text
stringlengths 3
252k
|
---|
«Китаб-И Тауарих-И Падиша-Хан-И» – Сейфи Челебидің 1582 жылы түрік тілінде жазған шығармасы. Аздап араб және парсы сөздері кездескенімен, кітаптың тілі мәнерлі, қарапайым әрі түсінікті. «К.-и т.-и п.-х.-и» қытай билеушілері туралы, қалмақ билеушісі және Тибет туралы, Қашқар, Тур билеушілері және қазақтар туралы, Кашмир билеушілері және Дербаз туралы, Үндістан билеушісі Жалал әд-Дин және оның ата-бабасы туралы, Мауераннахр билеушілері туралы, Үндістанның Жалал әд-Диннен басқа билеушілері мен әкімдері туралы, Байандыр мен қызылбастан шыққан Аджам билеушілері туралы деген 9 тараудан тұрады. Еңбекте, негізінен, 16 ғасырда болған оқиғалар қамтылады және жоғарыда аталған елдердің саяси тарихы мен жеке аймақтардың география жағдайы баяндалады. Шығарманың кейбір тарауларында Шу мен Талас өңіріндегі қазақтардың, қырғыздардың, ауғандардың сауда-саттығы, саудаға салатын заттары, діни нанымдары мен әдет-ғұрыптары туралы айтылады. Қазақтар мен қырғыздар жөніндегі тарихи-этнография деректер Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі саяси оқиғалар, қазақ ханы Тәуекелдің қалмақтарға қарсы соғыстары жөніндегі мәліметтер ерекше назар аударарлық. «К.-и т.-и п.-х.-и-ді» алғаш рет француз шығыс зерттеушісі Шеферож және академик В.В. Бартольд өздерінің ғылым еңбектерінде пайдаланған. 1960 жылы аяғында шығарманың неміс тіліндегі аудармасы мен мәтіні Стамбұлда басылып шықты.
## Шығармалары
## Дереккөздер |
Китаб Футух Әл-Бұлдан (“Жорық кітабы”) – Әбу-л-Аббас Ахмед әл-Белазуридің тарихи шығармасы. Шығармадағы әр тарау хронологияллық жүйеге сүйеніп жазылған. Еңбекте арабтардың Хорасан мен Мауераннахрға жорықтары, Араб халифатының тарихы, экономикасы мен мәдениеті, әскер күші, сауда қатынасы, салық жүйесі туралы мәліметтер берілген. Әсіресе, Орталық Азиядағы түргештердің арабтарға қарсы күресі, араб қолбасшысы Кутейбаның Шаш пен Испиджабқа жасаған жорықтары мен ортағасырлық Түркістан өңірі туралы құнды деректер келтірілген.
## Дереккөздер
, т. 1, М. – Л., 1938; , М. – Л., 1960
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Китаб Муқаддима (араб: كتاب مقدمه; "Кітаптың кіріспе бөлімі") — мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған діни трактат (X ғ.).
Авторы – Әбіл-Лайт әс-Самарқанди, араб әдебиетінің тарихында аты әйгілі заңгер (құқықтанушы), мұсылман дүниесінің белгілі теологі (халифат бағытын уағыздаушы, яғни Құдай мен Ыбырайымды жалғыз деп танушы). 983 жылы қайтыс болған Қолжазба көлемі 47 бет, әр бетте 6 жол арабша мәтін бар да, олар 6 жол болып қыпшақ тіліне аударылған.
Мазмұны - ислам дінінің ережелері мен қағидапары, әдет-ғұрыптары мен жол-жосықтары турапы. Ол сол кездегі мәмлүк мемлекетінің сұлтаны, яғни автордың сөзімен айтқанда, "жарқын жерлердің жалғыз билеушісі" - әл-Мәлік әл-Әшіраф Әбу Насыр Қансух әл-Ғаури үшін жазылған да соған сыйға тартылған (ол сұлтан үлкен кітапхана ұйымда- стырып, негізін қапаған).
Бұл сұлтан Мысыр елін билеп тұрған мәмлүктер әулеттерінің ең соңғы сұлтаны еді (1500-1517 жылы). Ол өзі мәмлүк мемлекетіндегі түріктер әдебиеті мен олардың тілін желеп-жебеуші атақты да ірі меценат еді. Сондықтан оған арнап Ә. Фирдоусидің (940- 1020 не 1030 жылы) "Шах-наме" дастаны XV ғ. аяғында парсы тілінен қыпшақ тіліне аударылған (кейін ол өз алдына кітап болып шыққан. Варшава, 1965 жылы, бастырушысы - А. Зайончковский). Бізге жеткен қолжазба - түпнұсқаның Асанбай ибн Судун көшірген нұсқасы.
Мысыр елінде Мәмлүк мемлекетінің тарихына байланысты мәліметтерде Асанбайдың аты кеңінен белгілі болған (Мыс., Манкаль Сафи мен Жылы Соваттың биографиялық сөздігінде бұл сездің "асан" және "бай" деген екі сөзден құралғандығы айтылады).
Осы "К. м." іспеттес не болмаса соның кейбір үзінділері сияқты азды- көпті біраз жазба нұсқалар Париждің кітапханаларында бар. Солардың кейбір жерінен А. Зайончковский езінің осы "К. м." еңбегінде бірлі жарым мысалдар келтіреді. Бұл қолжазба қазір Ыстамбұлдың Айа-София кітапханасында сақтаулы тұр. Оның материалдары әлі ғылыми айналысқа түсе қойған жоқ. Қол жазба А. Зайончковскийдің француз тілінде берілген түсініктемелерімен әуелі Будапешт(1959 жылы) соңан соң Варшава (1962 жылы) қалаларында жарияланды (қ. Ескі қыпшақ тілі).
## Дереккөздер
Құрышжанов Ә., //Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М.,, А., 1971, 60 б.
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Китаб Әл-Идрак Ли-Лисан Әл-Атрак (“Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап”) – Асир әд-Дин Әбу Хайян (1256 – 1344 ж.) мәмлүк қыпшақтарының тілі туралы жазылған грамматикалық оқу құралы (15 ғ.). Ол Араб халифатының Испаниядағы мәдени әкімшілік орталық – Гренада қаласында туған (африкалық бербер тайпасынан шыққан). Каир қаласында филология мен Құраннан бірнеше жыл сабақ берген. “Заманамыздың дүниежүзілік имамы” деген атақ алған. Қыпшақ тілінің Мысыр елінде қаншалықты үлкен маңызы бар екендігін түсініп, осы тіл туралы бірнеше кітап жазған (“Түркі тілі грамматикасының гүлін жинаған кітап”, “Түркі тіліндегі етістіктер”, “Түркі тілі грамматикасының жарқын інжу-маржаны”, “Түркі тілі туралы түсіндірме кітап”). Біздің заманымызға дейін жеткен еңбегі осылардың соңғысы ғана (1312 ж. 18.12. Каир қаласында жазылып біткен). Автор өз жұмысын қалай жазғандығы туралы былай дейді: “Сөздерді мен біртіндеп тілді жақсы білетін әр адамның аузынан жазып алдым. Оларды өзімше бір тәртіпке келтірдім. Грамматика туралы жазылған қағидаларды басқа бір еңбектен емес, өз ойым, өз түсініктерімнен ғана шығарып жаздым. Онда мен абзал мақсат пен ізгі ниет қана көздедім. Сөздерді жинау үстінде мен жұпар исі аңқып тұрған сәнді бақшаның әр алуан ағаштарынан шырынды жеміс теріп жүргендей болып қатты рахаттандым, жаным жай тауып, үлкен пайда көрдім. Көп сөздің қотарылған алып теңізінен інжу-маржан тастарын талмай іздеп, тауыса тердім де, белгілі бір тілдің өзіндік табиғатын білуде бірінші орынға ие болдым. Сондықтан мен кітабымды “Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак” деп атадым”. Бұл кітаптың түпнұсқасы жоқ, екі түрлі көшірмесі бар. Оның біреуін 1335 ж. аты белгісіз бір кісі жасаған. Көл. 132 бет. Көшірменің оқушылары көп болған болу керек, оның бетіне, шет-шетіне, жол-жолдың арасына қосымша жазылған сөздер мен сөйлемдер, әріптер көп (жалпы саны 1000 шамалы). Екінші көшірмесін 1402 ж. Ахмед ибн әл-Шафиғ жасаған. Көл. 194 бет. Екі көшірменің арасында азды-көпті айырмашылық бар. Екеуі де Түркияда сақтаулы. Қолжазба ең алғаш 1891 ж. жарияланды (Cтамбұл). Екінші рет осы қалада 1931 ж. басылды. Кітап екі бөлімнен тұрады: 1) сөздік бөлімі (қыпшақша-арабша, есімдер мен етістіктер, 3500-дей сөз бар); 2) грамматика бөлімі: фонетика мен морфология (78 бөліктен құралған). Автор өзі зерттеп отырған тілде 32 дыбыс бар дейді: б, ж, н “дұрыс айтылатын” дыбыстар да, п, ч, ң, к “бұзылып айтылатын” дыбыстар деп көрсетеді (араб тілінде б, ч, ң дыбыстары айтылмайды). Грамматика бөлімін автор “есімдер”, “етістіктер” және “қосымшалар” деп үш топқа бөледі де, оларды жеке-жеке қарастырады. Еңбектің “Сөздік” бөлімінде әрбір сөз ретіне қарай басқа тілдердегі нұсқаларымен салыстыра беріледі де, олардың шыққан тегі мен өзгеру өрісі барынша дәл көрсетіліп отырады. Қыпшақ сөздері жеті түрлі тілдердегі баламаларымен салыстырылады (түрік, түрікмен, татар, ұйғыр, бұлғар, түркістанша және тоқсоба тілі). Дүниежүзілік түркітануда сөз болып отырған шығарманың маңызы өте зор, шет елдерде (неміс, француз тілдерінде) бұл туралы бірнеше еңбектер жарияланды.
## Дереккөздер
Маженова М.Н.,. АКД, А.-А., 1969; Расулова Н.А.,, Таш., 1969; Құрышжанов Ә., Мәженова М.,, 1966, ғ4, 14 – 15, 18 – 19 б.; Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М.,, 1971, 54–56 б.
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Киіт– құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәденің бірі.
Қазақ халқы арасында “құдалық белгісі киіт, қоныс белгісі – бейіт” деген мақал бар. Яғни киіт – құдалықтың негізгі белгілерінің бірі. Киіт – бас киіт, аяқ киіт болып бөлінеді. Құдаларды бастап барған үлкен адамға бас киіт беріледі де, қалған құдаларға екінші дәрежедегі (аяқ) киіт беріледі. Киіт келген құданың беделіне, алатын орнына қарай бөлінеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем, т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе, қой) берілген. Киіттің ең төменгі түрі кездемелермен бітеді. Қазақстанның кейбір аймақтарында құда түспей-ақ тойы болғанда, сол үй ішіндегі адамдарға жеке-жеке арнап апарылған киімді де киіт деп атайды. Қазіргі кезде “қалың мал” төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жоралғылары жасала береді.
## Дереккөздер |
Киікбай Тоғаны - ертедегі суару жүйесі. Жезқазған облысы Қаракеңгір өзенінің жоғарғы ағысында. “Қызыл-коммуна” ауылы жерінде орналасқан. Тоған 15 – 19 ғасырларда қазақтардың жер суару, егін салу кезінде салынған. Тоған жағасынан олардың қоныстары табылған. Киікбай Тоғанын 1946ж. Оңтүстік Қазақстан археологтялық экспедициясы (жетекшісі А.Марғұлан) зерттеген.
## Дереккөздер
Маргулан А.Х.,// “Вестник АН Каз ССР”, 1947.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том |
Классикалық Би Ансамблі, Қазақ мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблі, 1967 ж. “Алматының жас балеті” деген атаумен ұйымдастырылды. 1975 жылдан Классикалық Би Ансамблі атанды. Көркемдік жетекшісі әрі балетмейстері – Қазақстанның халық артисі Б.Аюханов.
Ансамбль камералық балет театры ретінде концерттік бағдарламалар дайындап, бір және екі актілі балеттер қойды. “Қыз Жібек” (муз. Е.Г. Брусиловскийдікі), “Гамлет” (муз. А.П. Исакованікі), “Болеро” (муз. М.Ж. Равельдікі), “Татьяна Ларина” (муз. П.И. Чайковский мен М.Плетневанікі), “Күн сәулелі Қазақстан” биі (халық музыкасына негізделген), “Сақ аңызы” (муз. С.С. Прокофьевтікі), “Севильдегі мейрам” (муз. Ж.Бизенікі), “Керуен” (муз. Т.Қажығалиевтікі) сияқты спектакльдер ансамбль репертуарынан берік орын алды. Классикалық Би Ансамблі Чайковскийдің “Бірінші фортепьянолық концертінің” хореогафиялық нұсқасын, А.И. Хачатурянның “Вальсін”, Я.Сибелиустың “Мұңды вальсін” қойды. Сондай-ақ, қазақ халық композиторлары Дәулеткерей, Тәттімбет, Сүгір күйлеріне қойылған билер, М.И. Глинканың “Вальс фантазиясы”, Г.Берлиоздың “Фантастикалық симфониясындағы вальсі”, Э.Григтің “Анитра биі” атты концерттік нөмірлері де бар. 20 ғ-дың 90-жылдарынан кейін “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” аңызы бойынша “Махаббат трагедиясы” (муз. Чайковскийдікі), “Соломея” (муз. И.Лившицтікі), “Эдит Пиаф – Франция жаны”, “Рококо тақырыбына вариациялар”, “Аққу көлі” (муз. Чайковскийдікі), т.б. спектакльдер қойылды. Ансамбль труппасында Қазақстанның еңбек сің. артистері С.И. Тихонов, Г.Михалева, Р.Мусин, Халықар. балет артистері байқауының жүлдегері С.Кокшинова, балет шеберлері – И.Рыбина, А.Тұрғынбаева, т.б. бар. 1999 жылдан ансамбль жанында балалар би студиясы жұмыс істейді. Классикалық Би Ансамблі гастрольдік сапармен Болгария, Венгрия, Германия, Үндістан, Ирак, Италия, Канада, Куба, Марокко, Иордания, Польша, Сирия, Түркия, Швеция, Франция елдерінде болды. Ансамбльге 1971 ж. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл. лауреаты атағы берілді.
## Дереккөздер |
Киіз, кигіз – қойдың күзем жүнінен қалың, тығыз етіп басылған үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1-мыңжылдықта белгілі болған. Ноин-ула мен Пазырық қорғандарынан табылған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар да бар. Бұл киіз басу өндірісі ерте дамығанын көрсетеді.
## Киіздің түрлері
Күнделікті тұрмыста киізді төсеуге, киіз үйдің туырлығын, уығын, түндігін, есігін жабуға, мал шаруашылығына қажетті тоқым, көпшік, жабу жасауға, бас киім мен сырт киім, аяқ киім түрлерін тігуге, сондай-ақ қап, қапшық т.б. тігуге жиі пайдаланған. Осыған байланысты олардың түрлері көп болады. Ыстық сумен пісірілген, буы бұрқырап шығып жатқан киізді "жас киіз" деп атайды. Өре киіз – үш құлаш шамасындағы ұзын, үлкен киіз.Киіз қолданылатын орнына, мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
### Ақ киіз
Ақ киіз – бірыңғай ақ жүннен басылған, сайлау кезінде ханды соған отырғызып, сайлаудың шешімін білдіруге, ұлықтауға қолданылатын киіз. Халықтың аса құрметті, беделді адамдары хан сайлау салтанатында ханды ақ киізге отырғызып, жиынды тоғыз рет айналып шығатын болған. Халық дауыс көтеріп, қошеметтейді. Одан кейін ханның мойнына жібек орамал байлап, атқа мінгізіп, топты айналдырып шығады. Саяси мәні бар осындай рәсімді өткізуге байланысты «ақ киізге отырғызып, хан сайлады» мағынасында қолданылатын «ақ киізге көтерді» тәрізді бейнелі сөз тіркесі қалыптасқан. Хан сайлауында қолданылған ақ киіз сый-құрметтің белгісі болған.Қазақ тұрмысында ақ киізді келін түсіргенде жақсы тілектің белгісі ретінде қолданған. Байырғы салт бойынша келінді үйге кіргізгенде, мінезі жұмсақ болсын деп бөстек, көңілі таза, ақ болсын деген ырыммен аяқ жағына ақ киіз төсеген.Ақ киіздің құрметтеу белгісі болғаны басқа жағдайлардан да көрінеді. Мәселен, бұрынғы қазақ дәстүрінде ақ жауып арулағаннан кейін мәйітті, әдетте, үйден шығару үшін жерге алдымен ақ киіз төселген. Шығыс Қазақстанда ақ киізді зиратқа апаратын табыттың орнына қолданады. Мұндай киізді аяқасты етпейді. Кей жерлерде осындай қызмет атқаратын киізді "ақ текемет" деп те атайды. Оны қайта пайдалану үшін отпен аластап, «жұлдыз көрсін» деп, жел қағып тазаруы үшін түнде далаға жайып қояды. Көп ретте мәйітті жерлеуге пайдаланған киізді мешітке, яки молдаға берген. Мұндай киіздің ел арасында сақталған аты – иманкиіз. Иманкиізді мәйітті орап алып шығуға қолданады. «Қарыс жерде қаза бар, өзекті жерде өлім бар», «өлім айтып келмейді» деп қарт адамдар иманкиізін арнайы жасатып, теңінде сақтаған.Киіздің басқа түрлеріне қарағанда оның тек түсі ғана емес, жасалу технологиясында да өзгешелігі болады. Мысалы, иманкиіз қозының ақ жүнінен басылады. Ол үшін киіз басуға арналған шидің көлемін 3-3,5 м шамасында төрткүл етіп салып, киізді жұқалау, әрі жұмсақтау етіп басады. Мұндай киізді пісірмейді. Басып болған соң қылшықтайды. Одан соң кептіріледі. Әбден кепкен соң ішіне ақырет, бетіне жабатын мата, қалампыр, иіссабын, иіссу, шымылдық салып орап, теңде немесе абдырада сақтайды.
### Жабу киіз
Үйге жабылатын киізді кей жерде кесек киіз, кей жерде жабу киіз, туырлықтық киіз деп атайды. Ол киіз жабын деп те аталады. Зерттеуші Ө. Жәнібеков киіз жабынға туырлық пен үзікті жатқызады. Жабу киізінің түсі көбінесе қара, қара қошқыл болады. Сондықтан киіз үйді кей өлкеде жабылған киіздің түсіне қарай қара үй деп атау қалыптасқан. Сонымен бірге киіз үйді жабуға ақ киіз де қолданылған. Бірақ оған кез келген адамның қолы жете бермеген. Ақ киізбен жабылған үйлер көлемі мен сән-салтанатына қарай ақ орда, ақ отау, ақ үй, ақ ала орда деп аталған.Жабу киізін дайындау әйелдердің міндетіне жатады. Ыстық-суықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын жабу киіздері үй көлеміне сәйкес келетін ши бойымен басылады. Оны қалыңдау, ширақ етіп басады. Жабу киізі, әдетте, қыркүйек айының ортасына таман басылады.
### Төсеніш ретінде пайдаланылатын киіздер
Төсеніш ретінде пайдаланылатын киіздер откиіз, төркиіз, текемет, сырмақ деп аталады.
* Откиіз.
Үй ішіндегі отқа ең жақын төселетін киізді – откиіз дейді. Көктем мен күздің түнгі салқындарында, яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келгенде отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылыну, әрі тамақтану үшін осы жағдайға лайықталып жасалған киіз төселеді.Бұрынғы уақытта ата-бабаларымыз астынан сыз өтпеу үшін көктем, күз, қыс айларында киіз үй ішіне құрғақ топырақ, құм төгіп, оның үстіне қоға, қамыс, сабан салып, одан соң ши төсеп, оларды от ағашпен айнала қоршап қойған. Киізді ең соңында, төселген шидің үстінен салған. Кейде от орнын айнала қоршап, дөңгелек пішінде тақтайдан еден жасап алып, киізді соның үстіне салатын. Күн суықта туырлықты осындай ағаш еденге жеткізе, айналдыра салатын болған. Мұндай туырлықтардың қарақасы дөңгеленіп, біреуін немесе екеуін төсегенде үй ішінің көп бөлігін алып жатады. Оның үстіне сырмақ, көрпе-көрпешелер салынып, от басында тоңбай отыруға қолайлы болған. Алайда мұндай туырлықтар үлкен болғандықтан, әрі оған ыс сіңіп, оларды қағып-сілку, тазалау қолайсыз болғандықтан, оттың басына ғана арналған дөңгелек, көлемі шағын киіз арнайы басылған. Бірте-бірте мұндай шағын киіз жиектеп, сырып, оюлап жасау пайда болды. Осындай от айналасына төселетін төсеніш киіз откиіз, сұпы киіз деп те айтылады. От сырмақ, сұпы киіз аталатын шағын киіздердің астына үлкен киіз төселеді. Кейде откиіз үйдің іргесіне дейін жететін мөлшерде үлкен етіп те басылады. Ал қазіргі «палас» деп аталатын бұйымның қызметін атқарып, үстіне сырмақ, кілемшелер мен көрпешелер төселеді.
* Төркиіз.
Төрге төселетін киізді төркиіз дейді. Төркиіз, әдетте, қонақ келгенде төселеді. Төркиіздің үстіне сырмақ төсейді. Оны "төр сырмақ" деп атайды.
* Текемет.
Төсенішке пайдаланылатын киіз көбінесе ою-өрнекті болады. Киіз басқанда әр түске боялған жүннің өзінен ою-өрнек салып басылған киіз текемет деп аталады. Оны текеметтің түрі деп те қолданады. Кейде екі бетіне (астыңғы және үстіңгі беті) де түр, яғни ою-өрнек салып басылған текеметтер де кездеседі. Текеметті ою-өрнегіне қарап ала киіз деп айту кездеседі. Оның аяқ астына төселетін шағын түрін аяқ текемет дейді.
* Сырмақ.
Киіз төсеніштің ою-өрнекті тағы бір түрі "сырмақ" деп аталады. Сырмақтың текеметтен айырмасы: текеметтің ою-өрнегі киіз дайындалатын жүннің бетін түрлеу арқылы киізбен бірге басылып шығады. Сырмақты жасау үшін екі түсті киізді, әдетте ақ пен қара, біріне бірін беттестіріп, тиісті ою-өрнек желісін ояды. Сөйтіп, әлгі екі түсті бірдей ойылған ою-өрнек бір-біріне қиюластырғанда, түстері симметриялы екі сырмақ пайда болады. Ою-өрнектің қиюластырылған тұсы тінделген жіппен сырылып жиектеледі. Сонымен қатар, совет дәуірінде сырмақтың ою-өрнегін матадан жасау дәстүрі қалыптасты. Матадан ойып алынған өрнек киіз бетіне қойылады да, оны сырып тігу арқылы бекітеді. Оюлы төсегіш киіздің сырмақ деп аталуы сырып тігуге байланысты шыққан. Мұндай киіз төсеніштер үлкен-кішілігіне, қолданылу мақсатына сәйкес тізе сырмақ, маяуза сырмақ, төр сырмақ, төсек алды сырмақ, аяқжол деп аталады.
* Тұскиіз.
Бетіне ою-өрнек түсірілген, керегенің ішінен тұтылатын киіз түрін, яғни, сырмақтың сәнді түрін тұскиіз деп атайды. Тұрмыста тұскиіздің орнына алаша тұтылса – тұсалаша, кілем тұтылса – тұскілем деп, бәрін кеңістік ұғымын білдіретін сөзбен (тұс) қосып айту қалыптасқан.
### Талдырма киіз
Қойдың, қозының күзем жүнінен бос басылған киіздің түрін талдырма деп айтады. Талдырма киізді текеметтің төсегін жасауға пайдаланады. Ол көбінесе ақ немесе қара түсті болып келеді. Алдын ала мөлшермен жасалған талдырманың үстіне түтіліп боялған жүнді сол қолдың саусақтарының сыртымен бастырып оң қолмен әлгі жүнді соза отырып тиісті ою-өрнек желісін жүгіртеді. Бұл үрдісті "бет тарту" деп атайды. Ою-өрнекке қажетті жүн боялмауы да мүмкін. Ондайда, егер, текеметтің төсегі қара түсті болса, ою-өрнек жүгіртетін жүн ақ болып келеді. Ал, ақ түсті төсектің бетіне ою-өрнек бастырылатын жүн қара түсті болады. Талдырманы жүннен басылған ою дайындауға да қолданады. Кей жерде текемет (оюлы киіз) жасау үшін алдымен қара жүнді шиге орап, үстінен ыстық су құйып теуіп, таза пісірмей, «талдырып» қояды. Біраздан кейін шидің орауын жазып, талдырмадан оюды қиып алып, шабақталған жүннің үстіне салып, ыстық су шашып, шиге орап, киізге басады. Талдырма жұмсақ басылғандықтан оны киім-кешек, көрпе, көпшік т.б. тәрізді бұйымдарды дайындауға да қолданады.
## Киіздің қолданылатын орнына қарай түрлері
Киіздер қолданылатын орнына қарай сырмақтық киіз (сырмақ тігуге арналған киіз), тоқымдық киіз (тоқым жасайтын киіз), күйек киіз (қойды мезгілінен бұрын қашырмау үшін қошқардың беліне байланатын киіз), қап киіз (әртүрлі көлемдегі қап, қапшық тігуге қолданатын киіз), қом киіз (түйені қомдау үшін қолданатын киіз), қоныш киіз (етіктің қонышын тігуге лайық киіз), есік киіз (киіз үйдің есігіне қолданатын киіз), қамыт киіз (арбаға тегілетін аттың мойына қамыт тігуге қолданатын киіз), жол киіз (жолға алып шыққан киіз), туырлық киіз немесе туырлықтық киіз (керегенің сыртынан жабуға, яғни, туырлық ретінде пайдаланатын киіз) сияқты сан алуан түрге жіктеліп, ажыратылады.Киіздің бөлшек-бөлімдері қолтықша, өң киіздің өңі, теріскей киіздің теріскей, сары қас, қара қас деп аталады. Киіз басуда қолтық немесе мүйіз пішінді болып келетін, ортасына қызыл жүн толтырылған жерді – қолтықша, киіздің төрт бұрышына сары жүнен басылған ою-өрнекті жерін – сары қас, киіздің үстін (бетін) – өң, киіздің өңі, киіздің астын (астыңғы бөлігі) – теріскей немесе киіздің теріскейі, киіздің төртбұрышына бірыңғай қара жүнен басылған оюды қара қас дейді.
## Киізден жасалатын бұйымдар
Қазақтың байырғы тұрмысында әртүрлі бұйымдарды жасауда материал ретінде киіз жиі қолданылды. Киіз үйдің керегесі, уығы, шаңырағы және сан алуан үзік, бау, басқұрынан басқасы тегіс киізден жасалатындығы өз алдына, үй жиһазының жоғарыда ішінара аталғандарынан басқа көптеген түрлері де осы материалдан дайындалды.Киізден жасалған киім мен үй және шаруашылық бұйымдардың дәстүрлі қазақы ортада ең көп тарағандарының қысқаша сипаттамалары:
* киіз байпақ – киізден жасалған жылы аяқкиім. Киіз байпақ суықты да, ыстықты да өткізбейді. Осы ретте айта кететін нәрсе – құмды жерде шашасы күймесін деп аттың аяғына да кигізетін киіз байпақтың ерекше түрі болды;
* киіз бөрік – киізден тігілген баскиім. Мұндай бөріктің сырты матамен тысталып, төбесі шошақтау болып тігіледі;
* киіз қалпақ – киізден күнқағарын үлкендеу етіп тіккен бас киімнің түрі. Киіз қалпақты, әдетте, ақ жүннен басылған киізден тіккен;
* киіз кебіс – киізден тігілген кебіс;
* киіз етік – киізді аяққалыпқа салып, былғарыдан тігістеріне сыздық жүргізіп, басын қусырып тіккен етік. Киіз етікті сырып тігеді. Сонымен бірге, қалыпқа салып, басын шығару тәсілі де болды;
* киіз жеңсе – жеңсенің киізден тігілген түрі;
* кебенек – малшылардың, жолаушылардың суықта және жауын-шашында киетін сырт киімі;
* киіз есік – сықырлауықтың сыртынан жауып тұратын, астары жарғақ теріден тігілген, тысы мен астардың ортасына ши салынған, ақ киізден жасалған есік. Киіз есікті астынан бастап жиырып, есіктің маңдайшасына байлайды немесе жоғары түріп қояды. Киіз есіктің басындағы бауды (оны тастама деп те айтады) басқұр дейді;
* киіз қап – киізден тігілген қап қолданысына байланысты алуан түрлі болып келеді. Мысалы: аяққап (ыдыс-аяқ салатын қап), уыққап (уыққа арналған қап), керегеқап (көшкенде керегені салып байлайтын қап), сандыққап (сандықтың сыртынан кигізетін қап), сабақап (сабаның түп жағынан бастап, ортасынан сәл жоғарырақ жеріне дейін кигізіп қоятын қап), қобызқап (кобыз салып қоятын қапшық), кебежеқап (көшкенде кебежені салатын үлкен киіз бұйым), жүн қап (жүн жинайтын, сақтайтын қанар тәрізді үлкен ыдыс) және т.б.
* Киізден ертеректе дастарқан да жасалды. Оны "шай киіз" деп атаған. Шай киіз – 1-1,5 м көлемінде шымқай қаражүннен жұқа басылып, жиектері кестеленген, түсті жіппен өрнек салынған дастарқан түрі.
* Қазан асқанда қол күймеу үшін қолғап сияқты ел ішінде "тұтқыш" деп айтылатын зат та киізден дайындалды.
* Жылқы мен түйені көлік ретінде пайдалану үрдісін киізден жасалған қажетті бұйымдарсыз елестетудің өзі мүмкін емес (ер, ер-тұрман, атжабу, қамыт, жабан қамыт, жабу, ауыт, қатеп (кәтеп), қомша және т.б.)
Ерекше екшеп айтар жайт – киізден дайындалған бұйымның атауы киіз сөзі қосылып та, қосылмай жекелей де айтыла береді. Егер бұйым киізден де басқа материалдан жасалса, оның атауы міндетті түрде киіз сөзімен байланыстырылып айтылады. Ондайда киіз сөзі бұйымның атауына байланысты анықтауыш-детерминатив функциясын атқарады (мысалы, киіз қалпақ, киіз етік және т.б.). Ал, киізден ғана жасалатын бұйым киіз сөзі қосылмай-ақ айтылады. Өйткені, ондай бұйымның жасалатын материалы біреу-ақ – киіз (мысалы туырлық, ұлтарақ, текемет, сырмақ, откиіз және т.б.).
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Рубрук В. Путешествие в восточные страны. СПб, 1911;
* Красовский М. Область Сибирских киргизов. Ч.1. СПб., 1868;
* Словцов И.Я. Путевые записки веденные во время поездки в Кокчетавский уезд Акмолинской области в 1878 г. ЗЗСОИРГО, Омск, 1897. Кн. 21. С.71;
* Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. М.: Советская энциклопедия, 1965;
* Каскабасов С.А. Родники искусства. Алма-Ата, 1986;
* Монгол ес заншлын их тайлбар толь. Ұланбатыр, 1992;
* Дөрбілжін ауданының өлең-жырлары. Үрімжі, 1994; Байтұрсынұлы А. Күзем. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.2. Алматы, 2004. 230-234-бб.;
* Тоқтабай А., Сейітқұлова Ж. Төрт түліктің қасиеті. Алматы, 2005;
* Фәрид-ед-дин Әттар. Әулиелер шежіресі. Алматы, 2006;
* Радлов В.В. Тюркские степные кочевники. III т. Астана: Алтын кітап, 2007;
* Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007;
* Әлімжанова А.А. Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. канд. дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2008. |
Юрий Степанович Клушкин (7 ақпан, 1937, Ферғана, Өзбек КСР) – оркестр солисті. Қазақстанның халық әртісі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. ҚРның Білім беру ісінің Үздігі.
## Жалпы мәліметтер
Ұлты - Орыс.Ташкент мемлекеттік консерваториясын (1960) концерттік орындаушы мамандығы бойынша;Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1961) оркестрсолисі, оқытушы мамандығы бойынша бітірген.1987 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының профессоры.
## Шығармашылығы
* 1956 жылдан - М. Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының әртісі.
* 1959 жылдан - Өзбек мемлекеттік эстрадасының әртіс-кернейшісі.
* 1960 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі жанындағы Радио және телевизия комитетінің эстрадалық оркестрінің әртісі *1962 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі.
* 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқу-тәрбие жөніндегі проректоры.
* 1986 жылдан - Мемлекеттік симфониялық оркестрдің кернөйлер тобының концертмейстөрі.
* 1988 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі.
* 1993 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының үрмелі және соқпалы аспаптар
кафедрасының профессоры.
## Марапаттары
* 1971 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы;
* 1984 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілген.
* 1987 жылы профессор;
* 2000 жылы ҚР Президенттік степендиясының иегері.
* 2002 жылы ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке «Құрмет» Грамотасы;
* 2004 жылы елбасының жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталған.
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалі;
* 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
* Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.
* Қазақстан Білім саласының үздік қызыметкері.
## Жеке қасиеттері
Діни көзқарасы - атеист.Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.
## Дереккөздер |
Киіз басу – дәстүрлі қазақы ортада дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр (қалпақтық биязы киіз) басу процесстері де киіз басу дәстүрлі технологиясымен бірдей.
## Тарихи деректер
Киіз басу және киізден бұйымдар жасау көне замандардан бастау алады. Әйгілі Пазырық қорғанынан және басқа да ежелгі темір дәуіріне жататын қорымдардан (б.э.д. ІХ – б.э. ІІІ-ІV ғғ.) археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар кездеседі. Байырғы көшпелі тұрмыста киіз туралы мәліметтер мен оның қандай қызмет атқарғаны Марко Поло (1230 ж.), Плано Карпини (1246 ж.), Клавихо (1403 ж.) сияқты орта ғасыр саяхатшыларының жазбаларында айтылады.Киіз басу жұмысы орта ғасырдан бұрын өзінің шарықтау шегіне жеткен. 1253-1255 жылдары фламанд саяхатшысы, монах, IX Людовик жіберген дипломатиялық елшілікті басқарып, Моңғолияға сапар шеккен В. Рубрук қаңлы-қыпшақ даласынан өтіп бара жатып, олардың үйлерін тек ақ киізден жабатынын, ал киіздің ағарып, жарқырап тұруы үшін оған әк, ақ топырақ немесе сүйектің күйдірген ұнтағын себетіндігін, сол сияқты киіз бұйымдардың бетіне оюлап салынған аң-құстардың, өсімдіктердің бейнесі жарасымдылығымен көз тартатындығын сипаттап жазады. Ертедегі саяхатшылар сипаттаған киіз басудың көне тәсілдері қазақ, қырғыз т.б. халықтарда ХХ ғ.-ға дейін сақталып келді. Тарихи деректерге сүйенсек, киіз басумен бүкіл түркі тектес тайпалар түгел айналысқан.Дәстүрлі қазақы ортада киіз басудың негізгі ұйымдастырушылары да, орындаушылары да әйелдер болды. Әрбір қазақ әйелі киіз басудың ежелден орныққан технологиясын жетік меңгерген. Өйткені, ХІХ ғ.-да қазақ тұрмысын дендеп зерттегендердің бірі М. Красовский айтқандай, «... қазақтар қыздарды жас шағынан іс тігу, өрмек тоқу, киіз басу т.б. үйретеді, өсе келе олардан бәрін талап етеді».Қыздарды қол ісіне жас кезінен үйреткендіктен, өскен кезде олардың киіз басу шеберлігі аса жоғары болған. Ол жөнінде қазан төңкерісіне дейінгі қазақ өлкесіне байланысты орыс тарихнамасында мәліметтер мол кездеседі. Мәселен, киіз басушылар мен қазақ киізінің сапасы жөнінде И.Я. Словцов былай деген еді: «Қазақтар киізді тамаша тапқырлықпен өте тез және сапалы етіп басады. Бұл жөнінде орыстың киіз басушылары олармен жарысқа түсе алмайды».
## Киіз басуға дайындық
Киіз басу ісі киізді басуға қажетті жүнді дайындау жұмыс тарынан басталады. Дайындық жасау 3 сатыдан тұрады.
* Бірінші сатысы – қырқылатын қой-қозыларды тоғыту. Бұл – қырқымның алдында міндетті түрде атқарылатын жұмыс. Яғни, алуға қажетті күзем жүн (күзгі жүн) алу үшін денесіне жаз бойы шаң-тозаң жинаған қой-қозыларды өзенге апарып, суға тоғытады.
* Екінші саты – қой қырқымы (қой жүнін қырқу) басталады. Жүн қырқу барысында жүннің ақ, қара, кер қызыл түстері бөлек-бөлек жиналады, қылшықты, салалы, қысқа, бауыр жүндер сұрыпталады.
* Үшінші саты – жүн сабау. Қырқылған, сұрыпталған жүннен бұйым жасау үшін тазалап және қопсытып алу қажет. Жүннің іртігін жазу, шөп-шаламын тазарту, құмалағын түсіру, үлпілдету үшін жүнді сабау тәсілі қолданылады. Ал, жүннің құрамындағы қылшықтарын тік сояуларын кетіру үшін қазанға салып, сабаумен араластыра отырып сәл қыздырады. Осылайша қылшықтың тік сояулары қарылып, жиырылып қалады. Бұл тәсіл жүн қару деп аталады. Жүн сабау үшін оның тулақ және сабау деп аталатын құралдары дайындалады. Тулақ – серке, сиыр, тай терісін шикідей кептірген төсеніш. Оны сабалатын жүннің астына төсейді.
Сабау – жүннің ұйысқанын жазу, қопсытып үлпілдету үшін қолданылатын қос шыбық. Жүннің іртігін жазуға неғұрлым қарымдылау, қаттылау жасалған тулақ сабау деп атайтын сабауды, ал жүнді шабақтауға (жүнді шыбықпен жаймалауға) шабақ сабау деп атайтын сабау түрін қолданады. Жүн сабау үшін кеңірек орын дайындалады. Бұл жұмыс әзіл-күлкімен көңілді өтеді. Жүн сабау жұмысына 10 шақты, тіпті, одан да көбірек адам жиналуы мүмкін. Сабау үшін екі-үш тулақты біріктіріп төсейді. Жүнді тулаққа үйіп-төгіп салмай, шақтап салады. Оны бір сабам жүн дейді. Тулаққа бір сабам жүннен салып отырып іртігі (түйіртпегі) жазылғанша, үлпілдеген күйге жеткенше қопсытып сабайды. Сабалып болған жүнді шетінен бастап ортасына қарай жиырып отырып түйдектеп орап, сабаудың ұшымен көтеріп алып, бір шетке жинайды. Сабалып жатқан жүн түсіне қарай бөлек-бөлек жиналады. Жүн сабаудың ел ішінде қалыптасқан өзіндік тәсілдері бар. Тулаққа салып жүн сабағанда сабаушылар қолдарын бірдей көтеріп-түсіріп отырады. Әр адамның қолында екі сабаудан болады. Жүнді қос қолмен сабайды. Сабаудың бұл әдісін қос қолдап сабау дейді. Екі қолдың бірдей қимылдауы қимылдың ырғағын қалыптастырады. Ырғақ бұзылса, сабаулар бір-біріне соғылып қалады. Қос қолдап сабау іртігі оңай жазылмайтын, өте түйдектелген жүнге қолданылады. Қос қолмен сабағанда екі қолдың қызметі бір мезгілде тең соғылып, астындағы жүннің әсерінен тең серпіліп, жүнді қопсытады және осының арқасында жүн де бірқалыпта суырылып, артқа да бірдей көтеріліп отырады.Жүн сабаушылар кейде екі қолын кезек көтеріп сабау тәсілін қолданады. Бұл әдіс бойынша жүн сабаушылар алдымен оң қолындағы сабауды тік көтермей, сабалған жүннен суырып тартып барып көтереді. Осы қимылмен қабаттаса сол қолдағы сабау суырыла бастайды. Оң қолдағы сабау артқа суырыла бере көтерілген екпінмен тулаққа қайта соғылғанда, сол қолдағы сабау оң қолдың жасаған қимылын қайталайды. Бұл әдіспен жүн сабағанда да жүн сабаушылырдың қимылы бір ырғақпен, бір адамның қимылындай түрде орындалуы керек. Жүн сабаудың осындай үрдісі көсіп сабау, көпіртіп сабау, есіп сабау, тәрізді тәсілдерден тұрады. «Сабаудан шыққан дыбысқа тулақ та ортақ» деген мақал осы үрдістің ерекшелігіне байланысты айтылса керек.
## Киіз басу барысы
Жүн сабаудан кейін дайын болған жүннен киіз басылады. Кейде жүн сабауға, киіз тебуге, білектеуге балалар және күш қажет болғанда жігіттер де қатысқан. Киіз басу үшін шиге салу, шабақтау, бет тарту, су себу, тебу, булау, білектеу, қарпу сияқты тәсілдер қолданылады.
* Шиге салу. Киіз басу үшін сабалған жүн белгілі көлемдегі шидің бетіне тегістеп төсеп шығады. Оны шиге салу дейді. Одан әрі жүнді шыбықпен жаймалайды. Жүнді шыбықпен жаймалауды шабақтау деп атайды. Шабақтау киіздің ішкі (астыңғы) бетіне арналған жүнге жасалады. Мұны кей жерлерде жабдықтау деп те атай береді. Жүнді шабақтаған соң, оған бет тартылады.
* Бет тарту – шабақталған жүннің үстіне іріктелген таза жүнді сол қолмен қысып алып, оң қолдың қырымен баса үзіп біртегіс етіп қалдырып шығу. Үзіп қалдырған жүн бір-бірімен жалғасып, біртегіс болып төселе береді. Бет тартуды – жүн тарту деп те атайды. Бет тарту жұмысы кез келген әйелге тапсырылмайды. Ол жұмысты машықтанған, қолының шеберлігімен танылған әйел атқарады. Бет тартуды бір адам ғана орындайды. Өйткені екі-үш адам істесе, жүн ала-құла тартылады да, киізге төселген жүн біркелкі болып шықпайды. Оған машықтанған жалғыз әйелдің өзі киіздің қалың-жұқалығын бір қолмен-ақ жүн тартып бара жатқанда сезіп отырады. Бет тартқанда жүнді шидегі шабақталған жүннің бір шетінен бастап тартады. Жүн тарту шабақталған жүннің үсті толғанша жүргізіледі. Жүннің бір жері қалың, бір жері жұқа болмай тегіс тартылуы қатаң ескеріледі. Жүн тартушылар басылатын киіздің түріне қарай жүнді қалың немесе жұқа етіп тегістеп отырады. Мәселен, туырлық пен үзікке 6-7 см қалыңдықта жүн тартылады. Сырмақ киіздеріне 4 см шамасында жүн салынады. Ал үзік және сырмақ киізіне асты-үстіне бірдей ақ жүн салынады. Астарлық киіздерге кер қызыл жүнді жұқалап қосып барып басады.
Жүнді шабақтау мен бет тартқанда киіздің неге арнап басылатындығы ескеріледі. Егер киіз сырмаққа арнап басылса, оның астыңғы бетіне бозғылт, қызыл түсті жүндер шабақталады. Ал бетіне ең әдемі жүн тартылады. Әдетте, сырмаққа арналған киізді жұқа етіп басады, өйткені ол қалың басылса, сырмақ қосымша материалмен сырып тігілгенде ауырлап кетуі де мүмкін. Сондықтан, үстіңгі беті тартылған соң, жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір рет қарап өтіп, киізді алақанмен басып тексереді. Жұқа жеріне жүн қосады, қалың жерін жаймалап жұқартады. Әдетте, ши бетіне салынған жүннің біркелкілігіне көз жеткізген соң, ыстық су әкеліп, сүзгімен яки шөміштің сырт жағымен шашыратып, шидің бір жақ шетінен бастап себелеп шығады. Шашырата құйылған ыстық су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді бір-біріне жабыстырады. Сөйтіп, жүн кіріге бастайды. Жүннің мұндай күйін киіздену дейді. Су себіле басталысымен қатар отырған 3-4 әйел басылып жатқан жүнді қабаттай шиыршықтап, шимен бірге жинап отырады. Шиді ширатып ораған сайын қайта-қайта ыстық су құйылып отырады. Киіз басудағы осы жұмыс су себу деп аталады. Осы әдіспен жүн тартылған ши орала жиналып болған соң, оны сыртынан жіппен жұмырлап байлайды. Ортан белінен бір-екі жерден арқанды өткізіп алып, екі ба-сын тұйықтап, бос салып қояды. Бұл тәсіл шиыршықталып жатқан шиді домалатып сүйрету үшін қажет.
* Киіз тебу – жүн салынып оралған, сыртынан байланған шиді әлсін-әлсін ыстық су құя отырып, бір топ адамның арлы-берлі домалатып тебуі. Алдымен шиыршықталып, оралып байланған шидің өн бойын бойлай 10-12 адам қатар жүріп, шиге ораулы киізді аяқтарымен бір бағытта теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір немесе екі адам екі ұшы тұйықталған арқанмен шиді алға тартып, өзіне қарай домалата сүйрейді. Киізді тебушілерге қарама-қарсы тұрған адамды қой бастар деп атайды. Біраз жер домалатып отырып тепкен соң, шиді бұрып алып, қарсы бағытқа қарай тебеді. Осылайша киіз әбден қатайғанша, оны бір топ адам екі аяқпен кезек-кезек теуіп отырады. Киіз тепкенде киіздің бойында тепкі тимеген жер қалып қоймауы керек. Әйтпесе, киіздің ондай жері кірікпей бос қалады. Жүні кірікпеген жер кейін шидің орауын шешіп қарағанда тесік болып көрініп тұрады.
Жай киіз бен текеметке арналған киізді тебудің біраз айырмашылығы болады. Текемет деп киіздің ою салынған түрін айтады. Текемет басуда бір сағат ары-бері домалатып тепкеннен кейін шидің орауын жазып, киіз бетіндегі өрнекті түзетіп алып, оны қайта орап, тағы да бірсыпыра уақыт домалата отырып тебеді. Киіз тебу уақыты 2 сағаттан 3 сағатқа дейін созылады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым шымыр, тегіс, бірсыдырғы әдемі болып шығады. Ондай киіз көп уақытқа дейін қопсымай, түтеленбей, сынын бұзбай ұзаққа шыдайды. Киіз тебу көпшіліктің қатысуымен орындалған. Киіз тебушілер домалатып тепкен киіздерін қадірлес отаулардың сыртына апарып, «қой басты, қой басты» деп әзілдейді. Ол үйдің иесі реті келсе қой сойып, болмаса қымызбен яки құрт-май алып шығып, киіз тебушілерді қонақ еткен. Мұны қазақы ортаға тән әлеуметтік қатынастың ерекшеліктерінің бір қыры десе де болады.
* Булау – киізді шиден шығарып, ыстық су құйып, үстін қалың нәрсемен жауып тастау. Тебуі жеткен соң оралған шиді шешіп, шиыршықталған киізді жазады да, асты-үстін ауыстыра отырып 3-4 рет шиыршықтап, қайта бүктеп, екі басын түйістіріп көктейді. Одан кейін тағы да ыстық су құйып сығымдағаннан кейін үстін жылылап жауып (тон-мен, күпімен) тастайды. Бұл әдіс булау немесе кірлеу деп аталады. Киізді осылай булағанда ол аздап ісінеді. Буланған киізді сол күйінде бір, бір жарым сағатқа қалдырады. Содан соң киізді білектеуге кіріседі.
* Білектеу деп булаудан шыққан киізді әрлі-берлі домалата отырып, білекпен басуды айтады. Ол үшін ыстық су әсерінен балбырап жатқан киізді шешіп алып, қайтадан ширатып, жіппен шандып байлайды. Киізшілер қатарласа отырып алып ши үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай бір мезгілде жұлқа тартып алып, тізесіне соғып, білектерімен ұрып, нықтап басады. Киізді ары-бері домалатып білектегенде үнемі бір жердегі жіптен ұстай бермей, ауыстырып отырады. Осылайша үш-төрт рет ауыстырып білектеген соң, оны шандауынан жазып, әрі-бері созғылайды. Одан әрі қарпу жұмысы басталады.
* Қарпу – білектелген киізді қымтап ұстап жұлқып, серпіп ширату, пісіру. Білектелгеннен кейін киіз ұзынынан екі қабатталып бүктеліп, екі басы бір-біріне түйістіріле шуда жіппен көктеледі. Киіздің шет-шеті де ұзына бойына көктеледі. Сонда киіз шұжық сияқты пішінге түседі. Осы дөңгелек киізді ақ шидің үстіне салып, қусырылған киіздің әр жерінен қымти ұстап, оңды-солды қарпиды. Яғни, киізді алдымен бірыңғай оңға қарай жұлқи серпіп, екінші кезекте, солға қарай серпиді. Қарпушылардың қолдары киіз шетінен оңнан солға қарай жылжи береді. Қарпылған киіздің шет-шеті жинақталып тегістеледі. Өңі мен теріскейіндегі кірікпей, бос қалған қылшықтар түседі. Қарпу үстінде киіздің бүктеуін кезекпен ауыстырып отырады. Қарпу бірер сағатқа созылады. Қарпылған киіз қыл-қыбырынан тазаланады. Қарпу жұмысын ересек әйелдер ғана атқарған. Қарпудан кейін кезек ұзындау жұмысына келеді.
* Ұзындау – білектеу жұмысын қайталай отырып киіздің ұзындығын шығару. Білектеу мен қарпудан кейін киіз кірігіп, ширай түскендіктен, оның көлемі шағындалады. Сондықтан, басылған киізді ұзындау қажет болады. Киізді ұзындау тәсілі білектеуге ұқсас болғанмен, ұзындаған кезде қарпу кезіндегідей киізді жіппен шандымайды. Киізді ұзынын шығара созғылап, есіп шиыршықтайды. Сосын, бір жақ шетінен білектеп отырып екінші басына жеткізеді. Одан соң екінші басын тағы да білектей отырып бірінші басына дейін жеткізеді. Осылай білектеудің арқасында киіздің көлемі ұлғайып, созыла түседі. Ұзындау жұмысы 10-20 минутқа созылады. Білектеу мен ұзындау кезінде киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегіс болып шығуы үшін кейде киіздің екі жақ басына жуан ағаш сияқты заттардан тиянақ қойылады. Ұзындалып болған киізді кірлейді.
* Кірлеу – қарпылған, ұзындалған киізді су құйып кірінен тазарту. Киізді кірлегенде мүмкіндігінше оны өзен, арық немесе бұлаққа таяу жерге қояды. Төрт бүктелген киізді бір басынан бастап шиыршықтап дөңгелектейді. Оның белінен жіппен буып биіктеу жерге (тастың немесе тақтайдың үстіне) қояды да, киіз әбден тазарғанша су құяды. Кірленген киіз шуашынан, кірінен тазарып, өңі ашылады. Суы сорғыған соң оны күнге жайып кептіреді. Кепкен киіздің асты-үстін сыпырып, қыл-қыбырынан арылтады.
* Киіз пісіру. Киіз бос басылса оны пісуі жетпеген киіз дейді. Пісуі жетпегеннің белгісі – киіз болбыраған бос болады, оңай түтеленеді. Кейде киіз ұзақ уақыт пайдаланғанда да болбырап, түтелене бастайды. Ондай киізді кейде қайтадан «пісіреді». Мұндай киізді үйге жабарда немесе бұйым жасауға пайдаланар алдында қайта басуды (шиге салып, ыстық су құйып білектеуді) – киіз пісіру деп атайды. Болбыраған киізді шымырландыра түсу үшін бірнеше рет дейін оң және теріс бетін төгіп орап, білектеп ұзындайды. Көбірек білектелген сайын киіз шымырлана түседі. Түтеленбей, тығыз, қатты басылған киізді қайрақтай киіз екен деп бейнелеп айтады. Жақсы басылған киіздер бүктеген кезде қол қайтарып тұрады.
## Киіз басу кезіндегі қатарлас істер
Киіз басу үстінде бұлардан басқа да алуан жұмыстар істеледі, оларды іске асыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Ондай жұмыстардың қатарына тізгін жіп салу, ши шиыршықтау, ши буу, шиге ыспа арқан салу, түр салу деп аталатын жұмыс түрлері жатады.
* Тізгін жіп салу – жүн тартылған шидің басына жүнге тигізбей, шиге орап, екі ұшын шидің екі басынан шығарып, ұзын жіп тағу. Бұл жіпті тізгін жіп дейді. Тізгін жіп ораулы шиді ары-бері домалатқан кезде ішкі қабаттың сыртқа шығып кетпеуіне септігін тигізеді.
* Ши шиыршықтау – тізгін жіп салынған шиді жиырып орау. Ши шиыршықтау ыстық суды үзбей шашып тұру үшін керек.
* Шиге ыспа арқан салу – шидің белінен екі-үш арқанды орап салу. Әр арқанның екі ұшынан екі адам ұстап, қарама-қарсы тұрып алып, арқанды кезек-кезек өзіне қарай тартқанда, ортадағы ши ары-бері домалайды. Арқан салып шиді домалату жүннің бірігіп-кірігуін жылдамдатады. Шиді арқанмен ары-бері домалатып тартуды ыспалау дейді.
* Түр салу – боюлған жүнді есіп шумақтап салу арқылы немесе жіңішкелеп қиып алған талдырма киізді пайдаланып бет тартылған киіздің бетіне ою, өрнек салу. Түр салынып басылған киіз текемет деп аталады. Текемет пен киіздің бір-бірінен айырмасы: киіздің ою-өрнекті немесе ешқандай оюсыз бірыңғай түсті жүннен басылады. Халық өлеңдерінде кездесетін «текеметтің түріндей» деген теңеу сөз киіз басуда қолданылатын түр салып әшекейлеу үрдісінің эстетикалық тартымдылығын білдірсе керек. Текеметке түр салудың ойыстырып салу және шүйкелеп салу деп аталатын екі түрлі әдісі қолданылады.
## Механикаландырылған киіз басу
Қазіргі заманғы киіз касу жұмыстары механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен көпсітіліп, майланып, араластырылады да, тарақтап түту машинасымен түтіледі. Түтілген жүн жасалатын бұйым пішіміне сай тартылып, талдыру машиналарында дірілдеткіш, қызған тақталар көмегімен талдырылады, күкірт қышқылының ертіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол білектеуден өтіп нығыздалады, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейеді. Білектеу бірнеше рет қайталанады. Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңынан байпақ пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп, ал киізді булы кептіргіштерге жайып кептіреді. Киіз басу – әрлеу, түгін қырқып тазалау, престеу, кесу т.б. жұмыстармен аяқталады. Шұға өндірісіндегі киіз басу тек өңдеу процесінің бірі боп саналады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Словцов И.Я. Путевые записки веденные во время поездки в Кокчетавский уезд Акмолинской области в 1878 г. ЗЗСОИРГО, Омск, 1897. Кн. 21. С.71;
* Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Қазақстан, 1969;
* Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
* Халық мұрасы. Құраст.: Соян Қ. Өлгий, 1991;
* Дөрбілжін ауданының өлең-жырлары. Үрімжі, 1994;
* Жәнібеков Ө. Жолайрықта. Алматы: Рауан, 1995;
* Бабалар сөзі. Көптомдық. Жұмбақтар. 6-том. Астана: Фолиант, 2002. 28-б.;
* Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақтардың қолөнерге байланысты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Арыс, 2005. 130-131-бб.;
* Тоқтабай А., Сейітқұлова Ж. Төрт түліктің қасиеті. Алматы, 2005;
* Ысқаққызы Ә.Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007. |
Анатолий Федорович Ковшарь (17.3.1937 жылы туған, Украина, Полтава қаласы) — биология ғылымының докторы (1980), профессор (1993). Харьков ун-тін бітірген (1959).
* 1959-1967 жж. - Ақсу-Жабағылы қорығында аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары болды.
* 1967 жылдан Қазақстан ҒА-ның Зоология институтында лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Негізгі ғылыми еңбектері Тянь-Шань құстарының экологиясына, қорық ісіне, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мәселелеріне арналған. 5 томдық Қазақстан құстары жинағы (орыс тілінде) (1960–74) авторларының бірі. Осы еңбек үшін ол басқа авторлармен бірге Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1978) атанды. Ковшарь Қазақстанның Қызыл кітабын құрастырушылардың бірі және бас редакторы (1996), зоология мәселелеріне арналған «Селевиния» журналының бас редакторы (1995).
## Дереккөздер |
Кокс (нем. koks) – көмірді немесе мұнайлы шикізаттарды кокстеу арқылы алынатын жасанды қатты отын. Тас көмір Коксін пайдалану 18 ғ-дан белгілі. Алғаш рет Кокспен шойын балқыту 1735 жылы Ұлыбританияда іске асырылды, ал алғашқы жабық камералы Кокс пештері 19 ғасырдың 30-жылдарында өндіріске енгізілді. Тас көмірді кокстеудің кең тараған әдісі – 3 мм-ге дейін ұсақталған тас көмір түйірлерін 900 – 1050°С-та ауасыз қыздыру арқылы алу. Ал мұнай қалдықтарынан Коксті ауа қатыстырмай жабық ыдыста 4 – 5 атмосфералық қысымда және 450 – 500°С температурада қыздырып өңдеу арқылы алады. Өндірісте процесс екі тәсілмен жүргізіледі: қыздырылмайтын реакторларда баяу кокстеу және көлденең орнатылған қыздырылған кубты қондырғыларда кокстеу. Кокс алуға жарамды мұнайлы қалдықтарға: айдау қондырғыларынан шыққан мазут пен гудрон, термиялық крекинг қалдықтары, пиролиз шайыры, катализдік крекингтің ауыр газойльдері және мұнай-битумды жыныстар жатады. Кокстің тығыздығы 1,4–1,5 г/см3, оның құрамындағы көміртектің мөлшері 96%-ке жетеді. Коксте сондай-ақ, күкірт және металдар жинақталады. Құрамындағы күкірттің мөлшері бойынша Кокс аз күкіртті (1,5%-ке дейін), күкіртті (1,5 – 4,0%) және көп күкіртті (4%-тен көп) болып бөлінеді. Кокс металлургияда тотықсыздандырғыш және отын ретінде, электродтар, алюминий, фосфор, кремний, ферроқұймалар, т.б. материалдар өндірісінде, авиация және ракета техникасында, электр және радиотехникада, ядролық энергетикада кең қолданылады. Қазақстанда Кокс Испат-Кармет бірлескен кәсіпорнында (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) өндіріледі.
## Тағы караныз:
* Қарағанды көмір өндірістік бірлестігі
* Қарағанды металлургия комбинаты
* Көмір
* Кокс қабаты
## Дереккөздер |
Кокча, Кокча-3 – қола дәуірінен сақталған зират. Арал теңізінің оңтүстігінде, Әмудария сағасындағы Сұлтанүйіздағы қыраты маңында орналасқан. 1954 – 55 ж. М.А. Итина, С.П. Толстов зерттеді. Ақшадарияның ескі арнасынан солтүстікке қарай 300 м жердегі тақырдан 100-ден астам қабір орны табылған. Сондай-ақ, зират маңында сол дәуірден қалған қоныс пен егістік орындары да сақталған. Барлығы 74 қабір қазылды. Қола дәуіріне тән тас қоршаулар мұнда жоқ екені анықталды, адам мүрделері тікбұрыш пішіндес шұңқыр қабірлерге қойылған. Олардың бірқатарында ерлер мен әйелдер жұп-жұптан жерленген. Оның үстіне, екінші мәйітті қою үшін бірінші өлген адамның қабірін қайта ашып отыру дәстүрі болғандығы дәлелденді. Заттай деректердің негізгі тобы – қыш ыдыстар. Геометриялық оюлармен безендірілген 76 құмыра, көптеген қола білезіктер Андрон мәдениетінің дәстүрлеріне ұқсас. 30-дан астам бас сүйекті зерттеу нәтижелері зиратта жерленген адамдардың бет әлпеті, негізінен, екі түрге бөлінетінін анықтады. Бұлар Қазақстан тұрғындарына тән андрондық және алыс оңтүстіктен, яғни Үндістан өлкелерінен бастау алатын үнді-дравидтық нәсілдерге жатады. Зират қола дәуірінде Аралдың оңтүстігінде кеңінен тараған Тазабағияб мәдениетінің ескерткіші болып табылады. Ғалымдардың пікірінше, бұл мәдениет солтүстіктегі далалық өлкелерден, яғни Қазақстаннан барған, Андрон мәдениетін жасаған тайпалардың аса үлкен ықпалы нәтижесінде қалыптасқан. Кейде оны жеке мәдениет емес, қазақстандық Андрон мәдениетінің оңтүстікке таман оқшауланып кеткен бір нұсқасы деп те айтады. Зират б.з.б. 13 – 11 ғасырлармен мерзімделеді.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том |
Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus –«Қыпшақ тілінің сөздігі») — қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба.
## Пайда болуы
Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.
Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
## Аударылымдары
Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.), 1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.
## Ерекшелігі
Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б.
## Дереккөздер |
Колпаковский Герасим Алексеевич - (4.3.1819, Ресей империясы, Харьков губ. – 23.4.1896, Ресей империясы, Санкт-Петербург, Александр-Невский лаврасы) – Ресей империясы армиясының генералы, Батыс Сібір, Түркістан және Дала өлкелері әскери-әкімшілік басшысы, Орта Азия мен Қазақстанда Ресей империясының отаршылдық саясатын белсене жүзеге асырушы.
Харьков губерниясындағы офицер-дворянның отбасында дүниеге келген. Жас шағында генерал Н.Н. Раевскийдің (1771 – 1829) қарамағындағы жаяу әскер қосынында қызмет еткен. Венгрия, Кавказ жорықтарына қатысқан. Әскери наградалармен марапатталып, штаб-капитан шеніне дейін өскен. Жоғары әскери білім алмаған. 1852 ж. Сібір жеке корпусының командирі, Г.Х. Гасфорттың адъютанты болады. 1855 – 58 ж. Березовск әскери округінің (аумағы қазіргі Ақмола, Семей облыстарын, Алтайды қамтыған) бастығы, 1858 ж. майор Колпаковский Алатау округінің бастығы және Батыс Сібір бас губернаторының ұлы жүздегі (соңынан Жетісу облысындағы) өкілі (приставы) болды. Верный бекінісіне 4 шілдеде келген. 1860 ж. күзде орыстарды Жетісуға қоныстандырмау үшін шабуылдап келген Қоқан хандығының 10 мың сарбазы бар әскерін Ұзынағашта қарсы алып, 21 қазанда Қарақастек өз. бойындағы шайқаста жеңген. Жеңісі үшін полковник шені, орден, айрықша әскери белгі берілген. Сол шайқаста оның 1 мыңдай ғана әскері қатарында Әли, Тезек төрелер мен Сұраншы батыр бастаған қазақ жүздігі де болған. 1862 ж. Шу өзені алқабына жасалған экспедицияны басқарды, 23 – 24 қазанда Пішпекті (Бішкек) алды. Сол жылы оған генерал-майор атағы берілді. 1865 ж. Семей облысының әскери губернаторы, 1867 ж. Жетісу облысы әскери губернаторы, әскер қолбасы, жаңадан құрылған Жетісу казак әскерінің тағайындалған атаманы болған. Верный (Алматы) қаласы осы Колпаковский жобасы бойынша салына бастаған. Оның ұсынысымен мұнда ер балалар мен қыздар гимназиясы, 1873 ж. қазақ балалары үшін арнайы мектеп ашылған. 1882 ж. Дала өлкесіне (Бұған Бат. Сібір, Сарыарқа мен Жетісу өлкелері кірген) генерал-губернатор және Омбы әскери округі әскерінің қолбасшысы, Сібір казак әскерінің атаманы болып тағайындалды. Бұған дейін Түркістан генерал-губернаторы міндетін 1783 – 82 ж., генерал-адьютант К.П. фон-Кауфманның сырқаттануына байланысты әлденеше рет уақытша атқарып тұрған болатын. 1871 ж. оған генерал-лейтенант, 1885 ж. инфантерия генералы атағы берілді. 1889 ж. 25 қазанда Ресей империясының Әскери Кеңесі мүшелігіне тағайындалып, Санкт-Петербургқа ауысады. Колпаковский әуесқой зерттеуші ретінде ғалымдар Н.А. Северцовқа (1827 – 85), Ч.Дарвинге (1809 – 82) және музейлер мен ғылыми қоғамдарға Жетісу өлкесінен өзі жинаған құстардың, аңдар мен жәндіктердің, өсімдіктердің бай коллекциясын сыйға тартты. Ш.Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болып, онымен үнемі хат алысып тұрған. Соңынан Шоқан мен оның нағашысы М.Шорманов зираттарын көтерісуге ат салысқан.
## Дереккөздер |
Комратов Ратмир Әлімханұлы 21.6.1951 жылы туған, Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласы – әскери қайраткер, контр-адмирал. Севастополь жоғарғы Әскери-теңіз инженер училищесін (1973), адмирал Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын (1990) бітірген. 1973 – 1982 жылы Камчаткадағы (Ресей) 2-ші Флотилияның стратегиялық мақсаттағы ракеталық сүңгуір қайықтарында түрлі лауазымдық қызметтер атқарған. 1982 – 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің 992-ші әскери өкілдігінде кіші әскери өкілден, осы өкілдік бастығының орынбасарлығына дейін қызмет атқарған. 1988 – 1990 жылы адмирал Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясының тыңдаушысы. 1990 – 1992 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің 992-ші әскери өкілдігінің бастығы. 1992 – 2001 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы бастығының орынбасары, Әскери-теңіз базасының командирі, Әскери-теңіз күштері қолбасшысының орынбасары, қолбасшысы, республика Қорғаныс министрлігінің генерал-инспекторы. 2001 – 2002 жылы Маңғыстау облысы әкімінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі орынбасары. 2002 жылдың ақпан айынан Батыс әскери округінің, қазіргі «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.К. КСРО мен Қазақстан Республикасының бірнеше медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ратмир Комратов |
Темірбек Жүргенов ауылы (2020 ж. дейін — Комсомол) — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, аудан (1966 жылдан) және Темірбек Жүргенов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 230 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 5065 адам (2622 ер адам және 2443 әйел адам) болса, 2009 жылы 5909 адамды (2907 ер адам және 3002 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1955 жылы тың жерлерді игеру кезінде астық кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Ауылда баспахана, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін цех, т. б. шаруашылық мекемелері бар.
## Ауыл суреттері
*
*
## Дереккөздер |
Консерватория (итал. соnsеrvаtогіо, алғашқы мағынасы - баспана, лат. соnservо - сақтаймыз) — музыка мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Консерваторияда музыкылық шығармаларды кәсіби орындаушылар (ішекті, үрмелі, халық аспаптарында ойнайтындар, әншілер, дирижерлер), композиторлар, музыка мәдениетінің тарихшылары мен теорияшылары, музыка зерттеушілері даярлауды. 16 ғасырда панасыз балалардың қолөнер кәсібімен шұғылданатын баспанасы (алғаш рет 1537 жылы Италиядағы Неаполь қаласында ашылды) Консерватория деп аталды. 17 ғысырда осы баспаналарда олардың оқу жүйесіне музыка пәні енгізілді. 18 ғысрда музыкант-орындаушылар мен композиторларды даярлауда Италия консерваториялары үлкен роль атқарды. Мұнда басқа еуропа елдердің музыканттары да оқыды. 1793 жылы Парижде тұңғыш ұлттық музыка инистуты ашылды. (1795 жылы ол консерваторияға айналды). 19 ғасырдың 1 -жартысында Миланда (1807), Прагада (1811), Варшава мен Венада (1821), Лондонда (1822), Мадридте (1830), Брюссельде (1932), Лейпцигте (1843), Рио-де-Жанейрода (1847), Бостонда (1853), т.б. жерлерде ашылды. Қазіргі ТМД елдері аумағында алғашқы консерваториялар Санкт-Петербургте (1862), Мәскеуде (1866), кейін Саратов (1912), Киев пен Одесса (1913) ұйымдастырылды. 1972 жылы бұрынғы КСРО-да 19 консерватория (Тбилиси, Харьков, 1917; Рига, 1919; Баку, 1921; Ереван, 1923; Минск, 1932; Ташкент, 1934; Кишинев, 1940; Қазан, Вильнюс, 1945; Новосибирск, 1956, т.б.) болды. 1944 ж. Алматы Консерваториясы (2001 жылдан (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) құрылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Кадет партиясы - Ресейде 1905-1917 жылдары жұмыс істеген конституциялық-демократиялық партия. Бұл партия құрамында Ә.Бөкейхан болған. Оның «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласы бар. Бұл мақаласында ол «Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық» дей келеді де Кадет партиясының жолы ұлттық мемлекет жолымен қиыспайтынын айтып: «Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі Жалпықазақ сиезінде айтқан едім» деген болатын.
## Дереккөздер |
Конституциялық сот– бірқатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғарғы соттардан өзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде (мысалы, Ресейде) ол ерекше санаттағы сотдеп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді, екінші бір елдерде (мысалы,Германияда, Италияда, Румынияда, Болгарияда,Моңғолияда) сот билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табылады. Конституциялық соттың мүшелерін не парламент сайлайды (Германияда, Хорватияда), не мемлекет басшысы тағайындайды (Кипрде); кейде Конституциялық сот мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды (мысалы, Италияда Конституциялық сотты президент, парламент және магистратура бірдей үлесте тағайындайды). Конституциялық бақылау жасаумен қатар Конституциялық соттың конституцияны түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т.б. құқығы бар.Қазақстан Республикасында Конституциялық сот 1995 жылға дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын орган болып келді. Ол 1992 ж. 6 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы негізінде құрылды.
“Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Қаулысымен Конституциялық Сот құрамы 11 адамнан жасақталды:
М.Т. Баймаханов (төраға), И.И. Рогов (орынбасары), Л.И. Башаримова, Ж.Н. Бәйішев, К.Ж. Жалмұқанбетов, Г.В. Ким, С.А. Қасымов, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, С.Ф. Ударцев, О.Қ. Ықсанов. Тиісті заңға және 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Конституциялық сот республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылды. Оған Конституцияны қорғау және оның мәртебелілігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді және оның заңдар мен өзге де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жояды деп көрсетілді. “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” заңда анықталғанындай, бұл органның құзыретіне актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Министрлер Кабинетінің мүшелерінің, Жоғарғы сот пен Жоғарғы Төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі туралы істерді қарау, тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б жатты. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес Конституциялық соттың орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том |
Николай Яковлевич Коншин – орыс этнографы, өлкетанушы, тарихшы. Ол студенттер арасында революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Зайсанға жер аударылды. Кейін Семейге қоныс аударып, қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы мен ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеумен айналысты. Коншин Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің құрылуына (1902 жылы 31 наурызда ашылды) негіз болған Семей облысы статистикалық комитеттінің жанынан ұйымдастырылған өлкетанушылар үйірмесіне жетекшілік етті. Коншин статистикалық комитеттің хатшысы қызметінде жүріп, қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық өмірі, табиғи байлығына, тарихы мен географиясына, археологиясына қатысты бай материалдар жинады.
## Еңбектері
1897 жылы Коншиннің жетекшілік етуімен Семей облысында халық санағы жүргізілді. Бұл жөнінде ол өзінің «Ресей империясы тұрғындары арасында жүргізілген алғашқы жалпы халық санағы» деген еңбегінде толығырақ жазған. Коншин архив материалдары мен статистикалық мәліметтерге сүйеніп, Семей облысының тарихына, ондағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, қазақтардың отырықшылыққа көшуіне, бұл өңірдегі көші-қон ісіне қатысты очерктер жариялады. Коншиннің қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне байланысты материалдар жинау мақсатында жасаған бірнеше экспедициясының нәтижесінде «Семей облысы қазақтарының экономикалық өмірі туралы очеркі» (1901) жарық көрді. Бұл еңбегінде қазақтар мен орыстардың Ертіс аңғары мен Семей өңіріне келіп қоныстануы, т.б. туралы баяндалады. Коншин 1890 жылы Абай Құнанбаевпен танысып, тығыз қарым-қатынаста болған. Коншиннің «Қазақ жұты туралы жазбалары», «Шұғышаққа сапар», «Земство және қазақтар», «Қазақ жер құрылысының жаңа жобасы», «Дала өлкесіндегі қоныс аударушылар үшін қауіп-қатерлер», т.б. еңбектері жарық көрген. Коншин «Семей облысының естелік кітаптарының» редакторы (1897–1902) болды. Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесін ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді, сол бөлімшеге жетекшілік етті. Семей облысынан Мемлекеттік думаға депутат болып сайланған.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты — Қазақстанның сот жүйесіне кірмейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
## Тарихы
Қазақстанда Конституциялық сот 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заңы негізінде құрылды. Оған 11 адам: төраға мен он судья кірді. Конституциялық соттың алғашқы және жалғыз төрағасы Мұрат Баймаханов болды.
1995 жылы наурызда Конституциялық сот сол кездері парламент рөлін атқарған Жоғарғы кеңес сайлауын заңсыз деп танып, Жоғарғы кеңес таратылды. Сол жылы тамыз айында жаңа Конституция қабылданып, Конституциялық кеңес құрылды. Соған сәйкес Конституциялық сот жұмысы тоқтады.
2022 жылы 5 маусымда жалпыұлттық референдум өтіп, Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Конституциялық соттың құрылуы да сол кездегі түзетулердің бір бөлігі болды. Соған орай 2023 жылы 1 қаңтарда Конституциялық сот жұмысын бастады.
## Мәртебесі
Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.
## Соттың құрамы және оны құру тәртібі
* Конституциялық Сот Төрағаны және оның орынбасарын қоса алғанда, он бір судьядан тұрады.
* Конституциялық Соттың Төрағасын лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімімен тағайындайды.
* Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
* Конституциялық Соттың төрт судьясын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды.
## Өкілеттік мерзімі
* Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігі 8 жылға созылады. Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды.
* Өз өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
## Соттың құзыреті
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Сот дау туған жағдайда:
* Қазақстан Республикасы Президентiнің сайлауын;
* Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын;
* республикалық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселенi шешедi.
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот:
* Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдардың;
* Қазақстан Республикасының Парламенті және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың;
* ратификацияланғанға дейін Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсiндiрме;
* тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм, Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн – белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi.
* Конституциялық Сот:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жiбередi;
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Президентінің жолданымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабында көзделген жағдайларда соттардың жолданымдарын қарайды;
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды;
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жолданымдарын қарайды.
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жолданымдарын қарайды.
* Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән-жайларға баға бермейді.
## Конституциялық сот төрағалары
### Конституциялық кеңес төрағалары
## Судьяларының тізімі
* Эльвира Әбілхасымқызы Азимова — Төраға
* Бақыт Маратұлы Нұрмұханов — Төраға орынбасары
* Асан Қайруллаұлы Ескендіров
* Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев
* Айжан Ержанқызы Жатқанбаева
* Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева
* Қанат Сергейұлы Мусин
* Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев
* Роман Анатольевич Подопригора
* Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев
* Сергей Федорович Ударцев
## Дереккөздер |
Корженевский – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Шілік өзені алабындағы Оңтүстік Есік өзені бастауында. Мұздық белгілі орыс географы Н.Л. Корженевскийдің есімімен аталады.
## Аумағы
Ұзындығы 11,7 км, жалпы ауданы 38,0 км2, көлемі 6,3 км3. Корженевский мұздығындағы қар жиегі 3950 м биіктікте, ал мұздық тілі жылжып 3270 м-ге дейін төмендеді. Мұздықтың орташа қалыңдығы 160 м-дей (ең қалың жері 300 м). Корженевский мұздығы жылдан-жылға еріп азаюда.
## Дереккөздер |
Коржинский Дмитрий Сергеевич (1.9.1899, Ресей, Санкт-Петербург – 1985, сонда) – орыс ғалымы, геологиялық-минералдар ғылылымының докторы (1938), профессор (1940), КСРО Ғылым Академиясының академигі. (1953), Социологистік Еңбек Ері (1969), физика-химия петрология және минералогия, физика геохимия ғылымдарының негізін салушылардың бірі. Ленинград тау-кен институтын бітірген (1926). 1926-29 ж. КСРО Геология камитетінде, Бүкілодақтық геология ғылыми-зерттеу институтында қызмет істеген. 1929-40 ж. Ленинград тау-кен институтында оқытушы болған. 1937 жылдан КСРО Ғылым Академиясында қызмет көрсеткен. 1969-79 ж. Экспериментальдік минералогия институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектерін Қазақстан, Шығыс Сібір, Орал және Орта Азияның геологиясы мен минералдық кен орындарын зерттеуге арнаған. Минерал түзілу процестерінің физика-химиялық теориясын жасады. Коржинский биметасоматиттік, жапсарлы-инфильтрациялық скарн түзілу және қышқылдық-негіздік гидротермальдік ерітінділер эволюциясы теорияcының негізін қалады. Магма кристалданғанда қышқылдык-негіздік өзара әрекеттесу принципін дәлелдеді. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1946, 1975) және Лениндік сыйлық (1958) лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдермен марапатталған.
Шығармашылығы: Минералды тепе-теңдік факторлары және тереңдіктің минералогиялық фациялары, М., 1940; минералдардың парагенездерін Талдаудың физика-химиялық негіздері, М., 1957; метасоматикалық зоналылық теориясы, М., 1969; минералдардың парагенездерін талдаудың теориялық негіздері, М., 1973.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Конституция, Ата Заң (латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзірбайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.
1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.
## Конституционализм
Конституционализм - [французша Constitutionalisme, латынша Constitutio - заң] -
a) бастапқыда - саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт;ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдық күші бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен ұстанымдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп, яғни мемлекеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес әрекет етеді;б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылшын-саксондық саяси дәстүр конституционализм мен конституциялық басқару жүйесін теңдестіреді. Роман-германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы "құқықтық мемлекет" ұғымы болып табылады.
## Конституциялық кеңес
Конституциялық кеңес - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституциясының үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады. Конституциялық қадағалаудың үшінші, француздық моделінің үлгісі ретінде Конституциялық Кеңес өкілеттігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек Конституцияға бағынады әрі саяси және басқадай себептерге сүйене алмайды. Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің процесінде, барлық жағдайда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті. Конституциялық Кеңес өкілеттігі, қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі жағынан соттарға көбірек жуықтағанымен, билік тармақтарының бірде-біреуіне бірікпейді.
## Конституциялық сот
Конституциялық сот - бір-қатар елдердегі конституциялық бақылау бірден-бір немесе басты міндеті болып табылатын ерекше орган. Жоғарғы соттардан әзгеше түрде ол жалпы соттар жүйесіне кірмейді. Бір елдерде (мысалы Ресейде) ол ерекше санаттағы сот деп саналып, тиісінше сот жүйесіне кіреді, екінші бір елдерде (мысалы Германияда, Италияда, Румынияда, Болгарияда, Моңғолияда) сот билігіне жатпайтын ерекше бақылау органы болып табыла¬ды. Конституциялық Соттың мүшелеріне парламент сайлайды (Германияда, Хорватияда), не мемлекет басшысы тағайындайды (Кипрде); кейде Конституциялық Сот мүшелерін парламенттер, басқа да билік және әділет органдары тағайындайды. Конституциялық бақылау жасаумен қатар Конституциялық Соттың конституцияны түсіндіруге, саяси партиялар қызметінің конституцияға сәйкестігі мәселесін шешуге, құзырет туралы дауларды қарауға, т.б. Құқығы бар. Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот 1995 жылға дейін елімізде нормативтік актілердің Конституцияға сай келуін қадағалайтын орган болып келді. Ол 1992 жылы 6 маусымда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде құрылды. "Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі Қаулысымен Конституциялық Сот құрамы 11 адамнан жасақталды. Тиісті заңға және 1993 жыл¬ғы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Конституциялық Сот республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы болып табылады. Оған Конституцияны қорғау және оның мәртебелілігігі қам¬тамасыз ету міндеті жүктелді және оның зандар мен өзге де құжаттарды Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жояды деп корсетілді. "Қазақстан Республикасы Конституциялық соты туралы" Заңда анықталғандай, бұл органның құзыретіне актілердің конституциялылығын қараумен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Министрлер Кабинеті мүшелерінің Жоғарғы сот пен Жоғарғы төрелік сот төрағаларының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы дипломатиялық, өзге де өкілдіктерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалған ретте олардың Республика Конституциясы мен заңдарын сақтауы туралы қорытынды беру, азаматтардың конституциялық құқығына қатысты құқық қолдану тәжірибесінің Конституцияға сай келуі туралы істерді қарау, тиісті заңда көрсетілген нақты мәселелер бойынша іс қозғау, т.б. жатты. 1995 жылы конституцияға сәйкес Конституциялық Соттың орнына сот жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңес құрылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Конституциясының қабылданғанына он екі жыл толды
* "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы.
* ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламент ұсынысын қабылдамады Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы.
* Елбасы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламент ұсынысын қабылдамады Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы.
* ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы.
* КОНСТИТУЦИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Мұрағатталған 19 қыркүйектің 2010 жылы. (орысша)
* Конституция(орысша)
* Constitution (ағылш.) |
Короленко мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Ақтас өзенінің бастауында орналасқан. Мұздыққа орыс жазушысы В.Г. Короленконың есімі берілген (1957).
## Жер бедері, аумағы
Тентек шыңынан (4098 м) басталып, 3000 м-ге дейін төмендейді. Ұзындығы 6,2 км, оның ашық жатқан жері 4,8 км. Жалпы ауданы 9,5 км2, фирн алаңы 2,2 км2. Мұздықтан Тентек өзенінің салалары толығады.
## Дереккөздер |
Костенко Лев Феофилович(1841 – 1891) – Ресей империясы армиясы бас штабының офицері, 1887 жылдан генерал-майор, Орыс география қоғамының мүшесі. Ресей империясы әскери академиясын бітірген (1866). 1867 – 78 ж. Түркістан әскери округында қызмет істеді. 1870 ж. Бұхараға барған дипломатиялық миссияға, 1873 ж. Ресей империясы армиясының Хиуаны жаулап алу жорығына қатысты. 1878 – 85 ж. Костенко Ресей империясы армиясының Жетісу облысы штабының бастығы болды. 1886 ж. Бас штабтың Әскери-ғылыми камитетінің кеңесіне қызметке жіберілді. 1887 жылдан Бас штабтың Азия бөлімін басқарды. Костенко “Орта Азия және онда орыс азаматтығының енуі” (1870), “Түркістан өлкесі. Түркістан әскери округының әскери-статистикалық шолу тәжірибесі” (1880, 1 – 3 т.), “Орыс миссиясының 1870 ж. Бұхараға саяхаты” (1871), “Алжир мен Туниске саяхат” (1875), “Жоңғария. Әскери-статистикалық очерк” (1887) т.б. еңбектер жазды.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Ғарыштану немесе ғарышқа ұшу – ғарыш кеңістігіне ұшу; Жерден басқарылып ұшатын әр түрлі ғарыштық аппараттарды пайдаланып, ғарыштық кеңістікті игеруді қамтамасыз ететін ғылым мен техника салаларының жиынтығы. Оған ұшу теориясы, траекторияны есептеу, т.б. ғылыми-техникалық мәселелер – ракета тасығыштарды, ракеталық қозғалтқыштарды, т.б. құрастыру; медициналық-биологиялық мәселелер; ғарыштық кеңістікті игерудің халықаралық құқықтық мәселелерін реттеу жатады.
* Ғарыштық дәуір 1957 жылдың 4-қазанында, бұрынғы КСРО-да дүние жүзінде алғаш рет Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен байланысты басталды.
* Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 ж. 12-сәуірде адам баласының (Юрий Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы;
* ал космонавтиканың үшінші тарихи оқиғасы — 1969 ж. шілде айының 16 – 24-і күндері аралығында адамның Айға сапары (Нил Армстронг, Эдвин Олдрин, Майкл Коллинз) болды. Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланылып келеді.
* 1957 жылдың 4-қазаны мен 2000 жылдың 9-ақпаны аралығында Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар ұшырылды. Қазіргі ғарышқа ұшу теориясы аспан механикасы мен ұшу аппараттарын басқару теориясына негізделген. Кейін ғарышқа ұшу динамикасын зерттейтін астродинамика деп аталатын классикалық аспан механикасының жаңа тарауы пайда болды. Космонавтика ұйтқушы күштің әсерін ескере отырып, ғарыштық ұшу аппараттарының тиімді траекториясын есептеуді талап етті.
Ракеталық-ғарыштық кешенді жасау – күрделі ғылыми-техникалық мәселе. Үлкен ракета тасығыштардың ұшу алдындағы массасы 3000 тоннаға дейін, ұзындығы 100 м-ден астам болады. Оған қажетті отынды (толық массасының 90%-ы) орналастыру үшін ракета құрылымы өте жеңіл болуы тиіс. Сондықтан ғарышқа ұшыру кезінде көп сатылы ракета пайдаланылады (отыны жанып босаған бактар ажыратылады). Қазіргі ракета тасығыш күрделі құрылғылардың жиынтығынан тұрады. Ракета тасығыштың қозғалтқыш қондырғысының қуаты ондаған ГВт-қа дейін жетеді. Ол бір-бірімен үйлесе жұмыс істейтін бірнеше қозғалтқыштардан тұрады. Қозғалысты бақылау жүйесі, әдетте, автономды болып келеді.Ғарыштық аппаратты орбитаға шығару оған бірінші ғарыштық жылдамдықтан (шамасы 7,91 км/с) артық жылдамдыққа, ал Ай, Марс не Шолпанға ұшатын ғарыштық аппараттардың жылдамдығын екінші ғарыштық жылдамдыққа (11,19 км/с) жеткізгенде ғана мүмкіндік туады. Орбитаға шығарылған ғарыштық аппарат ракета тасығыштан бөлінеді де, аспан механикасының инерция заңдылығы бойынша өзінің ұшуын одан әрі жалғастырады. Ғарышқа шығарылған аппараттар ғарыш кеңістігінің қатаң шартына сай ұзақ уақыт өздігінен ұшуға қабілетті болуы тиіс. Бұл үшін олардың борты бірнеше жүйелермен: температураны тұрақты ұстайтын жүйе, энергия қоры, Күн сәулесін энергияға айналдыратын батареялар немесе ядролық энергия, Жермен тұрақты байланыс, Жерден басқару жүйелерімен жабдықталады. Сонымен қатар ғарыш аппараты бортына әр түрлі бағыттағы ғылыми аппаратуралар – ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттерін зерттейтін аспаптардан бастап, алып телескоптарға дейін орналастырылады. Бұл аспаптар мен жүйелер борттық басқару кешені жүйесімен бірігіп, ортақ жұмысты қалыптастырады. Космонавтиканың жақын келешектегі мақсаты: әр түрлі ғарыштық аппараттар көмегімен Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу. Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан (2.10.1991 ж.) бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады. Космонавтика саласында қазақтың екі ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев Қазақстан ғылымына қажетті құнды деректер қорын жинауға мол үлес қосты.
## Астрономия аспан денелері туралы ғылым
Табиғат туралы көне ғылымдардың бірі.Астрономия - ғарыш кеңістігінде жекелеген денелердің немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді.Аспан денелеріне жататындар:галактикалар,жұлдыздар,ғаламшарлар,серіктер,кометалар,метеорлар,метеориттер және т.б.Біздің галактика "Құс жолы" деп аталады.Ол әлемнің бір кішкентай бөлшегі.
## Астрономия ғылымының салалары
Космонавтика - әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейдіКосмогония - аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зертейді.Космология - Әлем және оның алпы қасиеттерін зерттейді.
## Дереккөздер |
Көген– ұсақ төлді (қой, ешкі, қозы, лақ) тізіп байлап қоюға арналған жүн арқан. Екі жағындағы қазықтар арасындағы жерге керіп байланған арқанның өн бойына бұршақтар тағылады. Әр бұршаққа бір-бір мал көгенделеді. Көген, көбінесе, қой-ешкі сауғанда пайдаланылады. Сауылып болған соң не енелері өріске кеткеннен кейін жас төлдер Көгеннен ағытылады
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көгедай Әбілпейізұлы(туылғын жылы белгісіз. – 1823) - сұлтан, Орта жүз құрамында болған абақ керей руларының билеушісі. Ұлы жүз ханы Әбілпейіз өзінің алтыншы ұлы Көгедайды абақ керей руларының сұрауы бойынша оларды басқаруға жіберген. Көгедай 1790 ж. Ұлы жүз ханы Ханқожаның інісі бастаған елшілік құрамында Пекинге елшілікке барған. Цинь әулеті императоры Цяньлун оған “гун” (“князь”) деген лауазым шенін берген. Көгедай билеп тұрған тұста он екі абақ керей рулары арасындағы алауыздық бәсеңдеп, ел тіршілігі оңала түскен. Көгедай 1823 ж. сұлтан Тоқтакүшіктің ұлы Құрақтың соққысына жығылып, аурудан қайтыс болған.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көгеріс Өрнек– ұлттық ою-өрнектің негізгі түрі. Көгеріс Өрнек үлгілері байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен қалған көне мұраларда да кезігеді. Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерінде қошқар мүйіз бен Көгеріс Өрнек көп қолданылады. Ел аузында “... күміс семдеп, зер термей, қошқар мүйіз төңкермей, ұласымды ою жараспас, көгеріс өрнек көмкермей”, деген қанатты сөз сақталған. Көгеріс Өрнекте өсімдіктер мен гүлдер нәзік әрі биязы бейнеленеді. Зершілер мен оюшылар Көгеріс Өрнекті ісмерлікте қолданылу ретіне қарай гүл, гүлше, қауыз, жапырақ, сабақша, өркен, т.б. деп атай береді. Көгеріс Өрнектің дамыған түрлері, негізінен, түс киіз, төсек жапқыш, аяққап, әйелдердің киімдері мен ерлердің қалпақтарында кездеседі.
## Дереккөздер |
Көзе Сауыт– дәстүрлі қазақ қоғамында батырлар киген сауыттың бір түрі, садақ, найза, қылыш өтпейтін киім. Көзе Сауыт, көбінесе, бас киім, қалқан, кеудеге қақтаған шар айна, білекке, тізеге жабатын қыш қоруыштар түрінде жасалады. Кейде темір шығыршықтардан үзбеленген көк сауытты да Көзе Сауыт деп атаған.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көдек(Әбдірахым) Маралбайұлы (1888, Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылы – 1937, Шыңжаң өлкесі, Іле қазақ автономиялы облысы Текес ауданы “Мыс” мекені) – ақын. Ауыл имамы Мұқай молдадан оқып сауатын ашқан. 1916 ж. Қарқара көтерілісінде сарбаздар қатарында жүріп, “Он алтыншы жыл туралы” дастанын шығарды. 1918 – 20 ж. қызыл әскерлер жағында Азамат соғысына қатысты. Хиуа, Қоқан қалаларын шабуылдағанда екі рет ауыр жарақат алып, әскери комиссияның шешімімен ауылына қайтарылады. Қайтар жолда Жамбылмен жүздеседі. 1920 – 32 ж. Қосшы одағында, болыстық комитетте хатшы болып қызмет атқарады. Азамат соғысы кезінде өткерген оқиғалары негізінде “Бастан кешкендер” атты дастан жазады. “Шетел тыңшысы” деген жаламен соңына түскен шолақ белсенділердің зардабынан жат өлкеге қоныс аударуға мәжбүр болады. Шығармалары Шыңжаңдағы жастар баспасынан шыққан “Көдек” (1984, 1988) “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993) жинақтарында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Елді мекендер:
* Көкарал – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Көкарал – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Көкарал – Үлкен Арал мен Солтүстік Арал теңізін бөліп тұрған бөгет. |
Көже — қазақтың ұлттық тағамы.
Ет, май, немесе сүт өнімдерінің езінділерінің бірі қосылмаған көже адамға тамақ болмайды, құнары аз, тек аштан өлмеудің ғана аужалы деп саналған. Көженің бірнеше түрі бар.
* Кеспе көже жасау үшін жұқа жайылған қамырды орамалап бүктеп, арнаулы пышақпен кесілген жіңішке таспа кеспені еті сүзіліп алынған сорпаға қатты қайната отырып себелеп салады. Сирек елеуішпен елеп салса, ол ұннан тазарып, саласы жазылып, сорпаның ішінде онша ботқаланбай, ішуге ұнамды болып піседі. Кейде кеспені жайып қойып, біраз кептірілгеннен кейін барып кеседі. Қазақ халқы кеспенің қамырын, көбінесе, жұмыртқа езген сүтке илеген. Мұндай кеспенің нәрі, азықтық қасиеті, дәмділігі артады. Пісуі жеткенде кеспенің қоюы сорпаның бетіне көтеріліп, біраздан соң сорпаның түбіне қайта шөге бастайды. Бұл кеспенің дайын болғанын көрсетеді.
* Жұлма көже жасау үшін алдымен нанды илеп, лайықты ашытып, үстіне май жағып, таспа формасында кесіп қояды. Етті, түрлі көкеністерді, ішінде қызанақ, сарымсақ, картоп бар, турап әзірлеп алады. Сосын етті салып қуырып, көкеністерді және түрлі қосымшаларды қосып, сәл піскен соң лайықты су құйып қайнауын күтеді. Қайнаған соң әрбір таспа қамырды жалпақтап созып, сол қолдың қырына таспа қамырды орап ұстайды да, оң қолмен жұлып, қайнап жатқан тұсқа салады. Осылай барлық қамыр түгел қазанға жұлып салынып болған соң лайықты қайнатады.
* Қолдама көже жасау үшін қамыр арнайы дәм-тұзын татымды етіліп сүтке, кейде жұмыртқа қосқан сүтке, сорпаға иленеді, сосын оны үстелге салып, бармақпен ширата жұқартып түйіршіктейді. Сорпаға пісіреді. Атырау өңірінде оны бармақ көже деп те атайды.
* Ши кеспені талшығын өте жіңішке кесіп, кептіріп әзірлейді.
* Салма көжені жайған жұқа қамырды төрт бұрышты етіп кесіп жасайды.
* Сеппелі көжені кеспенің үстіне ұн сеуіп, қоюлатып пісіреді.
* Тары көжені ақтаған тарыны сорпаға, сүтке, сүт қатқан суға бөрттіріп жасайды. Ондай К-ні ашытып қойып, салқын күйінде де ішуге болады.
* Қонақ көжені тары мен қонақты келіге түйіп, қауызынан тазартып алған соң сорпаға, сүтке қайнатып, біраз уақыт қақпағын жауып қойып бұқтырып жасайды.
* Бидай көжені келіге түйіп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып пісіреді. Мұны да қайнаған соң, бұқтырып алады.
* Қара көжені қуырылған бидайдың талқанын сүтке қайнатып жасайды. Мұндай көжені, көбінесе, мал күзетіндегі күзетшілер мен жорықшылар ішкен.
Көженің күріштен, жармадан, бұршақтан, арпадан жасалатын сүт көже, құрт көже, умаш, туралмыш көже дейтін түрлері де бар. Сүтке ашыған бидай көже әрі жұғымды, әрі шөл қандыратын сусын. Етін аз салып, қаймақ, қатықтармен, томат және кейбір жемістермен дәмдендіріп, көкөністен әзірленетін сорпалар мен өсімдіктерден жасалатын Көжелер қазақ халқы арасында отырықшы тұрмысқа көшіп, бау-бақша өсіре бастаған кезден белгілі.
## Дереккөздер |
Көкбай Жанатайұлы (1861, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктері Тақыр ауылы – 1925, сонда) – ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, әрі інісі. Абайдың “Жаз”, “Күлембайға” деген өлеңдері тұңғыш Көкбай қолымен 1888 – 89 ж. “Дала уалаяты газетінде” жарияланды. Көкбай бала кезінде хат танып, үш жылдай Төлетай молдадан дәріс алған соң, Семейдегі Қамали қазірет медресесінде, уездік училищеде оқиды. Елге келген соң үнемі Абайдың жанында болады. 1901 ж. өз қаржысына медресе ашып, онда сол өңірдегі қазақ ауылдарының балаларын оқытады. Сабақ мұсылманша, орысша қатар жүрген. Оқулық ретінде шәкірттеріне “Араб тілінің қағидаларын” өлеңмен жазып шығады. Көкбай 1908 ж. қала тәртібімен биік мұнаралы мешіт салдырады. 1913 ж. Меккеге барып, қажы атанады. Жаңаша оқу жүйесі шыққанда медресесін мұғалімдерге босатып береді. 1921 ж. ауруға шалдығып, Мәскеу, Томск, Санкт-Петербург, Омбы сияқты қалаларға барып емделеді. Ауырғанына қарамастан 1924 ж. Абайдың дүниеден өткеніне 20 жыл толуына орай Семейде өткен кешке қатысып, естелік әңгімесін айтады. 1925 ж. Мәскеуге емделуге бара жатқан сапарында дүниеден қайтады.
## Шығармашылығы
Көкбай он-он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет, суырып салма ақын ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің ішінде Абайдың өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай болса, ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол (“Семейге Абай келсе бізге думан”, “Абайдай ұлы тумағы болар ғайып”, “Абайдан сабақ алдым бала жастан”, “Жаннатта жаның болғыр Абай құтып”, т.б. өлеңдері). Оның “Дүтбайға”, “Күлембайға” сияқты өлеңдері Абай үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған. Көкбайдың Әріп, Кемпірбай, Жүнісхан, Жидебай, Саржан, Міржақыптармен айтыс, сөз қағысулары сақталған, әсіресе, нағашылы-жиенді Әріппен сөз сайыстары кең тараған. Көкбайдың “Сабалақ”, “Құлынды”, “Қандыжап”, “Ғаділ патша қиссасы”, “Арон Рашид қиссасы” дастандары белгілі. “Сабалақ” дастанын мезгілі, мазмұны, кейіпкерлеріне қарай үш дәуірдің адамдары туралы жазылған үш бөлімді жеке жырлар ретінде қарастыруға болады. Дастанның алғашқы бөлімі Абылай ханға арналған “Сабалақ” жыры болса, екінші бөлімі – Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған “Төрт төре” жыры, үшіншісі Наурызбай батыр жайында жазылған “Наурызбай – Фатима” атты ғашықтық жыр. Көкбайдың ақындық дарынына М.Әуезов жоғары баға берген. Көкбайдың өлеңдері мен айтыстары “XX ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “” (1989, т. 1), “Айтыс” (1988, т. 2), “Абайдың ақын шәкірттері” (1994, 2-кіт.) жинақтарына еніп, ол туралы зерттеу мақалалар “” ұжымдық монографиясы (1988) мен Қ.Мұхамедханұлының "Абайдың ақын шәкірттері" кітабында (1994) жарияланды.
## Дереккөздер |
Көк Бөрі–түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк Бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және моңғол аңыздарында кездеседі.
## Аңызы
Көк Бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларда сақталып қалған біреуінде тұтас бір халықтың жаугершілік заманда қырылғандығы, батпақ ішінде аяқ-қолы шабылып, жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады. Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып өлтіргенде буаз қасқыр Гаочан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналады. Он ұлдың ең күштісінің Ашина есімі олардың жалпы атына айналыпты. Кейін халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашинаның ұрпағы Асянь-шад деген елбасы (аңыздың басқа бір нұсқасында Асянь-ше) халықты үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен көрінеді.
## Халық арасында алатын орны
Қасқырдың тотемдік рөлінің түркі халықтарының танымындағы орны ерекше. Түркі қағанаты кезінде түркі сарбаздарының байрақтарына Көк Бөрі бейнеленетін болған. 19 ғасырдағы белгілі қазақ ақыны Сүйінбай Аронұлының “Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозады қай-қайдағым...” деп жырлайтыны сондықтан. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін ержүрек, батыл жігіттерді Көк Бөріге теңеп, көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көкгүл, генциана (лат. Gentiana) – көкгүлдер тұқымдасына жататын көбіне көпжылдық, кейде бір жылдық шалабұталар немесе шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Барлық құрлықтың (тек Африка мен Антарктидада кездеспейді) қоңыржай және тропиктік аймақтарында 400-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда 31 түрі бар. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, Жетісу (Жоңғар), Iле, Күнгей, Теріскей Алатауларында, Алтайда, Тарбағатайда өседі.
## Ботаникалық сипаттамасы
Биіктігі 2–12 см, кейде 40–70 см. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, сопақша қандауыр пішіндес. Гүлі көк, ақшылкөк, кейде сары түсті келеді. Гүлшоғыры – жартылай шатырша. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – қорапша, сопақша келген, қосжақтаулы, көп дәнекті болып біткен. Көкгүлдердің ішінде дәрілік түрлерінің (кәдімгі көкгүл, оливье көкгүлі, т.б.) ерекше мәні бар. Олардың тамырында алкалоид, глюкозид, жапырағында аскорбин қышқылы бар. Әсем және шірнелі өсімдік. Ал жоңғар көкгүлі (G. dshungarіca) – өте сирек кездесетін эндемик түр. Оның жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанныңенгізілген.
## Синонимдері
## Көкгүлдің негізгі түрлері
Көкгүл тегіне 359-дай түр кіреді. Негізгі түрлері:
* сары шерменгүл (G. lutea) — шөптесін есімдік. Мұның тамыры мен тамырсабағын ұнтақтап немесе кайнатып дәрі жасауға пайдалана-ды, ол адамның асқа тәбетін шап-тырып, оның жақсы сіңуіне мүм-кіндік туғызады;
* көкшіл шерменгүл (G. pneumonanthe) — шабындыкта, орман шетінде, бұталардың арасында өсетін шөптесін есімдік;
* сірге-жапырақ шерменгүл (G. сruciata) — шөптесін есімдік.
## Дереккөздер |
Көкбозат (Кохаб, β Кіші Аю) — 2,0 көрінерлік (визуалды) жұлдыздық шамада жалтырап көрінетін, Кіші Аю шоқжұлдызындағы үш жарық жұлдыздың бірі. Көкбозат – көмескілеу үш жұлдыз (“Арқан жұлдызы”) арқылы Темірқазыққа жалғасып жатқан көкшілдеу жұлдыз. “Көкбозат” аталуына жұлдыз түсінің көкшілдігі әрі Темірқазыққа арқандалғандай айнала қозғалуы себеп болған. Қазақстан аумағында жыл бойы көрінеді.
## Пайдаланған әдебиет
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көкендер тұқымдасы (Thymelaeceae) – қос жарнақты бір немесе көп жылдық шөп тектес өсімдіктер. Сирек те болса ағаш, бұта түрінде кездеседі. Жер шарында кең тараған (тек полярлық аймақтарда кездеспейді). Көкендер Тұқымдасының 50 туысы, 750-дей түрі бар. Қазақстанда 5 туысы (көкен, қасқыржидек, дияртрон, таушешек, борсақ), 10 түрі өседі. Жапырақтары кезектесе немесе қарама-қарсы орналасқан, жапырақ жиектері тегіс. Гүлдері қосжынысты, даражыныстысы сирек тараған. Гүлсерігі қарапайым, әр түрлі пішінді. Аталығы 8 – 10, кейде 2 – 3, гүл аналығы – біреу, жатыны бір ұялы болады. Аналық мойны қарапайым, ұзынша немесе қысқа болып келеді. Аналық аузы домалақ, созыңқы. Жемісі – жаңғақша, немесе сүйек-жеміс. Республика жеріне кең тарағаны – көкен туысы (Thymelea). Бұлар – тасты, тастақты, құмды, қызыл балшықты жерлерде, сортаңды шалғындықтарда, егістіктерде өсетін біржылдық шөптер. Биікт. 12 – 110 см, сабағы жіңішке, жапырақтары ұзын, үшкір (5 – 15 см). Гүлдері ұсақ (1,5 – 3 мм), жеке немесе екеуден жапырақ қолтығына орналасқан. Гүл сағағы өте қысқа, шоғырлана орналасқан ақ түктері бар. Гүлсерігі құмыра тәрізді, жасыл-сары, сырты қалың түкті. Аталығы 4 – 6, кейде 2 – 8. Жатыны жалаң, жаңғақшасы алмұрт пішінді. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Көкендер Тұқымдасының кейбір түрлері – Алтай қасқыржидегі, усойқы (Daphne altaіca), Алтай таушешегі (Stelleropsіs altaіca) және Тарбағатай таушешегі (Stelleropsіs tarbagataіca) қорғауға алынып Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Сәндік, дәрілік өсімдіктер.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көкжар Жәрмеңкесі– Ойыл бекінісінде (қазіргі Ақтөбе облысы) 19 ғ-да жұмыс істеген маусымдық сауда-саттық орны. Ол жылына екі рет: көктемде (15 мамырдан 15 маусымға дейін) және күзде (15 қыркүйектен 15 қазанға дейін) ашылған. Сақталған статистикалық деректерге қарағанда, 1900 ж. Көкжар Жәрмеңкесінің көктемгі ашылуында тауар айналымы 1 млн. 491 мың сом, ал күзгі мерзімде 509 мың сомға жеткен. Көкжар Жәрмеңкесінде қазақтар орыс тауарларына (мата, ыдыс-аяқ, қант-шай, т.б.) қой, жылқы, т.б. мал шаруашылығының өнімдерін (түйе жүнін, қой жүні мен терісін, ешкі түбітін, елтіріні, т.б.) киіз, жүннен тоқылған кілемді, ішік тонды, аң терілерін (түлкі, қарсақ, қасқыр, т.б.) айырбастаған. Мұндағы сауда айырбас жасау сипатында болды.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көкенов Манап(20.5. 1928, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылы – 29.4. 1992, сонда) – айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны (1980).
Сыр өңірінің ақын-жыраулары Құлан, Нартай Бекежанов, Балқы Базар, Тұрмағамбет, Қ.Төлеуов шығармаларымен жасынан таныс болған. Көкенов айтыскер ақын ретінде танылды. 1964 ж. Шымкентте өткен айтыста Ө.Қалдыбаевты, 1970 ж. Қ.Төлеуовті, Ж.Жабаевтың 125 жылдық тойында Ә.Қосбасаровты (1972), К.Әзірбаевтың 90 жылдығында А.Бұрбаевты жеңіп, жүлдегер атанған. 1980 ж. өткен респ. айтыстың бас жүлдегері болды. Көкеновтің орындауымен “Күріш алабына”, “Еңбек ордендері”, “Көктау шахтерлеріне”, “Ақындарға” деген өз шығармалары, сондай-ақ, Балқы Базар, Құлан ақындардың термелері күйтабаққа жазылған. Көкенов туралы “Манап аға” атты деректі телефильм түсірілген. Ол сонымен қатар, 10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған жазба ақын. Оның толғау, терме, арнау, мысал, шымшымалары ел арасына кең таралған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Кокмардан - ежелгі қалашық. Шәуілдір ауылынан 5 км оңтүстікке қарай жерде, көкмардан шатқалында орналасқан 1948—49 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1977— 83 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қалашықтың орталық Бөлігі солтүстіктен оңтүстікке созыла жатқан ауданы 3,2 гектар, биіктігі 15 м төбе. Солтүстік бөлігінен анықталған цитадельдің (биіктігі 16 м) үстіңгі бөлігінің ауданы 25x25 м. Орталық Төбе айналасынан жалпы ауданы 4 гектарға жуық Рабад орны анықталған. Қалашықты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай үлкен көше кесіп өткен. Сондай-ақ, "айналма" көше орны да анық байқалады. Археология ізденістер барысында ескерткіштің 6 ғасырдың 1 жартысы мен 7 ғасырдағы құрылысы жақсы зерттелген. Қалашық бірнеше үйлерден тұратын кварталдарға (махалла) бөлінген. Қазба жұмыстары 10 шақты кварталда жүргізілген. "а" кварталының ауданы 370 м2. Одан 5 баспана және ғұрыптық мақсатта салынған құрылыс орындары аршылған. Үйлер төртбұрышты келген бір немесе екі бөлме етіп тұрғызылған. Екі бөлмелі үйлерге жапсарластырыла шаруашылық пен тұрмысқа қажетті заттарды, тағамдарды сақтайтын ыдыстар, т.б. Қойылған шағын бөлмелер салынған. Бөлме қабырғаларына жағалай г, п тәрізді сыпа (суфа) жасалынған. Кейбір үйлердің бұрыштарынан еденнен 0,5—0,7 м биіктіктен сопақша етіп жасалынған диаметрі 0,3— 0,4 м медальон табылған. Оның астына биігірек етіп тұғыр жасалынған. Бетінен күл қалдықтары ұшырасқан. Бұл діни жоралғыларды атқаратын орын болса керек. Осы кварталдағы ғибадатханаға (аумағы 4x4) адамдар үш баспалдақ арқылы түскен. Қазба жұмыстары кезінде темірден жасалған заттар (пышақ, шот, садақ ұшы, т.б.) Алтын тоға аршып алынған. Сондай-ақ, сүйектен жасалған заттар (түйреуіш, күрделі садақ бөліктері, т.б.), алуан түрлі керамикалық ыдыстар (құмыра, тостаған, сап таяқ, т.б.) көптеп табылған. Көпшілік ыдыстар сұр, қара ангобпен көмкерілген. Кейбір ыдыстардың ұстағышы мен иық тұсына таңба секілді түрлі белгілер салынған. Алынған материалдарға қарағанда к-ды тұрғындары б.з. Бас кезінен б.з. 7 ғ. аралығында мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен айналысқан.
## Дереккөздер |
Мәдениет Қаратайұлы Көкенов (5.3.1940, Алматы қаласы – 12.6.1997, сонда) – биология ғылымының докторы (1990), профессор (1993), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995).
* 1962 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
* 1976-1977 - Қазақстан ғылым академиясының Ботаника және фитоинтродукция институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі және
* 1990-1994 - осы институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері ботаникалық қортану, өсімдік дүниесін қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер |
Көкпекті Округі, – Ресей империясының 1822 жылғы “Сібір қазақтары туралы жарғысы” бойынша 1844 ж. құрылған округ. Көкпекті Округінде 1851 ж. 15 болыс (106 ауыл, 15019 үй) болды. Округті аға сұлтан басқарды. 1868 жылғы “Уақытша ережеге” сәйкес Көкпекті Округі Семей уезіне қосылды.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көкбұта тұқымдасы (лат. Erіcaceae) – қос жарнақты өсімдіктер.
Бұлардың арасында шалабұта, бұта, кейде жерге төселіп өсетін шөптесін өсімдіктер және биіктігі 20 м-ге дейін жететін ағаш та кездеседі. Көкбұталар тұқымдасының дүние жүзінде кең тараған (Арктикадан тропиктік шөл-шөлейтті аймақтарға дейін кездеседі), 100-ден аса туысы, 3000-нан артық түрі бар. Көкбұталар тұқымдасының өсетін жерлері мен түрлеріне қарай сабақтары да алуан түрлі (сүректенген қатты тік сабақ, төселіп өсетін өрмелегіш сабақ, т.б.) болады. Сүрегі өте тығыз, шайырлы. Басқа тұқымдастардан ең негізгі ерекшелігі – жапырақ тақтасы жалпақ, жиектері сыртқа қарай сәл қайырылып тұрады, қарағайдың жапырағына ұқсаған ине тәрізді қылқанды, қабыршақтанған майда жапырақтары болады. Қазақстанда Көкбұталар тұқымдасының 3 туысы қазанақ, Арктоус (Arctous), оның 1 түрі – Альпі арктоусы (A. alpіno) және көкбұта (Calluna), оның 1 түрі – кәдімгі көкшегүл (C. vulgarіs) өседі. Бұлар Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында кең таралған. Негізінен ылғалы көбірек, мүк, қына басқан батпақтар, қылқан жапырақты ормандардың арасы, бұлақ жағаларында жиірек кездеседі. Көкбұта Тұқымдасының өсетін жерлері мен түрлеріне қарай сабақтары да алуан түрлі: сүректенген қатты тік сабақ; төселіп өсетін, өрмелегіш (лиана) сабақ, т.б. болады. Сүрегі өте тығыз, шайырлы (қарағайдың шайыры тектес). Көкбұта Тұқымдасының басқа тұқымдастардан ең негізгі ерекшелігі – жапырақ тақтасы жалпақ, жиектері сыртқа қарай сәл қайырылып тұрады, қарағайдың жапырағына ұқсаған ине тәрізді қылқанды, қабыршақтанған майда жапырақтары болады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің кейбір түрлерінің (көкбұта) жапырақтары ауа райының өзгеруін алдын-ала болжайды. Құрғақшылық болған жағдайда көкбұтаның жапырағы дереу қусырылып бүктеліп (ширатылып) қалады, соның нәтижесінде судың булануы азайып, өсімдік қурамай, тіршілігін сақтап қалады. Гүлдері сабақ ұшында, жапырақ қолтығында жеке немесе топтанып орналасады. Топтанған майда гүлдері шашақ, шатыр, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырларын құрайды. Жеке гүлінде 4 – 5 тостағанша жапырақша, 5 күлте, 10 аталық, жатыны 5 ұялы аналығы болады. Аталықтарының жіпшесі аналықтың түбіндегі жалпақ табақшаға бекініп тұрады. Аналық жатынында тұқым бүршігі көп болатындықтан, жемісі – көптұқымды қауашақ, тұқымбүршігі аздау болса, аз тұқымды сүйектіжеміс деп те аталады. Көкбұта Тұқымдасы – негізінен, жәндіктермен (кейде өздігінен де) тозаңданатын өсімдіктер. Көбінесе, батпақты жерлерде өсетіндіктен, азоты жеткіліксіз ортаға бейімделу үшін саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етеді. Көкбұта Тұқымдасы балды өсімдіктерге жатады. Тұқымының шетінде болатын бұртиған өсіндісімен құмырсқалар, жидектерімен құстар мен сүтқоректілер қоректенеді. Гүлдері әдемі болғандықтан бақтарда, оранжереяларда сәндік үшін де өсіріледі7
## Дереккөздер |
Көкпекті — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, аудан (1932 жылдан) және Көкпекті ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 243 км жерде, Зайсан көліне солтүстіктен құятын Көкпекті өзені мен республикалық маңызы бар Семей – Зайсан және Өскемен – Көкпекті автомобиль жолдарының қиылысқан тұсында, дала белдемінде орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы – Жаңғызтөбе (125 км).
## Халқы
Тұрғыны:
* 5,7 мың адам (1999);
* 5,0 мың адам (2004);
* 5,1 мың адам (2009);
* 4189 адам (2016).
## Тарихы
Іргесі 1780 жылы қаланды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жеке ауылдық елді мекен болды. 1932 жылы аудан орталығына айналды. Ауылда тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорын, наубайхана, жылжымалы механикаландырылған колонна, автобаза, байланыс бөлімі жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Кәсіптік-техникалық мектеп, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, балалар бақшасы, кітапхана, тубдиспансер, ветдиспансер, т.б. бар. "Көкпекті жолдары" атты ЖШС бар.
## Дереккөздер |
Көксай мыс кен орны – Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, Сарыөзек темір жол стансасының оңтүстік-батысында орналасқан. Кен орны 1954 жылы ашылып, 1956-1958 жылдары барлау жұмыстары жүргізілген.
## Геологиялық құрылымы
Кен солтүстік-шығыс бағытта созылған Көксай горст – антиклинальдік құрылымының өзегімен жымдасқан. Алаңдағы Көксай массивіндегі граниттер мен Жалқұдық массивіндегі плагиограниттер силур шөгінділерімен көмкерілген.
## Жатыс сипаты
Кентас гидротермальдік өзгерістерге (кварцтану, хлориттену, т.б.) ұшыраған Гранитоидтар арасында шоғырланған. Алаңда 2 кен денесі анықталған (“Батыс” және “Шығыс” телімдер). Желіше, сеппе түріндегі кентастар халькопирит, пирит, молибдениттен құралған. Тотығу белдемінің тереңдігі 50 м. Кентаста, сондай-ақ, молибден, кобальт, алтын, күміс кездеседі. Көксай мыс кен орны өте ірі кен орындар қатарына жатады, ол Балқаш кен байыту комбинатының резервтік шикізат көзі.
## Дереккөздер |
Көк сауыр– жақсы иленіп, көк бояуға салынған сапалы көн, былғары. Көк сауырмен кебіс, мәсі, етік, белдік, былғары тоқымдарды оюлап әшекейлеген. Көк Сауырдың бетіне арнаулы бедер түсіріліп, мата жапсырып, түсті жіптермен кесте өрнектеуге де болады. Көк Сауырдан аяқ киім де тігеді.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11-том |
Көксу:
Елді мекендер:
* Көксу – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
* Көксу – Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл, темір жол стансасы.
* Көксу – Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл.
* Көксу – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Көксу – Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Көксу – Балқаш алабындағы өзен. Жетісу облысы Ескелді, Көксу аудандары жерімен ағып өтеді.
* Көксу – Жетісу облысының Көксу, Қаратал аудандары арқылы ағатын канал.
* Көксу – Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Бежінтау аралығындағы асу.
* Көксу – Көксу жотасының оңтүстік бөлігіндегі асу.
* Көксу – Алтайдың батысындағы таулы жота. |
Көкқұс (лат. Myophonus caeruleus) – торғайтәрізділер отрядының бір түрі.
Тұрқы 32 – 34 см, қанатының ұзындығы 18 – 20 см, құйрығы 14 – 16 см, салмағы 180 – 190 г. Қауырсыны қара көк, тұмсығы сары. Көкқұс Қазақстанда Талас Алатауынан Іле Алатауына дейінгі аймақта кездеседі. Көкқұс тау бөктерінің жапырақты орман, арша өскен жерінде, өзен бойларын мекендеп, тік жартастар арасына ұя салады. 4 – 5, кейде 6 жұмыртқа салады, 17 күнде жұмыртқадан балапан шығады. Көкқұс әр түрлі жәндіктерді, олардың дернәсілдерін, өрмекшітәрізділерді, моллюскілерді, ал күзге қарай түрлі жидекті де жейді. Қысқа қарай оңтстікке қайтады, бірен-сараны қыстап қалады. Көкқұс – түсі әсем, сайрайтын құс, сондықтан оларды үйде торда ұстау соңғы жылдары көбейіп бара жатыр. Көкқұстың саны өте аз. Мысалы, 1960 ж. Талас Алатауында 7 ұясы болса, 1970 – 80 ж. Ақсу-Жабағылы қорығында бұл құстың 20 жұбы, ал 1990 ж. 24 ұясы бар екені анықталған. Көкқұс Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996), Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында қорғалады.
Көкқұстар туысы- Қазақстан фаунасындағы торғайтәріздес отрядының сайрақ тұқымдас құстарға жататын 13 туыстың бірі . Дене мөлшері және сыртқы кейпі нағыз сайрақтарды еске түсіреді. Тұмсығы- биік және күшті, тұмсығының ұшы ілмекті. Сайрақтарға қарақанда аяғы ұзындау . Аталықтары мен аналықтарының реңі бірдей . Оңтүстік Азияданшығатын күшті ағысты жартасты тау шатқалдарын мекендейді. Қазақстанда бұл туысқа жататын бірнеше түрлерінің бірі- көкқұс.
## Сипаттама
Көкқұс- қылғыта сайраөтан ірілеу денелі (150-200 г) құс . Алыстан реңі қара сайраққа ұқсайды, тек қана көкқұстың жабын қанаты барқыт түстес қара емес, ақшыл көк реңкті жалтыраған қошқыл көк түсті, бұл рең әсіресе маңдайы мен қанатында өте қоюлау. Екі түсті, мықты тұмсығының үстіңгі қыры- қошқыл қоңыр, тұмссықасты бөлігі- ашық сары және ұшы төмен қарай иіліп, ілмектеніп бітеді. Қанатының үстінде көлденең ұсақ, ақ теңбілдері боладыҚазақстанда көкқұстың таралу шекарасы солтүстікке қарай өтеді. Мұнда ол тек қана Батыс және Солтүстік Тәңіртау жоталарының жартасты шатқалдарында қоныстанады. Оның үстіне Қазақстанда қыста мекендейтін көкқұстар жылма-жыл көктемде наурыз- сәуірде пайда болып, оңтүстікке қарай бір жаққа жылыстайды. Көкқұстың бауыры сайрақтарға қарағанда, соның ішінде өзіне алыстан ұқсайтын қара сайраққа қарағанда әлдеқайда жерден көтеріңкі. Әдетте судан шығып тұрған жартастардан немесе жағалаудағы тастардан жемін іздеген кезде көрінеді, кейде бауырын суа малып жүгіріп жүреді. Шомылуды ұнатады, күніне бірнеше рет шомылады.
## Ұялары
Көкқұстар қуыстарға ұя салады. Көкқұстардың көп түрлері көлдер, өзендер және басқа да тұщы су нысандарының жандарындағы жерлерде ін немесе жер асты жолдарын қазады. Кейбір көкқұстар термит төбешіктерінде де ұя салады. Олар ұяға орналасқан соң ұрғашы көкқұстар 3-6 жұмыртқаға дейін салады, оларды ұрғашысы да, еркегі де басады.
## Дереккөздер |
Көксутөбе – ежелгі дәуірден және орта ғасырлардан сақталған қоныс орны (1 – 12 ғ-лар). Шардара ауданына қарасты Көксу қосалқы шаруышылығының маңында орналасқан. Көксутөбені 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Кейін 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан педогикалық институты жанындағы археологиялық отряд (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеу жұмысын жалғастырды. Қазіргі сақталған қалпы – тік төрт бұрышты төбе. Өлшемі: солтүстік бағыттары бойынша 120 м, батыс-шығыс бағыттары бойынша 160 м. Биіктігі 1,5 – 2 м. Төбенің ортасында ауданы 35x45 м2, биіктігі 8 – 9 м жер бар. Көксутөбенің батыс іргесінен басқа іргелерінің сыртқы ені 35 м ормен қоршалған. Табылған заттар (қыш ыдыстар) Көксутқбені мекендеген халықтың 1 – 12 ғасырларда өмір сүргендігін дәлелдейді. Көксутөбе ескі керуен жолының бойында сауда-саттық қатынастардың қажетін өтеп отырған.
## Дереккөздер
* Археологическая карта Казахстана, А.-А., 1960;
* Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область, А.-А., 1994.
## Сілтемелер |
Көктеу– 1) көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс. Кей жерлерде мұны орта жайлау деп те атайды; 2) өсімдіктің алғашқы өніп-өсуі; 3) тігістің бір түрі.
## Дереккөздер |
Көктүріктер– Түрік қағанаты кезіндегі түркі халықтарының жиынтық атауы. Ғылымда Көктүріктер термині бекітілмегенімен, көбінесе, тарихи-әдеби еңбектерде қолданылады.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Көктұма — ортағасырлық қала орны. Қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданындағы Көктұма ауылының жанында, Алакөлдің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан. Көктұманы 1957 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Табылған бұйымдардың дені қыштан жасалған заттар (хұмдар, қос құлақты құмыралар, батырып та, қалыптап та өрнектеген тақталар). Бұлар б.з. 9 – 11 ғасырларына жатады. Көктұма – 9 ғасырда қимақтардың Дамурия деп аталған қаласы, ал Шыңғыс хан империясы кезінде өлке орталық болған. Қазір қаланың орны түгел дерлік жойылуға айналған.
1253 жылы әйгілі саяхатшы Виллем Рубрук осы қаладан өтіп кеткен.
## Дереккөздер |
Көкшетау қыраты – Сарыарқаның солтүстігіндегі аласа таулы белесті жүйе.
## Географиялық орны
Ол солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, шығысында Сілеті жазығымен, оңтүстігінде Атбасар жазығымен және Есіл өзенінің аңғарымен, батысында Торғай Үстіртімен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 400 – 450 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 – 250 км-ге созылған. Орташа биіктігі 350 – 400 м, ең биік жері – Көкше тауы (947 м).
## Жер бедері
Қырат көптеген жеке аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады. Олардың бастылары: Көкше тауы (947 м), Жақсы Жалғызтау (729 м), Зеренді (653 м), Имантау (621 м), Сандықтау (626 м), Жыланды (609 м), Жақсытүкті (593 м), Байөтер (551 м), Айыртау (555 м), Елікті (502 м), Домбыралы (471 м), т.б.
## Геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары
Қырат архей мен протерозойдың көне жыныстарынан (гнейс, кварцит, филлит, кристалды тақтатастар, т.б.) түзілген. Шығыс жағы төмен палеозойдың эффузивтік шөгінді қатпарлы қабаттарымен көмкерілген. Көкшетау қыраты аумағында кварцтық-желілік алтын, темір, таскөмір және қоңыр көмір кен орындары бар.
## Климаты
Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурарасы –18°С, шілденікі 19°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 мм.
## Су торабы
Қыраттан Есілдің көптеген оң салалары: Қалқұтан, Боқсық, Аршалы, Жабай, Қызылсу, Аққанбұрлық, Иманбұрлық, солтүстікке қарай Қамысақты, Шағалалы, шығысқа қарай Сілеті өзендері бастау алады. Көкшетау қыратының тауаралық ойыстары көлге бай. Тұщы көлдер: Имантау, Жақсы Жалғызтау, Зеренді, Айдабол, Бурабай, Шортан, Үлкен және Кіші Шабақты, Қатаркөл, Итемген, Шошқалы, т.б. Ащы көлдер: Қалмақкөл, Мамай, Салқынкөл, т.б.
## Өсімдігі
Көбінесе аласатаулы-орманды және аласатаулы қаратопырақты болып келеді. Қарағай, қайың, терек, тал, т.б. бұталар аралас орман, дала белдеміне тән әр түрлі шөп өседі. Өзен жайылмаларын, көл жағаларын шалғындық өсімдік жапқан. Көкшетау қыратында ұлттық-табиғи саябақ ұйымдастырылған. Одан басқа қорықшалар, аң аулау шаруашылығы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Көлтану , лимнология (гр. 'lіmne' – көл, logos – ілім) – гидрологияның cу алмасуы баяу жүретін континенттік суқоймаларды (көлдер) және олардағы физикалық, химиялық және биологиялық процестерді зерттейтін ғылымның бір саласы. Көлтануда гидрология, гидробиология, гидрохимия, гидрофизика, геоморфология, т.б. ғылым салаларының әдістері қолданылады.
Көлтанудың басты мақсаты – суқоймаларының дамуы мен режимін, көл шұңқырларының пайда болуын (олардың пішіні, мөлшері, суының және түптік шөгінділерінің физикалық, химиялық қасиеттері, су алмасуы, өсімдік және жануарлар әлемі) кешенді зерттеу. Ғылыми Көлтанудың негізін салушы швейцариялық ғалым Ф.Форель. Көлтану төңірегіндегі зерттеу нәтижелері халық шаруашылығының бірқатар салаларында (сумен қамтамасыз ету, балық шаруашылығы, су көлігі, гидроэнергетика, суғару, кен байлықтарын алу, медицина және адамдардың демалысын ұйымдастыру салалары) пайдаланылады. Суқоймаларының жаппай ластануы мен олардың эвтрофтануының күшеюіне байланысты қазір Көлтанудың басты бағыты – су көздерін қорғау мен дамуын болжау және бағалау мәселелерінің шешімін табу.
## Дереккөздер |
Көкшетау прибор жасау зауыты – байырғы машина жасау кәсіпорны (1974 – 2001). Көкшетау қаласында орналасқан. Бұл зауыт Көкшетау механикалық зауыты (1917) негізінде құрылған. Ауыл-шаруашылығына арналған қосалқы бөлшектер, су арматурасын және пеш құймасын шығарды. Соғыс жылдары (1941 – 1945) Мәскеу түбінен көшірілген Подольск тігін машиналары зауытымен біріктіріліп, майданға қажетті қорғаныс өнімдерін, тігін машиналарын шығарды. Соғыстан кейінгі жылдары (1946 – 1948) тігін және аяқкиім бұйымдарын тігетін жабдықтар шығарды. 1948 жылдан таразы аспаптарын шығаруға мамандандырылып, 1951 жылға дейін таразы шығарды, 1953 жылы таразыға қажетті циферблатты көрсеткіштерді жасауды игерді. 1974 жылы прибор жасау зауытына айналдырылды. Зауыт циферблатты және шкалалы сан алуан таразылар (автомобиль, вагон, т.б. өлшейтін), көрсеткіштер, параметрлердің тербелісін өлшейтін аспаптар, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар: конькилер, тұрмыстық таразылар, машиналардың диагностикасын және балансирлік тербелісін талдауға арналған прибор түрлерін шығарады. Зауыттың мәдениет үйі, стадионы, пионер лагері, балалар бақшасы, қосалқы шаруашылықтары болды.
## Дереккөздер |
Көлтабан, лиман – 1)жағалық бөлігі төмендеген құрлықты теңіз басудан және өзен сағаларының жайылуынан пайда болған саяз шығанақ;2)түркі сөзінен келген, жағасы ирек әрі аласа болатын шығанақ немесе көктемгі еріген қар, тасқын суларын пайда болған жерде топырақта арнайы бөгеттер тұрғызу арқылы ұстап жинайтын мелиорациялық кұрылыс. Жазық өзендерінің сағалық үлескілерін немесе құрлықтың жагалау маңы ойыстарын теңіз суының басуынан Көлтабан пайда болады. Көлтабандардың теңіз жағы ашық және жабық (теңізден кұмқайырлары мен жалдарымен бөлінген) түрлері болады. Көлтабанның көбі айтарлықтай тұзды болып келеді.
## Дереккөздер |
Көмір кені – көмір қоры өндірістік пайдалануға жарамды әрі тиімді дәрежеде шоғырланған кен орны.
Үлкен ауданды қамтитын (мыңдаған км²) К. к-дері көмір алаптарын (бассейндерін) құрайды. Мыс., Тунгус көмір алабы (1 млн. км²), Кузнецк көмір алабы (260 000 км²), Қарағанды көмір алабы (3000 км²). Бірнеше К. к. көмірлі өлкелер (провинциялар) мен облыстарды құрайды. Алаптар көмірлі аудандарға, ал көмірлі аудандар телімдер мен шахта өрістеріне жіктеледі. Іргетас (платформа) жағдайында түзілген алаптарда (мыс., Мәскеу қоңыр көмір алабы) көмір қабаттарының саны 1 – 7, ал бөктерлік және ішкі ойпаңдардағы алаптарда (мыс., Донецк көмір алабы, Қарағанды көмір алабы) ондап, жүздеп есептеледі. Көмір қабаттарының қалыңд. бірнеше см-ден ондаған м-ге дейін, әдетте, 1 – 2 м шамасында болады. Қарағандыда көмір қабатының қалыңд. 8 м-ге, ал Екібастұзда (қ. Екібастұз көмір алабы) 160 м-ге дейін жетеді. К. к. үш топқа бөлінеді. Көмір қабаттары горизонталь немесе сәл еңіс болса, оларды 1-топқа (Мәскеу, Иркутск, Майкүбі, т.б. К. к-дері); қарапайым қатпарлы құрылымдыларын 2-топқа (Донбасс, Қарағандының Промышленная телімі), көмір қабатының құрылымы күрделі қатпарлы әрі шытынап жарылған болса, олар 3-топқа (Қарағанды алабының оңт., Кузнецк алабының солт. бөліктері) жатқызылады. Көмір қабаттарының қалыңдығына қарай К. к. тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Барлау дәрежесіне қарай К. к-нің қорлары А, В, С1 және С2 категорияларына бөлінеді.
## Дереккөздер |
Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.
## Көлдердің түрлері
### Қалыптасуына қарай
Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелген, ойысты және аралас болып жіктеледі.
* Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т.б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.
* Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.
### Режіміне қарай
* Ағынды – өзен ағып шығатын көлдер
* Ағынсыз – өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды
Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы түщы болады.
## Тұздылығы
Өзендерде тұздылық көбінесе 3-5 г/л-ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14-тен 300 г/л дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады.
Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.
Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттектің мөлшері азаяды.
## Дүние жүзі көлдері
### Дүние жүзіндегі аса ірі көлдер
## Дереккөздер |
Көмірсутектер - молекулалары көміртек пен сутек атомдарынан тұратын органикалық қосылыстар.
Құрамына байланысты көмірсутектер ациклды, алициклды және ароматты қосылыстарға бөлінеді. Химиялық қасиеттері мен құрылысы ұқсас, ал молекулалар құрамы бойынша айырмашылығы бір не бірнеше CH2 тобы болатын қосылыстарды гомологтар деп атайды, олар гомологтық қатар түзеді. Мысалы, қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатары. Бұл қатардың бірінші мүшесі – метан, одан соңғылары – бір-бірінен айырмашылығы CH2 тобы болатын гомологтық қатар мүшелері. Қалыпты жағдайда 1-ден 4-ке дейін көміртек атомдары бар қаныққан көмірсутектер – газдар, 5-тен 17-ге дейін сұйықтар, ал көміртек атомдарының саны 17-ден көптері – қатты заттар. Көмірсутектердің көбі түссіз. Оның негізгі табиғи қоры – мұнай. Мұнай құрамында 23 – 63%-ға дейін парафиндер, 29,72% шамасында нафтендер, 2 – 16%-ға дейін ароматты көмірсутектер болады. Төменгі алкандар (негізінен, метан) – метан, этан, пропан – табиғи газдар құрамында болады. Көмірсутектер, негізінен, мұнай айдау процесі кезінде алынады, сондай-ақ көміртек оксиді мен сутекті катализатор қатысында қыздырғанда қалыпты парафиндер мен тармақталған парафиндер қоспасы түзіледі. Қаныққан көмірсутектер жанар май, жағар май алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Кокстік химия өндірісінде алынатын ароматты көмірсутектер дәрі-дәрмек, хош иісті заттар алуда, ал қанықпаған көмірсутектер спирт, ацетон, жасанды каучук алуда пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті — Көкшетау қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
1996 жылы 7 мамырда Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты және С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты негізінде ұйымдастырылды. Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі Қарағанды политехникалық институтының құрамына 1972 жылы берілген Павлодар индустриалды институтының жалпы техникалық факультеті негізінде 1993 жылы құрылған. Институт Өндірістік және азаматтық құрылыс, Құрылысты басқару және экономика, Машина жасау технологиясы, т.б. салалар бойынша мамандар даярлады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты 1962 жылы құрылған. Оның құрамында физика-математика, филология, жаратылыстану, шет тілдер, химия және биология факультеттері болды. 1965 жылы институтқа Ш.Уәлиханов есімі берілді. С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты 1991 жылы Целиноград ауыл-шаруашылық институты негізінде құрылған. Құрамында агрономия, зооинженерия, ауыл-шаруашылығын механикаландыру және экономика факультеттері болды. 3 жоғары оқу орны біріктірілгеннен кейін, құрамындағы (күндізгі және сырттай бөлімдерде) филология, экономика, шет тілдер және тарих, инженер-педагог және ауыл-шаруашылығы факультеттерінде 32 мамандық бойынша 5000-нан астам студент білім алады. Университеттің материалдық және ғылыми-техникалық базасы қалыптасқан. Электрондық баспа техникасы, машина-трактор оқу паркі, дәнекерлеу және жөндеу шеберханалары, жастар орталығы, студенттердің жаздық спорттық-сауықтыру кешені, кітапхана, дәрігерлік орталық, “Арасан” сауықтыру кешені жұмыс істейді. Униветситет жанында гимназия және лицей, магистратура, аспирантура, кәсіптік мамандық бойынша оқытуға маманданған оқу орталығы жұмыс істейді. Университетте оқулықтар, ғылыми еңбектер, монографиялар, “Алау” газеті шығарылады, республикалық және халықаралық конференциялар, “Уәлиханов оқулары” өткізіледі. Ресей, Египет, Польша, АҚШ, Канада, Германия ғылыми орталықтарымен байланыстар орнатылған. Агро-техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша Еуропалық Одақ ұйымының “Тасис” және “Темпус” бағдарламаларына қатысады. Университетте спорттық үйірмелер, көркемөнерпаздар шығармашылық ұйымы жұмыс істейді. Университет спортшылары боксшы Р.Б. Мусинов 2-Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы; жеңіл атлет А.В. Князев – Қазақстан Республикасының чемпионы.
## Университет туралы
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті - Ақмола облысының жоғары білім беру жүйесінде 60 жыл көшбасшы. Осы жылдар ішінде университет өңір мен жалпы ел үшін мыңдаған маман даярлады. Оқыту бакалавриаттың 58 білім беру бағдарламасы, магистратураның 42 бағдарламасы, докторантураның 10 бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Университет халықаралық және республикалық бағдарламалар шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды үйлестірумен, әзірлеумен және іске асырумен айналысады: Erasmus+ KA1 ICM, Erasmus+ KA2 CBHE, UniCen, ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік гранттар. ЖОО 2022 жылғы THE Impact Ranking рейтингісіне сәйкес жекелеген көрсеткіштер бойынша әлемнің 200 университеттердің қатарында және QS Central Asia-2023 халықаралық рейтингісінің 29-шы орнында. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің HAAP рейтингі—9; QS Asia рейтингі—550. Университеттегі кафедралар саны—19; студенттер саны—7418,оның 414—шетелдік студенттер.
## Университет тарихы
1962 жыл, 25 шілде— Көкшетау педагогикалық институтының ашылуы. Ректор—тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Горохводатский Иван Степанович.
1963 жыл—дербес физика-математика және филология факультеттерінің ашылуы. Павлодар индустриялық институтының жалпы техникалық факультетінің ашылуы. Бірінші директор—инженер Михаил Федорович Рысиков.
1965 жыл, 29 наурыз—институтқа тұңғыш қазақ ғалым-ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілді.
1966 жыл—шет тілдері факультетінің ашылуы.
1972 жыл—ЖОО ректоры қызметіне филология ғылымдарының кандидаты, доцент Боярский Евгений Иванович тағайындалды. Факультет Қарағанды политехникалық институтының құрамына ауыстырылды.
1979 жыл—директорлардың біліктілігін арттыру факультеті ұйымдастырылды.1979 Целиноград ауыл шаруашылығы институтының "Агрономия", "Зоотехния" мамандықтары бойынша филиалы ашылды. Филиалдың бірінші директоры ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Исатай Ғалиұлы Темрешев.
1980 жыл—"Ауыл шаруашылығын механикаландыру" жаңа мамандығы ашылды.
1982 жыл—"Қазақ тілі мен әдебиеті" жаңа мамандығы ашылды.
1984 жыл—"Химия, биология" жаңа мамандығы ашылды. 2000 білім алушыға арналған жаңа оқу-зертханалық корпус ашылды. Студенттер саны 400 ден 2500 ге өсті.
1985 жыл—химия-биология факультеті ұйымдастырылды. "Бейнелеу өнері және сызу", "Информатика" мамандықтары ашылды.
1987 жыл—1000 орындық жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс", "Машина жасау технологиясы", "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандықтары бойынша кешкі нысандағы оқыту пайда болды.
1988 жыл—"Радиотехника" мамандығы ашылды.
1990 жыл—ректор болып философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қуандық Досмағанбетұлы Жуламанов сайланды. Факультетте сырттай бөлім ашылды.
1991 жыл, 9 қаңтар—филиал Көкшетау ауылшаруашылығы институты болып қайта құрылды, ректор болып Б.Ғ.Жүнісов тағайындалды.
1991 жыл—Кұрылыстағы экономика және басқару" және "Машина жасау технологиясы" мамандықтары бойынша күндізгі оқу бөліміне алғашқы қабылдау. Өндіруші кәсіпорындардың қолдауымен "Пайдалы қазбаларды ашық игеру" мамандығы ашылды.
1992—ректор болып физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов тағайындалды.
1993 жыл—Қарағанды политехникалық институтынының Көкшетау филиалы ұйымдастырылды.
1996 жыл, 23 мамыр—Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1996 жылғы 23 мамырдағы №143 бүйрығымен Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының базасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құрылды, оның құрамында С. Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институтының филиалы. Университеттің бірінші ректоры - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов.
1998 жыл—үш деңгейлі оқыту жүйесі енгізіліп, магистратура ашылды.
2000 жыл—оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін бағалаудың рейтингтік жүйесіне көшу. Білімді бақылау үшін тест тапсырмаларының базасы әзірленді.
2001 жыл—университет "Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
2003 жыл—кредиттік технология бойынша оқыту басталды.
2005 жыл—сапа менеджменті жүйесі енгізілді. ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарына сәйкестігін сертификаттады.
2007 жыл—университет ректоры болып филология ғылымдарының докторы, профессор Шакимашрип Ибраевич Ибраев тағайындалды.
2010 жыл—ректор болып техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Бубеевич Қалабаев тағайындалды.
2012 жыл—Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта ұйымдастырылды.
2012 жыл, желтоқсан - ректор болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сағынтай Зекенұлы Елубаев тағайындалды.
2014 жыл, шілде - университет ректоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Абдумуталип Абжаппарович Абжаппаров тағайындалды.
2018 жыл—университетті экономика ғылымдарының кандидаты Марат Қадірұлы Сырлыбаев басқарып бастады.
2020 жыл—университет "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
## С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институты
КеАҚ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» құрамында С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтының профессорлармен ғылым докторларын, доценттер мен ғылым кандидаттарын қамтитын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым құрылды. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлауда 84-тен астам штаттық оқытушылар жүзеге асырады, оның ішінде 8 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 49 магистр.
Институтта 31 білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүзеге асырылады – 20 ББ (бакалавриат), 8 ББ (магистратура), 3 ББ (докторантура). Бүгінгі таңда институтта 1411 студент, 27 магистрант, 11 докторант оқиды. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу процесін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін институтта тиісті материалдық-техникалық база құрылды. Оқу ғимараттарында заманауи зертханалар мен компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Оқыту процесінде оқытушылар заманауи білім беру технологияларын пайдаланады. Кітапхана студенттерге ғылыми-ақпараттық қызмет көрсетеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, акт залы мен асханасы бар.
Институттың білім беру бағдарламалары бойынша «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «AGRIMER-ASTYK» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Көкшетау» МҰТП, «Көкшетаугорселпроект» ЖШС сияқты Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарының базасында кафедра филиалдары жұмыс істейді. Ақмола облысы Зеренді ауданы Васильковка ауылында оқу-демонстрациялық мақсатта «Элит» Тәжірибелік оқу-ғылыми-өндірістік кешені құрылды. Институт түлектері - аграрлық және техникалық өнеркәсіптің көптеген салаларында, IT-технологиялар саласында сұранысқа ие мамандар.
Институт ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық, бағдарламалық – нысаналы қаржыландыру бойынша, «Тыныс» АҚ, «Kazrost Engineering» АҚ, «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Обуховский КБК» ЖШС сияқты қала кәсіпорындары мен шаруашылық шарттық тақырыптар бойынша жобаларды орындау арқылы жүргізіледі.
## Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Педагогикалық институтының кафедрасы.
Қазіргі уақытта тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы білім беру және ғылыми мекемелер үшін тарих, теология, география, тарих магистрлері мен докторларын (Phd) даярлау міндеттерін орындайды.
Кафедра алғашқыда 1975 жылы құрылған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін КОКП тарихы кафедрасы Қазақстан тарихы кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына кафедраның тұңғыш меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуев сүбелі үлес қосты.
2015 жылы Қазақстан тарихы кафедрасы Отан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы болып өзгертілді. 2018 жылдан бастап Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы болып атауын өзгертті. 2021 жылы Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен біріктіріліп, Қазақстан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы деген жаңа атауға ие болды. 2022 жылы бұл атау Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедра университеттің барлық институттары мен мектептерінде Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану пәндерін оқытады, сонымен қатар тарих мамандығы бойынша бакалаврларды, магистранттар мен докторанттарды, теология бакалаврларын дайындауға қатысады.
Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді. «ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы» атты жалпы ведомстволық ғылыми тақырып бойынша жұмыс жүргізілуде.
Кафедра оқытушыларының ғылыми қызметінің нәтижелері халықаралық конференция материалдарының жинақтарында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым комитеті ұсынған басылымдарда, «Sсopus», «Web of Science» деректер базасында орналасқан басылымдарда жарияланып келеді.
Кафедраның Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатында, № 6 Көкшетау орта мектебінде өз филиалдары бар. Кафедра оқытушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясында үнемі іс-шаралар өткізеді. Кафедра оқытушыларының ішінде ҚХА-ның төрағасы – М.З.Өтегенов, ал А.А.Шарипов, М.М.Шуматова Ақмола облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері болып табылады.
Кафедра ғалымдары мен оқытушылары Ақмола облысы бойынша ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасында жұмыс істейді.
2024 жылдың 26 қаңтарында кафедра оқытушылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбуев Қадыржан Қабиденұлының 85 жылдығына арналған «Әбуев оқулары – I» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
### Кафедра жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары
Бакалаврларды даярлау бағыты
6В01601 – Тарих және дінтану – педагогикалық білім бакалаврында ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тарихи-дінтану және психологиялық-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыру.
Білім алушыларды жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм, діни төзімділік, толеранттылық рухында тәрбиелеу.
Тарихи және дінтану білімінің әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу, жобалау, практикалық қызметке қатысу арқылы студенттің жеке басын зияткерлік дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру; заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде мектеп стандарттарының талаптарын іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды меңгеру.
Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру ортасына тиімді интеграциялау үшін кәсіби-тұлғалық әлеуметтену дағдыларын жетілдіру (көшбасшылық, қарым-қатынастарды басқару, топпен жұмыс істеу және т.б.).
6В01502-География-тарих – жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру негізінде география және тарих бағыты бойынша білім беру саласында кең білімі, іскерлігі мен дағдылары бар география және тарих мұғалімдерін даярлау.
6В02202-Теология – дін және тарихи-гуманитарлық ғылымдар негіздерін терең меңгерген зайырлы мемлекет пен қоғамның заманауи, перспективалық талаптарына жауап беретін теология бағыты бойынша Қазақстанда діни-гуманитарлық сала мамандарын даярлау.
6В02201-Ғылыми тарих – ғылыми-педагогикалық, қолданбалы және кәсіпкерлік қызметте қолдану мақсатында тарихи-гуманитарлық ғылымдар бойынша теориялық білім жүйесін дамыту негізінде гуманитарлық білім бакалаврының ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау.
Магистрлерді даярлау бағыты
7М02201-Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары – Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, осы саладағы соңғы теориялық және әдіснамалық жетістіктер деңгейінде тарихи және әлеуметтік-дінтану ғылымдарының ғылыми білім жүйесін, теориясы мен практикасын меңгерген гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау. Білім алушылардың ғылыми-шығармашылық құзыреттілігін арттыру.
7М01501-География – магистранттардың жеке қасиеттерін дамыту, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, оларды ел заңнамасының талаптарына сәйкес жобалау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, сараптамалық, педагогикалық жұмыс шеңберінде практикалық қызметте іске асыру дағдыларын дамыту.
Докторантура
8D02201-Тарих – іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы бар, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, тарих ғылымы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыра және жүргізе алатын жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау.
Кафедраның ғылыми бағыттары:
* ҚР МСМ «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» РМҚК ғылыми-зерттеу бағдарламасы.
* Солтүстік Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
* ХХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Қазақстан халқының күнделікті тарихы.
* «1920–1950 жылдардағы қуғын-сүргінге байланысты ғылыми-зерттеу жұмысы және архивтік басқа да құжаттарды саяси-құқықтық бағалау».
## Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы
Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы педагог кадрлар мен аудармашыларды даярлауда бай тәжірибесі мен дәстүрі бар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Көкшетау педагогикалық институты құрылғаннан бері филология факультетінде шет тілдері кафедрасы құрылды, оның бірінші меңгерушісі аға оқытушы О.А.Пальгов, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери аудармашы болып қызмет атқарған тіл білімі және неміс тілі саласының кәнігі, білгір маманы.
Кафедра 1965 жылы қайта құрылды. Қазақ КСР Білім Министрінің 1965 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен филология факультетінде неміс және ағылшын тілдері кафедралары құрылды. Ағылшын тілі кафедрасының негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі болып ғылым кандидаты, А.А.Жданов атындағы Ленингранд мемлекеттік университетінің түлегі, Георгий Исаевич Богин тағайындалды, ол кафедраның қалыптасуына қомақты үлес қосты.
1963 жылы «ағылшын тілі, неміс тілі, неміс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығына алғашқы қабылдау жүзеге асырылды.
1966 жылы неміс тілі, неміс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бөлімдерінен тұратын шет тілдері факультеті құрылды.
1970 жылы Шет тілдер факультетінің ағылшын бөлімі студенттерінің алғашқы бітіруі болды. Осы жылдары ағылшын тілі кафедрасы мен ағылшын филологиясы кафедрасы құрылды.
1990–2000 жылдары кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Н.Ф. Немченко бастамасымен жаңа «Аударма ісі» мамандығы ашылды.
1993 жылы қазақ тілінде оқитын студенттерге арналған «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс)» мамандығына қабылдау басталды.
Оқытушылар қарқынды оқу мен жазбаша сөйлеуді дамытудың дәстүрлі әдістерін сақтай отырып, оқыту әдістемесін белсенді түрде қайта қарастырады.
1999 жылы Шет тілдері факультетінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша қайта сырттай оқу бөлімі ашылады.
2001 жылы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратура, кейін 2016 жылы докторантура ашылды.
2017 жылдан бастап кафедрада үшінші шет тілі ретінде қытай тілі оқытыла бастады.
Кафедра ұжымында 29 штаттық қызметкер бар, оның ішінде 2 PhD докторы, 6 ғылым кандидаты, 21 магистр құрайды.
Сонымен қатар ағылшын тілі және ОӘ кафедрасы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Л.Еремия және доцент Н.Ф.Немченко құрған ғылыми лингвистикалық мектептерімен де танымал.
### Кафедра меңгерушілері:
Немченко Наталья Федоровна (1990–1997, 2002–2011).
Красникова Любовь Николаевна (1997–2000).
Черепанова Лариса Владимировна (2000–2002).
Исмагулова Айнагуль Ерболатовна (2011–2018).
Рыспаева Динара Сарсембаевна (2018 жылдан бастап)
Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының білім беру бағдарламалары Қазақстандағы шет тілдерін оқыту саласындағы үрдістерді және жоғары кәсіби білім беруді ұйымдастырудағы өзгерістерді белсенді түрде ескеріп отырады.
### Кафедраның білім беру бағдарламалары:
6В01701 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс / қытай).
6B02302 – Аударма ісі (ағылшын, неміс/қытай).
7М01703 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс).
8D01701 – Шет тілі: екі шет тілі.
8D02303 – Филология: шетел филологиясы.
## Дереккөздер |
Көңіл айту, Жақсы сөз айту, Жұбату – қайғы-қасіретке душар болған жандардың қайғысына ортақ екендігін білдіріп, жақсы сөз айтып, көңілін аулау дәстүрі. Ата-баба жолының бұлжымас қағидасына айналған бұл үрдіс бойынша қайтыс болған адамның жақындарына барлық өзге таныстары көңіл айтуға міндетті саналады.
## Қалыптасқан үрдісі
Көңіл айтудан бұрын қаза туралы естімеген жағдайда алдымен марқұмның жақындарына естірту салты атқарылады. Естірту үшін елге сыйлы, ата-баба жолын жақсы білетін бір адамды ертіп келіп, қазаны тұспалдап жеткізеді. Естіртудің соңы тоқтам мен сабырға шақыруға және көңәл айтуға жалғасады.Адамның қайтыс болғаны туралы хабарды ести салысымен барлық туыстас, аралас-құралас адамдары көңіл айту үшін ағыла бастайды. Көңіл айтуға мүмкіндігінше жерлеуіне дейін үлгеріп, жаназаға мен топырақ салуға қатысуға тырысады.Қалыптасқан үрдіс бойынша туысқандары, көңілжетер сыйлас ағайындарының жас балалардан басқасы түгелдей келеді. Ал, алыс ағайындар мен аралас-құралас адамның қазасына көңіл айту үшін көбінесе ер адамдар мен бірен-саран әйелдер барады. Алыстан келіп үлгермеген кісілер марқұмның жетісі мен қырқына дейін, тіпті болмағанда жылына дейін көңіл айтуы жөн деп саналады.
## Көңіл айту рәсімдері
Көңіл айту кезінде бір-бірімен тығыз байланысты болып келетін бірнеше рәсімдер орындалады. Олар – дауыс шығару, көрісу, көріс айту, жұбату, тоқтам айту.
* Дауыс шығару, дауыс салу, жылау. Көңіл айтуға мүмкіндігінше топтасып немесе жекелей де келеді. Жақындағанда ат-көлігін кермеге (атағашқа, мамағашқа) қалдырып, дауыс шығарып келеді. Көңіл айта келген топтың сөз қоспай зарлы әуен шығаруын "қара дауыс" деп атайды. Ал, мұндай кезде қалыптасқан сөз орамдарын қайталай айтып жылау үрдісін "дауыс шығару" деп атайды. Дауыс шығарғанда «бауырым», «ой бауырым», «көкем-ау», «атам-ау» немесе «апам-ау» деп дауыстап жылау кең таралған. Ертеде көңіл айтуға келе жатқан мұндай адамдар қаралы ауылға аттың жалын құша «ой, бауырымдап» шауып келетін болған.
* Бет көрісу және көріс айту. Көңіл айту үшін келгендердің барлығы алдымен үй маңында қатарласып, дауыс шығара жылап тұрған марқұмның етжақын ер адамдарымен құшақтасып, көріседі. Осыдан кейін үйге кіріп, жоқтау айтып отырған әйелдермен (әулет аналары, келіндері мен қыздары) көрісіп шығады. Көңіл айта келген адамдар арасындағылардың да жоқтау айтуын "көріс айту" деп атайды. Үй ішіндегі әйелдермен көрісу үшін көңіл айтуға келген ер адамдардың барлығының кіруі міндетті деп саналмайды.
* Жұбату. Жылағандар мен жоқтау айтушыларға жасы мен жолы үлкендердің бірі бастап салиқалы сөзбен жұбату айтады. Оның жанындағы адамдар қолдап, толықтырып отырады. Олар еңсесін түсірмеуге, сабырға келуге шақырады. Мұндай жұбату сөздерін көңіл айтушылар кетіп бара жатқан кезде қайталап айтуы да мүмкін.
* Тоқтам айту. Ұзақ жасай алмай, қапыда кеткен жас адамның өліміне қатты қайғырып, ас-су ішпей, көптің сөзін тыңдамай езілген ата-анасы мен бауырларына немесе әйеліне арнайы тоқтам айтылады. Бұл да негізінен жұбату сарындас болғанымен, кейіс білдіру немесе зеку сияқты жайттар ұшырасады. Жаратушының қалауына қарсы келуге болмайтындығын айтып, бұлайша тым күйзелудің дұрыс еместігін дәйектеп түсіндіреді.
* Көңіл айту. Жылаған және жоқтау айтушы адамдар сабырға келісімен көңіл айтушылар бір-бірлеп келіп қол алысып, қауышып көңіл айтады. Қазақы ортада көңіл айтуда қалыптасқан арнай сөз орамдары бар. Мәселен: «қаза қайырлы болсын», «қазаның қайырын берсін», «өткен кісінің алдынан жарылқасын», «иманы жолдас болсын» және т.б.
## Көңіл айту нұсқалары
Көңіл айтуда қайтыс болған адамның жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын көңіл айтудың нұсқалары:
* сәбиге қатысты шапағатшы болсын;
* ерте қаза болғандарға қалған өмірін сіздерге берсін, қалған өмірін балаларына берсін, көрмеген қызығын сіздер көріңіздер және т.б.;
* жасы келген, ұзақ жасаған адамға «иман байлығын берсін» немесе «жасын берсін» деген сөздер жиі айтылады;
* жерленгеннен кейін «топырағы торқа болсын», «жатқан жері жайлы болсын» деген сияқты қалыптасқан сөз орамдары да айтылады.
Осылайша көңілдегі жақсы сөздерін айтып, қайғысына ортақ екендігін жеткізеді. Қазақы ортада көңіл айтуды өлең түрімен жеткізу де ұшырасады.Көңіл айтудың соңы әдетте, есен-саулық, жақсылық тілеумен аяқталады.Көңіл айту салты орындалған соң жақын ағайындары атқарылатын жұмыстарға бел шеше кірісіп кетеді. Көңіл айтушылар көмек ретінде мал, азық-түлік және басқа да керек-жарақтарды ала келетін болған. Ол аза малы деп аталады. Ал, көңіл айтуға кейінірек келушілер әкелген мал мен ас-тағамды «бата оқыр» рәсіміне арналған деп санайды.
## Ел ағалары мен көпке даңқы жайылған жандардың қайғысына көңіл айту ерекшелігі
Ел ағалары мен көпке даңқы жайылған жандардың қайғысына көңіл айтудың қалыптасқан, өзіне тән ерекшеліктері бар. Кейде ол естірту жосынымен қатар жүріледі: әуелі тұспалдап, бейнелеп жеткізген соң қайғысына басу айтып, сабырға шақырады. Көшпелі ортада жырмен, тапқырлықпен немесе шешендікпен айтылған көңіл айту кең таралып, ұрпақаралық байланыста елеулі рөл атқарған. Яғни, онда тарихи тұлғалардың орны, атқарған міндеті, халықтың оған берген бағасы арқау болады. Көңіл айту озық үлгілеріне Бөгенбай батырдың қазасын Абылай ханға естіртіп, көңіл айтқан Үмбетей жыраудың жыры, Тезек төренің баласының қазасына Сүйінбай ақынның көңіл айтуы, тіптен, күні кеше ғана Кенен ақынның екі ұлының қазасына қырғыз ақыны Оспанқұлдың арнайы келіп, жырмен көңіл айтуы мысал бола алады.
## Қазақта көңіл айту – бұлжымас салт
Қазақта көңіл айту – кейінге қалдыруға болмайтын, сылтау айтудың реті келмейтін бұлжымас салттардың бірі. Сондықтан, кешірімді себепсіз (жол жүруге мүмкіндіктің болмауы, хабар жетпей қалуы, денсаулықтың нашарлығы, түрлі қасіреттерге тап болуы) көңіл айтпаған адамға қатты ренжитін болған. Қазақта кездейсоқ кездестіріп қалып көңіл айту ұят саналады. Сондықтан, міндетті түрде арнайы барып көңіл айтуға тырысады.Түрлі себептермен уақытында үлгермеген адамның көңіл айту үшін біршама уақыт өткеннен кейін келуін бет көрісу деп атайды. Бет көрісуге марқұмның жылын бергенге дейін барған дұрыс деп саналады.Өте алыс туыстар, аса жақындығы жоқ таныс-біліс адамдар марқұмның етжақын туыстарын алғаш көрген кезде көңіл айта береді. Мұндайда тек қалыптасқан сөз орамдары ғана айтылады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Шешендік сөздер. Құраст. Б.Адамбаев. Алматы, 1992;
* Диваев Ә. Тарту. Алматы: Ана тілі, 1992;
* Халиди Қ. Тауарих хамса: Бес тарих. Аударғандар: Б.Төтенаев, А.Жолдасбеков. Алматы: Қазақстан, 1992;
* Әлімбай Нұрсан. Қазақтың өлікті жөнелтуге байланысты жосын-жоралғыларының этномәдени проекциясы. ҚР ҰҒА-ның хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1994. №4. 36-48 бб.;
* Тал бесіктен жер бесікке дейін (қазақтың отбасылық ғұрып жырлары). Алматы, 1996;
* Сүйіншіден – көңіл айтуға дейін. Құраст.: Н. Төреқұл. Алматы: Қазақстан, 1998;
* Sipos Janos. Kazakh folksongs from the two ends of the steppe. Contributors D.S.Kara and E.Csaki. Budapest: Akademiai kiado, 2001;
* Құдайбергенова А., Бекбалақ Қ. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр ерекшеліктері. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Алматы: Арыс, 2005. 200-225 бб.;
* Ісләмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы: Арыс, 2007;
* Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Құраст.: Б.Ж. Жүсіпова. Алматы: Көшпенділер, 2007;
* Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Атамұра, 2010:
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Көкшетауминводы («Көкшетау минералды сулары» АҚ) — бұл Тұран, Құлагер-Арасан брендтерімен минералды су, сондай-ақ алкогольсіз және алкогольдік сусындар шығаратын қазақстандық компания. Бұл компания - Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі.
Компания мақсаты - халықты табиғи минералды сумен қамтамасыз ету. Серіктестікте 325 адам жұмыс істейді (2003).
## Тарихы
Компания 1991 жылы 22 мамырда құрылды. Бұл компанияның мақсаты Қазақстанның солтүстігіндегі гиломатериалдық ресурстарды зерттеу және пайдалану болды. 1991 жылдан бастап 1998 жылға дейін кәсіпорында минералды сулардың бірнеше кен орындары зерттелді: Көкшетау, Сергеевка, Уәлиханово аудандарында, оның ішінде республикалық маңызы бар «Құлагер-Арасан» емдік үстел минералды суы, сонымен қатар осы ауданда қара түсті. ... Бостандық, йод-бром. Жаңаауыл, «Зеленый Бор» шипажайы мен «Нефтяник» шипажайына арналған радон.
1992 жылы КазНИИ-мен бірге Көкшетаудағы емдеу мекемелерінің базасында «Құлагер-Арасан» минералды суы мен «Үлкен-Карой-Арасан» йод-бромды минералды суларына клиникалық зерттеулер жүргізілді. 1993 жылы «Көкшетаумтнводы» АҚ «Құлагер-Арасан» минералды суын өндіруді бастады. 1994 жылы сағатына 6000 бөтелкеден асатын минералды дәрілік үстел суын және сусындарды құюдың алғашқы өндірістік желісі іске қосылды. 1996 жылы KMW ғылыми базасының гидрологтары судың тағы бір орнын - «Құскөлді» ашты. Бұл әлемдегі ең таза су жилеттерінің бестігінің бірі. 1997 жылы Haoma эко-брендімен алкогольдік сусындар өндірісін дамыту басталды. 2001 жылы мамырда газдалған «Құлагер-Арасан» және «Свежест» минералды суларына құюдың екі желісі іске қосылды. Өнімділік сағатына 6000 бөтелке болды. 2010 жылы Қазақстанда тұңғыш рет жаңа Pall микробиологиялық суды сүзу жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе судың химиялық құрамы мен табиғи қасиеттерін өзгертпестен тазартады. 2010 жылдан 2016 жылға дейін Өндірісті ауқымды модернизациялау және қайта жабдықтау. Әлемдегі ең жақсы өндірушілердің бірі Krones AG, Sidel, KHS, FBT-дің заманауи құю желілері орнатылды, сонымен қатар өзінің ПЭТ преформ-Huskey өндірісі басталды. 2020 жылы KMW қазіргі уақытта ең жақсы технологиялық жабдықпен жабдықталған. Өндіріс үдерісі халықаралық стандарттарға, еңбек жағдайлары мен сыртқы әлемге әсердің төмендеуіне сәйкес келеді. Мұны Халықаралық экологиялық өнімдер қауымдастығының «ЭКО» сертификаты растайды.
## Компания
KMW кәсіпорны алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтармен жабдықталған және автоматика, энергияны оңтайландыру, ресурстардың төмен қарқындылығы, қоршаған ортаға әсердің төмендеуі және еңбек жағдайлары сияқты халықаралық стандарттарға сай келеді, бұл Халықаралық Жасыл Өнімдер Кәсіпорындарының Халықаралық Ассоциациясының ЭКО сертификатымен расталады. Компанияда 6 цех бар. Желіде орнатылған инновациялық AZUD мембраналық сүзгілері мен PALL микробиологиялық суды сүзу жүйесінің арқасында су тазарту кезінде өзінің ерекше табиғи қасиеттерін жоғалтпайды және су құрамы өзгермейді. Суды зарарсыздандыру үшін қазіргі заманғы OZONIZATION технологиясы қолданылады, онда су да өз қасиеттерін жоғалтпайды. Нәтижесінде тұтынушы организмге жақсы сіңетін микро және макро элементтердің табиғи тепе-теңдігін толығымен сақтайтын өнімдер алады. Сонымен қатар, KMW зертханалары күнделікті судың, сусындардың және алкогольді ішімдіктердің сапасы мен қауіпсіздігін тексереді.
## Жұмысшылар
Қазіргі уақытта кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыс істейді. Компания өз қызметкерлері мен қала өміріне белсенді қатысады, оларға жыл сайын әлеуметтік қолдау көрсетіп отырады. Мысалы, материалдық көмек, ақысыз тамақтану, жұмысшыларды жұмысқа жеткізу, жүйелі түрде медициналық тексеруден өту, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін оқытып-төлеу, ҰОС ардагерлеріне қолдау көрсету. Пандемия кезінде KMW әр түрлі қалалардың ауруханаларына жүйелі түрде 60 000 бөтелке су жеткізіп берді.
## Өнімдер
«Тұран» кәсіпорнының танымал өніміне су Көкшетау қаласының маңында орналасқан «Құскөл» кен орнынан алынады. Кен орны 15000 жылдан асқан жерасты көздерінен су алады, ал су көтерілгенде минералды заттармен қаныққан. Қазір «Тұран» өнімі физиологиялық тұрғыдан толық деп танылды және құрамында адамға қажетті микроэлементтер мен асқазан-ішек жолына пайдалы автохтонды бактериялар бар. Ол сонымен қатар әртүрлі минералдардың кең спектріне ие және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікке ие. Компанияның тағы бір өнімі бар - «QULAGER-BURABAY» ауыз суы. Ол құрамында 16 минерал бар және адам ағзасының 8 функционалды жүйесіне емдік әсері бар «Құлагер-Арасан» кен орнынан алынады. Компания тәтті сусындардан «ТУРАН Шай» салқын сусындары мен «Фрускай» лимонадын шығарады. Сондай-ақ, компания Хаома, Синяя Гора және Степная Дью сияқты алкогольді сусындар шығарады. Олар заманауи автоматтандырылған еуропалық Sidel және FBT желілерінде шығарылады. Олардың экологиялық тазалығы табиғи минералды сумен және экологиялық таза компоненттермен қамтамасыз етіледі.
## Қайырымдылық
Жыл сайын KMW компаниясы қайырымдылық көмек көрсетеді. Олар Ақмола облысының, сондай-ақ Көкшетау қаласының әкімдіктерімен және орталық мешітпен өте жақсы ынтымақтастықта. Олар жыл сайын қасиетті «Рамазан» айында сол жерге ақысыз су жеткізіп отырады, сонымен қатар компания ҰОС ардагерлері мен азаматтарына қолдау көрсетеді. Қалалық мерекелерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Күз кезінде KMW дәрігерлер мен COVID-19-мен ауыратын науқастар үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Семей және Қостанай ауруханаларына тегін TURAN табиғи суын жеткізді. Табиғи судың шамамен 60 мың бөтелкесі шағылыстырылды. Сондай-ақ, жыл сайын компания өз қызметкерлерінің өміріне белсенді қатысады, 112,5 млн.теңге сомасында әлеуметтік қолдау көрсетеді.
## Марапаттар
«Көкшетауминводы» АҚ бірқатар марапаттарға ие болды, мысалы, 1998 жылы «Құлагер-Арасан» суы Мәскеуде өткен «DRINKS-INTERDRINKS 98» алкогольдік ішімдіктердің дегустациясының халықаралық байқауында күміс медаль жеңіп алды, 2002 жылы «Тұран» суы Халықаралық көрмеде күміс медаль алды « Нижний Новгородтағы Ұлы өзендер », 2003 жылы« Құлагер-Арасан »минералды суы Алматы қаласында өткен Халықаралық көрмеде алтын медаль алды, 2006 жылы« Құлагер-Арасан »суы Алматы қаласында Қазақстанның азық-түлік базарында алтын жеңіп алды, 2014 жылы «Тұран» минералды суы Мәскеуде өткен Ресейдегі бөтелкеге құйылған су өндірушілердің тәуелсіз дегустация байқауында күміс медаль жеңіп алды, 2017 жылы «Тұран» минералды суы қалада өткен MondeSelection 2017 байқауында алтын медаль жеңіп алды Брюссель, сонымен бірге 2017 жылы Monde Selection тәуелсіз еуропалық сапа сараптамасы TURAN және QULAGER-BURABAY суларын Еуропадағы ең жақсы су деп таныды.
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 28 сәуірдің 2016 жылы.
* http://alcogol.su/page.php?al=kokshetauminvody_oao
* http://www.zakon.kz/177163-v-petropavlovske-sud-objazal-vyplatit.html(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.newskaz.ru/incidents/20120118/2533969.html
* http://asiawaters.com/ Мұрағатталған 10 тамыздың 2020 жылы. |
Көлеңкелі экономика (ағыл. shadow economy)
* үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету;
* жекелеген азаматтар, әлеуметтік топтар тарапынан мемлеккетік, жекеше, акцион және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемлекет басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеуметтік - экономикалық қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің күллі түрінің әлеуметтік - экономикалық әдебиеттегі атауы.
Көлеңкелі экономиканың бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми cтатистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар.
Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты Көлеңкелі экономика ТМД елдерінде кең етек алды. Көлеңкелі экономика құрылымы экономикалық қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді.
* Біріншіден, Әділет министрлігінде, мемлекеттік органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экономикалық қатынастар (“екінші” экономика).
Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады.
Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экономикалық тұрлаусыздық, т.б. кедергі жасауда.
* Екіншіден, бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмеуі себепті жеке басылық және топтық мүдделерді қанағаттандыратын бейресми, көбінесе, жалған экономикалық қатынастар.
Мұндай бейресми экономикалық қатынастардың қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен шығасылар, шикізатты, дайын өнімді, т.б. баспабас айырбастау ретінде көрініс табады, мұның өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға мүмкіндік береді.
Көлеңкелі қатынастардың аталған түрлері ресми экономикалық құрылымдардың ішінде бой тасалап жұмыс істейді және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, қорқытып алушылықпен, т.б. ұштасады.
* Үшіншіден, бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет бабын теріс пайдалануға, экономиканың өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен, зорлықпен басып кіруге негізделген қылмыстық қатынастар.
Көлеңкелі экономика қатынастарының бұл тұрпаты экономикалық қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні – ұйымдасқан экономикалық қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т.б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық Көлеңкелі экономиканың кең таралған құбылысына айналады.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес – икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады.
## Дереккөздер |
Көркемөнерпаздық, көркем өнер паздар үйірмелері - халық шығармашылығының бір түрі. Көркемөнерпаздық Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейін дамыды. Республикада көптеген халық аспаптар оркестрлері мен вокалдық-аспаптық ансамбльдер, хор, хореографиялық, эстрада және бал биі ұжымдары, эстрадалық оркестрлер, вокалдық-аспаптық ансамбльдер, көркемөнепаздардың музыкалық, драма театрлары, үгіт бригадалары, бейнелеу өнері мен сән және қолөнері студиялары, фотоәуесқойлар, цирк өнері үйірмелері, дискотека және дискоклубтар, отбасылық ансамбльдер жұмыс істеді. Әдетте, кәркемөнерпаздар үйірмелері мен ұжымдары мәдениет үйлері мен сарайларының, клуб мекемелері мен кәсіпорындарының, оқу орындарының жанынан ұйымдастырылып отырған. Көркемөнерпаздыққа облысы халық шығармалығы мен мәдени-ағарту ісінің облысы ғылыми әдістемелік орталығы жетекшілік етті.
## Дереккөздер |
Көрпебай– обалар тобы. Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының орталығы Жаңақаланың солтүстігінде 13 км жерде орналасқан. Барлығы 30-дан астам оба бар, олардың көлемі 10 м-ден 20 м-ге дейін, биіктігі 40 см-ден 1 м-ге дейін. Саратов университетінің оқытушысы И.В.Синицын 1948 жылы ұйымдастырған экспедиция Көрпебай обаларының бесеуінде қазба жұмысын жүргізді. 1953 жылы Батыс Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Т.Н.Сенигова) 8 обаны қазып, зерттеді. Қазба жұмысының нәтижесінде қабірлерде мәйіттің басын Оңтүстік-шығысқа қаратып, астына шөп төсеп, шалқасынан жатқызғаны, қабірдің үстін ағашпен жауып жерлегендігі анықталды. Мүрделердің жанынан қола айна, шыныдан жасалған моншақ, темір пышақ, екі жүзді семсер, қанжар, садақ оғы, ұршықтың темір басы, сарматтар дәуіріне жататын сырты жылтыр, мойны ұзын, бүйірлі көзелер табылды. Бұл заттар осы төңіректегі тайпалардың б.з.б. 7–6 ғ-ларда өмір сүргенін көрсетеді.
## Дереккөздер |
Көрпе — матаның арасына мақта немесе жүн салып тіккен жамылғы әрі төсеніш; астары жай матадан, тысы асыл матадан тігіледі. Ол жамылғы көрпе және төсек (төсеніш) көрпе болып бөлінеді. Жамылғы көрпенің бір кісілік, екі кісілік түрлері болады, ұзындығы кісінің бойына лайық жасалады. "Құрақ","бесік" және "орауыш" көрпе деген түрлері бар. Ол жамылғы көрпе және төсек (төсеніш) көрпе болып бөлінеді. Көрпенің астары жай матадан, тысы асыл матадан тігіледі. Жамылуға арналған көрпе бір кісілік, екі кісілік болады. Төсек көрпенің сыртқы астарын маталардың қиығынан құрап тіксе, оны «Құрақ көрпе» дейді. Жамылғы көрпенің ұзындығы кісінің бойына лайық жасалады. Баланың бесігіне жабатын көрпеше «Бесік көрпе», бала орауға арналған көрпені «Орауыш көрпе» дейді. Бұлардың ұзындығы және ені бесіктің бас-аяғына, баланы орауға кең-мол жететіндей болу керек.
## Көрпе түрлері
* 1. Ашық жүнді:
* • табиғи иленген терілердің жүнінен жасалған көрпе (дюрхан),
* • қысқы жүн көрпе,
* • жазғы жүн көрпе,
* • табиғи жамылғы,
* 2. Толтырғыш бар көрпе:
* • табиғи:
* • Кашемир (Кашмир ешкінің мамығы),
* • Түйе (түйе жүні),
* • Меринос (қой жүні),
* • Қос Жібек (Жібек қосылған түйе жүні),
* • Мамық (қаз, үйрек),
* • Лиоцель (ағылш. Lyocell) (эвкалипт ағашының целлюлозасынан алынатын талшық),
* • Сеасел Актив (ағылш. Sea Cell Aktiv) (теңіз балдырлары қосылған Лиоцел талшығының комбинациясы),
* • Бамбук талшығы,
* • Байкалық көрпе,
* • Қарасора көрпе.
* • синтетикалық:
* • Витасан (полиэфир),
* • Медисан (полиэстрлік талшық),
* • Акрил,
* • Холлофайбер.
* 3. Арнайы көрпелер:
* • Құтқару көрпе,
* • Емдік көрпе
* 4.Аралас толтырғышпен.
## Көрпе тұрпаттары
1. Қапталған-өндірістің өзіндік құны бойынша ең арзан, көрпе толтырғыш көшіп, үнемі бос болады;2. Каростеп-қапталған көрпеге ұқсайды, бірақ көрпенің барлық бетіне сурет түрінде тігіс өтеді (сегіздік, крестик), жақсы жылу оқшаулағыш қасиеттері бар, бірақ инеден тесілген кейін толтырғышты өткізе алады;3. Кассеталық-ең қымбат, бірақ сапалы көрпе, кассеталар (бөлек тігілген секциялар)
## Тағы қараңыз
* Көпшік
* Мата
## Дереккөздер |
Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.
Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.
## Дереккөздер |
Көтеріліс - орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық, әдетте революциядан айырмашылығы, билік жүйесі тиянақты шүбәге душар болмайды, және сонымен қатар төнкерістен айырмашылығы, соңында көпшілік емес, «өз адамдары» қатысады. Көтерілістердің революцияларға сирек әкеліп соғуының себебі, саяси ұйым түрлері саяси және экономикалық ұйымдарда тап және нағыз баламаларда құрастырылған индустриалды қоғамдардың көрінуіне дейін жоқ болуы.
## Дереккөздер |
Смағұл Көшекбаев (23 желтоқсан 1904, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы – 18 сәуір, 1945, Германия, Торн қаласы) – жауынгер-композитор, домбырашы, КСРО композиторлар одағының мүшесі (1938).
## Өмірбаяны
* Көшекбаев 12 – 13 жасында күй тартумен әуестеніп, Мұхиттың әндерін айта бастайды.
* Қазан төңкерісінен кейін ауыл мектебінде мұғалім болады.
* Қызылордадағы арнаулы мұғалімдер курсында оқыды (1932).
* 1936 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздар байқауында жүлделі орын алып, Қазақ филармониясына домбырашылық қызметке қалдырылды.
* Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясының композиторлық курсын бітірді (1940).
* 1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында еңбек еткеді.
* 1941 жылы Ащысайда халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды.
* 1942 жылы 10-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанды.
* Германияның Торн қ. түбіндегі ұрыста қаза тапқан.
## Шығармалары
* “Ботагөз”
* “Жаз”
* “Май гүлі”
* “Біздің ән”
* “Дауыл”
* “Сағыныш”
* “Бригада жыры”
* “Біз келеміз”, т.б. ән-романстардың авторы.
## Нотаға түсірген күйлері
Құрманғазының
* “Ертең кетем”
* “Лаушкен”
* “Повестка” күйлерін Е.Г. Брусиловскийге нотаға түсіртті.
## Марапаттары
* Қызыл Ту ордені.
* Қызыл Жұлдыз ордені.
* 2-дәрежелі Отан соғысы ордені.
## Есте қалдыру
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылындағы мәдениет үйіне есімі берілген.
## Дереккөздер |
Көтеш Райымбекұлы (1745, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1818, сонда) – халық ақыны. Алғаш рет 17 жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руын мадақтаған өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мұқатов. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпіне қызбен айтысы”, “Көтештің Зағипамен айтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екіншіден, тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Ақынның бірқатар өлеңдері мен айтыстары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1961), “Алдаспан” (1971), “Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы” (1985) атты жинақтарда жарияланды.
## Өмірбаян
Көтеш — ХVІІІ ғ. өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы — Тұрлыбек. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Күлік бөлімінн шыққан. Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған.
Көтеш нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттермен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан. Ақынның бізге мәлім шығармалары осыған дәлел. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған.
Ақындарша айтысып, арнау, ойнақы терме, сынай арнаулар да айтып жүрген. Қалмақтың қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген.
Көтеш — өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін де толғана жырлады.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай ханға наразы ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың өзімшіл өр мінездерін бетіне басқан. Ел арасындағы: «Көтештің «Ер Олжабай», «Ботан» атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын онша мақтамапты ханды. Нәтижесінде ақын көп қуғын да көреді. Өле-өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді» деген аңыздар осыны аңғартады.
Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Еліндегі Тінәлі, Тышқанбай, Қапан деген байлар сыйлығына байланысты айтқан өлеңдерінде мейірбандықты, кең пейілділікті жақтайды. Өзін-өзі зор тұтып, басқаны менсінбеген мырзаларға да Көтеш өткір мысқылдар арнап отырған. Торайғыр биге айтқан сөздері де өткір. Ақын мінер атқа, ішер асқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдері де айғақ. Қартая келе ол келін-балаларына риза болмай, оларға наразылығын білдіріп өлеңдер шығарып жүріпті. Балаларын жақтап, өзін күтпеген кемпіріне айтқан өлеңдерінде де ол өзінің ақындық қабілетін танытады.
Көтеш айтысқа да түсіп жүрген. Бізге оның қыпшақ қызымен, Күнікей, Зағипа, Қания қыздармен тіл қағысулары жеткен. Ол өлеңсіз сөз сөйлемеген. Кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған.
Қазақ әдебиетінде Көтеш ақын мұрасының алар орны ерекше.
## Дереккөздер |
Көрімдік – орын алған қуанышқа ортақтас екендігінің нышаны ретінде берілетін кәде.
## Көрімдік жосынының атқарылу жолдары
Дәстүрлі қазақы ортада көрімдік қуанышты жағдайлардың әрқайсысына қатысты берілді. Көрімдік мысалы, жас нәрестенің дүниеге келуі, келін түсіру, бағалы зат сатып алу, жүйріктің бәйге алуы сияқты басқа да толып жатқан көшпелі орта үшін айтулы жайтқа байланысты етжақын сыйлас адамдар тарапынан беріледі.Қалыптасқан дәстүр бойынша көрімдік жосынының атқарылуының екі жолы болды: қуанышты жайтты хабарлаған адамның көрімдік сұрауы және қуаныш иесінің өз қалауымен көрімдік беруі.
### Көрімдік сұрау
Дүниеге алғаш келген сәби мен қауымға жаңадан мүше болған келінге қатысты көрімдік міндетті түрде сұралады. Қалыптасқан үрдіс бойынша дүниеге келген жас сәбиді алғаш көрген жандардан да талап етіледі. Жас нәрестеге «бауы берік болсын» айтқаннан кейін, көрімдік берген адам сәбидің маңдайынан иіскеуге, қолға алу, аймалауға рұқсаты болды. Жас нәрестенің ата-анасы көңілжетер адамынан «баламның көрімдігін бер?» деп сұраудың сөкеттігі жоқ деп саналады.Неке-отбасылық рәсімінде беташар жосыны жасалған соң жас келіншекті көргісі келгендерден (жігіт жағының жақындары мен арнайы шақырылған сыйлы қонақтардан) көрімдік сұралады. Жас келінді оның енесі, абысындары келінін таныстырып, алғаш рет көрген сыйлас адамдардан көрімдік талап етуіне болады. Сол сияқты ертеде түскен келінді «шымылдық артына» отырғызып қойып, көрімдік бергеннен соң жұртқа көрсететін ғұрып болған.Көрімдік сұрау келінді немесе жас сәбиді көргендердің «көз сұғы» көрімдікпен кетеді деген ырыммен де байланыстырады. Келін түсірген кезде беташар рәсімінде жас келінді көрген жігіт жағының туыстары көрімдік атап, келін тізе бүгіп тәжім етеді.Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тұрмысын дендеп зерттеген ғалымдардың бірі И.И. Ибрагимовтың мәліметіне қарағанда, ертеде құдандалықта сан алуан кәделер қатарында көрімдік беру үрдісі болды. Күйеудің әкесі құда түсерге келіп, құдаларымен пәтуаласқаннан кейін қайтар кезде қыз әкесі одан болашақ келінін көргені үшін көрімдік талап ететін. Ондайда көрімдікке ірі қара мал берілетін. Сол сияқты күйеу жігіттен қыздың жеңгелері болашақ қалыңдығын көрсеткені үшін де көрімдік алған.
Көрімдік сұраудың дәнекерлік мәні
Көрімдіктің жеке адамдар арасындағы қатынаста дәнекерлік мәні бар. Әйелдер өз қолымен жасаған бұйымына және ерекше құнды киімі мен әшекейлеріне де көрімдік алады. Кілем, сырмақ, текемет сияқты төсеніш заттарын көрімдік берілгеннен кейін ғана ортаға жайып талқылайды. Ондайда қазақы ортада қалыптасқан «балалар теуіп тоздырсын», «жақсылыққа жайылсын», «игілігіңе ұста» сияқты тілектер айтылады. Ерлер жағы жаңа ұстаған қыранына, тіпті алғаш ел көзіне алып шыққан көрнекті киім-кешек, ер тұрманына да көрімдік дәметеді. Көрімдік адамдардың ықыласы, ақ тілегінің бейнесі болғандықтан, оның тұрмыс-тіршілікте тәрбиелік мәні зор.
### Көрімдік беру
Көрімдік беру әр түрлі жағдайға байланысты орын алған. Жақсы ат мінгізілсе, тон жабылса, жаңадан бұйым жасатса және т.б. жағдайларға байланысты әркім өз қалауымен көрімдік берді.Ойын баласы жаңа киім киіп келсе көрші, ағайын жегжаты киімнің жарасымдылығын айта отырып, «киімің тозғақ, өмірің озғақ болсын!», «көйлегің көрік болсын, өмір жасың берік болсын!» немесе «киімің тез тозсын, жаның берік болсын» деп келетін дағдылы тілек сөз айта отырып көрімдік береді. Көрімдік деп жаңа киімнің өңіріне, иығына немесе баланың қолының мойынына тана, теңге, үкі, моншақ, түрлі әшекей және т.б. тағады. Көрімдік берілмесе баланың меселі қайтады дейді. Көрімдік ретінде мүмкіндігіне қарай қозы-лақ, құлын-тай, тіпті ірі қараға дейін атаған.Қазақта қалыптасқан үрдіс бойынша балалар мен жастардың өзінің жаңа заттары немесе өз қолымен жасаған бұйымдарына сұраған көрімдікті "байғазы" деп атаған.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Дужан К. Свадебные обряды у киргизов Кокбектинского округа. Северная пчела (газ.). 1855. №92. 144 б.;
* Ибрагимов И.И. Этнографические очерки киргизскаго народа. РТ. Сборник, изданный по поводу политехнической выставки. Вып.II. Статьи по этнографии, технике, сельскому хозяйству и естественной истории. М., 1872. С.120-152;
* П. Обычаи киргизов Семипалатинской области. РВ. М., 1878. №9. С.22-66;
* Бекимов М. Свадебные обряды киргизов Уральской области. ИОАИЭКУ. Т.ХХІ. Вып.4. 1905. С.382-392;
* Толыбаев Құрманбай. Бабадан қалған бар байлық. А., 2000;
* ҚР МОМ материалдарынан;
* ОМЭЭ материалдарынан. |
Көшеней Рүстембекұлы (22.8.1946, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин атындағы ауыл – 8.3.1973, Мәскеу) – жырау.
Әлімұлы тайпасының Кете руының Құлыс бөлімінен шыққан.
1968 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факултетін бітірді. 1967 – 1970 жылдары Қармақшы ауданы Ақжар ауылында мұғалім, 1970 – 1971 жылдары Қазақстан ҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының стажер-зерттеушісі болған. 1971 – 1973 жылдары М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтының халық шығармашылығы бөлімінде жұмыс істеді. Жыраулық өнерді ата-бабаларынан үйренген. “Көроғлы”, “Рүстем-дастан”, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, т.б. эпостық жыр-дастандарды, қазақ ақындарының (''Базар жырау, Кете Жүсіп, Жиенбай жырау, Тұрмағамбет'', т.б.) шығармаларын жатқа айтып, ел арасына таратты. Көшенейдің орындауындағы “Көроғлы”, “Қобыланды” жырларының негізгі ерекшелігі – көне мақам-сазға құрылуы. Көшенейдің ақын ретіндегі шығармаларының біразы мерзімді баспасөз бетінде, “Қазақтың қазіргі халық поэзиясы” (1973), “Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы” (1975) атты жинақтарда жарық көрді. Оның “Қобыланды батыр” дастанын орындау кезінде пайдаланатын төрт түрлі музыкалық әуені нотаға түсірілді, 14 толғау, термесі күйтабаққа жазылып алынды. Көшеней “Құлагер” фильміне түсіп, Ақан сері баласының бейнесін сомдаған.
## Дереккөздер |
Көшімбек Тамы– - архитектуралық ескерткіш. Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылы мен Рахмет ауылы аралығындағы жол бойында (32 км), Шиқамыс қаласы маңында 1925 жылы салынған. Сегіз қырлы пішінді ғимараттың қалың қабырғалары саманнан (шикі кірпіштен) салынып, сырты күйдірілген қызыл кірпішпен қапталған. Қасбет қырларының бүрыштары үш ширектік діңгекшелермен көрнекіленген. Оның әр қырында екіден шағын терезе ойықтары бар. Қабырғаның жалпы биіктігі 3,67 м, қырларының ені 2,5 - 3 м. Тақия тәрізді күмбезі шеңбер мойындыққа табан тіреген, олар тұтас күйдірілген қірпішиен қаланған. Мойындықта шағын төрт терезе ойығы бар. Ғимарат есігі оңтүстік-батысқа бағытталған. Кіре беріс есік алдынан аласа келген ауданы 2,81x2,48 м дәліз салынған. Ал тәбесі итарқа түрінде жабылған. Дәліздің есік ойығының доғалы маңдайша-сынан жоғары, төте жазумен эпи-таф. жазуы бар екі тақта орнатылған. Ол жазуда құрылыстың салынған уақыты 1925 жылы деп көрсетілген. Ішкі еңсесінің жобасы шеңбер болып келген, оның есік ойығының оң жағында қалың қабырғаның ішінен ойылып, төбеге шығатын баспалдық жасалған. Ғимараттың жалпы биіқтігі 5м. 1989 жылы жергілікті халықтың күшімен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көшімбек Тамын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің сарбазы Баязит ұста Төлегенүлы салған. Есік алдындағы қүлпытастың бетіне: "Руы бегімбет, Балықүлы Көшімбек, 1850 - 1925" деген жазу бар.
## Дереккөздер |
Көроғлы, Көрұғлы, Көрғұлы – қаһармандық халық эпосы. Орта Азия, Таяу Шығыс, Кавказ халықтарына ортақ фольклорлық ескерткіш. Жырдың түрлі нұсқалары түрікмен, қарақалпақ, өзбек, құмық, Әзірбайжан халықтарында кездеседі. Жыр сюжеті Қазақстан, Орта Азия, Кавказ халықтарынан бөлек Балқандағы гагауз, Сібірдегі Тобыл татарларына да жақсы мәлім.
Қазақстанда алғашқы үлгілері 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде жарияланған (1885, 1890, 1895, 1905, 1906, 1909, 1915). Қазақ тілінде 7 нұсқасы басылым көрген. Олар: "Көроғлы", "Қисса Көроғлы", "Хикаят Көроғлы", "Көроғлы мен Безерген", "Көроғлы" (Бозайхан), "Қисса Ғауазхан", "Түрікмен Қасымхан". ҚР ҒА Орталық кітапханасы мен М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба қорында Көрұғлы туралы 15 дастан, үш ертегі нұсқасы бар. Жекелеген қазақ нұсқалары Кеңес дәуірінде екі рет жинақ болып баспа бетін көрді.
Жырдағы негізгі тартыс түрікмен елі мен Райхан араб, қызылбас, афшар арасында өрбиді. Жыр оқиғасы бірде тарихи-этикалық, бірде аңыз-әпсаналық, бірде мифтік мәліметтерге жүгініп, Көрұғлының халықтық тұлғасын сомдауға бағытталған. Жырдан түркі тайпаларының этностық санасы айқын аңғарылады.Қазақ жырау-жыршылары мен түрікмен бахшылары бұл жырды аңырама үлгісінде орындаған.
Жырды негізгі зерттеушілер: И.Брагинский, А.Самойлович, А.Тафуров, А.Болдырев, С.Амионова, Х.Короглы, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғұмарова, Т.Қоңыратбай; жыршылар: Мұрын Сеңгірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Әбділда Жүргенбаев, Нұрпейіс Байғанин, т.б.
## "Көроғлы" жырында кездесетін атаулар
### Көроғлы
«Көр» сөзінің мағынасын мола немесе соқыр деген мағынаға келмейді. «Көроғлы» атауының екі буынын да өзге тілдерден тудыруға қарсы болған А.Гафуров «Көроғлы» атауы батыл, ер жүрек деген ұғым беретінін айтып, сөз түбірін түрік тілінен тудырған. Шығыста «гүр» - бірнеше елдің билеушісіне қолданылған лауазым.
Жер-су аттары
Жырдағы "Барар жерің Үргеніш деген ел болар, атырабында Шәмбіл деген бел болар" деген жолдар оның кай аймақтағы елді мекен екенін аңғартып тұр. Шәмбіл бел, Шәмбіл қала атауының географиялық шегін Р.Агеева Әмудария мен Сырдарияның маңы деп көрсетеді.
Араб, иран атаулары
«Көроғлы» жырындағы иран, араб атаулары бұл аймақтағы түркі және иран (парсы) тілдес тайпалардың араласуынан хабар береді. «Шаһнама» - Иран шаһтары туралы көлемді дастан болса, «Көроғлы» сол шаһтарға қарсы көтерілген елдің көшбасшы батыры туралы жыр. Қаһармандық эпос болған соң онда түрлі дәуір оқиғаларының ізі сақталған. Шәмбіл қала – түрікмен елі, Тұраб – Тұран дәуірінің тұлғасы, Афшар – моңғол дәуірінен соңғы Иран билеушілері.
Кісі есімдері
Белгілі ғалым И.Брагинский жырдың тәжік нұсқасындағы Шәмбіл қала, Көроғлы атауларының түркі тайпаларынан алынғанын, ал жыр окиғасына келгенде оны Иран шаһы Аббас пен түрік сұлтаны Мұрад арасындағы тартыс деген пікір айтқан. Бірақ сефеви әулеті тұсындағы Иранда үш бірдей Аббас шаһ болған: Аббас І – 1587 – 1629, Аббас ІІ – 1642 – 1660, Аббас ІІІ – 1732 – 1749 жылдары билік жүргізген. Эпоста осы оқиғалардың бейнесі аралас көрінеді.
Жырда кездесетін кісі, жерсу атаулары ғылыми тұрғыдан зерттеле қойған жоқ. Әуезхан (Ауаз), Жүсіпхан, Райхан араб, Кәрім, Хасан хан, Шадман, Шаһидат, Хасан, Көрғұлы, т.б. көптеген антропонимдік атаулардың тарихилығы айқын.
### Түрлі нұсқалардағы Көроғлының сипаттамасы
«Көроғлы» эпосын зерттеген ғалымдар шығарманың бас кейіпкерінің прототипі 15-16 ғасырларда Оңтүстік Әзербайжан аймағында өмір сүргенін бірауыздан мақұлдайды. Оның бала күніндегі сырт келбеті, бес жасында жиырмадағы жігітпен алысып меңдеткен күш-қайраты оның тұлғасын даралай түседі.
«Көрұғлы», «Короглы», «Кероглы», «Гургули», т.б. болып кездесетін жыр нұсқаларында сюжеттік айырмашылықтар да бар. Ең жақыны қазақ-түрікмен нұсқалары болып саналады. Оларды байланыстырып тұрған – Көрұғлы батырдың Иран шаһына қарсы күресі, ерлігі. Бір нұсқада, Иран шаһы Көрұғлы әкесінің көзін ойып, Раушан есімді баласы Көрұғлы атанады. Қазақ, түрікмен, қарақалпақ нұсқаларында ол түрікменнің Теке-Жәуміт руынан шыққан деп көрсетіледі. Жырдагы негізгі желілердің бірі - жылқы малы, оның бабы мен белгілеріне қатысты өрбиді.Бұл түрікменнің Теке-Жәуміт этникалық тармағына тән эпикалық белгілердің бірі.
### Жамбыл нұсқасы
«Көроғлы» эпосының Жамбыл жырлаған нұсқасы «Көроғлы сұлтан», «Көроғлы» (Бозай хан) деген аттармен танымал. Жамбыл оны алғаш Құланаян Құлмамбеттен үйренгенін айтады:
«Менің бұл жолғы олжам Құлмамбеттен «Көроғлы сұлтанды» үйрендім. Бірақ бәрін жаттап алу қиын екен. Құлмамбет бір айтқанда екі күн, екі түн ұйықтамастан айтты. Мен оның бір күн, бір түн ашуын-ақ ұғып алдым. Менің өрісімда кеңейткен ірі жыр «Көроғлы сұлтан» болды. «Көроғлы сұлтанды» айтқанда Құлмамбет дем алмай айтады екен».
Жалпы, кей деректерде «Жамбыл «Көроғлы» эпосын отыз күн жырлаған» десе, енді бірінде «он бес күн жырлаған» делінеді.
1938 жылғы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында осы айтылғандарды қайталай отырып: «... Сүйінбайдан үйренген «Сұраншы» Құлмамбеттің «Көроғлы сұлтан» жырлары екі үлкен ақынның маған берген батасы мен ақындық сарқыттары еді» деген жолдармен толықтырды.
Ақынның жырлаған «Көроғлы» нұсқасы бізге толығымен жетпеген. Әрі бізге жеткен деректерге қарағанда, ақын эпостың екі нұсқасын білген сияқты. М.Ғұмарова «Батырлар жырының» Көроғлыға арналган төртінші томында Жамбылдың шәкірттерінің бірі ақын Сариевтің «жыраудың орындауындағы бұл эпосты талай естігеніммен, жаттай алмадым» дегенін айтып, есінде қалғанын әңгімелеп берген мазмұнын келтіреді. Онда Көроғлы пері қызы, Ағажүніске ғашық болып, дәулермен соғысып жеңіп Ағажүністі алғаны, одан кейін Гүлнәр періні, Мысқал періні де үлкен қиындықтармен, асқан ерлік көрсетіп алып келген сапарларын және Көроғлының жүз жиырма жасқа келгенше баласының болмағаны айтылады. Жүз жиырмаға келгенде, қызылбас еліне барып, сондағы бір түрікменнің асқан сұлу әрі ақылды Ғауаз атты баласын алып келіп асырайды. Екінші нұсқа – түрлі жинақтарда жарияланып жүрген «Көрұғлы» (Бозай хан) дастаны. Толық жазылып алынбаған дастанда ақынның кіріспе толғауы мен «Бозай хан» атты саласы қамтылған.
1898 жылғы жинақтың түсінігінде құрастырушылар: «Жамбылдың нұсқасы бойынша, кіріспе толғауына қарағанда, Көроғлы – хандардан кек алатын батыр, Гүлжазираның ашына жігітінен туған баласы болуы мүмкін» дей келе отырып, жыр мазмұнына сәйкес, жауыздықпен өлтірілген тазшаның және онымен бірге дарға тартылып, бір қорымға қатар жерленген хан әйелі Гүлжазираның бейітіне өскен екі ағаштың қосылғанын суреттейтін «Ерекше келіп екі ағаш, еңкейіп келіп қосылған» деген жолдарды дәлел ретінде ұсынады.
### Жамбыл нұсқасының ерекшеліктері
Әлеуметтік теңдік сарыны
Эпостың әрбір нұсқасының герменевтикалық сипаты басым. Яғни, жырдың әрбір нұсқасы өз кеңістігі мен дәуірінен мол хабар береді. Жамбыл нұсқасы - «Көроғлыны» жырлағанда әлеуметтік сарындар да көп беріледі, халықтың шындыққа көзқарасы кеңірек суреттеледі. Бұл нұсқада әлеуметтік теңдік сарыны мен тап күресінің қайшылығы көрініп тұрады. Жырдың кіріспесінде жалпы жұртшылықтың жағдайынан сыр шертіп, қоғамдық үдерістерге қатысы түйдек-түйдек ойларын ортаға салу – түркі халықтарының фольклорында көп ұшыраса бермейтін сарын. Жамбыл кіріспеде отаршылдықты да сынай отырып, төменгі тап өкілдерінің аянышты жай-күйін зарлап отырып жеткізеді. «Көроғлының» түрік версияларында әлеуметтің теңдік сарыны тікелей сөз болмағанмен, Көроғлы әкімдер мен саудагерлерге қарсы күресіп, қарапайым халықтың жоғын жоқтаушы тұлға ретінде суреттеледі. Жамбыл нұсқасында сөз бостандығы сарыны да ерекше көрініс береді.
Көроғлыға есім берілуі
Жамбыл нұсқасында кейіпкерге «Көроғлы» есімін халық қояды. Дәлірек айтсақ, мейманасы тасыған Бозай хан ұлын қолға түсіргеннің құрметіне ұлан-асыр той жасап, халықтан ұлына ат қойып беру туралы өтініш жасайды. Көп ішінен бір қарт шығып «Баланың аты Көроғлы болсын» дейді. Бұл есімді Бозай хан жақтырмағанмен, халық ұнатқандықтан, хан да амалсыздан келісім береді. «Көроғлы» есімін өзге қазақ нұсқаларында рухани күштер қойса, ал Бехчер Махир жырлаған «Көроғлының» түрік нұсқасында да кейіпкерге «Көроғлы» есімін халық қояды. Бірақ түрік нұсқасында «Көроғлы» аты емес, оның лақап аты ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар Жамбыл нұсқасында Гүлжазираның көрінде туған Көроғлының немен қоректенгені және көрде қалай тәрбиеленгені нақты айтылмайды. Тек, өз аяғымен жүре алар жасқа жеткен шағында бір өзінің сүті кемпірдің қырық баласын асырауға жететін тоқал ешкінің сүтін емгені айтылады.
Дәстүрлі қазақ эпосынан айырмашылығы
Жамбыл нұсқасының мәтіні толық сақталмауы Жамбыл ақын жырлаған нұсқаның сюжеті ешқандай бір нұсқаға ұқсамауымен ерекшеленеді. Бұл нұсқада қалыптасқан дәстүрден ауытқушылық бірнеше рет байқалады.
Біріншіден, қалыптасқан дәстүр бойынша, біздің көптеген жырларымызда ұрпақсыз кейіпкер, мейлі ол хан болсын, бай немесе би болсын, мұндай ауыр айыптауды (ұрпақсыздығы туралы табалауды) өзі шендес адамнан естиді. Алайда бұл нұсқада он жеті ұлы қаза тауып, ашынған кейуана Бозай ханды «Өзің қу бас, балаң жоқ» деп сынағайды, ал қатал Бозай хан оның басын алмайды. Нұсқада баласыздық зары «Көроғлының» өзге версияларына қарағанда өзгеше өріледі. Р.Мәзқожаев, Ә.Жүргенбаев, т.б. қазақ нұсқаларында баласыздық зарын Көроғлының өзі тартса, Жамбыл нұсқасында перзентсіздік зарын Көроғлының әкесі Бозай хан тартады. Әрі, Бозай хан баланың шешесін өзі өлтіріп, Көроғлының көрде туылуына тікелей өзі себепкер болады.
Көроғлының көрде тууы сарыны да өзге нұсқаларға мүлде ұқсамайды. Мұнда Көроғлы тек шешеден ғана жетім болып туады. Алайда оның көрде туып, онда қалай өскені туралы ештеңе айтылмайды. Есесіне, Жамбыл нұсқасында Көроғлы қырық бір ұлы бар кемпірдің қаратоқал ешкісін емгені айтылады. Осы кейіпкердің қаратоқал ешкінің емшегін ұрлап емуі, Бозай ханның баласымен қауышуына түрткі болады. Сондай-ақ баланың өзі құралпы балаларды асықтай қылып лақтыруы, Бозай ханның бас батыры Құлақасқаны жауырынынан ұстап, лақтырып жіберуі – оның ерекше дүлей күштің иесі екенін көрсетеді. Бұл қазақтың эпикалық дәстүріне сай. Әдетте, болашақ батыр осындай оқыс әрекеттерімен жас шағында көрінеді.
Екіншіден, батырдың шыққан ортасы, әке-шешесі әлеуметтік тегіне қарамастан жақсы жағынан көрінеді. Хан болса – әділ, бай, бек – қайырымды, кедей – момын шаруы, өзгеге залалы жоқ. Жыр жампозының жыр желісіне кірмей тұрып, өз дәуірінің билеушілерін һәм әлеуметтік ортаның кемшін тұстарын тілдеп өтуінен, сондай-ақ, жыр желісін баяндағанда Бозай хан сынды қатал билеушіге қарсы өлімсіреген кемпірдің ащы шындықты жайып салуынан байқалады.
Үшіншіден, болашақ қаһарманның ата-анасы қасиетті жерлерді аралайды немесе әкесі біреудің кеңесімен басқа әйел алады. Бұл мотивтің түптеп келгенде атқаратын қызметі болашақ кейіпкердің бәсін арттырып, оның басқалардан алабөтен өзгеше болатынын көрсету үшін қолданылады. Дегенмен, бұл мотивтің орнына Көроғлының жетілуіндегі ерекшеліктері тілге тиек етіледі. Нұсқада кейіпкердің алғашқы ерлік көрсетуі ерекше баяндалады. Мұнда алғашқы ерлік көрсету мотиві саналы тұрғыдан емес, кейіпкердің адамдардан оқшау өсіп, тағы болып жетілу тұрғысынан кескінделеді. Өзге нұсқаларда кейіпкер көрде өскенімен оны рухани күштердің тәрбиелегені туралы айтылады. Жамбыл нұсқасында мұндай мифтік элементтер жоқтың қасы. Мұнда кейіпкердік көр ішінде тағы күйінде өскенін көрсету біршама реальді дүниеге жақын. Көроғлының қара күштің иесі екенін Бозай ханның баланы ұстау үшін өзімен қатар балаларды жіберген кезде байқалады. Көроғлы олардың бәрін асықша лақтырып, Бозайдың бас батыры Құлақасқаны бұйым құрлы көрмей астына басып алады, бұл оның алыптығын аңғартатын әрекет. Яғни, Жамбыл нұсқасында Көроғлының алғаш рет ерлік көрсетуі тек оның тағы болып өсу тұрғысынан жырланады.
## Дереккөздер |
Көшім хан (толық есімі Көшім Баһадүр хан, сіб.-тат. Көцөм хан, орыс. Кучум-Богатырь царь, Кучюм царь, тат. Күчем хан, туған жылы белгісіз – 1598 немесе 1601) – Шибан әулетінен шыққан Сібір (Түмен) хандығының 1569-1574, 1578-1598 жылдардағы билеушісі, Мұртаза ханның ұлы, түмен ханы Ибақтың немересі.
## Өмірбаяны
### Шығу тегі
Көшім ханның нақты туған уақыты мен орны белгісіз. Әбілғазы Баһадүр ханның шежіресінде Көшім ханның шығу тегі төмендегідей:
«...Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан, оның ұлы Шибан хан, ұлы Баһадүр хан, ұлы Жошы бұға, ұлы Бадақұл, ұлы Меңгу-Темір, ұлы Бик-күнди-оғлан, ұлы Әли-оғлан, ұлы Қажы-Мұхаммед хан, ұлы Махмұдбек хан, ұлы Ибақ хан, ұлы Құтлық хан, ұлы Шамай сұлтан, ұлы Ұзар сұлтан, ұлы Баһадүр сұлтан. Жоғарыдағы Махмұдбек ханның Мұртаза хан деген ұлы болған, оның Көшім хан деген ұлы болған...»
Савва Есиповтың жылнамасы бойынша, Көшім ханның шыққан тегі - Қазақ Ордасы. Ал А.И. Левшиннің кітабында қырғыз-қазақ ретінде аталып өтті. Соңғы зерттеулерге сәйкес Көшім, шамамен, 1537 жылы Ноғай Ордасының Алтыұл ұлысында дүниеге келген. 1530-1540-шы жылдары ноғай биі Шейх-Мамайдың сарайында болашақ қазақ ханы Хақназар, Ибақ ханның немерелері Ахмет-Керей және Көшім тәрбие алған.
### Сібір тағын иеленуі
Едігердің орыс патшасының қол астына өтуі Шибан әулеті өкілдерінің наразылығын тудырды. 1555-1563 жылдары Мәскеуде Едігердің, Мұртаза хан мен оның ұлы Ахмет-Керейдің елшілері келіссөздер жүргізген. Тайбұғалықтар Исмаил бидің, ал шибандықтар Шейх-Мамай ұрпақтарының қолдауына ие болған. Орыс әскерінің көмегіне үміт артқан Едігердің жоспары іске аспады. «Сібір жылнамасы» Көшімнің Ескерді жаулап алуын әскери қақтығыс ретінде қарастырса, ал Патриарх жылнамасындағы ақпаратқа сәйкес орыс патшасына алым-салық төлеуге наразылық білдірген билеуші топтар Сібір тағына Мұртаза ханның ұлын шақырған.
### Ішкі және сыртқы саясаты
Көшім хан 1560-шы және 1570-ші жылдары шығысқа ұйымдастырған жорықтарының нәтижесінде Қызыл-Тура мен Есілдің сағасынан бастап, Ом өзені, Барабы даласы, Обь маңындағы жерлерді басып алды. Жергілікті тайпалардың билеушілерімен одақ құрып, төленетін алым-салықтың мөлшерін бекітті. Жаңа шекаралардың бойында кішігірім қалашықтар салдыртты. Обь өзенінің жоғары ағысында мекендеген қалмақ тайпалары Көшім ханның одан әрі шығыс аймақтарды бағындыруына кедергі болды.Көшім хан 1569-1570 жылдары қазақ ханы Хақназарға қарсы әскери жорық ұйымдастырған. Ноғай билеушілеріне жөнелтілген орыс елшісі Семен Мальцевтің Мәскеуге жазған хатына сәйкес 1569 жылы Хақназар хан, Шығай және Жалым сұлтандар бастаған әскер Ноғай ордасын шабуылдаған. 1570 жылы қазақ ханы басып алған жерлерінен шегініп, ноғай мырзаларымен, түмен (сібір) ханымен бітімге келген. 1570-ші жылдары Түмен (Сібір) хандығының майдан даласындағы белсенділігі батысқа ауысты. Оралдың арғы бетін басып алған Көшім Пермь жерін және салынып жатқан жаңа орыс қалаларын жиі шабуылдаған.
### Орыс мемлекетімен қарым-қатынасы
Қазақ Ордасының Хақназар ханның тұсында күшеюі сібір билеушісін Орыс патшалығымен жақындасуға итермеледі. 1571 жылы екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлады. Қырым әскерінің Мәскеуді өрттеп жіберуі Орыс патшалығының саяси беделіне кері әсер етті. Оған қоса Сібір хандығына бұхар ханы ІІ Абдаллахтың ықпалы арта түсті. 1572 жылы Ескерге Хиуада Бұхараның өтініші бойынша жасақталған мұсылман миссиясы жетті. Миссияның негізгі мақсаты - жергілікті халық арасында ислам дінін тарату, сауда-саттық мәселелері және болашақ бұхар қоныстарын ұйымдастыру болды. Бұл саяси оқиғалар Строгановтардың иеліктерінде жергілікті тайпалардың көтерілістеріне алып келді. 1572 жылы Кама бойына Көшім хан, ал 1573 жылы Пермь жеріне Мәметқұл шабуылдар ұйымдастырған. Сібір ханы Орал арқылы өтетін сауда жолдарын бақылауды, алым-салық төлейтін халықты қайтаруды және оның санын арттыруды көздеген. Ол черемистердің 1572 жылы ұйымдастырған көтерлісін сәтті пайдаланған. Осыған жауап ретінде орыс патшасы 1574 жылдың мамыр айында Строгановтарға иеліктерін қорғауға, жаңа бекіністер салуға, Сібірге шабуылдар үйымдастыруға, жалдамалы әскер жасақтауға рұқсат берді. Көшім ағасы Ахмет-Керейдің өлімінен кейін ноғай билеушілерімен қарым-қатынасын қалпына келтіруді қолға алды. Орыс патшасының бодандығын қабылдап, 1577 жылы Ноғай Ордасында кездескен орыс және сібір елшілері төленетін алым-салықтың мөлшерін бекітті. 1586 жылы Сібірге воеводалар Василий Сукин және Иван Мясной, ал 1587 жылы Данила Чулков жөнелтілді. Сібір мемлекетіндегі алауыздықтар оның әскери күшіне кері әсер етті. Көшімнің қарсыласы Сейтек мырза ханның ұлдарын Ескерден қуып шыққанымен, 1588 жылы Данила Чулковтың қолына түскен. 1590 жылдың 3 шілдесінде Көшім хан Тобыл қаласына мейлінше жақындап, көршілес ауылдардағы бірнеше адамды өлтіріп кеткен. Келесі жолы Қауырдақ және Салым болыстарын шабуылдап, жергілікті халықтан орыс бодандығына өткені үшін өшін алып, бай олжамен кері қайтқан.
1598 жылы орыстың тұрақты әскери отрядының уысынан шығып, ноғай даласына кетті, ол ондағы шайқастардың бірінде қаза тапты. Кейбір жылнамаларға сәйкес Көшім Қазақ Ордасына бет алған. Оның қалай және кімнің қолынан қаза тапқаны туралы тарихшылар толық анықтай қойған жоқ.
### Ұрпақтары
Көшім ханның ұлдары:
* Әли
* Шайым
* Берді-Мұрат
* Қапақша
* Алтанай
* Құмыш
* Кедай
* Шуақ
* Асманақ
* Келмамет
* Әбілқайыр (Андрей Кучумович)
* Би-Падишах
* Молла
* Есім
* Қанай
* Әзім
Көшімнің өлімінен кейін 1601 жылы сібір тағына үлкен ұлы Әли отырды. Ол 1608 жылы орыс тұтқынына түсіп, Ярославльге жер аударылды. Ханның мирасқорлары Абылайкерім мен Керей сұлтандар сібір татарларының 1620-1630 жылдары орын алған көтерілістеріне белсене қатысқан. Алайда олар қалыптасқан саяси жағдайды өзгерте алмады.
## Галерея
## Әдебиет
* Атласи Х. История Сибири. — Казань: Татар. кн. изд-во, 2005. — 96 с.
* Катанов Н.Ф. Предания тобольских татар о Кучуме и Ермаке // Ежегодник Тобольского губернского музея. Вып. 5. Тобольск, 1896. С. 1–12.
* Маслюженко Д. Н., Рябинина Е. А. Реставрация Шибанидов в Сибири и правление Кучум хана во второй половине XVI века // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 97—111. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7.
* Матвеев А. В., Татауров С. Ф. Сибирское ханство Кучума царя. Некоторые вопросы государственного устройства // Средневековые тюрко-татарские государства / Отв. ред. И. К. Загидуллин. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — С. 112—117. — 232 с. — 500 экз. — ISBN 978-5-98245-048-7.
* Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
* Миллер Г.Ф. История Сибири. Кн.1. М.-Л.: Изд-во Академии наук СССР, 1937. 662 с.
* Посольские книги по связям России с Ногайской Ордой. 1561-1566 гг. Публикация текста / [сост. Д. А. Мустафина ; авт.предисл. В. В. Трепавлов]. - Казань : Татар. кн. изд-во, 2018. - 231 с., илл.
* ПСРЛ, 1987 – Полное собрание русских летописей. Т.36. Сибирские летописи. Ч.1. Группа Есиповской летописи. М.: Наука, 1987. 383 с.
* Родословное древо тюрков. Сочинение Абуль-Гази, хивинского хана. Пер. и предисл. Г.С.Саблукова. Казань: Тип. Имп. ун-та, 1906. 352 с.
* Трепавлов В.В. Сибирский юрт после Ермака: Кучум и Кучумовичи в борьбе за реванш. М.: Вост.лит., 2012. 231 с.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2. |
## А
* Азат Әйел
* Азия (газет)
* Айғақ газеті
* Алаш (газет)
* Алматы ақшамы
* Алғабас газеті
* Ана тілі газеті
* Аруана (газет)
* Аршалы айнасы
* Арыс ақиқаты
* Арқа ажары
* Атамекен (газет)
* Ауыл (газет)
* Ауыл тілі
* Ақтөбе (газет)
## Б
* Бірлік Туы
* Бұланды таңы
* Бұқпа
## Д
* Дұрыстық жолы
## Е
* Егемен Қазақстан газеті
## Ж
* Жас Азамат газеті
* Жас қазақ (газет)
* Жаңа ауыл
* Жаңа өріс
* Жезқазған Туы
* Жетісу газеті
## З
* Заң газеті
## К
* Кедей сөзі
* Кедей тілі
* Кентау шұғыласы
* Киргизская Беднота
* Киргизская Степная Газета
* Красный Киргизстан – журнал, РК(б)П Қырғыз (Қазақ) обкомының баспасөз органы. 1921 ж. желтоқсаннан 1922 ж. маусымға дейін Орынборда шығып тұрды.
## Қ
* Қазақ газеті
* Қазақ сөзі
* Қазақ тілі газеті
* Қазақ әдебиеті (газет)
* Қазақстан газеті
* Қазақстан мұғалімі
* Қазақстан – Zаман
* Қостанай Таңы
* Қызыл Дала
* Қызыл кенші
* Қызыл ту (газет)
## М
* Мақтаарал газеті
* Маңғыстау газеті
* Созақ үні
## О
* Октябрь Туы
* Орал Өңірі
* Ордабасы Оттары
* Орталық Қазақстан (газет)
* Отырар алқабы газеті
* Оңтүстік Қазақстан (газет)
## Ө
* Өскен өңір
## С
* Сарыарқа (газет)
* Сарыарқа самалы
* Сарыағаш (газет)
* Сақшы (газет)
* Семей Таңы
* Сыр Бойы (газет)
## Т
* Тіршілік газеті
* Театр өмірі
* Теміржолшы (газет)
* Теңдік (газет)
* Торғай таңы
* Түркістан газеті
* Түркістан Уәлаятының Газеті
## Ұ
* Ұлан (газет)
## Ү
* Үш Жүз
## Х
* Халық Кеңесі
## Ш
* Шалқар газеті
* Шымкент келбеті
## А
* Азат Әйел
* Азия (газет)
* Айғақ газеті
* Алаш (газет)
* Алматы ақшамы
* Алғабас газеті
* Ана тілі газеті
* Аруана (газет)
* Аршалы айнасы
* Арыс ақиқаты
* Арқа ажары
* Атамекен (газет)
* Ауыл (газет)
* Ауыл тілі
* Ақтөбе (газет)
## Б
* Бірлік Туы
* Бұланды таңы
* Бұқпа
## Д
* Дұрыстық жолы
## Е
* Егемен Қазақстан газеті
## Ж
* Жас Азамат газеті
* Жас қазақ (газет)
* Жаңа ауыл
* Жаңа өріс
* Жезқазған Туы
* Жетісу газеті
## З
* Заң газеті
## К
* Кедей сөзі
* Кедей тілі
* Кентау шұғыласы
* Киргизская Беднота
* Киргизская Степная Газета
* Красный Киргизстан – журнал, РК(б)П Қырғыз (Қазақ) обкомының баспасөз органы. 1921 ж. желтоқсаннан 1922 ж. маусымға дейін Орынборда шығып тұрды.
## Қ
* Қазақ газеті
* Қазақ сөзі
* Қазақ тілі газеті
* Қазақ әдебиеті (газет)
* Қазақстан газеті
* Қазақстан мұғалімі
* Қазақстан – Zаман
* Қостанай Таңы
* Қызыл Дала
* Қызыл кенші
* Қызыл ту (газет)
## М
* Мақтаарал газеті
* Маңғыстау газеті
* Созақ үні
## О
* Октябрь Туы
* Орал Өңірі
* Ордабасы Оттары
* Орталық Қазақстан (газет)
* Отырар алқабы газеті
* Оңтүстік Қазақстан (газет)
## Ө
* Өскен өңір
## С
* Сарыарқа (газет)
* Сарыарқа самалы
* Сарыағаш (газет)
* Сақшы (газет)
* Семей Таңы
* Сыр Бойы (газет)
## Т
* Тіршілік газеті
* Театр өмірі
* Теміржолшы (газет)
* Теңдік (газет)
* Торғай таңы
* Түркістан газеті
* Түркістан Уәлаятының Газеті
## Ұ
* Ұлан (газет)
## Ү
* Үш Жүз
## Х
* Халық Кеңесі
## Ш
* Шалқар газеті
* Шымкент келбеті |
Көш – көшпелі ортада адамдар тобының немесе этникалық ұжымның белгілі бір мақсатқа байланысты жолға шығу үрдісі. Көшпелі тіршілікті ұйымдастырудың ең басты элементерінің, әрі тәсілдерінің бірі болып табылады. Мысалы, дәстүрлі қазақы ортадағы шаруашылықтың ең басты табиғи объектісі болып табылатын мал жайылымдарын жыл он екі айдың мезгілдік ерекшелігіне сәйкес тиімді ұйымдастыруды көш үдерісінсіз елестетудің өзі мүмкін емес. Мініс аттары, өгіздері, түйелері, сондай-ақ, әртүрлі жүк тиелген арба, сүйреткі сияқты көліктің сан алуан түрлері көштің негізгі құралдары болды.
## Көштің түрлері
Тарихи-этнографиялық деректерге қарағанда, жыл он екі ай көшіп-қонып жүрген қазақ арасында көштің бірнеше түрлері болған.
* Ауыл көші – жыл маусымына және шаруашылық жағдайына сәйкес баспана мен дүние-мүлкін көліктерге артып, төрт түлік малын айдап белгілі бір орынға бет түзеген ауыл. Жыл маусымдарына қарай жүрілетін көштердің ішіндегі ең тартымдысы – жайлауға көшу.
* Қыз көші. Ұзатылып бара жатқан қыздың жасау-жабдығын артқан көшті төркінінен алыстағанша қыз көші деп аталады. Мұндай көш мейлінше сәнделген және құрамы басқа көштерге қарағанда шағын келеді. Онда ұзатылып бара жатқан қыз бен оның анасы екі жақтағы құдалар мен күйеу жігіт және оның жолдастары мен құдалыққа барғандар ерекше сәнді ғұрыптық киімдерімен бірден байқалады.
* Келіншек көші. Ал шығарып салушылар қоштасып кері қайтқан соң шартты түрде келіншек көші деп аталады. Ондай көштің барар жері алыс болса көшті қорғаушы сайлауыт жігіттер ере жүреді.
Қазақта әсем безендірілген, қызықты-думанды өтетін көшті сыртқы көрінісіне қарап сәнді көш немесе салтанатты көш деп айтады. Қыз көші немесе келіншек көші, жайлау көші ел арасында сәнді көш ретінде қарастырылады.Қазан төңкерісіне дейін қазақ тұрмысын зерттеген орыс ғалымдары көштің мәніне, мақсатына, бітіміне және болмысына айырықша ден қойды. Соның ішінде, олардын назарын ерекше аударған көш салтанаты болды.Атбасар уезі қоныстану басқармасының статисті Л.К. Чермактың қазақ көшіне берген сипаттамасы қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тұрмысы мен мәдениетіне арнап көптеген сурет салған атақты Н.Г. Хлудовтың «Салтанатты көшімен» үндеседі. Таңдаулы түйелерді әсемдеп әшекейлеп жүк, тең артылып, оған кілем-кілемшелермен жабылған. Көліктің бұйдасын ұстаған сәнді киінген әйелдердің, жорға-жүйрікке мінген жігіттердің жүрістері мен әуелете салған жыр-күйлері бай ауылының әлеуеті мен салтанатын паш етеді. Сауықшыл қыз-жігіттер домбыра алып, жол бойы ән салып, көштің салтанатын асырады. Жол бойы әңгіме қызып, әзіл-қалжың жарасып, думан асқақтай түседі. Салтанатты көштің бағыт-бағдары, қай ауылдың, қай рудың екендігі «ұзынқұлақ» арқылы әп сәтте жан-жаққа тез тарайды. Байлар ауылының жалшы, малшы, сауын сауатын адамдары көштің соңын ала жүреді.Жолай кездескен жұрт, кімнің ауылының көші екендігін біліп, сый-құрметін көрсетеді. Көштің барысын далада кездескен жолаушы немесе тұсынан өткен ауылдар тамашалап, алыстан «мынау бәлен ауылдың көші екен» деп тамашалайтын әдет бар. Мұндайда көшкендер сынға ұшырап, сөгіске қалмауға тырысады.
* Қаралы көш. Кісінің қайтыс болғанын әйгілейтін, әлі де болса қара жамылып бара жатқандығын білдіретін ерекше белгілері бар көшті – қаралы көш деп атаған. Мұндай «көш жүргізгенде «тұл» атты ерттеп, оған тұлдың (сұлбаның) «бұты» мен «аяғын» ерге тірі адамдай орнықты қондырып, үстіне шапанын жауып, қамшысын қыстырып, тымағын ердің алдыңғы қасына іліп, әлгі «салт аттыны» марқұмның бәйбішесі қыздарымен мен келіндерімен бірге көштен оқ бойы алда жетекке алып жүреді. Ал, қыздары бөріктерін теріс қаратып киеді. Жол-жөнекей кездескен ауылға жақындағанда дауыс қылып, жоқтау айтылады. Ауыл адамдары қаралы көшті тоқтатып, жұбату сөздерін арнаған соң дәм-тұзбен сыйлайды».
* Үркін көш. Ауыз әдебиет мен сөз қолданыстарында жиі айтылатын бұл ұғым туралы түрлі пікірлер бар. Үркін көш деп жұртың (ауылдың, тіпті рудың) белгілі бір саяси, әскери жанжалға байланысты, сондай-ақ, аса қауіпті індет шыққанда елдің мезгілсіз уақытта аяқ астынан көшуін айтады. Бұл жаугершілік заманындағы жаудан құтылу, тұтқиылдан жасаған шабуылдан қашу үшін зұлмат, қуғын-сүргін заманында жиі орын алған. Ал қатерлі ауру тарағанда ауру адамдарды қалдырып көшіп, індет тараған аймақтан ұзап кетуге тырысқан. Мұндайда ауыл-аймағымен берілген дабыл бойынша аз уақыттың ішінде үдере көшеді. Ондайда сән-салтанат жоқ, жанды аман алып қалу үшін малды жеделдете айдап жүреді. Мұндайда артық жүктерін жұртқа қалдырып, мүмкіндік болса көмбеге көміп кеткен. Мұндайда суыт жүріске ілесе алмайтын малдар да қалдырылған.
* Салқар көш. Орыс отаршылдығы тәртібінің қазақ өлкесіне дендеп орнығуына дейін көшпелі тіршілікте көш жыл бойында толассыз ұйымдастырылып отырылды. Көштің салқар көш деп аталатын түрі сайын далада өте ұзаққа бағытталған күн сайын толассыз көшетін үлкен көштерге қатысты айтылады. Қазақстанның әр аймағында көш жолының қашықтығы әртүрлі болып келеді. Мысалы, Оңтүстік аймақтарда осы қашықтық небәрі 15-20-дан 50 шақырымға дейін болса, батыс аймақтарда, әсіресе, Маңғыстау мен Сыр өңірі қазақтары арасында жайлауға және жайлаудан күзеуге, одан әрі қыстауға көшу 1000-1200 шақырымды құраған.
## Көш жүру тәсілі
* Ерулеп көшу – жол-жөнекей бірнеше күн аялдап, мал мен жанды тынықтырып алу жолымен көшу тәсілі.
* Үдере көшу – тез жиналып, суыт аттану және қажет болғанда «қомды шешіп, теңді шешпей» аялдау жолымен жалғаса беретін көшу жолы. Бейбіт жағдайда үдері көшу тәсілі алысқа бағытталған көштің қолайсыз аймақты көктей өтуі кезінде қолданылған. Өйткені қар суы кетпей тұрып Бетпақдала, Мойынқұм, Борсық құмы, Маңғыстау, Үстірт, Атырау маңы ойпаты, Қызылқұм сияқты табиғаты қолайсыз аумақты басып өту үлкен ұйымдастырушылық шеберлікті талап етеді. Қазақтың көшпелі қоғамын зерттеуге өшпес үлес қосқан профессор С.Толыбеков түс ауғаннан соң басталған көшті үдере көш ретінде қарастырды.
* Тасымалдап көшу. Көшуге көлік жетіспеген жағдайда тасымал тәсілмен көшеді. Оның мәні ауылдың бір бөлігі күнделікті тұтынбайтын артық жүктерін барар жерге күнібұрын апарып тастап, ертеңінде баспаналарды тасиды. Мұны кейбір өңірде жүк салып көшу деп те атайды. Мал жұттан шыққан жылдары көлік тапшылығы айқын сезілетіндіктен, ауылдың бір бөлігі алдымен көшкен соң арттағы малшы, қосшы, жарлыларға көлік жіберіп көшірді. Мұндай, бөлініп көшу де тасымал көш түріне жатады.
## Көшке дайындық
### Көш көліктерін сайлау
Көш жақындағанда мінетін аттарын ұстап дайындайды. Көште жаяу жүру немесе ер-тұрмансыз жайдақ атқа міну адамға үлкен мін, тіпті қорлық және ауылға сын деп есептелген. Көшер уақыт жақындағанда балаларға жылқыдан тай, түйеден тайлақ ұстап, алдын ала үйретіп дайындайды. Ауқатты шаңырақ мүшелері, әсіресе ерлер жағы жылқы ішінен өздері таңдап ат ұстап, жаратады. Ал көш басталардан 3-4 күн қалғанда жылқыдан қауымның басқа мүшелері мінетін жуас аттарды ұстайды. Оларды көшке дейін қаңтарып, арынын басады. Егер көш ұзаққа жалғасқан салқар көш болса жүк артатын атан, түйе, өгіздерді оншақты күн бұрын ұстап дайындайды. Оларды жын-тоғын бастыру, қаңтарып, матау, суға салу, жарату сияқты тәсілдермен ұзақ жүріске дайындайды. Өйткені, тоқ малды жұмысқа салса, түрлі аурулардың тууына себеп болатындығы белгілі. Байлап отырған биелерді көштен бір күн бұрын ағытып қоя береді.
### Көшті аластау
Қыстаудан көшерде ерекше ғұрып – тазару шарасы атқарылды. Шараның түптамыры тереңде. Байырғы түсінік бойынша, бір жылды шартты түрде қыс пен жаз немесе жылы және суық маусым деп екіге бөлген. Қазақтар қара түсті, суық, қолайсыз, түнек сияқты сипаттарды қысқа телиді. Қыс жыл бойында қаратүнек (түн) тәрізді адамға қас, кереғар жамандықтардың белең алатын кезі. Яғни, күн қысқа, түн ұзақ, күннің нұры аз, аяз қатты, сондай-ақ қар, мұз, жел, боран төрт түлікке де, адамға да аса үлкен қолайсыздық тудырады. Көп ретте үлкенді-кішілі жұт малдың бір бөлігін шығынға ұшыратып, түрлі ауру, індет өршітіп отырады. Яғни, қыс көшпелі қауым үшін түнек, пәле-жалаға толы қолайсыз кезең болып саналады. Қыстаудан көшерде қыс бойғы барлық қолайсыз әсер, жағымсыз күштердің ықпалынан құтылудың бірден-бір тиімді жолы – отпен аластау.Қыстаудан қозғалардың алдында таңертең ерте (кейбір деректерде көшердің алдыңғы күні қас қарайған соң) қыстаудың маңынан лаулап жағылған екі оттың арасынан төрт түлікті айдап өткізеді. Ертесінде жүк артылған ат, атан, өгізді, оларға жегілген арбаны және салт аттарын жетектеген қауым мүшелері де от арасынан жүріп өтеді. Кейбір деректерде бұл ғұрыпты көктеуден жайлауға қарай бет түзеген кезде де атқарған деген мәлімет кездеседі. Көш керуені мен мал көктемгі қоныстан 5-6 шақырым ұзаған соң аялдап, аластау шарасын жасаған. Отпен аластаудың мәні – мал мен жанға жабысқан түрлі пәле-жалалар мен жын-шайтандарды оттың көмегімен аластап, тазалану. Аластаудың екінші түрі – магиялық ерекше күші бар деп саналатын керілген ала арқанның астынан төрт түлікті айдап өту.
### Жүк арту
Көшетін күні таң ата, киіз үйді жығудың қамына кіріседі. Үзік, туырлық, түндік сияқты киіз жабындары алынған соң олар ретпен бүктеліп, жүк көліктеріне тепе-тең қылып артуға ықшамдалады. Керегелерді көбінесе екі-екіден беттестіріп, уықтарды шамамен 18-25 топтап буады. Олардың бас-аяғына керегеқап, уыққап деп аталатын қаптар кигізіледі.Жүкті теңдеудің өзіндік тәртібі бар.Алты қанатты киіз үйдің керегесін үш-үштен екі тең жасайды. Мұндай сегіз қанатты киіз үйдің уығының саны шамамен 110-нан асады. Уықтарды 15-20 дан көтергенге ыңғайлы етіп буып, салмағын бірдей жасайды. Сол сияқты салмақтары шамалас келетін, іші толы абажа, сандық, кебежелер олардың екі қапталын қажап, жараламас үшін текемет, сырмақтарға оралады. Киіз жабынның ішіндегі үлкен үзіктің екеуі бір тең болады.Дайын болған жүктерді түйеге теңдеп арту үшін қом арқан мен тарту арқан екеуін қатарластырып тастайды. Олар қолқа деп аталатын киізден жасалған киімнің жеңі тәрізді тұйықтан өткізіп, ұштарын жазады да, оған түйені әкеліп шөгереді. Қолқаның мәні қатты тартылған арқан төсті қажалудан сақтайды. Буылып, дайындалған теңдерді артумен машықтанған адамдар айналысады.Жүк арту үшін киіз үйдің туырлығын үш бүктеп, түйеге қомдық жасайды да, оның екі жағына кереге немесе буылған уықты екі жағынан ұстап тұрып, қолқадан өткізілген екі арқанның бірі – қом арқанмен байлайды. Ол кереге не-месе уықтың екі басынан байланады және «белге салып» қатты тартылып бекітіледі. Онан соң үшінші арқан – тең арқанның бір жақ ұшын тұйықтап салып, оған түйенің екі қапталына екі үлкен теңді әкеліп қойып тұрып, тұйық жағынан өткізіп, екінші ұшымен байлайды. Мұндай тең тепе-теңдік сақтап тұрады. Осыдан кейін үлкен екі теңнің арасында пайда болған «шұңқырға» ұсақ дүниелерді – дорба, алақап, қанар және т.б. қаптарға салып толтырады да, ең үстіне көш сырмағын жабылады. Осылай жүк артылып болған соң түйе төсінің астынан қолқа киізден өткізілген тарту арқанды жүктің ту сыртынан тартып байланады. Көштің басында жүретін шаңырақ түйе немесе бастүйеге көш сырмақ жабылған соң үстіне шаңырақ артылады. Бірақ, шаңырақ арқанмен байланбайды, желбаумен ғана бекітіледі. Бұл шаңырақты сынып қалудан сақтандырады.Бай ауылының көшінде 15-20 түйеге, ауқатты қазақтың отбасы оншақты, орташа отбасы 5-6 түйеге жүктерін артқан. Ал, мініс көлігі отбасы мүшелерінің санына қарай шамамен 8-15 тіптен онан да көп болуы мүмкін. Өздігінен атқа міне алмайтын ойын балалары жуас түйеге тиелген, аузы ашық көш кебежелерде отырады. Сол сияқты үлкен сабаларды түйеге артқанда оны сабааяқпен қоса теңдеп артқан.Нар түйенің үстіне арнайы жабдықтап артқан жүк теңдердің арасына отыруға ыңғайлы болу үшін қоршалаудеп аталатын арнайы орын жасалады. Оған жасы үлкендер немесе салт атқа мінуге шаршайтын балалы әйелдер отырады. Жүкті теңдеп күш көлігіне артқанда түйенің бауырындағы тең арқанға 20-25 см шамасындағы имек ағаш ілініп қойылады. Ол бұрау ағаш немесе тоғанақ деп аталады. Осы ағаштың көмегімен теңнің босаңсыған арқанын бұрап тартып қояды.
## Көштің жүруі (қозғалысы)
Жүк артылған атандары мен оларға жегілген күйме, арбалары жұбын жазбай баяу қозғалып отырады. Дәстүрлі ортада қалыптасқан құндылықтар мен нормалар көш барысында қатаң сақталады. Ерлер жағы да әлеуметтік дәрежесіне сай өз ішінен түрлі топ тәрізді оқшауланған топ құрады. Көштің алдында оқшау жерде жылқы, бір бүйірде – көшбасшы топ жүреді. Көшбасшыға жақындау жерде елдің игі-жақсылары мен әнші-күйші, сал мен сері сияқты өнерпаздар жүреді. Оларға іргелес сәнді киініп, саят құстарын қолына қондырып, тазы иттерін ерткен, қару-жарағын асынған сайлауыт жігіттер сейіл-серуенге шыққандай сән құрады. Көш барысында малшы-қосшы ерлер қоныс шалу, мал айдау жұмыстарын атқарады (жүгі ауған түйені шөгеріп түзеу, тоғанақтарды реттеу, арық-тұрық немесе ауырған малды емдеу және арбаға тиеу, ас-тағам әзірлеу, майлы құрым киізді сүйретіп, алдағы көш жолын тазарту шарасын жүргізу және т.б.).
## Көшті басқару және ұйымдастыру
Ауылдың беделді, шешен, мәмілегер көпті көрген адамы көшбасы болады. Көшкен елдің мал мен жанын көштің қозғалуынан бастап, қонатын жеріне дейін аман-есен, әрі тиімді ұйымдастыру көшбасыға тапсырылады. Жол-жөнекей көштің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көш жолындағы өріс пен суат, құдықтарды пайдалану және басқа қанаттаса көшіп бара жатқан ауылдармен көш үрдісін үйлестіру көшбасы басшылығымен ер азаматтар атқарған.Көш барысында теңдерді артудағы кем-кетіктері болса, ретке келтіріп түзеп, ары қарай жүре берген. Халық ауызында «көш жүре түзеледі» деген сөз орамы осыған байланысты қалыптасса керек.Көш жолындағы жер оты сиреген сайын көш жылдамдата жүреді. Жеделтетіп айдау малды албарынды, қызылмай ететіндіктен көш екпінін аса тәжірибелі көшбасы белгілеп отырған. Көш барысында өрісті алмастырған сайын алуан түрлі отқа (ақ, боз, балғын, ащы, қара) жайылып, сор-тұзға қанған мал күйі арта түседі.Көш бұталы, шилі өңірді басып өтуге тура келсе, қолдарына майлы құрым киізді ұстап бірнеше жігітті аттандырады. Ондай жерлерге киізді ерсілі-қарсы сүйретіп кене, бүрген, қашық тәрізді қауіпті жәндіктерден тазартады.Көш жол бойында кездескен өзендердің арнайы өткелдерінен кешіп өтіп отырған. Ал өткелі жоқ өзендерден арнайы көпірлерден өткен. Көпірлері жоқ үлкен сулардан жүктерімен, кейде, барлық малдарымен бірге қайықпен немесе салмен өтіп отырған.
## Көштің жолда аялдауы және түнеуі
Көш межелі орынға жетіу үшін жолда аялдап, түнеп, тіптен бірнеше күн ерулеп отырады. Көштің басшысы қонатын жерге алдын-ала шөптің басын буып немесе құрық шаншып белгі салуды тапсырып отырған. Мұндай белгі салынған жерге өзге рудың көшінің ерулеп қонуына тыйым салынған. Сол сияқты қонған кезде өзге рудың белгісі бар құдығының басына аялдамауға тырысқан.Түнеу. Таңертеңгі салқынмен қозғалған ауыл көші малдың ыңғайына қарай жеткен жерге аялдап түнейді. Ондайда мал қоралауға ыңғайлы жер таңдалады. Алдымен үй жиһаздары артылған түйе шөгеріліп, түйеден жүк түсіріледі. Онан соң үйдің ағаш қаңқалары мен киіз жабындары түсіріледі. Яғни, киіз үйді тігуге қолайлы жағы қарастырылған. Көш жолай бір қонып жететін жер болса, қазақтар ара қонып жететін көш, яғни, жақын жердегі көшке балайды. Мұндай жағдайда теңдер мен ораулы шешілмейді. Түнеген кезде уақытша жеңіл баспана түрлері тігіледі. Жылы уақытта малшы-қосшылар малды күзете далада түней кетеді.
## Көштің ерулеуі
Жазба деректерге қарағанда 3-5 күн қатарынан аялдамай жөңкілген көш оты мен суы келіскен кең алқапқа жеткен кезде бірнеше күн тұрақтаған. Көштің бұндай аялдауын – көштің ерулеуі деп атайды. Теңдерді шешіп, тігуге және жығуға жеңіл баспаналар тігіледі. Көбінесе, 6-8 уықтың басын буып көтерген соң 3-4 қанаттан керілген керегеге бекітіп, киіз жапқан жолым үй тігілген. Адамдар бой жазып және малдарын түгендеп, тынығады. Ауыл малдарын сауып, тіптен жұмыс күші жеткілікті болса, биебау желісін қағып, құлындарын да байлайды.
## Көштің сәні мен салтанаты
Қазақ арасында көш ертеден сән мен салтанаттың көрінісі саналған. Көшті кез келген қауымның, рудың немесе атаның «мал мен жан» санының көптігі, ауқаттылығы, күш-қарымы сынға түсетін тұсы, яғни, бүгінгі ұғыммен бейнелеп айтсақ «салтанат шеруі» десе болады. Көшпелі ортадағы байлық, бақыт, құт, елдің берекесі мен ынтымағы сияқты сан алуан дәстүрлі қағидалардың көрінісі ретінде қабылдауға болады.Көш барысында адамдар бар жақсысын киініп, әшекей бұйымдарын тағынады. Әйелдер мен бойжеткен қыздар таңдаулы аттарын мейлінше безендірілген ер-тұрмандарын салып мінеді. Бұл көріністер адамдардың жасы, әлеуметтік дәрежесін айғақтап тұрады.Түйелер ауылдағы шаңырақ иесінің әлеуметтік дәрежесіне қарай бір-біріне тіркеліп, тізіліп сап түзейді. Кезінде қазақ көшінің салтанатын көрген еуропалықтар мен орыс зерттеушілерін таң қалдырған керуеннің ерекшелігі бұйдасымен бір-біріне тіркеліп қаз-қатар тізілген түйелердің өздігінен жүріп отыратындығы болған. Ауыз әдебиет үлгілеріндегі «көштің сәні келмейді, түйесі жоқ» (К. Әзірбаев) деп келетін жолдар дәстүрлі ортада үлкен «сахнаға» саналған көштің сәнін келтіруде жүктерін артқан түйенің маңызы ерекше болғандығының мысалы болып табылады.Жүк артылған түйелерге көш салтанатына арнап арнайы оюлап, кестелеген асмалдық, жабазы, кежім, қуырша сияқты сәнді жабу түрлерін немесе кілем-кілшелер мен арнайы көш сырмақтар жабады. Сонымен қатар, түйелердің мойынына күлтеленген бау, жібек шашақтар да ілген. Абажа, әбдіре, кебеже және сандықтар өзіне лайық сәнделген қаптарға салынып артылады.Көш салтанатында бас түйені ерекше сәндейді. Оған таңдалған сымбатты, ақ түсті түйеге шаңырақ ас-тағам салынған төртқұлақты кебеже, асадал артылады да, оның төрт бұрышына арнайы сәнделіп жасалған айырықша белгі – қарқара орнатылады. Мұндай қарқара кейде нардың өркешіне салынған кәтептің үстіне де қондырылады. Ол дәстүрлі түсінікте зор, биік, ерен, дарабоздықты, көштің сәнін андағайлап тұратын белгі орнында жүрген. Қарқара көш керуенін тіл мен көздің сұғынан сақтайды деген сенім болды. Мұндай көшті ел ішінде "қарқаралы көш" деп те атаған.Көш керуенінің бас бұйдасын ауылбасының немесе рудың ең ықпалды немесе дәулетті адамының жолы үлкен анасы, ол болмаса бәйбішесі ұстаған (тоқалға немесе келінге керуен бұйдасын ұстау құқы тимеген). Ал, ерекше сәнделген бас түйеге ауылбасының кербез бойжеткеніне мінуге рұқсат етілген деген мәлімет нақтылай түсуді қажет етеді.Малшы-қосшы үйлердің дені көштің соңына қарай қой-ешкі айдаған ауылмен ере жүреді және негізгі көштен қалып бір-екі күн кейін жетуі мүмкін. Ал, көш пен жылқы, сиыр тәрізді аяқты мал озып кетіп, қолайлы жерде 2-3 күн ерулеп арттағыларды күтетін жағдайлар да ұшырасады.Ал орташа ауқатты ауылының көші жұпыны, көлік малдары арық, әшекей безендіру аз, киімдері қарапайым, бала-шағаларын көш кебежелерге салып қойғандығынан байқауға болады. Мал айдаушылар жайдақ атқа мінген немесе жаяу-жалпылы болады. Байлардың көшіне қарағанда, кедейлердің көш керуені қарапайым және мал саны аз болады.
## Мал айдау
Көш жолдары бойында жатқан аумақтағы елдің қыстауы мен қыстық жайылым үшін сақтап қорып отырған қорықтарына жақындау заң бұзушылық ретінде ғұрыптық құқық бойынша жауапқа тартылады. Күнделікті шаруашылық әрекеттерінде бай малы бөлініп бағылса (немесе өз меншігіндегі азын аулақ малын жеке бағатын орташалар да) көш үрдісі кезінде бар малын бірге айдайды. Маусымдық қоныстарға қой мен ешкі отары көштен бірер күн бұрын жая, өргізіліп айдалады. Оған қанаттас сиыр жүреді. Жылқы жусауы бөлек болатындықтан оқшау жүреді.Ұры-қарыдан сақтайды деп кәрі жілікті малдың мойнына іліп қояды. Сауылатын малдарды көш жолында сауу мүмкіндігі ойластырылған. Мысалы, сауын сиырларына желініне желінқап байланады да, бұзаулардың танауына сірге өткізіледі немесе тұмылдырық кигізеледі. Сүтті ешкілердің лақтарының танауына істік, шөрік өткізіледі. Қой мен қозыны реті болса, бөліп жая отырып жеке айдайды. Олар кешкі сауыннан соң жамыратылып, қас қарая қайтадан бөлініп, қозы ауылға айдап апарылған. Яғни, ұзақ уақытқа жалғасатын көш барысында күнделікті қажетті сүт өнімдерінің үзілмеу жағы ойластырылады. Осыған байланысты ел ішіндегі мәлімет берушілер көштің қысқа қашықтықта жүретін қозыкөш деген түрін қой ауыл, қозы ауыл деген бөліс бойынша отыратын ерекшелікпен байланыстырады.Көш барысында көшбасшы керуен жүріп өтетін жолдың бойында басқа бір көштің малының бар-жоғын алдын-ала бақылап отыратын болған. Себебі, бұл өргізіліп бара жатқан мал отары мен келесі бір көштің немесе еру елдің отарымен араласып, мал дауының өршуіне әкеп соғады. Малшылар қоржындарына бірнеше күндік жол азығы – асылған ет, құрт, ірімшік, нан, тоқаш және т.б. салып, жан торсықтарына қымыз, айран, шұбат құйып алады.Көш кезінде біреуге мінгесу де әбестік, қорлыққа саналған. Дегенмен өздіген жүре алмайтын адамдарды түйе үстіне орын сайлап отырғызу, мінгестіріп алып жүру, жатып қалған ауру адамдарды зузамен алып жүру сияқты жағдайлар орын алады.
## Көшке қатысты салт, ғұрып, наным-сенім мен ырым-тыйымдар
Көштің басталу, жүрілу, аялдау, тоқтау, ара қону, ерулеу сияқты сан алуан кезеңдері барысында орындалатын жосын-жоралғылар мен ырым-тыйымдар бар.
* Әуелі қыстаудан мал мен жанды түгелімен лаулап жанған оттың арасынан өткізіп аластау пәле-жаладан тазартады деп санайды. Егер бұл рәсім жасалмаса кейін көшкен жерлерде міндетті түрде жасалуы тиіс. Көш барысында жолай ауру-сырқау шығып, малға ұры-қары тиіссе, ит-құс (бөрі) шапса немесе жүк ауып, көштің мазасын алуын көштің аласталмағандығымен байланыстырылады. Ондай жағдайда жол бойындағы әулиелердің мазарына түнеп, құрбандық шалады.
* Көштің алдын кесіп өтуге тыйым салынған. Өйткені көш қазақ ұғымында киелі болып саналады. Көштің жолын кесуге қатаң тыйым салудың моральдік-этикалық қырынан басқа, ғұрыптық мәні де бар. Мұндай жол кесу ауылдың тіпті, күллі рудың жолын кесуге, ырысын, құт-берекесін шектеуге баланды.
* Көш түстенген кезде, сол маңдағы ауылдың адамдары сусын әкеліп, үй тігісуге қолғабыс жасауы бұлжымас қағиданың бірі болды.
* Көшке ұшырасқан және көшке сусын алып шыққан адамдар көш керуенін көрген кезде «көш байсалды болсын!» немесе «көш көлікті болсын!» деген тілек айтқан соң ғана жөн сұрасады. Сондай-ақ, көшіп бара жатқан адамдарды шығарып салғанда осылай тілектестік білдірген.
* Көш барысында көшіп бара жатқан елдің жас келіндері зираттың тұсынан және үлкен ата ауылдардың жанынан аттан түсіп, жаяулап өтетін болған. Бұл қазақ қоғамындағы қалыптасқан моральдық-этикалық құндылықтардан туындайтын ереже ғана емес, сонымен бірге руаралық қатынастардың нормаларын айғақтайтын ата-баба жолына бекем екендігінің «көрсеткіші» ретінде бағалауға тұратын қағидалардың бірі.
* Бөтен елдің көшіне шабуыл жасау ғұрыптық құқық заңдары бойынша қатаң жазаланатын аса ауыр қылмыс болып есептелінді. Көш тонаған басбұзарларды елден аластаған, тіпті, өлім жазасына да кескен. Халық ұғымы бойынша, көшке тиген адамның өзі де, үрім-бұтағы да оңбайды екен деседі.
* Көшке сусын алып шығу. Көш ауылдың жанынан өткен жағдайда тұрғындар керуеннің алдынан сусын алып шыққан. Қазақ дәстүріндегі рухани құндылықтардың біріне саналатын бұл ғұрыптың түп төркініні Алаштың бөлінбеген еншісі жосынымен байланысты. Мұны елдің бірлігі мен руаралық қатынастарды күшейтудің ғұрыптық тәсілі ретінде де қарастыруға болады. Әрі жөн-сұрасу, білісу арқылы жан-жақты ақпарат алмасудың түрі ретіндегі маңызы да зор. Көшті көргенде отырған ауылдың дәм алып алдынан шығуы, шаршап, шөлдеп келе жатқандарға үлкен қолдау болып табылады. Дәстүрлі ғұрыптық құқық бойын-ша көшке құрмет көрсетпей, сусын алып шықпаған ауылбасылары ат-шапан айыпқа тартылатын болған. Сусынды кесе, шараға құйып әуелі көштің көшбасына, көш бұйдасын ұстаған бәйбішеге, сонан кейін жасы үлкендерден бастап, жастарға қарай ұсынады. Мұндайда ұсынған ақтан әуелі ат жалына бір-екі тамшы тамызған соң барып ішеді. Сусынды ішкеннен кейін рақмет айтып, әйелдер ыдыстың ішіне тана, түйме, сөлкебай сияқты заттар салып қайтарады.
* Ерулік беру. Көшіп келе жатып түнеген ауылдың ертеңінде жүктері тиелмегендігі, үйлері тігулі тұрғандығы оның ерулеп отырғандығын білдіреді. Ондайда ата-баба жолымен жақын отырған ауылдың тұрғындары ерулік әкелуге міндетті саналады. Ерулікке соғым етінен дәм, қазы-қарта, сыбағалы жіліктерге қоса, алуан түрлі дәмді тағамдар, қымыз әкелінеді. Оны ауылдың жөн білетін үлкендері бастаған жас жігіттер мен келіндері алып келеді. Мұндай дәм әкелген ауылға көштегілер қарулық деп аталатын сый кәде жасайды. Бірақ, көшіп бара жатқан елден үлкен қарымта дәметпейді. Осы жайтқа байланысты қазақта «көшкен елдің көмеші болса, ерулі елдің ерулігі бар» деген нақыл сөз қалыптасты.
Жаз бойы қызық думанды өткізген қауым жайлаудан көшерде бір-бірін арнайы дәмге шақырысып қоштасады. Кейбір өңірлерде «айырылыс көже» деп аталатын дәм беріледі. Көшпелі өмірінің ең мәнді кезеңіне саналатын жайлаудан бас-аяғы бірнеше күнде ел-жұрт ошарылып көшеді.
## Жаңа қонысқа қону
Жаңа қонысқа қонып, үй тігіп жатқан кезде келген адам «қоныс жайлы болсын, кереге басы майлы болсын!» деген тілек түріндегі сәлем айтады. Ондайда келген адам үй тігу жұмыстарына қолғабыс етуі тиіс. Әйтпесе, болашақ баласының белі бүкір болып қалады деп ырымдайды. Бұрын келген ауылдар өздерінен кейін келгендерге ерулік әкеледі. Ес жиып, дамылдаған соң көшіп келген ауыл сый-сияпат көрсеткен ауылдың адамдарын қарымтаға, кәделі асқа шақырады.Ұзақ уақыт отыратын қонысқа кең, сулы-нулы алқап таңдалады.Қоныста бай ауылы белгіленген ретпен тігіледі:
* Алқа қотан жасаған ауылдың жел жағында немесе бас жағында бай шаңырағы мен ауылдың жасы мен жолы үлкен қара шаңырақтар сап түзейді. Оларды айналдыра үлкенді-кішілі отаулары шежірелік реттілік бойынша жағалай орналасады. Ауылдың малы мен жолаушы, жүргінші келетін жағы ашық қалдырылады.
* Көп малы бар бай ауылының малшы-қосшы, жалшы және сауын сауатын ағайындары ауылдан сәл оқшау отырады.
* Байдың үйінің айналасына қонақ күтетін боз үй және ас-суға арналған қара үй, абылайша, жаппа, күрке, қос, ұраңқай сияқты баспананың қарапайым түрі тігіледі.
* Ауқатты, сән-салтанатты, мейманасы тасыған жуан ауылдар да ауқымды болып, іргелі екендігін сырт көзге бірден білінеді. Олардың арасында елдің игі жақсыларымен қатар, ұста, шебер, емші, молда, саятшы сияқты әлеуметтік категориялардың отбасылары қатар қоныс тебеді.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Букейхан А.Н.Казахи Адаевского уезда. Казаки. Антропологические очерки. Издание особого комитета Академии наук по исследованию союзных и автономных республик. Л.: АН СССР, 1927. С.59-83;
* Руденко И.С. Очерки быта северо-восточных казахов. Казаки. Сборник статей антропологического отряда Казахстанской экспедиции АН СССР. Исследование 1927 г. Л.: АН СССР, 1930. С.1-72;
* Руденко И.С. Очерки быта казаков бассейна рек Уила и Сагыз. Казаки. Антропологические очерки С.Ф.Баронова, А.Н.Букейхана и С.И.Руденко. Л.: Издание особого комитета АН по исследованию союзных и автономных республик. АН СССР, 1927. С7-32. С.1-72;
* Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
* Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в нач. ХVII-нач. ХХ века (политико-экономический анализ). Алма-Ата: Наука, 1971;
* Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы: Қазақстан. 1974;
* Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата:Наука Казахской ССР, 1980;
* Халиди Қ. Тауарих хамса: Бес тарих. Аударғандар: Б. Төтенаев, А. Жолдасбеков. Алматы: Қазақстан, 1992;
* Әлімбай Нұрсан. Қазақтың өлікті жөнелтуге байланысты жосын-жоралғыларының этномәдени проекциясы. ҚР ҰҒА-ның хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1994. №1. 36-48 бб.;
* Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов. Основы жизнедеятельности номадного общества. М.: Горизонт, 1995;
* Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. Алматы: Ғылым, 1998;
* Алимбай Нурсан. Община как способ жизнедеятельности кочевников: о механизме реализации социальных отношений в кочевой среде. Отечественная история. 1999. №1. С.59-70;
* Хлудов Н.Г. Шығармалар каталогы: кескіндеме және графика (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Жобаның жетекшісі, кіріспе сөзінің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: Эффект, 2003;
* Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Атамұра, 2010; ҚӘТС. 8-том. Алматы: Арыс, 2007. |
Ипполит Михайлович Крашенинников (1.10.1884, Ресей, Челябинск қаласы – 27.10.1947, Санкт-Петербург қаласы) – геоботаник, биология ғылымының докторы (1934), профессор (1939), РКФСР-дің еңбек сіңіргең ғылыми қайраткері (1947). *1914 жылы Мәскеу университетінің физика-математикалық факультетін бітіргеннен кейін 30 жылдан аса Петербург ботаника бағында, кейінірек КСРО ғылым академиясының Ботаника институтында және жоғары оқу орындарында қызмет атқарды. Крашенинников – К.А.Тимирязевтің шәкірті, ол фотосинтез процесі кезінде өсімдіктің күн сәулесін сіңіретіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Оралдың, Қазақстанның, Дон өңірінің, Кавказ алды үстіртінің, Батыс Сібірдің, Байкал сыртының және Моңғолияның өсімдік дүниесін зерттеу экспедицияларына белсене қатысады.
* 1908 жылы Крашенинников топырақтанушы Ф.И.Левченкомен бірге Торғай үстіртінің Солтүстік бөлігінде, Маңғыстау, Ембі, Шалқар, Ырғыз, Нұра маңында ботаникалық-географиялық зерттеулер жүргізді.
Өзі жинаған және бұрынғы геоботаникалық мәліметтерді қорытып, Қазақстанның жазықтық бөлігінің өсімдік белдемдері картасын (1923) жасады, «Қырғыз (Қазақ) республикасының өсімдік жамылғысы» (1923), «Қырғыз (Қазақ) далалары ботаникалық-географиялық анализ бен синтез объектісі ретінде» (1925) атты еңбектерін жариялады. Қазақстанның жазықтық бөлігін табиғи белдемдер, облыстар мен аудандарға жіктеді. Крашенинников өзінің еңбектерінде өсімдікті ландшафтың басқа құраушыларымен, әсіресе, жер бедерімен тығыз байланыста қарастырады. Оның палеогеографиялық зерттеулері де өте құнды. Крашенинников мұзбасу дәуірінде қайың – қарағай – балқарағай орманды далаларының кең таралғанын анықтады, орман мен дала ландшафтарының арақатынасы мәселелеріне үлкен көңіл бөлді.
## Дереккөздер |
Павел Николаевич Кузнецов(1909 – 1957) – 7 тайызда Шығыс Қазақстан облысының Солдатское селосында туған. Өскемендегі приход мектебінде, Семейдегі 2-басқыш мектепте оқып, білім алған.
20-жылдардың аяғынан журналистік қызметте болды. 1938—1944 жылдары «Литература и искусство Казахстана» журналының редакторы болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1941 — 1943 жылдары 8-гвардиялық дивизияның «За родину» ғазетінің редакторы, 1943 жылдан «Правда» ғазетінің тілшісі.
«Сом алтын» (1937), «Ертіс жағасында» (1940), «Майдан лирикасы» (1942), «Солдат дәптері» (1944), «Жол соқпақтары» (1946), «Жол дәптері» (1962) атты өлең кітаптардың «Алтай тауларында», «Торғай даласы», «Панфиловшылар» (1942 — 1943) атты поэмалардың авторы. «Алматыдан Берлинғе дейін» (1945), «Ұлы достық» (1948), «Тастағы гүл» (1967) атты очерк, әңгіме, повесть жинақтары шыққан. Жамбылдың өлеңдерін, айтыстарын, «Сұраншы батыр», «Туған елім», «Менің өмірім», т.б. поэмаларын (1936—1945) орыс тіліне аударды. Жамбыл өмірі жайлы «Бақытын тапқан адам» атты тарихи роман жазды (1950, қазақ тілінде — 1959). Романға Жамбыл атындағы республикалық I сыйлық берілді (1953).
Қызыл Ту, I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Кунгур Жылнамасы, Сібірлік қысқаша Кунгур жылнамасы – 16 ғасырда жазылған Сібір жылнамасының бір бөлімі. Ермактың Сібірге жорығына қатысушылардың бірі жазған. Кунгур Жылнамасының толық мәтіні сақталмаған. Кунгур Жылнамасы Ермак жорығын толығымен суреттеп жазған әрі Сібір халықтары туралы бағалы мәліметтер береді. Жылнамаға қазақ тілінің стилі тән.
## Дереккөздер |
Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин - (20.9.1891, бұрынғы Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы – 7.3.1938, Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылы) – қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері.
* 1911 жылы ауыл мектебін,
* 1913–1917 жылдары Қапал ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Лепсі қаласында Кеңестердің 1-съезіне делегат (1918) және Жер комиссары болып сайланған.
* 1920 жылы «Қытайға кеткен қазақтарды қайтару» комиссиясында жұмыс істеп, Күдериннің тікелей араласуымен Қытайдан 6 мың отбасы еліне қайтып оралды. Күдерин 1921 жылы Жетісу өңірін жайлаған тырысқақ індетіне қарсы емдеу жұмыстарына қатысты. Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1930). Осы университетте оқып жүріп, Түркістанның табиғи ресурстары мен осы өңірді аудандарға бөлуді зерттеумен айналысқан экспедицияға қатысты. Сондай-ақ осы жылдары Күдериннің «Қытайдағы босқындар өмірі» (1920), «Қазақтардың ата-тегі туралы материалдар» (1930) деген этнографиялық еңбектері, «Ботаника» (1927), «Қой мен оның жүні» (1930), «Кендір» (1931), т.б. биол. еңбектері жарық көрді. Ең құнды еңбектері – араб және латын жазуымен тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген «Орта Азиядағы жыландар түрі» (1925) мен «Өсімдіктану» оқулығы.
* 1930 жылы 20 қыркүйекте Күдерин тұтқындалып, Ресейдің Воронеж қ-на жер аударылады.
* 1935 жылы тұтқыннан босап шығып, Алматыға оралады. Қазақ КСР-і Жер халкомының Мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1935–36), «Каучуконос» тресінде нұсқаушы агроном (1936–37) болып қызмет атқарған.
* 1937 жылы 22 мамырда қайтадан тұтқынға алынып,
* 1938 жылы 7 наурызда ату жазасына кесілді.
* 1990 жылы маусымда ақталды.
Алматыда бір көше Күдерин есімімен аталады.
## Дереккөздер |
Курчатов Игорь Васильевич (1902 – 1960) – КСРО-дағы атомдық ғылым мен техниканың негізін салушы, КСРО ғылым академиясының акад. (1943).Курчатов нейтронмен атқылау нәтижесінде пайда болатын ядролық реакциялардың тармақталу құбылысын ашты (1934). Оның басшылығымен Мәскеуде алғашқы циклотрон (1944), Еуропадағы бірінші атом реакторы (1946), дүниежүзіндегі бірінші өндірістік атом электр станциясы(1954) және термоядролық реакцияларды басқаруды зерттеуге арналған аса ірі қондырғы (1958) құрылып, кеңестік бірінші атом бомбасы (1949) мен дүниежүзіндегі бірінші термоядролық бомба (1953) жасалды. Семей ядролық полигонында жүргізілген атом бомбасын сынау жұмыстарына басшылық жасады. Лениндік сыйлықтың (1957), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1942, 1949, 1951,1954) лауреаты. Социалистік еңбек ері атағын үш рет (1949, 1951, 1954) алган. 5 рет Ленин орденімен, т.б. орден және медальдер- мен марапатталган. Курчатов Қызыл алаңдағы (Мәскеу) Кремльдің қабырғасына жерленді. Курчатов есімімен Павлодар облысындағы қала, Санкт-Петербургтегі Физика- техникалық институт, т.б. аталған.
## Дереккөздер |
Күдері Жолдыбайұлы(1861 – 1931) – халық ақыны. К-нің 1916 жыл, Амангелдінің Торғайды алғаны, Ер туды дастандары, Әлібиге, Ахмет Біржанұлына, т.б. өлеңдері, Хамзамен айтысы, көптеген сықақ-әзілдері сақталған. Көтеріліс тақырыбын арқау еткен бірнеше өлеңдерін П.Н. Кузнецов о |
Күдеріқожа Көшекұлы (1820, қазіргі Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы – 1858, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) – ақын.
Қожа руынан шыққан.Ақындық, әншілігімен жастайынан аты шыққан. Күдеріқожаның өзі өмір сүрген тұстағы атамекеннен ауа көшкен ел мұңын жырлап айтқан «Қарқаралы, қазылық», қалмақтардың шапқыншылығына арналған «Абылай ханның қалмақты аударғанына айтқаны» деген өлең, толғаулары бар. Күдеріқожа айтысқа да қатысқан. Оның Ұлбикемен айтысы (1840 жыл шамамен) қыз бен жігіт айтысының жұмбақ аралас келетін көне түріне жатады, халықтың дүниетанымын, философия ой-түсініктерін білдіреді. Күдеріқожаның бұл айтысын В.В.Радлов жазып алып, «Түркі тайпалары ауыз әдебиетінің үлгілері» кітабына (1870) енгізген. Ақынның «Қарқаралы, қазылық» атты толғауын М.Әуезов пен С.Сейфуллин жоғары бағалап, өздері құрастырған хрестоматияларға кіргізген. Күдеріқожаның осы толғауы және Ұлбикемен айтысы «Бес ғасыр жырлайды»атты жинақта жарияланды (1985).
## Дереккөздер |
Күбі – сүт өнімдерін өңдеуге, сақтауға арналған, ағаштан жасалған ыдыс түрі.
## Сипаты
Күбі негізінен дөңгелек пішінді, іші қуыс, биік болып келеді. Көбінесе оның түп жағы кең, аузына қарай қиғаштай сүйірленіп бітеді. Күбінің ағаш қақпағы және пішіні әртүрлі болып келетін піспегі қатар жүреді. Бетіне жабылатын дөңгелек қақпағының ортасында піспектің сабы шығып тұратындай ойығы болады. Сыйымдылығы жағынан сабадан әлдеқайда кішілеу ыдыс. Оны көбінесе сауын малы аз орташа ауқаттылар май шайқауға пайдаланған. Күбіні пісуге және ішін тазалап ыстап отыруға ыңғайлы болғандықтан қымыз, шұбатты баптап дайындауға да пайдаланған. Күн райы ыстық оңтүстік өңірде күбіні көже ашыту, ашымал дайындауға ғана емес, сақтауға қолайлы бұйым ретінде әлі де болса қолданыстық мәнін жоғалтпаған. Күбіге құйылған сүт ашу үшін оның піспегі өткізілген қақпағының аузын мата орамалмен қымтап бітейді. Салқын болса сыртын жауып тастайды. Сүт ашығаннан кейін оны ұзақ уақыт піспекпен піссе, май бөлініп шығады. Осындай майды қалқып алып, қалған іркітін ішуге, құрт даярлауға пайдаланады.
## Күбі түрлері және оны жасалуы
Күбіні жасауға қолжетімділігіне қарай жиде, қайың, арша, емен, тал сияқты ағаштар пайдаланылады. Жасалуына қарай ел арасында шауып және құрастырып жасалған екі түрі кең таралған.
### Күбінің шауып жасалған түрі
Тұтас ағаштан шабылып жасалған, бүйірі сәл шығыңқы келген, келіге ұқсаған түрі. Мұндай түрлерін жасауға қайың, емен сияқты қатты ағаш таңдалады. Көбінесе тұтас қайың кесіндісінің өзегін ұңғып ойып алады. Шауып жасалған күбінің ауыз ернеуі мен түбіне екі кепіл шығырық кигізіледі. Әркім қалауынша сыртын ою-өрнек салып безендіреді. Шауып жасалған күбі түрі.
### Күбінің қиюластырып жасалған түрі
Күбінің қиюластырып жасалған түрі арнайы дайындалған дөңгелек түпке бір-біріне кірігетіндей етіп кертілген жұқа ағаш тақтайшаларды тігінен қиюластыра құрастырылады. Құрастырмалы күбінің сыртынан бірнеше дөңгелек темір құрсау кигізіледі. Осылайша дайын болған күбінің іші тегіс болу үшін алдымен ыстық темірмен қарып, содан соң майлап, түтінмен ыстайды. Сонда шайыры шыққан тақтайшалар өзара ұстасып, бекиді. Күбіні ұдайы тазалап, арша немесе тобылғымен ыстап отырмаса, ақ тағамның дәмі татып кетеді.Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы қорында сақтаулы пісуге арналған күбінің биіктігі 80 см, түбінің шарасы 24 см, аузы онан сәл кішілеу – 15,5 см. Ол тоғыз ағаш тақтайшадан қиюластырылып, сыртынан дөңгелек бес дана темір құрсау кигізілген. Түп жағы бірнеше қабат сым темірмен қосымша құрсауланған. Ол қабығы сылынып, тегістелген, түзу талдан жасалған. Піспегінің басы кіреш пошымды етіп жасалған. Мөлшері – 12х14 см. Оның дәл ортасындағы тесікке ұзындығы 96 см, жұмыр сап бекітілген.
## Өңірлер бойынша түрлері
Күбінің пошымы қазақ жерінің әр аймағында әртүрлі болып келеді: оңтүстік-шығыс өңірлерінде таралған күбілер аласа, бүйірі шығыңқы, ең басты ерекшелігі мойын жағы тарлау әрі, аласалау болады. Биік, әрі тұтас ағаштан ойылып жасалған күбілер Орталық Қазақстанға тән. Оңтүстікте аузы мен түбі бірдей болып келетін түрі де кездеседі. Солтүстік өңірде құмыра тәрізді қыштан жасалған аузы тар түрі таралған.
## Піспек
Күбі піспегінің басы дөңгелек, ашамай немесе төртбұрыш болып келеді. Оның ортасын ойып, піспек сабы жалғанады да, айналасын айналдыра әртүрлі (қиғаш, ойысты, тік, дөңгелек, үшбұрыш) пішіндегі тесіктер тесіледі. Кейбірінің іші қуысталып ойылады. Осындай ойықшалар ақ тағамды пісу, шайқау кезінде майдың бөлініп шығуының жеделдеуіне мүмкіндік туғызады. Күбі піспегінің бастарының әр алуан түрлері.
## Күбіге қатысты наным-сенім, ырымдар мен тыйымдар
* Күбі әлбетте, киіз үйдің немесе қосалқы үйдің сол (қазан) жақ босағасынан орын алады;
* Үйге бас сұққан адам төрге озбас бұрын саба тәрізді оны да пісу ырымын жасаған соң ғана төрге қарай озады;
* Ескірген күбіні отқа жағу, далаға лақтырып тастау жаман ырымға саналады;
* Шаңырақтың ырыздығы мен берекесінің символы ретінде оны қастерлеп таза орынға сақтап қояды.
## Әдебиеттер
* Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков: Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980; Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан.
## Дереккөздер |
Күйе– органикалық заттар толық жанбағанда немесе термиялық айырылуға ұшырағанда түзілетін ұнтақ тәрізді, негізінен, көміртектен (94,5 – 99,8%) тұратын өнім.
К. өлшемдері 9 – 600 нм сфералы бөлшектерден тұрады. Менш. салм. 1,8 – 1,95 г/см³. К. қара бояу ретінде ерте заманнан белгілі. Одан қара тушь пен қара сия дайындаған. Алыну тәсілдеріне қарай К-нің үш түрі бар: каналды К. арнайы камераларда табиғи газдың толық жанбауынан немесе оның мұнаймен қоспасының жануынан түзіледі; пеш К-сі арнайы пештерде майдың, табиғи газдың немесе олардың қоспасының толық жанбауынан түзіледі; термиялық К. арнайы реакторларда табиғи газды ауаның қатысуынсыз термиялық ыдырату арқылы алынады. Өндірісте К. ацетиленді жағу немесе әр түрлі қысымдарда термиялық ыдырату арқылы алады. К. тех. көміртек күйінде толтырғыш ретінде, резеңке, қара пигмент, лак, бояу өндіруде, баспа ісінде қолданылады. |
Күйші — домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы - музыкант. Күйшіні домбырашы, сыбызшшы, қобызшы деп те атайды.
Күйші жөніндегі алғашқы деректер күй атасы Қорқыт (7-8 ғасыр) пен Кетбұға (12 - ІЗ ғасырлар) есімімен байланысты кездеседі. Күйшілер белгілі аспапқа арналған күйді орындаушы және күй шығарып әрі оны өзі орындайтын сазгер болып екіге бөлінеді. Мысалы, сазгер күйшілер: Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Байсерке, Ықылас, Тәттімбет, Мәмен, Өсқенбай, Сейтек, Сүгір, Тоқа, т.б. Күйші орындаушылар: Н.Бөкеііханов, О.Қабшожин, Б.Қарабалина , Т.Момбеков, Л.Мухитов, Р.Омаров, Ы.Хамзин, Ә.Хасенов, т.б.
## Дереккөздер |
Күлшора Жазуы, Күлі Чора жазуы – ежелгі заман ескерткіші. Ұланбатыр қ-ның оңт.-батысындағы Ихе-хушоту ойпатынан табылған. Батыс жағындағы 12, шығыс жағындағы 13 және оңт. жағындағы 4 жол жазу ғана сақталған. Барлығы шамамен 300-дей сөз. Ескерткіш тардуш тайпасының ба |
Күлтабан – ортағасырлық шағын қаланың орны. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының батыс жағында 5 км жерде орналасқан. Бұл төңіректе Төрткүл, Күлтабан деп аталатын шағын қалалардың орындары Шу өзенініңбойын қуалай бір-бірінен 10–15 км жерде орналасқан. Шу–Талас өңірлерінде қазір 200-дей «Төрткүлдер» белгілі болып отыр. Мұндай ескерткіштер Алтайдан Азов т-не дейінгі аралықта кең таралған. Күлтабанды 1948 ж. Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Алынған көзелер, қыш ыдыстардың ерекшеліктеріне қарағанда оның тұрғындары б.з. 10–14 ғ-ларында өмір сүрген деп пайымдалады. Олардың суғармалы егін шаруашылығымен айналысқаны анықталды. Күлтабан қаласына одан бергі уақытта археология зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Кейінгі жылдарда Шу мен Талас өңірлеріндегі (Ақтөбе, Ақсүмбе, т.б.) іздестіру жұмыстары барысында Күлтабан қазба материалдарына ұқсас заттар көптеп табылды. 10–14 ғ-ларда қалалардың пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, олардың әкімшілік, сауда, қолөнер орт-тарының көлемдері, ішкі құрылыстары туралы, қорғаныс жүйесі жайында Күлтабан материалдары көп мағлұмат береді.
## Дереккөздер |
Бернияз Күлеев (1899, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрте болысы — 1923, Ресей, Қазан) — ақын, саясаткер.
## Өмірбаяны
1899 жылы бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші аулында (қазіргі Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның отбасында дүниеге келді. Кіші жүздің Әлім руынан шыққан.
1917-1918 жылдары Орынбор мұғалімдер семинариясында білім алған. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының кітаптарды бастырушы өкілі ретінде Қазан қаласында қызмет істейді. Осы жылдары (1922 жылы) ол Мағжан Жұмабаевтың бір томдық жинағын шығарып, оған «Бастырушыдан» деп түсінік жазған. Мағжан мен Бернияздың өте жақын араласқандықтарына ақын қайтыс болғанда жазған «Берниязға» өлеңі мен «Бернияз Күлеев» деген қазанама мақаласы мысал бола алады. Бернияз Ақтөбе уезіне қарайтын Кіші жүз Әлім руынан. 11 жасына шейін үйінде молдадан сабақ оқыған. 1911-12 жылдары Томаркөл облыстық мектебінде оқыған. Туған әкесі Бекен ол школдан алып, Ақтөбе гимназиясына берсе де, шығынын ауырсынып, қайтып алып, Бөрте болысындағы екі класты школға кіргізген. Бұл школды бітірген соң Бернияз 16 жылы Орынборға барып, даярланып, 17 жылы учительский школға түскен. Апалаң-топалаң заман тәртіпті ғылым алуға ырық бермей, онда бір-ақ жыл оқып, жас бала жеке тұрмысқа, әлеумет ісіне кіріп кетеді. 18-жылы Торғайдың облыстық комитетіне мүше болады. 20-жылы «Ұшқын» газетінің бір жазушысы болады. 1921 жылдан кейін Қазақстан елді ағарту комиссариаты қызметімен Орынбор жаққа анда-санда аз уақытқа келіп-кеткені болмаса, ылғи Қазанда болады. Сол Қазанда қайтыс болады.
## Шығармашылығы
Ақынның өз шығармашылығының кей мезеттерін атамастан бұрын мынадай бір жайды айта кету шарт. Қазақстан Оқу халық комиссариаты Абайдың өлеңдер жинағын даярлауды Берниязға тапсырады. Осыған даярлық ретінде ол «Ақ жол» газетіне арнайы мақала бастырады. Күлеевтің өз айтуынша ол Абайдың тұңғыш жинағына енбеген өлеңдерін толық қамтуды, оның қарасөздерін енгізуді, ақын өміріне байланысты иллюстрациялар беруді, өмірбаянын толықтырып, кеңінен қамтып жазуды мақсат етеді. «Абай кітабын бастыру маған тапсырылғандықтан, мен жәрдемді шеттегі азаматтардан сұраймын. Тізбегін әдемілеп, емлесін түзету сияқты ұсақ-түйегіне мұқтаж болмасақ та, түсіп қалған жерлерін қосып, қарасөзін Һәм басылмай қалған өлеңдерін тіркеп, тәржіме халін толықтыруға қиналып тұрмыз». Бұдан біз Күлеев Абай мұрасын жинап бастыруға айрықша еңбек сіңірген деп қорытынды жасаудан аулақпыз. Бірақ оның Абай шығармаларымен мол таныс болғаны дау туғызбаса керек. Бұған тіпті Күлеевтің өз өлеңдері де куә бола алады. Ол бірталай өлеңін Абай өлеңдерінің ұйқас, өлшемдерімен жазған. Мысалы, оның «Жазғы дала»атты өлеңі «Сегіз аяқтың» өлшем, ұйқасымен жазылған.
Сол сияқты, «Гүләндамға», «Қайда екен» тәрізді өлеңдері Абайдың «Алты аяғының» ұйқас, өлшемдерін үлгі етудің нәтижесінде туған. Бірақ олардан Абай поэзиясының терең халықтық рухы сезіле бермейді, әлеуметтік астар аз. Ақын табиғат көріністерін де әр алуан, адам сезімдерін де жадағай, жалаң қалыпта алып жырлайды.Ал «Жас жүрегіме», «Жырла да зарла, көңілім» тәрізді өлеңдері Абай үнін анық әкеледі құлаққа. Алғашқы өлең «Жүрегім, ойбай, соқпа енді...» және Абайдың жүрек тақырыбына арналған басқа да шығармаларымен сарындас. Абайда:
Б. Күлеевте:
Ал «Жырла да зарла, көңілім» Абайдың «Өзгеге, көңлім, тоярсың...» атты атақты өлеңіне айрықша жақын, ұқсас. Бұған көз жеткізу үшін екі өлеңді салыстырудың да қажеті жоқ. Өйткені, Абай өлеңі әркімге-ақ жақсы таныс. Сондықтан Күлеев өлеңінің кей шумағын келтіріп қаралық:
Абай өлеңіндегі сияқты мұнда да ақынның өз жерінен ем іздеуі, сол арқылы іштей жаңарып түлеуі, рухани медет табуы жайындағы тақырып жырланған. Әрине, осындай жекелеген өлеңдерінің Абай поэзиясымен тақырыптастығына, сарындастығына қарап Күлеевтің бүкіл шығармашылығын Абайдың реалистік дәстүрлерінің арнасында алып қарауға еш болмайды... Нармамбет пен Ғұмар Қарашев сияқты Бернияз Күлеев те Абай өлеңдерінің көркемдік формасын, әр алуан өрнегі мен өлшеуін қолданды.
## Дереккөздер |
Күміс Сандық(«Серебряный ящик с книгами и списками на казахском языке») – 16–17 ғ-лардағы қазақ елінің тарихына қатысты Ресей патшасы архивінде сақталған деректер. Сандық иесі – 1588 жылы орыс жасақтары тұтқынға алған, кейіннен Ресейдің көрнекті әскербасына айналған қазақ сұлтаны Оразмұхаммед. Оны 1598 жылы патша Борис Годунов Қасым хандығының билеушісі етіп тағайындады. 1609 жылы Оразмұхаммед қастандықпен мерт болғаннан кейін кітапханасы мен кейбір дүние-мүліктері патша сарайына өткізілген. Соның бірі сырты күміспен әшекейленіп қапталған – Күміс сандық Оның ішінде 15–16 ғ-лардағы қазақ хандығы жөніндегі кітаптар мен қолжазбалар сақталған. Күміс сандықтағы қолжазбаларды алғаш зерттеген академигі Х.Д.Френ. Ол Күміс сандықты 1822 жылы Азия музейі ашылған кезде қараған. Кейіннен ондағы қолжазбаларды ғалымдар Б.А.Дорн мен В.В.Вельяминов–Зернов, Ә.Х.Марғұлан, т.б. оқып шыққан. №38 патша архивінде сақталған Күміс сандықта Френ көрсеткен тізім бойынша төмендегі қолжазбалар болған: Тарих Туркстани Мухамед бин Гусман; Тарих ал-Иамин Женди (Сырдария); Тарих ал-Чингиз Хафизи Ташкенди; Тарих Чингиз хан; Кисса Чингиз хан; Тарих ал-Жоши (Дешти-Кыпшак); Баян дастан Чингиз хан; Баян дастан Ақсақ Темир; Баян дастан Едіге мырза; Тоқтамыс; Темір-Едіге, т.б. парсы тілінде жазылған кітаптар мен қолжазбалар. Ал түркі – қазақ тілінде жазылғандары: Насапнаме; Дастан би Едіге; Дастан Айсаұлы Әнет; Дастан Ақсақ Темір; «Сиыршы» дастаны; Дастан Қозы Көрпеш – Баян сұлу; Дастан Ораз – Мұхаммед («Тарих-и Рашиди»); Дастан Ұрыс хан; Дастан Темір Құтлығ хан; Қиян Домбауыл мерген шежіресі; Алаш мыңы; Үйсін Майқы би шежіресі; Күрлеуіт Қыпшақ шежіресі; Қыпшақ ордеш Құлмұхамед би; Белгітай шежіресі; Едіге би шежіресі; Орақ – Мамай, т.б. Кейіннен Күміс сандық Азия музейінен Шығыстану институтына өткізілген. Ғалымдар бұл кітаптар мен қолжазбалардың көпшілігінің авторы Оразмұхаммедтің жанында болған би Қадырғали Жалайыри деп есептейді. Оған бір дәлел: «Сиыршы» дастанында жалайыр тайпасының сиыршы бөлігінен шыққан Қ.Жалайыридің ата-бабасының шежіресі таратылған.
## Дереккөздер |
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, жетіген, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
## Тарихы
Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет пен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.
## Сипаттамасы
Домбыра күйлері параллельді, терция, секундына автомат арқылы тартылады. Параллельді кварталар мен квинталар күйге көркем нақыш-бояу берумен қатар оның әуен-саздылығын өсірелей түседі. Күйлердің көлемі әр түрлі болады. Кейбір күйлердің көлемі 150-ден 200 тактіге (мысалы, Боғданың "Боз төбесі" мен Динаның "Әсем қоңыры", т.б.) дейін жетеді.
## Күй мектептері
Қазақ күйлері өзінің құрылыс абылай тәсіліне, орындаушылық дәстүрін қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке бөлінеді. Біріншісі - екпінді қарқынды, музыкалық бейнет жағынан бағдарламалы симфониялық сипатта шығарылатын күйлер (Жантөренің "Шалқымасы", Құрманғазының "Кішкентайы", "Сарыарқасы", Динаның "Бұлбұлы", т.б.), ал екіншісі - терең филос, ой-сырға толы, шертпе күйлер (Тәттімбеттің "Сарыжайлауы", "Көкейкесті" мен "Сылқылдат", Тоқаның "Қосбасары", Сүгірдің "Тоғыз тарауық т.б.). Күйдің идеялық-көркемдік диапазоны кең.
Халық қүйшілері өздерінің шығармаларында адамдарды ("Құдаша", "Айжан қыз", т.б.), жануарларды ("Ақсақ құлан", "Боз айғыр", т.б.), құстарды ("Аққу", "Қоңыр қаз", т.б.), табиғат құбылыстарын ("Ақ боран", "Көбік шашқан", "Сары өзен", т.б.) суреттейді. Бұдан басқа күйлер мазмұнына, характеріне қарай тарихи күйлер ("Ел айрылған", "Ноғайлының босқаны", т.б.), лирикалық күйлер ("Ақ желең", "Байжұма"), аңыз күйлер ("Нар идірген", "Қорқыт", т.б.), қаралы күйлер ("Салық өлген", "Бозінген", т.б.), арнау күйлер ("Абыл", "Дайрабай", "Ғазиз", т.б.) сияқты тақырыптарға бөлінеді. Күй өзінің музыкалық формасы жағынан әр түрлі. Қазақ күйлері ішінен 2-3 бөлімді, сирек болса да 3 бөлімді рондовариациялық синтет. формалардағы туындылар да кездеседі. Күй орындауда қағыс маңызды орын алады.
Қағыс арқылы күйдің ырғақтық мәні мен динамикасын, сыр-сипатын анықтайды. Қол қағыстарында нотаға түспейтін көптеген "сиқырлы" сырлар да бар; олар "жаппай қағыс", "кезек қағыс", "шертпе қағыс", "шұбыртпалы қағыс" болып жіқтеледі. Күйдің көпшілігі - бір бөлімшеде сақталған. Көбіне қолдан қолданылатыны екі бөлікті жөне төрт бөлікті өлшемдер, сондай-ақ 3/4, 3/8,5/8,6/8 т.б. музыкалық өлшемдері де болады. Кей кетерде ауыспалы өлшемдер де кездеседі. Қобыз бен сыбызғы күйлері домбыра күйлеріне қарағанда көп сақталмаған. Қобыз күйлері, негізінен, эпик. мінезде келсе, сыбызғы күйлері табиғат көріністері мен хайуанаттар дүниесін суреттеуге құрылым, оларда әуен-саздылық басым келеді. Сыбызғы күйлері өте шағын. Олардың атаулары да көне. Қобыз күйлерінің құрылымы күрделі болып келеді. Қобыз күйлері Қорқыт атадан бастау алған. Оның шығармаларын бізге жеткізген Ықылас болатын. XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген Абыл, Әлшекей, Әлікей, Байжұма, Байсерке, Баламайсан, Боғда, Дайрабай, Дәулеткерей, Дина, Есжан, Жантөре, Қазанғап, Құрманғазы, Саймақ, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, Тоқа, Түркеш, Ықылас сынды күйші-композиторлар қазақтың ұлттық күй мәдениетінің жан-жақты дамуына мол үлес қосты.
Қазан төңкерісінен кейін күйлер ансамбльдер мен оркестрлерге арналып қайта өңделіп, орындалатын болды. Мазмұны мен түр жағынан да жаңара түсті. Күй сарындары қазақ қомпозиторларының музыкалық туындыларында (опера, балет, симфония, т.б.) бой көрсетуде. Мысалы, Е.Г. Брусиловский "Қыз Жібекте" "Ақсақ құланды", М.Төлебаев "Біржан - Сарала" "Соқыр Есжанды", Е.Рахмадиев "Алпамыста" "Құдаша" күйлерін пайдаланған. А.В. Затаевич, Қ. жөне А.Жұбановтар, Б.Г. Ерзакович, А.Алексеев, П.В. Аравин, А.Сейдімбеков, т.б. күйдің тарихи-теориялық мәселелерін зерттеп, нотаға түсіруге көп еңбек сіңірді.
## Дереккөздер |
Күйек алу, Күйек шешу, Қошқар-текені үйірге қосу – қошқар-текені үйірге (саулыққа) қосу науқанын білдіретін ұғым. Күйек алу ұғымының негізінде, қошқар, текелердің беліне байланған күйекті шешіп алып, отарға бос жіберу жатыр. Күйек алудың басталуы, қазақ жерінің түрлі өңірлерінің табиғи жағдайларына сәйкес қазан, қараша айларының аралығында болады. Шопандар тілімен айтқанда күйек алады (күйек шешіледі) немесе қошқар-теке үйірге (саулыққа) қосылады. Әдетте, мыңғырған қоралы қой жағдайында еркек малға күйек байланбай бөлек бағылатын болған, дегенмен бұл ұғымның қалыптасуы қошқар-текеге күйек байлаумен тікелей байланысты (Күйек байлау).Күйек алу – еркек малды үйірге қосу шарасының өте көнеден сақталып келген дәстүрлердің бірі. Бұл дәстүрдің мәні, күйек жабдығының өсіп-өну, өркендеу идеясының «заттанған» түріне саналатындығымен байланысты болса керек. Өйткені, мал басының көбеюі көшпелі қоғамда әл-ауқаттың бірден бір негізгі көрсеткіші болатын.
## Күйек алу мерзімі
Қазақ жерінің табиғи-экологиялық ерекшеліктеріне байланысты күйек алу әр өңірде әрқалай. Шараның бас-аяғы 10-20 күнге жалғасады. Саулықты қолайлы кезде қашырып, оңтайлы кезде төлдету мақсатындағы ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелер негізінде күйек алудың әр аймақта белгілі бір уақыты қалыптасқан. Күйек алу шарасы оңтүстікте ерте, солтүстік, орталық, батыс өңірлер мен таулы өлкелерде кештеу жүріледі. Бұл, орасан үлкен аумақты алып жатқан қазақ жерінің ауа райының регионалдық өзгешіліктеріне байланысты қалыптасқан. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік-шығыс пен орталық және солтүстік-батыс аймақтарындағы көктемдегі толассыз соғатын боранды кезең күн райының жылынуын кешеуілдетеді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда күн райының жылынуымен жердің көктеуі ерте басталады. Осы факторларға байланысты, күйек алу мерзімінің жергілікті өзгешіліктері болған.Оңтүстік өңірлерден жинаған Ә. Диваев дерегінде «Күйек киізді қазан айында шешіп алады. Саулық қойлар қашқаннан кейін бес ай, бес күн өткен соң төлдей бастап, үш ай сауылады» – деп жазады. Л. Будаговтың сөздігінде қазақтар күйек алу шарасын мизам есебі бойынша, 5-10 қараша арасында жасаған дейді. Бұл күн райы қытымыр, қысы ұзаққа жалғасатын солтүстік пен орталық өңірлерге тән екендігі аян. Осылайша күйек алу науқаны, төлін бес ай көтеретін қой-ешкінің келер жылы, күн жылына, наурыз айының аяғы мен сәуірдің бас кезінде жаппай төлдеуін қамтамасыз ету мақсатында жасалады.Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық тәжірибе негізінде өткізілетін науқан және ырым жоралғысы мол салт. Күйек алу науқанына әр жылдары, есепшiлердің көмегiмен, жыл ерекшеліктеріне байланысты аздаған өзгерістер енгізіліп отырылатын. Осыған орай «Ел күйектi шешiптi, есепшi айтты десiптi» дейтiн (Жансүгiров I.) өлең жолдары да бар. Мұндағы ең басты жайт күн райын бақылап отыратын есепшілер мен қариялардың қыс мерзімінде қардың қаншалықты қалың түсетіндігін, қыстың созылатындығы немесе қысқа болатындығын табиғат құбылыстарына, өсімдіктің жай-күйіне (көктеуі, гүлдеу, ұрықшашуы, сарғайуына), сондай-ақ, аң-құстың әрекетіне, малдың мінез-құлқына қарай отырып шамалап болжауымен байланысты болатын. Сол бойынша, күйек алудың нақты уақыты белгіленетін.Атақты Ә. Бөкейханның жазуына қарағанда қойы көп бай ауылдар күйек алуды кешірек атқарады. Оның мәні көктем шыққан соң мал төлдесе күн райының келеңсіз жағдайына ұшырамайды, төл шығынсыз аяқтанады. Ал, керісінше кедей ауылдардың күйекті ерте шешіп, нәтижесінде төлді ерте алуы, аз малды бағудың жеңілдігімен және төлідің ерте жетілуін қамтамасыз етумен байланысты болған.
## Күйек алу жосынының атқарылуы
Қазақта күйек алу шарасын әдетте, сейсенбі, бейсенбіден басқа сәтті күндердің бірінде жүргізеді. Күйек алуды ырымдап көп құрсақ көтерген, әрі балалары аман-сау өсіп жатқан егде бәйбіше бастап береді. Күйек алу кезінде отағасы қошқардың басын ұстап тұрса, бәйбіше қошқарға мініп тұрып, оның ауызына бір уыс тары салып: «Төл тарыдай көп болсын!» – деген тілеу тілеп барып күйекті шешіп алатын болған. Ә. Диваев: «бәйбіше «сідігің алтын болсын, сүрген қойларың биқадік болсын!» деп айтып, қошқарды саулық қойға аралатып жібереді», – деп жазады. Сондай-ақ, күйекті шешуді ауылдағы ең үлкен әйел де атқаруы мүмкін. Мұның мәнісі, отар төлінің сол ана ұрпағындай өсіп, көбейеді деген сеніммен тікелей байланысты. Бұл ғұрыптық шараны атқару кезінде бедеу әйелдерді қоралы қойдың маңайына жолатпауға тырысқан.Салт бойынша, күйек алынған күн ерекше атап өтіледі. Сол шаңырақтың бәйбішесі дастарқан жайып, ауылдастарына, көрші-қолаңына дәм береді. Бұл салт шашыратқы деп аталған. Ә. Диваев: «бұл ғұрыптық асты, тамақты әйелдерге береді және оның себебі «қойларым ұрғашылап қозыласын дегені болар» деп түсіндіреді.
## Күйек ауды
Күйек алынғаннан кейін малдың қашуы жиілейді, қой ешкілердің қашуының жартысынан асқан шағын "күйек ауды" деп атаған.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Диваев А. Случка домашних животных в киргизском хозяйстве. Этнографические материалы. Вып.7. Легенды, былины, демонологические рассказы, приметы, пословицы и сказки туземного населения Сыр-Дарьинской области. Ташкент, 1901. С.66-75;
* Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. Оренбург: Тургайский обл. стат. комитет, 1895;
* Диваев А. Несколько слов о киргизском хозяйстве. РТ. Сборник, изданный по поводу политехнической выставки. Вып.1. СПб., 1899. С.80-86;
* Букейхан А.Н. Казахи Адаевского уезда. Казаки. Антропологические очерки. Издание особого комитета АН по исследованию союзных и автономных республик. Л.: АН СССР, 1927. С.59-83;
* Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
* Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980;
* Халиди Қ. Тауарих хамса: Бес тарих. Аударғандар: Б.Төтенаев., А.Жолдасбеков. Алматы: Қазақстан, 1992. |
Күндебау– екі рулы ел арасындағы татулыққа берілетін қыз. К. – көне сөз. Қазақ қоғамында жер дауына, жесір дауына, түрлі қақтығыс-жанжалдарға кесім айтқан билер екі жақты бітістіру мақсатында, кейде айыпты жақ қалыңсыз қыз берсін деген үкім шығарған. |
Күлгін топырақтар — жылдық ауа температурасы төмен, жауын-шашыны мол және булануы аз қоңыржай суық белдеулік топырақ. Ол магний мен кальций сияқты көмір қышқылды тұздары аз мұздың тұнбалардан, құмдардан, балшыктан, ұлпа балшықтан және тағы басқа аналық жыныстардан тұрады. Күлгін топырақ қара шіріндіге бай, үстіңгі қабаты едәуір, кейде күшті сілтіленген болады да, ал күлгін қабаты кремнийге бай келеді; одан теменгі қабаттарда темір қышқылы мен алюминий жиналады. Кулгін топырақ орман зонасында таралған. Кұнарлылығы аз, бірақ тыңайтқыштармен өңдегенде және дұрыс агротехникалық жұмыстарды жүргізгенде, оның құнарлылығы көп артады.Күлгін топырақ, қылқанды және қылқан жапырақты ормандар астында, қоңыржай салқын климат жағдайында, шайылмалы жер асты ағысы қамтамасыз етілген аймақтарда кездесетін топырақ түрі. К. т. Солт. және Орт. Еуропаның, Америка мен Канаданың, Ресейдің салқын орманды аймақтарында кеңінен таралған. Қазақстан аумағында К. т. жоқтың қасы. Тек Алтайдың таулы қылқан жапырақты ормандарында біршама күлгін типтес топырақтар кездеседі. Топырақтың күлгінденуінің негізгі себептері – топырақ ортасы қышқылдығының әсерінен топырақтың беткі қабаттарындағы сазды бөлшектердің, негіздердің және жартылай оксидтердің кеміп, керісінше кварц пен кремнийдің артуы К. т. нашар күлгін, орташа күлгін, аса күлгін және қалың күлгін болып бөлінеді. К. т. қимасында мынадай қабаттарға (горизонттарға) ажыратылады: А0 (жапырақ пен орман қалдықтары қабаты) қалыңд. 1 – 10 см-дей; А1 (элювийлі-қара шірінді қабат) –1 – 20 см-дей, сұр түсті, құрылымы ұнтақ тәрізді, бітімі бос болып келеді (құрамындағы қара шіріндісі 1 – 4%, кейде 6%); А2 (күлгінді қабат) – 2 – 20 см-дей, түсі ақшыл сұр, бітімі бос (борпылдақ); В [балшықтанған (иллювийлі) қабат] – 10 – 50 см, тығыз және жоғ. қабаттарға қарағанда мех. құрамы ауырлау, қошқыл түсті; С (аналық тау жынысы қабаттары). Негізінен күлгіндену процесі қылқан жапырақты ағаш қалдықтарында, жергілікті гидротермальдық жағдайда, саңырауқұлақтардың қатысуымен түзілетін фульвоқышқылдарға байланысты. Себебі, олар суда жақсы еритіндіктен, топырақ бойымен төмен жылжып, топырақтың минералды бөлігін ерітіп, толық ыдыратады. Нәтижесінде топырақтың А0 жоғ. қабаттарындағы органик. және минералды қосылыстар ерітінді күйінде топырақтың төм. қабатына шайылады. Топырақтың А2 қабаты фульвоқышқылына ерімейтін кварц пен аморфты кремнеземге байып, қабаттың түсі ақшыл, күлгін тартады
## Дереккөздер
* Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев. |
## Қазақстан Табиғаты
Күнгей– үлкен Борсық құмының орта бөлігіндегі қыстау. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байқадам ауданының оң-түстік шығысында 7 км жерде орналасқан. Солтгінде Құлақжиде, шығысында Көзқора, Тұрғаншы, оң-тустігінде Баймағанбет, батысында Тақпан қыстаулары бар. Құмды, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер
Қазақстан энциклопедиясы
## Қазақстан Табиғаты
Күнгей– үлкен Борсық құмының орта бөлігіндегі қыстау. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Байқадам ауданының оң-түстік шығысында 7 км жерде орналасқан. Солтгінде Құлақжиде, шығысында Көзқора, Тұрғаншы, оң-тустігінде Баймағанбет, батысында Тақпан қыстаулары бар. Құмды, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер
Қазақстан энциклопедиясы |
Күнжара – дәні майлы өсімдіктерден майы сығылып алынғаннан кейін қалатын мал азығы. Құрама азыққа кіретін белогы (30 – 50%) мен майы (6 – 10%) көп құнарлы азық. Сондықтан майды неғұрлым толық сығып алу үшін ұсақталған әрі кептірілген дәнді май еріткіштерімен араластырып сығып күнжара ұнын дайындайды. Мұнда 1 – 3% май болады. Күнжараны белогы аз сабан-топан, тамыржеміс азықтарына аз мөлшерде қосып, олардың сапасын арттыруға болады. Күнжара амин қышқылдарының құрамы және белогының биохим. құндылығы жағынан астық тұқымдас жем белоктарынан сапасы жоғары, өйткені мұнда лизин, метионин, цистин және триптофан, сондай-ақ кальций, фосфор] едәуір көп болады. Kүнжара құрамы біртекті, бөгде иіссіз, ащы дәмсіз, көгермеген түрде болғаны жөн. Ылғалдығы 8 – 12%-дан артық болмауы қажет, бұдан асса күнжара көгеріп, ашып кетеді. Күнжараға басқа жемге араластырып беруге болады. Республикада негізінен күнбағыс және мақта күнжарасы өндіріледі. Күнжараның бірнеше түрі бар. Зығыр күнжарасы жылы суда бөртіп, пектин заттарынан тұратын кілегей түзетін, өте сіңімді құнды мал азығы. Сүтті қаймағынан айырмай пайдаланған жағдайда сауын сиырға тәулігіне 4 кг-ға, сүтті сары май алу үшін пайдаланғанда 2,5 кг-ға дейін зығыр күнжарасын беруге болады. Күнбағыс күнжарасы қоректік және сіңімділігі жағынан сапасы зығыр күнжарасына жуық, малға беру мөлшері де сондай. Соя күнжарасының белогы мол, құнды және сіңімді, малға беру мөлшері зығыр күнжарасындай, әсіресе, төлге пайдалы. Мақта күнжарасының құрамында госсипол деген улы зат бар, сондықтан оны 2 сағат бойы құрғақ буда қыздырады не ыстық суға бұқтырады. Жүгері күнжарасы малдың барлық түріне беруге болатын азық. Сиыр мен шошқаға көп бермейді, өйткені сиыр сүтінен алынатын май және шошқа етінің майы жұмсақ болады. Көкнәр күнжарасы дәмі сүйкімді, сіңімділігі жақсы азық, сиырды бордақылауға тәулігіне 1 кг-ға дейін беріледі. Күнжіт күнжарасы да құнды мал азығы, барлық мал түлігіне беруге болады. күнжараның қай түрін, қанша беру мал жасына, күйіне, қандай өнім алу мақсатына байланысты белгілі мөлшерде тағайындалады. Күнжара құрамында мал денсаулығына зиянды, кейде тіпті улы заттар болуы мүмкін. Мысалы зығыр күнжарасында линамарин глюкозиді, күнбағыс күнжарасында антитрипсин, рапс, қышабас күнжарасында синигрин және синалбин глюкозидтері бар. Бұлар малдың ішін өткізуі, уландыруы мүмкін. Сондықтан күнжара малға берерде лабораторияда зерттеліп, сапасы анықталады. Күнжара белгілі бір қалыпқа салынған, нығыздығы әр түрлі кесекше түрінде шығарылады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.