text
stringlengths
3
252k
Ямышево — Павлодар облысы Аққулы ауданындағы ауыл, Ямышев ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Аққулы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 56 км жерде, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1715 жылы шағын Ямышево (Жәміш) тұзды көліне таяу жерде бекініс ретінде қаланған. 1920 жылы ұжымшар ұйымдастырылып, 1930 жылы МТС құрылды. 1957 жылы кеңшар және өзімен аттас ауылдық кеңестің орталығына айналды. Кеңшар негізінде Ямышевода және округке қарасты Қызылқоғам, Тілектес ауылдарында “Ямышево” ЖШС-і және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Павлодар – Семей автомобиль жолы өтеді. Ямышевода орыстың көрнекті географ ғалымы Г. Потанин туып - өскен. ## Дереккөздер
Яна-Индигирка Ойпаты – Шығыс Сібірдегі Лаптевтер мен Шығыс Сібір теңіздерінің жағалауындағы ойпатты жазық. Саха Республикасының жерінде. Батыста Буорхая қолтығынан шығыста Индигирка өзенің атырауына дейін 600 км-ге созылып жатыр. Ені 300 км. Ойпат теңіз деңгейінен негізінен 50 – 80 м биіктікте. Түпкі тау жыныстарынан тұратын жеке күмбез тәріздес қыраттар мен қырқалардың биіктігі 300 – 400 метр және одан да асады (Әулие Тұмсық мүйісі ауданындағы массив 488 м). Қатпарланған мезозой шөгінділерінен тұратын іргетасты төрттік кезеңнің теңіздік және аллювийлік - көлдік шөгінділерінің қалың қабаты жапқан. Олардың аралықтарында тұтас мұз қабаттары жиі кездеседі. Климаты қатаң. Қаңтардағы орташа температура –30 – 380С, абсолюттік минимум –45 – 500С. Жазы бұлыңғыр, салқын, тұман жиі түседі. Шілдедегі орташа температура 4 – 120С. Жылдық жауын - шашын мөлшері 150 – 250 мм. Өзендерінің ағысы баяу, көктемнің басында тасиды. Қазан айынан мамырдың соңына дейін қатып жатады. Ең ірілері Яна мен Индигирка. Ойпат түгелдей тундра белдемінде. Қиыр солтүстігін селдір мүк пен қына жапқан арктикалық тундра алады. Орта тұсы мүкті - қыналы тундра. Оңтүстік аудандарын бұтақты тундра жапқан. Өзен аңғарларында батпақталған сирек балқарағай ормандары кездеседі. Кіші белдемдердің бәріне де гипнумды - шөпті батпақтар тән. Халық аз қоныстанған. Елді мекендер өзен аңғарларында орналасқан. Жергілікті халық балық аулаумен және аңшылық кәсіпшілікпен айналысады. Аз мөлшерде бұғы шауашылығы дамыған. ## Сілтемелер * Ойпат * Саха Республикасы * Қазан ## Дереккөздер
Мұхаммед Жақыпбек Бадәулет хан (өзб. Muhammad Yoqubbek Badavlat; ұйғ. Яқуб-Бәг Бәдөләт Хан, 1820 жылы Піскенд, Қоқан хандығы – 1877 жылы, Қашқар қаласы) – Цинь империясына қарсы мұсылмандар көтерілісінің басшысы, “Жетішар” мемлекетінің билеушісі. 1865 жылы оны Қоқан хандығының билеушілері Шығыс Түркістандағы маньчжур - қытай үстемдігіне қарсы көтерілісшілердің басшысы Бұзырық қожаға әскери кеңесші етіп жіберген. 1867 жылға қарай Шығыс Түркістандағы ұйғыр сұлтандықтары Бұзырық қожаның басшылығымен біртұтас мұсылман мемлекеті – “Жетішарға” бірікті. Сол жылы Якуб-Бек Қашқарда өкімет билігін басып алып, Шығыс Түркістанның басқа қалаларын да өзіне бағындыра бастады. 1870 – 71 жылы “Жетішар” мемлекетінің құрамына алдымен орталық Үрімші қаласы болған, Дүнген хандығы енді. 1872 жылдың қарсаңында “Жетішар” мемлекетінің құрамына Құмкөл мен Баркөл, Іле аймағынан басқа бүкіл Шығыс Түркістан аумағы қосылды. Шығыс Түркістанға орнығып алғаннан кейін Якуб-Бек Үндістандағы ағылшын өкімет орындарымен тығыз байланыс орнатып, Цинь үкіметі мен Ресейге қарсы тұруға тырысты. Ағылшындар үшін Қашқария “Бұхара мен Құлжа рыноктарының қақпасы” болып саналды, сондықтан олар осы сәтті пайдаланып қалуға тырысты. 1868 жылы орыстардың Бұхараға әскери жорығы кезінде Якуб-Бек қырғыздарды өз билігіне бағындыру әрекеттерін жасады. 1869 жылы ағылшын үкіметі Ресейге Қытайдан тәуелсіз Якуб-Бек мемлекетін тануды ұсынды. Бірақ өзінің қол астына енді ғана бағынған қырғыздар мен қазақтардың көтерілісшілерге қосылып кету қаупінен сескенген Ресей үкіметі бұл ұсынысты қабылдаған жоқ. Якуб-Бек “Жетішар” мемлекетіне төнетін қауіптің ең бастысы Цинь империясы тарапынан болатынын жақсы түсінді. Экономика жағынан артта қалған, әрі шет мемлекеттер тарапынан мойындалып үлгермеген “Жетішар” мемлекетінің Цинь империясымен әскери қақтығысқа түсуі қауіпті еді. Сондықтан Якуб-Бек өзінің әскери күш - қуатын арттыруға тырысты және екінші жағынан Цинь империясымен тіл табысудың жолдарын қарастырды. 1874 – 75 жылдары Якуб-Бек Пекинге өзінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Ишан ханды елшілікке жіберді. Бұл кезеңде Цинь өкіметі өте әлсіз еді. Сондықтан ол елшілерді қа-былдау арқылы уақыт ұтуға тырысты. Қытайлар мен түбі бір болатын соғысқа дайындалу үшін Якуб-Бек те өз кезегінде Үндістандағы ағылшын өкіметінен және түрік сұлтанынан көмек алуға тырысты. 1873 жылы ол Стамбұлдағы ағылшын елшісі Г.Эллиотқа өзінің Түркиядағы өкілі Сайид Якубхан арқылы әскерін ең жаңа қару-жарақпен қаруландыруды, жаяу әскер санын 60 мыңға, атты әскерді 20 мыңға дейін жеткізуді көздейтінін хабарлады. Ағылшын өкілдері Сайид Якубханға “Жетішар” билеушісіне Англиядан қару сатып алу мен әскери өнерді үйрету үшін нұсқаушылар жалдау үшін 800 мың фунт стерлинг көлемінде қарыз беретіндіктерін мәлімдеді. Ресей өкіметі алғашында Шыңжаңдағы оқиғаларға араласпай, бейтараптық саясат ұстауды мақұл көрді. Бірақ ағылшын өкіметінің “Жетішармен” тығыз байланыс орнатуынан қатты қауіптенген Ресей жан - тәнімен Қытайға көмектесуге кірісті. Якуб-Бек Цинь үкіметі бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы “Жетішар” мемлекетінің тәуелсіздігін соғыссыз-ақ мойындайды деп үміттенді. Бірақ Цинь үкіметі өзінің онсыз да қаржылық тапшылығы жағдайында ауыр соғысқа бара қоймайды деген қате түсінік, ұзақ уақыт бойы әскери қақтығыстардан қашқақтау өз кезегінде стратегиялық қателіктерге әкеп соқтырды. Орыс әскерлерінің Ілені басып алуы нәтижесінде Якуб-Бектің бүкіл Шыңжаңды біріктірген күшті мұсылман мемлекетін құру жоспары іске аспай қалды. Англияның Шыңжаңға бекіну арманын да орыстар жүзеге асыртпады. Ресей өзіне жақында ғана бағынған Орталық Азия елдерінің тыныштығын сақтап қалуға тырысты. Бұған қоса Ресейге бағынбай шетелге кеткен ұлт қайраткерлерінің кейбіреулері Якуб-Бектің төңірегінде жүргенін қаламады (қала Сыздық). Орыстардың осы саясаты Қытай қолбасшысы Цзо Цзунь Танның Шыңжаңды Цинь билігіне қайтару жорығының тезірек жүзеге асып, жеңіске жетуіне жеңілдік туғызып берді. 1877 жылы 30 мамырда Якуб-Бек Курле деген жерде жаулары у беріп, кенеттен қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейінгі мемлекетінің ішкі жағдайының әлсіздігін пайдаланған циндік Қытай 1878 жылы “Жетішар” мемлекетін жойды. ## Сілтемелер * Қытай * Англия * Шығыс Түркістан ## Дереккөздер
Адольф Михал Валериан Юлиан Янушкевич (пол. Adolf Michał Walerian Julian Januszkiewicz; 9 маусым 1803 жыл, Минск губерниясы, Несвиж қаласы — 19 маусым 1857 жыл, Дягильно) — поляк халқының көрнекті демократ–төңкерісі, көсемсөзші. Ақсүйектер отбасында туған. Вильнюс университетінің филология факультетіне оқуға түсіп (1821 жылы), ақын Адам Мицкевичтің басқаруымен құрылған студенттердің “Жасылдар” атты ұлт–азаттық қозғалысын жақтайтын жасырын ұйымына мүше болған. Кейіннен Подолия қаласында мұғалім, қалалық сеймге депутат болды. 1830 жылы поляктардың ұлт–азаттық көтерілісіне белсене араласты. Сол көтерілістердің бірінде ол жеті рет жараланып, қолға түсті. 1831 жылы Брест, Мәскеу арқылы Вяткаға жіберілді. Вяткадан Киевке әкелініп, 1832 жылы 4 наурызда әскери сот үкімімен ақсүйек атағынан айырылып, 25 жылға Сібірге жер аударылды. Янушкевич айдаудың алғашқы 12 жылын Сібірде өткізді. Кейіннен Тобылда, Есілде тұрды. Мұнда ол өзі секілді айдауда жүрген отандасы, белгілі ақын Г. Зелинскиймен кездесіп, етене араласты. Осының нәтижесінде Зелинскийдің қазақ елі туралы “Қазақ” және “Дала” атты дастандарының тууына ықпал етті. 1841 жылы Омбыдағы шекаралық басқармаға ауысуға рұқсат алды. Іс қағаздарын тіркеуші қызметін атқара жүріп, 1843 жылдан бастап қазақ даласына дүркін - дүркін сапарға шығатын экспедициялар құрамына енгізілді. Осы сапарларда көргендері мен білгендерін күнделігіне түсіріп, Польшадағы туыстарына хат арқылы жолдап отырды. Оны, әсіресе, қазақ елінің меймандостығы, әдет - ғұрпы, тілі, салт - санасы, ақындық, шешендік өнерлері қатты қызықтырды. Қазақтың сол кездегі толағай тұлғалары үйсін Мәуке би, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы, сұлтан Барақ, ақындар Жанақ пен Орынбай жөнінде естелік, пікірлері аса құнды. Янушкевич қайтыс болғаннан кейін, Францияға қоныс аударған туыстары оны мәңгі есте қалдыру мақсатымен күнделіктері мен хаттарын “Адольф Янушкевичтің өмірі” деген атпен кітап етіп 1861 жылы Париж қаласында, кейіннен 1875 жжылы Берлин қаласында бастырып шығарды. Қазақстанда Янушкевичтің кітабы “Дневники и письма из поездки по казахским степям” деген атпен 1966 жылы Алматыда орыс тілінде, 1979 жылы қазақ тілінде басылып шықты. 2003 жылы Янушкевичтің туғанына 200 жыл толуына орай оның кітабы Астанада “Қазақ даласындағы сапардың жазбалары” деген атпен екінші рет қазақша аударымда басылым көрді. Сол жылы Янушкевич атына пошта маркасы шығарылды. Астана, Семей және Аягөз қалаларындағы көшелерге Янушкевич аты берілген. ## Дереккөздер
Яловенко Петр Самсонович (15.7.1943 жылы туған, Украина, Кировоград облысы Гайворонский ауданы Солгутово село) – әскери қайраткер, генерал - майор (1996 жылы). Одессадағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШІІ) әскерлерінің әскери техникалық училищесін (1965 жылы), ӘШІІ әскери - инжинер радиотехникалық академиясын (1974 жылы) бітірген. 1965 – 86 жылдары ӘШІІ әскерлері құрамында әр түрлі басшылық және техникалық лауазымдарда қызмет етті. 1986 – 92 жылдары ӘШІІ әскерлері бірлестігінің ракета қару - жарақтары қызметінің бастығы, зениттік - ракеталық әскерлер бастығының орынбасары, 1992 – 96 жылдары Қазақстан Республикасы ӘШІІ әскерлері қолбасшысының қару - жарақ жөніндегі орынбасары, 1996 – 98 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару - жарақ жөніндегі орынбасары, қару - жарақ басқармасының бастығы, Бас әскери инспекцияда генерал - инспектор қызметтерін атқарды. 1998 жылы демалысқа шықты. Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер * Украина * Қазақстан * Республика ## Дереккөздер
Яранга – Солтүстік Азия халықтарының ертеден келе жатқан тұрақ-жайы. Ол киіз үйге ұқсас дөңгелек жиналмалы тұрғын үй түрінде болады. Яранганы ертеде чукчалар(чукотша - яран'ы), коряктар (корякша яянга деп атаған), эвендер, юкагирлер, солтүстіктің басқа да көшпелі тайпалары кеңінен пайдаланған. Түркі халықтарының киіз үйінен айырмашылығы: керегесі – таяқшадан, уығы – сырықтан жасалады, шаңырақ болмайды, сырықтардың басы айқастырылып буылады, сырты бұғы терісімен жабылады. Оның іші арнаулы май шаммен жылытылады, содан жарық та түсіріледі; ал ішкі кеңістіктің бір жағы қойма ретінде және ас әзірлеуге пайдаланылады. Отырықшы чукчалар мен эвендер әдетте Яранганың қабырғасын шымнан және тастан тұрғызып, кейде шағын бөлмеге ұқсатып төбесін ағашпен жабатын болған. Осы заманғы тұрғын үйлердің көбеюіне байланысты Яранга тұрмыста пайдаланудан қалып барады, тек бұғы өсіруші ұжымдық көшпелі бригадаларында ғана сақталып қалған. ## Сілтемелер * Азия * Киіз үй * Бригада ## Дереккөздер
Шаяхмет Шамұхамедұлы Жармұхамедов (Ярмұхамедов) (1902 жылы, Қаракөл қаласы – 1953 жылы, Теміртау қаласы) – қоғам қайраткері. Орыс - қазақ училищесін, Верный жоғары бастауыш училищесін (1918 жылы), Ленинградтағы (қазіргі Санкт - Петербург) Бүкілодақтық коммунистік ауыл шауашылығы университетін (1926 жылы) және өнеркәсіп академиясын (1940 жылы) бітірген. 1919 – 21 жылдары Ресей Коммунистік Жастар Одағы Алматы облысы комитетінің хатшысы, 1921 – 22 жылдары Түркістан Коммунистік Жастар Одағы ОК хатшысы, 1923 – 24 жылдары Ленинградта Жұмысшы - шаруа Қызыл армиясы қатарында, Ташкентте Түркістан АКСР Саяси ағарту бас басқармасының төрағасы болды. 1926 – 28 жылы Қызылорда уездік комитеті үгіт - насихат бөлімінің меңгерушісі, Сырдария губерния партия комитетінің үгіт - насихат бөлімінің және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1928 – 29 жылдары Ақмола, Алматы округ атқару комитеттерінің хатшысы, 1930 – 31 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің нұсқаушысы, 1931 жылы тамыздан 1932 жылы мамырға дейін Қазақ АКСР еңбек халық комиссары қызметтерін атқарды. 1932 – 36 жылы Ақтөбе, Алматы облысы партия комитеттерінің хатшысы, 1940 – 43 жылдары Кузнецк металлургия комбинатында кеніш партия ұйымдастырушысы, 1943 – 53 жылы Теміртау қаласындағы Қазақ металлургия зауаты директорының орынбасары болып істеді. Ярмұхамедов Теміртау қаласын салуды ұйымдастырушылардың бірі, республиканың қара металлургиясын дамытуға елеулі үлес қосты. ## Дереккөздер
Яруллин Санғат Саматұлы (9.9.1941 жылы туған, Қазан қаласы) – театр суретшісі, кескіндемеші. 1962 жылы Қазан көркемсурет училищесін бітірген. Ленинград (қазіргі Санкт - Петербург) қаласындағы Комедия театрында Н.П. Акимовтың жетекшілігімен стажировкада болып, мамандығын шыңдаған. Әуелі Ресей театрлары ұжымында (1963 – 65 жылдары) театр суретшісі болып, кейіннен Қазақстанда қызмет етті. Солтүстік Қазақстан облысы орыс драма театрында бас суретші (1965 жылдан) ретінде еңбек етіп, 150-ден астам спектакльдерді көркемдеп безендірді. ## Сілтемелер * Ленинград * Санкт - Петербург * Қазан ## Дереккөздер
Жасақ (моңғ. засаг «билік»; тат. yasaq — заттай подат, башқ. яһаҡ «подат, салық») – Ресейде XV - XX ғасырдың басында Сібір мен Солтүстік халықтарынан заттай салық, негізінен бағалы аң терісі арқылы. Негізінен мал шауашылығымен және аңшылық кәсіппен айналысқан орыс емес халықтарға салынған. Жасақ алу XV – XVIII ғасыларда Еділ бойында, XVII – XX ғасыларда Сібірде жүзеге асырылды. Жасақ қазына есебіне бағалы аң терілерімен немесе малмен төленді. Жасақ төлеу Ресейге бодандықтың бір белгісі болды. Ол әрбір тайпа мен ру үшін жеке белгіленді. Жасақ Кунгур татарлары мен башқұрттар үшін жер салығы, Сібірдің кейбір халықтары үшін жан басылық, сахалар (якут) үшін мал басының санағына байланысты салынды. 18 ғасырдан Жасақ ақшалай салықпен алмастырыла бастады (Еділ бойында 1720 жылдан, Сібірде 1822 жылдан кейін). Жасақ жинаушылардың өз міндеттерін асыра пайдалануы Жасақтық комиссияның көмегімен реттелуге тиіс болды. Ясақ жинау мәселесімен Сібір приказы, 1763 жылдан кейін Ұлы мәртебелі императорлық кеңсе айналысты. Жасақтың көлемі шамалы өзгерген күйінде 1917 жылғы Ақпан революциясына дейін сақталып келді. ## Дереккөздер
Яссы Бітім Шарты, орыс - түрік соғысынан (1787 – 91 жылдары) кейін 1792 жылы 9 қаңтарда Яссы қаласында жасалды. Яссы Бітім Шарты бойынша Ресей мен Осман сұлтандығы арасында жаңа шекаралар белгіленді. Оңтүстік Буг пен Днестр өзендерінің аралығындағы жер Ресейге өтті. Молдавия мен Валахия Түркияға қайтарылды. Түркия Ресей шекараларына тиіспеуге және Грузия мен Кубань жеріне шабуыл жасамауға міндеттенді. Яссы Бітім Шарты Ресейдің Қара теңіздегі жағдайын нығайтып, сауда жолын қауіпсіздендірді. ## Сілтемелер * Ресей * Валахия * Түркия ## Дереккөздер
Ясная Поляна — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл, Яснополян ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласының солтүстік-шығысына қарай 34 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1697 адам (892 ер адам және 805 әйел адам) болса, 2009 жылы 1449 адамды (736 ер адам және 713 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1930 жылы қаланған. 1936-96 жылы шошқа шауашылығы ұжымшарының орталығы болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Kazachstan 2014 : Jasna Polana, Wiśniowka
Ясновка — Солтүстік Қазақстан облысы Есiл ауданындағы ауыл, Яснов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылының оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 857 адам (399 ер адам және 458 әйел адам) болса, 2009 жылы 766 адамды (353 ер адам және 413 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1909 жылы қаланған. 1976–96 жылдары ет бағытындағы мамандандырылған шауашылық бірлестігінің орталығы болды. Ауылдың оңтүстік-батысына қарай 3 км жердегі Көлдер сайынан “Яснов пілі” деп аталған төрттік кезеңде өмір сүрген піл қаңқасы табылған. ## Дереккөздер
Яхмос ІІ (ежелгі египетше “Айдан туған”, грек. Амасис) (т. ж. б. – б.з.б. 525 жылы) – египет перғауны (б.з.б. 569 – 525 жылдары), 26-әулеттің 5-патшасы. Яхмос ІІ тұсында салықты жеңілдету мақсатымен жер кадастры қайта қаралды, Кипр аралы жаулап алынды. Сыртқы саясатта Афина, Спарта, Самос және Лидиямен одақ құрып, парсы әскерлерін Египетке кіргізбеуге ұмтылды. ## Сілтемелер * Амасис * Египет * Афина ## Дереккөздер
Абайдың Жидебайдағы қорығы – Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды 18 ғасырдың 80-жылдары мен 19 ғасырдың 50-жылдары шамасында тобықты руының Мамай, Жігітек аталары қоныс еткен. Ал 19 ғасырдың ортасына таман Жидебай (Мамайдан тараған Еламанның бір ұрпағы), Борсықбай, Барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. * 1850 жылы Құнанбай Жидебайдың солтүстігінде 15 км жердегі күзеуден, Ескітам деген қоныстан жиырма балаға арналған медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан. * 1880 жылы Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдыртқан. * 1885 – 92 жылдар аралығында Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған кенже баласы Оспанның еншісіне тиген. * 1892 жылы (ескіше 1 мамырда) інісі Оспан дүние салған соң Абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен. * Жидебай 20 ғасырдың соңында тарихи-мемориалдық, экологиялық қорыққа айналды. * 1990 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысымен Жидебай қорығының жалпы аумағы 64 км2. Мемлекет қарауына алынған қорық құрамына енген тарихи елді мекендер, қыстаулар, зираттар, көл-сулар мен көгалды алқап, төбе-шоқылар республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемлекеттік қорғауға алынды. Қорық құрамына Абайдың мемориалдық мұражай-үйі, Абай – Оспан және Шәкерім – Ахат ескерткіштер кешені, Зере, Ұлжан, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукенбай, Еркежан бейіті басындағы белгілер, Кеңгірбай бидің бейіті, Құнанбай құдығы, Оспан көлі, Мұсақұл төбесі, Махмұд қорасы, Орыс қорасы, Зұлғарыш қорасы, Ырыздыбай қорасы, Тұрағұл қорасы енеді. Абай атауы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне берілген. Жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштердің барлығы да ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды. ## Дереккөздер
«Абайдың қара сөздері» -1. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1956 ж. жарық көрген зерттеу еңбектері Авторы - X. Сүйіншәлиев. ітапта Абайдың қарасөздері мазмұндық, тақырыптық ерекшелігіне қарай: қоғам құрылысы, ел билеу жайы, оқу, өнер-білім, тәлім-тәрбие, еңбек, шаруашылық, адамгершілік, мораль, мінез-құлық, дүние, өмір туралы арнайы бөлімдерге топтастырылып, ғылыми тұрғыдан қарастырылған. Абайдың 1-, 27-, 37-сөздері және «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінің идеялық-көркемдік ерекшелігі атап көрсетіліп, жеке сөз болған. Қарасөздердегі Абайдың ағартушылық, бұқарашылдық көзқарастары ашылып, оларды ойшылдық, сыншылдық, имандылық мәселелеріне арнап, өсиет, толғау сипатында жазғанын айтады. Автор Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу объектісі ретінде қарастырып, оны 19 ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған. Көлемі 9,8 б. т., 10 мың дана болып басылған. 2. Пекиндегі «Ұлттар» баспасынан 1986 ж. жарық көрген зерттеу мақалалар жинағы. Жинақ С. Мұқанов пен Қ. Бейсенбиевтің Қазақ Совет Энциклопедиясының 1-кітабында (1972) жарияланған «Абай тұлғасы» деген мақаласымен ашылып, одан әрі ойшыл-ақынның ғақлия сөздері (45 сөзі) берілген. Жинаққа бұлармен қатар Қазақстанның зерттеуші-ғалымдары Т. Әлімқұловтың, X. Сүйіншәлиевтің мақалалары енгізілгенерал Бұл материалдарда ақын өлеңдерінің көркемдігі, адамгершілік рухы, жаңашылдық өрнегі, қарасөздеріндегі философиялық ой-толғамдары жан-жақты сөз болады. Көлемі 16,2 б. т., 5000 дана болып басылған. ## Дереккөздер
Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі - Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Семей қаласынан 180 км, Қарауылдан 25 км қашықтықта орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне айналды. Мұражайдың бес бөлмесі мен ұш залына орналастырған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Үйдің кұрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініскелбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Көп заттардың ішінен кабырғадағы түскиіз ерекше көз тартады. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов пен П.Лобанскийлердің суреттері бар. Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын кұжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану мұражайына өткізген көптеген заттарының суреттері койылған. Мұнда күміс құты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай заманынан бүгінгі күнге жеткен ең кұнды заттың бірі - 1885 ж. П.Лобанский қарындашпен салған Абай суреті. Үйдің төргі бөлмесінде ақынның өзі отырған. Онда кітап оқып, жазу жазып, жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәнің сүйек төсегі қойылған. Төсек тұсына Әбдірахман мен Мағауияның суреттері ілінген. Абайдың үш ішекті домбырасы да осында. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Ауызғы бөлме ортасында, дөңгелек үстел үстінде, сыртында күмістен бедер салынған үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған қымыз ожау, бірнеше тегене мен тостағандар тұр. Бұл - Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы сүйек төсек - Әйгерімдікі. Абайдың нәресте кезіндегі заттары да сақталған. Оң босағада Абайдың үш ауызды және шиті мылтықтары ілулі тұр. Үш ауызды мылтықты Семейдің әскери бастығы сыйға тартқан. Дәліз бойымен ілгері жүргенде түпкірдегі бөлменін оң жағында тұрған сүйек төсек - Еркежандікі. Бөлмедегі өзге заттардың барлығы - Абайдың соңғы кездегі өмірінің куәсі. Мұражай-үй шошаласының температурасы жазы, қысы бір калыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған. http://e-history.kz/ru/video/view/89 Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы. ## Дереккөздер
Абай кесенесі — 1996 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы қарсаңында орнатылды. Пьедестал биіктігі 5 м, ұзындығы 200 м, ені 60 м. Биік 2 мұнараның біріншісі – Абай мұнарасы (биіктігі 38,5 метр), екіншісі - Шәкәрім мұнарасы (35 метр). Кешеннің төрт бұрышында төрт күмбез бар. Бұларға қоса диаметрі 36 метр болатын "Орталық Азиядағы жазба мәдениет тарихы" мұражай орны, келіп-кетушілерге арналған қонақжай, амфитеатр, сондай-ақ, мешіт салынды. Бұрын осы орынға жерленген Абай, Оспан, Шәкәрім, Ахат бейіттерін қозғамай, солардың бәрін ішіне ала түрғызылған кесене құрылысы көшпелілер мәдениетінің үрдісінде, қазақ халқының космогониялық танымын бейнелейді. Сонымен бірге Абай кесенесінен Самарқандағы Гүр-Әмір, Аградағы Тәж Махал кесенелерінің әсері де байқалады. Кешен композициясында бастан-аяқ тұтастық сақталған. Оның барлық ғимараттары бірін-бірі толықтырып, даланың кеңдігімен үйлесім тапқан. Құрылыс жұмыстарында, негізінен, Маңғыстаудың ұлутастары қолданылған. Осы кешенді салуға республикалық байқау жүргізілді. Байқауға алты архитектура тобы қатысты. 1991 жылы 19 наурызда республикалық жабық конкурстың комиссиясы өзінің мәжілісінде келіп түскен жобаларды қарап, жеңімпаздарды анықтады. Олар халықаралық конкурстардың лауреаты архитектур Бек Ибраев басшылық ететін авторлық топ болып шықты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Абай-Шәкәрім кесенесі қалай салынды?(қолжетпейтін сілтеме) — «Астана Ақшамы» 25.02.2020
Абат-Байтақ — зират, Батыс Қазақстандағы діни-жерлеу кешені. Сонымен қатар, Қазақстанның Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Талдысай аулынан 12 шақырым жерде орналасқан тап осы зират аумағындағы кесене. ## Сипаттамасы Зират сәулетті – жоспарлық және көркем өнер шешімімен ерекшеленетін әртүрлі мемориалдық құрылыстардан тұрады. Зираттың ортасында 9,52×9,8 м көлемді, екі бөліктен тұратын 11 – қырлы дағыра мен конустық күмбезді Абат – Байтақ кесенесі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ішкі қаланған қабаттарда қаттама кірпіш қолданылған. Кесенеге жақын жерде XVIII ғасырда Абат – Байтақ кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген кірпіштен салынған басқа кесене орналасқан. Халық арасында оны «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп атайды. Кесенеден батысқа қарай қашаулы стелалы тастармен өрнектелген, XVIII-XX ғасырларға салынған 200 құлпытастар орналасқан. Құлпытастар композияциялық және сәндік шешімдердің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Осы ретте 1848 жылы салынған құлпытас қашау шеберлігімен таң қалдырады. Кейбір көлемді – сәндік элементтер ағашты ою әдісімен жасалған.1893 жылы әйгілі құмдауыт блоктерінен ойып салынған құлпытас сирек кездесетін түрге жатады. Абат – Байтақ ескерткішінде қазақ тілінде арабша графикалық құлпытас жазуы мен тамға ойып жазылған. ## Зерттеу мен қорғау Абат – Байтақ кесенесі туралы алғаш рет XVIII ғасырда подпоручия және инженер Ригельман айтқан болатын. Оның деректерінде және тарихшы П.И.Рычковтың деректерінде кесене «Байтан» деп аталынған. Толық түрде ескерткіш Я.Я.Полферовтың Орынбор ғылыми архивті комиссиясының мүшелерімен және ғалым Жозеф Кастаньемен суреттелген. Кейінгі уақытта ескерткіш біржола қиратылып, ғылыми зерттеулер үшін мәнгі жоғалған қайіпте болды. Тек 1980 жылдарының бас жағында Қазақстанның Мәдениет Министрінің экспедициясы аясында археолог Серік Әжіғалиев іс жүзінде оны қайтадан ашты. 1982 жылы зират мемлекеттік маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің қатарына енгізілді және мемлекет оны өз қорғауына алды. Зерттеулерден кейін Абат – Байтақ кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Ол үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен 30 миллион теңге және кірпіштерді күйдіру пешін салу үшін жергілікті бюджеттен 3,5 миллион теңге бөлінді. Кесенені толық қалау үшін ұсталарға 32 мың кірпіш тағайындау қажет болды.
Абай Құнанбаев ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі. ## Орналасқан жері Алматы қаласы, Достық даңғылы, Абай алаңы. Ескерткіш Алматының өзіндік визит карточкасы болып табылады. Қалада ескерткіштердің көптігіне қарамастан, бұл ескерткіш – ең танымал және сүйіктісі. ## Орнатылған кезеңі және авторы Ескерткіш 1960–1961 жылдары орнатылған. Сәулетші – И.И. Белоцерковский, мүсінші – Х. Наурызбаев. ## Тарихи дерек 1938 жылы ҚазКСР Үкіметі үш атақты тұлға – А. Иманов, Абай және В. Чапаевтың ексерткіштеріне конкурс жариялады. Мәскеуде Абай ескерткішінің ең үздік жобасына жарыс жарияланды, оған ең атақты және дарынды шеберлер қатысты. Ең қатал іріктеуден өткен 16 конкурстық жұмыстар арасында ең шығармашыл деп танылғаны Абайды тыныш, сабырлы және салмақты күйінде бейнелеген болатын. Сол кезде Мәдениет сарайының (кейін оның орнына В.И. Ленин атындағы Мәдениет сарайы тұрғызылды) алдында отырғызылған саябақ ағаштарының жасылы арасында тұруы үшін ескерткіш тұғыры төмен етіп ойластырылған. Бірақ бұл жоба сол күйі іске аспады.1960 жылы елдің барлық аумақтарынан жиналған мүсіншілер арасында басымдылық қазақстандық ісмер Х. Наурызбаев – отандық пластикалық өнердің хас шеберіне берілді. Ол қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұлғаның жалғыз дұрыс, терең ойлы бейнесін таба білді. ## Ескерткіш сипаты Ескерткіштің биктігі 14 м-ге жетеді. Алдыға қадам басып келе жатқан Абайдың мүсіні қызыл граниттен жасалған трапеция тәріздес алып тұғырға орнатылған. Бір қолымен кітап, екіншісімен иығына жамылған шапанын ұстап тұр. Бұл дене тұрысы ұлы ақынның игі бекзаттығы мен ол сенімді алға жылжып келе жатқандай сезімін тудырады. Абайдың бет-әлпеті байсалды, ойға шомған.Х. Наурызбаев Абайдың бұл кейпін бірден жасай қойған жоқ, мүсінші талай рет ақынның туған жерінде болып, үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізген. Автордың айтуынша, көптеген сәтсіз талпыныстардан кейін түсінде дәл осы бейнені көрген. Бұл оны өзіндік бір аян мен бата ретінде санаған.И.И. Белоцерковскийдің сәулет дизайнымен бірге Х. Наурызбаевтың монументі қазақстандық өнердің тарихына енді.Ескерткіштің алдынан басталып, батысқа қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан әсем көше - Абай даңғылы ақынның поэзияда салған ұлы сүрлеуі іспеттес. Абай ескерткішіне қазақ және басқа ұлт ақындары (Қ. Мырзалиев, С. Сейітов, С. Хангелдин, Ө. Жайлауов, Ш. Садыханов, Н. Жарқынбаев, Т. Жұмамұратов, Г. Некрасов, М. Оспанов т. б.) өлең-жыр арнаған. ## Дереккөздер
Абд Әл-Ғафур Әл-Кердери, Абд әл - Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу - л – Мафахир әл - Кердери (1166 жылы өмір сүрген) - қазақ далаптай шыққан ғұлама. Әл-Кердери оның кердері руынан шыққанын аңғартады. әл - Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу - л – Мафахир әл – Кердери Бағдат, Басра, Дамаскіде білім алған. Мұсылман заңының, оның ішінде Ислам туы тігілген көптеген өлкелерге кеңінен тараған ән-Нұғман Әбу Ханифа негізін салған мектептің теор. Тұжырым қағидаларын басшылыққа алып зерттеулер мен түсіндірулер жасаумен айналысқан. әл - Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу - л – Мафахир әл - Кердери «Интисар ли Абд Ханифа фи ахбарихи уә ақуалиһи» («Әбу Ханифаның хабарлары мен айтқандарындағы жеңісі»), «Муфид уә мәзид фи шарх ат-Таджрид» («Таджридке (абстактілендіруге) түсіндірме жасаудағы пайдалы толықтыру»), «Шарх «әл-Джамиғ ас-Сағир» («Кіші жинаққа түсіндірме») атты бірқатар кітаптар жазған. ## Дереккөздер
Маухида Атнағұлқызы Абдулкабирова (4 қараша 1917 – 2003, Башқортостан, Уфа ауданы, Нурлино ауылы) – ғалым, геолог, геология-минералдар ғылымының докторы (1973). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1990). 1941-1983 жылдары-Қазақ КСР ҒА Геология ғылымдары институтында сектор меңгерушісі. Геология, металлогения, стратиграфия бойынша еңбектердің авторы. ## Мансабы Қазақ тау-кен металлургия институтын (1941), қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті бітірген. 1993 жылдан Қазақстан ғылым академиясының жетекші ғылыми қызметкері, Геологиялық ғылымдар институтында кіші-аға ғалымы қызметкер, арнаулы металдар секторының меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі болды. Ғылыми-зерттеулерің геологиялық және металлогения мәселелеріне арнаған. Абдулкабирова Солтүстік Қазақстанда жер қыртысы дамуының жаңа формаларын анықтап, оның кен түзілуі мен таралуындағы рөлін және кен орындарының орналасуының жаңа заңдылықтарын дәлелдеді, бұл аймақтың болжамдық геологиялық карталарын құрастырды, кен іздеу жұмыстарының бағытын көрсетті. Ол Солтүстік Қазақстанда алмас іздеудің теориялық негіздерін жасады. Оның болжамы бойынша, Құмдыкөл алмас кен орны ашылып, барланды. Ол әріптестеріне өзінің ізденімпаз ақылымен және қарапайым мінезімен танымал болды. ## Марапаттары * КСРО Мемлекеттік сыйлығы - 1990. * «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі - 1987. ## Еңбектері Өзінің мансабында ол 115 ғылыми еңбек жазды, оның ішінде: * Көкшетау ауданының метаморфты жыныстарының петрографиясы бойынша материалдар (1949 - Алма-Ата) * Блок-блоктық құрылымдар және Солтүстік Қазақстанның эндогендік кен орындары (1975) * Рудалық түзілімдер, алтынды кең орындары, А.-А., 1980; * Қазақстанның блок-блоктық құрылымдары және алтын металлогениясы (1982) * Солтүстік Қазақстан геологиясы: (стратиграфия) (1987) * Тектоника және Солтүстік Қазақстанның терең құрылымы (1988) * Арх-блоктық құрылымдар және алтынның металлогениясы, Қазақстан, А.-А., 1982;
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы — Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1940 ж. 16-қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған. Алғашында қазіргі Абай көшесі, 83-үйде ұйымдастырылды. Ал 1944-67 жылдары қазіргі Комиссар көшесі 132-үйде орналасып, 1967 ж. музейдің экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесі 12-үйге көшірілді. Абай музейі-қорығындағы музей заттарының жалпы саны 22 232 бірлікті құрайды. Оның ішінде негізгі қор -12516 бірлік, ғылыми-қосалқы қор - 9716 бірлік. 11 дербес тақырыптық залдарға орналасқан. «Абай. Жыл мезгілдері», «Дала әуені», «Абайдың балалық шағы», «Ақынның қалыптасуы», «Абайдың шығармашылығы», «Абайдың ақындық мектебі», «Абайдың отбасы», «Қара сөздер», «Абай мұрасы», «Мультимедиялық зал», «Балалар бөлмесі» бөлімдерінде Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. орналыстырылған. Семейдің тарихи-өлкетану музейін ұйымдастыру кезінде Абайдың өз қолымен тапсырған қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін танытатын, салт-дәстүрін дәріптейтін жәдігерлер қойылған. Ақын алақанының табы қалған бұл жәдігерлер 1885 жылы Абай ауылына келген Н.Долгополов арқылы музейге тапсырылып, аса бағалы әрі ғылыми құңдылығы жоғары жәдігер ретінде қазақтың тұрмысын, мәдениетін насихаттауға зор үлес қосып келе жатқанын айырықша атап өтуге болады.Абай тапсырған заттар көшпелі халықтың тұрмысын, шаруа-кәсібін, мәдениетін, өнерін танытатын: ұлттық музыка аспаптары, ертоқым, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, киіз үй жиһаздары, тоғызқұмалақ, ұста саймандары болып бөлінеді. Жәдігерлердің сан алуандығы Абайдың қазақ халқының этнографиясын жан-жақты танытуға ғылыми тұрғыдан қарап, заттарды жүйелі түрде жинақтағанын көрсетеді. ## Музей тарихы… Музей 1940-1944 жылдары Бекбай Байысовтың үйінде ашылып, 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйіне қоныс аударады. Бұл екі үйдің де Абайға қатысы бар. Ақын 1875-1904 жылдары Семей қаласына келгенде осы үйлерге түсіп жүрген. 1967 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында музей қаладағы сәулет ескерткіштерінің бірі саналатын, ұлы ақын өмір сүрген дәуір үлгісімен салынған көпес Роман Ершовтың үйіне көшірілді. Музей алғашқы ашылған жылдары «Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайы» деген атпен Оқу министрлігінің қарауында болады. Одан соң мәдени-ағарту мекемелері басқармасының қарамағына көшті. 1990 жылы «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» болып қайта ұйымдастырылды. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Абайдың-Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығы құрмына: Семейдегі Бас музей, Ахмет Риза мешіт-медресесі, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейі, Жидебайдағы Абайдың музей-үйі, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, «Шәкәрім Саят қорасы» экспозициясы, Әуезовтің Бөрілідегі музей-үйі, Көкбай Жанатайұлының Тақырдағы мешіт-медресесі, Мақаншыдағы Әсет Найманбайұлының музейі, Құндыздыдағы Шәкір Әбенұлының музей-үйі, Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Кәмен Оразалин музей-үйі, 6400 га Жидебай қорығы кіреді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурызында бекітілген № 119 бұйрығына сәйкес республикалық маңызы бар ескерткіш статусы берілген. ## Музей экспозициясы * . «Абай. жыл мезгілдері» - экспозициясы Абай Құнанбайұлының жыл мезгілдеріне арнап жазылған өлеңдері негізінде жасалған. Жылдың төрт мезгілін қазақ әдебиетінде алғаш суреттеген ақын ол – Абай. Залда Абай Құнанбайұлының өлкетану музейіне тапсырған заттары ерекше орын алады. * . «Дала әуені» - бұл бөлімде көрермендер назарына музей қорындағы екі ішекті домбыра, үш ішекті домбыра, қыл қобыз, сыбызғы, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптары ұсынылады. * . «Ақынның балалық шағы» залында ақынның ата-тегі, шежіресімен танысуға болады. Шежіре Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» тарихи еңбегіне негізделеді. Бұған қоса әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан, әжесі Зере туралы мағлұматтар алуға болады. * . «Ақынның қалыптасуы» залындағы архив деректері Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының ел билеу жұмыстарымен таныстырады. Абай оқыған Ахмет Риза медресесіне арналады. * . Абай шығармашылығы» экспозициясында ақын шығармалары тақырыптар бойынша жүйеленіп көрсетілген. Хакім Абайдың философиялық тұжырымдамаларымен экспозицияның орталық стендінде көрсетілген қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі шығармалары таныстырады. * . «Абайдың ақындық мектебі» залы ұстаз-ақынның тікелей тәлім-тәрбиесінде болып, Абай дәстүрін жалғастырған ақын-шәкірттерімен таныстырады. Ш.Құдайбердіұлы және Шәкәрімнің мұрагері және шығармаларын насихаттаушы ақын, ұстаз, композитор А.Шәкәрімұлы мен «абайтану» ілімінің негізін қалаған ғалым, жазушы, М.Әуезов туралы мәліметтер берілген. * . «Абайдың отбасы» залы Абайдың отбасы мен ұрпақтарына арналған. Экспозициядан Абай Құнанбайұлының отбасына қатысты заттар – Әйгерімнің ертоқымы, Еркежанның көйлегі мен камзолы және қыз-келіншектердің зергерлік әшекей бұйымдары орналасқан. Ақын ұрпақтарының шежіресі мен ұрпақтары туралы материалдар жеке көрсетілген. * . «Қара сөздер» Абай Құнанбайұлының ғақлия сөздеріне арналған. Абайдың қара сөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Қара сөздеріне арналған залда көрермендер ақынның өсиетімен танысып, бізге мұра етіп жазған сөздерінен Бата алады. * . «Абай мұрасы» залы хәкім Абай Құнанбайұлының қалдырған өшпес мол мұраларына арналады. Экспозицияда ақын шығармаларының насихатталуындағы кезеңдер көрсетілген. * . «Мультимедиялық зал» Абай Құнанбайұлының музыка саласындағы үлкен мұрасынан хабар береді. Мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған залда көрермендер Абай Құнанбайұлының музыкалық шығармаларымен таныса алады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2020 жылы. * Абайдың әдеби-мемориалдық музей-қорығы қалай құрылды? * Абай музейі - ел тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай YouTube сайтында
Абақ Керей Ережесі– қазақтың дәстүрлі ғұрыптық заңы. Ресей мемлекетінің қол астына кірмеген, дәстүрлі әдет-ғұрпынан ажырамаған қазақтардың бір бөлігі ұстанған құқықтар жинағы. Моңғолия ғылым академиясының тарих ғыл.-зерт. ин-ты қорынан табылған. 1996 ж. тұңғыш ғыл. айналымға түсікен. Бұл заң жинағын түркітанушы ғалым С.Қаржаубайұлы Монғолияның орталық мұрағатынан алып, көне ұйғыр тілінде жазылған құжатты қазақшаға аударыпты. Ереже 17 тармақ, 35 баптан тұрады және екі бастаудан нәр алған болу керек: біреуі – қазақтың ежелден қалыптасқан әдет-нышандары, екіншісі – шариғаттың кейбір қағидалары. Мұнда қазақтың әдеттері басым екені сөзсіз. Бұл құжаттың қазақ халқының құқық тарихын зерттеуге өте қажет дерек екеніне күмәндануға болмайды. Және оның тағы бір ерекшелігі, ол – орыс патшалығына қарамаған қазақтың ұстанған құқықтық жинағы екендігінде. Ереже былай басталады: «Біздің 12 керей тайпасы (Абақ Керей 12 атаға бөлінеді – Қ.Қ.) қазақтың үш жүзінің Орта жүзінен тарайды. Ал Кіші және Ұлы жүз қазақтары бұл кездері орыстың қол астына қараған», болып басталатын ережедегі «Абақ Керейдің Құлыбек, Ақтай, Құтымжар (Қожамжар), Көкен, Бисенбай, Өсер зәңгі, Тұрым қатарлы 12 адамы бас қосып, мал (қой) сойып, жатар орнын сайлап (дайындап) көпшілік қауымды жинай отырып, Мұхаммед (мұсылман) дінін негізге алып, 12 Абақ Керей қазағының ұстанатын заңын жасауды жоспарлапты» . Сонымен үшінші тарау үйлену, некеге отыру жайлы. Мұнда Абақ Керейдің өз ішінде қыз алып, қыз беруіне ұлықсат етілген. Тек он екі атаның әрқайсысы өзара некеге отырмаса болғаны. Ереженің он үш бабы осы тармақтың ішіне кіреді. Төртінші тармақта аталған сыйлы адамдардың қонаққа баруы жайында жазылған.Аталған меймандарды ықылас-ниетіңізбен қонақ қылып күтпесеңіз, айып төлейді екенсіз. Айып мөлшері де аз емес – алды сексен екі қойдан. Келесі бір тармақ дін, молда, қожалар турасында. «Дін адамдары нағыз Мұхаммедтің үмбеті, дінді уағыздау барысында оларға қарсы бөгет, тосқауыл жасаған адамдар кездессе, оны ауыр қылмыс санап, айыппен жазалау керек» делінген. Ережеге бөгдені мұқату, жәбірлеу турасында, несие, қарыз талап ету және қорлық, зинақорлық, жесір хақында, егіндік, шабындық жайындағы тармақтар да енген. Ең қызығы, мұнда соңғы жындану хақында дейтін тармақ та бар. Адамның емес, малдың, иттің жындануы, әрине. Тебеген атыңыз байқаусызда біреуді жазым қылса я құтырған итіңіз қауып алса да айыптан құтылмайды екенсіз. Жаза жүктету ашық жүргізілді, қандай да бір қаулы-қарар, құжат жазып қалдырылмайды. Би жалғыз өзі ғана қылмыскерді тергеп, үкім шығарады. Бидің шешімімен айып жүктелген қылмыскерге құн төлеткен, дүре соққан, ұрлық істесе саусақтарын кесіп тастау сияқты жаза берген. Осы айыптардың ішінде ең жеңілі қамшымен дүре соғу. Ол қылмысты деп есептелген адамды көптің алдына жалаңаштап шығарып, 40, 50, 80, 100 рет дүрелеу. Жасаған қылмысына қарай дүре санын би өзі белгілейтін болған. ## Дереккөздер
Абд ул-Әзиз ибн Шараф Әд-дин (Шараф ад-Дин) (14 ғасырдың ақыры — 15 ғасырдың басы) — тебриздік ұста, шойын құюшы. Әмір Темір билік құрған кезеңде құйылған бірқатар бұйымдардың бас ұстасы. Соның бірі — Темірдің бұйрығымен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мешітіне арналып, 1399 жылы Түркістан маңындағы Қарнақ қыстағында құйылған алып тайқазан (құйған жердің орны күні бүгінге дейін сақталған). Бұл — өз дәуіріндегі шойын құю өнерінің ерекше үлгісі. Қазанның диаметрі 12,5 м, биікт. 1,7 м, салмағы 2 т шамасында. Ернеуінің сырт жағын жиектей құранның 9-сүресінің 19-аяты, төменгі жағына ұстаның өз аты жазылған. Қазан 1939 жылдан Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақталып келді. 1989 жылы Түркістан қаласына қайтарылып, Қожа Ахмет Ясауи мешіт-кесенесіндегі орнына қойылды. ## Дереккөздер
Абдолла (XVII ғасырдың II-жартысы — 1719) — қазақ ханы. Төре тұқымынан. 1718-1719 ж. хандық құрып, Ұлы жүздегі дулат (жаныс, сиқым, шымыр) және шанышқылы, албан, сары үйсін және суан руларын басқарған. Түркістан мен Ташкент, Шыршық, Шу, Талас, Арыс өзендері аралығында, Ташкентке іргелес Ферғананың бір бөлігінде көшіп-қонып жүрді. Ордасы Ташкентте болды. ## Дереккөздер
Көңіл айту, Жақсы сөз айту, Жұбату – қайғы-қасіретке душар болған жандардың қайғысына ортақ екендігін білдіріп, жақсы сөз айтып, көңілін аулау дәстүрі. Ата-баба жолының бұлжымас қағидасына айналған бұл үрдіс бойынша қайтыс болған адамның жақындарына барлық өзге таныстары көңіл айтуға міндетті саналады. ## Қалыптасқан үрдісі Көңіл айтудан бұрын қаза туралы естімеген жағдайда алдымен марқұмның жақындарына естірту салты атқарылады. Естірту үшін елге сыйлы, ата-баба жолын жақсы білетін бір адамды ертіп келіп, қазаны тұспалдап жеткізеді. Естіртудің соңы тоқтам мен сабырға шақыруға және көңәл айтуға жалғасады.Адамның қайтыс болғаны туралы хабарды ести салысымен барлық туыстас, аралас-құралас адамдары көңіл айту үшін ағыла бастайды. Көңіл айтуға мүмкіндігінше жерлеуіне дейін үлгеріп, жаназаға мен топырақ салуға қатысуға тырысады.Қалыптасқан үрдіс бойынша туысқандары, көңілжетер сыйлас ағайындарының жас балалардан басқасы түгелдей келеді. Ал, алыс ағайындар мен аралас-құралас адамның қазасына көңіл айту үшін көбінесе ер адамдар мен бірен-саран әйелдер барады. Алыстан келіп үлгермеген кісілер марқұмның жетісі мен қырқына дейін, тіпті болмағанда жылына дейін көңіл айтуы жөн деп саналады. ## Көңіл айту рәсімдері Көңіл айту кезінде бір-бірімен тығыз байланысты болып келетін бірнеше рәсімдер орындалады. Олар – дауыс шығару, көрісу, көріс айту, жұбату, тоқтам айту. * Дауыс шығару, дауыс салу, жылау. Көңіл айтуға мүмкіндігінше топтасып немесе жекелей де келеді. Жақындағанда ат-көлігін кермеге (атағашқа, мамағашқа) қалдырып, дауыс шығарып келеді. Көңіл айта келген топтың сөз қоспай зарлы әуен шығаруын "қара дауыс" деп атайды. Ал, мұндай кезде қалыптасқан сөз орамдарын қайталай айтып жылау үрдісін "дауыс шығару" деп атайды. Дауыс шығарғанда «бауырым», «ой бауырым», «көкем-ау», «атам-ау» немесе «апам-ау» деп дауыстап жылау кең таралған. Ертеде көңіл айтуға келе жатқан мұндай адамдар қаралы ауылға аттың жалын құша «ой, бауырымдап» шауып келетін болған. * Бет көрісу және көріс айту. Көңіл айту үшін келгендердің барлығы алдымен үй маңында қатарласып, дауыс шығара жылап тұрған марқұмның етжақын ер адамдарымен құшақтасып, көріседі. Осыдан кейін үйге кіріп, жоқтау айтып отырған әйелдермен (әулет аналары, келіндері мен қыздары) көрісіп шығады. Көңіл айта келген адамдар арасындағылардың да жоқтау айтуын "көріс айту" деп атайды. Үй ішіндегі әйелдермен көрісу үшін көңіл айтуға келген ер адамдардың барлығының кіруі міндетті деп саналмайды. * Жұбату. Жылағандар мен жоқтау айтушыларға жасы мен жолы үлкендердің бірі бастап салиқалы сөзбен жұбату айтады. Оның жанындағы адамдар қолдап, толықтырып отырады. Олар еңсесін түсірмеуге, сабырға келуге шақырады. Мұндай жұбату сөздерін көңіл айтушылар кетіп бара жатқан кезде қайталап айтуы да мүмкін. * Тоқтам айту. Ұзақ жасай алмай, қапыда кеткен жас адамның өліміне қатты қайғырып, ас-су ішпей, көптің сөзін тыңдамай езілген ата-анасы мен бауырларына немесе әйеліне арнайы тоқтам айтылады. Бұл да негізінен жұбату сарындас болғанымен, кейіс білдіру немесе зеку сияқты жайттар ұшырасады. Жаратушының қалауына қарсы келуге болмайтындығын айтып, бұлайша тым күйзелудің дұрыс еместігін дәйектеп түсіндіреді. * Көңіл айту. Жылаған және жоқтау айтушы адамдар сабырға келісімен көңіл айтушылар бір-бірлеп келіп қол алысып, қауышып көңіл айтады. Қазақы ортада көңіл айтуда қалыптасқан арнай сөз орамдары бар. Мәселен: «қаза қайырлы болсын», «қазаның қайырын берсін», «өткен кісінің алдынан жарылқасын», «иманы жолдас болсын» және т.б. ## Көңіл айту нұсқалары Көңіл айтуда қайтыс болған адамның жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын көңіл айтудың нұсқалары: * сәбиге қатысты шапағатшы болсын; * ерте қаза болғандарға қалған өмірін сіздерге берсін, қалған өмірін балаларына берсін, көрмеген қызығын сіздер көріңіздер және т.б.; * жасы келген, ұзақ жасаған адамға «иман байлығын берсін» немесе «жасын берсін» деген сөздер жиі айтылады; * жерленгеннен кейін «топырағы торқа болсын», «жатқан жері жайлы болсын» деген сияқты қалыптасқан сөз орамдары да айтылады. Осылайша көңілдегі жақсы сөздерін айтып, қайғысына ортақ екендігін жеткізеді. Қазақы ортада көңіл айтуды өлең түрімен жеткізу де ұшырасады.Көңіл айтудың соңы әдетте, есен-саулық, жақсылық тілеумен аяқталады.Көңіл айту салты орындалған соң жақын ағайындары атқарылатын жұмыстарға бел шеше кірісіп кетеді. Көңіл айтушылар көмек ретінде мал, азық-түлік және басқа да керек-жарақтарды ала келетін болған. Ол аза малы деп аталады. Ал, көңіл айтуға кейінірек келушілер әкелген мал мен ас-тағамды «бата оқыр» рәсіміне арналған деп санайды. ## Ел ағалары мен көпке даңқы жайылған жандардың қайғысына көңіл айту ерекшелігі Ел ағалары мен көпке даңқы жайылған жандардың қайғысына көңіл айтудың қалыптасқан, өзіне тән ерекшеліктері бар. Кейде ол естірту жосынымен қатар жүріледі: әуелі тұспалдап, бейнелеп жеткізген соң қайғысына басу айтып, сабырға шақырады. Көшпелі ортада жырмен, тапқырлықпен немесе шешендікпен айтылған көңіл айту кең таралып, ұрпақаралық байланыста елеулі рөл атқарған. Яғни, онда тарихи тұлғалардың орны, атқарған міндеті, халықтың оған берген бағасы арқау болады. Көңіл айту озық үлгілеріне Бөгенбай батырдың қазасын Абылай ханға естіртіп, көңіл айтқан Үмбетей жыраудың жыры, Тезек төренің баласының қазасына Сүйінбай ақынның көңіл айтуы, тіптен, күні кеше ғана Кенен ақынның екі ұлының қазасына қырғыз ақыны Оспанқұлдың арнайы келіп, жырмен көңіл айтуы мысал бола алады. ## Қазақта көңіл айту – бұлжымас салт Қазақта көңіл айту – кейінге қалдыруға болмайтын, сылтау айтудың реті келмейтін бұлжымас салттардың бірі. Сондықтан, кешірімді себепсіз (жол жүруге мүмкіндіктің болмауы, хабар жетпей қалуы, денсаулықтың нашарлығы, түрлі қасіреттерге тап болуы) көңіл айтпаған адамға қатты ренжитін болған. Қазақта кездейсоқ кездестіріп қалып көңіл айту ұят саналады. Сондықтан, міндетті түрде арнайы барып көңіл айтуға тырысады.Түрлі себептермен уақытында үлгермеген адамның көңіл айту үшін біршама уақыт өткеннен кейін келуін бет көрісу деп атайды. Бет көрісуге марқұмның жылын бергенге дейін барған дұрыс деп саналады.Өте алыс туыстар, аса жақындығы жоқ таныс-біліс адамдар марқұмның етжақын туыстарын алғаш көрген кезде көңіл айта береді. Мұндайда тек қалыптасқан сөз орамдары ғана айтылады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Шешендік сөздер. Құраст. Б.Адамбаев. Алматы, 1992; * Диваев Ә. Тарту. Алматы: Ана тілі, 1992; * Халиди Қ. Тауарих хамса: Бес тарих. Аударғандар: Б.Төтенаев, А.Жолдасбеков. Алматы: Қазақстан, 1992; * Әлімбай Нұрсан. Қазақтың өлікті жөнелтуге байланысты жосын-жоралғыларының этномәдени проекциясы. ҚР ҰҒА-ның хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1994. №4. 36-48 бб.; * Тал бесіктен жер бесікке дейін (қазақтың отбасылық ғұрып жырлары). Алматы, 1996; * Сүйіншіден – көңіл айтуға дейін. Құраст.: Н. Төреқұл. Алматы: Қазақстан, 1998; * Sipos Janos. Kazakh folksongs from the two ends of the steppe. Contributors D.S.Kara and E.Csaki. Budapest: Akademiai kiado, 2001; * Құдайбергенова А., Бекбалақ Қ. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр ерекшеліктері. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Алматы: Арыс, 2005. 200-225 бб.; * Ісләмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы: Арыс, 2007; * Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Құраст.: Б.Ж. Жүсіпова. Алматы: Көшпенділер, 2007; * Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Атамұра, 2010: * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Абдулла Хан, (Абдаллах бек, Абдул) (т.ө.ж.б. 14 ғ.) — Алтын Ордадағы "Дүрбелең жылдары" (1359-79) таққа отырған хандардың бірі (1360/61 — 1369/70). Ата тегі: Шыңғыс хан — Жошы — Тұқай Темір — Үз Темір — Абай — Мыңғасыр. Абдулла хан Мыңғасырдың 9 ұлының алтыншысы. 1359 ж. Бердібек хан өлтірілгеннен кейін 1-2 жыл ішінде Алтын Орда тағына Құлпа, Наурыз бек, Қызыр хан, Темір Қожа отырған. Мамай Темір Қожаны өлтіріп, хан тағына Абдулланы әкелді. Іс жүзінде билікті Абдулла ханның атынан Мамай жүргізді. Осы кезден бастап Алтын Орда екі бөлікке бөлінді. Еділден батысқа қарай Абдулла хан, шығысында Аралдың солтіндегі далалық аймақтарды Шайбани ұрпағы Қожа Мұрат (Мюрид, Меруд, Амурат) биледі. Абдулла хан Мәскеу боярларының өтінішімен жас Дмитрийдің (болашақ Донскойдың) ұлы князь болуына жарлық берген (1363). 1369-70 ж. Мамай Абдулла ханның орнына оның ұлы Мұхаммед сұлтанды (Мұхаммед Бұлақ) таққа отырғызды. ## Дереккөздер * Қазақ ұлттық энциклопедиясы ## Тағы қараңыз
Ришат Мүкімұлы Абдуллин (14 наурыз 1916, Өскемен — 12 қараша 1988, Алматы) — қазақ кеңес әншісі (баритон), КСРО халық әртісі (1967). ## Өмірбаяны Кәсіби музыка өнеріне көркемөнерпаздар үйірмесінен келді. 1933 жылы Алматы музыкалық техникумында, 1936 жылы Мәскеу консерваториясының жанынан ашылған қазақ студиясында оқыды. Профессор А.И.Вишневский класында әннен сабақ алды. 1939 жылдан Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі. Қазақтың ұлттық опера өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты. "Абай", "Травиата", "Даиси", "Демон", "Ер Тарғын", "Біржан-Сара", "Кармен" т. б. операларда басты партияларды айтып, Абай, Жермон, Онегин, Киэзо, Эскамильо т. б. кейіпкерлердің образын жасады. Концерттік программасы да жан-жақты. Репертуарында қазақтың жүздеген өндерінен басқа орыс, татар т. б. туысқан халықтардың әндері бар. Р.Абдуллин Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Отбасы * Егіз ағасы - Мүсілім Абдуллин (1916-1996), опера әншісі. Қазақ КСР халық әртісі (1947). * Жұбайы - Лямига Абдуллина. * Ұлы - Зәуір Абдуллин, опера әншісі (баритон). * Немересі - Карина Абдуллина (1976 жылы туған), әнші, актриса. * Қызы - Зухра. * Ұлы - Шәміл. ## Дереккөздер
Абдуллин Вахит Абдуллаұлы (20.6.1914, Қарағанды облысы Тельман ауданы Қарамұрын станциясы — 12.4.1990, Алматы) — ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1972), профессор (1978), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1983). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (1976). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мәскеу қаржы-экономика институтын бітірген (1954). Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институтында кіші ғылыми қызметкер (1955), аға ғылыми қызметкер (1956), бөлім меңгерушісі (1964) болды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты — қой шаруашылығын индустриясын негізге көшіру жағдайында өндірісті, еңбекті және технологияны ұйымдастырудың озық формаларын ғылыми тұрғыда негіздеуге арналған. Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Мүсілім Мүкімұлы Абдуллин (14 наурыз 1916, Өскемен — 7 желтоқсан 1996, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1947). Ришат Абдуллиннің егізі. ## Өмірбаяны 1939 — 65 жылдары Абай ат. Қазақ опера және балет театрында әнші болды. 1965 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерт”бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. Абдуллин негізінен лирикалық кейіптегі опералық бейнелерді сахнаға шығарды. Мысалы: Төлеген, Қайрақбай, Балпан, Арыстан (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” және “Айман-Шолпанында”), Ленский (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Серік (М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”), Зілқара (Брусиловский мен Төлебаевтың “Амангелдісінде”), Тұяқбай (Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлуында”), Әзім (А. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абайында”) тағы да басқа. Ол 1936 жылы Мәскеуде (Ресей) өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Абдуллин әнші ретінде қазақтың халық әндерімен бірге отандық және шетелдік композиторлардың ән-романстарын ерекше нақышпен орындаған. ## Отбасы Әйелі — Абдуллина Камаш және төрт баласы: * Қызы — Абдуллина Ғалия (1941) * Ұлы — Абдуллин Сағынай (1953) ## Дереккөздер
Абдыра (Әбдіре)— үй бұйымдары мен ұсақ бағалы заттарды сақтайтын, көлемі үлкендеу, үстіңгі қақпағы, бүйірлерінде бірнеше суырмалары (қобдишалары) бар үй жиһазы. Құрылымында бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: сыйымдылығы үлкен абдыра горизонталды түрде қақ ортасынан тақтайшамен екі бөлікке бөлінеді. Оның үстіңгі үлкен бөлігі жалпақ қақпақпен жабылып, ортасында құлып (ілмелі) салатын бастырма және құлып салатын тайпақ орнатылады. Ол тетікті айдаршық немесе кекіл деп атайды. Ал астыңғы бөлігіне бірнеше қорапша тәрізді суырмалы қобдишалар салынады. Кейде, оған ойып салған (жасырын) құлып орнатылады. Мұндай суырмалы қобдишалар бет жағына (алдына) және екі жақ бүйіріне (жанына) де орнатылады. Абдыра кебеженің үлкен түріне жатады. Абдыраның төрт аяғы - оның сұлбасының ерекшелігі. Олардың арасы қалыңдығы бір елідей сүргіленген тақтайдан қиюластырылып мүйізден, ағаштың шайырынан жасалған желіммен жымдастырып, желімделеді. Абдыраның бетімен екі бүйірін оймыштап, түрлі өрнек, бедер салып әшекейлейді. ## Дереккөздер
Абзанов елшілігі, 1767 ж. маусым-шілде айларында Орынбор әкімшілігінің тапсырмасымен Қылшақты өзенінің бойындағы Абылай Ордасына жіберілген башқұрт старшындары Құтлышар Абзанов, Әкімбай Құрманиев, Уақит Түнғатаровтардың сапары. Елшіліктің мақсаты аймақтағы саяси ахуалды анықтау болды. Елшілік Абылайдың Қоқан билеушісі Ерзенеге қарсы соғыс ашпақ болған ниеті іске аспай, еліне оралғаны, бұл соғыста Абылайдың қытайлардың әскери көмегіне арқа сүйемек болған мақсаты кейбір қазақ руларының арасынан қолдау таппағаны жөнінен хабардар болды. Абылай Ресеймен ынтымақтаспақ ойы бола тұра Орынбор әкімшілігімен кездесуден бас тартты. Елшіліктің бұл сапарының нәтижесінде башқұрт пен қазақ халықтарының, Орынбор әкімшілігі мен Абылай ханның арасындағы қарым-қатынас тұрақтала түсті. ## Дереккөздер
Абдулқадыр Инан(1899 – 1972) – тілші-ғалым, тарихшы. Башқортостандағы ұлт-азаттық күресіне қатысқан. Башқортостанда Кеңес өкіметі орнаған соң 1925 ж. Түркияға қоныс аударған. 1935 жылдан Анкара ун-тінің проф. Ресейдің мұғажыр саясаты, Абай Құнанбаев шығарм-ғы жөніндегі
Аболин Роберт Иванович (18.5.1886, Рига қаласы – 17.12.1942, Шығыс Сібірде) – орыс энциклопедияшысы, биология және ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1934), профессор Санкт-Петербург ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1913). Ғылыми-экспедициялық жұмыстары Қазақстан мен Орта Азияның шөлді және таулы аудандарын зерттеуге арналған. Табиғи кешендер ілімінің негізін қалаушылардың бірі. Жер бетін эпигеосферадан қарапайым географиялық кешендерге дейін бөлу жүйесін алғаш ұсынған (1914). Қазақстанның жеке аудандарының алғашқы ландшафтық карталарын жасаған (1929). Қазақстан мен Орта Азияның әмбебап вегетациялық-темпиратуралық белдеуін алғаш рет негіздеп, оларды табиғи-шаруашылық аймақтарына жіктеген (1929–1933). Бүкілодақтық өсімдіктану институтының Шөл бюросын ұйымдастырып (1932), шөлді аудандарда жүргізілген ғылыми-тәжірибелік зерттеулерді басқарды (1932–37), арнаулы шөл станцияларын ұйымдастырды (Шалқар, Орда). Қазақстан ОАК Төралқасының «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған (1934). Оның есімімен Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық аталған (1958). ## Дереккөздер * Қазақ ұлттық энциклопедиясы
I Абдолла Хан (өз. Abdullaxon; 1490 жыл – 1540 жыл) — Бұхара (Мәуереннаһр) билеушісі (1540). Таққа Ұбайдолла хан (1534 – 40) өлген соң отырған. Шайбани әулетінен тараған. Атасы Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақта, әкесі Күшкүнжі хан (1510 – 30/31), ағасы Әбу Сайд хан (1531 – 33/34), інісі Абд әл-Латиф хан (1541 – 51) Мәуереннаһр билік құрған. Абдоллах хан 16 ғасырдың 10-жылдарында Түркістан қағанатының билеушісі болды. 1517 ж. Түркістанға жорық жасаған қырғыз Мұхаммед әскерімен ұрыста жеңіліп, қолға түсті. Мұхаммед оны босатып жіберді. Абдоллах ханнан ұрпақ қалмаған. ## Дереккөздер
Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. ## Өмірбаяны Бала кезінде еркелетіп Абыл атанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған. Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен. ## Күйлері Абылдың: * «Абыл», * «Ақжелең» (А. нұсқасы), * «Нар ату», * «Ақсақ құлан», * «Кеңес», * «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған. ## Мәнері мен шәкірттері Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген. ## Дереккөздер
Авазбакиева Магинур Фатқұлқызы (7.3.1907, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы – 8.2.1987, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1955), профессор (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1979). ҚазПИ-ді (1934, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. ҚазМУ-де (қазіргі ҚaзҰУ) ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі, профессор-кеңесші болды (1938–87). Негізгі ғылыми жұмыстары адам ағзасының бейімделуіне арналған. Қазақстан таулары мен шөл даласы, ауа райының адамға тигізетін физиологиялық әсерін зерттеп, көптеген ғылыми еңбектер жазған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Шығармалары: Влияние климата Казахстана и Киргизстана на организм человека, Алматы, 1958.
Абылайша/ Абылайқос/ Абылайдың қара қосы - жаугершілік заманда әскери жорықта, үдере көшкенде пайдаланылатын уақытша баспана түрі. Абылайша құрылымдық жағынан шаншыма қосқа өте жақын: сырықтары қара қостағыдай байланыстырылмай кішігірім шаңыраққа кигізіледі; керегесі болмайды, ал пошымы киіз үйге ұқсас, киіз жабыны түндік пен үзіктен тұрады, туырлығы болмайды, киіз есігі бар. Шаңырақтың тоғынында сырықты өткізетін қаламдық тесігі қиғаштау тесіледі. Жерге шаншылатын түзу уықтарында иіні жоқ, әрі ұшына қарай сыптығыр (жіңішкелеу), әрі ұшталған қаламы бар, ал жерге шаншылатын жағы жуантық келеді. Шаншыма қостан айырмашылығы уық орнында жүретін сырықтары ұзын болғандықтан еңсесі биік, шаңырақ тоғынының шеңбері үлкенірек болғандықтан көлемі де үлкен болып келеді. Киіз үйдің байырғы дәуірдегі прототипі болып табылатын уақытша баспананың бұл түрі Абылай тұсындағы жаугершілікпен байланысты қайта жаңғырып, яғни абылайша аталған көрінеді. Жортуыл - жорық кезінде мұндай үйде сардарлар тұрған. Қазақ тарихының сынға түскен кезеңінде шешуші міндет атқарған қостың бұл түрі кейінгі кезеңде ерекше құрметке ие болған, ел қамы үшін қызмет етіп, қарекет етіп жүрген жандар тұтынуы оған қатысты өзіндік норманы қалыптастырған. Яғни мұнан кейінгі уақыттарда кез келген жолаушы иен далада қос кезіксе «Абылай тіккен қара қос, Абылайдың қосын аттамайық», - деп, міндетті түрде бұрылып ат басын тіреп, сәлем беріп, ас-суынан ауыз тиіп, өзінің алып жүрген қоржынындағы жол азығынан сыбаға қалдырып кететін болған. XX ғ.-дың ортасынан бастап Абылайшаның да, шаншыма қостың да маңызы азая бастады. Дегенмен, мал шаруашылығының экстенсивті түрімен шұғылданатын қазақтар арасында ішінара сақталған. . ## Дереккөздер
Абыралы көтерілісі(1931 жылы ақпан-наурыз) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданы шаруаларының Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру, мемлекетке мал тапсыру саясатына қарсы бас көтеруі. 1931 жылы қаңтар айында БК (б)П ОК мен өлкелік комитетінің, Қазақ АКСР-ыүкіметінің шешіміне сәйкес бүкіл республикасы бойынша өкіметке мал тапсыру жоспарының 70%-і сол жылдың 1-тоқсанында орындалуы талап етілді. Жоспар бойынша Абыралы ауданының шаруалары әуелі 8745 тонна, кейін түзетілген есеп бойынша 3379 тонна ет өткізуге тиісті болды. Бірақ бүкілауданы халқының қолындағы малды түгел өткізген күнде де шаруалар бұл жоспарды орындай алмайтын еді. Олардың басы артық малы осыған дейін-ақ ортаға және өкіметке тартып алынған болатын. Соған қарамастан ауданы мекемелер бұл науқанды іске асыруға қызу кірісіп кетті. Осының нәтижесінде 1931 жылы 12 ақпанда аудандағы барлық ауылдарда қарсылық әрекеттері басталды. Ауданның шығыс жағындағы 2, 3, 5, 7, 12 және 14 а-дардың Қосқан Бітебаев, Түскей Смағұлов т.б. бастаған 700-дей адамы аудан орталығы — Қайнарға шабуыл жасады. Қайнарды қорғап тұрған қарулы отряд оған тойтарыс берген соң, олар ауылдарға тарап, ұсақ топтарға бөлініп, маусым айына дейін қарсылық әрекетін тоқтатқан жоқ. 1931 жылы маусымда ОГПУ әскерлерінің күшімен олардың бәрі тұтқындалып, жауапқа тартылды.Ауданның солтүстік-батыс жағындағы 4-6-ауылда Ысқақ Кемпірбаев бастаған 300-ден астам шаруалар (қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы “Бақты”, “Еңбек”, “Прогресс” ауылдарының жерінде) қарсылығы тегеурінді сипатта өтіп, кеңестік әскерге бір айға дейін берілмеді. Ауданнан шыққан коммунарлар отрядын (20 адам) тұтқынға алып, үкіметке зорлық-зомбылық саясатын тоқтату жөнінде талап қойған олар елден тартып алынған мал мен астықты халыққа қайтартып бергізді. Бірақ Қарқаралыдан, Семейден келген ОГПУ-дың тұрақты әскери бөлімдеріне төтеп бере алмай жеңіліске ұшыраған көтерілісшілердің көпшілігі қаза тапты. Көтеріліс басшысы Ы. Кемпірбаев және басқалары тұтқынға алыңды. 1931 ж. күзде Абыралы көтерілісіне қатысқан 500-ден астам адам жауапқа тартылды. Тек Кемпірбаевтың жасағында болғандардан 274 адам сотталып, 85 адам атылды. ## Дереккөздер
Абылайкит ғибадатханасы (моңғ. Аблайн хийд, орыс. Аблакет, Аблайн-хит, Аблайкит, Аблайн-кит) — XVII ғасырдың орта кезінде (шамамен 1654-1657) ойрат тайшысы Абылайдың салдырған қамалы. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым жерде, Сібе өзенінің жоғарғы ағысында, Қалба тауының етегінде орналасқан (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы). ## Тарихы Ғибадатхана туралы тұңғыш деректерді 1654 жылы қытай билеушісімен келіссөз жүргізуге жіберілген орыс елшісі Ф.И.Байков қалдырған.Ғибадатхана 1660 жылы Абылайдың туған ағасы Цэцэнның, 1663-1665 жылдары билікке қол жеткізген Сэнгэнның, ал 1671 жылы Сэнгэнды өлтіріп, таққа отырған Қалдан-Бошоқтының шабуылдарына ұшыраған. ## Зерттеу жұмыстары ### XVIII ғасыр Ғибадатхана Н.-К. Витсеннің Амстердам қаласында 1692 жылы жарық көрген «Солтүстік және Шығыс Тартария» еңбегінде және 1687-1698 жылғы «Ұлы Тартария» картасында «Абылай бекінісі» (Ablaische Sterktens) атауымен кездеседі. Ресей Ғылым академиясында В.А.Шишковтың 1735 жылғы экспедициясы барысында жиналған ғибадатхана туралы сипаттамасы, ал Екатеринбург қаласының облыстық архивінде ғибадатхананың сұлбасы сақтаулы. Осында Петербургтегі Азиялық мұражайдың ашылуына бастау болған қолжазбалар табылды. Қазақ даласын «Азияның барлық жеріне қақпа» санаған І Петрдің ғибадатханаға деген қызығушылығы арта түсті. Осыған орай Ертіс даласына 1715-1716 жылдары И.Д.Бухгольцтың, 1720 жылы И.М.Лихаревтің экспедициялары жөнелтілді.Аблайнкит туралы қысқаша мәліметтер Ф.И.фон Страленберг (1730), Г.Ф.Миллер (1750), Гмелин (1751), П.С.Паллас (1786), Фальке (1824) сияқты танымал саяхаттанушылардың еңбектерінде кездеседі.XVIII ғасырдың 20-шы жылдары ғибадатханың айналасында мүсіндер, металдан жасалған кішігірім бұйымдар, тибет және моңғол қолжазбалары табылып, Петербургке жеткізілді. І Петрдің бұйрығы бойынша қолжазбалардың бір бөлігі шығыс тілдерінің мамандары ағайынды Мишель және Этьен Фурмондарға Парижге жіберілді. Еуропадағы шығыстанудың даму деңгейі төмен болғандықтан, қолжазбаларды аудару жұмыстары сәтсіз аяқталды. Кейіннен бұл жазбалардың моңғол-тибет тілінде жазылған, көбіне діни мағынада екені анықталды. Қолжазбалар мен кітаптардың кейбір нұсқалары Париж кітапханасы мен Санкт-Петребургтегі Шығыс елдерін зерттеу институтының кітапханасында сақтаулы. Жазбаларды тілші-ғалым Н. Невский толық зерттеп, жарыққа шығарды.Ф.И. фон Страленбергтің 1730 жылы жарияланған «Ресей және Ұлы Тартария» картасында ғибадатхананың нақты орны мен сипаттамасы бар. Картада Ертістің сол жағалауындағы бекініс Ablaket, ал айналасындағы аумақ «Абылай даласы» (Step Ablai) ретінде кездеседі. ### XIX ғасыр Кейін қазақ даласында ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргізген Г. Спасский, С. Черников т.б. ғалымдар өз еңбектерінде Абылайкит ғибадатханасы туралы пікір айтқан. Қамал моңғол-тибет стилінде салынғанымен, онда жергілікті Дешті-Қыпшақ дәстүріндегі құрылыс үлгілері де қолданылған. Бұл белгілер қамалды салуға сырттан әкелінген шеберлермен бірге жергілікті халық ісмерлері де қатынасқанын көрсетеді. Абылайкит ғибадатханасы жан-жағы терең сай, жоталармен қоршалған, таудың етегіне тірей салынған. Биіктігі 3 м, қабырғасының қалыңдығы 1,5 м. Қамал қабырғасын бірыңғай граниттен қалап, қақпаларын оңтүстік жағынан шығарған. Қамал ішінде үш үйдің орны сақталған. Оның ең үлкені мінәжат ететін бұтхана, қалған екеуі кісі жиылатын үлкен зал мен асхана. Үстіңгі қабатта тұрақжайлар болған. Бұтхана қабырғалары әшекейленген. Онда адам суреттері, нақыш жазулар жазылып, түрлі мүсін-бейнелермен безендірілген. Көшпелілердің 17 ғасырдағы сәулет өнерінің үлгісі болып табылатын Абылайкит бұтханасы 1670 жылы қалмақтар арасындағы өзара бақталастық соғыстар кезінде құлатылған. ### XX ғасыр 1935 және 1937 жылдары ескерткішті археолог С.С.Черников зерттеген.1949 жылы ҚазКСР-і Министрлер Кеңесінің қаулысымен ғибадатхана мен оның аумағы республиканың қорғауына алынды.1980 жылы күзет тақтайшалары орнатылып, жаңа сұлба дайындалған.1990-1991 жылдары ғибидатхананы зертеу жұмыстарын Шығыс-Қазақстанның өлкелік мұражайының қызметкерлері жүргізген. Тұңғыш рет қамалдың топографиялық суреттері жасалып, толық сұлбасы дайындалып, видеофильм түсірілген. ### XXI ғасыр 2016 жылы Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың бастамасымен шығыс Қазақстандағы тарихи ескерткіштерді кешенді зерттеу бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. ## Галерея ## Әдебиет * Андрианов А.А. Материалы по археологии Усть-Каменогорского уезда // Труды Семипалатин-ского окружного музея. – Вып. 2. – Семипалатинск, 1929. * Байпаков K.M., Ерофеева И.В., Казизов Е.С., Ямпольская Н.В. Буддийский монастырь Аблай-хит. - Алматы: ТОО «Археологическая экспертиза, 2019. - 400 с., илл. * Гмелин И.Г. Семь палат и Аблай-кит: описание двух монастырей на верхнем Иртыше (отры-вок из «Путешествия по Сибири в 1733-1743 гг.». Геттинген, 1751) // Россия, Сибирь и Централь-ная Азия (взаимодействие народов и культур). – Барнаул, 1999. – С.132-136. * Никитин В. Краткое описание памятников древности Семипалатинской области. – Известия Императорской археологической комиссии. – Вып.1. – СПб., 1901. * Паллас П.С. Путешествие по разным местам Российского государства. – Ч.2. – Кн.2. – СПб., 1786. * Спасский Г.И. О древних развалинах в Сибири // Сибирский вестник. – Ч.3. – СПб, 1818. – С.52-107. * Яхонтова Н.С. Рукописное наследие ойратов в собрании Института восточных рукописей РАН // Проблемы изучения нематериального культурного наследия народов Казахстана и Цен-тральной Азии: топонимика, эпиграфика, искусство. Сборник материалов международной кон-ференции, г. Астана, 18-19 ноября 2014 г. – Алматы, 2014.
Ағыбай батыр кесенесі — Ағыбай Қоңырбайұлына салынған, 19 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. 19 ғасырдың 80-жылдарында Бетпақдаланың солтүстік-шығысындағы Шұнақ-Тайатқан тауының маңайында, Босаға өзенінің аңғарында тұрғызылған. Шаршы түріндегі (8,80х8,58 м), бір бөлмелі күмбезді ғимарат. Сыртқы бұрыштары қосар мұнаралармен өрнектеліп, күмбезі өріліп шығарылып, ілкіде ұшар басына Ағыбай батырдың самаурыны қойылған. Кіретін бөлігі жеңіл ағашпен айван үлгісінде жабылып, оңтүстік жағынан шығарылған. Бөлменің ішкі бұрыштарындағы ширек бағаналар күмбез шеңберімен бірігіп кеткен. Бөлменің төменгі жағы ақ түсті, жоғарғы жағы сарғыш түсті әкпен әктелген. Кесене ішінде 12 мәйіт бар. Ағыбай батырдың сағанасы бөлменің түкпірінде солтүстік-батыс бұрыштан екінші орында жатыр. ## Дереккөздер
Назар Ағашаяқ (шын аты-жөні Назаролла Жүндібайұлы; 1818, бұрынғы Семей губ. Өскемен уезі, Делбегетей болысы, Сапақ а. - 1898, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Саттық қыстағы) – әнші, ақын, өнерпаз, сал-сері, батыр, балуан. Найман ішінде Матай руының Құдас бұтағынан шыққан. Жастайынан қолына домбыра ұстап, ән айтқан, серілік құрған. 18 жасыңда әнші, ақын, сері, балуан деген атаққа ие болды. Екі бақан таңып аттылы адаммен жарысқа түсуі оны ел ішінде А. атандырды. Ағашаяқ түрлі аң-құстың өуеніне салған, бет-әлпетін құбылтып, неше алуан күлдіргі ойындар көрсеткен. "Беташар", "Билерге", "Баласы Жүндібайдың атым Назар", т.б. мысқыл өлеңдерінде әділетсіз атқамінерлерді шенесе, "Атандым өзім Назар Ағашаяқ", "Жарқылдадым жас күнде", "Кәрілік" секілді өлеңдерінде көңіл-күйін, өмірден көріп-түйгенін тақпақ, нақыл сөздер арқылы білдіреді. Оның "Қара жорға", "Ау, жаным, Жәнікей-ау", "Сары өзен" әндері ел ішіне кең тараған. Ағашаяқ өлеңдері Әдебиет және өнер ин-тының қолжазбалар орталығында сақтаулы. ## Ағашаяқ (Берікбол Көпенұлы) * (шын аты — Берікбол Көпенұлы; 1861 жылы т., қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Мұқыр ауылы — 1932 жылы, сонда) — әнші-күйші, ақын, өнерпаз. Ағашаяқ әнші-күйші әрі ақындығының үстіне биші, желаяқ жүйрік, шабандоз, алуан түрлі цирк ойындарының шебері, күлдіргі-сайқымазақ болған. Дәстүрлі 8 пернелі домбыраға 2 перне (барлығы 10 перне) 3-шек қосып тарту төркіні осы Ағашаяққа саяды. Домбыраны башаймен тарту, дауыспен әр жастағы адамның, әртүрлі аң-құстың үнін салу Ағашаяқ өнерінің бір қыры саналған. “Аяғым-ай”, “Ахахау-ахау”, “Ой, жиырма бес”, “Жиырма жеті қыз”, “Жетімнің әні”, “ Ұмпа-ұмпа парадай”, “О, дүние, кемпірім-ай”, “Құдыреттің кер тайы-ай” атты күлдіргі әндер шығарған. Әміре Қашаубаев Ағашаяқтың “Ағашаяқ” әнін Париж сахнасында орындаған. Әміреден оны А. Затаевич жазып алып, нотаға түсіріп “Қазақтың 500 ән-күйі” кітабында жариялады (1933 жылы). Ән мәтіні “Қазақтың халық әндері” жинағында (1955 жылы) жарық көрді. Ағашаяқ өз жанынан күй де шығарған. Абайдан көп үлгі алып, ұлы ақынның әндері мен өлеңдерін ел арасына таратқан, оның Көкбай, Уәйіс, Ақылбай сияқты шәкірттерімен жақын дос болған. ## Дереккөздер
Адалбақан — киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Адалбақан көбінесе бұтағы көп балапан қайың мен шыршадан (самырсыннан) жасалады. Жас ағашты кесіп алып қабығын аршығаннан кейін, оның бұтақтарын түп жағынан бір сүйемдей қалдырып, ұшын кесіп тастайды, бұтақ түбірлерін бақанның жоғарғы ұшының бағытымен майыстырып иеді де, ұштарын қайыспен не мықты жіппен бақанның діңіне таңып, көлеңкеде кептіреді. Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып әбден кеуіп қалыптасқан кезде таңғышты шешіп алып, оның ұштарын үшкірлеп жонып ілгек жасайды. Кейде адалбақанды бұтақсыз ағашқа басқа ағаштың бұтағын не болмаса бөкеннің мүйізін бекіту арқылы да жасайды. Адалбақан сәнді болу үшін шеберлер оның сыртын әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды, бүршік бас алтын, күміс шегелермен нақыштайды. ## Дереккөздер
Адам құқықтары жөніндегі комиссия - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия - консультативті кеңесші орган. ҚР Президентінің 1997 ж. 22 сәуірдегі Жарлығымен құрылған. Комиссия Президенттің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі конституциялық міндеттемелерін жүзеге асыруына, сондай-ақ осы мақсаттағы тетіктерді жетілдіруге жәрдемдесуі тиіс. Комиссия адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету, қорғау жөнінде ҚР Президентінің атына және тікелей өзіне жолданған хат- хабарларды қарап, осыған орай жыл сайын арнаулы баяндамалар дайындайды, адам құқығын қорғаудың тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасайды. Қазақстан мүддесіне қатысты адам құқықтар жөнінде сараптамалық материалдар, арнайы халықаралық-құқықтық құжаттар, сараптамалық қорытындылар әзірлейді. Осы сала бойын¬ша маманданған халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады. Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ереженің 7-пунктінде "Комиссия Мемлекеттік хатшының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін төрағадан, комиссияның хатшысы мен мүшелерінен тұрады" делінген. ## Дереккөздер
Аға cұлтан — хандық институтты жойғаннан кейін Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдету мақсатымен құрған әкімшілік-аумақтық округті басқарушының лауазымы. ## Тәртібі Алғашында хан-төрелердің тұқымы сайланған. Кейіннен хан тұқымдарының ықпалын әлсірету үшін “Аға сұлтандарды сайлау хақындағы” жаңа ережелер жасалып, айрықша қабілетімен танылған “қараларды” да сайлауға рұқсат берілді. Ресей үкіметінің “Сібір қазақтары туралы жарғысында” (1822) мынадай әкімшілік бөліктер белгіленді. 50-70 үй — бір әкімшілік ауыл, 10-12 ауыл — бір болыс, 15-20 болыс — бір округ. Аға сұлтанды болыс басқарушылары үш жылға сайлады. Алғашқы ашылған (1824) Қарқаралы округінің (бұрынғы Бөкейхан иелігі) аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысұлы, Көкшетау округінің (бұрынғы Уәлихан иелігі) аға сұлтаны Ғұбайдолла (Абайділда) Уәлиханұлы болды. Шыңғыс Уәлиханұлы (Құсмұрын), Тезек төре (Ұлы жүз), Ерден Сандыбаев (Атбасар), Бексұлтан Ағадайұлы (Аягөз), Әділ Бөкейханұлы (Кіші жүз), Шалғынбай Бірәліұлы (Қарқаралы), Мұса Шорманұлы (Баянауыл) т.б. белгілі Аға сұлтандар шықты. ## Міндеті Аға сұлтанның басты міндеттері: Ресей билігін жүзеге асыру, алым-салық жинату, сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, “бүлікшілерді” басу т.б. Үш жылдан кейін ақсүйек Аға сұлтанға Ресей армиясының майоры шені және дворяндық атақ берілді. Қарадан шыққандары кіші офицерлік хорунжий шенімен шектелді. (мысалы, Құнанбай Өскенбайұлы). Аға сұлтанның жылдық жалақысы 380 сом мөлшерінде белгіленді. Оларды халық дәстүрімен ақ киізге отырғызып көтерді. Бұл рәсім елдің әдетте арқа басы кеңіген, шаруасы түзелген тамыз айында жүзеге асырылды. Өздеріне қолайлы үміткерді өткізу үшін Аға сұлтан сайлауына орыс әкімшілігі ықпал жасап отырды. Отаршылдық билікті одан әрі күшейту мақсатындағы І Николай патшаның жаңа реформасына (19.5.1854) сай округ тарап, Аға сұлтан лауазымы жойылды. Аға сұлтан дар ұрпақтары 1867 — 68 жылдары реформа бойынша біршама жеңілдіктерге ие болды. ## Қарқаралы Округі ## Ақмола сыртқы округі * Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы (1832- 1842), (1845-1849) ## Аманқарағай округі * Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1834 – 44) ## Аякөз сыртқы округі * Сарт Жошыұлы * Бексұлтан Ағадайұлы * Барақ Солтыбайұлы 1861-1862 ## Алатау округі * Тезек Нұралин (Тезек төре)? ## Атбасар сыртқы округі * Ерден Сандыбаев 1862-? * Көшек Жадаев ## Баянауыл Сыртқы Округі * Шоң Едігеұлы (айдабол руынан, 1833 - 36) * Шорман Күшікұлы (қаржас, 1836 - 37), * Маман Абылаев (төре, 1837 - 38), * Бопы Тәтенұлы (төре, 1838 - 40), * Боштай Тұрсынбайұлы (айдабол, 1840 - 41), * Бердәлі Қазанғапұлы (бәсентиін, 1841 - 42), * Қазанғап Сатыбалдыұлы (1843 - 48), * Әли Көксалов (төре, 1848 - 51), * Ханқожа Тәтенұлы (төре, 1851 - 53), * Мұса Шорманұлы ## Көкпекті округі (1844 - 18?) * Қисық Тезе­ков (род Кенже – Мұрын) ## Көкшетау сыртқы округі * Ғұбайдолла Уәлиханов – 1824, 1832-1838. * Жылғара Байтоқин – 1824-1826, 1838-1841. * Тоқтамыс би – 1826-1827. * Абылай Ғаббасов – 1829-1832. * Әбілқайыр Ғаббасов – 1841-1845. * Маңдай Тоқтамысов – 1845-1851. * Әбдіғафар Маңдаев – 1852-1854. * Пірәлі Ғаббасов – 1854-1857. * Мұса Жылғарин – 1858-1860, 1866-1868. * Шыңғыс Уәлиханов – 1860-1862, 1863-1866. * Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1857 – 68) * Құспек Таукин – 1862-1863. ## Құсмұрын округі * Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1844 – 1853) * Есеней Естемесұлы (1853 – 1859) ## Үшбұлақ округі ## Дереккөздер * https://cyberleninka.ru/article/v/istoriya-obrazovaniya-bayan-aulskogo-okruga-srednego-zhuza
Ағайынды Нобельдер Серіктестігі, Ағайынды Нобельдердің мұнай өндіру Серіктестігі — ағайынды швед кәсіпкерлері Роберт, Альфред және Людвиг Нобельдер Бакуде құрған (1879 жылы) мұнай өндіру және сатумен айналысатын кәсіпорын. Бакуде мұнай өндіретін зауыт ашып, тез байыған ағайынды кәсіпкерлер Каспийдің шығыс алабына, Қазақстан мен Түркіменстанға көз сала бастады. Жайық пен Жем, Маңғыстау өңірлерінің қазақтары жер бетіне шығып жатқан, тайыз құдықтарға жиылатын мұнайды сонау ерте замандардан бері білетін. Геологтар мен инженерлердің нақты есебіне сүйенген Нобельдер қазақ даласын бұрғылап, зерттеу жұмысын қолға алды. Қазақстандағы мұнайды бұрғылау алғаш 1892 жылы Жайық-Жем алабынан басталды. 1899 жылы Қарашүңгіл мұнай кен орнында бұрғыланған 7-скважинадан 40 метр тереңдіктен тәулігіне 25 тонна мұнай беретін фонтан атқылады. 1911жылы 29 көкекте Доссорда бұрғыланған 3-скважинадан 226 метр тереңдіктен мол мұнай ақтарылды. 1914 жылы Мақат мұнай кен орны пайдалануға берілді. Ағайынды Нобельдер Серіктестігінің Қамысқалада (Новобогатта) 2/64 скважинасынан тәулігіне 50 тонна мұнай атқылауы Қазақстандағы мұнай кендерінің зор болашағын көрсетті. Нобельдер осы өңірден “Ембі” мұнай қоғамын ашты. 1914]жылы Мақат пен Доссорда өндірілген мұнай көлемі 272746 тоннаға жетті. Мұнайдың басым көпшілігі Ағайынды Нобельдер Серіктестігінің Бакудегі мұнай өңдеу зауытына жөнелтіліп, одан керосин, парафин және басқа да өнімдер алынды.Жастайынан Ресейде (Петербугта) өсіп, Кавказ өңірін, Қазақстан мен Орта Азияны жетік білетін Нобельдер Каспий өңірінде мұнай өнеркәсібін өркендетуге елеулі үлес қосты. Олар өз заманының білімді де білікті адамдары еді. Станок конструкторы, Орыс техникалық қоғамының мүшесі Людвиг Нобель Петербургте әкесі негізін салған “Людвиг Нобель” (“Русский дизель”) зауытын машина жасайтын ірі кәсіпорынға айналдырды. Оның қаржыландыруымен Швецияда жасалып, Каспийге алып келінген “Зороастр” кемесі дүние жүзіндегі тұңғыш мұнай таситын танкер еді. Людвигтің інісі әрі кәсіптесі, Лондондағы корольдік қоғамның және Швеция Ғылым Академиясының мүшесі Альфред Бернхард Нобель (21.10.1833 — 10.12.1896) жарылғыш динамитті ойлап тауып, оны өндіретін кәсіпорын ұйымдастырған дарынды өнертапқыш болатын. Қазіргі химиялық, физикалық, медициналық, экономикалық, әдебиет саласында аса көрнекті жетістіктерге жыл сайын берілетін халықаралық Нобель сыйлығының қоры сол кісінің қаржысына құрылған. Ағайынды Нобельдер Серіктестігін жиырма жылдай басқарған Эммануэль Нобель (Людвиг Нобельдің баласы) оны 1920 жылы “Стандарт ойл” (АҚШ) мұнай компаниясына 11,5 миллион долларға сатты. ## Дереккөздер
Адахкес, (Адахкет) — орта ғасыр саяхатшыларының жазбаларында аталатын қала атауы. Ғалымдардың болжауынша, қазіргі Жамбыл облысы Талас өзенінің бойында, Тараз қаласының солтүстік-батысында орналасқан. Араб географы Ибн Хордадбех (9 ғасырда) Кавакет Тараздан 7 фарсах жерде, ал одан Қимақ патшалығының астанасына дейін 80 күндік жер деп жазса, 10 ғ-да өмір сүрген тағы да бір араб географы Әл Хамадамидің айтуынша, Тараздан қимақтарға баратын жол (солт-ке қарай) Кавакиб деп аталатын жерде орналасқан жақсы жабдықталған екі елді мекен арқылы өткен. Осы екі қаланың аттары басқа деректерде Адахкес және Дех Нуджикес деп аталады. Олардың орындары Тараздың солтүстік-батысында орналасқан Қаракемер мен Бектөбе қаласы жұрттарына сәйкес келеді. Бұл екеуі де орталық бөлігі ұзын дуалмен қоршалған төбелер. Бір-бірінен 500 м қашықтықта орналасқан. Бектөбенің аумағы 120 м, биікт. 6 м. Төбенің маңынан жиналған ыдыс сынықтары 6-12 ғ-ға жатады. Қаракемер — төртбұрыш тәріздес келген төбе. Оның көлемі 450х450 м, биікт. 8 м. Қаланы қоршаған дуалдың аумағы 2 км. Бұл төбе басынан жиналған ыдыс сынықтары да 6-12 ғ-ға жатады. Екі төбенің орнында да үлкен қала болғандығы анық байқалады. Бұларды 1938 жылы Жамбыл археологиялық экспедициясы (жетекшісі А. Н. Бернштам) зерттеген. Төбелердің қайсысы Адахкестің, қайсысы Дех Нуджикестің орны екендігі анықталмаған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том
Аджаиб Әл-Бұлдан (“Елдер ғажайыптары”) — араб тарихшысы, географ Зәкәрия әл-Қазуинидің (13 ғасыр) шығармасы. Алғаш 1263 жылдан кейін 1275 жылы “Асар әл-билад уа ахбар әл-ибад” (“Қалалар ескерткіштері және Алланың құлдары туралы мағлұматтар”) деген атпен қосымшалармен толықтырылып 2-рет жазылды. Автор шығармасында 50-ге жуық орта ғасыр тарихшыларының, солардың ішінде әл-Жайхани, әл-Жаһиз, әл-Масуди, әл-Бируни, Әбу Дулаф, ибн Фадлан еңбектеріне сүйенеді. “Аджаиб Әл-Бұлдан” жер беті жеті бөлікке бөлінеді, олардың әрқайсысында орналасқан қалалар, таулар мен өзен-көлдер, теңіздер мен аралдарға геогр. сипаттама береді. Шығарма 9-11 ғ-да қазіргі Қазақстан жерін мекендеген оғыз, қыпшақ, қимақ, қарлұқ т.б. түркі тайпаларының орналасуы, кәсібі, мәдениеті, діні жөнінен мағлұматтар беретін құнды дерек болып табылады. Жер шарының картасы беріліп, ондағы түркі тайпаларының орналасуы көрсетілген. “Аджаиб Әл-Бұлдан” 1848 жылы неміс арабтанушысы Ф. Вюстенфельд бастырып шығарды.
АҒАШЕРІ (парсыша ағач-эри) — түркі тілдес тайпа. Ол туралы алғашқы деректер Византия жазушысы Приск Панийскийдің (5 ғасырдың 3-ширегі), рим жазушылары Иорнанд пен Кассиодордың (6 ғасырдың ортасы) еңбектерінде кездеседі. АҒАШЕРІ Каспий теңізінің солтүстігін мекендеген. 1245 жылғы араб-түрік-моңғол сөздігінде АҒАШЕРІ “Орман адамдары” деп аталады. Рашид ад-Дин АҒАШЕРІні оғыздардан тараған тайпаларға қосады (“Жами ат-тауарих”). Ертеректегі деректерде АҒАШЕРІ хазарлардың бір буыны ретінде сипатталады. Бұлар алдымен Солтүстік Кавказды, кейіннен оғыз тайпалары — афшар, баятпен бірге Шығ. Анадолының Мараш тауын мекендеген. 1246 жылы АҒАШЕРІ басқа түрік тайпаларымен бірлесіп, моңғол қолбасшысы Байчу-ноян әскерлеріне қарсы тұрған. Осы кезеңде АҒАШЕРІнің үшінші тобы салжұқтардың Аққойлы мен Қарақойлы одағына енді. Қазіргі кезде АҒАШЕРІ ұрпақтары Иранның оңтүстік-шығысын мекендейді. ## Дереккөздер * Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Адыраспантөбе — көне қала орны. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Дехкан шаруа қожалығының аумағында орналасқан. 1940 жылы Жамбыл археологтар тобының жетекшісі Г.И. Пацевич зерттеген. Қала жұртының сақталған қалдығы екі қабаттан тұрады. Үстіңгі қабат аумағы 180х180 м, оңтүстік жағының биіктігі 20 м, солтүстік жағының биіктігі 10,5 м, ал астыңғы қабаттың аумағы 100х100 м, оның солтүстік жағының биіктігі 2 м, оңтүстік жағының биіктігі 0,5 м. Үстіңгі қабаттың ортасында аумағы 27х27м шағын бекініс салынған. Қала қалыңдығы 5-6 м, қазіргі кездегі сақталған биіктігі 0,5 м келетін дуалмен қоршалған. Оңтүстік-батыс бұрышқа қарама-қарсы 20 м жерде аумағы 30 м, биіктігі 2 м шағын төбе бар. Ол ерекше тұрғын жай орны тәріздес. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Адыраспантөбеден теріп алынған қыш ыдыстардың арасында кездесетін сырланған көзелердің жасалу тәсілдеріне қарап ғалымдар қаланы 8-10 ғасырдағы өркениет орталығы болған деп есептейді.“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
Адай көтерілісі (1929–1932) — Қазақстандағы шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдастыру тарихында бұл қозғалыстың шығу себептері, сипаты, қозғаушы күштері де Созақ көтерілісімен және тағы басқа үлкенді-кішілі шаруалар наразылықтарымен өзара үндесіп және ұштасып жатыр. Бұл көтеріліс Адайлардың коммунистік асыра сілтеушілікке қарсы наразылық қимылдары. Адай, Табын руларының сол кездегі Қазақ өлкесі партия комитетінің басында отырған Голощекиннің қанқұйлы теріс, өктем саясатына, зорлық-зомбылығына карсы толқуы 1931 жылдың маусым-шілде айларында басталды. Ол зорлық пен өктемдік, елден салық жинау саясатының өрескелдігінен, ұжымдастырудын ел еркінен тыс, жойқын әкімшілік тұрғыда іске асырылуынан көрініс тапты. Қазақстандағы ұжымдастырудың ірі трагедияларының бірі - Адай көтерілісінің орталығы Маңғыстау ауданы болды. Адай даласы атанған көрші үш ауданды қамтыған бұл өлке 1928 жылы байларды жаппай тәркілеу және жаппай ұжымдастырудан босатылған өлке болатын. 1925 жылы Қазақстанға келген бетте-ақ Голощекин жергілікті жағдайды саралап, талдап, төзімділікпен төңірегін жан-жақты шолып алудың орнына күн тәртібіне "ауылды кеңестендіру" ұранын төтенше қойған. Қазақ ауылын кеңестік жолмен дамытуды ақылға сыйымды балама жолдарын ұсынған С. Сәдуақас, С. Қожан, С. Меңдеш тәрізді азаматтардың пікірлеріне құлақ аспаған Голощекин Маңғыстау тәрізді саясаттан іргесі аулақ жатқан оқшау аймақтарда да ТОЖ-дарға (бірлесіп мал бағу серіктіктері) біріктіруді көздеді. Мұндай төтенше әрекетті көшпелі өмірге әбден көндіккен төңірек қолдай қоймады. Асықпай үгіт-насихат жүргізу мәселесі назардан тыс қалды. Қазақстанның ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) органдарының 1930 жылы қазан айында контрреволюциялық ұйым туралы аңызды ойлап шығаруы жағдайды ұшықтыра түсті. Голощекиннің және Құрамысовтың атына жолдаған ресми хатында Қазақстан ГШ ОГПУ-ы бастығының орынбасары Альшанский мұндай контрреволюциялық ұйымның Форт-Александровскіде ашылғанын, оның бұрынғы Адай округінде әрекет жасағанын баяндады. Осы ұйымға қатысты деген сылтаумен 68 адам тұтқынға алынып, ал патша өкіметінің қызметкерлері 30 адам байлар мен саудагерлер ретінде айыпталған болатын. Бұл ұйым мүшелеріне төмендегідей айыптар тағылды: Ұйым "өзіндегі" қазақ коммунистерін жұмылдыру негізінде 1922 жылы Форт-Александровскіде қарулы көтеріліс дайындады; Адайлар еуропалықтарды қуып жіберу үшін барлық шараларды қолданып бақты, осыған байланысты жергілікті ұлтшылдық ерекше көрініс берді; Түгелдей байлармен, саудагерлермен және чиновниктер элементімен толтырып, округтегі кеңестік партия аппаратын басып алды. Сондай-ақ, партия ұйымы да әлеуметтік жат элементтермен бүлінген; Орталықтан жіберілген қазақ қызметкерлерге ықпал етудің орнына оларды соққыға жығу мен Адай жерінен қуып шығуға дейінгі барлық шараларды қолдана отырып, оларды ұйымдасқан қуғын-сүргінге ұшырату орын алған. ҚазОАТком мүшесі Ералиевті өлтіруді ұйымдастырған; Революциялық заңдылық бұрмаланды және шариғатпен - ақсақалдар салтымен ауыстырылды, құн, барымта және осы тәрізділер әдеттегі құбылыс болып алды; Ұйым округ таратылған соң, округтің таратылуына қарсы контрреволюциялық үгіттеу жүргізетін "Адайды құтқару" тобын құрды. Түркістанға және Ауғанстанға халықтың көшіп кетулерін ұйымдастыру туралы барлық адайлықтарды шақырған, контрреволюциялық үндеуді басып шығарды және таратты. Осыған байланысты 1929 жылы халық Түркіменстанға жаппай көшті; Ұйым өзінің үндеуінде қарулы бас көтерулерге бандалар, соның ішінде Қ. Қошановтың бандасын ұйымдастыруға шақырды; Ұйым халық шаруашылығының барлық салаларын, әсіресе қаржыландыруды, кооперативтендіруді және даярлауларды түгелдей қамтитын экономикалық зиянкестікпен айналысты, осының салдарынан мемлекет осы жылдары миллиондаған шығынға батты. Көшпелі қазақ қоғамының, соның ішіндегі Адай даласының рулық тұрмысқа негізделген әдет-ғүрып, салт-дәстүрлерінің бәрі мұнда қылмыс ретінде қаралған. ОГПУ өздері ойлап шығарған контрреволюциялық ұйымды басшылықсыз қалдыруға болмайтынын да түсінді, сондықтан да идеологиялық басшы ретінде өздері "Адай ханы" деп ат берген ірі бай Тобанияз Әлниязұлыны атап көрсетті. Осыған байланысты бұл мәселемен ұсталғандар кейде "Әлниязов ісімен" айыпталғандар деп те аталды. Адай көтерілісі – бір ғана рудың емес, осы Маңғыстау өңіріндегі барлық халықтың әділетсіздікке қарсы ұлттық наразылығы. Сипаты жағынан халықтық көтеріліске кедейлер мен батырақтар жаппай қатысқан, негізгі қозғаушы күші болған - орташалар. Уәкілдердің жергілікті жерлерде ұйымдастырған "социалистік жарыстары" да халықтың ашу-ызасын туғызды. Оның үстіне адайларға тек ет салығын ғана салған жоқ. Олар адамның ойы тұрмақ түсіне кірмес әртүрлі салықтар төлеуі тиіс болды. 1928–1929 жылдың қыс айларында «Қызыл жүн» аталған жүн салығы, онымен қатар тері, сүйек, шүберек жинап тапсыру міндеті қойылды. Салық мөлшері өте көп болып, оны өтеу мүлде мүмкін болмады. Сондықтан қыстың қақаған аязында, ұлыған боранға қарамай кой қырқылды, түйе күзелді. Тұрғындар көрпелерін сөгіп, жүнін алды, алашаларын, арқанын түтіп жүн етті. Осындай құлақ естімеген, көз көрмеген әрекеттерге барғанның өзінде де «Қызыл жүн» жинау жоспарын орындай алмағандар айдауға түсті. Байлар мен кулактарды құрту кезінде оларға көмектесті деген желеумен кінә тағылған зиялылар да қамауға алына бастады. 7700 шаруа қожалығынан тұратын Маңғыстау ауданы 1931 жылы шілдеде шамамен мынандай топтарға бөлінді: халықтың 30 пайызы бейбіт жағдайда еңбек етіп жатты, ал 60 пайызы көтерілісшілермен болды, 10 пайыздайы кімдердің жағына шығарларын білмей абдырды. Бірлі-жарым ауылдар болмаса, Табын ауданындағы халық түгелдей дерлік кәтерілісшілерге қосылды. Олармен бірге сондай-ақ Жылқосы ауданының 11 әкімшілік ауылы және Доссор ауданының екі ауылының кейбір азаматтары көтеріліп, қолға түскен нәрсемен қаруланып, көтерілісшілер қатарын толықтырды. Үкіметтің күш қолдану саясатына бекем бел байлағанын, Адай даласына самсаған әскер түсіріп жатқанын көрген көтерілісшілер кәсіпшіліктерге, кооператив ұйымдарына, дайындау пункттеріне әділетсіз өкімет ошақтары деп қарап, жиі-жиі оларды талқандап, өртеп кетті. Барлау арқылы жалпы Маңғышлақ ауданында әр түрлі бағыттарда осындай ұрыстар жүргізіп жүрген жекелеген көтерілісшілер топтарын есептемегеннің өзінде, 600–800 адамдай топтасқан көтерілісшілер қолдары жасақталған. Бұл олардың солтүстік қанаттағы күштерінің негізгі саны болатын. Ал енді көтерілісшілердің оңтүстік күштері Оразбай атты бұрын мемлекеттік комиссияға жол сілтеуші болған адамның басшылығымен 150 адамдық азғантай отрядтарға бөлініп алып, Қарабұғаз шығанағының оңтүстіктігіндегі кәсіпшіліктерді түгелдей өздеріне қаратты. Оразбайдың өзі басқаратын 100 адамдық негізгі отряд түрікмендермен бірігіп әрекет жасау туралы келіссөздер жүргізді. Адайлар мен табындар жаппай көшіп, көтерілісші сарбаздарға ілесті. Маңғыстау өңірінде бұрын-соңды болмаған жаппай дүрлігу, босу басталды. 14 тамызға қарай Рагозин бастаған қалың қол Қоңырат құдығы маңында Үстірттен шығыста, дәл Түрікмен жерімен шекарада Оразбай қолын қоршауға алды. Форт-Александровскіден шыққан қарулы күштер Қарабұғаздың оңтүстік-шығысында Дейме құдығы ауданында тағы да бір мыңдай адамнан тұратын жасақтарды қоршап алды. Әскер бөлімдерінің көтерілісшілермен болған қантөгіс қақтығысы көтерілісшілердің 5 мыңдай қожалығының берілуімен аяқталды. Көтерілісшілердің үлкен отрядтары Барсакелмес батпағында ұсталды. 22 қыркүйекте Сенек құдығы маңында Ротермель бастаған отрядтар солтүстікке ұмтылған көтерілісшілермен қақтығысып тағы да жеңіске жетті. Жалпы қыркүйек айындағы әскери қимылдардың нәтижесінде үкімет әскерлері көшіп бара жатқан 3500 қазақ қожалықтарын кейін қайтарып алды. 196 көтерілісші, олардың ішінде 26 көтеріліс басшылары Фортта түрмеге қамалды. 128 тұтқын Гурьевке жөнелтілді. Қыркүйек айында басқа да аудандардан тағы 97 адам тұтқындалды. 66 адамның тергеу ісі жедел түрде аяқталып, істері сотқа берілді. Аман қалған көтерілісшілердің кейбір топтары Түрікмен жеріне, Қарақалпақ арқылы Орта Азия республикаларына өтіп кетіп, Ауғанстан, Иран асты. ## Дереккөздер
Аза күй, реквием — қаралы характердегі көп дауысты хорға арналған топтамалық шығарма, қазақ халқының күй өнеріндегі қайғылы оқиғалармен байланысты шыққан күйлердің түрі. Аза күй ел басындағы, не жеке адамның өміріндегі қаралы жағдайларды муз. арқылы жеткізеді. Бұл тақырып аңыз, тарихи жоқтау, жылау, қоштасу, көңіл айту, жұбату сияқты күй жанрларында кездеседі. Халықтың рухани қазынасында осы тақырыптағы халық күйлері мен жеке күйшілердің күйлері сақталған. “Ақсақ құлан — Жошы хан” аңызында Жошы ханға баласының мерт болғанын күйші Естірту күйі арқылы білдірген. Ел тарихында “Зар заман” деп аталған кезеңде қазақ руларының бытырап, қандастарымен қоштасуы “Ел айрылған”, “Қазақ пен ноғайлының қоштасуы”, “Ноғайлының зары” күйлерінен орын алған. Жақынынан айрылып, қайғы-қасіретке ұшыраған адамның ауыр халін Қорқыттың “Ұшақтың ұлуы”, Дәулеткерейдің “Салық өлген”, Ықыластың “Ерден” күйлерінің мазмұны айқындайды. Сол сияқты, ботасынан айрылып, зарлаған інгеннің мұңлы дауысы “Нар идірген”, “Боз інген” күйлерінен сезіледі. Ата-анасынан, ел -жұртынан айрылып, қорғансыз қалған баланың зары “Жетім бала” күйінде бейнеленген. Әлемдік музыканың дамуында аза күй орта ғасырдағы католик шіркеулерлерінде орындалатын полифон. муз. месса түрінде қалыптасты. Аза күйдің классикалық түрлерін 16 ғасырда Еуропа композиторлары Пьер де ла Рю, О. Лассо және Палестрина жазды. Ал 18-19 ғасырларрда аза күй жазумен В.А.Моцарт, Ф.Лист, Г.Берлиоз, А.Дворжак, Дж.Верди т.б. композиторлар айналысқаннан кейін ол шіркеулік-догмалық сипаттан ажырап, терең филос. мазмұнға ие болды. Аза күйдің үздік нұсқасы ретінде дүние жүзіндегі әйгілі болған, шынайы адамгершілікке, қайғылы лирикаға, қаралы пафосқа толы Моцарттың “Реквиемі” (1791, оны Моцарттың шәкірті Ф. Зюсмайр аяқтаған) саналады. Осы замандағы қазақ музыкасыннда сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан Т. Тоқтаров сынды қаһармандар рухына арналып жазылған Р. Елебаевтың “Жас қазақ” ән-реквиемін (1942), С. Мұхамеджановтың “Ғасырлар үні” атты ораториясын (1960), Е. Рахмадиевтің ұлы жазушы М.О.Әуезовті еске алуға арналған “Поэма-реквиемін” (1967 жылы) Кенен Әзірбаевты еске алуға арналған “Сағындым Кенен атамды” әнін т.б. аза күй. сарынында жазылған туындылар қатарына жатқызуға болады. ## Дереккөздер
Адыр, берік тау жыныстарынан құралған мұқылаласа тау. Биік сілемдерден төмен қарай ысырылған жыныс шөгінділерінің бір-бірімен ұштасуынанкалыптасады, яғни тау жыныстарының үгіліп бұзылуынан пайда болған лесс-конгломератқабаттарынан түзілген. Көпшілігі төңірегіндегіжазық өңірлерден 100-400 м көтеріңкі тұрады.Беткейлері құрғақ, сай-жыралармен тілімделген.Шөл және шөлейттік ландшафтысында эфемерөсімдік басым тараған. Сарыарқадағы беткейлерітік-құламалы, жақпар тасты, сусыма қорымтасты, терең сай аңғарлар мен жондар, шөлдіаймақтардағы аумақты қыраттардың төбесі,жұрнақтары да адыр деп аталады. Бұлар көбінесеҚарқаралы, Кент, Қызыларай т. б. таулар төңірегіңде кездеседі (Ақадыр, Қараадыр т. б.) және морфологиялық (жер бедерінің пішіні және құрылысы) жағынан негізгі тау жоталарынан өзгеше келеді. ## Дереккөздер
Азаматтық Кодекс — жүйеленген бірегей заңнамалық (низамдық) акт. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді. Егер заң баптарында арнайы көзделмесе, бір тараптың екіншісіне әкімшілік. жолмен бағынуына негізделген мүліктік қарым-қатынастарға, әсіресе, салық жөніндегі және т. б. бюджеттік қарым-қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Қазақ КСР-інің азаматтық Кодекі қабылданғанға дейін (1963) республикада жалпы одақтық азаматтық заң нормалары қолданылды. Ел экономикасының нарықтық қарым-қатынастарға көшуіне байланысты ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бөлігі қабылданды (1994 жылы 27 желтоқсанда). Ол үш бөлімнен: 1) жалпы ережелерден; 2) меншік құқысынан және т. б. заттық құқықтардан; 3) міндеттемелік құқықтан тұрады. Қазіргі уақытты қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. ## Дереккөздер ## Сілтемелер “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
Азан – (арабша (араб.: أَذَان‎) азана — хабарлау, құлақтандыру) —мұсылмандарды намазға шақыру. Дәрет алып болғаннан кейін мұсылман дініндегі адам намазға дайын. Мұхаммед пайғамбар суннасы бойынша намаз уақыты келгенде азан шақырылады. Бұл үшін адам бетін құбылаға — Меккедегі Құбыла бағытына қаратып, екі қолын құлақ тұсына ұстап жеті рет дауыстайды. Ислам қағидасы бойынша бес уақыт намаз мезгілі келген сайын қауым жұртқа хабарлануы керек. Азанды азаншы мешіт мұнарасында тұрып шақырады. ## Тексті ## Алғашқы азан Алғаш рет бірінші азан Мұхаммед пайғамбар с.ғ.с кезінде Медине қаласында Билял ибн Рабахпен оқылған, яғни ол бірінші муэдзин болып есептеледі. ## Сілтемелер “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
Азат сөзінің бірнеше мағыналары бар: * Азат – Сілеті өзенінің оң жағалауындағы тау. * Азат – киіз үй тігісі. Елді мекендер: * Азат – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл. * Азат – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл. * Азат – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл. * Азат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
“Азамат серіктестігі” — қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысқан мәдени ұйым. А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың ұйымдастыруымен 1913 жылы желтоқсан айында Орынборда құрылған. Негізгі мақсаты — мүшелік жарна (әр адамнан — 100 сом) есебінен “Қазақ” газетінің үзіліссіз шығып тұруына жәрдемдесу. Сондай-ақ, қазақ қоғамындағы оқу-ағарту жұмыстарын өрістетіп, зәру оқу құралдары мен әдебиеттерді баспадан шығару, мектеп-медреселердегі мұқтаж шәкірттерге қаржылай көмек беру т.б. қайырымдылық шараларын ұйымдастыру ісімен айналысты. Оған Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Шәкәрім, Н. Құлжанова және т.с.с. қазақ зиялылары мүше болған. Ахмет пен Міржақып “Алаш азаматтарына” деген мақалада (“Қазақ” газеті, 1913 ж., №42): “Бұл серіктік — көпес серіктігі емес, кәсіпші серіктігі емес, “Азамат серіктігі”. Бұған кіретін адамдар жұрт жұмысы турасында жалғыз ақшасымен серіктес болмай, көңілімен, ниетімен серіктес болуы қажет” деп жазды. “ Азамат серіктігінің” қай жылы таратылғаны белгісіз. ## Дереккөздер
Азат Әйел— тәуелсіз саяси газет. Құрылтайшысы — Қазақстанның азаматтық “Азат” қозғалысы. Қазақстан Компартиясы ОК-нің жанындағы әйелдер бөлімі 1925 ж. 8 наурызда шығарған. Онда А. Оразбайқызының, Н. Арыққызының, Ш. Иманбайқызының мақалалары мен өлеңдері басылды. Қазақ әйелдеріне арналған осы түңғыш, бір күндік газеттің жарық көруі үлкен тарихи оқиға болды. 1925 ж. 5 мамыр күні осы басылымның негізінде "Теңдік" газеті шығарыла бастады. 1990 жылы қазаннан 1993 жылы қыркүйекке дейін айына екі рет шығып тұрған. Қазақша — 56, орысша 7 саны жарық көрді. Қазақстанның егемен ел болуы,орыс отаршылдығының зардабын жою, тәуелсіз демократиялық мемлекет құру мәселелерін көтерді. ## Дереккөздер
Аза Тұту– өлген кісінің қазасына қайғыру рәсімі. Аза үстінде марқұмның игі істері, қайырымдылығы еске алынады. Жиналған жұрт мұңды күй кешеді. Әбестік сөздер айтуға, күлкі-дабыра туғызуға тыйым салынады. Кісісі өлген үй тұлданады, туыстары қара жамылып, қайғы шегеді. Аза тұту өлген кісінің жылын бергенге (қ. Ас беру)дейін созылады. Жыл толып, асы берілгеннен кейін азалы ту жығылып, қаралы күй тоқтатылады. ## Тағы қараңыз * Ұлттық аза тұту * Қазақстандағы ұлттық аза тұту күндері ## Сілтемелер “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
Азаттық (Парсы тілі азад – ерікті, еркін) – қазақ ұғымында саяси еркіндік, тәуелсіздік (әлеуметтік бас бостандығы немесе тәуелділіктен құтылу). Саяси еркіндікті білдіретін азаттық ұғымы — азаматтардың өз саяси мақсат-мүдделеріне сәйкес әрекет етіп, әлеум.-саяси және мемлекет әртүрлі мәселелер жөніндегі өз көзқарастарын білдіруге, өз ұстанымдарын қорғауға; саяси оқиғаларға, барлық үлкенді-кішілі үкімет органдарының саяси қызметіне баға беруге; мемлекет және жергілікті өкілетті органдарға сайлауға және сайлануға ерікті болуға кепілдік беретін шарттармен белгіленген заңды құқығын танытады. Саяси еркіндік 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқығы жөніндегі жалпыға бірдей Декларацияда неғұрлым толық сипатталды. Саяси еркіндік концепциясы негізінен жеке тұлғағамемлекет, қоғам тарапынан болатын мәжбүр етушіліктің әр түрлі формаларын болдырмау, олардың алдын-алу немесе жұмсарту мақсатында туындаған. Тәуелсіздікті білдіретін азаттық ұғымы — жеке ұлттың, қауымның, елдің бостандығы, дербестікке ие болуы, яғни тәуелділіктен құтылуы. Бұл — тарихи көне дәуірлерден бері көбіне қантөгістер арқылы жүзеге асып келген халықтың асыл мұраты. “Күлтегін” үлкен жазуында (732 жылы) түркі қауымының табғаштарға неліктен бодан болып, одан құтылу үшін қаншама құн төлеуге, қаншалықты азап шегуге тура келгендігі өте дәл суреттелген. “Күллі түркі қара халқы былай десті: “Елді халық едім, елім енді қайда?! Кімге елдік жасаймын?! Қағанды халық едім, қағаным қайда?! Қай қағанға күш-қуатымды берермін?!”. Осылай деп, табғаш қағанға жау болды. Жау болып, қолдарынан түк келмей және бағынды. Сонда күш-қуатын сарп еткенін ойламады. Түркі халқы: “[Бүйткенше] өлейік, жоқ болайық”, — дер еді, жойыла бастаған еді. Көкте түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: “Түркі халқы жоғалмасын, халық болсын...”. Әкем Елтеріс қағанды, анам Елбілгені тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен... әлсіреген, қағансыраған халықты, күңденген, құлданған халықты, түркі иелігінен айырылған халықты ата-бабам салтына қайта оралтты...” деген жолдар қазақ халқының да азаттықты ежелден қасиетті мұрат тұтқанын көрсетеді. Қазақ халқы Ресейге 18 ғасырдың 30-жылдарынан бастап бодан болып, одан кейін аззатық алу үшін қанша қан төгіліп, азап шеккені тарихтан мәлім. Азаттықтан айырылу адамның да, халықтың да табиғи болмысына кереғар құбылыс. Азат халық қана әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына түсіп, тарих сахнасында қала алады (Еркіндік, Тәуелсіздік, Бостандық). ## Дереккөздер
Азық- түлік комитеті — РКФСР Азық-түлік Халкоматының жергілікті дайындау-бөлістіру органы (1917 — 21). Бұл комитетті әуелі Уақытша үкімет құрды. Қазан төңкерісіне қарсы болғандықтан БОАК оны Кеңестердің жанынан құрылған Азық-түлік комиссиясына бағындырды (24.12.1917). БОАК-тің декреті (27.5.1918) бойынша Азық-түлік комиссариатының жергілікті орындарының губернаторлық, облыстық, уездік және қалалық азық- түлік комитетітері құрылды, азық-түлік отрядтары жасақталды. Бұлар шет ел басқыншылығы мен азамат соғысы жағдайында Кеңес үкіметінің азық-түлік саясатын жүзеге асырды. Астыққа және тағы басқа азық-түлікке монополист болды. Олардың есебін жүргізіп, дайындау, бөлу жұмыстарын атқарды. Азық-түлікті ірі өнеркәсіп орындары мен армияға жөнелтіп отырды. Бұл жұмыста асыра сілтеушілікке жол берілді. Көп жағдайда халықтың аузындағы соңғы нанын тартып алып, басқа жаққа жіберіп жатты. Ақ чехтар көтерілісіне дейін (1918, мамыр) Қазақстаннан Ресейге 20 млн. пұттан астам астық жөнелтілді. Бұл саясат халықтың азық өндіруге деген ынтасын күрт төмендетіп, онсыз да жетімсіз ауыл шарушылық өнімдерін тым азайтып жіберді. Елдің ынтасын арттыру үшін Үкіметке жаңа экономикалық саясатқа көшуге тура келді. Азық- түлік комитеті жергілікті кеңестердің азық-түлік бөлімдері болып қайта құрылды. ## Дереккөздер: Қазақ энциклопедиясы I том
Азия дауысы — Азияның музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың жыл сайын Алматыда өтетін халықаралық байқауы. ## Жеңімпаздары 1990 жылы Медеу мұз айдынының кешенінде өтті. Бас жүлдені Өзбекстаннан келген “Карс” тобы жеңіп алды. Содан бері Женева Круз (Филиппин, 1991жылы), Шахназ Сүймер (Түркия, 1992жылы), Сара (Моңғолия, 1993 жылы), Соябей (Түркия, 1994жылы), Барт Бисли (АҚШ, 1995 жылы), Бауыржан Исаев (Қазақстан, 1996 жылы), “АВ-3” (Индонезиялық топ, 1997 жылы) сияқты өнерпаздар мен өнер ұжымдары бас жүлдені иеленді. 1993 жылы “Азия даусы” ФИДОФ-тың (Халықаралық фестивальдар ұйымдастыру федерациясы) мүшелігіне қабылданды. 1994 жылы Канн (Франция) қаласында өткен әлемдік шоу-бизнесте арнаулы жүлдеге ие болды. 1996 жылдан бастап “ Азия даусы” байқауы аясында Қазақстан әндерінің байқауы тұрақты өтеді. Оған арналған “Алтын домбыра” жүлдесін алғашқы жылы М.Жүнісова мен Н.Есқалиева, 1997 жылы Р.Рымбаева мен М.Жүнісова жеңіп алды. 1997 жылы “ Азия даусы ” халықаралық “Интернет-сервер” ақпарат арнасына қосылды. “ Азия даусы” конкурсының бас жүлде, алтын, күміс және қола бәйгесіне қоса Алматы қаласының мэрі, демеушілер тағайындаған әртүрлі ынталандыру сыйлықтары бар. Бірінші конкурстан бастап “ Азия даусының” шақыруымен Патрисия Каас,Пупо, Тото Кутуньо, Джимми Саммервиль, Митхун Чакраборти, Сонер Ариджа, А.Пугачева, Ф.Киркоров, В.Леонтьев, “Бони-М”, “Хаддуэй” топтары сияқты әлемдік эстрада майталмандары Медеу мұз айдыны сахнасында конкурстан тыс өнер көрсетті. 1996 жылы “Азия даусына” бес құрлықтың өкілі қатысты. 1997 жылғы конкурстың ашылу салтанатында Еуроазиялық фестивальдар ассоциациясының ұйғарымымен ғарыштағы бір жарық жұлдызға “ Азия даусы ” аты берілгені жайлы Швейцариядан жіберілген регистр конкурс директорына тапсырылды. 1998 жылғы тоғызыншы конкурсқа әлемнің төрт бұрышынан өтініш білдіргендерден таңдап алынған 20 елдің 21 өнерпазы қатысты. Бас жүлдені Италиядан келген Лука Сене жеңіп алды. 1998 жылғы конкурс қорытындысында ФИДОФ-тың халықаралық өнер фестивальдерін кәсіби жоғары дәрежеде насихаттағаны үшін журналистерге жыл сайын берілетін арнайы белгісі “ Азия даусының” баспасөз хатшысы Ф.Бегенбаеваға тапсырылды. ## Дереккөздер
Айбас — Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстік-батысынан ағып шығатын Айбас өзенінің бойында орналасқан ортағасырлық бекініс орны. 1952 ж. академик Ә. X. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Пішімі төртбұрышты (25x25 м), биіктігі 2-2,5 м, сыртқы қабырғасы тастан қаланған, қалыңдығы 4-6 м, қақпасы батыс жағында. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жақ бұрышында ауданы 3,5x1,2 м бөлмелер орны сақталған. Екі жағын су қоршап тұрған бұл қамал жаугершілік замандарда жергілікті халықтардың баспанасы болған. ## Дереккөздер
Айбалта — соғыс қаруы. Айбалтаны көшпелі халықтар өте ерте заманнан қолдана бастаған. Қазақтар бұл қару түрін 20 ғасырға дейін пайдаланып келді. Айбалтаның басы металдан соғылады, пішіні әртүрлі болып келеді. Балта басының — жалманының жарты Ай сияқты болып дөңгелене соғылуы ай атауына негіз болған. Көне көшпелі халықтардың Айбалталары екі басты немесе балта басының шүйдесі ұзынша келген балға пішінді, әйтпесе істік түрінде болып келген. Шүйдесі балға түрінде, бірақ қысқа жасалған айбалта бастары қазақтарда да кездеседі. Қазақ айбалтасының басына күмістен ою-өрнек салынады. Ерте замандарда айбалта басына салынған ою-өрнек магиялық рөл атқарған. Айбалтаның сабы ағаштан жасалып, кейде терімен қапталады, металл жапсырмалармен әшекейленеді. Кейбір балта саптары түгелдей терімен, күміспен қапталуы да мүмкін. Қолға ұстау үшін саптың төменгі жағына қайыстан бүлдіргі тағылады. Қазақтар ұстанған айбалта саптарының ұзындығы негізінен 70-90 см аралығында. Мұражай қорларындағы кейбір қазақ айбалтасының сабы бұдан да қысқа, ал ұзын сапты айбалтаның үлгілері сақталмаған. Жауынгерлер айбалтаны белге байлап, жорыққа шыққанда тебінгінің астына қыстырып алып жүрген. ## Дереккөздер
Айбын– екі дәрежелі әскери орден."Айбын" - ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының наградалары туралы" 1995 ж. жарлығымен бекітілген әскери орден. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, Республикалық Ұланның, Президент күзеті қызметінің, Шекара және Ӏшкі әскерлердің әскери қызметкерлері, сондай- ақ прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ӏшкі істер қызметкерлері әскери даярлықта қол жеткізген жетістіктері, жоғары әскери әзірлік деңгейін үнемі биік ұстап, әскери жаңа техниканы мұлтіксіз меңгергені; заңды, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай сақтағаны, халық мүддесін қорғауда адалдығы үшін; әскери және қызметтік міндетін орындауда көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін; төтенше жағдайда қылмысқа қарсы жасаған жанкешті әрекеті үшін; жеке құрама арасындағы тәрбие жұмысындағы жетістіктері және т.б. үшін марапатталады. Орденнің екі дәрежесі бар: "I дәрежелі Айбын" ордені, "II дәрежелі Айбын" ордені. ## Дереккөздер
Айгөлек — ұлттық ойын. Айлы кеште, далада өтеді. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды. Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Күші мығым, қуатты, Екпіні желдей өршіген Шепті бұзар ер керек. Екінші топ: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Күші мығым, қуатты, Екпіні желдей өршіген Саған қандай ер керек? — дейді. Алдыңғы топ: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек, Күші мығым, қуатты, Екпіні желдей өршіген Бізге пәлен ер керек, — деп бір ойнаушының атын атайды. Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Сайысқанда саспайтын, Самала күнге бастайтын, Пәлен деген ер шыққан, Топ бұзуға мен шыққам, — деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпек болады. Ол екпінді, күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетекте өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла бере ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы да ойын ережесін сақтауға тиіс. ## Тағы қараңыз * Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі ## Дереккөздер
Айғаным Ханым (1783 жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сырымбет — 19 қараша 1853, сонда) — Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уəли ханның кіші әйелі. Патша өкіметі Орта жүздегі хан өкіметін таратқанда, Уәлиханның барлық мұрасы балаларының бөлісіне түсті. Солтүстік Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге ықпал етті. Ол өз кезеңінің алдыңғы қатарлы адамы болған, шығыстың бірнеше тілдерін білген. Санкт-Петербургтегі, Ресей сыртқы істер министрінің Азия департаментімен хат жазысып, Омбыдағы, Тобыл мен Петропавлдағы шенеуніктермен тығыз байланыс орнатқан. Ол Шоқан үшін нағыз даналықтың үлгісі болды. Әжесі оған халықтың ежелгі аңыздарын, әңгімелерін айтып, өткен тарихи оқиғаларды еске түсірді. Уәли ханның өлімінен кейін (1821) барлық мұра оның ұлдары арасында бөлінді. «Ханның қызыл ағашы» ордасы — үлкен ұлы Ғұбайдолланың ұрпақтарына, Сырымбет Уәлидің кіші әйелі — А-нан туған балалардың иелігіне қалды. Уәли қайтыс болғанда Шоқанның әкесі — Шыңғыс небәрі 10 жаста болатын. Хан ордасы — “Ханның қызыл ағашы” — үлкен ұлы Ғұбайдолла ұрпақтарына, Сырымбет — кіші әйелі Айғанымнан туған балалардың иелігіне қалды. Уәли өлген жылы Шоқанның әкесі Шыңғыс 10 жаста болатын. Әкенің барлық мұрасы ғұрып бойынша үлкен ұлы Ғұбайдоллаға өтуге тиіс еді. Бірақ Ғұбайдолла саяси жағдайларға байланысты әке мұрасына ие бола алмады. Ол ұзақ уақыт айдауда жүріп, қаза тапты. Сондықтан Уәли әулетіндегі ел басқару ісі оның жесірі Айғанымның қолына тиді. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше шығыс тілдерін меңгерді. Санкт-Петербургтегі Сібір комитетімен, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен хат жазысып тұрды. Сібір қазақтарының жарғысы қабылданғаннан кейін, Солтүстік Қазақстандағы көптеген мәселелерге оның ықпалы тиді. Айғанымның өз халқы алдындағы айрықша беделін түсінген патша өкіметі қазақтарға қатысты көптеген істерді шешуде ол кісімен ақылдасып отырған. Александр І патша Айғанымның өтінішін орындап, Сырымбетте қыстау салдырып берген. Қыстау сыртынан ағаш қорғанмен қоршалған. Қорған ішінде үлкен үй, мешіт, қонақ үй, үлкен 5 бөлмелі мектеп үйі, монша, диірмен, керме, сарай т. б. болған.1828 жылы Қызылжарда Айғаным Батыс Сібірді тексеруге келген Сенат өкілдері В. К. Безродный және Б. А. Куракинмен кездесіп, оларға халықтың мұң-мұқтажы жазылған хат тапсырды. Айғаным өз ұлы Шыңғысты Омбыдағы әскери училищеге оқуға берді. 12 жасар Шоқанды да, шешесі Зейнептің қарсы болғанына қарамай, Омбы қаласына оқуға жіберді. Шоқанның болашақта үлкен ғалым болып қалыптасуына әжесі Айғанымның әсері көп болған. Айғаным медресесі Сырымбеттегі Айғаным ханымның мекен-жайына мешітпен бірге 1834 жылы салынған. Жалпы аумағы 200 шаршы метрден астам медреседе әрқайсысына 20 шәкірттен сыятын 5 бөлме болған. Медреседегі дін оқуына, мұсылманша хат тануға сол төңіректегі жас балалар көп тартылған. Шәкірттерге сабақ беруге таңдаулы ұстаздар шақыртылған.Айғаным медресесінде қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов мұсылманша алғаш сауатын ашқан. Сондай-ақ оның талантты, өнерлі інілері Жақып, Махмет, Қозыке, Қоқыш және тағы да басқа көзі ашық жастар тәрбие алған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Айғаным Сарғалдаққызы (қолжетпейтін сілтеме)
Бозайғырқұм – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан көлінің шығысында, Қара Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан құмды алқап. ## Жер бедері Теңіз деңгейінен 520 – 560 м биіктікте, ұзындығы 35 – 40 км, ені 12 – 15 км. ## Өсімдігі Жүзгін, құм жусаны, қияқ өседі. ## Дереккөздер
Ғұбайдолла Айдаров (18 маусым 1921 жыл, қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайын Шапағатов ауылы – 1 наурыз 2001 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1974). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1994). ## Өмірбаяны Ғұбайдолла Айдаров 1921 жылдың 18 маусымында қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайын Шапағатов ауылының маңындағы Емір-Торты жерінде дүниеге келген. 30-жылдардағы түбекті жайлаған жұт пен ашаршылық кезінде отбасымен Жаңғақтың ойына, Шағадам шаһарына қоныс аударған. Бұл кезде қазақ ауылдарын жұқпалы ауру жайлап, көп адам ажал құшқан. Оның ішінде Ғұбайдолланың әкесі - Айдарда болып, шешесі Томан мен інісі ­Тортай үшеуі жат жерде жетім-жесір күй кешеді. Ер-азаматтар жағы күзгесалым Бесқалаға азық-түліктерін қамдауға шыққанда шешесі мен інісін асырап, табыс табу үшін он жасар Ғұбайдолла да ағайындарына ілесіп сапар шегеді. Бесқаланың бірі Ташауыз қаласына келген бетте Н.Айтақовтың тікелей нұсқауымен Айдаров балалар үйіне қабылданып, білім алады. Айдаров 1934-1935 жылдары Түрікмен КСР-інің Ташауыз қаласы педагогикалық училищесінің дайындық бөлімінде білім алады. 1935-1937 жылдары Красноводск қаласындағы Бауман атындағы техникумында оқыды. 1937-1938 жылдары Мары қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды. Еңбек жолын ауылдағы жетіжылдық мектепте мұғалім ретінде бастайды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1944 жылға дейін Ұлы отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін барлық қажыр-қайратын білім беру саласына арнады. Қатардағы мұғалімдіктен директорлық қызметке дейін көтеріледі. 1948 жылы Айдаров Шымкент оқытушылар институтын, 1952 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітіреді. Институттың аспирантурасында оқып жүргенде көне түркі жазуларына ден қояды. 1959 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болады. ## Ғылыми еңбектері Айдаров 250-ден астам ғылыми-зертхана еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы. Ғылыми-зертхана еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Айдаров, Ғұбайдолла ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген. ## Шығармалары: * Білге қаған ескерткішінің тілі, А., 1966; * 8 ғ-дағы көне түркі жазулы орхон ескерткіштерінің тілі, А., 1971; * Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі (оқулық), А., 1986; * Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1991. ## Дереккөздер
Төлеген Айбергенұлы Айбергенов (08.03.1937 , Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, Өзбекстан - 29.08.1967, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) - ақын. ## Биографиясы Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген. Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады. ### Балалық шағы Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді. ### Қазақстанға қоныс аудару ### Қайтыс болуы * Сағындым жаным, мен сені! * Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң, * Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек – ғайбатқа бораған. * Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те, * Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте. * Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға * Әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға. * Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай, * Бұлбұлдың дауысын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай. * Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап, * Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап… Айтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен-кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын. ## Айбергенов құрметіне * Оңтүстік Қазақстан облысы Темірлан ауылындағы орталық көшелердің біріне ақынның есімі берілген. * Оңтүстік Қазақстан облыс орталығы – Шымкент қаласындағы, сондай-ақ Сарыағаш қаласындағы көшелер оның есімімен аталады. * Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларындағы бірнеше мектептер ақын есімімен аталады. * 2001 жылы әкімдіктің қаулысымен Астана қаласының N16 орта мектебіне ақынның есімі берілді. 2007 жылы 23 желтоқсанда осы оқу орны басшылығының бастамасымен мұнда Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған мемориалдық мұражай ашылды. * Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Айбергенов әлемі» деректі фильмі, оның өлеңдері мен әндеріне бейнероликтер түсірілді. ## Сілтемелер * Төлеген Айберген шығармалары Мұрағатталған 13 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер
Үйтас-Айдос — қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Сарыкеңгір өзенінің оң жағалауында, Үйтас-Айдос(қолжетпейтін сілтеме) қыстағынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан. 1984 — 85 ж. Жезқазған облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедиция (жетекшісі Э.Р. Усманова, В.В. Варфоломеев) жұмыстары барысында зерттелді. Ауданы шамамен 5000 м2 жерде шашырай орналасқан 17 қоршау қола дәуірінің екі кезеңіне, яғни нұра (б.з.б. 15 — 13 ғасырлар) және беғазы-дәндібай (б.з.б. 13 — 9 ғасырлар) мәдениеттері кезеңдеріне жататыны анықталды. Қазылған 14 нысанның 10-ы Нұра бойындағы ескерткіштерге жатады. Зираттың шығыс жағын ала оқшаулау тұрған бұл қоршаулар тігінен орнатылған ірі қақпа тастардан құралған және пішіні жағынан сопақша, кейде тікбұрышты түрде жасалған. Бұлардан ашылған барлығы 13 қабір 2 түрге бөлінеді: қарапайым топырақ қабірлер және тас жәшіктер. Екі қабірде мәйіт (екеуі балалардікі) жерленсе, 11 қабірде (барлығы ересектердікі) олар өртеліп, күлі жерленген. Заттай деректерді көптеп табылған бүйірі шығыңқы, тарақ қалыппен басылған өрнектері бар қыш ыдыстар, қола әшекейлер, тас садақ жебесі құрайды. Беғазы-дәндібай мәдениетіне қарасты қалған 4 қоршау (3, 4, 5, және 13 қоршаулар) басқаша үлгімен жасалғаны анықталды. Мұндағы ең үлкен орталық қоршау шаршы пішіндес, бұрыштары әлемнің 4 тарапына қаратылған. Үлкен қақпа тастардан жалпағынан қаланған, ені 1,5 — 1,7 м болатын қабырғаларының әрқайсысының ұзындығы 6,6 метр Ортадағы тоналған шұңқыр қабірдің аумағы 3,2*2,4 метр, тереңдігі қазіргі жер бетінен сәл ғана төмен, яғни мұнда мүрдені үстіңгі шым қабаты ғана алынып, тегістелген жер табанына қойған. Қоршау ішінен 5 сәнді қыш ыдыстың бөлшектері табылды. Зерттеу барысы 13-қоршаудың осыған ұқсас үрдіспен жасалғанын көрсетті. Оның өлшемдері 3,6*3 метр, ортасындағы саяз қабірдің аумағы 1,6*1,2 метр Бұл нысаннан қазба нәтижесінде сәнді өрнектелген беғазы қышынан басқа, киммерилік порыммен құйылған қола қанжар табылған. Зерттелген басқа қоршаулардан қыш ыдыс бөлшектері, қола найза ұшы, сүйек садақ жебелері алынды. Қыш көзелер, негізінен белдеулі қыш ыдыс түріне жатады, мұның ішіндегі бір көзенің Батыс Сібір өлкесінен табылған ыдысқа ұқсайтыны байқалған. Өз кезегінде мұндай деректер Орталық Қазақстанды мекендеген көне беғазылық тайпалардың алыс-жақындағы көршілерімен тығыз байланыста болғанын көрсетеді. ## Дереккөздер inform.kz(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер:
Айдаршөп (Corуdalіs) – көкнәр тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта (мысалы, ірі гүлді айдаршөп). Жетісу өңірінде және Қазақстанның басқа аймақтарында 19 түрі өседі (оның ішінде көп кездесетіні — Ледебур айдаршөбі, Галлер айдаршөбі). Тамыры ірі, шар тәрізді немесе ұзынша түйнек түрінде болады. Оның әр жерінен жанама тамырлар тарайды. Сабағының топырақ астындағы бөлігі ұзын, сыртын түк басқан. Жапырақтары үш салалы, бүтін жиекті немесе қауырсынды, екі рет тілімделген. Жемісі — қынап тәрізді немесе кеңейген, көп тұқымды қауашақ. Бұлар, не¬гізінен, бал беретін және сәндік өсімдіктер. Айдаршөптің тамыр түйнегінде алкалоид болады, одан дәрі алынады. Айдаршөптің ішінде ең сирек кездесетін реликті түрі — Семенов айдаршөбі. Оның биіктігі 35-75 см. Бұтақтанған цилиндр тәрізді тамыры бар. Қауырсын тәрізді тілімденген ірі жапырақтары сабаққа кезек орналасады. Ақшыл сары түсті гүлі тығыз, шашақты гүл шоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жылдан-жылға таралу ареалы азайып бара жатқандықтан қорғауға алып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Айдаршөп - гүлі сары, күлгін қызыл, сия көкнемесе көгілдір түсті,сабағы бұтақты немесешөптесін көпжылдық өсімдік. Гүлі тез түсіпқалатын 4 күлтеден тұрады.2 күлтесі жоғары,2 күлтесі төмен қарап тұрады. Бұл гүлдердікөбінесе альпі шоқысына немесе үлкенағаштардың түбіне егеді.Бойының биіктігі10-20см. Күннің мол түскен сәулесін жәнеқұнарлы, жұмсақ топырақты ұнатпайды. Жиікөшеттеген де зиян. Топырағының ылғалдыжәне көлеңкеде өскенді қалайды.Көбейткен- де аналық үлкен көшеттердің түбін бөледі.Топтап еккен жағдайда жайқалып әдемікөрінеді. Еліміздің көгалдандыруында сирекқолданылады. Бұл өсімдікті білікті гүлпаздармен ботаника бақтарынан ғана көругеболады. ## Дереккөздер
Айжолов Тұрсын Ғабиденұлы(1942 ж. т.) – ген.-майор (1993). 1960 жылдан Қарулы Күштер қатарында. Мурманск жоғары теңізшілер уч-щесін (1966) бітірген. 1997 жылдан жоғары шекарашылар командалық уч-щесінің бастығы.
Айкене (Айгене) – Жамбыл облысының батыс бөлігінде, Талас өзенінің төменгі салалары мен Мойынқұм құмы аралығында орналасқан құмды алқап. ## Жер бедері Ұзындығы 80 км-ге жуық, ені 35 км, аумағы 3200 км2. Жер асты сулары жақын. ## Өсімдігі Негізінен сексеуіл, жүзгін, эфедра, жусан, күйреуік өседі. ## Дереккөздер
Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлы (31.12.1916, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Знаменка ауылы – 14.10.1992, Алматы қаласы) – медицина ғылыми докторы (1967), профессор (1969), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1940, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1940–49 жылдары әскери дәрігер, 1949–62 жылдары Ортаазиялық (қазіргі Қазақ) обадан арылу ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, 1962–87 жылдары директоры болды. Айқымбаевтың негізгі ғылыми еңбектері аса қауіпті аурулар эпидемиологиясына, әсіресе, туляремия ауруын тудыратын микроорганизмдердің табиғи ошағын зерттеу және аурудың алдын алу, сақтану мәселелеріне арналған. Сондай-ақ Қазақстанда бірнеше туляремия ошақтарын ашып, оларға толық ғылыми сипаттама берген. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер
Кенжәлі Айманов (1.1.1917, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы) – 26.8.1974, Алматы қаласы) – мемлекет қайраткері, КСРО Педогогика Ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі (1971). ## Өмірбаяны * ҚазПИ-ді (1937, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. * 1941 жылы Қазалыда мұғалім болады. * 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Брест қорғанын қорғауға, Сталинград шайқасына және Керчьті азат етуге қатысқан. 1945 жылы Алматыға оралады. * Алғашында қалалық комсомол комитетін басқарады. * 1947-1952 жылдары ю18 мектепте физика мұғалімі, кейіннен директор. * 1952 жылы Абай атындағы ҚазПИ-де физика-математика факультетінде оқытушы болып қызмет атқарды. * ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі (1960–63) * Қазақ КСР-інің Оқу-ағарту министрі (1963–71) * Республика Жоғары және арнаулы орта білім министрі (1971–74) қызметтерін атқарды. * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7 және 8 шақырылымдарының депутаты. Қазақстан Компартиясының 12, 13 съездерінің делегаты, сол съездерде Қазақстан Компартиясы ОК мүшелігіне сайланды. КОКП 24 съезінің делегаты. ## Еңбектері Аймановтың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары сынып оқушыларының автоматика, телемеханика, электроника элементтерін меңгеру мәселелеріне арналған. Кейбір еңбектері: * «Атомная энергетика и её использование» (Алма-Ата, 1959); * «Физика и автоматика: Пособие для учителей» (Алма-Ата, 1963). ## Марапаттары * Ленин орденімен * Еңбек Қызыл Ту орденімен * "Сталинградты қорғағаны үшін" медалімен * бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Аймауыт — асыл болаттан соғылған, ұсақ шынжыр торлы сауыт; батырлардың ұрысқа киетін киімі. Соғылуы қиын болғандықтан өте қымбат бағаланып, кез келген батырдың қолына түсе бермеген. Аймауыттың шынжыр торы денеге батпас үшін ішінен киіз кебенек киеді. ## Дереккөздер
Жарқын Айталиұлы Айталиев (15.8.1903, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Шоңай ауылы – 26.9.1970, Алматы қаласы) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1958). ## Өмірбаяны * Томск технологиялық институтын бітірген (1930). * 1930–38 жылы Оңтүстік және Орталық Қазақстанда темір, полиметалл, Алтай мен Қалбаның сирек кездесетін металл кендерін барлаумен шұғылданған. * 1938–48 жылы халық шаруашылығына, әсіресе, майдан мұқтажына аса қажетті шашыранды және сирек кездесетін металдарды іздеу мен зерттеуде көп жұмыс атқарды. * Алтай кен-металлургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, геология бөлімінің меңгерушісі (1948–56) * Қазақстан Геология министрінің орынбасары (1957–61) * Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физикалық география институтының сектор меңгерушісі (1963–67) болды. * Айталиевтің жетекшілігімен Таулы Алтайдағы сирек кездесетін металдар аймағының қазақстандық бөлігі бойынша металлогениялық мәліметтер жинақталып, қорытылды, Қалба–Нарым металлогения белдеуінің болжамдық картасы жасалды. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Айт - мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол ораза айт, Құрбан Айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының 1-3 күндері өтеді. Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз. Ораза айын рамазан айы деп те айтады. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке апарып береді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Алла тағаланың сөзін осы рамазан айында естіген. Құрбан айт Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылықка бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. Қажылыққа баратын ай зұлхижа деп аталады. Құрбан айтта таңертеңгі айт намазынан кейін әр мұсылман мал сойып, құрбан шалады. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Құрбан шалушыға жұрт «Құрбандық қабыл болсын!» дейді. Айт күндері әр үйде дастарқан жайылып, таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттыктайды, «айттық» сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады. «Айт мүбәрәк болсын, айт мереке болсын! Айт құтты болсын! Айттын, жақсылығы бірге болсын!» деген жақсы тілектер айтылады. Айт күндері үлкен кіші сәнді киінеді, жеңіл-желпі ойын сауыққа тыйым салынбайды, бірақ дарақылыққа жол берілмейді. Ораза айт, Құрбан айт мейрамы қазақтар арасында ежелден ұлы мейрам санатына қосылып, адалдық, мейірбандық, қайырымдылық, ынтымақтастықтың көрінісіне айналды. ## Дереккөздер
Айрих Эдуард Фердинандович(1918 – 1993) – допты хоккейден аға жаттықтырушы. 1977 ж. Алматының Динамо командасы КСРО чемпионы болды, чемпионаттың күміс және қола медаліне 8 мәрте ие болды. Динамо командасы көгалдағы хоккейден 15 мәрте алтын, 2 мәрте күміс медаль алды. 1964-78 ж. допты хоккейден Алматының (Динамо), 1968-93 ж. Көгалдағы хоккейден "Динамо" командасының аға жаттықтырушысы. "Халықтар Достығы" орденімен (1981) марапатталған. ## Дереккөздер
Шмидт Мұсаұлы Айталиев (28.1.1935, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы – 22.6.2007, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1974), профессор (1980), ҚР Ғылымдар Академиясының академигі (1994). ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995). ## Өмірбаяны * ҚазМУ-ды (1957, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. * 1957–60 жылдары Орал педогогика институтының ассистенті * 1960–76 жылдары және 1987–91 жылдары Қазақстан Ғылымдар Академиясының Математика және механика институтының ғылыми қызметкері. * 1976–86 жылдары Сейсмология институты мен Механика және машинатану институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болды. * 1992–97 жылдары Атырау қаласындағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің академик-хатшысы қызметін атқарды. * 1997 жылдан ҚР Ғылымдар Академиясының физика-математика бөлімшесінің төрағасы. ## Ғылыми жұмысы * «Напряженное состояние произвольно ориентированных горизонтальных выработок в слоистой толще» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. * Негізгі ғылыми еңбектері тау жыныстары механикасына арналған. Біртекті және әртекті анизотроптық серпімді-пластикалы тұтқыр массивтегі жер асты құрылыстарының статикалық және динамик. кернеу күйін, деформациялануын, қозғалуын, беріктілігі мен орнықтылығын зерттеген. * Жер асты бекітпелерінің жаңа құралымдарын есептеу әдістерін жасады. 9–10 балдық жер сілкінісі кезіндегі болашақ Алматы метросының сейсмикалық орнықтылығын анықтады. * Сондай-ақ терең мұнай-газ оқпанын бұрғылау динамикасының, көліктік құрылыс механикасының кейбір өзекті мәселелерін де зерттеді. Айталиев республикадағы жер асты құрылыстары механикасының ғылыми мектебін құрушылардың бірі. ## Шығармалары * Конструирование и расчет набрызг-бетонной крепи, М., 1971 (соавт.); * Сейсмонапряженное состояние подземных сооружений в анизотропном слоистом массиве, А.-А., 1980 (соавт.); * Оптимальное проектирование протяженных подземных сооружений в анизотропном слоистом массиве, А.-А., 1986; * Динамика тоннелей и подземных трубопроводов, А.-А., 1989. ## Дереккөздер
Айтау – Шу-Іле тауларының солтүстік-шығыс сілемі. ## Географиялық орны Жамбыл облысы жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км-ге созылып жатыр. Ендірек жері 60 км. Ең биік жері – 819 м. ## Геологиялық құрылымы Каледон-герциндік тау құралу процесінде қалыптасқан. Негізгі дені палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген. Солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстігі қырқалы төбе болып келеді. ## Өсімдігі Таудың карбонаты аз саздақты бозғылт топырағында жусан өседі. Кейбір тұстарында ши шоғырлары кездеседі. ## Дереккөздер
Ғаббас Айтбаев 1882 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы (бұрынғы Егіндібұлақ ауданы К.Маркс атындағы колхозында дүниеге келген) – қазақ халық ақыны, композитор. Руы – Найман тайпасының Терістаңбалы руының Қонақ бөлімінен. 1920 жылдан КОКП мүшесі. 1922 жылы Қарқаралыда өткен халық ақындарының айтысында бірінші орынды жеңіп алған. Әкесі Айтбай–Арқаның белгілі әнші-композиторларының бәрі. Айтбаевтың әншілігіне испанның гитаршысы Андрея Сеговия тәнті болып, оның орындаушылық өнерін жоғары бағалаған. Ол 1927 жылы Москвада Советтердің төртінші съезі делегаттарына ұйымдастырылған концерттерде жұртшылық назарына ілігеді. Сол жылы өлкен театрда этнографиялық концертке қатысып, зор абыройға ие болады. Александр Затаевич Айтбаевтан он екі ән жазып алған. "Ғаббастың "Ардағының" өзі поэзия. Ол қиялыңды шарқытатын жазғы кештегі ай сәулесінің, Сахараның тылсым тыныштығының ғажайып көрінісі–суреті", - деп жазған А.В.Затаевич. Айтбаев қазақ ауылын советтендіруге белсене ат салысып, өзінің туған жерінде өмірінің соңына дейін ауыл совет председателі болып қызмет етті. Ғ.Айтбаев Қазыбек би селосында жерленген. ## Дереккөздер
Айтақов Нәдірбай(1894 – 1938) – мемлекет қайраткері. 1923 – 24 ж. Түркістан АКСР-ы ОАК төрағасының орынбасары, төрағасы, 1924 жылғы қарашадан Түрікменстан ревкомының басшысы, 1925 ж. ақпанда Түрікменстан КСР-ы, ОАК-нің тұңғыш төрағасы қызметтерін атқарды.
Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. 1917–1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3). Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922–24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды. Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Жүсіпбек Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді.Отызыншы жылдардың ойранына, КСРО ХІІК-нің (орыс. НКВД СССР) қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында – 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылды. ## Өмірі Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911–1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922–1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926–1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. ## Шығармалары Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын - «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. ғылыми еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді. Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ. ## Жаңадан табылғандары Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Жүсіпбек Аймауытовтың жарияланбаған оншақты әңгімесі мен қазіргі оқырманға мүлдем беймәлім болып келген елуден астам мақалалары мен очерктері табылып отыр. Қапастағы қараңғы қоймадан, шаң басқан архивтен шиырлап іздеп олжа салған, сәуле түсіріп осы інжу-маржандарды қайыра қалың жұртқа ұсынып отырған дарынды ақын, әдебиеттанушы ғалым, Жүсекең мұрасын зерттеуші – Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның «Ғылым» баспасынан жарық көрген 5 томдық толық жинағына да енбегендігін, екінші рет ешқайда жарияланбағандығын айта кеткіміз келеді. «Елеусіз ерлер» атты әңгімесі 1920-жылдары Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінің қосымшасы – «Сәуле» әдеби журналының 1924 жылғы қараша айындағы 6-санында жарық көрген екен. Әңгімені арапшадан қазіргі қаріпке түсіріп ұсынып отырған – филология ғылымдарының кандидаты Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ екенін тағы да еске саламыз. ## Фильмдер * 1994 — «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ.Умаров Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” * 2009 — «Алашорда» режиссері: Қ.Умаров Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Аймауытов Жүсіпбек * Ж.Аймауытов сайты Мұрағатталған 28 қазанның 2020 жылы. * Д.Ысқақұлы. Сан қырлы дарын * А.Демченко. Уақытпен санаспаған Жүсіпбек Аймауытов * Жүсіпбек Аймауытов
Айтбаев Мәжит, Қобызшы Қорқыт (1914, Қызылорда облысы —1945, Дрезден) – майдангер ақын. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1937 — 39 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, студенттер даярлау курсының бастығы, Қазақстан жазушылар одағынының Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметтерін атқарған. Өлең, әңгімелері мерзімдік баспасөздерде, жинақтарда жарияланып тұрған. Көркем аудармамен айналысқан. 1939 жылы Айтбаев әскерге алынып, батыс шекарада қызмет атқарды. 1941 жылы тұтқынға түседі. “Түркістан ұлттық бірлік комитетіне” мүше болып “Жаңа Түркістан”, “Милла Түркістан” газеттерін шығарысқан, “Милли әдебиет” альманағының бас редакторы болған. 1943 жылы Берлинде “Абылайхан” атты өлеңдер жинағы шықты. Оған екі дастан, үш баллада, төрт ән, 41 өлеңі енген. Шығармаларын Қобызшы Қорқыт деген бүркеншік атпен жазған. Шерлі ақын шынында да Қорқыт болып күңіренеді. Алтайды, Арқаны, Сырды сағынады, Тұранды, Түркістанды іздейді, туған жерге тәуелсіздік туын тігуді армандайды. Сағынышын сарнаумен шығарып, осы жолда қан төгудің өзі қасиетті деп өзін алдарқатады. Ақынның басқа да жинағы болған деген пікір бар.“Милли әдебиеттің” 1944 жылғы бір саны түгел Айтбаевтың 30 жылдығына арналды. “Жырлайын Алтын Алтай баурайында” дейтін өлеңінде күйікпен өткен күндеріне өкінеді де, түбі Алтын Алтай баурайында жыр төксем, соның бәрінің орны толады, деп өзін өзі жұбатады. Айтбаев 1945 жылы Дрезденде бомба жарылысынан дүние салды. “Абылайхан” жинағындағы өлеңінің бәрі, “Милли Түркістан”, “Милли әдебиеттен” табылған 30 шақты жыры 1991 — 95 жылдары Қазақстанда жарияланды. ## Дереккөздер
* Айтбай – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл. * Айтбай – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл.
Еміл Сабырұлы Айтқожин (30.5.1933, Алматы қаласы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1993). ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. * Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1959). 1959–97 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика инcтитутында, Физика-техника институтында аға лаборант, инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болды. 1997 жылдан ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында бас ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми-зерттеулері радиациялық физика мен радиациялық материалтану саласына арналған. Оның басқаруымен ВВР-К атом реакторында металдардың сырғуын сынауға арналған тәжірибелік база құрылып, құралымдық қорытпалар мен таза металдардың сырғымалылығы зерттелді. Сондай-ақ таза металдардың (уран, мыс, алюминий) радиациялық сырғу құбылысының негізгі заңдылықтарын ашты. Айтқожинның еңбектері көптеген Халықаралық ғылыми конференцияларда тыңдалып, жоғары баға алды. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). ## Ішкі сілтемелер * Уран (химиялық элемент) * Мұрат Әбенұлы Айтхожина * Айтхожина Марфуға * Нағима Әбенқызы Айтхожина ## Сыртқы сілтемелер * Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * Реактор ВВР-К (орысша) ## Дереккөздер
Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев (15 ақпан 1938, Қызылорда – 29 қыркүйек 1994, Алматы) – кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988). * 1956 – 61 ж. Алматы көркемсурет училищесін бітірген, М.Кенбаевтан дәріс алған. * 1969 – 71 ж. осы училищеде ұстаздық етті. ## Шығармашылығы 1966 жылы Мәскеуде Манежде жас суретшілердің Бүкілодақтық көрмесі ашылып, оған қазақ суретшілері де қатысты. Ол Қазақстандағы заманауи өнердің қалыптасуының негізгі бастау нүктесі болды. Қазақ суретшісі, график, алпысыншы жылдардағы суретшілер тобының сөзсіз жетекшісі Салихитдин Айтбаевтың «Бақыт» картинасы қазақ шығармашылығының нағыз жаңалығы мен жарқын үлгісі болды. Айтбаевтың алғашқы кескіндемелік шығармаларынан шығыс миниатюрасының әсері байқалады. Ұлттық салт-дәстүр рухымен іштей үйлесім тапқан: * «Шопандар демалысы» (1962) * «Бақыт» (1966) * «Жас қазақтар» (1968) * «Қонақ келді» (1969) картиналары қазақтың бейнелеу өнеріне соны сипат әкелді. * «Ә.Әлімжанов» (1970) * «Ана» (1973) * «Әке» * «Шопан» (екеуі де 1974) * «Абай» (1994) портреттерін салды. ## Марапаттары * 1966 ж. оған «Менің Отаным» атты суреттер топтамасы үшін Қазақстан Республикасының Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Айтбаевтың кескіндемелік және график. туындылары ҚР-ның Мемлекет бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы. ## Дереккөздер
Айтхожин Мұрат Әбенұлы(29 маусым 1939, Петропавл — 19 желтоқсан 1987, Алматы) – биология ғылымының докторы (1977), профессор (1980), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1979), академик (1983), Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі, ғалым. ## Өмірбаян Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. ҚазМУ-ді бітірген (1962). ҚР ғылым академиясының Ботаника институтында кіші (1965), аға (1967) ғылыми қызметкер, директор (1978 — 83), Молекулалық биология және биохимия институтында директор (1983 — 87), Қазақстан ғылым академиясының президенті (1986 — 87) болды. Айтхожин — жасушалық макромолекулалардың (нуклеин қышқылдары мен нәруыздың) синтезі саласында аса құнды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эукариоттық жасушаларда кездесетін жасушалық бөлшектердің жаңа класын, ақпараттық рибонуклеин қышқылдарының (ақпараттық РНК-ның) рибонуклеопротеидтік түрін (РНП-ті) — информасоманы ашқан. Айтхожин бидай дәнінің эмбриогенезі, пісіп-жетілуі, тұқымынан өнуі кезінде оның жасушаларында жүретін құбылыстарды: ақпараттық РНК-ның биогенезін, түзілуін, сақталуын және оның құрылымдық ерекшеліктерін зерттеді. Өсімдік рибосомаларының физикалық-химиялық қасиеттерін анықтап, олардың жануар рибосомаларына ұқсас екенін байқады. Жануар мен өсімдік жасушаларының суббөлшектерінен тұратын әрекеті күшті будан рибосомалар алуға, оларды зерттеуге болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл зерттеулердің эволюциялық теорияны дамытуда үлкен маңызы болды. Биохимиялық тәжірибелерді автоматтандыру саласында белсенді басшылық жасады. Қазақстан ғылым академиясының жанынан Молекулалық биология және биохимия институтын ашқан (1983). Осы институт құрамында жасушалық және генетикалық инженерия, трансгеноз лабораторияларын, Биотехнология орталығын (1987) ұйымдастырған. Айтхожин Лениндік сыйлықтың лауреаты (1976). Ол халықаралық Бейбітшілік қорының Алтын медалімен (1987), “Халықтар достығы” орденімен (1987) марапатталған. Алматыда Айтхожин тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған, Молекулалық биология және биохимия институты оның есімімен аталады. ## Сілтемелер * Қазақ энциклопедиясы, 1-том
Айттыру - дәстүрлі ортада неке салтында үлкен мәнді ғұрып. Жігіт жағының құда түспек ниеттерін білдіріп, қыздың ата-анасына, жақын туыстарына сөз салуы. Жасынан атастырылған қызы жоқ ұлдың ер жеткен соң оны аяқтандырғысы келген ата-анасы баласы мен туысқандырымен ақылдаса отырып, келін болуға лайықты қыз қарастырады. Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша ұл баланың 3-10 жасы аралығында қыз айттыра бастайды. Болашақ калыңдықты таңдауда екеуінің жас айырмашылығы бес немесе одан көп болуы мүмкін. Яғни жас алшақтығына қарамайды, қалыңдықты әкесінің байлығы мен жағдайына байланысты да таңдайды. Алайда, мұны ұлдың әкесі өзінің материалдық жағдайын жөндеу үшін байлықты көксегендігі деп түсінбеу керек, тек екі жақтың тең болуын қалағандықтан қалыптасқан үрдіс. Жігіт әкесі өзіне терезесі тең деп санаған үйдің қызының басының бостығын білсе, арнайы адам жібереді немесе өзі барады. Қызын көруге келген адамға қыздың шешесі: «Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді, қызымның басы бос» деген ниетін естіген соң ғана айттыру қамы жасалынады. Ежелгі салт бойынша, айттырар алдында жігітке қыздың, қызға жігіттің атын ататқан. Айттыру сөзі осыған байланысты шыққан болса керек. Қызды айттыруға туыстарымен ақылдасқан күйеу жігіт жағы қалыңдық ауылына жон-жосықты жақсы білетін, сөзге шешен, әзіл-қалжыңға епті жаушы адам аттандырады. Ол жағымды хабар әкелсе, жігіт жағының туыстары кеңес құрып, құдалық туралы келісуге және қалыңмалдың мөлшерін білуге нақты кімді жіберу қажеттігін анықтап алады. Әдетте, оған күйеужігіттің әкесінің өзі белгіленеді немесе өзінің атынан сенімді ақсақалды нөкерлерімен жібереді. Олар қалыңдық тұратын ауылға келген соң, басқа бір үйге тоқтайды. Ертесіне, келген кісілердің біреуі өздерінің келу мақсатын жеткізу үшін қалыңдықтың әкесінің үйіне барады. Егер қыз әкесі өзінің қызын беруге келіссе, онда ол оған өзінің сапарлас жолдастарын осында шақыруын айтады. Қалыңдықтың әкесі қонақтарын төрге отырғызып, әр нәрсені әңгімелей отырып, соңында өз қызы үшін жігіт жағынан алғысы келетін малдың санын айтады; әдетте, байлар алпыс-жетпіске дейін, тіпті, одан да көп мал санын сұрайды. Бұл төлем халық арасында қалыңмал деп аталады. Қалыңмалға негізі жылқы, түйе мен ірі қара тағайындалады. Айттыру ғұрпы түркі тектес халықтарға ертеден ортақ үрдіс, ғұрып болғандығы деректерде сақталған. Айттырудан кейін жастардың некелесуіне дейінгі аралық мүмкіндігінше көп уақытқа созылғанын жөн көрген. Өйткені, бұл аралықта түрлі-түрлі қызықтар өтеді: екі жақтың бір-біріне сыйлықтар жасауы, тойға әзірлік, той; екі жастың өмір бойы естерінде қалатын алғашқы кездесулері деген сияқты. Ата-анасы қызының тұрмыс құруына дейін оның үй шаруасына жәрдемдесуін және өз қалауынша еркін өмір сүргенін қалайды. Неғұрлым осы уақыт ұзаққа созылған сайын, соғұрлым қыздың әке-шешесі, әсіресе, шешесі риза болады. Айттырылған қыз белгілі бір жасқа келгенде, салт бойынша кәмелетке толғанда, яғни он үш жасында, күйеу жігіттің әкесі не өзі қалың малдың бір бөлігін, жартысын немесе 2/3 бөлігін төлеген кезде, әкесі қызын ұзатқан. Егер қыз жағы уағдасында тұрмаса, қыздың ата-аналары жігітке қалың малды қайтарып, салт-дәстүр бойынша, түйе бастатқан тоғыздан айыппұл төлеген. 1868 жылы қабылданган «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарына бағынышты далалық облыстарды басқару жөніндегі Уақытша Ереже» бойынша, қазақ қыздарына, өз қалауы болмаса, бұрыннан айттырылып қойған күйеужігіттеріне шықпауға ерік берілген және 16 жасқа толмаған қызды ұзатуға тыйым салынған. Алайда, бастапқыда бұл заңды жасырып, 16-ға тола қоймаған қыздың тұрмысқа шыққанын кейін жұртшылыққа жария еткен. Дәстүрлі қазақы ортада, көбінесе, жігіттің әкесі сыйлас көңіл жетер адамдардың қызы болса, ата-анасымен келісіп өзара сөз байласқан. Үйдің төріне қамшысын іліп, құдалықтың басы осы болсын» деп бір жорға ат байлайды немесе «қызыңа тақақн үкіміз» деп үкі тағар, кей жерлерде «қызға таққан сырғамыз» деп сырға салар ырымын жасайды. Айттырудың ертедегі тағы бір мағынасы біреудің жолына құрбандыққа арналған мал дегенге саяды. Ол ғұрып ақсарбас атау ғұрпы түрінде сақталған. ## Дереккөздер
Айдабол — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл (бұрын кент), Айдабол ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Зеренді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км жерде, Айдабол өзенінің жағасында орналасқан. ## Тарихы Іргесі 1908 жылы қаланған. 1939 жылы мұнда мал бордақылау кеңшары ұйымдастырылды. 1997 жылы кеңшар негізінде кооператив шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Кентте Айдабол спирт зауыты, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорны, орта мектеп, клуб, аурухана, балабақша бар. Айдабол арқылы Көкшетау - Атбасар көлік тас жолы өтеді. ## Дереккөздер
Айуан, айван – архитектурада – шығыс сәулет өнеріндегі төбесі еңселі, көп бағаналы галерея немесе үлкен нишасы бар портал. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде үй алдындағы төбесі жабық, қапталдары ашық құрылыс. Оңтүстік Қазақстан тұрғындары айуанды далан деп те атайды. ## Галерея * * * * ## Дереккөздер
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы,Нюрнберг қаласы,Германия) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. Қырғыз елі арасындағы Найман тайпасының Қытай руының Шекер бұтағынан шыққан.«Аспалы көпір», «Жәмила», «Найман ана» «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында (Біздің Мұхтар. - А., 1976) «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері - Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды. Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықар. сыйлықтардың лауреаты. ## Хронология Қырғыз ауылшаруашылығы институтын бітірген соң, 1948 жылы Жамбыл облысы, Құлан ауылындағы агротехникалық колледжін зоотехник мамандығымен тәмамдаған. 1956 — 1958 жылдары Мәскеудегі Жоғарғы әдебиет курсында тыңдаушы, 1959 — 1960 жылдары “Литературный Киргизстан” журналының редакторы, 1960 — 1965 жылдары “Правда” газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 1965 — 1986 жылдары Қырғызстан Кинематографистер одағының төрағасы, 1986 жылы Қырғызстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1988 жылы “Иностранная литература” журналының Бас редакторы, 1990 жылы КСРО-ның Люксембургтегі елшісі болды. 1991 жылдан Қырғызстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі. 2008 жылдың 10 маусымында Германияның Нюрнберг қаласында дүниеден озды. Жерлеу рәсіміне қаламдас інілерінен Қазақстаннан Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы, Нұрлан Оразалин келіп, қатысты. Бішкектегі Ата-Бейіт зиратына жерленді. ## Еңбектері “Әшім” атты тұңғыш әңгімесі 1952 жылы жарияланды. Онан кейін “Аспалы көпір” (1956), “Бетпе бет” (1957) тағы басқа әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі “Жәмила” повесі (1958).Мұхтар Әуезов пен француз жазушысы, Луи Арагон осы шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Жәмила бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды. ## Экранизациялау Ш.Айтматовтың 20 астам шығармасы экрандалып, басқа да көптеген шығармалары сахнада ойналды: * Қазақ академиялық драма театрында «Ана-Жер-Ана» (1964 ж, реж. Ә.Мәмбетов) * Мәскеудегі жастар театр студиясы «Буранный полустанок» (1980 ж. реж. В.Спесивцев) * П.А.Ойновский атындағы Якутия академиялық драма театры «Желанный голубой берег мой» (1982 ж. Реж. А.Борисов) * В.Спесивцев атындағы Мәскеу эксперимантальды театры «Тавро Кассандры» (2007 ж.) * Бішкектегі Ш.Айтматов атындағы драма театры «Қызыл алма» (2009 ж.реж.Н.Асанбеков) * Мәскеудегі Пушкин атындағы театрда «Материнское поле» (2012 ж.реж.С.Землянский) * Геннадий Чихачёв театры «Плаха» (2013ж.Г. Чихачёв) 2010 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының сахнасында Шыңғыс Айтматовтың "Ана жер Ана" спектаклін сахналаған Қазақ еліне есімі белгілі театр режиссері,Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов, бұл қойлымды жаңа бағытта,жаңа форматта сахналап өзіндік ерекше қолтаңбасымен көзге түсті. Жаңа форматта қойылған бұл спектакль қырғыз бен қазақ көреремендерінің жүрегіне жол тапты. Спектакльде Толғанайдың ролін Қазақстанның халық артисі Мәкен Рахымжанова орындап елдің ыстық ықыласына бөленді. Спектакль театр репертуарында әлі күнге дейін жүріп келеді. 50 жыл бұрын сахналанған «Ана-Жер ана» қойылымының режиссері, театр тарланы Әзірбайжан Мәмбетовтың ізбасары жас, талантты режиссер Дина Жұмабаева трагедияны қайта түлетті. 2014 жылдың қазан айында Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында Ш.Айтматовтың елу бір жыл бұрын жазылған «Құс жолы» повесі бойынша сахналанған «Ана-Жер ана» қойылымының премьерасы ХІІ-ші маусым шымылдығын ашты. ## Шетелге таралуы Шығармалары шет елдерге де кеңінен танылды. Айтматов қаламынан туған әрбір шығарма адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен, сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Айтматов туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы тағы басқа дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылды. Айтматов “Тау мен дала хикаясы” атты шығрамалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлық алды. “Қош бол, Гүлсары” (1967), “Ерте кеткен тырналар” (1975) повестері, “Боранды Бекет” романы (1980) үшін үш мәрте (1968, 1977, 1983) КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. “Шынарым менің, шырайлым менің” (1960), “Алғашқы ұстаз” (1962), “Ақ кеме” (1970) повестерінде Айтматов замандастарымыздың түрлі мінез болмысын, жастардың шынайы махаббатын, адам бойындағы мейірім мен қатыгездіктің табиғатын толғана суреттейді. “Ана– Жер ана”(1963) повесінде қырғыз халқының Отан соғысы жылдарындағы басынан кешкен қасіретін, қайғысын, сол ауыртпалықты көтере білген рухы биік Толғанай бейнесін шыншыл да, асқан шеберлікпен сомдаған. “Ана–Жер ана” спектаклі ең алғашқы рет Алматыда, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында табыспен қойылды. Адамзаттың Айтматовы аталып кеткен, заманымыздың заңғар жазушысының кейінгі “Жанпида” (1986), “Кассандра таңбасы” (1995) романдары философиялық тереңдігімен ерекшеленеді. Өмірдің сан қатпар сыры мен қырына үңілген, соның болмысын ашып көрсетуге бой ұрған зерделі зерттеу, пайымдауы мен тың, тосын көркемдік кестесімен қызықтырады. Оқырман назарын адамгершілік мінез құлықтың толғақты мәселелеріне аударады. Айтматов шығармалары бойынша көптеген көркем фильмдер түсірілді. Бірсыпыра шығармаларының желісімен жасалған драмалық туындылары /“Шынарым менің, шырайлым менің”, “Боранды бекет”/, қазақ драматургі Қалтай Мұхамеджановпен бірігіп жазған “Көктөбедегі кездесу” пьесасы Қазақстанның республикалық, облыстық театрлары сахнасынан берік орын алды. Қазақ ақыны Мұхтар Шахановпен бірігіп жазған “Құз басындағы аңшының зары” атты эссе кітабы (1997) жарық көрді. Осы екеуі бірігіп жазған “ Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот” атты пьесасы Қазақстанның Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды (1998).Сонымен қатар бұл шығарма 1999 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының сахнасында "Сократ түні" деген атпен қзақтың белігілі режиссері,Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовтың ,сахналауымен дүниеге келіп,сол жылы өткізілген "Айтматов және Театр" атты халықаралық театрлар фестивалінде төрт бірдей жүлдені иеленді: "Ең үдік режиссура"(Қуандық Қасымов),"Ең үздік әйел образы" ( Гүлшат Қыпшақова), "Ең үздік екінші пландағы образ" (Спандияр Мұқышев), "Ең үздік эпизод" (Әнапия Ахмет).Айтматов бірсыпыра Еуропа елдері академияларының құрметті академигі, бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесіне, Қырғызстан Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Айтматов ҚР Президентінің 1993 жылғы Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының лауреаты.1997 жылы шілде айында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен Әуезовтің 100 жыддық мерейтойына арналған конференцияны Айтматов басқарып, сөйлеген сөзінде улы жазушыға деген өз сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласын, талант қүдіретіне бағытталған ақ ниетін білдірді. ## Дереккөздер
Айшырақ қорымы — Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениетінің Атасу кезеңі мен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне (б.з.б. 14-12 ғ.) ауысуға аяқ басқан дәуірінен қалған ескерткіштер тобы. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау селосының шығысында, Атасу өзенінің сол жағалауында орналасқан. Орталық Қазақстан археология экспедициясы 1952 жылы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан, 1992 жылы Ж. Құрманқұлов) зерттеген. Қорым гранит тастардан құралған 102 қоршау мен 9 қоршаулы обадан тұрады. Қоршаулар шеңбер, дөңгелек, төртбұрыш, шаршы түрінде, кейде бір-бірімен қиюласа салынған. Бейіттің оңтүстік-шығыс жағында құрбандық шалып, діни рәсімдер өткізетін, үлкен ақ шақпақ тастардан құралған бірнеше қоршау бар. Тастарының саны тақ — 7, 9, 11 данадан. Айшырақ қорымынан 13 қабір ашылды. Оның екеуі қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Мәйіттерді сол жақ не оң жақ бүйірімен бір қырынан жатқызып, қолы мен тізесін бүгіп, басын батыс, кейде шығысқа қаратып жерлеген. Кейде мүрдені өртеп, күлін көмген. Бас жағына геометриялық өрнектер салынған көзе қойылған. Бір қоршау ішінде екіден онға дейін қабір бар. Әр қоршау бір отбасы мүшелеріне арналған. Отағасы ортадағы қабірге, қалғандары қатарластыра жерленген. Айшырақ қорымының бірқатар қабірлері екі қабаттан тұрады. Төмеңгі қабір тастары жоғарғы үлкен қабір ішінде. Қола дәуірінің кейінгі кезеңінде дүние салған кісілер үстінде обасы бар қоршаулар ішіндегі тас қабірлерге жерленген. Қабір іші отпен аласталған. Қабірлерден өлген адамдармен бірге қоладан құйылған жебе ұштары, көркем өрнектелген саз ыдыстар, ұршық бастары, мыстан, тастан және түсті моншақтар, мыстан құйып сыртын алтынмен аптаған бұранда тәрізді салпыншақтар, шаш түйреуіштер, мыс білезіктер т.б. заттар табылды. ## Дереккөздер
Айыл– ат әбзелі. Ер тоқым, ершік, ашамай, ыңыршақ қыр арқадан ауып кетпеу үшін көлік малының бауырын орай тартатын жіңішке тартпа. Айыл, көбінесе, қайыстан, кейде ызба құр мен өрме таспадан жасалады.Жасалған затының тегіне немесе жасау әдісіне қарай: қайыс айыл, құр айыл, өрме айыл, таспа айыл, орны мен қызметіне қарай: бас айыл, төс айыл, шап айыл деген түрлері болған. ## Дереккөздер
Айша– Әбу Бәкірдің қызы, Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті жұбайы, жанқияр көмекшісі әрі оның хадистерінің жеткізушілерінің бірі. Айша ертедегі исламдық тарихта, Мұхаммед Пайғамбардың өмірінде де, қайтыс болғаннан кейін де маңызды рөл атқарды. Сунни дәстүрінде Айшаны ақылды әрі ізденімпаз ретінде сипаттаған. Ол Мұхаммед пайғамбарымыздың хабарламаларының таралуына көп ықпал етті және қайтыс болғаннан кейін 44 жыл ішінде мұсылман қауымдасына қызмет етті. Сондай-ақ Айша анамыз Мұхаммед Пайғамбарымыздың жеке өміріне ғана емес, сонымен қатар мұрагерлік, қажылық және эсхатология сияқты тақырыптарға қатысты мәселелер бойынша 2210 хадистер таратушы ретінде танымал болды. Оның әкесі, Абу Бәкір, Мұхаммедті алмастырушы алғашқы халифа болды, ал екі жылдан кейін оның орнын Умар басты. Үшінші халифа кезінде Усман Айша Оянда оған қарсы Оппозицияда жетекші рөл атқарды, дегенмен ол кісі өлтіргендерді де, Али партиясымен де жақтамады. Алидің билігі кезінде ол Усманның өлімі үшін кек алғысы келді. Ол шайқасқа қатысып, сөз сөйлеп, түйе армиясын басқарды. Нәтижесінде ол шайқаста жеңілді, бірақ оның қатысуы мен белгісі өшпес әсер қалдырды. Оның осы шайқасқа қатысуына байланысты мұсылмандық шииттер Айшаға жағымсыз қарайды. ## Дереккөздер
Айырбас - резерв қоры - екі мақсатты көздеп қалыптасатын кітапхана қорының бөлігі. ## Айырбас қоры Айырбас қоры - арнаулы жасалған шарттарда басқа кітапханалармен құжаттарды өзара айырбастауға немесе оларды тегін беруге арналған кітапхана корының бөлігі. ## Қоры жаңарту Қоры жаңарту - қордың қалыптастыру процесінде әдебиеттердің келіп түсу және шығарылу есебінен мазмүны мен аумағының өзгерісі. ## Қордың жаңарғыштығы Қордың жаңарғыштығы - талданып отырған кезек ішінде кордың жаңару дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады (бір жыл- дан бес жылға дейін) Н 100 формуле: Н = • 100% ## Дереккөздер
Марфуға Ғалиқызы Айтхожина (25 тамыз 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Құлжа қаласында туған) – қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). ## Өмірбаяны Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді. ## Шығармашылығы Марфуға Айтхожина "Аңсау", "Ақку жүрек", Алатаудың Ақ батасы" туындыларында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды. 60-жылдардан бері бүгінгі күнге дейін жиырма бес жыр жинағы шыққан. Алғашқы өлеңдер жинағы "Балқұрақ" деген атпен 1962 жылы жарияланған. Кейіннен әр жылдары "Шыңдағы жазу", "Жастық шақ", "Аққуым менің", "Қаракөз айым", "Баянжүрек", "Көзімнің қарасы", "Ақ бесігім", "Жарқыра, менің жұлдызым", "Қыран жеткен", "Таңдамалы", "Сағыныш сазы", "Жапырақ сілкінген кеш", "Аңсау", "Аққу жүрек", орыс тілінде "Утверждение", "Голубые голуби", "Струна степей", "Горсть земли", "Украшение коня", "Летние росы" өлеңдер жинақтары жарық көрді. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы т.б. тілдерге аударылған. ## Марапаттары * 1968 жылдан бастап Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. * КСРОның «Құрмет белгісі» орденінің иегері. * 2002 жылы «Аңсау» атты жыр жинақтары үшін «Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы» берілді. * 2004 жылы ҚР Президенттік степендиясының иегері. * президент жарлығымен «Парасат ордені» нің иегері атанды. * 2009 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. * 2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; * Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрметті профессоры. * «Еңбек ардагері» мемлекеттік медалімен марапатталған. * ҚР тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хатымен марапатталған. * 2016 жылығы ҚР тұңғыш президенті – елбасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. * Болгарияның «Достық» медалімен марапатталған. ## Шығармалары * Аңсау * Аққу жүрек ## Өлеңдер жинағы * "Балқұрақ" * "Шыңдағы жазу" * "Жастық шақ" * "Аққуым менің" * "Қаракөз айым" * "Баянжүрек" * "Көзімнің қарасы" * "Ақ бесігім" * "Жарқыра, менің жұлдызым" * "Қыран жеткен" * "Таңдамалы" * "Сағыныш сазы" * "Жапырақ сілкінген кеш" * "Аңсау" * "Аққу жүрек" ## Орыс тіліндегі шығармашылығы * "Утверждение" * "Голубые голуби" * "Струна степей" * "Горсть земли" * "Украшение коня" * "Летние росы" ## Дереккөздер
«Акмолинская правда» — Ақмола облыстық әкімшілігі мен мәслихатының газеті. 1939 жылы қазан айынан шыға бастады. Көлемі —4 бет, қалыбы — А 3. Тың өлкесінің құрылуына байланысты «Целинный край» (1962 — 65), «Целиноградская правда» (1965 — 82) деп аталған. 1992 жылдан бастап қазіргі атымен шығып келеді. Негізгі мақсаты — халықты астаналық облыстың тыныс-тіршілігі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібінің, жалпы экономикасының даму барысымен жан-жақты таныстыру. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"