text
stringlengths
3
252k
Қазақстан қара металлургия автоматика (Казчерметавтоматика) – металлургия кәсіпорны. 1963 жылы құрылған Қарағанды металлургия зауытының жанындағы базалық изотоптық лаборатория ретінде іске қосылған. 1994 жылдан жеке меншік нысандағы ААҚ. Минералдық шикізаттарды кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамында. Техникалық процестерді басқаратын және бақылау жасауды автоматтандыратын жүйелер мен құралдарды, приборларды ғылым мен техниканың озық жетістіктері негізінде жасауды жүзеге асырады. ## Дереккөздер
Қазақстан композиторлар Одағы - республика композиторлары мен музыкатанушыларының ерікті шығармашылық одағы. Негізгі мақсаты - одақ мүшелерінің идеялық, кәсіби деңгейін көтеруге ықпал ету; ұлттық, классикалық және осы заманғы музыка өнерінің озық дәстүрлерін дамытып, насихаттау. 1939 жылы 3 қарашада ұйымдастыру комитеті ретінде құрылды, 1957 жылдан Қазақстан Композиторлар Одағы деп аталды. Басшы органы - съезд, ал съездер аралығында басқарма, 1-съезі 1948 жылы, одан кейінгі кезекті съездері 1955, 1962, 1968, 1973, 1978 және 1983 жылдары өтті. Басқарманың алғашқы төрағалары: Е.Г. Брусиловский (1948 - 1953), М.Төлебаев (1953 - 55, 1959 - 60). 1997 жылы Қазақстан Композиторлар Одағы 9-съезі өтті. ## Дереккөздер
Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы– Кеңес өкіметі кезіндегі республикалық қоғамдық-саяси ұйым. 1919 – 20 ж. қалыптасты. 1991 ж. 12 қазанда кезектен тыс соңғы съезінде Қазақстан Жастар Одағы деген жеке қоғамдық ұйым болып қайта құрылды.
«Қазақстан мектебі», журнал. Ай сайын шығатын педагогикалық, ғылыми-әдістемелік басылым. Алғашқы нөмірі «Жаңа мектеп» деген атпен 1925 жылы тамыз айында Қызылорда қаласында шықты. Журналдың қалыптасуына А. Байтурсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, М. Әуезовтер ат салысты. Дәуір талабына, заман ағымына карай, журнал әр түрлі аталды. 1933-1934 жылдары - «Политехникалық мектеп», 1934-1939 жылдары - «Ауыл мұғалімі», 1939-1960 ж. - «Халық мұғалімі» делінсе, 1961 жылдан қазіргі атауымен шығады. Басылым беттерінде Әуезовтің қолтаңбасы сайрап жатыр 1927-1928 жылдары жас Мұхтардың әйгілі «Қараш-Қараш оқиғасы» кітап болып шықпай тұрып, үзбей журналда басылды (1927, №11-12; 1928, №1-5). Сондай-ақ жазушы журналдың әдебиет беліміне қызу араласып, біркатар зерттеу мақалалар жазды. Әуезовтің мүшел жаска толуына байланысты * Т. Нұртазиннің «Абай» жене «Абай жолы» романындағы Құнанбай образы» (1957, №28), * Б. Сахариевтің «Аға жазушы, ардагер ұстаз» (1957, №9), * Қ. Жүсіповтің «М. Әуезовтің колхоз тақырыбындағы әңгімелері» (1967, №9), * Б. Майтановтың «М. Әуезовтің «Өскен өркен» романындағы жастар өмірі» (1977, № ), * М. Мырзахметовтің «Мұхтар Әуезов Абайдың шығысқа қатысы жайлы» (1987, №8). ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасының 12.12.95 жылғы № 2676 Заңының негізінде белгіленді. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне республикаға сіңірген зор еңбегі үшін беріледі. Марапаттар жинақтамасы құрметті атаққа арналған төсбелгіні және белгіленген үлгідегі куәлікті қамтиды. ## Тағы қараңыз * Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ## Мәтін Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ## Тарихы ### Қазақ КСР әнұраны 1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.. ### 1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады. Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. ## Тағы қараңыз * Қазақстан елтаңбасы * Қазақстан туы ## Дереккөздер
Қазақстан мұғалімі — апталық газет. Бастауыш және орта мектентердің мұғалімдері мен педагокикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Алғашқы нөмірі Қазақстан Халық ағарту комиссариатының органы ретінде 1935 жылғы 20 наурызда "Төте оқу" деген атпен жарық көрген. Газеттің алға қойған мақсаты мектептерге, мұғалімдерге, өз беттерінше сауат ашушы адамдарға іс жүзінде көмек беру. Әсіресе, оқу ісін ұйымдастыруда оқу-әдістемелік материалдарды жариялап, ауыл мектебінің хал-ахуалына ерекше назар аударды. 1939 жылдан "Салауатты болуға көмекші" деген атпен, латыншадан орыс графикасына көшуге байланысты 1940 жылдан "Жаңа жазу" деген атпен шықты. 1952 жылдың қараша айынан казіргі атымен шығып келеді. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі(ҚРАК) – азаматтық құқықтың негізгі көзі, азаматтық заңдардың басты құжаты. Жалпы бөлімі 1995 ж., ерекше бөлімі 1999 ж. күшіне енгізілді. Барлығы 1124 баптан тұрады.
Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары — ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған жауынгерлер. Алғаш қазақстандықтар арасынан Кеңес Одағының Батыры атанғандар С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков 1938 жылы Хасан көліндегі, В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939–1940 жылдары қыста кеңес-фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды. 1941–1945 жылдары Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлікпен шайқасып, * Украина үшін шайқаста 200-ге жуық, * РКСФР үшін – 70, * Беларусьте – 50-ден астам, * Латвияда – 8, * Молдовада – 7, * Литвада – 6, * Эстонияда – 1, * Польшада – 47, * Мажарстанда – 22, * Чехословакияда – 7, * Румынияда – 5, * Аустрияда – 3, * Югославияда – 2, * Германияда – 63 * және Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) 3 жауынгер батыр атанды. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды. ## ## 1938 жыл * Сергей Гаврилович Гуденко * Егор Сергеевич Чуйков ## 1940 жыл * Виктор Константинович Булавский * Николай Тимофеевич Видяшев * Зубарев Михаил Иванович ## 1941 жыл * Кузьма Александрович Семенченко ## 1942 * Александр Герасимович Батурин, * Григорий Михеевич Безродных, * Николай Никонорович Белашев, * Яков Александрович Бондаренко, * Илларион Романович Васильев, * Демченков Филипп Трофимович, * Петр Данилович Дутов, * Петр Кузьмич Емцов, * Нарсұтбай Есеболатов, * Дмитрий Митрофанович Калейников, * Василий Георгиевич Клочков, * Абрам Иванович Крючков, * Қожабергенов Әлиасқар, * Әлікбай Қосаев (Әліпбай), * Николай Гордеевич Максимов, * Гавриил Степанович Митин , * Никита Андреевич Митченко, * Иван Васильевич Москаленко, * Иван Моисеевич Натаров, * Тимофей Семенович Позолотин, * Мұсабек Сеңгірбаев, * Иван Андреевич Скляров, * Дмитрий Фомич Тимофеев, * Николай Игнатьевич Трофимов, * Иван Демидович Шадрин, * Иван Алексеевич Шепетков ## 1943 * Қарақозы Әбдәлиев * Сәлім Нығметұлы Айтқұлов * Федор Филиппович Акимов * Александр Михайлович Анищенко * Аухадиев Қойгелді * Александр Никифорович Афанасьев * Қасым Шабанұлы Ахмиров * Нүркен Әбдіров * Абылай Әлімбетов * Белібаев Закария * Беляндра Василий Яковлевич * Бойченко Виктор Кузьмич * Бреусов Владимир Ефимович * Будник Гавриил Дмитриевич * Быковский Виктор Иванович * Вавилов Сергей Васильевич * Вихрев Петр Борисович * Власов Николай Дмитриевич * Иван Самсонович Гаврилов * Павел Иванович Гончарь * Горобец Алексей Федорович * Василий Семенович Грушко * Гуляев Сергей Константинович * Василий Васильевич Гусев * Ғабдуллин Мәлік * Амантай Дәулетбеков * Досмұхамбетов Әбу * Сергей Алексеевич Елистратов * Қашаған Жаманқараев * Жүнісов Мәжит * Жуков Петр Константинович * Темірбек Ибрагимов * Георгий Иванович Игишев * Степан Петрович Ильин * Берген Исаханов * Ишанов Естай * Дмитрий Степанович Ковешников * Сергей Иванович Климович * Иван Михайлович Колодий * Прокофий Прокофьевич Корниенко * Яков Степанович Котельников * Альберт Викторович Кронит * Савва Поликарпович Крыжановский * Тоғанбай Қауынбаев * Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов * Литвинов Петр Дмитриевич * Иван Гаврилович Малин * Петр Климентьевич Миллер * Григорий Яковлевич Михеев * Иван Андреевич Мордасов * Аксентий Игнатьевич Мороз * Сергей Ильич Морозов * Хамза Мурсалимович Мұхамадиев * Григорий Павлович Мясоедов * Григорий Артемович Найденов * Василий Александрович Некрасов * Сергей Васильевич Нечипуренко * Боран Нысанбаев * Андрей Григорьевич Огнев * Окороков Матвей Петрович * Бейсен Сейітұлы Оңтаев * Александр Федорович Петров * Николай Алексеевич Подорожный * Александр Григорьевич Попов * Иван Максимович Пятковский * Алексей Николаевич Редько * Иван Семенович Решетник * Иван Игнатьевич Рыбалко * Владимир Артемович Савва * Садомсков Павел Степанович * Ботабай Садықов * Иван Григорьевич Сапалев * Ғани Бекенұлы Сафиуллин * Андрей Данилович Семенов * Федор Яковлевич Середин * Силин Николай Николаевич * Қайырғали Сымағұлов (Константин Иванович) * Валерий Яковлевич Синильников * Садық Смайылов * Иван Игнатьевич Суптель * Степан Захарович Сущев * Жолдас Сүлейменов * Есмұрат Сыйқымов * Қарсыбай Сыпатаев * Моллаяр Исламгерейұлы Сыртланов * Василий Федорович Тарасенко * Қалыбай Тасқұлов * Иван Дмитриевич Терёхин * Төлеген Тоқтаров * Александр Семенович Тулинцев * Николай Архипович Турченко * Федор Данилович Туров * Сергей Кириллович Уфимцев * Николай Яковлевич Фонов * Борис Никитович Хитеев * Чепрасов Михаил Максимович * Николай Александрович Шарабарин * Сәду Шәкіров * Леонид Прокофьевич Шиловский * Шишлянников Виктор Иванович * Василий Александрович Шулятиков * Файзулла Юлдашев * Максим Якубович Якубов * Ястребинский Николай Дмитриевич ## 1944 * Авдеев Николай Дмитриевич * Айтықов Ізғұтты Құрманбайұлы * Алиев Александр Мамедович * Асеев Григорий Сафронович * Никифор Акимович Ахременко * Әбдіжапаров Садық Сертекұлы * Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы * Балмағамбетов Мақаш * Бәйісов Матай * Мәди Қайбиұлы Бегенов * Белавин Николай Иванович * Беленко Василий Данилович * Бекбосынов Серікқазы * Бочарников Петр Степанович * Бреусов Степан Тихонович * Бунтовских Василий Васильевич * Бурнашев Александр Анфиногенович * Буторин Виктор Васильевич * Варепа Иван Иосифович * Васильев Андрей Александрович * Вербицкий Тимофей Сергеевич * Владимир Михайлович Вишневецкий * Волошин Михаил Евстафьевич * Воронин Андрей Федорович * Герман Александр Миронович * Гринько Иван Устинович * Константин Данилович Грицынин * Гулькин Иван Тихонович * Гуров Юрий Сергеевич * Дәуітов Ескендір Садықұлы * Николай Куприянович Делегей * Должанский Николай Иванович * Саптар Естемісов * Садық Шәкелұлы Жақсығұлов * Жанзақов Абдолла * Анатолий Павлович Живов * Иван Михайлович Журба (Макарович) * Павел Павлович Журба * Николай Иванович Забелкин * Ғали Закирұлы Закиров * Зверев Николай Александрович * Николай Васильевич Зебницкий * Константин Потапович Кайдалов * Петр Андреевич Капралов * Петр Григорьевич Карелин * Карушин Александр Фёдорович * Михаил Максимович Катаев * Петр Афанасьевич Кашпуров * Александр Спиридонович Квитков * Төле Кенжебаев * Семен Яковлевич Киреев * Иван Платонович Кирпиченко * Яков Митрофанович Киселев * Трофим Михайлович Клименко * Георгий Никитович Ковтунов * Николай Илларионович Колбасов * Николай Васильевич Кологойда * Александр Александрович Колчин * Николай Степанович Королев * Иван Васильевич Косенков * Вениамин Борисович Кошуков * Алексей Семенович Крахмаль * Николай Григорьевич Кулебяев * Иван Андреевич Куличев * Алексей Сергеевич Куница * Қанаш Қамзин * Жәлел Қизатұлы Қизатов * Ақан Кұрманов * Николай Петрович Луговской * Николай Евсеевич Лут * Евдоким Константинович Мазков * Филипп Савельевич Мазуров * Спартак Иосифович Маковский * Михаил Алексеевич Малиев * Малышев Виктор Александрович * Мартбек Мамраев * Хасан Мамұтов * Антон Трофимович Масликов * Алексей Васильевич Матвеев * Жақыпбек Махамбетов * Иван Федорович Махорин * Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова * Меньшиков Петр Михайлович * Федор Михайлович Мехнин * Евгений Ефимович Михайленко * Ережепбай Молдабаев * Жанғазы Әкімұлы Молдағалиев * Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова * Серікбай Мүткенов * Владимир Иванович Мыза * Петр Филиппович Надеждин * Владимир Захарович Назаркин * Георгий Васильевич Наумов * Жаппасбай Нұрсейітов * Обуховский Анатолий Романович * Павел Егорович Огнев * Федор Федорович Озмитель * Юрий Николаевич Павлов * Иван Кириллович Паньков * Ғаяз Ғаниасқарұлы Рамаев * Франц Николаевич Рогульский * Александр Иванович Романютин * Лев Михайлович Рощин * Таштемір Рустамов * Георгий Тимофеевич Рыжов * Николай Николаевич Самароков * Сергей Егорович Седнев * Семен Матвеевич Сидорков * Василий Прокофьевич Синчук * Александр Ильич Скнарев * Иван Куприянович Скуридин * Максим Ильич Собко * Дмитрий Тихонович Степанов * Стрижаченко Алексей Аврамович * Андрей Васильевич Сумин * Григорий Матвеевич Тихонов * Евгений Петрович Токмаков * Иван Васильевич Топорков * Викентий Никонорович Тощенко * Қыдран Туғамбаев * Қожахмет Тышқанбаев * Яков Николаевич Тюлькин * Федор Иванович Ульянин * Борис Петрович Ущев * Ыдырыс Үргеншібаев * Абдолла Үсенов * Құрманбай Ырысбеков (Құрбантай) * Қапай Ысқақов * Михаил Павлович Фролов * Василий Ильич Харламов * Павел Васильевич Хмелев * Зиямат Османұлы Хұсанов * Чернов Алексей Иванович * Филипп Васильевич Чижиков * Николай Григорьевич Чунтонов * Николай Степанович Чуриков * Федор Анисимович Шатров * Сергей Михайлович Шахворостов * Кенжебек Шәкенов * Николай Семенович Шевелев * Федор Федорович Шиляев * Шляпин Геннадий Фадеевич * Константин Фомич Шувалов * Александр Автаномович Щурихин. ## 1945 * Абдолов Михаил * Әбеулов Мұқатай * Амеличкин Сергей Георгиевич * Василий Аполлонович Андреев * Иван Михеевич Астафьев * Василий Сафронович Афанасьев * Әбутәліпов Әнуар * Сейітқасым Әшіров * Бабажанов Дадаш * Бабин Иван Васильевич * Мұса Баймұханұлы Баймұханов * Иманғали Тәукешұлы Балтабанов * Сергей Алексеевич Батиньков * Виталий Мефодиевич Безголосов * Беляков Иван Федорович * Бенберин Василий Митрофанович * Бендиков Степан Михайлович * Иван Михайлович Бережной * Иван Николаевич Березин * Берестов Федор Сергеевич * Бовт Василий Афанасьевич * Болтаев Георгий Семенович * Александр Евстафьевич Борисюк * Борозенец Степан Николаевич * Малғаждар Бөкенбаев (?) * Брилин Павел Тимофеевич * Бурлаченко Степан Филиппович * Вагин Леонид Иванович * Васильев Тимофей Петрович * Величко Валерий Федорович * Вишневский Анатолий Петрович * Вожакин Георгий Михайлович * Степан Иванович Воробьев * Иван Павлович Воронин * Федор Филиппович Глинин * Головченко Василий Евстафьевич * Гребнев Андрей Феоктистович * Гришко Валентин Сергеевич * Иван Иванович Громов * Губанов Максим Герасимович * Губин Константин Яковлевич * Денисов Иван Федорович * Дмитриев Алексей Федорович * Довженко Виктор Михайлович * Андрей Емельянович Дударенко * Иван Михайлович Дьяченко * Алексей Семенович Егоров * Андрей Николаевич Елгин * Александр Матвеевич Ершов * Сүндетқали Есқалиев (Исқалиев) * Қожабай Жазықов * Петр Филиппович Железняков * Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов * Юрий Федорович Зарудин (Занудин) * Михаил Яковлевич Земсков * Аркадий Иванович Зенковский * Владимир Семенович Иванилов * Федор Яковлевич Иванишко * Григорий Федосеевич Иванов * Николай Семенович Иванов * Нағи Ілиясов * Петр Михайлович Исаков * Расул Есетов (Иситов) * Николай Иванович Казаченко * Дмитрий Тимофеевич Камоликов * Георгий Федорович Канцев * Илья Васильевич Каратаев * Фёдор Кириллович Кердань * Гавриил Федотович Кирдищев * Клим Тимофеевич Клиновицкий * Анатолий Николаевич Ковалевский * Павел Васильевич Коваленко * Михаил Степанович Кожемякин * Василий Георгиевич Козенков * Владимир Алексеевич Колесников * Михаил Петрович Колесников * Иван Павлович Копылов * Иван Ильич Корнев * Иван Ильич Корнеев * Артем Иванович Коровин * Тәйімбет Көмекбаев * Григорий Михайлович Кравцов * Василий Степанович Кречетов * Кривенко Иван Илларионович * Иван Назарович Кудин * Иван Антонович Кузьмин * Аркадий Петрович Кукин * Алексей Сергеевич Куница * Рауф Ибрагимович Кутуев * Иван Васильевич Кутурга * Иван Мартынович Ладушкин * Иван Михайлович Ландышев * Семен Андриянович Лебедев * Иван Григорьевич Ледовский * Василий Михайлович Литвинов * Владимир Степанович Лихотворик * Сулги Лутфуллин * Хамит Қожабергенұлы Көбіков * Қабылов Төлен * Қайырбаев Махмет * Малахов Юрий Николаевич * Константин Яковлевич Малин * Николай Данилович Маркелов * Темір Жәнтекеұлы Масин * Александр Владимирович Матвеев * Вячеслав Александрович Медноногов * Матвей Кузьмич Меркулов * Максим Иванович Милевский * Вениамин Михайлович Милецкий * Александр Павлович Мин (Мин Сен Юр) * Василий Тарасович Моисеенко * Герман Алексеевич Молодов * Мариныч Иван Иванович * Морозов Петр Иванович * Василий Иванович Московенко * Василий Григорьевич Нелюбов * Ерденбек Ниетқалиев * Филипп Трофимович Нижурин * Семен Иванович Никин * Василий Корнеевич Новиков * Степан Егорович Новиков * Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов * Жолдыбай Нұрлыбаев * Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы * Иван Федорович Омигов * Николай Николаевич Оноприенко * Есен Шегірейұлы Орақбаев * Борис Тимофеевич Павлов * Рафаил Семенович Павловский * Иван Кириллович Паньков * Дмитрий Федорович Пахомов * Анисим Павлович Пащенко * Алексей Васильевич Петров * Василий Федорович Погорелов * Подольцев Иван Григорьевич * Николай Георгиевич Подсадник * Семен Трофимович Пономарчук * Иван Иванович Протопопов * Михаил Семенович Прохоров * Александр Михайлович Ращупкин * Леонид Степанович Резвых * Романов Александр Дмитриевич * Сергей Михайлович Рубусин * Иван Антонович Савельев * Михаил Степанович Сальников * Михаил Андреевич Самохвалов * Федор Матвеевич Сафонов * Николай Дмитриевич Сергиенко * Даниил Михайлович Синицын * Виктор Михайлович Скачков * Скоробогатов Анатолий Маркович * Александр Иванович Соломатин * Андрей Алексеевич Сорокин * Ефим Семенович Стрельников * Сухамбаев Ағәділ * Владимир Михайлович Счастнов * Илья Яковлевич Сьянов * Сейітхан Нұрмұханбетұлы Темірбаев * Николай Иванович Терехин * Петр Иосифович Теряев * Николай Владимирович Терещенко * Андрей Яковлевич Тихоненко * Степан Кириллович Токарев * Рақымжан Тоқатаев * Петр Васильевич Томасевич * Алексей Георгиевич Торопкин * Ергинингельд Васильевич Трясин * Михаил Алексеевич Тупиков (??) * Орман Түктібаев (Урмаш) * Әйткеш Абайұлы Ыбраев * Ысқақ Ыбыраев * Нуролла Гарифуллаұлы Фазлаев * Михаил Гиясович Фаязов * Алим Хакимов * Михаил Терентьевич Харин * Андрей Максимович Хименко * Василий Михайлович Чеботарев * Черкашин Григорий Григорьевич * Николай Власович Черненко * Чернов Алексей Иванович * Петр Васильевич Чигадаев * Григорий Иванович Чумаев * Алексей Павлович Чурилин * Георгий Георгиевич Шевцов * Николай Степанович Шелихов * Константин Константинович Шестаков * Тимофей Карпович Щербанев * Юдин Сергей Тимофеевич * Яглинский Михаил Васильевич * Янко Михаил Егорович * Иван Михайлович Яроцкий * Николай Иванович Ященко. ## 1946 * Волков Филипп Григорьевич * Гуцало Александр Семенович * Михаил Романович Константинов * Алексей Семенович Подорожный (??) * Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағанов * Иван Леонтьевич Шапшаев. Қазақстанда ұйымдасқан әскери құрамаларға қолбасшылық жасаған және тағдырлары белгілі бір кезеңдерде республика өмірімен тығыз байланысты болған, сондай-ақ Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстанға қоныстануға келген Кеңес Одағының Батырлары: * Авдеев Иван Павлович * Андрусенко Валентин Кузьмич * Петр Михайлович Артемов * Ашот Минасович Асриян * Закир Лутфрахманович Асфандьяров * Әжімов Төлебай * Григорий Афанасьевич Баздырев * Ардальон Вениаминович Баранов * Николай Васильевич Бедренко * Гавриил Васильевич Бердников * Николай Анфимович Бердников * Павел Федорович Блинов * Иван Михайлович Будилин * Геннадий Иванович Вахолков * Григорий Иванович Вахонин * Николай Дмитриевич Вовченко * Воробьев Николай Николаевич * Вычужанин Николай Алексеевич * Михаил Петрович Галин * Николай Захарович Горбатенко * Григорьев Николай Михайлович * Михаил Артемович Егоров * Жәнібек Ақатұлы Елеуісов * Андрей Илларионович Ефимов * Дмитрий Иванович Ефремов * Федор Никитович Жила * Михаил Игнатьевич Задорожный * Иван Петрович Зрелов * Александр Михайлович Иванников * Гилемхан Идрисович Идрисов * Евгений Кузьмич Ильин * Василий Ефимович Капитонов * Михаил Васильевич Карачев * Алексей Ефимович Клещев * Владимир Иванович Климов * Николай Якимович Клыпин * Николай Николаевич Ковалев * Федор Савинович Кокорин * Михаил Егорович Колчанов * Павел Федорович Кольцов * Иван Иванович Коняхин * Григорий Архипович Криволапов * Петр Михайлович Кровко * Григорий Матвеевич Кузнецов * Николай Алексеевич Куликов * Иван Иванович Куренков * Семен Архипович Ларионов * Петр Иванович Логвин * Борис Иванович Лозоренко * Петр Степанович Лытанов * Леонид Николаевич Макеров * Георгий Александрович Малков * Михаил Михайлович Медведев * Вадим Сергеевич Миловидов * Миннибаев Гумер Хазинурович * Даниил Ефимович Мороз * Лаврентий Ильич Морозов * Михаил Васильевич Муравьев * Даниил Потапович Нестеренко * Павел Федорович Николенко * Василий Иванович Нортенко * Огородников Николай Иванович * Филлипп Трофимович Омельянюк * Андрей Николаевич Остапенко * Александр Иосифович Парадович * Михаил Романович Перепечин * Петр Антонович Плешков * Павел Федорович Поросенков * Дмитрий Капитонович Потапов * Андрей Петрович Пшеничных * Петр Зиновьевич Родионов * Ишхан Барсегович Сарибекян * Николай Давыдович Свинарчук * Василий Романович Спирин * Дмитрий Лаврентьевич Стрелец * Ефим Федорович Субботин * Иван Филиппович Титков * Петр Егорович Толстов * Николай Павлович Харитонов * Георгий Андреевич Хачин * Николай Ефимович Шамшик * Григорий Мелентьевич Шемякин * Анфилофий Петрович Шилков * Виктор Михайлович Штриголь * Григорий Евдокимович Щетинин * Андрей Федотович Щукин * Тимофей Алексеевич Яковлев * Александр Васильевич Ямщиков. ## Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес Одағы Батыры атағына ие болғандар: * ұшқыш Михаил Сергеевич Пономарев (1951), * Никита Федорович Карацупа (1965), * ұшқыш ғарышкерлер Пацаев Виктор Иванович (1971), * Шаталов Владимир Александрович (екі рет алған), * сынаушы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров (1988), * қолбасшы Бауыржан Момышұлы (1990), * ұшқыш Қайырболат Сайынұлы Майданов. Бұған қоса Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер Б.Бейсікбаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1996), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1998), ғарышкер-ұшқыш Т.Мұсабаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1994), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995) атақтары берілді. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (ҚРҚК) (ағылш. criminal code of the Republic of Kazakhstan; нем. Strafgesetzbuch der Republik Kasachstan) – Қылмыстық кодекстің міндеттері:адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ, қылмыстардың алдын алу болып табылады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы — мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі. ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленді. Ол көгілдір түсті (мемлекеттік тумен түстес), тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәйкес келетін кездеме. Ортасында қанатты барыстың үстінде оң қолын жоғары көтеріп отырған сақ дәуірінің жас көсемі алтын шеңбер ішінде бейнеленген. Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Сабына ҚР Президентінің мемлекеттік тілде тегі, есімі мен әкесінің аты және сайланған уақыты өрнектеліп жазылған күміс тақтайша бекітіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы үнемі Елбасының жанында болады және шет елге сапарға шыққанда бірге алып жүреді.
Қазақстан суретшілер одағы – Қазақстан суретшілері мен өнертанушыларды біріктіретін ерікті шығармашылық ұйым. Одақ өз мүшелерінің көркемдік деңгейі жоғары туындылар жасауына және кәсіби шеберлігін үнемі дамытуға ықпал етеді. Ол 1933 жылы құрылды. Басқару органы – съезд, атқару органы – басқармада 12 съезд өтті. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағалары: В.Н. Сладков (1933 – 40), Ә.Қастеев (1954 – 56), Хакімжан Есімханұлы Наурызбай (1956 – 59), т.б. болды. 1998 жылдан Мергенов қайта сайланды. Құрамына Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы суретшілер ұйымдары мен 12 облыс көркемөнеркәсіп шеберханалары енді. Одақ конференциялар мен семинарлар өткізіп, көркемсурет көрмелерін ұйымдастырады. Қазақстан Суретшілер одағының жанынан Қазақстан Көркемсурет Қоры құрылды (1944). ## Дереккөздер
Республикалық қоғамдық бірлестік,дербес, ерікті қоғамдық ұйым. 1991 жылы ҚР халық емшілері мен мемлекет және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің 1-құрылтайында Алматы қаласында құрылған. 1992 жылы ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Қауымдастықтың құрамында 12 облыс және 5 қалалық бөлімше, 5 мыңнан астам мүше бар (2003). Қауымдастыққа емші, балгер, бақсы, жұлдызшы, шөппен емдеуші, т.б. мүше болып кіреді. Қауымдастықтың мақсаты: халықтық медицинаның күші мен қуатының нығаюына үлес қосу; қауымдастықтың құрамына бойларында киелі қасиеті бар дарынды адамдарды тарту; рухани-ағартушылық, емдік-сауықтыру, ғыл.-ағартушылық, мәдени-ағартушылық орталықтарын ұйымдастыруға ықпал ету; табиғи дарынды адамдардың және табиғи құпиялардың ғарышпен байланысын зерттеуге және оқып үйренуге ықпал ету; қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.Қазақстан халық емшілерінң қаумдастығы жанынан ашылған “Емшілер мектебінде” қауымдастықтың 1 мыңнан астам мүшесі діни-рухани және ем саласы бойынша білім алады. 1992 жылдан “Халық емі”, ал 2002 жылдан “Шипагерлік баян” газеттері шығарылып тұрады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер [1](қолжетпейтін сілтеме)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі — Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық жағынан қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. ## Тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты (1994 жылы 13 сәуір) негізінде құрылып, 1995 жылы 20 қазаннан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі деп аталды. ## Қызметі Негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау, соның ішінде мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын қадағалау, Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдерін сөзсіз, мүлтіксіз және дер кезінде орындауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президентін елдегі және шет елдегі жағдай туралы дер кезінде әрі толық хабардар ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мемлекет басшысының халық пен мемлекет биліктің бірлігін, конституциялық заңдылықтың мызғымай сақталуын, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті, конституцияны. құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын іске асыруға, елдің әлеуметтік-экоомикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын даярлауға қатысады. Ол мемлекет басшысы айқындайтын еліміздің сыртқы саяси стратегиясын әзірлейді, сыртқы экономиялық мәселелер бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды, Қазақстан Республикасының Президентінің сыртқы саяси құзыретін протоколдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Құқық қорғау және өзге мемлекет органдардың қылмысқа қарсы күресін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді және бақылау жасауды жүзеге асыра отырып, Президентке мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді. Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламентіне қатысты өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында оны Парламенттегі заң шығарудың жай-күйі және онда қаралатын мәселелер туралы ұдайы хабардар етіп отырады. Қазақстан Республикасы Президентіне: Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу туралы, Үкімет актілерінің күшін жою не толық немесе ішінара тоқтата тұру, Үкіметтің аса маңызды мәселелер жөніндегі отырыстарында мемлекет басшысының төрағалық етуі, мемлекеттің орталық атқарушы органдарын құру, тарату және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Кеңеске өтініштерін және оның шешімдеріне мемлекет басшысының қарсылықтарын дайындауды жүзеге асырады, мемлекет басшысының оған тікелей бағынатын әрі есеп беретін мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші органдарға қатысты өкілеттіктерін қамтамасыз етеді. Әкімшілік елдің аймақтық саясатының стратегиясы, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың сындарлы түрде бірлесіп жұмыс істеуі, олардың елдің орталық органдарымен, көршілес мемлекеттердің шекара маңындағы аймақтарымен өзара іс-қимылдары жөнінде болжам жасауды және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар тұжырымдауды жүзеге асырады, мемлекет басшысының әкімдермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президентінің актілері мен тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттің лауазымды тұлғаларының сөзсіз және мүлтіксіз орындауына, Үкіметтің, орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың актілерінің Конституцияға, ел заңдарына, Президент актілеріне сәйкестігіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізетін тексерулердің нәтижелері мен олар бойынша жасалынған қорытындылар ұдайы Қазақстан Республикасының Президентіне баяндалып отырады. Мемлекет басшысының қызметін ақпараттық-талдау тұрғысында қамтамасыз етуді жүзеге асыра отырып, ішкі және сыртқы саяси ахуалға талдау жүргізеді, Қазақстан Республикасының Президентінің БАҚ-мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, мемлекет басшысының қарауына республикадағы мемлекеттік қызметтің заңдары мен жүйесін жетілдіру, кадрларды іріктеу және орналастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді, қызметке тағайындау және қызметтен босату кезінде материалдарды рәсімдейді. Елбасының өзге өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Президенттің азаматтық, саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерінің жобаларын әзірлейді, Президентке мемлекеттік наградалармен марапаттау әрі құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді беру жөнінде ұсыныстар енгізеді, Президенттің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді, Елбасы бекітетін мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Президент әкімшілігі Қазақстан Республикасынң Президенті жанындағы кеңесші органдарға тапсырмалар беруге хақылы, көзделген өкілеттіктерін іске асыру үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге материалдарды сұратуға және алуға хақысы бар. ## Құрылымы Президент Әкімшілігінің 2024 жылғы құрылымы: Басшылық * Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі * Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы * Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі * Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі * Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі * Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері * Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы * Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары Құрылымдық бөлімшелер * Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі * Цифрландыруды дамыту бөлімі * Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі * Жалпы бөлім * Ішкі саясат бөлімі * Коммуникациялар бөлімі * Құқық қорғау жүйесі бөлімі * Мемлекеттік құқық бөлімі * Мемлекеттік бақылау бөлімі * Мемлекеттік қызмет бөлімі * Сыртқы саясат бөлімі * Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің хатшылығы * Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі * Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі * Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі * Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігі * Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы * Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы * Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі * Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімі * Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі Қарамағындағы мемлекеттік мекемелер * «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» РММ * Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ * Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ ## Басшылары * Нұртай Әбіқаев (1990—1995) * Сағынбек Тұрсынов (1995—1996) * Ахметжан Есімов (1996, м.а.) * Оралбай Әбдікәрімов (1996—1997) * Сарыбай Қалмырзаев (1997—1998) * Владимир Шепель (1998, м.а.) * Ахметжан Есімов (1998) * Әлихан Бәйменов (1998—1999) * Сарыбай Қалмырзаев (1999—2002) * Нұртай Әбіқаев (29 қаңтар 2002 — 10 наурыз 2004) * Иманғали Тасмағамбетов (10 наурыз — 9 желтоқсан 2004) * Әділбек Жақсыбеков (19 желтоқсан 2004 — 23 қаңтар 2008) * Қайрат Келімбетов (23 қаңтар — 13 қазан 2008) * Аслан Мусин (13 қазан 2008 — 21 қыркүйек 2012) * Кәрім Мәсімов (24 қыркүйек 2012 — 3 сәуір 2014) * Нұрлан Нығматулин (3 сәуір 2014 — 21 маусым 2016) * Әділбек Жақсыбеков (21 маусым 2016 — 10 қыркүйек 2018) * Әсет Исекешев (10 қыркүйек 2018 — 24 наурыз 2019) * Бақытжан Сағынтаев (24 наурыз 2019 — 28 маусым 2019) * Қырымбек Көшербаев (28 маусым 2019 — 18 қыркүйек 2019) * Ерлан Қошанов (18 қыркүйек 2019 — 1 ақпан 2022) * Мұрат Нұртілеу (1 ақпан 2022 - 3 сәуір 2023) * Олжас Бектенов (3 сәуір 2023 - 6 ақпан 2024) * Айбек Дәдебаев (6 ақпан 2024 бастап) ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы және ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, елдегі ең жоғарғы лауазым. ## Тарихы 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президентінің лауазымын белгілеу және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақ КСР заңымен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Сайланған кезінде Назарбаев Қазақстанды 1989 жылғы 22 маусымнан бастап Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып басқарған болатын. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті. Дауыс беруге келген 88.2% сайлау 98.78% дауыс жинап Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. 1993 жылдың жаңа Конституциясы арқылы Қазақстанда қоғам дамуына динамика беріп, бірпартиялық саяси басқарудан, экономикалық монополия жүйесінен және тарихи идеологиядан бас тарту арқылы Жоғарғы Кеңеске қатысу ауқымды өкілет берілді. Бұл конституцияға сәйкес, президент жалпыхалықтық дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланды, бір адам екі мерзіммен шектелді. 1995 жылы 29 сәуірде президент Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы референдум өтті. Мұны 91.26% келушілердің сайлаушылардың 95.46% қолдаған. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл конституция бойынша президент жалпыхалықтық дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланды. Президент туғаннан Қазақстан азаматы болуы керек, 40 жастан кіші болмауы керек, мемлекеттік (қазақ) тілді еркін білуі қажет, Қазақстанда кемінде 15 жыл тұруы керек және жоғары білімі болуы керек. 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан конституциясына, оның ішінде президентке қатысты өзгертулер енгізілді — оның өкілеттік мерзімі 7 жылға дейін ұлғайтылды, президент үшін белгіленген шектік жас мөлшерін (65 жас) алып тастады, оған міндетті түрде қатысу қажеттілігі де белгіленді, Президенттік сайлауда сайлаушылардың 50%-ы болып қажеттілігі жойылды, Қазақстанның барлық мемлекеттік қызметшілері үшін осындай шектеуді алып тастады. Конституцияға енгізілген өзгерістермен бір мезгілде кезектен тыс президент сайлауы белгіленді. 10 қаңтар күні 1999 жылы бірінші кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев 79.78%, Серікболсын Әбділдин 11.7%, Ғани Қасымов 4.61%, Энгельс Ғаббасов 0.76% дауыс жинады. 2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда үшінші жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 91.15 % дауысын жинап, жеңіске жетіп, алдағы 7 жылда билікте қалды. Оппозициялық кандидат Жармахан Тұяқбай 6.61 % дауыс жинады. Ел тарихында алғаш рет кандидаттар арасында теледебаттар өтті. 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға, оның ішінде президент лауазымына қатысты өзгерістер қайтадан енгізілді. Парламенттік өзгерістері кезінде Ата заңға 30 түзету жасалды. Президенттің өкілеттігінің мерзімі 5 жылға өзгертілді. Бірақ, "бір адам қатарынан екі реттен артық президент болып сайлана алмайды" деген тармаққа "бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентіне қолданылмайды" деген есептеме қосылды. Сонымен өзара өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде президенттің саяси партиядағы қызметін тоқтатуына сөз қосылды. 2011 жылғы 3 сәуірде елде кезектен тыс сайлауы тағайындалды. Нәтижесінде жалпы дауыстың 95.5% жинаған Назарбаев қайта сайланды. 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстанда тағы бір кезектен тыс президент сайлауы жүргізілді. Сайлауда Назарбаев сайлаушылардың 97.75% дауысын алды да, тағы қайта сайланды. 2019 жылғы 19 наурызда президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігінің аяқталуына бір жыл қалғанда отставкаға кетті. Президент міндетінің атқарушысы болып Конституция бойынша Сенат төрағасы тағайындалатындықтан Назарбаевтың ізбасары Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Көп ұзамай 9 сәуір күні Тоқаевтың жарлығы арқылы кезектен тыс президент сайлауының 9 маусым күні өтетіні бекітілді. Сайлау нәтижесінде Тоқаев жалпы дауыстың 70.96% жинады да, елдің екінші президенті болды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев конституцияға өзгертулерге қол қойды, оған сәйкес президенттің өкілеттік мерзімі 7 жылдық болды да, қайта сайлануға тыйым салынды. ## Президенттер тізімі Саяси партиясы     ҚКП     Отан → Нұр Отан     Аманат     Партиясыз Статусы Президент міндетін атқарушысын білдіреді Ескертпе16 желтоқсан 1991 жылға дейін мемлекет басшысын Қазақ КСР Президенті деп атайтын. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Вице-президенті * Қазақстанның бірінші ханымы * Қазақстан басшыларының тізімі ## Дереккөздер
КИМЭП университеті (ағылш. The KIMEP University) — Алматыдағы жоғары оқу орны. 1992 жылы 14 қаңтарда құрылған. Алғашқы кезде тек магистрлер даярлады. 1999 жылдан бакалаврлар бөліміне студенттер қабылдана бастады. Бакалаврлар даярлау мен магистратура бөлімдері: «Іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп», «Экономика», «Мемлекеттік басқару», «Саясаттану», «Халықаралық қатынастар», «Журналистика және БАҚ» салаларының мамандарын даярлайды. Өндірістен қол үзбей оқу үшін үздіксіз білім беру (кешкі) департаменті құрылған. Сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Еуропа, АҚШ, Канада, Азия елдерінен шақырылған көрнекті профессорлар мен Қазақстанның ғалым-ұстаздары дәріс береді. ## Білімдік қызмет * ҚМЭБИ білімдік бағдарламаларды беруге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиясына ие болған. Өзінің соңғы келген сапарында, яғни 2008 жылдың 14-16 сәуірінде Министрліктің аттестаттау комиссиясы ҚМЭБИ-дің барлық бағдарламаларын бес жыл мерзімге аттестаттаудан өткізді. * ҚМЭБИ Жаңа Англияның колледждер мен мектептер қауымдастығы жоғары оқу орындарының Комиссиясынан (АШКНА) аккредитация алуға жұмысын жалғастыруда. * Бүгінгі таңда ҚМЭБИ он бес бағдарлама ұсынып отыр. Оған кіретіндер: іскер әкімшілдік, экономика, саясаттану, мемлекеттік басқару және журналистика салаларындағы бакалавриат бағдарламалары; іскер әкімшілдік, экономика, құқық және ағылшын тілін оқыту салаларындағы магистратура бағдарламалары; сонымен қатар іскер әкімшілдік саласындағы докторлық бағдарлама. ұдан басқа, ҚМЭБИ басшыларға арналған МВА бағдарламасын және сертификатталған бағдарламалар мен қысқа мерзімді курстардың кең ауқымын ұсынады. * Барлық академиялық бағдарламалар ағылшын тілінде оқытылады. * ҚМЭБИ-дің оқытушылық құрамы қазақстандық және шетелдік оқытушылардан тұрады, олардың көпшілігі өздерінің магистрлік және докторлық дәрежелерін Еуропа мен Солтүстік Американың жоғары оқу орындарынан алған. ҚМЭБИ ТМД елдерінің арасында батыстық жоғары оқу орындарында алған Ph.D дәрежелі оқытушылардың басым санына ие болған. ### Оқыту бағдарламалары Студенттер 4 бакалавриат бағдарламасымен оқытылады. — BSS (ағылш. Bachelor of Social Sciences), BSВ (ағылш. Bachelor of Sciences in Business Administration and Accounting), BAE (ағылш. Bachelor of Arts in Economics), BAIJ (ағылш. Bachelor of Arts in International Journalism), LLB. магистратура — MBA, MPA, LLM және MaIJ . ### ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламаларында оқу ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламалары мектеп бітірушілерге арналған. Оның негізінде кредиттік жүйе қолданылады, оның басты артықшылығы икемділік болып табылады, соның нәтижесінде студенттер өздерінің айрықша мүдделері мен мансаптық амбицияларын есепке ала отырып, өзінің сабақ кестесін өзі құрастыруына болады. Сонымен қатар кредиттік жүйе өзіңізге қолайлы қарқында оқуыңызға мүмкіндік береді. Мәселен, бакалавриат бағдарламасы әдетте төрт жылдың ішінде аяқталатынына қарамастан қажет болған жағдайда оқу мерзімін ұзартуға болады. Бакалавриат бағдарламасының оқу жоспары аясы өте кең. Дәреже алу үшін қажетті 129 кредиттің 48 кредиті математика, жаратылыс тану ғылымдары, сындарлы ойлау бойынша білім беріп, сонымен қатар табысты мансаптық даму үшін қажетті жазу дағдыларына үйретеді. Бұдан басқа студенттер таңдап алған мамандандыруда ауқымды білім алып, өзінің мүдделеріне сәйкес кез келген пәнді таңдау мүмкіндігіне ие болады. Бакалавриат студенттерінің көпшілігі өзінің кафедрасынан қосарлы мамандандыруды алуына немесе өз білімін одан әрі кеңейту үшін факультеттің басқа кафедрасынан қосымша мамандандыруды алуына болады. Көптеген бағдарламаларда сіз мамандандырусыз оқуды таңдауыңызға болады, ол сізге элективтік пәндерді таңдауыңызға үлкен еркіндік беріп, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың анағұрлым кең мүмкіндіктерін ұсынатын болады. ҚМЭБИ бакалавриатының көптеген бағдарламаларының ажырамас бөлігі студенттік практика болып табылады. Практика студенттерге нақты жағдайларда теориялық білімдерін қолдануларына мүмкіндік беріп, соның нәтижесінде студенттер институтты бітірмей тұрып ақ құнды практикалық тәжірибе алатын болады. Бұдан басқа практика студенттерге болашақта әлеуетті жұмыс берушілермен байланыстарын жөнге салып, олардан қол үзбеуге мүмкіндік береді. ҚМЭБИ бакалавриат бағдарламаларының барлық студенттеріне арнаулы кеңес беру орталықтарының қолдауын көрсетеді, орталық қызметкерлері студенттерге оқу бағдарламасы мен болашақ мансаптық қызметті таңдауына қатысты маңызды шешімдер қабылдауына көмектеседі. ## Институт тарихы ҚМЭБИ Орталық Азиядағы солтүстік американдық үлгі бойынша жұмыс істейтін ірі университет болып табылады. * ҚМЭБИ 1992 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен құрылды. Сол жылдың тамызында сабақ басталды. * 1994 жылы маусымда Іскер Әкімшілдік магистратурасы бағдарламасы студенттерінің алғашқы бітіру рәсімі болды. * ҚМЭБИ – әр түрлі мәдениет пен ұлт студенттерін оқытатын тәуелсіз, коммерциялық емес білім беру мекемесі. * ҚМЭБИ Қазақстанда, Орталық Азияның қаржылық астанасы - Алматының орталығында, қазіргі заманғы үлгідегі студенттер қалашығында орналасқан. ҚМЭБИ-дің материалдық-техникалық базасы – аталмыш аймақтағы университеттердің арасындағы бірден-бір таңдаулы оқу базасы болып табылады. ### Тарихы * 1992ҚМЭБИ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылып, доктор Бэнг алғашқы Атқарушы Директоры болып тағайындалды.Іскер Әкімшілдік Магистратурасы (MBA) және Экономика саласындағы Магистратура (МA) Бағдарламалары ашылды. * ҚМЭБИ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылып, доктор Бэнг алғашқы Атқарушы Директоры болып тағайындалды. * Іскер Әкімшілдік Магистратурасы (MBA) және Экономика саласындағы Магистратура (МA) Бағдарламалары ашылды. * 1993Мемлекеттік Басқару саласындағы Магистратура Бағдарламасы ашылды * Мемлекеттік Басқару саласындағы Магистратура Бағдарламасы ашылды * 1994ҚМЭБИ алғашқы түлектері– MBA және MA Бағдарламаларының 81 студенті * ҚМЭБИ алғашқы түлектері– MBA және MA Бағдарламаларының 81 студенті * 1998Монреалдан МакГилл Университетінің көмегімен Халықаралық Басқару Кадрларының Орталығы құрылды. * Монреалдан МакГилл Университетінің көмегімен Халықаралық Басқару Кадрларының Орталығы құрылды. * 1999ҚМЭБИ-де Іскер Әкімшілдік және Әлеуметтік Ғылымдар саласындағы бакалавариаттың төрт жылдық бағдарламалары ашылды. Аталмыш бағдарламаларда алғаш рет 424 студент сабақтарын бастады. * ҚМЭБИ-де Іскер Әкімшілдік және Әлеуметтік Ғылымдар саласындағы бакалавариаттың төрт жылдық бағдарламалары ашылды. Аталмыш бағдарламаларда алғаш рет 424 студент сабақтарын бастады. * 2000ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ҚМЭБИ-ге жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласында білімдік жұмыстарды жүргізуге тұрақты лицензия берді.ҚМЭБИ-де экономика саласы бойынша бакалавриат бағдарламасы ашылды. * ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ҚМЭБИ-ге жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласында білімдік жұмыстарды жүргізуге тұрақты лицензия берді. * ҚМЭБИ-де экономика саласы бойынша бакалавриат бағдарламасы ашылды. * 2001ҚМЭБИ барлық өзінің академиялық бағдарламаларына АҚШ үлгісі бойынша кредиттік жүйені енгізген Орталық Азиядағы тұңғыш жоғары оқу орыны болды.Он-лайн режимінде тіркеу жүйесі енгізілді. * ҚМЭБИ барлық өзінің академиялық бағдарламаларына АҚШ үлгісі бойынша кредиттік жүйені енгізген Орталық Азиядағы тұңғыш жоғары оқу орыны болды. * Он-лайн режимінде тіркеу жүйесі енгізілді. * 2002Оқу Корпусын жөндеу жұмыстары аяқталып, қазіргі заманғы үлгідегі Институт Қалашығы жасалды.Академиялық бағдарламаларын ҚР Білім және Ғылым Министрлігі аттестаттаудан өткізді.Алдыңғы қатарлы Американдық, Еуропалық және Корей Университеттерімен ынтымақтастық және алмасу бағдарламалары ашылды.ҚМЭБИ-де Халықаралық Қатынастар саласындағы Магистратура, Халықаралық Журналистика және БАҚ саласындағы Магистратура Бағдарламалары ашылды. * Оқу Корпусын жөндеу жұмыстары аяқталып, қазіргі заманғы үлгідегі Институт Қалашығы жасалды. * Академиялық бағдарламаларын ҚР Білім және Ғылым Министрлігі аттестаттаудан өткізді. * Алдыңғы қатарлы Американдық, Еуропалық және Корей Университеттерімен ынтымақтастық және алмасу бағдарламалары ашылды. * ҚМЭБИ-де Халықаралық Қатынастар саласындағы Магистратура, Халықаралық Журналистика және БАҚ саласындағы Магистратура Бағдарламалары ашылды. * 2003Халықаралық Журналистика саласындағы Бакалавриат Бағдарламасы ашылды.Академиялық кафедралар үш факультет болып құрылды: Бэнг атындағы Бизнес Факультеті, Әлеуметтік Ғылымдар Факультеті және Үздіксіз Білім Беру Факультеті * Халықаралық Журналистика саласындағы Бакалавриат Бағдарламасы ашылды. * Академиялық кафедралар үш факультет болып құрылды: Бэнг атындағы Бизнес Факультеті, Әлеуметтік Ғылымдар Факультеті және Үздіксіз Білім Беру Факультеті * 2004ҚМЭБИ «Ағарту» категориясы бойынша «Платиналық Тарлан» сыйлығын алды. ҚМЭБИ Қазақстанда тағайындалған аса жоғары тәуелсіз сыйлықты алған жалғыз жоғары оқу орыны болып табылады.Бэнг атындағы Бизнес Факультеті AACSB Халықаралық Қауымдастық мүшесі болды.Сан-Франциско Университетімен бірлесіп Экономика саласындағы Магистратура Бағдарламасы ашылды. * ҚМЭБИ «Ағарту» категориясы бойынша «Платиналық Тарлан» сыйлығын алды. ҚМЭБИ Қазақстанда тағайындалған аса жоғары тәуелсіз сыйлықты алған жалғыз жоғары оқу орыны болып табылады. * Бэнг атындағы Бизнес Факультеті AACSB Халықаралық Қауымдастық мүшесі болды. * Сан-Франциско Университетімен бірлесіп Экономика саласындағы Магистратура Бағдарламасы ашылды. * 2006Іскер Әкімшілдік Докторантурасы Бағдарламасы ашылды.Институтқа құны 3 миллион АҚШ долларына түскен Жаңа Ғылыми-Зерттеу Кітапханасының құрылысы аяқталды. * Іскер Әкімшілдік Докторантурасы Бағдарламасы ашылды. * Институтқа құны 3 миллион АҚШ долларына түскен Жаңа Ғылыми-Зерттеу Кітапханасының құрылысы аяқталды. * 2007ҚМЭБИ Басқа Тілдер Тасымалдаушыларына Ағылшын Тілін Оқыту Магистратурасы Бағдарламасын ашты. * ҚМЭБИ Басқа Тілдер Тасымалдаушыларына Ағылшын Тілін Оқыту Магистратурасы Бағдарламасын ашты. * 2008ҚМЭБИ құны 10 миллион АҚШ доллары тұратын Жаңа Оқу Корпусын ашты.Президент Назарбаев Институтқа келіп, жаңа оқу корпусы мен кітапхананы көрді, студенттермен, оқытушылармен және әкімшілікпен кездесті.ҚМЭБИ тағы жұмысқа докторлық дәрежесі бар 29 жаңа оқытушыны қабылдады.Құқық Мектебі бакалавриат студенттеріне құқықтану бойынша қосымша мамандандыруларды ұсынады. * ҚМЭБИ құны 10 миллион АҚШ доллары тұратын Жаңа Оқу Корпусын ашты. * Президент Назарбаев Институтқа келіп, жаңа оқу корпусы мен кітапхананы көрді, студенттермен, оқытушылармен және әкімшілікпен кездесті. * ҚМЭБИ тағы жұмысқа докторлық дәрежесі бар 29 жаңа оқытушыны қабылдады. * Құқық Мектебі бакалавриат студенттеріне құқықтану бойынша қосымша мамандандыруларды ұсынады. ## Факультеттер * Бэнг атындағы бизнес факультеті * Әлеуметтік ғылымдар факультеті * Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультеті * Информатика және математика факультеті * Құқық мектебі ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ## Тарихы 1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым. КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылды. 1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді. 1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды. ҚР Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды. 2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. 2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды. ## Қызметі * әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; * Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді; * бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді; * ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру; * ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу; * ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; * ғылыми журналдар шығару; * халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу; * ғылымды танымал етуге қатысу ## Академия президенттері ## Академия ғимараты Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді: * Ғылым ордасыОрталық ғылыми кітапханаТабиғат музейіАрхеология музейіСирек кездесетін кітаптар музейіҚазақстан ғылымының тарихы музейі * Орталық ғылыми кітапхана * Табиғат музейі * Археология музейі * Сирек кездесетін кітаптар музейі * Қазақстан ғылымының тарихы музейі * Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * Философия, саясаттану және дінтану институты * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты * Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты * Математика және математикалық модельдеу институты * Экономика институты * Ақпараттық және есептеу технологиялары институты ## Басқару органдары 2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары: * жоғары орган – қамқоршылық кеңес; * өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы; * консультативтік-кеңесші орган – төралқа; * атқарушы орган – басқарма. ### Қамқоршылық кеңес Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі. Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау; * ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау. ### Академиктердің жалпы жиналысы Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті. Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады: * өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау; * құрметті атақтар мен наградалар беру; * Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау. ### Төралқа Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады. Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру; * кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету; * Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру; * Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту; * Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау; * ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру. ### Басқарма Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады. Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етіп, оларға есеп береді. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну; * Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну; * кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру; * Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту; * Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту. ## Басқарма құрамы Ұлттық Ғылым академиясының Президентін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. * Ақылбек Күрішбаев — ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор * Асқар Жұмаділдаев — вице-президент, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор * Ләззат Ералиева — вице-президент, медицина ғылымдарының докторы, профессор * Абай Серікқанов — вице-президент, физика-математика ғылымдарының кандидаты * Дос Сарбасов — вице-президент, биология ғылымдары бойынша PhD ## Академиктер тізімі Жаңадан құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері * Ақшолақов Серік Қуандықұлы (2024) * Біләлов Дархан Нұрланұлы (2024) * Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (2024) * Здоровец Максим Владимирович (2024) * Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы (2024) * Локшин Вячеслав Нотанович (2024) * Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы (2024) * Сұраған Дөрбетхан (2024) * Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы (2024) "Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің академиктері * Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы * Әбділдина Раушан Жабайханқызы * Әбсаметов Мәліс Құдысұлы * Әбілқасымова Алма Есімбекқызы * Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы * Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы * Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы * Әділов Жексенбек Мәкейұлы * Айтбаев Теміржан Ерқасұлы * Ақшолақов Серік Қуандықұлы * Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы * Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы * Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы * Арзықұлов Жеткерген Әнесқызы * Ахметова Гульнас Кенжетайқызы * Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы * Әшімов Оңдасын Байкенұлы * Аяшев Оңалбай Аяшұлы * Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы * Баешов Әбдуәлі Баешұлы * Байкөншеков Жұмаділ Жаңабайұлы * Байзақов Сәбит Байзақұлы * Баймаханов Болатбек Бимендіұлы * Баймұратов Ораз Баймұратұлы * Байтанаев Бауыржан Әбішұлы * Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы * Бейсенова Әлия Сәрсенқызы * Бектұров Есен Әбікенұлы * Бенберин Валерий Васильевич * Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы * Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы * Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы * Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы * Бишімбаева Нәзира Қозыкеқызы * Білиев Назарбай Қыдырұлы * Бүктіков Николай Сәдуақасұлы * Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы * Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы * Голиков Владимир Андреевич * Грибановский Анатолий Павлович * Григорук Владимир Васильевич * Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы * Дәулетов Асқар Ербұланұлы * Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы * Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы * Дүйсембин Қабдырахман Дүйсембіұлы * Дүйсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы * Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы * Елубаев Сағынтай Зекенұлы * Есполов Тлектес Исабайұлы * Есполов Айдос Тілектесұлы * Есім Ғарифолла Есімұлы * Жамбакин Қабыл Жапарұлы * Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы * Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы * Жұрынов Мұрат Жұрынұлы * Зақұмбаева Гауһар Дәуленқызы * Заядан Болатхан Қазыханұлы * Ізтаев Әуелбек Ізтайұлы * Смағұлов Оразақ Смағұлұлы * Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы * Қайдарова Диляра Радикқызы * Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы * Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы * Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы * Қамзабекұлы Дихан * Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы * Қасқабасов Сейіт Асқарұлы * Қайыпов Мәлік Арықтайұлы * Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы * Кененбаев Серік Бәрменбекұлы * Қожамжарова Дария Пернешқызы * Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы * Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы * Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы * Күзденбаева Раиса Сәлмағамбетқызы * Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы * Құлажанов Талғат Құралбекұлы * Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы * Құлыбаев Талғат Асқарұлы * Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы * Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы * Құнанбаева Сәлима Сағиқызы * Құнантаева Күләш Құнантайқызы * Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы * Құрманбайұлы Шерубай * Курскеев Абдрахман Козлоевич * Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы * Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы * Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы * Локшин Вячеслав Нотанович * Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы * Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы * Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы * Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы * Мелдебеков Әліхан Мелдебекұлы * Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы * Мұқашев Болат Нығметұлы * Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы * Молдахметов Марат Зейноллаұлы * Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы * Момынов Талғат Әшірұлы * Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы * Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы * Мырзақұлов Рәтбай * Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы * Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы * Оздоев Султан Мажитович * Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы * Омаров Бауыржан Жұмаханұлы * Ормантаев Камал Сәруарұлы * Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы * Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы * Раисов Төлеген Қазезұлы * Рақышев Баян Рақышұлы * Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы * Рау Алексей Григорьевич * Рақымбаев Ізбасар Рақымбайұлы * Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы * Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы * Сағитов Абай Оразұлы * Садықұлов Төлеухан Садықұлұлы * Сарбасов Төлеуғали Ибраимұлы * Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы * Северский Игорь Васильевич * Сейдуманов Серік Тұрарұлы * Сманов Бақтияр Өрісбайұлы * Сүлеев Досым Қасымұлы * Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы * Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы * Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы * Сыдықов Ерлан Бәтташұлы * Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы * Таймағанбетов Жәкен Қожахметұлы * Тәкібаев Нұрғали Жабағаұлы * Тіреуов Қанат Маратұлы * Төлебаев Райс Қажыкенұлы * Төлеуов Бораш Игілікұлы * Үкібаев Хисемидолла Исхақұлы * Оразалиев Рахым Алмабекұлы * Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы * Харин Станислав Николаевич * Шоманов Өрісбай Шоманұлы * Фазылов Серік Драхметұлы * Шарманов Төрегелді Шарманұлы * Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы ## Құрылымы 2002-2003 жылдары Ұлттық ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігінің меншігіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырды: * Ботаника және фитоинтродукция институты * Зоология институты * Адам және жануарлар физиологиясы институты * Жалпы генетика және цитология институты * Микробиология және вирусология институты * М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты * Экономика институты * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * Философия және саясаттану институты * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты * Сейсмология институты * У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты * Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты * Металлургия және кен байыту институты * География институты * Информатика және басқару проблемалары институты * Ғарыштық зерттеулер институты * Математика институты * Қолданбалы математика институты * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты * Ионосфера институты * Физика-техника институты * А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты * Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты * Фитохимия институты * Ғалымдар үйі * Орталық ғылыми кітапхана * «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы ### Бұрынғы құрылымы 1980 жылдардың соңынан 1999 жылға дейін Ғылым академиясы құрылымында ғылым салалары бойынша 5 бөлімше және 1 аймақтық бөлімше болған: Физика-математикалық ғылымдар бөлімшесі * Ядролық физика институты * Жоғары энергия физикасы институты (1996 жылға дейін) * Теориялық және қолданбалы математика институты * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтКаменское плато обсерваториясыАсы-Түрген обсерваториясыТянь-Шань астрономиялық обсерваториясы * Каменское плато обсерваториясы * Асы-Түрген обсерваториясы * Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы * Ионосфера институты * Физика-техника институты * Механика және машинатану институты * Ғарыштық зерттеулер институты * Информатика және басқару проблемалары институты (1991 жылдан бастап) Жер туралы ғылымдар бөлімшесі * Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты * У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты * Сейсмология институты * Тау-кен істер институты * География институты Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесі * Металлургия және кен байыту институты * А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты * Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты * Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты. Биологиялық ғылымдар бөлімшесі * Жалпы генетика және цитология институты (1995 жылы құрылды) * Топырақтану институты * Ботаника институты (1995 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институты) * Зоология институты (1995 жылдан бастап Зоология және жануарлар генофонды институты) * Микробиология және вирусология институты * Эксперименттік биология институты (1995 жылға дейін) * Физиология институты (1995 жылдан бастап Адам және жануарлар физиологиясы институты) * М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты * Бас ботаникалық бақ (1995 жылға дейін) * Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталығы (1995 жылдан бастап Тағамтану институты). Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі * Философия институты * Мемлекет және заң институты * Экономика институты * Социология және саясаттану институты (1995 жылдан бастап) * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * Ғ.С. Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институты (1996 жылға дейін) * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Сыртқы экономика орталығы * Шығыстану институты (1996 жылдан бастап). Қарағандыдағы Орталық Қазақстан бөлімшесі * Химия-металлургия институты * Органикалық синтез және көмір химиясы институты * Физиология және еңбек гигиенасы институты * Қолданбалы математика институты * Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақстан ғалымдары
Қазақстан Кинематографияшылар Одағы– республика кино өнері қайраткерлерінің ерікті шығармашылық бірлестігі 1958 ұйымдастыру комитеті құрылды. 1966 жылы 1-Құрылтай съезінде Қазақстан Кинематографияшылар Одағы болып ұйымдасты. Басшы органы – съезд, атқарушы органы – басқарма. Ұйымдастыру бюросының тұңғыш төрағасы, кейін басқарма төрағасы Ш.К. Айманов (1958 – 1970) болды. Ұйымдастыру бюросы ұлттық-киноматографияның қалыптасуында, отандық және ұлттық кино өнері туындыларын насихаттауда зор рөл атқарды. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан кинемотограияшылар одағы КСРО кинематографияшылар одағының құрамдас бөлігі еді, оның жанында Бүкілодақтық кино өнерін насихаттау бюросы болды. Қазақстан Кинематографияшылар Одағы жарғысында: көркемдік сапасы жоғары, эстететикалық-тәрбиелік мәні зор, идеялық мазмұнға бай кино өнерінің туындыларын шығаруға ықпал ету, фильм өндірісін ұйымдастыруды жетілдіру, кино өнерінің маман кадрларын дайындау, олардың шығармашылық белсенділігіне жол ашу, т.б. міндеттер белгіленген. Қазақстан кинемотографияшылар одағы жанында көркем кино, деректі кино, мульфильмдік кино, телевизиялық кино және телефильмдер, кино драматургиялық, кинорежиссерлік, кинотану және кино сыны, киноактерлер, киноәуесқойлар, операторлық шеберлік, фильмдерді аудару, кинотехниктер секциялары бар. Ардагерлер Кеңесі мен шығармашыл жастар кеңесі, осы заманғы техникалық талапқа сай салынған кино үйі жұмыс істеді. Қазақстан кинемотографияшылар одағының тікелей ұйымдастыруымен Азия, Африка, Латын Америкасы мультипликацияшыларының бірінші халықаралық0 симпозиумы (Алматы, 1976), Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің жас деректі фильм жасаушыларының симпозиумы (Алматы, 1978), ЮНЕСКО-ның Адам және биосфера бағдарламасы аясында “Қоршаған ортаны қорғаудағы киноның рөлі” атты Бірінші және Екінші Халықаралық симпозиумдары (Алматы, 1982, 1985), “Еуразия-98” Халықаралық кинофестивалі (Алматы, 1998), т.б. өтті. ## Дереккөздер
Қазақстан ЭКСПЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ (ҚЭҰҚ) – көлік және жүк тасымалы қызметін атқаратын кәсіпқой қоғамдық бірлестік. 1997 жылы шілдеде құрылған. Оның құрамында 12 толық және 16 қауымдастырылған мүше бар. Қауымдастық тең және әділ бәсеке жағдайында тасымалдың халықаралық стандарттарын енгізу, көлік-тасымал қызметін көрсету сапасын жақсарту, әлемдік көлік рыногінде танылу, Қазақстанның географиялық тиімді жағдайын пайдаланып, ол арқылы өтетін транзиттік тасымалды ұлғайту мақсатын көздейді. Қауымдастық мүшелері мультимодальдық, кеден делдалы, қойма қызметтерін көрсету, тауар-көлік және басқа жөнелтім құжаттарын ресімдеу, банк және есеп айырысу операцияларын жүргізу, банк депозитін қамтамасыз ету, жүк қозғалысын бақылау, жүк тиеу-түсіру, жүкті шоғырландыру және тарату, теңіз кемелерін агенттеу, айлақтарда жүктерді жайғастыру, бос контейнерлерді қайтару, жеке көлік қызметтерін көрсету сияқты жұмыстарды орындайды. 1997 жылы 1 қазанда Экспедиторлардың халықаралық қауымдастығы федерациясының (ФИАТА) Венада өткен Дүниежүзлік конгресінде ФИАТА-ға толық мүше болып қабылданды. Қауымдастық ҚЭҰҚ-қа мүше көлік-экспедициялық компанияларға көлік-экспедициялық құжаттар мен ФИАТА-ның мультимодальдық тасымалдау коносаменті (FBL), экспедиторлық сертификаты (FCT); ФИАТА-ның Экспедиторлық қолхаты (FCR), қоймалық қолхаты (FWR) сияқты үлгілік пішіндерін беруге ФИАТА-дан рұқсат алды. Қызмет көрсету барысында бірегей көлік-экспедициялық құжаттарды қолдану өзара келісімшарт қатынастарын және ақшалай қаражат айналымын оңайлатады, ал көлік операцияларын халықаралық ережелер бойынша жүргізу экспедиторлық ұйымдардың жауапкершілігі мен сенімділігін арттырады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) — Қазақстан мұсылмандарына діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық бірлестік. ## Қысқаша тарихы Қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында қалана бастады. 1906 ж. Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты. 1943 ж. Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884 – 1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан (1856 – 1957) сайланды. Қазақстанда қазият құрылып, Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қ-ның имамы қызметін атқарды. 1952 – 72 жылдар аралығында Сәдуақас Ғылмани (1890 – 1972), 1972 – 79 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932 – 1997) қази болды. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алған жоқ. 1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды. Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. ҚМДБ-ның 2000 ж. өткен ІІІ құрылтайда төрағасы, Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды. 2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Маямеров Ержан Малғажыұлы Бас мүфти болып сайланды. 2017 жылдың 8 желтоқсанында өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз Бас мүфти болып сайланды. ## ҚМДБ Діни басқарма ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти, ҚМДБ Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы, Аппарат жетекшісі және Діни істер, Шариғат және пәтуа, Мешіт істері, Халықар. байланыс, Хаттама, Қажылық, Уағыз-насихат, Ғылым және білім, Жалпы және жастар ісі, Халал өнімдерін стандарттау, Баспасөз және интернет, Әйелдер-қыздар секілді бөлімдер мен секторлардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады. Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу. ҚМДБ құрылтайшылығымен ашылған халықар. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті ун-ті мен имамдар білімін жетілдіруге арналған респ. Ислам ин-ты жұмыс істейді. ### ҚМДБ бөлімдері Шариғат және пәтуа бөлімі — Сансызбай Құрбанұлы. Қажылық бөлімі — Жанділлә Мамытханұлы Байжігітов. Оқу-ағарту бөлімі — Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков. ҚМДБ Аппарат басшысы — Гилимбек Жәдігерұлы Мәжиев. Діни оңалту бөлімі — Хасан Ташайұлы Аманқұлов. Уағыз-насихат бөлімі — Батыржан Берденұлы Мансұров. Зекет және қайырымдылық қорының директоры — Мақсатбек Мақсотұлы Қайырғалиев. Діни сараптама бөлімі — Нұрлан Евфратұлы Қайырбеков. Мешіт істері бөлімі — Жаппасбаев Марат Абдуллаұлы. Бас мүфти кеңсшісі — Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай. Қоғаммен байланыс бөілімі — Нұрбек Әуесханұлы Есмағанбет Ақпарат бөлімі — Ағабек Қонарбайұлы Сыдықов. Мүфтидің бас кеңесшісі — Шейх-уль-Ислам Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы. ### ҚМДБ-ның оқу орындары * Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті * Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам Институты * «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығы * «Астана» медресесі * «Әбу Ханифа медресесі» * «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі ### ҚМДБ-ның облыстардағы өкілдіктері * Алматы облысы — Мадияр Тағайбайұлы Пірімқұлов. * Астана қаласы — Ерболат Нұрылдаұлы Жүсіпов. * Ақмола облысы — Қуаныш Жұмабайұлы Сәбит. * Ақтөбе облысы — Серікжан Еншібайұлы. * Атырау облысы — Алтынбек Ұтысханұлы. * Батыс Қазақстан облысы — Самат Қанатқалиұлы Әлібаев. * Ұлытау облысы — Елдос Қуандықұлы Жұмаділдә. * Жамбыл облысы — Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагалиев. * Қарағанды облысы — Естай Айтуғанұлы Әбдіғали. * Қызылорда облысы — Болатбек Ұласқанұлы Абуов. * Маңғыстау облысы — Ануар Ізімбайұлы Елжанов. * Түркістан облысы — Ержан Сматұлы Төлепов. * Қостанай облысы — * Өскемен аймағы — * Павлодар облысы — * Солтүстік Қазақстан облысы * Жетісу облысы * Шығыс Қазақстан облысы * Алматы қаласы ## ҚМДБ жанынан шығатын газет-журналдар Басқарма жанынан “Munara” атты газет (2019 жылдың қазанынан) және “Иман” атты журнал (2002 жылдың қарашасынан) шығады. ## ҚМДБ Зекет қоры ҚМДБ Зекет қоры 2011 жылды 3-ші маусымында Әділет Министрлігінде тіркелді. Қордың толық заңды атауы: «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қоры» Корпоративтік қоры. ҚМДБ Зекет қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны Шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысатын ұйым. Қордың құрылтайшысы – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы. ### ҚМДБ Зекет қорының Миссиясы: Қасиетті Құран Кәрім мен сүнетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес Қазақстан мұсылмандарының зекетінің жиналуы мен таратылуын жүзеге асыру ### Мақсаттары: * Өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру; * Қазақстанның діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау; * Діни оқу орындарына ғимараттар салып, оларды техникалық базамен қамтамасыз ету; * Қазақстанның діни медреселеріне заманауи студенттер үйін салу; * Қажетті діни басылымдарды баспаға әзірлеп шығару, халыққа тарату; * Ислам дінінің лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету; * Жағдайы төмен топтарға қаржылай көмек беру; * ҚМДБ-ның басқа да діни қыметтеріне қаржылай қолдау көрсету. ### Басты ұстанымы: * Шариғатқа (Ханафи мәзһабы бойынша) сәйкестік * Халыққа ашықтық * Ресмилік ## Мешіттер Қазақстанда 2769 мешіт орналасқан.Қазақстан бойынша ең көп мешіт орналасқан — Түркістан облысы, 753 мешіт орналасқан. Ең аз мешіт орналасқан — Астана, 13 мешіт орналасқан. * Алматы қаласы — 58 мешіт орналасқан. * Шымкент қаласы — 106 мешіт орналасқан. * Ақмола облысы — 91 мешіт орналасқан. * Алматы облысы — 286 мешіт орналасқан. * Ақтөбе облысы — 70 мешіт орналасқан. * Қарағанды облысы — 128 мешіт орналасқан. * Атырау облысы — 44 мешіт орналасқан. * Жамбыл облысы — 313 мешіт орналасқан. * Маңғыстау облысы — 35 мешіт орналасқан. * Батыс Қазақстан облысы — 48 мешіт орналасқан. * Қызылорда облысы — 180 мешіт орналасқан. * Қостанай облысы — 28 мешіт орналасқан. * Солтүстік Қазақстан облысы — 60 мешіт орналасқан. * Павлодар облысы — 107 мешіт орналасқан. * Шығыс Қазақстан облысы — 98 мешіт орналасқан. * Абай облысы — 110 мешіт орналасқан. * Жетісу облысы — 193 мешіт орналасқан. * Ұлытау облысы — 31 мешіт орналасқан. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы бойынша, Қазақстандағы орталық мешіт 2022 жылы 12 тамыз айында түрік азаматы Али Тамириджидің қолдауымен Орта Азиядағы мешіт салды. Мешіттің аты — Республиқалық Бас Мешіт. Ал осы уақытқа дейін орталық мешіт — Әзірет Сұлтан болған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ҚМДБ ресми сайты Мұрағатталған 11 желтоқсанның 2013 жылы. * Алматы қаласының Орталық мешіті сайты * Астана қаласының Хазірет Сұлтан мешіті
Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты– су және орман шаруашылығы мәселелерін зерттейтін ғылыми-тәжірибелік мекеме. Су ресурстары және ирригация министрлігінің қарамағында, 1950 ж. Алматы қ-нда құрылған. 1956 ж. өз алдына жеке шығып, 1961 ж. Жамбыл (қазіргі Тараз) қ-на көшірілген. 2002 жылдан ҚР Үкіметінің қаулысымен «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы» ғыл.-өндірістік орт-ның еншілес кәсіпорны. Құрамында 10 ғыл.-тех. лаб., шағын тәжірибелік өндіріс кәсіпорны бар. Оларда су қорларын меңгеру; гидротехника құрылыстарын салу; су мөлшерін болжау; екпелі егіндерді суғару; суғармалы жерлерді мелиорациялау; гидромелиоративтік жүйелерді, егінді жерді дұрыс пайдаланып, олардың экон. жағдайын бағалау салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ин-ттың негізгі ғыл. бағыты – а. ш-н сумен қамтамасыз ету, жайылымдарды суландыру. 1956 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Ин-т Солт. Қазақстандағы су құбырларының салынуына, жайылымдарды суландырудың жаңа тәсілдерін меңгеруге, су сапасын арттыруға байланысты өндіріске аса тиімді ұсыныстар жасады. Әлемдік тәжірибеде алғаш рет ин-тта жаңа гидроциклондық әдіс (1968) ойлап табылып, осы негізде жасалған су сорғыштар 120 өндіріс орындарында қолдау тапты. Егінді жүйекпен және жаңбырлатып суғарудың озық технологиялары мен құралдары жасалып, олар Шығыс және Оңт. Қазақстан облыстарында кеңінен таралды. Ертіс-Қарағанды каналын қыста борап үйілетін қардан қорғау бойынша ұсыныстар өндіріске енгізілді. Арал өңіріндегі күрделі экол. жағдайды қалпына келтіру, күріш алқаптарында суды үнемдеу, сор топырақты өңдеу технологияларын жетілдіру; тау бөктеріндегі қатты ағынды өзен суларын тиімді пайдалану; суқоймалары мен жасанды арналарды құм басудан қорғау жұмыстары жүргізілді. Аралды құтқару бағдарламасы бойынша халықар. GEF жобасының А-11 «Сумен қамтамасыз ету» құраушысы орындалған. Қазір ин-т «Моот Макдональд» (Ұлыбритания) фирмасы жүргізіп жатқан Мырзашөлдің қазақстандық бөлігін қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысуда. Ин-ттың ғыл. жетістіктері респ. және халықар. көрмелердің 2 алтын, 9 күміс және 20 қола медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Қазақстан Спарассисі(Sparassіs kazachtanіcus), базидиалды саңырауқұлақтар класына жатады. Солтүстік Қазақстан облысының орташа гумусты, қара топырақты жерлерінде өсетін топ қайыңдардың арасынан табылған. Қалпақшасының диам. 6 – 8 см. Аяқшасының биікт. 6 – 8 см, ені 1,2 – 2 см. Жеу
Қазақ тағамтану академиясы – ғылыми мекеме. Орталық Азия аймағындағы тамақтанудың мед.-биол. мәселелерінің іргелі және тәжірибе жүзінде қолданылатын ғыл. зерттеулерін жүзеге асырады. КСРО Мед. ҒА Тағамтану ин-тының Қазақ бөлімшесі болып 1973 ж. Алматы қ-нда құрылды. 1991 ж. Аймақтық тағам проблемаларының ин-ты, 1993 ж. Аймақтық тағам проблемаларының ғыл. орт-на айналды. 2000 ж. ҚР-ның «Тағамтану институты» ЖАҚ, 2002 ж. «Тағамтану академиясы» ЖАҚ болып қайта құрылды. Құрамында: емдік тағам бөлімі, тағам иммунологиясы, тағам физиологиясы және оны жоспарлау, арнайы азық-түлік өнімдері мен биол. активті қоспаларды өндіру, тағамның сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, биохимия және витаминология лабораториялары; биол. активті қоспалардың молек. негізін зерттейтін сектор бар. 1991 ж. аспирантура ашылған. Академияның жұмыс бағыттары: тағамтану саласындағы ұлттық саясаттың концептуалдық негізін ғыл. түрде тұжырымдау; халықтың түрлі жас пен жыныстық тобына қарай және климаттық-геогр., экол. және этник. ерекшеліктерін байланыстыра отырып, негізгі тағамдық заттар мен энергияға мұқтаждығының физиол. қажеттілік нормасын жасап қалыптастыру; микронутриент тапшылығы мен ауқатқа тәуелді аурулардың таралуын зерттеу және алдын алу; кеңінен таралған жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен өту сипатына тағамның жасар ықпалын және үйлестірілген алдын алу әдістерін анықтап бекіту; зат алмасудағы микронутриенттердің өзара әсерінің механизмдерін зерттеу; иммуноаллергиялықреактивтілікті, биохим. процесстер мен биоценозды алиментарлық коррекциялаудың теориялық негіздерін жасау; арнайы емдік-алдын алу және балалар тағамдарын жасап шығару; таңдалып берілген мед.-биол. қасиетке ие тағамға биол. белсенді қоспалар жасап шығару; тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау; ұлттық тағамдық өнімдер мен дәстүрлі емес тағамдық шикізаттардан емдік диеталар мен тағам рациондарын құрастыру. Академия бала организмінде темір, селен, йод жетіспегенде байқалатын ауруларды емдеуге және олардың алдын алуға бағытталған бірнеше емдік-профилактикалық тағамдар ұсынып, өндіріске енгізді. Тамақтың құрамындағы белоктың Р-450 цитохромын өзгерту арқылы бауырдың микросомалық фракциясында май қышқылдарының және бос холестериннің түзілуіне әсер етуге болатындығы анықталды. Ол қанның сарысуындағы липидтердің өзін-өзі реттеп тасымалдау жүйесінде маңызды рөл атқарады. Организмге бөгде қосылыстардың әсері дислипопротеидемияға әкелетіні, ал тағам құрамындағы белок компоненттері оған модификациялық әсер көрсететіні анықталды. Толыққұнды белоктар липидтердің тасымалдану процесінің патогенді әсерін азайтып, құндылығы төмен белоктар оны күшейте түсетінін дәлелдеді, ол гипокинезия кезінде қолданылатын емдік-профилактикалық тағамдарды құрастырып, бекітуге негіз болды. Тағамдық талшықтармен, кейбір витаминдермен, биол. белсенді қосылыстармен және микро-элементтермен байытылған арнайы азық-түлікті және ұсыныстарды өңдеп, шығаруға арналған теориялық база құрылды. Осы азық-түліктің кейбіреулері ғарышкерлерді тамақтандыруда қолданылды. Радиацияның теріс әсерін азайту үшін алиментарлық жолмен қорғауға арналған радиопротекторлық әсері бар арнайы тағам өнімдері шығарылып, сынақтан өткізілді. Соның біреуі тотытуға қарсы табиғи заттектермен, пектинмен, витаминдермен және басқа да биол. белсенді қоспалармен байытылған «Болашақ» өнімі болды. Ин-т ғалымдары ашқан жаңалықтары үшін 116 патент пен авторлық куәлік алды. Республикадағы тамақтану ғылымының іргелі де қолданбалы аспектілері зерттелді (ҚР Мемл. сыйл., 2001). Академияда акад. Т.Шарманов, 11 ғыл. докторы (И.Г.Цой, Ш.Тәжібаев, Л.Қаламқарова, Ю.А.Синявский, т.б.), 18 ғыл. канд. жұмыс істейді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ҚАЗАҚ ТАҒАМТАНУ АКАДЕМИЯСЫ Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2014 жылы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. ## Сипаттамасы Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi . Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларындағы оның бейнесінің ежелгі дәстүрі бар. Символика тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді. Дала адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылушылықтың белгісі. Бұған қоса, қыранның күш-қуаты көп, ол оның болашаққа жетуіне кедергі келтірген кез келген дұшпанына қарсы тұра алады. Қыран бейнесі жас зайырлы Қазақстанның әлемдік өркениеттің шыңына шығуға талпынысы идеясынан туындаған. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген. ## Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі ### Мемлекетті туды пайдалану Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы келесі жағдайларда міндетті түрде пайдаланылуы тиіс: * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады): * Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында;Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде - белгiленген тәртiппен;Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес;Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде;мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде.Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс.Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс. * Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы; * Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы; * Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы; * мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда; * егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда; * ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында; * Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде - белгiленген тәртiппен; * Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес; * Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде; * мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде; * жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде; * Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде. * Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады. * Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс. * Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін. * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс. * Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды. * Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс. ### Мемлекетті тудың бейнесін пайдалану Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының бейнесi міндетті түрде: * Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен;Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады.Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. * Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен; * Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады. * Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Мемлекеттiк Тудың бейнесiн қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды. * Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін.Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi. * Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін. * Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi. ### Мемлекетті туды дайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді. ## Тарихи байрақтар * * * * * * * * * ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының әнұраны * Қазақстан Республикасының елтаңбасы ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің байрақтары * Қазақстан Республикасының әскери-теңіз күштерінің байрақтары * "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы(қолжетпейтін сілтеме) * "Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 862 Қаулысы(қолжетпейтін сілтеме) * "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысы(қолжетпейтін сілтеме) * "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1529 Қаулысы(қолжетпейтін сілтеме) * ҚР СТ 988-2007. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Жалпы техникалық шарттар ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады. ## Тарихы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1925 ж. 29 маусымда КСРО Мембанкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ретіндеашылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады – «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды. ## Негізгі фунциясы Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі: * мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу; * төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; * валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; * қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды: * Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi; * Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады; * банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады; * Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады; * төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады; * Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады; * Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады; * қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады; * Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады. Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады. ## Басқару құрылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Президентіне тікелей бағынып, оған есеп береді. Ел Президенті Ұлттық Банк Төрағасын Парламент Сенатының келісуімен 6 жылдық мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. Ұлттық Банк құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады. Ұлттық Банк құрылымы 1. Орталық аппарат: * департаменттер; * басқармалар. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары: * орталық филиал (Астана қаласы); * республикалық маңызы бар Алматы мен Шымкент қалаларындағы филиалдар; * Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларындағы филиалдар; * Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары: * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; * Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктері. Акцияларына Ұлттық банк иелік ететін заңды тұлғалар * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы * «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы * «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» акционерлік қоғамы * «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» акционерлік қоғамы * «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы * «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы * «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (64%) * «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы * «Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» акционерлік қоғамы * «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы (47%) ## ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымы * Ақша-кредит саясаты департаменті * Төлем балансы департаменті * Қаржы нарығының статистикасы департаменті * Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті * Қаржылық технологиялар департаменті * Төлем жүйелері департаменті * Бухгалтерлік есеп департаменті * Операциялық есепке алу департаменті * Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі * Ішкі аудит департаменті * Қауіпсіздік департаменті * Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасы * Тәуекелдер және комплаенс департаменті * Монетарлық операциялар департаменті * Халықаралық ынтымақтастық департаменті * Заң департаменті * Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті * Қолма-қол ақша айналысы департаменті * Қаржы департаменті * Адам капиталын дамыту департаменті * Әкімшілік басқармасы * Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті Алматы қаласындағы өкілдік * Зерттеулер және талдама орталығы * Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті * Тұрақты өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен ҚРҰлттық Банкі қайта үйымдастырылды, одан ҚР Қаржы нарығынжәне қаржы үйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі бөлініпшығарылды.ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен ҚРҰлттық Банкінің орталық аппаратының қүрылымына мынадай өзгертулер енгізілді: қолма-қол ақшамен жұмыс және төлем жүйелері басқармалары департаменттер болып қайта құрылды; монетарлықоперацияларды есепке алу басқармасы құрылды. ## Төрағалар * қаңтар 1992 — желтоқсан 1993 — Ғалым Байназаров * 1994 — қаңтар 1996 — Дәулет Сембаев * қаңтар 1996 — ақпан 1998 — Ораз Жандосов * ақпан 1998 — қазан 1999 — Қадыржан Дәмитов * қазан 1999 — қаңтар 2004 — Григорий Марченко * 26 қаңтар 2004 — наурыз 2009 — Әнуар Сәйденов * 22 қаңтар 2009 — 1 қазан 2013 — Григорий Марченко * 1 қазан 2013 — 2 қараша 2015 — Қайрат Келімбетов * 2 қараша 2015 — 26 ақпан 2019 — Данияр Ақышев * 26 ақпан 2019 — 31 қаңтар 2022 — Ерболат Досаев * 3 ақпан 2022 — 4 қыркүйек 2023 - Ғалымжан Пірматов * 4 қыркүйек 2023 жыл - Тимур Сүлейменов ## Дереккөздер
Қазақ Тамақ Өнеркәсібі Ғылыми-Зерттеу Институты– тамақ өнеркәсібі үшін қажетті тиімділігі жоғары жаңа технологияларды және қондырғыларды жасау ісінде іргелі ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізетін мекеме. ҚР А. ш. мин-нің қарамағында. 1954 – 93 ж. Қазақ мемл. тамақ өнеркәсібін жобалау ин-тының бөлімі болды.
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасасылатын сенімгерлік басқару туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады. Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер: * 1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады; * 2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда); * 3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден; * 4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады. Ұлттық қордың қаражаттары: * 1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген трансферт түрінде; * 2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде; * 3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: * Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын; * Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды; * тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін; * ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.Ұлттық қорға түсетін немесе бұл қордан алынатын активтер Ұлттық банк белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін кайтарусыз түсімдер осы Қордан кепілденілген трансферт болып табылады.Ұлттық қордан үш жылдық кезеңге арналған кепілденілген трансферт мөлшері республикалық бюджет әзірленетін жыл алдындағы қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс, ол Үкімет белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Есепті қаржы жылы ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілденілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы бойынша және Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес Үкіметтің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар. Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетте Ұлттық қордан аударылмаған кепілденілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу;3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте: * 1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп; * 2) Ұлттық банктің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп; * 3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық қордың таза активтері 3,3 триллион теңгені (аудиттелген қаржылық есептемеге сәйкес есептеу тәсілімен) - 27,9 миллиард АҚШ долларын немесе елдің барлық алтын-валюта резервтерінің 60,5%-ын құрады. Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 63:37% болды. 2002 жылдың аяғына бұл сома 1,9 миллиард доллар құрап, Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 90:10% болған еді. 2008 жылы Ұлттық қорға 1,7 триллион теңге түсті, соның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түскен тура салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда)- 1,7 триллион теңге, оның 717,8 миллиард теңгесі (6 миллиард АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау / қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторының кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдер (жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді қоспағанда)- 16,6 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 1,6 миллиард теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыстар - 66,2 миллиард теңге. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын сырткы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге шығыстар жүргізілді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2008 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 461,4 миллион теңгенің 461,4 миллион теңгесі аударылды. Ол жоспардың 99,9%- ын құрайды. Бұдан басқа, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жоспарланған 5,1 миллиард теңгенің 3,5 миллиард теңгесі аударылды, бұл 69,1%-ды құрайды. Ұлттық қорға 2009 жылы жоспардағы 1 394,9 миллиард теңгенің орнына 1 378,1 миллиард теңге қаржы түсті. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке дағдарыска қарсы іс-кимыл шараларын қаржыландыру үшін жыл ішінде 1 107,5 миллиард теңге қаржы аударылды. Атап айтқанда, 843,1 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт және 261,5 миллиард теңге мақсаты трансферт. Қорыта айтқанда, 2009 жылы Ұлттық қордың өсімі 270,6 миллиард теңгеге жетіп, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша жалпы мөлшері 4 542,8 миллиард теңгеге жетті. Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды.Қазір Ұлттық қорды қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылга арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2008 жылғы қараша мен желтоқсанда Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 607,5 миллион теңге аударылды. Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2008 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 66,2 миллион теңгені құрады. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2008 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді. Қордың активтері айрықша шетелдік валюталарда номиналдандырылған шетелдік қаржылық құралдарға инвестицияланады.Тұрақтандыру портфелі жоғары кредиттік рейтингі бар елдердің ақша рыногының сенімді активтеріне инвестицияланады. Жинақтау портфелі әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада баршама жоғарырак табыстылық алу мақсаттарында дүние жүзінің дамыған елдерінде айналыста жүрген борышқорлық, сондай-ақ үлестік қаржылық қүралдарға инвестицияланады.2006 жылдың 1 шілдесінен Орта мерзімді перспективаға арналған Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды.Ұлттық қор да бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге шақырады: ал мұнайлық табыстардың үлкен бөлігін Ұлттық қорда жинақтау анағұрлым салмақталған фискалдық саясатты жүргізуге мүмкіндік жасады. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында қаланған экономиканы әртараптандыру жөніндегі мәселелерді шешуге көмектесуі, сондай-ақ болашақ ұрпақтарға Қазақстанның мұнайлық ресурстарының игіліктерін пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.Ұлттық қор проблемасы ТМД елдерінің тап осы қорлар сияқты олардың қаражаттарын пайдалану тиімділігі болып табылады. Қор активтері шетел банктерінің (ABN AMRO Bank, State Street Bank, Deutche Bank, BNP Paribas, Citibank, HSBC) бағалы қағаздарына орналастырылған. Қордың жұмыс істеген бүкіл кезеңі ішінде қор активтерінің табыстылығы 6,1%-ды құрады, бүл 2003 жылдың осы көрсеткішінен 8%-ға төмен.Ел ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңи тұлғалар үшін орташа есеппен 2008 жылы 14,8%-ды құраса, ал жеке тұлғалар үшін 18,6%-ды құрады. Сондықтан экономиканың нақты секторының ірі жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын көбейту орынды болады. Бұл экономикалық қызметтің шектес түрлерінде мультипликациялық нәтиже тудырады, елде қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдеседі. Тап осы бағыт әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларында 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жоспарларда қабылданған.Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.Инвестициялық табыстардың бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық табыстары оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мүнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды. Сараптаушылардың кезқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және ол кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді. ## Дереккөздер
«Қазақстан темір жолы» — көлік-логистикалық холдингі, Қазақстан Республикасы темір жол магистралының операторы, жүктер мен жолаушыларды ұлттық теміржол тасымалдаушы. ## Тарихы Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды. 1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды. 1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті. Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті. 1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті. Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды. 1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған, Саратовқа шығатын жол телімі - Орал-Елек салынды. 1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді. 1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды. 1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды. Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады. (Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4 есеге артты). 1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты. 1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді. 1960 жылы шөлді өлкенің дамуына себепші болған Мақат-Маңғышлақ және Маңғышлақ- Өзен (жалпы ұзындығы 900 км) телімдері салынды. Қазақстан мен Ресей байланысының жандануына осы кезеңде салынған Гурьев-Астрахан желісін пайдалану зор ықпал етті. 1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға жетті. 1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды: Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан. Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды. Байланыс және белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық есептеу жүйелері өндіріске белсенді енгізілді. Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді. 1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды. 1956-1960 жылдары қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты. Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі. Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды. Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды. 2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне – 100 жылдығы мерейтойына жетті. Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді. Темір жолды жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды. 2004 жылы ақпанда мерейтойлық оқиғалардың басы басталды. Ел Премьер министрі Даниал Ахметов темір жол көлігі саласының ардагерлері тобымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Премьер министр Даниал Ахметов сала жетекшілері мен теміржолға еңбегі сіңген ардагерлер құрамына кіретін "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан құрылған Консультативтік кеңесінің мерейтойды өткізу жөніндегі шешімімен таныстырылды. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау туралы шешім қабылдады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды. Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді. Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше «Қазақстан темір жолының 100-жылдығына» арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді. Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде «Мудис инвесторс сервис» халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды. 2004 жылдың 1 шілдесінде Астанадан «Отан» пойызы елімізді аралап, сапарға шықты. Екі жарым айға жуық ол шексіз жеріміздің темір жол стансалары мен разъездеріне тоқтап, мерейтойға арналған салтанатты жиындар өткізді. Пойыздың ұжымы ардагерлер мен ең жақсы жұмысшыларды ерекше назарға алды. Оларға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мерейтойлық медальдары мен естелік сыйлықтары тапсырылды. Сапар барысында теміржолшылар және олардың жанұяларына берген әлеуметтік көмектің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында алыс стансаларда тұратын теміржолшыларға олардың отбасыларына медициналық көмектер көрсетіліп, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге оқу құралдары, сәбилерге балалар тағамдары табыс етілді. Барлық стансаларда мәдени- сауықтық, спорттық шаралар өткізіліп отырды. Мерейтойлық пойыздың сапары темір жол жұмысшыларының оңды лебізіне ие болды. Бұдан былай осындай шаралар жыл сайын ұйымдастырылатын болды. Темір жолдың ғасырлық мерейтойын мерекелеудің шарықтау шегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиналысымен аяқталды. Ол республика астанасында 2004 жылдың 6 тамызында өткізілді. Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының қалыптасуында, мемлекет тәуелсіздігін, елдің территориялық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы темір жолдың рөлін жоғары бағалады. Ал теміржолшылар, өз кезегінде, Президентке алдағы уақытта темір жолды салу және жетілдіру, теміржол көлігіне арналған бәсекелеске қабілетті өнімдерді шығару саласындағы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға уәде берді. Осы жылдың 9 қарашасында Ақтау портынан Құлсары стансасына дейін үлкен көлемді, биіктігі төрт қабаты үйдей жүктерді тасымалдаған қазақстандық теміржолшылар әлемдік рекордты жаңартты. 30-шы қарашада Арқа стансасында мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолдың ашылуы өтті. Бұл жол арқылы көршілес елдердің аумағына кірмей ел іші арқылы жүргізілетін бағдар іске қосылды. Алтынсарин-Хромтау темір жол желісі арқылы жылына 160 миллион доллар көлемінде үнемділікке қол жеткізілді. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі жолдарымен жүк тасымалдау қашықтығы 500-ден екі мың шақырымға дейін қысқарды. Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесінде Астана вокзалы алдында тарихи экспонат – Эш 4161 сериялы паровозы орнатылды. Алғашқы бесжылдықтың белгісі, Ұлы Отан соғысының естелігі, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңіндегі басты рөл атқаратын Қазақстанның шойын жолы тарихындағы ерен ерліктердің куәсі іспетті мақтаулы жерден орнын алды. Алтынсарин -Хромтау жолымен жолаушылар тасымалдаудың жаңа кестесін 10 желтоқсанда Астана-Ақтөбе пойызы ашты. Жолаушыларды жолдың 15 сағатқа дейін қысқарғандығы, билет бағасының екі есеге азайғандығы қуантты. 132 шақырымдық Павлодар - Екібастұз темір жол телімінде электрлендіру ең ірі жобалардың бірі болып отыр. Павлодар -Екібастұз жобасының жүзеге асуы тасымалдаудың үнемділігі және электровоздардың экологиялық тазалығын сақтауға әкелді. Мәселен, бұл жобаны іске қосу арқылы жылына бір жарым миллиард теңгені үнемдеуге және қоршаған ортаға артық қалдықтардың түспеуіне игі ықпал етті. Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі Достық стансасының маңызы зор. 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9,5 миллион тонна жүк тасылды. Бұл жылы станцияның әлеуетін арттыруға 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш құрал, вагондарды алмастыру орыны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық стансасында теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2012-2014 жылдары "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" жолдары салынып 2014 жылы тамызда ашылды. Жолдардың басты нүктелері - Маңғыстау облысындағы Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысының Шалқар стансасынан, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасынан және Жезқазған қаласынан тікелей қосатын жаңа жолдар ашылды. 500 млрд теңге жұмсалып 1200 км жол салынды. ## Еншілес ұйымдар * «Жолаушылар тасымалы» АҚ (100%) * «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС (100%) * «KTZ Express» АҚ (100%) * «Қазтеміртранс» АҚ (100%) * «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС (100%) * «Кедентранссервис» АҚ (100%) * «Құрық порты» ЖШС (100%) * «ҚТЖ - Жолаушылар локомотивтері» ЖШС (100%) * «Теміржолсу» АҚ (100%) * «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ (сенімгерлік басқаруда, 100%) * «Көліктік сервис орталығы» АҚ (сенімгерлік басқаруда, 100%) * «Транстелеком» АҚ (25%) ## Басшылары * Еркін Қалиев (1997—1998) * Абылай Мырзахметов (1998—2001) * Бауыржан Баймұханов (2001—2002) * Ерлан Атамқұлов (2002—2007) * Жақсыбек Құлекеев (2007—2008) * Асқар Мамин (2008—2016) * Қанат Алпысбаев (2016—2018) * Сауат Мыңбаев (2018—2021) * Нұрлан Сауранбаев (2021—) ## Дереккөздер ## Сілтеме
Қазақ түбі – хикая. Хикаяда қазақ тарихы Адам, Нұх, Хам, Сам, Яфас жайлы әңгімелер арқылы өрбіп, ертеде өткен хандар өмірінен сыр шертіледі, Уыз хан деген кісінің халық құрметіне бөленіп, хан сайлануы жайлы сөз болады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазып алған “Қазақ түбі” деген екінші бір хикаяда Баба түкті Шашты Әзіз әулие жайлы баяндалады. Екі хикая да қара сөзбен жазылған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлытің қолжазбасы ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапхана қорындағы “Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Көпеев жинаған қазақтың ауыз әдебиеті, тарихи аңыздар, шежірелер жинағында” сақтаулы. ## Дереккөздер
Қазақтелефильм – экрандық-шығармашылық ұжым, ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекет комитеті жүйесіндегі телевизиялық киностудия бөлімі. 1969 жылы құрылған (1994 жылдан бастап Қазақстан телерадио корпорациясы). 1967 жылы Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы жанынан телефильм жасайтын бөлім ретінде ашылған, кейін осының негізінде “Қазақтелефильм” болып құрылды. “ Қазақтелефильм” студиясының құрылымында екі шығармашылық бірлестік болды: “Хроника” шығармашылық бірлестігі телевизияның барлық редакцияларына 16 мм кинотаспаға күнделікті кинотүсірілімдер жасаумен айналысты; “Шығармашы” өндірістік бірлестігі кино мен концерттік бағдарламалар түсірумен айналысты. Ол төрт шығармашылық сала бойынша кинотуындылар жасады: деректі телефильм, көркем және мультфильм фильмдер, театрды экрандау; киноконцерттік бағдарламалар жасау. Фильм жасау ісіне Б.Ғабитов-Жансүгіров, О.Дүйімбаев, Б.Теткин, Т.Ыбраев, Қ.Ахметов Қ.Умаров секілді режиссерлер тартылды. Бас оператор Е.Тынышбаев болды. Г.Смирнов, А.Федулов, Ю.Дубровин шақырылды.Студия 1967 – 92 жылы екі мыңнан аса телефильм түсіріп, экранға шығарды. 1993 жылы “Қазақтелефильм” студиясын мемлекеттік қаржыландыру тоқталғаннан кейін, фильм түсіру тоқталды. Студияға бейнетехнологиялық құралдарды пайдаланып, фильм жасау міндеті қойылды. Осы кезеңнен бастап “Қазақтелебейнефильм” деп аталған студия “19 ғасыр басшысы” деген айдармен 10 деректі фильм-портреттер сериясын жасады. “Күлпаш” атты көркемсуретті фильм түсірді және әр түрлі тақырыпта 12 бейнефильмді экранға шығарды. Сонымен қатар, басқа студиялар түсірген 14 мультфильмді қазақшаға аударды. Республикада “Қазақтелефильмнен” басқа Қазақстан Президентінің телерадио кешені және бірнеше тәуелсіз телеарналар бейнетелефильм жасау ісімен айналысады. “Қазақтелефильмнің” шығарған кинотаспалары телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық фестивальдерінде әлденеше рет жүлделі орындарға (“Мұғалім” сценариі П.Бортниковтікі, режисер Н.Әлпиев, 1982; “Домбыра шегі” сценариі С.Морозовтікі, 1983) ие болды, ал “Сынақ” фильмінің авторлары (сценарийін жазған Ғ.Шалахметов, режисер M.Голдовская) Бүкілодақтық Ленин косомолы сыйлығын алды. 2002жылы Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясында Телефильм шығармашылық бірлестігі ашылды. ## Дереккөздер
Қазақтың биязы жүнді қойы — ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 1931 – 46 жылы жергілікті қазақтың құйрықты саулықтарын прекос және “америка рамбульесі” қошқарларымен зауыттық жолмен будандастырылып алынған.Кейіннен жүн сапасын жақсарту мақсатында аскания, алтай, грозный, австралия мериностары және полварс тұқымдарының қошқарларымен кіріспе будандастырылып, етті-жүнді бағыттағы алынған бұл қой тұқымы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы және шөлейтті аймақтардың жайылым жағдайларына жақсы бейімделген. Қошқарларының тірідей салмағы 110 – 120 кг, саулықтарынікі – 60 – 65 кг. Олардан тиісінше 5,0 – 6,2 кг және 2,5 – 3,0 кг жүн қырқылады. Жүні қошқарларында 58 – 60, саулықтарында 60 – 64 сапаға жатады, оның ұзындығы 10 – 11 см (қошқарларында), 8 – 9 см (саулықтарында). 100 саулықтан 130 – 150 қозы алынады. Қой тұқымы бойынша жоғары өнімді 6 зауыттық желі (линия) сынақтан өткен. Асыл тұқымды малдар Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының К.Мыңбаев атынд. тәжірибе шаруашылығында, “Сарыбұлақ” және “Қаратал” тұқым мал зауыттары, Алдабергенов атындағы агрофирма мен “Ескелді”, “Көктал” шаруашылығында өсіріледі. ## Дереккөздер
“Қазақтың 500 ән-күйі” – музыкалық-этнографиялық еңбек. А.В. Затаевич жинап, нотаға түсіріп, баспадан шығарған. Бұл жинаққа Қазақстанның әр өңірінен (Адай, Бөкей, Семей және Орал аймақтарынан) жазылып алынған күйлер мен әндер, терме, толғау үлгілері енген. Күйлер – Бөкей, Адай, Орал, Түрікмен топтарына, әндер – Жымпиты, Гурьев, Бөкей топтарына бөліп орналастырылған. Этнограф басылымның алғысөзі мен 403 ескертпесін жазған. Бұл ескертпелердің А. Жұбанов айтып көрсеткен ескірген тұстары да бар. Жинаққа барлығы 400-ден аса ән, 100-ге жуық күй енген. Олардың қатарында қазақ тарихы тақырыбына құрылған * “Ел айрылған”, * “Асан Қайғы”, * “Қалмақтың қара жорғасы”. * “Кенесарының көк балағы”, * “Шора”, * “Жошы”, * “Көрұғлы”, * қазақ-түрікмен қатынастарынан елес беретін “Үлкен айқай”, * “Көкек” (Eдік бақсы) күйлерін атауға болады. * Құрманғазы (“Ойбай, балам”, “Ақсақ киік”, “Серпер”, “Kісен ашқан”), * Дәулеткерей (“Салық өлген”, “Қоңыр”, “Қоңыр екі ішек”, “Керілме”, “Ващенко”), * Түркеш (“Байжұма”), * Тәттімбет (“Былқылдақ”), * Жантөре (“Шалқыма”), т.б. халық композицияларының күйлері алғаш рет нотаға түсірілген. Жинақта * Ақан Серінің “Құлагер”, “Сәулем-ай”, “Мақпал”, * Біржанның “Жанбота”, “Жамбас сипар”, * Естайдың “Хұсни Қорлан”, “Назымкүл”, * Жаяу Мұсаның “Қатын өлгенде”, * Майраның бірқатар әндері қамтылған. Шығармалардың енді бір парасы * Балуан Шолақ, * Иманжүсіп, * Шөже, * Шәкерім, * Мұхит туындылары ретінде аталса, “Гауһартас”, “Телқоңыр”, “Аққұм”, “Әпитөк”, “Екі қурай”, “Жайдарман” әндері – халық мұрасы ретінде берілген. Затаевичке бұл шығармаларды жеткізген корреспонденттер қатарында Ғ.Айтбаев, М.Әбсалықов, Қ.Байжанов, Н.Бөкейхан, М.Бөкейхан, Ә.Ғайсин, І.Жансүгіров, Ж.Лекеров, Ә.Қашаубаев, М.Майшекин, Ә.Марғұлан, Б.Нұрмақова, Қ.Сәтбаев, М.Шамсуддинова, Ж.Шанин секілді мәдениет, әдебиет және ғылым қайраткерлері бар. Бұл басылымда белгілі халық күйші-композиторларының ел арасына кең тараған шығармаларына басым орын берілген. Әсіресе, жоңғар шапқыншылығын суреттейтін күйлердің тарихи-танымдық табиғаты аса елеулі. Олар ғылыми тұрғыдан зерттеліп, танымдық деңгейде зерделеуді қажет етеді. Хандық дәуір тұсында туған күйлердің ырғақтық, мақамдық, екпіндік құрылымы қазақ күй өнеріне тән үн-әуендердің түп-тегін анықтау үшін аса маңызды. Бұл күйлер – қазақ күйшілік өнерінің лексикасын анықтайтын туындылар. “Қазақтың 500 ән-күйі” – қазақ мәдениетінің тарихындағы екінші ірі музыкалық-этнография. ## Дереккөздер
Қазақтың арқар-мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1934 – 50 жылы биязы жүнді жаңакавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығында алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге мол мүмкіндік берді. Кейінірек жүн сапасын одан әрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне кіріспе будандастыру жолымен австралия мериностарының қаны құйылды. Осы тұқымды шығарғаны үшін бір топ ғалымдарға (Н.С. Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Ы. Жандеркин, Е.В. Большакова, т.б.) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1950). Қошқарлар мен саулықтардың тірідей салмақтары 90 – 110 кг және 55 – 65 кг, таза жүн түсімі 5,0 – 6,0 кг және 2,5 – 3,0 кг-ға жетеді. Жүнінің жіңішкелігі қошқарларында 60 – 64, саулықтарында – 64 – 70 сапалы, ұзындығы 8,0 – 10 см. 100 саулықтан 120 – 130 қозы алынады. Бұл тұқым Алматы облысы Райымбек ауданындағы асыл тұқымды “Ұзынбұлақ” ш-нда өсіріледі. Бұл шаруашылықта осы қой тұқымын өсіріп бағуда Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған шопандар: Б.Жақсылықов (1958), Ы.Абдығұлов (1960), Ж.Молдасанов (1973). Республикада тұқымның 300 – 400 мың басы бар (2002). Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын 1991 жылға дейін Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігінің Эксперименттік биология ғылыми-зертханалық институты, ал қазір Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргізеді. ## Дереккөздер
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. ## Ассамблеяның қызметі Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық.15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды.Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды.Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде.Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр. Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті. Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді. ## Ассамблея туралы Заң 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды. Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме. Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. ### Ассамблеяның негізгі міндеттері * этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау; * халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту; * қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу; * азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру; * Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; * Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады. ## Ассамблея құрылымы Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі.Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды. Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды.Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді.Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар.Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады.Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда.Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді.Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді. Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі. Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар. Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады. Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді. Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты. Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді. ## Ассамблеяның парламенттік өкілдігі Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді. ## Сыртқы сілтемелер * Ассамблея ресми сайты Мұрағатталған 27 мамырдың 2008 жылы. ## Дереккөздер
Қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы – ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. Бұл тұқымды 1962 – 94 жылы Эксперименттік биология институтының ғалымдары (Қазақстан ғылым академиясының академик Ф.Мұхамедғалиев, корреспондент мүшесі М.М. Тойшыбеков, ауыл шаруашылық ғылым докторы А.Н. Шотаев, т.б.). жергілікті қойлардың 5 тұқымын бір мезгілде пәрменді түрде күрделі будандастыру арқылы көп сатылы сұрыптау-іріктеу әдісін қолдана отырып шығарған. Алғашқы үлгі ретінде қазақы биязы жүнді қой тұқымдарының саулығын шетелдік етті, ұзын жүнді линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер және тяньшань қой тұқымдарының қошқарларымен з-ттық жолмен будандастырды. Бұдан алынған күрделі будандар, әрі қарай, “өз-өзімен” өсіру арқылы көбейтілді. Генетик. құрамы оңт.-шығыс және шығыс типтері (сүлелері) мен 7 линиядан тұрады. Қазақтың биязылау ұзын жүнді қойының қозылары ірі болады, тез жетіледі. 4 – 4,5 айда қозыларының салмағы 25 – 30 кг-ға жетеді. Еркек қозыларды 7 – 8 айға дейін жайып бордақылағандағы тірі салм. 38 – 40 кг, ал ұшасынікі 19 – 20 кг. Қойдың дене бітімі мықты, қошқарлары көбінесе мүйізсіз. Жүні биязылау, ұзындығы 13 – 15 см (қошқарларында) және 11 – 12 см (саулықтарында), қошқарларынан 4,4 – 5,2 кг, саулықтарынан 2,2 – 2,5 кг таза жүн қырқылады, қырқылған жүннің түсімі 60 – 62%. Қошқарларының тірі салм. 95 – 110 кг (120 кг-ға дейін), саулығынікі 57 – 60 кг (кейде 70 кг-дай). 100 саулықтан 125 – 130 қозы алынады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында, Алматы облысының “Қырбалтабай” ӨК-нде,Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы “Бозамбай” асыл тұқымды шаруашылығында өсіріледі. ## Дереккөздер
Қазақтың 200 әні – музыкалы этнографиялық жинақ. 1972 жылы ҚазКСР ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған. Ел аузындағы музыкалық шығармаларды жинап, нотаға түсіріп, түсініктемелерін жазған Т. Бекхожина. Жинаққа бұрын баспа бетінде жарияланбаған эпикалық жырлардан үзінділер, халқымыздың көпшілікке беймәлім тұрмыс-салт әндері мен соғыс жылдарындағы туындылар, ауыл өміріне арналған шығармалар топтастырылған. Бұл халық қазынасын 1962 – 67 жылы аралығында Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған ғылыми экспедиция тек Қазақстан аумағы ғана емес, Өзбекстанда, Ресейдің Орынбор, Астрахан облыстарында тұратын қазақтардан жазып алған. Кітаптан “Қобыланды батыр” жырының үш мақамымен, аужардың – екі, жар-жардың – бес, арыз өлеңнің – төрт, сыңсудың – сегіз, жоқтаудың – сегіз, әлди әні мен бала уатудың – алты нұсқасымен танысуға болады. Сол сияқты жергілікті әнші-сазгерлер * Мұхаметжанның “Назқоңыры” мен “Хиләуі”, * Шөженің “Гәккуі” мен “Хаудыры” сияқты асыл мұралар, * Жаманғұл, * Нұреке, * Сексенбай, * Бердікей, * Нияз, * Сәлима, * Қабылхан, * Таңжарбай, * Балуан Шолақ, * Жақсыбайдың әндері тұңғыш рет нотаға түсірілген. Жинақтың екінші бөлімінде музкалық шығармалардың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері, әндерді жаздырған корреспонденттер жайлы қысқаша мағлұматтар берілген. Кітап графикалық суреттермен безендірілген. ## Дереккөздер
Ұлттық сахналық өнер саласы. Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа (беташар,бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды.Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. 1859 жылы Оралда, 1869 жылы Орынборда, 1875 жылы Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 жылы Семей қаласында “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды. Алғашқы драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков “Жақсы жігіт” пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908 жылы “Бекет” атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1911 – 12 ж. Шымкент, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола (Астана), Қостанай, Петропавл, Орал мен Семей қалаларында ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады. 1913 – 14 жылы Семейде қазақ мұғалімдері мен оқушы-жастар бірлесіп, “шығыс кеші” деген атпен ойын-сауық кештерін ұйымдастырды. Ұлттық театр өнері тарихында мәні зор ойын-сауықтар қатарында: Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арналған әдеби, этнографиялық-музыкалық кеш (1914), “Біржан мен Сара айтысы” (1915, екеуі де Семейде) және “Қазақша қыз ұзатудың” (1915, Атбасарда) сахнаға лайықталған нұсқасын атауға болады. Осы жылдары ұлттық драматургияның алғашқы туындылары жазылып, баспа бетін көрді әрі оның бірқатары әуесқойлар күшімен сахнада қойылды. Мұғалім Б.Х. Серкебаев (“Бақсы”, “Ғазиза”, т.б.) пен И.Меңдіханов (“Малдыбай”, бәрі де 1912) тұңғыш пьесалар жазды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) М.О. Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясы алғаш рет қойылып, оған автордың өзі жетекшілік етті. 1918 – 24 жылы Ақмолада (қазіргі Астанада), Әулиеатада, Көкшетауда, Орынборда, Ташкентте, Түркістанда және Шымкентте көптеген қазақ драм. үйірмелері ұйымдастырылып, Ж.Аймауытовтың, Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерданаевтың, Қ.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, Серкебаевтың, Ә.Сұлтановтың, т.б-лардың драммалық шығармалары сахнаға шығарылды. 1918 жылы Алматыда, Семейде, Петропавлда, т.б. қалаларда бірқатар орыс драма театрлары ашылды. “Ес-аймақ” сахнасында сол уақытта жарық көрген Аймауытовтың (“Рәбиға”, “Қанапия-Шәрбану”, “Ел қорғаны”, “Сылаң қыз”), Әуезовтың (“Еңлік – Кебек”, “Қарагөз”, “Ел ағасы”, “Бәйбіше – тоқал”), Сейфуллиннің (“Қызыл сұңқарлар”), т.б. пьесалары қойылды. Бұл спектакльдердің көпшілігін сахнада қойған Шанин мен Аймауытов болды. 1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби ұлт театрының (қ. Қазақ драма театры) ұйымдастырылуы Қазақстанның мәдени тарихында мәні зор оқиғаға айналды. Қазақ театрының өнерінің қалыптасып даму кезеңі спектакльдерде натуралистік, әлеуметтік-тұрмыстық және фольклорлық-этнографиялық бояудың қатаң сақталуымен, халық әндерін мол пайдалануымен ерекшеленеді. Мұның өзі бір жағынан театр мен көрермендер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік туғызса, екінші жағынан актерлердің көп салалы өнерді меңгеруіне жол ашты. Осы кезеңде Қазақ театры ұлттық пьесаларды ғана қоюмен шектелмей, алғаш рет классик. драматургия туындыларын игеруге талпыныс жасады. 1928 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры республикасының жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. Әсіресе осы кезеңдегі Қазақ театры өнерінің қалыптасу жолында Әуезов драматургиясы мен Шаниннің режисер қызметінің мәні зор болды. Әуезовтың қуатты қаламынан туған “Қарагөз”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Абай”, “Айман – Шолпан”, “Түнгі сарын”, т.б. драммалық шығармалары театр репертуарын жандандыра түсті. 30-жылдардың бас кезінде Алматыда (1927 – 28), Риддерде (1930 – 33) және Қарағандыда (1932 – 34) жұмысшы-жастар театры құрылды. Бұларды ұйымдастыруға Қ.Бадыров, К.Қармысов, С.Телғараев көп еңбек сіңірді. Қазақ театры өнерін одан әрі өркендету ісінде 1933 ж. 8 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия к-тінің “Ұлт өнерін дамыту шаралары” туралы қаулысының рөлі ерекше болды. Осыған орай 1934 жылы Оралда (көркемдік жетекші Ғ.Төребаев), Шымкентте (көркемдік жетекші Ж.Арғынбаев), 1935 жылы Петропавл (1935 – 38) мен Ақтөбеде (1935 – 48), 1936 жылы Қарағанды (көркемдік жетекші Ш.Гатаулин) мен Жамбылда (қазіргі Тараз; көркемдік жетекші Арғынбаев) және 1938 жылы Гурьев (қазіргі Атырау; көркемдік жетекші А.И. Сусанов-Саянский) пен Павлодарда (көркемдік жетекші Н.М. Атаханов) облыстарында қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. Кәсіби дайындығы бар орыс режиссерлері қазақ актерлерін орыс театрының бай тәжірибесімен және К.С. Станиславский жүйесімен таныстырып, кәсіби сахна өнеріне шыңдады, әсіресе орыс, шет ел классикасы мен осы заман драматургиясының озық үлгілерін (Н.В. Гогольдің, Н.Ф. Погодиннің, К.А. Треневтің, У.Шекспирдің пьесалары) театр репертуарына енгізіп байытуда айтарлықтай еңбек сіңірді. 1934 жылы өткен Қазақстан жазушыларының 1 съезінде ұлттық әдебиет мәселесімен бірге драматургия мен театр жайы да кеңінен сөз болып, арнайы баяндамалар тыңдалды. Республика үкіметінің 1935 жылы “Колхоз-совхоз театрларын құру туралы” қабылданған арнайы қаулысынан кейін 30-жылдардың 2-жартысынан бастап көркемөнерпаздар үйірмелері негізінде пайда болған ауданда және ұжымшар, кеңшар театрлары кең қанат жайды. 1937 жылы ұйымдасқанына он жыл толуына байланысты Қазақтың мемлекеттік драма театры академиялық театр деген құрметті атаққа ие болды. Облысы қазақ драма театрлары 1937 жылдан арнаулы сахналық білімі бар жас кадрлармен толықтырыла бастады. Қазақ театр ұжымдарының 2-дүниежүзілік соғыс кезеңінде бірқатар әскери-патриоттық тақырыптағы пьесаларды сахнаға шығарды. Майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға келген Ю.А. Завадский, В.П. Марецкая, Н.Д. Мордвинов, Н.И. Сац, Н.М. Ужвий, Г.П. Юра, т.б. көрнекті театр қайраткерлерімен қазақ өнер шеберлерінің өзара шығармашылық қызметі сахналық шеберліктің кемелденіп өсуіне, жалпы рухани мәдениеттің дамуына игі ықпал етті. Режисер-педагогтар О.И. Пыжова мен Б.В. Бибиковтың бірлесіп қойған Шекспирдің “Асауға тұсау” спектаклі (1943, Петруччио – Ш.Айманов, Катарина – Х.Бөкеева) Қазақ драма театрының ең таңдаулы қойылымына айналып, ол актерлер үшін баға жетпес сахналық шыңдалу мектебі болды. Соғыс жылдары Жамбыл, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарағанды, Павлодар облысы және 11 ұжымшар-кеңшар театрлары жергілікті көрермендерге белсенді мәдени қызмет көрсетті. 1944 жылы Алматы қаласында Балалар мен жасөспірімдер театры ашылды. Оның алғашқы ұйымдастырушылары режисер Сац пен драматург В.С. Розов болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары республика театрлары халқымыздың бейбіт құрылыстағы еңбегін көрсетуді басты мақсат етіп қойды. Осы кезеңде Қазақ драма театрымен қатар қазіргі Атырауда, Таразда, Қарағандыда, Семейде және Шымкент қалаларында облыстық драма театрлары жұмыс істеді. 1955 жылы Еңбекшіқазақ пен Қаратал ұжымшар-кеңшар театрларының негізінде Талдықорған облыстық драма театры ұйымдасты. 50-жылдары театр сахналарында ұлттық тарихи-фольклорлық драматургия бойынша спектакльдер қою ісі қайта жалғастырылып, біршама жандана түсті. Осыған орай Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісі” (1952), С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” (1955, екеуінің де режисер М.И. Гольдблат) және Ә.Тәжібаевтың “Майрасы” (1957, режисер А.Тоқпанов) секілді тарихи-ғұмырнамалық тақырыпта жазылған жаңа пьесалар қойылды. Әуезов романының желісімен “Абай” спектаклі (инсценировкасын жасағандар Айманов пен Л.С. Штейн, 1949) сахнаға шығарылды. 1957 – 58 жылы Алматы қаласында “Театр көктемі” деген атпен облыстық театрлардың алғашқы байқауы өткізілді. Байқауда Гурьев (қазіргі Атырау), Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) және Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облыстық драма театрлары жүлдегер атанды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1958 жылы Мәскеуде өткен онкүндігінде Айманов, Қ.Қуанышбаев, В.Б. Харламова КСРО халық артисі, сондай-ақ Ш.Жандарбекова мен С.Майқанова ҚазКСР-інің халық артисі деген құрметті атаққа ие болды, ал Бөкеева, Е.Я. Диордиев, С.Қожамқұлов пен Е.Өмірзақов Ленин орденімен марапатталды. 60-жылдардағы республика театр өмірі тақырыптық бағыт-бағдары мен сахналық жанрының әр алуандығымен ерекшеленді. Бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне арналған төл пьесалар қою ісі одан әрі жалғасын табумен қатар шет ел драматургиясының туындылары да сахнада кеңінен қойылды. 1970 – 80 жылы республика театрларында осы заман тақырыбына арналған Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесуі” мен “Махаббат мұңы”, О.Бөкеевтің “Құлыным, менің”, Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұждан”, Н.Оразалиннің “Шырақ жанған түн” пьесалары бойынша спектакльдер қойылды.Осы жылдардағы көркемдік деңгейі жоғары, елеулі сахналық туындылардың бірі – Ә.Нұрпейісовтің трилогиясы негізінде қойылған “Қан мен тер” спектаклі (1973) болды. Ол – қазан төңкерісі қарсаңында қазақ даласындағы әлеум. жағдайдың диалектикасын сахналық көркем тілмен шынайы бейнеледі. Спектакль 1974 жылы КСРО Мемл. сыйлығына (режисер Мәмбетов, суретші А.С. Кривошеин жөне актерлер А.Әшімов, Ф.Шәріпова мен Ы.Ноғайбаев) ие болды. 1980 – 90 жылы Қазақ театрының режиссерлері республикадағы орыс драма театрлары сахнасында бірқатар спектакльдерді қойды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтындағы театр мен кино өнері бөлімі ұлттық театр өнерінің тарихын һәм оның өзекті мәселелерін зерттеумен айналысады. Арнайы білім алған маман театртанушылар: Б.Құндақбаев, Қ.Мұхамеджанов, Л.И. Богатенкова, С.Д. Қабдиева, К.Ә. Нұрпейісов, У.К. Садықова, Ә.Т. Сығай, Н.Н. Шәукенбаева, Л.М. Громова, М.В. Иовлева, И.Ф. Ким Қазақстан театр өнерінің мәселелерін зерттеумен айналысты. 1962 жылы Алматы қаласында ерікті шығармашылық ұйым – Қазақ театр қоғамы (қазіргі ҚР Театр қайраткерлерінің одағы) ұйымдастырылды. Қазақ театыр өнері саласындағы таңдаулы туындыларға Күләш Байсейітова атынд. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы (1966 жылдан жыл сайын, ал 1971 жылдан бастап екі жылда бір рет) беріледі. 1980 жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында әміршіл-әкімшіл жүйенің көбесі сөгіле бастауы, ашық демократиялық қоғамның орнауы мен цензуралық қысымның жойылуы, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі нәтижесінде республика театрларының шығармашылық өміріне жаңа леп әкелді, театрлар ұжымдарының алдына соны міндеттер қойды. Театрлар жаңа қоғамдық өмір мен әлеуметтік көзқарас және мақсат-мұратқа сай репертуарлық қорын тың туындылармен кеңейтті. Ұлт өмірінің тарихи белестерін жаңаша бағамдау мәселесі қазақ қаламгерлерінің драмалық шығармаларынан басты орын алып, ол Б.Әбілдаевтың “Айша бибі” (1986, режисер Ә.Құлданов пен М.Бекхожин, Жамбыл облысы драма театры), Ш.Мұртазаның “Сталинге хат” (1988, режисер Р.Сейтметов, Қазақ жастар мен балалар театры; 1989, режисер Б.Омаров, Талдықорған драма театры), О.Бодықовтың “Қорқыт” (режисер Ш.Зұлқашев),Б.Қорқытовтың “Ақбөбек” (екеуі де 1988, режисер А.Сұлтанғалиев, Атырау облысттық драма театры), Әуезовтің “Түнгі сарыны” (1989, режисер Асылхан) мен “Хан Кене” (1992, режисер Қ.Жетпісбаев, екеуі де Талдықорған драма театрында), Н.Әбутәлиевтің “Өттің дүние” (1992, режисер Ә.С. Рақымов), Иран-Ғайыптың “Шыңғыс хан” (1994, режисер Б.Атабаев), М.Байсеркеұлының “Абылайханның ақырғы күндері” (1996, режисер Байсеркеұлы), Оразалиннің “Қилы кезең” (Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, режисер Рақымов), Ә.Кекілбаевтың “Абылай хан” (1998, режисер Атабаев, бәрі де Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында), М.Байғұтов пен Ш.Орынбаевтың “Қарлығаш әулие – Төле би” (1993, режисер Құлданов, Шымкент облыстық драма театры), К.Н. Жұмабековтің “Қаз дауысты Қазыбек” (режисер Ә.Оразбеков, Қарағанды облыстық драма театры), О.Дастановтың “Әзірет сұлтан” (екеуі де 1998, режисер Мәмбетов, Қазақ жастар мен балалар театры), т.б. спектакльдерде өзінің көркем сахналық шешімін тапты.20 ғасырдың 90-жылдары Ақмола, Павлодар, Арқалық, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Жезқазған, Атырау, Түркістан қ-ларында жаңадан қазақ театрлары ұйымдастырылды. 1975 жылы Республикада орыс драма театры академиясы театр атағын алды.1976 жылы ұлттық театрдың негізін салушылардың бірі Қожамқұлов Социалисттік Еңбек Ері атанды, ал режисер Мәмбетовке КСРО халық арт. (2000), Халық қаһарманы атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылған (2000). Идеялық-көркемдік жағынан уақыт талабына сай сапалы репертуары бар, халыққа жүйелі түрде мәдени қызмет көрсетіп отыратын үздік ұжымдарға (1959 жылдан) халық театры атағы берілді. 1985 жылы Қазақстандағы әуесқой ұжымдардың жалпы саны 20 191 жетті, оның 184-і кезінде халық театры атағына ие болды. Қалың көпшілікке танымал халық театрлары қатарында Абай (бұрынғы Семей облысы), Таран (Қостанай облысы), Шаян халық театры (Оңтүстік Қазақстан облысы) болды. Қазақстанда кәсіби 35 театр, оның ішінде 9 қазақ драма театры – Ақтөбеде (1993), Алматыда (1926), Атырауда (1938), Тараз бен Қарағандыда (1936), Қызылордада 1960), Оралда (1991), Талдықорғанда (1975), Шымкентте (1934); 6 қазақ музыкалы драма театры – Арқалықта (1972 жылдан, 1988 жылы Жезқазғанға қоныс аударды), Жетісайда (1969), Көкшетауда (1995), Павлодарда (1990), Семейде (1934), Түркістанда (2002); 2 Балалар мен жас өспірімдер театры (1947 жылдан қазақ, ал 1945 жылдан орыс театры); Неміс драма театры (1980, Теміртау, қазір Алматы қаласында); 3 музыкалы комедия театры – орыс (1973, Қарағанды), ұйғыр (1934, Алматы) және корей (1968, Алматы); 5 қуыршақ театры – Алматыда (1935, қазақ және орыс труппалары), Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981) және Шымкентте (1983) жұмыс істеді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Қазақтың Халық Музыка Аспаптары Мұражайы – мәдени мекеме. 1981 жылы ашылып, 1990 жылы Ықылас Дүкенұлы есімі берілген. Мұражай ғимараты 1903 жылы археолог А.П.Зенковтың жобасы бойынша салынған сәулет өнерінің ескерткіші. Онда 9 көрме залы, әкім., шаруашылық және қызмет бөлмелері бар. Қазақ халқының музыкалық фольклоры туралы, музыка аспаптарының тарихы, аспаптық музыка өнерінің қазіргі жағдайы жайлы мол мағлұмат беретін мұражайдың құрылу, қалыптасу және даму тарихы белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлері, академик-ғалымдар – Ә.Марғұлан, А.Машани, О.Хаймолдин, Б.Сарыбаев, т.б. есімдерімен тығыз байланысты. Мұражайға көне түркі дәуіріне жататын “Бақсы тас”, ішінде тас моншақтары бар уілдекті “дүңгіршек”, көне қыпшақ дәуіріндегі үрлемелі “саз сырнай”, Оңтүстік Қазақстан өңірінен табылған “Күйші” аталатын тас мүсін, көне Ақтөбе орнынан табылған ысқырық аспабы, т.б. қойылған. Сондай-ақ, мұнда қос ішекті, қуыс мойын, кең шанақты, екі жақты деп аталатын домбыра түрлері, нарқобыз, қылқобыз, жезқобыз, сазген, шертер, дұдыға, тоқылдақ, тұяқтас, шартылдауық, сақпан, сырнай, шаңқобыз, жетіген, желбуаз, шыңдауыл, т.б. сирек кездесетін музыка аспаптары жинақталған. 18 ғасырда өмір сүрген бақсы-жырау Жарастың көне нарқобызы, Абайдың үш ішекті домбырасы, Мұрын, Дина, Әбікен, Біржан сал, Махамбет, Жамбылдың домбыралары, аспапшы-шебер Қ.Қасымұлының қобызы, т.б. тарихи мұралар бар. Мұражайда ұлттық аспаптармен қоса, түркі тектес халықтар мен шет ел халықтарының үш жүзден аса музыкалық аспаптары қойылған тұрақты көрме залы жұмыс істейді. Бұл коллекцияларды жинап, сақтау, зерттеу және насихаттау ісімен ғылыми-қор, ғылыми-зертхана және ғылыми-насихат бөлімдері айналысады. Тарихи мұралар Югославияда (1982), Делиде (1984), Мәскеуде (1985), Алжирда (1987), Францияда (1988), АҚШ-та (1989), т.б. елдерде өткен халықар. жәрмеңкелердің мәдени шараларына арналған көрмелерінде көрсетілді. Бұл істе мұражай қызметкерлерінің күшімен құрылған “Сазген” көне аспаптар ансамблінің рөлі зор. ## Дереккөздер
Қазақ тарихы - Қазақ халқының төл тарихына арналған ғылыми-әдістемелік, педагогикалық басылым ретінде 1993 жылы шілдеден “Қазақстан мектебі” журналына қосымша ретінде шыға бастады. Басылым алғашқы санынан бастап “Ата қазақтың арғы тарихы” бөлімін ашып, қазақтың арғы-бергі тарихын, оның атауының шығу тегін, жазу-сызуының пайда болған уақытына қатысты материалдарды жүйелі жариялап келеді. “Отан қорғаудағы ұлы шайқастар” бөлімінде жоңғар-қазақ шайқастары, Шыңғыс хан басқыншылығының қыр-сыры баяндалса, “Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер” бөлімінде отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдері, оның көріністері, жетекшілері жөнінде мағлұматтар берілді. “Қазақ халқы қазан төңкерісінен кейін” бөлімінде ұлтымыздың Кеңес империясы тұсындағы саяси өмір тынысы, экономикасы, мәдениеті көрініс тапты. “Оқу-ағарту ісі, оқулық және оқу құралдары” бөлімінде орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қазақ тарихын оқыту тұжырымдамалары, әдіс-тәсілі, оқулықтары талқыланды. “Қазіргі заман: тарих және қоғам” бөлімінде қазақ халқының тәуелсіздігі, саяси, экономикалық жаңаша бітім-пішіні көрсетілді. Кезеңді өзгерістер, қоғамдық даму барысында журнал “Тарих және тарихи тұлғалар”, “Сәулет өнері, кесенелер”, “Қазақ қалаларының тарихы”, “Шет ел ғалымдары қазақтар туралы” сияқты жаңа айдарлар ашты. Қазақ тарихына қатысты Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкерім, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан пікірлерімен таныстырды. Журнал 2003 жылы дербес басылымға айналды. ## Дереккөздер
Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері — қазақ тіліндегі сөздердің жазылу нормаларын белгілейтін лұғаттық құралдар. Тұңғыш Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері 1941 жылы қазақ жазуының орыс графикасына көшуіне байланысты бекітілген емле ережелеріне негізделген. 1948 жылы М.Балақаев мектеп оқушыларына арналған “Емле сөздігін” құрастырды.1960 жылы Р.Сыздықованың құрастыруымен баспа қызметкерлері мен мектеп мұғалімдеріне арналған қазақ тілінің емле ережелері – тұңғыш орфографиялық анықтағыш жарық көрді.1974 жылы ол толықтырылып, қайта шығарылды. Бұлардың екеуі де Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы 1957 жылы 5 маусымда бекіткен “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерін” басшылыққа алған. Бұл сөздіктерде біріккен сөздердің, күрделі атаулардың жазылуын реттейтін, кісі есімдері емлесіндегі жаңа өзгерістерді көрсететін ережелер айқындалып, қазақ тілінің емле және тыныс белгілерінің ережелері толықтырылған. “Анықтағыштың” төртінші басылымы (2000) үшінші басылым – “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіндегі” кейбір күрделі сөздер мен кірме сөздердің жазылуын тілдегі жаңа ережелерге сәйкес өзгертіліп берілген. Бұрын бөлек жазылатын өсімдіктер мен жануарлардың күрделі атаулары мен күрделі сөздер қосылып жазылды және орыс тілінен еніп, тілде кең қолданыс тапқан сөздер қазақша мағынасында берілді. Сондай-ақ, бұл “Анықтағышта” сөз тіркестері жеке сөзтізбе түрінде ұсынылған. Осыған байланысты сөздік материалы едәуір толықтырылған. Мектеп оқушыларына арналған “Емлесі қиын сөздер” (2000 жылы) атты орфографиялық сөздікте мектепте өтілетін пәндерге қатысты жалпы сипаттағы атаулар мен жаңа сөздердің емлесі қамтылған. Мұнан өзге қазақ лексикографиясында сөздердің кейбір топтарының орфограммасына арналған сөздіктер де жасалды (Т.Жәркешова. “Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі”). ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Қазақ тілі мен әдебиеті – ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журнал. 1958 жылдың наурыз айынан 1959 жылғы қарашаға дейін шығып тұрған. Алғашқы бас редакторы Т.Ақшолақов. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы қайтадан шыға бастады. Журналдың * “Көкейтесті көзқарас”, * “Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс”, * “Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс”, * “Оқулыққа қосымша”, * “Жас маманға жәрдем”, * “Тіл тарихы мен теориясы”, * “Әдебиет тарихы мен теориясы”, * “Өнеге сағаты”, * “Сабақтан тыс тәрбие”, * “Оңаша ой отауы”, * “Ұлттық тәлім-тәрбие: рухани уыз”, * “Лингвистикалық көмек: сөз төркіні”, * “Ел қазынасы – ескі сөз”, т.б. тұрақты айдарлары қалыптасқан. ҚР Білім министрлігінің алқасының 1993 жылы 20 желтоқсандағы шешімі негізінде 1994 жылы шілдеде журналдың ғылыми тәлім-тәрбиелік “Ұлағат” қосымшасы жарыққа шыға бастады. Бұл тек Қазақстан емес, Орталық Азия республикалары бойынша ғылыми-психологиялық және педагоикалық мәселелерге арналған тұңғыш басылым. 2001 жылы басында, журналдан орыс мектептеріне арналған республикалық ғылыми-педагогикалық “Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде – Казахский язык и литература в русской школе” журналы бөлініп шықты. ## Дереккөздер
“ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ” – тұқымдық, спорттық, міністік және жегуге арналған (көліктік) асыл тұқымды жылқылар өсіретін зауыт. 1888 жылы “Қостанай зауыттық ат қорасы” деген атпен Қостанай қаласында ұйымдастырылған. 1921 жылы Қостанай жылқы з-ты болып өзгертілді, ал 2000 жылы 10 қаңтарда “Қазақ тұлпары” республикадағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. “Қазақ тұлпары” жылқы зауыты спорттық жылқы шаруашылығы бойынша республикалық селекциялық-генетологиялық орталығы. Зауыттың негізгі міндеті – Қостанай тұқымын сақтап, селекциялық жұмыстар жүргізіп, жылқының таза қанды жаңа – “Қазақ тұлпары” жылқы тұқымын шығару. 1951 жылы мұнда Қостанай жылқысы шығарылған. Қостанай жылқысы тұқымын жетілдіру барысында аталық іздері және аналық ұяларымен жұмыс істеуге үлкен мән беріледі. Осы тұқымның салт мініс пен ауыр жұмыстарға мықты, жүріске берік, ұшқырлық және төзімділік қасиеттерін жақсарту мақсатында Қостанай биесін (Нарта) Нальчик атты айғырмен будандастырып, 1974 жылы Неон деп аталған жылқы шығарылды. Бұл – республикалық ат жарысында бірнеше жүлделерге ие болған жоғары класты айғыр. Одан атақты жылқылар – Настил, Нагар, Набой, Набег, Фанфара, 13 классик. жүлделердің жеңімпазы Фортуна, бәйге жеңімпаздары Нагрев (аталық айғырлар: Наигрыш, Норд) туды. Қазір Қостанай жылқысы тұқымы 3 тұрпатқа бөлінеді: негізгі, міністік және далалық тұқымдар. 1) Негізгі тұқымдар – жегуге арналған асыл тұқымды жылқылар. Денесі шомбал, мықты, бітімі ұзындау. Бұлар үйірлеп жайылуға бейім. Зауыттағы жылқылардың 30%-ын осы тұқым құрайды. 2) Міністік тұқымдар – жұмысқа, суыққа төзімді, күшті, салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы жылқылар. Бұлардың шоқтығының биіктігі денесінің бітімімен тең болады. Тебіндеп жайылуға жіберілмейді, қорада, үйдің маңында ұсталады. Бұл жылқыларда таза қанды мініс тұқымының белгілері айқын байқалады. Зауыттағы жылқылардың басым көпшілігі (70%-ға жуығы) осы тұқымға жатады. 3) Далалық тұқымдары – далада, жайылымда тебіндеп, өсіп-жетілетін жылқылар. Бұлардың денесі онша ірі емес, шомбал келеді. Биелері сүтті болады және құлындары жақсы өседі. Бұларда жегуге арналған жылқылардың белгілері айқын байқалады. Жылқыларды баптауды жақсарту үшін зауытта қосымша жаттығу бөлімдері ұйымдастырылған. Ұлттық ат спорты ойындарын дамыту мақсатында ұлттық ойындар (көкпар, қыз қуу, бәйге, аламан бәйге, т.б.) жарыстары өткізіліп тұрады. Ат жаратудың технологиялық процесін жетілдіру үшін әр түрлі аймақтық бәйге мектептерінің озық тәжірибелері енгізіліп отырады. Зауыт соңғы 10 жылда Ресей жылқы шаруашылықтарына 227 асыл тұқымды қостанай жылқыларын сатты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОЭПИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРІ – қазақ тіліндегі сөздердің ұлт тілінің нормаларына сай айтылуын, әдеби тілдің ауызша ережелерін белгілейтін лұғаттық құралдар. Алғаш рет 1977 жылы жарық көрген (құрастырған Қ.Неталиева). Сөздікте емле ережесі бойынша жазылған 15 мыңға жуық сөз бен сөз тіркестерінің орфоэпиялық нормаға сәйкес айтылу үлгілері берілген, қазақ орфоэпиясының тілдік негізі болып табылатын үндестік заңы, дауыссыздардың үндесімі тәрізді сөздердің дұрыс айтылу заңдылықтары көрсетілген. М.Дүйсебаеваның авторлығымен жарық көрген мектеп оқушыларына арналған “Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігінде” (1981) негізгі орфоэпиялық норманы белгілейтін тілдік заңдылықтармен қатар сөз ішіндегі түбір мен қосымша және қосымша мен қосымша жігіндегі, сөз тіркесі құрамындағы сөз бен сөз жігіндегі дыбыстардың өзара әсерінен болған айтылу үлгілері де көрсетілген. С.Мырзабековтің авторлығымен жасалған “Қазақ тілінің айтылым сөздігінде” (2001) қазақ орфоэпиясының негізгі қағидасы – үндестік заңын бір ізді сақтай отырып, оның еріндік түріне баса мән берілген. Ә.Жүнісбектің редакторлығымен дайындалған (құрастырушылары Ж.Исаева, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова) “Қазақ тілінің үлкен орфоэпиялық сөздігінде” (2000 жылы) 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркестерінің орфоэпиялық нормаға сәйкес айтылу үлгілері көрсетілген, сондай-ақ, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы буын үндестігі мен қазақ сөзі просодиясының (буындардың созылмалылығымен екпін қойылуы) ерекшеліктеріне негізделіп алынған. Аталған сөздікте жаңа сөз қолданыстар мен сөз тіркестерінің айтылу үлгілері мол қамтылған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі — қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-граммататикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді. Сөздік екі рет жарық көрген: 1) екі томдық түсіндірме сөздік (1959 – 61, жалпы редакциясын басқарған – академик Ісмет Кеңесбаев). Мұнда 18135 сөз, 3371 фразеологиялық тіркес қамтылған; 2) он томдық академиялық сөздік (1974 – 86, жалпы редакциясын басқарған – А. Ысқақов). Мұнда 66 мың 994 атау сөз, 24 мың 508 фраезологиялық тіркес қамтылған, барлығы 91 мың 502 лексикалық бірлік алынып, оларға 103 мың 708 мағыналық сипаттама берілген. Сөздердің қазақ тілінің бүгінгі қолданысында бар екендігін дәлелдеу үшін 1089 автордың 2597 кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17 оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен – барлығы 2827 жазба нұсқадан жалпы саны 250 мыңға жуық мысал-үзінділер келтірілген. Сөздерді дұрыс таңдау, оларды орфография бойынша дұрыс жазу, әрбір атау сөздің қай тілден ауысқандығын, қай сөз табына қатысты екендігін, қай стилдік тармаққа жататындығын білдіру барысында түрлі лексикогр. шартты белгілер қою және мағыналары мен мағыналық реңктерін дәл ашып, айқын түсінік беру арқылы орындалғандықтан, Қазақ тілі түсндірме сөздігі сөздерді дұрыс қолданудың анықтамалығы ретінде де маңызды рөл атқарады. 15 томдық «Қазақ әдеби тілі сөздігі» Қазақстанның тарихында алғаш рет шығарылып отыр. Бұған дейін 30 жыл бұрын қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі шыққанын ескерсек, сөздіктің еліміздің мәдени-рухани өміріндегі маңыздылығы айрықша. Сөздікте барлығы 150 156 лексикалық бірлік қамтылып, лексикографиялық саралаудың барысында 166 мыңнан астам сөздің мағынасы ашып көрсетілген. Мұнда жұртшылықтың бәріне бірдей жалпы қолданыстағы зат, құбылыс, оқиға атаулары, адамның әр алуан сезім күйлерін бейнелейтін сөздер, субъективті мәнді бағалауыштар, т.б. әдеби тіл аясындағы лексика-фразеологиялық бірліктер сөзтізбеде қамтылып, жалпыхалықтық тілде қолданыла бермейтін термин сөздер, кәсіби сөздер, жергілікті сөздер тобы сараланып, іріктеліп алынған. Сонымен қатар медицина, қаржы, нарық экономикасы, құқықтану салалардың терминдері де енгізілген. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Сөздік мысалы Мұрағатталған 19 мамырдың 2021 жылы.
Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты — алғашқы ғылыми мекемелердің бірі. 1933 жылы 10 қарашада ҚазОАК-нің Ғылыми комитеті жанында құрылған. Бастапқыда институттың құрамына Қазақтың орталық мұрағаты, өлкелік мұражай, мемлекеттік кітапхана, өлкетану бюросы, педагогикалық зертханалық инстиуты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері біріктірілді. Инситутта тарихи-археологиялық, әдебиет және фольклор, тіл қатынастарын зерттеу, бейнелеу өнері және музыкалық-театр – хореографиялық секторлары жұмыс істеді. Институт тарихшылары Жетісудың археологиялық ескерткіштерін зерттеп, Қазақстан тарихы бойынша деректерді жоспарлы түрде жинауға кірісті. 1934 – 1935 жылы институт ғалымдары қазақтың батырлар эпосының 100-ден астам нұсқасын, 230 ертегі, 4500 мақал-мәтел, т.б. халық шығармаларының үлгілерін жинап, баспаға әзірледі. Абайтану ісі қолға алынды. Арнаулы комиссия “Қазақ тілінің академиялық сөздігін” жасаумен шұғылданды. Бейнелеу секторы қазақтың 300-ден астам ұлттық өрнектерінің түрлерін жинап, зерттеуге кірісті. 1935 жылы 15 қыркүйекте институтқа Қазақстанның Ұлттық көркемсурет галереясын ұйымдастыру жұмысы жүктелді. Осы жылдары институтта “Еңбектер”, “Қазақстанның өткендегі тарихы туралы деректер мен материалдар”, бірнеше әдеби жинақтар жарық көрді. Институттың ғылыми жұмысын ұйымдастыруға С.Меңдешев, Т.Жүргенов, С.Аспандияров, С.Сейфуллин белсене араласты. 1936 жылы 25 тамызда КСРО ҒА Қазақстандық базасының тарих, қазақ тілі мен әдебиеті секторларына айналдырылды. Ұлттық мәдениет институты мен осы секторлардың негізінде кейін тіл және әдебиет институты (1942) (бүгінгі Ұлттық ғылым академиясының А.Байтұрсынов атындағы тіл тану және М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институттары), тарих, археология және этнография институты (1945) (бүгінгі Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнологиялық, Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттары) құрылды. ## Дереккөздер
Қазақтың оңтүстік мериносы – жүн, ет өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. Еліміздің оңтүстік өңірлерінің шөл, шөлейт және таулы аймақтарының құбылмалы табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. ## Пайда болуы 1932 – 1966 жылы жергілікті қылшық жүнді құйрықты қойларды кавказ, алтай, ставрополь, грозный және кеңес мериносы қой тұқымдарымен күрделі будандастыру нәтижесінде Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты шығарды. Кейінгі кезде жүн өнімділігінің сапасы мен түсімін арттыру мақсатында алынған қой тұқымы австралия мериностарымен кіріспе будандастырылды. ## Биологиялық сипаттамасы Қошқары 80 – 110 кг, саулығы 50 – 55 кг тартады, олардан тиісінше 5 – 6 кг және 2,5 – 3,5 кг таза жүн қырқылады. Жүнінің жіңішкелігі 64-сапаға жатады, ұзындығы 8 – 10 см. Қой тұқымы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, ал асыл тұқымды мал басы “Мерке”, “Ақбұлақ”, “Күйік” шаруашылықтарында өсіріледі. Қазақтың оңтүстік мерион асылдандыру жұмыстарымен Қазақ қой шаруащылық технологиясы ғылыми-зертхана институтының ғалымдары айналысады. ## Дереккөздер
Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің “Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикогр. жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е. Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891; “Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизский словарь”‚ 1913; Н.И. Ильминский “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия”‚ 1861, т.б.). Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 — 29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 — 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. ## Салалары Әліппе мен емле19 ғ-дың 2-жартысында Ыбырай Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонол. ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қазақ тіл білімінің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, “Еңбекші қазақ”, “Жаңа мектеп”, т.б. басылым беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды. ГрамматикаБайтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары Қ. т. б-нің грамматика саласының қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізуге тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика саласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды. Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды. ## Лексикология және лексикография Оқулық жазу ісімен бірге осы ғылым салалары бойынша атауларды қалыптастыру қатар жүрді. Мәселен, Байтұрсынов тілге қатысты зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, есімше, көсемше, т.б. атауларды қазақ тілінің өз байлығын пайдалана отырып ойластырды. Сол сиқты жаратылыстану және гуманитарлық сала бойынша оқулықтар жазған ғалымдар салалық атауларды қалыптастырып, бір атаудың бірнеше баламасы болуына байланысты оларды бір жүйеге түсіруге, тұрақтандыруға ерекше мән берді. Бүл кезеңдегі сөздіктердің дені уақыт талабына сәйкес атаулық сөздіктер болғанымен, түсіндірме сөздіктің де, фразеол. сөздіктің де, диалектол. сөздіктің де жүгін арқалады. Тіл тарихы және диалектология жеке ғылым ретінде қалыптаса қоймаса да, жекелеген мақалаларда тіл тарихы, диалектология мәселелері сөз болды. Мыс., Аймауытовтың “Тіл туралы” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 9 наурыз), “Әдебиет тілі мен емле” (“Еңбекші қазақ”, 1929, 12 мамыр), Кемеңгеровтың “Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 24 қараша), “Дұрыс па? Бұрыс па?” (“Еңбекші қазақ” 1926‚ 10 қараша), т.б. мақалаларында жергілікті тіл ерекшеліктері, кейбір сөздердің этимологиясы сөз болды. Сонымен қатар Қ. т. б-нің өзекті мәселелеріне қатысты съезд, конференциялар ұйымдастырылды. Мысалы, 1924 ж. 12 — 18 маусымда Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінің күн тәртібінде жазу ережелері, әліппе, қазақша пән атаулары мәселелері сөз болса, 1927 ж. 28 — 29 сәуірде Ташкентте өткен бас қосуда жазу‚ әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал 1929 ж. 2 — 4 маусымда Қызылордада өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда емле, атау мәселесі қаралды. 1934 ж. Қазақтың ұлт мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының құрылуына байланысты қазақ тілін зерттеу мәселесі жүйелі жүргізіле бастады. 1936 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы бөлімшесі құрылып, шағын сөздіктер, лингвистикалық жинақтар шығарылып, ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді, орфография‚ терминология мәселелері сөз болды. Осы жылдары орта мектеп пен педучилищелерге арналған грамматикалық ғылыми еңбектер, сөздіктер басылып шықты. 1946 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы, оның құрамында Тіл мен әдебиет институтының ұйымдастырылуы, 1961 ж-дан Тіл білімі ин-тының бөлініп шығуы — Қ. т. б-нің көптеген мәселелерін шешуге, ғыл.-зерттеу жұмыстарының жан-жақты жүргізілуіне, мамандардың көптеп даярлануына жағдай туғызды. 1960 — 70 жылдар аралығында. Қ. т. б-нің кенжелеп қалған салалары бойынша көптеген монографиялар жазылды. Фонетика мәселелерін салыстырмалы түрде зерттеу, ғыл., көркем әдебиет, мерзімді баспасөз тілдерінің, әдеби тіл тарихының, тіл мәдениеті, орыс тілі мен қазақ тілін салыстыра қарастыру мәселелері, т.б. қолға алынды. ## Фонетика‚ емле 1930-жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды. Жұбановтың еңбектерінде тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру заңыдылығы, сөздердің буын құрылысы қарастырылды, араб графикасын латын жазуына ауыстыруға байланысты “Еңбекші қазақ” газетінде бас әріпті алу мәселелері көп талас тудырды. Жазу ауыстыруға орай әріп таңдау, қазақтың төл дыбыстарына әріп белгілеу төңірегінде баспасөз бетінде көптеген пікірталастар болды. Әсіресе, басқа тілдерден енген сөздерді жазу ерекше талас тудырды. Дұрыс айту ережелеріне ерекше мән беріліп, қазақ тілінің орфогр. сөздігі бірнеше рет жарық көрді. ## Грамматика 1930 — 40 жылдардан бастап сөз таптары мен олардың жекелеген категориялары туралы арнайы еңбектер жарық көре бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде сөзжасам жеке сала ретінде қарастырылған болса‚ ұлт зиялылары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 30-жылдары сөзжасам әр сөз табына қатысты‚ морфология шеңберінде сөз болды. 1940 жылдан бастап синтаксистің жекелеген мәселелері моногр. тұрғыдан зерттелді. Қазақ тіліндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің түрлері анықталды, жақсыз сөйлемнің, құрмалас сөйлемдердің сыр-сипаты ашылып, ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі туралы едәуір мәлімет берілді. Қазақ тілінің ғыл. курсы 1954 ж. “Қазіргі қазақ тілі” деген атпен жарық көрді. 1962 ж. фонетика мен морфология тарауларынан құралған “Қазіргі қазақ тілі”‚ 1967 ж. морфология‚ синтаксис салаларын қамтыған “Қазақ тілінің грамматикасы” атты екі томдық басылып шықты. Ал 1980 жылдары сөзжасамның нысаны‚ өзіндік ерекшелігі анықталып‚ морфологиядан бөлек‚ дербес сала ретінде бөлініп шықты Сонымен қатар синтаксис саласы да едәуір дамыды. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің орын тәртібі зерттелді. ## Лексикология және лексикография 1950 жылдарға дейін лексикология жеке пән ретінде оқытылмай‚ негізінен мақала көлемінде ғана сөз болып келсе‚ Ғ.Мұсабаев тұңғыш рет лексиканың ғыл. курсын жазды. 1950 — 60 жылдардан бастап лексиканың түрлі топтарының (синоним, омоним, архаизм, историзм, кірме, біріккен сөздер, т.б.) ерекшеліктерін анықтау жөнінде зерттеулер жүргізіліп келеді. І.Кеңесбаев идиома мен фразеология мәселелерін зерттеп‚ “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін” жасап шықты (1977). “Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі”‚ “Абай тілі сөздігі”‚ синонимдер сөздігі‚ лингвист.‚ орфогр.‚ диалектол.‚ орфоэп.‚ кері алфавиттік, т.б. сөздіктер жарық көрді. Сонымен қатар орыс‚ араб-иран‚ моңғол және Бат. Еуропа тілдерінің қазақ тілімен қарым-қатынасын зерттеуге мол материал беретін бірнеше екі тілді сөздіктер басылып шықты ## Ономастика Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста ономастика мәселелері ішінара сөз болғанымен‚ көлемді еңбектер 1950 — 60 жылдардан бастап жазылды. 1960 ж. Тіл білімі институты жанынан ономастика бөлімі құрылып, топонимика, антропономика бойынша монографиялар жарық көрді. ## Терминология Бұл сала заман талабына сай түрлі кезеңдерді бастан кешті. Ұлт зиялылары қудаланғаннан кейін қазақ тілінде баламасы бола тұрса да, шет тілден енген сөздерді орыс тіліндегі қалпында қазақ тіліне қабылдай беру үрдіске айналды. Атауларды орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес жазу қазақ әліпбиіне е, ю, я, ъ, ь, ц, ч тәрізді әріптердің енуіне жол ашты. 1981 ж. Тіл білімі институтында Терминология және аударма теориясы бөлімінің ашылуына байланысты атаулардың жасалу жолдары‚ тәсілдері‚ принциптері, тарихы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Аударма теориясы бойынша бірқатар моногр. еңбектер жарық көрді.Тіл тарихы және диалектология. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста да әдеби тілдің кейбір белгілері, мақала көлемінде сөз болса, ендігі жерде монография көлемінде көптеген еңбектер жарық көрді: Мерзімді баспасөз тілінің әдеби тілді дамытудағы рөлі арнайы зерттелді. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар арнайы зерттеліп, олардың әдеби тілді дамытуға қосқан үлесі анықталды, 1920-30 жылдардағы әдеби тілдің жай-күйі, өзіндік ерекшеліктері, жартастағы жазулар, эпиграф. ескерткіштер қарастырылды. Қазақ диалектологиясы бойынша 1958 жылдан бастап “Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы” атты 7 жинақ шықты. Диалектол. атластар жасалды. Жергілікті ерекшеліктердің әдеби тілге қосар үлесі зерттеліп, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы өзіндік ерекшеліктер арнайы зерттелді. Жергілікті ерекшеліктерді зерттеп жүрген диалектологтар жиырмаға жуық моногр. еңбек жариялады. ## Тіл мәдениеті және стилистика Бұл саладағы іргелі зерттеулер 1960 жылдардан басталады. 1969 ж. Тіл білімі ин-ының жанынан Тіл мәдениеті бөлімі құрылғаннан кейін зерттеулер жүйелене түсті. Фольклор тілі, көркем әдебиет тілі 1970 жылдардан бастап зерттелді. Қ. т. б-нде кейінгі кездері тіл статистикасы, әлеум. лингвистика, психолингвистика‚ этнолингвистика, т.б жаңа салалар дамып келеді. Қ. т. б-нде жалпы тіл білімі, алтаистика, жалпы түркі тілдерінің қарым-қатынасы мәселелеріне байланысты бірқатар зерттеулер жүргізілді. 1991 жылдан кейінгі Қ. т. б-нің негізгі бағыттары: жалпыхалықтық тілдің, оның ішінде, әдеби тілдің тарихын жасау, Қазақстан аумағындағы түрлі ұлт тілдерінің өзара әсерін, қостілділік, көптілділік барысын зерттеу, жеке жазушылардың сөздігін жасау, қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазу, диалектол. атлас жасау, тілдің дыбыстық жүйесін тәжірибелік тұрғыда зерттеу, шет ел сөздерінің сөздігін жасау, әр түрлі ғылым салаларына байланысты толық атаулық. сөздіктер шығару, лексикография теориясындағы мәселелерді шешу, көркем әдебиет, фольклор тілін, тіл мәдениеті мен стилистика мәселелерін дамыту, қазақ тілінің дыбыс жүйесін синхрония және диахрония тұрғысынан құрылымдық, математ., лингвистик. әдістер арқылы жан-жақты зерттеу, т.б. ## Тағы қараңыз * Қазақ тілі * А.Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы * Қазақ графикасының тарихы * Қазақ жазуы * Қазақ әліпбиі
Халық аспаптар оркестрі, Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі – сахналық-концерттік ұжым. 1944 жылы Құрманғазы есімі берілді, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген ұжымы (1967), 1978 жылдан академиялық мәртебесі берілді. 1933 жылы Алматыдағы Музыкалық драма техникумы (қазіргі Алматы музыкалық колледжі) жанынан домбыра ансамблі ретінде А.Қ. Жұбанов ұйымдастырды. Оның құрамында 11 адам болды, ал музыкалық аспаптарынан тек альт-домбыралар пайдаланылып, халық күйлері мен әндері орындалды. 1934 жылы ансамбль халық өнерпаздарының Бүкілодақтық 1-слетіне қатысып, халықтың “Кеңес”, “Айжан қыз”, “Қарабас”, т.б. күйлері мен “Балқурай”, “Қарғаш”, т.б. әндерін орындады. Слеттен кейін ансамбль КазЦИК атындағы оркестр болып қайта құрылды. Слетке қатысқан домбырашылар Л.Мұхитов, Қ.Жантілеуов, О.Қабиғожин, Н.Бөкейханов, Ғ.Матов, қобызшы Ж.Қаламбаев оркестр құрамына алынды. Оркестрдің бас дирижері әрі көркемдік жетекші болып Жұбанов тағайындалды. Онда музыкалық аспаптарды дауысқа бөлу тәртібіне және олардың жаңа түрлерінің (тенор, пикколо, прима, бас, контрабас домбыралары, альт, бас, контрабас қобыздары, сырнай, дауылпаз, т.б.) жасалуына орыстың В.Андреев атындағы оркестрі негіз болды. Оркестр әр жылдарда жас маман кадрлармен толықтырылып отырды. 1987 жылы оның құрамында 90 адам болды. Оркестр репертуары 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімінде халық композиторлары Құрманғазының “Сарыарқа”, “Серпер”, “Адай”; Дәулеткерейдің “Құдаша”, “Қос алқа”; Динаның “Әсем қоңыр”, “Той бастар”; Тәттімбеттің “Сары жайлау”, “Сылқылдақ”; Сейтектің “16-жыл”; Қазанғаптың “Көкіл”; Түркештің “Көңіл ашар”, сондай-ақ, Дайрабайдың, т.б. күйлері; 2-бөлімінде ТМД елдері композиторлары С.С. Прокофьевтің “Классикалық симфониясы”, Д.Д. Шостаковичтің “Романсы”, А.И. Хачатурянның “Гаянэ” балетінен үзінділері, т.б., орыс және Батыс Еуропа композиторлары М.И. Глинканың “Камаринскаясы”, П.И. Чайковскийдің 4-симфониясының 2, 3-бөлімдері, А.К. Глазуновтың “Концерттік вальстері”, А.С. Аренскийдің “Фортепьяно мен оркестрге жазылған фантазиясы”, В.А. Моцарттың “Қысқа түнгі серенадасы”, Ж.Бизенің “Кармен” операсының увертюрасы, Сен Санстың “Рондо Каприччиозосы”, И.Брамстың “Венгер билері”, Дж. Россинидің“ Севиль шаштаразысы” операсының увертюрасы, т.б. шығармалары; 3-бөлімінде Жұбановтың “Қазақ маршы” мен “Абай” сюитасы, Е.Г. Брусиловскийдің “Думанда” мен “Желдірмесі”, С.Мұхамеджановтың “Шаттық Отаны” мен “Мерекелік увертюрасы”, Н.Тілендиевтің “Поэмасы”, М.Қойшыбаевтың “Кеңестік Қазақстан” мен “3 бөлімді симфониясы”, К.Күмісбековтің “Шалқымасы” мен “Вальсі”, М.Маңғытаевтың “Концерттік күйі”, т.б. қазақ композиторларының оркестрге арнап жазған музыкалық туындылары бар. Бұл шығармалар халықтың аспаптық музыкасын гармониялық және полифониялық дыбыс бояуымен, көп дауысты белгілерімен байыта түсті. Кезінде оркестрге Мұқан Төлебаев, Н.Тілендиев, А.Мырзабеков, Л.А. Хамиди, Қ.Мусин, Л.М. Шаргородский дирижерлік етті. 1950 жылдан оркестрдің көркемдік жағын Ш.С. Қажығалиев (1950 – 60; 1964 – 68 және 1971 жылдан) басқарып, бас дирижері болды. Оркестр 1953 жылы Бухарест қаласында өткен жастар мен студенттердің Бүкіл дүниежүзілік фестивалінің жеңімпазы атанып, алтын медальға ие болды. Қазан төңкерісінің 50- және 60-жылдығы мен КСРО-ның 50 жылдық мерекесіне, КОКП 26 – 27-съездері құрметіне арналған музыкалық ұжымдар байқауында 1-дәрежелі дипломды (1967, 1972, 1977, 1981, 1986) жеңіп алды. “Халықтар достығы” орденімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Гастрольдік сапармен ТМД елдерінің көптеген қалаларында, шет елдерде – Қытайда (1950, 1957), Румынияда (1953), Венгрияда (1969), Польшада (1973), Финляндияда (1971), т.б. елдерде болды. ## Дереккөздер
Қазақ халық ағарту институты – арнаулы орта оқу орны. 1919 жылы Орынбордаашылған. Алғашында Қырғыз Халық ағарту институты деп аталды. Институт қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлады. 1921 жылы 140 оқушы оқыды. Оқу жоспары бойынша институтта сабақ тек қазақ тілінде жүрді. Институт оқытушылары мен студенттері елде сауатсыздықты жою ісіне белсене араласты. 1925 жылы институт Қызылорда қаласына көшірілді. 1925–28 жылы Сәкен Сейфуллин осында сабақ берді, кейін ректоры болды. Тәжірибелі педагогтар, республикада ағарту жұмысын ұйымдастырушы қайраткерлер – С.Меңдешев, Т.Жүргенов, Қ.Жұбанов, М.Жолдыбаев, т.б. института дәріс берді. 1930-жылдары республикада педагок және мұғалімдер институттарының көбеюіне байланысты 1933 жылы 15 қазанда жабылды. ## Дереккөздер
Қазақ халқының 1000 Әні – музыкалық-этнографиялық жинақ. Оған енген халық мұраларын А.В.Затаевич 1920–1924 жылы аралығында жинап, нотаға түсірген. 1925 жылы 1-басылымы Орынбор, 1963 жылы 2-толықтырылған басылымы Мәскеу қалаларында (Музгиз) жарық көрген. Соңғысына Қазақстан ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары араласып, көптеген әндердің мәтіндерін қалпына келтірген. 1-басылымына А.Д.Кастальский мен Затаевич алғы сөз жазса, соңғысына Б.Г.Ерзаковичтің кіріспесі қосылған. Кітап соңына қосымшалар, көрсеткіштер, ән мәтіндері, олардың аудармалары, түсініктер берілген. Жинақта қазақтың халық әндерімен қатар Естай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, т.б. көптеген белгілі ақын-композиторлардың елге танымал әндері алғаш нотаға түсірілген. Жинақ тек қана ән үлгілерімен шектелмейді. Оған С.Сейфуллиннің орындауындағы «Тоқа», «Терісқақпай» күйлері, сондай-ақ «Ілме күй», «Боғда», «Қос алқа», «Мерген күй», «Ақсақ құлан», «Тепең көк», қобызға арналған «Ащы көл», «Қазақтың әскери маршы», «Итерме», «Сары бақсы», т.б. күйлер де енген. Қазақ ән-күйлерінің сарқылмас қазынасы саналатын «Қазақ халқының 1000 әні» – дүниежүзілік маңызы бар кітап. Онымен кезінде француз жазушысы әрі музыка зерттеушісі Р.Роллан, М.Горький, т.б. танысып, аса жоғары бағалаған. Н.Мясковский, С.Прокофьев, С.Василенко, М.Штейнберг, В.Власов, т.б. композиторлар ондағы әндерді өз шығармаларында пайдаланған. Барлығы 23 күй, 977 ән енген. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік хор капелласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хор капелласы – концерттік өнер ұжымы. Капелла Мемлекеттік филармонияның жанынан 1935 жылы құрылған. Алғашында Д.Д. Мацуцин басқарған аралас хор ретінде ұйымдастырылды. 1939 жылы хор үкімет қаулысымен Қазақ Мемлекет хор капелласы болып қайта құрылды. Қазақ хор өнерінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде капелланы Б.Лебедев, Б.Орлов, Б.Байқадамов, Г.Виноградов сынды музкалық мамандары басқарды. 1959 – 91 жылы капелланың көркемдік жетек. КСРО халық арт., профессор А.Молодов болды. Капелла Қазақстан композиторларының шығармаларын орындайды. Капелланың репертуарында әлем халықтарының 20 тілінде орындалатын шығармалар бар. КСРО өнер ұжымдары байқауларының лауреаты (1968, 1970). ҚазКСР-інің еңб. сің. ұжымы атағын алған (1967). Абай әндері капелланың аспап сүйемелінсіз айтылатын хорына лайықталып өңделді, ақын өлеңдеріне композиторлар: Д. Д. Мацуцин «Айттым сәлем, қалам қас» (1938), Л. А. Хамиди «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1939, 1968), Қ. Қожамияров «Сегіз аяқ» (1951), В. Г. Соколов «Көзімнің қарасы» (1953), С. Мұхамеджанов «Желсіз түнде жарық ай» (1972), «Жыл мезгілдері» (кантата, 1975), Ғ. Жұбанова «Татьяна әні» ораториясында (1982)жеке әнші мен хор симф. оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1974), «Татьянаның хаты» телефильміндегі жеке әнші мен хор орындайтын «Желсіз түнде жарық ай» (1976) әндерін жазды. Абай әндері мен оның өлеңдеріне жазылған муз. шығармалар X. к-ның репертуарынан тұрақты орын алып, Москва, Ленинград, Ереван, Ташкент, Киев, Минск, Грозный, Орджоникидзе, Одесса, Севастополь қ-лары сахналарында орындалды. ## Дереккөздер
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны. 1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді . Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді. Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше. ## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары ### Білім-тәрбие беру институттары О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты ### Факульттері Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары: * Агробиология және фитосанитария факультеті * Технология және биоресурстар факультеті * Ветеринария факультеті * Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті * Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті * Инженерлік факультеті Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады. ## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары ### Ғылыми-зерттеу институттары Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты ### Ғылыми орталықтары Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы ## Дереккөздер
Қазақ Энергетика Ғылыми-Зерттеу Институты, КСРО Ғылыми Академиясының Қазақ бөлімшесінің Энергетика секторы негізінде 1944 жылы Алматы қаласында құрылған. 1963 жылға дейін Қазақстан Ғылым Академиясының құрамында болды. 1963 жылдан КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігінің, ал 1991 жылдан Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық қорлар министрлігінің қарамағында. Институттың 6 ғылыми-зерттеу лабораториясы және бірегей 4 өндірістік базасы бар (энергетикалық жүйелер жұмысының сенімділігін арттыру жолдарын және СЭС агрегаттарының гидравликасын зерттеуге арналған тәжірибелік СЭС; метеорологиялық әсерлердің электр энергиясын тасымалдау желілеріне тигізетін әсерін зерттеуге арналған тәжірибелік полигон; қазандық құралымдарды және оттық құрылғылар мен энергетикалық технология агрегаттардың режимдік сипаттамаларын оңтайландыруды зерттеуге арналған ірілендірілген тәжірибелік база; СЭС агрегаттарын жетілдіру тәжірибелік базасы). Институттың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: Қазақстан энергетикасының отын-энергетика жүйелерінің дамуын болжау және оңтайландыру; сапасы төмен көмір жағып жұмыс істейтін Қазақстан электр станцияларының қазіргі және болашақтағы қазан агрегаттарының сенімділігі мен тиімділігін арттыру; қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғау тәсілдерін және энергеткалық қорларды барынша аз шығындайтын тиімділігі жоғары энергетикалық технология процестер жасау; республиканың энергетикалық су шаруашылық жүйелерін дамытуды, су электр станцияларының ғимараттары мен агрегаттарының сипаттамалары мен жұмыс режимдерін оңтайландыру. Институтта Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Ш.Ш.Шокин ұзақ жылдар бойы жұмыс жасаған; академик Б.Қ. Әлиаров пен Б.П.Устименко, т.б. жұмыс істеді. Институттың бес ғылыми жұмысы Қазақстан және КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленген. Институт жанынан «Қазақстанның энергетикасы және отын қорлары» атты ғылыми салалық журнал шығарылады; диссертациялық кеңес, аспирантура және докторантура жұмыс істейді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті — Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент). ## Тарихы 1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссариаты Алматы қаласында құрамында тау-кен және түсті металдар факультеттері бар Қазақ тау-кен металлургия институтын құру жөнінде қаулы қабылдады. ## Институттар * Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты * Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты * Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты * Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты * Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты * М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебі * Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты * Цифрлы технологиялар және кәсіптік даму институты * Әскери институт ## Білім беру бағдарламаларының тізімі * 6B07111 Робототехника және мехатроника * 6В05201 Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау * 6В07110 Химиялық және биохимиялық инженерия * 6В04101 Математикалық экономика және деректерді талдау * 6В06101 Математикалық экономика және деректерді талдау * 6В05205 ​​Химиялық және биохимиялық инженерия * 6В07501 Өнеркәсіптік машина жасау * 6В07207 Инженерлік физика және материалтану * 6B07304 Геокеңістіктік цифрлық инженерия * 6В07206 Өнеркәсіптік машина жасау * 6В05202 Гидрогеология және инженерлік геология * 6B02102 Дизайн * 6В07112 Электрондық және электрлік техника * 6В07104 Электрондық және электрлік техника * 6В07301 Сәулет және дизайн * 6В02101 Сәулет және дизайн * 6В07113 Робототехника және мехатроника * 6В07106 Инженерлік механика * 6В05101 Химиялық және биохимиялық инженерия * 6В07219 Түсті металдар металлургиясы * 6В05206 Инженерлік экология * 6В07217 Сирек және радиоактивті элементтер технологиясы * 6В07116 Негізгі өндіріс және жаңа материалдар технологиясы * 6B07307 Архитектура * 6В07130 Инженерлік механика және модельдеу * 6В07131 Машина жасаудағы дизайн және технология * 6В07105 Өнеркәсіптік машина жасау * 6В07220 Жаңа материалдарды өңдеуге арналған машиналар мен технологиялар * 6В07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) * 6В07203 Металлургия және минералды өңдеу * 6В07213 Пайдалы қазбаларды өңдеу * 6В07212 Металлургиядағы қайта өңдеу * 6В07219 Түсті металдар металлургиясы * 6В07125 Органикалық заттардың химиялық технологиясы * 6В05105 Биотехнология * 6В07117 Мұнай-химия өнімдерінің химиялық технологиясы * 6B07303 Геокеңістіктік цифрлық инженерия * 6В07310 Жерге орналастыру және кадастр * 6В07216 Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы * 6B07101 Энергия * 6В07205 Тау-кен инженериясы * 6В11201 Жұмыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік * 6В07306 Инженерлік жүйелер мен желілер * 6В05203 Қолданбалы геология * 6B06106 Ақпараттық жүйелер * 6В06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу * 6В06102 Информатика * 6В05204 Гидрогеология және геоэкология * 6В08601 Су ресурстары және суды пайдалану * 6В07211 Гидрогеология және инженерлік геология * 6В07115 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) * 6В07214 Бұрғылау техникасы * 6В07204 Мұнай техникасы * 6B07126 Магистральдық желілер және инфрақұрылым * 6В07124 Локомотивтерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы * 6В07123 Автомобильдерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы * 6В07108 Көлік техникасы * 6В07107 Пайдалану және сервистік инженерия * 6В07132 Болжамдық технологиялар және машина диагностикасы * 6В07114 Биомедициналық инженерия * 6B11310 Сандық логистика * 6B11301 Көлік қызметтері * 6В07129 Ядролық энергия * 6В07109 Инженерлік физика және материалтану * 6В04104 Стартап бакалавры * 6В07121 Ғарыштық технологиялар және технологиялар * 6В06201 Телекоммуникациялар ## Атақты түлектер * Талғат Бигелдинов * Асқар Құлыбаев * Ебней Бөкетов * Қырымбек Көшербаев * Ғалым Оразбақов * Ахметжан Сәлімбаев * Владимир Божко * Заманбек Нұрқаділов * Нартай Дұтбаев * Серікбек Дәукеев * Алик Айдарбаев * Бекболат Тілеухан * Иран Ғайып * Ілияс Есенберлин * Медеу Сәрсеке * Тайыр Мансұров ## Дереккөздер
Қазақ шығанағы – Каспий теңізіндегі шығанақ. ## Орналасқан жері Каспий теңізінің шығыс жағалаулық бөлігінде, Маңғыстау түбегінің оң түстік жағалауында. Маңғыстау облысы Қарақия аудaны жерінде, құрлыққа 46 км еніп жатыр. ## Сипаты Пішіні доға тәріздес, ені теңізге шығар жерінде 83 км. Орташа тереңдігі 13 – 15 м, ең терең жері 32 м. Жағалауы көтеріңкі келген. Шығысында Қазақ шығанағынан суы таяз Кендірлі бұғазы арқылы бөлінген Кендірлі қойнауы және Кендірлі (Ада) құмқайыры (ұзындығы 35 км) бар. Суының тұздығы 13 – 14‰. Жазда су беті 26 – 27°С-қа дейін жылынады, ал қыста 0°С-қа дейін суынады, 2 – 3 айдай жұқа мұз басады. ## Дереккөздер
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы — Алматы қаласындағы концерттік-сақыналық мәдени мекеме. Ол 1935 жылғы 14 қаңтарда Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысына сәйкес құрылған. Бастапқыда қазақ музыкатанушысы, академик Ахмет Жұбанов өлкелік көркемдік-концерттік ұйым ретінде ұйымдастырған. 1938 жылы мекемеге жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген. ## Тарихы мен құрылымы Алғышында филармония құрамына 14 музыканттан құралған домбырашылар ансамблі, кейін халық аспаптар оркестрі  (1944 жылдан бастап Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді), Ұлттық хор (1939 жылы Мемлекеттік хор капелласы болып қайта құрылған), Б. Лебедев құрған ішекті аспаптар квартеті, "Жетісу" қазақ-орыс ән-би ансамблі кірді. 1939 жылы М.М. Иванов-Соколовский мен Л. М. Шаргородский басқарған симфониялық оркестр ұйымдастырылды. Филармонияның дамуына Дина Нұрпейісова, Жаппас Қаламбаев, Мәлік Жаппасбаев, Жүсіпбек Елебеков, Қосымжан Бабақов, Манарбек Ержанов, Шара Жиенқұлова сынды өнер адамдары үлес қосқан. 1970-1980 жылдары Қазақ филармониясының сақынасында Гүлжәмилә Қадырбекова, Жәния Әубәкірова, Айман Мұсақожаева, Гаухар Мырзабекова, Ғалия Молдакәрімова және т. б. өнер көрсеткен. 1982 жылы Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Халық қаһарманы, күйші-сазгер, дирижер Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев бастама жасаған «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі құрылды. 1999 жылы оркестрге Н.Тілендиевтің есімі беріліп, 2000 жылы "академия" деген мәртебе алды. 2023 жылғы 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1085 қаулысына сәйкес Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы «Академия» мәртебесіне ие болды.Қазіргі уақытта филармонияның құрамында 7 ұжым және жеке солисттер бар: * Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі.; * Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы; * Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі; * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі; * Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті; * Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті. * Мемлекеттік классикалық гитаристтер квинтеті. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жыл сайын “Өнеріміз саған - Қазақстан” Республикалық фестивальін, Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының конкурсын, Н. Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын, Үрмелі аспаптарға арналған Халықаралық академия, "Гүл Алматы - Flower city" балалар мен жасөспірімдер хорларының фестиваль-концертін, Жылдық абонементтік және балаларға арналған абонементтік концерттер топтамасын, ұлттық және симфониялық музкалық концерттер, дәрістер мен басқа да іс-шараларды өткізіп келеді. ## Филармония ғимараты Филармония ғимаратын 1933-1936 жылдары Ленинград сәулетшілері Д. Фомин, Е. Цейтлин, дизайнер В. Райлян мәдениет сарайы ретінде салған. Жобаға суретшілер Е. Сидоркин мен О. Мантис қатысты. Осы уақытқа дейін сыртқы дизайннан Иван Вахектің екі арыстан маскароны тұр. 1967 жылы Спорт сарайының құрылысына дейін  ғимарат республикадағы ең үлкен концерт алаңы болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес үкіметінің жетекші киностудияларын біріктірген Орталық Біріккен киностудия (ОБКС) орналасқан, онда көрнекті кинематографистер С. Эйзенштейн, ағайынды Васильевтер, Н. Черкасов, Б. Бабочкин, М. Бернес, И. Пырьев, М. Жаров, Г. Козинцев, В. Марецкая және басқалар жұмыс істеді. Сонымен қатар "Екі жауынгер", "Иван Грозный" фильмдері түсірілген. 1983-1985 жылдары сәулетшілер Ю.Ратушный, Т. Ералиев, о. Балықбаев, конструктор ж. Сыздықовтың жобасы бойынша қайта құру жүргізілді, содан кейін мұнда "Қазақконцерт"орналастырылды. Қазақ музыкасының негізін қалаушылардың портреттік галереясымен безендірілген көрермендер залы айрықша акустикамен ерекшеленеді. 2018 жылы ғимарат Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиядық филармониясына берілді. ## Сәулет Ғимарат "жеңілдетілген классиканың" стильдік сипаттамаларында салынған ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы сәулет ескерткіші. Театр ғимараты классицизмнен функционализмге өтпелі тенденцияларда салынған. Стилобаттағы үш қабатты, тікбұрышты ғимарат көлемі батысқа қарай негізгі қасбетке бағытталған. Сәулет ескерткішінің орталық осьінде орналасқан негізгі кіреберіс стильдендірілген Портико түріндегі терең лоджиялармен ерекшеленеді. Ғимараттың педименті қазақ музыкалық фольклоры тақырыбына арналған бедерлі панномен безендірілген. Құрылымның іргетасы қоқыс, қабырғалары кірпішпен толтырылған темірбетон қаңқасы. Ғимараттың жоспарлау жүйесі — бөлменің орталық осьі бойынша дәйекті орналасқан. ## Ескерткіш мәртебесі 1984 жылы 26 қаңтарда Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің "жергілікті маңызы бар Алматы тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері туралы" № 2/35 шешімі қабылданды, онда Қазақконцерт ғимараты көрсетілген. Шешіммен күзет міндеттемесін ресімдеу және ескерткіштерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу көзделген. 2010 жылғы 10 қарашада Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңа мемлекеттік тізімі бекітілді, онымен бір мезгілде осы мәселе бойынша барлық алдыңғы шешімдердің күші жойылды деп танылды. Бұл қаулыда филармония ғимаратының жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесі сақталды. Күзет аймақтарының шекаралары 2014 жылы бекітілді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми торбеті
Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым. V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі. * «Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар), * Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр), * Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр), * Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр), * «Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері жинақталған. Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады. Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады. Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары: * Ш.Уәлиханов, * Ы.Алтынсарин, * А.Құнанбаев, * С.Бабажанов, * Т.Сейдалин, * С.Жантөрин, * Б.Дауылбаев, сондай-ақ ресейлік зерттеушілер * В.В.Радлов, * Г.Н.Потанин, * А.А.Алекторов, * В.В.Григорьев, * А.В.Васильев, * И.Н.Березин, * Н.И.Ильминский, * П.М.Мелиоранский, * А.П.Харузин үлкен үлес қосты. Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған. Шәкерім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Өскенбайұлы, X.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді. * Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926), * Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927), * Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928) – қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады. Кеңестік қазақ фальклортану ғылымының даму өрісін шартты түрде 20–30-жылдары, 30–50-жылдары, 50–90-жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты. Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-жылдары қазақ фальклортану ғылымына үлкен зардабын тигізді. «Алашшыл» ғалым-қайраткерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Әйтсе де С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин тәрізді зиялылар зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1931) атты зерттеу еңбегі жарияланды. Диваев сияқты фольклортанушылар соны ғылыми ізденістер жасады. Бірақ 30-жылдардың соңына қарай бұл буын да саяси зұлмат құрбаны болды. «Жеке басқа табыну» мансұқталғаннан кейін Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов қазақ фальклортану ғылымының жандануына барынша күш салды. 40-жылдардың ортасына қарай Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, кейіндеу М.Ғабдуллин, т.б. әдебиеттанушы-фольклортанушы ғалымдардың жаңа шоғыры қалыптасты. Бұл кезеңде халық мұрасын жинау қайта жанданды, елдің түкпір-түкпіріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Ә.Қоңыратбаев бастаған фольклорлық экспедиция Орта Азиядағы Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, академия қорына мыңдаған қолжазбалар өткізді. 1946-1948 жылдары "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты екі томдық академиялық зерттеу жоспарлап, бірінші томын қазақ фольклорына, екінші томын көне түркі әдебиетіне ("Құтты білік", "Диуани лұғат ит-түрік", "Диуани хикмет", "Бақырған", т.б.) арнады. 1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан ВКП(б) Орталық комитеті "Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси-өрескел қателіктер" ("Социалды Қазақстан", 1 ақпан 1947 ж.) атты қаулы қабылдаған соң, аталған қостомдықтың бірінші томы жарық көріп, екінші томы тоқтатылды. Артынша қаулыда аттары аталған ғалымдар - Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметовалар қызметтен шығарылып, жер аударылды. Баспа ісі жетіліп, халық әдебиетінің үлгілері жүйелі түрде жариялана бастады. Бұл дәуірде, әсіресе халық ақындары шығармашылығына ерекше назар аударылды. Республикада халық ақындарының дәстүрлі айтыстары жанданды, жер-жерде халық театрлары жұмыс істеп, халық өнерпаздарына қолдау көрсетілді. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары да қалыпты ырғаққа түсіп, халық мұрасын жинауға студенттер мен аспиранттар да араласты, қазақ фольклоры жанрлық сала-салаға жіктеліп, диссертациялық тұрғыдан зерттеле бастады. Екі кітабы фольклор тарихына арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» (1960–1964) алты томдық зерттеуі жазылды. Қазақ фальклортану ғылымы теориялық әдістемелік жағынан айтарлықтай өсіп, Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, А.Сейдімбек, Ш.Ибраев, Б.Әбілқасымов, т.б. ғалымдардың фольклордың әр саласын тереңдей зерделеген жаңа еңбектерімен толықты. Қазақ фольклоры қолжазбаларының 6 томдық ғылыми сипаттамасы мен көп томдық жинақтары жарияланды. Осы кезеңде фольклордың қандай саясат болса да өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін құндылық, халық шығармашылығының қайнары екендігі дәлелденді. Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеуге Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева , Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихи жырлар, діни дастандар ғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты қазақ фольклорының 100 томдық басылымын шығаруды қолға алды. ## Дереккөздер
Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған. Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ: Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді. Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар. Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді. Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады. Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады; Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік. Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды. ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз.А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады. Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді. Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері. Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы). Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді.Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды. 20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917 жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі – кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап, коммунизм туралы ілім негізге алынды, маркстік-лениндік философия үстемдік етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап құлдық психологияның орнына демократия, өркениеттік құндылықтар орныға бастады. Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы ұғымымен қатар «қазақстандық философия» деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады, келе-келе «Қазақстандағы философиялық мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі академик Ж.М.Әбділдин болды. Қазақстандық философтар неміс философиясын зерттеді, әсіресе, Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегі негізінде қалыптасқан диалектика, логика, таным мәселелерімен айналысты, диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен шұғылданып, бұл салада айтарлықтай нәтижелерге жетті. Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді. ## Дереккөздер
Қазалы каналдары – Қызылорда облысындағы ірі суару-суландыру жүйесі. Сырдарияның оң жағалауына орналасқаны «Оң жаға» каналы, сол жағалауындағысы «Сол жаға» каналы деп аталады. ## Гидрологиялық сипаты Сырдарияның оң жағалық каналы облыстың Қазалы ауданы аумағында. Ұзындығы 120 км, табан ені 10 – 26 м, тереңдігі 2,5 – 6 м, секундына 23 – 30 м3 су өткізе алады. Сол жағалық каналы Қазалы, Арал аудандары аумағында. Ұзындығы 80 км. Сырдарияның төменгі ағысы бойында өзен суы таяз болып, егістер сусыз қалған уақыттар жиі болып тұрды. Осыны ескеріп 1941 – 42 жылдары халықтық әдіспен (асар) «Оң жаға» каналын қазу қолға алынды. Канал Басықара каналынан басталады. Осы үлкен каналды қазуға 3 мың адам қатысқан. Канал 1943 жылы іске қосылған. 1946 жылы техника күшімен канал ені кеңейтілді. ## Дереккөздер
Қазақ эстрадасы – ұлттық сахна өнерінің концерттік-сауықтық түрі. Эстрада ұғымының нышандары ертеде қалыптаса бастағанын байқауға болады. Осыған орай қазақ эстрадасын үш түрлі тарихи дәуірге жіктеуге болады: 1) Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Оған 18 – 19 ғ-да өмір сүрген күлдіргі өнерпаздар жатады. Олар әжуа, қалжың, шымшыма, сықақ, тапқырлық арқылы адам бойындағы қулық, сараңдық, іштарлық, күншілдік секілді жағымсыз қасиеттерді әшкерелеп, жұртшылыққа ән-өлең, айтыс үлгісінде жеткізіп отырған. Ел арасындағы той-жиындарда танылған сондай шаншарлар – Айдарбек, Күндебай, Текебай, Тонтай, Торлықбай, т.б. 2) 20 ғ-дың бас кезіндегі қазақ эстрадасы – жаңа құбылыс болды. Бұл кезеңде көпшілікке арналған әндерді шығарушы авторлар мен орындаушылар қалыптасты. Кеңес дәуіріндегі қазақ эстрадасының қалыптасуына композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди]], әншілер: Ж.Омарова, Р.Қойшыбаева, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, ағайынды Абдуллиндер, т.б. елеулі үлес қосты. Музыкалық эстрадамен қатар көркем сөз оқу шеберлері де қалыптасты. Олардың қатарында Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Ә.Жолымбетов, т.б. есімдерді атауға болады. 3) Қазақ эстрадасының кәсіби сипатқа ие болу кезеңі – 20 ғ-дың 2-жартысы. Бұл қазақ ән өнерінің жалпыхалықтық сипатқа ие бола бастаған тұсы. 50 – 80-ж. Қазақ эстрадасының көкжиегіне Б.Байқадамов, Ә.Есбаев, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Е.Хасанғалиев, Ә.Бейсеуов, Т.Базарбаев, С.Бәйтереков, К.Дүйсекеев сынды сазгерлер көтеріліп, шығармалары ел арасына кеңінен тарады. Көпшілікке арналған ән жанрының дамуымен қатар оны орындайтын эстрада әншілерінің өзіндік мәнері қалыптасты. С.Әбусейітов, Л.Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, С.Тыныштығұлова, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, А.Қоразбаев, Қ.Құлыш, С.Нұрмағамбетова, Р.Рымбаева, А.Сембин, Б.Сәмединова, Ж.Айжанова, Н.Өнербаев, т.б. әншілерді атауға болады. “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай”, “Ариран”, “Алатау”, “Яшлық”, “Жайық қызы”, “Сыр сұлуы”, “Жетісу”, “Ұлытау” ән-би және эстрадалық ансамбльдері Қазақ эстрадасының дамуына зор ықпал етті. Кәсіби сипаттағы Қазақ эстрадасының қалыптасуы 1965 ж. Г.Ғалиева ұйымдастырған эстрада-цирк өнері студиясының ашылуымен тығыз байланысты. Оның жанынан әнші, термеші артистер даярланып, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов, Ж.Кәрменов, т.б. дәріс берді. Еліміз егемендік жолына түскелі Қазақ эстрадасы жаңа сипатқа ие болды. “Қымызхана”, “Тамаша” ойын-сауық отаулары Т.Жаманқұлов, Қ.Сұлтанбаев, Т.Құлыбеков, М.Нұрекеев, т.б. есімдерін көпшілікке танытты. Сонымен қатар республикамызда эстрадалық ән орындаушыларының “Жас қанат”, Ә.Бейсеуов атындағы “Армандастар” ән байқаулары өткізіліп келеді. Соңғы жылдары “Алтын диск” байқауы мен “Азия дауысы” халықаралық фестивалі тұрақты өткізілуде. Бұл байқауларға қатысқан көптеген жас дарындарымыз – композиторлар мен әншілер өз өнерлерін дүниежүзілік деңгейде паш етті. “Азия дауысы” халықаралық эстрадалық форумның басты мақсаты – қазақ музыкасының ынтымақтастықты қалыптастырудағы рөлін айқындау болып табылады. Оның жюри құрамына АҚШ, Англия, Африка, т.б. елдердің әйгілі өнерпаздарының кіруі соны аңғартады. “Азия дауысы” фестивалі аясында М.Жүнісова, Б.Исаев, Б.Шадаева, М.Байтасов, Б.Қажымұқанов, Г.Оразымбетова секілді әншілер, “Роксанаки”, “Жерұйық” топтары лауреат және дипломанттар атанды. Қазақ эстрадасындағы жаңа процестер қатарында композитор Ж.Еңсепов пен күйші А.Еңсеповтердің шығармалар ізденісін атауға болады. Олар домбыра аспабын жаңа технологиялық мүмкіндіктермен үйлестіріп қолдана бастады. Осылайша қазақ музыкалық мұрасын өздері “ДЭККО” (“Домбыра. Эстрада. Күй. Компьютер. Орындаушы”) деп атаған жаңа бағытта көпшілік тыңдарманға, шет елдерде (Франция, АҚШ, Англия, Германия, Корея, Израиль, Түркия, т.б.) кеңінен насихаттап, халықаралық байқауларда жүлделі орындарға (Ыстықкөл-98, Гран-при) ие болды. Бүгінгі Қазақ эстрадасының аяқ алысы да табыстарға толы. Есімдері елге танымал Рымбаева, Жүнісова, М.Ералиевалардың ізін баса А.Мейірбеков, Б.Тайлақбаев, Г.Сиқымбаева, М.Қазтұрғанова, М.Ілиясова, Ж.Ысқақова, Р.Стамғазиев, М.Арынбаев, Қ.Болманов, Д.Таңатаров, Т.Серіков, М.Беспаев, С.Жолбарыс, Н.Байкөзов, Г.Қаспақова секілді талантты әнші-орындаушылар мен жас композиторлар шықты. Олар Қазақ эстрадасының өсіп өркендеуіне өзіндік үлес қосып, эстрадалық және халықтық ән дәстүрін одан әрі дамытып, жетілдіріп келеді. К.Дүйсекеевтің “Қарағым-ай”, Т.Рахымның “Алтайдың ар жағынан келген ару”, Т.Шапайдың “Дариға, дәурен” атты әндері бүгінгі Қазақ эстрадасының жемісі. ## Дереккөздер
Қазақ эстетикасы – философиялық ғылым. Қазақ халқының адам мен дүние жүзі арасындағы құндылық қатынастардың көрінісі ретіндегі әсемдік пен сұлулық аясын және ұлттық көркемөнер, мәдениет саласын зерттейді. Қазақ эстетикасы халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән болды. Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды. Қазақ эстетикасы мәдениетінің тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді: * исламға дейінгі ежелгі эстетикалық процестер; * орта ғасырлардағы түркі даналарының эстетикалық ой-пікірлері; * қазақ хандығы дәуіріндегі эстетикалық процестер; * қазақ ағартушыларының эстетикалық ойлары; * кеңес дәуіріндегі эстетикалық ұғым; 6) Қазақстан Республикасындағы эстетика. Қазақ эстетикасының Батыс пен Шығыстың дәстүрлі көркем мәдениет үлгілерінің типтік ерекшеліктеріне ұқсамайтын, оларды сіңіре отырып дамыған өзіндік төлтума мәдениеті болды. Қазақ халқы «адам мен әлем біртұтас» деген философиялық тұжырымға көзбен көріп, қиял қанатымен жетіп, ой тезіне салып, іштей білген тәжірибесі, көшпенді өмірі арқылы ие болды. Осы рухани сырластық деңгейі халықтың әдет-ғұрып сырына, эстетикалық негізіне айналған. Қазақ эстетикасында табиғатқа шексіз сүйіспеншілік, оны сезініп түсінуі, онымен бірге ажырамас біртұтастықта өмір сүру талғам-түсінігі ерекше орын алды. Қазақ эстетикасының келесі арнасы – Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес халықтардың өзіндік мәдениетімен, жазуымен, өнерімен байланысты. Көне түркі жазуындағы Ж.Баласағұнидың «Құтты білігінде», [[Қожа Ахмет Иасауи|Қожа Ахмет Йасауидің]] «Даналық кітабында», Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйында», Сүлеймен Бақырғанидың «Хакім Атасында», т.б. еңбектерде эстетикалық мәдениет пен мұраттың түбегейлі мәселелері көркем суреттелді. Ислам ренессансы эстетикасын қалыптастыруда қазақ топырағында дүниеге келген Әбу Наср әл-Фараби ерекше орын алады. Қазақтың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде қалыптасты. Ол ақын-жыраулар шығармаларында өзінің шарықтау шыңына жетті. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал, т.б. ақын-жыраулардың эстетикалық ізденістері көшпенділердің дүниені қабылдауын білдіреді. Оған айрықша романтикалық асқақтық тән. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресейдің империялық саясатының күшейген тұсында қызмет еткен қазақ ағартушылары ұлттық көркем мәдениетті заман талаптарына сай дамытуға ұмтылды. Ш.Уәлиханов қазақ халқы «көркемдіктен кенде емес, өсімтал әдебиетке ие» екенін атап өтіп, оның ауызекі мәдени үлгілеріне алғашқы ғылыми талдау берді. Ы.Алтынсариннің эстетикалық көзқарастары оның сан қырлы педагогикалық қызметімен байланысты. Абай Құнанбаевтың эстетикалық ойлары жазба әдебиетіміз бен рухани мәдениетіміздің 19 ғасырдағы тарихи шындығы аясында дамыды. Ол қазақ әдебиетінде тұңғыш рет табиғат пен адамның сұлулығын нақтылап айқындады. Абайдың қарасөздерінде көрініс тапқан эстетикалық көзқарастар қазақтың көркем мәдениетін жаңа деңгейге көтерді. Оның «Құлақтан кіріп бойды алар», «Құр айғай бақырған» деген өлеңдерінде әннің, күйдің адам сезіміне әсер етер қуатты құдіреті, шипалы шапағаты көркем суреттеледі. 20 ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің еңбектерінде әдеби-эстетикалық ілімдер қазақ әдебиетінің орыс мәдениеті арқылы Еуропамен және Шығыспен тоғысуы нәтижесінде қалыптасты. Терең эстетикалық ойлар Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Шәкерім Құдайбердіұлының, Ғұмар Қараштың, С.Торайғыровтың, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, т.б. шығармаларында айтылды. Олардың талқылаған басты тақырыптары – қазақ сөз өнерінің ерекшеліктері, дәстүр мен жаңашылдық, өнердегі гуманизм мен имандылық мәселелері, фольклордағы рәміздік кейіпкерлер, өнердегі әлеуметшілдік, ұлтты сүю мен азаматшылдық, т.б. болды. Кеңес Одағы тұсында қазақ эстетикасы қайшылықты жағдайда дамыды. Бір жағынан, мәдениеттің «мазмұны социалистік, түрі ұлттық» болу керек деген қағида ұлттық көркем өнер түрлерінің табиғи дамуына, жан-жақты зерттелуіне шек қойды. Екінші жағынан, «жан-жақты жетілген адам» тәрбиелеу деген қағиданы мұрат тұту білім беру мен эстетикалық тәрбиеге, оның бір ізді болуына назар аудартты. Бұл дәуірде көптеген ғалымдар мен өнер қайраткерлері қазақ халқының ұлттық өнерінің тарихы мен типтік ерекшеліктерін зерттеуге үлкен көңіл бөлді. Алайда әкімшіл-әміршіл жүйе осы авторлардың бір тобы дайындаған көшпенділер эстетикасына арналған ғылыми еңбекті таратуға тыйым салды. Қазақстан Республикасында эстетикалық зерттеулер дүниежүзілік жаңа өркениеттілік құндылықтарды қабылдау және ұлттық мәдени мұраны жаңғырту аясында өрістеді. Қазақ халқының дәстүрлі өнері мен оның тарихи типтерін, ұлттық ойлаудың көркем негіздерін, көркем мәдениеттегі құндылықтар жүйесін және категорияларын эстетикалық тұрғыдан зерттеген ғалымдар тобы да (Қ. Нұрланова, З.Серікқалиұлы, Ғ.Есім, М.Х.Балтабаев, Г.Шалабаева, т.б.) шықты. ## Дереккөздер
Қазақ мемлекеттік циркі — Алматыда орналасқан Қазақстанның бас циркі. ## Тарихы Қазақ мемлекеттік циркі Қазақ КСР халық әртісі Г. Ғалиеваның жетекшілігімен 1970 жылы ұйымдастырылды. 1972 жылы Қазақ циркінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, жұмысын бастады. Бұл Қазақ циркі өнерінің өркендеуіне ықпал етті. Қазақ циркі 1972–1978 жылдары ұлттық бояуы қанық үш бағдарлама дайындады. Оның негізгі бағдарламаларына: «Жылқышылар», «Қыз қуу», «Ат ойыны», «Жер жәннаты», «Байқоңыр», «Атамекен», «Космос симфониясы» және т.б. көптеген бағдарламалар жатады. Қазақ циркі репертуарынан, сонымен қатар: «Түйелер мен аюлар аттракционы», «Шығыс ойыны» (реж. А. Ысмағұлов), «Акробатикалық аңыз» (реж. Н.К. Винник) нөмірлері, «Тың», «Медеу», т.б. новеллалары орын алды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ циркі «Сиқырлы киіз үй», «Азия жұлдыздары», «Аяз Атаның компьютерлік ойындары», «Цирк қойыртпағы», «Жаңа жылдық думан» және «Үш жуан» атты бағдарламалары қойылды. Цирк ұжымы 1978–1982 жылы Бүкілодақтық цирк өнерінің байқауында жеңімпаз атанды. Оның жеңімпаздары — Мұрат және Елизавета Жұмағалиевтер, 1983 жылы Прага қаласында өткен халықаралық байқауда Эдуарде Бассе атындағы бас жүлдені жеңіп алды. Олар Кеңес Одағының көптеген қалаларында және шет елдерде, Кубада (1977), Чехияда (1983), Болгарияда және Югославияда (1986) өнер көрсеткен. 1990 жылдар арасында гастрольдік сапармен бірнеше рет Қытай, Польша, Франция, Бельгия, Жапония, Германия, АҚШ, Аустралия елдерінде болып қайтты. Досбатыровтар Верона (Италия), Бельгия, Монте-Карло мен Қытайдағы халықтар Цирк өнері фестивальдерінің жеңімпазы атанса, Т. Трестин мен жылы Бәкенова Польшадағы Еуропа байқауында алтын жүлдеге ие болды. А. Кириченко жетекшілігіндегі “Әуеде ұшу” (1993) нөмірінің әртістері, К. Күнғожинов тобы, В. Гашута орындауындағы “Рен дөңгелектері” нөмірі, Р. Симоненко тобы Қытайда өткен байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Қ. Шалабаев бастаған қазақ шабандоз жігіттері АҚШ цирктерінде, Серік Әбішев бастаған танымал топ Аустралия циркінде табысты өнер көрсетті. 2000 жылы цирк аумағында “Арлекино” балалар ойын-сауық кешені ашылды. 2001 жылы осында атқа салт мініп жүру (жетекшісі К.Күнғожинов) мектебі құрылды. Қазақ циркінің жанында А.Р. Измаилова жетекшілік ететін “Ерке” ұлттық би ансамблі жұмыс істейді. Олар бірінші Халықаралық “Айналайын” жас дарындар фестивалінің жеңімпазы (1996 жылы), Халықаралық “Nets Carnaval club” фестивалінің дипломанты (Франция, 1999), Халықаралық “Азия дауысы” байқауының жүлдегері атақтарына ие болды. 1999 жылы цирк өнерінің тәжірибе мектебі ұйымдастырылды (жетекшісі М.В. Хуватов). Осы жылы көптеген байқаулардың жеңімпазы болған "Фарандоль” цирк балеті (жетекшісі М. Редько), үш ұжымды: “Бэби-Дэнс” тобын (“Азия дауысы” байқауының үздігі), “Дэнс-класс” , “Просто Так” шоу-балеттерін біріктірген би мектебі (жетекшісі Е. Рудикова), “Әнші балапан” , “Азия дауысы” байқауларында жеңіске жеткен “Мюзик-холл “Улыбка” балалар эстрада театры ашылды (жетекшісі Қ.А. Бөлебеков, 2002 жылдан). 2003 жылдан “Шапито” атты жазғы шатырлы цирк жұмыс жасауда. ## Сәулеті Қазақ циркі ғимаратының (архитекторлары В.З. Кацев, И.В. Слонов) архитектурасы шешімінен қазіргі үлгі мен ұлттық сәулет өнерінің үндестігі аңғарылады. Шеңбер күйінде салынған ғимарат төбесі күмбезделіп жабылған. Цирк амфитеатрын (2160 орынды) көмкерген 2 қабатты фойеде киім ілгіш пен дәмханалар, ал әкімшілік-тұрмыс ғимаратында әртістер бөлмелері, жаттығу манежі, асхана, хайуанаттар қорасы және т.б. орналасқан. Хайуанаттарды серуендетуге арналған ішкі ауласы бар. ## Тағы қараңыз * Қазақ цирк өнері ## Дереккөздер
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған Қазақстандағы тұңғыш және жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар. ## ҚазҰМУ миссиясы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет ## Университет құндылықтары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген): * Елге қызмет (лат. Servire) * Кәсіпке адалдық (лат. Officium) * Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor) * Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio) * Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus) * Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio) * Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare) ## Тарихы Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. 1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты.. Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды. ### Соғыс жылдары Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар. Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды. ### XX ғасыр Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді. XXI ғасыр ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды. 2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылды. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді. Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды. * Медициналық симуляция орталығы * Коммуникативті дағдылар орталығы * Фармацевтикалық дағдылар орталығы * Тіс емдеу дағдылар орталығы * Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы. * Апат медицинасы орталығы. * Компьютерлік сынып ## Халықаралық ынтымақтастығы ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқан. Халықаралық университеттер бірлестігі (ағылш. International Association of Universities, IAU), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (ағылш. European University Association (EUA)) сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда: ## ҚазҰМУ символдары ### Логотипі Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр. «Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы. ### Туы Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат. ### Гимн Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады. ### Университет атауы Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді: * 1930 – 1963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты * 1963 – 1995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты * 1996 – 2001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті * 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ## Факультеттер мен кафедралар Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра. * Жалпы медицина мектебі 1 * Жалпы медицина мектебі 2 * Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі * Фармация мектебі * Стоматология мектебі * Педиатрия мектебі * Халықаралық факультет * Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура) Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді: ### Жалпы медицина факультеті Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей. ## Инфрақұрылым Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар. ### Институттар * Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты (ІжҚМҒЗИ) * Стомотология институты Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы. * Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы. * Мейірбике ісі институты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы. * Клиникалық фармакология институты Мұрағатталған 26 сәуірдің 2016 жылы. ### Клиникалар Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді. * Клиникалық-білім беру орталығы (профессорлық клиника) Мұрағатталған 10 маусымның 2016 жылы. * ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы. * Тіс емдеу клиникасы Мұрағатталған 10 тамыздың 2016 жылы. ## Ректорлары мен директорлары Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (1960–1963) Мәскеев Қ. М. (1975 – 1986), Момынов Т. Ә. (1995 – 2008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған. ## Әйгілі түлектері және қызметкерлері Уиверситетте 44 Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігерлері (Қарынбаев С.Р., Зюзин В.И. және т.б.), 16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Алдашев А.А., Әлиев М.Ә., Ормантаев К.С. және т.б.) жұмыс істеген. Сибуғатулла Қарынбаев, Александр Сызғанов және тағыда 13 университет оқытушылары КСРО жоғары наградасы – «Ленин» орденінің иегері.Қазіргі таңда университеттің түлектері Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және басқа да әлем елдерінде, сондай-ақ университеттің өзінде де жұмыс істеуде: * Қасен Қожақанұлы Қожақанов — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994). * Александра Александровна Буванова — Социалистік еңбек ері, Шымкент қаласындағы № 1 перзентханадағы дәрігер-акушер. * Ысқақ Әлібекұлы Әлібеков — Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1961). * Дарья Владимировна Клебанова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты. * Раиса Степановна Боронина — Социалистік еңбек ері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. * Бахия Атшабарұлы Атшабаров — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). * Төрегелді Шарманұлы Шарманов' — Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Л.Бернард атындағы сыйлығының (2005) иегері. * Камал Сәруарұлы Ормантаев — дәрігер-педиатр, Қазақстандағы балалар хирургиясының, педиатриясының, травматологиясының және анестезиологиясының негізін салушы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994 жылдан бастап). * Қуаныш Мүбәракұлы Мәскеев — фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981), академик (1995). 1955 жылғы ҚазҰМУ түлегі. 1975 жылы университет ректоры қызметіне тағайындалды, осы қызметті 1987 жылдың сәуір айына дейін атқарды. * Мұхтар Әлиұлы Әлиев — хирург, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976) Қазақстан Республикасының ғылым академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасының медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (1995), Халық қаһарманы (1995), Халықаралық медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (Брюссель, Бельгия) * Кеңесбай Үшбайұлы Үшбаев — ғылым қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әлемдегі алғашқы қазақ фармацевтика ғылымдарының докторы. * Алшынбай Рақышұлы Рақышев — Нейроморфолог, медицина ғылымдарының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). ## Дереккөздер
Қазалы Уезі – әкімшілік аудан. 1868 жылы құрылып, Сырдария облысының құрамына кірген Арал, Қазалы, Қармақшы аймағы. 1868 жылдан бастап Қазалы халқы қоныс аударған татарлармен көбейе түсті. 1910 жылы 1800 адам (Орал казактары мен Бұхардан шыққан еврейлердің 25 отбасы) есепте тұрды. Сарттар мен тәжіктер де тұрды. 1897 жылы халқының саны 140 598-ге, 1908 жылы 188 400-ге жетті. Қаланың 1907 жылғы жер көлемі 16222 десятина, мал басынан: мүйізді ірі қара – 76 мың, түйе – 145 мың, қой-ешкі – 874 мың, егістік көлемі 22 мың десятина болды. Онда бидай, зығыр, жоңышқа және бақша дақылдары егілген. Балық аулау кәсіпшілігінің негізгі орталық Арал теңізі болды. 1905 жылы Қазалыда темір жол депосы ашылды. 1913 жылы уезде кәсіпорындар саны 78-ге жетті. 1890 жылы мұнда 57 мұсылман мектебі, қалалық училищелер (4), әйелдердің екі сыныптық приход училищесі жұмыс істеді. Алғашқы мұсылман мешітін 1872 жылы бұхарлық Әлімбаев салдырған. Қазалыда барлығы 5 мешіт болды. 1928 жылы уездік басқару жүйесі таратылып, Қазалы және уезд құрамында болып келген Арал мен Қармақшы да дербес аудандарға айналды. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап және тақырыптық (пәндік), салалық энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғылыми-зерттеулер жариялаумен айналысады. ## Тарихы 1968 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 13 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес Қазақстан Ғылым Академиясы жанынан «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы болып құрылған. 130 адамнан тұратын ұжымның шығармашылық күші 11 ғылыми редакцияға топтастырылды. Қазақтың тұңғыш энциклопедиясының Бас редакциясы жанынан барлық ғылыми салалары бойынша 29 ғылыми-салалық алқалар мен кеңесшілер тобы ұйымдастырылып, оларға 313 ғалым мен маман тартылды. Олардың ішінде Қазақстан Ғылым Академиясының 27 академигі мен корреспондент мүшесі, 84 ғылыми доктор, 189 ғылыми кандидат болды. Бас редакция қызметтік құрылымы мен ғылыми мекеме мәртебесін сақтай отырып, 1975 жылы Қазақ КСР-і Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттің жүйесіне қосылды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы болып өзгерді. 2001 жылы 2 қарашада жабық акциондық қоғам болып қайта құрылды. «Қазақ энциклопедиясы» ұжымы өзінің алғашқы күрделі жұмысы 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» 1972–1978 жылдары аралығында әзірлеп, баспадан шығарды. 1982 жылы осы тұңғыш энциклопедияның әліпбилік пән-есім көрсеткіші жеке кітап болып шықты. Бұған жалғаса «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы» анықтамалығы (қазақ, орыс тілдерінде 1980 – 1981) жарық көріп, барлығы 15 томдық топтама шығару ісі жемісті аяқталды. Бас редакция ұжымының ең сүбелі еңбектерінің бірі – әрқайсысы төрт томнан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Қазақ КСР» атты қысқаша энциклопедиясы (1986–1989). Бұл анықтамалыққа, негізінен, қазақ елінің тарихына, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, экономикасы мен табиғатына, қазба байлықтары мен жер-су, қоныстарына байланысты мәліметтер енгізілді. Елдегі саяси-әміршілдік жағдайларға орай бұрын аталмай келген халқымыздың асыл азаматтары туралы әділ бағасын берген мақалалар жарияланды. Еліміз егемендік алып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты бірнеше тілашар мен сөздік шығарылды. Жас оқырмандарға арналған «Ол кім, бұл не?» (үш томдық, 1985–1987), «Негеш» (1995), «Әлемде талай қызық бар» (екі тілде, 1986–1990) кітаптары жарық көрді. ## Ұлы тұлғаларға арналған энциклопедиялар * Ш.Уәлиханов шығармаларының академиялық бес томдығын (орыс тілінде, 1984–85), * М.Әуезовтің таңдамалы шығармалар жинағын (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1997), * "Құрманғазы" (1998), * «Қорқыт» (1999), * «Ә.Бөкейханов Таңдамалы» (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1995) кітаптарын қайта басып, * 20 ғасырдың басында шығып тұрған «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын жеке кітап етіп шығарды (1998, 1995). * Абай Құнанбайұлының бүкіл дүние жүзі елдері атап өткен 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай энциклопедиясын» (1995) әзірлеп, баспадан шығарды. * «Хирургтің анықтамалығы» (академик М.Әлиев, 1997), * «Қазақстанда инженерлік істің дамуы» (екеуі де орыс тілінде, 2001 жылы жарық көрді) атты көлемді анықтамалықтар да мамандар мен оқырмандардың қажетін өтеген маңызды басылымдар болды. 2012 жылдың 1 ақпан күні Алматы қаласында "Қаныш Сәтбаев" энциклопедиясының тұсау кесері өтті. Аталған энциклопедия соңғы уақыттары қазақ халқының ұлы перзенттеріне арналып жарық көрген энциклопедиялардың үшіншісі болды. Бұған дейін "Абай" және "Мұхтар Әуезов" атты энциклопедиялар дайындалған болатын.2017 жылы Ахмет Байтұрсынұлы туралы энциклопедия (төбедегі суретте) жарық көрді (жалпы таралымы 2000+200 дана, ішінде дискімен). ## Облыстар мен қалалар тарихына арналған энциклопедиялар * «Алматы энциклопедиясы» (1983, 1996), * «Қарағанды энциклопедиясы» (1990), * «Ақмола энциклопедиясы» (1995), * «Тараз энциклопедиясы» (2003), * «Сыр елі энциклопедиясы» (2005), * «Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы» (2005), * «Солтүстік Қазақстан облысы» (2006), * «Маңғыстау энциклопедиясы» (2008), * «Ақмола облысы энциклопедиясы» (2009) * Халықаралық Түркістан энциклопедиясы (2001) шығарды. ## Басқа энциклопедиялар * 2-дүниежүзілік соғыстағы кеңес халықтары жеңісінің 50 жылдығына орай «Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап» деген айдармен әр облыс бойынша 2–7 томнан тұратын «Боздақтар» көп томдығы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. * Тақырыптық энциклопедиялардың алғашқы легі шағарылды: «Қазақстан табиғаты», 1–2-томы, 2008–2009;«Қазақстан ғылымы», 2 том, 2009–2010. * «Қазақстан табиғаты», 1–2-томы, 2008–2009; * «Қазақстан ғылымы», 2 том, 2009–2010. ## Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 1997 жылдан 2007 жылға дейін Қазақ энциклопедиясының редакциясы 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын жарыққа шығарды. ## Қазақ энциклопедиясының басшылары * Академик Мұхамеджан Қаратаев (1968–1979), * Академик Манаш Қозыбаев (1980–1986), * Академик Рымғали Нұрғали (1986–1997), * Академик Әбдімәлік Нысанбаев (1997–2003); * Профессор Бүркітбай Аяған (2003–2009) * Профессор Бауыржан Жақып (2009 - осы уақытқа дейін) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясының ресми веб сайты Мұрағатталған 20 маусымның 2011 жылы.
Қазанбасы құмы – Торғай алды жазығындағы орманды, құмды алқап. ## Географиялық орны Қостанай облысының орталық тұсында, Әулиекөл ауданы аумағында орналасқан. ## Жер бедері Қазанбасы құмы теңіз деңгейінен 200 м биіктікте, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 27 – 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 км. ## Өсімдігі Құм төбелерде көбіне қарағай, кей жерлерде қайың, көктерек, қызылқоңыр топырақты ашық жерлерінде шалғынды дала шөбі өседі. Төбе аралықтарында кішігірім тұщы және тұзды көлдер бар. ## Дереккөздер
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді. Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Этнос және қоғам, мемлекет есебінде қазақтар өз бастауын Алаша ханнан алады. Түркілердің қара шаңырағына ие болып қалған қазақ елі үшін де, өзге түркі-моңғол елдері үшін де Алаша ханға байланысты айтылатын шежірелердің орны бөлек. Өз мемлекеттігін, елдігін танығысы келген халықтардың түркі-моңғол, қазақ ішінде сақталған Алаша хан жөніндегі аңыздарға жүгінері даусыз. Кейінгі орта ғасырлар тарихи оқиғаларын баяндайтын Қ. ш. жалпы түркі-моңғол шежіре дәстүрінің жалғасы ретінде қарастырылады. Оның нақты дәлелін ортағасырлық Рашид ад-Дин, Әбілғазы Баһадүр, Өтеміс қажы еңбектерінен көруге болады. Далалық түркі-моңғол тайпаларында ерте кезден бері шежірені, тарихи деректерді хатқа түсіру дәстүрі болған. Мыс., Баһадүр “мен пақырдың алдында Иран мен Тұранда өткен Шыңғыс ұрпақтарының тарихы жазылған он сегіз байлам еңбек жатыр” деуі осыған айғақ. 15–17-ші ғасырларда дүниеге келген Өтеміс Қажының “Шыңғыс намесі”, Хафиз Таныштың “Шараф-наме-ишахий”, Баһадүрдің“ Түрік шежіресі” шығармалары өткен тарихымыздың елеулі оқиғаларына тоқталып, айшықты кезеңдерін де тыс қалдырмаған. 15–16-шы ғасырларға қатысты деректердің мол жинағы М.Х. Дулаттың“Тарих-и Рашиди” шығармасы болып табылады. Екі бөлімнен тұратын бұл шығарма Моғолстан мен Қашқарияны мекендеген шағатай тұқымынан тараған хандардың саяси тарихы, дулат тайпасы және оның Шығыс Түркістанда билік құруы, моғолдардың тарихына қатысты бірнеше дерек келтіреді. Соның бірі Керей мен Жәнібектің соңына ерген жұртымен Моғолстанға қоныс аударғанын және қазақ атауын өзге жұрт бергендігін жазады. Қазақ елінің тарихын толықтыра түсетін келесі бір дерек Махмуд Абдоллах бен Уәлидің “Зубдат ал-асрары”. Ол қазақтардың орта ғасырлардағы көрші елдермен саяси қарым-қатынасының оқиғаларына толы. Дегенмен, халықтың төл тарихы шежіре мұрасында. Көне заманнан бері көшпелі тұрмыс құрып, ауыз әдебиетімен өмір сүрген қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар негізгі дерек көзін шежіреден табады. Ел арасында айтылып келген тарихи оқиғалар 19-шы ғасырдың соңында қағазға түсіріліп, жинала бастады. Халықтың өткен тарихын баяндаған “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” деген шежіре кітабының кіріспесінде Ш.Құдайбердіұлы ел ішінен естіген-білгенінен басқа, көне замандағы түрік, араб, парсы, қытай жазбалары мен орысша кітаптарды оқығаны жайлы жазады. Шежіре 1911-ші жылы Орынбор қаласында басылып шықты. Бұл шежіре турасында Әлихан Бөкейхан: “Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкерімнің бұл кітабы – қазақ шежіресінің тұңғышы; қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкерім кітабын әбден білмей қадам баспа” – дейді. Халық ауыз әдебиетін жинауда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де еңбегі зор. Оның қолжазбаларында көп шежіре жазылған. Көпеев: “Біздің бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ... Естігенін ұмытпайтұғын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естіген көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз алып айтумен үлгі-өсиет қалдырған” – деп халық мұрасының ауызша сақталып келгенін ескертеді. Көпеевтің шежіресінде қазақ тарихының елеулі кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларға байланысты сақталған аңыз, әңгіме, мақал үлгілері көп. Алайда, Көпеевтің көп дүниелері әлі қолжазба күйінде, олар ғыл. тұрғыда зерттеліп, жинақталмаған. Ол тек 2003-ші жылдан бастап қана қолға алына бастады. Жарық көрген құнды шежірелердің бірі – Құрбанғали Халидтың “Тауарих Хамсасы”. Шағатай тілінде жазылған бұл туындыда қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, “қазақ” этнонимінің шығу тарихы, рулар жөнінде тың деректер кездеседі. Әсіресе, қазақтың қырғыз аталуы туралы жерлердің біз үшін мәні зор. Қазақтың төл деректерінен басқа қырғыз шежіре еңбектерінен де қазақ тарихына қатысты баяндалатын оқиғалар кездеседі. Мыс., “Тарих, түпкі аталар” деп аталатын 1920-шы жылы жарық көрген Тоғолоқ молданың шежіресінде Есіркемеш ұрпағы Түгелбайдың Әулие Атада Ер Есім ханның еліне араласып, қосылып кеткені жөнінде жазылған әңгіме бар. Шежірелер қазақта, моңғолда, алты алашта хандар шежіресі болып басталады. Мұсылман дінінің әсерімен жазылған шежірелер де бар. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі көптеген ресейлік зерттеушілер шежірені, тарихты терең түсінбек түгіл қазақ, қырғыз елдеріне бір этнос ретінде қараған. Тек А.И. Левшиннен бастап қана орыстар қазақ пен қырғыз өз алдарына жеке-жеке этнос екенін айтады. Қ. ш-н зерттеуге ресейлік ғалымдардан Н.А. Аристов, П.И. Рычков, А.И. Тевкелев, Г.Е. Грумм-Гржимайло, В.И. Даль, В.В. Бартольд, т.б. көп үлес қосты. 19-шы ғасырмен 20-шы ғасырдың басында Қазақ шежіресін жасауға Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, М.Сералин, М.Тынышбаев, Н.Наушабаев, т.б. көп еңбек сіңірді. Кеңес заманында шежіре ескінің қалдығы есебінде танылды, оның дамуына тосқауыл қойылды. Алайда, ғасырлар бойы қалыптасқан шежірешілік дәстүрді Х.Арғынбаев, С.Толыбеков, С.Мұқанов, В.Востров, М.Мұқанов, т.б. ғалымдар жалғастырды. 19-шы ғасырдың соңында қазақ шежірешілері бірнеше бағытты ұстанды және ел аузында сақталған, не хатқа түскен мұраларды өңдеп бір ізге түсірді. Құдайбердіұлы батыстық зерттеушілерге бағыт ұстанса, Халид шығысқа еліктеді. Көпеев қазақ ауыз әдебиетіне сүйенді. “М.Ж. Көпеев шежіресінің өзге шежірелерден өзгешелігі, ол әрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың тұсында болған оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады” деп жазады С.Мұқанов. Бұл жолды жалғастыру терең білімді, тілді, өнерді, әдебиетті, еур. гуманитарлық ғылымдарда қарастырылып жүрген ғыл.-зерт. әдістерін, еураз. дүниетанымды қажет етеді. Шежіремен жұмыс істеудің басты қиындығы – бірнеше дәуірдің тарихы бір-бірімен астасып жататындығында. Мыс., 15–17-ші ғасырлар тарихы Көпеев шежіресінде тікелей хандарға қатысты сипатталады. Ал, шын мәнінде ол жерде әңгіме Қазақ хандығының 15–17-ші ғасырлар тарихы туралы да болып отыр. Сол сияқты Құдайбердіұлы шежіресінде Қазақ мемлекетінің тарихы мен құрылымы жөніндегі мәліметтер ғыл. тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді. Қазақ шежіресінен кісінің тегі, ата қонысы, қауымға қосқан үлесі, Отан қорғаудағы орны, меншігі, адами құқығы байқалады. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың тарихын көрсететін мағлұматтар – шежіренің негізгі өлшемдері, тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет деректер. Қазақ халқының ата шежіресі ерте кезден сақталған. Оған “Жеті атасын білмеген жетесіз”, “Жеті атасын білген ер – жеті рулы елдің қамын жер, Жалғыз өзін білген ұл – құлағы мен жағын жер” деген аталы сөздер дәлел бола алады. Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы әркімнің ата жағынан тегін таратудың нақтылы жүйесі. Қазақ баласы өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б. жеті атасының нақты есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Әр ұрпақты шартты түрде 25 жастан есептесек, ол 175 жылды қамтиды. Сөйтіп, адамның жеке басының тағдыры арқылы, ата тегінің терең тамырларынан мағлұмат береді. Шежіре зерттеушілер: туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, көрші; іргесі алшақтау болса – жерлес. Жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тарағандар) – қандас; бір ата 13 атадан асса – ру; бірнеше ру қандастықпен, не ортақ мүддемен біріксе – тайпа; өзара қоғамдасып, жүз болып қауымдасқан тайпалар біріксе – халық немесе ел, оның ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса – ұлыс, дербес шекара, саяси-экон. тәуелсіздікке қолы жетсе – мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, жері, әлеум. рух, жігері, этн. ерекшелігі ортақтасып, дараланса – ұлт болады деген тұжырымға тоқтаған. Сол сияқты “жеті ата”, “ата-бабалар”, “немере ағайын”, “жамағайын”, “қалыс ағайын” деген атаулардың да нақты анықтамасы бар. Жеті ата: әке, ата, әз ата (бұл үшеуі аталар), баба, тектік, төркін, тұқиян (бұл төртеуі бабалар). Осы жетеуі бірігіп “Ата-бабалар” аталады. Ал 3 ағайын, 15 ұрпақ былайша жіктеледі: а) Немере ағайын: бала, немере, шөбере, шөпшек, өбере; ә) Жамағайын: туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат, жамағат; б) Қалыс ағайын: өркен, әулет, зәузат, жаран, қалыс. 15 буынды бұлайша бөлу қазақтардың өзін, ата-бабасын, өткен күнін, болашағын өмір бойы қадағалап, анықтап отыратынын көрсетеді. Қ. ш-нде рулар жүзге барып тіреледі. Жүз – тарихи-әлеуметтік категория. Ол, біріншіден, байтақ қазақ сахарасында ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі шаруашылықтың жер ыңғайына қарай орналасуына байланысты экон. мұқтаждықтан туған. Әрбір тайпалық одақ қыс қонысын, жаз жайлауын көшпелі тіршіліктің өзіндік ерекшелігіне орайластырған. Екіншіден, ел, отан, жер қорғау мүддесінен туындаған. Үшіншіден, жеті атаға дейін қан араластырмай, тұқым тазалығын сақтау арқылы этностың генетик. қорын аман алып қалуға бағытталған. Сөйтіп, ол белгілі бір геогр. шеңберде, белгілі бір ортада ортақ халықтық бақылауға алынған. Үш жүз бола отырып, қазақ елінің тәуелсіздігін, қазақ жерінің тұтастығын қорғаған. Ортақ тіл, діл, атамекен халықтың бірлігіне, мүдде бірлігіне қызмет еткен. Қ. ш-ндегі аңыздар жеке тұлғаны қасиетті, киелі етіп көрсетеді. Бұл Қазақ шежіресінің тек тарихи деректері қана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты ұлтын ұлықтау үшін тәрбиелік мәні болғандығын да аңғартады. Шежіре — бұл халқымыздың ата тегінің таралуын, шығу тегін дәлелдейтін маңызды ақиқаттық жол. Қазір қазақ шежіресін білетін адамдар өте аз, әсіресе мына біз жастармыз. Сондықтан, мен төменде көрсетілгендей қазақ шежірелерін көрсетіп отырмын. Достар, әрдайым қазақ шежіремізді біліп, жеті аталарымызды ұмытпайық. ## Тағы қараңыз * Қазақ шежірелерінің тізімі * Бүкіл қазақ шежіресі ## Дереккөздер
Қазалы ауданы — Қызылорда облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 37,4 мың км2. Орталығы – Әйтеке би кенті. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Арал, шығысында Қармақшы аудандарымен, солтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Ауданның жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м). ## Тарихы Қазалы ауданы 1928 жылы құрылып, Қазалы қаласы 1958 жылға дейін аудан орталығы болды. 1958 жылы аудан орталығы Жаңақазалы кентіне (қазіргі Әйтеке би кенті) көшірілді. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында – 9 – 13 0С, шілдеде 30–32 0С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді. Қазалы қаласының маңынан Қазалы каналдары (оң жақ, сол жақ каналдары) және Жаңаарық каналы бастау алады. Сырдария өзенінің Қуаңдария, Ескідариялық және Жаңадария атты ескі арналары бар. Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Аудан жерінде шөлді ландшафтың жануарлары – кіші саршұнақ, атжалман, шағыл мысығы, құмқояны, құлақты кірпі, құмтышқан, қарсақ, сасықкүзен, қасқыр, түлкі, күзен, ақбөкен, доңыз, ондатра, қырғауыл, т.б. мекендейді. ## Халқы Халық аудан аумағында біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың 90%-дан астамы Сырдария өзенінің аңғарында және оның тармақтары бойында қоныс тепкен. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 2 адамнан келеді. Тұрғындар саны – 77 185 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,55%, орыстар – 0,29%, басқа ұлт өкілдері – 0,17%. ## Әкімшілік бөлінісі 42 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 19 ауылдық округке біріктірілген: ## Шаруашылығы Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,67 мың га, оның 10,2 мың га-ры жыртылған, 9,8 мың га жеріне астық дақылдары, 4,9 мың га-ға мал азықтық шөп егілген. Шабындығы 27,9 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Аудандағы ірі қара мал саны 39,2 мың бас, қой мен ешкі 97,85 мың, жылқы 8,1 мың, түйе 3,46 мың бас болды (1.1.2005). Ауыл шаруашылық саласында 245 агроқұрылым жұмыс істейді, оның екеуі мемлекеттік шаруашылық, 21 серіктестік, 10 акцион. қоғам, 1 ӨК, 224 шаруа қожалығы және 6 басқадай құрылымдар бар. Ауданда шаруашылық субъектілер саны 293 (2005), оның ішінде мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 33. Бұлардан басқа 7 АҚ, 110 ЖШС, 2 ӨК және 139 басқадай ұйымдар бар. Шағын бизнес нысандарының саны 1953, оның ішінде жеке кәсіпкерліктер 1655. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 22 кәсіпорын (оның 20-сы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді), ауыл шаруашылық кәсіпорындар саны 132, құрылыста 5, көлік және байланыста 140, сауда саласында 1218, т.б. іскерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың саны 92. Жалпы су құбырларының ұзындығы 265,9 км. ## Әлеуметтік құрылымдары Жалпы білім беретін 41 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 11 балабақша, 1 мұражай, 24 кітапхана, 8 мәдениет үйі, 14 клуб, 2 стадион, 17 спорт залы бар. Денсаулық сақтау саласында 10 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Қазалы ауылы арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 427 км, оның 170 км-і республикалық маңызы бар жолдар. ## Тарихи құндылықтары Аудан аумағында 10 – 11 ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы Жанкент қалашығыының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. Аудан жерінде Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқыайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет, т.б. әйгілі батырлар мен би-шешендер өмір сүрген. ## Дереккөздер
Қазан Жылнамасы, Қазан патшалығы жайындағы тарих – 16 ғасырдан қалған тарихи жазба дерек. Қазан хандығының құрылуынан бастап, 1552 жылы ресейге қосылғанға дейінгі тарихы баяндалған. Кітапты 1564 – 66 жылдары есімі беймәлім Ресейлік автор жазған. Өзі Қазан татарларының қолында 20 жыл тұтқында болған автор “Қазан Жылнамасын” жазуда татар аңыздарын, жазба деректерін кең пайдаланған, көрген-білген әсерін баяндаған. “Қазан Жылнамасы” – Қазақ мемлекетінің тарихы үшін де мәні зор тарихи дерек. “Қазан Жылнамасының” бірнеше көшірмесі сақталған. ## Дереккөздер
Қазан Жаппа, қазан жаппай – ұлттық тағам, нан. Табаға, қазанға пісіріледі. Ертеректе жалпақ тас та қазан жаппа әзірлеуге пайдаланылған. Алдымен қамыр дайындалады. Бабына келген қамыр белгілі бір көлемде бөлініп, қазанға сиятындай мөлшерде, дөңгелектене жалпайтылады. Одан кейін қамыр жабыспас үшін қазан түбіне май жағылып, әбден қыздырылған қазанға салып, екі жағын кезек-кезек аударып, бетін қақпақпен жауып қояды. Қазан жаппа кей жерлерде қарыма нан деп те аталады. Д. Қатран ## Дереккөздер
Қазанғап Тілепбергенұлы(1854 – 1921) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. ## Шежіресі Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі — Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дарқан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. ## Өмірбаяны Туып-өскен жері — Шалқар ауданы ның (Айшуақ ауылына қарасты Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері — сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі — Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқылы. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә-бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын.Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім-түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке- шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада — Төреш, Бесқалада — Орынбай, Құрманияз, Орынборда — Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегіне армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады.Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады. Алайда жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уөделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тагдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға ұшырасады. Сонда Балжан: Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы, шабыт түғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклы қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. ## Шығармашылығы Жалпы, Қазанғап — эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы "Ноғайлы босқыны" деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып, "Жұртта қалған", "Окоп" деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп, "Қызыл керуен" деп бебеулейді. Ал "Майда қоңыр", "Учитель", "Өтті-ау дүние", "Көкіл" сияқты күйлері өмірдің мәні мен сөні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмыеына ден қойғанда, оны да XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп таныған жөн. ## Дереккөздер
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — әлемдегі ең ірі уран компаниясы, уранды және оның қосындыларын, сирек кездесетін металлдарды, атом электр стансалары үшін арналған ядролық отынды, арнайы жабдықтарды, екі рет қолданылуға арналған технологиялар мен материалдарды барлаумен, өндірумен, қайта өндірумен және экспорттаумен айналысатын Қазақстанның ұлттық операторы. Толық атауы — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы. Бүгін, ұлттық атом компаниясының активтеріне ақырғы өнімді шығару тізбегіндегі (геологиялық барлаудан, уранды өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап - ғылымға, әлеуметтік қамтуға және мамандар дайындауға дейін) іске қосылған кәсіпорындар кешені кіреді. Қазатомөнеркәсіп — атом өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы және уран өндіру саласындағы әлемдегі жетекші өндіруші. Компанияның жалғыз акционері мемлекет атынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып табылады. Штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан. ## Тарихы 1997 жылдың 14 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті жарлығы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылды. Холдинг құрамына «Волковгеология» геологиялық барлау компаниясы, үш кен басқармалары (Степное, Центральное, Шестое) және Үлбі металлургия зауыты кірді. 2003 жылы Қазақстан Үкіметі Қазатомөнеркәсіпке Маңғыстау облысындағы электр қуатын үнемдейтін жалғыз көзі болып табылатын ірі көп бейінді энергетикалық өнеркәсіпті — Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын дағдарыстан шығаруға сенім білдірді. 2009 жылдан бастап Қазақстан ең ірі уран өндіретін мемлекет болып табылады, сонымен қатар табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы. Қазақстандық уран концентраты 40%-дан астам бейбіт атом энергетикасының қажеттілігін қамтамасыз етеді және әлемдегі АЭС-ы бар барлық мемлекеттерге жеткізіледі. 2015 жылы компанияда Трансформация бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның басты мақсаты — компания қызметінің тиімділігін 3 есе арттыру. ## «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өнімдері және қызметі * геологиялық барлау * табиғи уранды және U3O8 уранның тотық-шала тотығын өндіру * уран гексафторидін (өндірістік қуаттарға қолжетімділік) конверсиялау және өндіру * уран өнімдерін реконверсиялау * БУӨ байыту және өндіру (ОЭХК-мен бірігіп) * ядролық отынның компоненттерін фабрикациялау және өндіру * сирек кездесетін және сирекжерлік металлдарды (Ta, Be, Nb) өндіру ## Өндіру ### Уран өндіру Уранды өндіру және қайта өңдеу — компанияның негізгі қызмет бағыты болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындар тобының құрамына 22 әрекеттегі кеніштер кіреді. Табиғи уранның өндірісі экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүргізіледі. Жерасты ұңғымалы шаймалау кенді жер бетіне шығармастан, табиғи уранды жер қойнауының өзінде өнімді қойыртпаққа айналдыру арқылы құмдақ типтес кен орындарын игеру әдісі болып саналады. ЖҰШ-ты өндірістің дәстүрлі әдістермен (шахталық және карьерлік) салыстырғанда, құрамында ураны бар жыныстар жер астында қалады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бұл технологияны кен орындарын игерудің экологиялық ең таза және ең қауіпсіз, сонымен қатар топырақ құнарлығын қалпына келтіруге елеулі қаржыны талап етпейтін әдіс ретінде мойындаған. ЖҰШ кәсіпорындарында жалпы өзіндік құны уранды дәстүрлі таулы әдісімен (шахта және карьер) өндіретін кәсіпорындармен салыстырғанда 2-3 есе төмен. ### Табиғи уранды қайта өңдеу Қазатомөнеркәсіпте қазақстандық кен орындарының уранды химиялық концентраттарды қайта өңдеудің заманауи әдісін жетілдіріп, оны қолданысқа енгізді. Компания, уранның кәдуілгі техникалық тотығы-шала тотығын өндіруден кейін қайта өңдеу кезінде конверсиялық зауыттарда фторлау үшін арналған қосымша дайындықты талап ететін, сонымен қатар конвертерлік зауытта тікелей фторлауға жарамды уранның тотығы-шала тотығын шығарады. ## Еншілес және тәуелді компаниялар «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы 2024 жылғы қаңтар айындағы ақпарат бойынша төмендегі компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді: Ядролық-отын циклі және металлургия ## Басшылары * 1996—1998 — Бағдат Шаяхметов * 1998 — Қадыp Байкенов * 1998—2001 — Мұхтар Жәкішев * 2001—2002 — Асқар Қасабеков * 2002—2009 — Мұхтар Жәкішев * 2009—2014 — Владимир Школьник * 2014—2015 — Нұрлан Қаппаров * 2015—2017 — Асқар Жұмағалиев * 2017 — 2021 — Ғалымжан Пірматов * 2021 — 2022 — Мәжит Шәріпов * 2022 — 2023 — Ержан Мұқанов * 2023 жылдан бастап — Мейіржан Юсупов ## Тағы қараңыз * Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазатомөнеркәсіп
Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән.Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады.Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары – имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде қайда барсаң да Қорқыттың көрі – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер.Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор.Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан [1]. Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген. 1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» - дейді [2]. Осы қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым.Әл-Фараби шығармашылығындағы көрнекті орын алатын тәрбие мәселесі. Ол өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында тәрбие туралы сөз ете келіп, оған нағыз ғылыми анықтама берді: * «Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз»; * «Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі»; * «Этикалық ізгіліктерді – білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады» [2. Б.251]. Әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін алдымен нені білу керек?», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат» атты трактаттарында: ұстаз қандай болу керек, ұстаз бен шәкірттің ара қатынасындағы психологиялық мәселелер туралы көп айтылған. Ғұлама бабамыздың түсінігінше ұстаздар да, қала басшысы да тәрбиелік қызмет атқаратын адамдар: «Ұстаз баланы тәрбиелесе, қала басшысы барша халықты тәрбиелейді. Олай болса екеуі де «Сегіз қырлы, бір сырлы» халыққа қай жағынан болса да үлгілі адамдар болуы тиіс», - деді.Әл-Фараби «Нағыз тәрбиеші ұстаздың бойында он екі тума табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам болу керек», - дей келіп, оның мынадай сипаттамасын береді: «.. өнер-білімге құштар;- мүшелері мүлде мінсіз;- жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;- өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз;- өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;- тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;- жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;- жаратылысынан игі істерге ынтызар;- әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін;- жақындарына да жат адамдарға да әділ- пасықтық атаулығы мүлде рақымсыз;- қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек;- бойына туа біткен он екі, сондай-ақ өмір барысында жүре қалыптасатын алты қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады», - дейді [2]. Әл-Фараби болашақ мұғалім даярлауда ең алдымен еңбек етуге тәрбиелеу ең басты - қасиет деп санайды және еңбекті бірнеше түрге бөліп көрсетеді. Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлескен еңбек. Ол жастарды халықтық еңбекпен айналысуын жөн көрді, және мынадай өлең жолдарын да арнады: Халықтың қамын жесең, таза еңбек ет, Дәстүрді ұста, көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бірақ жол бар, Білім, еңбек, тәрбие, ол – парасат [2. Б.92]. Бұл жерде Әл-Фараби таза, адал еңбекті – тәрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тәрбиені неден бастау керек?» деген еңбегінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеруді, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны үйрену үшін адамның ар тазалығын, оның жеке басының тазалығын, еңбексүйгіштігі мен қызығушылығын бірінші орынға қояды.Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма» - деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет.Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б. Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы - өтелмейтін парыз. Соның ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың», - деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде әкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «әкең біледі», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нәрсені әкесінің нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді.Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді. «Он үште отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген сәтінен он үшке дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады, елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның өмірінен артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты ұстану және адамды айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық даналығындағы мақал-мәтелдер адамның құндылық екенін дәлелдейді.Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалары болашақ мұғалімдерді мақсаттылыққа, ішкі сұраныспен өмір сүру және жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру ісіне, барлық жағдайда моральдық кодекс принциптері мен жоғары адамгершілік идеяларды басшылыққа ала отырып, оларды оқу-тәрбие ісінде жүзеге асыруға, кәсіби парыздылық сана-сезімінің қалыптасуына көмектеседі. ## Дереккөздер * Даналардан шыққан сөз: нақылдар жинағы / Құрастырған Ұ. Асылов. – Алматы: Мектеп, 1987. – 162 б. * Әл–Фараби. Әлеуметтік–этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 163 б.
Қазанқап– палеолит дәуірінің қонысы. Тараз қаласынан 280 км солтүстік-батыстағы Тантай және Қазанқап тауларында орналасқан. Қазанқапты 1961 жылы Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнография институтының Қаратау палеолит отряды (жетекші Х.Алпысбаев) ашқан. Аудfys 112-200 м алаңнан 300-дей тас артефактылары жинастырылған. Олар, негізінен, екі шетті шапқы құралдардан (11 дана), өзектастан жасалған шапқыштардан (5 дана), қырғыш (6 дана), бір жүзді шапқыш құралдардан (3 дана), қол шапқыдан (4 дана), өзектастардан (5 дана), басқа да құрал тұрпаттарынан (10 дана), шақпақ тастардан (242 дана) тұрады. Тас жаңқаларының басым бөлігі (215 дана) клектон типіне жақын. Леваллуа техникасы бойынша жасалған тас тіліктері (15 дана) де бар. Қазанқап Орталығы және Оңтүстік Қазақстан палеолиттік ескерткіштерін өзара байланыстыратын, олардың хронологиясын анықтауды шешуге мүмкіндік беретін кешен. ## Дереккөздер
Қазгидрожобалау, Қазақ жобалау-іздестіру және ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Іргесі 1961 жылы Бүкілодақтық жобалау-іздестіру ғылыми-зерттеу институтының (Гидропроект) Қазақ бөлімшесі ретінде қаланған. 1991 жылы «Алматыгидрожобалау» институты болып қайта құрылды. 2000 жылдан «Қазгидрожобалау» ЖАҚ. «Қазгидрожобалау» геология, топографиялық, гидрология, экология, т.б. инженерлік іздестіру жұмыстарын, техникалық-экономикалық негіздеме жасау, су-электр станцияларын, су шаруашылығы және селден қорғау құрылыстарын жобалаумен айналысады. Институт құрамында: кешенді іздестіру экспедиция, гидрология және су энергетикалық-экономика есеп, бөгендер салу және қоршаған ортаны қорғау, электрмеханика, гидротехника құрылыстар және механика құрал-жабдықтар, архитектура-құрылыс, т.б. бөлімдері бар. ## Дереккөздер
«Қазгермұнай» – Қазақстанның минералдық-шикізат кешеніндегі серіктес кәсіпорындардың бірі, мұнай-газ бірлескен кәсіпорны. 1993 жылы 9 қарашада ЖШС нысанында құрылған, шетел капиталының қатысу үлесі 50%, яғни акциялар пакетінің 25%-ы РВЕ-ДЕА-ның (неміс мұнай компаниясы), 17,5%-ы ЭЭГ-нің (неміс мұнай компаниясы), 7,5%-ы Халықар. Қаржы Корпорациясының (Дүниежүзілік банктің бөлімшесі), 50%-ы қазақстандық «Харрикейн Құмкөл Мұнай» заңды тұлғасына (бұрынғы «Оңтүстікмұнайгаз АҚ») тиесілі. Бүгін таңда жұмсалған шығын 150 млн. долларға жуық. Мұнай кеніштерін дамыту үшін тағы да 100 млн. долларға жуық қаржы жұмсалмақ. Бірлескен кәсіпорын Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай (Оңтүстік Торғай ойпаңы) кеніштерін барлау, олардан көмірсутекті өнім өндіру, тасымалдау және одан әрі Германияға экспортқа шығару жұмыстарын орындайды. Бірлескен кәсіпорындарды Құрылтайшылар жиналысы, Қадағалау кеңесі басқарады, Бақылау кеңесінің атқарушы комитеті үш жерде жұмыс істейді: Басқармасы Қызылорда қаласында, Ақшабұлақ кәсіпшілігі, Өкілдік Алматы қаласында (маркетинг, компанияның орталық идаралардағы өкілдігі). Қазіргі кезде 8 игеру оқпаны іске қосылды. Мұнай дайындайтын ұшқыштық және орталық станциялары, Ақшабұлақ кенішінен ұзындығы 60 км екі желілі мұнай құбыры, Құмкөл – Қарақойын – ШМОС (Шымкент мұнай-органикалық синтез) құбыр желісі, қызметкерлерге арналған вахталық қыстақ салынып, пайдалануға берілді. Құрылысқа халықаралық компаниялармен қатар, қазақстандық фирмалар да қатысты. Ақшабұлақ кенішінде мұнай коммерциялық жолмен 1998 жылы қазанда өндіріліп, Қарақойын-Құмкөл магистраліне беріле бастады. Бірлескен кәсіпорын мұнайды фонтандық әдіспен, қабаттық қысым есебінен өндіреді. Қазіргі кезде оның өндірістік қуаты жылына жарты миллион т-ға жуық, кенішті игеру жобасы бойынша жылына 1 – 1,3 млн. т. мұнай өндіру көзделіп отыр. 2000 жылдан тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің екінші кезеңі басталды. Бүкіл өндірілген мұнайдың шамамен 70%-ы экспортқа шығарылады, 30%-ы ішкі нарықта қалады. Алынған пайданың жартысына жуығы салықтар мен роялти төлемдері түрінде Қазақстан жағына түседі. Бүгін таңда «Қазгермұнай» Бірлескен кәсіпорнының бүкіл мұнай өндіруші нарықтағы үлесі 1,51%. ## Дереккөздер
Қаздар қонысы – республикалық маңызы бар палеонтология табиғат ескерткіші. Павлодар қаласында, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала тұсындағы жағалаудағы биіктігі 15 – 20 метр жырадан (ұзындығы 200 метрге жуық) ертеде тіршілік еткен жануарлардың сүйектері табылған. Бұлар негізінен б.з. 4 – 5 миллион жыл бұрын тіршілік еткен гиппарион фаунасына кіретін жануарлар: хилотерий (жылқы тұқымдасының арғы тектерінің бірі), синотерий (мүйізтұмсықтылар), махайрод (қылыш тісті жолбарыстар), лагомерикс (бұғытәрізділер), самотерий (керіктәрізділер), кемірушілердің көптеген түрлері, т.б. «Қаздар қонысы» – гиппарион фаунасының жануарлары табылған ең бай орындарының бірі. Алғашқы қазба жұмыстары 1930 жылы жүргізілген. Бұл орын 1971 жылдан мемлекет қорғауындағы табиғат ескерткіші болып табылады. ## Дереккөздер
Қазатлық, Азатлықтөбе – ортағасырлық қалашық. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Арыс өзеніне Құлан өзенінің құяр тұсында орналасқан. Қазатлықты 1940 жылы Жамбыл археологы бекетінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Қала Құдама ибн Жафардың “Китаб әл-Харадж уа Санат әл-Китаба” шығармасындағы Бадухкет қаласы деген пікір бар. Трапеция тәрізді биіктігі 5 – 6 м, диаметрі 30 – 40 м төбе қалысының орталық бөлігін алып жатыр. Ол биіктігі 0,75 м және диаметрі 70 – 80 м төбешік- алаңқаймен қоршалған. Батыс жағынан биіктігі 2,5 – 3 м, диаметрі 50 – 70 м төбешік жалғасады. Теріліп алынған қыш ыдыстар қолдан немесе шарықта жасалған. Ангобты өрнекті ыдыстар аз табылған. Сырланбаған ыдыстар басым. Сырлы ыдыстар мерзімі жағынан Қарахан әулеті заманына жатады. Табылған құмыра, көзе, тостаған, саптаяқ, т.б. бұйымдарға қарағанда Қазатлық қалашығын мекендеген тайпалар 8 – 11 ғ-ларда өмір сүріп, мал шарушылығымен және егіншілікпен айналысқан. ## Дереккөздер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты. 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр . 2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алды. 2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты. ## Тарихы Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды.. 1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды. 1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, оның ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады. 1930-1940 жылдары университеттің қалыптасуы кезінде М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, М. Т. Козловский, К.П.Парсы, Б.А.Домбровский, Е.Б.Бекмаханов, С.Я.Болатов, С.А.Нейстат, Е.Ысмайылов сияқты сол кездегі маңызды ғалымдардың педагогикалық қызметі ҚазМУ-мен байланысты болды. С. Хусаинова және басқа да танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы оқу орнында студенттерге сабақ берді. 1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының базасында филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. Соғыстың қиын жылдарынан кейін жаңа факультеттер ашыла бастады. 1948 жылы тарихи, геологиялық-географиялық, содан кейін экономикалық факультеттер ашылды. 1955 жылы заң институтының базасында заң факультеті ашылды, ал физика-математика факультетінен 2 Факультет-физика және математика құрылды. 1963 жылы ҚазМУ экономика факультетінің базасында "Нархоз" университеті деп аталатын "Алматы халық шаруашылығы институты"(АИНХ) құрылды. 1968 жылы университетте журналистика және философиялық-экономикалық факультеттер ұйымдастырылды. 1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1991 жылы жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылғы 9 қаңтарда ЖОО-ға мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 1999 жылдан бастап университет "ҚАЗҰУ хабаршысы" атты журнал шығарады. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Таймс" университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Қатысушылардың жалпы санынан 600 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, олардың 16000-нан. Университетте рейтингке енген кезде жақын және алыс шет елдерден 20 мыңнан астам студент оқыды. 2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі ЖОО-ға түлектерді даярлаудың "жоғары деңгейі" дегенді білдіретін "С" рейтингтік сыныбын берді. КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды. ### 30-жылдар 1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады. Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды.Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды. Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді. Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады.1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады. ### Бүгінгі жағдайы Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды. ## Халықаралық қызмет Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады. ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар. ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, диалог алаңы бар "Ұрпақтар арқылы өтетін Жасыл көпір" сияқты бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. "Ұрпақтар арқылы жасыл көпір" платформасы Қазақстан Президентінің "ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы" және "Жасыл" идеяларын іске асыру үшін құрылған көпір". ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып RIO + 20 конференциясында платформа ұсынды: БҰҰ-ның RIO-20 орнықты даму жөніндегі декларациясына қосылды, RIO + 20 конференциясының секциясын басқарды. 2014 жылғы қаңтарда ҚазҰУ. Әл-Фарабиге БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылды. ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы ЮНЕСКО ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ базасында құрылды. "Еуразиялық әртүрлілік және университеттердің орнықты дамудағы рөлі" III Азия университеттерінің форумы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ 2014 жылы Астана мен Алматыда өткен VII Астана экономикалық форумы аясында университеттің орнықты даму жөніндегі іс-шараларын ілгерілету шеңберінде өтті. ҚазҰУ "Тұрақты адам дамуының жаңа парадигмасы" тақырыбында халықаралық конференция өткізу үшін негізгі ұйым ретінде таңдалды. G — Global-дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) бірлесіп, жетекші халықаралық ұйымдар өкілдерінің, әлемге әйгілі ғалымдардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен" Жаһандық диалог форматы". ## Ғылым және инновация ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Департамент ғылыми және инновациялық қызметті Университеттің даму стратегиясы, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде айқындайды. әл - Фараби және ғылыми-техникалық кеңес. Департамент қызметінің мақсаты ҚазҰУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін барынша толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамыту. ## Университетте жұмыс істейді * Болон процесі бойынша студенттер бюросы * "Сұңқар" студенттік кәсіподағы / "Сұңқар" * Ғылыми кітапхана * ҚазҰУ жанындағы бейіндік мектеп. әл-Фараби * ҚазҰУ колледжі. әл-Фараби * ҚазҰУ тарих мұражайы. әл-Фараби * ҚазҰУ мұрағаты. әл-Фараби * Биология мұражайы * Археология және этнология мұражайы * Палеолит мұражайы * "ҚазГУ Град" КВН командасы * "Бақыт" би ансамблі * ҚазҰУ студенттік драма театры. әл-Фараби"БІЗ" * ҚазҰУ Хабаршысы * "Қазақ университеті" газеті, халықаралық бюллетень (екі тілде) * ҚазҰУ Студенттер сенаты * "Парасат" қызметкерлер кәсіподағы * Түлектер қауымдастығы * Әскери кафедра * Біліктілікті арттыру институты * Жұмыс берушілер Кеңесі * Қалалық деңгейде тіркелген "Эйдос" театр клубы * "Қазақ университеті"баспасы * ҚазҰУ пікірсайыс клубы * ҚазҰУ зияткерлік клубы * "Саясаттанушы" студенттік пікірталас клубы * Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы "Талейран" дипломатиялық клубы * Кіші әл-Фараби Академиясы * Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы * Саясаттану кітапханасы. Т.Т.Мұстафин саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында ## Институттары * Мемлекет және құқық институты * Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ) * Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (ҒҒТМ ҒЗИ) * Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы (ЦФХМА) * Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ПББ ҒЗИ) * Біліктілікті арттыру институты (БАИ) * Конфуций Институты * Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк) * Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана (NNLOT) ## Университет қалашығы 90 га университет кешені шығысында Есентай (Весновка) өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесінен оңтүстігінде Әл-Фараби даңғылына дейін орналасқан. Кешеннің құрылысы 1971 жылы басталды. Жобаны "Гипровуз" жоғары оқу орындарын жобалау институтының авторлық ұжымы әзірледі (сәулетшілер В.П.Бондаренко-жетекші, В.М.Егоров, Ю.С.Зимин, инженер Л.П.Самарцев). Бастапқыда 2 кезектегі құрылысты жүзеге асыру жоспарланған болатын: бірінші кезек (1986 жылға дейін) гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу ғимараттарын, акт залын, жатақханаларды, спорт кешенін, емхананы, шаруашылық құрылыстарды салуды көздеді; екінші кезек (1995 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған)  нақты ғылымдардың оқу корпустары, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалар мен кітапханалардың 2,5 млн томдық корпустары, жатақханалар және т.б. Университет кешенінің жоспарында 4 функционалды аймақ бөлінеді — оқу-өндірістік, спорттық, тұрғын үй және шаруашылық. Бұл аймақтарды байланыстыратын негізгі өзек-эспланад. Ректораттың биік ғимараты (биіктігі 75 м) басым позицияны алады, бұл бүкіл кешеннің архитектуралық және композициялық маңыздылығын көрсетеді. 2004 жылғы жағдай бойынша университеттің Студенттер қалашығында 10 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы болды. У.Жолдасбекова, спорт кешені, "Қазақ университеті" баспасы, газет, "Сана" телерадиостудиясы. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мақұлдаған университеттің даму жоспарына сәйкес ғылыми кітапхана ғимаратынан университет кешені құрылысының екінші кезеңі басталды. ## Университет құрылымы Қазақ ұлттық университетінің 17 факультеті бар: ## Университет басшылары * 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы * 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы * 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев * 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин * 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев * 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин * 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков * 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин * 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин * 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев * 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов * 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов * 2010 – 2021  — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов * 2021 – жылдан бастап Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев ## Атақты түлектер * Зейнолла Қабдолов * Әбіш Кекілбаев * Мұхтар Мағауин * Дулат Исабеков * Қадыр Мырза Әлі * Тұманбай Молдағалиев * Тұрсын Жұртбай * Жүрсін Ерман * Нұрлан Оразалин * Олжас Сүлейменов * Әзілхан Нұршайықов * Рахман Алшанов * Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова * Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев * Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов * Мырзатай Жолдасбеков * Игорь Иванович Рогов * Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов * Қайрат Мәми * Тауман Төреханов ## Серіктес университеттер * Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы * Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы * Soongsil University, Корея Республикасы * Ching Yun University, Тайвань ## Тағы қараңыз * әл-Фараби * QS Әлем Университеттері Ранкингі ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * mkm.kz Мұрағатталған 20 ақпанның 2013 жылы. * ҚазҰУ электронды кітапханасы Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы. * ҚазҰУ-дың ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.
“ҚАЗ-ҚАТАР” – қазақтың халық биі. Халық күйі “Аққудың” (музыкасын биге бейімдеп өңдеген Н.Тілендиев) сүйемелімен қыздар тобы орындайды. Музыкалық өлшемі 2/4. Би қаздардың тізіліп көлге қонуын, шомылуын, қайырылып қайта қайтуын бейнелейді. Алғаш 1934 жылы Алматы қаласында өткен ауыл шаруашылық слетінде халық бишісі Ж.Оразалиев биледі. “Қаз-қатар” биі балетмейстер Д.Т. Әбіровтің өңдеуімен 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік академиясы опера және балет театрында және “Біздің сүйікті дәрігер” фильмінде орындалды. Қазір “Аққу” деген атпен жиі орындалып жүр. ## Дереккөздер
Қази, Ғази (туған жылы белгісіз – 1576) – XVI ғасырдағы ноғай мырзасы. Кіші Ноғай Ордасының негізін қалаушысы, Орақтың ұлы, Алшағыр бидің немересі. Ғази бен Ораққа тиесілі болған ру тармағы 1530 жылдары биліктен қуылды. Бастапқыда өз ұлысымен бірге Бұзаулық өзені мен Арал теңізі аралығында (Ресейдің Орынбор облысы мен Қазақстанның Ақтөбе облысының аумағы) өмір сүрді. Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі батырлық жырларда Қази есімі Қарасай есімімен қатар айтылады. Екеуі де қазақ-ноғай дәуіріндегі тарихи тұлғалар, Едіге бидің ұрпақтары. Деректер мен зерттеулер бойынша Қазидың шыққан тегі: Едіге, одан Нұраддин, одан Оқас, одан Мұса, одан Алшағыр, одан Орақ, одан Қази мен Қарасай болып таратылады. Қазидың Едігеге дейінгі ата-бабаларының бәрі де тарихта белгілі із қалдырған тарихи тұлғалар. Қазидың атасы Алшағыр XVI ғасырдың басында Ноғай ұлысын билесе, әкесі Орақ белгілі бектердің бірі болған. XVI ғасырдың 30 жылдары Орақтың иелігіндегі жерге қазіргі Саратов өңіріндегі Еділ алқаптары жатқан. Қази Ноғай Ордасындағы саяси оқиғаларға XVI ғасырдың ортасында белсене араласқан. Сыртқы саясатта Ғази бен Орақ Қырым хандығына сүйенді. Одақ 1570 жылдардың басында жас туыстарының алмасуымен расталды. Екі ғазилердің бөлелері Бақшасарайға келді, ал Қырым ханы Дәулет Герейдің ұлдары Мұрат Герей мен Фатх Герей онымен бірге тұруға жіберілді. Одақтың басты мақсаты ортақ дұшпандарға - ең алдымен Ресей патшалығына және Үлкен Ноғай Ордасына қарсы әскери-саяси одақ болды. Ғази 1569 жылы Герейлердің Астраханға қарсы жорығына, 1571 және 1572 жылдары Мәскеуге қарсы жорықтарына қатысты. Солтүстік Кавказда Ғази бен Орақ Кабардамен саяси одаққа кірді, оны Кабардин кінәзі Пшеапшока Қайтүкиннің қызымен (1562 жылдан кешіктірмей) үйлендірді. Егер Иван IV-нің 1561 жылы Пшеапшоканың басты жауы Темрүк Идаровтың қызымен некеге тұрғанын ескерсек, онда Кабардин кінәздіктердің екі коалицияға бөлінгені айқын болады. Мәскеу мен Темрүктің саяси бірігуіне Пшеапшок, Ғази және Қырым ханының топтасуы қарсы болды. 1549 – 1555 жылы ноғай бегі Жүсіппен одақтас болып, Мәскеу кінәздігіне қарсы саясат жүргізді. 1555 жылы Жүсіптің орнына Ысмайыл би келгеннен соң, Қазидың көзқарасы бимен үйлеспеді. Шамамен осы жылдары Қази Ноғай ордасынан бөлініп, Солтүстік-Шығыс Кавказдағы Қобан өңірінде жеке өз ұлысын құрған. Тарихта Кіші Ноғай Ордасы, кіші ноғайлықтар, Қази ұлысы деген атпен белгілі. 1555 – 1563 жылы Қази Ноғай ордасындағы таластарға белсене араласқан. Жүсіптің ұлдары Қазимен одақ құрған. 1576 жылы наурыз айында Темрүкке қарсы жорықтардың бірінде Ғази бен Орақ екі бауыры және бірнеше ұлыдарымен бірге қаза тапты. Қази – Ноғай ордасындағы Ресеймен жақындасуға қарсы болған топтың өкілі. Өзі қайтыс болғанда артында Хан атты ұлы қалды. ## Дереккөздер * Батырлар жыры, А., 1989; Қадырғали Жалаири, Жылнамалар жинағы, А., 1993; Тынышпаев М., История казахского народа, А., 1993; Трепавлов В.В., История Ногайской орды, М., 2002.
«Қазмырыш» (Kazzinc) – түсті металлургия кәсіпорны. 1997 жылы қаңтарда құрылған. Құрамына Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зырян мырыш комбинаты, Ленингор жөндеу-механика зауыты акционерлік қоғамдары, Текелі кен байыту комбинаты мен Бұқтырма су-энергетикалық кешені енеді. Басқарушы компания – “Қазастур Цинг АГ” фирмасы (Швейцария). Кәсіпорын металды мырыш, тазартылған қорғасын, мыс концентратын, металды кадмий, күкірт қышқылын, электр және жылу энергиясын өндіреді. “Қазмырыш” 50 мердігерлік кәсіпорынды байланыстырып, 25 мың жұмысшы маманға жұмыс беріп отыр. 1996 жылмен салыстырғанда 2000 жылы мырыш өндіру 55%, қорғасын – 136%, мыс – 71%, алтын – 125%, күміс – 418%-ға өсті. Мырыштың жылдық өнімі 240 мың тоннадан асып түсті. Республика бюджетіне 75 млн. доллардан астам қаржы аударды. ## Компания құрылымы * ӨскеменӨскемен қорғасын-мырыш комбинатыМырыш зауытыҚорғасын зауытыМыс зауытыБағалы металдар өндіру зауыты * Өскемен қорғасын-мырыш комбинатыМырыш зауытыҚорғасын зауытыМыс зауытыБағалы металдар өндіру зауыты * Мырыш зауыты * Қорғасын зауыты * Мыс зауыты * Бағалы металдар өндіру зауыты * РиддерРиддер тау-кен байыту кешеніРиддер металлургия кешені«Қазмырышкмаш» өндірістік кешені«Қазмырыш-Шахтоқұрылыс» өндірістік кешені * Риддер тау-кен байыту кешені * Риддер металлургия кешені * «Қазмырышкмаш» өндірістік кешені * «Қазмырыш-Шахтоқұрылыс» өндірістік кешені * Алтай«Алтай» кен байыту кешені * «Алтай» кен байыту кешені * СеребрянскБұқтырма СЭС * Бұқтырма СЭС * ЖәйремЖәйрем кен байыту комбинаты * Жәйрем кен байыту комбинаты * Көкшетау«Altyntau Kokshetau» АҚ * «Altyntau Kokshetau» АҚ ## Марапаттар мен сыйлықтар * Қазақстан Республикасы Президентінің «Парыз» сыйлығы «Қазмырыш» ЖШС бес рет берілді * «Қазмырыш» ЖШС 8 рет «Алтын Гефест» салалық сыйлығымен марапатталды
«Қазпошта» — пошта байланысы кәсіпорны. Бұрынғы Байланыс министрлігінің құрамындағы біртұтас «Байланыс» саласынан 1993 жылы қазанда бөлініп шығып, дербес шаруашылық субъектісі болды. * 1995 жылы қарашадан республикалық мемлекеттік кәсіпорын. ҚР Үкіметінің «Пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны мен оған қарасты мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру туралы» 1999 жылы 20 желтоқсанда «Қазпошта» ААҚ болып қайта құрылды. Құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Мемлекеттің үлесі 100%. Ұйымдық құрылымы негізгі 4 деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – облысы бөлімшелерге тікелей басшылық жасайтын, пошта жұмысын республикалық деңгейде ұйымдастырып, үйлестіретін орталық аппарат. Екінші деңгей 14 облысы бөлімшені 2 поштамптты (Алматы мен Астана) біріктіреді. Үшінші деңгей облысы бөлімшелерге бағынып, аудандар мен қалалар аумақтарында пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерінің қабылдануын, өңделуін, тасымалдануын және табыс етілуін қамтамасыз ететін пошта байланысының 20 қалалық және 154 ауданы тораптарынан тұрады. Төртінші деңгей 614 қалалық бөлімшені, 2774 ауылдық бөлімшені және 2 пошта тасу бөлімшесін қамтиды. Кәсіпорынның өз тасымал құралдары: 49 т. жылы пошта вагоны, 900-ден астам автокөлігі бар. Жылына орта есеппен 14 млн. хат тасиды. «Қазпошта» ҚР Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес теңгемен және шет ел валютасымен операциялар жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін, жедел поштаны қабылдау, тасымалдау және жеткізу жөнінде кәсіпкерлік қызмет көрсетеді; Бағалы қағаздар рыногінде делдалдық қызметпен айналысады. ТМД елдерімен (Өзбекстаннан басқа) және алыс 14 шет мемлекетпен халықаралық пошта аударымы алмасылады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «Қазпошта» АҚ ресми сайты * «Қазпошта» АҚ порталы Мұрағатталған 7 ақпанның 2012 жылы.
“ҚАЗРОСГАЗ” – бірлескен газ құбыр жүйесі кәсіпорны. 2001 жылы қарашада Қазақстан мен Ресейдің газ саласында он жылға арналған ынтымақтастық жөніндегі келісімшарты шеңберінде 2002 жылы маусымда құрылды. Құрылтайшылары: “ҚазМұнайГаз” (50%), “Газпром” (30%) және “Роснефть” (20%). Кәсіпорын Қазақстанның табиғи газын сатып алумен және оның маркетингін жүзеге асырумен, тасымалдаумен, оны Ресейдің газ өңдеу зауыттарында өңдеумен айналысады. Келісімшарт бойынша жылына Қарашығанақтың 5 млрд. м3 газын Орынбор газ өңдеу зауытында өңдеп, оның 2 млрд. м3 газын Қазақстанға қайтару (Қостанай және Ақтөбе облысы үшін 700 млрд. м3, Батыс Қазақстанға 500 млрд. м3) көзделген. ## Дереккөздер
«ҚазТрансОйл» АҚ (қысқаша ҚТО) – магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры) бағыттары бойынша қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа мұнайды тасымалдайды, «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, мұнайды «Шағыр» МҚП Т.Қасымов атындағы МАС темір жол цистерналарына құю. «ҚазТрансОйл» АҚ табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген. ## Қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ негізгі қызметі – мұнайды (айдау, тиеу, ағызу, құю, сақтау, араластыру) және мұнай өнімдерін магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсету. ## Еншілес және бірлескен-бақыланатын ұйымдар «ҚазТрансОйл» АҚ төменде еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдардың қатысушысы және акционерлері: * «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (қатысу үлесі - 50%), * «МұнайТас» ЖШС (қатысу үлесі - 51%), * «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (қатысу үлесі - 100%), * «Petrotrans Limited» жауапкершілігі шектеулі жеке компания (100%), * «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (100%). ## Қоршаған ортаны қорғау Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік «ҚазТрансОйл»АҚ орнықты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Компания өз тәжірибесінде өндіріс мәселелерін шешу мен оның атмосфералық ауаға, су және жер ресурстарына және басқа да табиғи компоненттерге теріс әсер ету деңгейі арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады. ## KASE листингі 2012 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында ҚазТрансОйл Қазақстандық қор биржасында акциялардың 10% орналастырып, листинг жүргізді. Сұраныс ұсыныстан 2 есе асып, Қазақстанның 34 мыңнан астам азаматы акционер болды. 2023 жылғы дивидендтер 25 000 826 435 теңгені құрады. ## Сыртқы сілтемелер * Компания сайты * Компания туралы
Қазан хандығы (тат. قزان خانلغی ,Qazan xanlığı, Казан ханлыгы, орыс. Казанское царство) – XV ғасырда Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ – Кама бұлғарларының аумағында құрылған (1438 – 1552) мемлекет. ## Ұлттық құрамы Оған қазан татарлары (Еділ бұлғарларының ұрпағы), марийлер, чуваштар, удмурттар, сонымен бірге ішінара мордвалар мен башқұрттар кірген. ## Шаруашылығы Қазан Хандығы тұрғындарының негізгі кәсібі егіншілік болды; оған қосымша мал шаруашылығы, бау-бақша, жабайы араның балын жинау, аңшылық, балықшылық кәсіптерімен айналысты. Бұлғарлардың дамыған қолөнерін Қазан жұртының шеберлері ыждағаттылықпен қабылдай білді. Тастан салынған ғимарат сарайлар, биік мұнаралы мешіттер, кесенелер мұнда сәулет өнері мен құрылыс техникасының дамығандығын дәлелдейді. Қазанның географиялық жағдайының тиімділігі оның Русьпен, Сібір, Иран, Кавказ, Орталық Азия елдерімен сауда-саттық қарым-қатынасын жасауына мүмкіндік берді. ## Әлеуметтік құрылымы Қазан Хандығында жоғары өкімет билігі ханның қолында болды, бірақ оған ірі ақсүйектер кеңесі(диуан) бағыт сілтеп, бақылау жүргізіп отырды. Ақсүйектердің ең ықпалды жоғары тобы, негізінен, 4 рудан шыққандар болды. Олардан кейін сұлтандар мен әмірлер, бұлардан төменіректе мырзалар, ұландар, жауынгерлер тұрды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін хан ақсүйектердің құрылтай жиналысын шақырды. Ислам дінінің өкілдері де Қазан Хандығында зор рөл атқарды, олар ірі жер иеліктерін пайдаланды. ## Әкімшілік бөлінуі Әкімшілік тұрғыдан Қазан Хандығы даруға (аймақ), ұлыстарға (уәлаят) бөлінді. ## Тарихы Қазан хандары әулетінің алғашқы өкілі – Алтын Орданың ханы Ұлық Мұхаммед (1438–1445). Оның баласы Махмұтбек 1445 жылы Қазанға орнығып, бұл хандықтың дербес болуына негіз салды. Русьтегі бөлшектенуді, өзара қырқысуларды пайдаланып Қазан Хандығы 15 ғасырдың бірінші жартысында Мәскеудің ұлы князі Василий ІІ қараңғы тұсында орыс жерінің шығыс бөліктеріне ықпал жүргізуге тырысты. Бір орталыққа бағынған Ресей мемлекеті біріккеннен кейін, Иван ІІІ Васильевич тұсында Қазан Хандығына қарсы күрес күшейді. Мәскеуліктердің тарапынан 1467–1469 жылы Қазан мен Вяткаға жасалған шапқыншылықтарынан соң Қазан Хандығы орыс жеріне шабуылын тоқтатты, Алтын Орда құлағаннан кейін (1480), Иван ІІІ Қазан Хандығына шабуылды қайта бастады. 1487 жылы 9 маусымда орыс әскерлері Қазанды алды. Әли хан тақтан түсіріліп, оның орнына інісі Мұхаммед Әмин (Иван ІІІ-нің қол жаулығы) хан болып тағайындалды, Қазан Хандығы Ресейге 1521 жылға дейін вассалдық тәуелділікте болды. Мұхаммед Әмин өлгеннен (1518) кейін, оның орнына Қасым хандығының ханзадасы Шаһ Әли хан болып тағайындалды. Оны 1521 жылы Қырым ханының інісі Сахиб Герей құлатып, таққа өзі отырды. Оның тұсында Қазан Хандығы Қырым, Астрахан хандықтарымен, Ноғай ордасымен одақтасып, татар жұртының ауыз бірлігін сақтауға ұмтылды. Бұл бағытты Түркия қолдады. 1521 жылы Қазан Хандығы Түрік-Қырым одағына кірді. 1524 жылы Түркияның протектораттығын қабылдады. Таққа Сафа – Герей отырды (1524–1549). Бұл одақтан қауіптеніп, одан сақтану мақсатымен Василий ІІІ Сура өзенінің сағасында Васильсурск қаласын салғызып, бекініс жасады (1523). Иван ІV нығайып алғаннан кейін Қазан Хандығына қарсы шапқыншылықты күшейтті, 1546 жылы татар ақсүйектерінің үлкен бір тобы Руське қарсы күресті тоқтатып, Иван ІV-нің жағына шықты, оның артынша Қазан Хандығынан бүкіл “тау жағы” (батыс жақтағы чуваштар) бөлініп кетті. 1545–1552 жылы Қазан жорықтары Қазан қаласын орыс әскерлерінің басып алуымен (1552) аяқталды. Қазан Хандығы жойылып, оның бүкіл жері Ресей мемлекетінің қарамағына көшті. ## Қазан хандары ## Әдебиет ## Галерея ## Дереккөздер
Қазгидромет — Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорны, Республиканың Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі. Ол гидрометеорология және экологиялық мониторинг, сондай-ақ су қорының мемлекеттік есебін және су кадастрын жүргізетін республикалық мемлекеттік кәсіпорнын біріктіреді. Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғыз бен Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет (1890) Ертіс өзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станция мен 49 бекет, 123 гидрометеорология бақылау пункттері жұмыс істеді. 1922 жылдың 23 қаңтарында Бас физика обсерваториясының Орынбор облысы метеорология бюросы құрылған. Ол 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорология бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорология болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ гидрометеорология қызметінің біртұтас басқармасы құрылды. Оның бірінші басшысы Қазақстанның белгілі саяси қайраткері – О.Жандосов болды. 1992 жылдың 7 ақпанында Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма болып қайта құрылды. 1997 жылы Жедел басқару құқығындағы "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны құрылып, кейін ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысымен «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) мәртебесі берілді. Қазіргі кезде «Қазгидромет» жүйесіндегі метеорология, агрометеорология, гидрология, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 750. «Қазгидрометтің» негізгі міндеттері: республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу; әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету; қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б. «Қазгидромет» табиғи ортаның мониторингін жүргізу барысында аса улы 20-дан астам заттарды анықтау үшін республиканың 26 қаласындағы 94 тұрақты пункттерде атмосфера ауаның құрамына бақылау жүргізеді. Бақылау материалдары бойынша дерекқор қалыптастырылады және ақпараттық-экология бюллетеньдер, анықтамалар, шолулар жарияланады. 1873 жылы Бірінші халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология ұйым құрылды. Ол 1947 жылы БҰҰ құрамындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды. ДМҰ-ның шешімімен 23 наурыз Халықаралық метеорология күні болып тағайындалған.ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады. ## Дереккөздер
Қазтеңізкөлікфлоты – ұлттық теңіз сауда компаниясы. ## Тарихы 1998 жылы 4 желтоқсанда ЖАҚ ретінде құрылған. Компания Каспий теңізінде мұнайды Британияның “Barren Energy (Servіces) Lіmіted” (BESL) компаниясынан тайм-чартер (кемелерді туын ауыстырмай, экипажымен жалдау) шартымен жалға алынған, жалпы салмағы 30 мың тоннаны құрайтын 6 танкермен тасымалдайды. ## Негізгі қызметі * Компанияның негізгі қызметі: Ақтау портынан Махачкала (РФ), Батуми (Грузия), Нека (Иран) бағыттары бойынша халықаралық мұнай тасымалдау қызметін көрсету; * Ақтау портының ұзақ мерзімге жалға алынған ғ4 және ғ9 мұнай құю айлақтары арқылы мұнайды ауыстырып тиеу. ## Флот ### Құрғақ жүк таситын кемелер * Атамекен * Бекет ата * Жібек Жолы * Түркістан ### Танкерлік кемелер * Ақтау * Ақтөбе * Алатау * Алматы * Алтай * Астана * Атырау * Орал ### Мамандырылған кемелер * Барыс * Бүркіт * Сұңқар ### Сүйреткіштер * Ембі * Ертіс * Есіл * Орал * Талас * Тобыл * Ырғыз ### Баржалар * ҚМГ-101 * ҚМГ-102 * ҚМГ-103 * ҚМГ-104 * ҚМГ-105 * ҚМГ-106 * ҚМГ-107 * ҚМГ-108 ## Дереккөздер
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) — ноғайлық мырза, батыр, халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы. Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жарты­сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мем­лекеттік архивінің көне актілер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би – Нұраддин – Уаққас – Мұса – Ысмайыл би – Дінбай би – Тінікей – Абдолла – Сүйініш – Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ би­леушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшы­ла­ры­ның алдына барып, орыс-қалмақ ке­­­лісіміне қол қойып, аманат са­ра­йын­дағы ноғайдың жас мырзасын бо­са­туды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайлары­ның мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдын­да­­ғы абыройлы істерін еске салды. Алай­да, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабар­дин кінәзі Касбулат Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха­бар­лайтынын айтып, қалмақ делега­циясын жылы шыраймен шығарып салады.Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды. Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтайды. Көрінген мынау көк Нарын Ойран салып өткен жер. Маңдайы күнге күймеген, Жорғадан басқа мінбеген, Сұлудан басқа сүймеген, Қамқадан басқа кимеген... Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды. Жауды көрсең жайнаған, Жай тасындай қайнаған. Еділде тұрып оқ атса Жайыққа түсіп жоғалған... Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды. Арғымақтың баласы Арыған сайын тың жортар Арқамнан қосым қалар деп, Ақ дария толқын күшейтер. Құйрығын күн шалмаған балығым, Ортамнан ойран салар деп Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы образды сөздер. Бұрын соңды қолданылмаған тек Қазтуғанға тән тіркес « Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп дім» - қандай әдемі сөз! Осы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын 5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай: Жабағалы жас тайлақ, Жардай атан болған жер. Жатып қалған бір тоқты Жайылып мың қой болған жер. Жарлысы мен байы тең, Жабысы мен тайы тең, Жары менен сайы тең. ## Дереккөздер
Қазфосфат– химия өнеркәсібіндегі өндірістік құрылым, жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 1999 ж. құрылған. Жамбыл және Түркістан облыстарындағы бірқатар химиялық кәсіпорындарды біріктіреді. Негізгі өндірістік нысандары: «Қаратау» кен өңдеу кешені, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты, Темір жол көлігі кешені, Шымкент қ-ндағы синтетикалық жуу заттарын шығаратын зауыт, т.б.Қызметінің негізгі түрлері: минералдық шикізат (фосфорит кентасын) өндіру, байыту және өңдеу, олардың негізінде өнеркәсіптік өнім мен халық тұтынатын тауарлар шығару; геол. барлау жұмыстарын жүргізу; минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және оның қосылыстарын шығару. Бұл негізгі бағыттарынан басқа «Қазфосфат» ЖШС-і фосфор саласындағы кәсіпорындардың құрылымын дамытуға, өндірістік процестерін жетілдіруге, қуаттылығын арттыруға бағытталған үлкен істер атқаруда. Бұл іс-шаралар Қаратау фосфорит алабының табиғи қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта «Қазфосфат» ЖШС-і фосфор саласының тек шикізат өндіруге бағытталған біржақтылығын өзгерту, сыртқы және ішкі рыноктарға сапалы, бәсекеге түсе алатын өнім шығару бойынша іргелі жұмыстар жүргізуде. ## Дереккөздер
ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БИЛЕТ – ұсақталмайтын және асыл металдарға айырбасталмайтын қағаз ақша түрі. Оны үкімет органдары (қазынашылық) мемлекеттік бюджет тапшылығын жою үшін шығарып тұрған. Қазынашылық билет қазіргі кезде сирек кездеседі. Мемлекеттің айналымдағы қысқа мерзімді міндеттемелерін де қазынашылық билетке жатқызу үрдіске айналған.
Кәкімжан Қазыбаев - (10 мамыр 1929(19290510), Талдықорған облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылы – 21 қазан 1989 жыл, Алматы) – жазушы, мемлекет қайраткері. ## Биография ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген (1952). * 1952 – 1958 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, * 1958 – 1968 жылы Алматы облысы “Жетісу” газетінде редактордың орынбасары. * 1968 – 1972, 1972 – 1974 жылы Қаз КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде төраға орынбасары, * 1977 – 1982 жылы ҚазТАГ директоры, * 1982 – 1985 жылы Қазақстан компартиясы ОК-тінде нұсқаушы, хатшы, * 1985 жылдан “Қазақстан коммунисі” (қазіргі “Ақиқат”) журналының бас редакторы болды. Қазыбаев шығармаларының негізгі тақырыбы – ауыл тұрмысы, халықтар достығы мен соғыс жылдарындағы ел басына түскен қиындықтар. ## Шығармалары “Кернеген кек” (1966) повесі, “Ызғар” (1972, орыс тілінде – 1976), “Аманат” (1979, орыс тілінде – 1982) романдары, Таңдамалы шығармалары (2003) жарық көрген. С.М. Штеменконың “Бас штаб соғыс жылдарында” атты мемуарлық кітабын, Б.Момышұлының “Офицер күнделігін” қазақ тіліне аударған. ## Дереккөздер
Қазығұрт (1993 ж. дейін – Ленинское) — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, аудан және Қазығұрт ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 232 км жерде, Қазығұрт тауының оңтүстік баурайында, Келес өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ең жақын темір жол бекеті – Сарыағаш. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1905 жылы қаланды. Алғашында Шұқырбекет, 1916 жылы Алексеевка, 1924-1993 жылдары Ленин ауылы аталған. 1997 жылға дейін Қазығұртта ауыл шаруашылық техника бірлестігі, нан, май, кірпіш зауыттары, баспахана, автокөлік, құрылыс орындары, т.б. аудандық кәсіпорындар мен мекемелер болған. Олар 1997 жылдан кейін жекешелендіріліп, әр түрлі бағыттағы шаруа нысандарына айналды. ## Инфрақұрылымы Қазығұртта 4 орта білім беру ошағы ("Болашақ", "Сатпаев", "Рысқұлов", "Жандосов"), 1 орталық аурухана, кәсіптік-техникалық колледж, мәдениет үйі, 2 кітапхана, 4 мешіт, 1 стадион, емхана, электр қуаты жүйесі, байланыс бөлімшесі, почта т.б. бар. ## Табиғаты Ауданда Қазығұрт, Қаржантау, Өгем таулары бар. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас тағы басқа құрылыс материалдары бар. Қазығұрт ауылының Солтүстік Шығысынан Тянь-Шань тауымен ұласқан Қаржантау тауы көрінеді. Келес және Өгем өзендері Қаржантау қыратында бөлініп, солтүстік шығыс жағындағы Сайрам тауларының етегіндегі Бадам өзеніне құйылады. Қыраттың орташа биіктігі теңіз деңгейін алғанда 2000-2500 м. Қазығұрт және Қаржантау таулары өзінің тік жартасты және тегістігімен ерекшеленеді. Климаты қолайлы, қысы жылы. Аудан жерінен Келес, Тастақсай, Өгем, Қаржансай өзендері ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, шырша т.б. өседі. Жануарлардан аю, қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ тағы басқалар кездеседі. ## Дереккөздер
“ҚАЗЭНЕРГОКАБЕЛЬ” – энергетика кәсіпорны. 1999 жылы құрылған. Кәсіпорын ішкі және сыртқы рынок үшін кабель-өткізгіш сым өнімін өндіріп, сатуды мақсат етеді. Дайын өнімді тікелей тапсырыскерлер (“Қазаққмыс”, “Қазақстан темір жолы”, “КЕГОК”, “Қазақойл”, “Қазтрансойл”, “Қазмырыш”, “Қазатомөнеркәсіп”, Қорғаныс мин., т.б.) Қазақстанда және таяу шет елде сатады; қ. ## Дереккөздер
Қайбалы, қойбалы – түркі тайпасы. 18 ғасырдада Енисей өлкесінің жоғарғыойпаты мен Қайбалы даласын жайлап, өздерін қайба немесе қойба деп атаған. 1858 жылы Қайбалы 7 руға бөлінді. Салт-санасы, әдет-ғұрпы, тұрмысы көршілес Минусинск татарларына ұқсас болған. ## Дереккөздер
«Қазхром» ТҰК» АҚ – бұл вертикалды интегралданған тау-кен металлургиялық компания. 1995 жылы құрылды және қазіргі уақытта әлемдегі хром шикізаты мен ферроқорытпалардың ірі өндірушілерінің бірі. 2017 жылы компания Қазақстанның ірі жеке компаниялары рейтингінде бірінші орынға ие болды. «Қазхром» табиғи ресурстарды өндірумен және өңдеумен айналысатын әртараптандырылған Eurasian Resources Group компаниясы құрамында тиесілі. «Қазхромда» 19 000-нан астам адам жұмыс істейді, Қызметінің негізгі бағыттары: жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту және қосымша құны жоғары металлургия өнімдерін өндіру. «Қазхромның» негізгі активтері Қазақстанның үш облысында орналасқан: Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды. «Қазхром» құрамына төрт негізгі бөлімше кіреді: * Дөң тау-кен байыту комбинаты * Ақтөбе ферроқорытпа зауыты * Ақсу ферроқорытпа зауыты * «Қазмарганец» кен басқармасы Компанияның ресурстық базасы орташа құрамы 50,0% хром бар 220 млн т астам хром кенін қамтиды. Ағымдағы өндіру деңгейінде хром кен орындарын игеру мерзімі 40 жылдан асады. 2018 жылы «Қазхром» 5,64 млн тонна хром кенін және 1,74 тонна ферроқорытпа өндірді. ## Тарих «Қазхром» ТҰК» АҚ 1995 жылы Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары және Дөң тау-кен байыту комбинатын қосқанда, Қазақстанның бірқатар тау-кен өндіруші және металлургиялық кәсіпорындары біріктірілгеннен кейін құрылды. 2004 жылы «Қазмарганец» кен басқармасы құрылды. 2017 жылы Ақсу зауытында № 6 балқыту цехын қайта жаңарту басталды.  Сол жылы Дөң ТБК «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасында «Первомайское» кен орнын игеру басталды.   2019 жылы қайта жаңғыртудан кейін Ақсу ферроқорытпа зауытының № 64 пеші іске қосылды. ## Бөлімшелер ### Дөң тау-кен байыту комбинаты Дөң КБК 1938 жылы Хромтау қаласында  құрылған, хром кенін өндірумен және өңдеумен айналысады. Негізгі кен орнының құрамындағы Дөң КБК-мен игерілетін хром кені шоғырларының ұзындығы шамамен 22 км және ені 7 км. ### Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 1943 жылы құрылды, жоғары, орта және төмен көміртекті феррохром, ферросилиций, сондай-ақ металлконцентратын шығарады. Зауыт жылына 740 мың тоннадан астам ферроқорытпа өндіреді. ### Ақсу ферроқорытпа зауыты Ақсу ферроқорытпа зауыты жылына 1 млн тоннадан астам өнім өндіреді, оның басым бөлігі экспортқа жіберіледі. Кәсіпорын құрамында жиырма алты пеші бар төрт цех және қожды өңдеу кешені бар. ### «Қазмарганец» кен басқармасы «Қазмарганец» кен басқармасы 2004 жылы құрылған, оның негізгі міндеті әртүрлі маркалы болат өндіру кезінде қолданылатын қоспалар үшін металлургия саласында пайдаланылатын дайын (кондициялық) марганец концентратын алу болып табылады. ## Орнықты даму 2019 жылы «Қазхром» БҰҰ Жаһандық шартына қосылды және экологиялық жауапкершілікті таратуға бастамашылық ету, экологиялық қауіпсіз технологияларын дамыту мен таратуға ынталандыру міндетін қоса алғанда, оның 10 қағидатын қолдады. «Қазхром» 2030 жылға қарай ресурстарды пайдаланудың неғұрлым жоғары тиімділігімен, таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өндірістік процестерді неғұрлым кеңірек енгізумен орнықты даму қағидаттарына сәйкес, өзінің инфрақұрылымы мен қызметін жаңғырту міндетін қабылдады. Мысалы, Ақсу ферроқорытпа зауытын реновациялау жобасы аясында «Қазхром» №64 балқыту пешін модернизациялады: пештің газ өткізбейтін нығыздалуын орнатты, бұл ферроқорытпа газын жинап оны қыздыру үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл энергияны тұтынуды 20% төмендетеді және атмосфераға шығарындыны азайтады (заманауи екі газ тазарту құрылғысын орнатумен бірге). 2018 жылы «Қазхром» атмосфераға әсерді төмендету бойынша жаңа ұзақ мерзімді стратегия әзірледі. Оның аясында ол өз активтерін қатты бөлшектерге қатысты, ЕО ауа сапасының стандарттарына сәйкестендірді. Компания өз қызметіне газды тазалаудың озық технологияларын енгізді, сондай-ақ ескі сүзгілерді алмастырды. Компания барлық тіршілік циклі ішінде көмірқышқыл газының шығарындыларына (парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларын қоса алғанда) талдау жүргізеді, бұл оның қызметін неғұрлым энергиялық тиімді және көміртекті барыша аз тұтанатындай етіп жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл компания клиенттеріне өз өнімдерінің көміртегі ізін бағалауға мүмкіндік береді. ## Дереккөздер
ҚАЙЛА – жер қазатын құрал. Темірден жасалады. Қайла басының бір жағы үшкір, екінші жағы жалпақтау келеді. Ортасында сапқа арналған тесігі бар. Сабының ұзындығы 1 м-дей болады. Қазақстанның кейбір жерлерінде оны құстұмсық деп те атайды. Шаруашылық жұмыстарында Қайла топырағы тастақ жерлерді қазуға, тоң оюға, қатып-семіп қалған топырақты босатуға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қайнар Университеті – жоғары оқу орны. 1991 жылы ашылған. Күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ тілі мен әдебиеті, халықаралық қатынастар, халықаралық экономика, заң, шет тілдері, информатика, педагогика және психология факульттері, бакалавриат, магистратура, аспирантура және колледжі бар. Астана, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Семей, Тараз және Шымкент қалаларында бөлімшелері жұмыс істейді. Университетте ҚР Ұлттық ғылым академиясының 16 академигі, 18 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаты дәріс береді. Шет елдердің 27 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. ## Дереккөздер
Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр, Жоңғарларға қарсы Ұлы жүз сапын басқарған қолбасшы, саяхатшы, шежіреші. Қазыбек Тауасарұлының бізге "Түп-тұқианнан өзіме шейін" атты кітабы жеткен. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан. Жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеұлы, т.б. авторлардың пікірлері бойынша Қазыбек Бек “Түп тұқианнан өзіме шейін” деген шежіре еңбек жазған. ## Өмірбаяны Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған. Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуына береді. Кішкентайлығына қарамай жақсы оқыған бала Қазыбек медресені төрт жылда тамамдап, елге оралады. Мұнда екі жыл ауыл балаларына дәріс береді. ## Оқу жолы Екі жыл бала оқытып, біраз адамның сауатын ашқан он бір жасар Қазыбек қасына ауылдасы, өзінен бір жас үлкен Өтеғұл байдың баласы Өтегенді (кейін Сүйінбай, Жамбыл жырлаған Өтеген) ертіп, тағы да білім іздеп жолға шығады. Олар Самарқантта бір жарым жыл болып, атақты Қазы-заде Румидің ұрпағы Хафиз-задеге шәкірт болып, одан дәріс тыңдайды. Одан кейін қайта жолға шығып, Шамға, Бағдатқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып, сегіз жыл сапарда болады. Қазыбекке, әсіресе, Бағдат пен Ыстамбұлда болып, білім алған кездері өте пайдалы болып, жан-жақты өсуіне мүмкіндік алады. Араб, парсы тілдерін айтарлықтай меңгереді. Араб тілін жақсы білудің арқасында Ыстамбұл кітапханасында әл-Фараби еңбектерімен танысады, Махмұд Қашқаридің "Диуани лүғат ат-Түрк", Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикмет" кітаптарын осы жерде оқиды. Қазыбек пен Өтеген бүкіл Еуропаны, орыс жерінің біраз жерін аралап, 1709 жылы елге оралады. ## Соғыс жылдары Елге келгеннен кейін, жиған-терген дүниелерін жинақтап, "Иран шешегі" атты кітабын жазады. Бірақ, жаугершілікті заманның кітап жазып, ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермейді. Ол амалсыз қаламын найзаға айырбастап, ел қорғау ісіне араласады. Оның бұдан кейінгі бар өмірі елдің шетінде, жаудың өтінде өтеді. Ол алғаш қалмақтармен Аягөзде болған соғысқа қатысады. Осында ол Қабанмен, Қожаберген жыраумен танысады. Осыдан бір жылдан соң, Севан Рабданға Тәуке ханның елшісі болып барады.Елдің "Ақтабан шұбырындыға" ұшырауы - ерлердің жанына қатты батады. Олар бұл күндері ат үстінен түспей, бірде босқан елдің басын қосып, ұжымдастырып жатса, бірде өкшелей қуған жауға тойтарыс беріп, шайқасып жатты. Осы бір қазақтың басына төнген қаралы күндердің ауыртпалығын Қазыбек те ел ағаларымен бірге көріп, арпалысты күн кешеді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастаған талай соғысқа қатысып, ерлік көрсетеді.Бізге Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме шейін" деген жалғыз еңбегі жетті. Ол онда замандастары жайында көп деректер береді. Ел-жұртының тәуелсіздігі жолында арыстанша алысып, опат болған көптеген ерлердің аты-жөні айтылып, ерліктері баяндалган, исі қазаққа әйгілі тұлғалар жайында сүйсіне жазган. Тауасарұлы еңбегінің аса құндылығы да осында. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Қайрат – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Қайрат – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Қайрат – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл. * Қайрат – Алматы облысы Талғар ауданындағы таратылған ауыл. * Қайрат – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Қайрат – футбол клубы. * Қайрат – футзал клубы.