірі басшылар, атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлері, оның ішінде 20-дан астам адам ғылым докторы, 120-дан астамы ғылым кандидаты болды, 20-дан астамы жоғары генерал атағына ие болды.Институттың түлектері Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының және ТМД-ның басқа да елдерінің ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарында, соттарда, прокуратурада, адвокатурада қызметтерін абыроймен өткеріп келеді. |
Қарағанды индустриялық университеті — Теміртау қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
## Тарихы
Қарағанды индустриялық университеті 1963 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанында ВТУЗ-зауыт ретінде ашылды. 1993 жылы ВТУЗ-зауыт Қарағанды металлургия институты болып қайта ұйымдастырылды. 2006 жылы институт негізінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті құрылды.
## Құрылымы
Бүгінгі таңда университет құрылымында 3 факультет бар: «Металлургия және машина жасау», «Энергетика, көлік және басқару жүйелері», «Экономика және құрылыс», 10 кафедрада 140 оқытушы жұмыс істейді. Университет құрамына Техникалық-экономикалық колледжі де кіреді.
Университет 25 бакалавриат бағдарламасы, 20 магистратура және 5 докторантура бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. Барлық білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасының Жаңа кәсіптер атласы мен Өңірлік кәсіптер картасын ескере отырып, кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленген.
Оқу орнының 18 оқытушысы «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», 11 оқытушы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие.
## Оқу жұмысы
Университетте «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ, «Қазхром» АҚ, «QazTehna» ЖШС, «Орталық Азия Цемент» АҚ, «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты», «Ақтөбе рельс» АҚ сияқты ірі трансұлттық компаниялармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі жүзеге асырылуда. Университетте қала мен облыстың жетекші кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттарында 13 кафедра филиалдары бар.
ҚарИУ – жартылай өнеркәсіптік металлургиялық және прокат жабдықтары, домна пеші мен конвертер жұмыс істейтін үлгілері мен тәжірибелік алаңы бар Қазақстандағы бірден-бір университет. Университетте 12 зертханасы бар Металлургия орталығы, Құрылыс өндірісі ғылыми-зерттеу институты және Энергия үнемдейтін технологиялар және энергия аудиті орталығы бар.
## Дереккөздер |
Қарағанды Конфеттері – кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорын. 1996 жылы ағылшын фирмасы сатып алған "Жанар" ААҚ-ның негізінде жеке меншік нысандағы АҚ ретінде құрылған.
## Тарихы
Фабриканың негізі 1956 жылдың қараша айында құрылған. КСРО-ның ыдырауымен, Ресеймен және тағы басқа елдермен экономикалық байланыстардың үзілу себебінен оның жұмысы нашарлай бастаған. Мемлекеттен фабриканың 85% акциясын сатып алған ағылшын компаниясы «Ю-Ай-Джи» 1996 жылдары фабриканы қайта жаңғыртты. Жаңа цехтер салынып, өнімдер жаңа технология бойынша өндіріле бастаған. Қазіргі кезде «Қарағанды Конфеттері» АҚ Қазақстандағы тағам өндірісіндегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Фабрика кондитерлік өнімдердің 247 түрін шығарып, бір жылда – 12 000 тонна көлемінде өнім өндіреді.
## Өнімдері
2001 жылы фабриканың 45 жылдық мерейтойына байланысты пралине сияқты конфет шығаратын жаңа жүйесі іске қосылған. Бәріне танымал болған конфеттерден басқа, көптеген жаңа өнімдер шығарылуда. Сонымен қатар фабрика вафли, торттар, шығыс дәмдерін, шербет, чипсы шығарумен де айналысады. 2003 жылдан бастап шоколадтар өндiретiн көлемді жүйе жұмысы басталған. Фабриканың технологтарымен «Сердечко (Жүрек)», «Бутылочка (Бөтелке)» және «Курочка Ряба» конфеттерiнiң құрамы өңделген.
«Пикник» үлпiлдек тәттiлерiн және «Хруст» чипсын үлкен ассортиментте шығаратын экструдер цехы ашылған. Қазiргi кезде цехта ертеңгiлiк құрғақ ас шығаратын қондырғылар iске қосылған, ол әр түрлi пiшiндегi дәмдi және хош иiспен ерекшеленген дақыл өнiмдерiнiң түрлерін кеңейтуге жол береді. Фабрика Қазақстан бойынша бiр ғана көп қатпарлы батон шығаратын цех болып табылады. Негізі нуга мен жұмсақ карамельден жасалған қатпарлы батонның алты түрі бар. Соңғы шығарған өнімдері «Триумф» және «Экстра» шоколадтары, құрамындағы какао өнімдері 81 және 95 пайызды құрайды. Мармеладты-шоколадты және бисквиттi-шоколадты цехтарын кеңейту жоспарлануда. Мармеладты-шоколадты цехтың өндiрiс көлемiн екi есеге ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн глазурьлi және помадты конфеттер өндiру бойынша жаңа жүйе ашылған. Зефир, шоколадты зефир дайындау бойынша жүйенi iске қосатын жаңа иристi-шоколадты цех жұмысын бастайды.
## Жетістіктері
«Қарағанды Конфеттері» АҚ – түрлі халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы. 2003 жылдың тамыз айында Мәскеу қаласында «Қазақстанның Ресейдегi күндерi» бағдарламасының шеңберiндегi көрмеге кондитерлiк фабрика қатысқан. 2004 жылдың сәуiр айында Германияда өткен «Hannover-Messe 2004» халықаралық көрмеде Қазақстанның үздiк кәсiпорындарының құрамында болған. Фабриканың өзінің аккредитті сынақ орталығы бар, ол өздеріне сертификаты сынақтан кондитер өнімдері мен шикізаттарды сертификациялық сынақтан өткізулеріне мүмкіндік береді. «Қарағанды Конфеттері» АҚ өзінің өнімдерін Қазақстанның барлық жерлерінде, өзінің дербес өкілдері, дүкендері, 12 қалалардағы қоймалары арқылы, сонымен бірге Ресей мен Германияда таратады.
## Дереккөздер |
«Қарағанды-Нан», тамақ өнеркәсібі кәсіпорны. 1995 ж. жеке меншік нысандағы ақционерлік қоғам регінде тіркелген. Қондитерлік нан-тоқаш өнімдерін және сусын, жартынай дайындалған тағамдар, шұжық, жұмыртқа және құс етін, ұн және дақылдардан жасалатын тағамдар шығарады. Кәсіпорын өнімдері ел ішінде және ТМД елдерінде өткізіледі. 2005 ж.70 мың т жуық дайын нан, жаңа жасалған қондитерлік тағамдар, ұн шығарылды.
## Дереккөздер |
К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры – мәдени-сахналық ұжым.
## Тарихы
Театрдың тарихы 1930 жылдардан басталады. Сол кезде Семей қаласында үгіт-насихат бригадасының негізінде "Живая газета" деп аталатын мәдени-бұқаралық жылжымалы әуесқой театры ұйымдастырылған еді. 1932 жылы оны Түріксіб пойызының құрамына қосылған үгіт-насихат вагонына орналастырып, жылжымалы театрға айналдырды. Театрдың тұңғыш директоры әрі көркемдік жетекшісі, әрі театр драматургі кейін Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болған В. Портнов еді. Үш вагонның біреуінде тұрып, қалған екеуінде репитиция жасаған ұжым оның скетчтері мен пъесаларын қойды, кейіннен кеңес драматургтерінің, батыс еуропалық классиктерінің туындыларын сахналады. 1935 жылы жылжымалы театр Қостанайға тоқтағанда оның репертуарында В. Шекспирдің, А. Островскийдің, А. Афиногенов пен өзге де авторлардың пьесалары бар еді. 1936 жылы ұжым "Қарағанды облыстық орыс драма театры" деп аталды. 1937 жылы В. Портнов театрдың көркемдік жетекшісі қызметін Ленинградтан жер аударылып келген К. Раушқа тапсырды. Ол келгеннен кейін ұжымның кәсіби деңгейі жоғарылап, репертуары едәуір кеңейді. Б. Шоу, Ж. Б. Мольер, Л. Толстой, П.О. Бомарше және тағы да басқа классиктердің еңбектері сахнаға шығарылды. 1940 жылы театр ұжымын Қарағанды қаласына ауыстырды. Труппа өзінің алғашқы мерейтойын «Гамлетпен» қарсы алды. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында театрдың 20 қызметкері өз еріктерімен майданға аттанды. Театрдың өзге мүшелерінен концерттік бригада құрылып, Балтық майданына жіберілді.
## Шығармашылық ұжым
Жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін 1963 жылы театрға К. Станиславский есімі берілді. Бұл жылдары шығармашылық ұжымға Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртістері, режиссерлер А. Подобед, Г. Жезмер, республика халық әртісі Р. Андриасян, М. Зильберман жетекшілік еткен болатын. 1986 жылдан 2006 жылға дейін театрдың бас режиссері қызметін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г. Оганесян атқарды. Театрға одан кейінгі жылдары Д. Әбілтаев басшылық етті, бүгінгі таңда – Д. Еспаев.
Қарағанды сахнасында әр жылдары Қазақ ССР-інің халық әртістері В. Караваев, А. Демидова, В. Корниенко, В. Борисов, республиканың еңбек сіңірген әртістері К. Рауш, З. Горева, Г. Подзолкин, Н. Белкин, И. Калачанов, И. Кошелев, Т.Зеленин, Т. Давыдова, В. Макуш, Д. Белов, Л. Спасский, А. Зимарева, А. Григоров еңбек етті. Театрда көптеген талантты суретшілер жұмыс істеді.
## Театр жетістіктері
* Театр ұжымы үш мәрте «Театр балалар көзімен» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
* 1979 жылы Мәскеу қаласына сапар барысында режиссер, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Н. Воложанин қойған спектакльде пьеса авторлары - В. Розов, А. Арбузов, В. Тендряков болып, оған жоғары баға берді.
* 1981 жылы театр Халықтар достығы орденімен марапатталды.
* 2008 жылы театр ұжымы Ресейдің Омбы қаласына гастрольдік сапармен барып, табысты қайтты.
* 2010 жылы А. Дударевтің «Не покидай меня...» спектаклі үшін театр республикалық театр фестивалінің дипломын иеленді.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Театр сайты
http://stanislavsky.kz/ |
Қарағанды медицина университеті — Қарағанды қаласында орналасқан медицина мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең алдынғы қатардағы медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі: Ұлттық аккредитациалық орталық өткізген 2008 жылдың рейтингтік қорытындысы бойынша, ҚММУ Қазақстанның 60 озық жоғары оқу орындарының ішінде сегізінші орын алып және республикамыздың озық медициналық мектебі болып табылады. Мемлекеттік аттестациялық комиссия (2007 жыл) университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында үлкен жетістіктерді атап өтіп, «ҚММУ базасында тек Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар орта Азия республикалары және ТМД мемлекеттеріне озық тәжірибелі мектеп құру» жөнінде ұсыныс жасады.
ҚММУ – Қазақстан Республикасындағы 2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің талабына сай сертификациялық ұйым NQA – UK Global Assurance – сертификация менеджмент жүйесіндегі Британдық ұйымының Ресейлік өкілеттігі - NQA – Russia өткізген, барлық қызмет түрінде сертификацияны ойдағыдай өткен бірінші жоғарғы оқу орындарының бірі.
Біздің университетіміздің 5 факультетінде бес мыңға жуық студент Қазақстанның бүкіл аймағынан, ТМД елдерінен, сондай-ақ шетел азаматтары білім алуда. Университетте білім беру үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте медициналық кадрларды үздіксіз дайындауда көп деңгейлі құрылым іске асырылуда, ол өзіне, орта деңгейлі медицина қызметкерлерін дайындайтын медициналық колледжін, сонымен қатар жыл сайын үш мыңнан астам әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлерді кәсіби дайындықтан өткізетін дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсібін жетілдіру факультетін қосады. Оқу орнымыздағы дипломнан кейінгі білім беру жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғаны, Қазақстанның бүкіл аймағындағы дәрігерлерден мамандандыру және қайта даярлау өтініштерінің айтарлықтай көбеюімен дәлелденеді (2006 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп).
Жөнделген 4 оқу корпусы, дәрістік және оқу аудиториялары мен 7 жатақханалар, 36 кафедралардың клиникалық базалары, сонымен қатар меншік клиникалық базалары – студенттік емхана және стоматологиялық клиника: университеттің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған инфрақұрылымды қолдауы болып табылады. 2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, кафедралар мен университет бөлімшелерінде 3,5 есеге Интернет желісіне қосылған комьпютерлер саны артты, сонымен қатар кейбір жатақханаларда.
ҚММУ-нің магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуды жүзеге асыруға лицензиясы бар. Астаналық оқу орнымен бірлесіп үш диссертациялық кеңес және «Клиникалық фармакология, фармакология; ішкі аурулар» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғауда диссертациялық кеңесі белсене жұмыс істейді. Біздің университетімізде жоғары деңгейлі квалификациямен, білікті оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 200-ге жуығы ғылым кандидаты және докторы дәрежесінде. Барлық оқытушылар Халықаралық және Республикалық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады, 2008 жылдың ішінде-ақ 336 іссапар болды. Оқытушылардың шет мемлекеттерде дайындалуы 2006 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты.
ҚММУ алыс және таяу шет мемлекеттерінің оқу орындары және ғылыми орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты үзбейді, сонымен қатар ҒЗО (НИЦ) құрамына енетін қуатты ғылыми базасы бар, онда медицина ғылымындағы қолданбалы және фундаментальды бағыттарында қазіргі заманға сай зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет медициналық білім берудегі сапа жүйесін жақсарту мақсатында Ұлыбританияның Еуропадағы медициналық білім беру ассоциациясымен (ЕМББА (АМЕЕ)), медициналық білім беру Дүниежүзілік Федерациясымен ынтымақтастық жасауда. Біздің оқу орнымыздың базасында жүйелі түрде Халықаралық және Республикалық семинарлар мен конференциялар өткізіледі.
59 жыл ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 32742 дәрігерлерге өмірлік жолдама берді. Біздің түлектеріміз тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, алыс және жақын шетел мемлекеттерінде табысты жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Елбасы жолдауына және денсаулық сақтау реформасының басты қағидасына негізделген, тәжірибелі денсаулықты қорғау бағытында жоғары сапа мамандардың кәсіби дайындығы, ҚММУ дамуында басымды бағытты жүзеге асырудағы белсенділік, ертеңгі күнге сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.
## Дереккөздер |
Қарағайлы кен-байыту комбинаты, Қарағайлы барит-полиметалл кен орнының негізінде құрылды (1952). Қорғасын-мырыш руднигі (19521969), 1969 ж. қазіргі атымен аталады. Карьерлер, 2 байыту ф-касы, үйіндісін араластыру, көмекші цехтары (жөндеу-құрылыс, өңдіріс ішіндегі транспорт, темір жол транспорты, электр, халық тұтынатын заттарды шығару) бар. Өнімнің негізгі түрлері: қорғасын, мырыш, барит қонцентраттары, мыс-қорғасын өндірістік өнімі, тауарлы руда. Негізгі технологиялық процестер: руда қорларын карьерден алуға дайындау (қазба жұмыстары), руда өндіру, руданы араластыру, араластырылған руданы байыту ф-қаларына жеткізу. Қорғасын-мырыш қонцентраттары өңдірістік өнімдерін қорғасынмырыш, полиметалл комбинаттарына, барит ауырлатқыш қонцентратын мұнай химиясы мен мұнай өңдіру кәсіпорыңдарына жөнелтеді. Руда өңдіруге және қазба жұмыстарында СБШ 250-МН, бұрғылау станоктары, ЭКГ-4,6 экскаваторлары, жүк көтергіштігі 40 т БелАЗ машиналары қолданылады.№2 ф-кадабайытудыңжаңатехнологиялықжұйелері қорғасын, мырыш, барит қонцентраттарын алудың қоллективті-селективті флотациясы енгізілген. Өңдірістік байланыстардың үзілуіне байланысты 90-жылдары жұмысы өнбеді, инвесторлары тиімсіз болды. Тек 2003 ж. Қарағайлыға «Қазақмыс» қорпорациясы қол ұшын бергеннен кейін жұмыс жандана бастады.
## Дереккөздер |
Қарағанды энергетика жүйесі, 1931 жылдан жұмыс істейді. Оған кіретін электр станцияларының қуаты 1643 мың кВт. Кернеуі 220 – 500 кВт электр беретін желілердің жалпы ұзындығы 3,5 мың км шамасында, ал кернеулі электр желілерінің жалпы ұзындығы 33 мың км-ден астам.
## Дереккөздер |
Қара Арна мұнай кен орны — Атырау облысы Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 180 км жерде, Жылыой ауданында орналасқан. Кен орны 1960 жылы ашылған.
## Геологиялық құрылымы
Тектоникалық тұрғыдан кен орны қосқанатты тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Тұзүсті шөгінділері жиынтығының стратиграфиялық қимасында мұнайлылық төменгі бордың апт, альб, жоғарғы бордың сеноман жікқабаттарының шөгінділерімен байланысты.
## Жатыс сипаты
Өнімді горизонттар бетінің жатыс тереңдігі 467-1046 м арасында. Жатындардың биіктігі 15-30 м. Су-мұнай жапсары -503-1099 м-ге дейінгі белгілерде орныққан. Жатындар қойнауқаттық күмбездік. Өнімді қатқабатының қимасы терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті.
## Қанығу сипаты
Ашық кеуектілік 27,2-30,2%, өтімділігі 0,215-1,605 мкм2, мұнай мен газға қаныққан қалыңдық 3,5-8,5 м, оның коэффициенттері 0,72-0,95-ке дейін ауытқиды. Батыс қанаттың төменгі бор жатындарының 3 мм-лік штуцердегі бастапқы шығымдары 21,2-38,3 м3/тәу болды. Сеноман горизонтының шығымдары темен, 3,1-3,7 м3/тәу. Газдық фактор 7,4-9,8 м3/м3. Бастапқы қойнауқаттық қысым 5,0-11,5 МПа, температура 2,5-40°С.
## Тығыздығы, құрамы
Мұнайдың тығыздығы 0,964 г/см3. Мұнайы күкіртті 2,28 – 2,8%, парафині аз 0,18 – 0,61%. Кен орны 1974 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Қарағандыэнергияжөндеу, 1997 ж. 4 қыркүйекте Орталыққазэнергожөндеу кәсіпорны негізінде жеке меншік нысандағы АҚ ретінде құрылған. Қызметінің негізгі түрлері: электр құрал-саймандарын жобалау, құрастыру, орнату, тех. қызмет көрсету, жөндеуден өткізу. |
Қараеспе Петроглифтері – тасқа бедерленген ежелгі өнер туындылары. Алматы облысы, Талғар ауданы, Шолақ тауындағы Қараеспе шатқалының батыс бөлігінде шоғырланған. Олар 50-ге жуық суреттен тұрады. Сақ тайпаларының ежелгі мәдениет ескерткіші болып табылады. |
Қарағанды металлургия комбинаты - Қазақстан Магниткасы (Теміртау қ.), Ұлы Отан соғысы жылдарында салынып, пайдалануға берілген Қазақ металлургия зауыты Қазақстан қара металлургиясының тұңғыш кәсіпорны және осы күнгі металлургия комбинатының ізашары болды.
Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің «Қара металлургияға жедел жәрдем беру шаралары туралы» 1943 жылы 7-ақпандағы қаулысы негізінде КСРО Қара металлургия халкомы И. Ф. Тевосян 1943 жылы 26 маусымда зауыт салудың жобалық тапсырмасын бекітті. Металлургия зауыттарын жобалайтын Мемлекеттік Одақтық институт Бас жобалаушы болып ұйғарылды. 1943 жылы 5 сәуірде КСРО Қара металлургия министрлігі болашақ Қарағанды металлургия зауыты салынатын жерді тандап алатын комиссия тағайындады. Оның жұмысын Магнитогорск металлургия комбинатының директоры Г. И. Носов басқарды. Комиссия жұмысына Қазақстанның Қ. И. Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдары қатысты.
Зауыт құрылысы 1950 жылы басталды. Көлемі 1513 м3 алғашқы домна пешін салу 1957 жылы желтоқсанда қолға алынды. 1958 жылы БЛКЖО 13-съезінде Қазақстан магниткасын салу Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. 1960 жылы 3 шілдеде № 1 домна пеші, тұңғыш шойын қорытты, қарашада 2 кокс батареясы пайдалануға берілді, 30 желтоқсанда қазақстандық алғашқы кокс алынды. 1963 жылы 23 маусымда №1 агломерация ф-касы өнім берді. 1970 жылы Қарағанды металлургия зауыты негізінде Қарағанды металлургия комбинаты құрылды. Оның құрамына Атасу (темір-марганец рудалары) және оңтүстік Топар (флюсті әктастар) кен басқармалары, Алексеевка доломит карьері және Қазақ металлургия зауыты енді. Қарағанды Металлургия Комбинатынің шикізат базасы Лисаков және Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаттары, Қарағанды көмір бассейні болып табылады. Аса қуатты кептеген металлургиялық агрегаттар комбинатта алғаш рет игерілді. 1975 жылы АҚМ-3312 агломерация машиналары, көлемі 3200 м2 домна пеші, 1970 жылы 250 тонналық қонвертерлер мен қуатты КАР-30 оттекті блоктар, ыссылай прокаттау кең енді үздіксіз 1700 стандарты, 1973 жылы бес клетті 1700 суык прокаттау станы, 1982 жылы «шексіз» прокаттау ретімен жұмыс істейтін алты клетті 1400 станы пайдалануға берілді. Қарағанды Металлургия Комбинаты — толық металлургиялық циклды кәсіпорын. Жылына 5100 мың т шойын, 5700 мың т болат, 4300 мың т прокат өндіреді. Болаттың оттегі аз және оттегі төмен маркаларынан табақ каңылтырлы сортты прокат, кокс-химиялық 30 түрін халық тұтынатын тауарлар (қыш, әк, минералды тыңайтқыштар, қонсерві кақпақтарын т. б.) шығарады. Комбинатта Лисаков кенінің фосфорлы темір рудаларын өндеу технологиясы дүние жұзындығы прақтикада алғаш рет игерілді. Рудаларын металлургиялық жолмен кайта өндеуцің мейлінше тиімді толық технологиясы жасалды және табақ канылтыр прокаттау өндірісін онан әрі дамытуды техникалық жағынан камтамасыз ету жүзеге асырылды. Конвергерлердің футеровка тұрақғылығын арттыру үшін жалынмен торкреттеу технологиясы енгізілді. Бүл технология бойынша оның тұрақтылығы 2,5 есе артты, мұның арқасында балқытпа саның 180-нен 500-ге дейін көбейтуге мүмкіндік туды. Прокаттау өндірісінде «Құйма дайындаушы - рулон» технологиялық жүйесі, металл тақта бетін тұзды қышқынмен үздіксіз күйдіріп әрлеу, өнделген күйдіргіш ерітінділерді регенерациялау т. б. осы салада тұңғыш рет игерілді. Қарағанды Металлургия Комбинатында ҚР тұңғыш Президенті Н. Назарбаев еңбек жолын бастады. Ол осында 1973-77 жылы партком хатшысы болып істеген жылдары комбинатпен қаланың тиісті дәрежеде дамымай артта калған әлеуметтік инфрақұрылымын ҚОКП ОК секретариатында арнайы мәселе егіп көтеріп, ОК арнайы кэулысын, орталық органдардың басқа да шешімдерін кабыдаатты. Комбинат директоры О. И. Тищенко, облыс басшыларымен бірге артта калған комбинатты алдыңғы қатарға қосуға үлкен үлес қосты. Комбинатта 1980 жылдары 41 мыңнан аса адам еңбек етті.
6 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Олар: Т. Адам-Юсупов, Е. Байғазиев, А. Дәрібаев, М.Мүслімов, А. Г. Хвостов. Болат балқытушы К,. 3. Рамазанов және комбинат директоры 0. Н. Сосковец 1989 жылы КСРО халық депутаты болып сайланды. Ұжымда 500 адам орден және медальдармен марапатталған. 93 адам КСРО Қара металлургия министрлігінің Құрметті металлургі және Құрметті кенші атақтарын, З0 адам ҚазКСР-інің еңбек сіңірген металлургі атағын алды. Ауыр жүк таситын КамАЗ автомобильдерінің рамаларын жасауға керекті аса берік табақ болат өңцірудіигергеніүшін М. А.Ақбиев,В. Д. Марқов, 0. И. Тищенко ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1980). Шихта материалдарының дымқылдығын автоматты түрде бақылау құралдары және қара металлургияныңтехнол. процестерін басқару жүйесін комплексін жасап, бір жолғы қуаты аса ірі агрегаттарға енгізгені үшін. Э. Э. Миникес 1984 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Фосфорлы темір рудасын өндеу технологиясын жасап металлургия өнеркәсібіне енгізгені, сөйтіп табақ прокаттың тиімділігі жоғары түрлерін өндіруді камтамасыз еткені және бұрын қазынмай келген кен орындарын павдалану мүмкіндігін жасағаны үшін М. А. Ақбиев, В. А. Мирко, В. В. Емушинцев, Г. Л. Цимбал, В. П. Бургов КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1984).
Аға вальцовшы, ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты, КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты, кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. В. Дрожжин басқаратын бес клетті 1700 станның вальцовшылар бригадасы 11 бесжылдықта «Әр жұмыс орнында жоғары қайтарым алайық» деген бастама көтерді. Бастаманы Қазақстан Компартиясы ОК қолдады. Оған 20 мыңнан аса еңбекші үн қосты. Комбинат коллективінде «Кепілдікпен жөндеп, шаруақорлық тұрғыдан пайдаланайық», «Жұмыста артта калушылар болмасын» деген бастамалар кеңінен қолдау тапты.
Қарағанды Металлургия Комбинатының 780 мың м2 тұрғын үй қорын, қаланы да жылумен және энергиямен қамтамасыз ететін 2 электр станциясы, спорт кешені, «Болат» спорт клубы, стадионы, Металлургтердің мәдениет және техника сарайы, медициналық,-санитарлық бөлімі, Самарқан су қоймасы жагасыңца «Самал» профилакторийі, басқа да әлеуметтік объектілері болды. (қ. Аглодомна өндірісі, Болат қорыту өндірісі, Кокс-химия өндірісі, Табақ прокат өндірісі). КСРО-ның ыдырауына байланысты бұрынғы калыптасқан эқономикалық байланыстардың бұзылуынан 90-жылдары Қарағанды Металлургия Комбинаты қиын жағдайға душар болды. Айналыс қаржысы болмады. Жалақы карызы алты айдан асып кетті. Осындай жағдайда Үкімет, КР Президенті Н. Назарбаев инвестор тапты. Ол «Испат-Интернешнл» компаниясы еді. Қарағанды Металлургия Комбинаты комбинатқа сенімді негізінде 1995 жылы «Испат-Қармет» (қазіргі «Миттал-Стил Теміртау») ААҚ құрынып, металлургия алыбының жұмысы ретке келтірілді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.