text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жертөле – жерді қазып, үстін жауып жасайтын жер үй. Жертөленің төбесіне шатыр салмайды. Ертеректе жертөлені тұрғын үй, мал қамайтын қора орнына пайдаланған. Әскери бекіністік сипаттағы құрылыстың бір түрі де жертөле деп аталады.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер рентасы алынады. Оларға:
* тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;
* құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.
Жер рентасының табиғаты жердің экономикалық ресурс ретіндегі ерекшеліктерімен және жерді пайдалану қатынастарымен байланысты. Жер — бірегей өндіріс құралы: сан жағынан ол шектелген, оны жасанды түрде ұдайы өндіру мүмкін емес; жер учаскелері құнарлығы жағынан бір-біріне ұқсамайды, яғни олардың табиғи өндіргіш күштері өзгеше болады.
Жерді пайдалану экономикалық қатынастардың әр түрлі жүйесімен реттеледі. Экономикалық ресурс ретінде жер еңбек нәтижесі емес, яғни оның өндіріс шығындары жоқ. Жер табиғаттың сыйлығы. Жердің саны шектелген, сондықтан жер практикада қайда пайдаланса да, оның ұсынысы мүлде икемді емес. Бұл жер нарығында тек сұраныс қана белсенді екенін көрсетеді. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші рөл атқарады.
Нарықтық аграрлық экономиканың субъектісіне меншік иесінің екі типі жатады — толық меншік иесі және тұтыну меншік иесі. Жердің шектелуі және оны ұдайы өндірудің мүмкін еместігі, жер монополиясының екі түрлі болуын тудырады. Толық меншік иесі жерге өзінің жеке меншік монополиясын жүргізеді: кәсіпкерге оның капиталын өз жеріне әкеліп пайдалануға рұқсат ету-етпеуге ерікті болады. Аренда туралы келісім жасалған соң жерді нақты пайдаланушы белгіленеді. Оның (арендатордың) жердің осы учаскесінде шаруашылық жүргізуге монополиялық құқы болады. Жердің меншік иесі мемлекет болса, жеке иемдену болмайды және монополияның бір түрі орнайды: — жерге тұтыну жағынан жер иесі жүргізетін, жерге шаруашылық жүргізетін объект деп монополия орнайды.
Жерге монополия — нарық субъектісінің осы ресурсқа жарлық етуіне төтенше құқының болуы, иемденушіге үстем табыс әкеледі. Осы табыс жер рентасының экономикалық нысанын алады. Жеке меншік монополиясы абсолюттік жер рентасын тудырады, жерге шаруашылық монополиясы — дифференциялық жер рентасын тудырады. Осы күнгі батыс әдебиеті «экономикалық рента» терминін қолданады, рентаны түрлерге бөліп қарамайды, бірақ олардың пайда болуының екі себебін келтіріледі.
Абсолют жер рентасы – капитал жер рентасынын бір түрі; ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар жасайтын қосымша құнның бір бөлігі. Жерге жеке меншік монополиясы болғандықтан, мұны жер иесі иемденеді.
Дифференциялдық рента — монополияланған табиғи күші бар учаскелердегі индивидуалдық өндірістік баға мен нарықтағы қалыптасқан бағаның айырмасы болып табылады. Жер меншігі артық пайдаға қатынасы жоқ, бірақ ол оның жер рентасы нысанына айналуының себебі болып табылады. Сондықтан рентаны еңбекпен келмеген табыс деп атайды.
Дифференциалдық рентаның екі түрі бар:
* дифференциалдық рентаның болуы жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты. Осы рента құнарлылығы жоғары жерлерден алынатын, құнарлылыққа байланысты рента болып және стратегиялық жағынан материалдарға, еңбекке, тұтынушыларға қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын рента болып бөлінеді.
* дифферендиалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және капиталдың үстеме салымын яғни, жердің құнарлылығын өсіруді, прогресивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды т.б. тілейді. Нәтижесінде өнімділік жоғарылайды, шығындар тез өтеледі. Кәсіпкер үстем пайда түсіреді.
Екінші дифференциалды рента егін шаруашылығының стимулын күшейтеді. Бұл айырмашылық келісім шарттың мерзімі өткенше арендаторға түседі. Ал аренда мерзімі біткен соң, бұл да жер иесінің қарамағына түседі. Осы жағдай нарық экономикасын аграрлық секторға енгізудің өте зор кедергісі болып табылады.
## Дереккөздер |
Әбіл Қуанғалиұлы Жетбаев (1938 сәуірдің 16, Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Володар ауданы Қарабүйрек ауылы-1999 наурыздың 1 Алматы, Алатау кенті) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1983), професор (1986), Қазақстан ұлттық академияның корриспондент мүшесі (1994), Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1993).
## Қысқаша өмірбаяны
* 1961 - ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазөУ) бітірген.
* 1961 — 87 ж. - Ядролық физика институтында аға лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, лаборант меңгерушісі;
* 1987 — 99 ж. - сол институттың директоры қызметтерін атқарған.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары қатты денелердегі радиациялық құбылыстардың ядролық гамма-резонанстық спектроскопиясын зерттеуге, сондай-ақ, нейтронография мен радиография мәселелеріне арналған. Үш өнертабыстың авторы.
Шығармалары: Исследование радиационных последствий ядерных реакций с помощью эффекта Мессбауэра. В сб.: Прикладная ядерная спектроскопия, в., 12, М., 1983.
## Дереккөздер |
Жетпіс Екінші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы– Ұлы Отан соғысында ерекше танылған қазақстандық әскери құрама. 1941 ж. 5 желтоқсанда Астана (бұрынғы Ақмола) қаласында құрылған. Алғашында 459-атқыштар дивизиясы аталып, 1942 ж. 18 қаңтарда реттік саны 29-ға өзгертілді. 16 — 24 шілде (1942) аралығында Сталинград түбіне келіп жетіп, 5 — 10 тамыз аралығында Ақсай — Есаулов ауданында жаудың 2 жаяу әскер, 1 моторлы дивизияларының шабуылына төтеп берді. Кейін жау қоршауын бұзып өтіп, 2 қыркүйекте Сталинградтың оңтүстігндегі Бекетовка кентіне келіп жетті. 20 қарашада қарсы шабуылға шығып, Сталинградтың орталық және оңтүстік аудандарын азат етті. Сталинград майданындағы (1942, шілде — 1943, ақпан) көрсеткен ерліктері үшін 1943 ж. 1 наурызда 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1943 ж. наурызда Воронеж майданы құрамында Харьков түбінде Германия әскерлерінің шабуылын тойтарса, мамыр айынан бастап Белгородтың оңтүстік-шығысына Дала майданының құрамына жіберілді. Курск шайқасы кезінде жаудың 2 жаяу әскер, бір танк дивизиясының шабуылын тойтарып, Харьков, Красноград қалаларын азат етуге қатысты. Осы үшін 1943 ж. 19 қыркүйекте “Красноград” дивизиясы құрметті атағы берілді. 23 қыркүйекте Днепр өзенінің арғы бетіне өтті. Өзеннен өту және оны қорғау кезіндегі ерліктері үшін дивизияның 25 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1943 — 45 ж. Жетпіс Екінші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы Днепр, Серета, Прут, Тисса, Дунай, Морава бойындағы ұрыстарға қатынасып, жауынгерлік жолын Прага қаласының түбінде аяқтады.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жетібай — Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы ауыл (2013 ж. дейін - кент), Жетібай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орналасуы
Облыс орталығы — Ақтау қаласынан шығысқа қарай 75 км, аудан орталығы Құрық (Ералиево) аулынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Маңғыстау үстіртінің солтүстік-батысындағы шөлдік белдемде орналасқан.
## Тарихы
Өзімен аттас мұнай-газ-конденсат кен орны негізінде іргесі 1961 жылы қаланған. Кәсіпшіліктің инфрақұрылымы өндірістік ғимараттармен байланысты. Мұнай құбыр жүйесі, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық нысандар 60-жылдарда жедел қарқынмен тұрғызылды. Жетібай кентінің негізінде қазіргі таңда "Ескі Жетібай", "Мүнайшы", "Железодорожный" кенттері жұмыс істейді. Олар арқылы автотрасса және Өзен-Жетібай Ақтау мұнай-газ желісі өтеді.
## Халқы
## Экономикасы
Жетібайда “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-на біріккен Жетібай, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай мұнай-газ өндіру кәсіпшіліктері бар. Бұлардан өндірілген мұнай Өзен — Жетібай — Ақтау мұнай құбыры арқылы Ақтау портына тасымалданады. 1961 — 1997 ж. аралығында аталған кәсіпшіліктерден 59,5 млн. т мұнай, 11,653 млрд. м3 газ өндіріліп, тұтынушыларға жіберілді. Кент жанындағы карьерден ұлутас өндіріледі. Жетібайда “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының “Жетібаймұнайгаз” филиалы, Жетібай технологиялық көлік кәсіпорны, “Маңғыстаугеология” акционерлік қоғамы, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
1960 жылдары көптеген өндірістік, байланыс, тұрғын үй, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары салынып, тез қарқынмен өсті.
Кентте 3 орта мектеп, 2 кітапхана, 2 бала бақша, аурухана, емхана, клуб, кинотеатр, мәдениет үйі, стадион, саябақ, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау орындары бар.
## Транспорты
Кент арқылы Ақтау — Жаңаөзен, Құрық — Жетібай — Шетпе автомобиль жолдары, оның оңтүстік жағындағы Мұнайшы кенті арқылы Ақтау — Жаңаөзен темір жолы өтеді. Жетібай кенті 1984 — 92 жылдары салынған 72 км-лік Жетібай — Өмірзақ магистральдік су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етіледі.
## Ауыл суреттері
*
*
*
## Дереккөздер |
“Жеті Муза” – студенттерге эстетикалық тәрбие беруге бағытталған клуб. Қазақ мемлекеттік университетінде 1965 ж. құрылған. 1968 ж. қалалық халық университеті деген құрметті атақ берілді. Қоғамның “Жеті Муза” аталуы грек мифологиясына байланысты: Зевс құдайдың шебер, өнерге табынған қыздары (музалар) өнердің әр түріне қамқоршы болған (Клио — тарих, Талия — комедия, Терпсихора — би, Эрато — махаббат музасы, т.б.). “Жеті Муза” мәдениетті, әдебиетті, өнерді жастар арасында насихаттап, аттары әлемге аян театр, музыка, сахна саңлақтары, жазушылар, т.б. кездесу, концерт кештері, айтыс-пікірталастар, көрмелер, т.б. мәдени-эстетикалық шаралар ұйымдастырды. “Жеті Муза” қоғамы 1977 жылы Халықаралық студенттер одағының (Лондон) Құрмет дипломына ие болды. Ұжымның игілікті іс-тәжірибе жұмыстары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), Қарағанды, Алматы қалаларында қорғалған кейбір кандидаттық диссертацияларға негіз болды.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жесір дауы– дәстүрлі қазақ қоғамындағы құда түсіп, қалың малы төленген қалыңдықтың, не күйеуі өлген жесір әйелдің әмеңгерлік жолмен баратын жеріне разы болмай, түрлі себеппен басқа жаққа күйеуге тиіп кетуі салдарынан туатын дау. Қазақ халқының әдет құқығында құда болу, қыз беріп, қыз алысу, қалыңмал төлеу, әмеңгерлік, мұрагерлік, ажырасу, т.б. институттарға ерекше мән беріп, шаңырақ шайқалмауына, босаға босамауына баса назар аударылған. Жесір дауының түп-төркіні осы “айттыру”, “қалыңмал”, “әмеңгерлік”, “қыз алып қашу” тәрізді салттардан туындайды. Құдалық — қыз бен жігіттің қосылуы ғана емес, екі отбасының, екі рудың өзара туыстасып, жақындасуы деген ұғымды білдіреді. Құда болудың алғашқы белгісі ретінде жігіт жағы қызға үкі мен сырға тағады. Мұнан соң екі жақтың бірі уәдені бұзған жағдайда ат-тон айып төлеп, әлі бәтуаласпағандықтан, жеңіл түрде құтылады. Нағыз заңды құдалық екі жақ “құйрық бауыр жесіп” өзара бәтуаға келгеннен кейін барып басталады. Жесір дауын қарау осы бәтуаны анықтағаннан соң ғана жүргізіледі. Онсыз құдалық заңды болып саналмай, дау қаралмаған. Құда болып “құйрық бауыр жескеннен” кейін күйеу мен қалыңдықтың бірі өлген жағдайда да құдалық бұзылмау жағы қарастырылып, “әмеңгерлік” салтымен әрі қарай жалғастыру көзделінді. Қазақ әдет-ғұрып қағидаларындағы келінді сол рудың не жақын ағайынның біріне әмеңгерлік, я мұрагерлік жолмен қалдыруды жақтайтын салтында баланы жетім, әйелді жесір қалдырмау мақсаты да жатыр. Қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары бойынша, жесір ерінің артын бір жыл күткен соң әмеңгер таңдауы тиіс. Егер де әмеңгерлік қағидасы бойынша тұрмысқа шығудан бас тартып, басқа руға тұрмысқа шыққан жағдайда, екі рудың арасында жесір дауы пайда болады. Дау, негізінен, бұрын төленген қалыңмал төңірегінде өрбиді. Қандай жағдайда қанша қалыңмал қайтарылуы тиіс деген мәселе жүйелі заң нормаларымен белгіленген. Мысалы, әмеңгерлік заңы оң жақта отырған жесірге де (атастырылған күйеуі өлген ата-ананың үйіндегі қыз) тиісті болғандықтан бұрын күйеуі ұрын келген болса, онда қалыңмалдың жартысы қайтарылады, келмеген болса және қыздың әмеңгерлікпен тұрмысқа шыққысы келмесе, онда берілген қалыңмал түгел қайтарылып, үстіне айып төленеді. Сондай-ақ, жігіттің атастырылған қызы өлсе, әмеңгерлік жолмен балдызын әйелдікке алуына болады, бірақ одан бас тартатын болса, онда қыз әкесі алған қалыңмалдың үштен бірін алып қалуға құқығы бар деп саналады. Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша, қыз алып қашу — ауыр қылмыстардың бірі. Егер айттырылмаған қызды алып қашып, бірақ қыздың келісімі болмаса, алып қашушы қыз әкесіне толық қалыңмал төлейді және қызды үйіне қайтарады. Айттырылған, басы бос емес қызды алып қашушы қыздың ата-анасына беретін қалыңмалға қоса, бұрын айттырған жақтың қалыңмалын қайтарып, оған қоса қалыңсыз қыз беруге тиіс. Соның ішінде некесі қиылған біреудің келіншегін зорлап алып кету өте ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылып, алып қашушы қалыңмалды қайтарып, қалыңсыз қызды қоса береді және үстіне үлкен айып төлейді, кейде өлім жазасына дейін кесіледі. Бұл айтылған қағидаларға дауласушы жақтардың өзара келісіміне орай, түрлі өзгерістер енгізіледі. Жесір дауының ұзақ уақытқа созылуы салдарынан рулар арасында түрлі қақтығыстар пайда болып, соңы ірі жанжалдарға ұласуы мүмкін. Сол себептен дәстүрлі қазақ қоғамында Жесір дауын ушықтырмай, дауласушы екі жақты да қанағаттандыратын шешімге уақыт создырмай қол жеткізуге тырысқан.
## Дереккөздер: |
Сағи Жиенбаев (5.5.1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылы — 1994, Алматы) — ақын.
* Қызылорда педaгогикалық институтын бітірген (1955).
* 1956 — 1965 жылдары “Қазақ әдебиеті” газеті мен “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі,
* 1965 — 1984 жылдары “Жазушы” баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет істеді.
## Шығармашылығы
1984 жылдан кейін шығармашылық еңбекпен айналысқан.
* “Қарлығаш” аталатын алғашқы жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан кейінгі жылдары жиырмадан аса өлең кітаптарын жариялады. Жиенбаевтың
* “Сыйлық” (1960)
* “Қыр гүлі” (1966)
* “Сырлы теңіз” (1963)
* “Қайырлы таң” (1966)
* “Ақ толқын” (1967)
* “Сол бір көктем есімде” (1969)
* “Алтын қалам” (1971)
* “Жадымдасың, жас күнім” (1972)
* “Әлия” (1973)
* “Оймауыт” (1975)
* “Көктем самалы” (1976), т. б. өлең кітаптары жұртшылықтың көңілінен шықты.
Жиенбаев өз өлеңдерінде жан сарайын айқара ашып, тебірене толғаған сыршылдығымен, ақ пейіл шыншылдығымен, инабаттылықты, кісілік ізгілікті, елдікті, ерлікті жырлауымен ерекшеленеді. Ол бірқатар ән мәтіндерінің:
* “Махамбет”
* “Еңлік — Кебек” опера либреттоларының авторы.
Біраз жинақтары шет елдер тіліне аударылған. Өзі де А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Р.Ғaмзатовтың, Д.Кугульдиновтың, т.б. бірқатар өлеңдерін қазақшаға аударды.
## Дереккөздер |
Жеті жарғы — Тәуке хан (1678–1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдермен, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К. Шүкірәлиевтің (1804), Я. Гавердовскийдің (1806), А. Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә. Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қорлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан.«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Бізге белгілі, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
## Жеті жарғы
1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретінде бағаланады).
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820 жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А. Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.
Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.
«Жеті жарғыда» қылмыстық іс - құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімделген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.
Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.
## Дереккөздер |
Шара (Гүлшара) Баймолдақызы Жиенқұлова (18 шілде 1912, Алматы — 21 мамыр 1991, Алматы) — биші, педагог. Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан.
* 1929 — 30 ж. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды.
* Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады.
Тұңғыш ойнаған рөлі — Б.Майлиннің “Майдан” пьесасындағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пен “Қарагөзінде”), т.б. рөлдерді сомдады.
* 1934 ж. Музыкалық драма театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. Мұнда Әуезовтің “Айман — Шолпан” музыкалық драмасында, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр” және “Ер Тарғын” операларында ұлттық билерді орындады.
* 1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, ұлттық би өнеріміздің әсемдігіне өзге халық өкілдерін тәнті етті. Қазақтың тұңғыш ұлттық балеті — “Қалқаман — Мамырда” (1938) Мамырдың партиясын орындады.
* 1938 ж. “Амангелді” фильмінде Балымның рөлін экранға шығарды.
* Балетмейстер Л.А. Жуковпен бірлесіп И.Н. Надировтың “Көктем” балетін қойды.
* 1940 — 1962 ж. Қазақ филармониясында қызмет етті.
* 1962 — 66 ж. Қазақтың ән-би ансамблін басқарды.
* 1966 — 75 ж. Алматы хореографиялық училищесінің директоры болды. Осы жылдары ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде “Тәттімбет”, “Айжан қыз”, “Қара жорға”, “Қырық қыз” билері дүниеге келді. Жиенқұлова — сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шендестіре білді. Гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болды. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
## Шәкірттері
* Қазақстанның халық артисі Г.Талпақова
* Қазақстанның еңбек сіңірген артистеріҚ.ҚарабалинаБ.Байжұманова, т.б.
* Қ.Қарабалина
* Б.Байжұманова, т.б.
## Фильмографиясы
* 1938 - Амангелді - Балым
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - балетмейстер
## Марапаттары
* Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968).
* Ленин орденімен
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту
* “Құрмет Белгісі” ордендерімен
* медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жиренше сұлтан (туған-өлген жылы белгісіз) — Жәнібек ханның баласы, Ақ Орданың ханы Барақтың немересі. 15 ғ-да өмір сүрген. 15 ғ-дың 70-жылдарының ортасында Мұхаммед Шайбани Иасы қаласының Әмір Темір әулетінен шыққан әкімі Мұхаммед Мазид тарханнан қолдау тапты. Алайда Керей хан әскерімен Түркістанға келген кезде оған қарсы тұрар күші болмаған Мазид тархан Мұхаммед Шайбанидың Түркістанды тастап, Бұхараға кетуін дұрыс көрді. Керей хан бұл кезде Жиренше сұлтанды Мұхаммед Шайбани жақтастарының бірі Әлике сұлтан билеп тұрған Сауран қамалын алуға жіберді. Шайқас үстінде Әлике сұлтан қаза тауып, оның әскері жеңілгеннен кейін, Мұхаммед Шайбани Дешті Қыпшақ пен Түркістандағы билікті өз қолына алу әрекетінен уақытша бас тартып, Бұхараға қашуға мәжбүр болды. Түркістанның солтүстік бөлігі қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің билігіне көшті. 15 ғ-дың 70-жылдары Жиренше сұлтан Сауран қаласының дербес билеушісі болды.
## Дереккөздер
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жетісу Алатауы — Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боро-Тала өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.
## Географиялық құрылысы
Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдейдерлік Қытай жерінде жатыр. Қазақстан шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен (3300 м) жалғаса отырып, Жайыр Майлы атты аласа жотаға ауысады. Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық козғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерде құрғақ дала боп кетеді. Аңғар бойында үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар аркылы Ебінұр көлінің қазаншұңқыры (Қытайда) Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы алкап Жетісу (Жоңғар) қақпасы деп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған Жібек жолы өткен, онымен Шыңғыс хан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары жүрген. Жетісу Алатауының қазақстандык бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батыска қарай Боро-Тала өзеніне дейін Қытай-Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жетісу Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады.
## Жер бедері
Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (биіктігі 4622 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Мұзтау (4370). Солтүстік Жетісу жотасы сатылап, солтүстік-шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы - Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұңқыр жоталары (2800-3000 м). Бұлардың араларында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі - Ойжайлау қазаншұңқыры. Екінші саты Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтay, Қарашоқы, Желдіқарағай тaу жүйелері (2000 м). Үшінші саты Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары, олардың солтүстік шығысына Текелі мен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек, Қойтас, Малайсары жоталары да кіреді.
Оңтүстік Жетісу жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген.Оның батысы мен оңтүстік батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді.
Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алаптары тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлері құламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі.
## Геологиялық құрылымы
Жетісу Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген. Каледон қатпарлығында алғаш көтерілген Жетісу Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан түзілген. Тау аралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген мен неоген шөгінділері кездеседі.
Жетісу Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді.
## Климаты
Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым кұрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздықтар калыптасқан.
Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі - жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады.
## Өзен-көлдері
Жетісу Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты (өзен) Алакөлге, Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Бүйен, Ақсу) Балқашқа бағытталған.
Оңтүстік жағының су қоры аздау. Қытаймен шекарадан Қорғас өзені ағып, Ілеге қосылады. Оның батыс жағынан Өсек өзені құяды. Бороходзир өзені Ілеге жетпей тартылыпқалады.
Жетісу Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталарының арасынан Қаратал өзені ағып шығады. Ол Көксумен, Быжымен (оның салалары Мақаншы, Қара, Сарыбұлақ, Қусақ) бірге Балқашқа құяды.
## Мұздықтары
Жетісу Алатауының үлкен өзендері бастау алатын тау шыңдарында мұздықтар орналасқан. Мұздықтардың көбі солтүстік жотада орналаскан. Онда жалпы ауданы 996 км2-ге жететін 700 мұздық бар. Ең үлкен мүздықтар Лепсі өзенінің басында. Жетісу Алатауының мұздықтары Ырғайты, Тентек, Лeпci, Басқан, Сарқант, Ақсу, Бүйен сияқты жеті топқа бөлінеді.
## Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары
Жетісу Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы өткел қызметін атқарады. Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде далаға тән ландшафт калыптасқан. Таудың биіктік белдеулері шөл, шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м-гe дейін) басталады. Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр. Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т. б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі солтүстікте 2200-2400 м-ден, оңтүстікте 2400-2500 м-ден жоғары басталады. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар,мұздықтар кездеседі. Биік тау сілемдерін малшылар жайылым есебінде пайдаланады.
Жануарлар дүниесінде алтайлық және тянь-шаньдық түрлер көп. Олар да зоналық заңдылық бойынша тараған.
## Дереккөздер |
Герман Борисович Жилинский — ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1958), профессор (1959), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960).
## Қысқаша өмірбаяны
1937 Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген.1937 — 50 ж. Чукоткада геолог, бас геолог, Чукотка құрылыс басқармасы бастығының орынбасары. 1951 — 75 ж. Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары; 1964 — 66 ж. Қазақстан ғылым академиясы Президиумының академик-хатшысы;1975 — 79 ж. КСРО ғылым академиясының Геология ғылымдар институтының Сібір бөлімшесі, Якут филиалының меңгерушісі;1979 — 85 ж. Хабаровск политехникалық институтының Магадан филиалында ғылыми қызметкер;1985 — 90 ж. Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында бас ғылыми қызметкер болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері металлогения, қалайы геологиясы, геохимия мәселелеріне арналған. Жилинский тұңғыш рет касситерит монокристалдарын гидротермальдік синтездеу технологиясын жасады. Ленин сыйлығының лауреаты (1958).
## Дереккөздер |
Жиренше тұқымдасы (Arіstolochіaceae) — қос жарнақтылар класына жататын бұта, шырмауық немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер шарының барлық жерінде (Австралиядан басқа) кездеседі. Оның 7 туысы 450-дей түрі (кейбір деректерде 600-дей түрі) белгілі. Қазақстанда бұта арасында, өзен жағалауларында, суармалы шалғындықта өсетін 2 туысы (жиренше, құсықшөп), олардың бір-бірден түрі (шырмауық жиренше және еуропа құсықшөбі) бар. Жиренше тұқымдасының сабағы тік болып өсетін түрлері өте сирек, тек биіктігі 90 см-ге жететіндерінің ғана сабақтары тік болады. Ұзын сағақты, жүрек тәрізді жай жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, зигоморфты, шашақ гүлшоғырын құрайды немесе сабақ ұшында жеке дамиды. Аталық гүлі 3 — 6, аналық гүлінің (4 — 6) сабағы қысқа, жуан келеді. Алдымен аналығы жетіліп, содан кейін аталығы жетіледі. Сондықтан өздігінен тозаңданбайды. Күлтесі болмайды, тостағанша жапырақшалары қоңыр, қоңыр қызыл түсті болады да, өлексе немесе шіріген темекінің иісіндей жағымсыз иіс шығарады. Бұл өлекселермен қоректенетін жәндіктерді өзіне еліктіріп, соның нәтижесінде тозаңданады. Сәуірден — тамызға дейін гүлдейді. Жемісі — қауашақ. Тұқымындағы шырынды өсінділермен құмырсқалар арқылы, кейбір түрлерінің тұқымы желмен таралады. Жиренше тұқымдасы — өте улы өсімдік. Оны халықтық медицинада шемен, безгек ауруына қарсы қолданады. Уын жылан шаққанға пайдаланады. Жиренше тұқымдасын мал жемейді.
## Дереккөздер |
Жетісу қызыл адыраспаны кейде Жетісу күреңкөкгүлі, Қызыл адыраспан, Жетісу недзвецкиясы (лат. Nіedzwedzkіa semіretschenskіa) — бигнония тұқымдасына жататын өте сирек кездесетін, тар эндемикті, жеке типті туыстың жоғалып, бара жатқан қалдық түріндегі көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Шу-Іле тауының оңтүстік-шығысындағы Аңырақай тау сілемінде ғана өседі. Бұл керемет өсімдік, үштік дәуірдің ежелгі тропикалық флорасының қалдығы. Бірінші рет 1909 жылы В.Е. Недзвецкий бастаған Жетісу облыстық санақ басқармасы экспедициясына қатысқан Лютик деген студент жинаған. Осы жеке типті туыс Недзвецкий құрметіне аталған, оны 1915 жылы Б.А. Федченко сипаттап жазған. Бұдан кейін бұл өсімдікті бірнеше рет тапты және қайта жоғалтып алды.
Тек 1926 жылы геоботаник Р. И. Аболин көшпенді аудандарды тексеру экспедициясын басқарушы недзвецкиясының мемлекетіміздің гербарий қоры үшін жеткілікті мөлшерде жинады. Одан кейінгі жылдары бірнеше рет жойылып кетті деп есептелінді. Оны әрбір 10,15, 25 жылда тауып отырды. Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында Қазақстандық ботаник Б.А. Винтерголлер недзвецкия өсетін барлық орындарды зерттеп, олардың алаңдарын анықтады (7 га). Және де түрдің саны 30-40 мыңдай түр жекелеген популяцияларымен ірі қиыршық тасты сазды беткейлерде, онша биік емес құрғақ адырларда өседі. Л. В. Денисова мен Л. С. Белоусовтың 1974 жылы жарық көрген кітабында былай деп жазылған еді: "... Шу-Іле тауларының 2-3 жерінен табылды, бірақ одан әрі іздегенмен еш нәтиже шықпады. Мүмкін бұл сирек кездесетін өсімдік құрып біткен болар". Таралу аймағында қорғалатын жер болмағандықтан, түрге малды шектен тыс бағу бұл әдемі сәндік көпжылдық өсімдікті мәдени өсіруге кең түрде енгізу қажет. Ол Қазақстан мен Орта Азия ның көптеген қалаларында тұқымнан жақсы өсіріледі. Көшеттері алғашқы жылы гүлдеп, 16-25 жыл бойы жеміс береді. Жекелеген үлкен бұталары ірі қара қошқыл-күлгі түтікті 350 гүлге дейін салады. Сүйірленген тісті-қанатты қауашақты жемістері әдемі көрінеді. Жетісу күреңгүлін ашық құрғақ жерлерде өсіруге болады, тұқыммен, жасыл қалемшелермен, бұтаның бөлінуімен көбейеді. Ол жылыжай жағдайында да жақсы өседі. Санкт-Петербург ботаника бағында 1912 жылдан бері өсіріледі. Бұл сирек кездесетін ежелгі түр мәдени түрде сақталуы тиіс.
Бұл биік (30 см-ге дейін) жартылай бұта шошақ басты тамырымен, түбі ағаштанған бірнеше вегетативті және генеративті өркендер бастау алады. Жапырағы көп санда. Кезектесе орналасқан, жіңішке таспалы бөліктерге тарамдалған. Гүлдері қос жынысты, ірі, ұзындығы 4,5 сантиметр, сабақтары мен бұтақтарының бас жағындағы босаң шашақ тәрізді гүлшоғырына жиналған. Тостағаншасы ұсақ, кең, қоңыраулы бес бөлікті. Күлтесі қошқыл күлгін, воронка тәрізді, ұзын (3 сантиметр), түтікті. Бес дөңгеленген бөлікті желбірімен. Аталықтар төртеу, күлте түтігіне бекінген, түйін ұзарған, бағанасымен гүлден сәл ғана қылтиып тұрады. Гүлдеу мерзімі мамыр маусым, шілдеде жеміс салады, жемістері ерекше қатты қорапшалар, төрт қанатты, әр түрлі тісті қабырғаларымен, тұқымы ашық қоңыр, тегіс, беткейден домалаған жемістен көп уақытқа дейін шашылмайды.Недзвецкия әдемі жаңа декоративті өсімдік. Шу, Іле тауының шөлді, құрғақ пейзажын жандандырғандай әсер береді. Мәдени жағдайда тамаша өседі. Тұқымынан өсірілген алғашқы түрлер тіршілігінің бірінші жылында-ақ гүлдейді. Алматы, Қарағанды, Ташкент және Киев ботаника бақтарында өсіріледі. Барлық табиғаттағы мекен орталарын жедел түрде қорғауға алу керек. Бұл сирек кездесетін реликт түр. Халықаралық табиғатта құрғау бірлестігінің және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Дереккөздер |
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (толық атауы "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) — Талдықорған қаласындағы жоғары оқу орны.
1972 ж. 25 қазанда Қазақстан Министрлер Кеңесінің қаулысымен Талдықорған педагогикалық институты болып ашылған. 1994 ж. 2 маусымда І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті, 1999 ж. 21 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті болып өзгерді. Университетте экология және табиғатты пайдалану, ағылшын тілі, корей тілі, информатика, музыкалық білім, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және спорт, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік, қаржы және несие, бухгалтерлік есеп және аудит, педагогика мен психология, дефектология, әлеуметтік педагогика, кеден, тарих, құқық пен экономика негіздері, т.б. мамандық бойынша 4000-нан астам студенттерге 260 оқытушы дәріс береді. Олардың арасында 6 ғылым докторы, 23 профессор, 80 ғылым кандидаты бар. Университетте үш оқу ғимараты, жатақхана, 2 ғылыми зерттеу зертханасы, 15 ғылыми-әдістемелік кабинеті және 300 мың кітап қоры бар кітапхана, университет мұражайы, Балқаш көлінің жағасында демалыс аймағы, “Қарлығаш” атты спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Соңғы он жылдың ішінде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 93 спорт шебері, 113 спорт шеберлігіне кандидат, 300-ден астам 1 разрядты спортшылар даярланды. Олардың ішінде М.Мамыров, Дмитрий Хегай және т.б. олимпиялық, әлемдік және Азия ойындарының жүлдегерлері бар. Университетте философиядан, педагогика мен психологиядан, қазақ ауыз әдебиетінен аспирантура ашылған. Корей Республикасының Сэнчжу Ұлттық университетімен, Түркияның халықаралық ғылыми-зерттеу орталығымен Мармара университетімен, Қазақстан және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен байланыстары жақсы жолға қойылған. Университетте халық аспаптар оркестрі, жастардың “Құлагер” атты шығармашылық бірлестігі, “Эрудит” атты таным клубы, т.б. жұмыс істейді.І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1972 жылы білім беру қызметін бастады.2006 жылы университет 5 жылдық мерзімге мемлекеттік аттестациядан табысты өтті.Университет қызметі негізгі стратегиялық – инновациялық бағдарламаларды - Қ Р индустриалды-инновациялық дамуының Президенттік стратегиясын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 29 қаңтар 2010 жылғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыруға бағытталған.
Онда 41 мамандық бойынша 5809 студент білім алып жатыр. Оның 3085 күндізгі, 2724-і сырттайғы бөлімде оқиды. Университетте 350-ден астам оқытушы қызмет етеді, олардың 10-ы ҚР-ның Ғылым академиясы салаларының және халықаралық академиялардың корреспондент мүшелері, 21-і профессор - доктор, 1-философия ғылымдарының докторы (Ph.D) 120 ғылым кандидаттары, 25 –і магистр, 80-і доцент. Университет үздіксіз білім беруді жүзеге асырады. Колледж, университет, магистратура кешенді білім берудің жаңа үлгісі. Жетісу мемлекеттік университетінде студенттер 41 мамандық бойынша бакалавриат, 6 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша колледже білім алады. Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов 2008 жылдың сәуір айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының қызметіне кірісіп, осы аз уақыт аралығында ұжымның болашақта дамуының бірқатар стратегиялық міндеттерін анықтады. 2008 жылдың қазан айында Болонья қаласында (Италия) университет ректоры Ә.Е.Бектұрғанов Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
## Факультеттер
Бүгінгі таңда университет сәулетті 3 ғимаратта орналасқан. 6 факультет бар:
* педагогика және психология,
* математика және жаратылыстану,
* заң,
* қаржы-экономика,
* гуманитарлық,
* мәдениет және өнер
## Ректорлар
* 1972—1977 жж. Рустемов Лениншил Зиябекұлы
* 1977—1987 жж. Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы
* 1987—1989 жж. Салагаев Валерий Георгиевич
* 1990—1995 жж. Жапаров Жомарт Жапарұлы
* 1996—1998 жж. Касабек Аманжол Касабекұлы
* 1998—2001 жж. Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов
* 2001—2008 жж. Үсенгелді Өміржанұлы Медеуов
* 2008—2016 Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы
* 2016—қ.у. Қуат Маратұлы Баймырзаев
## Дереккөздер
## Дереккөздер
Жетісу университеті Мұрағатталған 2 қаңтардың 2015 жылы.Жетісу университеті Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Жиһангер — Орта ғасырларда көп елді бағындырған қолбасшыға берілетін әскери атақ, лауазым. Мысалы, Әмір Темірді “ Жиһангер” деп атаған.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жетес Қыстаубайұлы (1828, Қызылорда облысы Арал ауданы — 1914, Арал ауданы) — би, шешен.
Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасы, шекті руының жақайым аталығынан шыққан. Жетес би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Жетес бидің Райым, Шыбынды болыстарын басқарғаны туралы деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік сөздері ел арасына тарап, “тілді би” атанған. Жетес би туралы Қ.Салғариннің “Көмбе”, С.Толыбековтің “Қазақ шежіресі” кітаптары мен “ Ел аузынан” жинағында жазылған.
## Әңгімелер
Кезінде қара қылды кақ жара әділ билік айтып, ел намасын қорғаған, "кімсің, Жетес би" атанған жақайым Жетес би әуелі өзін ел-жұртқа таныстырарда:
Арты атам ұлы Шекті, Жібек апам,Сонан соң Тілеу, Қабақ, ол да бабам.Бергі атам қойлы Дәкен, Жетес бимін,Мекенім - Арал, Шалқар, құмды далам... -
деп термелеп алады екен. Атағы бүткіл елге жайылып кеткен, қыз біткеннің сұлуы Қыз Жібектей арудың атын есіткен жұрт "ә, Шекті елінен шыққан атақты Қыз Жібектің ұрпағы екенсіз ғой" деп, Жетес биге айрықша құрмет көрсетіпті.
Жетес бидің шыққан ата-тегі туралы жоғарыда өзі айта беретін бір шумақ өлеңді толықтыра айтсақ, былай болып шығады: Кіші жүз Бекарыс - Ордаш - Мөңке - Шаншар - Тұлпар - Тоқпан - Алау - Алшын - Құдияр - Қайырбай, Қайырбайдан Байсары, Әлім, Шөмен. Әлімнен Байсары (Кете), Айқын, Ұланақ, Жаманақ (Шекті), Тайқожа, Тегенболат. Қараманақ аталары шығады. Жаманақтан - Шыңғыс, Әріс, Баубек, Мөку. Мөкуден - Айт, Бұжыр, Назар, Жәкей - Шүрек, Айттан - Тілеу, Қабақ. Тілеуден - Әлдеберді, Есіркемес, Мөңке, Өтембек, Жақсымбет. Әлдебердіден, Қозыбай. Қозыбайдан - Қырмаңдай, Бейіс, Сүйіндік, Сәдібек. Сәдібектен - Жоңлыбай, Қуат, Қуаныш, Дәкен. Дәкеннен - Жүзбай, Мыңбай, Мыңбайдан - Таңқай, Таубай, Назарбай, Жүндібай, Жаный... (үш баласының аты белгісіз) одан соң Жетес екен. Демек, Жетес би Мыңбайдың тоғызыншы ұлы - ең кенжесі, болғанын аңғарамыз.Жетестен Сүлеймен, одан Тұраш, Сәнтай, Аскар, Абылай, Болат, Марат және үш қыз туған. Бізге осы шежіре-деректі жіберіп отырған Жетес бидің немересі - Сәнтай Жетесов. Бүгінде техника ғылымының докторы, Карағанды политехникалық институтында істейді.
Жетес бидің ғұмырнамасы жөнінде дәйекті деректеме жеткіліксіздеу. Архивте, жазба әдебиеттерде кездесе бермейді. Тек қана қазақ билері жөніндегі ел аузында кездесетін аңыздарда есімімен бірге бірер тапқыр сөздері айтылады.Жетестің шешендік атағы ең алдымен сыр Шектісі, Қыр Шектісі деп аталатын елдер арасында мәлім бола бастаған. Орта жасқа келгенде оның билік даңқы бір жаты Орынбор, бір жаты Қаракалпақ халқы арасына жайылады. Әділ төрелігі, шешендік алғырлығы үшін ел-жұрт оны құрметтеп, арнайы ат жіберіп алдырған.
* * *
Жетес би бір даумен Шектінің Назар, Жексей, Тілеу, Қабақ еліне барыпты. Ол елдің Нияз деген биі етжеңді, семіз болса керек. Ал, Жетес шағын денелі, арық кісі екен. Сөздің бір кезегінде Нияз Жетеске: - Уа, Жетесжан, дауылпаз деген құс болады, дауысы жер жарады. Жанына барсаң қауқары ұлтарақтай кән болады дегендей, Жетес атың жер жарады, мына тұрпатың жұдырықтай ғой, бұл қалай? - деп кекеткен болады.Сонда Жетес оның сөзін бөліп:- Уа, Ниязеке, оныңыз рас. Бірназар мен Бекетті Сібірге айдатқалы арлы Шекті - арық болды да, арсыз Шекті - семіз болды ғой, - депті. Жетестің онысы 1855–1858 жылдары Кіші жүз қазақтарының Ресей патшалығының отаршылдық саясатына қарсы шаруалар көтерілісін басқарған Бекет Серкебайұлы, Ерназар Қаржауұлы сияқты батырларды Нияз би ауылдарының жігіттері ұстап беріп, жер аудартқанын тұспалдап айтқаны екен. Сол Бекет пен Ерназардың артынан Жетес би қуып барады. Орынбор генерал-губернаторына ол тайсалмай кіріп барып өтінішін білдіреді.- Мен патша ағзамға бұл арызынды жеткізейін, - дейді. - Сен еліңе қайта бер. Ел дүрлікпесін. Сенің елге беделің бар, тыңдайды ғой. Оларды тыныштандыр. Сәтін салса, көп кешікпей-ақ ол адамдарың еліне қайтып оралар.Генерал осылай уәде береді. Жетес елге қайтып барады. Қаһарға мінген патша ол өтіншті тыңдасын ба, Бекет пен Ерназарды он жылдан соттатып, Сібірге айдатып жібереді.•к * *Кезінде Жетес би Украина халқының ұлы кобзары Тарас Шевченкомен де кездесіп, сырлас, мұндас болған тәрізді. Қазақ даласына жер аударылған Тарас Жетестің ауылы Райым фортында біраз уақыт болған ғой. Екеуі осы тұста кездессе керек.Олай дейтін себебіміз. Жетес би кей-кейде, реті келген жерде, сөз арасында Тарас өлеңдеріне мәндес өлең тізбектерін айтып отыратын көрінеді. Бұған бір дәлел, ол егде тартқан кезінде кейінгі жастарға ақыл-нақыл, өсиет сөздерді көбірек айтқан. Соның бірі:Ұйықтап өтсең өміріңде, Ұйқың ешбір қанбаса, Өлгенің не, тірілігің не, Артыңда ізің қалмаса? -деген сөз. Кейін байқасақ, бұл шумақ Тарас Шевченконың өлеңі екен. Кұлаққа сіңіп, көңілге жатталып калған нақыл шумақты өз сөзіндей қылып айтып жүрген.
* * *
Қыр еліндегі Төртқара ағайындары бір жылы ушыққан даудың төркінін шешіп берсін деп Жетес биді ат жібертіп алдырады. Сол жолы ол Төрт- қараның Асылбай деген ауқатты адамының үйіне түсіпті. Жетестің қасында өзіне хатшы қылып ертіп жүрген молда баласы бар екен. Ол Қазандағы медресені бітірген, өзі көп сөйлемейтін момақан ғана болса керек.Дастарқан үстінде Асылбай сөзден сөз шығарып отырып:- Жетеке, - депті, - мына қасыңа ертіп жүргенің бала екен, өзі шариғатқа шала екен. Жаныңа ерткен соң жүйрік молдалардан ертпедің бе?Сонда Жетес ойланбастан:- Ей, Есеке-ай, ағаштың емені жақсы, молданың өзіңнен төмені жақсы, немесе, молданың жаманы жақсы, халқыңның аманы жақсы. Солай емес пе ағайын? - деп төңіректеп отырғандарға қарапты. Көпшілік не десін, Жетестің табанда сөз тапқанына ырзалығын білдіріпті.Тілеу, Қабақ елінде билік құрып жүргенде бір үйде конақ болып отырған Жетестен ақсақалды қария кісі:- Жетесжан, өміріңде сөзден жеңіліп көрдің бе? - деп сұрапты. Сонда Жетес би:- Сүрінбейтін ат, сөзден жеңілмейтін адам болмайды. Пенде болған соң, кім болса да жаңылады. Мен өз басым, кейбіреулерге ұқсап жүйрік едім, алдыма жан салмадым, шешен едім, ешкімнен жеңілмедім деп мақтана алмаймын. Расын айтсам, өмірімде екі сөзден жеңілдім. Бірінде - Қадиша қыздан, екіншісінде - Есет батырдан.- Қадишамен айтыса-айтыса келіп, "қыздың жолы жіңішке, абайла биеке?" деген соң, рас екен-ау, жолдарың жіңішке, бәріміз де анадан туғанбыз, әйел затын сыйлау - бізге парыз, - деп, оған жолымды бердім.Батыр болмаса, еліңді жаудан кім қорғайды, сенің сөзге дес бермей, шешенсіп отырғаның біз сияқты батырлардың арқасы емес пе? - дегенде мен Есет ағаның алдында басымды иіп, "мен жеңілдім" деп сөз кезегін бердім.Бір биліктің кесімін сол кісі айтты, - деп Жетес би сөзін аяктады.
* -к -к
Жетес бабамыздың елден ерекше бір кызық әдеті болыпты, - деп жазады оның шөбересі Айтбазар Жанәліұлы ("Парасат", "№ 4, 1991 ж."). Қоржынынан үнемі ет салатын тері шанашы мен жол дастарқаны қалмайды екен. Қонақасы беріп, өзін сыйлаған үйдің берекелі мол дастарқанынан артылған бауырсақ, нан, жакана ет, өрік, мейізді әлгі шанашына салып алып, жолда кездескен жолаушыны тамақтандырып сыйлап жібереді екен.Бір жолы оған баласын арқалаған әйел кездеседі... Жетес:- Кім боласың, кайдан келесің? - дейді.Әлгі өйел:- Шөмекей елінің келіні едім, күйеуім өліп, жесір қалған соң, төркінімді іздеп барамын, - дейді.Ыстық, аңызақ күнде өзі шөліркеп, ашығып келе жаткан әйелді тоқтатады. Өзі және қасындағы екі серігі аттарынан түседі. Жетес би ат үстіндегі қоржынын түсіріп, дастарқанын жол шетіне жаяды. Бауырсақ, жақана ет, өрік мейізді төгеді.- Ал, қалқам, өзің де, балаң да ашығып келе жатқан шығарсың, ұялмаңдар, - дейді. Ашығып өзегі талып келе жатқан әлгі әйел, бала өзегін жалғап тойынып қалады. Жетес би:- Жесіріне ие болмайтын не қылған ел еді?! - деп, әйелден бар болған жайды сұрап алады.- Қайын, қайнағаларың кім деген еді?Ауылыңның ақсақалы кім болады? Мен Жетес деген Шекті елінің биімін. Бара жатқан дау-шарымызды шешіп, бітірген соң, әдейілеп Шөмекей еліне соғамын. Олар артыңнан іздеп баратын болады. Сонда еншіңді, ақыңды алып беремін. Әзірше, "жолақысы жүрсе бітеді" деген, төркін жұртыңа жетіп, аунап-қунап жата бер...Жетес би әлгі балалы әйелге жолазық беріп, ақылын айтып, жән сілтеп жіберіпті дейді ел.
* * *
Көпшілік бас қосқан бір үлкен жиында Жетес шешеннің тапқырлығын сынамақ болған бір беделді ақсақал:- Адамның, жердің, сөздің, пікірдің сәні неде? - деген сауал қойыпты.Сонда Жетес би:Адамның сені - өнер, білім, акылы, Жердің сәні - жеміс, әнім, дақылы, Сөздің сәні - өнегелі нақылы, Пікірдің сәні - ойландырар мақұлы,-деп жауап берген екен.
* * *
Шекті Дәрменқұл Жетестен он бес жастай үлкен екен. Болыстыққа бірде Жетес, бірде Дәрменкүл сайланып, ағайын адамдар аға-іні болып, ел басқару жұмысын кезек жүргізіп жүреді. Дәрменқұлдан гөрі Жетестің әділ билігі, халыққа қамқорлығы арта түседі. Сондықтан да ел көбінесе Жетестің төңірегіне ұйыса береді.Бірде Дәрменкүл болыстыққа сайланады. Жетес те онымен таласа қоймайды. Жетес ағасына ән беріп болыс боп сайланғанына құтты болсын айтуға бармақ болып, қасына Қопардың Баймағанбетін ертіпті. Баймағанбет сөзге шебер, әңгімешіл төкпе ақын екен. Жетес жолға шығарда Баймағанбетке:- Дәрменкүл ағаға ән беріп, болыстығына кұтты болсын айтып қайтайық. Бірақ оның аткосшы хатшы жігіті Сарбала деген бар. Өзі ұрыншақ, тентек мінезді, сөзді тауып айтатын ку. Сен одан сактанарсың, - депті.Екеуі Дәрменкүл аулына барыпты. Жетесті болыстың өзі бастап, бүкіл ауыл болып, алдынан шығып карсы алыпты. Айтқандай-ақ, олардың атын байлап жүрген Сарбала:- Ей, Баймағанбет, сен Жетекеңе құтсыз қоңсы болдың. Болыстыққа өтпей калды. Мені қарашы, құтты коңсы әрі тойшы болдым. Дәрменкүлға болыстықты алдырдым, ішіңді өрттей жандырдым, есіңнен сені тандырдым, - дейді. Сонда Баймағанбет саспапты, оған табан астында былай депті:
Жетекем - бір наз бедеу, ақбас ерлі, Топ келді талай елден алтын зерлі. Келе жаткан жеті атадан текті тұкым, Дәкеңді ардақтаған халқым еді.Таласқан болыстыққа айып емес, Екеуі ұстасып ед, бірі жеңді, Бір ағам болыс болды, бірі калды, Сен несіне боп тұрсың арам терлі? -
депті. Мұны есіткен Дәрменкүл:- Ей, Сарбала, сенікі осы не сөз? Одан да, Жетекең бастап келген қонақты үйге бастап кіргіз, өз қызметіңді біл! - деп Сарбаланың жеңілгенін мойындаткан екен.
* * *
- Жетес бабамыздың - деп бастады Жетестің жұрағаты Алдоңғар, бір көріпкел, сәуегейлігін ауыл қариялары былай аңыздайтын.Бір отырыста Жетес биден "Кімнің ажалы кімнен, неден?" - деп сұрапты. Сонда Жетес би:- Басқаларыңды кайдам, осында отырған үш болыс таяққа жығылып қайтыс болады, - депті.- Астапыралла! - деп жағасын ұстапты бір ақсақал. - Олар кімдер екен?Сонда Жетес баба жан-жағына қарап тұрып:- Біреуі мынау отырған Төртқара болысы. Екіншісі мынау Шолан болыс немесе оның ағасы Есенаман.Үшіншісі - мына менің касымда отырған Шаманның Мырзақұлы, - депті.Қымызға қызара бөртіп алған игі жақсылар "ой, Жетекең айта береді" деп оған онша мән бермей тарап кетеді.Арада біраз жылдар өтеді.Қыз-келіншектерге көбірек кырындап, түн қатып, үйді-үйдін босағасын сығалап жүрем деп, Төртқара болысы қызғаныштың кесірінен таяққа жығылып, дүниеден кайтады. Бұл - бір.Екі ел арасындағы төбелесте Шолан болыс пен оның ағасы Есенаман сойылға жығылып, Шолан ауыр жарақаттанып аман калады да, Есенаман өліп кетеді. Окиға былай болады:Кіші жүз алтон елінде сол атырапқа әншілік, салдық, батырлық атағы жайылып кеткен Батақтың Сарысы деген сері жігіт болады.Баласы мен Батақтың, атым - Сары, Дейтүғын "сары, сары" жұрттың бері. Мырзағұл шырақ алып түсті сонда, Оның да мендей болсын балалары, -дейтін әні елден-елге тарап кеткен сол сары салға бұрыннан өшігіп жүрген Шолан мен Мырзағүл "Есенаманның өлімі Сарыдан болды" деп жала жауып, солдат шақыртып, Ырғыз түрмесіне жаптырады. Расында, Есенаманның ажалы Сарыдан емес еді. Бұл - өз алдына бөлек әңгіме. Жетес бидің "Шолан болыс, не оның ағасы Есенаман сойылдан жығылады", - деп болжауының мәнісі осы. Бұл - екі.Енді, үшіншісі, Мырзағүл болысқа келейік: Шыманның Мырзағұлы 18 жасынан Қызай еліне болыс боп сайланады. Ол ақкөңіл, кеңпейіл, дастарқанды екен. Еліне жағып, ұзақ жыл болыс болып тұрады.Бір ақсақал қартайып қалған Жетес биге:- Жетеке, сіздің алғашқы екі болжамыңыз келді, ал Мырзағұлға келгенде жаңылдыңыз ғой, - депті. Сонда Жетес би: - Жоқ, мен жаңылмасам керек. "Дастарқан киесі" деген болады. Мырзағұлдың пейілі кең, дастарқаны мол. Таныса да, танымаса да, әрі өткен, бері өткенді үйіне түсіріп, ас-су беріп, сыйлап жібереді. Оны осы кең пейілі, дастаркан киесі сақтап жүр. Дәм-тұзы таусылғанда олда жәнейді. Бұл жалғанда мәңгілік өмір жок. Бәрі өткінші дүние ғой, - депті.Жетес би айтқандай, Мырзағұл да ушыққан бір дау үстінде соккыға жығылып, түрмеге түсіп, содан қайтыс боп кетеді.
*
Жетес бидің жасы сексен екіге толып, көзден қалып отырған шағы екен. Бір үлкен жиынға Жетесті де алдырыпты. Сол жиынға Төртқара елінен Жағал деген беделді кісі де қатысыпты. Жағал заманына лайықты білікті адам екен. (1959 жылы Арал қаласында қайтыс болды).Бір сөздің орайы келіп Жағал қасында отырған Жетес биге мынадай сұрақ қойыпты:- Жетеке, сексеннің екісіне келдіңіз. Сексен жасыңыздың әр он жылын бір белеске қойған да, сегіз белестен асқан екенсіз. Осы белестерді неге теңер едіңіз?Сонда Жетес қария ойланып отырып: - Шырағым, Жағалжан, мен он жасымда ойнадым, асық аттым, топай тарттым, ойынның қызығына тоймадым, жиырмада әр нәрсені ойладым. Қыз-келіншекке кырындадым, өз бетімше ұрынбадым. Барымды бойға киіндім, сұлу қызға шүйілдім. Отызға келдім, жігіттің нағыз нар болатын кезі екен. Қанша жүк арқаласам да көтердім, дос-жаранның назын ескердім. Тағы бір қызыл түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, үлкенді сыйладым, кішіні қимадым, сөз маржанын жинадым. Қырыққа келдім, ақ алмастай жарқылдадым, арғымақтай аңқылдадым, ақ иық қырандай шаңқылдадым, аққан дариядай сарқылмадым, алдымнан шешусіз дау өтпеді, сөз кезегі келгенде маған адам жетпеді. Елуге келдім, елу дегенің де бір төбе екен, басына шықтым, жан-жағыма қарадым, сөйтсем, әлгі төбем қарға жер екен, алды-артыма көз салдым, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын біле алмадым. Тәуекел деп тағы алға өрледім. Алпысқа келдім, алты тарау жолға түстім, сонда да адаспадым, алжаспадым. Жетпіске келдім, жеңілгенімді білдім, билікті балаға бердім, айтқанына көндім, айдауына жүрдім, катар-құрбым азайды, көре алмаймын маңайды, аяққа тұсау түсті, еркін жүре алмаймын, тілге бұғау түсті, еркін сөйлеп, күле алмаймын.Енді, міне, сексенге келдім, келін мен бала басым болды, атала асым болды, кемпір қасым болды, екі көзден қалдым, көзден қалған соң сөзден қалдым, жан-жағыма қарамаймын, күнімді санамаймын, алдым - терең құз, артым - биік жар, сол жағым - су, оң жағым - ну екен. Е, е, Жағалжан, енді менің қанша өмір сүретінімді бір жаратушы Алла тағала өзі біледі.іс * "кЖетес бидің ел арасында айтылып жүрген нақыл шумақтарынан:
Ақыл айтқан кісіге аларамыз, Сондықтан сиректеді-ау өз арамыз. Сөзінің тоқтамы жоқ, ұстамы жоқАғайын бұл мінезбен не оңамыз!? Әр сөзіңнің, тұжырымы ақыл менен сезімде,Эр ісіңнің тұжырымы орындалған кезінде.Сондықтан да көп замандас өз сөзіңе берік бол,Соған карап әр азамат шама қояр өзіне.• * *Адамға мал біткеннің бәрі көрік, Малың болса жүрерсің болып берік. іздемей-ақ табылар күлшеліге Баруға о дүниеге болып серік.
## Дереккөздер |
Жетісу облысы — Ресей империясындағы, Кеңестік Ресейдегі және КСРО-дағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Верный.
## Тарихы
Облыс 1867 жылы 23 шілдеде құрылған. Облыстық үкімет 1868 жылы 2 наурызда ашылды. Мемлекеттік кеңестің 1891 жылғы 12 сәуірдегі ең жоғары бекітілген пікірі бойынша Дала генерал-губернаторлығының билігіне беруімен өзгертілді. 1899 жылы 13 шілдеде, 1898 жылы 7 қаңтардағы Басқарушы Сенаттың жеке жоғары қаулысына сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығының құзырына берілді.
1918 жылы 30 сәуірде облыс Түркістан АКСР құрамына енді. 1924 жылы 27 қазанда ұлттық-аумақтық межелеудің нәтижесінде бөлінді. Облыстың солтүстік бөлігі — Қырғыз АСКР Жетісу губерниясы, ал оңтүстік бөлігі — РКФСР-ге тікелей бағынышты Қарақырғыз АО болды.
Ресей империясының Жетісу облысы солтүстікте Семей облысымен, оңтүстік пен шығысында Қытай жерімен, батысында Ферғана, Сырдария және Ақмола облыстарымен шектесті.
Ауданы — 402,200 км² (353,430 шақырым²).
## Билік органдары
### Әкімшілік бөлінісі
Әкімшілік жағынан Жетісу облысы 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында құрылды. XX ғасырдың басында облыс 6 уезге бөлінді:
1921 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Түркістан республикасының құрамындағы облыс 7 уезден тұрды: Алматы (Верный) (24 болыс), Жаркент (9 болыс), Қарақол (20 болыс), Қапал (Талдықорған) (14 болыс), Лепсі (9 болыс), Нарын (9 болыс), Тоқмақ (10 болыс).
1922 жылы 2 маусымда Қапал ауданы Талдықорған болып өзгертілді.
1924 жылы 11 қазанда Орта Азиядағы кеңестік республикаларды межелеп бөлу нәтижесінде Алматы, Жаркент, Талдықорған және Лепсі уездері, сондай-ақ Тоқмақ уезінің үш болысы Қырғыз АСКР-не берілді. Қарақол, Нарын мен Тоқмақ уездері Қарақырғыз АО құрамына кірді.
### Әскери губернаторлар
### Әскери губернатордың көмекшілері мен облыстық басқару төрағалары
### Вице-губернаторлар
## Тұрғындары
1897 жылғы халық санағы бойынша бұл аймақта 987 863 тұрғын болған (529 215 ерлер мен 458 648 әйелдер), оның 62 974 қалаларда тұрды.1905 жылы облыстың халқы 1 070 600 адамды құрады.
Халықтың негізгі бөлігін (1897 жылғы санақ бойынша) қырғыз-қайсақтар құрады — 794 815; великоросстар — 76 839, малоросстар — 18 611, тараншылар — 55 999, сарттар — 14 895, қытайлықтар (бәлкім, көпшілігі дүңгендер) — 14 130, Еділ татарлары (татарлар) — 8353.
1897 жылғы ұлттық құрамы:
## Бейнелемесі
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Жетісу
* Жетісу казактары
## Дереккөздер |
Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:
* ер жігіт;
* сұлу әйел;
* құмай тазы;
* берен мылтық;
* жүйрік ат;
* ақыл-білім;
* қыран бүркіт.
Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қахарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:
* 1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;
* 2) денсаулық, яғни дененің саулығы;
* 3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;
* 4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;
* 5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;
* 6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;
* 7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.
Ал ислам аңызы бойынша, Жеті қазынаға мыналар жатқызылады:
* 1) Қыдыр (қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар;
* 2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді;
* 3) ақыл. Ақыл — байлық пен бақыттың тірегі;
* 4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді;
* 5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан;
* 6) тұз. Тұз — Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені;
* 7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отырады. Мұндағы мақсат — “Барлық іс Алланың ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды” дегенді білдіреді.
Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі:
* 1) көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды;
* 2) Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат — Күннің шуағынан нәр алады;
* 3) Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады;
* 4) от. От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады;
* 5) су. Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді;
* 6) Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді;
* 7) ит. Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады.
## Тағы қараңыз
* Ит (жеті қазына)
## Дереккөздер |
Жилин Елшілігі — 1717 ж. көктемде Қазан губернаторы Салтыковтың қазақ ханы Қайыпқа жіберген Федор Жилин бастаған елшілігі. Елшіліктің мақсаты екі мемлекет арасындағы сауда қатынасын дамыту болды. Бұл елшілік Т. Култубаев бастаған елшілік топпен қатар жіберілген. Сапар нәтижелі аяқталып, 1718 ж. Ф.Жилин еліне қайтып оралды.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
“Жетісу Әйелі” – ққоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1924 жылдың басында 2 нөмірі жарық көрген. Таралымы 3000 дана. Көлемі 4 баспа табақ. Редакторы — С.Есова. Журналда қазақ әйелдерінің хал-жайы, оларды жаңа әлеуметтік жағдайға баулу туралы мақала, очерктер, өлең, әңгімелер басылды.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жолақ қарашұбар жылан (лат. Hierophis spinalis) - қабыршақтылар отрядының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жатады.
Жолақ қарашұбар жылан – өте сирек кездесетін түр. Бұл жылан санының өте төмен болу себептері және оның тіршілігі белгісіз. Құрғақ қиыршық тасты жерлерде және жусанды далада, жағасында қайың, тал және бұта өскен өзен аңғарларында тіршілік етеді. Қазақстанда тек Алтайдың Оңтүстігі мен Зайсан ойпатынан ғана ұсталған. Алғаш рет 1955 жылы Зайсан қазаншұңқырынан, Күршім және Нарын жоталарынан, ал 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласының оңтүстігінен және Алексеевка ауылының маңынан ұсталды.
Сыртқы түрі оқжыланға ұқсас, жіңішке келген, ұзындығы 86 см-дей болады. Басынан құйрығының ұшына дейін ақ немесе сары жолақ созылып жатады. Реңі қара сұр түсті. Әр түрлі кесірткелерді жеп қоректенеді. Жемін денесімен буындырып не жаншып өлтіреді. Адамға қауіпті емес, усыз жылан. Ұрғашысы шілде айында 4 – 9 жұмыртқа салады. Жолақ қарашұбар жыланның тіршілігі аз зерттелген, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Жоламан Тіленшіұлы — қазақ халқының 19 ғасырдың 20–30-жылдарындағы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық батыры.
Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалары бірлестігінің Табын руынан шыққан. 19 ғасырдың 20-жылдарының басында Ресей империясының Орынбор әкімшілігі Елек өзенінің бойындағы Табын руының жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастайды. Орал, Елек, Бердянка, Құраты өзендерінің бойында 29 бекініс бой көтеріп, ол Жаңа Елек шебі деп аталды. Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан бастаған бір топ табын руының адамдары 1823 жылы, 3 қыркүйекте Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды. Қазақтардың жер мәселесін қарайтын комиссия төрағасы Шерғазы хан олардың бұл талаптарын заңсыз деп танып, наразылық қимылдарына қарсы әскер күші қолданылатынын ескертеді. Мұндай өктем жауап Жоламан батыр бастаған табын руы қазақтарының қарулы көтеріліске шығуына түрткі болды. 1835 жылға қарай олардың қатарына Алшыннын: Байұлы (Адай, Жаппас, Алтын, Шеркеш және т.б), Жетіру (Табын, Жағалбайлы, Тама), Әлімұлы (Төртқара, Шекті) және Орта жүз Арғын, Қыпшақ тайпаларының адамдары қосылып, көтерілісшілер саны 4500 жетті. Көтерілісшілерге қарсы Орынбор әкімшілігі арнайы әскери бөлімдер жіберіп, көтерілісті басып тастауға күш салды. 19 ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап Жоламан батыр Кенесары Қасымұлы жасағымен бірігіп, отаршыл саясатқа қарсы күрес жүргізеді. Кенесары қолы оңтүстікке қарай бет алғанда Жоламан батыр бастаған көтерілісшілер тобы ыдырай бастайды. 19 ғасырдың 40-жылдарының басында Жоламан батырдың өзі Бұхараға қоныс аударады. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.
## Дереккөздер |
Рахмет Жанғазыұлы Жолаев – ғалым, техника ғылымының доктуры (1962), профессор (1964), Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962), Қазақстанның еңбек сіңірген гидротехнигі (1961).
## Қысқаша өмірбаяны
* 1935 - Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген.
* 1932 – 1935 жылдары - Орта Азия жоспарлау институтында, Орта Азия мемлекет ауыл шаруашылығын механикаландыру институтында ғылым қызметкер,
* 1935 – 45 жылдары - Шымкент, Алматы қалаларында оқытушы, ғылыми жұмыстарда болды.
* 1945 – 56 жылдары - Қазақстан ғылым академиясының Энергететик институтында зертхана меңгерушісі,
* 1956 – 62 жылдары - осы институтта директордың ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары,
* 1962 – 73 жылдары - Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтының ректоры,
* 1973 – 79 жылдары - Қазақ мемлекеттік су шығару, жобалау-зерттеу институтында (Казгипроводхоз) ғылыми кеңесші болып қызмет істеген.
## Еңбектері
Жолаевтың негізгі ғылым зерттеулері гидротехникалық құрылыс және су шығару мәселелеріне арналған. Ол тау өзендерінен су тартқыш құрылғылардың тиімді түрлерін зерттеп, олардың Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстанның гидротехника құрылыстарында пайдаланылуына ұйытқы болды. Сондай-ақ, күріш егістігіне су жіберуді реттеу әдістерін ұсынды, суды бөлудің теориялық негіздерін зерттеді. Октябрь Революциясы, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жолбарыс Айтақұлы (1690–1740) – Ұлы жүз ханы (1730–1740). «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» соң Жолбарыс өзі билеген қазақ рулары мен Ташкент тұрғындары атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындап, жоңғар әскербасына алым-салық төлеп тұрған.
1733 жылы Ұлы жүз ханының елшілері Аралбай батыр мен Оразкелді Кіші жүздегі Ерәлі сұлтанмен бірге Ресейге барып, патшайым Анна Иоанновнаға Ұлы жүздің Төле би, Қодар, Сатай, Хангелді, Бөлек сынды батырларының атынан жазылған хатын тапсырды. 1738 жылы Жолбарыс Ресей бодандығын қабылдау ниетін білдіріп, Ресей үкіметіне хат жазады. 1738 жылы 19-қыркүйекте Анна Иоанновна Жолбарыстың атына арнайы грамота жолдап, оның тілегін қабылдағанын мәлімдеді. Бірақ жоңғар билеушілерінің қарсылығы және Ресей мен Ұлы жүз хандығы арасындағы саяси қарым-қатынастардың қалыптаспауы себепті Жолбарыстың саясаты жүзеге аспады. Жолбарыс 1739 жылы Абылай ханмен тізе қоса отырып, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Ташкент, Сайрам қалалары жоңғар әскерлерінен азат етілді. Жолбарыс Ташкент тұрғындарының қолынан қаза тапты. Оның орнына Ташкенттің ұлысбегі болып Төле би тағайындалды.
## Отбасы
Жолбарыс хан 1690 жылы туылды. Жолбарыс Қарт Әбілқайырдың бауыры және Ұлы жүздің ханы Әбілфайыз және Хиуа ханы екінші Әбілғазы хандардың әкесі. Жолбарыс әкесі Абдолла дейді, бірақ Абдолла Жолбарысты және Әбілқайырды асырап алған әкесі. Ал енді оның шежіресіне келсек. Хорезм тарихшылары Әбілғазы туралы шежіресін жазып кетткен, олар былай дейді:
Әбілғазы екіншінің әкесі Жолбарыс хан, оның әкесі Айтақ-сұлтан, оның әкесі Тәуке хан, оның әкесі Жәңгір хан, оның әкесі Есім хан, оның әкесі Шығай хан, оның әкесі Жәдік сұлтан, оның әкесі Әбу Сәидтқа тоқталады.
## Дереккөздер |
Жоғарғы Бас қолбасшы, Жоғарғы қолбасшы (Chef suprme; der Oberste Befehlsaber; the supreme commandor) – соғыс кезіндегі және бейбіт уақыттағы мемлекеттің (немесе одақтас мемлекеттердің) Қарулы Күштерінің ең жоғарғы басшысы. Жоғарғы бас қолбасшы қажет болғанда сол елдің (немесе одақтас мемлекеттердің) барлық азаматтық мекемелеріне де төтенше билік жүргізе алады. Батыс Еуропа елдерінде және Ресейде бұл қызмет 1914 ж. шілде айынан (1-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін) енгізілді. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1939 – 45) КСРО-да Жоғарғы бас қолбасшы қызметін маршал (1945 ж. 27 маусымнан генералиссимус) И.В. Сталин атқарды. Ал гГитлере қарсы одақ елдері армияларында: Солтүстік-Батыс Еуропадағы одақтас экспедициялық күштердің Жоғарғы қолбасшысы болып АҚШ генералы Д.Эйзенхауэр, Жерорта теңізі маңайындағы соғыс қимылдарына Жоғарғы қолбасшы болып Ұлыбритания фельдмаршалы Г.Вильсон тағайындалды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс).Қазіргі кезде бірқатар мемлекеттердің конституциясы бойынша сол мемлекеттің басшысы Жоғарғы бас қолбасшыміндетін қоса атқарады. Атап айтқанда, АҚШ, Франция, Ресей мемлекеттерінде Жоғарғы бас қолбасшы – президент, Жапонияда – император, Ұлыбританияда – король немесе королева, Германияда федеральдік канцлер, т.с.с. Кей жағдайда одақтас мемлекеттердің біріккен әскер күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы тағайындалады. Мысалы, НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент Жоғарғы бас қолбасшы болып саналады. Жоғарғы бас қолбасшы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, стратегиялық міндеттерді белгілейді. Қажет жағдайда атқарылатын әскери қимылдар жоспарларын қарап бекітеді және оны қажетті адам күшімен, қару-жарақтармен қамтамасыз етеді, әскердің барлық түрлері мен топтарының бірлесе қимыл жасауын ұйымдастырады. Ол Бас штабтың алдына әскердің ең басты стратегиялық міндеттерін белгілеу, соған байланысты оқу-жаттығу операцияларының оперативтік-стратегиялық жоспарларын жасау міндеттерін қояды. Сондай-ақ, Жоғарғы бас қолбасшы одақтас мемлекеттермен әскери байланыстардың нығаюын, Қарулы Күштер алдына қойылған міндеттердің дәл уақытында орындалуын, жүргізілген операциялар мен жаттығулардың нәтижелерінен дұрыс қорытындылар шығарылуын, операция барысында жауынгерлер мен әскер басшыларының әскери тәжірибе жинақтауын, ұрыс жүргізудің жаңа тәсілдерін үйренуін, офицер кадрларының даярлануын, округ, дивизия, корпус командирлеріне лайықты мамандар тағайындалуын қадағалайды.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындары да бар.
## Тарихы
Б.з.б. Афина мен , б.з. 425 ж. Константинопольде ашылған, өз дәуірі үшін Жоғары оқу орындары. болып саналған филос. мектептер «университет» деп аталды. Нағыз Жоғары оқу орындары. түріндегі университеттер 11–12 ғ-ларда Италияда (Салерно және Болонья), Францияда (Париж), 12–13 ғ-лар аралығында Испанияда (Саламанка), Англияда (Оксфорд) пайда болды. ТМД елдеріндегі алғашқы жоғары мектептер Грузиядағы Колхида (4 ғ.), Икалто, Герм, Гелат (11–12 ғ-лар) академиялары болды. 13–14 ғ-ларда Англия, Италия, Португалия, Испания, Чехия, Польша, Германия, т.б. елдерде университеттер құрылды. 1579 ж. Вильнюс академиясы, 1632 ж. Киев – Могилян академиясы, 1687 ж. Мәскеуде Славян-грек-латын академиясы, т.б. Жоғары оқу орындары. құрылды. 17–18 ғ-лардағы өнеркәсіп пен мәдениеттің зор қарқынмен дамуы ун-ттердің және маманданған жоғары мектептердің ашылуына ықпал етті. Ресейде Мәскеу математика және навигация ғылымдар мектебі (1701), Санкт-Петербург теңіз академиясы (1715) мен Тау-кен уч-щесі (1773), т.б. оқу орындары ашылды. Тұңғыш орыс университеті 1725 ж. Санкт-Петербургте ғылым академиясының жанынан (Академиялық университет) ашылды. 1755 ж. М.В.Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университетінің іргесі қаланды. 1804 ж. Қазан университеті құрылды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде машина өндірісінің дамуына байланысты көптеген елдерде университеттермен қатар инж. және басқа да Жоғары оқу орындары ашылды. Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі Жоғары оқу орындарыдары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919–20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы және шаруа жастарына жалпы орта білім беру және Жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік туғызу мақсатында жұмысшы ф-ттері ашылды. 1921 ж. ашылған Орынбордағы жұмысшы факультетін С.Мұқанов, Ғ.М.Мүсірепов тәрізді танымал жазушылар оқып бітірді. 1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия ун-ті) құрылды.
Бұл университ Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі орталық болды. Университет жанында қазақ жастары үшін арнаулы даярлық бөлімі ашылды. Одан жүздеген қазақ жастары білім алды. 1920 ж. Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей ағарту институтын құрды. Сондай-ақ осы жылдың күзінде Семейде халық ағарту институты құрылса, 1921 ж. Орынборда Қазақ халық ағарту ин-ты (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту институты ашылды. 1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық ағарту институты Қазақ пед. институты болып қайта құрылды. Бұл ин-ттың тұңғыш директоры Т.К.Жүргенов болды. Институттың физика-математика, жаратылыстану, әлеумет-экономикасы және лингвистика бөлімдері болды. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 ж. Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты. Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылар қатарында А.Байтұрсынов, М.О.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Қ.Жұбанов, т.б. дәріс оқыды. Бұдан кейін Алматы малдәрігерлік ин-ты (1929), Қазақ ауыл шаруашыфлық институты (1930), Қазақ медициналық институты (1931), Орал пед. институты (1931) ашылды. 1932 ж. Қазақстанның 6 Жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 40,5%-ы қазақ жастары болды. 1934 ж. Қазақ мемл. университеті мен Кен-металлургия институты ашылды. 1950–60 ж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қ-ларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медицина институттар, Алматыда халық ш., Қарағандыда политехнология және кооперативтік, Павлодарда индустриал, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инженер құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технология институттары, 1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған пед. ин-ттары ашылды. 1986–87 оқу жылында Қазақстанда 55 Жоғары оқу орындарында 247 мыңнан астам студент оқыды. Кеңес өкіметі жылдарында Жоғары оқу орындарын ректор, оның ф-ттерін декан басқарды. Оқу-әдістемелік және ғыл.-зерт. жұмыстарын кафедралар ұйымдастырды. Жоғары оқу орындарының немесе ф-ттің атқаратын негізгі қызметіне орай тиісті шешім қабылдау үшін ректор немесе декан басқаратын ғыл. кеңес құрылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы Жоғары оқу орындарыдары елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Республиканың жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономика жолын таңдауына байланысты бұрыннан қалыптасқан Жоғары оқу орындарын қайта жасақтап, оларды басқаруды жетілдіру (ықшамдау, қосу, тарату) және соған орай әлеум. сұраныс пен талапқа жауап бере алатын сапалы мамандар даярлау қажеттілігі туындады. Сонымен қатар өзге меншік нысандары тәрізді Жоғары оқу орындарын да ішінара мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесі жүргізілді, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес Жоғары оқу орындары құрылды. Қазақстандағы Жоғары оқу орындарына Білім және ғыл. мин-лігі басшылық етеді және олар меншік түрлеріне қарамастан сол министрлік бекіткен негізгі бағдарламалар бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ меншік түріне қарамастан студенттерге бірдей дәрежедегі дипломдар тапсырылады. Сабақ курстық жүйемен жүреді. Оқу жылы 2 семестрден құралады. Әр семестр соңында студент сынақтан өтіп, емтихан тапсыруы тиіс. Соңғы курс студенттері барлық бағдарламалық жұмыстарды орындап, сынақтардан өткен соң, мемлекеттік емтихан тапсырады. Технологиялық Жоғары оқу орындарында дипломдық жоба, кейбіреулерінде дипломдық жұмыс қорғалады. Сонымен қатар өндірістен қол үзбей оқитындар үшін Жоғары оқу орындарының кешкі және сырттай оқу бөлімдері ұйымдастырылған. 2001 ж. 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе берілді. Олар:
* 1) Қазақ ұлттық ун-ті;
* 2) Еуразия ұлттық ун-ті;
* 3) Қазақ ұлттық агр. ун-ті;
* 4) Қазақ ұлттық тех. ун-ті;
* 5) Қазақ ұлттық медицина ун-ті;
* 6) Қазақ ұлттық өнер академиясы;
* 7) Қазақ ұлттық консерваториясы;
* 8) Қазақ ұлттық музыка академиясы. Ерекше мәртебесі бар Жоғары оқу орындарына құрылымы мен құрамын жасақтап, еңбекақы тағайындауда, оқу, ғыл. және әдістемелік жұмыстарды жүргізуде, жоғары білім беру жүйесін дамытуда, ғыл.-пед. мамандарға доцент және проф. ғыл. атағын тағайындауда, т.б. мәселелерде еркіндік беріледі. 2001 ж. 19 шілдеде 58 Жоғары оқу орындары мемл. аккредитациялаудан өтті. Осы жылы мемл. емес оқу орындарының саны 121-ге жетті. Қазақстандағы Жоғары оқу орындарының 73%-ы мемл. емес оқу орындары. Жастардың Жоғары оқу орындарында оқып білім алуы үшін оқудың ақылы түрінен өзге грант және несие жүйесін ұйымдастыру абитуриенттер Жоғары оқу орындарына қабылданады.
## Дереккөздер |
Жолбарыс Сұлтан Елшіліктері – Жолбарыс сұлтанның Абылай хан тапсырмасымен Ресейге, Қытайға барған елшілік сапарлары. Жолбарыс сұлтан (туған-өлген жылы белгісіз) Абылай ханның немере інісі, сол кездегі қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясатында үлкен рөл атқарған. Өкінішке орай оның жеке өмірі, қызметі туралы мәліметтер сақталмаған. Жолбарыс сұлтан Абылай ханмен бірге Қалдан Сереннің (Цэрен) қолында тұтқында болып (1742 – 43), кейін оның сенімді өкілі ретінде елшілік тапсырмаларын орындаған. 1743 жылы күзде құрамында 4 адамы бар Қазақ хандығы елшілігі Ресей империясының Тобыл бекінісінде болып, Тобыл әкімшілігімен сауда қарым-қатынасы жөнінде келісімге қол жеткізді. 1758 жылы Ресей патшасы Елизавета Петровнаға жіберілген елшілік сапар да сәтті аяқталып, патша тарапынан Абылай ханға арнайы грамота мен сыйлықтар жіберілді. 1760 жылы Жолбарыс сұлтан Абылай хан тапсырмасымен Орынбор әкімшілігінде болды. 1761жылы Қытайда болған сапарында Жолбарыс сұлтанның дипломатиялық шеберлігі жоғары бағаланып, оған сыйлықтар тапсырылған.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Жоғарғы Тобыл бөгені — Тобыл өзені бойында, Қостанай облысының Денисов ауданы жерінде орналасқан. 1977 жылы пайдалануға берілген.
## Гидрологиялық сипаты
Ауданы — 87,4 км², ұзындығы — 40 км, енді жері — 7,5 км, орташа тереңдігі — 6,3 м, көлемі — 816,6 млн м³. Бөген жағасының жалпы ұзындығы — 120 км. Су жиналатын алабы — 23 мың км². Амангелді, Қаратомар бөгендерімен қосылып бір жүйе құрайды. Бөген суы, негізінен, Лисаковск кен-байыту комбинатының техникалық қажетіне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жиренше (ХІV-ХV) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Түркі халықтарына ортақ ойшыл.Өмірде болған тарихи тұлға, өмірбаяны туралы аз зерттелген.
Бірқатар өмірбаяндық деректерінің нақтылығына, шығармашылық стилінің айқындығына және автор ретіндегі есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Ж.-ге әпсаналық кейіпкер, жиынтық образ ретінде қарау басым. Шығыс мәдениетінің көне дәуірлердегі өкілдерін персонификациялауға күмәнмен қарауға бейім «евроцнтризм» салқыны сезіледі. Тіпті, әдеби лақап (псевдоним) пен жиынтық образ негізінде де шындық жататынын естен шығаруға болмайды. Ж. шешендік сөздері — далалық өркениет тәжірибесінің жарқын көріністерінің қатарына жатады. Терең тағылымды толғамдар өміршеңдікке шақырып, ақыл-ой салтанатын түйсінуге мүмкіндік береді.
## Жалпы мағлұмат
Жиренше шешен (туған-өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15 — 16 ғ-лар) — қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15 — 16 ғ-лардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, т. б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген.Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-Моңғол, Үнді-Еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады.Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар.Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны — оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі—Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы, әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі — Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл- парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі — Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
## Халық аузынан
Жиренше шешен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы тұлға. Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен халық ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе, Қожанасыр тәрізді аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Аңыз бойынша ол Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол Әз Жәнібектің сарай биі, шешені болғанға ұқсайды. Өйткені халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып отырады.
Әз Жәнібектің шамамен 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүргені аян. Бір аңызда аң аулап серуен құрып жүрген Жәнібек жігіт кезінде 7-8 жасар шамасындағы аққұбаша жетім балаға кездесіп, танысады. Оны үйіне әкеліп, жуындырып өзіне серік етіп алады. Аққұбаша бала өсе келе сол Әз Жәнібек ханның сарай би-шешені боп кетеді. Сонда Жиренше шешен де Жәнібекпен қатарлас, замандас болып шықпай ма?
Ал, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік Баяны" (1996) Жиреншенің даналық шешен сөздерінен басталады.
Ал, Жиренше шешен жөнінде Қазыбек бек Тауасарұлы "Түп-тұқианнан өзіме шейін" дейтін 1993 жылы "Жалын" баспасынан шыққан (баспаға әзірлеген жазушы Балғабек Қыдырбекұлы) кітабында былай жазады: "Бір жетім баланы, Қарабай қолбала етіп алыпты, - дейді Сенкібай шал, Сеңкібай Төкеңе төрт-бес атадан қосылатын кісі. Төкең сұрастыра келе, қыз кәдімгі Жиренше шешеннің шөбелегі болып шығады. Қыз "Менің әкем Бәкір, оның әкесі Тілеубай, оның әкесі Атай, оның әкесі Шақ, оның әкесі Жиренше" - деп сайрайды". Бұл Жиреншенің өзінен бергі үрім-бұтағы. Ал, шешеннің өзінен арғы ата-бабалары әлі беймәлім.
Жиренше шешен жөнінде Қазақ Совет Энциклопедиясында былай жазылған: "Жиренше шешен қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкер, ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы. Қазақ аңыздары бойынша Жиренше ше шен тарихта болған. Жәнібек ("Әз Жәнібек") ханның тұсында өмір сүрген кісі. Ал айда тарихта Жиренше шешен туралы нақты деректер аз. Ол жөніндегі шығармалардың дені көп халыққа ортақ сюжеттерге негіз болған. Қазақтан өзге түркі, монгол және үнді-еуропа халықтарының фольклорында Жиренше шешен туралы шығармалар кездеседі. Қазақ фольклорында Жиренше шешен жайлы ертегі, аңыз, әңгіме, анекдоттар бір топ...".
## Жиренше шешен жайлы аңыздар
### Жиренше шешен жайлы аңыз
...Былтыр Жиренше шешен науқастанып, сырқатына шипа ем дарым зәруатын дарымдап, сауыққан соң ой тапсырғы айтып, қайтқалы жатқанымда, Жиренше шешенге хан Жәнібек тақай шақырғыш жасауылын жіберіп, шешенді шақырыпты. Жиренше:
- Сен қайда бармақсың, бірге жүр, егіздеп барайық, - деген соң, мен оған ілесіп Ақордаға барсам, Жәнібек хан тағында уәзірлерімен шенді-шекпенділері екіге жарылып, ортасын бос тастап отырыпты. Біз хан тақсырға амандағыш жөрелгі аяқ жоқ еш.
Жәнібек хан:
- Ей, Қарабас! Көз мұрын жербет қайсы? - деп, Жиреншеге оқты көзімен ата қарағанда, мен ішімнен бір сұмдық болмас па екен деп, Жиреншені ханның "Қарабас" дегені қалай деп, аң-таң болып тұрдым да қалдым. Бірақ Жиренше зымырай:
- Күлкі жербет, ұйқы жербет, тамақ жербет, талақ жербет көз құлақ елі, ауыз кем ғой - деп еді, хан жымиып қойды да:
- Көз мұрын сағымған қайсы? - деді. Ойлануға еш кезек бермейін дегендей тақсырғала, Жиренше іркіліссіз:
- Ажал сағымған, несіп сағымған, неке сағымған, талғақ сағымған, қонжат сағымған оң қол еді, көзді өтей тастақа отырсыз ба? - деді Жиренше. Оған жауап бермеген хан тағы да Жиреншеге: "Бишеқор қаншаға? - деді. Жиренше:
- Бастармақсыз шопан табын бишеқор, түйіні жоқ ой бишеқор, қараүзген шипагері жоқ ел бишеқор, лықсып малы, толықсып елі жатпаған бел би шеқор, өңгерін елі қадірлемеген ер бишеқор, оң қол екен, - дей бере, хан:
- Бізде қараүзген шипагер бар ма? - деп сұрады Жиреншеден. Жиренше:
- Тақсыр, өзі білгі алдыңызда, білмесеңіз қарызыңызда тұр, - деді. Хан аз-кем бөгеліп:
- Ол кім? - деді. Жиренше мені сұк қолымен нұсқап көрсете тұрып:
- Мұның сүйегі ұлы жүз, Зарман, Зарман ішінде Албан. Лұхман хакімнен төлім алған. Аты Өтебойдақ, шипагерлікпен өтерден мормахы өліжан, - дейді. Менің төбем көкке жеткендей болды. Жәнібек хан көзін менен алмастан, басын изей ойланып алды да:
- Жарайсың Қарабас! Басың нағыз алтын бас, тілің нағыз гауһартас екен. Әкең атынды тауып қоя алмапты "Қарабас" деп, екі ілікке алуға жарымпас деп, өттең, қойса жөн екен "Алтынбас" деп, - деді Жиреншеге бұрылып. Кенет Жиренше езгі тағызым жаса ханға:
- Әкем менің атымды жағалап қойыпты, сіз бағалап қойдыңыз, жұрт ағалап шығар. Бірақ, тақсыр, менің атым "Қарабас" емес, Жиренше. Азан айтып қойған аттан айырылып босқа күйгенше, басымды шауып тастаңыз, қара жерге кірейін ғазиз басты игенше, - деді де, езгі тағызым жасап тұра берді. Хан бедірейе қарап бір сыпыра отырды да, кенет түсін жылытып:
- Жасың қаншада? - деді сұрап Жиреншеден, Жиренше:
- Жылым айбар, қырық беске келдім. Біле алмадым мәнін, мен қалайша өлдім? - деді. Хан:
- Сен онда Қанай шешенмен тумалас екенсің, сол айтқан еді, - деді. Қанай шешен осы орайда Жиреншені жеңіп алғысы келді ме, тұтқайлы дүрсе қоя беріп:
- Білсең айтшы, дүниеде не өлмейді? - деді. Жиренше:
- Әділдіктің заты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді, - деп зымырғай жауап беріп тұрса да, ханнан көз айырмай, Қанайға қайырылмастан, Қанай:
- Жиренше! Күннің көзі өлмейді, жердің жүзі өлмейді, ағынды су өлмейді, аспандағы ду өлмейді, - деді. Жиренше:
- Қанай, қаңғып кеттің, тапа-тал түсте қалғып кеттің. Қара жердің өлгені үстін қардың жапқаны, ағын судың өлгені бетіне мұз қатқаны, күн көзінің өлгені қызарып барып батқаны, аспанда дудың өлгені, көктің айық тапқаны. Ажал келіп тиген оқ Алланың көздеп атқаны, - дегенде, Қанай үндей алмай қалды. Жиреншеден басқамыз хан бастап ду күлістік. Қанай жер болды. Жәнібек хан:
- Қанай шешеннің бас жағындағы бос орынға отыр! Тумалдастың құдайы бір, дүрдүн тауар түйіні бір, - деді Жиреншеге қарап жымия. Сонда Жиренше отыруға асықпастан:
- Қасымдағы қандалмамды қайтемін? - деді ханға қарап.
- А, не дейсің? - деп Жәнібек хан опырыла шорт сынардай, шатынай Жиреншеге оқты көзімен ата қарады. Менің зәреқұтым үшып кетті. Жиренше қаннан-қаперсіз, аспай-саспай тағы да мені нұсқап тұрып:
- Алдияр тақсыр! Қасиетті хансыз, жасай алмайсыз өмірлеуде раһит жансыз, сырқаттанып науқас атансаңыз, шипагер сырқатқа қандалмадай қадалмаса, науқасты бейнеттен айықтыра алар ма? Жардың ауған жүгін басқан арман боп кейде тайып тұра алар ма? - деді.
Ханды жан тәттілігі сергітті ме, болмаса Жиренше шешен қайта ескерткен соң есіне түсті ме, не сөз төркінін жете ұғынбағаннан төп-тартып өзінен өзі именіп қалды ма, белгісіз сабасына қайта түсе:
- Жиренше деген атыңды да алдың, шешен ділмар затыңды да алдың. Ханзадамның аты да Жиренше еді, Қанай шешен қарашаға ханзаданы теңей алмай айтқан болды ғой. Ордамда ханзада Жиренше, шешен Жиренше пар болса, қор болмайды екенмін, - деп жырғап, қарқылдай күлгенде, уәзірлері мен шенді шекпенділері де қарқылдасып, күлісіп, қау-қауласып мақтасып жатысты. Мен де Жиреншенің жұлдесіне қуана күле бердім.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Хан жарлығы бойынша мен де Жиреншенің қимар қатарына отырдым. Мен отыра салысымен-ақ хан менен етектеуіш басталғы ілме жауап сұрап:
- Алла жаратқанда, адам пендесін неден құралмағы шарт болған? - деді. Мен:
- Адам баласы Алла өзі жаратқан алты несібелік мінсіз бітістік пен адам пендесі өзі теретін алты несіптік ризықтан құралмағы шарт болмақ, - дедім. Хан тағы да менен:
- Соңы немен тынбақ? - деп ілмеледі. Мен:
- Жылап туылып, жырғап өсіп, ажалдан өшіп, елді ешретіп, жерді күңірентіп жер бесікке түспекке аттанбақ, - дедім. Хан:
- Сырқат деген не? - деп сұрады. Мен:
- Адамзатына ғана Алла жазған тұғырлық алты несібеге сан алуан сырқат себепкерлері жұғып, науқастандырып бұлдіру арқылы тухырлық алты несібе мен алты несіптік ризықтық дәнекерді бұзушы бұзғыншылық сырқат делінбек, - дедім. Хан:
- Сырқат қалай айықпақ, науқас қалай жазылмақ? - деді.
Мен:
- Әуелі сырқаттық сипат нақтамалылығы дәл болмақ, соған сай шипа емі дарым зәруаты дарымдылық дәлдігі туралық тапса, айығым алғысты болмақ. Науқас үйлесті күтінім шартын өтемегі жарақ. Артынша болса, бейнеті көп тартпақ, алдашы ажал торымына жолықпақ, - дедім. Хан үндеместен ризалықпен басын шұлғи берді. Мен осы орайда:
- Дат тақсыр! - дедім. Хан:
- Дат айтылмақ шарт, - деді. Мен:
- Шипа ем дарым заруатында һалал, һарамдық жоқ. Бұған осы отырған, хан бастаған игі жақсылар демегі қалай паталамақ екенін, я болмаса артынша болмағы шарт па? Осыны ашаламақ парызы қанашаңыздың, сіз тақсырдың уәжібіне мұхтасар болмағы шарт алдында тұрғылық, - дедім...
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Әз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан бір аққұбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.
- Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?
- Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді, содан айрылып қалып, осы даладан іздеп жүрмін.
- Інгенді тұсап қойсаң етті?
- Тұсап жүруші едім, тұсауы үзіліп кетіпті.
Жәнібек те жастайынан естияр, ақылды екен. Жетім баланың өлген шешесін жұмбақтап айтқанына түсіне қойыпты.
- Е-е, сенің шешең өліп, ана сүтінен айрылған жетім бала екенсің ғой, кел атыма мінгес.Жәнібек жігіт әлгі баланы атына мінгестіріп, үйіне әкепті. Жуып-шайындырып киіндіріпті. Ауыл адамдары оны түсіне қарап "Жиренше бала" деп атап кетіпті.
Болашақ екі дана жас кезінен-ақ осылайша кездесіп, өле-өлгенше бір-біріне ақыл-серік боп кетіпті, - дейді ел аңызы.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Бес-алты аттылы жолаушы бір ауылға жетіп, шеткері тұрған қараша үйге ат басын тірепті. Жолаушылар ол үйдің Жиреншенікі екенін білмепті.
- Оу, кім бар бұл үйде, қонақпыз! - депті. Сонда Жиренше:
- Екі қой жеймін десеңдер, түсіңдер, бір қой жеймін десеңдер басқа үйге барыңдар! - депті. Қонақтар:
- Бұл өзі сақы мырза жігіт екен, қонсақ қонайық осы үйге, - деп, аттарынан түсіп, үйге кіріпті. Үй иесі жалғыз буаз саулығын жетектеп келіп "лә аумин" деп бата сұрапты. Қонақтың бірі:
- Мына саулығың желіндеп туайын деп тұр ғой, бойдақ қойың жоқ па еді? - дегенде, Жиренше:
- Бойдақ қойы бар болғыр жоқ еді, - депті. Бағана айтпап па едім, "Екі қой жеймін десеңдер түсіндер, бір қой жеймін десеңдер басқа үйге барыңдар деп".
Жолаушылар:
- Қой болмас, - деп аттанып кетіпті де, басқа үйге барып қоныпты. Сұрастырып қараса, әлгі "Екі қой жеймін десендер біздікіне түсіндер, бірқой жеймін десендер басқа үйге барыңдар" деген адам Жиренше екен.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
"Ханда қырық кісінің ақылы болады" деген қағиданы Әз Жәнібек әрдайым есінен шығармайды екен. Ол өз төңірегіндегі би-шешен, уәзірлерін үнемі сол нақылмен сынап, тексеріп отыратын көрінеді. Бір жолы өзінің 40 уәзірінің ақыл-парасатын сынап көрмек болып, оларға "Өтірік пен шынның арасы қанша, соны айтыңдаршы" деп, 40 күн мәулет беріпті. Мұны Жиренше шешен де естіпті. Бұл сөзді біреу білетін шығар, соны іздеп табайын деп жаяу, жалғыз елден-елді кезіпті. Кезіп жүріп, бір үлкен қорғанды шаһарға жетіпті. Намаздыгер шамасында шаһар дарбазасына кіріп келе жатса, темір қоршаудың ішкі жағында астына қара көк ат мінген, басына дулыға, үстіне сауыт киген, белін буынып, найзасын жерге шаншып қойып, ер қаруы бес қаруды асынып алған біреу тұр екен. Кірген, шыққаның бәрі оған сәлем беріп өтеді. Тек Жиренше ғана амандаспай, тіпті мойын бұрмай өте беріпті. Сонда найзасын жерге тіреп, ат үстінде шіреніп отырған жігіт:
- Осы дарбаздан кірген, шыққан адам сәлем бермей өтпеуші еді, сен неге сол рәсімді жасамай, тіпті мойныңды да бұрмай өтіп барасың? - деді.
- Біріміз атты, біріміз жаяу, сәлеміміз келісе ме? - депті Жиренше. Бұл сөзге қарулы жігіт:
- Мына шаһардың жөнін білмейтін жан екенсің, кел атыма мінгес, біз-дікіне мейман бол! - дейді.
- Ер-тоқымды аттың алдын бізге, артын сізге бұйрық қылған ғой. "Ат иесі алдына мінеді" деген сөз тағы бар еді, жүр, үйіңе жаяу-ақ барамын, - депті Жиренше.
Екеуі атты, жаяулы болып мұның үйіне келеді. "Жігіт" өз бөлмесіне түседі де, Жиреншені мейманханасына кіргізеді. Мейманхана іші кірсе шыққысыз, жалғанның пейішіндей үй екен. Аққудай тізілген қыздар неше түрлі дәмге толы дастарқан. Бар сый-құрметтен соң әлгі мырза келіп:
- Қонағым әңгіме айт, - дейді.
- Біріміз бүтін, біріміз жарты, әңгімеміз жараса қояр ма екен? - дегенде, "жігіт" отыра алмай, ұялып шығып кетеді. Сөйтсе бұл жігіт деп отырғанымыз сол шаһардың патшасының қызы екен. Еркек киімін киіп, дарбазаның алдына тұрып, "келген-кеткенді сынаймын, сыныма төзген жанға тиемін" деп әкесінен рүқсат алған екен. Ал, келіп кетіп жатқан жолаушылар мұның әйел екенін білмей, иіліп сәлем беріп өтеді екен.Жиренше көргеннен-ақ осы "жігіттің" атқа отырысынан әйел екенін біле қойып: "біріміз атты, біріміз жаяу" дегені "біріміз еркек, біріміз үрғашы, қалай сәлем берісеміз" дегені екен. "Біріміз бүтін, біріміз жарты" деген сөзінен "әйел екенімді біліп қойды-ау деп сезіп, қыздың ұялып тұра жөнелген себебі сол екен. Қыз: "Маған білімі асқан жігіт кез болды, мені соған берсін" деп әкесіне кісі салдырыпты. Әкесі қош көріп, қабыл алып, жорға бие сойғызып, жоғары елді шақырып, үлкен тамаша той жасап, қызын Жиреншеге неке қиып қосыпты. Жиреншенің ақылгөй аяулы қатыны осы екен. Екеуі бір-біріне қосылып, кұрмашаны сындырып, көңілдерін тындырып, мауқы басылған соң, Жиренше шешен "мен қайтамын" депті.
Қалыңдығы: "Сен қайда барасың, әкемнің менен басқа ұлы да, қызы да жоқ. Әкем өлген соң, мына дәулетке кім ие болады? - дейді.
- Жоқ, қайтатынымның мәнісі бар: "Әз Жәнібек" дейтін ханымыз өтірік пен шынның арасын айырыңдар деп, уәзірлеріне жарлық қылды. Уәзірлер соны таба алмай қанша күнге мөулет алысып еді. Ал мен соны білуші, шешуші болар ма екем деп іздеп шыққан жан едім. Үйден шыққандағы жүмысымды аяқтамай осында тұрып қалсам, "жоқ қарап жүріп, жасауылга тұрғанның" құдды өзі болғаным ғой! Содан соң менің адамшылығым қала ма?! - дейді Жиренше.
- Болмашы нәрсенің өзі адамға әлдеқандай қиын көрінеді екен-ау! Өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі емес пе? Бұрынғылар айтпаушы ма еді "Өтіріктің түбі бір-ақ тұтам жер" деп. Оның мәнісі: көзбен көрген шындық, құлақпен естіген өтірік. Ендеше көзбен көрген анық, кұлақпен естіген танық емес пе? - деді қыз. Жиренше қуанып:
- Бәрекелде, іздеген жоғым табылды. Енді мен мұны Әз Жәнібек ханға тезірек жеткізе қояйын, әйтпесе қырық уәзірін бекерден-бекер жазалап жүрер. Соларға арашашы болсам, тіршілігімнің бір мәні сонда емес пе? - деп қайтуға ынғайланады. Жиреншенің кетеріне көзі жеткен соң қыз әкесіне кісі салады.
- Жат жұртқа жаралған әйелмін ғой, мынау күйеу бала ел-жұртына қайтамын - дейді, мені қалдырмасын, ұзатсын деп.
Әкесі қызының айтқанын құп көріп, алтынмен аптап, күміспен күптеп ұзатады, қастарына қырық уәзір қосып, "Қызымды берген күйеу баламның жері қандай, суы қандай, елі қандай екен, апарып салып, соларды көріп келіңдер!" - дейді.
Бұл жұрттан былай ұзап шыққан соң, Жиренше шешен: "Мен ілгері озып барып, ел-жұртымның аман есендігін білейін" деп жалғыз жүріп кетіп, еліне келсе, Әз Жәнібек сол күні "таптыңдар ма, жоқ па" деп уәзірлерін қысып жатыр екен. Олар таба алмаған екен. Таба алмаған соң жазаланбақ екен. Жиренше тұп-тура осы оқиғаның үстіне келіпті.
- Таксыр! Бұларды жазаламайтын болсаңыз, керек қылған сөзіңізді мен айтып берейін, - деп қалыңдығынан естіген сөзді бастан-аяқ айтып береді.
Хан Жиреншеге риза болып: "Маған бас уәзір болуға лайық екенсің" деп, өзіне бас уәзір қып сайлап, жабулы арғымақ, қалы кілем, қара нар, қамқа тон, тоғыз қылып сый беріпті.
Мұнан кейін: "Тақсыр арызым бар" дейді Жиренше.
- Айт, - деді Әз Жәнібек.
- Мен сондай жат жұртқа барып, бұйрық болып, бір ханның қызын айттырып қайтып едім. "Күйеуді еліне апарып салыңдар" деп қайын атам қасыма қырық уәзірін қосып берді. Олар жолда көшіп келе жатыр, мен сізге жетейін деп озып кеттім. Қандай оймен қосқанын кім біледі? Достықпен қосқан болса, жолынан қалдырмайық, дүшпандықпен қосқан болса, сыр алдырмайық, соларды орта жолда қайтарып жіберсек екен, - деді. Хан мұнысын ұнатып, қырық уәзіріне:
- Қырық ат, қырық шапан алып барып, мұның қонақтарын қайтарып жіберіңдер, - деп тапсырды.
Жиренше қырық уәзірмен қонақтарының алдынан шығып, ханның берген ат-тонын, тарту-таралғыларын тапсырып, қайырып жібереді...
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Хан өзінің нөкерлері және Жиренше бимен жол жүріп келе жатып, өзен жағасында отырған үш адамды көреді. Бірі қартаңдау, екіншісі орта жаста, үшіншісі жас жігіт екен дейді. Жанынан өтіп бара жатқан топқа үшеуі орындарынан тұрып сәлем қылады. Хан олардың бетіне аздап қарап тұрады да, ілгері жүре береді. Былай шыққан соң Жиреншеден:
- Әлгі үшеуі не ойлап қалды екен? - деп сұрапты. Сонда Жиренше шешен:
- Е, хан ием, не ойлаушы еді: шал жиырма бестегі кезін ойлап жүр. Орта жастағысы жер ортасы көктөбе, ер ортасы сұр жебе. Көктөбеге жетіп, алды артына қарап, бір дем аласың. Сұр жебені тағы бір тартып, бел аласың! - деп тұр.
Ал, жас жігіт "анаған жетсем, мынаған жетсем, ананы алсам, мынаны алсам" деп, ойнақтаған ботадай дәрменсізденіп тұр депті. Хан атының басын бұрып:
- Қане, соларға қайта барып, енді өздерінен сұрап көрейік. Жиреншенің осы айтқаны рас па екен? - дейді. Келе бере шалдан:
- Әлгіде бізге жолыққанда не ойлап тұрдың? - десе, шал:
- Жиырма бестегі шағымды ойлап тұр едім, тақсыр! - депті. Ортаншысынан сұраса:
- Жер ортасы көктөбеге жетіп, алды-артыма бір қарадым. Ер ортасы сұр жебе деп, тағы бір толғап тартсам, сөйтіп бел алсам деп едім депті. Жас жігіт тұрып:
- "Анаған жетсем, мынаған жетсем" деп, көңілім ойнақтаған ботадай алабұртып тұр еді, - дейді. Хан қасында тұрған Жиреншеге қарап:
- Сен білгір де данышпан екенсің, бұдан былай менің оң жағымда отыратын бас биім боласың, - деп оған ризашылық білдіріпті.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Жәнібек хан жолға шығар кезде Жиреншемен әрдайым: "Ананы қайтеміз, мынау қалай болады" деп ақылдасып алады екен. Содан соң Жиренше қалай мәслихат жасаса, тіл қатпай, оның дегенін істеуге өмір қылады екен. Бір күні хан асығыстау жолға шығайын деп қызметшілеріне:
- Тез күймемді дайындаңдар, күймеге қып-қызыл күрең алты нар жегіңдер, - деп өмір беріпті. Қызметшілер жылдамдатып алты қызыл күрең нар жегіп, күймені тұп-тура хан шығатын есіктің алдына әкеп қойыпты. Содан соң хан:
- Жиреншені шақырыңдар, меніменен бірге жүрсін, - дейді. Хан қызметшілерінің бірі жүгіре басып Жиреншеге жетіп келеді:
- Ау, Жиренше, хан жолға дайындалып, сізге тез келсін, меніменен бірге жүрсін деп жатыр, - дейді. Сонда Жиренше:
- Ханның жеккені не? - депті.
- Жеккені қып-қызыл алты нар өзір түр.
Жиренше айтыпты:
- Қазір барамын, ханға сәлем айт, күн бұлт екен де, - деп. Содан шақырушы ханға:
- Тақсыр, Жиреншені шақырдым, ханға сәлем айт, қазір барамын, күн бұлт екен деп айт деді, - дейді.
Айтулы сөздің астарын түсіне қойған хан қызметшілеріне:
- Алты нарды доғарып, күймеге алты тұлпар жегіңдер! - деп бұйырады. Тұлпарлар жегіліп әзір болған кезде Жиренше де келіпті. Сөйтіп хан екеуі жолға шығыпты. Жолда құбыладан қара бұлт көтеріліп жаңбыр құйыпты. Жер батпаққа айналыпты, соған қарамастан жануарлар сыдырта желіп отырыпты. Сонда Жиренше ханға қарап:- Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы: түйе малының мынадай ми батпақта жүруі қиын, мен соны ойлап айтқан едім, - депті.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Бір адам: "Осы Жиреншені әркім мақтайды, Жиренше сөзден сүрінбейді және сұраған нәрсенің бәріне табан астында жауап айтады дейді. Мен де барып сөз сұрап көрейінші" деп Жиреншеге айтыпты:
- Әу, Жиренше, сізді өркім бір мақтайды, шешен, білгіш дейді. Қане білгіш болсаң, Тесіктау қайда соны айтшы! - дейді.
- Тесіктау мына тұрған қызыл төбешіктің астында, - дейді Жиренше.
Сонда әлгі кісі "Төбешік, Төбешік" деп қайталап айтады да:
- Ол төбешігің алыс па, жақын ба? - деп сауалдайды. Сонда Жиренше шешен:
- Алыс емес, тиіп тұр, жүр, үйге кірелік! - депті.
Үйге кірген соң, Жиренше әйеліне:
- Мына кісіге сусын бер, - дейді. Әйелі сусын әкеліп, әуелі күйеуіне, содан соң қонағына ұсынады. Жиренше сусын кұйылған тостағанды ұстап отырып:
- Міне Тесіктау! Бес түлпарға мінесіз, қызыл төбешіктің астындағы тесік таудан былай өтесіз, - деп тостағандағы айранды сіміріп салыпты. Сонда әлгі кісі:
- А, Тесіктау деген тесік тамақ екен ғой, енді ешнәрсе сұрамай-ақ қояйын.
Жиренше, қош-аман бол, - деп қайтып кетіпті.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Әз Жәнібек хан ноғайлы жұртымен бірге, қалмақ елін де қоса билеп тұрады. Ол ел тағдырын он екі бимен ақылдасып шешіп отырады екен. Бидің үлкені баяғы Жиренше.
Бұл ердің білгірлігін сынағыш хан бір күні:
- Әу, Жиренше! Адам қалай қадірлі болады? - дейді.
- Қадірлі болғысы келген адамға үш жолдас керек, - дейді Жиренше табан астында.
- Ие, қандай жолдас?
- Бақыт, дәулет, ырыс.
- Ал басқа пәле қайдан?
- Басқа пәле тілден.
- Кәріліктің белгісі не деп білесің? - дейді хан.
- Қаратауға қар жауар.
- Қарсы алдынан жел тұрар, - дейді Жиренше.
- Қыз алған қалай?
- Қыз: "өзің білесің" дер.
- Жеңге алған қалай?
- Жеңге: "өзім білем" дер.
- Жесір алған қалай?
- "Балам білер" дер.
Бас биінің білгірлігіне хан осылайша тәнті болады екен.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Әз Жәнібек қасында ортасында Жиренше шешені бар бір топ нөкерлерімен құс салып, тазы жүгіртіп, сайрандап келе жатса, алдарынан көл шығыпты. Көл жағасында бір топ қаз бір-бір аяқтарын көтеріп, жусап тұрады. Хан жігіттеріне: Томағаларын сыпырып, кұстарыңды қоя беріңдер! - дейді. Жігіттер дабыл қағып, кұстарын қоя береді. Аяқтарын көтеріп, жусап тұрған қаздар екі аяқтап жорғалап барып, аспанға көтеріліп кетеді. Осы бір сөтті пайдаланған хан, Жиреншені тағы бір сынамақ болады.
- Жиреншем, әлгіде бір аяғымен тұрған қаздар, екі аяқтап жорғалап кетті ғой, бұл қалай?
Сонда Жиренше саспапты:
- Е, е, хан ием, сіздің басыңызға әңгір таяқ ойнатып, дабыл қақса, екі аяқтап емес, төрт аяқтап қашарсыз! - депті.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Жәнібек хан тағы бір әңгіме үстінде:- Бұл дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болмақ? - деп сұрайды. Сонда Жиренше шешен:
- Бұл дүниеде жүйрік аты, қыран құсы бар, өзі сұлу, мінезді қатыны, бес атар мылтығы бар жігіттің төрт құбыласы тең болады, ханым, - депті.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Хан өзінің нөкерлерімен серуендеп келе жатқанда алдынан сақалы ақ, шашы қара бір адам кездесіп, сәлем береді. Былай шыққан соң хан қасындағыларға қарап:
- Әлгі адамның сақалының ақ, шашының қарасы қалай? - деп сұрайды: Сонда Жиренше:
- Үйде кейінген, түзде тебінген, қатыны жаман, аты шабан бір бейбақ шығар, - депті.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Бір күні аң аулауға шыққанда ханның лашын құсы ұшып кетіп, Жиреншенің үйінің төбесіне келіп қонады. Жиреншенің әйелі оны ұстап алып, түлентіп-желпінтіп қояды. Соны естіп, құсын алуға ханның өзі барады. Жиренше үйде жоқ екен, зайыбы бүркеніп шығып ханға құсты алып береді. Хан қараса құсқа томата тігіп кигізіп, қолғап тігіп құлпыртып, балақ бау есіп жарастырып-ақ қойған екен. Бұрын томағаны, қолғапты бұл жұртта көрген-білген жан болмапты. Жеңдерімен ұстап, "жұмсақ жүн" деп құстың аяғына уықтың бауын тағады екен. Ұшқанда сонысы бір құлаш болып шұбалып, аяғына оралып жүреді екен. Сондықтан хан не құсына қарарын білмей, не қатынға қарарын білмей, атынан ауып түсіп қала жаздайды.
- Біз бүгін осында қонамыз, - дейді хан.
- Үйде еркек жоғын көріп тұрсыз. Алда-жалда еркек жоқта қонақ боламын десеңіз, арада біраз күн салып, бір айналып келіңіз. Кіріміз болса жуынып, қонақ жабдытын хал келгенше даярлап тұрайық. Және жігіт-желеңмен келмеңіз: көп қонақты күтуге шамамыз келмейді, өз басыңыз ғана болсын! - дейді Жиреншенін жұбайы. Хан "жарайды" деп, "оңаша келіңіз" дегеніне дәмелі болып, көңілі өсіп, қайта береді. Сонымен бірнеше күн өткен соң, хан жалғыз өзі келеді. Хан келген соң, әйел алдынан шығып, қолтығынан демеп түсіріп, қолынан ұстап үйіне кіргізеді. Бар дүниелігін жайнатып, құлпыртып қойған екен. Көрпе жаюлы, төсек салулы, шымылдық құрулы тұр.
Ханды жайғастырып, әйел тамақ жабдығына кіріседі. Жалғыз қалған хан айналасына көз салса, үйдегі нәрсенің бәрі кестелі екен. Жастықта да, көрпеде де, шымылдықта да, орамал, дастарқанда да бәрінде де кестемен тіккен бір жазу бар. Ол "біреудің есігін қолыңмен қақсаң, өз есігіңді біреу аяғымен тебер" деген сөз еді.
Хан бұл сөзге түсінген жоқ, есіл-дерті әйелдің етегі, нөпсінің жетегінде болып отыра береді.Жиреншенің әйелі бір уақытта палау басып, өртүрлі ыдысқа салып әкеліп, ханның алдына қойыпты. Хан палау әр түсті ыдыста болған соң басқа-басқа ғой деп әр қайсысынан бір-бір алып отырады. Бәрінің де дәмі бірдей болған соң, "бұл қалай" деп қайран қалады. "Тақсыр-ау, ыдысымның басқалығы болмаса, бәрі де бір тамақ", - дейді әйел. Ханмен біраз отырып әзілі жарасқан соң: "Тақсыр, ас айныса, не түзейді?" дейді. Хан: "Мұз түзейді", - дейді. Қатын: "Май айныса не түзейді? - дейді. Хан: "Тұз түзейді", - дейді. Қатын: "Тұз айныса не түзейді", - дейді. Хан бәлен дей алмайды. Тағы да әйел: "Халық айныса не түзейді?" - дейді. "Халық айныса, хан түзейді", - дейді. "Хан айныса, кім түзейді?" - дейді. Сонда хан дәнеме дей алмай, ұялғанынан бетінің терін сүрте береді. Ақыры айыбына қолындағы жүзігін сыйлап, хан қайтып кетіпті.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Жиреншеге бір жігіт кездесіп жолдас болыпты, өзі тұйық, көп сөйлемейтін адам екен. Бір мезгілде Жиренше жолаушы жігітке қарап: "Жол қысқартайық", - дейді. Жігіт жауап қайырмайды. Тағы бір кезде Жиренше жігітке: "Ағаш қазан қайнатайық", - дейді. Жігіт жауап қайырмайды. Тағы да біраздан соң бір көшіп кеткен елдің жұртын көргенде Жиренше: "Мынау бір бейбастақ үйдің жұрты екен", - дейді. Жігіт оған да үндемейді. Сонымен екеуі бір елге жақындаған кезде, жаңбыр селдетіп құйып кетеді. Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір топ қыз жаңбыр жауып кеткен соң қаптарын арқалап, ауылға қарай жүгіре жөнеледі. Тек бір қыз сырт киімін шешініп, қапқа жауып отыра қалады. "Мына қызда бір сыр болар", - деп Жиренше отырып қалған қызға келеді. Қыз асқан сұлу екен. Жиреншеге қыздың көркі ұнайды. Енді ақылы қандай деп сынау үшін: "Сен көп қыздан неге бөлініп, жалғыз отырып қалдың?" дейді Жиренше.
- Мен басқа қыздарға еріп ақымақ болғым жоқ, - дейді қыз.
- Олар қалай ақымақ болады? - дейді Жиренше.
- Олардың ақымақтығы мынада: келе жатқан алды бар, арты жоқ, шағын бұлт. Бұл өткінші жаңбыр, аз жауып ашылады. Ал олар үйге барғанша отындары да, барлық киімдері де су болады. Су болған отын жанбайды, киімдерін кептіре алмайды. Мен отыныма шапанымды жаптым, ығына өзім отырдым: менің су болған жалғыз-ақ шапаным. Отыным, өзге киімдерім құрғақ: үйге барғанымда отынымды жағып, шапанымды кептіріп аламын, - дейді. Қыздың көркіне ақылы сай, Қаракөздей болып көрінеді. Бұл қызға енді бір сөз айтып көрейін деп Жиренше:
Бүркеніп жалғыз отырсың, Бойға жеткен жас бала. Үнатсаң айтқан сөзімді, Күлімдеп көзің бері қара!Оңаша бір сөзім бар, Ақылың болса сен үғар. Менің атым Жиренше, Жол берген маған хан-қара, дейді. Сонда қыз бөгелместен:
Сыртыңнан естіп, қанық ем, Шешен деген атыңцы. Түсіңе бұрын танық ем. Жаңа көрдім затыңды. Айтар жерің осы ма, Көңілдегі датыңды? - деп күлімсіреп өң бергендей болып:
Уәде қылып келіп пе ең, Сөйлесем деп осы жерге. Жалғыз атты жолаушы, Аулақ менен қош жерге. Құрбыңды іздеп тауып ал, Жас қыз сөзіңді естер ме? - дейді.
Жиренше шешен қызды әбден ұнатып ішінен: "Құдай жазса сені алармын", - деген ойға келеді. Ауыл мен екі арада өзен бар екен.
- Мынау өзеннің өткелі қай жерде? - дейді Жиренше.
- Анау жерде бір өткел бар алыс: алыс та болса жақын. Мынау жерде бір өткел бар жақын, жақын да болса алыс, - дейді қыз.
- Сенің үйің қайсы? - дейді Жиренше қызға.
- Менің үйім анау үлкен ақ үйдің жанындағы қараша үй, - дейді қыз.
Жиренше жақын өткелге бұрылады. Қыздың "алыс, алыс та болса жақын" өткелінің суы таяз, асты құмқайыр екен. Жиреншенің аты желіп өтеді. Ал "жақын, жақын да болса алыс" деген өткелдің суы терең, асты балшық екен, жолдасының аты батпактап зорға өтеді.
Жанындағы жігітке: "Сен қайда қонасың?" дегенде, "Мен мына ақ үйге қонамын" дейді ол. "Ендеше мен қараша үйге қонамын", - дейді шешен. Сөйтіп екеуі екі бөлініп, бірі байға, бірі кедейге барып түседі. Бір уақытта отынын арқалап манаты қыз да келеді. Жиренше төрге жайғасқан соң, үйдегі кемпір амандықтан кейін: "Шырағым, мынау байдың үйі тұрғанда, біздің қосқа қалай түстің?" дейді. Жиренше: "Менің баспанам да осындай еді, өз үйім тәрізді болған соң өзімсініп түскенім ғой", - дейді.
Жиренше түскен үй іңір болтан соң от жақты, келін сиыр сауды. Кемпір от басында, қыз үйдің іргесінде отыр.Төрде отырған Жиренше қызға қарап басын сипайды. Бұл: "Сенің қалың малың шашымнан көп-ау" дегені еді. Кыз оған түсініп астындағы тақыр тулақты сипайды. Ол теңімді тапса тақыр кедей болса да береді дегені еді... Жиренше мен қыз бірін-бірі ұнатқанын осылай ыммен үғысады.Таң атқан соң жұрт тұрып жайланған кезде бай Жиреншені шақыртып алады. Жиренше келсе, кешегі жігіт мөз-мөйрам болып сонда отыр екен. Амандасқаннан кейін бай: "Кешегі бірге келген кісі осы ма?" дейді. Жігіт: "Иә", - дейді. "Екеуің бірге келіп екі бөлек түскендерің қалай?", - дейді бай. Жиренше; "Бұрынғының сөзі бар еді, сол есіме түсіп, бәлек түстім", - дейді. "Ол не деген сөз?" дегенде Жиренше:
Әкің білмес ісіңді. Білгендерден сұрап біл. Өліп жатсаң, наданнан, Кабырғаңды жырақ қыл! - деген дейді.
Бай: "Екеуің жолда не сөйлестіңдер?", "Не айттыңдар?" дегенде жігіт түндегі жол-жөнекей айтылған сөзді баяндайды. Жиренше: "екеуден екеу жапанныңсары даласында келе жаттық: әртүрлі сөз айттым, серігім біреуіне де сөз қайырмады. Сонан соң мен де үндемей отырып едім, ұйқы келді, маужырап жүре алмадық. Үйқыдан мезі болған соң "жол қысқарталық" дедім. Оның әңгіме айт дегенім еді. Екінші "ағаш қайнатайық" дегенім насыбай атып алайық дегенім еді. Үшінші "бейбастақ үйдің жұрты" дегенім бір жұртта екі басы бірдей күйік көсеу жатыр екен. Айтқан сөзімнің біріне жауап қайтармаған соң "мына жігіт надан екен, - деп бөлек қонған едім", - дейді. Бай бұрын Жиреншенің атын естіп бір көруге құмар болып жүреді екен. Әзін көріп, сөзін естіген соң есі кетіп мал сойып, қымыз кұяды. Бөйбіше: "Шырағым, бүгін осында бол!" деп қондырады... Жиреншенің ақылына қызығып бай қызын бергісі келеді. Қызы: "Мені бір жалғыз кедейге бар дегені несі, бармаймын", - деп астан-кестен бүлінеді. Қызымнан бұл сөзді естіп өтірікші болдым-ау деп ойланып отырғанда, Жиренше: "Баеке, сіздің қиналып отырғаныңыз маған да әбден батты. Көнбеген балаңызды қояйық, мынау көршіңіздің қызының қалың малый төлеп алып берсеңіз болады", - дейді. Бай көрші жігітті шақырып алып, сұраған малый беріп, Қарашашты Жиреншеге қосқан екен.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Бір жолы қырғыз Қызылым қарт Жиреншеге кездесіп қалып:
- Шешен, сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді. Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідер жоғалттым. Осыған кұлағдар болыңызшы, - дейді.
- Жарайды, - дейді Жиренше шешен. Жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз.
Он бес жас құйын қуған желменен тең, Жиырма бес дауыл ұрған перімен тең, Отыз бес ағып жатқан селменен тең, Қырық бес аю аспас белменен тең, Жетпіс бесте көңілің жерменен тең. Сексенде селкілдеген шал боларсың, Тоқсанда толық миың орта түсер. Жүз жаста дүниеден күдерінді үз, Өлмесең де өліден кем боларсың, - дейді.Әттегені-ай. Әзім жиырма бестегі жігіттей едім, көңілімнің жердей болғанын қарашы, бекер-ақ сұраған екенмін, - деп сонда Қызылым қарт жантая кеткен екен.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Қарашаш Жиренше орта жасқа келгенде қаза болады. Жиреншенің бұрынғы жас күні емес, қыз қарастыруға ыңгайы келмей, бірер жыл жүреді. Бір күні Әз Жәнібек хан Жиреншеге: "Шешенім, сенің үйленбей жүргенің жарамайды: паленшенің қатыны ерінің тірісінде жақсы әйелдің бірі еді, соны сен ал!" дейді. Жиренше шешен: "Сіз үйғарган болсаңыз жарайды", - деп сол қатынды алады. Арада біраз уақыт өткенде хан: "Шешен, мына қатының бұрынғылардай болатын ба, қалай?" дейді. Сонда шешен: "Күндіз екеуміз, түнде төртеуміз", - дейді. Хан: "Түнде төртеуің қалай" дегенде, Жиренше шешен былай дейді:
Ері есіне түседі, Теріс қарап жатады. Оныменен ол екеу. Қарашашты ойлаймын, Мен де теріс қараймын. Оныменен мен екеу. Оймен тауып жолдасты, Боламыз түнде біз төртеу.
Таң атқан соң оянып. Тұра келген тағы екеу! Қыздай алмай қатын болмас, Есік көрген макұл болмас. Қанша жақсы көрем десе де, Бұрынғыдан жақын болмас. Байы өлген қатынды алу, Ойлағанда ақыл болмас.
Хан мен жиылган көпшілік шешеннің сөзін тыңдап "рас-ау!" десіпті.
### Жиренше шешен жайлы аңыз
Ел ішінде Жиренше айтыпты деген әңгіме көп. Соның бірінде дуалы ауызды шешеннің тапқырлығына тәнті болмай отыра алмайсыз.
Қай заман екені бір Аллага аян. Жиреншенің атына сырттай қанық хан оны бір көрмекке, жүзбе-жүз отырып көшелі сөзін естімекке құмартады. Шақырту алған шешен айтқан уақытында хан сарайына келіп, табалдырықтан аттаған бойда:
Бір жасыңыз мың болсын! - деген екен.
Хан кісі тыңдап, ой түюге пейіл тұрады. Әзгенің асылын ажырата алмаса да жасыгына мін тағуға бейім келеді. Сол мінезбен Жиреншенің әлгі бір ауыз сөзін ұнатпай:
- Киелі орынның мәртебесіне сай сөз тауып айттым деп отырсың ба? - дейді мұқатыңқырап.
Жиренше аспай-саспай: "ділмөрім, бетіңді бір қайырып тастадым ба?" дегендей, тары на шалқая түскен ханға тіктей қарап:
- Сөзіңізге кұлдық, хан ием, - деп назарын өзіне аудартады. Адам өзі мың жасамайды, артында аты қалса, атына сай сөзі қалса, аты атына сай сөзі мың жасайды. Екінші мына опасыз жалған дүниеде бір көрген қызық дәурені бір күнге бергісіз болса, сол бір күннің өзі мың жылға татыр қызық дәуренмен өтсін деп едім.Сөзге тоқтаған хан Жиреншеге сол жерде астына арымас ат мінгізіп, үстіне тозбас шапан жауыпты.
## Дереккөздер: |
Жоғарғы сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы.
Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Жоғарғы Сотпен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген.
Қазақстан Республикасында бұл міндетті Конституциялық кеңес атқарады (Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі). Конституциялық соты не кеңесі жоқ федеративтік мемлекеттерде Жоғарғы Соттың құзырына федерация мен оның субъектілері арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің өз арасындағы дауларды шешу жатады. Жоғарғы Сот түрлі мемлекеттерде түрліше ресми аталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада – Жоғарғы Сот; Германияда – Жоғары федеральдік сот, Италияда – Жоғары кассациялық сот; Грекияда – Ареопаг; Эстонияда – Мемлекеттік сот; Швейцарияда – Федералдық сот, т.б.
Жоғарғы Сот, әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияның (және Уэльстің) Жоғарғы Сотын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен – Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан тұрады. Әдетте, Жоғарғы Соттың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Жоғарғы Соттың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы Сотның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды.
Парламенттік елдерде Жоғарғы Сот судьяларын тағайындау кезінде үкімет шешуші рөл атқарады. Көптеген мемлекеттерде Жоғарғы Сот судьялары лауазымына үміткерлер ұсынуды сот қоғамдастығы органдары немесе сот қызметінің істері жөніндегі арнаулы комиссиялар жүзеге асырады. Көптеген елдерде судьялардың Жоғарғы Сот құрамында болу мерзімі заңда белгіленген жасқа толуымен шектеледі (әдетте 65 – 70 жас). Жоғарғы Сотқа біліктілігіне қойылатын талаптарды (әдетте төменгі соттармен салыстырғанда) қанағаттандыратын кәсіпқой судьялар мүше болып тағайындалады. Бұл талаптардың ең бастылары – заңгер мамандығы бойынша бай жұмыс тәжірибесінің және кіршіксіз беделінің болуы. Дәстүрлі қазақ қоғамында пайда болған дау-жанжалдарды билер соты реттеп отырғаны белгілі. Қазақ хандығы нығайып, біртұтас мемлекетке айналған кезеңде жыл сайын шақырылып отырған билер кеңесі әрі қазіргі ұғымдағы парламенттің, әрі Жоғарғы Соттың қызметін атқарған.
Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Жоғарғы Сот билігін Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналы (1921 – 23), РКФСР Жоғарғы Сотның Қазақ бөлімі (1923 – 29), Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1929 – 36) жүргізді. 1937 ж. 3 ақпанда қабылданған Қазақ КСР Конституциясының арнаулы тарауында сот ұйымдары мен прокуратура қызметін ұйымдастыру, құру тәртібі белгіленді. 1970 ж. 31 тамызда КСРО Әділет министрлігінің “Одақтас республикаларда Әділет министрлігін құру туралы қаулысына” сәйкес одақтас республикаларда әділет министрліктері құрылды. 1990 ж. 23 қарашада “Қазақ КСР-нің сот құрылымы” жөніндегі Конституциялық Заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысы қабылданып, Жоғарғы Соттың бұрынғы алқаларына қосымша төраға және 4 судья құрамында әскери сот алқасы құрылды. 1992 ж. 22 желтоқсанда бұл Заң “Әскери соттар” деген арнайы тараумен толықтырылды. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында 16-тарау сот билігіне арналды. Оның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және Жоғары төрелік соттың, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттардың құзырында екені атап көрсетілді. Конституциялық сот (қазіргі Конституциялық кеңес) Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі ең жоғары орган болып танылды. 1994 ж. 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарлығы шықты. Мұнда сот жүйесін реформалаудың бағыттары белгіленді. Сот жүйесін жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктеудің қажетсіздігі атап көрсетілді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында (1995, 30 тамыз) осы принциптер бекітілді. Жоғарғы Сот арнайы сот алқаларына бөлініп құрылды, судьялар құрамы да соған қарай іріктелді. 1995 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осыған орай бұған дейін дербес өкілеттік жүргізіп келген Қазақстан Республикасының Төрелік соты Жоғарғы Соттың құрамына қосылды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады. Ол төменгі соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотн төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. Оның құрылымы, мәртебесі, қызмет тәртібі 2000 ж. 25 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңмен белгіленген. Бұл Конституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығында белгіленген реформаларды одан әрі дамытты. Жоғарғы Сот құрамындағы әскери алқа таратылып, оның жаңа құрылымы белгіленді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот қадағалауын ең алдымен төменгі соттардың нақты істерді шешуде заңдылық пен негізділікті сақтауын тексеру, олар жіберген қателерді түзету жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге Жоғарғы Сот республикадағы сот жүйесінің іс-тәжірибесін зерделеп, қорытындылайды, сот статистикасына талдау жасайды, осы негізде сот істерін қарау кезінде заңнаманың қолданылуы барысында туындайтын мәселелер бойынша түсініктер береді, заңи бастамашылық құқығын пайдаланады. Жоғарғы сот билігін жүргізуші орган ретінде Жоғарғы Сот істерді өзінің өкілеттік құзыры шегінде, бірінші сатыдағы сот дәрежесінде апелляциялық және қадағалау тәртібімен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды. Бұл орайда, Жоғарғы Сот қарайтын істер бойынша заңи хұкім жүргізу құзыры Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары: қадағалау алқасы, азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, соттың жалпы отырысы. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру жолымен жыл сайын сайланатын судьялардан құралады. Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот төрағасы белгілейтін судьялардан құралады. Жоғарғы Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі және қылмыстық істер жөніндегі алқаларда мамандандырылған құрам құруы мүмкін.
Жоғарғы Соттың төрағасы судья міндетін де атқарумен қатар: судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады, қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы; Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді; жалпы отырыстың қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді; Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне жалпы отырыс хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді; қажет болған жағдайда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады; Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді, алқалардың жұмысын үйлестіреді; Жоғарғы Сот кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді, жеке азаматтарды қабылдайды, өкімдер шығарады. Жоғарғы Соттың төрағасы сондай-ақ, елдегі өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықар. ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезінде отандық сот жүйесінің мүддесін қорғайды. Жоғарғы Сот төрағасының кез келген сот судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғауға құқығы бар.
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы судья міндеттерін де атқарумен қатар: алқаның отырысында төрағалық етеді; сот статистикасын жүргізу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттарды дайындауын қамтамасыз етеді; жалпы отырыста алқа қызметі туралы ақпарат береді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы Соттың жалпы отырысы алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша елдегі соттардың сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелерін қарайды; сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды; алқалар төрағаларының және өкілетті орган басшысының хабарламасын тыңдайды; облысы сот төрағасы мен облысы сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына кандидатураларды талқылайды және тиісінше қорытындылар береді; Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен жалпы отырыс хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестің құрамын бекітеді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жалпы отырыс Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады. Жалпы отырыс мәжілістеріне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен әділет министрі қатысады. Оған Жоғарғы Сот төрағасының шақыруымен төменгі соттардың судьялары, министрліктердің, агенттіктер мен к-ттердің, ғылыми мекемелердің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін. Жоғарғы Сот шешімдері түпкілікті шешімдер болып табылады және апеляциялық тәртіппен шағым жасауға, яки наразылық білдіруге жатпайды. Әр жылдары
* Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналының төрағасы болып Н.Нұрмақов (1921 ж. қазан – 1923 ж. сәуір);
* РКФСР Жоғарғы Сот Қазақ бөлімінің төрағалары болып Т.Мұқашев (1924 ж. наурыз – 1925 ж. маусым)
* М.Атаниязов (1925 ж. мамыр – 1927 ж. наурыз), С.Бекбатыров (1927 ж. наурыз – 1929 ж. сәуір)
* Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағалары болып Н.Сырғабеков (1929 ж. мамыр – қараша)
* Н.Арықова (1929 – 30)
* Н.Жүнісов (1931 ж. шілде – 1932 ж. шілде)
* Қ.Күлетов (1932 ж. шілде – 1934 ж. қаңтар)
* Ш.Бектұрғанов (1934 ж. мамыр – 1937 ж. желтоқсан)
* Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағалары болып Ә.Құскелдиев (1937 ж. желтоқсан – 1938 ж. тамыз)
* П.Громов (1938 ж. тамыз – 1939 ж. сәуір)
* Т.Қожабергенов (1939 ж. сәуір – 1941 ж. мамыр)
* М.Нұрбаев (1941 – 42), Т.Әділбаев (1943 ж. сәуір – 1945 ж. қазан)
* О.Адамбаев (1946)
* Ә.Биекенов (1946 ж. мамыр – тамыз)
* Ә.Досанов (1946 ж. тамыз – 1958 ж. тамыз)
* Ә.Нұрышев (1958 – 59)
* К.Сүлейменов (1958 – 62)
* Б.Жүсіпов (1962 ж. маусым – 1970 ж. қыркүйек)
* Қ.Мыңбаев (1970 ж. қараша – 1981 ж. мамыр)
* Ғ.Елемісов (1981 ж. маусым – 1984 ж. қаңтар)
* Т.Айтмұқамбетов (1984 ж. наурыз – 1993 ж. желтоқсан)
* Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағалары болып М.Малахов (1993 ж. желтоқсан – 1996 ж. маусым)
* М.Нәрікбаев (1996 ж. маусым – 2000 ж.), Қ.Мәми (2000 жылдан) жұмыс істеді.
## Дереккөздер: |
Жолжазба – автордың жолсапары кезіндегі алған әсері мен көзбен көрген нақты оқиғалар суреттелетін шығарма.
Күнделік, очерк, мемуар, т.б. түрінде жазылады. Жолжазбалар танымдық мәліметтерімен құнды. Сонымен қатар оларда саяси, философия, эстетика көзқарастар да баяндалады. Александр Македонскийдің (б.з.б. 4 ғ.) жорықтары жөніндегі Жолжазбалар әлем әдебиетінде осы жанрда жазылған шығармалардың ежелгі үлгілері болып табылады. Орта ғасырларда Дж.Карпини (“Моңғолдар тарихы”, 13 ғ.), Марко Поло (“Кітап”, 1298), т.б. Орталық Азияға жасаған сапарлары туралы жолжазба еңбектер жазды.
18 – 19 ғасырларда Жолжазба очерк жанрының бір түрі ретінде қалыптасты. Ағылшын жазушысы Л.Стерн (“Сентиментальды саяхат”, 1768), орыс жазушысы А.Н. Радищев (“Мәскеуден Петербургке саяхат”, 1790), неміс ақыны И.В. Гете (“Италия саяхаты”, 1 – 3 т., 1816 – 1829), орыс ақыны А.С. Пушкин (“Арзрумға саяхат”,1835), орыс тарихшысы Н.М. Карамзин (“Орыс саяхатшысының хаттары”, 1 – 2 т., 1900) жолжазбаның тамаша үлгілерін жасады.
Қазақ әдебиетіндегі жолжазба типті очерктер тарихы Ш.Уәлиханов шығармаларынан басталады (“Жолжазбалары”, 1855; “Алтышаһардың ... жай-күйі”, 1869; “Жоңғар очерктері”, 1860). Кейін М.Әуезов (“Түркістан солай туған”, 1956; “Үндістан очерктері”, 1958), С.Мұқанов (“Саяхатшылар”, 1963; “Адам Атаның шоқысында”, 1958), Ә.Әлімжанов (“Сумен, құрлықпен елу мың миль”, 1962), Бауыржан Момышұлы (“Куба әсерлері”, 1963), т.б. қаламгерлер жолжазбасында өздері болған елдер мен аймақтардағы қоғамдық, экономикалық-саяси өмірді ұштастыра баяндады. Шет елдерге түрлі ғылым сапарлармен (1970 – 80) барған А.Машанов, Ә.Дербісәлиев, Е.Букетов, т.б. ғалымдардың жолжазба кітаптары жарық көрді. Жазушы Қ.Қайсеновтің Украина туралы, Қ.Тұрсынқұловтың Саха елі жайлы жолжазбалары оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Ғ.Мүсірепов, С.Шаймерденов, Т.Әлімқұлов, С.Бердіқұлов, Ә.Нұршайықов, Т.Кәкішев, Ш.Мұртаза, т.б. қаламгерлер ел аралаған сапарынан жазған әр түрлі Жолжазба очерктерімен халыққа танылды. Мұрат Әуезовтің “Қытайдағы қазақтар” (1995) туралы, М.Құлкеновтің “Америка сапары” (1996), Қ.Олжайдың “Президент пырағы” (1995), Қ.Түменбаевтың “Жапон эскиздері” (2000), т.б. Жолжазбалар әлем халықтарының бүгінгі келбетін өткен тарихпен сабақтастырып, көркем де әсерлі етіп жеткізе білді. Соңғы жылдары Ә.Кекілбаев, К.Смайылов, Қ.Жұмаділов, М.Қабанбаев, Ж.Бейсебаев, Ә.Сараев, т.б. жазушылардың Жолжазба очерктері бұл жанрдың мол мүмкіндігін танытты.
## Дереккөздер |
Нұрлан Айтманұлы Жоламанов (25 шілде 1956, Берді ауылы, Орынбор облысы, РКФСР) – әскери қызметкер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Директоры (16.01.2013 бастап), генерал-лейтенант (2012).
## Өмірбаяны
### Білімі
Ресейдің Орынбор жоғары әскери басшылық училищесі (1978),
Құрлық әскерлерінің әуе қорғанысы әскери академиясы (1989)
Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің Бас Штаб әскери академиясы (2001).
### Қызмет жолы
1978 – 86 ж. Орта Азия әскери округінде зениттік взвод командирі, батарея командирінің орынбасары, батарея командирі, Кеңес армиясының Оңтүстік әскерлері тобында батарея командирі қызметтерін атқарды.
1989 – 1993 жылдары Кеңес армиясының Батыс әскерлері тобында жеке зениттік ракета полкінің штаб бастығы,
1993 – 1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде зениттік ракета бригадасы командирі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы әскерлері басқармасының бастығы,
1998 – 2000 жылдары Әуе қорғанысы әскерлерінің қолбасшысы, Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы шекара командалық училищесінің бастығы, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – әскери-даярлық басқармасының бастығы, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары қызметтерінде болды.
2001 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын үздік және алтын медальмен бітірді.
2002 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қыркүйегіне дейін — Шығыс әскери округінің қолбасшысы болды.
2003 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың желтоқсанына дейін — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болды.
2006 жылдың шілдесінен 2009 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар басшылары комитеті төрағасының орынбасары болды.
2009 жылы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылдың 5 қарашасында басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
2010 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар басшылары комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды.
2012 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығына орай генерал-лейтенант атағы берілді.
2013 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болып тағайындалды.
2014 жылдың 27 қазанында ҰҚК баспасөз қызметі Жоламановтың билігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
2015 жылғы 6 наурызда Нұрлан Айтманұлының мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін мемлекеттік қызметте жауапты және басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ сот Жоламановты генерал-лейтенант әскери атағы мен мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы ұсынысты ел президентіне енгізу туралы шешім қабылдады. Жоламановтың өзі кінәсін мойындамай, бұған дейін ол бұл істі саяси тапсырыс деп атады.
Жазасын Қарағанды облысы Долинка ауылындағы колонияда өтеткізуде. 2017 жылдың наурыз айында Жоламановтың 60 жасқа толуына байланысты рақымшылық жасау туралы өтініш түсті, онысы қабылданбады.
## Марапаттары
* 2 дәрежелі Даңқ ордені (2007),
* Авиация генерал-майоры (05.1998)
* Генерал-лейтенант (04.05.2012)
## Дереккөздер |
Жолымбет — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, Жолымбет кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі 1932 жылы алтын кенішінің ашылуына байланысты қаланған. 1940 жылдан кент.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шортанды кентінен шығысқа қарай 49 км-дей жерде, Ащылыайрық өзенінің оң жағасында орналасқан.
## Халқы
## Кәсіпорындары
«Қазақалтын» кен байыту комбинатының басқармасы, алтын өндіретін кеніш, кен байыту фабрикасы, техникалық қызмет көрсету стансасы және тігін фабрикасы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
3 бала бақша, 2 орта мектеп, 1 мектеп-интернат, музыка мектебі, мәдениет үйі, 3 кітапхана, аурухана, кинотеатр, тұрмыстық қызмет үйі, 5 спорт залы, 1 асхана, 20-дан астам сауда мекемелері бар.Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. Тұрғындары Астана, Көкшетау, Степногорск қалаларымен, Шортанды кентімен, т.б. елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жоңғар жазығы, Жоңғар ойысы, Жоңғария – Қытайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі жазық аймақ. Ауданы 700 мың км2-ге жуық, орташа биіктігі 600 – 800 м. Солтүстігінде Моңғол Алтайымен, оңтүстігінде Шығыс Тянь-Шань жотасымен қоршалған. Айналасындағы жоталардың орташа биіктігі 3000 метрдей. Жоңғар жазығы кейінгі кезеңдегі тектоникалық құбылыстардың әсерінен төмен түскен жерлерге шөгінділердің жиналуынан пайда болған. Ежелгі және кейінгі заманғы қалың борпылдақ шөгінділерден түзілген. Мұнда мұнайдың мол қоры бар. Жазықтың жер бедері бұйратты, ұсақ шоқылы келеді, тау етегіне қарай тастақты, кей жерлерінде өсімдік өспейді. Грунт суы онша тереңдеу жатпаған жерлерінде шұраттар (оазистер) сортаңдармен алмасады. Жазықтың аумақты келген орталық бөлігін құм төбелі, қырқалы шөлдер (Дзосотын-Элисун, Курбантонгут, Қарамайлы, Коббе, т.б.) алып жатыр. Климаты қоңыржай континенттік. Қаңтар айының орташа темп-расы –20С-тан (оңт-те), –25С-қа дейін өзгереді. Шілденің орташа темп-расы 20С-тан (солтүстігінде) 25С-қа дейін. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 200 мм, таулы өңірде 800 мм-ге дейін. Өзен торабы сирек, олардың көпшілігі шұратты шет аймақтар арқылы өтеді. Жазық ортасына жақын жерлерде құмға сіңіп кетеді. Ірі өзендері: Манас, Урунгу. Жоңғар жазығының солтүстігіндегі Моңғол Алтайынан Ертіс (Қара Ертіс) өзені басталады. Батыс бөлігінде бірнеше ірі көлдер – Ебінұр, Манас, Улюнгур бар. Құмды жерлерінде сексеуіл, жыңғыл, жүзгін, қылша, батыс бөлігіндегі құрғақ, қуаң далада шөлейт өсімдіктері, ал көл жағалауында қияқ, қамыс өседі. Жайылымдық мал шаруашылығы дамыған. Шет аймақтардағы шұраттарда бидай, тары, мақта, жүзім, т.б. жеміс-жидектер өсіріледі.
## Сілтеме |
Тайыр Жомартбаев, (шын есімі Тайлақбай; 1884, Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 1937, Семей) – педагог, жазушы, драматург.
Көкбай медресесінде білім алып, 1911 жылы Уфадағы “Ғалия” медресесін бітірген.
1911 – 15 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі Адығия Орманова қыз балаларға сабақ береді. Семейдегі “Жәрдем” баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін “Балаларға жеміс” атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген “Қыз көрелік” (1912) романы басылып шықты.
1915 – 28 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болып қызмет істейді.
1928 – 30 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930 – 37 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болған. Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де айналысып, “Айқап”, “Жаңа мектеп” журналдары мен “Қазақ”, “Алаш” газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды.
Жомартбаевтың “Сары сүйек құда”, “Осы ма, қазақ, өмірің?” атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласында №23 мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып (1937), Семейде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген, 1956 жылы ақталды.
## Сілтеме |
Жетісу қақпасы, Жоңғар қақпасы — батысында Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы) , шығысында Бірліктау және Майлытау жоталарының аралығындағы тауаралық ойыс, табиғи өткел. Ол Балқаш-Алакөл ойысын Ебінұр көлі арқылы Жоңғар жазығымен жалғастырады.
* Абсолют биіктігі 300 — 400 м, ұзындығы 80 км, ең тар жері 10 км.
* Солтүстігінде Жалаңашкөл көлі жатыр. Климаты қуаң, күшті Ебі желі соғады. Қыс айларында желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан. Қыста желдің жылдамдығы 60 — 80 м/с-қа жетеді.
* Өзінің жіңішке және ұзын пішініне байланысты Жетісу Қақпалары табиғи аэродинамикалық құбырды пайда қылады. Қақпа арқылы өткенде жел қысымға ұшырап, Бернулли заңының әсерімен жылдамдығы артып 70 м/с-қа дейін жететін желдер соғады
* Желден қуаттылығы 5 мың МВт шамасында энергия алуға болатындығы болжанды (қараңыз Жел энергетикасы).
* Жетісу қақпасы Еуразия бассейніндегі орасан зор ауа массасы ауысатын Ортa Азиядағы “жел полюсі” саналады.
* Жетісу қақпасы ерте заманда Орта Азиямен Қазақстанның көшпелі халықтары бір-бірімен қатынасатын жол болған. П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Шоқан Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, Л.С. Берг саяхатшы ғалымдар зерттеген. Қақпа арқылы Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын Достық — Алашанкоу (Гофузди) темір жолы өтеді.
* Табиғи тар өтуі ені 10 км-ден аз.
* Жел Сайқанның қытай тілінен аудармасымен бірнеше мағынасы бар - «Жайсаңдар Иесі», «Қанатты жел» немесе «Жел бұзушы».
* Аңыз бойынша 300 жылдай бұрын, жоңғарлармен соғыс кезінде Қабанбай батыр оларды жеңіп, терең шатқалға барғанда, ақпайтын өзен ағып кеткен. Қабанбай батыр қолын көтеріп: «Тоқта» деді. Содан бері өзен Тоқта деп аталады. Қазір Үшарал-Достық жолының бойындағы өзен үстіндегі көпір қауіпті жерлердің бірі болып саналады.
## Әдебиет
* Гинатуллин Лингвистикалық сөздік. - Алматы: Рарий, 2010
## Дереккөздер |
Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков (1 наурыз 1931, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қызылсу ауылы – 23 шілде 1999, Алматы) — қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1979), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974).
## Өмірбаяны
* Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1954).
* 1954 – 58 жылдары Қазақ химия-технология институтында оқытушы, аға оқытушы, механика факультетінің деканы,
* 1958 – 62 жылдары Мәскеу тоқыма институтының аспиранты, ассисенті,
* 1962 – 70 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі ҚазҰТУ) аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарды.
* 1970 – 86 жылдары Қазақ мемлекеттік университеттінің (қазіргі ҚазҰУ) ректоры қызметінде болып, осы оқу орнының Кеңес Одағындағы жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналуына елеулі үлес қосты. ҚазМУ қалашығының салынуына ұйытқы болып, көптеген жаңа кафедралардың ашылуына басшылық жасады.
* 1986 – 88 жылдары осы оқу орнының қолданбалы механика кафедрасында меңгеруші,
* 1988 – 94 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Механика және машинатану институтында зертхана меңгерушісі, директор, құрметті директор қызметтерінде болды.
* 1994 – 95 жылдары республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ғылым, білім және жаңа технологиялар жөніндегі комитет төрағасы,
* 1995 – 96 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,
* 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Парламент Мәжілісі депутаты, әрі ондағы Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет төрағасы болды. Жолдасбеков дүние жүзі мойындаған ғалым ретінде Халықаралық инженер академияның вице-президенті болып сайланды (1991).
* 1993 жылы Ислам елдері инженер академиялары федерациясының вице-президенті,
* 1997 жылы Америка инженер-механиктер қоғамының мүшесі болып сайланды.
## Ғылыми саладағы еңбектері
Қазақстан Инженерлік академиясының негізін қалап, оның тұңғыш президенті болды. Ол жазық рычагты жоғарғы класты механизмдер кинематикасы, кинетостатикасы, серпімді буынды механизмдер динамикасы салаларында ғылыми зерттеулер жүргізіп, жазық және кеңістіктік жоғары класты механизмдер мен манипуляциялауыш құрылғылардың графиктік-аналитикалық және аналитикалық теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде Жолдасбековтің басшылығымен әлемдік практикадағы теңдесі жоқ түбірінен жаңа жүк көтергіш, жүк тиегіш-түсіргіш, грейдерлік, жүк қармауыш және манипуляциялауыш құрылғылар жасалынып, өндіріске енгізілді.
Жолдасбеков қазақ ғалымдары арасында бірінші болып қазақ тілінде машинатанудың терминологиялық сөздігін жасады, машиналар мен механизмдер теориясы туралы оқулықтар жазды. Аталған ғылым салалары бойынша ғалымның 400-ден аса ғылыми еңбектері (оның 70-тен астамы шет елдерде басылып шықты), 12 монографиясы жарық көрді. 30-дан аса оқулықтар мен оқу құралдарының, 126 авторлық куәлік пен шетелдік патенттердің авторы атанды, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды.
## Есте қалдыру
* Механика және машинатану институтына
* ҚазҰУ қалашығындағы Студенттер сарайына,
* университет музейіне
* сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларындағы көшелерге
* ҚазҰУ, Механика - математика факультетінің қызыл залына Ө. А. Жолдасбековтың есімі берілді (2016 ж).
## Шығармашылығы:
* Машиналар механизмдерінің теориясы, А., 1972;
* Анализ и синтез механизмов и манипуляционных устройств высоких классов, Варна, 1989;
* Структурно-кинематический синтез плоских рычажных механизмов высоких классов, А., 1993.
## Марапаттары
* Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1983).
* Ленин орденімен
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен
* көптеген медальдермен, оның ішінде Халықаралық және ресейлік ғылым-инженер бірлестіктердің Г.В.Шухов атындағы алтын медалімен (1992),
* әл-Хорезми атындағы халықаралық фестивальдің алтын медалімен (1994),
* Халықаралық инженер академияның күміс медалімен (1997) марапатталған.
## Дереккөздер |
Жоқтау немесе элегия (гр. ἐλεγεία – жоқтау) — дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой,бауырым" деп ат қойып шауа келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі.
## Элегия
Элегияға арнайы тоқталсақ, өлеңдік ұйқаспен жазылатын, айтылатын, өлімге, махаббатқа, соғысқа қарата автордың қайғылы түрде терең сезіммен еске алуын білдіретін лирикалық өлең-жыр. Мұндай өлеңдерге жақын туыстарының, достарының өлушіге арнап қайғылы түрде айтатын жоқтаулары, елдік-ұлттық трагедияны айтатын мұңлы өлеңдер (Елім-ай, Ағажай-Алтайдай әндері), адамның немесе адамзаттың басына келген пәле-қазаларды айыптап айтатын қасірет өлеңдері де кіреді. Бұл өлең түрі ежелгі халықтардың бәрінде дерлік - ғұндарда, түрік халықтарында да, грек-римдіктерде, қытайларда да болған. Жоқтау өлеңдері қайғы-мұңға толы болатыны өз алдына, онда және терең махаббат, ізгі сезім, философиялық толғаныс, жау мен жамандыққа деген кек, тіпті батырлық жігер де жатқан болады. Кейбір өлеңдер негізгі тақырыпқа орай сыншыл, ызалы, кекесінді, түйреп өткен, жамандықты масқара-мазақ еткен мағынаға ие болуы да мүмкін. Кейде естірту, көңіл айту, қайғыны басу да осы жанрға кіреді.Мысалы:
Аққу ұшып көлге кетті,Сұңқар ұшып шөлге кетті. Ол адасып кеткен жоқ,Әркім барар жерге кетті.Арғымақтың тұяғы,Тасты баса кетілер,Сазды басса жетілер.Екі арыс аман болсын,Жетпесті қума,Келмеске жылама.(2)
## Қазақта айтылуы
* Жаз күндері қаралы ауыл көшіп-қонғанда,
* үй жығып жатқанда дауыс салып жоқтау айтылады.
* Таң сәріден тұрып, жүк артып болып, көш жолға шығар алдында да жоқтау айтылған.
Мұның бәрі – қайтыс болған адамның соңғы күндері өткен, соңғы рет жүріп-тұрған жерін, қоныстанған жұртын қимай, сол атамекені мен қайтқан адамның арасындағы үзілген байланыстың қайғысын жария етуді білдіреді. Баратын жеріне жеткенше қаралы көш жоқтау айтуды жалғастырып, сол мұңды, зарлы қалыптарымен келесі қонысқа жеткенше ешқайда бұрылмай жүре беретін. Жолда кездескен ауыл қаралы көштің қонақасын көтеріп алатын болған. Бір ерекшелігі - қазақ халқында жоқтауды өлеңмен тек әйелдер айтады. Қайтыс болған адамның қаралы жесірі, қыздары, келіндері жыл өткенше таңертең және кешке екі рет дауыс қылған. Әсіресе көпшілік жиындарда үші, жетісі, қырқы мен асында олар барынша нақышына келтіріп айтатын болған.
## Жоқтаудың тарихи үлгілері
Елдің сүйікті көсемі, батыр Алып Ер Тұңға қайтыс болғаннан кейін бүкіл халық қайысып жоқтау айтқан, сол жоқтау атадан балаға жетіп, ХІ ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітапқа енген. Бұл жоқтау – Алып Ер Тұңға туралы жырдың соңғы тарауы болса керек. Осы жырдағы жоқтау салты қазақтың батырлық жырларында, ақын-жыраулардың толғау-өлеңдерінде өзіндік көркемдік жалғасын тапқан. «Ер тоңға» жырында ақын батырды жоқтай отырып, өмірдің барлық адамдар үшін өткінші екенін, ғұмырдың мәңгі еместігін, Тәңір адамды ажалмен сынайтынын, тағдыр оғы тисе, тау шыңдары да быт-шыт болатынын зор күйініш сезімімен жеткізеді. Алып Ер Тоңға қайтыс болғанда бүкіл ел қайғырғанын, ең қатыгез батырлардың өзі еңіреп жылағанын, адамдардың нұрлы жүздері сарғайып кеткенін, батырлар өз жағаларын жыртып, айғай сап жылағанын ақын эмоциялық тұрғыда әсерлеп жеткізеді. Мұнда «тау қойнауы жыртылар», «атса оны кезеп», «атын болдыртты», «қайғы тойдыртты», «жүз сарғайды», «запыран жаққандай» деген сияқты тұрақты сөз тіркестері жиі ұшырайды. Сондай-ақ жырда Алып Ер Тоңға қайтыс болғанда қайғы халықты жүдетіп, тоздырып жібергендігі айтылады. Алыстан келген бектердің аты жүдеп, өздерінің жүзі қайғыдан сарғайып кеткендігі зор шеберлікпен жеткізіледі. Ақын өмірде ешкім тағдыр оғынан қашып қүтылмайды деген ой-пікірді ортаға салады.
Алып Ер тоңа өлді ме?Жаман дүние қалды ма?Заман өшін алды ма?Енді жүрек жыртылар! Ер еді асын татырған,Зұлым жауды қашырған.Мойнын тұтып қайырғанӨлім басты аударып..Заман өтер, кісі тоймас,Адам ұлы мәңгі қалмасЗаман әбден тозды,Осал жауыз қозғалдыӨнер біткен сиреді,Дүние бегі Афрасиаб жоғалып(3)Жоқтау айтылып жатқан кезде,– деп жазады этнограф, тілші-ғалым Т. Арынов: «Айтушылардың барлығы жылап, көл-көсір көз жастарын төгу шарт емес. Тек өлген азаматтың жұбайы ерекше сарынмен, терең сезіммен айтқан кезде азаматқа арналған қайғылы сөздер мен ащы өкінішті көтере алмай талып қалатын әйелдер, қыздар болады. Осы бір ауыр сурет тыңдаушыларына қатты әсер етеді, әркімді ел үшін, өз халқы үшін қызмет етуге баулитын үлкен тәрбиелік мәні бар құбылыс болған». Жоқтау өлеңдерінің көнелік сипаты жайлы сөз еткенде ең алдымен тасқа басылған алғашқы үлгілер, көне түркі жазба ескерткіштеріне айырықша тоқталған жөн. Бұл жазулар жалпы түркі тектес халықтардың мол мұрасы, бастау бұлағы екені мәлім. Мәселен, Күлтеген жазуларында форма жағынан да, мазмұн жағынан да қазақтың жоқтау жырларымен үндес тұстары кездесіп отырады. Мысалы:
Інім Күлтегін қаза болды,Өзім қайғырдым.Көрер көзім көрместей,Білгір ақылым білместей болды.Өзім қайғырдым.Тағдырды тәңірі жасар,Адам баласы бәрі өлгелі туған.Қайғырғаным сонша,Көзге ыстық жас келер,Көңілге ауыр шер келер,Тағы да ойландым,Қатты қайғырдым. (4)Бүгінде бізге жеткен өте көркем, бояуы қою, суреттері ашық жоқтау түрлерінің тағы бірі – Әбілқайыр ханның сүйікті қазысы – әділ төреліктері үшін Ақжол атанған Дайырқожа деген би екен. Осы Дайырқожа мен ханның сүйікті бір адамы Қара Қыпшақ Қобыланды батыр қас болыпты. Бір күні оңашада ол Дайырқожаны өлтіреді. Баласының өлімін көрген әкесі Қодан-Тайшын ұлының сүйегін айналып жүріп жылағанда айтқан жыры:
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!Сексен асып, таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!Адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының!Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың,Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным! (5)Жоқтаудың көне де көркем үлгілерінің бірі ретінде Қаз дауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауына тоқтала кетейік:Біссмілләдан бастайын,Шариғаттан аспайын,Ішім толды қайғыға,Азырақ көзім жастайын,Алаштан озған әкекем,Жоқтаусыз қалай тастайын?Алатаудай әкеме Ажалдың сыны келгені,Жылағанды не қылсын?Көздің жасын көрмеді!Қазақ болып зарлады,Тілеуді құдай бермеді,Кешегі жүрген әкекемЖоқтаусыз тастар ма еді?! Әбдірахман өлгенде ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы жазған мына өлеңінен де жоқтау сарынын байқауға болады:
«Арғы атасы қажы еді,Бейіштен татқай шәрбәтты,Жарықтықтың өнері,Айтуға тілді тербетті.Адалдық, ақыл жасынан,Қозғапты, тыныштық бермепті,Мал түгіл жанға мырза еді,Әр қиынға сермепті.Мұңды, шерлі, жоқ-жітікАңсап алдын кернепті.Бәрінің көңілін тындырып,Біреуін ала көрмепті.Әділ, мырза, ел болыпӘлемге жайған өрнектіТәубесін еске түсіріп,Тентекті тиып, жерлепті…» - деп, әкесінің өнегелі істерін еске ала отырып:«…Қажыны алған бұл өлімСабырлық қылсақ керек-ті» деп жұбату айтады.(6)Сондай-ақ жоқтау қаралы хабарды кеш алған сыйлы адамдар келгенде де айтылады. Жоқтаудың созылыңқырап айтылатын, ғасырлар бойы қалыптасқан әр түрлі сарыны бар. Жамбылдың “Алғадайындағы”, Кенен Әзірбаевтың “Базар–Назарындағы” әуен-ырғақтар – ежелгі халық жоқтауның үлгісімен жазылған (қ. Жоқтау әні). Жоқтау жырының тілі мейлінше бай болып келеді. Онда “ақылға дихан кемеңгер”, “мұхит дария суындай”, “ақылы терең мол еді”, “жапырағы алтын шынарым”, т.б. шешендік өрнектер көп қолданылады.
## Жоқтаудың зерттелуі
Жоқтау жырларын зерттеу 19 ғасырдан басталады. Ш.Уәлиханов оған алғаш ғыл. баға беріп, бірнеше үлгісін жазып алған. Жоқтау ауыз әдебиетінің бағалы үлгісі ретінде жинап, 1926 ж. “23 жоқтау” деп аталатын кітап етіп шығарған Ахмет Байтұрсынұлы болды. 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың басындағы ақын-жыраулардың шығармаларында әр түрлі жоқтау үлгілері кездесіп отырады. Әсіресе, 20-ші ғасырдағы қиын кезеңдерде ақын-жазушылар қаламынан туған жоқтау жырлар, Ұлы Отан соғысынан оралмаған, ерлікпен өмірін қиған ұлдарына арнаған халық жоқтаулары жеткілікті.
Жоқтауды Ахмет Байтұрсынұлынан кейін жүйелі түрде жинап, зерттеген тілші-ғалым Т.Арынов болды. Ол қазақтың жоқтау жырларын мұқият жинастырып, “Боздағым” деген атпен кітап етіп, бастырып шығарды (1990).Жоқтау' – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, тұрмыс-салт жырларының бір түрі.
## Жоқтаудың қысқаша тарихы
Жоқтаудың ежелгі үлгілері шумерлердің Гильгамеш туралы жырларында да, үнді эпосы “Махабхаратада” да, Гомердің поэмасы “Илиада” да, Мысыр жырларында да кездеседі. Жоқтау үлгісіндегі жырларды ежелгі грек трагедияшылары, сондай-ақ Рим ақындары Катулл мен Вергилий де жазған. Түркі әдебиетіндегі жоқтаудың ең көне үлгілерінің бірі – “Алып Ер Тоңғаны жоқтау”. “Бөрідей ұлып жылады, Жоқтады жыртып жағасын” дейді жырда. Махмұт Қашқаридың жазуы бойынша, жоқтау – ежелгі түркі тайпаларының ерлік тұрмысынан туған жырлардың бір түрі. Алып Ер Тоңға түркілердің арғы тегі сақ ұлысының аты аңызға айналған билеушісі, жауларын тізе бүктірген алып батыр. Жыр мазмұнынан батырдың бейнесі, ерлік өмірі анық байқалады. Жоқтау жырлары ежелгі түркі халықтарына ортақ басқа әдеби мұраларда да кездесіп отырады. Соның бірі – оғыз-қыпшақ дәуірінің (8 – 9 ғасырлар) ескерткіші “Қорқыт ата кітабындағы” Дирсеханның жалғыз ұлы Бұқашты анасының жоқтау жыры. Осындай жоқтаулар ауыз әдебиетіндегі “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр”, “Ер Тарғын” сияқты қаhармандық эпостарда, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек” сияқты ғашықтық жырларда да ұшырасады. Бұл жоқтау батырдың ел-жұртынан амалсыз айырылған кезінде, жау қолына түсіп дұшпанынан қорлық көрген кезінде туыстарының қайғысымен аралас суреттеліп отырады. Жоқтаудың бізге жеткен көне үлгілері халық тарихындағы болған оқиғалармен сабақтас. Осындай оқиға Қодан тайшының атақты жоқтауымен байланысты халық жадында сақталып қалған. Қара қыпшақ Қобыланды Әбілхайыр ханның қазысы, арғынның әділдігі үшін Ақжол аталған биі Дайырқожаны өлтіреді (1456). Сонда әкесі Қодан тайшының қаза болған ұлының сүйегін айналып жүріп айтқан, “Қара қыпшақ Қобыландыда, Нең бар еді, құлыным” деп басталатын жоқтау арада сан ғасыр өтсе де халық жадында сақталып қалған. Дайырқожа өлгеннен кейін Жәнібек, Керейлермен бірге Шу бойына көшкен Қодан тайшы Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне өз үлесін қосқаны тарихтан белгілі. Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша, жоқтауды марқұм болған адамның артында қалған әйелі, қызы, қарындасы, келіні, басқа да туыстарының әйелдері айтады. Ел ішіне кең тараған жоқтау жырлары негізінен айтар ой сарыны, ұйқасы, образды сөз кестесі жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Елге қадірлі, беделді адамның қазасын лайықты жырмен жоқтау оның артындағы қалған ел-жұртына салмақты сын болған. Әдетте, жаттанды сөздермен көпке белгілі жоқтау үлгілері ондай кезде жаңаша айтылып, мазмұны жағынан толығып отырады. Ел есінде сақталған осындай жоқтау үлгілері ауызша тарап, көпшілігі кейінгі ұрпаққа жеткен. Осындай жоқтаулардың бірі – “Мамайды шешесі Қараүлек ананың жоқтауы” (1559). Қараүлек ана Мамайдың бойындағы асыл қасиеттерін терең жеткізіп, осындай адам өлген соң елдің келешегі не болады, орнын кім толтырады деп тебіренеді. жоқтаудың айтылған уақыты да, ондағы адамдардың өмір сүрген дәуірі де тарихи деректерге сәйкес. Атақты Қаз дауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтау жыры да (1758) – аяулы азамат есімін қастерлеп, кейінгіге оның ісін жоқтау жыры арқылы жеткізе білудің жарқын үлгісі.
## Түсініктемелер
* Қазақ энциклопедиясы
* Ісләмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. – Алматы: Арыс, 2007.– 332 б.
* Боздағым. Қазақтың жоқтау жырлары. – Алматы:Жазушы, 1990 – 304 б. |
Досқан Қалиұлы Жолжақсынов (1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған) — кино және театр актері, кинорежиссер.
Орта жүз Найман тайпасының Көкжарлы руынан шыққан.Қазақстанның халық әртісі (1995), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996,2016). Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996).
## Толығырақ
* 1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
* 1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері.
* 1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.
## Шығырмашылығы
Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден астам бейнелерді сомдады. театрда ойнаған алғашқы рөлі – Х.Вахитовтың “Алтын көрсе періште жолдан таяды” спектакліндегі Қылышбек (1972).
Бұдан кейін орындаған рөлдері қатарында Сыматбек (Ж.Тәшенов пен И.М. Саввиннің “Қаладан келген қылжақбасында”), Сырым (Р.Сейсенбаев пен Е.Обаевтың “Өзімді іздеп жүрмінінде”), Қазақбай (Ә.Тарази мен Қ.Ысқақовтың “Апа, апатайында”), Сәмет, Ақан (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” мен “Ақан сері – Ақтоқтысында”), Глумов (А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), Әзберген (Ә.Таразидің “Қндетінде”, Қазақстанның Мемлекет сыйлығын, 1996; Түркі тілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар. Жолжақсыновтың актерлік өнеріне сезім тереңдігі, сахналық әрекет шынайылығы тән. Актер халық әндері мен қазіргі композиторлар әндерін шебер орындаушы ретінде де танымал. Жолжақсынов – ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі. Әскербек (“Гаһартаста”, 1976), Хамит (“Даладағы қуғында”, 1979), Мұрат (“Алтын күзде”, 1979), Мұндызбай (“Ақ барыстың ұрпағында”, 1984, соңғы екеуі “Қырғызфильмде”), Дәуір (“Омпада”, 1997), т.б. рөлдері арқылы Жолжақсынов дарынды киноактер ретінде кеңінен танымал болды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1982).
## Фильмографиясы
### Продюсер ретінде
* 2003 - Голгофаға әрқайсысы шығады
* 2006 - Жоғалған жұмақ
### Режиссер ретінде
* 2009 - Біржан сал
* 2015 - Құнанбай
### Сценарист ретінде
* 2015 - Құнанбай
### Актер ретінде
* 1972 - Арман асуы - эпизод
* 1974 - Бұлақ - эпизод
* 1975 - Гауһартас - Әскербек
* 1979 - Даладағы қуғын - Хамит
* 1979 - Шешуші айқас - эпизод
* 1979 - Чемпион - Ілияс Шәріпұлы
* 1980 - Алтын күз - эпизод
* 1981 - Бұлақ - эпизод
* 1982 - Көріскенше қош бол, Медеу - Кәрім
* 1983 - Ай астындағы үй - Дәуіт
* 1983 - Өтелмеген парыз - Нұрлан
* 1984 - Жарқыраған әлем - Акунахара
* 1984 - Ақ ілбістің тұқымы - Мұндызбай
* 1984 - Адами фактор - Ниязов
* 1986 - Махаббат қиялдары - Қожа Зульфиқар
* 1986 - Жәбірленушілердің наразылықтары жоқ - Ілияс Садықов
* 1986 - Ауылдан келген күйеу бала - Жапар
* 1987 - Махаббат, достық пен тағдыр туралы - Кәрім
* 1990 - Тағыланған иттерді қаумалау - эпизод
* 1990 - Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет - әке
* 1993 - Үндемеу кодексі-2 - Садық Баларғымов
* 1996 - Мерген Хомучи - эпизод
* 1998 - Омпа - Дәуірбек Ақынов
* 2000 - Чек - Сәкен
* 2003 - Голгофаға әрқайсысы шығады - Қаратас
* 2006 - Көшпенділер - Галдан-Цэрэн
* 2009 - Біржан сал - Біржан сал
* 2009 - Лавэ - эпизод
* 2009 - Бөрілердің әділ соты - Виктор Иванович
* 2015 - Құнанбай - Құнанбай
* 2016 - Қазақ елі - эпизод
## Мемлекеттік марапаттары
* 1982 жылы Қазақстан Ленин комсамолы сыйлығының лауреаты
* 1987 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі
* 1995 жылы Қазақстанның халық әртісі
* 1996 жылы Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі
* 1996 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
* 2001 жылы Құрмет орденімен марапатталған.
* 2016 жылы президенттің қолынан Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын алды. |
Жоңғарлар – Батыс Моңғолияны қоныстанған ойраттардың шорос, дүрвэд, торғауыт, хошоут (1635 жылы бұларға хойт тайпасы қосылған) тайпалары одағының атауы; қысқаша Ойраттар, Жоңғар хандығы.
## Сілтеме |
Жолдасбеков Мырзатай (27 мамыр 1937, Ақтөбе ауылы, Талас ауданы, Жамбыл облысы) – мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы (1993), профессор (1993).
Ошақты тайпасының Тасжүрек руынан шыққан. 1954 – 55 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған. ҚазМУ-ді бітірген (1960). 1960 – 64 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент, 1964 – 67 жылдары аспирант. 1970 – 74 жылдары аға оқытушы, доцент, 1974 – 77 жылдары филология факультетінің деканы болды. 1977 – 87 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры, 1987 – 88 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, 1988 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, 1991 – 93 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, 1993 – 97 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, 1997 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. “Халықтар достығы”, “Құрмет” ордендерімен марапатталған.
## Кітапнамасы
* V–XIV ғасырлардағы көне әдебиет нұсқалары.
* «Ежелгі әдебиет нұсқалары» (1967)
* «Күлтегін» (1968)
* «Асыл арналар» (1986, 1990)
* «Жүз жыл жырлаған жүрек» (1992)
* «Тоқсан толғау» (1992, Н. Төреқұловпен бірге)
* «Жамбыл және оның ақындық ортасы» (1996)
* «Асыл сөздің атасы» (1996)
* «Ел тағдыры — ер тағдыры» (1997)
* «Ел тұтқа» (А. С. Сейдімбекпен бірге)
* «Сөзді ұғатын кез келді» (2007)
* «Камни заговорили» (2007)
* «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» (2007, Қ. Сартқожаұлымен бірге)
* «Асылдарым» (2011)
* «Дүние шіркін…» (2017)
* «Кісілік кітабы» (2017)
* «Күндерімнің куәсі» (2017)
* «Таңғаламын өмірдің ғажабына» (2017)
## Дереккөздер |
Жораев Шәкірбай (1947 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті) – ғалым, медициналық ғылым доктуры (1992), профессор (1997), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1998). Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1972). 1972 – 75 жылдары Қызылорда облысы, Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласында хирург болып жұмыс істеді. 1975 жылдан Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы) кіші, аға ғылым қызметкер болды. 1993 жылдан осы орталықтың бөлім меңгерушісі. Негізгі ғылым еңбектері өңеш жараларын емдеуге арналған. Ол ас қорыту жүйелері (өңеш, асқазан, бауыр, ұлтабар, өт жолы, т.б.) ауруларын анықтап, оларды хирургиялық жолмен емдеудің әдістерін жетілдірді. Өңеш жарасын күйдіргеннен кейін тарылып, пайда болатын тыртықты емдеудің жаңа тәсілдерін ұсынды. “Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тәжірибеге енгізу” кешенді ғылыми-зерттеу жұмысы авторларының бірі. Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1999).
## Дереккөздер |
Жоралғы – қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпындағы кәделердің бір түрі; жасы үлкен адамдарға, ағайын-туыстарға немесе сыйлы қонақтарға қалыптасқан дәстүрлерге сай көрсетілетін құрмет, берілетін сый-сияпат. “Жоралғысыз жол болмайды” деп түсінген қазақ халқы ата-бабалар дәстүрін шамасы жеткенше орындауға тырысқан.
## Сілтеме |
Жорға – адамға жайлы жүрісті жылқы. Кейбір құлын туғаннан-ақ жорға болады. Жорғаның аяң жорға, үш аяң жорға, тайпалған жорға, су шайқалмас жорға, байпаң жорға, төкпе жорға деген түрлері бар. Аяң жорға аяңдағанда ғана жорғалайтын жылқы, одан тезірек жүрсе жорғасынан жаңылады. Үш аяқ жорға – төрт аяғын тең басып жорғалай алмайтын жылқы. Тайпалған жорға – төрт аяғы тең жорға Су шайқалмас жорғаның үстінде кесеге құйған қымыз шайқалып, төгілмейді. Байпаң жорғаның жүрісі тыныш, бірақ басқа жылқының жүрісіне ілесе алмайды. Төкпе жорға – еш уақытта жорғасынан жаңылмайтын жылқы. Мұның жорғалаған жүрісіне басқа жылқы шауып әрең ілеседі. Мұндай жылқыны, әдетте, жорға жарысына қосады. Жарысқа қосатын жорғаны бәйге атындай баптап жаратады.
## Сілтеме |
Жорға дуадақ (лат. Chlamydotis undulata) – тырнатәрізділер отрядының дуадақ тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан бастап, Зайсан қазаншұңқырына дейінгі шөлейт және шөлді өңірде кездеседі. Өсімдігі аз, сексеуілі мен жүзгіні басым өскен сортаң, құмдауыт жерлерді мекендейді. Тұрқы 65 – 75 см, қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,5 – 2,4 кг-дай. Мекиені қоразынан кішірек. Арқа қауырсыны сарғыш сұр түсті, бауыры ақшыл, мойнында “жаға тәрізді” қара ала ұзын қауырсындары бар. Жорға дуадақ – жыл құсы. Жұптасып жүреді. Наурыз айында келіп, бұта түбіне, ашық жерлерге ұялайды. Сәуірде 3 – 4 сарғыш жұмыртқа салып, мекиені 24 – 28 күн басады, балапандары бір айда қанаттанады. Қыркүйекте жылы жаққа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұшып кетеді. Жәндіктермен, ұсақ кесіртке, жыландармен, көктемде өсімдікпен қоректенеді. Жорға дуадақтың жауы – қасқыр, [[түлкі, қарсақ, бүркіт, т.б. Жорға дуадақтың жылдан-жылға саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).
## Мекендеген жерлері
Өзінің таралу аймағының әр жерінде жойылып кету қаупы бар түр. Қазақстанда оның саны әліде жеткілікті. Шөл мен шөлей таймақтарын - Қазақстан жазықтығының оңтүстік бөлігін түгел мекен етеді. Республикамыздағы жалпы саны 30 мың шамасындай. Үстірт қорығында тіршілік ететін популяциясының шамалы бөлігі ғана қорғалады. Бұл түрді заңсыз аулайтындардан қорғау үшін тағы да екі қорық үйымдастырып, Бетпақдала мен Қызылқұмда, сонымен қатар заңсыз аулайтындармен күрес шараларын қатайту керек.
## Қолдан өсіру, тұқымын көбейту шаралары
Жорға дуадақтардың Арабия түбегіндегі және бүкіл әлемдегі тұқымы құрып кету алдында. Тұқымы құрып кетуінің алдын алу үшін Түркістан облысы Бәйдібек ауданында араб шейхтырының инвестицисына салынған құс фабрикасы жұмыс істейді. 2016 жылғы 11 қазандағы ҚР Өкіметінің қаулысына сәйкес Біріккен Араб Әмірліктерінің шейхтарына Қазақстан ұлттық парктерінде дуадақ аулауға рұхсат берілген.
2020 жылы бұл құс фабрикасынан 4160 дуадақ өсіріліп, табиғатқа бос жіберілген.
## Дереккөздер |
Жосалыкезең – Іле Алатауының Үлкен Алматы сілеміндегі асу.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3337 м. Асу арқылы Үлкен Алматы (Озерная) өзенінің сол тармағы – Серкебұлақтың бас жағынан Проходная өзеніне құятын бастауларға қарай өтуге болады. Бұл төте жол Алматы тұрғындарына кеңінен мәлім. Табиғаты аса сұлу Үлкен Алматы көлінен асу өтетін үстіртке дейін баратын автомобиль жолы бар. Жосалыкезеңде Қазақстан ҰFA-ның өлшеу-бақылау пунктері орналасқан.
Асуда Тянь-Шань ғылыми биік таулы станциясы (Космостанция) орналасқан. Асу Үлкен Алматы көлінің аумағында Алматы және Озерное шатқалдарының жоғарғы бөлігін қосады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Алматы облысы туризмінің ресми сайты Мұрағатталған 3 мамырдың 2020 жылы.
* Іле-Алатау ұлттық паркінің ресми сайты Мұрағатталған 6 сәуірдің 2022 жылы. |
Жорық, жортуыл
* әскери бөлімдер мен құрамалардың белгілі бір бағытты бетке алып, көлікпен немесе жаяу ұйымдасқан түрде саппен қозғалуы. Бейбіт уақытта жауынгерлік даярлық жүргізу мақсатымен, соғыс кезінде әскери тапсырманы орындау үшін ұйымдастырылады. Жағдайға байланысты майданнан тылға қарай немесе майдан бойлай жүргізіледі. Жорық шеру тізбегінен тұрады және алдағы ұрыс қимылдарына сай әскерлердің тез арада алғы шепке жетуін қамтамасыз етеді. Жорық тәртібі жаумен кезігіп қалу мүмкіндігін және алдағы ұрыстың мақсатын есепке ала құрылады. Жаудың кенет шабуыл жасауынан сақтану үшін Жорықта келе жатқан әскерлер жан-жаққа қорғау бөлімдерін (алдынғы жақтан, бүйірден, тылдан қорғайтын бөлімдер) жібереді. Жорық жылдамдығы әскерлердің жаттықтырылуына, көлік, техникалық мүмкіндіктеріне, жолына, ауа райы мен жыл мезгіліне және сол ауданның радиациялық немесе химиялық улану жағдайына байланысты болады;
* әскери құрамалардың немесе әскери-теңіз күштерінің алыс өңірге жасаған шабуылдары да Жорық деп аталады. Мысалы, Жебе мен Субедей жасағының Кавказ бен Еділ бойына жорығы, кресшілер жорықтары, Ресейдің Тынық мұхиты эскадрияларының 1904 – 05 жылдардағы жорықтары
## Дереккөздер |
Жосалы – Нұра алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының батысында, теңіз деңгейінен 338 м биіктікте жатқан, Теңіз көлінің солтүстігінде 21 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,1 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 1,5 км, су жиналатын алабы 145 км2. Жағалау бойының ұзындығы 10,4 км. Көктемгі қар, жер асты суларымен толысады.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жайпақ, көл түбінде тұнба шөккен. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланылады. Жазда құстар ұя салады. Жағалауын қамыс, құрақ басқан.
## Дереккөздер |
Алтын Орда Теңгелері- орта ғасырлардағы металл ақша. Алғаш 14 ғасырдың орта тұсында Бұлғар қаласында Берке хан соқтырған (1257 - 67 жылы). Алғашқы теңгелерге Бағдад халифы ән-Насрдың аты, кейін моңғол хандары Меңгу, Арықбұға, т.б. Алтын Орда хандарының аттары жазылды. Алтын орда теңгелері Сарай, Сарай әл-Жадид, Сарай әл-Махрус, Қажы Тархан, Сарайшық, Гүлстан, Хорезм, Жент, Баршын, т.б. қалаларда соғылды. Сарайшықтағы қазба жұмыстары кезінде табылған тиындардың ең көнесі - Тоқтамыс хан теңгесі (1295 - 96 жылы). Ал кейінгілері Сарайда соғылған Өзбек хандікі. Оның дихремдері мен пұлдарында мұсылман дінінің суннит символдары салынған. Әр қалада соқтырылған теңгелердің өз ерекшеліктері бар. Кейбір теңгелерде соқтырған ханның аты мен жылы жазылса, кейбіреулерінде әр түрлі тамғалар: жануардың, құстардың, балықтардың суреттері, геометриялық өрнектер бейнеленген. 1996 - 97 жылы Батыс археологиялық экспедиция (жетекші З.Самашев) Сарайшыққа жүргізген қазба барысында Тоқтамыс ханның рәміздері салынған күміс жөне мыс тиындар табылды.
## Дереккөздер |
Жөргем– малдың аш ішегі мен тоқ ішегінен өріп жасалады. Мал сойғанда ащы ішек пен тоқ ішегін жуып тазалап, тұздағаннан кейін ойы айналдырыл тағы бір рет сумен шайқайды. Қазанға салып асуға қолайлы болу үшін ішектерді өткермелеп өреді. Ащы ішек жіңішке, әрі өте ұзын болатындықтан, оны тоқ ішек секілді жалаңқабат өре салмай бірнеше еселеп шумақтайды да, одан соң әлгі шумақтың белінен айналдыра шаншып орап, ішектің ұшын бекітеді. Жөргемді асуға да, турап қуыруға да болады. Майға қуырған жөргем дәмді болады. Жөргемге: ішек—100 г, пияз—1/г бөлігі керек. Әдетте жөргемді дәміне келтіру үшін тұз, бұрыш себеді, дөңгелектеп туралған пияз қосады. Жөргемді қонақ табақтарына салмайды.
## Дереккөздер |
Жуа (лат. Allium) – амариллистер тұқымдасының жуа тұқымдас тармағына жататын екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Солтүстік жарты шарда 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл түсті. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. жуа мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер есебінде мәдени түрде өсіріледі және арамшөп түрлері де кездеседі.
Жуа - екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда 100-ден астам түрі бар, оның 29-ы эндемикалық. 4 түрі (бас пияз, сарымсақ, шалот, батун) мәдени дақыл ретіңде өсіріледі. Жапырағы түтікше пішіндес не жалпақ. Тамыр жүйесі шашақты (тамыры топыраққа 25 см-дей тереңдейді), баданасы не қысқа тамыр сабағы бар. Гүлі ұсақ, қос жынысты, түйінінің үш ұшасы бар. Гүлшоғыры — шатырша. Жемісі қара дәнді кұрғақ қауашақ. 40-150 күнде өсіп жетіледі. 3-4 жылдан кейін гүлдей бастайды. Жапырағы мен баданасында кант, клетчатка, кальций, калий, В, Вр В,, С, РР витаминдері бар. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
## Дереккөздер |
Жуантамыр (лат. Rindera) – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тау баурайлары мен тасты шатқалдарында, далалы аймақтары мен құмды жерлерінде өсетін 6 түрі бар, соның ішінде өте сирек кездесетін, эндемик түрі – ақсары жуантамыр (R. ochroleuca). Биіктігі 60 см-дей. Ұзынша жапырақтары (ұзындығы 20 см, ені 3 см-дей) қырлы, тік сабағының түбінде орналасады. Тостағанша және күлте жапырақтарының негізі кірігіп, түтік түзеді. Гүлі ақсары түсті. Гүлшоғыры жұмсақ, бос, толық жетілгенде жазылып, сыпыртқы гүл шоғырына ұқсап тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – 4 жаңғақша. Ақсары Жуантамырдың жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Жоса – құрамына темірдің немесе қорғасынның кейбір оксидті туындылары кіретін пигменттер тобының жалпы атауы. Темір жосасы – қоңыр қызыл түсті табиғи пигмент. Химиялық құрамы -Fe2О3 (75 – 95%) және сазды заттар мен кварц қоспаларынан тұрады. Жарықтың, сілті ерітінділерінің, әлсіз қышқылдардың әсеріне тұрақты. Сырлау (бояу) жұмыстарының барлық түрінде кең қолданылады. Қорғасын жосасы – қызыл сары түсті пигмент; қорғасын оксиді Рb3О4 cуда ерімейтін кристалл. Ыдырау темп-расы 500 – 550С. Тотықтырғыш атмосферада РbО-ны 400 – 500С-қа дейін қыздыру арқылы алады. Қорғасын аккумуляторларында пластиналардың ұяшықтарын толтыру үшін және коррозияға қарсы бояуларға пигмент ретінде қолданылады.
## Сілтеме |
Алтын Орда, немесе Ұлық Ұлыс, Жошы Ұлысы — Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Русь князьдіктері жаулап алғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.
## Атауы
Моңғолия тарихыАлтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.
Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі «Золотая Орда», яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.
Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
## Әуелгі тарихы
Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.
Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату, Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке хан сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.
1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.
## Алтын Орданың шарықтау дәуірі
### Ішкі құрылымы
### Одақтастары мен бағыныштылары
## Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) хандары
* Жошы хан (1182—1227 ара.), Шыңғыс ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1224—1227 ара.)
* Бату хан (1208—1255 ара.), Жошы ханның баласы, Алтын Орда ханы (1227—1255 ара.)
* Сартақ хан, Бату ханның баласы, Алтын Орда ханы (1255/1256)
* Ұлақшы хан, Сартақтың баласы, Алтын Орда ханы (1256—1257)
* Берке, Жошы ханның баласы, Алтын Орда ханы (1257—1266)
* Мөңгу-Темір хан, Тұғанның баласы, Алтын Орда ханы (1266—1282)
* Тұда Мөңгү хан, Алтын Орда ханы (1282—1287)
* Тұла Бұға хан, Алтын Орда ханы (1287—1291)
* Тоқта хан, Алтын Орда ханы (1291—1312)
* Өзбек хан, Алтын Орда ханы (1312—1342)
* Тыныбек хан, Алтын Орда ханы (1342)
* Жәнібек I хан, Алтын Орда ханы (1342—1357)
* Бердібек хан, Алтын Орда ханы (1357—1359)
* Кұлпа хан, Алтын Орда ханы (1359—1360)
* Наурызбек хан, Алтын Орда ханы (1360—1361)
* Қыдыр хан, Алтын Орда ханы (1361), (1360—1362)
* Темір Қожа хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Орда-Мәлік хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Бауыржан хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Келдібек хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Базаршы хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Мұрад хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
* Қаир-Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
* Абдуллаһ хан, Жошы Ұлысының ханы (1363—1364), (1367—1369)
* Болат I хан, Жошы Ұлысының ханы (1364—1365)
* Әзіз Шейх хан, Жошы Ұлысының ханы (1365—1367)
* Жанибек II, Жошы Ұлысының ханы (1367)
* Хасан хан, Жошы Ұлысының ханы (1369—1370)
* Бұлақ хан, Жошы Ұлысының ханы (1370—1372)
* Орыс хан, Жошы Ұлысының ханы (1372—1375)
* Шеркес хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
* Қағанбек хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
* Тоқтамыс хан, Жошы Ұлысының ханы (1375—1377), (1379—1395)
* Арабшах хан, Жошы Ұлысының ханы (1377—1379)
* Темір Құтлық хан, Жошы Ұлысының ханы (1395—1399)
* Шәдібек хан, Жошы Ұлысының ханы (1399—1407)
* Болат II хан, Жошы Ұлысының ханы (1409—1411)
* Темір хан, Жошы Ұлысының ханы (1411—1412)
* Жәлеләддин хан, Жошы Ұлысының ханы (1412—1413)
* Керімберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1413)
* Кепек хан, Жошы Ұлысының ханы (1413)
* Шөкре хан, Жошы Ұлысының ханы (1413—1416)
* Жаппарберді хан, Жошы Ұлысының ханы (1416)
* Дербес хан, Жошы Ұлысының ханы (1416—1419)
* Кадырберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1419)
* Қажы Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1419)
* Ұлы Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1419—1421), (1424—1428), (1428—1432)
* Дәулетберді хан, Жошы Ұлысының ханы (1421—1422)
* Құдайдат хан, Жошы Ұлысының ханы (1422), (1423—1424)
* Барақ хан, Жошы Ұлысының ханы (1422—1423)
* Кіші Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1428), (1432—1459)
* Махмұд хан, Жошы Ұлысының ханы (1459—1465)
* Ахмат хан, Жошы Ұлысының ханы (1465—1481)
## Саяси дамуы
## Бөлшектенуі
Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.
15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай ордасын құрды.
1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.
Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу кінəздігімен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.
Қырым хандығы 1475 жылы Осман империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді.
## Тағы қараңыз
* Оба індеті
* Орыс-казактар
* Құмандар
* Моңғол империясындағы күнделікті өмір
* Еуразиялықтар
* Еуропадағы Ислам
* Алтын Орданың хандарының тізімі
* Мұсылман дүниесіндегі соғыстардың тізімі
* Моңғолдардың Русь жорығы
* Көшпенділер
* Моңғол жорықтары
* Тоқтамыс пен Ақсақ Темірдің арасындағы соғыс
## Еренсілтемелер
* Алтын Ордада соғылған ақша Мұрағатталған 10 қаңтардың 2016 жылы.
## Дереккөздер
Үлгі:Mongol Empire |
Жуантөбе – Ерейментау тауының орталық бөлігіндегі тау. Теңіз көлінің солтүстік-батыс жағында 10-12 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 367 м. Ұзындығы мен ені 1,5-2 км. Таудың шығысында 3 км жерде Тайғақкөл көлі жайласқан. Беткейі көлбеу, аз тілімденген, тау басына жақын жерде түпкі жыныстар бетіне шығып жатыр. Солтүстік, шығыс және оңтүстік беткейлері етегінде сор жерлер көптеп кездеседі.
## Геологиялық құрылымы
Девонның жыныстарынан түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан.
## Өсімдігі
Күңгірт қоңыр топырағында бетегелі-боз өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Жұбан күмбезі – 1898 жылы салынған архитекторлық ескерткіш. Атырау облысындағы Жем өзенінің солтүстігінде биік төбе басында орналасқан.
Жұбан күмбезін әйгілі шеберлер – ағайынды Ұңғалбай, Мұңалбай, Өмірбай, Итбай, Иманбай Қаражүсіповтер тұрғызған.
Пішіні төртбұрышты, ауданы 6,6х5,8 м, биікт. 9,5 м. Құрылыс шеге, ағаш пайдаланылмай, тек сол маңайдағы таулы жерден алынған ұлутастардан салынған. Дулыға пішінді әдемі күмбезі биік барабанға (мойындық) орнатылған. Іші-сырты қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген, ұлутастар бір-біріне бұралып біріктірілген. Күмбездің ішіне құлпытас қойылған. Ескерткіш 1984 жылы қайта жөнделді.
## Дереккөздер |
Жошы хан кесенесі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш.
Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т.б.) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек.
Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Құрылыс материалдары – күйдірілген кірпіш, ғаныш, әкімшілік Жобаның аумағы 9,55х7,25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе – салтанатты порталы. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұру үшін мейлінше берік етіп тұрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқұрына ұқсатқан. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштердің ауданы 45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнекпен бірге жазу да болған. 1911 жылы Атбасар уезін билеген бір ұлық өрнекті кірпіштерді сыдырып алып, музейге жібереді. Қазір кірпіштердің кейбір сынықтары ғана сақталған. Порталдың жоғарғы жиегін парапет тәріздендіріп, оның астынан қалақ кірпіштен фриз тартқан.
Ежелгі құрылыс әдісінің бірі – күмбез орнату. Ол Жошы хан күмбезінде тамаша шешімін тапқан. Қабырғаның іш жағынан сөрелеп шығарған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі күмбездің (биіктігі 7 м) салмағын “жалған еңсе” шығару тәсілімен белдеулерге жайса, сыртқы күмбезді (биіктігі 8 м) он алты қырлы барабанға отырғызған. Ішкі күмбезден шығарылған түндік сыртқы күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден (35х55 см) түседі. Күмбез бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. Күмбезді көп қырлы барабанға орнату – оғыз, қыпшақ тайпаларына тән тәсіл. Ішкі қабырғаларында таңбадан басқа ешбір әшекей жоқ. Еденіне қалақ кірпіштер төсеген.Күмбезді қазу жұмысы кезінде екі қабір табылды. Қабір қабырғаларын үлкен кірпіштен өріп, астына жұқа тақша кірпіш төсеген.
Бірінші қабір күмбездің күншығыс іргесіне (ұзындығы 2,2 м, ені 70 см, тереңдігі 1,2 м) орналасқан. Қабір ішінен тақтай табытқа жерленген адамның сүйегі шықты. Сүйектің оң қолы жоқ екендігі анықталды. Оның үстіне қабір ішінен салтанатты киім жұрнақтары, қызыл сафиян етіктің қалдығы, тұт жібегінің шіріп жатқан сілемдері, аң сүйектері мен түйенің бас сүйегі, темір қарудың сынықтары табылды. Бұл “Жошыны аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді” деген халық аңызына үндес келеді. Халық аңызында “Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ болған” немесе “Жошының тек бір қолын тауып қойған”, кейде “бір шынашағын ғана тапқан” деген әр түрлі жорамалдар бар.
Екінші қабір Жошының үлкен бәйбішесі (Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның інісінің қызы) Бектумыштікі болуға тиіс. Қабір астына төселген қалақ кірпіштерде араб әрпімен “ықпал” деген сөз бірнеше қайтара жазылған.
Жошы хан күмбезі республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет тізіміне енгізілген. 1999 жылдан Жошы хан күмбезін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Жошы хан кесенесі Мұрағатталған 23 қазанның 2020 жылы. — Archaeology.kz сайтында
* Қос кесене неге зерттелмей қалды? — «Айқын», 12.05.2019 |
Жусан (лат. Artemisia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.
Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағы жеуге жарамды, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.
## Жусан туралы жазылған шығармалар
* Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
* Мұрат Ескендірұлы Әджи «Жусанды қыпшақ даласы»
## Дереккөздер |
Жұбан-Ана күмбезі, Жұбан әулие – Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы 189-разъезден солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Сарысу өзенінің солтүстік жағасында XI ғасырда ірге көтерген архитекторлық ескерткіш.
Күмбез туралы алғашқы жазба деректерді П.И. Рычков “Орынбор топографикасында” (1762) келтіреді. Ескерткіш жайында кішігірім мақала жазып, оның жоба-суретін алғаш Ш.Уәлиханов (ол бұл бейіттің Әулие сағанасы деп аталатынын жазады) сызып қалдырған (1863). Күмбез туралы әр кезде С.Б. Броневский, А.И. Левшин (1830), А.К.Красовский (1868), И.А. Кастанье (1910) жазған.
Кеңес дәуірінде академик Ә.Марғұлан бұл ескерткішті қыпшақтардың ортағасырлық құрылысына жатқызды. Жұбан-Ана Күмбезі төрт бұрышты текше жобамен салынған. Қабырға қалауының үстінен барабан (мойындық) шығарып, оған сегіз қырлы күмбез орнатылған. Қшкі төрт бұрышында сүйірлеп шығарған михрабтары бар. Аузы оңтүстік-шығысқа қараған. Күмбезі мен барабаны шаршы кірпішпен өрілген. Ескерткіштің аумағы сыртқы периметрі бойынша 6х6 м, ішкі жағы 4х4 м, биіктігі 6 м. Іргетасы биіктігі 50 см тас тақталармен қаланған. Құрылысқа көлемі 27х27х6 см кірпіштер пайдаланылған.
Жұбан-Ана күмбезі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
## Дереккөздер |
Жөке ағашы (лат. Tilia) – құлқайырлар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш.
Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының Қазақстанның барлық жерінде өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті жөке (T. cordata) бар. Биіктігі 28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 – 7) хош иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы, бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым – шілде айында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер және құстар арқылы да таралады. Жөке 150 – 500 жыл жасайды. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта Жөкенің Америка Жөкесі, Амур Жөкесі, Кавказ Жөкесі, Манчжур Жөкесі, т.б. түрлері қолдан өсіріледі.
## Ағаш туралы
Жөке ағашы – жүрек тәріздес, жиектері ара тісті әдемі жапырақтары бар ағаш. Биіктігі - 30 метрден асады. Жөке ағашы динозаврлар дәуірінен кейін пайда болған. Сол кезден бері көп өзгеріске ұшырамаған. Жөке ағашының табиғи 50-ге жуық , ал будандастырылған 100-ге тарта түрі бар. Өмір сүру ұзақтығы - орта есеппен 300-400 жыл, ал кейбір сұрыптары 1200 жыл өмір сүреді. Жөке ағашы 30 жылдан кейін гүлдей бастайды. Маусым-шілде айларында нәзік, тәтті хош иіс шығарып молынан гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-15 күнге созылады.
## Қолданылуы
Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен қолданылады. Жөке ағашын құрылыста, жиһаз жасауда, халық шаруашылығы мен медицинада қолданумен қатар, көгалдандыруда да үлкен орын алады. Ерте көктемнен бастап, күздің соңына дейін жайқалып өсіп, жүздеген жылдар бойы бақтың ажарын кіргізіп тұратын көркем ағаш. Бойы биік, алып ағаш болғандықтан, қала көгалдандыруда саябақтарға егеді. Жапырағы мол болғандықтан, ауадағы шаңды жақсы тазартады.
## Күтімі
Ылғалды топырақта, ашық күн көзінде және алакөлеңкеде де өсе береді. Жөке ағашы арнайы қырқу жұмыстарын қажет етпейді, алайда көктемде артық бұтақтарын қырқып тұрған дұрыс.
## Көбейтілуі
Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.
## Жөке ағашы туралы тақпақ
Аулаңызға еккен оны жөн болар,
Жұпар иіс шашып тұрар маңайға.
Зәулім ағаш, ауруға да ем болар,
Сая болар көлеңкесі талайға.
## Сілтемелер
* Гүлстан сайты Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
## Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5 |
Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Қазақ-Жоңғар соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.
## Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы
16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат билеушілеріне қарсы күресте едәуір басым түскен. Өйткені бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Орыс патшасы Иван IV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жайында хабарлаған. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед те осындай мәлімет келтіреді. Ол Тәуекелдің інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарға хан болғанын патша сарайында болған әңгімесінде баяндаған. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Қазақтарға қарсы бұл қанды жорыққа халха тайпасының билеушісі Алтын ханның баласы Омбо Эрдени әскері де ат салысты. Кейбір деректерге қарағанда бұл жорыққа Еділ қалмақтары да қатысқан. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, 10 мыңдық жау әскерінің шабуылын тежеген (қ. Орбұлақ шайқасы). 1681 – 1684 жылдары қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан Қазақстанның оңт. аудандарына басып кірді. Қазақ ханы Тәуке хан шайқаста жеңіліске ұшырап, оның баласын ойраттар тұтқынға алды. 1684 жылдары ойраттар қазақ жеріне тағы да жорық жасады. Сайран қаласын талан-таражға салды. Қазақтардың әлсіреген халін пайдаланған Аюке бастаған Еділ қалмақтары да қазақтар мен оларға одақтас болған түрікмен, қарақалпақтардың біріккен әскеріне шабуыл жасады.
## Ойрат-қытай соғыстары
1690 – 97 жылдары ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігінің оңтүстік майданға кетуіне мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 жылы ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді.
## Жоңғарлардың жаңа шабуылының басталуы
17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті.
## Үш жүздің бірігуі
1710 жылы Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиынында жауға қарсы күш біріктіріп тойтарыс беру жөнінде шешім қабылданды. Бөгенбай батыр біріккен жасақтың қолбасшысы болып бекітілді. 1711 – 12 жылдары 50 мың адамдық Қазақ хандығының әскері Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 – 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты – Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді.
## Болат ханның үш жүздің басын қосуы
1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруаларына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылы Болат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары
Үлгі:Infobox Military Conflict
## Аңырақай шайқасы
1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тау ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
## Абылай хан
1738 – 1741 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейінгі Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1755 – 1758 жылы жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 – 58 жылы Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясы әскерлерімен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті. Кейіннен 1771 жылы батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды (қ. Шаңды жорық). Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Сәмеке, Жолбарыс, Болат, Әбілмәмбет, Әбілқайыр сынды хандар қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктілігімен танылған тарихи тұлғалар ретінде ел жадында қалды. Көрнекті мемлекет қайраткері, есімі жауынгерлік ұранға айналған, даңқты қолбасшы, дарынды дипломат Абылай хан бастаған еркіндік пен ерлік рухы биік, соғыс даласында тегеуріні мықты Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шоқантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, Қарасай, т.б. батырлардың өшпес ерлігі тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының тұтастығын, бірлігін сақтап қала алатындығын дәлелдеді.
## Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы
1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды.Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды.Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды.Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толықтырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.
## Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері
Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.
## «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
XVIII ғасырдың 20- жылдарының бас кезінде жоңғарлардың Қазақстан аумағына кезекті ірі жорық жасауына қолайлы жағдай қалыптасты. 1722 жылы жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізіп келген Қытай императоры (боғдыханы) Канси қайтыс болды. Сөйтіп қалмақтардың Қытаймен бейбіт келісім жасасуға колы жетті. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы ендігі жерде қауіпсіз болды. Жоңғар билеушілері Еділ
бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге елші жіберіп, қазақтарға қарсы бірлескен соғыс қимылдарын жүргізу мақсатын көздеді. Ертіс бойында жақында ғана бой көтерген әскери бекініс желісін нығайтумен әуре болып жатқан Ресей Жоңғар мемлекетіне бәлендей қауіп төндіре алмайтын еді. Оның үстіне, Ресей көрші жатқан екі көшпелі мемлекеттің өзара қарым-қатынасына байланысты бейтарап саясат ұстауға тырысты.Қазақ мемлекетінің де, Жоңғар хандығының да өзара шайқаста әбден әлсіреп, қансырағанын күтті. Өйткені оған осылай болғаны тиімді еді.1723 жылдың көктемінде алдағы болатын жойқын соғысқа мықтап әзірленген, әрі қазақ хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыдырап бара жатқанын пайдалана қойған Цеван-Рабтан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды. Жау жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашкы соққысына ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды өртеді. Малды айдап әкетті, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салды. Өйткені жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден бірден төтенше басталған болатын. Сондықтан да амалы қалмаған Қазақтар малына да, үй-жайларына да, дүние-мүліктеріне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды.Жау әскерлерінің сан жағынан тым басым болғанына қарамай, қазақ жауынгерлері кескілескен ұрыс салып, қатты қарсылық көрсетті. Жау қолына ешкімнің де берілгісі келмеді. Әр қазақ өзімнің туған жерімді, туған-туыстарым мен жақындарымды жауыз дұшпаннан қорғауға міндеттімін деп ұқты. Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп, қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар әйелдерді, балаларды, карттарды жаудың өкшелеп қууынан құтқару үшін қырғын соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының басшылығымен қаланы жаудан бір ай бойы дерлік қорғады. Жоңғарлар Ташкенттен кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүргізуі нәтижесінде Қазақстанның шөлді және таулы аймақтарынан өзге бүкіл аумағы іс жүзінде жоңғарлардың қолына қарады. Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман қалды.Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды.Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды.Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады:Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді.
## Қазақтардың жеңілу себептері
Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болатын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді.
## Жоңғар агрессиясының салдарлары
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды.Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.
## Сыртқы сілтеме
* Қытай Халық Республикасы(қолжетпейтін сілтеме)
* [1] — Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Жужан Қағанаты – 5 ғасырда Солтүстік Моңғолияда құрылған көшпелі аварлардың мемлекеті (402 – 552). Қытай жылнамаларында қағанаттың негізін салған қашқын Могулюй құл деп көрсетілген, ол төңірегіне өзі сияқты қашқындарды топтастырып, жауынгер жасақ ұйымдастырады. Бұлардың көпшілігі бұрын Ұлы ғұн ордасының құрамында болған тайпалардан шыққаны белгілі (қ. Ғұндар). Жужандар қауымдастығы алғашқыда Орталық Хингай тауларының шығыс баурайында орналасты. Дэулань Шелунь (Челухой) билігі тұсында (402 – 410) қауымдастық едәуір күшейіп, Дэулань Шелунь өзін қаған деп атады, ал қауымдастық Жужан Қағанаты аталды. Дэулань Шелунь қаған Солтүстік Қытайдағы Юань Вэй мемлекетімен қақтығыста жеңіліс тапқанымен, жужан тайпаларының күшімен Солтүстік Моңғолиядағы Чао-сяннан (қазіргі Кореяның солтүстік облыстары) Қарашарға дейінгі жерлерді иеленді. Гаогюй тайпаларын бағындырып, Юань Вэй мемлекетінің құрамындағы Гоби шөлінен солтүстікке қарай орасан зор аймақты басып алды. Жетісуда Үйсін ордасы иеліктері жужандардың жиі шапқыншылығына ұшырады. Дэулань Шелунь қағаннан кейін оның мұрагерлері қағанат территориясын одан әрі кеңейтіп, Моңғолияда 150 жыл билік құрды. Жужан Қағанаты Үлкен Хингайдың шығыс, батыс баурайларын, Қленің жоғарғы ағысы мен Жоңғарияны, Селенганың жоғ. ағысын, Хэ-си, Гаочан аймақтарын қамтыған үлкен территорияны алып жатты. Қытай деректерінің бірінде “Жужандардың отаны ұлы құм дала Гоби болды” десе, екінші бірінде “олар Гоюиде қыстап, жазды Хингай тауларында өткізетін” делінеді. Қалай болғанда да жужандар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жужан Қағанаты Қытайдың солтүстігіндегі мемлекеттермен бірқатар соғыстар жүргізді. 425 жылдан бастап Юань Вэй мемлекетінің императоры Тоба Дао Жужан Қағанатына қарсы соғыс ашады.
Осы кезеңдерде жужандарға қарсы гаогюй тайпалары көтеріліп, жужандарды әлсіретті. Алайда, Уди қаған тұсында жужандар Қытайдың солтүстігіндегі шекараларына қайтадан шабуыл жасады. 6 ғасырдың ортасында билеуші топтардың өзара тартысы салдарынан Жужан Қағанаты құлдырай бастайды. Жужандардың вассалы көк түркілер (ашина тайпасы) күшейіп, аймақтағы саяси күшке айнала бастады. Ашина тайпасының көсемі Бумынға Юань Вэй мемлекеті 545 ж. елші жіберіп, одақтастық шарт жасасады. Осы жыл Түркі қағанатының құрылған жылы болып есептеледі. 546 жылы бұрын Жужан Қағанатына бағынып келген теле тайпасы да Түркі қағанатына қосылады. Күшейіп алған түркілер 552 жылы Жужан Қағанатына жойқын шабуыл жасады. Жужан Қағанатының соңғы қағаны Анахуан (кейбір деректерде Анағұй) түркілерден тас-талқан болып жеңіліп, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Жужандардың аман қалған бөлігі батысқа қарай үдере көшті. Түркі әскерлерінің қолбасшысы Истеми (Істемі) оларды Каспий теңізінен әрі қуып тастайды. Жужандар Еуропа тарихшыларының деректерінде “аварлар” деп аталып, Дунай мен Солтүстік Кавказды қоныстанады. Түркі қағанаты мен Византия империясы арасындағы қарым-қатынастарда аварлар мәселесі үнемі дау туғызып отырған; қысқаша Авар қағанаты, Аварлар.
## Сілтеме |
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
## Өмірбаяны
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер мен аспаптану пәнінен сабақ берді.
## Шығармашылығы
Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А.Қ.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті.
Бұл ретте, Ахмет Қуанұлы адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын нақтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды. Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кабинет, музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану секторы, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет жөне өнер институтының музыка бөлімі, Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақтың мемлекеттік филармониясы, Қазақ консерваториясы, ондағы халық аспаптары кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы А.Қ.Жұбанов болды. Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала болып, құнарлы арналарға ұласады.
А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң көнігі әнші-күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдессіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.
Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.
А.Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени рухани шежіресіндегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады.
## Марапаттары
А. К. Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болған. Ленин орденімен, және тағы басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.
## Естелік
Алматы қаласының көшелерінің біріне, Республикалық музыкалық мектеп-интернатқа Жұбанов есімі берілген. Ақтөбедегі музыка колледжі, көшелер А. К. Жұбанов есімінде. Өзі ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасында ескерткіш тақта орнатылған.
2006 жылы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына орай Ғ. Жұбанова атындағы облыстық Филармония ғимаратының алдында композиторға арнап үлкен ескерткіш орнатылмақ. Ескерткіш авторлары — Ескен Аманжолұлы Сіргебаев пен Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев, архитектор — Женсен Айнабеков. Қоладан жасалған ескерткішті гранит плиткасымен қапталған тұғырға орнатады.
### Ахмет Жұбанов туралы фильм
2006 — «Ахмет Жұбанов» режиссері: Қ.Умаров. Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
## Дереккөздер |
Жұбанов Қайыр Ахметұлы (29.7.1935 жылы туған, Ақтөбе облысы, Темір ауданы) – ғалым, техникалық ғылым докторы (1981). профессор (1983), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1989).
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
Мәскеу мұнай институтын бітірген (1958). 1958 – 69 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтының аға лаборанты, кіші және аға ғылым қызметкері, 1969 – 76 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Органикалық катализ және электрхимия институтында лаборатория меңгерушісі болды. 1976 жылдан ҚазМУ-дың катализ және техникалық химия кафедрасының меңгерушісі, сонымен бірге 1992 жылдан ҚазМУ-дің жанындағы Жаңа химиялық технология мен материалдар ғылыми-зерттеу интитутының директоры. Жұбановтың негізгі ғылым зерттеулері мұнайды өңдеу мен мұнай химиясына, органикалық синтезге арналған. Жұбанов майларды өңдеудің, жуғыш заттар мен парфюмериялық-косметикалық препараттар, жанар және жағар бұйымдарды алудың жаңа технологияларын зерттеді. Органикалық және бейорганикалық реакцияларға арналған тиімді өнеркәсіптік катализаторларды жасады. Органикалық және бейорганикалық шикізат негізінде дәрілік препараттарды алды. Шағын зауыттарда балық майын, ланолин, антисептик, таза медициналық тұз, валидол, салицил қышқылын, сахарин, сорбиттерді, т.б. алу технологиясын жасады. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).
## Шығармалар
Гидрирование растительных жиров, А.-А., 1972 (соавт.); Катализаторы гидрогенизации, А.-А., 1975 (соавт.); Моделирование и оптимизация промышленных реакторов с неподвижным слоем катализатора, А., 1998 (соавт.); Металлокомплексные катализаторы с фосфорсодержащими лигандами, А., 2000.
## Сілтеме |
Жусандала – көне қамал орны. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1946 жылы ғалым Н.И. Суворов қамал орнынан археология заттар жинады. Ошақ орындары мен көмбелерден алынған бұйымдардың ішінде арпа, тары секілді дәнді дақылдардың барлығы анықталды.
## Дереккөздер |
Ғазиза Жұбанова (1927-1993) — сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы.
## Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін (1949), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957), профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген.
1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 1987 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор), 1962 – 1968 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды.
## Шәкірттері және сипаттамасы
Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді.
## Шығармашылығы
Жұбанованың шығармашылығына әкесі А.Қ. Жұбанов ықпал етті. Әкесінің аяқталмай қалған “Құрманғазы” радиооперасын қызы аяқтаған (1970). Жұбанованың өзі – “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981) операларының, “Аққұс туралы аңыз” (1966; Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1970), “Хиросима” (1966), “Қарагөз” (1990) балеттерінің, “Жігер”, “Ақсақ құлан” симфония поэмаларының, “Даладағы таң нұры” (1960), “Мұхтар Әуезов туралы аңыз” (1965), “Батырлық поэмасы” (1972) сынды ораториялық шығармалардың, “Адам, адамды аяла”, “Әйелдер аралы”, “Арал шындығы”, “Татьянаның хаты” атты вокальдық-симфониялық шығармалардың, скрипка мен фортепианоға жазылған “Элегия”, “Вариациялар”, “Поэма” прелюдияларының, “Жалғыз емен”, “Боран” атты a’capella хорлардың, инструменталдық пьеса, камералық шығармалар, поэмалар мен квартеттер, фантазия, т.б. көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ ол Қазақ драма театрының репертуарынан берік орын алған “Жалғыз ағаш орман емес” (Ә.Тәжібаев, 1958), “Бөлтірік бөрік астында” (Қ.Мұхамеджанов, 1959), “Замана осылай басталады” (З.Шашкин, 1960), “Құдағи келіпті” (Қ.Мұхамеджанов, 1961), “Абай” (М.Әуезов, 1962), “Ана – Жер-ана” (Ш.Айтматов, 1964), “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов, 1967) қойылымдарына музыка жазған. “Қорқытпа мені дауылдан” романсы, “Ақ сәуле”, “Толқын жел”, “Сенімді дос – ол да бақыт”, “Көктем вальсі”, “Жыр жазамын жүрегімнен” әндері кең танымал болған.
## Марапаттары мен естелік
Қазақстан Мемлекет сыйлығы (1970), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1964) лауреаты. Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
Алматы көшелерінің біріне Жұбанованың есімі беріліп, тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған. |
Жұмабеков Төлеген Әлтайұлы (13.8.1938 жылы туған, Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылы) – ғалым, медицина ғылым докторы (1991), профессор (1993).
## Биографиясы
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Мәскеу педиатрия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1970) бітірген. 1964 – 67 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Энгельс учаскелік ауруханасының бас дәрігері, ауданның бас хирургі (1967) болып жұмыс істеді. 1970 – 88 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, доценті, 1988 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының балалар анестезиологиясы-реаниматологиясы және хирургиясы кафедрасының меңгерушісі. Жұмабековтің негізгі ғылыми еңбектері балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясын зерттеуге арналған. Ол балалардың басы жарылып, миы зақымданған кезде және ауыр жарақаттан кейін бүйректің қалыпты жағдайда қызмет атқаруын интенсивті терапиямен емдеудің ұтымды тәсілдерін ұсынды. Балалардың өкпе ауруын емдегенде, олардың қанын ультракүлгін сәуледен өткізіп, өздеріне қайта құюдың тиімді екенін дәлелдеді. Жұмабеков республикадағы балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы дамуына елеулі үлес қосты.
## Наградалары
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999).
## Шығармалар
* Реанимация и интенсивная терапия. В кн.: Тяжелая черепно-мозговая травма у детей, Л., 1982 (соавт.);
* Применение реинфузии ультрафиолетом облученной собственной крови в детской пульмонологической практике (Материалы 2-го Международного конгресса пульмонологов Центральной Азии), А., 1996.
## Сілтеме |
Жуанқұм – Алматы облысы Балқаш ауданында орналасқан құмды алқап.
## Географиялық орны, жер бедері
Құланбасы тауының солтүстік-батысында, Мойынқұм және Сарытауқұм құмдарының аралығында жатыр. Солтүстік-батысында Құмбасы құмды алқабымен шектеседі. Аумағында Сасық бұлағы, сонымен қатар Ақдала алқаптарын суғаратын коллекторлар орналасқан. Жер бедері түгелдей құм шағылдар мен төбешіктерден құралған.
## Дереккөздер |
Абдолла Жұмағалиев (03.04.1915, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жосалы ауылы – 1941, 26 қазан) - ақын.
* 1934 – 36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті)
* 1936 – 38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған.
* 1938 – 39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы
* 1939 – 41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған.
* 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан).
## Ол туралы
Жұмағалиевтың ерлігіне арнап Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды (1943).
## Шығармашылығы
Жұмағалиевтың алғашқы өлеңі
* “Біздің еңбек” альманағында (Орал, 1934) жарық көрген.
1936 – 41 жылдары шығармалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды.
* “Токиодағы дауыс”
* “Шығыс қызы”
* “Асан туралы аңыз” атты поэмаларында жастық шақ, адамгершілік, достық, бақыт, Отан тақырыбын көтеріңкі шабытпен жырлады.
Шет ел әдебиетінен Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл шығармаларын қазақ тіліне аударды. Кейін ақынның әдеби мұралары
* “Таңдамалы өлеңдер” (1945)
* “Өшпес жалын” (1962)
* “Өлмес өмір дастаны” (1985) атты жинақтарында жарияланды.
## Жазған шығармаларынан
Абдолла:
- дейді. Бұл шумақ Абайдың«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?..» деп келетін өлеңін еске тұсіреді. Және бір мысал:
(«Келер ұрпаққа») шумағының соңғы екі тармағындағы түйін Абайдың:
- деген кемел ойына үндеседі.
## Дереккөздер |
Болат Нұретдинұлы Жұмаділов (1973 жылы туылған, Жетібай ауылы, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000), әуесқой бокстан әлес чемпионы (1999), Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (1996,2000).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Бокспен 12 жасынан бастап айналысқан. 1990 – 97 жылдары аралығында Қазақстанның, ТМД елдерінің (1992) чемпионы.
Алғашқы жаттықтырушысы Ф.Цой болды (Тараз қаласы). Орталық Азия ойындарының (1995, 1997), 2-ші Шығыс Азия ойындарының (1997, Пусан, Корея) чемпионы. Жұмаділов Дүние жүзі чемпионаттарының (1995 жылы, Берлин, Германия, 1997 жылы, Будапешт, Венгрия) қола, 26-Олимпиада ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) күміс және Дүние жүзі чемпионатының (1999, Хьюстон, АҚШ) алтын, 27-Олимпиада ойындарының (2000, Сидней, Австралия) күміс жүлдегері. “Құрмет” орденімен марапатталған.
## 1993 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
## 1995 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
## Атлантадағы Олимпиада ойындары
## 1997 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
## 1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
## Сиднейдегі Олимпиада ойындары
## Сілтеме
* Қазақ тіліміз көркейе берсін Мұрағатталған 19 маусымның 2021 жылы.
## Дереккөздер |
Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов (1936 жылы 1 қараша БҚО Бөкей ордасы ауданы - 2015 жылы 17 тамыз Алматы) — көрнекті композитор, музыка педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1990). Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері (1983). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1970).
## Толығырақ
* Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов 1936 жылы 1 қараша БҚО Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.
* 1965 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын Қазақ ССРнің халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Евгений Брусиловскийдің классын бітірген.
* 1964 – 65 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында музыкалық редактор
* 1965 – 66 жылдары “Мектеп” баспасы музыка редакциясының меңгерушісі болған.
* 1966 – 98 жылдары Алматы консерваториясында дәріс берді (1997 жылдан профессор).
* 1973 – 84 жылдары Қазақстан композиторлар одағы төрағасының орынбасары, КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі
* 1984 – 87 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры
* 1991 – 98 жылдары Қазақстан композиторлар одағының 1-хатшысы қызметтерін атқарды.
* 1998 жылдан дербес зейнеткер.
## Шығармашылығы
* “Махамбет” операсы (1990)
* “Жер” (1967),
* “Отан туралы кантата” (1972)
* “Мерекелік шеру” (1980)
* “Достық” (1980)
* “Кең-байтақ отаным менің” (1988) кантаталары
* “Халқым туралы поэма” (1969)
* “Кек әні” (1978) вокальды-симф. поэмалары
* “Дала” (1976) симф. картинасы
* “Қуаныш” (1980) симфониялық күйі, симфониялық оркестрге арналған екі сюитасы (1985, 1987)
* “Айтыс” (1972) атты вокальды-хореографикалық композициясы
* “1731 жыл” атты поэма-симфониясы (1987), көптеген ән-романстары қазіргі заманғы отандық кәсіби музыканың дамуына қосылған елеулі үлес болып саналады, сондай-ақ ол бірнеше спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазған. Жұманиязов шығармалары жоғары көркемдігімен, ұлттық үн бояуымен ерекшеленеді.
## Марапататры
* 1970 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
* 1983 жылы Қазақ ССРнің еңбегі сіңген өнер қайраткері құрметті атағы
* 1986 жылы СССРдің "Халықтар Достығы" Ордені
* 1987 жылдан профессор
* 1990 жылы Қазақ ССРнің халық артисі құрметті атағы
* 1999 жылы тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік нагарадасы Парасат ордені мен марапатталды.
* Орал қаласының құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Евгений Нуриұлы Жұманов (9 шілде 1964 жылы туған, Павлодар қаласы) – актер.
## Өмірбаяны
* Шығармашылық қызметі Павлодар орыс драма театры сахнасынан басталған (1986). Алғашқы ойнаған рөлдері: Ромео (У.Шекспирдің “Ромео мен Джульеттасында”), Федотик (А.П. Чеховтың “Апалы-сіңлілі үшеуінде”).
* 1988 – 89 жылдары Орал орыс драма театрында актер.
* 1989 – 96 жылдары Республика орыс драма театрында өнер көрсетті.
* 1996 жылдан Республика орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
## Рөлдері
* Калигула (А.Камюдің “Калигуласында”, Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1993)
* Тихон (А.Островскийдің “Найзағайында”)
* Клод Фроло (В.Гюгоның “Париж Құдай – Ана соборында”)
* Жорден (М.Булгаковтың “Жармес Жорденінде”)
* Сольери (А.С. Пушкиннің “Моцарт пен Сольериінде”)
* Хосе (П.Мерименің “Карменінде”), т.б. рөлдер көпшілік көңілінен шықты.
* “Тоғысқан тағдырлар” теледидарлық сериалында Шамиль Байжанов рөлін сомдады (1995 – 2000).
## Дереккөздер |
Хамза Жұматов (15 қазан 1912, Ақбеттау ауылы, Баянауыл ауданы, Семей облысы – 26 мамыр 1972, Алматы) – ғалым, вирусолог-эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы (1954), профессор (1959), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960).
## Өмірбаяны
1912 жылы 15 қазанда Ақбеттауда Жұмат Досқараұлы отбасында дүниеге келген, алты жылдан кейін бауыры – Ғаббас (1918-2018) дүниеге келді, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Брест бекінісін қорғауға қатысқан. Орта жүздегі Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол руынан шыққан.
Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1937). 1937 – 44 жылдары Алматы мемл. медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетті) дәрігер-ординатор, аспирант, ассистент, доцент болды. 1944 – 47 жылдары Бүкілодақтық эксперименттік медицина институтында аға ғылым қызметкер, КСРО Медицина Ғылым Академиясының Вирусология институтының докторанты, 1947 – 50 жылы осы академияның Эксперименттік медицина институтында (Ленинград) аға ғылым қызметкер, 1951 – 72 жылы ҚазКСР Денсаулық сақтау министірінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) ғылыми жетекші және Қазақстан Ғылым Академиясының Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі болды. 1961 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының (ЖАК) мүшесі болды. Негізгі ғылыми еңбектері вирустардың молекулалық биологиясы мәселелерін зерттеуге арналған. Жұматовтың жетекшілігімен тұмау вирустарының штаммдары бөлініп алынып, жеке зерттелді. Ол тұмау вирустарынан, полиомиелит ауруларынан вакцина егу арқылы сақтанудың әдістерін ұсынды. Жұматов тұмау вирусын, адам және жануарларда ауру тудыратын вирустардың рибонуклеин қышқылдарын, жұқпалы гепатит ауруын, өсімдіктердің вирустық кеселдерін зерттеді. Жұматов 1-Халықаралық жұқпалы аурулары патологиясы конгресінде (Франция, Лион, 1956) француз тілінде, 1-Халықаралық Африка – Азия дәрігерлерінің конгресінде (Мысыр, Каир, 1964) баяндамалар жасады. Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1974). 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдермен марапатталған. Жұматовқа Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығында ескерткіш тақта орнатылған.
## Шығармалар
* Инфекционный гепатит, А.-А., 1962;
* Инфекционные рибонуклеиновые кислоты вирусов животных и человека, А.-А., 1967;
* Молекулярная биология миксовируса гриппа, А.-А., 1972.
## Дереккөздер |
Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков (29 қараша 1948, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы Майшұңқыр ауылы) – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996).
## Өмірбаяны
* Қазақ драма театры жанындағы студияны бітірген (1968).
* Сол кезден бастап Қарағанды драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Осы театрда тұңғыш ойнаған рөлі – Б.Жәкиевтің “Әке тағдыры” спектакліндегі Жеңісбек (1968). Жұмабеков комедиялық және драмалық рөлдерді шебер сомдауымен ерекшеленді. Олардың қатарында Қозы мен Жантық (Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлуында”), Жапал, Нарша (М.Әуезовтің “Еңлік – Кебегі” мен “Қарагөзінде”), Жан (О.Бөкеевтің “Құлыным меніңінде”), Ғани (А.Сатаевтың “Жас қайраты елімніңінде”; “Жігер” шығармасы жастар фестивалінің сыйлығы, 1980), Жан, Райымов (Б.Мұқайдың “Сергелдеңге салған серілері” мен “Дүние кезегінде”), Ақжігіт (М.Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Борис Григорьевич (А.Н. Островскийдің “Найзағайында”), Малькольм (У.Шекспирдің “Макбетінде”), т.б. бар.
## Шығармалары
* Жұмабеков драматург ретінде де танымал. “Замана неткен тар едің” (Абайдың 150 жылдығына арналған республика байқаудың арнайы жүлдесі, 1995), “Қаз дауысты Қазыбек”, “Ата парызы” пьесалары Қарағанды, Батыс Қазақстан облысы театрларында қойылды.
## Марапаттары
* С.Жүнісовтің “Өліара” спектакліндегі Ленин рөлі үшін Жұмабековке Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді (1986).
* Абайдың 150 жылдығына арналған республика байқаудың арнайы жүлдесі, 1995.
## Дереккөздер |
Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 - 05.04.2021) — жазушы, Қазақстанның халық жазушысы.. Лақап аты – Қ. Күдерин.
## Өмірбаяны
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.
Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
## Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері
* 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.
* 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.
* 1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.
* 1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.
* 1954-жыл. Үрімшіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.
* 1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.
* 1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде оқыды.
* 1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
* 1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.
* 1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.
* 1965-жыл. Өзімен тағдырлас Самал Әукенқызына үйленді.
* 1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.
* 1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.
* 1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.
* 1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.
* 1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.
* 1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.
* 1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
* 1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.
* 1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.
## Шығармалары
* «Жас дәурен». Өлеңдер жинағы: «Жазушы».— Алматы, 1966.
* «Қаздар қайтып барады». Әңгімелер жинағы: «Жазушы», 1968.
* «Көкейкесті». Роман. «Жазушы», 1969.
* «Зов» — «Көкейкесті» романының орысшасы: «Жазушы», 1972.
* «Соңғы көш». Роман, І-кітап: «Жазушы», 1974.
* «Бақыт жолында». Роман, әңгімелер: «Жазушы», 1976.
* «Саржайлау». Повестъ, әңгімелер: «Жазушы», 1978.
* «Последнее кочевье» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Орыс тілінде: «Жазушы», 1980.
* «Соңғы көш». Роман-дилогияның екінші кітабы: «Жазушы», 1981.
* «Шарайна». Роман. повесть, әңгімелер: «Жалын», 1982.
* «Көштен соңыра» - «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Түрік тілінде: Стамбул, 1983.
* «Сәйгүліктер». Повестер топтамасы. «Жазушы», 1984.
* «Атамекен». Роман. «Жалын», 1985.
* «Тағдыр». Роман. «Жазушы», 1988.
* «Екі томдық таңдамалы шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989.
* «Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992.
* «Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994.
* «Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша аудармасы; «Жалын», 1996.
* «Дарабоз». Тарихи романның екінші кітабы: «Жазушы», 1996.
* «Соңғы көш». Роман-дилогиясы көп жылдан кейін бірінші рет қайта басылды: «Жазушы», 1998.
* «Дарабоз». Тарихи роман-дилогия. Орыс тілінде: «Сөздік», 1999.
* «Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999.
* «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999.
Жұмаділов шығармалары көптеген шет ел тілдерінде, соның ішінде орыс, украин, беларусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жарық көрген. Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1990).
## Дереккөздер
## Еренсілтемелер
* Қабдеш Жұмадiлов: Ынсап жоқ жерде ұят та болмайды Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Диктатордың ажалы. Әңгiме-эссе Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Жазушы туралы(қолжетпейтін сілтеме) |
Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев (25 ақпан 1956 жылы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.
## Өмірбаяны
### Балалық шағы
Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы Қызылорда облысындағы Шиелі қыстағында дүниеге келген. Асқар Жұмаділдаевтың арғы атасы Шоң өңірге белгілі адам болған. Шоңның Сырдария өзенінің бойындағы Көтентоғай жерде үлкен үйі болған екен және болыс қызметін атқарған. Күштеп ұжымдастыру кезінде Шоңның ұрпақтары құғын-сүргінге ұшырайды да, барлық мүлкі кәмескеленеді. Асқардың атасы Жұмаділдә бала-шағасын алып, Өзбекстанға қашуға мәжбүр болады. Жұмаділдә және оның жанұясы күн көру үшін түрлі қара жұмыстар жасауға тура келеді. Кейінрек Сталин қайтыс болғаннан кейін Жұмаділдә Қызылорда облысына қайтып келеді. Алайда, Жұмаділдәның Өзбекстанда туған немерелерінің барлығының ғұмыры қысқа болады. Қазақстанға қайтып келгеннен кейін туған алғашқы немересі Асқар Жұмаділдаев екен. Қазақтың дәстүріне сәйкес, Жұмаділдә Асқарды өзінің бауырына басып алады. Асқар Жұмаділдаев 1962 жылы №299 темiржол төртжылдық бастауыш мектебiне, 1966-69 жылдары №45 Октябрьдiң 14 жылдығы атындағы қазақ орта мектебiнде білім алады. Кейінрек 1970-72 жылдары Алматыдағы №56 Сатпаев атындағы физика-математика мектеп-интернатында оқыды. Кейiн физика-математика кластары негiзiнде жаңа мектеп ғимараты салынып, Республикалық физика-математика мектебi болып қайта құрылды. Мектепте жүргенiнде талай қалалық, республикалық және бүкiлодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанды.
### Еңбек жолы
1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Ол – 12-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
### Ғылыми дәрежелері
* 1981 ж. - физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Мәскеу)
* 1988 ж. - физика - математика ғылымдарының докторы (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Ленинград бөлімі). Тақырыбы: Оң характеристикалы Ли алгебраларының когомологиялары және оның қолданылулары. Ғылыми жетекшісі: Алексей Кострикин
* 1990 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
* 1995 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
* 2 004 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
### Шетелден алған шақыртулары
* 1988 – Гамбург университеті (2 ай)
* 1995-1996 – Мюнхен университеті (18 ай)
* 1997, 1998, 1999 – Бильфельд университеті (4 ай)
* 1997 – Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай)
* 1998, 2001, 2002, 2003 – Теориялық физиканың халықаралық орталығы, Триест, Италия, (9 ай)
* 1998, 1999 – Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай)
* 1999 – Киото университеті, Жапония (1 ай)
* 2000-2001, 2002, 2003 – Стокгольм университеті, Швеция (6 ай)
* 2000 – Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай)
* 2001 – Филдс институты, Торонто, Канада (1 ай)
* 2001, 2002, 2003, 2005 – Жоғарғы ғылыми зерттеулер институты, Бюр-сюр-Иветт, Франция (5 ай)
* 2002 – Эрвин Шрёдингер атындағы Математикалық физика халықаралық институы, Вена, Австрия, (1 ай)
* 2005 – Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн, Германия (3 ай)
## Марапаттары мен гранттары
Асқар Серқұлұлының ғылыми қызығушылықтары әралуан: Ли алгебраларының теориясы, ассоциативті емес алгебралар теориясы және комбинаторика. Жүз жылдан астам бұрын Софус Ли екі векторлық өрістің композициясы міндетті түрде векторлық өріс болмайтынын, бірақ олардың коммутаторы векторлық өріс болатынын байқады. Бұл қағидат Ли алгебралары мен Ли топтары теориясының негізін құрайды. Асқар Жұмаділдаев Ли құрылымы көпөлшемді жағдайға да жалпыланатынын байқады. Егер n-өлшемді көпбейнедегі векторлық өрістердің саны n+1 саны квадратынан үшке ауытқитын болса, онда ((n+1)^2-3)- векторлық өрістің кососимметриялық қосындысы қайтадан векторлық өріс болады. Софус Лиден кейін 150 жыл өткен соң ашылған осы тамаша жаңалық, Ли алгебраларының көпөлшемді нұсқалары геометрия мен физикада мүмкін екенін және олардың болашақта ашылар жаңалықтардың қайнар көзі болатынын көрсетеді.
Автор жетістігі тақырыбына немес проблемасына қатысты әлемде немесе қазақстандық 3-тен кем емес авторларды тізіңіз және олардың байланыстығын ашып жазыңыз; (яғни кімдер айналысқан, қалай айналысқан, қандай еңбектері бар)Джекобсон кез келген Ли модулярлы алгебрасының жіктелмейтін модулі бар екенін дәлелдеген. Селигман кез келген модулярлы ақырлы өлшемді Ли алгебрасының ноль емес, когомологиялы модулі бар екені туралы гипотеза жасайды. Асқар Жұмаділдаев Селигманның гипотезасының дұрыстығын дәлелдейді. Оның нәтижелері сонымен бірге, Ли модулярлы алгебраларының когомологиясы анағұрлым күрделірек құрылғанын және зерттеуге қиынырақ екенін танытты.
## Қызықты деректер
* Қазақстан тәуелсiздiгi деклорациясын, Қазақстан тәуелсiздiгi туралы заңды, Қазақстанның тұңғыш конституциясын, тұнғыш мемлекеттiк рәмiздерді қабылдаған депутаттардың бірі
* "Болашақ" бағдарламасы туралы Президентке ұсыныс айтқан
* Қазақстан конституциясында Қазақстан президентi қазақ тiлiн жетiк меңгеру керек деген ұсынысты алғашқы рет енгізген
* Тұңғыш Қазақстан Президентiнiң жалақысын есептеген
## Selected Publications
* Dzhumadildaev A.S., Yeliussizov D. Walks, partitions, and normal ordering // Electronic J. Combin., 22(4)(2015), \#P4.10, 23 pages.
* Dzhumadildaev A.S., Yeliussizov D. Path decompositions of digraphs and their applications to Weyl algebra // Advances in Applied Mathematics. – 2015. – V. 67. – P. 36-54.
* Dzhumadildaev A. S., Ismailov N. A. S-n- and GL(n)-module structures on free Novikov algebras // Journal of Algebra. – 2014. – V. 416. – P. 287-313.
* Dzhumadildaev A.S. 2p-Commutator on differential operators of order p // Letters in Mathematical Physics. – 2014. – V. 104, No.7. – P. 849-869.
* Dzhumadildaev A.S., Omirov B.A., Rozikov U.A. On a class of evolution algebras of "chicken" population // International Journal of Mathematics. – 2014. – V. 25, No.8. – P. 849-869.
* Dzhumadildaev A.S., Yeliussizov D. Stirling permutations on multisets // European Journal of Combinatorics. – 2014. – V. 36. – P. 377-392.
* Dzhumadildaev A.S. The Dynkin theorem for multi linear Lie elements // Journal of Lie Theory. – 2013. – V. 23, No.3. – P. 795-801.
* Dzhumadildaev A.S. , D. Yeliussizov Power sums of binomial coefficients // J. Integer Seq.V. 16-2013, art. 13.1.4
* Dzhumadildaev A.S., Zusmanovich P. The alternative operad is not Koszul // Experimental Mathematics. – 2011. – V. 20, No.2. – P. 138-144.
* Dzhumadildaev A. S. Worpitzky identity for multipermutations // Mathematical Notes – 2011. – V. 90, No.3. – P. 448-450.
* Dzhumadildaev A.S. Lie expression for multi-parameter Klyachko idempotent // Journal of Algebraic Combinatorics. – 2011. – V. 33, No.4. – P. 531-542.
* Dzhumadildaev A.S. Codimension growth and non-Koszulity of Novikov operad // Communications in Algebra. – 2011. – V. 39, No.8. – P. 2943-2952.
* Dzhumadildaev A.S. Jordan elements and left-center of a free Leibniz algebra // Electronic Research Announcements in Mathematical Sciences. – 2011. – V. 18, – P. 31-49.
* Dzhumadildaev, N. Ismailov, K. Tulenbaev Free bicommutative algebras(қолжетпейтін сілтеме) // Serdica Math, V. 37-2011- pp. 25–44.
* Dzhumadildaev A.S., Zusmanovich P. Commutative 2-cocycles on Lie algebras // Journal Of Algebra. – 2010. – V. 324, No.4. – P. 732-748.
* Dzhumadildaev A.S. On the Hesse-Muir formula for the determinant of the matrix A (n-1) B (2) // Mathematical Notes. – 2010. – V. 87, No.3. – P. 428-429.
* Dzhumadildaev A.S. MacMahon's theorem for a set of permutuations with given descent indices and right-maximal records // Electronic Journal of Combinatorics. – 2010. – V. 17, No.1. – R34.
* Dzhumadildaev A.S. Anti-commutative algebras with skew-symmetric identities // Journal of Algebra and its Applications. – 2009. – V. 8, No.2. – P. 157-180.
* Dzhumadildaev A.S. 10-commutators, 13-commutators and odd derivations // Journal of Nonlinear Mathematical Physics. – 2008. – V. 15, No.1. – P. 87-103.
* Dzhumadildaev A.S. q-Leibniz algebras // Serdica Math. J., V.34 - 2008, 415-440.
* Dzhumadildaev A.S. Algebras with skew-symmetric identity of degree 3 // J.Math. Sci, V.161-2009- No.1, p. 11-30
* Dzhumadildaev A.S., K.M. Tulenbaev Exceptional 0-Alia Algebras // J. Math. Sci., V.161-2009- No.1, p. 37-40.
* Dzhumadildaev A.S. The n-Lie property of the Jacobian as a condition for complete integrability // Siberian Mathematical Journal. – 2006. – V. 47, No.4. – P. 643-652.
* Dzhumadildaev A.S., Tulenbaev K.M. Engel theorem for Novikov algebras // Communications in Algebra. – 2006. – V. 34, No.3. – P. 883-888.
* Dzhumadildaev A.S. n-Lie structures that are generated by Wronskians // Siberian Mathematical Journal. – 2005. – V. 46, No.4. – P. 601-612.
* Dzhumadildaev A.S. Zinbiel algebras under q-commutator // Fundamental and Applied Math. V.11-2005- No.3, 57-78.
* Dzhumadildaev A.S., Tulenbaev K.M. Nilpotency of Zinbiel algebras // Journal of Dynamical and Control Systems. – 2005. – V. 11, No.2. – P. 195-213.
* Dzhumadildaev A.S. Hadamard invertible matrices, n-scalar products, and determinants // Mathematical Notes. – 2005. – V. 77, No.3. – P. 440-443.
* Dzhumadildaev A.S. Special identity for Novikov-Jordan algebras // Communications in Algebra. – 2005. – V. 33, No.5. – P. 1279-1287.
* n-Lie Structures That Are Generated by Wronskians //Sibirskii Matematicheskii Zhurnal, V.46-2005, No. 4, pp. 759–773, 2005 =engl. transl. Siberian Mathematical Journal, {\bf 46}(2005), No.4, pp. 601 – 612= Preprint available math.RA/0202043
* Dzhumadildaev A.S. Representations of vector product n-Lie algebras // Communications In Algebra. – 2004. – V. 32, No.9. – P. 3315-3326.
* Dzhumadildaev A.S. N-commutators // Commentarii Mathematici Helvetici. – 2004. – V. 79, No.3. – P. 516-553.
* Dzhumadildaev A.S., K.M. Tulenbaev Filiform Leibniz dual algebras // International Conference Humboldt-Kolleg II, october 24-16, 2004, p. 62-63.
* Dzhumadildaev A.S. Novikov-Jordan algebras // Communications In Algebra. – 2002. – V. 30, No. 11. – P. 5207-5240.
* Dzhumadildaev A.S. Identities and derivations for Jacobian algebras//“Quantization, Poisson brackets and beyond",Contemp. Math. v.315, 245-278, 2002. Preprint available math.RA/0202040
* Dzhumadildaev A.S., C. Lofwall Trees, free right-symmetric algebras, free Novikov algebras and identities // Homology, Homotopy and Applications, V. 4-2002, No.2(1), 165-190.
* Dzhumadildaev A.S. Jacobson formula for right-symmetric algebras in characteristic p // Communications In Algebra. – 2001. – V. 29, No.9. – P. 3759-3771.
* Dzhumadildaev A.S., Abdykassymova S.A. Leibniz algebras in characteristic p // Comptes Rendus de L Academie des Sciences Serie I-Mathematique. – 2001. – V. 332, No. 12. – P. 1047-1052.
* Dzhumadildaev A.S., Davydov A.A. Factor-complex for Leibniz cohomology // Communications In Algebra. – 2001. – V. 29, No. 9. – P. 4197-4210.
* Dzhumadildaev A.S. Minimal identities for right-symmetric algebras // Journal of Algebra. – 2000. – V. 225, No.1. – P. 201-230.
* Dzhumadildaev A.S., A.I. Kostrikin Modular Lie algebras: new trends // Algebra (Proc. Kurosh Conf. may, 1998), Walter de Gruyter, p. 181-203, 2000.
* Dzhumadildaev A.S. Cohomologies of colour Leibniz algebras: pre-simplicial approach // Lie Theory and its Applications III, (Clausthal, 11-14 july 1999), World Sci., 124-136, 2000.
* Dzhumadildaev A.S. Cohomologies and deformations of right-symmetric Algebras // J.Math. Sci, V. 93-1999, No. 6, 1836-1876. Preprint available math.DG/9807065.
* Dzhumadildaev A.S. Symmetric (co)homologies of Lie algebras // Comptes Rendus de l'Académie des Sciences - Series I - Mathematique. – 1997. – V. 324, No. 5. – P. 497-502.
* Dzhumadildaev A.S. Cosmologies and deformations of semiprime sum of Lie algebras // Doklady Akademii Nauk. – 1997. – V. 355, No. 5. – P. 586-588.
* Dzhumadildaev A.S. Virasoro Type Lie algebras and deformations // Zeitschrift für Physik C-Particles and Fields.¬ – 1996. – V. 72, No. 3. – P. 509-517.
* Dzhumadildaev A.S. Odd central extensions of Lie superalgebras // Functional Analysis and its Applications. – 1995. – V.29, No.3. – P.202–204.
* Dzhumadildaev A.S. Differentiations and central extensions of Lie algebra of formal pseudo-differential operators // Algebra i Analis, {\bf 6}(1994), No.1, p. 140-158=engl.transl. St.Petersbourg Math.J. {\bf 6}(1995), No.1, p. 121-136.
* Dzhumadildaev A.S. Central extensions of infinite-dimensional Lie-algebras // Functional Analysis and its Applications. – 1992. – V. 26, No.4. – P.247–253.
* Dzhumadildaev A.S. Cohomology of truncated coinduced representations of Lie-algebras of positive characteristic // Mathematics of the USSR-Sbornik. – 1990. – V. 66, No.2. – P.461–473.
* Dzhumadildaev A.S. Integral and mod p-cohomologies of the lie-algebra W1 // Functional Analysis and its Applications. – 1988. – V. 22, No.3. – P. 226–228.
* Dzhumadildaev A.S. On a Levi theorem for lie-algebras of characteristic-p // Russian Mathematical Surveys. – 1986. – V. 41, No.5. – P. 139–140.
* Dzhumadildaev A.S. 2-cohomologies of nilpotent subalgebra of Zassenhaus algebra // Izvestiya vysshikh uchebnykh zavedenii Matematika. – 1986. – No.2. – P. 59– 61.
* Dzhumadildaev A.S. Central extensions of Zassenhaus algebra and their irreducible representations // Math.USSR Sb., V. 54-1986, p.;457-474.
* Dzhumadildaev A.S. Generalized casimir elements // Mathematics of the USSR-Izvestiya. – 1986. – V. 49, No.5. – P. 391–400.
* Dzhumadildaev A.S. Central extensions of the zassenhaus algebra and their irreducible representations // Mathematics of the USSR-Sbornik. – 1985. – V.126, No.3. – P. 457–474.
* Dzhumadildaev A.S. Simple Lie-algebras with a subalgebra of codimension one // Russian Mathematical Surveys. – 1985. –V. 40, No.1. – P. 215– 216.
* Dzhumadildaev A.S. On the cohomology of modular Lie-algebras // Mathematics of the USSR-Sbornik. – 1982. – V. 119, No. 1. – P. 127–143.
## Дереккөздер |
Жұмбақ Айтыс– айтыс жанрының бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа айтысы”, тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана.
Қыз бен жігіт қайымдасуларының енді бір тобында (“Қыз Болық пен Елентай айтысы”, “Есенбике мен Жылқышы айтысы”, “Ақдама мен Асан айтысы”, “Айқын қыз бен Жарылқасын қожа айтысы”, “Жүсіпбек қожа мен Шөкей қыз айтысы”, тағы басқа) айтыстың тоқтамды түйіні жұмбақ шешімдеріне келіп тіреледі. Мұнда жұмбақты қыз жағы бастап, жігіт шешуімен шектеледі де, ақыры қыздың дәстүрлі жол беруімен (жүзік, сақина, түйме, орамал – бір тоғыз) аяқталады. Жұмбақ арқылы айтысу ақындар айтысында кемелденіп, өзінің шырқау шыңына жеткен. Бұлардың бірсыпырасы (“Рахметжан мен Ыбырайдың айтысы”, тағы басқа) ғылым-білім, өнердің пайдасын паш етсе, енді бір тобы (“Нұржан мен Сапарғалидың айтысы”, тағы басқа) деректі заттар мен өмірдегі жаңалықтарды жұмбақ етеді.
“Әсет пен Ырысжанның жұмбақ айтысы” – әлеум.-қоғамдық маңызы, көркемдік сипаты жағынан шоқтығы биік шығарманың бірі. Мұндағы төрт жұмбақтың үшеуі адам, табиғат, тіршілік сырларын бейнелесе, ал қалған біреуі қазақ даласындағы ел билеуші әкімдердің жауыздық, зұлымдықтарын әшкерелеуге арналған. Ел билеуші әкімдерді аллегориялық тәсілмен суреттеу “Қожахмет пен Әбубәкір Кердерінің айтысында” да бар.
## Дереккөздер |
Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан.
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910–1913 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
Бірлік ұйымы жұмысына белсене араласып, Балапан қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
Алаш партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Үш Жүз партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919–1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, Шолпан, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы Қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы Еңбекші Қазақ газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды.
Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабаевқа” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен М.Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 жылы М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді .
## Мағжан шығармашылығы
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).
Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін М.Жұмабаев ұлт-азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Туған жерім – Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.).
Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды (“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”). Мағжан поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы М.Жұмабаев поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан” жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде:
, – деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт – Мағжанның түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.
Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді (“Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал”). Сондай-ақ, Мағжанның “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн – түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен жырлады.
Түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.
## Мағжантану ғылымы
Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпіледі, үстем болғысы келеді (“От”).
Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір ақын”). Ақын “Қорқыт” поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.
### Мағжан поэзиясы
Мағжан қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). М.Жұмабаев – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға Сенемін" болып табылады:Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!
Мағжан поэмалары
Мағжан қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. М.Жұмабаев поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.
Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).
Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.
Мағжан публицистикасы
Мағжан аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса М.Жұмабаев “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
## Қайтыс болғаннан кейін
Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Мағжан есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Мағжан шығармалары басылмай қала берді.
1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен М.Жұмабаев толығымен, біржола ақталды. Мағжан есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы М.Жұмабаев шығармаларымен жете таныса алмай келді.
Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандарының қолына тимеді. 1969 жылы Мағжанмен қызметтес, таныс болған адамдар Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын.
Бірақ Мағжанның шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Шөмішбай Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды.
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Мағжан Жұмабаев есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып аталды (2000).Мектеп оқушылары арасында жыл сайын республикалық Мағжан оқулары өтеді.
### Мағжан Жұмабаевтың мемориалдық мұражайы
Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабаев аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабаев атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м2.
### Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi
Мағжан Жұмабаев және Интернационал көшелерiнiң қиылысында орналасқан алаңда Солтүстiк Қазақстан жерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты, Суретшiлер одағының мүшесi Марат Әйнеков.
Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Мүсiнмен жұмыс iстегенде авторға Мағжанды көрген және жадында ұстаған ақынның жалғыз туысы — Ғадылша Қаһарманов көмек қылған. Оның кескiн-келбетi Мағжанға өте ұқсас. Ескерткiш 1993 жылы ақынның 100-жылдығына ашылған.
### Киношежіре
* 1990 — «Мағжан» режиссері: Қ.Умаров
Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанр: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
## Басылымдары
* Қазақтың көңіл күйі, өлең, “Үзік” жинағында, Орал, 1912;
* Шолпан, өлеңдер, Қазан, 1912;
* Өлеңдері, Қ.-О., 1922;
* Өлеңдері, Таш., 1923;
* Шығармалары, А., 1989;
* Таңдамалы, А., 1992;
* Шығармалар, 3 т., А., 1995.
* Жумабаев М. Стихи. Буклет. (К 100-летию поэта. Пер. на рус. Сост. К.Бакбергенов). Алматы: Жазушы, 1993.
* Магжан Жумабаев. «Пророк» (Стихи и поэмы в пер. на рус. Сост. Б. Канапьянов). Алматы: «Жибек Жолы», 2002. - 400 стр.
* Жұмабаев М. Адассам елім деп адастым. Өлеңдер. Я солнцем огненным рожден. Стихи / Мағжан Жұмабаев. – Алматы: RS, 2011. – 146 б. – каз., рус. – (Бірінші республикалық Мағжан өнер фестиваліне орай).
* Жұмабаев М. Батыр Баян. – Петропавл: «Полиграфия» АҚ, 2008. – 36 б.
* Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / Құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б.
* Жумабаев М. Исповедь / Пер. с каз. А.Кодара. - Петропавловск, 2011. - 376 с.
* Мағжан: әдеби-көркем көпшілік журнал. 2007.
* Нұрқатов А. 3 т. Идея және образ: әдеби-сын мақалалар. Шығармалар жинағы. – Алматы, 2010. – 416 б.
* Кәкімбек Салықов. «Мағжанға тағзым», 2008.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Мағжан Жұмабаев Әдебиет порталы сайтында
* Жүсіпбек Аймауытов: Мағжанның ақындығы туралы
* Мағжан Жұмабаев өлеңдері |
Жоңғар хандығы (ескі моңғол жазуы ᠵᠡᠭᠦᠨᠭᠠᠷᠤᠨᠬᠠᠭᠠᠨᠲᠣᠣᠯᠣᠰ; jegün γar-un qaγan-tu ulus, қалм. Зүн Һарин хаана улс; моңғ. Зүүнгарын хаант улс) – Батыс Моңғолияда XVII ғасырдың 30-жылдарына қарай төрт ойрат тайпасының бірігуі негізінде құрылған мемлекет.
## Жоңғар мемлекетінің құрылу алғышарттары
Ғылыми әдебиеттерде Жоңғар хандығының негізін салған төрт тайпа – чорос, хошоуыт, дербет, хойттар аталады (торғауыттар 1627 жылы батыстағы Еділ бойына қоныс аударған). Шыңғыс хан ұрпақтары құрған Юань империясы ыдыраған соң (1368 жылы) олар Батыс Моңғолияда қоныстанып қалған еді. Олармен туысқан тайпалардың бір бөлігі халхалар Шығыс Моңғолияда тұратын. Қытайға апаратын сауда жолдарын иемдену құқығы үшін Шығыс Моңғолия мен Батыс Моңғолияда тұратын ойраттар арасында бірнеше дүркін қанды соғыстар болған. 15 ғасырдың 1-жартысында ойраттардың басшылары Тогон (1418 – 40) және Эсен (1440 – 50) шығыс пен батыстағы ойрат тайпаларын бір мемлекетке қосқан. Бірақ ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты біріккен мемлекет ұзақ өмір сүрген жоқ. Олар Қытайға апаратын сауда жолынан айырылып қалды. XV ғасырда, ортағасырлық Моңғолия өз күшінің шыңына жеткен кезде моңғол империясында билікті қолына алған жергілікті қалмақ (ойрат) тайшылары көрші Қытаймен қарым-қатынасты сауда қатынастарына қыздырудан қорықпады. Оқиғалардың өзара шиеленісуі 1449 жылы ойрат-қытай соғысына алып келді, ол кезде моңғолдардың де-факто көшбасшысы Ойрат Эсен-Тайши Қытайды жаулап алуға және Хубилай хан дәуіріндегі Моңғол Юан империясын қайта құруға көшті.
1449 жылдың жазында қалмақтардың (ойрат) Есен-тайшы бастаған 20 000 адамдық моңғол-ойрат әскері Қытайға басып кіріп, үш топқа бөлініп, Бейжіңге қарай беттеді. 4 тамызда Мин әулетінің үлкен қытай әскері император Чжу Кженнің басқаруымен жорыққа аттанды. Ритуалдар департаментінің бас уәзірі (министрлік) Ванг Чжэн, ол императордан кейінгі екінші адам болғандықтан, жас монархты солтүстікке жеңіспен шеруге және Моңғолияда Ойрат Есенді жеңуге көндірді. Бұл идеяны жүзеге асырудағы қытай әскері мен қытай императорының тәкаппарлығы көп ұзамай айқын болды.Жалпы шайқас 1449 жылы 1 қыркүйекте қазіргі Хубей провинциясындағы Хуайлай тауының оңтүстік-батысында Туму аймағында өтті. Ойрат әскерінен әлдеқайда көп қытай армиясын кездестірген ойраттар оларды жеңіліске ұшыратты. Империяның ең жоғары дәрежелі адамдары ұрыс даласында, оның ішінде Ван Чжэн қайтыс болды. Император мен көптеген сарбаздарды ойратттар тұтқынға алды.
Есен тұтқында тұрған императордың өзінің қытайларға қарсы көзірі деп есептеді және ойрат көшпелілеріне оралып, соғыс қимылдарын тоқтатты. Қуатты қытайлық қолбасшы Ю Цян Пекинді қорғауды қолға алды, ол таққа жаңа император Чжу Кжэннің інісі Чжу Кюді қабылдады.Қытай сотының уәзір министрлерінің кеңестерінен кейін және Есеннің императорды төлеп алутуралы ұсыныстарын қабылдамай, Ю елдің император өмірінен маңызды екенін мәлімдеді. Есен ешқашан қытайлықтардан төлемақы алмады, төрт жылдан кейін, әйелінің кеңесі бойынша дос болып қалған императорды босатты. Ойрат басшысының өзі өзінің саналы саясатына қатысты қатты сынға ұшырады және Туму шайқасынан алты жыл өткен соң оны өлтірген моңғол ақсүйектерінің жаулап алған туыстары опасыздықпен өлтірді.
## Моғолстан мен Қазақ хандығына жасаған жорықтары
Моғолстан мен Қазақ хандығына жасаған жорықтары да сәтсіз аяқталды. Тәуекел хан кезінде дурвэд және торғаут тайпалары Қазақ хандығына бағынған (қысқаша Жоңғар шапқыншылығы). XVII ғасырдың 20-жылдары хошаут байбағыс пен шорос тайпасының тайшысы (тайджи) Хара-хула ойрат мемлекетін қайтадан құруға әрекеттер жасады. Ақырында Хара-хуланың баласы Батыр қонтайшы біртұтас ойрат мемлекетін құрады (1635). Мемлекет аты тарихи әдебиеттерде, көбінесе, Жоңғар Хандығы деп аталады. Тогон мен Эсен хандар кезінен бастап түркі тіліндегі әдебиеттерде және қазақтар арасында ойраттар – қалмақ деп аталып кетті.
### Батыр қонтайшы кезіндегі хандық
Батыр қонтайшы кезінде (1635 – 53) хандықта қалалар сипатындағы отырықшы елді мекендер салына бастады, жер игеру біршама ілгеріледі. Осыған қарамай Жоңғар Хандығы көшпелі мемлекет ретінде тарихта қалды. 1640 жылы Тарбағатай тауларының етегінде біріккен моңғол, қалмақ және ойрат тайпалары басшылары моңғол – ойрат заңдарын қабылдайды. Жинақ “Цааджин бичиг” деп аталды. Онда моңғол-ойрат тайпаларының ішкі тіршілігі, мемлекет құрылымы, әскери қызмет атқару тәртібі, діни ұстанымдары белгіленген. Батыр қонтайшыдан кейін билік басында болған қонтайшылар Сенге (1653 – 1671), Қалдан Бошақты (1671 – 1697), Севан Рабдан (1697 – 1727), Қалдан Серен (1727 – 1745) Батырдың саясатын одан әрі жалғастырды. Олар хандықтың ішінде егін шаруашылығы мен ұсақ кәсіпшіліктер, сауда қатынастарының дамуына едәуір ықпал жасады. Қол өнері мен кәсіпшілік дамыды. Оларда соғыста қолға түскен тұтқындар да жұмыс істеді. Саудаға Шығыс түркістандықтар белсене қатысты. 18 ғасырларға қарай Жоңғар Хандығындағы адам саны 1 млн-ға жетті, басқа ұлттарды қосқанда мемлекеттегі халық саны 1,5 млн-ға жуық еді.
## Жоңғар хандығынның талқандалуы
Әскерді басқаруда бұрынғы Шыңғыс хан империясында қалыптасқан жүйе сақталып, өте қатаң тәртіп енгізілді. Сыртқы саясатта Шығыс Моңғолия тайпаларымен және Цин империясымен әр кез соғыстар жүргізіп отырды. Бұл саясат хандық жойылғанға дейін тоқталған жоқ. Ресей мен Жоңғар Хандығының арасында өзара елшілік қарым-қатынас орнады. Жоңғарлардың Кузнецк уезінен қару-жарақтар сатып алып тұрғаны туралы деректер бар. Жоңғар Хандығының Ресей империясына бодан болу туралы ұсыныс жасаған кезі де болған. Ресейден Жоңғар Хандығына тұтқынға түскендер онда маңызды рөл атқарған. Тұтқынға түскен швед офицері Ренат 18 ғасырдың 1-ширегінде Жоңғар Хандығының қарулы күштерін жарақтандыруға елеулі үлес қосқан.
Жоңғар Хандығы Шығыс Түркістан халықтарына басқыншылық жорықтар жасап, оларға билік жүргізді. Басқа да тәуелді халықтарға қатаң тәртіп орнатты. Жоңғар Хандығы мен Қазақ хандығының арақатынасы өте шиеленісті болды. 16 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Жоңғар Хандығы Қазақ мемлекетіне қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Қазақ халқы ойрат-жоңғар шапқыншылығына қарсы екі жүз жылға жуық уақыт бойы ерлікпен күрес жүргізді (қ. Жоңғар шапқыншылығы). Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар Хандығында тақ үшін талас-тартыс басталды. Осы жағдайды пайдаланған Цин империясы 1755, 1756, 1757 жылдары бірнеше дүркін шабуылдар жасап, Жоңғар Хандығын талқандады. Цин империясы басқыншыларына қарсы Әмірсана бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Цин әскерлері көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншыды. Жоңғарлар қатты қырғынға ұшырап, нәтижесінде Жоңғар Хандығы жойылып кетті.
## Жоңғар хандығының билеушілері
Жоңғар хандығында билеушілердің сатылы бағыныштылық тәртібі орнатылды, билеушілер тобына ұлы тайшылар, кіші тайшылар, зайсандар және жоғары ламалар кірген. Кіші тайшылар ұлы тайшылардың вассалдары болып есептелді. Ұлы тайшылар және кіші тайшылар көшпелі тайпалардың мал жайылымдарын, жоғары ламалар ғибадатханаларға тиесілі жерлерді иеленді. Зайсандар кіші тайшыларға бағынды. Ал төменгі әлеуметтік топтар араттар (қарапайым шаруалар) деп аталып, екіге бөлінді: албату –билеушілерге және шабинарлар – діндарларға тәуелділер. Олар өз иелеріне басыбайлы бекітіліп берілді. Албату Жоңғар Хандығы әскерінің негізін құрады, ал шабинарлар әскери қызметтен босатылды. Хандықта құлдар да болды, бірақ олардың қоғамда рөлі болмады. Хандықтағы жоғары билікті хандар жүргізді, хан тағына тек шорос тайпасынан шыққандар отырды. Хан лауазымы қонтайшы деп аталды.
Жоңғар мемлекетін билеген чорос тайпасының өкілдері:
* Эрдени Батур (1634-1638). 1638 жылдан 1660 жылға дейін Эрдени Батур хунтайджи (қонтайшы) ретінде белгілі.
* Хотогчиннің ұлы Сенге (Сэцэн қонтайшы). 1660-1671 жылдары билік құрған.
* Хотогчиннің ұлы Галдан (1645 жылы туған). 1671-1679 жылдары Галдан қонтайшы, ал 1679-1697 жылдары Галдан Бошақты хан.
* Сенгенің ұлы Цеван Рабдан (1663 жылы туған). Эрдени Дзорикту-қонтайшы (1697-1727) ретінде белгілі.
* Цэван Рабданның ұлы Қалдан Серен. 1727-1745 жылдары билік құрған.
* Қалдан Сереннің ұлы Цэван Доржи (1732 жылы туған). 1746-1749 жылдары билік құрған.
* Қалдан Сереннің ұлы Лама Доржи (1749-1753).
* Намжил-Дачидің ұлы Дабачи (1753-1755).
## Тайпалар
Жоңғар хандығын құрған негізгі тайпалардан – ұлы тайшылар шықты, кейін қосылған тайпалардың билеушілері – кіші тайшылар болды. Кіші тайшылар билік жүргізген топтар – анги деп аталды. Ең шағын әлеуметтік бірлестік – хотон деп аталып, оның құрамында 4, 10, 50 жанұя болды. Бірнеше хотон аймақты немесе отоқты (шіркеу иелігінде иасы деп аталған) құрады. Әкімшілік басқару жүйесінде мемлекет аппарат маңызды рөл атқарды. Шенеуніктер 12 дәрежеге бөлініп, әрқайсысының атқаратын қызметі анықталды. Ұсақ қызметтерді атқарушылар да көп болды: 30 адамға бір басқарушыдан келді. Олардың жалпы саны 35 мыңға жеткен. Сот билігін атқарушылар зорго (сот өкілдері) деп аталып, ең беделді 8 зорго министрлер қызметін атқарды.
## Галерея
## Әдебиет
* Бичурин Н. Я. (Иакинф). Историческое обозрение ойратов или калмыков с XV столетия до настоящего времени. —Элиста: Калмыцкое книжное изд-во, 1991.
* «Илэтхэл шастир». Москва: «НАУКА», Главная редакция восточной литературы, 1990 г.
* Златкин И. Я. История Джунгарского ханства, 1635–1758. Москва, 1983.
* Моисеев В. А. Россия и Джунгарское ханство в XVIII в. — Барнаул: Изд-во АГУ, 1998.
* Моисеев В. А. Джунгарское ханство и казахи (XVII—XVIII вв.). — Алма-Ата: Гылым, 1991.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қытай Халық Республикасы(қолжетпейтін сілтеме) |
Жұмысшы жастар театры – КСРО-да 1920 – 30 жылдары жұмыс істеген әуесқой театрлардың жиынтық атауы.
Алғаш 1925 жылдары Санкт-Петербургте Коммунистік ағарту үйі жанындағы театр үйірмесі негізінде (1928 жылы кәсіби театрға айналды) пайда болды. 1927 жылы Мәскеуде Орталық жұмысшы жастар театры (қазіргі Ленком театры) құрылды. 1930 жылы КСРО-дағы Жұмысшы жастар театрларының саны 70-ке жетті. Аудандық, зауыттық, колхоздық, совхоздық, пионерлік т.б. болып, салалық әр түрлі Жұмысшы жастар театрылары ұйымдасты. Олардың репертуарынан жас драматургтардың өзекті тақырыпты қозғағанымен, көбінесе, үстірт жазылған пьесалары орын алды. 20 ғасырдың 30-жылдары Жұмысшы жастар театрыларының көпшілігі жабылып қалды, ал кейбіреулері кәсіби театрға айналды.
Қазақстанда Жұмысшы жастар театры Алматыда (1927 – 28), Риддерде (1930 – 33), Қарағандыда (1932 – 34) құрылды. Бұларды ұйымдастыруға актерлер К.Қармысов, С.Телғараев, Қ.Бадыров елеулі еңбек сіңірді. Жұмысшы жастар театрылары М.Әуезовтің “Қарагөзін”, А.Тоқмағамбетовтың “Екі заңын”, Н.В. Гогольдің “Үйленуін”, Б.Майлиннің “Талтаңбайдың тәртібі” мен “Майданын”, Ж.Шаниннің “Арқалық батырын”, т.б. қойды. К.Байсейітова, Ә.Үмбетбаев, О.Жұмағұлов, Ж.Өгізбаев, Р.Қойшыбаева, М.Сүртібаев, Ж.Шашкина, С.Жүнісов, З.Көшкімбаев, Ә.Шәймерденов сынды белгілі сахна шеберлері өздерінің шығармашылық жолын осы театрларда ойнаудан бастаған.
## Дереккөздер |
Жұмысшы Және Солдат Депутаттарының Кеңестері– Ресей империясындағы жұмысшылар мен солдаттардың 1917 жылы Ақпан төңкерісі кезінде пайда болған бұқаралық саяси сайламалы ұйымдары. 1905 – 07 жылғы көтеріліс тәжірибесі негізінде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері 1917 жылғы Қазан төңкерісі қарсаңында большевиктік төңкерісті әзірлеу орталығына айналды. 1917 жылы 3(16) – 24 маусымда (7 шілде) Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестерінің Бүкілресейлік 1-съезі өтті. Съезге шешуші дауыспен 822 делегат, кеңесші дауыспен 268 делегат қатысты. Делегаттар құрамында 105 большевик, 285 эсер, 248 меньшевик, 32 интернационалист меньшевик, 10 “Объединение” тобындағы меньшевик болды. Күн тәртібінде Уақытша үкіметке көзқарас, соғыс, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына әзірлену туралы, ұлт, жер, азық-түлік мәселелері қаралды. Съезд өзінің шешімдерінде Уақытша үкіметті қолдау позициясын ұстанды. Съезд 320 адамнан (оның 242-сі эсер, меньшевик, 58-і большевик) кеңестердің Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетін (БОАК) сайлады. 1917 жылы 25 қазан (7 қараша) мен 27 қазан (9 қараша) аралығында Санкт-Петербургте жергілікті өкімет билігі іс жүзінде кеңестердің қолына өткен кезде Смольныйда Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестерінің 2-съезі өтті. Съезге 402 кеңестен келген 649 делегаттың 390-ы большевик, 160-ы эсер, 72-сі меньшевик, т.б. болды. Меньшевиктер, оңшыл эсерлер мен бундшылар большевиктік төңкерісті мойындаудан бас тартып, съезд ашылғаннан кейін одан кетіп қалды. 26 қазан күні кеңестер съезі В.И. Ленин жазған “Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға” деген үндеуін қабылдап, бүкіл өкімет билігінің кеңестер қолына көшкендігін жариялады. Съездегі негізгі мәселелер: Кеңес үкіметін құру, “Бітім туралы” және “Жер туралы” декреттерді қабылдау болды. Съезде Кеңес үкіметінің алғашқы декреттері – “Бітім туралы” декреті, “Жер туралы” декреті қабылданды және елді басқару үшін тұңғыш Кеңес үкіметін – Халық Комиссарлары Кеңесін құрды. Оның төрағасы болып В.И. Ленин сайланды. Съезд БОАК-тің құрамын 101 адамнан сайлады, оған 62 большевик, 29 солшыл эсер, т.б. кірді. Съездің 2-мәжілісінде жергілікті жерлерде өкімет билігінің кеңестерге көшкендігі; земствоның тұтқындалған мүшелерін босату; майданда өлім жазасын жою; бұрынғы Уақытша үкіметтің басшысы А.Ф. Керенскийді дереу тұтқынға алу; революцияға қарсы бас көтерушілермен күресу; армияда уақытша революциялық комитеттер құру туралы қаулылар, казак-орыстарға Кеңес өкіметі жағына шығуға және темір жолшыларға темір жол бойында тәртіп сақтауға шақырған үндеулер қабылданды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері Шаруалар депутаттарының кеңестерімен бірігіп, біртұтас Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңестеріне айналды.
## Сілтеме |
## Жалпы анықтама
Жүзбасы, жүзбегі – түркі халықтарында орта ғасырларда қолданылған әскери лауазым; жасақтағы жүз сарбаздың басшысы. Соғыс кезінде әрбір шаңырақтан 1 жауынгер алынатын болғандықтан бейбіт уақытта Жүзбасы жүз үйді басқарған. Осы себептен кейіннен (19 ғ-дың ортасы) Жүзбасы лауазымы әкімшілік сипатқа ие болып, оған жүз үй немесе жүз жауынгер шығара алатындай мөлшердегі халық бағынған. Бұл лауазым түркілерден славяндарға ауысып, 16 ғасырдан бастап казак-орыс жасақтарында да Жүзбасы(сотник) шені болып, ол тек 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін жойылған.
## Сілтемелер
* Жүзбегі
* Түркі халықтары
* Сарбаз
* Казак-орыс
## Дереккөздер
## Жалпы анықтама
Жүзбасы, жүзбегі – түркі халықтарында орта ғасырларда қолданылған әскери лауазым; жасақтағы жүз сарбаздың басшысы. Соғыс кезінде әрбір шаңырақтан 1 жауынгер алынатын болғандықтан бейбіт уақытта Жүзбасы жүз үйді басқарған. Осы себептен кейіннен (19 ғ-дың ортасы) Жүзбасы лауазымы әкімшілік сипатқа ие болып, оған жүз үй немесе жүз жауынгер шығара алатындай мөлшердегі халық бағынған. Бұл лауазым түркілерден славяндарға ауысып, 16 ғасырдан бастап казак-орыс жасақтарында да Жүзбасы(сотник) шені болып, ол тек 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін жойылған.
## Сілтемелер
* Жүзбегі
* Түркі халықтары
* Сарбаз
* Казак-орыс
## Дереккөздер |
Қажым Жұмәлі (Қажығали) – жазушы, ақын, абайтанушы, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1967, 1946 жылдан корреспондент мүшесі).
## Өмірбаяны
* 1923 – 25 жылы Орынбор ересектер мектебінде, Шымкент ауыл шаруашылық техникумында оқыған.
* 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген.
* 1932 – 37 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті)
* 1937 – 68 жылдары ҚазПИ-де сабақ беріп, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды.
## Шығармашылығы
Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған.
* Оның алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” 1928 жылы “Лениншіл жас” газетінде жарияланды.
* “Ерғожа мен Егізбай” поэмасы (1929)
* “Шабуыл” (1933)
* “Қанды су” (1934)
* “Өмір жыры” (1938)
* “Қырдағы күрес” (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрді.
* Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері “Айқас” деген атпен басылған (1942).
* “Біржан-Сара” операсы либреттосының
* “Арбасу” (Ә.Сәрсенбаевпен бірге) атты пьесаның авторы.
* Қазақ зиялылары туралы “Жайсаң жандар” естелік кітабы жарық көрді (1969). Кітапта С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.Сәтбаев, С. Камалов, т.б. шығармашылық портреттері жасалған.
## Қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеу
Жұмалиев 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды.
* 1958 – 60 жылдары 2 томдық “Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері”
1-томына
* “Қобыланды батыр”“Алпамыс батыр”“Ер Тарғын”“Қамбар батыр”“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”“Қыз Жібек”“Айман – Шолпан” эпостары туралы зерттеулері енген.
* “Қобыланды батыр”
* “Алпамыс батыр”
* “Ер Тарғын”
* “Қамбар батыр”
* “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”
* “Қыз Жібек”
* “Айман – Шолпан” эпостары туралы зерттеулері енген.
2-томында 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған.
* 2 томдық “Әдебиет тарихы” (1960). Екі томдық “Әдебиет тарихы” кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, 18 – 19 ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты зерттелген.
* “Әдебиет теориясы” (1938; 2-бас., 1964, 3-бас., 1969)
* “XVІ – XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы респ. жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды.
* Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы “Махамбет” атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғыл. айналымға енгізді.
Ол Әдебиет және өнер институты даярлаған
* “Қазақ совет әдебиеті очеркінің” (1948) бас редакторы
* 6 томдық “Қазақ әдебиеті тарихының” 18 – 19 ғасырлар аралығындағы қазақ әдебиетіне арналған 2-томы
* 1-кітабының (1960) редакциясын басқарды және оның негізгі авторларының бірі болды.
* Осы дәуір әдебиетінен орта мектепке (8 – 9 сынып) және жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды.
* Ғалымның “Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі” (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес болып қабылданды. Онда Жұмалиев Абайдың өмірі мен шығарм-ғына кең талдау жасады. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, тарихи еңбегін, қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-жақты зерттеді. Бұл кітапқа Н.К. Дмитриев, С.Е. Малов, В.М. Жирмунский, т.б. ғалымдар үлкен баға берді.
## Әдебиет теориясына қатысты еңбектері
Жұмәліұлы зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы шыққан “Әдебиет теориясы” деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсынұлының “Әдебиет танытқышынан” кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмәліұлы әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері “Стиль – өнер ерекшелігі” атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. Сейфуллин, Майлы, Жансүгір, С.Мұқанұлы, Т.Жарықұлы, Сәрсенбай, Камалов, Д.Әбіл, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. Жұмәліұлы өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.
## Шығармалары
* Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. А., 1948;
* Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері. 1 – 2 т. А., 1958 – 60;
* Стиль – өнер ерекшелігі. А., 1968.
## Дереккөздер |
## Қысқаша мәлімет
Жүз елу бірінші атқыштар бригадасы – Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақстандық әскери құрама. 1941 жылдың аяғында Қостанай қаласында жасақталған. 1942 жылы 17 шілдеден бастап майданға кіріп, жаудың Демянск тобын (Солтүстік-Батыс майдан) негізгі күштерімен байланыстырып тұрған “Рамушев дәлізін” жоюға қатынасты. 1942 жылы қыркүйекте Ловать өзені, Ильмен қаласы мен Старая Русса аралығында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. 1943 жылы қыркүйекте осы шепте тағы 2 бригадамен қосылып, 150-атқыштар дивизиясы деп аталды. Дивизия Ресейдің солтүстік.-батыс аудандарын, Латвияны, Польшаны азат етуге, Берлинді алуға қатынасты. Рейхстагқа ту тіккені үшін “берлиндік” деген құрметті атақ пен 2-дәрежелі Кутузов орденіне ие болды.
## Сілтемелер
* Ұлы Отан соғысы
* Ресей
* Латвия
* Польша
* Берлин
## Дереккөздер
## Қысқаша мәлімет
Жүз елу бірінші атқыштар бригадасы – Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақстандық әскери құрама. 1941 жылдың аяғында Қостанай қаласында жасақталған. 1942 жылы 17 шілдеден бастап майданға кіріп, жаудың Демянск тобын (Солтүстік-Батыс майдан) негізгі күштерімен байланыстырып тұрған “Рамушев дәлізін” жоюға қатынасты. 1942 жылы қыркүйекте Ловать өзені, Ильмен қаласы мен Старая Русса аралығында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. 1943 жылы қыркүйекте осы шепте тағы 2 бригадамен қосылып, 150-атқыштар дивизиясы деп аталды. Дивизия Ресейдің солтүстік.-батыс аудандарын, Латвияны, Польшаны азат етуге, Берлинді алуға қатынасты. Рейхстагқа ту тіккені үшін “берлиндік” деген құрметті атақ пен 2-дәрежелі Кутузов орденіне ие болды.
## Сілтемелер
* Ұлы Отан соғысы
* Ресей
* Латвия
* Польша
* Берлин
## Дереккөздер |
## Қысқаша сипаттама
Жүздік – Түркі қағанаты кезінен орныққан әскери бөлімше атауы. Түркілер әскерінің құрылымы ондық, Жүздік, мыңдық, он мыңдық (Шыңғыс хан заманынан бастап – түмен), яғни он оқ жүйесінен тұрған. Жасақтың ең аз тобы – ондық. Бұлар үнемі алдыңғы шепте барлаушылық қызмет атқарған. Ал Жүздіктер белгілі аумақты, ұрымтал жерді, елді мекенді қорғаған. Ондаған Жүздік мыңдық деп, ал бірнеше мыңдық қосын аталған. Ал бірнеше қосыннан қол құралған. Жүздік – осы қалың қолдың тірегі саналатын негізгі әскери бөлімше. Алтын Орда кезеңінде Жүздік әскери бөлімше бірлігі ретінде түркілерден Русь князьдігіне ауысты. Осы жүйе Қазақ хандығы жасақтарының құрылымының да негізіне алынған. 16 – 18 ғасырларда Украинада әкімшілік-территориясы әскери бөлік те Жүздік деп аталды. Казак-орыс атты әскерлері де Жүздікке бөлінді.
## Сілтемелер
* Түркі қағанаты
* Шыңғыс хан
* түмен
* Алтын Орда
* Қазақ хандығы
* Казактар
## Дереккөздер
## Қысқаша сипаттама
Жүздік – Түркі қағанаты кезінен орныққан әскери бөлімше атауы. Түркілер әскерінің құрылымы ондық, Жүздік, мыңдық, он мыңдық (Шыңғыс хан заманынан бастап – түмен), яғни он оқ жүйесінен тұрған. Жасақтың ең аз тобы – ондық. Бұлар үнемі алдыңғы шепте барлаушылық қызмет атқарған. Ал Жүздіктер белгілі аумақты, ұрымтал жерді, елді мекенді қорғаған. Ондаған Жүздік мыңдық деп, ал бірнеше мыңдық қосын аталған. Ал бірнеше қосыннан қол құралған. Жүздік – осы қалың қолдың тірегі саналатын негізгі әскери бөлімше. Алтын Орда кезеңінде Жүздік әскери бөлімше бірлігі ретінде түркілерден Русь князьдігіне ауысты. Осы жүйе Қазақ хандығы жасақтарының құрылымының да негізіне алынған. 16 – 18 ғасырларда Украинада әкімшілік-территориясы әскери бөлік те Жүздік деп аталды. Казак-орыс атты әскерлері де Жүздікке бөлінді.
## Сілтемелер
* Түркі қағанаты
* Шыңғыс хан
* түмен
* Алтын Орда
* Қазақ хандығы
* Казактар
## Дереккөздер |
Жүзінші Қазақ Ұлттық атқыштар бригадасы — Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақстандық әскери құрама.
1941 жылдың аяғында Алматыда құрылған. Тұңғыш командирі подполковник В.Е. Шевцов, әскери комиссары аға политрук С.Бәйішев болды. Немістермен алғашқы ұрысқа 1942 ж. 25 қарашада Оленино түбінде қатынасып, 2 желтоқсанға дейінгі ауыр шайқастарда 9 село мен деревняны азат етіп, жаудың Сталинградқа жібермекші болған ірі күшін тежеп тұрды. 1943 ж қаңтарда Великие Луки үшін болған шайқастарда жаудың қарсы шабуылын тойтарды. Күзде Невель қаласын алуға қатынасып, Большой Иван мен Қаратай көлдері аралығында аса қиын қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Бригада құрамынан М.Мәметова, Бәйішев, Ә.Баймолдин, Асқар Закарин, И.Сулейменов, Е.Тасанбаев, Қ.Шарипов, т.б. Кеңес Одағының Батырлары, командирлер мен саяси жетекшілер өсіп жетілді. 1943 жылы желтоқсанда бұл бригада 31-бригадамен бірге 1-ші атқыштар дивизиясына біріктірілді. Дивизия соғыса отырып, Брест қаласы мен Польша арқылы Висмар портына дейін жетіп, жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Жүз Бірінші Қазақ Ұлттық Атқыштар Бригадасы |
ЖҰТ – ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы. Қазақ халқы Жұтты “жеті ағайынды” дейді. Олар: Жұтты, құрғақшылық, өрт, індет, сел (көшкін, топан су), зілзала, боран (бұрқасын, дауыл). “Жұт жетеу, содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он” деген мақал арқылы халық табиғат апатының зардабы адамның өзіне байланысты екенін аңғартқан. Ауа райының өзгеріп, Жұтқа әкеп соқтыратын атмосфералық процестердің бірі – антициклондар мен арктикалық құрғақ ауа массаларының белгілі бір аймаққа ұзақ уақыт ықпал етуі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, бұл құбылыс Жер шары аумағында әрбір 11 – 12 жыл немесе 80 – 90 жыл өткен сайын қайталанып, Күн белсенділігінің минимумы кезеңіне сәйкес келуі мүмкін. Ондай жылдары жауын-шашын мөлшері мүлде азайып, дамылсыз аңызақ жел соғады, ауа температурасы бірнеше градусқа көтеріледі, нәтижесінде климаттың континенттігі күрт артады, мұның салдарынан өсімдіктер тез қурап кетеді. Атмосфералық циркуляция кезінде ауа массаларының бағыты мен полюстері кейде қалыпты жағдайынан ауытқып отырады; оның салдарынан жылы аймақтар қатты суынып, суық өңірлердің ауа райы жұмсарады. Мұндай процестер әрбір 8 – 13 жылда қайталанып отыруы ықтимал. Бұл жағдай, әсіресе, жылы аудандардың мал шаруашылығына үнемі қауіп туғызады. Кейде атмосфералық жауын-шашын (жаңбыр, қарлы жаңбыр) кезінде ауа температурасының тез суынуымен жер бетін көк мұз басады. Бұл құбылыс, көбінесе, шағын аймақтарды қамтиды және, негізінен, жергілікті атмосфералық циркуляцияға байланысты болады. 19 ғасырда қазақ даласында 20 ірі Жұт тіркелген. Есепшілер дерегі бойынша, олар 10 – 12 жылда қайталанып отырған. Олардың ішінде ең ірісі – 1879/80 жылдары өткен “ұлы қоян жұты” кесірінен қазақ даласындағы малдың шамамен 48 пайызы шығынға ұшыраған. Торғай облысында 1850 жылғы Жұтта 257425, 1855/56 жылғы Жұтта 126797, 1879/80 жылғы Жұтта 1071 384 мал қырылған. Сол 1879/80 жылғы Жұтта Сырдария облысы тұрғындары малының 56 пайызынан айырылса, 1892 жылғы Жұтта Қазалы уезі тұрғындары жылқысының 90 пайызы, қойының 80 пайызы, түйесінің 60 пайызы өлген. 1891/92 жылғы “кіші қоян жұтынан” Торғайдағы малдың 36 пайызы қырылған. 20 ғасырдың басында “доңыз жұты” (1902/03 және 1911/12 жылдардағы), “қой жұты” (1919/20 жылдары) іспетті кесапатты Жұттар болған. Жұт зардабы орта есеппен 8 – 10 жылдан соң ғана қалыпқа келетін болған. Жұт жылдары халық көлденең ауруға шалдыққан. Бұл жағдайды ескерген ел ақсақалдары қыс кезінде малға беретін шөп, пішен қорын жазда жинақтау ісін ұйымдастырған. Дөңбек сүйреткімен қар мен мұзды аршып, малды тебінге шығарған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Жұт кезінде Құдайдың табиғаттың тосын құбылыстарынан, қуаңшылықтан құтқаруы үшін тасаттық берілген, жадытаспен күн жайлатып, жауын шақырған, су іздеп жаңа қонысқа көшкен.
## Сілтемелер
* Ауа райы
* Құрғақшылық
* Қуаңшылық
* Антициклон
* Жауын-шашын
* Мал
* Атмосферадағы айналым
* Жел
* Жылқы
* Қой
* Түйе
## Дереккөздер |
Жүз Бірінші Қазақ Ұлттық Атқыштар Бригадасы — Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақстандық әскери құрама.
1941 жылдың 5-желтоқсаны мен 1-мамардың арасында Ақтөбе қаласында жасақталған. Ол атқыштар бөлімі деп аталғанмен, шын мәнінде ұлттық құрама болды. Бригада Ақтөбе, Гурьев (Атырау) , Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындарынан жасақталды. Құрамында 5007 адам болды. Оның тұңғыш командирі – полковник С. Я.Яковленко, соңынан полковник А.И.Серебряков, полковник И. Ф. Воробьев, әскери комиссары -аға батальон комиссары Н.А.Алиев болды. Алғашқы шайқасқа 1942 жылы 28 қараша күні Калинин майданының 39-армия құрамында Оленино маңындағы Кувшиново және Букарево деревняларында алғаш жауынгерлік сынақтан өтті, немістердің Ржев түбіндегі тобымен 2 ай ұрыста жаудың 2500-ден астам әскерлерін қатардан шығарды. Бұл ұрыстарда Х. Бекішев, У. Ахмедзянов, А. Алпысбаев, Ш.Қарамергеновтар көзге түсті. Екі айға созылған қантөгістен кейін жаудың 2,5 мың адамын жойып, кеңестік бір дивизияның қоршаудан шығуына көмектесті.
* 1943 жылы көктем – жаз айларында Великие Луки түбінде қорғаныста болды. Күзде Демидов, Сураж – Витевский қалалары бағытында шабуылға шығып, жаудың 3,6 мың солдаты мен офицерін саптан шығарды, 158 елді мекенді азат етті.
* 1944 жылы жазға дейін Полоцк қаласы түбіндегі ұрыстарға қатынасып, жаудың 1,5 мың адамын жойды. Кейінгі ұрыстарды бригада Ресейдің Витебск, Смоленск облыстарын , Белоруссия мен Прибалтиканы азат етуге қатысты. Жаумен шайқаста ақтөбеліктер Б.Ержанов, Г.Житкинов, Р. Нұртазин, И. Нуркин, Б.Хасанов, А.Аязбаев т.б көптеген жауынгерлер ерлік көрсетті.
* 1944 жылы шілде айында таратылып, әскер күші 47-гвардиялық атқыштар дивизиясына және 90-гвардиялық атқыштар дивизиясына бөлініп берілді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Жүзінші Қазақ Ұлттық атқыштар бригадасы |
Мұрат Жұрынұлы Жұрынов (7 желтоқсан 1941 жыл, Арыс, Қазақ КСР) — қазақ ғалым және химик, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының президенті. 1995-1997 жылдары ҚР Білім министрлігін басқарды.
## Білімі
* 1959-1964 ж.ж. – Қазақ химия-технологиялық институты (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.),
мамандығы – электрохимиялық өндірістердің инженер-технологы.
* 1967-1970 ж.ж. - Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтының аспирантурасы (РХТУ), Мәскеу қ, мамандығы – электрохимия.
## Ғылыми дәрежесі
1970 ж. – химия ғылымдарының кандидаты. Д.И. Менделеев атындағы МХТИ, Мәскеу қ.1981 ж. - химия ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қ.1989 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.1994 ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
## Кәсіби тәжірибесі
* 1965-1967 ж.ж. – ҚазХТИ оқытушысы, Шымкент қ,
* 1967-1970 ж.ж.- Д.И.Менделеев атындағы МХТИ аспиранты, Мәскеу қ.
* 1970-1982 ж.ж. – ҚазХТИ-де аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, факультет деканы, Шымкент қ.
* 1982-1985 ж.ж. – Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры, Қарағанды қ.
1985-1991 ж.ж. - ҚазССР ҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры, Қарағанды қ.
* 1991-1995 ж.ж. – А. Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры, Түркістан қ.
* 1995-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Білім министрі, Алматы қ.
* 1997-2001 ж.ж. – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті, Түркістан қ.
* 2001 – 2007 ж.ж, 2013 ж. бастап – «Д.В. Сокольскийатындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ Бас директоры, Алматы қ.
2003 ж. бастап – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті, Алматы қ.
* 2015-2016 жж. – Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялар одағының тұңғыш президенті (қоғамдық негізінде).
* 2016 ж. – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды (қоғамдық негізінде).
## Қосымша мәліметтер
* Қоғамдық қызметі: ҚР Ұлттық Кеңсінің мүшесі, ҚР «Нұр Отан» партиясының Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстанның демократиялық күштер коалициясының мүшесі, ЮНЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық Комиссиясының мүшесі, «ҚР ҰҒА Баяндамалары» журналының бас редакторы, Ресей ғылым академиясының «Электрохимия» журналының редколлегия мүшесі.
* Ғылыми жұмыстары: 770-тен аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 20 монографиясы, 143-тен астам авторлық куәлігі және патенттері бар, 7 ғылым докторын, 40-жуық ғылым кандидаттарымен PhD-докторларын даярлады.
* Наградалары: «Парасат» ордені (2005 ж.), ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2011 ж.), ІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016 ж.), ҚР білім, ғылым және техника саласында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2003 ж.), Түрік дүниесі халықаралық сыйлығының лауреаты (Анкара, 2001 ж.), Токио университетінің алтын медалі (2001),Франция ғылыми-өндірістік қоғамының (Париж, 2003 ж.) және Украина ҰҒА «Золотая фортуна» қоғамының алтын медальдары (2006), Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының Құрмет белгісі және РФ «Разум, честь и доблесть» атты ордені (Ресей, Мәскеу қ., 2013 ж.).
* Атағы: ҚР ҰҒА академигі, Тәжікстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының, Молдова Ұлттық ғылым академияларының шет елдік мүшесі (академигі), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Беларусь Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жаңа материалдар химия институтының құрметті докторы, Джорджтаун университетінің (Вашингтон қ.), Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-нің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университітінің және т.б. университеттердің құрметті профессоры (1996-2016 ж.ж).
Оңтүстік Қазақстан облысының және Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының, Созақ және Түлкібас аудандарының, сондай-ақ Кентукки штатының Луисвилл қаласының (АҚШ) құрметті азаматы.
* Тілді білуі: қазақ, орыс және түрік тілдерін еркін меңгерген, неміс және ағылшын тілін орташа меңгерген.
* Компьютерді меңгеруі: Компьютерлік техниканы қолданушы режимінде еркін меңгерген.'
* Жеке қасиеттері: жауапкершілік, мақсаттылық, ұйымдастырушылық және басқару қабілеттері жоғары.
## Марапаттары
* Ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003)
* Түркі әлемі халықаралық сыйлығының лауреаты (Анкара, 2001 ж.)
* Парасат ордені (2006)
* Барыс ордені 1 дәрежелі (2022)
* Барыс ордені 2-дәрежелі (2016)
* Барыс ордені 3 дәрежелі (2011)
* Оңтүстік Қазақстан облысының, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының, т.б.
* П.Л.Капица алтын медалі (2019)
* 2001 ж. – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
* 2004 - Тың өлкесіне 50 жыл медалі
* 2005 ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі
* 2006 ж. – «Қазақстан Республикасы парламентіне 10 жыл» медалі
* 2008 ж. – Астанаға 10 жыл медалі
* 2011 ж. – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
* 2015 ж. – Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі
* 2016 ж. – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
* 2018 жыл – «Астанаға 20 жыл» медалі
* Алтын медаль Татарстан Республикасының Ғылым академиясы «Ғылымдағы жетістіктері үшін» (2017) |
Жүген – мінген немесе жегілген атты басқарып отыруға арналған аттың басына кигізілетін әбзел. Жүгенді аттың басына кигізуді – "жүгендеу" деп айтады. Атты мінгенде тізгінінің, ал, жегілгенде делбенің бір жағын тарту арқылы аттың басын бұрып, сол арқылы аттың жүретін бағытын өзгертіп отырады. Ал, екі жағын қатар тарту арқылы атты тоқтатады және кейде атты артқа шегіндіруге де болады. Атты тек пайдаланған (мінгенде, жеккенде) кезде ғана жүгендейді де, ал басқа уақытта ноқтамен байлайды. Себебі жүгеннің ауыздығы болатындықтан аттың жем-шөп жеуіне, су ішуіне кедергі келтіреді. Осыған орай негізінен жүгеннің астынан ноқталау кең таралған.
## Жүгеннің құрылымы
Жүгеннің міндетті бөліктері: ауыздық, сулық, жақтау, кеңсірік, сағалдырық, желкелік, тізгін. Ал, қосымша бөліктері: кекілдік, қасқалық, шылбыр, шаужай және әртүрлі әшекейлер.
* Ауыздық – жылқыны бұруға, тоқтатуға қажетті екі бөлек темірден қозғалмалы етіп жасалған жүгеннің негізгі бөлігі. Ауыздық сулық деп аталатын шығыршық темірдің көмегімен жақтауға бекітіледі. Аты айтып тұрғандай, ол аттың аузына көлденеңінен салынып, тізгінді тартқанда екі езуін артқа қарай керу арқылы атты тоқтауға және сыңарлай тарту арқылы бір жағына қарай бұрылуға мәжбүр етеді. Ауыздық аттың езулерін қиып кетпес үшін сулыққа бекітілетін тұсы жуандау етіп жасалады
* Сулық – ауыздық пен жақтауды түйістіріп тұратын және шылбыр немесе делбе тағылатын дөңгелек шығыршық темір. Сулық шаужайдың міндетін де атқаратындықтан кейде сулықты шаужай деп те атау кездеседі. Ауыздық жем-шөп жеуге, су ішуге кедергі келтіретіндіктен кейде сулықтың мінер жағы жақтауға арнайы жасалған ағытылмалы темір арқылы бекітіледі.
* Шаужай – ауыздықтың екі шетінегі шығыршық темірлерге көлденең салынған бір тұтамдай темір.
* Жақтау – жүген бөліктерін біріктіріп тұратын жүгеннің екі жақ бойы. Жақтауға сағалдырық, кеңсірік, кекілдік және екі ұшына сулық (кейде шаужай) бекітіледі. Аттың желке тұсына келетін жақтаудың бөлігін желкелік деп атайды.
* Желкелік – жылқының желке тұсына келетін жақтаудың бөлігі. Желкелік кейде тұтас болса, кейде жүгенді жылқының басына шақтап өзгертіп отыратындай етіп екі бөліктен жасалады. Желкеліктің "мінер" жақ бөлігі қысқа болып келеді де, оған айылбас орнатылады немесе ұшынан "ойықша" жасалады. Ал, "қамшылар" жақ бөлігі ұзынырақ болып келеді. Егер желкелікке айылбас бекітілген болса, онда ұзын жағына айылбас тілі өтетін бірнеше тесік тесіледі. Жақтаудың бір жағы тұйықталып өрілген болса, онда желкеліктің екінші ұзын жағы тұйық арасынан өткізіліп, шалып байланады. Жүген аттың басына желкелік арқылы бір рет шақталып бекітіледі де, одан кейін тек ат басына кигізіле береді. Ал, ол жүгенді басқа басы үлкен немесе кіші аттың, тайдың, құнанның басына салса, міндетті түрде жүгеннің желкелігі арқылы шақталады.
* Кеңсірік – екі жақтауды бір-біріне жалғастыра жылқының кеңсірік тұсына бекітілетін жүген бөлігі. Бұл жүген жақтауларының артқа жылжымауын қамтамасыз етеді.
* Сағалдырық – жүгеннің ат басынан сыпырылып кетпеуін қамтамасыз ету үшін жылқының алқымын орай бекітілетін бөлігі. Сағалдырықтың ұзын жағы жүген жақтауының оң жағына (аттың қамшылар жағы), ал қысқа жағы жүген жақтауының сол жағына (аттың мінер жағы) бекітіледі. Егер сағалдырықтың қысқа жағына айылбас бекітілген болса сағалдырықтың ұзын жағы осы айылбасқа бекітіледі. Ал айылбас бекітілмейтін жағдайда сағалдырықтың қысқа жағынан өру немесе түю барысында тұйықтап "ойықша" қалдырып кетеді. Осы қалдырылған "ойыққа" сағалдырықтың ұзын жағы өткізіліп, шалып бекітіледі. Кейбір шеберлер сағалдырыққа шашақ немесе қоңырау тағып, сәнін кіргізуге тырысады. Жүген аттың басына кигізгеннен кейін сағалдырығы бекітіледі де, жүгенді қайтадан аттың басынан алғанда шешеді.
* Тізгін – салт мінгенде жылқыны бұру, тоқтату үшін қажетті жүген бөлігі. Оның ұзындығы шамамен бір жарым-екі құлаштай, жалпақтығы бір елідей болады. Тізгіннің екі ұшы ауыздықтың екі шетіне байланады да, орта тұсынан адам ұстап отырады. Тізгін негізінен қайыстан тілініп дайындалады. Егер, тілінген қайыс қысқа болса жалғанып жасалынған. Шылбыр болмағанда атты осы тізгінімен уақытша байлай салатын және атты қаңтару керек болғанда тізгінді ер-тоқымға байлап қоятын болған.
* Кекілдік – жылқының шеке тұсына басып тұратын жүген бөлігі. Жүгеннің бұл бөлігі дәстүрлі ортада кекілдірік, кекілбасар, милық, шекелік, маңдайлық деп те атала береді. Көбінесе сәнді жүгендерде ғана жасалынады. Кейбір шеберлер кекілдіктің орта тұсына көз салып, зерлеп, шашақ тағып та қояды.
* Қасқалық – кекілдік пен кеңсіріктің арасын қосып тұратын жүген бөлігі. Қасқалық ат басына кигізілген жүгеннің неғұрлым сәнді көрінуі үшін жасалынады. Ол маңдайлық пен кеңсіріктің арасын тігінен қосатын бір немесе айқастыра орнатылған екі бөліктен тұруы мүмкін. Осыған сәйкес мұндай жүгендерді "жалғыз қасқа жүген" немесе "айыр қасқа жүген" деп те атаған.
* Шылбыр – атты байлап қою, жетектеу үшін сулыққа байланған жіңішке, ұзын арқан. Жүгенге көбінесе шылбыр тағыла бермейді. Байлаулы ат үркіп тартынса жүгенді бүлдіруі (созып, үзіп кетуі) мүмкін болғандықтан, көбінесе жүгеннің астынан ноқта салынып, сол ноқтаның шылбыры арқылы байланатын болған.
## Жүген түрлері
Жүген негізінен қайыс пен былғарыдан өріліп, түйіліп немесе ызылып жасалады. Оның күнделікті қолданылатын қарапайым түрлері мен күмістелген аса бағалы түрлері болады. Берік, әрі сәнді жүгенді негізінен "өрімшілерге" арнайы жасататын болған.
* Түйме жүген – иленген қайыстан түю арқылы жасалған жүгеннің қарапайым түрі. Күнделікті шаруаға арналғандықтан оны көп әшекейлемейді. Түюіне қарай мұндай жүгендер жалаң жүген (жалаң қабат қайыстан түйілген), қабат жүген (екі қабат қайыстан түйілген), өткерме жүген, дөңгелек немесе керей жүген деп аталады. Қос қабат қайыстан түйiлген жүген жалаң қабат қайыстан түйiлген жүгенге қарағанда берiк және көркем келедi.
* Дөңгелек жүген немесе керей жүген – басқа жүгендер секілді түйілмейді, тек түйіндердің бұрылыстарына (сулыққа – екі, жақтауға – екі, кеңсірікке – бір, барлығы бес дана) ортасында 3 тесігі бар сегіз қырлы гүл тәрізді шығыршық темір салады. Бұл жүгенге түйін шығармағандықтан сәнді, әрі қайысты тесіп, кеспегендіктен берік болатын артықшылық береді. Бұлайша жасалған жүгенді негізінен керейлер пайдаланғандықтан дөңгелек жүген, керей жүген деген атау қалыптасқан. Керейлер өзге тайпаларға сауда, жүргіншілік жолмен барғанда осы дөңгелек жүгені арқылы танылса керек.
* Өрме жүген – қайыс таспалардан, жіптен өріліп жасалған жүген түрі. Бұл түйме жүгенге қарағанда әдемі, әрі мықты болады. Өрме жүгендi таспаның қалыңдығы мен жалпақтығына қарай үштен – он екі, тіпті, одан да көп таспамен өруге болады.
* Ызбалы жүген – қайысты немесе былғарыны қабаттап ызып тігіп жасаған жүген түрі. Ызбалы жүгенге шеберлер күмістен, жезден жапсырмалар қондырып та жасайды. Қондырылған жапсырмалардың жасалған материалына қарай жүген күміс жүген, жез жүген, былғары жүген деп те аталған.
## Жүген атаулары
Жүген жасалған материалына, өрім санына, әшекейіне немесе ырымдап тағылған заттарына және т.б. байланысты жүгеннің түрлі атаулармен аталуы мүмкін. Мәселен, қайыс таспадан өріп немесе түйіп, әшекейсіз етіп жасалған жүгендер – қайыс жүген деп аталғанымен, өріліп, түйіліп немесе ызылып жасалғандығына байланысты – түйме жүген, өрме жүген, ызба жүген деп та атала береді.
* Сәндік немесе ырым етіп үкі қауырсыны тағылған жүген түрі – үкілі жүген;
* Күміс қоңырау бекітілген жүген түрі – қоңыраулы жүген;
* Кекілдігі мен кеңсiрiгін тiк немесе айқастырылған қайыспен қосып сәнделген жүген түрі – "жалғыз қасқа жүген" немесе "айыр қасқа жүген";
* Сыртын жез сыммен орап жасаған жүгеннің түрі – "сары ала жүген" деп аталады.
Өте ертеректе қазақ даласында алтын шытыралармен сәндеп жасаған жүген түрі болғанымен, қазақта алтындалған жүген кездесе бермеген. Керісінше, күміс жүген қазақ арасында өте көп тараған.
* Күміс жүген – күміс жалатылған шытыралармен (құймаларды) әшекейлеген жүген түрі. Сәндік үшін жасалған жүгендердің ең қымбаты осы күміс жүген болып табылады. Бірақ, өте қымбат және ауырлығына байланысты ерекше жағдайларда (көш барысында, той-томалақ, ас-жиында) ғана пайдаланылғаны болмаса, күнделікті тұрмыста көп пайдаланылмаған.
## Жүгенге байланысты сөз орамдары
Қазақ арасында жүгеннің қызметіне байланысты қосымша мағынада қолданылып, соған байланысты төмендегідей сөз орамдары қалыптасқан:
* Жүгенсіз кету – ешкімнің ақылын тыңдамай, өз бетімен бейберекет тыюсыз кеткен адамға қаратыла айтылатын ұғым.
* Жүген ұстап қалу – мінетін атынан айырылып,қаражаяу қалу дегенді білдіреді. Сонымен қатар бұл малсыз қалу деген мағынада да қолданылған.
Қазақта жұт, барымта, індет немесе салғырттықтан бар малынан айырылып қалу жиі кездесіп отырған. Жүген-құрық тимеген – үйретілмеген, шу асау, тағы, еркін деген мағынаны білдіретін дәстүрлі ұғым. Бұл адамға, малға қатысты да айтылады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Бабалықұлы Ж. Ер тоқым // Ер қанаты. Жинақ. Құраст.: Ж.Аупбаев. Алматы: Қайнар, 1987. 259-278-бб.;
* Нұрғалиұлы Н., Еженбекұлы Е. Ат әбзелдерi. Ер // Ата салтыңды аяла (Қазақ салт-дәстүрлерi туралы таным). Құраст.: Н.Ақбаев. Алматы: Ана тілі, 1998. 96-113-бб. |
## Жалпы сипаттама
Жүз бесінші атты әскер дивизиясы – Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақстандық әскери құрама. 1941 жылы желтоқсан айында Жамбыл қаласында жасақталған. Майдандағы алғашқы шайқастарынан кейін, 1942 жылы Мәскеу түбінде толықтырылып, 6 гвардиялық әуе десанты дивизиясы болып қайта құрылды. 1942 – 43 жылы қыс айларында Старая Русса қаласы түбіндегі шайқастарға, Курск шайқасы (1943 жылы жаз – күз айлары) кезінде Белгород-Харьков бағытындағы шабуылдарға қатынасты.
## Сілтемелер
* Белгород
* Ұлы Отан соғысы
* Курск Шайқасы
* желтоқсан
## Дереккөздер
## Жалпы сипаттама
Жүз бесінші атты әскер дивизиясы – Ұлы Отан соғысына қатынасқан қазақстандық әскери құрама. 1941 жылы желтоқсан айында Жамбыл қаласында жасақталған. Майдандағы алғашқы шайқастарынан кейін, 1942 жылы Мәскеу түбінде толықтырылып, 6 гвардиялық әуе десанты дивизиясы болып қайта құрылды. 1942 – 43 жылы қыс айларында Старая Русса қаласы түбіндегі шайқастарға, Курск шайқасы (1943 жылы жаз – күз айлары) кезінде Белгород-Харьков бағытындағы шабуылдарға қатынасты.
## Сілтемелер
* Белгород
* Ұлы Отан соғысы
* Курск Шайқасы
* желтоқсан
## Дереккөздер |
## Қысқаша мәлімет
Жүкаяқ– дәстүрлі қазақ қоғамында қолданылған, сандықтың астына қойылатын жиһаз. Ағаштан жасалады, төрт аяғы болады. Жүқаяқтың беті металмен қапталып, әр түрлі өрнектермен әшекейленген.
## Сілтемелер
* Қазақ
* Қоғам
* Жиһаз
## Дереккөздер
## Қысқаша мәлімет
Жүкаяқ– дәстүрлі қазақ қоғамында қолданылған, сандықтың астына қойылатын жиһаз. Ағаштан жасалады, төрт аяғы болады. Жүқаяқтың беті металмен қапталып, әр түрлі өрнектермен әшекейленген.
## Сілтемелер
* Қазақ
* Қоғам
* Жиһаз
## Дереккөздер |
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова (1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (драмалық сопрано), профессор. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). Халықаралық конкурстардың лауреаты.
Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығына кіріп, үлкен танымалдылыққа ие болды.
## Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген (1988), ұйымдастырушы-әдіскер. 1981 жылдан бері - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі. Жоғарғы "Ленин-комсомол" сыйлығының иегері (1982 ж.). Халықаралық "Жігер" фестивалінің лауреаты (1983 ж.). Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (1985 ж. Қырғызстан). Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1989). «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін "Гран-при" иегері (1996, 1997 ж.) Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.). I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогикалық институтының профессоры (1997 ж.).
### Отбасы
Әншінің анасы 13 құрсақ көтергенімен, олардың 8-і ғана тірі қалады. Бүгінде әулетте 6 қыз,2 ұл бар. Әкесі өмірден ерте қайтқан, ал анасы ұлы мен келінінің қолында.Жақындарының айтуынша, Мақпал Жүнісова төрт жасынан бастап бес жүз адамға арналған клубта ән айтып, сахнаны еркін меңгере бастаған. Оның әншілігі тойларда, думандарда, әртүрлі мерекелерде ұшталып жатты десе де болады.Мектепте үздік оқып, ата-анасын мақтау қағаздарымен жиі қуантқан. Әкесі Мұхамедияр қарапайым шаруа адамы болса да, табиғатынан дана кісі. Мақпалды үшінші сыныпта Қарағандыдағы музыка мектебіне әкелу керек деген ой осы әкесінің шешімі болған. Көп ұзамай әнші аталған мектепте музыкалық білім алып қана қоймай, орыс тілін меңгере бастайды.
## Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін 1988 жылы бітірді.
## Марапаттары
* Лениндік комсомол сыйлығы — жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін (1982 ж.)
* Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (1985 ж. Қырғызстан).
* Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан).
* Халықтар Достығы ордені (Ресей, 1991)
* Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.)
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.).
* I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры (1997 ж.).
* Халықтар Достығы ордені (Ресей, 1998 ж.).
* Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2004)
* "Платиновый Тарлан" премиясын алды (2001 ж.)
* Қарағанды облысының құрметті азаматы (2002 ж.).
* "Тәуелсіз Тарлан" сыйлығының иегері (2003 ж.).
* «Звезда созидания» ордені (2004)
* Үрімші ауданының құрметті азаматы (Моңғолия, 2006 ж.)
* "Астана" медалінің иегері (2007 ж.)
* "Алтын Адам" сыйлығының иегері (2009 ж.)
* "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" төсбелгісінің иегері (2011 ж.).
* "Алтын микрафон" статуэткасы (2014 ж.)
* "Сахна ханымы" атағы (2014 ж.)
## Хронологиясы
* 1981 - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі.
* 1985 - Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (Қырғызстан)
* 1987 - Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (Өзбекстан)
* 1996, 1997 ж. - «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін "Гран-при" иегері
* 1998 - Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері
* 1996 - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
* 1997 - I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры
* 2007 - "Астана" медалінің иегері
* 2007 - Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
* 2011 - "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" төсбелгісінің иегері
* 2011 - Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының факелін алып жүрді
* 2013 - ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мақпал Жүнісованың құрметіне "Мақпал" сән үйлері жүйесі ашылды
* 2013 - Германия, Монғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Франция, Индия мемлекеттеріндегі концерттік турне
* 2014 - "Алтын микрофон" статуэткасы
* 2014 - "Сахна ханымы" атағы.
## Дереккөздер |
## Қысқаша мәлімет
Жүргенбаев Әбділда(1914, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы – 6.4.1986, сонда) – ақын, жыршы. Нартай Бекежановтың концерттік бригадасында (1938 – 48) өнер көрсеткен. Әр жылдарда өткен (1943, 1946) республикалық ақындар айтысына қатысып, Үмбетәлі Кәрібаев, Есдәулет Қандеков, Кенен Әзірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Құлжабай Төлеуовтәрізді белгілі ақындармен айтысқан. Жүргенбаевтан “Көрұғлы” дастанының көне нұсқасы, “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр” эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған. Халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер институтына “Байбатша”, “Атымтай жомарт”, “Шәкір-Шәкірат”, т.б. дастандарды тапсырған. Шығармалары әр жылдары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (1966) жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргенбаевтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген.
## Сілтемелер
* Қызылорда облысы
* Нартай Бекежанов
* Есдәулет Қандеков
* Үмбетәлі Кәрібаев
* Кенен Әзірбаев
## Дереккөздер
## Қысқаша мәлімет
Жүргенбаев Әбділда(1914, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы – 6.4.1986, сонда) – ақын, жыршы. Нартай Бекежановтың концерттік бригадасында (1938 – 48) өнер көрсеткен. Әр жылдарда өткен (1943, 1946) республикалық ақындар айтысына қатысып, Үмбетәлі Кәрібаев, Есдәулет Қандеков, Кенен Әзірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Құлжабай Төлеуовтәрізді белгілі ақындармен айтысқан. Жүргенбаевтан “Көрұғлы” дастанының көне нұсқасы, “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр” эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған. Халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер институтына “Байбатша”, “Атымтай жомарт”, “Шәкір-Шәкірат”, т.б. дастандарды тапсырған. Шығармалары әр жылдары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (1966) жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргенбаевтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген.
## Сілтемелер
* Қызылорда облысы
* Нартай Бекежанов
* Есдәулет Қандеков
* Үмбетәлі Кәрібаев
* Кенен Әзірбаев
## Дереккөздер |
Жүсіп сөзінің келесі мағыналары бар:
* Жүсіп пайғамбар
* Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы |
Қали Жүніс моншасы – Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қала құрылыс және сәулет түріне жататын тарихи нысан.
## Орналасқан жері
Тараз қаласы, Байзақ батыр және Қазыбек би көшелерінің қиылысы.
## Орнатылған кезеңі
XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басы.
## Тарихи дерек, құрылыс сипаты
Монша Әулие-Ата қаласының тұрғыны – алғашқы меценат Қали Жүніс Маюсуповтың қаражаттарына салынған деп саналады. Әңгімелерге сүйенсек, Қали Жүніс Маюсупов өзінің инабаттылығымен, дархандығымен және кішіпейілділігімен аты шыққан ежелгі Тараздың меценат-көпестерінің бірі болған. Ол бұхар шеберлерінің қолмен жасайтын таңғажайып заттары туралы естіп, дәл сондай моншаны өз қаласында да салмақ болды. Монша құрылысы кезінде шығыс орта ғасырлық моншаларының сәулет композицияларының және жылыту жүйелерінің қағидалары пайдаланылған. Моншаның ішкі көрінісі фреска жазбасымен безендірілген. Жазба нақышы – геометриялық.Қаланың көне тарихи орталығында тұрғын үйлердің қоршауында орналасқан монша бір қабатты, төбесінде үлкен әрі көлемді күмбездері бар. Беталды кіре беріс жағы Байзақ батыр көшесіне бағытталған. Күйген кірпіштен ортаазиялық ескі дәстүрлі әдіс қолданылып, тік қабырғалары жабық келіп, төбесіне күмбездер орналастырылған. 1986 жылы қалпына келтірілген монша бұрын ғылыми әдебиетте жазылып көрсетілмей келген. Моншаның бетәлпет жағы кірпіштермен өрнектеліп, қуыс аралықтары жылтыр етіп сыланған.
Монша құрылысы – кіре беріс бөлмеден, вестибюльден, демалатын бөлмеден, жуынатын орыннан, массаж жасалатын бүйірдегі бөлмелерден, жылыту бөлмесінен, ыстық және суық су сақталатын ыдысы бар орындармен байланысатын қуыстардан; ыстық және суық су сақталатын үлкен резервуардан, қабырғаға жапсырыла орналасқан су ысыту қазанынан, ауласында құдығы бар тех. сектордан; жуынатын үш бөлмесі, олардан сыртқа шығып кететін арнайы есігі бар шағын пайдалану секторынан тұратын етіп жоспарланған. Моншаның құрылымы төбені жабудың аспалы – күмбездік әдіс жүйесі арқылы шешілген. Жарық беру мен желдеткіш күмбезде қарама-қарсы орналасқан тесіктер мен үй қабырғаларының арасындағы кішкене қуыстар арқылы жүзеге асырылады. Үй көне дәстүр бойынша еденнің астынан қыздыратын каналдардың қалталары арқылы жылытылады.Құрылыстың жалпы ауданы 450 шаршы метр. Қабырғаларының биіктігі – 3 м, қалыңдығы – 0,8 м. Кейбір бөлмелердің күмбезіне дейінгі биіктігі шамамен 5-6 м-ді құрайды.Ғимарат алғаш рет 1986 жылы реставрацияланған. 2001 жылы Тараздың мерейтойына қарсы Жамбылдық "Казреставрация" мамандары ғимаратты қайта қалпына келтіріп, ол қайтадан бұрынғы келбетті күйіне келді. Құрылыстың күмбездері толығымен қалпына келтірілді. Бүгінгі күні бұл бірегей кешен мұражай нысанына және туристтер үшін өте қызықты орынға айналды.
## Дереккөздер |
Шайқысламұлы Жүсіпбек, Жүсіпбек қожа (1857, Отырар ауданы Қожатай мекені – 1937, Шыңжан өлкесі, Іле Қазақ автономиялы облысы Текес ауданы Шиеліөзек ауылы) – ақын, аудармашы, қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, насихаттаушы, жыршы.
Ауыл молдасынан оқып, кейін медреседе білімін жетілдірген. Араб, парсы, шағатай, түрік тілдерін толық меңгерген. Оқуын аяқтаған соң ақындық, серілік жолға түсіп, ел аралайды. Сыр сүлейлері мен Қаратау шайырларымен, Сарыарқа мен Жетісудың ақын-жырауларымен жүздеседі. Олардың шығармаларын жазып алып, ел ішінде насихаттаған.
Шығыс тілдеріне жетік ақын олардың классикалық әдебиетін, фольклорлық туындыларын оқыған. Фирдоуси, Хафиз, Жәми, Физули, Науаи жырларымен жете танысқан. Ол XІX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент баспаханаларында қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын, Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандарды бастыру ісін қолға алады. «Қыз Жібек» (1900, 1903, 1905, 1908, 1909, 1910, 1911), «Айман – Шолпан» (1896, 1901, 1913, 1916), «Сара қыз бен Біржан салдың айтысы» (1898, 1900, 1901, 1902, 1907), «Алпамыс» (1899), «Кенесары-Наурызбай» (1903), т.б. ұлттық фольклордың асыл мұралары мен «Сал-сал», «Зарқұм», «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», т.б. шығыс сюжетіндегі хисса-хикаяттар Жүсіпбектің бастыруымен алғаш рет жарыққа шықты. «Мың бір түн», «Кербаланың шөлі», «Тотының тоқсан тарауы», «Дариға қыз», «Қасым Жомарт», т.б. аңыздардың мазмұнын өз бетінше жырлады. Жүсіпбек хисса-дастандар жазумен қатар айтыстарға да қатысқан. Оның Шөкей (Уәзипа) қызбен, Жалайыр Бақтыбаймен айтысқаны белгілі. Алғашқы айтыстары жеке жинақ ретінде басылып (1897, 1910), кейін «Айтыс» томдарына (1964, 1965, 1988) енгізілді.
Жүсіпбек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, кейін жеңіліс тапқан халықпен Қытай еліне қоныс аударуға мәжбүр болады. Сол өлкеде тұрақтап қалып, бала оқытумен, емшілікпен шұғылданады.
Өмірі мен шығарм. туралы «Қазақ совет энциклопедиясы» (4-т., 1974), «Ақын-жыраулар» (1979), «Үш үзік» (1993), «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1994) жинақтарында жазылды. Ақынның төл туындылары мен басылым көрген хисса-дастандарының қолжазбалары Қазақстан ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры (ОҒҚ, 170 д. 546, 570-бумалар) мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында (Ә-И, 901, 121-бумалар) сақталған.
## Дереккөздер |
Жүсіпбек Басығараұлы, Жүсіпбек Басығарин (туған жылы белгісіз, Қызылорда облысы, Сұлутөбе қонысы – 1920, Ташкент) – ақын, аудармашы.
“Қыз балаларға” (1913), “Бозбалаларға” (1914), “Жас әйелдерге” (1914) атты дидактикалық өлеңдері “Айқап” журналында, “Ақымақтарға” (1913), “Өлең-жыр” (1914), “Интеллигент” (1914), т.б. өлеңдері “Қазақ” газетінде, “Жазушыларға” (1917), “Отағасы” (1917), “Неғып жатыр?” (1917) өлеңдері “Алаш” газетінде жарияланған. Жүсіпбек Басығараұлының публицистикалық мақалалары өте көп. Жүсіпбек Басығараұлы Нысанбай жыраудан "Кенесары - Наурызбай" жырын жазып алып, 1923 жылы Мәскеудегі Күн Шығыс баспасынан шығарған. 1926 жылы Мәскеуден Жүсіпбек Басығаринның құрастыруымен "Тазша (өтірік сөздер, өлеңдер)" кітабы басылып шыққан. "Тазша батаның қырық өтірігі" аталатын қазақ ертегісі тұңғыш рет осы жинақта жарияланған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне де елеулі үлес қосқан. Нысанбай жыраудан “Кенесары – Наурызбай” жырын жазып алған. Бұл жыр 1923 жылы Мәскеудегі Күншығыс баспасынан Н.Төреқұловтың алғы сөзімен жарыққа шыққан. 1926 жылы Мәскеуден Жүсіпбек Басығараұлының құрастыруымен “Тазша (өтірік сөздер, өлеңдер)” кітабы басылып шыққан. “Тазша баланың қырық өтірігі” аталатын қазақ ертегісі тұңғыш рет осы жинақта жарияланған. Төреқұлов, Х.Досмұхамедов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Сұлтанбек Қожанов, Ғ.Мұратбаев, т.б. қоғам қайраткерлері Жүсіпбек Басығараұлының шығармашылық еңбегін жоғары бағалап, оған қолдау көрсетіп отырған. Ақынның әдеби мұрасы арнайы зерттелмеген.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.