text
stringlengths 3
252k
|
---|
Үйтас-Айдос — қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Сарыкеңгір өзенінің оң жағалауында, Үйтас-Айдос(қолжетпейтін сілтеме) қыстағынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан.
1984 — 85 ж. Жезқазған облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедиция (жетекшісі Э.Р. Усманова, В.В. Варфоломеев) жұмыстары барысында зерттелді. Ауданы шамамен 5000 м2 жерде шашырай орналасқан 17 қоршау қола дәуірінің екі кезеңіне, яғни нұра (б.з.б. 15 — 13 ғасырлар) және беғазы-дәндібай (б.з.б. 13 — 9 ғасырлар) мәдениеттері кезеңдеріне жататыны анықталды. Қазылған 14 нысанның 10-ы Нұра бойындағы ескерткіштерге жатады. Зираттың шығыс жағын ала оқшаулау тұрған бұл қоршаулар тігінен орнатылған ірі қақпа тастардан құралған және пішіні жағынан сопақша, кейде тікбұрышты түрде жасалған. Бұлардан ашылған барлығы 13 қабір 2 түрге бөлінеді: қарапайым топырақ қабірлер және тас жәшіктер. Екі қабірде мәйіт (екеуі балалардікі) жерленсе, 11 қабірде (барлығы ересектердікі) олар өртеліп, күлі жерленген. Заттай деректерді көптеп табылған бүйірі шығыңқы, тарақ қалыппен басылған өрнектері бар қыш ыдыстар, қола әшекейлер, тас садақ жебесі құрайды. Беғазы-дәндібай мәдениетіне қарасты қалған 4 қоршау (3, 4, 5, және 13 қоршаулар) басқаша үлгімен жасалғаны анықталды. Мұндағы ең үлкен орталық қоршау шаршы пішіндес, бұрыштары әлемнің 4 тарапына қаратылған. Үлкен қақпа тастардан жалпағынан қаланған, ені 1,5 — 1,7 м болатын қабырғаларының әрқайсысының ұзындығы 6,6 метр Ортадағы тоналған шұңқыр қабірдің аумағы 3,2*2,4 метр, тереңдігі қазіргі жер бетінен сәл ғана төмен, яғни мұнда мүрдені үстіңгі шым қабаты ғана алынып, тегістелген жер табанына қойған. Қоршау ішінен 5 сәнді қыш ыдыстың бөлшектері табылды. Зерттеу барысы 13-қоршаудың осыған ұқсас үрдіспен жасалғанын көрсетті. Оның өлшемдері 3,6*3 метр, ортасындағы саяз қабірдің аумағы 1,6*1,2 метр Бұл нысаннан қазба нәтижесінде сәнді өрнектелген беғазы қышынан басқа, киммерилік порыммен құйылған қола қанжар табылған.
Зерттелген басқа қоршаулардан қыш ыдыс бөлшектері, қола найза ұшы, сүйек садақ жебелері алынды. Қыш көзелер, негізінен белдеулі қыш ыдыс түріне жатады, мұның ішіндегі бір көзенің Батыс Сібір өлкесінен табылған ыдысқа ұқсайтыны байқалған. Өз кезегінде мұндай деректер Орталық Қазақстанды мекендеген көне беғазылық тайпалардың алыс-жақындағы көршілерімен тығыз байланыста болғанын көрсетеді.
## Дереккөздер
inform.kz(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер: |
Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлы (31.12.1916, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Знаменка ауылы – 14.10.1992, Алматы қаласы) – медицина ғылыми докторы (1967), профессор (1969), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1940, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1940–49 жылдары әскери дәрігер, 1949–62 жылдары Ортаазиялық (қазіргі Қазақ) обадан арылу ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, 1962–87 жылдары директоры болды.
Айқымбаевтың негізгі ғылыми еңбектері аса қауіпті аурулар эпидемиологиясына, әсіресе, туляремия ауруын тудыратын микроорганизмдердің табиғи ошағын зерттеу және аурудың алдын алу, сақтану мәселелеріне арналған. Сондай-ақ Қазақстанда бірнеше туляремия ошақтарын ашып, оларға толық ғылыми сипаттама берген. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Сілтемелер |
Айдарханов, Бүркітбай Айдарханұлы (29.12.1918 ж.т., Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – медицина ғылыми докторы (1975). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1945 ж. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Клиник. және эксперименттік хирургия институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 1959 жылдан бөлім және лаборатория меңгерушісі. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты – эндокринологиялық сырқаттың эпидемиологиясы.
Шығ.: Эндемический зоб животных. А.-А., 1978 (соавт.); Эпидемиология и профилактика эндемического зоба. А.-А., 1979 (соавт.). |
Кенжәлі Айманов (1.1.1917, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы) – 26.8.1974, Алматы қаласы) – мемлекет қайраткері, КСРО Педогогика Ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі (1971).
## Өмірбаяны
* ҚазПИ-ді (1937, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
* 1941 жылы Қазалыда мұғалім болады.
* 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Брест қорғанын қорғауға, Сталинград шайқасына және Керчьті азат етуге қатысқан. 1945 жылы Алматыға оралады.
* Алғашында қалалық комсомол комитетін басқарады.
* 1947-1952 жылдары ю18 мектепте физика мұғалімі, кейіннен директор.
* 1952 жылы Абай атындағы ҚазПИ-де физика-математика факультетінде оқытушы болып қызмет атқарды.
* ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі (1960–63)
* Қазақ КСР-інің Оқу-ағарту министрі (1963–71)
* Республика Жоғары және арнаулы орта білім министрі (1971–74) қызметтерін атқарды.
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7 және 8 шақырылымдарының депутаты. Қазақстан Компартиясының 12, 13 съездерінің делегаты, сол съездерде Қазақстан Компартиясы ОК мүшелігіне сайланды. КОКП 24 съезінің делегаты.
## Еңбектері
Аймановтың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары сынып оқушыларының автоматика, телемеханика, электроника элементтерін меңгеру мәселелеріне арналған. Кейбір еңбектері:
* «Атомная энергетика и её использование» (Алма-Ата, 1959);
* «Физика и автоматика: Пособие для учителей» (Алма-Ата, 1963).
## Марапаттары
* Ленин орденімен
* Еңбек Қызыл Ту орденімен
* "Сталинградты қорғағаны үшін" медалімен
* бірнеше медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Айманова, Ләззат Бисенқызы (14.3.1948 ж.т., Қарағанды қаласы) – экон. ғылыми докторы (2002), профессор (2004). Қазіргі Қазақ ұлттық тех. университетінің инж.-экон. факультетін (1971) бітірген. Қазақ ұлттық педогогика университетінде кафедра меңгерушісі (1995–2008) болған.
Ғылыми жұмысының негізгі бағыты – экон. талдау негізі мен теориясы, халық ш. салаларын қаржыландыру мен несиелендіру, аудит пен қаржылық есеп және бухгалтерлік есеп негізінің мәселесі. 2001 ж. «Проблемы кредитования реального сектора в условиях трансформирующейся экономики» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғаған. А. 7 монография, 50-ден астам ғылыми мақаланың авторы. |
Меруерт Қаратайқызы Өтекешeва (1951 жылы 25 ақпанда Оралда туған) — кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978). Құрмет және Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
## Жалпы мәліметтер
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
* 1968 ж. Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған.
* 1969-1973 ж. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін бітірген.
* КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Х.Бөкееваның класында дәріс алған.
* 1973 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында артистік театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман (1973).
## Рольдері
* «Қыз Жібек» (1970)
* «Ағам менің» (1972)
* «Ұлымның оралуы» (1977)
* «Қосымша сұрақтар» (1977)
* «Тентек балалар»(1980)
* «Аждаһа жылы» (1981)
* «Орнамент» (1982)
* «Кінәңді ақта» (1983)
* «Жауын»
* «Ақ бақсы», т.б.
* «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларында түсірілген фильмдерде ойнаған.
## Жеке өмірі
Меруерт Қаратайқызының жұбайы: қазақ киносының жұлдызы, Қазақстанның халық артисі, "Парасат" орденінің иегері Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков.
## Марапаттары
* М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанған.
* Республикалық «Жігер» фестивалінің де лауреаты.
* 1982 жылы "Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі" құрметті атағы.
* 2001 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* 2008 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталған.
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалі.
* Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Сахналық ғұмыр» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл)
* 2017 жылы 13 желтоқсанда Елбасының қолынан Парасат орденімен марапатталды.
* ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
## Дереккөздер |
Иманбердиев Бұрхан Жақыпбайұлы (30.12.1947 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы) – экономикалық ғылыми докторы (2002).
Шымкент педогокикалық институтын (1969) және ҚазМУ-дың аспирантурасын (1976, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономикалық университетті) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1976–2002), халықаралық Қазақ-түрік университеттінде директор (2002–07) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі. «Управление динамическим развитием экономики Казахстана на основе экономико-математического моделирования» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Иманбердиев Бұрхан Жақыпбайұлы 47 ғылыми-әдістемелік жұмыстың авторы.
## Дереккөздер |
Иманғазинов Мұратбек Мұбарақханұлы (4.2.1964 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Тоқжайлау ауылы ) – филология ғылыми докторы (2009).
Найман тайпасы Қаракерей руынан Тоқпақ бөлімінен шыққан.
Қазіргі ҚазҰУ-ды (1991) және аспирантурасын (1998), докторантурасын (2002) бітірген. Талдықорған қаландағы І.Жансүгіров музейінде ғылыми қызметкер (1991), Жетісу мемлекеттік университеттінде оқытушы (1992–2009), ал 2000 жылдан доцент қызметтерін атқарады. «Қазақ және антика әдебиеттеріндегі сюжеттік үндестіктер» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Иманғазинов Мұратбек Мұбарақханұлы 30-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде монографиялар («Ілияс Жансүгіров», 2004; «Антика әдебиеті», 2008) мен оқу құралдарының авторы.
## Дереккөздер |
Астау - халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы болып табылады. Сонымен астаумен қатар астабақ та кеңінен қолданыста болған.
Астауға тек қана ет салып қана қоймай басқа да майлы дәмді астарды тартуға болады. Астауды жасаудағы әдіс тәсілдерді меңгеру үшін ең алдымен қолөнершінің шеберлігі мен арнайы көркемдік дайындығы болса, бұйым жасауға арналған қажетті жағдайларын ұйымдастыруы қажет. Яғни ең алдымен керекті құрал саймандарды жұмыс орынын сайлағаны дұрыс, қажетті шапқы, қашау, пышақтардың түрлі үлгілерін дайындап, астау жасауға арнайы алынған дайындаманы верстак бетінде нық қозғалмастай етіп орнатып (бекітіп) немесе қойып алып, бірақ жұмысқа кіріскен дұрыс. Бұл жерде ағаш таңдауда ағаштың жапырақ тұқымдас түрлерін қолданған дұрыс. Мысалы қайың, терек, үйеңкі т.б. Себебі бұл ағаштар кесуге жұмсақ келеді. Жұмыс бастамас бұрын пышақтардың жүздерін қайрап, күтім жасау қаже. Ең бастысы пышақпен жұмыс істеу барысында өте мұқияттылық және абайлық таныту керек. Себебі, қауіпсіздік ережесі сақталмаса нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз әбден мүмкін. Әр пышақтың өзінің орынды қолданылуы және кесудегі арнайы әдіс тәсілдерін біліп, меңгеру қажет. Жалпы бұйымның сырт көрінісі, кескіні, өлшемі тұтынушының қалауына байланысты. Дегенмен заттың өзіндік қолданылуындағы талап етілетін сапалық, эргономикалық, көркемдік үйлесімдігінің сақталуы қажет. Астауды көркемдеуде ұлттық өрнектердің кез келгенін қолдануға келмейді. Негізі бабаларымыз ыдыс аяқтарды өсімдік тектес өрнектермен өрнектеген. Бірақ ағаш бұйымдарын көркемдеуде жануар текті ұлттық ою өрнектерді де қолдану өте ұтымды, әсерлі нәтиже береді.
## Дереккөздер |
"Алға!" Халықтық партиясы - "Қазақстанның демократиялық таңдауы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің (ҚДТ РҚБ) жолын жасғастырушы ізбасары.
ҚДТ тарихы 2001 жылдың қараша айында қазақстандық қоғамның беделді өкілдерінің ашық түрде Рахат Әлиевтің заңсыз әрекеттеріне қарсы шығып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтан өзінің үлкен күйеу баласының бейбастығын тоқтатуды талап еткен күннен басталады.
Өзінің қызмет атқарған уақытында ҚДТ РҚБ, онан кейін ҚДТ Халықтық партиясы, осы екеуінің ізбасары "Алға!" Халықтық партиясы авторитарлық жүйенің тарапынан жасалған қысымға, өздерін күштеп жабу әрекеттеріне, бұл ұйымдардың мемлекеттік тіркеуге берген өтініштеріне ондаған тосқауыл қойылуына, көптеген қамауға алынуға, жетекшілер мен белсенділердің қудалануына қарамастан қажетті түрде төтеп бере алды.
2006 жылдың 9 қарашасында "Алға!" ХП тағы да мемлекеттік тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды ӘМ жіберді. Заң бойынша саяси партияларды тіркеу 30 күнтізбелік күн ішінде атқарылуы керек. Ол күннен бері екі жыл өтті.
Осылайша Қазақстанда жаңа саяси ахуал туды - заң жүзінде біз "әлі мемлекеттік тіркелу үстіндегі" саяси партиямыз. Басқаша айтқанда - біз мемлекеттік тіркеуден өтпегенбіз, себебі, тіркеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, біз өз әрекеттерімізді заңды түрде, заңды негізде орындап отырмыз, өйткені, бізге әлі мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы жауап берілген жоқ. Партияның саяси күрестегі тәжірибесі оның өзінің және партия мүшелерінің идеялық және моральдық жағынан күшейуіне әкелді. Сонымен қатар партияның қандай қиын жағдайда болмасын өз ұстанымы мен мүддесін қорғай алатын ұйымға айналуына себепкер болды. "Бізді ұрды - біз күшейе түстік, бізді "оқытты" - біз ақылдырақ болдық".
## Дереккөздер |
Иманғалиев Асхат Сәлімұлы (21.8.1953 жылы туған, Гурьев, қазіргі Атырау қаласы) – педогокикалық ғылыми докторы (1999), профессор (1997).
Гурьев педогокикалық институтының тарих факултетін (1975, қазіргі Атырау мемлекеттік университетті) және Алматы қаландағы педогокикалық ғылымдары ғылыми-зертеулік институтының аспирантурасын (1985) бітірген. Гурьев қаландағы темір жол көлігі техникумында оқытушы (1975–76), бастауыш комсомол ұйымының хатшысы (1977–79), Гурьев педогокикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1991), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 2000 жылдан осы университетттің ректоры қызметін атқарады. «Жоғары сынып оқушыларының сауықтыру дене тәрбиесі жүйесіндегі педагогикалық валеологияның дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – жоғары мектеп педагогикасы, педогокикалық валеология және Қазақ ұлттық педагогикасы мен ұлттық тәрбие мәселелері.
Иманғалиев Асхат Сәлімұлы 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде монографиялар мен оқулықтардың авторы. «Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әнуарбек Талхаұлы Әймен (1953 жылы 17 қыркүйекте Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында туған) — экономист ғалым. Экономика ғылымының докторы (1999). профессор (2000). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2003). Құрмет орденінің иегері (2015). Тараз қаласының құрметті азаматы (2015).
## Толығырақ
* Әнуарбек Талхаұлы Әймен 1953 жылы 17 қыркүйекте Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
* 1975 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген.
* 1975 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының гидромелиорация жүйелерін пайдалану кафедрасының ассистенті
* 1976 - 1978 жылдары аспирант, 1979-1988 жылдары су шаруашылығының экономикасы кафедрасының аға оқытушысы және гидромелиорация факультеті деканының орынбасары болды.
* 1988 - 1992 жылдары су шаруашылығының экономикасы кафедрасының меңгерушісі, 1992-1998 жылдары нженерлік-экономикалық факультетінің деканы.
* 1998 - 2000 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» факультетінің деканы, 2000-2008 жылдары «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» (М.Х. Дулати атындағы ТарМУ) факультетінің деканы,
* 2008 - 2010 жылдары «Экономика және бизнес» институтының директоры, 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі лауазымында.
* 2011 жылдан «Технология және ақпараттық жүйелері» институтының директоры.
## Ғылыми атағы
* 1985 жылы — Экономика ғылымының кандидаты
* 1986 жылы — Экономика ғылымының доценті
* 1999 жылы — Экономика ғылымының докторы
* 2000 жылы — Экономика ғылымының профессоры құрметті ғылыми атақтарымен марапатталған.
## Ғылыми шығармашылғы
* 1985 жылы «Қазақстан республикасында мақта өсіру аймақта ағынды суларды жүгеріні суғару үшін пайдалануы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1986 жылы экономика мамандығы бойынша доцент атағын алды.
* 1999 жылы «Онтүстік Қазақстанда суғару жерлердің экономикалық мәселері тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2000 жылы экономика мамандығы бойынша профессор атағын алды.
* 1986 жылы өткен жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының бүкілодақтық байқауында ұсынылған жұмысы 3- орынды иеленді.
* 2001 жылы Қазақ Ауылшаруашылық Ғылым Академиясының толық мүшесі - академик болып сайланды.
* 1 ғылым доктор, 12 ғылым кандидаты, 40 магистр, 500-ден астам инженер дайындады.
* 430-дан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 23 монография және 15 оқу құралдарының авторы.
## Марапаттары
* 2003 - Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі (төсбелгісі)
* 2003 - Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы
* 2004 - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы
* 2005 - ҚР Білім және ғылым министрлігі критерийі бойынша жетекші ғалым-экономист деп танылды
* 2008 - ҚР Президентінің жарлығымен Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды
* 2010 - Білім және ғылым Министрлігінің «Үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атанды
* 2015 - ҚР Ұлттық экономикасы министрінің жерге орналастыру саланың дамуына және мамандар даярлауға белсенді қосқан үлесіне байланысты «Қазақстанның құрметті жерге орналастырушы» атағы беріліп, төсбелгісімен марапатталды
* 2015 - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды
* 2015 - Тараз қаласының құрметті азаматы атағы берілді
* Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері құрметті атағының иегері. |
"Руханият" партиясы Партия төрағасы - Мәмбеталин Серікжан Есенғосұлы. Партия 2003 жылғы 6 қазанда
тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды. Партияның филиалдары облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс жасайды. Партияның әлеуметтік негізі - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер және т.б. Өзінің басты міндеттері экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.37% дауыс алып, Парламентке өтпеді.
Мекен-жайы:Алматы қ., Тимирязев к-сі, 15 Б, Байтұрсынов к. бұр., ( 3 қабат сол қанат) |
Қазақстан Патриоттары Партиясы - Қазақстанда бұрын белсенді болған, қазір белсенділігі тоқтаған (2024 жылы) саяси партия.
Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті.
Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу.
2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Партия төрағалары:
* Ғани Есенкелдіұлы Қасымов (2000 жылғы тамыз - 2015 жылғы тамыз)
* Толымбек Ғабділәшімұлы Ғабділәшімов (2015 жылдың тамызынан).
## Дереккөздер |
Кенже Иманғазиев (1908, Батыс Қазақстан облысы қазіргі Ақжайық ауданы – 1970, Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1954), Қазақстан ғылым академиясының корресподенттік мүшесі (1962).
## Өмірбаяны
* Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1935).
* Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1935–53)
* Қазақстан ғылым академиясының Топырақтану ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1957–70) болып жұмыс істеген.
## Ғылыми еңбектері
Оның негізгі ғылыми еңбектері агрохимия мәселелеріне арналған. Иманғазиев Кенже жергілікті тыңайтқыштарды жинап сақтау, оларды жылыжайда көкөніс, дәнді дақыл өсіру үшін пайдалану мәселелерін зерттеді; қызылша, күріш, көкөніс ауыспалы егістіктерін тыңайту жүйесін жасап, Қазақстан топырағын агрохимиялық тұрғыдан сипаттады, топырақтың агрохим. картограммаларын ұсынды.
## Марапаттары
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (қысқартқанда «Ауыл» партиясы, Ауыл ХДПП) — Қазақстандағы ресми тіркелген социал-демократиялық және аграристік саяси партия. Партия 2000 жылы тіркелгенімен 2023 жылы ғана Мәжілісте тұңғыш мандаттарына ие болды. Партия оппозициялық емес болып келеді, және Тоқаев саясатын қолдайды.
Құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті. 2000 жылы 30 наурызда Әділет министрлігінде тіркелді. Партияның тұңғыш төрағасы болып Ғани Қалиев сайланды. Оның қазіргі төрағасы — Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев
## Әкімшілігі
Жоғарғы органы – партия съезі, басшы атқарушы органы – саяси кеңесі, жұмысшы органы – саяси кеңестің саяси бюросы, бақылаушы органы – Орталық тексеру комиссиясы. Қазақстанның 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» заңына сәйкес 2003 жылы 2 сәуірде Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.
Партияның қазіргі төрағасы – Егізбаев Серік Рахметоллаұлы.
## Партия тарихы
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2015 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы мен Патриоттар партиясының қосылуы нәтижесінде құрылды. Партия төрағасы - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлы. Партия филиалдары еліміздің барлық облыстары мен респубикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бар.
2016-2021 жылдары аралығында «Ауыл» партиясы Парламент Мәжілісі сайлауына қатысты, ал 2019 жылы Президент сайлауына өз кандидатын ұсынған. Сонымен қатар, 2021 жылы өткен ауыл әкімдерінің сайлауында да партия өз үміткерлерін ұсынып, белсенділік танытты. 2016 жылғы сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясының 38 өкілі маслихат депутаттары болып тағайындалды. Ал 2021 жылы өткен облыстық, қалалық және аудандық маслихат сайлауында 237 мүшесі жеңіске жетіп, «Ауыл» партиясы жергілікті өкілеттік органдағы аясын кеңейтті. Сол жылы партияның 32 кандидаты ауыл әкімі болып сайланды.
Соңғы 5 жылда партия мүшелері мен бастапқы партия ұйымдары саны біршама ұлғайды. Қазіргі күні партия қатарында 300 000 жуық адам бар, өңірлерде 894 БПҰ жұмыс істейді.
## Партия жұмысының негізгі бағыттары
Ауыл мен ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасын түбегейлі жақсартудағы негізгі фактор болғандықтан, сондай-ақ халықтың 42%-ы (8 млн адам) ауылда тұрғаннан соң партияның басты назары ауыл проблемаларын шешу, агроөнеркәсіп саласын дамыту мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуда болмақ.
Партияның басым бағыттарында аграрлы секторды мемлекеттік реттеу мен қолдауды күшейту, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мүддесін қорғау,
қоғамның демократиялануы үшін саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуына көмек көрсету, нарықтық экономиканың дамуы, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпалдасу, сондай-ақ қоғамның патриоттық тәлімін күшейту бар. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясын жер ресурстарының тиімсіз пайдалану, заманауи инновациялық технологиялардың баяу дамуы, тұқым және мал шаруашылығындағы көкейкесті мәселелер, аграрлы сектордағы ғылыми және ақпараттық технологиялардың даму деңгейі алаңдатады. Партия елдімекендердің дамуын кешенді түрде қамтамасыз ету үшін, ауылдың инженерлік, әлеуметтік және экономикалық әлеуетін ашу мақсатында «Ауыл инфрақұрылымы» атты мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, жүзеге асыру қажет деп есептейді. Әр азаматтың көкейінде жүрген тұрақты кіріс көзін табу, сапалы медициналық көмек алу, тұрмысты жақсарту, жеке қауіпсіздік пен құқықтық еркіндік сияқты сұрақтар партияның күнтәртібінде. Ең маңыздылары – еңбек нарығының тиімділігін арттыру, әлеуметтік көмекпен аз қамтылғандар мен жұмыссыздардың проблемаларын шешу. Рухани байлық, патриотизм, адалдық, құқықтық теңдік, ынтымақтастық іспеттес басты принциптерді сақтау партия құндылықтары болып табылады. Партияның басты мақсаты –Қазақстан тәуелсіздігі мен әлеуетінің нығаюына қолдау көрсету, ұлттық рухты сақтау, өмір сүру деңгейін көтеру, мәдениет, дәстүр, тіл мен ділді сақтау.
## Сайлаулардағы нәтижелері
### Президент сайлаулары
### Мәжіліс сайлаулары
## Дереккөздер |
2002 жылы Қазақстанның саяси сахнасында "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысы пайда болды. Қозғалыстың басты идеялық рухтандырушысы республикаға танымал құқықтанушы және ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. Оның айтуынша саяси қозғалыс қызметінің басты міндеті Қазақстанның саяси жүйесіндегі демократияландыруды одан әрі дамытып, экономиканы нарықтық жолға түсіру және қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайта түсу.
Дегенмен де қозғалыстың пайда болуының басты арқауы Қазақстанда құқықтық мемлекет құру идеясы болды. Бұл қозғалыстың атынан ғана емес, партия ұйымының “Заңның күші – халықтың еркі” деген ұранынан да байқалады. Ал бұл ұранның өзі “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысының негізгі міндеттерінің бірі болатын.
2003 жылы “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары Конфедерациясымен және Қазақстанның жастар Конгресімен бірге сайлауды бақылау бойынша қоғамдық комитеттің бастамашысы және құрылтайшысы ретінде әрекет етті. Сөйтіп, Республикада қолданылған электоралдық процестердің талабына сай болуы үшін азаматтық қоғамның бақылау идеясын жүзеге асырды. Қоғамдық комитеттің міндетіне депутаттыққа кандидаттарға қазіргі заманғы сайлау алдындағы технологияларды үйрету, халықтан келіп түскен өтініштер мен хаттарды қарау кірді [4].
М.С.Нәрікбаев “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысының билікке ұмтылмайтынын әлденеше рет қайталады, сөйте тұра: “бұл билік құрылымдарының әрекет етуі мен қалыптасу мәселесіне біз немқұрайды қараймыз дегенді білдірмейді” деп атап өтті [1,2,3]. Айтарлықтай қысқа мерзім ішінде қоғамдық-саяси қозғалыс, өз қызметтері арқылы құқықтық мемлекет қағидаларын түсіндіре білгендіктен өз айналасына мүдделестерді көптеп жинай алды. “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысы өзінің жастығына қарамастан күші мен сенімін сезіне келіп, дербес партиялық құрылым болып қайта құрылуға шешім қабылдады. 2004 жылғы 14 маусымда қоғамдық-саяси қозғалыс негізінде Қазақстан Демократиялық партиясы өмірге келді.
Жаңа партиялық ұйым негізіне "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысындағы іргелі идеяларды таңдап алды. Жаңа ұйымның бағдарламалық құжатында Қазақстан Демократиялық партиясы қызметінің негізгі мақсаты "Демократиялық қағидаларға негізделген, құқықтық және әлеуметтік қорғау жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлығы да заң алдында бірдей болатын және барлығы үшін тең мүмкіндік жасалатын Қазақстанда әділ қоғам құру" еді.
Қазақстан Демократиялық партиясы құқықтық мемлекетті нығайту жолымен – қазақстандықтардың азаматтық ерік-жігерлерін шыңдау, халықаралық келісім мен саяси тұрақтылықты барынша нығайту. Сондай-ақ партияның мақсаты қазақстандықтарды шынайы патриоттық сезімге тәрбиелеу, ол тек Туға, Әнұранға, Елтаңбаға табыну емес, салт-дәстүрмен қалыптасқан оның көп ғасырлық тарихына құрмет көрсетуге баулу болды.
Партия Республиканың электоралдық процесіне белсенді ат салысты. Солай өздерінің құрылтай съезінде делегаттар қыркүйекте өтетін Парламент сайлауына партия кандидаттарын ұсынды. Соның нәтижесінде бүгінде Мәжіліс Парламентінде демократиялық партияның өз өкілі – Алшымбаев Зейнолла Өтежанұлы деген азамат бар.
Қазақстан Демократиялық партиясы өзінің құрылған сәтінен бастап адал және ашық электоралдық процесс жүргізуге күш салды. Бәсеке бизнесте ғана пайдасын тигізбейді, ол, қоғамның саяси саласында да әзірге ең тиімді құрал болуда. Тек адал да ашық сайлау ғана қоғамның жаңа саяси элитасын (осы сөздің түпнұсқалық мағынасында) қалыптастыруға қабілетті. Осындай көзқарас Партияның І съезінде қабылданған "Адал саяси бәсеке қағидалары туралы хартияда" өз көрінісін тапты. Оның қағидаларын жүзеге асыру технологияның "қара пиарынан" қоғамды сақтап қана қоймайды, жоғары саяси сайысқа қол жеткізуге де мүмкіндік береді.
Сайлау алдындағы қарбаласқа партия тікелей ат салысуымен қатар, ҚР Орталық сайлау комиссиясының жұмысына да қатысты. Сәуірде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңға бірқатар өзгерістер енгізілгеннен кейін, партия Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясына өз өкілдерін делегат етуге құқық алды. 2005 жылғы Президент сайлауында сайлау комиссиясының құрамына Қазақстан Демократиялық партиясынан 185 адам сайланды [5]. Сөйтіп, Демократиялық партия сайлауға адал да ашық араласуымен, өмірде өзінің бағдарламалық ережесін жүзеге асыра бастады.
Сол 2004 жылы Қазақстанның Демократиялық партиясы республиканың дамуы мен гүлденуі үшін нақты солай істелуі керек істердің жиынтық нысанда баяндалатын “Елдің пайдасына он екі қағидат” атты бағдарламалық құжаттармен шықты [3].
Демократиялық партия өзін үнемі “орташа тап” және бизнес партиясы ретінде ұстанды. Осындай бұлжымайтын қағидаға сүйенген ұйым “монополизммен белсенді күресте, бәсекелік ортаны қорғауда” жақтаушы болып шықты. Осыған орай Демократиялық партия ”кәсіпкерлікке кең көлемді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға, кіші және орта бизнес позицияларын кеңейтуге және нығайтуға қолдау көрсетуге” күш жинақтауды ұсынды.
2005 жылы Қазақстан Демократиялық партиясы президенттік сайлауға белсенді ат салысты және “Қазақстанның халық коалициясын” құруды ұсынушылардың бірі болды [7, 8, 9]. Коалиция өзіне тұғырнама бойынша жақын президенттік саяси партиялар – “Асар” мен “Отанды”, және бірқатар үкіметтік емес ұйымдарды қосты. “Қазақстанның халық коалициясының” міндеттерінің бастыларының бірі, қазіргі кезде саяси және экономикалық курсты жүргізіп отырған мемлекет басына қолдау көрсету болып еді.
Партия “Сотқа алқа билерді енгізу туралы”, “Мұғалімнің мәртебесі туралы”, “Студенттің мәртебесі туралы” заңдардың балама жобаларын әзірледі. Ұсынылған әрбір құжат сол не басқа әлеуметтік топтарға қолдау көрсетуге бағытталған, дегенмен де Қазақстан Демократиялық партиясының ең басты заң жобасы кәсіби құқықты қадағалауға және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық кеңістігін сапалы жақсартуға толық көлемде кепілдік беруге мүмкіндік берді.
Демократиялық партияның дамуындағы маңызды кезеңі, ол 2006 жылғы 14 сәуірде ашқан ІҮ съезд болды. Аталған ішкі партиялық шараларда Қазақстан Демократиялық партиясының атауын “Әділет” (әділеттілік) Демократиялық партиясына ауыстыру [11]. Бұл туралы партия бағдарламасында былай делінген: “Әділет” әділеттілік дегенді білдіреді. Әділеттілік – “Әділет” мемлекет, қоғам және барлық азаматтар қызметінің негізі болып табылады, сондықтан біз бұл атау партия қызметінде жаңа аспектіні көрсететін болады деп есептейміз. Осы және басқа міндеттердің жетістіктері партия көшбасшыларын демократияландыру бойынша мемкомиссияның Жұмысшы топтары құрамында қызмет істеу дәрежесіне жеткізді [10].
Сонымен қатар, айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды, партия төрағасы лауазымының орнына ұйым аясында тең төраға институты енгізілді. Съезд делегаттары, партияның негізін салушы, з.ғ.д., профессор М.С.Нәрікбаевпен қатар тең төрағалар болып ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты- Зейнолла Өтежанұлы Алшым
## Дереккөздер |
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы, қысқартылғанда «Ақ жол» партиясы — Қазақстандағы ресми түрде тіркелген саяси партиялардың бірі. Партияның және фракцияның төрағасы — Азат Перуашев. 2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Мәжілістегі 98 мандаттың 6-ауын жеңді. Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2020 желтоқсан айына).[дереккөзі?]
## Тарихы
2001 жылдың 18 қарашасында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы құрылады. Қозғалысты Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов басқарды. Бұлардың көптеген мәселе бойынша көзқарастары сәйкес келмеді, сондықтан соңғы үшеуі қозғалыстан шығып кетті.
2002 жылғы 3 сәуірде Әбілов, Бәйменов, Жандосовтар «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылуын жариялап, өздері партияның тең төрағалары болып сайланды. 2003 жылғы 9 қарашада өткен «Ақ жол» ҚДП III құрылтайында тең төраға болып қосымша Людмила Жуланова мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сайланды. Уақыт өте келе, тең төрағалар саяси көзқарастары бойынша екі лагерьге бөліне басталды: бір жағынан Әбілов, Жандосов, Сәрсенбайұлы тұрса, екінші жағынан Бәйменов, Жуланова.
2005 жылы 13 наурызда партияның V құрылтайында «Ақ жолдың» тең төрағалар институтын тарату туралы қаулы қабылданып, бірыңғай төраға болып Әлихан Бәйменов сайланды. Бұған қалған төрағалар келіспей, "Нағыз Ақ Жол" партиясын құрды.
2011 жылғы 2 шілдеде партияның Астанада өткен құрылтайында «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып бірауыздан Азат Перуашев сайланды. Перуашев Нұр-Отан партиясынан бұдан бірнеше күн бұрын шықты.
«Ақ жол» ҚДП-ның облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 17 филиалы, Жезқазған, Семей қалаларында 2 өкілдігі бар.
Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2020 ж. желтоқсан айына), оның ішінде – 64% – ерлер, 36% – әйелдер. Жастар партия санының 11%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы. сәйкес 2002 жылы 12 желтоқсанда Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.
## Сайлауға қатысуы
2004 жылы Мәжіліс сайлауында ресми деректер бойынша партия 12,04% дауыс алып, 1 мандатқа ие болды.
2007 жылы Мәжіліс сайлауында партия 3,09 % дауыс жинап, Парламентке өтпей қалды.
2012 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП парламенттік партия болып табылады, Мәжілісте депутаттық фракциясы бар.
2012 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия сайлаушылардың 7,47 % дауысын жинап, 8 депутаттық мандат алды.
2016 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия 7 мандат алды.
2021 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия 12 мандат алды. Парламенттік сайлаумен қатар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға сайлау да өтті, оның нәтижелері бойынша «Ақ жол» партиясының 222 өкілі мәслихаттардың депутаттары болып сайланды, оның ішінде: 39 – облыстық, 65 – қалалық, 118 – аудандық.
2021 жылы алғаш рет аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өтті, оның қорытындысы бойынша әкімдер лауазымына «Ақ жол» партиясының 11 өкілі сайланды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «АҚ ЖОЛ» партиясының ресми сайты Мұрағатталған 9 қаңтардың 2012 жылы.
* «АҚ ЖОЛ» партиясының Жарғысы Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* «АҚ ЖОЛ» партиясының Бағдарламасы Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
Қарамай - қою, жабысқақ, түсі қара немесе қарасұр келетін тұтқыр зат. Қарамайдың құрамына: ароматты көмірсутектер, бензолдың туындылары және олардың оттегі, азот және күкіртпен қосылыстары кіреді. |
1 сәуір — Күлкі күні. Бұл күнді тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның он жетісінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың отыз бірінде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен.
## Қысқаша тарихы
Күлкі күнін адамзат өте ерте кезден бастап атап өткені тарихи жазбаларда бар. Ежелгі эллиндер (ежелгі гректер) бұл күннің шығу тарихын жер асты құдайы Аидтың Деметра құдайдың қызы - Прозерпинаны ұрлап әкетуімен байланыстырады, қанша іздесе табылмаған қыздың жер астынан шыққан дауысы жалған жаңғырық. Міне, сол көктем күнін алдау күні дейді эллиндер өз жазбаларында.
Ежелгі Рим жазушысы Апулей 1-ші сәуір күлкі құдайы Кизиздің құрметіне өтетін көңілді шараларды суреттеген.
Ежелгі исланд сагалары 1-ші сәуір — алдау күні Англия, Германия,Норвегия, Дания, Швеция, тағы басқа елдерде өтетініне деректер келтіреді.
1-ші сәуірді күлкі күні ретінде атап өту ежелгі индустарда да бар , олар өз құдайы Ситоның туған күні деп есептеп, бір-бірін осы күні күлкі үшін алдаған.
Тіпті бұл күнді халықаралық атеистер күні деп атау да жоқ емес.
Бірде таңертең мәлім қала тұрғындары әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдың даусынан оянады. Әбігерге түскен халық өрт ошағын көре алмайды. Сөйтсе, бұл әзілкештердің ойыны екен. Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің біріне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды.
## Ерекшелігі
Күлкі күнінің аталуы мен ерекшелігіне келер болсақ, Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда тепкі күні деп аталады екен. Бұл күні әркім таныстарының арқасына сездірмей «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Бірақ атаулар әртүрлі болғанымен, бұл күн күлкі күні болып саналған соң, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді. 1 сәуір ресми мереке емес. Бұл күні ешкім демалмайды, бір-біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тек адамдар бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күлкіге қарық болады.
Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да бұл күнді ескерусіз қалдырмаған. Қыстың қыспағын, ерте көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады. |
Жалпыұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП) — Қазақстандағы социал-демократиялық, ресми түрде тіркелген саяси партия, Мәжілісте өкілеттігі бар алты партияның бірі.
Негіздеушісі — Жармахан Тұяқбай және Қазіргі төрағасы — Асхат Рақымжанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған және 2007 жылдың 25 қаңтарында тіркелген. Мүшелерінің саны — 140 000 адам.
Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында партияның филиалдары бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қойып отыр. Партия әлемдік социал-демократиялық қозғалыстың құндылықтарын, «Еркіндік, Әділеттілік, Ынтымақтастық» қағидаттарын Қазақстанның саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында дәйекті жұмыс жасауда.
2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде дауыс санының 5.2%-ын жинап, Мәжілісте 4 мандат алды.
## Тарихы
### Құрылуы және тіркелуі
2006 жылы 7 тамызда «Әділетті Қазақстан үшін» (ӘҚҮ) қозғалысының негізінде «Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны» (ЖСДП) құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының отырысы өтті, ол ЖСДП құру жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитетін құрды, партияның құрылатын негізгі бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін және құрылтай съезіне дайындық мәселелерін талқылады. Ұйымдастыру комитетін ӘҚҮ төрағасы Жармахан Тұяқбай басқарды. Өңірлік ұйымдастыру комитеттерін ӘҚҮ аймақтық бөлімшелерінің жетекшілері басқарды.
2006 жылдың 10 қыркүйегінде Алматыдағы Республика сарайында партияның құрылтай съезі өтіп, оған еліміздің барлық облыстарынан 2500-ден астам делегат, сондай-ақ достас партиялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Партия төрағасы болып Жармахан Тұяқбай сайланды. 23 қазанда ЖСДП саяси кеңесі ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетіне партияны құру туралы құрылтай құжаттарын, оның ішінде 127 431 партия мүшесінің тізімін ұсынды. 2007 жылдың 25 қаңтарында партия мемлекеттік тіркеуден өтті.
### Алғашқы жылдары (2007–2009)
2007 жылы 3 ақпанда Алматыда ЖСДП-ның екінші съезі өтіп, онда 16 облыстық партия филиалын құру туралы шешім қабылданды, ЖСДП Саяси кеңесінің отырысында Әміржан Қосанов партия төрағасының орынбасары болып сайланды.
2007 жылдың 23 мамырында ЖСДП мен Қазақстанның «Нағыз Ақ жол» демократиялық партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысу үшін «Әділетті Қазақстан үшін» сайлау блогын құру туралы шешім қабылдады, алайда, Сайлау туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін, онда сайлау блоктары қарастырылмаған, «Нағыз Ақ жол» ҚДП-сы ЖСДП-мен біріктірілді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 4,54% дауыс жинап, Парламентке өтпеді. ЖСДП сайлау нәтижелерін мойындамады.
2007 жылы 9 қазанда «Нағыз Ақ жол» партиясы ЖСДП құрамынан шықты.
2008 жылы 12 мамырда ЖСДП бастамасымен парламентке балама «Халық Кеңесі» деп аталатын Қоғамдық Парламент құрылды, оның құрамына 30-дан астам саяси партиялар мен ҮЕҰ өкілдері кірді.
2008 жылдың 29 маусымы мен 2 шілдесі аралығында оның төрағасы Жармахан Тұяқбай бастаған СДП делегациясы Афинада өткен Социалистік Интернационалдың XXIII съезіне қатысты.
2009 жылдың 11 сәуірінде Қазақстанның демократиялық оппозициясының форумы өтті, оған ЖСДП, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы және тіркелмеген «Алға!» партиясы қатысты. Форумда осы партияларды біріктіру қажеттігі туралы шешім қабылданып, оппозициялық партияларды біріктіруге дайындық жөніндегі Ұйымдастыру комитеті құрылды, оның құрамына Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин, «Азат» Демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбілов, «Алға!» НП Үйлестіру комитетінің төрағасы Владимир Козлов және ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай болды.
### «Азат» ҚДП-мен бірігуі
2009 жылдың 13 қазанында ЖСДП мен «Азат» ҚДП бірігу туралы бірлескен мәлімдемесі жарияланды, бұл мәлімдеме мәтініне сәйкес «демократиялық қозғалыстың жаңа кезеңін көрсетеді» және біріккен партия «билік партиясына» толыққанды тепе-теңдікке айналады. 24 қазанда қос партияның біріктіруші съезі өтіп, онда олар «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына біріктірілді. Съезде сөйлеген сөзінде ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, «Свобода слова» («Сөз бостаныдығы») газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева және қоғам және саяси қайраткер Балташ Тұрсымбаев партия қатарына қабылданғанын мәлімдеді. Біріккен партияның тең төрағалары болып Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов және партияның бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды.
### 2012 жылғы Мәжіліс сайлауы
2011 жылы 26 қарашада Алматыда өткен кезектен тыс IX съезінде партия 2012 жылы өтетін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысу туралы шешім қабылдады. Алайда съезд өтетін уақытқа дейін біріккен партия Әділет министрлігінде тіркелу рәсімінен әлі өтпегендіктен, оппозиция «Ұлттық социал-демократиялық партия» деген атпен сайлауға қатысуға шешім қабылдады. Съезде партиялық тізім бекітіліп, оның құрамына партия жетекшілері Жармахан Тұяқбай, Болат Әбілов, Әміржан Қосанов, танымал журналистер мен қоғам қайраткерлері Серікбай Әлібаев, Ермұрат Бапи, Гүлжан Ерғалиева, Маржан Аспандиярова, Рыспек Сәрсенбайұлы, экономистер Оразалы Сәбден, Валентин Макалкин, Пётр Своик, заңгер Мұстахим Төлеев, Кеңес Одағының Батыры, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров және басқа да партия өкілдері болды.
Партия теңтөрағасы Болат Әбілов съезде халықтың 50 пайызға жуығы осы сайлауға қатысатын жалғыз оппозициялық партияға дауыс беретініне сенімді екенін айтты: «16 қаңтарда үшінші орында екенімізді немесе орын жеңе алмағанымызды айтса келіспейміз. Біз қазақстандықтардың жартысы бізге дауыс беретініне сенімдіміз».
2012 жылдың 16 қаңтарында сайлау нәтижесі жарияланды. ЖСДП дауыстың тек 1,59%-ын алып, еш орын жеңбеді. Бұған наразылық танытқан партия басшылары өз жақтастарын 17 қаңтар күні Алматыдағы Республика Алаңындағы Тәуелсіздік монументіне шығуға шақырды.
250-ге жуық адам жинаған митинг шамамен 45 минутқа созылды. Акцияға ешкім кедергі келтірген жоқ, бірақ екі күннен кейін акцияны ұйымдастырушыларға айыппұл салынды.
2019 жылдың қыркүйегінде Ермұрат Бапидің партия төрағалығынан кетіп, оның орнына Асхат Нұрмағамбетұлы Рақымжановтың сайлануы белгілі болды. Бұған себеп партия мүшелері арасында болған келіспеушіліктер болуы мүмкін екені белгілі. Рақымжановтың сөзі бойынша «Бапидің партияны сатқысы келді», журналистер Ермұрат Бәпидің партиядан шығуы және оның 2023 жылғы Мәжіліс сайлауында ұсынылуы жоспарланған болуы мүмкін деген болжам айтты. Бапидің өзі ЖСДП-ның нағыз «иесінің» Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев екенін айтқан, және оны «еркін олигарх» деп сипаттаған.
## 2022 жылғы президент сайлауы
1 қазан күні ЖСДП XIX кезектен тыс жиналысын өткізіп, 2007 жылдан бері тұңғыш рет президент сайлауына үміткер таңдады. Бұл үміткер Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев болды.
Сайлау нәтижесінде ол 176,116 ғана дауыс жинап, жеңілді.
### 2023 жылғы парламент сайлауы
2023 жылғы Қазақстандағы парламент сайлауында ЖСДП жалпы дауыстыі 5,2% жинап, 4 мандатқа ие болды да, партия тарихында алғаш рет Мәжіліске кіре алды. ЖСДП атынан депутат болғандар: партия атынан 2022 жылғы президент сайлауына қатысып, жеңілген Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев, партияның төрағасы Асхат Нұрмағамбетұлы Рахымжанов, Ажар Бахитқызы Сағандықова және Наурыз Саятұлы Сайлаубай.
## Дереккөздер |
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы («ҚМГ БӨ» немесе «Компания») — «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бірігуі жолымен 2004 жылдың наурызында құрылды. ҚМГ БӨ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.
ҚМГ БӨ-нің акциялары Қазақстанның Қор биржасында, ҒДҚ – ғаламдық депозитарлық қолхаттары Лондонның Қор биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегінде ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.
ҚМГ БӨ 2008 жылы Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі бойынша екінші орынға шықты.
Қазақстандағы мұнай өндіру. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – Қазақстандағы мұнай өндіру көшбасшыларының бірі. Компания мұнайды Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында өндіреді.
Компания Батыс Қазақстандағы 41 кен орнын игереді. Олардың ішінде ең ірісі мұнай өндіру 1965 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан Өзен кен орны болып табылады.
2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша мұнайдың дәлелденген және болжамды қорлары 232 миллион тоннаны (1 707 миллион баррельді) құрады. 2010 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі 26 жылды құрайды. ҚМГ БӨ-нің Қазақстанда мұнай өндіруде жүз жылдық тәжірибесі бар және елдің Батыс аймағындағы кен орындарының геологиялық құрылымы саласында кең көлемді мағлұматқа ие.
ҚМГ БӨ Компания экспортының басым бөлігін қамтамасыз ететін Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желісі мен ҚМГ БӨ үшін мұнай берудің неғұрлым пайдалы бағыты болып табылатын Каспий Құбыр желісі Консорциумы (ҚКҚ) құбыр желісіне кепілдікті кіруге мүмкіндік беретін келісім жасады.
Мұнай сату «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі арқылы жүзеге асырылады.Мұнай экспорты 2010 жылы берудің жалпы көлемінен 79%-ды құрады.Жаңа активтерді сатып алу Компания стратегиясының негізгі элементі болып табылады. 2007 жылдың сәуірінде Компания «Қазгермұнай» БК ЖШС-дағы үлестердің 50 %-ын сатып алды. 2007 жылдың желтоқсанында өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік берген және мұнай қорының айтарлықтай өсуін қамтамасыз еткен CCEL-дағы («Қаражанбасмұнай» АҚ) үлестердің 50 %-ын сатып алды.ҚМГ БӨ өзіне әлеуметтік әріптестікті, білім беру жобаларын, демеушілікті және Компанияның қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдауды қамтитын көп жоспарлы әлеуметтік бағдарлама әзірледі және оны ойдағыдай іске асырып келеді. Өзінің өндірістік қызмет аймақтарында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жауаптылық та Компанияның негізгі басымдығы болып табылады.
## Дереккөздер |
Қазақстан Коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы - Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар.
ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді.
2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, партияны жабу туралы Алматы қалалық ауданаралық-экономикалық сотының шешімі 2015 жылдың 4 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Осылай Қазақстан коммунистік партиясы қызметін тоқтатты.
## Бүкілодақтық коммунистік партиясының әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қалыптасуы
1936 жылы КСРО-да сталиндік Конституция қабылданып, бюрократиялық орталықтандыру жүйесі орнаған. Конституцияның сталиндік аталуының өзі оның жеке басына табынудың негізгі заңымен бекітілуі еді. Конституцияда қабылданған жаңа негізгі заң бойынша социалистік федерация құрамына Қазақ автономиясы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып енді. Ал 1937 жылы Бүкіл Қазақстан Кеңестерінің төтенше Х съезінде Қазақ КСР Конституциясы қабылданды. Алайда бұл Конституцияның заң шығару құқығы болмады. Мұнда жазылған заң жобаларының барлығы дерліктей КСРО Конституциясының жергілікті жерге ыңғайластырып жасалған көшірмесі болды.
Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы мен тікелей жасырын түрде дауыс беру енгізілді. Бірақ мұндай жұмыстарды іске асыруда коммунистік партия тарапынан бақылау қойылып, партия өзі ұсынған кандидаттарының өтуін бақылап отырды. Сонымен қатар Кеңестердің орталық атқару комитетінің билік органы да Коммунистің партияның ОК-нің айтқанын ғана орындап отырды. Сөйтіп, Коммунистік партия Кеңес өкіметінің мызғымас тірегі болды. Ал Қазақстан компартиясы Орталықтың орындаушысына айналды.
Коммунистік орталық партия комитеті одақтас республикаларды өзінің бақылауынан шығармау үшін басқару жүйесінің барлық салаларын өз қолына алды. 1939 жылы БК(б)П 18 съезінің қаулы-қарарлары бойынша халық шаруашылығына билік жүргізуді жақсарту деген сылтаумен республикада кейбір облыстарды ірілендіру жүргізілді. 1938-1939 жылдары 6 жаңа обком – Ақмола, Гурьев, Семей, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар және 21 аудандық, 3 қалалық комитеттер құрылған. Мұндай бөлімдерді құрудың басты мақсаты Орталық партия комитеттерінде әміршіл-әкімшіл басқару жүйесін күшейту болды.
Орталық партия комитеті өзінің жұмысын нығайтып жандандыру үшін Қазақстанда партия шешімдерінің орындалуын тексеруді қадағалап оны күшейтіп отырды. Партияның 18 съезінің шешімдері бойынша идеологиялық жұмыстың жүргізілуін бақылайтын партиялық аппарат бекітілген. Республикалық және облыстық комитеттерде үгіт насихат бөлімдері құрылған. 138-1940 жылдар аралығында марксизм-ленинизм классиктерінің шығармалары қазақшаға аударылып көптеген таралыммен жарық көрді. Жоғары оқу орындарында марксизм-ленинизим негіздері жеке курс болып оқытылды. Сталиннің автолығымен Коммунистер париясының қысқаша тарихы жазылып арнаулы және жоғары оқу орындарында оқытылды. Сонымен, Коммунистер партясының басқару ісін өз қолына алған Сталин Одақ көлемінде оның теориялық-тәжірибелік жұмыстарын өзінің әміршіл-әкімшіл жандайшаптарымен басқарып отыды.
## Қазақстан Компартиясының басқару жүйесіндегі тоқырау құбылыстары
БК(б)2 өзінің ел басқарудағы үстемдігін соғыстан кейінгі жылдарда бұрынғыдан да тереңдете түсті. Оны партияның иеологиялық жұмыстарын бірқалыпта келтіру керек деген сылтаумен «Ленинград», «Звезда» журналдары мен «Кинофильм және драмалық театорлардың репертуары, оны жақсартудың шаралары туралы» қаулы-қарарлары дәлелдейді. Мұндай қаулы-қарарлардың іс-шаралары одақтас республикаларда тіпті ерекше қаталдықпен жүргізілген. Орталық партия комитетінің қаулысы бойынша Алматыда 1946 жылы 26 қыркүйекте әдебиет және өнер қайраткерлерінің бас қосқан жиыны өтеді. Мұнда Қазақстан жазушыларына шығармалары Кеңес өкіметінің саясатынан тыс жазылған, социализмнің шындығынан ауытқыған деген сын тағылды.
Қазақстан орталық партия комитеті 1947 жылы 21 қаңтарда «Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктері» деген қаулы шығарды. Бұл қаулы Ғылым академиясының партия жиналысында талқыланып тіл және әдебиет институтының ғылыми жұмыс жоспарлары қайта қаралып, қазақ әдебиетіне байланысты Қазан төңкерісіне дейінгі тақырыптар бағдарламадан мүлде алынып тасталды. Сөйтіп, әдебиетіміздің негізгі түп-тамыры қиылды. Мұндай тақырыпта жазып жүрген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовке ұлтшыл, реакцияшыл деген айып тағылды. Сонымен, орталық партия комитетінің қаулы-қарарларымен қаруланған Қазақстан К(б)П ОК-і Қазақстан композиторлар одағының, суретшілердің, қоғамдық ғылымдар мен биологиялық және медицина ғылымдарының ұйымдарында жиындар өткізіп, олардың барлығына мін тақты.
1949 жылы 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қазақстан К(б)П 4 съезі өтті. Онда бірінші хатшы Шаяхметов баяндама жасап, съезде республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамыту туралы қаулы қабылданды. Қазақстан К(б)П ОК-і «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету туралы мәселелер» деген мақалаға байланысты қаулы шығарып, ол бойынша корнекті тарихшы ғалым Бекмаханов қуғын-сүргінге ұшырады. Бұдан кейін халқымыздың тарихының зерттелуіне үлкен нұқсан келді. Көрнекті ғалымдар А.Қ. Жұбанов, Б.С.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады.
## Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дағдарыс жылдарындағы Қазақстан компартиясының қызметі
Сталиннің қаза болуына байланысты оның жеке басына табыну әшкереленіп, ел ішінде азда болсы жылымдық пайда болған еді. Алайда бұл мәселе аяғына дейін шешілмеді. Бюрократтық жолға біржолата түскен коммунистік партияның басқару аппараты жеке басқа табыну кезіндегі зардаптардың бетін толық ашпай, қайта жауып қойды. Бұл мәселені көтерген Хрущевтің өзі де дәрменсіздік көрсетті. Оның дәрменсіздік көрсетуіндегі басты себеп, егер ол көтерген мәселе аяғына дейін жеткізілсе, орыс шовинизмі әшкереленіп, Коммунистік партияның бюрократтық басқару жүйесінің беті ашылар еді.
Қазақстан ОПК-нің бірінші хатшылығына бар-жоғы 18 жыл ішінде алты адам сайланған. Мәселен, Шаяхметов, Пономаренко, Брежнев, Беляев, Қонаев, Юсупов. Бұл жағдай елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан өсіп-өркендеуіне едәуір нұсқан келтірген. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін КП ОК-нің 1954 жылғы пленумында «Елде астық өндіруді одан әрі арттыру, ол үшін тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» мәселе қаралып, қаулы қабылданды. Бұл қаулыға байланысты қазақ даласын игерудің орасан зор бағдарламасы белгіленді. Қазақтың тың жеріне жүргізілген жұмыстар бірнеше рет миллиардтаған гектар жер ғылыми негізсіз жыртылды. Кейбір облыстардағы жеңіл топырақты жерді айдау шаңды дауылға айналып, табиғи тепе-теңдік бұзылды. Оған қоса тың игеруге байланысты басқа ұлт өкілдерінің жерімізге қоныстануы әдейі күшейтіліп, қазақ халқы өз жерінде азайып кетуінің салдары халқымыздың тіліне, діліне, дініне әсер етіп, орыстандыру саясаты күшейе түсті.
Тың жерді көтеру экологияны нашарлатқаны өз алдына, ядролық сынақ алаңдарында жасалған жарылыстар да ол аймақтағы халық денсаулығына аса ауыр залалын тигізді.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҰҚК) — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. Басты мақсаты — мемлекеттің қауіпсіздігін және біртұтастығын сақтау.
## Басты қызметтері
* жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруға қатысу;
* "Сыртқы барлау туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделері үшін барлау ақпаратына қол жеткізу;
* Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдарын саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдауға қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаулармен қамтамасыз ету;
* саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
* Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
* Қазақстанның шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру;
* қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
* мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;
* Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
* Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
* Қазақстан заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
* Қазақстан Президентін, мемлекеттік органдарын, Қазақстанның Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды бейбіт және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
* Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
* Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
* Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің қорғалған байланысын ұйымдастыру және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
* үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
* қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
* ұлттық қауіпсіздік органдарында бірыңғай тәсілдерді басқару, қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ олардың қызметін ұйымдастыру;
* Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдай жасау;
* мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
* мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу.
## Тарихы
1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін 12 жыл - даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдары болды. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды, Елбасының тапсырмаларымен және уақыт талабымен анықталып отыр. Барлық реформалардың басты мақсаты - Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау болды.
Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті - кез келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет. Өзінің қарсы барлау тұжырымдамасын жасау нәтижесінде шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің әрекеттерін әшкерелеу, олардың белсенділігін бәсеңдету, Ұлттық қауіпсіздік комитетін бақылауға алу мүмкін болып отыр.
## Төрағалар тізімі
* Болат Баекенов, қазан 1991 – желтоқсан 1993
* Сәт Тоқпақбаев, желтоқсан 1993 - қараша 1995
* Жеңісбек Жұмабеков, қараша 1995 – мамыр 1997
* Әлнұр Мұсаев, мамыр 1997 – Қыркүйек 1998
* Нұртай Әбіқаев, қыркүйек 1998 – тамыз 1999
* Әлнұр Мұсаев, тамыз 1999 - Мамыр 2001
* Марат Тәжин, мамыр 2001 – желтоқсан 2001
* Нартай Дүтбаев — 11 желтоқсан 2001 – 22 ақпан 2006
* Амангелді Шабдарбаев, 2 наурыз 2006 – 7 желтоқсан 2009
* Әділ Шаяхметов, 9 желтоқсан 2009 – тамыз 2010
* Нұртай Әбіқаев, 23 тамыз 2010 – 25 желтоқсан 2015
* Владимир Жұмақанов, 25 желтоқсан 2015 — 8 қыркүйек 2016
* Кәрім Мәсімов, 8 қыркүйек 2016 — 5 қаңтар 2022
* Ермек Сағымбаев, 6 қаңтар 2022 — қазіргі уақыт
## Басшылық
* Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
* Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы — ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
* Төлеуов Асхат Қалмағамбетұлы — ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
* Наймантаев Алмас Тілепбергенұлы — ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
* Сарқұлов Руслан Серікұлы — ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
* Рахымбердиев Бақытбек Төлешұлы — ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызмет бастығы, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
* Құнанбаев Берік Садықұлы — ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің Директоры, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
* Алдажұманов Ерлан Ерғалиұлы — ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры, генерал-майор
* Жұмабаев Марат Қабиденұлы — ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің Директоры, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры
## Құрылымы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5 ведомствосы бар:
* Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
* Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі;
* Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "А" арнаулы мақсаттағы қызметі;
* Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі;
* Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі.
Қарамағындағы ұйымдар
* "Қазимпэкс" республикалық орталығы" ЖШС
* ҚР ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ
* ҚР ҰҚК "Алмас" ШЖҚ РМК
### Аумақтық органдар
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Астана" шекаралық бақылау басқармасы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы
### Қарамағындағы мемлекеттік мекемелер
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы бар орталық әскери госпиталі.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы емханасы бар өңірлік әскери госпиталі.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша тергеу изоляторы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша тергеу изоляторы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша тергеу изоляторы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Арнаулы мақсаттағы басқармасы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызметтік кинология басқармасы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасы.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы.
## Дереккөздер |
Қазақстан Халық банкі — Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.).
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі. Банктің басшысы - Шаяхметова Умут Болатхановна (2019 жылдан бастап).
2022 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша банкте 712 лицензия бар. 22099 мың сот ісін жүргізу. Сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы бойынша 24 филиалы бар
## Дереккөздер |
Қалжан Қоңыратбайұлы Қоңыратбаев - (18.4.1877, бұрынғы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезі Шиелі болысы, Керделі ауылы – 23.7.1940, Хабаровск өлкесі, Советская Гавань, Амурлаг) – қоғам қайраткері, ағартушы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Қарнақ медресесін, түземдік орыс мектебін бітірген. 1914 – 15 жылдары Керделіде мектеп ашып, “Ғалия”, “Хұсние” медреселерінің түлектерін ұстаздыққа шақырып, ауыл балаларын оқытқан. 20-жылдары Ә.Диваевпен бірге Сырдария, Жетісу өлкелеріне фольклорлық экспедиция ұйымдастырды.
1924 жылы Сырдария губерниясының атынан ТүркЦИК, 1925 жылы Кеңестердің 5-съезінде КазЦИК мүшесі болып сайланған. 1924 – 26 жылы Ақмешіт уезі 3-бөлімшесінің халық соты, "Бірлік туы", “Қазақ”, “Айқап”, "Қазақстан басылымдарының Сырдария губерниясындағы арнаулы тілшісі болды. Осы басылымдарда өлке тарихы, оқу-ағарту мәселелері жайында мақалалар жариялады. 1917 жылы 5 қаңтарда Түркістанда өткен Алашорда съезінде Ресейден бөлінуді қолдап сөз сөйледі.
“Пайғамбар заманы” хикаясын бастырып шығарды, "Қазақ" газетінде атақты Иманжүсіп туралы алғаш очерк жариялады. 30-жылдары “Қой туралы”, “Түйе тұқымын асылдандыру туралы”, т.б. еңбектері жарық көрді.
1937 жылы 30 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан НКВД-сы “алашордашыл” ретінде ұстап, аты-шулы 58-баптың бірнеше тармақтары бойынша 10 жылға кесілген. 1940 жылы Советская Гавань қаласының маңындағы №22 Амурлагте қайтыс болған. 1993 жылы толық ақталған.
## Шығармалары
* Пайғамбар заманы, оқулық. Орынбор, 1915;
* «Қазақ» туралы. Өлең. Айтыс. Өлең. Қой туралы. А., 1932;
* Түйе тұқымын асылдандыру туралы. А., 1934.
## Дереккөздер |
ЖАҢАБАЕВ Зейнолла – 1942 маусымның 18-інде Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылы) - физика-математика ғылымдарының докторы (1996), професор (1997).
Ысты руынан шыққан.
## Қысқаша өмірбаяны
* 1964 - ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ );
* 1966 - аспирантурасын бітірген.
* 1968–81 - Тараз педагогика институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор, ректор қызметтерін атқарған.
* 1981–2003 - ҚазМУ-да доцент, бөлім меңгерушісі болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері гидродинамика мен плазмадағы турбуленттілік, бейсызық және тепе-теңсіз құбылыстардың статистистика теориясына арналған. Есмұхан Мұхитұлы Жанұзақов сұйықтың фракталдық (көпіршіктік) қасиетін өзгерту арқылы ондағы электрлік қопарылыстың қысымын арттыру әдісіне республикалық патентін алды; ғылымдағы жаңа іргелі бағыт – бейсызық физика мен синергетиканы Қазақстанда дамытудың бастаушысы болды. 100-ден аса жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Әлібек Қоңыратбайұлы Қоңыратбаев (7 қазан 1907, бұрынғы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезі Шиелі болысы, 7-ауыл – 2 желтоқсан 1937, Алматы) – жазушы, аудармашы, сыншы.
Ташкенттегі Халық ағарту институтының екі курсын, ҚазПИ-ді бітірген. 1931 – 33 жылдары Қазақстан жазушылар одағының жауапты хатшысы, төралқа мүшесі, 1934 – 37 жылы “Әдебиет майданы”, “Қазақ әдебиеті” газет-журналдарында әдеби қызметкер, "Қазақстан" баспасында бөлім меңгерушісі болған. М.Жолдыбаев, М.Әуезовпен бірге “XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің оқу кітабы” (1933) және “XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің хрестоматиясы” (1934); М.Жолдыбаев, М.Қаратаевпен бірге “Әдебиет хрестоматиясы” (1934), А.Әлібаевпен бірге “Хрестоматия” (3-сынып) атты оқулықтар мен оқу құралдарын жазған. Мольердің “Сараң” комедиясын, Тургеневтің “Әкелер мен балалар” романын, Чеховтың “Ванька”, “Хамелеонын” т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. 1935 ж. Гүлнар Дулатоваға қосылып, артында бір қызы қалған. 1935 жылы М. Дулатовтың ұлы қайтыс болғанда жерлеуге ер адамдардан А.Байтұрсынов екеуі ғана қатысқан. Саяси қуғын-сүргін құрбаны, 1937 жылы 17 наурыз күні тұтқындалып, сол жылдың 2 желтоқсанында НКВД-ның тергеу камерасында атылған. 1956 жылы толық ақталған. 2008 жылы шығармалар жинағы (Астана: "Фолиант") жарық көрген. Құрастырушы - Т.Қоңыратбай.
## Шығармалары
* М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Әл.Қоңыратбаев. XIX ғасыр мен XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы. А., 1933;
* М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Әл.Қоңыратбаев. XIX ғасыр мен XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің хрестоматиясы. А., 1934;
* М.Жолдыбаев, М.Қаратаев, Әл.Қоңыратбаев. Әдебиет хрестоматиясы. А., 1936;
* Әл.Қоңыратбаев, А.Әлібаев. Әдебиет хрестоматиясының оқулығы. 4 класс. А., 1933;
* Оқпен тілдесті, 1933;
* «Қаскелең» поэмасы туралы. «Әдебиет майданы», 1934;
* Екі Жүсіптің айтысы. «Әдебиет майданы», 1934,
* Абай творчествосы. «Әдебиет майданы», 1934,
* Неміс ақыныЛессинг туралы. 1928;
* М.Горький қазақ әдебиетінде. 1929;
* Ұлт өнерін өркендетелік. 1933;
* Мольер. «Сараң» комедиясы. Аударма. 1935;
* Жас қырандар. Пьеса. 1936.
* Әлібек Қоңыратбаев. Шығармалары. Астана "Фолиант", 2008.
## Дереккөздер |
Қыз Жібек — қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері — Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.
## Тарихы
'Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. “Қыз Жібектің” Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жылы “Қазақ эпосы”, “Казахский эпос” жинақтарында, 1963 жылы “Қыз Жібек” деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар. “Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.
## Мазмұны
"Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.
"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.
Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады.
Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, "жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады". Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне "мырзалықпен" танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.
Көркем шығарма болғандықтан жырда Төлеген мен Жібектің бір-біріне деген сүйіспеншілігі бірден ашылмайды. Жібекке деген Төлегеннің ынтықтығы сатыланып көрсетіледі. Ең алғаш Жібек туралы ол өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады. Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып, оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді. Әрқайсысын Жібек екен деп жақындағанда, Қаршыға "Жібек емес" дейді.
Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады. Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды", - дейді жыршы. Жібектің ғажайып көркін көрген Төлеген: "Жиһанда бұл сипатты әйел көргенім жоқ еді, енді мұны алайын!" - деп шешеді. Осы сәттен бастап Төлеген енді белсенділік көрсетеді.
Жырдағы Қыз Жібек көркінің сипатталуы:
Жалпы, Төлеген ғашықтық эпостың дәстүріне сәйкес, өзіне тиісті сынақтардың бәрінен сүрінбей өтеді: қалаған жары үшін ол өз елін, ата-анасын тастап, жалғыз өзі қауіпті сапарға шығады; махаббатқа адалдық танытып, жарық дүниемен қоштасады. Мұндай жағдай романдық эпос кейіпкерінің бәрінің басынан өтеді, Төлеген де осыны бастан кешіреді.
Тумысынан ерекше жаралған Төлегеннің мінезі Жібекке деген ғашықтық сезімі пайда болғаннан кейін бұрынғыдан гөрі жұмсарып, оның болмысын байыта, нұрландыра түседі. Ол өте сезімтал, нәзік жанды болып көрінеді. Бұл қасиеті, әсіресе, Төлегеннің Сансызбаймен қоштасқан сәтінде және әуелеп жүрген алты қазға қарата зарын айтқан кезде барынша кең ашылады. Әсіресе, соңғы монологта Төлегеннің ішкі сезімі өте лирикалық, тебіреністі рухта ашылады.
Жібек те - өз теңін іздеген ару. Оның арманы - өзін құлай сүйген, махаббатқа адал адамға қосылу. Жібектің идеалы - бай да, батыр да емес. Оған керегі - өзінің жүрегін жалындата алатын, өзі сияқты жаны таза, ақылды әрі көрікті жігіт. Яғни, Жібектің өзі қалай сүйсе, жігіт те оны солай сүюі керек. Міне, Төлеген осындай адам. Оны Жібек алғашқы кездесуде-ақ сынап, байқаған. "Жалғыз атты" адамсың дей отырып, Төлегеннің сөзінен, өзін қалай ұстайтын мінезінен оның бекзат жан екенін аңғарған.
Жалпы, Жібектің образы эпоста идеалды болып суреттеледі, оның бойында қазақ әйелінің ең асыл қасиеттері жинақталған. Жырда ол екі бейнеде көрінеді: сұлу қыз және адал әйел. Жырдың алғашқы бөлімінің біраз жері - сол сұлу қызға арналған. Оның сұлулығы алыс жерлерге жетеді, Төлеген де, қалмақ ханы Қорен де ару қыздың даңқын естіп келеді. Жібектің өз елінде де талай жігіт оған ғашық, бірақ Жібекке жолай алмайды, өйткені, Жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді.
Жібектің сұлулығына ақылы мен ақындығы да сай. Алғаш кездескен сәттегі Төлегеннің сөзіне берген жауабы өте ұтымды әрі әсерлі. Ол өзін үлкен шеберлікпен таныстырады жігітке, өзінің кім екенін кәнігі ақындарша баяндайды. Өзін халық құрметтейтінін, жоғары бағалап, сыйлайтынын айта келіп, Жібек Төлегенді әдейі кемсіте сөйлейді, сөйтіп, оның жігіттік намысын сынайды. Жігіттің айтқан жауабына, көркі мен ұстамдығына риза болған Жібек енді өзі іздеген адам - осы Төлеген екеніне көзі жетеді де, соған тұрмысқа шығуға бел байлайды. Бірақ ол жігіттің өзіне ұнағанын сездірмейді, ойын ашық айтпайды. Іштей жақсы көріп қалса да, әліптің аяғын бағады, себебі әкесі қалай қарайды бұл жігітке, әлі белгісіз еді. Әкесінің батасын алған соң ғана Жібек өзінің сезіміне ерік береді, Төлегеннің шақыруын жылы қарсы алып, оның отауына өзі барады.
Осы тұста жырдың көркемдігі де бөлекше ғажап. Алғашқы неке түнінің мұндайлық сұлу, сырлы, тәтті суретін әлем әдебиетінің жаһанға мәлім жауһарларынан да табу қиын.
Міне, осыдан бастап Жібек - күйеуіне өте адал әрі қамқор әйел ретінде көрінеді. Төлегенге деген терең де мөлдір сезімін, шексіз берілгендігін ол, әсіресе, жаман түс көргенін жеңгесіне айтып, Төлегеннің сапарға шықпауын өтіну арқылы білдіреді. Осы эпизодта Жібек - сүйікті жар ғана емес, алдағыны болжай алатын көреген әйел болып бейнеленеді. Көрген түсін өзі жорып, Жібек жеңгесін Төлегенге жұмсайды, Төлеген жолға шықпасын деген тілек білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, Жібек Төлегенге тыйым салады. Бұл - жырда екінші тыйым: әкесі Төлегенге алыстағы Шекті еліне, Жібекке баруға келісімін де, батасын да бермеген-ді. Фольклордың поэтикасы бойынша тыйымды бұзған кісі бір қасіретке тап болады. Ал, қазақтың этикасы бойынша әке батасын алмаған баланың жолы болмайды. Ендеше, Төлегеннің мерт болуының түпкі себебі - осы екі тыйымды бұзғаны дейді жыр.
Жібек Төлегенге ғана адал емес, оның еліне, руына адал. Сүйген жарына ғана емес, оның ел-жұртына деген махаббатын Жібек Төлегенді сегіз жыл бойы күту мен ол келмеген соң оның елінен біреу келуін тосу арқылы да білдіреді. Күйеуінің елін Жібек - өзінің қорғаны деп біледі. Қалмақтың Қорен ханы күш көрсетіп, Жібекті зорлықпен алмақшы болғанда, ол Төлегеннің руын есіне алып, Сансызбайдың неғып келмей жатқанына таң болады. Зарыға күткен Сансызбайы келгенде Жібек еш ойланбастан қайнысымен бірге қашуға бел байлайды. Өйткені, ол, біріншіден, Төлегеннің "өліп кетсем, артымда еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар" деген өсиетін орындауы керек. Екіншіден, Жібек, өз заманының салты бойынша, өзін Жағалбайлының жесірімін деп есептейді де, әмеңгерінің келуін күтеді. Үшіншіден, Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. "Сансызбайды көрген соң, Жібектің көңілі тояды", - дейді жыршы. Демек, Жібек енді өзі сүйіп қалады Сансызбайды. Яғни, Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады.
Сансызбай болса өзін нағыз батыр, елінің таянышы, Жібекті өзі сияқты сүйе білген ер азамат ретінде көрсетеді. Ол Төлеген секілді емес. Ерте жасынан ерлікке даярланып, ағасы дайындап кеткен тоғыз қабат сауытты, дулығаны киініп, найзасы мен садағын асынып, тұлпар атқа мініп, кәдімгі батырларша жолға шығады. Оның бұл сапары, бір жағынан, бұрынғы батырлардың қалыңдық іздеп, сапар шегуін еске түсірсе, екінші жағынан, батырдың жау қолына түскен әйелін (яки қалыңдығын) тұтқыннан азат ету үшін күреске аттанатынын қайталаса, үшінші жағынан, болашақ батырдың алғашқы ерлігін ойға оралтады. Ал, мұның бәрі классикалық батырлық эпосқа тән. Демек, "Қыз Жібек" жырының екінші бөлімі - көне заманнан келе жатқан "жігіттің ерлікпен үйленуі" туралы сюжет болып табылады. Бұл сюжет, әсіресе, батырлық ертегі мен көне эпоста жиі кездеседі. Осы ежелгі сюжетті жыршылар әдемі пайдаланып, жырға шеберлікпен енгізген, сөйтіп, екі сюжеттен тұратын өте көркем ғашықтық жыр тудырған.
Эпоста Сансызбай екі сипатта көрінеді: ағасын жанындай жақсы көретін бауыры және оның ісін жалғастырушы інісі. Бірінші сипаттағы Сансызбай - әлі жасөспірім, сондықтан оны бейнелеуде жыр лирикалық психологизмге орын берген. Қайын жұртына кетіп бара жатқан ағасымен қоштасқан сәттегі Сансызбайдың мінезі, ағасына айтқан сөзі - оның терең ойлы, ата-анасы туралы қам жейтін, келешегін ойлайтын бала жігіт екенін дәлелдейді. Мұңлы болған Сансызбайдың қайғыратыны: ағасы әкесінен бата ала алмай және жалғыз аттанып бара жатқаны, ол кеткен соң ата-анасының, ел-жұрттың халі не болатыны, өзінің тым жас екендігі, сол себепті әке-шешесін бағып-қағуға әлі жарамайтыны... Осының өзі-ақ Сансызбайдың ерекше жан екенін көрсетіп, оның келешекте нағыз азамат болатынын аңғартады. Ағайынды екеуінің қоштасу сөздерінен Сансызбайды алда үлкен де қатерлі сынақ күтіп тұрғаны сезіледі. Оны Төлеген де болжап, інісіне қажетті батырдың сауыт-сайманын дайындап қойғанын айтады және өзі мерт болса, Жібекті іздеп табуды, ешкімге қор қылмай, жар етіп алуды тапсырады. Міне, осылай жырдың эпилогі іспетті көрінетін Сансызбай мен Жібек жайындағы қосымшаның пайда болуы ақталады да, бүкіл жыр біртұтас көркем дүниеге айналған.
Жырдағы осы екінші сюжет эпосқа мейлінше қазақы сипат дарытқан. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы екінші бөлікте көбірек әрі жарқын көрінеді.
Егер бірінші бөлімде Төлеген Қыз Жібекті алу үшін екі жүз елу жылқы сатып алып, қалыңмал берген дәстүр көрінсе, екінші бөлімде қандай да бір істі бастар алдында үлкендердің батасын алу ғұрпына үлкен мән беріледі. "Ата қарғысы - оқ" деп түсінген халық Төлегеннің мерт болғанына аянышпен қараса да таңданбаған, қайта оны заңдылық деп қабылдаған. Ал, "баталы ұл арымас" деген ұғымды ұстанған жыршы да, тыңдарман да Сансызбайдың ақжолтай болғаны - әкесінің оң батасын алғандықтан деген ой ұсынады. Сондай-ақ Жібектің әмеңгерлік салтымен Сансызбайға қосылуы да - ел үшін еш оғаш емес, керісінше, оны орынды деп білген.
Сонымен Сансызбай Жібекті алады, бірақ ол тек әмеңгерлік жолымен ғана алмайды. Сансызбай, кәдімгі қаһармандық эпостағы батырларша, ерлік жасап алады. Ол бұл жерде - Жібекті құтқарушы, түптеп келгенде, әділеттілік орнатушы, сондықтан да оның іс-әрекеті толығымен құпталады. Оның образы біржақты емес. Сансызбай - ең әуелі батыр.
Бізге жеткен "Қыз Жібек" жыры - таза сөз өнерінің дүниесі, сондықтан ол көркем шығарма деп түсініледі. Олай болса, мұнда жүйелі композиция, қызғылықты сюжет, бітіспейтін тартыс, кестелі тіл, яғни көркем шығармаға не керек, соның бәрі болуға тиіс және олар жырда айтарлықтай көрініс тапқан. Әрине, бұл әлі жазба әдебиеттің үлгісі емес, мұнда көпқатпарлы іс-әрекет жоқ, шытырман оқиға баяндалмайды, кейіпкерлердің мінез-құлқы, психологиясы, характері динамикалық түрде дамымайды. Дей тұрғанмен, "Қыз Жібек" жырында басты қаһармандармен қатар басқа да кейіпкерлер оқиғаларға араласып, шығарманы мазмұн жағынан байыта түскен. Олар екі топқа бөлінеді. Бірі - басты қаһармандардың жанашыр достары болса, екіншісі - олардың қарсыластары. Достары Жібек пен Төлегеннің, содан соң Жібек пен Сансызбайдың махаббатын қоштап, оларға әрдайым жәрдем етіп жүреді. Бұлардың арасынан Қаршыға мен Шегені ерекше бөліп алуға болады.
Жалпы, Қаршыға мен Шегенің образдары көне эпостағы ежелгі көмекшілердің ғашықтық жырда өзгергенін көрсетеді. Мұның басты себебі - "Қыз Жібек" тұтас эпосқа, яғни көркем жырға айналған заманда (ХV-ХVІ ғ.ғ.) және одан кейінгі дәуірлерде де (ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.) ер адам туралы қоғамдық идеалдың ауысқаны. Ол - тек қана қара күштің иесі емес, оны-мұныдан хабары бар, шежіреші, ақылды әрі сөзге ұста адам. Бас қаһарманның өзі сегіз қырлы, бір сырлы болғандықтан, оның көмекші достары да сондай болуға тиіс.
Жырға үлкен серпін беріп, оған көркем шығармаға қажетті қасиеттерді дарытып тұрған нәрсе - кейіпкерлердің бітіспес тартысы. Оны күшейтіп, ширықтыруда бас қаһармандарға қарсы қимыл жасап жүрген Бекежан мен оның жолдастары және қалмақтардың ханы - Қорен. Алайда, Бекежан мен Қорен бір-біріне ұқсамайтын дұшпандар. Бекежан - романдық эпостағы дәстүрлі кейіпкер, яғни екі ғашықтың ортасында жүрген қастангер (жігіт - қыз - қастаншы).
Ал, Қорен хан болса, ол Бекежаннан өзгеше дұшпан. Қорен - елдің ішіндегі қаскүнем емес, сырттан келген жау. Жау болса да, ол - нағыз батыр. Өз ойын ашық айтады, күшіне сенеді. Жібекті күшпен алатынын да жасырмайды, Сырлыбайға қызыңды бермесең, еліңді шабам деп, бүкіл ауылды қамап, тұтқында ұстайды. (Әлбетте, адамгершілік тұрғысынан келгенде, бұл да - зорлық). Сансызбаймен жекпе-жекте өзін нағыз батырша көрсеткен Қорен жай күнде мақтаншақ әрі өз айтқанынан қайтпайтын, ешнәрсенің байыбына бармайтын, тек өзінің қара күшіне сенетін дүлей бейнесінде көрінеді. Эпос оны, бір жағынан, асқан ержүрек батыр етіп бейнелесе, екінші жағынан, анайы ақымақ етіп суреттейді.
Егер Қорен мен Бекежанды салыстыра қарасақ, екеуі де - жағымсыз кейіпкер, бірақ олар бір-біріне ұқсамайды. Эпос оларды бірі-біріне қарсы қоятын секілді. Қорен - ашық жау, ол - қазақ елінің ата жауының өкілі. Оның бүкіл ойы мен іс-әрекеті - күллі ел жауының әдеткі ісі. Яғни, оның мақсаты - шапқыншылық жасап, Шекті руын жаулап алу, күш көрсетіп, мал-мүлкін талау, еркектерді қырып, әйелдерді - күң ету. Қорен Жібекті сүйгендіктен алайын демейді, оны салық деп қарайды. Өмірде де, фольклорда да сыртқы жау қашанда жеңген елінен алым-салық талап етеді, міне, Қорен де осылай істейді.
Бекежан болса - сырттан келген жау емес, іштен шалған қаскүнем. Былай қарағанда, Бекежанның Жібекке ғашық болуында еш сөкеттік жоқ. Ол да жігіт, ол да сұлу қызды алуға құқылы. Бірақ эпос пен жыршы оны қызды ұнатқаны үшін жек көрмейді, керісінше, оны өз сезімін қызға жеткізе алмағаны үшін, қыздың жүрегіне жол таба алмай, зұлымдыққа барғаны үшін жексұрын етіп көрсетеді. Бекежан өз махаббаты үшін адал күреспей, жауыздық жолын таңдайды, ал бұл жолда ол өзін арам пиғылды адам ретінде танытады. Сол себепті ол өзінің жымысқы тірлігін жасырын істейді, ойын құпия ұстайды. Жырда Бекежанның қалай өмір сүріп жүргені, бұрын кім болғаны айтылмайды. Эпос оны тек "қарақшы" деп атайды. Ал, қарақшының болмыс-бітімі белгілі. Қоренге қарағанда, Бекежан - айлакер, қу, бәрін алдын-ала ойластырып қояды, әрбір арам ісін залымдықпен жүзеге асырады. Сондықтан ол Қореннен де қауіпті. Сол себепті жыр да, жыршы да, тыңдаушы да Қоренді емес, Бекежанды қарғайды, оны ит өлімге қияды. Бекежан - адам табиғатындағы ең жағымсыз қасиеттердің, зұлымдықтың, жауыздықтың белгілерін бойына жинақтаған, солардың символына айналған образ. Міне, бізге жеткен "Қыз Жібек" жыры - таза көркем фольклордың айшықты үлгісі екені осыдан да байқалады.
Қазақтың классикалық түрдегі "Қыз Жібек" жыры - ежелгі рулық заманда пайда болған "жігіттің үйленуі" туралы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпос болып қалыптасқан түрі. Бұл сюжет, әсіресе, Қазақ хандығы тұсында көркем фольклордың тамаша үлгісіне айналған. Талантты ақындар мен жыршылар "Қыз Жібек" жырын тамаша романдық эпос етіп жырлаған, соның арқасында ол біздің заманымызға жетіп отыр. Жетіп қана қойған жоқ, қазіргі мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды. "Қыз Жібек" жыры профессионалды операға, көркем фильмге негіз болды. 1971 жылы Ғабит Мүсірепов сценарии бойынша Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді. Төлеген мен Жібек рөлдеріне Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешева таңдалды.
## Пайдаланған әдебиет |
Қоңырат мыс кен орны – Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 15 км жерде.
Алғаш 1927 жылы Михаил Петрович Русаков ашқан. Геологиялық барлау жұмыстары 1928 жылдан жүргізіле бастады. 1934 жылдан Балқаш тау-кен металлургия комбинатының шикізат қорын беретін негізгі кеніші.
## Геологиялық құрылымы
Кен орнының геология құрылысына девон жүйесі фамен жікқабатының құрамында қышқыл туфтың сирек қабатшалары бар құмтас-құмайттастар кіреді. Олардың үстін төменгі карбон жүйесіндегі қарқаралы свитасының андезит-базальт, андезит-дациттері жапқан. Құрамында металл минералдануы (вольфрам, молибден, т.б.) сирек кездесетін ақшатау кешенінің аляскиттік граниттерінен тұратын интрузиялық тау жыныстары, сонымен қатар төменгі карбонның балқаш кешеніне жататын және үш фазалық құрылымды тоқырау плутонының гранитоидтары кең дамыған. Кен денесінің пішіні төңкерілген табақ тәрізді, оның үстіңгі жағы толық игерілген.
## Минералдары
Тотығу белдемінің минералдары – гематит, лимонит, куприт, мелаконит, сомтума мыс, ярозит, малахит, азурит, брошантит, халькантит, атакамит, хриозоколла.
## Кентастануы
Кентасы 200 метр тереңдікке дейін таралған. Кентастанудың сипаты сеппе және желілі сеппе түрінде. Сондай-ақ, тік бағыттағылармен қатар көлбеу кентастану белдемділігі де білінеді. Кен орынның тотығу және сульфидке қайта баю белдемдеріндегі кентас сарқылған. Металдардың қоры бойынша Қоңырат мыс кен орны ірі кен орындары қатарына жатады, қазір мұнда аз көлемде ашық әдіспен кен өндірілуде.
## Құрамы
Кентастарда мыс пен молибденнен (олардың қатынасы 115:1) басқа күшәла, қорғасын, мырыш, рений, таллий, галлий, селен, күміс, алтын, сүрме, теллур, индий, висмут, кобальт, никель, қалайы кездеседі. Ілеспе элементтердің негізгі мөлшері изоморфтық қоспалар түрінде де ұшырасады, кейде олар өздерінің дербес минералдарын түзеді. Мыс пен молибденнің мөлшері кең ауқымда өзгереді. Қазіргі кезде өндіретін кентастың құрамындағы мыстың мөлшер 0,35 – 0,45%.
## Дереккөздер |
Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құраған.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақы мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары да бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі.
## Тарихы
Қазкоммерцбанк 1990 жылдың 12 шілдесінде Қазақ Кеңес Социалистік Республиканың заңына сәйкес ашық акционерлік қоғам болып құрылған Медеу Банкінен бастау алады. Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Медеу Банкі «Қазкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1991 жылғы 21 қазандағы № 48 лицензиясын алады. 1994 жылғы сәуірде Банк «Астана Холдинг» коммерциялық банкімен біріккен. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орналасады. 1995 жылы Қазкоммерцбанк қазақстандық кәсіпорындарды қайта құрылымдау мен жекешелендіру процесінде Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңесшісі болды.
2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге (19,7 млрд.$) клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі.
2007 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі 55,963 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді коэффициенті (ROE) 19,5% құрады.
Қаражатты тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері 30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі.
Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.
2008 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).
Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде ( «Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.
Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және Mastercard (Cirrus/Maestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.
Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны – 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті.
Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2008 жылы шілденің басында жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 150 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.
## Қазіргі жағдайы
«Қазкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады. 2010 жылғы 31 желтоқсанда қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құраған. Ал осы көлемнің 81%-ы, яғни 2 175 млрд. теңге клиенттердің алған қарызы.2010 жылы банк басты компанияның акционерлеріне тиесілі 21,9 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алған. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 413,7 млрд. теңгені құрайды.Шоғырландырылған есеп-қисаптың негізінде есептелген капитал адекваттығының коэффициенті 2010 жылғы 31 желтоқсанда 20,1 %, ал бірінші дәрежелі капитал адекваттығының коэффициенті 16,2% құраған (2009 жылғы 31 желтоқсанда - 15,9%).
## Қаражат
Қаражат тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2010 жылдың ішінде клиент депозиттері 1 506,8 млрд. теңгеге жеткен. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банктердің бірі болып табылады.
Депозиттер тартумен қатар банк теңге және шетел валютасындағы қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталар, инкассация, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офисінен басқа, Қазақстандағы 23 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы ЕКБ пен ЖҚО-ны біріктірді).Сондай-ақ Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Банктің қолданыста 1 миллион 66 мың картасы бар. Қазкоммерцбанк Visa Inc., Mastercard Worldwide жүйелерінің төлем карталарын шығарады. Сондай-ақ American Express® Gold Card және American Express-тің The Platinum Card® карталарын теңге, еуро, АҚШ долларымен шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк.Сонымен қатар Банк магниттік лента мен чипті алмастыратын смарт-карталарға көшкен Қазақстандағы бірінші банк және клиенттеріне кредиттік бонустық GoCard картасын ұсынатын жалғыз банк.
## Қызметі
Банктің банкоматтар желісі бар. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес олардың саны - 1 208, соның ішінде ақша қабылдау функциясы бар (cash-in) банкоматтардың саны – 209. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 210 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 11 300 POS-терминалға қызмет көрсетеді. Соның 5 мың данасы Бонустық бағдарламаның әріптестерінде орналасқан. Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2011 жылғы наурызда жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттердің саны 300 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтерді ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан бастап Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.
## «Қазкоммерцбанк» АҚ стратегиясы
Қоржын сапасы
Дағдарыс ықпалын төмендетіп, Банк тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған стратегияның басым бағыты - қазіргі клиенттер базасымен жұмыс істеп, актив сапасының дәрежесін бүгінгі күнге сай қамтамасыз ету. Тәуекелділіктерді басқару жүйесін жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, Банк проблемалы клиенттермен жұмыс істеуді күшейтпек. Сондай-ақ әрбір клиентпен жеке жұмыс істеп, кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында клиенттердің бизнесін сауықтыру бойынша ынтымақтастықты жалғастырады.
Өтімділікті басқару
Банк ішкі нарықтағы қорды тарту бойынша жұмысты күшейтпек: банктің негізгі мақсаты – корпоративті депозиттік базаны ұстап қалу, сондай-ақ бөлшек депозиттер бойынша нарықтағы үлесті ұстап тұру. 2010 жылы банктің еурооблигациялар немесе синдикатталған займдар бойынша төлемдері жоқ.
Шығысты бақылау
Маңызды тұрақтандыру факторының бірі ретінде шығысты төмен дәрежеде сақтап қалу банктің негізгі мақсаты болып табылады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша, Қазкоммерцбанк салыстырмалы банктердің ішіндегі ең тиімді банк болып шыққан. Тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу 2007 жылы экономиканы тұрақтандыру бойынша іске қосылған алғашқы бағдарламалардан кейін Банк сондай бағдарламаларға қатысу өз стратегиясының маңызды бөлігі деп есептейді. Банк үлескерлерге, корпоративті клиенттерге, ШОБ субъектілеріне, ипотека алған қарызгерлерге қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы бағдарламаларға қатысып келеді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 13 тамыздың 2006 жылы. |
«Ұлан» — балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газет.
## Тарихы
Газет 1930 жылы 14 наурызда «Жас Алаш» газетінің 5-6 беттерінде газет ішіндегі газет болып алғаш жарық көрді. Алғашқы атауы «Пионер» болды.
1930 жылы 5 қарашада «Пионер» газеті Алматы қаласының Гоголь көшесіндегі №9 үйге өз алдына дербес басылым болып бөлініп шықты.
1937 жылдың наурыз айынан газет «Октябрь балалары» деген атаумен шыға бастады.
1941 жылғы 28 маусымдағы санынан кейін соғыс жағдайына байланысты уақытша жабылды.
1946 жылы 9 мамырда «Қазақстан пионері» деген атаумен қайта жарыққа шықты.
1980 жылы 14 наурызда шыға бастағанына 50 жыл толуына орай және жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі ескеріліп, «Қазақстан пионері» газеті «Құрмет» орденімен марапатталды.
1990 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінің атауы «Ұлан» болып өзгерді.
«Ұлан» газеті 2002 жылы Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын «Балалар басылымы» номинациясы бойынша иеленді.
## Редакция
Газетті әр жылдары Ә.Исмайылов, Ә.Ыдырысов, С.Бердіқұлов, Ф.Оңғарсынова, У.Қалижан, Б.Қойшыбаев, Ғ.Доскен, Б.Сүлейменов, С.Қалиұлы сияқты қазақтың қабырғалы қаламгерлері басқарды.
«Ұлан» газетін тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан 2008 жылдың қараша айына дейін белгілі балалар жазушысы Сұлтан Қалиұлы басқарды. 2008 жылдың қарашасынан 2012 жылдың шілдесіне дейін Есей Жеңісұлы, 2012-2014 жылдар аралығында Бағдат Мәжитов бас редактор қызметін атқарды. Оның орнына бас редактор қызметіне Жұлдыз Әбділда келсе, 2018-жылдан бұл қызметті Жадыра Нармаханова атқарып келеді.
«Ұлан» газетінде тәжірибелі журналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Алма Үмбеттегі 1975 жылдан бері еңбек етіп келеді. Редакция алқасы құрамында Гүлфарида Зейнуллина, Қарлығаш Досанова, Қарлыға Ибрагимова сияқты тәжірибелі журналистер бар. Әр жылдары Смағұл Елубаев, Жақау Дәуренбеков, Жаңабек Шағатай сияқты белгілі қаламгерлер, Әуесбайдың Қанаты, Мадина Омарова, Ысқақ Дүйсембайұлы, Асхат Еркімбай, Қанат Махамбет, Қуат Әуесбай т.б. сияқты бүгінде медиа саласында танымал тұлғалар кезінде «Ұланның» жас тілшісі болды.
## Сыртқы сілтемелер
* Ұлан газетінің ресми сайты, "ЖАС ӨРКЕН" ЖШС Мұрағатталған 6 шілденің 2014 жылы. |
Жамбыл Талхаұлы Айменов (4.3.1955 ж.т., Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы) – техникалық ғылымдарының докторы (1996), профессор (1999). Қазақ химия-технологикалық институты (1976) мен Қазақ-өзбек университетін (2002) бітірген. Еңбек жолын осы институтта оқытушы болып бастаған. Жамбыл Талхаұлы кейін Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында доцент, Қазақ химия-технологикалық институтында деканның орынбасары, декан, проректор, Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінде проректор (1982–96), Халықаралық қазақ-түрік университетінде проректор (1997 жылдан), вице-президенті (2004) қызметтерін атқарады.
«Производство бетонных работ в условиях рассредоточенного водохозяйственнего и сельского строительства» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері құрылыс технологиясын, құрылыс үрдістерін дамытуға арналған. А. 2 монография, 6 оқу құралы мен 198 ғылыми еңбектің авторы.
## Сілтемелер |
Қазақмыс корпорациясы — Қазақстанның алдыңғы қатарлы тау-кен және металлургия компаниясы.
Компанияның негізі Балқаш көлі ауданында мыс өндіре бастаған кезде 1930 жылы қаланды. 1992 жылы «Джезказганцветмет» атауымен акционерлік қоғамға айналды. 2005 жылдың қазанында Лондонның қор биржасына шығады.
## Тарихы
1995 жылы «Жезқазғантүстімет» АҚ «Самсунг Дойчланд ГмБх» Оңтүстік Корея корпорациясының басқаруына тапсырылды. ҚР Үкіметінің бұл шешімі КСРО ыдырағаннан кейін қиын жағдайға тап болған комбинаттарды көтеру үшін инвесторларды, инвестицияларды және озық шетелдік тәжірибені тарту мақсатында қабылданды. Осы сәттен бастап «ЖТМ» АҚ 5 жылға осы корпорацияның басқаруына өтті. 1997 жылы «Жезқазғантүстімет» АҚ «Қазақмыс корпорациясы» ашық тұрпатты акционерлік қоғамы болып өзгертілді. 1999 жылы ол ашық акционерлік қоғам, 2003 жылы акционерлік қоғам болып қайта аталды. 2005 жылы «Қазақмыс корпорациясы» АҚ атауы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС болып өзгертілді. 2014 жылы «Қазақмыс» тобы екі компания болып қайта құрылды: жеке (көпшілікке жарияланбайтын) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және көпшілікке жарияланатын KAZ Minerals PLC. Көпшілікке жарияланбайтын компанияға Қарағанды облысының кәсіпорындары мен объектілері және Шатыркөл кеніші кірді. Жария компанияның артында Шығыс Қазақстан облысының жобалары және Қырғызстандағы кеніш қалды.
## Меншік иелері және басшылық
70% иелену пайызы бар топтың соңғы бақылаушы мүшесі Ким Владимир Сергеевич. Топқа иелік етудің 30%-ы Нұриев Нұрахмет Қанатұлына тиесілі.
## Қызметі
"Қазақмыс" концентратта мыс шығару бойынша әлемде 20-орынды (271 мың тонна) және катодты мыс өндіру бойынша 12-орынды (тиісінше алыс-беріс шикізатын ескере отырып, тиісінше 377 және 365 мың тонна) алады.
2020 жылы "Қазақмыс" Тобының қосқан үлесі Қазақстан Республикасына күміс өндіруші елдердің әлемдік рейтингінде 11-орында тұруға мүмкіндік берді (279 тонна, елдегі жалпы өндірістің 51%).
Электр энергиясын өндіру бойынша топ 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7 267,53 млн кВт/сағ болатын Қазақстанда 3 орын алады.
## Құрамы
Kazakhmys Plc-тың негізгі еншілік мекемесі – «Корпорация Казахмыс» ЖШС – Қазақстанда 19 жер асты мыс кені мен 2 металлургиялық комбинаты бар. Kazakhmys Plc сонымен қатар Қазақстандағы теміржол жүйесінің басым бөлігіне және Германияда мыс өнімін шығаратын МКМ мекемесіне иелік етеді. Kazakhmys Gold (Kazakhmys Plc-тың еншілік мекемесі)Қазақмыс ПЛС – пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады. Қазақмыс – толықтай интеграцияланған компания, оның қызметі кен өндіруден тауарлық металл өндіруге дейінгі сатылардың бәрін қамтиды. Мыс өндіру бөлімшесі сондай-ақ жанама өнім ретінде көп көлемдегі мырыш, күміс және алтын сияқты басқа металдарды өндірумен айналысады.
Қазақмыс – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс болімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсепорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады.
Толықтай интеграцияланған өндіріс пен алуан түрлі өнімдердің арқасында Қазақмыс әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтар мен мол қорының бар екенін ескергенде, Топтың болашақта өсуі мен дамуының іргетасы мықты деуге болады.
Топтың Бозшакөл және Ақтоғай деген екі ірі жобасы бар. Осы жобалар өз өндірісін 2014 мен 2015 жылдарында бастайды.
Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1, Қазақстандағы ең ірі электр станциясының, 50 пайзының иесі. Топ сол станция мен иелігіндегі бірнеше ТЭЦ-терді меңгеру арқылы Қазақстандағы электр қуаты ұсынымының 20 пайызынан астамын меңгереді.
## Дереккөздер |
Айсағалиев Серікбай Әбдіғалиұлы (8.11.1941 ж.т., Қостанай облысы Жангелді ауданы Шұбалан ауылы) – техникалық ғылымдарының докторы (1979), профессор (1979). Челябинск политех. институтын (1966) бітірген. Осы институтта кіші ғылыми қызметкер (1966–68), аспирант, оқытушы, доцент (1971–75). ҚазМУ-дың кафедра меңгерушісі (1975, қазіргі ҚазҰУ) қызметін атқарады. А. 165-ке жуық ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы. |
Ермек Сәтпайұлы Айталиев (22.12.1951 жыл, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).
* Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (1977) бітірген соң осы институтта оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
* 2000 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі инженер-техника факультетінің деканы болып қызмет атқарады.
* Айталиев 80-нен астам ғылыми еңбектің (оның ішінде авторлық куәлік пен патенттердің) авторы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Айталиев Ермек Сатпаевич(қолжетпейтін сілтеме) |
Айсары-Шорман - ғашықтық дастан.
1946 жылы Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған фольклорлық экспедиция Ақмола, Көкшетау өңірінде болғанда көкшетаулық жергілікті халық ақыны Сатыбалды Аймағанов жырлап беріп, Бозтай Жақыпбаев қағазға түсірген. Дастан қара өлең түріндегі 7–8, кейде 11 буынды болып келетін жыр үлгісімен шығарылған. Авторы белгісіз. Көкшетау өңіріне кең тараған. Дастанның негізгі тақырыбы – екі жастың махаббат жолындағы күресі мен ауыр да қайғылы тағдыры. Бай қызы Айсары мен малшы жігіт, сал-сері, батыр Шорман аралығындағы сүйіспеншілік сезімдері, бас бостандықтары жолында махаббат үшін құрбан болып, арманда кетуі шынайы суреттеледі, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік батыл айыпталады. Жыр бұрын ешқайда жарияланбаған. Толық нұсқасы ҚР Ғылымдар Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы мен Әдебиет және өнер институты қорында сақтаулы.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Жарқын Айталиұлы Айталиев (15.8.1903, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Шоңай ауылы – 26.9.1970, Алматы қаласы) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1958).
## Өмірбаяны
* Томск технологиялық институтын бітірген (1930).
* 1930–38 жылы Оңтүстік және Орталық Қазақстанда темір, полиметалл, Алтай мен Қалбаның сирек кездесетін металл кендерін барлаумен шұғылданған.
* 1938–48 жылы халық шаруашылығына, әсіресе, майдан мұқтажына аса қажетті шашыранды және сирек кездесетін металдарды іздеу мен зерттеуде көп жұмыс атқарды.
* Алтай кен-металлургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, геология бөлімінің меңгерушісі (1948–56)
* Қазақстан Геология министрінің орынбасары (1957–61)
* Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физикалық география институтының сектор меңгерушісі (1963–67) болды.
* Айталиевтің жетекшілігімен Таулы Алтайдағы сирек кездесетін металдар аймағының қазақстандық бөлігі бойынша металлогениялық мәліметтер жинақталып, қорытылды, Қалба–Нарым металлогения белдеуінің болжамдық картасы жасалды.
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шмидт Мұсаұлы Айталиев (28.1.1935, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы – 22.6.2007, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1974), профессор (1980), ҚР Ғылымдар Академиясының академигі (1994). ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (1957, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* 1957–60 жылдары Орал педогогика институтының ассистенті
* 1960–76 жылдары және 1987–91 жылдары Қазақстан Ғылымдар Академиясының Математика және механика институтының ғылыми қызметкері.
* 1976–86 жылдары Сейсмология институты мен Механика және машинатану институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болды.
* 1992–97 жылдары Атырау қаласындағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің академик-хатшысы қызметін атқарды.
* 1997 жылдан ҚР Ғылымдар Академиясының физика-математика бөлімшесінің төрағасы.
## Ғылыми жұмысы
* «Напряженное состояние произвольно ориентированных горизонтальных выработок в слоистой толще» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
* Негізгі ғылыми еңбектері тау жыныстары механикасына арналған. Біртекті және әртекті анизотроптық серпімді-пластикалы тұтқыр массивтегі жер асты құрылыстарының статикалық және динамик. кернеу күйін, деформациялануын, қозғалуын, беріктілігі мен орнықтылығын зерттеген.
* Жер асты бекітпелерінің жаңа құралымдарын есептеу әдістерін жасады. 9–10 балдық жер сілкінісі кезіндегі болашақ Алматы метросының сейсмикалық орнықтылығын анықтады.
* Сондай-ақ терең мұнай-газ оқпанын бұрғылау динамикасының, көліктік құрылыс механикасының кейбір өзекті мәселелерін де зерттеді. Айталиев республикадағы жер асты құрылыстары механикасының ғылыми мектебін құрушылардың бірі.
## Шығармалары
* Конструирование и расчет набрызг-бетонной крепи, М., 1971 (соавт.);
* Сейсмонапряженное состояние подземных сооружений в анизотропном слоистом массиве, А.-А., 1980 (соавт.);
* Оптимальное проектирование протяженных подземных сооружений в анизотропном слоистом массиве, А.-А., 1986;
* Динамика тоннелей и подземных трубопроводов, А.-А., 1989.
## Дереккөздер |
Телісжан Құрманұлы Айтқазин (10.7.1947 ж.т., Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Лебяжье ауылы) – философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (2001), ҚР Әлеуметтік ғылыми академиясының академигі (2000).
ҚазМУ-дың (1976, қазіргі ҚазҰУ) философия-экономика факультетін және аспирантурасын (1982) бітірген. Павлодар индустриялық институтында оқытушы (1976–79, қазіргі Павлодар мемлекеттік университеті), аға оқытушы, доцент (1982–86), кафедра меңгерушісі (1986–96), Павлодар мемлекеттік университетінің оқу-ғылыми кешенінің директоры (1996–97), Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі (1997–2001), Еуразия ұлттық гуманитарлық институтының профессоры (2001–03; 2008 жылдан профессор), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Мемлекеттік басқару институтының директоры (2003–05), Семей мемлекеттік педагогика институтында кафедра меңгерушісі (2005–08) болып қызмет атқарады. «Қазақтардың қоғамдық мұраттарына тарихи-философиялық талдау» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғады. Ғылыми-зерттеулері қазақ мұраттарының ерекшеліктерін, оның халық тарихында алатын орны мен атқаратын міндеттерін, тарихи-әлеуметтік және қоғамдық мән-мағынасын талдауға арналған.
## Шығармалар
* Қазақтардың мұраты, А., 1994;
* 15–20 ғасырдағы қазақтардың қоғамдық мұраттарының қалыптасуы және дамуы, А.,
* Қазақ ойшылдарының қоғамдық мұраттары, Аст., 2005.
## Дереккөздер |
Аймұхамедова Гүлсім Боранқызы (1919 ж.т., Қостанай қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Хим. лабораторияны басқарды. А-ның ашқан жаңалықтары, өндіріске енгізілген (оның әдістемесімен Қырғыз қант з-тында бетайн, глютомат, натрий өндіріледі). 4 монографиясы, 70-тен аса ғылыми еңбектері, 11 авторлық куәлігі бар. «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. |
Алпысбай Иманқұлұлы Айнабеков (25 шілде 1945 ж. Түркістан облысы Төле би ауданы Қарабау ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).
Қазақ политехникалық институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. ҚазМУ-да (1978–83, қазіргі ҚазҰУ) аспирант, аға оқытушы (1983–85), кафедра меңгерушісі (1985–88), 1992–97 ж. ғылыми өндірістік, экономикалық саласының проректоры, ғылыми және Халықаралық қатынастар кафедрасының профессор, Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінің проректоры (1996), ректоры (1997) қызметін атқарады.
«Экспериментальное и теоретическое обоснование прогнозирования долговечности химических аппаратов и энергетических машин при эксплуатации» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Алпысбай Иманқұлұлы 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы.
## Сілтемелер |
Амангелді Әбдірахманұлы Айталы (10 қыркүйек 1939, Астрахан облысы, Володар ауданы, Болдырево ауылы — 21 желтоқсан 2022) — ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері. Философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры.
Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.
## Өмірбаяны
1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы, Волгоград ауданы, Болдырево ауылында дүниеге келген.
2022 жылы 21 желтоқсанда қайтыс болды.
## Білімі
* 1959 – 1964 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниситутын бітірген.
* 1964 – 1967 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниституты)ның асперантурасын бітірген.
## Еңбек жолы
* 1959 жылы Марфин ауданы, Қызылтаң ауылының мектебінде бастауыш сыныбының мұғалімі болған.
* 1959 жылы Марфин ауданы, Қызылтаң ауылының мектебінде бастауыш сыныбының мұғалімі болған.
* 1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы;
* 1970 – 1983 жылы осы институтта философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі;
* 1989 – 1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниститутында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры;
* 1996 – 1999 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия кафедрасының меңгерушісі;
* 1999 – 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
* 2007 – 2010 жылдары Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің профессоры.
* 2010 жылдан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниститутында профессоры, соынымен қатар «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі;
* 2013 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының профессоры , «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі;
## Ғылыми шығармашылығы
* Амангелді Әбдірахманұлы 100 ден астам ғылым мақалалардың, 5 монаграфияның авторы.
* Ғылыми қызығушылығы: Этносаясат, этноәлеумет және дінтау
## Марапаттары
* 1986 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталған.
* 1996 жылы Философия ғылымының докторы (құрметті ғылыми атағы);
* 1996 жылы профессор;
* 1996 жылдан ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі;
* 2001 жылы елбасының жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды.
* 2009 жылы «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері;
* 2015 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды.
* 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік медалімен марапатталған.
* Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызыметкері;
* «Білім беру саласының үздігі»;
* Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. |
Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақордасының ресми тұсаукесері 2004 жылы желтоқсанның 24 күні өтті.
Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.
Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 м2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан.
Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.
Үшінші қабатта:
* киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы;
* сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;
* екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал;
* камин залы;
* қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.
Төртінші қабатта:
* қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары;
* Саммиттің Үлкен залы;
* кітапхана;
* кіші Шығыс залы орналасқан.
Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.
Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.akorda.kz/ ресми сайты |
Эвдиалит (грек. eu – жақсы, оңай, dіalіtos – ажырау, ыдырау) – силикаттар класына жататын минерал. Химикалық формуласы: Na4Ca2Zr[Sі6O17(O6 OH6Cl)2]. Құрамы: ZrO2 – 12 – 14,5%, (Ce, La, Y)2O3 – 0,3 – 6,87%. Қоспалары: сирек жер элементтері, Tі, Nb, Mn, Sr, т.б. Тригональдік сингонияда кристалданады, жеке кристалдары жапырақ, пластина, [[минералдық агрегат|минералдық агрегаттары]] сеппе, тарамша түрінде кездеседі. Түсі – әр түрлі реңді қызыл, шыныдай жылтыр. Қатт. Моос шкаласы бойынша 5 – 6, тығыздығы 2,7 – 3,0 г/cм3. Ультрасілтілі нефелинді сиениттер мен олардың пегматиттерінде және апатит кентастарында кездеседі. Мол мөлшерде шоғырланғанда цирконий кентасы ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Эвбея (гр. Εύβοια) — Грекиядағы Эгей теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу орналасқан арал, Грекияға қарайды. Балқан түбегінің шығыс жағалауы бойымен 170 км-ге созылған. Құрлықпен көпір арқылы жалғастырылған. Аумағы 3,9 мың км². Жағалары тік жарқабақты, саяз қойнаулы. Негізінен әктастан түзілген. Жер бедерінде тектоникалық қазаншұңқырлар үстінде қалыптасқан жағалау және ішкі жазықтармен бөлінген үстірттер басым. Ең биік жері Дирфис тауы (биіктігі 1743 м). Жерортатеңіздік бұталар мен орман өседі. Егін (бидай, жүзім) және зәйтүн бағы өсіріледі. Басты қаласы – Халкис.
## Дереккөздер |
Эвенкілер (эвэнкилер, эвэндер (өз атауы – эвэнкил) — Ресейдің Қиыр Шығысы] мен Қытайдың солтүстігінде өмір сүретін халық. Басым бөлігі Енисей өзенінің солтүстік жағалауынан Охота теңізіне дейін, Поляр тундрасынан Ангара мен Амур өзендеріне дейінгі аймақта шоғырланған. Жалпы саны 54 мың адам (2006).
## Тілі
Антропология жағынан үлкен моңғол нәсілінің байкал тобына жатады; оңтүстік аудандарында Орта азиялық нәсілдің үлесі байқалады. Тұңғұс-маньчжур тобындағы эвенкі тілінде сөйлейді. Жазуы кириллицаға негізделген. ХХ ғасырдың басында Кеңес Одағында тілдік жүйені қалыптастыру жылдарында эвенки тілінің жазуы орыс (кириллица) графикасы негізінде құрылды. Эвенки тілі – дайындық сыныптарындағы оқу тілі және бастауыш мектепте оқыту тілі. Эвенки тілінде шығыс, батыс және орта диалектілер және бірқатар сөйленістер бар.
## Діні
Діні – православие (17 ғасырдан бастап), бірақ күні бүгінге дейін дәстүрлі наным-сенімдерін (анимизм, бақсылық, т.б.) сақтап келеді.
## Тарихы
Эвенкілердің шығу тегі Байкал маңын мекендеген халықтармен тығыз байланысты. Ғалымдардың пікірінше, Эвенкілердің ата-бабалары б.з.б. 2-мыңжылдықта осында қоныс аударып, кейінгі орта ғасырларға дейін рулық қоғамда өмір сүріп, көшпелі мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан. 17 ғасырдан бастап Ресей империясының отарына айналды. Кейбір топтары Қытайдағы Цин империясына бағынды.
## Кәсібі
Қазіргі күнге дейін Эвенкілер арасында бұғы өсіру, балық аулау кәсіптері кеңінен дамыған. Бұғы көлік ретінде де пайдаланылады. Сондай-ақ көлік ретінде қайық, шаңғы көп қолданылды. Далалық кейбір Эвенкілер жылқы, түйе, қой өсіреді.
Олар ірі жануарды 3-5 адамнан топ болып аулады. Эвенктердің көпшілігі үшін балық аулау қосалқы рөл атқарды.
## Мәдениеті
Тұрмыстық заттары мен бұйымдары аң мен мал терілерінен жасалған. Ұлттық киімдері: белбеушемен кеуде тұста бекітілетін бұғы терісінен жасалынған кафтан, кеудеше, қысқа шалбар, ұзын аяқжапқыш, унты. Оларда сүйек, ағаш өңдеу ісі жақсы дамыды. Туыстық жүйесі ирокез типінде. Эвенкілер 2 – 3 отбасы болып көшіп-қонып жүреді. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бір бөлігі отырықшылыққа көшіп, қалалық салт-дәстүрлерді қабылдады. Қазіргі таңда Эвенкілер ассимиляцияға ұшырап, ұлттық болмыс-бітімін жоғалта бастаған. Ауыз әдебиеті сақталған.
## Қазақстандағы эвенкілер
Қазқстанның эвенк диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
* 42 (1970 ж.),
* 93 (1979 ж.),
* 47 (1989 ж.),
* 30 (1999 ж.),
* 2 (2009 ж.) адам.
## Дереккөздер |
Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет.
## Мемлекет
XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан Шағатай мен Жошы ұлыстары тарихы аясында дамыды. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы түркілік ру-тайпалар қауымдыстығы ретінде жылқы шаруашылығы, қала мәдениеті мен сәулетшілік өнер, сауда-керуен жолдарын дамытумен болды. Көптеген ұлыстардың жегілікті билеуші әулет өкілдері, билері мен батырлары әлеуметтік ортасын құраған. Хандардың бір ордасы Ақ Орда деп аталды. Ол Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін көшіп жүретін хандардың ордасы еді. Ақ Орданың орналасатын ірі қаласының бірі Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы болды.
Ақ Орданың халқы - ноғайлы-қыпшақтар жұрты болды. Ол қыпшақ қауымдыстығы құрамында арғын, жалайыр, наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды. Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа хан, Ерзен, Мүбәрәк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, Жәнібек және т.б.
## Күшейген кезі
Ақ Орданың күшейген кезі XIV ғ. II жартысы. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болды.
Ақ Орда иелігі енді Ұрыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі — Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, Қажытарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395-жылдары Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. соңы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
## Жаңа дәуір
1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбани әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы қайтыс болып, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді.
Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
## Тұжырымдар
Әуезов «Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың қатарына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жұртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, моңғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар.
Ноғай, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік жұрттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. "Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар" деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-1932 және 1945-1951 жылдары «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] — Ақ Орда-Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан. |
Эвенкі тілі, эвенк тілі (өзд. атауы – тұңғыс тілі) – Ресей Федерациясы аумағында Енисей өзенінің оң жағалауынан бастап, Сахалин аралығына дейін шашырай қоныстанған эвенкі халқының тілі. Эвенкі тілінде 35 мыңдай адам сөйлейді (2002). Эвенкі тілінде сөйлеушілер ІХР-дың солтүстік-шығысы мен Моңғолияда да кездеседі. Эвенкі тілі эвен, негидаль тілдерімен қатар Алтай тіл тобы ішіндегі тұңғыс-маньчжур тілдері шоғырының солтүстік тобына жатады. Эвенкі тілінің солтүстік, оңтүстік, шығыс диалектілері өз ішінен бірнеше говорларға бөлінеді. Солтүстік диалектісін кейбір зерттеушілер жеке тілге жатқызады. Жергілікті ерекшелік ха-мен, се-мен, ше-мен сөйлеушілер деп ажыратылады. Әдеби тілі оңтүстік диалектісінің непек (полигусов) говоры негізінде қалыптасқан. Граммататикалық құрылымы жағынан жалғамалы тілдерге жатады. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші аффикстерге бай. Етістіктің есімше, көсемше түрлері мен септік жалғауының күрделі жүйесі қалыптасқан. Лексикасында саха, бурят тілдерінің ықпалы айқын аңғарылады. Қазіргі Эвенкі тілінде, әсіресе, орыс тілінен енген сөздер көп. Жазуы 1931 жылдан латын, 1936 жылдан кириллица негізінде қалыптасқан.
## Дереккөздер |
Евлия Челеби Дервиш Мехмед Зилли (осман: اوليا چلبى, түр. Evliya Çelebi; 25.3.1611 – 1679/82 кей деректерде 1683) – түрік саяхатшысы, 10 томдық “Саяхат кітаптарының” (“Саяхатнама”) авторы. Онда [[Осман сұлтандығы|Осман сұлтандығының]] Еуропа, Азия, Африка құрлықтарындағы иеліктеріне, сонымен қатар басқа елдерге (Польша, Австрия, Эфиопия) жасаған саяхаттары туралы жан-жақты жазылған. Эвлия Челебидің еңбегі – 17 ғасырдағы Оңтүстік және Орталық Еуропа, Таяу Шығыс елдері, сондай-ақ Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Африка халықтарының географиясы мен тарихы жөнінде құнды деректеме болып табылады.
## Дереккөздер |
Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев (5 сәуір, 1936 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөлде туған — 9 қаңтар 2020 жыл, Алматы) — ғалым. Филология ғылымдарыың докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті. Түркістан қаласының және Отырар ауданының Құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәірде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөлде дүниеге келген.
* 1959 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы ҚМИ)нің филология факультетін бітірген.
* 1971 жылы «М.Горький фразеологизмдерінің қазақ тілінде берілу жолдары» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
## Еңбек жолы
* 1959 – 1962 жылдары Республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің əдеби қызметкері
* 1962 -1974 жылдары Қазақ ССР ҒА Тіл Білімі институтына кіші ғылыми қызметкері
* 1974 – 1981 жылдары аға ғылыми қызметкер;
* 1981 – 1989 жылдары «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі;
* 1973 жылдан «Ғылыми терминологиялық орталықтың» директоры, (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті (бұрынғы Министрлер Советі) жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі жəне ғалым хатшысы;
* 1989 жылдан Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті;
* 2004 жылдан Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті.
## Ғылыми шығармашылығы
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: қазақ терминологиясының практикалық мəселелері. «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жүрген тұста Өмірзақ Айтбайұлының басшылығымен жəне қатысуымен бірнеше ұжымдық кітаптар (Қазақ терминологиясының мəселелері. «Ғылым», Алматы, 1981; Термин жəне олардың аудармалары. «Ғылым», Алматы, 1990, 12 б.т.) баспадан жарық көрді. Академик Өмірзақ Айтбайұлы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі, ғалым хатшысы ретінде де (1981–1991 жж.) 550-ден астам ғылыми еңбектің, 21 кітап пен монографиялардың авторы. “Қазақ терминологиясының жасалу көздері” (1981-1984) жəне “Қазақ əдеби терминологиялық лексикасының дамуы” (1985-1991) “Мемлекеттік тілде ғылыми терминологияны қалыптастырудың теориялық, ғылыми-əдістемелік жəне практикалық мəселелері” (1997-1999), «Терминологиялық сөздіктер, əдістемелік құралдар жасау» ғылыми-методикалық проект – (АДЖИП қаржыландырған) (2008-2013) деген күрделі ғылыми тақырыптарға ғылыми жетекшілік жасады. Ө.Айтбайұлы – ғылым мен өнерді қатар алып келе жатқан ғалым. Оның сазгерлігін танытатын бірнеше, атап айтқанда, белгілі «Жар сəлемі», «Жас ойшыл», «Ана тілі», «Тіл өнері дертпен тең», «Ақ қоян», «Өренім» тағы да көптеген əндері жұртшылыққа мəлім. Айтбаевтың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналған. Ол 500-ге жуық мақаланың авторы.
## Шығармалары
* Аудармадағы фразеологиялық құбылыс, А., 1975;
* Қазақ терминологиясының мәселелері, А., 1986;
* Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы, А., 1988;
* Терминдер және олардың аудармалары, А., 1990;
* Қазақ сөзі, А., 1997;
* Основы казахской терминологии, А., 2000;
* Тіл майданы (оқулық), А., 2004;
* Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2007.
## Ғылыми атақтары
* 1992 жылы Филология ғылымдарының докторы
* 1999 жыл профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.
* 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1996 жылы «Ы.Алтынсарин атындағы құрметті медалі» нің иегері;
* 1998 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды;
* 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
* 2004 жылы ҚР Білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»;
* 2007 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды;
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
* 2013 жылы Еуропа ғылыми-өнеркəсіптік палатасының шешімімен «За высокую профессиональную деятельность и фундаментальный вклад в лингвистику» диплом мен «Алтын медалі» жəне дипломатиялық паспортымен марапатталған;
* Түркістан қаласының және Арыс ауданы мен Отырар аудандарының Құрметті азаматы. |
Эгирин (скандинавиялықтардың мифологиясындағы “Теңіз тәңірі” Эгира есіміне байланысты аталған), акмит – тізбекті силикаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: NaFe[Sі2O6]. Моноклиндік сигонияда кристалданады. Жеке кристалдары ұзын призма, баған, ине тәрізді, минералдық агрегаттары тұтас түйірлі масса түрінде келеді. Түсі қызғылт қоңыр, қанық жасыл, кейде түссіз, шыныдай жылтыр. Қатт. Моос шкаласы бойынша 6 – 6,5, тығыздығы 3,5 – 3,6 г/см3, морт сынғыш. Сілтілі сиениттерде, граниттерде, темірлі кварциттерде екі парагенетикалық топта кездеседі:
* 1) нефелин мен калийлі дала шпаттарында;
* 2) кварц пен альбитте.
Құрамында Эгирині бар тау жыныстары құрылыста әрлеу тасы ретінде қолданылады.
## Дереккөздер |
Эдельштейн Григорий Львович (3.1.1900, Украина, Днепропетровск облысы Каменское селосы – 15.6.1974, Алматы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1958), профессор (1960). Қазақстандағы ортопедиялық-травматолық қызметтің негізін салушылардың бірі.
Ресейдегі Томск мемлекеттік университетін бітірген (1925). 1958 жылдан Қазақстанда тұрып, еңбек еткен. 1958 – 1964 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында, 1964 – 1970 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында травматология және ортопедия кафедрны. басқарды, 1970 – 1974 жылдары осы институтта ғылым кеңесші болды. 1959 – 1970 жылдары Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас травматологы. Негізгі ғылыми еңбектері сүйек пластикасы (өз сүйегін өзіне, сондай-ақ өзгенің сүйегін жамау) мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер |
Эдуард (Edward) – Ніл өзені алабындағы көл. Шығыс Африкадағы Конго Демократиялық Республикасы мен Уганда шекарасында. Ауданы 2150 км², тереңдігі 111 м. Көл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан (абс. биіктігі 913 м). Жағалауының басым бөлігі аласа, батпақты, қамыс-құрақ нуы өскен; батыс жағалауы биік, тік-жарлы. Эдуард көленнен Альберт көленіне құятын Семлики өзеңі ағып шығады. Балық ауланады. Біршама бөлігі Вирунг қорығының құрамына кіреді.
## Дереккөздер |
Махгилис (Макс) Эйве (нидер. Machgielis «Max» Euwe, 20.5. 1901, Амстердам, Нидерланд – 26.11.1981, Амстердам) – голландиялық шахматшы, халықаралық гроссмейстер (1950) және халықаралық төреші (1951), шахматтан әлемнің бесінші чемпионы (1935 – 1937). Амстердам университетінің математика факультетін бітірген (1924), Тилбург университетінің математика докторы, профессор (1964). Бірнеше дүркін Голландия чемпионы (1921 – 1960) және ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы мен жүлдегері (1923 – 1958) болды. 1935 жылы қазан – желтоқсан айларында Голландияның бірнеше қаласында әлем чемпионы атағы үшін А.Алехин мен Эйве Махгилис арасында матч өтті. Бұл матчта 15,5:14,5 есебімен жеңіске жеткен Эйве Махгилис әлемнің бесінші чемпионы атанды. 1937 жылы Эйве Махгилисмен Алехин арасындағы қарымта матчта Алехин 17,5:12,5 есебімен жеңіске жетіп, өзінің әлем чемпионы атағын қайта иемденді. Эйве Махгилис соғыстан кейінгі жылдары да көптеген халықаралық турнирлерде құрмет тұғырына көтерілді. 1953 жылы Цюрихтегі, 1958 жылы Мюнхендегі үміткерлер турнирінде күш сынасты. 1970 – 1978 жылдары халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті болып, шахмат өнерін дамытуға қомақты үлес қосты.
## Дереккөздер |
Экономикалық аймақ – аумақтық судан (құрылықтық аумаққа және ішкі суға жанасқан‚ мемлекет 12 теңіз миліне дейінгі қашықтықта белгілеген теңіз белдеуінен) тысқары орналасқан және оған іргелес жатқан теңіз ауданы. Мұнда жағалау өңіріндегі мемлекеттің су түбіндегі‚ оның қойнауындағы және су астындағы табиғат ресурстарын барлауға‚ қазуға‚ сақтауға‚ сондай-ақ осы ресурстарды басқаруға егеменді құқықтары бар. Жағалау өңіріндегі мемлекеттің осы аймақта экономикалық қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға да‚ мысалы, ғимараттар салуға‚ ғылыми зерттеулер жүргізуге құқығы бар‚ Экономикалық Аймақта басқа мемлекеттердің халықаралық құқықта рұқсат етілетін құқықтары мен міндеттемелерін ескеруге тиіс. Оның ені 200 теңіз милінен аспауға тиіс.
## Дереккөздер |
Экономикалық Агент – 1) экономикалық шешімдер қабылдай алатын, шаруашылық жоспарларды өз бетінше әзірлеп, соларға сәйкес әрекет ете алатын, белгілі бір өнімдерді өндіруге немесе бөлуге, қызметтер көрсетуге тапсырыстар немесе тапсырмалар алатын не оларды сатып алушылар ретінде әрекет ете алатын тұлға. Бұл терминнің синонимдері: экон. бірлік, экон. субъект, шаруашылық жүргізуші субъект, шешім қабылдаушы тұлға. Бірақ іс жүзінде ұйымдық-құқықтық нысандарына және меншік түрлеріне қарамастан кәсіпорындар, олардың бірлестіктері (одақтар, қауымдастықтар, концерндер, салалық және сала аралық, аймақтық және басқа бірлестіктер), ұйымдар, мекемелер, соның ішінде банкілер мен несие мекемелері, сақтандыру ұйымдары, тауар және қор биржалары, инвестиц., зейнетақы, қоғамдық қорлар мен басқа да қорлар, сондай-ақ дербес кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар барлық жерде агенттерге жатқызылады; 2) ұлттық шоттар жүйесінде – экон. операциялар жасаушы заңды және жеке тұлға.
## Дереккөздер |
Экономикалық Бағдарлама – қоғамдық өндіріс дамуының басым нұсқаларын және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық тұжырымдамаларын көрсететін жалпы шаруашылық (кейде жоспарлар деп те аталады) негізінде экономиканы реттеу жүйесі. Экономикалық Бағдарлама индикативтік, яғни кеңес берушілік, ұсыныс жасаушылық сипатта болып келеді: бағдарламалардың көрсеткіштері көбінесе, тіпті жеке фирмалар мен концерндер туралы айтпағанда, мемл. органдар үшін де жалпы бағдар болып табылады.
## Дереккөздер |
Экономикалық Игілік – экономикалық қызметтің сайып келгенде адамның қажеттерін қанағаттандыруға арналған нәтижесі. Э. и. ұғымының мәні құндылықпен байланысты. Егер жай игілік ұғымы тек пайдалылықты ғана білдірсе, құндылық екі сипаттаманың – пайдалылық пен сирек кездесушіліктің ұштасуын білдіреді. Кез келген игіліктің пайдалылығы тек оны тұтыну немесе пайдалану үдерісінде ғана көрініс табады. Э. и. өзінің тікелей мақсатына қарай қажеттілікті қанағаттандыру үшін, жеке басының тұтынуы үшін емес, сату үшін өндірілетін тауар ретінде; табыс алу көзі ретінде (мыс., капиталдың иесі өндірістің қалған факторларын сатып алып, өнім шығарады, оны өткізу табыс әкеледі) өндірілуі және тұтынылуы мүмкін. Э. и. экон. қызметтің өнімі болғандықтан экон. циклдіктің болуымен сипатталады. Оның екі қыры бар: экон. циклдердің кезеңдеріне сәйкес Э. и-ті өндірудің көлемі, оны айырбастау, бөлу, тұтыну көлемі өсіп немесе төмендеп отырады; материалдық активтер болып табылатын Э. и-тің өміршеңдік циклі деп аталатын өзінің өміршеңдік кезеңі болады.
## Игіліктер классификациясы
Үлестірім қажеттілігі бойынша.
* Тегін игіліктер - үлестірімді қажет етпейтін көлемде шығарылатын игіліктер.
* Сирек игіліктер - үлестірілетін игіліктер.
Бәсекелестік бойынша
* Бәсекелетік - игілікті қолдану басқаларға оны қолдануға кедергі жасайды.
* Бәсекелестік емес - кез-келген адам онымен басқаларға кедергі жасамай қолдана алады.
Қосылуы бойынша
* Қосылатын - иемденуді қалаушылар өте көп болатын игілік.
* Қосылмайтын - тек ақы төлеуші қолдана алатын игілік. |
Экономикалық аудан – жалпы ел аумағының тұтастай бірігіп жатқан ірі бөлігі.
Ол өз кезегінде бірнеше әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктерін қамтиды. Экономикалық аудан бір-бірінен жер аумақтарының экономикалық-географиялық орналасу жағдайының, табиғат және еңбек ресурстарының, шаруашылығының кешенділігі мен оның салалық мамандануының, өндіріс орындарының өзара ауданішілік тұрақты байланыстарының бірыңғайлы үйлесуімен, әрі олардың ел экономикасындағы маңызына қарай ерекшеленеді. Әдетте халқының еңбек дағдысына және табиғат жағдайына байланысты белгілі бір аумақтағы шаруашылықтың тиімді салалары бағытында дамуы барысында географиялық еңбек бөлінісі туындайды. Олармен тығыз байланыста басқадай қосалқы қызмет көрсетуші өндіріс салалары пайда болуы арқылы үлкен аумақты қамтитын Экономикалық аудан дүниеге келеді. Кейбір экономикалық аудан бір бағыттағы өнімдер өндірсе, екіншісі көп салалы болады. Осылайша экономикалық аудан арасында үнемі қызмет пен өнімдер алмасуы нәтижесінде ауданаралық экономикалық байланыстар орнығады. Ел ішіндегі экономикалық аудандар жиынтығы, сол мемлекеттің жалпы ұлт-тық экономикасын құрайды. Халық ш-ның дамуы барысында экономикалық ауданның мамандану бағыты да өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа кен байлықтарының үлкен қорлары ашылуы немесе ірі өндіріс орындарының салынуларына байланысты. Осы себепті, экономикалық аудан құрамында іргелі өзгерістер болып, оның орналасу шекараларының өзгерісі нәтижесінде жаңа экономикалық аудан қалыптасады. Қазақстан, жер аумағының кеңдігіне және табиғи ресурстарының молдығына, табиғат жағдайларының әр түрлілігі мен әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне қарай 5 ірі Экономикалық ауданға (Батыс экономикалық аудан, Солтүстік экономикалық аудан, Орталық экономикалық аудан, Шығыс экономикалық аудан, Оңтүстік экономикалық аудан) бөлінген. Еліміздің жер аумағын экономикалық география ғылымы тұрғысында аудандастырудың негізін қалаған ғалым-географтарға Н.Н. Баранский, Б.Я. Двоскин, т.б. жатады. Кез келген экономикалық ауданның экономикалық-географиялық сипаттамасы төмендегі жоспар бойынша беріледі:
* Экономикалық аудан құрамы, оның шекаралары;
* Экономикалық-географиялық жағдайлары мен ресурстары, оларға шаруашылық тұрғысынан баға беру және тиімді пайдалану мүмкіндігі;
* Халқы және еңбек ресурстарының орналасу ерекшеліктері;
* Шаруашылығының дамуындағы тарихи алғышарттар;
* Шаруашылығының, оның ішінде өнеркәсіп және а. ш. салаларының мамандануы мен орналасуы;
* Өндірісті орналастыру формалары (аумағы-өндірістік кешен, өнеркәсіп тораптары, өндірістің шашыраңқы орталықтары, т.б.);
* Ірі қалалары;
* Экологиялық жай-күйі;
* Сыртқы байланыстары және экономикалық ауданның даму болашағы.
## Дереккөздер |
Экономикалық Картография — экономикалық карталар мен әлеуметтік-экономикалық карталарды дайындаумен және пайдаланумен байланысты тақырыптық картографиядағы бағыт. Мұнда да картографияның қағидалары мен материалдар (карталардың географиялық негіздері, картографиялық бейнелеудің тәсілдері, карталардың мазмұны, оны қорытудың ғылыми-негіздемесі және т.б.), әлеуметтік-экономикалық статистикалық материалдар (бастапқы статистикалық материалдар, оларды өңдеудің әдістері және т.б.) пайдаланылады. Қазіргі кезде Экономикалық картографияның дамуына географиялық қағидалармен бірге жаңа әдістер мен құрал-жабдықтарды: математикалық-картографиялық үлгілерді пайдаланудың, автоматтандырудың және бірыңғай географиялық деректер қорын құрудың, ғарыштық түсірімдерді пайдаланудың маңызы өте зор. Экономикалық картографияның ғылыми теориясы КСРО-да күшті дамыды (Н.Н. Баранскийдің және т.б. еңбектері).
## Дереккөздер |
Экономиканың Долларлануы – ұлттық валютадан долларға (басқа да шетелдік валютаға) “безіну” (“қашу”); капиталдың шекарадан өтпей “безінуінің” бір түрі. Э. д. елде қалыптасқан түрлі объективтік және субъективтік себептерге байланысты туындайды. Негізгі факторлары: елдегі саяси және экон, жағдайдың тұрақсыздығы; дүрбелеңдер қатерінің төнуі; валюта бағамының ауытқымалылығы; инфляция; өтімді тауарлармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген ұлттық валютаның әлжуаздығы; халықтың өз валютасына сенімсіздігі. Э. д. халықтың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз капиталының табысын көбейту, оны қатерден қорғау, неғұрлым сенімді де пайдалы орналастыру, инвестициялау мақсатымен долларды, өзге де шетелдік валюталарды сатып алу нысанында жүзеге асырылады. Доллардың ішкі шаруашылыққа және ақша айналымына енуін бағалау қиын. Өйткені бұл шетелдік валюталардың тасқыны көбінесе заңсыз сипатта болып, көлеңкелі экономикаға қызмет көрсетеді, ресми статистикада көрсетілмейді. Халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілер табысының валюталық операциялар аясына ауысуы инвестиц. үдеріске, экон. өрлеуге салқынын тигізеді, салық түсімін азайтып, мемл. бюджетке зиян келтіреді. Елдің ақша-несие және қаржы жүйесін қожыратады, ұлттық валютаға деген сұранымды ығыстырып, инфляц. факторды туғызады, жергілікті халықтың өз валютасына деген сенімсіздігін күшейтеді. Э. д. салдарынан ақшалай қорланым экономиканың нақты секторына жұмсау үшін пайдаланылмайды. Долларды сатып алу шын мәнінде АҚШ-қа несие беру деген сөз. Э. д-н еңсеру үшін экономиканы сауықтырудың кезең-кезеңдік бағдарламасын іске асыру, инфляция мен валюталық бағамды тиімді реттеу, мемлекеттілікті және қаржы-банк жүйесін нығайту, халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру, теңгелей салымдар және ақшалай қорланымды ұлттық экономикаға салу үшін пайдалану бойынша кепілдіктер беру қажет. Әлемдік практикада долларланудан арылу мақсатында экономиканы реттеудің нарықтық әдістері де, мемл. әдістері де қолданылады. |
Пирокластикалық тау жынысы — жанартау әрекеті өнімдерінің қатты кесектері мен түйірлерінің (пирокластикалык материалдардың) бір-бірімен жымдаса дәнекерленуі нәтижесінде қалыптасатын магмалық тау жыныстар атауы.
## Дереккөздер |
Экспортты Лицензиялау – 1) халықаралық саудада экспортты мемлекеттің әкімшілік жолмен шектеуіне байланысты шарттардың бірі; 2) шетке шығару үшін лицензия – тауардың бір түрін белгіленген мерзімде экспортқа шығаруға рұқсат беретін құжат алу талап етілетін және көрсетілетін қызметпен сауда жасау мониторингі. Лицензия алу үшін негіздеме: үлестемелі тауарлар үшін – тауарлардың үлестеме немесе сатып алынған сертификат есебінен жеткізілуін қуаттайтын құжат; делдал арқылы экспортқа шығарылатын жағдайда – тауарлар жеткізіліміне жасалған келісімшарт; айрықша тауарлар үшін – тиісті министрліктің немесе ведомствоның шешімі; қосарлы мақсаттағы (азаматтық және әскери) тауарлар үшін – тиісті органдардың қорытындысы қажет. Бас лицензия және бір жолғы лицензия түрлеріне бөлінеді. Бас лицензия мемл. мұқтаж үшін бір күнтізбелік жыл мерзіміне ресімделеді. Бұл лицензия бойынша экспорттық операциялар бір немесе бірнеше мәміле бойынша жүзеге асырылады. Бір жолғы лицензия әрі кеткенде 12 айлық мерзімге бір ғана мәмілеге беріледі. |
“Экспресс К” – қоғамдық-саяси газет. Алғашқы саны “Юношеская правда” деген атпен 1920 жылдың 7 қарашасында Орынбор қ-нда жарық көрді. Қаржының жетіспеушілігі мен материалдық-тех. базасының нашарлығына байланысты бұл газеттің шығуы 1923 жылдың басында тоқтатылып, оның орнына 1924 жылдың қаңтарынан 1925 жылдың аяғына дейін әуелі Орынборда, соңынан (1925 ж. тамызынан) Қызылордада “Комсомолец” деген атпен, 1928 жылдың қазанынан Алматыда “Ленинская смена” деген атаумен шығарылды. 1991 жылдан Алматы қ-нда қазіргі атауымен басылуда. |
Элей Мектебі – б.з.б. 6–5 ғ-ларда Ежелгі Грекияда болған философиялық мектеп. Оңт. Италиядағы грек колониясы – Элей қ-ның атымен аталған. Өйткені мұнда Э. м-нің ірі өкілдері тұрды. Ілім негізін қалаған Колофондық Ксенофан, ал басты өкілдері элейлік Парменид пен Зенон және Мелисс Самосский болды. Э. м. тұңғыш рет ойлауды (санадағы болмысты) сезімдік қабылдауға (сезімдік қабылдау болмысына) қарсы қойды. Ол адам түйсігінің және сезімдік болмысының тұрақсыз, аумалы-төкпелілігін ескере отырып, танымдағы басты рөлді ойлау процесіне береді. Э. м. философия тарихында тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды ұсынып, оны филос. ойдың негізіне айналдырды. Э. м. біртұтас болмысты шындықтың әрбір ұсақ элементінде болатын үздіксіздікті өзгермейтін, бөлінбейтін нәрсе деп түсінді. Кейіннен бір тұтас өзгермейтін болмыс ұғымы Платон мен неоплатонизм философиясының қайнар көзіне айналды. |
Электрметаллургия (электр… және металлургия) — металлургияның электр тогы арқылы кен мен оның концентратынан металды ажыратып алатын, металл мен қорытпаларды балқыта отырып оларды бөгде қоспалардан тазартатын (қ. Рафинациялау), сондай-ақ қыздыру арқылы қажетті құрылымы бар металл алатын саласы. Э-ға гальванотехника да жатады. Э-да электртермиялық тәсіл (электр құбылыстарының жылулық әсерін пайдалануға негізделген) және электрхимиялық тәсіл (электролиз құбылысын пайдалануға негізделген) деп аталатын 2 тәсіл қолданылады. Қара металлургияда көбіне электртерм. тәсіл, ал түсті металлургияда электртерм. және электрхим. тәсілдер қатар пайдаланылады. |
ЭЛЛИАС Рудольф Иванович (1935 ж. т., Украина, Донецк облысы Константиновка қ. – 1994, Алматы) – педиатр-ғалым, мед. ғыл. кандидаты (1975). Алматы мемл. мед институтынын (қазіргі Қазақ ұлттық мед университеті) бітірген (1963). 1963 ж. Алматы қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасында дәрігер-хирург, 1965 – 70 ж. 1-клиник. балалар ауруханасында бөлім меңгерушісі, 1970 жылдан қайтыс болғанға дейін Қазақ ұлттық мед. университетінде ассистент, доцент болып қызмет атқарды. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты балалар нейротравматологиясы мәселелеріне арналған. ЭЛЛИАС балалардың бассүйек-ми ауыр жарақаттарын емдеуде жаңа диагностик. әдістерді ұсынған. Аутокраниотрансплантация емдік операциясын орындау үшін сүйек трансплантантын дайындау және сақтау технологиясын тапқан. 100-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Травматология және ортопедияның бала жасындағы ауруларға қолданылатын тиімді диагностикасы мен емдеудің жаңа технологияларын зерттеп, тәжірибеге енгізгені үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алған (1999, қайтыс болғаннан кейін).
Ә. Машкеев
## Дереккөздер |
Элсмир (ағылш. Ellesmere Island, фр. Île d'Ellesmere) — Канаданың арктикалық топаралының солтүстик-шығыс бөлігіндегі арал. Ауданы 203 мың км². Кристалдық жыныстардан түзілген. Ең биік жері 2926 м. Аумағының бөлігіне жуығын мұздық басқан. Солтүстік жағалауын бойлай ені 20 км-дей болатын қайраңдық мұздықтар (мұзтаулар бөлініп шығады) алып жатыр.
Көптеген фьордтар тараған. Арктикалық шөл мен тундраның өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Елді мекендері – Алерт, Юрика.
## Дереккөздер |
Эльтон – Каспий ойпатының солт. бөлігіндегі тұнба тұзды тұйық көл, Ресей жерінде. Ауданы 152 – 200 км² (су деңгейінің ауытқып отырауына байланысты). Көл мұхит деңгейінен 18 м төменде орналасқан. Түбіне құрамы күкіртті сутекті ас тұзының және минералды саздың қалың тұнбасы шөккен. Тұнбаның жоғ. қабатында NaCl, KCl, CaSO4, MgCl2 басым. Эльтонға тұзды өзендер құяды. Тұз өндіріледі. Көл өңірінде минералды бұлақтар бар. Атырабында Эльтон курорты салынған.
## Дереккөздер |
Эндогендік Кендер (грек. endon – ішкі, genos – туыс, тек), магмотогендік кендер, гипогендік кендер – Жердің ішкі жылу энергиясына байланысты өтетін магмалық әрекеттер нәтижесінде жаралатын минералдық түзілімдер. Эндондогендік кендер магмалық атпа тау жыныстарымен байланысты. Эндондогендік кендер магмалық (қ. Магма) және постмагмалық типтері болады. Постмагмалық кендер магманың қатаюы мен атпа тау жыныстарының қалыптасу процесінде түзілетін газ тәрізді және сұйық күйдегі ерітінділерден жаралады. Бұл ерітінділер құрамында көптеген ұшқыш заттар (минералдаушылар), металл және бейметалл элементтердің ыстық суда оңай еритін қосылыстары болады. Эндондогендік кендер пневмотолиттік кендер, жапсарлық-метасоматиттік кендер (қ. МетасоматМетасоматиттік кендер), гидротермальдік кендер және пегматиттік кендер болып бөлінеді. Пегматиттік кендер (қ. Пегматит) ұшқыш құраушыларға байыған қалдық силикаттық магманың ақырғы бөліктерінен түзіледі. Бериллийдің, танталдың, необийдің, радиоактивтік және сирек жер элементтерінің пегматиттік кендері ТМД елдерінде, Норвегияда, АҚШ-та, т.б. табылды. Қазақстанның пегматиттерінде қалайы, оптик. флюорит, Орал мен Сібірдің пегматиттерінде топаз, турмалин бар (қ. Магмалық тау жыныстарына).
## Дереккөздер
<references> |
Нұрлытау (2007 жылға дейін — Энергетик) — Алматы облысы Қарасай ауданы, бұрынғы Үлкен Алматы ауылдық округінің құрамында болған ауыл, 2015 жылдан Алматы қаласы құрамына өткен. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Бостандық ауданындағы шағын аудан.
## Географиялық орны
Аудан орталығы Қаскелең қаласынан шығысқа қарай 38 км-дей жерде орналасты. 1964 – 97 жылдары жеміс-жидек өсіретін “Алатау” кеңшары бөлімшесінің орталығы болды. Оның негізінде Энергетикте “Рауза”, “Коорпорация ХОЗУ” ЖШС-тері құрылды. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильдік жолы арқылы қатынады.
## Халқы
1999 жылы халық саны 1993 адам болса, 2009 жылы 1349 адамды құраған.
## Дереккөздер |
Эри (ағылш. Erіe) – Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер жүйесіндегі көл. Гурон және Онтарио көлдерінің аралығында, теңіз деңгейінен 174 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы Канадаға, оңтүстік жағалауы АҚШ-қа қарайды. Аумағы 25,7 мың км². Тереңдігі 64 м. Су деңгейі жазда көтеріліп, қаңтар – ақпан айларында төмендейді. Эриге Детройт өз. құйып, Ниагара өз. ағып шығады. Кеме жүзеді. Сент-Клэр өз. арқылы Гурон көлімен, Ниагара және Уэлленд каналы арқылы Онтарио көлімен жалғасқан; Эри көлі АҚШтың Мичиган, Огайо, Пенсильвания және Нью-Йорк штаттарының және Канаданың Онтарио провинциясының жағалауларын шайып жатыр; Эри канал жүйесі Гудзон өз-мен жалғастырады. Басты порттары: Толидо, Кливленд, Буффало, Эри (АҚШ), Порт-Колборн (Канада). Солт. жағалауында Пойнт-Пили ұлттық саябағы құрылған.
## Дереккөздер |
Эпос (көне грекше: ἔπος – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – әдебиеттің бір саласы.
Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады.
Қазақ әдебиетінде көркем очерктер Шоқан Уәлихановтың сапарнамалық очерктерінен басталады (мысалы, «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл сапарының жазбалары», Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтардың көркем очерктері). Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры кеңестік дәуірде дамыды (Ғабит Мүсіреповтің ана туралы новеллалары). Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ қаламгерлері жемісті еңбек етті. Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» (1921), «Қыр әңгімелері» (1925), «Қаралы сұлу» (1925) әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бұл жанрды еур. биікке көтерді. Ғабит Мүсірепов, Тәкен Әлімқұлов және тағы басқалар бұл жанрда өндіре жазды. Эпостық орта көлемдегі түрі – повесть қазақ әдебиетінде шынайы көркемділікпен игерілді. Қазақ повестерінің классик үлгілері ретінде Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» (1928) және «Қараш-қараш оқиғасы» (1928) повестерін атауға болады. Сәкен Сейфуллиннің «Жер қазғандары» (1928) қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть. Эпостық шығармалардың поэзиялық жанрына эпикалық поэмалар жатады. Абай Құнанбайұлының «Ескендір», «Масғұт» поэмалары поэманың классикалық үлгілері болса, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза», Мағауия Абайұлының «Медғат—Қасым», Әбдірахман Абайұлының «Дағыстаны» романтикалық сипаттағы эпикалық поэмалар қатарынан орын алады. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары реалистік поэмалардың озық үлгілері. Кеңестік дәуірде Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров поэмалары бұл жанрды сапалық жаңа биікке көтерді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін толық танытатын жанр — роман. Бұл жанрда жазылған Спандияр Көбеевтің «Қалың малы» (1912) қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Кеңестік дәуірдегі алғашқы қазақ романдары қатарында 1920 жылдары жазылған Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнікейдің күнәсі», Сәкен Сейфуллиннің тарихи-мемуарлық «Тар жол, тайғақ кешу» (1927), Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» (1928), Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» (1935) романдарын атауға болады. Қазақ әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан алуан қырынан дамыды. Соның нәтижесінде қазақ романының тарихи (Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер»), тарихи биограф. (Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз», Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе»), тарихи (Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», Мұхтар Мағауин «Аласапыран»; Әбіш Кекілбайұлының «Үркер»; Софы Сматаевтің «Елім-ай»; Әнуар Әлімжановтың «Жазушы»), тарихи-философия (Әбш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры»), әлеуметтік психология (Мұхтар Әуезов «Өскен өркен»), роман-хроника (Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда»), роман-новелла (Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»), публицистик. (Әнуар Әлімжановтың «Көгілдір таулар»), роман-эссе (Қойшығара Салғариннің «Алтын тамыр») түрлері дүниеге келді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы қазақ әдебиетіндегі Эпостық жанрдың жеткен биігін әлем әдебиетінде айқын танытты. 2) Ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генеологиялық тұрғыдан, эпик. сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейлінше мол ұшырасады. Оларды төмендегідей топтарға жіктеуге болады. Қисса-дастандар, лиро-эпостық жырлар, батырлар жыры, тарихи жырлар. Белгілі шығыс сюжеттеріне құрылған дастандар («Сейфілмәлік», «Бозжігіт», т.б.) қазақ халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар («Қыз Жібек», Қозы Көрпеш – Баян сұлу, т.б.), батырлар жыры (“Алпамыс”, «Қобыланды», «Ер Тарғын», т.б.) кейінгі дәуірде дүниеге келген тарихи жырлар («Арқалық батыр», «Бекет батыр», т.б.). Егер шығыс сюжетінде жазылған қиссаларда лирик., эпик. сипат діни сипат сарынымен берік астасса, лиро-эпостық жанрларда ғашықтық тақырыбы басты рөл атқарады. Батырлар жырының төркіні түркі тектес халықтарға ортақ көне жырлардан («Алпамыс», «Көрұғлы») басталса, «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жырлары тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана кездеседі, одан кейінгі ноғайлы дәуірінде келген жырларда («Қырымның қырық батыры») генеаологиялық сюжет қолдану, тұтастану арқылы батырлардың үлкен бір ұрпағының өмірін қамтиды.
## Дереккөздер |
Пётр Кириллович Эссен (1772 – 1844) – патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау әкімшілігінің өкілі, инфантерия генералы (1819), граф (1833). Наполеонға қарсы әскери компанияға қатысқан (1814 – 15). 1817 – 29 ж. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы, жеке Орынбор корпусының командирі, шекара комиссиясының бастығы болды.
1822 ж. Кіші жүзді жаңаша басқару мақсатындағы заң жобасын дайындады. Оның жобасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Азия департаментінде қаралып, 1824 ж. бекітілді (қ. “Орынбор қырғыздары туралы жарғы”). Осы жылдан бастап Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Хандық билік Бөкей ордасында ғана 1845 жылға дейін сақталып, Кіші жүз қазақтарын басқаруда Ресейдің отарлық әкімшілігінің жаңа жүйесі енгізілді. Эссен Ресейдің Орталық Азия хандықтарымен сауда және саяси байланыстарының нығайуына ат салысты. Оның ұсынысы бойынша, Бұхара мен Хиуаға бірнеше сауда және дипломат. миссиялар жіберіліп, Орт. Азия мен Қазақстанның тарихы, этнографиясы, экономикасы және географиясы зерттелді. Эссен 1829 – 42 ж. мемл. кеңестің мүшесі, Санкт-Петербургтың әскери генерал-губернаторы болды. 1842 ж. отставкаға шықты. |
Этбай – Африканың солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Египет пен Судан жерінде. Қызыл т. жағалауын бойлап Ніл өз-нің атырауынан оңт.-шығыс бағытқа Эфиопия таулы қыратының сілемдеріне дейін созылып жатыр. Ұзындығы 1500 км, орташа биікт. 1000 м, ең биік жері 2259 м (Ода тауы). Кристалды тақтатас пен гнейстен түзілген. Шығысындағы теңіз жағалауына тік, батысындағы Арабия шөліне баспалдақты беткейлер жасап тіреледі. Шығыс беткейлеріне қыста 200 мм-ге жуық ылғал түседі. Аңғарларда сүректі өсімдіктер, ксерофитті астық тұқымдастар өседі, тұрақты су айдындары маңында шағын шұраттар кездеседі. Вади-Ришраш (Египет) Эрковит (Судан). резерваттары құрылған. И. Ағажанова
## Дереккөздер
<references> |
Эткен Шай – ұйғырлардың ұлттық сусыны. Дайындалуы кәдуілгі шайды демдеумен бірдей. Тек сүт қатылған шайға қант орнына тұз қосылады. Бұл адам жанын сергітіп, шөлін қандыру үшін жасалынған. Тұз белгілі бір дәрежеде ғана қосылады. Шайға тұз қосу басқа халықтарда да (қалмақ, т.б.) кездеседі.Д. Қатран
## Дереккөздер
<references> |
Этникалық Көші-Қон – белгілі бір этникалық топқа (ұлтқа) жататын адамдардың қоныс аударуы. Халықар. ауқымда мұндай Этникалық көші-қон ұлыстың (ұлттың) бір елден екінші елге көшіп кетуі кезінде көрініс табады (мыс., португалдардың Бразилияға қоныс аударуы). Сонымен қатар халықар., ішкі Этникалық көші-қон елдің түкпір-түкпірінде мекендейтін халықтардың әркелкі әлеум.-экон. және мәдени дамуынан (орыстардың Сібірге қоныс аударуы), ұлттық езгіден немесе құқықтық теңсіздігінен, жекелеген халықтар арасындағы қарулы қақтығыстардан, діни қудалаушылықтан, т.б. жағдайлардан туындайды. 20 ғ-дың 2-жартысындағы ең ірі Этникалық көші-қонға еврейлердің Израильге қоныс аударуы, армяндардың Әзірбайжаннан Арменияға және әзербейжандардың Армениядан Әзірбайжанға босып, қоныс аударуы, КСРО тарағаннан кейінгі кезеңдегі орыстардың таяудағы шетелдерден Ресейге, Қазақстаннан немістердің және орыстардың, т.б. халықтардың өздерінің ата-мекендеріне, отандарына көшіп баруын жатқызуға болады (қ. Көші-қон). Алыс қашықтыққа, шетелдік ұлттардың ортасына Этникалық көші-қон. адамдардың негізгі этн. ұйысқан ұясынан ажырауына апарып соқтырады. Басқа халықтармен араласуына себепші болып, олардың арасындағы байланыстарды күшейтеді, этн. үдерістерді дамытады.
## Дереккөздер
<references> |
Этникалық демография – этнография мен демография тоғысындағы ғылыми пән. Халықтың немесе ұлыстың (этностың) өсіп-өнуі ерекшеліктерін, олардың санының серпінін зерделейді. Э. д. өзінің зерттеулерінде негізінен этн. статистиканы, халық санағының материалдарын, арнаулы демогр. және этногр. мәдени-тұрмыстық зерттеу материалдарын, сондай-ақ басқа да ғылымдардың материалдарын, соның ішінде социологияның (әсіресе этн. социологияның), географияның (этногеографияның), психологияның (этнопсихологияның), этн. экологияның, антропологияның, медицинаның (соның ішінде халықтық медицинаның) зерттеулерін қамтиды. Э. д-ның қалыптасуына демогр. мінез-құлықтың көбінесе халықтың әдет-ғұрпымен байланысты екені, көптеген демогр. үдерістерді этногр. материалдарды пайдаланбайынша, демогр.-статист. деректерді белгілі бір ұлысқа байланыстырмайынша мүмкін емес екені септігін тигізді. Бұл әсіресе бала тууды зерттеу кезінде өте маңызды. Э. д. әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұрғындардың және жекелеген халықтардың жыныстық толысу жасын, некелік байланысқа дейінгі ғұрпын, еркектер мен әйелдердегі дәстүрлі некелік жасын, неке мен некесіздікке үстем көзқарасты, некелесу шарттары мен оның негізгі нысандарын, отбасының түрлері мен нысандарын, әйелдің отбасындағы және қоғамдағы жағдайын, ерлі-зайыптылар арасындағы дәстүрлі қатынастарды, жыныстық ұятты, некеден тыс жыныстық байланыстарға, некесіз туған балаларға көзқарасты, балаға деген қажетсінуді, перзентсіздікке, баланың аздығына дәстүрлі көзқарасты, т.б. ескереді.
## Дереккөздер |
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.
Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Осыған орай, отандық тарихнамадағы қазақ халқының қалыптасуына қатысты ой-пікірін айтқан ғалымдарды автохтондық және миграц. бағыттарды қолдаушылар деп екіге бөлген жөн. Қазақ халқының Этногенез үрдісі әр түрлі миграц. жолмен, яғни басқа жерден қоныс аударып келгендердің бір-біріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасты деген ғалымдардың (Н.Масанов, Б.Ермұханов, т.б.) ізденістері кездеседі. Бұған қарсы тұжырымдама жасаған зерттеушілер (Ә.Марғұлан, М.Қозыбаев, К.Ақышев, О.Смағұлов, Б.Көмеков, т.б.) қазақ халқының тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтитындығын дәлелдейді. Олар Этногенез үрдісін әрдайым кешенді түрде қалыптасатын күрделі үрдіс ретінде қарастырды, әрі өз зерттеулерінде бірнеше ғылымдардың (археология, антропология, лингвистика, этнология, тарих, деректану, т.б.) дерек көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының Этногенез жайында салиқалы қорытындылар, дәйекті тұжырымдар жасаған.
## Дереккөздер |
Этнографиялық топ – мәдениеті мен тұрмысында этнографиялық ерекшеліктері бар кейбір халықтар мен ұлттардың жергілікті жеке топтарына байланысты қалыптасқан атау.
Ұлттар мен халықтардың құрамындағы Этнографиялық топ әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасқан. Кейде халықтың не ұлттың құрамына енген тайпалар негізінде (түрікмендерде) немесе бір ұлттың, не халықтың екінші ұлт өкілдерімен араласуының нәтижесінде (мишарлар, камшадалдар), енді бірде көп уақыт бойы өзгеден оқшау қоныстанып, өзгеше геогр. жағдайда тұратын жергілікті топтар негізінде әр түрлі Этнографиялық топтар қалыптасқан.
## Дереккөздер |
Этногеография (грек. ethnos – тайпа, geo – жер, grapho – жазамын, сызамын, сурет саламын) – этнология мен география ғылымдарының тоғысындағы ғылым. Этногеография этн. топтардың қалыптасуы мен қоныстану және қоныс аудару заңдылықтарын, олардың шаруашылығы мен тұрмысына, заттай мәдениетіне табиғи ортаның тигізетін әсерін, халықтардың киімдері мен тұрақ-жай ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ тарихи дәуірлер мен жыл мезгілдеріне қарай, тұрмыс және жол-қатынас мүмкіндіктерін ғыл. тұрғыдан анықтайды. Этногеография 20 ғ-дың 2-жартысында ғыл. пән ретінде қалыптаса бастады. Өз зерттеулерінде де тарихи пәндердің әдістемесімен қатар, жаратылыстану ғылымдарының әдістерін пайдалана береді. Ежелгі дәуірлердегі көрсетілген сауалдарды шешуде деректанулық талдау кеңінен жүргізіледі.
## Дереккөздер
<references> |
Этнотопонимика топонимиканың этнонимнен жасалған тобын зерттейтін сала. Этнонимдерден, яғни ру-тайпа атауларынан жасалған жер-су атаулары (этноойконим, этногидроним, этноороним, т.б.) қоғамдық-әлеум. құрылымы ежелден ру-тайпалық ин-тқа негізделген көшпелі дәстүрдегі, негізінен түркі, орал-алтай халықтарына тән. Қазақстанның топонимдік кеңістігінде күні бүгінге дейін көптеген этнотопонимдер кездеседі. Мыс., Қыпшақ – Ақмола облысындағы Теңіз к-не құятын және Қорғалжын ауданындағы, сондай-ақ Түркістан облысындағы өзен аттары; Үйсінтау – Алматы облысы Райымбек ауданындағы тау аты; Төлеңгіт – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы елді мекен атауы; Сунақата – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы елді мекен атауы, т.б. Қазақ халқының ертеден көшіп-қонған атажұрты, яғни Ұлы жүз, Кіші жүз, Орта жүздің ру-тайпалары мекендеген төл этн. аумақ, этнотопонимикада таңбаланған. Сондықтан Этнотопонимика ұлттық ономастиканың, халқымыздың өткен тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан мол дерек беретін, тереңдете зерттеуді қажет ететін саласы.І. Рысберген
## Дереккөздер
<references> |
Юбилейное — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Ильич ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Шерубайнұра өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1939 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ішкі істер министрлігіне қарасты Қарлаг бөлімшесінің “Қотыр” атты базасы ретінде қаланды. 1962 жылы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 31-қаулысы бойынша сол кездегі Мичурин ауданының ауыл шаруашылық басқармасына берілді. 1996 жылдан Юбилейноеде және округке қарасты Жон, Қарнақ, Тасзаемка ауылдарында ЖШС және 40-тан астам шаруа қожалықтары құрылды. Ең жақын темір жол стансасы – Қарабас (30 км).
## Дереккөздер |
Южный — Қарағанды облысының Абай ауданындағы кент.
## Географиялық орны
Шерубайнұра өзенінің оң жағалауында, аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстікке қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1957 жылы қаланған. Кенттің құрылуына Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия зауытының салынуы негіз болды.
## Кәсіпорындары мен инфрақұрылымы
Кентте Оңтүстік Топар кен басқармасы, “ТЭМК” ЖШС-і өндірістік кешені, мәдениет үйі, кітапхана, мектеп, балабақша, отбасылық дәрігерлік амбулатория, монша, дәріхана, пошта, 2 наубайхана, байланыс торабы, 13 дүкен, 1 кафе бар. Кент басқа елді мекендермен темір жол және автомобиль жолдарымен байланысқан.
## Дереккөздер |
Юйгу Шад, Юкук шад, Үкі шад, Юйгу Ирбис Дулу-хан – Батыс Түрік қағандығының қағаны (638 – 651). Бірінші Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Кат ильхан қағанның(Бағашұр шад Ілік қаған)(620 - 630/34) ұлы. Юйгу Шад билікке келген уақыт түркілер тарихындағы аса қиын кезеңдердің бірі болды. 632 ж. Қарашар билеушісі Тукичжи мен Хотанның әмірі Уми Қытаймен (Таң империясымен) одақтасып, орталық билікке қарсы шықты. Гаочанды (Тұрпан) әлсіретуді ойластырған Тукичжи Таң империясының билеушісіне Гаочанды айналып өтетін жаңа керуен жолын салуды ұсынды. Бұл жоспардың орындалуы Гаочанға Шығыс Түркістандағы экономикалық және саяси басымдылықтан айырылу қаупін туғызды. Бұл чуюе және чуми тайпаларының Гаочанмен одақтасуына себеп болды. Сөйтіп, 638 ж. Гаочан жаңа одақтастарымен бірге Қарашар өлкесін талқандады. Бұл жеңіске қанаттанған чуюе мен чумилер нүшбелермен күресті қайта жаңғырту үшін өз отандарына қарай қозғалды. Оларды Юйгу Шад бастады. Батыс түріктердің арасында Ышбара Толыс-шад ханның(Ешбар Елтеріс қаған) саясатына наразылық күшейді. 638 ж. қыста қастандық ұйымдастырушылар хан ордасына күтпеген жерден шабуыл ұйымдастырды. Ханның айналасындағы әскербасылар қашып кетті. Ышбара Толыс-шад (Ешбар Елтеріс қаған). өзіне берілген 100-ге тарта жауынгерімен, кіші інісі Бөрі шадпен бірге шегініп, Қарашар билеушісіне жетті. Қастандық ұйымдастырушылар босаған таққа Юйгу Шадты шақырды. Осы арқылы олар Ашина тұқымынан шыққан жігерлі билеушіні таққа отырғызып, өз биліктерін қалпына келтіруге тырысты. Бірақ бұл жергілікті көсемдерге ұнамады. Бұл қағандықтың 2-ге бөлінуіне алып келді. Екі иелік арасында соғыс болып, Юйгу Шад Қарашарды талқандады. Ышбара Толыс-шад (Ешбар Елтеріс қаған) өз отанына қайтып, нүшбелер оны қуанышпен қарсы алды. Бірақ батыстағы тайпалар Юйгу Шадты хан тағына шақырып, “Ирбис Дулу-хан” деген құрметті атақ берді. Үміткерлердің арасындағы соғыс өте қантөгісті болды, дегенмен екі жақтың күштері тең еді. Бітім бойынша Іле өзені олардың иеліктері арасындағы шекараға айналды. Алайда бұл бітім әлсіз болды. Юйгу Шадты жақтаушылар Ышбараға тыныштық бермей, оның Ферғанаға қашуына тура келді. Ол сонда 639 ж. желтоқсанда қайтыс болды. Марқұмның мұрагер ұлы Ел Күйлік-шад (Икюлиши) та бір жылдан кейін дүние салды. Оның орнына Ирбис Ышбара жабғу-хан деген атақ алған немерелес інісі Баїадұр(Гяна) таққа отырды. Жаңа хан елде тәртіп орнатып, Куча, Шань-Шань (Лобнор көлінен оңтүстікке қарайғы жер), Гюймо (Қотаннан шығысқа қарай), Тохарстан, Қарашар, Шаш (Ташкент), Кеш, Хэ (Зеравшан аңғары), Амуль мен Кан (Самарқанд) аймақтарына билік етті. Юйгу Шад билеген көшпелі тайпаларға барлық отырықшы иеліктер мен көпестер бірікті. Олардың ішінде Шу мен Іле өзендерінің аңғарында тұратын дулу тайпаларының көптеген адамдары да болды. Ирбис Ышбара жабғу-хан (Гяна) олардың жеріне өзінің көшпелі астанасын орнатып, оны “Оңтүстік орда” деп атады. Қытайлар оны заңды билеуші деп танып, Юйгу Шадқа дипломаттық қысым көрсетуге тырысты. Алайда Юйгу Шадтың айналасына даланың Қытайға қарсы барлық күштері жиналды. Олар бұрынғы қаїарлы Түрік қағандығын қалпына келтіруге тырысты. Оңтүстікке жасалған жорықтан кейін Ирбис Ышбара жабғу-ханның басы алынды. Юйгу Шад біріктіруші хандардың лайықты ұрпағы болды. 641 ж. оның билігі Іле өзенінен бастап Сібір тайгасына дейінгі аралыққа тарады. Оған Жоңғариядағы басмылдар, Алтайдағы қыпшақтар, Минусинск қазаншұңқырындағы қырғыздар, Оңтүстік Тарбағатайдағы шумығандар бағынды. Бірақ хандарын жоғалтқан нүшбелер қарсылық көрсетулерін жалғастыра берді. Юйгу Шад бүкіл елді көктей өтіп, өзіне Тохарстанды бағындырды. Оған тек Соғдиана мен Ыстықкөлдің айналасындағылар ғана бағынған жоқ. 642 ж. Юйгу Шад өз әскерін Хамиды жаулап алуға аттандырды. Бірақ 2 мың жауынгерден тұратын қытай әскері оларды талқандап қана қоймай, ел аумағына дейін қуып келді. Юйгу Шадтың өзі “біріккен күштермен” Самарқандты талқандады. Бірақ олжаны бөлісу кезінде дулу көсемдері Юйгу Шадты сараңдығы үшін айыптады. Юйгу Шад тәртіпсіздіктерді бірден тыймақ болып, наразылықты ұйымдастырушы Нишу-шорды (дулулар бөлігінің көсемі) өлтірді. Бұған жауап ретінде дулулар көтеріліс бастады. Олжадан құр қалған Юйгу Шадтың серіктері қашып кетті. Юйгу Шад өзіне берілген жеке жасағымен ғана қалды. Қытайдың қолдауына сүйенген нүшбелер Ирбис Шегуй ханды таққа отырғызды. Юйгу Шад өзінің бұрынғы одақтастары – дулуларды қайтып оралуға шақырды, бірақ олар үзілді-кесілді бас тартты. Елде қалудың мүмкіндігі жоқтығын түсінген Юйгу Шад өз әскерлерінің қалған бөлігімен Әмударияның сол жағалауына қарай кетті. Осы жерде ол Құндызға орнығып қалған түріктерден қолдау тапты. Сонда қайтыс болып, ордасын өз ұлы, Ашина тайпасының Бумын қағаннан тараған таомақтан шыққан соңғы билеуші – Женшеге қалдырды.
## Дереккөздер |
Юра Таулары (Jura, кельттерше jurіa – орман)– Батыс Еуропадағы Альпі тау жүйесіне жататын тау жоталары. Франция мен Швейцария жерінде. Савойя Альпісінен солтүстік-батысқа қарай шығыңқы доға жасап Шварцвальд тауы етегіне дейін 250 км-ге созыла орналасқан. Биіктігі 1718 м (Неж тауы). Доғаның ішкі (шығысы) етегі Швейцария таулы үстіртінен биігірек массив жасап (биіктігі 1000 м-ге дейін) бөлініп тұрады; ал батысы біртіндеп Бургундия жазығына баспалдақ жасап төмендейді. Юра таулары неоген дәуірінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай доға тәрізді қатпарлыққа жиырылған юра кезеңінің әктасы мен мергельдерінен құралған. Юра таулары ірі орогр. элементтердің негізгі тектоникалық құрылымға сай келетін Жер шарындағы бірден-бір ауданы (жер бедерінің мұндай пішіні “юра типі” деп аталады, Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай жоталық Юра таулары (шығыс бөлігі), үстіртті Юра таулары және төрткүлді Юра таулары (қиыр солтүстік-шығыс бөлігі) болып бөлінеді. Жалпы Юра тауларына жер бедерінің карст пішіндері тән. Климаты қоңыржай, ылғалды. Жылдық орташа температура қаңтарда 0 – 5С, шілдеде 18С, тау алдында 15С, биік шыңдарда 10С. Жылдық жауын-шашын мөлшері батысында 1200 мм, неғұрлым биік шығыс бөлігінде 1500 – 2000 мм. Қыста қар жамылғысы қалың түседі. Жер бетінің кристалдық ерекшеліктеріне байланысты беткі ағын нашар жетілген; бірақ жерасты суының мол көздері кездеседі. Орман өсімдік жамылғысы таралған. 700 м биіктікке дейін емен араласқан шамшат орманы, жоталық бөлікте самырсынды орман, 1500 м биіктікке дейін негізінен самырсын және шыршадан тұратын қылқан жапырақты орман, орман белдеуінен жоғары – субальпі шалғыны мен тау қарағайы өседі. Юра таулары – Францияның ағаш даярлайтын негізгі ауданы. Тау аңғарларында бидай және жүзім өсіріледі.
## Пайдаланылған әдебиеттер: |
Юрий Күні – Орыс мемлекетінде шаруалардың бір жер иеленушіден екінші жер иеленушіге ауысуы белгіленген мерзім. 15 – 16 ғасырларда қолданылды. Бұл мерзім барлық егіс жұмыстарының толық аяқталған күніне орайластырылды (ескі стиль бойынша 26 қараша). Ол шаруалардың бұрынғы ауысу, “шығу” еркіндігін шектеді. 1580 – 90 ж. күші жойылды.
## Дереккөздер: |
Юрт Тілі – Ресей Федерациясы Астрахан облысының кейбір аудандарын мекендейтін юрт халқының тілі. Түркі тілінің қыпшақ бұтағына жатады. Юрт тілінде сөйлеушілердің саны 12,5 мыңдай адам (2002). Морфологиялық құрылымы ноғай тілімен ортақ болғанымен, юрт тілінің өзіндік ерекшелігі бар. Негізінен татар тілінің, ішінара қазақ тілінің әсері, әсіресе, фонетикалық жүйесінен айқын аңғарылады. Юрт тілінде 9 дауысты, 24 дауыссыз дыбыс бар. Жазуы кириллицаға негізделген. Қосымша арнайы әріптеріне ә, у, ө, ү, і, w, қ, ж, ғ, ї жатады. Юрт тілі жеке диалектіге бөлінбейді. Әдеби тіл ретінде юрттар 1962 жылға дейін татар тілін пайдаланып келді. Тек 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап татар тілі оқу орындарында қосымша пән ретінде оқытылады. Юрт тілінің сөздік құрамы ноғай тілінің лексикасын қамтиды. Татар, орыс тілдерінен енген сөздер көп кездеседі.
## Дереккөздер: |
Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов (12 мамыр 1914 жыл, Талғар – 17 мамыр 2005 жыл, Алматы) — саяси қайраткер.
## Білімі
* Талғар ауыл шаруашылық техникумын (1934)
* Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) жоғары агрономдық курсын (1937)
* КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1954) бітірген.
## Еңбек жолы
* 1934 – 39 ж. Түркістан қаласындағы МТС-та агроном, бас агроном, МТС директоры
* 1939 – 40 ж. Оңтүстік Қазақстан жер мекемесі бастығының орынбасары болды.
* 1940 – 41 ж. Минск қаласындағы қысқа мерзімді әскери-саяси училищені бітіріп, 1941 – 42 ж. әскери бөлімде саяси жетекші болып істеді.
* 1943 – 44 ж. Түркістан облысының Ильич ауданының партия комитетінің 1-хатшысы
* 1944 – 45 ж. Түркістан облысының партия комитетінің 3-хатшысы
* 1945 – 51 ж. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Су шарауашылық халық комиссары, министрі
* 1954 – 55 ж. Қостанай облысының партия комитетінің 2-хатшысы
* 1955 – 59 ж. Түркістан облысының партия комитетінің 1-хатшысы
* 1959 – 62 ж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы
* Оңтүстік Қазақстан өлкелік комитетінің 1-хатшысы (1962) қызметтерін атқарды.
* 1962 ж. желтоқсан – 1964 ж. желтоқсан аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы
* 1965 – 66 ж. Орал облысының атқару комитетінің төрағасы
* 1966 – 71 ж. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Тамақ өнеркәсібі министрлігінің арнайы жүзім трестінің директоры болды.
* 1971 ж. зейнеткерлік демалысына шықты.
## Ел есінде қалған қызметі
Юсупов Түркістан облысында қызмет еткен жылдары облыстағы су каналдарының құрылысына басшылық етті. Қызылорда бөгені, Георгиев каналының сол жақ сілемі, Ынталы су қоймасы салынды. Юсупов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кезінде 1963 ж. жалпы көлемі 3,5 миллион га жер Өзбекстанға берілді. Кейіннен бұл жерлердің көпшілігі Қазақстанға қайтарылғанымен қалған бөлігі біржолата Өзбекстан аумағында қалды.
## Марапаттары
* 2 Ленин
* Қызыл Ту
* 1-дәрежелі Отан соғысы
* 2 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер: |
Яблоновый жотасы – Байкал сыртының орталық бөлігіндегі тау жотасы; негізінен Ресейдің Чита облысының жерінде. Ұзындығы 650 км, ені 20 – 120 км. Биіктігі 1678 м. Кейбір жоталары Тынық мұхит пен Солтүстік Мұзды мұхиттың суайрығы болып саналады. Гранит, кристаллдық тақтатас және құмтастан түзілген; ежелгі мұзбасу қамтыған. Беткейлері (1200 – 1400 м-ге дейін) балқарағайлы, шыршалы-самырсынды тайга, тек оңтүстік беткейлерінде ғана қарағайлы орман өседі. Солтүстік бөлігінің шыңдары таулық тундра өсімдіктерімен және қорым тастармен жабылған. ЯВА (Jawa) – Малайя топаралы, Үлкен Зонд аралдар тобының құрамындағы арал, Индонезия иелігінде. Ауданы 126,5 мың км2. Батыстан шығысқа қарай 1000 км-ге созыла орналасқан, жағалауы көп тілімденбеген. Ява жағалауын Үнді мұхиты, Ява, Бали т-дері мен Зонд бұғазының суы шайып жатыр. Аралда 100-ден аса жанартау бар, оның 30-ы әрекетті, жиі-жиі жер сілкінулер болып тұрады. Ең биік жері 3676 м (Семеру жанартауы). Солт. төбелі жазық. Климаты субэкваторлық муссонды. Орташа айлық температура 25 – 27С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1600 – 3000 мм. Мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін тропиктік орман, тау шыңдарында бұталар мен шалғын, шығыс бөлігінде саванна мен сирек ормандар таралған. Балюран, Гунунг-Геде-Пангранго, Уджунг-Кулон ұлттық саябақтары құрылған. Жазық жерлері игерілген, жүгері, күріш, қант құрағы, кокос пальмасы, каучук ағашы өсіріледі. Мұнай кен орындары бар. Дүние жүзіндегі ең жиі қоныстанған ауданның бірі. Тұрғыны 103 млн. адам. Ірі қалалары: Джакарта, Бандунг, Сурабая.
## Пайдаланылған әдебиеттер: |
Яғма – көне түрік тайпасы. Орта ғасырлардағы негізгі мекені Іле өзенінің бойында болған. Махмұд Қашқари оларды 11 ғасырда Қара яғма немесе Батыс яғма деп бөлген және Тараз қаласының маңында осылай аталған бір мекеннің болғандығын жазады. Қашқаридың айтуынша яғма тайпасының өкілдері түркі тілді болған, өзіндік салт-санасымен ерекшеленген. Мысалы, Ят (Яда) аталатын тастың құдіретіне сенген. Парсы тарихшысы Гардизидің мағлұматтарына қарағанда, яғмалар көне замандарда біршама уақыт оғыздарға билік жүргізген және Солтүстік Моңғолия жерінде тіршілік еткен. Жылқы ұстаған. Ішкі руаралық соғыстардан бір бөлігі Халлухамға қоныс аударған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше Ұйғыр қағандығының хан әулеті яғма аталған. Мемлекет ыдырағаннан кейін билеуші әулет басқалардан бөлінеді де, Іле бойына қоныс аударған. Мұнда яғмалықтар қарлұқтарды ығыстырып, шағын ауданда өз билігін орнатқан. Осы уақыттардан бастап жазба дерек көздерінде яғма, сондай-ақ қарлұғ-и ұйғыр (ұйғыр қарлұқтары), Қара яғма (Батыс яғма) деген атаулар ұшыраса бастайды. Яғма тайпасының өкілдері Қарахан әулеті мемлекетінің негізін қалауда елеулі рөл атқарды. 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан кейін яғмалықтар Орталық Азиядағы түркі халықтарының (қазақ, өзбек, т.б.) этнолық құрамына қосылып кетті.
## Дереккөздер: |
Ядринцев Николай Михайлович(18.10.1842, Омбы қаласы – 7.6.1894, Барнаул қаласы) – Сібірді зерттеуші этнограф, археолог, публицист. Омбы кадет корпусын бітіргеннен кейін 1860 – 63 ж. Санкт-Санкт-Петербург университетінің ерікті тыңдаушысы болды. “Сібір жерлестер ұйымы” студенттік үйірмесіне қатысып, 1865 ж. “Сібір патриоттарына” саяси мәнді үгіт парақшасын құрастырушы ретінде Омбы түрмесіне қамалды. 1874 ж. Санкт-Петербург қаласында тұруға рұқсат алды. 1876 ж. Батыс Сібір Бас басқармасына (Омбы қаласы) мемлекеттік қызметке орналасып, 1881 жылға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Ядринцев Орыс ppгеография]]сы қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен 1878, 1880 ж. Батыс Сібір мен Алтайға барып, өлкенің өткені мен қазіргі жағдайы туралы құнды мәліметтер жинап қайтты. 1880 жылғы экспедициясында “бұратана халықтардың тұрмысын” зерттеуге көп көңіл бөлді. Осы еңбектері үшін Орыс географиясы қоғамының алтын медалімен марапатталды. 1881 жылдан редакторлық, ғылыми жұмыстармен айналысты. 1882 – 89 ж. “Восточное обозрение” газетінде (1882 – 87, СПб.; 1888 – 89, Иркутск) редактор болды. 1885 ж. Еуропаға (Германия, Италия, Швейцария, Австрия) саяхат жасады. 1886 ж. Минусинск өлкесіне, 1890 – 91 ж. финн археологтарының ppҚарақорым[[ға жасаған экспедициясына қатысты. Ядринцев ppҰйғыр қағандығы[[ның астанасы – Қарабаласағұн мен Шыңғысхан империясының астанасы – Қарақорымның орнына және Орхон өзені бойындағы ежелгі руна жазба ескерткіштеріне зерттеулер жүргізді. 1891 ж. “Сібір тұрғындары, олардың тұрмысы мен қазіргі жағдайы” атты кітабын шығарып, онда жергілікті халықтардың құқығын қорғады. Зерттеулер барысында Ядринцев Орталық Азия халықтарының өзіне тән жазуы болған деген қорытындыға келіп, ол ойларын “Орхон экспедициясы жайлы еңбектер” жинағында (1892) және “Байырғы моңғол атласы” (1892 – 99) атты еңбегінде жариялады. 1893 ж. АҚШ-қа қоныс аудару мәселесі бойынша зерттеу жүргізуге барды. 1894 ж. Барнаулға келіп, бекіністе орналасқан шаруашылықтар туралы мәліметтер жинаумен, қоныс аударушылардың жағдайын зерттеумен айналысты. Ол өз еңбектерінде Солтүстік Қазақстан өлкесі, соның ішінде Петропавл және Көкшетау уездері жайлы мәліметтерге көп көңіл бөлген. Сондай-ақ “Көшпелі тұрмыс және даладағы зерттеулер” (1886), “Батыс Сібірге сырттан келген халықтарды зерттеу жоспары” (1880) деген мақалаларында қазақ халқын антропологиялық, этнографиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуді ұсынды. Шоқан Уәлихановпен жақын таныс болып, ол жайлы мақалалар жазды.
## Дереккөздер: |
Ядролық күштер , атом ядросын құрайтын нуклондардың арасына әсер ететін және ядроның құрылысы мен қасиеттерін (электрмагниттік күштермен бірге) анықтайды. Ядролық күштердің басқа күштерден (мысалы, гравитациялық және электр-магниттік күштер) өзгеше қасиеттері бар. Оларды қысқаша айтсақ төмендегідей: 1) ядродағы нуклондар арасында әсер ететін күштің шамасы атомның электрондық қабықтарында әсер ететін күштің шамасынан әлдеқайда артық. Сондықтан да нуклонды атом ядросынан сыртқа қарай бөлініп шығару үшін млн-даған эВ-қа тең энергия жұмсалуы керек. 2) Ядролық күштер электр-магниттік және гравитациялық күштерге қарағанда өте қысқа қашықтыққа әсер ететін күш болып есептеледі. Егер екі нуклонның арасындағы қашықтық 10–13 см-ден асса, онда ядролық күштердің шамасы нөлге дейін кемиді. Нуклондар арасындағы қашықтық артқан жағдайда, Ядролық күштердің шамасы кеми бастайды. Ядролық күштердің кенет кеми бастайтын қашықтығын ядролық күштердің әсер ету радиусы (r0~2–3 10–13 см) деп атайды. 3) Ядродағы нуклондар өзіне жақын орналасқан нуклондармен ғана әсерлеседі. Ядролық заттың тығыздығы әр түрлі ядрода да шамамен бірдей. 4) Нуклондар арасындағы өзара әсер күші қашықтыққа ғана байланысты емес, сонымен бірге нуклондар спиндерінің бағдарлануына да байланысты. 5) Ядролық күштердің шамасы өзара әсерлесетін нуклондардың электр зарядына тәуелді емес. Ядролық күштердің дәйекті теориясы әзірше жасалып біткен жоқ. Алайда тәжірибелер ядродағы нуклондардың өзара әсерлері пиондар алмасу арқылы жүзеге асатынын дәлелдейді.
## Пайдаланылған әдебиеттер: |
Ядролық клуб – ядролық, жаппай қырып-жою қуаты бар қаруларды иеленген елдердің атауы. Ядролық клубтың алғашқы мүшесі ретінде АҚШ-ты атауға болады. Бұл ел 1945 ж. 6 және 9 тамызда Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына қуаты 20 килотонна (кт) болатын 2 ядролық бомбаны тастаған болатын. 1949 ж. осындай алып жойғыш күші бар қаруды Кеңес Одағы Семей полигонында сынақтан өткізді. АҚШ пен КСРО-дан кейін ядролық клубқа мүшелікке Ұлыбритания, Франция және Қытай кірді. 1996 – 98 ж. Үндістан мен Пәкстан ядролық қаруларды иемденген. 21 ғ-дың басында ресми түрде 7 ел ядролық клубқа мүше болды. Олар 1963 жылдан ядролық қаруларды тарап кету қаупінен сақтану шараларын қолға алуды бастады. АҚШ пен КСРО сол жылы ядролық қаруды ауада, ғарышта және жер астында сынақтан өткізбеуге қол қойылды. Стратегиялық қаруларды қысқарту (мамыр, 1972); ядролық қаруларды сынақтан өткізуді шектеу (маусым, 1974); ядролық жарылыстарды жер астында бейбіт мақсатқа пайдалану туралы шарт (мамыр, 1976), т.б. көптеген әлемдік бейбітшілікті нығайтуға бағытталған құжаттарды ядролық клубқа кіретін елдер іске асырды. 1991 ж. желтоқсанда КСРО тараған кезде 4 республиканың (РФ, Қазақстан, Украина, Беларусь) аумақтарында ядролық қару болды. Қазақстан, Украина, Беларусь республикалары ірі державалар (АҚШ, Ресей, т.б.) тарапынан өз аумақтарының қауіпсіздігіне кепілдік алғаннан кейін ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты. КСРО-ның ядролық қуатына ие болған Ресей ядролық клубтың толыққанды мүшесіне айналып, бұрынғы КСРО қабылдаған келісімдер мен шарттарды орындауға міндеттелінді. Ядролық клуб мүшелерінің арасында 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басында ракеталық қарулардан қорғаныс туралы келісім шартқа қол қою мәселелерінің маңызы артты. Соңғы 10 – 15 жылда ядролық қаруды ресми түрде иемденген 7 елдің қатарына Израиль, Иран, Солтүстік Корея сияқты елдердің де кіруі ықтимал деген пікір бар. Өйткені аталған мемлекеттерде бейресми түрде ядролық қарулар бар болуы ықтимал деп есептеледі. Сондықтан алдағы уақытта ядролық клуб мүшелерінің саны өседі деп күтілуде.
## Ядролық державалар
Қолда бар ресми деректерге сәйкес келесі мемлекеттер ядролық қаруға ие немесе иеленеді (алғашқы ядролық сынақ өткізілген жыл немесе қаруды иелену мерзімі бойынша):
## Дереккөздер: |
Ядролық отын – ядролық реакцияға қатысу нәтижесінде пайдалы энергия бөлетін зат. Ядролық реакциялардың пайдалы энергия бөлетін екі түрінің (ауыр ядроларды бөлшектеу және жеңіл ядролардан ауыр ядролардың түзілуі) болуына байланысты. Ядролық отындар бөлшектенгіш заттарға және термоядролық отындарға ажыратылады. Тізбекті реакцияға бейім уран (233U, 235U) мен плутоний (239Pu 241Pu) изотоптары, сондай-ақ шапшаң нейтрондардың әсерінен бөлшектенетін не реакторларда сәуле әсерінен уран ( 233U) не плутоний (239Pu) изотоптарына түрленетін заттар бөлшектенгіш ядролық отын ға жатқызылады. Энергиясы әр түрлі нейтрондар әсерінен бөлшектенетін уранның табиғи изотопы ( 235U) бірінші реттік ядролық отын, ал оның өзге изотоптары екінші реттік ядролық отын деп аталады. Ядроның бір рет бөлшектенуі кезінде 1 г ядролық отын нан шамамен 180 МэВ, яғни 7,41010 Дж энергия бөлінеді. Негізгі ядролық отын – табиғи уран. Ядролық энергетикада торий мен плутоний тәжірибелік мақсаттар үшін ғана пайдаланылады. Ядролық отынның екінші түрі – термоядролық отындардың (дейтерий, тритий, литий) энергиясы қазіргі кезде тек қопарылыс түрінде ғана бөлінуде. Сондықтан бұл отын термоядролық қарулар жасауға пайдаланылуда 1 г дейтерий “жанғанда” 8,51010Дж, ал 1 г дейтерий мен тритий қоспасы “жанғанда” 3,51011 Дж энергия бөлініп шығады.
## Пайдаланылған әдебиеттер: |
Ядролық сақтандыру – ядролық нысанды пайдаланатын ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Мұнда ядролық оқиға салдарынан келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемақысын төлеу міндеттемесі көзделеді. Ядролық нысан – ядролық қондырғы, радиациялық көз, ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды сақтау орындары, бейбіт және қорғаныс мақсатында пайдаланылатын, активтілігі атом энергиясын пайдалану саласындағы белгіленген нормалар мен ережелерге тең немесе одан асып түсетін мөлшердегі ядролық материалдардың, радиактивті заттардың немесе радиоактивті қалдықтардың (ионданушы сәуле шығаратын) қоймалары болуы мүмкін. Ядролық оқиғаға – радиоактивтік әсері атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелерде белгіленген шектен асып түсетін ядролық материалдарды, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде ядролық нысанда болатын белгілі бір оқиға немесе оқиғалар тізбегі жатады. Ядролық зиян – радиациялық әсермен не ядролық оқиға салдарынан туындайтын уытты, қопарылғыш немесе өзге де қауіпті әсерлермен азаматтардың өмірі мен денсаулығына, олардың мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян. Пайдаланушы ұйымның келтірілген ядролық зиян үшін азаматтық құқықтық жауапкершілігін қаржы жөнінен қамтамасыз ету нысандары: Ядролық сақтандыру, мемлекеттік кепілдік, пайдаланушы ұйымның меншікті қаражаты. Ядролық сақтандыруды сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушылар жүзеге асырады. Ядролық сақтандырудың неғұрлым экономикалық жағынан негізделген және барлық жерде қолданылатын нысаны – сақтандырушылар бірлестіктері (сақтандыру пулдары). Сақтанушы (пайдаланушы ұйым) мен сақтандырушы (немесе пул) арасындағы келісім ядролық сақтандыру шарты болып табылады. Сақтандырушы шарт бойынша жауапкершілігі сақтанушыға жүктелетін зиян келтірілген заңды және жеке тұлғаға осы зиянның ішінара немесе толық өтемақысын төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру жарнасының шамасы сақтандыру сомасын, шарттың қолданылу мерзімін және сақтандырушы (сақтандыру пулы) нысанның техникалық күйін, ядролық, оның радиациялық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін сараптаудың нәтижелеріне сүйене отырып және пайдаланатын ұйым орындайтын жұмыстардың көлемі мен сипатына қарай айқындайды.
## Дереккөздер: |
Ядролық оқ-дәрілер – әр түрлі типтегі, мақсаттағы ракеталардың ұрыс бөлімдері, авиациялық бомбалар, снарядтар, кеме торпедолары, тереңдікке тасталатын бомбалар мен ядролық зарядты фугастар. Ядролық оқ - дәрілердің негізгі элементтері: ядролық заряд, нейтрондар көзі, нейтронды тойтарғыш, әдеттегі жарылғыш зат заряды, заряд қабығы, жарылғыш қондырғы мен оқ-дәрі қорабы (қабығы). Қуаттылығына қарай ядролық оқ - дәрілер шартты түрде 3 калибрге бөлінеді: шағын (тротил эквивалентімен 15 мың тоннаға дейін), орташа (15 – 100 мың т) және ірі (100 мың және одан көп т). Термоядролық оқ-дәрі қуаты ондаған млн, тіпті 100 млн. т-ға жетуі мүмкін. Ядролық оқ - дәрілер әсерінің қашықтығы нысанаға жету тәсіліне байланысты (ракета, авиация, т.б.).
Ядролық оқ-дәрілер құрылымы
(Устройство ядерных боеприпасов) — бөлінетін заттар зарядынан тұратын ядролық бомбаның негізгі элементтері:
* ядролық заряд (бөлінетін зат)
* нейтрондар көзі
* нейтрондардағы қайтарғыш
* жарылғыш зат заряды
* корпусы (қабығы).
Ядролық бомбада ядролық заряд ретінде уран 235, сондай ақ жасанды жолмен алынған уран 233 пен плутоний 239 қолданылады. Әр түрлі ядролық, оқ-дәрілердің құрылымы, негізінен, бірдей.
Ядролық оқ-дәрілердің күші
(Мощность ядерного боеприпаса) —жарылыс кезінде бөлінетін энергия мөлшері. Ол тротил эквиваленті бойынша, яғни жарылыс энергиясы берілген ядролық оқ-дәрінің жарылыс энергиясына тең болатын тротил салмағымен есептеледі. Тротил эквиваленті әдетте тоннамен өлшенеді (бірнеше тоннадан ондаған миллион тоннаға дейін). Осылайша, 100 мың тонналық тротил эквиваленті бар ядролық оқ-дәрі жарылғанда 100 мың т. тротил бөліп шығаратындай мөлшерде энергия беледі. Ядролық оқ-дәрілердің күші жағынан шартты түрде: кіші, орта ірі калибрлерге бөлінеді.
## Дереккөздер |
Ядролық физика институты (ЯФИ) – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1957 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан ҒА Физикалық-техникалық институтының негізінде Алматы қаласында құрылған. Институтты құруға Қазақстан ҒА-ның президенті академик Қ.И. Сәтбаев пен КСРО ҒА-ның академигі И.В. Курчатов үлкен үлес қосты.
ЯФИ-да ядролық физика, қатты дене физикасы, қолданбалы ядролық физика, ВВР-К зерттеу реакторының кешені, өнімдер мен қызмет көрсету бөлімдері мен лабораториялары жұмыс істейді. Институттың бөлімшелері Астана, Ақсай (Батыс Қазақстан облысы), Курчатов (Шығыс Қазақстан облысы) қалаларында орналасқан. Институттың ғылыми-зертттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: ядролық физика саласындағы физика және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту; халық шаруaшылығының түрлі салаларында атом энергиясын қолдану бағдарламалары, жоғары білікті мамандар даярлау. Институтта Қазақстан ғылым академиясының академиктері: Л.М. Неменов, М.И. Корсунский, В.М. Кельман, Ж.Тәкібаев, Г.Д. Латышев, Ш.Ибрагимов, Ә.Жетбаев, т.б. жұмыс істеген.
## Дереккөздер: |
Яксарт – Сырдария өзенінің ежелгі атауы. Бастапқыда Яксарт деп Сырдарияның қазіргі Ходженд пен Ташкент аралығындағы орта ағысы аталса, кейіннен ол өзеннің түгелдей атауына айналды. Птоломей, т.б. антик. авторлар “Яксарт” атауы бұл аймақты мекендеген сақтардың Яксарт тайпасынан шығуы мүмкін деген жорамал айтады. Яксарт көне түркі тілінде Иенгу-угуз (Інжу өзен), парсыша – Иахша-арта (шынайы інжу) дегенді білдіреді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.