text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бәдік - тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды емдеу мақсатында айтылған.
Бәдік “Көш-көш” деп басталып, “көш-көш” деп аяқталады. “Асқар-асқар тауға көш, ағыны қатты суға көш, айнала соққан желге көш, иесіз қалған жұртқа көш” деп, ауру адамның дертін өлеңмен арбап, қуып шығуға тырысқан. Себебі бақсы-балгерлік нанымға байланысты халық әр аурудың “иесі” бар деп түсінген. Бәдік әдетте кешке қарай, іңір қараңғысында орындалған. Бірте-бірте бәдікті қыздар мен жігіттер тобы болып бөлініп айту салты шыққан. Ақырында бәдіктің атқаратын міндеті түбірімен өзгеріске ұшырап, қыз-жігіттің арасындағы айтыс, ойын-сауық түріне айналған. Ә. Диваев жазып алған: “Айт дегеннен айтамын-ау, бәдікті, Қара мақпал тоным бар барша әдіпті. От оттамай, су ішпей, жата берсе, Бәдік емей, немене бір кәдікті. Ай, көш! Бәдік, бәдік деседі, Бәдік желдей еседі. Асқар, асқар тауларға, Ағыны қатты суларға, Айнала соққан құйынға, “Ай, көш!” десе, көшеді. Ай көш!…” деген Бәдік өлеңнің алғашқы шумағы негізгісі де, соңғы жеті буынға құрылған бөлігі әннің қайырмасы іспетті. Көпшілік боп айтатын мұндай бәдік өлеңдерде ауыз әдебиетінің дәстүрлері сақталған.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы облысы.
Облыс 1932 жылғы 10 наурызда Батыс Қазақстан облысы болып құрылған. 1962 жылы Орал облысы болып өзгертілген. 1992 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы — 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.
Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9–12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрлі, Деркөл, Зашаған, Круглоозёрное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау.
## Аудандары
Батыс Қазақстан облысында 12 аудан мен 1 облыстық маңыздағы қала бар:
## Географиясы
Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
### Табиғаты
Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктігі 10–25 метрден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45–65 метр) сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 метр (Ешкітау). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110–260 метр, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м).
### Топырағы
Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр.
### Геологиясы және кен байлықтары
Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын қараңыз). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
### Қазба байлықтары
Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Теплов сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері — Батыс Теплов және Қарашығанақ. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары және басқа қазба байлықтары ашылды.
Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм–қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі аудандарда таралған: пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген; бұлардың жиынтық қоры 16 081 мың метр куб.
Жылдық қуаты 1 300 мың тонна цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1 106 482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21 619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка стансасының жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб.
## Гидрографиясы
### Өзендер
Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 километрден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұзындығы 500 километрдей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның екінші жартысында қатып, сәуірдің бірінші жартысында мұзы ериді.
Облыстың негізгі су көзі — Жайық өзені. Облыс шегіне Елек ауылының батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы — 761 километр, су жинайтын алабы — 116 678 шаршы километр. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады.
Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғана ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді.[дереккөзі?]
### Көлдері
Батыс Қазақстан облысында 140-тан астам көл бар. Оның 9 су айдыны 10 шаршы километрден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б.. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.
Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда); олардың айдындарының аумағы 1 532 шаршы км. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мысалы Шежін жайылмасы 2200 шаршы километрді алып жатыр. Дүре — 700 км², Қараөзен — 600–700 км², Сарыөзен — 200–300 км², ал Бұлдырты — 100 км² жуық жерге жайылған.
## Флорасы және фаунасы
### Жануарлар дүниесі
Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құмтышқан, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңыр қаз, сұр қаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, ақ қайран, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде бекіретәрізділер (бекіре, шоқыр) кездеседі.
Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310-ға жуық, бауырымен жорғалаушылардың 19, қосмекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді.[дереккөзі?]
Сүтқоректілерден өздерінің алуантүрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Қамысты-қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде ондатр (су тышқаны) мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солтүстік бөлігінде ақ қоян мен дала шақылдағы кездеседі.
Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120-ға жуық түрі бар). Орман — тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сары шымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі.
Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400-ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150–200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың 10–15, өрмекші, кенелердің 100-ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден), сондай-ақ моллюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаянтәрізділер (дафния, циклоптар), қарапайымдар (инфузория, арцелдер), жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды.
### Өсімдіктер дүниесі
Облыстың солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі.
Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300-ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем (зона) элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңтүстік аудандар шөлдің солтүстік шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте-бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады.
Боз даланың оңтүстік шегі Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, Ершов кентінен 2 025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинское арқылы Шалқар көлінімен солтүстік жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Облыстың шөптесін қорының басты түрі — жайылмалық шалғындар. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі.
## Климаты
Облыстың климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы -11–14 °С, кейде -40°С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22–25°С, кейде 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 190 (оңтүстікте)–350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15–20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150–170 тәулік.
## Шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, метал өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден «Қарашығанақ кен орны», «Металлист», «Зенит», «Металл өңдеу», «Омега» зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде «Надежда» тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім зауыты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра зауыты, нан комбинаты, сондай-ақ, «Жайықжылужарық», «Оралоблгаз», «Диана», «Орал-Алма», «Нұржанар», Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысында республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы ауыл шаруашылығына тиімді жер 13,9 млн га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың гектар жерге, техникалық дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал шаруашылығында сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997).
## Жолдары
Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі бар. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомобиль жолдарының ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Негізгі автомагистралдары: Орал–Атырау, Орал–Ақтөбе, Орал–Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.
## Мәдениеті
Батыс Қазақстан облысы аумағында 6 мыңнан астам түрлі дәуірдегі археологиялық ескерткіштер және 500-ден астам тарих, сәулет және монументалды өнер ескерткіштері бар, олардың 14 республикалық маңызы бар ескерткіштерге жатқызылады. Мәдениет және өнер жүйесінде облыста 717 мәдениет мекемелері қызмет етеді.
Облыста тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында 22 тарихи-өлкетану, мемориалдық музейлері халыққа қызмет көрсетеді, олардың 13 ауылдық жерде орналасқан. Облыс кітапханалары жүйесінде 377 көпшілік кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.
## Халқы
Түрлі жылдары жасалған санақтар бойынша Батыс Қазақстан облысы халқының саны:
### Білім беруі
Облыста 4 жоғарғы оқу орны бар, олардың барлығы да Орал қаласында орналасқан, атап өткенде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Еуразия академиясы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ашық Тізімдеме Жобасындағы Батыс Қазақстан облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. |
Бәйбіше - түркі тектес халықтардың тұрмыс-салтында, отбасылық дәстүрінде қалыптасқан жұбай мәртебесі. Бәйбіше - ер азаматтың бірінші әйелі, отбасында отағасыдан кейін билік жүргізеді. Бай, бише деген екі сөздің бірігуінен шыққан (бай - күйеу, отбасының басы, үлкені; бише - оның жұбайы, жан күйер ақылшысы, үй ішінің әміршісі). Қазақтың дәстүрлі құқықтық ережесі бойынша, жігіттің алғаш құда түскен қалыңдығын босаға аттатпай тұрып, басқа қызға құда түсуге немесе үйленуге қатаң тыйым салынады. Бұл тәртіпті бұзған адам түйе бастатқан бір тоғыз айыбын төлейді және кейін түскеніне қарамастан, бірінші қалыңдығын бәйбіше деп жариялауға міндеттенеді. Сондай-ақ, егде тартқан, ел анасы болған ақылшы, беделді әйелдерді де құрметпен бәйбіше деп атаған.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Баян қаған (т.ж.б. - 730) - Еуропада VI - VIII ғасырларда болған Уархун қағандығының ең әйгілі басшысы.
454 жылы Еділ (Аттила) патша өлген соң, Батыс Ғұн мемлекеті ыдырады. Алайда VI ғасырда Хунгария (Мажарстан) жерінде ғұндардың, яғни Еділдің ізбасарларының жаңа мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекет өздерінің билеушісі Уар батырдың есімімен аталуына байланысты барлық деректерде “Уархундар мемлекеті” деп жазылған. Уархун ордасының аса күшейген тұсы Баян қаған басқарған кезі болды. Еуропаның көп халқын өз құрамына кіргізіп, Византияны көп жылдар бойы салық төлеуге мәжбүр еткен. Баян қаған сол кездері Арал өңіріндегі тарнияқ, котзагер, забендер атты 3 тайпаны өзіне шақырып алып, қағандықтың қуатын арттырған. Бұл тайпалар қазақ даласында VI ғасырдан соң аталмайды. Осыған қарағанда, олардың түгелдей Еуропаға кетіп, Баян қаған ордасына қосылғандығы шындыққа саяды.
Тарих ғылымында қазақ және басқа халықтар құрамындағы арғын тайпасының тарихы осы Уархун дардан басталады деген де пікір бар. Баян қаған мен оның ордасы туралы неміс және латын тілдерінде көптеген еңбектер жазылған.
## Дереккөздер |
Бәйтенов Ноян Ахмедиярұлы (25.11.1934, Алматы - 17.12.1993, сонда) - ғалым, техника ғылымының докторы (1984), профессор (1986).
Қазақ кен-металлургия институтын бітірген (1957). 1957-1959 жылы Шыршық қатты қорытпалар комбинатында (Өзбекстан) инженер, 1959-1961 жылы Қазақстан ғылым академиясының металлургия және кен байыту институтында аспирант, 1969-1993 жылы зертхана меңгерушісі болды.
Бәйтеновтің негізгі ғылыми зерттеулері құрамында титаны бар шикізатты және пигментті титан қос оксидін алуға, титан тетрахлориді конденсациясын жетілдіруге және оны қоспалардан тазартуға, қышқылмен шаймалау әдісі арқылы ильменит концентратынан рутилді, көмір ванадий кектерін шаймалауға, сондай-ақ, целестин концентратынан стронций тұзын алуға, титан өндірісіндегі үймелерді пайдалану мақсатында хлоридті термолиздеу мәселелеріне арналған. Ол шикізатты кешенді пайдаланудың жаңа технологиясын жасады, сондай-ақ, хлорлы металлургия саласында жаңа ғылыми бағыттың негізін қалады. КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1988 жыл).
## Дереккөздер |
Бәйімбетов Фазылхан (22.12.1939 жылы туған, Қостанай облысы Жангелді ауданы Алтынсары ауылы) - ғалым, физика – математика ғылымдарының докторы (1985), профессор (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының коррекция мүшесі (1995). Новосибирск мемлекеттік университетін (1963), Тбилиси мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1968) бітірген. 1963 - 1973 жылдары Қостанай педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, 1973 - 1999 жылы ҚазМУ-де доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1990 -1992) болды. 1999 жылдан проректор. 1994 - 1995 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының физика - математика ғылымдары бөлімшесінің академикалық - хатшысының орынбасары болды. Бәйімбетовтің негізгі ғылыми еңбектері заттардың сұйық, газ тәрізді және плазма күйлерінің физикасына, плазмадағы және тығыз газдағы тасымалдау процестері мен релаксациялық құбылыстардың кинетикалық теориясын зерттеуге арналған.
## Сілтеме
* http://kaznu.kz/kz/3030/page(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.biografia.kz/famous/3277 Мұрағатталған 21 мамырдың 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Бәкі - серіппемен ашылып-жабылатын, асыл болаттан соғылған шағын өткір пышақ. Оны шаппа деп те атайды. Түркі тектес татар, башқұрт тілдерінде вәке, бәке, мәкі деген сөздер ойық, жырық деген мағынада айтылады. Бәкі сөзінің түп төркіні содан шыққан болу керек. Кей жерлерде қазақтар сақал - шаш алатын ұстараны да бәкі деп атаған. Бәкі жабық күйінде қалтаға салып жүруге өте қолайлы. Былғарыдан тіккен қынға салып, белбеуге іліп те жүреді.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Бәкенов Мұхтар Мұқашұлы (6.7.1933 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 11.07.2018) - ғалым, геология-минералдық ғылымдардың докторы (1983), профессор (1985), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1985).
ҚазМУ-ді бітірген (1956). Ақшатау кен басқармасында геолог (1956), 1956 - 1960 жылдары Майқайың кешендік геологиялық - барлау экспедициясының геологы, аға геологы, 1960 - 1984 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) аспирант, кіші ғылыми қызметкер, доцент, декан, проректор (1985-1990), 1990 - 1992 жылдары Қазақстанның Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің төрағасы қызметкерін атқарған. 1992 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде кафедра меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның сирек және асыл металл кендерін зерттеуге арналған. Бәкенов бұл кендерді формациялық - генетикалық топқа бөлудің жаңа ғылыми негізін және металлогендік аудандастырудың жаңа принциптерін ұсынды, кентас түзілуінің эндогендік аймақтылығының сұлбасын жасады, асыл металдардың геохиммиялық орналасуының жаңа түрлерін тапты.
«Құрмет» орденімен (2004); «Қажырлы еңбегі үшін» (1970), «Жер қойнауын барлауы үшін» (1970), «Қызметі үшін» (2004), «ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері» (2003), «ҚР Жер қойнауының үздік барлаушысы» (2002), «Республика алдындағы қызметі үшін» (1985), «Еңбек ардагері» (1993), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске алпыс жыл» (2005) медальдарымен; КСРО Геология министрлігі белгісімен (1991); «Білім» қоғамының құрмет (1970, 1973), «Көп жылдық жемісті ғылыми-педагогикалық еңбегі үшін» (1973), «Геодезикалық және картакескіндемелік мамандықтарының топограф мамандарын дайындау табысы үшін» (1979), «ҚазКСР 60 жылдығына байланысты байланыс және оқу-тәрбие жұмыстарындағы жеткен табыстары үшін» (1980), Жоғары білім беру министрлігінің (1973, 1980, 1983, 1993), Білім беру министрлігінің, Гылыми мекемелер мен жоғары мектеп, ағарту қызметкерлері кәсіподақ ОК (1983), ҚазПТИ (1983, 1990, 2001, 2002), Халыққа Білім беру министрлігінің (1993), «Ғылыми және оқу-тәрбие ісіндегі табыстары үшін» (2001, 2004), Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ (2002) грамоталарымен марапатталған.
Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты (1980, 2004). Калгари қаласының Құрметті азаматы (Канада). ҚазКСР Еңбек сіңірген ғылыми қызметкері (1984).
## Сілтеме
* http://portal.kazntu.kz/moodle/user/view.php?id=535&course=1(қолжетпейтін сілтеме)
* http://biblus.ru/Default.aspx?auth=19j28i0a3 Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Бәрібаев ауданындағы көтеріліс — 1930 жылы наурызда Алматы облысының солтүстік - батысында, Балқаш көліне іргелес, бұрынғы Бәрібаев, қазіргі Балқаш ауданына қарасты Бақалы деген жерде болған шаруалар көтерілісі.
Кеңес өкіметінің ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін саясаты мен ашаршылық қаупіне шыдамаған жергілікті шаруалар сол кездегі облыстың Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарында көтеріліс басталғанын біліп, ұйымдасқан қарсылыққа шықты.
Бақалы ауылы тұрғындары – Ахметжанов Құсмади, Ибрагимов Құрамыс, Сауқымбаев Жақыпбай 100-ден астам адамды ұйымдастырып, көрші ауылдарға үгітшілер жіберді. Көтерілісшілер 25 наурызда отрядқа бірігіп, Бақалы коммунасын басып алды, ауылдық кеңесті таратып жіберді. Елден күшпен жиналған 100 пұт астықты, 100 бас жылқыны, басқа да мал мен мүлікті жұртқа таратып берді. Алматы мен Семейден әскер күшін шақыртпау үшін көтерілісшілердің арнайы тобы Балқаш жағындағы телефон байланысының сымдарын үзіп, темір жол табанының алты буынын босатып, алып тастады. Мыңқұм деген жердегі 10-ауылды басып алды. Көтеріліс басшысы Қ. Ахметжанов Қытай шекарасынан өтіп кеткен босқындармен, Ақсу көтерілісшілерімен байланыс жасап, бірлесе қимылдауға тырысты.
Бірақ әскер күштері алдын-ала шекараны нығайтып, оған жол бермеді. Шекарашылар Қытай жағынан көмекке келмек болған қазақ отрядын қолға түсірді. Бәрібаев ауданындағы көтеріліс 1930 жылы сәуірдің бас кезінде ОГПУ-дің 50 адамдық қарулы жедел әскери отрядының күшімен басылды. Ауданға арнайы үкімет комиссиясы барып, жағдайды қалпына келтіру шараларын қарастырды. Көтеріліс басшылары Қ. Ахметжанов, Ж. Сауқымбаев аз топпен Қытайға өтіп кетуге әрекет жасап, бірақ қолға түсті. Бәрібаев ауданындағы көтерілісіне белсенді қатынасқан 29 адам жауапқа тартылып, оның 12-сі ОГПУ “үштігінің” 1930 жылы 12 желтоқсандағы үкімімен атылып, 16 адам 3 жылдан 10 жылға дейін сотталды, 1 адам 3 жылға Сібірге жер аударылды.
## Дереккөздер |
Бәйте ғибадатханасы – сарматтар заманынан сақталған тарихи ескерткіш, киелі орын. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында, Сайөтеш ауылынан 50 км, Бейнеу – Ақтау темір жолының 56 және 57 бекеттерінің аралығында орналасқан. Ескерткіш 1983 жылдан белгілі болған. 1988 жылға дейін Мәскеу археологиялық институтының Волга – Урал экспедициясы зерттеген.1990 жылдан Қазақстан Археологиялық институтының Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ескерткіш солтүстік - шығыстан оңтүстік - батысқа қарай тізіле орналасқан үш ғибадатханадан тұрады. Біріншісі 50 мың м2 алаңда. Негізгі бөлігі - биіктігі 3 м-ден астам, қолдан қаланған, топырақ басып қалған оба. Айналасында кішігірім бірнеше үйінділер бар. Оңтүстігіне таман құрбандық шалып, еске түсіру рәсімін жасайтын 15-тен астам тас шеңберлер орналасқан. Осы тұста аумағы 100х50 м2 алаңда тас мүсіндердің 25-тен астам қалдықтары сақталған. Оның ішінде үшеуінің алғашқы орнатылған орны табылған, олардың беті солтүстікке және батысқа қаратылғаны анықталды. Екінші ғибадатхана осы арадан 1,5 км оңтүстік - батыста. Әлі толық зерттелмеген. Мұнда тас қашайтын шеберхана қалдығы, мүсіндерді жасауға қажетті тас қопарып алынған орын табылды. Үшінші ғибадатхана біріншісінен оңтүстік - батысқа қарай 5 км қашықтықта. Оның да аумағы 50 мың м2. Негізгі бөлігінің биіктігі 3 м-ге жуық, іші - сыртын топырақ түгел басып қалған. Қабырғалары арнайы қашалған текше тастардан қаланған. Төбені ұстап тұратын ортадағы жалпақ тіреу ғибадатхананы төрт бөлікке бөлген. Біреуінде жалпақ тас баспалдақ орнатылған. Едені тегіс, жалпақ тастар төселген. Ғибадатхананың ішінде құрбандық шалатын тастан жасалған сәкі бар. Қабырғаларына сарматтардың сызып салған дәстүрлі таңбалары мен жыланның, бұғының, арбаның, балықтың, садақ атқан адамдардың әр түрлі cуреттері табылды. Бұл бейнелер тас мүсіндерде де кездеседі. Тас мүсіндер қарулы жауынгерлерді бейнелейді. Сол қолдары шынтағынан бүгілген, ал оң қолдары түзу. Әскери адамдардың мүсіндері топ-топ болып орналасқан. Ғибадатхананы б.з.б. 4 - 3 ғ. мен б.з. 3 ғ. аралығындағы кезеңге жатқызуға болады.
## Дереккөздер |
Бәсенов Төлеу Құлқаманұлы (12.09.1909, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы - 04.05.1976, Алматы) - тұңғыш қазақ архитекторы, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Архитектура Академиясының коррекция мүшесі (1950).
Бәсенов Қазақстанда қазіргі архитектуралық мектептің негізін салып, Архитекторлар одағын ұйымдастырушылардың, архитектура саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі болды. Санкт-Петербург азаматтық инженерлер институтын бітірген (1933). 1933-37 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызмет етті. 1937-41 жылдары Алматы қаласының бас архитекторы, 1944-54 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы архитектура басқармасының бастығы, 1958-76 жылы Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетіті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Ол Алматы қаласының бас жоспарын, Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонын, Алматыдағы Достық даңғылының бас жобасын (1968-69), Халықаралық Алматы әуежайының бірінші кешенін (1936-37), Қазақ опера және балет театрының үйін (1941), Аманкелді ескерткішінің архитектуралық жоспарын (1949-51), тұрғын үйлерді жобалалау жұмыстарын кәсіби шеберлікпен орындап шықты. Батыс Қазақстан архитектуралық ескерткіштерін зерттеп, Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасады. Бәсенов “Сам аймағындағы архитектуралық ескерткішер” (1947), “Қазақстан архитектурасындағы өрнектер” (1957), “Архитектура және қала құрылысы” (1974), т.б. еңбектердің авторы. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік архитектура және құрылыс академиясының үздік студенттеріне Төлеу Бәсенов атындағы диплом тағайындалған.
## Сыртқы сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Жұбаныш Бәрібаев (21.10. 1898, бұрынғы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлащы ауылы - 15.3.1927, Алматы) - мемлекет қайраткері.
Сары Үйсін руынан шыққан.
* Верный ер балалар гимназиясын бітірген (1915).
* Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты.
* 1918 жылы РКП(б) мүшесі
* Нарын уездік (қазіргі Қырғыз Республикасында) әскери ревкомның төрағасы болды.
* 1919 жылы қызыл әскер қатарына алынып, Жетісуда ұлттық әскери бөлімдер ұйымдастыруға араласты, мұсылман коммунистерінің Жетісу облысы бюросы төралқасының хатшысы болып сайланды.
* 1920 жылы Піспек уездік (қазіргі Қырғыз Республикасында) атқару комитетінің төрағасы, Түркістан коммунистік партиясының облыстық мұсылман бюросының осы уездегі өкілі, Түркістан ОАК Жетісу облысы қазақ және қырғыз босқындарын орналастыру жөніндегі ерекше комиссияның төрағасы.
* 1921 - 23 жылдары Жетісу облысы РКП(б) комитетінің жауапты хатшысы және облыстық атқару комитетінің төрағасы,
* 1924 - 26 жылдары Жетісу облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектеп Мұрағатталған 14 шілденің 2015 жылы.
* Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 29 жасында қыршын кетіп, бар ғұмырын ұлт рухына арнаған Жұбаныш Бәрібаевтың туғанына 110 жыл. Мұрағатталған 14 шілденің 2015 жылы. |
Бегім-Ана мұнарасы — шамамен X — XII ғасырлардан бері сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай 35 км жерде орналасқан.
## Сипаттамасы
Мұнара шикі кірпіштен тұрғызылған, екі қатар күйдірілген кірпішпен (23х26х6) қапталған. Биіктігі 10,5 м. Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегізқырлы призма пішінді, төбесі пирамида болып біткен. Орта деңгейге (шамамен 5,5 - 6 м) дейін мұнара бағанасы тұтас, одан жоғары бөлме бар; бұған шығыс жағындағы аркалы ойық арқылы кіруге болады. Мұнара ескерткіш үшін де, не әлдебір белгі беруге, қарауыл қарауға арналып салынуы да мүмкін деген болжам бар (Малбағар Меңдіқұловтың пікі бойынша). Қазақстанда осы тәріздес ортағасырлық мұнаралар (Ұзын там, Сараманқоса) көп кездеспейді, ал Орта Азияда мүлде жоқ. Бірақ “мұнаралы кесене” деген атаумен белгілі (XIII - XIV ғасырлардан кейін) мұндай ескерткіштер Иран, Түркия, Әзербайжанда кең тараған. Бұл жағдай осы елдерге Арал аймағынан түркі тайпаларының ығысып баруына байланысты болуы мүмкін.
## Тарихы
1979 жылы Қазақстан Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының экспедициясы (жетекшісі Ә.Оспанов) зерттеген. Аңыз бойынша, Бегім ана Жанкент әмірінің әйелі, нақақ жаланың құрбаны болған.
1982 жылы 1982 жылы мазар Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерінң тізіміне енді.
1989 жылы мұнара жөндеуден өтті.
## Дереккөздер |
Сапарғали Ысқақұлы Бегалин(1895 жыл, 24 қараша, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылы – 1983 жыл, 10 наурыз, Алматы облысы, Алматы қаласы) қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, шоқантанушы.
## Биография
Арғын тайпасы Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан.
1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 — 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935—1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.
## Еңбегі
Алғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды.
* «Қыран кегі» (1943),
* «Цимлян теңізі» (1953),
* «Таңдамалы» (1956),
* «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар,
* «Көксегеннің көргендері» (1948),
* «Ермектің алмасы» (1955, 1985),
* «Сәтжан» (1947, 1973, 1978),
* «Жас бұтақ» (1953),
* «Жеткіншектер» (1960),
* «Мектеп түлектері» (1961),
* «Шоқан асулары» (1971),
* «Қыран туралы аңыз» (1976),
* «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары,
* «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.
## Аудармалары
Пушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.
* Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.
## Жетістіктері
Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Бегалы сұлтан (туған-өлген жылы белгісіз) - сұлтан, Кіші жүз ханы Нұралының баласы.
Ханның Ресейдегі аманаты болды (1760 - 63). Кейін әкесінің әр түрлі тапсырмаларын орындады. 1771 жылы Санкт-Петербургте болып, Екатерина II-ге әкесінің хатын тапсырды. 1792 жылы Бегалы сұлтан канцлер А. Безбородкадан өзінің қол астындағы қазақтарды бағыныштылықта ұстау үшін Жайық өзені бойынан, Сахаровск қамалына жақын жерден бау-бақшалы үй салып беруді өтінді. 1815 жылғы құжатта Кіші жүздің алаша руын басқарғаны аталады.
## Дереккөздер |
Беда Леонид Игнатьевич (16. 8.1920, Қостанай облысы Ұзынқол ауданы Ново-Покровка с. - 26.12.1976 Минск, Белоруссия) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, авиация генерал-лейтенант (1972), ұшқыш-шабуылдаушы. КСРО-ға еңбек сіңірген әскери ұшқыш. Орыс. Орал пед. институтын (1940) бітірген. 1940 ж. Кеңес әскері қатарына шақырылды. Чкалов әскери авиациялық ұшқыштар мектебін бітірген соң 1942 жылдың тамыз айында майданға жіберілді. Ол Сталинград, Донбасс, Таганрог, Кенигсберг қалаларын азат ету шайқастарына қатысты. 75-гвардиялың авиациялық шабуылдаушы полктің (4-Украина майданы, 8-әуе армиясы, 1 -гвардиялық шабуылдаушы авиациялық дивизия) әскадрилья командирі 1944 жылдың сәуіріне дейін 109 рет әскери тапсырмамен жау әскері шоғырланған жерлер мен бекіністерін шабуылдады. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлыгымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1944). Сол полктің (З-Беларусь майданы, 1-әуе армиясы, 1-гвардиялық шабуылдаушы авиациялық дивизия) командирінің орынбасары бола жүріп, 105 әскери тапсырманы орындады. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бедаға екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.6.1945). Соғыс аяқталған соң Әскери-әуе және Бас штабтың әскери академияларын бітірді. Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Александр Невский, l-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Әскери қызметтегі міндетін орындау кезінде қаза тапты. Бедаға Қостанай к-нда қоладан бюст орнатылған. Минск қаласында бір даңғылға, Гродо облысы Лида қаласындағы көшеге, Харьковтағы мектепке Беда есімі берілген.
## Дереккөздер |
Бедерлеу өнері - ежелден келе жатқан дәстүрлі қолөнердің бір саласы; ағаштан, сүйектен, мүйізден, былғарыдан, қыштан жасалған заттар мен алтын, күміс, мыс бұйымдарға түрлі әшекей, ою-өрнектердің ойылып бедерленуі. Көбінесе, зергерлік бұйымдар және ожау, астау, келі, келсап, кебеже, сандық, торсық сияқты тұрмыстық заттар жасауда қолданылады. Сәндік мақсатқа қоса белгілі бір заттың бетіне, табанына, қырларына беріктік, тұтқырлық сапа дарыту үшін ойық шаппашот, ыңғуыр, пышақ, сарнауық, қырғы, қашау, шекіме, т.б. арнаулы құралдар пайдаланған. Шеберлер сандық, кебежелерді қаптаған қаңылтырға ою-өрнектер сызып, оларды қуалай шекіме аспабымен із түсіріп, ұрып бедерлеген. Торсық жасағанда иі қанып, тобарсыған теріні ою-өрнекті ағаш қалыпқа қигізіп, ұрып бедер салады. Бедер түсіруші шеберлерді бедерші деп атаған. Бедерлеу өнері халық арасында бүгінге дейін өз жалғасып тауып келеді.
## Дереккөздер |
Бежінтау – Жетісу (Жоңғар) Алатауының шығыс бөлігіндегі жота. Қазақстан аумағындағы ең биік жері – 4098 м. Ұзындығы 100 км шамасында. Тоқсанбай мен Тышқантау жоталарының түйіскен жерінен басталып, шығысқа, Қытай аумағына қарай ұласады.
## Жер бедері
Жотаның күнгей беткейі тік жарқабақты, қатты тілімденген, солтүстігі кертпештелген баспалдақ пішіндес. Баурайынан үлкенді-кішілі өзендер бастау алады. Ірілері: Көксу, Қорғас, Ортақсары. Жотада 50-дей мұздық бар.
## Геологиялық құрылымы
Метаморфтанған кварцит, әктас, тақтатас, гранит жыныстарынан түзілген.
## Топырағы, өсімдігі
Бежінтауда тауға тән альпілік және субальпілік шалғын шөп өскен шым топырақ қалыптасқан. Жотаның солтүстік беткейінде қарағайлы-шыршалы орман, ал 600 – 1300 м биіктікте (таулық-далалық белдеу) бұта аралас дала өсімдіктері өседі.
## Дереккөздер |
Бедерлі жазу– зағиптарға арналып жасалған әріптер. 1821 жылдан Францияда Ш. Брабьенің нүктелі Б. жазуы қолданыла бастады. Соның негізінде 1829 ж. Л. Браиль бедерлі-нүктелі қарпі жасалды.
## Дереккөздер |
Мәдина Қожбанқызы Бегалиева (19 наурыз 1899 жылы, Жәнібек ауданы - 20 желтоқсан 1974 жылы, Алматы) — қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер-металлург, қоғам және мемлекет қайраткері, ұстаз. Бұрынғы Бөкей Ордасы, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген .
## Өмірбаяны
* 1907-1909 ж. Ордадағы қазақ қыздарына арналған екі жылдық мектепте оқиды
* 1913-1916 ж. Хан Ордасындағы педагогикалық курста оқиды.
* 1917-1919 ж. Жаңақаладағы қыздар мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді
* 1919 ж. Орда қаласына бастауыш мектеп мұғалімі болып ауысадыы, сол жылы үлгілі атты әскер еріктілер полкының жауынгерлеріне арналған сауат ашу мектебіне мұғалім болады.
* 1922 ж. Бөкей губерниялық комитетінің аппаратына қызметке шақырылып, әйелдер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.
* 1931-1935 ж. Мәскеудегі Өнеркәсіп академиясында оқиды. «Балқаш мыс қорыту зауытының жобасы» атты тақырыпта диплом жобасын «өте жақсы» қорғап, инженер-металлург біліктілігін алып шығады.
* 1936-1940 ж. Балқаш мыс қорыту зауытының инженер-металлургі болып жұмыс істейді.
* 1940 ж. соңында М.Бегалиева Алматы қаласына келіп, Қазақ тау-кен институтының ауыр және түрлі-түсті металдар кафедрасының жанындағы лабораторияда меңгеруші болып жұмыс істейді.
* 1942-1944 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) облысында әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
* 1944 жылы Қазақстан КП ОК-нің әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің нұсқаушысы қызметіне ауыстырылады. Содан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрлігінде бақылаушы қызметтерін атқарған.
* 1949 жылы одақтық маңызы бар дербес зейнетақы демалысына шығады.
* 1974 жылы 20 желтоқсанда ұзаққа созылған ауыр науқастан 76 жасына қараған шағында Алматы қаласында дүниеден озды.
## Отбасы
М.Бегалиева қазақтың дарынды ғалымы, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы математика және тіл білімі оқулықтарының бірнеше басылымының авторы Ғали Бегалиевпен отау құрып, Темір есімді ұл, Шолпан, Нахия, Роза есімді үш қызды дүниеге әкелді.
## Естеліктері
Өзінің қазақ қыздарының құқығын қорғау жолына түсу себебін М.Бегалиева былай деп түсіндіреді: «Біздің ауылда сұлу қыз деп танылған менің құрдасым Бадиша Сейдалиеваны үлкен қалың мал үшін 60 жастағы бай – әйелі өлген Есқали Сәрсеналиевке сатты. Есқалидың балалары Бадишадан да үлкен болды, ал үлкен ұлының жұбайы онымен жасты еді. Бадиша анасы мен ағаларына қанша жалынып, әкесінің моласына барып жылағанымен, оған ештеңе көмектесе алмады, 14 жастағы Бадиша шалдың әйелі болды. Бүкіл ауыл қарсы болып, әйелдер мен қыздар Бадишаның ағаларын қарғағанымен, оған ешкім көмектесе алмады. Адамға осылайша қорлық көрсету – менің жанымды түршіктірді. Мен осы кезден бастап патриархалдық тәртіпке қарсы күресуге бел байладым».
## Дереккөздер |
Бейнеу қорымы - 16 ғасырдан бастап сақталған архитектуралық ескерткіштер тобы.
Маңғыстау облысының Бейнеу кентінен оңтүстікке қарай 17 км жерде, Жем мен Сағыз өзендерінің сағасы арқылы Сарайшыққа өтетін тоғайлы керуен жолының бойында орналасқан. Бейнеу қорымын архитектор Т.Жанысбеков зерттеген. Екі терең сайдың арнасымен 3 бөлікке бәленген ауқымды қорым 800-ге тарта бейіт құрылыстарынан тұрады. Күмбезді бір бөлмелі қабірханалар, сағанатамдар мен құлпытас, қойтас, сандықтас бейнесіндегі шағын мемориалдық архитектуралық сәнді құрылыстар Арал-Каспий аймағына тән құрылыммен тұрғызылған. Сайдың түбінде жартастан кашалып Бекет ата жер асты мешіті салынған. Этнографиялық, көркемдік маңызы бар ескерткіштер тобына 3 күмбезді қабірхана, 5 сағанатам, 40-тан астам шағын бейіт кірелі. Бір бөлмелі, шағын күмбезді қабірханалар тас тақта мен қиылған әктастан дәстүрлі әдіспен қаланған. Төртбұрышты негізді арқалық желкендер арқылы күмбезге ұйқастыра қалап жіберуі сол кездегі құрылысшылардың шеберлігін көрсетеді. Қабірхана қасбетінің оңтүстік қабырғасы биіктетіліп тұрғызылған. Бейнеу қорымының көне оңтүстік-шығыс жақ бөлігіндегі биіктігі 110 м қоршаулар сағанатам құрылымының ерекшелігі болып табылады. Қорымда өңделген әрі ықшамдалған жабайы қой мүсіні - қошқартас сақталған.
## Дереккөздер |
Мәсімхан Бейсебайұлы Бейсебаев (22 қараша 1908, Елтай ауылы, Верный уезі, Жетісу облысы, Ресей империясы — 23 маусым 1987, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік партия қайраткері, әр жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1966-1971 жылдары КОКП ОК мүшесі болған.
## Өмірбаяны
1908 жылы 22 қарашада Ресей империясының Жетісу облысы Верный уезі, Елтай ауылында (қазіргі — Алматы облысы, Қарасай ауданы) кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол Ұлы жүздегі Дулаттың ішінде Ботпай руының Қоралас руынан шыққан.
1925 жылдан бастап Алматы ауылшаруашылық техникумының студенті болды, оны 1931 жылы кіші агроном мамандығы бойынша бітірді.
* 1931 — 33 жылдары Қазақ АКСР-і Егіншілік халкоматында жұмыс істеді.
* 1933 — 36 жылдары Алматы ауыл шаруашылығы техникумының директоры болды.
* 1936 — 41 жылдары Қазақстан К(б)П ОК-нің және Алматы облытық партия комитетінің аппаратында жауапты қызметтер атқарды.
* 1941 — 42 жылдары 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты.
* 1942 — 70 жылдары Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Ақмола облыстық атқару комитетінің 2-хатшысы, Көкшетау облыстық атқару комитетінің 1-хатшысы, ҚазКСР-і Министірлік Кеңесі төрағасының 1-орынбасары (1954 — 58) және төрағасы (1964 — 70) болды.
* 20 ғасырдың 60-жылдарының 2-жартысында Қазақстандағы шаруашылық реформалардың жүзеге асырылуына елеулі үлес қосты. Бейсебаевтың басшылығымен Қазақстанда титан, магний, синтетик, каучук, полиэтилен, т.б. өндіріс түрлері қолға алынды. Өскемен конденсатор, Кентау трансформатор, Семей кабель зауыттары іске қосылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналып, Маңғыстаудағы мұнай және газ орындары игеріле бастады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамып, көлік, байланыс жүйелері жақсарды, Рудный, Ақтау сияқты жаңа қалалар бой көтерді. Бейсебаев Қытайдан Қазақстанға оралған 20 мыңнан астам отандастарымызды қабылдап, ата мекенге орналастыруда зор еңбек сіңірді.
* Көптеген ордендер, медальдeрмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шабал Бейсекова (1 қараша 1919, қазіргі Жаңаарқа ауданы, Ұлытау облысы — 25 мамыр 1997, Алматы) — әнші, актриса.
Арғын тайпасының Қуандық руының мойын-алтыбай бөлімінен шыққан.
Қазақстаннын халық артисі (1959). Вокал өнерін әйгілі сахна шеберлерінен үйренді, негізгі опералық партияларды ұкыпты игерді. М. Төлебаевтын «Біржан-Сарасындағы» Сара, Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Жібек, С. Мұхамеджановтың «Айсұлуындағы» Айсұлу, П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегинідегі» Татьяна т. б. рөлдерін орындап, шеберлігін шыңдады. Әуезов либреттосын жазған А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар партиясы Бейсекованың орындауында жан-жақты шешімін тапты. Үздік орындаушылық шеберлігі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1949).
## Дереккөздер |
Бейсембаев Болат Балтақайұлы(1.10.1938, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы (Қалбатау) – 9.10.1999, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1984), проф. (1992), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1989).
Қазақ кен-металлургия ин-тын (1961) және оның аспирантурасын (1964) бітірген. 1965–1975 ж. Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, 1981–1975 ж. зертхана меңгерушісі, 1975–1995 ж. ин-т директорының орынбасары, ал 1995–1999 ж. сол ин-ттың директоры және 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы болды. Негізгі ғыл. еңбектері түсті және сирек металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Ол түсті металдар мен фосфордың баланстан тыс және қиын байытылатын кентастарын кешенді өңдеу процесінің хим.-металлург. негізін жасады. Сапасы төмен Жаңатас кварциті мен құрамында марганеці бар Шолақтау фосфоритін қайта өңдеу технологиясын өндіріске енгізді. Титан өндіру кезінде ванадийлі қосылыстар алудың жаңа технологиясын, сондай-ақ қорғасын-мырышты кентастарды жер астында шаймалау жобасын жасады. Геотехнол. тәсілін қолдану нәтижесінде Ақтоғай және Айдарлы мыс кентасы орындарының қоры едәуір арттырылды. Васильков кен орны кентасынан жыл бойы алтын шаймалау технологиясы игерілді. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1982).
## Дереккөздер |
Бейнеу — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, аудан және Бейнеу ауылдық округі орталығы.
Қазақстандағы халық саны ең көп ауыл – Бейнеу ауылы болып саналады.
## Тарихы
Іргесі 1916 жылы қаланған. 1948–1963 жылдар аралығында Бейнеу өңірін игерудің бірінші кезеңі аяқталады. Екінші кезең 1963 жылы Мақат-Маңғыстау, Бейнеу-Қоңырат теміржолдарының салынып, пайдалануға берілуінен бастау алады. Бұрынғы «Жібек жолы» торабы қайтадан ел мен елді жалғастыратын, араластыратын күретамырға айналды. Бейнеу стансасының бағы жанып, тоғыз жолдың торабы, Орта Азияға шығатын Қазақстанның қақпасы атанды.
Теміржол стансасы негізінде Бейнеу поселкесі қалыптаса бастады. 1965 жылғы 26-шы қаңтарда Гурьев облыстық кеңесі атқару комитетінің «Ембі ауылдық кеңесінің орталығын көшіру туралы» №17 қаулысына орай, Ембі ауданының Молқат елді мекенінде болған ауылдық кеңес Бейнеуге көшіріледі. Сол жылы өткен жергілікті Кеңестердің сайлауынан кейін, ауылдық кеңестің атауы Бейнеу поселкелік кеңесі болып өзгертілді. Ауылдық кеңестің ілкі қалыптасуына басшылық жасаған төраға Мұрын Ысмағұлов Боранқұл поселкелік Кеңесіне төраға болып кетеді де, сайлаудан кейін аты өзгерген Бейнеу поселкелік кеңесіне Шанықұл Иманбаев төраға болып сайланады.
Бұған дейін Ембі ауданына қараған Бейнеу поселкелік кеңесі 1967 жылдың 16-шы тамызынан бастап Маңғыстау ауданы қарамағына беріледі. Бейнеу поселкесінің жан-жақты қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген адам – Ш. Иманбаевтан кейінгі төраға, Ұлы Отан соғысының ардагері Ш. Шыңғысов, одан кейін Нұрбай Жақашев, Оңғарбай Дәулетбаев, Жұлдызбай Есбосынов, Жеткізген Рзаевтар төрағалық етті. Кейін әкімшілік басқару жүйесі қалыптасқанда, М. Сейілханов әкім болады да, беріректе Қ. Әбілшеев, А. Ұлықпанов, Д. Жоламанов басшылық етті.
Орталық Азия газ құбыры желісі тартылып, компрессор стансасының орналасуы, Бейнеу поселкесінің өсуіне зор әсерін тигізді. Газшылар Бейнеу мен Боранқұл ауылдарын сәнді ғимараттармен әрлей түсті. Айналасы он жылдың ішінде Бейнеу теміржолшылардың, газ бен мұнай тасымалдаушылардың, құрылысшылардың көшелері көк желекке толы қала типті мекеніне айналды. 1969-шы жылы Сам өңірін өріске толтырған мал фермаларының негізінде Маңғыстау кеңшары (директоры Таушан Қорбақов) құрылды.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Бейнеуде Орта Азия – Ресей газ құбырының компрессорлық станциясы, магистральдық мұнай құбырының және су құбырының мұнай және су айдау станциялары, тағы басқа тұрмыстық қызметтердi көрсету орындары бар. Атамекен орта мектебіне қосымша құрылыс, 140 орындық екі балабақшалары салынды.
Бейнеу санаторлық балабақшасына, орталық стадионға, Балауса балабақшасының темір шарбағына, Ж.Қалдығараев, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептерінің, Қ.Бақтыбайұлы атындағы өнер мектебінің, Бейнеу гимназиясы, «Ұстаздар үйі» ғимараттарына, Бейнеу балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауылда 160 орындық дене шынықтыру – сауықтыру кешенін, спортзал ғимаратын құру жоспарлануда.
2015 жылы ауылдағы шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың есебінде қой мен ешкі – 25396 бас, жылқы – 995 бас, түйе – 4700 бас, сиыр – 1569 бас болып отыр. Бейнеу ауылындағы М.Жұмабаев көшесіндегі мал базардың ғимаратына және шатырына жөндеу жұмыстары өтті.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (13.10. 1938, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы - 20.3.1996, Алматы) - композитор, Қазақстанның халық артисі (1991).
## Өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.
* Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1960).
* 1961 - 1964 ж. Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім
* 1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер
* 1966 - 1967 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім
* 1967 - 1968 ж. Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды.
* 1969-1974 ж. "Гүлдер" ансамблінде
* 1974 - 1980 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді.
## Шығармашылығы
Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Шақырады көктем", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", "Сандуғаш", "Сырласу вальсі", "Жұлдызым", "Армандастар", "Жайықтан қайтқан тырналар", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың "Қыз жиырмаға келгенде", Ә.Тауасаровтың "Аса құрметті Икс"), кинофильмге ("Көртышқан мен қоян"), телефильмдерге ("Алдар көсе", "Жаздың соңғы күні", т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.
## Марапаттары
Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1972).
## Дереккөздер |
Қажыбек Құдайбергенұлы Бекбосынов(19.05.1946 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы) – әнші, Қазақстанның халық артисі (1998).
* Алматы облысы Ақсу ауданында туған. Алматы эстрада-цирк өнері студиясын бітірген.
* 1967 – 96 ж. Қазақконцерттің әншісі болды.
* 1996 жылдан Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әншісі болды.
Мұхит, Ақан сері, Біржан, Әсет, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаев, Естай әндерін орындайды.
Ол орындаушылық шеберлігімен қазақ әншілік өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан. Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс береді.
## Дереккөздер |
Бекболат Әшекеев (1843/48 ж.ш., бұрынғы Жетісу облысы, Жайылмыс болысы 11-а. - 9.9. 1916, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай) — ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
1916 жылы 7-8 шілдеде Бекболат Алматының батысындағы (шамамен 40 км) Үшқоңыр деген жерде Жайылмыс және онымен көршілес болыстар тұрғындарының басын қосып, Ресей патшасының маусым жарлығын талқылайды. Жақында Бекболаттың ұсынысымен тың жұмыстарына адам бермеу жөнінде шешім қабылданады. Осындай жиын 13 тамызда Верный уезінің Ошақты деген жерінде де өтеді. Үшқоңыр мекені көтеріліс орталығы болды. Бекболат ұста дүкендерін ашқызып, қару-жарақ жасатты, жігіттерді соғыс өнеріне үйретті, Үшқоңырға келетін жолдарға тосқауылдар қойылып, жазалаушы отрядтар өте алмайтын берік қамал жасалды. Көтерілісшілер Верный қаласына шабуыл жасау үшін күш біріктіру ниетімен Пішпек, Тоқмақ уездеріндегі және Ыстықкөл маңындағы қырғыз көтерілісшілерімен байланыс жасады. Тамыз айының ортасында Бекболат бастаған көтерілісшілер жақсы қаруланған жазалаушы отрядпен қақтығысады. Күші басым отрядқа төтеп бере алмаған кетерілісшілер Жасылкөл мен Құмбел асуы арқылы қырғыз жеріне шегініп, одан әрі Қытайға өтпек болады. Бірақ ел-жұртын қорғансыз қалдырмауға бел байлап, барлық кінәні өз мойнына алмақ болған Бекболат көтерілісшілерді таратып, өз еркімен жаудың қолына түседі. 1916 жылы 7 қыркүйекте Ресей армиясының Верный қалалық әскери гарнизонының соты Бекболатты дарға асуға үкім шығарды. Бекболаттың 20-дан астам жақын серіктестері де сотқа тартылып, олардың 12-сі өлім жазасына кесіледі.
## Тағы қараңыз
* Жетісу көтерілісі
* Самсы көтерілісі
## Дереккөздер |
'Бек Александр Альфредович (3.1.1903, Ресей, Саратов қ. - 2.11.1972, Мәскеу) - орыс жазушысы. Азамат соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бектің алғашқы очерктері дивизиялық газетке басылды (1919). Тұңғыш көркем шығармаларының бірі - «Курако» повесі 1934 ж. жарық көрді. Кейін «Бір түннің оқиғасы» (1936), «Влас Лесовик» (1939) повестері, «Жас адамдар» (1956), «Жаңа қызмет» (1987) романдары жарык көрген. Бектің таңдаұлы шығармасы - «Волоколамск тас жолы» (1944) Ұлы Отан соғысының ең ауыр кезеңін, 1941 ж. Мәскеуді қорғаушылардың қаһармандык ерлігін шынайы баяндайды. Шығарманың басты кейіпкері - қазақ халқының даңқты ұлы, сол кездегі батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы. Оның ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті шығармада терең ашылып, көркем шешімін тапқан. Шығарма қазақ тіліне «Арпалыс» деген атпен басылып шықты (1948, 1959, 1977; ауданы Қ.Сағындықов). Ағылшын, француз, неміс, араб, италия, испан, еврей, грек, португал, финн (суоми) тілдеріне аударылып, әлемнің түпкір-түпкіріне кең танылған.
## Дереккөздер |
Бекетов бипаны (лат. Parrya beketovii) – орамжапырақ тұқымдасы, бипан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Орта Азия мен Қазақстанның өсімдік жамылғысын зерттеген орыс ботанигі А.Н. Бекетовтің құрметіне аталған. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларының, Ұзынқара (Кетпен) тауының орта белдемдерінде, тасты, тастақты, сортаң жерінде өседі. Биіктігі 15 – 40 см. Негізгі сабағында жапырақ болмайды. Жапырағы сабақ түбіне шоқталып орналасқан, пішіні сопақша болады. Сабағы мен жапырағының сыртын түк басқан. Тостаған пішінді жапырақшаларының ұзындығы 9 – 11 мм, түсі қоңыр қызыл, желегінің ұзыдығы 20 – 23 мм, ол көкшіл немесе қызғылт түсті келеді. Бекетов бипаны тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – бұршаққын, ұзындығы 4 – 8 см, ені 3 – 4 мм. Жемісі жас кезінде түкті, піскеннен кейін жалаң болады. Бекетов бипаны сирек кездесетін эндемик өсімдік, таралу аймағы жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Николай Дмитриевич Беклемишев (25.9.1915, Мәскеу облысы Малахов дер. – 20.10.2002, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1955), профессор (1958), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1975). Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1962).
Вильнюс университетін бітірген (1939). 1940 ж. Қазақстанға жер аударылды. 1940–1945 ж. Алматы облысы Балқаш ауданы Құйған ауылында ауылдық дәрігерлік бөлімше меңгерушісі, 1945–1949 ж. Алматы мемл. мед. ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) ассистенті, 1949–1972 ж. Өлкелік патология ғыл.-зерт. институты директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1972–1986 ж. Қазақ эпидемиол., микробиол. және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиол. ғыл.-зерт. орт.) директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. 1986 жылдан қазіргі Гигиена және эпидемиол. ғыл.-зерт. орт-нда әуелі құрметті директор, одан соң құрметті кеңесші. 1953 ж. «Хронический бруцеллез» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл.-зерттеулері иммунол., аллергол., силикоз, сарып (бруцеллез) сырқаттарының себебін анықтау, емдеу тәсілдерін табу мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда тараған тыныс жолы аллерг. ауруларының себебін анықтау тәсілдерін жетілдірді және адам денесінің аллергендерге жауап реакциясын зерттеді, сарып микробы тудыратын аллерг. реакцияның табиғи сырын ашты.
Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1980). Қазан революциясы, «Құрмет Белгісі», Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.
## Сыртқы сілтеме
* http://www.unesco.kz/heritagenet/kz/participant/scientists/list_science.html
* http://www.unesco.kz/heritagenet/kz/participant/scientists/beklemishev.htm
* http://www.need4stud.ru/photo/moskovskij_gosudarstvennyj_universitet_pechati/beklemishev_nikolaj_dmitrievich/4-0-28 Мұрағатталған 23 наурыздың 2013 жылы.
## Дереккөздер |
Бекович-Черкасский Александр, мұсылманша аты Дәулет-Кизден-мырза (туған жылы белгісіз – 1717, Хиуа) – Ресей қызметінде болған кабарда князі. Парсылармен сауда-саттық орнату мақсатында және Хиуа хандығын өзіне бағындырып, шығысқа жол ашу үшін Петр І 1714 ж. Бекович-Черкасскийге Каспий теңізі жағалауын зерттеуді тапсырған. Бекович-Черкасский экспедициясы Орта Азия мен Қазақстанның Каспий теңізі жағалауына және ол арқылы құрлық жолмен Астрахан, Атырау қалалары — Жем өзенінің төменгі сағасы — Үстірт маршруты бойынша екі рет сапар шекті. Бірінші экспедицияда Бекович-Черкасский жүрген жолдарына мұқият зерттеу жүргізді. Ол Каспий теңізінің солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауын картаға түсіріп, оның нақты пішінін анықтаған. Осының нәтижесінде Каспийдің солтүстік және шығыс жағалауының алғашқы нақтылы картасы жасалды. Әмударияның ескі арнасы — Үзбойды тапты. Үзбой өзенінің аңғарының төменгі сағасында жатқан жерлер туралы тұңғыш мағлұмат алынды. Бұл картаны Петр І Франция Академиясына тапсырады. Академия орыс патшасын өзінің құрметті мүшесі етіп сайлады. 1717 ж. Бекович-Черкасский Хиуаға 2-рет аттанады. Бірақ хиуалықтармен болған ұрыста ол қаза табады. Бекович-Черкасскийдің зерттеулерінің нәтижесінде Арал, Каспий теңіздерінің нақты аймақ жиектері белгіленді, тұңғыш карталары жасалып, сипатталды.
## Сыртқы сілтемелер
* http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87-%D0%A7%D0%B5%D1%80%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9,_%D0%90%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80
* http://www.hrono.ru/biograf/bio_b/bekovich_cherkas.html
* http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_colier/7393/%D0%91%D0%95%D0%9A%D0%9E%D0%92%D0%98%D0%A7
## Дереккөздер |
Орынбек Беков (Қарағанды облысы, Шет ауданы 1898 жыл - 13 наурыз 1937 жыл) - жазушы.
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. 1903 жылы оның үй іші Спасск зауытына көшіп барады. Екі кластық училищені бітірген соң, 1912 жылы зауытта түрлі қара жұмыстар істейді. Ақпан революциясынан кейін зауыттың саяси өміріне белсене араласады. Совдеп төрағасының орынбасары, еңбек бюросының төрағасы болады. 1919—1922 жылдары ревком төрағасы және жүмысшылар депу-таттары Спасск зауыт советі мен БК (б)П Спасск аудандық комитетінің мүшесі, хатшысы қызметтерін атқарды. 1923 жылы Қарқаралы уездік милициясының бастығы, одан соң Семей губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болады. 1925 жылы БК(б)П Өлкелік Комитетінің шешімі бойынша Еңбек халық комиссариаты аппаратына қызметке ауысады. 1928 жылы Алматыда шығатын «Тілші» ғазетінің редакторы, ал 30-жылдары қазақ драма театрының директоры болды.
## Еңбегі
Әңгімелері мен өлеңдері республикалық газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналының беттерінде жариялайды. 1928 жылы «Ұлы істің игілігі үшін» атты публицистикалық мақалалары, 1931 жылы «Советбике» повесі жеке кітап болып шықты.
## Шығармалары
* Ұлы істің игілігі үшін. Публицистикалық мақалалар. А., ҚМКӘБ, 1928;
* Советбике. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1931.
## Сілтемелер
* БЕКОВ Орумбек (Орынбек) Мұрағатталған 26 маусымның 2015 жылы.
* Список поэтов и писателей
* Беков Орынбек Мұрағатталған 26 маусымның 2015 жылы.
* БЕКОВ ОРЫНБЕК Мұрағатталған 26 маусымның 2015 жылы.
## Дереккөздер |
Марат Сәметұлы Бисенғалиев — скрипкашы. 1962 ж. Алматы қаласында туған.Мараттың әкесі Сәмет Бисенғалиевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданын мекендеген. Ол институтта жоғары білім алған соң Қырғызстанның Жалалабад облысының қаржы бөлімін басқарды. Кейін отбасы Алматыға қоныс аударғасын Сәмет Бисенғалиев қаладағы Калинин ауданының қаржы бөлімінің төрағасы қызметінде болды.
Мараттың анасы – Арухан көршілес Астрахань облысынан, мамандығы – мұғалім. Сәмет пен Аруханның ұрпақтары – Ғалия, Райхан, Батима, Ғанимат, Сағадат. Олардың кенжесі – Мараттың Алматыда 1962 жылы 13 наурыз күні кіндігі кесілді. Егер де оның анасы Маратты Алматыға қонаққа келгенінде босанбаса, жолшыбай туып қалар еді.
Сәмет Бисенғалиев домбыра аспабында тамаша ойнайтын. Жерлестері ортасында үлкен құрметке ие-тұғын. Оның орындаушылығында Дәулеткерей мен Сейтек күйлері әуен фирмасында кезінде таспа-ланғанды. Мараттың музыкалық қабілеті кешірек оянды. Мектепте жүрген шағында оны алда музыка өнерпазы болады деп ешбір жан ойламаған. 1969 жылы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық үчилищенің скрипка класында оқуды бастайды. Ол 8 сыныпта Нина Михайловна Патрушевнаның тәрбиесінде нағыз ұстазын табады. Сонда ғана скрипкада беріле ойнайды.
Училищені бітірген соң ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ардақты Н.М.Патрушеваның класына қабылданды. Үшінші курста П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Борис Владимирович Беленькийдің класына ауысты. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты.1988 жылы Қазақстанға келіп «Алтын алма» атты жеке батыс-тық музыка ұжымдарымен тайталаса алатын камералық концерт құрды. Дирижер Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры Я.Фудиман, Р.Хисматуллин, Я.Мавриди, С.Бисенғалиева, М.Бекмағанбетов сынды өнерпаздарды шақырды. Бұл Мараттың өзі үлкен қанағаттанушылықпен есіне алатын оркестрді басқару тәжірбиесі еді. Бастама Мараттың Англияға кетуіне орай тоқтап қалды. 1990 жылдан Англияда тұрады. Осы уақыттан бастап, белсенді концерт берумен айналысады.1990 жылы Англия корольдігінің оркестрімен үлкен концерт атқарды. Оның скрипкашылық өнері таныла түсті. Осы жылы «Наксос» фирмасының менеджері оны байқап, осы фирмамен бірге жұмыс істеуге шартқа отыруды ұсынады. Мұның өзі скрипкашы алдында батыстың көптеген концерттік залдарының есіктері айқара ашыларына және әлемдік жетекші маңыздағы оркестрлерде орындауына жол ашылды. Ол әлемнің ең үздік, әркімнің қолына түсе бермейтін «Карнеги Холл» және «Барбикен Холл», «Альберт Холл», «Гивен Хауз» залдарында өнерімен тамсандырды.
Осылардың арқасында Марат Сәметұлының орындауындағы шығармалар жазылған үнтаспалар сатылымы молая түсті. Оның көптеген дискілері ағылшын журналы «Граммофонның» үздігі аталды. 1989 жылы Мәскеудегі «Мелодия» фирмасы да оның орындауындағы шығармаларды үнтаспалады. Оның репертуарына 80 скрипкалық концерттері мен 1,5 сағаттық камералық музыкаға арналған бағдарламалары енді.
1996 жылы Нью-Йорктің Барбикан Холында Англияның камералық оркестрімен берген концерті оның халықаралық скрипка жұлдызы ретінде қалыптасуындағы шешуші кезең болды. Ол ірі әлемдік музыка жазбаларымен айналысатын компаниялармен тұраҚты келісім шарт жасасады. Қазіргі кезде Марат Бисенғалиевті әлемнің танымал сыншылары мойындап отыр. Оны “Қазақстанның бейбітшілік елшісі” деп атайды.Марат Бисенғалиевтің тікелей ұйымдастыруымен құрылған Батыс Қазақстандық симфониялық оркестр Астана, Алматы және Орал қалаларында көмеймен ән салатын өнерпаз Еділ Құсайыновтың Финляндия хоры мен Ұлыбританиялық орындаушыларының қатысуымен өткен екі сағаттық концерті тамаша өтті. Karl jenkins Music ltd дискіде музыкалық поэманы жарыққа шығарды. Оны таспалауды Sony classic фирмасының студиясы мойнына алды. Бұл оркестрде кеңесші дирижер болуға кезінде Фуат Шәкірұлы Мансұров пен ағылшындық дирижер Джон Андерсон қатысқан-ды.Марат Бисенғалиевке ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы 2008 жылы берілді. Бұл хабарды Қазақстанның Англиядағы төтенше және өкілетті елшілігінен естиді.
Аса шебер өнерлі скрипкашыны 2005 жылы Англияда өткен концерттің аяқталғанында үндістандық менеджер сахна сыртына көтеріліп, оған үлкен ұсыныс жасайды. Мақсаты – Марат Бисенғалиевтің тікелей көмегімен Үндістанда симфониялық оркестр құру. Бұл күндері Үндістанда сондай оркестр қанатын жая түсуде. Енді ол Францияның мәдениет министрлігінің сұранысымен Парижге қоныс аудармақшы.
## Дереккөздер |
Бейсембаев Серікбай(27.12.1912, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы – 20.12.1989, Алматы қаласы) – тарих ғылым докторы (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1975).
Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.
## Білімі
* Украиндік советтік сауда институтын (1936, ж.Харьков)
* 1936–1937 ж. әскер қатарында, 1937–1939 ж. Қазақстан БЛКЖО ОК-нің нұсқаушысы болды.
* 1939–44 ж. Минск, Борисов және Архангельск қ-ларындағы әскери уч-щелерде қызмет етті.
* СО КП ОК жанындағы Қоғамдық ғылым академиясының аспирантурасын (1951) тәмамдады.
## Еңбек жолының негізгі кезеңдері
* Қазтұтынуодағы базасын меңгеруші (1936)
* Қызыл әскердегі қызметі (1936-37)
* Қазақстан ЛКЖО ОК –ны насихаттау бойынша нұсқаушы
* ЛКЖО ОК –ны насихаттаушылар мектебінің директоры, комсомол бөлімшесінің меңгерушісі
* Қазақстан КП ОК жанындағы начихаттаушылардың жоғары мектебі директорының орынбасары (1937-39)
* Ұлы Отан соғысындағы қызметі (1941-46)
* 1946 жылдан бастап Республикалық партия мектебі директорының орынбасары, осы мектептің аға оқытушысы
* 1952-1955 жылдары СОКП кафедрасының меңгерушісі және С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің проректоры.
* Қазақстанның КП ОК-ның ғылым және мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1955-57,1960-63)
* 1957-60 жылдары ҚазССР –ның жоғары және арнаулы орта білім беру министрінің орынбасары (1963-64)
* Қазақстанның КП ОК жанындағы партия тарихы интитутының директоры (1964-80)
* 1980 жылдан бастап Қазақстаннның КП ОК ғылыми аға қызметкері
* ҚазССР-дің Жоғары Одағының депутаты
## Еңбектері
Ғылыми мақалалардың, монографиялардың, оқу құралдарының авторы, көпшілік документалдық материалдардың құрастырушысы және редакторы. Саясат мәселелерін, мемлекеттік құрылыс пен халықтардың достастығына арналған ғылыми еңбектердің негізін қалаушы.
## Наградалары
Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы,«Қазан революциясы», Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ерсайын Сатыбалдыұлы Бекмұхамбетов (5.4.1934 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепное ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1991), профессор (1994).
Мәскеу Жоғары тех. уч-щесін бітірген (1957). 1957–1960 жылы КСРО Авиация өнеркәсібі мин-лігінің арнаулы кәсіпорнында инж., аға инж., 1960–1994 жылы Қазақстанның Ядр. физика ин-тында кіші және аға ғыл. қызметкер, зертхана меңгерушісі болды. 1994 жылдан ҚР Ұлттық Ядр. физика ортаның Атом энергиясы ин-тында лаборатория меңгерушісі. Бекмұхамбетов ғарыштық ядр.-энергет. қондырғыдағы меншікті электр қуаты жоғары термоэмиссиялық түрлендіргіш-реактордың жылу шығарушы элементтер жиынтығын зерттеу және оларды сынақтан өткізудің жаңа ғыл. бағытын негіздеп, кешенді тәжірибелік база құрды. Реактордағы сәулелендірілген баяу балқитын металдардың шығу жұмысын өлшеудің аса дәл әдісін жасады. Жоғары температура кезінде жылу шығарушы элементтер жиынтығындағы масса тасымалдау және газ бөлініп шығу процестерінің заңдылығын анықтады. Металдардың радиациялық зақымдану физикасы және радиац. материалтану саласындағы жұмыстары үшін оған Қазақ КСР-імемлекеттік сыйлық берілген (1978).
## Дереккөздер |
Бәйдібек Қарашаұлы (VІ—VII ғасырлар аралығы) — Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.
Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі.Бәйдібектің әкесі Қараша (578–632 жыл) Қытай жылнамасында 530–604 жыл деп көрсетілген. Біздің жыл санауымызбен өзгешелік бар туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 жылдар) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді.Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан.
Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Ал алты ұлы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысытары түйіскен атақта Күйік асуында жау қолынан қаза тапқан.Сол алты ұлының қазасына күйініп жүргенде осы Байтоқты дүниеге келіпті. Байтоқтының Сирықты деп те атайды шежірелерде. Өйткені бір аяғының кемістігі болған деседі.Осы Байтоқтыдан атақты Түркеш қаған туылған.7–8-ші ғасыр тоғысында үлкен қағанат құрып аты тарихта қалған тұлға. Өзіне арнап тиын ақша да соқтырған Түркеш қаған. Мұны Домалақ ана кесенесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тиын ақшалар да дәлелдейді. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады.
Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған.Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға.
Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000–2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ–VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады.
Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытадыХалық жүрегінде сақталған және жазба түрдегі шежірелердің деректеріне сүйенсек, Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі, Жалайыр, Шақшам, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, және Дулат тайпаларының түп атасы Майқы би болып келеді. Соған байланысты "Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы - Майқы би" деген нақыл сөз халық аузында сақталып қалды. Оның аяғы ақсақ болды, сондықтан да күймеге мініп жүрді. Майқы би көп жасаған кісі, жеті ханды қолынан өткеріп, бар ғұмырын халық тағдырын ойлауға жұмсады. Ол 120 жасқа келгенде, үш жүздің еншісін берді, таңбасын таратты. Ұлы жүзге ту ұстатты, Орта жүзге қауырсын қалам, Кіші жүзге найза берді. Осы бөлістен соң Майқы би туралы "Хан біткеннің қазығы - бұқара жұрттың азығы" деген мәтел кең тарап кетті.
Шежіре деректерінде би Кейкіден туған Төбей деп көрсетіледі. Төбейдің төрт баласы - Майқы, Қоғам, Мекіре, Қойылдыр. Ал, Майқыдан - Бақтияр , Бақадыр өрбиді. Бақадыр ұрпағы Ауған мен Иран жерінде жалғасады. Бақтияр батырдан - Үйсін, Ойсыл туады. Ойсыл ұрпағы - Сіргелі. Бұл жеке дара жіктейтін ірі тайпа. Ал, Үйсін ұрпағы Ұлы жүз халқының негізгі бөлігін құрайды. Өз заманында оның атақ-даңқы кең жайылды. Ертедегі қазақ мемлекетімен шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, мәдени байланысы, сауда ісі осы Үйсін есімімен тығыз байланысты болды. Үйсін ұрпағы - Жансақал, Ақсақал болып келеді. Жансақалдан жалайыр тайпасы тарайды. Ал, Ақсақалды шежіре деректерінде Абақ таңбалы деп көрсетеді. Сондықтанда кейде Ақсақалды "Абақ" деп те атайды. Ақсақалдан айдарлы сақалды туады. Шежіреде олардың егіз перзент екені айтылады. Екеуі де батыр ноян болып өседі. Елді сыртқы жаудан қорғау мақсатында Сақалды Орта жүзге кіретін Керей ұлысының ішіне барып, сол елдің қызын алып, сонда қалып қояды. Кейін одан тараған ұрпақ Абақ-Керей атанып кетті. Айдарлыдан - Асан, Қараша туды. Асан өз заманының ғылымын жан-жақты меңгерген, терең білімді, ақылға дарқан, өмірден көргені көп, ұққаны мол кісі болды. Ол дүниені жалған құбылыс деп түсініп, үйленбеген. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне Асан қайғы деген атпен енді. Халықтың қамын жеген қамқор қартты ел осылай атады. Жиһанкез саяхатшы болды. Қараша би, кейін хан болған кісі. Оның әкесі Айдарлы өжет мінезді, ержүрек батырлығымен көзге түскен екен. Қараша биден - Бәйдібек, Байдолла туады. Байдолладан шақшам тайпасы тарайды. Ол - Атым, Сары, Имам, Жәнібек, Қазақбай, Қара болып алты атаға бөлінеді. Бәйдібектен - Байтоқты, Жалмамбет, Жарықшақ, туады.
Ұлы Бәйдібек бабамыз 609–695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша кейінгі ғалымдардың нақты тарихи дереккөздерді салыстыра отырып жасаған тұжырымы бойынша шамамен (558–632) жылдары өмір сүрген.
## Деректердегі кездесулер
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) «Тарих-и Рашиди» атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12 - 13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай “...бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып”, елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты айғақтар Бәйдібек бидің ертеде өмір сүргендігін көрсетеді. Бәйдібек бидің әкесі Қараша (530-604) Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.
## Халық аузынан
Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректеме негізі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз әңгіме жөне әйгілі шығыс зерттеуші ғалым-этнограф Николай Аристов, Ш. Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады. Бүл деректемелер бойынша Бөйдібек — Қазақ елінің ел болып қүрылуында үлкен орын алатын ежелгі Үйсін бірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи түлға. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен Жалманбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты тарағаны айтылады. Бәйдібек әулетінің ең көп тараған саласы — ол кіші әйелі бүл өлкелерге Домалақ ене дейтін лақап атымен мөлім Нүриләнің (бір деректерде Бибімәрия, Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары. Бәйдібек бидің осы немерелері 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған 6 ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында “Алты Сары бейіті” деген киелі жер қалды. Албан, Суан, Дулаттың Жетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ жүртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші жартысында бүл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен жолжазбаларынан кездестіреміз.
## Бәйдібек бидің жастық кезі
Байдібек би біздің заманымыздың 609 жылы Қаратаудың етегінде дүниеге келген. Жаугершілік кезінде үш жасынан әке-шешеден жетім қалады. Ағайындардың қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додагерлерден әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді.
(Әрі қарай энциклопедиялық стильге келмейді.)
Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей қалады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. Ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары арықтап, жылқысының мазасы кетіп калғанын көреді. Әлі алда үш ай қыс бар. Қалай болар екен? Мыңғырған жылқыдан жұрдай болып, құрық ұстап қаламыз ба? Кәне, не ақылдарың бар? - деп жылқышыларына сөз салады. Жылқышы шал айтады:
- Жылқыңызды Ташкент, Түркістан базарына айдатып сатыңыз. Ақшасын жамбасқа басыңыз. Келесі жылы қайтадан жылқы сатып алып, орнын толтыра саласыз.
Әлсейіт деген ортаншы жылқышы айтады: - Жылқыңызды әр үйге бестен, оннан бөліп беріңіз. Олар өз малындай қарап, аман алып шығар, - дейді.
- Байеке, егер маған тапсырсаңыз, - дейді бала жылқышы Бәйдібек, - жылқыңызды түгелдей Мойынқұмға қыстатып шығар едім. Ана жолы жоғалған қырық қысырақты іздеп Мойынқұм жайлауын түгелдей аралап шықтым. Сонда малын қыстатып жүрген жылқышы, түйеші, қойшылар: "өзге жерде мал жұтаса да, бұл Мойынқұмда мал жұтамайды. Жел деген болмайды. Қар жұқа түседі. Мойынкұмның жусаны, изені, шеттігі, жыңғылы, сексеуілі, шеңгелі қанша жайылса да жетеді", - деп отырған.
Шынтас бай Бәйдібек сөзін құптап, былай депті:
- Бәйдібек балам, мен саған сенемін, сенің тегін емес екеніңді білемін, жылқымды талай рет барымташыдан, бораннан аман сақтап жүргеніңді қалай ұмытайын. Ал, ықтияр өзіңде, саған ерік бердім, — дейді. Сонымен Шынтас байдың бір мың бес жүз жылқысын үшке бөліп, он шақты жігіт Мойынқұм жайлауына қарай айдайды. Сөйтіп құмның ең ұйықты, шұрайлы жерін жайлайды. Бірер күннен кейін сол өңірді билеп отырған Арыстан би оларға бір жігітін жұмсапты.- Барып біліп келші, қара құрымдай қаптап жаткан кімнің жылқысы екен? - Жігіт барып Шынтастың жылқышыларына жолықса, Бәйдібек:- Ол биге мен барып сәлем берейін. Ауа келген жағдайымызды түсіндірейін, - дейді. Арыстан бидің қыстауы Қаратаудың күнгей бетіндегі Қызыл Арық бойында екен. Бәйдібек кештетіп Арыстан бидің үйіне барады. Төрде отырған жасы сексендерге жетіп қалған ақсақалды биге барып сәлем береді.- Қай ауылдың баласысың?- Үйсін Қараша бидің баласымын.- Е, е, жарықтық Қараша бидің де, онда бізге туысқан болдың ғой. Әкенді білемін. Жас кезімізде алдына барып, қолынан талай дәм татқанмын, талай ақыл, кеңесін тыңдағанмын. Ал, бұл жылқы кімдікі, балам?- Шынтас байдікі. Мен сол байдың жылқышысымын. Биыл елімізде қыс қатты, жұт болатын түрі бар. Содан ығып Мойынқұмды паналап, қыстап шығуға келіп едік.- Е, е, шырағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі - ел нәсібі, ел нәсібі - ер нәсібі. Жер мен малдың кіндігі бір деген. Ары тұр демей-ақ қояйын. Жер менікі емес, құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығыңдар. Ауыл мынау - келіп кетіп тұрарсыңдар.
Арыстан атаның бұл сөзі Бәйдібек баланың көңілін жадыратты. Бағана жолда келе жатқанда "би кабыл көрсе дұрыс, қабыл көрмей қайтыңдар десе, қайтеміз" деген ой-күдігінің бәрін жуып-шайып жіберді. Дастарқан жайылды. Буы бұрқыраған дәу табақ ет келді. Бәрі дәмге қол созды. Ас үстінде де, одан соңғы келген шай үстінде де би атаның әңгімесі таусылар емес. Бірінен бірі өтеді. Тек тыңдай бер. Кішкентайынан әңгіме, жырға, шешен тапқыр сөзге құмар Бәйдібек баланың құлағы Арыстан атасында. Тіптен елігіп, бар ынтасымен ұйып қапты. Ел әбден жатар уақытта басында ақ, кимешегі бар, бес биенің сабасындай бидің бәйбішесі қасында шай құйып отырған қызына:
- Қонақ балаға төргі үйге төсек салып қой-дағы, өзің менің қасымда жат. Мына белі кұрғырды уқалап бер, - деді. Бәйдібек әңгімеге есі шығып, келгелі бері бәйбіше қызын жөнді байқамапты. Енді назарын салып еді: екі көзі танадай жалт-жүлт еткен, сұлуша бүйрек мұрын сары қыз келбетті-ақ екен. Тесіле қарап қалған жігітке тана көзін бір жарқ еткізеді де, күлімсіреген күйі орнынан тұрып, шешесінің айтқанын орындауға кетті. Бәйдібек ішінен "келгелі бері қызға неге көңіл аудармадым екен", - деді.
Сонымен қыс күні біртіндеп өтіп жатады. Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанды. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, шежіре әңгімелерді тыңдайды, оңашасын тауып сары қызбен сырласады. Қыздың аты Гүлжамал еді. Оны әке, шешесі, аға, жеңгелері еркелетіп "Сары қыз" дейді екен. Бәйдібектің сары қызбен көңілдес, бір-бірін ұнатып, сырласып жүргенін шешесі де, әкесі де сезеді, бірақ шеккі көрмейді. Қайта жиірек кездесіп, бір-біріне үйір бола бергенін қалайды. Әсіресе жеңгелері көп дәнекерші болады.Бір күні Арыстан би:
- Балам, саған ықыласым түсті. Еліңде кұда түсіп, сөз сөйлерің бар ма?- Ондай жанашыр әке, шеше менде жок, өзіммен-ақ сөйлесе беріңіз.- Ендеше Сары қыз екеуіңе отау тігіп берейін, осында қалсаң қайтеді?- Ақсақал, отау дегеніңіз жөн, бірак мұнда қала алмаймын ғой. Жетім болғаныммен, менде де ел бар, жұрт бар. Ауылға барайын, ағайын-туыспен ақылдасайын. Көп кешікпей қайтып айналып соғайын.- Жарайды, мұның да жөн екен. - Арыстан би мен Бәйдібек баланың алғашқы келісімі осы болды.
Наурыз айы жақындап, қыстың ызғары қайта бастайды. Жылқышылар жылқысын еліне беттетіп айдай жаяды. Бірнеше күн дегенде олар еліне жетеді. Шынтас бай жылқысының мұрты бұзылмай аман-есен оралғанына қатты қуанады. Жылқышылар Мойыңқұм жайлауын қыстап шыққанын, ол елдің Арыстан деген биінің көрсеткен аталық қамқорлығын, тіптен Бәйдібекке жалғыз қызын бермек болғанын жырдай қылып баян етеді. Сонда Шынтас байдың Бәйдібекке шын мейірі түсіпті:
- Бәйдібек балам, түсіндім, бәрі сенін арқаң. Жайлы өріс тауып жылқымның тай-тулағына дейін сондай қаһарлы қыстан аман қалғаны тек сенің ақылың. Сен есік алдында жүрген құлым едің, енді ақылды ұлым болдың. Қасыңа бір қария, он жігіт қосып, алдыңа жүз жылқы салып берейін, Арыстан биге бар-дағы қалыңдығыңды алып қайт!
Осылайша Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би елінің тайлы-таяғы жиылып, Сары қызды ұзату тойын жасайды. Ақындар айтысы, бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы ату дейсің бе, барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары қыз жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шынтас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып той өткізеді. Беташар, жар-жар жырланады. Бәйге, көкпар беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен Гүлжамалға ақ отау тігіп, енші береді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады.
Гүлжамал Байтоқты деген ұл, Алтын деген қыз туады. Байтоқты он сегіз жасында Керей жұртының Ұшан деген қызына үйленеді. Келесі жылдың көктемінде таудың қуысында отырған бес-алты үйді мал-жанымен бір түнде таудың тасқын суы алып кетеді. Солармен бірге Байтоқты да үй-мүлікімен опат болады. Соның алдында ғана төркініне кеткен Ұшан аман қалады. Төркінінде жүріп Ұшан ұл табады. Оның атын Мырзақазы қояды. Еліне келген соң, Ұшан да қайтыс болып, бір жасқа толмаған баласы жетім қалады. Жас нәрестені Байтоқтының қарындасы Алтын ақ ешкінің сүтін беріп асырап алады. "Қүдайдың берген сыйлығы" деп оны "сыйлық сары" қояды. Келе-келе ел оны "Сары үйсін" атап кетеді. Сары Үйсіннен - Қалша, Жақып туады. Бір шежіреде Қалша, Жақыпты Сары бәйбішенің қызы Алтыннан туған деп көрсетілген. Ол дұрыс емес. Қазақ қыздан туған жиенді шежіреге қоспайды.Гүлжамал (Сары бәйбіше) Байтоқты мен Алтыннан кейін тоғыз ұл туыпты. Олардың барлығы әкесі Бәйдібекке ұқсап шетінен батыр, палуан болып өседі.Қалша, Жақыптан Танай, Жанай, Жаулан (Тоқаш Бокиннің арғы аталары), Есім, Малай, Баба, Сүргінкел, Көпсерке, Қайқы, Софы, Сұлтанқұл ұрпақтары тарайды. Қазіргі Бәйдібек бидің Сары бәйбішесінен өрбіген Сары үйсін әулетінің дені Алматы облысының Балқаш, Күрті, Жамбыл ауданында тұрады.
## Екінші әйелі
Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насаты батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңырат Қызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен.Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған келін деп, кейін Мапрашты атап кетеді. Мапрашты Бәйдібек батыр үйіне келе сала еңсеріп игеріп кетеді, қысы-жазы малға да қарайды. Боранды күндері кәдімгі қарулы палуан жігіттермен бірдей қимылдап, атасының ойынан шығып жүреді. Кешікпей Мапрашты Досымбет деген ұл туады. Оның көзі бір-біріне атысып, шапыраштанып туған соң ел Шапырашты атап кетеді. Шапырашты да өсе келе әкесі Жалмамбет, атасы Бәйдібекке ұксап насаты батыр боп ер жетеді.Қазақ шежіресінде Шапыраштыдан Есқожа, Асыл, Айқым, Екей, Еміл, Шыбыл ұрпақтарын таратады. Жазушы Балғабек Қыдырбекұлы "Алатау" (1989) романында Шапыраштыдан Ыстық, Асыл; Ыстықтан Малды, Желді, Қалды; Малдыдан: Екей, Еміл; Екейдің бәйбішесінен Жәрімбет, Бейімбет; Тоқалынан Әнет, Жиет; Емілден Жайық, Алсай, Қойшыман; Жайықтан: Құл, Тайторы; Алсайдан: Көшек батыр. Қойшыманнан Есқожа, одан Қарасай батыр. Желдіден Шыбыл, Асылдан Әжіке, Орымбет, Төке, Төлеміс, Құттымбет, одан Наурызбай батыр боп келеді.Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапрашты ананың сіңілісі екен. Мапрашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты:- Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң, былай етерсің: Менің сіңлім Қарашаш та бойжетіп қалды. Сен соны ал. Ол біздің балаларымызды өгейсітпейді. Бауырына тартып, менен бетер бағып қағады.Келіннің бұл өсиетін атасы Бәйдібек те, оның әйелдері де кұптайды. Жалмамбет өзінің сүйікті жары Мапрапштының өсиетін бұлжытпай орындайды. 14 жасар Қарашашты айттырып алады. Қарашаш сұлу, әрі салдарлы, сабырлы, ақылды болыпты. Оның өзгелерден бір ерекшелігі үнемі өн бойын таза ұстап, иіс сабынмен жуынып-шайынып, қолы-бетіне иісті әтір жағып, сыланып-сипанып, үстіне қонымды таза асыл киімдер киіп, сән-салтанатпен кербез жүреді екен. Оның бұл әдет-дәстүрі келе-келе ауылдың қыз келіншектеріне үлгі-өнеге болып таралыпты. Қариялар, абысын-ажындар Қарашашты "Сыланды келін", "Иісті келін" деп атайды екен.Одан өсіп-өнген ұрпақтарды "Сыланды балалары", "Иісті балалары", кейін "Иісті", "Ысты" деп қысқаша атап кетеді. Бір шежіреде Ысты руының аталуын Сыланды ананың месті ыстап, баптап қымыз ашытуынан солай аталып кетіпті деп көрсетілген.Сол Қарашаш (Сыланды) анадан Ысты (шын аты Нұртай), Ошақты (шын аты Қырбай) балалары тарайды. Нұртай 16 жасында жауға қарсы ат қойып "Жауатарлап" шауып, жеңіп шыққан. Содан Жауатар батыр аталып кеткен. Жауатардан (Ыстыдан) Қосмағамбет, Досмағамбет, Сыдық тарайды. Бәйдібек атасы ол немерелеріне енші үлестіргенде Қосмағамбетке - ойық, Досмағамбетке - тілік, Сыдыққа - сызық ең салып береді. Содан олар Ойық, Тілік, Сызық аталып кетеді. Ойықтан (Қосмағамбет), Зорбай (Ауызүсіген), Қызылқұрт, Көкшекөз, Сәтек; Тіліктен (Досмағамбет) Мырза; ал, Ошақтыдан Байлы (Байназар), Аталық, Қоңыр, Тасжүрек ұрпақтары шығады.
Күндестік.
Нұрилә (660-738 )Бәйдібек биге 679 жылы 19 жасында тұрмысқа шығады. Той бірнеше күнге созылады. Бұл жайлы сол кездегі қытайдағы Тан әулетінің тарихи Суйнама жылнамасының 74 ші бума 46 шы баянында жазылған. Нүрилә өуелі Сары бәйбішенің қолына түседі. Өзі адуын тік мінезді Сары бәйбіше алғашқы кезде жас келінді оған-бұған жұмсап, ынтымақ сақтап жүреді де, кейін түрткілеп күндей бастайды. Бәйдібек Ташкентке кеткен күннің ертеңіне жас келіншекті отынға жұмсайды. Қарулы Нұрила бір арқа жусанды көрші отыратын мүсәпір кемпірдің үйіне апарып тастайды да, қайта барып екінші арқа жусанды бәйбішенің үйіне әкеле жатса, Сары бәйбіше оны барыпты да, қамшымен сабай беріпті. Сондағысы: "бір арқа отынды неге ана үйге апарасың?" деп кінәлапты. Жас келіннің көйлегі жыртылып, басы жарылып қалады. Керегенің көзінен қарап, Зеріп ана дереу жүгірып барып екеуін ажыратады. Нұриләны үйіне әкеліп, өз көйлегін кигізеді. Қанын жерге тамызбай сүртіп алады. Ташкенттен оралған Бәйдібек бұл жанжалды естиді де, ертеңіне Нұриләға отау тігіп, бөлек ауыл етіп отырғызады. Айлар етеді. Бұлақ басында айы-күніне жетіп толғатып ұл табады. Ұлының атын Тілеуберді қояды. Ағайын-туыс, абысын-ажындар құтты болсынға жиналып, шілдехана өткізеді. Ел тарайды. Бәйдібек би Ақсақ Темірдің шақыруымен Ташкентке кетеді. Осындай оңаша кезді пайдаланып, Сары бәйбіше қасына ешкімді ертпей жалғыз өзі Нұриләның үйіне барады. Оның күндестік қастандығы әлі қалмаған екен.
- Бар, сен малыңды жайғап кел, балаға мен қарай тұрайын, - дейді. Нұрилә бәйбіше сөзін екі етпей сыртқа шығып кетеді. Қойшы, жылқышылармен бірге малды қора-қопсыға жайғастырып үйіне келсе, бесіктегі бала шырқырап жылап жатады. Сары бәйбіше Нұриләға:- Балаң жылауық екен. Осындай шалажансар бала туасың ба, найсап! Бұл біздің отағасыдан емес, қойшы-қолаңнан ғой шамасы - дейді де, долданып үйіне қайтып кетеді. Нұрилә нәрестені бесіктен шешіп, емізгелі алдына ала бергенде, еңбегінің ойылып қалғанын көреді. Ол дереу Жантас деген аға жылқышыны шақырып Қатаған еліндегі Қон еміс деген емшіні алдырады.- Баланың бас сүйегі жарақаттанған, жерге құлатып алдың ба, әлде үйде бөтен біреу болып па еді? - деп сүрайды. Нұрилә:- Үйде үлкен енем калып еді, - дейді.- Ә, қақпас, зәлім! - дейді Қон емес емші, - мынау соның бармағының ізі ғой. Жас нәрестенің басын қолымен мыжып жіберіпті. Оташы:- Нәрестенің бас сүйегі опырылып кетіпті. Әйтеуір миы аман екен... Дереу бас жаңқаларын ептеп алып тастап үстінгі қабығына жаңа туған тасбақаның сүйегін жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап, таңып тастайды. Бірер айда сүйектер бірімен-бірі қабысып, жазылып кетеді. Содан Тілеуберді баланың аты Жарықшақ аталып кете барады.
Бұл күндестік, қастандықтың арты біраз сөз болып, Бәйдібек би сары бәйбішесін төркініне апарып тастамақ болады. Бәйбіше Нұрилә күндесіне барып, "Кешір мені" деп жалынады. Ақылды, сабырлы, қайырымды Нұрилә: "Бір жолға кештім" депті. Сөйтіп, ел аяғы тынышталыпты.
## Домалақ ана
Сонымен Нұрила келіншек бұлақ басында жалғыз үй отыра береді. Бәйдібектің екінші зайыбы Зеріп болса, соның алдында Шаян өзені бойына жайлауға конғанды. Бәйдібектің билік жұмысымен Түркістан, Сауран жаққа кеткенін естіп, Сайрамда жатқан Қара Қайдар деген қарақшы Боралдайдағы Бәйдібек байдың жылқысына аттанады. Сабаудай-сабаудай оншақты жігіт бұлақ басында отырған жалғыз үйге бұрылады. Бөтен адамдардың үйіне бұрылғанын көре салып Нұрила әжесінің кимешегін киіп. Кемпірге ұқсап отыра қояды. Мұртты қара шойыртпақ:
- Бұл кімнің үйі?- Біздің отағасының үйі.- Отағасың кім?- Бәйдібек би.- Өзі қайда?- Түркістан жаққа жолаушылап кеткен- Шөлдеп келеміз, сусын бар ма?
Нұрила оларға ешкінің айранын ұсынады... Мұртты жігіт айранды менсінбей, қасындағы серіктеріне береді. Олар айранды сіміріп салып тағы сұрайды. Нұрила екі зерең айран берген соң:
- Мырзалар, айран таусылды, - дейді.
Мұртты жігіт:
- Оқасы жоқ, жігіттер сусындаса болтаны, мен нан ауыз тиейін.
Нұрила оған бір күлше нан береді. Қара мұртты күлшені шетінен опырып жейді де:
- Күлшең тәтті екен, не қосып ең?- Өз емшегімнін сүтіне илеп пісіріп едім.- Пеле. Алланың рақымына қараңыз. Сіз бізге ана, біз сізге перзент боп қалдық қой! Сізді ұмытпаймыз... Қайтарда соға кетерміз.
Екінші шегір көз жігіт:
- Бәйдібек байдың жылқысы қайда?
Нұрила сезіктене қояды:
- Оны қайтерсіздер? Жылқыға да, жылқышыларға да тимеңіздер. Жолдарыңыз бола қоймас. Әуре боласыздар. Менің тілімді алсаңыздар, кейін қайтыңыздар!
Алаңғасарлау бір жігіті:
- "Қатынның тілін алған қараң қалады" демекші, алған бағытымыздан қайта қоймаспыз, - деп бәрі жүріп кетеді.
Соның алдында үш күн, үш түн нөсер жаңбыр жауып, Боралдай өзені тасып жатқан кез екен. Қарақшылар өзенге барса, Боралдай суы кенересінен асып, бұрқырап жатады. Олар өзен жағалап өткел іздеп біраз әуре-сарсаң болады. Саяздау шығар деп бір жерінен өте берем дегенде, алдымен әлгі алаңғасар жігіттің аты тасқа сүрініп кетіп, ат-патымен суға ағып бара жатады. Тағы бір-екеуі шүңейтке түсіп кетіп аттарынан айырылып, өздері өлдім-талдым дегенде, малтып жағаға әрең шығады.Қара мұртты:
- Жігіттер, болмас, кейін қайтайық. Әлгі кемпір тегін адам емес екен. Қайта барып кешірім сұрап, ауылды табайық, - дейді. Атынан айрылған үшеуі өзгелеріне мінгесіп, бәрі Нүрилаға қайтып барады. Алғашқы келгендегідей емес, бұл жолы бәрі аттарынан түсіп:- О, қасиетті Ана, кешіріңіз! Айтқан тіліңізді алмаймыз деп, осынша пәлеге ұшырадық! Оң батаңызды беріңіз, елімізге қайтайық! - дейді. Кішкентай Жарықшағын емізіп отырған Нұрила:- Ендеше қолдарыңды жайыңдар!
Құдай оңдасын, әруақ қолдасын,Адал жүріп, адал тұрыңдар.Алдарыңнан жарылқасын! -деп, оң батасын береді. Осы кезде әлгі қарақшылардың бастығы:- Диһнат мама! - деп оған тағзым етіпті. - Сіз маған шын ана болдыңыз? Құдай-ақы, нағыз әулие, киелі ана екенсіз, біз енді түсіндік!Бұл Қара Қайдар аталып кеткен қарақшылардың бастығы түркмен жігіті екен. Оның шын аты Айдар Нүркелеұлы еді. Кезінде Қызыл Қожаханның әскербасы болыпты. Ол өле-өлгенше Нүриланы "Диһнат мама" деп, Боралдайда болса Боралдайға, Ташкентке барса Ташкентке, Түркістанда жүрсе Түркістанға әдейі барып, сәлем беріп, Нүриланың батасын алып жүретін бопты. Жұмысы оңғарылып, ақ жолға түсіпті. Міне, содан былай карай Бәйдібек бидің кіші әйелі Нүрила "Домалақ ана" аталып кетіпті.Аққұс Сатыбалдыұлы (1806-1897) жазған шежіреде бұл оқиға осылай хикая етілген. Бұл шежіре кітап 1841 жылы Ташкент баспасынан жарық көрген. Бәйдібек баба, оның үш әйелі, олардан өсіп таралған ұрпақтар, әсіресе Домалақ ананың әулиелік керемет қасиеттері жөнінде жазылған бұл шежіре Аққұс ақсақалдан бұрын Әбілғазы Баһадүрдің "Инсанияти Диһнат мама" аталған кітабында жазылған. Бұл кітапты кезінде атақты Төле би оқып, баласы Қожабекке көшірткен. Ол қолжазба 1713 жылы Ташкентте Төле бидің жарлығымен басылып шыққан. Оны Төле бидің жиені Шина Қарабатырұлы көшіріп алып, Бабасейіт әулетіне таратқан. Одан бүткіл Дулат ұрпағына жайылып кеткен.
### Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы
Бәйдібек және оның ұрпақтары жөнінде мұндай дерегі мол басылымдар көп емес. Оны зерттеп толықтырудың сәті енді түсіп отыр. Соңғы кезде Бәйдібек би жөнінде осы жолдардың иесі ел аузындағы әңгіме аңыз, нақыл, мақал-мәтелдерді жинастырып жүрген-ді. Алдағы уақытта осылайша бірлесе іздестіре беру ата-баба әруағы үшін кімге де болса парыз деп ойлаймыз.Бәйдібек би баласы Жарықшаққа (680-761ж) ерекше мейірім, қамқорлық көрсетеді. Оның болашағын ойлап, Нұриланы баласымен Ташкентке көшіріп апарады. Әкесі Қараша биден қалған әулі-жайға иелік еткізеді. Нұрила жалғыз баласын қала дәстүрімен тәрбиелейді. Оқуға береді. Жарықшақ оқуға аса ықыласты, зерек болады. 7-8 жасында кітаптарды, аңыз, хиссаларды мүдірмей оқитын болады.Нұрила Жарықшақтан кейін Қызайым деген қыз, онан соң Тәңірберді, Ақберді деген екі ұл, Күләйім және бір қыз туады. (Бір дерек Күнбибі (Қызай), Ақбибі (Мұрын) және Сыбан деген үш қыз туыпты деп көрсетілген. Бұл перзенттерінін Қызайымнан басқасы жастай өліп кетеді. Ал Қызайым Нұриланың өзіне айнымай тартқан ақылды, шымыр боп ер жетеді. Қызайым бойжеткен соң Найман Аталық дегеннің үлкен баласы Шағыр батырға ұзатылады. Қызайымнан Дербіс, Бегімбет, Ителмен, Меңі туады. Олар кейін 19 болыс ел боп кетеді, бәрін "Қызай найман" деп атайды.Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе, Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген он шақты мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болған. Кейін елі-жұрты сол тауды "Қызай тауы" деп атап кетеді.Жарықшақтың бірінші әйелі Тәукел бибіден: Албан, Суан, екінші әйелі Бибіфатимадан Дулат (723-816) туады.Албан мен Суан жау жүрек батыр, ал Дулат ақылды, сабырлы боп ер жетеді. Нұрила кіші келіні Бибіфатиманы еркелетіп "Бипаш" дейді екен.Кейбіреулер қазақ шежіре тарихында екі Дулаттың болғанын ажырата бермейді. Бірі - ежелгі Дулу тайпасындағы, екіншісі - одан мың жылдай кейін сол Дулудың есімімен аталып кеткен Бәйдібек бабадан тарайтын Дулат руының болғандығы.Б.з. дейінгі II ғасырда өмір сүрген ежелгі үйсін Мемлекетінің бір тармағы Дулу, Дуғлу тайпасы деп аталғаны рас. Үйсін елінің Күнби ханы балаларына енші үлестірерде өзінің батыр баласы Дулуға іле өзенінің бойын бөліп берді. Сол Дулу бастаған тайпа Үйсін Мемлекетінің одан кейін Түрік қағанатының айбынды жауынгер оң қанаты болады.Ак. Л. Н. Гумилев өзінің көне түріктер туралы кітабында (137 б.) былай жазады: "Ат үстінде шебер соғысатын ежелгі хундердің жауынгерлік машығын мұралаған дулулар қағанатта беделі зор үстем тайпа одағы болды".Міне, Бәйдібек баба мен Домалақ ана сол ежелгі Дулу тайпасының атымен Дулат деп койған. Демек, Дулу - б.з.д. II ғасырда ғұмыр кешкен тайпа болса, Дулат 723 -816 жылдары өмір сүрген батыр әрі би болып шығады.734-736 жылдары Жарықшақ анасы Нұриламен ақылдаса отырып, үш баласына Жетісуды өрлей мекендеп, ен жайлауға қоныс тебуді тапсырады. Содан Албан мен Суаннан өрбіген ұрпақтары, казіргы қытаймен шектес Нарынқол, Кеген, жаркент жерін, одан қалса алматы облысы маңын мекендеп кетеді. халық ауызында:
Аспан таудың етегі,Албан ата мекені.
деген сөз бар, бұл Аспан тау казіргі тян-шан тауы, оны кезінде үйсіндер Тәңір тауы деп атаған, себебі ол кезде бабаларымыз көк Тәңірыне сиынған, не тілеседе көкке қарап тілеп, сол көк аспанмен таласқан биік тауды, Тәңір тауы деп атаған екен.Ал Дулаттан өсіп-өнген Ботбай, Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары қазіргі Алматы, Шымкент облыстарын мекен етіп, тіршілік етеді. Дулаттың сол төрт баласынын өскелеңдігі жөнінде халық арасында:
Жаныс көп пе, қамыс көп пе,Сыйқым көп пе, қыйқым көп пе,Шымыр көп пе, шыбын көп пе,Ботбай көп пе, бота көп пе?
деген мақал-мәтел таралып кеткен.
## Бәйдібектің ерлігі
Бір шежіреде Бәйдібектің батырлығы былай хикая етілген. Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптан келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын-Емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен. Оған жалайырдың Алшынбай батыры қарсы жүреді. Екеуі найзаласады. Алшынбайдың қылышы қақ бөлініп, Дөдемен арпалысып жүріп мерт боп кетеді. Бәйдібек батыр:
- Енді кім шығады? - деп айқай салады. Найманның Шектібай батыры көк атын ойқастатып Дөдеге жетіп барады. Тағы айқас, тағы найзаласу. Шектібай да дүлей Дөдеге төтеп бере алмай ауыр жараланып қалады.- Тағы кім бар? - дегенде, жауға қарама-қарсы қаптап тұрған сарбаздар арасынан ешкім "мен шығамын" дей қоймайды. Әлден уақта намысқа тырысып, тай мінген талдырмаш сары жігіт:- Мен шығар едім, бірақ мінетін жарамды атым жоқ, - дейді.
Бәйдібек батыр:
- Мін менің атыма, - деп астындағы ақбоз айғырын түсіп береді де, ол Дөдеге: - Ал, батыр, біздің баламен шайқасуға калайсың? - деп кекетеді. Дөде:- Мен баламен күреске шығатын бала емеспін! Өзің кел, - деп гүр ете қалады. Бәйдібек:- Келсең кел, өзім де сол сөзіңді күтіп тұр едім, — деп өзінің Ақбоз айғырына мініп, оған қарсы шығады. Сарбаздары: "Иә, Құдай қолдай гөр!" деп тілеп, шуласады. Екеуі әуелі қылыштасады. Дөденің күші басым болғанымен, айла-тәсілі аз екен. Ол Бәйдібектің әбжіл қимылына төтеп бере алмай әбден қан сорпаға түседі. Дөде бар күшін жинап алып, енді найзасын кезенеді. Бәйдібек те найзасын ыңғайлайды. Оның жастайынан жылқы бағып жүргенде, қарт жылқышылардан үйренген дағдылы бір әдісі - құрыққа ұқсатып найзасының ұшына шылбырдан қыл тұзақ байналынатын-ды. Ол енді Дөдеге сол тәсілін қолданбақ. Мұны Дөде де, жау-жағы да елей қоймайды, онша мән бермейді. Екеуі ары-бері атойлап шауын найзаласып жүреді. Бір уақта Дөде оған оқтала бергенде, Бәйдібек оның бұғыдай мойнына қыл тұзақты шалып алып, ат-матымен сүйрей жөнеледі. Дөде қолындағы найзасын тастай салып, екі қолымен буынып бара жатқан мойынын босатып алмақ боп жанталасады. Бәйдібек батырдың темірдей тегеурінді қолы қоя ма, әне-міне дегенше Дөденің аттан аударылып кеткей аюдай денесін жерге сүйретіп екі айналдырып тастайды да, жайына кете береді. Сөйтіп Дөде азаппен қылқынып жан тәсілім қылады. Бәйдібек жауды түре қуып, тас-талқан етіп жеңіп шығады. Бір бұл емес Бәйдібектің ел-жұртына шапқыншы жаудан қорғап қалудағы ерліктері жөніндегі шежіре-дерек, аңыз-әңгімелер аз емес. Кезінде солардың хатка түсе қоймаған. Бәйдібек би 695 жылдың күзінде cексен алты жасында Бала бөген басындағы өзінің қыстауында қайтыс болыпты.
## Домалақ ананың дүниеден өтуі
...Қараша бидің қызыл қыштан соққан кең үйіне Боралдайдан келген Домалақ ана балаларымен қауышты, немерелерінің бетінен сүйіп, арқа-жарқа боп калады. Қасиетті ананың жақындағы үйіне келгенін естіген қазақ, өзбек көршілері бірінен соң бірі келіп сәлемдесіп жатады. Айлар, жылдар өтеді.Бір күні Домалақ ана түс көріп ерте оянады. - Түсімде отағасы қасыма кел деп шақырады... Мені елге көшіріңдер.Жарықшақ Дулатты шақырады. Бәрі ақылдасып, анасың Боралдайға көшірмек болады. Дулат екі күймесін әзірлейді. Біріне анасы мен өзінің әйелі Күлзейнепті отырғызады. Екінші күймеге жол азық, сусын салып, өзі 20 жігітпен қасына ереді. Үш күн дегенде олар Бала бөгенге жетеді. Аттарын отқа қойып, өздері өзен жағасында сусындап отырады. Домалақ ана балаларына:- Мен елге жеткен соң олай-пұлай боп кетсем, аталарың Бәйдібекеңнің қасына қойыңдар. Егер жолда өлсем, ары-бері сүйремеңдер, сол жерге қойып, басыма белгі қоярсыңдар, - дейді. Балалары:- Ойбай, апа, ондай сөз айтпаңыз, сіз әлі шөберелеріңізді көресіз, — деп, көңілін жұбаткан болады. Сол өзеннің жағасында демалып отырған жерінде үзіліп кетеді. Қасына ерген бала-шағасы, жігіттері үрпиісіп, шоғырлана қалады. Сөйтіп, 738 жылдың мамыр айында қасиетті әулие ана Нүрила (Домалақ ана) дүниеден өтеді. Дулат бастаған үрім-бұтағы басына сағана тұрғызады. Осы жерде мына жайттарға көңіл аударған абзал болар еді. Кей дүмше молдалардың Домалақ ана намаз кезінде қайтыс болды дегені шындыққа жараспайды. Домалақ ана (660-738) өмір сүрген 7-8 ғасырларда қазақ даласында ислам әлі келмеген кез. Бұл жалған мәлімет кейінгі діндар дүмшелердің шығарып жүргені.
Кезінде Бәйдібек би кесімді, бітімді тапқыр шешен сөздерді, ақыл-нақыл, мақал-мәтелдерді көп айтқан. Олардың кейбірі айтыла-айтыла авторы ұмытылып, халықтық мұрага айналып кеткен. Дер кезінде хатқа түспеген соң көпшілігі ел есінен шығып та қалған. Өйткені Бәйдібек заманынан бері бірнеше ғасыр өтті емес пе. Десек те, Бәйдібек бабамыздың бірлі-жарым нақыл-мақалдары атадан балаға ауысып, айтыла келе бүгінге жетті. Оның сол Бәйдібек баба ұрпактарынан жазып алынған нұсқалары мыналар:
## Бәйдібек бидің нақылдары
### Нақыл
Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:- Өзім асырап, есігіме салған кұлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.Би жалшыға сөз беріп:- Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:
Аяққа кісен салуға болар,Қолға кісен салуға болар,Ал, тілге кісен салуға болмас, -
деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.
### Нақыл
Бай үйінің төрінде отырған бір молда "шариғат жолы олай, шариғат жолы былай" деп шариғат, мұсылмангершіліктен сөз қозғап, өзге жұртқа кезек бермей отырады. Есік жақта отырған байдың жалшысына молданың кедей-кембағалдарды кемсіте сөйлегені жақпай қалады. Жалшы:- Молдеке, сөзіңіз аузыңызда, жаңа "сіз" кедей, жоқ-жұқаналар өз пейілінен табады деп қалдыңыз. Сонда қасиетті "Құранда" солай жазылған ба екен? Менің естуімше, "Құранда" жоқ-жұқана қаріп-қасірлерге садақа беріп, қарасқан сауап деп жазылған сияқты еді. Сіз төрде отырып, жалған сөйлеп отырсыз, - дейді. Жалшының бұл сөзі шымбайына батқан молда:- Жап аузыңды, зәнталақ, сен маған қарсы сөйлеуге қандай қақың бар? - деп ашу шақырады. Отырған көпшіліктің бір жағы молданы, қалған жағы жалшыны қоштап абыр-дабыр боп жатқанда, олардың үстіне қасында 3-4 кісісі бар Бәйдібек би кіріп барады.- Бұл не жанжал дегенде, үй иесі "молдекең былай деп еді, менің жалшым оған қарсы шықты" деп болған әңгіменің жайын түсіндіреді. Сонда Бәйдібек би табан астында әуелі молдаға қарап:- Төрде отырып теріс сөйлегенің жөн емес, көпшілік ішінде төрде отырғанда абайлап сөйлеу керек. Төрді сыйлау кімге де болса парыз.- Ал, жігітім, - деп босағада отырған жалшыға қарап: - Есікте отырып кейіс шығарғаның жөн емес. Сенің сөзің уәжді болса да, мына табалдырықты сыйламайсың ба? Біреудің табалдырығын аттап келіп, у-шу шығару жігітке жараспайды. Ол үйдің шаңырағын сыйлау саған қарыз. Бұл сөздің түйіні енді былай болсын:
- "Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,Есікте отырып керіс сөйлегеннен без",
деп кесім айтып, көпшілікті риза етіпті.
### Нақыл
Бір жолы үш жасар Жалмамбет әкесіне еріп Ташкент базарына барыпты. Саудагер, делдал дегендерді алғаш рет көрсе керек. Үлкендердің "Саудагер қулар алдап жеп кетіп жүрмесін" деген сөздерін естіп жүреді. Жолда бара жатып:- Көке, осы саудагерлер не жейді? - деп сұрапты. Сонда Бәйдібек жас баласына:- Саудагер, делдалдар түске дейін өзгелерді алдап жейді, түстен кейін өзді-өзін алдап түсіреді, - депті.
### Нақыл
Бір жолы баласы Жалмамбет "менікі жөн, олардікі терне" деп бір жайлау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Бәйдібек би баласына:
- Өткелді саяз деме,Таяғыңды салып бойлат,Ісімді мақұл деме,Ағайынға салып ойлат, -
деп ақыл айтыпты деседі қариялар.
## Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері
Бәйдібек би өз тұсындағы жылқылы байлардың ішіндегі ең жылқысы көп байы болған деседі ел. Бабамыздың мыңдаған үйір-үйір жылқысы өзінің түс-түсі, тұқым-нәсілімен өріп, Қаратаудың Боралдай, Қостұра, Ақтасты, Керегетасты, Жетімтау шатқалдарының теріскей, күнгей жағын түгелдей қара құрымдай қаптап жатады екен. Жылқысы Боралдай өзеніне құлағанда, Боралдай, Бөген, Шаян өзенін кешкенде, ол өзендер де ақпай қалар еді, деседі жұрт. Ал, Бәйдібектің өзі жылқы танығыш бапкер, сыншы болыпты. Ол кісінің жылқышыларына айтқан аталы сөз, шаруа нақыпдары аз болмаған. Соның бірлі-жарымы мыналар:
Малды жақсы баққаның -Өзіңе абырой тапқаның.Малды жаман баққаның -Келген бақты каққаның.Кендірмен байлама!Жыңғылмен айдама!Кендірменен байласаң,Жыңғылменен айдасаң,Мал өсер деп ойлама!Сиырда аунамақ жоқ,Жылқыда күйсемек жоқ,Таста тамыр жок,Суда қаймақ жоқ.Бір кісінің баласындай бол,Бір қолдың саласындай бол.Жылқышы жылқыныбаққанын айтар,Қойшы қойына өрістапқанын айтар,Түйеші түйесінің шаңдаққажатқанын айтар,Аңшы қақпаныныңқапқанын айтар,Мерген аңшы атқанын айтар,Саудагер матасынсатқанын айтар.Қасқыр мен ұры мінездес -Екеуі де түнді аңдиды.Бұлбұл мен гүл мінездес -Екеуі де күнді аңдиды.
Бәйдібек бидің ел корғауда халық қамын ойлап айтқан аталы сөздері:
Алыс жолға шығар болсаң,Алдымен жолдасыңды сайла.Жауыңды жығар болсаң,Алдымен қолбасыңды сайла.Керуен басы білікті болса,Түйе азбайды.Қолбасы білікті болса,Сарбазы тозбайды.
Бәйдібек баба үрім-бұтағынан Кебекбай, Бөлтірік, Досай, Ноғайбай, Байжігіт, Сары би, Есенкелді, Сапақ сияқты би-шешендер, Қабан, Сүйінбай, Майкөт, Құлмамбет, Жамбыл тәрізді ақын-жыраулар шыққан. Бұған халық қамын ойлаған ел басшысы болған атакты мемлекет қайраткерлерін қоссақ, Бәйдібек бабамыздың қандай адам болғанын, оның артындағы өсіп-өнген ұрпақтарының жарқын болашағын танимыз.
## Дереккөздер |
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова (25 наурыз 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде туған) — қазақстандық ғалым, География ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті Қызыметкері. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері. Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның физикалық географиясы, экологиясы, дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың, монографиялардың т.б ғылыми зерттеу еңбектерінің, ғылыми мақалалардың авторы.
## Жалпы мәліммет
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова 25 наурыз, 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы Көнек деген жерде (кейін К.Маркс атындағы колхоз болған) дүниеге келген.
1940-1949 жж. - Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде оқыған.1949-1950 жылдары отбасы жағдайымен Қызылордаға ауысып, М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін қызыл дипломмен бітірген.1950-1954 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) ның география факультетінде оқыған. Институтты қызыл дипломмен бітірген.
## Білімі
* 1950-1954 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) ның география факультетінде оқыған. Институтты қызыл дипломмен бітірген.
* 1960-1963 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында география мамандығы бойынша аспирантурада оқиды.
## Еңбек жолы
* 1954-195 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасында (қазіргі "Қазақстан" баспасы) редактор болып істеді.
* 1959 – 1960 жылдары сол баспаның қасынан ұйымдасқан "Қазақ календары" редакциясына аға редактор болып ауысады.
* 1963-1965 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) сол институттың физикалық география кафедрасының ассистенті.
* 1965-1968 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) сол институттың физикалық география кафедрасының аға оқытушысы.
* 1981 жылы ҚазПИ-дің физикалық география кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
* 1986 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысымен ҚазПИ-дің, физикалық география кафедрасыньң жанынан "Ландшафттар экологиясы және табиғатты қорғау" атты лаборатория ұйымдастырылды оны осы биобиблиографияның авторы өзі баскарды.
* 1989 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысы және тікелей қатысуымен ҚазПИ-дің жаратылыстану-география фақультетінің құрамында экология бөлімі ашылды.
* 1991 жылы Ә.С.Бейсенованың ұсынысы және тікелей қатысуымен ҚазПИ-де география жөне экология факультеті ұйымдасты.
* 1991-1999 жылдары География және экология факультетінің деканы болып сайланып, жұмыс істеді.
* «Қазақстан географиясы және экология» кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
## Қоғамдық қызыметтері
* 1970-1980 жылдары Қазақ Энциклопедиясының жанында география мамандығы бойынша қүрылған редакциялық кеңестің мүшесі.
* 1971 жылы Ғылым тарихы жөніндегі Мәскеу қаласында өткен ХІІІ халықаралық кеңестің жүмысына қатысады.
* 1980 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен СССР географиялық қоғамының VII съезіне қатысады.
* 1985 жылы Киев қаласында өткен СССР географиялық қоғамының VIII съезіне қатысты.Географиялық қоғамның тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.
* 1990 жылы Қазан қаласында өткен СССР географиялық қоғамының IX съезіне қатысты.
* 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.
* 1995 жылы Қазақстанның "Экология" халық академиясының академигі болып сайланды.
* 1996 жылы Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі болып сайланды.
* 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.
## Ғылыми еңбектері
* 1967 жылы 27 маусымда Мәскеуде СССР Ғылым академиясының Жаратылыстану мен техника тарихы институтында "Қазақстан территориясының физикалық-географиялық тұрғыда зерттелуі (1917-1941 жылдар)" деген тақырыпта география ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Диссертацияны Жоғарғы аттестациялық комиссия 1968 жылы 8-мамырда бекіткен.
* 1970 жылы КСРО Министрлер кеңесінің жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен (протокол № 13/11, 13-наурызда) доцент ғылыми атағы берілді.
* 1979 жылы "Қазақстан табиғатын зерттеу" атты монографиясы жарық көрді.
* 1984 ж. - маусым айында Баку қаласында Әзірбайжан Ғылым академиясының география институтында "Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық-географиялық идеялардың дамуы (көне дәуірден 1917 жылға дейін)" деген тақырыпта география ғылымының докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғады. Диссертацияны Жоғарғы аттестациялық комиссия сол жылдың 28-желтоқсанында (протокол № 51 д/29) бекітті.
1985 ж. - Жоғарғы аттестациялық комиссия профессор ғылыми атағын берді (протокол № 25 пк/д. 19-шідде).
* 1987 жылы "Табиғатты алғашқы ашушылар" атты зерттеу еңбегі жарық көрді.
* 1990 жылы "Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық-географиялық идеялардың дамуы" атты зерттеуі жеке кітап болып басылды.
* 1994 жылы "Қазақстанның физикалық географиясы" атты орта мектептің VIII сыныбына арналған оқулығы (К.Кәрпеков, М.Қалиев, Н.Молдағүловпен бірге) жарық көрді.
* 1999 жылы "Атамұра" баспасы "Экология" атты оқулығын жариялады (Ж.Шілдебаевпен бірге).
* 2000 жылы Мәскеуде "Дизайн" баспасынан "Қазақстанның географиялық Атласы" үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көрді.
* 2000 жылы "Қазақстанның физикалық географиясы" атты жаңа оқулық (орта мектептің VIII сыныбына арналған) бастырды. (К.Кәрпековпен бірге), оқулық қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде шықты.
* 2000 жылы "Материктер мен мүхитгардьщ географиясы" атты орта мектептің VII сыныбына арналған оқулығы (С.Әбілмәжінова, К.Қаймулдиновамен бірге) қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде басылды.
* 2000 жылы "Экологиялық білім мен тәрбие беру" атты кітабы (Ж.Шілдебаевпен бірге) жарық көрді.
2001 ж. - "Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихи негіздері" атты монографиясы жарық көрді.Қазақстандағы тұңғыш эколог-географ мамандар даярланды. Бейсенова 350-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 20 монография, геогр. атлас пен оқулықтардың авторы.
## Ғылыми атақтары
* 1967 жылы «География ғылымдарының канидаты» атағы;
* 1970 жылы доцент;
* 1984 жылы «География ғылымдарының докторы» құрметті ғылыми атағы;
* 1985 жылы профессор (атағы);
* 1995 жылы Қазақстанның "Экология" халық академиясының академигі.
* 1996 жылы Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі.
* 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
## Мемлекеттік марапаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған.
* 1980 жылы "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" атағы берілді.
* 1983 жылы «КСРО жоғары білім саласындағы үздік табыстары үшін" медалімен марапатталды.
* 1987 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен, "Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері" құрметті атағы берілді;
* 1987 жылы КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
* 1988 жылы «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері;
* 1996 жылы президент жарлығымен «Құрмет ордені» мен мараптталды.
* 2001 жылы "Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихи негіздері" монографиясы үшін Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.
* 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мемлекеттік медалі;
* 2006 жылы АҚШ Библиография институтының шешімі бойынша «2006 жылғы жыл әйелі» атағымен және медалімен марапатталды.
* 2006 жылы Шымкент қаласының Құрметті азаматы (атағы);
* 2007 жылыдың 30 наурызында ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің жоғарғы наградасы «Парасат ордені» мен марапаттады.
* 2007 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
* 2007 жылы Созақ ауданының Құрметті азаматы (атағы);
* 2008 жылы «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл» медалі;
* 2008 жылы «Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне 80-жыл» медалі;
* 2008 жылы «ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл» медалі;
* 2010 жылы Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен «Университеттің үздік профессоры» атағын алды.
* 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезіндегі азаматтық белсенділігі үшін Алматы қаласының әкімі «Алғыс хат» тапсырды.
* 2013 жылы Тәуелсіздік күні мейрамы қңында Елбасымыз Ә.Бейсенова бастаған бір топ географ-ғалымдарға «Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы» үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын табыстады.
* 2014 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері атанды.
## Жеке өмірі
Тұрмыс құрған.
* Жұбайы - Серік Смайылұлы Қирабаев, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. «Отан» Орденінің иегері.
* Ұлдары - Қирабаев Нұр, философия ғылымдарының докторы, профессор;
* Қирабаев Әлім, ҚР СІМ Америка департаменті директорының орынбасары.
## Дереккөздер |
* Бектөбе – 7 – 12 ғасырлардағы қаланың орны. Тараз қаласынан батысқа қарай 15 — 16 км жерде, Аса өзенінің жағалауында. 1938 ж. А.Н. Бернштам басқарған Жамбыл археологиялық экспедициясы зерттеген. Бектөбенің орны бірінің үстіне бірі орналасқан екі сатылы қабаттан тұрады. Жоғарғы, негізгі бөлігінің пішімі трапеция тәріздес. Биіктігі 6 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 120 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 м. Сыртқы дуалдарының төрт бұрышында күзет мұнараларының орындары сақталған. Төменгі жағындағы алаңша тәріздес екінші бөліктің аумағы 45-40 м, биікт. 2,5 м. Көптеген зерттеушілердің (В.А. Каллаур, А.Н. Бернштам, К.Байпақов) пікірі бойынша, Бектөбе — ортағасырлық Жувикат қаласының орны. Әбу-л-Фарадж Құдама ибн Жафардың жазбаларында Жувикат Шавғар мен Тараздың аралығында орналасқан делінген. Бектөбеде күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Археологиялық барлау кезінде төбенің жоғарғы қабатынан жиналған заттай деректер оның 7—12 ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.
* Бектөбе қалашығы - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округі аумағындағы көне қалашық. Тараз қаласына серіктес "бекініс төбе" деген мағынаны білдіреді, әлі де орыны сақталған. VII-VIII ғасырларда соғды тайпалары соққан бекініс. Бекініс туралы араб жылнамашылары жазғандай "Атлах" шайқасы кезінде арабтардың қорғаныс орталығы болған. 1219 жылы моңғол-татар шапқыншылығы кезінде Бектөбе қалашығы "керуеншілерді қала ішіне жібереміз" деп алданып, жеңіліс табады. Қалада қолөнер, зергерлік, құмыра шеберханасы, монета жасау дамыған.
## Дереккөздер |
Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы(1949 жылы туған, Астана) – техника ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1994). Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан.
* 1994 жылы - Халықаралық инженерлік академияның академигі,
* 1971 жылы - Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген.
* 1971 — 1992 жылдары - Химия-металлургия институтында (Қарағанды қаласында) инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, ғылым хатшы, лаборатория меңгерушісі болды.
* 1992 — 1997 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
* 1997 — 1998 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директоры.
* 1998 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің вице-министрі.
* Негізгі ғылыми еңбектері қиын байытылатын полиметалл шикізатын кешенді өңдеудің күрделі химиялық байыту процестерін зерттеуге арналған. Бектұрғанов тотыққан минералдардың сульфидті минералдарға түрленуінің физика-химия заңдылықтарын ашты. Оның негізінде ауыр түсті металдардың тотыққан кентасын флотациялықбайытуға дайындаудың жаңа технологиялық тәсілдері ұсынылды. Бұл тәсілдер шикізат пен қоршаған ортаны кешенді пайдаланудың қазіргі заман талабына сәйкес келеді. Мемлекет қайраткері ретінде, саяси қозғалыстар мен партиялардың өзара пікір алмасуына, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары жұмысын үйлестіруге елеулі ықпал етті.
* 306 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 11 монографияның, 46 ғылыми өнертабыстың, 249 ғылыми жарияланымның авторы.«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл (2002), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2004) төс белгісімен марапатталған. ҚР Білім беру Құрметті қызметкері (2004). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2005).
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.zakon.kz/151607-akademik-nuraly-bekturganov-rasskazal-v.html Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
* http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2,_%D0%9D%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%A1%D1%83%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87
## Дереккөздер |
Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968—1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған.
1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.inform.kz/kaz/article/1218153 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.inform.kz/kaz/article/1188149 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Бектұров Есен Әбікенұлы(14.12.1931 жылы туған, Өзбекстан, Ташкент) – химия ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген техника және ғылым қайраткері (1986).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
ҚазМУ-ді (1954) және оның аспирантурасын (1957) бітірген. 1958 — 1997 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында полимерлер физика-химия лабораториясының кіші, аға ғылым қызметкері, меңгерушісі (1966—1997) болды. 1997 жылдан осы институттың бас ғылым қызметкері. Негізгі ғылыми еңбектері суда еритін және ісінетін полимерлер мен полиэлектролиттердің кешенді түзілуін және физика-химия қасиеттерін зерттеуге арналған. Ерітіндідегі баяу әсерлесетін жүйелерді зерттеудегі уақыттың мәнін алғаш рет көрсетті.Еріткіш табиғатының сұрыпталып өзгеру әдісінің жаңа нұсқасын ұсынды. Полимерлердің құрылымына, макромолекулалардың термодинамикалық иілгіштік қасиетіне ортаның әсер етуі сияқты бірқатар заңдылықтарды ашты. Комплементарлығы бұзылған әсерлесуші макромолекулалар жүйесінде комплекс түзу мүмкіндігі көрсетілді. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1986) және ЮНЕСКО-ның Н. Бор атындағы алтын медалінің лауреаты (1997).
## Дереккөздер |
Қайыржан Нұрғожаұлы Бекқожин (25 желтоқсан 1910 жыл – 3 қазан 1979 жыл) — ғалым, мұғалім, қазақ журналистикасы теориясын қалыптастырушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976).
## Білімі
ҚазМУ журналистика бөлімін тәмамдады (1942).
## Еңбек жолы
* 1929 ж.бастап ЛКСМ Павлодар аудком желісі бойынша түрлі әкімшілікшаруашылық қызметте болды, нұсқаушы, ауылкеңесінің төрағасы болды.
* 1934 жылдан- Семей облХББ инспекторы
* 1935-39 Семей облыстық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі.
* 1942 - Қостанай облыстық "Большевиктік жол" газетінің редакторы етіп тағайындалды.
* 1945 жылдан КазМуда аға оқытушы, журналистика бөлімінің деканы болып кызмет етті.
* 1948 -79 журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі.
* Негізгі ғылыми бағыты баспа, журналистика теориясы мен практикасы тарихы. Оның қол астында 12 кандидатық диссертация қорғалды.
* «Еңбек ардагері» медалімен, КазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
## Шығармалары
* Қазақ баспасының даму жолдары (1860-1930). - А., 1969;
* Қазақ баспа арихының очеркері (1860-1958). - А., 1981 және т.б..
## Биография
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1942). Журналистік қызметін 1929 ж. Павлодар округтік “Кеңес туы”, аудандық “Колхоз” газеттеріне хат-хабар жазудан бастап, 30-жылдары саяси-шаруашылық науқандарға, Қазақстан ауыл тілшілерінің қозғалысына белсене қатысты.
* 1935—1939 ж. - Семей облысы “Екпінді” газетінде қызмет істеді.
* 1942—1945 ж. - Қостанай облысы “Большевиктік жол” газетінің редакторы,
* 1945—1979 ж. - ҚазМУ-дің журналистика факултетінің аға оқытушысы, деканы, кафедра меңгерушісі болды.
Бекхожин журналист кадрларды даярлау және Қазақстан баспасөзі тарихын зерттеу ісіне елеулі үлес қосты. Ол 60-тан астам ғылыми мақала мен "Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860 — 1930 жылдар)”] атты монографиялық кітаптың авторы. Бекхожиннің бұл монографиясы қазақ баспасөзінің 70 жылдық тұтас тарихына арналған тұңғыш көлемді де, құнды еңбек болды. Мұнда ғалым қазақ баспасөзінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын нақты дәлел-дәйектермен ғылыми негізде баяндаумен бірге, қазақтың қазан революциясына дейін жарық көріп тұрған газет-журналдарының (“Түркістан уәләятының газеті”, “Дала уәләятының газеті”, “Қазақстан” газеті, “Айқап” журналы, т.б.) қызметі мен ұстанған бағытына кеңес кезеңінің өзінде объективті баға бере білген. Осыған байланысты Бекхожинге Кеңес өкіметі тарапынан “байшыл-ұлтшыл керітартпа бағыттағы басылымдарды дәріптеді” деген айып тағылып, қысым көрсетілді.
## Дереккөздер |
Бекініс, қорған, қамал — тұрақты әскері, қару-жарағы бар, қажетті азық-түлік, т.б. нәрселермен қамтамасыз етілген, әскери-стратегиялық тұрғыдан маңызды, жау қоршауында қалған жағдайда ұзақ уақыт қарсыласуға мүмкіндігі мол әскери тұрақ.
Ол теңіз (теңіз жағалауы) Бекінісі және құрлықтық Бекініс болып бөлінеді. Теңіз (теңіз жағалауы) Бекінісі әскери флот күштерінің шұғыл әрекет тірегі ретінде қызмет етеді.
Мұндай Бекіністер құрамында теңізге, ішкі рейдтерге шығуға оңтайлы бірнеше (жабық) аралдар, сондай-ақ, қорғанысқа, кемелер мен қайықтарды жөндеуге, жабдықтауға қажетті құралдар болады. Теңіз жағалауында Бекіністік құрылыстар жүргізу, қорғану туралы алғашқы жазба деректер Филон Византийский (б.з.б. 3 ғ.), Витрувий (б.з.б. 1 ғ.), Аполлодар (2 ғ.), Вегеция (4 ғасырдың соңы — 5 ғасырдың бас кезі) еңбектерінде кездеседі. Құрлықтық Бекініс алғашында топырақ үйіндісімен, таспен, ағашпен, т.б. материалдармен қоршалған елді мекен түрінде болды.
Ал көшпелілер әскерлері жылжымалы Бекіністер құру әдістерін қолданған. Кейін қалалық мәдениеттің өркендеуіне байланысты қорғаныс құрылыстары бар Бекіністер, қамалдар салына бастады.
Мұндай елді мекенді, қамалдарды қорғау тұрғындардың өз күшімен жүзеге асырылған. Ертедегі мемлекеттер мен қалаларда әскер пайда болып, құрылыс өнерінің дамуы мен арзан жұмыс қолдарының (құлдар) көбеюіне байланысты көне қалалар айналасы мұнаралы қабырғалармен, ормен қоршалатын болды. Мысалы, парсылар астанасы Сузы үш қатар мұнаралы қабырғалармен қоршалған.
Орта Азия мен көне Қазақстан жерінде де мұндай көп қатарлы Бекіністер аз болмаған. Олардың орындары ондап саналады. Б.з-дың алғашқы ғасырларында Сырдың оң жағасынан бой көтерген Сауран қаласының да бірнеше бекініс қабырғалары болған. Бекіністің сыртқы қоршауы құлаған жағдайда, ең соңғы кедергі есебіндегі тірек-қорғаны — цитаделі (гректерде – акрополь, римдіктерде – капитолий) салынған. Үлкен аумақты ел шетінен қорғауға арналған шекаралық Бекіністер Қытайда (Ұлы Қытай қорғаны), Мысырда, Ассирияда, Вавилонда, Иранда, Римде, т.б. елдерде қолданылған.
Орта ғасырларда Батыс Еуропада ірі жер иелерінің қорған-сарайлары (замоктар), қорғандары күшейтілген қарулы әскері бар қалалар мен монастырьлар түріндегі Бекіністер пайда болды. Қорған-сарайлар ірі жер иелерінің тұрғын жайы мен қол астындағы халықтан алым-салық жинау, ұрыс қимылдарын жүргізу мақсатында жасақталған қарулы әскері орналасатын тұрақ қызметін атқарды.
13 – 14 ғасырларда тек Францияда ғана 50 мыңға жуық қорған-сарайлар, қарулы әскері бар қалалар мен монастырьлар болды. Оқ-дәрімен атылатын қарулардың пайда болуына байланысты (18 – 19 ғасырлардан бастап) теңіз жағалауындағы Бекініс қабырғаларының алдыңғы жағынан қосымша форттар салына бастады.
19 ғасырдың аяғында Бекініс құрылысына бетон және оқ өтпейтін құрылымдар қолданылатын болды.
1-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропа территориясында әр түрлі дәрежедегі 150-ден астам Бекініс болды. Қару-жарақтар мен әскердің Бекіністерге топталуы қарсыластарға артиллериядан бастырмалата соққы беру арқылы бас көтертпей тастауына мүмкіндік беретін. Сондықтан, қарулы күштерді әр жерге бөліп орналастыру қажеттігі туындады. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Бекіністер орнына әскери шептер өмірге келді.
## Дереккөздер |
Бекіністік Шеп – Ресей өкіметінің өз үстемдігін нығайту мақсатында қазақ жерлерінде салған қамалды қорғаныстар жүйесі. 18 ғасырдың 30 – 40-жылдарында Қазақстанның батыс және солтүстік шекараларына алғашқы Бекіністік шептер салына бастады. Верхне-Яицкіден (қазіргі Верхно-Уральск) Тобылдағы Звериноголовск қамалына дейін ұзындығы 770 км-ге жуық Уйск Бекіністік шебі жасалды. Омбыны Семей және Өскеменмен жалғастыратын ұзындығы 930 км Ертіс Бекініс шебінің қабырғасы тұрғызылды. 1752 — 55 жылдарыЗвериноголовск қамалы мен Ертіс аралығында ұзындығы 560 км-ден асатын жаңа Есіл Бекініс шебі салынды. Бұл Уйск және Ертіс Бекініс шептерін бір-бірімен байланыстырды. 19 ғасырдың 2-жартысында Сырдария бойы мен Жетісу өңірінде де Бекіністік шептер салынды. Гурьев, Орал, Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей, т.б. қамалдар Бекіністік шептер құрамына кірді.
## Дереккөздер |
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15 ақпан 1915 ж., Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 6 мамыр 1966 ж., Алматы) — қазақ тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).
## Балалық шағы
Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 15 ақпанында Павлодар облысының, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. Төре руынан шыққан, Абылай ханның жетінші ұрпағы. Абылай – Уәли – Тәуке – Жанпейіс – Жанбөбек – Беген – Бекмахан – Ермұхан. Шыңғыстың отыз екінші тұқымы.
Әкесі Бекмахан кедейленіп, Мұса Шорманұлының немере інісі Зында Шорманның малын баққан. Бекмаханның Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болған. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады. Осылайша Ермұханның анасы Бәпіш үш баламен тұрмыстың ауыр тауқыметін тартуға мәжбүр болады.1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Жоғары оқуға түсу үшін Ермұқанның жеті жылдық мектебі жеткіліксіз еді.
Алайда Ермұхан мектеп бітірген жылы туған ағасы Дінше қос өкпесіне суық тигізіп, қайтыс болады. Әкесі қайтыс болғалы тұрмыс жағдайы мәз емес Ермұханның отбасындағы жағдай ағасы Дінше аудандық деңгейдегі орташа шенеунік болғалы біршама жақсарып қалған еді. Ағасының қайтыс болуы анасының Ермұханның оқуының жалғастыруына деген қарсылығын туғызды. Анасының қарсылығына қарамастан Ермұхан Семейдегі Жұмыс факультетіне түседі.
Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып, Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. Бұл оқиға Ермұханды қатты қажытады. Бұған қоса, анасы мен қарындасының денесінің қай жерде екені, көмулі немесе көмусіз қалғаны белгісіз еді.
## Оқу жылдары
Семейде оқып жүрген кезде елдегі орын алған ашаршылық Баянауылды да айналып өтпегенін естіген Ермұхан және оның ауылдастары жақындарына көмектесудің амалын іздейді. Сөйтіп бала кезінен досы, өзінен сәл үлкендеу, сол кезде Семейдің медициналық училищесінде оқып жүрген Сәлкен Сұбханбердинге өз ойын айтады. Сәлкен болса Алаш қозғалысының белді мүшелерінің бірі Асылбек Сейітовтен кеңесіне жүгінуге ұсыныс айтады.
Асылбек Сейітов ол кезде өңірлік денсаулық сақтау басқармасының бастығы болатын. Жас жігіттердің елге көмектескісі келетіндігі туралы ойын естіп, оларға елден бұрын әркім өзіңнің бас амандығын ойлау керектігін айтып, елге бармауға үгіттейді. Өмір көрген Асылбек Сейітов жас жігіттердің елге көмектесуге қауқарсыз екенін, егер елге баратын болса, аман қайтуы екіталай екендігін білгендіктен солай кеңес берген еді. Ермұхан және оның бір топ жерлестері туған-туыстарына қаншама көмектескісі келсе де, Асылбек ағаның айтқан сөздері шындық екенін түсініп, елге қайту идеясынан бас тартады. Кейінрек Асылбек Сейітов Ермұханды өз қамқорлығына алып, бар көмегін аямайды.
1933 жылы Семейдегі Жұмыс факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Диқан Әбілев Ермұханға Алматыға оқуға түсетін болсаң, осындағы шолақ белсенді жерлестерің сенің төре тұқымынан екеніңді жәрия етіп, қудалауға түсіруі мүмкін деп ескертеді.
Диқан Әбілев Ермұханға Орталық Ресейдегі оқу орындарының біріне түсуге кеңес береді. Дихан Әбілевтің кеңесін алған Ермұхан Халықтық ағарту комиссариатына барады. Комиссариаттағы құжат қабылдаушы адам Ермұханның кешікенін алға тартып, Мәскеу және Ленинградтың оқу орындарына түсе алмайтынын айтады. Алайда Тамбов қаласындағы ашылған педагогикалық институтқа түсуге мүмкіндігі бар екенін айтып, шешімді бүгін шығару керексің, болмаса ол оқу орнына да түсе алмайсың деп ескертеді.
Ермұхан сол жерде Тамбов педагогикалық институтында жаңадан ашылған тарих факультеніне түсуге құжаттарын тапсырады. Халықтық ағарту комиссариаты Ермұханның Тамбов қаласына жетуі үшін қаражат бөледі. Осылайша тарихшы болуды ойламаған Ермұхан өзінің ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды.Тамбов қаласындағы оқу Ермұханның көңілінен шыға қоймайды.
Сөйтіп, 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов педагогикалық институтының тарих факультеті жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық институтына ауыстырылады. 1936 жылдың күзінде Ермұхан Воронежге келеді. Ал ол кезде сол Воронеж қаласында айдауда Алаш қозғалысының белді мүшелері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлы айдауда жүрген еді. Ермұхан жоғары білімді, озық ойлы Алаш зиялыларына кездесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде тарихқа деген қызығушылығы арта түседі. Халел мен Мұхаммеджанның әсері Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып, үлкен ғалым болуына зор ықпал етеді.
## Еңбек жолы
1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.
1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.
Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.
Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.
Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Ермұханның жары Халима Бекмаханованың естелігінен:
«1952 жылдың 30 тамызында Ермұқанды Новотроицкіге шығарып салдым. Кеткісі келмей, бірдеңе сезгендей, мазасыз күй кешіп еді. Айтқандай-ақ, 5 қыркүйекте оны тұтқындап, Алматыға әкеліпті. Сол күні біздің үйде де тінту жүргізілді. Кешкі сағат 10-да жұмыстан келсем, үйдің есігі ашық тұр. Бір бейтаныс қазақ тінтуге құжат көрсетті. Ермұқанға бірдеңе болғанын сездім. Ас-су беруге рұқсатты табаннан тозып жүріп бір ай дегенде әрең алдым.
Тергеу үш айға созылды. «Тергеу әдістері жайында жиркенішсіз еске түсіре алмаймын, – деп жазды Ермұқан өзі Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке. – Тергеудің өн бойында қорқыту мен қоқан-лоққы қатар жүрді. Сол үшін барлық тәсілдерді пайдаланып тырысса да мен жекелеген адал адамдарды қаралай алмадым». Ерекең бұл арада Сәтбаев пен Әуезов жөнінде айтып тұр.
Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Жоғарғы Соттың ғимараты Гоголь мен 8-ші март көшелерінің бұрышында болатын. Ермұқанды 4 солдат айдап алып келді. Ол маған жақындамақшы болған, мен де ұмтылдым, бірақ бізді айырып жіберді. Соттың үш күнінде көптеген куәлар келіп, кетіп жатты. 4 желтоқсанда үкімді жария еткен кезде менің қатысуыма рұқсат берді. Көз жасы еріксіз сорғалаған Ермұқан маған қарады да отырды. Үкімді естігенде жылап жіберді.
Мұндай әділетсіз, қатал үкімге қалай жыламассың!
Онда: «…айыпталушы Бекмаханов өзінің тарих ғылымы саласындағы ғылыми қызметкер жағдайын пайдаланып 1942-1951 жылдардың өне бойында өз жұмыстарында тарихи фактілерді өңін айналдырып бұрмалаған, сөйлеген сөздерінде буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттаған, феодалдық-байлық құрылыс пен оның орыс халқына қарсы күресуші һәм Қазақстанда орта ғасырлық тәртіптерді сақтап қалуға ұмтылушы кертартпа хандары мен сұлтандарын мадақтаған. Ол өзінің буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастарын негіздеу үшін кертартпа ақындардың, сондай-ақ Кеңес өкіметіне қарсы күрескен халық жаулары – алашордашылардың шығармаларын пайдаланды. Нақ осы ұлтшылдық идеологияны таныстарының арасында да жүргізді», – деп жазылып, сот тергеуі осыларды анықтағанын және айыпталушы Бекмахановтың мойнына қойылғанын айтады»
Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.
Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.
ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.
Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.
Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді.
Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ғылым академиясының басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады".
## Отбасы
Ермұхан Бекмахановтың әйелдері мен балалары:
* Бірінші әйелі: Әмина Зәріпқызы Губеева (1919-1979), қыздары: Найля (1940), Нурия (1946), Нәдия (1947)
* Екінші әйелі: Халима Адамбекқызы Бекмұхаммедова (1925), ұлдары: Ермұхан (1948–2005), Сермұхан (1950), қызы: Қарлығаш (1956)
## Қайтыс болуы
Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. Өкпесіне суық тигізіп алған Ермұханның денсаулығы жыл сайын нашарлай берді. 1966 жылы өзінің емдеуші дәрігерінің табанды кеңесімен Министрлер Кеңесінің ауруханасына жатады. Алайда Ермұхан өкпе ісігінің соңғы кезеңінде еді.
Сонымен қоса, астма ауруы да асқынып кеткен болатын. Ол өзінің өлетінін білген және өмірінің соңғы күндері ғалымның жағдайын сұрауға келген жерлесі, медицина ғылымдарының докторы Хамза Жұматовқа былай деген: "Менің жағдайым мүшкіл, алайда абыроймен өлу керек".
Дәрігерлер де Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп, өмірінің соңғы күндері ең жақын адамдарынан басқа ешкімді палатаға кіргізбеген. Алайда дәрігерлер Ермұханның әйелі Халима Адамбекқызының өтінішімен мамыр айының алғашқы күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлына палатаға кіруге рұқсат еткен. Жағдайын сұрап келген Бауыржан Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50 жас деген түк емес қой. Армандарым мен жоспарларымда орындай алмай кетіп барамын. Кешіріңіз мені" депті. Кейінірек Бауыржан Момышұлы өз естелігінде: "Ол менен өзінің тарих бойынша жазып үлгермеген ғылыми еңбектері үшін шынайы кешірім сұрады" деп жазады.
Сөйтіп 1966 жылдың 6 мамырында Ермұхан Бекмаханов дүниеден озады. Ғалыммен қоштасу рәсімі бір күннен кейін болады. Кандидаттың және докторлық диссертациясының тақырыбын Кенесарыға арнаған Ермұханның жаназасына ғалым, геология-минереология ғылымдарының докторы, Кенесарының ұрпағы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин арнайы Ташкенттен келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын ақтық сапарға шығарып салады.
Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов жерленген Орталық зиратына жерленеді.
## Еңбектері
* Казахстан в 20–40-е годы ХІХ веке, М., 1948, 1997; А., 1992; 1994 (на казахском)
* Присоединение Казахстана к России, М., 1957;
* Очерки истории Казахстана ХІХ в., А.-А., 1966.
## Бекмаханов жайында
* Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер. Құраст. Х.Адамбекқызы, Алматы, «Білім» баспасы, 2005.
* Медеу Сәрсеке. Ермұхан Бекмаханов. Мәскеу, Молодая гвардия, 2010; Астана, Фолиант, 2010. 533 бет, 5000 дана, ISBN 978-5-235-03414-3 ("Жизнь замечательных людей" және "Нартұлға" сериялары).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Бекмаханов Ермухан Бекмаханович (UNESCO - Қазақстан мұрасы)
* http://www.biblus.ru/Default.aspx?auth=2e2e4i2&acls=123060 Мұрағатталған 6 сәуірдің 2023 жылы. |
* Белағаш – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл.
* Белағаш – Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл.
* Белағаш – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
* Белағаш – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл. |
Беласар– қола дәуірінен сақталған қорым. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты станциясынан 45 км жерде, солтүстік-батысында Тайатқан, Шұнақ, Арат-Үшқызыл тауларымен қоршалған кең алқапта. Б.з.б. 13—8 ғасырларға жатады. 1957 ж., 1968 ж. Орталық Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшілері Ә. Марғұлан, А. Оразбаев) зерттеген. Жалпы саны 150, шаршы пішіндес, 1 — 2 кейде 3 концентрлі төртбұрыштардан тұратын ірі тас тақталардан және топырақтан үйіліп, сыртын айнала тас тақталарды тігінен қойып қоршаған үлкен қорым. Мәйттердің басы батысқа қаратылған. Тас жәшіктердің аумағы 110-150 см, тереңдігі 55 см. Кейбір қоршауларда мәйітті өртеп көму тәсілі қолданылған. Оңтүстік бөлігінде есік тәрізді кіретін жері бар. Барлығы онға жуық обалар қазылып, олардан адам сүйектерімен бірге құмыра сынықтары, қола білезіктер, алтын жалатылған сақина, моншақтар және т.б. әшекей бұйымдар табылды. Заттай деректер, жерлеу ерекшеліктері көне дәуірде Беласарды қоныстанған тайпалардың тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат береді. Беласар — Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерте сатысына жататын құнды ескерткіш.
## Дереккөздер |
Белағаш ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік-аумақтық бөлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Белағаш, Бековка, Зенковка ауылдары, Дүйсекен, 41 темір жол айрықтары кіреді. Орталығы - Белағаш ауылы. Округ құрамында болған Өмірзақ ауылы 2018 жылы, Беккарьер ауылы 2019 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин (15 желтоқсан 1913 жыл, Павлодар қаласы, Павлодар облысы – 2 қазан 1990 жыл, Алматы қаласы) — ақын, драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы (1986), мемлекеттік сыйлықтың иегері.
* Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1938).
* Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* 1938 жылдан соғысқа аттанғанға дейін Қазақстан комсомолы ОК-нің баспасында, Қазақстан жазушылар одағында, Тіл және әдебиет институтында, соғыстан кейін Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан жазушылар одағында жұмыс істеді.
* 1949 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы лирикалық туындыларында замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін жырлады.
## Абаймен сырласу
«Абаймен сырласу» («Қазақ әдебиеті», 1972, 18 ақпан) атты өлеңіңде Бекхожин ұлы ақынның қазақ әдебиет тарихындағы орны мен маңызына тоқталады. Бүгінгі ақындығымыздың жай-күйін талқылаған ақындар жиынын тілге тиек ете келіп, қабырғадағы суреттен қараған Абайға сұрақ қояды:
Бұдан кейін жазық далада асқар таудай болып дара тұрған, даналық биігіндей Абайдың дарабоз даңқы мадақталады. «Абаймен сырласу» өлеңінің мәні мұнымен ғана тәмәмдалмайды. Бекхожин қазіргі заман поэзияға ауыр жүк артып отырғанын ескерте келіп, бізге бір емес, жүз Абай қажеттігін мойындайды. Ол Абай жөнінде бірнеше мақала жазған. Оның Абай аудармаларын сөз ететін
* «Лермонтов және Абай» («Социалистік Қазақстан», 1939 ж., 15 қазан),
* «Абай және Крылов» («Сталин туы», 1939, 15 тамыз) деген мақалалары жарияланған.
* «Абай және біздер» («Лениншіл жас», 1939, 23 маусым),
* «Ақын, жыраулар өнері - халқымыздың қасиетті қазынасы» («Қызыл ту», 1945, 30 қаңтар),
* «Абай - гуманист» («Ленин туы», 1945, 21 шілде;
* «Жаңа ауыл», 1954, 19 тамыз),
* «Қазақ ағартушылары туралы соны деректер» («Қазақстан мұғалімі, 5 мамыр),
* «Толғанта беретін тақырыптар» («Қазақ әдебиеті», 1959, 10 көкек),
* «Қазақ халқының ұлы ақыны - Абай» («Коммунист», 1940, № 9) тағы басқа мақалаларында абайтану мәселесі жан-жақты сөз болады.
* «Абай және абайшылар» («Екпінді», 1940, 28-29 мамыр) мақаласында Бекхожин әдебиетшілер Ә.Жиреншин мен Е.Ысмайыловтың «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған (1940, 6 маусым) «Қазақ халқының ұлы ақыны» деген материалындағы жаңсақ пікірлерге тойтарыс береді. Бекхожин 6 класс оқушыларына арналған әдебиеттік оқу кітаптарына (1941-1951) арнап Абайдың өмірбаянын жазды.
## Еңбегі
Бекхожинге «Менің замандастарым» кітабы үшін Қазақ КСР- інің Абай атыңдағы Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978). Өрен ұрпақты Отаншылдыққа баулу үшін "Жусан" поэмасын жазды. Кіршіксіз махабаттың адам жанын қанщама асқақтататын білгісі келген бозбала мен бойжеткен "Мариям Жагорқызын","Әппақнаманы" тауып оқиды. 1938-1939 жылдары
* «Партизан Балтабай» («Кек»),
* «Орман қызы»,
* «Ақсақ құлан» атты үш дастан жазған.
* «Орман қызы» Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған.
* 1939 жылы аты шулы Кенесары, Наурызбайды мадақтайтын «Батыр Науан» атты поэма жазған, кейін 1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған.
## Дереккөздер |
Белбеу — киім сыртынан буынуға арналған бұйым (ұзындығы 1,5—2 м). Белбеу атауы “бел” және “бау” сөздерінің қосылуынан пайда болған. Ол әр түрлі матадан немесе жұмсақ иленген жұқа жарғақтан, қайыстан, былғарыдан жасалады. Осыған орай жібек белбеу, қыжым белбеу, жарғақ белбеу, күдері белбеу, т.б. атала береді. Былғарының сыртын алтын, күміспен әшекейлеп жасаған белбеуді кісе деп те атайды;
## Түрлері
Дембет белбеу – күмістелген, күміс жапқан белдік.
Күдері белбеу – жұмсақ иленген бұлан не бұғы терісінен жасалған белдік.
Кісе белбеу – адамның әлеуметтік дәрежесін танытатын сәндік белбеу. 2. қару-жарақ ілінетін белдіктің ең көне түрі.
Кемер белбеу – бетіне алтын не күмістен өрнекті жапсырма бекітілген, ішік, тон, шапан сыртынан буынатын жалпақ сәнді былғары белбеу.
Көнте – қон теріден жасалған қалың, жалпақ белдік.
## Дереккөздер |
Белбеу Тастау – ұлттық ойын. Ол көп адамның қатысуымен далада көгалда не төсеніш үстінде ойналады. Ойыншылар алқа-қотан отырады да, біреуі қолына белбеу ұстап, отырғандардың сыртын айналып жүріп, өзі ұйғарған кісінің сыртына білдірмей белбеуді тастап кетеді. Ол айналып келгенше сырт жағына белбеу тасталған адам сезбесе, ойын жүргізуші айыпты адамды шеңберді айналдыра қуалап: “Орныңды тап!” деп белбеумен соғады. Ал отырған адам белбеу тасталғанын сезіп қалса, белбеуді ала салып, жүргізушінің өзін қуып, сабалайды. Белбеудің қатты, жұмсақ соғылуынан ойыншылардың көңіл-күйлері аңғарылып қалады. Ұлттық ойындардың басқа түрлері сияқты, белбеу тастаудың да өзіне тән тәрбиелік мәні бар. Ол жастарды шапшаңдыққа, төзімділікке, батылдыққа баулиды. Ойынның мұндай түрі қырғыз, түрікмен халықтарында да кездеседі.
## Дереккөздер |
Белең ана — Қыпшақ мемлекеті тұсында салынған хан сарайының орны. Сарысу өзенінің сағасында, Сіңіртек, Телікөл алабына жақын, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағында орналасқан. Белеңана Сығанақ, Сауран қалаларын қоныстанған қыпшақ хандарына жаз аптабында саялайтын орын болған. Ескерткіш маңында өзге де сарайлардың, әдемі күмбездердің үйінділері сақталған. Ғалымдар П.И. Рычков, А.И. Левшин, П.И. Спасский, т.б. Белеңананың аумағының үлкендігіне қарап, оны ерте замандағы үлкен қаланың орны деп есептеген. Үш жүздің бірлігін айғақтайтын таңбалы тас Белеңанаға жақын маңнан табылған.
## Дереккөздер |
Белоусовка — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы кент, Белоусов кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінің оңтүстік-шығысында 27 км жерде. Ауылдың оңтүстік-батысынан Өскемен – Шемонаиха, оңтүстік-шығысынан Өскемен – Риддер автомобиль жолдары өтеді.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі Белоусовка полиметалл кені негізінде қаланған (1939).
## Дереккөздер |
Ағайынды Белослюдовтар, өлкетанушылар. Олар төрт ағайынды, бәрі Семей жерінде туып-өскен. Төртеуі де Семей өлкесін зерттеп, алғаш рет мұражай ұйымдастырды. Семей қаласындағы санақ комитеті, бастауыш білім беру қоғамы, географиялық қоғам бөлімшесі сияқты ұйымдарға мүше болып, өлке мәдениетін дамытуға барлық күш-жігерін жұмсады. Абай поэзиясын жоғары бағалап, мақалалар жазған, кеңінен насихаттаған.
* Виктор (1882-1916) - суретші. Абай өлеңдерін аударып, иллюстрация жасауды ойластырған. Семейдің құрылғанына 200 жыл толуына байланысты 1918 жылы «Семипалатинский край» газетіне тарихи очерк жазған.
* Николай (1880-1943) да сурет салумен шұғылданған. Семей мұғалімдер училищесінде жас Мұхтарға сабақ берген. Викторға жазған хатында (1911): Абайдың ең таңдаулы өлеңдерін іріктеп алып, «Сибирский студентке» бастырып таныстыруды, Абай өлеңдерін қара сөзбен аударуды ұсынған. Николай Әуезовпен, сондай-ақ Ж.Шанин, X Ғаббасов, Ә. Ермеков, Н. Құлжановтармен пікірлес, дос-жаран болған.
* Федор (1884-1944) сурет түсірумен (фотограф) әуестенген. Көптеген суреттері Ресейдің музейлері мен архивтерінде сақтаулы. «Туйе мінген қазақ », «Қазақ қызы», «Татар мешіті», «Махмұтов Ахдари», «Қазақ әйелі», «Қазақ баласы», «Жүн жуу», «Қазақ қыстауы», «Киіз уй тігу» т. б. суреттері қазақтың өмірі мен тіршілігін бейнелеген.
* Алексей (1887-1939) - педагог. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, зерттеу жұмыстарын жургізген, орыс халқын Абай, Ыбырай Алтынсарин шығармаларымен таныстыруды мақсат еткен. Қ.Сәтбаевпен жақсы таныс болған, Баянауылға барып, қазақ халқының әдеби мұрасын жинаған. Әуезовтің т. б. ақыл-кеңесі бойынша қолындағы мұрағат материалдарын Қазақстанның Ғылым академиясына өткізген. Әуезов Николай және Алексей Николаевичтермен бірге Семей географиялық қоғамына мүше болған. Ұлы суреткер 1950 жылы сәуірде Николайдың жұбайы Ольга Дмитриевнаға дербес пенсия тағайындау жөнінде тиісті орындарға хат жолдаған.
## Дереккөздер |
Герольд Карлович Бельгер (нем. Herold Belger, 28 қазан 1934 жыл, Энгельс, Еділ Немістері АКСР – 7 ақпан 2015 жыл, Алматы) — қазақстандық жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері. Қазақстанның халық жазушысы. ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.
## Өмірбаяны
* Герольд Бельгер 1934 жылғы 28 қазанда Саратов облысындағы Энгельс қаласында туған.
* 1941 жылы ол отбасымен бірге неміс ұлтының өкілі ретінде Қазақстанға жер аударылған. Ол осыдан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы қазақ ауылында өсті. Осында ол қазақ тілін жетік меңгеріп шықты.
* Ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының әдебиет факультетін бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысында орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруден бастады.
* 1958—1960 жылдары Жамбыл облысының Байқадам совхозындағы орта мектепте мұғалім,
* 1960—1963 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирант
* 1963—1964 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болды.
* 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.
* 1992 жылдан неміс тіліндегі «Феникс» альманағының бас редакторы.
* 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
* Ол неміс мәдени қоғамы Алматы қаласындағы бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан немістері кеңесінің мүшесі және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.
## Шығармашылығы
Герольд Бельгер 53 кітаптың авторы. Қазақ әдебиетінің Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов секілді классиктерінің шығармаларын орыс тіліне аударды. Еңбектерінде ол Абайдың сан қырлы шығармашылық дарынына, ақындық құдіретіне, жаңашыл дәстүріне шолу жасады. И. В. Гете мен А. Құнанбаев шығармалары үндестігінің филос., эстетик., этик., психол. заңдылықтарын талдады. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» шығармасы негізінде туындаған М. Ю. Лермонтовтың «Тау шыңдары» мен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдеріндегі поэтикалық рухани бірлігін, әлеуметтік ой толғауындағы жақындық пен тамырластықтың түп төркінін ашып көрсетті. Абай өлеңдерінің орыс тіліне аударылуындағы жай-күйіне, ақынның кемел ойы мен көркем теңеулерін тәржімелеудегі кемшіліктерге, текстолгиялық ала-құлалықтарға, жаңсақ жазылған сөздерге тоқталды. Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нүрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, т.б. қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшалан орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, т.б. неміс жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды. Жиырмадай жинақтың қүрастырушысы және жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-тей жинақтары бар.
### Шығармалары
* «Сосновый дом на краю аула.» А-А., 1973
* «Даладағы шағала.» А., 1976
* «Алтын асу.» А., 1977
* «Живые предметы родства.» А-А., 1981 (неміс тілінде)
* «Лицом к лицу со временем.» А-А., 1985 (неміс тілінде)
* «Мотивы трех струн.» А-А., 1986
* «Тас өткел.» М., 1987
* «Гете и Абай.» А-А., 1989
* «Завтра будет солнце.» А., 1992
* «Земные избранники.» А., 1995
* «Тихие беседы на шумных перекрестках.» А., 2001
* «Этюды о переводах Ильяса Жансугурова.» А., 2001
* «Казахское слово.» Астана, 2001
* «Дом скитальца.» Астана, 2003
* «В темный час перед рассветом.» А., 2003
* «Карл Бельгер - мой отец.» А., 2003, т.б.
* «Үндестік» (А., 1982),
* «Гете және Абай» (А., 1989, екеуі де орыс тілінде) зертеу еңбектер,
* «''Шың''»,
* «Туыстықтың жанды өрнектері» (А., 1981, неміс тілінде),
* «Асылға абай болайық» («Қазақ әдебиеті», 1985, 9 мамыр),
* «Ақындар сыры» («Простор», N° 2, 1992) т. б. қазақ, орыс, неміс тілдерінде оннан астам мақала,
* «Мұнартау» («Жалын», № 1, 1974) атты көркем әңгіме.
## Марапаттары
* 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" медалі
* КСРОның "Еңбек ардагері" медалі
* 1987 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
* 1988 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері
* 1992 жылы ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.
* 1994 жылы парасат ордені (№1)
* 1996 жылы Қазақстан-дағы ПЕН клуб сыйлығы.
* 2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* 2004 жылы "Тыңға 50 жыл" медалі
* 2005 жылы "ҚР Конститутциясына 10 жыл"медалі
* 2006 жылы "ҚР Парламентіне 10 жыл" медалі
* 2007 жылы «Алтын самұрық» сыйлығы
* 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
* 2010 жылы "Германия алдындағы еңбегі үшін" ордені
* 2010 жылы президенттің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі Достық орденімен марапатталған.
## Отбасы
Жұбайы - Хисматуллина Раиса Зәкірқызы, педагог. Қызы - Ковалева Ирина, актриса, кинорежиссер. Немересі - Всеволод (1988 жылы туған), шөбересі - Юлиана (2005 жылы туған).
## Дереккөздер |
Вячеслав Алиевич Белялов (22.1.1936, Алматы - 4.10.2004) - кинооператор, кинорежиссер.
Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1966).
"Қазақфильм" киностудиясында 30-дан астам деректі және ғылыми көпшілік фильмдер түсірді. Қазақстан флорасы мен фаунасы туралы ғылыми көпшілік киноның дамуына үлес қосты.
Үздік операторлық шешімі үшін Беляловтың фильмдері әр түрлі сыйлықтарға ие болды ("Ақсу-Жабағылы",1976; КСРО ХШЖК-нің қола медалі, 1977; "Ғажайып орман", 1978, Бакуде өткен Бүкілодақтық 8-телефильмдер фестивалінің сыйлығы, 1978; "Мүйізтұмсыққа арналған үй", 1981, Воронеж қаласында өткен табиғат туралы фильмдердің Бүкілодақтық 1-фестивалінің 1-сыйлығы, (1982).Қазақстан Мейлекеттік сыйлығының иегері (1983).
Беляловтің фильмдері шешімдерінің соңылығымен, тақырыбының өзектілігімен құнды.
## Дереккөздер |
Бенакент, Бенакет - орта ғасырда Шаш (Ташкент) маңында болған ірі қалалардың бірі. Шарқия (Шаһрухия) - Ангрен өзені мен Сырдарияның қосылған тұсында болған. Ол туралы кезінде Ибн Хордабек: "Илак (Ангрен) өзені Бенакенттің тұсында Шашқа (Сырдарияға) барып құяды" деп қаланың нақты орнын көрсетіп кеткен. Қаланың қираған орнының жобасын алғаш 1908 ж. И.А. Беляев қағазға түсірген. 1957 жөне 1973 жылдары Өзбекстан Ғылым Академия Археология институтының ғалымдары (жетекшісі Ю.Ф. Буряков) зерттеу жүргізген. Қала жұртының жартысына жуығын өзен суы шайып кеткен. Қалған жері екі бөліктен: Шаһристаннан және Рабадтан тұрады. Шаһристанның мәдени қабатының биіктікі рабадтың үстінен есептеғенде 15 - 17 м. Қабырғаларының ұзындығы солтүстік-шығысында 600 м, солтүстік-батысында 450 м, оңтүстік-батысында 800 м. Екі жағынан Сырдарияның суы, солтүстік-батыс шетінен Шарқиясай, солтүстік-шығыс қапталын құрғақ арна қоршай жатыр. Бекіністік қабырғаларының орны сақталмаған. Қазба кезінде табылған, Қауыншы мәдениетіне жататын қыш ыдыстарының сыныптары қала тіршілігін 2-3 ғасырларда басталғанын дәлелдейді. 11-12 ғасырларда Бенакентте жергілікті Қарахан әулетінің мыс теңгелері соғылған. Шыңғыс хан әскерлеріне қарсы үш күн бойы қарсылық көрсеткен қала түгелге жуық талқандалған. Оны 1392 ж. Әмір Темір қалпына келтіріп, баласы Шаһрухтың атын берген.
## Дереккөздер |
Беннигсен Александр(1913 – 1988) – француз шығыстанушысы, проф., граф. 50-жылдары ол Кеңес өкіметінің отарлық саясаты туралы ғыл. мақалалар жариялады. Кейінірек ұлттық интеллигенцияның статусы мен жағдайы (1956, 1959), 1917 жылғы төңкерістен кейін мұсылман халықтары арасынд |
Василий Григорьевич Беньковский (25.1.1925, Украина, Одесса қаласы – 21.1.1986, Ресей, Уфа қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1952), профессор (1953), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1967), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961).
Одесса мемлекеттік университетін бітірген (1940). 1940–1967 ж. «Қазақстанмұнай» бірлестігінде жұмыс істеді. 1960–1967 ж. Қазақстан ғылым академиясының Мұнай және табиғи тұздар химиясы ин-тының директоры, 1967–1986 ж. КСРО ҒА Башқұрт бөлімшесінің Хим. ин-тында лаборатория меңгерушісі болды. Негізгі ғыл. еңбектері мұнай химиясы мен физ.-химиясына арналған. Беньковский төмен темп-рада мұнай эмульсиясы мен оның құрамындағы көмірсутектерінің өзгерістерін, мұнайды алғашқы өңдеу кезінде алынатын азотты негіздердің құрылысын зерттеген. Жер асты мұнай құбырларын хим. жолмен қорғау әдістерін анықтау мәселелерімен шұғылданды. Пайдаланылған күкірт қышқылын қайта өңдейтін қондырғылар жасауға қатысты.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Лев Семенович Берг (14.3. 1876, Бендеры қаласы – 24.12. 1950, Ресей, Санкт-Петербург) – ғалым, география ғылым докторы (1908), профессор (1914), КСРО ғылым академиясының академигі (1946), Ресейдің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1934). Мәскеу университетін бітірген (1898). Берг География институтын ұйымдастырушыларының (1918) бірі. Бұл институт кейін Ленинград университеттінің география кафедрасына айналғаннан кейін (1925) өмірінің соңына дейін осы кафедраның меңгерушісі (1925 – 50).
Студент кезінде Орал өзенінің сағасына және Индер көліне өзінің алғашқы сапарын жасады. 1898 – 03 жылы Батыс Сібір, солтүстік Қазақстанның көп көлдерін, Балқашты, Арал теңізінен зерттеді. «Арал теңізі» физ-география тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Осы еңбегі үшін Бергке Ресей География қоғамының П.П. Семенов-Тянь-Шаньский атындағы медалі берілді.
Бергтің негізгі ғылыми еңбектері физика географияның жалпы мәселелеріне, жеке аймақтар мен аудандар географиясына, геоморфологияға, көл зерттеуге, палеогеографияға, зоогеографияға, жалпы биологияға, география тарихына, ихтиологияға, тағы басқаларға арналған. Ол табиғат бедері туралы В.В. Докучаев ілімін дамытты, география ландшафт ілімінің негізін салды. Қазақстан табиғатын зерттеуге үлкен үлес қосты. Теке, Қорғалжын, Қызылқақ, Сілеті теңіз, Теңіз, Балқаш көлдерінің, Арал теңізінің толық география сипаттамасын берді. География әдебиеттерде Торғай қолатын, Сарыарқаны дербес геоморфология аймақ ретінде жеке бөлді. Қазақстанды физика – география аудандарға бөлу де Бергтің еңбектерінен басталады. Берг 1904 жылдан Орыс география қоғамының мүшесі, 1940 – 50 жылы КСРО география қоғамының президенті, КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған. (1954). Ол бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Памирдегі бір шың, Курил аралдарындағы жанартау, Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Памирдегі мұздық, 60-тан аса өсімдік пен жануар Берг есімімен аталған.
## Дереккөздер |
Бердібек хан(т.ж.б. – шамамен 1359/61) – Алтын Орда ханы, Жәнібектің баласы, Өзбек ханның немересі. 1356 ж. Жәнібек Әзербайжанды басып алғанда Б-ті Тебриздің билеушісі еткен. 1357 ж. Жәнібек өлгеннен кейін Б. оның мұрагері ретінде таққа отырды.
## Өмірбаяны
Кейбір деректерге қарағанда Бердібек Алтын Орданың ықпалды әмірлерінің бірі Туғлубимен бірге Жәнібек ханды қастандық жасап өлтірген көрінеді. Басқа мәліметтерде Жәнібек көзі тірісінде–ақ Бердібекті хан етіп жариялағандағы айтылады.1357 жылы Жәнібек өлгеннен кейін Бердібек оның мұрагері ретінде таққа отырады. Бердібек Алтын Ордадағы билікті өз қолына алған соң Жошы әулетінің беделі адамдарын,сондай–ақ, Туғлубидің өзін және оның баласы Семейді өлтірткен. Бердібек кейбір жазба мәліметтер бойынша 1359 жылға дейін хандық құрған. Бердібектің өлімді жөнінде нақты тарихи дерек жоқ. Бір мәліметтерде Бердібек өз ажалынан,екіншісінде Жошы әулетінен шыққан бәсекелесі Құланның қолынан қаза тапқан делінген. Бердібектен кейін Алтын Ордада Өзбек ханның ұрпақтары билік жүргізбеді. “Нар мойыны Бердібекте кесілді” деген сөз осыны аңғартса керек.
## Тағы қараңыз |
Бердібек Мықтыбекұлы (1851, қазіргі Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 1914, Жамбыл облысы, Қордай ауданы) - күйші.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Жасынан күйшілік-домбырашылық жолға түсіп, Байсерке (1841-1906) күйшінің жанына еріп, үлгі алған. Бердібек қүйлері сарын-сазының сыршыл-сезімталдығымен ерекшеленеді. Әсіресе, қүйге арқау болған тақырыбына сай бейнелі үнді дәл тауып, ұрымтал үлгімен жеткізе алатын суреткер. Бердібектің "Асау торы ат", "Боз інген", "Батырдың өлімі", "Жас мерген", "Жігіт" , "Сүлутөр", "Ұлпан", т.б. күйлерінің біразын музыка тарихын зерттеуші Т.Мерғалиев нотаға түсірген. Академик А.Жұбановтың зерттеу еңбектерінде, халық ақыны К.Әзірбаевтың естеліктерінде Бердібек туралы деректер кездеседі.
## Дереккөздер |
Бердіқожа батыр– тарихи дастан.
Дастанда жеке үй болып жырақта өмір сүрген Бердіқожа батырдың ерлік істері баяндалған. Жырда қалмақтарға қарсы соғысқа аттанып бара жатқан, тарихта есімдері мәлім Қабанбай, Бөгенбай, Боранбай, Барақ және т.б. батырлар жайлы да айтылады. Туынды он бір буынды қара өлеңге құрылған, ішінара қара сөз де ұшырасады. Қолжазба нұсқасы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Бердібек сарайы - ортағасырлық салтанат сарайы. 1405 жылы 14 қаңтарда Қытайды жаулап алуға аттанған Әмір Темір балашағасымен (олардың ішінде Ұлықбекте бар), әскербасыларымен Бердібек сарайына келіп тоқтайды. Белгілі тарихшы Шараф әд-Дин Иездидің "Зафарнаме" шығармасында аталады. Оның жазуынша сарайда құрметті кісілерді қабылдайтын салтанатты зал — "көрінісхана" болған. Әмір Темір кезінде осы залда өз қолбасшыларымен бірге Тоқтамыстан келген елші Қарақожаны қабылдаған. Отырар қаласының орнында жүргізілген археол. қазба жұмыстары кезінде (1988- 98) Бердібек сарайының бір бөлігі ашылды. Сарай Отырардың оңтүстік-шығыс бөлігінде, биік қамал ішінде орналасқан. Оның жалпы көлемі 100x100 м2 шамасында. Күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған қабырғаларының қалындығы 1,3метр. Сарайдың бір бөлігін мешіт (ауданы 22x60 м) алып жатыр.
## Тарихы
Отырардың жалпықалалық құрылысында жетекші рөл атқарған 14-15 ғасырлардағы орталық қамалының құрамдас бөлiгi. Бұл жерде қамал 14 ғасырда пайда болды. Солтүстiк бұрышта орналасқан қамал 13 ғасырдың басында моңғолдар қираткан едi. Қала қамалдарынын iшiнде кешендi түрде археологиялық қазба жұмысы жүргiзiлiп, толымды сипаттама жасалған осы Бердібек сарайы. Шараф ад - Дин әл - Иаздиден жеткен деректен Отырардың сол кездегі билеушісі Бердібектін көп бөлмеден тұратын, ресми қабылдауларға арналған көрiнiсханасы бар сарайы болғанын және осы сарайда Әмір Темірдің өз оғландары мен уәзірлерімен тұрақтаған. ХV ғ. басында Отырарда орын алған маңызды оқиға, Әмір Темiрдiң осында Тоқтамыстың елшiлерiн қабылдауы және дүние салуы болды. Әмір Темірдің өмірінің соңғы кезiн Отырарда өткiзуi және де Отырар туралы деректердiн әртүрлi кездерден, жазбаша әрі ауызша түрде, бiзге жетуiне септiгiн тигiздi. Әмір Темір қайтыс болғаннан кейiн орын алған темiрлiктердiң өзара соғыстарынын нәтижесінде, ХV ғасырдың бiрiншi жартысында қирап, өмір сүруiн тоқтатты.
## Дереккөздер |
Илья Николаевич Березин (1818-1896) - орыс ғалымы, шығыс зерттеуші, профессор.
Петербург университетінің профессоры. Ол «Шығыс тарихшыларының кітапханасы» атты жинақ шығарып, оған Рашид ад-Дин, Мұхаммед Шайбани, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы еңбектерінің орыс тіліндегі аудармасын енгізген. «Шығыс елдеріне саяхат» деген еңбегі, «Орысша энциклопедиялық сездігі» жарық көрген. Ғалым Алтын Орда тарихымен айналысып, Жошы ұлысы хандарының жарлықтарын зерттеген. Князь В. А. Кудашев кешіріп алған Абай қолжазбасы осы кісі арқылы Петербургтағы Орыс географиялық қоғамына келіп түскен. Ол өлеңдер авторы Абай екенін біле қоймаса да оларды жоғары бағалап, «Географиялық қоғам жазбалары» журналында бастыру мақсатымен атақты ғалымдар П. П. Семенов-Тян-Шанский мен П. М. Мелиоранскийді таныстырған. Березиннің қолында бұл қолжазбамен қатар Абайдың кадет корпусыңда оқитын інісі Халиуллаға жазған хаты, әкесі Құнанбайдың атынан жазған хаттары және ақын ауылының молдасы Ғабитханның хаттары да болған. Бүл аса құнды құжаттар қазір С.-Петербургтегі Күншығыс халықтарын зерттейтін ин-ттың кітапханасында Сақтаулы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1]
* [2]
* [3] |
Березовка полиметалл кен орны - Шығыс Қазақстан облысында. Ежелгі кен қазбаларының орнында 1730 жылы ашылған.
## Құрамы
Березовка полиметалл кен орнында мырыш, мыс және қорғасын басым, сонымен қатар алтын, күміс кездеседі.
## Дереккөздер |
Берен — жебенің бір түрі. Ауыз әдебиетіндегі деректерде бұл оқты батырлар қарсыласының сауытына басқа оқ өтпегенде қолданған. Береннің ұшы үшкір болып, қырланып соғылған;
Берен — атқанда жарылмас үшін оқпаны асыл болаттан соғылып жасалған көне мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін бір атауы. Береннің болаттан соғылғанын мылтықтың оқпанындағы өрнегінен айырады.
Берен ,берен сауыт, береңгілі сауыт -сауыттың бір түрі, болат темірлі сауыт деген ұғымды білдіреді. Тері, матаға болат, темір тақталарды шегелеп, қатарлап бекіту арқылы жасалған. Сақ, сармат, түркі әскерлерінің бір бөлігі осындай сауыт киген жауынгерлерден құралган. Үлкен темір тақталар иілуге мүмкіндік бермейтін болғандықтан берен кеу- деше түрінде тұтас жасалынып, бастан сыпырыла шешіліп киілген, баумен байланған. Іштен шегеленгендіктен болат тақталардың ара-жігі ашылмай, денеге қару өткізбейтін берік болган. Шығыстан ауысқан бұл сауыт түрін Еуропада «бригандина» деп атаган. Кейде береннің иықтары мен етегін аң терілерімен жиектеген. Сауыттың тысына қымбат, әдемі маталар қапталғандықтан аса сәнді көрініп, көбінесе, хандар, қолбасшылар киген. Беренді негізінен, жұқалау кіреуке, қат- тама сауыттардың сыртынан киген. «Айбынды ерлер көп өтті, Кіреуке киген, беренмен» (Ақтамберді) деген жырдағы берен осы отты қару пайда болып, ауыр қаруланған атты әскер таратылғаннан кейін, берен де қолданыстан шығып қалды.
## Дереккөздер |
Берендилер — түркі тектес көшпелі тайпа. Орыс жылнамаларында 1097 жылдан 12 ғасырдың аяғына дейін болғандығы айтылады. 11 ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік Русь даласында, әсіресе, Киев Русі мен Переяслав князьдігіне жақын жерлерді, Рось өзенінің бойын қоныстанған. 1146 ж. қарақалпақтар тайпалық құрылымы құрылып, оған өзге түркі тайпаларымен бірге берендилер де кірген. 12 ғасырда берендилер араларынан князьдер шығып, қалалар салынған. Киев князьдері берендилердің атты әскерлерін қыпшақтарға қарсы және князьдер арасындағы дау-жанжалдарды шешуге пайдаланған. 13 ғасырдың басында Бату әскерлері Киев Русіне шабуыл жасауына байланысты, берендилердің бір бөлігі Болгария мен Мажарстанға (Венгрияға) қоныс аударып, қалғандары Алтын Орда халқына сіңіп кеткен.
## Дереккөздер |
Бердібаев Оңғарбек(7.11. 1911, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 7.1.1972, Алматы) – дерматолог-ғалым, медицина ғылым докторы (1955), профессор (1956), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Қазақ медецина институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік медецина университеті ) бітірген (1937). 1937 – 46 жылы сол институтта тері-венерология кафедрасында ординатор, ассистент, доцент, 1946 – 52 жылы Қазақстан Өлкелік патология институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры, микология секторының меңгерушісі. 1952 – 56 жылы Қазақ тері-венерология ғылым-зерттеу институтының директоры, 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік медецина институтында кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері таз ауруларын емдеуге арналған. Тері-венерология (трихофития, микроспория) ауруларын емдеу әдістерін табуға елеулі еңбек сіңірген Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев (2 желтоқсан, 1927 жылы Түркістан облысы, Түркістан ауданы Көкіш ауылы - 3 сәуір, 2012 жылы) — әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1983). Қазақстанға Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1984). Түркия Президентінің «Түркі еліне қызыметі үшін» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған.
## Толығырақ
Бердібаев зерттеулерінде Абай шығармаларының өзіндік қыр-сырларын кеңінен сөз етеді. «Абай және ауыз әдебиеті» (Абай тағлымы. - А., 1986, 237-243-6.) еңбегіңде ақынның Шығыс аңыздары негізіңде жазған «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталады. Абай шығармаларында халық мақал-мәтелдерінің, шешендік сөздерінің, аңыз-әңгімелерінің жиі кездесетіндігіне назар аударады. Ауыз әдебиетінің ұйқас, ырғақ, дыбыс қуалаушылық, жоқтау, суреттеу тәсілдері сияқты үлгілері ақын өлеңдерінде кеп қолданылғандығын атап көрсетеді. Б. Абай поэзиясының шығыс шайырларының шығармаларымен байланысы жайлы бірсыпыра байламдар жасаған. Соның бірі «Науаи мен Абай» («Соц. Қазақстан», 1960, 16 қыркүйек) атты мақалада ұлы ақындардың шығармашылық ұқсастықтары мен даралық тұстары егжей-тегжейлі зерттелген.
Әуезовтің шығармашылығы жөнінде «Сюжет және характер» (1964), «Идея және композиция» (1967), «Сәз зергері» (1973), «Шығарма шарты» (1980), «Өшпес өнеге» (1985) т. б. мақалаларын жазса, «Тарихи роман» монографиясында (1997) «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» атты тарауын (8-112-бөттер) «Абай жолына» арнады. Ал «Мұхтар шыңы» жинағында (1997) Ұлы жазушының суреткерлігін жаңа қырынан сипаттайтын зерттеу еңбектері топтастырылған. Жалпы Әуезовтің жазушылық қызметіне байланысты 40 шақты еңбегі жарық көрді.
## Хронологиясы
* Түркістан педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Қызыл-орда пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін (1949) бітірген.
* Ащысай кентіндегі орта мектепте мұғалім,
* 1949—1953 жылдары Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қазақ орта мектептерінде директор, аудандық оқу бөлімінің инспекторы,
* 1953-1954 жылдары ҚазМУ-дің аспиранты,
* 1955—1959 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, сын бөлімінің меңгерушісі болған.
* 1960—1972 жылдары әдебиет тарихы және теориясы мәселелері бойынша «Әдебиет пен өмір», «Роман және заман», «Қазақ әдебиетіндегі замандас бейнесі», «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», «Дәстүр тағылымы» тәрізді кітаптары, «Қазақ романы», «От легенды к роману», «Қазақ тарихи романы», «Тарихи роман», «Мұхтар шыңы» монографиялары жарық көрді.
* 1961 жылы кандидаттық («Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы»),
* 1971 жылы докторлық («Қазақ романдарының теориялық мәселелері») диссертация қорғайды.
* 1968—1970 жылдары ашылған Қазақ Совет энциклопедиясы Бас редакциясының жауапты хатшысы,
* 1973-1995 жылдары Қазақ КСР ҒА тартып, «Жастық кешуі» (1966),
* «Солдат сыры» (1968),
* «Фарида» (1978) атты әңгімелер мен повестер жинақтарын жариялады.
## Жетістіктері
* М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі,
* ҚазМУ мен ҚазПИ-де ауыз әдебиетінен дәріс оқиды.
* «Қазақ фольклористикасының тарихы» деген еңбегі үшін Р.Бердібайға және бірнеше фольклоршыға Ш.Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлық берілді.
* ҚР Үғылым академиясының академигі.
* Түрік тіл қүрылымының (Түркия), Халықаралық Ш.Айтматов қоғамдық академиясының, Халықтық (экологиялық) академияның мүддесі, Ш.Уәлиханов атындағы, «Түрік дүниесіне қызмет» сый-лықтарының иегері.
* «Парасат» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамотасымен марапатталған.
* «Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері» (1983).
* «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1992) атағын алды.
* 1995 жылдан бері Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.
## Шығармалары
Ғалымның қаламынан «Қазақ эпосы», «Сарқылмас қазына», «Кәусәр бүлақ», «Эпос — ел қазынасы», «Жыршылық дәстүр», «Айтыс әлемі» секілді еңбектер туды.Түбі бірге туысқан халықтар әдебиетімен өзара байланысы оның «Гүлстанның бүлбүлдары», «Достық кемесінде», «Сарқылмас қазына» деген кітаптарынан бастау алып, соңғы жылдар да шыққан «Байқалдан Балканға дейін», «Жүлдыздар жарығы», «Ел боламыз десек» атты жинақтарда жалғасын тапты. Оның сыншылық, әдебиетшілік, фольклоршылық, түріктанушылық саласындағы ізденістері 42 кітап, мыңнан артық мақала түрінде жарыққа шықты.Ғалымның бүлардан тыс атқарған игілікті ісі — М.Әуезов мүражай үйінде 35 жыл бойында Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетін басқарып, қазақ халқының соңғы 1500 — 2000 жыл бойындағы тарихы мен мәдениеті тақырыбына 500 дәріс өткізуі. Бүл еңбегі үшін сол кездегі Бүкілодақтық «Білім» қоғамының ең үлкен сыйлығы — Вавилов медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сейдахмет Бердіқұлов (9 мамыр, 1933 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарақастек қыстағы – 1994, Алматы) – жазушы, журналист.
Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірді.
Шапырашты руынан шыққан.
## Хронологиясы
* 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
* 1965 — 1970 жылдары «Қазақстан пионерінің» редакторы,
* 1970 — 1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы,
* 1986 — 1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды.
## Шығармалары
* «Сол орамал жоғалмайды». А., «Жазушы», 1965;
* «Жүрек ұйықтауды білмейді» . А., «Жазушы»(1966),
* «Жұмыр жерде теңбіл доп». А., «Жазушы» (1968),
* «Егеулі найза». А., «Жазушы», 1969;
* «Аспаннан шұға жауған күн». А., «Жазушы» (1975),
* «Мұңайып оянған қала». А., «Жазушы», 1979;
* «Үшінші подъезд» . Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы» (1980);
* «Пердесіз көңіл». А., «Жазушы», 1983;
* «Арбаған мәні бір сиқыр». А., «Жалын», 1987;
* Немістің Гельмут деген миллионерінің арнайы келіп, Әуезовті көре алмағанына қапа болғанын суреттеген «Миллионер өкінген түн» атты туындысын жазды («Қазақ әдебиеті», 1987, 5 қыркуйек).
* «Таңдамалы». Екі томдық. А., «Жазушы», 1991.
* «Ғажайып дәптер» әңгімесінде ұлы жазушының 1910 ж. Семейде оқып жүрген кезінен сыр шертеді. Әуезовтің ұқыптылығы мен білімділігін жас жеткіншектерге үлгі етіп ұсынады («Балдырған», 1962, №9; «Ана тілі», хрестоматия, 2-сынып, А., «Атамұра» баспасы, 1998, 130-132-беттер).
## Дереккөздер |
Бериллий (лат. Beryllіum; Be) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы хииялық. элемент, атомдық нөмірі 4, атомдық массасы 9,0122, жеңіл, ашық сұр түсті металл. Тұрақты бір изотопы (9Ве) бар. 1798 ж. берилл минералынан француз химигі Л. Воклен тапты.
Металл күйінде алғаш рет неміс химигі Р. Влер алды. Бериллий алюминийден жеңілірек, тығыздығы 1,816 г/см3, балқу температурасы 12840С, қайнау температурасы 24500С, химиялық қосылыстарында 2 валентті, беткі қабаты тотығып, қорғауыш қабыршақ түзілетіндіктен ауада өзгермейді. 8000С-тан жоғары температурада қыздырғанда жылдам тотығады; қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.
Сілтілерде еріп бериллаттар деп аталатын тұздар түзеді (мысалы, натрий бериллаты — Na2BeO2). Бериллий галогендер, оттек, күкірт және азотпен тікелей қосылып, оттекпен оксид (BeO), азотпен нитрид (BeN2), көміртекпен карбид (Be2C), күкіртпен сульфид (BeS) қосылыстарын түзеді. Бериллий оксиді — ақ түсті, қиын балқитын зат, сумен оңай қосылып, бериллий гидроксидін [Be(OH)2] түзеді, бұл — амфотерлі әлсіз негіз, қышқыл мен сілтілерде ериді.
Бериллий алуда қолданылатын негізгі шикізат — берилл және гельвин минералдары. Металл бериллий хлорлы бериллийді балқытып электролиздеу арқылы алынады. Сонымен қатар, бериллий металын магниймен BеF2 қосылысын тотықсыздандырып алады, магнийдің артық мөлшерін вакуумда қайта айдап бөледі, алынған бериллий әрі қарай дистилдеу әдісімен тазартылады. Бериллийді құймаларға араластырғанда қаттылығы артады, бұл бағалы қасиеті бұрыннан белгілі болса да, оны қолдану тек 20 ғасырдың 40-жылдарында басталды.
Баяу балқитын металдардың бериллидтері — авиация және ракета жасауда аса қажетті зат. Рентген сәулелері бериллийден жақсы өтетін болғандықтан, одан рентген трубкаларының терезелерін дайындайды. Бериллий әр түрлі құймалар және коррозияға берік болат алуда, электротехникада, атом реакторларын жасауда кең түрде қолданылады. Қазақстанда бериллий Өскемендегі титан-магний комбинатында өндіріледі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Бериллий |
Беркежар(туған өлген жылдары белгісіз) — Шыңғыс ханның немересі, Жошының төртінші ұлы. Берке хан екеуі бір анадан туған. Беркежар хандық билік құрмағанымен, 13 ғасырдағы Алтын Орда тарихында үлкен рөл атқарды. Ол 1229 ж. 28 қаңтар мен 26 ақпан аралығында Үгедейді ұлы хан етіп сайлау салтанатына Орда Ежен, Бату, Берке, Шибан, Танғұт, Тұқа Темірмен бірге Жошы ұлысы атынан қатынасады. 1268 ж. Алтын Орда ханы Менгу Темірдің (1266 — 80) тапсырмасымен, Қайдуға жәрдемдесу мақсатында шағатайлық Барақ ханға қарсы 50 мың әскермен аттанып, жеңіске жетеді. Шағатай мен Үгедей ұрпақтары арасындағы алауыздықтарды ретке келтіріп, 1269 ж. Талас өзені бойында өткен Құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі болды. Беркежардың Кокчи (Көкші) және Ису Бұқа атты 2 ұлы, олардан бес немересі болған.
## Дереккөздер |
Марк Исаакович Беркович (30 қаңтар 1914 жыл, Украина, Одесса — 12 наурыз 1986 жыл, Алматы) — кинооператор, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978).
## Өмірбаяны
* Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1937).
* 1937 — 1956 ж. “Мосфильм” мен “Моснаучфильм”, ал 1956 — 1986 ж. “Қазақфильм” студияларында қызмет етті.
## Фильмдері, еңбектері және марапаттары
Ш. Аймановпен шығармашылық бірлікте болып, ол қойған “Біз осында тұрамыз” (1957), “Біздің сүйікті дәрігер” (1958), “Бір ауданда” (1960), “Әнші ауыл” (1961), “Алдаркөсе” (1965), “Тақиялы періште” (1968), “Найзатас баурайында” (1969) фильмдерін, сондай-ақ, “Асау Ертіс жағасында” (1956, режиссер Е.Е. Арон), “Ән қанаты” (1966, реж. Ә.Мәмбетов) атты көркем фильмдерді түсірді.
Беркович — “Бес жылдан кейін” (1962), “Мұқанның қайта тууы” (1970), “Алматы”, “Алғашқы гүлдер”, “Жаңа жылыңызбен” (1971), “Шәкен Айманов” (1974), “Түсті металлургия” (1979), “Обелиск”, “Жаңа алаң” (1982), т.б. ғылыми-көпшілік және хроникалық-деректі ленталардың түсірушісі және қоюшысы. “Аяқталмаған өмір киноленталары” (1985) атты естелік-кітаптың авторы.
2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Александр Натанович Бернштам (18 қыркүйек 1910, Ресей, Керчь қаласы – 10 желтоқсан 1956, Санкт-Петербург қаласы) – шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы (1942 жылы), профессор, Орталық Азияны мекендеген түркі тілдес халықтардың тарихын зерттеушілердің бірі.
## Өмірбаяны
* Ленинград (Санкт-Петербург) университетін бітірген (1931 жылы).
* Материалдық мәдениет тарихы академиясында қызмет етті.
* 1935–38 жылдары Шығыстану институтында жұмыс істеді.
## Ғылыми зерттеулері
* «6–8 ғасырлардағы орхон-енисей түріктерінің экономикалық құрылымы» тақырыбы бойынша кандидаттық (1935 жылы)
* «Қырғызстан мен қырғыздардың көне дәуірден моңғол-татар шапқыншылығына дейінгі тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1936 жылдан бастап 20 жыл уақыт бойы Жетсу, Тянь-Шань, Памир-Алтай, Ферғананы археологиялық жағынан зерттеді.1936 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылып, Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар солтүстікте Қаратау жоталарынан, оңтүстікте Памир тауларына дейінгі, шығыста Іледен, батыста Зеравшан үстіртіне дейінгі жерлерді зерттеп, Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көне тарихына қатысты маңызды мәліметтер жинады. Ол 1930–40 жылдары қазақ-қырғыз тарихына қатысты тың мәселелер көтеріп, сақ-үйсін және түркі дәуірін зерттеуге елеулі үлес қосты. Археологиялық материалдарға сүйеніп, Теріскей Қырғыз өлкесінің қола дәуірден (б.з.б. 2 ғ.) 15 ғасырға дейінгі тарихын түбегейлі талдады. 250-дей ғылыми еңбегі мен мақалалары бар.
### Қазақстан бойынша жазған еңбектері
* "Археологический очерк Северной Киргизии"
* "Памятники старины Таласской долины
* "Чуйская долина"
* "Очерк истории гуннов"
* "Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памира-Алтая"
## Дереккөздер |
Бершінтөбе — көне қаланың орны. Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 — 25 км жерде, Қаратаудың оңтүстік жағында орналасқан. 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байпақов) зерттеген. Қала жұртының ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 80 м, ені 40 м. Солтүстік жағындағы орталық қорғанның аумағы 30 м2, биіктігі 4 м. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Бетінен қыш көзелердің, құмыра тұтқасының сынықтары табылған. Тұтқада + таңбасы және өн бойында өрнектер бар. Бұлардың жасалу үлгілеріне қарағанда, қала тұрғындары 4 — 6 ғасырларда өмір сүрген.
## Дереккөздер |
Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбаев (8 наурыз 1947 жылы, Ресей, Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы, Жазатыр ауылында туған) – биология ғылымының докторы (1986 жылы), профессор (1989 жылы), Қазақстан Ғылым Академияның академигі (2003 жылы).
Новосібір мемлекеттік университетін бітірген (1969 жылы). 1975–95 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, декан болды. 1995 жылдан Жалпы генетика және цитология институтының директоры, Еуразия ұлттық университетінің Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. проректоры. Берсімбаевтың негізгі ғылыми еңбектері жануарлар мен өсімдіктер геномының функционалдық құбылыстары заңдылығының молекулалық механизмдерін, гендік реттеуіш жүйелерді клеткалық және тіндік деңгейде зерттеуге арналған. Генетикалық тұрақсыздықтың, өсімдіктер генетикасының арнайы мәселелерін зерттеп, ген активтілігінің каскадтық жолмен реттелуін дәлелдеді. Дрозофила шыбынындағы мутацияның генетикалық тұрақсыздығын анықтады. Геномның клеткалық және молекулалық реттелу механизмін зерттеді. 1983–84 жылдары Лондон қаласындағы Ұлттық медицина ғылымы институтында, Ганновердегі медицина ғылыми-зерттеу ортасында (1988 жылы; 1991 жылы); Гейдельбергтегі Еуропалық молекула-биологиялық лабораториясында (1988 жылы) және Астон университетінде (1994 жылы) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. VI-інші және VIII-інші халықаралық генетикалық конгрестерде проблемалық ғылыми баяндамалар жасады (Пекин, 1998 жылы; Сеул, 1999 жылы).
## Сыртқы сілтемелер
* "Академик Рахметқажы Берсімбай Доха қаласында (Катар) өткен Халықаралық конференцияда баяндама жасады"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Академик Рахметқажы Берсімбай екi ай бойы Жапонияның ғылыми орталығы мен оқу орындарында өзінің зерттеулерін ұсынбақ"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Рахметқажы Берсімбай: «Университеттерді аккредитациядан өткізу білім сапасын арттыратын басты құрал»"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Академик Рахметқажы Берсімбай жоғары импакт-факторлы рейтингті журналдардағы ғылыми жарияланымы үшін сыйақыға ұсынылды"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Академик Рахметқажы Берсімбайдың ғылыми зерттеу нәтижелері «Amino Up Chemical Co., LTD» (Жапония) компаниясының қызығушылығын тудырды"(қолжетпейтін сілтеме).
* "Академик Рахметқажы Берсімбайға Жапонияның Ұлттық биомедициналық инновация институтының Осака Құрметті арнайы шақырылған профессоры ат"(қолжетпейтін сілтеме).
## Дереккөздер |
Берке хан (1209—1266) — Жошының үшінші ұлы, Батудың інісі, Алтын Орда ханы. Көк Орда мен Ақ Орда билігін тиімді бекіткен хан ретінде тарихта аты қалған.
## Өмірбаяны
Берке хан 1209 жылы туған. Ол әкесінің көзі тірісінде Дешті Қыпшақ пен Түркістанның әміршісі болып тағайындалған. Берке билік жүргізген тұста (1257 - 1266) Алтын Орда ірі мемлекет ретінде қалыптасты. Берке билік басына келісімен исламды ресми дін етіп жариялап, Алтын Орда билеушілеріне мұсылман дінін қабылдатқызды. Құбылай хан билікке келгенде, Берке оны Шыңғыс хан империясындағы ұлы хан ретінде мойындаудан бас тартады. Сөйтіп, Жошы ұлысын дербес мемлекетке айналдыруға тырысады. Еділ бойындағы Ахтуба деген жерде Берке Сарайы қаласын салдырады. Салық салу үшін 1257 жылы Русь халқына санақ жүргізіп, салық жинаушыға "басқақ" лауазымын тағайындайды. Ол Хулагу мен Құбылайға қарсы соғыстарда мәмлүк сұлтандарын, Арықбұғаны қолдайды. 1262 - 1265 жылдардағы Алтын Ордаға тәуелді деп есептелген шағатайлық хан Алғудан (Алғұй) Хорезмді тартып алады. Берке батыс көршісі болгар ханы Константин Тешаның өтініші бойынша Византия императоры Михаил Палеологтың Балқандағы ісіне араласады. 1262 жылы Берке әскері ильхандықтардың одақтасы болған Византия иеліктерін талқандайды. 1266 жылы Кавказға жасаған жорық кезінде Берке қайтыс болып, оның денесі Берке Сарайында жерленеді. Берке Құбылайды Шыңғыс хан империясының ең жоғарғы билеушісі ретінде мойындаудан бас тартып, Жошы ұлысын дербес мемлекетке айналдыруға тырысты. Тек халифтардың діни үстемдігін ғана мойындайтынын білдіріп, соңғы халиф Наср әд-Диннің атымен теңгелер шығарды. Берке билік еткен тұста сауда, қолөнер дамыды. Ахтубада Сарай-Берке қаласы бой көтеріп, Еділ бойында қала құрылысы өрістеді. Берке салық салу үшін Русьте халық санағын жүргізді (1257), оны жинайтын басқақ лауазымын белгіледі. Алтын Орда мен Ирандағы Хулагу мемлекеті арасындағы соғыс Беркені Египеттегі мәмлүк сұлтандарымен жақындастырды (қ. Алтын Орда — Египет қарым-қатынастары). Алтын Орда мен Дешті Қыпшақтың араб авторлары жазбаларында Берке жері деп аталуы осы достық қатынасты айғақтайды. 1262 ж. Берке әскері хулагуліктердің одақтасы Византияның иеліктерін талқандады. Берке 1266 ж. Кавказға жасаған жорық кезінде қайтыс болып, Сарай-Беркеде жерленді.
## Берке Сарай қаласы
Берке Сарай қаласын 1260 жылы Берке хан салдырған. Берке Сарай XIV ғасырдың 1 - жартысында гүлденді. 1333 жылы сол қалада болған араб саяхатшысы ибн Баттута: "Жазираға салынған көрікті қалалардың бірі, адам көп. Онда сұлу көшелер мен сәулетті базарлар бой түзеген. Қаланы әр түрлі халықтар: моңғолдар, асылар, қыпшақтар, черкестер, орыстар және византийліктер мекендейді..." деп жазды. Берке Сарайын 1353 жылы Әмір Темір күйретті. Берке Сарай қаласының орнына жақын жерде қазіргі Ресейдің Волгоград қаласы тұр.
## Дереккөздер |
Берен Кежім – ат сауытының бір түрі. Тері не мата астарға, жабуға жалпақ-жалпақ болат тақташаларды қайыспен не шегемен бекітіп жасалатын берен кежім аттың мойнын, кеудесін, сауырын, бүйірін жауып тұратын бірнеше бөліктерден құралады. Бұл сауыт бөліктері бір-біріне баумен, ілгекпен жалғанады. Хандар мен атақты батырлардың атына арналған берен кежінің астына қалың матадан жабу салынып, етегі шашақпен әшекейленеді. Петроглифтерде осындай сауыт кигізілген ат үстіндегі батырлар бейнелерін кездестіруге болады;
## Дереккөздер |
Мұса Сүлейменұлы Бесбаев (3 наурыз 1928 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Шоңғай ауылында туған) – қоғам қайраткері, тарих ғылымының докторы (1983 жылы), профессор (1984 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университетті (1950 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) бітірген. 1953–69 жылдары Алматы Зоотехника-Малдәрігерлік институтында және КСРО ІІМ-нің жоғары мектебінде (Алматы қаласы) доцент, 1969–84 жылдары Қазақстан КП ОК-нің жауапты қызметкері. 1984–87 жылдары Целиноград педагогика институтының (қазіргі Еуразия ұлттық университеті) ректоры, 1987 жылы Алматы жоғары партия мектебі|Алматы жоғары партия мектебінің профессор қызметтерін атқарған. 1987 жылдан Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының ректоры. «Деятельность коммунистической партии Казахстана по интернационалисткому воспитанию трудящихся в условиях развитого социализма» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми еңбектері ұлт саясатының мәселелерін зерттеуге арналған. 100-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрген. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2003 жылы).
## Сілтемелер
[1](қолжетпейтін сілтеме) Алматы Қаласы Жетісу Ауданы Әкімі Аппаратының Сайты
## Дереккөздер |
Шығанақ Берсиев (1881 — 1944) — әйгілі тары өсіруші. Ленин орденімен марапатталған (1940).
## Өмірбаяны
Шығанақ Берсиев 1881 жылы Ойыл ауданының Ащыойыл ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келді. Шығанақтың отбасында жеті адам болған, олар: ата-əжесі, əкесі - Бердісүгір, анасы - Шəкір, өзі жəне інілері - Таңатар жəне Тұңқар.
Берсиевтің əкесі аңшылықпен, балық аулаумен жəне диқаншылықпен айналысқан, ал анасы - тігумен жəне зергерлікпен айналысты.
Шығанақ 7 жасында Орал қаласындағы 2 жылдық мектепке оқуға түсті. Оны бітірген соң Көкжар жəрмеңкесіндегі шəйханада есепке алушы болып қызмет етті.
1920-ншы жылдардағы ауыртпалық кезеңінде Шығанақ отбасымен Қоңыратқа көшеді. Ол жақта Берсиев алғаш рет тары өсіреді.
* 1932 — 1944 ж. “Құрман” ұжымшарында (Ақтөбе облысы) звено жетекшісі болып еңбек етті. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, ұзақ жылдар бойы оның звеносы тарыдан мол өнім алды.
* 1939 ж. тарының әр гектарынан 25,5 ц өнім алса, 1940 ж. 155,8 ц, 1941 ж. 165 ц, 1942 ж. 175 ц, 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Мұндай жоғары нәтижеге Берсиев тары тұқымын қыс бойы әзірлеп-баптау, мұқият іріктеу, көктемгі егісті дер кезінде жүргізу, егінді баптап-күту, орақты ысырапсыз өткізу арқылы жетті. Бұл ұжымшардан Берсиевтің іс-тәжірибесін үйреніп, тары өсірудің шеберлері (берсиевшілер) шықты.
* Берсиев Ұлы Отан соғысы (1941 — 45) жылдары әскери ұшақ жасау үшін Мемлекеттік қорғаныс қорына қаржы аударды, өз табысынан тары өткізді.
* 1944 жылдың 28 мамырында Берсиев өзі еңбек еткен “Құрман” ұжымшарында (Ақтөбе облысы) қайтыс болды.
## Берсиевшілер қозғалысы
Берсиевшілер — тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің ізін қуушылар.Ұлы Отан соғысы алдында Ақтөбе облысында берсиевшілер қозғалысы кең өріс алды. Әрбір шаруашылықта берсиевші звено, бригада құрылды. Мұны бастаушылар: Ойыл ауданында Зәуре Баймолдина, Ақбала Берсиева, Қашқын Соқыров, Таған Ұзақбаев, Балмұқан Ақабаев, Қобда ауданында агроном Ивченко, Әзима Бектенова, Ырғыз ауданында Өксікбай Ашамбаев, Қойлыбай Белесов, Мартөк ауданында агроном Неженцева болды.
1950 — 80 ж. тары өсірушілер арасында “берсиевшілер” қозғалысы кең өріс алды.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, т.б. облыстарда арнайы звенолар құрылып, олар Берсиевтің озық тәжірибесі мен жетістіктерін пайдалана отырып, тарыдан мол өнім алуға қол жеткізді.
## Естелік
Берсиевтің өмірі мен ерен еңбегі Ғ. Мұстафиннің “Шығанақ” романына, неміс драматург Бертольд Брехтің “Тары өсіруші” дастанына арқау болды.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданында Берсиев музейі бар, Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер |
Берқалиев Хұсайын Иманғалиұлы(15.8.1951 жылы туған, Атырау) — әскери қызметкер, генерал-майор (1997). Алматы жоғары командалық шекара училищесі (1972), КСРО жоғары шекаралық әскери-саяси училищесі курстарын (1974), Әскери-саяси академияны (1988) бітірген. Шығыс шекара округінде шекаралық застава бастығының саяси жұмыс бойынша орынбасары, шекаралық отряд бастығы болып қызмет атқарған. 1980 — 82 ж. Ауғанстанда әскери қызметте болды. 1997 жылдан ҚР Шекара әскерлері қолбасшысының орынбасары. Бірнеше жауынгерлік ордендермен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Бес қару — қазақ батырлары қолданған жауынгерлік қарулардың жалпы атауы. Бес қаруға соғыста кесу, шабу, түйреу, соғу, ату арқылы жауына жарақат салатын, өзіндік қолдану әдісі бар қылыш, айбалта, найза, шоқпар, жақ (садақ) сияқты қарулар жатады. Әр қарудың өзінің бірнеше түрлері, үлгілері бар. Мысалы, кесу қаруына қылыш, семсер, сапы, т.б. үлгілері; шабу қаруына — айбалта, жауынгерлік балта, оның өзге де түрлері; түйреу қаруына — найза, сүңгі, жыда; соғу қаруына — шоқпар, күрзі, босмойын шоқпар, сылқетер, т.б.; ату қаруына — жақ, кейін шыққан мылтық түрлері жатқызылады. Бұрынғы кезде қарудың бір түрін пайдалануды өте шебер меңгерген жауынгерлерді бір топқа біріктіріп, арнаулы садақшылар, найзагерлер, семсершілер қосындары бөлек-бөлек құрылып, оларды қажетіне қарай қолдану әдісі соғыс тактикасын анықтаған. Бес қару әр түрлі әскери дәрежелерді белгілеуге де пайдаланылып, түрлі рәміздік рөлдер де атқарған. Мысалы, жақ — ханның, патшаның рәмізі ретінде, найзаға тағылған байрақ, әскери ту — әскербасылық дәреже белгілері ретінде қолданылған. Бес қару қасиетті, киелі саналып, оларды қастерлеу нәтижесінде көптеген әскери салт-дәстүрлер қалыптасты. Батырлардың қарулануын білдіретін «бес қаруын асынды», «бес қаруы бойында», «бес қаруын сайланған» деген сөз тіркестері тек тарихи жырларда ғана емес, тілімізде, ауыз әдебиетімізде жиі қолданылады. Соғысқа қатысты «ер қаруы» деген сөз тіркесі халықтық әскери термин ретінде, жай қару емес, соғыс қаруы, жауынгердің соғыста қолданатын жеке қаруы (қылыш, айбалта, найза, т.б.) деген ұғымды білдіреді.
## Дереккөздер |
Беспаев Халел Абдулхакұлы (12 ақпан 1933 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауылында туған) — ғалым, геология-минералдары ғылымының докторы (1984 жылы), профессор (1994 жылы). Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген (1955 жылы). “Казолово” кен басқармасында аға геолог (1955 — 57 жылдары), Алтай кен-металлургия ғылыми-зерттеулер институтында (қазіргі Геология ғылымдар институтының Алтай бөлімі, Өскемен қаласы) ғылыми қызметкер (1957—64 жылдары), Қазақстан ғылым академиясы Өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің ғылыми хатшысы (1964 — 65 жылдары), төрағасының орынбасары (1966—69 жылдары), Қазақстан Ғылым Академиясы Президиумының академия-хатшысының орынбасары (1965 — 66 жылдары), Геология ғылымының институтының ғылымдар хатшысы (1969 — 71 жылдары), осы институттың лаборатория меңгерушісі (1971—95 жылдары) болып қызмет атқарды. 1995 жылдан Геология ғылымдар институтының директоры. 2001 жылдың қаңтарынан Қазақстан Ғылым Академияның Қаныш Сатпаев атындығы Геология Ғылымы Институтындағы лаборатория бастығы. 120-дан астам ғылыми басылымның авторы. Негізгі ғылыми жұмыстары кен орындарының геологиясына, металлогенияға арнаған. Ол Қазақстандағы кен орындарының пайда болуының геологиялық жағдайларын, кен элементтерінің таралу заңдылықтарын зерттеген. Риддер-Сокол кен орнында қосымша алтын қорын ашып, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізді (1997 жылдары). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1995 жылдары).
## Дереккөздер |
Бессайыс, қазіргі бессайыс — спорттық жарыстың бір түрі. Оның бағдарламасына спорттың бірнеше түрлері енеді: атпен кедергілерден өту (конкур), семсерлесу, пистолетпен ату (25 метрден), еркін жүзу (300 м), жеңіл атлетикалық кросс (4000 м).
Жарысқа қатысушылардың орны спорттың әр түрінен алған ұпайларының қосындысына байланысты есептеледі. Бессайыс ертедегі Грекияда өткен Олимпия ойындарының бағдарламасына еніп, пентатлон деп аталған. Ол жүгіруден, ұзындыққа секіруден, найза серпуден, диск лақтырудан және күрестен тұрған. Қазіргі Олимпия ойындарының бағдарламасына 1912 ж. енді, дүние жүзі чемпионаттары 1949 жылдан өтіп келеді.
Қазақстанда бессайыс 1955 жылдан дами бастады. 1961 ж. КСРО чемпионатында қазақстандық Б.Сариев пен В. Минеев алғашқы медальдерді жеңіп алды. В. Минеев Токио Олимпиясының чемпионы болды (1964).
КСРО халықтарының 4-спартакиадасында (1967) Қазақстан құрамасы (К.Савитцкий, В.С. Сариев, В. Сватенко) қола, 5-спартакиадада (1971) (В.Сватенко, Ю.Тогобецкий, В.Монахов) күміс, 7-Спартакиадада (Т. Досымбетов, Б.Сычев, Е. Бессонов) қола жүлдегер атанды. КСРО құрама командасының сапында 1970 ж. Францияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ю. Тогобецкий мен В. Монахов, 1994 ж. Жапонияда өткен 12-Азия ойындарында А. Парыгин, Д.Тюрин, О. Ребровтар чемпион атанды. 1996 ж. А. Парыгин Атланта Олимпиясының (АҚШ) чемпионы болды.
## Дереккөздер |
Бестамқала — ортағасырлық қала орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде, Жаңадарияның құрғап қалған арнасының бойынд ауылы 12–13 ғасырларда өркендеген қаланың ауданы 390 х 300 м, айнала екі қатар дуалмен, терең ормен қоршалған. Ішкі қорғаныс дуал, оның бойындағы биіктігі 3 метр мұнаралар мен ауызғы бөлмелері жақсы сақталған. Мұнаралардың арасын жалғастыратын жұмбаздап соғылған дуалдың биіктігі 1,5 метр қалыңдығы 1 метр Сыртқы қорғаныс дуалының қалыңдығы 2 метрге жуық, биіктігі 3,5 метр Қала ішінде төртбұрышты үйлердің орындары сақталған. Қорғанға сырттан солтүстік және оңтүстік қабырғалардағы дарбазалар арқылы кіретін болған. Аршылған екі үйдің орны мен ошақтың орнынан сырлы қыш ыдыстар, металдан жасалған дөңгелек қалқанның, тас ыдыстардың, көгілдір моншақтың сынықтары, жебе сабы мен ұштары, темір қорытпалары, тағы басқалары табылған.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том |
Бес тас сөзінің бірнеше мағынасы бар:
* Бес тас —дәстүрлі қазақ ойыны
* Бестас ескерткіші |
Беріктас – көне дәуірлерден сақталған ірі қорымдар тобы. Алматы қаласынан батысқа қарай 120 км, Жамбыл ауданының Беріктас ауылы маңында.
Жетісу археологиялық экспедициясы (К. Ақышев, М. Хабдулин) зерттеген. Беріктас бір-бірінен 10 км жерде орналасқан 12 қорымнан тұрады. Қорымдар топырақтан үйілген үлкен обалардан (диаметрі 42 м, биіктігі 5 м) тұрады. Обалар іргесіне айнала ірі тастардан шеңбер жасалған, орта тұсындағы қабір үстінде кіші үйінді тұрғызылған (диаметрі 12 м, биіктігі 2,5 м), үсті бір қабат таспен жабылған. Төртбұрышты келген қабірдің аумағы 3,7-2,2 м, тереңдігі 2,5 м. Қабірге солтүстік-батыстан жер асты жолы жүргізілген. Ол дәліз түрінде қазылған, толық ұзындығы 8 м, ені 1 м, биіктігі бас жағында 1 м, ал қабірге түйісетін тұста 1,8 м. Қабірдің батыс бөлігі бұрын тоналып, бүлінген, ал шығыс бөлігінен екі адам мүрдесі табылды. Бірі басымен оңтүстікке қаратылып қойылған. Батысқа қаратылып, ағаш зембілге жерленген екіншісінің аяқ сүйектері ғана сақталған. Бұлардың жанынан үш қыш құмыра, қола айна, темір пышақ және сүйек жебе ұштары табылды. Обалар б.з.б. 1 — б.з. 2 ғасырларға, ғұн дәуірінің аса маңызды ескерткіштерінің қатарына жатады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Бестөбе – Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне бағынышты кент.
* Бестөбе – Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Бестөбе – орта палеолит дәуірінде ақық қазып алынған орын. |
Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 61 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді.БесшатырҚорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі ежелгі Бесшатыр тұрғындарының әлеуметтік даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғылыми деректер ежелгі сақтардың әлеуметтік топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни наным-сенімі, архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал-жабдықтары жайлы құнды мәліметтер береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Оларды жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған қоршаулар құрайды. Тізбектер кейбір обаны түгел орап жатса, қайсыбірінің тек шығыс немесе оңтүстік-батыс жағын ғана қоршап тұр. Осындай ұзын тізбекті тас қоршаулар Бесшатырдан басқа бірнеше зираттың маңайында да бар. Оның біреуі Бесшатырдан батысқа қарай 10 км жерде. Құрамында 45 жеке қоршау бар бұл тізбек 450 м-ге созылып жатыр. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Бесшатыр обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген. Олардың арасында күн рәмізіне жақын тұрған немесе қазақтың “көз” таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі. Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ, діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді.Ерекше құбылыстардың бірі — үлкен обалардың астынан арнайы қазылған катакомба түріндегі күрделі жер асты жолдары. 6-үлкен оба катакомбасының жалпы ұзындығы 55 м. Жолдардың биіктігі 1,68 м, ені 0,8 м. Олар жерлеу, ас беру ғұрпына байланысты діни жоралғылар өткізу мақсатында жасалатын болған. Обалардың сыртқы көлеміне қарай үшке бөлінуі олардың астындағы қабірлердің түрлерімен де сәйкеседі. Кіші обалардың қабірлері қарапайым шұңқыр түрінде, кейде лаһатталған немесе тас жәшікпен толықтырылған. Орташа обалардың қабірлері киіз үй тәрізді. Үлкен обаларға аса ірі ағаш қабірлер тән. Бесшатыр зиратының үлкен обалары көне дәуір архитектурасының сирек кездесетін айрықша ескерткіштері қатарына жатады.
## Дереккөздер
↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd. |
Бесшоқы — ежелгі кеніш. Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Қарқаралыдан оңтүстік-батысқа қарай 140 км жерде.
19 ғасырдың соңынан бастап А.Сборовский, Г.Д. Романовский, В.С. Реутовский, А.И. Левшин, Е. Бекмұхаметов, т.б. мұндағы екі кен орнының біреуін толығырақ зерттеді. Алғаш қола дәуірінің (б.з.б. 2-мыңжылдық) тайпалары игергендігі анықталған. Сол дәуірдегі кеншілер қазған терең ұра-шұңқырлар сақталған.
Бесшоқы кенішіндегі металдар қоспасын ең алғаш 1816 ж. Алтай тау-кен аймағының Батыс Сібір экспедициясы (жетекшісі И.П. Шангин) зерттеп, толық сипаттама береді. Мұнда ақшыл қорғасынның, күмісті-қорғасынды охраның, малахит пен мыс лазурларының қорлары бар екені белгілі болады.
Бесшоқы 19 ғасырдың ортасында С. Поповтың иелігінде болып, “Царице—Мариинский” кеніші деп аталады. Бұл кен орнынан 1853 — 67 ж. 44000 пұт күмісті-қорғасынды кен, 1000 пұт мыс кені, 1887 — 90 ж. 15775 пұт күмісті-қорғасынды және 23235 пұт мыс кені алынған. Кен Қарқаралыдан 90 км жердегі Благодатно-Стефановский зауытында, кейін 1886 ж. Қарқаралыдан 1,8 км жерде ашылған Козьмо-Демьяновский зayытында қорытылған. 1988 ж. Бесшоқының өзінде зауыт салынып, сол жылдың өзінде 904 пұт күмісті-қорғасынды кен балқытылған. Бесшоқы кені Алтай, Орал зayыттарына да сатылған. Тек 1904 ж. Орал зауыттарына 28 500 пұт кен сатылған. Бесшоқы деп аталатын көне дәуірден қалған екінші кен орны Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында.
## Дереккөздер |
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Ағыс бұтағынан шыққан.
* Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді.
* Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.
* Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.
* Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады.
* Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды.
* Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады.
* 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады.
* 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.
* 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.
## Қоғамдық қызметі
КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады.
## Марапаттары
КСРО:
* Алтын Жұлдыз медалі Кеңес Одағының Батырлары № 4619
* Алтын Жұлдыз медалі Кеңес Одағының Батырлары № 6554
* Ленин ордені
* Қызыл Ту ордені (2 мәрте - 1943, 1944)
* Александр Невский ордені
* I-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені (2 мәрте - 1944, 1985)
* II-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені (1943)
* Қызыл Жұлдыз ордені
* III дәрежелі Даңқ одені
* Медалдары
Қазақстан:
* Отан ордені (2007)
* I-дәрежелі Даңқ ордені
* «Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
## Шығармалары
* «Илы атакуют» — Алматы: Қазақстан, 1966.
* «Пике в бессмертие» — Алматы: Жазушы, 2000. — ISBN 5-605-01716-0
* «305 рейдов» — Фрунзе, 1966.
### Талғат Бигелдинов туралы шығармалар
* С.Морозов. «Дважды Герой Советского Союза Т.Я. Бегельдинов» (Москва, 1948)
* С.Бакбергенов. «Талғат» (1950)
* «Талғат Бегельдинов» (1965)
* «Отан үшін от кешкен» (1985)
* А.Сергеев. «Звездное небо Талгата» (1997)
* А.Н. Бедельбаев «Тринадцатый, на взлет» . – 1-2 т. Повесть о Бегельдинове Т.Я. ( 2004)
* К.Абенов. «Великая Отечественная война в моей жизни: 60 лет спустя» (2008)
* Б.Омарұлы. «Жүректiң көзi» (2011) қарақат
### Талғат Бигелдинов туралы фильмдер
* 2014 — «Әуеге көтерілу» — РОО «Генералдар кеңесі».
## Ескерткіштер
* 2021 жылдың 8 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында батыр жауынгерге ескерткіш орнатылды.
* Талғат Бигелдиновтің бюсттері Ақтөбеде, Көкшетауда, Бішкекте және Мәскеудегі Ұлы Отан соғысына арналған Орталық мұражайында сақтаулы тұр.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* www.warheroes.ru |
Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.
Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Сонымен қатар ана:
“...Айыр қалпақ киісіп,Ақырып жауға тиісіп,Батыр болар ма екенсің!Бармақтары майысып,Ою-өрнек ойысып,Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,Шешен болар ма екенсің!...Құрығыңды майырып,Түнде жылқы қайырып,Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,Бақытымызға жан балам,
Бізді бағар ма екенсің?!” деп баласының болашағын, ел мүддесін, өз арман-мұратымен астастыра жырға қосады.
Ал суырып салма бесік жырларында айтушы жанрлық түрді пайдалана отырып, кезеңдік жағдайларды, өзінің ішкі мұң-сырын өлеңге қосады. Мәселен, Г.Н. Потанин хатқа түсірген бесік жырының бір үлгісінде: “Таудан Тоғас түскен жоқ, Секемен тары піскен жоқ. Тоғас түссе етекке, Қой жүреді жетекке. Жылама, бөпем, жылама” деп жарты құрсақ жатақтар өмірінің ауыр тірлігі суреттелді. Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Оның осы мүмкіншілігін кейінгі жазба әдебиет өкілдері мен сазгерлер де кеңінен пайдаланып келеді.
## Ауыз әдебиетінің жанры
Қазақтың музыкалық-поэтикалық фольклорындағы тұрмыс-салт әндерінің арасында кең тараған. Бесік жыры екі түрлі міндет атқарады:
* сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілегін білдіреді;
* ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері айқын керінеді.
Бесік жырына халықтық сипат, дәстүрлі идеапизация, оптимизм тән. Өлеңі 7-8, кейде 11 буынды әнтүрінде құрылады. Әуезов бесік жырын арнайы зерттемеген. Ташкент қаласында шыққан «Жас қайрат» журналының 1924 ж. 3-4-сандарында жарияланған «Халық әдебиеті туралы» деген мақаласында
деп, бесік жырын халық ауыз өдебиетінің жанры ретінде атаған. Жазушының басқа ауыз әдебиетіне арналған еңбектерінде кездеспейді.
«Абай жолы» эпопеясында:
Қорқытпа менің баламды,Гулей соққан ақ боран.Балам әже қойнында,Келе алмайсың сен бұған, -
деп басталатын бесік жырын енгізіп, Әуезов халық даналығынан туған фольклорлық мұраны пайдаланудың тамаша үлгісін керсеткен («Абай аға» тарауы).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Бесік жыры туралы Мұрағатталған 2 қаңтардың 2013 жылы. |
Бижанов Фрунзе Бижанұлы (18 маусым 1932 жылы, Қарақалпақстан Республикасы, Қыпшақ ауданы Киров атындағы ұжымшар туған — 18 сәуір 1999 жылы, Алматы қаласында қайтыс болған) — ғалым, химия ғылымдарының докторы (1977 жылы), профессор (1981 жылы), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991 жылы). Қазық Мемлекеттік Университетті (1955 жылы) және оның аспирантурасын (1961 жылы) бітірген.
* 1962 — 64 жылдары Қазақ химия-технология институтында (Шымкент қаласы) лаборатория меңгерушісі,
* 1969 — 71 жылдары Органикалық катализ және электрохимия институтында аға ғылыми қызметкер болды.
* 1971 жылы катализдік синтез лабораториясын ұйымдастырған.
* 1972 жылдан осы лабораторияның меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері органикалық қосылыстардың (спирттер, алифатты қатарлар нитрильдері, бояғыш заттар, т.б. алуда қолданылатын жартылай өнімдердің) нәзік катализдік синтезіне арналған. Бижанов сутегі қысымымен гидрогендеу реакциясының кинетикасы мен механизмін зерттеуге арналған жаңа әдістер ұсынды.
## Дереккөздер |
Бикеш — бойжеткен қызға берілетін сыпайы атау.
## Дереккөздер |
Билікөл — Шу-Талас алабындағы көл.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Тараз қаласының солтүстік-батысында 70 км жерде, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Абсолюттік биіктігі 438 м.
## Гидрографикасы
Аумағы 85 км², ұзындығы 18 км, ені 7,5 км-ге дейін, ең терең жері 8 м. Жауын-шашын мол жылдары су көлемі 182 млн. м³-ге жетеді. Суы тұщы. Билікөлге Аса өзені шығыс жағынан құйып, солтүстігінен ағып шығады.
## Жағалау сипаты, су байлығы
Жайпақ құм жағалауында қоға аралас қамыс өседі. Көлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур, майшабақ, т.б. бар. Көл суын төңіректегі шаруашылықтар егіс суаруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Бименбет Есенәліұлы, Бала би (шамамен 1817, Қызылорда облысы Шиелі ауданы — 1887) — би, шешен. Бала би әкесі Есенәліден он үш жасында жетім қалып, әкесінің інісі Арғынбайдың атын ерттеп, қасына ереді. Сөйтіп жүріп Арғынбай бидің тәлімін алады.
Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Қыпшақ ішіндегі Бұлтың руынан.
Жастайында әр қилы даудың шешімін айтып көзге түседі. Содан Бала би атанып кеткен екен. Датқа атанған уақытта өзінің дана билігімен, айттырмас шешендігімен халық санасын байытып, ұстамды да ұтымды сөзімен ерекшеленеді.
## Бала би өмірінен мысалдар
* Бименбет бидің қоғамдық қызметін кезінде ақын Н. Бекежанов жырға қосқан. Досбол датқадан жасы үлкен, замандасы. Даудағы сөзді Бименбет бастап, Досбол түйіндеп отырған. Бименбет би қартайған шағында халқын жинап, төрт сұрақ береді де, ешкім таба алмаған соң:
“Жерден ауыр дегенім — ақыл, білім;Судан терең дегенім — оқу, ғылым;Оттан ыстық дегенім — фәни жалған, адамның өмірі;Көктен биік дегенім — тәкәппардың көңілі” деп, жауабын өзі айтады.
“Жерден ауыр дегенім — ақыл, білім;Судан терең дегенім — оқу, ғылым;Оттан ыстық дегенім — фәни жалған, адамның өмірі;Көктен биік дегенім — тәкәппардың көңілі” деп, жауабын өзі айтады.
* Досбол мен Бала би бір үйде түстеніп отырса керек. Үй иелері түстікке күріш бұқтырып, үстіне сары май салып әкеліп қояды. Бала би сонда сары майды өз жағына қарай жақындатуды ойлап:
- Досеке жасымыздан бірге өскен егіз едік. Атам өлді - келмедің, шешем өлді - келмедің, - деп күрішті бетіне өзіне қарай екі жол тартып қояды. Жолдасының қулығын сезе қойған Досбол: Рас-ау, мен сені ұмытайын деп жүр деймісің. Жүргіншілік көп. Ел іші былай ұйқы-тұйқы болған кез ғой, - деп сары май күрішті араластырып жіберіпті.
* Жақсы дос қандай болады дегенде Бала би айтыпты:
Екі жақсы дос болса, Іздегені дес болмас,
Біріне бірі өш болмас, Бұлақсыз сай тасқынмен көл болмас,
Бақ қонбайтын жігітке, Жаманның қанша айтқаны ем болмас.
## Дереккөздер |
Бимендина Лариса Әмірқызы (14 қаңтар 1942 жылы, Ақмола облысы, Алексеевка ауылында туған) — ғалым, химия ғылымдарының докторы (1990 жылы), профессор (1994 жылы). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1965 жылы).
* 1967 — 99 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында аспирант, кіші, аға, бас ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы болды. Ғылыми зерттеулері полимерлердің физикалық химиясына арналған. Бимендина суда еритін және ісінетін полимерлердің, полиэлектролиттердің қасиеттерін анықтап, олардың әр түрлі қосылыстар кластарымен (беттік активтік заттар, металл иондары, бояулар, т.б.) әрекеттесуін зерттеді.
* 1975 — 83 жылдар аралығында жүргізілген “Суда ерігіш полимерлер және олардың комплекстері” атты кешенді еңбегі үшін 1986 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілген.
## Сілтемелер
1. "ПОЛИМЕР-ПОЛИМЕРНЫЕ КОМПЛЕКСЫ"
2. МАГИСТЕРСКАЯ ДИССЕРТАЦИЯ
## Дереккөздер |
Бескөл — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, аудан және Бескөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Петропавл қаласының оңтүстігіне қарай 8 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жағасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1938 жылы Петропавл МТС-ның орталығы ретінде қаланды. Атауы маңындағы көлдерге байланысты қойылған. 1967 жылдан аудан орталығы.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7495 адам (3684 ер адам және 3811 әйел адам) болса, 2009 жылы 8805 адамды (4217 ер адам және 4588 әйел адам) құрады.
## Кәсіпорындары мен инфрақұрылымы
Бескөлде құс фабрикасы, жылжымалы механикаландырылған колонна, “Романтик” акционерлік қоғамы, “Молсервис” консорциумы, аудандық баспахана, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығының ғылыми-зерттеулер институтының бөлімшесі, орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, емхана, санитарлық-эпидемиологиялық станса бар. Бескөл арқылы Петропавл—Көкшетау, Петропавл—Новоишим автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.