text
stringlengths
3
252k
Әлам әд-Дин әл-Жауһари (шамасында X―XII ғғ.) ― Отырардан шыққан лексикограф, ақын, ғалым. Исмаил әл-Жауһаридің ұлы. Ол туралы деректер бізге XIII ғасырда өмір сүрген Ибн Саид әл-Кифти мен неміс ғалымы Г. Зутер (1848―1922 жж.) арқылы жеткен. Әлам әд-Дин әл-Жауһаридің жастық шағы Аббас әулеті империясының күйреуі кезінде өткен. Әйтсе де ол жасынан үлкен білім ошақтарынан сусындаған. Сұлтан сарайларында өткен сөз зергерлері мен ғалымдар, ойшыл даналар, өнерпаздар кездесулеріне жиі қатысып тұрған. Ол араб, парсы, үнді тілдерінде жазды. Әлам әд-Дин әл-Жауһари шешендік өнерімен, терең ойларымен тыңдаушыны баурап алатын болған. Ол ата жұртынан шыққан, атақты жерлестері Аббас әл-Жауһари, Әбу Насыр әл-Фараби, Исқақ әл-Фараби шығармаларымен таныс болды. Әлам әд-Дин әл-Жауһари туралы тарихи деректер оның математика саласында аса күрделі еңбектер жазғанын, астрономиялық аспаптар жасау және оларды пайдалану ісінде асқан шеберлігімен танылғанын мәлімдейді. Әлам әд-Дин әл-Жауһаридың ақындығы да бар. Оның бәйіттерінің біршамасы Әйел көркі – жүзінде, Еркек көркі – ісінде дегендей афоризмдік нақыл сарынында жазылған. ## Сілтеме
Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов (12 мамыр 1930 жылы туған, РКФСР, Қазақ АКСР, Алматы округі (қазіргі Алакөл ауданы), Қарлығаш ауылы) — қазақ жазушысы. 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Оның алғашқы әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 1952 жылы жариялана бастады. Әнуар Әлімжановтың тақырыбы алуан салалы: қазақ халқының өткен дәуірдегі мүшкіл халі, бүгінгі гүлденген Қазақстан, социализмнің белсенді құрылысшылары, жаңа совет адамдары, халықтар достығы, Азия, Африка елдерінің ұлт азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі т.б. Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес. "Отырар ескерткіші", "Құрманғазының жастық шағы" повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды. "Жалындап тұрған найза" повесінде Африка халқының қан құйлы отаршыларға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді. Империалистердің шектен шыққан озбырлығын әшкереледі, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Джомоның қаһармандық бейнесін жасады. ## Шығармалары * 1958 жылы "Ақ дос, сары дос, қара дос" * 1959 жылы "Достар кездескенде" * 1960 жылы "Мəңгілік тамыр" * 1962 жылы "Сумен, құрлықпен елу мың миль" * 1963 жылы "Күнге бет алған керуен" * 1964-1967 жылдары "Көгілдір таулар" * 1965 жылы "Жалындап тұрған найза" * 1966 жылы "Отырар ескерткіші" * 1969 жылы "Махамбеттің жебесі" * 1970 жылы "Жəмшит айнасы". ## Сыртқы сілтемелер * Әнуардың аты мен затына лайық тойды әлi өткiзе алмай келемiз Мұрағатталған 20 қыркүйектің 2011 жылы. ## Дереккөздер
Әлім Нарботаұлы, Сақып қыран (т.ж.б. – 1809) – Қоқан ханы (1800 – 09). Ташкент, Шымкент, Ходжент, Сайрам төңірегіндегі жерлерді басып алып, халықты қырғынға ұшыратқан. ## Дереккөздер
Мұхтар Әлиұлы Әлиев – кеңестік қазақ хирургы, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін қалаушы (1995), Халық қаһарманы (1995), халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-12-ші шақырылымының депутаты. ## Отбасы Әкесі - Сәрсембаев Әли (1892-1955), темір жол көлігі жүйесінде жол қараушы болған. Анасы - Сәрсембаева Құндыз (1900-1937). Үйленген. Жұбайы - Әлиева Минвар Қадышқызы (1941 жылы туған). Ұлы - Рахат Мұхтарұлы Әлиев (1962 жылы туған); қызы - Әлиева Гүлшат Мұхтарқызы (1965 жылы туған). ## Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1957), емдеуші-дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты (1966), докторы (1974). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қосылысқан сәулемен зақымданған жағдайдағы күретамыр арқаулығы». Профессор (1976 жылдан). ҚазКСР ҒА (1988), Халықаралық шығармашылық академиясының (1992), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1995), Нью-Йорк ғылым академиясының (1996), ГФР Медициналық білім беру академиясының (1996) академигі.ҚР хирургтері ғылыми мектебінің жетекшісі. Мұхтар Әлиевтің жетекшілігімен 70 докторлық, 83 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол 970 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 59 монографияның авторы, 155 авторлық куәлігі бар. ҚР мен КСРО патенттері мен алдын ала патенттерінің 151 өнер табысы авторлық куәлігіне иегер. Хирургия ғылыми орталығының 18 қызметкері Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты атанды. 30 ғылыми еңбектер жинағының бас редакторы. 1950 жылдан - Шымкент облысы Тимур ауылы 7 жылдық мектебінің оқытушысы. 1951 жылдан - Алматы мемлекеттік медицина институтының студенті. 1957 жылдан - Шымкентоблысы «Тимур» кеңшарында учаскелік аурухана хирургі және бас дәрігері. 1958 жылдан - Алматы мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатор. 1960 жылдан - Республикалық кпиникалық ауруханасының хирург-дәрігері. 1961 жылдан - Онкология және радиология ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері. 1963 жылдан - Алматы екінші қалалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі; Алматы мемлекеттік медицина институтының аспиранты. 1969 жылдан - Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты кафедрасының меңгерушісі, доцент. 1976 жылдан 1980 жылдар аралығында - Алматы мемлекеттік медицина институты хирургия кафедрасының меңгерушісі. 1978 жылдан 1982 жылға дейін - ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі. 1980 жылдан 1985 жылға дейін Ә.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименталды ҚазҒЗИ директоры. 1982 жылдан 1987 жылға дейін - ҚазКСР денсаулық сақтау министрі. 1997 жылдан - Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығыныңдиректоры. 2001 жылдан бері - Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының құрметті директоры. 11-ші, 12-ші шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1983, 1985). Қазақстан Компартиясы XVI, XVII съездерінің делегаты, ҚКП ОК мүшелігіне кандидат (1986). КОКП XXVIII съезінің делегаты (1990). Халық депутаты (1990). Ә.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ғылыми орталығы жанындағы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін ғылыми диссертация қорғау диссертация кеңесінің төрағасы (1988). «КСРО-Франция» Достық қоғамдастығы Қазақ бөлімінің төрағасы (1978). Бүкіл одақтық хирургтер қоғамының басқарма мүшесі (1978-1982). ҚазКСР ҒА төралқасының мүшесі (1988, 1989). Халықаралық гастроинтестианалды хирургтер клубының (1996), Н.И. Пирогов атындағы хирургтер ассоциациясының (1996) мүшесі. ПБИТС-мен күресу және алдын алу республикалық қоғамдық комитеттің құрметті төрағасы, ұйымдастырушысы (1989). «Қазақстан хирургиясы» (1995), «Клиницист» (1995), «Қазақстан медицина журналы» (1998).ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), ҚРМемлекеттік сыйлығының (1999), «Мамандық-Өмір» Халықаралық сыйлықтың (2004), «Платина Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2005). «Абылай хан» алтын медалімен (1998),«XXI ғасырдың 500 негізін салушылар» (Кембридж, Англия, 2001), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Астана» (1998), «XXI ғасырдың 2000 көрнекті интеллектуалдары» медальдарымен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен (2001) марапатталған. «Стратегиялық менеджмент үшін» алтын медалі мен лауреат атағын алған (Франция, 2002). Аптын жұлдыз - айрықша белгісінің табыс етілуімен «Халық Қаһарманы» (1995), «Жыл адамы» (2001),«Әлемнің көрнекті интеллектуалдары», «Медицина облысында көрнекті кәсіби жетістіктері», «Әлем азаматы», «Әлем елшісі», «Көрнекті көшбасшы» (2003) атақтарына ие. ## Марапаттар * Қазақстанның Халық қаһарманы (1995); * Отан Ордені (1995); * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы; * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (екі рет); * Алматының Құрметті азаматы; * «Мамандық-өмір» халықаралық сыйлығының лауреаты (2004); * «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты (2005); * Абылай ханның Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Алтын медалі (1998); * «XXI ғасырдың 500 негізін қалаушылар» алтын медалі (Кембридж, Англия, 2001); * Медаль «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін»; * «Еңбек ардагері» медалі (1987); * «Астана» медалі (1998); * «XXI ғасырдың 2000 аса көрнекті зиялылары» медалі; * «Академик В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургия орталығына 30 жыл» мерекелік медалі (Өзбекстан, 2005); * «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2001); * «Стратегиялық менеджмент үшін» лауреат және алтын медаль (Франция, 2002); * «Жыл адамы» (2001), «Әлемнің жетекші зияткерлері», «Медицина саласындағы үздік кәсіби жетістіктер», «Әлем азаматы», «Әлем елшісі», «Көрнекті көшбасшы» (2003) атақтары; * Хирургияның дамуына қосқан зор үлесі үшін құрметті халықаралық диплом дипломанты (2002); * Балтимор қаласының Құрметті азаматы; * Кентукки штатының құрметті полковнигі, АҚШ (1988); * Аудан орталықтарындағы екі көшеге, Жетісай медициналық училищесіне Әлиев есімі берілді; * Шымкент және Ақтөбе мемлекеттік медицина академияларында Әлиев атындағы шәкіртақы тағайындалған. Құрмет атақтар: * Халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі (1988). * Балтимор қаласының Құрметті азаматы және Кентукки штатының Құрметті полковнигі, АҚШ (1988). * Н. И. Пирогова атындағы Хирургтар қауымдастығының мүшесі. (1996). * Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі (1996). * ГФР халықаралық медициналық білім беру академиясының құрметті мүшесі (1998). * Хирургияны дамытудағы көрнекті үлесі үшін құрметті халықаралық дипломның дипломанты (2002). ## Дереккөздер
Әлімқұл (т.ж.б. – 1865) – Қоқан хандығының билеушісі. Шыққан тегі - Қыпшақ. Әлімқұл алғашында молла ретінде аты шыққан. Кейін Құдыяр хан Қоқан тағынан аласталып, орнына баласы Сейіт отырғанда Әлімқұл аталық сайланды. Хандықта толық билікке ие болғаннан кейін Қашқарды бағындырды. Ресейдің Орта Азия хандықтарын өзіне бағындыру әрекеттеріне қарсы болды. 1864 ж. көктемінде Шымкентті М.Г. Черняев әскерлерінен қорғауда асқан ерлік көрсетті. Солтүстіктен төнген қауіпке тойтарыс беру мақсатында Бұхара, Хиуа хандықтары мен қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының біріккен одағын кұруға талпынды. Осы жолда ол қазақ халқының ұлт-азаттық күресін басып жаныштады. Әлімқұл 1865 ж. мамырында Ташкентгі қорғау кезінде ауыр жараланып, қаза болған. ## Дереккөздер
Сапарғали Әлімбетов (1888, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, бұрынғы Шамака. - 10.10.1956, Семей қаласы) - айтыс ақыны, жырау, сері. Найман тайпасының Қаракерей руының Байыс атасынан тараған. Ескіше сауат ашқан. 1941 жылы халық ақындары Төлеу Көбдіков, Нұрлыбек Баймұратовпен бірге Семей облысының шалғайдағы аудандарында үгіт бригадасын ұйымдастырып, өлең, жырларымен халыққа жігер береді. Түрлі айтыстарға қатысып, Есенсары Құнанбаевпен, Маясар Жапақовпен, Қалқа Жапсарбаевпен, Қуат Терібаевпен, Мағжан Орынбаевпен айтысқан. Әлімбетовтің ақындық, айтыскерлік жолға түсуіне Iлияс Жансүгіров ықпал еткен. Оның толғаулары облыстық, республикалық газеттерде жарияланған. "Мейір батыр", "Молдабай палуан", "Қамбадағы айқас", "Қос жалшының өлімі", "Ақтардың әрекеті". "Қойгелді батыр" тарихи дастандарының авторы. "Қызыл жұлдыз" орденімен, "Құрмет" грамотасымен, көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Маралды атырабы, Шарбақты ауданы, Павлодар облысы – 26 қараша 2017 жыл, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. 2017 жылы дүниеден озды. Арғын тайпасы Шегендік руы Қақсал бөлімінен шыққан. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады. ## Жетімдік Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды. Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,Көре алмай қызығымды кеткеніңе.Өзгелер өз баласын еркелетсе,Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?! ## Сұрапыл соғыс Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған М. Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арыз берді, бірақ оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук)Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады.Майданда туған көп ақынның бірі — Мұзафар Әлімбаевтың «Батырға» деген бірінші өлеңі 1944 жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауға қарсы аттан» газетінде жарияланған. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған осы өлеңінде: Баста алға батысқа,Ініңнің күші өскелең, — деген артиллерист, лейтенант Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да көрсеткен.М.Әлімбаев комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арада жеті жарым жыл өткенде коммунист, жауынгер командир, офицер-танкист атанып, үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтты. Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі Рақымжан Қошқарбаевтың жан-дүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді бейнесі нанымды мүсінделген. Ал «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ жерінің, кешегі Отан соғысының отты күндері жырланады.Мұзағаңның соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай - Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақ поэзиясының да шынайы табыстары болып саналады. ## Ақындық бақыты Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты. М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ - олақ», «Шынықсаң - шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын - зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған. ## Шығармалары * Шығармалар жинағы: Екі томдық. * Таңдамалы: Екі томдық. * Таңдамалы өлеңдер поэмалар. * Ақсерек те көксерек: Тақпақтар, дастандар, ән - өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. * Аспандағы әпке: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. * Аулақ бол жаман әдеттен: Балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған. * Балдәурен, шіркін, балалық: Өлеңдер, әндер, ойындар, аңыздар, ертегілер, дастандар. * Биікке, биікке: Балаларға арналған өлеңдер. * Екі тақтай - бір көпір: Өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертектер. * Ер айнасы - еңбегі: Еңбек туралы мақалалар мен нақылдар. * Жауқазын: Дастандар мен өлеңдер. * Жолдар - жырлар: Өлеңдер. * Жүрек лүпілі: Өлеңдер мен поэма. * Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның: Естеліктер, эсселер. * Көңіл күнделігінен: Эссе, зерттеулер. * Көңіл күні: Таңдамалы. * Көргендерім көңілде: Деректі эссе - очерктер. * Қалам қайраты: Эсселер, сын мақалалар. * Қоянның құлағы неге ұзын?: Балалар үшін өлеңдер, аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. * Құрбыма: Өлеңдер. * Лирика. * Менің Қазақстаным: Поэма. * Менің ойыншығым. * Отанның орны - жүректе: Туған Қазақстан туралы толғамды ойлар, эссе. * Өмір. Өнер. Өнерпаз: Эссе, естеліктер, ой - толғамдар. * Өрнекті сөз - ортақ қазына. * Өскеніңді ел көрсін: Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. * Өшпес от: Дастан мен өлеңдер. * Сен дегенде: Өлеңдер, балладалар, мысалдар. * Сүймеген жүрек семеді: Өлеңдер, балладалар, нақылдар. * Тәрбие туралы әңгімелер. * Толқыннан толқын туады: Зерттеулер, эссе, естеліктер. * Ту тіккен: Поэма мен өлеңдер. * Халық - ғажап тәлімгер: Қазақ халқының мақал - мәтелдері, қара өлеңдері. * Хас батыр Қасым Қайсенов. * Қарағанды жырлары. Өлеңдер. А.. 1953; * Жұмбақтар. Өлеңдер. А., 1954; ## Қосымша деректер * Әскери атағы - капитан. * Хоббиі - сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару. * Жұбайы - Сүлейменова Шапау, тарихшы, орта мектептің мұғалімі болған. Ұлдары - Арнұр, энергетик; Жаннұр, мүсінші; Баламер, сәулеткер. Немерелері - Ая, журналист; Әсел, дизайнер; Бахтияр, студент; Әсет, студент; Жәнібек, студент; Балнұр, оқушы. ## Фильмдер * 1994 — «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ.Умаров Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” * 2009 — «Алашорда» режиссері: Қ.Умаров Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Парасат патшасы * Бала жанының бағбаны атанған Мұзафар Әлімбаев жайлы не білеміз
Әлібеков Есет Қалиұлы(1925 ж. т.) – әскери қайраткер, генерал-лейтенант (1978). 1956 жылдан Қазақстанның азаматтық қорғаныс жүйесінде қызмет етті. Азаматтық қорғаныс – бүкіл халықтық іс (1976), Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі (1979, 1988) кітаптары жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Әлімқұлов Мәлік(1978 жылы туған) – спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1996), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1996). Кір (гир) көтеру спортымен 1989 жылдан бастап айналысады. 1990 ж. өткен Қазақстан бірінішілігінде алғаш көзге түсті. Жаттықтырушысы — Филикиди П.П. және Ж. Жүнісұлы ## Дереккөздер: "Қазақстан энциклопедиясы" 1-том
Әмеңгерлік — дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайын ағасына немесе қайын інісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан “аға өлсе, жеңге — мұра, іні өлсе, келін — мұра”, “әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген қағидаға айналып, әдеттік заң нормасы ретінде қалыптасқан. Әмеңгерлік мәселесі ру ақсақалдарының басқаруымен қандас туыстар арасында мұқият талқыланған, ортақ ұйғарыммен шешілген. Әмеңгерлік институтының тек әлеуметтік-құқықтық қана емес, сондай-ақ тәрбиелік-гуманистік мәні де зор болған. * Біріншіден, көшпелі тұрмыс салтында жесір әйелдің жалғыз өзі күнелтуі, күйеуінен қалған бала-шағаға, мал-мүлікке ие болуы қиын. Бөгде, тегі бөлек біреуге тұрмысқа шықса, балаларына өгейлік, мейірімсіздік танытуы мүмкін. * Екіншіден, марқұм күйеуінен қалған мал-мүлік жесір әйелге берілсе, бөтен адамның иемденіп кетуі, талан-таражға салуы, жетім балаларды нәпақасыз қалдыруы мүмкін. * Үшіншіден, бөгде біреуге күйеуге шығатын болса, әкелерінің қандас, аталас туыстары жетім балаларды анасынан ажыратып алып қалуы ықтимал. Мұның ауыр қиянат боларын қазақтар жақсы түсінген. Сондықтан, аталған факторларды ескере отырып, қазақ ғұламалары “Жеті Жарғы” нормаларында ері қайтыс болған жесірдің “елден кетпеуін”, күйеуінің қандас туыстарының біріне күйеуге шығуын міндеттеген. Қаза тапқан еркектің туған-туыстары жесір әйелдің “әмеңгері” деп аталған. Қазақ қоғамында әмеңгерліктен бас тарту сирек кездескен, ол өзінің туысының жетім қалған балаларына, яки, өзінің қандас іні-қарындастарына мейірімсіздік, жаныашымастық ретінде бағаланған. Ал әйел әмеңгерліктен бас тартса, оған бала да, мал-мүлік те берілмеген, тек өз қалауымен күйеуге шығу еркі ғана берілген. ## Дереккөздер
Тәкен Әлімқұлов (Тәңірберген) (22.11.1918, Созақ ауданы, Бабата ауылы – 13.4.1987, Алматы) – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы. Төлеңгіт руынан шыққан. Басқа деректер бойынша Ысты руынан шыққан. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 – 1945 жылдары Шымкент қорғасын зауытында, Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысты. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде 1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары шықты. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты зерттеу еңбегін жазды. «Өткен мен қазіргі» (1958), «Көк қаршыға» (1972), «Бар өмір алда» (1974), «Сырлы наз» (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. М.Ю. Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын (1951), П.Павленконың«Бақыт» (1950), Г.Николаеваның «Орақ үстінде» (1952) романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің, Г.Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Халықтар достығы орденімен марапатталған. Тәкен Әлімқұлов Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 - 41 жылдары Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеи жүріп, мақалалар жаза бастаған. 1941 - 45 жылдары Донецк облысында жұмыс істеген. 1945 - 49 жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жауапты хатшы,"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде бөлім меңгерушісі. 1956 - 74 жылдары КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974 жылдан шығармашылық жұмыста болған. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастаған. Алғашкы өлеңдер жинағы "Сапар" 1950 жылы жарық көрген. "Өткен мен қазіргі" (1958), "Ақбоз ат" (1968), "Көк қаршыға" (1972), "Бар өмір алда" (1974), "Сырлы наз" (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрген. Орыс қаламгерлері М.Ю.Лермонтовтың "Измаил бей" поэмасын (1951), П.Павленконың "Бақыт" (1950), Г.Николаеваның "Орақ үстінде" (1952) романдарын, француз жазушысы Э.Сент-Экзюперидің "Кішкентай шаһизада" ертегісін, сондайақ орыс ақындары А.С. Пушкиннің, В.В.Маяковскийдің, Әзірбайжан ақын Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. "Халықтар достығы" орденімен марапатталған(1978). ## Шығармалар * Сапар. Өлеңдер.1950; * Жемісті жолда. Әдеби-сын макалалар.1958; * Ак боз ат. Роман.1962; * Жазғы жаңбырлар. Өлендер.1962; * Жазғы жаңбыр. Өлендер.1964; * Сей- тек сарыны. Повесть.1966; * Туған ауылда. Әңгімелер.1968; * Бозжорға. Өлеңдер. 1969; * Күрең өзен. Повесть және әңгімелер.1971; * Жұмбақ жан. Абай туралы деректі хикая.1972; * Кертолғау. Повесть және әңгімелер.1973; * Вся жизнь впереди. Повесть және әңгімелер.1974; * Тұлпарлар тағдыры. Роман. Повестер мен әңгімелер.1975; * Шежірелі сахара. Повестер мен әңгімелер.1976; * Жұмбақ жан. Зерттеу.1978; * Ел мен жер. Роман.1978; * Қаратау өрнектері. Өлеңдер мен поэмалар.1980; * Көкек айы. Әңгімелер мен повестер.1982. * Замана екпіні. Роман.1982. ## Дереккөздер
Әмина(576 ж.ө.) – Мұхаммед пайғамбардың анасы. Ері Абдаллаһ ибн Абд әл-Мұталиб қайтыс болған соң екі айдан кейін Әмина босанып, өмірге болашақ пайғамбар келеді. Әмина баласы 6 жасқа толғанда төркін жұртына Ясребке (қазіргі Медина қаласы) барып, қайтар жолда Алиуа деген жерде Әмина қатты ауырып қайтыс болады. Сол маңға жерленеді. Әминаның қасында көршісі Айман ана бірге жүрген екен. Мұхаммедті сол кісі Меккеге алып келіп,бабасы Абд әл-Мутталибтің қолына табысетеді. Бабасы 80 жасқа келіп дүние салғандаМұхаммед 8 жаста екен. ## Дереккөздер
Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов (10 желтоқсан, 1955 жыл, Ақкөл ауылы, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық кинорежиссер және сценарийші. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (С.Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген (1988).. Оның "Отырардың күйреуі" екі сериялы фильмі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына (1992), Монреаль қаласында (Канада) өткен халықаралық кинофестивальда (1991) киносыншылар халықаралық ассоциациясының "Фипресси" жүлдесіне, Фигуэйра Де Фош қаласындағы (Португалия) халықаралық кинофестивальдың (1992) "Күміс табақша" жүлдесіне және Ашхабадта (Түрікменстан) 1 халықаралық кинофестивальдың (1992) "Күміс жарты ай" Бас жүлдесіне ие болған. Ал «Абай» екі сериялы фильмі (1995, "Ард-фильм" және "Қазақфильм" студиялары), Ташкент (Өзбекстан) кинофестивалінің "Күміс Семург" жүлдесін (1997); Гатчина қаласында (Ресей) өткен "Әдебиет және кино" 5-кинофестивалінде "Жастар қоғамдық қазылар алқасының жүлдесін" және Бүкілодақтық Мемлекеттік Кинематография институтының медалін алған (1998). 1997 жылы "Ард-фильм" және Қазақстан Ұлттық продюсерлік орталығы көркем фильмдерінің режиссері болған. Ол "Мутанттар" (1987) көркем фильмінің сценарийін жазған. Қазақ ұлттық Өнер академиясында курс жүргізеген (1996). ## Фильмография * 1992 — «Отырардың күйреуі» * 1995 — «Абай» * 1999 — «1997 — Записи Рустема с картинками» * 2008 — «Қош бол, Гүлсары!» * 2018 — «В безмолвии» * 2022 — «Хирург» * 2023 — «Жел тоқтаған жер» ## Дереккөздер
Вильжан Мавлютинұлы (Мәулетұлы) Әмірбаев(25.4.1931 жылы туған, Алматы облысы Талдықорған қаласы) – математик, техника ғылымдарының докторы (1971), профессор (1977), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1990). ҚазМУ-ды бітірген (1954, қазіргі ҚазҰУ). 1954–1956 жылы сол университетте ассистент, 1959–1965 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Төралқасы жанындағы машина және есептеу математикасы лабораториясының кіші ғылым қызметкері, меңгерушісі болды. 1966–1972 жылы Мәскеудегі ғылыми орталықтарда қызмет істеді. 1972–1977 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, 1988–1992 жылы сонда лаборатория меңгерушісі, 1977–1978 жылы Мәскеу азаматтық әуе жолы инженерлері институтында кафедра меңгерушісі, 1978–1988 жылы Мәскеу электронды техника институтында профессор, 1988–1992 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының физика-математикалық ғылымдары бөлімшесінің акад.-хатшысы қызметін атқарды. 1992 жылдан ҚР ҒМ–ғылым академиясының Теор. және қолданбалы матем. ин-тының бас ғыл. қызметкері, Мәскеу электронды техника институтының профессоры Негізгі ғылыми еңбектері бас идеалдар сақинасының модульдік кодтау теориясына, Лаплас интегралын цифрлы бейнелеу әдістеріне арналған. Ол ақпараттану саласындағы іргелі алгебралық құрылымдарды есептеу процестерін ұйымдастыруға пайдаланды. КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты (1991). ## Дереккөздер
Әлімұлы — Алшын тайпасынан тарайтын рулар бірлестігі. Таңбасы – Алшын таңбасының қосарласқан түрі. Ел ішінде «алты ата Әлім» деп аталады. Жаманақ, Қарамашақ, Айнық, Ұланақ, Тегенболат және Тойқожа болып тарайды. Кіші жүз құрамына кіреді.. Әлімұлы – Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша Алшын тайпасынан тарайды, кейде «Қаракесек» деп те аталады. Әлімұлының алты тармағы болғанына орай ел ішінде «Алты Әлім» деп те атайды. Белгілі ақын Көлдейбекұлы Ерімбет (1850–1911) шежіресінде Әлімұлына * Жаманақ (Шекті), * Қарамашақ (Төртқара), * Айнық (Қарасақал), * Ұланақ (Қаракесек), * Шөмен (Шөмекей), * Тойқожаны (Кете) жатады. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов, зерттеуші қаласы Салғараұлы, шежіреші Ө.Ахметов те қостайды. Әлімұлының тармағы алтау болғанымен енші алып, ұранға шыққаны – төртеу. Олар: * Жаманақ (Шекті), * Ұланақ (Қаракесек), * Қарамашақ (Төртқара), * Айнық (Қарасақал), Әлімұлының сан жағынан көбі – Шекті мен Төртқара. Әлімұлының үлкені болып есептелетін шектіні Ә.Қоңыратбаев, О.Смирнова секілді ғалымдар Бұлғар қыпшақтарымен байланыстырады. «Диуани лұғат ит-түрк» шығармасында Шу өзенінің бойындағы чекл тайпасы аталады. Ал Әлімұлы бірлестігіне жатқызылатын шөмекей, қаракесек, кетелердің Батыс Түрік қағандығының құрамында болғаны белгілі. Осындай жорамалдардың бәрі Әлімұлы тайпасының тарихын тереңге сілтейді. Әлімұлы Ырғыз өзенінің бойынан Қаратауға дейін көшіп барып, Сырдарияның төменгі ағысындағы Қуаңдария, Жаңадария, Қарақұмдың салаларын, Құлақшы, Барбы-Қайрақты көлдерінің төңірегін жаз жайлап, қыс қыстаған. Әлімұлы бірлестігіне кірген рулардың кейбір бөліктері Каспий теңізінің солтүстік алқабын, Жем, Темір, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендеріне дейін жайлап, Арал теңізінің атырабын, Мұғалжар тауының бөктерін, Сырдарияның төм. ағысындағы өлкелерді қыстаған. 1730–1743 жылға дейін Әлімұлы тайпасының білікті адамдары тәуелсіздікті қолдан бермейміз деп Әбілқайыр ханға қарсы болған. Бақтыбай батыр мен Сырлыбай би де көпке дейін келісімін бермей жүрсе де, ел іргесінің сөгілмеуін көздеп халыққа басу айтып, хан ұсынысын қолдауға көндірген. 1815-ші жылы Қоқан ханы Мұхамед-Рақым Әлімұлы тайпасын қол астына қаратпақ болды. Екінші жағынан Ресей мен Хиуа қысты. Үш жақты езгіге шыдамаған Әлімұлы тәуелсіздік күресін бастады. Бұл Жанқожа батыр бастаған көтеріліске ұласты. Әлімұлы тайпасынан Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биден бастап алты алашқа белгілі Шекті Мөңке би, Есет, Көтібар, Әулие Құл батыр, Сартай батыр, Жетес би, Ұранға шыққан Бақтыбай, Жылқыаман Отыншыұлы, Құлбарақ, Жанқожа, Ақтан, Алтай, Арал батырлар, қарасақал Ерімбет ақын, Нұртуған жырау, Жетес шешен, Әжібай, Сопақ, Мырзағұл, т.б. билер шыққан. ## Дереккөздер
Әнет баба (1628 – 1723) – “Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. ## Өмірбаяны Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте Найман Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген.Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген Әнет баба: “Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын” деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел “Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып жерлейді. Әнет бабаның Жаубасар, Есболат, Шақа есімді ұлдары болған. Бұлардан бұрын ержеткен 5 ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады. Әнет бабаның бәйбішесінен туған бес баласы Ақтабан шұбырынды бола-тұғында қалмақтың оғынан өліпті. Олардан нәсіл қалғаны мәлім емес. Мұнда сол бәйбіше баласы - Байболат дегеннің Балуан, Бақай деген екі баласы бесікте келген екен, соның Балуанынан тұқым жоқ. Бақайдың балалары өсіп-өнген. Әнет бабаның басқа әйелдерінен Жаубасар, Есболат, Шақа деген ұрпағы бар. Әнет тек Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген. ## Дереккөздер
Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos — мадақтау ән) — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек. Кейбір күрделі опера, балет, симфония, хорлар соңы әнұран сипатында аяқталады. Мысалы, Л. Бетховен өзінің 9-симфониясын И. Шиллердің “Шаттық” одасына арнап жазған әнұранымен аяқтаса, орыс композиторы М. Глинка “Иван Сусанин” операсын атақты “Даңқ” хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді. ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады. ## Дереккөздер
Әмір Темірдің Қытайға Елшілігі– 1387 жылы Қытай императоры Тай-Цзуға (1368 – 98) жіберілген Әмір Темірдің молла Хафиз бастаған елшілігі. Бейбіт қарым-қатынасты сақтау мақсатын көздеген. Мұның алдында Шығыс Түркістан мен Орта Азияға бірнеше рет келген Қытай елшіліктеріне жауап ретінде барған. Елшілікпен бірге үлкен сауда керуені де сапар шекті. “Мин ши” атты қытай деректемесінде Темірдің Иранға жорығы кезінде (1392 жылы басталған) жіберілген, Қытай императорына шамамен 1394 жылы жеткен хатының мазмұны берілген. Құжаттан екі мемл-тің де өзара қайшылықтарын соғысқа ұластырмай шешуге, уақыт ұтуға деген ұмтылысы байқалады. Хатта Әмір Темір тарапынан Мин империясына білдірілген достық, өзара сауда қатынасын орнату ниетін қолдайтыны айтылған. Әмір Темір өзінің Иранға жасаған “Жетіжылдық” жорығының (1399 жылы басталған) қарсаңында Қытаймен, Моғолстанмен бейбіт қарым-қатынас сақтауды көздеді. Темір мемлекетіне, әсіресе, Самарқанда Қытайдан әкелінген форфор, шай, жібек, атлас, бағалы тастар көпшілік сұранысына ие болды. Темірден кейін олардың ұрпақтары Халил Сұлтан, Шахрух, Ұлықбек тұсында Қытаймен елшіліктер алмасып, сауда қатынасы дамыды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Әмір Темір
Әнші балапан— халықаралық өнерлі балалар фестивалі. Алғаш 1990 жылы 6 мамырда ұйымдастырылды және сол күні Қазақ теледидарынан тікелей эфирге шығарылды. Содан бері “'Әнші балапанға” республиканың барлық облыстарының 4 — 16 жас аралығындағы өнерлі балалары қатысты. Олар Болгария, Үндістан, Польша, Ресей, Түркия, Швеция, Финляндия, Франция, Эстония елдерінде өнер көрсетті. Фестивальда тұңғыш танылған жас өнерпаздар кейін беделді халықараралық байқаулардың жүлделерін жеңіп алды.1998 жылы 24 — 27 қыркүйегінде “'Әнші балапан” халықаралық фестиваліне Италия, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия тағы басқа елдерден өнерлі балалар қатысты. Сөйтіп, фестиваль халықараралық дәрежеге көтерілді. ## Дереккөздер: Қазақстан энциклопедия
Ақбаров Әнуар Асқарұлы - 1946 жылы 4 қаңтарда Алматы облысы Шелек ауылында туған. Ұйғыр. Әкесі - Ақбаров Асқаржан, зейнеткер, ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі, ұйғыр театры негізін қалаушылардың бірі. Анасы - Ақбарова Халима, К. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комөдия театрының әртісі. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын скрипка классы бойынша (1969); П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының квартет аспирантурасын бітірген (1973). Профессор (1997 жылдан). Ұйғыр, орыс, қазақжәне неміс тілдерін біледі. 1965 жылдан - Республикалық радио және дыбыс жазуүйінің камералық оркестрінің әртісі. 1969 жылдың қыркүйекайынан - К. Байсейітова атындағы Республикалық ортаарнаулы музыкалық мектебінің скрипка классы бойыншаоқытушы. 1973 жылдың тамыз айынан - ҚазКСР Қазақмемлекеттік шекті аспаптар квартетінің бірінші скрипкашысы. 1993 жылдың наурыз айынан - Құрманғазы атындағыАлматы мемлекеттік консерваториясының камералықансамблі кафедрасының меңгерушісі. 1998 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы оркестр факультетінің деканы. ҚР Мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің негізін қалаушыжәне жетекшісі. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттікфилармониясының шекті аспаптар квартетінің, Құрманғазыатындағы Алматы ұлттық консерваториясының студенттіккамералық оркестрінің жетекшісі. «Тюрксой» халықаралық интернационалдық жастар оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері (Анкара, 2010 жылдан). Республикааралық скрипкашылар конкурсының (Алматы, 1970), ҚР Жастар Одағы сыйлығының (2000), «Ильхам» тәуелсіз сыйлығының (2000) лауреаты. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994). Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оң». Хоббиі - жеңіл атлетика, велоспорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - Гомердің «Илиадасы» және«Одиссейі», У. Шекспирдің трагөдиясы, Марциалдың эпиграммалары. Үйленген. Жұбайы - Чуренова Дина (1945 ж.т.), музыкант.Қызы - Акбарова Жаннет (1978 ж.т.), скрипкашы. Немересі-Алтан (2007 ж.т.). ## Дереккөздер
Әптиек– Құранның жеке алынған қысқа-қысқа сүрелері мен аяттарының жинағы. Құранда 114 сүре, 6225 аят бар. Өткен ғасырларда ауыл мектептерінде қолданылған сауат ашу кітабының атауы, әліппе. Әптиекке әріптер мен араб тілі грамматикасының бастапқы ереже-қағидалары енгізілген. Оқыту әдісі күрделі болғандықтан әптиекті түгел игеру өзге тілді шәкірттерге едәуір қиынға түсті. Оны тауысқандар Мұхтасар, Құран-кәрім тағы басқа кітаптарды тереңдеп оқуға кіріскен. ## Дереккөздер
Әнші құм, Айғай құм – Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе. ## Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерінде. ## Жер бедері мен сипаты Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі. Жібек жолының бойында орналасқан осы “Әнші құмның” үнін есту үшін жолаушылар әдейі ат басын бұрған. “Әнші құм” табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Ол Алтынемел ұлттық паркі (1996 жылдан) құрамына кіреді. ## Дереккөздер
Әпсана – халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер. Халық прозасының бұл жанры үш түрге бөлінеді: * а)mapuxu-мекендік әпсаналар * ә) әлеуметтік-утопиялық әпсаналар * б) діни-кітаби хикаяттар. Аңыз әңгімелердің мазмұн желісіне уақыт өте арман-қиялдан туған элементтер араласып, әпсанаға айналады. Сондықтан да әпсана кейіпкерлері ерекше жандар ретінде бейнеленіп, небір ғажайып оқиғалардың ортасына түседі . Тарихи-мекендік әпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де тарайды. Жер-су, мекен тарихын баяндайтын әпсаналардың сюжеті коп жағдайда сол тектес аңыздар сюжетіне ұқсатылып, қиялдан туады. Мәселен,«Тоқпанның балалары», «Айнақ көл», «Ыстық көл», «Қара жігіт», «Өгіздің терісі», «Қызылкеніш ордасы» сияқты әпсаналар осы негізде пайда болған . Бұлармен салыстырғанда әлеуметтік-утопиялық әпсаналар болмысты, өмірдің көкейкесті мәселелерін молырақ әрі айқынырақ қамтиды. Мұнда халықтың бақыт туралы, жақсы өмір жайлы арман-аңсары анық көрінеді де, кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі. Ертеде, есте жоқ кезенде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болған деп басталатын мұндай әпсаналарда елдің әлеуметтік қиялы, бақытты ғұмыр жөніндегі түсінігі қоғамның бір тарихи кезендерінде жаңғырып отырады да, утопиялық пайымдарға ұласады. Алтын Орда мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста «Жерұйықты іздеген Асанқайғы» туралы, содан соң XVIII ғ.-да Өтегеннің Жиделі Байсынды іздегені жайындағы әпсаналар осының айқын айғағы . Бұл әпсаналарда бас кейіпкер барынша дәріптеліп, құтты қоныс алыста, табылмайтын жұмақ болып бейнеленеді. Әпсананың тақырыптық ерекшеліктерімен өзгешеленетін тағы бір түрі - діни-кітаби хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалып, Құран мен Інжілдің сюжеттері пайдаланылып, пайғамбарлар мен әулиелер жөнінде әңгімеленеді. Мұнда да ескілікті және жаңа исламдық мифологияның белгілері қатар жүреді . Әпсана (парсы, апсанс - аңыз, араб, хикаят - әңгіме) - қазақ фольклорлық прозасының жанры. Бұл терминді орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан "легенда" (лат. legenda) - ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Әпсана - бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әнбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерғе негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі. Әпсанадан аңызға да, мифке де, ертегілерге де тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым көне, архаикалық сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдарды діттейтін сюжеттік-композициясын шарттылықтың басымдылығы, көп нұсқалық - әпсананың негізгі ерекшеліктері әпсана шартты түрде тарихи-мекендік, діни-кітаби, әлеуметтік-утопиялық деп үшке бөлінеді. Тарихи-мекендік әпсана есте жоқ ескі дәуірде өткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы әпсана). Діни- кітаби әпсана құран хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр-талайын, тіршілік тауқыметін, т.б. өзек етеді (Мысалы: Аюп, Мұса, Әзірет Әли, Нұх, т.б. туралы әпсаналар). Ал әлеуметтік-утопиялық әпсаналар халықтың тәңірі қалаған абат мекен Жеруйық хакындағы ой-арманынан туындайды (Асан қайғы, Абат, Өтеген батыр іздейтін Жерұйық, Жиделі-Байсын туралы әпсаналар). ## Дереккөздер
Әcкери губернатор— Ресей империясында 1801 жылдан бастап кейбір шекаралық губернияларды басқару үшін тағайындалған әскери шені бар лауазым иесі.Әcкери губернатор жергілікті жердегі азаматтық және әскери істі басқарды. 19 ғасырдың 60 — 80 жылдары Қазақстанда құрылған. Дала генерал-губернаторлығының құрамындағы Жетісу, Сырдария облыстарын, Орынбор генерал-губернаторлығының құрамындағы Орал, Торғай облыстарын әcкери губернатор басқарды. Олар қазақ жеріндегі империялық саясатты тікелей іске асырушы, шексіз билік иелері болды. Ресей мүддесін қорғай отырып, Қазақстанды отарлауды жүзеге асырды, халық наразылықтарын аяусыз басып-жаншыды. 1917 жылғыАқпан төңкерісінен кейін әcкери губернатор қызметі жойылды. ## Дереккөздер
Әскери Комиссариат– Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери қызмет атқаруға тиіс азаматтарды есепке алу және әскерге шақыру ісімен, бұқаралық әскери даярлықпен айналысатын жергілікті басқару органы. Оны әскери комиссар басқарады. Әскери комиссариаттар барлық облыс орталықтарында, қалаларда, аудан орталықтарында құрылған. Әскери комиссариат (Военный комиссариат) — әскери жұмылдыруды дайындау, жүргізу, Қарулы Күштердің мүдделеріне сәйкес адам және халық шаруашылығы ресурстарын есепке алу, жастарды әскери қызметке даярлау, әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, оқу-жаттығу жиындарын жүргізу т.б. жұмыстармен шұғылданатын әскери мекеме. ## Дереккөздер Орган
Әскери Полигон– қару-жарақ пен әскери техниканы сынақтан өткізу, әскерлердің жауынгерлік даярлығын анықтау және соғыс өнерін дамыту мақсатына арнайы бөлінген және жабдықталған орын. Кейбір ғылыми-зертттеу мекемелерін де әскери полигон деп атайды. (мыс., Семей ядролық полигоны). Әскери полигонның тұрақты және уақытша түрлері болады. Алдына қойылған мақсаттарына байланысты ғылыми-зерттемелік әскери полигон, оқу-үйрену әскери полигоны (әскерлік, теңіздік, зауыттық), ал сынақтан өтетіе құралдар түрлеріне байланысты ракеталық әскери полигон, артиллериялык әскери полигон, авиациялық әскери полигон, теңіздік әскери полигон т.б. болып бөлінеді. ## Дереккөздер
Әскери Округ– әскери әкімшілік-аумақтық бөлік. Оның құрамына әскери құрамалар, әскери бөлімдер, әскери оқу орындары және әр түрлі жергілікті әскери мекемелер біріктіріледі. Ел территориясын әскери округтарға болу Қарулы Күштердің құрылымын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады. Әскери округтар, әдетте, шекараға жақын жерде, сондай-ақ ішкі аймақтарда да құрылады. Олар негізінен басқармалары орналасқан қала атымен немесе жергілікті жер атауымен аталады, ал кейде нөмірленеді. 1983-89 ж. КСРО-да 16 әскери округ болды. Оларға әскери округ қолбасшылары басшылық етті. Соның бірі - Орта Азия әскери округі негізінде ҚР-ның ҚК құрылды (1992). ## Дереккөздер
Әсіп-жаңа сойған малдың іш майын, бүйрек т.б. жұмсақ еттерін қарнына немесе бүйенге салып пісіретін ұлттық тағам. Мұндай тағамның еті жұмсақ, сорпасы дәмді болады. Дайындалуы: Қойдың ішегін аударады, жақсылап өндейді, жуады. Қой етінің жұмсағын, жүрек, өкпе, және бауырды тіліктеп кеседі және еттартқыштан өткізеді. Майдалап кесілген құйрық етін, кесілген бас пияз, жуылған күріш, тұз, ұнталған бұрыш — бәрін жақсылап араластырады да, суық су қосады. Шұжықты шприцтің көмегімен бейімдей отырып еттартқыштан өткізілген тураманы ішекке салады да, екі ұшын жіппен байлайды. Пісірер алдында ішектерді инемен бірнеше жерден теседі, қайнаған тұзды суға не сорпаға салады, 50— 60 мин пісіреді. Ыстықтай не салқын түрде береді. ## Дереккөздер
Әубәкір Ақылбайұлы (1881, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау мекені - 1934) - ақын, әнші, сазгер. Абайдың Ақылбайдан туған немересі. Абайдың тәрбиесінде болған. Әзіл, мысқыл, әжуа, сықақ өлеңдер жазған. Әубәкір өлеңді қолмақол суырып та, жазып та шығарған. "Мамай батыр", "Әнет бабаң", "Ақтабан шұбырынды", "Оралбай мен Керімбала", "Әреке мен Береке" дастандарының, "Шыңғыстау" поэмасының авторы. Халық арасында Әубәкірдің "Көкен қалқам", "Әліпби", "Әубәкірдің әні", "Дариға" атты әндері жиі айтылады. Шығармалары Орталық ғылыми кітапхана мен Семейдегі Абайдың республикалық мұражай-қорығы қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
Жақия Әубәкірұлы(Яқия) Әубәкірұлы Әубәкіров (1925, Қарағанды облысы Шет ауданы Ақтөбе аулы – 2009, Алматы қаласы) – экономика ғылымның докторы (1972), профессор (1973), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1989). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қайраткері (1970). Омбы педагогикалық училищесін (1941), Қарағанды мұғалімдер институтын (1942), Омбы мемлекеттік университетін (1949) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аспирант, ассистент, оқытушы, оқу ісі бойынша проректор және кафедра меңгерушісі (1949–1963 жылы және 1967 жылдан кейін). Алматы халық шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) профессор, кафедра меңгерушісі (1963–1972) болды. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның ауыл шаруашылықында экономика заңдарды пайдалану, әлеуметтік-экономика өзгерістер, мемлекеттік меншік пен жекешелендіру проблемаларын зерттеуге арналған. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан. ## Шығармалары: * Использование экономических законов в сельском хозяйстве Казахстана, А-А., 1972; * Социально-экономические преобразования в сельском хозяйстве Казахстана, А.-А., 1984; * Саяси экономия. Оқулық, А., 1992; * Экономикалық теория негіздері. Оқулық, А., 1998. ## Дереккөздер
Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант. ## Өмірбаяны * Әкесі Қашаубай Орта жүздің Тарақты тайпасынан шыққан, анасы Тойған Орта жүздың Найман тайпасының Қаратай руынан шыққан, Әміре әншілік қабілетін ата-анасынан мұра етті: анасы Тойған бұлбұл дауысты музыкант, әкесі Қашаубай әншілік, серілік өнерімен халықты бірнеше рет қуантқан. * 12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. * 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. * 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. * 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. * 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған. Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер», «Көк көбелек», т.б. әндерді жазып алып, «Қазақтың 500 ән мен күйі» (1931) жинағында жариялады. Әміренің әншілік қабілетін кезінде қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Иса Байзақов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Елебеков, Құрманбек Жандарбеков пен Ахмет Жұбанов өте жоғары бағалаған. * 1926 жылы Қызылордада ашылған Қазақ драма театрының (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) алғашқы актерлерінің бірі болды. * 1934 жылы қазақ музыкалық театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. * 1934 жылы 6 желтоқсанда ауыр сырқатқа шалдыққан әнші Алматыда оқыстан қайғылы қазаға ұшырады. ## Қосымша деректер Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болды. Әміре «Еңлік Кебекте» Жапалдың, «Айман Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылымдарға жиі жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес қосады. Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған. Қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл ретте, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ж. Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн. ## Әміре Қашаубаев туралы толықтай ақпарат ### Әміре сахнада Ол халық сыймай отырған залды бір шолып өтіп, домбырасына қарады. Әміре залдағылардың құлағын жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар алды, бірақ тек бастауы екен. Онысы залдың дыбыс ерекшелігін байқауы дегені болу керек. Енді аз ғана уақыт өткенде әнші залды да, онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап отырған көрерменді де ұмытып кеткендей болды. Әміренің даусы күннің күркірегеніндей кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан желмен қозғалған бидайықтың шашағындай сусылдап, сыбырлап кетеді, - дейді 1927 жылы сәуір айында Мәскеуде болған бүкілодақтық кеңестер құрылтайында шыққан концертке жазылған бір мақалада. Әміренің аты тек Қазақстан емес, бүкіл Одаққа, бүкіл Еуропаға әйгі болды. Әміре арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекттік шекраны сонау жиырмасыншы жылдардың ортасында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің ауыздарына түсті. Әміре - қазақтың қалай мақтасада,қалай мақтансада,сия беретін асқан өнерпазы. Әкесі Қашаубай кедей болып, күнбе-күнгі өмірді қуып жүрді. Қашаубай көп ұзамай Семейге көшіп барады. Қалада да кәсіп істеу оңай болған жоқ. Қашаубай әрең дегенде үй ішін асырап отырды. Бірақ жасынан бейнет шегіп, иықбасты болып қалған Қашаубай денесі нашарлап, қажып, бара-бара қара жұмысқа жарамайтын халге келді. Ал Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да жарамай қалды. Мұның бәрі келіп, ақыры жас Әміренің мойнына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің басы болды. Басқа амал болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында тұратын Исабек деген байдың көлік айдаушысы болады. Әміре ыңылдап әндетіп жүретін болды. Бара-бара Әміре дауыстап, өзінің үн қабілетінің барлығын сезіп, кей кездерде ат айдаушы екенін ұмытып кетіп, әннің қызығына түсіп, қожасынан, біздің тілімізбен айтқанда, қатаң сөгістер алып қалып жүрді. Бірақ оның бәрі де Әміре үшін мәнді нәрсе емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиір болып, осы алған бетінен қайтпайды. Әкесінің айта қалғандай өнері жоқ болса да жаман Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның атшылығынан бұрын әнші бала, бері келе әнші жігіт деген атағын шығарды. Көшенің екі жағында тұрған, ашық қақпаның ішінде самауыр қайып жүген қыз-келіншек, кешкі тұрым әңгіме дүкен құрып отыратын үлкендер тобы, ойында жүрген бозбала фаетонның ешкісінде отырып, арбаның доңғалығының айналған ырғағымен қосылып, кешкі Ертісті жаңғыртып салып бара жатқан Әміренің әнің сілтідей тынып тыңдап тұрысты. Бүкіл Жаңа Семей болып Әмірені жақсы білетін болды. Ол арада болған ойын-сауық Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, ақ көңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп, Семейдің қаласына жетуге айналды. Бұрынғы, бұрынғы ма, енді Қашаубайдың баласы бүкіл қаланы аузына қаратуға айналды. Мұның бәрі де Исабек байға ұнамай, ол қалайда Әміренің мына бір кедейге келіспейтін қылығын тоқтатқысы келді. Сондықтан бір жерге қадап қою мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қояды. Ондағысы Әміренің жолын кесіп тастау әншіні сүйген халықтан айыру еді. Бірақ ол мақсатына Исабек жете алмады. Әміренің даусы түнгі Семейді тегіс аралап көше бойы қыдырып, сайрандаған жастар терезесін ашып қойған ән құмар үлкендер құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Жаратылыстан күшті дауыс кешкітұрым салқынмен бұрынғыдан да дүрілдеп, мына байлаудан құтқар, еркіндікке жібер, қанатымды бір қарыштайын, аспанға бір шырқайын деген сияқты болып, Әміренің даусы өзінен бұрын Исабектің сасық иісті тері қоймасынан іргені аулақ сұрап тұрғандай, Арқаның жазығына, Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей кейіп білдіреді. Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа ие болып, оларын үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы келеді. Қаншама қиын болғанмен, мейірімді әке-шеше өнерлі баланың алған маңдайын қақпайды. Әміре енді әніне бостандық алатын болды. Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Бұл Әміре үшін үлкен игі сапар болды. Өйткені осы күнге дейін өзінің ғана білгенің айтып келген Әміре, не бір саңлақ, топтан озған ән иелеріне кездеседі. Жасы келіп қалса да, әлі қунақ, күлдіргі қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де әннің нақысын бұзбай айтатын аға әнші Жаяу Мұсаны көрді. ### Семейде Семейде жүргенде оның Ақ сисасын, Гауһар қызын, Хаулауын, айтып, Жаяу Мұсаның өзің көрмеседе шығармашылық жүзіне қанық болатын. Енді міне, «құлақ естігенді, көз көреді» болып қарт әншінің өзің де көрді. Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал тап осы кезде нағыз бабында тұрған Бәпидің Мәдиі, Ғаббастың Айтпайы, Байжанның Қалиын естігенде Әміренің бұл күнге дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген кінәләр болып шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты баладай, үндемей құламенде, көзіменде бірге тыңдады. Мынау әннің базары Әмірені еліттіріп, енді қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде айтты. Қандай жолмен болса да Әміре бұдан былай өзін бүтіндей ән өнеріне бағыштауға бел байлады.Жоғарыда айтылған әншілерден жаңа ән үйреніп, біраз репертуарын байытады. Әр әнді өзінің стилінде айтуға тырысты. Қабілетті әнші ол мақсатына жетіп қалды. Ол үш жасынан ән салып, Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында «әнші бала» атанып, жасы он сегізге енді таянғанда мына Қондыға келуі, Әміре үшін ән дүниесін ашуын былай қойғанда басқа да, дүниелік, өмірлік үлкен жаңалықтар көрген жүрісі болды. Әміре қойын-қолтығын әнге толтырып қайтып Семейге келеді. Енді бұрынғы жәмшік, күзетші Әміре емес, ысылған өмір көрген жақсылардың қасында болған тәжірибелі Әміре болып келді. Семей оны бұрынғыдан да қызу қарсы алды. Әмірені енді жиі шақыратын болды. Семейге келіп жатқан атақты Майрамен кездесіп екі ән алыбы біресе домбырамен, біресе гармонға қосылып Семейдің ән базарын қыздыра түсті. Қазақтың кешегі заманда еңсесін бейнет басып, кеудесін көтере алмаған Әміре сияқты әншісі, қараңғылықты жарып шыққан Майра сынды өнершісі шүйделерін көтеріп, дауыстары бұрынғыдан да сыңғырлады. Әміренің күшті үні төңкерістің дүбіріне қосылғандай аңқылдап аспанға шығып, бір күні Мәскеуге де жетіпті. «Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға бара ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сұраймын.Жол қаражаты қалам ақысы төленеді. Мерзімі маусым, шілде айлары. РКФСР Халық Ағарту Комиссары-Луначарскийден Семейдің губерниялық бөліміне телеграмма келеді. Халық ағарту бөліміде, Әміре де сасып қалады. Бұлар осылай жүргендерінде Мәскеуден тағы: Әнші қазақ Әміре Қашаубаев туралы менің берген телеграммама жауапты тездетулеріңізді сұраймын. Парижде болатын біздің концерт мәселенің мемлекеттік маңызы бар деген Луначарскийдің қолымен телеграмма келді. Енді ойланатын кеңесетін уақыт жоқ. Телеграммадағыны тек орындау керек. ### Шетелде Әміре Мәскеуге жол тартты. Қояндыға барғаны Меккеге барғандай ұзақ сапар көрген Әміреге енді мына жол тіпті қызық сияқты көрінді. Парижде болатын коцертке қатысу үшін Мәкеуде Қазақстаннан басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келді. Бұл шеберлердің оның ішінде Әміренің Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен Театрдағы концертке шығуы үлкен табыс болды. Бұл жөнінде Правданың 1925 жылғы 26 шілде күнгі номерінде жазылған.Олардың жабайы өнерлері шығармашылығының көркемдік сатысы жағынан орындаушылықтан еуропалық шеберлердің тәуір деген нөмірлерінен кем түспейді, қолдарындағы аспаптарын салыстырсақ олар тағы бірінші орын алады: тыңдаушыларға эмоционалдық, эстетикалық әсер етуде олардың қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші – деп жазды. Айтушылар Әміре Ағаш аяқтың басындағы жоғарғы нотасын шырқап алғанда, партердің алдынғы қатарында отырған бір әйел Мынау не деген күшті дауыс деп шошып кетіп барып айтыпты деседі. Әміре этнографиялық ансамбільмен Парижге барады. Көздерімен көріп,есіткеннің жаңсақ жерлерін түзетіп алғысы келеді. Сонымен қатар олар бұл келе жатқан кеңес елің жайлайтың халықтың бірқатарының ғана өкілдері екенің жиылған жарнамалардан есітеді. Кеңес өнершілері Париждің залдарында 11 концерт береді. Сол концерттерде Әміре өзінің сүйікті әндері: Ағаш аяқ, Үш дос, Екі жирен, Дудар, Қос барабан, Қызыл бидай тағы басқаларын айтады. Ансамбльдің концерті бұрын-сонды ондай музыканы тыңдамаған Париж халқына қатты ұнайды. Неше түрлі ұлттардың әндері, олардың сан алуан түрлі аспаптары, түрлі-түсті киімдері, орындау шеберліктері кеңес өкілдерін үлкен табысқа бөлейді. Әсіресе бұрын аттары шықпаған Ресейді жайлайтын аз ұлттардың аз мерзім ішінде мұндай табысқа жетуіне дос сүйініп, дұшпан күйінеді. Бір кезде Ертістің асау толқынының аккомпанементімен ән шырқаған Әміренің енді Сена өзенінің сылдырап аққан дыбысына сиқырлы үнің қосуы тек ән өнеріндегі емес, халықтар достастығын нығайтуда өнердің үлкен рухани құралға айналғаны көрінді. Париждің газеттері өнершілердің концерттері жәйлі үзбей жазып отырды. Париж апталығы атты газеті өзінің 1925 жылы 31 шілдедегі нөмірінде: – деп жазды. Француздың белгілі музыка зерттеуші ғалымы Ле мюзи-каль журналында Әміренің сирек кездесетін музыкалық көрініс екенін жазды. Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында қазақтың бірнеше әндерін жазып алды. Бір айта кететін жай біз осы күнге шейін Әміренің сол фонографқа түскен әндерін шетелмен байланысты мекемелер арқылы қанша талаптансақ та, ала алмай жүрміз. Әміре Париждан елге келеді. Мәскеуде болып, одан туған қаласы Семейге келеді. Бірақ онда көп бола алмай, күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның астанасында ашылғалы жатқан театр тобына кіріп, солармен бірге дайындық жұмысқа кіріседі. Келесі 1926 жылда қаңтардың 13 күні Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет кәсіпкерлік театрдың шымылдығы ашылғанда Әміре қойшы Жапалдың рөлін ойнайды. Оны сол кезде көрген адамдар әлі-күнгі аузынан тастамайды. Өйткені Әміре тек әнші емес, жақсы әртіс болды. Ол сахнада жасанды қимыл-қозғалыссыз, қандай бейнеде болсада, шын жүректен, нанымды, қарапайым атап келеді. Солай бола тұрса да Әміренің шын шүйдесі көтеріліп, шоқтығы аспанға шығатын кезеңі концерттерде болатын. Жарнамада Әміре шығады деген концерттер ол кезде үнемі лық толы болады екен. Күлкілі сөз шебері Қалибек поэзияның жас перісі, әнші Иса, характерлі нөмірлерді жандырып шығаратын Елубай, от боп жанған Құрманбек - бәрі бірінің артынан бірі шыққанда концерт жөнсіз көп уақытқа созылып, көрермен уақытын қалай өткенін сезбей де қалады екен. 1927 жылдың сәуір айында Әміре тағы Мәскеуге шақырылады. Онда, осы әңгіменің басында баяндалғандай кеңестер сьезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады. Әміре сол жылдың жазында Алманияның мамырда Франкфурт қаласында болатын Жержүзілік музыкалық көрмеге шақырылады. Бүкілодақтық шетелмен байланыс жасаушы қоғам онда көрменің кеңестік бөлімін ашты. Бөлменің концерттерінде біздің әр ұлтымыздың өкілдері шықты. Шілденің 22 мен 31 арасында көркемде орыс музыкалық апталығы болып, онда қатысуға РКФСР-ға еңбегі сіңген әртіс, профессор Г.Любимов бастаған кеңестік этнографиялық ансамбль құрылды. Сол ансамбльдің ішінде Әміре де болды. Ансамбль Франкфурттың Үлкен театрында 9 концерт берді. Концерттер аса қызығұшылықпен қабылданды. «Франкфуртер цейтунг» газеті , - деп жазды. Кеңестер Одағы халықтарының өнерлерін екінші Қазақ халқының ән байлығына шетке көрсетуде өнер қайраткерлерінің ішінде Әміре жас ұланы болды. Әміре қайтып Қызылордадағы қазақ театрына келді. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде Әміре де бірге келді. Әміре драма театрында бірнеше рөлдер атқарды. Әсіресе концерттерінде басты әртіс болып жүрді. 1933 жылы драма театры-ның бір бөлек адамвнан құрылған «Музыкалық студияның » ішінде бірінші болып Әміре кетті. Ол студия келесі 1934 жылдың қаңтарының 13 күні «Музыкалық театр» болып, Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» атты музыкалы пьесасымен ашылды.Әміре «Айман-Шолпанда» басты рөлдің бірін атқарды. Бірақ өмірі ұзақ болмай сол жылдың күзінде қайтыс болады. Әміренің негізгі ресми қызметі театрда болғанымен, ол үнемі концерт беруде болатын. 1926 жылы Қ.Жандарбековпен бірге Шымкент, Ташкент қалаларында концерт берді. Қала халқы, оқушылар үлкен ынтамен қарсы алды. Әміренің залды күңірентіп жіберген ащы даусы мен сыңғыраған көмейінен бұралып шыққан үнге таңырқамаған жұрт қалмады. Әсіресе Әміреге бір риза болған жер, Қарқара жәрмеңкесінде болды. Әміре шығады дегенде жиналған жұрт қол соғып, сахнаға шығуын қошеметтеді. Біраз ән айтып кетпек болған еді, жұрт үсті-үстіне қол шапалақтап жібермеді. Әміре «Жалғыз арша», «Сырғақты», «Ісмет», «Қанапия» әндерін айтты. Қасында бір-екі жігіті бар, қалыпты Қыз Жібектің қисасын жазған Шайқы-Ыслам Жүсіпбекұлы келіп,сахнаның сыртында Әміреге танысып, рахмет айтты. Өзінің Екі естелік дегенінде Қалибек Қуанышбаев 1924 жылы Семейде өнерпаздардың ақпан айында болған жиналысында болғаның айтады. Ол Қарқаралы, Өскемен, Павлодар, Баян бәрі бір облыс екен. Павлодардан Майра, Семейден Әміре, Қарқаралыдан Қали Байжанов болады. Басқа әншілер жарысқа түсіп, кезектесіп ән орындағаннан кейін, топталып келе жатып, қарақшыға жақындағанда шұбалып, біртіндеп шыға бастайтын бәйгі аттарындай, аяғында Қали мен Әміре қалады. Бұлар баста әрқайсысы әртүрлі ән айтып, біресе домбырамен, біресе гармонмен сүйемелдеп, қыза-қыза екеуі сахнадан шықпай қояды. Қазақтың ескі әдеті қала ма, Қали айтқанда Қарқаралы, Павлодар, Баяндықтар қошеметтеп, Әміре айтқанда Семейдің көпшілігі шулап, айқайлап қостайды. «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дегендей, екі әншінің бірінен бірін бөлмей, екеуінің де пірлі екенің көрген төреші топ, бірінші-екінші бәйгені қосып жіберіп Қали мен Әміреге бөліп береді. - дейді сол естелігінде Қ.Қуанышпаев. Әміренің қазақ әндерін көп ажарлағанын, байытқанын қазақтың тұңғыш режиссері, халық әртісі үлкен өнер қайраткері Жұмат Шанин де, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовте айтып кетті. 1934 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Халық ағарту Комиссариатының үйінде көптеген өнерпаздар бас қосқан үлкен мәжіліс болды. Оған әншілерден: Әміре Қашаубаев, Темірболат Арғынбаев, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, т. басқалары келеді.Әнді сазбен асықпай қоңырлатып айтатын, баритон дауысты Темірболат салған жерден, қырандай аспандап, шырқап кететін Қуан, әр нотасынан Сахараның кең тынысы сахнаға ере келіп тұрған Манарбек, әнді еркелетіп, уілдетіп, лебізімен жыланды іңнен шығаратын Жүсіпбек, дауысының жоғарысы әйелдің сопраносының бақшасына кіріп кететін Ғарифулла, жүрекке жылы тиетін, жұмасақ меццо-сопрано Бибі-бәрі де,бәйгегі түсетін болғансын, бірінен-бірі оздырамын деп, бар шеберліктерін салып, не бір мықты әндерді коммиссианың алдына табақтай тартып жатыр. Әміре оқуы көп болмағанымен тоқығаны ескергені көп адам еді. Осы жолдардың авторы Алматының музыка техникумында істеп тұрған кезінде ол бір күні техникумға келіп, екі сағаттай сөйлесті. Әңгіменің мазмұны өзінің бұрынғы заман өктемдігімен оқи алмай қалғаны, енді мына бір кішкене қыздарын музыкаға оқытқысы келетіні болды. Бұл 1933 жылдың күзі болатын. Әміре - ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалады. ## Әміре туралы жазылған шығармалар * Жүсіпбек Аймауытов "Әнші" әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі * Ілияс Жансүгіров "Әнші" поэмасы * Қайнекей Жармағанбетовтың "Әнші азамат" повесі * Сәду Машақов пен Оразақын Асқардың поэмалары бар. * Жарқын Шәкәрім, «Әміре» зерттеу кітабы, 1977 жылы жарық көрді. * Жарқын Шәкәрім, «Ән жұлдызы» кітабы, 1978 жылы жарық көрді. * Жарқын Шәкәрім, книга «Амре Кашаубаев», год издания 1981 год. На русском языке. * Жарқын Шәкәрім, «Ән асқары Әміре» зерттеу кітабы, 1988 жылы жарық көрді. * Жарқын Шәкәрім, «Әміре Қашаубайұлы» зерттеу кітабы, 2006 жылы жарық көрді. * Жарқын Шәкәрім, 1974 жылы Мәскудегі Кинофото құжаттары және дыбыс жазбаларының Орталық архивінен Әміре Қашаубаев 1925 жылы орындаған, фонографқа жазылып алынған «Ағаш аяқ», «Дударай», «Бесқарагер», «Смет», «Жалғыз арша», «Балхадиша», «Үш дос» әндерінің үнтаспасын тауып, күйтабаққа аударып автор ретінде жарыққа шығарды. Күйтабақта Әлкей Марғұлан, Серке Қожамқұлов, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин Әміре жайлы естеліктер айтты. * Жарқын Шәкәрім, «Әміре туралы шындық», мақала, «Егемен Қазақстан» газеті, 2013 жыл, 27 ақпан күні жарық көрді. * Әміре Қашаубаев туралы ақын Қайырбек Шағырдың "Ұлы тенор" поэмасы 2006 жылы жарық көрді. ## Дереккөздер
Оспанхан Әубәкіров(4 мамыр 1934, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылы-1986, Алматы) - сықақшы. ## Оқыған жері Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. ## Еңбегі Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композитор-лардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Распенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған. ## Жетістігі 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді. ## Шығармалары * Қоңырау. Сурет-кітапша. А., ҚМ КӨБ, 1961; * Бытбылдық. ## Өлеңдер * А., ҚМКӘБ, 1962; * Жасыратын не бар. Әзіл-сықақ, мысалдар. А., ҚМ КӨБ, 1963; * Қалтадағы қайық. Сурет -кітапша. «Жазушы», А., 1964; * Күлеміз -ау. Сатиралық өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; * Солақай. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; * Көктайғақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; * Сиқыр. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы». 1971; * Сүзеген сөз. Сықақ өлеңдер, А., «Жазушы», 1973; * Ымды білесіз бе? Сықақ әңгімелер, мысалдар. А., «Жалын», 1978; * Жасыратын не бар? Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979; * Қағаз қалпақ. Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар. А., «Жалын», 1983; * Өзіміз білеміз. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1984. ## Дереккөздер
Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйі — Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөрілідегі Әуез әулеті қыстауында орналасқан тарихи және мәдени мекеме. Мұражай жазушының туғанына 90 жыл толар қарсаңында (1987, қыркүйек) ашылған. ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік ауқымда аталып өткен ұлы жазушының туғанына 100 жыл толу салтанаты алдында (1997, қыркүйек) мұражайда қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді. ## Экспозициясы Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұрады: * Әуез бөлмесі; * Мұхтардың балалық, жастық шағы; * Анасының бөлмесі; * «Абай жолы» романы; * Мұхтар отбасы; * Мұхтар шет елдерде; * Мұхтар туған жерінде соңғы рет; * Сыйлықтар залы. Барлығы 1000-ға жуық экспонат бар. Оның 610-ы негізгі қорда. Мұнда жазушының өмірі мен өскен ортасын жан-жақты көрсететін мұрағаттармен танысып, қызықтаумен бірге, ұлы суреткер мұрасы мен өміріне қатысты оқиғалар туралы түсірілген деректі фильмдерді де тамашалауға болады. Мұражай аумағында Омархан мен Нұржамалдың, Ақылбайдың, Әйгерім мен Ділдәнің кесенелері бар. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Сайты Мұрағатталған 13 қыркүйектің 2014 жылы.
Әуезов Үйі, ғылыми-мәдени орталығы — ұлы Жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығарм. мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылым-мәдени мекеме. Алматы қаласында Жазушының өзі тұрған (1951 — 1961) үйде (Төлебаев көшесі, 135-үй) орналасқан. Бұл үйді мұражайға айналдыру туралы Қазақстан үкіметінің қаулысы 1961 жылы 10 тамызда қабылданды. Жазушының әдеби мұрасы, өзі көзі тірісінде тұтынған заттары, үй жиһаздары, қолжазбалары жүйеге келтіріліп, тақырыптық көрмелер жасалып, 1963 жылы 28 қарашада мұражай ресми түрде ашылды. Қазақстан үкіметінің “М.О. Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы” 1993 жылы 19 шілдедегі (ғ 810) қаулысына сәйкес, 1996 жылы 1 маусым күні мұражай “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығы болып қайта құрылды. ## Орталық Бағыттары Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді: * Бірінші бағыты — Жазушының өмірі мен шығармалар мұрасын жинақтау, оны ғылым жүйеге түсіріп саралау, жариялау және Әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. * Екінші бағыты — мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фото, дыбыс қорларындағы мұраларды ғылым жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағаттар, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, архивтерден жинаған құнды деректері, жеке басы құжаттары, т.б. бар. * Үшінші бағыты—М. Әуезовтің азаматтық, шығарм. құқығын қорғау. ## Үй құрылысы Орталық орналасқан мұражай үйі екі қабаттан тұрады, онда 8 бөлме бар. Бірінші қабаттағы кіреберіс дәліз қабырғаларының жоғары жиектері ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Одан көне түркілердің сегіз бұрышты, көк түсті оюларын байқауға болады. Бұрышта киім ілгіш тұр. Сол жақтағы бірінші бөлме жазушының көзі тірісінде “демалыс бөлмесі” деп аталған. Онда күйсандық, теледидар, жұмсақ орынтақтар мен журнал үстелі қойылған. Төрде О. Таңсықбаевтың “Көктөбе”,Б. Орманшының “Гүлдер”, А. Черкасскийдің “Раушан” кескіндемелері ілінген. Мұражай үйіндегі ең үлкен бөлме — қонақ бөлмесі. Ортадағы үлкен үстел мен орындықтар, жиїаздар Ә-тің арнайы тапсырысы бойынша Мәскеуде жасалған. Еденге парсы кілемі төселген. Қабырғаларға А. Риттихтың “Дастарқандағы алма”, Таңсықбаевтың “Бозқараған”, Шығыс Түркістан дағы Қазақ жазушылары сыйлаған “Тау көрінісі” суреттері ілінген. Әйнекті абажа мен кебежелердің ішінде қымбат бағалы, күміспен зерленген ыдыс-аяқтар сақталған. Ұлы жазушы ғұмырының соңғы он жылындағы шығарм. қуанышы мен азабының куәсі болған қастерлі ой отауы — оның жұмыс бөлмесі. Бөлмедегі кітап сөрелері дөңгелене қаланған қабырғаға кіріктіріле орнатылған. Жазу үстелінің үстіндегі қолжазбалар, қаламсап пен қарындаштар, көзілдірік пен кітап, бүркіттің мүсіні сол күйі сақталған. Бұрышта — жазу мәшеңкесі. жазушы кешке жақын ұзақ уақыт шам жақпай, алакеуім көлеңкеде, қолына домбырасын алып, терезе алдындағы диванда отырып күй тартуды өте ұнатқан. Мұражай үйінің бірінші қабатындағы төртінші бөлме — жазушының қарындасы Үміштің (Үмияның) бөлмесі. Бұл бөлме өзгелерден ерекше, Қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы үлгісінде жиїаздалған. Бұрышта — сандық. Терезе алдында Жазушының ертеректе пайдаланған шағын үстелі тұр. Төрге ағайын-туыстарының суреті ілінген. Екінші қабаттағы үш бөлменің ең үлкені — ұйықтайтын бөлме. Жазушы бөлмедегі жиїаздарды Ригадан алдырған. Киім шкафында Жазушы киген киімдер ілулі тұр. Жазушының қызы Ләйләнің бөлмесі шағын, қарапайым ғана жиїазбен жабдықталған. Төрде Орманшының сыйға тартқан суреті ілулі тұр. Жазушының ұлы Ернардың бөлмесіндегі ерекше құнды экспонат — ескі жазу үстелі. Бұл үстелді Жазушы 1932 жылы сатып алған. 1951 жылға дейінгі шығармалары, соның ішінде “Абай жолының” алғашқы екі кітабы осы үстелде жазылған.1997 жылы құрылысы біткен жаңа көрме ғимаратының негізгі бөлігі бұрынғы мұражай үйінің еңсесін баспас үшін жерге сіңіріле салынған. Көрмеге баспалдақпен түседі. Бұл — Әуезовтің көркемдік әлеміне тізеңді бүгіп, тағзым етіп кіру рәсімі үшін әдейі жасалған сәулеттік шешім. Көрменің іші — жалпы түркі әлеміне ортақ көк түспен көмкерілген. Көрменің негізгі мақсаты — ұлы тұлға ғұмырына қатысты заттар, құжаттар,суреттер арқылы жазушының тағдырын, шығарм. мұратын терең де әсерлі ұғынуға жәрдемдесу. Онда қойылған экспонаттар М. Әуезовтің туған, өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, “Алаш” қозғалысы, кеңестік жазалау саясаты тұсындағы көрсетілген қысымдар мен 1930—1932 жылы түрмедегі өмірі, шет ел сапарлары туралы жан-жақты мағлұмат береді. Салтанат ғимаратында Жазушының өзі туралы деректі фильмдермен қоса, оның шығармалары бойынша түсірілген “Абай әндері”, “Райхан”, “Асудағы атыс”, “Көксерек” көркемсуретті фильмдері, замандастарының жазушы туралы айтқан естеліктерінің бейнетаспалары көрсетіледі. жазушының өзінің дауысы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар. Алматы қалалық халық университетінің дәстүрлі сабағы да айына екі рет, жұма күндері осында өткізіліп тұрады. Орталықта мекемелер мен жоғары оқу орындарына, мектептерге апарып таныстыруға арналған тақырыптық көшпелі көрме жұмыс істейді. Қайта қалпына келтіру шеберханасы мен ғылым жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім бар. ## Сілтемелер * Дом-музей М.Ауэзова Мұрағатталған 12 тамыздың 2020 жылы. ## Дереккөздер
Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты – авиация мамандарын даярлайтын әскери жоғары оқу орны. 1974 ж. ашылған. Инженер-ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер, т.б. мамандықтар бойынша авиация кадрларын даярлайды. ## Тарихы Институт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 4 маусымдағы № 688 «Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиацияны Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына ауыстыру туралы» қаулысымен құралған.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 10 шілдесі № 684 қаулысы негізінде Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиациясы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына атын ауыстырды. Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған. 1998 жылдың 22 тамызында мемлекет Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы авиаторлардың – бірінші офицерлер бітіруіне қатысқан. Сол уақыттан бастап әскери оқу орнының қабырғаларында 1000-нан астам офицерлер дайындалған.
«Әулие ата» Сатұқ Бұғра Қарахан, толық аты-жөні Сатұқ Бұғра Абд әл-Кәрім ибн Базыр (шамамен 908 — 955/56) — қолбасшы, Қарахан хандығының негізін қалаушы. Жамал Қаршидың айтуынша, әкесінен ерте жетім қалған. Балалық шағын әкесінің інісі Оғұлшақ Қадырханның қолында, Қашқарда өткізеді. Аңыз бойынша, Сатұқ Қараханның түсіне көктен түскен, тұла бойынан нұр шашқан ақ сақалды, ақ шашты кісі еніп, оған түркі тілінде: “Ислам дінін қабылда! Сен бұл дүниеде және бұдан кейінгі дүниеде мұратыңа жетесің” дейді. Сатұқ ислам дінін қабылдауға ниет етеді. Сатұқ Бұғра Қарахан діни уағыз бен қылышқа қатар сүйене отырып, ағасы Оғұлшақ Қадырханды тақтан тайдырады да, Қашқардан Сырға дейінгі халықты өзіне қаратып, мұсылман дініне енгізеді. Кезінде әкесі билік құрған Қарлұқ қағандығының орталығы Баласағұнды бағындырады (942). Содан бастап Қарлұқ қағандығы жойылып, оның орнына Қарахан хандығы орнайды. Сатұқ Бұғра Қарахан Артұшта (Қашқария) жерленген. ## Дереккөздер
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (3 мамыр 2022 жыл) ## Биографиясы Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руының Таз-Бұлбұл бөлімінен шыққан. * Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979). * 1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964). * 1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. * 1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979). * 1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. * 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. * 1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. * 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. * 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. * 1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары * 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары * 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. * 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. * 2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы. * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған. ## Ғарышқа ұшуы * 1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. * 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және Аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. * 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, Аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут. ## Марапаттары Қазақстанның: * «Халық қаһарманы» атағы * «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы * «Отан» ордені (1995) * Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (3 мамыр 2022 жыл) Кеңес Одағының: * Құрмет Белгісі ордені (1987) * Кеңес одағының батыры атағы (1988), * Алтын Жұлдыз медалі (1988) * «Ленин» ордені (1988), * КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш (1990) * КСРО ғарышкер-ұшқышы (1991) * Қазан төңкерісі ордені (1991) Австрия Республикасының: * «Алтын Крест» ордені 1988) * «Алтын Крест» ордені (1993) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Тоқтар Әубәкір: «Қазақ басын көтерсе, оны тоқтату қиын болады» * Т. Әубәкіровтың сұхбаты Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы. * ӘУБӘКІРОВ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2013 жылы. * Өнегелі өмір иелері Мұрағатталған 27 наурыздың 2012 жылы. * Аубакиров Токтар Онгарбаевич(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
ӘУЛИЕБАСТАУ көне қала орны. Тараз қаласынан батысқа қарай 25 км жерде. Алғаш археологтар Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич зерттеген. Қаланың қазіргі сақталған орны тік төртбұрышты, ұзындығы батыстан шығысқа қарай 400 м, ені солтүстіктен оңтүстіке қарай 140 м, биіктігі 9 м. Үстінде жұмыртқа тәрізді екі төбе бар. Оның біріншісі батысжағында, көлемі 105х87 м, екіншісі шығыс жағында, көлемі 100х120 м. Құрылыс сырты топырақ дуалмен қоршалған, ортасында аумағы 20 м2 үйдің орны сақталған. Шығыс жағындағы орталық қорған ірі тастардан қаланған. Қаланың Оңтүстік-батыс жағындағы жарылған жартастың астынан бұлақ ағып жатыр. Бұлақ суынан қала түбінде аумағы 100 м2 көлшік пайда болған. Ақсу өз. осы көлден бастау алады. Жергілікті халық бұлақты Әулиебастау деп атайды. Қала жұртынан жинастырылған қыш ыдыстардың жасалуына қарап, ғалымдар қала Қарахан әулеті заманында (10 — 12 ғасыр) болған деп тұжырымдайды. ## Дереккөздер
Әулиеата саржауы (лат. Trichanthemis aulieatensis) – астралылар тұқымдасына жататын саржау туысының бір түрі. Ол Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның қиыршық тасты беткейлерінде, жартастарында, орта белдеуінде өседі. Биіктігі 20—40 см болады. Көп сабақты, сабағы түп жағынан сүректеніп, тармақталып өседі. Сағақты жапырақтары ұзынша, қауырсынданып тілімденген. Гүлсебеті дара гүлді, күлтесі ақ-қызыл түсті болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр—маусым айларында гүлдейді. Әулиеата саржауы — өте сирек кездесетін сәндік өсімдік. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынған. Таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Әулиекөл — ауыл, Қостанай облысы Әулиекөл ауданыны және Әулиекөл ауылдық округі орталығы. 1997 жылға дейін "Семиозёр" аталып келді. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 11552 адам (5550 ер адам және 6002 әйел адам) болса, 2009 жылы 11692 адамды (5595 ер адам және 6097 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1897 жылы қаланған. Май, нан, сыра, ұн-жарма зауыттары, т.б. бар. ## Атауының тарихы Ежелгі тарихи мекен. Осы жерде жеті көлдің болуына байланысты орыс мұғажырлары Әулиекөлді Семиозер деп атап кеткен. Әулиекөл аталуы өткен ғасырларда "ауыл ортасындағы айна көлдің бірі сарқырай ағып, жер астына сіңіп кетіпті де, үш күннен кейін қайтадан пайда болыпты" деген ел аузындағы аңызға байланысты. Әулиекөл даңқты адамдарымен де киелі. Мұндағы Құсмұрын бекінісінде Шоқан Уәлиханов дүниеге келген. Әулиекөл мектебінде 19 ғасырдың аяғында А. Байтұрсынов сабақ берген. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен Семиозер ауданы Әулиекөл ауданы болып өзгертіліп, тарихи мекен атауы қалпына келтірілді. ## Дереккөздер
Түймебай Әшімбаев (20. 5.1918, Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы — 15.3. 1995, Алматы) — ғалым, экономикалық ғылым докторы (1967), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының академия (1983), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері (1978). Ысты руынан шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941 — 1945). Соғыс аяқталған жылы “ұлтшыл” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, алты жыл (1945 — 1951) саяси қуғын-сүргіннің азабын тартқан. Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітірген (1957). 1958 жылдан Экономика институтынында ғылым қызметкер, ғылым хатшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін осы институттың директоры болды. Әшімбаевтың ғылым еңбектері Қазақстандағы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану, өндіріс қарқынын жеделдету және оның экономикалық тиімділігін арттыру, инвестиция мен негізгі қордың ұдайы өндірісі, еңбек өнімділігін арттыру, қор қайтарымы және қор сиымдылығы мәселелеріне арналған. Оның өндірістік мүдде, ынталандыру және экономиканы басқару жөніндегі зерттеулерінде нарықтық экономикаға көшу, республика өндіргіш күштерінің жағдайы, даму барысы проблемаларына баса назар аударылған. Әшімбаев — 350-ден астам ғылым еңбектің авторы, олардың 17-сі монография. ## Шығармалыры: * Совершенствование экономического механизма стимулирования производительности труда, А.-А., 1988; * Экономический потенциал и эффективность его использования, А.-А., 1990; * Экономика Казахстана на пути к рынку, А., 1994. ## Дереккөздер
Бағила Өмірбайқызы Әшімбаева (25.3.1944 жыл, Қырғыз Республикасы, Киров ауданы Буденный ауылы) — ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1985). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1966). 1967 — 1992 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында ғалыми, аға ғылыми қызметкері болды. 1992 жылдан Физика-техникалық институтында аға ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми еңбектері электрондық спектроскопияға арналған. Ол зарядталған бөлшектер шоғының энергия және масса талдамасын жасауға арналған сезгіштігі жоғары электр статикалық айналы талдауыштарды құрастыруға қатысты. Мұндай талдауыштар іргелі және қолданбалы физика мәселелерін шешуде кеңінен пайдаланылады. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). ## Дереккөздер
Әкім Үртайұлы Әшімов (Әкім Таразы) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін (1955), Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын бітірген. 1955—1956 жылдары Жамбыл облысының ауыл мектебінде мұғалім, 1956—1958 жылдары «Ара» журналында фельетонист, 1959—1959 жылдары. «Қазақстан пионер!» (қазіргі «Улан») газетінде жауапты хатшы, 1962—1970 жылдары. «Қазақфильм» киностудиясында редколлегия мүшесі, Бас редакторы, 1970 — 1971 жылдары. «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, 1971 — 1980 жылдары. Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы, 1986 жылы [[Қазақстан Жазушылар одағы|Қазақстан Жазушылар одағының]] хатшысы болып істеген. Бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры. ## Еңбегі Алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1956 жылы жарық көрді. Одан бері «Үлкен ауыл» (1968), «Асу-асу» (1970), «Қиян-соқпақ» (1976), «Бұлтқа салған ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Қыз махаббаты» (1982), «Гнездо на облаках» (1984), «Журавли-журавушки» (1984), «Басынан Қаратаудың...» (1985), «Кен», «Тәж» (1986) повесть, әңгімелері, романдары жариялайды. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» романы жарық көрді. Сондай-ақ «Күлмейтін комедия» (1966), «Жақсы кісі» (1968), «Жолы болғыш жігіт» (1972), «Қос боздақ» (1985), пьесалардың, «Тұлпардың ізі» (1984, реж. М. Бегалин), «Арман атаман» (1965, реж. Ш. Бейсенбаев), «Қараш-қараш оқиғасы» (1972, реж. Б.Шәмшиев), «Мұстафа Шоқай», кинофильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар кітаптары шетел тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденінің иегері (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері. ## Дереккөздер
Әулие-ата күмбезі— 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қасбеті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұхарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Әулие-ата күмбезі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қасбеті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған. ## Дереккөздер
Қосымжан Бабақов (1891-1956) - қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданында туған – қазақ әншісі (тенор), халық композиторы. Ғазиз Файзолланың шәкірті. ## Өмірбаяны Қосымжан Бабақов музыкант отбасында өскен: әкесі домбырашы және әнші, ал анасы әнші және ақын болған. 1930 жылдан Қарағанды ​​облыстық радио комитеті хорының жетекші солисті. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1937-1943 жылдары Қазақ филармониясының солисті. Біржан, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз Файзолла, Үкілі Ыбырайдың әндерін орындады. 20-ға жуық ән жазды. Қосымжан Бабақовтың әндерін Р.Есімжанова, М.Көшкімбаев, Ж.Қартабаева, т.б. орындаған. Өз жанынан «Темірші», «Завод», «Машина», «Отан үшін», «Жүр жолдастар майданға» т. б. әндерін шығарды. Әуезов Бабақовтың өзіндік дауысы мен орындау мәнерін ерекше ұнатып, жылы пікірлер білдірген. Біржан салдың әндерін Бабақовқа айтқызып, содан алған әсері бойынша «Абай жолы» романында әншіні суреттеген. Әншінің нотаға түсірткен әндері «Абай» операсында кеңінен пайдаланылды. ## Дереккөздер
Сағи Асанәліұлы Әшімов (18 шілде 1961, Алматы қаласы — 18 қазан 1999, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлық иегері. Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан. * Алматы театр және кино институтын бітірген (1983).Кинодағы ең алғашқы рөлі — “өз дәніңді өсір” фильміндегі Қалам (1978).“Мазасыз балалардағы” Әкім (1980)“Ойлануға бір айдағы” Арыстан (1981),“Қаралы сұлудағы” қызметші (1982)“Айсұлу жайлы аңыздағы” Тәуекел хан (1990)4 сериялы “Шоқан Уәлиханов” телефильміндегі (1982—1984) Шоқанқазақтың тұңғыш көпсериялы “Тоғысқан тағыдырлар” телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдады. * Кинодағы ең алғашқы рөлі — “өз дәніңді өсір” фильміндегі Қалам (1978). * “Мазасыз балалардағы” Әкім (1980) * “Ойлануға бір айдағы” Арыстан (1981), * “Қаралы сұлудағы” қызметші (1982) * “Айсұлу жайлы аңыздағы” Тәуекел хан (1990) * 4 сериялы “Шоқан Уәлиханов” телефильміндегі (1982—1984) Шоқан * қазақтың тұңғыш көпсериялы “Тоғысқан тағыдырлар” телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдады. Әшімов рөлдеріне шынайылық тән. ## Марапаттары Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986). ## Дереккөздер
Бабата күмбезі– Бабата кесене-мешіті – сәулет өнері ескерткіші. Созақ ауданында орналасқан. Күмбез Әзірет Әлінің (Әли ибн Әбу Талиб) жетінші ұрпағы Ысқақ баптың немесе Баб Атаның құлаған мазарының орнына күйдірілген шаршы кірпіштен, ортағасырлық дәстүрлі композициалық үлгіде 19 ғасырда тұрғызылған. Құрылыстың астыңғы негізгі бөлмелері төртбұрышты. Кесенені зәулім биік етіп көрсетіп тұрған бас күмбез сегіз қырлы барабан үстіне салынған. Шағындау екінші күмбез де осы үлгіні қайталайды. Кесененің қас бетінде порталы бар. Оның қос мұнарасы мен аркасы құлаған. Бабата күмбезінде намаз оқитын үлкен бөлме, сағана, діни-рәсімдік, т.б. бөлмелер бар. Мешіт пен сағана аркалы қуыстармен, михраб пен күмбездердің ішкі жағы жазулармен, өсімдік өрнектерімен безендірілген. Бөлмелер сыланып, әктелген, өрнектелген. Баб ата күмбезінің үлгісі Әбдіжәлел баб кесенесіне ұқсайды. ## Дереккөздер
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017).Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді:- Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым. ## Толығырақ * Асанәлі Әшімұлы 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада дүниеге келген. Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан. * 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген. * 1961 жылдан Қазақфильм киностудиясына актерлік штатқа қабылданды. * 1964 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. ## Сахнадағы негізгі рөлдері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен. және т.б көптеген бейнелерді сомдады. ## Кино Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Трансібір экспресі)”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған. ## Кітаптары * «Майраның әні» * «Жан бөлек» * «Алаштың Асанәлісі» * «Менің жанрым – күнделік» * «Ғұмыр-дария» ## Ол туралы * Туған ауылында атасы (әкесінің әкесі) Ысқақ пәрідар атымен мешіт салды. * Жыл сайын әкесі Әшім Ысқақұлы атындағы шахматтан облыстық турнир ұйымдастырады. * Кенже баласына өз есімін беріп, оны да Асанәлі атаған. ## Мемлекеттік марапаттары * Қазақстанның Еңбек Ері алтын жұлдызды құрметті атағы 2017 жылдың 18 мамырндағы ҚР президенті - елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақ кино өнеріне сіңірген айрықша зор еңбектері үшін өзі марапаттады. (Астана, Ақорда). Қазақстан Республикасының марапаттары * 2000 жылы "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты * 2001 жылы еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік марапаты Отан ордені мен марапатталды. * 2003 жылы Ең алғашқы "Шәкен жұлдыздары" фистивальінің лауреаты * 2007 жылы Парасат ордені * 2007 жылы Құрмет ордені (70 жас мерей тойы қарсаңында) * 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі * 2012 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі" төсбелгісі; * 2014 жылы Қазақ театры мен кино өнеріндегі ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарығы мемлекеттік марапаты І дәрежедегі Достық орденімен елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі марапаттады (Астана, Ақорда); * 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі * Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалі * ҚР тұңғыш президенттік степендиясының бірнеше мәрте иегері; * ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының бірнеше мәрте иегері; КСРО марапаттары * Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі * 1973 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйллығының иегері * 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері * 1976 жылы Қазақ КСР халық артисі. * 1980 жылы КСРО халық артисі * КСРОның "Еңбек ардагері" медалі * КСРОның бірнеше мәрте кинофистивальдерінің жүлдегері Халықаралық марапаттары * 2007 жылы Ресейдің Ломоносов атындағы алтын Орденімен марапатталған. * 2011 жылы ТМДның «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты және «Достастық жұлдызы» Ордені; * 2013 жылы «Аңыз Адам» Ұлттық сыйлығының лауреаты; * 2007 жылы Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО халықаралық академиясының «Алтын Қыран» Орденімен марапатталды. * Алматыда жеке жұлдызды аллеясы ашылған. Құрметті атақтары * Қазақстанның бірнеше аудандарымен ауылдарының құрметті азаматы * 2002 жылы Жамбыл облысының құрметті азаматы * 2015 жылы Алматы қаласының құрметті азаматы * 2017 жылы Түркістан облысының құрметті азаматы * Сарысу ауданының құрметті азаматы * Қазақстанның бірнеше жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры * Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері * 2015 жылы Қыздар университетінің «Ұлағат» алтын медалі; * Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Қазақ театрының дамуына орасан зор үлесін қосқаны үшін» арнайы аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл) ## Дереккөздер
Әулиетас 5 — 8 ғасырлардан сақталған ежелгі ғимарат қалдығы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағаш орманынан Оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде. 1947 жылы орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. Құрылыс қисық шаршы тәріздес, қабырғаларының ұзызындығы 29,2х29 м., биіктігі 2,5 м. Маңайында биіктігі 0,6—1,5 м, диам. 10—18 м болатын төбешіктер бар. ## Дереккөздер
Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімов (1 қаңтар 1937 жылы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлікте туған) — ғалым. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1981). Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры. ## Білімі * 1944 - 1954 жылдары Қазақ темір жолының Шу станциясының №62 орта метебін бітірген. * 1954 - 1960 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы Қазақ политехникалық иниституты металлургия факултетенің "металлургия процестерін автоматтандыру" мамандығы бойынша бітірген. * 1960 - 1963 жылдары Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының асперантурасын бітірген. ## Еңбек жолы * 1963 - 1989 жылдары Қазақ политехнологикалық институтынында аға инженер, доцент, кафедра меңгерушісі; * 1976 - 1985 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы Қазақ политехникалық иниститутының ректоры; * 1989 - 1991 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Математика және механика институтынының директорының орынбасары; *1991 - 1994 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ақпараттану және басқару проблемалары институтынының директоры; * 1994 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік аттестациялық камитеттінің төрағасы болды. * 1997 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттану және басқару проблемалары институтынында бөлім меңгерушісі. * 1997 жылдан Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің "Ақпараттық технологиялар" кафидрасының профессоры. ## Ғылыми шығармашылығы * 1964 жылы Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының "Қара және түсті металдарыды өндіру саласында автоматты реттеу және басқару" мамандығынан "Тотықталған никель рудаларын шахталық қортуды матаматикалық модулдердің көмегімен зерттеу" тақырыбы бойынша техника ғылымының канидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. * 1972 жылы Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының "Қара және түсті металдарыды өндіру саласында автоматты реттеу және басқару" мамандығынан "Шахталық пештерде түсті металдардың концентрантары мен рудаларды қортуды оптималды басқару" тақырыбы бойынша техника ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дессертация қорғады. * Әшімовтің негізгі ғылым еңбектері бірегейлендірудің теориялық негіздері, автоматтық басқару теориясы, жүйелік талдау, ұйымдастыру жүйелерін басқару, өндірістік процестерді жобалау мен ғылыми-зерттеужұмыстарын автоматтандыру, т.б. мәселелерді зерттеуге арналған. Халықтар достығы орденімен, т.б. медальдермен марапатталған. ## Мемлекеттік марапаттары * 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін" медалі; * 1980 жылы "Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы берілді. * 1981 жылы "Халықтар достығы" ордені; * 1984 жылы 26 шілдеде "Еңбек Қызыл Ту" Орденімен марапатталды. * 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы; * 1989 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің сыйлығының иегері; * 2006 жылы елбасының жарлығымен Парасат орденімен марапатталды. * 2012 жылғы елбасының қолынан жоғарғы мемелекеттік награда ІІ дәрежедегі Барыс орденімен марапатталды. ## Ғылыми еңбектері * Справочник по теории автоматического управления, М., 1987; * Оптимизация структур данных в АСУ, М., 1988 (соавт.); * Статистическая теория автоматических систем с динамической частотно-импульсной модуляцией, М., 1988 (соавт.); * Введение в теорию систем автоматического управления с изменяющейся конфигурацией, А., 1993 (соавт.). ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме)
Оңдасын Байкенұлы Әшімов (21 наурыз, 1951 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Зерендіде туған) — ғалым. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (2004 жылдан). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Халықаралық жоғарғы мектебінің және ҚР Инженерлік академиясының академигі. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаттары «Парасат ордені» мен «Достық ордені»нің кавалері. ## Толығырақ * Оңдасын Байкенұлы 1951 жылы 21 наурызда Ақмола облысы Зеренді ауданыЗеренді де дүниеге келген. * 1973 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы политехникалық институты)ның «Энерготехника» факуельтетін бітірген. ## Еңбек жолы * 1973 – 1975 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы политехникалық институты)нда зертеуші; * 1975 – 1996 жылдары Алматы энергетика және байланыс иниститутында асперанты, кіші, аға ғылыми қызыметкерлер, аға оқытушы, лабаратория меңгерушісі; * 1996 – 2000 жылдары осы иниституттың бірінші про-ректоры болды. * 2000 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және Республикасының білім және ғылым министрлігінің ЖАК төрағасының орынбасары; * 2002 – 2003 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының маслихат депутаты; * 2002 – 2016 жылдары Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болды. ## Ғылыми атағы * 1993 жылы Техника ғылымдарының докторы; * 1995 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді. * 2004 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі; * 2006 жылдан Халықаралық инженерлік педагогика қоғамының мүшесі. * 2009 жылдан KNAEN академигі. * 2011 жылдан Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі. * Қазақстан педагогика академиясының мүшесі. ## Мемлекеттік марапаттары * 1980 жылы Қола медаль ENEA КСРО; * 1985 жылы «КСРО өнертапқышы» құрметті белгісі; * 2002 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері(құрметті атағы); * 2005 жылы «Қазақстан Конститутциясына 10 жыл» медалі; * 2006 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды. * 2006 жылы ҚР Білім министрлігінің Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі; * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; * 2015 жылы елбасының жарлығымен «Парасат ордені»н алды. * ҚР тұңғыш президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке алғыс хаттарымен марапатталған (2001,2005,2006,2011,2012жылдар); * 2013 жылы «Қазақстан Даңқы» құрметті ордені; * 2013 жылы «Қазақстан ұлттық теңгесіне 20 жыл» медалі; * 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл» медалі; ## Халықаралық марапаттары * 2006 жылы қазіргі қоғамның зияткерлік дамуына қосқан жеке үлесі үшін Халықаралық марапат Сократ Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. (Оксфорд, Ұлыбритания); * 2006 жылы Еуропалық интеграция, дамытуға қосқан жеке үлесі үшін - «Біріккен Еуропа» халықаралық марапаты «Біріккен Еуропа» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. (Оксфорд, Ұлыбритания); * 2008 жылы Қазіргі заманғы білім беру мен ғылым саласындағы жеке жетістіктер үшін арнайы «21 ғасырдың 2000 көрнекті интеллектуалдары» атты құрметті дипломы берілді. (Кембридж, Ұлыбритания); * 2012 жылы ғылым және экономика дамытуға сіңірген еңбегі үшін Ресей Жаратылыстану Академиясының арнайы алтын медалі; * 2012 жылы академик И.И.Синягинаның алтын медалі; * 2012 жылы «академик Бараевтың туғанына 100 жыл» мерекелік медалі; * 2013 жылы Вернадскийдің құрметті күміс медалі; * 2014 жылы «Тың жерлерді иегеруге 60 жыл» медалі (РФ); * 2015 жылы «М.И.Ломаносовқа 300жыл» құрметті медалі (РФ); ## Ғылыми еңбектері * 1988 жылы «Балқытылған отқа оксидтері» кітабының авторы. * 2001 жылы «Оксиді материалдарды балқыту үшін Электротехнологиялық жүйелер» еңбектері жарық көрді. * 190-нан астам ғылыми жарияланымдардың авторы; * Оңдасын Байкенұлының авторлық 40 сертификаттар және 1 патенті бар. * Негізгі ғылыми еңбектері электрлі термиялық аппараттарды құрастырудың, электр технологиясының және энергия сақтаудың теориясы мен практикасын зерттеуге арналған. ## Сыртқы сілтемелер * [1] Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * [2]
Бабажы-қатын кесенесі – Қазақстандағы X-XI ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан. ## Архитектурасы Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына көркем қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, көркем қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерден кездеседі. Бір-біріне қаптай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Бабаджа-Хатун кесенесінің тұрғызылуы туралы аңыз Айша Бибі кесесінің салынуы туралы аңызбен тікелей байланысты. Аталған аңыздың түрлі нұсқалары бар. Кең таралған аңызға сәйкес - Айша Бибі XІІ ғасырда өмір сүрген атақты ақын, ойшыл, ғұлама Сүлеймен Бақырғанидың қызы болған. Ол өмірден озғанынан кейін Айша Айқожы шейхтің тәрбиесінде болды. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене Шах-Махмұд Харун Бұғра Қарахан құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның әкесі бұған келісім берген жоқ.Екі жастың қосылуына Айша Бибінің әкесі қарсы болып: «Сені Қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін»,– деп теріс батасын береді. Айша Бибі қара судың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабаджа-хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты. Өкінішке орай, әмірші Айшамен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Некелі жарынан айрылған Қарахан батыр дәл сол жерге ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа-Хатун өмірінің соңына дейін кесененің сақтаушысы болды. Күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі Айша Бибіден 20 қадам жерде кесенесі орналасқан. Кесене сәулеттік композицияның қарапайымдылығымен, монументтілігімен және пішіндердің аса әсемдігімен ерекшеленеді. Көлемді композицияның тұрақтылығы мен тақтатастан жасалған төсеніші бар тас іргетастан тұрғызылуының арқасында кесене осы уақытқа дейін сақталған. Оның шаршы тұрпаттас ғимараты он алты қырлы жұмыр қабырғада орналасқан қырлы күмбезбен көмкерілген; қасбет қабырғаларының беті жерге жетпейтін қуыстармен, әшекейлеп қаланған бойтұмарлармен безендірілген. Бас қасбеттің ортасында кесенеге баратын дөңгелек қақпа тұрғызылған. кесененің бас қасбетінің парапетінде араб тілінде: «Бұл Бабаджа-Хатун қабірі. Оны салушы...» деген жазу қалдықтары сақталған. Кесененің шаршы тұрпаттас пішіні бар, оның мөлшері 6,8х6,8х5,0 метр, қабырғалардың қалыңдығы 1,23 метрге жетеді. Мөлшері 24х24х 0,5 см болатын ашық күйдірілген кірпіштен қаланған. Бабаджа-Хатун кесенесінің сәулеттік композициясы қарапайым, әрі безендірулері аз. Ғимарттың үш қасбетінде (батыс қасбеттен басқа) қуыстар мен бойтұмарлар өрнектелген. Басты қасбет жанама қасбеттерден парапеттің болуымен ғана ерекшеленеді. Қасбет қабырғаларының беті жалған арка тәріздес жалған терезелермен және қуыстармен безендірілген. Терезелер үстінде әшекейленіп, кірпіштен қаланған шеңберлер бар. Декоративті қуыстар мен бойтұмарлар қабырғаға қаланған, кесіндісінде тік қырлы науаны жасайтын П әрпі түріндегі шеңбердің ішіне салынған. Жиектеменің үстімен бұрыштары сыртқы қабырғаға қарай бұрылған қосарланған кірпіштерден тұратын тісті көлденең жолақ өтеді. Осындай жиектемелер күмбез қойылған парапет пен барабанның үстімен бойлай өтеді. Қабырғалардан сегіз қырлы қабырға мен күмбезге өтетін жер тромпалармен бүркемеленген. Кесене қашалған барабанмен көмкерілген, ол 16 қырлы конус күмбез үшін негіз болды. Өкінішке орай, тарихи күмбез осы уақытқа дейін сақталған жоқ. 1981 жылы күмбез «Қазжобареставрация» жобалау институтының жобасы бойынша қайта жаңартылды. ## Зерттеу жұмыстары XIX ғасырдың соңынан бастап Бабаджа-Хатун кесенесін бірнеше ғалымдар: 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 жылы А.Н. Бернштам, 1953 жылы Т.Қ. Бәсенов зерттеген.1982 жылдан бастап Кесене сәулет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекеттің қорғауына алынды ## Қазіргі кезде 2002 жылы Бабаджа-Хатун кесенесінде реставрациялау жұмыстары жүргізілді, күмбез зерттеліп, бүкіл құрылыс іргетасының негізі нығайтылды. ## Дереккөздер
Бабата – орта ғасырлардан сақталған қала жұрты. Созақ ауданы, Бабата ауылының маңында. Бабата – Түркістан мен Сайрамнан кейінгі орында әулие бабтардың Қыпшақ даласына ислам дінін таратуында үлкен орталық болған кенттердің бірі. Кентті діни орталыққа айналдырған адам – Ысқақ баб. Ол кісіні халық «Баб ата» деп, кентті де соның есімімен атап кеткен. Бабата кенті ғылымда әдебиетте көптен белгілі, орта ғасырлардағы жазбаларда жиі кездесіп отырады. Орыс ғалымдарынан алғаш назар аударған – Г.И. Спасский. Кеңес дәуірінде Бабата толық зерттеліп, оның кенттік құрылысы, мәдениеті, архитектурасы жайлы деректер жарыққа шыққан. 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. Ә.Марғұлан), 1948 жылы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. 1953 – 1954, 1957 – 1958 жылы экспедиция тұрақты қазба жұмыстарын жүргізді. Шахристанның оңтүстік-шығыс шетіндегі цитадельдің орны болып есептелетін жартылай сопақ төбенің биіктігі 10 м, төмен жағының аумағы 4260 м, төбесінің аумағы 1217 м. Цитадельде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 5 – 8 ғасырларға жататын құрылыстың төменгі қабатынан сегіз бұрышты үйдің орны табылған. Ортасында құдығы бар. Төбесі күмбезделіп жабылған. Бөлменің аумағы 5,8 м2, қабырғаларының биіктігі 5,38 м. Бөлме ішкі аулалармен дәліздер және баспалдақты қуыс жолдар арқылы жалғасқан. Дәліздердің төбесі арка пішінінде жабылған. Цитадельдегі ең алғашқы бұл құрылыс отқа табыну ғибадатханасы болып, кейіннен қорғанды қаланың негізгі бөлігіне айналған деген пікір бар. Бұл құрылыс қабырғаларының көпшілігі бұзылып, топырақ басып қалған бұрынғы құрылыс қабырғаларының пішінін қайталайды. Қабырғалары саз (шым) кірпіштерден қаланған жоғарғы қабаттағы үй 8 бөлмеден тұрады. Бұл қабаттың да орта тұсында төбесі күмбезделіп жабылған, қабырғаларында ойық сөрелері бар сегіз қырлы үлкен бөлме орналасқан. Оны қоршай, әрқайсысының ауданы шамамен 10 – 16 м2 келетін төртбұрышты бөлмелер орналасқан. Жоғарғы құрылыс қабатынан табылған қыштан жасалған құмыра, майшам, тостаған, ұршықбастар мен олардың әр түрлі бөлшектері 9 – 12 ғасырларға жатады. Цитадель 13 – 14 ғасырларға дейін жеткен. Сыртқы жобасы тік бұрышты келген шахристан дүниенің төрт нүктесімен бағыттас, орташа биіктігі 7 – 8 м. Қабырғаларының ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 182 м, батыстан шығысқа қарай 145 м. Үш жағынан биіктігі 1,5 м дуалмен қоршалған. Дуалдың ұзына бойынан 15 мұнараның орны анық байқалады. Шахристанның орта тұсынан жалпақ тастардан қалап жасаған су қоймасы табылды. Оның қыш құбырлардан құрастырып жасалған ұзындығы 30 м суағары бар. Рабад цитадель мен шахристанды қоршай орналасқан. Жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде қала тіршілігі төрт кезеңнен тұратындығы анықталды: 1) 6 – 7 ғасырлар, бекіністі мекенжай кезеңі; 2) 8 – 10 ғасырлар, қорғаныс қабырғалары, мұнаралары, сыртқы дуалы мен орлары бар бекініс-қала кезеңі; 3) 10 – 12 ғасырлардағы қала құрылысының кеңейген, рабад салынған, қорғаныс қабырғалары нығайып, тұрғындар саны көбейіп, шаруашылық, қолөнер түрлерінің дамыған кезеңі; 4) 13 – 14 ғасырлардағы кенттің біртіндеп күйреу кезеңі. Ғылыми әдебиеттерде Бабата 10 ғасырдағы жазба деректерде кездесетін Баладж қаласының орны деген пікір де бар. Қазан төңкерісіне дейін осы маңдағы қыстақта Баб Ата медресесі жұмыс істеген. Медресе ғимараты күні бүгінге дейін сақталған. Баб Ата күмбезі де осында. ## Пайдаланған әдебиет
Елді мекен: * Бағаналы – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Бағаналы – Қазақ халқының құрамындағы ру. * Бағаналы – Қазығұрт жотасының батыс сілеміндегі аласа жота.
Бағлан — ерте туып, ерте жетілген қозы. Бағланның еті жұмсақ әрі тәтті болатындықтан, оны көбіне сыйлы қонаққа сояды. Заман өте келе “бағлан қозы” тіркесі ықшамдалып Бағланға айналған. Батырлық жырларда кездесетін: “Бал татыған бағлан” деген өлең жолдары осының айғағы. ## Дереккөздер
Бағырлай – Жайық алабындағы өзен, Жайықтың оң жақ тармағы. ## Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Атырау облысының Индер аудандары арқылы өтеді. Ұзындығы 239 км, су жиналатын алабы 2 мың км2 . ## Бастауы Базартөбе ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығады да, онымен қатарласа оңтүстікке қарай ағады. Тереңқызыл көліне жетпей, құмға сіңіп, тартылып қалады. ## Гидрологиясы Аңғары мен арнасы кең, батыс жағасы жарлы болып келеді. Жылдық орташа ағыны 2,1 м3 /с. Желтоқсан-сәуір айлары аралығында бетіне мұз қатады. Суы тұщы, лайлы. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. Өзен бойында ауданы 5,5 км2 Бағырлай бөгені салынған (1965). ## Дереккөздер
Бадамша, миндалины (tonsіllae) — мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысының аралықтарына орналасқан бездер. Бадамша лимфоидты тіндерден құралады, иммундық жүйеге жатады және организмді қоршаған ортаның зиянды микробтарынан қорғайды. Сәбилерде, жасөспірімдерде Бадамша жақсы қорғаныс қызметін атқарады. Ересек адамдарда лимфоид тіндерінің бірте-бірте дәнекер тіндеріне айналуына байланысты Бадамшаның қорғаушы қасиеттері азаяды. Бадамша таңдай, тіл, жұтқыншақ, түтіктік Бадамшалары болып ажыратылады. Таңдай Бадамшасы жұп болады, көмейдің (ауыз қуысының жұтқыншаққа өтетін шекарасы) екі бүйірінде, ал тіл Бадамшасы сыңар болады, тілдің түбірінде, шырышты қабық астында орналасады.Жұтқыншақ Бадамшасы біреу, жұтқыншақтың жоғ. және артқы қабырғаларының аралығында жатады, ал бір жұп түтіктік Бадамшалар жұтқыншақтың мұрын бөлігінде және есту түтігінің жұтқыншаққа ашылатын тесігін қоршай орналасады. Бадамша асқынғанда жұтыну, тыныс алу қиындайды. Бадамшаның үлкейіп қабынуы баспа (ангина, тонзилит), аденоид жұқпалы ауруларына шалдықтырады. ## Дереккөздер
Бадамша, Батамшы (Бадамшы) — ауыл, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының және Бадамша ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Қандыағаш - Орск темір жол бойында орналасқан. Қара топырақты шөлейтті дала белдемінде бұта аралас бетеге, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. ## Тарихы Іргесі 1941 жылы қаланған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 5412 адам (2549 ер адам және 2863 әйел адам) болса, 2009 жылы 5359 адамды (2521 ер адам және 2838 әйел адам) құрады. ## Шаруашылығы Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және оны өңдейтін ұжымдық, жекеменшік өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейді. Кемпірсай никель кен басқармасы, кірпіш, нан, ұн-жарма заттарын жасайтын мекемелері бар. ## Инфрақұрылымы Баспахана, мәдениет үйі, орта мектептер, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау орындары бар. Тұрғындары Ақтөбе қаласымен, басқа да елді мекендермен автомобиль және т. жылы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922, Қазалы, Түркістан КФР, КСРО — 8 ақпан 2011, Алматы, Қазақстан) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996). Өнер жолын Ташкент қаласындағы филармонияда ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, Әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Шапағат» медалімен марапатталған. ## Өмірбаян 1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан Роза Бағланованың әкесі Тәжібай бақуатты кісі болған. Әуелі татар қызы Мәриямға үйленген. Кейін Күндей деген шешесі ер адамға ізін жалғастыратын ұрпақ керек деп, екінші рет Ақкүріш деген қазақ қызын алып береді. Екі әйелі қатар босанып, Мәриямнан Ыдырыс деген ұл, Ақкүріштен Роза дүниеге келді. Аумалы-төкпелі кезеңде Тәжібай отбасы Ташкентке қоныс аударады. Роза Бағланова тетелес бауыры Ыдырыстың әскерге кеткенін ғана біледі. Содан ол хабарсыз кеткен. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді. 2011 жылы 8 ақпанда Алматы қаласында Роза Бағланова қайтыс болды. ## Еңбек жолы Мектеп бітірген соң 1939 жылы Роза Қызылорда педагогика институтына түседі, бірақ кенеттен әкесі қайтыс болып, туыстарды жағалап, тұрмыстық жағдайға байланысты сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауысады. Әншінің бойжеткен шағы ашаршылық пен аласапыран жылдарға дөп келеді. Ташкентте жүргенде оның ерекше дауысы бірден көзге түседі. "Үйдің тіршілігін жасай жүріп, ән салатын әдетім бар еді. Әлі есімде, есіктің алдын сыпырып жүріп әндеткен қыздың даусын естіп, өзбек филармониясының директоры "Ән айтқан кім?" деп іздеп келді. Менің әншілік өмір жолымды, бағымды ашқан сол Кари Якупов әка еді. Содан Кари әканың көмегімен Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші болдым. Одан соң 1941 жылы Москва консерваториясына жолдама алғанымда соғыс басталып кетті", - дейді Роза Бағланова бір сұқбатында. Сол ансамбльмен Роза Бағланова Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. Бірақ ол барлық концертте Өзбекстан атынан шығып жүреді. Бір күні Өзбекстандағы керемет әнші қазақ қызы туралы Жұбан Молдағалиев естиді. Роза Бағланованың Отанына оралуына тікелей себепші болған осы кісі. Ол кезде Жұбан Молдағалиев Москвада Жоғарғы партия мектебінде оқып жүрген. Қазақ ақынының қолдауымен 1949 жылы Роза Бағланова елге оралады. Одан кейін де әкесіндей боп, қызға қамқорлық танытып отырған. Будапештте өткен ән жарысына да Розаны ілестіруге Жұбан Молдағалиев тікелей атсалысады. Роза Бағланова 1946 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әншілерінің ІІ-конкурсының дипломанты, 1949 жылы Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің ІІ-Бүкілдүниежүзілік фестивалінің лауреаты атанды. Осында КСРО елінің атағын асырып, "Ах, Самара-городок" әнін айтып, Роза Бағланова бас бәйгені қанжығалайды. Осы сапардан оралғанда ол өзін Сталин шақыртып жатқанын естиді. Жалпы, ол кісінің қабылдауында әнші үш рет болыпты. Әншінің жанына жара салған жалған сөз Расында Роза Бағланованың сұлулығына еліткен бір Хрущев емес, олардың қатарында шетелдің мемлекет басшылары, маршалдар, генералдар, хатшылар, колхоз председательдері, совхоз директорлары, шахтерлар, қарапайым азаматтар да болған."Әскери атақты қолбасшыларды майдан даласында көрдім. Маршалдар - Жуков, Малиновский... Бәрі де әніме, үстімдегі қазақтың қынама бел жарасымды ұлттық киіміне қызықты, "дала қызғалдағына ғашық болдық" деді әскер басшылары. Айтылды, өтті, кетті", - деп еске алады өмірінің бұл арасын әнші. Пластикалық отаға қатысты алып-қашпа сөздер Роза Бағланованың жанын ауыртыпты. Әнші ол отаны жетіскеннен жасатпағанын бір сұқбатында былай деп айтып береді:"1944 жылы жауынгерлерге концерт қойып жүргенде, майдан даласында бетімді снарядтың жарықшағы жанып өтіп, көзіме зақым келді. 1979 жылы екі көзім бірдей көрмей қалды. Сол жылы жоспарлы Павлодар қаласындағы концертімнен де қалмадым. Сахнаға жетектеп шыққан адамдар куә. Алдымен Жаратқанның, содан соң дәрігерлердің құдыретімен жанарымды сақтап қалдым. Көпшілікке топырақ шаша алмайсың, көзін әдемілеймін деп пластикалық ота жасатып, соқыр бола жаздапты деп жұрт гуілдеп жүр енді", - деп ренжіген Бағланова. ## Әндері «Әдемі» — Әні Е. Хасанғалиевтікі, сөзі Ә. ТәжібаевтікіӘншінің орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», композитор М. Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», С. Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері Қазақ радиосы фонотекасында сақтаулы, бірнеше рет күйтабаққа жазылған. ## Әншіге құрмет * Әйтеке би кентіндегі орталық көшеге және мәдениет орталығына Роза Бағланованың есімі берілді. * 30 мамыр 2015 жыл. Роза Бағланованың туған жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш-бюсті ашылды. «Жеңіс» саябағында салынған Роза Бағланова атындағы 300 орындық мәдениет Үйінің алдына Қазақстанда алғаш рет әншінің ескерткіш-бюсті қойылды. Роза Бағланова мүсінінің авторы – Қазақстан Республикасының халық мүсіншісі, өнер қайраткері Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев. Биіктігі – 1 м. 42 см, тұғырының биіктігі – 2 м., ені – 97 см болатын бюст қоладан құйылып, тұғыры мрамормен қапталған. * 2022 жылдың 15 сәуірінде Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ескерткіш ашылды. Медеу ауданында биіктігі 4,8 метр қоладан жасалған ескерткіш орнатылды. Ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орналасқан. ## Марапаттары * «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі * «Еңбек Қызыл Ту» ордені * «Ленин» ордені * «Шапағат» медалі * «Халықтар достығы» ордені * «Құрмет белгісі» ордені * «Отан» ордені ## Дереккөздер
Нәйлә Оразғұлқызы Базанова (11 қараша 1911 жыл, Бішкек – 11 қараша 1993 жыл, Алматы) — қазақстандық ғалым, қазақ әйелдері арасынан шық­қан тұңғыш биология ғылыми докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1951), Қазақстан еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1932). 1932–1947 жылдары сол институтта ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, 1948–1951 жылдары эксперименттік биологиялық инститтутының директоры, 1951–1966 жылдары Қазақстан ғылым академиясының биологиялық және медициналық бөлімінің академигі-хатшысы, 1966–1986 жылдары Физиологиялық институтының директоры, ал 1986–1993 жылдары сол институттың құрметті докторы бол­ды. Негізгі ғылыми еңбектері ірі қара малдың ас қорыту ерекшеліктерін және жас төлдің өсуі мен физиологиясын зерттеуге арнал­ған. Ол малдың ішек-қарнындағы мембраналы ас қорыту механизімін ашып, ішек-қарын кенерісіндегі ас қорыту күйіс малына да тән екенін дәлелдеді. Малды пропион қышқылды ашытқыш қосылған сүрлеменің жаңа түрімен азықтандыруды ұсынды. Ленин орденімен, Қазан төңкерісі, Еңбек Қызыл Ту ордені, екі рет Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған. ## Шығармалары * Развитие регуляции кровообращения и дыхания у некоторых сельскохозяйственных животных в онтогенезе, А.-А., 1946; * Функция молочной железы у сельскохозяйственных животных, А.-А., 1973 (соавт.); * Пропионовокислые бактерии в силосовании и кормлении сельскохозяйственных животных, А.-А., 1977 (соавт.); * Закономерности всасывательной деятельности желудочно-кишечного тракта, А.-А., 1985 (соавт.). ## Дереккөздер
Әли Оразғұлұлы Базанов (24.1.1918, Бішкек — 1944, Харьков маңында) – жауынгер композитор. Алматыдағы 14 мектепте оқып, музыкадан қосымша дәріс алған. 1932 жылы Мәскеу қаласында жұмысшы жастар факультетінде оқыған. Сонда жүріп студент жастардан ішекті аспаптар оркестрін ұйымдастырған. 1935 жылы Мәскеу авиация институтынына түскен, ал 1938—1941 жылы Мәскеу консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясының композиция бөлімінде білімін жалғастырған. Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945) басталысымен өзі сұранып, майданға аттанған. Базанов — “Жастар”, “Бас алға, батырлар”, “Ерлерім”, “Ана толғауы”, “Қызыл жалау”, “Жәмилә қарындас”, т.б. әндердің авторы. “Желсіз түнде жарық ай” (Абай), “Кербез сұлу”, “Ләйлім”, т.б. әндерді фортепианоға түсірген. Ә. Әбішевтің “Қырағылық” драмасына музыка жазған. Базанов - қысқа өмірінің ішінле көп әндер жазып ("Жастар маршы", "Бас алға, батырлар", "Комсомол" т.б) қазақ совет музыкасында белгілі із қалдырған композитор. ## Дереккөздер
Мүсілім Базарбаев(15.5.1927, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Кекірелі ауылы – 9.11.1995, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1993). ҚазМУ-ды (1948, қазіргі ҚазҰУ) және СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының директорының орынбасары (1956–1961), Әдебиет және өнер институтының директоры (1961–1970; 1981–1986), Қазақ КСР-і Мәдениет (1970–1976) және Сыртқы істер министрі (1976–1981), Әдебиет және өнер институтында аға (1986), жетекші ғылыми қызметкер (1986–1988), бөлім меңгерушісі (1988–1995) қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері, әдебиеттану мәселелеріне арналған. 3 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960–1967), «20–30-жылдардағы қазақ әдебиеті» ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады (1998). «Қазақ поэзиясындағы ұлттық дәстүрлер және жаңашылдық» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің тыйым салуына қарамастан, докторлық диссертацияның бір тарауын Шәкерім Құдайбердіұлына арнап, ақынның алғашқы зерттеушілерінің бірі болды. Көркем аудармалары қазақ тілінде жарық көрді. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Шығармалары: * Живые традиции, А.-А., 1962; * Әдебиет және дәуір, А., 1966; * Қаһарлы жылдар жыры, А., 1968; * Эстетическое богатство нашей литературы, А.-А., 1976; * Көрікті ойдан – көркем сөз, А., 1994; * Казахская поэзия: художественные искания (к традициям Абая), А., 1995; * Замана тудырған әдебиет, А., 1997. ## Сыртқы сілтемелер * ЕКТУ(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Қапан Оралұлы Бадыров (21 қыркүйек 1904 жылы, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Табын - 14 маусым 2000 жылы Алматы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1942), Қазақ театрының іргесін қаласқан өнер саңлақтарының бірі. ## Өмірбаяны 1-басқышты ауыл мектебін бітіргеннен кейін, 1922—25 жылы Қазақ халық ағарту институтынында (Орынбор) оқыған. Сондағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1922 жылы Б. Майлиннің “Бетім-ау, құдағи” аталатын шағын пьесасында Айқын келіншектің рөлін ойнап шыққан. 1925 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан Қазақ драма театрына шақырылады. 1926 жылы Қазақ драма театры гастрольге кеткенде, Бадыров жолдамамен Алматы малдәрігерлік техникумына оқуға жіберіледі. Онда оған жастар театрының көркемдік жағын басқару ісі тапсырылып, М. Әуезовтің “Қарагөз”, “Еңлік—Кебек”, Ө. Оспановтың “Зарлық”, Ә. Сұлтановтың “Дариға-Қайдар”, татар Жазушысы Фахти Бурнаштың “Яш юряклар” спектакльдерін қойып, өзі де рөлдерде ойнады. 1931 жылы Қазақ драма театрына қайта оралады. Бадыров 1940—1941 жылы режиссурамен де айналысып, Ә. Әбішевтің “Жолдастарын” сахнаға шығарды. ## Ойнаған рөлдері Алғашқы көрнекті рөлі — М. Тригердің “Сүңгуір қайығындағы ” Игорь Оленин. Сонан кейін Еркебұлан (С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарларында”), Жетекші (Н. Погодиннің “Менің досымында”), Михайлов (В. Киршонның “Астығында”), Науан хазірет, Амангелді (Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты” мен “Амангелдісінде”), Телғара (Ә. Тәжібаевтың “Жалғыз ағаш орман емесінде”), Жомарт (Ғ. Мұстафиннің “Миллионерінде”), профессор Мамлюк (Ф. Вольфтің “Профессор Мамлюгінде”), Арқалық (Ж. Шаниннің “Арқалық батырында”), Бекболат (Б. Майлиннің “майданында”), Шыңғыс сұлтан, Әлихан Бөкейханов (С. Мұқановтың “Шоқан Уәлихановы” мен “Сәкен Сейфуллинінде”), Төле би (Т. Ахтановтың “Антында”), М. Яровой (К. Треневтің “Любовь Яроваясында”), Отелло (У. Шекспирдің “Отеллосында”), Уәзір (Н. Хикметтің “Фархад-Шырынында”), т.б. рөлдерді ойнап, Қазақ сахнасында көптеген кесек образдар жасады. Әсіресе, Науан хазірет пен Отелло бейнелері — Бадыровтың Қазақ сахна өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі. Кейінірек У. Шекспирдің “Асауға-тұсауындағы” Баптиста, М. Әуезовтің “Еңлік—Кебегіндегі” Абыз бейнелері сияқты қарама-қайшы характерлерді сахналауы оның жан-жақты дарынын танытты. М. Әуезов драматургиясы Бадыров шығармашылығынан ерекше орын алып, Жазушының 21 пьесасында ойнады. Олардың арасында Кембай, Көбей, Қараменде, Еспембет (“Еңлік — Кебекте”), Керім (“Абайда”), Сапа, майқан болыс (“Түнгі сарында”), Демеужан (“Бәйбіше-тоқалда”), Маман (“Айман — Шолпанда”), Қобланды (“Қарақыпшақ Қобландыда”), Кәрібоз батыр (“Хан кенеде”), Бөрібасар (Ә. Тәжібаевпен бірігіп жазған “Ақ қайыңда”), Б. Момышұлы, Сталин (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған “Намыс гвардиясында”) сияқты образдар бар. М. Әуезовтің “Абай” романының инсценировкасындағы Абай рөлі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығының берілген (1952). Кинода Қаратай (“Амангелдіде”), Айдар, Сырттан (“Абай әнінде”), Көреген (“Алып туралы аңызда”), Сәрсен (“Өмір жолында”) рөлдерін ойнаған. ## Фильмографиясы * 1938 - Амангелді - Қаратай * 1942 - №12 әскери киножинақ - Сәбит Айманов * 1942 - Алыптың әні - Күрекен * 1945 - Абай әндері - Айдар * 1948 - Алтын керней - Ыбырай Жүнісов * 1950 - Қайратты адамдар - Хәкім * 1952 - Жамбыл - Боранбаев * 1954 - Дала қызы - Бектас * 1956 - Даладағы қайыңдар - эпизод * 1958 - Теңіз дауылында - Әлібек * 1959 - Өмір жолында - эпизод * 1959 - Бір түні - Әбіл Жақанов * 1964 - Алдар көсе - эпизод * 1965 - Еңлікгүл шешек атқанда - Жүнісов ## Шығармашылығы мен марапаттары Бадыровтың “Өткендер мен өткелдер” (1974), “Естен кетпес есімдер” (1981), “Театр, моя судьба” (1987) деген естелік кітаптары, көптеген мақалалары жарық көрді. Екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Базар Жырау Оңдасұлы Балқы Базар (1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, Өзбекстан, Тамды ауданы Жалпақтау деген жерде) – жырау. Руы – Шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар жырау аталып кеткен. Базар өлеңдері алуан салалы. «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» т.б. өлеңдерінің мәні ерекше. Ақын атаулы соқпай өтпеген атақты «Жиырма бес» туралы Базар да өзінше толғайды. «Жігіттер» деген өлеңінде ақын жастықшақты табиғаттың долы күшіне қара дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлайды. Елінің керегіне жарар азамат болуды әрбір жігітпін деген жастардан күтеді. Жырау атағы әйгілі батырларды ардақтап жыр толғайды. Базардың кейбір арнаулары өзінің жеке адамдарға деген көңіл-күйін танытады. «Сүйген жарыма», «Нарманға», «Бақа биге» толғаулары осындай арнау өлеңдер. Базардың әлеуметтік мәселелерді көтерген «Әр кемелге – бір зауал», «Сұм дүние» сияқты философиялық толғауларында «Алғыр қыран», «Қамал бұзар батыр, жел жатпес жүйрік», «Күн тимес сұлу» бәрі де дүниеден өтеді. Оларға бақ, дәулет, дүние ара-тұра алмайтындығын көрсетеді. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау 15–16 жасында бала жырау атанады. 1858-ші жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет», т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна – тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907-ші жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады. Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы таныс болғандығы анықаласы «Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық», т.б. іргелі толғауларында ол өмірдің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды. Оның жырлары афоризм¬ге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Сонымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып отырады. Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әртүрлі маусымы, туып-өскен жер, т.б. жайлы шығарған толғау-термелері де көп. Сараң байларға, қиянатшыл әкімдерге, арнаған сын-сықаққа толы, қазақтың ауызекі поэзиясындағы арнау-эпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да жетерлік. Базар жырау домбыраны өте жақсы тартқан, Сыр бойында таралып жүрген, көпке ортақ әуендерді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қолданған. Оның жырлау сазы өте әсем, қисса мен толғауларды орындағанда неше түрлі құбылып отырады. Бұдан жыраудың сазгерлік қабілетінің де болғанын аңдаймыз. Жырау көзі тірісінде, әсіресе, қартайған шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған.Базар жырауды көзі тірісінде-ақ Сыр бойының жыраулары мен шайырлары өздеріне ұстаз тұтқан, оның өнегесін ұстанған. Базар жыраудың өлеңдері 20-шы ғасырда ғана баспа бетін көре бастады. 1925-ші жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағына, 1931-ші жылы жарық көрген «Қазақтың әдебиет нұсқалары» атты кітаптарға енді. Оның шығармаларына Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабай, аса жоғары баға беріп, Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы деп таныған. Жырау шығармаларын жинастыруда Ә. Дивай, Сейфуллин, Ә. Марғұлан, Ә. Қайнарбай үлкен еңбек сіңірді. Шежіре: Базар-Оңдас-Тәуке-Қожамсүгір-Андағұл-Қыдыр–Балқы(Қайқы)-Бозғұл-Шөмекей-Әлім(Шөмен) ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”,
Болат Әбдірахманұлы Баекенов (21 қараша 1942, Гурьев, Гурьев облысы, Қазақ КСР — 24 тамыз 2023) — әскери қайраткер, генерал-лейтенант (1992), профессор, ҚР ҰҚК-нің бірінші Төрағасы. ## Өмірбаяны 1960 ж. Орал қ. ауыл және орман шарын механициялау техникасын бітірісімен Қарағанды облысы Сарань қаласына жолдамамен жіберілді. Жергілікті қалалық ДОССАФ автоклубының меңгерушісі, одан кейін автобазда автомеханик болып істеп, сонымен бірге автоклуб курсында сабақ оөткізді. * Кеңес әскері қатарында мерзімді қызмет атқарды (1961 -1962), * 1964 жылдың желтоқсан айынан Сарань қалалық халыққа білім беру бөлімі мектепаралық оқу-өндірістік шеберханасының меңгерушісі болды. * 1966-1973 ж. — комсомол және партия жұмыстарын атқарып, Сарань қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Сарань қалалық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. * 1971 ж. — Қарағанды облысы комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланып, Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін сырттай бітірді. * 1973 ж. —Қазақстан КП Орталық комитетінің шешімімен КСРО мемлекеттік кауіпсіздік комитеті Жоғары мектебінің басшылық кұрамдарын дайындау курсына жіберіліп, оны бітірген соң мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облыстық басқармасы қарсы барлау бөлімі бастығының орынбасарлыгына тағайындалды. * 1977-1980 ж. — Қарағанды облпартия комитеті әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Сол жылы Қазақстан КП Орталық комитетінің шешімімен мемлекет қауіпсіздік органдарына қайта жіберіліп, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалды. * 1982-1985 ж. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (МҚК) Инспекторлық басқармасының аға инспекторы, * 1985-1987 ж. — мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Көкшетау облысы басқармасының бастығы. * 1988-1990 ж. — Қазақ КСР МҚК төрағасының орынбасары, * 1990-1991 ж. — МҚН Алматы облысы басқармасының бастығы, * 1991 ж. казанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан МҚК (1992 ж. шілдесінен ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды. * 1993 ж. желтоқсанынан 1994 ж. қазан аралығы — қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін атқарды. * 1994 ж. қазан - 1995 қараша аралығында — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі, * 1997 наурызда - Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Күзет қызметі бастығы болып тағайындалды. Баекенов 2001 ж. мамырында қызметінен босату және жасына байланысты ҚР мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен запасқа шыгару жөнінде рапорт берді. Отставкаға шыққан соң ұстаздық қызметпен айналысып, Қазақ гуманитарлық заң университеті Алматы заң академиясын басқарды. Қазіргі күндері күндері ҚР Күзет ұйымы Ассоциациясын басқарады. ## Марапаттары Баекенов ҚР ҰҚК-нің Құрметті қызметкері, Сарань қаласының Құрметті азаматы. Құрмет ордені, көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Теміржан Базарбаев (13.3. 1935 жылы туған, Алматы облысы Алакөл ауданы Жалғызағаш ауылы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1982). Алматы консерваториясын бітірген (1961). Семей қаласындағы Музыка колледжінде сабақ береді. Қазақстан композиторлар одағының Ертіс бойы бөлімшесін басқарды (1979—1982). Композитордың халық арасына кең тараған “Қаздар қайтқанда”, “Студенттік кештер”, “Ауылым”, т.б. әндерімен қатар 1, 2-симфониясы, “Ботагөз”, “Жетісу” симфониялық поэмалары, труба мен оркестрге арналған концерті, ұлт аспаптар оркестріне арналған “Отан таңы”, “Қалың елім, қазағым” поэмалары, т.б. камералық-аспаптық, эстрадалық шығармалары, спектакльдерге жазған музыкалық шығармалары бар. ## Дереккөздер
Байбарақов Ешімбет [18.7.1938, Алматы облысы Кеген ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Ұзынбұлақ ауылы] — ғалым, экономика ғылым докторы (1987), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1991), Қазақстанның еңбек сіңерген ауыл шаруашылық қызметкері (1990). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. Алматы зоотехника-малдәрігерлік (1962) және Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1969) бітірген. 1962—1974 жылы әкімшілік-шаруашылық органдарында жауапты қызметтер атқарған. 1974—1994 жылы “Абай” өндірістік құс шаруашылығы бірлестігінің бас директоры, 1994—1996 жылдары “Абай” аймақтық акционерлік компаниясының президенті болды. 1996—1999 жылдары Қазақ мемлекетін басқару академиясының проректоры, 1999 жылдан сонда профессор. Байбарақов Ешімбет ғылым-зерттеу жұмыстары құс шаруашылығы технологиясын жетілдіруге, ондағы өнімнің өзіндік құнын кемітуге, еңбек өнімділігін және шығын қайтарымдылығын арттыруға негізделген. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. ## Шығармашылығы * Производство яиц на промышленной основе, А.-А., 1979; * Резервы промышленного птицеводства, А.-А., 1985; * Книга о продуктах птицеводства, А.-А., 1990; ## Дереккөздер
Қайрат Әукенұлы Байбосынов (1950 жылы 1 маусымда Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған) — әнші, қазақ дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттаушы. Қазақстанның халық әртісі (1990). Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор. ## Толығырақ * Қайрат Әукенұлы 1950 жылы 1 маусымда Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. Арғын тайпасы Қуандық руының сайдалы бөлімінен шыққан. * 1969 жылы Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Алматы эстрада-цирк студиясын) бітірген. * Ұмыт болған, сирек орындалатын әндерді қалпына келтіріп, халық арасына таратуда елеулі еңбек етті. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур, т.б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шет ел тыңдаушылырына танытты. ## Еңбек жолы * 1969 – 1987 жылдары Гүлдер (ансамбль) ансамбльінің солист-воколисті; * 1987 – 2009 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. * Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің директоры болды. * 1992 -2009 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әндері» кафедрасының меңгерушісі; * 2009 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры әрі «Халық әндері» кафедрасының меңгерушісі; ## Марапаттары * 1980 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; * 1985 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы; * 1990 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілді. * 2000 жылы «Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы»ның лауреаты; * 2006 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» нің иегері атанды. * 2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; * 2012 жылы ҚР «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» атағы; * 2013 жылы ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды. * 2015 жылы ҚР «Еңбек ардагері» мемлекеттік медалі. * Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. ## Жеке қасиеттері Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын,гүлденген». ## Отбасы Үйленген. Жұбайы -Жөлеу Рабиға Иманғазықызы (1950 ж.т.), зейнеткер. Ұлы - Байбосынов Мұхтар Қайратұлы (1972 ж.т.); қызы - Байбосын Қорлан Қайратқызы (1979 ж.т.). ## Шығармашылығы «Асылым» - Әні мен сөзі І. Жақановтікі орынд. Қ. Байбосынов. ## Дереккөздер
Қазанқап Дәулетбекұлы Байболов(1889-1945) – жырау, ақын, би. Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Ұзынарық ауылында туған. Ең алғаш өзінің ұстазы Бекасыл әулиеден сауатын ашып, өз бетінше білімін жетілдірген. Қазанғап Бекасыл әулиенің шәкірті ғана емес, қолында өсіп ер жеткен өкіл баласы. Әке шешесі көп жылдар бала көре алмай, кейін келіп Бекасыл әулиге емделіп бала сүйген. Бекасыл Биболатұлы (1822-1915) да көптеген еңбектер жазған ғұлама ұстаз. Әйгілі "Жұлдызнама" теологиялық энциклопедиясының авторы. Бекасыл Биболатұлының "Шеризат - Гүлзат" аңыз кітабының желісімен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Қазанғап Байболұлы екі нұсқада "Шеризат - Гүлзат" дастанын жазып шыққан. Қазанғап араб, парсы, шағатай, тілдерін жетік білген, және бірнеше еңбектерді аударған аудармашы. Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандарды көп жаттап, Ташкент, Шымкент, Түркістан өңірлерінде жыршылық өнерімен мәлім болған классикалық хикаяларға еліктеп «Төрт дәруіш», ел ішіндегі жазба аңыздардың желісімен «Еңсегей бойлы ер Есім» (1941 жыл), «Төле бидің тарихы» (1941жыл), “Египет ханы Абдулланың қызы Сайыпжамал” дас­таны (1934 жыл), "Шеризат - Гүлзат" қиссасы (1939 жыл), "Орқа - Күлше" дастаны (1938 жыл), “Орта жүз Дауанасбай Өкірік Найман” дастаны (1934 жыл), “Біздің елдің даңқы туралы” дастаны (1941 жыл), "Қарсы­бай батыр” дас-таны (1943 жыл), сияқты көптеген тарихи дастандардының авторы. Барлық еңбегі ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. Жалпы қисса дастандарды зерттеп жазу үшін қырық жыл ғұмырын арнаған. Әлі жарияланбаған "Абдулланама" деген дастаны бар. Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен Сыпатай Қарсақбаевқа арнап «Сыпатай» поэмасын шығарған. 1943 жылы республикалық айтыста Нартай Бекежановпен жыр сайысына түскен («Айтыс», 3-т.г 1966). Шығармалары ұжымдық жинақтарда, мерзімдік баспа-сөзде жарияланған. «Бау-бақша», «Дайын бол» атты толғаулары халық арасында кең тараған. Ел аралап, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау-мен де шүғылданған. * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен үш мәрте марапатталған. ## Дереккөздер
Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев (26 наурыз 1923, Семей — 27 қазан 1989, Алматы) — диктор, Қазақстанның халық артисі (1973). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы елге оралғаннан кейін, Қазақ радиосына диктор болып орналасады. Алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққаннан (24.6. 1944) бастап өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, теледидарында (1958—1962) диктор, аға диктор болып қызмет атқарған. Эфир арқылы берілген республиканың тыныс-тіршілігі жайлы әр түрлі жаңалықтар, саяси хабарлар ұзақ жылдар бойы мыңдаған тыңдаушыларына Байжанбаевтың ашық та әуезді, кең тынысты үнімен жетті. С. Жақанова, З.Бекетова, Ж. Асқарова, М.Сержанов, М. Қуатбеков, Ә. Бөлебаев, т.б. қазақ дикторларына ұстаздық еткен. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған (1991). ## Дереккөздер
Байжұма (18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысында қазіргі Батыс Қазақстан облысында өмір сүрген) — күйші. Бізге жеткен туындысы — “Қарт Байжұма” күйі. Байжұманың осы шығармасын күйдің ерекше түрі ретінде түсініп, соған еліктеп Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Дина, Науша, Орынша өз “Байжұмаларын” шығарған. “Байжұма” күйі—қазақ күйшілерінің көпшілігінде кездесетін “Ақжелең”, “Қосбасар” сияқты салалы күйлердің халық арасына кең тараған түрі. “Қарт Байжұма” белгілі домбырашылар О. Қабиғожин, Қ.Жантілеуовтің орындауында кеңінен танымал болды. ## Дереккөздер
Қали Байжанов (1877, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 27.9.1966, Қарағанды) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1945). Байжановтың әншілік дарыны ерте оянып, ауыл арасында “әнші бала” атанған. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Ақбура бөлімінен шыққан. Ата-анасынан ерте айырылып, жоқшылық көріп өскен. Он бесінде кірешілерге ілесіп Қоянды жәрмеңкесіне барған жас әнші талай әншілер мен күйшілердің өнерін тамашалайды. Біржан салдың ән салғанын көріп, Жаяу Мұсаның өз ауызынан “Хау-лау”, “Гауһар қыз”, “Сапар” және “Ақ сиса” әнін үйренеді. Байжанов ұлы Абайдың алдында да ән салған. Кемеңгер ақын жас әншінің өнеріне риза болған. Байжановтың әншілік жолына бағыт-бағдар беріп баулыған, өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған Арқа еліне атағы жайылған Жарылғапберді Жұмабайұлы болды. Байжанов Қозыкенің “Топайкөк”, Шама Нұрұлының “Шама”, Ақан серінің “Сырымбет”, “Құлагер”, Біржан салдың “Жанбота”, Бүркітбайдың “Ақбет” әндерімен қоса “Ардақ”, т.б. халық әндерін де асқан шеберлікпен орындаған. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1936). 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды радиокомитетінде хор артисі және әнші болып қызмет атқарды. Әншілер З. Жұбатова, Ж. Қартабаева, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Қ. Лекеров, М. Толыбаев, Р. Ыбыраев, т.б. Байжановтың ән айту өнерінен көп тағылым алған. ## Дереккөздер
Байдалы Бекшеұлы (1725 — 1820) — би, шешен. Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданын қоныс еткен. Кейін Көкшетау, Баянаула, Ерейментау өңірлерінде тұрған. Байдалы би — Абылай ханның жанындағы сегіз бидің бірі, хан кеңесінің мүшесі. Кейін Уәли ханға би болған. Жастайынан ауыл арасына билік айтып, ел ісіне араласқан. Байдалы биден “Алыс не, жақын не?” деп сұрағанда: “Жақын — ажал, алыс — білімді мен білімсіздің арасы” деген жауап; “Ағайынға қадірім жоқ — бетімді көреді, әйеліме қадірім жоқ — етімді көреді”; “Панасы жоқ таудан без, пайдасы жоқ байдан без”; “Ақсақалға жарасар аузындағы тобасы, бәйбішеге жарасар піспегі мен сабасы” деген нақыл сөздер қалған. Байдалы Бекшеұлыдан Сабдалы, Дербісал, Байғара (шешелері — Қасқарау), Балтақара, Баби, Майкөз, Қосдәуір (шешелері — Маңқан) атты ұрпақ тараған. Қабірі Қарағанды облысы Молодежный ауданында. Арғын тайпасы Қуандық руы Мойын бөлімінен шыққан. ## Өнегелі өмірі Жасынан билер, бектер, хандар төңірегінде көбірек жүріп, солардың аталы, баталы билік сөздерінен өнеге алған. Кейін атақты Абылай хан (1711-1781) қасындағы сегіз бидің ең беделді, бас биі болады. Небір шиеленіскен ел дауы, жер дауы, жесір дауы Байдалы алдынан шешімін тауып отырған. Абылай хан оның асқан шешен ақылды кеңесіне дөн риза болып "сегіз биім, сегіз бидің ішінде семіз биім" деп атағанда оның дене бітіміне емес, ақыл-парасатына, шешендік тапқырлығына қарап айтса керек. Өзге билер де Байдалының билігіне тоқтаған. Тіптен, Абылай ханның өзі де одан аса алмаған. Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты сөз бар. Оның мәнісі былай:"Аралбайдан туған Бөйтелі батыр төре тұқымынан адам өлтіріп, құнды болады. Абылай хан билерін жинап алып, құныкерге өлім жазасын бұйырғанын хабарлайды. Ханның сегіз биінің бірі - немере ағасы Байдалыға Бәйтелі жаутаңдап қарай берсе керек. Сонда Байдалы би: "Несіне қарайсың, лақ құрлы жоқсың ба, бауыздайын деп жатқканда ол да бақырады ғой", - дейді. Байдалының сөзінің астарын түсінген Абылай өлім жазасын кешіріпті. "Жеті жарғыдағы" құн төлеудің нарқы атам заманнан белгілі. Ал, қара бұқара төре тұқымын өлтірсе бұдан былай екі кісінің құнын тартады. Сондықтан Бөйтеліге осы жаза қолданылсын", - дейді. Байдалыдан басқа билер бас шұлғып мақұлдайды. Байдалы: "Тақсыр хан ием, есік алдында сіздің торы төбел тұлпарыңыз байлаулы тұр. Соның төбеліндегі түгі көп пе, жоқ, тұла денесіндегі түгі көп пе?" - депті. Абылай:"Әрине, тұла денесіндегі түк көп", - дейді. Байдалы би сөзін жалғап: "Олай болса төре түқымы ат төбеліндей аз. Мен жаңа тетелес інім Жөнекеңе (Бөйне мен Аралбай бір әкеден, Байдалы Бекшеден, Бәйтелі Аралбайдан туған. Байдалы тетелес немере інісін Жөнекең деп еркелетіп атаған. Содан Бәйтелі аты ұмтылып, Аралбайдан тарайтын бір тайпа ел Жөнекең руы атанып кеткен): "Бауыздайын деп жатқанда лақ та бақырады ғой, бақыр", - дедім. Ол бақырып аруақ шақырса, ұранға шаппайтын ел болмайды. Сізге қамтуыңыздағы қалың бұқара қарсы шығады. Арғысы Арғын, берісі Мейрамның бес баласы дүрліксе, хан болып тұүра алмайсыз. Сондықтан адамнан адамның артықшылығы жоқ, төре тұқымына екі құн төлей алмаймыз. Бір кісінің қүнын төлейміз, ал құн даулап отырған адамыңыз нағыз төре болса, талша мойнымыз қылша. Ал, бірақ Бөйтелінің жалалы болған адамы күңнен туған, түбі шикі. Сондықтан жарты құн төлейміз", - деген екен. Сонда Абылай "Сегіз биім,сегіз биімнің ішіндегі семіз биім" деп Байдалының кесіміне тоқтапты. Сол даудан кейін Байдалы "Абылай аспас сары бел" атанып кеткен екен. ## Дереккөздер
Бай– дәстүрлі қазақ қоғамындағы дәулетті әлеуметтік топ. 20 ғасырдың 30-жылдарындағы сталиндік режим, большевиктердің таптық қысымы бүкіл қазақ этносының трагедиясына айналды (қ. Байлар мен кулактарды тап ретінде жою). ## Түсіндірме Жалпыхалықтық ұғымда Бай — есепсіз төрт түлік жиған мал иесі немесе ата-бабадан қалған байлықтың мұрагері. Байдың қазақ қоғамындағы орны сол жеке тұлғаның көшпелі мал шаруашылығының көлеміне, оны жүргізу шеберлігіне қарай айқындалды. Дала тұрғындарының күнкөріс тіршілігі өндірістің ерекше тәсілін табуды қажет етіп қана қоймай, сонымен бірге күрделі технологиялық механизмді, яғни әр отбасы жеке-жеке емес, қауымдасып өмір сүру процесін туғызды. Осы құрылым бойынша, ұжымдық еңбек принципі ыңғайымен, бірнеше ірілі-ұсақты шаруашылықтар (оның ішінде Бай да бар) үлкен бір қауымға бірікті. Қауымдастықта шаруашылықты басқару мен көші-қонды ұйымдастыру, жайылым орындарын реттеп отыру бұл мәселенің қыр-сырын өзгелерден жетік білетін, оның үстіне дәулеті артық Байға тиді. Қауым екі жақты құрылым (жерге қауымдық меншік, малға жеке иелік; ұжымдық өндіріс және еңбек өніміне жеке меншік) болғандықтан, үнемі мүліктік және әлеуметтік іріктелу процесі жүріп отырды. Қауымдастықтағылардың кейбіреулері кедейлене түссе, енді біреулері мал басын арттырды. Ондайлар ұжымдық шаруашылыққа басшылық жасай отырып, өндірістің бар тетігін өз қолына шоғырландырды. Өзіне жеткілікті қор құрап алған Бай ендігі жерде қауымдық еңбек бірлестігінен шығып, өз алдына жеке шаруашылығын жүргізуге көшті. Осылайша, дәстүрлі қазақ қоғамындағы Байдың [ірі] шаруашылықтары пайда болды. Әлеуметтік реттелу процесінің даму барысында Бай тобы қазақ даласының экономикалық, саяси, мәдени және интеллектуалдық элитасын қалыптастырды. ## Бай болу Дәстүрлі құрылымды ұйымдастыру мен басқару барысында Байдың рөлі артумен болды. Ғасырлар бойы ерекше әлеумет-экономикалық экологиялық жүйе (мұнда барлық элементтер — қауымдық құрылым және ірі Бай, ауқатты және орташа шаруашылықтар, т.б. әлеумет-экономикалық құрылымның біртұтастығын сақтаған тиімді “экологиялық” қызмет атқарды) қалыптасып, өзін-өзі ұйымдастырып, ұдайы өндірісті өрістетіп, құрылымды дамытты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап халықар. жәрмеңкелердің көптеп ашылуына орай, малмен сауда жасап, заманына қарай амал қолданған қазақ арасынан Маман бай (Жетісудан), Мақан Жиенбайұлы, Аппаз және Мырқы Жараспайұлдары (Сыр бойынан), Қуан Әленұлы (Ырғыздан), Ақан серінің әкесі Қорамса, Хасен Ақайұлы, Ахмет имам (Арқадан), т.б. ірі Байлар іріктеліп шықты. Бірсыпыра Байлар мектеп-медреселер ашып, мәдениеттің дамуына қолдау көрсетіп, қазақ зиялыларының газет-журналдар шығару ісіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған. Мысалы, Құнанбай бай Меккеге қажылыққа барған сапарында дін ордасында такия (қонақ үй) салдырған. Қапалдық бай Есенқұл Маманұлы жақсы жазылған романға екі жүз сом (сол кезде 30—40 жылқының құны) бәйге жариялаған. Ал Ахмет имам, Маман байлар мектеп-медреселер салдыру ісіне тікелей араласса, Сейітбәттал қажы Маманұлы Қарағашта 6—7 мың сомға мешіт, 11 мың сомға мектеп салдырып, керек-жарағына жыл сайын 1,5 мың сом қаржы беріп отырған. Сондай-ақ, ол қыздар мектебін ашып, оған мұғалім ретінде Уфада оқыған Фәтима ханым Есенгелдинаны алдырған. Ол 30-дай қыз баланы жаңа үлгімен, сол кездердегі оқу бағдарламасы негізінде оқытқан.20 ғ-дың 30-жылдарындағы сталиндік аграрлық төңкеріс дәстүрлі құрылымды күйретті. Байды жаппай қудалап, маңыраған малды жұтқа ұшыратты. Соның салдарынан, біртұтас құрылымның іргесі ыдырап, қазақтың далалық шаруашылығы қатты күйзеліске түсті. Бүтін бір этностың өмір сүру кепілі болған дәстүрлі құрылым өз элитасын, өзінің “менеджерлерін”, зиялы қауымын жоғалтты. Большевиктердің “таптық қысым” көрсетуі бүкіл қазақ этносының трагедиясына айналды (қ. Байлар мен кулактарды тап ретінде жою). Қазақстанның егемендік алып, демократиялық жолға түсуіне, ел экономикасының өзгеше бағытта өріс алуына байланысты, жеке тұлғалардың өз алдына кәсіп етіп, байлық қорын молайтуына ерік берілді. Қазақстандағы бірқатар мемлекет кәсіпорындар мен мәдени мекемелер, оқу орындары жекешелендірілді. Ол заңмен реттелді. Осыған орай, қазақтың іскер адамдары көрініп, жаңа Байлар пайда бола бастады. Әлемдегі Байлар ақша қорының үлесіне қарай: миллионерлер (ақша қоры бір миллион американ долларына жететіндер), миллиардерлер (жеке қаржы қоры миллиард американ долларынан асатындар) болып бөлінеді. ## Дереккөздер
Байзақов Сәбит (21.3. 1940 жылы туған, Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Саға ауылы) — экономика ғылым докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1995), Қазақ ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының академигі. (1994). Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірген (1964). Сол институтта кафедра меңгерушісі, декан (1965 — 1991), Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының бас ғылым хатшысы (1991 — 1994) болды, Қазақстан Ғылым Академиясында бас ғылым хатшы міндетін атқарды (1994 — 1996). 1996 жылдан Қазақ аграрлық университетінің проректоры. Байзақов Сәбит орман және орман шаруашылағының сандық, сапалық тұтастығын ғылым жағынан негіздеп, бұл проблеманы шешудің басты принциптерін жасады. Көптеген ғылым еңбектердің, оның ішінде үш монографияның авторы. ҚР Орман кодексі жобасын жасауға қатысты, “Орман” ғылым-техникалық бағдарламасының жетекшісі болды. ## Шығармашылығы * Экономическая оценка лесных ресурсов, А.-А., 1981; * Озеленение жилой застройки, А.-А., 1988; * Леса и лесное хозяйство Казахстана, А., 1996. ## Дереккөздер
Байзақова Шәрбану Ақылқызы (15.4.1907, қазіргі Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылағаш ауылы — 28.4.1937, Семей қаласы) — қазақ әйелдерінің арасынан шыққан алғашқы актриса. 1927 жылы Қызылорда қаласында қазақ драма театрына қабылданып, онда 1935 жылға дейін қызмет еткен. Сахнадағы алғашқы ойнаған рөлдері—Раушан, Айсұлу (Ж. Аймауытовтың “Шернияз” бен “Сылаң қызында”), одан кейінгі жылдары — Зәуре (Қ.Байсейітов пен Ж. Шаниннің “Зәуресінде”), Қайша (М. Әуезовтің “Бәйбіше-тоқалында”) бейнелерін сахнаға шығарды. Байзақова Шәрбану Ақылқызы сомдаған Перизат (Ж. Тілепбергеновтің “Перизат — Рамазанында”) пен Зәуре (Б. Майлиннің “Майданында”) бейнелерінің театр тарихында ерекше орны бар. Бұлар — көркемдік болмысы, әлеуметтік сыр-сипаты мейлінше айқын ашылған қазақ қыздарының сахналық тұлғалары. Перизат — актрисаның сомдауында махаббатына берік, ол үшін еш қиындықтан тайынбайтын, ашық, ақжарқын, көркі мен биязы мінезі көркемдік тұтастық тапқан бейне. Ал, Зәуренің Байзақова Шәрбану Ақылқызы жасаған бейнесі — қазақ әйелінің қоғамдық саяси-әлеуметтік істеріне араласу үдерісін көрсеткен көзі ашық, көкірегі ояу, ауыл басшысы әрі отбасына адал әйел-ананың сахналық образы. ## Дереккөздер
Байкенов Нұрлы (1.1.1915, Ресей, Омбы облысы Омбы ауданы Трусовка селосы — 13.8.1991, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1962). Омбы педагогикалық институтын (1936), Мәскеу әскери-саяси академиясын (1952) бітірген. Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан. 1940 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылған. 1941—1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, ротаның саяси жетекшісі, корпус саяси бөлімінің инспекторы болған. 1948—1958 жылдары Түркістан әскери округында полк, кейін дивизия командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары, бастығы, 1958—1960 жылдары Қазақ КСР Әскери комиссариаты саяси бөлімінің бастығы, 1960—1980 жылдары Қазақ КСР Әскери комиссары болды. 1980 жылы зейнетке шыққан. 1-, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, 3-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” ордендерімен және медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
Аппақ Байжанов (Апақ; 1824-1887 жж.), Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. Нұра ө-нің оңтүстігінен 25 км жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Арғын тайпасының Қуандық руының Сармантай бөлімінен шыққан. Аппақ жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 ж. ол жер бетіне шығып жаткан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады. Аппақ жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда тек 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. Қарағандыда көмір бассейнін алғаш ашушыға ескерткіш орнатылды (1999 ж.). Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған. Аппақ Байжанов туралы аңыз Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күнү–күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады. Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла" өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас" болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді. Аппақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой" деген шахта сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді. ## Дереккөздер
Иса Байзақов (3.10.1900, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы — 3.9.1946, Алматы) — ақын, әнші-композитор. ## Өмірі Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында, 1929—1932 жылы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. 1926—1929 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек, Серке Қожамқұлов, Елубай, тағы басқа актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Бәйбіше — тоқалында” басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған “Біржан — Сара” қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932—1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды. ## Өзгеше жанры Көптеген өлеңдеріне өзі өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен. Ақын өлеңдерінде фольклорлық сипат басым. Бұл — оның суырып салмалық талантына байланысты ерекшелігі. Байзақовтың жұрт алдында айтылатын ұзақ толғау алдындағы кіріспе іспетті, өзіндік әні бар желдірмелері халық арасына кең тараған. Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты. * “Ұлы құрылыс” (1933), “Алтай аясында” (1934), “Он бір күн, он бір түн” (1938), “Кавказ” (1940), “Ақбөпе” (1941), “Қырмызы — Жанат”, “Қойшының ертегісі”, тағы басқа көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. “Құралай сұлу”, “Алтай аясында” поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды” заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі. Әлеуметтік қайшылықтарға толы “Ақбөпе” поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Ақбөпе — өз бақыты үшін күрескен өр мінезді қазақ қызының бейнесі. Байзақовтың ақындық дарыны Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше танылды. Ақын өзінің отты жырларымен ел ішіндегі насихат жұмысына белсене араласып, еңбектегі ерлікті жырлады. Байзақов 40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармашылығы — қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған. Байзақовтың өмірі мен шығармашалығын Е. Ысмайылов, М. Хасенов, Р. Бердібаев, тағы басқа зерттеген. Жазушы Н. Ановтың “Ән қанаты” романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1939). ## Эпикалық шығармалары * «Құралай сұлу» (1925) * «Қойшының ертегісі» (1926) * «Алтай аясында» (1939) * «Кавказ» (1941) * «Қырмызы-Жанай» (1940, аяқталмаған) * «Ақбөпе» (1945) * «Неге Алатау шаттанды» (1929) * «Ұлы құрылыс» (1933) * «Он бір күн, он бір түн» (1939) ## Дереккөздер
Жұмаділ Жаңабайұлы Байкөншеков (8 шілде 1947 жылы туған,Жамбыл облысы Тараз қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1985), профессор (1987), Қазақстан Ғылыми Академиясының академигі (2003). ## Өмірбаяны * Қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген (1971) * осы университте инженер, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) стажер-зерттеуші, аспирант, аға оқытушы, доцент (1971–1980) * 1980–1989 жылы Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі. * Дрезден техникалық университетінде (1989–1999 Германия) және Мидлсекс университетінде (1996, Англия) ғылыми-зертханалық жұмыстарын жүргізді. * Механика және машинатану институтында зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары (1991–1997) болды. 1997-2002 жылдары осы институттың директоры. * 2001 – 2002 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Машина жасау, технология және экология институтының директоры * 2002 жылдан Қазақстан-Британ техникалық университетінің (КБТУ) ғыл. істер жөніндегі проректоры. ## Ғылыми жұмыстары Негізгі ғылым еңбектері механизмдер мен машиналар, роботтар мен манипуляторлар механикасы теориясына арналған, мұнай-газ құрал-жабдықтарын жетілдірумен айналысады. Ол манипуляциялық роботтарды зерттеу мен жобалауға байланысты жаңа ғыл. бағытты құрды. Ол жоғары класты механизмдерді талдаудың және жинақтаудың сандық тәсілін тапты. Соның нәтижесінде жаңа негіздегі жүк көтергіш және манипуляциялық құрылғылар жасалды. * 300-ден аса ғыл. жұмыстардың авторы, олардың ішінде 15 монография мен оқу құралдары, Ұлыбританияның, Германияның, Италияның, Францияның, Польшаның патенттерін қоса есептегенде 70 патенті бар. * Машиналар мен механизмдер теориясы бойынша 4 – 10 Бүкілдүниежүз. конгрестерде (Ұлыбританияның Ньюкасл қ., 1975, Канаданың Монреаль қ., 1979, Үндістанның Нью-Дели қ., 1983, Испанияның Севилья қ., 1987, Чехияның Прага қ. 1991, Италияның Милан қ., 1995, Финляндияның Оулу қ., 1999) және басқа да халықар. конференцияларда машина мен механизмдер теориясы мен роботтық текхника жайында баяндама жасады. ## Қоғамдық жұмыстары * Машиналар мен механизмдер жөніндегі халықар. федерацияның қазақстандық к-тінің және докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы. * 7 ғылым докторын, 17 ғылым кандидаттарын дайындады. ## Марапаттары * Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1980) * Халықаралық және Ресей инженерлері одағының В.Т.Шухов атындағы алтын медалімен марапатталған (1992). ## Дереккөздер
Байланыс әскері — әскери құрамаларды басқару ісін жүйелі және шұғыл жүргізу үшін олардың арасында берік байланыс орнатуға әрі оны тұрақты қамтамасыз етіп отыруға тиіс арнаулы әскер. Байланыс әскері барлық Қарулы Күш түрлерінде болады. КСРО-да Байланыс әскері өз алдына арнаулы әскер болып 1919 жылы 20 қазанда құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Байланыс әскерін жетілдіру ісі қолға алынды. Радиобайланысқа айрықша мән берілді. Майдандардың, армиялардың, кейінірек корпустардың басқару пункттерінде әртүрлі бағыттағы жылжымалы байланыс тораптары кеңінен қолданылды. Олар әскерлерді ұрыс барысында үзіліссіз басқарып отыруға белгілі дәрежеде мүмкіндік жасады. Қазір әскери басқару ісінде автоматтандырылған байланыс жүйелері қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (1992 жылы 31 тамыз) үкіметтік Байланыс әскері құрылған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бағынады. Байланыс әскері байланыс құрамаларынан, бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады және ол Қарулы Күштер түрлері бірлестіктерінің, құрамаларының, бөлімдері мен бөлімшелерінің және Жоғары Бас қолбасшы резерві құрамдарына енеді. ## Дереккөздер
Бақытжан Байқадамов (11 наурыз 1917, Торғай облысы — 16 маусым 1977, Алматы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңерген өнер қайраткері (1957). ## Өмірбаяны Алматы мемлекеттік университетін (1937), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1954). 1941 жылы Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947—1949 жылдары әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952 — 1960 жылдары Қазақ филармониясын басқарды. Осы жылдары “Почташы”, “Су тасушы қыз”, “Домбыра”, “Алма ағаштар жайнайды”, “Кел, достар”, “Теміртау жастарының әні”, “Айгөлек”, “Бөбегім” атты ойнақы әндері мен “Майра”, “Тойбастар”, “Он алты қыз” сияқты хорға арналған шығармалары дүниеге келді. 1969 жылдан өмірінің аяғына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті. ## Шығармашылығы Байқадамов Бақытжан Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті. “Жайлауға”, “Біз бейбітшілік үшін”, т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар (“Қыз арманы”, “Айтыс”, “Еңбек жемісі”) жазды. Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған “Айгүл” ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады, оның көркемдік жетекшісі және дирижері Бейімбет Демеуов (1997). ## Дереккөздер
Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров (14 қыркүйек 1912, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – 15 наурыз 1980, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1972), профессор (1959), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1971). * Қазақ кен-металлургия институтын (1940, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. * Жезқазған кен басқармасында әкімшілік қызметтер (1941–1952) атқарған. * Қазақ кен-металлургия институтының (1952–1962) ректоры; * 1960 жылдан Қазақ политехникалық институты) ректоры * Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы және Кен ісі институтында зертхана меңгерушісі (1962–1964) * Қазақ политехникалық институтында кафедра меңгерушісі (1965–1980) болды. ## Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері жер астында кен қазу жұмыстарын кешенді механикаландыруға, қазба орындарының сейсмикалық қауіпсіздігін және тау-кен жыныстарының физика-механика қасиеттерін зерттеуге, т.б. арналған. Ол жер астынан кен алу жүйелерінің матрицалық жіктелімін және оларды үйлесімдендірудің геометрикалық тәсілін жасады. Сондай-ақ кен өндірудің техника-экономика тиімділігі жоғары кенүңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін тауып, өндіріске енгізген. ## Шығармалары * Классификация и выбор методов подземной разработки месторождений, А.-А., 1969; * Технология добычи руд с твердеющей закладкой, М., 1979 (соавт.); * Методы контроля физико-технических параметров подземной разработки руд, А.-А., 1979; * Комплексная механизация подземной разработки руд, М., 1981. ## Марапаттары * Ленин ордені * Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. ## Сыртқы сілтемелер * http://kzs.808.kz/?p=3571 * http://www.topreferat.com/josparmat.php?id=1401(қолжетпейтін сілтеме) * http://www.tau-2007.narod.ru/u_ulandari.html ## Дереккөздер
Баймұратов Ораз(14.9.1935 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы Дүйсеке ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991), Халықаралық және ҚР Инженерия академияларының академигі (1992). Уақ тайпасынан шыққан. Мәскеу алтын және түсті металдар институтын бітірген (1957). Экономикалық институтының ғылым қызметкері, аспиранты, бөлім меңгерушісі (1957–1980), өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі төрағасының орынбасары (1980–1983), төрағасы (1983–1994) қызметтерін атқарды. Қайта құру кезеңінде Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, ондағы Республикалар кеңесі төрағасының орынбасары (1991–1992) болды, кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қаржы, бюджет және банктер жөніндегі тұрақты комитетін (1994–1995) басқарды. 1996 жылдан Қазақстанның Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1971 жылы «Экономическая эффективность капитальных вложений в промышленное производство» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Баймұратовтың зерттеулерінің негізгі бағыты – ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі, экономиканың басым бағыттарын анықтау теориясы, аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері, нарықтық қарым-қатынасқа көшу мәселелері. Баймұратов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын ғылыми болжау, Алматы қаласы, Балқаш, Арал, Каспий өңірлерін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге ат салысты. Баймұратов 230-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1980). ## Шығармалары * Методы оценки и анализа перспективы капитальных вложений, А.-А., 1972; * Экономические приоритеты, А.-А., 1985; Наука и производительные силы, А.-А., 1991; * Государственное регулирование экономики, А., 1998 ## Дереккөздер
Баймақанов Мұрат Тәжімұратұлы(1.11.1933 жылы туған, Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1973), профессор (1993), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1983). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1957). Қазақстанның Әділет министрлігінде (1957–1959) қызмет атқарып, Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтының аспирантурасын (1962) бітірген. Философия және құқық институтының (кейін Мемлекет және құқық институтының) кіші (1962–1963), аға (1966–1971) ғылым қызметкері, ғылым хатшысы (1963–1966), бөлім меңгерушісі (1971–1992), институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1973–1984) және директоры (1984–1990) қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы (1992–1995) болды. 1995 жылдан «Қайнар» университетінің және «Әділет» жоғары құқық мектебінің проректоры. «Социализм тұсындағы құқық қондырмасы дамуындағы қайшылықтар» деген тақырыпта докторлық диссертиция қорғады. Баймақановтың ғылыми-зертханалық жұмысының негізгі бағыттары – мемлекеттік құқық пен өкілеттілік жүйесі, конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясының мәселелері. Қоғамның құқықтық қарым-қатынастарындағы, құқықтық санадағы сан алуан қарама-қайшылықтарды зерттеп, қоғамдық санада құқықтық түсініктің пайда болуы мен қалыптасуын қарастырған іргелі зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары туралы заң жобаларын жасауға қатысты. «Мемлекетті басқаруды және құқықты дамытудың заңдылықтары» республикалық ғылым кеңесін басқарды. Сонымен қатар саясаттану мәселелерін зерттеп, бірнеше іргелі еңбектер жазды. 1978–1993 жылы Қазақстан саяси ғылымдар ассоциациясын басқарып, АҚШ, Франция, Бразилия, т.б. елдерде өткен халықтар. конгрестерде сөз сөйлеген. Баймақанов 150-ден астам еңбектің, оның ішінде 14 монографияның авторы. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1973). ## Шығармалары * Противоречия в развитии правовой надстройки при социализме, А.-А., 1972; * Становление суверенитета Республики Казахстан, А., 1994; * Взаимодействие правового сознания моралью и нравственностью в обществе переходного периода, А., 1995. ## Дереккөздер
Баймырзаев Орысбай Жұбайұлы (17.10.1939 жылы туған, Нүкіс) —сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңерген архитекторы (1981). Мәскеу архитектуралық институтын бітірген (1967). Сол жылдан бастап Қарақалпақстан құрылыс және сәулет істері жөніндегі басқармасының аға сәулетшісі, Беруни қаласының бас сәулетшісі болған. 1970—1982 жылдары Алматы қала құрылысын жобалау институтында сәулетшілер тобының жетекшісі, жобалау ісінің бас сәулетшісі, жобалау шеберханасының жетекшісі. 1982—1983 жылдары Алматы құрылыс жобалау бас басқармасы бастығының, кейін қаланың бас сәулетшісінің орынбасары, 1983—1993 жылдары Алматы сәулет және қала құрылысы Бас басқармасының бастығы болды. 1993 жылдан “Рахат” біріккен кәсіпорны бас директорының орынбасары. Баймырзаев — Қазақ драма театры (1980), “Байланыс” көрме павильоны (1981), Жер серіктерімен байланыс жасайтын лаборатория (1982), “Рахат” қонақ үйі (1993), т.б. авторы. Қазақ драма театры ғимаратының жобасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты атағы берілген (1982). ## Дереккөздер
Баймырза Хайт (17.12. 1917, Өзбекстан, Наманған маңы) — түркі халықтарының тарихын зерттеуші ғалым. 1934—1938 жылдары Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1941 жылы 4 тамызда Слуцк түбінде тұтқынға түсіп, сол жылы күзде Польшадағы Ченстохова тұтқындар лагеріне жіберілді. 1942 жылы көктемде лагерьде Түркістан легионына қабылданған 262 түркістандықтардың қатарында Баймырза да болды. Ол соғыстан кейін Германияда қалып, Мюнстер (Вестфалия) университетінде оқыды (1946-50). 1950 жылы “Қоқан және Алашорда ұлттық үкіметтері” деген тақырыпта диссертация қорғады. Хайттың 9 монография, 13 кітапша, 400-ге жуық ғылыми мақалалары жарық көрді. “Түркістан XX ғасырда” аталатын еңбегінде автор басмашылар қозғалысын ұлт-азаттық қозғалыс ретінде сипаттап, Кеңес Одағы құрамындағы түркі халықтарының тарихын жаңа тұрғыдан қарауға әрекеттенді. “Түркістанның экономикалық мәселелері”, “Түркістан Ресей мен Қытай аралығында”, т.б. дәлелді деректерге, тың материалдарға, негізделген еңбектерінде Түркістандағы Ресейдің отарлау саясатына талдау жасалып, Алашорда үкіметінің ішкі-сыртқы саясаты, Алаш қайраткерлерінің қызметі туралы мәліметтер келтірілді. Баймырзаның еңбектері неміс, ағылшын, түрік, орыс, т.б. тілдерде жарық көрген. Баймырза АҚШ, Ұлыбритания, Түркия университтерінде дәріс оқып, баяндамалар жасаған. 1974 жылы Баймырза жетекшілігімен “Түркістанды сүюшілер” клубы құрылды. 1990 жылы оның бастамасымен Америкада М. Шоқайдың 100 жылдығы атап өтілді. Баймырза 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына Қазақстанға келіп қайтты. ## Дереккөздер
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою — Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын күшпен жою шаралары. 1929 жылы 20 ақпанда КСРО ОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесі “Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында қолдану тәртібі туралы”, 21 мамырда “Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар шаруашылықтарының белгілері туралы” қаулылар қабылдады. Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын тәркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар негізінде 1929 жылы 10 қазанда Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған қаулысы бойынша бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, диірмені барлар, т.б. жатқызылды. И.В. Сталин 1929 жылы сәуірдегі БК(б)П ОК мен Орталық бақылау комиссиясының пленумында “кедей — жұмысшы табының тірегі, орташа шаруа — одақтасы, кулак — тап жауы” деген тұжырымды ұсынды. Сол жылы 29 желтоқсанда өткен марксшіл аграршылар конференциясында Сталин кулактарды тап жауы ретінде жоюды күн тәртібіне қойды. 1930 жылы 15 қаңтарда БК(б)П ОК В.М. Молотов басқарған арнайы комиссия құрды. Жергілікті жерлердің партия комитеті жанында “үштіктер” ұйымдастырылды. Қазақстандағы республика “үштіктің” құрамына Ж. Құрамысов (төрағасы), А. Альшанский мен А. Асылбеков (мүшелері) енді. Ол 1930 жылы 23 қаңтардағы мәжілісінде Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар шаруашылықтарын тәркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, өнеркәсіп құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып әкелінетін 30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді. 1930 жылы 30 қаңтарда БК(б)П ОК бюросының “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулактар шаруашылықтарын жоюға байланысты шаралар туралы” қаулысы қабылданып, онда бай-кулактарды жою жолдары нақтыланды. Жергілікті жерлердегі өкімет орындарына “кулактарға қарсы күресте барлық қажетті шараларды қолдануға” рұқсат етілді. 1930 жылы 10 ақпанда Қазақ өлкелік партия комитетінің арнайы комиссиясы республикада бай-кулактары жойылуы тиіс 20 ауданды белгіледі. Науқанды жергілікті жерлерде жүзеге асыру ОГПУ органдарына жүктелді. Бай-кулактарға жазалар белгілеу Мәскеуде шешілді. КСРО Заң халық комиссариатының төрағасы Н. Янсеннің 1930 жылы 3 ақпандадағы нұсқауы бойынша “кулактардың контрреволюцияшыл белсенді тобы” тез арада қамауға алынып, олар “қастандық актілерін ұйымдастырушылар” ретінде ату жазасына кесілетін болады. Жазалауға ұшыраған байлар мен кулактар Конституцияда белгіленген азаматтық құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерінен айырылды. Кулактардың өз беттерінше басқа жаққа көшулеріне, мал-түліктерін сатуларына тиым салынды. Байлар мен кулактарды жоюды 4 айдың ішінде аяқтау міндеттелді. Кулактар мен байларды тәркілеу барысында көптеген заңсыздықтар орын алды. Кейбір жерлерде кулактар қатарына орташа шаруалар ғана емес, кедейлер де жатқызылды. Тіпті әскерилерді, агрономдарды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кулак ретінде қабылдап, қуғын-сүргінге ұшырату оқиғалары да кездесті. Науқанды жүзеге асыру барысында Кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізді деген бір адамға қатысты іс бойынша бірнеше адамды топтап соттату әдетке айналды. Контрреволюциялық топтар мен ұйымдар құрғаны жөнінде ешқандай мәліметтер болмаса да, олар РКСФР Қылмыс кодексінің 58-бабының 11-тармағымен айыпталып, ату жазасына кесілді. Қазақстанда 22 мың адам қамауға алынды. 1930 жылы 1 шілдеге дейін олардың 12 мыңы (кедейлер мен орташалар) түрмеден босатылды. 4 мыңдайы жер аударылды. Қазақстанда барлығы 54625 шаруашылық бай-кулакқа жатқызылып, тәркіленді. 1930 жылы қараша-желтоқсан айларында бай-кулактар, ауқатты шаруалар шаруашылықтарын қайта айқындау жұмысы қарқын алды. 1931 жылы 3—7 ақпан аралығында өткен Қазақ өлкелік партия комитеті мен Өлкелік бақылау комиссиясының біріккен пленумы байлар мен кулактарға қарсы күресті онан әрі күшейте түсуді ұсынды. Нәтижесінде 1931 жылы Қазақстаннан тыс жерлерге 5500 шаруа бай-кулак ретінде жер аударылды. Кеңес өкіметі жер аударуды 1932 жылы ғана тоқтатты. Байлар мен кулактарды тап ретінде жою Қазақстан ауыл шаруашылығына орасан зор апат әкелді. Шаруалардың ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер бөлігі күшпен жойылды, мұның өзі, әсіресе, дәстүрлі мал ш-н күйзеліске ұшыратты. қ. Ашаршылық. ## Дереккөздер
Карл Молдахметұлы Байпақов (17 қараша 1940 жылы, Алматы облысы Талғар қаласы - 23 қараша 2018 жылы) – тарих ғылым докторы (19]]), профессор (1995), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші (1966–1971), аға ғылым қызметкер (1971–1973), бөлім меңгерушісі (1973–1988), археологиялық ортаның жетекшісі (1988–1991), институт директорының орынбасары (1991) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Археологияқ институтының директоры. Албан тайпасының Құсық руынан шыққан. «Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қала мәдениеті (VІ–ХVІІІ ғасырлар)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. Байпақов бірнеше халықар. конференцияларға қатысты (Дрезден, 1984; Вашингтон, 1986; Токио, 1988; Париж, 1992; Пекин, 1992). ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті (1991). ЮНЕСКО-ның Орт. Азия тарихымен айналысатын Халықар. ғылыми комитетті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі. Байпақов 22 монография, 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986). «Парасат» орденімен марапатталған. ## Шығармалары * Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья, А.-А., 1986; * По следам древних городов Казахстана (Отрарский оазис), А.-А., 1990; * Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан, А., 1992; * История древнего Казахстана, А., 1994; * Средневековые города Казахстана на Великом Шёлковом пути, А., 1998; * Туркестан – очаг цивилизации, А., 2000. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.aef.kz/kz/aef2011/speakers/58776/(қолжетпейтін сілтеме) * http://www.egemen.kz/22497.html Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы. * http://www.shymkent.gov.kz/kaz/news/detail/2443(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Байсабаева Айжан Байжұмақызы (13.5.1981 жылы туған, Алматы) — каратэші, халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1996), Италияда өткен дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (1997), Қазақстанның 6 дүркін чемпионы (1993 — 1998). Еуропа және Босфор кубоктарының жеңімпазы (1996). Жаттықтырушысы — Савкив В.Г. ## Дереккөздер
Бахтияр Бағашарұлы Байсейітов (25 қыркүйек, 1971 жыл, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы кенті) - балуан, грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы (2010 жылдан), Әлем чемпионы. ## Өмірбаяны * Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (2001) бітірген, спорттан жаттықтырушы. * 2010 жылдан бері - грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы. ## Жетістіктері * КСРО Халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Запорожье, 1991); * грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Хиросима, 1993; Гуанжоу, 1996); * Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995); * Азия ойындарының (Бангкок, 1998) жеңімпазы. * Азия және Океания чемпионатының (Бангкок, 1997) жеңімпазы. * Әлем чемпионатының (Евле, 1998) жеңімпазы. * Азия чемпионатының (Филиппин, 1995; Сеул, 2000) жеңімпазы. ## Атақтары * КСРО спорт шебері (1989). * ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1995). * Жыл спортшысы (1998). ## Марапаттары * ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы құрметіне орай ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған. * «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (1999). ## Отбасы * Әкесі - Байсейітов Бағашар Жылқайдарұлы, марқұм. Анасы - Байсейітова Людмила Яковлевна, зейнеткер. * Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Маржан (1973 жылы туған), интерьер дизайнері. * Ұлдары - Бағашар Санжар Бахтиярұлы (1994 жылы туған), Байсейітов Сәлім Бахтиярұлы (1996 жылы туған); * Қызы - Байсейітова Інжу Бахтиярқызы (2004 жылы туған). ## Дереккөздер
Қанабек Байсейітов (15 наурыз 1905, Алматы облысы Қаратал ауданы Қалпе — 10 наурыз 1979, Алматы) — әнші-актер, режиссер, драматург, Қазақ музыка театрының (қазіргі Қазақ опера және балет театрының) негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі (1936), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. ## Өмірбаяны Жалайыр тайпасының Андас руынан шыққан.. Байсейітов 1905 жылдың көктемінде қазіргі Алматы облысының Қаратал ауданындағы Қалпе деген жерде дүниеге келген. Әке-шешесі көпке дейін бала көрмей жүріп Ескелді, Балпық әулиелердің басына түнеп, боз қасқа сойған соң дүниеге Қанекең келген екен. Жалғыз бала ерке өссе де, молданың алдын көріп, харіп таныған. Әкесі оны орыс мектебіне де беріп оқытқан көрінеді.Қанекеңнің жас кезінде көрген әсері — ауылдағы жиын-той, әнші-күйшілердің өнер сайысы, балуандар күресі, ат жарысы. Оның, әсіресе, есінде сақтағаны — жеті-сегіз жасында бұл ауылға кұдалыққа келген ақын Сараны көзімен көріп, айтқан ән-өлеңдерін өз құлағымен естуі. Екінші бір ұмытпайтыны — Арқа жақтан Алматыға қарай өнер жолын қуып бара жатқан Манарбек Ержановпен кездесуі. Бұл кезде ер жетіп, қызметке араласып жүрген, өзі де ойын-сауықта ән салатын Қанекең ән дүлдүлі Әміренің тікелей шәкіртінен Арқа әндерін естігендегі әсерін кейін "Құштар көңіл" атты кітабында сүйсіне жазды. Жиырмасыншы жылдардың ортасында қазақ ішінде Қанекеңдей екі тіл білетін адамдар аз-тұғын. Кеңес өкіметі жаңа орнай бастағаннан-ақ ол жаңа қоғам қызметіне араласып кеткен еді. Болыскомда, ревкомда хатшы қызметін атқара жүре ол кеңсе жұмысына бірсыпыра төселіп алды. Ол заманда ауылдық жерде милициядан артық қызмет жоқтай көрінетін. Ол жиырмаға жетер-жетпесте жергілікті милиция бастығы болып тағайындалды. Осы күнгі Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ол кезде колонизациялық дәуірден бермен қарай жергілікті халықты басып-жаншуға дағдыланған казак-орыстарға толы болатын. Солардың ішінде тәртіп орнатамын деп әуреге түсіп жүрген "кешегі калбит" Қанабек өлім аузынан қарудың күшімен ғана аман қалғаны бар. Талдықорған волкомының бастығы, КирЦИК мүшесі Байсақов Қатқылбай деген кісінің көмегі арқасында ол сотталудан аман қалып, Алматыға аттанады. Педтехникумға оқуға түседі. 1926 жылы техникум өнерпаздары қойған Ж. Шаниннің “Арқалық батыр” спектакліндегі Арқалық рөлін ойнап, актерлік талантын байқатты. Ол 1927 жылы ұйымдастырылған жастар театрының режиссеры болды. Сол тұста Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға ауысып, сол жақта құрылған тұңғыш Қазақ драма театры көшіп келген еді. Қазақтың тұңғыш театр режиссері Жұмат Шанин Қанабектің талабын байқап, жұмысқа шақырады, Мәскеуге оқуға кеткен Құрманбек Жандарбеков орындап жүрген басты рөлдерді ойнауға тартады. "Еңлік-Кебектегі" Кебекті, "Арқалық батырдағы" Арқалықты ойнауы оны бірден жұртшылық көзіне түсірді. Ол бұдан кейін де сахна саңлақтары Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбековтармен бірге талай образдар жасады. Алайда, оның даңқын шығарған опера өнері еді.Консерваториялық жоғары білімі жоқ болса да Күләш, Құрманбек, Шара, Манарбек сияқты майталмандармен бірге бұрын-соңды қазақ естіп көрмеген опера өнерін тез арада игерулері — таңғаларлық жағдай. Кешегі сал-серілердің әндері мен күйлері негізінде жазылған "Қыз Жібек" операсы талайлардың бағын ашты. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде түгелдей ауыл жастарынан құралған сахна саңлақтары Мәскеудегі Үлкен театрда дүние жүзі операларымен таныс көрерменді қалай таңғалдырғаны жайында көп айтылып, көп жазылған. Сонда Төлеген рөлін Қанабек, Жібек рөлін жұбайы Күләш, Бекежанды Құрманбек ойнап, халқымыздың атақ-абыройын шырқау биікке көтерген еді.Онкүндік өткен соң да көңілдері көтеріңкі шеберлер жаңа опералар жасауға құлшына кіріскен. "Қыз Жібекті" жазған Брусиловский халық әндері мен күйлері негізінде "Ер Тарғынды" дайын қылды. Сондағы Тарғын рөлін ойнап, сахнаға тұңғыш шығарған Қалекең тағы бір творчестволық тұғырға көтерілген еді. Күләш Ақжүністің таңғажайып бейнесін жасады. Бұдан кейін "Жалбыр" операсы туған. Мұнда да басты рөлдерде - Қанабек, Күләш, Құрманбек. Ол кезде дауысы да еркін, жүріс-тұрысы да ширақ. Осы опералармен олар арнайы шақыру бойынша Ленинградқа да барып қайтты. Бұл кезде Мәскеу, Ленинград режиссерларымен жұмыс істесіп үйреніп қалған, өзі де орталық театрлардан талай спектакльдерді көріп-тыңдап ой түйген Қанекең режиссерлық деген қиын іске кірісіп кетуге бел буды. Әуелі ол "Қыз Жібекті" қайта қойды. Бұл табысты өткен соң грузин операсы "Даисиді" қолға алған. Бұл сәтті шыққан соң орыстың классикалық опералары — Чайковскийдің "Евгений Онегин", Бородиннің "Князь Игорь" операларын сахнаға шығарған соң, Брусиловский мен Төлебаев бірігіп жазған "Амангелді" операсын қойды. Осының өзі-ақ жоғары режиссерлық білімі жоқ Қанабектің қаншалық тума талант екенін қалың жұртшылыққа танытқан еді. Жетпісінші жылдардың басында "Қыз Жібек" операсы мыңыншы рет қойылғанда Төлеген рөлінде қарт Қанабектің жас жігіттей жайнап шыға келгенін көрген жұрттың талайы таңдайын қаққан шығар деймін. ## Шығармашылығы Б. Төлеген, Тарғын (Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі” мен “Ер Тарғынында”), Абай (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайында”), Арыстан хан (А. А. Зильбердің “Бекетінде”) сияқты түрлі сипаттағы опералық образдарды сомдады. Ол Қазақ опера және балет театрының алғашқы режисерлерінің бірі ретінде “Абай” (Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1967), “Қыз Жібек”, “Қамар сұлу”, “Дударай”, “Даиси”, “Евгений Онегин”, “Князь Игорь” операларын сахнаға шығарды. Көптеген кинофильмдерде ойнап, Жағыпар болыс (“Аманкелдіде”, 1938), Жұрқа Жұрынбаев (“Қыз бен жігітте”, 1954), Итбай болыс (“Ботагөзде”, 1956), т.б. бейнелерді сомдады. Драматургия саласында да жемісті еңбек етіп, “Беу, қыздар-ай”, “Ой, жігіттер-ай” комедияларының, “Достық жолымен” балетінің және “Айсұлу”, “Алтын таулар” атты опералардың либреттоларын (Қ. Шаңғытбаевпен бірге) жазды. Оның “Құштар көңіл” кітабы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Қанекең кино өнері саласында да айтарлықтай көзге түсті. Отызыншы жылдардың аяғында түсірілген атақты "Аманкелді" фильміндегі болыс рөлін ойнаған Қанекең баршаның есінде. Беріде қойылған "Қыз бен жігіт" фильміндегі бастық, Сұлтан Қожықовтың "Қыз Жібек" фильміндегі тұтқын батыр, Абдолла Қарсақбаевтың халықаралық сыйлықтарға ие болған "Эй, ковбой", "Жүйрік болсаң қуып жет" балалар үшін жасалған фильмдеріндегі қарт кісілердің бейнесі Қанекеңнің актерлік шеберлігін басқа қырынан танытты. ## Фильмографиясы * 1938 - Амангелді - Жапар * 1955 - Қыз-жігіт - Жұрпа * 1956 - Даладағы қайыңдар - Алтынбеков * 1957 - Ботакөз - Итбай * 1959 - Ертістің жабайы жағасында - Оралов * 1960 - Тыныштық - Хәкім Оспанов * 1961 - Асу - Байтемір * 1961 - Қорытпа - Жантуар Үсенов * 1963 - Ана туралы аңыз - эпизод * 1965 - Шыңдағы шынарда - эпизод * 1968 - Балалық шаққа саяхат - Сембай * 1968 - Көк бағдар - Мәке * 1972 - Құлагер - эпизод * 1974 - Эй, ковбойлар! - Ұзақ ата * 1975 - Сүйіктім - қарт * 1975 - Дала гүрсілі - әке * 1976 - Алпамыс мектепке барады - Мұнар ата ## Марапаттары Байсейітов Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі”, т.б. бірнеше ордендермен, медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
Байжансай — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шаян ауылынан шығысқа қарай 45 км-дей жерде, Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Таулық сұр қызғылт қоңыр топырақты қуаң агроклиматты белдемде жатыр; өлең, қоңырбас шөп, бидайық өседі. ## Халқы ## Тарихы Іргесі полиметалл кенінің ашылуына байланысты 1930 жылы қаланған. Байжансай кентінде кен байыту фабрикасы жұмыс істеген. Байжансайда өндірістік кооперация, жеке шаруашылықтар жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары Шымкент қаласымен, аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Байкөкше Балғынбайұлы (1813-92) - суырып салма ақын. Абайдың замандасы. Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Матай руынан. Сөзге шешен, тапқыр да тура айтатын Б-ні Абай құрмет тұтып, уытты өлеңдерін жоғары бағалаған. Абай оның есімін атамай Байкөке дейді екен. Байкөкше де жастайынан ісі орнықты, сөзі салмақты Абайды ерекше құрметтеген. Сондықтан да ол Құнанбайдың бата оқырында дүйім жұрттың көзінше: «Құнан кетті - алдынан жарылқасын, Артында алтын қалды ат басындай...» деп, Абайға сенім арта сөйлейді. Екі ақынның пікірі көп ретте бір жерден шығып отырған. Керей, Найман елінің Бақанаста өткен жесір дауында Абайдың: «Тақыр жерге қауымдап шөп бітеді, Кей адамға мал мен бас көп бітеді» деген ойын Байкөкше «Толықсыған жігітті болыс қойсаң, Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді...» деп іліп әкетеді. Байкөкшенің Абай туралы көрген түстері мен оның жоруы да оның ұлы ақынға деген ыстық ықыласын, адал тілегін танытады, Абайдың бүкіл қоғамдық, әлеум. саладағы қызметіне бағдарлама жасап бергендей болады. Ол тағы бір өлеңінде, Жидебайға ояз келгенде соған жеткіз деп Абайға айтқан арыз-өлеңінде: «Меңгерсең елді жөңдеп меңгер, Абай, Аз бен көпті салмақтап теңгер, Абай. Сүрінген, сүйеп аттан нашарларды Сүйе де, сүйемелдеп дем бер, Абай. Туысының зорлығын тыяды деп, Тілеуіңді тілеп жүр кемдер, Абай...»- деп, Абайдан әділдік күтетінін аңғартады. Бұл өлең жолдарынан Байкөкшенің Абайға еркін сөйлейтінін аңғаруға болады. Ниеттес, пікірлес, сыйлас адамдардың бір-біріне деген еркіндігі байқалады. ## Байкөкше Балғынбайұлы туралы әңгімелер ### Байкөкше Балғынбайұлы туралы әңгіме ...Бүгінгі болыстар қонағында, Абай домбыра берген соң Байкөкше әуелі жанынан шығарып, жиынға амандасып сыпайы сөздерді бір жырлап өтті. Қымыздың қызуымен желпініп отырған болыстар: "Бәрекелде!, "Өй, жезтаңдай!", "Сайра бұлбұл!". "Ендігі ақынның алды бұл!", "Баяғы көрі желаяқтардың сарқыты ғой!", "Сөйле, соқ!" десіп даурыға мақтасып еді. Байкөкше ұрты солыңқыраған, қабағы көп ашылмайтын, шоқша сақалды, тұйық жүзді кісі. Мақтауға семірмек түгіл, селт еткен де жоқ. Алғашкы, амандасу сияқты сөз еді. Екінші бір термеге түсіп, текіректеп кеткенде, сөзінің беті ауысып сала берді. "Ұлық болдың қолың жетті, жақсы деп аталасың. Сонын бәрі рас болса жарлыны жылатпа. Арамға болысып, адал момынды аунатып жеме, береке деген боп, әрекенің қылығын қылма. Алғаныңды аз көріп, елді өзің саралап, көптің құтын шайқама. Көпке масылын артқан көбеген болма!" деп бір жортып өтті. Мынасы, біреуді атап айтпаса да, осы отырған болыстың көбіне жағалай нұсқаған, жәйсіз сөздің ащысы. Алғашқыдай емес, болыстар бұл тұста Байкөкшені қостамады. Молдабай өзінің турашыл, қырыс мінезімен томырыла бастап: - Байкөкше дегеніңмен, жәй Көкше екен деп жүр ме, бұ қу таңдайды! Жата-жата жамбасқа деп, әр-беріден соң тұнығыңды ылайлап кететін қу болар бұл! - деді. Асылбек Байкөкше турасындағы Молдабай сөзін ауыр көріп: - Ақын айтса ашып атайды. Тыңдаушы құлақ сабырлы болса нетер! - деп күліп қана қойды. Байкөкшенің жырын ұнатпаған кей атқамінерлер, сөзді басқаға бұрғысы келіп, өзара қалжың әзілдерін айтыса бастап еді. Абай Байкөкшені жұртқа елеулі етпек боп, сөзге қатысты: - Байкөкше сөзінің қасиеті - алғанның мақтауы емес. Тіленші боп - ел ақтаушының сөзі емес. Бұл, ел көргенді бірге көріп, ел айтқанды бұрын айтатын сыншы да болар! - деді. Төкежан Абаймен бұл жөнінде келіскен жоқ: - Ел айтқан деп, қай ел осыған: "удай ащы сөзді айт" деп тапсырды дейсің! Өзіне құдай берген қыршаңқылығы десеңші! - деді Ысқақ та, Тойсары да осы сөзді қостап:- Қотыр атша сүйкене жүрмей нетеді?- Елден аулақ! Бұның пәлесін елге жұқтырып неғыласың? - деді. Абай бұл жауаптарға күлді де: - Тура айтқан сөз, тура қабыл алына ма тегі. Бұларың да сол: "тулап кетеміз, айтпа" дегеннің ишарасы ғой. Бір Байкөкшенің айтқанын көтере алмаймыз, елдің сынын қайтіп көтереміз? - деп, қатты күлді.- Ел Байкөкше емес! - деп Төкежан дауласты. Осы кезде Байкөкше жүгіне түсіп домбырасын безілдете тартып отырып:-Уа, ел Байкөкше, болысым! Тыңдамайтын болған соң не керек, болмаса Байкөкше тап ел айтқанды айтады! - деді.- Кәні, олай болса, елдің айтқанын маған бір-ақ ауыз сөзбен айтып берші осы! - деп Төкежан күле көтеріліп, Байкөкшені мысқылдай бастап еді. Өзге болыстар да Төкежанмен қоса жауланып, Абай мен Байкөкшені мысқыл етуге айналды. Абай осы уақытта күле түсті. Қызына жауланып ол Байкөкшеге қарады да:- Өй, Байеке, ендеше іркілме шұбыртпа да, шұбылтпа, және мен бір ауыз өлеңнің басын бастайын, соның аяғына болыстар туралы елдің не айтатынын сен қосып жіберші, кәні! - деді. Өзі де бөгелместен, қатты дауыстап өлеңдетіп кетті.Ойпаң жерге қауындап шөп бітеді,Кей жігітке мал мен бас көп бітеді, Ойпаң жерге қауындап шөп бітеді,Кей жігітке мал мен бас көп бітеді, деп калып еді. Жүгініп отырған Байкөкше көтеріле беріп, қуана жадырағандай болды, қабағын керіп жіберіп, лезде іле жөнелді: Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді.- Міне, ел сөзі? - деп, Төкежанға қарап, сақылдап күліп жіберді. Үйдің ішіндегі барлық жұрт ду күліп, неше алуан тілмен, таң-тамаша қалғанын білдірісті. Төкежан қып-қызыл боп кетіп, мойнын сырт бұра беріп:- Өй, тіліңе шоқ түссін, заржақ неме? - деді. Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді. Абай Байкөкшеге сүйсінген бойында, барынша нашаланып, сылқылдап күледі. Қасында отырған Ерболға: - Байкөкше емес, болыстарыңа көктен түскен "жай көкше" болмады ма! - деді де, осы күлген бетінде, тысқа шығып кетті. Ербол Абаймен ере кетті. Болыстар алғашкы кезде күлсе де, кейін ее жия, үндеспей сазарып топталып қалды. Тобына тұйғын араласқан: үлкен дуадақ, коңыр қаздардай. Семіз, жуан бойларымен, қысылып, қорғалап қалған сияқты... ### Байкөкше Балғынбайұлы туралы әңгіме Семей қаласынан қырдағы болыс сайламақ болып, съезд ашамыз деп, Жидебайдағы Абай ауылына Лосовский деген ояз келіпті. Ояз келді деген хабарды естіген жан-жақтағы елдерден өтініш-арыз етуші адамдар келе бастапты. Бір күні ояз тілмәші мен Абай, Көкбай, Оспан, Абайдың баска серіктерімен мәжілістесіп отырғанда белгілі Байкөкше ақын сәлем беріп кіріп келіпті. Абай орнынан тұрып: "Байкөке, төрлет, - депті. Байкөкше:- Абайжан, менің отыруға мұршам жоқ. Мына келген оязға арыз жазып шағым айтқалы келдім, - депті. Абай:- Байкөке, өзің мәжілісті бұздың-ау, кәне әкел арызды, - десе. Байкөкше мен орысша білмеймін емес пе, өзіңе арыз жазғызайын деп едім. Абай оған "не күн туды басыңа сонша, әбігерленіп" деп ұнатпаған жағдай көрсетіпті. Көкбай сөзге араласып, "Абай аға Байкөкең арызын өлеңмен айтып түсіндірсін артынан мен өзім орысшалап жазып беремін ғой" десе керек. Абай Лосовскийге "мына кісі төкпе ақын сізге арыз айтуға келіпті, ауызша айтуға рұқсат па" деген екен. Ояз "айтсын, тыңдалық - бірақ толық, переводта" депті. Көкбай: "Ал Байкөке ояз рұқсат етті, өлеңмен айтыңыз арызыңызды", - дейді. Сонда Байкөкше: "Елді бүйтіп құрысын меңгергенің,Аз бен көпті салмақтап теңгергенің.Күн көргенім осы еді қызыл тілім,Оған да сынап-мінеп жол бермедің,Мәмбетұлы Кішіктің баласына,Бақ күндес ағайынның баласына,Кұнанбай мен Кұланбай сәнге басып,Түсер кісі болмады арасына. "Елді бүйтіп құрысын меңгергенің,Аз бен көпті салмақтап теңгергенің.Күн көргенім осы еді қызыл тілім,Оған да сынап-мінеп жол бермедің,Мәмбетұлы Кішіктің баласына,Бақ күндес ағайынның баласына,Кұнанбай мен Кұланбай сәнге басып,Түсер кісі болмады арасына. Көзіңнің қыры түссе, қырын қарап,Бекбембет, Жапал менен Қабасына.Сен болмасаң еліңе өсек кірген,Кім тұтқа бола алады аласына,Малын берді қүн тартты Қабас күйді,Бәжейдің кісі өлтірген жаласына. Көзіңнің қыры түссе, қырын қарап,Бекбембет, Жапал менен Қабасына.Сен болмасаң еліңе өсек кірген,Кім тұтқа бола алады аласына,Малын берді қүн тартты Қабас күйді,Бәжейдің кісі өлтірген жаласына. Қабасқа жуандықпен жапқан жала,Көре-тұра түспедің соған ара.Ерім серік, ат ортақ, жорық емес,Айдан анық ақ іске жақты қара. Қабасқа жуандықпен жапқан жала,Көре-тұра түспедің соған ара.Ерім серік, ат ортақ, жорық емес,Айдан анық ақ іске жақты қара. Әділдігін қанеки айтшы, Абай,Толып жатыр арманым айтсам талай,Қүне-екем маңдайымнан сипаушы еді,Ұдайы болмаса да,әлдеқалай. Әділдігін қанеки айтшы, Абай,Толып жатыр арманым айтсам талай,Қүне-екем маңдайымнан сипаушы еді,Ұдайы болмаса да,әлдеқалай. Кеткен соң ортамыздан Қараменде,Салар кісі болмады кезін кемге.Кеңгірбайдың қыңырық мінезінен,Қараменде би кетті алтын көмбе. Кеткен соң ортамыздан Қараменде,Салар кісі болмады кезін кемге.Кеңгірбайдың қыңырық мінезінен,Қараменде би кетті алтын көмбе. Сонан соң Мәмбетұлы Кішік билеп,Аздың йін қандырды теріше илеп.Олжабай, Ибақ, Шорман қанішерін,Ұрлық-қарлық істесе Қабас күймек. Сонан соң Мәмбетұлы Кішік билеп,Аздың йін қандырды теріше илеп.Олжабай, Ибақ, Шорман қанішерін,Ұрлық-қарлық істесе Қабас күймек. Құлық бен Орыс қаржау, Жуантаяқ,Мәмбетей тұқымына қойды таяп,Шеңгел кіріп тікенек қаны шығып,Есім менен Текебай екі саяқ. Құлық бен Орыс қаржау, Жуантаяқ,Мәмбетей тұқымына қойды таяп,Шеңгел кіріп тікенек қаны шығып,Есім менен Текебай екі саяқ. Ащы-суда иттей ұлып Манай отыр,Сондай нашар атаның талайы отыр.Оны айтуға бармайды менің аузым,Байқара, Әнетпенен қалай отыр. Ащы-суда иттей ұлып Манай отыр,Сондай нашар атаның талайы отыр.Оны айтуға бармайды менің аузым,Байқара, Әнетпенен қалай отыр. Маңайында елдерғе маза бермей,Ойбас ұры, тиымсыз Мамай отыр,Мырзаның қазанбұзар үй тентегі,Бекенбетпен Қабасты Сабай отыр. Маңайында елдерғе маза бермей,Ойбас ұры, тиымсыз Мамай отыр,Мырзаның қазанбұзар үй тентегі,Бекенбетпен Қабасты Сабай отыр. Асаубай, білседағы, білмей отыр,Шиқаны сыздаса да тілмей отыр.Ордадан аса қарап, хан тауына,Абайжан көзіне оны ілмей отыр. Асаубай, білседағы, білмей отыр,Шиқаны сыздаса да тілмей отыр.Ордадан аса қарап, хан тауына,Абайжан көзіне оны ілмей отыр. Меңгерсең елді жөндеп меңгер, Абай,Аз бен көпті салмақтап теңгер, Абай.Сүрінген, сүрен аттап нашарлады,Сүйеде, сүйемелдеп дем бер, Абай.Туысының зорлығын тияды деп,Тілеуіңді тілеп жүр кемдер, Абай. Меңгерсең елді жөндеп меңгер, Абай,Аз бен көпті салмақтап теңгер, Абай.Сүрінген, сүрен аттап нашарлады,Сүйеде, сүйемелдеп дем бер, Абай.Туысының зорлығын тияды деп,Тілеуіңді тілеп жүр кемдер, Абай. Нашарлап ер мойнына тақалғаныЕсе тиіп жуаннан ақы алмады.Шабақ жұтқан шортандайМырза, Мамай,Қабасты жұтсадағы қақалмады.Жөкеңді жақын жерден шаба торып,Ізге түскен шабуыл, күнде жорық.Айналада торыған аш қасқырдан,Момын ел, ала алмады малын қорып. Нашарлап ер мойнына тақалғаныЕсе тиіп жуаннан ақы алмады.Шабақ жұтқан шортандайМырза, Мамай,Қабасты жұтсадағы қақалмады.Жөкеңді жақын жерден шаба торып,Ізге түскен шабуыл, күнде жорық.Айналада торыған аш қасқырдан,Момын ел, ала алмады малын қорып. Мырза, Мамай, Мырза, Мамай, Мырза, Мамай, Олжабайды бастыққып аттандырып,Мыңға жатыр үйінде түбін жорып,Мыңқ етіп анда-саяда, бірақ айтып,Дүйсен жатыр борсықтайқұйрық сорып. Олжабайды бастыққып аттандырып,Мыңға жатыр үйінде түбін жорып,Мыңқ етіп анда-саяда, бірақ айтып,Дүйсен жатыр борсықтайқұйрық сорып. құйрық сорып. құйрық сорып. құйрық сорып. Ұрлап сойған биенің етін мақтап.Қорқақ отыр аузымен орақ орып.Ырғызбай, Өскенбай би ата тегің,Жоқтап еді әр уақытта елдің кегін. Ұрлап сойған биенің етін мақтап.Қорқақ отыр аузымен орақ орып.Ырғызбай, Өскенбай би ата тегің,Жоқтап еді әр уақытта елдің кегін. Ашса алақан,жұмғаяда жұмырығында,Тобықтының сол көрген ағын, көгін,Құнанбай артына үлгі қалдырыпты,Қу құсты, құладынға алдырыпты,Қазақтын баласына тәлім беріп,Мекеден тақиятам салдырыпты. Ашса алақан,жұмғаяда жұмырығында,Тобықтының сол көрген ағын, көгін,Құнанбай артына үлгі қалдырыпты,Қу құсты, құладынға алдырыпты,Қазақтын баласына тәлім беріп,Мекеден тақиятам салдырыпты. жұмғаяда жұмырығында, Сен солардын бірінен астым дедің,Таразының салмағын бастым дедің.Асып туған кезіңде сенсің, Абай,Еліңнін басып қалды, басқын денін. Сен солардын бірінен астым дедің,Таразының салмағын бастым дедің.Асып туған кезіңде сенсің, Абай,Еліңнін басып қалды, басқын денін. Асыл тусаң нашарға көзіңді сал,Тентекті тый, терісті тексеруге ал,Кедей-кепшік ұшырап сергелдеңге,Барымта сапырылып, сабылды мал. Асыл тусаң нашарға көзіңді сал,Тентекті тый, терісті тексеруге ал,Кедей-кепшік ұшырап сергелдеңге,Барымта сапырылып, сабылды мал. Жұмағұл мен Кішіктің зорлығын тый,Ел бұзды Атақандай парақор би.Мұнан қатты айтуға бара алмадым,Аз ауыл Қабас саған жетерлік сый. Жұмағұл мен Кішіктің зорлығын тый,Ел бұзды Атақандай парақор би.Мұнан қатты айтуға бара алмадым,Аз ауыл Қабас саған жетерлік сый. Менің сөзім түсіндір орысыңа.Ел басқарған би мен бек болысыңа.Шыдай алмай мен келдім саған шауып.Бай жуандар зорлық қып қонысыма.Ояз, тілмәш, үйінде қолында тұр.Абайжан, шамаң жетер болысуға. Менің сөзім түсіндір орысыңа.Ел басқарған би мен бек болысыңа.Шыдай алмай мен келдім саған шауып.Бай жуандар зорлық қып қонысыма.Ояз, тілмәш, үйінде қолында тұр.Абайжан, шамаң жетер болысуға. Абай көзіне жас алып, ақынға өте риза болыпты, орнынан ұшып түрып: - Байкөке, мен ағайындар арасындағы өсек шығар деп анығын біле алмай жүр едім. Енді сізге сендім. Жайланып отырып ашуынды бас, - деп жанына отырғызыпты. Ояз Досовский "бұл ақын ғажап адам екен, өте ашулы жәйттарды айтқан сияқты, жақсылап маған перевод жаса" деп тілмәші Омарбек Оспановқа бұйырыпты "Омарбекті Мұхтар Әуезов Самалбек деп "Абай жолы" романында атын өзгертіп жазған" Омарбек "ақынның арызын басынан аяғына дейін өлең екен және көптеген халыққа жағымсыз зорлықшыл адамдарды айтады, оларды мен жете білмеймін, мына отырған Көкбай аударсын" депті Сонан соң Абай өзі жайланып отырып, оязға толық түсіндіріп беріпті, Досовский: "енді ақын менен не тілейді", - депті. Байкөкше "Балық басынан шіриді" деген қазақ халқының данышпандық мақалы бар. Осы сиезде қанаттас отырған үш болыс ел бар, сол елдерге болыстыққа ояз қабылдаса: "Мұқыр еліне Дұтбай Уандықов, Қызыладыр еліне - Тәуірбек Жаманқұлов, Шыңғыс болысына Оспан Құнанбаев сайланса екен" депті. Ояз Досовский түсініп Абайға бет бұрып, "Сіз қалай қарайсыз?" дегенде Абай "Осы кісінің ұсынысы қонады", - депті. Байкөкшенің ұсынысы бойынша, сол сайлауда жоғарыдағы үш кісі болыстыққа сайланыпты. Кейін сайланған үш болыс бастарын қосып. Байкөкшенің өлең арызы бойынша, ел ішіндегі телі тентек, зорлықшыл - көп ру елдердің басқарушыларына қатаң соққы беріп тыйым сала бастапты. Зорлықшыл Мырза деген көп рулы елдің Бөжей деген мықты бай адам болыпты. 4 баласы (Абыз, Мыңға, Қоқақ, Олжабай) шетінен батыр, жауынгер, барымташы болыпты. Оларға қосыла Найман Барақ төре шөбересі Есімхан деген ақын да Бөжей баласының серігі болып жүріпті. Соларды жоғарыдағы сайланған үш болыс (Оспан, Тәуірбек, Дұтбай) бірігіп қаулы шығарып Бөжей балаларын шет жерлерге жер аударуға бекітіпті. ## Байкөкше Балғынбайұлы туралы әңгіме Жөкен деген кісіге Байкөкше ақын сәлем беруге барыпты. Жөкен мырза ақ көңіл мейірімді адам екен. Көп жылқылары отарда болып, ауылда тұрған арық болса да бір атты жетегіңе ала кет депті. Ол ат - белгілі жақсы аттың бірі болса керек. Аулына келген соң біраз күннен кейін ат "өкпе" болып өліп калыпты. Байкөкше екінші жылы барса: - "баяғы торы атты неге мініп келмедің, ол өзі белгілі жүрісті ат еді гой" - депті, Байкөкше: "Жөкем бір маған берді маңқа торы,Ол өзі тәуір де емес малдың коры.Барған соң маңқа торы өліп калды,Сау ат бермесе, алмаймын осы жолы... "Жөкем бір маған берді маңқа торы,Ол өзі тәуір де емес малдың коры.Барған соң маңқа торы өліп калды,Сау ат бермесе, алмаймын осы жолы... дегенде байдың Нұрбай, Байбатыр деген екі баласы шапан кигізіп қайтарған екен. ## Дереккөздер
Байтақкөл – Торғай алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Нұра кентінің оңтүстік-батысында 16 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 76 м жоғары жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 45 км2, тереңдегі 3 м дейін. Көктемгі қар және Торғайдың жайылма суымен толығады, қуаң жылдары тартылып қалады. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы көктемде тұщы, жаздың ыстық кезінде ащы. ## Жағалау сипаты Көлге Торғай, Ырғыз өзендерінің тарамдары құяды. Жиегі қамысты келеді. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады. Көлден балық, құс ауланады. ## Дереккөздер
Байтасов Баһадүрбек (23. 2.1921, Түркістан облысы Түркістан қалалық әкімшілік Ұйық ауылы—7.7.1995, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1972). Ленинград әскери-шекара училищесін (1948), КСРО ІІМ-нің әскери институтын (1954) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып (1942—1945), зеңбірекшілер тобының командирі болған. 1946—1950 жылдары Тәжік шекара округінің Термез шекара отрядында кіші офицер, 1954 — 1960 жылдары Қырғызстандағы шекара отрядында аға офицер, штаб бастығының орынбасары, 1960—1962 жылдары Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысындағы Бақты шекара отрядының штаб бастығы, 1962 — 1968 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан шекара отрядының бастығы, 1968—1971 жылдары Шығыс шекара округі штаб бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1971 — 1987 жылдары Республика ДОСААФ ОК-нің төрағасы болды. Байтасов халқымыздың қаһармандық ерлік салты мен дәстүрін насихаттауда, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген. ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды (1994 — 1995). Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Байтулин Иса Омарұлы(15.1. 1928 жылы туған, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – биолигия ғылылымының докторы (1979), профессор (1980), Қазақстан Ғылым Академиясынының академигі (1989), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982). ҚазМУ-ды (1952, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университетте аспирант, Ботаника бағының меңгерушісі, ассистент, аға оқытушы, биология факультінің деканы және кафедра меңгерушісі (1952–1975) болды. Қазақстан Ғылым Академияның Бас ботаника бағының директоры (1975–1983), Қазақстан Ғылым Академияның Биология бөлімінің академия-хатшысы (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті (1990–1994), Ботаника (1983–1994, қазіргі Ботаника және фитоинтродукция) институтының директоры қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы институттың құрметті директоры. Дүниежүзілік 16-Ботаника конгрестің құрметті вице-президенті болып сайланған (АҚШ, 1999). 1977 ж. «Экоморфоз корневой системы растений в аридной зоне Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдік анатомиясы мен физиологиясына арналған. Байтулин Қазақстанда ризология ғылымының негізін салды. Қазақстанның шөл, шөлейтті аймақтарындағы өсімдіктердің тамыр жүйесінің негізгі белгілерін зерттеді. Оның басшылығымен сырттан әкелінген өсімдіктерді Қазақстанда жерсіндірудің жүйелі-экологиялық тәсілі ұсынылды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Шығармалары * Корневая система растений аридной зоны Казахстана, А.-А., 1979; * Строение и работа корневой системы растений, А.-А., 1987; * Системный подход к сохранению и сбалансированному использованию биологического разнообразия, А., 1998; * Основы ризологии, А., 2001. ## Дереккөздер
Байтуған би елшілігі — 1764 жылы көктем-жаз айларында Әбілмәмбет ханның Ауған билеушісі Ахмад шаһ Дурранидің Қазақстанға қатысты саяси көзқарасын анықтау мақсатында жіберген елшілігі.18 ғасырдың 60-жылдарының басында Абылай ханның бастауымен Шың (Цин) империясына қарсы мұсылман елдерінің одағы құрыла бастағанда, бұл одаққа Дуррани мемлекетінің негізін қалаушы, 1763 жылы Шың императорына өз елшілігін жіберген Ахмад шаһ та қосылмақ болып, осы кезден бастап мұсылман елдерінің Шыңға қарсы бірігуін жақтады. 1763 жылдың соңы мен 1764 жылдың басында өткен қазақтың ел ағаларының құрылтайы да бұл одақты жақтап шықты. Байтуған би құрылтайдың осы шешімімен Ахмад шаһты хабардар ету үшін жіберілген болатын. ## Дереккөздер
Байшолақов Талғат (25. 11.1964 жылы туған, Ақмола облысы Целиноград ауданы Возвышен ауылы) — палуан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, КСРО кубогының 2 дүркін (1984 — 1985), дүние жүзі кубогының (1985, Сан-Себастьян, Испания) жеңімпазы.Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1989). Жаттықтырушысы М. Жахитов. Арғын тайпасы Қуандық руы Сайдалы бөлімінен шыққан. ## Дереккөздер
Байшолақов Қанат (20.7.1961 жылы туған, Ақмола облысы Целиноград ауданы Еңбекші ауылы) — палуан, самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1981), Қазақстанның 5 дүркін чемпионы (1979 — 1983), дүние жүзі чемпионы (1981, Испания), КСРО кубогының 2 дүркін жеңімпазы (1980 — 1981). Арғын тайпасы Қуандық руының Сайдалы бөлімінен шыққан. Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1986). Спортпен 14 жастан әуестенген. Жаттықтырушысы — М. Жахитов. ## Дереккөздер