text
stringlengths 3
252k
|
---|
Айтхожина Нағима Әбенқызы (22 ақпан 1946 жылы туған, Петропавл — 10 қараша 2020) — молекулалық биология саласындағы кеңестік және қазақстандық маман, биология ғылымының докторы(1990), профессор (1994), ҚР ҰҒА академигі (2003). Нью-Йорк ғылым академиясының тұрақты мүшесі (1994). Ол жоғары ағзалар геномының құрылымдық-функционалды ұйымдастырылуын және оның өрнегін реттеудің молекулалық механизмдерін зерттеумен айналысады. Ғалым, биология ғылымының докторы (1990), профессор (1994), ҚР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
* 1969 жылы Қазақ Ұлттық Университетін бітірді. Кейін КСРО ҒА молекулалық биология Институтының аспирантурасын бітіреді.
* 1974 жылы Қазақ КСР ҒА ботаника Институтында алдымен кіші, кейін аға ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады.
* 1983-1989 жылдары Қазақ КСР ҒА молекулалық биология Институтында және 1990 жылы М. А. Айтхожина атындағы ҰҒА молекулалық биология және биохимия Институтының директоры болып тағайындалады.
* 1999-2002 аралығында ҚР ҰҒА президенті болды.
Қазіргі таңда, М. А. Айтхожина атындағы ҰҒА молекулалық биология және биохимия Институтын басқарады.
Айтхожина — Қазақстандағы молекулалық және медициналық генетика, этно және палеогеномика, ғарыштық биология және биотехнология саласының негізін қалаушы. Ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа биотехнология бойынша ғылыми тәжірибелердің бағдарламасын жасады. Айтхожинаның негізгі ғылыми жұмыстары жоғарғы организмдер геномының құрылымдық қызметі мен тұқым қуалаушылық ақпаратының молекулалық механизмдерін зерттеуге арналған. Айтхожинаның бастамасы бойынша Қазақстанда биотехнологиялық және ғарыштық биология бойынша мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар құрылды. Айтхожина алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы аумағында Берел қорымы археологиялық қазба жұмыстарының мумифицирленген материалдарына молекулалық-генетикалық талдау жүргізді. Айтхожина бірнеше халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда (АҚШ, Германия, Израиль, Үндістан т.б.) ғылыми бағдарламалар жасады.
## Марапаттары
* Парасат ордені (2001)
* 3 дәрежелі Барыс ордені (2011)
## Негізгі ғылыми жұмысы
* Ядерные рибонуклеопротеиды, содержащие информационную РНК. Природа 5,- и 3,-концевых последовательностей ядерных РНП частиц. Молекулярная биология. 1979.4 том.
* Молекулярное клонирование и характеристика отдельных представителей фракции «Relic» ДНК генома Triticumtimopheevii // журн. «Молекулярная биология», т. 2, М., 1988 (автор.).
* Selective inhibition of the polypeptide chain elongation in eucaryotic cells// BiochimicaetBiophysicaActa. 1992. V. 1129. N. 2.
* Molecular cloning and characteristics of species — specific repetitive sequences of wheat nuclear DNA // FEBS Lett, 1995.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Мұрат Әбенұлы Айтхожин
## Сілтемелер
* Айтхожина, Нагима Абеновна // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. — Т. I. — ISBN 9965-9389-9-7.
* Указ Президента РК от 10.12.2001 № 737 (недоступная ссылка). Дата обращения 9 ноября 2015. Архивировано 20 января 2016 года.
* Рабочий график Главы государства
* Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшелерін сайлау туралы // Қазақстан Республикасы ҰҒА Хабаршысы, 1995, № 5;
* Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы: Энциклопедиялық анықтама, Алматы, 1996 ж. |
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында, Тараз қаласынан 18 шақырым жерде, Айша бибі ауылында орналасқан. Қазір "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңнамасы" негізінде қорғалған архитектуралық ескерткіш. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек кесененің батыс қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО-ға Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.
## Құрылысы
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған,оюға толы, толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен қапталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулыларының бірі болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар,оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
## Аңыз
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. І нұсқа. Аңыз бойынша сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашуға бел буады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады. Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Аса атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады. Жылы суға рахаттанып түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. «Бұл жалғанда бірге болу бұйырмаса да, о дүниеде жұбымыз жазылмасын» деп сүйгенін жақын маңдағы молдаға алып барады. Жас жігіттің Мәжнүндей қайысқанын көрген молда ғашықтарға батасын беріп, некесін қияды. Бейкүнә екі жастың отбасылық бақыты небары бірнеше минутқа созылады. Даналардың «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен.
ІІ нұсқа. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене Шах-Махмұд Харун Бұғра Қарахан құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның әкесі бұған келісім берген жоқ.Екі жастың қосылуына Айша Бибінің әкесі қарсы болып: «Сені Қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін»,– деп теріс батасын береді. Айша Бибі Қарасудың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабаджа-хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты. Өкінішке орай, әмірші Айшамен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Некелі жарынан айрылған Қарахан батыр дәл сол жерге ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа-Хатун өмірінің соңына дейін кесененің сақтаушысы болды. Күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі Айша Бибіден 20 қадам жерде кесенесі орналасқан.
## Қалпына келтіру
“Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институты Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту, қабырғаларын көтеріп, алғашқы кейпіне келтіру, күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Айша бибі
## Дереккөздер |
“Акмолинские областные ведомости” — Омбыда 1871 — 79 жылдары айына екі рет, 1880 — 1914 жылдары күн сайын шығып тұрған ресми газет. Генерал-губернатырдың баспасөз басқармасының органы. Газеттің ресми бөлімінде — Ресей үкіметінің қаулы-қарарлары, нұсқаулары, бұйрықтары мен жарлықтары, бейресми бөлімінде әртүрлі хабарлар, облыстағы кейбір оқиғалар туралы деректер тізбесі жарияланды. “ Акмолинские областные ведомостиге” қосымша ретінде қазақ тілінде “Дала уәлаятының газеті” (1888 — 1902), орыс тілінде “Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям” (1888 — 93), “Киргизская степная газета” (1894 — 1901) шығып тұрған.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Ақай Төбе – көне қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір қыстағынан оңтүстікке қарай 7 км жерде, Арыс өзенінің төменгі ағысының сол жағалауында орналасқан. Алғаш 1969-70 жылдары Қ. А. Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген. Қаланың қазіргі орны 25 м аумақты алып жатыр. Орталық қорғанның биіктігі 8 м, шахристанның ұзындығы 80 м, қоршай салынған рабадтың ұзындығы 150-200 м. Ақай төбеден қыш құмыра, қол диірмен, темірден жасалған ыдыстар, күбі көзелердің қалдықтары табылған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда қала біздің заманымыздан бұрын 1 — біздің заманымыздың 7-8 ғасырларда аралығында болған.
## Дереккөздер |
Ақбақай Кен Байыту Комбинаты– қоспа әрі құйма алтын, күміс және басқа да минералды шикізат шығаратын ашық түрдегі акционерлік қоғам (1994 жылы). Акциялары мемлекет меншігінде. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай кентінде орналасқан. “Алтайзолото” комбинатының Семейдегі кен өндіру учаскесі ретінде ашылып (1974), кен өндіру көлемі артуына байланысты кенішке айналған (1979). Кейін Ақбақай, Арқарлы кеніштерінің негізінде комбинатқа айналды. 1994 жылы қаңтарда акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қоспа алтын мен құйма алтынның доре балқымасын, күміс өндіреді. Өндірілетін алтынның орташа жылдық көлемі 2 т-ға жуық. Ақбақай кен байыту комбинаты өнімдері Қазақстан Республикасының мемлекет сақтау мекемесіне тапсырылады.
## Дереккөздер:
Қазақ энциклопедиясы I том |
Ақбұлақ – қола және темір дәуірлерінен сақталған зираттар тобы. Қарағанды облысы Шідерті өзенінің сол жағалауындағы Ақбұлақ деген жерде орналасқан. 1959 жылы Орталық Қазақстан археолог экспедициясы (жетекшісі Ә.Оразбаев) тапқан. Ақбұлақ темір дәуіріне жататын 650 оба бар. Бәрі тастан, топырақтан үйілген (көлемі 8-15 м, биіктігі 0,5-1,5 м). 1997 жылға дейін обалардың 30-ға жуығы зерттелді. Қабірлерден шалқасынан жерленген адам қаңқалары, садақ оғының үш қырлы жебелері, құмыра сынықтары, темір пышақ қалдықтары табылды. Ақбұлақ зираттары б.з.б. 1 мың жылдықтың орта шенінде пайда болған. Бұл обалар Орталық Қазақстанды мекендеген, ғалымдар Тасмола мәдениеті деп атап жүрген ескерткіштерді жасаушы тайпалардан қалған.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы |
Ақ ғұндар (хундар, хуннулар, эфталитер) — Еуропада ғұндар империясы үстемдік жүргізіп тұрғанда (5 ғасырда) , 5-6 ғасырда Орта Азия, Ауғанстан, Пәкстан, Солтүстік және Батыс Үндістан, Шығыс Түркістанның бір бөлігінде пайда болған жауынгер көшпелі тайпалардың мемлекеттік бірлестігі.
Ақ ғұндардың этникалық тегін көптеген зерттеушілер шығыс иран тайпаларына жатқызады. Саяси орталығы алғашында Балх (Тохарстан) болды, кейін Пайкентке көшірілді. Мемлекеттік құрамында түрлі этникалық топтар, соның ішінде түркі тайпалары болды.
5 ғасырдың басында Сасани әулетімен күресте Ақ ғұндар жеңіске жетті. 484 жылдан бастап бірнеше ондаған жылдар қатарынан ирандықтар Ақ ғұндарға салық төлеп тұрған. Ақ ғұндар үстемдігі орнаған жерлерде олардың мәдениетінің іздері қалды. Ғұндардың мәдени орталықтары болған қалалар түгел зерттелген жоқ. Археологтар Ташкент қаласы түбіндегі Топыраққала, Варахшадағы сарай орнын (Бұхара қаласынан 35 километр жерде) қазған. Ақ ғұндар мәдениетінен қалған археологиялық ескерткіштер олардың этник. құрамынан онша көп мәлімет бере алмайды. Ғұндардың түркі тілдес болғаны анық, алайда мемлекеттік құрамында жергілікті иран халықтары басым болғандықтан өскелең парсы мәдениеті мен тілінің әсері көп болған. Сол кездегі Византия тарихшысы Прокопий Кесарскийдің естеліктеріне қарағанда, Ақ ғұндардың бір бөлігі егіншілікпен, енді бірі дәстүрлі мал шаруашылықпен айналысқан. Гурган, Балх, Самарқан т.б. қалалар арқылы Византия және Шығыс елдерімен сауда қатынасын жасаған. Ақ ғұндар мемлекеті Үнді, Сасани және түркі билеушілерінің қысымымен 530 жылы Үндістанда, 560 жылдары Орта Азия мен Ауғанстанда біржолата ыдырап кеткен. 6 ғасырдың 2-жартысында Түрік қағандығы мен Ақ ғұндар арасындағы қақтығыстар жиілей түсті. 563—567 жылдары Түрік қағаны Истеми Иранмен одақ құрып, Ақ ғұндар мемлекетін талқандады. Ақ ғұндардың иран мәдениетін қабылдаған бөлігі кейін ауған халқын құрады. Ал, түрік мәдениетінде қалғандары Сыр бойындағы Оғыз мемлекетінің құрамына енді.
## Тағы қараңыз
* Ғұндар
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы
## Дереккөздер
* Толстов С.П, Древний Хорезм, М., 1948;
* Бернштам А, Очерки истории гуннов, Л., 1951;
* Гумилев Л.Н, Эфталиты и их соседи в ІV в. // Вестник древней истории, 1959, №1;
* Массон М.,Рамодин В.А История Афганистана, т. 1, М., 1964 |
Ақжайық шипажайы — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы елді мекен, ас қорыту, қан айналымы ағзаларын, эндокриндік жүйе, аяқ, қол, буын, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған шипажай, Ақжайық ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Жайық өзенінің сол жақ жағалауында, аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 53 км-дей, облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстікке қарай 32 км-дей жерде орналасқан.
## Сипаты
1985 жылы ашылған. 160 емдеу орны бар (1997). Жыл бойы жұмыс істейді. Орташа ауа температурасы: қаңтарда — 14°С, шілдеде 22,6°С. Жауын-шашын мөлшері 305 мм. Күн жылына орта есеппен 2359 сағат ашық болады. Ем ретінде денсаулыққа қолайлы климатпен қатар хлор, магний, натрий, темір, аммоний аралас минералды су пайдаланылады. Сонымен қатар парафинмен емдеу, аппаратты физиотерапия әдістері, емдік дене шынықтыру қолданылады. Санаторийдің 10 орындық бальнеологиялық емханасы бар.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 210 адамды (106 ер адам және 104 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақжайқын – Түркістан облысы Созақ ауданының солтүстік-батысындағы тұзды көл. Созақ ауылынан 100 км жерде.
## Аумағы
Орташа аумағы 48,2 км2, тереңдігі 3 м. Жағалауы жазық. Суы сортаң. Көлден балық ауланады.
## Дереккөздер |
Ақдала – Сарыесікатырау құмының оңтүстігіндегі құмды алқап.
## Географиялық орны
Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Іле өзенінің оң жағалауын бойлап 90 км-ге созылып жатыр. Ені 25 км. Абсолюттік биіктігі 417 м. Суару жүйесі тартылған. Күріш, бау-бақша егіледі.
## Өсімдігі
Шалғынды-сортаңды топырағында жыңғыл, шеңгел, жусан, тағы басқа өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Акционерлік Банк– акционерлік қоғам түрінде құрылған банк. Акционерлік банк өз қаражатын акциялар мен облигациялар шығару, ақшалай қаражаттарды топтастыру және өз пайдасы есебінен жинайды. Ашық және жабық үлгісі болады. Ашық үлгідегі акционерлік банк акцияларды банкінің құрылтайшысы болмаған акционерлерге де сатылады. Жабық үлгідегі акционерлік банк акциялары тек құрылтайшылар арасында таратылады, ашық саудаға түспейді. Қазақстандағы 76 2-деңгейдегі банкінің 68-і акционерлік банк. Оның 48-і ашық, 30-ы жабық акционерлік қоғам түрінде жұмыс істейді (1998).
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы I том |
Ақинақ– көне скиф, сақ, сармат жауынгерлері қолданған қанжар және қысқа семсер.
## Қолдануы
Ақинақ б.з.б. 5-3 ғасырда қолданылған. Оның ұзындығы 40-50 см, қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген. Көне ақинақтың балдағы бүршік, жүрек тәріздес болып келеді. Қыны ағаштан жасалып, терімен қапталып, қызыл түске боялған. Белге тағу үшін скиф ақинақтарында қынының ауыз тұсында бір құлағы, ал сақ, сармат ақинақтарында аузы мен түбінде бірдей қос-қостан құлағы болады. Ақинақ оң жаққа белдікке тағылып, қынының құлақтарындағы қайысбау арқылы оң санға байланған.
## Дереккөздер |
Айыркөл – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра кентінің солтүстігінде, Өлкейек және Торғай өзендерінің түйіскен жерінде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 45,5 км2. Ұзындығы 21,4 км, ені 2,7 км. Тереңдігі 4 м-ден астам. Жағалауы жазық. Батысынан ұзындығы 10 км-ге жететін өзен ағып шығады. Суы ащы. Қазанның аяғы мен қарашаның басында мұзы қатып, көкектің 2-жартысында ериді. Көлде табан балық өседі. Жазда көл жағалауы демалыс орны ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ақжол, Қасқыржол – Шығыс Ақтаудағы Құрқапы және Тұзбайыр соры аралығындағы аласа келген жота.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Үстіртке жақындаған сайын және Қайдақ сорына қарай аласара береді. Қайдақ беткейі 10 – 16 км-ге созылған және сайлармен тілімденген. Оңтүстігінде беткейі тік, солтүстігінде беткейінің шөбі сирек.
## Өсімдігі
Топырақ құнарлығы аз, оңтүстігінде шөптесін өсімдіктер көбірек өседі.
## Дереккөздер |
Ақкесене – ертедегі қамал-қаланың орны. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал мекенінде орналасқан.
Алғаш 1896 жылы археолог В. А. Каллаур зерттеген. Жобасы төртбұрышты, көлемі 100х100 м, айналасы дуалмен қоршалған. Солтүстік-батысында шикі кірпіштен салынған мұнара бар, биікттігі 9 м. Қазба жұмысы кезінде табылған заттай деректер мен қалану әдісіне қарағанда дуал 18-19 ғасырдада салынғанға ұқсайды. Ал қамал одан бұрын, 12-13 ғасырда тұрғызылған. Бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан, бұл мерзімдерді дәл айту қиын.
## Дереккөздер |
Аққұм
Елді мекендер:
* Аққұм – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл.
* Аққұм – Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл.
* Аққұм – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл.
* Аққұм – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл.
* Аққұм – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Аққұм – Түркістан облысы Отырар ауданы, Аққұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Аққұм – Түркістан облысы Отырар ауданы, Маяқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Аққұм – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл.
Құмды алқаптар:
* Аққұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды түбек.
* Аққұм – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы құмды алқап.
* Аққұм – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы құмды алқап
* Аққұм – Түркістан облысындағы құмды төбе.
* Аққұм – Орал алды үстіртінің оңтүстігіндегі құмды алқап. |
* Аққайың – аяқ-қол, буын, жүйке жүйесі және әйел ауруларын, еркектердің урологиялық науқастарын емдеуге арналған санаторий. Іле Алатауының солтүстік бөктерінде, теңіз деңгейінен 1450 м биіктікте Алматы қаласынан 12 км жерде орналасқан. 1974 жылы ашылған. 150 емдеу орны бар (1998 жылы). Жыл бойы жұмыс істейді. Орта есеппен ауа температурасы: қаңтарда — 3,80С, шілдеде 200С. Жауын-шашын мөлшері жылына 800 мм-дей. Санаторий айналасын бақ, жүзімдік, қайыңды орман қоршаған. Ем үшін сырттан екі түрлі минералды су (Алматының солтүстік-батыс шетіндегі йод, бром, азот, кремний, қышқылы көп, кальций-натрий аралас хлорлы суы және “Ақсай” бұлағындағы кальций-натрий суы) әкелінеді. Аққайыңда климатпен (иондалған таза ауа, күн шұғыласына бөленген әсем табиғат), сондай-ақ физиотерапиялық және диетамен емдеу әдістері қолданылады.
* «Аққайың» - 50 орындық балалар санаторийі. 1990ж. ашылған. Жыл бойы жұмыс істейді. Санаторийде тыныс алу, ас қорыту және зөр шығару органдарының ауруларына, сондай-ақ кардиоревматикалық кеселге шалдыққан 4-14 жас аралығындағы балаларды емдейді. Негізгі емі — физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, емдік ванна, ингаляция, фитотерапия және т.б.
## Дереккөздер
<references> |
Ақжем– еттен жасалынатын құс жемі. Ол бірнеше сағат бойы суық суға салынып, қан-сөлінен әбден арылған малдың не аңның шабақталған шикі етінен жасалады. Әбден үйретіліп, бабына келтірілген бүркітке, сұңқарға, ителгіге, қаршығаға т.б. аңшы құстарға беріледі. Ақжем құсқа артық май бітірмей, үнемі жаратып ұстауға мүмкіндік береді. Ақжем жеп бабында жүрген құс аңға салғанда барлықпайды.
## Дереккөздер |
Ақмая– қола дәуірінің қонысы. Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде, Ақмая тауының солтүстік етегіндегі бұлақ басында орналасқан.
Алғаш қазба жұмыстарын 1985 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) жүргізді. Көлемі 1 га шамасында дөңгелек пішінді үйдің (қазба көлемі 6,5х5,5 м) жартысы және мыс балқытқан екі пеш ашылды. Ол Атасу қонысындағы пештерге ұқсас. Айналасынан көптеген геометриялық өрнегі бар саз ыдыстар мен олардың сынықтары, екі жүзді қола пышақ, мыс балқытатын саз тигельдер, мыс кенін ұнтақтап, дән үгетін тас құралдар, ұршық бастары, жануарлар сүйегі табылды. Ақмая қонысының тұрғындары негізінен мыс балқытып, одан қару-жарақ, түрлі саймандар жасауды кәсіп еткен. Сонымен бірге егін егіп, мал бағып, аң аулаған. Жинастырылған деректерге қарағанда Ақмая қонысында адамдар б.з.б. 14-13 ғасырларда өмір сүрген.
## Дереккөздер |
Ақбикеш тас мүсіні - қола дәуірінің ескерткіші. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км. жерде, Ақсай өзенінің шығысында орналасқан. 1978 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген (жетекшісі Ж.Құрманқұлов). Ұзындығы — 4,4 м, төрт қырлы сынтастың жоғары басына адамның бет-бейнесін шығысқа қаратып бедерлеп салған. Ол төменнен қарағанда әйелдің бет-әлпетіне ұқсайды. Алыстан ағарып көрінгендіктен халық оны "Ақбикеш" атап кеткен. Шын мәнісінде қалың қасты, үлкен дөңгелекше көзді, қыр мұрынды, үшбұрышты, қысқа шоқша сақалы бар ер кісі бейнеленген. Тастың дәл қай кезде қойылғанын анықтайтын белгілер жоқ. Кісі бейнесінің салыну тәсілі түркі мүсіндеріне ұқсас болғанмен, әдеттегі тас қоршау не оба жоқ. Ол Беғазы-Дәндібай сынтастарына ұқсас, солар сияқты тегіс жерге тігінен қадалған. Мүсіннің батыс жағында осы бағытқа созыла салынған "мұрттары" бар үлкен обаның болуына қарап, мүсінтас қола дәуірінен ерте темір дәуіріне өтер кезеңде, б.з.б. 9-7 ғ-да салынған деп болжамдалады.
## Дереккөздер |
«Аққыз» — (шын аты Мүгілсін Ахметқызы; 1897, қазіргі Жезқазған облысының, Балқаш қаласына жақын Қоңырат өңірінің Есалы деген жері — 7.5.1987, сонда) — күйші, әнші.
Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Шыққан руы Арғын тайпасы Тобықты руының Ақсақ-Дадан бөлімінен.
Жастайынан күйшілік өнерімен қатар, әншілікті де меңгерген. Қ.Байжанов, М.Ержанов сынды өнер саңлақтарының қасына еріп, ән салып Ә.Хасеновтен күйшілік шеберлігін шындаған.
## Шеберлігі
Тәттімбеттің “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сылқылдақ”, “Көкейтесті”, “Бестөре”, Тоқаның, Саймақтың күйлерін шебер орындаған. Аққыз өз жанынан да бірнеше күй шығарған. “Қайран елім”, “Аққыз”, “Жетім қыз”, “Қосбасар” сияқты күйлері өзіндік нақышы бар шығармалар болып табылады.
## Шәкірттері:
* ҚазКСР-інің халық артисі М. Хамзин,
* белгілі домбырашы Ә. Әбенова т. б.
## Дереккөздер |
Ақмола Губерниясы– Қазақ Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің Бүкілқазақстандық І-Құрылтай съезінің (Орынбор, 4—12.10.1920) шешіміне сәйкес 1921 жылы 25 сәуірде құрылған жаңа әкімшілік-территориялық бөлік. Ақмола Губерниясының құрамына 233 болыс елді біріктірген Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл (Қызылжар) уездері енді. Орталығы Петропавл қаласы болды. Қазақстан Кеңестерінің 6-съезінің (1927 ж., наурыз) эконикалық аудандастыруды жақсарту туралы қаулысымен республикалық әкімшілік-терр. бөлінісі үш буынды жүйеге (округ — аудан — ауыл) көшірілді. 1928 жылы 17 қаңтарында Ақмола мен Атбасар уездері 15 ауданды қамтыған Ақмола округі болып қайта құрылды. 1930 жылы Ақмола округі Қарағанды облысы құрамына енді. 1939 жылы қазанда Ақмола облысы құрылды. 1961 — 92 жылдары Целиноград облысы, 1992 жылдан Ақмола облысы болып қайта аталды. қазір Ақмола облысы.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Ақмәмбет – 12-14 ғасырларда сақталған қоныс орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жердегі Шірік-Рабат көне қаласының оңтүстік-батысында 65 км жерде, Жаңадария өзенінің ескі арнасында орналасқан. Қоныс орнында қабырғаларының биіктігі 0,5-0,8 м екі үйдің жұрты сақталған. Жанында 18-19 ғасырларда жататын мазар бар. Ақмәмбет қонысы мен мазарын 1956 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (археолог Н.Н.Вактурская мен М.Г.Воробьев) зерттеген.
## Дереккөздер |
Аққоюнлылар, кейде Ақ қойлы, (әз. Āq Quyūnlū, آق قویونلو), немесе Баяндурлар - Баяндур тайпасының басшылығымен 15 ғасырларда Тигр өзенінің жоғарғы сағасын, Тебриз, Бақы маңайын мекендеген көшпелі түрік-оғыз тайпаларының басын қосып, Шығыс Анатолияны, Әзірбайжанды, Иранды, Арменияны және Иракты 1378-1508 жылдары басқарған түркі оғыз тайпаларынан тұратын тарихи мемлекет. Ақ-Қоюнлу Әзірбайжан ұлтының қалыптасуында маңызды рөл ойнады, және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуында да ықпал етті.
## Тарихы
Византия империясының шежіре деректері бойынша, Ақ-Қоюнлу Понтик (Pontic) тауларының оңтүстігіндегі Байбурт (Bayburt) өңірінде 1340 жылдардан бастап белгілі бола бастайды. Әулет негізін қалаушысы Қара Оспан қатарлы бірқатар әміршілері Византия ханшайымына үйленеді.
Ақ-Қоюнлу түркілері алғаш 1402 жылы территориясын кеңейте бастайды. Әмір Темір оларға қазіргі Түркиядағы Дияр Бәкірдің барлығын сыйға береді. Ұзын Хасан 1463 жылы Венециямен, Рум елімен, Венгриямен одақтасып, Осман империясына қарсы күресті. Ұзақ уақыт бойы Ақ Қоянлы өз аумақтарын кеңейте алмады, өйткені қарсылас Қара-Қоюнлу (Қара қойлы түркілер) оларды шектеумен болды. 1467 жылы Ұзын Хасан Қара-Қоюнлу түріктерінің әміршісі Жаһан шахты жеңген соң жағдай өзгереді.
Темір әулетінің лидері Әбу Саид Мырза (Abu Sa'id Mirza) жеңілген соң, Ұзын Хасан Бағдатты Парсы шығанағы маңындағы жерлермен бірге қолына алды. Ол Иранға кіріп, Хорасанға дейін ірге кеңейтті. Дегенмен, сол уақыттарда Осман империясы шығысқа кеңеюге ұмтылды, ал бұл Ақ-Қоюнлуларды орталық Анатолияда Қарамандармен (Karamanids) одақтасуға мәжбүр етті.
1464 жылы Ұзын Хасан Осман империясының күшті жауларының бірі Венециядан әскери көмек сұрайды. Венеция уәде бергеніне қарамастан бұл көмек жетіп келмеді. Нәтижеде Ұзын Хасан 1473 жылы Отлукбели шайқасында (the Battle of Otlukbeli) Османддардан жеңілді, тек бұл жеңіліс Ақ-Қоюнлуларды күйрете алмады.
Ұзын Хасан 1478 жылы қайтыс болғанда, оның орнына Халил Мырза (Khalil Mirza) келеді, бірақ ол шілде айындағы Қой шайқасында (the Battle of Khoy) кіші інісі Жақып қарамағындағы конфедерациядан жеңіледі.
1478 жылдан 1490 жылға дейін билік еткен Жақып Ақ-Қоюнлу әулетін біршама уақыт сақтай алды. Алайда, билігінің алғашқы төрт жылында таққа таласқан жеті үміткерді Жақып өлім жазасына кесті. Жақып қайтыс болған соң азаматтық соғыс қайта бұрық етіп, Ақ-Коюнлулар өз ішінен іріп, көршілеріне қауіп төндіруден қалды.
Сефевид ағымын ұстанатын ертедегі Сефевид әулеті Ақ-Қоюнлу билігіне қарсы бүлік шығарады. Сафавидтер мен Ақ-Қоюнлулар 1501 жылы Нахчиван (Nakhchivan) қаласында шайқасып, Сефевидтердің көсемі Исмайыл шах I Ақ-Қоюнлуларды шегінуге мәжбүр етеді.
Ақ-Қоюнлу көсемі Алуанд (Alwand) Сефевидтерден шегіну кезінде Мардиндегі (Mardin) Ақ-Қойұнлулардың автономиялы мемлекетін қиратады. Алуандтың бауыры, соңғы Ақ-Қоюнлу көсемі Мурад та Сефевидтерден жеңіледі. Мурад 1501 жылы Бағдадта аз уақыт елді ұстап тұрса да, көп ұзамай Дияр Бәкірге қайта оралады, бұл Ақ-Қоюнлу билігінің аяқтағанын көрсетті.
## Билігі
Ақ Қойұнлу әміршілері оғыз түріктерінің Бегундур немесе Баяндур руынан шыққан болып, олар оғыздардың негізін қалаушы мифтік атасы Оғыз қағанның ұрпақтары болып саналды. Баяндурлар әскери батырдан гөрі мемлекет басқарушы ретінде көбірек танылды, әрі Транскавказдағы (қазіргі Армения, Әзірбайжан және Грузия) саудагерлер мен феодал таптардың қолдауына ие болды.
Иран жаулап алынған соң Ақ-Қоюнлу билігінің шығысқа кеңеюінде Иран центр болып қоймай, Ақ-Қоюнлулардың басқару әдісі мен мәдениетінде Иранның ықпалы көрнекі болды. Иран провинцияларында Ұзын Хасан бұрыннан қалыптасқан әкімшілік жүйені және оның басшыларын өзгертпей сақтап қалды, сөйтіп Иранның кейбір әулеттері Ақ-Қоюнлу билігі үшін бірнеше ұрпақ бойы қызмет еткен. Ұзын Хасанның заманында төрт жоғарғы азаматтық лауазымды түгелдей ирандықтар ұстады: ұлы кеңесті (диван, divan) басқаратын уәзірлік (vizier); қаржыны басқаратын мостауфи әл-мамалек (the mostawfi al-mamalek); мемлекеттік мөр басылған моһрдар (the mohrdar); және патшалық сотты басқаратын маракур (marakur).
Османлы хаттарында Ақ-Қоюнлу патшаларының атағы араб.: ملك الملوك الأيرانية "Иран патшаларының патшасы", араб.: سلطان السلاطين الإيرانية "Иран сұлтандарының сұлтаны", парсы: شاهنشاه ایران خدیو عجم Шаханшаһ-е Иран Хадив-е Аджам, яғни "Иранның Шаханшахы және Персияның әміршісі", Джамшид шавкат ва Ферейдун раят ва Дара дераят "Жамшидтей шапағатты, әрі Ферейдун байрағындай, әрі I Дарийдай дана" деген секілді сипатталады. Ұзын Хасан сонымен бірге "Иран падишахы" (Padishah-i Irān) атағын иеленді, бұл атақты кейін Сефевид дәуірінде Сефевид империясының негізін салушы немересі Исмаил I өзіне қайта қабылдайды.
## Сыртқы сілтемелер
* Ақ-Қоюнлу әміршілері
* Қара-Қоюнлу
* Жалайыр сұлтандығы
## Дереккөздер |
Ақмола Облыстық Қазақ Съезі, 1917 жылы сәуірдің 25-інен мамырдың 7-сі аралығында Ақмола облысы қазақ комитетінің ұйымдастыруымен Омбы қаласында өтті. Съезге сол кездегі Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездерінен 250 өкіл, сондай-ақ арнайы шақырумен Орынбордан М. Дулатов қатысты. Съездің төралқасы құрамына А. Тұрлыбаев (төраға), Е. Итбаев пен М. Дулатов (төраға орынбасарлары), М. Саматов, А. Сейітов және Е. Тоқабаев (хатшылары) сайланды. Съездің күн тәртібіне мемл. құрылыс, қазақ комитеттерін құру, земство, дін, жер, оқу, сот ісі, Құрылтай жиналысы, соғыс және әйел жайы секілді 17 мәселе қойылып, тиісті шешімдер қабылданды. Бұл шешімдер мемл. құрылыс жөнінде: Ресей демокр., бір орталыққа қатаң бағындырылмаған республика болсын, ал бүкілресейлік құрылтай жиналысына әр халықтан санына қарай депутат сайлансын, сайлауға әйелдер де қатынассын; жер мәселесі бойынша қоныс аудару тоқтатылсын, бұрын алынған жерлер кері қайтарылсын, облысқа земстволық басқару енгізілсін, мектептерде оқу ана тілінде жүргізілсін деген мазмұнда болды. 1917 жылы мамыр айында Мәскеуде өтетін жалпыресейлік мұсылман съезіне делегат ретінде М. Жұмабаев сайланды. Съезде Ақмола облысы қазақ комитеті сайланды. Оның құрамына 10 адам кірді. Айдархан Тұрлыбаев (төраға), Сейілбек Жанайдаров (орынбасары), мүшелері — Асылбек Сейітов, Қазы Тұрсынов, Ермұхамед Тоқбаев, Төребай Нұралин, Сәдуақас Жантасов, Ерқосай Мұқышев, Байсейіт Әділов, Мағжан Жұмабаев.
## Сыртқы сілтеме
* Ақмола Облыстық Қазақ Съезі
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Ақмола Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы– мәдени-ағарту мекемесі. 1923 жылы 1 мамырда құрылған. Мұражайдың алғашқы экспозициясы түрлі мекемелер сыйға тартқан жан-жануарлардың қаңқалары, қару-жарақ, сауыт-сайман т.б. бұйымдардан құралды. 1927 жылы Мұражай өзінің алғашқы экспедициясын ұйымдастырып, өлкенің табиғаты, тарихы жөнінде құнды мәліметтер жинады. 1928 — 29 жылдары мұражай қорында өлкенің өнеркәсібі, ауыл шаруашылық Успен кен орны туралы материалдар мен этнографиялық бұйымдардан тұратын 1000-нан астам экспонат болды. 1970—95 жылдары мұражай қоры палеолит, неолит, қола дәуіріндегі Вишневка, Жанбөбек-4, Ақ Қошқар, Батпақ, Мизар, Ангерсор т.б. жерлерден табылған археологиялық ескерткіштер, 20 ғасыр басындағы қала тұрғындарының киім үлгілері мен Кеңес дәуірін қамтитын құнды материалдармен толықтырылды. 1998 жылы ҚР-ның орталығының Астана қаласына көшірілуіне байланысты мұражайында тарихи-этнографиялық жаңа экспозиция ашылды. Экспозицияда қазақтың дәстүрлі қолөнері, соның ішінде зергерлік бұйымдар, күмістен әшекейленген ер-тұрмандар, әйелдер мен ерлер киімінің көне үлгілері, республикадағы басқа да ұлттардың этнографиялық бұйымдары көрсетілген. Мұражайда барлығы 142406 материалдық және рухани ескерткіш бар (1998).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Ақмола Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Аққыстау — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, аудан және Аққыстау ауылдық округі орталығы, темір жол стансасы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы — Атырау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде, Нарын құмынан оңтүстік-шығысқа қарай Жалтыр көлінің оңтүстік жағасына таяу, Каспий маңы ойпатының оңтүстігіндегі, шөлді белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1973 жылы Атырау – Астрахан темір жолын салуға байланысты қаланды.
Бұрын Қаратүбек деп аталатын елді мекенді Боқсақ өзегі бойын жағалай жеке шаруамен айналысқан 2-3 үй ғана қоныс еткен. Қазіргі Ақтөбе-Астрахан автомобиль жолының табаны арқылы бұрынғы аудан орталығы Ганюшкиноға көлік қатынасы болған. 1950 жылдарды бастауында бұл жерде бастауыш мектеп бір жыл ғана жұмыс істеп, Тұщықұдық ауылына көшірілген.
Теміржол құрылысына УС-99 құрылыс-монтаж тресінің СМП мекемелері кіріскеннен кейін, тың жерден 2 қабатты үйлер, теміржолға қатынасты ғимараттар, мектеп үйі, байланыс үйі, селолық клуб, т.б. құрылыстар бой көтерген. Тәуелсіздік жылдарында Исатай ауданының орталығына айналған ауыл құрылымдары дамыған, тұрғындары газбен, сумен қамтылған, заман талабына сай кәсіп керлік нысандары қалыптасқан сәулетті ауылға айналды.
## Шаруашылығы
"Жайықмұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасы, баспахана, машина жөндеу және тұрмыс қажетін өтеу шеберханалары, шағын электр станциясы жұмыс істейді. Кәсіпкерлік салада 104 нысан тіркелініп, онда еңбек жасайтындар саны 1000 адамға жетті. 6 мейрамхана, 3 жанар-жағармай стансасы, 2 сауда орталығы, дәріханалар мен дүкендер, техникалық қызмет көрсету стансалары да халық сұранысына сай қызмет жасауда.
## Елді мекендегі көшелер
* Абай көшесі
* Амангелді Иманов көшесі
* Атырау көшесі
* Әзмұхан Ерекенов көшесі
* Бақтығали Ғұбайдуллин көшесі
* Боран Нысанбаев
* Бірлік көшесі
* Ғаллам Хисаметуллин көшесі
* Ғатих Маштахов көшесі
* Дәулет Әбілхайров көшесі
* Достық көшесі
* Егемен Қазақстан көшесі
* Елорда көшесі
* Ерғали Есжанұлы көшесі
* Есқали Есенғалиев көшесі
* Жамбыл Жабаев көшесі
* Жас Алаш көшесі
* Жауқазын көшесі
* Жәңгірхан көшесі
* Зұлхарнай Ғұмаров көшесі
* Исатай Тайманов көшесі
* Ислаш Молдағалиев көшесі
* Каспий көшесі
* Келте Ерғали Есжанұлы көшесі
* Келте Нарын көшесі
* Келте Шамшырақ көшесі
* Қажығали Мамеков көшесі
* Қаратүбек көшесі
* Махамбет Өтемісов көшесі
* Мұнайшы көшесі
* Нарын көшесі
* Насихат Сүгірұлы көшесі
* Нұралы Әжіғалиев көшесі
* Өтепқали Дінбаянұлы көшесі
* Сарыарқа көшесі
* Сәкен Сейфуллин көшесі
* Тұрғали Мұсағалиев көшесі
* Үбі батыр көшесі
* Хамит Ерғалиев көшесі
* Шамшырақ көшесі
* Ынтымақ көшесі
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
Ауылда 3 орта мектеп пен 1 мектеп-гимназия, 5 балабақша, саз және спорт мектептері, кітапхана, спорт кешені, 2 мәдениет үйі, қонақ үйі, емхана, аудандық аурухана т.б. әлеуметтік нысандар бар (2018 ж.).
### Мектептер
* Абай атындағы орта мектеп — 1984 жылы іргесі қаланған. 2001 жылы типтік жобадағы үш қатарлы ғимаратқа орналасқан. Мектепте 17 аудитория, 2 лингафон кабинеті, 9 интерактивті тақта бар, 68 оқытушы білім беруде, барлығы жоғары білімді.
* Аққыстау орта мектебі — 1968-1969 Аққыстау стансасы құрылғанда, тұңғыш рет №564 теміржол бастауыш мектебі ретінде ашылды. 1976 жылы жеті жылдық, 1977 жылы орта мектеп болды. 1986 жылы үш қабатты 624 орындық типтік үлгідегі мектеп үйі салынды.
* Мектеп-гимназия — 320 орындық 100 орындық жатақханасы және шеберханасы бар жаңа мектеп-гимназия 2023 жылы ашылды. 3 қатарлы ғимаратта 11 сынып бөлмесі, химия, физика, лингофон, АӘД, информатика кабинеттері бар. Оған қоса 80 орындық акт залы, спорт залы, 80 орындық асхана және медициналық кабинет те қарастырылған.
* Өркен орта мектебі — 2010 жылы ірге тасы қаланған 2 қабатты 220 орындық типтік үлгідегі орта мектеп. Мектепте 64 мұғалім еңбек етуде.
### Мектепке дейінгі балалар мекемелері
* «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы — 1994 жылы «Жайықмұнайгаз» басқармасының демеушілігімен типтік үлгіде салынған.
* «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы — Мектеп ғимаратын ыңғайластыру арқылы 2010 жылы балабақша ретінде пайдалануға берілген.
* «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы — 1986 жылы пайдалануға берілген. Балабақша 2 қабатты типтік ғимаратта орналасқан.
* «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы — 2016 жылы «Каспий Құбыр Консорциумы» демеушілік қаражаты есебінен салынған.
* «Өркен» бөбекжай-балабақшасы — 1974 жылы типтік емес жобада салынған, 2012 жылы «Өркен» мектебінің жанынан ашылып жұмыс жасады. 2019 жылы 290 орындық балабақшаның жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
### Саз мектебі
Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебі — 1992 жылы Аққыстау балалар музыка мектебіне жергілікті композитор Ш.Шәріповтың аты берілді. Мектепте домбыра, қобыз, баян, халық әні-терме, фортепиано аспаптары бойынша 261 оқушыға 30 мұғалім дәріс беруде.
### Денсаулық сақтау
* Исатай аудандық орталық ауруханасы — Исатай аудандық орталық ауруханасы 50 төсектік аурухана және күніне 250 адам қабылдайтын емхана
### Спорт
* Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 1981 жылы жұмысын бастады. Дзюдо, қазақша күрес, самбо, бокс, кейінірек баскетбол, футбол, джиу-джитсу, тоғызқұмалақ бөлімдері ашылды.
* «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубы — 2017 жылы 27 ақпанда құрылды. Үйірмелер саны-9, қатысушылар саны -274.
## Діни ұйымдар
* Зинеден Құрасұлы мешіті
## Дереккөздер |
Ақсай Қазақ автономиялық ауданы — Қытай Халық Республикасының Гансу өлкесінде 1954 жылы 27 сәуірде құрылған әкімшілік аудан. Орталығы — Боложаңзы. Жер көлемі 33733 км2. Ауданда қазақтардан басқа қытай, ұйғыр, дүңгендер мекендейді. Қазақтар саны 2847 адам (1991 ж.). Аудан Гансу, Шыңжаң және Цинхай өлкелерінің тоғысқан жерінде орналасқан. Жер бедері күрделі, айналасы тау, биік үстірт, құмды шөл дала. Ауасы құрғақ, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 110 мм. Аудан табиғи ресурстарға бай. Тұрғындары мал шаруашылығымен, балық аулаумен айналысады.1934 — 1939 ж. Шыңжаң губернаторының қазақтарға қолданған қатаң саясатының нәтижесінде Алтай аймағының Баркөл аудандағы қазақтардан 30 мыңға жуық адам Шыңжаңның шығысындағы Гансу өлкесіне босып кетті. Қазақтар губернатор Шың Шысайдың,Ма Буфаң әскерлерінің шабуылына ұшырады. 1950 ж. ҚХР үкіметі Гансудегі Шыңжанға қайтқысы келген қазақтарды қайтарып, қалғанын сонда орналастырды. Ауданға қарасты 4 ауыл, 13 қыстақ бар. 1955 жылы тұңғыш ауылдық мектеп ашылды. Қазақ мектептерінде қазақ тілінде білім беріледі. 1972 жылдан кәсіби қазақ ойын-сауық ұжымы жұмыс істейді. Мұндағы қазақтар дінін, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтаған. |
Ақмолда Әлмұхаммед(1860 – 1925) – ақын. Өлеңдері Ахмет Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышына енген. Торғай өңіріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан. 1916 жыл. Билерге өлеңінде жастарды зорлықпен солдатқа беріп жатқан би-болыстарды әшкерелейді. Өлең, толғ
АҚМОЛДА (Әлмұхаммед) Орынбайұлы (1860, бұрынғы Торғай оязы Аққұм болысы Молтыркиік а. – 1925, сонда) – ақын, ұзын қыпшақтың алты бас руынан шыққандықтан, Алтыбас Ақмолда ақын деп атаған. Өлеңдері Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышына» енген. Алғашқы шығармаларынан сақталғаны Ресей отаршылары 1886 ж. Троицкеге Байтұрсын (А.Байтұрсыновтың әкесі) мен оның ағасы Ақтасты соттап, Сібірге айдағанда, соларды арашала алмаған ояз бастығының көмекшісін сынап жазған өлеңі. Ақынның бұл өлеңі Мүфтахитдин Ақмолланың өлеңдер жинағына қате енгізілген (Ақмолла, Күндер мен түндер: өлеңдер, толғаулар, термелер, айтыс, А., 1986). А. ауыл арасында соғыстың қара жұмысына адам бермеу туралы насихат жүргізіп, 1916 жылғы Трғай көтерілісін қызу қолдаған. Ақын «1916 жыл. Билерге» деген өлеңінде қазақ жастарынбайлап-матап солдатқа беріп жатқан би-болыстардың қулық-сұмдықтарын әшкерелейді. Енді бір өлеңінде ел арасын біріктірмей, іріткі салып жүрген Сыр бойының датқаларын сынға алады. Көрнекті қоғам қайреткерлері Ә. Жангелдинге, Т. Сейдалинге, ұлы ұстаз Ы. Алтынсаринге арнаған өлеңдері бар. 1919 ж. Амангелді Иманов қаза тапқанда зайыбы Балымның жоқтау жырын шығарып берген (Бұл жоқтау «1916 жыл» жинағына енгізілді). Философ. толғау түріндегі өлеңдерінің бірінде билік иелерін асқақтамауға шақырады, дүниенің өткінші екендігін еске салады. Кеңестік дәуірде кедейлерді кемсітіп, байларды мадақтаған ақын болып танылған Ақмолда өлеңдерін халық арасында таратуға тыйым салынды. Ақынның жетпіске тарат өлеңі Қазақстан ҒА-ның қолжазба қорында сақтаулы. |
Ақ өлең, ұйқассыз өлең – әлемнің бірқатар халықтары әдебиетінде кездесетін қалыпты ұйқассыз өлең үлгісі. Ағылшын тіліндегі blank (“ұйқасты өшіру, жоғалту”) сөзі, француз тіліне blanch (”ақтау”) мағынасында қате аударылуынан орыс тіліне француз тілінен “Белый стих” болып аударылып, қазақ әдебиеттану ғылымына орыс тілі арқылы сол атауымен енген. Сырттай қарағанда, ұйқаспаған сияқты көрінгенмен, мүлде ұйқассыз да емес, бірақ ұйқасы шумақтың немесе тармақтың кез келген тұсында тұра береді. Оқырманның сезіміне әсер ету үшін кейде ұйқас түйдектері де кездесуі мүмкін.
## Тарихы
Ең көне Ақ өлең үлгілері 5-9 ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінде (Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері), қазақтың шешендік сөздерінде кездеседі. Ақ өлең драматургия жанрында жиі қолданылған. Оның тамаша үлгілері У.Шекспир (“Король Лир”, “Гамлет”), А.С.Пушкин (“Борис Годунов”), А.К.Толстой (“Иван Грозныйдың өлімі”, “Федор Иванович патша”, “Борис патша” драмалық трилогиясы) шығармаларында бар. Қазақ драматургиясында М.Әуезов (“Айман — Шолпан”, “Бекет”), Ғ.Мүсірепов (“Ақан сері — Ақтоқты”), Ә.Тәжібаев (“Көтерілген күмбез”, “Жомарттың кілемі” ), Ә.Кекілбаев (“Абылайхан”) қаламгерлер ақ өлең үлгісін сәтті қолданды. Лирикалық өлеңдерде ақ өлеңнің ұйқасқан және ұйқаспаған жолдары араласып келеді. Силабикалық жүйеге жататын қазақ өлеңінің ұйқас қорының молдығына, бунақ, буын, тармақ, шумақтардың өзара үйлесуге аса икемділігіне байланысты Ақ өлең төл поэзиямызға еркін ене алмады.
## Кездесуі
Ежелгі қазақ поэзиясында ұйқассыз өлең аз болғандықтан, ол шын мәнінде өлең деп танылмаған. Бірақ шешендік сөздердің кейбір үлгілері ақ өлең түрінде айтылған. Жазба әдебиетте ол драма жанрында дамыды. Өйткені кейіпкердің аузына орамды сөз, дауыс екпініне жігерлері ырғақ, бай интонация беруге қолайлы. Қазақ драматургиясына ақ өлеңді Әуезов енгізіп, тұрақтандырды. Мысалы, «Бекет», «Бесдос», «Айман - Шолпан» драмаларында ақ өлең молынан кездеседі. Ал «Қара қыпшақ Қобыланды» драмасы бастан-аяқ ақ өлең түрімен жазылған:
## Дереккөздер |
Ақсай сынтастары — қола дәуірінен сақталған ескерткіштер тобы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Алғаш Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. 10-нан аса сынтастар тізбегі 0,6 км аумаққа созылып жатыр. Бірқатары құлаған. Негізінен қашалған төрт қырлы, ұзындығы 1,5-3 м тастардан құралады. Оңтүстік шетінде үш сынтас мосы сияқты көмілген. Біреуінің жоғарғы жағында адамның екі көзі, мұрны, аузы бейнеленген. Басқаларының жоғарғы жағы үшкірленген, қой мен жылқының тұмсығына ұқсас. Бұлар қола дәуірі бақташыларының киелі жануарлары — қой мен жылқының құрметіне қойылған сияқты. Оларды “қойтас” деп те атаған. Зерттеулер Ақсай сынтастарының б. з. б. 11-9 ғасырларда қашалғанын көрсетеді.
## Дереккөздер |
Ақмола Көтерілісі — 1916 жылы қазақ халқының орыс отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, Ақмола өңіріндегі көтеріліс. Ресей патшасының Орта Азия халықтары мен қазақтарды 1-дүниежүзілік соғыс майданындағы қара жұмысқа алу туралы 1916 жылы 25 маусымдағы жарлығына қарсы Ақмола өңірінде алдымен атығай, керей рулары наразылық білдірді. Тамыз айынан бастап халық толқулары бүкіл облыс жерін қамтыды. Көтерілісшілер негізінен Атбасар өңірі мен Қорғалжын кентінің маңайында шоғырланды. Қорғалжын, Қарабұлақ, Қоржынкөл, Ереймен, Сілеті болыстарында сарбаздардың қарулы жасақтары ұйымдастырылды. Көтерілісшілерге Қызылжар, Көкшетау, Атбасар, Қарағанды, Қарсақпай, Жезқазған, Байқоңыр, Спасск, Успен кәсіпорындарының қазақ жұмысшылары қосылды. Қыркүйек — қазан айларында Қорғалжын өңірінде, Ерейментауда, Ұлытауда жалпы саны 40 мыңнан астам көтерілісшілер шоғырланды. Қазан — қараша айларында қазақ жасақтарының империяның тұрақты әскери бөлімдері және казак жүздіктерімен бірнеше ауыр шайқастары болып өтті. Атбасар көтерілісшілері 27-29 қазанда Терісаққан және Қыпшақ өз-дерінің бойында жазалау отрядымен кескілескен ұрыс жүргізді. Орыс зеңбіректері мен пулеметтеріне қарсы ашық айқаста төтеп бере алмайтынына көзі жеткен көтерілісшілер ен далада еркін қимыл жасап, шағын топтармен өкімет әскерлеріне тұтқиылдан шабуыл жасау тактикасын кеңінен қолданды. Мұндай тәсілмен олар жауларын титықтатып, жеткілікті қару-жарақ жинап, қуаттанғанша уақыт ұтуға тырысты. Көтерілісшілердің негізгі күштерін ашық шайқасқа тарта алмаған жазалаушылар отрядтары бейбіт елді қырғынға ұшыратты, мал-мүлкін талады, ауылдарды өртеді. Көтеріліс басында елге сыйлы азаматтар тұрды. Ерейментаулықтар Сәтбай қажыны хан сайлап, Сыздық батырды (Бейсенұлы) қолбасы етті. Құжаттарда Молдажан Жадаевтың да есімі көтеріліс жетекшісі ретінде аталады. Тінәлі елі — Қуаныш қажыны, қарағаштықтар — Оспан Шоңұлын, Шерубайнұра болысы — Нұрлан Қияшұлын, Сарысу, Сеңгіз өз-нің бойындағы тоқа елі Әлсен Шөмішұлын (қаза тапты) хан көтерді. Жұртын соңынан ерткендердің ішінде Рақымжан Мәдіұлы (жендеттер оның аяқ-қолын сындырып жарымжан етті), Мәметбай Шабатұлы (қаза тапты), Жақып Мырзақожаұлы, Әділбек Майкөтов, Иса Дәулетбеков (қаза тапты) т.б. болды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы ірілі-ұсақты ұрыстар 1917 жылдың ақпанына дейін созылды, қақтығыстар тіпті одан кейін де болып тұрды. Ақмолалық көтерілісшілердің бір бөлігі Торғайдағы Әбдіғапар — Амангелді әскеріне барып қосылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Ақмола Мұрағатталған 29 ақпанның 2012 жылы. |
Аққұяш - Жетісу өңіріндегі көне қала атауы. М.Қашғаридың жазуына қарағанда, Іле алқабында 11 ғасырда болған. Академиг В.Бартольд Аққұяшты "Іле" деп жорамалдайды. Ал екінші бір зерттеуінде Сайдхан 6 ғасырдың 30-40 жылында қырғыздар мен қазақтар арасындағы қайшылықты пайдаланып, оларға соққы беру үшін Ақсу қаласынан Аққұяшқа келді десе, енді бірде Құяш — Шағатай ханның Іле алқабындағы жайлауы, ол Алмалы қаласына жақын, оның жанына хан Құтлық (Бақыт) қыстағын салғызды деп жазады. Құяш деген сөз түрікше "күн" деп түсіндіріледі. Қашғаридың жазбаларында да 11 ғасырда Іле алқабындағы Құяш деген қала туралы мөліметтер кездеседі. Саблығқұяш, Қарақұяш, Өрүңқұяш деген үш қамал болған. Олардың төңірегін түха, шігіл тайпалары мекендеген. Ал Мухаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" деген еңбегіндегі дерек бойынша Аққұяшта моғол ханы Есенбуға тұрған. Оны бұл жерден Султан Сайид Эли іздеп тапқандығы хабарланады. Бұл қалада 1425 ж. моғол әскерлерінің соңына түскен Ұлықбек те болғандығы айтылады. Осы деректерге қарағанда Аққұяш Қарахан мемлекеті кезінен белгілі болған қаласы.
## Дереккөздер |
Ақсақалдар соты — дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан билік институты, ежелгі құқықтық реттеу пішімдерінің бір түрі. Тілі мен діні, тағдыры мен тарихы — бір, мәдениеті мен тұрмысы — ортақ тайпалардың бір-бірімен араласуының, тайпалық ерекшеліктері жойылып, ұлттық ұйысу процесіне аяқ басуы кезінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрмысы ғана емес, құқықтық мәдениеті мен санасы да саралана түсті. 8-9 ғ. халықтық танымға ислам дінінің енуі ерекше рухани-мәдени құбылыс болды. Ежелден келе жатқан құқықтық қағидалар мұсылмандық құқықпен астасып, елеулі қоғамдық мәнге ие болды. Осы кезеңдерде Ақсақалдар сотының рөлі арта түскен. Ақсақалдар соты халықтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіндегі “ата-баба жолы”, “жөн-жосық”, “жол-жоралғы”, “кәде-қаумет” секілді қалыптасқан қағидалы ұғымдарды мансұқ етпей, ел ішіндегі дау-дамай, талас-тартыстарды шешу, төрелік уәж айту барысында шариғат заңдарымен ұштастыра, икемді түрде пайдаланып отырған. Ақсақалдар сотының ережелері жөн-жосық, жол-жоралғы, реттерге т.б. бөлініп, ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа тарап, сақталып келген. Көпті көрген, көкірегі сергек ру ақсақалдары даулы, қайшылықты мәселелер туындаған ретте кеңес құрып, осы ережелерге сәйкес мәселенің ортақ шешімін, пәтуалы бітімін тапқан, кесімді уәжін айтқан. Қазақ қоғамында заң шығарушылық қызмет міндетін атқарған Ақсақалдар соты билер төрелігінің, ресми сот билігінің ықпалы артуына байланысты бастапқы мәнін жоғалтып, тек ағайын-туыс арасындағы отбасылық-тұрмыстық мәселелердің шешімін табумен ғана шектеліп қалған.
## Дереккөздер |
Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры – Нұр-Сұлтандағы қазақ музыкалық драма театры. 1991 жылы Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" трагедиясымен ашылған.
## Театр тарихы
* Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры 1991 жылы Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" трагедиясымен ашылған.
* Театрлық ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі, әрі бас режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ж. Омаров болды.
* Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш. Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды.
* 1996 жылы театрға КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Қалыбек Қуанышбаевтың есімі берілді.
* 2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.
## Театр актерлері
Рымкеш Омарханова, Шәміл Жүнісов, Болат Ыбыраев, Түймехан Атымтаева, Гүлжан Әспетова, Тілектес Мейрамов, Жұмагүл Мейрамова, Бақыт Исабекова, Бақыт Жұмағұлова, Зибагүл Карина, Ақыш Омар, Лейло Бекназар-Ханинга, Жанат Чайкина, Майра Омар, Кеңес Нұрланов, Гүлбаршын Қылышбай, Айман Аймағамбет, Нұрзада Тәшімова, Алтынай Нөгербек, Қуандық Қыстықбаев, Мейрам Қайсанов, Боранбай Молдабаев, Күлия Қожахметова, Ерлан Малаев, Жанқалдыбек Төленбаев, Нұркен Өтеуіл, Айнұр Бермұхамбетова, Сырым Әбдіқадырұлы, Әбунасыр Серіков, Асхат Сұлтан, Аманжол Молдахмет, Бақытгүл Батырханова, Ержан Нұрымбет, Қасымхан Бұғыбай, Асылбек Қапаев, Жәнібек Мұсаев, Ботагөз Мақсұтова, Самат Байыров, Дастан Әлімов, Айшолпан Ибраева, Айман Карпсейітова, Жанар Қасымова, Сая Тоқманғалиева, Жанат Оспанов, Шах-Мұрат Ордабаев, Олжас Жақыпбек, Таңсұлу Баталова, Жасұлан Ерболат, Алтынгүл Серкебаева, Әбілмансұр Серіков, Айнұр Жетпісбаева, Гаухар Жүсіпова, Нұрсұлтан Есен, Ақмарал Танабаева, Ерғұлан Жанпейісов, Инабат Әбенова, Қобыланды Болат, Айкөркем Тұранова, Ерсін Айтмұқаш, Бәзіл Сұлтанғазы, Ақжан Құрмашева, Әнуар Бектас, Динара Егеубаева, Сағыныш Нұрхайдарова, Ұлжан Оразаева және т.б..
## Театр репертуары
* М. Әуезовтің «Абай», «Айман - Шолпан»; Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн»; Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»; С. Тұрғынбекұлының «Мұқағали»; А. Дударевтің «Кеш»; Дж. Патриктің «Қымбатты Памела»; М. Фриштің «Дон Жуанның думаны»; И. Штраустың «Жұбайлар жұмбағы»; У. Шекспирдің «Гамлет»; А. Цагарелидің «Гамарджоба»; Т. Джюдженоглудің «Көшкін»; Э. Хушвақтовтың «Қызыл алма»; Б. Ұзақовтың «Үміт»; Д. Рамазанның «Кенесары-Күнімжан», «Абылай ханның арманы»; Е. Жуасбектің «Үйлену», «Сен үшін»; Ш. Мұртазаның «Бір кем дүние»; А. Вальехоның «Күн сәулесі түспеген»; Қ. Жиенбайдың «Таңғажайып планета»; Ә. Таразидің «Үкілі жұлдыз», Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк», Қ. Жүнісовтің «Сәкен сұңқар», Р. Отарбаевтың «Көлеңкесіз жолаушы», М. К. Машадудың «Бразилия байлығы», В. Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар», М. Байжиевтің «Жекпе-жек», М. Ахмановтың «Алдардың айласы», С. Мұқанов пен Ш. Уәлихановтың «Шоқан» және т.б қойылымдары бар.
## Театр басшылығы
## Театр жетістіктері
* 1999 жылы Каир қаласында өткен дүниежүзілік Театрлар фестивалі;
* 2010 жылы қаңтар айында Иран Республикасы, Тегеран қаласында Мәдениет Институтының ұйымдастыруымен өткен Фаджр атындағы Халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» (Спектакльдің қоюшы режиссері Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов) шығармасымен үздік деп танылды;
* 2014 жылы V Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық театр фестиваліне Ж. Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна ДꞌАрк» драмасымен қатысып Гран-приді иеленді. Сондай-ақ, актриса А. Бермұхамбетова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Ә.Оразбек;
* 2015 жылы Өскемен қаласында өткен XXIII Республикалық театрлар фестиваліне В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драмамен қатысып, «Үздік режиссерлік шешім» номинациясына ие болды. Қойылым режиссері, Қазақстанның Халық артисі – Т. Теменов;
## Театрдың гастрольдік сапары
* 1999 жылы Каир қаласында өткен дүниежүзілік Театрлар фестиваліне қатысты.
* 2000 жылы Германия Федеративтік Республикасының үлкен бес қаласына гастрольдік сапарымен барды.
* 2001 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында Астана қаласы театрының онкүндігін өткізді.
* 2002 жылы Астана қаласының Мәскеуде өткен өнер күндерінің аясында Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклімен «Моссовет» театр сахнасында өнер көрсетті.
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Хақназар хан (башқ. Аҡнаҙар хан, орыс. Акназар царь, Окназар царь, 1509 - 1580) — Қазақ Ордасында (1538—1580жж.) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
## Билігі
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
## Өзгерістер
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
## Дереккөздер |
Ақсу-Аюлы Кешені – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінің ескерткіштері. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы кентінен солтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан. Қорымда 36 мола бар. Оның 24-і Андронов мәдениетіне, қалған 12-сі Бегазы-Дәндібай мәдениетінің өтпелі кезеңіне жатады. 1952 Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. 3 үлкен қоршаулы обалар ашылды. Аса құндысы 3-ші оба. Оның қазғанға дейінгі диаметрі 30 м, биіктігі 1,8 м. Үйіктің іргесін үлкен тастарды қырынан көміп бекіткен. Ішінен тағы да екі қабатты қоршау мен үлкен қабір ашылды. Көлемі 2,5х1,45 м, тереңдігі 1,6 м. Бетін екі үлкен жалпақ таспен жапқан. Ішінен басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызылған кісі сүйегі табылды. Қабір көлемі 4,45х3,4 м, бұрыштары доғал төртбұрышты бірінші қоршаумен және оның сыртынан ішкі көлемі 7,9х7,6 м дөғалдау келген екінші қоршаумен қоршалған. Қабырғаларына ірі жалпақ тастарды қалаған. Үстіңгі жағы ортасына қарай күмбезбен бүрмеленген. Сақталған биіктігі 1,5 м, қалыңдығы 2 м. Беті бөренелермен баспалдақты пирамида тәрізді етіп жабылған. Оның өртенген қалдықтары, үстінен жапқан қамыс пен бұтақтары, күлі сақталған. Қоршаулар ішінен саз ыдыс сынықтары мен мал сүйектері шықты. Ыдыстардың кейбіреуінің сыртындағы оюлар Андронов мәдениетіне тән геометриялық өрнектер болса, бірқатары Беғазы-Дәндібай мәдениетінің өрнектерімен безендірілген. Осы белгілер кешеннің Бегазы-Дәндібай мәдениетінің бастауында тұрған рудың немесе қоғамның көсемі құрметіне б.з.б. 12-11 ғ. салынғанын көрсетеді.
## Дереккөздер |
Ақсарбас — тілеу тілеп, ақ ниетпен құдайыға сойылатын мал. Ерекше қуанғанда, қатты шошығанда немесе әлденеден тосын қатерге тап болғанда жаратқанның жебеуі үшін арнайы атап шалынады. Ерте заманнан келе жатқан бұл ғұрып табиғат құбылысына, тылсым күшке иланудан пайда болған. Ақсарбастың үш түрі бар. Олар бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа. Ақсарбасқа түсі бірыңғай ақ не боз, басы сарғыш не қасқа мал аталады. Ақ түс қазақ сенімі бойынша пәктіктің, адалдықтың, әділдіктің нысаны. Боз қасқа атау Тәңіріге тілекті тез жеткізеді-мыс. Боз, көк түстер қазақ халқы сыйынған тәңірінің, Көктің символына теңелетін қасиет түске саналады. |
Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би; 1720-1816) – қазақ халқының атақты шешен биі, батыры, әрі төкпе ақын. Найман тайпасының Сыбан руының Жанкөбек тармағынан шыққан, арғы бабалары атақты әділ билер болған.
## Өмірбаяны
Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай жазады:
"Семей облысының Жарма, Аякөз, Таскескен аудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі Сыбан руының Жангөбек тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқан шешендігіне орай "Қу дауысты Құттыбай" деген атпен белгілі болған. Құттыбайдан Байғара, Боран, Ботақара, Сейтен тарайды. Шетінен сөзге жүйрік, шешен болғандықтан бұл төртеуін ел арасында "Бас ауыл" деп атаған. Сол төрт Құттыбайдың Байғарасынан туған Ақтайлақ би заманында алдына жан салмайтын, үлкен рулардың шешендігімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп қағысқанда бір ауыз мақалмен немесе толғау жырымен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты. Ақтайлақ би шамамен 1720 жылы қазіргі Семей облысының Абай, Жарма аудандары ортасындағы Құндызды өңірінде туып, жүзге қараған шағында дүниеден өткен екен.
## Зираты
Зираты Аягөз ауданының "Ақши" кеңшарының жерінде.
## Ұрпақтары
Ақтайлақ биден тарайтын Әкімбай ақын, Кеңсебай ақын, Жарасбай ақын, Сабырбай ақын ұрпақтары бүгінде өсіп өнген. Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында еңбек етеді.
## Дереккөздер |
Ақмолла, Муфтахетдин Камалетдинұлы Мұхамедияров (26.12.1831, қазіргі Башқұртстан Республикасы Белебей ауданы, — 8.10.1895, Миас ауданы, Сарласан ауылы) – айтулы башқұрт ақыны және ағартушысы.
## Өмірбаяны
Шешесі — Бибігүлсім Сәлімқызы. Әкесі — қазақ, бірақ ерте қайтыс болған. Ақмолла жеті жасынан бастап тәрбиелеген өгей әкесі Камалетдиннің баласы болып кетеді. Хат таныған соң, өз бетімен оқып, өлең шығара бастайды. 1863 жылы Стерлитамак қамалындағы медресені бітіріп, Орынбор, Троицк қаларында оқуын жалғастырады. Троицк қаласы маңындағы Қарабалық ауылында бала оқытады. Халық оны “Ақмолла” атап кетеді. Ел ішінде зор беделге ие болып, әлеуметтік және ұлттық теңсіздікті әшкерелеген ол жалған жаламен 1867 — 1871 жылдары түрмеде отырған. Ақталып шыққаннан кейін Қостанай, Қызылжар, Көкшетау қалаларының маңындағы қазақтар арасында бала оқытады, өлең жазумен айналысады.
## Ақын
Өзін “жәдитшілдік” ағымның бастаушысы Ш.Маржанидің шәкіртімін деп есептеп, оның ағартушылық жолын дәріптейді. Ақынның көзі тірісінде 1892 жылы “Дамулла Шиһыбеддин хазіреттің мәрсиясы” (қазақша “мәрсия” — жоқтау) деген жалғыз кітабы жарық көрген. Бұл кітап Ақмолла есімін қазақ, татар, башқұрт арасына кеңінен таратты. Ақынның бірсыпыра өлеңдері 1904 жылы “Ақмолла” деген атпен, біршама толық жинағы 1907 жылы “Мәшһүр шиғыр Ақмолланың өлеңдері” деген атпен жарық көрді. Ақын өз өлеңдерінде жаңа ағымның басшысы Маржаниді мадақтады, жаңашылдықты, өнер-білімді, қоғамдық пәндер мен орыс тілін медресе жүйесіне енгізу туралы мәселелерді жырлады. Ақмолла өлеңдерінде араб, парсы, кітаби сөздер жиі кездессе де, ойы орамды, тілі бейнелі, көркем кестелі келеді. “Көктем”, “Жаз”, “Күз”, “Табиғат құбылыстары” тағы басқа өлеңдері арқылы қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. 1911 — 1916 жылдары Троицкіде шыққан сатиралық журналдың “Ақмолла” аталуы да ақынның халық арасына кең тараған шығармашылық беделінің айғағы. С.Сейфуллин 1935 жылы Ақмолла өлеңдерін құрастырып, “Ақмолла” өлең жинағы деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Оған өзі алғы сөз жазды. 1981 жылы Ақмолланың туғанына 150 жыл толуы салтанатпен мерекеленді. Мәскеуде оның өмірі мен шығармашылығына арналған жұртшылық өкілдерінің жиналысы өткізілді. 1986 жылы ақын өлеңдері “Күндер мен түндер” деген атпен қазақ тілінде басылды. Ақын кісі қолынан қаза тапқан. Миас қамалының зиратында жерленген. Ақмолланың туған ауылында мемлекеттік мұражайы жұмыс істейді.
## Өлеңдері
Өлеңдері сыни-философиялық, ағартушылық көзқараста жазылды.Башқұрт ақыны С. Қүдаш: «Үш ақынның алған бағыттарына үңіле қарасақ, Абай мен Ыбырай, Ақмолла творчестволары өзара үндесіп жатқанын байқаймыз»деп Ақмолланың өлеңдерін («Жастық ізімен», М., 1967) жоғары бағалады. 1911-16 жылдары Троицкі қаласында «Ақмолла» атты әдеби журнал шығып тұрды, С. Сейфуллин Ақмолланың өлеңдер жинағын құрастырып, алғы сөз жазып, 1935 жылы Алматы қаласында қазақ тілінде бастырып шығарды. Әдебиет және өнер институтының фольклор бөлімінің меңгерушісі, абайтанушы ретінде Әуезов Ақмолланың шығармаларын жинауға, зерттеуге үлкен көңіл бөлді.Д.Қашқынбаев, Т. Ізтілеуов, О. Шипин тапсырған Ақмолла өлеңдерінің қолжазбалары институттың қорында сақтаулы. «Зар заман» ақындары» мен «Абайдың ақындық мектебі», «Кітаби ақындар» туралы 1949-53 жылдары саяси-идеологиялық қысым тұсында Ақмолланың мұралары да қатты сынға алынды. Алайда Әуезов өзінің ғылымдағы шәкірттеріне жазған хаттарында бұл ақынға ерекше көңіл бөліп, зерттеуге кеңес берді. «Ақмолла» журналының атына еліктеп, Ж. Аймауытов екеуі 1918 жылы «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығарды.
## Cілтемелер
* Мифтахетдин Акмулла — жизнь и творчество (орыс.)
* Родословная Акмуллы (орыс.)
* «На родине Акмуллы» (учебный фильм) Мұрағатталған 18 қаңтардың 2012 жылы. (орыс.)
* Личность в башкирской истории: Мифтахетдин Акмулла YouTube сайтында (орыс.)
* Башкирское просветительство и его особенности YouTube сайтында (орыс.)
## Дереккөздер |
Ақсүмбе — көне қала орны. Түркістан облысы Созақ ауданы Қаратаудың терістік жағында, Ақсүмбе өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қаланы 1946 жылы академик Ә.Х. Марғұлан басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция, 1947 жылы, археологтар Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич зерттеген. Қазіргі кездегі көрінісі тік төрт бұрышты төбе, биіктігі 1 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 75 м, шығыс-батысқа қарай 60 м. Қала топырақ дуалмен қоршалған. Төрт бұрышында қарауыл мұнаралардың орны байқалады. Оңтүстік-шығыс жағында бұрышта орталық қорғаны сақталған. Оның көлемі 25х25 м. Қазіргі кездегі биіктігі 0,5 м, төрт бұрышында мұнара орны көрінеді. Қала орнынан жинастырылған қыш ыдыстардың жасалуына қарап ғалымдар қала тұрғындарының 10-15 ғ. өмір сүргендігін анықтады.
## Дереккөздер |
Ақтайлақ би кесенесі– 18 ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші. Аягөз қаласының солтүстік-шығысында 55 км жерде орналасқан. Орта жүздің белгілі биі, ақын Ақтайлақ қабіріне орнатылған. Кесене қорымның оңтүстік жағындағы тегіс дөңеске тұрғызылғын. Ол жартылай қираған кесенеден, шикі кірпіш пен тастан қаланған қорым қоршауынан тұрады. Ескерткіш қалдықтарына қарағанда шикі кірпіштен 9,6м х 9,7м көлемде төрт бұрышты етіп салынған. Кіретін есік оңтүстік жағынан шығарылып, ағаш бағандармен көмкерілген. Толығырақ сақталған шығыс жақ қабырғасында ұшбұрышты тесік бар. Кіреберіс жақтаулардан әктің қалдығы байқалады.
## Дереккөздер |
Ақжапырақ , кекіребас лат. Jurinea) – астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 51 түрі бар. Олар еліміздің батыс, орталық, шығыс облыстарында кездеседі. Оның 28-і эндемиктер. Биіктігі 8-60 см-дей болады. Атпа сабақты немесе сабақсыз өседі. Жапырақтары көбіне, ұзынша келеді. Себет гүлшоғыры дара жетіледі немесе қалқанша тәрізді екінші реттегі гүл шоғырына бірігеді. Себетте бірыңғай түтікше пішінді жетілетін гүлдердің саны көп кейде бірнешеу болады. Олар қорғаныш қызметін атқаратын болғандықтан әрбір гүлдің сыртындағы тостағанша жапырақтары майда түкке айналған. 5 күлте жапырағы кірігіп, түтік түзеді. Сәуір — маусым айларында гүлдеп, мамыр — шілдеде жемістенеді. Жемісі — тұқымша. Ақжапырақтар — шірнелі, ландшафт түзетін өсімдіктер.
## Сілтемелер
* Қазақ Энциклопедиясы |
Ақтам:
Елді мекендер:
* Ақтам – Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл.
* Ақтам – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл.
* Ақтам – Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл.
* Ақтам – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Ақтам - 10-12 ғасырдағы қала орны. |
Ақсу-Аюлы Қорымы– қола дәуірінен (б.з.б. 14-13 ғ.) жеткен ескерткіштер тобы. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы кентінің солтүстігіне қарай 2 км жерде орналасқан. 40-тан астам қоршау мен қоршаулы оба сақталған. Қалған бөлігінің үстінде қазақ бейіті тұр. 1952 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеді. Қола дәуірінің орта кезеңінде қаланған 4 тас қоршаудың беті ашылды. Барлығы төртбұрышты. Олардың ішінде мұқият қашалған тастарды қырынан қалап 1-5-ке дейін қабір жасаған. Үшеуі жас баланікі, біреуінде әйел мен бала жерленген. Қабірлердің барлығы да ертеректе тоналған. Қаңқаларға қарағанда мәйіттер әдеттегідей тізелері бүгіліп, сол жақ немесе оң жақ қырымен, бастары оңтүстік-батысқа қарата жерленген. Қабірлер ішінен 3-уі бүтін, 11 сынған саз ыдыс табылды. Балалар қабірлеріне қойылған ыдыстар өрнектелмеген, ал қалғандарының сыртында геометриялық өрнектер, біреуінің иінінде тепкішек сияқты қыры бар. Екі басы шошақ конус пішімді ширатылып оралған білезіктер, моншақтар, алтынмен апталған салпыншақтар, қабыршақтар т.б. табылды. Бұл бұйымдар қола дәуірінің орта кезеңінде осы өлкені мекен еткен тайпалардың қалыптасқан құрылыс өнері, өзіндік жерлеу дәстүрі болғандығын, металл өңдеу, саз ыдыстар жасау кәсібінің даму деңгейін көрсетеді. |
Ақтау обасы – қола дәуірінен сақталған Андроново мәдениетіне жататын ескерткіш. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының солтүстігіндегі Қошқар Ата көліне жақын орналасқан. Онда Республикалық археологиялық институттың 1989-93 жж. Батыс Қазақстан экспедициясының қазба жұмыстарын жүргізілген (З. Самашев, жетекшісі Г. Баландина мен А. Астафьев).
## Сипаттамасы
Қола дәуіріне жататын екі қорған қазылып, олардың алғашқы пішіндері графикалық түрде қалпына келтірілді. Қайтыс болған адамды (0,7х1,6х0,65 м) бірнеше тас тақталардан құрылған текше жәшікке басын батысқа қаратып, аяқтарын бүгіп бір жамбасына жатқызып жерлеген. Бас жағына қыш ыдыстар, т.б. басқа заттар қойылған. Ескерткіш тоналған. Жәшікті жалпақ тақталармен жапқан, айналасын тегістеп, тас платформа жасаған, оның үстіне 3-4 қабатты шарбақ тұрғызған. Сыртынан тағы да бір (биіктігі 0,7 м) шарбақ орнатылған, оның шығыс жағында жәшікке кіретін жерде отпен аластау орны болғанын көрсететін жанған ағаштың, күйген топырақтың іздері сақталған. Обаның айналасында құрбандық шалғанда қолданылған жерошақтардың орындары табылған.
## Дереккөздер |
Ақтау Өндірістік Бірлестігі– мұнай-химия өнімдерін шығаратын ірі акционерлік кәсіпорын. Ақтау қаласында орналасқан. Негізі 1981 жылы қаланды. Қазақстанда полистрол, стирол пластиктерінің барлық түрлерін өндіретін бірден-бір ірі кәсіпорын. Полистролдан жылу, дыбыс өткізбейтін материалдар, автокөлікке қажетті тетіктер жасайды. Кәсіпорында өндіретін полистролдың кейбір түрлері құрылыста энергия үнемдеу технологиясына пайдаланылады. АҚ әлемдік рынокқа сапалы тауар бергені үшін Ақтау Өндірістік Бірлестігі 1993 ж. Мадридте “Еуропа Аркасы”сыйлығын, ал 1994 ж. Копенгагенде халықаралық кәсіпкерлер одағының “Әлемнің алтын глобусы” сыйлығын алды. Оның өнімдері Италия, Түркия, Германия, Қытай, Иран, Ресей, Украина т. б. көптеген елдерге шығарылады. Ақтау қаласында шығатын полистрол, стирол өнімдері сұранысқа сай жыл сайын 3-4 процентке өсіп отыр.Ақтау Өндірістік Бірлестігі мұнай өңдеу жұмысымен де айналыса бастады. Оның жылдық өнім көлемі млн. тоннадан асып отыр. Негізінен бензин, дизельдік отын және жағар май өндіріледі. Мұның сыртында ішкі рынок қажетіне керекті газ және жеңіл фракциялы газ конденсатын шығарады. |
Ақтоғай (1993 ж. дейін — Краснокутск) — Павлодар облысы Ақтоғай ауданының (1938 жылдан) және Ақтоғай ауылдық округі орталығы. Бұрынғы атаулары – "Ветловая гора", "Краснокутск".
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 105 км-дей жерде, селеу шөп өскен құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жақын темір жол стансасы — Жолқұдық (109 км жерде).
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Ауылда екі орта мектеп, екі балабақша, аурухана, емхана, мәдениет үйі т.б. мекемелер бар. Тұрғындары облыс орталығымен, басқа елді мекендермен автокөлік жолдары арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны.Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1957) негізінде ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы болып қайта құрылды. Құрамына Ақтөбе, Орал, Атырау, Манғыстау медицина колледждері енеді.Республика батыс аймағының 4 облысы және Қызылорда, Қостанай, облыстары үшін дәрігер кадрларын даярлайды. Бес оқу ғимараты, жатақхана, зерттеу лабораториясы, санаторий-профилакториі, кітапханасы, спорттық-демалыс лагері, стадионы бар. Академия құрамында емдеу, педиатриялық және орта дәрігерлік ф-ттері бар. Онда 3000 студент оқып, 500-ден астам дәрігер кәсіптік білімін жетілдіреді. Медицина колледждерде 2000-ға жуық болашақ маман білім алады. 416 оқытушы дәріс оқиды, олардың 33-і ғылыми доктор, 168-і ғылыми кандидат 4 колледжде 247 оқытушы дәріс береді (1998). Академияда жүргізілетін ғылыми-зертханалық жұмыстарының негізгі бағыттары: жаңа дәрі-дәрмек жасау, тексеру, сынау; ірің хирургиялық инфекциясы, оның асқынуы; хронобиология, хронотерапия; патогенез, аурудың алдын алу, емдеу; әртүрлі патологиялық жағдайлар, отбасын жоспарлау т.б.
## Деканаттар
* Жалпы медицина факультетінің деканаты;
* Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі факультеттерінің деканаты;
* Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты;
* Халықаралық медициналық факультетінің деканаты.
## Департаменттер
* Академиялық жұмыстар департаменті;
* Ғылыми жұмыстар жөніндегі департамент;
* Процесстерді автоматтандыру және цифрландыру департаменті;
* Адами ресурстарды басқару департаменті;
* Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік департаменті;
* Экономика және жоспарлау департаменті;
* Пайдалану жұмыстары жөніндегі департамент.
## Ректорлары
## Дереккөздер |
Ақтөбемұнайгаз — Ақтөбе өңірінде мұнай мен газ кендерін барлау және мұнай-газ өнімдерін өндірумен айналысатын акционерлік қоғам. Ақтөбе облысында мұнайдың алғашқы өнеркәсіптік көзі 1931 ж. Шұбарқұдық тұз күмбезіндегі перм және триас дәуірінің тұз үстіндегі шөгінділерінен ашылды. 1937 ж. Шұбарқұдық кенін, кейін Жақсымай кенін өнеркәсіптік өңдеуге беруге байланысты Темір қ-ндағы Солт. мұнай барлау басқармасы негізінде “Ақтөбемұнай” тресі құрылды. Ол Ақтөбе облысында мұнай мен газды іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. 1953 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында екі дербес ұйым — “Ақтөбемұнайгазбарлау” тресі мен “Қазақстанмұнай” бірлестігі құрылды. Шұбарқұдық мұнай өндіру басқармасы осылардың құрамына кірді.
Дала геофизикасының, сейсмиканың дамуы мен бұрғылаудың техникасы жақсы жабдықталуы 60 ж. Ақтөбе облысы жерінің геологиялық құрылымын егжей-тегжейлі зерттеуді кең көлемде жүргізуге жол ашты. Бұл өңірде 1959 ж. Кеңқияқ мұнайлы ауданы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Осы аймақта басталған кең көлемді параметрлік бұрғылау 1971 ж. Кеңқияқта шөгінділердің тұз астындағы кешенінен мол мұнай қорын ашты. Осы кезден бастап барлық жұмыс мұнай көздерін тұз астындағы шөгінділерден іздестіруге жұмылдырылып, 1978 ж. Жаңажол мұнай конденсаты кені ашылды. Мұнда мұнай мен газ қоры таскөмір қыртысының қуатты корбонат қабатынан табылды. Ақтөбе облысындағы мұнай кендерін өндіруді жеделдету мақсатында 1981 ж. құрылған “Ақтөбемұнай” өндірістік бірлестігі 1993 ж. “Ақтөбемұнайгаз” акцион. қоғамына айналды. Мұнда мұнай өндіру жұмыстарын “Октябрьмұнай” және “Кеңқияқмұнай” мұнай өндіру басқармалары жүргізеді. Ал бұрғылау жұмыстарын жүргізетін Октябрь бұрғылау жұмыстары басқармасы 1997 ж. ТМД елдері арасында тұңғыш рет тереңдігі 4080 м көлденең скважинаны бұрғылады. Мұндағы аса маңызды объект — Жаңажол газ өңдеу зауыты. “Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғам 1997 жылдан өзінің бақылау пакетін (60,3%) алған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірге жұмыс істей бастады.
## Дереккөздер |
Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768, қазіргі Абай обылысы, Абай ауданы, Жүрекжота мекені) — жырау, ақын, қолбасшы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының, қаракерей руының, сыбан тармағынан шыққан.
“Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.
## Шығармашылығы
Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Уа, қарт Бөгембай”, “Менімен ханым ойнаспа”, “Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды” және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.Ақтамбердінің “Балаларыма өсиет” деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.
## Зерттеулер
Жауынгерлік поэзияның үздік үлгілері - «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Отбасар орны отаудай» толғаулары тағы басқа өлеңдері қазақ поэзиясының алтын қорына қосылады. Әуезов «Қазақ КСР тарихының» 1-томындағы (1957) «Қазақтың ауыз әдебиеті» тарауында 18 ғасырдағы жыраулық поэзияны талдай келіп:«Ақтамберді жырау эпостық жанр ақыны еді. Өзінің толғауларында ол батырлардың ерлігі мен батылдығын таңдана жырлады» деген. Ақтамберді толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың “Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” (1942), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарына енгізілген.
## Дереккөздер |
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті — Ақтөбе қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
## Тарихы
Негізі 1935 жылы қыздар мұғалімдер институты ретінде қаланды. 1954 жылы ол Н. Байғанин атындағы Ақтөбе педагогика институты деп аталды. 1958 жылы институт таратылып, 1966 жылы қайта ашылды.Қазақ КСР - і Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 23 ақпандағы № 72 қаулысымен Ақтөбе педагогикалық институтына қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, лингвист-ғалым Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі берілді.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 163 қаулысымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетіне мемлекеттік мәртебе берілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы №128 қаулысы бойынша құрамынан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының бөлініп шығуына байланысты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті қайта құрылды.
## Факультеттер
* Физика-математикалық факультеті
* Жаратылыстану факультеті
* Филология факультеті
* Техникалық факультет
* Тарих факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Шет тілдер факультеті
* Кәсіби-шығармашылық факультеті
* Педагогика және білім берудегі менеджмент факультеті
* Heriot-Watt халықаралық факультеті
## Дереккөздер |
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – мәдени-ағарту мекемесі. 1929 ж. құрылған.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайында табиғат, археологиялық, архитуралық және этнографиялық бөлімдері жұмыс істейді. Мұражай қорында 51956 экспонат бар. Жыл сайын мұражай экспозициямен 100 000-ға жуық адам танысады. Мұнда өлкенің пайдалы қазба кендері, жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі, археологиялық қазба кезінде табылған еңбек құрал-жабдықтары, қыштан жасалған бұйымдар, қазақ-қалмақ соғыстары туралы құнды мәліметтер, сол кездегі қару-жарақ үлгілері (Есет батырдың заттары, Арал батырдың сауыты), этногриялық материалдар қойылған. Халық ауыз әдебиетіне арналған экспозицияда “Қобыланды”, “Айман-Шолпан”, “Қыз-Жібек” сияқты эпикалық туындылар, Қорқыт, Асан Қайғы, Шернияз ақын жөнінде маңызды деректер кездеседі. “Алаш” ұлттық-демокр. қозғалысы, саяси-қуғын сүргін құрбандары, осы өлкедегі зиялы қауым өкілдері (дихан Ш.Берсиев, композитор Ғ.Жұбанова, ғарышкер В.И.Пацаев т.б.) жөнінде құжаттар жинақталған.
## Дереккөздер |
Ақтөберентген акционерлік қоғамы — медициналық және өнеркәсіптік рентген аппараттары мен автоматты реттеу приборларын жасайтын кәсіпорын.
* 1941 жылы Ақтөбеге көшіп келген Мәскеу рентген зауыты негізінде іргесі қаланды. Ұлы Отан соғысы тұсында зауыт бірыңғай майданға қажетті өнімдер шығарды. Бейбіт өнім өндіруге 1945 жылдан бастап кірісті.
* 1945 — 50 жылы рентген аппараттарының 9 түрін жасау игерілді. Өнім өткізу екі есе артып, өнім сапасы жақсарды, рентген тех-сын шығару 3-4 есе ұлғайды.
* 1964 жылы бұл кәсіпорынға қосылған жергілікті өнеркәсіптің “Металлист” зауыты балалар үшін ойыншықтар шығаратын бөлімшесіне айналды.
* 1967 жылы жақсы жабдықталған конструкторлық және зерттеу секторлары бар арнаулы конструкторлық бюро ұйымдастырылды. Зауыт шығарған рентген аппараттары халықар. көрмелерге қатысып, алтын, күміс медальдармен марапатталды. Зауыттың рентген аппараттарын Болгария, Польша, Югославия, Түркия, Иран, Үндістан, Ливан, Швеция, Финляндия, Латын Америкасының елдері сатып алды.
* 1980 жылы жаңа өндірістік кешен енгізілген соң зауыт аса ірі мамандандырылған кәсіпорындардың қатарына қосылды.
* 1981 жылы “Актюбрентген” өнідірістік бірлестігіне айналған зауыт 1993 жылы ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
## Дереккөздер |
Ақтөбе Тәттілері акционерлік қоғамы – кондитер бұйымдарын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Кондитер фабрикасы 1970 жылы пайдалануға берілген. 1993 жылы жекешелендіруге байланысты фабрика “Арай” акционерлік қоғамы болып аталды.
1998 жылы акционерлердің шешімімен “Ақтөбе тәттілері” ашық акцион. қоғамы болды. Басты өндірістік жұмыстарды карамель, кәмпит-шоколад және ұн-кондитер цехтары атқарады. Кәсіпорын карамельдің шырын, науат, жаңғақ қосқан сорттарын, мармелад, печенье және вафли өндіреді. “'Ақтөбе Тәттілері” акционерлік қоғамы өз өнімдерін Қазақстанның 12 облысы мен Ресейге жөнелтеді.
## Дереккөздер
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ақтөбе Ферроқорытпа Зауыты, “Феррохром” акционерлік қоғамы — химиялық тәсілдермен сапалы, аса берік шойын өндіруге қажетті ферроқоспалар шығаруға мамандандырылған металлургиялық кәсіпорын, Қазақстан қара металлургиясының тұңғышы.
1996 ж. наурызда акционерлік қоғамға айналды. Зауыт құрылысы 1940 ж. хромит кендері кенішінің маңында (Хромтау қ.) басталып, оны екі кезекпен бітіру көзделді. 1943 ж. 20 қаңтарда зауыттың 1-балқыту цехының 1-пеші тұңғыш рет металл берді. Құрылыстың қалған кезеңдері соғыс кезінде жүргізілді. 1951 ж. балқыту цехында ферротитан өндірісі басталды. 1958 ж. орта көміртекті феррохромды конвертерде оттегімен үрлеу технологиясы игерілді. Бұдан кейінгі жылдары феррохромды вакуумтермиялық әдіспен шығару, кешенді модификаторлар өндірісі игеріліп, аса берік шойын өндіруге арналған магнитті сперация тәсілімен ферроқорытпа қоқыстарын өңдеу цехының құрылысы іске қосылды. 1997 ж. зауыттың барлық балқыту пештерін газбен тазартатын аса тиімді қондырғылардың құрылысы толық аяқталды. Сол жылы Қазақстанда тұңғыш рет металл хром мен көміртегінсіз феррохром өндірісінің технол-сы игерілді. Қазір ферроқорытпа өндіру көлемі жылына 200 мың т. Зауыт төмен көміртекті, орта көміртекті, жоғары көміртекті феррохром, 48% ферросиликохром, металл хром, металл қоспасы, ферроқоспаларымен қоса кальций карбидін, силикат кірпішін, қоқыс қиыршағын, технологиялық және медициналық оттегін, отқа төзімді бұйымдарды, әк және басқа да өнімдер шығарады. Зауыт құрамында ферроқорытпа өндіретін үш негізгі балқыту цехы, шихта әзірлеу цехы, механикалық және энергетикалық жабдықтарды жөндеу цехы, темір жол цехы, әк өртеу цехы, оттегі учаскесі және өндіріс қалдықтарынан қосымша өнім шығаратын цехтар жұмыс істейді. Зауыттың мемлекеттік және Еуроодақ елдерінің стандарттары бойынша шығарған сапалы ферроқоспалар мен басқа да өнімдері Еуропа елдеріне, Жапонияға, АҚШ-қа жөнелтіледі. Қазақстанда зауыт өнімі машина құрылысы саласында пайдаланылады.Қазақстан үкіметінің хром өнеркәсібі кәсіпорындарының бір тобын шетел компанияларының басқаруына беру туралы шешіміне сәйкес бұл зауытты басқару “Джапан хром корпорейшн” компаниясына тапсырылды. Кәсіпорын акциясының 10%-ін кәсіпорын ұжымы, 90%-ін “Казхром” ұлттық компаниясы, соның ішінде 55%-ін “Джапан хром корпорейшн” компаниясы алады.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (КТжИУ) - Ақтау қаласында орналасқан жоғары оқу орны. Университеттің бес факультетінде төрт мыңнан астам студент 22 мамандық бойынша білім алады. Олардың үштен екісі күндізгі бөлімдерде оқиды. Мұнай-химия; инженерлік; тарих-филология; физика-математика; атом-энергетикасы факультеттері жұмыс істейді. Студенттерге Қазақстан ғылым академиясының бес толық мүшесі мен мүше-корреспонденті, 10 профессор, елуден астам ғылыми кандидат, бес жүзге жуық оқытушы дәріс береді. Университеттің бес оқу корпусы, шеберханасы, жатақханасы, оқу залдары мен екі спорт кешені бар.
## Тарихы
Қазақ ССР Жоғары және арнайы орта білім министрінің 1976 жылғы 5 наурыздағы бұйрығымен 1976 жылы Шевченко (қазіргі – Ақтау) қаласында В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ) жалпытехникалық факультеті ретінде университеттің ашылуы. Жалпытехникалық факультеттің алғашқы деканы болып Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев тағайындалды.
1983 жылы жалпытехникалық факультеттің деканы болып Табылдиевтің орнына Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 18 қыркүйектегі № 384 қаулысымен 1990 жылы жалпытехникалық факультет В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы ретінде қайта құрылды. Филиалдың алғашқы директоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 маусымдағы № 472 қаулысымен 1993 жылы В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы базасында Ақтау политехникалық институтының ашылды. Институттың алғашқы ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 шілдедегі № 767 қаулысымен 1995 жылы Ақтау политехникалық институтына Шаһмардан Есеновтың есімі берілді.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысымен 1996 жылы Ақтау политехникалық институты мен Атырау педагогикалық университеті Ақтау филиалының негізінде Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің құрылды.Университет ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
2001 жылы Божановтың орнына университет ректоры болып Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов тағайындалды.
2005 жылы Ахметовтың орнына университет ректоры болып Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 502 қаулысымен 2008 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті атауы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті болып өзгерді.
2013 жылы университет ректоры болып Әділбек Қожабекұлы Ботабеков тағайындалды.
## Факультеттері
* Қазақстан-Неміс тұрақты ғылымдар институты
* Туризм және тілдер факультеті
* Бизнес және құқық факультеті
* Инжиниринг факультеті
* Білім беру факультеті
* Ғылым және технологиялар факультеті
* Теңіз академиясы
* Әскери кафедра
* Колледж
## Қоғамдық ұйымдары
* Кәсіподақ комитеті
* «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы
* Cтуденттік парламент
## Кафедралары
### «Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультетінің кафедралары
* «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы.
* «Информатика және жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасы.
* «Тілдік пәндер» кафедрасы.
### «Мұнай және газ» факультетінің кафедралары
* «Мұнай-газ ісі және геология» кафедрасы.
* «Мұнайгаз машиналарын жасау» кафедрасы.
* «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы.
### «Педагогика» факультетінің кафедралары
* «Биология және география» кафедрасы.
* «Шет тілдері» кафедрасы
* «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
* «Физика және математика» кафедрасы
* «Педагогика және психология» кафедрасы
* «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы
### «Көлік және құрылыс» факультетінің кафедралары
* «Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасы
* «Құрылыс» кафедрасы
* «Теңіз және жерүсті көлігі» кафедрасы
### «Экономика және құқық» факультетінің кафедралары
* «Экономика» кафедрасы
* «Менеджмент» кафедрасы
* «Қаржылық есеп және аудит» кафедрасы
* «Құқықтану» кафедрасы
## Оқу нысандары мен жатақханалар
1. Бас ғимарат (БҒ)Алты павильоннан тұрады, ғимараттың дәрісханалары мен кабинеттерінің нөмірленуі бір әріптен және төрт белгіден тұрады:әріп – павильонның белгісі;бірінші және екінші сан – қабат нөмірі;үшінші және төртінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
2. № 2 оқу ғимараты (№ 2 ОҒ)Үш павильоннан тұрады, ғимараттың нөмірленуі үшсанды:бірінші саны – қабат нөмірі;екінші және үшінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 24 ықшам аудан, 2 үй.
3. № 3 Оқу ғимараты (№ 3 ОҒ)Жеті секциядан тұрады, ғимараттың нөмірленуі үш санды:бірінші саны – қабат нөмірі;екінші және үшінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 11 ықшам аудан, 3 үй.
4. № 1 студенттер жатақханасы (№ 1 СЖ)Тұрғын-жай секциялары, оқу залы, асханасы бар төрт қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 3Б ықшам аудан, 10 үй.
5. № 2 студенттер жатақханасы (№ 2 СЖ)Тұрғын-жай секциялары, оқу залы бар бес қабатты ғимаратОрналасқан жері: Ақтау қаласы, 27 ықшам аудан, 7 үй.
6. № 3 студенттер жатақханасы (№ 3 СЖ).Тұрғын-жай секциялары, оқу залы, спорт алаңы, асханасы бар бес қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
7. Спорт кешені (СК)Құрамында спорт залы (баскетбол, футбол, волейбол), жүзу бассейні, жаттығу залы, бокс залы, күрес залы, шейпинг залы бар екі қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
## Ректорлары
* 1976-1983 - Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев
* 1983-2001 - Есберген Тоқшылықұлы Божанов
* 2001-2005 - Әшімхан Сүлейменұлы Ахметов
* 2005-2013 - Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров
* 2013-2017 - Әділбек Қожабекұлы Ботабеков
* 2017 жылдан бастап - Берік Бақытжанұлы Ахметов
## Дереккөздер |
Ақтөбе Хром Қосындылары Зауыты – хром қосындыларын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Ақтөбе облысында Хромтау қ-сында(ауданында) орналасқан. 1995 жылдан “Ақтөбе хром қосындылары зауыты” акционерлік қоғамы (АҚ). Зауыттың бірінші кезегі 1957 ж. іске қосылды. Толық жобалық қуаты 1960 ж. игерілді. 1963 ж. екінші кезегі (монохромат және бихромат өндірісі) іске қосылып, кәсіпорынның қуаты үш есе артты. 1965 ж. хром ангидридін өндіретін бөлімше мен күкіртті натрий цехы пайдалануға берілді. 1966 ж. мемлекеттік комиссия реактивті тұздар цехын қабылдап алды. Оның өндірістік алаңында 1974 ж. алюмо-хромфосфат қоспасы өндірісі ұйымдастырылды. Бұдан соң да өндірістің өзекті буындарында технологияны жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану саласында жарақтандыру жұмыстары атқарылды. Зауытта натрий монохроматы және натрий бихроматы, хром ангидриді, хром тотығы, хром малмасы және күкіртті натрий өндірістері жұмыс істейді. Хром кені барабанды айналмалы пештерде доломит және кальциленген содамен бірге тотықтыра күйдіру жолымен өңделеді. Хром қосындылары халық шаруашылығының сан алуан саласында: тоқыма, былғары және тері өңдеу өнеркәсібінде тері илеуге, авиация, машина және приборлар жасау, газ, мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібінде катализатор және ингибитор ретінде, лак-бояу, парфюмерия, дәрі жасау және химия өнеркәсібінде тотықтырғыш әрі бояу ретінде, жол құрылысы және басқа да өндірістерде қолданылады. 1997 ж. 83418 т хром тұздары өндірілді. Зауыттың өнімдері 31 шетелге (АҚШ, Жапония, Англия, Бельгия, Франция, Германия т.б.) шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қаржы айналымы 3003,9 млн. теңге. Жеке меншік түрінде басқарылады. Акциясының 31%-і мемлекет қолында.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ақүйік қорымы — сәулет өнері ескерткіші. Маңғыстау облысы Шетпе маңында орналасқан. Б.з.б. 1 ғасырда сақталған үш сармат обасынан (маңғыстау қазақтары обаны үйік деп атайды), 19 ғасырдың ақыры — 20 ғасыр бас кезіндегі салынған 20-дан астам сәулет ескерткішінен құралған. Олардың ішінде 4 ірі сағанатам мен 3-күмбезді мазар бар. Бұл ескерткіштер Арал мен Атырау өңірінде кездесетін барлық сәулет мұраларының озық үлгісіне жатады. Сармат обаларының ең үлкені 1930 ж. қазылған. Ақүйік қорымы ішіндегі әсем туындының бірі Оразалы зайыбы Тәжі күмбезі 1914 ж. салынған. Ауданы 6,24 х 4,20 м, биіктігі 8,6 м, 1924 ж. оңтүстік-батыс бұрышы құлаған. Инженерлік зерттеулердің қортындысы бойынша ұзынырақ етіп салынған төртбұрышты қабырғалар алып барабан мен күмбезді, көтере алмай құлаған. Маңғыстауда мазарларды әдетте бірнеше адамды жерлеу үшін кең етіп салады. Алдыңғы жағының аз ғана сақталған бөлігі — Тәжі күмбезінің әдемі ою-өрнектермен безендірілгенін көрсетеді. Солтүстік және шығыс жақтағы фасадтары өрнектелген пилястрларға бөлініп, ұзын таспадай созылып, ою-өрнекті фризбен бітеді. Ішіндегі ойықтар әйелдің әшекейлері, кебіс-мәсі, самаурын, ыдыс-аяқ, өсімдік және қошқар мүйіз ою-өрнектерімен безендірілген. 1981 ж. Тәжі күмбезі “Маңғыстауқайтажөндеу” мекемесінің күшімен толық қалпына келтірілді.
## Дереккөздер |
Қазақ елі - "Қазақстан" сөзінің эндонимі, яғни түпкі жəне өздік атауы. Қазақ автоэтноним мен "Ел" деген мағына білдіретін парсы "-стан" жұрнағының қосындысы.
* Қазақ елі (газет)
* Қазақ елі (монумент)
* Қазақ елі (телесериал) |
Ақша Сейітқұлұлы (1573–1659) – Қоқан ханы. Сыр бойында дүниеге келген. Атақты Әйтеке Байбекұлының атасы. Әлім тайпасының құрамындағы Төртқара руынан.
Әкесі Сейітқұл 1590–1620 жылдары Самарқан мен Бұқара аймағындағы 40 мың үйлі қазақ, 35 мың үйлі қарақалпақ, 100 мың үйлі өзбек жұртын біріктіріп, солардың ханы болған. 1622 жылы өзбек ханы Иманқұл Түркістан маңындағы қарақалпақтарға шабуыл жасады. Қарақалпақтарға Ақшаның інісі Жалаңтөс баһадүр өз жасағымен көмекке аттанады. Жалаңтөстен қаймыққан Иманқұл бітім жасауға мәжбүр болды. Қоқан мен Самарқанды сыйға тартып, екеуінің де әмірі етіп Жалаңтөсті жариялады. Осы кезде өзге елдерге жорыққа аттанбақ болған Жалаңтөс Қоқанның билігін туған ағасы Ақшаға берді. Ақша шамамен 1622–1635 жылы Қоқан ханының тағында отырды. Кейбір деректерде оны Қоқан әмірі деп атайды. Ақша інісі Жалаңтөс баһадүр бастаған жорықтарға қатыспаған. Алайда оның жорықтарына әскер дайындау, жол шығындарымен жабдықтау, қару-жарақпен қамтамасыз ету жұмыстарына белсене араласқан. Сонымен бірге Қоқан қаласы мен сол төңіректегі уәлаяттарды басқаруда әділ басшы ретінде кеңінен танылып, құрметке бөленген. Кейін 1635 жылы Қоқан билігін Жалаңтөстің өзіне берді. Ақшаның қабірі Өзбекстанның Науаи облысы , Нұрата ауданы Нұрата ауданының жерінде.
## Дереккөздер |
Ақылбай Абайұлы Құнанбаев (1861, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау мекені, — 1904, Семей) — ақын. Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы. Ол Құнанбайдың тоқалы Нұрғанымның бауырында өседі . Жас кезінде Ғабитхан молдадан 4- 5 жыл оқиды. Өсе келе өнерге жақын, әнші, домбырашы, скрипкашы болып шығады.
## Өмірі
Ақылбай Абайға алыс ағайын сияқты жуымай, қашық жүреді . Осыны кейбір қарсыластары пайдаланып, араларын ажыратуға дейін барған. «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңін (1890) ақынның күйініп жазуы осыдан болу керек. Әуезов жинаған деректерде оның Абайға: «Егер болыс сайламасаң, Оразбай жағына шығам» деп қиғылық салғаны да кездеседі. Жалпы алғанда Ақылбай - Абай айналасындағы шәкірттердің ішіндегі ең таланттысы. Бірде ауылына келген Долгополовқа Абай өзі туралы да, балалары туралы да сын айтуын өтінгенде, ол Ақылбайды: «Жай ұғады, шабан қозғалады. Бірақұққаны мен алғанын қайтып жоғалтпайтын өнімі бар талант иесі. Тек онысын су тубіне кетіріп жүрген -жалқаулығы» дегенді айтады. Ол «Дағыстан» («Кәрі Жүсіп»), «Зүлыс», «Жаррақ батыр» атты поэмалар жазды. Әуезов 1923 жылы «Сана» журналының 2-3-сандарында Абайдың жарияланбаған өлеңдерінің қатарында «Зүлысты» да бастырды. «Дағыстанның» үзіндісі 1918 жылы «Абай» журналының 5-санында жарық көрген. Қанша дегенмен Ақылбай Абайдың ықпалынан кете алмады, оның әсері оған орыс ақындарын өз бетінше оқыттырды. Пушкин, Лермонтовты оқуы Кавказ тақырыбына барғыздырды, екіншіден, бұған Абай себепші болды. Ақылбай 1904 жылы Семейде Абайдың қырқын берген күні қайтыс болады. Небәрі 43 жас өмір сүрді, денесі Аралтөбедегі өз қыстауына қойылды. Он бес жасында шешесі өмірден озды.
## «Ақылбайдың әні»
Ақылбай шығарған ән. Абайдың кенже ұлы Мекайыл көрші Матай елінен қалындық айттырып, соны ұзатып алып келуге Абайдың әншісі Әлмағамбет бас болып, құдалыққа аттанады. Жолай Ақылбайдың үйіне соғып: «Матайлар өнерпаз ел. Абай әндерін олар да жатқа біледі. Олар естімеген жаңа ән керек. Соны сізден қолқалай келдік. Абай атамның кенже ұлының үйлену тойына базарлық болсын» деп өтініш білдіреді. Сонда Ақылбайдың табан астында шығарған әні кейін «Ақылбай әні» деген атпен қазақ даласына кеңінен тараған. Ән кең тынысты дауысқа арналған.
-
деген екі шумақтан турады. Мұндағы «Әлекең» деп отырғаны - Абайдың әншісі Әлмағамбет Қапсалемұлы (1870-1932). «Ақылбай әні» кейіннен ұмытылып кеткен. Әуезов әншілер К. Байсейітова мен Ж. Елебековті үйіне арнайы шақырып, оларға осы әнді үйреткен. Мәкен Мухамеджанованың айтуымен музыка зерттеушісі Б. Ерзакович нотаға түсірген.
## Дереккөздер |
Ақылбек Сабалұлы, Ақылбек бин Сабал Тұрабаев (17.9.1880, бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Ақбота болысы — 4.1.1919, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бестерек мекені) — ақын. Ахмет Риза медресесінде оқыған.
Руы — Уақ.
Араб, парсы, түрік тілдерін жетік білген. Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің қисса-хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, уақиғалы поэма-дастандар жазып байытқан. Қазан баспасынан шаққан қиссалары: “Таһир-Зүһра” (1902, 1911), (бұл поэмасы “Ғашық-наме” (1976) жинағына кірген), “Бозжігіт” (1910, 1911), “Қисса Марғұба” (1911), “Ибраһим” (1911), “Хикмет Нығымет” (1911), “Қырық уәзір” (1911, 1920), “Алтын балық” (1912), “Самруғ” (1915), “Дандан ғашық” т. б. Қазаннан басылып шаққан төл шығармалары: “Мағшұқ наме” (1910, 1911) — жастық-махаббат жайындағы өлеңдер, “Назым” (1911), “Сұм заман” (1911), “Ғибратнама” (1911), “Сәтбек батыр” (поэма, 1911, 1915) т. б. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар. Өлең-жырларының негізгі тақырыбы: адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер-ғылым мәселелері. Ақылбек кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан қаласының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайында, Сарыой деген жерде. Ақылбектің есімі қазақ әдебиетінің тарихында кітаби, қиссашыл ақын ретінде белгілі. Оның Қазан баспасынан шыққан аудармалары: «Таһир - Зуһ-ра» (1902, 1911), «Бозжігіт» (1910, 1911), «Ибраһим» (1911), «Ғибрат наме» (1911), «Қисса Марғүба» (1911) мен төл шығармалары: «Мағшұқ наме» (1910, 1911), «Назым» (1911) т. б. негізінен шығыстық сюжетке құрылған. Ол ақындық жолда Абайды өзіне ұстаз тұтқан, әдеби туындылары тақырыптық жағынан Абай шығармаларымен тамырлас. Өлең-жырларында Абай поэзиясына тән адамгершілік, имандылық, әділеттілік, бұқараны, әсіресе, жастарды оқу білім, ғылым мен өнерге үндеу желісі молынан көрінеді. Ол Абайдың үлгісімен өз заманының күңгірт жақтарын, әлеум. теңсіздікті батыл әшкерелеп, өмір құбылыстарына сын көзімен қараған.
## Дереккөздер |
Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры – Ақтөбе қаласындағы мәдени орталықтардың бірі.
## Тарихы
Ақтөбе облыстық театрында ұзақ жылдар бойы қазақ және орыс труппасы жемісті жұмыс істеп келді. Қазақ труппасының тарихы әйгілі халық комиссары Темірбек Жүргеновтің ұсынысымен 1935 жылы ашылған қазақ музыкалық драма театрдан бастау алады. 1936 жылдан 1941 жылға дейін театрдың бірінші режиссері Гүлшат Омарованың жетекшілігімен "Еңлік – Кебек", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Амангелді", "Қыз Жібек", "Исатай − Махамбет" сияқты өзге де қазақ классиктердің шығармалары сахна төріне жол тартты.
1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты қазақ театры жабылды. Қаладағы орыс театры 1943 жылы Ақтөбеге көшіріліп, Александр Островский, Антон Чехов және Николай Гоголь шығармаларын сахналады. 1948 жылы соғыстан кейінгі экономикалық қиындықтарға байланысты орыс театры өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Орыс театрының келесі қадамы 1965 жылы Қазақ ССР кеңес министрлігінің № 707 (1964 жылдың 13 қазанынан бастап) шыққан үкімімен алғашқы директоры Владимир Сергеевич Тихонов басшылығымен облыстық мәдениет үйінде басталды. 1966 жылдың қаңтарында алғаш театр маусымында Александр Штейннің "Нөсердің арасында" пьесасы сахналанды.
1992 жылы Ақтөбе облыстық драма театрында қазақ труппасы жұмыс жасай бастады. Труппа 1992 жылдың 18 шілдесінде Тахауи Ахтановтың "Күшік күйеу" спектаклімен өз шымылдығын ашты. Қазақ театрының алғашқы директоры Қорлан Бөлеков, режиссері Дихан Жәлекенов болды.
1997 жылы театрға осы өңірден шыққан белгілі қазақ жазушысы Тахауи Ахтановтың есімі берілді. 1998 жылы облыс әкімінің шешімі бойынша облыстағы актерлік қос труппа – қазақ және орыс труппасы біріктіріліп, Ақтөбе облыстық театрына айналды.
## Әр кезеңдердегі қойылымдар
Соғыс жылдарында К.М. Симоновтың "Прага талшындары аясында", А.А. Кронның "Жіті барлау", Б.А.Лавреневтің "Теңіздегілер үшін" пьесаларын қойды. 1965 жылы А.П. Штейннің "Толас" спектаклі көрсетіліп, театр тиянақты жұмыс істей бастады. Театр репертуарынан берік орын алған, көркемдік шоқтығы биік қойылымдардан Д. Исабековтің "Ертеңді күту", А.А. Дударевтің "Қатардағылар", "Кеш", Н. Павлованың "Кішкентай вагон", Ә. Таразидің "Әлия", А.Н. Толстойдың "Федор Иоанович патша", М.О. Шатровтың "Брест келісімі" т.б. спектакльдер бар. Театр әр жылдары Орта Азия мен Ресей облыстары мен қалаларында, Алматыда (1988) гастрольде болды. 1996 жылы Жезқазған қаласында Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республика театрларының фестивалінде ақтөбеліктер ағылшын драматургі Леонард Герштің "Мына еркін көбелектер" қойылымы үшін лауреат атанып, үшінші жүлделі орынға ие болды. Театр труппасында Қазақстанның еңбек сіңірген артісі — Р.А. Маркова, В.И. Бриц, Мари елі мен Татарстанның еңбек сіңірген артісі — О.М. Блинов, В.Я. Априскин, артистер — Р.Телеуова, Н.П. Бокорева т.б. шығармалық қызмет атқарды.
Әр жылдары М. Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Қарақыпшақ Қобланды", "Түнгі сарын", С. Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлар", І. Жансүгіровтың "Кек", Б. Майлиннің "Шұға", Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқты", Ж. Шаниннің "Арқалық батыр", Ә. Тәжібаевтің "Жомарттың кілемі", аударма пьесалардан Н.В. Гогольдің "Үйленуі", Д.А. Фурмановтың "Бүліншілігі", В.В. Вишневскийдің "Оптимистік трагедиясы" және У.А. Гаджибековтің "Аршин мал-алан" музыкалық комедиясы қойылды. Кезінде театр жаз айларында Атырау, Қостанай, Орал мен Ақтөбе облыстарының қазақ аудандарын аралап, спектакльдерін көрсетіп отырған. С. Балғабаевтың "Ең әдемі келіншек", Е. Әлімжановтың "Тақ талас" комедиялары, Ә. Таразидің "Әлия", Ж. Тілепбергеновтің "Перизат-Рамазан", М. Әуезовтің "Айман-Шолпан", Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романы бойынша спектакльдер қойылды. Театр труппасы негізінен жас актерлерден жасақталған.
2017 жылдың 1 қарашасынан бастап театр ұжымын Нұрхан Кенжебайұлы Кәдірбаев басшылыққа алды.
## Театр жетістіктері
* 1987 жылы Петропавлда өткен республикалық театр фестивалінде Ақтөбе облыстық драма театры "Цар Федор Иоаннович" қойылымымен 1-орын иеленіп, өзінің актерлік шеберлігін көпшілік қауымға дәлелдеді.
* Орыс труппасы 1996 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық фестивалде Леонард Герштің "Тәуелсіз көбелектер" спектаклімен 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
* 2000 жылы қазақ труппасы "Айман-Шолпан" спектаклін көрермен назарына ұсынып, республикалық театр фестивалінде лауреат атанды.
* 2004 жылы театр әртісі Елтай Кемал XVII "Шабыт" халықаралық жастар фестивалінде Мұқағали Мақатаевтың "Арпалыс" спектаклін үздік қойып, басты рөлдегі бейнесі үшін лауреат атанды.
* 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен фестивальде режиссер Виттих "Жүрек секілді қатыгез" спектаклін қойғаны үшін лауреат атанды.
* 2007 жылы қазақ труппасы Жетпісбаевтың "Бала мерген" шығармасымен "Ең үздік балалар ертегісі" номинациясымен үздік шықты.
* 2012 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық IV Орталық Азия театр фестивалінде Лорканың "Бернард Альбаның үйі" спектакліндегі қызметкер Понсийдің рөлі үшін "Құрмет" орденінің, актриса Раиса Телеуова "Ең үздік әйел рөлі" номинациясының иегері атанды.
* 2013 жылы Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылған XXI Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалінде қазақ труппасы халық жазушысы Тахауи Ахтановтың "Ант" қойылымын сахналап, Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.
* 2013 жылдың ақпан айында басшылық пен шығармашылық топтың қалауымен театр базасында шығармашылық зертхана жинақталып, оған театр актрисасы Ольга Павлова басшылық етті. Осы жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитеті және Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІ республикалық фестивалін өткізді.
* 2017 жылы ұйымдастырылған Қазақстан драма театрлары арасында II республикалық "Балауса" эксперименталды қойылымдар фестивалінде режиссері Мусагит Хабибуллиннің қоюымен шығарылған Барзу Абдуразаковтың "Әйел сыры" қойылымы "Эксперименталды ізденістері үшін" номинациясын жеңіп алды. Осы жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен дүниежүзілік балалар және қуыршақ театр фестиваліне қазақ труппасы Артықбаеваның "Кім патша?" қойылымымен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. Фестиваль аясында өткен конференцияда Қазақстаннан келген театр ұжымын ерекше атап өтті. Шымкент қаласында өткен "Ашық алаң" республикалық тәуелсіз театр фестиваліне облыстық драма театры жанындағы "Лесница" шығармашылық зертханасы "Жаңа үздік қойылым үлгісі" номинациясымен марапатталды.
* 2018 жылы Алматы қаласында Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен "Сахнагер-2018" байқауында жас актер Бағдат Телеуғалиев ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясының иегері атанды.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Кемел Ақышев — (23 мамыр 1924 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы - 10 тамыз 2003 жылы, Алматы қаласы) - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды.Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады.
1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады.Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді.Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты.
## Жобалары
* "Курган Иссык. Искусство саков Казахстана",
* Позднесредневековый Отрар,
* Отрар в XIII-XV веках,
* В глубь веков'.
## Жетістіктері
* Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982),
* ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлығының лауреаты (1966) .
* Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі (1983).
* Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1989).
* «Парасат» орденімен марапатталған (1998).
## Дереккөздер |
Ақ Эмиграция — Ақпан төңкерісінен бастап (1917) Азамат соғысы аяқталғанға дейінгі аралықта (1921) Кеңестік Ресейдің территориясын тастап шыққандар. Олардың қатарында империяны билеген үстем тап өкілдері, капиталистер, помещиктер, ақ генералдар мен офицерлер, патша шенеуніктері мен буржуазия, ұсақ буржуазия және ұлттық партиялардың қайраткерлері, интеллигенцияның біразы, Қызыл Армия талқандаған ақ гвардия әскери құрамаларында болған қатардағы солдаттар, казактар, шаруалар, іс жүзінде бұрынғы Ресейдің барлық сословиелерінің өкілдері — 2-2,5 млн-дай адам болды. Уақытша үкімет елшіліктерінің қызметкерлері де шет елдерде қалып қойды. Олар негізінен Балқан елдеріне, Чехословакияға, Қытайға, Германияға, Польшаға, Францияға, Финляндияға қоныстанды. Стамбұл, София, Белград, Прага, Берлин, Париж қалаларын саяси орталық етті. Монархияны қалпына келтіруді көздеген көптеген ұйымдар құрды. Көпшілігі Антанта елдеріне, біразы Германияға арқа сүйеді. Мақсаттары большевиктер өкіметін құлату болғанымен оларда саяси бірлік жетіспеді. Ақ Эмиграция құрамында қазақстандықтар да болды. Мұстафа Шоқай, Райымжан Мәрсеков, Ыбырайым Жайнақов, Әсет Найманбайұлы, Зият Шәкәрімұлы кеңестік қоғам құрылысымен келіспегендіктен шетелге кетті. Генералдар В. Толстов Б. Анненков, А. Дутов басқарған Орал, Жетісу, Орынбор армияларының қалдықтары Түркия мен Қытайға өтіп кетті. Амнистиядан (БОАК-нің 1921 жылғы 3 қарашадағы декреті) кейін эмиграциядан 121843 адам Ресейге қайтып оралды.
## Дереккөздер |
Ала Әд-Дин Байлақ Әл-Қыпшақи, Ала әд-Дин Байлақ бин Мұхаммед әл-Қыпшақи (шамамен 12 — 13 ғ.) — мәмлүк қыпшақтары арасынан шыққан ғалым. Ала Әд-Дин Байлақ Әл-Қыпшақи өз еңбектерінің кейбірін Мысырды Бейбарыс билеген кезде жазған. Кейбір деректер бойынша оның Мысыр мен өзі біраз жылдарын өткізген Сирияның рухани өмірінің ұйтқыларының бірі болғаны айқындалады. Ол өзінің “Канз ат-тиджар фи мағрифат әл-ахджар” (1282) (Мемлекет байлығы — асылтас саудасы) деген еңбегін Сирияның Хама уәлаятын билеген әл-Малик әл-Мансур ІІ-ге арнағандығы, тағы бір деректе оның әкесі Музаффар ІІ-ге арнағандығы айтылады. Поляк шығыстанушысы А. Зайончковский андалузиялық ғалым Асир әд-Дин Әбу Хайан Мұхаммед бин Йусуф әл-Гарнатидің (1256 — 1344) түсіндірме сөздігін және түркі текті Жамал әд-Дин Мұхаммед ат-Түркидің (14 ғ.) кітабын зерттей келе, бұл еңбектерге Ала Әд-Дин Байлақ Әл-Қыпшақидың “Әл-Әнуар әл-мудиға” (Жарық нұры) деген еңбегі арқау болғанын ескертеді. Әбу Хайанның аталған сөздігі біздің заманымызға дейін жетті, алайда Ала Әд-Дин Байлақ Әл-Қыпшақидың түркі халықтарының этнографиясы мен тілдік ерекшеліктері туралы жазған шығармасы әлі табылған жоқ.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ала Орда (орыс. Пегая орда) — Нарымдағы Салжұқ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі. 16 ғ-дың ақырында оны орыстар осылай атаған. Салжұқтар ұсақ аң мен құстың терісінен тіккен ала киім кигендіктен “Ала Орда” аталса керек. “Ала Орданы” ру ақсүйектерінің өкілі “кінәз” Воня басқарды. Оның 400-ге дейін әскері болды. Воня Сібір ханы Көшіммен одақтасып, орыс воеводаларына табанды қарсылық көрсетті. 1556 ж. Нарым салынғаннан кейін ғана “Ала Орда” орыс мемл-нің құрамына енді.
## Дереккөздер
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Аландар, Яньцай — көшпелі тайпалар бірлестігі. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың соңы мен б.з. 1 мыңжылдықтың басында Батыс Қазақстан мен Солтүстік Кавказ даласын мекендеген.
Аландар этногенезінің алғашқы кезеңі Орта Азия мен Қазақстанның ішкі аудандарымен байланысты. Аландар тайпаларының топтасуы туралы алғашқы дерек қытай (“Ши цзи”) жазбаларында көрсетілген. Бұл дерек бойынша б.з.б. 1 ғ. Каспий мен Арал теңіздерінен Орал жоталарына дейінгі кең алқапты көшпелі Яньцай мекендеп, 100000-ға жуық әскер шығара алған. “Кіші Хань династиясы хроникаларында” (“Хоу Хань Шу”) б.з. 1 ғ-дың соңы мен 2 ғ. басында Яньцай аты Алания болып өзгертілгені жазылады. 1-мыңжылдықтың басында Аландардың бір бөлігі батысқа қоныс аударады да, басым бөлігі Арал мен Каспий теңіздері аралығындағы байтақ далада өмір сүре береді. Мұны сол өңірдегі этнотопонимдер растай түседі. Мысалы, Маңғыстау мен Үстірттегі қамалдар — Қоңыралан, Сүмбетеміралан, Алаңқала т.б. Аландар мәдениеті (“кейінгі сарматтар”) Арал-Каспий теңіздерінің солтүстігіндегі қорған ескерткіштері бойынша зерттелген. Одан Аландардың қой, жылқы өсіргендігін айғақтайтын заттар табылған. Солтүстік Кавказ Аландарының (осетиндердің ата-бабалары) көшпелі мал шаруашылығынан егіншілікке ойысқаны байқалады. Қаласы Алания.
## Дереккөздер |
Мұхаммед Жувейни (толық есімі: Ала Әд–Дин Ата Мәлік ибн Бехе әд–Дин Мұхаммед Жуайни, 1226 жылы туып, 1283 жылы қайтыс болған) — парсы тарихшысы, әрі мемлекет қайраткері.
«Тарих-и жаһангушай» (Әлемді басып алушының тарихы) атты еңбегінде Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сырдария өңірінің 12–13 ғасырлардағы тарихи сыртқы саяси жағдайы туралы жазған.
## Өмірбаяны
Хулагу хан Иранды билеген тұста, 1256 жылы Жувейни Хорасанды биледі. Хулагудің жорықтарына бірге қатысып, көп оқиғаны көзімен көреді. Хулагу хан Бағдатты жаулап алған соң, Жувейниді, сол қаланың билеушісі етіп тағайындайды. Жувейни бірнеше ірі еңбектер жазып қалдырды. Олардың арасынан «Тарихи жаһангуйшай» («Әлемді бағындырушының тарихы») атты 3 томдық еңбегін ерекше атауға болады. Онда Шыңғыс хан империясының түркі, моңғол тайпалары туралы мол деректер келтірілген. Жувейни бұл еңбекті жеті жылда жазып бітірген. |
Алатау мұнай кен орны — Маңғыстау облысында орналасқан. Кен орны 1977 жылы анықталған.
## Сипаты, құрамы
Мұнайлы қабаттың жалпы қалыңд. 60 м, тиімді қалыңд. 17,8 м; ұңғыманың тәуліктік өнімд. 180 м3. Мұнайы жеңіл (0,844 г/см3), парафин мөлшері 9,3%.
## Дереккөздер |
Албан сөзінің бірнеше мағынасы бар:
* Албан руы - қазақ руларының бірі
* Албандар - Албания елі
* Албан (фильм) - Ресей көп сериялы фильмі |
Алдаспан — ерекше ауыр қылыш. Қынға салып алып жүретін жеңіл қылыштармен қоса, қынсыз, ауыр қылыштар да болған. Олар алмас, болаттан соғылып, бас жағы үлкен, жалманы (жүзі) жалпақ болады. Сондықтан оны қынсыз ұстайды. Тым салмақты болғандықтан Алдаспанды тек қарулы батырлар ғана ұстаған. Оны белге байлап, не иығына асып жүрген. Алдаспан қылыштың ішіндегі ең таңдаулысы, асылы саналады. Ауыз әдебиетінде мықты батырларды бір шапқаннан кесіп түсер Алдаспанға теңейді. Қылыштың ерекше түрі ретінде Алдаспан ерте заманда пайда болған. Көшпелі халықтардың өнер ескерткіштерінде, шығыс халықтарының бейнелеу өнері жәдігерліктерінде Алдаспан ұстаған батырлар бейнесі жиі кездеседі.
'"Алдаспан"' — 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығармалар жинағы. 1971 ж. Алматыдағы "Жазушы" баспасынан 17 дана таралыммен жарық көрген.
## Дереккөздер |
Нұрмолда Алдабергенов (20 желтоқсан 1906 жыл – 17 қараша 1967 жыл) — екі мәрте Социалистік еңбек ері (1948, 1958), Қазақстандағы колхоз құрылысын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері, туған жері Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарағаш ауылы, Желдіқора қыстауы.
## Жетістіктері
* 1927 – 1930 жж. Түркістан – Сібір темір жолын салуға қатысқан.
* 1930 – 1933 жж. Талдықорған облысы “Жаңа талап” ұжымшарында колхозшы, бригадир.
* 1942 жылы ол басқарған ұжымшар еңбеккерлері қант қызылшасының әр га-нан 365 ц, астықтың әр га-нан 13,7 ц өнім жинады. Ал қант қызылшасы егілген жеке тәжірибе учаскесінің (10 га) әр га-нан 834 ц түсім алды.
* 1942 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* 1947 ж. Алдабергеновтің басқаруымен Жетісу өңірінде тұңғыш су электр станциясы салынды. Мұқыры ауылында тұрғын үйлер, орталық мәдениет үйі, тұрмыс қажетін өтейтін орталық, сауда орталығы, балалар бақшасы, орта мектеп, аурухана құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Ол ауыл шаруашылығында егіншілік мәдениетін арттыру және мал тұқымын асылдандыру ісінде ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибені өндіріске батыл енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізді, сөйтіп ұжым экономикасын күрт жоғары көтерді. Ұжымшарда озат тәжірибе мектебі тұрақты жұмыс істеді, асыл тұқымды мал фермалары құрылды, ауылда қала үлгісінде құрылыс салу тұңғыш жүзеге асырылды.
* 1945 – 1950 жж. Талдықорған облысы "Жаңа талап" колхозының председателі.
* 1950 – 1961 жж. Сталин атындағы (кейін Н.Алдабергенов атындағы) іріленген ұжымшардың төрағасы.
* 1965 – 1967 жж. “Карл Маркс” атындағы ұжымшардың төрағасы болып істеді.
* Үшінші және төртінші сайлауда Қаз КСР Жоғарғы Советінің депутаты.
* Бесінші сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.
* Қазақстан КП -ның жетінші, сегізінші, оныншы съездерінде ОК мүшесі болып сайланды.
## Есімі берілген жерлер
* Талдықорған қаласы мен Қарабұлақ ауылында орталық көше.
* “Шұбар” мектебіне Алдабергенов есімі берілген.
## Наградалары
* Екі мәрте Ленин оредені
* Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен
* 6 рет Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінің Үлкен Алтын медалімен марапатталған.
* Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948, 1958)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Тағы қараңыз: Алексеевка
Алексеевка — қола дәуірінің қонысы, зират. Қостанай облысы Қостанай ауданы Алексеевка ауылынан 4 км жерде, Тобылдың сол жағасында орналасқан. 1930 — 35 жылдары Мемлекеттік тарихи мұражай экспедициясы (жетекшісі О.А.Кривцова-Гракова) зерттеу жүргізген. Ескерткіш қола дәуірінің соңғы кезеңі — б.з.б. 1 мыңжылдық басына жатады деп есептелінді. Кейінгі зерттеулер Алексеевка кешені ертерек кезеңге, б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысына жататынын көрсетті. Ұзындығы 1 км жерді алып жатқан зираттан 21 дөңес пішінді топырақ қабір ашылды. Шығысқа қарай діни-ғұрыптық орын, оңтүстік-шығысында қоныс орналасқан. Төбе үстінде ғибадатхана тәріздес құрылыс орны байқалады. Қалған белгілерге қарағанда негізгі табынушылық түрі төбе үстінен қазылған кішірек шұңқырларға арнайы сүт, өсімдіктен істелген тағамдарды құйып әкелген қыш ыдыстарды көму, сондай-ақ үлкенірек шұңқырларда ет тағамдарын өртеу болған. Құрбандық шалынған жерлерден 59 қыш ыдыс табылды. Қоныстың 2500 м2 жері қазылып, 5-6 тұрғын үй зерттелді. Алексеевка кешенінен өте көп қыш, металл, тас, сүйектен дайындалған түрлі бұйымдар алынып, жерлеу, үй-құрылыс, металлургия, діни-ғұрыптық көзқарастар туралы маңызды деректер зерттелді. Солтүстік өлкенің Алакөл кезеңіне жататын Алексеевка кешенінің тұрғындары мал өсіру және егіншілік кәсібімен айналысқан, металлургия ісін жақсы меңгерген.
## Дереккөздер |
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы қазақ елінің өзін-өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ.
Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Спандияров, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.
Міржақып Дулатұлы (1885 – 1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Алаш қозғалысының негізін қалаушысы.Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі – Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipгe "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Әлихан Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысын жетекшілерінің бірі. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде, құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші беріпті.Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады.Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты.1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік обылыстарына жер аударылады.Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.
## Дереккөздер
Бегалин Қ. - Алматы: "Империя құрамында", 2010. -102 бет |
Алаш Орда (1917 – 1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ Алаш автономиясының үкіметі.
## Алаш Орда құрылтайы
1917 ж. желтоқсанның 5 – 13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді.
Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы – Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.
Бұл туралы кейіннен Әлихан Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…».Үкімет төрағалығына үш қайраткер – Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы – большевизммен күрес тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.
## Сыртқы істері
Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды.Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.
Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.
Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына – Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.
Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейхан өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.
Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейханның төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.
23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет – Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.
Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.
Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.
1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.
Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:
1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс.
2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін.
3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция — Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз.
Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды.
Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі – аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.
Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.
Осыдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.
## Алаш Орда қайраткерлерінің тізімі
## Алашорда туралы фильмдер
* 1990 – «Мағжан» Мағжан Жұмабаев режиссері: Қ. УмаровЖанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм»
Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм»
* 1993 – «Міржақыптың оралуы» Міржақып Дулатұлы режиссері: Қ. УмаровЖанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм»
Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм»
* 1994 – «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ. УмаровЖанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм»
Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм»
* 2009 – «Алашорда» режиссері: Қ. УмаровЖанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы
Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Әнес Сарай: «Батыс Алашордашылары сепаратистік бағыт ұстанған жоқ»
* Алаш идеясы және «ЕСЕП» партиясы. Ержұман Смайыл
* Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»
* Жапондардың өз елін өркендету мұраты Алашорда идеяларына ұқсас еді
* Алашорда – Азаттықтың алтын күні
* Ербол Тілеш. «Алаштың» жолы Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2010 жылы.
* Р.К. Нурмагамбетова. Движение Алаш и Алаш-Орда. Историография проблемы. 1920-1990-е жж. XX века. Мұрағатталған 23 ақпанның 2007 жылы. (орысша) |
Албырттар (лат. Salmonidae) – нағыз сүйекті балықтардың бір тұқымдасы. Каспий, Арал теңізінде, Зайсан көлінде, Бұқтырма су бөгенінде, Ертіс, Жайық өз-нде, Каспий, Арал албырттарында, Ақбалық, Сылан түрлері кездеседі. . Албырттардың тұщы суларда тұрақты мекен ететін (Сигалар, Омулдар мен таймендер деп аталатын) түрлері бар. Албырттардың дене тұрқы 130 см, салм. 2-3 кг. Денесі тығыз қабыршақты келеді, бүйір сызығы жақсы дамыған. Албырттар — қазіргі кезде тіршілік ететін сүйекті балықтардың ішіндегі өте қарапайым түрі. Оның басқа балықтарға қарағанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өңешпен бірігіп кеткен. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты, ал арқасындағы жүзгіш қанаты қысқа. Сонымен қатар арқасында жұмсақ тері қатпары бар, оны майлы қанат деп атайды. Албырттар — өткінші балықтар. Олардың өсіп жетілуі көбінесе теңізде өтеді де, ал уылдырығын өзендерге шашады. Уылдырық шашу кезіндегі өрістеуі бірнеше мың км-ге дейін жетеді. Уылдырықтарын өздері қазған су түбіндегі арнаулы шұңқырға шашып, оның бетін ұсақ тастармен, немесе ірі құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзенде қыстап шығады да, көктемде теңізге өтеді. Албырттар — кәсіптік маңызы зор, өте бағалы балықтар. Олар өте дәмді еті әрі қызыл уылдырығы үшін ауланады.
Албырттар өнерсәсіптік жолмен ауланатын балықтар тобы, оларға Тынық мұхит албырттары (горбуша, кета, чавыча, кижуч, нерка, Сима, кунджа, шальма), семга, Каспий албырттары, кумжа, форель-бақтақ және голең балықтары жатады. Албырттардың көбі өзендер мен көлдерде тіршілік етеді, сондай-ақ кейбіреулері негізінде көлдерді мекендегенімен, уылдырық шашарда өзендерге шығады. Етінің түсі ашық қызыл, жұмсақ және майсыз ұсақ сүйегі жоқ, хош иісті болады.Албырттық етінен — таза консервілер, түрлі балық тағамдарын дайындауға, сондай-ақ тұздай ысталған күйінде (шамалан тұздалған), ет және уылдырық тағамдарын әзірлеуге болады. Консервіленген албырттан сорпа жасалады, ол салат пен окрошка әзірлеу үшін де қолайлы. Оның жас немесе тоңазытылған еті асуға, қуыруға, булан пісіруге жақсы. Сондай-ақ албырттық етінен сорпа қайнатуға, дірілдек т. б. тағам дайындауға болады.
* Тынық мұхит албырттарына — қызыл (нерка), кижуч және сима жатады, олардың салмағы 3—5 килограмға дейін жетеді. Бұл балықтардың етінің дәмділігі горбуша мен кетенің етінен кем емес, әдетте оны тұздайды, ыстайды немесе кептіреді, одан консерві әзірлеуге болады.
* Кунджа мен мальма (Тынық мұхит голеңі) онша үлкен емес, салмағы 0,4 килограмнан 4 килограмға дейін. Етінің сапасы басқа албырт-лосостарға қарағанда төмен.
* Каспий албырты негізінен Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауындағы ,өзендерден ауланады. Салмағы 8—ІЗ кг. Каспий албыртының шала тұздалған еті сирек кездесетін тағам болып табылады.
* Кумжа оны семгамен бірге Баренң, Ақ және Балтық теңіздері бассейндерінен аулайды. Салмағы—1—5 кг.
* Голец КСРО-ның солтүстігіндегі сулардан ауланады. Салмағы 0,3 килограмм ан 1,5 килограмға дейін болады. Еті майлы, әрі дәмді, оны негізінен тұздал және ыстап-кептіріп жейді.
Қазақстанда Каспий А. мен Арал А. деп аталатын екі түрі кездеседі. Соңғысы біршама ірі, салмағы 14 кг деңгейіңде. Екеуінің де саны өте аз болғандыктан Қазақстанның Қызыл кітабында тіркелген.
## Дереккөздер |
Алма-Арасан (шипажай) – бальнеологиялық санаторий.
Іле Алатауының шырша жамылған солтүстік баурайында (Өтпелі шатқалы), теңіз деңгейінен 1780 м биіктікте орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 19 км. Жыл бойы жұмыс жасайды. Ауа температурасы (орта есеппен): қаңтарда –4°С, шілдеде 15°С. Санаторийде жауын-шашын мөлшері 900 мм, жылына 1600 сағ күн ашық болады. Емдеу үшін кремний қышқылы радон аралас сульфат-гидрокарбонатты азот, кальций-натрийлі минералды жылы су (37,8°С) қолданылады, сондай-ақ климат факторлары (таза су, әсем табиғат), физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру пайдаланылады. Санаторийдің минералды суы 14 ғ-дан белгілі, 1930 жылдан зерттеле бастады. Алма-Арасан санаторийінде жүйке жүйесі, әйел аурулары, аяқ, қол, буын, тері және асқазан аурулары емделеді.
## Дереккөздер |
Алаша хан кесенесі — Ұлытауда XV-XVI ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық ескерткіш. Кесене Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай ауылынан 2 шақырым жерде салынған.Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.
## Сәулет өнері
Алаша хан күмбезі Ұлытаудың Қаракеңгір өзен жағасында (Сарыкеңгір өз-нің құярлық саласында) биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы (10-13 ғ.ғ.) сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер әлі де жаңа болжамдар (15-16 ғ. деушілер де бар) айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы — 9,73 х 11,9. Биікт. — 10 м. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230 х 14 х 60 мм, 260 х 230 мм, 320 х 320 х 60 мм, т.с.с әртүрлі болып келеді. Құрылыс үстінен биіктігі екі жарым метрге жуық (231 см) барабан — күмбез мойындығы салынып, одан күмбез шығарылған. Барабан сатыланып кішірейе түсетін төрт белдеуден тұрады. Көпқырлы және цилиндр тәрізді етіп жасалған бұл белдеулердің диам. — 743, 673, 643 см. Кіреберіс қақпа-портал аркасы мен екі жақ ұстынды мұнаралық бөліктерінің биіктігі қандай болғаны белгісіз. Олардың күмбез барабандары басталатын тұстан жоғарғы жағы жойылып кеткен. Кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік екінші айналма қабатқа (барабан галереясы), одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Портал мен күмбездің шыны сырлы қаптама жұқа өрнектерінен ешнәрсе қалмаған. Ары-бері өткен жолаушылар тәбәрік етіп алып кеткен болуы керек. Алаша хан күмбезіің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік үлгілері ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Бұл орайда ол негізінен Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне-көп Түрікменстанда кездеседі. Алаша хан күмбезіін, сондай-ақ, Қазақстан жеріндегі Айша бибі (11-12 ғ.), Жошы хан (13 ғ.), Қожа Ахмет Йасауи (14 ғ.) мазарлары үлгілерімен де салыстыруға болады. Әсіресе көне Сығанақ маңындағы Көк кесене ғимаратының көркемдік нақыштарымен үндестік бірден көзге түседі.
Алаша хан күмбезінің әр түсті және әр көлемді кірпіштерді қиюластыра қалау арқылы геом. бейне жасап, күмбездің барлық беттерін масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектеуі өзінен кейінгі Талмас ата, Жұбан ана, Болған ана, Қайып ата, Дүзен, Ерден мазарларына үлгі болған. 1894 ж. жарық көрген “Қырғыз даласының очерктерінде” орыс ориенталисі Е.И.Шмидт жазған шыны сияқты ақ сылақ пен көк сылақ, төрт құбыласы сай ғажайып пропорция Айша бибі, Қожа Ахмет Йасауи кесенелерінде кездеседі.
## Тарихы
1855 жылы кесене жайлы алғашқы жазба деректерді Ш.Уәлихановтың «Қырғыз-қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласында кездестіреміз.
1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" еңбегінде кесене жайлы ең алғаш рет жан-жақты баяндалған.
1945-1946 жылдары М.Б. Левинсон бастаған экспедиция кезінде ең алғаш рет фотофиксация, техникалық зерттеу, өлшеу жұмыстары өткізілді.
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих, археология және этнография институтының жетекшілігімен ескерткіш аумағындағы археологиялық зерттеу жұмыстары басталды.
1982 жылы Алаша хан кесенесі Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштер тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Алаша хан кесенесі(қолжетпейтін сілтеме) — Archaeology.kz сайтында
* Алаша-хан кесенесі YouTube сайтында |
Аллаяр софы, Софы Алаяр (т,- ө. ж. белгісіз) - 18 ғасырдың орта тұсында өмір сүрген діни ақын. Ол ислам дінін дәріптеген. Аллаяр софының ең басты шығармасы «Ғазизаға бағыштау» деген шығармасында құдайдың пайғамбарларға жіберді дейтін 4 кітабы: «Тәурат», «Забур», «Інжіл» және «Құран» аталады. Аллаяр софының бұл еңбегі қазақтар арасына 1917 жылғы төңкеріске дейін тараған. Абай бұл шығарманы жете білген. Ол өзінің діни ұғымдарға түсініктеме беріп, дін, сенім туралы түйгендерін қорытқан. «Отыз сегізінші сөзінде» Аллаяр софының: «Бір фәрдәдән жүз фәрдә бижай» деген қанатты сөзін келтіреді. Софының бұл сөзін: «Шәкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Енді зинһар ғадаләт шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та Һәммасы босанады» деген тұжырымын дәлелдеу үшін пайдаланған.
## Дереккөздер |
Алаш автономиясы — Трансқұрлықты қазақ республикасы болған. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. Бұл Ресей Республикасының, одан кейін Кеңестік Ресейдің бөлігі болған ел. 1917 жылда Алаш партиясының қазақ зиялыларымен құрылып, 1920 жылда Кеңес үкіметі басқарып отырған партияның жұмысына тыйым салғанда таратылған. Автономияның мақсаты - Ресейден тәуелсіздік алып, ұлтшылды-демократиялық мемлекетті құру. Ел солтүстігінен және батысынан Ресей аумақтарымен, оңтүстіктен Түркістан Автономиясымен, ал шығыстан Қытаймен шектескен.
## Атауы
"Алаш" сөзі - түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш - қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде қазақтарды белгілеу үшін Алаш сөзін қолданған.
Алаш үкіметі болашақта барлық Орталық Азиядағы түркі халықтарды біріктіріп, тәуелсіз ел құрғысы келді. Сондықтан, Алаш партиясы өз атауын қазақ демей, түркі халықтар үшін жаңа ұлт пайда қылдырып бірлікке жеткенін қалаған. Алайда, партия бұл идеяны ешқашан іске асыра ала алмай, басқа халықтардың зиялыларымен ортақ тіл табыса алмады. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан Мұстафа Шоқай өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.
## Тарихы
(1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ республикалық мемлекеті.
Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-территориялық мемлекеті. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:
* Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
* Қазақ автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
... Қазақ арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша).
Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “осы күнде мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29).
Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).
Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:
* Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...
* Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.
* Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.
2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.
Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.
## Мемлекеттік рәміздер
Семейлік «Халық ерігі» (орыс. Народная воля) газетінде ортасында киіз үй бейнеленген ақ байрақ туралы ақпарат болды:
...1918 жылдың 5 маусымында Алаш қаласына 500 жігіттен құралған қазақ жасағы кірді. 6 маусымда саятшылық орталығында салтанатты кездесу өтті. Жасақ қарулы және әскери өнерге үйретілген, былғары тігілген жағалары бар ұлттық камзолды еске түсіретін өзіндік киім нысаны болған. Ортасында киіз үйдің бейнесі болған ақ ту орнатылды...
1910 жылдардың басында шығыстанушы Барлыбек Сыртанов «Қазақ елінің жарғысын» әзірледі. Кейін ол Алаш автономиясы Конституциясының прототипі болды. Оның ережелерінің бірінде жазылған:
Қазақ елінің туы бар. Ту жасыл, қызыл және сары көлденең жолақтардан тұрады. Жоғарғы бұрышта Жарты ай мен жұлдыздың суреті бар. Жасыл түс — елдің исламға деген адалдығының белгісі, қызыл түс — елді қорғау кезінде төгілген қанның символы, сары түс — қалың қазақ даласының, еркіндіктің символы.
Жазушы Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» кітабының үшінші бөлімінде Ойыл атты Алаш полкінің жасыл туы туралы айтады. Мұқанов басқа жас коммунистермен бірге большевиктер съезі кезінде сахнада бұл туды жыртып тастады.
Профессор Вальтер Трембицкий 1970-ші жылдары Алтын жарты ай мен жұлдызы бар қызыл кенеп түріндегі Алаш автономиясы туының бейнесін жариялады. Ол басқарған дереккөздер анық емес.
## Алашорда үкіметі халық кеңесінің мүшелері
* Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан - төре
* Барлыбек Сыртанов – Найман, Матай
* Мұхаметжан Тынышбайұлы - Найман, Садыр
* Жақып Ақбаев - Арғын, Қаракесек
* Отыншы Әлжанов - Найман, Қаракерей
* Садық Аюкеұлы Аманжолов - Қаңлы, Қара-Қаңлы
* Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов - Арғын, Шақшақ
* Биахмет Шигедекұлы Сәрсенов - Найман, Сыбан
* Халел Ғаббасов - Төлеңгіт
* Райымжан Мәрсеков – Найман, Терістаңбалы
* Жаһанша Досмұхамедов - Байұлы, Тана
* Халел Досмұхамедов - Байұлы, Беріш
* Әлімхан Әбеуұлы Ермеков - Арғын, Қаракесек
* Бақтыкерей Ахметұлы Құлманов - төре
* Базарбай Мәметов - Найман, Садыр
* Уәлитхан Танашев - Байұлы, Шеркеш
* Айдархан Тұрлыбаев - Арғын, Қарауыл
* Мұстафа Шоқай - Қыпшақ, Торы, Бошай
## Көрнекті мүшелер
* Ақбаев Жақып
* Аманжолов Садық,
* Омар Алмасов
* Байтұрсынұлы Ахмет,
* Бекімов Молданияз,
* Бірімжанов Ахмет,
* Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы
* Боштаев Мұқыш
* Досмұхамедов Жаһанша,
* Досмұхамедов Халел,
* Ермеков Әлімхан,
* Жақыпбаев Нүсіпбек,
* Жанайдаров Сейілбек Мейрамұлы,
* Жұмабаев Мағжан Бекенұлы,
* Итбаев Ережеп
* Қадырбаев Сейдәзім
* Қашқынбаев Иса
* Кенжин Аспандияр
* Мәметов Базарбай,
* Омаров Елдес
* Сарсенов Биахмет
* Сабатаев Сатылған,
* Солтоноев Белек,
* Танашев Уәлитхан,
* Тиесов Елдес Омарұлы,
* Мұхаметжан Тынышбайұлы,
* Тұрлыбаев Айдархан,
* Телжан Шонанов,
* Шоқай Мұстафа,
* Халел Ғаббасов,
* Бақтыкерей Құлманов,
* Отыншы Әлжанов.
## Алаш автономиясының құрылуы
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бұл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған.
## Жұрты
Қазақтар
## Тарихы
1917 жылы желтоқсанның 5 — желтоқсанның 13 Орынбор қаласында өткізілген Екінші жалпықазақ съезінде жарияланған.
## Тағы қараңыз
* Алаш Орда
* Алаш партиясы
* Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
* Екінші жалпықазақ съезі
## Фильмдер
* 1990 — «Мағжан» Мағжан Жұмабаев режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 1993 — «Міржақыптың оралуы» Міржақып Дулатұлы режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 1994 — «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 2009 — «Алашорда» режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм”
## Сыртқы сілтемелер
* ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ
* АЛАШОРДА Мұрағатталған 1 тамыздың 2015 жылы.
* Р.К. Нурмагамбетова. Движение Алаш и Алаш-Орда. Историография проблемы. 1920-1990 жж. XX века. Мұрағатталған 23 ақпанның 2007 жылы. (орысша)
## Дереккөздер
### Деректер
Сілтемелер |
Елді мекен:
* Алмалық – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл.
* Алмалық (өзб. Olmaliq) — Өзбекстандағы қала
Басқа мағынада:
* Алмалық – орта ғасырдағы көне қала орны. |
Алманиязов Ағыбай Алмасұлы(24.9.1914 жыл, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы — 14.6.1992 жыл, Алматы) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1953); профессор (1953), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1966). Ташкент ауыл шаруашылық институтын бітірген (1936). 1938 — 41 жылдары Түркістан облысы жер басқармасының агрономы, Бүкілодақтық мақта өсіру ғылми-зерттеу институтының аға ғылым қызметкері, 1953 — 59 жылдары Ташкент ауыл шаруашылық институтының, 1959 — 84 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтының (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі болды. Алманиязовтың ғылыми-зерттеу жұмыстары өсімдік биологиясын, оның ішінде бидай, жүгері, қызылша, бақша дақылдары, жоңышқа және мақта эмбриологиясын, цитологиясын және селекциясын зерттеуге арналған. Ол сондай-ақ жоңышқа өсімдігіндегі цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты тапқан. Бұл зерттеудің Орта Азия мен Қазақстанда жоңышқаның гетерозистік будандарын алуда маңызы зор болды. Қауынның “Қазақстан — 1”, “Қазақстан — 2” деп аталатын сорттарын шығарды. Қазалы қаласының орталық көшелерінің біріне Алманиязовтың есімі берілген.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
* Александр Ефимович Алекторов(1861 — 1918) — орыс ориенталисі, миссионер. Қазақ тарихын, мәдениетін, этнографиясы мен ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеген. 1881 жылы Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген. 1894 жылы ол Торғай облысы халық мектептерінің инспекторы болып бекітіледі. Оған дейін Бөкей ордасында инспектор болған. Торғай облысы халық мектептерінің инспекторы ретінде ол Қостанай қаласына орналасады.Білім инспекторларының Қостанай қаласын тұрақтауы Торғай облысы халық мектептерінің инспекторы Ы.Алтынсарин (1879-1889) тұсынан басталды. Ы.Алтынсариннен кейін инспектор болған А.В.Васильев (1889-1894) те Қостанай қаласында тұрақтайды. Гурьев (қазіргі Атырау) облыстарында халық училещелерінің директоры, инспекторы бола жүріп, қазақ халқының тарихы, тұрмыс-салты, ауыз әдебиеті, тілі жөнінде көптеген зерттеу, жинау жұмыстарын жүргізген. Ол “Қырғыз есімдері”, “Қырғыздар өмірінің бейнесі”, “Қырғыздар” (1886), “Бақсы”, “Қырғыздардың халық әдебиеті” (1893), “Қырғыздардың мал шаруашылығы” (1888), “Қырғыздардың жер бөлісуі” (1889) т.б. барлығы 100-ден аса еңбек жазып қалдырған. 1896 жылы ел аузынан “Қобыланды” жырын жазып алды. 1898 жылы Қазан университетінің жанындағы “Археология, тарих және этнография қоғамы хабарларында” Байтоқ ақынның Жәңгір ханның өліміне арнап шығарған өлеңін жариялаған. “Дала уәлаяты” газетінде Алекторов жинастырған бірнеше қазақ ертегілері басылды. Аса құнды еңбектерінің бірі — “Қырғыздар туралы кітаптар, журналдар мен газеттердегі мақалалар мен хабарлардың көрсеткіші” (Қазан, 1900). Осы “Көрсеткіште” қазақ, орыс тілдерінде 19 ғасырдың аяғына дейін жарық көрген қазақ елінің тарихы, этнографиясы, тілі, әдебиеті, шаруашылығы жөніндегі еңбектердің мазмұны, олар жайлы айтылған сын-пікірлер, қосымша ретінде 50-ге тарта қазақ кітаптарының мазмұндалған тізімі берілген. Ғалым қазақ халқының қабілетін, дәстүрін, өнерін, музыкасын, фольклорын аса жоғары бағалай келіп, “Қырғыздың халық әдебиеті” деген мақаласында былай дейді: “Ескі әндер бір рудан екінші руға беріліп, жылдан жылға жаңарып отырады, қырғыз өздерінің халық әндерін, халық әншілерін жақсы көреді, бір сөзбен айтқанда әрбір қырғыз — әнші” (“Астраханский вестник”, 1893, №117). Қазан төңкерісіне дейін Ақмола, Семей, Орал облыстарының қазақ мектептерінде Ы.Алтынсариннің “Хрестоматиясымен” қатар Алекторов құрастырған оқу құралдары да (“К мудрости ступенька”, М., 1891; “Киргизская хрестоматия”, Орынбор, 1898) пайдаланылған. Миссионер ретінде Алекторов “Что нужно для обрусских инородцев”, “Исламизм и киргизы” т.б. еңбектерінде қазақтарды орыстандыру мәселелерін көтерген. Ол сол кезде іске асырыла бастаған “Бұратана халықтар үшін мектеп — орыстандырудың басты құралы” саясатын белсенді жүргізді. . «Археология, тарих және этнография қоғамы хабарларында» Байтоқ ақынның Жәңгір ханның өліміне арнап шығарған өлеңін жариялаған. Ғалым қазақ халқының дәстүрін, өнерін, музыкасын, фольклорын аса жоғары бағалаған.
## Дереккөздер |
Алмату — орта ғасырлардағы қала орны. Қазіргі Алматы қаласы тұрған жерде орналасқан. Алматудан қалған ескерткіштер 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарына дейін сақталған. Оларды алғаш 1938 ж. өлкетанушы Б. Н. Дублицкий зерттеген. “Тау қыратындағы” (“Горный гигант”) қазба жұмысы жүргізілген төбе үстіне кейін үйлер тұрғызылған. Төбенің көлемі 140х150, солтүстік-батыс қабырғасынан тік бұрышты алаңша (85х40 м) қосылған. Биіктігі 0,5-0,7 м келетін қабырғамен қоршалған, бұрыштарында дөңгелек мұнаралары болған. Үстінен жиналған ыдыс сынықтары 10-12 ғасырға жатады. Осындай құрылыс орны Ботаника бағының орнында да болған. Ол жерден 1969 ж. бірнеше құмыралардан, сырлы сапты аяқтардан және үлкен хумнан тұратын көмбе табылды. Табылған ыдыстар 11-12 ғасырға жатады. Шекарашылар мектебінің терр-нда жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде орта ғасыр ұстаханасының орны ашылған. Әр жылдардағы қазба жұмыстары кезінде Шағатай мемлекетінде 1271 ж. Масуд бек реформасынан кейін соғылған теңгелер табылған. Бір бетіне соғылған жерінің аты көрсетілген. Бұның бәрі Алмату 10-14 ғ. аралығындағы ірі қала орны болғанын дәлелдейді.
## Дереккөздер |
Алматы Ақшамы – Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихатының ресми басылымы. Бірінші саны 1988 ж. 1-шілдесінен бастап “Вечерняя Алма-Ата” газетінің аудармасы ретінде жарық көрген. 1990 ж. 17-ақпаннан дербес газет болып шыға бастады. Газеттің алғашқы бас редакторы — И. Бейсебаев. Алғашқыда 40 мың данамен тек Алматыда, 1982 жылдан кейін Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл облыстарына тарады. Қазір республиканың барлық облысына тарайды. Газет қалалық әкімдік пен мәслихаттың жұмысын, Алматы қаласының әлеум.-экон. өмірін жазып келеді. Редакцияда қоғамдық-саяси өмір, экономика және әлеум. мәселелер, құқық, әдебиет-өнер, хат және қоғамдық пікір бөлімдері бар.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы апорты– Апорттың бір сұрпы. Алматы апорты 19 ғ-дың аяғында Воронеж губ-нан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сұрпымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салмағы 350 г, шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Дәмі және сыртқы бейнесi кадiмгi алмага уксас. |
Алматы ауыр машина жасау зауыты — металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 ж. көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды.
## Тарихы
* Зауыт 1941 ж. көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды. 1942 жылдың наурыз айынан майданға қажетті өнімдер, ал 1946 жылдан прокат жабдықтарын шығарды. 1946 жылдан зауыт бейбітшілік өнімдеріне қатысты прокат (илеу) жабдықтарын шығаруға кірісті. 1951 жылы 84 түрлі өнімдерге қосымша тегістеу, созу стандарын 1/650, 1/750, 6/350 игерді. Осы жылдан бастап зауыт алғашқы халықаралық нарыққа экспортқа қадам басты. 1982 жылы ААМЖЗ шығаратын өнімдерінің номенклатурасында (атауында) 300 ден артық, әр түрлі машина жасау жабдықтары болып, өнімдер әлемнің 32 елдеріне экспортқа шықты, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Германия және т.б.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* http://www.aztm.kz/ |
Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты– медицина саласындағы мамандар біліктілігін көтеруге арналған мемлекеттік жоғары оқу орны. Институт Алматыда 1963 ж. ұйымдастырылған.
1996 жылдан С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрамында. Институт ұжымы дәрігерлер білімін жетілдірумен қатар, ғылыми және алдын ала емдеу жұмыстарымен де шұғылданады. Институтта еліміздің М.Әлиев, Т.Шарманов, С.Балмұқанов, Ә.Ідірісов, Х.Мырзалиева, Ф.С. Каневская, Г.К. Ткаченко сияқты көрнекті маман-ғалымдары мен денсаулық сақтау ісінің белгілі ұйымдастырушылары қызмет етті. Қазір ин-т ұжымында 35 ғылым докторы, 150 ғылым кандидаты жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Алматы Ашытқы Зауыты — Қазақстандағы нан ашытқысын өндіретін бірден бір өндірістік арнаулы кәсіпорын. Негізі 1969 ж. қаланған. 1993 жылы “Ашытқы зауыты” ационерлік қоғамы болып қайта құрылды.Зауыт престелген, кептірілген және аса сапалы нан ашытқыларын шығарады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы Ет-Консерві Комбинаты, “Құлан” акционерлік қоғамы — Алматы қаласындағы ет өңдеуге, шұжық түрлерін, ет консервілерін, құс етін даярлауға, дәрі-дәрмектік заттар әзірлеп, сүйектен ұнтақ жем өндіруге, сондай-ақ, ішек-қарын тазалап, сорпа-сулық дәмқатық шығаруға, тері тұздауға мамандандырылған кәсіпорын. Комбинат 1938 ж. іске қосылған. 1991 ж. “Тұлпар” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 1994 ж. “Құлан” акционерлік қоғамы деп аталды. 1997 ж. кәсіпорыннан “Құланавтобаза”, “Энергия”, “Нұр әлем”, “Алматы ет” акционерлік қоғамдары бөлініп шықты. Кәсіпорын бірнеше рет қайта жабдықталып кеңейтілді. Барлық жұмыс процесі механикаландырылған.
## Дереккөздер
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы Жеміс Консервілеу Зауыты — Алматы қаласындағы жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін консервілеуге, ұзақ сақталатын кейбір тағам түрлерін жасауға мамандандырылған кәсіпорын. 1936 ж. құрылған. Ол 1942 ж. соғыс жағдайына байланысты Алматыға көшіп келген Симферополь консерві комбинатымен біріктіріліп, майдан үшін ет және жеміс-жидек консервілерін шығарды. 1974 жылға дейін Алматы жеміс-консерві комбинаты, кейін Алматы жеміс консервілеу зауыты деп аталды. 1993 ж. зауыт акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 1995 ж. бастап “Алматы жеміс консервілеу зауыты” акционерлік қоғамы деп аталады. Кәсіпорын құрамында 13 цех бар. Негізгілері: консервіленетін көкөніс, томат, жеміс-жидек, балалар тамағы және күнбағыс алуасы цехтары. Бұл цехтар өнімнің 80-ге жуық түрін шығарады.Кәсіпорын өз өнімдерін шет елдерге де жөнелтеді.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алдашев Ахмет Алдашұлы(1937) – мед. ғыл. докт. (1973), проф. (1978). Қазақстанның еңб. сің. ғыл. және тех. қайраткері (1988). Ол құрқұлақ, рахит, ақшам соқыр ауруларының пайда болу себептерін дәлелдеп, олардың биохим. механизмін ашты. Қарағанды мед. ин-тын бітірген (1960). Сонда патофизиология кафедрасында ассистент (1961 — 66). Респ. Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі, директордың ғыл. істер жөніндегі орынбасары (1966 — 75), Одақтық Медицина Академиясының Тағам ин-тының Қазақ бөлімшесінде директордың орынбасары, директоры (1975 — 82) болды. Алматыдағы Дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының ректоры (1982 — 2001), 2002 жылдан кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектерінің бағыты тағамтану және витаминология мәселелеріне, экол. зиянды факторлардың адам организміне әсерлерін тексеруге арналған. А. құрқұлақ, ақшамсоқыр, т.б. аурулардың пайда болуы витаминдер жетіспеушілігінен ғана емес, сонымен қатар организмде кейбір алмастырылмайтын амин қышқылдарының тапшылығынан екенін алғаш дәлелдеді. 250-дей ғыл. еңбектің, оныңішінде 6 монографияның авторы. Қазақстан Республикасының мемл. сыйл. лауреаты (2001). Парасат, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Алдашев Ахмет Алдашұлы (4.9.1937 жылы туған Солтүстік Қазақстан облысы Біржан сал ауданы Кішкентай ауылы) — медицина ғылымының докторы (1973), профессор (1978). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1988). Қарағанды медицина институтын бітірген (1960). 1961 — 66 жылдары сонда патофизиология кафедрасының ассистенті. 1966-75 жылдары республикалық Өлкелік патология институтында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, 1975 — 82 жылдары КСРО медицина Ғылым Академиясының Тағам институтының Қазақ филиалында директордың орынбасары, директоры болды. 1982 жылдан Республика дәрігерлер білімін жетілдіру институтының директоры әрі гигиена кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері тағамтану, тамақтану гигиенасы және витаминология мәселелеріне арналған. Бұл тақырыпта 200-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген, оның 20-дан астамы шетелдерде жарияланған. Ол құрқұлақ, рахит, ақшам соқыры ауруларының пайда болуы витамин тапшылығымен қатар амин қышқылдарының және сүт тағамдарындағы кальций, фосфор тұздарының жетіспеушілігінен болатынын дәлелдеп, олардың биохимиялық механизмін ашты. Сондай-ақ үлкен қалалардағы экологияның бүлінуіне электромагниттік толқындардың әсер ететінін анықтады. Алдашевның жетекшілігімен 5 докторлық және 16 кандидаттық диссертациялар қорғалған. Алдашев Құрмет белгісі және Парасат ордендерімен (1998) және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Алматы жылу электр орталығы (Алматы ЖЭО) — Алматы тұтынушыларын электр энергиясымен, бумен, ыстық сумен қамтамасыз ететін үш жылу-электр орталығы. 1-Алматы жылу-электр орталығы 1931 ж. салына бастап, 1935 ж. 25 қазан күні алғаш ток берді. 1960 жылға дейін Алматы орталық электр стансасы деп аталған. Ол 1944 жылға дейін респ. астанасын электр энергиясымен қамтамасыз ететін жалғыз ғана қуат көзі болды. 1960 жылдан бұл электр станциясы 1-Алматы жылу-электр орталығы деп аталды.2-Алматы жылу-электр орталығын салу 1974 жылы басталып, жылу қуаты 456 Гкал/сағ болатын бірінші кезегі 1982 ж. пайдалануға берілді. Есепті жылу қуаты 1520 Гкал/сағ, көмірмен жұмыс істейді. Негізгі құрылыстары 1978—89 ж. аралығында салынды. Қалада бір орталықтан жылумен қамтамасыз ету жүйесіне 200-ден астам кәсіпорын мен 7000-ға жуық әртүрлі ғимараттар мен үйлер қосылған.Бұрынғы Алматы мемлекеттік ауданаралық электр станциясы 1996 жылдан бастап 3-Алматы жылу-электр орталығы деп аталады. Ол 1962 — 67 ж. аралығында конденсац. жылу-электр ст. ретінде іске қосылды.Алматы Жылу-Элект Орталықтары 1996 ж. Бельгияның “Трактабель” тобы құрған “Алматы Пауэр Консолидэйтед” жабық үлгідегі акцион. қоғамының басқаруына берілген.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы Заң Институты– заң мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. 1956 ж. құрылған. 1998 ж. А. з. ин-ты болып қайта құрылды. |
Алматы ликёр-арақ зауыты — Алматы қаласындағы спиртті ішімдіктер мен сусындар шығаратын кәсіпорын. Ол 1959 ж. шарап зауыты мен кондитер фабрикасының ликёр-арақ цехы негізінде құрылған. Мұнда арақтың, ликердің (шырын қосылған спиртті ішімдік), жеміс шараптарының, спиртті тұнбалардың, шырынды сусындардың т.б. бірнеше түрлері шығарылады. Жылына шығарылатын өнім түрлерінің саны 32-ден 40-қа дейін жетеді. Кәсіпорын 1976 ж. Қазақ бальзамын, 1980 ж. — “Алтынсу” ащы тұнбасын, 1981 ж. — “Таулық” тәтті тұнбасын өндіруді игерді. Бұлар жергілікті дәрілік шөптер мен өсімдік тамырларынан, әртүрлі жемістерден дайындалады. Кәсіпорын 1997 ж. “Алматы ликёр-арақ зауыты” ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
"Алматықұрылыс" - Алматы облысы мен Алматы қаласында тұрғын үй, әкімшілік ғимараттар, өндірістік және коммуналдық қызмет объектілерін салатын холдингтік компания. 1993 жылы "Главалмаатаст- рой" бас құрылыс басқармасы негізінде құрылған. 12 құрылымдық бөлімшесі бар. 1997 жылы олар 3,6 млрд. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстарьш орындап, 284 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін шығарды. "Алматықұрылыс" х.к. құрамындағы "Алматытұрғынүйқұрылысы", " Алматы - өнеркәсіпқұрылысы", "Алматықұрылыс", "Алматымәдени-тұрмысқұрылысы" акционерлік қоғамдары тұрғын үй, мектеп, мәдениет, тұрмыстық қызмет көрсету ғимараттарының, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын жүргізеді, құрылыс құрылымдары мен бетон қоспалар дайын- дайды. Бұлардан басқа "Қапшағайауыркұрылыс", "Алматыинженерлікқұрылыс", "Келешек", "Қарағайағашөңдеу комбинаты", "Құрылысматериалы", "Алматықалақұрылысы" акционерлік қоғамдары тұрғындарға құрылыстық кызметтің барлық түрін көрсетеді. Кейін қалпына келтірілген соң 1940 жылға дейін жұмыс істеп тұрды. Сол жылы мешіт ғимараты зат сақтайтын қойма ретінде Алматы пима жасау фабрикасының есебіне өтті де, 1986 жылы ол "қойма" өртеніп кетті. Кейін саябаққа айналған ескі мешіт орнына алғашқы қалпындағыдай мешіт ғимараты салынды (1998).
Қалада 19 ғасырда ең көп мешіт салдырған адам татар ұлтынан шыққан Ысқакбай деген кісі. Сол мешіттердің бірі қазіргі Д.Қонаев пен М.Мақатаев атындағы көшелер қиылысында (Алматы нан зауыты жанында) әлі түр. Қазіргі Абылай хан даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысына жақын жерде — "Сарттар мешіті", сондай-ақ "Дүнген мешіті" де болтан. Бірақ оның қай тұста орналасқаны ұмытылған. Қазіргі Фурманов және Гоголь көшелері қиылысында 20 ғасырдың басда төрт мұнара, қырлы және дөңгелек қос барабан үстінен шығарылған кегілдір түсті үлкен күмбез және порталдың оң жағынан азан шақыратын дербес биік мұнарасы бар. Мешіт ғамаратының қасбеті, күмбездің дөңгелек барабан-белдеуі, ішкі коріністері ұлттық ою-өрнектермен және арабша жазу-нақыштармен безендірілген. Алматыдағы мешіттердін көріктілері — әл-Фараби даңғылы бойына салынған Хүсни Мүбарак атындағы кешендік Ислам мәдени қалашығы, Алматы орталық мұсылмандар мешітінің жаңа ғимараты, т.б.
## Дереккөздер |
"Алматы Кілем" — Алматы қаласындағы кілем және тоқыма бұйымдарын шығаратын кәсіпорын.
1936 ж. “Ковровщица” артелі негізінде құрылған. 1960 ж. Алматы кілем-тоқыма фабрикасы, 1972 ж. Алматы кілем фабрикасы болып өзгертілді. 7 негізгі және қосалқы цехтары бар. 1962 ж. қол тоқыма станоктары механикалық тоқыма станоктарымен алмастырылды. Негізгі өнім түрлері: машинамен тоқылатын ірі өрнекті кілемдер (4 түсті, 2 түсті түкті), қолмен тоқылатын түкті кілемдер; төсеніш кілемшелер. Фабрика арнайы тапсырыстар бойынша Абай, Жамбыл, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов т.б. әдебиет және өнер қайраткерлері бейнеленген портретті кілемдері де шығарып келді.
Кәсіпорын 1992 ж. “Алматы кілем” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Өнімдері шет елдерге де шығарылады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы Мақта-Мата Комбинаты, Озат акционерлік қоғамы — Қазақстандағы мақта талшықтарынан жіп иіріп, мата тоқитын ірі кәсіпорын. Комбинат құрылысы 1961 ж. басталып, 1965 жылдан өнім шығара бастады. 1965 ж. қуаты 123,9 мың шүйке иіретін және 2220 тоқу станогы бар 1-фабрика іске қосылды. 1968 ж. жылына 74,6 мың мақта-мата тоқитын өңдеу фабрикасы жұмыс істей бастады. 1970 ж. 119 мың ұршығы және 1922 пневмоқылышты тоқу станогы бар 2-иіру-тоқу фабрикасы іске қосылды. Комбинат 1992 ж. Алматы мақта-мата комбинаты — Озат акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Комбинат өнімдері Ресей, Түрікменстан, Украина, Белоруссия республикаларына шығарылады.Комбинат құрамында өндірістік құрылымдармен бірге мәдени-әлеум. салалар да бар. Олар: 1981 ж. салынған Мәдениет сарайы, еңбек даңқы мұражайы, 3 кітапхана, кәсіптік-техникум училище, жастар жатақханалары, санаторий-профилакторий, балалар мекемелері.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.