text
stringlengths 3
252k
|
---|
Аушадияр — тұрмыс-салт дәстүр қазіргі кезде ұмтылған көне дәстүр. Кейбір нұсқалары 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап қана баспа беттерін көре бастады. Ақыл-насихат айту арқылы айтушы өзінің ақындық нанымын да, салт-дәстүрден қапшалықты хабардар екенін де танытады. Сондықтан көлемі айтушының қарым-қабілеті мен көңіл ауанына қарай өзгеріп отырады. Жырда бірден бастап, 25-ке, 50-ге дейін санап отырып, насихат айтылады (100-ге дейін жетуі де мүмкін). “Бақтиярдың қырық бұтағының” бірі — “Ақылды Ақым” қиссасындағы (“Қазақ қисалары”, 1-том, 1985 ж. Пекин) мағлұматқа қарағанда, аушадияр — өте ерте пайда болған жырлар жанры. “Қан болған алты арысты Азат-Бақыт, Талай жыл сонан бері өтті уақыт” деп басталатын дастанда Азат-Бақыттан Бақтияр, одан Алтай, Аушадияр туады. Алтай батыр болып, Алтай тауы соның атында қалған. Аушадияр аса әділ патша болған, халық жиын-тойды, мерекелерді соған арнаған өлеңмен ашуды дәстүрге айналдырған. Алғаш 100 шумақ мадақ айтқан ақын Есенгелді дейді. Тағы бір нұсқа да:
“Аушадияр-хан екен,Халқына сыйлы жан екенӘу, бисмилла, бір десем—Жаратқан жалғыз Хан екен.Қисапсыз тірлік болмаған,Бұл да бір үлкен мән екен.Ғалам саны жалғанда .Он сегіз мыңға дәл екен.Екі десек, мысалға,Егіз туған бала екен.Құдай қосып, отасқанЕрлі-зайып жан екен.Аушадияр түк емес —Жүзге дейін сан екен”... — деген анықтама айтылады. Аушадияр есімі шумақтың алғашқы жолында қайталанып отырады да (Аушадияр — бір болар... Аушадияр— екі дер...) онан әрі ақыл, өсиет, тағылымды сөздер айтылады. Жаратқан Алланың, әділ пашаның әмірін бұзба, ата-ананың үкімін орында дейді, кәсіпті дәріптейді. Қарапайым, тұрмыстық сөздерге құралғандықтан тез жатталады. Шыққан уақыты жағынан қарағанда, Аушадияр термеден ертерек туған деуге болады. Үгітті, үлгілі сөз, насихат толғаудың оңайлау түрі ретінде туып, дами келе, терме жанрының дүниеге келуіне түрткі болуы — зерттей түсуді қажет ететін мәселе.
## Дереккөздер |
Бахия Атшабарұлы Атшабаров (1.11.1919 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарақұс ауылы — 2010, Алматы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961).
Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан.
Алматы медицина институтын бітірген (1942). 1942 — 1945 ж. Отан соғысына қатысқан. 1952 — 1984 ж. Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, директоры болды.
Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бахия 200 ғыл. еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған. Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.
## ҚазҰМУ-де академик Б. Атшабаров атындағы орталық
Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде Ұлттық Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабаровты еске алуға арналған ғылыми-зерттеу орталығы бар.
30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал, Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.
## Еңбектері
Қарқаралы өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бахия Атшабаров Қазақстан ғылымына 160 ғылыми еңбек, оның ішінде 5 монография, 5 ғылыми жаңалық енгізген.
## Шығармалары:
* Клиническая невропатология при артериальной гипертонии, А-А., 1953;
* Поражение нервной системы при свинцовой интоксикации, А-А., 1966;
* Обоснование нового метода измерения давления жидкости в полостях организма, А-А., 1974;
* Новый метод измерения внутри-черепного давления, А-А., 1974.
## Дереккөздер
Алматы ақшамы газеті |
Ауылнай — кіші әкімшілік қызметкер. “Сібір қазақтары туралы жарлығы” (1822) бойынша енгізілген ең төменгі әкімшілік лауазым. Ресми атауы — ауыл старшыны. 1891 жылы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” бойынша ауылнайлар сайлаушылар съезінде ашық дауыспен 3 жылға сайланған. Болысқа бағынған. Оны уезд бастығы бекіткен. Ауылнай әдетте, жұртына сыйлы, ауқатты адамдар арасынан қойылған. Атқаратын міндеттері: ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көшіп-қонуды ұйымдастыру, ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешу, халықтан алым-салық жинау, болыстық сайлауға қатысушы адамдарды шақыру т.б. Ауылнай лауазымы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жойылды. Алайда ауылдық кеңестің төрағалары ауызекі тілде “ауылнай” аталып келді.
## Дереккөздер |
Рахымжан Рахмединұлы Ауытов 30 қараша 1939 жылы дүниеге келді, қазір Алматы қаласында тұрады.
Рахымжан Рахмединұлы Ауытов — экономика ғылыми доктор (1980), профессор (1982), ҚР ҒА-ның корреспондент-мүшесі (1994). Қазақ ауыл шаруашылығы интститутын бітірген 1962 жылы. Сонда ассистент (1962), доцент (1970-1973), факультет деканы, кафедра меңгерушісі (1974-1995) болды. 1995 жылдан Қазақ мемлекет басқару академиясының профессор Ауытов Рахымжан агрокешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың бағдарламасын, ауыл шаруашылығы ұжымдарын шаруашылық есепке көшіру және ұжымдық мердігерлік пен жалгерлікті енгізудің ғылыми жобасын жасады. Сондай-ақ ол Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына нарықтық қарым-қатынастарды енгізу, ұжымдарды мемлекет қарамағынан алу, жалға беру, жекешелендіру жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеді.
## Шығармалары
* Совхоз өндірісін шоғырландыру және кооперациялау, М., 1980;
* Агробизнес теориясы және тәжірибесі, А., 1997.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ҚазАқпарат-Анонс: қарашаның 30-ы мен желтоқсанның 5-і аралығындағы ...(қолжетпейтін сілтеме) |
Ауызашар, ауызекі тілде — ифтар (араб.: إفطار) — Рамазан айында ораза ұстаған мұсылмандардың Ақшам намазына шақырыған азаннан кейін тамақтануға рұқсат етілетін мезгіл.
## Атауы
Мұсылмандардың тамақтануға рұқсат етілетін мезгілдің атауы туралы Қазақстан қоғамында өте көп даулар жүріп жатыр. Бұл тақырып 2023 жылдың наурызында тіл активистер негізін қалаған Qazaq Grammar жобасы қазақ тілінің грамматикалық заңдарына қайшы келетін «ифтар» сөзін қолданғаннан қарағанда «ауызашар» сөзін қолдануды шақырғаннан кейін аса өзекті болды.
Астана қаласының бас мешітінің имамы Нұрлан Байжігітұлы ауызашар атауы туралы өзінің пікірін білдірді:
Кейбір күнделікті өміріміздегі діни сөздер бар, оны қазақшалап айтқан жақсы да шығар, себебі қазіргі таңда біріңғай тілімізге онсыз да бірталай сөздер кіріп жатқаннан кейін белгілі бір мөлшерде ұлттық, өзімізге тән сөздерді айтқан жақсырақ болады. Алайда бұл дисскусия мен талас нәрсеге әкелмеу керек. Бұл таласатын дүние емес, бізде бұдан да басқа маңызды дүниелер көп.
## Қабылдау тәртібі
Ифтар күн ұясына батқаннан кейін дереу бастала береді. Оны кешірек уақытқа қалдыру орынсыз болып табылады.
Ауызашар сүннеттер бойынша құрмамен немесе сумен ашылады. Мұхаммед Пайғамбар айтқан : «Егер де біреулерін ауыз ашатын болсандар, құрмамен ашындар, ал егер құрма табылмаса, сумен ашындар, шын мәнінде ол тазартады».
Ифтарды қабылдағаннан кейін келесі дұға қылады (дуа):
* Транскрипция: «Аллаахумма лякя сумту ва ‘аляя ризкыкя афтарту ва ‘аляйкя таваккяльту ва бикя аамант. Йа вааси‘аль-фадли-гфир лий. Аль-хамду лил-ляяхил-лязии э‘аанани фа сумту ва разакани фа афтарт».
* Аудармасы: «О Аллаһ, шын мәнінде мен Сен үшін ауыз бекіттім ( Сенің маған деген молшылығын үшін ) және Сенің игілігіннің арқасында ауыз аштым. Саған үмітттенемін және сенемін. Кешір мені, Сенің мейірбандығын шексіз. Маған ораза ұстауға көмек берген және ауыз ашқанда мені тамақтандырған Аллаһқа шүкір. ».
* Транскрипция:«Аллаахумма лякя сумту ва бикя ааманту ва алейкя таваккяльту ва ‘аля ризкыкя афтарту. Фагфирли яй гаффару ма каддамту ва ма аххарту».
* Аудармасы: «О Аллаһ! Сенің ризашылығын үшін ауыз бекіттім, Саған сендім, Саған сүйендім және Сенің сыйынды қолданып ауызымды аштым. Менің осыған дейінгі және осыдан кейінгі жасар күнәләрімді кешіре гөр, О Бәрін кешіретін!»
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Али-заде, А. А. Ифтар Мұрағатталған 5 шілденің 2015 жылы. (архив ) // Исламның энциклопедиялық сөздігі. — М.: Ансар, 2007.
* Ифтар Мұрағатталған 30 тамыздың 2015 жылы.
* САХУР И ИФТАРМұрағатталған 10 маусымның 2022 жылы.. FondIhlas.ru
* Сухур и ифтар (утренний и вечерний прием пищи). Umma.ru |
Кәкен Аханов (2.5.1928, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Никитинка ауылы — 23.8.1978, Алматы) —тілтанушы, ғалым, филология ғылым докторы (1966), Қазақстан Ғылым Академиясыныңның кореспондент-мүшесі (1975). Қазақстан Мемлекеттік университетті бітірген (1950). Жоғары оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, филолог факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Алматы шетел тілдері педагогикалық институтынының ректоры болды. Ол қазақ тіл білімінің теориясы, методологиялық тұрғыдан жүйеленуі, негізделуі, сондай-ақ қазақ тілінің әлемдік тілдер арасындағы алатын орны мен ерекшеліктерін зерттеді. “Тіл білімінің негіздері” деген монографиялық еңбегі жоғары оқу орындарында негізгі оқулық ретінде қолданылып келеді. Ахановтың жалпы тіл білімі теориясын зерттеген ғылым еңбектері отандық тіл ғылымына қосылған бағалы үлес ретінде қабылданды. Ахановтың орта мектепке арналған “Қазақ тілі” оқулықтары ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа ана тілінің ғылым жүйесін меңгертуге қызмет етті.Жалпы тіл білімінің теориясын зерттеген ғылыми еңбектері отандық тіл ғылымына қосылған бағалы үлес болып табылады.1978 жылы Алматы қаласында дүниеден озды.
## Шығармалары
* Қазақ тілі лексикасының мәселелері, А., 1955;
* Грамматика теориясының негіздері, А., 1972;
* Тіл біліміне кіріспе, А., 1965;
* Қазақ тілі грамматикасы, І бөлім. Фонетика мен морфология, 5-6 класс, А., 1961, 1974;
* Тіл білімінің негіздері, А., 1973.
## Дереккөздер |
Ахматуллина Нәзира Бәдретдинқызы (1930, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Степняк қ.) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1985), профессор (1991), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003). Халықаралық дәрігерлер ассоциациясының мүшесі (1999).
Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1954). Қазақстан ғылым академиясының Микробиология және вирусология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1958—73), зертхана меңгерушісі (1973—95) болды. 1995 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жалпы генетика және цитология институтында зертхана меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері молекулалық генетика мәселелерін, Қазақстанда полиомиелит ауруын жою және онымен күресу жолдарын зерттеуге арналған. А. адамның тұқым қуалау және өзгергіштік қасиетіне қоршаған ортаны радиациялық, химиялық және биогенді ластағыштардың әсерін, мутант вирустарды сұрыптау әдісін қарастырып, вирус бөлінуін тездететін жаңа тәсіл ұсынды, грипп миксовирустарының биологиясын зерттеді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1974). Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» енгізілген (1981). А. 200-ден астам ғылыми мақаланың, 8 монографияның авторы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* АХМАТУЛЛИНА Нәзира Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы. |
Қаршыға Ахмедьяров (25.03.1946 - 06.06.2010) - күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі.
## Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан. Қаршыға Ахмедьяров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедьяровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қаршыға Ахмедьяров гастрольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан, Венгрия т.б. көптеген елдерде болды.
Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Қаршыға ағаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар Қаршыға ағаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті. Телеканал АЛМАТЫ
Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты.Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедьяровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» ордені мен марапатталды.
## Шығармалары
«Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т.б. күйлері бар. Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды атақты күйшілердің күйлерін жинап, "Атырау" деген күйлер жинағын жарыққа шығарды. «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.
## Дереккөздер
* Телеканал АЛМАТЫ
* Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-том. 572 бет.
* Б.Кожиров "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010 ж |
Жақан Уәлишерұлы Аханов (12.1.1936 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы) — ғалым, биология ғылым докторы (1981), профессор (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының корриспондентінің-мүшесі (1989), Қазақстан Мемлекеттік университетті бітірген (1960). 1960 — 1984 жылы Топырақтану институтынының кіші ғылым қызметкері, ғылыми хатшысы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1984 — 1995 жылы осы институттың директоры, 1994 — 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының биология ғылымдары бөлімінің академия-хатшысы болды. 1997 жылдан Ғылым Министірлігі — Ғылым Академиясының Топырақтану институтынының директоры. Аханов Қазақстандағы топырақты суландырудың ғылым негізін жасаушылардың бірі. Ғылым еңбектері сортаң топырақты суландыру, топырақ генетикасы, топырақтың техногендік ластануы және экология салдарынан бұзылған топырақты қалпына келтіру мәселелерін зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол топырақ құнарлығын арттырудың жаңа тұжырымдамасын ұсынған. Қазақстан Мемл. сыйл-ның лауреаты (1984).
## Дереккөздер |
Ғалым Хакімұлы Ахмедов ( (25.12.1906 жылы, Ақтөбе облысы Алға ауданы 1-май ауылы-2002) - жазушы, аудармашы.
1925 жылы Орынбордағы Халық ағарту институтынын бітірген. 1926 — 1932 жылы Ақтөбе, Жамбыл облыстарында кәсіподақ, шаруашылық қызметтерін атқарды. Қазақстан Комунистик Партияның Округтік Кеңестің нұсқаушысы (1938), Жамбыл қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы (1938) болды. 1944 жылы Қазақ мемлекеттік біріккен баспасының Бас редакторы, 1950 жылы көркем әдебиет (қазіргі “Жазушы”) баспасының директоры болып тағайындалып, әдебиетімізді өркендетуге белсене ат салысты.
## Еңбегі
Ахмедов шығармашылық жолын аудармашы ретінде бастаған.
* Б. Горбатовтың “Бағынбағандар” повесін (1947),
* Т. Семушкиннің “Аласталған Алитет” (1950),
* И. Тургеневтің “Соны сүрлеу” (1959), “Түтін” (1966),
* М.Бубенновтың “Қыран ұшқан құла тұз” (1962),
* К.Фединнің “Алау” (1969) романдарын,
* Ю.Смуулдың “Мұз кітабын” (1977),
* Л.Толстой, А.Чехов әңгімелерін аударған. Ахмедов кейін төл туындылар жазуға ден қойып, өнімді еңбек етті.
Ел өміріне, тарихына байланысты терең ойлы, зерделі еңбектер жазды. Тарихи тақырыпқа арналған
* «Жорық жылдары» (1977),
* «Жем бойында» романдары,
* «Ескі достар» әңгімелер кітабы,
* «Түркістан үшін күрескендер» очеркі («Жұлдыз», 1996, Ns 2),
* «Алаш «Алаш» болғанда» естеліктері (1996) т. б. жарық көрді.
## Марапаттары
* «Құрмет белгісі» ордені
* «Ерен еңбегі үшін» медалі (01.03.1959)
## Дереккөздер |
Ақалтеке жылқысы(түрікм: Ahal-teke aty) — түрікмен халқының арғымақ түрі.
Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай.
Шыққан жері — Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары [дереккөзі?]. Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин.22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 — 157 см, тұрқы 154 — 158 см, кеуде орамы 167 — 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см.
Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т.б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Түркістан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі (қ. Абсент).
## Тарихы
Бұл тұқымды қазіргі кезде өте ертеде шыққан деп дәлелдеушілер көп. Бірақ, кеңес заманындағы ғалымдар оның 1220—40 жж. Каспий жағасында көшіп-қонып жүрген түркімен тайпаларында түзіліп шыққанын дәлелдеген. Соның ішінде теке руында — теке, жәуміт руында — жәуміт тұқымы түзілген. Сөйтіп, арғымақтардың жалпы атауы алдымен «теке-жәуміт» атаныпты.
Кейін түркімендер Ақал оазисіне келіп қоныстанған. Осы сәттен асыл тұқымды жылқылар «ақалтеке» атаныпты. Ағылшынның таза қанды мініскер жылқысы осы тұқымнан алынған.
Өз билігі өзінде болмай, бөтен елдің боданы болып отырған 19 ғ. ғасырдың аяғында жаппай тасып әкетудің салдарынан ақалтеке тұқымы саны мен сапасын жоғалта бастайды. Сонда басқа жылқылармен қаны араласпаған айғырлар ұстап қалған дана ақсақалдар ауыл-ауылды өздері аралап жүріп, ақалтекенің тұқымын таратқан екен.
Олардың Бойноу, Мелекуш, Бекназар-қара, Бекназар-ала атты айғырларының есімдері де қазіргі ақалтекенің тарихында ерекше құрметпен аталады.
## Түрікмен жүйрік аттарының күні
Түрікменстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Осы күні Ашқабатта жүйрік аттар тарихына арналған халықаралық конгрестер, конференциялар, сондай-ақ аттар үшін жаттығулары мен емдеу мен күтіп-баптау шаралары өтеді. 1991 жылы сәуір айында Сапармұрат Ниязовтың Жарлығымен ақалтеке тұқымының жойылу қауіпінің алдын алу мақсатында «Түркменаттары» мемлекеттік бірлестігі құрылған. Сонымен қатар оның ұйымдастыруымен Халықаралық ақалтеке ат зауыты қауымдастығы құрылған.
## Өрбітуі
КСРО аумағында өмірге келген Дон жылқысы, Қарабайыр, Қарабақ, Орлов желгіштері, т.б. арғы бастауын осы ақалтекеден алады. Бүкіл еуропалықтар өз жылқысын асылдандыру үшін осы түрікмен жылқысын пайдаланады.
Қазір ақалтекені сыртқа сатпайды. Жылқы зауыттарында оның санын барынша көбейту жұмыстары қолға алынған. Түркімендердің оны қатты құрметтейтіні соншалық, тіпті мемлекеттік елтаңбасына да Янардак деген бірінің суретін салып қойған.
## Қызық деректер
Табиғи сұлу қалпымен қатар, ақалтеке жылқысы барынша төзімді де болып келеді. 1935 жылы түрікменнің 30 жігіті оның төзімділігіне, ерекше қасиетіне әлем назарын аудару үшін Ашғабттан Мәскеуге атпен сапар шеккен. Бұл сол кездегі КСРО деңгейінде тараған ерекше шаралардың бірі болыпты. Жорыққа қатысқан жігіттердің бәріне орден беріліп, бір-бір құсмылтық сыйға тартылған екен.
## Сыртқы сілтемелер
* Федерация конного спорта Казахстана: конный спорт в Казахстане(қолжетпейтін сілтеме) — ахалтекинская порода (орысша)
* Қазақстандағы ақалтеке өсіретін шаруашылықтар(қолжетпейтін сілтеме) (орысша)
* Akhal Teke Horses Мұрағатталған 7 қыркүйектің 2008 жылы. — тарихы (ағылш.)
## Дереккөздер |
Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафин (15 шілде 1912 жыл, 2-ауыл, Петропавл уезі, Ақмола облысы – 21 қазан 1984 жыл, Алматы) — көрнекті ғалым, қазақ кеңес гидрогеологы, геология – минералогия ғылымының докторы (1947), Қаз.КСР Ғылым Академиясының академигі (1954; корр. мүшесі 1951). Қазақстан КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері (1961), Социалистік Еңбек Ері (1969).
* Орта Азия индустрия институтынын бітірген (1935).
* КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалында, кейін Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдары институтынында бөлім меңгерушісі (1940 – 1965)
* Қазақ тау-кен институтынының (қазіргі Ұлттық техникалық университет) кафедра меңгерушісі (1948 – 1951)
* Қазақстан Ғылым Академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтынының директоры (1965 – 1984) болды. Қазақстанның гидрогеологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның ғылым еңбектері Қазақстан мен Орта Азия шөлді аймақтарының гидрогеологиясын зерттеуге арналған.
## Ғылыми саладағы еңбектері
Ахмедсафин жерасты су көздерін, олардың пайда болу, қалыптасу, таралу заңдылықтарын ашты. Сондай-ақ жерасты суларын картаға түсіру, гидрогеологиялық карталарды жасаудың жаңа тәсілдерін қарастырып, гедрогеологиялық болжамдаудың негізін қалады.
Ахмедсафин ұсынған басты теориялық және әдістемелік қағидалар тұңғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеологиялық болжам карталарын жасауға мүмкіндік берді, бұрын сусыз деп саналып келген шөл-шөлейт аймақтарда көптеген тұщы сулы артезиан және грунт суларының алаптарын ашуға негіз болды.
Ол жер астындағы тұзды және аз тұзды сулардың табиғи және пайдаланылатын, жылма-жыл толықтырылатын қорын анықтап, оны өнеркәсіпке ауыл шаруашылығында, елді мекендерде, мал жайылымдарында, сусыз жерлерді суғаруға тиімді пайдаланудың жолдарын негіздеді. Ахметсафин 200 ғылыми еңбек жазды, оның 150-і жарияланды, 30 ғылым кандидатын дайындады, Қазақстандағы гидрогеология мектебінің негізін салды. Оның еңбектері Қазақстан мен Орта Азияның шөлді аудандарының жер асты су көздерін, олардың жаралу жөне қалыптасу заңдылықтарын анықтауда бірден-бір ғылыми тұжырым болып есептеледі.
Оны мен қатар гидрогеология болжау, картаға түсіру жөне классификациялау принңиптерін негіздеуге арналған. Ахмедсафин ұсынған басты теориялық қағидалар тұңғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеология болжам картасын жасауға мүмкіндік беріп, бұрын сусыз деп саналып келген аймақта 70 артезиан алабын ашуға негіз болды.
## Қоғамдық жұмысы
* Көп жылдар бойы Қаз КСР Жоспарлау комиссиясы ғылыми-техникалық кеңесінің су секциясының төрағасы және бірқатар ғылыми және ғылыми-техникалық кеңестердің мүшесі болып келді.
* 1955–59 жылдары Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1955 – 1959) және Төралқа мүшесі болды.
* Ахметсафин гидрогеологиялық саласынан 8 ғылым докторын, 40-тан астам ғылым кандидатын даярлаған.
## Марапаттары
* Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980).
* Ленин орденімен т.б. ордендер және медальдармен марапатталған.
## Шығармалары
* Методика составления карт прогнозов и обзор артезианских бассейнов Казахстана, А-А., 1961;
* Формирование и гидродинамика артезианских вод Южного Казахстана, А.-А., 1973 (соавт);
* Прогнозная карта региональной водообеспеченности Казахстана ресурсами подземных вод, А.-А., 1983 (соавт);
* Формирования подземных вод Казахстана, А.-А., 1985.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* АХМЕДСАФИН Уфа Меңдібайұлы Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Нұрхан Ахметбеков (1903, Қостанай облысы Жангелді ауданы Жаркешу ауылы — 16.10.1964, Торғай ауылы) — Қазақстанның халық ақыны (1963).
Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан.
* Торғай өңірінде алғашқы ауданаралық театр құрып, оның тұңғыш директоры болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жалынды жырларымен халықтың жігерін жандырып, жеңіске деген үмітін оятты.
* 1946 — 1950 жылы Торғайдағы Амангелді Иманов мұражайының директоры
* 1951 — 1955 жылы Торғай ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
## Айтыстары
* 1943 жылы қараша айында Қостанайда өткен облысы айтыста Сәт Есенбаевпен, сол жылдың аяғында Алматыда болған республикалық айтыста Молдахмет Тырбиевпен, 1945 жылдың ақырында Майташ Смағұловамен, 1957 жылы Есенбаевпен екінші рет айтысқан. Бұл айтыстары “Қостанай ақындарының айтысы” (1958), “Айтыс” (3 — 1., 1966) жинақтарында жарияланды.
## Шығармалары
* Ахметбеков классикалық шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше дастан шығарған.
“Мың бір түн” ертегісінің оқиғасына байланыстырып
* “Қамарлы заман”
* “Албан Жұпар ханым” (1939 — 1940)
өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар сюжетіне
* “Есім сері” (1929)
* “Қарға” (1938) дастандарын жазды.
* “Күләндам” (1934) дастанында 1932 — 1933 жылдардағы қазақ, даласын жайлаған алапат аштық тұңғыш рет шынайы көрсетілді.
* Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері — Амангелді батыр бейнесі. “Үрпек соғысы” (1944) өлеңі кейін “Амангелді” дастанына ұласты. “Жасауыл қырғыны” дастаны оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1951).
## Күйлері
* Ахметбековтың өзі шығарған “Күй басы”
* “Июнь толқыны”
* “Жеңіс” сынды күйлері де бар.
* Қостанай облысы Торғай аудандық мәдениет үйіне, орта мектепке, көшеге Ахметбеков есімі берілген.
## Баспадан шыққан еңбектері
* Жасауыл қырғыны. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1951;
* Тосын толғау. Поэмалары., ҚМ КӨБ, 1958;
* Аманкелді. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1962.
## Дереккөздер |
Ахметов Әбдірәшит Рахымұлы (07.04.1924, Қарағанды облысы Ақадыр ауданы) — ғалым, тарих ғылым докторы (1970), профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітірген (1949). Осы университетте кафедра меңгерушісі, оқытушы қызметтерін атқарды. 1980 — 1986 жылы Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтынының — СОКП ОК жанындағы МЛИ филиалының директоры болды. Ахметов республика кәсіподақтарының тарихы, Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайын, олардың өнедірістік және әлеум. белсенділігін зерттеді. Осы тақырыпқа байланысты 200-ге тарта ғылым еңбек жариялады. 31 ғылым кандидатын даярлады.
## Шығармалыры:
Славный путь рабочего класса Казахстана (А.Байшин, А.Рахимовпен бірге), А.-А., 1960; Профсоюзы Советского Казахстана: краткий исторический очерк (М. Кузьмин-Закс, А. Рахимовпен бірге) М., 1961; Рабочий класс Казахстана в борьбе за коммунизм, А.-А., 1970.
## Дереккөздер |
Ахмет хан — (1533—1535) Сырдария маңында билік құрған.
Ахмет хан — 16 ғасырдың 30-жылдарының 2-жартысында Қазақ хандығының батыс бөлігін билеген хан. Жәнібек ханның немересі, бірақ оның қай ұлынан екені белгісіз.
1535 жылы Ахмет хан 15 ұлымен бірге Ноғай мырзасы Сейдақ бидің қолында болған. Қадырғали Жалайри А. х. туралы: “Қазақияда Ахмад хан деп атайды. Ол дағы біраз уақыт хан болды. Шидақ бекпен болған ұрыста шаһит болды. Орақ мырза шаһит қылды”, — деп жазады.
А.П.Чулошников Ахмет ханды 1538 жылы Тоғым ханнан кейін хан болған, ноғайлармен болған бір ұрыста Орақ мырзадан жеңіліп, өлтірілген деген пікір айтады.
## Дереккөздер |
Ахмет сұлтан (XV ғасырдың II-жартысы — 03.1509) — сұлтан. Жәнібек ханның немересі, Жаныш сұлтанның ұлы. 1507 — 1508 жылы 50 мың әскермен Мауереннахрдың Самарқан, Бұхара аймағына жорық жасады. Бұхара аймағындағы Куфин өңірінен мол олжамен оралды. Бұл жорыққа Мауераннахр билеушісі Мұхаммед Шайбани ханның 1505 — 1506 жылы қазақтармен сауда-саттықты үзу туралы жарлығы мен Түркістан, Хорезм қалаларындағы қазақ саудагерлерін тонау туралы бұйрығы түрткі болған. 1509 жылы Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға қарсы жасаған үшінші жорығының алғашқы соққысы Жәніш сұлтан ұлысына бағытталды. Тұтқиылдан болған шабуылға қазақ ұлысы табандылықпен қарсылық көрсетті. Жау әскерінің күші басым болып, қазақ ұлысы талқандалды. Ахмет Сұлтан сол шайқаста қаза тапты.
## Дереккөздер |
Ахун (парсы: آخوند) — 1. мұсылмандық діни лауазым. 2. баулушы, ұстаз.
* 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласында қолданылған діни лауазым. Орта Азияны билеген Бұхар хандығының тұсында ислам ғұламаларының ең жоғарғы лауазымы болды. 1860 жылы Л.Толстойдың қабылдауында болған қазақ мүфтиі Уәйіс ғұламаның екінші лауазымы — Ахун Мүфтидің шариғат негізінде айтылған фатуасы Ахунның келісімінсіз жүзеге асырылмаған. Қазіргі кезде Ахун деген діни лауазымның орнына наиб мүфти лауазымы ендірілген.
* халықтың діни сауатын ашып, діни ғұрыптық қызметті атқаратын дін оқымыстысы, мұсылман ғұламасына берілетін атақ. Қазақ дәстүрлі қоғамында Ахун Алла разылығы үшін халықтың діни сұранысына лайықты қызмет атқарған, уағыз-насихат айтып, халыққа дін ақиқатын түсіндірген. Олар ауыл балаларының діни сауатын ашып, сондай-ақ шариғаттың шарттарын, құлшылық ғибадаттың жөн-жосығын үйреткен. Қоғам өміріндегі әр түрлі жиын-тойларда, жаназа, астарда діни ғұрыптық қызмет атқарған. Ахун әдетте белгілі бір діни ғұлама ұстаздардан, атақты медреселерден ілім алған оқымыстылар болған, халыққа діни ағартушылық қызмет жасағандықтан өзінің білімдерін үнемі жетілдіріп отырған.
## Атақты ахундар
* Қалжан ахун
* Жұмағали ахун
* Жиенғали ахун
## Дереккөздер |
Даниал Кенжетайұлы Ахметов (15 маусым 1954 жыл, Павлодар) — қазақстандық саясаткер, Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен әкім (2014–2023), экономика ғылымдарының докторы (2003).
Бұрын Ахметов Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992–1993), Павлодар облысының әкімі (1993–1997), Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (1997–1999), премьер-министр орынбасары (1999–2001), Павлодар облысының әкімі (2001–2003), елдің премьер-министрі (2003–2007) және Қорғаныс министрі (2007–2009) болған.
Ахметов әкімдігі кезіндегі непотизм және нашар қызметі үшін Қазақстан саясатында даулы тұлғаға айналды.
## Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі. «Региональные особенности обеспечения устойчивого социально-экологического развития в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған.
* 1954 жылы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген.
* 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
* 1976–1981 ж. — «Павлодар тұрғын үй құрылыс» тресінде мастер, аға прораб.
* 1981–1983 ж. — Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы.
* 1983–1987 ж. — «Екібастұз шахта құрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы.
* 1987–1991 ж. — Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
* 1992 ж. бастап — Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.
* 1993–1997 ж. — Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.
* 1997–99 жж. аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
* 1999 ж. қазанынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.
* 2001 ж. қарашасынан бастап — Павлодар облысының әкімі болды.
* 2003 жылдың маусымынан бастап — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған.
* 2003 ж. Мәскеуде «Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.
* Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұз шахта құрылыс» тресінің жетекшісі, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.
* 2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.
* 2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметінен жеке бизнеске ауысты.
* 2014 жылдың қарашасынан бастап ШҚО облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
* 2019 жылғы 17 маусымда — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды.
* 2022 жылдың 3 наурызы — облыс әкімдерінің рейтингінде бірінші орынды иеленді. Даниал Ахметовтің көрсеткіші 86% құрады.
* 2022 жылғы 11 маусымда — ҚР Президенті Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымындағы өкілеттігін ұзартты.
* 2022 жылғы 7 желтоқсанда — ҚР Президентінің Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, қайта тағайындауды барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының көпшілігі қолдады.
* 2023 жылғы 16 маусым — Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды.
## Марапаттары
* 1999 ж. «Барыс» 3-і дәреже
* 2004 ж. «Барыс» 2-і дәреже
* «Құрмет белгісі»
* «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері
* «Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008)
## Отбасылық жағдайы
Үйленген. Ұлы мен қызын тәрбиелеуде.
## Дереккөздер |
Ахун Құсайынов елшілігі — Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783 — 1797) кезінде Ресей үкіметі атынан қазақ даласына келген (1785, 1790) мәмілегерлік топ. Екеуін де Орынбордың Шекаралық экспедициясы жанындағы қазақ ахуны (кейін мүфти) М. Құсайынов басқарған. Уфа және Сібір әкімш. аймағының мирасқоры барон О. Игельстромның өкімімен 1785 жылы Жіберілген. Елшіліктің міндеті — халыққа арналған “Ашық хатты” тарату, елді тыныштыққа шақыру, көтерілісті тоқтатқандарға кешірім жасалып, жеңілдіктер берілетінін түсіндіру, сондай-ақ зәбір-жапа шеккендердің өтініш-талаптарын тексеріп, істің ақ-қарасын айыру үшін Орынборда Шекаралық сот және Расправа мекемелерін құруға қазақ елағаларын үгіттеу болды. 1790 жылы Игельстром қызметпен кетіп, оның орнына А. Пеутлингтің тағайындалуына байланысты саясат шұғыл өзгерген кезде Сырымның талап етуі бойынша А.К.Е. қайта келген. Сырым патша әкімш-мен келіссөз жүргізу арқылы Орал әскерлерінің шапқыншылығын тоқтатуды, жазықсыз тұтқындалғандарды босаттыруды, шептің екі бетіндегі бос жатқан жерлерді пайдалануға қол жеткізуді, сондай-ақ Нұралы ханның жасақтарымен ішкі саяси күресте өзіне қолдау табуды көздесе, отарлау саясатының әдісін ғана өзгертпек болған патша үкіметі бұл елшілікке: Кіші жүзде хандық өкіметті қайта нығайтуға бағыт ұстауды, қазақтардың орыс бекіністеріне шабуылдарын, сауда керуендерін тонауды тоқтатуды, Бұхараның діни ықпалындағы адамдардың орысқа қарсы үгітіне тойтарыс беруді міндеттеді. Алайда, ең басты мәселе жөнінде: “Мен сендердің Орал әскерлерімен араларыңдағы дау-жанжалды тексеруге келгем жоқ... тек мұң-мұқтаждарың мен қандай өтініш-тілектерің бар екенін білу үшін келдім” деген мүфти сөзіне елдің көңілі көкшімеді. Елшілік нәтижесіз аяқталды.
## Дереккөздер |
Асхат Тазетдинұлы Ашрапов (15 сәуір 1931, Башқортостан, Ишимбай ауданы, Кияуково ауылы - 19 сәуір 2008) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1980), КСРО Киноматографистер одағының мүшесі (1958).
## Өмірбаяны
* 1955 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының (А.В. Гальперин мен Э.К. Тиссэнің шеберханасы бойынша) бітірген
* “Қазақфильмде” жұмыс істеді. Алғашында деректі фильмдер түсіріп, кейін көркем фильмдерге ауысты.
90-шы жылдары "Қазақфильм" киностудиясындағы мансабын аяқтап, әйелі Лидия Ашраповамен бірге Ресейге, Мәскеу облысына көшті.
1990 жылы Ашрапов әйелімен бірге "Альянс" кинофирмасын құрды.
Соңғы 17 жылын Ашрапов науқас күйінде Қырымда өткізді.
## Түсірген көркем фильмдері
* "Егер біздің әрқайсысымыз" (1961)
* “Ана туралы аңыз” (1963, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1966)
* "Көкжиектен асқан іздер"(1964)
* “Шыңдағы шынар” (1965)
* “Артымызда Москва” (1967)
* “Қыз Жібек” (1970, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1972)
* “Атаманның ақыры” (1970)
* “Гауһартас” (1975)
* “Қан мен тер” (1978)
* "Алатаудың күміс мүйізі" (1979)
* “Біз ересекпіз” (1980)
* “Тоғызыншы ұлдан сақтан” (1983)
* “Өзіңнен баста” (1985, бейнефильм)
* “Түркісіб” (1986-87) т.б. белгілі кинотуындыларды түсіруге қатысты.
## Түсірген деректі фильмдері
* “Ас атасы — нан” (1958)
* “Тыңдағы мал шаруашылығы” (1958)
* “Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігі”
* “Халықаралық жастар фестивалі” (1959)
* “Медеудегі кездесу” (1976)
* “Мәжит Бегалин” (1981)
* “Жетісудің 8-өзені” (1984)
* “Алатаудың аймүйізі” (1980) сияқты деректі фильмдер түсірген.
Оның түсірген фильмдері операторлық шешімінің сонылығымен, суреткерлік құралдарының молдығымен ерекшеленеді.
## Фильмографиясы
### Режиссер ретінде
* 1973 - Ақ аруана
* 1976 - Медеудегі кездесулер
* 1990 - Бір ұя қасқыр
### Оператор ретінде
* 1955 - Ана мен бала
* 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
* 1963 - Ана туралы аңыз
* 1964 - Тұлпардың ізі
* 1965 - Шыңдағы шынарда
* 1967 - Ел басына күн туса
* 1969-1970 - Қыз Жібек
* 1970 - Атаманның ақыры
* 1973 - Ақ аруана
* 1975 - Гауһартас
* 1976 - Медеудегі кездесулер
* 1978 - Қан мен тер
* 1979 - Күміс мүйіз Алатау
* 1980 - Біз - ересекпіз
* 1984 - Тоғызыншы ұлдан сақтан
* 1986 - Түрксіб
## Марапаттары
* Еңбек қызыл Ту ордені
* Медальдармен марапатталған. .
## Дереккөздер |
Ашамай — баланы атқа мінуге үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі. Ашамайдың ер сияқты екі қасы (алдыңғы және артқы), екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнына тепкіншек қолданылады. Тепкіншек тебінгіге жапсыра тігілген, шағын киіз қоржын. Сәнді болу үшін оның беті кестеленіп, шүберекпен астарланады. Ашамайдың тағы бір құрамды бөлігі — қолтырмаш, Ашамайдың алдыңғы, артқы қасына бала қолтығының астынан байлайтын ағаш. Қазақта бала үш жасқа толысымен, атқа ашамай салып, мінгізіп үйрете бастайды. Түйеге, жылқыға жүк артуға пайдаланылатын ыңыршақты да кейде “Ашамай” деп атайды.
Ашамай - нар және қоспақ түйелер ерттелетін ағаштан жасалған ыңыршақ тәрізді әбзел. Түйенің жалғыз өркешіне ауырлық түспес үшін қомының үстіне салады. Оны сом ағаштан жасайды: төрт жақтау дайындап, оны оң, солды етіп басын бір-біріне қашап, екі- екіден айқастырады да, олардың арасына төрт шабақты колденеңінен откізіп қояды. Шабақтары ұзындау, жарты құлаштай, яғни нар түйенің оркешінің ұзындығымен шамалас болады. Нардың арқасына қондырған кезде Ашамайдың алқымы жазьшың екі шабағын қаба отырып, еркештің ұшына тимей, ердің оқпаны тәрізденіп ашық тұрады. Артылған жүктің салмағы ашамайға, оның ауыртпалығы жазының шыбығына, ондағы салмақ жабдықпен калыңдатылған күйде түйенің жонына көлбей түсіп, тегіс бөлініп, арқаға ауыртпалық түсірмейді, жараламайды.
## Тағы қараңыз
* Ашамайға мінгізу
## Дереккөздер |
Ахмет Риза мешіт-медресесі, мешіт-медресе. 19 ғасырдың 50-жылдарында Семей қаласынан ашылған. Мешіттің имамы Қазанның «Маржани» медресесін бітіріп келген Ахмет Риза деген оқымысты адам болған. Ол мешіттің қасынан шәкірттер түрақты жатып оқитын медресе ашады. Бұл медресенің өзге діни оқу орындарынан өзгешелігі - ислам мен түркі ғылыми әлемінде аса үлкен реформаторлық-жәдидтік ілімді қалыптастырған ғұлама Шаһабуддин Маржанидің ағартушылық бағытын ұстанады. Ахмет Риза имам «Шариғат», «Тарихат», «Мағрифат» атты үш негізден тұратын тарихи, философиялық қоғамтану ғылымдарын тереңдетіп оқытты. Түркі, араб, фарсы тілдері және шығыс поэзиясы мен сөз өнерінің заңдылықтары, математика, жағырафия, жаратылыстану пәндері негізгі дәріс ретінде жүргізілді. «Алланы - ғылым мен ақыл-сана арқылы тану керек» деген үрдісті оқу бағдарламасына енгізді. Құнанбайдың әуелде Абайды Ғабдұлжаппар деген имамға беріп, артынан Ахмет Ризаның мешіт-медресесіне ауыстыруы да мұндағы ғылым жолын тереңдетіп оқытатынына көзі жеткендіктен болса керек. Оның үстіне Құнанбай Софы Аллаярдың діни уағызын өте құрмет тұтып, балаларына үйретіп отырған. Ал Ш. Маржани сол Аллаярдың ілімін одан әрі дамытуды мақсат еткен ғұлама еді. Абай бұл мешіт-медреседе шамамен 1855-1858 жылдардың арасында дәріс алды. Жәдидтік бағыттың аса ықпалды болғаны сондай, Абай осы үш жылдың ішінде шығыс тарихы мен философиясын, тілін, поэзиясын жетік меңгеріп шығады. Фарсы тілінде өлең жазатындай дәрежеге жетеді. Ахмет Риза медресесінен дұрыс ғылыми бағыт алған шәкірттің көзқарасы сол жәдидтік арнада дамып, ғұламалық танымға неғіз қалады. Мұны Абайдың өзі де ерекше мойындаған. Біліммен сусындауға толық еркіндік берілгенін оның орыс мектебінен қосымша дәріс алуына мүмкіндік жасалуынан-ақ аңғарылады. Абай медреседен алған білімін есінде қатты сақтап, кейіннен өзінің шәкірттері мен балаларына айтып беріп, пәлен кітаптың пәлен бетінде солай жазылған деп сілтеме жасап отырған. Бұл жөнінде Ә. өзінің «Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904)» атты монографиясында толық жазған (20 томдық шығармалар жинағы, 1985, 18-т., 73-74-беттер). Аллаяр Софы мен Ш. Маржанидің ғылыми-діни ілімдері Абайдың философиялық көзқарасын қалыптастыруға тікелей негіз қалағаны туралы Әуезов барлық зерттеулері мен мақалаларында баса айтады. Патшалық-миссионерлік саясаттың жазалау саясаты мен мұсылмандық діни оқуларға шөктеу қою жөніндегі ерекше нұсқаудың кесірінен және қадымша оқытуды діни оқудың бірден-бір жолы деп санаған ескішіл молдалардың қысым көрсетуі салдарынан Ахмет Риза мешіті кейіннен медресеге бала қабылдауды тоқтатады. Қадым мен жәдид оқуының қайсысын таңдау жөніндегі Семей мешіттерінің арасындағы дау-дамайға Абайдың да қатысқанын Әуезов өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясында барынша шынайы суреттеді. Ахмет Ризаның жолын Камараддин қазірет жалғастырды. Алайда ол Баянауылға ауысға мәжбүр болды. Ахмет Риза мешіт-медресесінің үйі Кеңес өкіметі тұсында қоймаға, кеңсеге айналды. Соғыс жылдарында мешіт үйі өртеніп кетті. Шәкірттер оқитын медресе үйі ғана сақталып қалды. Ол үй қазір өзінің бұрынғы орнынан көшіріліп, Абайдың қорық-мұражайы кешенінің қасына орналастырылды.
## Дереккөздер |
Ащысай — Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл, Ащысай ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Кентау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Қаратаудың беткейіндегі Көкқиясай өзенінің басталар жерінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1932 жылы қорғасын-мырыш кен орнын игеруге байланысты Ащысай елді мекені құрылды. 10 мыңға дейін тұрғыны бар ауылда, Ахполиметалл зауыты жұмысын бастады. 1929 жылы Ащысай полиметалл комбинаты, 1966 жылы Ащысай металлургия зауыты жұмыс істей бастады. 1938 жылдан бастап кент болған. 1990 жылдардың ортасында шахталар мен зауыттар жабылды.
Кентауға апаратын теміржол бар еді, қазір бөлшектелген.
## Инфрақұрылымы
2 мектеп, аурухана, мәдениет үйі, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Негізгі ұғым:
* Ащысу — термин, ішімдік, арақ түрлерінің тұспалдап айтатын атауы. Қазақы ортаға «Жез ауыз желдендірер» деген айдарға ие болған алкогольдік ішімдіктер сонау XIX ғасырда орыс отаршылдығының салдары ретінде пайда болды. Аталмыш фразеологизм осы жағымсыз қылыққа деген қазақы ортаның қарсылығын бейнелейді. Ащысу жындысу, тентексу сондай-ақ ақмойын, көкмойын деп те аталады.
* Ащы су — минералдану дәрежесі 1—36 г/л (г/кг) аралығындағы су.
Сондай-ақ, ащысу сөзі келесі мағыналарды білдіреді:
Өзендер:
* Ащысу - Алматы облысы Жамбыл, Қарасай аудандары арқылы ағатын өзен.
* Ащысу - Қарағанды облысы Бұқар жырау, Павлодар облысының Баянауыл ауданы арқылы ағатын өзен.
* Ащысу - Ертіс алабындағы өзен.
* Ащысу – Нұра өзенінің оң саласы.
* Ащысу – Мойынты өзенінің саласы.
Бөген:
* Ащысу — Қарағанды облысы, Ащысу өзенінің бойындағы бөген.
Елді мекендер:
* Ащысу – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Ащысу – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл. |
Ащысай полиметалл комбинаты – Қазақстанның түсті металлургия саласындағы ірі кәсіпорындарының бірі.
Оңтүстік Қазақстандағы ертедегі Тұрлан (қазіргі Ащысай) қорғасын-мырыш кені негізінде құрылған. Бұл кен орны 16 ғасырдан белгілі болғанымен, тек 19 ғасырдың 60-жылдарынан бастап пайдаланыла бастады.
* 1917 жылғы төңкеріске дейінгі 50 жыл ішінде мұнда небәрі 500 т қорғасын өндірілген. Кенді игеру төңкерістен кейін өрістей түсті.
* 1935 ж. Ащысай кеніші салынып, пайдалануға берілді.
* 1941 ж. Мырғалымсай кен орны игеріліп, Ұлы Отан соғысы жылдары Одақ бойынша өндірілген қорғасынның жартысынан астамын берді.
* 1953 жылдан бастап Мырғалымсайда барит өндіру қолға алынып,
* 1964 жылдан барит қоспасы шығарылады. Комбинат негізінде Западная (1958), Скоповая (1963) шахталары, кейінірек Кентау кен байыту фабрикасы, Мырыш зауыты іске қосылды.
Ащысай полиметалл комбинатының кеншілері көлденең кен қазбасынан шапшаң кен өндіру бойынша дүниежүзілік рекорд жасаған (1984 – 65). Ащысай полиметалл комбинаты құрамында 4 кеніш, 3 байыту фабрикасы, металлургия т.б. көмекші цехтар бар.
## Дереккөздер |
Ащытастысор – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ащы көл. Торғай, Жыланшық өзендерінің аралығында, теңіз деңгейінен 140 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 48,9 км2. Ұзындығы 13,3 км, ені 5,8 км. Жауын-шашын мол жылы толысып отырады. Жағалауы жазық. Қарашаның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді.
## Дереккөздер |
Ахсан Ат-Тауарих (“Тарихтардың таңдаулысы”) — Хасан бек Румлудың тарихи шығармасы. Парсы тілінде жазылған 12 томдық бұл еңбектің тек соңғы екі томы ғана сақталған. Еңбектің 11 томын Науаи 1970 жылы Иранда, ал қысқартылған 12-томын Ч. Седдом ағылшын тілінде Үндістанда бастырып шығарды. 12-томында қазақ тарихы жөнінде құнды деректер бар. Мұрындық, Қасым, Хақназар хандар, Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға жорығы (1510) туралы мәліметтер келтірілген. Шығармадағы қазақтар мен оларға көршілес елдердің өзара қарым-қатынасы туралы деректер Абдаллах хан ІІ таққа отырғанға дейінгі Шайбани әулетінің үстемдігі жөнінде кеңірек мағлұматтар береді. Шығарманың 16 ғасырдың2-жартысындағы саяси-әскери жағдайларды түсіну үшін пайдасы зор.
## Дереккөздер |
Ащытамыр (лат. Botsc) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда культиасов, тянь-шань, попов түрлері бар. Соның ішінде Попов А-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда Қаратау өңірінде, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Биікт. 20 – 100 см-дей, сабағы тік бұтақты, жапырақтары күрделі қауырсынды келеді. Гүлшоғыры – күрделі шатырша. Гүлдері майда, 5 тостағанша жапырағының кейде қысқа тістері болады. 5 күлте жапырақшалары ішке қайырылған, түсі ақ, жасылдау. Пішіндері жұмыртқа тәрізді. Аталығы 5, аналығы біреу. Екі ұялы, әр ұясында екі тұқымбүршігі жетіледі, оның тек біреуі ғана тұқымға айналады. Тұқымынан көбейеді. Тамыз айында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – бүйірінен қысыңқы екі тұқымша. А-дың Қазақстанда 3 түрі: культиасов, тянь-шань, попов А-ы бар. Соның ішінде Попов А-ы (S.popovіі) – тек қана Өгем жотасында сирек кездесетін эндемик түр. Оның жылдан-жылға таралу ареалы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Аюка хан, кейде Аюке хан (қалм. Аюши хан, орыс. Аюка хан, 1642 – 1724) – Еділ қалмақтарының төртінші бас тайшысы (1672-1698), тұңғыш қалмақ ханы (1699-1724). Моншақтың үлкен ұлы әрі мирасқоры, Шукур-Дайчиннің немересі.
## Өмірбаяны
Болашақ қалмақ ханы балалық шағын Жоңғарияда өткізген. Туған кезіндегі есімі "Аюши" еді (ұзақ өмір буддасы Амитаюсаның қысқартылған аты), алайда орыс тарихына Аюка ретінде енді. 1654 жылы атасы Дайчинмен Еділдің бойына жетті. 1672 жылы әкесі Моншақтың өлімінен кейін туыстарының көмегімен Қалмақ ордасының бас тайшысы атанды.
Аюка Еділ қалмақтарын біріктіріп, өз иеліктерінің аумағын біраз кеңейтті. Жоңғариядан көшіп келген бір топ торғауыттар Аюканың билігін мойындап, Қалмақ ұлысының санын арттырды.
1670 жылы қазақ жерiне басып кiрген. 1673 жылы ақпанда Ресей патшасының қол астына кiргендiгi жөнiнде ант бередi. Орыс әскеріне арқа сүйеп, түрік сұлтанына, Солтүстік Кавказ тұрғындарына, Қазақ, Түрікмен, Хиуа хандықтарына қарсы жорықтар жасады. Аюкенiң атты әскерi Қырым соғысында орыстар жағында болады. 1681 жылы орыс әкiмшiлiгi оған дуанбасы атағын бередi. 1682-1683 жылдары Аюкенiң әскерi Ресей үстемдiгiне қарсы көтерiлген башқұрт көтерiлiсшiлерiн қырғынға ұшыратады. 1696 жылы орыс әскерiмен бiрге Азау(Азов) қамалын алады. Сенiмдi қызметi үшiн Петр I оған алтын қылыш тарту еткен.
1690 жылы Далай лама қалмақ тайшысы Аюкаға хандық титул мен мөрді ұсынды.
Еділдің төменгі ағысындағы билігін нығайту мақсатында ресей билігі Аюканының және оның одақтастары болған дербет тайшылары мен нойондарының әскерін Астрахан (1705-1706), Булавин (1707-1709) көтерілістерінде, Солтүстік соғыс (1700-1721) барысында кеңінен қолданды.
Аюке таққа мұрагерi етiп ұлдарының кенжесi Серен Дондукты қалдырған.
## Галерея
## Әдебиет
* Тепкеев В. Т. Аюка-хан и его время / Отв. ред. А.Н. Команджаев. Элиста: КалмНЦ РАН, 2018. – 359 с.
* Аюка // Русский биографический словарь : в 25 томах. — СПб., 1900. — Т. 2: Алексинский — Бестужев-Рюмин. — С. 366—368.
* К. Д. Э. Аюки // Энциклопедический лексикон: В 17 т. — СПб.: Тип. А. Плюшара, 1835. — Т. III: АРА—АФО. — С. 524—527.
* Лари Илишкин, Знаменитые калмыки прошлого, Элиста, 2010, стр. 8 — 14
* Цюрюмов А. В. Калмыцкое ханство в составе России: проблемы политических взаимоотношений. — Элиста: Джангар, 2007.
* Шовунов К. П. «Очерки военной истории калмыков (17-19 вв.)».
* Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х |
Бүркітбай Ғелманұлы Аяған (20.11.1954 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ақтас ауылы) – тарихшы, тарих ғылымдарының докторы (1996 жылы), профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Қазақ Білім академиясының академигі (2006 жылы).
1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1979 – 90 жылдары Қазақ педагогикалық институтында комсомол ұйымының хатшысы, оқытушы, 1990 жылы Қазақ КСРі Жоғарғы білім министрігінде жетекші ғылыми қызметкер, 1990 – 96 жылдары Президент әкімшілік мен Министр Каб-нің баспасөз қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1996 – 98 жылдары Қазақ заң университеттінің сыртқы байланыстар орталығының директоры, 1998 – 2003 жылдары Алматы қалалық ақпарат пен қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2003-2009 жылдары “Қазақ энциклопедиясының” бас директоры міндетін атқарған.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы (қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы, саяси өзгерістер, халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер) тарихи мәселелерін зерттеуге арналған. “Қазақстан мемлекеті: қоғамдық жүйелердің эволюциясы” (1994 жылы), “Кеңестік социализмнің шарықтау шегі мен батуы. Қазақстан полигоны” (1999 жылы), “Қызылдар мен қаралар”, т.б. кітаптардың, көптеген ғылыми мақалалардың авторы. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтарды жазуға қатысты (жалпы білім беретін орта мектептің 11 сыныбына арналған “Қазақстан тарихы” (1993 жылы), 9 сыныпқа арналған “Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы” (2005 жылы), жоғары оқу орындарына арналған “Социология негіздері” (1993 жылы) оқулықтары, т.б.). Жапонияда, Түркия, Ресей, Германия мен Малайзияда болған ғылыми симпозиумдарға қатысқан. Баспа және полиграфия ісінің қайраткері, “Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы”, “Ерен еңбегі үшін” медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Аяққап- ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын киіз қабы. Төрт бұрыштан тігіледі де, аузын жауып тұратын ілгекті қақпағы болады. Қақпақтан беті шұға, барқыт тәрізді матамен өрнектеліп, жиегі түрлі шашақпен әшекейленеді. Аяққап түйеге немесе арбаға тиелген жүктің үстіндегі шаңыраққа байланады да, үй тігілгенде өрешеге, қазан-аяқ жаққа таяу керегенің басына ілімді.
## Дереккөздер |
Өскенбай Аяпұлы Аяпов (15.9.1929 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы — 17.1.1983 жыл, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1973), профессор (1973), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1979).
## Өмірбаяны
* Қазақ Химия-технология институтын бітірген (1951).
* 1951 — 1959 ж. Қазақстан ғылым академиясының Отқа төзімді және құрылыс материалдары институтында аспирант, кіші ғылыми қызметкер
* 1959 — 75 ж. Алматы Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, зертхана меңгерушісі
* 1975 — 1983 ж. Металлургия және кен байыту институтында зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды.
* 1976 — 1979 ж. Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігі қарамағындағы кәсіпорындардың өнім сапасын бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарды.
## Ғылыми жұмыстары
* Негізгі ғыл. жұмыстары тұтқыр материалдардың қатайғанда гидраттануын және құрылым түзілуін зерттеуге арналған.
* Домна және фосфор қоқыстарын пайдалану тәсілдерін тауып, құрылыста тездеткіш қосымшалар қолданудың өлшемдерін жасады; гипс кристалдануының және сілтілер байланысының құрылыс материалдары құрылымы мен қасиетіне тигізетін әсерін анықтады.
* 30 авторлық куәлік алған.
* Аяпов және оның басқаруымен жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері республикамыздағы құрылыс материалдары өндірісі мекемелеріне кеңінен ендірілді.
## Шығармалары
* Твердение вяжущих с добавками-интенсификаторамы, А., 1978;
* Вяжущие материалы и бетоны из минеральных отходов промышленности Казахстана, А., 1982.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Новости Казахстана. Агентство Казинформ Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2014 жылы. |
Әбдесте– құманның бір түрі. Жезден жасалады, мойны жіңішке, шүмегі қаз мойынды келеді. Беті-қол жууға пайдаланылады. Кейде сәндік мүлік түріне жүреді. Әбдесте тәрізді құман түркі халықтарында, Үндістан, Иран елдерінде де көп кездеседі.
## Дереккөздер |
Әбдіғаппар Жанбосынұлы (1870; бұрынғы Торғай облысы Торғай у. Қараторғай облысы — 21.11.1919, сонда) қазақ халқының — 1916 — 17 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың Торғай даласындағы басшысы.
Тілеулі батырдың ұрпағы. Арғы атасы Нияз би — Абылай ханның сенімді серігі, әкесі Жанбосын (1847 — 95) көп жылдар болыс болған. Анасы — Алуа Ақтасқызы (1840 — 1934) (Ақтас — Ахмет Байтұрсынұлының әкесінің ағасы). Әбдіғапар ауылында бастауыш мектеп ашқан. Ағаштан ою ойған шебер болған, суармалы егіншілікпен айналысқан, ақыл-парасатымен ел ағасы атанған. 1916 жылдың жазында Қараторғай болысының, кейін бүкіл Торғай уезінің көтерілісшілері Әбдіғапар маңына топтасты. Сол жылғы 21 қарашада Жалдама өз. бойында 13 болыс ел өкілдерінің құрылтайы Әбдіғапарды хан көтеріп, Кенесары қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі Амангелдіні Сардарбек етіп сайлады. Әбдіғапар ел билігін соғыс жағдайына бейімделген дала демократиясы негізінде қайта құрды. Алдымен Әбдіғапар өзін хан деп атамай, әмір деп есептеді. Ол өзі басқарған Торғай елін бүкіл қазақтың тәуелсіз мемлекеті құрылғанға дейін метрополияның билігін мойындамайтын, жаугершілік заманда уақытша өмір сүруге құқылы автон. аймақ деп санады. Әбдіғапар көтерілісшілерді 20 адамнан тұратын халық өкілдерінің кеңесі арқылы басқарды. Бұл кеңес әскери, әкімш., шаруашылық мәселелерін шешетін басшы орталық болды. Жергілікті жерлерде Әбдіғапардың жарлығымен елбегілер сайланды. Көтерілісті жақтаған болыстар өз орындарында қалдырылды. Көтерілісшілер ежелгі шығыс дәстүрімен ондық, жүздік, мыңдықтарға жіктелді. Әбдіғапар жасақтаған әскери құрылым империяның қарулы күштеріне аса тегеурінді қарсылық көрсетті. Оның қоластына Қазақстанның көптеген аймақтарынан көтерілісшілер жасақтары келіп қосылды. Сөйтіп Торғай өлкесі Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ең ірі орталығына айналды. Әбдіғапар Кеңестердің Торғай облысы І-съезіне (Орынбор, 1918 ж. наурыз) қатысып, кейін Кеңес өкіметінің саясатын жүргізуден бас тартты. Қызыләскерлер қолынан Зәуре қаласында қаза тапты. Ұрпақтары “хан тұқымы” ретінде аяусыз қуғынға ұшырады.
## Дереккөздер |
Қалмақан Әбдіқадыров (15.4.1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30.4.1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы.
## Өмірбаян
Қыпшақ тайпасының Ұзын руының Алтыбас бөлімінен шыққан.Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді. 30-жылдарда өлеңді өндірте жазып, “Екпін”, “Шахтер”, “өлеңдер” жинағын баспадан шығарды. Ақынның 1935 — 51 ж. аралығында жазған “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары нақты өмір шындығынан алынып, қазақ азаматтарының ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. “Алатаудың бауыры” (1935), “Амантай” (1936), “Тапқыш” (1937), “Тәтті қауын” кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. “Серт” жинағына 1941 — 45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.
Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фердоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В.М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет —1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
## Шығармашылығы
Әдеби қызметін 1920 жылдары «Сырдария» поэмасын 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаудан бастады. «Жалшы» (1927), «Темперлер» (1932), «Шахтер» (1934), «Өлендер» (1935), «Өлеңдер жинағы» (1948) бірқатар поэзиялық жинақтардың авторы. Шығармалардың негізгі мотиві – қазақ халқының социализм кезіндегі өмірі, социалистік қайта құруларға қатысуы. Майданда жазған өлеңдері жинақталған «Серт» жинағы (1945) Ұлы Отан соғысына арналған.
Ол прозалық шығармалар да жазды, оның ішінде балаларға арналған «Амантай», «Тәтті қауындар» (1936) кітаптары, сондай-ақ «Комсомольская звено» (1948), «Повестер» (1952) және т.б әңгімелері ерекше көзге түседі. «Қажымұқан» хикаяты 1954, 1956, 1959 жылдары қайта жарияланған, 1970 жылы орыс тілінде жарияланған. Әбдіқадыров Шығыс әдебиетінің классиктері – Фирдауси, Науаидың (1948) өлеңдерін, қырғыз жазушысы Аалы Тоқамбаевтың, орыс жазушысы Вадим Михайлович Кожевниковтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Әбдіқадыров «Мың бір түн» (1949, 1955, 1962 ж. жарияланған) араб ертегілерінің аудармашысы.
## Дереккөздер |
Жаңалық Ниязұлы Әбдірахманов(7.11.1935 жыл, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Кеңтоғай ауылы - 22.03.2004 жыл, Алматы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1994).
Байұлы тайпасының Алтын руынан шыққан.
* Алматы медицина институтын бітірген (1959).
* Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы аурухана меңгерушісі (1959 — 61)
* Қазақстан өлкелік патология институтының (қазіргі Эпидемиология, микробиология ғылыми-зерттеу орталығы) аспиранты (1961 — 64)
* Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері (1964 —75),
* Алматы медицина институтының доценті, кафедра меңгерушісі (1975 — 90) болды.
* 1990 жылдан Қазақонкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
## Ғылыми еңбектері
Әбдірахмановтың негізгі зерттеу жұмыстары
* обыр ауруларын сәулемен емдеу тәсілдеріне
* радиацияның зақымдаушы әсерінен қорғайтын дәрілер пайдалануға
* организмнің радиацияға бейімделушілігін зерттеуге арналған.
* Әбдірахманов өңеш рагімен ауыратын науқастарды радиациялық сәулемен емдеу арқылы, олардың өмірін ұзартуға болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
## Дереккөздер |
Әбділдин Мейірхан Мүбәрәкұлы(16 наурыз 1938 ж.т., қазіргі Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Троицк ауд., Загаиново с. — 09 қаңтар 2012 ж.қ.б., Қазақстан, Алматы қ.) — ғалым, физ.-матем. ғыл. докторы (1985), проф. (1986). Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1989).
## Өмірбаяны
ҚазМУ-ды бітірген (1959).
1959 — 1970 жж. Қазақ КСР ғылым академиясының Ядролық физика, Астрофизика институттарында ғыл. қызметтер атқарды. 1970 жылдан ҚазМҰУ-да кафедра меңгерушісі, проф., университет ректоры (1988 — 91) болды. Қазір осы ун-тте кафедра меңгерушісі.
## Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мəселелері
Әбділдиннің негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары салыстырмалық және гравитациялық теорияның күрделі мәселелерін шешуге арналған. Альберт Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысы проблемасын зерттеді, денелердің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының релятивистік теңдеулерін негіздеді, Альберт Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының мәселелерін зерттеудің жаңа әдістерін дамытты, жалпы салыстырмалылық теориясы негізінде денелер қозғалысының адиабаттық теориясын түзеді, дененің меншікті айналысы жөніндегі мәселелерді зерттеуде гидродинамикалық аналогияны қолдану идеясын ұсынды.
## Дереккөздер |
Әбдірайымов Сейфолла(25.9.1939 ж.т., Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бірлік а.) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1990), проф. (1991), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1993), Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы (1987).
Қоңырат тайпасы Көтенші руынан шыққан.
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1961). 1964 — 65 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінде жауапты қызметкер, 1965 — 78 ж. Қазаққаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі болды. 1978 жылдан осы институт директорының орынбасары. Әбдірайымовтің ғылыми зерттеу еңбектері шөлейт аймақтарда өсетін мал азықтық өсімдіктер тұқымын шығаруға арналған. Әбдірайымов Қазақстанның қуаңшылық аудандарында жайылымдарды суландырудың теориялық негізін жасап, 200 мың га суландырылатын жайылым алқабын ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізді. Сондай-ақ құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді мал азақтық шөптердің бірнеше сортын (“Сырдариялық” изен, “Арыстық” теріскен, “Жансая” қара сексеуілі т.б.) шығарды.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, |
Қайдар Айтжанұлы Әбдірахманов (10.5.1936 жыл, Ақмола облысы Атбасар ауданы - 6.02.2012 жыл) — ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1983), профессор (1985), Қазақстан Ғылым Акедемиясының академигі (2004).
## Өмірбаяны
* Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1958).
* 1958 — 1995 жылы Қазақстан Ғылым Акедемиясының Геология ғылымдар институтында инженер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі болды.
* 1996 жылдан “Казнедра” ғылыми-өндірістік бірлестігінде департамент директоры.
## Ғылыми жұмыстары
* Көп циклді иілімді атыраптардың гранитоидты жыныстарының қалыптасуының формациялық-петрохимиялық теориясын жасады, оның негізінде граниттерді 12 петрохимиялық түрге жіктеді. Порфирлі жыныстардың сілтілігі пен қышқылдығының арасындағы кері корреляттануды анықтау негізінде колчедан-полиметалл кендерінің қалыптасу ерекшеліктерін тапты.
* Темір, марганец, полиметал кендерінің түзілуіндегі көлденең және тік бағытты минералды-геохимиялық белдемділікті ашты.
* Геология және металлогения саласындағы іргелі теория зерттеулері Қазақстанның Солтүстік Балқаш, Кіндіктас — Шу — Іле аймақтарындағы кендерді болжамдауға және игеруге негіз болды.
* Әлемдік және қазақстандық деңгейдегі плиталық петрометаллогенияның теориялық негіздерін қалаушы.
* Түрлі геодинамикалық дәрежедегі кеннің магматикалық формацияларының карталары мен мамандандырылған петрометаллогендік карталарды жасаушы.
## Шығармалары
* Петрология и металлогения щелочных пород Таласского Алатау, А.-А., 1965;
* Гранитоидные формации Казахстана и типы фанерозойского гранитообразования, А.-А., 1986.
## Дереккөздер |
Әбділ Мәлік Баб Төбесі– орта ғасырлардан сақталған көне бекініс-қала орны.
Түркістан облысы Түркістан ауданы Ташнақ қыстағының жанында орналасқан. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 1947 жылы А. Бернштам (ОІАЭ), 1950 жылы Е. И. Агеева мен П. И. Пацевич зерттеген. Қаланың қазіргі кездегі көрінісі тік төртбұрышты төбе, солтүстік пен оңтүстік жағы 220 м, ал батыс пен шығыс жағы 180 м, биіктігі 0,5 — 1 м, орталық қорғанның да жобасы тік төртбұрышты, көлемі 40х60 м, биіктігі 3 м. Топырақ дуалмен қоршалған. Қала орнында қазба жұмысы жүргізілмеген, кейбір құрылыс қалдықтары сақталған. Үстінен теріп алынған көзелердің жасалу тәсілдеріне және түрлеріне қарап ғалымдар қала 13 — 15 ғасырларда болған деп есептейді.
## Дереккөздер |
Оралбай Әбдікәрімов (18 желтоқсан 1944 жыл, Нұра ауданы, Қарағанды облысы) — Қазақстанның мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, Қазақстан президентінің кеңесшісі (2007), елдің мемлекеттік хатшысы (2004–2007), Сенат төрағасы (1999–2004), Президент Әкімшілігінің басшысы (1996–1997) және 1999–2004, 2007–2013 жылдары Сенатор.
## Жастық шағы және білімі
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан. Ұлты — қазақ.
1969 жылы Қарағанды индустриалды педагогикалық тезникумын, 1974 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін және 1987 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітіріп, білім алған.
Мансабын 1963 жылы совхоз шопаны, тәрбиеші, кәсіптік-техникалық училищенің бригадирі болып бастады. КСРО Әскери теңіз флотында қызмет еткен. Әскери атағы — отставкадағы полковник.
## Саяси мансабы
### Кеңестік Қазақстандағы мансабы (1969–1991)
1969–1975 жылдар аралығында «Шахтинскжилстрой» тресі комсомол комитетінің хатшысы, нұсқаушы және Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Қарағанды облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі мамандықтарында болды.
1980 жылы Қарағанды қалалық партия комитеті төрағасының орынбасары, келесі жылдан 1985 жылға дейін Қарағанды облыстық партия комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
1985–1989 жылдары аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, инспекторы, меңгерушісінің орынбасары лауазымдарының иегері болған.
1989 жылдың желтоқсанынан 1991 жылдың қыркүйегіне дейін Әбдікәрімов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі еді. Сонымен қатар сол жылдары ол ҚазКСР халық депутаттарын сайлау және кері шақырып алу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болған. 1990 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы атынан Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, депутаттығы 1992 жылға дейін жалғасты.
### Тәуелсіз Қазақстандағы мансабы (1991 бері)
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына дейін, 1991 жылдың қыркүйегінен бері және 1994 жылдың маусымына дейін Оралбай Әбдікәрімов Қазақстан президентi Аппаратының және Министрлер Кабинетiнiң Ұйымдастыру инспекциясы және аумақтық даму бөлiмiнiң ұйымдастыру жұмыстары және жергiлiктi әкiмшiлiктер бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметін атқарған.
1994 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін, жарты жыл бойы, Әбдікәрімов Президенттің өңірлердегі өкілдері тобы жетекшісінің орынбасары болды. Бұл жұмысының тоқтатылған салысымен ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Басшысының орынбасары — Президенттің өңірлердегі өкілдері тобының жетекшісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметін 1995 жылдың наурызына дейін жалғастырған.
1995 жылдың наурызынан 1996 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Бұл қызметті аяқтағанына бір ай болғанда Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы, Мәжіліс Аппаратының төрағасы болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 1996 жылдың қазанына дейін жалғастырды.
1996 жылдың қазанынан келесі жылдың қазанына дейін, бір жыл бойы Президент Әкімшілігінің басшысы болып жұмыс істеген.
Қазақстан Жоғарғы Кеңесі XXII-шақырылымының депутаты болған.
1999 жылдың қарашасында Президент жарлығымен 2-сайланым сенаторы болып тағайындалды. Сенаторлығына екі ғана күн болғанда, сол жылдың 1 желтоқсан күні Әбдікәрімов Сенат төрағасы болып сайланды. Сол жылы Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болды, ол өзінің мүшелігін 2006 жылға дейін жалғастырды.
2002 және 2004 жылдар аралығында ЕЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болды. 2004 жылдың наурызында Президентпен Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған. Бұл қызметін ол 2007 жылдың 15 мамырына дейін жалғастырды. Мемлекеттік хатшы қызметі тоқтатылған салысымен Оралбай Әбдікәрімов Қазақстан президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
2007 жылдың 28 тамызында "Нұр Отан" партиясынан Сенатор болып сайланды, депутаттығы 2013 жылдың тамызында аяқталды.
Әбдікәрімов 2019 жылы Сенат жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалып, қайта саясатпен айналысуын бастады.
Белгісіз жылдары "Жаңару" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ төрағасы болған.
## Марапаттары және атақтары
* Өзбекстан Республикасының құрмет грамотасы (1994)
* II-дәрежелі Барыс ордені (2001)
* Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Достастық ордені (2002)
* ТМД ПАА-ның «Достық ағашы» («Древо дружбы») алтын медалі (2003)
* I-дәрежелі Барыс ордені (2009)
* Нұра ауданының құрметті азаматы
* Кореяның Кьенг университетінің және Мәскеу мемлекеттік Лингвистика университетінің құрметті профессоры
## Отбасы
Жұбайы — Жамал Ахметқызы Әбдікәрімова, көз дәрігері. 3 ұлы, 1 қызы және немерелері бар. Балалары: Әлім (1971 туған), Қайрат (1972 туған), Сержан (1976) және Айжан (1976 туған).
Ұлы Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов (1976 жылы туған) да саясаткер, Қазақстанның Әзірбайжандағы бұрынғы елшісі (2019–2023).
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер |
Шәкір Әбенов(азан шақырып қойған аты — Мұхаммедшәкһүр) (01.03.1900, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Құндызды ауылы — 23.10.1994 ж., сонда) — халық ақыны, фольклоршы, сазгер. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан.
Мұсылманша сауат ашқан соң, Семейдегі “приходская школада” 3 жыл оқыған. С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиндермен жақын таныс болған. Сейфуллинге атқосшы болып, ақынмен бірге Қазақстанның көп жерлерін аралаған. Әбеновтың халықтық дастанды жаңаша толғаммен жырлаған “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” поэмасы 1937 ж. “Әдебиет және искусство” журналында жарияланған соң ақындық атағы шықты. Сол жылы “халық жауы” атанып, ақыры көрші қырғыз еліне асып кетеді. 1939 ж. Алматыға қайтып оралып, Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше ақындардың әдеби мұраларын алғаш қағаз бетіне түсіріп Қазақстан ғылыми-зерттеу ордаларына тапсырды. Маман-зерттеушілер Әбеновтың орындауында ондаған ән-күйді нотаға түсірді. 1940 — 41 ж. Жамбылдың әдеби хатшылық қызметін атқарып жүргенде жалған айыптау негізінде ұсталып, Семей түрмесіне қамалды. Ұлы Отан соғысы басталған соң өз еркімен соғысқа аттанып, Сталинград майданында ауыр жарақат алып, елге қайтып келеді. 1945 ж. саяси қуғындау қайта басталып, Әбенов Сібірге, Александров абақтысына айдалды. 1955 ж. түрмеден босап, 1961 ж. толықтай ақталды. Абайдың әдеби мектебінің Кеңес дәуіріндегі белді өкілдерінің бірі ретінде танылған. Әбеновтың тарихи-танымдық тақырыптарды қозғаған “Кейпін батыр” (1939), “Таңшебер — Жапал” (1962), “Ортақ арал” (1968), “Қорқыт қобызы”, “Пәрмен”, “Алданған қыз”, “Патша мен байғыз”, “Ана махаббаты”, “Тоқтамыс батыр” атты дастандарды “Шыңғыстау” (1980), “Шыңғыстау сазы” (1985), “Дастандар” (1991) деп аталатын жыр жинақтарына т.б. басылымдарға енген. Айтыс ақыны ретінде кеңінен танымал оның Т. Әміреновпен айтысы “Айтыс” (3-т., 1968) жинағында жарияланады. “Алтай аруы”, “Сары жұлдыз” т.б. 20-дан астам төл ән-күйлері бар.
Қарт шежіреші, батагөй қария Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа ұлттық дәстүрде салтанатты жағдайда халық атынан ақ бата берген (10.12.1991).
## Дереккөздер |
Серғали Әбжанов(7.12.1912, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы — 12.9.1976, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1954).
Әбжанов бала кезінен-ақ әншілік өнер жолына түсіп, ел арасына танымал болды. 1934 — 37 ж. әскер қатарында болған кезінде Қазақтың атты әскер полкі ансамблінде ән салады. Абай атындағы Қазақ опера және балет театры жанындағы әншілер дайындайтын студияны бітірген (1937). Әбжанов өмірінің соңына дейін осы театрдың әншісі болды. Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегінде” Бекежан, “Ер Тарғында” Тарғын, “Жамбылда” Сүгір, Мұқан Төлебаевтың “Біржан мен Сарасында” Жанбота, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайында” Жиренше, Н.Г. Жигановтың “Алтыншашында” Ормай, И.Н. Насировтың “Терең көлінде” Болат және басқа операларда түрлі мазмұндағы партияларды орындады. Аталған опералық бейнелер — музыкалық сипаты жағынан, драматургиялық желісі тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын күрделі тұлғалар.
Әбжанов опералық партияларымен қоса камералық әндерді орындауда да ерекше қабілет таныта білді. Ол “Сұржелгенше”, “Сәулем-ай”, “Гүлдер-ай”, “Жеті арал”, “Угай-ай” сияқты халық әндерін нәшіне келтіре орындады. “Батыр қыз”, “Солдат сағынышы”, “Жастық жыры”, “өрге тарт, менің өз елім”, “Ер Төлеген”, “Көкшетау”, “Астанам” т.б. әндер шығарды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әбу Абдаллаһ Әл-Баласағұни(1040/50 – 1112) – көрнекті дін өкілі. Баласағұни Шариғат заңы бойынша маманданып, Құранға түсіндірмелер (тәфсирлер) жазуға, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жайлы әңгімелерді (Хадистерді) сұрыптауға араласқан. “Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы Қашқарға жақын” үлкен шаһарлардың бірі — Баласағұнда дүниеге келген. Баласағұн Қыпшақ мемл. бірлестігіндегі сауда-саттығы, сыртқы қарым-қатынастары дамыған, рухани мәдениеті өркендеген қалалардың бірі болған. Арабтың белгілі тарихшы, саяхатшысы Йақұт әл-Хамауидің (12 ғ.) мәлімдеуінше, Баласағұни білімін Бағдатта жалғастырып, қази Әбу Абдаллаһ әл-Ханафиден дәріс алған. Араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен филос-сын жақсы меңгерген. Араб жұртына “ат-Түрік” деген атпен бегілі болған. Иерусалимнің, Шам шаһарының сот мекемелерінде қызмет атқарған. Ол белгілі бір мәселе бойынша үкім шығарып, билік айтуға ақыл мен аналогияға иек арту жөн деген Әбу Ханифа мазһабын қуаттады. Баласағұни шығармалары туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Қай жерде дүние салғаны да беймәлім. |
Жабайхан Мүбәрәкүлы Әбділдин (16 ақпан 1933 жылы Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылында туған) — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, ғалым. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1992). ҚР тұңғыш парезидентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1994). Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы. Майтүбек ауылының Құрметті азаматы.
## Білімі
1954 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген.
### Ғылыми атақтар, дәрежелері, қызметі
1954-1955 жж. – Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасы. 1958 жылы - М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың философия факультетінің аспирантурасы. «Нақты ғылымның гносеологиялық рөлі» атты тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғаған. 1968 жылы ҒА КСРО философия институтында «Теоретикалық таным проблемаларының бастауы» атты тақырыбында философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғаған.
## Ғылыми қызығушылығы
Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логико-методологиялық рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографияларларжарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектаның логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.
## Еңбек жолы
* 1958-1965 жж. – Қазақ КСР ғылым Академиясының философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.
* 1965 жылы - Қазақстан Республикасының ҰҒА философия институтының диалектикалық материализм, теориясы мен тарихы бөлімінің меңгерушісі.
* 1973-1984 жж. – Философия және құқық институтының директоры.
* 1984 — 86 ж. Қазақстан ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы.
* 1986 — 1995 ж. ғылым академиясының вице-президенті болды.
* Ол 1987 — 1989 ж. Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссияларды басқарған.
* 1987 ж. ғылым мен техника саласындағы Лениндік және КСРО Мемл. сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болды.
* 1986 — 1991 ж. Кеңес-қытай достығы қоғамы Қазақбөлімшесі басқармасының төрағасы.
* 1981 — 1990 ж. КСРО филос. қоғамы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы міндетін атқарды. 1990 жылдан бастап Қазақфилос. қоғамының Президенті, ҚР Мәдениет қорының төрағасы.
* 2005 жылдың желтоқсанынан 2007 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары.
* 2006 жылдың желтоқсанынан бастап Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Мұрағатталған 8 сәуірдің 2014 жылы. профессоры.
### Қоғамдық қызметі. Ұйымдар мен қорларға мүшелік ету
* 1990 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды.
* 1994 ж. ҚР-ның тұңғыш Парламентіне депутат болды.
* 1995 жылдан қазірге дейін ҚР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықар. істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
* 2005 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары.
* Қазақ философия қоғамының президенті (1981 жылдан бастап).
* 1998-2007 жж. – ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комитет төрағасы.
* 1995-1999 жж. - Қазақстанның Демократиялық партиясы орталық комитетінің мүшесі.
* 1995-2005 жж. – ҚР Парламенті Сенатының депутаты.
* ҚР мәдениет Қорының президенті.
* ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңесі комиссиясының мүшесі.
## Марапаттары
Қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1974) иегері. Әбділдин белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984), ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының (1994), Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. 2008 жылы «БҰҰ-ның принциптеріне адалдығы және соңғы 15 жылда Қазақстанда БҰҰ-ның жұмысына өлшеусіз үлес қосқаны үшін» марапатталған, Халықаралық «Өмір ағашы» сыйлығын «Шығармашылық ұзақ жасаушы» аталымы бойынша иеленген (2010 ж.). «Барыс» ІІ дәрежесімен (2000 ж.), ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Достық» медальдарымен марапатталған. «Барыс» III дәрежесімен (2022 ж).
## Дереккөздер |
Төлен Әбдік (1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында туған) — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).
## Толығырақ
* Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында дүниеге келген.
* 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті)нің филология факултетін бітірген.
* 1965 - 1970 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
* 1970 - 1977 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.
* 1977 - 1979 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор.
* 1979 - 1990 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды.
* 1990 - 1992 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды.
* 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі.
* 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.
## Шығармалары
* Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.
Сонан бергі кезеңде
* “Көкжиек” (1969)
* “Күзгі жапырақтар” (1971)
* “Ақиқат” (1974)
* “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары
* Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985)
* “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді.
* “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды.
* “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.
## Жеке қасиеттері
* Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған.
* Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.
## Марапаттары
* 2002 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы және алтын медалі.
* 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
* Қазақстанның ПЕН клубы сыйлығының иегері.
* 2013 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Парасат ордені берілді.
## Дереккөздер |
Әбу Бәкр Ахмед Әл-Хамадани, Әбу Бәкр Ахмед ибн Мұхаммед ибн Исхақ әл-Хамадани ибн әл-Факих (т.-ө.ж.б.) — 9 ғ-дың ақыры мен 10 ғ-дың басында өмір сүрген араб географы, тарихшы. Өмірбаяны туралы деректер бізге толық жетпеген. “Китаб ахбар әл-бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) аталатын 5 томдық географиялық жинағында (902/03 ж.) Қазақстанды мекендеген түркі тайпаларының тұрмыс-салты, рухани мәдениеті жөнінде, сондай-ақ Иран, Мауераннахр туралы құнды геогр. деректер келтірілген. Еңбектің қысқартылып өңделген нұсқасын М. де Гуе 1885 ж. басып шығарды.
## Түсініктемелер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ащыөзек – Еділ мен Жайық аралығындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек және Казталов аудандары жерінде. Ұзындығы 258 км, су жиналатын алабының аумағы 7150 км2.
## Бастауы
Жәнібек ауданындағы Байдуков ауылының оңтүстік-шығысына қарай 3,5 км жерден басталып, Казталов ауданындағы Аралсор ауылының маңындағы Жалпақсор көліне құяды.
## Гидрологиясы
7 саласы бар. Алабында жалпы су көлемі 0,67 млн/м3 болатын шағын тоғандар салынған. Басты салалары Шерімбетсай, Берішарал. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,04 м3/с. Аңғары айқын емес, жайпақ беткейлі. Өзен қайраңдармен кезектесіп отыратын иірім (қарасу) тізбегінен тұрады. Қар суымен толығады. Қараша – сәуір айлары аралығында қатып жатады. Суы жайылмадағы шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Әбу Исхақ Әл-Истахри, Әбу Исхақ ибн Мұхаммед әл-Фариси әл-Истахри (шамамен 850, Иран — 934) — географ.
* 930 — 933 ж. Әбу Зеид әл-Балхидің 920 ж. жазылған географиялық шығармасын қайта өңдеген.
* Иран, Арабия, Сирия, Мысыр т.б. шығыс елдеріне жасаған саяхаттары негізінде көптеген шығармалар жазған.
* Еңбектерінің белгілісі — “Сууар әл-ақалим” (“Аймақтардың шет жақтары”) атты түсініктеме жазулары бар карталар мен атластар жинағы. Бұл еңбек Әбу Исхақ Әл-Истахридің араб классикалық географиясының үлгісін және оның дамуындағы статистикалық география сипаттаудан баяндау бағытына ауысқан кезеңін білдіретін “Китаб масалик әл-мамалик” (“Мемлекеттерге барар жол кітабы”) шығармасының бір бөлігі болып табылады. Кітапта Орта Азия мен Қазақстан қалаларының аттары аталып, олардың орналасқан жері, топографиясы, жол қатынасы туралы нақты деректер келтіріледі.
## Дереккөздер |
Әбу Дулаф, Әбу Дулаф Ианбу и әл-Хазражи (10 ғ.) – ақын, саяхатшы. Мисъар ибн әл-Мұхалхил деген есіммен де мәлім. Қызыл теңіз жағалауындағы портты қалада дүниеге келген. Бұхарадағы Самани әулетінің билеушісі Наср ІІ ибн Ахмед (914 — 42) тұсында сарай қызметкері болған. Шамамен 942 ж. Бұхараға келген қытай елшілігімен бірге Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Тибетті аралап, Қытай арқылы Үндістанға өтіп, ол жерден Систан (Ауғанстанның солт.-шығысы) арқылы мұсылман елдеріне сапар шеккен. Әбу Дулаф өзінің бұл сапары жөнінде екі бірдей “Рисаласында(“Жазба”) баяндайды. Соңғы зерттеулерге қарағанда “Жазбаның” алғашқы кітабы күнделік емес, автордың кейіннен жазған еңбегі болып табылады. Мұнда автордың өзі куә болған оқиғалар ғана емес, естіген мәліметтері де енгізілген. Шығарма оғыз, қимақ, қарлұқ, тоғыз оғыз, қырғыздар жөнінде, олардың терр., қазба байлықтары, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, діні туралы маңызды деректерді қамтиды. |
Әл-Белазури, Ахмед ибн Иахйа ибн Джабир әл-Белазури (т.ж.б., Бағдат — шамамен 892 — 93) — араб тілінде жазған парсы тарихшысы. Дамаскіде, Химсте білім алған. Аббас әулеті билеушілері әл-Мұтауәккил, әл-Мұстаин, әл-Мұтазза тұсында бірнеше жоғары әкімш. қызметтер атқарған.
Әбу-Л-Аббас Ахмед Әл-Белазури «Китаб футух әл-бұлдан» («Жорық кітабы») атты көлемді тарихи еңбек жазған. Шығарманың бізге тек қысқарған түрі ғана жетті. Автор географиялық аймақтарға арналған шығармадағы әрбір тарауда хронологиялық жүйеге сүйенеді. Соңғы тараулардың бірінде арабтардың Хорасан мен Мауераннахрға жасаған шапқыншылығы баяндалған. Әбу-Л-Аббас Ахмед Әл-Белазури Араб халифатының әскери-саяси тарихымен қатар мәдениеті, экономикалық жағдайы, оның ішінде сауда қатынасы, салық жүйесі туралы құнды мәліметтер береді. Орта Азияда түргештердің арабтарға қарсы күресі, әсіресе, оғыздар жөнінде маңызды деректер бар.
## Дереккөздер |
Жарасқан Әбдірашев (7 наурыз 1948 жыл, Аманөткел ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы - 10 ақпан 2001 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, сыншы, аудармашы, сықақшы.
## Өмірбаяны
1954-1960 жылдары Ақшатау бөлімшесіндегі бастауыш, Арал қаласындағы Т.Г. Шевченко атындағы орта мектепте оқыған. 1963 жылы «Жақсы қылыш» («Сольтрест») жұмысшылар кентіндегі орта мектептің тоғызыншы сыныбын тамамдап, Қазалы ауылшаруашылық техникумынің механика факультетіне оқуға түскен. 14-15 жасар кезінде Арал аудандық «Толқын», Қазалы аудандық «Ленин туы», Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газеттерінде тырнақалды өлеңдері, мақала, əңгіме, аудармалары (М.Зощенконың «Қарасу» əңгімесі) жариялана бастады.
1965 жылы Қазақтың (қазіргі əл-Фараби атындағы) Мемлкеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1969 жылы бітірген. Осы оқу орнының аспирантурасында сырттай оқыған.
### Еңбек жолы
* 1969 жылы "Лениншіл жас" газетінің әдебиет пен өнер бөлімі;
* 1969-1970 жылдары "Қазақ əдебиеті" газетінің сын бөлімін басқарған;
* 1970-1974 жылдары "Жалын" альманағының сын және поэзия бөлімін басқарған;
* 1974-1985 жылдары "Жұлдыз" журналының сын жəне библиография бөлімінің меңгерушісі;
* 1989-1992 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма жəне əлемдік əдебиеттер байланысы бас редакциясы Төрағасының орынбасары;
* 1992-1997 жылдары "Тамаша" сатиралық телехабарының Бас редакторы;
* 1997 жылдан бастап шығармашылық демалысқа шыққан.
## Шығармашылығы
* «Тұңғыш кітап» (1969).
* «Ақ қайран» (1970).
* «Найзағайлы жаз» (1971).
* «Саяхат» (1972).
* «Парасат пен парыз» (1973).
* «Дала, сенің ұлыңмын» (1975).
* «Соғыстан соң туғандар» (1977).
* «Перзент парызы» (1980).
* «Сана соқпағы» (1988).
* «Әзілің жарасса» (1989).
* «Сана соқпағы» — 3 томдық тағдамалы жырлар жинағы (1998).
* «Көңіл көкпары» (1998).
* «Шежірелі шаңырақ» (1998).
* XX ғасыр басындағы Алаш азаматтарының рухына бағыштаған тағзым жырлардан тұратын көркемдік құрылымы бөлек «Құлпытас» (2001) кітабын жазды. "Құлпытас" жинағы Жарасқан Әбдірашев көзі тірісінде өзі дайындап үлгерген соңғы кітабы. Алайда кітап ақын қайтыс болғаннан кейін 2 айдан кейін жарық көрген.
### Аударма
Жарасқан Əбдірашев үнді ақыны Р.Тагордың (1969 жыл), француз ақыны П.Элюардың (1972 жыл) белорус ақыны Я.Купаланың (1982 жыл), палестиналық ақын М.Бсисудың (1981 жыл) таңдамалы өлеңдер жинағын, балалар ақындары К.Чуковскийдің «Дəрігер Айболит», А.Бартоның «Ойыншықтар», «Өсіп келем» сияқты туындыларын аударған. Сондай-ақ, А.С.Пушкиннің, А.Блоктың, Г.Гейненің таңдамалы өлең кітаптарын аударуға ат салысқан. Сонымен бірге Б.Окуджаваның, Е.Евтушенконың, Р.Рождественскийдің жəне басқалардың шығармаларын тəржімалаған.
## Жарасқан Әбдірашевтің құрметіне
* Жарасқан Əбдірашевтің атында 2001 жылдан бері Алматы қаласында көше бар.
* Туған жері Арал қаласында бір көшенің, мектептің аты Жарасқан Әбдірашевтің атымен аталады.
* Алматы қалалық Ономастика жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Ж.Əбдірашевтің қазақ əдебиетіне сіңірген зор еңбегі ескеріліп, оның соңғы жылдары тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
## Дереккөздер |
Наршаһи Әбу Бәкір Мүхаммед ибн Жафар әл-Наршаһи (899-959) — Орта азиялық тарихшы, ғалым. Саманилер әмірі Нүх ибн Насырға (943-954) арнап «Бұхара тарихын» араб тілінде жазған. Наршаһи еңбегі — ислам діні Орта Азия мен Қазақстанда, Шығыс Түркістан жерінде қарудың күшімен, зорлықпен таңылғанын, араб басқыншыларының жергілікті халықтың мәдениетін күйзелтіп, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-сана, әдет-ғүрпын жойып жіберуін айғақты дәлелдермен баяндайды. Абай «Біразсөз қазақтыңтүбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи туындысын жазу үстінде Наршаһидың еңбегін дерек көзі ретінде пайдаланған. Ақын Қүтайба ибн Муслим туралы арнайы тоқталып, оның Туран мен Хорасан, Шығыс Түркістан жсрінде исламды қарудың күшімен ендіргені, ислам дінінің таралуы, ол діннің жергілікті халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы мен салт-санасына кері әсері жайлы сыншылдық түрғыдан пікір айтқанда Наршаһидың «Бухара тарихы» кітабына сүйенгені анық байқалады. Абай тілге тиек етіп отырған Құтайба жайлы деректер Наршаһи еңбегінің 3-,12-,13-,19-20-,22-23-тарауларында толық тұрде баяндалған. Абай ислам дінінің қазақтар арасында таралу мерзімін арабтардың Орта Азия мен Шығыс Түркістанды жаулап алу көзеңімен байланыстыра қарастырады. Араб басқыншылары жаулап алған өлке халықтарының тума мәдениетін, дәстурін түншықтырып, жазбалары мен кітапханаларын өртеп отырған. Осындай жауыздық әдістерді қолдану арқылы ғасырлар бойы дамыған, өркендеген мәдениетінен, өткентарихынан, салт-сана, дәстүрінен мүлде қол үздіріп, адам, жер-су, қала, елді мекен аттарына дейін арабша қойдырып, жергілікті халықтарды мәңгүртке айналдырып жіберугежан сала әрекет еткен. Осы тарихи оқиғалармен Наршаһи шығармасы арқылы таныс болған Абай араб басқыншыларының қанқүйлы зұлымдық әрекетіне тоқталғанда: «Ол уақытта жаңа дінге кірген соң… жер-сулардың да, халықтың да бұрынғы аттарын бұзыпты. Сондықтан да болғанға үқсайды. Өйтеуір сонан соң қазақ аталыпты», — деп, араб шапқыншыларының саяси сырын бар айла-шарғысын әшкерелей жазады. Арабтардың миссионерлік саясатының мәнін айқын тұсінген ақын: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытүрым мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп, той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстыңұлы кұні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз қүрбан айтына айтылады», — деп, наурыздың орнына ислам діні қүрбан айтын зорлықпен күштеп енгізгенін атап өтеді. Наурызды мерекелеу үш мыңжыл бұрынғы Афрасиаб (Ер Тоңа) заманындағы салт екені, араб миссионерлерінің қуғындап, қолданудан шығарғаны туралы Наршаһидың деректерін Абай өте орынды пайдаланған.
## Тағы қараңыз
* Бұхара тарихы (қолжазба)
## Дереккөздер |
Әбу-л-Қасым Әл-Фараби(1130 жыл, Отырар – 1210 жыл) – ойшыл-ғалым.
* Отырарда білім алып, кейін оны Иасы, Шаш, Самарқан және Бұқара қалаларында одан әрі жалғастырған. Философия, логика, этика, тарих, география, астрономия іспетті ілімдерден жан-жақты мәліметі болған және бұл салаларда терең ойлы тұжырым, көзқарастары арқылы айтарлықтай із қалдырған.
Шығармалары:
* - Болмыс шындығы туралы “Ғылым түрлері” аталатын еңбегінің қолжазбалары Үндістан, Голландия, Түркия, Египет, Ватикан кітапханаларында, Ташкент пен Санкт-Петербургтің Шығыстану институтарында сақтаулы.
* “Таза шындық” - Ғибратқа толы, тағлымдық мәні бар қанатты сөздермен жазылған, психология, имандылық және дін ілімі бойынша әрі қысқа әрі нұсқа мағлұмат беретін “Таза шындық” атты еңбегінің мазмұны Қожа Ахмет Иасауи “Хикметтерімен” (“Даналық сөздерімен”), Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білігімен” ұқсас деуге болады. “Таза шындық” өзі өмір сүрген қоғамы мен халқын рухани тазалыққа үндеген, адалдық пен имандылыққа шақырған игілікті дүние. Ол ой мен бой, тән, жан тазалығын сақтауға үндейтін өсиетімен, ислам іліміндегі “мемлекеттің қарапайымдылығы, құдірет иесінің кешірімділігі, ашу кезіндегі ақыл, мүсіркеусіз қайырымдылық” деген төрт қағидасын уағыздауымен құнды.
* “Пайғамбарлардың қасиеттері туралы әулилер сөзі”
* “Уағыз үлгілері”
## Дереккөздер |
Әбу-Л-Фадл Әл-Қарши, Әбу-л-Фадл ибн Мұхаммед әл-Қарши (1230 – өмір жылы белгісіз) – ортаазиялық тарихшы, әдебиетші, саяхатшы. Ата-аналарының шыққан жері — Баласағұн қаласы. Ол Алмалықтың билеушісі Сунақ тегіннің ордасында аталық қызметін атқарды, кеңсені басқарды. Орта Азия мен Сырдария бойына әлденеше рет саяхат жасады, Баршынкент, Жент т.б. Оңтүстік Қазақстанның қалаларын зерттеді. Әбу-Л-Фадл Әл-Қаршидың “Мұлхақат ас-Сурах” (“Ас-Сурахқа қосымшалар”) атты жалғыз тарихи туындысы сақталған. Араб тілінде жазылған бұл шығарма моңғол шапқыншылығының қарсаңындағы және одан кейінгі кезеңдердегі Түркістан тарихы жөніндегі негізгі дерек көзі болып табылады. Еңбекте Қарахан, Хорезм және моңғолдар үстемдігі кезіндегі тарихи оқиғалар мен қайраткерлер, дінбасылары, ғалымдар, әдебиет пен өнер иелері, 13 ғасырдырда Алмалықты билеген түркілер әулеті туралы басқа авторлардың шығармаларында кездесе бермейтін нақты мағлұматтар келтірілген.
## Сыртқы сілтемелер
* [1](қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Ибн Хаукал, Әбу-л-Қасым ән-Насиби ибн Хаукал (туған-өлген жылдары белгісіз) – 10 ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы, географы Насибин қаласында туған. Ол өмірінің көп бөлігін саясатпен өткізіп, Үндістанды, Оңтүстік Азияны, Солтустік Африканы, бүкіл мұсылман әлемін аралаған. «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик» («Жолдар мен патшалықтар кітабы») атты шығарма жазған. Онда ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты, атап айтқанда, қарлұқтар, оғыздар, кимектер, қырғыздар, тоғызоғыздар туралы тарихи-этнография мағлұматтар келтіріледі. Еңбекте аталған тайпалардың қоныстанған жерлері, Ұлы Жібек жолының тармақтары суреттелген, Шу мен Талас өңірінің, Жетісудың, Оңтүстік Қазақстанның елді мекендері жайлы бірталай деректер берілген. Испиджаб, Тараз, Сауран, Сүткент, Фараб, Кедер, Шауғар қалалары жөнінде айтылады. Автор Тараз қалада мұсылмандар мен түріктердің сауда-саттық жасайтын жері деп көрсетеді. Шығарманың [[«Сурат әл-ард»]] («Жер келбеті») деп аталатын құрамдас бөлімі география карта болып табылады. Ол картада Тараз қала көрсетілген.
## Шығармалар
* Крачковский И.Ю.,Арабская географическая литература. т. 4, М. – Л., 1957''; Кумеков Б.Е.,
* Арабские и персидские источники по истории кипчаков, А.-А., 1987.
## Сыртқы сілтеметер
* Ибн Хаукал(қолжетпейтін сілтеме)
* КНИГА ПУТЕЙ И СТРАН
## Дереккөздер |
Әбу-Л-Хасан Әли Әл-Масуди, Әбу-л-Хасан Әли ибн әл-Хусейн Әли әл-Масуди (9 ғ-дың соңы, Бағдат — 956/57, Фустат, Мысыр) — тарихшы, саяхатшы.
* 915 —45 ж. Иран, Үндістан, Шри Ланка, Қытай, Хорасан, Солтүстік Африка, Әзірбайжан, Арменияға саяхат жасады. Сирияда, Мысырда тұрды.
* Тарих, философия, мұсылман дін уағыздары, құқық туралы көптеген еңбектерінің ішінде тек екеуі ғана сақталған.
* “Ахбар әз-заман” (“Замана тарихы”) атты 30 томдық тарихи-географиялықэнциклопедиясының бізге бір томы ғана жеткен.
* “Муруж әз-зәхаб уә мәадин әл-жауаһир” (”Алтын шаю және асыл тастар кен орны”) атты шығармасында (947 ж. жазылып, 951 ж. өңделген) теңіздер, таулар, түрлі халықтар жөнінде мәліметтер, ежелгі римдіктер мен гректер туралы жартылай аңыз әңгімелер, арабтардың 10 ғ-дың 40-жылдарына дейінгі тарихы берілген. Бізге бұл шығарманың қысқартылған түрі (1861 — 77 ж. басылған), ал “Китаб ат-танбих уә әл-шираф” (“өсиет және қайта қарау кітабы”) толық күйінде (1894 ж. басылған) жетті.
* Әбу-Л-Хасан Әли Әл-Масуди шығармаларында қимақ, оғыз, қарлұқ т.б. түркі тілдес тайпалар жөнінде деректер келтірілген. Әсіресе, 9 ғ-дың 2-жартысында Батыс Қазақстанда өткен тарихи оқиғаларды қамтитын мәліметтері құнды.
## Дереккөздер |
Әбу-Л-Хайр Фазлаллаһ Ибн Рузбехан, Әбу-л-Хайр Фазлаллаһ ибн Рузбехан әл-Хунджи әл-Исфаһани әл-Амини (шамамен 1457/1458, Иран, Хунджа қаласыңда — 1521/1524) — тарихшы, әдебиетші. Әкесі Жамал әд-Дин Рузбехан ғұлама ғалым болған. Балалық шағы Шираз бен Исфаханда өткен. Хиджаз бен Мысырда білім алған. Әзербайжандағы Сұлтан Якуб Аққойлы сарайында (1478 —1990), кейін Темір әулетінің өкілі Сұлтан Хұсайын мырзаның қол астында (1496 — 1506) қызмет еткен. 1504 жылы Кашанға Исмаил Сефеви әскері басып кіргенде, ол Иранды тастап, Мауераннахрдағы Мұхаммед Шайбани ханның сарайына келеді. Әбу-Л-Хайр Фазлаллаһ Ибн Рузбехан “Михман наме-йи-Бұхара” (“Бұхара мейманының жазбасы”) аталатын еңбегімен танымал. Шығарма Мұхаммед Шайбани ханның 1508/1509 жылы қазақтарға қарсы жорығына арналған. Мұнда 15 — 16 ғасырлардағы қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, этникалық құрамы, Сырдария бойындағы қалалар, Орта Азия мен Қазақстанның экономикалық байланысы, Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті билеушілерінің саяси қарым-қатынасы туралы құнды мәліметтер берілген.
## Дереккөздер |
Әбу-Л-Хасан Нұр Әд-Дин Әли Ибн Саид Әбу-л-Хасан Нұр әд-Дин Әли әл-Ғарнати әл-Мағриби ибн Саид (1217, Гренад — 1274, Тунис) — испан-араб тарихшысы, географ. Севильде білім алған. Мысыр, Сирия, Месопотамия, Меккені аралаған. “Жеті ықлым туралы географиялық кітап” аталатын шығармасы басқа авторлардың еңбектеріндегі деректерге сүйеніп жазылған. Онда Балтық т. жағалауларындағы батыс славяндар, Азау т. мен Дондағы орыстар, Кавказдағы касогтар, абхаздар мен аландар, Еділ бойындағы буртастар туралы мәліметтер келтірілген. Сондай-ақ қыпшақтар, қимақтар, оғыздар, түрікмендер жөнінде, Оңт. Қазақстанға қатысты тарихи-географиялық деректер кездеседі.
## Дереккөздер |
Тұрсын Әбуов(1936 жылы туған) – кескіндемеші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998).
## Өмірбаяны
Алматы облысы, Іле ауданы, Талдыбұлақ ауылында туған.
1964 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін (қазіргі О. Таңсықбаев атынд. Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін), 1976 ж. Абай атынд. Қазақпед. интернатын (қазіргі Абай атынд. АлМУ-ді) бітірген.
Жұбайы – Гүлнар Сатыбаева, үй шаруасымен айналысады. Екі қызы – Сәуле (1962), Айжан (1971), екі ұлы Бақытжан (1963), Серік (1968)[1].
## Шығармалары
Т.Бигелдиновтің, Ш.Құдайбердиевтің, К.Әзірбаевтың, Қ.Рахимованың портреттері, Балалық шақты еске алу, Қой қырқу, Жүзім жинау атты тақырыптық кескіндемелері бар.
Оның туындыларына ұяң бояулар, шытырман иірімдер, айқын кескін-келбет тән. Ә-тің ұлттық бояуға бай натюрморттары, Т. Бегелдиновтің, Ш. Іұдайбердиевтің, К. Әзербаевтің, І. Рахимованың портреттері, “Тың туралы”, “Қазақстанның 70 жылдығына ” триптихтары, “Балалық шақты еске алу”, “Қой қырқу”, “Жүзім жинау” сияқты тақырыптық кескіндемелері көптеген көрмелерге қойылып, шет елдерге таныс болған. Ә. еңбектері Қазақстан мемл. музейінде, Президент сарайында, Ресей, Америка, Германия, Жапония, Оңт. Корея, Түркия елдерінде сақтаулы.
## Отбасы
* Үйленген. Жұбайы - Сәндібаева Гүлия, үй шаруасымен айналысады. Қыздары - Сәуле (1962 жылы туған ), Айжан (1971 жылы туған );ұлдары - Бақытжан (1963 жылы туған ), Серік (1968 жылы туған ). 7 немересі, бір шөбересі бар.
## Дереккөздер |
Әбу Омар Осман Әл-Жүзжани, Әбу Омар Осман ибн Мұхаммед әл-Менхадж әд-Дин бин Сирадж әл-Жүзжани (1193, Иран — ө.ж.б.) — тарихшы, қазы. Солт.Ауғанстанның Фирузкух, Бамиян Гур сұлтандары сарайында қызметте болған. Нимрузға (Сейстан) екі рет елшілікке барып қайтқан (1225/26). моңғол шапқыншылығы кезінде (1226) Үндістанға қашып, онда Синд әміршісінен қолдау табады. Кейін мәмлүк сұлтандарының билік еткен тұсында Делиде қазылық қызмет атқарған. 1260 ж. ол ежелгі заманнан бастап 1253/90 жылдарға дейінгі тарихи оқиғалар қамтылған “Табақат-и-Насири” аталатын жалпы тарихқа арналған еңбегін жазып бітірді. Мұнда моңғол шапқыншылығы кезіндегі Үндістан мен Иран тарихы, Қазақстанға қатысты мағлұматтар берілген. Әсіресе моңғол шапқыншылығы тұсындағы қазақ жеріндегі өлген адамды жерлеу дәстүрі туралы қызықты мағлұмат келтірген.
## Дереккөздер |
Һакім Әбілқасым Фирдауси Туси (парсы: ابوالقاسم فردوسی توسی; 940 жыл – 1020 жыл) — парсы ақыны. «Шахнама» («Патшалар кітабі»), бір адаммен жазылған әлемдегі ең созылмалы эпикалық поэманың авторы. Фирдауси әдебиет тарихындағы дүр ақындардың бірі және парсы әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғасы болып саналады. Иран, Тәжікстан мен Ауғанстан елдерінің ұлттық ақыны.
## Есімі
Оның куньясы (ابوالقاسم – Әбілқасым) мен лақап есімінен (فردوسی – Фирдауси «жұмақтай» дегенді білдіреді) басқа оның нақты толық аты туралы ештеңе белгісіз. Ерте кезеңнен бастап ол әртүрлі қосымша аттармен және аттармен аталды, олардың жиісі (حکیم / هکيم – Һакім; «пәлсапашы, данагөй») болып табылады. Осыған сүйене отырып, оның толық аты парсы дерекнамаларында حکم ابوالقاسم فردوسی توسی / Хакӥм Абул-Қасим Фирдауси Ţусий ретінде берілген.
## Өмірбаян
### Отбасы
Фирдауси 940 жылы Самани империясының Хорасан аумағындағы Туси қаласына жақын Падж елді мекенінде Иран дехкандардың (сол уақытта феодалдарды атайтын сөз) отбасында дүниеге келді. Қазіргі күні бұл Иранның солтүстік шығысында Разави Хорасан провинциясы. Фирдаусидің ерте өмірі туралы аз мәлім. Ақынның әйелі бар еді, ол бәлкім сауатты әрі дехкандардың табынан болған. Оның 37 жасында қайтыс болған ұлы болды және ол ақынның «Шахнама» ішіндегі элегия арқылы жоқтауын білдірді.
### Тыс өмірі
Фирдауси дехкандардың табына жатады. Бұл билігі әлсіресе де, VII ғасырдың исламдық дәуірде ислам шапқыншылығынан сақталған Сасанидтер әулеті (исламға дейінгі Иранды басқарған соңғы әулет) астында өркендеген ирандық ақсүйектер. Дехкандардың мәртебесі олардың исламға дейінгі әдеби мұрасымен байланысты болды, өйткені Шахнамада тіркелген дехкан кейде «Иран» синонимі ретінде пайдаланылады. Осылайша олар ислам алдындағы мәдени дәстүрлерін, соның ішінде аңызға айналған патшалардың ертегілерін сақтау міндетін қойды.
7-ші ғасырдағы исламдық жаулап алу Иранның үстіртіне біртіндеп лингвистикалық және мәдени өзгерістер әкелді. ІХ ғасырдың аяғында халифаттың күші әлсіреп, Ұлы Ирандағы бірнеше жергілікті әулет пайда болды. Фирдауси осы әулеттердің бірі Саманидтердің бақылауында болған Туси қаласында өскен. Жалпы Саманидтер өзін Сасанид Бахрам Чобинның ұрпағынан шыққан деп санады (Фирдаусидің Шахнамның кейінгі бөліктерінің бірінде айтылған). Саманидтің бюрократиясы жаңа парсы тілін исламды Иранның шығыс өңірлеріне таратып, жергілікті тілдерге ығыстыру үшін қолданысқа енгізді және Пехлеви мәтіндерін жаңа парсы тіліне аударуға тапсырды.
Дехкан әрі Туси әміршісі, Абу Мансур Мохаммед өз министріне Абу Мансур Мамариге 1010 жылы аяқталған «Шахнама» («Патшалар кітабы») прозасын жазу үшін бірнеше жергілікті ғалымдарды шақыртуды бұйырды, бұл бұдан былай аман болғанымен, Фирдауси оны эпосының көзі ретінде қолданды. Саманид билеушілері Рудаки мен Дакики сияқты маңызды парсы ақындарының саруары болды. Ал Фирдауси бұл жазушылардың ізін жалғастырды.
Фирдаусидің білім туралы мәліметтері жетіспейді. Шахнама арқылы оның араб немесе Пехлеви білгені ешқандай дәлел жоқ.
### Ақын ретінде өмірі
Фирдаусидің бірнеше өлеңдер жазуы мүмкін, алайда ештеңе сақталмаған. Ол құлы өлтірген Дакикидің жұмысын жалғастыруға ниеттеніп, 977 жылы «Шахнаманы» жазуға кірісті. Дакики сияқты, Фирдауси де прозалық Абдул аль-Раззактың шахнамасын қолданды. Саманид ханзада Мансурдан жомарт патронат алды және 994 жылы Шахнаманың алғашқы нұсқасын аяқтады. 990-шы жылдардың соңында түркі Газнавидтері Саманидтерді құлатқан кезде, Фирдауси жазуды жалғастырды. Ол өңдеп, Сұлтан Газневид Махмұтты мадақтайтын бөлімдерді қосты. Махмұттың Фирдаусиге деген көзқарасы және ол ақынға қаншалықты жақсы баға бергені ұзаққа созылған пікірталас тақырыбы болып табылады, ақын мен оның қамқоршысы туралы аңыздар негізін құрайды (Аңыз бөлімін қараңыз). Мүмкін, түрік Махмұт Иран тарихынан Саманидтерге қарағанда әңгімелеріне мүддесіз болған шығар. Шахнамның кейінгі бөлімдері Фирдаусидің күңгірт көңіл-күйін көрсететін үзінділер: кейбіреулер оның кәрілігінің, қайыршылықтың, аурудың және оның ұлының өліміне наразылығын білдіреді; басқа бөлімдерінде ол бақытты көрінеді. Фирдауси өзінің эпосын 1010 жылдың 8 наурызында аяқтады. Өмірінің соңғы онжылдығы туралы нақты ештеңе жоқ.
### Мазары
Негізгі мақала: Фирдауси мазары
Туси мазарының жерлеу рәсіміне жергілікті дін қызметкері тыйым салғандықтан Фирдауси өз бақшасында жерленген. Газнавид губернаторы Хорасан қабірдің үстінен кесенені салғызып, қастерлеу орыны ретінде қабылданды. 1928 жылдан бастап 1934 жылға дейін Иранның Ұлттық мұра қоғамы Реза Шахтың бұйрығымен қалпына келтірілді және қазіргі уақытта ұлттық ғибадатханаға деңгейіне теңестірілді.
## Аңыз
Аңыз бойынша, Газнидің Сұлтаны Махмұт Фирдаусиге Шахнаманың әрбір шумағына алтыннан ұсынды. Ақын ақшаны эпосты аяқтағаннан кейін ақшаны біртіндеп алуға келісті. Ол өзінің туған жеріндегі бөгеттерді қалпына келтіру үшін оны пайдалануды жоспарлады. Отыз жылдық жұмысынан кейін Фирдауси өз туындысын аяқтады. Сұлтан оған 60 мың алтын тиын беруге дайындалды. Алайда Махмұт ақшаны сеніп тапсырған сарай нөкері Фирдаусині жеккөріп, ол оны күпір деп санап, алтын тиынды күміспен алмастырды. Фирдауси сыйлыққа ие болған кезде моншада болды. Ол алтын емес, күміс екендігіне көз жеткізіп, ақшаны монша қызметкеріне, тісбасар сатушысына және ақша жеткізген құлға берді. Сарай нөкері болған жайтты сұлтанға жеткізгенде, ол қатты ашуланып, оны өлтірмек болды. Фирдауси Хорасаннан қашып, Махмұтқа алғашқы сатираны жазды және қашқында өмірінің қалған көп бөлігін өткізді. Соңында Махмұт сарай нөкерінің айласы туралы білгенде, оны не қууға, не өлім жазасына мәжбүрлейді. Осы уақытта қарт Фирдауси Тусиға оралды. Сұлтан оған 60 000 алтын тиын сый жіберіп, бірақ ақшаны көтеріп жүрген керуен Туси қақпасына кіргенде, басқалары оны жерлеуге шығарған: ақын жүрек ұстамасынан қайтыс болды.
## Шығармашылығы
### «Шахнама» поэмасы
Негізгі мақала: Шахнама«Шахнама» дастанын (ақын Дажини бастаған) 35 жыл бойы жазған, ол 55 мың бәйіттен (қос тағаннан) тұрады. 1-нұсқасы 994 ж., 2-нұсқасы 1010 ж. біткен, тұңғыш рет 1829 ж. Үндістанда жарық көрді. Дастан 3 бөлімнен құрылған:
* мифологиялық аңыздар,
* батырлық жырлар,
* тарихи шежірелер.
Сонымен қатар романтикалық, драмалық сарындағы бірнеше поэмалар, дидактикалық және филос. толғаулар енгізілген. Негізгі сюжет иран және тұран халықтарының басынан кешкен 4 мың жылдық тарихи оқиғаға байланысты өріледі. Жүсіп Баласағұни «Құтадғу білік» дастанында (1069) «Шаһнаманың» түркі тайпаларына жақсы мәлім екенін айтады. Қазақ халқы «Шаһнамамен» ертеден таныс. Поэма қаһармандары қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі (мысалы, «Атымтай мен Наушаруан» ертегісі, «Иранғайып шаһ Ғаббас» дастаны т. б.). «Шаһнаманы» қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алынды. 1856—1870 ж. Ораз Молда «Шаһнаманың» үш аудармасын жасады, 1888 ж. Сердәлі ақын бір тарауын, 1914—1915 ж. Мұқамеджан Сералин (1872—1929) «Рүстем және Зораб» деген бөлімін аударды. «Шаһнаманы» тәржімалауда Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882—1939) көп еңбек сіңірді. Оның аудармасы 40 мың жолдық 3 бөлімнен тұрады («Жәмшиднама», «Рүстем-дастан», «Дарап-нама»). Осылардың ішінен «Рүстем-дастан» 1961 ж. жарық көрді. Ақын Б. Алдамжаров «Мәнушеһір» тарауын аударды (1972). Абай Құнанбаев Әбілқасым Фирдауси ұстаз тұтты. Сондай-ақ «Шаһнама» дастаны Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сияқты халық ақындарының шығармашылығына біршама ықпал етті. Әбілқасым Фирдаусиге қазақ ақындары С. Мұқанов, Қ. Бекхожин, Қ. Жармағамбетов, Ө. Күмісбаев т. б. жыр жолдарын арнаған.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Әбілқасым Фирдауси |
Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов (6 желтоқсан, 1925 жыл, Павлодар - 23 қазан 2003 жыл) — кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1975).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.
### Білімі
* Алматы киноактерлер мектебін 1947 жылы бітірген.
* Бүкілодақтық мемлекеттік кино институтын 1958 жылы, Г. Рошаль мен С. Юткевичтің шеберханасында бітірген.
### Қызмет жолы
* Киноактерлер мектебінде оқи жүріп, Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының киноаударма бөлімінде жұмыс істеді. Осы кезден бастап киноаудару өнерінің техникалық, көркемдік сапасына назар аударды.
* 1990 ж. “Айтуар” атты деректі фильмдер түсіретін студия ашты.
## Фильмдері
### Аударған фильмдері
* “Варяг крейсері”
* Мәскеуде оқып жүргенде өзінің тұңғыш жұмысы — “Жас гвардия” фильмін қазақ тілінде сөйлетті.
* Содан бері 500 ден астам фильмді қазақша сөйлетті. Олардың ішінде
* “Автомобильден сақтаныңыз”
* “Гамлет”
* “Нақұрыс”
* “Король Лир”
* “Рүстем туралы аңыз” т.б. кинофильмдер бар.
### Түсірген көркем фильмдері
* “Даладағы қайың” (1957)
* “Мазасыз көктем” (1958)
* “Дауыл” (1959)
* “өмір жолы” (1960)
* “Алматы көктемі” (1962)
* “Найзатас бөктерінде” (1969)
* “Ақын арманы” (1986 — 87, екі сериялы видеофильм; Д. Әбіловпен бірігіп сценарийін жазған) көркем фильмдері
### Түсірген деректі фильмдері
* “Сераға” (1974)
* “Бәрі сен үшін” (1976, Е. Серкебаев жайлы)
* “Ғалым ауылында ” (1990, Сәтбаев жайлы)
* “Тер сіңген жер” (1991)
* “Жүсіпбек Аймауытов” (1992) деректі фильмдерді, көптеген хроникалық фильмдер түсірген.
## Кітаптары
* “Сыр сандық” атты естеліктер кітабы жарық көрген.
## Дереккөздер |
Майра Бекжұманқызы Әбусейітова (1.5.1925 жыл, қазіргі Астана — 10.10.1996 жыл Алматы) — кинорежиссер, қазақ кино аударма өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975).
* Алматы киноактерлер мектебін бітірген (1947).
* Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының кино аударма бөлімінде ұзақ жылдар бойы еңбек етті.
Әбусейітова дубляж жасаған фильмдер ішінде
* “Отелло”
* “Сияуш туралы аңыз”
* “Қызыл бүрген”
* “Қылмыс пен жаза”
* “Нағыз адам туралы аңыз” т.б. бар.
“Қазақфильм” тарихында ол 500-ден астам фильмді қазақша сөйлетіп, көрермен назарына ұсынуға қатысты.
## Дереккөздер |
Әбілғазы Қайыпұлы (туған жылы белгісіз — 1815) — хан. Хиуа ханы Қайып ханның үлкен ұлы, Батыр ханның немересі. Жас кезінде Бұхарадан Хиуаға әкелініп, 1767 жылдың аяғы — 1768 жылдың бас кезінде таққа отырғызылған. Бірақ ол Хиуа тағында Әбілғазы — ІІІ деген атпен жарты жыл, ал кейбір деректер бойынша бар болғаны бір ай шамасында ғана отырған. Хиуадан қуылғаннан кейін ол Сыр бойындағы атамекеніне оралып, Шекті руының сұлтаны, ал 18 ғ-дың 90-жылдары қарақалпақтардың ханы болды. Әкесі өлгеннен кейін Сырдарияның төменгі ағысы өңірінде шекті т.б. Әлімұлы бірлестігіне кіретін рулардың ханы болып сайланған (1794 — 1815). Ордасы Жанкент қаласы жұрты маңында орналасты. Қол астына 15 мыңдай отбасы қарады. өмірінің соңғы жылдарын руластарының қолдауынан айырылып, жоқшылықта өткізді. Жерленген орны белгісіз. Деректерде Арынғазы, Ілияс, Нұрым, Пысжан (Бошан), Арду, Ескендір, Елжан деген балаларының аттары кездеседі.
## Дереккөздер |
Дихан-Баба Әбілев (26 желтоқсан 1907, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылдыбұлақ - 2003, Алматы) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
## Білімі
* Семей ауыл шаруашылығы техникумын бітірген.
* Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын (1937) оқыған.
* Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948) тәмамдаған.
## Өмірбаяны
* 1927-1934 жылдары халық ағарту, басасөз қызметтерінде болған.
* Баянауыл аудандық "Ленин туы" газеті редактордың орынбасары
* республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары
* 1938-1939 жылдары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы
* 1961-1962 жылдары Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы.
* 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
## Шығармашылығы
* Тұңғыш өлеңі - "Қызыл әскерге" 1925 жылы Семейдегі "Қазақ тілі" газетінде жарияланған.
* "Шалқыма" (поэма)
* "Бармақ" (поэма, 1937)
* "Қуат" (поэма, 1940)
* "Мұңсыз Мәрия" (поэма, 1940).
* "Москва түбінде" (1942)
* "Майданбек" (Өлең-роман, 1943)
* "Бибінұр" (1949)
* "Жұлдызды жігіт"
* "Дала солдаты" (1945)
* "Тұлға" (1948) өлеңдер жинақтары.
* Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен "Алтай жүрегі" атты өлең роман (1955) жазған.
С. Торайғыров өмірінен жазған
* "Ақын арманы" (1964)"Арман жолында" (1968)"Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған.
* "Ақын арманы" (1964)
* "Арман жолында" (1968)
* "Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған.
Драматургия жанрында
* "Қарулас достар" (1948)
* "Майра" (1954)
* "Біржан сал мен ақын Сара" туындыларын жазған. Сондай-ақ қазақ тіліне орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.
## Марапаттары
* Қызыл Жұлдыз ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Құрмет Белгісі" ордені
* көптеген медальдармен
* Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
* Қазақстанның халық жазушысы.
## Шығармалары
* Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958;
* Шығармаларының екі томдығы А., "Жазушы", 1977, 1984
* Махаббат құдіреті. Роман. А., "Жазушы", 1991;
* мелодия весны. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1993;
* Өткен күнде белгі бар. Естеліктер. А., "Жазушы", 1997;
* Жолаушы өмір. Өлеңдер. А., "Жазушы", 2001.
## Дереккөздер |
* Әбілқайыр хан (Кіші жүз)
* Әбілқайыр хан (Өзбек хандығы)
* Қарт-Әбілқайыр хан (Ұлы жүз) |
Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмет әл-Бируни (араб.: أَبُو الرَّيْحَانِ مُحَمَّدٌ بْنُ أَحْمَدَ البِيرُونِيّ; 4 қазан 973 жыл, Қият – 9 желтоқсан 1050 жыл, Ғазни) — ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Тәжірибелік жаратылыстану білімнің негізін қалаушылардың бірі, ғылым мен діннің шекарасын ажыратуды қарастырды.
Білім таратудың жақтаушысы, б. ғылым мен ағартушылық халықтарды дөрекіліктен, кедейліктен босатады деп ойлады. Ол оқыту мен тәрбие жұмысын ізгілік ойлау қасиеттерін қалыптастыру – бақытқа жету амалы деп санады. Ол нашар мінез-құлықты тәрбиелеу арқылы түзетуге болады деді. Араб тілдерінде жазылған көптеген табиғи-ғылыми шығармалардың авторы, (30 түрі сақталды).
Математика, астрономия, география және басқа ғылымдар негізінде жазылған «Жұлдыздар жайлы» кітабы (араб, парсы тілдерінде) бірнеше ғасырлар бойы медреседелерде оқу құралдары болып пайдаланылды. Оқыту тәжірибесіне математикалық және астрономиялық мәселелерді енгізді. Өз еңбектерімен қатар ол Птоломей, Эвклидтің кейбір шығармаларын санскритке аударды. Үндістанда Бируни («Үндістан» еңбегіндегі) педагогика тарихын (1020-ға жуық) оқытуға ынта білдіруде. Ай шарындағы бір таудың аты аль Бируни атымен аталғаны белгілі.
## Толығырақ
Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, картография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды.
Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.
Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған.
Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі.
«Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 жылы желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған.
## Дереккөздер |
Әбілқайыр хан (1412 жыл – 1468 жыл) — өзбек ханы. Жазба деректерде Әбілқайыр қаған, Ұлы хан, Бузург хан, Хазірет Бузург хан деп айтыла береді.
Шыңғыс ханның 10-ұрпағы (Шыңғыс хан — Жошы хан — Шибан (Шайбан) — Байнал — Есу-Бұқа — Жошы-Бұқа — Бадағұл — Мыңтемір — Пулад (Болат) — Ибраһим (Ибрагим) — Дәулет-шейх — Әбілхайыр хан). 1428 ж. 16 жасында Әбілқайырды Дешті Қыпшақтың ру-тайпа көсемдері хан етіп сайлады. Ол билікті өз қолына алысымен Дешті Қыпшақтағы саяси бытыраңқылықты жоюға күш салды.
Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетінің билеушілері Мұстафа ханды, Махмұт-Қожа ханды талқандады. 30 – 40 ж. хандықты нығайту үшін ішкі және сыртқы күштермен күрес жүргізді. Тұқай-Темір ұрпақтары Ахмет хан мен Махмұт хан иеліктеріне, Темір әулетінің қол астындағы Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасады. Сөйтіп тарихта “көшпелі өзбектер” деп аталатын хандық құрды (Әбілқайыр хандығы). Әбілхайыр ханның билігі күшейген сайын, оған қарсы жергілікті ру-тайпа көсемдері мен кейбір сұлтандардың қарсылығы арта түседі. Әбілхайыр ханның билігіне қарсы жасырын наразылық 1457 ж.
Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңіліс тапқан соң, ашық күреске айналды. 1457—59 ж. аралығында Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты тайпалармен Шу өңіріне көшіп барып жеке Қазақ хандығын құрды (Жәнібек хан және Керей хан). Қазақ хандығының күшейе түсуінен қауіптенген Әбілхайыр хан 1468 ж. Моғолстанға жорық ұйымдастырды. Бұл — оның ең соңғы жорығы еді. Әбілхайыр ханның он бір ұлы болды.
Оның ұрпақтары ішінде ең танымал болғаны — немересі Мұхаммед Шайбани хан.
## Дереккөздер |
Дәурен Тастанбайұлы Әбіров (6 қазан, 1923, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылы — 8 маусым, 2001) — биші, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988), Қазақ КСР халық әртісі (1984).
## Өмірбаяны
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* Алматы хореграфиялық училищесін бітірген.
* Мәскеудің Луначарский атындағы ГИТИС-нің балетмейстерлік бөлімін бітірген (1952).
* Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* 1952 — 1977 ж. Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының балетмейстері, бас балетмейстері.
* 1984 — 89 ж. Жүргенов атындағы Мемлекеттік театр және кино институтының кафедра меңгерушісі
* 1989 — 97 ж. хореография бөлімінің жетекшісі болды.
* 1997 жылдан бері театр және кино институтың Жоғарғы хореография мектебінде ұстаз.
## Қойған балеттері
* Великановтың “Қамбыр-Назым”
* Е. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”
* Жұбанованың “Аққанат” балеттерін қойған.
## Билеген билері
Биші ретінде
* “Жизель”
* “Аққу көлі”
* “Бақшасарай фонтаны”
* “Баядерка”
* “Шопениана” т.б. балеттерде жетекші партияларды билеген.
* Пуни мен Глиэрдің “Эсмеральда”
* Глазуновтың “Раймонда”
* Меликовтың “Фархад-Шырын”
* Яруллиннің “Шурале” балеттерін сахнаға бейімдеген.
* “Біржан-Сара”
* “Қамар сұлу”
* “Айсұлу” операларына, көптеген концерттік билер қойған.
## Шығармалары
Зерттеуші ретінде
* “Қазақтың халық билері” (Ә. Исмаиловпен бірге, 1961, 1984)
* “Қазақ биінің кәсіби сахнада қалыптасуы мен дамуы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (1979).
## Дереккөздер |
Әбішев Әлжаппар (15.10.1907 жылы туған, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) — Қазақстанның Халық жазушысы (1985).
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қамбар бұтағынан шыққан.
Тұңғыш әңгімелері “Завал” (1936), “Еңбек ері – ел еркесі” (1938) жұмысшылар өмірін суреттеуге арналған . Ертеректергі шығармаларының бірі “Армансыздар” повесіне қазақ шаруаларының өмірін суреттесе, “Төлеген Тоқтаров” (1944), “Саржан” (1945), “Үлкен жолда” (1948), “Терең тамырлар” (1952), повестерінде, “Жас түлектер” (1945), “Сахара сәулеті” романында, “Намыс гвардиясы” (1942, М. Әуезовпен бірігіп жазған), “Отан үшін” (1949), “Жолдастар” (1940), “Қырағылық” (1941), “Мен өлмеймін” (1948), “Достық пен махаббат” (1947) пьесаларында.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ халқының майдандағы, елдегі жанқиярлық қажыр-қайратын, олардың жеңіске деген сенімін шынайы көрсетеді. “Достық пен махаббат” пьесасы кезінде қазақ драматургиясына қосылған үлкен үлес ретінде бағаланды. “Бір семья” (1948), “Күншілдік” (1954), “Кім менің әкем?” (1957), “Белгісіз батыр” (1966), “Армандастар” (1966), “Сәкен” (1965), “Мансап пен ұждан” (1977), “Көлеңкелер қалай жоғалады” (1978), “Мәди” (1977), “Нұрлы жаңбыр” (1981), “Кәусар” (1982), “Ажалсыз адам” (1983), “Сәкен аманаты” (1987) пьесаларында адамгершілік, мораль тақырыптарын қозғады. “Найзағай” (1969), “Атыңнан айналайын” (1988) романдарына халық композиторы Мәдидің өмірі мен шығармашылық жолы өзек болды. “Шерлі шежіре” эссе кітабында қаламгер өзі көріп, куә болған заман тақсыретін, замандастарының мінез-құлқын өз көзқарасы елегінен өткізе отырып әңгімелейді.
Жазушының айрықша атап айтарлық табыстарының бірі – оның сан алуан тақырыптарға жазған драма шығармалары ұзақ жылдар бойы республика облыстық театрлары сахнасында үзбей қойылып келеді. Осынау толымды еңбегінің арқасында Әбішев қазақ театры ардагерлерінің бірінен саналады. Шығармалары шет тілдеріне аударылған. Әбішев Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, екі мәрте “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Туы ордені (01.03.1959)
* Қазан революциясы ордені (21.10.1977)
* Халықтар достығы ордені (14.10.1987)
* 2 Құрмет Белгісі ордені (31.01.1939; 16.11.1945)
## Дереккөздер: |
Әділ Абылайұлы (туған жылы белгісіз - 1815, Ташкент қаласының түбінде) — сұлтан. Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үшінші ұлы.
Әкесінің тұсында Жетісудағы Ұлы жүз руларының біраз бөлігіне билік жүргізді. 1773 жылы Пекинде Еженханның қабылдауында (15 адам) болды. Қытайға аманат ретінде де жіберілді. Елге қайтып келген соң жергілікті ақсақалдардың тілегімен Жетісуға тұрақтап, ел басқарады. Абылай 1779 жылы қырғыздармен болған ұрыста жеңіске жеткеннен кейін Талас өзені бойында Әділге үй салып беріп, осы жерге егіншілікпен айналысу үшін бірнеше қарақалпақ отбасыларын қоныстандырды. 18 ғасырдың 80-жылдары Әділ оларға қоса Дулат руының жаныс, сиқым, ботбай және шанышқылы тармақтарын Әбілмәмбет ханның баласы Болатпен бірге биледі. Олардың жалпы саны 40 мың отбасы шамалас, ал қоныстары Талас, Ангрен, Шыршық өзенінің бойында, Шыңғыс, Шаған т-ның төңірегінде болған. Ресми түрде таққа отырғаны жөнінде мәлімет кездеспейді, бірақ 19 ғасырдың бас кезіндегі кейбір материалдарда Әділ өзіне қарасты руларды "хан" деген атақпен басқарған. Қытай тарапынан алған "уан" ("ван") атағы болған. Әділдің Нұралы деген баласынан Жетісу өңіріне аға сұлтан болған атақты Тезек төре (1821-1879) туған.
## Дереккөздер |
Нұртай Абықайұлы Әбіқаев (15 мамыр 1947, Жамбыл ауданы, Жамбыл) — мемлекеттік қайраткер, инженер-механик, генерал-майор (1998), экономика ғылымдарының докторы (2000).
## Өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын (1970) инженер-механик мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебін (1985), РФ Президентініңжанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Экономика ғылымдарының докторы. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
* 1970 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
* 1972 жылдан - Алматы ауыр машина жасау зауытының аға инженері, инженер-конструкторы.
* 1976 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы қаласы Әуезов аудандық комитеті партиялық-ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы,
* 1977 жылдан - өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, 1978 жылдан - өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі.
* 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бөлімінің нұсқаушысы.
* 1984 жылдың сәуір айынан - Қазақстан Компартиясы ОК хатшысының көмекшісі.
* 1984 жылдың тамыз айынан - ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі . 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы қаласы Фрунзе аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
* 1988 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі.
* 1989 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысының көмекшісі .
* 1990 жылдың мамыр айынан - ҚазКСР Президенті Кеңсесінің бастығы.
* 1990 жылдың желтоқсан айынан - ҚазКСР Президенті Аппаратының басшысы. 1991 жылдан - ҚР Президенті мен Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы. 1994 жылдан - ҚР Президенті Аппаратының басшысы.
* 1995 жылдан - Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы және қосымша қызмет ретінде Швеция Корольдігі, Норвегия Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
* 1996 жылдан - ҚР Президентінің бірінші көмекшісі»
* 1998 жылдан - ҚР ҰҚК төрағасы.
* 2000 жылдан - ҚР Сыртқы істерінің бірінші вице-министрі; ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы.
* 2004 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының 2-ші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.
* 2005 жылдың қараша айынан - ҚР Парламенті Сенатының 3-ші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.
* 2007 жылдың ақпан айынан - ҚР- ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
* 2008 жылдың қазан айынан - ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
* 2010 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
ҚР Волейбол федерациясының президенті. ҚР Парламенті делегациясының басшысы, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Парламентаралық ассамблеясының төрағасы. ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясында ҚР Парламенті делегациясының басшысы.
## Марапаттары
* «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені
* «Парасат» ордені
* «Дружба» (РФ) ордені
* Почет(РФ) ордені;
## Жанұя
Үйленген. Жұбайы - Нұртаева Римма Филипповна Ұлдары - Марат (1969 жылы туған), Сергей (1974 жылы туған); қызыӘлия (1982 жылы туған). Немерелері - Нұрсұлтан (1993 ж.т.) Тимур (1998 жылы туған).
## Сыртқы сілтемелер
* [1]
* [2]
* [3] Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* [4](қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Әдебиет Шежіресі– әдебиеттанудың бір саласы, деректану ғылымының құрамдас бөлігі. Әдеби ортадағы, әдебиет тарихындағы үлкенді-кішілі оқиғаларды болған уақытымен нақтылы көрсетіп отырады. Әдебиет шежіресі барлық халықтардың әдебиетінде бар. Шежіренің сипаты мен мән-мәнері үнемі өзгеріп отырды. Әдебиет шежіресі 2 үлкен салаға жіктеледі. 1-әдеби өмірдің жалпы шежіресі. 2-жеке ақын, жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған шежіре. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби өмір шежіресін жасау 20 ғасырлырдың 60 жылдарынан басталды.Ол қазақ әдебиетінің тарихына арналған ғылыми кітаптарға өз алдына жеке тарау ретінде енді.Жазушы М.О.Әуезовтің туған күнінен бастап қайтыс болғанға дейінгі аралықтағы (1897–1961) кезеңге байланысты Әдебиет шежірелері жеке-жеке кітап болып басылды (1997).
## Шығармалары:
* Вопросы казахской советской литературы, т. 2, А.-А., 1960;
* Очерки истории казахской советской литературы, М., 1960, стр. 601–659;
* Қазақ әдебиетінің тарихы, 3-т., 1-кіт., А., 1967, 554–642-б.;
* Қазақ әдебиетінің тарихы, 3-т., 2-кіт., А., 1967, 578–662-б.;
* История казахской литературы, т. 3, А.-А., 1971, стр. 668–751;
* 40–50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті, А., 1968, 330–398-б.;
* «Қазақстан жазушылар одағына 60 жыл» (1964)
## Сыртқы сілтемелер
* [1](қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған.
## Өмірі
Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Мейірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 1640—1641 жылы Жем өзені бойындағы Қалмақ ханы Хо-Өрліктің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.
* Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрын Сауд Арабиясы, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды.
## Шежіре
Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
## Дереккөздер |
Әбілпейіз сұлтан (толық есімі Әбілпейіз баһадүр сұлтан, жазба деректерде Абдулфеиз, Абулфаиз, Абулфеис, туған жылы белгісіз — 1783) — сұлтан, найман тайпасының құрамындағы қаракерей руының билеушісі. Әбілмәмбет ханның ұлы.
## Өмірбаяны
1742 жылы әкесінің шешімімен жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің ордасына аманат ретінде жіберілген. 1744 жылдың басында Жоңғариядан оралып, найман тайпасының құрамындағы қаракерей руының билеушісі атанды. Қол астындағы халықтың жерлері шығысында, алдымен, ойраттармен, кейін Цин империясымен шектесетін (Шыңғыстау тауы, Аягөз, Көкше, Шыңғыс, Шаған өзендері). 1757 жылы Абылай сұлтанмен бірге Цин империясымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Пекинге өз елшілігін аттандырған. Өмірінің соңына дейін Шыңжаң билеушілерімен саяси және экономикалық байланыстарды сақтап келді. 1760-шы жылдардың бірінші жартысында қол астындағы рулардың Ресеймен саяси және экономикалық байланыстардың тұрақтылығын қолдаған. 1762 жылдың қаңтарында ресей императоры ІІІ Петрге хат жолдап, қазақтардың Орталық Азиядан келген және орыс көпестерімен арасындағы сауда-саттықты жүзеге асыратын тұрақты айырбас сауда пунктін ұйымдастыруды өтінген. Сұлтанның өтінішіне сәйкес 1764 жылдың жазында Семипалатинск бекінісінен 15 шақырым жерде (Ертістің сол жағалауы) айырбас ауласы ашылып, жергілікті халыққа ресей, ортаазиялық, қашғар көпестерімен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік берді. Берік әрі батыл мінезімен ерекшеленгенімен (цин шенеуліктерінің анықтамасы бойынша «қыңыр, тәкаппар»), Әбілпейіз сұлтан, сонымен бірге, прагматикалық, парасатты адам ретінде танымал болды. Осы қасиеттердің арқасында ол 40 жыл бойы иеліктеріндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтап, қол астындағы Орта жүз қазақтарының көршілерімен сауда-экономикалық байланыстарын дамыта алды. Сұлтанды жеке білген әскери инженер әрі танымал семейлік өлкетанушы И.Г.Андреевтің тұжырымдамасы бойынша, Әбілпейіз сұлтан Орта жүздегі ең беделді, ең ақылға қонымды тұлға болған. Әбілпейіз сұлтан 1783 жылы өз иеліктерінде қайтыс болды. Бір жылдан кейін Бопы сұлтан әкесін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерлеген. Әбілпейіз сұлтан ұлдарының бізге белгілері: Бопы, Жошы, Шыңғыс, Ағадай, Шамамет.
## Галерея
## Әдебиет
* Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков / Составление, транскрипция скорописи XVIII в. и комментарии И.В. Ерофеевой. Алматы., 1998.
* Аполлова Н.Г. Хозяйственное освоение Прииртышья в конце XVI - первой половине XIX вв. М.: Наука, 1976.
* Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Букейхан А. Избранное / Гл. ред. Р. Нургалиев. Алматы, 1995.
* Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО "АБДИ Компани", 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.
* Коншин Н.Я. Материалы для истории Степного края // Памятная книжка Семипалатинской области на 1900 г. Семипалатинск, 1900. Вып. 4. С. 1-76.
* Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009.
## Тағы қараңыз
* Әбілпейіз кесенесі |
Әжік (Draba) — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда 23 түрі бар. Олар Балқаш — Алакөл ойысы, Алтай, Жоңғар, Күнгей, Теріскей, Іле Алатаулары, Кетпен, Шу — Іле тауларының биік белдеулеріндегі тасты, тастақты жерлерде өседі. Ең көп тараған түрі — сопақжемісті Әжік (D. Қanceоlata). Оның биіктігі 6 — 40 см, сабағы бұтақты келеді. Тамыр жапырақтары шоғырлана өседі. Ақтүсті гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Маусым — тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанда өсетін әжіктің 2 түрі — эндемик болып саналады. Оларға Жоңғар Алатауында өсетін қисық Әжік (D. іncurvata) және Іле Алатауының мұздықтарына жақын жерлерде өсетін ұсақ жемісті Әжік (D. mіcrocarpella) жатады. Әжіктің көптеген түрі — сәндік өсімдіктер.
## Дереккөздер |
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ; Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки; 870 – 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.
## Оқу жолы
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған.
## Шығармашылық жолы
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді.
Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады.
Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі:
* тіл білімі және оның тараулары;
* логика және оның тараулары;
* математика және оның тараулары;
* физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары;
* азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы.
Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады.
Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды.
“Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.).
“Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады.
Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын.
Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:
* Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
* Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
* Сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.
## Әмбебап-музыкант
Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың математика теориясын жасау жолында Әбу Наср Әл-Фараби математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы т.б.
## Әл-Фараби мен Абай
Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес философиялық сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен Жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздерінде сол түпнұсқадағы қапыға немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас...» өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектерінде жатыр.
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Фарабидің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың «толық адам» жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, өсімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалдыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы - көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған.
Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
## Ғалым мұралары жету кезеңдері
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады:
* Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.);
* Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.);
* 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.);
* Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.).
Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.
Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде.
## Әбу-Насыр әл-Фарабидің шәкірттері
Фараби өз тұсында да, өзінен кейінде халық арасында кеңінен белгілі болған. Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған.
* Әбу Әли Құсайын Ибн-Абдолла ибн-Сина (Авиценна) — медицина ғылымының атасы, Орта Азия атырабынан шыққан, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен ірі тұлға.
* Омар Ибн-Ибрагим Әл-Хайям (1048-1130) — Фараби мен ибн-Синаның мұраларын игеріп ілгері дамытушы. Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик.
* Ұлықбек Ибн Шахрух (1394-1447) — аса ірі мемлекет қайраткері, астроном, математик, ертедегі грек ғалымдары мен Орта Азияның көрнекті оқымыстыларының негізгі еңбектерін жетік білуші ғалым.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* А.Касымжанов. Абу-Наср аль-Фараби кітабы
* Р.С.Каренов. Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
* Шығармалары Adebiportal.kz сайтында |
Қайыржан Нәукебайұлы Әділов 24.5.1936 жылы туған, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Пушкин аулы — 2014) – техника ғылымның докторы (1980), профессор (1982), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Қарағанды политехнологикалық институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық унверситеті) бітірген. 1958–1961 жылы Қарағанды көмір комбинатында кен шебері, Қарағанды көмір-химикалық ғылыми-зертеу институтында ғылым қызметкер (1961–1965), Мәскеу тау-кен институтының аспиранты (1965–1968), 1968–1983 және 1986–1987 жылы Қарағанды политехнологикалық институтында оқытушы, доцент, профессор болды. 1983–1986 жылы Кабул политехнологикалық институтында (Ауғанстан) дәріс берді. 1987–1994 жылы Қазақ ұлттық технологикалық университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылдан Қарағанды Жер қойнауын кешенді игеру институтының лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері көмір кендерінің өндірістік технологиясын жетілдіруге арналған. Әділов жер астынан кен өндірудің ағынды технологиясын жобалау теориясын жасады, кен өндіру процестері мен жүйелерінің беріктігін және қарқындылығын зерттеді, шахталар мен кеніштерді күкіртті газдардан арылту технологиясының физика-химикалық өлшемдерін анықтады, жер асты кен жұмыстарының экология қауіпсіздігін негіздеді. Әділов 10 монографияның авторы.
## Шығармалар
* Совершенствование технологии подземной разработки пластовых месторождений, М., 1979;
* Поточная технология угледобычи на шахтах, М., 1991.
## Дереккөздер |
Әзірет сұлтан - ислам дінін таратуға күш салып, түркі халықтары арасына сопылықтың орнығуына негіз салған әулиенің мәртебелі есімі.
Шын аты - Қожа Ахмет Ясауи. Ол шамамен 1103 жылы ОҚО, Сайрам шаһарында туып, 1228 жылы Ясыда (Түркістан қаласы) қайтыс болған. Оның әкесі - Шайқы Ибраһимның қабірі ОҚО, Сайрам ауданында. Ал жетінші атасы Ысқақ бап дін тарату мақсатында Шамнан Табризге, одан Үргеніш, Сайрам жеріне келген.
Ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы Қожа Ахмет Ясауи елу екі жасқа келгенде дүниені тәрк етіп, бүкіл болмысы мен жанын Хақ тағалаға арнайды. Жасы алпыс үшке, яғни, пайғамбар жасына келгенде жер астынан мешіт салдырып, қылуетке түседі. Оның Құран мен шариғаттың мәнін түрік тілінде түсіндірген ғажайып еңбегі -Диуани хикмет (Даналық кітабы) мұсылмандықтың алтын тұткасына айналады .
1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ КСР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені музейі» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды.
Бұл кісіге арналып салынған музей-қорықта салынған
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш (2003 жыл, маусым айы).
Қорық музейі Түркістан қаласында көне Ұлы Жібек жолы бойында қазіргі Шымкент-Қызылорда автожолының бойында Тәуке хан даңғылы мен алматы алаңының қиылысында орналасқан. Қорық музейдің құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4 гектарды алып жатыр. Ал кесене орналасқан қаланың тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 гектар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш музейлендіріліп халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олар:
* Қожа Ахмет Ясауи кесенесі музейі. ХІҮ ғасыр. Экспозициялық алаңы 654.98 шаршы метр.
* Қылует жер асты мешіті музейі. ХІІ ғасыр. 702 шаршы метр.
* Жұма мешіті музейі. ХІХ ғ. 603,6 шаршы метр.
* Шығыс моншасы музейі. ХҮІ ғ. 130 шаршы метр.
* Түркістан тарихы музей. ХІХ ғ. 1050 шаршы метр.
* Археология және этнография музейі. ХІХ ғ. 140 шаршы метр.
* Рабия Сұлтан бегім кесенесі музейі. ХҮ ғ. 62 шаршы метр.
* Түркістан көшесі музейі. ХІХ ғ. 452 шаршы метр.
Музейлердің жалпы экспозициялық алаңы 3794,52 шаршы метр.
Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи көз жұмған соң ХII-шi ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екi бөлмелi шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы ХIVғ. соңында Әмiр Темiрдiң бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр, Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметр 18,3 метр. Тайқазан 1239 жылы 25 шақырым жерде тұрған Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды.ХVI ғасырдан бастап кесене маңына хандар мен билер, атақты кiсiлер жерленетін болды. Оларды жерлеу рәсiмi бастарына жеке кесене — мазарлар және дiни құрылыстар салумен қатар жүрдi.
«Әзiрет Сұлтан» кесенесiн жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңiл бөлiндi. Ол жұмыстар кесене төңiрегiндегi қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегi жөндеу және қайта қалпына келтiру жұмыстары бiрнеше кезеңде жүргiзiлiп отырды.
1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң шешiмiмен Мәдениет министрлiгi жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркiстан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтiру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесi музей болып ашылғаннан кейiн кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтiрiлдi. 1975 жылға дейiн үздiксiз жұмыс iстеп келген монша тарихи мәдени ескерткiш ретiнде, өзiнiң негiзгi қызметiн тоқтатып, 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтiрiлген Қорған қабырғасы мен Қорғанның қақпасын бұрынғы сақталған сурет, сызбалар негiзiнде жаңадан тұрғызуға тура келдi. Ал, Жұма мешiтiнiң 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы сақталып, қайта қалпына келтiрiлдi. ХIVғ. ескерткiшi болып табылатын Шiлдехана iшiнара қалпына келтiрiлiп, консервацияланды.
1979 жылы кесене төңiрегiндегi ортағасырлық сәулет ескерткiшi «Шығыс моншасы» көне ескерткiшi сақтау мақсатында музейлендiрiлдi. 1982 жылы «Жұма мешiтi» ХIХ ғасыр ескерткiшi орнынан «Археологиялық табыстар» атты музейi ұйымдастырылды.
1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи өмiрiмен байланысты тарихи орын, жерасты мекенi, сопылық орталық болып саналатын ХII-ХIХғғ. Ескерткiш «Қылует» мешiтi музей қызметкерлерiнiң күшiмен экспозиция қойылып музей ретiнде ашылды.
«Түркiстан тарихы» музейi орналасқан ғимарат — ХIХ ғасырда салынып әскери казарма ретiнде пайдаланылған. Кеңес заманында тiгiн тоқыма фабрикасы қызметiн атқарған. ХIХ ғасырда салынған сәулет ескерткiшi мемлекет қарауына алынып, жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп 2000 жылы «Түркiстан тарихы» музейi-тарихи қаланың 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып пайдалануға берiлдi. Музейден тарихи, рухани қаланың өткенi, кешегiсi туралы толық мағлұмат алуға болады. Музей экспозициясы үлкен-үлкен сегiз бөлiмнен тұрады.Музей қызметкерлерiнiң мақсаты көне қаланы «музейлер қаласы, рухани орталық» ретiнде түрленте беру. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында болғанда «Қазақстанның рухани орталығы Түркістан»-деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын оны ерекше.
Музейде мынадай құрылымдық бөлімдер бар.
* Ғылыми-зерттеу бөлімі.
* Ғылыми кітапхана
* Ғылыми қор бөлімі
* Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі
Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық-ескерткіштерді зертеу бөлімі, этнография және этнология бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары.
"Әзірет Сұлтан " қорық музейі Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда:
* қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады
* қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі
* халқымызды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы насихатталады
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі өзінің жан-жақты шығармашылығы және рухани құндылықтарды насихаттау арқылы, өзінің алдындағы барлық мақсаттарын жүзеге асыруға және бұл салада қызмет ететін барлық ұйымдар мен мекемелер, қорлар мен агентттіктермен ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізуге дайын.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы - Түркістан облысы Түркістан қаласында орналасқан.
## Дереккөздер |
Хасен Әбішев(15.1.1902, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы — 1981, Алматы) — ғалым, қазақ халқының жұлдыз және аспан әлемі жөніндегі ұғымдарын зерттеуші, Қазақстанның еңб. сің. мұғалімі (1962). Оның физика мен астрономия ғылымдарына арналған көптеген ғылыми, әдістемелік және көпшілікке арналған ғылыми-танымдық еңбектері жарияланған. Ә. — өзінің еңбектерінде қазақтың аспан шырақтары жөніндегі ертеден қалыптасқан ұғымдарына ғылыми талдау жасаған, қазақ тіліндегі астрономия мен физика терминдерін қалыптастыруға ат салысқан.
## Шығармашылығы
Халық астрономиясы, А., 1959; Аспан сыры, А., 1966.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Қазақстан әйелдері – қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал.
Әйелдер қауымына арналған "Азат Әйел" (1925) және "Теңдік" газеттерінен бастау алады. 1926 жылдың қаңтар айынан бастап "Әйел теңдігі" деген атпен журнал болып шыға бастады. Журнал 1935 – 1941 жылдары және 1950 – 1954 жылдары "Сталин жолы". 1955 жылдың қаңтарынан “Қазақстан әйелдері” болып шығады. Негізгі тақырыптары: отбасы берекесі мен тұрмыс мәдениетінің өзекті мәселелері, ұрпақ тәрбиесі. Таралымы – 40 мың дана (2003). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1976).
## Тарихы
Теңдік – Қазақ өлкелік партия комитеті жанындағы әйелдер бөлімінің газеті. Қызылорда қ-нда 1925 ж. мамыр – шілдеде 7 саны жарық көрді. 1926 ж. қаңтардан ай сайын шығатын Әйел теңдігі журналына айналды.
“Әйел теңдігі” — қазақ әйелдеріне арналған қоғамдық-саяси журнал. Ол бастапқы кезде, 1925 жылы. 5 мамырда өлкелік партия камитетінің жанындағы әйелдер бөлімінің газеті ретінде “Теңдік” деген атпен Орынбор қаласында шыққан. Редакторы — Соня Есова. Журналды шығару жұмысына Ш.Қожахметов, Р. Сүгіров, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов белсене қатысқан. Кей нөмірлеріне (мысалы, 1925 жылы N3) редактор ретінде Бейімбет Майлин қол қойған. Кейіннен журналға Нұржамал Сәнәлиева (1932 — 1934), Н. Арықова (1934 — 1935) басшылық етті. Мақсаты — Қазақстан автономиялы республикасы ОАК-нің 1920 жылы қабылдаған қалың малға, әмеңгерлікке, көп әйел алушылыққа тиым салу туралы декретін бұқараға түсіндіру, әйелдердің қоғамдық өмірге араласуын насихаттау болды. 7 нөмірі жарық көрген соң, 1926 жылы шілде айынан “Теңдік” газеті журналға айналып, “Әйел теңдігі” аталды. Журналдың партия тіршілігі, әдебиет, кітап сыны, өнер-білім үйрену, заң, сұрақ-жауаптар, тілшілер, т.б. бөлімдері болды.
* Сайты: Қазақстан әйеледрі Мұрағатталған 27 қаңтардың 2012 жылы.
## Дереккөздер |
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты - ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қарасты ғылыми зерттеу институты. Институт қазақ фольклортануы, әдебиеттану және өнертану ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша іргелі және кешенді ғылыми зерттеу жүргізетін республикадағы бірден-бір ғылыми орталық. Институтта ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ әдебиеті мен өнері саласына жан-жақты талдау жасалып, әдебиет, фольклор, музыка, театр және кино, бейнелеу өнері, қолжазба және мәтінтану (текстология) мен библиография теориясы бойынша зерттеулер жүргізіледі, қазақ әдебиеті классиктері шығармаларының академиялық жинақтары, ұжымдық ғылыми монографиялар, сериялық басылымдар жарыққа шығады. Әр жылдары институт ғалымдары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі» 100 томдығын, М.О.Әуезовтің 50 томдық академиялық шығармалар жинағын, «Қазақ әдебиетінің тарихы» (10 том), «Қазақ музыкасының антологиясы» (5 том), «Қазақ өнерінің тарихы» (3 том), «Классикалық зерттеулер» (34 том), «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен «Жамбыл», «Абай», «Күләш», «Құрманғазы», «Әбілхан Қастеев» зерттеу еңбектері және т.б. ғылыми кітаптарды жарыққа шығарды.
Институттың құрылымындағы ғылыми салалық бөлімдер:
- Фольклортану бөлімі;
- Ежелгі және орта ғасырлар әдебиеті бөлімі;
- Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімі;
- Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімі;
- Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімі;
- Қолжазба және инновация бөлімі;
- Музыкатану бөлімі;
- Театртану және кино бөлімі;
- Бейнелеу өнері бөлімі;
- Әуезовтану бөлімі («М.О. Әуезовтің мұражай үйі» ғылыми-мәдени орталығы);
## Тарихы
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының қазақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылығы секторы болып ашылды. 1941 жылдан бастап бұл сектор Тарих, тіл және әдебиет институты құрамына еніп, 1945 жылы Тіл және әдебиет институты болып қайта құрылды. 1961 жылы мамыр айында осы институт негізінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты болып жеке бөлініп шықты. Сол жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды. 1996 жылдан бастап бұл мұражай «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығына айналды.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды. Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосып келеді.
Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.
Институттың қалыптасуына М.О. Әуезов үлкен үлес қосты. Ол 1943 ж. қаңтар айынан институттың әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері, 1946 жылдан - қазақ әдебиеті тарихы секторының, 1957 ж. халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болды.
1946 ж. Ғылым академиясы құрылған кезде академияның тұңғыш толық мүшелігіне сайланды. Институтта жұмыс істеген жылдары Мұхтар Омарханұлы ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы бойынша, Абай шығармашылығы туралы көп еңбек етіп, іргелі зерттеулер жазды. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай, Абай мұрасын зерттеу белімі ашылып, жетекшілік етті, сонда М. Сильченко, Б. Жақыпбаев, Ғ. Сағди, С. Мұқанов т. б. қызмет етті.
«Қазақ әдебиеті тарихының» (1948, 1960) 1-томының әрі авторы, әрі бас редакторы болды. 1959 ж. «Әр жылдар ойлары», 1962 ж. «Уақыт және әдебиет» атты ғылыми жинақтары жарық көрді. Абайтану ғылымының негізін қалап, 30 жылдан астам уақытын ұлы ақын өмірін, әдеби мұрасын зерттеу, жинақтау, бастыру ісіне арнады. Абай шығармаларының 1933, 1939, 1940, 1945, 1949 ж. толық жинақтары М.О. Әуезов редакциясымен жарық көрді. «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты көлемді монографиясы 1967 ж. басылып шықты.
Институтта 1991 ж. Абайтану белімі қайта ашылып, оның құрамындағы шығармашылық топ (3. Ахметов, С. Қирабаев, Қ. Мұқаметханов, М. Мырзахметов, Ж. Ысмағұлов) Абайдың шығармашылық мұрасын басып шығарғаны және ол туралы ғылыми-зерттеу еңбектері үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды (1996). Институт ғалымдары М.О. Әуезов мұрасын 1967-1969 жылдар аралығында М. Базарбаевтың басшылығымен 12 том, 1979-1985 жылдары 20 том етіп жариялады. 1997 жылы 50 томдық толық жинағын шығару қолға алынды. М.О. Әуезовтің шығармашылығы туралы 3. Ахметов, Р. Бердібай, М. Мырзахметұлы, Б. Құндақбайұлы, Т. Жұртбай, Т. Әкімов т. б. еңбектері жарық көріп, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Институттың қатысуымен Әуезовтің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыстар мен ғылыми-теориялық конференциялардың материалдары «Мұхтар Әуезов - совет әдебиетінің классигі» (1980), 90 жылдығына байланысты мерекелік шаралар мен ғылыми конференциялар материалдары «Мұхтар Әуезов және қазіргі заманғы әдебиет» (1989) жинақтары жарық көрді.
Ұлы суреткердің ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік сессиясы мен халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, олардың материалдары жеке жинақ болып шықты. Институт ғалымдарының «Мұхтар мұрасы. Наследие Мухтара» атты ғылыми зерттеулер мен мақалалар жинағы екі тілде жарық көрді (1997).
2002 жылдан бастап «Әуезов оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.
"Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығының негізгі ғылыми бағыттары М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеп жариялау және насихаттау болып табылады. Орталық "М.О.Әуезов өмірі мен шығармашылығының жылнамасы", "М.О.Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш", "Неизвестный Ауэзов", "Мухтар Ауэзов" энциклопедиясын және т.б. дайындап шығарды. Орталық қызметкерлерінің басты жетістігі – ұлы жазушының 50 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындап бітіруі. 2011 жылы бұл көп жылғы еңбектің соңғы 50-томы жарық көрді.
Институт ғалымдары ерте дәуірдегі қазақ әдебиетін жемісті зерттеп келеді. XIII-XIV ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың әдеби ескерткіштері - "Оғыз-нама", "Мухаббат-нама" дастандары 1986 жылы қазақ тіліне алғаш рет аударылып, түпнұсқа мәтіндерімен бірге жарыққа шықты. 1993 жылы XII ғасырда өмір сүрген бүкіл түркі әлемінің ұлы ақыны, әрі ойшылы А.Иассауидің "Диуани хикмет" кітабының көне түркі тіліндегі транскрипциясына ғылыми түсінік бере отырып, аудару алғаш рет жүзеге асырылды.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде жарық көрген қазақ баспасөзі беттерінде жарияланған Казақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдар Институт дайындап шығарған "Дала уалаятының газеті" (5 кітап), "Айқап" бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар", "Қазақ. Алаш. Сарыарқа", "Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар", "Қазақ халқының ата-мұралары", "Түркістан уалаятының газеті","Айқап", "Қазақ" жинақтарында кеңінен қамтылған.
Институт ғалымдары сталиндік репрессияға ұшыраған Алаш қайраткерлерін ақтау мен олардың мұрасын жинап бастыру, зерттеу ісінде үлкен еңбек етті. Соның нәтижесінде Ш.Құдайбердиев, М.-Ж.Көпеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ғ.Қарашев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, С.Садуақасов және т.б. кеңес дәуірінде жазықсыз жазаланған әдебиет пен өнердің аса көрнекті өкілдерінің академиялық басылымдарын жарыққа шығару жүзеге асырылды.
2004-2011 жылдары Институт Қазақстан Республикасының "Мәдени мұра" ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыруға белсене қатысты. Осы мемлекеттік маңызы зор бағдарлама аясында 10 томдық "Қазақ әдебиетінің тарихы", 8 томдық "Қазақ музыкасының антологиясы", 3 томдық "Әлемдік әдебиеттану", "Әлемдік фольклортану" жарыққа шықты. Тұңғыш қолға алынған 100 томдық "Бабалар сөзі" сериясының 75 томы және 20 томдық "Әдеби жәдігерлер" сериясының 11 томы жарық көрді.
Әлем және қазақстандық әдебиеттің қазіргі жай-күйі туралы зерттеулер жазылып, "Литература народов Казахстана" (2004), "Очерки по мировой литературе рубежа ХХ-ХХІ столетий" (2006), "Международные связи казахской литературы в период независимости" (2008) ұжымдық еңбектері жарық көрді.
2006 жылдан бері институтта ғылыми зерттеулер бағыттарын қалыптастырудың жаңа кезеңі басталды. Институт ұжымы Тәуелсіз Қазақстан әдебиеттануы мен өнертануының қазіргі үдерістерін зерттеуге жете көңіл бөлді. Отандық әдебиеттегі Тәуелсіздік идеясының көркемдік тұрғыда тану заңдылықтары жалпытүркілік әдеби үдеріспен байланыстырыла қарастырылды. Тоталитарлық жүйенің көркем әдебиетіндегі ұлттық идеясы мен ұлттың тәуелсіздік идеясы мәселелері айшықтала отырып зерттелді. Коммунистік идеологияның әсерімен жазылған шығармалар жаңа тұрғыда қарастырылып, М.Әуезов шығармаларындағы тәуелсіздік идеясының көрініс табу принциптері мен әдістері көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі әлемдік әдеби үдеріс зерттеліп, соның нәтижесінде "Жаңа дәуірдегі әлем әдебиеті» атты ұжымдық монография дайындалды. Онда түрлі елдер әдебиеттері дамуындағы заманауи тенденциялар жинақталып, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі қоғамдық мәселелер қарастырылды. Еңбекте алыс (румын, неміс, француз, испан, ағылшын, болгар, корей, словак, американ, араб) және жақын (орыс, украин, молдаван, қырғыз, әзербайжан) елдерінің әдебиеттері қамтылған. Еңбектің тарауларын жазуға институт пен еліміздегі жоғары оқу орындарының мамандары және Әзербайжан, Молдован, Ресей, Румыния, Болгария, Словакия және Германия әдебиеттанушылары мен сыншылары катысты.
XX ғасырдағы Қазақстан өнерінің әр саласындағы классикалық бағыттардың ерекшеліктері қарастырылып, Тәуелсіздік кезеңдегі өнер туындылары негізгі зерттеу нысанына айналды.
Институттағы Қолжазба және инновация бөлімі мен Орталық ғылыми кітапхана қорларында сақталған фольклорлық және музыкалық мұраларды электрондық нұсқаларға көшіру жұмысы атқарылуда. XX ғасырдың екінші жартысында жиналған музыкалық мұралар цифрлық форматқа көшірілуде.
Институт үкіметаралық келісімдер негізінде бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, бірлескен фольклорлық экспедицияларға шығу, халықаралық конференцияларға қатысу, ғылыми кадрлармен алмасу сияқты шет елдермен ғылыми байланысты жүзеге асырып келеді.
Мәскеудегі «Художественная литература» баспасымен бірлескен екі томдық «Льется песня под домбру» (2009) және «Небосвод над моей головой» (2010) атты еңбектер жарыққа шықты. Томдарға фольклорлық мұралар мен қазақ әдебиетінің асыл маржандары, жазба ескерткіштері, оның ішінде ортағасырлық және ежелгі әдебиеттің озық үлгілеріне жататын жәдігерліктер кірді. «Художественная литература» баспасымен бірігіп «Под парусом вечного неба» («Sailing under eternal skies Monuments of Folklore and Literature of the CIS Countries») (Москва 2010) атты ТМД халықтарының әдеби ескерткіштерінің екі томдығына қазақ халқының 6 мәтінін дайындап, енгізді. Жарық көрген кітаптар Сорбонна, Вена, Берлин қалаларында таныстырылып, ТМД әдебиеті бойынша курстар өткізу жоспарланып отырған Сорбонна кітапханасына берілді. Корей Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігімен бірлесе отырып, «Корей және Орталық Азия мифтері, ертегілері және эпостарының зерттелуі мен оларды цифрлық сақтау» жобасы бойынша жұмыстар іске асырылуда. Осының негізінде Корей тіліндегі «Kazakhstan» кітабында қазақ фольклорының 9 шығармасы жарық көрді.
Институтта 2005 жылдан бастап, «Керуен» атты ғылыми-көпшілік және әдеби-көркем журнал жарыққа шығып келеді. Журнал беттерінде алыстағы (Германия, Франция, Румыния, Түркия, Корея) және жақын (Ресей, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) шет ел әдебиетшілері мен онертанушыларының ғылыми мақалалары жарияланып тұрады. Журнал Париждегі ISSN орталығында тіркелген.
## Институт басшылығы
Әр жылдары институт директоры болып М.О. Әуезов, М. Базарбаев, Ә. Шәріпов, 3. Ахметов, Ш. Елеукенов, Ш. Ыбыраев, С. Қасқабасов, С. Қирабаев қызмет атқарды.
Институт директоры қызметін:
2012 - 2018 жылдар аралығында ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижанұлы Қалижанов атқарды;
2018 жылы Институт директоры болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов тағайындалды.
## Дереккөздер |
Әйтеке би кенттік әкімдігі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бөлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Әйтеке би кенті кіреді. Орталығы – Әйтеке би кенті.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 38046 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Кенен Әзірбаев (1884 жылғы 19 маусымда, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ елді мекенінде дүниеге келген - 1976 жылғы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Қордай ауданында, сол кездегі Киров колхозында (қазіргі Кенен ауылы) қайтыс болды) — қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Балалары: Төрткен (Төрткемпірбіршал), Көркемжан, Бақытжан, Ақтамақ, Ақбілек.
## Өмірбаяны
Дулат тайпасының Жаныс руынан. 10 жасында қолына домбыра алып ән сала бастаған. 11 жасында өзінің тұңғыш әні "Ри, қойым", 13 жасында атақты "Бозторғай" әндерін шығарды. Халықтың көңілін елең еткізген бұл ән тез арада бүкіл қазақ даласына тарады. Бала Кененнің аты қырғыз-қазаққа мәлім болып, "Боздаланың бозторғайы" атанды. Сондай-ақ, екі жүздей лирикалық, дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жырдың кеніші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы. Кененнің дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты. Оның «Бозторғай», « Көкшолақ», «Бұлбұлға», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім-құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады. Бұл әндердің қай-қайсысының да астарында уақыт тынысына қоса, ең алдымен Кененнің өзінің тарихи түйсік-зердесі, жалтағы жоқ болмысы аңғарылады. Мәселен, 16-шы жылғы толқудан көп бұрын дүниеге келген «Бұлбұлға» өлеңінде бұлбұлмен мұңдаса отырып, «Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр» деген сөзді айту үшін ыза-кекке қоса, сол кездегі іріп-шіріген саяси ахуалды түсінетін көреген зерде керек қой. Немесе, күндей күркіреген Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Алатаудың ақиық қыранындай саңқылдап, «Біздің Отан жеңеді!» деп жар салуы – ерге лайық жалтақсыз сенімнің, ақынға лайық оптимизмнің , ақылгөйге лайық көрегендіктің айғағы болса керек.
## Ақынға құрмет
Кенен Әзірбаевтың есімі:
* Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылында орналасқан жалпы орта білім беретін №15 орта мектебіне;
* Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында орналасқан мектебіне;
* Жамбыл облысы, Қордай ауданы, "Отар" станциясындағы №41 орта мектебіне;
* Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қожамберді ауылында орналасқан орта мектебіне берілді.
* Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Шымкент және т.б. қалалар мен аудандарда көше берілді
* 2001 жылдан бері Тараз қаласында екі жылда бір рет Кенен Әзірбаев атындағы "Шырқа, даусым!" атты Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтіп тұрады
* 2009 жылы ақынның 125 жылдық мерейтойына Кенен Әзірбаевқа арналған Қазақстанның пошта маркасы шығарылды
* 2011 жылы ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы "Алатаудың ақиығы" атты деректі фильм түсірілді
* 2013 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды
* 2016 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында "Тұлғалар тұғыры" мемориалдық кешені ашылды
* 2018 жылы Кенен Әзірбаевтың құрметіне ресми сайт ашылды
* 2018 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді
* 2019 жылы Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының алдына ескерткіш қойылды
* Жамбыл облысы, Қордай ауданында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен Кенен ауылы деп аталады. Онда Кенен Әзірбаев атындағы әдеби-мемориалдық музейі жұмыс істейді. Музейдің алдында ескерткіш орнатылған.
* Ақынның 100, 110, 120, 125, 135 жылдық мерейтойлары Республикалық деңгейде үзбей тойланып келеді.
* Кенен Әзірбаевтың шығармашылығы мен өмірі туралы жазылған кітаптар: "Әке рухымен сырласу", "Кенен", "Екі Кенен тумайды", "Әке рухына тағзым", "Ұлы дала жыршысы"
Кенен Әзірбаев артына өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз. Ақиық ақынның өлмес өлең-жырлары мен әсем ән-күйлері халықпен бірге мәңгі жасай бермек.
## Марапаттары
* "Ленин" ордені - 1974 ж.
* "Еңбек Қызыл Ту" ордені - 1967 ж.
* "Құрмет белгісі" ордені - 1959 ж.
* "Құрмет белгісі" ордені - 1945 ж.
* Жеті рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған
* Қазақ ССР-ның Халық ақыны - 1961 ж.
* Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген өнер қайраткері - 1956 ж.
* ҚСРО Композиторлар Одағының мүшесі - 1939 ж.
* ҚСРО Жазушылар Одағының мүшесі - 1937 ж.
## Шығармалары:
* Өлеңдер жинағы, а., 1947;
* "Әли батыр", а., 1951, 1986;
* Өлеңдері мен дастандары, а., 1953;
* Әндері, а., 1955;
* Өлеңдері мен дастандары және тексттері, а., 1961;
* Шығармалар жинағы, а., 1967;
* "Ақындар сыры", а., 1969, 2002;
* Таңдамалы шығармалары, а., 1974;
* Бозторғай, а., 1977;
* Тандамалы әндері, а., 1984.
* 5 томдық шығармалар жинағы, 2008 ж.
* 5 томдық шығармалар жинағы, 2017 ж.
## Дереккөздер |
Әйкен немесе ноқатек (Lathyrus) — бұршақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда 12 түрі бар. Олар далалық, шалғындық, егістік жерлерінде, бұталы өсімдіктер арасында кездеседі. Ең көп тараған түрі — түйнекті әйкен (L. tuberosus). Оның биіктігі 30 — 100 см, тамыры түйнекшеленген ұзын, сабақтары қырлы келеді, тік немесе өрмелеп өседі. Қосарланған жапырақшалары ұсақ, гүлдері хош иісті, күрең-қызыл түсті болады. Маусым — шілде айларында гүлдейді, тамыз — қыркүйекте жеміс береді. Жемісі — бұршақ тәріздес. Әйкен — бағалы мал азығы, сабағынан пішен және сүрлем дайындайды. Тұқымында 28 — 30% белок болады. Сондықтан тағамға да пайдаланады.
## Дереккөздер |
Әйтпенов Мұқан(т.-ө.ж.б.) – қоғам қайраткері. 1917 ж. көктемде Омбы уездік қазақ к-тінің төрағасы, қараша айында Үш жүз – партиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі партия ОК-нің алғашқы төрағасы болды. Партия басшылығы екі жікке бөлінгенде, Ә. Үш жүзді тастап, Алашқа қосы |
Мақаш Тыныштықбайұлы Әлиакпаров (10.10.1937 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма кенті) – медицина ғылымның докторы (1984), профессор (1984), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі (1994). Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген (1966).Шығыс Қазақстан облыстын туберкулез диспансерінің рентгенолог дәрігері (1966–1968),КСРО Денсаулық сақтау министрилігіОрталық рентген-радиология институтының клиникалық ординаторы, аспиранты, аға ғылыми қызметкері (1968–1973, 1979–1982), Семей мемлекеттік медицина институтының ассистенті, кафедра меңгерушісі (1973–1979, 1982–1984), проректоры (1984–1989) болды. 1989 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының ректоры. Негізгі ғылыми-зертеу еңбектері рентгенологиялық әдістерді жетілдіруге, оған керекті жаңа контрасты препараттар шығаруға,адам денесіндегі іріңді жаралардың әсерінен ішектің жарылуын, қан мен лимфа айналымының сырқаттарын зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол Орталық Қазақстанның медицина-экология жағдайын зерттеп, жасөспірімдердің анатомия даму ерекшеліктерін анықтады. Іш құрылысының паранхиматозды органдарын сәулемен анықтау тәсілін тапты. Әлиакпаров қазақтың көрнекті қоғам қайраткерлері: Әйтеке, Төле, Қазыбек билер және Абай ұрпақтары туралы зерттеу еңбектер жазды.
## Шығармалары
* Диагностика абсцессов брюшной полости, А., 1994 (соавт.);
* Диагностика и лечение спонтанного пневмоторакса, Караганда, 1996; Yш би, Караганды, 1998.
## Марапаттары
* Академик НАН РК
* Член Польской Академии наук
* Медали «Астана», «За доблестный труд», «10 лет Конституции РК»
* Нагрудные знаки «Отличник здравоохранения», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне»
* Диплом ВДНХ II степени
## Сыртқы сілтемелер
* [1](қолжетпейтін сілтеме)
* [2] Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
“Әділет” — Қазақстандағы қоғамдық бірлестік. Ұйым 1989 жылдың 8 сәуірінде құрылған. Өз қызметін мүшелерінің еріктілігі мен тең құқықтылығы, жариялылық, өзін-өзі басқару, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының негізінде жүзеге асырады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Талдықорған қаласында бөлімшелері бар. “Әділеттің” басты мақсаты — демократиялық өзгерістерге, адамдардың азаматтық және құқықтық санасын дамытуға, жас ұрпақты құқықтық мемлекеттік рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ Кеңес империясы туралы тарихи шындықты қалпына келтіруге ықпал ету. Оның қоғамдық бірлестіктері саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімін анықтап, мәңгіге қалдыру жолында жұмыс жүргізді. Атылып кеткендердің зираттарын іздестіріп тауып, белгі қою, күтімге алу ісімен шұғылданды. Астана мен республиканың басқа да қалаларында сталинизм құрбандарына арналған мемориалды кешендер мен ескерткіштер орнатуға көмектесті. Саяси қуғын-сүргін туралы архивтік деректер жинақтап, ғылыми-ақпараттық және ағартушылық орталықтар, мұражайлар мен кітапханалар ашуға ықпал етті. Саяси қуғын-сүргін көргендер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен жеңілдіктеріне қатысты мәселелерді Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, басқа да құқықтық және атқару органдарының алдына қойды. Әкімшілдік-әміршілдік басқаруға байланысты ашылмаған мәліметтердің жария етілуіне қозғау салды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімін даярлап, аты-жөндерін жариялады. Тоталитарлық режимнің құқыққа, гуманизмге қарама-қайшылығын ашып көрсететін кітаптар, мақалалар, конференция материалдарын басып шығарды. “Әділет” қоғамы “Дөңгелек столдар” мен семинар материалдарын (Алматы, 1996), “Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру мен Қазақстанда азаматтық қоғам орнату мәселелері” (Алматы, 1996), “Халықтарды жер аудару және адам құқы мәселелері” (Алматы, 1998) және басқа да кітапшалар шығарды.
“Әділет” қоғамының қатысуымен бұл уақытқа дейін “Азалы кітаптың” 4 басылымы жарық көрді. Онда Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Маңғыстау, Талдықорған облыстары бойынша саяси қуғын-сүргін кезінде атылғандар туралы қысқаша мәліметтер берілген. Қазақстанның “Әділет” қоғамы халықаралық “Мемориал” ұйымының мүшесі.
## Дереккөздер |
Әли әл-Исфиджаби - (туған, өлген жылдары белгісіз) — Оңтүстік Қазақстандағы көне Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған оқымысты. Әли-Әл-Исфиджаби туралы мәлімет өте аз. Толық аты-жөні Әли Ибн Мухаммад әл-Исфиджаби. Мухаммад — әкесінің аты. Іли бин Мұхаммед әл-Исфиджаби жайлы дерек ХІІ ғасырда өмір сүрген Орта Азиялық - Әбу Омардың (1190 ж.қ.б.)«Фатауа әл-Уаттабина» («Уаттабидің бәтуасы») деген еңбегінде бар.Мұсылман діні ғылымының (фиһқ) қыр-сырын егжей-тегжейлі баяндайтын бұл еңбекте автор осы сала бойынша өзіне дейін жазылған, өзі үйреніп үлгі тұтқан зиялылардың бірқатарын атап кетіпті. Солардың арасында Сайрамнан шыққан Әли бин Мұхаммед Әл-Исфиджабидің де есімін кездеседі. Соған қарағанда сайрамдық оқымысты да әл-Уаттаби секілді мұсылман заңы білгірлерінің бірі болса керек. Бірақ, бір өкініштісі, әл-Уаттаби оның өмірі мен қызметі һәм шығармашылығы жайлы ештеңе де айтпаған. Жерлесіміздің мұрасы дін ғылымына қатысты болса оны біздіңше әлем кітапханаларының қолжазба қорларынан іздей берген жөн. Өйткені ұрпақтарына ол туралы айтылған немесе жазылған бір жол болса да аса қымбат.
## Дереккөздер |
Әбдірахман Әйтиев (21.3. 1886, Орал облысы, Орал уезі, Қароба болысы, Сүгірбай ауылы (қазіргі Теректі ауданы) — 16.11.1936) — мемлекет қайраткері. Әйтиев — Қазақстанның Батыс аймағындағы рев. қозғалыс және Азамат соғысы тарихын алғаш зерделеген авторлардың бірі. Оның қаламынан туған «Революционное движение в Уральской области», «Октябрьская революция в Уральской области» мақалалары осы тақырыптағы толымды еңбектердің бірі. Ұлы Тельман — тарих ғылыми кандидаты. Әйтиев атымен Алматы, Орал, Тараз қаласында көше аталған, 1992 ж. Орал қаласында ескерткіші (мүсінші Ю.Баймұқашев) орнатылды.
## Өмірбаяны
Әкесі Әйтей Құлмағамбетұлы кедей шаруа болған. Тегі — Жетіруға жататын кердері руы.
* 1901 ж. Қароба болыстық бір кластық орыс-қазақ мектебін бітірді;
* 1904 ж. Орал уезінің 1-учаскесі төбе биінің (мировой судья) шабарманы және от жағушысы;
* 1906 ж. Орал уездік податтық инспекторының тілмәші;
* 1906 ж. Орал уезі 6-учаскесі төбе биінің тілмәші, іс жүргізушісі;
* 1908-19 жж. ауылында егін шаруашылығымен айналысты;
* 1910-13 жж. Орал қаласында төбе бидің аға іс жүргізушісі;
* 1910 ж. шамасында Б.Қаратаевтың көмегімен «төлеңгіт ауылына» деп қоныс аударушылар үлесімен жер алып, Теректі маңынан Сүгірбай жатағын салуды ұйымдастырды.
* 1913-14 жж. әскер аттары учаскесінің меңгерушісі, аң-құс құтқару қоғамының және әуе әскери флотын күшейту қоғамының мүшесі.
* 1913 ж. әскери күш-көлік санағын жүргізгені үшін Ларго-Калуга поручигі Игнатьев тарапынан марапаттауға ұсынылған
* 1914 ж. Жалданбалы ауыл писары;
* 1915-17 жж. болыстық писарь
* 1917 ж. қаңтарда болыс Бекше Қисықовпен бірге сайлауға түсіп, Қароба болысының басқарушылығына сайланды. 7 наурыздан меньшевиктер мен эсерлер құрған Жайық сырты бөлігі Ревкомының кооптациялық негіздегі төралқа мүшесі.
* 1917 ж. 20 наурызда комитет құрамынан шығып, Б. Қаратаев, Д. Кусепқалиев, Ы. Тоқберлинов, Ғ. Әлібековпен бірге Жайық сырты бөлігі азаматтық комитетіне төралқа мүшесі және ұйымдық хатшы болын сайланды.
* 1917 ж. сәуірде өткен 1-Орал облысы қазақ съезін ұйымдастырушылардың бірі. Съезде Қаратаев, Т.Әйтиев, М.Ипмагамбетов, М.Балтановпен бірге Халел Досмұхамедов және Ж.Досмұхамедовтерге наразы топ құрамына кірді. Жер мәселесін Құрылтай жиналысына қалдырмай дереу шешуді, казак-орыстар иелігіндегі жерді қайтарып алуды жақтады. Оппозипиядағы топ атынан Ж.Досмұхамедовқа барып жолықты. Принципті мәселелерде тіл табыса алмағанымен, Жаншаға құрмет сезімін өмір бойы сақтады.
* 1917 ж. жазда Қароба болыстық земство управасының мүшесі және управа милициясының бастығы. Жайық өңірінде астықпен алыпсатарлық жасаушыларға қарсы күрес ісін ұйымдастырды.
* 1917 ж. шілдеде Ойыл бекінісінде өткен 2-Орал облысы қазақ съезінің делегаты. Сол жылғы күзде земство мекемелерін және құрылтай жиналысы делегаттарын сайлау науқаны кезіндегі пікір алшақтығына байланысты М.Ипмағамбетовпен бірге Орал қаласында солшыл эсер Холостов, майдангерлер Плотников, Операйло құраған Солдат, жұмысшы және шаруа депутаттары кеңесіне барып қосылды.
* 1918 ж. 18 қаңтарда, Қаратөбедегі З-Орал облысы қазақ съезімен бір мезгілде өткізілген Орал уездік жер к-тері съезінің делегаты, осы съезде казак-орыстар иелігіндеғі жерді қазақтар мен орыс шаруаларына дереу беруді ұсынды
* 1918 ж. 20 қаңтарда Орал рев. комитетінің тағайындауымен Жайық сыргы бөлігінде Кеңестер ұйымдастыру ісімен айналысты
* 1918 ж. 6 наурызда Солдат, шаруа депутаттарының облыстық съезін ұйымдастырушы және съезд төралқасының мүшесі. Осы съезде солдат, жұмысшы, шаруа және қазақ депутаттары Орал облысы кеңесі атқару комитетінің мүшесі және облатком төралқасы төрағасының орынбасары, халықтық күзет комиссары болып сайланды.
Наурыз айының ортасында әскерге адам алу тапсырмасымен елге шықты және сол түста облатком төралқасы мен әскери коллегиясының шешімімен қудалауға түсті. 1918 ж. 29 наурыздағы Орал қаласындағы төңкерістен кейін Орал Войско үкіметінің әскери-дала соты тарапынан сырттай ату жазасына кесілді. Осыған байланысты Қароба болысындағы Федоровка, Богдановка с-нда, Жымпиты ауылы түбіндегі Хакім Бекебасовтың үйінде жасырынып жүрді.
* 1918 ж. шілдеде Жымпитыдан Темір уезіне етті. Осында Ташкенттен келе жатқан Мұстафа Шоқаймен кездесті. Темір уездік земство управасы басшылары С.Қаратілеуов, Ғ. Есенғұлов және Н.Ипмагамбетовтің жөрдемімен Жұрын ст-на келді. Жұрын, Ақбұлақ төңірегінде Қызыл армия бөлімшелері қатарын толықтыру ісімен айналысты, Зиновьев басқарған Ақтөбе майданы қызыл әскерінің үгіт-насихат бөлімінде жұмыс істеді.
* 1918 ж. тамыз-желтоқсан аралығында Орал ревкомы мен Қызыл армия командованиесі құрған Богдановка астыртын ұйымының жеті адамнан тұратын жауынгерлік барлау тобының мүшесі, астыртын атқару комитетінің төралқа мүшесі.
* 1919 ж. қаңтарда 25-Чапаев дивизиясының 3- бригадасының саяси бөлімінде жұмыс істеді;
* 1919 ж. ақпанда Орал ревкомы үгіт-ұйымдастыру қосалқы бөлімінің және әскер қатарына тарту бөлігінің меңгерушісі;
* 1919 ж. наурызда Орал ревкомы Ұлттар коллегиясының мүшесі және Қазақ атты ескер бригадасын ұйымдастырушылардың бірі;
* Қызыл армияның 1919 ж. көктемгі шабуылы кезінде облыс коммунарлар жасағы құрамында атты барлау жорықтарына қатысты;
* 1919 ж. мамырда Орал губернаторы тетенше комиссиясының құпия-оперативті бөлімінің меңгерушісі;
* 1919 ж. шілдеде Жайық сырты белігінде Кеңестер ұйымдастыру бюросының мүшесі;
* 1919 ж. тамызда Чапаев дивизиясы құрамындағы Ілбішін ревкомының төрағасы, Ілбішін с-нда ақ казактар жойып жіберген Чапаев дивизиясынан тірі қалған үш адамның бірі;
* 1919 ж. қыркүйекте Орал облысының қазақ белігі мен Бөкей ордасын басқаратын Қазревкомның Орал бөлімшесінің мүшесі, бөлім меңгерушісі, төраға орынбасары;
* 1920 ж. қаңтарда Қазревком мүшесі және Қазақ өлкелік ішкі істер комиссариатының меңгерушісі, осы қызметте Батыс Алашорда үкіметін тарату ісімен шұғылданды, оның жауапты қызметкерлерін пайдалану мәселесінде Түркістан майданы командованиесінен бөлек пікірде болды, Батыс Алашорданы жойып жібермей, Қазәсревкомға қосуды жақтады. Кейінірек бұрынғы Алашорда қызметкерлерін Кеңес ісіне пайдалану мәселесімен айналысып, Б.Атшыбаев, К.Жәленов, А.Кенжин секілді қайраткерлерді қызметке алды, Семей ревкомы мен 5-армияның Ерекше бөлімі қамауға алған Семей алашордашыларын қорғауға белсенді қатысты;
* 1920 ж. қазанда ҚАКСР ОАК-тың Сібір ревкомындағы өкілі;
* 1920 ж. сәуірде Ақмола губернаторы ревкомының төрағасы;
* 1921 ж. қазан - 1925 ж., қаңтар аралығында ҚАКСР Ішкі істер халық комиссары және ОАК төралқа мүшесі, Орталық әкімш. комиссиясының төрағасы;
* 1925 ж. қаңтарда ҚАКСР Еңбек халық комиссарының орынбасары және еңбек қорғау бөлімінің меңгерушісі;
* 1925 ж. қыркүйекте Өлкелік кеңес-партия мектебінің Батыс Қазақтандағы рев. қозғалыс жөніндегі лекторы;
* 1926 ж. қазанда «Сырье» акционерлік қоғамының Қазақ бөлімінің басқарушысы;
* 1927 ж. қарашада РКФСР Мемл. сауда басқармасының Қазақстан және Батыс Қытай бойынша уәкілетті өкілінің орынбасары, оперативті бөлім меңгерушісі;
* 1928 ж. наурызда «Казторг» қоғамы басқармасының төрағасы, осы қызметте жүргенде орынбасары Деевтің (М.Қаратаевтың «Даладағы дабын» романының кейіпкері) үйымдастыруымен үстінен Ф.И.Голощекиннің атына «домалақ арыз» түсіріліп, Қазақ ауыл шаруашылығы институтына әкімш.-шаруашылық бөлім проректоры етіп жіберілді (1930, қазан);
* 1931 ж. ақпанда ҚАКСР Орталық музейінің директоры;
* 1932 ж. сәуірде ҚАКСР Осоавиахим Орталық кеңесінің төрағасы;
* 1933 ж. мамырда ҚАКСР Халкомкең консультанты;
* 1934 ж. ақпанда Алматы Мемл. қорығының директоры;
* 1934 ж. қазанда «Ақкөл» курортының директоры;
* 1935 ж. қазанда Әулие-ата т. ж. бөлімшесінің фабрика-завод мектебінде мұғалім.
1936 ж. 16-қарашада Жамбыл қаласында ұзаққа созылған науқаcтан қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Бірлесбек Қаниұлы Әлиаров(1.9.1939 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) – энергетик, техника ғылымдарының докторы (1985), профессор (1992), Халықаралық энергетика академиясының (1995) және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2004).
ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) және Алматы энергетика институтын (1983) бітірген. Қазақ энергетика ғылым-зертеу институтында аға лаборант, инженер (1963), кіші (1966), аға (1972) ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1982), институт директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары (1988), директоры (1992–2002) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы АҚ-ның ғылым жөніндегі атқарушы директоры.
Әлиаров күлі көп Екібастұз көмірін отын есебінде қолдану мүмкіндігін зерттеуге және оны жағатын қазан құрастыруға қатысты. Сондай-ақ отынның жануы кезінде бөлінетін түтін құрамындағы улы заттарды кеміту мәселесін де зерттей отырып, нақты нәтижелер (мысалы, азот тотығының мөлшері екі есе кеміді) алды.
Әлиаров 150-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1987).Қызылорда облысы Жаңақорған ауданың (2005) құрметті азаматы.
## Шығармалары:
* Вихревой факел Экибастузского угля, А.-А., 1988;
* Освоение сжигания Экибастузских углей на тепловых электрических станциях, А., 1996.
* Экибастузский топливно-энергетический комплекс (Опыт и проблемы освоения), А-А., 1982 (соавт);
* Огневое моделирования пылеугольных топок, А-А., 1982 (соавт)
## Дереккөздер |
Әйтеке Би Байбекұлы (1644–1700) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім мен Жәңгір хандардың тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
## Балалық шағы
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі Айтық.
### Ел басқарушы би
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
### Кіші жүз биі
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
## Жеті жарғы
"Жеті жарғыда" Әйтеке ұсынған баптардың ішінде — "сүйек құны", "өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды.Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
## Ұрпақтары
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған.Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауларын мекендеген Алшын-Төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке би ауданы аталады. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген.
Әйтеке би Байбекұлы Навои облысы, Нұрата ауданында жерленген.
## Ел аузынан
Әйтеке би Байбекұлы - Алшыннан шыққан қазақтың атақты шешен биі. Шежіреде Алшын Алау әмірден Қыдуар/Құдияр тентек, одан Қадырқожа тарайды. Қадырқожаның Қайырбай атты баласы кедей болып, Қаракесек атанады. Қаракесектен Әлім тарайды. Әлімнен Шекті, Төртқара, Шөмекей, Кете, Қаракесек пен Қарасақал рулары тарайды. Төртқараның бабасы Қарамашақтан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз Меккеге үш рет барып Қажы атанған, Әмір-Темірдің бас кеңесшісі болған кісі. Сол Ораздың бауыры Қараштан - Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самарқан шаһарын 40 жылдай билеген атақғы Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.
Сейітқүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан - Шан, Байбек, Қонысбек, Жоламан, Бекбембет, Бөкенші үрпақтары өсіп-өнген. Байбектен Кешубай, Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жалтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самарқан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.
Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-дамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.
Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан бастап атасы оны Жалантөс батырдың балаларымен бірге Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол оқуды үздік тамамдайды. Араб, парсы тілдерін үйреніп шығады. "Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 24 рудан құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, 18 рулы Алшын (Әлімұлы және Байұлы) мен 7 рудан құралған - Жетірудың Төбе биі болып сайланады". содан бұл дүниеден өткенше ел билігімде жүреді.
Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:
## Әйтеке би жайлы ел аңыздары
### Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ақалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.- Жолаушының жасы үлкені:- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?- Сейітқұл ауылы.- Өзің кімнің баласысың?- Байбектің баласымын.- Есімің кім?- Есімім Айтық.- Қосуақ бидің үйі қайда?- Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.Сонда әлген баланың әкесі:- Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.
### Әйтеке би жайлы ел аңызы
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.
- Аға болып алдымен туасың,Барымталап жылқымды қуасыңАртымнан ерген еркемсің,Ағаңның көзі тірісіндеЖеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәммәл келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
- Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.- Ашу деген ағын су,Туысқан сон сөз қуыспау керек.Алдын ашсаң арқырар.Сөз қуған бөлеге жолымды,Ақыл деген дария,Жол қуған олжаға жолығады.Алдын тоссаң тоқырар.Төле сен, жылқысын қайыр!Кісі бірге туыспау керек,Қазыбек, сен жесірін қайыр! - десе, Төле би оған деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.
### Қосымша ақпарат
Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп, айтатын, дауды еділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған. Сон-дыктан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, "Жеті жарғы" заңын жасасқан азамат.
Халық жырауы Қазанғап Байболұлының Төле биге арнаған дастанында Төле биге, Қаз дауысты Қазыбекке мінездеме береді де, Әйтеке биге келгенде былай термелейді
Онан да өткен Әйтеке, Қудан үшқыр, құланнан. Мүндай шешен болмайды, Бір сөзін жүз мақалдап, Сипаттап қандай тіркейді. Түршіктіріп денеңді, Барған сайын өрлейді. Таудай сөзге тарыдай, Қию тауып сөйлейді. Ерегіссе біреумен Қара жерге жерлейді Қанша ділмәр дегендер, Ширегіне келмейді...
Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адамбаев былай жазады:
"Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, кырғыз халыктарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке - шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері"
### Әйтеке би жайлы ел аңызы
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:
- Бай болсаң, халқына пайдаң тисін;-Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.-Бай болып елге пайдаң тимесе,-Батыр болып жауға найзаң тимесе,--Елден бөтен үйің күйсін!
Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл туса,Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? - депті. Сонда Әйтеке би:
Ораздының көрісі, Қартайғанда қазына болады. Араздының көрісі, Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? - деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді. Әйтеке:- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, - депті оған.
## Тағы қараңыз
* Төле би
* Қазыбек би
## Дереккөздер |
Әл-Мұқаддима(Кіріспе) – тарихи шығарма. Көшпелі тайпалар шаруашылығының ерекшеліктері, қазіргі Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары (оғыз, қимақ, қыпшақ) жөнінде тарихи-геогр. құнды деректер береді. |
Әйтеке Би Байбекұлы (1644–1700) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім мен Жәңгір хандардың тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
## Балалық шағы
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі Айтық.
### Ел басқарушы би
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
### Кіші жүз биі
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
## Жеті жарғы
"Жеті жарғыда" Әйтеке ұсынған баптардың ішінде — "сүйек құны", "өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды.Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
## Ұрпақтары
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған.Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауларын мекендеген Алшын-Төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке би ауданы аталады. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген.
Әйтеке би Байбекұлы Навои облысы, Нұрата ауданында жерленген.
## Ел аузынан
Әйтеке би Байбекұлы - Алшыннан шыққан қазақтың атақты шешен биі. Шежіреде Алшын Алау әмірден Қыдуар/Құдияр тентек, одан Қадырқожа тарайды. Қадырқожаның Қайырбай атты баласы кедей болып, Қаракесек атанады. Қаракесектен Әлім тарайды. Әлімнен Шекті, Төртқара, Шөмекей, Кете, Қаракесек пен Қарасақал рулары тарайды. Төртқараның бабасы Қарамашақтан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз Меккеге үш рет барып Қажы атанған, Әмір-Темірдің бас кеңесшісі болған кісі. Сол Ораздың бауыры Қараштан - Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самарқан шаһарын 40 жылдай билеген атақғы Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.
Сейітқүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан - Шан, Байбек, Қонысбек, Жоламан, Бекбембет, Бөкенші үрпақтары өсіп-өнген. Байбектен Кешубай, Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жалтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самарқан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.
Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-дамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.
Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан бастап атасы оны Жалантөс батырдың балаларымен бірге Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол оқуды үздік тамамдайды. Араб, парсы тілдерін үйреніп шығады. "Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 24 рудан құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, 18 рулы Алшын (Әлімұлы және Байұлы) мен 7 рудан құралған - Жетірудың Төбе биі болып сайланады". содан бұл дүниеден өткенше ел билігімде жүреді.
Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:
## Әйтеке би жайлы ел аңыздары
### Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ақалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.- Жолаушының жасы үлкені:- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?- Сейітқұл ауылы.- Өзің кімнің баласысың?- Байбектің баласымын.- Есімің кім?- Есімім Айтық.- Қосуақ бидің үйі қайда?- Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.Сонда әлген баланың әкесі:- Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.
### Әйтеке би жайлы ел аңызы
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.
- Аға болып алдымен туасың,Барымталап жылқымды қуасыңАртымнан ерген еркемсің,Ағаңның көзі тірісіндеЖеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәммәл келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
- Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.- Ашу деген ағын су,Туысқан сон сөз қуыспау керек.Алдын ашсаң арқырар.Сөз қуған бөлеге жолымды,Ақыл деген дария,Жол қуған олжаға жолығады.Алдын тоссаң тоқырар.Төле сен, жылқысын қайыр!Кісі бірге туыспау керек,Қазыбек, сен жесірін қайыр! - десе, Төле би оған деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.
### Қосымша ақпарат
Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп, айтатын, дауды еділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған. Сон-дыктан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, "Жеті жарғы" заңын жасасқан азамат.
Халық жырауы Қазанғап Байболұлының Төле биге арнаған дастанында Төле биге, Қаз дауысты Қазыбекке мінездеме береді де, Әйтеке биге келгенде былай термелейді
Онан да өткен Әйтеке, Қудан үшқыр, құланнан. Мүндай шешен болмайды, Бір сөзін жүз мақалдап, Сипаттап қандай тіркейді. Түршіктіріп денеңді, Барған сайын өрлейді. Таудай сөзге тарыдай, Қию тауып сөйлейді. Ерегіссе біреумен Қара жерге жерлейді Қанша ділмәр дегендер, Ширегіне келмейді...
Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адамбаев былай жазады:
"Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, кырғыз халыктарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке - шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері"
### Әйтеке би жайлы ел аңызы
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:
- Бай болсаң, халқына пайдаң тисін;-Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.-Бай болып елге пайдаң тимесе,-Батыр болып жауға найзаң тимесе,--Елден бөтен үйің күйсін!
Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл туса,Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? - депті. Сонда Әйтеке би:
Ораздының көрісі, Қартайғанда қазына болады. Араздының көрісі, Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? - деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді. Әйтеке:- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, - депті оған.
## Тағы қараңыз
* Төле би
* Қазыбек би
## Дереккөздер |
Құдайберген Әлсейітов (1884, Павлодар облысы Ертіс ауданы Михайловка ауылы - 1933) - суырыпсалма ақын, әнші-композитор. 11-12 жасынан "бала ақын" атанған. Қыпшақ руынан шыққан.
Павлодар, Омбы, Көкшетау, Қызылжар, Ақмола, Семей қалаларын аралап ән айтқан. Бертінде Қоянды, Қараөткел жәрмеңкелерінде ән салып, ат ойынын көрсеткен. Әлсейітовтің көптеген музыкалық шығармалары "Құдайбергеннің әні", "Баласы Әлсейіттің Құдайберген", "Құдайбергеннің термесі", "Құдайбергеннің желдірмесі", "Құдайбергеннің хадиша қызбен айтысы" деген атпен ел арасына кең тараған. Әлсейітов мелодиялары терме жанрына тән жеңіл ырғаққа құрылған. Ол ән жанрында кезігетін қайырмасы бар екі бөлімді форманы терме, желдірмелерінде сәтті пайдаланған. Әлсейітовтің шығармашылығын насихаттаған И.Байзақов болды.
## Дереккөздер |
Жексенбек Әлмұхамбетов(1 маусым 1928 жыл, Жамбыл облысы, Тараз) — қазақ геологика-минералдық ғылымның докторы (1975), профессор (1984). Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1951). 1951–1952 жылы Орта Азия тресінің геологикалық партиясын басқарды.
Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында инженер, кіші ғылым қызметкер (1956–1960), лаборатория меңгерушісі (1961–1982) болды.
1982 жылдан Қазақ политехногикалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологикалық университеті) кафедра меңгерушісі (1982–1992), профессор (1992).
Ғылыми еңбектері геофизикалық әдістер кешені арқылы жердің терең қабаттарының құрылымын зерттеуге арналған. Әлмұхамбетов республикада тұңғыш рет электрмагниттік зондтау әдісімен Қазақстан жер қойнауындағы ірі кенді тораптарды зерттеді.
Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлау лауреаты (1978).
Еңбегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, КСРО Геология министрлігінің «Жер қойнауын барлаудың үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасының жер қойнауын құрметті барлаушысы» атағымен марапатталған. .
2012 жылдың 15 тамызында 84 жасында ұзаққа созылған науқастан кейін Қазақстан геология ғылымының жарқын өкілінің өмірі қысқартылды.
Басылымдардың жалпы саны: 130-дан астам; оның ішінде 5 монография. |
Әлшекей Бектібайұлы (1848, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы -1932, Тәжікстан, Душанбе облысы Қорғантөбе ауданы Жуан қыстағы) - күйші.
Қоңырат тайпасы Құрбан атадан тарайтын Киікші руынан шыққан. Әлшекей күйшілік өнерді нағашы атасы Рүстемнен үйренген. 1930 ж. Тәжікстанға көшіп барған. Әлшекей 50 -ден астам күй шығарған. Оларды И.Өткелбаев, Ж.Нұрмақов және өзінің баласы Дәнебек сияқты күйшілер кейінгі ұрпаққа жеткізген. Әлшекейдің "Тоқырау", "Нарсоққан", "Егес", "Терісқақпай", "Толқын", "Аққу жеткен", "Тепеңкөк", "Қара жорға", "Адасқан қаз", "Отарба", "Айшамен алты тартыс", "Төтемен тартыс", "Егілген", "Бәйге", "Тай қуу", т.б. ел арасында сақталған күйлері бар. Халық ақыны Манап Көкенұлы осы аталған күйлердің шығу тарихын айтып, таспаға жаздырған. Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген.
## Дереккөздер |
Әлібеков Ғұбайдолла- Мемлекет қайраткері Әлібеков Ғұбайдолла (Ғабдолла) 1870 жылы (кей деректерде - 1872), Жымпиты уезінде туған. Жымпиты уезінің (қазіргі Сырым ауданы) Қарасу болысында молдадан хат танып, Орал қаласындағы училищеде, Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда білім алады. Ауылдық мұғалім, Орал уездік полиция басқармасында тілмаш, кейін Ойыл және Соналы болыстарының басқарушысы қызметін атқарған. 1917 жылы Ақпан революциясы тұсында ол Халел, Жанша Досмұхамедовтермен бірге Алаш ісін жандандыруға кіріседі. Осы жылдың наурыз-желтоқсан айларында Орал облыстык қазақ комитетінің төрағасы болады. 1917 жылы сәуір айында жергілікті алаш қайраткерлерімен бірге қазақтардың облыстык бірінші сиезін ұйымдастыруға кірісті. Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне делегат болып сайланды (17.4.1917). Сол жылы Орынбор қаласында 21-28 шілдеде өткен бірінші жалпықазақ сиезіне Ғ.Әлібеков Орал облысы мен Маңғыстау уезі атынан «Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидат» ретінде бекітілді, 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ сиезінде Алашорда автономиясын жедел жариялауды жақтап дауыс берген. 1919 жылы жазда большевиктер жағына шықты. 1920 жылы наурыздан бастап Қазревком мүшесі. Қазақ АКСР-ін қүру ісіне белсенді араласып, қазақ халқының тарихи-этникалық жер көлемін мейлінше толықтай сақтап қалуға мол үлес қосты. Бүкілқазақстандық құрылтай сиезінде республика үкіметінің құрамына сайланды. 1920 жылдың 24 қыркүйегінен бастап ол Қазақ АКСР-і юстиция халық комиссары, кейін бас прокурор кызметіне тағайындалды. Әлібеков сот, тергеу ісін жетілдіру, қылмықса қарсы күрес шараларының жаңа бағдарын қалыптастыру мәселелеріне жете көңіл бөлді. Сондай-ақ алғашқы құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуге басшылық жасап, заң үлгілерін түзу барысында жергілікті халықтың әдет-ғұрпы, тарихи таным-түсінігі ескерілуін талап етті. 1921 жылы наурыз айында денсаулығының нашарлауына байланысты бастаған ісін аяқтай алмай, туған еліне оралды. 1922-1923 жылдары Орал облысы Жымпиты уезі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген шағында қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Әлікен, Әлиакбер, Шалекен (т.ж.б. – 1859 жылдан кейін) – хан. Оңт. қазақтарының Қоқан езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы барысында ру ақсақалдарының ұйғарымымен хан болған (1858). Әлиакбер, Шалекен – хан, Қарабас сұлтанның кіші ұлы, Көшек ханның шөбересі. Қоңыраттарға, Орта жүздің қыпшақ тайпасының бір бөлігіне, Ұлы жүздің сарыүйсін тайпасының кейбір руларына билік жүргізген. Хан болып сайланғанға дейін де Түркістан қ. мен Қаратаудың оңт. етегінде көшіп-қонып жүрген қоңыраттарды басқарған. Қоңыраттардың көпшілік рулары 18 ғ-дың соңғы ширегінде Ә-нің әкесі Қарабасқа, 19 ғ-дың алғашқы он жылында ағасы Тоған ханға қарады. Ә. оңт-тегі қазақтардың Қоқан езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы барысында түрлі ру ақсақалдарының ұйғарымымен хан болды (1858, мамыр). Қоқандықтардың өктемдігіне наразы болған қазақтар Түркістан мен оның маңайындағы бекіністерге жиналып, Қоқанның Түркістан қ-ндағы Мырза – Нияз деген бегінің әкетілуін талап етті. Ә. бастаған қазақ жасақтары қаланы қоршауға алды. Түркістанды ала алмағанымен қазақтар Сырдария бойында күресін жалғастыра берді. 1858 ж. тамыз айында 5 мың қарулы жасағымен Ә. Бұхар әмірі Насруллаға (1826 – 60) келіп, Оңт. Қазақстанды Қоқан үстемдігінен азат етуге көмек сұраған. Бірақ Ә-нің бұл әрекеті нәтиже бермеген. Халық қалауымен хан болып сайланған Ә-нің мұнан кейінгі тағдыры белгісіз.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.