text
stringlengths
3
252k
Индер – Каспий ойпаты алабындағы тұзды тұйық көл. ## Географиялық орны Атырау облысының Индер ауданы аумағында. Индербор кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15-18 шақырым қашықтықта орналасқан. ## Этимологиясы Бұл сөз қалмақша ундер – „биік“, „қырат“, „биіктік“, монғолша ондор –„биіктік“, „биік“, бурятша ундэр – „биік қырат“, „биіктік“, әзірбайжанша һундур – „биік“ деген мағынаны білдіреді. Жергілікті тұрғындар мұны Дендер деп те атайды. Индер (Дендер) атау сөз ретінде түркі, монғол және басқа тілдерде де кеңінен қолданылып, бір-біріне жақын, сәйкес мағынаға ие келеді. Индер көлінің атауы «биік жота, қырат, биіктік» мәндерін білдіреді. ## Гидрографикасы Шарасының аумағы 110 км2. Ұзындығы 13,5 км, ені 11 км, ең терең жері 0,7 м, жағалау сызығының ұзындығы 40 км. Негізгі толығу көзі айналасындағы саздардан шығатын тұзды бұлақтар. Көлге жылына 1,5 млн. тоннаға дейін тұз (негізінен NaCl) шөгеді.Көл тектоникалық процестер әсерінен жер бетінің аз-мұз ойысуы нәтижесінде пайда болған. Көл солтүстік-шығысында Индер таулары деп аталатын қыраттармен жапсарласады, оңтүстік жағалауы біршама тегіс үстіртке ұласады. Көлдің солтүстік бөлігі біршама ірі, геолиялық құрылысы жағынан күрделі тұзкүмбезді құрылымның оңтүстік қанаты бетінде орналасқан, оңтүстік жағалауы “каспийлік түзілімдер” деп аталатын соңғы геологиялық замандарда түзілген шөгінділерден құралған. Көлдің жағалау өңірі саздақты болып келеді, ол шағын-шағын жыралармен тілімденген. Көл атмосфералық жауын-шашын суларымен, мерзімді ағын суларымен және жерасты суларымен қоректенеді. Көлді қоректендіруші жерүсті сулары тек қана қар суының көктемде жаппай еруі нәтижесінде және нөсерлі жауындар есебінен қалыптасады, сондықтан олардың атқаратын рөлі шектеулі. ## Қолданысы Индер көлінен құрамында бром, калий бар жоғары сапалы ас тұзы өндіріледі. Ал көлдің лайлы саз-балшығы түрлі ауруларды емдеуге пайдаланылады. ## Дереккөздер
Индербор — Атырау облысы, Индер ауданындағы кент, аудан және Индербор кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Жайық өзенінің сол жақ беткейінде, Индер көлінен солтүстік-батысқа қарай 9 км және Атырау қаласынан солтүстікке қарай 190 шақырым жерде орналасқан. ## Тарихы Іргесі Индер кентінің маңында ашылған борат және ас тұзы кен орындарын игеруге байланысты 1935 жылы қаланған. ## Халқы ## Өндірісі Басты кәсіпорны "Индерқұрылысиндустрия" акционерлік қоғамы борат кенін, гипсокартон өндіруші кәсіпорын. «Жайықгазтасымалдау» басқармасы, геологиялық «Бор» ЖШС, «Индертұз» кәсiпорны, «Индергипс» бiрлескен кәсіпорны, «Индер» мұнай айдау стансасы, «Геохим» кәсiпорны аудан экономикасының негiзгi нысандары болып есептеледi. Ауданның табиғи қорларын игеру мақсатында шетелдiк компаниялармен бiрлескен кәсiпорындар жұмыс жасауда.1989 ж. "Мақат-Индер" темір жолы іске қосылды. Жайық өзенінен жаңа көпір салынды. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелері ### Мектептер * М.Әуезов атындағы орта мектеп — 1961 ж. сегізжылдық мектеп болып құрылған, 1974 жылы орта мектепке айналды. * С.Сейфуллин атындағы орта мектеп — 1959 жылы 7 жылдық мектеп болып ашылды. 1960 жылы мектепке С.Сейфуллин есімі берілді. 2013 ж. мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. * Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп — 1933-34 оқу жылында іргесі қаланған. Шоқан есімі 1952-53 оқу жылында берілген. * Көктем орта мектебі — 2000 жылы "Көктем" мөлтек ауданында бастауыш мектеп болып ашылды. 2002 ж. 200 орындық жаңа мектептің ғимараты тұрғызылды. 2003 ж. орта мектепке айналды. * Индер балалар өнер мектебі * Индер аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ### Мектепке дейінгі білім * "Райхан" бөбекжай-бақшасы * "Ботақан" бөбекжай-бақшасы – ескі С. Сейфуллин орта мектебінің ғимараты қайта жасақталып, 2019 жылы 80 орындық балабақша болып ашылған. * "Айналайын" бөбекжай-бақшасы – Шығыс мөлтек ауданданында 2017 жылы 290 орындық балабақша болып ашылған. * "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы ### Колледж * Индер көп бейінді ауыл-шаруашылық колледжі — 1984 жылдан №8 кәсіптік- техникалық училище, 1996 жылдан №5 кәсіптік- техникалық мектеп. 2003 жылдан №5 кәсіптік мектеп, 2007 жылдан № 8 кәсіптік лицейі болып өзгертілді. 2012 жылдан бері Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі. ### Мәдени орындар * "Борат" мәдениет үйі — 1958 ж. пайдалануға берілген. Индерборат кенішінің қаржысымен тұрғызылған. ## Діни ұйымдар қызметі * Свято-Никольский приходы — 2011 жылы ашылған. * Әйіп Қажы мешіті — 2004 жылы салынған, 250 адамға арналған. Жоба авторы Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Т.Қасенов. Қабырғасының биіктігі 12 метр. Екі кіші мұнарасы бар, мінбердің биіктігі 2 метр. ## Суреттер * * * * * * ## Дереккөздер
Инемен Емдеу, акупунктура (лат. acus – ине және punctura – егу), чжень-цзю терапия, игнипунктура (лат. іgnus – от) – дененің жұмсақ тіндерінің белгілі бір нүктелеріне арнайы жасалған инелерді шаншу арқылы емдеу әдісі. Инемен емдеудің шығу тарихы Қытай, Корея, Жапония елдеріндегі ежелгі (дәстүрлі) медицинаның дамуымен тікелей байланысты.Акупунктураның перифериялық механизмдерін зерттеуде аса қиыншылықтар бар, ол “акупунктура нүктесі” түсінігінің өзінде нақты қабылданған дефинициясының (анықтамасы, түсіндірмесі) жоқтығы. Қытай медицинасында әсер ету нүктесі немесе акупунктуралық нүкте кун-сюэ терминімен анықталады, сөзбе-сөз аударғанда: кун – саңылау, сюэ – ін, үңгір, яғни рухани үңгір деген мағынаны білдіреді.
Индустриальная Караганда– Қарағанды облыстық газеті. Алғашқы саны 1931 ж. 11 қыркүйекте жарық көрді. 1935 жылға дейін "Большевистская кочегарка", 1935 – 63 ж. "Социалистическая Караганда" болып шықты. 1963 жылдың мамырынан қазіргі атымен шығып келеді. Aптасына 2 рет шығады. Социалистическая Караганда (қаз. Социалисттiк Қарағанды) - газет, Қазақстан Компартиясы Қарағанды облысы комитеті мен халық депутаттары облыстық Кеңесінің органы. Бұл атпен 1936 ж. 14 қыркүйектен бастап 1963 жылғы 30 сәуірге дейін шығып тұрды. 1936 жылға дейін—«Большевистская кочегарка», 1963 жылдан бастап «Индустриальная Караганда» деп аталды. ## Дереккөздер
Инженерлік Академия , Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы – мемлекеттік емес ғылыми ұйым. 1991 жылы құрылған. Қазақстандағы жоғары ғылыми-әдістемелік және үйлестіруші инженер Орталық болып табылады. Жаратылыстану, техникалық, экономикалық ғылымдар салаларының жетекші ғалымдарын, өндіріс ұйымдастырушыларын және инженерлерін, сонымен қатар ұйымдар мен мекемелердің ұжымдарын біріктіреді. Қазақстанның қоғамдық-экономика дамуы бағыттарында ғылыми-техникалық прогрестің тиімді әрі жылдам дамуына, сонымен қатар жоғары білікті инженермамандарын даярлау, импорт алмастырушы технологияларды өндірістік тұрғысынан үйрену және олардың технологиясына сай инфрақұрылымдарды дайындауға жан-жақты ықпал етеді. Инженерлік Академия ауылы құрылымын ірі өндірістік кәсіпорындар, 20-дан астам ғылыми-техникалық және инженер орталықтар, 14 облысы бөлімшелер, 9 бөлімшелер құрайды. 150 ғылыми-зертеулік институттарын, жоғары оқу орындарын, акционерлік қоғамдарды, бірлестіктерді, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктіреді. Инженерлік Академия ауылы халықаралық инженерлік академияның, Америка техникалық және инженер ғылымдар академиясының бүкіләлемдік кеңесінің (CAETS), Ислам елдерінің біріккен инженер федерациясының (ФИОИС) ассоциациялық мүшесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму жөніндегі комиссиясымен (UNIDO) ғылыми байланыстары бар. Ислам конференциясы ұйымының (COMSTECH) ғылыми-техникалық іскерлік байланыс комитетіне және ФИОИС семинарларына (2001) қатысып, АҚШ, Швеция, Германия, Болгария, Қытай, Түркия, Жапония, т. б. шетелдік инженер ұйымдармен шығарм. байланыс жасайды. ## Дереккөздер
Иоллығ тегін - екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны, Күлтегін мен Білге қағанға арналған көне түркі жазба ескерткіштерінің авторы. "Күлтегін" ескерткішінде Иоллығ тегін өзінің ата-бабаларына арнап орнатқан ескерткіштегі жазуларды өзі жазғаны туралы баяндайды. Жырды жазып қалдыру мақсаты туралы былай дейді: "Мұны естіп біліңдер. Көңілімде қандай тәтті сөздерім болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды менен кейінгі ұрпақтарым, көріңдер, ұғыныңдар". А.Бернштамның пікірінше, Иоллығ тегін - Білге қағанның баласы. Көне түркі жазба ескерткіштерінде Иоллығ тегін қаған тегінің мүддесін жақтаушы екенін білдіреді. "Иоллығ" сөзі "жол иесі" дегенді білдірсе, "тегін" лауазымы қағанаттың билеуші топ өкілдеріне берілген. Иоллығ тегін тұсында қытайлықтармен арадағы қатынастардың шиеленісуіне байланысты үш рет елшілік жіберілді. Иоллығ тегін қидандардың қытайлықтарға қарсы қозғалысын жақтап отырды. ## Дереккөздер
Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992), Қазақстанның Еңбек Ері (2022) ## Өмірбаяны Дулат Исабеков 1942 жылдың желтоқсанның 20-сы күні Арыс ауданының "Ленин жолы" ауылында дүниеге келген. Шыққан руы қоңырат тайпасының Құлшығаш руы. Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған. 1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген; 1967—68 ж. - Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор; 1968-70 ж. - Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор; 1971—76 ж. - "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі; 1976—80 ж. - "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі; 1980-88 ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы; 1988— 97 - жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы; 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры. ## Шығармашылығы Алғашқы әңгімесі "Жолда", "Замандастар" атты жинақта 1963 жылы жарияланды. "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" (1980) романы басылды. Тандаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабектің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары "Жеті желкен" 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын¬ша "Гауһар тас" (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген (1985). ## Отбасы * Жары - Нұрғайша, филолог * Балалары:Үлкен ұлы - Естияр, заңгерЕгіз қыздары - Айман, оқытушы және Шолпан, фармацевт * Үлкен ұлы - Естияр, заңгер * Егіз қыздары - Айман, оқытушы және Шолпан, фармацевт * Екі немересі бар ## Марапаттары * ҚЖО Мұхтар Әуезов атындағы сыйлық лауреаты * ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты * Халықаралық ПЕН клуб сыйлығы лауреаты * Платиналы "Тарлан" сыйлығы лауреаты ## Дереккөздер
Ораз Жанұзақұлы Исаев (1899—1938) — кеңестік мемлекеттік, саяси қайраткері. Ораз Жанұзақұлы бұрынғы Орал облысының Ілбішін уезіне қарасты Қарасу болысында дүниеге келген. Сол жердегі орыс-қазақ мектебінде оқып, хат таныған. * Еңбек жолын 1916 жылы ауыл әкімшілігінде хатшы болып бастайды. * 1917 жылы Шалқар болысында земство басқармасының хатшысы және уездік милиция хатшысы болып істейді. * 1919—1920 жылдары Ілбішін және Жымпиты уездерінде құқық қорғау органдарында еңбек етеді; ТХО (ЧОН) жауынгері, губ ТК (ЧК), ОГПУ уәкілі, губерниялық қылмысты істерді іздестіру органы бастығының орынбасары болады. * 1921 жылы большевиктер партиясы қатарына өтеді. Орал губерниясында комсомол, кәсіподақ ұйымдарын құруға атсалысқан. * 1924—1925 жылдары РК(б)П Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясының орынбасары, Қазақ ОАК-нің хатшысы. * 1925—1929 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің екінші хатшысы. * 1926 жылғы шілденің 13-і мен тамыздың 30-ы аралығында «Еңбекші қазақ» газетіне де басшылық жасады, газет редакторы болды. Бұл тұста ол Қазкрайкомның ұйымдастыру бөлімін басқаратын. * 1929 жылғы сәуірден 1938 жылдың мамырына дейін Қазақстан Халком кеңесінің төрағасы, КСРО БОАК және ОАК төралқасының мүшесі, өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. * Ораз Исаев 1938 жылы жалған жаламен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. ## Дереккөздер
Иранбек Оразбаев (Иран-Ғайып) Әбітайулы (1947 ж. т.)-ақын, драматург. Иранбек Оразбаев 1947 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Арғын руынан шыққан. Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін (1970), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980). Әр жылдары Қызылорда облысы "Білім" қоғамында референт, "Жазушы" баспасында редактор, "Қазақ әдебиеті" газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялық-репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды.Алғашқы "Жүрек жырлайды" атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін "Тың құрбаны", "Хайуандық комедия" "Күшігімен таланған", "Мен ішпеген у бар ма?", "Батқан кеменің бейбақтары", "Желжуан", "Құдай қарғағандар", "Жамбылдың қызыл жолбарысы", "Негізгі шаруа", Қанына тартқан қыңырлар", "Алтын адам", "Алтын ажал", "Киелі күнә", "Хан-Абылай-Сабалақ", "Жәбек-шаған", "Гүл-Нәр", "Театр Романы", "Қорқыттың көрі", "Мауглидің оралуы", "Махамбет", "Қашғария", "Былыққа батқан қала", "Кркеткен" атты драмалық дастандарын жазды. "Глаза ночи" (1983), "Царь слова" (1984), "Наследник" (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы 3 томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді. 2002 жылы "Қорқыттың көрі" атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр-мүшайрасының бас жүлдегері."Оның «Жүрекжырлайды», «Түннің көзі», «Өмір-өлең» т. б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Абай өмірінің соңғы көзеңіне арналған «Мен ішпеген у бар ма?» атты драмалық дастаны театр сахналарында қойылып келеді.==Дереккөздер==Оның «Жүрекжырлайды», «Түннің көзі», «Өмір-өлең» т. б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Абай өмірінің соңғы көзеңіне арналған «Мен ішпеген у бар ма?» атты драмалық дастаны театр сахналарында қойылып келеді. ## Дереккөздер )Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/ Құраст.: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса. - Алматы: "Ан Арыс" баспасы, 2009 - 480 бет.
Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаев (1935 - 1999) Омбы облысы, Называй ауданы Күреңайғыр ауылында дүниеге келді. 1957 жылы педучилищені бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі. 1962 жылы университетті үздік бітіріп, Қазақ ССР Ғылым академиясы Tіл білімі институтына Kіші ғылыми қызметкер болып орналасты. 1966 жылы "1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілі" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1968 жылдың басынан педагогтік жұмысқа ауысады. 1989 жылдың қыркүйек айында профессор С.М.Исаев Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент - мүшесі, Жаратылыстану ғылым академиясының академигі, 1996 жылы Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі болып сайланды. КРFAА. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанындағы түркі тілдері, қазақ тілі мамандыктары бойынша докторлық диссертация қорғайтын кеңестін мүшесі. 200-ге тарта ғылыми, ғылыми әдістемелік, көпшілікке арналған еңбектердің авторы. 1981 жылы "Үздік еңбегі үшін", "Еңбек ардагері", 1992 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медальдармен марапатталды.
Исаева Елена Савельевна(1921 ж.т.) – биол. ғыл. докт. (1974). 1954 жылдан Қазақстанда тұрады. Негізгі ғыл. еңбектері вирустардың биохимиясы мен молек. биохимиясын зерттеуге арналған. И. тұмау миксовирусының молек. биологиясын зерттеді. Қазақстан Мемл. сыйл-н алған (1974).
Искандер Бек Түрікмен(шамамен 1561/62 – 1633/34) – ортағасыр тарихшысы. 1592/93 жылдан өмірінің соңына дейін алғашында Аббас шаh І-нің, кейін оның мұрагері Сафи І-нің жеке хатшысы болды. Сефеви әулеті мемлекеті мен оған көршілес елдердің тарихына арналған Тарих-и аламара-йи А
Исмайыл(т.ж.б. – 1563) – Ноғай ордасының билеушісі, Мұса бидің баласы. 1538 – 45 ж. башқұрттардың билеушісі болды. 1545 – 54 ж. Ноғай ордасының оң қанатын (батыс бөлігі) басқарып, іс жүзінде өзінің ағасы, жоғары билеуші Жүсіп бимен қатар билік жүргізді. 1554 ж.
Исседондар (көне грек. Εσσηδονες) – ежелгі түркі тайпаларының бірі, үйсіндердің арғы тегінің кейбір ғылыми әдебиеттердегі атауы. ## Деректер Тұңғыш рет Аристей Проконесскийдің дерегінен (шамамен б.з.б. 5 ғасыр) мәлім. Көне заман авторлары атап көрсеткендей, осы жүз жылдықта қоныс аудару нәтижесінде Исседондардың бір бөлігі Шу мен Әмудария алқабына келіп қоныстанған. Исседондардың бірнеше бөлікке бөлінетіні ежелгі замандағы жазбаларда атап көрсетілген. Солардың бірі (Птолемей, б.з. 1 ғасыр) Исседодарды сақ (батыстық) және сереклік (алтайлық) деп екі топқа бөледі, сонымен қатар нақ осы алтай тобы “исседондардың үлкен нәсілі” деген болжам жасайды. Византиялық Цец (5 ғасыр) ежелгі шығармаларға түсініктеме бере келе, Исседондар аримаспалармен көрші тұрды, менің ұғымым бойынша, бұлар таңғажайып адамдар деп тұжырымдады. Оның айтуынша, Исседондар жер астынан ағып шығатын өзен бойын жайлайтын, жұлдыздарға табынып, өзенді пір тұтатын адамдар екен. Ал А.Н. Бернштам, Ғалымдар АкадемиясыСЫРМұсабаев, К.Ақышев, Г.А. Кушаев қытай деректемелеріндегі исседондар кейінірек қытай шежірелеріндегі “у-сунь”, Птолемей деректемелеріндегі исседондар үйсін болуы мүмкін деген пікір айтады. Неміс зерттеушісі Альберт Германның пікірінше, “Исседондар” термині Батыс Сібірдің кет тілдік гидронимикасына жатады. Осы негізде ол Исседондарды Исеть өзенінің (Обь) алабында өмір сүрген халық деп есептеген. Германның бұл болжамы дұрыс болуы да мүмкін, өйткені жазба деректерде Исседондар Алтайды мекендеуші аримаспалармен көршілес отырған. Егер ежелгі замандарда Обь өзенінің жоғасыр ағысы және Катунь (Қатын) өз. кет тілдер тобында Эссет (Иссет, Эссес), яғни “Тәңірі өзені” деп аталғанын ескерсек, онда шығыс Исседондар (серскілер) тап осы аймақты қоныстануы мүмкін деген қорытынды жасауға болады. ## Дереккөздер
Ысмайыл немесе Исмаил (ивр. יִשְׁמָעֵאל – Ишмаэль;‎ гр. Ισμαήλ Ismaēl; лат. Ismael; араб.: إسماعيل‎) — ислам пайғамбары, Ибраһим пайғамбардың баласы. Исмаил есімі Құрандағы Тәңір аян берген, адамдарға ғибадат етуді үйреткен пайғамбарлар арасында айтылады. Әйелі Сараның қызғаншақтығынан сескенген Ибраһим кіші әйелі Хажар мен Исмаилді Арабияға әкетуге мәжбүр болып, оларды сусыз далаға тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң, шешесі ас-Сафа және әл-Маруа биігінің төбесіне шығып, алыстан құдықты, көгалды жерді көреді. Оларға Жәбірейіл көмекке келеді. Соның өмірімен Исмаилдің өкшесі тиген жерден қасиетті зәм-зәм бұлағы атқылайды. Араб шежірелерінің мәліметтері бойынша, Солтүстік Арабиялық тайпалардың барлығы да Исмаилдан тараған. Құранда әуелі тек Исмаил тек Зул-Кифл және Әл-Йаса секілді жай кейіпкер қатарында ғана еске алынады. Кейін оның Ибраһиммен туыстығы атап көрсетілген. ## Дереккөздер
Испат Кармет – Қазақстандағы аса ірі металлургия кәсіпорны. Қарағанды облысы Теміртау қаласында орналасқан. 1944 жылы іргесі қаланған Қарағанды металлургия зауыты негізінде 1970 жылы құрылған. Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия комбинатының ізбасары. 1993 жылдан “Қарағанды металлургия комбинаты” мемлекеттік акционерлік қоғамы болды. 1995 жылдан бері “Испат-Кармет” болып аталады. Ыстықтай және суықтай тапталған сапалы қалың, жұқа қақтамалар, төбелік жабын, қара, ақ түсті және полиграфиялық қаңылтыр табақтар, лонжерон, штрипс өндіреді. Өз өнімін, негізінен, Оңтүстік Азия елдеріне шығарады. 1997 жылы өндіріс көл. 54,5 млрд. теңгеден асты. Қызметкерлер саны 60000-нан астам адам. Кәсіпорынның 1996 жылдан Қарағандыда бөлімшесі – Көмір департаменті (бұрынғы “Қарағандыкөмір” өндірістік бірлестігі) жұмыс істейді. Ол, негізінен, кәсіпорын үшін кокстелген көмір жеткізуші, сондай-ақ, республикада ішкі тұтыну үшін энергет. көмір де өндіреді. Бөлімшеде 30 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бөлімше өндірісінің жылдық көл. 10 млрд. теңге. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы (17.12. 1937 жылы туған, Ресей, Орынбор облысы Новоорск ауданы Бұдамша кеңшары) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым докторы (1990), профессор (1996), Қазақстан Ғалымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1996). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетін) бітірген (1960). 1960 жылдан Қазақ өсімдік қорғау институтында кіші, аға ғылым қызметкер, аспирант, ғылым хатшы, бөлім меңгерушісі болды. 1969 – 76 жылы және 1992 жылдан осы институтын директорының орынбасары. Негізгі ғылым еңбектері өсімдіктерді (шырша, қарағай, бақтарды қорғайтын екпе ағаштар, бидай, қант қызылшасы, темекі, қытай бұршағы, күнбағыс, мақта және көкөніс) зақымдайтын бунақденелілердің түрлік құрамын зерттеуге арналған. Исмұхамбетов – өсімдіктерді және ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғаудың жүйесін ұсынған алғашқы ғалымдардың бірі. Бірқатар дақылдардың зиянкестері фаунасының қалыптасу заңдылығын, фитосанитарлық жағдайды оңтайландырудың негіздерін анықтаған. Исмұхамбетов техникалық дақылдар мен астық қоймаларын зиянкестерден қорғау жүйесін жетілдіруді басқарады. Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. ## Композициялары Жәндіктер – Тянь-Шань шыршасының зиянкестері және олармен күресу шаралары. - А., 1976; Қызылша жегіш.// Өсімдіктерді қорғау. - 1988. - № 4; Қазақстандағы қант қызылшасының зиянкестері және олардан ауыл шаруашылығының дақылдарын қорғау. - А., 1993 ж. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Исхақ Ибн Әл-Хусейн – 11 ғасырдағы испан-араб жазушысы. Оның “Китаб акам әл-маржан фи зикр әл-мадаин әл-мәшїура фи кулл мәкән” (“Кез келген жердегі белгілі қалалардың сипаттамасы”) деген географиялық еңбегінің бізге тек қысқартылған нұсқасы ғана жеткен. Онда Мекке, Медине, Иерусалим, Бағдат секілді ірі-ірі қалалардың сипаттамасы берілген. Бұдан соң Ирак, Арабия, Палестина, Иран, Мауераннахр және Батыс елдері туралы айтылады. Исхақ Ибн әл-Хусейн еңбегінде, сондай-ақ, көптеген қалалардың географиляық координаттары беріліп, олардың қысқаша саяси тарихы баяндалады. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін Исхақ Ибн әл-Хусейн туындысының хазарлар мен түріктер жөніндегі соңғы тарауының маңызы айрықша. Бұл еңбекте қимақтар туралы этногр. және тарихи-геогриялық деректер келтірілген. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Исфандияр, Исфандияр Араб Мұхаммед — Хиуа ханы (1623–1643). Әбілғазы Баһадүр ханның ағасы. Өзінің ағалары Хабашпен, Елбарыспен жүргізген күрестен кейін билікті өз қолына алып, хан болды. Бұл билік үшін тартыста ол түрікмен тайпалары көсемдерінің қолдауына сүйенді. Хиуа хандығына Оңтүстік Түрікменстанды қосып алуға әрекет жасады, бірақ 1628 жылы Сефеви әулеті мемлекетінің әскерінен жеңіліп қалды. 17 ғасырдың 30-жылдары және 40-жылдарының басында қалмақтарға қарсы күрес жүргізді, өйткені керуен жолына қалмақтардың үздіксіз шабуыл жасауы Бұхарамен, Ресеймен сауда-саттық қатынастарына зиянын тигізді. ## Дереккөздер
Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-1838) ## Көтерілістің шығу себептері 1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды. Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады. 1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді. Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс. «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — «Өздеріндей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шақыртып,Басын кессем деп едім,Еділдің бойы ен тоғай,Ел қондырсам деп едім,Жағалай жатқан сол елгеМал толтырсам деп едім!», — деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады. 1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды. 1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды. Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды. 1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктін көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылық шеруіне ұласты. Мұндай алғашқы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла бастады. 1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың бірі би Б. Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында еді. Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті. 1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының бе- делді старшыны Жүніс Жантеліүлының қолы келіп қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді. Бұған қарсы көтерілісшілердің басшысы генерал-губернатор В.А. Перовскийге шағым жасады. Өлке басшысының қазақтарға деген көзқарасы жаман емес еді. Бірде үйлену тойын өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің жүзбасы Бухматов пен бір топ қазақты мың адамдық саптың ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола қуып жібергені белгілі болатын. Бірақ ол өлке билеушісі ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізді. Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз». 1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды. Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардың және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті. Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен малын олжалады. ## Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті. Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді. Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады. Исатай Тайманұлы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқа мерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды. ## Тастөбе түбіндегі шайқас Шиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды. Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің күші әлсіреп, моральдық рухы да төмен түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күміс ақша тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы 80 қазақ және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай Тайманұлы өзінің қасына ерген жасағымен бірге Үлкен Борсықты құмындағы Шекті руының шетіне ілікті. Бұл жерде оған басқа да қазақтар топ-тобымен келіп қосылды. ## Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды. Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды. Патша үкіметі үшін өте күрделі қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. Тау бекінісі жағынан бұған қосымша сұлтан Б. Айшуақұлының қосыны шықты. Оның құрамында Жайық полкінің 100 қазағы бар еді. Орынбордан шыққан подполковник Геке бастаған отрядта Орынбор қазақ полкінің екі жүз, Жайық қазақ полкінің жүз елу, шекара шебіндегі бекіністердің елу солдаты мен екі зеңбірегі болатын. ## Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда ұстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ. ## Көтерілістің тарихи маңызы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті. Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді. ## Дереккөздер
Итішпес, Итішпестің Алакөлі – Балқаш көлінің оңтүстік-батысындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасында орналасқан. Ылғал мол жылдары (Балқаштың абсолюттік деңгейі 342,5 м-ден асқанда) және солтүстік-шығыстан ұзақ жел соққанда Балқаш көлімен жалғасады. Айтау тауынан (1052 м) бастау алатын уақытша арналардан түскен сумен толысады. Орташа жағдайда су басқан айдынының аумағы — 230 км² шамасында, өте таяз (0,5—1,0 м). Суы жылдан-жылға тартылып барады. ## Дереккөздер
Ишан – халық арасында сауат ашу, ғибадат айту қызметін атқарып жүрген діни сауатты адамға берілетін діни атақ. Ишан қазы, имам тәрізді лауазым болып саналмайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында, әдетте, Ишанның дәріс беретін белгілі бір ауылдары болған. Ишанның міндеті – өзінің қарамағындағы ауыл тұрғындарының діни сауатын ашу, шамасы келгенше діни ғұрыптарды атқару. Еңбек ақысы ретінде ауыл тұрғындары Ишанды мал, азық-түлік және ақшамен қамтамасыз ететін болған. Әрине, Ишан болу молдалардың дүниеге деген мұқтаждығынан туған іс емес. Ишандықтың негізін Алла тағаланың разылығы үшін халыққа дінді, ақиқатты үйрету мақсатындағы адал ниет құрайды. Ишан болу атадан балаға өтетін мұрагерлік іс десе де болады. Себебі әкесі дүниеден өткен жағдайда оның қарамағындағы ауыл тұрғындарының діни мұқтажын өтеу баласының міндеті болып есептелген. Қазақ арасындағы атақты Ишандардың көпшілігі өз міндеттеріне дәстүр жалғастығы ретінде қараған. Дүниеден өткен Ишанның ұл баласы болмаған жағдайда, ауыл тұрғындары діни сауаты бар, халықтың сенімін ақтайтын басқа бір кісімен Ишан болу мәселесін келіскен. Қазіргі уақытта Ишандық қызметін ауыл имамдары атқарады. ## Дереккөздер
Ишпақай (т.ж.б. – б.з.б. 674 жылы) – сақтардың бір бөлігінің билеушісі. Көне деректерде оның сақтар көсемі болғандығы және Ұлы даланы жұт жайлап, қуаңшылыққа ұрынған соң елін құтқару үшін кеңес құрып, ақыры б.з.б. 8 ғасырда бүгінгі Қазақстан жерінен Қара теңіз жағалауындағы кемерліктерге (қ. Киммерліктер) қарай қоныс аударған көшті бастап барды делінген. Оның үстіне кемерліктер де бір кезде сайын даланың жұтқа ұшырауына байланысты батысқа іргесін ауыстырған сақтар еді. Елу жылға созылған сақтардың (скифтердің) қоныс аудару көші Каспий теңізін жағалап, Қап тауын (Кавказ) асып, ақыры Алдыңғы Азиядағы Ассирия мемлекетіне келіп тіреледі. Ал бұл кезде, Ассирия өзіне қарсы көтеріліске шыққан қол астындағы мидиялықтармен соғысып жатқан еді. Мидиялықтар сақтарды өздеріне туыс көріп Ишпақай дан көмек сұрайды. Сөйтіп, сақтар жаңа қонысқа орнығып үлгерместен, Алдыңғы Азиядағы халықтар арасындағы жанжалға араласып кетеді. Б.з.б. 674 жылы ассириялықтармен болған осы соғыста Ишпақай қаза табады. Оның есімін тарихта қалдырған да осы шайқас. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Йақұт Әл-Хамауи (1178 – 1229) – араб тілді грек ғалымы, тарихшы, филолог, географ. Жас кезінде Бағдадта сириялық көпеске құлдыққа сатылған. Көпес оны мұсылманша оқытып, өзінің сауда агенті етіп тағайындайды. Сауда жұмысымен Парсы шығанағы жағалауын және аралдарын, Араб түбегінің оңтүстігін, Сирияны, ПалестинаПалестинаны, Египетті аралады. Шииттермен қақтығысып, 1216 жылы Дамаскіден қашты. Біраз жылдар бойы Орта Азияның бірқатар қалаларында: Мервте, Ниса мен Хорезмде тұрды. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде, 1220 жылы Ираққа, одан соң Халебке қашып кетті. Ғұмыр бойы ғылым материалдар жинаған Йақұт Әл-Хамауи 1224 жылы Мосулде “Мужам әл-бүлдан” (“Елдер сөздігі”) атты тарихи-географиялық сөздік жазып шығарды. Мұнда тарихи, этнографиялық, филологиялық және географиялық түрлі материалдар жинақталған. Йақұт Әл-Хамауи сөздігінде 16 мыңдай мақалалар беріліп, 8 – 13 ғасырларға жататын түрлі жазба деректемелер пайдаланылды. Сөздікке Араб халифатындағы елдермен қатар Үндістан, Қытай, Қиыр Шығыс, Батыс елдері жөнінде қызықты мәліметттер бар. Ортағасырлық Қазақстанның территориясы, оның қалалары мен түрлі халықтары туралы, ежелгі түріктер, оғыздар, кимектер, қыпшақтар, қарлұқтар, башқұрттар, хазарлар, т.б. туралы құнды деректер, олардың рухани мәдениеті, шаруашылығы, сауда жолдары, аймақтарының тарихи географиясы туралы маңызды мағлұматтар жинақталған. Йақұт Әл-Хамауи еңбегін 1866 – 70 жылы неміс арабтанушысы Вюстенфельд 6 том етіп басып шығарды. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Иінді Білік – қайталамалы-ілгерілемелі немесе теңселмелі қозғалысты айналмалы қозғалысқа (не керісінше) түрлендіретін бір не бірнеше иінді (бунақты) білік. Иін негізгі мойыннан және онымен жалғасқан шатундық мойыннан тұрады. Негізгі мойын өз осінен айналса, шатундық мойын сол осьті айнала қозғалады. Шапшаң жүрісті қозғалтқыштарда иін мен шатунның айналу моментін теңгеру үшін шатундық мойынға қарсы жағынан қосымша салмақ бекітіледі. Иінді білік көміртекті не легирленген болаттан жасалады, көбінесе, тұтастай, кейде құрама бөлшектерден тұрады. Иінді білік поршеньді қозғалтқыштарда, насостарда, компрессорларда, т.б. пайдаланылады. Иінді Білік - түпкі, өстес, шатундық мойындарының өсі біліктің айналу өсінен ауытқып орналасқан, кривошипті-шатунды механизм. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том ## Дереккөздер
Иткинд Исаак Яковлевич (22.4.1871 (1883), Литва, Вильнюс облысы, Сморгонь қ., – 14.2.1969, Алматы) – мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). Виленская суретшілер мектебінде (1910), кейін Мәскеуде мүсінші С.М. Волнухиннен (1912) оқыған. 1938 – 44 жылы Ақмола облысында, ал 1944 жылдан бастап Алматыда тұрды. Алғашқы ойып жасаған портреттері мен портрет типтері кейіпкерлердің тұңғиық сезімін дәл табуымен ерекшеленеді. Иткиндтің ағаштан мүсіндеген “Амангелді” (1943), “Жамбыл демалыста” (1944 – 46), “Қария күлкісі” (1957), “Ақылгөй” (1958), “Ән” (1960), “Көктем” (1961), “Қуаныш” (“Жұмақтағы Иткинд”; 1966), “Қария” (“Философ”; 1966) секілді еңбектері мүсін өнерінің озық үлгісі қатарына жатады. Мүсіншінің көп туындылары бейбітшілік жолындағы күрес тақырыбына арналған: “Бейбітшілік туралы аңыз” (1960), “Фашизмнің кейпі” (1961), “Соғыс жойылсын” (1963), “Фашизмнің құрбандары” (1964; бәрі де Қазақстанның мемл. өнер музейінде). Иткинд шығармалары филос. пайымдау кеңдігімен, адамдардың психол. жан-күйін дәл де тартымды бере білуімен ерекшеленеді. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Иткөйлек – жаңа туған нәрестеге арнап тігілген қырқынан шыққанша киетін ғұрыптық көйлек. ## Тігілу барысы Иткөйлек бала денесіне жұмсақ болу үшін сиса, шыт, бәтес, бөз сияқты жұқа ақ бәтестен тігіледі. Иткөйлектің жеңі мен бойын тұтас кебенекше тәрізді пішіп, жағасын ойып, алдыңғы өңіріне баланың басы сиятындай етіп тік тілік жасайды. Жас баланың нәзік денесіне батпауы үшін тігістерін сыртына қарата, шетін бүкпей, қолмен тепшіп, жөрмеп тігеді. ## Иткөйлек кигізу ырымдары Иткөйлек кигізудің алуан түрлі ырымдық жақтары да бар. Әрбір ауыл, рулас жақын адамдар жас сәбиге өздерінше тілек тілеп, иткөйлекті ырымдап кигізген. Иткөйлектің етегі нәрестенің аяғына дейін жауып тұратындай ұзын және кең болуына мән берілді. Иткөйлектің етек-жеңінің ұзын болуы нәрестенің жасының ұзақ болуын тілеуден туған болса керек. Иткөйлектің кебенекше пішілуі және мол тігілуі «жейде бос болсын, жаның берік болсын» дегенді білдіреді.Алдындағы балалар шетінеп отырған жағдайда жаңа туған балаға арналған иткөйлекті бақытты тұрмыс кешкен, көп жасаған, өсіп-өнген жақын адамның киімінен даярлайды. Бұл өмірге жаңа келген сәбиге ұзақ ғұмыр тілегенді білдіреді. ## Иткөйлекті шешу Баланы қырқынан шығару кезінде сәбидің кіндік шешесі иткөйлек пен сылау тақиясының орнына арнайы адал жейде, түрлі сырма тақия, төпеш және басқа киімдерді тігіп әкеледі. Адал жейдені жұмсақ кездемеден жаға-жең салып, тігісін ішіне келтіріп тігеді. Иткөйлегін шешіп алған соң, оған тәтті түйіп иттің мойнына байлап жібереді. Итті қуып жеткен ауыл балалары, түйілген тәттіні өзара бөліп алып, иткөйлекті иесіне әкеліп береді. Бұл ит қуу деп аталатын үрдіс «сәбидің пәле-жаласын қырық жаны бар хайуан – ит алып кетеді» дегенді білдіреді.Нәрестенің алғашқы көйлегінің иткөйлек аталуы, оны иттің мойнына байланғандығынан емес, өркендеу идеясының іргелі категорияларының бірі балаға иттің жүйрік, ақылы озық, алғыр қасиеттері дариды, сәби күшікше бауырын тез көтеріп, жаны берік, "итжанды" болады деп те ырымдайды. Қазақта "итжанды" деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін білдірген.Иткөйлек кигізу салтының түпкі мәні нәрестенің жанын иттің рухы күзетіп жүреді деген ежелгі наным-сенімге де байланысты болса керек. ## Қалыптасқан үрдістер Қазақы ортада ежелден қалыптасқан үрдіс бойынша иткөйлекті басқа адамдарға бермейді. Әйтпесе баланың ырысы мен қуаты басқаларға кетіп қалады екен деседі. Алайда иткөйлек баласы жоқ әйелдерге ғана беріледі. Ондайда иткөйлекті берер алдында анасы ырымдап иткөйлектің бір шетінен кішкене кесіп алып қалады. Кейде иткөйлекті «оттай қаулап жасай бер!» – деп отқа өртеп жіберетін болған, кейде оны сақтап қойып, келесі балаларына кигізетін үрдіс те болды.Ертеде дауға барғанда, жорыққа шыққанда балаларының иткөйлегін қойындарына салып алып жүрген. Сөйтсе, иткөйлек әкесін пәле-жаладан сақтап, жолын ашады; баланың періштесі қорғап, аман-есен сапардан оралады; алыстан хабар, тілхат жеткізіп тұрады екен деседі. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Путилов Б.Н. Методология сравнительно-исторического изучения фольклора. Л.: Наука, 1976; * Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991; * Қасқабасов С. Миф пен әпсананың тарихилығы. Қазақ фольклорының тарихилығы. Алматы: Ғылым, 1993. 82-130-бб.; * Турсунов Е.Д. Происхождение носителей казахского фольклора. Алматы: Дайк-Пресс, 2004; * Тойшанұлы А. Антропогоникалық мифтердегі ит символы және «итжейде» салтының семантикасы (қазақ пен моңғолдың фольклорлық материалдары бойынша). ҚР ҰҒА Хабаршысы. №5. 2004. 68-б.; * Оспанұлы Е. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Балалық шақ, үйлену. Графика. Алматы, 2009; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Иштуан Қоңыр Мандоки (мажар тілінде Mándoky Kongur István; 10 ақпан 1944 жыл, Карцаг қаласы, Мажарстан – 22 тамыз 1992 жыл, Макачқала, Дағыстан, Алматыда жерленген) – түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. ## Өмірбаяны Иштуан Мандоки 1944 жылы Мажарстанның Карцаг қаласында дүниеге келген. Кейін өз әулетінің түпкі тегі - Қоңыр атын қосып алған. Ата-бабасы – құмандар, яғни Иштуан Мажарстанға сіңіп кеткен қыпшақтардың тұқымы еді. Бала кезінде қазақ тілін кеңестік қазақ-солдатынан үйренген. Карцаг ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1968 жылы Өтвөш Лорандатындағы мемлекеттік университетін (Будашепт) бітірген. Иштуан осы университетінің түркітану кафедрасында, Сечени ғылым кітапханасында, Мажарстан Ғалымдар Академиясы алтаистика зерттеулер тобында қызмет істеді. ### Ғылыми зерттеу мен экспедициялары 1965 жылы жергілікті татарлардың тілі мен этнографиясын зерттеу үшін Болғария мен Румыния жеріне экспедицияға аттанды. 1970 жылы "Добружан татарларының тілдік зерттеулері" атты кандидаттық диссертация қорғап шықты. 1974 жылы Моңғолияға сапар шегіп, әртүрлі фольклорлық және этнографиялық деректерді жазып алды. 1976 жылы Алматыға келіп, 1980 жылы Башқұртстан мен Татарстанға барды. 1981 жылы "Мажарстандағы құман тілінің ескерткіштері" атты докторлық диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының докторы атанды. Еуропадағы түркітілдес этникалық топтарды зерттеді. Ғылым-зерттеу сапарын Анадолы, Еділ бойы, Қазақстан мен Орта Азия, Моңғолияға дейін жалғастырған. ### Иштуан өміріндегі Қазақстан Иштуан Мандоки Қоңыр өмір бойы өз тегінің Қазақстанмен байланысын сезіп өтті. Сондықтан Иштуан қазақтың Адайынан қыз алған. Жұбайы – Оңғайша Мандоки. Одан туған жалғыз тал ұлы бар – Атлан Мандоки. 1992 жылғы 22 тамыз күні Махачқалада қайтыс болды. Алматы қаласындағы Кеңсай зиратында 3 қыркүйек күні жерленген. ## Еңбегі Иштуан – еуропалық қыпшақтану ілімінің негізін салушысы. Негізгі бағыты – қыпшақ-түрік филологиясы, мажарлардың көне тарихы, құмандардың этнографиясы мен этникалық тарихы, қазақ-мажар тілдері мен этнографиясындағы ұқсастықтар. Өз зерттеулері арқылы мажар тіліндегі сөздердің (бертө, бүту, дионик, каптань, козма, тилт, цөткен-сүттіген, монар-мұнар, ньөкер, бузоган және т.б.) түркі тіліндегі түп төркінін тапты. * Мажар, неміс, француз, қазақ тілдерінде 40-тан астам ғылыми мақала жариялады. * Мандокиның "Қыпшақ тілінің Мажар мемлекетінде қалдығы" (A kun nyelv magyarországi emlékei) деп аталатын негізгі ғылыми зерттеуі 1975 жылы жарияланған. ### Иштуан – полиглот түркі халықтарының әдебиет, фольклор, поэзия үлгілерін мажар тіліне аударуға ат салысты. Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” әңгімесін мажар тіліне аударған. Мажар тіліндегі әлем әдебиеті энциклопедиясына 40-қа жуық түркі халықтарының қаламгерлері туралы түрлі мақала жариялады. Түркі халықтары мәдениеті туралы жан-жақты зерттеу еңбектері үшін оған Мажарстан Ғалымдар Академиясының Постумус сыйлығы берілді (1993). ## Есімін мәңгілікке қалдыру Қазақстанда Иштуан Мандоки Қоңырды өте жоғары дәріптейді. * Алматы қаласында Иштуан Мандоки Қоңыр аты бір көшеге берілген. * Алматы қаласында №154 мектеп ғалымның есімімен аталады. * 2015 жылы "Иштван Мандоки Коныр" атты деректі фильм шықты. * Ғалым туралы «Тіспен туған Қоңыр бақсы — Одинокое дерево» атты кітап жарық көрді. * 2014 жылы Астана қаласында Иштуан Мандоки Қоңырдың құрметіне халықаралық форум ұйымдастырылды. Шет елдерде: * Қырғыз Ғылым Академиясы Иштуан Мандоки Қоңыр қайтыс болғаннан кейін оған филология ғылымдарының құрметті докторы атағын берді. * Будапештте ғалым тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған. * Мажарстанда 2017 жылы ғалым туралы "Қыпшақтан шыққан ізашар" атты деректі фильм жарыққа шықты. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том * Дәуіт Шомфай Қара, мажар ғалымы: Жиырма шақты тілде сөйлейтінім рас
Казанцев Илья Михайлович – Қазақстанды зерттеуші орыс этнографы. 19 ғасырдың 30 – 50-жыл-дары Орынбор мен Самара генерал-губернаторлығының шекара кеңсесінде қызмет істеді. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды. Орынбор қазақтарының тарихын, этнографиясын зерттеумен айналысты. Казанцев өзінің зерттеу еңбектерінде Кіші Орданың құрылуынан құлауына дейінгі тарихы, Кіші жүз құрамындағы 3 тайпаның (әлімұлы, байұлы, жетіру) шығу тарихы мен қазақтардың орыстармен өзара қатынасы туралы баяндайды. 1838 жылы “Санкт-Петербург хабарларының” 80 – 81-нөмірлерінде Казанцевтің “Ішкі немесе Бөкей ордасындағы қырғыздар мен қырғыз барымтасы туралы” деген мақаласы жарық көрді. Мақалада 18 ғасырдың соңында Кіші жүзден Бөкей сұлтан бастаған 18 – 19 шақты рудың бөлініп шығып, Еділ мен Орал өз. аралығынан қоныс алғанын жазады. Казанцев өзінің еңбектерінде қазақтардың қонақ күту, жаңа туған сәбиге ат қою сияқты әдет-ғұрпы, көшкен кездегі жасайтын салт-жоралғылары туралы маңызды мағлұматтар келтіреді. “Қырғыз-қайсақтар туралы” мақаласында “қырғыз-қайсақ” сөзінің шығу тегі туралы аңыз беріліп, Сібір, Орал, Орынбор қазақтары, Арал т., Сырдария өз. мен оның маңындағы Перовск форты, қазақтардың Ташкентті басып алуы, Орта Азияға жүргізген билігі, Бөкей ордасының қазақтары туралы құнды деректер қамтылған. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том
Кадет Корпусы– кейбір шет елдерде және Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде болған, негізінен, ақсүйектер мен әскерилердің балаларына арналған офицерлік қызметке немесе әскери оқу орнына түсуге даярлайтын жабық оқу-тәрбие орны. Батыс Еуропада Кадет корпусы 17 ғасырдың орта тұсында алғаш рет Пруссияда ақсүйектердің балаларын әскери қызметке даярлау үшін ашыла бастады. Ресейде мұндай оқу орны тұңғыш рет 1732 жылы құрылған. Ол алғашында дворяндардың балаларын тек офицерлік қызметке даярлау мақсатымен құрылғанымен, 18 ғасырда оны бітірушілер арасынан әскерилер ғана емес дипломаттар, сот, әкімшілік қызметкерлері көп шықты. 19 ғасырдың 1-жартысында таза әскери оқу орындарына айналдырылды. 1863 жылы әскери гимназияларға айналдырылып, 1882 жылы қайтадан қалпына келтірілді. Кадет корпусында мұғалімдер мен тәрбиешілер офицерлерден алынды, оқушылар роталарға, бөлімшелерге бөлінді. Оқу бағдарламалары бірнеше рет жаңартылды, әскери ғылымдардан басқа химия, механика, жоғары математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих, физика оқытылды. 1917 жылы қарсаңында Ресейде 29 Кадет корпусы болып, онда 10 мыңнан аса кадеттер білім алды. 19 ғасыр – 20 ғасырдың бас кезінде Омбы мен Орынбордағы Кадет корпусынде көптеген қазақ балалары білім алды. Олардың ішінде қазақтан шыққан тұңғыш ғалымдар Ш.Уәлиханов, М.С. Бабажанов, кавалерия генералы Г.Жәңгіров, Абайдың інісі Ғ.А Өскенбаев, т.б. болған. ## Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылы 1 шілдеде ашылған әскери орта арнаулы оқу орны. Ақмола облысының Шортанды қаласында орналасқан. Қазақстан Қарулы Күштеріне сержант лауазымында келісімшарт бойынша қызмет ететін кіші командирлер кадрларын даярлайды. Бітірушілер мотоатқыштар әскерінің кіші командирі (сержант-маман) дипломын алып, оған қоса автомобиль және бронетанк техникасын жөндеуші слесарь және дара компьютерлер операторы мамандықтарына ие болады, сондай-ақ, 3-сыныпты жаяу әскер бронды машинасының механик-жүргізушісі және “В” санатындағы жүргізуші куәліктерін алады. Кадет корпусына шәкірт жинау 1996 жылы тамыз айынан басталды, тұңғыш түлектері 1999 жылы 29 шілдеде оқу орнын бітіріп шықты. 2000 жылы 16 ақпандағы Қазақстан Үкіметінің қаулысы және Қорғаныс министрлігінің бұйрығы негізінде оқу орнына Ш.Уәлиханов есімі берілді. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
“Казахская правда” – орыс тіліндегі тәуелсіз газет. Алғашқы саны 1993 жылы қаңтарда жарық көрді. Құрылтайшысы әрі тұңғыш редакторы – Алдан Айымбетов. Газетте саяси, әлеум., экономикалық және мәдени жаңалықтар туралы мақалалар жарияланады. Айына бір рет шығады. Көл. 2 баспа табақ. Таралымы 5000 дана (2002). ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том
Каймирасова Таңсұлу Гималқызы (1923 жылы туған, Башқортостан, Салават ауданы Архауылов а.) – ғалым, геол.-минер. ғылым канд. (1972). Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). 1943 – 53 жылы Қазақ геофизика тресінің Атасу геофиз. экспедициясында отряд, партия бастығы, 1958 – 60 жылы сол трестің кешенді экспедициясында геолог, 1960 – 89 жылы Геологиялық ғылымдар институтында аға геолог, кіші, аға ғылым қызметкер болды. Негізгі ғылым еңбектері Қазақстанның металлогениясын зерттеуге арналған. Жәйрем барит-полиметалл кен орнын ашқан (1951). Атасу кенді ауданындағы Оңтүстік Қаражал, Ақшағат, Жомарт, Жәйрем, Үшқатын кен орындарының геологиясын зерттеген. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1977). ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Казталовка — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, аудан (1934 жылдан) және Казталов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 330 км жерде, Сарыөзеннің (Кіші Өзеннің) сол жағалауындағы бидайық, көкпек басым әр түрлі шөптер өскен шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 5008 адам (2511 ер адам және 2497 әйел адам) болса, 2009 жылы 5055 адамды (2499 ер адам және 2556 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 19 ғасырдың 30-жылдары қаланған. 1961-1997 жылдары Казталов қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Казталовкада және ауылдық әкімшілік округке қарасты Бозоба, Қоныс, Сексенбаев ауылдарында бұрынғы құрылыс, көлік, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындар “Мирас” серіктестігіне, өндірістік кооперативке және 24 шаруа қожалығына біріктірілген. ## Инфрақұрылымы Ауылдарда 3 орта, 2 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, клуб, мешіт, музей, аурухана, емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Казталовка арқылы мемлекеттік маңызы бар Орал – Казталовка – Жәнібек автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Камал Әд-Дин Бинаи, Камал әд-Дин Әли ибн Мұхаммед Сабз (1453 – 1512) – тәжік ақыны, тарихшы, музыкант. Маджму әл-ғараиб қасидасы, Бехрузу Баһром аталатын мәснәуи үлгісіндегі дастаны қазақ халқының 15 ғ-дағы және 16 ғ-дың басындағы тарихы жөнінде құнды мағлұматтар береді.
Станислав Викентьевич Калесник (23 қаңтар 1901, Ресей, Санкт-Петербург – 13 қыркүйек 1977, Санкт-Петербург) – ғалым, география ғылымдарының докторы (1938), КСРО Ғалымдар Академиясының академигі (1968), Ресей ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1961) ## Өмірбаяны * Ленинград универститетін (қазіргі Санкт-Петербург универститеті) бітірген (1929). * 1939 жылы КСРО Ғалымдар Академиясы-ның Қазақстан филиалында Іле Алатауын (Талғар тау түйіні) зерттеу жұмысына кеңесші болды. * 1940 – 72 жылы осы университетте физика, география кафедрасының меңгерушісі, декан (1940 – 43, 1949 – 53), проректор, ғылым журналдың редакторы қызметтерін атқарды. ## Ғылыми еңбектері * “Жалпы жертану негіздері” (1955) * “Жалпы жертанудың қысқаша курсы” оқулықтары 21 елдің тіліне (оның ішінде қазақ тіліне) аударылған. Бұл еңбектерінде жалпы жертану пәнінің тұжырымдамасын, сондай-ақ, Жердің географиялық қабығының қалыптасуы мен құрылуын анықтайтын жалпы заңдылықтар көрсетілген. * Калесник гляциология ғылымының негізін салды. * 1929 – 31 жылы Қазақстанға жасаған экспедициясында Жетісу (Жоңғар) Алатауының мұздықтарын зерттеді. ## Марапаттары * Ресей ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1961) * Ленин (1961, 1971) * Қызыл Жұлдыз (1995) ордені. * Еңбек Қызыл Ту (1975) ордені. * “Құрмет белгісі” (1944, 1951) ордені. Бүкілодақтық география қоғамының * Ф.Н. Литке атындағы алтын медалімен (1951) * Үлкен алтын медальмен марапатталған. ## Қоғамдық қызметі * Көптеген шет елдердің географиялық қоғамдарының мүшесі ## Есте сақтау Калесник есімі ТМД елдерінің бірнеше географиялық нысандарына берілді: * Іле Алатауы тауының шыңына; * Солтүстік Кавказ тауының шыңына; * Іле Алатауы мұздығына; * Жетісу Алатауы мұздығына; * Полюстік Орал мұздығына; * Солтүстік Кавказ мұздығына; * Антарктида мұздығына. ## Дереккөздер
Сухан Мақсотұлы Қамалов (21 желтоқсан, 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында туған) — ғалым. Геологиялық-минералогия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (2003 жылдан). ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаттары ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен «Парасат ордені»нің иегері. Орал қаласының Құрметті азаматы. ## Еңбек жолы Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Орал геологиялық барлау экспедициясында геолог, экспедиция бастығы, «Оралмұнайгазгеология» бірлестігінің бас директоры (1959–1964), КСРО Геология министрлігінде бас геолог (1965–72), Ақтөбе экспедициясы (1972–75) мен Орал мұнай-газ барлау экспедициясының бас геологы, бастығы, «Оралмұнайгаз» бірлестігінің директоры (1976–90), Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының 1-орынбасары (1990–92), Қарашығанақ газ кәсіпшілігінің бас директоры (1993–94) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Орал қаласындағы «Газжобалау» ғылыми-жобалау инстиутының президенті. Қамаловтың ғылыми еңбектері Батыс Қазақстан аймағындағы мұнай және газ кендерін зерттеуге арналған. Қарашығанақ мұнай және газконденсат ін ашуға үлес қосқан. Сондай-ақ Әукетайшағыл, Болғанмола, ТепловТокарев, Батыс Теплов және Каменка мұнай және газ орындарының геологиясын зерттеген. ## Мемлекеттік марапаттары * 1989 жылы Геологиялық-минералогия ғылымдарының докторы; * профессор құрметті ғылыми атақтары берілді. * 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі; * КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені; * КСРОның «Қазан төңкерісі» Ордені; * 1999 жылы тәуелсіз Қазақстанның «Парасат ордені»н алды. * 2007 жылы ғылым саласындағы ерен еңбектері үшін елбасының өз қолынан жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды. * Орал қаласының Құрметті азаматы. ## Шығармалары * Геология и нефтегазоносность Карачаганакского месторождения, Саратов, 1958; * Строение и перспективы подсолевых отложений Северо-Восточной части Прикаспийской впадины и вопросы их полеоморфологического изучения, А., 1975. ## Дереккөздер
Каменка — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Қарақыстақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құлан ауылынан шығысқа қарай 15 км жерде, Қарақыстақ өзенінің жағалауында, бетеге, селеу, т.б. астық тұқымдасты шөптесін өскен тауалдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай агроклиматтық белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1957–1997 жылы аралығында қой өсіретін «Коммунизм жолы» ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Қазақстанда және округке қарасты Жаңатұрмыс, Еңбекші ауылдарында 2 ӨК, 122 шаруа қожалығы және 3 серіктестік құрылды. ## Инфрақұрылымы Ауылдарда 4 орта, 2 бастауыш мектеп, 3 кітапхана, 2 клуб, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер-акушерлік және фельдшер пункт бар. Елді мекен Алматы – Тараз автомагистралі бойында орналасқан. Жақын темір жол стансасы – Луговой (18 км). ## Дереккөздер
Казаков Юрий Павлович (08.08.1927, Ресей, Мәскеу – 1982, сонда) – орыс жазушысы, аудармашы. Әдебиет институтын бітірген (1958), Шығармалары 1952 жылдан жариялана бастаған. “Манька” атты алғашқы әңгімелер жинағы 1958 жылы жарық көрді. “Жол бойында” (1961), “Нан иісі” (1965), “Желтоқсандағы екеу” (1966), “Емен орманындағы күз” (1969), “Әңгімелер” (1970), т.б. кітаптары басылды. Қазақ жазушысы Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” трилогиясын орыс тіліне аударды. Казаков әңгімелері венгр, чех, поляк, т.б. тілдерде жарияланған. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Каменское Плато– таудың таза ауасы және қымызбен емдейтін санаторий. Іле Алатауының беткейінде, Алматы қаласынан 10 км, теңіз деңгейінен 1360 м биіктікте орналасқан. Алғашқыда демалыс үйі болып құрылып, 1932 жылы өкпе туберкулезін емдейтін санаторийге айналды. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 4-том
“Казахстанская правда” – республикалық қоғамдық-саяси газет, Қазақстандағы беделді мерзімді басылымдардың бірі. Құрылтайшы және шығарушы – “Қазақ газеттері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. * 1920 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін “Известия Киргизского края”, * 1921 жылдың 1 шілдесінен 1923 жылдың 18 қарашасына дейін “Степная правда”, * 1923 жылдың желтоқсанынан 1931 жылдың аяғына дейін “Советская степь” атауымен жарық көрді. * 1932 жылдың қарашасынан “ Казахстанская правда ” атымен шығып келеді. * 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) ревкомының, * 1921 – 23 жылы РК (б) П Қырғыз (Қазақ) обкомы мен Орынбор губкомының және Қырғыз (Қазақ) ОАК мен Орынбор Кеңесінің, *1923 – 25 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) ОАК-нің, * 1925 – 37 жылы БК(б)П Қазақстан өлкелік комитететі мен Қазақстан ОАК және Кәсіпшілер одағы кеңесінің, * 1937 – 91 жылы Қазақстан КП ОК-і, Қазақ КСР Жоғасыр Кеңесі мен Министрлік Кеңесінің органы болды. * 1957 жылы ұйымдастырушылық және насихаттық қызметі үшін он мыңыншы санының жарық көруіне байланысты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. * 1991 жылдан республикалық қоғамдық-саяси газет. “ Казахстанская правда ” еліміз бастан өткерген тарихи кезеңдер мен оқиғаларға дер кезінде үн қосып отырды. Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтарды жиі жариялап тұрады. Аптасына 5 рет орыс тілінде шығады. Көлемі – 2 баспа табақ, таралымы – 71827 дана (2002). ## Бас редакторлары * 1920. Валерий Лежава-Мюрат * 1921. Дмитрий Наронович * 1921—1922. Александр Марьин * 1922—1923. Петр Кусмарцев * 1923—1925. Лев Хейфец * 1925. Николай Феоктистов * 1926. Николай Туриков * 1926—1928. Александр Швер * 1928. Николай Пищальников * 1929. Николае Мартыненко * 1929. Павел Рысаков * 1929. Садық Сафарбеков * 1929—1930. Борис Красный * 1930. Николай Седов * 1930—1932. Пётр Варламов * 1932—1933. Аркадий Савин * 1933. Иван Губанов * 1933—1937. Николай Верховский * 1937. Николай Гусев * 1937—1938. Даниил Терентьев * 1938—1940. Александр Шумаков * 1940. Сергей Костюхин * 1940—1948. Константин Нефедов * 1948—1955. Игнат Никитин * 1955—1957. Константин Нефедов * 1957—1963. Фёдор Боярский * 1963—1965. Андрей Кияница * 1965—1979. Фёдор Михайлов * 1982. Иван Спиваков * 1982—1986. Альберт Устинов * 1986—1991. Фёдор Игнатов * 1991—1994. Вячеслав Срыбных * 1994—1997. Григорий Дильдяев * 1997—2003. Валерий Михайлов * 2003—2017 Татьяна Костина * 2017 жылдан бастап — Асыл Сағымбеков ## Дереккөздер
Камзол, қамзол – жағасы мен жеңі ойма, белі қынамалы, етегі тізеден төмен болып келетін, қыз-келіншектерге арналған сырт киім. ## Атау түрлері Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс өңірлерінде жеңі шынтаққа келетін шолақ жең немесе тірсек жең бешпентті де камзол деп атаған. Пішілу және тігілу ерекшеліктеріне қарай камзолдар жібек камзол, мақпал камзол, қазақы камзол, қынай бел камзол, тірсек камзол деп түрліше аталады. Жергілікті ерекшеліктерге байланысты халық тілінде камзолды қамзол, кәжекей, көкірекше, кеудеше, күрме, күрдек, қаркеспе деген атаулар қалыптасқан. Сонымен қатар, кей өңірлерде балалар мен ер адамдар киетін бешпент, кәжекей де камзол деген. Камзол латын тілінде – camisiale, арабша – kamis, ал французша – camisole деп аталады. Татарлар мен башқұрттарда камзол күнделікті киім ретінде қолданылып, камзул, бишмәт деп аталса, қырғыздар кемзел, бешмант, келтече деп атаған. Кейбiр түркі тiлдерiн зерттеушiлер «камзол» мағынасындағы кәзекей сөзiнің башқұрт, татар тiлдерiнен енгендігін айтады. ## Камзол пішу Ұзақ жылдар бойы жинақталған зерттеулер мен деректерге сүйенсек, олардың пішілуі Қазақстанның барлық аймағында бірдей, яғни кебенекше ойып пішіледі.Бешпенттің жағасы тік жағалы болып келсе, камзол көбінесе ойма жағалы болған. Камзолдың жеңі көбінесе ойылып пішіледі, кейде қондырма жеңді болады. Камзолдың алдыңғы бойы қаусырылмайтын, яғни алды айқаспайтын етіп пішіледі. Алдына қапсырма, түйме тағылады. ## Камзолдың тігілуі Камзол жалпы түркі халықтарына тән киім болғандықтан, оның тігілуі ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ, қырғыз, татар, башқұрт елдерінде өте ұқсас болды. Камзолды барқыт, пүліш, жібек, гүлді мақпалдан, атластан, шұға, мауыты т.б. маталардан безендiрiп тіккен. Жүн тартылып, аң терісінен астарланып тігілетін түрлері де болады. Көбінесе, оның тысы мен астары арасына «бидайы» аталатын шүберек салынады. Камзолдың ұзындығы әйелдердің жас ерекшелігіне қарай әртүрлі болып келеді. Орта және егде жастағы әйелдер бір түсті шымқай, қызыл, көк, жасыл, қара түстiң бірін таңдап, киген.Жас қыздарға арналған камзолға көбінесе ашық түсті мата таңдап, жағасына, етегіне зер, кестелі немесе жапсырма өрнектер жүргізіп қысқа, шолақтау етіп киген. Қыздар камзолының белі міндетті түрде қыналып тігіледі. Белдің қыналып тігілуі жастардың дене бітімін аша түседі, тал шыбықтай немесе құмырсқа бел теңеулері қыз камзолының осындай пішіміне қарай айтылған. Сән қуған жастар камзолмен бірге тақия, етіктің де түсін бірыңғай етіп киюге тырысқан. ## Камзолдың әшекейленуі Камзолды әшекейлеудегі жергілікті ерекшелік туралы И.В. Захарова, Р.Д. Ходжаева оңтүстікте камзолдың жағасы, өңірі мен белдегі тігісіне моншақтап тізілген күміс теңгелер тағатынын, ал Жетісуда теңгені бір-екі қатар етіп тақса, басқа өңірлерде камзол жиегі мен белін шашақты таспамен сәндейтіндігін, Көкшетау өңірінде оның өн бойына көлдеңінен қатарластыра 2-3 дана күміс теңге тағу кең таралғандығын атап өтеді. Батыс Қазақстан өңірінде камзолдың жағасы, өңірі, етегіне шымқай ақ түсті моншақтармен ою-өрнектер салынады. Сонымен қатар, камзолдың алдыңғы екі өңіріне кесте тігіліп, күміс қапсырмалар таққан.Камзол – әйелдердің күні бойы үй шаруасымен айналысуына, жұмыс істеуіне, бойын жылы ұстауына өте қолайлы киім. Камзолдың алдыңғы өңірі бір-бірімен айқаспай беттесіп тұрады, оған ілгекті-ілмекті қапсырма қадалады, кей жерде ақ тана тақса, кейде әшекейлі күміс, не болмаса қарапайым металл түймелер тағылады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда: XIX – начала XX вв. Алматы: Наука, 1964; * Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987; * Нүркеұлы Х. Ұлттық мирас. Өлгий, 1991; * Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Алматы: Өнер, 1996; * Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы: Өнер, 2009; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Каримуллин Абрар Гибадуллаұлы (1925 жылы туған, Татарстан, Сабин ауданы) – ғалым, филология ғылымы докторы (1978). Қазан университетін бітірген (1953). Қазан университетінің ғылыми кітапханасында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, КСРО ҒА Қазан филиалының Тіл, әдебиет және тарих ин-тында ғылыми қызметкер болған. Бұрынғы Кеңес Одағындағы түркі халықтарының тілдерінде кітап басу ісінің тарихын зерттеген тұңғыш ғылым докторы. Оның еңбектерінде 19 ғасыр мен 20 ғасыр басында Қазан, Уфа, Орынбор, Санкт-Петербург, Ташкент, Семей, тағы басқа қалалардың баспаханаларында жарық көрген қазақ кітаптарының тарихы да зерттелген. Каримуллин Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін таралған татар тіліндегі кітаптарды, шығыстанушы ғалымдар мен саяхатшылардың жазбаларын, діни кітаптарды, араб, парсы, түрік және еуропа тілдерінен жасалған аудармаларды, фольклорлық басылымдар, поэзиялық жинақтар, оқулықтардың жариялануы сынды мәселелерді терең зерттеп, қазақ кітаптану ғылымының қалыптасуына игі ықпалын тигізді. ## Дереккөздер:
Капиталды шетке шығару, капитал экспорты – кәсіпкерлік қызметтің түрлі нысандарын жүзеге асыру және пайда алу мақсатымен капиталдың шет елдегі ұзақ мерзімді салымы. Капиталды шетке шығару негізгі екі нысанға бөлінеді. Олар: тікелей және қоржындық инвестициялар. * Тікелей инвестициялар қаражатты шет ел кәсіпорындарын (филиалдар, бөлімшелер, бірлескен кәсіпорындар) құруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар сатып алуға, акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе бақылау құқығын беретін мажоритарлық қатысу жолымен шетелдік компанияға бақылау орнатуға, шетелдік филиалдардың қызметін кеңейтуге, соның ішінде пайданы кері инвестициялау есебінен кеңейтуге жұмсау болып табылады. * Қоржындық инвестициялар қаражатты шетелдік компаниялардың акциялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алуға – бақылау құқығын бермейтін миноритарлық қатысуға, шетелдік заңи тұлғаларға қарыздар мен несиелер беруге жұмсау болып табылады * пайда табу, қызмет өрісін кеңейту, бұл елдердегі өзінің экономикалық, саяси және басқа тұғырын нығайту мақсатымен бір елдің немесе бір мемлекеттің өз капиталын несие, жеке заемдар беру, кәсіпорындар салу және т.б. түрінде басқа елдерде орналастыруының (капиталдың орын ауыстыруы) формасы. Капитал шетелге негізгі екі формамен шығарылады: қарыз беру және кәсіпкерлік. ## Статистика Түрлі елдердің статистикасында шетелдік салымдарды тікелей инвестицияларға жатқызудың түрлі өлшемдері қолданылады, мысалы, АҚШ-та бұл шет ел компаниялары акцияларының 10%-інен астамын сатып алу; Францияда – 20%-тен астамы, т.б. Тікелей және қоржындық инвестициялар таза валюталық оперциялармен байланысты қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысынан өзгеше түрде капиталдардың ұзақ мерзімді қозғалысына жатады. Сондай-ақ, жекелеген елдердің төлем баланстарында көрсетілетін капиталды жыл сайынғы (ағымдағы) шетке шығаруға және белгілі бір елдің капиталдың ағымдағы әкетілімі есебінен ғана емес, сонымен бірге шетелдік филиалдар пайдасының бір бөлігін кері инвестициялау және шетелдік филиалдардың жергілікті немесе халықаралық капитал рыноктарындағы қызметін қаржыландыру үшін қаражатты бір-бірінен қарызға алу есебінен де құралатын (қорланатын) шетелдік инвестициялардың жалпы көлеміне бөлінеді. БҰҰ деректеріне қарағанда, 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасында дүние жүзінде қорланған шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 2,7 трл. АҚШ долл-ы, ал ағымдағы 1988 – 92 ж. 200 млрд. доллар, 1995 жылы 315 млрд. долл. болды. Экономиканы жайландандыру барысына байланысты шетелдік тікелей инвестициялардың өсу қарқыны дүниежүз. өндірістің өсу қарқынынан асып түседі. Капиталдардың халықаралық жұмсалымы үрдісінде шетке шығарушылар (экспортшылар) мен шеттен әкелушілер (импортшылар) ретінде барған сайын көптеген елдер мен аймақтар қамтылуда, әйтсе де бұл үрдісте бұрынғыша дамыған елдер жетекшілік етуде, олардың үлесіне 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасында тікелей инвестициялар нысанындағы капиталдың ағымдағы экспортының 85%-ы және ағымдағы импортының 65%-ы тиіп отыр. 270 мың шетелдік филиалдан тұратын торабы бар 39 мың ұлтаралық корпорация Капиталды шетке шығарудың басты субъектісі болып табылады. Ұлтаралық корпорациялар арасында алғашқы жүздіктегі аса ірі корпорациялар жетекші рөл атқарады. 20 ғ-дың 90-жылдарының ортасында дүние жүзіндегі тікелей инвестициялардың жалпы көлемінің 1/3-і солардың үлесіне тиді. Капиталды тек жеке меншік банктер мен корпорациялар ғана шығарып қоймайды. Шет елде ұлттық мүдделерді орнықтырудың басты құралдарының бірі мемлекеттің Капиталды шетке шығаруы Мемлекет капиталдың үлесі оның жалпы әкетілімінің 30%-ына жетеді. ## Дереккөздер:
Каспий маңы артезиан алабы – Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан әлемдегі ең терең геологиялық ойысты алып жатқан сулы алап. * Жалпы ауданы 700 мың км². * Құрылымы палеозойға дейінгі түзілімдерден бастап қазіргі шөгінділерге дейін үздіксіз жиналып қалыптасқан қабаттардан (жалпы қалыңд. 10 – 23 км) тұрады.Саз, құм, құмтас, әктас жыныстары төменгі палеозойдың тұз шөгінділерімен қабаттасып жатқандықтан бұл арада тұзкүмбезді құрылымдар өте көп (мыңнан астам). Құмды-құмтасты шөгінділерде шоғырланған артезиандық су қабаттарының тереңдігі алаптың орталығында 20 – 23 км-ге дейін жетеді. Жер бетінен төмендеген сайын әр қабаттың су өнімділігі кеміп, минералдары арта түседі. Ойыстың шығыс, оңтүстік-шығысында жер бетіне жақын жатқан қабаттарда, көбінесе, бор кезеңінің құмтасты шөгінділеріндегі судың минералд. 1 – 3 г/л болса, ойыстың орталығындағы тереңде жатқан сулы қабаттарда 350 – 550 г/л-ге дейін барады. * Негізгі жер асты су қоры бор кезеңінің шөгінділерінде шоғырланған, оның минералдары 3 г/л-ге дейін. * Арынды, шапшып-төгілмелі жер асты суының аймақтық жылдық пайдалану қоры 2,9 км3-ден асады, оған жылына 1,5 км3-ден артық сіңбе су қосылып алмасып отырады. * Пермь-таскөмір кезеңдерінің карбонатты шөгінділеріндегі су құрамында бром, бор, стронций, йод, рубидий, цезий сияқты құнды микроэлементтер бар. ## Дереккөздер
«Каспиймұнайгаз» - Каспий ғылыми-зертеулік және жобалау институты, 1940 жылы Атырау қаласында «Қазақстанмұнайкомбинаты» құрамында «Ембімұнайжоба» кеңсесі ретінде құрылды. * 1957 жылы «Гипроқазмұнай» жобалау институты болып өзгертілді, ал 1970 жылы Ақтау қаласына көшіріліп, Қазақ мұнай ғылыми-зертеулік және жобалау институты деп аталды. * 1991 жылы осы институттың Атырауда қалған жобалау тобы мен кешенді ғылыми-зертеулік бөлімі негізінде осы институттың Атырау бөлімшесі болып қайта құрылды. * 1995 жылы осы бөлімше дербес «Каспиймұнайгаз» институтына айналды. Институттың басты міндеттері: мұнай мен газ кендерінің геологиясы, оларды пайдалану саласында ғылыми-зерттеулер жүргізу; жобалау-іздеу жұмыстарының кешенін орындау; қауіпсіздік техникасы бойынша ғылыми-техникалық және нормативтік құжаттар топтамасын жасау. Институттың жобалары бойынша Қазақстанның ірі кендері Өзен, Жетібай, Қаламқас, Мартыши, Прорва, тағы басқа игерілді. Институт Қисымбай, Забурунье, Масабай, Сазтөбе, Лақтыбай, Көкарна, Қырықмылтық, Елемес, Имашев, Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл, Жаңажол, Қарақұдық, тағы басқа кендерде бірнеше мұнай өндірісі ғимараттарын, қондырғыларын, сондай-ақ Атыраудағы мұнай құю станциясын, Атырау мұнай өңдеу зауытын, Теңіз газ өңдеу зауытын, мұнай, газ, су құбырларын, темір жол мұнай құю эстакадасын, тағы басқа жобаларды, сондай-ақ Атырау қаласын абаттандыруға атсалысты. ## Дереккөздер
Каспий құбыр желісі консорциумы– құбыр төсейтін халықаралық ірі кәсіпорын. Қазақстанның Теңіз және басқа мұнай кеніштерінен Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск қаласына дейін шикі мұнай тасымалдау үшін мұнай құбырын салу мақсатымен 1992 жылы Ресей, Қазақстан және Оман мемлекеттерінің компаниялары құрды. 1996 жылы желтоқсанда консорциумның құрылымын өзгерту туралы келісімге қол қойылды, ол бойынша консорциум капиталының 50%-ы дүние жүзінің мұнай өндіруші алғашқы он ірі компаниясының құрамына кіретін халықаралық компаниялардың қолына көшті. 2002 жылы консорциумға қатысушылардан Ресейдің үлесіне 24%, Қазақстанға 19%, Оманға 7% тиесілі. Консорциум акцияларының қалған жартысын мына компаниялар бөліскен: Chevron Caspіan Pіpelіne Consortіum Co. (АҚШ) – 15%, Mobіl Caspіan Pіpelіne Co. – 7,5%, Orux Caspіan Pіpelіne LLC – 1,75%, LUKARCO B.V (Ресей-АҚШ бірлескен кәсіпорны) – 12,5%, Rosneft-Shell Caspіan Ventures Ltd (Ресей-Ұлыбритания бірлескен кәсіпорны) – 7,5%, Agіp іnternatіonal (N.A.) N.V. (Италия) – 2%, BG overslas Holdіngs Ltd. (Британия) – 2%, Kazakhstan Pіpelіne Ventures LLC – 1,75%. Құрылысы 1999 жылы 12 мамырда Теңіз кенішінен басталып, 2001 жылы 22 қарашада Южная Озерейка терминалында (Новороссийскіге жақын) мұнай құбырының ашылу рәсімі болды. Құбыр желісі жобасының жалпы құны 4,5 млрд. АҚШ доллары, іске асырылу мерзімі – 40 жыл, яки 2 жыл салынады, 38 жыл игеріледі. Мұнай құбырының ұзындығы 1850 км, ең жоғары өткізу қабілеті – жылына 67 млн. т мұнай. Алғашқы кезегінің өткізу қабілеті – жылына 28 млн. т-дан астам. Консорциумның 2001 жылға арналған бюджеті 650 млн. доллар көлемінде болды. ## Дереккөздер
Каспий маңы ойпаты – Каспий теңізін солтүстігінен доға тәрізді ораған ойпатты жазық. ## Географиялық орны Солтүстігінде Жалпы Сырт қыратымен, шығысында Үстірт және Маңғыстау тауларының етегімен, батысында Ергене қыратымен шектеледі. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 1000 км-ден астам, ені 500 км-дей. Аумағы 200 мың км2 . Негізінен Қазақстан жерінде, батыс шеті Ресей аумағында. ## Жер бедері мен геологиясы Абсолюттік биіктігі Каспий теңізі жағалауындағы –27 м-ден шет жақтарында 100 м-ге дейін көтеріледі. Каспий маңы ойпаты бұрын теңіз түбі болған. Төрттік дәуірдегі теңіз трансгрессиялары кезінде теңіз дүниежүзілік мұхит деңгейінен 50 м жоғары көтеріліп, солтүстігінде Жигули тауларына дейін жеткен. Каспий маңы ойпатының жер бедері теңізден қалған қалыңдығы 1 км-ге дейін жететін беткі қабаты құм, шөгінді саз жыныстары қабаттарынан қалыптасқан. Тегіс жазықтың үстінде жеке тұз күмбезді қыраттар кездеседі (Бесшоқы - 60 м, Индер - 52 м, Үлкен Боғда - 152 м, т.б.). Ойпаттың теңіз жағалық бөлігінде батысында Кума өзенінің сағасынан, шығыста Жем өзеніне дейін бор төбешіктері таралған. ## Климаты Климаты қатаң континенттік. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде –14 °С, Каспий теңізі жағалауында –8 °С. Абсолют минимумы –40 °С-қа дейін барады. Қар жамылғысы жұқа түскенімен, 4 – 5 ай жатады. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы 22 – 24 °С. Абсолют максимумы 40 °С-тан асады. Жылдық жауын-шашын солтүстігінде 250 мм-ден оңтүстік-шығысында 150 мм-ге дейін кемиді. Аңызақ жел жиі қайталанады. ## Су торабы Өзен торабы сирек. Еділ, Жайық, Терек өзендері ғана Каспий теңізіне дейін жетеді. Қараөзен, Сарыөзен, Ойыл, Сағыз, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты жазда үзіліп қалады. Тұзды көлдер көп. ## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Каспий маңы ойпаты шөлейт және шөл аймақтарды қамтиды. Сортаң бозғылт қоңыр және қоңыр топырақ сипатты сор мен сортаң кең көлемде таралған. Солтүстігінде жусанды-бетегелі, оңтүстігінде жусанды-сораңды өсімдіктер басым. Жануарлардан ұсақ кеміргіштер – сарышұнақ, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. жиі кездеседі. Еділ мен Жайықтың аралығындағы құмдарда ақбөкен, қарсақ кездеседі. Еділдің атырауы су құстарына бай. Каспий маңы ойпатында мұнай, газ, ас тұзы кен орындары мол. Қар жамылғысының жұқа түсуі қысқы мал жайылымына қолайлы. Көлдете суғару жемшөптен мол өнім алуға мүмкіндік береді. Еділ – Ақтөбе жайылмасында бау-бақша, техникалық дақылдар және күріш егіледі. Еділдің атырауында Астрахан қорығы, шығысында мемлекеттік Үстірт қорығы орналасқан. ## Дереккөздер
ҚазАзот АҚ– Қазақстанның кешенді өнеркәсіп орындарының бірі. ## Тарихы 1959 жылы құрылған. Алғашқыда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинаты өндірістік бірлестігі деп аталды. Қарақияның жер бетіне жақын орналасқан уранды кенішін қорғаныс үшін кәдеге жарату мақсатымен жіберілген кеншілердің алғашқы отряды екі жерге: негізгі бөлігі қазіргі Ақтауда орналасқан Каспий теңізінің Қолтық аймағына, қалғаны уранды Қарақия кеніші ойпаңына жайғасты. Кеншілер күрекпен және қайламен 240 м тереңдікке дейін шахта қазып, құрамында уран, фосфор тұздары бар кен өндіруді жолға қойды. Кейін кенді ашық әдіспен экскаваторлармен өндіру игерілді. * Бастапқы кездері комбинат 475, 19 пошта жәшігі, “Махачкала-40 кенті”, “Гурьев-20 кенті” деген атпен аталды. * Қарақияның кен байыту жұмыстары түбекке жеткізілген әскери химиялық зертханаларда және тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыда жүргізілді. Бертін келе осы екеуінің негізінде Кен байыту фабрикасы және Кешенді химия-гидрометаллургия зауыты бой көтерді. Өнеркәсіп аймағын дамыту “Гурьев-20 кентін” салумен ұштастырылды. * Араға уақыт салып, комбинаттың азот-түк, машина жасау, күкірт қышқылы және жөндеу-механикалық зауыттары, теміржол көлігі және жөндеу-құрылыс басқармалары, 2 автобаза, ғылыми-зерттеу өндірістік зертханасы, “Дикфа” тіс пастасы фирмасы сияқты бөлімшелері ірге тепті. Комбинаттың Жөндеу-механикалық зауытында металдардың кез келген түрін тез қорытып, дәл құю әдісі игеріліп, 30 түрлі маркалы болат пен қорытпалардан жасалған жабдықтар қайтадан қалпына келтірілді. * Ал 1990 жылдан бастап тұңғыш рет лазер өнеркәсіптік кешені орнатылып, іске қосылды. Азот-түк зауыты 20 ғасырдың 80-жылдары жобалық қуатына жетіп, жылына 4 млн. тонна минералды тыңайтқыш шығара бастады. Зауыт нитрофосфаттан басқа шаруашылықта өте жоғары бағаланатын аммофос пен нитроаммофос сияқты тыңайтқыштар өндіруді жолға қойды. Аммофостың қоректік құрамы 64%-ға жетіп, мемлекет сапа белгісін алды. Қазіргі кезеңде мұнда өндіріс көлемін ұлғайтпастан және жұмысшылардың санын арттырмастан жылына 5 млн. т-ға дейін өнім шығарылады. Ғылыми-зерттеу өндірістік зертханасында 400-ге тарта мамандардың қатарында Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері бар. Маңғыстау кенішінен фосфор, күкірт, скандий сияқты сирек кездесетін элементтердің 14 түрін айырып алу технологиясы өндіріске енгізілді. Комбинат ұжымы бұрын қорғаныс саласына қызмет етіп келген өндіріс кешенін біртіндеп халық тұтынатын тауарлар өндіру жағына икемдей бастады. Кейін шаңырақ көтерген Машина жасау зауыты мен “Дикфа” тіс пастасы фирмасы осындай қадамның жемісі. Бұларға “Конструктор”, “Шанс”, “Литейщик”, “Айна” сияқты мемлекеттік шағын кәсіпорындар қосылды. 1992 жылы кәсіпорынның атауы «Каскор» АҚ Химиялық кешені болып ауыстырылды. 1998 жылы «Каскор-Химкомплекс» ЖШС құрылды. 1998-2004 жылдары Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік нысандарын жекешелендіру кезінде «АКТАЛ Ltd» ЖШС Ақтау қаласындағы Прикаспий Тау Металлургиялық Комбинатының химиялық тізбесінің зауыттарын сатып алды. «ҚазАзот» ЖШС 2005 жылы Азот-түк зауытының мүліктік кешенінің негізінде құрылды. 2013 жылы «Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірісін қайта құру және жаңғырту» бағдарламасы жүргізілді. 2015 жылы «ҚазАзот» ЖШС филиалы «Шағырлы-Шөмішті» кен орнында табиғи газ өндірісін бастады. 2016 жылы «ҚазАзот» ЖШС түрлендіру арқылы «ҚазАзот» АҚ болып қайта құрылды. ## Дереккөздер
Николай Григорьевич Кассин (13 желтоқсан, 1885, Ресей, Киров облысы, Гнусино селосы – 28 қазан, 1949, Алматы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1937), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943). ## Өмірбаяны * Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1913). ## Ғылыми жұмыстары Қызметінің алғашқы кезеңін Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігі мен Гурьев (қазіргі Атырау) облысының гидрогеологиясы (1912 – 1916) мен Ресейдің Киров облысының геологиясын (1918 – 1924) зерттеуден бастаған. Ол петрография, стратиграфия, геотектоника, металлогения, геоморфология, гидрогеология саласында жұмыс істеп, минералогия және палеонтологиямен де шұғылданды. Негізгі еңбектері Қазақстан жерінің геологиялық құрылымын зерттеуге, оның шикізат қорын игеруге арналған. Кассин – Қазақстанның геология картасын тұңғыш жасаушылардың бірі; Бозшакөл мыс кен орнын (Р.А.Борукаевпен бірге) тұңғыш ашушы; жас альпілік вулканизмнің даму мүмкіндігін болжады, ол кейін (Семейтауда, Жетісу Алатауы, Кетпен жоталарында) дәлелденді. ## Марапаттары * КСРО мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1946). ## Дереккөздер
Кассин мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Есік өзенінің бастауында. Есік пен Түрген өзендерінің суайрығы. Мұздық 4380 м биіктікте басталып, 3400 м биіктікке дейін созылып жатыр. Мұздыққа Қазақстанның белгілі геологы Н.Г. Кассиннің есімі берілген. ## Аумағы Ұзындығы 43 км, оның ашық жатқан жері 4 км, жалпы аумағы 6,6 км2, фрин (мұзқар) алаңы 4,1 км2. Орташа қалыңдығы 65 м. Мұздық жылына 5–10 м-ге қысқарып келеді. ## Дереккөздер
Кастанье Иосиф Антонович – Қазақ халқының этнографиясын зерттеуші. Кастанье Иосиф Антонович алғашында Орынбордағы ерлер гимназиясы мен Неплюев кадет корпусында француз тілінің мұғалімі болып істеді. Орынбор ғылыми архив комиссиясының мүшесі, осы комиссияның вице-президенті (1912), мұражай қызметкері болды. Қазақ халқының тарихын, этнографиясын зерттеумен айналысты. Кейінірек Түркістанда, Ташкентте тұрды. Кастанье Иосиф Антонович өзінің зерттеулерінің нәтижесінде жарық көрген шығармаларында («Древности Киргизской степи и Оренбургского края», Оренбург, 1910) 8–9 ғасырлардағы печенег, қыпшақ сияқты түркі тайпалары туралы деректер келтіреді. Тарихи деректер негізінде қазіргі Қазақ халқын құраған керей, найман, қыпшақ, алшын, арғын тайпалары, олардың қоныстанған жерлері жөнінде маңызды мәліметтер келтірген. Керейлердің Керулен, Онон өзендері бойын қоныстанғанын, ал наймандар 12 ғасырдың өзінде керейлермен көршілес болып, Орхон, Ертіс өзендері аралығында көшіп-қонып жүргенін жазады. Қыпшақтар мен алшындар қазіргі Семей мен Ақмола өңірін қоныстанған деп көрсетеді. Шыңғыс хан мен Батудың жорықтары кезінде олардың әскерлерінің жергілікті түркі тайпаларымен араласып-құраласып кеткені, Шағатай ұлысында наймандар мен арғындардың болғанын, олардың 14 ғасырда Еміл өз-нен Оңтүстік-батыста Қаратал мен батысында Нұра өз. аралығына дейінгі жерлерде көшіп жүргенін, ал бұл кезде керейлердің Қара Ертіс бойын, қыпшақтар мен алшындардың Жошы ұлысы құрамында болып, Алтын Орданың негізгі этн. құрылымын құрағаны туралы маңызды деректер келтірді. 15 ғасырдың 1-жартысында Шағатай мен Жошы ұлыстары ыдырағаннан кейін басқа түркі тайпаларының ішінде Қазақ халқын құраған тайпалардың ықпалының күшейгені туралы мәліметтер келтірген. Қазақ хандығының негізін салушы Керей мен Жәнібек хандар туралы да маңызды мағлұматтар кездеседі. Жәнібек ханның баласы Қасым ханның Қазақ халқын бір орталығықа біріктіріп, Қытай шекарасынан Орал жотасына дейінгі жерлерге иелік еткені туралы жазады. ## Дереккөздер
Константин Петрович Кауфман (19.2.1818 – 4.5. 1882, Ташкент) – орыс инженер-генералы (1874), генерал адъютант (1864), Түркістан генерал-губернаторы (1867 жылдан) Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1873). * Ресей Бас инженерлік уч-щесін бітірген (1839). * 1844 – 56 жылы Кавказда әскери қызметте болып, Қырым соғысына (1853 – 56) қатысқан. * 1865 жылы Вилен округі әскерлерінің қолбасшысы, 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторы болып тағайындалған. * 1868 жылы Бұхараға, Самарқанға, 1873 жылы Хиуаға қарсы соғыс қимылдарын, 1874 жылы Қоқан көтерілісін басып-жаншуды басқарды. Түркістан округінде шексіз билікке ие болған Орта Азияны отарлау саясатын дәйектілікпен жүргізді. * Оқу-ағарту ісіне де көңіл бөлді. * 1874 жылы Түркістан округінде 4 гимназия, 60 мектеп, кітапхана ашты. * Кауфманның тапсырмасымен бүкіл Орта Азияның библиографиясы қамтылған “Түркістан жинағы” (құраст. В.И. Межов) жарық көрді. *Түркістан өңіріндегі сауда, өнеркәсіп салаларының дамуына, жібек, жүзім өсіруге көңіл бөлді. * Мақта шарушылығын өркендету мақсатында жаңа техникамен жабдықталған ферма салғызды. * 1876 жылы 21 ақпанда ішкі істер министріне жазған хатында мұсылмандар әдебиетінің Түркістан өңірінде кеңінен таралуы туралы сөз қозғай келіп, Қазаннан жарық көрген мұсылман басылымдарының, бағасы арзан болғандықтан өлкедегі отырықшы тұрғындар ішінде ғана емес, көшпелі қазақ халқының арасында да таралып жатқанына назар аударды. Осыған байланысты Баспа ісі жөніндегі бас басқарма тарапынан мұсылман басылымдарының санын шектеу және олардың өңірде таралуына жол бермейтін шаралар қолданылуы жөнінде ұсыныс айтты. К. өзінің адъютанты Ш.Ибрагимовпен бірге Ш.Уәлихановтың қабіріне барып, басына ескерткіш тас орнатты. ## Шығармалары: * Проект всеподданнейшего отчета К.П. Фон-Кауфмана 1-го по гражданскому управлению и устройству в областях Туркестанского генерал-губернаторства, СПб., 1885. ## Дереккөздер
“Каспиймұнаймаш” – Ақтау қаласындағы машина жасау кәсіпорны. ## Тарихы “Каскор” акционерлік компаниясының бұрынғы Жөндеу-механикалық зауыты негізінде 1997 жылы 15 шілдеде жабық акционерлік қоғам нысанында құрылды. ## Өнеркәсібі Қазіргі кезде кәсіпорын мұнай мен газ өндірісі саласының кәсіпорындарына, энергиялық кәсіпорындарға және облыстың хим. кешеніне жабдықтар шығаруға мамандандырылды. Кәсіпорында оқпандарды бұрғылау және мұнай айдау кезінде пайдаланылатын бұрғылау сорабын, тербелме-станоктарға арналған Ц2НШ редукторларын күрделі жөндеуден өткізуді игерді. Кәсіпорынның жылына 100-ден астам сорап шығаруға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге кәсіпорын бұрғылауға, мұнай жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған босалқы бөлшектер мен аспаптарды, соның ішінде мұнайды жинап, сақтауға арналған ыдыстарды кең ауқымда өндіреді. ## Дереккөздер
Кашафутдин Шаһмарданұлы, әл-Минзәләви ас-Сөлеки әл-Қарқаралы (1864, Башқортстан, бұрынғы Уфа, Минзәлә уезі, Нәркей болысы, Сөлек ауылы – 1920) – ақын. Ұлты – башқұрт. Шаруа отбасынан шыққан. Ауыл имамынан тәлім алып, 1883 – 1892 жылы Қазан медресесінде оқыды. 1892 жылы Уфада медресеге мұғалім болуға рұхсат алып, Семей өлкесі, Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешіті жанындағы медреседе оқытушы болып жұмыс істейді. ## Өмір бағыты Діни-ағартушылық бағыттағы ақын. Шығармаларының негізгі желісі – жастарды өнерге, білімге шақырып, дін жолын танып білуге үндеу болды. Ы.Алтынсарин ізімен “Кел, балалар, оқылық” атты өлең жазды. 1897 жылықазақтың 400-дей мақал-мәтелін “Ахуал” деген атпен бастырып шығарды. “Махулат” (1897), “Манзурат” (1897), “Мінез” (1898), “Оқы намаз кітабын” (1898), тағы басқа еңбектері оқу-білім, тәрбие, дін, ғылым мәселелеріне арналған. Ақын шығармаларын үш түрлі сипатта қарастыруға болады: автордың төл шығармалары, шығыстық үлгідегі қиссалары, халықтық фольклорды жинауы. Соның ішінде ағартушылық бағыттағы еңбектерінің жас ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеудегі орны ерекше. 27 кітабы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорында сақтаулы. ## Дереккөздер:
Кашкаров Даниил Николаевич (30.3.1878, Ресей, Рязань қаласы – 26.11.1941, Новгород облысы Хвойная ст.) – биол. ғыл. докт. (1934). Мәскеу ун-тінің физ.-матем. (1903) және мед. (1908) ф-ттерін бітірген. Орта Азия ун-тінде (қазіргі Ташкент мемл. ун-ті) омыртқалылар зоологиясы кафедрасын (1920–33), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тінде осы аттас кафедраны (1933–41) басқарды. К. Орта Азия мен Қазақстанның (қазіргі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының) кемірушілерінің биологиясын, экологиясын және географиясын зерттеп, оларды биол. таксон ретінде бір жүйеге келтірді. Мойынқұм, Билікөл, Ақкөл, Ащыкөл, Бетпақдала омыртқалыларының даму эвол. мен экологиясын зерттеді; республикада Ақсу-Жабағылы қорығын ұйымдастыру қажеттілігін негіздеп берді. Жануарлар мінез-құлқын, олардың белгілерін зерттейтін психологияның бір саласы – жануарлар психологиясының дамуына үлкен үлес қосты.
Нина Әмірқызы Қаюпова (1 мамыр 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) — медицина ғылымдарының докторы (1988), профессор (1989). Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1996). Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі. ## Өмірбаяны * Алматы мемлекеттік медицина институтын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1965) бітірген. * Алматыдағы №1-перзентханада акушер-гинеколог (1959–62) болып жұмыс істеді. * Ана мен баланы қорғау ғылымы-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері (1965–71) * Алматы мемлекеттік медицина институтының доценті (1971–76) * Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы (1976–81) * Қазақ акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Республика ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы) директорының орынбасары (1981–83) қызметтерін атқарған. * 1983 жылдан осы орталықтың директоры. * 1991–2001 жылдары Республикалық әйелдер ұйымы кеңесінің төрайымы болды. Оның басшылығымен Қазақстанда республикадағы әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсартудың тұжырымдамасы (1997) дайындалды. * 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйел және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы. * 1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды. ## Ғылыми еңбектері Каюпованың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – перинатальды медицинаның проблемаларын шешуге, жүкті аналар денсаулығын экология жағдайларды ескере отырып жақсартуға арналған. Оның акушерлік-гинекология саласындағы ғылыми-зерттеулерінде жүкті әйелдердің денсаулығына байланысты «өте қауіпті топты» ажыратудың әдістері анықталып, соның нәтижесінде аналардың өмірін сақтап қалу жолдары ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Каюпованың басшылығымен гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерді жас ерекшелігіне байланысты емдеуге және эндоскопиялық операциялар жасаудың техникасын жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа технология енгізілді; баласыз ерлі-зайыптыларды халықаралық стандарттарға сай келетін көмекші репродуктивті технологияның жаңа әдістерімен емдеудің тиімділігі анықталды; іштен туа біткен кемістіктер мен тұқым қуалайтын аурулардың ұлттық генетикалық тізімі (регистрі) мен аурулардың алдын алу шараларын аймақтық анкета арқылы анықтау (скрининг әдісі) бағдарламасы енгізілді. ## Марапаттары * 1994 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік марапаты Парасат ордені берілді. * 1996 жылы Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты атанды. * 2004 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері. * 2016 жылғы ҚР Президенті жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежелі "Достық ордені" мен марапатталды. * 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі * 2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" мемлекеттік медалі. * ҚР Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен марапатталған. * ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі * "Қазақстан денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалінің иегері.
Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсы: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге құятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ. ## Қалыптасуы Қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүсігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат тайпасы бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. ## Географиясы Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы (73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңқыстау, Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңқыстау мен Қазақ шығанақтары бар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км. * Ірі шығанақтары: Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы басқа). * Ірі түбектері: Маңғыстау түбегі, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. ### Климаты Теңіз екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті климатта, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азия шұғыл континентті климаттар арасында жатыр. Жазда Каспий теңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 240о-260оС. Қыста температура өзгеше. Солтүстігінде қысы аязды болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы -7-11оС. Орта бөлігінде 10о-50оС, ал оңтүстікте 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура -38оС-қа жетелі. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін, оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 240С, ал оңтүстікте 28"С-қа дейін көтеріледі. ### Теңіз деңгейі Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995 жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл Шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты. Орта Каспийдің шығыс бөлігі - терең сулы. Орташа тереңдігі 200 м, ал максималды 700 м дейін жетеді. ### Судың тұздылығы Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2%о болса, орталық бөлігі 10-12%о-ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14%о болады. ### Табиғаты Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы. Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады. ### Экологиясы Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды. Қазіргі заманның балық шаруашылығы — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10 — 11%о), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы; 1998 ж. Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т катты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүк концентрациясы мамыр-шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен салыстырганда Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге, яғни 500 — 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі — 50 мкг/л (бүл — 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қәуіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭБ) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты » дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді. Каспий тсңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар. Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды. Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады. Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр. ### Жағалауындағы қалалар мен құрылыстар Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айдағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым-қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Үзындығы 150 м, биіктігі 10 м болатын ең үлкен «Астана» атты су кемесінің жылына 2 млн тонна құрғақ өнімдер мен 10 млн тонна мұнай және мұнай өнімдерін тасуға мүмкіншілікбар. ### Каспий маңы халқы Каспий теңізі және оның су айдыны Каспий маңы елдері, оның ішінде Қазақстан экономикасы үшін үлкен маңызға ие. Бұл жер қойнауында әр түрлі флора мен фаунасы бар бірегей су қоймасы, оның ішінде көмірсутектердің айтарлықтай қоры шоғырланған. Жағалау аймағындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға теңіз және жағалау аумағының гидрометеорологиялық режимі, ең алдымен, теңіз деңгейінің жағдайы айтарлықтай әсер етеді. Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Итбалық аулау ертеден жолға қойылған. Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының этнография және мәдени бастауының маңызды бір ошағы саналады, яғни тарихи-мәдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы ондағы этногенетикалық үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізді. Ғылымға сүйенсек, Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы тегі – гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жағалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық аумағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық құрылыс қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің оңтүстік-шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылды. Қола дәуірінде Андронов мәдениеті және Қима мәдениеті қалыптасты. Біздің заманымыздан бұрын 8-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы әрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік-Шығыс Каспий өңірінде көшпелілердің ежелгі дәуірдегі тарихи ескерткіштері сақталған. Біздің заманымыздан бұрын1-мыңжылдықта Арал-Каспий өңірінде сақ, сармат, каспи тайпалары және оған туыстас тағы басқа тайпалар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы біздің заманымыздан бұрын5 – 7 ғасырларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон: “Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпелілерді дайлар деп атайды” деп жазады. ## Тарихы 6 ғасырдың орта тұсында Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды. Орта ғасырларда Каспий өңірі халықаралық сауда-дипломатиялық қатынастар торабы болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды. Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі Алтын Орда иелігіне көшті. Алтын Орда ыдырап, оның орнында пайда болған Қырым хандығы, Ноғай ордасы, Астрахан (Қажы-Тархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірін де иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері арасындағы алғашқы келісім – Решт келісімі болды. Ондағы келісімде Каспий теңізіне және Кура мен Аракс өзендерінде Ресей еркін сауда және кеме қатынасын қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі Ресейге қарады. 1813 жылы Гүлстан келісімінде, одан кейін Түрікменшай келісімінде (1828) Ресейге Каспий теңізінде толық әскери флот құруына рұқсат берілді. Парсылар тек сауда және кеме қатынасымен шектелді. Кеңес Одағы Каспий теңізі-ндегі монополиялық құқықтан бас тартып, 1921, 1935 және 1940 жылдардағы Кеңес – Иран келісімінде Каспий теңізінде кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел тең құқықты деп саналды. КСРО ыдыраған соң (1991), Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет (Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) Каспий теңізі мәртебесін айқындауға ұмтылды. Осыған орай,2002 жылы 23 – 24 сәуірде Ашғабатта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Ашғабат кездесуінде бірде-бір құжатқа қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау барысында оны қалай да шешудің қажеттілігіне деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш рет проблема барынша ашық қойылып, егжей-тегжейлі талқыланды. Қазақстан ұстанған бағытты Ресей де, Әзірбайжан да қолдады. ## Каспий түбектері * Аграхан түбегі * Апшерон түбегі — Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан. * Бозащы түбегі * Маңғыстау түбегі — Каспийдің шығысында, Қазақстанда орналасқан. * Түп-Қараған түбегі ## Дереккөздер
Кәкпір– тор көз ожау, бауырсақ, ірімшік немесе етке салынған нанды сүзіп алатын құрал. Кәкпір қалайыдан жасалады. Бас жағы ожауға ұқсас. Сұйық зат ағып кету (май, сорпа) үшін тесіктер – тор көздер ойылады, сымнан да тоқылады. Халық арасында бұл құралдың майқалақ, тесік ожау, кепсер, сүзекі, сүзгіш, шолпы сияқты балама атаулары да кездеседі. ## Дереккөздер:
Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев (1868, Семей облысы, Абай ауданы – 1915, сонда) – Абай мұрасын тұңғыш бастырушы, Абайдың інісі Ысқақтың баласы. 8 жасынан бастап ауыл молдасынан 4 жылдай оқып, түрікше, арабша хат таныған. ## Өмірі Кәкітайдың ерекше зеректігін байқаған Абай 1882 жылы оны өзіне бала етіп алып, Мағауиямен бірге тәрбиелеген. Семейге ертіп барып, білім алуына көмектескен. Абайдың ақыл-кеңесімен Тұрағұл екеуі қарасөз, аударма, көңіл күй тақырыбындағы қысқа өлеңдер жазады. “Абай ағамның қатарында жүрген 24 жыл ішінде оның үйретпеген білімі болмады, бірақ бәрін түгел ұғып ала алмадым. Сондықтан мен Абай ағама зор қарыздармын, ендігі мақсатым – шамам келгенше оның асыл қазынасын кейінгі жастарға жеткізіп беру”, деп, К. өзіне уәде берген. 1904 жылы Абайдың сүйікті ұлы Мағауия, іле-шала ұлы ақынның өзі, одан кейін үлкен баласы Ақылбай қайтыс болып, Құнанбай әулеті үлкен қайғыға душар болғанда барлық ауыртпалықты бірге көтеріседі. Жидебайда бала оқытып жүрген молда Мүрсейіт Бікеұлына ақы беріп, бұрыннан жинап жүрген Абай шығармаларын көшіртіп жазғызады. Абайдың баласы Тұрағұлмен бірге ақын мұрасын жинастырып, баспаға әзірлейді. Әлихан Бөкейханов Абайдың тұңғыш өмірбаянын жазып, онда ақын өміріне қатысты барлық деректерді К. бергенін атап өткен. 1905 жылы Әлиханның кеңесімен Абай шығармаларын баспаға әзірлеуге кіріскен Кәкітай сол жылы жазда Семейге, одан Омбыға барып бастыра алмаған соң, кейін Қазан қ-на келеді. Осы қалада Санкт-Петербург баспаханасының өкілімен келісімшарт жасасып, болашақ кітаптың корректорлығын өз мойнына алып, ақысын алдын-ала төлейді. 1909 жылы Абайдың тұңғыш жинағы – “Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбайұғылының өлеңі” (бастырған: Кәкітай, Турағұл Құнанбайұғыландары”) деген тақырыппен Санкт-Петербургте жарық көріп, барлық данасы Семейге Кәкітай атына жіберіледі де, сол жерден бүкіл қазақ даласына тарайды. Кәкітайдың осы жинақта жариялаған Абай туралы өмірбаяндық мақаласын М.Әуезов жоғары бағалаған. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 2-кітап [Мәтін] : [екінші кітапқа Кәкітай, Көкбай және Уәйіс ақындар енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары мен алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Дәуір, 1994. - 336 б. * Мұхамедханов, Қ. Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев [Мәтін] : туғанына 100 жыл / Қ. Мұхамедханов // Семей таңы. - 1969. - 31 декабрь. - Б. 4. * Мұхамедханов, Қ. Даниял Кәкітайұлы Ысқақов [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов // Абай. - 1996. - № 4. - Б. 78-79. * Зерттеулер, мақалалар. - 2005. - 352 б. - Абай төңірегіндегі ақындар, Абай және XIXғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, Абайдыңөнеге алған мектебі, Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатаев, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев, Мұқамеджан Майбасаров, Бейсембай Жәнібеков, Баймағамбет Мырзаханов, Мұқа Әділханов, Әлмағамбет Сексенбаев, Әубәкір Оспанов; Абай шығармаларының текстологиясы жайында * Абайдың ақын шәкірттері. - 2005. - 328 б. - Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай немересі, Әбубәкір Ақылбайұлы шығармалары, Шаһкәрім, Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов туралы. * Мұхамедханов, Қ. Абай шәкірттері [Мәтін] : [сүйінші дана] / жыйнаған, түсініктерін жазған Қ. Мұхамедханов; сөз басын жазған М. Әуезов. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1951. - 263 б. - 1951 жылы Қ. Мұхамедханов тұтқындалған соң баспаханадағы кітап терімі шашылып қалған.
Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов(5.5.1946 жылы туған, Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылы) – физика-математика ғылымының докторы (1983), профессор (1986), Дулат тайпасының Жаныс руынан. * 2003 Қазақстан ҒА-ның академигі, * 1996 Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. * 1969 Новосибирск университетін (Ресей) бітірген. * 1969–72 КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің Математикалық институтының аспиранты, * 1972–85 Қазақстан ҒА Математика және механика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, * 1985–91 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі және декан, * 1991–97 Қазақ химия-технология институтының ректоры қызметтерін атқарды. * 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері вольтерлік емес трикоми операторы проблемасын шешуге арналған. Сондай-ақ ол гиперболалық, эллипстік және аралас типтегі теңдеулер үшін локальді емес шекаралық есептердің спектрлік теориясын құрды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1978). ## Дереккөздер
Кәрібжанов Фазыл (1912, Ресей, Омбы облысы Шарбақкөл ауданы 6-ауылы – 25.8. 1960, Алматы) – мемлекет қайраткері. Омбы жұмысшы (1933), Сібір ауыл шаруашылығы ин-тын (1938) бітірген. 1938 – 46 жылы Солтүстік Қазақстан облысы шаруашылықтарында агроном, ауданы, облысы, республика партия комитетттерінде ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жауапты қызметкері болған. 1946 – 53 жылы Қарағанды облысы партия комитетінің 2-хатшысы, облыс атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы ОК-нің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1953 – 54 жылыҚазақ КСР ауыл шаруашылығы министрі. 1954 – 60 жылыҚазақстан КП ОК-нің 2-хатшысы қызметтерін атқарған. 1960 жылы Қазақ КСР Жоғасыр Кеңесі Президиумының төрағасы болып сайланды. КСРО, Қазақ ҚСР Жоғасыр Кеңесіне бірнеше дүркін депутат болып сайланған, КСРО ордендері мен медальдерімен марапатталған. Алматыда 28-панфиловшылар паркіндегі Даңқ мемориалы кешеніне жерленген. ## Дереккөздер
Кәріқыз (лат. Lappula) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. * Қазақстанның сор және тыңайған жерлері мен жол жағаларында өсетін 32 түрі бар, оның 11-і – эндемик. Бұлардың биіктігі 5 – 20 кейде 60 см-дей болады. Сабағы тік, ұшына қарай бұтақталып келеді. Ұзынша жапырақтары мен сабағының сыртын қалың түк жапқан. Гүлдері ұсақ, бес мүшелі, түсі, көбінесе, көкшіл болып келеді. * Гүлшоғыры – бұйра, толық жетілгенде жазылып, шашақ гүлшоғырына ұқсайды. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. * Жемісі – 4 жаңғақша, оның сыртын тікенек жауып тұрады, осы тікенектері арқылы мал жүніне жабысып таралады. Бау-бақшаның арамшөбі. * Мал жемейді. ## Дереккөздер
Тұрсынбек Кәкішев (1927 жыл - 08.09.2015 жыл) - әдебиетші, ғалым, сыншы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. «Оңаша отау» (1982) кітабына енген «Абайтанудың алғашқы асулары»атты мақаласында қазақ әдеби сынындағы Абай шығармашылығы төңірегінде атқарылған істерге, оның ұлттық сыни- ғылыми ойдың даму эволюциясындағы көрінісіне, Абай шығармаларын зерттеуші ғалымдардың бұл іске қосқан үлесіне, жекелеген зерттеулер мен мақалаларға талдау жасайды. Автор мұнда абайтану ғылымының алғашқы кезеңіндегі зерттеулердің қазақ әдеби, ғылыми сынына негіз болғанын ерекше бөліп айтады. Кәкішев «Абайдың сатирасы» (Абай тағылымы, Алматы, 1986) және «Асылдың сынығы» («Лениншіл жас», 20. 05. 1970) атты мақалаларында Абай шығармаларының тақырыптық- идеялық және көркемдік ерекшеліктеріне назар аударса, «Орыс ориенталистері Абай туралы» деген мақаласында («Ертіс», 22. 09. 1963) орыс зерттеушілерінің Абай жайында айтқан пікірлері мен берген бағаларына талдау жасайды. * 1979 Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. * 1950 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында аға редактор міндетін атқарған. * 1952–58 Қазақстан Компартиясы ОК-нің Партия тарихы институтының ғылыми қызметкері, * 1960–68 Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. * 1968 жылдан Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент (1968–78), декан (1978–86), кафедра меңгерушісі * 2000 жылдан осы университеттің профессоры «Қазақ әдеби сынының туу және қалыптасу жолдары» деген тақырыпта докторлық диссиртация қорғады. ## Шығармалыры 1967 «Дәуір суреттері»,1971 «Сын сапары»,1982 «Оңаша отау»,«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994), т.б. еңбектерінде қазақ әдебиеті мен сынының тарихы терең зерттелген. Кәкішев «Қазақ әдебиетінің тарихы» (3-т., 1–2-кіт., 1967), «Қазақ кеңес әдебиеті тарихы» (1970, орыс тілінде), «Көп ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы» (1970, Мәскеу) сияқты еңбектерді жазуға қатысты. Сәкен Сейфуллинге арналған С.Сейфуллиннің шығармалары өмір жолын баяндайтын «Сәкен Сейфуллин» (1967; орыс тілінде, ЖЗЛ сериясы бойынша, Мәскеу, 1972), 1968 «Қызыл сұңқар»,1976 «Сәкен Сейфуллин. Өнегелі өмір»,1994«Сәкен және Гүлбаһрам»,1994 «Сәкеннің соты»,1997 «Сәкен Сейфуллин»,2000 «Мағжан және Сәкен» атты еңбектерін жазды. Өзге1992 «Санадағы жаралар»,1995 «Кер заманның кереғар ойлары», т.б. жинақтарында қазақ әдебиетінің өткені, бүгіні жайлы толғаныс-пікірлері топтастырылған.1978 «Ұштасқан үш өзенмен»,1983 «Жол үстінде 80 күн»,1986 «Садақ»,1989 «Жасампаз өлке» атты сапарнамалық кітаптары жарық көрді. ## Дереккөздер
Садық Кәрімбаев (28 ақпан, 1918, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 4 шілде 1975, Алматы) –сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1947). ## Өмірбаяны Бала күнінде шешекпен ауырып екі көзінен айырылған. Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан. ## Шығармашылығы Жасынан ән салып, сырнай тартады. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, әсіресе, өзі туып өскен өлкенің Майра, Естай, Жарылғапберлі сияқты әнші-ақындарының шығармашылығын жетік біліп, солардан ғибрат алады, өзі де ән шығарады. Әндерінің тақырыбы сан алуан. Туған жердің табиғат сұлулығына (“Жетісу”, “Кешкі Алматы”, “Жаңаарқа”), еңбек адамдарының ерлік істеріне (“Тракторшы қарындас”, “Сауыншы жеңгей”, “Жылқышы қыз”, “Шаттанамын еңбектің ерлеріне”, “Қызылшашылар маршы”), Отан қорғау тақырыбына (“Жорық”, “Аттаныс”) арнаған туындылары бар. Халық арасына кең тараған әндерінің негізгі бір саласы – лирикалық әндер (“Сағындырған сәулем-ай”, “Күтем сені”, “Сүйген сәулем Ақерке”, “Ақ тотым”, “Ақтамақ”, “Айлы түнде”, тағы басқа). Сондай-ақ, вальс жанрының (“Жамбыл жастарының вальсі”, “Қапшағай вальсі”) дамуына да үлес қосты. ## Дереккөздер
Кәмпескелеу (латынша confіscatіo – дүние-мүлікті қазынаға тартып алу) – тәркілеу, мүлікті иесінің ықтиярынсыз қазынаға тегін алу, жеке адамдардың, әр түрлі ұйымдардың, қауымдастықтардың меншіктерін мәжбүр ету жолымен, қайтарылмайтын етіп заңға сүйеніп тартып алу. * Әр түрлі әлеуметтік төңкеріс кезінде белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесі үшін жерді, мүлікті, малды тартып алу үшін жүргізіледі. КСРО-да Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жеке меншік иелерін жою және большевиктік тәртіпке қарсы әлеуметтік-саяси топтарды қоғамдық өмірден мүлдем ығыстыру үшін Кәмпескелеу ісі қолданылған. * Орталық биліктің мақұлдауымен Қазақ АКСР ОАК-і 1928 жылы 27 тамызда ірі байлардың шаруашылықтарын Кәмпескелеу туралы заң қабылдады. Бұл заң сол жылдың қыркүйек және қараша айларында зорлық-зомбылықпен жүзеге асырылды. Қазақстан үкіметінің ресми дерегі бойынша, осы науқан барысында 696 шаруашылық тәркіленген. Шын мәнінде, кәмпескеленген шаруашылықтар сандары мыңнан асып кетті. Кәмпескелеу туралы заңға сәйкес көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 бас малдары барлар кәмпескеленулері керек еді. Алайда ауқатты шаруалардың көпшілігінде мұндай көлемде мал басының болмауына байланысты бірнеше туыстас қожалықтар бір шаруашылық ретінде күшпен біріктіріліп тәркіленді. Кәмпескелеу барысында байлардан тартып алынған 145 мың бас мал (ірі қараға шаққанда) жарлы-жақыбайлар шаруашылықтарын материалдық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да көтеруге қолдау көрсете алмады. Керісінше, Кәмпескелеу табиғи ортаға бейімделген дәстүрлі мал шаруашылығының дамуын тежеп, оны қатты күйзеліске ұшыратты. Алайда Кеңес өкіметі Қазақстандағы ірі байларды саясатының сәтсіздіктерінен дұрыс қорытынды жасай алмады. Кәмпескелеу науқанында қолданылған зорлық-зомбылық әдістері, күштеу саясаты, одан кейінгі шаруашылықтық-саяси науқандарға – күшпен ұжымдастыру, кулактарды тап ретінде жою, көшпелілерді зорлап отырықшыландыру шаралары кезінде одан әрі қатыгездік сипат алды. Мұның өзі халықтың кеңестік саясатқа қарсы стихиялық көтерілістерін туғызды ( Адай көтерілісі, Шұбартау көтерілісі, тағы басқа). * Кеңес өкіметі органдарының науқаншыл саясаты қазақ халқының елеулі бөлігінің ата қонысын тастап, шет елдерге үдере көшуіне әкеліп соқтырды. Дәстүрлі көшпелі қоғам заңдылықтарын ескермей, шаруашылықтарды ұрдажық ожарлықпен күштеп ұжымдастыру қазақ даласындағы мал санының жүздеген есе азаюына алып келді. Мұның соңы қазақ халқының тарихында бұрын-соңды болмаған 1930 – 32 жылдардағы нәубатқа соқтырды ## Дереккөздер:
Кәде – қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының жиынтық атауы. * Кәде жасамау – дәстүрді сыйламау, яғни әдет заңын бұзу деген сөз. Түрлері өте көп және оның ережесі, әрқайсысының өз жасау тәртібі бар. **Кәденің той кәделері (тойбастар, айттық, мүше сұрау, көрімдік, тәбәрік, жыртыс, сарқыт, тағы басқа)құдалық кәделері (қарғыбау, шеге шапан, қалың мал, өлі-тірі, бата аяқ, той малы, ат байлар, тойбастар, құйрық-бауыр, сандық ашар, шәй құяр, құдатартар, табаққа салар, құда аттандырар, тағы басқа)күйеу кәделері (есік көрсету, ентікпе, босаға аттар, шымылдық байлар, балдыз көрімдік, күйеу аттандырар, тағы басқа)балаға арналған кәделер (ат қою, бесікке салу, тұсаукесер, қырқынан шығару, тағы басқа)қаза кәделері (садақа, жыртыс, қабыршы кәдесі, киім беру, тағы басқа) * құдалық кәделері (қарғыбау, шеге шапан, қалың мал, өлі-тірі, бата аяқ, той малы, ат байлар, тойбастар, құйрық-бауыр, сандық ашар, шәй құяр, құдатартар, табаққа салар, құда аттандырар, тағы басқа) * күйеу кәделері (есік көрсету, ентікпе, босаға аттар, шымылдық байлар, балдыз көрімдік, күйеу аттандырар, тағы басқа) * балаға арналған кәделер (ат қою, бесікке салу, тұсаукесер, қырқынан шығару, тағы басқа) * қаза кәделері (садақа, жыртыс, қабыршы кәдесі, киім беру, тағы басқа) сияқты түрлері көп. ## Дереккөздер:
Мұхаметсәлім Әбдірахманұлы Кәшімов (1884, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы – 1935, Біржан сал ауданы) – ақын, журналист. * Жас кезінде әкесінен, кейін молдадан оқып, хат таныған. Әкесіне еріп Меккеге қажылыққа барып, “Бала қажы” атанған. Ол – бірнеше тәлім-тәрбиелік еңбектердің авторы. * “Әдеп” (1907) * “Сабақ” (1907) * “Насихат қазақия” (1908) * “Ақыл кітабы” (1908), т.б. еңбектерінде қазақ балаларына оқу-білім, тәлім-тәрбие, тазалық, мәдениет мәселелері төңірегінде ақыл-кеңес, өнегелі тағлымдар ұсынады. Ол шәкірт тәрбиесін ұлттық салт-дәстүрге негіздей жүргізуді, мұны имандылық пен адамгершіліктің сан-алуан көріністерімен ұштастырып отыруды уағыздайды. Оқытудың тәрбиелік жағына үлкен мән беріп: , - дейді. Шәкірттерді аз сөйлеп, көп тыңдауға, жаман істен жиреніп, жақсы істен үйренуге шақырады. деп, адамның өзін-өзі тәрбиелеу ісіне ерекше мән береді. Кәшімов ананың бала тәрбиесіндегі рөлін жоғары бағалап, қыздарды өз келісімінсіз жастай атастыруға қарсылық білдіріп, оларды мұсылманша оқытып, тәрбиелеуді жақтайды. * “Сұлу қыз” (1909) өлеңдер жинағы * “Мұңлы Мариям” (1914) романы жарық көрген. 1911 – 14 жылдары “Айқап” журналында қызмет істей жүріп, ел ішіндегі мектеп-медреселердің жай-күйі, олардағы оқу-тәрбие істерінің барысы жайында ой қозғаса, Жетісу, қырғыз, қытай қазақтарын аралаған кезінде (1915 – 16) этнографиялық очерктер жазған. Онда елдің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен бірге оқу-ағарту мәселелерін де сөз етіп, тәлімдік ой-пікірлерін ортаға салады. ## Дереккөздер
Кварцтау – ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру; емдеу әдісінің бір түрі. Ультракүлгін сәуле сынап-кварцты шамның (лампаның) күшімен алынады. Мұндай сәуле әр түрлі ауруларды (рахит, терінің іріңді қабынуы, т.б.) емдеуге және хирургиялық палаталарды, операция жасайтын, жара таңатын бөлмелерді немесе хирургиялық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Сонымен қатар кварцтау арқылы ішетін су, әр түрлі тағамдар (сүт, ет, т.б.) да залалсыздандырылады. ## Дереккөздер:
Кәуәп — еттен жасалатын тағам. Кәуаптың қой, сиыр, киік етінен, бауырдан жасалатын түрлері бар. ## Қой етінен жасалған кәуап Қой етінің кәуабын жасау үшін қойдың жұмсақ еті мен құйрық майының әрбір кесегі 15 – 16 г-нан келетіндей етіліп туралады да тұздалып, бұрышталады; ұсақтап туралған пияз қосылып, жүзім сірке суы құйылады. Бәрі жақсылап араластырылады. Қой еті жақсы бұқтырылу үшін эмальды ыдысқа салынып, үсті ауыр затпен бастырылады. Беті дәкемен жабылып, бірнеше сағат (4 сағаттан 24 сағатқа дейін) салқын жерге қойылады. Осы мерзімнен соң әрбір істікке 6 кесек ет, ең соңында бір кесек құйрық май түйреледі. Сөйтіп, арнайы ошақтағы (мангал) сексеуіл шоғына бір жағы, содан соң екінші жағы сөлі бөлініп, әбден қызарғанша қарылады. Ет біркелкі пісу үшін желпуішпен желпіп, шоқты маздата түсу керек. Ал егер кәуаптың майы ағып, ет түтіндеп кетсе, шоқ үстіне сірке суы қосылған су себіледі. Піскеннен кейін әр кісіге 2 – 4 істіктен есептеліп, тарелкаға салынады да бетіне сақиналап туралған пияз себіліп әкелінеді. Қасына нан, бөлек ыдысқа салынған қызыл бұрыш, сірке суы қойылады. Қой етінің кәуабы кейде ортақ ыдысқа салынып та әкелінеді. Етті бөлектен турап, ыдысқа салып тұздайды, қара бұрыш, үгілген пияз қосады да, сірке суын араластырған соң салқын жерде 5—6 сағат ұстайды (тоқтының етіне сірке суын қоспайды, оған бұрыш, тұз, петрушка салып, 2—3 сағат суықта ұстайды). Сонан соң туралған қой етін істікке түйрейді. Кәуәпты шоққа (жалынсыз) пісіреді, істікті әлсін-әлсін аударыстырып, еттің біркелкі пісуін қадағалау керек. Піскен кәуәпты істіктен алып, табаққа салып, оған май құяды. Гарнирі — жас пияз, туралған қызанақ, лимон, піскен күріш. Келтірілген ұнтақ барбаристі немесе гранат шырынын дастарқанға жеке қояды. Қой етінен жасалған кәуәпті табаға қуыруға да болады.50 г қой етіне: 2 бас пияз, 100 г жастай жұлынған пияз, 2—3 помидор, жарты лимон, 1 ас қасық сірке суы, 1 ас қасық сары май керек. ### Карск кәуәбі Қойдың бүйрек тұсындағы етін жуып, тазалап, әр адамға мөлшерлеп турайды. Бүйрегін де тазалап екі бөледі. Әзірленген ет пен бүйректі ыдысқа салып тұздайды, бұрыштан, ұсақтан кесілген пияз бен петрушка салып, сірке суын немесе лимон шырынын сеуіп, 2—3 сағат ұстайды. Пісірер алдында туралған қой өтін істікке шаншыл, әрбір турам еттің екі жағынан жартылан бүйрек қосып, жалынсыз шоққа пісіреді. Ет әбден пісу үшін істікті аударыстырып отыру керек. Кәуөпты табаға да пісіруге болады. Әзір болған кәуәпті істіктен алып, бүйрекпен бірге табаққа салып, қасына кесілген лимон қосып, дастарқанға қояды. Кәуәптің үстіне жаңа жұлынған пияз бен петрушка салады. Оңтүстік соусын дастарқанға жеке қояды. 500 г қой етіне: 2 бүйрек, 1 бас пияз, 100 г жаңа жұлынған пияз, 1 ас қасық сірке суы, жарты лимон керек. Сауда орындарында кәуәптың жартылай фабрикаттары да болады. Кәуәп пісіруге арналған электр кәуәппісіргіш те бар. ### Кәуәп пісіргіш Электркәуәп пісіргіш. Кәуәп әзірлегенде қолмен немесе электрлі қозғалғыштық көмегімен айналатын 4—6 істікке (шампурларға) туралған ет түйреледі. Қыздыру үшін корпусындағы электрлі қыздырғыш элементі немесе кварц сәулелендіргіші пайдаланылады. Тетіктері тік немесе көлбеу кәуәппісіргіштер болады. Істіктері көлбеу орналасқан және электрлі айналу механизмі бар кәуәппісіргіш кеңінен тараған. Бұл үлгідегі кәуәппісіргіштер қыздырмалы торлармен жабдықталған. Ол туралған ет пен балық қуыруға, котлет, бифштекс т. б. әзірлеуге, сондай-ақ алма, картоп, нан пісіруге де оңтайлы. Жұмыс істеу қуаты 1000—1200 Вт. ## Галерея * * * * * * ## Дереккөздер
Кебеже — тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады. Оның қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағы сияқты, кейде жармалы да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш ағашпен, не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де асадал сияқты кейде сырмен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледі. Кебеже Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Олардың жасалу тәсілі, сыртқы пішіні көп жерлерде ұқсас болып келеді. Кебежелердің бір-бірінен ерекшелігі олардың алдыңғы бетін көркемдеу тәсілінен байқалады. ## Дереккөздер
Кебенек– 1)' сырт киім. Ертеректе жауынгерлер, малшылар жауын-шашыннан, бораннан қорғану үшін киген. Жұқа киізден тігіледі, шапан тәрізді болып келеді. Кебенекке арналған киізді бір бет етіп жұқалап басады. Оны асқан ұқыптылықпен шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ, қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артына жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішеді. Кебенек кең және ұзын болады. Шапанға ұқсас болғанымен, тік немесе күләпара іспетті жағасы бар кебенекті жылқышылар үскірік аяз бен желден, жаңбыр мен қардан сақтану үшін киген. Халық тілінде кебенектің баламасы ретінде кебентай сөзі де жиі қолданылады. Кебенек сөзіне байланысты “Кебенек киген келеді, кебін киген келмейді” немесе “Ерді кебенек ішінде таны” деген мақалдар бар; 2)ешкі ғана ауыратын жұқпалы індет. Қоздырғышы сүзілгіш вирус. Ауырған ешкінің бәрі өледі. Кебенек індеті ауа райы құбылмалы таулы өңірде көбірек ұшырайды.Індет тез өршиді. Ешкінің дене қызуы 41 – 42С-қа жетеді, оттамайды, күйсемейді, өрістен қалады, ілбіп қана қозғалады, бүйірі қабысып, көзі жұмылып, еш нәрсеге елеңдемейді. Бұлшық еттері оқтын-оқтын дірілдейді; ентігеді, бүйірі соғады, өкпесі сырылдайды, танауынан ірің ағады. Ауырған лақтар бақырады. Сойып қарағанда өкпесінің әр жері бауырдай тығыздалғаны байқалады. Кебенекті кей жерде алаөкпе дейтіні сондықтан. Ауру ешкінің кеуде қуысын сары су кернейді. Ауырған малды емдеу үшін қанына 0,01 г новарсенол жібереді. Мұнымен қатар пенициллин, стрептомицин, норсульфазол және жүрек қызметін күшейтетін дәрілер береді. Көкірегіне жылытқыш кеп тартады. Қораны 10 – 12%-тік әк не 2%-тік күйдіргіш натр ерітіндісімен залалсыздандырады. Карантин ауру айыққаннан кейін 2 айдан соң алынады. ## Дереккөздер:
Кебін – қайтыс болған адамға кигізілетін ақырет киімі. Кебін үш бөліктен тұрады:1) лифафа – сыртқы кебін. Лифафаның көлемі мәйітті қаусыра орауға, басы мен аяқ жағынан бууға жетерліктей көлемде болады; 2)изар – бас, аяқпен бірдей енді мата; 3) қамис – көйлек. Мата екі қабатталып, ортадағы тұйық жерден бас сиярлықтай жыртылады. Басқа кигізгенде, көйлектің ұзындығы мойынның түбінен аяққа дейін жететін болуы тиіс. Бұл кебін ерлер мен әйелдерге ортақ кебін әйелдер үшін мұнан өзге: 1)хумар, яғни шашты жабатын бүркеншік; 2) хирқа, яғни кеуде жапқыш болады. Хирқаның ұшы екі қолтыққа келтіріліп, омырау жабылады. Бүркеншіктің екі ұшы хирқаның астына келтіріледі. Кебін адам тірі кезде киюге жарайтын нәрседен, мүмкіндігінше мақтадан тоқылған ақ түсті матадан болғаны абзал. Әрі жаңа немесе таза болуы қажет. Әйелдердің кебіні жібектен болса да болады. Жетерліктей мата табылмаған жағдайда, мәйіт жалғыз қабат кебінмен де қойыла береді. Мәйітке әуелі “қамис”, кейін “изар” кигізіледі. Сосын “лифафа” оралып, ашылып кетпес үшін бас, аяқ, белден байланады. Әйелдердің шашы екі бұрым түрінде “қамистің” үстіне көкірек тұсына қойылады. Бүркеншікпен басы, беті жабылып, үстіне “изар” оралады да, “изардың” үстінен кеуде жапқыш көкіректің үстінен көлденең қойылып, екі ұшы қолтықтың астына келтірілгеннен кейін, “лифафа” оралады. Сәби балалардың кебіні “лифафа”, “изар”, тек қана “лифафа” немесе кәдімгі үш қабат мата болса да оқасы жоқ. Кебіннің үш түрі бар: 1) сүннет түрі. Сүннет кебіні жоғарыда айтылған тәрізді, ерлер үшін: “лифафа”, “изар” және “қамис”. Әйелдер үшін қосымша “хумар” және “хирқа”; 2) “кифая” түрі (“кифая” – жеткілікті). Ерлер үшін “изар”, “лифафа”. Әйелдер үшін “изар”, “лифафа” және “бүркеншік”; 3) “заруат”түрі. кебін жоқ, не табылмаған жағдайда мәйітті бір қабат етіп ораған матаны заруат деп айтады. Шаїид (шейіт) болғандарды жумайды, әрі оларға жоғарыда айтқан кебінді кигізбейді. Шаїид өз киімдерімен жерленеді; қ. Жерлеу рәсімі. ## Дереккөздер
Кегей – арба доңғалағының күпшек пен табан қимасының аралығындағы тiреу ағашы. Мұны "шабақ" деп те атайды. Шабақтары қаңсып босағанда оған мықты таяқты бастыра біріктіріп қайыспен немесе сыммен, кейде қыл арқанмен бұрап байлайды. ## Дереккөздер ## Әдебиет * Шойбеков Р.Н. Қазақ тіліндегі күш-көлік атауларының этномәдени мазмұны. Этнос тілін зерттеудің өзекті мәселелері. Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2011. 68-75 бб.
Кеген Елді мекен: * Кеген – Алматы облысы Кеген ауданы орталығы. Басқа мағыналар: * Кеген (өзен) * Кеген асуы * Кеген жазбасы * Кеген ауданы
Кежім – салтанат, сәндік үшін әшекейленіп, өрнектеліп, шашақталып жасалған ат жабуы. Көне заманда кежім «тері сауыт» деген мағынаны білдірген. Кежімнің ертедегі массагет, сақ, сармат, оғыздарда қолданылған сауыт түрiндегi үлгiлерi жазба деректерде, жартастардағы суреттерде, дастан-жырларда ұшырасады. ## Сипаты, атаулары мен қолданысы Мұндай ат сауыты кекілдік, сауырлық, жақ, мойындық, кеуделiк, бастық деп аталатын 6-бөлiктен тұрады. Кежімді астарлық жабуға металл көбелердi, берен, зере темiрлердi қайыс, шегемен бекiту, шығыршықпен өру, қаю, сыру арқылы жасайды, етегiне шашақ түсiредi. Қорғаныс дәрежiсiне сай олар "көбе кежім", "берен кежім", "қапталған кежім", "кiреуке кежім" деп аталған.Ертеде кежім қорғаныс мақсатында атты жарату, аурудан сақтау үшiн қолданылса, соңынан сәнді жабу түрiне ауысқан. Ол таңдаулы ат пен мақтаулы түйелерге жабылатын болған. Кежім салтанатты күндерде және күзгі, қысқы суықта ердің астынан салынып, аттың сауырын жауып тұрады.Кежімнің алтын, күміс зермен (жіптермен) әшекейлеп тігілген алтынды кежім, күмісті кежім, зерлі кежім, кестелі кежім, шашақты кежім тәрізді сәнді түрлері болған. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Радлов В.В. Тюркские степные кочевники. ІІІ т. Астана: Алтын кітап, 2007; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Кездік – қыны кісе белбеуге тағылатын, аңшылықта қолданылатын, басы бір жүзді кішкене пышақ. ## Атау түсінігі Түркі халықтарында көне магиялық түсініктерге байланысты аңшылықта қолданылатын құралдардың атын атауға тыйым салынып, өз атауының орнына зат пен оның әрекетінің, жасалған материалының метонимиялық байланысына негізделген эвфемистік жанама атау қолданылды.Осы секілді кесетін қару – пышақтың атын да аңшылық кезінде тура атамай кездік, кестік деп («кескір құрал» деген мағынада) атап, кейін бұл атау түркі халықтарында пышақтың аңшылықта қолданылатын түрінің атауы болып қалыптасты. ## Жасалуы мен қолданысы Қазақтар кездіктің сабын ағаштан, сүйектен, аңның мүйізінен жасап, жүзін шынықтырылған асыл құрыштан соққан. Аңға шыққанда кездікті теріден тігілген қынға салып, белге тағып алып жүрді. Пышақтың кішкентай түрін кейде "құс кездік" деп атау ертеден қалыптасқан. Бұл туралы: "Арсалақтап жүгіріп, асығыста сүрініп, кеудесіне мініпті. Құс кездігін суырып, кеудесінен тіліпті", – деп келетін этномәдени дерек «Алпамыс» жырында сақталған.Сонымен бірге кездік өлшем құралы ретінде де қолданған. Мәселен, шөбін орып алған жерге шыққан, шөптің кездік бойы өсіп қалған кезін «кездік бойы алқымдағанда» деп сипаттайды. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Кайдаров А.Г. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистическое объяснение. ИАН КазССР. Серия общественная. 1976. №6; * Ахметжан К.С. Этнография традиционного вооружения казахов. Алматы: Алматыкітап, 2007.
Кебек Хан (туған жылы белгісіз – 1326) – Шағатай мемлекетінің билеушісі (1318 – 1326). Дува ханның баласы. Кебек хан Шағатай мемлекетін бір орталыққа бағындыруға және оның саяси-шаруашылық жағдайын нығайтуға ұмтылды. Шағатай мемлекетін құрайтын аймақтардың (‘’батысында – Мауераннахр, шығысында – Жетісу және Шығыс Түркістанның бір бөлігі) бір тұтас экон. және этн. бірлігінің болмауы, сондай-ақ, өзара қырқысушылық салдарынан туған шаруашылық дағдарысы Шағатай мемлекетінің әлсіреп, ыдырауына әкеп соқтырды. Кебек хан мемлекетті нығайту жөнінде бірқатар шараларды жүзеге асырды. Ол, негізінен, өз мемлекетінің батыс бөлігінде қала өмірін жандандырып, егін шаруашылығын өркендетуге шұғыл бетбұрыс жасады, қираған қалаларды қалпына келтіріп, жаңа қалаларды салуға көңіл бөлді. Кебек хан мемлекеттің саяси-әкімшілігі орталығын шығыс аймақтан (Алмалықтың жанынан) Мауераннахрға (Қарши) ауыстырды. Экономиканы жандандыру мақсатымен Кебек хан 1321 жылы ақша реформасын жүргізді: Хулагу әулеті билеген Иран мен Алтын Орданың теңге жүйесі тектес бірегей теңге жүйесі енгізілді. Кебектер деп аталған үлкен күміс динарлар мен ұсақ дирхемдер (1 дирхем – 1/6 динар) жалпы мемлекет теңгелерге айналды. Шағатай мемлекетінде теңге жүйесін қалыпқа салу жөнінде Кебек ханнан бұрын да қаракет жасалған болатын. Мыс, Масудбек 1271 жылы бүкіл мемлекетке бірдей күміс теңгелер соқтырған. Бұған дейін 13 ғ-дың орта шенінде көптеген қалалардың теңге сарайларында, солардың ішінде Отырар, Тараз т. б. қалаларда тек жақын аймақтарда қолданылған жергілікті теңгелер соғу қалпына келтірілді. Мемлекеттің шығыс бөлігінде, Алмалық қаласында соғылған алтын динарлар мен күміс дирхемдер айналымда болды. Алайда, ішкі саяси әлсіздік, өзара қырқыс-тартыс, экономика бірліктің болмауы, т.б. кедергілердің салдарынан 1321 жылғы реформаларды жүзеге асыру қиынға түсті. 5 жыл өткен соң Кебек хан мемлекетте теңге жүйесін бір қалыпқа келтіруге мәжбүр болды және ақша реформасы арқылы сауданы жандандыруды, шаруашылық жағдайын жақсартуды, алым-салық жинаушылардың, саудагерлердің қылмысының алдын алып, мемлекеттің қаржы жағдайын нығайтуды көздеді. Кебек хан жүргізген ақша реформасының Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда қалаларды өсіріп, шаруашылықты өркендету үшін зор маңызы болды. Сонымен қатар, бұл реформа Мауераннахрдың көрші аймақтармен, соның ішінде Дешті Қыпшақпен сауда байланысын ұлғайтуға мүмкіндік берді.Кебек хан әкімшілігі реформасын да жүзеге асырған. Ол билік құрғанға дейін хандар Шағатай мемлекетін алыпсатарлар және шенеуніктері – даруға мен басқақтар арқылы басқарды. Бірқатар қалаларда, соның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы қалаларда жергілікті билеушілер – меліктер мен садрлар қалды. Кебек хан мемлекет басқару ісін тікелей өз қолына алды және елді ұсақ әскери-әкімшілігі және салық төлейтін округтерге – түмендерге бөлді. Бұрынғы иеліктер түмендерге, ал олардың билеушілері түмендердің мирасқорларына айналды. Бірақ көптеген түмендер Кебек ханды қолдаған және Мауераннахрға онымен бірге келген көшпелі моңғол-түрік ақсүйектеріне еншіге берілді. Кебек ханның реформасы мемлекетті өркендетуге едәуір әсер етті, әйтсе де ол бытыраңқылықты жоя алмады.Кебек ханның реформалары мемлекеттің шығыс бөлігінің экономика және саяси өміріне айтарлықтай өзгеріс енгізе алмады. Жетісуда 14 ғ-дың бас кезінде қала өмірі мен егін шаруашылығы түгел дерлік жойылып біткен еді. Шығыс Түркістан аймақтарының экономика және саяси дербестігі бірте-бірте күшейе түсті. Шағатай мемлекеті ыдырай бастады. Кебек хан қайтыс болғаннан кейін әскери-көшпелі ақсүйектердің орталық өкімет билігіне қарсы күресі бұрынғыдан да күшейді. Кебек ханның мемлекетті бір орталыққа бағындыру жөніндегі саясатын жалғастырушы інісі Тармашырын (1326 – 1344) қастандықпен өлтірілді. 14 ғ-дың 40-жылдарында Шағатай мемлекеті Мауераннахр және Моғолстан болып екіге бөлінді. ## Шығармалары Бартольд В.В., История Туркестана, Соч., т. 2, ч. 1, М., 1963; Петрушевский И.П., Земледелие и аграрные отношения в Иране XІІІ – XІV вв. М., 1961;Строева Л.В., Борьба кочевой и оседлой знати в Чагатайском государстве в первой половине XІV в., в сб.: ## Пайдалған әдебиет ## Сыртқы сілтемелер * Кебек Хан(қолжетпейтін сілтеме)
Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Даладан үйге кіргенде оң жақ босағаға кебісті шешіп, қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қояды. Мәсімен таза сырмақ, кілем, текемет үстіне шығып отырады. ## Тігілу барысы Кебіс тігу – арнаулы қалыптан шыққан былғарыдан, көннен ине-жіпті пайдалана отырып қонышсыз аяқкиім тігу. Адамдардың жастарына қарай кебістің де арнаулы қалыптары болады. Кебістің басы жұмсақ былғарыдан, табаны мен күлшіні, шажамайлығы қатты ұлтаннан пішіліп тігіледі. Кебісті пішу, ұлтарып тігу, оның өкшесін салудың барлық әдістері де етіктің басын тігумен бірдей. Бірақ кебістің ернеуі астарланып, шеті сыздықталады да, өте жіңішке тарамыспен екі қатар қайылып отырады. Кебісті етік сияқты мол, кең етіп тікпейді. Кебісті былғарысын жібітіп, қалыпқа түскен соң қатты тартып, ыспалай отырып қатырады. Шажамайдың астары мен күлшіннің аралығына желім құйып қатайтады. Шажамайдың, күлшіннің сырты жұмырланып тұрады.Кебістің өкшелігі мен ернеуінің арасы, яғни шажамайы жақсы былғарымен астарланады. Сыны бұзылмау үшін кебістің ұлтарақшасы мен өкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі. Аяқтан түсіп қалмауы үшін оны тереңдеу етіп, үстін молырақ шығарып тігеді. Кебістің былғарысын оюлап құрап, кестелеп, оның ернеулерін кепсерлеп, өкшелігіне мық (басы бүркеншікті әшекейлі шеге) қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып немесе түрлі тігіс өрнектерімен әшекейлейді.Кейбір кебістің өкшесіне үшбұрышты қайың шегеленіп бекітіледі де кебіспен бірге тігіледі. Мұны батқы немесе тіреме деп атайды. Қырынан қарағанда, батқы кебістің өкшесінде бұлтиып көрініп тұрады. Ол атты тебініп жүргізу үшін жасалады. Батқылы кебістер қазір тігілмейді, мүлдем ұмытылған. ## Түрлері мен ерекшеліктері * Кебіс пішілуіне, тігілуіне, жайпақтығына қарай мықшима, биік өкше, үшкір тұмсық, көксауыр, құмырысқа бел, жезөкше, қазық өкше, үшкір бас деп аталады. Бұлар жастарға арналып тігілген. * Сәндік үшін киетін кебістерді алтын, күміс құйма, тіреме, көксауырлармен оюлап әшекейлейді. Көксауыр, шоңқайма кебісті қыз-келіншектер киген. * Әйелдерге арналған кебістер түрлі-түсті жұқа былғарыдан тігіліп, биік өкше қағылған, әртүрлі жібек жіптермен кестеленіп көркемделген. Әсем кебісті ұзатылатын қыздарға арнап тіккен, ол алтын кебіс аталған. Алтын шытыралармен әшекейленген қымбат бағалы кебіс туралы мәліметтер қазақ фольклорында мол кездеседі. * Кебістің шолақ қонышты жайтабан, кең ауыз деп аталатын түрлерін қарт кісілер киеді. * Ер адамдарға арналған кебісті көннен немесе қалың былғарыдан түзу табанпішімінде немесе жайпақтап өкшесін аласа етіп тігеді. Әдетте, еркек етіктері мен кебістерінің өкшесіне темірден нәл қағады. * Кебістің бөкі немесе бекі деп аталатын түрлері түйе терісінен тігіледі. ХХ ғ.-дың екінші жартысынан бастап кебістің сипаты өзгере бастады. Өкшесіне бірнеше қабат ұлтан салынып, шегеленетін, тұмсығы домалақтау етіп жасалатын болды. Cапиян терілерден ою-өрнек салып, зерлеп тігілген кебістер де кездеседі. Кебістің өкшелігіне мық қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып әшекелейді. ## Сөз морфологиясы Бұл сөз аяқ киім мағынасында иран тілінде де бар. Бірақ тұлғасы «кәфш» қалпында көрінеді (Пер.-рус. сл.,1983, 335). Әрине, бұл сөз түбірінің алғашқы мағынасы басқаша болғандығын да иран тілінен іздеп табамыз. Онда «кәф» немесе «кәфф» – аяқтың табаны деген мағынада қолданылады (бұл да сонда, 333). Дүние жүзіндегі бірқатар тілдерде (үнді, араб, ескі ағылшын, фин, эстон сияқты тілдерде) «һоф», «кәпп», «кәппә» тұлғалы сөздер «табан» мағынасында (В. М. Ил.-Св., ОСНЯ, 1971, 347) ұғынатындығын да ескерте кетеміз. «Табан» мағынасын беретін басқа тілдердегі «кәф» сөзі, одан туындаған «кәфш» сөздері қазақ тіліне ауысқаннан кейін «кебіс» іспеттес дыбыстық өзгеріске ұшырап, мағынасын дәлірек қазақшаласақ – «табандық киім» болмақ. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Қазақ эпосы. 6-кітап. Алматы, 1957; * Қасиманұлы С. Илей білген теріні тон етеді. ҚӘ. №18. 1992.01.05; * Шойбеков Р.Н. Етікшілік өнеріне байланысты кейбір атаулар. Тілтаным. 2006. №3. 55-60 бб.; * Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы: Өнер, 2009; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
## Мадақ өлең Мадақ өлең, салтанатты оқиғаны жырлауға немесе біреуді қошаметтеуге арналған. Ежелгі грек, рим әдебиетінде орын алған, кейін Еуропа және орыс әдебиетінде тараған ода немесе араб поэзиясындағы қасида Мадақ өлеңнің түрлеріне жатады. Қазақ әдебиетінде Мадақ өлеңнің өз үлгілері қалыптасқан. Махамбеттің “Исатай деген ағам бар”, Орынбай Бертағыұлының “Ассалаумағалейкум, батыр Ерден” атты өлеңін Мадақ өлеңнің таңдаулы нұсқалары деуге болады. Әрине, Мадақ өлеңдердің ішінде арзан қолды, біреуден сый дәметіп, байлығын айтып қолпаштап, жағыну үшін шығарылғандары да болған. Абай сөз қадірін кетірген қошаметшіл ақындарды “Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап... Қайда бай мақтаншаққа барған маңдап” деп сынап, Мадақ өлеңнің осал жақтары болатынын да жақсы аңғартқан. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы ## Мадақ өлең Мадақ өлең, салтанатты оқиғаны жырлауға немесе біреуді қошаметтеуге арналған. Ежелгі грек, рим әдебиетінде орын алған, кейін Еуропа және орыс әдебиетінде тараған ода немесе араб поэзиясындағы қасида Мадақ өлеңнің түрлеріне жатады. Қазақ әдебиетінде Мадақ өлеңнің өз үлгілері қалыптасқан. Махамбеттің “Исатай деген ағам бар”, Орынбай Бертағыұлының “Ассалаумағалейкум, батыр Ерден” атты өлеңін Мадақ өлеңнің таңдаулы нұсқалары деуге болады. Әрине, Мадақ өлеңдердің ішінде арзан қолды, біреуден сый дәметіп, байлығын айтып қолпаштап, жағыну үшін шығарылғандары да болған. Абай сөз қадірін кетірген қошаметшіл ақындарды “Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап... Қайда бай мақтаншаққа барған маңдап” деп сынап, Мадақ өлеңнің осал жақтары болатынын да жақсы аңғартқан. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Мазар (араб.: مزار‎ — сиынатын орын) — мұсылман қауымының қаза болған адам қабіріне тұрғызатын сәулет ескерткіші. Мазар тұрғызу дәстүрі Таяу Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның мұсылман елдеріне ертеден кең тараған. Мысалы, Ауғанстандағы Мазари-Шариф пен Герат, Ирактағы Неджеф пен Кербала, Ирандағы Мешхед пен Кум, Өзбекстандағы Бұқара мен Хиуа Мазарлары тарихилығымен әрі жергілікті дәстүрлі мәдениеттің дамуына тигізген ықпалымен ерекшеленеді. Зерттеушілер қазақ жерінде Мазар тұрғызу дәстүрін ежелгі көшпелілер дәуірінен (андронов мәдениеті, сақ дәуірі) бастап, оның ең байырғы үлгісіне Баланды-2 ескерткішін (б.з.б. 4 — 2 ғ.) жатқызады. Қазақстандағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Алаша хан, Бабажа қатын кесенелері ортағасырлық Мазар саналады. Мазарлар Маңғыстау түбегі және Батыс Қазақстанда көп кездеседі. Қазақ жеріндегі Мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген кірпіштен қаланып, әрлеу жұмысына өрнекті кірпіш, терракот тақтайша және жылтыр бор тас материалдарын қолданған. Қасбеті мен пештағына, күмбезіне нақышты өрнектер мен қабырға безендіруіне фриз тәсілдерін пайдаланған. Ислам діні мен мәдениетінің өркен жаюына байланысты Мазардың қабырғалары мен маңдайшаларына аят және хадис үзінділері жазылып, қабір басына құлпытас қойылатын болды. ## Дереккөздер
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2 ақпан 1940 жыл, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ## Өмірбаяны Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы. 1987 жылы еркін шығармашылық қызметте, 1988 жылдан бері "Жұлдыз" журналының бас редакторы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. "Аласапыран" тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы. ## Шығармашылығы ### Әңгімелері “Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі 1964 жылы “Жұлдыз” журналында жарияланды. "Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. "Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Ғасырлар бедері" (әдеби зерттеулер), "Өмір жыры" (әңгімелер, хикаят, роман), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген. 2002 жылы Алматыдағы «Қағанат» баспасында он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. 2020 жылы Мэрилендтегі «Magauin Publishing» баспасында жиырма бес томдық толық шығармалар жинағы басылып шықты. Ал, 2024 жылы Қазақстанда жиырма алты томдық толық шығармалар жинағы басылып шықты. (Қасым баспа үйі) Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. ### Аласапыран Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психологиялық-философиялық тереңдікпен көркем бейнеленген. ### Қобыз сарыны “Қобыз сарыны” (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады. ### Жармақ Жақын арада Чехия Республикасынан жарық көрген "Жармақ" — қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне құрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді. ### Шыңғыс хан Бұл роман тетралогия болып табылады. 2011–2016 жылдары 4 кітап болып Алматыда басылып шықты. “Шыңғысхан” атты тарихи-халықтанулық, әдеби-көркем мемлекеттік (республикалық) журналында үзінділерімен 2012 жылдан 2016 жылға дейін жариялана бастады. Бұл тақырыпты тығыз зерттеуді ол 2000-шы жылдардан бері бастады. Алғашында “Шыңғыс ханның шарапаты” секілді мақалалардан (“Жұлдыз” журналы, №3, 2002) бастады. Роман қолжазбасы Чехиядағы Прага, Карловы Вары жерлерінде 2008 жылдың 12 қарашасынан жазыла бастап, 2015 жылдың 30 қарашасында АҚШ–тың Роквилл, Мэриленд жерлерінде жазылып аяқталды. Терең ізденісі, жазушылық қарым–қабілеті, тәжірибесі арқасында осындай іргелі де сүбелі еңбегі шықты. ## Марапаттары ## Дереккөздер
## Майкөтов Әділбек Майкөтов Әділбек (1870, Атбасар уезі, Сарышөп ауылы – 1919, Атбасар қаласы)– Казақстандағы революциялық қозғалыстарға белсенді қатысушы. Атбасардағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін (1887), Омбыдағы фельдш. мектепті (1981) бітірді. Омбыда оқып жүрген кезінде саяси жер аударылған – революция жасауға ұмтылған көтерілісшіл жастармен танысқан. Мектепті бітіргеннен кейін Майкөтов Атбасар уезінің Теріссаққан және Теңіз болыстарында фельдшер болып жұмыс істеді. 1905 – 07 жылдары төңкеріске қатысып, қазақ еңбекшілердің наразылық бас көтерулерін ұйымдастырған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерліске қатысып, Ақпан буржуазия-демократиялық төңкерісінен кейін 1917 жылы кедейлердің арасында үгіт-насихат жүргізді. 1918 жылы Майкөтов пен С.Н. Царевтің басшылығымен Атбасарда Кеңес үкіметі орнады. Осы жылы Кеңестердің уездік съезінде (17 – 20 ақпан) Майкөтов Жұмысшы, солдат, шаруа және мұсылман депутаттардың уездік кеңесінің мүшесі, 1919 жылы Атбасар уездік кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. Колчак тылында партизан қозғалысын ұйымдастырып, Атбасар уезіндегі көтеріліс басшыларының бірі (1918 – 19) болды. 1919 жылы маусымда Колчак армиясы әскерлерінің қолынан қаза тапқан. Атбасарда Майкөтов атында көше бар және ескерткіш орнатылған. Астана қаласындағы педагогикалық училищеге, облыстың бір шаруашылығына есімі берілген. ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы. ҚР ПА 811-қор, 1-тізбе, 7-іс, 1-5 парақ; 9-іс, 27-28 парақ; Нүрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995. ## Майкөтов Әділбек Майкөтов Әділбек (1870, Атбасар уезі, Сарышөп ауылы – 1919, Атбасар қаласы)– Казақстандағы революциялық қозғалыстарға белсенді қатысушы. Атбасардағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін (1887), Омбыдағы фельдш. мектепті (1981) бітірді. Омбыда оқып жүрген кезінде саяси жер аударылған – революция жасауға ұмтылған көтерілісшіл жастармен танысқан. Мектепті бітіргеннен кейін Майкөтов Атбасар уезінің Теріссаққан және Теңіз болыстарында фельдшер болып жұмыс істеді. 1905 – 07 жылдары төңкеріске қатысып, қазақ еңбекшілердің наразылық бас көтерулерін ұйымдастырған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерліске қатысып, Ақпан буржуазия-демократиялық төңкерісінен кейін 1917 жылы кедейлердің арасында үгіт-насихат жүргізді. 1918 жылы Майкөтов пен С.Н. Царевтің басшылығымен Атбасарда Кеңес үкіметі орнады. Осы жылы Кеңестердің уездік съезінде (17 – 20 ақпан) Майкөтов Жұмысшы, солдат, шаруа және мұсылман депутаттардың уездік кеңесінің мүшесі, 1919 жылы Атбасар уездік кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. Колчак тылында партизан қозғалысын ұйымдастырып, Атбасар уезіндегі көтеріліс басшыларының бірі (1918 – 19) болды. 1919 жылы маусымда Колчак армиясы әскерлерінің қолынан қаза тапқан. Атбасарда Майкөтов атында көше бар және ескерткіш орнатылған. Астана қаласындағы педагогикалық училищеге, облыстың бір шаруашылығына есімі берілген. ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы. ҚР ПА 811-қор, 1-тізбе, 7-іс, 1-5 парақ; 9-іс, 27-28 парақ; Нүрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995.
Майбұлақ мұнай кен орны — Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде. Құрылымы 1983-1984 жылдары сейсмобарлаудың нәтижелері бойынша анықталған. Барлау бұрғылауы 1989 жылы басталып, 1990 жылы аяқталған. ## Геологиялық құрылымы Тектоникалық жағынан солтүстік-батыс бағытта созылған жарылымды антиклинді қатпармен ұштасады. Қима бойынша 1090 м-ден 1300 м-ге дейінгі аралықта ортаңғы юра түзілімдерінде төрт мұнай шоғыры анықталған. Литолды құмтас, алевролит, саз және аргиллит қабаттарынан тұрады. Мұнай шоғырлары қабатты, дөңесті болып келеді. ## Қанығу сипаты Мұнайға қаныққан тиімді қабаттардың қалыңдығы 2,5 м-31,5 м. Коллекторлардың ашық кеуектігі 15,5-19,4%өткізгіштігі 0,015-0,062 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,52-0,63. Бастапқы қабаттық қысым 10,8-12,65 МПа, температурасы 46-53°С. ұңғымадағы мұнай шығымы 9,08-88,5 м3/тәулік аралығында. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,791 — 0,816 г/см3. ## Құрамы * 0,1 — 0,49% күкірт * 9,81 — 12,89% парафин * 2,45 — 4,1% шайыр * 0,11 — 1,05% асфальтен бар. Қабаттық суы хлоркальцийлі, тығыздығы 1,043-1,065 г/см3, минералдары 57,3- 63,1 г/л. Су құрамында аз мөлшерде йодтың, бромның және бордың микроэлементтері бар.
## Майқайың алтын кен байыту комбинаты Майқайың алтын кен байыту комбинаты— түсті металл өнеркәсібі орны. 1932 ж. құрылған. 1997 ж. қарашада “Ист пойнт холдинг ЛТД” компаниясының (Кипр) құрамындағы “ДП Хандел ГМБХ“ фирмасының басқаруына берілді. Минералдық шикізат өндіріп, өңдеумен айналысады. Өнімінің негізгі түрлері — * алтын * мыс * мырыш концентраттары. Кәсіпорын құрамында 4 алтын кеніші байыту фабрикасы химия зертханасы, көмекші инфрақұрылым жұмыс істейді. ## Дереккөздер ## Майқайың алтын кен байыту комбинаты Майқайың алтын кен байыту комбинаты— түсті металл өнеркәсібі орны. 1932 ж. құрылған. 1997 ж. қарашада “Ист пойнт холдинг ЛТД” компаниясының (Кипр) құрамындағы “ДП Хандел ГМБХ“ фирмасының басқаруына берілді. Минералдық шикізат өндіріп, өңдеумен айналысады. Өнімінің негізгі түрлері — * алтын * мыс * мырыш концентраттары. Кәсіпорын құрамында 4 алтын кеніші байыту фабрикасы химия зертханасы, көмекші инфрақұрылым жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Майқайың алтын кен орны - Павлодар облысы Баянауыл ауданынан солтүстікке қарай 45 км жерде орналасқан. Кен орны туралы алғашқы мәлімет 1895 жылдан белгілі. 1914 жылы мұнда алтынмен бірге мыс өндіруге болатындығы анықталған. 1915 жылдан бастап ағылшындар, тотыққан Майқайың алтын кенінен мыс кентасын өндіре бастады. Барлау және іздеу жұмыстары 1926 жылдан жүргізілді. ## Жатыс сипаты Майқайың алтын кен орнында негізінен, 9 кенді телім (Майқайың А, В; С, Д, Е, ұ, Кіші Майқайың, Үлкен Майқайың, Жаңа желі) бар. Бұлардың ішінде қоры жөнінен ең ірісі - “Майқайың В” телімі. Бұл телімдегі 8 кен денесінің қоры балансқа алынған. Кеннің линза пішінді кен денелері солтүстік-батысқа қарай 80-90°-тан (жоғарыда) 35-55°-қа дейінгі (төменде) бұрыштар жасайды. Тотығу белдемінің тереңдігі 30 м-дей, сеппе, тұтас типтердегі кентастар, барит-полиметалл, полиметалл, колчедан-полиметалл, барит, күкірт-колчедан құрамды болып келеді. ## Минералдары, құрамы Басты кентас минералдары - пирит, сфалерит, халькопирит, саф алтын, ковеллин, күміс, куприт, малахит, өңсіз кентастар, аргентит, борнит. Басты металдары мен пайдалы құраушылары - алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, күкірт, барит; қосымшалары - андий, селен, теллур, кадмий, таллий, германий ## Дереккөздер
Майбалықтөбе – ортағасырлық қалашық орны. Түркістан ауданы Иқан ауылынан батысқа қарай 3 км жерде. 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Қазіргі орны дөңес төбе. Диаметрі 180 м, биіктігі 5 м, Майбалықтөбенің жоғарғы қабатынан көзелердің, астық сақтайтын мұхдар (құмыралар) мен астық ұнтақтайтын тастардың, тегенелердің сынықтары табылды. Зерттеу барысында алынған материалдарға қарағанда қаланы тұрғындар 7–9 ғасырларда мекен еткен. ## Сілтемелер
## Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы, Павлодар облысында Баянауыл ауданында, Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 160 км жерде. Алап Сарыкөл, Шөптікөл, Талдыкөл, Тасқұдық және Тамды кен орындарына бөлінеді. Мұндағы қоңыр көмір туралы мәлімет 19 ғ-дың басында алынған. Алғаш А.А. Краснопольский зерттеді. Төменгі-ортаңғы юра көмірлі қабатының қалыңдығы 1850 м. Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы 4 свитаға: * ащыкөл * талдыкөл * шөптікөл * жиренкөлге жіктеледі. Олардың ішінде талдыкөл мен шөптікөл свиталарының 500 — 650 м қимасында негізгі көмір қабаттары мен горизонттары орналасқан. Шөптікөл свитасында қалыңдығы 25 — 30 және 15 — 25 м болатын екі көмір горизонты, ал талдыкөл свитасында 4 көмір горизонты бар. Қалғандары бір-бір қабаттан (қалыңд. 5 — 6 м) тұрады. Алаптың көмірі гумустық, күлділігі орташа (25 — 28%). Көмір шамалы күкіртті (0,5 — 1%) және фосфорлы (0,1%). Жанғыш массасының жылу бөлгіштігі 7 — 7,5 мың ккал/кг. Шайырдың шығымы 4 — 7%, кейде 10%, шөптікөл свитасында құрғақ көмірге шаққанда гумин қышқылы 5% және битум 2,5% шамасында. Көмірді газға айналдырғанда жылу бөлгіштігі 1000 ккал/м3 болатын 3,5 м3/кг газ алынған. Сапалық көрсеткіштері бойынша алаптың көмірін жоғары сапалы энергетикалық отын, газға айналдыруға, кокстегенде Қарағанды алабындағы долинка свитасының көміріне қоспа ретінде пайдалануға болады. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы ## Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы, Павлодар облысында Баянауыл ауданында, Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 160 км жерде. Алап Сарыкөл, Шөптікөл, Талдыкөл, Тасқұдық және Тамды кен орындарына бөлінеді. Мұндағы қоңыр көмір туралы мәлімет 19 ғ-дың басында алынған. Алғаш А.А. Краснопольский зерттеді. Төменгі-ортаңғы юра көмірлі қабатының қалыңдығы 1850 м. Майкүбі Қоңыр Көмір Алабы 4 свитаға: * ащыкөл * талдыкөл * шөптікөл * жиренкөлге жіктеледі. Олардың ішінде талдыкөл мен шөптікөл свиталарының 500 — 650 м қимасында негізгі көмір қабаттары мен горизонттары орналасқан. Шөптікөл свитасында қалыңдығы 25 — 30 және 15 — 25 м болатын екі көмір горизонты, ал талдыкөл свитасында 4 көмір горизонты бар. Қалғандары бір-бір қабаттан (қалыңд. 5 — 6 м) тұрады. Алаптың көмірі гумустық, күлділігі орташа (25 — 28%). Көмір шамалы күкіртті (0,5 — 1%) және фосфорлы (0,1%). Жанғыш массасының жылу бөлгіштігі 7 — 7,5 мың ккал/кг. Шайырдың шығымы 4 — 7%, кейде 10%, шөптікөл свитасында құрғақ көмірге шаққанда гумин қышқылы 5% және битум 2,5% шамасында. Көмірді газға айналдырғанда жылу бөлгіштігі 1000 ккал/м3 болатын 3,5 м3/кг газ алынған. Сапалық көрсеткіштері бойынша алаптың көмірін жоғары сапалы энергетикалық отын, газға айналдыруға, кокстегенде Қарағанды алабындағы долинка свитасының көміріне қоспа ретінде пайдалануға болады. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Майқайың — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы кент (1937 жылдан), Майқайың кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстікке қарай 72 км-дей жерде, құрғақ дала белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы: кешегісі, бүгіні Іргесі 1915 жылы ағылшын концессионерлік қоғамының осы маңдағы полиметалл кені өндіруіне байланысты қаланған. Кеңес өкіметі жылдарында полиметалл кенін игеру кеңінен қолға алынып, “Майқайың алтыны” деп аталатын комбинаты салынды. Қазіргі Майқайың қазақ полиметалл кентасын өндіру мен байытудың маңызды орталығы және ол Майқайың алтын АҚ-ның иелігінде. Құрамында ашық кеніш пен байыту фабрикасы, дизелдік электр станциясы бар. Ол Екібастұз ГРЭС-інің электр беру желісімен байланысқан. Мұнда мыстың, қорғасынның, мырыштың, алтынның және күмістің концентраттары шығарылады. Олардан басқа республикадағы лак-бояу заттарына арналған шикізат есебінде барит кені өндіріледі. ## Өнеркәсіп орныдары Басқа өнеркәсіп орындарынан Майқайыңда нан зауыты, лимонад цехы, қабырғалық құрылыс материалдар блоктары зауыты, машина жөндеу шеберханасы, автобаза, мұнай базасы бар. ## Инфрақұрылымы Білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінен 2 орта, 1 орталау мектеп, 2 балалар бақшасы, кеншілер клубы, кинотеатр, 3 кітапхана, аурухана, санэпидстанция, бірнеше дәріханалар жұмыс істейді. Ауыз су және техникалық сулармен Ертіс-Қарағанды каналынан тартылған су құбыры мен ұңғымалар арқылы қамтамасыздандырылады. Майқайың арқылы Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өтеді. ## Дереккөздер
Макинск минералды суы — шипалы жер асты су көзі. Ақмола облысы Макинск қаласынан шығысқа қарай 7 км жерде. Макинск минералды суының аймағын гидрогеологиялық тұрғыдан зерттегенде құрамында радоны бар жер асты суы табылған. Бұл жерде 50 — 71 м тереңдікте 15 ұңғыма қазылған. Минералды су 3,2 м тереңдіктен басталады. Судың деңгейі 10,7 м-ге төмендегенде, ұңғымадағы су шығымы 2,7 л/с-қа жетеді. Жер асты суының минералдығы 0,4 г/л, ал температурасы 7°С. Судың құрамы хлоридті-гидрокарбонатты, натрийлі-кальцийлі, кейде гидрокарбонатты-хлоридті магнийлі. Макинск минералды суының емдік қасиеттері жоғары және 38°С-қа дейін қыздырса, бальнеологиялық мақсатта қолдануға болады. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Маковецкий Петр Емельянович (туған жылы - өлген жылы белгісіз) — этнограф. Қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын зерттеген. Семей облысы статистикалық комитеттің құрметті мүшесі болған. Семей қаласының бітістіруші судьясы қызметін атқарған. Маковецкий Семейге жер аударылған Ресей интеллигенттері С.С. Гросс, А.Л. Блек, А.А. Леонтьев, Н.И. Долгополов, П.Д. Лобановский, Е.П. Михаэлис, т.б. кісілермен достық қарым-қатынаста болып, оларды этнографиялық зерттеу жұмысына тартқан. Ол Абайдан қазақтың бұрынғы билік заңдарын, жол-жораларын жазып алған. * 1886 жылы Маковецкийдің басшылығымен “Қырғыздардың заңдық әдет-ғұрыптарын оқып-үйренуге арналған материалдар” атты кітап шығарды. * 1887 жылы Семей статистикалық комитетінің жалпы жиналысында облыс этнографиясын зерттеу жөнінде Маковецкий ұсынған бірнеше ғылыми жоспарға сәйкес Семей мұражайына көптеген этнографиялық заттар жиналды. * Олардың 30-ға жуығы 1887 жылы Екатеринбургтегі Сібір-Орал ғылыми-құрылыс көрмесіне қойылды. ## Дереккөздер
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлы (15 қараша 1894(18941115), Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы - 26 ақпан 1938, Алматы) — қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драмашысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты. «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» — сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреппен және А. Ситдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. ## Өмірбаяны Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан.. * Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. * 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. * 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журналдарына жазып тұрады. Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген. * 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). * 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді. * 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды. ## Шығармалары Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер. Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Ғабит Мүсіреповпен бірге "Амангелді" фильмінің сценарийін жазған. Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Бейімбет Майлин Әдебиет порталы сайтында * Жазушы туралы қызық деректер Sputnik.kz сайтында * Рәзия Майлина: Әкем мені «қалқам» деуші еді — «Ана тілі», 29.05.2014
Сәбира Майқанова (1 қаңтар 1914, Сырдария ауданы – 14 ақпан 1994, Алматы қаласы) – актриса, Қазақстан (1958) және КСРО (1970) халық артисі. ## Өмірбаяны Байұлы тайпасы Жаппас руынан шыққан. 1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. 1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. ## Ойнаған рөлдері Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В.М. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезов, «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана - Жер-Ана», Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, 1967), Кесария (О.Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И.П. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж.Б.Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н.В. Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха мен Галчиханы (А.Н. Островский «Найзағай» мен «Жазықсыз жапа шеккендер»), А.П. Чехов, («Сүйікті менің ағатайымында» («Ваня ағайында») Марина, Көклән мен Мөржан, Мамық Майлин, «Майдан» (Әуезов, «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Қарагөзінде») т.б. рөлдерін ойнады. 1954 жылдан киноға түскен: Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт», 1995), Торғын («Біз осында тұрамыз», 1957), Дәметкен («Құйма», 1961), Камка («Қыз жібек», 1969) т.б. Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнады, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова басты рөл – Салиқаны ойнады (1983). ## Театрлық рөлдері * Роза (Д.Рахменқұлов "Документ") * Зотова (В.М.Киршон "Астық") * Рая (М.Əуезов "Алма бақ") * Гүлжəмила (М.Əуезов, Ə.Тəжібаев "Ақ қайың") * Любовь Яровая (К.А.Тренев "Любовь Яровая") * Ұлжан (М.Əуезов "Абай" романы бойынша) * Зейнеп (С.Мұқанов "Шоқан Уалиханов") * Мақпал (Ғ.Мүсірепов "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу") * Толғанай (Ш.Айтматов "Ана-Жер-ана") ## Фильмографиясы * 1954 - Дала қызы - эпизод * 1954 - Махаббат туралы аңыз - Мақпал * 1955 - Қыз-жігіт - Гүлбарша * 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Ажар * 1956 - Біз осында тұрамыз - Торғын * 1958 - Теңіз дауылында - балықшы әйел * 1958 - Бұл біздің ұлымыз - медбике * 1961 - Қорытпа - Дәметкен * 1966 - Менің арманым - Шолпан * 1969 - Қызыл тас заставасында - әже * 1969-1970 - Қыз-Жібек - Қамқа * 1977 - Бір жолы және мәңгілікке - эпизод * 1981 - Мерекелік үш күн - қарт әйел * 1984 - Адамды қабылдаң! - эпизод ## Марапаттары Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. * 1967 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығын алды. ## Дереккөздер
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”), ("Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені"), (Жақсы сөз - жарым ырыс). Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Мақал-мәтелдер
Мақам, мақамдау – араб, парсы халықтарының орта ғасыр әдебиетіндегі күрделі әңгіме жанры. Қазақ тілінде әуен, ырғақ, саз мағынасында қолданылады. Мақам – мәнерлеп, қирағаттап сөйлеу, қара сөзді немесе өлеңді ырғақпен, сазбен айтуды білдіреді. ## Дереккөздер
Мақат мұнай кен орны — Атырау облысы Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 100 км жерде. Кен орны 1913 жылы ашылған. Құрылымы 1931 жылы гравиметрлік түсіру және құрылымдық-карталық бұрғылау арқылы анықталған. ## Геологиясы мен сипаты Төменгі бор, ортаңғы юра, пермь-триас түзілімдерінен мұнай қабаттары барланған. Олардың тереңдігі 37 м-ден 526 м-ге дейін, қалыңдығы 15-30 м аралығында. Горизонттар терригенді түзілімдерден тұрады, коллекторлары кеуекті (22,9-32,7%), мұнайға қанығу коэффиценті 0,47-0,81. Мұнайдың өнімділігі 0,3-3,3 м3/тәулік, температурасы 13-27°С, тығыздығы 0,803-0,895 г/см3. ## Құрамы Мұнай құрамындағы күкірттің мөлшері 0,25- 0,28%, парафині 0,25-0,8%. Қабаттың суы хлоркальцийлі, тығыздығы 1,096-1,147 г/см3, минералдығы 131,2-190,6 г/л. Кен орны пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Мақпал — жұмсақ түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қара мақпал — қара барқыт; қой мақпал — түкті пүліш; қырмызы мақпал — қызыл күрең барқыт. Қазақ халқы мақпал деп көбіне бір тегіс, түгі тықыр әрі түсі қара барқытты атаған. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік, т. б. ұлттық киім түрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (тұскиіздер, төсек жапқыш, т. б.) тігіледі. ## Дереккөздер
Малдыбаев Жақыпбек (15 мамыр 1907, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шеңгелді ауылы – 8 маусым 1938, Ташкент маңы) — тұңғыш қазақ ұшқышы. Ауыл мектебінде мұсылманша сауат ашып, алтын кендерінде, ауылдық кеңестерде әр түрлі қызмет атқарған. Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан. 1929 жылы әскер қатарына алынып, Түркістан ерекше атты әскер бригадасының 82-полкінде взвод командирінің көмекшісі болды. 1932 жылы наурыздан Біріккен Орта Азия әскери мектебінің кавалерия бөлімшесінде оқыды. 1933 жылы 1 қаңтарда ұшқыштар және ұшқыш бақылаушылар даярлайтын мектепті, онан соң әскери әуе күштері жанындағы арнайы әскери қызмет курсын бітірді. 1934 жылы 24 шілдеде Орта Азия әскери округінің Сталинабад қаласындағы 40-ерекше авиация отрядына аға ұшқыш-бақылаушы және фотоқызмет бастығы болып, 1937 жылы 19 маусымда ұшқыштар звеносы флагштурман қызметіне тағайындалды. Кейбір деректерге қарағанда Малдыбаев 1937 жылы 17 наурыз 1938 жылы 14 қаңтар аралығында Мәскеудегі әскери-әуе академиясының штурмандық бөлімінде оқыған. Хасан көлі маңындағы ұрысқа, Испаниядағы азамат соғысына қатысқан. Ұшақ апатынан қазаға ұшырады. Зайсан қаласында, Күршім, Марқакөл ауылдарында көше аттары, Шеңгелді ауылындағы мектеп Малдыбаев есімімен аталады. ## Дереккөздер
Майра Уәлиқызы Шамсутдинова– халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған. ## Өмірбаяны 1890 жылы қазіргі Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келді. Майра 13 жасынан бастап көптеген тыңдаушылар алдында өнерін көрсете бастаған. ## Шығармашылығы Дауысының ауқымдылығы класскалық, жеке және сол заманғы шығармаларды орындау мүмкіндігін беретін. Ол қазақ, татар, орыс тілінде кәсіби орындаушылығымен таң қалдыратын. Әміре Қашаубаев және Иса Байзақовтардың қатарында өзінің өнерін Баянауыл және Қоянды жәрмеңкелерінде көрсеткен. 1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған. «Майра» әні өте танымал болды (басқа атауы— «Убайра», «Райра», «Хару-раку-райра»)- ақындар өнерінің салтында шығарылған өзіндің әуендік «автопортрет». ### Шығармалары * “Ахау, Семей” * “Гауһар тас” * “Ертіс” * “Сәулем-ай” * “Мақпал”, т.б. халық әндері болды. Александр Затаевич Майраның орындауында * “Мақпал” * “Көкмайса” * “Қарағым-ау” * “Қаракөз” * “Баянауыл” * “Телқоңыр” * “Даланың әні” * “Құрбымжай” * “Алқарағай көк” * “Хұсни құрдас” * “Смет” әндерін жазып алып, нотаға түсірген. Ол өз орындауында жаздырған “Майра”, “Қызыл гүл”, “Өкшесі етігімнің айнала жез”, “Бақша” әндерінің авторы. Әншілік өнерді кәсіби дәрежеде меңгеріп, өзіндік нақышпен сырнайға қосылып айтқан. Қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған. 1927 ж. 1-мамырда Керекуде қайтыс болды. Майраның әндерін композиторлар Евгений Брусиловский “Қыз Жібек” операсында, Александр Зильбер “Қайта туған Қазақстан” симфониясында, Бақытжан Байқадамов “Майра” хор капелласында пайдаланды. Әбділда Тәжібаев “Майра” атты пьеса, поэма жазды. Майраның әндері Ахмет Жұбановтың, Мақсұтбек Майшекиннің, т.б. назарына ілігіп, жазбаға түсіп өңделген. Бүгінде оның 20-ға тарта әндері белгілі болып отыр. “Майра және өнер” атты жинақ шықты. Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады. ## Пайдаланылған cілтемелер ## Әдибиет Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарскаое Прииртышье)
Малтатас — шөгінді тау жынысы. Малтатас өзен арналарында, оның теңіздер мен көлдерге құяр сағаларында, теңіз жағалауында жиналады. Малтатас тың қалыптасу ерекшеліктері оны құрайтын сынықтардың құрамы, жұмырлану дәрежесі, пішіні, т.б. бойынша анықталады. Малтатас Қазақстанда таулы өзендер мен тау етектері аймақтарының шөгінді қабаттарында көп кездеседі. Ол құрылыс материалы ретінде кеңінен пайдаланылады. Малтатас (қойтас) - ірі кеуек кесекті негізінен малтатас пен кұм аралас құралған тау жынысы. ## Дереккөздер
Мақат — Атырау облысындағы кент, Мақат ауданының және Мақат кенттік әкімдігінің орталығы. Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1915 жылы “Ембі-Каспий” орыс-ағылшын кәсіпорнының осы тұста алғаш мұнай өндіруіне (1913) байланысты қаланды. Алғашқыда қазіргі кенттің солтүстік батысында мұнайшылар қалашығы бой түзеген. Жұмысшы барақтары "тоғыз томпақ" немесе "жеті пәтер" деп аталған. Қазақтардың саман тастан үй салып, қоныс қылған жерлері "Қазақ ауыл" атанған. Бертін келе мұнайшылар үшін кәсіпорын есебінен типтік жобамен салынған тұрғын үйлер елді мекенді ұлғайтты. 60-жылдарда темір жол құрылысының қанат жаюына және газ сығымдау стансаларының тұрғызылуына байланысты кенттің шығысына қарай теміржолшылар мен газшылардың, темір жол құрылысшыларының шағын аудандары пайда болды. 1931 ж. қала типтес кент. №377, 471 темір жол айрықтары кенттің қарамағына берілген. ## Халқы ## Кәсіпорындар Мақат облыстағы мұнай өндіру өнеркәсібінің (кәсіпшілігінің) маңызды орталығы және ірі темір жол торабы болып табылады. Мұнда маңайындағы бірнеше мұнай өндіретін ұңғымаларды біріктіретін Мақат мұнай-газ басқармасы, Мақат локомотив депосы, Мақат темір жол станциясы, автомобиль және темір жол вокзалдары, Доссор автокөлік жөндеу зауыты, сауда орындары, тігін фабрикасы, сондай-ақ әлеуметтік-ағарту орындары жұмыс істейді. Мақат арқылы Атырау — Орск және Қоңырат — Бейнеу — Мақат — Индербор темір жолдары қиылысады. Республикалық маңызы бар Атырау — Мақат — Қандыағаш — Орск автомобиль жолы және 1968 жылы салынған Орта Азия — Орталық газ құбыры өтеді. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Аудандық аурухана мен емхана, санитарлық-эпидемиологиялық станса, аудандық және балалар кітапханасы, техникалық кітапхана, аудандық мәдениет үйі, үш орта, бір жасөспірімдер спорт мектебі, теміржолшы шипажайы, бала-бақшалар бар. ### Мектептер * Х.Санбаев атындағы орта мектеп — 1982-1983 оқу жылында Батыс Қазақстан темір жолы басқармасына қарасты 1176 оқушыға арналған №83 темір жол мектебі болып жұмысын бастады. Мектепке 1996 жылы Ленин орденді ұстаз, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген мұғалімі Хамза Санбаевтың атағы берілді. * М.Баймұханов атындағы орта мектеп — 1986 жылы М. Горький атындағы қазақ орта мектебі мен А. Гайдар атындағы орыс тілінде білім беретін орта мектеп негізінде ашылған. Көлемі 5459 м2, сыйымдылығы 1176 оқушы. * №2 бастауыш мектеп * №76 Л.Шахатов атындағы орта мектеп * Мақат балалар өнер мектебі * Мақат аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі — 1999 ж.қарашада құрылған. 248 балғын спортшылар волейбол, футбол, баскетбол, еркін күрес, самбо, секцияларында жаттығады. ### Мектепке дейінгі балалар мекемелері * «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы * «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасы — 2009 жылы ашылып, іске қосылды. Балабақшада 6 топта 109 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша ғимаратының көлемі 752 шаршы метр. * «№54» бөбекжай-балабақшасы — 1975 жылы ашылған. Бала бақшаның 5 тобында 100 бала тәрбиеленеді. * «Амина» бөбекжай-балабақшасы * «Болашақ» бөбекжай-балабақшасы * «Шапағат» шипажай бөбекжай-балабақшасы ## Шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік 20-дан астам ЖШС, 600-дей жеке кәсіпкерлер шағын және орта бизнеспен айналысады. Наубайхана, ірілі-уақты асхана мен кафелер, үш жеке меншік базар, жеке дүңгіршектер мен дүкендер жұмыс істейді. ## Діни ұйымдар қызметі * Мақат аудандық мұсылмандар мешіті — Жалпы аумағы 0,544 га, пайдалы көлемі 328,76 шаршы метр. 450 кісіге арналған. Алла үйі 300 кісілік негізгі зал, дәрісхана және 150 әйелдер намаз оқитын залдан тұрады. Ғимараттың екі бүйірінде 2 және сол жақ шетінде биіктігі 15, 1 мұнарасы бар. Мінберінің биіктігі 3 метр. Қабырғасының биіктігі 15 метр. Есік тақтайшасының жоғарғы жағы шығыс мешіттерінің үлгісі іспетті оюлармен өрнектелген. Екі кішкентай мұнарасы бар, оның биіктігі 15 метр, мінбердің биіктігі 2,5 метр. Ол қарапайым ағаштан әдемі етіп өрнектеліп жасалған. Үлкен күмбездің шеңбері 6,5 метр. ## Кент суреттері ## Кент көшелері * Азаттық көшесі * Айқын көшесі * Айман Жұмашева көшесі * Ақ босаға көшесі * Алаш (Вокзал маңы) шағын ауданы * Әділет көшесі * Әліби Жангелдин көшесі * Базарғали Төлекбаев көшесі * Бастау көшесі * Бәйтерек көшесі * Бейбітшілік көшесі * Береке көшесі * Болашақ шағын ауданы * Бостандық бөлімшесі (4 участок) * Газшылар шағын ауданы * Достық көшесі * Егемен бөлімшесі (42 участок) * Ерғожа Тауманов көшесі * Ермаш Аманбердиев көшесі * Жастар көшесі * Жұмабай Жұмағалиев көшесі * Игілік көшесі * Кенжебек Исказиев көшесі * Қаныш Сәтбаев көшесі * Қара алтын көшесі * Қорған көшесі * Ләтип Шахатов көшесі * Майқұдық көшесі * Мирас көшесі * Мұнайшы газеті көшесі * Наурыз көшесі * Нәбира Шағырова көшесі * Өркен көшесі * Парасат бөлімшесі (67 участок) * Саламат Мұқашев көшесі * Самұрық көшесі * Сарыарқа көшесі * Сәлімгерей Сәбетов көшесі * Сәтқұл Бекжанов көшесі * Сүйеу Әлиев көшесі * Телішевтер көшесі * Теміржолшылар көшесі * Тұздыкөл көшесі * Ұлыс көшесі * Шаңырақ көшесі * Шұғыла көшесі * Ынтымақ көшесі * Ырыс көшесі ## Дереккөздер