text
stringlengths
3
252k
Батырбек Ахметұлы Бірімжанов (10 желтоқсан 1911 жылы, қазіргі Орынбор облысы, Бузулук қаласы – 7 тамыз 1985 жылы, Алматы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1966 жылы), профессор (1965 жылы), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970 жылы), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1968 жылы). ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Шақшақ руының Аю бөлімінен шыққан. Қазақ педагогикалық институты (1932 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті), Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1939 жылы) бітірген. 1934 жылдан Қазақ Мемлекеттік Университетінде (қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1954–1980 жылдары) болды. ## Ғылыми жұмыстары мен еңбектері «Физико-химия процессов образования солей Прибалхашья и их использования» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған. Бірімжанов құрлықтық тұз түзілу теориясын, Қаратау және Ақтөбе фосфориттерінен концентрленген тыңайтқыш алудың технология схемасын, фосфор және бор қышқылдарын тазарту жолдарын ұсынған; күрделі тұздарды синтездеу, еркін конвекция жағдайында қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау әдістерін тапты; мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу, шахта пешінде күкіртті натрий өндірудің үздіксіз тәсілдерін, ультрадыбысты пайдаланып экспресс-әдісі анализін өндіріске енгізді. ## Марапаттары Ленин орденімен, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Химия ғылымының корифеиі»(қолжетпейтін сілтеме)
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.
Марат Жақыпұлы Бітімбаев (18 тамыз 1940 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туған) – техника ғылымдарының докторы (1994 жылы), профессор (1995 жылы). Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техника университеті) бітірген (1962 жылы). 1962–84 жылдары Ащысай полиметалл комбинатында кен шебері, кеніш бастығы, директордың орынбасары, директор (1987–91 жылдары), 1984–87 жылдары Ертіс полиметалл комбинатының бас инженер, директоры, 1991–94 жылдары ҚР Өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1994–97 жылдары ҚР Геологиялық және жер қойнауын қорғау министрінің орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК бас менеджері болған. 1999 жылдан Тау-кен институтының директоры. 2000 жылдан - Д.А. Қонаев атындағы Кен ісі институтының ректоры. 2002 жылдан - «Шалқия Мырыш» ЖШС, «Мерейтой» ЖШС бас директорының орынбасары. 2005 жылдан бері - «Data Invest» ЖШС бас менеджері басқарма мүшесі. «Технология выписки руды из целиков при повторной разработки обширных пластообразных рудных залежей с устойчивой кровли» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми зерттеулері кен өндіру технологиясын жетілдіруге арналған. Бітімбаев тиеме-жеткізбелік кешендер мен оларды жер асты кен жұмыстарында қолданудың технология тәсілі арақатынасын теория тұрғыдан негіздеп, Мырғалымсай кенішінде жүзеге асырды. Шығынға шығарылған баланстық қорларды қайта өңдеудің қауіпсіз әдістерінің теория негіздері мен технология құралымын жасады. 77 авторлық куәлік пен 5 патент иегері. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. «Құрмет белгісі» (1981), «Құрмет» (2006) ордендері, «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жып толуы құрметіне» (1970), «Еңбек ардагері» (1990), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен, ХИА 15 жылдығы алтын медалімен (2006), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1977), 3-ші 2-ші, 1-ші дәрежелі «Шахтер даңқы» құрметті белгілерімен марапатталған. Кентау қаласының құрметті азаматы. КСРО Министрлер кеңесі (1977), Ө.А. Жолдасбеков атындағы (2005), Ш.Е. Есенов атындағы сыйлықтардың лауреаты (2006). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «БІТІМБАЕВ Марат Жақыпұлы» Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2014 жылы.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды: * Мемлекеттік құрылыс. * Қазақ автономиясы. * Жер мәселесі. * Халық милициясы. * Земство. * Оқу мәселесі. * Сот мәселесі. * Дін мәселесі. * Әйел мәселесі. * Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. * Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. * Қазақ саяси партиясы. * Жетісу оқиғасы. * Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу. Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сиез шешімімен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ә.Сәтбаев, Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан Досмұхамедұлы, Бөкей ордасынан У.Танашев, Жетісудан Б.Мәметов, Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Бірінші жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез Жетісу облысында туындап отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жәрдем беруін» өтініп үндеу тастады. Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар сиезіне Бөкейханды, Досмұхамедұлын және Танашевты жіберу жөнінде шешім қабылданды. Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы баратын болып белгіленді. Сиездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа алынды. ## Тағы қара * Екінші жалпықазақ съезі ## Дереккөздер
Ваганка— Мәскеу қаласының Пресня ауданындағы зират. Аумағы 50 га. Негізі 1771 ж. қаланған. Бұрынғы Ваганьков селосы маңында орналасуына байланысты “Ваганка” зираты атанған. Орыс тілі сөздігін құрастырушы В.И. Дальдің, ғалым К.И. Тимирязевтің, ақын С.А. Есениннің қабірлері осы зиратта. Бұл жерде Ғ. Мұратбаев және Кеңес өкіметі жүргізген қуғын-сүргіннің құрбандары Ж.Аймауытов, А.Юсупов, Д.Әділов, Ә.Байділдин жерленген. ## Дереккөздер
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева (1945 жылы 1 мамырда ШҚО, Тарбағатай ауданы Жетіарал - 2014 жылы) — даңқты мұғалім. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1990). Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі,профессор. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері. ## Толығырақ * Қанипа Омарғалиқызы 1945 жылы 1 мамырда ШҚО, Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген. * 1968 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. * 1968 жылдан - 1980 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Жетіарал мектебінде мұғалім, оку ісінің менгерушісі болып жұмыс істеген. * 1980 жылдан - 1991 жылға дейін Өскемен қаласындағы Жамбыл гимназия-интернатында мұғалім. * 1991 жылдан Өскемен қаласында Бітібаеваның республикалық атаулы мектебі жұмыс істейді. * Жоғары оку орындарының студенттеріне арналған "Әдебиет оқыту әдістемесі" кітабы жары көрген. * Іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген. ## Ғылыми атақтары * Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құрметті профессоры; * Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры; * Қазақстан - Америка еркін университетінің құрметті профессоры; * Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті акдемигі; * ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру республикалық институтының профессоры; * Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (құрметті атағы); * Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі * Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті төсбелгісінің иегері. ## Мемлекеттік марапаттары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы * Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі * КСРО халық ағарту ісінің үздігі * Бүкілодақтық Крупская медалі * Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (құрметті атағы); * ҚР Білім беру ісінің үздігі * 1990 жылы Мәскеуде КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. * 1993 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мұғалімі (құрметті атағы). * 2004 жылы Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Құрмет орденімен марапатталды. * 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері. * 2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. * АҚШ-тағы Аризона штаты, Тусон қаласының Құрметті азаматы. * Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. * Тарбағатай ауданының құрметті азаматы. * Маңғол Халықтық Республикасының "Даңқты ұстаз" алтын Орденінің иегері. * Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері. * «Еңбек ардагері» медалінің иегері. * «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері. ## Дереккөздер
Қазбек Шәкімұлы Валиев(5.7.1952, Алматы) — альпинист, геол.-мин. ғылым кандидаты (1990), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1982). Альпинизммен 1969 жылдан айналысты. Қазақстандық альпинистерден В. Хрищатыймен бірге тұңғыш рет 1982 ж. Жер бетіндегі ең биік Джомолунгма (Эверест) шыңына (8848 м) шыққан. 1979 ж. “Ресей” (6852 м, Памир), 1980 ж. “Коммунизм” (7495 м, Памир), 1985 ж. Қазақстанның ең биік шыңы — Хан Тәңіріне (6995 м) көтерілген. Абсолют биіктігі 7 мың м-ден асатын 22 шыңның басына шықты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген. жаттықтырушысы, Республика альпинизм федерациясының президенті. “Халықтар достығы” (1982) орденімен, “Еңбектегі ерлігі үшін” (1989) және “Қар барысы” медальдерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Васильев алтын кен орны – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының оңтүстік-батысында 150 км қашықтықта орналасқан. 1946 жылдан кен қазыла бастады. ## Құрамы Кентас құрамы: пирит, арсенопирит, сфалерит, галенит, халькопирит, алтын, кварц, графит, карбонаттар.
Әбдікерім Ережепұлы (1867, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы — 1936, ҚХР-дың Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы) — қоғам қайраткері, ағартушы. Найман тайпасы Көкжарлы руынан шыққан. Санкт-Петербург орман ш. ин-тында оқып жүргенде еліне келіп, болыстыққа сайланған. Әбдікерім Ережепұлы елді жаңаша басқаруға талпыныс жасайды. 1904 ж. Шыңғыстайда орысша-қазақша оқытатын төрт сыныптық мектеп ашқан. Онда орыс мұғалімдері, ақын С. Торайғыров ұстаздық еткен. 1913 ж. қыздарды еріксіз атастыруды және әмеңгерлікті жою туралы алты тармақты заң жобасын жасап, бекіттірген. Осы ережені іске асыруды қолға алған. 1920 ж. Семейде өткен Алашорда съезінде Әбдікерім Ережепұлы үкіметтің аймақтық к-нің мүшесі болды. 1928 ж. кеңес үкіметі органдарының құдалауына шыдамай, Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Ленинград (Санкт-Санкт-Петербург) ун-тінде оқыған ұлы Қамбар, Мәскеу сауда ин-тында оқыған ұлы Шабдан аймақтың ағарту-мәдениет жұмыстарына қатысады. Әбдікерім Ережепұлы қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң екі ұлы да тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Әбдікерім Ережепұлының өлеңдері мен әндері ел аузында сақталған.1936 жылы дүниеден өтті. ## Дереккөздер
Васимов Анатолий Шьяпович(1953 жылы туған) – ҚР ҚК Әуе Қорғаныс күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры. 1993 – 1998 ж. Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының 1-орынбасары болды. 1998 жылы 31 тамызда ҚР ҚК Әуе Қорғаныс күштерінің қолбасшысы болып бастады. Кейіннен звено, эскадрилья, полк басқарды. Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің авиация бастығы және ҚР Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің 1- орынбасары болып кызмет атқарды. 1993 жылдың қазан айынан 1998 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, ал сәуір айынан ҚР ҚК Бас штабы бастығының 1-орынбасары болды. 1998-2000 жылдары Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы болды. ## Дереккөздер
Жоғарғы Берёзовка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Глубокое кентінен солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1920 жылы полиметалл кенін өндіруге байланысты қаланған. ## Дереккөздер
Николай Иванович Веселовский (12 желтоқсан 1848, Мәскеу – 12 сәуір 1918, Санкт-Петербург) – орыс шығыстанушысы, тарихшы, этнограф, археолог, Санкт-Петербург университетінің Шығыс тарихы кафедрасының профессор (1890), Санкт-Петербург ғылым академиясының (1914) және Ресей ғылым академиясының (1917) корр. мүшесі. Орыс археологиялық қоғамының мүшесі. * 1867 ж. Вологда гимназиясын бітірген. * Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факултетінің араб-парсы-түрік-татар тілдері бөлімінде (1869–73) оқыды. * Орта Азия тарихы, археол-сы мен этногр-н зерттеді, бұрынғы КСРО-ның еур. бөлігі мен Сібір, Моңғолия далаларында көптеп кездесетін балбал тастардың түркі тайпаларына жататынын дәлелдеді. Алғашқылардың бірі болып Орта Азиядағы көне қалалар, соның ішінде Афрасиаб қ-нда қазба жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Оның зерттеу еңбектерінде Орта Азия, Алтын Орда тарихы, Қара т. жағалауында із қалдырған ғұндар, скифтер туралы маңызды деректер қамтылды. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың бір томдық шығармалар жинағын алғаш бастырып шығарған (1904) редактор. ## Дереккөздер
Верный ерлер гимназиясы– орта білім беретін оқу орны. 1881 жылы Верный (Алматы) қаласындағы прогимназия (1876) негізінде құрылған. Бұратана халық балаларына 22 орын ғана берілді. ## Дереккөздер
Вечерний Алматы — Алматы қалалық әкімшілігінің газеті. 1968 жылдың 2 қаңтарынан шыға бастады. ## Тағы қараңыз * Алматы ақшамы
ВЕНЮКОВ Михаил Иванович (5.7.1832, Ресей, Рязань губ. Никитинское с. — 17.7. 1901, Франция, Париж) — орыс географы, саяхатшы және этнограф, генерал-майор. Орыс геогр. қоғамының мүшесі. Бас штаб академиясын бітірген (1856). Қиыр Шығысқа (1857 — 59), Памир мен Жетісуға (1859 — 60), Кавказға (1861 — 63), Жапонияға, Қытайға (1869 — 71), Түркияға (1874), Үндістанға, Солт. Африкаға, Солт. және Оңт. Америкаға, т.б. жерлерге ғылыми саяхаттар жасады. Орыс табиғат зерттеушілерінің 1-съезін ұйымдастырушылардың бірі (1868). В. — физ. география оқулығының, этнографиядан, тарихтан жазылған еңбектердің авторы. Орыс геогр. қоғамының қазақ даласына жіберілген әскери барлау экспедициясы мен топографтар партиясын (1859 — 60) басқарды. Оның жетекшілік етуімен Іле және Шу өзендерінің алабы мен Ыстықкөл (Қырғызстан) маңын картаға түсіру жұмыстары жүргізілді. Зерттеуші еңбегінде өзі болған жерлердің физ.-геогр. жағдайларын сипаттап жазды. Сихотэ-Алиньдегі асу, Куриль аралдарындағы мүйіс В-тың есімімен аталады. Венюков Михаил Иванович (1832-1901, Ресей) — саяхатшы-ғалым, физикалық география оқулықтарының, этнография, тарих, картография, геология және статистика бойынша жазылған көптеген құнды еңбектердің авторы. 1859-60 ж.Венюков Жетісуда әскери-барлаушылар экспедициясын және топографтар тобын басқарды. Өзінін, бірқатар еңбектерінде ұлы жүз қазақтарының және шекара бойында көшіп-қонып жүрген далалықтардың этнографиялық сипаттамаларын жасаған. 1868 ж.C. Петербургте Венюковтың "Путешествия по окраинам русской Азии" атты көлемді еңбегі жарыққа шықты. Осы енбектегі "Очерки Заилийского края", "О внешней торговле через Западную Сибирь", "Колонизация русской Азии" атты тарауларда Қазақстан, оның ішінде Жетісу туралы құнды деректер келгірілді. ## Пайдаланылган адебиет ""Казак инциклопедиясы"", II том Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Витсен Николас Корнелий(1641 – 1717) – голланд саяхатшысы. Солтүстік және оңтүстік Татария 1692 атты еңбегінде Қазақстанның климатына қатысты және қазақтардың киім-кешегі, дәстүрі туралы мағлұматтар берілген.
Павел Николаевич Васильев (5 қаңтар 1910, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 16 шілде 1937, Мәскеу) - орыс ақыны, саяси қуғын-сүргін құрбаны. ## Өмірбаяны * Қиыр Шығыс мемлекеттік университетінде (1926) оқиды. * Мәскеу жұмысшы факультетінде (1927) оқыған. * 1930 жылдары "Голос рыбака" газетінің Каспий мен Аралдағы меншікті тілшісі болған. ## Шығармалары Алғашқы өлеңдері 1926 ж. жылдан бастап жариялана бастаған. * "Алтын барлауында" (1930) * "Тайга адамдары" (1931) атты очерктер жинағы * "Астрахан хаттары" * "Еділ атырауында" * Арал очерктері жарық көрген. * Ақын "Жаз" (1932) * "Тамыз" (1933) * " Фома шаһзада" (1936), т.б. поэмаларын жазған. * "Салт аттылар" * "Бүркітпен аң аулау" * "Серке туралы жыр", т.б. қазақтың аңыз-әңгімелеріне құрылған шығармалары "Песни киргиз-казахов" ("Қырғыз-қазақ әндері", 1932) ұжымдық аудармалар жинағына енген. Мұқан Башметов деген бүркеншік атпен * "Бал ашу" * "Айырылысу" * "Мен, Мұқан Башметов бір кесе қымызды сіміргенде" * "Ертіс бойында" * "Семей түбіндегі бақша" * "Қоянды жәрмеңкесі" өлеңдерінің авторы. * І.Жансүгіровтің "Дала" поэмасынан "Арнауды" ("Посвящение") орыс тіліне аударған, сонымен бірге татар, башқұрт, чуваш, тәжік, т.б. тілдерден аударма жасаған. ## Дереккөздер
Әбдіқадыр мешіті — 20 ғасырдың басында салынған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласында Әбдіқадыр атты кісінің қаржысына салынған. 20 ғасырдың 30 жылдарында бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ескерткіш 1975-80 жылдары жөндеуден өткен. Оның аумағына жаңа медресе ғимараты салынды. Әбдіқадыр мешіті Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғаның дәл ортасында жебе тәрізді арқалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында қарама-қарсы 6 терезе бар. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған. ## Дереккөздер
Габен, Аннемари фон (1901 – 1993) – түркітанушы неміс ғалымы. Көне түркілердің жазба ескерткіштерін, әдебиетін, өнерін, діни нанымын, дүниетанымын зерттеумен айналысқан. Г. қазақтардың салт-дәстүрі мен тіліне қатысты бірқатар мақалалар жариялаған.
Шығыс машина жасау зауыты (Шығысмашзауыт) – тау-кен өндірісіне, ауыл шаруашылығына қажетті қондырғылар мен машиналар шығаратын зауыт. 1953 жылы Өскемен машина жасау зауыты болып құрылған. 1961 жылы зауыт атауы Шығысмашзауыт болып өзгертілді. Ол жер асты өздігінен жүретін тау-кен және байыту жабдықтарын, флотациялық машиналарды, тракторларға апаратын дөңгелектерді, жемшөп түйіршіктерін дайындауға арналған түйіршіктегіштерді, құс фабрикаларына арналған торлы едендерді, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды (балалар велосипедтері, терезе карниздері және басқалары) шығарады. ## Тарихы * Зауыт 1958 жылы 4 қарашада толық машина жасау циклінің барлық технологиялық шектерімен жабдықталғаннан кейін пайдалануға берілді. * 1959 жылы қаңтарда зауыттың қазандық-механикалық цехы No1 цехтар блогына айналды: механикалық, қазандық жұмыстары, соғу және жылу-аспаптық. * 1959 жылы мамырда цехтар блогының соғу-термиялық бөлімі пайдалануға берілді. * 1959 жылы маусымда желілер мен қосалқы станциялардың цехы энергетикалық шеберханаға айналды, медициналық пункт ашылды. * КСРО-да бірінші рет Зауыттың No1 блогында MSK-5-20 типті құрылыс крандарын шығару басталды. * Сериялық өндіріс 1965 жылға дейін жалғасты. * 1960 жылы наурызда шеберханалар блогында аспаптық бөлім, сәуірде техникалық бақылау бөлімі (ҚБК) ұйымдастырылды. ДС-5МГ екінші болат балқыту пешін және «233» қалыптаудың екі моделін іске қосу. * 1960 жылғы 31 желтоқсандағы No 336 бұйрығымен Өскемен машина жасау зауыты Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты (Шығысмашзауыт) болып өзгертілді. * 1961 жылы зауыт концентрациялық қондырғыларға арналған Механбор флотация машиналарын шығара бастады. Өнеркәсіп өнімдерін шығарумен қатар, зауытқа халық тұтынатын тауарлар өндірісі сеніп тапсырылған. * 1962 жылы зауыт өңдеу жабдықтарын өндіруді игерді: қалыңдатқыш М-519 (П-30) және 2КСН-30 жіктеуіштері. * 1964 жылы қаңтарда №2 цех блогы пайдалануға берілді (№ 2 механикалық құрастыру цехы, инструментальды цех, роликті конустық биттер бөлімі, механикалық жөндеу бөлімі). 1964 жылы тамызда BASH-2509 тау-кен қондырғысы Норильск зауыты үшін диаметрі 250-270 мм және тереңдігі 70 м дейінгі ұңғымаларды бұрғылауға арналған болатын. * Өнімдердің жаңа түрлері - бұрғылау қондырғылары, роликті конустық биттер, экскаваторларға арналған шынжыр табандар, UK-1 бұрғылау қондырғылары енгізілді. * 1965 жылы зауыттың өнімі келесі түрлермен толықтырылды: роликті конустық биттер Ш76к, Ш112, конус сепаратор Зырян қорғасын зауыты үшін де шығарылды. * 1966 жылы П-25 үлгісіндегі қалыңдатқыштар мен АВ-3 м авто бұрғылау өндірісі игерілді.1966 жылы желтоқсанда модельдік-ағаш шеберханасының өндірістік ғимараты пайдалануға берілді. * 1969 жылы № 1 БЭМ жер асты электр бульдозерлері мен алюминий өнеркәсібіне арналған Удар 2 бұрғылау қондырғысының, ВП-8 туннельдік машиналардың, протоколдардың, протекторлардың екі прототипі дайындалды. Aquatol машиналарының прототиптері мен PSA жерасты майлау қондырғысы құрастырылды. * 1970 жылы сәуірде халық тұтынатын тауарлар шығаратын цех құрылды. «Зыряновск» вакуумдық жабдықтар мен машиналардың өндірісі игерілді. * 1971 жылы желтоқсанда №3 цехтар блогы іске қосылды, онда вакуумдық қондырғылар - титанды қалпына келтіруге арналған реторттар, қорғасынға арналған тазартылған қазандар, жерасты машиналарын - жер асты электр бульдозерлерін шығаратын цех және басқалары өздігінен жүретін жерасты машиналары. Болат құю цехы қайта жаңғыртылуда, шойын мен болат құймаларын шығаратын екінші құю өндірісі салынуда. * Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Кеңесінің No630 қаулысымен 12.08.1972 ж. Қаз министр. КСР зауыты «КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты» аталды. * 1977 жылы мыналар пайдалануға берілді: ацетилен станциясы, ҚТҚ негізгі құм қоймасы, көмірқышқыл газ станциясының құрылысы басталды. * 1978 жылы жер асты өздігінен жүретін машиналар кешенінің прототиптері - суару машиналары мен МОК-6 шатыр жапқыштары игеріліп шығарылды. * 1979 жылы көмірқышқыл газ станциясы, жер асты машиналары мен өңдеу жабдықтарының шеберханасы - No9 цех пайдалануға берілді.СПТУ-120 кешені (кәсіптік-техникалық училище) пайдалануға берілді. Жаңа өнімдер өндірісі игерілді: ФПМ-12.5 және ОК-16 флотация машиналары, ПЛУИКО машиналары, ВФТ-4 мн, ВТ-2, DOUTV-5 бұрғылау вагондары, Алтай скутері. * 1980 ж. - Санды басқарумен станоктардың бөлімі құрылды, ОП-30 зумпфін шығару игерілді, мини-ВТФ-2 м өздігінен жүретін бұрғылау машинасының және Ш-5 шассидің өздігінен жүретін қондырғыларының үлгілері. өндірілген. * 1981 ж. - ДТ-76 тракторына арналған пішінделген құю жетек дөңгелегінің балқуы жүргізіліп, КТ-105 бұрғылау қашауларының сериялық өндірісі игерілді және КТ-125 м биттердің тәжірибелік партиясы шығарылды. * 1982 ж. - П-30м-1 қоюландырғыштар, көп құю машиналары, ФПМ-16 флотациялық машиналар блоктары, КТ-125КМ бұрғылау қашаулары, КСН-15 классификаторы, Ульба-1С-А зарядтау және жеткізу машинасы, УРВ-2 қондырғышы өндірісін игерді. бірлік ... * 1983 - өндірісті игерді: «Вольна 1.5п» дірілдейтін ленталық люк, жарты шар тәрізді тазартқыш қазандықтар, анод ұстағыштар, MNF-5ts қалыптау машинасы үшін фура коллекторы, UVRM-Mts және UVRM-Su қондырғылары, MDZ / 3 машиналары. * 1984 - IST индукциялық пешінде балқыту жүргізілді. * 10.11.1988 ж. No 407 бұйрығымен КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты ВПО Шығысмашзауыт болып қайта құрылды. * 1993 жылы 27 шілдеде №1 құрылтай жиналысының хаттамасымен «Шығысмашзауыт» НПО АҚ «Шығысмашзауыт» болып өзгертілді. * 1999 жылы 29 қаңтарда № 1 «Шығысмашзауыт» АҚ акционерлерінің өкілетті өкілдерінің жалпы жиналысының хаттамасымен компания «Востокмашзавод» АҚ болып қайта құрылды. * 17.10.2003 «Шығысмашзауыт» ААҚ акционерлерінің өкілетті өкілдерінің жалпы жиналысының 25.07.03 шешімімен компания «Шығысмашзауыт» АҚ болып қайта құрылды. ## Сілтемелер * http://vmz.kz/ Мұрағатталған 14 мамырдың 2021 жылы.
Газан Хан, Махмуд (5 қараша 1271 – 11 мамыр 1304) (моңғ. Газан хаан, қыт. 合贊, кейде батыс әдебиетінде Casanus яғни Касанус дейді)– Хулагу мемлекетінің илханы. Сол кездегі бүгінгі Иран аймағын 1295 жылдан 1304 жылға дейін билеген. Шыңғыс хан әулетінен. Ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырды. Тебриз қаласының маңына обсерватория мен емханалар салдырып, ғалымдарға қолдау көрсетті. 1299 – 1303 ж. Үндістан мен Сирияға жорықтар жасады.Ғазан билігі кезіндегі негізгі әскери қақтығыстар мысырлық Мәмлүктермен Сирия үшін талас, және моңғолдардың Шағатай қағанатымен соғыстар болды. Сонымен бірге Ғазан хан өзінің алдындағылардың Франк-Моңғол одағын құру әрекетін жалғастыра отырып Еуропамен дипломатиялық қатынас орнатуға талпынды. Өте жоғары мәдениетті Ғазан көптеген тілдерде сөйлеген, көп хоббиі болды, Хулагу мемлекетінде көптеген реформалар жасады, әсіресе ақшаны бірыңғайлау мен фискалды саясат саласында. Қазан хан Махмұд - Ирандағы Хулагу әулетінен шыққан моңғол ханы, 1295 жылдан билік жүргізді. Хорасан, Мазендеран және Рим мирасқоры болып тұрып, Байду ханға қарсы көтеріліске шықты да, тағын тартып алды. Буддизм тәрбиесінде өсті. Бірақ Иран ақсүйектері мен мұсылман дін иелерінің, сондай-ақ көшпелі моңғол ақсүйектері мұсылман топтарының көмегі қажет болып, ислам дінін қабылдады да, оны қайтадан Иранның мемл. дініне айналдырды. Уәзірі Рашид әд-Диннің көмегімен әкімш. және экономик.реформаларды жүзеге асырды. Қ.х.тұсында каналдар қазылып, обсерватория және Тербиз маңынан аурухана салынды. 1299-1303 ж. Сирия мамлюктеріне қарсы жорыққа шығып, жеңілді. ## Дереккөздер
Қалмақан Әбдіқадыров (15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. ## Өмірбаян Қыпшақ тайпасының Ұзын руының Алтыбас бөлімінен шыққан.Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды. Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған. Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В.М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет —1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. ## Шығармашылығы Әдеби қызметін 1920 жылдары «Сырдария» поэмасын 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаудан бастады. «Жалшы» (1927), «Темперлер» (1932), «Шахтер» (1934), «Өлендер» (1935), «Өлеңдер жинағы» (1948) бірқатар поэзиялық жинақтардың авторы. Шығармалардың негізгі мотиві – қазақ халқының социализм кезіндегі өмірі, социалистік қайта құруларға қатысуы. Майданда жазған өлеңдері жинақталған «Серт» жинағы (1945) Ұлы Отан соғысына арналған. Ол прозалық шығармалар да жазды, оның ішінде балаларға арналған «Амантай», «Тәтті қауындар» (1936) кітаптары, сондай-ақ «Комсомольская звено» (1948), «Повестер» (1952) және т.б әңгімелері ерекше көзге түседі. «Қажымұқан» хикаяты 1954, 1956, 1959 жылдары қайта жарияланған, 1970 жылы орыс тілінде жарияланған. Әбдіқадыров Шығыс әдебиетінің классиктері – Фирдауси, Науаидың (1948) өлеңдерін, қырғыз жазушысы Аалы Тоқамбаевтың, орыс жазушысы Вадим Михайлович Кожевниковтың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Әбдіқадыров «Мың бір түн» (1949, 1955, 1962 ж. жарияланған) араб ертегілерінің аудармашысы. ## Дереккөздер
Галузо Илларион Григорьевич (8.4.1899, Ресей, Витебск облысы Даргейка ауылы – 10.10.1977, Алматы қаласы) – биология ғылым доктыры (1946ж.), профессор (1949ж.), Қазақстан Ғылыми Академиясының акад. (1946ж.), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1946). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) малдәрігерлік институтын бітірген (1926)ж.. 1946 жылдан КСРО Ғылыми Академиясының Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Ғылыми Академиясы Төралқасының акад.-хатшысы (1946–1951ж.) болды. 1946–1977 ж. Қазақстан Ғылыми Академиясының Зоология инситутында лаборатория меңгерушісі, директор (1951–1967ж.) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері қансорғыш және қотыр кенелер (КСРО Мемлекеттік сыйлық, 1951ж.) мен кейбір қарапайым жәндіктер (тейлерия, токсоплазма, кокцидия, трипанозома) фаунасына, экологиясына және биологиясына арналған. Григорьевич жануарлардың жұқпалы аурулары жөніндегі Е.Н.Павловский ілімін одан әрі дамытып, мал ауруларының табиғи ошақтылығы жөнінде теория тұжырым жасады, тейлериоз, безноитиоз ауруларының қоздырғыштарының тіршілігін, табиғаттағы айналым жолдарын, айналаға таралуын зерттеді; токсоплазмозды анықтау, одан сақтану әдістерін тапты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. ## Шығырамалар * Кровососущие клещи Казахстана. В 5-ти томах. Алма-Ата, 1946-1953. * Токсоплазмоз животных. Алма-Ата, 1965. * Диагностика токсоплазмоза. Алма-Ата, 1971. * Жизненный цикл токсоплазм. Алма-Ата, 1974. ## Дереккөздер
Александр Александрович Гапеев (7.8.1881, Ресей, Кромы қ. – 26.7.1958, Мәскеу қ.) – геол.-минерал. ғылым доктыры (1934ж.), профессор (1920ж.), Ресейдің еңбек сің. ғылым қайраткері (1933ж.). Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1910). 1923 жылдан Орал тау-кен институтының директоры, 1926 ж. Мәскеу тау-кен академиясында, 1930–1948 ж. Мәскеу тау-кен институтында, 1948–1954 ж. Мәскеу геол. барлау институтында профессор болған. Лонецк, Кузнецк, Екібастұз көмір алабының геология құрылысын зерттеу және жаңа көмір қорларын табу жөнінен алғаш рет іргелі ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргізген. 1936–1950 ж. оның жүргізген геология зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қарағанды көмір алабында кокстелген көмірдің жаңа көздері ашылды. Көмір жіктелімінің және қатты кен байлықтарының қоры жөніндегі еңбектердің авторы. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1948ж.). ## Наградалар (1948 ж.) I дәреженiң Сталин сый ақысы кокстаушы көмiрлердiң жаңа бөлiмшелерiнiң Қарағанды көмiр хауызындағы ашу жабдықтаған геологиялық зерттеулерде. Қызыл туды Трудовое орденi. Ленин орденi. 1941—1945 ж. ұлы отан соғысындағы қажырлы еңбекке медаль. Қарағанды қаласында Гапеева көше бар болады. ## Дереккөздер
Евгений Викторович Вучетич (28.12.1908, Ресей, Екатеринослав (қазіргі Днепр қаласы) - 12.4.1974, Мәскеу) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957), КСРО халық суретшісі (1959), Социалистік Еңбек Ері (1967), КСРО Көркемсурет академиясының академигі (1953). * 1926- 1930 ж. Ростов суретшілер мектебінде, 1931 - 1933 ж. оқыған. * Ленинград пролетарлық өнер институтында (қазіргі Санкт-Петербург) оқыған. * 1957 - 1959 ж. "Қазақстан сюитасы" деген атпен республиканың атақты тұлғаларының (М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Б.Момышүлы, т.б.) мәрмәрден қашалған 19 портреттен тұратын сериясын жасады. Лениндік сыйлық (1970), КСРО Мемлекеттік сыйлық (1946, 1947, 1948, 1949, 1950) және Дж. Неру атындағы сыйлықтың (1963) ие-гері. 2 рет Ленин орденімен, 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Генс Григорий Федорович(1782–1845ж.) – Ресей империясының генерал-майоры, қазақ даласын зерттеуші. 1807 ж. Санкт-Петербургтегі әскери-инженер. корпусты бітірген соң Орынборға қызметке жіберіледі. 1820 жылдан Орынбор корпусының инженерлер тобының бастығы, 1824–1832 ж. Орынбор кадет корпусының директоры, 1832–1844 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы болды. Осы жылдары ол қазақ халқының өмірімен жақын танысып, тарихи-этногр. зерттеумен айналысты. Орынбор шекаралық комиссиясының архивін ақтарып, ретке келтірді. ГенсТорғай жерінен табылған мыс, қорғасынның бай көзі туралы хабарды Құлын Сәтиев деген қазақтан естіп, Тобыл мен Торғай аралығына экспедиция ұйымдастырды. Генстің қазақтардың шығу тегі, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, т.б. жөнінде мол мағлұматтар беретін шамамен 22 томдық қолжазбасының (күнделіктер, жеке мақалалар) көпшілігі Орынбор облысы архивінде сақтаулы. Оның құнды деректерінің ішінде татар жиһанкезі Мұртаза Файзуллиннің 1807 ж. Аягөз маңындағы бір қазақ ауылында қағазға түсіріп алған «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» жырының қысқаша мазмұны да бар. Генстің Бөкей ордасындағы толқулар, қазақ сұлтандарының арасындағы қарым-қатынас, Орал казак әскерлерінің қазақ жеріне көз алартуы, Кіші жүз қазақтарының этн. құрамы, т.б. жөнінде мағлұматтары ғыл. жинақтарға енді. ## Дереккөздер
Геодезиялық Пункт— геодезиялық өлшеулер нәтижесінде орны белгілі бір координаттар мен биіктіктер жүйесінде анықталған геодезиялық тірек торларының нүктесі. Геодезиялық Пункт центрінің координаттары (абсцисса, ордината және абс. биіктігі), сондай-ақ бағдарлау пунктіне бағытталған дирекциялық бұрыштардың мәндері геодезиялық каталогтарда сақталады. Координаталары триангуляция әдісімен анықталатын Геодезиялық Пунктін триангуляциялық пункт деп, ал полигонометрия әдісімен анықталатын пунктті полигонометриялық пункт деп атайды. Геодезиялық Пункт биіктіктері нивелирлеу арқылы анықталады. Геодезиялық тор құрайтын Геодезиялық Пункттер жер бетінде жүргізілетін әр түрлі топогр. зерттеулерде, инж. жұмыстарда қолданылады. Геодезиялық пункт - жергілікті жерде центр салып және үстіне белгі қойылып белгіленген, айналасы орланған геодезиялық пункт. Пункт центрінің координаталары (абсцисса, ордината және абсолюттік биіктік), сондай-ақ бағдарлық пункттерге карайғы бағыттардың дирекциондық бұрыштары геодезиялық каталогтерде көрсетіледі. Бағдарлық пункттер жергілікті жерде топыраққа салынған центрмен, үстіне орнатылған ағаш немесе бетон бағанмен және шеңбермен орланып белгіленеді. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
Геолог — Атырау облысының Атырау қалалық әкімшілігінің құрамындағы ауыл, округ орталығы болған. 2019 жылы қала құрамына енгізілді. ## Географиясы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде, Атырау — Астрахан т.ж. мен автомобиль магистралы бойында, шөл белдемде орналасқан. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша ауылда 8256 тұрады. ## Тарихы Іргесі 1939 ж. геологиялық барлау жұмыстарының кеңеюіне байланысты қаланды. 1997 жылға дейін Махамбет ауданының “Придорожный” ауылдық кеңесінің құрамында болды. ## Инфрақұрылымы Геологта кен орындарын іздеу мен зерттеуді жүзеге асыратын “Геолог” мемлекеттік кәсіпорны, орта мектеп, аурухана, клуб, т.б. мекемелер бар. ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер
Әбдірайым Байтұрсынұлы(қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы Нұраталды, 1897 — 1959) — ақын, жырау. Ауыл молдасынан, кейін Бұхара медресесінде білім алып, шығыс тілдерін жетік меңгерген. Шығыстың көне классик. әдебиетінен, өзінен ілгергі Қызылқұм, Сыр, Қаратау өңірі шайырларынан көп үйренеді. Олардың асыл мұраларын ел арасына насихаттауға ат салысқан. Ел ішіндегі алаяқтарды қуларды шенеген мысқыл, мысал өлеңдері мен жас ұрпақ тәлім аларлық өсиет, нақыл, толғаулары бар. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қарапайым еңбек адамдарының қажырлы еңбектерін дәріптейтін туындылары жергілікті баспасөз беттерінде жиі басылып тұрды. Өз бетінше толықтырған “Алпамыс”, “Шора батыр” жырларының нұсқалары қазақ фольклорының бағалы үлгілерінің қатарында саналады. Әбдірайым шығармалары ҚР ҒМ-ҒА Орт. ғыл. кітапханасының сирек кітаптар қорында сақтаулы.
Георгиевка каналдары – Қырғызстан мен Қазақстан аралығындағы ірі суару-суландыру жүйелерінің бірі. Канал құрылысы 1931 жылы басталып, 1935 жылы пайдалануға берілген. ## Гидрологиялық сипаты Георгиевка каналдарының Шу өзеніндегі бөгеттен екі тармаққа бөлінген жеріне дейінгі аралығы – 4,2 км, табаны – 12 м, терендігі – 2,5 м. Қордай ауылының тұсында канал оң және сол тармақтарға бөлінеді. Каналдың оң жақтағы үзындығы 40,5 км, табаны – 1–3 м, терендігі – 1–1,77 м, су өткізгіштігі – 7,92 м³/с. Каналдың сол жақтағы ұзындығы — 48,7 км, табаны – 7–12 м, терендігі – 0,7–2,5 м, су өткізгіштігі – 11–31 м³/с. Георгиевка каналдары арқылы Қордай ауданының мыңдаған га егістігі суарылады. ## Дереккөздер
Гептнер ергежейлі қосаяғы (лат. Salpingotus heptneri) – кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң. Арал өңірінің оңтүстік-шығысының эндемигі. Олар тек Қызылқұмның шөлдерінде ғана мекендейді. Құм басқан тақырлар мен шағыл құмды төбелерде тіршілік етеді. Дене тұрқы 4,0 – 5,5 см, салмағы 10 – 17 г. Құйрығының ұзына бойын жапқан қысқа қылшықтарының ұшындағы шашағы қара түсті әрі үлпілдек болады. Арқасының түсі сұр, басы үлкен. Алдыңғы аяқтары қысқа, жемін ұстауға, ін қазуға бейімделген, артқы аяқтары ұзын, үшбармақты, оның көмегімен секіріп, тез қозғалады. Гептнер ергежейлі қосаяғы өсімдіктердің тұқымдарымен, жемістерімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға түнде шығады. Тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында қысқы ұйқыға кетіп, наурыз айында оянады. Жылына 2 рет көбейіп, сәуір – маусым айларында 2 – 4 қосаяқ табады. Гептнер ергежейлі қосаяғы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Геологиялық ғылымдар институты (ГИН), ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалы негізінде 1940 ж. ұйымдастырылған республикадағы тұңғыш академиялық ғыл.-зерт. ин-ты. Ин-ттың негізін қалаған әрі бірінші директоры — академик Қ.И.Сәтбаев болды. ## Тарихы 1940 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің геологиялық секторы негізінде Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылған. Институт 2-дүниежүзілік соғыс жылдары қалыптасты. Соғыс уақытындағы зерттеулер елдің қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталды. Институтта іске асырылған Орталық Қазақстан, Алтай, Қаратаудың марганец, мыс, полиметал және сирек металдар кен орындарын игеру жұмыстары Орал, Сібір,Қазақстан мен Орта Азияның қорғаныс зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Соғыстан кейінгі жылдары институтта геологиялық ғылымының басым бағыттары дамытылды. Олар: аймақтық геология, тектоника, минералогия және Жер қыртысының геологиясы, металлогения, кенді аудандарды кешенді зерттеу, мұнай мен газ кен орындарының геологиясы. ## Ғылыми бағыттары Қазақстанның аймақтық геологиясын зерттеу, оның ішінде геология түсірілім мен аймақтық картография, стратиграфия, палеонтология, тектоника, литология, геморфология, петрология – институт қызметінің негізгі бағыттары болып келеді. Соңғы онжылдықтағы ғыл. жұмыстарды жеделдету тұжырымдамасы және Жер қыртысы мен мантияның терең құрылысы жөніндегі жаңа деректердің нәтижесінде зерттеулер қарқыны жаңа екпін алды. Ин-ттың басты ғылыми бағыттары: Қазақстанның кенді аудандарындағы Жер қыртысы мен литосферасының геол.-геофиз. ерекшеліктері; металлогения; кен түзілу процестері және респ-ның кенді аудандарын кешенді зерттеу; энергетикалық шикізат (мұнай, газ, көмір, жанғыш сланец) кен орындарының геологиясы; бейметалл кендер геологиясы; геоэкология. Ғыл.-зерт. жұмыстары ин-ттың аймақтық геол., стратиграфия және палеонтол., петрол., геоморфол. және атмосфераны қорғау, литология және жанғыш шикізаттар, геофиз., минерал. және геохим., кенді аймақтар бөлімдері мен лабораторияларында, сондай-ақ ин-ттың Өскемендегі, Ақтаудағы және Щучинскідегі бөлімшелерінде орындалады. Барлық ғыл.-зерт. бағыттары бойынша Қазақстан геологиясы мен минерагениясын құрайтын іргелі және қолданбалы нәтижелер алынды. Ин-тта жүргізілген стратиграф. және палеонтол. зерттеулердің (Р.А.Борукаев, Е.Д.Шлыгин, В.Ф.Беспалов, С.М.Бандалетов т.б.) нәтижесінде респ. аумағындағы геол. қабаттардың стратиграфиясы нақтыланды, ал кейбір қабаттардың стратотиптері (мыс., төм. кембрий) әлемдік эталон ретінде халықар. деңгейде қолданылады. Қазақстан аумағындағы магматизмді жете зерттеу әр түрлі типті құрылымдарда магмалық процестердің дамуын анықтауға мүмкіндік берді (Н.Г.Сергиев, В.К.Монич, Т.Шолпанқұлов, А.Нұрлыбаев, Г.Ф. Ляпичев, Қ. Әбдірахманов, т.б). Қазақстан тектоникасын зерттеу нәтижесінде иілімдік құрылымдар мен терең жарылымдардың даму модельдері жасалды, респ. аумағы құрылымдық-фациялық негіз бойынша аудандастырылды (Н.Г.Кассин, Г.Ц.Медоев, А.Қайыпов, Г.Н.Щерба, Е.И.Паталаха, т.б.). Әр түрлі геофиз. зерттеу әдістерін ұштастыру, оларды геол. әдістермен бірге қолдану нәтижесінде Жер қыртысының терең қабаттарының құрылымы анықталды, кен орындарын іздестірудің жаңа критерийлері жасалды (Д.Н.Казанли, Б.М.Оразаев, Д.Әлмұханбетов, А.Н.Антоненко, Н.И. Көшербаев, Ш.Б.Бермұханов, М.Ш. Өмірсеріков, т.б.). Негізін Қ.И.Сәтбаев салған металлогениялық зерттеулер нәтижесінде металл топтары бойынша (қара, түсті металдар, полиметалдар) болжамдық-металлогендік карталар тұрғызылды. Бұл карталардың жаңа кен орындарын іздеу-барлау үшін маңызы зор болды. “Қазақстан металлогениясы және маңызды кенді аймақтарды кешенді зерттеу” тақырыбы бойынша жүргізілген жұмыстарға КСРО Мемл. сыйл. (1985) берілді (А.А.Абдулин, А.Қайыпов, В.Г.Ли, Г.Ф.Ляпичев, Л.А.Мирошниченко, Е.И.Паталаха және Г.Н.Щерба). Құрамында күмісі бар кен орындарының негізгі типтері, ең басты алтын кенді аудандар анықталды (Қазақстан Мемл. сыйл., 1995; Х.А.Беспаев, Т.М. Жәутіков, В.Н.Матвиенко). Минералдардың типоморфтығы, табиғи парагенезисі, белдемділігі, қоспалары туралы алынған жаңа мәліметтер кендердің түзілуі бойынша іргелі мәселелерді шешуге мүмкіндік берді (Т.А.Сәтбаева, Б.И.Вейц, Е.А.Анкинович, Н.М.Митряева, М.К. Янулова, М.М.Қайыпова, М.Қ.Сәтбаева, т.б.). Кентастарды геохим. әдістермен іздеудің теориялық негіздері жасалды (Х.А.Беспаев, А.Н. Литвинович, К.М. Мұқанов, Н.Г.Сыромятников, т.б.). Г. ғ. и-нда қалыптасқан сейсмостратиграфия саласының іргелі маңызы бар, ал мұнда құрастырылған стратиграфиялық сұлбалар респ-да мұнай-газ кендерін іздестірудің сенімді негізі болды. Оңт. Торғай мұнай-газ алабын, оның ішінде Құмкөл мұнай кенін ашқаны үшін ин-ттың 7 қызметкері “Кен орнын тұңғыш ашушы” белгісімен марапатталды. Мұнай геологиясы саласында жүргізілген зерттеулер әлемдік деңгейге шықты (П.Я.Авров, Э.К.Азнабаев, А.Б.Ли, П.Т.Тажибаева, М.М.Маташев,Э.С.Воцалевский, С.М.Оздоев, Х.Х.Парагульгов, т.б.). Көмір геологиясы саласы бойынша Қарағанды мен Екібастұз көмір алаптарының дәл карталары құрыстырылды, қорлары болжанды (Г.Л.Кушев, Т.М. Азизов, И.Н.Рощин, т.б.). Басқа ғыл.-зерт. ин-ттарының мамандарымен бірлесе отырып, Арал, Каспий, Жетісу өңірлерінің экол. апатқа ұшыраған аудандарының табиғи қорлары мен экол. жағдайлары туралы тақырыптық карталар (инж.-геол., гидрогеол., жаңа тектоник. құрылымдар, топырақ пен өсімдік жамылғысы, антропогендік процестер, т.б.) құрастырылды (1992-97). Қазақстанда кездесетін кен түрлері бойынша (мұнай-газ, алтын, қара металдар, т.б.) барлық кен орындарының сипаттамалары берілген 10 анықтамалық басылымдар шығарылды (1994—96, А.А.Абдулин, Х.А.Беспаев, С.Ж.Дәукеев, Л.А.Мирошниченко, т.б.). Ин-тта респ-дағы ең ірі геол. музей жұмыс істейді. Ин-т Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған, 1964 ж. акад. Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілген. ## Марапаттар Институт ғалымдарының өндірістік және басқа ғылыми ұйымдардың геологтарымен бірлесіп, «Қазақстан металлогениясы және басты кенді аудандарды кешенді зерттеу» мәселесі бойынша көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмыстары 1985 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Геология мен металлогения саласындағы елеулі еңбектері үшін институт қызметкерлері мәртебелі сыйлықтармен марапатталған. Атап айтқанда: * Лениндік сыйлық – 8, * КСРО Мемлекеттік сыйлығы – 13, * Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы – 15, * Қазақ КСР-і Министр Кеңесінің сыйлығы – 9, * Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық – 5, * Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық – 3, КСРО Ленин комсомолы сыйлығы – 1 адамға берілген. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен (1967) марапатталған. ## Халықаралық қатынастары Институттың халықаралық шығармаларына байланыстары дамып келеді. Оның ғалымдары ЮНЕСКО арқылы, «Литосфера», «ЭЛАС жобалары» бойынша көптеген елдермен бірлесіп, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жасап, геология зерттеулер жүргізіп келеді. ҚХР, АҚШ-пен тікелей екіжақты ынтымақтастық орнатылған. Институт ғалымдары халықаралық геологиялық форумдарға (1964, 1968, 1976, 1980, 1984, 1988, 1992, 1996, 2000), тас көмір стратографиясы мен геологиясы (1975), палеонтология (1971), геохимия (1971) комиссияларына белсене қатысуда, саз бен сазды минералдарды зерттеу, кембрийге дейінгі тектоника бойынша өткізілген халықар. конференцияларға, ордовик пен силур жөнінен өткізілген симпозиумдарға, халықаралық геофизика одағының ассамблеяларына, т.б. қатысты. Негізгі кен байлықтары бойынша дүниежүз. іс-тәжірибеде тұңғыш рет іргелі зерттеулер негізінде құрастырылған монографиялар, анықтамалықтар (35), Қазақстанның минерагендік картасы, Қазақстанның мұнай-газ қорын болжау картасы, Қазақстанның терең тектоник. құрылымының картасы, Қазақстанның геологиялық картасы, Оңтүстік-Батыс Алтай мен Семей полигонының геология және металлогендік карталары Бразилияда өткен 31-халықаралық геологиялық конгресте көрсетіліп, әлем мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болды. ## Дереккөздер
Гетум Елшілігі – Армян патшасы Гетумнің Қарақорымдағы Мөңке хан сарайына келген сапары. Кіші Армения патшасы Гетум І (1227 – 1269) патшалық билікті әкесі Константин Ламброн және ұлдары Левон мен Торосқа тапсырып, қазіргі Қазақстан жері арқылы 1254 ж. Қарақорымдағы ұлы хан Мөңке ордасына елшілікті өзі басқарып келген. Ол сапар барысында жазған жолжазбаларында Қазақстанның сол кездегі тарихы мен географиясына қатысты мәліметтер қалдырған. Гетум елшілігі Еділ бойындағы Бату ханның ордасынан Жайық өзені арқылы шығысқа қарай бет түзеп, Сарыарқаның үстімен Ертісті кесіп өтіп, 1254 ж. 13 қыркүйекте Шыңғыс хан империясының астанасы Қарақорымға жетеді. Оның басты мақсаты Шыңғыс хан империясына төлеп отырған салықты мүмкіндігінше жеңілдету және оны армяндардың өздерінің жинауына рұқсат алу болды. Гетум елшілігі қайтар жолында Шығыс Түркістанның Алмалық, Ілебалық қалаларын басып өтіп, Оңтүстік Іле жолымен Таразға соғып, Қаратау сілемдері арқылы солтүстікке бағыт түзейді де, Сығанақтың солтүстігінде орналасқан Сартақ ордасына жетеді. Оған жолыққаннан кейін Сығанаққа кері қайтып, Сауран мен Иасы (Түркістан) арқылы Отырарға жетеді де, Сырдариядан өтіп, 1255 ж. Арменияға қайтып оралады. ## Дереккөздер
Алмасбек Сейітұлы Әбдірахманов (01.07.1939, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1989). Ресей Федерациясындағы Әскери автомобиль училищесін (1960), Тыл және транспорт әскери академиясын (1968) бітірген. 1968 — 77 ж. Орта Азия әскери округінің әскери бөлімдерінде автомобиль-трактор қызметінің бастығы, нұсқаушы, аға офицер, 1977 — 80 ж. Алматыдағы Әуезов ауданының әск. комиссары, 1980 — 84 ж. Орал облысы әск. комиссары, 1984 — 87 ж. Қазақстан Әск. комиссарының орынбасары, 1987 — 92 ж. респ-лық ДОСААФ төрағасы, 1992 — 94 ж. ІР Қорғаныс мин-лігі Бас штаб бастығының орынбасары — ұйымдастыру-мобилизациялау басқармасының бастығы болды. ҚР Қарулы күштерін қалыптастыруда, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде үлкен еңбек сіңірген. КСРО және ҚР-ның медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Гильманов Мұрат Құрмашұлы (23.4.1942 ж.т., Қырғызстан, Ош қ.) – биология ғылым доктыры (1990 ж.), профессор (1992 ж.), Қазақстан ғылым академиясының акад. (2003 ж.). ҚазМУ-ды (1966 ж., қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1968–1983 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 1983 жылдан Молекулярдық биология және биохимия институтында зертхана меңгерушісі. Гильмановтың негізгі ғылыми жұмыстары өсімдіктегі азот айналымының энзимологиясын зерттеуге арналған. Ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің минералды азот ассимиляциясы процесінің негізгі көзі – НАДФГДГ-ны (никотин-амида-денинди-нуклеотид-фосфат-глютамат-дегидро-геназа) алғаш рет тауып, маңызын дәлелдеді. Өсімдіктердің өсуіне қажетті гормон – цитокининнің молек. және клеткалық механизмдерін ашты. Гильманов бұрын зерттелмеген клетканың бір құрамдас бөлігі – сферосомалардың (фосфатидилинозитол мен белоктарды сақтауға қатысады және цитокинин сигналын жүзеге асырады) құрылымы мен қызметін анықтады. Ол сонымен қатар глютаматтың қайтымсыз ыдырауын жүзеге асыратын ферментті алғаш рет тауып, сипаттады. Гильмановтың басқаруымен жүргізілген зерттеулер гүлді өсімдіктердегі азот айналымының негізгі сатыларын реттеуде және оның негізгі функциясын түсінуде, практикалық биотехнология жаңа мүмкіндіктер ашты. ## Дереккөздер <references>
Гидротермальдық кендер – жер асты ыстық суларының айналымы кезінде түзілетін кендер. Жердің терең қойнауындағы ыстық магма суынып, тау жыныстарына айналғанда, гидротермальдық ерітінділер бу күйінде бөлініп шығады. Бу жер бетіне қарай көтерілгенде, біртіндеп суынып, сұйық ерітіндіге айналады. Гидротермальдық кен орындары бірнеше геол. кезеңдерді қамтып, Жердің беткі қабаттарынан бастап 10 км тереңдікке дейін түзіледі. Процестің басында су ерітінділерінің температурасы 600 – 700°С болса, біртіндеп суына келе бұл шама 25 – 50°С-қа дейін төмендейді. Гидротермальдық кентастар 100 – 400°С дейінгі температура аралығында түзіледі. Гидротермальдық ерітінділер тектоник. жарылымдар мен үлкенді-кішілі жарықтар арқылы жоғары көтерілгенде кен құраушы компоненттер шөгіп, қуыстарды толтырады да желі тәрізді кен орындары түзіледі. Ал ерітінді кеуек немесе ұсақ жарықшалы жыныстардан өтсе, оның құраушылары сыйыстырушы жыныстармен хим. реакцияға түсіп, кен минералдары солардың орнын басады да метасоматиттік кендер түзіледі. Гидротермальдық кен денелері, көбінесе желі, штокверк, қабат, т.б. пішінді болады. Олардың ұзындығы бірнеше км-ге дейін созылады, ені бірнеше см-ден ондаған м-ге дейін жетеді. Құрамына байланысты гидротермальдық кентастар: сульфидтік (мыс, мырыш, қорғасын, молибден, висмут, никель, кобальт, т.б. кендерін түзеді), оксидтік (темір, вольфрам, тантал, ниобий, уран, қалайы кендері), силикаттық (сирек металдар мен бейметалдар кендері), жеке элементтік (алтын, күміс кендері), карбонаттық (кейбір темір және марганец кендері) болып бөлінеді. Гидротермальдық кендердің генетик. жіктелімі кен түзілген ортаның тереңдігіне, физ.-хим., мех. ерекшеліктеріне, гидротермаль ерітінділерді туғызған магманың құрамына және сол тұстағы геотектоник. жағдайға, кентастың минералдық және элементтік құрамына, т.б. табиғи факторларға негізделген. Қазақстанда Гидротермальдық кендердің генетик. және өндірістік типтері түгел дерлік кездеседі. Алтай мен Сарыарқада, Тарбағатай, Мұғалжар тауларында, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Қаратауда, Талас Алатауында, т.б. қатпарлы құрылымдарда ірі Гидротермальдық кендер бар. Бұлардың ішінде Кенді Алтайдағы Зырянов, Лениногор, Николаев, Бақыршық, Сарыарқадағы Жезқазған, Қоңырат, Қарағайлы, т.б. кен орындары көп жылдан бері игеріп келеді. ## Дереккөздер
Гладышев Дмитрий (туған - өлген жылы белгісіз) – Қазақстанды зерттеуші, Орынбор драгун полкінің поручигі, капитан. 1740–1943 жылдары геодезист И.Муравинмен бірге Орынбордан Мәнітөбе арқылы Арал тауы мен Хиуаға экспедиция жасады. Олар сапар барысында Қуаңдарияға жақын Адам Ата өз. бойындағы Әбілқайыр хан ордасында болып, Шахтемір, Хиуа, Шават, Ходжелі мен Орскіні аралады. Бұл сапарлары жөнінде есептерінде Ор мен Сырдария бойындағы қамалдардан Ханка қ-на дейін жүріп өткен жерлердің картасы, Әбілқайыр хан мен парсы шахы арасындағы бір-біріне жазған хаттарының мазмұндары берілген. Сонымен қатар Арал т. жағалауларына география сипаттама жасалып, қазіргі Әмударияның төм. ағысы бойын қоныстанған халықтарға қатысты маңызды мағлұматтар да қамтылған. Қазақ, қарақалпақ халықтарына хиуалықтарға қатысты этногр. мәліметтер берілген. ## Дереккөздер <references>
Осип Сергеевич Глозман (25.1.1900, Литва, Вильнюс қаласы – 27.7.1976, Алматы қаласы) – медицина ғылым докторы (1937), профессор (1939). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Саратов университетін бітірген (1922). 1946 жылдан Алматы мемлекеттік медицина инситутутында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) патофизиология кафедрасын, Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) патофизиология лабораториясын басқарды. Негізгі ғылыми еңбектері гематология, жалпы патология, патология-физиология мәселелеріне арналған. Глозман жедел өтетін токсикоздарды емдеу әдістерін тапты. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер <references>
Глубокое — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы кент, аудан және Глубокое кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 23 км жерде, Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1779 жылы қаланған. Глубокоеда Ертіс мыс қорыту, нан, кірпіш зауыттары, т.б. бар. Глубокое арқылы Өскемен – Глубокое – Семей автомобиль жолы өтеді. ## Дереккөздер
Гүлсім Әбдірахманова(12.12.1917 Қарағанды облысы Нұра ауданы — 7.10.1970 Семей) —актриса, Қазақстанның халық артисі (1964). Алматы театр көркемсурет училищесін бітірген (1937). Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін Семей музыкалық драма театрында актер болды. Ол музыкалық һәм драмалық қойылымдарда бірдей ойнап, көп қырлы талантымен көрермен қауымның құрметіне бөленді. Осы театрдың әр кезеңде қойылған, М. Әуезов қаламынан туған “Еңлік — Кебегі” Еңлік, “Қарақыпшақ Қобландыдағы” Қарлыға, “Айман — Шолпандағы” Айман, Теңге, “Түнгі сарындағы” Жүзтайлақ, “Қарагөздегі” Маржан, Ә.Тәжібаевпен бірігіп жазған “Ақ қайыңдағы” Алтыншаш рөлдерін келістіріп ойнады. Өз замандастарының бейнесін жасауда да Әбдірахманованың еңбегі зор. Жер — Ана (Ш. Айтматовтың “Ана — Жер — Анасы” бойынша), милиционер әйел (Қ. Шаңғытбаев пен К. Байсейітовтың “Ой, жігіттерінде”) т.б. рөлдер оның актерлік шеберлігін танытты. Актрисаның драм. қабілетімен бірге, тамаша әншілік өнері көптеген музыкалық қойылымдарда ойнауға мүмкіндік берді. Олардың ішінде — Софья (Б.А. Александровтың “Малиновкадағы тойында”), Ақжүніс (С. Камалов пен Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғынында”), Қамқа (Ғ. Мүсірепов пен Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегінде”), Телли (У. Гаджибековтің “Аршин мал аланында”), Клементина мен Елена (И.Ю. Дунаевскийдің “Еркін желі” мен “Шалқар теңізінде”) т.б. рөлдердің актрисаның шығармашылық жолында ерекше орны бар. Ол өзінің жарқын өнерімен театрдың драмалық һәм музыкалық келбетінің қалыптасуына мол үлес қосты. ## Дереккөздер
Николай Никитич Головацкий (05.03.1912 жыл, Житомир – 21.03.1995 жыл, Жаркент) – Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ісінің жаңашылы; екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1966, 1985), Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері (1973). ## Өмірбаяны * 1938-43 ж. Панфилов ауданы "Красный Восток" ұжымшарының төрағасы * 1943-50 ж. шекара әскерлерінің қосалқы шаруашылығының директоры * 1950-92 ж. Панфилов ауданындағы "Октябрьдің 40 жылдығы" атындағы ұжымшардың төрағасы бодцы. Головацкий басшылық еткен осы ұжымшар жыл сайын мемлекетке 100 мың центтерден астам жүгері тұқымын өтюзіп, орта есеппен әр га-дан 55 ц астық жиналды. ## Марапаттары * Ленин * Еңбек Қызын Ту * Октябрь революциясы» ордендерімен марапатталған. Головацкийге Панфилов ауданы Головацкий ауылында (бұрынғы "Молодежный" ауылы) ескерткіш орнатынған. ## Дереккөздер
Таңбалытас (2008 жылға дейін - Горный) — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Халқы ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 103 км-дей, Отар темір жолы станциясының шығысынан 23 км жерде, Қота арналарындағы сай-жыралармен тілімденген қуаң далада орналасқан. Ауыл аумағында бірнеше әскери бөлімшелер бар. ## Инфрақұрылымы Мұнда тұрмыстық қызмет көрсету мекемесі, аурухана, клуб, орта мектеп, т.б. жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жолдармен қатынасады. ## Дереккөздер
Әбдірашит Нәбиұлы Байболатов(4 маусым 1929 ж.т., Шыңжаң, Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы Ақтөбе ауылы) — ақын, жазушы, фольклоршы. Шыңжаң жазушылар одағының мүшесі. * “Үш аймақ әскеріне” қатысқан. * 1975 — 1982 ж. Шыңжаң жазушылар одағының органы “Шұғыла” журналының * 1982 ж. “Мұра” журналының бас редакторы болды. ## Шығармалары Алғашқы өлеңі 1948 ж. жарияланған. * “Өмір қайығында” өлеңдер жинағы (1983, Пекин) * “Қос емен” повестер жинағы (1987, Пекин) * “Тау қыраны” романы (1990, Үрімші) жарық көрді. “Тау қыранында” 1944—1949 ж. Шыңжаңда ұлт азаттығы үшін гоминданшылармен шайқасқан қазақ азаматтарының ерлік іс-әрекеттерін суреттеген. Ол 1982 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, жүйелеу және баспадан шығару жұмысына басшылық етіп: * “Қазақтың ғашықтық жырларын” (3 т.) * “Қазақ қиссаларын” (12 т.) * “Қазақ шежіресін” (1 т.) * “Қазақ шешендері мен шешендік сөздерін” (2 т.) * “Байырғы қазақ айтыстарын” (1 т.) баспадан шығарды. ## Дереккөздер
Грехов полиметалл кен орны - Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Кен орны 1936 жылдан зерттеліп, 1957 жылдан игеріле бастады. ## Кентас құрамы Кентастардың құрамында мырыш, қорғасын, мыс, күміс, аздап кадмий, алтын, мышьяк, сурьма, галлий, т.б. бар. ## Дереккөздер
Гродеков Николай Иванович (1843–12.12.1913, Ресей, Санкт-Петербург қ.) – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен этнографиясын зерттеуші. Александров кадет корпусында оқыған, кейін Константинов әскери уч-щесін, Николаев академиясын бітірген. 1873 жылға дейін Кавказда әскери қызметте болды. 1873 ж. Хиуа жорығына қатысты, 1879 ж. ген. К.П.Кауфман басқарған экспед. корпус штабының құрамында болып, Ауғанстанның солт. мен Иранның шығыс аудандарына барлаушылық мақсатта сапар шекті. Г. 1880 ж. Ақалтеке өңіріндегі түрікмен тайпаларын жаулап алуға қатысты. 1883–1908 ж. Орт. Азияда әскери әкімш. қызмет атқарды. Сырдария облысы әскери губернаторы (1883–93), Түркістан ген.-губернаторы, Түркістан әскери округінің қолбасшысы (1903–1908), 1902 ж. Ресей Мемл. Кеңесіне мүше болды. Г-тың «Сырдария облысының қырғыздары мен қара қырғыздары» (1889) аталатын еңбегінде әдеттік құқық мәселелеріне байланысты материалдармен қатар, этногр. мәліметтер, тарихи аңыздар, батырлық дастандар жинақталған. Түркістанда болған сапарлары кезінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптарын зерттеп, маңызды деректер жинады. Г-тың Ортa Азия халықтарының байырғы әскери өнері, этнографиясы мен мұсылмандық құқық туралы еңбектерінің бірқатары француз, неміс тілдеріне аударылған ## Дереккөздер <references>
Грибановский Анатолий Павлович(2.9.1936 жылы туған, Ресей, Омбы облысы, Москаленки ауданы, Николаевка селосы) – техника ғылымы докторы (1982), профессор (1995), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1996). Омбы ауыл шаруашылық институтын бітірген (1960). Грибановский 1960–1962 жылдары Шығыс Қазақстан облысы. Қатонқарағай ауданындағы кеңшарда механик-бақылаушы, машинатрактор шеберханасының меңгерушісі болды. 1962–1991 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1991–1992 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының механикаландыру және электрлендіру бөлімінің акад.-хатшысы, ал 1992–1996 жылдары осы академияның 1-вице-президенті қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы бас директорының 1-орынбасары. Негізгі ғылыми еңбектері топырақты аудармай өңдеу және қар тоқтатуға арналған машиналар мен құралдарды жобалау теориясы мен өлшемдеріне арналған. Ол дәнді дақылдарды егу, тыңайтқыш енгізу, әсіресе, топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын машиналар мен құралдардың кешенін жасауда үлкен еңбек сіңірді. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988). ## Дереккөздер <references>
Құтлұқ Жабғу қаған (т.ж.б. – 742) – Шығыс Түркі қағанатының мойындалмаған қағаны (741 – 742). 742 ж. көтеріліске шыққан басмылдар, қарлұқтар, ұйғырлар қолынан қаза тапқан.
Гурхан – Қидандар мемлекеті (1125 – 1213) билеушісінің лауазымы. Тарихи деректерде қидан тіліндегі «гурхан» сөзі «хандардың ханы», «ұлы хан» дегенді білдіреді делінген. Тұнғыс – манчжур тілдерінде «гуру» сөзінің мағынасы «мемлекет», «ұлыс». Қидандар қытай деректерінде чидан, қарачидан деп аталса, араб-парсы, түркі-моңғол тілдеріндегі деректерде кібдан, киден, кита, хита, қытай, қарақытай деп көрсетілген. Олар кезінде қазіргі Қытайдың солтүстігінде Қидан патшалығын құрған (907 – 1125). Қидандар 1114 ж. журжан (шүршіт) тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырап, патшалық ыдырай бастады. Бір бөлімі патшалықты билеген ақсүйек тұқымы Қидандар Елюй Даши бастауымен Орталық Азияға басып кіріп, 1131 ж. патшалықты қайта орнатып, Елюй Даши өзін Гурхан деп жариялады. Тарихта бұл Батыс Ляо, яғни Батыс Қидан патшалығы болып, ал астанасы «Ғұз Орда» (Баласағұн қаласының маңында) аталды. Территориясы қазіргі Шығыс Түркістан,Жетісу өңірі және Мауераннахрды қамтыды. Жүз жылға жуық өмір сүріп, 1212 ж. найман ханы Күшліктен жеңіліс тапты. ## Дереккөздер
Гутковский Карл Казимирович (1815, Ресей, Каменец-Подольск губ. – 1867) – Ресейдің әскери қызметкері, Қазақстанды зерттеуші, Ш.Ш.[Уәлихановтың ең жақын достарының бірі. Кадет корпусы мен Ресей Бас штабының әскери академиясын бітірген. Батыс Сібір ген.-губернаторы, князь Г.Г.Горчаковтың аға адъютанты, Семей облысы губернаторының жәрдемшісі (1847), Ұлы жүз қазақтарын басқарушы (1850), Сібір қазақтары облысы басқармасының төрағасы, сол облыстың әскери губернаторының жәрдемшісі (1851–1963) болған. Омбыға келгеннен бастап (1838) Г. әкімш. қызмет атқарумен қатар, қазақ даласын зерттеу ісімен де шұғылданған, Сібір Кадет корпусында геогр. мен геодезиядан сабақ берген. Уәлихановтың ғыл. мұрасын баспаға әзірлеу ісіне ат салысқан. 1865 ж. Уәлиханов қайтыс болғаннан кейін Орыс геогр. қоғамында ғалымның еңбектерін жинап, баспаға даярлау жөнінде мәселе көтерген. Сол жылы Уәлиханов еңбектерінің толық жинағын жарыққа шығару жөнінде комиссия құрылып, оның жауапты хатшысы болып генерал Г. сайланды. ## Дереккөздер <references>
Грунт сулары (нем. grund — негіз, табан) — жер бетіне таяу жатқан тұрақты сулы қабаттардағы гравитациялық сулар. Олар көбінесе атмосфералық жауын-шашынның, өзен, көл, бөген, суару каналдары мен шахта суларының жерге сіңуінен пайда болады. Грунт суларының арын күші жоқ немесе өте әлсіз, ал су деңгейі жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Мұндай суларды ұңғыма немесе құдық арқылы ашқанда, олардың деңгейі қай терендікте ұшырасса, сол тереңдікте тұрақталады. Грунт суларының таралу және қоректену аймақтары, әдетте, бір-біріне сәйкес келеді. Сапасы жақсы грунт сулары кішігірім елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Орналасқан ауданының геологиялық құрылысына, геоморфол. жағдайына және жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай грунт суы өзен аңғарлары мен көл ойыстарында, құм төбелер, жазық далаларда, өзенаралық жазықтарда, таулы өңірлерде, тау беткейлерінде кездеседі. Грунт суы кездесетін жерлерде грунт тасқыны не грунт алабы болады, кейде екеуі де болуы мүмкін. Грунт тасқынында су біршама көтеріңкі тұстан төменірек жатқан жаққа ағады. Мұның өзі жер бедерінің ерекшеліктеріне (өзен аңғарының еңістігі, грунт тасқынын кесіп өтетін сайлар, жыралар, көл ойысы, өзен арнасы, т.б.) байланысты. Грунт алаптары жер бетіне таяу жатқан ылғал өткізбейтін қабаттың үстіндегі құм қабаттарында болады. Қазақстанда грунт алаптары көне кристалл жыныстар кең тараған Сарыарқада және құмды өңірлерде кездеседі. Грунт суы жер бетіндегі қар, жаңбыр суымен, кейде конденсациялық сулармен толығады. Климаты әр түрлі аудандарда Грунт суының толығуы да түрліше. Табиғатта Грунт суының таралуына климат, жер бедері, топырақ, өсімдік түрлерінің таралуы да әсер етеді, Грунт суы көптеген қалалар мен елді мекендерді, өнеркәсіп орталықтары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Грунт суларының ағыны — жер асты суларының гидравликалық еңістің әсерімен қоректену аймағынан, еркін су алмасу белдемінің арылу аймағына қарай бағытталған ағыны.Грунт суларының беті — грунт суларының еркін, бос беті. Грунт суы - жер бетіне жақын жатқан бірінші арынды су қабатының үстіңгі жағында орналасқан арынсыз немесе жергілікті ғана арыны бар жер асты сулары. Грунт суының жату тереңдігі, химиялық кұрамы, режімі климаттың, топырақтың және өсімдік жамылғысының озгеруін көрсетеді. Орманды, орманды-далалы және далалы аудандарда грунт суы түщы немесе сол ғана минералданған, құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді жерлерде тұзды Грунт суы басым болады. ## Грунт суының айнабеті Грунт суының беті; түскен қысым атмосфералық қысымға тең болатын грунт суының жоғарғы шекарасы (беті). Жалпы алғанда грунт суының режимі біршама өзгермелі, оның еркін айнасы - деңгейі, астында жатқан бір ғана су тірегі болады және судың арыны болмайды. Грунт суы жер қыртысында сулы қабатауқымында деңгейі биіктеу орналасқан бөлікшеден деңгейі төмендеу бөлікшеге қарай баяу жылыстайды, яғни ағады. ## Тақырыпқа байланысты * Жер асты суының жатыс жағдайлары * Қалқыма су * Топырақ суы * Қабатаралық су ## Дереккөздер
Гүлбадан Бегім (1523 – 1603) – Захир әд-Дин Бабырдың қызы. Гүлбадан Бегімнің 1585 – 87 ж. ш. жазған «Құмайыннаме» атты еңбегінде қыпшақ даласындағы тарихи оқиғалар, Бабырға еріп Үндістанға барған қыпшақ нөкерлері, атбегілер, құсбегілер мен қолөнер шеберлері, қазақтың тұңғыш тарихшы. ## Сыртқы сілтемелер * "Құмайыннаме" мәтіні (ағылшын тілінде)
Ғаббас әл-Жауһари, Аббас әл-Жауһари, Ғаббас ибн Сайд әл- Жауһари (9 ғ-дың 1-жартысы) — астроном, математик. Отырар оазисіндегі Жауһарана (қазіргі Гауһартөбе) қалашығында туған. Бағдатқа шақырылып, Ортаазиялык ғалымдармен бірге Бағдат обсерваториясы мен "Даналық үйінің" негізін қалаған. Ол 829—830 жылы Бағдатта жөне 832—833 жылы Дамаскіде жүргізілген астрон. бақылауларға қатысады. Бұл бақылаулар негізінде "Мамунның астрономиялық кестелері" деп аталатын еңбек жазылды. Ғаббас әл-Жауһари — Евклидтің "Негіздерін" түсіндіруге, толықтыруға арналған бірнеше трактаттардың авторы. Ол шығыс математиктерінің ішінде ең бірінші болып Евклидтің параллель түзулер аксиомасын сынға алды. Евклидтің 5-қағидасын дәлелдеуге әрекеттеңді. Ол бұл ретте үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы және бұрыш ішіндегі кез келген нүктеден бұрыштың 2 қабырғасын қиып өтетін тузу жүргізуге болатынын дөлелдеді. Ғаббас әл-Жауһаридің параллель түзулер туралы идеяларын кейіннен Әбу Жафар ат-Туси дамытты. ## Дереккөздер
Лев Николаевич Гумилев (1 қазан 1912, Ресей, Петербор губерниясы, Царское село — 15 маусым 1992, Санкт-Петербург) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог, XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы. Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман. Пассионар этногенез теориясының негізін салушы. ## Өмірбаяны Ақын Николай Гумилев пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген. 1917-1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді. 1934 ж. Гумилев Ленинград университетінің тарих факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихи жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы «Удельно-лестничная система у тюрок в VI–VIII вв.» мақаласын жаза бастайды. Бірінші рет 1935 ж. түрмеге қамалады, бірақ анасының аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 ж. Гумилев қайта түрмеге қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады. 1944 ж. өз еркімен майданға кетіп, 1945 ж. Берлин операциясына қатысады. 1945-1948 ж. университетті жедел (экстерно) түрде бітіріп, «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғады. Тұтқында жүргенде «Хунну» кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды: «Хунну» (1960), «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970). Алғашқы екі кітабында Гумилев ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. 60-70 жылдарда Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) мақаласында көрсетілген. Гумилевтің тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) мақаласы болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады. 1991 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдарынң акдемигі (РАЕН) болып таңдалды. Зейнетке шыққанға дейін 1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің география Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1992 жылы 15 маусымда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Александро-Невской лаврлары Никольскта жерленген. 2005 жылы тамызда Қазанда «Санкт-Петербург күндеріне және Қазан қаласының мыңжылдығын тойлауына байланысты» Лев Гумилевке ескерткіш қойылды, онда мынандай сөздер жазылған: «Өмір бойы татарларды жала жабудан қорғаған орыс адамына».Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гумилевтің есімімен аталды. 2002 жылы университет қабырғасында Л. Н. Гумилевтің кабинет-мұражайы құрылды. ## Негізгі еңбектері * «Этногенез и биосфера Земли», АСТ, Астрель, 2005 ж., ISBN 5-17-031811-1, 5-271-12025-2 * «Конец и вновь начало», АСТ, АСТ Москва, Хранитель, 2007 ж., ISBN 978-5-17-044877-7, 978-5-9713-5990-6, 978-5-9762-3829-9 * «В поисках вымышленного царства», Товарищество «Клышников — Комаров и К», 1992 ж., ISBN 5-87495-006-0 * «Древняя Русь и Великая степь», Астрель, АСТ, 2004 ж., ISBN 5-17-026279-5, 5-271-09769-2 * «История народа хунну», АСТ, Люкс, 2004 ж., ISBN 5-17-026629-4, 5-9660-0501-X * «Тысячелетие вокруг Каспия», АСТ, АСТ Москва, Харвест, 2008 ж., ISBN 978-5-17-051463-2, 978-5-9713-9145-6, 978-985-16-6196-7 * «Черная легенда», Айрис-Пресс, 2008 ж., ISBN 978-5-8112-3377-9 * «Древний Тибет», ДИ — ДИК, 1996 ж., ISBN 5-87583-022-0 * «Открытие Хазарии», ДИ-ДИК, 1996 ж., ISBN 5-87583-023-9 * «Волшебные папиросы» 1993 (написал в Норильском лагере в 1942 ж., решился записать на бумаге в 1966 ж., издано посмертно). ### Л.Н. Гумилев мұражайы Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері — Е. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты. 2004 жылы Н. В. Гумилева ғалымның Мәскеу жұмыс кабинетiн университетімізге мұра етіп қалдырған болатын. Онда жұмыс үстелі, баспа машинкасы, кресло, кiтап шкафы, кiтап, фотосурет және (мүсінше, құмыра, сиясауыт) әр түрлi мемориал заттары бар. Л. Н. Гумилевтiң мұражай экспозициясын кеңейту мен Мәскеуден Астанаға Л. Н. Гумилевтiң Мәскеу кабинетiн тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімді 2005 жылы университет ректоры, профессор С.Әбдiманапов қабылдаған болатын (2004-2008 жж.). 7 қазан күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде немере жиені, профессор Маргарита Иоанновна Новгородованың қатысуымен Л. Н. Гумилевтің мұражай-кабинетінің жаңа экспозициясының тұсаукесері өткен болатын. 2012 жылы Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е.С. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілді. Бүгінде Л.Н. Гумилев мұражайы Мұрағатталған 7 ақпанның 2013 жылы. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мұражай Мұрағатталған 12 ақпанның 2013 жылы. нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино-, фото-, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін дереккөздерін. Мұражайдың түпкi мақсаты — Л. Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу, еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату. Мұражайдың негiзгі міндеті — Л. Н. Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу. ## Сыртқы сілтемелер * Л. Н. Гумилев — толық кітапнама * Л.Н. Гумилев – көрнекті тарихшы-еуразиятанушы Мұрағатталған 3 наурыздың 2010 жылы. * Гумилев, Лев Николаевич (1912—1992) в Библиографическом словаре репрессированных востоковедов «Люди и судьбы» * Гумилев Л. Н. в Новейшем философском словаре(қолжетпейтін сілтеме) * Гумилев, Лев Николаевич — Биография. Библиография. Высказывания
Ғаббасов Араб Мақаұлы(12.12.1903 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 2002) – а. ш. ғыл. докт. (1945), профессор (1954), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Мәскеу а. ш. академиясын бітірген (1930). 1932–41 ж. педагогтік қызметте, 1941–1946 ж. КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінде аға ғыл. қызметкер, Қазақстан ғылым академиясының бөлімшелері мен базалары кеңесі төрағасының орынбасары, 1946–1950 ж. Қазақстан ғылым академиясының Шөл игеру ин-тының директоры, 1951–1977 ж. Ботаника ин-тында бөлім меңгерушісі болды. Өзі ұйымдастырған және басшылық еткен Шөл игеру ин-тында, Жезқазған, Іле ботан. бақтарында алыс текті будандастыру және мутагенез әдістері арқылы бидай мен жүгерінің түраралық және туысаралық будандарын алды. Олардың селекциясы мен генетикасын зерттеді. Табиғи жайылымдарды пайдалану шараларын белгілеп берді. Бидай мен қарабидай буданының (тритикале) коллекциясын жасады. ## Дереккөздер <references>
Ғазауат - араб, жорық, шабуыл - дін жолындағы қасиетті соғыс. Мұхаммед пайғамбар бастаған мұсылмандар Медине қаласына қоныс аударғаннан кейін (622) өздерін және жаңа қалыптасқан жас ислам қоғамын қауіп-қатерден қорғау үшін меккелік мүшриктер мен иахудилерге қарсы жүргізілген соғыстары ғазауат деп аталды. Ғазауат соғыстарының негізгілері мыналар: Бәдір (624), ¥хүд (625), Азхаб (627), Бәни Мұсталық (627), Хайбар, Мүте (629), Хүнайн-Әутас (630), Таиф (630) және Тебүқ (630) шайқастары. Бұл ұрыстарда мұсылмандар жағынан 139, ал олардың қарсыластары жағынан 112 адам, барлығы 251 адам қаза болған. Ақыры мұсылмандар Мекке қаласын 630 жылы қаңтар айында азат етеді.Ғазауат соғыстары пайғамбар бастаған мұсылмандардың жеңілген қарсыластары мен қолға түскен түтқындарға жасаған асқан кеңшіліктерімен, кешірімдерімен де әйгілі. Сондай-ақ мұсылмандардың осы кезеңдердегі Византияны, Сасани әулеті мемлекетін және Таң патшалығын тізе бүктірген соғыстары да ислам елдерінде Ғазауат деген жалпы атаумен аталады. ## Тағы қараныз * Жиһад * Ислам * Мұсылман * Мекке ## Дереккөздер
Гульницкий Леонид Викентьевич (4.4.1908, Беларусь, Брест облысы Барановичи ауданы – 6.12.1991, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1951), проф. (1951). Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1958). Беларусь мемл. ун-тін бітірген (1930). 1932–1941 ж. Беларусь мемл. мед. ин-тында оқытушы, Минск геофиз. обсерваториясы директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1941–46 ж. Алматы геофиз. обсерваториясының директоры, бөлім меңгерушісі болды. 1945 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) кафедра меңгерушісі, сонымен қатар 1945–52 ж. Қазақстан ғылым академиясының Астрофиз. ин-тында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері қазіргі физиканың логикалық-теор. негіздеріне, актинометрия және радиац. метрология мәселелеріне арналған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер <references>
Ғазел - парсы-тәжік және түркі тілдес халықтар поэзиясында орта ғасырларда ерекше дамыған, кемі үштен он екіге дейін бәйіттен тұратын шағын лирикалық өлең. Ұйқас түрі а а, в а, с a, d а, т.с.с. болып келеді. Екі жолдық бәйітпен өріліп, соңғы бәйітте, көбінесе, автордың поэтикалық есімі (тахаллус) беріледі. Негізгі мазмұны - махаббат сезімін жырлау болып келеді. Сәтті, сәтсіз махаббат күйі шертіледі. Ғазелдің айтулы шеберлері - Низами, Сағди, Хафиз, Жәми, Әлішер Науаи, т.б. Ғазел жанры кейін Батыс Еуропа әдебиетіне де көшкен. Неміс поэзиясында (И.Гете, Ф.Боденштед, А.Платен), орыс әдебиетінде (А.Фет, В.Брюсов, В.Иванов, М.Кузьмин) ғазел жанрында өлеңдер жазылды. Алайда, ғазел таза шығыстық стильді талап ететіндіктен, Батыс Еуропа ақындарының шығармалары поэтикалық тәжірибе, стильдік еліктеу түрінде болды. Түркі халықтарының кейінгі поэзиясында да ғазел жанрында жазылған шығармалар бар. Мысалы, түрік әде­биетінде Шейһ Галип, Яхуа Кемал, қазақ әдебиетінде Ақан сері, Әсет, т.б. ақындар. ## Дереккөздер
Ғазиз Файзоллаұлы(туған жылы белгісіз, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы - 1930, Петропавл қаласы) - әнші, ақын, композитор. Қоянды жәрмеңкесінде өнер сайысына түскен. Әнді, көбінесе, он екі тілді сырнаймен орындаған. Оның екі әні А.В. Затаевич құрастырған "Қазақ халқының 1000 әні" жинағында жарияланған. Ғазиздің әншілік талантын Ақан сері, Қ.Бабақов, Ж.Елебеков, жазушы C.Mұқанoв жоғары бағалаған. Ғазиз - "Мұқыш қыз", "Қарақат", "Төрт Райхан", "Қарағайлы", "Коңыр", "Шалқыма", "Көктің көлі", "Қайран Мұқыш", "Ақ еркеш", "Іңкәржан", "Қарындаш", т.б. әндердің авторы. Оның әсіресе, "Ғазиз", "Шалқыма" әндері халық арасына кең тараған. ## Дереккөздер
Ғақлия - көркем қара сөз, нақыл сөздің бір түрі, дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер, трактат. Ғақлия араб сөзі «дана сөз», «даналық маржан сөздер» деген ұғымды білдіреді. Ежелгі дәуірдің өзінде Шығыс әдебиетінде бар болған бұл прозалық жанр қазақ әдебиетіне XIX ғасыр соңында жазба әдебиеттің нық қалыптасқан тұсында жаңғырып келді. Ғақлия сөздерде қоғамға қажетті сан алуан мәселелер қозғалады. Қазақ әдебиетінде Абай, Ыбырай шығармаларында ғақлия сөздер мол кездеседі. Абайдың пайымдауынша, ғақлияға жүйріктер хакім, ғақлияға жүйріктер ғалым аталады. Ал хакім ғалымнан биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана айналыспай, ортақ заңдылықтарды танып ашуға ұмтылған ойшылдығы себепті де бұл дәрежеге жете алады. ## Дереккөздер
ҒАЛИЕВА Гүлжиһан (Ордабаева), Гүлжаһан Қалиқызы (11.11.1917, Алматы - 1982, сонда) - Қазақстанның халық артисі (1968), актриса, көркемсөз оқушы. Сары Үйсін руынан шыққан. Мәскеу қаласындағы театр өнері ин-тының жанындағы қазақ студиясын бітірген (1938). 1941 ж. Қазақ ақад. драма театрында, 1941 - 1946 ж. Орт. біріккен қиностудияда актриса, 1946 - 1965 ж. Қазақ филармониясында конферансье, 1965 - 1982 ж. Эстрада және цирк өнері студиясында (қазіргі Рес.п. эстрада-цирқ өнері қолледжі) директоры қызметін атқарған. Ол сондай-ақ, "Гүлдер" ансамблі мен Қазақ циркінің негізін қалаушылардың бірі. Ғ. - көрқемсөз оқудын, концерттік бағдарламалар жүгізудің шебері ретінде халық жадында қалды. Оның репертуарында Жамбыл, М.Әуезов, Т. .Жароков, Ә.Тәжібаев, Ж.Молдағалиев, т.б.шығармалары болды. Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендері мен марапатталған. ## Дереккөздер
Ғалия медресесі, Медресе Ғалия – Башқұртстанның Үфі қаласында 1872 жылы ашылған мұсылмандық жоғары діни оқу орны. Медреседе дін сабақтарымен қатар араб, парсы, түрік, орыс тілдері, шығыстану тарихы, химия, физика, математика, география, т.б. жаратылыстану ғылымдары оқытылған. Оның ұйымдастырушысы түркі зиялысы Зия Қамали. Медресенің "Ғалия" (араб.: "ұлы", "мәртебелі"‎) аталуы оның жоғары дәрежелі ежелгі оқу орны екенін аңғартады. "Ғалия Медресесі" Еділ бойы, Орталық Азия, Қазақстан аумағына жоғары білімді оқытушы мамандар даярлаған прогресшіл бағыттағы білім ұясы болған. Онда дін сабақтарымен қатар араб, парсы, түрік тілдері, исламдық құқық (шариғат), шығыстану тарихы, арифметика, география, математикамен қатар орыс тілі мен әдебиеті де оқытылған. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында "Ғалия Медресесінде" көптеген талапкер қазақ жастары оқыған. Солардың ішінде М.Жұмабаев, Б.Майлин, Т.Жомартбаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, А. Мәметов, Қ.0разбаев, И.Тасболатов, Ш.Назаров, Ғ.Тоқшарбеков, Ғ. Қамзин, Мұхамедғали Оразбаев, т.б. не бары 1913 жылы қазақтан 50 бала оқыған. Мұнда қазақ қыздары да оқыған. Медреседе жалпы 500-ге таяу шәкірт білім алған. "Ғалия Медресесіндегі" қазақ шәкірттерінің қаражатымен 1911 жылы "Әліппе яки төте оқу" атты қазақша оқулық, 1913 - 14 жылдан бастап Б.Майлиннің негіздеуімен Садақ атты журнал шығарған. ## Дереккөздер
Мәлік Ғабдуллин (15 қараша 1915(19151115), Көкшетау облысы, Зеренді ауданы —2 қаңтар 1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды. ## Қызмет бастамасы М. Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды. ## Әдебиетке қосқан үлесі М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті.Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді.Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді. ## Қызметтері М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957), Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі. ## Шығармалары: * Менің майдандас достарым, А., 1947; * Алтын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерктері, А., 1949; * Проблема народ­ности қазахского героического эпоса, А., 1953. * Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958; * Майдан очерктері, А., 1959; * Ел намысы - ер намысы, А., 1966; * Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966; * Сұрапыл жылдар. А., 1972; * Қазақ эпосы, А., 1971; * Менің майдандас достарым, А., 1985. ## Дереккөздер
Ғарыш алаңы, космодром – ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен тех. құралдар орналасқан жер. Ғ. а-ның басты нысандарына тех. позиция, старттық және командалық-өлшеу кешендері жатады. ## Дереккөздер
Әкірам Меңліғалымұлы Ғалимов (17.11.1892, Астана - 7.8.1913, Ресей, Челябі облысы Троицк қаласы)- ақын, жазушы, драматург, педагог. 1905 жылы Троицкідегі "Рәсулия" медресесінде оқиды. Медресенің бастауыш бөлімін бітірген соң,Қостанай маңына қоныс аударып, қазақ балаларын оқытқан. 1911 - 13 ж. тұңғыш қазақ журналы "Айқапта" қызмет істеген. Тырнақалды өлеңдері осы басылым беттерінде жарық көрген. Туындыларын татар және қазақ тілдерінде жазған. Қазақ тілінде "Жастық жемістер" (1912) өлеңдер жинағын жариялап, "Бақытсыз сұлу" повесін, татар тілінде "Май мәселесі" (1913) атты сықақ пьесасын жазған. Сонымен қатар "Ақмола", "Шора", т.б. журналдарда көптеген өлең, әңгіме, мақалалары басылып турды. Әкірамның "Замандастарға", "Қыста", татар тілінде жазылған "Бақытсыз сұлу", т.б. шығармалардың авторы. Ағылшын ақыны Джордж Байронның, татар ақыны Ғ.Тоқайдың біркатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған. ## Шығармалары: * Жастық жемістері, Қазан. 1913; * Бейшара қыз, "Айқап", 1912, №11; * Өкініш, "Айкап", 1911, №10; * Қыс, "Айқап", 1912, №1, Троицк. ## Дереккөздер
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (29 желтоқсан 1917, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы - 21 сәуір, 2008, Алматы) - қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961), Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші. ## Өмірбаяны * 1943 ж. Алматы көркемсурет училищесін бітірген. * 1949 ж. Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының мода өнері факультетін бітірген. ## Шығармашылығы Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты және нәзік бейнеленген. Суретшінің кез келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады. Шығырмашыық жұмысын: * "Махаббат туралы аңыз" (1954) * "Шабандоз қыз" (1955) * "Бұл Шұғылада болған еді" (1955) фильмдеріне эскиз жасаудан бастады. Алғашқы кескіндемелік туыңдылары: * "Тоқымашылар" (1951) * "Г.Разиеваның портреті" (1952) * "Автопортрет" (1956) * "Халық таланттары" (1957) * "Халық ісмері Б.Бәсенованың портреті" (1958) * "Дастарқан" (1959). 20 ғасырдың 60-жылдары "Абай әні" кинофильмі желісіне арналған кескіндемелік шығармалар топтамасын ("Билер соты "Үйлену тойы", "Той", "Айтыс", "Кездесу", т.б.) салды. Сондай-ақ, әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. 60-70-жылдар Ғалымбаева шығармашылығының кемелденген кезеңі болды. Бұл уақытта суретші * "Аяққалқан" * "Жайлау соқпағы" * "Көне көзе" * "Қобыз" * "Сары алма" * "Қызыл апорт", т.б. пейзаждар мен натюрморттар Қазақ бейнелеу енерінің алтын қорына енген: * "Батыр ана" (1966) * "Қазақстан әндері" (1962) * "Ежелгі керамика" (1966) * "Қостанай. Алтын 238 дән пирамидалары" (1971) * "Бейбітшілік" триптихи (1975) * "Жердің сыйы" (1978) * "Береке" (1980), т.б. шығармаларын жазды. Сәндік-монументтік сарындағы композициядарды салуда Ғалымбаеваның жаңа көркемдік ізденістері төмендегі шығармаларынан айқын байқалады: * "Біз заманымызды мақтан етеміз" (1965) * "Бір кесе қымыз" (1967; Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1972); Портрет жанрында: * "ұлымның портреті" (1964) * "Жазушы Ғарифқызы Мұстафиннің портреті" (1965) * "К.Байсейітованың портреті" (1974) * "Өнер зерттеуші Г. Сарықұлованың портреті" (1975) * "Актриса С.Майқанованың Ш.Уалиханов анасының рөліндегі портреті" (1976) * "Актриса Х.Бөкееваның "Абай" спектакліндегі Әйгерім реліндегі портреті" (1976) * "Оралдық келін" (1978), т.б. шығармалары отандық суретшілердің осы жанрдағы үздік туындылары қатарынан орын алады. Суретші шығармаларына тән нәзік лиризм оның 20 ғ-дың 90-жылдарындағы * "Қызыл раушан гүлдері" * "Шұғынық гүлдер" * "Жемістер мен гүлдер" туындыларында айқын байқалады. "Қазақтың ұлттық киімдері" (1958, 1976) альбомының авторлары. Ол Алматы керкемсурет училищесінде және ҚазПИ-де дәріс оқыды. ## Марапаттаулары * "Еңбек айырмашылығы үшін" медалі (1959). * Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961). * Қазақ КСР Халық суретшісі (1967). * Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). * Еңбек Қызыл Ту орденімен және "Құрмет Белгісі"орденімен марапатталған. * Парасат Ордені (2007). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * "Қылқалам" - Айша Ғалымбаева YouTube сайтында * Айша Ғалымбаева – киносуретші және ұлттық костюм білгірі Мұрағатталған 26 қарашаның 2021 жылы.
Ғийас Әд-Дин Ибн Масуд Жәмшид Әл-Кәши(Ғиасуддин Жәмшид әл Кашани , т.ж.б. – шамамен 1436/37) – математик және астроном, Орталық Азиялық ұлы ғалым. Көлемді 10 – 15 кітап жазған. Арифметика кілті (1427) деген еңбегінде көрсеткіші натурал сан болатын бином формуласын пайдалануға негізделген түбір табу тәсілдері баяндалған;Жәмшид әл Кашани — Ислам кезеңіндегі әйгілі ғалым, математиктердің бірі. Ол астрономия саласына қажетті дәл өлшейтін құралдар ойлап тапты. Еуропалық ғалымдар Ғиасуддиннің математика саласындағы білімі еуропалықтардан жоғары екенін мойындаған. Ғиасуддин Джамшид Кашани қамаридің 824 жылы Ұлықбектің шақыруымен Самарқандқа кетіп, қаладағы обсерватерияны басқарды. Оның математика саласындағы белгілі еңбектеріне "Пи" саның, яғни шеңбер периметрінің радиусына деген қатысты үлкен дәлелдікпен шығаруы жатады. Оның бұл өнертабысына келесі 150 жылға дейін теңелетін өнертабыс болмады. Ғиасуддин Жәмшид Кашанидің математиматика саласындағы әдістері соншалықта қызықтыратындай болғаннан, үлкен математиктер оларды ұқыпты зерттеген. Ғиасуддин Жәмшид Кашанидің математика саласында көптеген маңызды еңбектері бар. Олардың бірі "Ресале Мухитие". Ол бұл кітабін қамаридың 827 жылы аяқтаған. Дәл осы уақытта оның бір нұсқасы Мешхедтегі Разави кітабханасында бар.
Ғұлама Қоғамы– 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан өлкесінде жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында құрылған қоғамдық-саяси ұйым. С.Лапин төрағалық еткен. Қоғам Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті жанынан «Махкама-и шариат» (Шариғат мекемесі) деген атпен өкілдер мәжілісін (сенат) құруды, Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен болашақта құрылуға тиіс Бүкілресейлік парламент тарапынан Түркістанға қатысты шығарылатын заңдарды осы шариғат мекемесінде бекітуді талап етті. Ташкенттегі халық бұқарасы арасында зор беделге ие болғанына қарамастан, «Ғұлама қоғамы» бұл талапты Түркістан Ресейге тәуелділіктен біржола құтылғанда ғана жүзеге асыруға болатындығын ескермеді. Осыған байланысты сол тарихи кезеңде қалыптасқан саяси жағдайда байыптылық танытуды жақтаған «Шуро-и-ислам» ұйымымен араздасты. «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесінің» «Шуро-и-ислам» ұйымымен ымыраға келуге шақырған ұсынысына құлақ аспады. «Ғұлама қоғамы» Түркістан өлкесіне ұлттық-территориялық автономия берілуін жақтады. 1917 ж. 6 желтоқсанда Түркістан автономиясына қолдау көрсету мақсатында Ташкент қаласында өткен митингіге «Ғұлама қоғамы» өкілдері де қатысты. Түркістан автономиясы құлағаннан кейін «Ғұлама қоғамы» кеңестік билікпен келісіп жұмыс істеуге ризалық танытты. . ## Дереккөздер
Ғұмырнама,мемуар (гр. bios - өмір, grapho - жазамын) - жеке тұлғаның өмірі мен атқарған жұмыстарының жылнамасы. Әде­биеттану ғылымында жазушының өмір жолын зерттеу. Бұл зерттеушілік жұмыс үшін өте қажетті, өйткені суреткердің өмірлік тәжірибесінің әлеуметтік тұрмыстық жай-күйі, толғаныстары көркем шығармашылықта кө­рініс береді. Көркем образдардың прототиптерін білуге, шығармашылық процесте жеке өмірлік материалдардың қорытылу жайын түсінуге, суреткердің лабораториялық құпиясын ашуға көмектеседі. Сондай-ақ, күнделіктер, хаттар, замандастарының естеліктері және суреткердің өзі жазып қалдырған әр түрлі деректер ғұмырнама жазуға негіз болады. Биографияның бір тү­рі - автобиография, яғни, автордың өзі жазып қалдырған ғұмырнамасы. Ғұмырнама - көркем ғұмырнама, ғылыми ғұмырнама, академиялық ғұмырнама, т.б. түрлерге бөлі­неді. Ғұмырнама жазу дәстүрі көне дәуірден басталады (мысалы, Плутахтың "Салыстырмалы өмірі"). Әлемдік әдебиетте ғұмырнама жазудың шеберлері қатарында Дж. Вазары, Дж. Фостер, С.Цвейг, Р.Роллан, т.б. аталады. Көне түркі ескерткіштері де (7 г.) ғұмырнама үлгісімен жазылған. Мұның өзі қазақ әдебиетіндегі ғұмырнама жанрының та­рихы ертеден басталатынын аңғартады. М,Дулатовтың 20 ғасырлың басындағы ғұмырнамалық мақалалары, М.Әуезовтің Абай, Қ. Жұбановтың Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы туралы жазған кітаптары қазақ әдебиетіндегі ғұмырнама жанрының кемелденуіне ықпал ет­ті. Кеңестер Одағында "Тамаша адамдар өмірі" ғұмырнамалық сериясы танымал болған. 20 ғасырдың соңында Д. Қонаев, X. Ерғалиев, М. Мағауин, Ә. Нұршайықов, Қ.Жұмаділов, т.б. тұлғалардың ғұмырнамалық шығармалары жарияланған. ## Дереккөздер
Ғұн тілі, Ғұн сөзі делініп жүрген атаулардың көбісі ертедегі Қытай жылнамаларында сақталған адам аттары, атақ-лауазым, жер-су, ру-ұлыс атаулары мен ішінара қару-жарақ, мал және мал өнімдері, музыка аспаптарының атаулары ғана. Қазіргі қолда бар деректерге қарағанда
Ғұшыр, үшір (араб. o{о – бір нәрсенің оннан бірі) – кейбір мұсылман елдерінде 8 – 19 ғ-ларда халықтан алынған салық түрі. Ғ. егін шығымының оннан біріне салынған. ## Дереккөздер
Ғұндардың Қап тауына жорығы– 4 ғ-дың соңына қарай ғұндардың Кіші Азияны бағындыру мақсатына жасаған әскери жорығы. Ғұндар Қара т-дің солт. жағалауын жаулап алғаннан кейін Кіші Азияға бет бұрды. 395 ж. Қап (Кавказ) тауынан өтіп, Кіші Азияға басып кірді. 397 жылға дейін Сирияны,Каппадокияны, Месопатамияны бағындырды. Ол өңірдегі халықтардың ішінде Шығыс Рим империясының қол астына қараған парттар ғана ғұндарға бағынбай қалды. Осылайша Кіші Азияға түркі тілдес халықтың енуі ғұндардан бастау алды. ## Дереккөздер
Ғылымдар академиясы — ғылыми-зерттеу мекемесі немесе ғылыми-зерттеу мекемелерін біріктіретін қоғамдық ұйым. Ғылым академиясына ұқсас мекемелер б.з.б. болған (қ. Академия). Ал Еуропада 15–16 ғасырларда көптеген ғылыми қоғамдарға академия атауы берілген. Қазіргі кезде дүние жүзінің көптеген елдерінде (мыс., АҚШ, Англия, Италия, Қытай, Франция, Қазақстан, т.б.) ұлттық ғылым академиялары жұмыс істейді. Ғылым академиялары әр елде түрліше аталады (мыс., Ұлыбританиядағы Корольдік қоғам) әрі олардың құрылу принципі, құрылымы, мүше саны, т.б. әр түрлі болып келеді. ## Дереккөздер <references>
Ғұмар Қараш (1875 жыл Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Қырқұдық деген жері - 12 сәуір, 1921 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округі жеріндегі Құнаншапқан) - ақын, қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны * Ғұмардын руы — Кіші жүз құрамына кіретін ноғай-қазақ. Оның ішінде қояс, одан Оразақай. Әйгілі Шәлгез жырау Тіленшіұлы Ғұмардын түп атасы делінеді. Ғұмар әкеден жастай жетім қалса да, ауқатты ағайындары арқасында қатарынан қалмай білім алған — әуелі ауыл молдасынан оқып, хат танып, сауат ашады. Кейін Ғұмар Жазықұлы, Ысмағұл Қашғари сияқты молдалардан, Жалпақтал (Фурманов) елді мекеніндегі Ғұбайдолла Ғалікеев хазіретінен дәріс алғаны айтылады. Ғұмар жастайынан татар, орыс, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. * 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейұлының шақыруымен Көлборсыға мүғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. * 1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлуетін көтеруге атсалысты. * Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. * 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне қатысады. * 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ съезіне қатысады. * 1917 жылдың 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысаып, баяндама жасайды. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алаш Орда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сиезде қази болып сайланды. * 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мүғалімдерінің бірінші съезіне (24 қыркүйек, 1918) қатысады. * 1918-1920 жылдары губерниялық кеңестердің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. * 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада ұйымдастырылған айына екі рет шығатын, қазақтың тұңғыш педогогика журналы «Мұғалімге» басшылық етеді. * 1919 жылы «Дұрыстық жолы» газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. * 1920 жылы маусымда Бөкейдің II губерниялық коммунистік партиясы конференциясында губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы I пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. * 1921 жылы 12 сәуірде Большевиктер сапына кіріп, кеңес жұмысында жүрген Ғұмарды қызыл казактардың бандасы Ефим Панченко бастаған тобыр Құнаншапқан деген жерде қылышпен туралап өлтіреді. Ал Ғұмардын ұлтжанды туындылары «социалистік реализмге сүйенген қазақ совет әдебиетіне» сәйкес келмегендіктен алпыс жылдан аса архивтен шығарылмады. Ғ.Қараштың немересі Нәдия Қарашева «Атамызды бандылар далада келе жатырғанда шапқылап,қылышпен кескілеп өлтіріпті. Аты ауылға бос қайткан сон ауылдастары бір пәлеге ұшырағанын түсініп,ауыл болып іздеп «Құнаншапқан»деген жерден дене қалдыктарын тапқан» деп жазады естеліктерінде. F.Қараш Қараобадан батысқа қарай отыз, Құнаншапқаннан он шақырым айдаралыдағы қорымга жерленген. ## Шығармашылығы * Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды. * Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысу кезеңінде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. * Ол Ғабдолла Мүштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне мақалалар жазып тұрды. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр...» және «Көксілдер» атты екі жинақ шығарды. * Татардың "Шора" журналында 1911 жылы "Ар-ождан - сенім өлшемі" атты мақаласы жарияланған. * 1919 жылы «Мұғалім» атты журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. * Ғұмар қаласы 1917 ж. Ақпан ревкомынан кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. * Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған («Неден қорқам?», «Күн туды»). Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. * Ғұмap Қараш өлең-толғауларында, көсем сөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең-толғаулары философия ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді. * Оның мақалалары - 20-ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай» сияқты газет-журналдарда жарияланған. Ол өз шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар әл-Қараши, Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш, Ғ.Қ., Ғ. Мұштақ, Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырған. * Ғұмар шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1958) мен «Қазақстан ақындары» (Ленинград, 1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. * Өлең, толғаулары мен философия ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен (А., 1994) жарық көрді. ## Дереккөздер
Дайрабай Нұрғожаұлы - (1823, Ақмола облысы Есіл өзені бойы - 1893, Ақмола облысы Есіл өзені бойы) - күйші, домбырашы. ## Өмірбаяны Дайрабай әкесінің інісі Нарқожадан сыбызғы, ал ұстазы Көрпештен жетіген тартуды үйренген. Дайрабай Сегіз серінің көрнекті шәкірттерінің бірі. Одан қобызда, сырнайда ойнауды үйренеді. Дайрабай Сегіз серінің тобында болып, өз өнерін жан-жақты дамытады. Ұстазы оны күйшілікпен қатар жауынгерлікке, мергендікке, қолөнерге, аңшы-саятшылдыққа, атбегілікке баулиды. Дайрабай, сондай-ақ, Нияз сері, Біржан салдармен бірге болып, өнерін тыңдайды. ## Күйлері * "Айымжан", * "Көк қаршыға", * "Құла жорға", * "Ителгі", * "Қара нар", * "Кер бала", * "Қайран ұстаз", * "Кеттің, асыл Жиенбай", * "Дайрабай", * "Қожық", * "Тілеубай шаһбаз" Күйшінің "Дайрабай" күйі көптеген халық аспаптар оркестрлерінің репертуарынан берік орын алған. Осы күйдің негізінде Е.Рахмадиев 1963 ж. "Дайрабай" атты симфониялық поэма жазды. ## Дереккөздер
Дайыр(т.ж.б. – 1786) – Орта жүз сұлтаны, Барақ ханның үшінші ұлы. 18 ғ-дың 70-жылдарының ортасында Орта жүздегі найманның төртуыл, арғынның қаракерей, қоңыраттың кейбір руларының старшындары Д-ды хан етіп сайлаған.
Дала өлкесінің мұражайы– ғылыми-мәдени мекеме. 1971 ж. А. Иманов пен Ә. Жангелдиннің Торғай обл. тарихи-өлкетану мұражайы ретінде ашылған. 1998 жылдың басынан Дала өлкесінің мұражайы деп аталады. 50 мыңға тарта экспонат жинақталған (1997).
Дайрабай Ерназарұлы (1860, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу өзені бойы - 1937, Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) - күйші. Арғын тайпасының Қуандық руының Сармантай бөлімінен шыққан. Дайрабайдың бойындағы сал-серіге тән мінез-қылық, әншілік-күйшіліқ қасиет ата-анасынан дарыған. Дайрабайдың есімі Ақмола, Қараөткел, Қорғалжын төңірегіне жақсы таныс болған. "Шұбартау", "Қараторғай", "Келіншек" деген әндер шығарған.Дайрабай Кебен дейтін баймен бас араздығы салдарынан қуғын көріп, ақыры Қараөткел түрмесіне түседі. 1904 ж. түрмеден қашып шығып, ағайындарымен қоштасып, оңтүстікке бет түзейді.1937 жылғы репрессия сүргіні басталғанда Дайрабайға "жүйрік атқа, ит жүгіртіп, құс салуға құмар, ән шығарып, күй тартқан, бұрынғы заманның сән-салтанатын жақсы көреді" деген айып тағылады. НКВД-ның қызметкерлері оны тұтқындауға келер алдында ғана әйгілі күйші көз жүмады. "Дайрабай", "Қоштасу", "Қыр", "Сыр", "Сырдың суы", "Шөуілдір", "Әттеген-ай", т.б. күйлері бар. "Дайрабай" күйінің төрт нұсқасы белгілі. ## Дереккөздер
Ғұбайдолла Уәлиұлы(1778 – өлген жылы белгісіз) – хан, Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны (1824 – 39), Абылай ханның немересі. 1819 ж. Уәли хан дүние салғаннан кейін, Ғұбайдолла Орта жүзге хан сайланды. Хандық билік жойылғаннан кейін, 1824 ж. 29 сәуірде Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны,Абылай ханның немересі, Уәли ханның үлкен ұлы. 1819 жылы Уәли хан дүние салғаннан кейін Ғұбайдолла өзінің әкесінің орнына Орта жүзге хан сайланады. Бұл шешімді бекіту үшін I . Ресей патшасы Александр I ге Болат атты баласын, Қытай императоры Ежен ханға Жантөре есімді інісін жібереді. Ресей үкіметі Ғұбайдолланы хан етіп бекітпейді. 1823 жылы қытайлықтар Ғұбайдолланы хан деп таниды. 1822 жылғы Ресей империясының «Сібір қазақтары туралы» Жарғысына сәйкес хандық билік жойылғаннан кейін,Ғұбайдолла 1824 жылы 29 сәуірде Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны болып тагайындалды. Оган алтын медаль, подполковник шені берілген. Ғұбайдолла бәрінен де бас тартып, туысы Қасым сұлтанның баласы Саржанмен бірігіп, Ресей империясының қысымына қарсылық көрсетті. 1824 жылы Қытаймен байланыс орнатуға әрекеттеніп жүргенде, сотник М.И.Карбышевтің отряды оны Баянауылда 90-ға жуық сұлтан- билермен бірге тұтқынға алады. Тұтқыннан Шоң және Шорман билердің Батыс-Сібір генерал- губернаторына өтініш хат жолдауымен босатылады. 1839 жылы қайта тұтқындалып, Сібірге, Томск губернясына (Березовкаға) жер аударылды. Оны айдаудан босатуды Ресей өкіметінен Кенесары Қасымұлы 1841 жылы талап еткен. Ғұбайдолла Кенесары Қасымұлы бастаган ұлт-азаттық күрес басылғаннан кейін, 1847 жылдың қыркүйегінде елге қайтарылды. ## Дереккөздер
Дала уалаятының газеті — 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде "Акмолинские областные ведомоства" газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет. Оның жарыққа шығуы – 1882 ж. құрамына Ақмола, Семей және Жетісу облыстары кірген Дала генерал-губернаторлығының құрылуымен байланысты. Газеттің басты мақсаты – жергілікті халықты үкімет жарлықтарымен таныстырып отыру. Қазақшасының редакторлары – Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазин. Газеттің бейресми бөлімінде Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов туралы деректер басылған. Абай, Мұхамбет Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейхан, А.Құрманбаев, О.Әлжанов, С.Шорманов, М.Жанайдаров, К.Жапанов, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, Ж.Айманов, т.б. шығармалары, хаттары, мақалалары басылып тұрған. Оларда бұдан бір ғасыр бұрынғы қазақтардың қоғамдық-саяси өмірі бейнеленуі, әлеуметтік жағдайы, экономикасы, шаруашылығы, мәдениеті, салт-дәстүрі, т.б. туралы мол мәліметтер берілген. Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары ("Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Нөрік батыр", "Еңлік-Кебек", "Бозжігіт"), Алдаркөсе, Жиренше шешен, Қожанасыр аңыздары, Шығыс сюжеттері ("Мың бір түн", "Шаһнаме", "Фархат – Шырын"), мақал-мәтелдер, жұмбақтар, орыстың белгілі ақын, жазушыларының кейбір шығармаларынан аудармалар жарияланған. "Дала уалаятының газеті" басында көлемі 1/2 баспа табақ болып 4 бетке басылып тұрған. 1888 жылғы 8-санынан газет көлемі екі есе көбейтіліп, тұтас бір баспа табаққа жетіп, 8 бет болып шыққан. 4 беттік сандарында газет беті екі бөлікке бөлініп басылған. Сол жақтағы 1-бөлігінде араб әріптерімен жазылған қазақша мақалалар, оң жақтағы 2-бөлігінде орыс тіліндегі материалдар басылған. Ал 8 беттік нөмірлерінде алғашқы төрт беті түгел қазақша, қалған төрт беті орысша басылған. "Дала уалаятының газеті" аптасына бір рет, алдымен жұма сайын, кейіннен жексенбі сайын шығып тұрған. Ү.Сұбханбердинаның құрастыруымен "Дала уалаятының газетінің" материалдар жинағы 150 б.т. тұратын 4 кітап болып, 1996 ж. "Дала уалаятының газетінің" 5-кітабы, мазмұндалған библиофилософия көрсеткіші жарыққа шықты. ## Дереккөздер
Далбағай– жұқа ақ киізден немесе қалың матадан астар салып, тымақ тәрізденіп тігілетін бас киім. Екі жаны мен артқы етегі желке мен иықты тұтас жауып тұрады. Қыстыгүні малшылар тымақ сыртынан киеді. Жалбағай, жалбай, далбай, күләпара деп те аталады. ## Дереккөздер
Далалық Облыстардың Сот Бөлімдері– Ресей империясының Қазақстандағы сот жүйесін қайта құру жөніндегі 1898 жылғы заңына сәйкес құрылған органдар. Бұған дейін Қазақстанда Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886) бойынша ресми заң негізінде іс қарайтын империялық соттар, сондай-ақ қаза
Дала генерал-губернаторлығы, сондай-ақ Дала өлкесі – 1882-1918 жылдар аралығында 36 жыл өмір сүрген Ресей империясының генерал-губернаторлығы. Қазіргі Қазақстанның, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанның аумағында болды. Әкімшілік орталығы – Омбы қаласы. ## Тарихы Дала генерал-губернаторлығы Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының құрамында (1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылды) 1882 жылы 18 (30) мамырда Басқарушы Сенатқа берілген атаулы император жарлығымен құрылды. 1891 ж. 25 наурыздагы "Дала ережесі" бойынша оған Орал, Торғай облыстары қосылды. Дала генерал-губернаторының көмекшісі қызметі белгіленбеді. 1882 жылы соғыс министрі П.С.Ванновскийдің бастамасымен Ресей империясының Қытаймен шектесетін аумақтарын бір губернаторлыққа біріктіру қажеттілігіне байланысты құрылды. Генерал-губернаторлықтың құрылуымен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы жойылды, оның құрамына Ақмола және Семей облыстары қосылды. Жаңа генерал-губернатордың құрамына енген үшінші облыс бұрын Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған Жетісу облысы болды. Дала өлкесінің генерал-губернаторы, сонымен қатар, Омбы әскери округі әскерлерінің қолбасшысы және Сібір казак әскерлерінің міндет атаманы болды. Дала генерал-губернаторлығы шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түркістан генерал-губернаторлығының Ферғана және Сырдария облыстарымен, батысында Бөкей ордасымен және Самар губернаторлығымен шектесті. ## Жетекшілігі ### Генерал-губернаторлары ### Уақытша үкіметтің Дала өлкесі жөніндегі комиссары ## Әдебиет * Адрес-календарь должностных лиц правительственных и общественных установлений степнаго Генерал Губернаторства. - Омск : Тип. Акмол. обл. правления, 1892 * Губернаторская галерея: генерал-губернаторы Западной Сибири и Степного края, 1819—1917. Председатели Омского областного исполкома, 1917—1989. И. П. Шихатов. Издание «Наследие. Диалог-Сибирь». Омск. 2000 * Справочная книжка на 1895 г. о должностных лицах правительственных и общественных установлений Омского военного округа и Степного генерал-губернаторства. - Омск : Тип. Окр. штаба, 1894 * Справочная книжка на 1898 год о должностных лицах правительственных и общественных установлений Омского военного округа и степного генерал-губернаторства. - Омск : Типпография окружного штаба, 1897 * Список переселенческих и запасных участков, образованных с 1883 г. по 1 июля 1903 г. в Степном крае, Тобольской, Томской, Енисейской и Иркутской губерниях, вып. 14. - СПб. : [б. и.], 1903 * Судебные уставы Императора Александра Второго в Сибири, в Туркестане и Степных областях : закон 13 мая 1896 г. о введении Судеб. уставов в губ. И обл. Сибири с мотивами из объясн. зап. М-ва юстиции ; закон 2 июня 1898 г. о судеб. реформе в Туркест. крае и Степ. обл.: полн. текст Судеб. уставов имп. Александра II с изм. / сост. В. Сальмонович и Н. Громов. - 2-е, пересм. и доп. изд. - Томск : Изд. кн. магазина П. И. Макушина (Паровая типо-литогр. П. И. Макушина), 1898 (обл. 1899) ## Дереккөздер
Даната құрбақасы (Bufo danatensіs), құйрықсыздар отряды құрбақалар тұқымдасына жатады. Дене тұрқы 56 – 67 мм, салмағы 16 – 30 г. Түсі қоңыр жасыл. Жасыл құрбақадан ерекшелігі – дене мөлшері кіші, денесі мен аяқтарында теңбіл дақтары көп. Даната құрбақасы биологиялық таксон ретінде ғылымға 1978 жылдан белгілі. Түрікменстанның оңтүстік-батысында орналасқан Кюрендаг тауындағы Даната бұлағынан табылған, аты соған байланысты қойылған. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының суқоймаларында таралған. Таулы, шөлді жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Сәуірдің аяғында 2,0 – 4,5 мың уылдырық шашады, олар 3 тәуліктен соң, итшабаққа айналады. Қорегі: құмырсқа, шөп қандалалары, ызылдақ қоңыздар және жұлдызқұрттар. Қазақстандағы таралу аймағы толық анықталмаған, сан мөлшері белгісіз. Қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазақстанда Зайсан ойпатында, Іленің ортаңғы және төменғі ағыстарында, Алакөл су алқабында тіршілік етеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде оның тауда да, тегісте де мекендейтіні анықталды. Көк және донатин құрбақаларының таралу аймақтары аралас. Қолдан өсірілмеген, оны қорғау шаралары қолданылмаған. Бұл құрбақаның таралуын және симпотриалық түр — көк қүрбақамен қарым-қатынастарын зерттеу керек. ## Дереккөздер
* Даңқ мемориалы – Алматы қаласы. * Даңқ мемориалы – Жетісу облысы, Ақсу ауданы. * Даңқ мемориалы – Шымкент қаласы.
Дастарқан — ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарқанды кейде «асжаулық» деп те атайды. Дастарқан сол үшін көбінесе ашық түсті не гүлді маталардан көлемі әртүрлі етіп тігіледі. Дастарқанның жиегін қайырып сыриды, сәнді болуы үшін шашақ тағады. Қазіргі кезде көбіне клеенкадан жасалған дастарқан пайдаланылады. ## Дереккөздер ## Тағы да қараңыз * Дастарқан жаю
Дәлен (лат. Osmorhiza) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Көбінесе тау беткейлерінде, қылқан жапырақты және аралас ормандардың, бұталардың арасында өседі. Қазақстанда қылтанды дәлен (O. arіstata) деген түрі бар. Оның биікт. 30 – 80 см. Тік сабағы жіңішке, жылтыр болады. Үшқұлақты, қауырсынды күрделі жапырақшаларының жиектері терең ойықталып, тіс тәрізді иректелген. Майда гүлдері жай, кейде күрделі шатырша гүлшоғырын құрайды. Бір шатыршаға топталған 10 гүлдің 4-і ғана жеміс береді. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жемісі пісіп-жетіледі. Жемісі – ұзынша келген ұршық пішіндес, ұзындығы 20 – 25 мм, ені 2 мм. Қылтанақты дәлен өте сирек (тек Үбі жотасында) кездесетін өсімдік. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Діни лауазымдар мен атақтар - әрбір діндегі ішкі құрылымдық ерекшеліктерге қарай сатыланатын қызметтер мен атақтар. Әр діндегі негізгі ұстанымдарға орай діни лауазымдар мен атақтар әр қилы. Ислам дініндегі діни лауазымдар мен атақтар: ## Ахун Ахун(парсы: آخوند‎‎) — 1. мұсылмандық діни лауазым. 2. баулушы, ұстаз. # 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласында қолданылған діни лауазым. Орта Азияны билеген Бұхар хандығының тұсында ислам ғұламаларының ең жоғарғы лауазымы болды. 1860 жылы Л.Толстойдың қабылдауында болған қазақ мүфтиі Уәйіс ғұламаның екінші лауазымы — Ахун Мүфтидің шариғат негізінде айтылған фатуасы Ахунның келісімінсіз жүзеге асырылмаған. Қазіргі кезде Ахун деген діни лауазымның орнына наиб мүфти лауазымы ендірілген. * халықтың діни сауатын ашып, діни ғұрыптық қызметті атқаратын дін оқымыстысы, мұсылман ғұламасына берілетін атақ. Қазақ дәстүрлі қоғамында Ахун Алла разылығы үшін халықтың діни сұранысына лайықты қызмет атқарған, уағыз-насихат айтып, халыққа дін ақиқатын түсіндірген. Олар ауыл балаларының діни сауатын ашып, сондай-ақ шариғаттың шарттарын, құлшылық ғибадаттың жөн-жосығын үйреткен. Қоғам өміріндегі әр түрлі жиын-тойларда, жаназа, астарда діни ғұрыптық қызмет атқарған. Ахун әдетте белгілі бір діни ғұлама ұстаздардан, атақты медреселерден ілім алған оқымыстылар болған, халыққа діни ағартушылық қызмет жасағандықтан өзінің білімдерін үнемі жетілдіріп отырған. ## Аятолла * Аятолла (араб.: آية الله‎,парсы: آیت‌الله‎ Алланың белгісі, нышаны) — мұсылман дінінің шииттік саласында жолын қуған, артынан ерген шәкірттері бар ғалым-діндардың ең жоғары рухани лауазымы. Ұғым XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Мысалы, Иранда бірнеше жүз аятолла бар. Оның ішінде бірнеше діни қызметкердің "ұлы" деген атағы бар. Алайда Иран тәртібінің көсемі Рухолла Хомейни бұл атақты беруге шектеу қойып, оны шешуді өз құзырына қалдырды. ## Дамолла * Дамолла (араб. - билеуші, мырза) — Ислам дінін насихаттаушылардың, мешіт пен медресе оқытушыларының діни лауазымы. Дамолла Исламды насихаттауға сіңірген еңбегіне, діни білім дәрежесіне қарай діни қауымдастық сайлады. Қазақ аудандарында Кеңес үкіметі толық орнағанға дейін медресе ұстап, халыққа діни-рухани білім беріп, ұстаздық еткен Дамоллалар көп болған. Мысалы ел билеп, халыққа аса сыйлы болған, Кеңес үкіметінің жергілікті теріс саясатына қарсы қол бастап, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде көтеріліс басшысы болған Қазақстандағы белгілі, беделді соңғы Дамолланың бірі — Ақмырза ишан. Ол соңына «Хадистер», сондай-ақ Исламның мәні, парыз-сүннеттері, әдет-әдеп, жолжорасы туралы таратылып жазылған қазақ тіліндегі «Түркі Иман» атты маңызы зор қолжазба мүра қалдырған білімдар, оқымысты адам болған. ## Қазы * Қазы — мұсылмандық сот міндетін атқарушы, төреші. Оларды шариғаттық құқық негізінде азаматтық және қылмыстық істерді қарау үшін мұсылман елдерінің жоғарғы үкіметі тағайындаған. XX ғ-дың басына дейін Қазақстанның оңт. өңірінде «бас қазы» және жергілікті жерлерде оған бағынышты көмекші тергеушілер «әзім молдалар» болған. Олар шариғат заңдылығының сақталуын, әдет-ғұрыптың дәйекті орындалуын бақылауға, ал қажетті жағдайда тиісті шара қолдануға құқылы болды. ## Имам * Имам — намаз кезінде алда тұратын адам, рухани жетекші, мұсылман қауымының басшысы. Күнделікті өмірде имам деп мешітте көпшілік болып намаз оқуды баскаратын жетекшіні атайды.. ## Муаззин (азаншы) * Муаззин — азан шақырушының лауазымы. Муаззиннің үш міндеті бар: діндарларды жиып, имамды шақырады, намаздың басталуы туралы хабар береді. ## Муджтаһид * Муджтаһид — фиқһ (Ислам құқығы) ғылымының білгірі, үкім шығаруға хұқылы діни ғұлама. Ислам дәстүрінде муджтаһид ретінде сахабалар (Мұхаммед пайғамбарға ергендер) мен табиғиндер (сахабаларды көргендер) танылды. Сүнниттік исламда бұл дәрежеге 4 мазһабтың фақиһ-ғұламалары, олардың шәкірттері ие болды. ## Мухаддис Мухаддис (араб.: محدث‎) — хадистерді терең зерттеп, баяндаған ғалым. ## Мухтасиб * Мухтасиб (араб. - «хисбаны атқарушы») — мұсылмандықтың моральдік нормаларын ашықтан-ашық бүзушылыққа жол бермей, түзу жолға бағыттап отыратын діни лауазым иесі. ## Мүрид * Мүрид — өз еркімен тариқат жолына түсуші шәкірт; мүршидке (ұстазына) «қол тапсырушы»; сопылық бауырластыққа немесе кәсіп бірлестігіне мүше болып, рухани жетілудің алғашқы сатысында тұрған адам. Сопылықта мүрид пен мүршид қарым-қатынасы, яғни рухани мектеп үлкен рөл атқарған. Тариқат жолына қадам басушы мүрид, алдымен, шариат шарттарын, исламның қарапайым ахлақтық, этикалық қағидаларын ұстануы, орындауы қажет. Шәкірттің сопылық жолға түсуі ішкі рухани ізденістер нәтижесінде болады. Мүридтікке қабылдау рәсімдері оған арнайы киім ұсыну, Хақ жолын еркімен қалап, тәубеге келуі жайлы ант беру, тағы басқа арқылы өткен. Мүршид мүридке арналған (жеке орындайтын) құпия зікірді белгілеп, оны бауырластықтың ішкі ережелерімен таныстырады. Мүрид ұстазымен рухани үндестікке жетуді қалайды, оған толықтай мойынсұнады. Мүридтің рухани кіріптарлығы ұстаздан тәлім-тәрбие алып, дербес жол табу алдындағы уақытша құбылыс саналады. ## Пірәдар * Пірәдар — дінге беріліп, дін жолын қуған сопы. Кейбір түсіндірмелерде пірәдар деп пірге барып, қол беріп келген кісіні атайды. Киелі, қасиетті, Аллаһтың қамқорлығына ие болған адам деген ұғымды білдіреді. ## Қажы * Қажы — Ислам дінінің бес парызының бірі қажылық парызын өтеген мұсылман. ## Фақиһ * Фақиһ — (араб. - білімді) - дін заңгері, Құран сөзінің білгірі. ## Хазірет * Хазірет (қазірет, әзірет) – діни лауазым. Жоғары дәрежелі дін иелеріне беріледі. Мұхаммед пайғамбардан ﷺ кейінгі 4 халифаның бірі Әли қазаққа «Хазіреті Әли» деген атпен мәлім. Хазірет лауазымы аймақтық діни басқарма өкіліне де берілген. ## Хәкім * Хакім, хаким — даулы мәселені шешетін тәуелсіз төреші. ## Шейх * Шейх (араб.: شيخ‎) — қария, ақсақал, қарт адам; тайпаның, рудың, әулеттің ақсақалы; Арабиядағы тайпа басшысының лауазымы. Шейх атауы діни қайраткерлерге, діни пәндер білімпаздарына, сопылық бауырластықтар мен сауда-қолөнер серіктестігі басшыларына, ұстаздарға қатысты айтылатын құрметті атақ. ## Халифа * Халифа — Аллаһ елшісінің ﷺ орнын басушы, мұсылман қауымының бас несі және сопылық бауырластық негізін салушыға немесе басшының тікелей орынбасарына берілетін атақ. ## Дереккөздер
Дермене — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Дермене ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Арыс қаласынан солтүстікке қарай 12 км жерде, Арыс өзенінің оң жайылмасында. ## Халқы ## Тарихы Іргесі осы маңдағы өзен-көл аңғарларында шоғырланып өсетін дәрілік өсімдік – дәрменені игеруге байланысты 1928 жылы қаланған. Ауылда арнайы мамандандырылған «Дәрмене» шаруа қожалығы мен өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Дәрмене аумағынан жиналатын дәрілік өсімдік Шымкент химия-фармацевтикалық зауытында өңделеді. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Дағанделі – Балқаштың солтүстік алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы және Абай облысы Аягөз ауданы жерінде. Ұзындығы 203 км, су жиналатын алабы 3710 км2. ## Бастауы Көкшетау (1135 м) және Қарақойтас (1082 м) тау жұрнақтарынан бастау алып, Құрбақанас өзенімен қосылып, Бақанас өзеніне құяды. ## Дереккөздер
Дәруіш – дүниедегі істер мен қызықтардан бас тартқан, жұрттан оқшау жүретін, оңаша тұрмыс кешіретін, рухани жетілуді мақсат еткен, мәлім діни не мистикалық ағымға берілген оқшауланушы адам; ол көбінесе сопылық ағымдағыларда кездеседі. Олар кейде қайыр сұрау арқылы өздерін асырайды, бірақ байлық жинамайды, олар өздерін рухани жетілуші деп есептейді, өмір талпыныстарынан қағыс жасауға тырысады, немесе қоғамдық өмірді жек көреді. Дәруіштердің сопылық бауырластығы XIII—IX ғасырларда мұсылман әлеміне кең тараған. Қожа Ахмет Ясауи тариқаты жолын ұстанған дәруіштер түркі халықтарына исламды насихаттап, басқа елдермен рухани, мәдени байланыстар орнатуға өзіндік үлес қосты. Бірақ олардың өмірге жат көзқарастары мен мистикасы жұрт арасында түрлі жаңсақ пікірлерді де туғызуға себеп болды. ## Түрлері Дәруіштер екі түрлі болады: * бірі, дорба арқалап, ел кезіп, рухани ілім таратушы сопылар; * екіншісі — сопылық бауырластыққа (тарикатқа) кіріп, пір (шейх) басқаратын арнаулы мекен-жайларда тұратын, бір жерде уағыз жүргізіп, сондай-ақ, өзін-өзі жетілдіріп отыратын Дәруіштер. Дегенмен, қазіргі заман мағынасында, жұрттан оңашаланып, қаңғырып, өмірдің қоғамдық формасынан алшақ қалған адамдарды да, мейлі ол діни, не басқалай себеп болсын, біртұтас дәруіш, дуана, сопы деп атауы мүмкін. ## Дереккөздер
Хакім Дәулетбекұлы Дәулетбеков (22 наурыз 1910, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы – 11 қаңтар 1983, Алматы) – тұңғыш қазақ киноактерлерінің бірі, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі. ## Ойнаған рольдері * "Жұт" * "Қаратау құпиясы" фильмдеріне түседі. * 1935 жылы "Мосфильм" киностудиясында О. Преображенская мен И. Правов "Жау сүрлеуі" атты фильмді экранға шығарады. Бұл фильмде актер малшы Абылайдың рөлін сомдайды. * "Востоккино" тресі жабылғаннан кейін Хәкім Дәулетбеков "Мосфильмге" жұмысқа ауысады. Мұнда ол көбінесе эпизодтық рөлдерді орындайды. Осы уақыттары актер М. Горький атындағы әдебиет институтының драматургия бөліміне оқуға түсіп, 1940 жылы бітіріп шығады. Актер Ұлы Отан соғысына қатысқан. ## Режиссерлігі 1946 жылы соғыстан келіп, деректі кино режиссеры болып жұмыс атқарады. Осы салада ол көптеген ғылыми көпшілікті фильмдерді дүниеге әкеледі. Қазақфильм киностудиясында 100-ден аса ғылыми-көпшілік, тарихи, әлеуметік, экономикалық, т.б. тақырыптардағы деректі-хроникалық фильмдер түсірді. Оның аса көп танылған фильмдері: * "Ауылдан келген қыз" (1948) * "Шөлейттің іргесінде" (1952) * "Народный учитель" (1952) * "Лимонное орошение в Казахстане" (1956) * "Кегей жазығы" (1958) * "Ауыл даласы" * "Жазылбек Қуанышбаев" (1962) * "Мәдени егіс негізі - ауыспалы егін" (1969) т.б. деректі фильмдері бар. ## Марапаттары * Қазақстанның еңбек сіңген өнер қайраткері (1958). * Қызыл Жұлдыз * 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Дәстем Қарабасұлы (1677, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Гүлтөбе қонысы - 1752, Ресей, Қорған облысы, Петухово ауданы, Өзентал қыстауы) - ақын, күйші, Толыбай сыншының немересі, Қарабас батырдың үшінші ұлы. Ауыл молдасынан сауат ашқан. Дәстем өлең-жыр шығарып, ән салу, сыбызғы, домбыра тарту өнерін медреседе жүргенде тастамай, жетілдіре берген. Ел арасында сыбызғымен күй тартып, домбырамен ән шырқап, өлең-жырлар шығарып, сал-серілік құрғандықтан, ақын Дәстем, әнші Дәстем, сал Дәстем, сері Дәстем, жыршы Дәстем атанады. Дәстем 17-ғасырдың соңы мен 18-ғасырдың 1-жартысындағы қазақ-қалмақ соғысына қатысқан. "Хан - сұлтандар", "Бозқозыұлы Бөкенбай", "Дәстемнама" тарихи дастандар, "Гүлжаһан", "Майдан", "Ақбоз ат" деген әндер, "Шайқас", "Жекпе-жек", "Ақиық", "Шыжым", т.б. күйлер шығарған. Керей руыннан шыққан. ## Дереккөздер
Дәулетова Нәзира Қожахметқызы(1926 – 1999) – Қазақстанда кітапхана ісін қалыптастырушылардың бірі, тарих ғыл. канд. Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы, Қазақстанның әмбебап кітапханалары, т.б. еңбектері жарық көрген. Ғ. Мұсіреповтың Алматы қ-нда, М. Хакімжанованың Қостанай қ-ндағы
Дауылпаз — қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл музыкалық аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды. Дауылпаз – дара аспапШеті мен шегі, ұшы-қиыры пейіліндей кең қазағымның даласы тек мал мен егін шаруашылығы үшін ғана қолайлы болып қоймаған. Асқақ тауының бөктері мен сыңғыр күлкілі арудай мөлдір бұлақтарының етегінде әлемді мойындатар тамаша туындылар дүниеге келді. Оны да жасап шыққан – хат танымайтын, бірақ «өмір» мектебінің үздік оқушылары болған – қазақтар. Сахаралы сайын даламызда дүниеге келген аспаптың бірі – қазақтың қоңыр даусындай, арыстанның айбаты сыяр – дауылпаз аспабы. Дауылпаз – өзінің аты айтып тұрғандай үні дауылды, күркіремелі. Оны дара аспап деуімнің себебі: дауылпаздың үніндей аспаптар кемшін. Дауылпазды алғаш көшпелі қауымның өкілдері, яғни малшы-бақташылар төрт түлікті, аң-құстарды, жан-жануарларды үркіту мақсатында пайдаланған. Өздерінің үні жетпеген жерді дауылпаз жалғап отырған. Кейін дауылпаз халық арасына тарап, ханның қол астына дейін жетеді. Дауылпазды соғу арқылы хан әскерін бір ортаға жинап немесе шақырған. Үкім немесе бір шешім шығарса да дауылпаздың үнімен қорытындылаған. Бертін келе, дауылпазды ем-домның көзі ретінде қолданған. Бақсы-балгерлер дауылпазды ұрып өздерінің көзге көрінбес жындарын шақырған. Сол арқылы дертіне шипа іздеп келген адамдарды ауруынан айықтырған. Дауылпаз – тек музыкалық аспап қана болмаған, оның атқарған маңызды қызметтері өте көп екенін осыдан-ақ біле аламыз. Ол бірден музыкалық мұраның бір бөлшегі ретінде дүниеге келе салмаған. Қайта музыканың қажетіне соңында барып жараған секілді. Кейін ел ішіндегі өнерлілердің қолынан түспей хан сарайында болсын, халық арасында болсын дауылпаздың үнімен өнерлерін паш еткен. Дауылпаз – қазақ ұрмалы аспаптарының қатарына кіреді. Оны ұрып қана қолданғандықтан, кез келген күшке шыдас беру үшін тұрпаты қатты үйеңкі, қарағай, қайың секілді ағаштардан тұтас ойып жасаған. Дауылпаздың көлемі әрқалай болғанмен, оның жасалуы оңай шаруа емес. Біріншіден, ол жасалатын ағаштың тұлғасы да берік. Оның жарылып кетпес үшін өте ыждағатты шыдамдылық пен асқан шеберлікті талап еткен. Дауылпаздың ойылған бетіне әбден илеуі қанған теріні бекітеді. Салмағы қолға түспес үшін оған мойынға асып жүру үшін бау тағылып және дауысы анық әрі нық шығу үшін арнайы ұратын таяқ жасайды. Дауылпазды қолдануына қарай түрліше безендіреді. Хан сарайындағы дауылпаздар түрлі зергерлік әшекейлер мен алтын, асыл тастармен әдіптеледі. Дауылпазды пайдаланатын ортасына байланысты көлемін де әрқалай қылып жасайды. Ханның соғыс үшін қолданатын дауылпазы адам көтере алмас ауыр әрі өте үлкен болған. Оны орданың ортасына қойып, жанына дауылпазшыны сайлаған. Дауылпазды қарапайым адамдар жасай алмаған. Оны қыр-сырына қанық шеберлер ғана жасап шығарған. Дауылпазды ұлттық ойындарымыз «қыз қуу», «арқан тарту», «қазақша күрес» т.б. ойындарымыздың басталғаны мен аяқталғанын аңғарту үшін де дабыл орнына пайдаланған. Дауылпаздың қазіргі жасаулы қолданылып жүрген түрі – оның түпнұсқасынан әлдеқайда өзгерек. Бірақ қалпына келтіріліп, дамытылып жасалған нұсқасына да қуанамыз. Мүлдем жоғалып кеткенде қайтер едік?... Дауылпаздың қайта халқымен қауышуына ерекше еңбек сіңірген жандарды ауызға алмай кету – күнәнің үлкені шығар. Алғаш дауылпазды қазақ халқының ұлттық оркестрінің қатарына енгізіп, өнерін елге көрсеткен – Ахмет Жұбанов болатын. Дауылпаздың дамытылған, байытылған нұсқасын шебер Д. Шоқпарұлы жасап шығарған. Дауылпаз аспабына белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов пен танымал дирижер Ш.Қажығалиевтердің де еңбектері ұшан-теңіз. Дауылпаз тек қазақ халқында ғана кездеспейді. Түбі бір түркі жұртында, оның ішінде өзбек пен қырғыз ағайындарымызда тұрқы дауылпазға келетін музыкалық мұралары бар. Атаулары да қазақтың дауылпазына ұқсайды. Өзбектерде «тәбльбасс» делінсе, қырғыздарда «доолбас» деп аталады. Қазір дауылпаздың екі түрі белгілі. * Оның бірі - этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі. * Екіншісі - үлкен оркестрлер үшін жетілдіріп жасалған үлгісі. Ол 1933 - 34 ж. ш-да белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов, коми. А.Жұбанов, дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіл тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған. Аспаптың осы екі түрлі үлгі-нүсқасы да қазір халық аспаптар ансамбль оркестрлерінде қолданып жүр. Дауылпаздың бірнеше көне нұсқасы Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайында сақтаулы. Оның әлденеше үлгісін шебер Д.Шоқпарұлы жасады. ## Дереккөздер
Дәу Би, ''Нәнби'', ''Мань Доу-ми'' (туған жылы белгісіз – біздің заманымыздан бұрынғы 178 ж.) – Үйсін тайпасының күнбиі. Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша, Үйсін тайпалар бірлестігінің негізгі әскери күші оңт-те Бактрияда соғыста жүргенде ел ішінде б.з.б. 178 ж. тайпааралық қақтығыс басталады. Билікке таласқан асы және арыс тайпаларының көсемдері Шу өз-нің бойында отырған Дәу бидің ордасына тұтқиылдан шабуыл жасап, шағын жасақпен қаша соғысқан Дәу биді Арыс өзенінің аңғарында қуып жетіп мерт қылады. Дәу бидің денесі сол жердегі шатқалға жерленеді. 1893 ж. Түркістан өлкесіне ғылыми сапармен келген академик В.В. Бартольд исламға дейінгі ескерткіштерді іздестіру кезінде жергілікті адамдардың айтуымен Дәу бидің бейітін табады. Әулие саналған тұлғаның басына қойылған көне жазуы бар ескерткіш тақтаны беліне 14 аршын арқан байлап түскен жол көрсетушілері шатқал түбінен ала алмайды. Бартольдтың мәліметі бойынша, Дәу бидің денесі Машат а-нан оңт.-шығысқа қарай 16 шақырым жерде жатыр. Ол жер Дәубаба тауы, Дәубаба өз-нің аңғары аталады. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Дәуітбай Тауданбекұлы - (1873, Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма өзенінің бойы - 1937) - күйші, композитор, ақын. Дәуітбай бала кезінен домбыра мен сыбызғыны қатар ұстап, бозбала шағында құрбы-құрдастарына, жеңгелеріне арнап күй шығара бастаған. Жиырма жасыңда Дәуітбай ау-қаттылау үйдің қызына ғашық болып, бірақ қыз әкесі оң шырай бермеген соң ол қызды алып қашып, Баян Өлгий жағындагы нағашы жұртына өтіп кетеді. Дәуітбай сол жақта ел ісіне белсене араласады. Оның "Жалама айдаған", "Ертіс толқыны", "Арна", "Жаяу солдат", "Қайран Бежең", "Тарту", "Арнау", т.б. күйлері бар. 1991 жылы жарық көрген "Күй керуен" атты Қарасұлы Сақайдың кітабында Дәуітбайдың күйшілігі туралы деректер берілген. ## Дереккөздер
Дәуіт (лат. Manthoptera, Mantodea) – жыртқыш жәндіктер қатарының бірі. Дәуіттің басы қозғалысқа өте икемді, денесі ұзынша (40 – 75 мм), жасыл, сары, қоңыр түсті. Ал жазда өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты түсі құбылып тұрады. Қос қанатты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді. Қазақстанның барлық облыстарында 20-дай түрі, әсіресе, кәдімгі дәуіт, теңбіл қанатты дәуіт, қауырсын тұмсықты эмпуза жиі кездеседі. Дәуіттер шала түрленіп дамиды, олардың қыстаған жұмыртқасы көктемге салым қанатсыз дернәсілге айналады да, 7 – 8 рет түлейді. Дәуіт түрлі ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Олар ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктермен қоректенетін болғандықтан пайдалы, бірақ кейбір түрі бал арасынан, пайдалы қоңыздарды жеп, зиян да келтіреді. Ұзындығы 11 см. Басы қозғалмалы аяқтары жақсы дамыған алдыңғы аяқтарында тікенектері бар, жайылған кезде ұстағыш аппаратқа айналады. Ауыз аппараты кеміргіш. Алдыңғы қанаттары жіңішке артқылары желдеткіш тәріздіс бүктеледі. 2 мыңнан астам түрі белгілі тропик және субтропикалық аймақтарда таралған, ТМД-да 20 түрі бар. Дәуіт жыртқыш жәндіктермен қоректенеді,кейде ұсақ кесіртке құстармен. Түсі қорғанысты жасыл, сары-қоңыр; жазда өсімдіктің солуына байланысты түсін өзгертеді. Дамуы толық емес өзгеріспен өтеді. Ортақ қабықшамен топтастырып өсімдіктерге тастарға салған жұмыртқалары әдетте қыстайды. Дернәсілдері 2-ші жазда ересекке айналады. Дәуіттің 3 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілді. ## Дереккөздер
Дәулеткерей Шығайұлы (1820, Орал облысы,Орда ауданы - 4.05.1887) — қазақтың аса көрнекті күйші-композиторы. ## Өмірбаяны Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір-Керей хан де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады. Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Оның үстіне сұлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға қырқыншы жылдардың бас кезінде Саратовтан драма және эстрада артистері шақырылады екен. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ гитара мен мандолинаны да тарта білген. 1854 жылы француз саяхатшысы Паули сызған суреттің нобайымен Чередеев салған акварельде күй тартып отырған Дәулеткерей, одан басқа да аспаптарда орындаушылар бейнеленген. Ең қызығы — ортада билеп жүрген еркек бейнесі бар. 1855 жылы Екінші Александр патшаның таққа отырып, тәж кию салтанатына қатысқан өкілдердің ішінде Дәулеткерей де бар еді. Оны делегация құрамына кіргізудегі мақсат — бірте-бірте ел басқару тәртібін үйрене берсін дегендік еді. Бірақ ол патша колонизаторларының сарайымен емес, озықойлы Ресеймен, Пушкин елімен танысуға келген-ді. Ол осы сапардан көрмегенін көріп, естімегенін өз қүлағымен естіп қайтады. Еуропа сазгерлерінің оркестр ойнаған шығармаларын тыңдайды. Өзі өлең жазбаса да поэзияны жүрегімен түсінетін күйші екі жылдан кейін Пушкинге, ақынның өзі оқыған лицей жанынан ескерткіш қоюға Бөкей ордасынан қаржы жиналған кезде, бірінші болып өз үлесін қосқан.Дәулеткерей 1861 жылы Қызылқұрт елінің билеушісі боп тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен. "Дәулеткерейдің Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты әсер етеді", — деп жазады академик Ахмет Жұбанов. Құрманғазы және оның шәкірттерінің ең үздік музыкалық шығармалары дауылдатқан екпінімен, тастай тегеуірінділігімен, өршіл батылдығы, кең тыныстылығымен ерекшеленеді. Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген "Топан", "Жігер" атты күйлері тегеурінділігімен қоса тақсірет көрген ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысын бейнелейді. "Жігер" туралы Затаевич былай деп жазған: Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қайтыс болған Дәулеткерей, ұзақ уақыт өмір сүрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі. ## Шығармашылығы Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. "Жұмабике" деген күйінің тарихы былай: ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген. 1869 жылы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлымен кездесуі Дәулеткерейдің шығармашылық өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар күй тілімен табысып, бір-біріне күйшілік өнерімен тікелей әсер етеді. Дәулеткерейдің көптеген күйлері халық арасына кеңінен тараған. Оның тұрмыстық жанрдағы «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа» күйлері; «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты әйелдер бейнесін жасаған шығармалары бар. Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарды. «Бұлбұл» күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар. ## Дереккөздер
Дембет (лат. Mertensia) – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шалғынды далаларда, тау баурайы мен тастақты жерлерде өсетін 4 түрі бар. Дембеттің биіктігі 10 – 40 см, сабағы жалаң, жапырағы жүрек пішінді болады. Гүлшоғыры сабақтың ұшында орналасады. Гүлі көк түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жаңғақшасы ақ түсті, сырты тегіс болады. Тарбағатай дембеті (M. tarbagataіca), жағастай дембеті (M. dshagastanіca) және Попов дембеті (M. popovіі) өте сирек кездесетін эндемикті түрлер болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Делбе— арбаға не шанаға жегілген көлікті бұрып отыруға арналған әбзел. Оны қайыстан немесе есілген қылдан жасайды. Делбенің ат сулығына байланар екі ұшында ағаш тиегі, кейде темірден жасалған бекітпесі болады. * Ұзындығы шамамен 7—10 м. ## Дереккөздер