text
stringlengths 3
252k
|
---|
Уәли Бисақанұлы Еламанов(15 маусым 1952, Бударин ауылы, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — әскери қайраткер, генерал-майор.
Рязань жоғары әуе десанты командалық уч-щесін бітіргеннен кейін, 1974 — 82 ж. әуе десанты бөлімдерінде взвод командирі, рота командирінің орынбасары, рота командирі, батальон командирінің орынбасары болды. 1982 — 85 ж. Мәскеудегі Әскери академияда оқыды. 1985 — 96 ж. полк командирінің орынбасары, дивизия штабы бастығының орынбасары, айрықша гвардиялық әуе десанты бригадасының командирі, 1996 — 99 ж. мотоатқыштар әскерлері оқу-жаттығу орталығының бастығы, армиялық корпустың командирі қызметтерін атқарды. 1999 — 2000 ж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы мақсаттағы күштері қолбасшысының бірінші орынбасары, бас штаб бастығы қызметінде болды.
## Дереккөздер |
Физиология және еңбек гигиенасы институты. 1958 жылы Қарағанды қ-нда Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институты ашылды. 1984 жылы бұл институт Қазақстан ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесінің құрамына енді. Институтта 9 лабораторияны біріктіретін 3 бөлім бар. Олар: еңбек гигиенасы, экология, гигиена және кәсіби патология бөлімдері. Ғылыми-зертеу жұмыстарының негізгі бағыттары: өнеркәсіптік экология, антропогендік патология, өндірістік және қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына организмнің бейімделуі. Институт қызмет атқарған жылдар ішінде 30-дан астам доктор және 100-ден астам кандидат дисс-лар дайындалып, 107 әдістемелік ұсыныстар, 30-дан астам монография, ғылыми еңбектердің 33 жинағы, кәсіби патология бойынша нұсқаулар шығарылып, 34 патент пен авторлық куәлік алынды. 1932 жылы қараша айында Алматы қаласындағы 1-балалар консультациясының базасы негізінде 13 дәрігері бар штатпен Ана мен баланы қорғау институты болып құрылған. 1972 жылы Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің Қаулысымен институт атауы Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-лігінің Педиатрия ғылыми-зерттеу институты, ал 1994 жылдан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы болып өзгертілді. Қазіргі уақытта ұзақ мерзімді зерттеу бағдарламаларының жаңа міндеттеріне байланысты институт құрамында патенттану мен ғылыми-медициналық ақпарат тобы бар ғылыми-ұйымдастыру орталық, республика онкогематология орталығы, шала және жаңа туған нәрестелерге арналған бөлім, гастроэнтерология бөлімі, жүрек-қан тамырлары патологиясы бөлімі, нефро-урология бөлімі, балалар хирургиясы, кеңірдек-өкпе аурулары мен жұқпалы ішек аурулары, функционалды диагностика бөлімі, клиник.-диагностика лабораториясы, консультативтік диагностика бөлімі жұмыс істейді. Ғыл. орт. ірі ғыл. мекемелердің бірі болып табылады. Онда 400 қызметкер жұмыс істеді, олардың 65-і ғылыми қызметкер, соның ішінде 10 медицина ғылыми кандидат, 25 медицина ғылыми кандидат бар. Ортлықтың типтік корпустарда орналасқан 210 орындық клиникасы бар. Ғылыми ортаны республика балаларына арнайы білікті көмек көрсетеді. Ол – республика дәрігерлерінің, медбикелерінің біліктілігін арттыру, медицина университет, медицина колледждердің студенттерін оқыту базасы. Орталықта аспиранттар, ординатор-дәрігерлер тәжірибеден өтеді. 1993 жылдан бері 33 адам аспирантураны бітірді. 1990 жылдан бері клиник. ординатураны 60 адам тәмам-дады. Клиникада жыл сайын республиканың түкпір-түкпірінен әр түрлі диагностика мен емделуі өте қиын аурумен ауыратын 3 мыңға жуық бала емдеуден өтеді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми ортада республика бюджеттен қаржыландырылатын «Қазақстан Республикасы балалар денсаулығын қорғаудың ғылыми негіздері» атты ғылыми-техника бағдарламаны жүзеге асыруда. Бағдарламаның мақсаты: эпиопатогенезді, ауру белгілері ерекшеліктерін, соматикалық және хирургиялық патология кезіндегі органдардың морфофункционалдық күйін зерттеу негізінде балалардың ауруы мен өлімі деңгейін төмендету, созылмалы ауруға айналудың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің негізгі ауруларын анықтау мен емдеу тиімділігін арттыру. Институт базасында 14.00.09 – педиатрия, 14.00.35 – балалар хирургиясы мамандықтары бойынша доктор (канд.) дисс. қорғау кеңесі жұмыс істейді. 1994 жылдан бері 82 ізденуші канд., 12 ғалым доктор дисс. қорғады. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми ортаның қызметкерлерінің соңғы жылдары ғана 1026, соның ішінде шет елдерде – 252 ғыл. еңбегі жарық көрді; 72 өнертабыс патенттері алынып, 45 әдістемелік нұсқау баспадан шығарылды. |
Ергежейлілік, нанизм (грекше nannos – ергежейлі) – адам бойының қалыпты деңгейден төмен болуы. Егер ер адамның бойы 130 см-ден, әйел 120 см-ден төмен болса, ол ергежейлі болып есептеледі. Ергежейлілік туралы алғашқы ғыл. жіктелімді 1902 ж. неміс ғалымы В. Ганземанн ұсынған. Ергежейлілік гипофиз, қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы, жыныс бездерінің қызметінің бұзылуынан; мешел ауруының салдарынан; аяқ-қол, мойын, кеуде сүйектерінің өспеуінен (іштен туа біткен); сапасыз тамақтанудың әсерінен өсу гормонының (соматотропин) аз бөлінуінен болады. Сондай-ақ, ергежейліліктің тұқым қуалайтын да түрі бар. Адамның шашы түсіп, бет-әлпеті кішкентай баланікіндей болады. Кейде науқас адамның сан етіне, ішіне, әсіресе, кеудесіне (алдамшы сүт бездерінің пайда болуы) май жиналады. Ергежей адамның жыныс бездері жетілмеуі салдарынан ұрпақ қалдыра алмайды. Ергежейлілік жалпы ой-өрістің дамуына онша әсер ете қоймайды. Дегенмен, орталық жүйке жүйесі зақымданса немесе организмнің эндокриндік және хромосомдық жүйелерінде ауытқулар байқалса, онда науқас адамның мінез-құлқында айтарлықтай өзгерістер (мысалы, ақыл-есінен айырылуы) пайда болуы мүмкін. Ергежейлілік — ұзақ емделуді қажет ететін ауру. Емді эндокринолог-дәрігер тағайындайды. Ергежейлілікті организмде жетіспейтін гормондар (бой өсіру гормоны — соматотропин, қалқанша без гормоны — тироксин, жыныстық гормон — хориониалық гонодотропин, т.б.) мен витаминге бай сапалы тамақтану арқылы емдейді.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау |
Ғаппар Қасенұлы Ерғалиев (17 қазан 1932 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1990), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында аға лаборант (1956–58), кіші (1958–68), аға (1968–78) ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1978–91) қызметтерін атқарған; ал 1996 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі.
1989 ж. «Кембрии Южного Казахстана и Улытау (стратиграфия, ярусное и зональное расчленение, трилобиты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның венд, кембрий және төменгі ордовик кезеңдерінің стратиграфиясы мен палеонтологиясын зерттеуге, оның ішінде Қаратау мен Оңтүстік Ұлытаудың кембрий–ордовик қабаттарының биостратиграфиясы мен трилобиттерін кешенді зерттеуге арналған. Ерғалиев 120-ға тарта ғылыми-зерттеу жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның («Трилобиты среднего и верхнего кембрия Малого Каратау», 1980) авторы.
Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1982).
## Дереккөздер |
Еңсегей Бойлы Ер Есім– Қазақ хандығының билеушісі (1598 – 1645) "Еңсегей бойлы ер Есім" дастаны (1941 жыл, көлемі 7000 жол) дәстүрлі эпикалық жанр арнасында жазылған. Жырдың 1941 ж. Қазанғап Байболұлы жазып шыққан нұсқасы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп аталады. Ақын мұны Шәкәрім, Астай имам, Қарамолда, Ботпай Тұрта сияқты ел ішіндегі тарихшы - шежірешілердің нақты жазбаларын пайдалана отырып жазып шыққан. Жырдың алғашқы «Шыңғыс хан», «Тәуекел хан» деп аталатын тараулары Шыңғыстың, Тәуекелдің өмірге келуі және хан тағына көтерілуі туралы аңыз сарындармен басталады да, олардан бергі қазақ хандарының тарихына қысқаша шолу жасайды. Шығарманың бұдан кейінгі тараулары Есім ханның ер жетуі мен жорықтарына, оның заманындағы тарихи оқиғалар мен ел басқару үлгісін баяндауға арналған. Жырдың, әсіресе, деректі тарихи оқиғалар мен нақты адамдар жайынан мағлұмат беретін тұстары аса құнды болып табылады. Онда Әбілғазы хан, Жиембет жырау, Алатау, Сүлеймен, Жақсығұл, Сиқымбай сияқты батырлардың көркем тұлғалары сомдалған. «Еңсегей Бойлы Ер Есім» жырында халқымыздың өмір салты, тұрмыс ғұрыптары, ынтымағы мен жауынгерлік дәстүріне байланысты аса мол материалдар жинақталған. Есім хан туралы өлеңмен жазылған жыр-аңыздар Шығыс Түркістан қазақтарының арасында да ұшырасады. Қ.Байболұлынан жазылып алынған жырдың бұлардан ерекшелігі Тараз, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Түркістан Қазығұрт, Бадам, қазіргі ОҚО Төлеби ауданындағы Саңлақ, Сайрамсу, Қасқасу ауылындағы Төрткүл төбе сияқты жерлерде болып өткен сол кездің тарихи оқиғалары мол қамтылуымен дараланады. Одан басқа бұл дастанда Қазығұрт, Сазаната, Сарыайғыр, Балдыберек, Қасқасу, Қоғалы, Бадам, Даңғырашал, Ойрантөбе, Қаратөбе, Дарбаза, Көкібел, Шатыртөбе, Қарлытау, Азат, Тоғыс, Сайрам, Сарыбұлақ, Шутөбе, Қоңыртөбе, Мыңбайыр, Ордақонған, Сауыршы, Қоспа, Нарбай сазы, Өліжұрт, Кішіжұрт, Үлкен Орда, Кіші Орда, Бәйбіше, Зертас, Хантөре, Қорғантас, Мешіттас сияқты географиялық атаулардың этимологиясына жыр тілімен берілген түсініктемелерді көптеп табамыз. Бұрын соңды ешбір тарихи жырларда кездеспейтін 140 адам есімдері мен рулық-тайпалық атауларды, барлығы 256 жалқы есімді кездестіреміз. Дерекке бай болуы қиын поэзиялық шығарма үшін бұл ерекше көрсеткіш. Мұның өзі Қазанғаптың дүниетанымы мен ой өрісінің кеңдігін, есте сақтау қабілетінің мықтылығын көрсететін мысал. Оңтүстіктің Омарбайы” атанған айтулы ақын Омарбай Малқаров 1980 жылы 26 тамызда “Оңтүстік Қазақстан” газетінде жарияланған “Қастерлейміз, жырлаймыз” атты мақаласында: “.." Қазанқап Байболұлы барша құбылысқа тарихтың биігінен қарай білетін дара тұлға" - деп бағалауы да осыдан болса керек. Жалпы дастанда әсірелеу, мадақтау кездескенімен негізгі мазмұны тарихи шындаққа негізделіп жазылған. Аталған жырдың қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Қазанғап Байболұлының авторлық меншігі. Жырдың шағын үзіндісі «Ана тілі» газетінің 1990 жылғы 31 мамырдағы санында жарияланған.. Бұданбасқа Қазанғап өз өмірінде көлемді 8 шығарма жазған. Оның бәрін дерлік уақытында тиісті орындарға қолжазба күйінде тапсырып отырған. Атап айтсақ: “Орта жүз Дауанасбай Өкірік Найман” дастанын 1934 жылы, “Египет ханы Абдулланың қызы Сайыпжамал” дастанын 1934 жылы, “Шеризат Күлшат” дастанын 1938 жылы, “Төрт дәруіш” дастанын 1939 жылы, "Орқа-Күлше" дастанын 1939 жылы, “Төле бидің тарихы” дастанын 1941 жылы, “Еңсегей бойлы ер Есім” дастанын 1941 жылы, ал ““Қарсыбай батыр” дастанын 1943 жылы ғылыми орталық кітапхана қорына тапсырған. Әлі де ұрпақтарында жарияланбаған көптеген өлеңі мен тарихи жырлары бар. Қазанғап ақынның қазір де көптеген тарихшы ғалымдардың терең зерттеуін қажет ететін шығармалары жетерлік.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том |
Әбдіров ескерткіші – Қарағанды облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
## Орналасқан жері
Қарағанды қаласы, Н. Әбдіров даңғылы.
## Кезеңі және авторлары
Кеңестік ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің (1919-1942 жж.) ескерткіші 1958 жылы орнатылған, сәулетші Л.Е. Воробьев, мүсіншілер А.П. Билык, Ю.В. Гуммель.
## Ескерткіш сипаты
Ұшқыш-сержант Әбдіровтің беліне дейінгі денесін бейнелейтін мүсін сына тәрізді биік тұғырға қойылған. Мүсіннің кейіпкермен түр ұқсастығы, киім формасының дәлдігі ескерткіштің жетістігі болып табылады. Мүсіншілер батырдың жанып бара жатқан самолетті Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде тұрған жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттаған, дәл ерлік жасар сәтіндегі өжет шешімге келген жүзін анық көрсеткен. Шойыннан құйылған мүсіннің биіктігі 4,8 м, мәрмәр тақтамен қапталған. Жалпы биіктігі 9 м ескерткіш үлкен көшемен жақсы жарасым тапқан. 1985 жылы ескі тұғыр жаңартылды.
## Дереккөздер |
Әбубәкір Ерекешов (10 қараша 1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Көзжетпес ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2001). Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1970). 1972 — 74 ж. Алматыдағы 1-қалалық балалар ауруханасында хирург, бас дәрігер (1988 — 91), 1974 — 88 ж. облыстық балалар ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі (1977 — 85), бас хирург (1985 — 88), 1991 — 95 ж. Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, доцент болып жұмыс жасады. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігіне қарасты Дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында курс меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері балалар травматологиясына арналған. Ерекешов иық сүйектері (тоқпан жілік, асық жілік), қол-аяқ сүйектері зақымданған балаларды, ұршығы шығып кеткен (іштен туа біткен) нәрестелерді, бауырда болатын жылауық құртты, перитонитті хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін және жедел қабыну салдарынан болатын өкпенің тесілуін алдын алатын жаңа хирургиялық емдеу жолдарын ұсынды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1999).
## Дереккөздер |
Еділ Ерғожаұлы Ерғожин (7 қараша 1941 жылы Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Екпінді — 9 шілде 2020) — ғалым, Химия ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы облысының Құрметті азаматы.
## Жалпы мәліметтер
Әкесі - Қаптағаев Ерғожа (1892-1946), кеңшар жұмысшысы болған. Анасы - Қаптағаева Тәтім Жапарқұлқызы (1897-1980), кеңшар жұмысшысы болған.С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген (1963), химик. Шыққан руы жалайыр.
## Ғылыми еңбектері
* Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жаңа ионалмастырғыштар мен тотығып-тотықсызданатын полимерлердің синтезі мен түзілу заңдылықтарын зерттеу». Нью-Йорк академиясының академигі (1994). Қазақстандағы ионалмасу химиясы мен мембраналық технологияның негізін қалаушы. Ионалмастырғыштар мен гетерогенді, гомогенді және интерполимерлі мембраналардың синтезін, өтімділігі мен селективтілігін реттеудің жаңа бірегей әдістерін әзірлеп шығарды. Олардың негізінде жаңа электрдиализдік тұщыландырғыш қондырғылар мен концентраторлардың сериялық ендірісін құрып, енгізді. Табиғи және краун-қосылыстарының негізінде селективті сорбенттерді синтездеудің жаңа ғылыми бағытын ашты.
* 20 іргелі монографияның және 2 оқулықтың («Жоғары өтімділікті иониттер» (1979), «Редоксиониттер» (1983), «Полифункционалды ионалмастырғыштар» (1986), «Ерігіш полиэлектролиттер» (1991), «Краун-қосылыстарының негізіндегі полимерлер» (1994), «Ионалмастырғыш және жартылай өткізгіш мембраналар» (2004), (2010), «Нанотехнология. Экономика. Геосаясат» (2010), «Полиэлектроліттер мен комплексондар» (2010) және т.б.), 200-ден астам авторлық куәліктер мен патенттердің, 1300 астам республикалық және халықаралық мәртебелі баспаларда шыққан ғылыми еңбектердің авторы.
* 13 химия ғылымдарының докторларын және 87 ғылым кандидатарын дайындады.
## Халықаралық ғылыми жетістіктері
Братислава (1968), Будапешт (1969), Лондон (1971), Хельсинки (1972), Прага (1971, 1980, 2004), Баку (1981), Лейпциг (1978, 1985), Ташкент (1978, 2007), Алматы (1987, 1990), Майндағы-Франкфурт (1989), Тбилиси (2003, 2006), Кишинев (2005, 2007), Мәскеу (1965, 1968, 1970, 1975, 1980, 1985, 1990, 2004, 2005, 2007, 2010), Ленинград (Санкт-Петербург ) (1978, 1982, 1984, 1988, 2004, 2007), Томск (2006), Уфа (1970, 1974, 1979, 1983, 1989, 2008), Қазан (2010) қалаларында; Францияда (Париж, 1989, 1991, 1993, Ренн, 1993, Монпелье, 2005, 2008), АҚШ-та (Сан-Диего, 1995, Колледж Стейшн и Туссон, 1997, Вашингтон, 1999), Бельгияда (Брюссель, 2000), Жапонияда (Киото, 2005), ҚХР (Үрумші, 1989, 1993, Пекин, 2005), Швейцарияда (Висп, Базел, 1993), Египетте (Шарм-эль-шейх, 2007), Индонезияда (Сингапур-Бали, 2009), және т.б. елдерде өткен жоғары молекулалық химия мен ион алмасу саласындағы халықаралық симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасаған, химия және химия технологиясы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша халықаралық келіссездерге қатысқан.
## Жеке қасиеттері
* Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. *КОКП мүшесі (1965-1990).
* Үйленген. Жұбайы - Ерғожина Зеннат Мәмбетқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дәулет» менеджер-экономисттер институтының ректоры. 3 қызы, ұлы мен 10 немересі бар.
## Еңбек жолы
* 1957 жылдан - Талдықорған облысының Талдықорған ауданындағы Абай атындағы кеңшарында шопанның көмекшісі.
* 1958-1963 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
* 1962 жылдан - ҚазКСР ҒА Химия ғылымдары институтының кіші, аға зертханашысы, аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, ионалмасу шәйірлер зертханасының меңгерушісі.
* 1980-1988 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жоғарымолекулапық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, химия факультетінің деканы (1980-1983), бірінші проректоры (1983-1986), ректоры (1986-1988).
* 1988 жылдан бері - ҚазКСР ҒА Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры,
* 1994-1995 жылдары - ҚР ҰҒА вице-президенті.
* 1999-2002 жылдары - ҚР ғылым және жоғары білім вице-минисірі. Қайта құрғаннан кейін - ҚР білім және ғылым вице-министірі ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылым депутаты, ғылым және техника жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы (1986-1990);
* 2009 жылдан «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" АҚ президенті.
## Жетіктері
Халықаралық тендерді ұтып (1996), Қазақстанның әр аймағында орналасқан континентаралық баллистикалық СС-18 ракеталарының жерасты қондырғыларын талдау жобасы негізінде жерасты суларының және топырақтың химиялық залалдануын бағалау туралы зерттеулерді уақытынан бурын еткізген. Институт АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіпсіздікті төмендету агенттігінің алғыс грамотасымен және 270 мың тұратын құрылғылары бар химия-экологиялық лабораториямен марапатталған.
## Марапаттары
* 1971 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
* 1976 жылы ҚазКСР Алтын Құрмет Кітабына енгізілген.
* 1980 жылы «Қажырлы еңбегі үшін» медалі;
* 1982 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* 1984 жылы "Қазақ КСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы;
* 1991 жылы академик С.И. Вавилов атындағы медалі;
* 1995 жылы VIII Халықаралық ғылым байқауындағы әл-Хорезми Тегеран;
* 1998 жылы "Астана" медалі;
* 2000 жылы «Ғылым қайраткері» номинациясындағы "Жыл адамы"
* 2000 жылы «Ғылым» номинациясындағы «Платина Тарлан» ең жоғары сыйлығының тұңғыш иегері.
* 2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғысымен, «Аптын барыс» белгісімен ескерілген.
* 2002 жылы Өндіріске қолдау көрсету ассоциациясының медалі (Франция;
* 2002 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызметкерлер академиясының «Ғылымға және ғылыми серіктестікке сіңірген еңбегі үшін» алтын медалі;
* 2003 жылы Өндіріске қолдау көрсету ассоциациясының Наполеон медалімен (Франция);
* 2003 жылы "Парасат" ордені; (ҚР)
* 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»
* 2005 жылы «Қазақстан Парламентіне 10 жыл»
* 2006 жылы академик С.П. Королев атындағы алтын медалі;
* Ғылым маршалының кұрметті атағын алған.
* Алматы облысы Ескелді ауданының және Апматы облысының Құрметті азаматты.
## Дереккөздер |
Хамит Ерғалиев (14.10.1916 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат — 13.12.1997) — қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы. Шын есімі - Ғабдолхамит. Руы: Кіші Жүз, Жетіру, Тама.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45). Тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде 1936 жылы жарияланды. Ол көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды. Epғалиев 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1945-50 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері, 1950-57 жылы Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, 1958-59 жылы Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет атқарған.Исатай ауданының, Атырау қаласының құрметті азаматы.
Epғалиев - 30-ға тарта жыр жинақтарының, «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Оралдағы отты күн», «Аңыз ата», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» деп аталатын поэмалардың авторы.
Ол - Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1981), екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» және 1, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталған.
Epғалиев Қаныш Сәтбаевты үш рет жақыннан көргені туралы естелігінде («Беделіндей елімнің биік еді», «Заңғар», «Айқос», А., 1999) ұлы ғалымның қарапайым әрі кішіпейілділігіне тәнті болады. 1949 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Үлкен Алтай проблемасы жөніндегі көшпелі сессиясы Өскемен қаласында өткен кезде, сессия барысынан күн сайын хабар ұйымдастыру үшін «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі Epғалиевтің журналистік жұмысына академиктің өзі кеңесші болып, көмек көрсеткенін еске алады. Epғалиев ұлы ғалымның рухына арнап, «Ғарыштағы Қаныш» деген баллада («Социалистік Қазақстан». 1989, 12 сәуір) жазды.
## Шығармалары
Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады. "Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ересен ерлігін, халықтардың бейбітшілік жолындагы жанқиярлық күресін жырлады. "Үлкен жолдың үстінде" (1949) поэмасында социалистік өмірді жаңа қарқынмен орнатып жатқан жұмысшы табының қажырлы еңбегін суреттеді. Хамит Ерғалиевтің бұл поэмасында Мойынты-Шу темір жол құрылысындағы еңбек адамдарының ерлік істері, рухани өскендігі бейнеленген. "Біздің ауылдың қызы" (1950), "Сенің өзенің" (1953) поэмаларында қуаңшылық жайлаған шөл даланы суландырған, жасыл орман өсіріп, сол даланы гүл-бақшаға айналдырған адамдардың еңбегі суреттелген. Бүл төрт поэма да— эпикалық екпінмен жазылған, қазақ поэзиясында белгілі орын алған көркем туындылар. "Оралдағы отты күн" (1956) поэмасында азамат соғысында аты аңызға айналған Чапаевты, оның майдандас серіктерін жырлады. "Аңыз ата" (1965) поэмасын украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арнады. Ал "Құрманғазы" (1962) поэмасында қазақ халқының ұлы композиторы Қ.Сағырбаевтың, "Күй дастан" (1970) поэмасында академик композитор А.Жұбановтың бейнесін жасады. "Жылдар, жылдар" (1966) дастанында коммунистік дәуірді жырлады. X.Ерғалиев көркем очерк, публицистикалық мақалалар арқылы заманымыздың көкейкесті мөселелеріне үн қосып отырады. Таңдамалы прозалық шығармалары "Шындық шырқайды" деген атпен 1966 жылы жеке кітап болып шықты.
Ақын аударма саласында да еңбек етеді. Д.Байронның, В.Шекспирдің, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, Д.Бедныйдың, А.Сурковтың, Р.Ғамзатовтың таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қырғыздың "Манас", қарақалпақтың "Қырыққыз" эпостарын қазақ тіліне аударушылардың бірі болды. Ерғалиевтың негізгі шығармалары орыс тіліне, басқа да туысқан халықтар мен шетел тілдеріне (чех, венгр, украин, карақалпақ, қырғыз, өзбек, тәжік, поляк) аударылды.
## Кітаптары
* Екі поэма. А., ҚМ КӨБ, 1949;
* Біздің ауылдың қызы. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1950;
* Сенің өзенің. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953;
* Жайық жырлары. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМ КӨБ, 1955;
* Құрманғазы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1958;
* Дәуір дабылы. Өлеңдер, поэмалар. А., ҚМ КӨБ, 1963;
* Өз көзімен өмірдің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965;
* Күн күмбез. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;
* Күй дастан. Поэма, өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;
* Құтты қоныс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;
* Санаттағы сарбаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975;
* Жанарымда жұмыр жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978;
* Алтын зерең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981;
* Таңдамалы. Шығармаларының үш томдығы. 1982—1984;
* Өмір өрнегі. Эссе, очерк, публицистика. А., «Жалын», 1986;
* Жедел толғау. Өлеңдер, балладалар, поэмалары., «Жазушы», 1988;
* Демарш. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1992;
* Шер толғау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1993;
* Сонеттер. А., «Жалын», 1995;
* Ғұмырнама. Естелік-эссе. А., «Өлке», 1996;
* Жақсыдан шарапат. Эссе, очерк, көркемсөз. А., «Қайнар», 1996;
* Ұлтым дедім, ұлғайдым. Жыр кітабы. А., «Жазушы», 1997.
## Марапаттары
* 2-дәрежелі Отан соғыс ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Құрмет Белгісі" ордені
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Хамит Ерғалиев «Әдебиет порталы» сайтында
* Хамит Ерғалиевке арналған сайт |
Руслан Темірұлы Ержанов (27 қараша 1976 ж.т., Алматы) — шахматшы, халықаралық гроссмейстер (1997).
## Өмірбаяны
Ержанов шахматты бес жасында үйренді. Оның жаттықтырушылары — анасы Наркиса мен әкесі Темір Ержановтар.
Қазақ мемлекеттік құрылыс-сәулет академиясын бітірген (1999).
## Марапаттары
Ержанов 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында екі рет Азия құрлығының күміс жүлдегері (1992, Доха, Катар; 1994, Куала-Лумпур, Малайзия), 26 жасқа дейінгі шахматшылар арасында дүниежүз. чемпионаттың күміс жүлдегері (1997, Буэнос-Айрес, Аргентина), Азия құрлығының күміс жүлдегері (1999, Пекин, Қытай), Азия құрлығы қалалары арасындағы чемпионаттың жеңімпазы (2000, Бейрут, Ливан) атанды. |
Ерейментау Тас Мүсіндері– - Түркі қағанаты кезінде (6-8 ғасырлар) жасалған тас мүсіндер тобы. Ерейментау сілімдерінің бойында, Сілеті, Кедей, Торғай өзендерінің жоғарғы ағыстарында орналасқан. 1942, 1946 - 60 жылдары Орталық Қазақстан археолиялық экспедиция (жетекшілері А.Машанов, Ә.Марғұлан) зерттеген. Кедей өзенінің бас жағында, Жаушоқы төбесінің етегінде сұр граниттен қатап жасалған екі мүсіннің (ел арасында "Қос батыр" атанған) әрқайсысының аумағы 3,5x3,5 м. Мүсіндер оң қолына дөңгелек тостаған ұстап, сол қолымен қылышына сүйенген мұртты ер адамдарды бейнелейді. Бүйірінде ажыратыл оқуға келмейтін көмескі, көне түркі жа-зуына ұқсас таңбалар байқалады. Мүсіндер шаршы пішіндес екі тас қоршаудың шығыс іргесіне қойылған. Үлкенінің биіктігі 160 см, ені 40 см, қалыңдығы 23 см. Ерейментау Тас Мүсіндеріндегі жойылған гранит тастар осы өңірдегі Қарағайлы алқабынан алынып отырған. Осындай мүсіндердің маңында орналасқан бір обаны зерттеу кезінде түрлі түсті кен тастарының сыныптары кездескен. Олар оба үйіндісінде күн рәмізін бейнелейтін дөңгелек түрінде белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ғалымдардың пікірінше, мүсіндер, кен орындарын игеріл, металл қорынан, көне қеншіліқ қәсіпті пір тұтып, қастерлеуге байланысты туған ғұрыптың нышаны.
## Дереккөздер |
Еркебұлақ– қола дәуірнен сақталған обалар. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Дарат қыстағынан 30 қм жердегі Еркебұлақ бұлағының бойында орналасқан. 1955 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. Обалар қазқатар тізіліп, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 м жерге созылып жатыр. Обалардан б.з.б. 14-10 ғасырдар да өмір сүрген адамдардың тас жәшік тәрізді жасалған қабірлері табылды. Қабірдің ішіндегі мәйіттермен бірге қойылған құмыра ыдыстар мен қоладан жасалған заттарға қарағанда, бұл өңірде қола дәуірінің Андронов мәдениетін жасаған малшы тайпалар өмір сүрген.
## Дереккөздер |
Борис Гиршевич Ерзакович (5 қазан 1908 жыл, Астана — 2 мамыр 1997 жыл, Алматы) — музыка зерттеушісі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1945), Қазақстан Ұлтыық Академиясының корреспонденция мүшесі (1967), өнертану ғылымдарының докторы (1966), профессор (1970).
## Өмірбаяны
* Алматы консерваториясын бітірген (1949).
* Еңбек жолын 1931 жылы Қазақ радиосының музыка редакторы қызметінен бастаған Ерзакович қазақ халық музыкасын жинап, зерттеумен айналысты.
* 1938 — 43 жылдары Қазақстан Халық комиссарлары кеңесі жанындағы өнер істері басқармасында музыка бөлімін басқарды.
* 1945 — 58 жылдары Қазақстан Ұлттық Академиясы өнертану секторының меңгерушісі
* 1961 — 68 жылдары Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі
* 1968 — 86 жылдары осы институтта музыка бөлімінің меңгерушісі болды.
## Өнертану саласындағы еңбегі
Ерзакович — қазақ музыка өнерінің тарихы туралы іргелі еңбектердің авторы. Ғалымның зерттеуінде қазақ музыка мәдениетінің барлық түрі мен бағыты (фольклоры, халық композиторларының шығармалары, Қазақстанның кәсіби музыкасы, қазақ музыкасының басқа ұлт өнерімен байланысы, т.б.) қамтылған. Ол 20-дан астам монографиялар мен кітапшалар, 200-дей мақалалар мен очерктер, Абайдың және халықтық кәсіби әнші-композиторлар, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ және басқалардың шығармаларын қамтитын 12 музыкалық-этнографиялық жинақтар жазды. Ерзакович ғылыми-зерттеу жұмыстарын композиторлық-шығармалық және ұстаздық-педагогтік қызметтерімен ұштастырды. Кәсіби музыка жанрларын дамытуға үлес қосып, вариациялар, фортепианолық пьесалар, симфониялық поэмалар мен увертюралар, сонаталар, ән, романстар мен хорлар жазды. 200-ге жуық халық әндерін түрлі оркестр, ансамбльдер мен жеке дауысқа лайықтап нотаға түсірді. “Амангелді”, “Мылтықты адам”, “Абай”, “Алма бағында”, “Шоқан Уәлиханов” сияқты спектакльдерге музыка жазды.
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Ту
* “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
* Ерзакович Борис Гиршевич
## Дереккөздер |
Ералы, Ермүхамедәли баһадүр хан (т.ж.б. — 26.6.1794) — сұлтан, Кіші жүз ханы (1791-94), Әбілқайыр ханның екінші ұлы, А.И.Тевкелев елшілігіне аманатқа берілген.
## Өмірбаяны
Әкесінің тірі кезінде Орта жүз керейлерінің және Кіші жүз шөмекейлері мен төртқарасьшьщ сұлтаны болды.Кіші жүзде әкесі Әбілқайыр ханның саясатын белсенді түрде жүзеге асырды. Әкесінің Орта Азия хандықтарымен Ресеймен байланысты көптеген маңызды тапсырмаларын орындаған. 1733 ж. Ресей елшісі Тевкелевкеқосылып, Кіші жүздің елшілігін бастап, Петербургке барған. 1733 ж. 10 ақпанда Ералы патшайым Анна Иоанновнаның қабылдауында болды. Қазақ-орыс Ералы (ортада), Дж. Кэстль суретінен, 18 ғ. байланыстары, Кіші жүздің саяси статусы жөнінде орыс ханымымен келіссөз жүргізді. Ералы бастаған дипломат миссияда ұлыжүздің де бірнеше өкілдері болды. Осының нәтижесінде Төле би, Қодар би, Сатай және Қойгелді батырларға арнап орыс үкіметінің грамотасы жіберілді.
Сыртқы істер коллегиясы грамотада (Ұлы жүздің Ресей құрамына қабылданғанын жариялады. Алайда аталмыш грамота әртүрлі жағдайлармен Ұлы жүзге жетпеді. Ералы 1740 ж. тамыз айында Орскіде шекаралық комиссияның жаңа төрағасы И.И.Неплюевтың бастамасымен өткізілген қазақ хандары мен белгілі сұлтандарының съезіне қатысты.Тевкелевпен байырғы таныстығы бірқатар қайшылықтарды келіссөз барысында шешуге мүмкіндік береді. Е. тәжірибелі дипломат ретінде 1742 ж. тамыз айында тағы да Орск бекінісінде өткізілген екінші съезге де белсене қатысты. Кіші жүздің белгілі өкілі ретінде Орта Азия хандықтарымен, әсіресе осы өңірге іргелес орналасқан қарақалпақтармен арадағы қайшылықтарды шеиіуге тікелей атсалысты. 1742 ж. қарақалпақтардың Мамыр мен Құшан бастаған 7000 отбасын әкесінің тапсырмасымен Ресей құрамына қабылдауда ресми өкіл қызметін атқарды. Ералы Абылайды Жоңғар тұтқыньшан босатуға аттандырылған майор К.Миллердің елшілігін жоңғар шекарасына дейін аман-есен жеткізуге күш салды. Сорочинская бекінісінде әкесінің аманаты ретінде ұсталған Қожахмет сұлтанныңжағдайының біршама жақсаруына себепші болды. 1747 ж. Қожахмет Ералының араласуымен әкесіне қайтарылғанымен, көпкешікпей дүние салды. 1748 ж. тамызда Әбілқайырдың қайғылы жағдайда дүние салуы Кіші жүздегі саяси ахуалды түбірімен өзгертіп жіберді. Ералы ағасы Нұралымен тізе қосып, Кіші жүзге хандыққа таласқан Батыр сұлтанмен күрес жүргізді. Нұралының таққа отыруына барынша көмек жасады. Кіші жүздегі саяси ахуалдың шиеленісуінеқарай Ералы өзінің бар мүмкіндігін Нұралыны патша үкіметінің қастығынан қорғауға тырысты.Алайда Башқүрттардың көтерілісі (1755) және Еділ қалмақтары Жоңғарияға ауа қашқан кезінде (1771) Ералы сұлтан патша үкіметіне елеулі көмек көрсетті.Белгілі батыр, көтеріліс басшысы, Нұралының тақтан тайдырылуына себепкер Сырым Датұлының уақытша болса да губернатор О.Игельстроммен ауыз жаласуына қарсылық білдірді. Оны серіктерімен қамауға алды.II Екатеринаның талабымен ғана босатты. Нұралы ханды тақтан түсіріп, жер аударғанда (1786) оны елге қайтаруды талап еткен сүлтандар мен шонжарлардың күресін басқарды.Хандықты уақытша жойған Игельстроммен күресті. Өзінің жақтастарымен Жайық бойындағы бірнеше бекіністерге қауіптөндірді. 1790 ж. Нұралының Уфада дүние салуы Ералының патша үкіметіне қарсылығын кұшейтгі. II Екатерина халық арасындағы оның беделінің нық екенін ескеріп, хандық билікті қалпына келтіріп, 1791 ж. тамыз айының соңында оны хандыққа көтеруге келісімін берді. Сырым мен оны қолдаушылар Ералыны хан деп мойындамады. Оның устіңе Ералы әбден қартайып қалған Хандыққа келісімберсе де, өзінің мүмкіндігінің азайып қалғандығын түсінді. Орынбор губернаторы А.А.Пеутлинг Уфада тұрса да Ералының әрбір қадамын аңдып, оны ығыстырудың жолдарын іздестірді. 1794 ж. жазда Ералы әбден қалжырап дүние салды.
## Әдебиет
* Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0. |
Төлеген Мүсілімұлы Ермеков (28 желтоқсан 1936 ж., Алматы қаласы – 8 сәуір 2001 ж., сонда) – техника ғылымдарының докторы (1992), Қазақстан ғылым академиясының корреспонденция мүшесі (1994). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.
Қарағанды политехника институтын бітірген (1962). Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика секторында аға зертханашы, аға инженер (1962–66), Қазақстан ғылым академиясының Тау-кен ісі инстиутында аспирант, аға ғылыми қызметкер (1966–88) болып қызмет істеген. 1989 жылдан өмірінің соңына дейін осы институтта зертхана меңгерушісі болды.
«Геомеханическое обеспечение устойчивости очистного пространства при разработке мощных пологих рудных залежей камерно-столбовой системой» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеулері геомеханика проблемаларына арналған. Ол тау жыныстарын теориясын және тәжірибелік әдістермен зерттеу нәтижесінде тазартпа кеңістігінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешті.
## Дереккөздер |
Ер Қосай – Ер Көкше батырдың баласы Ер Қосай туралы жыр. Жыр сюжетіне, көбінесе қиял-ғажайып сипаттар араласып отырғанымен, тарихта болған оқиғаларды қамтиды. Жоңғарлардың қазақ даласына шабуылы 17 ғ-да басталады, яғни жырдағы қалмақтармен соғыс оқиғалары осы кезден кейін қосылған сияқты. Жырдың бірнеше нұсқасы бар: а) В.В.Радлов қазақ тілінде бастырып шығарған «Ер Көкше» жырында, көбінесе қара сөз араласып келеді («Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи», СПб., 1870). Осы еңбектің үшінші томындағы «Ер Көкше» жыры, негізінен, Ер Көкше батырдың баласы Ер Қосай ерліктерін баяндайды; ә) «Ер Көкше және оның баласы Ер Қосай» деп аталатын нұсқаны Г.Н.Потанин орыс тілінде жариялайды («Казах-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки», «Живая старина», в. ІІ–ІІІ, 1918). Бұл екі нұсқаның мазмұнының бір-бірінен аздаған өзгешелігі бар және Потанин нұсқасы көлемі жағынан шағындау. Бұлардан басқа Асайын Хангелдин, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы нұсқалары сақталған. Жырдың барлығының мазмұны ұқсас, негізгі тақырыбы – Отан қорғау, идеясы – ел бірлігін сақтау. Ш.Ш.Уәлиханов «Қазақтың халық поэзиясының түрлері» атты мақаласында (1858) Көкшетау округіндегі Қойлы-Атығай болысының қазағы Арыстанбайдың орындауында «Ер Көкше–Ер Қосай» жырын естігенін айта келіп, жазып алмағанына өкініш білдіреді және дастанды жоғары бағалайды (Ч.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах, т. 1, А., 1961, стр. 196–197). Қырғыздың «Манас» эпосында Көкше есімі кездеседі. Бұл «Ер Қосай» жырының халыққа ертеден белгілі екенін, сондай-ақ көрші елдердің бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғанын дәлелдейді. Мұрын жырау жырлаған «Көкше батырдың ұлы Ер Қосай» жырының кейіпкерлерінің есімдері «Ер Қосай» жырына ұқсас болғанмен, баяндалатын оқиға мүлде бөлек. «Ер Қосай» дастанының әр жылдары жиналған 7–8 нұсқасы Алматы қаласындағы Орт. ғыл. кітапхананың Қолжазбалар қорында сақтаулы.
## Сыртқы сілтемелер
http://anatili.kz/?p=6708
## Дереккөздер |
Петр Васильевич Ермолов (28 қыркүйек 1938 жылы туған, Өзбекстан, Наманған қаласы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1982), профессор (1993), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003). Ташкент политехникалық университетін бітірген (1961). Шығыс Қазақстан өндірістік геология бірлестігінде геолог, аға геолог, Алтай іздеу-түсіру экспедициясының бастығы (1961–71), Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, осы институттың Алтай бөлімшесінің меңгерушісі (1971–84) және Қарағанды бөлімінде (1984–86), сондай-ақ Қазақстан ғылым академиясының Химия-металлургия институтында (1986–88) зертхана меңгерушісі, Геология ғылымдар институты Қарағанды бөлімінің меңгерушісі (1988–91), Қарағанды қаласындағы Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты директорының орынбасары, бас ғылыми қызметкері (1991–99) болып еңбек етеді.
«Петрология гранитоидов Зайсанской складчатой области Восточного Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері метаморфтық және магмалық тау жыныстарының петрологиясын, колчедан-полиметалды және алтын кен орындарының геологиясын, минералогиясын зерттеуге арналған. Ол Шығыс Қазақстанның алғашқы 1:500000 масштабтағы геологиялық картасын құрастырған; 138 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 11 монографияның («Глубинные включения в гранитоидах складчатых областей», 1990) авторы.
## Дереккөздер |
Бақытжан Ертайұлы Ертаев (25.07.1952 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылы) - қазақ, әскери қайраткер, генерал-лейтенант. (1998), Халық қаһарманы (2008).
Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1973), М.В. Фрунзе атындағы Мәскеу Әскери академиясын (1985), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның 4 айлық курсын бітірген. 1969-70 жылы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищеде курсант болып бастап, ол оқу орны Алматыға көшірілгеннен кейін сондағы жоғары жалпыәскери командалық училищесін 1973 жылы бітірді. 1980 жылға дейін Орта Азия ЭО мотоатқыштар взводы, рота командирі, 1980-82 жылы Түркістан ЭО (Кеңес әскерлерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент жеке мотоатқыштар бригадасы мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Орта Азия ЭО мотоатқыштар полкі батальонының командирі, одан кейін М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның тыңдаушысы (1982- 85), Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотополк командирінің орынбасары, Батыс әскери тобы полк командирі міндеттерін атқарды (1985-92), ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрамындағы әскери оқу орындары және шақыруға дейінгі даярлық бөлімшесінің бастығы, мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, дивизия командирі (1992-96), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның тыңдаушысы болып жүргенде ҚР Президентінің шешімімен кері шақырылып, армия корпусының командирі болып тағайындалды (1976-97), ҚР Қорғаныс министрінің 1 орынбасары -ҚР ҚК Бас штабының бастығы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының 1 орынбасары (1997— 2000), Шығыс ЭО әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Әскери академиясының бастығы (2000-02), ТМД қатысушы-мемлекеттер әскери ынтымақтастығын реттеу бойынша ҚР ҚК-нің өкілі (2002-03), ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының әскери дайындық бойынша орынбасары, әскери дайындық бас басқармасының бастығы, әскери дайындықты ұйымдастыру және бақылау Бас инспекциясының Бас-инспекторы (2002-08), ҚР ҚМ ШБК төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ ШБК Бас инспекциясының бастығы (2008- 11). Қазір ҚР ҚМ және Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы.
ҚР «Халық Қаһарманы» мен Алтын Жұлдыз белгісі, Отан орденінің иегері және Қызыл Жұлдыз ордені, «Үздік жауынгерлік қызметі үшін», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», т.б. медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әбдуәлі Еренов (30 қыркүйек 1923, Түркістан қаласы – 27 қыркүйек 2004, Алматы) – ғалым, заң ғылымдарының докторы (1963), профессор (1965), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1983).
## Өмірбаяны
* 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* Ташкент заң институтын бітірген.
* 1949 – 1952 ж. КСРО Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында аспирант
* 1952 – 1958 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі болды.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері:
* жер қатынастарының тарихы мен проблемалары
* табиғатты кешенді қорғаудың құқықтық мәселелері
* нарықтық экономика жағдайында экологиялық және аграрлық қарым-қатынастардың құқықтық негіздерін жетілдіруге арналды.
## Марапаттары
* Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1985).
* 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
* «Құрмет]Белгісі» ордені
* медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ертіс Жазба Ескерткіші– археолог Ф.Х. Арсланованың 1960 ж. Ертіс өзенінің оңтүстік жағасында (Павлодар облысының Бобровое елді мекені) жүргізген далалық зерттеу жұмыстары кезінде көне қорғаннан табылған сүйек тоға. Бұғы бейнелі оның бетіне алты таңба ойып жазылған. Профессор А.Аманжоловтың пікірінше, ескерткіштің жазылу уақыты заманымыздан бұрынғы 5 — 4 ғасырлар. Сүйек тоғадағы жазудың мағынасы: “Ақ-бұғы, құт-бұғы”. Ескерткіштегі жазу үлгісі, сөз қолданысы Есік жазуына ұқсас.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау |
Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин (1926—2019) – техника ғылымы докторы (1975), професор (1976),Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984).
## Қысқаша өмірбаяны
1956 ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын бітірген;1956–61 Қазақ энергетика ғылыми-зертхана институтында кіші аға;1961–74) ғылыми қызметкер;1974–75 ҚазМУ-да доцент;1975–78 професор;1978 жылдан кафедра меңгерушісі болды. ‘’’«Экспериментальное исследование турбулентного газового факела»’’’ деген тақырыпта докторлық диссиртация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері күрделі конвективтік тасымалдау теориясының түрлі саласына және осы теорияның іс жүзінде қолданылатын көптеген тарауларына (сорғы ағыс, газды жалын, қасиеттері айнымалы сұйықтықтар қозғалысы, құйынды құбылыстар, т.б.) арналған. Қазіргі кезде ол газдағы,плазмадағы және сұйықтықтағы алмасу процестерінің өзара әсерлесу проблемасын зерттеу жұмыстарын басқарады, «Гипердыбыстық тура ақпалы ауа-реактивтік қозғалтқыштардың жұмыстық процесін зерттеу» жөніндегі халықаралық жобаның ғылыми жетекшісі. Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин 150 ғылыми -зертхана еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы, 1 авторлық куәлігі және 3 патенті бар..
## Дереккөздер |
Ертіс Полиметалл Комбинаты— мырыш пен қорғасын кентастарын байытатын және олардың концентраттарын өндірумен айналысатын кәсіпорын. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кентінде орналасқан. Белоусовка, Березовка кеніштері және мыс қорыту зауыты негізінде құрылған (1945). 1985 жылға дейін Ертіс Полиметалл Комбинаты құрамында 3 кеніш, 2 кен байыту фабрикасы және мыс қорыту зауыты болды. Ал 1985 жылы Глубокое кентінде орналасқан мыс қорыту зауыты Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты (қазіргі Қазмырыш АҚ) құрамына енді. Ертіс Полиметалл Комбинатының 1996 жылғы өндіріс көл. 61116 мың тонна болды. Белоусов кеніші мен Белоусов кен байыту фабрикасы “Финконкорд” фирмасының (Швейцария) иелігінде.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау |
Қанаш Қамзин — 429-шы ату полкінің рота командирі (52-ші ату дивизиясы, 57-әскер, 3-ші Украина майданы), лейтенант.Ол 1919 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында(бұрынғы Ермак) қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Арғын тайпасының Бәсентиін руы Бөрі бөлімінен шыққан.
1931-1934 жылдар аралығында Павлодар қаласының қазақ-комунна мектебінде оқыған.Оқуын Алматы қаласында одан әрі жалғастырды.
1938 жылы жұмысшылар факультетін тәмамдап, 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітірді. 1941 жылың шілдесінде Алматы қалалық военкоматымен қызыл Армия қатарына шақырылды. Сталинград жаяу әскерлер училищесінің жедел курсын аяқтаған.
1943 жылдан бастап , қан майданда болды.1944 жылдың жазына қарай лейтенант Камзин 52-ші ату дивизиясының 429-шы ату полкіне басшылық етті.Молдавияны жаудан босатуда және Днестр өзенінің маңында өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1944 жылдың 13 сәуірінің түнінде лейтенант Камзин ротамен бірге бірінші болып, Днестр өзенін Бычок ауылы маңында босатты(Молдавияның Григориополь ауданы).Плацдармды басып алып, рота қарсыластың мықты бекінген қорғанысын бұзып өтеді. 1944 жылдың 14 сәуірінде ротаны шабуылға көтеріп, Өзі Гура-Выкулай ауылының шетінде қаза табады.Молдавияның Новоаненск ауданы Гура-Выкулай ауылында жерленген.
1944 жылдың жылдың 13 қыркүйегінде жарық көрген КСРО-ның жоғарғы кеңесінің Президиуымының нұсқауымен берілген тапсырмаларды үлгілі орындағаны және батырлығы мен ержүректілігі үшін Қанаш Камзинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ленин орденімен марапатталған.
Ақсу ауданында өзінің туған ауылына Қанаш Камзин аты берілді.Сонымен қатар Павлодар қаласындағы бала-бақша , Ақсу мен Павлодар қаласындағы көше, туған ауылындағы орта мектеп батыр атамыздың атымен аталып тұр.Мектептің қасбетінде мемореалды тақта орнатылып, мектеп маңында ескерткіш орнатылып, Павлодарда , батырлар алаңында барельефі бар стела Қанаш Камзиннің ерлігінің айқын айғағы болып тұр.Ертісте «Қанаш Камзин» атты жүк теплоходы жүзген.Оның есімі Молдавияның астанасы Кишинев қаласындағы Жеңіс аркасында мәңгіге қамалып жазылған. Марапаттау парағынан:
1944 жылдың 12-сінен 13-сіне қараған түні қарсыластыңқатты артиллериялық және миномет-пулеметтік отының күштілігіне қарамастан, бірінші эшелонда өзі үдемелі қарқынмен соғысқа араласып , сосын Днестр өзенінің маңындағы Молдавия КСР-ының Тирасополь ауданындағы Вичен ауылында да қарсыластан Молдавияны босатуда аса белсенділік танытты.
Өзенді босатқаннан кейін ротаны айқасқа өзі бастап апарып, өзеннің оң жағалауындағы плацдармды басып алып, жауынгерлерге ерлік пен батылдықтың үлгісі болды.
Оң жағалауды қарсыластың қатты басып алғанына қарамастан, (екі траншей, доттар, дзоттар мен басқа да бекіністер) ол өзінің ротасымен траншеяның бірінші және екінші сызықтарын тез басып өтіп, Гура-Высулай ауылының оңтүстігіне кіреді. Өзінің ротасымен Камзин батырлық танытып, Гура-Выкулай ауылының 65 метрлік биіктігіне қарамастан, биіктікті басып алып немістерді қуып шығады және 20 офицерлерді жойды.
Биіктікте пулеметтерін орнатып, Камзин Гура-Выкулай ауылының батыс жағынан от шаша бастайды.Сосын 1-ші және 2-ші роталарға Гура-Выкулайауылының оңтүстік-шығыс жағына кіруге жол ашады.
Бірінші болып оң жағалауға өтіп, биіктікті басып алып, негізгі күштердің келіп жеткенше оны ұстап тұрғаны үшін, плацдармды кеңейткені үшін және 20 унтер-офицерді жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағына лайық. 429-шы ату полкінің командирі Азатьян.
## Дереккөздер |
Ершік– арба не шанаға көлік жеккенде тертенің бел көтермесі өткізілетін ер тәрізді әбзел. Ыңыршақ деп те аталады. Тысы қалың киізден, қос қапталы мен арқалығы ағаштан не металдан жасалады. Көліктің беліне тоғалы тартпа арқылы бекітіледі.Ершік — жегу әбзелдерінің бірі. Ол арба, шанаға жегілетін аттың арқасына алынатын ер тәрізді болады, қамыт аттың жырауын қағып, иығын баспау үшін де ерек. Оның қос қапталының астына киіз ;асырылып, тоқым үстіне салынады, шан кейін оның үстіндегі ойығынан өткізген қайыс айылмен қос терте тиісті дәрежеде көтеріліп байланады. Кейде ершіктің руына ер мен ашамай да қолданылады.
## Дереккөздер |
Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы көне замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың құрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап өтіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.
## Қазақстандағы еркін күрес
Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И. Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.
## Дереккөздер |
Ерік тілі— бұрынғы Орал облысы Жымпиты уезінің газеті. 1920 жылғы қарашадан 1923 жылғы наурызға дейін апта сайын шығып тұрған. Таралымы 500 — 600 дана. Газет жергілікті халыққа ашаршылықтан соң әлеуметтік-шаруашылық жұмыстарын жүргізу жөнінде ақыл-кеңес беру, жөн-жоба көрсету мақсатын көздеген. Сондай-ақ, аудандағы кеңестік құрылыс жұмысын, “жаңа экономикалық саясатты” және қосшы ұйымдарының, кооперативтендірудің мәні мен пайдасын түсіндірді. Ел ішіндегі асыра сілтеушілікке, өктемдікке, барымтаға, пара алуға, т.б. ұнамсыз қылықтарға, ауыл белсенділерінің жолсыздықтарына қарсы күрес жүргізді.
## Дереккөздер |
Әбілахат Ысмағұлұлы Есбаев (25.11.1925, Қостанай облысы Амангелді ауданы — 10.5. 1976, Алматы) — композитор. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 — 53 жылдары Алматы консерваториясының композиторлық факультетінде оқыды. 1953 жылдан Қазақ радиосында музыкалық редактор болды. Әбілахат негізінен, ән жанрында (ән, романс, хор, баллада) шығармалар жазды. Ең алғашқы туындысы — “Туған ел” әні (1942). Оның “Маржан қыз”, “Жастар мерекесі”, “Шофер келді қырманға”, “Әлі есімде”, “Жайық қызы”, “Қыз қуу”, “Жылқышы”, “Ортеке”, “Ұстазым”, “Бейбітшілік сақталады”, “Аққуым”, “Ақ сәуле”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Орамал”, “Сағыныш екен бала кез”, т.б. әндері халық арасына кең тараған. Сондай-ақ, С.Адамбековтің “Күн мен көлеңке”, Ә.Тәжібаевтің “Той боларда”, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуі” спектакльдеріне және И.Байзақовтың “Ақбөпе” поэмасы бойынша қойылған радиоқойылымға музыка жазды.
## Дереккөздер |
Есбай Балұстаұлы, Тазбала (1842, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сарыкөл көлінің маңы, — 1910, сонда) — күйші, композитор.
Әкесі Балұста он саусағынан өнер тамған зергер, дәулескер домбырашы болған. Байұлы тайпасының Есентемір руынан шыққан.
11 жасында әке-шешесінен жетім қалған Есбайды атасы Ерназар қолына алады. Баланың ерекше дарыны мен талабын байқаған атасы батасын беріп, ел аралап күй тартуға рұқсат етеді. Халық арасына “Тазбала” деген есімімен белгілі болған Есбай Еділ — Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз бойын, Маңғыстау мен Үстірт алабын, Орынбор, Саратов, Самара, Астрахан қалаларын аралап күй тартып, көптің алғысына бөленген. Белгілі күйші Абыл Тарақұлы Есбайға ерекше ықпал еткен. Абылды ол өзіне ұстаз тұтқан.
Есбайдың “Өтті-кетті”, “Жалды қара”, "Терісқақпай” күйлері эпикалық серпін, филосиялық толғанысқа толы болса, “Балықшы кемпір”, “Шажда қыз” — өз замандастарының бейнесінен, ал “Бөгелек”, “Сарыалқа” күйлері табиғат көріністерінен сыр шертеді.
Есбайдың күйшілігін А.В. Затаевич аса жоғары бағалаған. Есбай күйлерін біздің заманға жеткізген маңғыстаулық домбырашылар Назар, Арал, Сәулебай, Қисық, Кәуен (Жұмағали) және кейінгі Л. Мұхитов, М. Өскенбаев, С. Қазтуғанов, Ш. Ибрагимов, Б. Атанқұлов, С. Жалмышев, І. Шыртанов, т.б.
## Дереккөздер |
Есенбұға, Исан Бұға – Моғолстан билеушісі (1429 – 61/62). Шағатай әулетінен шыққан. Ата тегі: Шыңғыс хан — Шағатай— Мамкан — Қара Исун — Барақ — Даводж — Шер Әли оғлан — Уәйіс хан — Есенбұға. Уәйіс хан қайтыс болған соң, оның екі ұлы Жүніс пен Есенбұға арасында билік үшін күрес болып, соңғысы 1429 жылы жергілікті тайпа көсемдерінің және әмірлердің қолдауымен билік басына келеді. Есенбұға көп ұзамай тұрфандық Темірді өзіне найб етіп аламын деп, қол астындағы әмірлердің карсылығына ұшырайды. Есенбұға билік еткен алғашқы жылдары Моголстанда орталық билік әлсіреп, хан беделі төмендеді. Есенбұға дулат тайпасынан шыққан Әмір Саиид Әлидің көмегімен Шығыс Түркістандағы Ақсу қаласына бекінеді. Өз беделін нығайтып алған соң, алғашында Түркістан, Сайрам, Ташкент аймағына (1450 — 51), кейін Әндіжан өңіріне (1453 — 55) шапқыншылық жорықтар жасайды. Әмір Темір өулетінен шыққан Мауераннаһр билеушісі Әбу Саиид мырза Хорасан бағытындағы саясатын жемісті жүргізу үшін және Мауераннаһрдың шығыс шекарасын Есенбұғаның жорықтарынан қорғау мақсатында ағасы Жүністі оған қарсы пайдаланды. Жүніске Әндіжан өңірінен жер беріп, Есенбұғаның иелігіндегі жерлерге қауіп туғызады. Есенбұға 1457 — 1458 ж.ш. Әбілхайыр ханнан бөлініп, өзіне көшіп келген Керей мен Жәнібек хандарға Шу бойы мен Қозыбасы өңірін беріп, оларды өзіне тосқауыл әрі одақтас етеді. 1458 — 60 ж. Жүніс ханның Есенбұғаға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Есенбұға қайтыс болған соң, Шығыс Түркістанда оның ұлы Дос Мұхаммед хандық құрған (1461/62-69). 1469 жылдан Моғолстандагы билік Жүніс ханның қолына көшеді.
## Дереккөздер |
Ер-тұрман – мініс-көлік малына салт мінетін ер әбзелдерінің кешенді атауы. Ер-тұрман "ер-тоқым" деп те аталады.
## Тарихи дәстүр
Ер-тұрман – көне заманнан бүгінге жеткен көшпелілер тұрмысында зор маңызға ие болған заттық мәдениеттің айрықша үлгісі. Ердің шаруашылық маңызымен қатар ғұрыптық мәні де ерекше. Ертеректе отты қарудың жетілдірілген түрі шыққанға дейін көшпелілер қоғамында салт атты жауынгерлердің жауынгерлік қимылдарына лайықталған ер-тұрманның алар орны ерекше болды. Сондықтан көшпелі тұрмыс және әскери жорық қажеттілігіне байланысты ер-тұрман жабдықтары үнемі жетілдіріліп отырды. Ер-тұрманның негізінен атқа жайлы болу жағы басты шарт болған.
## Ер-тұрманның құрамдас бөліктері
Ер-тұрман ердің қаңқасы тоқым, желдік, тебінгі, айыл, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, жүген, ноқта, жабу, тұсау, шідер, қамшы және т.б. тәрізді құрамдас бөліктерден тұрады. Атқа салт мінуге қажетті мұндай әбзел-жабдықтар халық тілінде жалпылама түрде ер әбзел, ат-жабдық, ат-сайман, ат әбзелі, ат-тұрман, ер-тоқым, айыл-тұрман, ат-анжам деп түрліше аталады.
* Тоқым әдетте киізден сырыла, айнала жиегі шұға, барқыт секілді қымбат маталармен көмкеріле, сырты түгелдей былғарымен қаптала жасалады. Осыған байланысты тоқымдар киіз тоқым, сырма тоқым, көмкерме тоқым, былғары тоқымдеген түрлерге бөлінеді. Тоқым құрамына тебінгі, тоқым, ішпек, ішкілік, терлік,өң тәрізді төсеніш жабдықтар кіреді. Тоқымның кейбір түрлерін тек ершілер жасаған. Ер-тұрманның ат арқасына батпауын қамтамасыз ететін тоқым, әдетте, киізден сырып тігіледі де, кейде оның айнала жиегі матамен көмкеріледі, ал кейбір тоқымның сырты түгелдей былғарымен жабылады. Сонда сырылған киіз былғары тоқымның астары сияқты болып шығады. Былғарымен қапталмаған сырма тоқымдарды әйелдер де тіге береді, ал былғары тоқым тек ершілер қолынан шыққан. Тоқымның көлемі де, пішілу кескіні де әртүрлі болады. Әйел еріне арналған тоқымдар үлкен (көлемі 140-150х50-65 см) болып, көркем әшекейленеді. Ал еркектердің еріне арналған тоқымдар ықшамдау (көлемі 90-100х50-55 см) келеді. Халық арасында тоқымның әшекейленген ақ тоқым, былғары тоқым, желқом, жона, айыр жона, киіз тоқым, былғары тоқым, желқом, жона, айыр жона, көк жона, киіз тоқым, құрым тоқым, олбыр тоқым, сырма тоқым, ішкілік, терлік, ішпек, ойма ішпек, қағыр және т.б. түрлері ұшырасады. Тоқымның көлемі мен пішіні оның қандай ерге арналғандығына байланысты болып келеді. Киіз тоқымды былғарымен қаптап, ою-өрнектер шабылып, күміс әшекейлер қондырылатын, ат тұрмандарының ішіндегі ең бір сәндісі – былғары тоқымның екі түрі болған: оймалы былғары тоқым және тұтас былғары тоқым. Тұтас былғары тоқым көбінесе әйелдерге арналады. Сондай-ақ сал мен серілер және елағасы атанғандар да былғары тоқымды пайдаланған.
* Тебінгі – төмен қарай жалғастырыла тігілген немесе тағылған, шалбардың балағын, аяқкиімді аттың терінен сақтайтын жалпақ қалың былғары. Тебінгі жасағанда алдымен киізді арнаулы үлгімен пішіп алады да, былғарысын одан сәл артықтау етіп пішіп жиегін астына қарай емеріп қайып тігеді. Тебінгі үлгі-пішіні, үлкен-кішілігі, ою-өрнегі, неден жасалғаны, қалай құрастырылғанына қарай бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі аталады. Қыздар мен әйел адамдардың тебінгілері өте бай өрнектеліп, әшекейленеді.
* Ішпек – ат арқасына ердің батпауы үшін тебінгі тоқым астынан салынатын аттың арқасын зақымдалудан қорғайтын жұмсақ төсеніш. Ішпек екі қабат киізден алды-арты көмкеріліп жасалады. Көлемі жағынан екі жаны ердің қапталымен сынық сүйем артылып төмен түседі, алды-арты тебінгі тоқымынан екі елідей шығып көрініп тұрады.
* Ішкілік – ішпек астынан салынатын өте жұмсақ таза талдырмадан жасалған көлемі ішпектей ғана жалаң төрткүл киіз. Аттың денесіне тіке түсетін ең соңғы қабат ат арқасының тері сіңетін болғандықтан оны көбінесе терлік деп те, өң деп те атайды. Терлік көбінесе қозы, лақ терісінен, қылқадан, қарақұйрық терісінен, жұмсақ иленген ешкі жарғағынан кейде жабағыдан жасалады. Тоқым жұқа, жалаң болса, оның астына терлік, үстіне желдік салынады.
* Желдік – тоқымның үстінен, ердің екі қапталының астынан қойылатын, қаптал ағашын ат арқасына тигізбей тұратын екі бөлек жабдық. Желдікті көбінесе құранды, қозықұйрық және шошақбас ерлер секілді қапталдарының көлемі шағын ерлерге арнап жасайды.
* Жона – аттың арқасын ердің қажауынан қорғап тұру үшін ердің екі қапталына ғана келетіндей етіп былғарыдан жасалатын ықшам келген қалың тоқым.
* Аткөрпе, атжабу көпшік – ердің үстіне жабылатын жұмсақ жамылғы. Көпшікті дорбашалап, былғарыдан немесе қалың көрпеден ішіне қоға, жүн, сабан салып дайындаған.
* Кежім – жүйрік атқа жабатын, оюлап әшекейленген, жұқа шүберек жамылғы.
* Жабу – атты суықтан қорғау үшін жабатын киіз, көрпе, жамылғы. Бәйгеге қосылатын аттың арам терін алу үшін де қатты желдіртіп, кейін жылы жабумен орап, терін шығарады.
* Үзеңгі – атқа мінуге, ер үстінде отырғанда екі аяқты тіреп орнықты отыруға, әрі тебінуге мүмкіндік беретін әбзел. Қазақ ершілерінің ағаш, темір, қола сияқты материалдар-дан жасаған үзеңгісі үзеңгібау, тепкішек деп аталатын бөліктерден тұрады. Үзеңгібау өткізуге арналған үзеңгінің екі қапталдағы тесігі ені бір елі, ұзындығы екі-үш елі шамасында болады.
* Жүген – мініс атының басына кигізілетін ат басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге көлікті адам ырқына көндіруге қажетті әбзел. Жүген ауыздық, тізгін және шыл-быр тәрізді негізгі және олардың құраушы ондаған ұсақ бөлшектерден тұрады. Қазақ әбзелшілері жүгенді оның өрілу техникасы мен безендірілуіне қарай көптеген түрлерге бөлген. Әбзелге қатысты деректер мен мәліметтерде өрме жүген, алтын жүген, шашақ жүген, күміс жүген, бесқасқа жүген, былғары жүген, жетіқасқа жүген, құр жүген, қайыс жүген, үкілі жүген, түйме жүген, шытырмалы жүген, күмбезді жүген және т.б. толып жатқан түрлері аталады және олар әбзелшінің шеберлік өресі мен қиялына сай түрлендіріп жасалады.
* Құйысқан – ат арқасына салынған ер-тоқым мойнына қарай сырғып кетпеу үшін аттың құйрық түбінің астынан өткізіліп, ерге бекітілетін әбзел. Құйысқан екі жақтау, жаңбырлықтағы екі салпыншақ, үзбе бір боқтық және бір сауыр үзбе деп аталатын бөліктерден тұрады. Құйысқан ер қапталының артқы жағындағы құйысқандық деп аталатын шығыршық арқылы ерге бекітіледі.
* Өмілдірік. Ер-тоқымның артқа қарай сырғып кетпеуі үшін ат омырауына тағылатын әбзел – өмілдіріктің әйел және ерлер ер-тұрмандарына арналған түрлері болады. Ерлер өмілдірігі екі жақтау, жырым, айылбас және салпыншақтан тұрады. Кейбір өмілдірікте ердің екі қапталындағы өмілдірік пен құйысқанды бекітетін қайыс бүлдіргі төсбау болады. Төсбаудың бір ұшы өмілдірікке, екінші ұшы төс айылға ілінеді. Өмілдірік пен құйысқан жасалу материалына, техникасына, пошым үлгісіне қарай қайыс, өрмелі, былғары, түймелі, үзбелі, шы-тыралы, алтын, күміс т.б. түрлерге жіктеледі. Кейде бұндай әбзел омыраулық, омырау бау, төстік бау, алқа бау т.б. деп аталады.
* Пыстан – көпшік немесе ат көрпенің үстінен баса тар-тылатын тұрман. Пыстанның жалпақ тұсы ер қапталының үзеңгілігіне дейін келетін етіліп жасалады. Оның ұштары төс айылға жалғаса бекітіледі. Ені 3-4 елідей. Көпшік пен аткөрпені басып, ердің алдыңғы-артқы қасына кигізіле са-лынатын қайыс бауы болады, оны бастырма, көпшік, көрпе бастырма, пыстан бау деп түрліше атайды. Ердің алды-артында, қапталдың қастан асып тұрған қанжығалық бөлігі төртеу болады және онда екі-екіден сегіз тесік тесіледі. Әр екі тесікке таспаланып өткізілген бір жұп бүлдірге қанжыға деп аталады. Канжыға ердің алдыңғы және артқы жағына қоржын-қопсақ бөктеруге арналған.
* Айыл – ер-тоқымды бекіту үшін аттың бауырынан орай тартылатын, құрдан немесе қайыстан қабатталып тігілген немесе өріп жасалған тоғалы тартпа. Әр ерде екі-үштен айыл болады.
## Ер-тұрман дайындау
Бірнеше сатыдан тұратын, ұзақ уақыт алатын күрделі технологиялық үрдіс. Себебі ер-тұрман жасауға ағаш, тері, металл материалдар таңдау, оларды өңдеу, дайындау айрықша біліктілікті талап етеді. Бұл үрдіс ерге ағаш таңдау, ер ағашын шабу, құрастыру, тұрман, әбзелдерін жасау тәрізді бірнеше сатыдан тұрады. Егер лайықты, үлкен ағаш кездескен жағдайда, ердің ағашын бітеу шабатын болған. Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріндегі ершілер ердің қастарын жуан қайыңның шірімеген түбінен шабады. Себебі мұндай ерлер сапалы, әрі берік болады.
### Ер-тұрман материалдары
Ерді құрастыруға және ердің құрамдас бөліктерін жасауға қажетті ағаш, темір, тері, көн, былғары, тарамыс, киіз, мүйіз, сүйек, алтын, күміс, мыс, жез, тоз, шыны, асыл тас, жүн тәрізді табиғи заттар қолданылды. Ер қосушылар қолданатын мұндай материалдардың дұрыс таңдалуы қазақ ершілерінің шеберлік деңгейін көрсетеді. Ершілікте қолданылатын материалдарды қатты материалдар және жұмсақ материалдар деп бөлуге болады. Ершілердің көбі материалдардың осы екі түрімен де шебер жұмыс істей білген. Ер-тұрман жасауда малдың көн терісін пайдаланады. Қайыс – иленген теріден өңделіп жасалған таспа. Иі қанып шыққан теріні көлеңкеде сорғытып, дегдітіп алып, талқыға салып жұмсартады. Кейде теріні ағаш жаңғырықтың үстіне салып, қол тоқпақпен соғу жолымен де жұмсартады, шелдейді. Қайыстан айыл, жүген, тізгін, шылбыр, қанжыға, ноқта, қамшы, тұсамыс, құлақбау, шідер, шілия сияқты т.б. ер-тұрман жабдығының қолданыстық маңызы айырықша элементтері жасалды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап сырттан келетін былғарының таралуына байланысты ер тұрманға былғары түрлерін қолдану кең өріс алды. Былғарыдан тоқым, шашақ, айыл, жүген тәрізді ер-тұрмен бөліктері дайындалды. Ер-тұрман түрлерін сәндеуге ертеде Түркістан өлкесінде айрықша технология бойынша жылқының сауыр терісінен жасалған жасыл, көк түстерге боялған "көксауыр" тері пайдаланылған. Көксауырдан жасалған тұрман жоғары бағаланған.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Масанов Э.А. Кузнечное и ювелирное ремесло в казахском ауле (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв.) ТИИФЭ АН КазССР. Т.12. Алма-Ата, 1961. С.147-151;
* Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
* Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
* Хозяйства казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алматы: Наука, 1980;
* Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
* Бабалықұлы Ж. Ер тоқым. Ер қанаты. Жинақ. Құраст.: Ж.Аупбаев. Алматы: Қайнар, 1987. 259-278 бб.;
* Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991;
* Нүркеұлы Қ. Ұлттық мирас – ата мұра. Өлгий. 1991;
* Жетiбаев Ж.М. Маңғыстау және Үстірт қазақтарының халық суреттерiндегi қару-жарақтар. ҚР ҰҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1993. №5. 61-68-бб.;
* Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995: K.Péter. Szelek szárnyán. A sztyeppei nomádok lovas-kultúrája. Arkadas, 2003;
* Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап 2005;
* Кәмалашұлы Б., Ошанов О. Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпындағы ерекшеліктер. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Құраст.: С.Е. Әжіғали. Алматы: Арыс, 2005. 226-245-бб.;
* Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007;
* Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы: Алматыкітап, 2010. |
Есенжанов Хамза Ихсанұлы (25.12.1908, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы — 5.12.1974, Алматы) — жазушы.
Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан.
* Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1928),
* Алматы мемлекеттік университетін (бұрынғы ҚазПИ) бітірген (1933),
* Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында оқыған (1934 — 1936).
* Қазақстан жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы (1932 — 1933),
* КСРО ғылым академиясы Қазақ филиалында әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі (1936 — 1937) қызметтерін атқарған.
* 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді.
* 20 ғасырдың 30-жылдары республикалық басылымдарда “Үлеңтінің жағасында”, “Қызыл құмақ”, “Күшке — күш” сияқты әңгімелері мен “Жер шарында” атты пьесасы жарияланды.
* 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармалық еңбек жолын бастады.
## Шығармашылығы
Жазушының басты шығармасы — “Ақ Жайық” трилогиясы (1-кіт., 1957; 2-кіт., 1959; 3-кіт., 1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Мүнариа, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын “Көп жыл өткен соң”, ал 1970 жылы “Ағайынды Жүнісовтер” романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. “Ақ Жайық” трилогиясы мен “Көп жыл өткен соң” роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті. Есенжанов өмірінің соңғы жылдары “Қарт қазақ”, “Жайын ілерде”, “Жар”, т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978 — 1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
Есенжанов — М.Шолоховтың “Тынық Дон” романының 1-және 4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің “Рудин”, И.П. Шуховтың “Үшпенділік” романдарын, А.С. Пушкиннің “Дубровский” повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1967).
## Дереккөздер |
Әндіжан Есенжолов – биология ғылымының кандидаты (1949), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі (1951).
## Қысқаша өмірбаяны
1935 Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген; 1936–1942 КСРО Ғылым Акадеиясының Қазақ бөлімшесінде (қазіргі Қазақстан ҒА-сы) кіші, аға ғыл. қызметкер;1949–1955 және 1962–1982 Эксперименттік биология институты нда тұқымаралық гибридтеу лабораториясының меңгерушісі;1957–1962Қазақ мал өсіру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болды.Әндіжан Есенжолов Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы биік таулы аймақтың табиғи жағдайына көнбіс қойдың жаңа тұқымын шығару үшін ұзақ жылдар еңбек етті. Қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін КСРО Мемлекеттік сыйлық (1950) берілді. Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған..
## Дереккөздер
## Сілтемелер
Ертазин Хамза докторлық диссертация |
Есдәулет Қандеков (Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында туған, 1887-сонда, 1971) — ақын, жырау.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
1916 жылы Жетісудағы Нұрғожаүлы Әли бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың жасақшы-жыршысы болған. Бостандыққа шақырған көптеген өлеңдері мен «1916 жыл», «Тауда» деген дастандарын осы тұста шығарған. Көтерілісті күшпенбасқан, патша жандармдары қолға түскендерді қатаң жазалайды. Ес дәулетті 20 жылға жер аударады.
Кеңес дәуірінің тынысын арқау еткен «Заманың туды, кедейлер» (1928), т.б. өлең-жырларын шығарды. Ұлы Отан соғысы жылдары ұстазы Жамбылға ұн қосып, «Жеңіс үшін», «Жауынғерлер», «Жылы киім береміз», «Ерлер естен шыға ма», «Күн бүгін» деген өлең-толғауларын жырлап, елді жеңіске шақырады. «Жетіген батыр», «Күреңбай батыр», «Шаян батыр», «Қос жұлдызды Жазылбек» дастандары бар.
Ол Ү.Кәрібаев, К.Әзірбаев, Ж.Жантөбетов, Қ.Жапсарбаев, Ә.Жүргенбаев, Р.Мәзқожаев сияқты ақындармен айтысқа түскен.Ақынның шығармалары жергілікті баспасөзде, жинақтарда жариялайды. Өлеңдер жинағы 1964 жылы жеке кітап болып шықты.1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Тұлпар тұяғы» атты өлеңдері мен дастандары, айтыстары жеке кітап болып шықты.
## Дереккөздер |
Есеней Естемесұлы (1798, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы — 1870/71, сонда) — аға сұлтан, би. Орта жүз құрамындағы Керей тайпасынан шыққан.
Жастайынан ел ісіне араласып, шешендігімен, әділдігімен көзге түскен Есенейді Батыс Сібір губернаторлығының басқармасы керей-сыбан ауылдарының биі, старшина етіп тағайындайды.
* Есеней 1832 ж. 10 желтоқсанда керей болысының старшындары Т.Барлыбаев және Қ.Мамашевтармен бірге Батыс Сібір губернаторлығының басқармасына арызхат жолдайды. Бұл хатта шептік казак-орыстардың керей болысы қазақтарына жасаған қысымшылығы халықтың наразылығын туғызып отырғаны айтылып, мұндай істерге тыйым салынуын және қазақтарға қалааралық базарлар мен жәрмеңкелерде еркін сауда-саттық жүргізуге рұқсат беруін талап етті.
* 1834 жылы Аманқарағай дуанына қазы болып сайланған Есеней, көп ұзамай “тынышсыз мінезі” үшін бұл қызметінен босатылды (1836).
* 1842 ж. 18 тамызда ол керей-сыбан болысына болыс болып сайланып, 10 жылға жуық уақыт қызмет атқарады.
* 1852 ж. шілдеде Есеней Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болып сайланып, 3 жылдың орнына 7 жыл қызмет етеді.
* 1859 ж. 12 мамырда Құсмұрын дуаны таратылып, Атбасар дуанының құрылуына байланысты Есеней Сібір қазақтары облысы басқармасының кеңесшісі болып тағайындалды.
* Есеней өмірінің соңғы жылдары селкілдек ауруына ұшырап, сол аурудан қайтыс болады.
Есенейдің әйелі Ұлпан — Ғ. Мүсіреповтің “Ұлпан” романының басты кейіпкері. Есеней мен Ұлпанның бейіті Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол аулынан солтүстікке қарай 4 шақырым жердегі Бай ауылы аталатын Есенейдің өз қыстауында.
## Дереккөздер |
Ескендір Анонимі– тарихи шығарма. Авторы — Му’ ин әд-Дин Натанзи. Парсы тілінде жазылған бұл шығарманың бізге 2 нұсқасы келіп жетті. Біріншісі Омар шейхтың ұлы, Әмір Темірдің немересі, 1409 — 14 жылдары Иранды билеген Ескендірге, ал өңделген, қысқартылған 2-нұсқасы Ескендірдің мұрагері, Әмір Темірдің үшінші ұлы Шаҝрухқа арнап жазылып, оған 1414 жылы Гератта табыс етілген. Соңғы нұсқаның қолжазбасы “Мунтахаб ат-тауарих-и Му’ ини” деп аталады. Әмір Темір заманындағы тарихи оқиғалар қамтылған бұл шығарманың мазмұнында Низам әд-Дин Шами, Шараф әд-Дин Әли Йезди сияқты сол заманғы тарихшылардың берген мәліметтерінен өзгешеліктер байқалады. Осыған байланысты және шығармада түркі сөздерінің көп ұшырасқаны себепті, кейбір зерттеушілер (В.В. Бартольд, О.Ф. Акимушкин) “Ескендір Анонимінің” авторы дерек көзі ретінде бізге жетпеген қандай да бір түркі тілінде жазылған еңбектерді пайдаланған, ал мұндай дерек көздері шағатайлық хандар тұсындағы көне түркі тіліндегі жазбалар болуы мүмкін деген болжам айтты. “Ескендір анонимі” Орталық Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанның ортағасырлық тарихын зерттеуде таптырмас құнды дерек көзі болып табылады. Шығармада 14 ғасырдың басы мен 15 ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақ, оның территориясында құрылған Ақ Орданың тарихы, сондай-ақ, 14 ғасырдың ортасы мен 16 ғасырдың басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) мен Қырғызстан территориясын қамтыған Моғолстанға қатысты бірден-бір жазба деректер мен тың мағлұматтар берілген. Шығарманы бірқатар орыс ғалымдары (Бартольд, А.А. Ромаскевич, Акимушкин, Г.А. Федоров-Давыдов, т.б.) зерттеп, ішінара бөліктерін “Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды” (М. — Л., 1941) және “Материалы по истории киргизов и Киргизии” (в. Қ, М., 1971) деп аталатын жинақтарда жариялаған. Бұдан гөрі толық нұсқасын 1957 жылы Жан Обен Тегеранда бастырып шығарған.
## Дереккөздер |
Ескендір Сұлтан Елшілігі - Барақ сұлтанның бодандық жөнінде Санкт-Петербургке 1745 жылы жіберген елшілігі. Белгілі мемлекет қайраткері, ел аузында “көкжал” деп аталып кеткен Барақ сұлтан ұзақ уақыт Ресей империясына бағынған жоқ. Сол кездегі Орынбор губернаторы И.И. Неплюев осындай жағдайға байланысты Бараққа қарсы өте қатаң және жауыздық саясат жүргізді. Сол әрекеттердің қысымымен Барақ сұлтан Ресей империясының ресми мұрагері Петр Федоровичке өзінің жақыны Ескендір сұлтанды, оған қоса Байымбет, Тілеуімбет, Жиан деген қазақтарды (барлығы 5 адам) елшілікке жібереді. Елшілік империя астанасы Санкт-Петербургте 1747 жылдың көктеміне дейін болады, нәтижесінде Барақ сұлтан және оған қарасты рулар Ресей бодандығына қабылданды. Барақ сұлтанға грамота және сыйлықтар тапсырылды. Елшілік 1747 жылы наурызда қайта оралды.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том |
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақын, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы.
## Әке-шешесі
Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған.Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған), зейнеткер, филолог-тіл маманы.
## Білімі
* С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша,
* М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген.
## Қызмет жолы
* 1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры.
* 1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі.
* 1979 жылдан - «Жазушы» баспасының редакторы (Алматы қаласы).
* 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы.
* 1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі.
* 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
* 1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы.
* 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі.
* 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі.
* 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі.
* 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.
* 2008 жылдан - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы.
* 2018 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы.
## Шығармалары
* «Қанат қақты» (1974)
* "Көздеріңе ғашықпын" (1974)
* «Жұлдыз жарығы» (1977)
* «Аптайдың алтынтамыры» (1979)
* «Ұлыстың ұлы күні» (1982)
* «Ақ керуен» (1985)
* «Жаратылыс» (1989)
* «Жүректегі жарылыстар» (1995)
* «Алтай асулары» (1988)
* «Заман-ай» (1999)
* «Киіз кітап» (2001) кітаптарының;
* «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003);
* қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006)
* «Ынтық зар» (2009)
* «Әбілхаят» (2009) авторы.
* «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.
### Басқа тілдерде
Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған.
## Өз аудармалары
Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, моңғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Александр Александрович Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.
## Қоғамдық қызметі
* Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
* Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
* Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
* Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі.
* «Ақбар» бильярд клубының мүшесі.
## Марапаттары
* 1976 жылы «Жігер» шығармашыл жастар байқауының жеңілімпазы;
* 1982 жылы «Қара пима» поэмасы «Жалын» республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған.
* 1986 жылы «Ақ керуен» кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды;
* 1995 жылы Түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының лауреаты;
* 2000 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
* 2001 жылы «Құрмет ордені» нің иегері.
* 2002 жылы «Киіз кітап» жинағы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;
* 2004 жылдан Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (ғылыми атағы);
* 2005 жылы * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі;
* 2007 жылы Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері.
* 2007 жылдан М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (ғылыми атағы);
* Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі.
* Қазақстан журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері.
* 2013 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
## Басқа мәліметтер
* Әскери атағы - запастағы лейтенант.
* Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Абылай хан.
* Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың өркендеуі».
* Хоббиі - кітаптар, бильярд, компьютер.
* Үйленген. Жұбайы - Есдәулетова Бейсенгүл Кенжебекқызы, дәрігер-зертханашы. Қызы - Есдәулет Назым (1980 жылы туған ), халықаралық журналист, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі; ұлы - Есдәулет Роллан (1982 жылы туған ), мұнай бизнесінің халықаралық экономисі, инвестициялық компанияда активтерді басқарушы. Немерелері - Айя, Нұрайя, Әлихан.
## Дереккөздер |
Есжан, Соқыр Есжан(т.-ө.ж.б., 19 ғасырда Жайық өңірінде өмір сүрген) — күйші. Есжанжайында ел арасында аңыз-әңгімелер көп, алайда олар жинақтальш, белгілі бір жүйеге түспеген. Күйші туралы алғаш деректер келтірген — акад. А. Жубанов. Есжанның халық арасьша кеңтараған күйлері — «Соқыр Есжан», «Қош, аман бол, Ақби-кеш». М.Төлебаев «БіржанСара» операсының 3-актісіндегіүйлену тойы көрінісіне «СоқырЕсжан» күйін би музыкасы ретінде пайдаланды.
## Дереккөздер |
Сара Сәтбайқызы Есова (1903, Қызылорда облысы Сырдария ауданы — 1984, Алматы) — қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1967). 1919 жылы Орынбордағы педагогикалық училищені бітіріп, Қызылорда, Ташкент қалаларында мұғалім болған. 1921 — 22 жылдары жауапты партия, комсомол қызметін атқарған. 1922 — 25 жылдары Жетісу губерниясы партия комитетінің органы “Тілші” газетінің редакторы, 1925 — 32 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің әйелдер бөлімінде нұсқаушы, “Әйел теңдігі” журналының редакторы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы саяси ағарту басқармасы бастығының орынбасары, Халық ағарту қызметкерлерінің республикалық кәсіподақ комитетінің төрайымы болды. 1932 — 37 жылдары Алматыдағы марксизм-ленинизм институтының тарих бөлімінде оқыды. 1937 — 38 жылдары ҚазПИ-де ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі болды. 1939 — 73 жылдары Республикалық орталық мұражайда жұмыс істеп, соңғы 17 жылында оның директоры қызметін атқарды. Есова құрметті демалысқа шыққаннан кейін Ұлттық кітапхананың сирек басылымдар бөлімінде жұмыс істеп, кеңес дәуіріне дейін жарыққа шыққан қазақ кітаптары туралы шежірені құрастыруға қатысты.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том |
Ескерткіш–
* кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;
* тар мағынасында — ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіш, әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де осы — көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады. Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған. Мысалы, ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің құрметіне, Римде императорларға ескерткіш қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т.Бонтан, т.б. сияқты мүсін өнері шеберлерінің аты әйгілі болды. 19 ғасырда Еуропа мен Америкада әр түрлі оқиғаларға, 20 ғасырда ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлеріне, жазушы, суретші, музыкашыларға ескерткіштер жасау үрдісі кең етек алды. Ресейде 18 ғасырда және 19 ғасырдың 1-жартысында мүсіншілер К.Б. Растрелли, М.И. Козловский, Б.И. Орловский, И.П. Мартостың жобасы бойынша Санкт-Петербург пен Мәскеуде Петр I-ге, А.В. Суворовқа, М.И. Кутузовқа, К.Минин мен Д.Пожарскийге ескерткіш орнатылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Н.А. Андреев, Н.В. Томский, В.И. Мухина, К.М. Мерашвили, т.б. мүсіншілер көптеген қалаларда даңқты адамдарға тұлғалы ескерткіштер орнатылуына үлес қосты. 1941 — 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған ескерткіштер өте көп. Солардың ішіндегі ең күрделісі — Берлиндегі кеңес әскері жауынгерлері құрметіне тұрғызылған (мүсіншілер Е.В. Вучетич, Я.Б. Белопольский) тарихи-мемориалдық ескерткіш. Қазақстанда ескерткіш орнату 1940 жылдан кейін кең өріс алды. Алғашқы ескерткіштердің бірі — Алматыдағы “Амангелді Иманов” ескерткіші (Мүсінші Х.Б. Асқар-Сарыджа, сәулетші Т.Бәсенов; 1947). Белгілі мүсінші Х.Наурызбаевтың “Абай” (1960), “Шоқан Уәлиханов” (1969, екеуі де Алматыда), “Жамбыл Жабаев” (1964, Тараз), “Амангелді Иманов” (1959, Қостанай облысы Амангелді ауданы), Т.Досмағамбетовтің “Шоқан Уәлиханов” (1972, Көкшетау), Ю.Г. Былыктың “Нұркен Әбдіров” (1969, Қарағанды), т.б. мүсін-ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы ескерткіштердің ең көрнектілері болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар ескерткіштер тұрғызылды. Олар: мүсінші Б.Әбішевтің “Жамбыл” (1996, Алматы), Республика тәуелсіздігіне арналған кешен — “Тәуелсіздік монументі” (авторлық шығармалар топ жетекшісі — Ш.Ы. Уәлиханов, мүсіншілер А.Жұматаев, Н.Далбай, К.Сұранышев, А.Боярлин, М.Мансұров, К.Сатыбалдин; сәулетшілер — Қ.Монтахаев, Н.Жарылғапов; 1997, Алматы), мүсіншілер Боярлин мен Т.Мырзагелдиннің “Саяси қуғын-сүргін зобалаңынан құрбан болғандарға ескерткіш” (монумент; авторлық топ жетекшісі — Т.Сүлейменов, сәулетші А.Ордабаев, А.Кенжетаев, Монтахаев; 1997, Астана), мүсінші Досмағамбетовтің “Қаныш Сәтбаев” (1999, Алматы), мүсінші К.Кәкімовтің “Сұлтан Бейбарыс” (2000, Атырау), қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған “Ордабасы кешені” (сәулетші ұ.Садырбаев, 1997, Оңтүстік Қазақстан облысы) ескерткіштері, т.б. Сондай-ақ, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне-мүсін қою немесе олар тұрған үйдің қасбетіне жазулы ескерткіш тақта орнату да дәстүрге айналған.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том |
Есет Қараұлы (1779, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы. — 1869, Атырау облысы Махамбет ауданы Малайсары алқабы) — жырау. Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан. Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. Көтеріліс басылғаннан кейін Ресей әкімш. тарапынан қуғын көріп, біраз жыл Маңғыстау, Хорезм жағында болады. Одан Жайық бойына оралып, тоқсанға келіп дүние салған. Махамбет, Абыл ақындармен достық байланыста болған. Е-тен Мұрат Мөңкеұлы, т.б. көптеген ақындар өнеге алған. 1908 ж. Қазанда басылған М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” жинағында Е-тің “Тауға біткен қайыңның” деп басталатын қартайған шағында айтқан толғауы жарық көрді. Толғаудағы өзекті мәселе — ерлікке, елдікке үндеу. Бұл толғау — игілік пен ізгілік туралы тегеурінді сөздермен әдемі бейнелеген тебіреніс, өмір туралы жастарға айтқан өнегелі сөздер. Е. толғауы 1908 жылдан кейін “Шайыр” (Орынбор, 1910 — 1912), “Мұрат ақынның сөздері” (Таш., 1924), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (А., 1967), “Ақберен” (А., 1972), “Өсиетнама” (А., 1982), “ХҚХ ғасырдың қазақ поэзиясы” (А., 1985), “Бес ғасыр жырлайды” (Қ-том, А., 1984, 1989) жинақтарында жарық көрген.
## Қысқаша өмірбаяны
Тарихта бұл атамыз Есет би, Есет ақын, Есет батыр атымен таныс.Батырлар, ақындар сияқты, билердің де түр-түрі болған, күнкөріс үшін бірде оған, бірде бұған бұратын, бұқпантай жалтақ билер, әкімдерден аса алмай, әділ төресін бере алмай қалтақтайтын, тағасы жоқ тайғанақ билер, қарсы алдында хан тұрса да қаймықпай, қара қылды қақ жарып турасын айтып қасқайып қарап тұратын ата билер болған. Сол аздардың бірі - Есет би.
18 - ғасырдың аяқ кезінен бастап хандар кеңесінің құрамына билер сайланатын болды. Осы кезден бастап билер халық таразысына түсті. Ханның қамын ойлаған жасқаншақ жалтақтар ұмытылып, қара басы кетсе де, халықтың қамын көздейтіндер әрі би, әрі батыр атанып, елдің есінде қалды, халықтың құрметінде болды. Сол әрі би, әрі батыр атанғандар екеу болса, соның біреуі осы Есет, ал біреу болса - онда өзі.
Есет 1779 жылы Қарабау деген жерде (осы күнгі Қызылқоға ауданы, Атырау облысы) туды.
Он екі ата Байұлының бір баласы Беріш. Осы Беріштің бір бұтағы Қаратоқай. Бұлардан тарағандар өздерін «Қаратоқай берішпіз» дейді.
Қаратоқайдан - Андағұл, Сасыған, Айтқожа, Бөкен туады. Андағұлдан - Айтболат, Айтболаттан - Бекбаулы, Есболай, Жолболды, Құттыбай, Өтебай. Есболайдан Итемген, Көтен, Күшік, Қоныс, Мәймен.
Итемгеннен - Қара, Табылды, Қабыл, Қалдыбай, Мәтен. Қарадан - Есет, Дәрі, Сары, Жанғұтты, Бөкенбай, Қамбар.
Есеттің қайда оқығаны белгісіз, білім, билік жағынан алдына жан салмаған, төбе би атанған адам. Есет заманы астарлы, кедір-бұдыры көп, қарағай басын шортан шалған қилы кезең болатын. Е.Пугачев көтерлісінің желісі үзілмей жатып, шылбырды Сырым алып кетті. Сырымның қызуы басылмай жатып Исатай-Махамбет тұтанды. Мұның ізі суымай жатып Бекет бас көтерді. Есет Көтібаров атқа мінді. Тұрлан Асауов қол жинады. Оның бәрі елге, елім деп еңіреген ерлерге, халыққа, халқым деп қан жұтқан азаматтарға шарпуын тигізбей қойған жоқ. Соның ішінде ата-бабасы ежелден хан тұқымымен төбелесіп өткен Есетке оңай түскен жоқ. Есеттің әкесі Қара, хан тұқымымен сиыспай, қақтығысып өткен. Жасы алпыстан асқанда Исатай-Махамбетке жақтасып, одан қуғын-сүргінге ұшыраған Есет тоқсан жасаса да, күн тыныш отырып, бел шешіп тамақ ішпеген адам . Түн ұйқысын төрт бөліп, қысқа күнде қырық рет дауға түсті, шыбындай жанын шүберекке түйіп, шырылдап барып жауға да түсті. Бірақ даудан ығып саспады, жаудан бұғып қашпады. Өмірінің қандай болып өткенін өзінің:
-Замандында өзімнің
Еңсеріскен ер көрдім,
Белсеніскен бел көрдім,
Жасанысқан жау көрдім,
Тізелескен дау көрдім,
Үрікпедім, саспадым,
Бір өтірік болмасын
Табаным тайып қашпадым.
Қанды көйлек жолдасты
Сары алтындай сақтадым...
-деген сөзінен айқын көреміз. Есет біреуді басынып талтаңдамаған, өзі біреуден қорқып жалтаңдамаған, ешкімнен қиянат көрмеген, біреуге қиянат істемеген, ешкімнен артық сөз естімеген, өзі біреуді балағаттап даттамаған, ешкімге білімсініп ақыл айтпаған, ал өзі білгеннің ақылын алуға әрдайым құштар болған. Әрине, мұндай парасатты жандар сирек кездеседі.
Есет 1869 жылы 90 жасында бақи дүниеге аттанды. Бейіті осы күнгі Махамбет ауданы, Малайсары деген жерде, Дәрі деп аталатын қауымда. Дәрі мен Есет бір ата, бір анадан туған бауырлас адамдар.
Есеттің сөздері мен өсиет - өлеңдері алғаш рет Мақаш Бекмұханбетовтың көзі тірісінде тапсырып, 1908 жылы Қазанда шыққан, «Жақсы үгіт» деп аталатын кітапқа енді. Одан кейін Халел Досмұханметов құрастырып, Ташкентте бастырған «Аламан» жинаққа енді. Сәкен Сейфуллиннің 1931 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті оқулығына», Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің тарихы жайында әр жылдарда жазылған ғылыми - зерттеу еңбектеріне енді. 1972 жылы «Ақберен» жинағына, 1977 жылы С.Садырбаев құрастырған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» кітабына, 1981жылы Х.Сүйінішәлиевтің «18 - 19-ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегіне, «Бес ғасыр жырлайды» жинағының бірінші томына кірді. Әдебиет зерттеушісі ғалым Қ.Сыдиқовтың «Ақын-жыраулар» атты еңбегінде тереңірек қамтылып жазылды. |
Есенсары Құнанбайұлы (1890 жыл, Семей облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы - 1961 жыл, Семей облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы) — ақын.
Сәдір ақыннан тәлім-тәрбие алып, он үш жасынан өлең шығарады, халық ауыз әдебиеті үлгілері мен Абай, Әріп, Әсет ақындардың шығармаларын жаттап алып, ел ішіне таратады. Бірнеше жыл Әсет Найманбаевтың қасына еріп, оның ақындық, әншілік мектебінен өтеді. Есенсары айтыс ақыны ретінде де танымал болған. 1939 жылы халық ақындарының республикалық слетіне қатысып, жыр алыбы Жамбылмен сөз қағыстырады. 1945 жылы белгілі халық ақыны Сапарғали Әлімбетовпен айтысқа түседі.
Есенсары — көптеген өлеңдер мен толғаулардың, дастандардың авторы. Оның:
* “Гүлбаhрам — Сәбит”
* “Қазақ қызы”
* “Тобағұл батыр”
* “Бөдес батыр”
* “Уаббасұлы Сабыржан”
* “Мәлік батыр” (Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллинге арналған) дастандары
* “Жеке дара ана” атты хикаясы жұртшылыққа танымал.
## Дереккөздер |
Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы — 5 қазан, 1983, Алматы) — қазақ жазушысы.
## Еңбек жолы
Арғын тайпасы Қуандық руының байдалы бөлімінен шыққан.
* 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы,
* 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры,
* 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор,
* 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы,
* 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы,
* 1958-1967 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі,
* 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасының директоры,
* 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады. Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.
## Шығармашылығы
І.Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасы» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.
Есенберлиннің «Маңғыстау майданы», «Аманат» (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. "Таудағы тартыс" (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған «Құйма» (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді.
Ӏлияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. «Схватка» («Айқас», 1957); «Опасная переправа» («Қатерлі өткел», 1970); «Влюбленные» («Ғашықтар», 1970); «Хан Кене» («Қаһар», 1971); "Заговоренный меч" («Алмас қылыш», 1973); «Отчаяние» («Жанталас», 1974); «Прикрой своим щитом» ("Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1976); "Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981); «Золотая Орда» («Алтын Орда», 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді. Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде «Көшпенділер» трилогиясы, «Адам туралы ән», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Айқас» романдары бар.
I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
## Тарихи романдары
Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары.
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
"Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.
"Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.
Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан Қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ.
Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.
Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.
"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.
Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген.
Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, "Ташкентті шабу керек" деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.
Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі.
Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.
## Романдары және тарихи сана
Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған "Айқас", "Ғашықтар", "Қатерлі өткел", "Алтын құс", "Маңғыстау майданы", "Алтын аттар оянады", "Көлеңкеңмен қорғай жүр", "Алыстағы арпалыс", "Аққу құстар қуанышы", "Махаббат мейрамы", т.б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді.
Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.
Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді.
Автордың аса зор зерттеушілік жұмыс жүргізуінің нәтижесінде беймәлім, тың материалды оқырман игілігіне айналдырудың жарқын көрінісі болған «Көшпенділер» трилогиясының кезінде танымдық жағынан да ерекше жүк арқалағаны көпшілікке белгілі. Рас, ғалымның міндетінен гөрі міндеті ауқымды, кеңірек болып келетін жазушы үшін ақпараттық қана қызмет атқаратын материал суреткер жұмысының алғашқы бастамасы ғана. Тың, жаңа дерек, көпшілікке беймәлім материал негізінде қаламгердің ой сүзгісінен өтіп қорытылған оқиғаларға құрылған трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері көрініс тауып, өткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттеледі. Сақтандыру мен ескерту идеясы бой көрсетіледі.
Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді.
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.
Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.
«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.
Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл ту ордені
* «Құрмет белгісі» ордені
* «За боевые заслуги»
* «За оборону Ленинграда» медалі
* Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Есенберлин: шығармалары, фотосуреттері Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы.
* Есенберлин шығармаларын оқу(қолжетпейтін сілтеме)
* Malimetter.kz Ілияс Есенберлин реферат (қазақша) |
Есік көмбелері – сақ дәуірі бұйымдарының кездейсоқ табылған екі тобының атауы, Есік қаласы (Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы) маңындағы төбешік.
Есік көмбелерін 1953 — 58 жылдары Г.С. Мартынов, К.Ақышев, И.И. Копылов зерттеді. Бірінші көмбеде 3 мыс, 1 темір қазан, 2 мыс табақша, қоладан және темірден жасалған екі ыдыс табылды (б.з.б. 4 — 3 ғасырлар). Құлақтары бүйірінен шығарылған қазандардың біреуі тұғырға орнатылған, қалғандары үш аяқты. Әсіресе, қола ыдыс сирек кездесетін пішінімен ерекшеленеді. Бұйым биіктігі 19 см конус тәріздес тұғырдан және мұның үстіне бекітілген диаметрі 25,7 см дөңгелек табақшадан тұрады. Табақша бетіне бедерленген ат пен оның жанында тізе бүгіп отырған адам мүсіндері ежелгі сақ тұрмысынан хабар береді. Ат жүгенделіп және кейінгі қазақ дәстүріндегі секілді жалы күзеліп, құйрығы түйіліп қойылған. Аттың жанында отырған адам да атқа салт мініп жүруге ыңғайлы ұзын бешпент, тері шалбар мен етік киген. Мұнда аттан түсіп, Тәңірге жалбарынып отырған сақ сарбазы бейнеленген тәрізді. Екінші көмбе құрамында қоладан құйылған 5 бұйым бар. Бұлар 2 ауыздық, ұзындығы 22,5 см, жалпақтығы 3 см қанжар, үлкен найза ұшы және қазан (б.з.б. 6 — 7 ғасырлар). Жақсы сақталған қазанның биікт. 40,5 см, диаметрі 36 см, конус пішіндес тұғырының биіктігі 12 см. Бүйіріне екі құлақ орнатылып, ернеуінен төмен толқынды оюлар бедерленген. Бұл пайымдаулар бойынша, көмбелердегі бағалы әрі ғұрыптық мәні зор бұйымдар. Ежелгі сақтар осындай заттардың әр түрлі жиынтығын ғұрыптық салт-жоралар өткізілген жерлерде, көші-қон кезінде көміп кетіп отыратын болған. Көмбелер Жетісу өлкесінде көптеп кездеседі. Мұндай деректер осы өңірдің ежелгі дәуірлерде қола құю, темір соғу ісі жақсы дамыған үлкен металлургиялық орталық болғанын дәлелдейді.
## Дереккөздер |
Шахмардан Есенұлы Есенов (5 тамыз 1927, Бала би ауылы, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы – 24 тамыз 1994, Алматы) — қазақтың геолог ғалымы және мемлекет қайраткері, Қазақ ССР Геология министрі (1961– 1965, 1974–1978), Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің төрағасы, ҚазССР Ғылым академиясының президенті (1967–1974). Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1970), профессор, ҚР ҰҒА академигі.
## Өмірбаяны
Шаһмардан Есенұлы Есенов 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тартоғай селосында дүниеге келген. Ол осында орта мектепті, ал 1944 жылы Қызылорда педагогикалық техникумын бітіріп, сол жылы Қазақ тау-кен институтының (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті) геология-барлау факультетіне оқуға түседі.
1949 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын бітіреді. Академик Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті. Ол отандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевпен алғаш рет 1947 жылы мемлекеттік емтихан кезінде танысады. Жас Шахмардан Қаныш Имантайұлының көзіне бірден түскен екен. Сол себепті геолог жас студентке тәлімгер болып, 1949 жылы Жезқазған кешенді геологиялық-барлау экспедициясына жібереді.
1956–1960 жылдары Жезқазған геология барлау экспедициясының геологы, аға геологы (1949-1952), бас геологы (1952-56), бас инженері. Үлкен Жезқазған кен-руда өнеркәсібінің шикізат бөлімін ашу және бағалау жөніндегі барлау жұмысына басшылық етті. Бұл кезеңде Жезқазған ауданы геологиясының неғұрлым күрделі теориялық және практикалык мәселелерін шешуге тікелей қатысты боксит-асбест сияқты маңызды пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау әдіс-тәсілдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды басқарды.
Жезқазған өңіріндегі қызметі барысында ашқан маңызды жаңалығы – өзі дайындаған жаңа әдіс бойынша мемлекетте сирек кездесетін және өте құнды шикізат көзі – родусит асбестін зерттеп, барлауы болды. Көгілдір асбесттің Қумола кен тобына жататын шикізат түрі «жезқазғандық» асбест деп аталып кетті.
Шахмардан Есеновтің бастамасы бойынша 50-ші жылдары Жезқазған кен торабының ірі масштабтағы болжамды геологиялық картасы жасалып, онда бұған дейін белгілі болған кен алаңдарының шегінен әлдеқайда алыстап кететін мыс, қорғасын және мырышқа бай үмітті алаңдардың шекаралары анық көрсетілді. Соның арқасында Жезқазғанның белгілі қорларын бірден 3-4 есеге ұлғайту пікірі пайда болды. Оның басшылығымен алғаш рет масштабы 1:1 500 000 болатын Қазақстанның геологиялық картасы дайындалды.
Ш. Есеновтің бастамасымен бұрғылау жұмыстарының көлемі шұғыл артып, сонымен қатар бұрғылау техникасы да 5 есеге көбейтілді. Бұл өзі шығынның көптігіне байланысты өте тәуекелді қадам еді. Алайда осы шешімді Қ. Сәтбаевтің басшылығындағы ҚазКСР Ғылым академиясы және ҚазКСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі қолдап шықты. Қолданылған 100-ден астам бұрғылау агрегаттары Ш. Есенов бастаған геологтардың болжамдарын таңғажайып дәлдікпен растап, 60-шы жылдардың басында-ақ Жезқазғандағы кен қоры 2,5 есеге ұлғайып, одан әрі көбейе берді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Жезқазғанда шикізат кенінің барланған қоры бұрынғыдан бірнеше есе артты. Химия және қорғаныс өнеркәсібіне өте қажетті шикізат ірі кені ашылды. Ол қысқа мерзімде барланып, өнеркәсіпті игеру меңгерілді. Осы ауданның марганец, мыс, металл, никель, кобальт, темір рудалары, құрылыс материалдары мен мыс кендері ашылып зерттелді.
1949—1960 жылдары түрлі экспедицияда геолог болып, Жезқазған ауданы мәслихаты мен елдегі Жоғарғы кеңестің депутаты болып қызмет етті. Ш. Есенов басқаратын экспедиция екі бірдей ірі – Жанай және Айдос жер асты ауыз сулары теңізін ашып, игеруге кірісті. Соның арқасында Жезқазған аймағының тұрғындары қазіргі күнге дейін үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ, Ш. Есенов 60-шы жылдары Жыланды тобындағы Итауыз, Сарыоба, Қарышошақ, Қыпшақбай, Айранбай, Талдыбұлақ, Жартас т.б. мыс кен орындарының қорын бағалағаны және барлағаны үшін де алғаш ашушы дипломдарын алды.
1960 жылы ҚазКСР геология министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1961-65 жылдары 33 жастағы Шахмардан Есенов ҚазССР геология министрі болып тағайындалды. Есенов Совет тарихындағы ең жас министр болып саналады. Жезқазғандағы өзінің ізденіс тәжірибесін қорытып, кандидаттық диссертация жазды, «Жезқазған кен орнының құрылымдық ерекшеліктері және оны барлау» деген тақырыпта 38 жасында геология-минералогия ғылымдары докторы атағын Мәскеуде табысты қорғады.
Министрліктегі Шахмардан Есенов бастаған экспедиция барысында Маңғыстаудан мұнай табылып, Өзен, Қаражамбас, Жетібай, Қаламқас, Бозащы кен орындары ашылды. Қазір олар Қазақстанның ең ірі мұнай және газ кәсіпорындары саналады. 1966 жылы осы жаңалығы үшін Есенов Ленин сыйлығын алды. Ол Сәтбаевтан кейін сегіз жылдан соң осындай айтулы сыйлықты алған екінші қазақ ғалымы еді.
1960-жылдары КСРО басшысы Никита Хрущев Қазақстанда әкімшілік реформасын жасады. Елді үш өңірге бөліп, солтүстіктегі облыстарды Ресейге, Маңғыстауды Әзербайжан не Түрікменстанға қоспақ болады. Солтүстік өңірлерді беруге болмайды деп Жұмабек Тәшенов қарсы шықса, Маңғыстау жеріне Есенов араша болды. Маңғыстаудың тағдыры шешілмек болған жиынға ҚазКСР басшысы Дінмұхаммед Қонаев жерді бермеуге көндір деп Шахмарданды жолдайды. Сонда Қазақстан геология министрі Шахмардан Есенов осы мәселені арнайы қараған КСРО Үкіметінің жабық отырысында Маңғыстауды игеруге Қазақстанның өз шамасы жететіндігін қаймықпай дәлелдейді, КСРО Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Алексей Косыгин (Төраға Хрущевтің өзі), КСРО орта машина жасау (қорғаныс өнеркәсібі саласы) министрі беделі зор Ефим Славский Шахмардан Есенов пікірін қуаттайды.
Орталық Қазақстанда Успен белдеуінде кең ауқымды әрі терең барлау жұмыстарын ұйымдастыру, ол жерде кен жоқ деген қарсылықты Кенді Алтайдан кейінгі аса бай Успен белдеуінен темір кеніштерін іздеген ғалымдар тобына, соларға басшылық жасаған Ш.Есеновке 1972 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазір Теміртаудағы Қарағанды металлургия комбинаты осы кеніш негізінде жұмыс істеуде.
1965-1967 жылдары Қазақ ССР Өндірістік геологиялық комитетінің Төрағасы, Қазақ ССР Министрлер кеңесі Төраға орынбасары болды.
1967 жылы 39 жастағы Есенов ҚазКСР-дің Ғылым академиясының басшысы болып сайланды. 1967-1974 жылдары Қазақ ССР ҒА Геология ғылымдары институтының директоры, Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президенті.
1974-1978 жылдары Қазақ ССР Геология Министрі.
1978-1994 жылдары Қазақ политехникалық институтында «Пайдалы қазбалардың кен көздерін іздестіру және барлау әдістері» кафедрасының меңгерушісі.
1990 жылы тұңғыш балама сайлауда ғылыми ортадан 8 үміткердің ішінен ғалымдар қалаған бесеудің бірі Есенов еді, олар ғалымдар қауымы атынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Таңдаулылар сапында академиктер Айтмұхамед Абдулин, Салық Зиманов бар еді. Еліміздің тәуелсіздігін жариялаған депутаттар ортасында Шахмардан Жорабекұлы Есенов те болды.
1994 жылы Есенов 67-ке келген шағында дүниеден озды. Алматыда Кеңсай зиратына жерленді.
1995 жылы Маңғыстаудың басты университетіне Шахмардан Есеновтің аты берілді.
Білім беруді реформалау тұжырымдамасы мен мамандар даярлаудың көпдеңгейлі жүйесін жүзеге асыру мақсатында 1996 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің 7 мамырдағы №573 қаулысымен Ақтау политехникалық институты мен Атырау университетінің Ақтау филиалының базасында Ш.Е.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті құрылды.
Белгілі геолог ғалым, Маңғыстау мен Батыс Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын алғаш ашушы, Лениндік және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Шахмардан Есенұлы Есеновтің есімін есте қалдыру мақсатында Маңғыстау облысы басшылығының ұсынысымен ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 шілдедегі № 767 Қаулысымен Ақтау мемлекеттік университетіне академик Шахмардан Есенұлы Есеновтің аты берілді.
### Қазақстан ұлттық ғылым академиясы
1967-74 жылдары Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ғылым Академиясының президенті. Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтбаев атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді геология ғылымдар институтының директоры.
Шахмардан Есенұлының басшылық еткен алғашқы жылдары ҚазақКСР ҒА-ның құрамына 3 академик, 21 корреспондент мүше қабылданды. Сонымен қатар, жаңа институттар ашылды: Жоғарғы энергиялар физикасы институты, Гидрогеология және гидрофизика институты, Сейсмология институттары мен Геология, Философия және құқық, Металлургия және кен байыту, Астрофизика ғылыми институттарында жаңа бөлімдер мен зертханалар құрылды. Бір 1970 жылы ғана 22 докторлық диссертация қорғалған.
Профессор Ақжан Машанов 1967 жылы Ғылым академиясының жаңа президенті Ш. Есеновтің алдына барады әл- Фараби мұрасын зерттеу қажеттігі туралы 1950 жылдары ептеп айтыла бастағанда 1953 жылы Одақтық партиялық бас газет «Правда» қазақ ғалымдары көне мұраны зерттеу желеуімен Ислам дінін насихаттамақ деген сарында сын жариялайды.
1973 жылы Әбунасыр әл Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы Қазақстанда кең түрде аталып өтілді.
Оған әлемнің көптеген елдерінен қонақтар шақырылды. Ш.Есенов осында өзі баяндама жасады. Осы симпозиумда әл-Фараби Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанды. Әл-Фарабидің еңбектерінің томдары екі тілде шығарылды. Осы басылымдардың барлығының жауапты редакторы Ш.Есенов болды.
Кен орнындарының геологиясы және металлогениясының ірі маманы ретінде 13 монография және кітап, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілк мақала жариялады. Оның жетекшілігімен 14 кандидаттық және 5 докторлық диссертация қорғалды.
* Ш.Есенов КСРО-ның Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекет комитетінің мүшесі (1967 жылдан),
* БҰҰ-ның Қиыр Шығыс Елдері Комиссиясының 1962 жылы Тайландта өткен сессиясында кеңес делегациясын басқарды.
* Халықаралық Геологиялық конгреске (Үндістан), Пагуош конференциясына (Швеция 1968), Үндістан ғалымдарының конгресіне (1971) қатысты.
* Ол 8-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық ағарту ғылым жөне мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясы председателінің орынбасары:
* 5, 6, 7, 8-сайланған Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің төрағасы;
* КОКП ХХӀV-съезінің, Қазақстан КП ХӀ, ХӀӀ, ХӀV-съездерінің делегаты, КОКП ОК-нің мүшесі.
## Наградалары
* Ленин ордені иегері (2 рет);
* Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы (2 рет);
* Ленин премиясының лауреаты (1966);
* Ш. Ш. Уәлиханов атындағы ҚазССР ҒА премиясының лауреаты (1971);
* ҚазССР Мемлекеттік премиясының лауреаты(1972).
## Мұра
* Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры;
* Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
* Шахмардан Есенов. Ғұмырнамалық деректі хикаят. Алматы, «Қазақстан», 2014
* №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей (Шиелі ауданы, Қызылорда облысы).
## Тағы қараңыз
* Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов
### Шығармалары
* Методика поисков и разведки месторождений родусит-асбеста. Алматы, 1965, (соавтор)
* Геологическая карта КазССР. Ленинград, 1965.
* Горизонты науки Казахстана. Алматы, 1967.
* Геолого-структурные особенности и методика разведки Джезказганского рудного поля. Алматы, 1968.
* Недра Казахстана. Алматы, 1968, (соавтор)
* Проблемы геологии Қазақстана. Алматы, 1968.
* Научно-технический прогресс в народном хозяйстве Казахской ССР. Алматы, 1972.
* Наука и природные ресурсы Казахстана. Алматы, 1972.
* Нефте-нефтяные науки. Гурьев, 1989.
## Дереккөздер |
Есік көрсету, есік ашу – жаңа түскен келінді күйеудің ағайын-туыстарының арнайы шақырып, сый көрсету рәсімі.
## Жоралғылары
Келін түскеннен кейін оны күйеуінің туған-туысқандары үйлеріне «есік көрсетіп», дәм татуға шақырады. Жас келін арнайы кәде, тарту алып барады. Ол кәдені «отқа салар» деп атайды.Той өткен соң келінді есік көрсетуге шақыру келін үшін де үлкен сын болып табылады. Абысындары келінмен жақынырақ танысып, сый-сияпат жасайды. Келіннің табағына асықты жілік, төс, ұлтабар және т.б. кәделі мүшелер салынады. Бас табақтан еті қалдырылған жамбас ұсынылады. Келін оны тәжім етіп, иіліп сәлем салып алады. Бұл келін үшін күйеу жақтың туыстарымен жете танысуға, қарым-қатынасты үйлестіруге жасаған қадам болып табылады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Диваев А. Несколько слов о свадебном ритуале киргизов Сыр-Дарьинской области. Казань, 1900;
* Жүнісұлы А. Пәниден бақиға дейін. Алматы: Қайнар, 1994;
* Қатран Д. Қазақтың үйлену салты. Туған тіл. 2006. No1. 83-91-бб.;
* Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматы: Алматыкітап, 2010;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Есіл шебі– Қазақ даласына ішкерілей ену үшін Ресей империясының 18 ғасырдың басында салған бекіністері. Ресей тарихында “ескі” және “жаңа” Есіл шебі болып екіге бөлінеді. Петр I 1708 жылы Ресейді тұңғыш рет губернияларға бөлді. Губерниялардың жер аумағы жағынан ең үлкені — Сібір губерниясы болды. Ол батысы мен шығысында Орал қыраттарынан Тынық мұхитқа дейін созылып, солтүстіктегі Мұзды мұхитқа, оңтүстіктегі 1711 жылы жасалған Ертіс жағасындағы Большерецк (қазіргі Омбы қаласының солтүстік жағында 200 шақырымдай жерде) — Абатск — Қашқарағай — Омут — Мамай елді мекендері арқылы батысқа қарай белгіленген шепке тіреледі. Бұл екінші жағынан, Қазақ хандығының солтүстік шекарасы болатын. Осы шеп 1745 жылы кей тұсында 200, кей тұсында 50 шақырым оңтүстікке қарай жылжытылып, 73 күзет орны арқылы шығысында Ертіс, батысында Орынбор шептерімен жалғастырылды да, бұдан былай, 1711 жылы белгіленген шеп ескі Есіл шебі, соңғысы жаңа Есіл шебі деп аталды. 1752 жылы Есілдің Қызылжар деп аталатын тұсына жаңа Есіл шебінің (“Горькая линия” деп те аталды) бас қамалы салына бастап, оған православие дінінің әулиелері Петр мен Павл есімдері қойылды.
## Дереккөздер |
Рәбиға Есімжанова (5.1. 1914, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — 3.7.1986, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1967; 1959 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі).
Өнер жолын Семей облысы музыкалы драма театрында драма артисі ретінде бастаған. Кейін Қарағанды, Алматы театрлары (1931 — 46) труппасында қызмет етіп, Еңлік, Айман (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Айман — Шолпанында”), Жібек (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында), т.б. сахналық бейнелерді сомдады. 1946 — 60 жылдары Қазақ радиосының, 1960 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерттің”әншісі болды. Ол, негізінен, қазақтың халық әндері мен халық композиторларының әндерін (“Әупілдек”, “Әпитөк”, “Гауһартас”, “Жалғыз арша”, “Жонып алды”, “Ләйлім”, “Құдаша”, “Маңмаңгер”, т.б.), сондай-ақ, С.Кәрімбаев, Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындап, халық арасында насихаттады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Есім, ат — адамға туған кезінде берілетін дербес атау. Арнаулы заң талаптарына сәйкес әр азамат өз атынан құқылар мен міндеттер иеленіп, әрекет етуге тиіс. Кей реттерде лақап (бүркеншік) атты пайдалануы мүмкін. Азаматтар заңда белгіленген тәртіппен өз есімдерін өзгерте алады. Бірақ бұл оның бұрынғы атпен иеленген құқылары мен міндеттерін доғаруға не өзгертуге негіз бола алмайды. Адамның туған кезінде алған есімі, аты-жөні (ныспысы) азаматтық хал актілерін тіркеу ережелеріне сәйкес ресімделеді. Өзге біреудің атын пайдаланып, белгілі бір құқылар мен міндеттерді иеленуге, іс-әрекет жасауға рұқсат етілмейді. Өзге біреудің есімін пайдалану немесе бұрмалау арқылы оған зиян шектірген, ар-намысына тиіп, іскерлік беделіне нұқсан келтірген адам заң жүзінде жауапкершілікке тартылады.
## Түрлері
* Негізгі есім - трансформациялар нәтижесі емес есім, затты тура және тікелей атайды.
* Деминутивтік есім - сыйлау-еркелету нышанды кісі есімі ( Ванечка, Светочка, Қажеке (Қажыгали), Жәке (Жамбыл), Stevie (Stephen), Bobby (Robert)).
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том |
Ғафиз Қадырұлы Есімов (9.5. 1947 жылы туған, Атырау облысы Махамбет ауданы Соройченко ауылы) - опера әншісі (лирикалық баритон).
## Жетістіктер
Қазақстанның халық артисі (1987).
1975жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
1973 жылдан Қазақ академикалық опера және балет театрының әншісі.
Негізгі партиялары: Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында"), Думан (Е.Г. Брусиловскийдің "Дударайында"), Алпамыс (Е.Рахмадиевтің "Алпамысында"), Құрманғазы (Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың "Құрманғазысында"), Онегин (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегинінде"), Жермон (Дж. Вердидің "Травиатасында"), Дон Жуан (В.Моцарттың "Дән Жуанында"), т.б.
Есімов қонцерттіқ-шығармашылық қызметімен де қазақтың халық әндерін, халық композиторларының әндерін және қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын насихаттауға үлес қосты. Гастрольдік сапармен МХР-да (1978), Германияда (1986, 1987), Румынияда (1984), Филиппинде (1983), Шри-Ланкада (1986) т. б. елдерде болды.
К.Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауы (1975, Алматы) мен М.И. Глинқа атындағы бүкілодақтық әншілер байқауының (1977, Ташкент) лауреаты.
## Дереккөздер |
Есір Айшуақұлы (1840, Маңғыстау ауданы, — 1904, сонда) — күйші, домбырашы.
## Шығармашылығы
Жас кезінен Абылды ұстаз тұтқан. 1873 жылы Ресей империясының Форт Александровскіден (қазіргі Форт-Шевченко) Хиуаға аттанған жаулаушы әскері қару-жарақ тиеу үшін осы сапарға Маңғыстау елінен 90 түйе мен 9 түйеші алады.
Қатерлі сапарға түйеші болып еріксіз аттанған Есір елімен қоштасып, “Қос айырған” күйін шығарады. Сол жолы көрген азап-бейнетін ол “Тоғыз түйеші” күйінде бейнелеген. Ресей әскері түйешілерді “Геок-Тепе” (Көктөбе) деген жерден қайтарып, елге аман оралған Есір қуаныш, сағыныш сезімін “Ақжарма” күйімен өрнектейді. “Көктөбе”, “Манатау” күйлерін де сол сапарда шығарған. Есірдің бұлардан басқа “Жалдығара”, “Әлди, бөпем”, Күнтай”, “Шоқай төре”, “Ақжелең”, “Сайға бұқтым”, “Әләу, мейрам”, т.б. күйлері бар.
Оның туындылары ел тарихының елеулі кезеңдерін күй тілінде сөйлеткен.
## Шәкірттері
Есір күйлері С. Шәкіратов, Р. Айдарбаева, М. Өскенбаев, Қ. Ахмедьяров сияқты белгілі өнер шеберлері орындауында күйтабаққа жазылған.
## Есте қалдыру
Күйші жерленген Жыңғылды ауылыындағы орта мектеп Есір атымен аталады. 1990 ж. Есірдің Құтан әулие қорымындағы бейітінің басына ескерткіш-белгі және күйшінің мүсіні орнатылды.
## Дереккөздер |
Ет мүшелеу – сойылған малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеу.
Қазақ халқының дәстүрінде әр жіліктің табаққа тартылу тәртібі бар. Атап айтқанда, қойдың төрт аяғында он екі жілік болады. Оң жағындағы қолы мен санында жамбас, ортан жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік және жауырын аталатын сүйектер бар. Сол жақтағы қолы мен санында да дәл осы алты жілік бір-бірімен жалғасып жатады. Сойған қойдың етін осы жіліктердің буын-буыны бойынша ажыратып бөледі. Бұл әдіс жіліктеу деп аталады. Осы жіліктердің ішіндегі жамбас қадаға немесе сыйлы қонаққа тартылады. Сол үшін жамбас арнайы сақталады. Ал қабырғалар мен омыртқалар жілік асылғанда үстемеленеді. Бұғана, мойын, құйымшақ, т.б. қазанға етпен қосып салынғанмен, көбіне бала-шағаға тиесілі. Ірі қара да осы әдіспен сойылады. Қазақ ғұрпында етті қиқымдамай, балтамен шауып сүйегін қиқаламай таза боршалап тұздайды.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том |
Есікасу – Іле Алатауының шығысындағы Сарытау жотасындағы (Жамбас тауы) асу.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3350 м. Жаз айларында қар жатпайды. Түрген және Жіңішке өзендерінің суайрығы саналады. Есікасуға баратын көп соқпақтар Іле аңғарынан Түрген өзенінің жоғарғы ағысына қарай, одан әрі өзеннің оң тармақтары - Кіші Түрген өзені мен Үшбұлақты бойлай өтеді. Келесі белесте жайлау жолы Есікасудан Жіңішке өзенінің сол саласы Қарабұлақ өзенінің бастауына қарай кетеді. Соқпақ жолдар осы тұста батыста Шілік, шығыста Жіңішке аңғарына қарай тарамданады. Есікасу арқылы жайлауға мал айдайтын жол өтеді.
## Дереккөздер |
Владимир Сергеевич Есютин (15.7.1919, Алматы — 20.7.1992, Алматы) — ғалым, техникалық ғылымдар кандидаты.
Қазақ тау-кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1948). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 — 50 жылы Новосибирск қалайы комбинатында рафинаттау цехының технологы, 1952 — 92 жылы Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, топ жетекшісі, лаборатория меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты металдарды вакуумда үздіксіз рафинаттау процестерінің теориялық заңдылықтарын, т.б. зерттеуге арналған. Есютиннің қалайы, қорғасын және кадмийді рафинаттаудағы жаңалықтары Қазақстан және Ресей кәсіпорындарында (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты және Новосибирск қалайы комбинаты) қолданыс тапты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1985), КСРО-ныңеңбек сіңірген өнертапқышы (1976). Ұлы Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ешкітал, жоңғар талы (лат. Salix songarica) – талдар тұқымдасына жататын жататын ағаш. Қазақстанның оңтүстік мен батысындағы жазық жерлерде, өзен аңғарларында, орман-тоғайда өседі. Табиғи жағдайда 75 жылдай өмір сүреді. Биіктігі 8 – 10 м. Ағаш діңінің жуандығы 35 – 40 см-дей. Бұтақ шоғыры қалың, жапырағы жіңішке, қандауыр пішіндес, оның жиектері бүтін немесе тілімденіп иректелген, екі беті бірдей жасыл түсті. Гүл сырғасының ұзындығы 5 — 7 см, 2 — 3 жапырақшасы бар. Қалемшеден және шыбықтан көбейеді. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді. Жемісі — қорапша. Ешкіталды елді мекендерді көгалдандыру мақсатымен және құм бекіту үшін егеді. Ешкіталдың қабығының құрамында илік заттар, салицин глюкозиді, флавондар мен С витамині бар, сондықтан медицинада қолданылады.
## Дереккөздер |
Ғарифолла Есімов (15.04.1947, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққу) — ғалым, философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995), Қазақстан ғылым академиясы-ның академигі, абайтанушы.
## Қысқаша өмірбаяны
* Уақ тайпасынан шыққан.
* 1970 - Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
* 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген.
* 1974 — 1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттік, ғылыми кеңесінде «09.00.01 — диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
* 1977 — 91 - Семей педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркемсурет-графика факультетінің деканы;
* 1991 — 92 - Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері;
* 1992 — 98 - Алматы мемлекеттік университетінде декан қызметтерін атқарған.
* 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі.
* 2001 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
## Діни көзқарасы
Діни көзқарасы - дәстүрлі мұсылмандық
## Саяси қайраткер ретіндегі идеалы
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Асан Қайғы, Н.Ә. Назарбаев.
## Қазақстанның болашағы туралы болжамы
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы - жарқын».
## Хоббиі
Хоббиі - оқу.
## Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - философиялық проза.
Үйленген. Жұбайы - Есімова Рымкеш Сұлтанқызы, дәрігер. Ұлдары - Есімов Қазыбек, Есімов Баян; қызы - Есімова Сәуле.
## Шығармашылығы
Есімов 20 ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда
* “Кейіпкер философиясы”
* “Еліктеу философиясы: күнгейі мен көлеңкесі”
* “Жаңаша ойлау және әдебиет”
* “Жаңаша ойлау — диалектикалық ойлау”
* “Ескіше, жаңаша және қазақша ойлау”, т.б. мақалалар жариялады.
* Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады.
Сондай-ақ, Есімов саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300-ден аса публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Соңғы кездері қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс — философиялық новелла, эссе жанрында еңбектеніп жүр. Философиялық проза жанрында жазылған
* “Таңсұлу”
* “Күнә”
* “Көсем-Көкжал”
* “Бөгде сезім”, т.б. туындылары бар.
Әл-Кинди, ибн Туфейл, ибн Рушд, ибн Араби, әл-Ғазали, Халел Жебран, Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
* "Құрмет" орденінің кавалері.
## Дереккөздер |
Есімов Қайыпқали (1789 — шамамен 1857) — Бөкей ордасының сұлтаны, Кіші жүз ханы (1830 — 50). Есімнің Қарақошақ ханымнан туған үшінші ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 9 жасында шешесімен, бауырларымен бірге туысқан ағасы Бөкей сұлтанның қамқорлығында болады. Кейін Бөкей ордасының бір руын басқарып, 1826 жылы Жәңгір ханмен бірге император Николай I-нің таққа отыру рәсіміне Мәскеуге барады. 1827 жылы өзінің қарамағындағы старшындарды Жайықтың солтүстік жағына көшіріп, хандық билікті өз қолына алуға күш салады. 1829 жылы 4 наурызда Орал казак әскерлерінің атаманы Д.Ш. Бородин оны тұтқынға алып, Орынбор түрмесіне қамайды. 1830 жылы 10 наурызда түрмеден қашып шығып, көп ұзамай Кіші жүз құрамындағы бірқатар рулардың старшындары оны хан көтереді. 1831 — 37 жылы ол адай, табынның шөмішті руына, шекті руына, 1836 жылдан Кіші жүз құрамындағы ысық, есентемір, кете, т.б. руларға билік жүргізеді. 1836 жылы Хиуа ханы Аллақұлдың шақыруымен Хиуада болып, “батыс қазақтарының ханы” деген лауазым алады. 1837 жылы Хиуадан оралғаннан кейін өзінің қарамағындағы қазақтарға Хиуа қазынасына зекет төлетеді. 1837 — 38 жылы Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісші отрядына қолдау көрсетеді. 1838 жылы көтеріліс талқандалғаннан кейін Хиуаға қашады. 1840 жылы Хиуаның жаңа ханы Рахымқұлдан “батыс қазақтарының ханы” лауазымын қайтадан алып, оның көмегімен Кіші жүздің ықпалды руларының старшындарын Жайық маңынан Хиуа шекарасына көшіріп алып, Хиуа ханының бодандығын қабылдамақ болады. Оның бұл мақсаты айтарлықтай нәтижелі болмайды. 1855 жылы Хиуа ханы Мұхаммед Амин Есімовті өзінің “үмітін ақтамағаны” үшін хандық лауазымы мен дүние-мүлкінен айырып, Хиуа шенеуніктерінің қатаң бақылауында қамауда ұстайды. Есімов Хиуада қайтыс болып, сонда жерленген. Екінші ұлы Қожамжар мен үлкен ұлы Бекжанның балалары 1844 жылы Ресей әкімшілігінің рұқсатымен Жайық өңіріне қайтып оралады.
## Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том |
Ескіжол – Жетісу Алатауындағы асу.
## Географиялық орны
Қазақстан (Жетісу облысы Алакөл ауданы) мен Қытай шекарсы аралығында. Алакөл және Ебінұр көлдері аралығында орналасқан. Аласарып келген екі тармағының бірі Сарықора тауына ұласады.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2411 метр. Асудың солтүстік беткейі тік жар, шатқалдармен тілімденген. Оңтүстік беткейі көлбеу келген. Жергілікті халық Ескіжолдыды ерте заманнан пайдаланады.
## Дереккөздер |
Жазмыш — ежелден қалыптасқан діни танымдық түсінік. Адам тағдыры алдын ала белгіленіп қойылады деген мағынаны білдіреді. “Жазмыштан озмыш жоқ”, “тағдырдың жазғанынан қашып құтылмайсың” деген тұжырымдар халқымыздың жазмыш туралы ежелгі сенімін көрсетеді. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында жазмыш туралы түсінік кең орын алған. Дінге шектеу қойылған кеңестік кезеңде бұл ұғым ғылымға енгізілмей, ол туралы ғалымдар тарапынан зерттеу жұмыстары кейін ғана қолға алына бастады. Ғылымда жазмыш ұғымы адам санасының дүниені тануға ұмтылған қызметінің жемісі ретінде қарастырыла бастады.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Ешуткин Дмитрий Никитович (9.10.1941 жылы туған, Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылы) – техникалық ғылыми доктор (1979), професор (1980). Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1964, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) соң сол институтта ассистент, аспирант, доцент (1964–76) болды. 1976 жылдан кафедра меңгерушісі. 1978 жылы «Основы теории проектирования гидропневмоударных устройств с объемным гидравлическим приводом» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері соққы әсерлі машиналар теориясын дамытуға арналған. Ешуткин 260 ғылыми-зерттеу жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы, 100-ден аса өнертабысы бар. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1986).
## Дереккөздер
## Сілтемелер
Ешуткин Дмитрий Никитович(қолжетпейтін сілтеме) |
Жайық шебі — Ресей империясының қазақ даласын отарлау үшін 1591 жылы Жайық казак әскерін жасақтауымен бірге құрылған әскери бекініс шебі. Жайық қазақ әскерлерінің этникалық құрамы әр түрлі болды. Алғашқыда (17 ғасыр) Еділден, Доннан, Теректен және басқа да батыс өңірлерден қашқан шаруалар Жайық бойына қоныстанды. Олардың құрамында христиан дінін қабылдаған қалмақтар, башқұрттар, сонымен қатар түркі, моңғол, иран тілдес халықтардың да өкілдері болды. Біртіндеп жайық шебі бекіністерінде қоныс тепкен казактар Ресей мемлекетінің қарулы қолшоқпарына айналды, күшейіп келе жатқан Мәскеу үкіметінің жаулап алу соғыстарына белсене қатысты. 1629 жылы Қырым жорығына, 1677 жылы Чичиринге, 1687 жылы башқұрттарға қарсы, 1684 — 85 жылдары тағы да Қырым хандығына қарсы, 1695 — 96 жыддары Азов жорығына белсене қатысты. 18 ғасарда жайық шебі бойында қоныстанған қарулы, әскери жүйеде қалыптасқан казактар Ресей мемлекетінің сойылын соғушы жазалаушы күшке айналды. 1708 жылы башқұрт халқының көтерілісін басуға, 1711 жылы Кубань ноғайларына, 1714 — 16 жылдары И.Д. Бухгольцтың, 1717 жылы князь Бекович — Черкасскийдің жорықтарына ат салысты. 1742 жылы императрица Елизавета Петровнаның Жайықтың оң жағына казактардың көшіп-қонуына, мал жаюына тыйым салуы жайық шебі казактарына қолайлы болды. Жүздеген жерсізденген казак жанұялары осы өзеннің екі жағасына бұрынғыдан да топтаса қоныстанып, жергілікті қазақтарды байырғы иелігінен ығыстыра бастады. 1783 — 97 жылдары Сырым Датов бастаған көтерілісті басуда жайық шебі казактары басты рөл атқарды. 1811 жылы 11 наурыздағы император Павел І жарлығынан кейін жайық шебі казактарының қазақтарға қысымы күшейді. Жайықтың бойындағы Магнитная, Сахарная, Мергеновская, Жайық қалашықтары қазақтардың өзеннің оң жағасына өтуіне тосқауыл болды. 1833 жылы патша өкіметі арнайы құрған казактар мен қазақтардың арасындағы шиеленісті шешетін комиссия ешқандай нәтиже бермеді. 1868 жылы 21 қазандағы Далалық облыстарды басқаратын “Уақытша ереже” жайық шебінің қазақтарды қудалауына кең жол ашты. 1885 жылы Жайық казактары облыс халқының 27%-ін құрады. Әрбір казактың үлесіне 17 десятина жер кесіліп берілді. Жайық казак әскерінің қарамағында 132868 жылқы, 649547 қой болды. Жайық казак әскері Оңтүстік Қазақстанды, Жетісуды жаулап алуға белсене қатысты. 1905 — 07 жылдары Жайық казактары еңбекшілердің патша үкіметіне қарсы саяси көтерілулерін жаншыды. Кеңес үкіметі тұсында Жайық казак әскері таратылды.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Жабыраил Ибн Омар Қадыр Хан (туып-өскен жері белгісіз - 22.06.1102, Термез) — Батыс Қарахан қағанатының қағаны (1099 — 1102). Қарахан хандығындағы Баласағұн мен Таразды билеуші Шах-Махмұд Харун Бұғра Қараханның (Әулие ата) немересі.
1098 — 99 жылдары Батыс Қарахан қағанатындағы саяси дағдарысты пайдаланып, Самарқан пен Бұхараны басып алады. Сонымен қатар осы кездегі Қарахан әулетіне үстемдік жүргізіп тұрған салжұқтардың ішкі қырқысуларын шебер пайдалана отырып, Жабыраил Мауераннахрды азат етеді. Кейін салжұқтар мемлекетінің жеріне басып кірмек болып жорыққа шыққан Жабыраил 1102 жылы 22 маусымда Термез қаласының түбінде салжұқ сұлтаны Санжардың қолынан қаза табады. Денесі Бұхарада өзі ашқан медресеге қойылған.
## Дереккөздер |
Жақсыбай Жантөбетұлы (1888 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы Абай ауылы — 21.9.1958, сонда) — айтыс ақыны.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Ақындардың республикалық слетіне (1938, 1939), Абай Құнанбаевтың (1945), Жамбыл Жабаевтың (1946) 100 жылдық мүшел тойларындағы айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған.
## Шығармашылығы
Оның “Атыңнан, атам қазақ, айналайын” деген патриоттық толғауы майдан газетінде (“Отанды қорғауға”, 1944, №38) басылып, жауынгерлер арасында кең тараған. Халық ақындары Қ.Баймағанбетов, Қ.Терібаев, Н.Баймұратов, Қ.Елеуовпен, т.б. айтыстары, қырғыздың атақты жыршысы Османқұлмен хат арқылы айтысы (1951) — көркемдігі жағынан құнды шығармалар. Жақсыбай өлеңдерінің негізгі тақырыбы — еңбек адамдары, майдан мен тылдағы ерлік істер. Ақынның көптеген өлең-жыр, толғауларынан басқа
* “Түрксіб” (1931),
* “Назым қыз” (1939),
* “Мәлік батыр” (1944),
* “Жамбыл” (1950) атты дастандары бар.
Өлеңдері мерзімді баспасөзде, жинақтарда
* “Ақын жырлары,” 1956;
* “Пернедегі термелер”, 1965;
* “Ақын-жыраулар”, 1979) басылды.
1985 жылы “Өмірімнің өрнегі” деген атпен жеке жыр жинағы жарық көрді.
## Дереккөздер |
Жақмоншақ – әйелдің баскиімінің сәндік бөлігі, оның екі жақ самайынан төмен салбырап тұратын жақтаманың ерекше сәнді түрі.
## Жасалуы мен әшекейлері
Жақмоншақ матадан жасалады. Ол көбінесе сәукеле, зере тәрізді ғұрыптық баскиімге тән. Жақтаманың бетіне моншақ және құйма шытыралар тізбектеліп қондырылады. Бұл әшекей қондырмалардың төменгі жағы мата жақтамадан ұзындау болып келеді. Жақмоншақ інжу, маржан, перуза моншақтар сияқты қымбат тастардан жасалады.ҚР ҰМ қорындағы (сурет Сәукеленің жақмоншағы) сәукеленің екі жақ самай тұсындағы екі жақтамасы шытпен астарланып қызыл барқытпен тысталып жасалған жақтаманың (ұзындығы 67 см) ортасына жақмоншақ тағылған. Ол төрт қатар етіп тізілген ақық, маржандардан жасалған. Жақмоншақ қатарларының әр тұсынан жақтама матасын ортасынан бастыра үш-үш дана мельхиор пластина (жалпақтығы 1 см, ұзындығы 8 см, арақашықтықтары 11 см) қадалған. Екі шетімен аяқ жағына оқа қондырылған, ұшында ұзын зер шашақтары бар. Аталмыш әшекей заттарды жырға деп те атайды.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Шойбеков Р. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы: Қазақстан, 1993;
* Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007;
* Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы: Өнер, 2009;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Жайылым — оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. Табиғи Ж. және екпе Ж. деп екіге ажыратылады. Табиғи Ж. орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын Ж. болып бөлінеді. Екпе Ж. бір жылдық, қысқа мерзімді (5 — 6 жыл) және ұзақ (7 — 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи Ж., негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе Ж-ға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Еліміздің климат жағдайына, белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің ботан. құрамына қарай Ж. түрлері көп. Далада және қуаң далада орналасқан Ж-дар далалық Ж. деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық Ж-ның әр гектарынан 3 — 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала Ж-дарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т.б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0,5 — 7,0 ц шөп түседі. Шөлдегі Ж-дардың 1/3-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 — 7 ц шөп түседі. Тау Ж-дарының оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан Ж-дармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық Ж-дар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. Ж-дар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т.б. шаралар — Ж. ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. Ж-ды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер Ж-ын 6 — 12, орманды алқап 6 — 8, аңғарлы адыр 10 — 12, далалы Ж-ды 15 — 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 — 3 Бөлінген Ж-ды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды. Ж. жазда 2 — 5 рет ауыстырылады. Жайылымды пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы Ж-дар белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде мал 180, шөлейт белдемде 240 — 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы Ж-да бағылады.күннен, шөп көбейе бастағанда 5 — 6 күннен жаяды.
## Жалпы мәліметтер
Түрлері:
* Жасанды жайылым;
* Мәдени жайылым.
Мәдени жайылымды арнайы шөп тұқымдарын егіп, оны суармалап, шалғынын шауып, қалғанына мал жайып, малды семірту жолын қарастыратын шұрайлы жер аймағы.
## Жайылымдарды суландыру
Жайылымдарды суландыру (Обводнение пастбищ) — жайылымдарды жергілікті өзен-көл, жер асты су қорларын пайдалану немесе каналмен басқа жақтан су жеткізу жолымен қажетті сумен қамтамасыз ету. Жер жағдайына байланысты жайылымды суландыруды өзен, бастау құдықтарды немесе жер асты суларын сорғышпен жоғары көтеріп, құбыр желілерімен суды суармалы жер танабына бөліп таратады.
## Жайылымды толық пайдалану коэффициенті
Жайылымды толық пайдалану коэффициенті (Коэффициент полноты пользования пастбищ) — нақты бір жайылымдағы жем-шөппен азықтанған мал санының сондағы барлық жем-шөп қорына қатынасы; процентпен өлшенеді.
## Дереккөздер |
Марат Файзуллаұлы Жақсылықов (16 наурыз 1946, Қостанай қаласы — 7 шілде 2001, Алматы) — сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1993).
## Өмірбаяны
* Новосибирск инженер-құрылыс институтын бітірген (1969).
* Қазақстан Автомобиль жолдары министрлігінің Алматы қалалық жобалау институтында архитектор (1969 — 70)
* Алматы қалалық жобалау институтында бас архитектор, атқарушы директор (1970 — 2000) қызметтерін атқарған.
Жақсылықов — бірнеше тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, ескерткіштер мен монументтердің авторы. Олардың ішінде:
* Қазақ академиялық драма театрын (1980, О.Ж.Баймырзаев, А.С.Қайнарбаевпен бірге)
* Алматының Cамал-2 ықшамауданы
* Желтоқсан көшесі бойындағы тұрғын үйлер құрылысын (1982, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлық) жобалауға қатысты.
## Дереккөздер |
Жақсы Жалғызтау – өзімен аттас көлдің оңтүстік-батысында орналасқан тау.
## Жер бедері
Гранитті шың-құздарын орман, бұта шоғырлары көмкерген. Абсолюттік биіктігі 729 м, осы өңірдегі атақты Көкшеден кейінгі екінші биік тау. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 12 км-ге, шығыстан батысқа қарай 9 км-ге созылып жатыр. Солтүстік беткейлері құлама тік жарлы. Тау етегінде санаторийлер мен саяжайлар орналасқан. Аңыздарға қарағанда, мұнда бір кездері сібір татарлары князьдарының бірі қоныстанған екен. Бір замандарда жоңғарлардың иелігінде болған. Айтушылардың сөзіне қарағанда, мұнда ойрат нояны аю аулаумен шұғылданған. Жақсы Жалғызтауды тарихшылар аз зерттеген және іс жүзінде облыс картасындағы «ақтандақ» болып саналады.
## Өсімдігі
Алабының табиғаты әсем, орманды-шалғынды. Қара топырағында шабындықтар мен шалғынды өсімдіктер, қайың, қарағай ормандары кездеседі.
## Дереккөздер |
Жақыпбаев Алай Нүсіпбекұлы (22.1.1927, Іле ауданы, Шіліккемер ауылы — 31.3.1976, Алматы) — ғалым, техникалық ғылымдар кандидаты (1953), Лениндік сыйлық лауреаты (1961), 1948 ж. Қазақ таукен және металлургия институтын (қаз. ҚазҮТУ) бітірген. 1949-53 ж. Қазақстан Ғылым Академиясыныңның Тау-кен ісі институтында аспирант, аға инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, Текелі бөлімшесінің бастығы. 1953-76 ж. осы институтта қуатты импульстер жүйесі лабораториясының меңтерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері жер астында кен өндірудің жаңа технологияларын зерттеуге арналған. Жақыпбаев Текелі кенішінде кенді толығымен алуды қамтамасыз ететін тұтас бетонды гидравлик, қалау жүйесін өңдіріске енгізді. Лениногор және Зырян комбинаттарының кеніштерінде жыныстарды блоктық опыру жүйесін іске асырды.
Ш ы ғ а р м а л а р ы: Опыт применения системы разработки с бетонной и твердеющей закладкой на руднике Текели, ауылыАлматы, 1962; Разработка месторождений полезных ископаемых Казахстана, М„ 1963.
## Дереккөздер |
Жұматай Сағадиұлы Жақыпбаев (30.1.1945, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес ауылы — 16.9.1990, Алматы қаласы) — ақын.
## Өмірбаяны
* 1961 жылы Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебін бітірген
* 1967 жылы ҚазМУ-ді бітірген.
* Талдықорған облысы "Октябрь туы" газетінде
* Талдықорған облыстық радиосында
* "Жалын" баспасында
* "Жалын" журналында
* Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.
## Шығармашылығы
Ақын қазақ өлеңіне нәзік те сырбаз сезімге, сырлы сөздерге толы, әсем нақышпен өрнектелген қанық бояулы жырлар әкелді.
Жұматай поэзиясы - тіршіліктің ұдайғы сұлу қозғалысы іспетті серпінді, ықшам, әсерлі, нәрлі, қызу, қымбат.
Ақын Ибрагим Исаев Жұматай шайырдың поэзиясына: "Сырқат жүректі сауықтыратын жырлар" деп орынды баға берген.
* "Саратан" (1979)
* "Ләйлә (1981)
* "Шұғынық-гүл төркіні (1988) жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғатын махаббатты, сұлулықты тебірене жырлады.
* Ақын дүние салған соң жарық көрген "Көктемгі хаттар" (1992) өлендер жинағы оқырман қауымның жылы ілтипатына ие болды.
## Ақынға құрмет
* Ескелді ауданы Сырымбет ауылындағы орта мектепке Жақыпбаев есімі берілген.
## Дереккөздер |
Уәлихан Әбуұлы Жақыпов (7.9.1948 жыл, Түркістан облысы Төле би ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1994).
## Өмірбаяны
* Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медиутна университеті) бітірген.
* 1972 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі А.Сызғано] атындағы Хирургия ғылыми орталығы) ординатор, хирург, аға ғылым қызметкер болды.
* 1990 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.
## Ғылыми жұмыстары
Негізгі ғылыми жұмыстары қолқа және қан тамырлары ауруларын хирургиялық жолмен емдеуге арналған. Қолқаның жоғары бөлігі кеңейгенде (қолқа аневризмосы); кеуде қуысын ашып, ішкі органдардың кеңейген қан тамырларын қалпына келтіру (торако-абдоминалды аневризм) операцияларын жасаған алғашқы хирургтардың бірі. Ол микроангиопатияны, ішкі органдардың қан айналу жүйесінің бұзылуын, жүйке қан тамырларының жаңадан пайда болу белгісін, аяққа баратын қан тамырлардың бітеліп қалуын хирургиялық тәсілмен емдеуді ұсынды. «Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тәжірибеге енгізу» ғылыми-зерттеу жұмысы авторларының бірі.
## Марапаттары
* Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1999).
## Дереккөздер |
Жалғызтам қонысы – 15 ғасырдан сақталған қоныс орны. Түркістанның батысында, Сауран қаласының оңтүстіу-батысында 4 – 5 км жерде.
Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, 20 ғасырдың 30–40 жылдары қоныстың керегелері көрініп тұрған. Төңірегінде ешбір құрылыс болмағандықтан «Жалғызтам» аталып кеткен. Археологиялық зерттеу жұмысы жүргізілген кезде қоныстың сыртқы көрінісі ортасы шұңқыр төртбұрышты жол болып жатқан. Қоныстың жалпы ауданы 45x50 м.
Қазба жұмысы шығыс жағындағы дуалдың бойымен жүргізілген. Жұмыстың нәтижесі 4 бөлме ашты. Олар тұрғын үйлердің шығыс және батыс жағындағы дуалдың бойын жағалай ішкі жағынан салынғандығын дәлелдеді. Бөлмелердің ауд. әр түрлі: 2,5x3,5; 5x2;5,5x3,5 м. №3 бөлменің ішінен, есіктің кіре беріс оң жағындағы бұрышта тандыр ошағы бар. Ошақтың іші оюлап өрнектелген. Шығыс жағындағы қабырғаның екі жерінен ойық жасалған, біреуі шырақ тұратын, оған дәлел үстіңгі жағында жалынның ізі сақталған және осы жерден еден үстінен сынған шырақ табылған. Ал екінші ойық тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек құрал-сайман қоятын орын болған. Мұндай көріністер қазақ қыстауларындағы тұрақжайларда жиі кездеседі. №3 бөлменің ішінен бір жерден астық сақтайтын ұра ашылған, оның іші лаймен сыланып күйдірілген (астықтың шірімеуі үшін). Ал екінші жерден қоқыс салатын ұра аршылып ішінен түрлі қыш ыдыстардың сынықтары, малдың сүйектері алынған. Бөлмелердің солтүстік батыс жағына, яғни алдына жүргізілген зерттеу жұмысы тұрғын үйлердің алдындағы жаздың күні пайдаланатын екі ошақтың орнын ашқан. Ал қоныстың дәл ортасына жүргізілген зерттеу жұмысы ешбір құрылыстың салынбағандығын, жер табанында малдың тапталған қиы жатқандығы анықталған. Бұл көріністен Ж. қ. тұрғындарының мал өсірумен де айналысқандарын байқатады.Зерттеу жұмысының барысында Ж. қ-ның сыртқы дуалының астыңғы жағының қалыңд. 1,5 м болса, ол биіктеген сайын 0,80 м-ге дейін жұқарып отырған. Ал бөлмелердің қабырғалары осы сыртқы дуалға тіреп салынған, қалыңдықтары 0,50x0,80 м. Қоныстан бүтін, жартылай сынық, сырланған, сыры жоқ қыш ыдыстар, сүйектен, темірден жасалған тұрмыс бұйымдары көптеп табылған. Қыш ыдыстардың түрі, салынған ою-өрнектері Сауран, Созақ, Түркістан қалаларынан алынған ыдыстармен ұқсас. Әсіресе, ыдыс түбіндегі кейбір таңбалар қазақтардың керей, қыпшақ, қоңырат тайпаларының таңбаларымен ұқсастығын бірден байқауға болады. Олар Түркістан, Сауран қ-ларымен тығыз қарым-қатынас жасаған
## Дереккөздер |
Жалау, йалау – түркі халықтарының өз әскерін жау әскерінен ажырату үшін жауынгерлердің найзасына, дулығасына матадан қиып таққан арнайы белгісі.Найзаға, дулығаға жалау таққан жауынгерлер шығыс миниатюраларында жиі кездеседі. Бұл дәстүр кейіннен түркілерден орыстарға, онан әрі Еуропаға ауысып, «ялов», «яловец», «еловец» деп аталған. Еуропалықтар жалауды жетілдіріп, әскер түрін ажырататын түсті жиекке (погондағы, жеңдегі түсті жапсырма) айналдырып, осы күнге жеткізді. Қазақ тілінде «жалаулы найза» сөзі жорықтың, соғыстың рэмізі болған: «Жалаулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Жау қашырар ма екенбіз» (Ақтамберді) деген өлең жолдары осының айғағы. Алыстан жақсы көріну үшін жалау түстері ашық қызыл, көк, сары, жасыл, ақ болып келеді. Кейде қазақтар мұндай түстегі шүберектерді жеңге де таққан. Мысалы, Кенесары әскерінде мұндай айырым белгілерін (қызыл матадан тігіліп, үш қатар бау түрінде болған) жауынгерлер кеудесіне, иығына таққан. Бір елдің әскерін басқалардан ажырату үшін қолданылган жалау кейіннен мемлекеттен мемлекетті айыратын белгіге айналып, мемлекеттік Ту пайда болды. Айырым белгі болғандықтан, жалау үлкен де, кішкентай да болып жасалып, көбейтіле береді, түрлі заттарға басылады. Ал Мемлекеттік Ту тек бір ғана дана болып, өзгертуге, көбейтуге жатпайды.
## Дереккөздер |
Ілия Жақанов (6 мамыр 1936 жыл, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылы) — жазушы, композитор, өнер зерттеуші.
Композитор, жазушы, публицист, музыка танушы,Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1936 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С. М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. I. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол "Алматы кешінде", "Асылым", "Жайлаукөл кештері" және т. б. әндердің авторы "Екі жирен", "Бірінші концерт" әңгімелер жинағының, "Аққулар қонған айдын көл", "Ықылас" романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы.
## Өмірбаяны
* Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген (1959).
* 1959-1963 жылдары “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі,
* 1963-1984 жылдары Қазақстан теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, аға редактор, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарған.
## Кітаптары
1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 74 бет
* “Қайта оралған ән” (1968),
* “Хош бол, вальс” (1969) кітаптары.
* Қазақтың ұлы күйшісі, қобызшы Ықылас туралы романы “Кертологоо” (1989) деген атпен алғаш қырғыз тілінде, кейін қазақ тілінде “Ықылас” (1990) деген атпен жарық көрді.
Қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде:
* “Екі жирен” (1976),
* “Бірінші концерт” (1971),
* “Махаббат вальсі” (1983),
* “Аққулар қонған айдын көл” (1988) атты деректі жинақтары, сондай-ақ,
* “Қарабура” (1997) тарихи-танымдық шығармасы жарық көрген.
## Әндері
Жақанов:
* “Әселім әнім”,
* “Даниярдың әні”,
* “Еділ мен Жайық”, т.б. халық арасында кең таралған әндердің авторы.
## Аудармалары
* Қырғыз жазушысы Т.Қасымбековтің “Сынған қылыш” тарихи дилогиясын қазақ тіліне аударған (1981).
## Зерттеулері
* “Біржан сал”
* “Ақан сері”
* “Үкілі Ыбырай”
* “Естай әнші”
* “Жаяу Мұса”
* “Мәди”
* “Майра”
* “Балуан Шолақ”, т.б. сал-серілер ғұмырнамалар.
Қазақстан композиторлары
* М.Төлебаев
* Латиф Хамиди
* С.Мұхамеджанов
* Қ.Мусин
* Б.Байқадамовтардың шығармашыдық портреттерін сомдаған шығармалары
## Сценарийлері
* “Шоқан және музыка”
* “Жамбыл және музыка”
* “Сәкен және музыка” атты деректі фильмдері бар.
## Жетістіктері
* Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990),
* Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1994),
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
* Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлық лауреаты (1997).
* Қазақстанның Еңбек Ері (2022)
## Дереккөздер |
Жалман (лат. Selevinia betpakdalaensis) – кемірушілер отрядына жататын кішкентай тышқан.
Жалман тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында, Алакөл және Зайсан ойпаттарында қиыршықтасты, баялыш пен сораң өскен саз топырақты жерлерде, теріскен, қараған, сексеуіл арасында мекендейді. Дене тұрқы 75 – 95 мм, құйрығының ұзындығы 58 – 77 мм, салмағы 21 – 24 г. Сыртқы пішіні қарақасқа ұқсас. Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін қазбайды, басқа кемірушілердің тастап кеткен інін пайдаланады. Секіріп жүреді, өсімдікке жақсы өрмелейді және бұталарда жақсы өрмелейді. Мамыр айының аяғынан бастап, жылына 1 рет 4 – 8-ден ұрпақ береді. Жалмандар сәуірден қыркүйекке дейін белсенді тіршілік етеді. Ауа температурасы +3°С төмен болатын күз, көктем мезгілдерінде және қыста ұйқыға кетеді. Негізінен ұсақ жәндіктермен (әсіресе шегірткемен), кейде өсімдікпен де қоректенеді. Су ішпейді (қорегінің құрамындағы ылғал жеткілікті болады). Жалман табиғатта өте сирек кездеседі. Оны алғаш тауып, сипаттаған В.А. Селевин (1938). Қазір Жалманның тек 40-тай дарабасы белгілі.
Жалманның биологиясы жөнді толық зерттелмеген, санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Сондықтан Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның «Қызыл кітаптарында» (1978) бұл аңды аулауға тыйым салынғаны хабарланып, қорғаудың неғұрлым тиімді шараларын жүргізу үшін оның биологиясын зерттеу қажет деген ұсыныс жасалған.
## Дереккөздер
2.Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.Құрастырушылар К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ.Жүмағұлова. |
Жәлеләддин хан (1380–1412) — Алтын Орда ханы, Тоқтамыс ханның үлкен баласы. Шешесі Тоғай-Қажы бектің қызы. Жалеләддин Алтын Ордадағы дүрбелең жылдары 3 рет билік басына келді. Ол Едігемен күресінде Литва князі Витовттың қолдауына сүйенді.
Жалеләддин 1407 жылы Шәдібекті Алтын Орда тағынан ығыстырып, алғаш рет билікті өз қолына алады. Едіге Хорезмге жасаған жорығынан оралғаннан кейін Жалеләддин Бұлғарларға қашып, өзін онда хан етіп жариялайды. Бірақ Едігенің ықпалымен ол жақтан да қуылып, Жалеләддин інісі Керімбердімен Ресейге, қалған бауырлары Сығанақ қаласына кетеді. 1408 жылы Едігенің Руське жорығы кезінде Жалеләддин Витовтты паналап, алғашқында Торн қаласына, кейін Грондоға қашады. 1408 жылдың аяғында Витовттың қолдауымен Болат ханға қарсы шығып, екінші рет билік басына келеді. Едіге Русьтен оралғаннан кейін Жалеләддин қайтадан Литваға қашып барып, 1409 жылы Витовтпен Тевтон орденіне қарсы бірлесіп күрес жүргізу жөнінде келісім жасайды. 1410 жылы Жалеләддин 40 мың адамдық әскерімен Грюнвалбд шайқасына қатысады. Бұл соғыста Витовт бастаған одақтастар әскері тевтондарды жеңеді. Осыдан соң Жалеләддин Қырымды алып, Болат ханға қарсы күрес жүргізеді. Алтын Орданың жаңа ханы, Болат ханның ұлы Темірден жеңілген Жалеләддин Литваға қашады. Бірақ Темір хан мен Едіге арасындағы кикілжің нәтижесінде 1411 жылдың соңында Жалеләддин үшінші рет билікке келеді. Темір өлгеннен кейін өз ықпалын күшейткен Жалеләддин Бұлғар, Қажы-Тарханды (Астрахан) өз иелігіне қосып алады. 1412 жылдың аяғында інісі Керімбердінің, ал басқа бір деректерде бауырлары Сұлтан Мұхаммед пен Кебектің қолынан қаза табады. Жалеләддиннің Аманбек, Әбд Сайид есімді екі баласы болған.
## Тағы қараңыз |
Жалшы– дәулетті адамдарға жалданып, әр түрлі жұмыстарды атқаратын әлеуметтік топ өкілі. Көшпелі қоғамдағы жалданып қызмет істейтін қойшы, жылқышы, сауыншы, пішенші, үй қызметшісі, күзетші, т.б. Ж. болып есептелген. |
Жамал Әд-Дин Әаид ат-Түркістани, Жамал әд-дин Саид ибн Мұхаммед ибн Мосаддық ас-Соғди ат-Түркістани (т.-ө.ж. белгісіз, шамамен 14 ғ-дың 1-жартысында өмір сүрген) — Қазақстан мен Орта Азия өлкесінен шыққан математик. Ол Түркістан қ-нда білім алып, Бұхара мен Самарқанға сапар шеккен. Білімін одан әрі Бағдад пен Дамаскіде жетілдірген. 1312 ж. “Китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабы”) трактатын жазған. Бұл еңбек арифметика мен геометрия мәселелеріне арналған екі кітаптан тұрады және ол сол кездегі медреселерде кеңінен пайдаланылған. “Китаб әл-Алаийя” еңбегін ортағасырлық ғалым Әбу әл-Хасан “Шарх китаб әл-Алаийя” (“Жоғары математика кітабына түсініктеме”) атты түсініктеме жазып өңдеген. Түсініктеменің арабша қолжазбасы Ресейдің Шығыстану ин-ты Санкт-Петербург бөлімшесінің кітапханасында сақтаулы тұр.
## Дереккөздер |
Жалын – баспа. 1976 ж. респ. жастар мен балалар баспасы болып құрылған. Алғашқы директоры – Қ.Ыдырысов. Баспа ісінің нарықтық қатынастарға көшуіне орай Ж. 1998 ж. жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. |
Жаманқұм – Сарыесікатырау құмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде, Қаратал өзенінің сол жағалауын бойлай 100 км-ге созылып жатыр.
## Жер бедері
Құм төбешікті қырқалардың биіктігі 3−7 м.
## Өсімдігі
Сортаң сұр және сұр топырағында жусан, теріскен, еркекшөп, изен, солтүстік бөлігінде сексеуіл өседі. Жер асты суы 2-10 м терендікте, көбінесе, тұщы келеді. Қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жалпы генетика және цитология институты - 1995 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің №430 қаулысы негізінде қазіргі заманғы генетиканың және цитологияның өзекті мәселелеріне іргелі ғылыми-зерттеулер жүргізу және осы мамандықтар бойынша жоғарыбілімді мамандар даярлау мақсатында құрылды. ҚР Білім және ғылыми комитетінің Биология зерттеулер орталығы республиканың мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Жалпы генетика және цитология институты еншілес мемлекеттік кәсіпорны ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы №195 қаулысына сәйкес қайта құрылды.
## Құрылымы
Жалпы генетика және цитология институтының құрамына 5 ғылыми лабораториялар кіреді:1.Молекулалық генетика лабораториясы2.Экспериментальды мутагенез лабораториясы3.Мониторинг генетикасы лабораториясы 4.Жануарлар генетикасы және цитогенетикасы лабораториясы5.Орман дақылдары генетикасы және репродукциясы лабораториясыЖалпы генетика және цитология институты Қазақстан Республикасында клеткалық биология және генетика саласында жоспарлы түрде іргелі ғылыми-зерттеу жүргізетін бірегей мекеме болып табылады. Институтта қазіргі заманғы генетиканың негізгі бағыттарының бірі – эу- және прокариоттар геномдарының мутациялық өзгерістерінің механизмдері және заңдылықтарына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазірге дейін Институт қабырғасында бірнеше ғылыми-зерттеу тақырыптары және жобалары іске асырылып, осы арқылы мынадай маңызды нәтижелер алынды: Қазақстанда алғаш рет жаңа ғылыми бағыт, эукариоттардағы генетикалық тұрақсыздық мәселесі генетикалық классикалық объект дрозофила шыбынында қарастырылды. Қазақстан Республикасы бойынша Институтқа қарасты молекулалық генетика лабораториясында ғана дрозофила шыбынының бірегей коллекциялық базасы құрылды. Аталған коллекция негізінде молекулалы-генетикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде және жоғары оқу орындарында оқу жүйелерінде кеңінен қолданылуда. Дрозофила шыбынының онковирустармен индукцияланған ісікті мутантты линиялары (сүтқоректілер ісіктерімен ұқсас) және стресске ұшыраған тәжірибелік егеуқұйрықтар негізінде клеткалардың бағдарланған өлімі (апоп
## Басым бағыттары
Институт қызметінің басым бағыттары: ұйымдасу деңгейі әр түрлі эукариотты организмдер геномын құрылымдық-функционалдық талдау; прокариотты және эукариотты организмдердегі мутация процесінің механизмдері мен заңдылықтарын зерттеу, ко- және антимутагенез мәселелерін зерттеу, табиғи генотоксиканттардың әсері салдарларына талдау жасау; белгілерді генетик. және цитогенетикалық талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және жетілдіру; онтогенездің цитогенетикалық және молекулалық-генетикалық негіздері және оларды реттеу. Қазақстанда алғаш рет эукариоттардағы генетик. тұрақсыздық мәселесі – генетика саласының классик. объектісі дрозофила (Drоsophіla) шыбынында қарастырылатын жаңа ғылыми бағыт дамыды. Молекула генетика лабораториясында дрозофила шыбынының бірегей коллекциясы құрылып, осы коллекцияның негізінде молекула-генетикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі және жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылады. Институт жалпы генетиканың үш ірі тарауы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар мутагенез, даму генетикасы және жалпы цитогенетика. Қазіргі уақытта институтта мутагенез бөлімі жұмыс істейді, оның құрамына мутагенез және генетик. мониторинг лабораториялары енеді. Бөлім мутациялық процесс пен оның вирустарда, бактериялар мен эукариот клеткаларында түрлену жолдарын зерттеу мәселелерімен айналысады. Химия және физика мутагендердің әсерін салыстырмалы талдау арқылы вирустар мутагенезі мен олардың түрлену заңдылықтарын анықтауға бағытталған тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Институтта экологиялық бағыт бойынша зерттеулер де – радиацияның және өндіріс химикаттарының зардаптарын тартқан адамдардың перифериялық қан үлгілері, ДНК молекуласы мен сұйық азотта сақталып жатқан лимфоциттерін қолдана отырып адам организміне антропогендік факторлардың әсерлерін гендік, хромосомалық және популяциялық деңгейлерде зерттеудің кешенді технологиясы жүргізілуде. Drоsophіla melanogaster-ге және адам клеткаларына генетикалық әсерін салыстырмалы талдау әдісін қолданып, тұмау вирусының мутагендік потенциалы зерттелді. Мутагенез бөлімі алған аса маңызды мәліметтер организмді радиациялық және химиялық факторлардың жоғары дозалары әсерінен қорғау мәселесінің теория және практикалық аспектілерін шешу мүмкіндіктеріне жол ашты. Оның біздің экологиялық жағдайы нашар аймақтар үшін мәні зор. Ұлыбритания, Финляндия және АҚШ-тың ғалымдарымен бірлесе отырып, институт ғалымдары Қазақстанда мән-маңызы өте зор ғыл. жаңалық ашты: радиацияға ұшыраған адамдардың немерелері (3-ұрпақ) ата-аналарынан берілетін «мутациялық күшке» тәуелді емес екендігі, ал жыныс жасушаларындағы гендік мутациялар қоршаған ортаның радиац. ластануына тікелей байланысты болатындығы анықталды. Генетикалық мониторинг және молекулалық генетика лабораториялары радиациялық пен өндірістік мутагендердің әсеріне бейімделушілік, жеке радиосезімталдық және радиотөзімділік, сондай-ақ эукариотты организмдердің генетик. тұрақсыздығы мәселелерін зерттеумен айналысады. Фитогенетика және цитогенетика лабораториясында зерттеулер 2 негізгі бағытта жүргізілді:
1) морфологиялық белгілерді генетикалық бақылау механизмімен байланысты; 2) мутагенді белсенділігі жоғары аймақтарда пайда болатын хромосомалық бұзылулар спектрлерін талдаумен байланысты Қазақстанның экол. цитогенетикасы бойынша жүргізілетін зерттеулер. Жануарлар генетикасы және цитогенетикасы лабораториясында а. ш. жануарларының биол. өнімділігі бағытында маңызды зерттеулер жүргізіледі. Институт ұйымдасқаннан бастап тұмау вирусы бойынша жоспарлы түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Мысалы, 2009 жылы көктем айында Мексикада шығып, бүгінгі таңда көптеген елдерге таралған A/HINI тұмауымен күресу, оның вирусына қарсы вакцина жасап шығару әрі оған байланысты т.б. мәселелер бойынша ҚР Білім және ғыл. мин-лігі өткізген конкурста ин-т ұжымының осы мәселе жөніндегі бағдарламасының жобасы дұрыс әрі тиімді деп танылып, конкурс жеңімпазы атанды; қазіргі кезде осы A/HINI тұмауын пәрменді түрде жан-жақты зерттеу жұмысы жүргізілді. Ин-т ғалымдары дүние жүзі ғалымдарымен қатар аса қауіпті «доңыз тұмауына» қарсы өз вакцинасын жасап шығару технологиясын меңгерудің нәтижесінде әлемдегі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресейден кейінгі алтыншы ел болды. Биол. қауіпсіздік проблемалары ғыл.-зерт. ин-тының ғалымдары 2009 ж. 7 желтоқсанда Астана қ-нда NIBRG-121х р рекомбинаттық штаммы негізінде А/H1N1 тұмауына қарсы жасап шығарған RefluvacR деп аталған инактивтендірілген вакцинасының тұсаукесерін өткізді. Орман дақылдары генетикасы және репродукциясы лабораториясында Қазақстандағы орман өсімдіктерін сақтау әрі түрлі белгілерін жүйелі түрде зерттеу жұмыстарымен айналысады. Биотехнологияның әдістемелік көмегімен қылқан жапырақты орман ағаштарын (тікенді шырша, Шренк шыршасы, Қырым қарағайы, Шығыс биотасы, қарапайым қарағай, т.б.) жылдам өсіру технологиясы жасалды. 1995 жылдан бері институтта 11 ғыл. канд. (оның ішінде 1-еуі қазақ тілінде) және 2 филос. докт. (РhD) дәрежесін алу үшін ғыл. дисс. қорғады. Институтта 62 адам (2009) жұмыс істейді, оның ішінде 6 ғылыми доктор, 2 ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад., 11 ғылыми кандидаттары, 2 филосов доктор (РhD) бар. Институттың жас мамандары АҚШ, Франция, Италия, Жапония, Ресей және Украина ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамадан өтті. Институт қызметкерлері күшімен осы кезге дейін отандық және шет ел ғылыми баспаларында 600-ден астам ғылыми мақалалар, 4 монография (оның ішінде 1-еуі қазақ тілінде), 2 оқулық және жоғары оқу орындарына арналған 5 оқуәдістемелік құралдары жарық көрді, сондай-ақ 7 авторлық куәлік алынды. 2003 жылы 26–27 наурызда Қазақ ұлттық ун-тімен бірлесіп Генетика және селекция саласының жетістіктері және қазіргі мәселелері тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізілді.
## Дереккөздер |
Жамантоғай обалары– қола дәуірінен сақталған зират. Түркістан облысы Шардара ауданы Сырдарияның оң жағалауында, бұрынғы Шардара құрылыс кентінен 38 км жерде.
Барлығы 9 оба қазылды. Кейін Шардара су қоймасының астында қалған. 1959-63 ж. Шардара археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова) зерттеген. Топырақтан дөңгелектеп үйген 22 оба аралары 150 м болатын 3 топқа бөлінеді. Обалардың диаметрі 5 - 30 м, биіктігі 0,5 - 2 м. Барлығы 9 оба қазылды. Бұлар мерзімі жағынан 4 тарихи кезеңнің ескерткіштері. Ең көнелері кейінгі қола дәуірі (б.з.б. 1-мыңжылдықтың басы) мен сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне (б.з.б. 7-6 ғ-лар) жатады. Кейінгілері б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы - б.з. 1-мыңжылдығының басы және 3-5 ғ-ларға жатады. Жамантоғай обаларынан табылған заттай деректер табында көптеген қыш ыдыстар, қола, темір, сүйектен жасалған қару-жарақтар, әшекейлер бар. Бұлардың ішінде мыстан құйылған қазан, темір қанжар мен қылықтар, сүйек садақ бөлшектері сирек кездесетін олжаулар қатарына саналады. Зираттың 5-, 9-, 12-обаларында мүрделердің катақомбалы әдіспен жерленгені анықталды. Жерлеу ғұрпының бұл түрі Қазақстанда аз зерттеліп отыр. Бұл өлкеде көне дәуірлен бері халық үнемі тығыз қоныстанып отырған. Тұрғындар, негізінен, мал, егін шаруашылығымен, балық аулаумен шұғылданған. Сондай-ақ, Орта, Алдыңғы Азия, Үндістан елдерімен экономикалық байлауылыныстарды көрсететін деректер де бар.
## Дереккөздер |
Жамбы ату - қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның, ат үстіндегі ойындардың бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Ойын қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Төрешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады. Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек. Сонда жаңа спорт түрі жазғы биатлон, "қазақ биатлоны" өмірге келер еді?...
## Жас категориясы
Жарысқа 16 жастан жоғары ерлер адамдар мен әйелдер адамдар бірдей дәрежеде қатыса алады.
## Жарыс өткізетін орын мен оның құрал-жабдығы
Жарыс орны жергілікті жағдайға байланысты таңдап алынады. Жамбы атудан ірі жарыстар ипподромдарда өткізіледі. Жарыс өткізілетін алаңның көлемі 50х200 метрден кем болмауы тиіс. Нысана мылтықпен немесе садақпен көзделеді. Мәреден сөреге дейінгі жолдың ұзындығы 150 метр, ені 5 метр. Нысананың мөлшері 50х60 см, жерден биіктігі 3-4 м. Нысананы жалаушалармен қойған белдеудің кез келген жеріне атуға болады. Ату сызығының нысанаға дейінгі аралығы 15-20 м болуы тиіс.Мәреден сөреге дейінгі уақыт есепке алынып отырады.
## Жарыс өткізу шарттары мен тәртібі
Жарысқа қатысушылардың жанында болатын төрешінің шақыруымен қолында қаруы бар салт атты мәре басталатын жерге келіп, шабатын жағына қарап тұрады.Дайын болғанда команда беруші төрешінің «алға» деген әмірі бойынша спортшы онша қатты болмағанымен шоқырақтап шаба жөнеледі.Нысананы жалаушалармен белгілегеннен: ұзындығы 40-45 метрлік белдеудің кез келген жерінен тек жүрісті баяулатпай көздеуге болады.
## Дереккөздер |
Жамбылжолқұрылыс, көп салалық өндірістік кәсіпорын. 1958 ж. ашылған. 1974 ж. 18-жол-құрылыс тресі, ал 1993 ж. осы атпен ААҚ болып қайта құрылған. Құрамында 5 еншілес кәсіпорын бар. |
Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында туған) — актер, режиссер, театр педагогы. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1992). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006). Парасат және Достық ордендерінің иегері.
## Толығырақ
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов 1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында дүниеге келген.
* 1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты)ның "актерлік" факультетін бітірген. Ұстазы: КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева
* 1970 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына студент кезінде алынды. Осы жылдан бүгінгі күнге дейін осы театрда қызмет етеді.
* 1993 - 2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
* Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың "Дала дастанында"), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астындасында"), Бақтығұл (Қ.Ысқақовтың "Таңғы жаңғырығында"), Мырзахмет (Т.Ахтановтың "Жоғалған досында"), Демесін (Д.Исабековтің "Кішкентай ауылында"), Көтібар, Сырым (М.Әуезовтың "Айман — Шолпан" мен "Қарагөзінде"), Жалмұхан (Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері — Ақтоқтысында"), Абылай хан (Ә.Кекілбаевтың "Абылай ханында", М.Байсеркеновтің "Абылайдың ақырғы күндерінде"), Әбутәліп (Ш.Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күнінде"), т.б. рөлдерді сомдады. Бұл рөлдерде Жаманқұлов ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Жаманқұлов Қазақстанның кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист ("Отқа оранған Орал"), Тәңірберген (“Қан мен тер”), Әбілқайыр ("Жаушы"), Оразмерген ("Ақырғы аманат"), Болат ("Тарғыл қауын"), Әзімхан ("Қаралы сұлу"), Қайырхан ("Отырардың күйреуі"), Құнанбай ("Жас Абай") бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. "Отырардың күйреуі" фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1992). Жаманқұлов режиссер ретінде К.Гоццидің "Турандот ханшайым", М.Ғапаровтың "Тұзды шөл", Қ.Шахимарданның "Томирис" пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты.
## Білімі
* 1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты)ның "актерлік" факультетін бітірген. Ұстазы: КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева.
## Еңбек жолы
* 1970 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі.
* 1979 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберліктен сабақ береді.
* Тамаша ойын-сауық отауында да өнер көрсетті.
* 1993-2001 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік кеңесінің төрағасы.
* "Қазақстан Театр Қайраткерлері" одағының төрағасы.
## Марапаттары
* 2015 - Достық ордені (ІІ дәрежелі)
* 2008 - Парасат ордені
* 1992 - Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты
* 1992 - Қазақстанның халық әртісі
* 1982 - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (Қазақ ССР)
* 1980 - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
* Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006)
* Байзақ ауданының құрметті азаматы (2005)
* ҚР көптеген мерекелік медалдарымен президенттің жеке алғыс хаттарымен марапатталған
* Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор (құрметті ғылыми атағы)
* ҚР Білім беру ісінің Үздігі
* ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
## Жеке өмірі
* жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп. |
Жамғұршы, Ямгурчи, Иамгурчи (т.-ө.ж.б.) – Ноғай ұлысының билеушісі, Едіге бидің 3-шөбересі. Ибақ хан, Жәнібек, Бүреке сұлтандарды бастап, Әбілхайырдың баласы Шейх Хайдар ханға қарсы жорықтар ұйымдастырған. Алтын Орда ханы Ахметке ойсырата соққы берген. |
Жаназа (ағылш. Mourning) — мәлім адамның өмірден өтуіне байланысты басқалардың қайғы-қасіретін білдіруіне қатысты жасалатын мәдени қарекеттер кешені болып, әсіресе жақсы көретін адамын жоғалтуымен байланысты туатын қайғы-қасіреттерге қатысты болып келеді. Жаназа - алуан түрлі шаралардан тұратын күрделі кешенді ғұрып болып, түрлі мәдениеттерде түрлі сипаттар мен ерекшеліктерге ие.
Жаназа жергілікті басшы, елбасы, діни қайраткер немесе отбасы мүшесі сияқты маңызды тұлғаның қайтыс болуына қатысты болып, ол бірнеше күннен бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Әдетте ол жекелік, отбасылық, немесе өңірлік, немесе мемлекеттік аза тұту болуы мүмкін.
## Қазақтың жаназа шығару дәстүрі
Қазақ мәдениетіндегі жаназа дәстүрінде көшпелі өркениеттің ерекшеліктері айқын білінеді. Әсіресе ежелгі Тәңіршілдікке қатысты жоралғылар көп кездеседі, олардың терең мәдени мағынасы бар. Дегенмен, қазақтардың ислам дініне кіре бастауы қазақ жаназасына өз әсерін тигізген.
Әдетте, жаназаға төмендегідей жоралғылар жатуы мүмкін: бой жасаған кезде атқарылатын бақұлдасу, арыздасу, қоштасу, атақты адамдардың өсиет қалдыруы, жерлеу, жоқтау, қаралы ту тігу, қара жамылу қайтыс болған адамның атынан жоқтау шығару, ас беру, марқұмды ардақтау, оның адамгершілік қасиеттерін еске түсіру, қаралы үйдің қайғысына ортақ болу және т.б .
Өлім шыққан үйдің сол жағына найза шаншып, қаралы ту (жалау) тігу арқылы аза тұтуға себепкер болған марқұмның қанша жаста екендігінен белгі береді: жас жігіт болса - туға байланған орамалдың түсі қызыл, орта жастағы адам болса - қара, қарт болса - ақ түсті болып келеді. Ежелден келе жатқан салт бойынша, қайғыға душар болған үйдің қайғысына ортақ болып, жақындарына жұбату айтады, етене жақындары, әйелдер жоқтау айтып көріседі. Қайғыға ортастасып, қайырлы болсын айтуға келгендерді бет көріп, жақсы соз айтуға келгендер деп атап, оларды жылаумен қарсы алады. Келгендер жылай көрісіп, еркектер жағы "ой, бауырымдап!" дауыс шығарады, марқұмның әйел туысқандары (әйелі, қызы, келіні, жеңгесі, қарындасы, апалары және басқа да етене жақын ағайындары) жоқтау айтып көріседі. Осы ретте айта кететін жайт - марқұмның әйелі әшекей заттарды тақпауға тиісті. Кейбір деректер бойынша, дәл осындай рәсімді марқұмның апасы, жеңгесі, қарындасы сияқты жақын әйел туысқандары да ұстанған. Маркұмды жерлеген соң айтылатын жоқтау кейде Құран сүрелерінен дұға жасалғанша ұзаққа созылады. Егер қайтыс болған адам 20-25-терде немесе одан да жас болса, оған да жылына дейін жоқтау айтылған.
Марқұм орта жастағы адам болса, туған-туыс, достары қатты қайғырып, ер азаматтары «ой-бауырымдап», ал әйелдері беттерін тырнап жылаған. Егер бетін тырнамаса, әйел қайғырмады деп сөгіске ұшырайтын болған. Сондықтан, әйелі бетін тырнап, яғни бетіне дақ түсіріп, қатты аза тұтып отырғандығын білдіретін болған. Қазақстанның барлық аймақтарында күйеуі қайтыс болған әйелдер басына ақ салады.
Қаза болған адамды өз үйінің арулау рәсімдерін өткізуге арнайы тігілген киіз үйге орналастыруды оқ жаққа салу деп атады. Ондай үйдің түрілген туырлығы қайғыны білдіреді. Ер адамдарға аза тұтуда aт тұлдау тұл жасау ғұрпы атқарылады және ол жыл уағына дейін жалғасады: марқұмның тұтынған ат әбзелдері, киім- кешегі, қару-жарағы мен бағалы заттары, яғни марқұмның барлық жақсы заттары киіз үйдің ішінде ілулі тұрады. Көшкен кезде тұл атты ерттеп, тұлдың сұлбасын ерге қондырып азалы әйелдер жетектеп жүреді. Қаза болған адам орта жаста болса, онда оның әйелі қара жамылған кимешегінің жағын ашады.
Бұрынғы кезде қазақтарда жаназаның маңызды тұсы - қаза болған адамға "тұл" дайындалған. Қоштасу рәсімінің бірқатары марқұмның мініп жүрген атына қара жауып, құйрығын кесіп, тұлдап, сойылғанға дейін құр жібереді.
Қайтыс болған адамның артынан аза тұту үрдісі бір жылға созылып, ас берілуімен бірге аяқталады. Астан кейін ол үйде (ауылда) сеп бұзылып, қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады. Жесір қалған әйел тек ерінің асын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті.
Жай қатардағы адам шыққан үйде қаралы ту тігіп, аза тұту үрдісі болмаған сияқты. Әшекейлік бұйымдарын жесір әйел тұрмысқа қайта шыққанда ғана таққан.
## Дереккөздер |
Роза Үмбетқызы Жаманова (16 сәуір 1928, Ақтөбе, Қазақ АКСР, РКФСР — 27 желтоқсан 2013, Алматы, Қазақстан) — әнші (сопрано). КСРО-ның халық артисі. 1928жылы Ақтөбе Қаласында туған. 1954 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.
## Өмірбаяны
Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан. Роза Үмбетқызы 1928 жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында туды. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Дегенмен, оның ең ынтызарлығы фортепьяно аспабын игеруге жетеледі. Талдырмаш келген, қуыршақтай Роза оқудан бос уақытын музыка аспаптарында ойнауға арнады. Тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байқап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Оның вокалдық дарындылығын сольфеджио сабағына қатысқан ұстаз А.Б. Муравьева танып Розаға бір ән айтуды ұсынды. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да даусы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Әрі қарай Роза Н.Дмитриева-Лещенконың тәрбиесіне өтеді, одан вокалдық тәжірибиенің бастапқы сабағын ала бастайды. Одан әрі ұстаздықты Б.Горский жалғастырды. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол профессор А.Курганованың класынан вокалдық сабақтар алды 1953 жыл. Консерваториядағы оқу мерзімі аяқталды. Бұдан бір жыл бұрын ол дирижер Исидор Аркадьевич Зактың ақылымен Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Алда опера және балет театрының солистігі өзіне тартады. Бір жыл өтер-өтпесте оған Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен. Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байқады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сарасында» бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдық келіп жетті.Роза Жаманованың шетелдерге гастрөлдік сапарлары жемісті өтті. Шебер әншінің орындауындағы ән тілмашты қажет етпей-ақ музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегіне жете алды. Ол Канадада, Үндістанда, Италияда, Швецияда, т.б. да елдерде қазақ музыка өнерін, классикалық операларында партияларды аса шеберлікпен танытты.
Абай атындағы қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1953 ж. қызмет істейді. Жаманова Жібек пен Ақжүністің (Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Ер Тарғыны”), Сараның (М. Төлебаевтың “Біржан мен Сарасы”),Ажардың ( А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайы”), Татьяна мен Иолантаның (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “ Иолантасы”), Амелияның (Дж. Вердидің “Балмаскарады”) және т. б. опералардағы басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Роза Жаманова күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әнші. Өзі сомдаған бейнелерді жете сезіну, жоғарғы вокальдық мәдениет - оның орындау мәдениетінің ерекшеліктері.
«Абай» операсынан Ажардың ариясы - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова.
Роза Жаманованың тағыда бір елеулі еңбегі – оның ұстаздығы. 1987 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда профессор, вокал бойынша дәріс береді. Музыкалық жоғары оқу орындарында вокалдық әншілер үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты, ал 2008 жылдан консерваторияда ақылшы-ұстаз. Ол 1962 – 1979 жылдар аралығында Қазақ театр қоғамының төрайымы болды. 1968 жылдан Халықаралық театр институтының мүшесі. КСРО халық әртісі Роза Жаманова Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, Парасат ордендерімен марапатталды. Сонымен қатар оған Моңғол мемлекетінің, Эстон республикасының, Шешен-Ингуш автономиялық республикасының құрмет грамоталары берілді.
## Дереккөздер |
Жанақ Қамбарұлы, Керей Жанақ (1760, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе ауылы — 1857, сонда) — ақын.
* Әкесі Қамбар мерген, аңшы болған. Жанақ бала кезінде Қожаберген — Асқан медресесінде, кейін Самарқан медресесінде оқыған.
* Елге оралып, өзі оқыған медреседе сабақ берген.
* Жанақ “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының бір нұсқасын, “Ер Сырым”, “Қазақ ханы Ер Есім”, “Ақпамбет батыр”, “Абылай хан” дастандарын жырлаған.
* Түбек бастаған 16 ақынды жеңіп шыққан осы Жанақ ақын.
* Оның шығармаларының көпшілігі сақталмаған.
* Жанақтың халыққа белгілі шығармалары — “Орынбайға айтқаны”, Түбекпен, Сабырбаймен айтыстары.
## Дереккөздер |
Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аймақтық электр стансасы – электр энергетикалық кәсіпорны. 1964-76 жылдары Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Талас өзенінің оң жағасына салынған. 2003 жылы ҚазТрансГаз АҚ-ның құрамына енді.
## Дереккөздер |
Болат Бақытжанұлы Жанасаев (29 сәуір 1952, Темір, Темір ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР) — әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы жоғары әскери училищесін (1975), Мәскеудегі М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1987) бітірген. 1975 — 80 жылы Германиядағы Кеңес әскерлері тобында взвод, рота командирі, батальон командирінің орынбасары, 1980 — 84 жылы Сібір әскери округында батальон командирінің орынбасары, батальон командирі, 1987 — 92 жылы Киев әскери округында полк штабы бастығы, КСРО ішкі әскерлерінің Орта Азия мен Қазақстан бойынша жаттығу полкының командирі қызметтерін атқарды. 1992 — 2001 жылы ҚР Ішкі істер әскерлерінің шұғыл қимылдар бригадасының командирі, ҚР Жоғарғы Кеңесі жанындағы өлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы, ҚР Ішкі әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының 1-ші орынбасары жұмыстарында болды. 2001 жылы наурыз айынан ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы. |
## Жылнамалар жинағы
Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.
## Тарихы
Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние.Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған.
Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген.
## Шежіренің құрамы
«Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.
Еңбек үш бөлімнен тұрады:
* Борис Годунов билігін бейнелеу.
* Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы.
* Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.
Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды.
## Маңызы
Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді.
## Тағы қараңыз
Қадырғали Жалайыр
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B
## Жылнамалар жинағы
Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.
## Тарихы
Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние.Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған.
Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген.
## Шежіренің құрамы
«Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.
Еңбек үш бөлімнен тұрады:
* Борис Годунов билігін бейнелеу.
* Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы.
* Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.
Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды.
## Маңызы
Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді.
## Тағы қараңыз
Қадырғали Жалайыр
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B |
Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин (1905 қарашаның 7-інде, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – биология ғылымдарының кандитаты (1945), Қазақ ауыл шаруашылық академиясының корриспондент мүшесі (1969).
## Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руы Танас Сары бұтағынан шыққан.
* 1929 - Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.;
* 1929–35 - Қарақалпақстан мен Қазақстан жоспарлау комиттерінде;
* 1935–54 - Қазақ мал шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтында қызметтер атқарды.
* 1954–55 - Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің Қазақстан павильонында директор және аға әдіскер;
* 1955–57 - Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі;
* 1957–60 - сол институтта директор болды.
* 1960–62 - Гурьев (қазіргі Атырау) ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының директоры;
* 1962–63 - Қазақстан халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің директоры;
* 1963 жылдан - өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі;
* 1978–83 - кеңесші болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1950).
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
* Как создавался казахский архаромеринос,
* “Колхозное производство”, 1951, №1;
* "Разведение шерстных коз", 1950;
* "Анатомия и физиология животных", 1954 (соавтор);
* "Мясо-сальное овцеводство Казахстана", 1964.
## Сілтемелер
ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2011 жылы.ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Шолпан Исабекқызы Жандарбекова (1 қаңтар 1922, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 14 қыркүйек 2005 Алматы) — актриса, Қазақстанның халық артисі (1959; 1945 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі), КСРО халық артисі (1982).
## Өмірбаяны
* Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан.
* Алматы театр-көркемсурет училищесін бітірген (1942).
* Оқып жүрген кезінен Қазақ драма театрына қабылданып (1941), сахнаға шыға бастады. Алғаш ойнаған рөлі — М.Әуезовтің “Сын сағатта” спектакліндегі Рәш қыз. Жандарбекова отандық драматургтер пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді орындап, мүсінді, сымбатты, ажарлы арулар галереясын жасады. Бұлардың ішінде Әуезовтің “Еңлік — Кебегіндегі” Еңлік, “Қара қыпшақ Қобыландыдағы” Құртқа, “Абай” трагедиясындағы Тоғжан, “Айман — Шолпандағы” Шолпан, “Түнгі сарындағы” Жүзтайлақ, “Абай әні” кинофильміндегі Мағыш бейнелері бар. Ғ.Мүсірепов пьесалары қойылымындағы — Ақтоқты (“Ақан сері — Ақтоқтыда”), Баян (“Қозы Көрпеш – Баян Сұлуда”), Ш.Хұсайыновтың “Алдаркөсесіндегі” Қарашаш, “Қилы-қилы тағдырларындағы” Рәуәш, т.б. бейнелердің ішкі иірімдері мен көңіл күй толғаныстарын нәзік те терең ашқан шеберлігімен Жандарбекова сахна өнері тарихында қалды. Әсіресе, Ақтоқты бейнесін қайталанбас бірегейлікпен мүсіндеді. Ол Салқия (Ә. Әбішевтің “Күншілдігінде”), Марфуға, Ева Бройер (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті” және “Жат елдесінде”), Үрия (Ә.Тәжібаевтың “Той болардасында”), Фатима ханым, Жаңыл (Т.Ахтановтың “Анты” мен “Боранында”), Алмагүл (Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Ажар (С.Жүнісовтің “Ажар мен ажалында”; Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1980), Жамал (“Қ.Мұқашевтың “Парторгінде”), т.б. рөлдерді ойнап, өз замандастарының сан қилы кескін-келбетін ашты. Оның Марианна (Ж.Б. Мольердің “Сараңында”), Дездемона (У.Шекспирдің “Отеллосында”), Шырын (Н.Хикметтің “Фархад — Шырынында”), Негина және Кручинина (А.Н. Островскийдің “Таланттылар мен табынушылары” және “Жазықсыз жазалыларында”), Параська (Я.А. Галанның “Таң алдындағы махаббатында”), Кей (М.Каорудың “Шығыстағы бір бейбағында”), т.б. бір топ рөлдері — отандық сахнагерлердің классик. шығармаларды меңгеруінің үлгісі іспетті.
* 1945 жылдан киноға түскен: Мағыш (“Абай әнінде”), Баян (“Махаббат дастанында”), Зияда (“Дала қызында”, 1954), т.б. рөлдерді орындады.
* 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
* 1968 жылдан пед. қызметпен (әуелі Алматы мемл. өнер инcтитутында
* 1978 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында;
* 1983 жылдан профессор) шұғылданады.
## Фильмографиясы
* 1945 - Абай әндері - Мағиш
* 1954 - Дала қызы - Зияда
* 1954 - Махаббат туралы аңыз - Баян-сұлу
* 1962 - Жол түйісі - эпизод
## Марапаттары
* Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1980
* Отан ордені
* Ерен еңбегі үшін медалі
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Жанкент – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Жанкент – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. |
Жанкісі Көшекұлы (1734, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Маманай ауылы — 1817, сонда) — ақын, батыр. Қожаберген — Асқан медресесінде, кейін Бұхара медресесінде оқыған. Көшек батырдың он төрт баласының бірі. Он жасынан өлең шығарып, ән салған, домбыра, сыбызғы тартқан. Жанкісі 1752 — 1758 жылдары қазақ-жоңғар соғысында ерлік көрсетіп, батырлығымен көзге түскен. 1759 жыл түрікмендерден Маңғыстауды, Кердері шағылын (Красноводск ауданы бұрынғы атауы) азат етуге белсене қатысады. Жанкісі жырларының көпшілігі сақталмаған. Тек “Керей Бөгенбай батыр”, “Керей Бердіқожа батыр” дастандары, Қанжығалы Бөгембай батырды жоқтауы, жас туралы толғауының, “Бақсары батыр” жырының үзінділері ғана жеткен. |
Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев (15 тамыз, 1913 жыл., Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ащысай а.) — биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961).
## Өмірбаяны
* Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
* Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би (бұрынғы Қаратас) ауданында агроном болған (1935–1936).
* 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1946–1949)
* инстиут директоры (1949–1953)
* Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның, Қазақ жеміс-жүзім шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры (1953–1959)
* Қазақстан ғылым академиясының Биология ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, Төралқа мүшесі (1962–1970) болды.
* 1970 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаника бағында қызмет істеді. Ол 1970–1980 ж. жабайы жеміс-орман өсімдіктері бөлімін басқарды.
* 1980 жылдан Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, сондай-ақ «Өсімдіктер генофондысы» ЖШС-нің бас директоры.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы жеміс ағаштарының биол. алуан түрлілік генофондысын сақтау және оны тиімді пайдалануға арналған. Жанғалиев бақ шаруашылығын жүйеге келтіріп, жеміс-жидек және жүзім ағаштарын өсіру әдістерін жетілдірді. Жанғалиев жеміс-орман ағаштарының селекциясы мен генетикасын зерттеген.
## Марапаттары
* 2-дәрежелі Отан соғысы
* 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев Мұрағатталған 25 қыркүйектің 2022 жылы. |
Құрманбек Жандарбеков (7 қаңтар 1905, Түркістан облысы Сайрам ауданы — 9 шілде 1973, Сайрам ауданы) — әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі (1936).
## Өмірбаяны
* 1918 ж. Ташкент педагогика училищесінде,
* 1928 — 29 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтының актерлік бөлімінде,
* 1948 жылы Мемлекеттік театр өнері институтында оқыған.
* 1926 — 1934 жылы Қазақ драма театрында,
* 1934 — 1944 жылы Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) өнер көрсетті.
* 1944 — 1948 жылы Қазақ опера және балет театрының көркемдік жетекшісі,
* 1953 — 1955 жылы директоры
* 1949 — 1952 жылы және 1956 — 1959 жылы бас режиссер,
* 1959 — 1961 жылы Қазақ драма театрының бас режиссеры болды.
* 1961 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық етті (1970 жылдан проф.).
## Шығармашылық қызметі
Жандарбековтың өнер жолы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастау алады.
* 1920 жылы Ташкент қаласындағы “Шығыс кештері” деп аталған мерекелік концертте 15 жасар бозбала Жандарбеков 1-бәйгені жеңіп алды. Ұ.Мұратбаев оның оқып, білім алуына, әншілік өнерінің қалыптасып, кең қанат жаюына көп жәрдем етті.
* Жандарбеков шығармаларының елеулі кезеңі 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдасқан тұңғыш қазақ кәсіби драма театрына келуінен басталды. Ол Қазақ драма театрының артистері С.Қожамқұлов, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев бастаған алғашқы өкілдері тобына келіп қосылды. Жандарбековтың бойындағы табиғи дарын, әншілік қабілет театр сахнасында оның тамаша образдар галереясын жасауына мүмкіндік берді.
* Алғашқы рөлі — М.Әуезовтің “Қарагөз” трагедиясындағы Сырым(1926). Бұдан кейін
* “Еңлік — Кебекте” Кебектің
* “Бүліншілік” спектаклінде (Д.Фурмановтың шығармасы бойынша) жазушы Фурмановтың рөлін ойнады.
* 1926 — 1930 жылы режиссер ретінде Әуезовтің “Қарагөзін”, Н.Гогольдің “Үйленуін” (Қожамқұловпен бірге) және Ж.Шаниннің “Шахтасын” қойды.
* 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концертке қатысты. Сондай-ақ, Жандарбеков қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (Қазақ опера және балет театры) іргетасын қалаушылардың бірі болды. Қазақ операларына арқау болған халық әндерін сұрыптауда Е.Г.Брусиловскийге көп көмек көрсетіп, тұңғыш қазақ операларының жазылуына ықпал етті. Ол Бекежан, Тарғын, Жалбыр (Брусиловскийдің “Қыз-Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында), Тито (З.П. Палиашвилидің “Даисиында”), Ағаларбек (М.М.Магомаевтың “Наргизінде”), Готный (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Ямадари (Дж. Пуччинидің “Чио-Чио-Санында”), т.б. партияларды орындап, актерлік, әншілік шеберлігін әр қырынан танытты.
Жандарбековтың үздік опералық партияларының бірі — “Қыз-Жібек” операсындағы Бекежан. Әнші Бекежанның қиыннан жол табар айла-тәсілдерін, өткір де қызба мінезі мен қайшылыққа толы ішкі жан дүниесін сан түрлі бояумен ашып, әсерлі сомдады. Жандарбеков режиссер ретінде Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Гвардия, алға”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан — Сара” (КСРО Мемлекетінің сыйлығы, 1949), Ж.Бизенің “Кармен”, Қ.Қожамияровтың “Назугум” операларын қойды. Киноға түсіп, Жақас (“Амангелдіде”, 1939), Қадырбай (“Жамбылда”, 1953), Садық (“Біз Жетісуданбызда”, 1958), Ережеп (“Өмір жолында”, 1959), т.б. рөлдерде ойнады.
1938 жылдан киноға түсе бастады:
* Жанас ("Аманкелдіде"),
* Қадырбай ("Жамбылда", 1952)
* Садық ("Оның заманы туадыда", 1957)
* Сары молда ("Біз Жетісуданбызда", 1958)
* Ережеп ("Өмір жолында", 1959) т. б.
Ол пед. қызметпен де шұғылданды (1949). 1961 жылдан Құрманғазы атындағы өнер институтының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды.
## Фильмографиясы
* 1938 - Амангелді - Жақас
* 1952 - Жамбыл - Қадырбай
* 1957 - Оның уақыты келеді - Садық
* 1958 - Біз - Жетісуданбыз - Сарымолда
* 1959 - Өмір жолында - эпизод
* 1960 - Сенің достарың - партия обкомының секретарі
* 1964 - Алдар көсе - Жаманбай
* 1966 - Менің арманым - эпизод
* 1966 - Қилы кезеңде - эпизод
* 1968 - Балалық шаққа саяхат - Бақшабай
## Марапаттары
* КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949)
* Ленин ордені
* Еңбек Қызыл Ту
* “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Телғожа Сейдінұлы Жанұзақов (1927 шілденің 15-інде Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы) - филология ғылымдарының докторы (1976), професор (1991).
## Қысқаша өмірбаяны
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
* 1951 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
* 1952–81 - Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер;
* 1981–94 - бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
* 1995 жылдан - осы институттың бас ғылыми қызметкері.
«Основные проблемы ономастики казахского языка» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жанұзақовтың ғылыми-зерттеулер жұмыстары қазақ тіл білімінің лексикография, терминология, ономастика салаларына арналған. 5 ғылыми монографиясы, 10 кітабы жарық көрген. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988).
## Дереккөздер |
Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөрин (1875 жыл, бұрынғы Уфа губерниясы Стерлитамак уезі — 14.05.1926, сонда) — қоғам қайраткері, 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі.
## Өмірбаяны
Әкесі - Сейітхан Ахметұлы Жантөрин
* Орынбор гимназиясында орта білім алып, Мәскеу университетінің физика-математика факультетін және Санкт-Петербург университетінің заң факультетін (1889) бітірген.
* 1905 жылдан бастап патша өкіметіне оппозицияда болған саяси күштердің қызметіне араласқан.
* “Автономияшылар одағын” құруға тікелей атсалысып, 1905 жылы 19 қарашада өткен автономияшылдар съезіне қатысты.
* Кадеттер партиясына (“Халық бостандығы”) мүшелікке өтті.
* Бірінші орыс революциясы жылдары бүкілресейлік мұсылмандар съезін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі болды.
* Бүкілресейлік мұсылмандардың үшінші съезінде “Ресей мұсылмандары одағы” (“Иттифақ ул-муслимин”) ұйымының ОК құрамына сайланды.
* Бірінші Мемлекеттік думаның мүшесі болды. Онда мұсылман фракциясының құрамына кірді. Выборг үндеуіне қол қоюшылардың қатарында болды. Сол үшін патша өкіметі тарапынан айыпталып, 3 ай абақтыда отырды.
Жантөрин өз қаражаты есебінен “Ғалия” медресесіне жәрдем ретінде 20 мың сом қаржы бөлді. Түрлі оқу орындарында оқитын қазақ жастарына көмек көрсетіп тұрды. 1911 жылы түркі тілдеріне енген араб-парсы сөздері жайлы кітап шығарды. 1914 жылдан Санкт-Петербург қаласында татар тілінде “Миллят” газетін шығаруды қолға алды.
* 1916 жылы Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының жанындағы бюрода қызмет етті. Онда ана тілінде оқыту мәселесіне көп көңіл бөліп, ол жөнінде мұсылман фракциясына нақтылы ұсыныстар жасады. М.Шоқаев, С.Мақсұдов, А.Салихов секілді қайраткерлермен бірге майданның жұмысына Түркістан өлкесі мен Қазақстаннан алынған адамдардың хал-ахуалы жайлы мәліметтер жинастырып, оларды мұсылман фракциясына жеткеріп тұрды.
* 1917 жылғы Ақпан төңкерісі нәтижесінде патша өкіметі құлатылғаннан кейін қалыптасқан жағдайға сай империядағы түркі тілдес мұсылман халықтарының саяси іс-әрекеттерін бір ізге түсіріп, үйлестіріп отыру үшін Бүкілресейлік мұсылман съезін өткізу керектігін жақтады. Осы жылы Уфа губернаторынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Еділ-Орал автономиясының өлттық жиналысына депутат болып сайланды. Алашорда үкіметіне қолдау танытып, оның жетекшілерімен тығыз қарым-қатынаста болды.
## Дереккөздер |
Жанкісі Басыбайұлы (1772, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарағандысай бойы – 1849, Сыр бойы) — ақын, би. Найман тайпасының Бағаналы тармағынан шыққан. Басыбай аңшының шаңырағында дүниеге келген. Кейбір аңыз әңгімелерде Жанкісінің шын аты — Жанқиса және ол Қоқан хандығы әскерлерімен қақтығыста қайтыс болған делінеді. Жанқисаның жанама аты Жанкісі екенін Е. Бекмаханов та атап көрсеткен. Жанкісі шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Мақпал — Сегіз” дастанының үзіндісі, “Қоқан ханына айтқаны”, “Қожыққа айтқаны” толғаулары ғана жеткен. Жанкісінің “Қоқан ханына айтқаны” толғауы “Ай, заман-ай, заман-ай” жинағына кірген. Осы толғауында Жанкісі Қоқан ханын, оның салықшы бектерінің әділетсіздігін өткір сынаған. Кейін оларға қарсы ашық күреске шыққан. Жанкісінің “Қоқан ханына айтқаны” толғауы 1830 жылы орыс тіліне аударылып, “Песня о временах владычества коканцев” деген атпен “Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания, переложенных в русские стихи” жинағында жарық көрген (1885, Орынбор). Кейбір шығармалары Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Жанкісі шамамен 1770–1772 жылдары Ұлытау өңірінде туып, 1848–1849 жылдары Сыр бойында қайтыс болған деседі. Би, әрі ақын Жанкісінің әкесінің аты түрлі жинақтарда әртүрлі айтылып жүр. Бірде Өтеміс, енді бірде Басыбайдың баласы делінеді. Бидің артында «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» тағы басқада айтқандары ел есінде. Бірсыпырасы жинақтарда жарияланған.
«Қоқан ханына айтқаны» деген тегеурінді өлеңі алғаш рет 1875 жыл «Записки Оренбургского отделения РГО» журналында жариялаған. Екінші рет 1885 жылы Орынбор қаласында ғалым, профессор Н.Веселовскийдің құрастыруымен «Образцы Киргизской поэзии» деген кітапқа енген. Осы кітабында ғалым Веселовский жырдың авторы Жанкісін «Сыр бойылық Найман» дегенді ғана жазған екен.
Әрі би, ақын Жанкісі Қоқан хандығының қазақ жұртшылдығына жасап жүрген озбырлығы туралы, өткір тілмен ашына баяндап, айыптау, қарсылық сөзімен айтқан.Жанкісіні осы өлеңінің соңында:
депті.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.