text
stringlengths
3
252k
«OTAU TV» («Отау ТД») — теледидарлама мен радио хабарын эфир және жерсерік арқылы тарату жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық операторына — «Қазтелерадио» АҚ қарасты сауда белгісі. Бұл атау Intelsat 904, 60° E жерсерігі арқылы «Жерсеріктік телерадиохабар тарату ұлттық қызметінің» теледидарлама мен радио арналар дестесі үшін пайдаланылады. ## Атауы 2010 ж. желтоқсан айынан тікелей жерсеріктік хабар тарату қызметі «OTAU TV» («Отау ТД») атауына ие болды. ## Тарихы ### DigiCipher 2 / MPEG-2 стандарттарында қызмет көрсетуі ### DVB-S2 / MPEG-4 / 8PSK стандарттарына көшу ### Даму жоспарлары KazSat-2, 86,5°E 2011 жылғы жазында ұшырлып іске қосылғанда, сондағы төрт теледидарлық (көтеріңкі қуатты) транспондерге теледидарлама мен радио хабарын тікелей тарату ұлттық желісін көшіруі қарастырылуда. Желінің беріктігін көтеру үшін Астана қаласында сақтық қабылдау-тарату жерсеріктік стансасын құру жоспарланған. Қазақстандық мазмұнын үлкейту жобасына сай, отандық DVB-S2/MPEG-4 қабылдағыштарды өндіру істері жасалынып жатыр. Хабар тарату ұлттық желісінің жазылушыларының санын анағұрлым көбейту болжамында 2011—2014 жылдар арасында 300—350 мың қоңдырғы, басқаша айтқанда 6,3 мыңнан 54 есе өсу ## Хабар тарату ### Хабар тарату параметрлері 2011 ж. наурыздың 6 жағдайы бойынша: ### Шартты қатынау жүйесі Авторлық және сабақтас құқықтарды ұстану үшін және ақылы дестеге қатынауды жабу үшін, сонымен қатар заңсыз қайта таратудан аман болу үшін, барлық арналар (соның ішінде отандықтар да) NDS VideoGuard Express шартты қатынау жүйесі арқылы кодталады, бұл күйде қатынау смарт-картасы қабылдағыштың теңдессіз электронды нөміріне байластырылады. Жүйеде мазмұнды кооперативті шифрлау үшін DVB SimulCrypt архитектурасы қолданылады, бұл бірнеше операторларға бір шифрлау алгоритмін пайдлаланып әртүрлі шартты қатынау жүйелерін қосуға мүмкіндік береді . ### Ұсынылған қабылдау жабдықтамасы Қабылдау жабдықтамасына ең төменгі талаптары бойынша қабылдағыштарда ISO 7816 стандартына сай смарт-карта интерфейсі (слоты) болуы жөн. Қабылдағыштың қазақша, орысша және ағылшынша мәзірлері болуы қажет, сонымен қатар осы тілдердегі пайдалану жөніндегі нұсқаулар болуы жөн. Бағдарламалық жасақтаманың жаңартылуы жерсерік арқылы Over-the-Air Download (OtAD) режімінде өтеді. Егжей-тегжей талаптар «Казтелерадио» торабындағы спецификацияларда жарияланған HDTV-қабылдағыш спецификацияларында Full HD сай 1920 × 1080i ажыратылымдық талаптары, HDCP хаттамасы қолдауымен HDMI порты болуы т.б. талаптар бар. Сонымен бірге, NDS VideoGuard Express шартты қатынау жүйесімен ықпалданған CI+ интерфейсті CAM модулдері пайдаланылуы мүмкін. Конвертері (аз шуылы күшейткіш, АШК) кіріс жағынан сызықты полярлануы бар 10,7—11,7 / 11,7—12,75 GHz радиожиіліктер ауқымдарында жұміс істейтін болу керек. Оффсет түрі антенна айнасы ең кемінде 900 × 1000 mm көлемінде. Барлық жабдықтамада шығарушы зауыты берген шығу тегі куәліктері және Қазақстан Респуликасының сәйкестік куәліктері болу қажет, ал қабылдағыштарда сонымен қоса «Казтелерадио» Акционерлік қоғамына тағайындалған NDS VideoGuard Express шартты қатынау жүйесі ықпалдану туралы авторландыру хаты болу жөн. Ұлттық жерсеріктік хабар таратудың аймақтық жабуы бойынша хабарларды аймақ ортасында ең кемінде 600 мм, аймақ шетінде 1200 мм дейін көлеміндегі айнасы бар Intelsat 904, 60°E жерсерігіне бағытталған антенналар кабылдайды. ### Қызмет көрсетуі Қызметке алғаш жазылатын зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттары үшін, ғарыштық ТД құрылғыларының жинағын сатып алу үшін шығындар тиісті әкімдіктермен компенсацияланады. Ғарыштық телерадио тарату қызметтерін көрсету келісімшартының шарттарына сәйкес абоненттерге (Қазақстан Республикасы) аумақпен ғана шектелген, абонент құрылғыны жария көрсету мақсатында қолдана алмайды. Ағымдағы уақытта (2011 жылғы наурыз-сәуір) ғарыштық телерадио тарату қызметі заңды түрде "Қазақстандық телекоммуникациялар" АҚ атынан көрсетілуде. "Қазтелерадио" АҚ және "Қазақстандық телекоммуникациялар" АҚ біріктіру рәсімі аяқталғаннан соң, қызметтер "Қазтелерадио" АҚ атынан ұсынылатын болады. Қабылдау құрылғыларын орнату және «OTAU TV» қызметтеріне қосылу авторластырылған диллерлер желісі арқылы жүргізіледі. ## Арналары ### DVB-S2 «OTAU TV» дестелері Дестелер құрамы 2011 ж. наурыздың 18 бастап қолданудағы ресми тізімі бойынша беріледі. Дестелер тізбектемесі ауысуы мүмкін, бұл Қазақстан Республикасында телерадиохабарларын дамыту мәселесі жөніндегі комиссиясы өткізетін отандық арналардың «ашық қатынау дестесіне» қосылу бәйгесі нәтижелері бойынша, сондай-ақ мағлұматты пайдаланудың бағдарлама беруші шарттары бойынша атқарылады. «Ашық қатынау дестесі», құрамында 37 отандық телерадиоарналар бар, соның ішінде облыстықтар да, толығымен «Негізгі» дестесіне кіреді және жазылушыларға тегін. «Үнемді», «Қалыпты» және «Екшенді» дестелері ақылылық тұғырында «шартты қатынау дестелеріне» кіреді. Әр кейінгі дестеге алдыңғы дестенің арналары енгізіледі. Жаңа арналарды таратуға арнап, сонымен қатар HDTV және 3DTV үшін, транспондерлер қорының бір бөлігі кейінге қалдырылған. 2011 жылында «ашық қатынау дестесіне» жаңадан құрылатын «Мәдениет» арнасы және тәулік бойы ақпарат беретін «Caspionet 24» арнасы кіреді, 2012 жылы — «Білім арнасы» кіреді; тағы да жаңа «Мәдениет радиосы» кіреді. Отандық арналардың лицензиялық тазартылған халықаралық нұсқаларын қай мерзімде ашық таратылуы басталатын туралы еш ақпарат жоқ. ### Дестелерден тыс арналар Дестелерден тыс «Инфоканал» арнасы тегін таратылады, бұл арна жазылушыларды хабардар ету және промо әрекеттерді ұйымдастыру үшін тағайындалған. Сонымен қатар бонус есебінде дестелерден тыс арналар уақытша таратылады. HDTV арналар сынақ режімінде беріліп тұр. Қаныққан көрсету үшін HD Ready не Full HD белгілері бар теледидарды, Dolby Digital 5.1 дыбыс жүйесін және HD қабылдағышты пайдалану ұсынылады. ### DigiCipher 2 «Қазақтелеком» дестесі ### Сыртқы арналар (ашық қатынау) Intelsat 904, 60°E жерсерігінің осы Spot2 сәулесі арқылы тағы басқа DVB-S не DVB-S2 (кодталмаған) арналарын қабылдауға болады. ## Қосымша қызметтер Бағдарламалар бойынша электронды жөнсілтерЖүйеде жетікүндік кезеңге «Бағдарламалар бойынша электронды жөнсілтер» (EPG) қызметінің дабыл-белгілері бар. Келесі қызметтер беріледі: «Алдағы бағдарламаны ескерту», «Оқиға тізімі», «Арналарды түрі бойынша сүзгілеу», «Таңдаулыларды басқару», «Арналар хабар тілін таңдау». Ақылы бейнеАлдын-ала төлеп көрсету кестесі бойынша «Видеотека» қызметіндегі ақылы бейнелерді Pay-on-View режімінде көру мүмкіндігі кесіп-пішілген, сонымен қатар бөлек телехабарды да ақылы қарап шығу мүмкіндігі көзделген. Электронды поштаӘртүрлі оқиғалар мен қызмет көрсету өзгерістері туралы жедел құлақтандыру үшін қосымша қызмет ашылды: «BMAIL» — теледидарламалық пошта. Хабар жеткізілгенде теледидар бетінің жоғарғы оң жағында хатқалта бейнеленеді. Хабарды оқу үшін қашықтан басқару пультінде «BMAIL» түймешігін басу керек. ## Ресми торабы Жүйенің otautv.kz Мұрағатталған 8 қазанның 2011 жылы. қолдау торабында жазылушы мен делдалдың «Жеке ісбөлмелері» бар. Бұдан басқа ақпараттар да бар, соның ішінде: хабар таратудың аймақтық жабуы, дестелер құрамы, төлеу тәсілдері, жазылушы келісімі. ## Ескертпелер ## Тағы қараңыз * Қазтелерадио * Жарық * Nursat ## Сілтемелер * www.step-forward.my1.ru — дилердің ресми сайты * otautv.kz Мұрағатталған 8 қазанның 2011 жылы. — ресми торабы * www.kazteleradio.kz — «Қазтелерадио» АҚ торабы * Katelco Plus on Intelsat 904 at 60.0°E - LyngSat — арналар мен жиіліктер (2011 ж. наурыздың 4) * FlySat Otau TV Packages(қолжетпейтін сілтеме) — арналар мен жиіліктер (2011 ж. наурыздың 5)
Олег Викторович Есырев– биология ғылымдарының докторы (1985), професор (1988). ## Қысқаша өмірбаяны 1961 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген;1962–68 Қазақстан ғылым академиясының Физиология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер;1969–93 лаборатория меңгерушісі;1993–95 ҚР Білім министрінің 1-орынбасары;1995 жылдан Ұлттық биотехнологиялық орталық бас директорының орынбасары, Адам және жануарлар физиологиясы институтында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Олег Викторович 150-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Олег Викторович Есырев Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Сандыбек Мұқышұлы Есқожин– геология-технология ғылымдарының докторы (1997). ## Қысқаша өмірбаяны 1970 Қазақ политехнологиялық институтытын (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университет) бітірген.1970–76 Солтүстік Қазақстан Геология басқармасының Темір геология барлау экспедициясында гидрогеолог, аға гидрогеолог;1976 Торғай геологиялық барлау экспедициясында бас гидролог, бастық, «Торғай геологиялық барлау экспедициясы» АҚ-ның президенті болып жұмыс істеді. Оның 8 ғылыми мақаласы жарияланған.Халықтар достығы орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Есік жазба ескерткіші – Қазақстандағы сақ дәуірінен сақталған жазба ескерткіш. 1970 жылы Іле өңірінің тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесінен сақ дәуірінде (б.з.б. 5–4 ғасырларда) салынған үлкен қорым қазылды. Қазу жұмысына жетекшілік еткен – К.Ақышев. Мазардың ішінен алтынға бөленген жауынгердің мәйіті, дулығасы, алтын сапты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс-аяқ және жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылды. Күміс тостағаншаның сыртқы жағына ойылған 26 таңба екі жолға жазылған. Үстіңгі жол тостағаншаның тура түп ортасына, ал астыңғы жол бүйір тұсына жиектей ойылған. Үстіңгі жолда 9 таңба, астыңғы жолда 17 таңба бар (оқшау тұрған таңбаны қоса есептегенде). Күміс тостағаншадағы осы таңбалар, біріншіден, көне түркі сына жазулары таңбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне әліпбилік таңбаларға (әсіресе, көне грек пен арамей әріптеріне) үйлеседі. Есік жазба ескерткішінің көне түркі тілінде оңнан солға қарай оқылуы: Сақ дәуіріндегі бұл көне түркі жазуы, біріншіден, адам о дүниеге барғанда өмір сүреді, азық-түлік керек етеді деген сенімді білдірсе, екіншіден, халықтың сыртқы дұшпандарды жеңуге бел байлағанын көрсетеді, үшіншіден, халықтың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болуға ұмтылған тілегін білдіреді. Бұл жазудың аса бір құндылығы – ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі болғандығын тағы да нақты дәлелдей түседі. Сондай-ақ Қазақстан жеріндегі алғашқы көшпелілерде жазу-сызу болмады-мыс деген пікірдің ешбір негізсіз екенін айқындап, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың жаза білгендігін және оның кең түрде пайдаланылғандығын куәландырады. ## Дереккөздер
Шора Көпешұлы(12.5. 1930 ж. т., Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қазақбай ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1986), профессор (1992). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1954). 1954 жылдан Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, кейіннен экономика бөлімінің меңгерушісі. Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде диссертациялық кеңестің мүшесі. Одақтық, республикалық басылымдарда 200-ге жуық ғылыми еңбектері жарияланған. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік және өндірістік конференцияларға қатысып, ғылыми жетістіктерін өндіріске ұсынған. Көпешұлы Қазақстанда мақта шаруашылығының экономикасын көтеру жолдарын көп зерттеген ғалым. * 1954 - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. * 1954-1992 - Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінде бөлім меңгерушісі болып істеді. * 1992 жылдан Қазақ химия-технологиялық институтында кафедра меңгерушісі. Көпешовтің 140-тан астам ғылыми жарияланымы, 3 кітабы бар. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары. Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. ## Жазу әдісі «Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген. Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды. ## Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын. 1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды. ## Дала жазуларының тарихы Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады. Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады. ## Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: * Енисей ескерткіштері. * Талас ескерткіштері. * Орхон ескерткіштері. Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі. * Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей. * Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. * Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі. ## Көне Түркі жазуларының мазмұны Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағырапиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағырапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған. Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады. Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар. ## Орхон-Енисей жазбалары Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті. Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған. * Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі, * Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді, * Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары, * Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме, * Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде, * Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну, * Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде, * Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады. Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген. Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. 1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен. Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты. Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді. Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырды. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады. ## Көне түркі жазба ескерткіштері Көне түркі жазуы, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. ### Табылған аймақтары Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В. Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді. Иссык жазба ескерткіш— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді: Могoилян жазба ескерткіш — Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған) қағанның баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған. Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі атынан баяндалады. Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов. ### Қазақстан жерінде Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Түркістан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – В. Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б. ## Нышандар кестесі ## Оқу мысалы — жазба T²NGR²I — транслитерация /teŋri/ — транскрипция teñri — латын жазуымен ## Unicode Windows 8 нұсқасынан бастап Segoe UI Symbol қарпінде көне түркі жазу қолдауы енгізілді. ## Жазу тарихы Ең ежелгі (V—III ғғ. б.з.б.) жазбалар Қырғызстанда (Иссык, Талас, Балыкчи т.б.) табылған. Жазу түп-тегі анықсыз. Көп нышаны таңбалармен сәйкестігін белгілейді, дыбыс мағынасы акронимнен шыққан деп. Кейбір нышандарға (қырлы келген, жазу бағысы, дыбыс мағынасы сәйкес) қарап ерте семит жазуына туысқандығы ұйғарылып тұр: Библос жазуы және Пүн (финикиялық) жазуы. Орхон-енесай жазбаларын бастапқы кезіндегі зерттеуінде кейбіреулер осы жазу сұғдақ доғал жазуынан шықты деп болжалаған, немесе тіпті қытай жазуының дыбыс белгілейтін нышаншадан шықты деп болжалаған. Соңғы кезде кейбір зерттеушілер кһароштһи жазуынан, немесе бір тамырдан түп-тегін болжалаған. Моңғол басымы кезіне (XIII ғ) дейін әліппе араб, тағы басқа түркі жазуымен қысып шығарылған. Көне Түркі жазуынан басқа көп руника жажулар шыққан - бұлғар руналары, Сәркел қаласындағы (Хазар қағандығы) саз жанғышақтардағы жазбалар, мажар жазуы, талас жазуы және т.б. Ғылыми зерттеуінің негізі XIX ғ. аяғында құрылған. 1893 жылы 25 қазан айында дания лингвисті Уильям Томсон жазу мұқамын шешкен. Бірінші таныған сөз — Теңрі (Тәңірі). ## Кездесетін аумағы Жазбалар Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей елдерінде кездеседі. ## Тағы қараңыз * Орхон-Енесай жазбалары * Қазақ әліппесі * Түркі бітік * Бітік ## Сыртқы сілтемелер * Түрк бітіг * Köktürkische Schrift, Türkische Runen * Orkhon Inscriptions complete text Мұрағатталған 11 сәуірдің 2012 жылы. ## Дереккөздер
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев (20 мамыр 1955 жыл, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының әкімі (17.01.2013), инженер-құрылысшы, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы. Қырымбек Көшербаев Қазақстанның білім, денсаулық және спорт саласындағы министрліктерді, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын басқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде қызмет етті. ## Биографиясы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында туған. Қырымбек дүниеге келген кезде әкесі Елеу Көшербаев Қырымда жүрген, сол себепті жаңа туған сәбидің есімін Қырымбек деп қойған. Қырымбек Көшербаевтың атасы Көшербай Дәрібаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері атағын алған, өңірдегі танымал азаматардың бірі болған. Әкесі Елеу Көшербаев Қызылорда облыстық, аудандық атқару комитеттерінде түрлі қызметтер атқарған. Анасы Мамбеталиева Дәнеш мектеп мұғалімі болған.Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданында дүниеге келген, Сырдария ауданында өскен. Тереңөзек кентіндегі №35 Калинин атындағы қазақ орта мектебін бітірген (қазір И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей). Мектеп қабырғасынан боксқа қатысып, бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанған. Руы: Кіші Жүз,Әлімұлы-Шекті—Жақайым-Көлімбет-Бөрі. * * * 1978 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы КОКП Орталық комитетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын бітірді. Философия ғылымдарының кандидаты (1991 жыл), Саясаттану ғылымдарының докторы (1997). Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы этносаяси процесті регламентациялау ерекшілігі» («Особенности регламентации этнополитического процесса в Республике Казахстан»). Бокстан спорт шеберіне үміткер . 1978 - 1979 жылдары Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы. 1979 - 1981 жылдары Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы. 1981 - 1982 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі. 1982- 1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы. 1983 - 1986 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1986 - 1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1987 - 1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1988 - 1991 жылдары Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты. 1991 жылы Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті. 1991 - 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі. 1994 - 1995 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1995 - 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі. 1996 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі. 1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі. 1999 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі. 2000 - 2003 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2003 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2006 жылдан 2011 жылдың 22 желтоқсанына дейін Маңғыстау облысының әкімі. 2012 жылдың 13 шілде күні Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды . 2012 жылдың 26 қыркүйек Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары . Қырымбек Көшербаевқа өңірлік саясаттың жедел мәселелері мен экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат мәселелері бекітілді. Сондай-ақ, вице-премьер агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту және басқа да мәселелерге жетекшілік етеді . 2013 жылдың 17 қаңтарынан бастап Қызылорда облысының әкімі ,. 2019 жылдың 28 маусым күні Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысы болып тағайындалды . 2019 жылдың 18 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды 2022 жылдың 5 қаңтар күні зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты Мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды . ## Марапаттары * 2003 жылы «Парасат» орденімен * 2006 жылы «Достық» орденімен (РФ) * 1998 жылы «Астана» медалімен * 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл * 2006 жылы Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл * 2006 Св. князя Даниила Московского (РПЦ) * 2008 жылы Астана 10 жыл (медаль) мерекелік медалі * 2008 «За заслуги перед Астраханской областью» * 2009 2 дәрежелі Барыс ордені * Запастағы Полковник әскери шені бар. ## Отбасы Жұбайы - Матаева Гульнар Мустафақызы. Ұлдары: Оңталап (1983), Еркін (1988), қызы Салтанат (1986). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Тоқтар Әбенұлы Есіркепов (1953 жылы туған, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Амангелді ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1997). Алматы халық шаруашылығы институтын (1973) және Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1978) бітірген. Алматы халық шаруашылық институтында стажер-зерттеуші, оқытушы (1978–81), аға оқытушы, доцент (1981–89), Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешен ұйымдастыру ғылыми-зертхана институтында бөлім меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік жекешелендіру қоры төрағасының орынбасары (1989–97). 1997 жылдан «Тұран» университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Проблемы приватизации государственной собственности в условиях перехода к рыночной экономике (на примере АПК Республики Казахстан)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады Тоқтар Әбенұлы 183 ғылыми-зертттеу еңбектің авторы. ## Дереккөздер
«Еуразия химия-технологялық журналы» – ағылшын тілінде шығатын ғыл. журнал. 1999 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласында шығады. Құрылтайшылары – ҚазҰУ-дың Жаңа химия технологиялар мен материалдар ғылыми-зертхана институты және Халықаралық Ғалымдарының Жоғары мектебі. 3 айда 1 рет шығады. Журналдың мақсаты – Еуразия ғалымдары арасындағы ақпарат алмасуды дамыту. Журналда органикалық синтез, мұнай химиясы, плазмохимия, жану, радиациялық химия, термохимияның, т.б. химия салаларының өзекті мәселелерін теор. және тәжірибелік тұрғыда шешуге, жаңа тиімді әрі экол. қауіпсіз технологиялар жасау проблемаларына арналған мақалалар басылады. ## Дереккөздер
Есіл обалары ерте темір дәуірінен (біздің заманымыздан бұрынғы VIII ғасыр - біздің заманымыздан IV ғасыр) сақталған ескерткіштер тобы. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында, Есіл өзен бойлай орналасқан. 1954 жылдан бастап К.Ақышев, М.П. Грязнов, М.Хабдулина, т.б. зерттеді. 300-ден астам қорымның құрамында 1300 оба бар. 250-дей оба қазылды және олардың екі үлкен тарихи кезеңге жататыны анықталды. Біздің заманымыздан бұрынғы VIII-II ғасырларға жататын сақ заманының ескерткіштерін ғалымдар Орталық Қазақстан мәдениетіне жақындығын ескеріп, Ұлыбай Тасмола мәдениетіне біріктіреді. Сондай-ақ, оларды ерте (біздің заманымыздан бұрынғы VIII-XV ғасырлар) кезеңіндегі және кейінгі (біздің заманымыздан IV-II ғасырлар) кезеңдегі деп екіге бөледі. Обалар, көбінесе, топырақтан, кейде жартылай тас араластыра үйілген. ## Құрымдылық сипаты Кішілерінің диаметер 6 - 12 м, биікті 0,3 м болса, ортаіпаларының диам. ІЗ - 29 м, биіктігі 1,4 м. Жоғары әлеуметттік топ өкілдері жерленген үлкен ескерткіштерге диаметрі 30 - 80 м, биіктігі 4 м обалар жатады. Мүрделер шұңқыр қабірлерде басы солтүстік-батысқа қаратылып, шалқасынан жерленген. Үлкен обаларда бөренелермен жасалған дәлізде бөлме пішіндес жер үсті камералары кездеседі. Бұлардан қоладан құйылған жебе үштары, балта, қанжар, пышақ, ауыздықтар мен айналар көп табылған. Ең ерте уақыттан деректер беретін Бірлік ежелгі зират қорымдарының маңызы зор. Табылған қыш ыдыстардың түбі тегіс, тек кейінгі кезеңге жататындар арасында түбі дөңес көзелер біршама көбейді. Темір бұйымдар біздің заманымыздағы бұрынғы VIII-VII ғасырларда пайда болып, кейінгі кезеңнің ортасында қола заттарды ығыстырады. Отты қастерлеу үрдісі жиі қолданылған, көбінесе, беті жабылған қабір үстіне ғұрыптық алау тұтатылып, ол біраз уақыт жаныл тұратын болған. Кейде жер үстіне бөренеден салынған камераларға адам жерленген соң от қойып, одан кейін оба үйіп отырған деген болжам бар. Мүрде жанына ет қою дәстүрі кең тараған. Көбінесе, қой мен жылқы мүшелері қойылған. Біздің заманымыздағы бұранғы II ғасыры-.Біздің заманымыздағы IV ғасыры аралығындағы обалар ғүн тайпалар кезеңіне жатады. Барлығы 15 оба ғана зерттелғен, осының әзі-ақ бұл дәуірдің тарихи оқиғаларына байланысты жергілікті халықтың біршама сирегенін көрсетеді. Бұл кезде обалардың саны азаюмен қатар, көлемдері де кішірейді, құрылымы қарапайым-данды. Араларында үлкен обалар мүлдем жоқ. Лақатқа қою дәстүрі күшейт, адам мүрделері оңтүстікқе бағытталып жерленді. Кезеңнің ерекшеліктері табылған заттай деректерден байқалады. Ұзын семсерлер, үлкен садақтар табылған. Сағара қорымның 3-обасынан табылған садақтың ұзыны 1,6 м-ге жеткен деп есептеледі. Бұл қарудың ғүн үлгісіне жататынын дәлелдейді. Есіл обалары жерлеу ғұрпының толып жатқан мәлметтерімен бірге жүздеп саналатын заттай деректер табылған ескерткіштер тобына жатады. Олар Қазақстанның солтүстік аймағының мың жылдан асатын тұтас тарихи кезеңін зерттеуде құнды айғақ болып отыр. Есіл өңірі көршілес аймақтармен тығыз экономикалық және мәдени қарым-қатынаста болған. Сақ дәуірінде Батыс. Сібірмен, оңтүстік Оралмен қатынасы байқалады, ал негізгі байланыстыр жүйесі ең алдымен Орталық Қазақстанмен жасасады. Біздің заманымыздың 1-мыңжылдығының басына жататын ескерткіштерден батыстық мәдени белгілер, оңтүстік пен шығыс белгілері де көзге түседі. Деректерге қарағанда, өлкеде металлургия, қару-жарақ жасау ісі жоғары дамыған. Бұл ерте темір дәуірінде кен байыту ісінің Шығыстан Еуропаға өткен жолының бір сілемін Есіл бойы тұрғындары иемденгенін дәлелдейді. ## Дереккөздер
Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Қазақтардың көне заманнан бастау алатын халықтық өлшем жүйесіне ұзындық, қашықтық,аумақ, көлем, салмақ, уақыт, мезгіл өлшемі түрлері кіреді. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған. Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат, т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті – сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең. Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17 – 20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (foot – табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады. ## Ұзындық өлшемдері Қазақтарда бұл өлшем бірліктер: елі, бармақ, шынашақ, буын, алақан, тұтам, қарыс, сүйем, шынтақ, кез, құлаш деп аталады. Елі — сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі, шамамен 2 см тең өлшем. Қатар орналасқан екі саусақтың қалыңдығы - екі елі, үш саусақтың қалыңдығы - 3 елі, төрт саусақтың қалыңдығы - 4 елі болып аталады. Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған. Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі. Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. Алақан - төрт еліден сәл үлкендеу өлшем, ашылған алақанның еніне тең. Тұтам - таяқ немесе арқанды ұстап жұмылған жұдырықтың ені, шамамен 8-см-ге тең ұзындық, төрт еліден сәл үлкен. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген. Шынтақ - шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралықты білдіреді, шамамен 70см-ге тең болған. Қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады. Құлаш - иық деңгейінде екі жаққа кере созылған екі қол ұшының арасы, шамамен 165-175 см тең. ## Қашықтық өлшемдері Қашықтық өлшемдерінің ең көне әдісі - қашықтық бөліктерін уақыт бөліктерімен салыстыру арқылы анықтау тәсілі. Соның негізінде халықтық өлшемдер жүйесінде қашықтыққа қатысты түстік жол, түстік жер, күншілік жер/жол, айшылық жер/жол деген өлшемдік ұғымдар пайда болған. Түстік жер - салт атпен түске дейін жүріп өтетін қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 40-50 км болады. Күншілік жол - атпен бір күнде жүріп өтетін қашықтық - 60-80 км-ге тең болған. Айшылық жол - атпен жүргенде бір айда жетуге болатын қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 2500-3000 км. Көш жер - көштің бір күнде жүріп өтетін қашықтығы, шамамен 20-30 км. Қозы көш жер - көш кезінде қозылардың өз жүрісімен жүріп өтетін аралығы, шамамен 5-6 км болады. ## Салмақ өлшемдері Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен тараған кейбір салмақ өлшемдері: Табақ – шамамен он екі орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7 – 12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9 – 4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында шамамен 65 – 66 кг-ға, ал кей жерлерінде алты пұтқа (96 кг), тең болған. Батпан – Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді. Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны – танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент, т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған. ## Уақыт, мезгіл өлшемі Қазақта уақыт мезгілдерін анықтайтын, жіктеп айыратын халық теңеулері мен өлшемдері өте бай. Ғалым Н.Уалиев өз еңбегінде мынадай атауларды келтіреді:таң, таң атқанда, таң құланиектенгенде, таң бозарып атқанда, таң сімірі, ереуіл таң, көгала таң, рауан таң, сабах, құлқын сәрі, сәскемәл, сәске, ерте сәске, ұлы сәске, қан сәске, сиыр түс, қозы түс, түс әлеті, түсімәлі, талма түс, талмау түс, анық түс, тал түс, шалқар түс, түс қия, бесін, айна бесін, қожа бесін, екінді, іңір, іңір қараңғысы, намазшам, ақсам батпай, құптан мезгіл, түннің бір ұйқысында, түннің екі ұйқысында, түн жарым, түн ортасы, түн ортасы ауған кез, таң қараңғысы. ## Көне өлшем бірліктері ## Дереккөздер
Ешмұхамбетов Сұлтанбек (18.1.1945 жылы туған, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы) — ғалым, медицина ғылымының докторы (1998), профессор(1999), ҚР-ның бас балалар хирургы (2000), Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1998). 1964 ж. Көктал ауылы орта мектебі, 1970 ж. Алматы медицина институтын, 1978 ж. КСРО Медицина ғылыми академияның (Мәскеу) аспирантурасын бітірген. 1972-75 ж. Алматы облыстық балалар ауруханасында хирург, 1978-79 ж. Алматы қалалық 1-клиникалық балалар ауруханасында уролог болды. 1970 жылдан С. Аспандияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ұстаздық етеді. Негізгі ғылыми еңбектері - "Балалардың несеп жолдарындағы туа бітті кеселдерді емдеп-жазудың клиникалық-патогендік негіздерін" зерттеуге арналған. 270-тен аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 2 монографиясы жарияланған. 1995 ж. "Балалар урологиясы" атты оқулығы үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әбу Әли ибн Сина атындағы сыйлығына ие болды. ## Дереккөздер
Беген Омарұлы Есімов (9.3.1939 жылы туған, Түркістан облысы, Келес ауданы) – геология-минералдар ғылымдарының докторы (1984), профессор (1987), ҚР Білім беру ісінің үздігі (1993). Ташкент қаласындағы Орта Азия политехнологиялық институтын (1961) және Өзбекстан ҒА Геология және геофизика институтының аспирантурасын (1967) бітірген. Тәжікстан геология басқармасында инженер-геолог (1961–64), Оңтүстік Қазақстан технологиялық институтында оқытушы, декан, докторант, доцент, 1-проректоры (1969–96) болды, ал 1996 жылдан кафедра меңгерушісі. Оның негізгі ғылыми еңбектері эксперименттік минералогия, техникалық петрография, шыны кристалды материалдар технологиясына арналған.Беген Омарұлы 160-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы, 20 патенттер мен авторлық куәлігі бар. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2005). ## Дереккөздер
Қолжазба * 1) автордың қолымен жазылған немесе компьютермен терілген жазбаша шығармасы; * 2) баспаға ұсынылған немесе теруге жіберілген материалдың түпнұсқасы. ## Дереккөздер
Қолжазба орталығы - қолжазбалар мен текстология орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанынан 1989 жылы құрылған. Қолжазбалар мен текстология орталығы қорында қазақ ауыз әдебиетінің 200 мыңдай нұсқасы сақталған. Олардың ішінде батырлар жырының, тарихи өлеңдер мен аңыз әңгімелердің жүзге жуық, айтыстың мың жарым, мақал-мәтелдің 20 мың үлгісі, көлемі алты мың бетке жуық тарихи шежіре, 12–13 ғасырларда еврейлердің бұзау терісіне көшірілген ұзындығы 24 метрден тұратын киелі кітабы бар. Ең көне қолжазба – 13 ғасырдан жеткен, 1880 жылы Құлмұхамед Байғұлұлының қолымен көшірілген “Жүсіп–Зылиха” дастаны. Мұса Шорманұлы жинаған фольклорлық және этнографиялық материалдардың 1913 жылғы көшірмелері, “Шахнама” эпосын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өлеңмен, Ысқақ Тілеуқабылұлының қарасөзбен аударған қолжазбалары, Шығыс халықтарына кең тараған “Мың бір түн”, “Калила мен Димна”, “Тотынама” сияқты шығармалардың аударма нұсқалары, “Таһир – Зуһра”, “Ләйлі - Мәжнүн”, “Бозжігіт”, “Сейфүл-Мәлік”, “Шәкір-Шәкірат” ғашықтық жырлары, “Қиссасу-л-Әнбия”, “Сал-сал”, “Зарқұм” діни қиссалары, т.б. көптеген фольклорлық мұралар қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандары сақталған. Қолжазбалар мен текстология орталығы қорында қазақ халқының мәдени-рухани өмірінен сыр шертетін сирек суреттер, әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлерінің, жыршылар мен әншілердің дыбыс таспасына жазылған дауыстары сақталған дискілер бар. Олардың арасында М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Жұбанов, Т.Жүргенов, Ә.Марғұлан, І.Есенберлин, Л.Хамиди, т.б. дауыстары сақталған. ## Дереккөздер
Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі. Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды. ## Дереккөздер
Қолтықгүл, миддендорфия (Mіddendorfіa) – тергүл тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстанда Ертіс өзенінің бойында, Каспий ойпатында, Сарыарқа мен Зайсанда кездеседі. Ылғалы мол шабындық жерлер мен өзен аңғарларында өсетін 1 түрі – днепрлік қолтықгүл (mіddendorfіa borysthenіca) бар. Оның биіктігі 2–15 сантиметр. Сабағы тік, жоғарғы бөлігі 4 қырлы. Жұмыртқа тәрізді бүтін жиекті отырмалы (сағақсыз) жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Қысқа сағақты дара гүлдері жапырақ қойнауларында (қолтықтарында) жетіледі. Әрбір гүлінің гүл табанынан түтік тәрізді ұзынды-қысқалы кезектесіп 12 тостағанша, 6 қызғылт түсті күлте жапырақшалары дамиды. Аталығы – алты, аналығы біреу. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды, жоғарғы жағы 4 тісті болып ашылатын қауашақ. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, сырты дөңес, іші шұңқыр. ## Пайдаланған әдебиетттер
Қолтықсабақ (лат. Talassia) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле Алатаулары және Батыс Тянь-Шань тауларында 2 түрі кездеседі. Таудың биік беткейлеріндегі жартастарда өседі. Жиі кездесетін түрі – Іле қолтықсабағы (Talassia transiliensis). Оның биіктігі 40 – 70 сантиметр, көп сабақты өсімдік түбірінен шығатын жапырақтары сағақты, шоғырлана орналасқан. Сары түсті гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Шатырлары 10–18 сәулелі, шатыршалары 10–20 гүлді. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі сопақша, көкшіл, ұзындығы 6–7 милиметр. ## Дереккөздер
Ом, Георг Симон (1787 ж. 16 наурыз, Эрлангем - 1854 ж. 7 шiлде, Мюнхен) - немiс физигi. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi Эрланген университетiнде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегi Политехникалық мектептiң, Мюнхен университетiнiң профессоры болды. 1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы V=I*R қарапайым формуламен өрнектеледi. Мұндағы V – тармақталмаған тұрақты ток тiзбегiнiң бөлiгiндегi өткiзгiш ұштарындағы потенциал айырымы, I – ток күшi, R - өткiзгiш кедергiсi. Ом кедергiнiң өткiзгiш материалына тәуелдiлiгiн, оның ұзындығына тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына керi пропорционал екенiн көрсеттi. 1827 ж. электр мен жылудың таралуының сәйкестiгiне сүйенiп теория негiздерiнен заңдылықты табуға әрекет жасады. Ол электр ток заңын Фурье тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды. Температуралар айырымына ұқсастығы арқылы “электр кернеулерiнiң түсуi" деген ұғым енгiздi. “Электр қозғаушы күш"(ЭҚК), “өткiзгiштiк" деген ұғымдарды да ол енгiзген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi. Омның кейiнгi еңбектерi акустикаға, соның iшiнде дыбыстың күрделi құрамын (обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған. 1841 ж. ғалым Копли медалiмен марапатталды, 1842 ж. Королдық қоғамының мүшесi болды.
Еуразия нарық институты – Астана қаласындағы мемлекеттік емес жоғары оқу орны. 1992 жылы ашылған. Институтта экономика және менеджмент, маркетинг және коммерция, қаржы және кредит, бухгалтерлік есеп және аудит, әлемдік экономика, т.б. мамандықтар бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. Оқу күндізгі және сырттай бөлімдерде жүргізіледі. Мерзімі — 4 жыл. 2001 жылы ЮСАИД және АҚШ-тың “CARANA” Корпорациясының грантын жеңіп алды. Институтта компьютерлік оқу орталығы жұмыс істейді. Онда 60-қа жуық оқу-әдістемелік және оқу құралдары жарық көрді. Оқу ғимараты, компьютерлік сыныптар, зертханалар, кітапхана, оқу залы, әскери кафедра бар. Негізі қаланғалы бері 2920 маман бітіріп шықты (2000).EIM әлемдік сапа деңгейіне ұмтылған. EIM бәсекеге қабілетті және өмірге қажетті мамандарды сапалы даярлауының басты факторларынан аса маңыздылары Еуродеңгейде модернизацияланудағы материалды-техникалық база, заманауи аудиториялар, оқу кабинеттері, Интернет пен ЖОО-ың электронды кітапханаға қосылған компьютерлік класстары, көрнекті Акт, Конференц-және спортзалдары, кітапхана, жатақхана, асхана.Қазақ Елі, 9 шілде 2010 жыл 2010 жылы 7 шілде күні, «ЕУРАЗИЯ НАРЫҚ ИНСТИТУТЫН» бітірушілерге диплом тапсыру салтанаты болып өтті. Еліміздегі 145 ЖОО-дан индустриялық-инновациялық экономиканы жедел дамыту стратегиясына сәйкес басқару жүйесіне қажетті жоғары білімді, бәсекелестікке қабілетті мамандарды сапалы даярлайтындары әлі санаулы.БАКАЛАВРИАТ: * Экономика * Менеджмент * Есеп пен аудит * Қаржы * Мемлекеттік және жергілікті басқару * Маркетинг * Ақпараттық жүйелер * Статистика * Әлемдік экономика * Туризм * Бағалау * Логистика * Әлеуметтік-мәдени сервис * Аймақтану * Мейрамханалық іс және қонақүй бизнесі МАГИСТРАТУРА: * Экономика * Менеджмент * Есеп пен аудит * Қаржы * Маркетинг ## Дереккөздер
Қол соқпақ– жастар ойыны. Қыз-бозбалалар жиын-той кезінде үйде отырып ойнайды. Ойынды жүргізуші қолына орамал алып ширатады да, алқа-қотан отырған жастардың ортасына шығады. Ойын бастаушы бір ойыншыға “қолыңды тос” деп бұйырады. Ол дереу алақанын тосуы керек. Сонда ойын жүргізуші оған “орамал қайда?” деп сұрақ қояды да, алақанын орамалмен ұрады. Жазаланған ойыншы бір ауыз өлең айтып не күй тартып берген соң, “орамал анау отырған адамда” деп өзі қалаған ойыншыны көрсетеді. Бұл шартты уақытында тез орындай алмаса, тағы да бірнеше рет соққы алуы мүмкін. Ойын уақыты ойнаушылардың өз еркінде. ## Дереккөздер
Алексей Николаевич Куропаткин - (1848–1925, Ресей, Псков қаласы) – орыс әскери қайраткері, инфантерия генералы (1901). 1876, 1879 жылы Бас штабта офицер, 1877–78 жылдары орыс-түрік соғысы кезінде жаяу әскер дивизиясы штабының бастығы, 1890–98 жылдары Каспий маңы облысында әскер қолбасшысы, 1898–1904 жылдары әскери министр қызметтерінде болды. Ляолян мен Мукден түбіндегі шайқастарда жеңіліске ұшырағаннан кейін, өзінің дарынсыз, жігерсіздігімен көрінген Куропаткин 1905 жылы наурызда қызметінен босатылды. 1916 жылдың шілде айында Түркістан генерал-губернаторы, әскер қолбасшысы болып тағайындалды. Сол жылы Түркістандағы жергілікті тұрғындардың Маусым жарлығына қарсылықтан туған көтерілісін басып-жаншуға басшылық етті. 1917 жылы сәуірде Ташкенттегі Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңесінің талап етуімен тұтқынға алынып, Петроградқа жіберілді. Уақытша үкіметтің рұқсатымен босатылғаннан кейін Псков облысында тұрды. Куропаткин – Қазақстанның тарихына, сауда қатынасына, географиясына қатысты бірнеше еңбек жазды. Оның ішінде Қашғарияның тарихи-географиялық сипаттамасы, әскери күші, өнеркәсібі мен саудасы (1879), орыс-түрік соғысы кезіндегі ген. М.Д.Скобелев жасақтарының қимылы (1885) жөніндегі жұмыстары, сондай-ақ орыс-жапон соғысы туралы 4 есеп-кітабы бар (1906). Соңғы кітаптарында Куропаткин өзінің бас қолбасшы ретіндегі әрекеттерін ақтауға тырысқан. Куропаткиннің күнделігі «Красный архив» журналында (1922, 1924–25, 1935) жарияланды. ## Дереккөздер
Александр Валерьянович Куркин (26.3.1941 жылы туған, Украина, Одесса қаласы) – медицина ғылымының докторы (1976), профессор (1978). Тәжік мемлекеттік медицина институтын (1964) бітірген. Душанбе қаласындағы Республикалық ауруханада дәрігер (1964–67), Тәжік мемлекеттік медициналық институтында ассистент (1967–76), Қарағанды медициналық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекттік медициналық академиясы) профессор (1976–81), кафедра меңгерушісі (1981–97, 1997 жылдан) қызметтерін атқарады. Оның негізгі ғылыми еңбектері патологиялық морфология мәселелеріне арналған. Куркин 160-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Қомыз, комуз 1. қырғыз халқының ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Тұтас ағаштан ойып жасалады. Үш ішегі бар, пернелері болмайды. 1-ші және 3-ші ішектерінің дыбыс үндестігі әдетте ұқсас, ортаңғы ішек онан кварта немесе квинта жоғары бұралады. Қомыздың ұзындығы шамамен 85 сантиметр. 2. Түрік халқының варган аспабы. Жасалатын материалына байланысты қомыз атауына сол материалдың аты қосыла аталады (мыс, темір қомыз). 3. Дағыстанның бір қатарлы гармоны. ## Пайдаланған әдебиетттер
Қомша – түйе әбзелі. Қомшаны ескі киізден, бөстектен, ескі-құсқы киімнен жасайды. Қомша жақын жерге жүк тасуға лайықталып жасалынған қомның бір түрі. Алыс сапарға шыққанда не көшкенде арнайы қомша немесе жазы жасайды. ## Пайдаланған әдебиетттер
Георгий Леонтьевич Кушев - (24.3.1905, Ресей, Екатеринбург губерниясы Ревда қаласы – 24.4.1981, Алматы қаласы) – геология-минералал ғылымының докторы (1952), профессор (1953), КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі (1954). * 1961 - Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргең ғылыми қайраткері. * 1930 - Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген. * 1930-1931 - Ленинград Көмір геологиялық барлау институтында ғылыми қызметкер, партия бастығы, * 1931-1933 - Семей қаласы Макин геологиялық барлау партиясының бастығы, * 1933-1943 - Қарағанды геология басқармасында геологиялық тобы мен партияларының бастығы, Қазақстан геология басқармасы (1943–49) мен Қарағанды геология басқармасында (1949–51) аға инженер, * 1946-1951 - Қазақстан ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтында сектор меңгерушісі, * 1951-1953 - Қазақ тау-кен металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1953–81) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми жұмыстары көмір геологиясына арналған. Кушевтің басшылығымен Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көмірдің ірі қорлары анықталған. Қарағанды көмір алабының геол. барлау нәтижелерінің материалдарын қорытындылап, көмір кендерінің геол. болжам карталарын жасады. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1948). 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қосылған Күзембаев (9.5.1938 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы) – химия ғылымдарының докторы (1984), профессор (1987). ҚазМУ-дың (1963, қазіргі ҚазҰУ) химия факультетін және аспирантурасын (1967) бітірген. Жамбылдың жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының Алматы бөлімшесінде аға оқытушы (1967–69), Қазақстан ғылым академиясының Органикалық катализ және электрхимия институтында аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1969–91), 1991 жылдан Арқалық педагогика институтының ректоры қызметін атқарады. Газфазалық гидрогендеу реакциясы кезінде катализаторлық жанасуды сыртқы жағынан сәулелендіру арқылы жылдамдатуға болатынын тапты және оның аппаратуралық негізін жасады. 175-тен астам ғылым мақала мен 2 өнертабыстың авторы. ## Дереккөздер
Павел Павлович Кунте (1888, Австрия, Вена қаласы – 1956, Ақтөбе қаласы) – неміс ғалымы, тарихшы. Вена университетін бітірген (1910). Австрия, Швейцария, Чехия, Германияда ағартушылық, саяси-қоғамдық жұмыстармен айналысқан. 20-жылдары Ресейде Профинтерн өкілі болды. 1929 жылы Алматыға ауыстырылды. 1930 жылдан бастап КомЖОО-да (Коммунистік жоғары оқу орны) тарих пәнінің оқытушысы, жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі, Халық ағарту комиссариатының инспекторы, ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) проф. болды. Қазақ тарихын зерттеп, 1935–36 жылдары «Қазақстанның өткендегі тарихы туралы деректер мен материалдар» (1 том) атты құжаттар жинақтарының құрастырылып шығуына (С.Аспандияровпен бірлесіп) жетекшілік етті. 1938 жылы саяси қуғынға ұшырап, отбасымен бірге Ақтөбе облысы Новороссийск ауданына жер аударылды. Өмірінің соңына дейін орта мектепте тарих, неміс тілі пәндерінен сабақ берді. ## Дереккөздер
Достық бекеті - Алматы облысы Алакөл ауданында қарайтын кішкентай ғана қалашық. Қытай халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында шекарасында орналасқан. Шекарада орналасқандықтан "кеден ісі" жақсы дамыған. Барлық Қытай мемлекетіне өтетін темір жол қызметі осы Достық арқылы өтеді. Сол себепті, Темір жол жүйесі жақсы дамыған. Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық жақсы дамыған орталық ретінде саналады. Бекетте екі мектеп, біріншісі "Достық орта мектебі", екіншісі "Достық қазақ орта мектебі" бар. Сондай-ақ, 30-ға жуық медициеа мамандары бар орталық ауруханасы бар. ## Маршрут * Ақтоғай-Достық темір жолы * Үрімжі-Алашанькоу темір жолы (zh) ## Дереккөздер
Еуразия гуманитарлық институты – Астана қаласындағы мемлекеттік емес жоғары оқу орны. Аударма ісі, шет ел филологиясы, юриспруденция, тарих, құқық және экономика негіздері, тарих және география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, шетел тілі, экономика, қаржы және кредит, кеден ісі, баға (салалар бойынша), информациялық жүйе, қаржы және қаржы құқығы факультеттері бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. Оқу күндізгі және сырттай бөлімдерде жүргізіледі. Мерзімі 2 — 3 жыл. Институт жанында диссертациялық кеңес, аспирантура, әскери кафедра бар. Мұнда компьютерлік орталық, кітапхана, жатақхана жұмыс істейді. Институттың Екібастұз қаласында бөлімшесі және гуманитарлық-технологиялық колледжі бар.EIM әлемдік сапа деңгейіне ұмтылған. EIM бәсекеге қабілетті және өмірге қажетті мамандарды сапалы даярлауының басты факторларынан аса маңыздылары. Еуродеңгейде модернизацияланудағы материалды-техникалық база, заманауи аудиториялар, оқу кабинеттері, Интернет пен ЖОО-ың электронды кітапханаға қосылған компьютерлік класстары, көрнекті Акт, Конференц-және спортзалдары, кітапхана, жатақхана, асхана. Еуразия гуманитарлық институты Астана қаласындағы бірінші мемлекеттік емес жоғары оқу орны. 1995 жылы құрылған, 1998, 2004 жылдары мемлекеттік аттестаттаудан, 2001 жылы мемлекеттік аккредитациялаудан ойдағыдай өтіп, еліміздің жетекші мемлекеттік емес ЖОО-ларының қатарына енді. Еуразия гуманитарлық институтындегі мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытудың күндізгі және сырттай нысаны бойынша, сондай-ақ қысқартылған мерзім бойынша (екінші жоғары білім және ЖОО-дан кейін) сапалы және сұранысқа ие білім алуға мүмкіндік беред. Еуразия гуманитарлық институты мамандар даярлауы мемлекеттік гранттар бойынша да, сондай-ақ институт гранттары бойынша да жүзеге асырады. Еуразия гуманитарлық институты институтқа конкурстық негізде түскендер үшін тегін оқуға әр факультетке 1 гранттан бөледі. Институтта 135 жоғары білікті оқытушы, соның ішінде 17 ғылым докторы мен профессор, 55 ғылым кандидаты, доценттер, АҚШ, Ұлыбритания, Германия мен Ресейде стажировкадан өткен оқытушылар, Президент Аппаратындағы, Сенаттағы және Парламент Мәжілісіндегі, Конституциялық кеңестегі, Әділет министрлігіндегі, ҚР-дың Кедендік бақылау агенттігіндегі басқарушы мамандар жұмыс істейді. Еуразия гуманитарлық институтынде жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандықтары бойынша диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес, педагогикалық, экономикалық және тарих мамандықтары бойынша аспирантура істейді. Институт студенттердің, оқытушылардың ғылыми конференцияларын жыл сайын өткізеді, Еуразия гуманитарлық институтынің қазіргі құрал-жабдықтармен жасақталған жеке оқу корпусы, Бурабай кентінде демалыс аймағы, жайлы жатақханасы, спорт кешені, тренажерлік залы, кітапханасы және екі оқу залы, студенттік кафесі бар. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Еуразия гуманитарлық институты
Ынталы — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Ынталы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде, Тентек өзенінің жағалауында, ши, жусан аралас, бетеге, боз, селеу, көде өскен тауалдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. ## Халқы Ауыл тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен, сондай-ақ, жанама кәсіп көздерімен шұғылданды. Шағын ауылда 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған мал фермасы жұмыс жасады. Ауылда екі соғыс ардагері, екі тыл ардагері, бес бірдей көп балалы - күміс алқа иегері, екі алтын белгі иегері болды. Шағын ауылда мәдениет ошақтары да, арнайы әкімшілік орындары да, бес бірдей шағын азық-түлік дүкендері жұмыс жасады. Ауыз суына таудан келетін табиғи суды пайдаланса, егіншілікті атақты Жетісудың алғашқы өзені тебіндеген - Тентек өзені ауылдың мақтаныштарына айналып отырған байлық көзі болып табылады. ## Дереккөздер
Қолтық шөгінділері - лагуна шөгінділері, қолтық айдындарына жиналған шөгінділер. Суы тұщы қолтықтарда құмды, сазды, кейде органикалық заттарға бай сазды-карбонатты жыныстар шоғырланады, оларда көмір қабатшалары мен линзалары кездеседі. Суы ащы (тұзды) қолтықтарда түрлі хемогендік қосылыстарға бай күкіртсутек мол қара лай тұнады. Тұзды қолтық шөгінділерінің қазбалы түрі құрамында натрий сульфаттары мен хлоридтерінің қабаттары, гипс, ангидрит, доломитті әктастар, кейде магнезит кездеседі. Қолтық шөгінділерінде фауна қалдықтары кездеспейді, не олардың санаулы ғана түрлері ұшырасады, құрамы бірыңғай келеді. Қолтық шөгінділерін құраушы жыныстар мен фациялардың көлбеу және тік бағытта тез өзгеріп алмасатындығы олардың теңіздік және құрлық шөгінділері ұштасқан аралық жағдайда қалыптасқандығын көрсетеді. Құрғақ климатты Каспий теңізінің шығыс жағында 20 ғасырдың 30-жылдары Өліқолтық және Қайдақ шөгінділері пайда болған. Каспийдің деңгейі екі метрдей төмендегеннен кейін Өлі Қолтық құрғап кетті де, Қайдақ қолтығы теңізден бөлініп қалды. Қазақстан өңірінде әр геологиялық кезеңде жиылған қолтық шөгінділері және олармен байланысты түрлі кен байлықтары (тұздар, гипс, ангидрит, көмір) көп. Мыс, Маңғыстау облысындағы Таушық қоңыр көмір кені юра кезеңіндегі қолтық шөгінділерінен түзілген. ## Дереккөздер
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері. ## Өмірбаяны 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары – Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. ## Еңбек жолдары * 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды. * 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды. * 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды. * 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды. * 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. * 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. * 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды. * 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды. ## Игі істері мен жетістіктері Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды. Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. ## Марапаттары * Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) * 8 Ленин ордені * Еңбек Қызыл Ту ордені * Медальдар ## Мақалалары мен кітаптары * 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» (Алматыда және Мәскеуде басылды) * 1992 жылы – «О моём времени», "Дәуір" баспасы * 1994 жылы – «От Сталина до Горбачёва», Санат баспасы * 1994 жылы – «Ақиқаттан аттауға болмайды», Санат баспасы ## Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев есімі берілген жерлер * Қонаев қаласы * Алматы қаласында ескерткіш – бюст. * Астана және Алматы қалаларында – көшелер. * Үлкен Алматы каналы. * Орал қаласында – шағын аудан. * Тараз қаласында – орталық көше және бюст. * Талдықорғанда – көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны. * Алматы қаласында – жекеменшік университет. * Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында – орталық көше. * 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды. * 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды. * Шымкент қаласында – орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай. ## Галерея * ## Қызықты ақпараттар * Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған. * Отбасында 11 баланың 4-шісі. * Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген. * Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан. * Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. * Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан. * Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 шаршы метр. * Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"– деп таңданады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Герои страны
Асқар Меңдіахметұлы Қонаев (14.7.1929 жыл, Алматы қаласы – 31.3.1999 жыл, Алматы) – ғалым-металлург, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1981), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976). ## Өмірбаяны * Ысты руынан шыққан. * Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітірген (1951). * 1951 – 53 жылдары Теміртау металлургия зауытында болат қорытушы * 1953 – 88 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында ғылыми қызметкер, институт директоры (1970 – 72) * 1972 – 74 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті * 1974 – 86 жылдары президенті * 1996 – 99 жылдары Қазақстан Ғылым Акадкмиясының Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры болды. ## Ғылыми еңбектері * Негізгі ғылыми еңбектері кен өңдеудің физика-химия кешенді технологиясын дамытуға арналған. * кремнийге бай сирек кездесетін металл кендері мен фосфориттердің тотығуын және қалпына келуінің жаңа заңдылықтарын тапты; * қорғасын өндірісі қалдықтарын электротермиялық жолмен қайта өңдеу әдісін металлургия өнеркәсібіне енгізді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1972); * басқа ғалымдармен бірлесіп, мыс, қорғасын және мырыш алудың КИВЦЭТ-тік технологиясын жасады (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1978); * қатарынан фосфор мен кешенді легирлеуші қорытпалар алудың жаңа технологиясын жасады (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982); * өнеркәсіптік көлемде фосфорлы темір кенін өңдеу технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1984). ## Жетістіктері * 9 – 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. ## Марапаттары * Ленин * Октябрь Революциясы * Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қонақ (Echіnochloa) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде тропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған 25-тей түрі белгілі. Қазақстанның барлық аудандарында өсетін 2 түрі бар. Бау-бақша, егістіктерде, әсіресе күріш егістігінде, жол бойларында, елді мекендер маңында арам шөп ретінде жиі кездесетін түрі – қонақ тары (E. crus gallі). Биікт. 10 – 20 см. Сабағы түбінен бұтақтанған жалаң болып келеді. Ұзын жапырағы кедір-бұдырлы тілшіксіз жүйкеленеді де, ұшына қарай сүйірленеді. Дара гүлі қосжынысты, 2 – 4-тен шоқтанып сыпыртқы гүлшоғырына топталған, биікт. 20 см-дей. Масақ қабыршақтары 3, гүл қабыршағы қатаң, аталығы 3. Маусым – тамызда гүлдеп, жеміс cалады. Қ-тың екінші түрі – құрмақтың дәні Қызылорда және Оңт. Қазақстан облыстарында арпаның орнына пайдаланылады.С. Арыстанғалиев
Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014), Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті ## Биографиясы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген. ## Спорт карьерасы Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993). ## Отбасы ## Мәскеу олимпиадасында (1980) ## Марапаттар ## Дереккөздер
Қонақасы – қонаққа арналған дәм, мәзір. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген немесе арнайы шақырылған қонақтың қадір-құрметіне, жас мөлшері мен туыстық қатынасына қарай сойылған малдың мүшелерінен сыбағалы табақ тартады; қонақасы - қазақша ет; мүше тарту. ## Пайдаланған әдебиетттер
Қонақ жүгері немесе Сорго (лат. Sorghum) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық Өсімдіктер тегі. Текті тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда өсетін 50-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда егіс алқаптары мен суармалы жерлерде өсетін 5 түрі бар. Жиі кездесетіні – Алеп құмайы (sorghum halepense). ## Ботаникалық сипаттамасы Өсімдіктердің биіктігі шамасы 1 – 1,5 метрдей, сыртқы түрі жүгеріге ұқсас, тамыры жақсы жетілген. Жапырақтары ұзын, диаметрі 1 – 3 сантиметр. Көп гүлді сыпыртқы гүлшоғырының биіктігі 60 сантиметрдей. Әрбір гүлі жарғақ тәрізді екі гүл қабыршағынан тұрады. Аталығы – үш, аналығы – біреу. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Жемісі – дән. Құмай – улы өсімдік, оның құрамында дуррин атты улы глюкозид, синиль қышқылы, сабағында крахмал мен қант бар. Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күзде жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң, ревматизм және жүйке ауруларын емдейді. Ертеректе құмай өсімдігімен мерезді емдеген. Көк шалғынын мал жайылымы ретінде де пайдалануға болады. Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ, қызыл бояу және балауыз алынады. Сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады. ## Түрлері * Sorghum bicolor – кәдімгі құмай * Sorghum saccharatum – қант құмайы * Sorghum technicum – сыпыртқылық құмай * Sorghum chinense – Қытай тарысы * Sorghum cernuum – балқұмай * Sorghum sudanense – Судан құмайы * Sorghum halepense – Алеп құмайы ## Пайдаланған әдебиетттер
Қоныс, Ата қоныс – 1. ел мекендейтін орын; 2. көшпелілер дүниетанымындағы киелі мекен. Уақыт пен кеңістіктегі қоныс ұғымы көшпелі жұрттың өсіп-өркендеуіне қолайлы жер-сумен, жайылымдармен, шұрайлы елді мекендермен үндестік тауып, шаруашылық-мәдени өмірдің даму үрдістерін айқындады. Ғасырлар бойы көшпелілерді қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аңғарлардан, көне зираттардан құралып, ата жұртын белгіледі. Атадан балаға мұраға қалған жерлермен халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, өмір сүру қарекеті байланысты болды. Дәстүрлі көшпелі тұрмыс тіршілігі, төрт түлік мал, жер-ана, табиғат халықтың “құтты қоныс” ұғымын айқындап, материалдық-рухани игілігін, дүниетанымы мен төл мәдениетін қалыптастырды. “Құтты қоныс” іздеу мақсатында халық табиғаттың қолайлы белдеулерінде жыл маусымдарына орай көшіп-қонып отырды. “Кір жуып, кіндік қаны тамған” жермен байланысты туған “ата жұрт, ата қоныс” ұғымында ру-тайпа меншігінде болған жер-аумақтың меншіктілігі, тұтастығы көрініс тапты. Түркі дәуірінде пайда болған “ата қоныс” ұғымы дәстүрлі дүниетанымдық ұстындар жиынтығына негізделіп, қауым арасында жерді пайдалану жүйесінің шарттары мен нормаларын қамтамасыз етті. “Ата қоныс” көшпелілер үшін қасиетті саналып, өз жерінің тұтастығының кепілі әрі көршілес жатқан мекендерге қол сұғуға болмайтындығын мойындауды білдірді. ## Дереккөздер
Өтеген Күмісбаев (20.5.1939 жылы туған, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы) – ақын, филология ғылымдарының докторы (1990). ҚазМУ-дың (1963, қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде (1963–69), КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтында (1969–74) қызмет атқарған. 1974 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылылми қызметкер, ҚазҰУ-де оқытушылық қызметте болды. 1989 жылы «ХІХ–XX ғғ. қазақ және парсы әдеби байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 жылы жарық көрген. Поэзия, проза және аударма (Ә.Х.Дехлеви, М.Рыльский, Р.Ғамзатов, Қ.Күлиев, В.Рождественский) саласында жемісті еңбек еткен. Шығыс және қазақ әдебиетінің байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1997]), т.б. монографиялары жарияланды. Күмісбаев 500-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Жазушының кейбір туындылары қырғыз, башқұрт, украин, белорус, ағылшын, поляк, араб тілдеріне аударылған. Қазақстан журналистер одағы сыйлығын алған. ## Шығармалары * Тұңғыш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; * Алақан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; * Менің кішкентай үйрегім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; * Жапырақтар түсіп жатыр. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1969; * Ақбота. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; * Ақ шолпан. Өлеңдер, поэмалары., «Жазушы», 1974; * Ауыл дап шыққан жол. Әңгімелер. «Жазушы», 1975; * Горный кумыс. Стихи. М., «Советский писатель», 1976; * Степная рапсодия. Стихи. М., «Советский писатель», 1983; * Екі перне. Сын. А., «Жазушы», 1980; * «Тұрмағамбет ізтілеуов және оның «Рүстем-Дастаны». Монография. А., «Наука», 1982; * Ортақ арна. Сын. А., «Жазушы», 1985; * Казахская поэзия и Восток. Монография. А., 2000; * Иран әдебиетінің тарихы. Монография. А., 2002. ## Дереккөздер
Аябіл Күнбазаров (1939 жылы туған, Қызылорда облысы Арал ауданы Тұрсынбике ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1992). КСРО өнертапқышы. Қазан технология институтын (1963) бітірген. Ташкент қаласындағы Орта Азия геология және минералды шикізат ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1972–96), Науаи тау-кен институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1996–98) болды. 1998 жылдан Қызылорда мемлекеттік университетінде профессор қызметінде. Ғылыми еңбектері - мұнаймен ластанған және тұзданған жерлерді биотехнолиялық жолмен қалпына келтіруге, техногендік қалдықтарды қайта өңдеп биогумус, биогаз, т.б. алудың өндірістік негіздерін жүзеге асыруға арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы, 20 патенті бар. ## Дереккөздер
Күміс Сандық(«Серебряный ящик с книгами и списками на казахском языке») – 16–17 ғ-лардағы қазақ елінің тарихына қатысты Ресей патшасы архивінде сақталған деректер. Сандық иесі – 1588 жылы орыс жасақтары тұтқынға алған, кейіннен Ресейдің көрнекті әскербасына айналған қазақ сұлтаны Оразмұхаммед. Оны 1598 жылы патша Борис Годунов Қасым хандығының билеушісі етіп тағайындады. 1609 жылы Оразмұхаммед қастандықпен мерт болғаннан кейін кітапханасы мен кейбір дүние-мүліктері патша сарайына өткізілген. Соның бірі сырты күміспен әшекейленіп қапталған – Күміс сандық Оның ішінде 15–16 ғ-лардағы қазақ хандығы жөніндегі кітаптар мен қолжазбалар сақталған. Күміс сандықтағы қолжазбаларды алғаш зерттеген академигі Х.Д.Френ. Ол Күміс сандықты 1822 жылы Азия музейі ашылған кезде қараған. Кейіннен ондағы қолжазбаларды ғалымдар Б.А.Дорн мен В.В.Вельяминов–Зернов, Ә.Х.Марғұлан, т.б. оқып шыққан. №38 патша архивінде сақталған Күміс сандықта Френ көрсеткен тізім бойынша төмендегі қолжазбалар болған: Тарих Туркстани Мухамед бин Гусман; Тарих ал-Иамин Женди (Сырдария); Тарих ал-Чингиз Хафизи Ташкенди; Тарих Чингиз хан; Кисса Чингиз хан; Тарих ал-Жоши (Дешти-Кыпшак); Баян дастан Чингиз хан; Баян дастан Ақсақ Темир; Баян дастан Едіге мырза; Тоқтамыс; Темір-Едіге, т.б. парсы тілінде жазылған кітаптар мен қолжазбалар. Ал түркі – қазақ тілінде жазылғандары: Насапнаме; Дастан би Едіге; Дастан Айсаұлы Әнет; Дастан Ақсақ Темір; «Сиыршы» дастаны; Дастан Қозы Көрпеш – Баян сұлу; Дастан Ораз – Мұхаммед («Тарих-и Рашиди»); Дастан Ұрыс хан; Дастан Темір Құтлығ хан; Қиян Домбауыл мерген шежіресі; Алаш мыңы; Үйсін Майқы би шежіресі; Күрлеуіт Қыпшақ шежіресі; Қыпшақ ордеш Құлмұхамед би; Белгітай шежіресі; Едіге би шежіресі; Орақ – Мамай, т.б. Кейіннен Күміс сандық Азия музейінен Шығыстану институтына өткізілген. Ғалымдар бұл кітаптар мен қолжазбалардың көпшілігінің авторы Оразмұхаммедтің жанында болған би Қадырғали Жалайыри деп есептейді. Оған бір дәлел: «Сиыршы» дастанында жалайыр тайпасының сиыршы бөлігінен шыққан Қ.Жалайыридің ата-бабасының шежіресі таратылған. ## Дереккөздер
Республикалық кітап мұражайы – мәдени мекеме. Онда Қазақстанның ғылымы мен мәдени жетістіктерін насихаттайтын, кітап және полиграфия мәдениетінің үлгілері, жазбаша ескерткіштерінің қоры сақталады. 1978 ж. ашылған. Мұражайдың 6 залында республикадағы кітап шығару ісі мен осы заманғы баспа жұмысының қалыптасу және даму тарихы қамтылған. Мұражай экспонаттарының ішінде ғұлама ғалымдар Әбу Наср әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Х.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, М.Қашқаридың сирек кездесетін еңбектерінің фото-көшірмелері ретімен орналастырылған. Сондай-ақ 17–19 ғ-ларда жарық көрген кітаптар арасында Ш.Ш.Уәлихановтың, Абайдың қайтыс болғаннан кейінгі жарық көрген басылымдары, тұңғыш жарық көрген әліппеден бастап, осы заманғы ғалымдар мен ақын-жазушылардың көп томдық шығармаларына дейін қойылған. Мұражайдың екі залы Қазақстандағы полиграфия және кітап басып шығару ісінің тарихына арналған. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі ғыл.-көмекші тех. құрал арқылы карта, схема, панорамаларды, диаграммаларды түрлі түсті жарықпен бейнелеп көрсетеді. Мұражай қорында 35 мың, оның ішінде сирек кездесетін 5 мың экспонат бар, олардың негізгі бөлігі кітаптардан, фотосуреттерден, көркем және ғыл. мәні бар материалдардан тұрады. «Дүние жүзінің мұражайлары» атты анықтама көрсеткіштің каталогына енгізілген. ## Дереккөздер
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде. Қонақ күту.Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі.Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады.Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған.Екiншiден бойжеткен қызға шәй құйғыза отырып қыздың аспазшылық өнерiн елге паш ету.Бiр үй толы қонаққа кесенi ауыстырмай, шәйдi қызыл күрен етiп баптап беру үлкен өнер.Осыны көрген жолаушы, әсiресе қариялар ойына түйiп, барған жерiнде "бәлененiң үйiнде бәлен деген бойжеткен қыз бар екен, шiркiннiң шәй құйысы, қонақ күтiсi-ай"-деп мақтайтын болған. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған.Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Шәйдi сүт немесе қаймақ қатып қызыл күрең етiп баптап беру, дастарқанға бауырсақ, өрiк мейiз, iрiмшiк, құрт, май, қант салып түрлендiру-үлкен аспазшылық.Шәй құйып, келiншек ыдыс-аяқты, ожауды, салдырлатпай әдеппен беруi керек.Егер ыдыс-аяқты салдырлатып берсе қонақ "үй иелерi жақтырмай отыр" деп ойлау мүмкiн.Қонаққа шәй екi қолдан алынып берiледi, немесе шыныны оң қолымен ұстап, сол қолдың алақанын жайып, шыны ұстаған қолдың бiлегiне тигiзiп, еңкейiп ұсынады.. Қазақ елiнде кез-келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бiрақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған.Жазды күнi қонаққа ең болмағанда марқа сойылса,қысты күнi соғым етiнен тартылған мүшелi табаққа риза болады.Мал союдың да өзiндiк жөн-жобасы бар.Арнайы қонақ шақырып, той жасағанда келүшi кiсiлер саны оннан аспаса-бiр семiз марқа, жиырма болса-тоқтылы қой не екi үлкен ту қой, отыздан асса – бiр құлын не тай сойылған.Ал құдайы қонаққа қой баласынан "қоңыр тоқты" , ешкi баласынан "қара шұнақ лақ",жылқы баласынан "торысын" сойған.Келесiкезекте қонақ сыбағасында мал сойылған жағдайда қонақ алыстан келген аса сыйлы адам болса сойылатын.Мал есiктен кiргiзiлiп союшы малдың мiнер жағына бiр тiзерлеп отырып, екi қолың қойдың мойнынан орай ұстап, алақаның жайып қонақтан "әумин" деп бата тiлейдi.Қонақ бата iстеуге тиiс, бата әр түрлi мазмұнда болады.Бата үй иесiнiң пиғылына ризалық бiлдiру,малжанның амандығын тiлеу сияқты болып келедi.Арнайы келiп қонған сыйлы қонаққа мал соймай, өлi етпен жөнелту, немесе көже, құрт, май, шәй, айран-шалап беру үлкен айып саналған.Ондай сараң байларға ақындар өлең шығарып масқаралап жұртқа жайған.Ет жеудiң алдында қонақтың қолына су құйылады.Су құюшы бала сол қолына леген, оң қолына құман ұстап, оң иығына сүлгi орамал алып, қонақтардың қолына жағалай су құйып шығады.Су құюшы балаға қонақ ықылас бiлдiрiп, рахметiн, тiлегiн айтады.Қазақта сыйлы қонаққа бас тарту ежелгi ел дәстүрi.Ол – адам әлемдi баспен билейдi деген ұғымды бiлдiру.Әр қонақтың өзiндiк сый-сыпаты, мүше ұстау рәсiмдерi бар.Мысалы бас жасы үлкен ақсақалға, алыстан келген ең сыйлы қонаққа ұсынылса, онан кейiнгi отырған қонаққа асықты жiлiк ұстатады.Ал күйеу бала мен келiнге төс тартады.Қонақ тамақ iшiп болған соң ауыл адамдары(әсiресе жастар), "ауылдың алты ауызын" айтып, қонақтың көңiлiн көтередi де, кезектi қонаққа бередi.Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы керек, немесе ертек айтуы керек.Мұны "қонақ кәде " дейдi.Ал өнерден құралақан адам болса, қонақты аспаға асып, есек болып айқайлатып, тауық болып шақыртып сайқы мазақ жасайды.Әрине өнерсiз қазақ болмайды.Ондай жаза сирек қолданылады.Кештiң соңында үй иесi қонақты жайлы төсек-орынға жайғастырып: "Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз", "Жақсы түс көрiп жатыңыз" деп өзi де демалады.Қонағын аттандырар кезде, отағасы қонағынан "бұйымтай ." сұрайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақ үй иесiнiң атын,мылтығы мен итiнен басқа кез-келген затты сұрауына болады.Үй иесi қонағының көнiлiн жықпай, қалауын берiп, "көрiскенше күн жақсы,қош,сау болыңыз!" деп қоштасып, аттандырып салады.Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.Сонымен, қазақ халқының қонақ күту дәстүрi ел-жұрт арасындағы iзгi қарым-қатынастарды нығайтуға, ағайын-туысқандарың, көршi-қоландардың алыс-берiсiне, үлкендi-кiшi болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан көпшiл, мейiрiмдi, үлкендi құрметтеп, кiшiге қамқоршы болуды үйретуге өте зор ықпалын тигiзген.Дастарқаны мол, пейiлi кең қазақ халқының қонақ жайлылығын бұрын-соңды қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдар жоғары бағаланған ## Қонақ күту дәстүрі ### Барымен базар Құдайы қонақпын деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, "барымен базар" дегендей шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Қонақ болу үшін оның таныс болуы, діндес, теңдес болуы шарт емес. ### Бөлінбеген енші Қонақ асыны "бөлінбеген енші" деудің өзі қазақ арасына кең тарап, дәстүрге айналып қалыптасқан. Бұл дәстүрдің шығу тегін Алашқа апарып тірейді. Халық жорасы екенін көрсетеді. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінде қонақ асыны "бөлінбейтін еншім" деп талап етуге еркі бар. ### Қырықтың бірі - қыдыр Қазақ "қырықтың - бірі қыдыр" дейді. Мұнысы қонақты қума, оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегеннен болса керек. ### Қонақты қуа берсең, құт қашады "Қонақты қуа берсең, құт қашады" деген мақал да содан. ### Өз үйіңде таудай дауыңды айтпа Қонақ үй иесінің қамқорлығында болу керек. Қонақ боп отырған адам ол үйдің жауы болса да, өз үйінде оған өзі түгілі, басқаға да қиянат жасатпайды. ### Қонақ таңдап қонады Жолаушы қонаға келіп қалғанда қонақ асы беруден қысылмайтын үйге түседі. ### Түскенше, қонақ ұялады, түскен соң, үй иесі ұялады Бұл мақалға сай, қонған қонақты күту міндеті үй иесіне түседі. ### Қонақ қойдан да жуас, май берсе де, жей береді Қонақ та тамақ келген кезде сыпайылық танытады. ### Асың барда ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп Ер азаматқа үйінде отыра бермей, ел көр, жер көр деп, кеңес береді. ### Адам болар бала қонаққат үйір Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Сейдімбек А., Қазақ әлемі, этномәдени пайымдау, А., 1997; * Қатран Д., Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті (тарихи-этнологиялық зерттеу), А., 2002.
Игібаев Советхан Қабдуәліұлы (1941 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қызылтас ауылы ) – тарих ғылыми докторы (1991), профессор (1994). Өскемен мемлекеттік педогокикалық институтын бітірген (1964) соң Шығыс Қазақстан облысындағы орта мектепте мұғалім (1965–70), ал 1970 жылдан қазіргі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана: численность, состав положение (1861–1917 жж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Игібаев Советхан Қабдуәліұлы 34 ғылыми жарияланымның авторы. Халықтар достығы орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Игібаев Тасболат Мыңболұлы (1938 жылы туған) – техникалық ғылыми докторы (1998). Қарағанды политенхникалық институтын бітірген (1967) соң Жезқазған шахталарында кен қопарушы, слесарь-автоматшы, механик, Жезқазған тау-кен техникумында оқытушы, Қарағанды шахталарында ауысым мастері, кен инженер, бұдан кейін Қарағанды политенхникалық институтының Балқаш бөлімшесінде декан, Алматы темір жол көлігі инженерлері институтының Ақтөбе бөлімшесінде декан, Қазақ политенхникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетті) доцент, декан (1972–92) қызметтерін атқарды. 1992 жылдан Энергетика және көмір өнеркәсібі министлігінде бас маман, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінде бас маман болып жұмыс істейді. Игібаев Тасболат Мыңболұлы 70-тен астам ғылыми еңбектің, монографияның авторы. 16 өнертабысы мен авторлық куәлігі бар. ## Дереккөздер
Қонақ – жолаушылып келе жатып, үйге түскен бейтаныс жан, немесе сый-сияпат көрсету үшін арнайы шақырылған сыйлы адам; сондай-ақ, ауыл арасын қыдыра келген адамдардың бірі деген ұғымның атауы. Аталмыш ұғымның мазмұнынан қонақтың қазақ салтында "құдайы қонақ"; "арнайы қонақ"; "қыдырма қонақ" деп аталатын үш түрі бар екені байқалады. Қазақ танымында қонақ ұғымының этикеттік, құқықтық, діни-мифологиялық қырлары бар. ## Құдайы қонақ Құдайы қонақ – ат арылтып алыстан келе жатып үйге түскен, шаңырақ иесіне ешбір таныстығы, туыстығы, жекжаттығы жоқ бейтаныс жолаушы. Байырғы салт-дәстүрінде құдайы қонақты зор құрметпен күту сияқты абзал қасиеттің пайда болу себебін халық ел ішінде айтылатын Алаш хан туралы аңызбен байланыстырады.Н.И. Гродеков жазып алған аңызда, қонақасы беру дәстүрі қазақ руларының түпатасы Алашқа тірелетіні айтылады. Аңыз бойынша Алаш қартайған шағында малының бір бөлігін өзіне қалдырып, қалған бөлігін Үш жүз болып тараған үш ұлына бөліп береді және әрқайсысына берілген мал-мүлікті енші, яғни әрқайсысының жеке басының игілігі (мүлкі) деп атайды. «Сендердің көшпелі өмір жағдайларыңа айналысатын ата кәсібің мал өсіру болғандықтан базары бар саудамен айналысатын отырықшы өмір сендерге жат». Кез-келген жолаушы ақысын төлеп, ішіп-жеміне, тамағына керегін сатып ала алады. Ал сендердің қолда бар мүліктерің мал болғандықтан, жейтін азықтарың ретінде оны бір жерден екінші жерге алып жүру қиын болар. Өз қойыңды, тіпті басқа да малды ат үстінде жүріп алыс жолға алып жүре алмассыңдар. Сондықтан менің сендерге айтар өсиетім: бір-біріңе қонаққа барғанда ас-су үшін ақы сұрамаңдар, бір-біріңе үнемі шақырылған қонақтай болыңдар; бір-біріңе қонақасы немесе сый-сияпат беретіндей сыйлас болыңдар. Бұл үшін менен тағы да өзімде қалған мүліктің төрттен бірін алыңдар және де оны өздеріңнің игіліктерің емес, ортақ игілік деп, әрі өз араларыңда өмір бақи бөлінбеген енші деп санаңдар» – деген екен. Парасатты ру басы Алашқа балалары сонда: «иә, біз сенің қамқорлығыңды ұмытпаймыз», – деп жауап берген екен.Сөйтіп, өзінде қалған төртінші бөлікті Алаш қонақ сыбағасы болсын деп, үш ұлының ортақ меншігіне беріпті. Ал осы үш ұлы – үш Жүздің баласы – жолаушыға, қандай қазақ болмасын, тегін тамақ, жылы орын т.б. қажетті қамқорлықтар жасап тұруға міндетті болса керек. Осы салт Алаш ханның ұрпақтары болып саналатын қазақтар үшін айнымас дәстүрге айналған деседі."Қонақ таңдап қонады" дейді халық мақалы. Шынында, қонақ ауылдағы ауқатты, дәулетті үйдің бірін таңдау мүмкін. Бірақ бұлай етуі өз басының «жайлы» болуын ойлағандық емес, қоңторғай, жоқ-жітік үйді аяқ асты састырып, ұялтпайын дегені. Қонақ тарапынан мұндай этикалық ұстанымды «ет піседі, ет болмаса бет піседі» деген мақалдың мазмұнынан аңғаруға болады. ## Арнайы қонақ Арнайы қонақ – қыз ұзату, келін түсіру, құда түсу тәрізді т.б. дүбірлі тойға, ас беру сияқты торқалы тойға арнайы шақырылған қонақ. Әдетте шақырушы жақ той болатыны жөнінде ауыл-аймаққа, ел-елдің құрметті, сыйлы адамдарына арнайы ат шаптырып, хабаршы жібереді. Егер ат бәйгесі, палуан күрес, ақындар айтысы тәрізді тойдың сәнін келтіретін, тойшы ауылдың абырой - атағын шығаратын гедонистік шаралар өткізілетін болса, той жөнінде сауын айту (хабар айту) ең аз дегенде үш ай бұрын айтылуға тиіс. Өйткені тойға шақырылған қонақтар өз руластарының ішінен бәйгеге қосар атын баптатады, белдесетін палуандарын, өнер сайысына түсетін ақын-жырауларын таңдайды. Ал сайысқа түсетін ақын кіммен айтысқа түсетінін біліп отырады. Қарсыласының қапысын табуды іздейді.Арнайы қонақ күту тойшы қауымға ерекше сын. Шақырылған мәртебелі, сыйлы қонақтардың бас-басына үй тігіліп, арнайы күтушілер бөлінеді. Тойға шақырылған қонақтарды тойшы ауыл сонадайдан, қозыкөш жерден, күтіп алады. Ол үшін төрт тарапқа жеті-сегіз, он адамнан күтіп алушыларды жібереді. Олардың ішінен біреуі жеделдете келіп, мәртебелі қонақтардың келе жатқанын, кімдер екенін той иесіне немесе басқарушыға хабарлап тұрады. Қонақтарды арнайы тігілген үйге әкеліп түсіреді.Арнайы қонақ күтуде дәстүрлі мәдени ортада қонақтардың тұрғаластығына ерекше көңіл бөлінеді. Тұрғаластық дегеніміз – «қонақтың жоғары әлеуметтік беделі, қоғамдағы алатын айрықша орны». Тұрғаластығы тең, жолы қатар қонақтарға бірінен-бірі кем болмайтын ақ боз үйлер тігіледі, бірыңғай киімді күтушілер қойылады. Жасалатын сый-сияпатта қонақтардың өзара тұрғаластығы мықтап ескереледі. Тұрғаластығына қарай сый-сияпат көрмеуі қонақтың ренішіне, той аяқталмай аттанып кетуіне себеп болады. ## Қыдырма қонақ Қыдырма қонақ – «ауыл үй, ауыл арасындағы қонақ» деген ұғымды аңғартады. Ұғымның өз атауы айтып тұрғандай үй иесі қыдырма қонаққа күнделікті көріп жүрген ауыл адамы деп қарайды. Қыдырма қонақ құдайы қонақ, арнайы қонақтай мәртебелі болмайды, ерекше сый-сияпат көрсетілмейді. Бірақ қалыптасқан этикеттік норма бойынша «өзімсініп» келген қонақты сыртқа теппейді «келіңіз, төрлетіңіз; дайын асқа дәл келдіңіз, мақтап жүреді екенсіз» т.б. дегендей ілтипат сөз айтылады. Қонақ күтуді, қонаққа баруды, келген қонақтан әңгіме, хабар-ошар естуді қазақтар қызық көріп қатты ұнатады. Бұл – қазақтың қонағуарлық мінезін көрсетеді. Қыдырма қонақ осындай қонағуарлық мінездің бір көрініс іспетті. Оны тек «қазан аңду» деп түсінуге болмайды. Қыдырма қонақтың қазақ тұрмыс-салтында қонақ ретіндегі беделі пәлендей дерлік жоғары болмайды, өйткені ол шақырусыз келген ауыл адамы, осы себептен кейде оны әзілмен Атырау өлкесінде қоңсы қонақ деп те атаған.Әдетте қоңсы ауыл, қоңсы қолаң атауы ел ішіндегі әлеуметтік мәртебесі төмен қауымға қарата айтылады. Шақырусыз қаумалап келген ауыл арасының «қонақтарын» қоңсы қонақ деген әзіл түріндегі тұспалмен айтылуы образды мән алған. Бұдан қыдырма қонақтың қазақтың тұрмыстық санасындағы бейнесін айқын аңғаруға болады. ## Этикеттік норма, қонақ құқығы Этикет бойынша қонақ ауылға аяңдап келеді. Өйткені шауып келу ертеде қайғылы жағдайда, жау келгенде, мал барымталағанда т.б. жайсыз кезде ғана болады. Құдайы қонақ жолаушылап келе жатып, түсетін үйінің сыртынан келіп, қалыптасқан этикеттік формула бойынша «әу, кім бар-ау үйде?» деп дауыстайды. Сыртқа шыққан үй иесіне өзінің құдайы қонақ екенін айтады. Жолаушы мен үй иесі «ауыз толтырып» сәлемдесуден соң, қонақтың аттан түсіп, үйге кіруін өтінеді, қонақ үй кісісіне (әйеліне) есенсіз бе деп сыпайырақ сәлемдеседі. Қонақты төрдің оң жағына таман қонақ көрпе төселіп, жастық тасталған жерге жайғастырады. Қонақтың атын отағасы аулақтау жердегі атағашқа (мама ағаш) байлатады. Ат көлігінің күтімін де мойнына алады. Ертедегі салт бойынша қорадан немесе ауыл маңынан қой алдырып, босағаға байлап, союға алақан жайып құдайы қонақтың ризалығын сұрайды. Қонажатар қонақ болса, батасын береді, ал түстеніп аттанар қонақ болса, жайын айтып, пышақ қандатпайды. Үй иесі мен құдайы қонақ өзара жөн сұрасып, өздерінің кім екенін, қай ауыл, қай әулет, қайсы рудан екенін айтады. Отағасы қонаққа тамағы, ас-суынан бере отырып, жылы шырай танытады, қонағының көңілін көтеруге тырысады. «Қонақ табаққа емес, қабаққа; етке емес, ниетке қарайды» деп ескертеді қазақ мақалы. Бұл – біріншіден, бұзуға болмайтын қатаң этикеттік норма, екіншіден, қазақ жерінде қонақ құқығы заңмен қорғалады. Қой сойып, қол қусырмаса, тартылған сыйтабақта өзіне лайық кәделі мүше (бас, жамбас т.б.) болмаса, аткөлігіне қарамаса, қонақ ауыл ақсақалына, биге шағымдана алады. Ондай үйдің иесі ата-баба жолын бұзғандық деп, заң бойынша ат-шапан айып тартады. Аға буын этнограф Х.Арғынбаев: «Үйінде отағасысы болмаса да қазақ әйелі құдайы қонақты үйге түсіріп күтуге міндетті болған. Сондықтан әйелдің жақсысы күйеуінің жоғында да оның жоқтығын білдірмей үйге түскен қонақты күтіп, жолынан жығылмайтын әйелдер бүкіл әйел қауымына үлгі ретінде ел аузында мақтаныш болатын. Күйеуі жоқта қонаққа жөндеп қонағасы бере алмаған әйелдер де ел аузында сөз болып, сараңдығымен аты шығатын» – дейді.Құдайы қонақты байырғы қазақтардың жігжаппар болып күту себебі, үшіншіден, қонақ ұғымы діни – мифологиялық түсінікпен ұштасап жатады. Қонақты Құдай жібереді; Қонақты қондырмасаң құт кетеді; Құтты қонақ келсе, қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады; Қырықтың бірі Қыдыр т.б. Қыдыр, Құт және қонақ ұғымының бір-бірімен байланысты айтылу себебі бар. Діни-мифтік санада Қыдыр баба (Қызыр баба) – қысылған адамға жәрдем беруші қасиетті, киелі күш иесі. ## Қонақ күтудегі аймақтық ерекшеліктер Қонақ күту дәстүрі күллі қазаққа ортақ болғанмен, ішінара аймақтық ерекшеліктер де байқалады. Қазақ елінің шығыс өңірінде сыйтабақ тартылғанда қонақ етті өзі турап, басқаларға ұсынып отырады, түстік аймақта қонаққа үй иесінің өзі немесе қызмет жасап жүрген ағайыны ет турайды. Сыр бойы өңірінде қонаққа тартылған қой басының оң құлағын кесіп алып, балаларының кішісіне берген, басты оң құлақсыз тартқан, бұл ерекшелік «ырысым үйде қалсын» деген ырыммен байланысты. Кез-келген қонаққа арнап қазанға ет салғанда алдымен кәрі жілікті салған, бұл малдың бар етін кәрі жілік ұстап тұрады, деген сенімге байланысты. Үлкен тамақтан соң, дастарқанға бата беру дәстүрі барлық жерде «ас қайыру» деп аталады. Ас қайыру кезіндегі үй иесі, отбасының басқа мүшелері батаны екі қолын жайып, ал, кей өңірде түрегеліп тұрып қабылдайды. ## Қонағуарлықтың ақпараттық және тәрбиелік мәні Қазақтың қонағуарлық мінезі ежелден қалыптасқан. "Атаң барда ел таны еріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп" деген мақал қонағуарлықтың қағидасы іспетті. Қонағуарлық қазақы ортада ел ахуалы, жер жағдайы жайында ақпарат алудық тиімді бір көзі болған. Төңкеріске дейінгі көшпелі қазақ өмірінде қонағуарлық дәстүрдің ерекше сипатының болуына әсерін тигізетін жағдайдың бірі – құдайы қонақтың айналада болып жатқан үлкенді-кішілі оқиғалардың бірден-бір хабаршысы болғандығында. Қазақтың ұшы қиыры жоқ кең сахарасында көшіп жүретін ауылдар ел ішіндегі жаңалықтардың бәрін ең алдымен ел аралап жүрген жолаушылардан ғана еститін. Сондықтан да болар қонақ түскен үйге ауыл адамдары шақыртпай-ақ келіп әңгіме тыңдап, алуан түрлі жаңалықтарды еститін.Мұндай хабарлар бір ауылдан екінші ауылға өте тез тарайтындықтан, қазақ оны «ұзын құлақ» атандырғанын» атап айта келіп Х. Арғынбаев әсіресе қазақ қонағуарлығының тәрбиелік мәнін аша түседі: «Қазақ отбасында балалар жастайынан қонағуарлыққа тәрбиеленеді. Өйткені халық дәстүрі бойынша қонақасы берілген соң, қонақтан әңгіме сұрайды, өнерлі болса ән салғызып, күй тартқызады. Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. «Адам болар бала қонаққа үйір» деп те қазақ тегін айтпаған. Өйткені әр қонақтан естіген жаңалықтарын есіне сақтай білген жастың өмірді білуі, түсінуі кеңейіп, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Көптеген нақыл сөздерді, пайдалы кеңестерді үйренумен бірге, жаманшылықтан жиренуге де үйретеді. Олай болса қонағуарлықтың тәрбиелік мәні де аз болмаған» - деп пікір түйеді.Сонымен қатар қонақ күту, қонаққа бару, яғни қонақшылау дәстүрі халықты мәдени-этникалық жақтан бірегейлендіруші (идентификатор) маңызды факторлардың бірі болған. Сондай-ақ, қонаққа шақыру, қонақ күту, қонақ аттандыру тәрізді халықтың ең бір абзал қасиеті ғасырлар бойы қоғамдағы зтикалық ұстанымдар мен этикеттік нормаларды жалғастырып, жаңғыртып, жетілдіріп отырған. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Баллюзек Л.Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу закона. ЗООИРГО. Вып.ІІ. Казань, 1871. С. 146-147; * Добросмыслов А.И. Суд у киргиз Тургайской области в XVIII-XIX веках. Казань: Тип. Императорского Университета, 1904; * Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). Алматы: Ғылым, 1973; * Қорқытов Б. Атырау билері мен батырлары. Алматы: Өлке, 1992; * Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Арыс, 2006; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Сағынбек Игісінов (16.3.1937 жылы туған, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Алғабас ауылы) – медициналық ғылымдарының докторы, профессор (1992). Қырғыз республикасының еңбек сіңірген дәрігері. Ысты руынан шыққан. Қырғыз мемлекеттік медицина институты және Қырғыз онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітіргеннен кейін осы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1966–68; 1978–2002); Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігі Бас басқармасының №4 ауруханасында онколог-дәрігер (1968–70), аға ғылыми қызметкер және меңгеруші (1970–74), Қарағанды мемлекеттік медицина институтында аға оқытушы (1974–78), Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында онкология кафедрасының профессор (1992–2002) болды. 2002 жылдан Алматы медицина колледжі хирургия кафедрасының меңгерушісі және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Бас ғылыми қызметкері. 130-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Нәжман Күнқожаев (25 желтоқсан 1929, Бөген ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР - 8 ақпан 2021, Алматы) — тарих ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974). ## Өмірбаяны Күнқожаев Нәжман 1929 жылы 25 желтоқсанда Қызылорда облысы Аралдың Бөген ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Т.Г.Шевченко атындағы №13 мектепті алтын медальмен бітіріп, сол кездегі еліміздің жоғары оқу орындарының көшбасшысы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1953 жылы үздік дипломмен аяқтады. Университетті бітіргеннен кейін өзінің туған жеріне оралып, мұғалімдік еңбек жолын бастайды. 1953-58 жылдары Қазалы темір жолының Сексеуіл станциясында мұғалім, Бөген ауылында мектеп директоры болып қызмет жасады. 1958-1961 жылдары Қызылорда облысының халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. Қызылорда облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарғаннан кейін, 1963-1965 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде оқиды. 1965 жылы Жоғары партия мектебін бітіріп, облыстық комитетте дәріскерлер тобының жетекшісі болды. 1965-1983 жж Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарады, Философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі. 1983-1986 жылдары Атырау педагогикалық институтының ректоры қызметтерін атқарды. 1986–1992 жылдары Қызылорда педагогика институтында сырттай оқу бөлімінің проректоры, кафедра меңгерушісі. 1992 жылдан Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының профессоры, Алматы қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. ## Еңбектері 1966 жылы «1959-1969 жылдары Қазақстанның Оңтүстік облыстары партия ұйымдарының өнеркәсіп орындарына басшылық жасаудағы қызметі» атты тақырыпта тарих ғылымынан кандидаттық диссертация қорғады. 1972 жылы «1959-1972 жылдары Қазақстан Компартиясы өнеркәсіптің ғылыми-техникалық процесі үшін күресте» тақырыбында тарих ғылымынан докторлық диссертация қорғады. Н.Р.Күнқожаевтың 200 астам ғылыми мақалалары әртүрлі жинақтар мен журналдарда басылды. Оның 1972 жылы 11 баспа табақ көлемінде, 1974 жылы 20 баспа табақ көлемінде, 1983 жыл 10 баспа табақ көлеміндегі монографиялары осы уақытқа дейін ғылыми маңыздылығын жойған жоқ. 1997 жылы оның «Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасы: құрылымы және перспективасы» монографиясы 10 баспа табақ көлемінде жарияланып, республика ғалымдарынан жоғарғы баға алды. «Адам және қоғам» оқулығының тұңғыш авторы. Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде еліміздегі бүкіл мектептерге осы кітаппен оқуды ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынып, бекітті. Ғалымның 1997 жылы жазған «Әлеуметтану», 2001 жылы жарық көрген «Социология» оқулықтары Жоғары оқу орындарына таптырмас еңбек болып бағаланды. ## Марапаттары Қоғамдық, педагогикалық, ғылыми қызметі үшін Н.Р.Күнқожаев «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» меделімен, «КСРО Жоғары оқу орындарының үздігі», «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгілерімен, көптеген медальдермен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен екі рет және Алғыс хаттармен марапатталды. ## Дереккөздер
Игілманов Өтеген (1930 жылы туған, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол ауылы ) – ветеринария ғылыми докторы (1994). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1952, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетті) бітірген. Гурьев облысы Қызылқоға малдәрігерлік лабораториясының директоры (1952–55), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1955–95) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университеттінде профессор. Игілманов Өтеген 105 ғылыми жарияланымның, оның ішінде оқу құралдарының («Патоморфологическая диагностика токсоплазмаза животных и меры борьбы с ним», 1993; «Малдың патологиялық анатомиясы», 1997) авторы. ## Дереккөздер
Игісінова Қырмызы Қазиқызы (15.1.1961 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының кандидаты (2006). Алматы мемлекеттік медициналық институтын (1984, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университетті) бітірген. Алматыдағы қалалық Орталық клиникалық ауруханада, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық госпиталінде терапевт-дәрігер (1984–97), Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының Орталық клиник. ауруханасында бөлім меңгерушісі (1998–2002), 2002 жылдан Бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істейді. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – егде тартқан адамдардың (60-тан асқан) қарттық кезеңдегі өмірлерінің дұрыс болуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелеріне арналған. Игісінова Қырмызы Қазиқызы 60-тан асқан адамдарға медициналық көмек көрсетуді (көппрофилді аурухананың базасында) ұйымдастырып, оны тәжірибеге енгізді. Ол 2005 жылы «Нарық жағдайында аса тиімді жаңа технологияны жасау және енгізу негізінде медициналық жәрдем көрсету жүйесін реформалаудың және жетілдірудің моделі» еңбектер топтамасы үшін Қазақ КСР-і мемлекеттік сыйлығына ие болды. ## Дереккөздер
Кіндіктөбе – орта ғасырдағы қоныс орны. Төле би ауданы Кіндіктөбе ауылынан солтүстікке қарай 1 км жерде, Қызылбілік өзенінің оң жағалауында орналасқан. 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогика институтының археология экспедициясының тобы зерттеген. Ескерткіш сопақша келген ортасы биік төбеден тұрады. Көлемі 100x110 м, төбенің жоғарғы бөлігінің көлемі 25 – 30 м, жалпы биіктігі 10 – 12 м. Оңтүстік, батыс, шығыс жақтарын таға тәріздес ені 10 м, биіктігі 2 – 2,5 м ұзынша төбе қоршаған. Қоныстың шығыс жағы неғұрлым тік. Қоныстан қыш қалыппен жасалған шаруашылық-тұрмыстық заттардың (құм, құмша, құмыра, саптаяқ) сынықтары жинастырылған. Ыдыстарды көркемдеуге қызыл ангоб пайдаланылған, саусақ арқылы қолмен із түсіріліп, әр түрлі саз жабыстыру тәсілдері қолданылған. Арнайы қазба жұмыстары жүргізілмеген. Табылған материалдар Кіндіктөбе тұрғындарының 6 – 8 ғасырларда өмір сүргендігін көрсетеді. ## Дереккөздер
Измайлов Тоқтар Оразаұлы (2.8.1926 жылы т. , Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы) – биология ғылыми докторы (1968), профессор (1970), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1979). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетті) бітірген соң осы институтта аспирант, ассистент, доцент, профессор қызметтерін атқарды. 1970 жылдан кафедра меңгерушісі. 1966 жылы «Некоторые стороны пищеварения в преджелудках крупного рогатого скота в постнательном онтогенезе» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми жұмыстары мал физиологиясына арналған. Ол мембраналық ас қорыту мал мен құсқа тән екенін дәлелдеген. ## Дереккөздер
Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған. Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ: Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді. Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар. Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді. Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады. Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады; Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік. Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды. ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз.А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады. Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді. Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері. Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы). Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді.Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды. 20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917 жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі – кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап, коммунизм туралы ілім негізге алынды, маркстік-лениндік философия үстемдік етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап құлдық психологияның орнына демократия, өркениеттік құндылықтар орныға бастады. Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы ұғымымен қатар «қазақстандық философия» деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады, келе-келе «Қазақстандағы философиялық мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі академик Ж.М.Әбділдин болды. Қазақстандық философтар неміс философиясын зерттеді, әсіресе, Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегі негізінде қалыптасқан диалектика, логика, таным мәселелерімен айналысты, диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен шұғылданып, бұл салада айтарлықтай нәтижелерге жетті. Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді. ## Дереккөздер
Қоныс аудару басқармасы – орыс шаруаларының Ресейдің орталық аудандарынан шеткері аймақтарға қоныс аударуын жүзеге асыратын патша өкіметінің мекемесі. Ол 1904 жылы қабылданған “Қоныс аудару туралы Уақытша ережеге” сүйенді. Ереже орыс шаруаларының Қазақстанға қоныстануына жол ашты. 1904 – 06 жылдары қоныс аудару басқармасы Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария облыстарында қоныстандыру аудандарын құрды. Қоныс аудару басқармасы нұсқауына сәйкес орыс шаруаларын қоныстандыруға қолайлы, шұрайлы жерлерді алу және шаруаларға түрлі көмек көрсету ұйымдастырылды. Басқарма бөлімшелеріне “артық жерлерді” тауып, “қоныстандыру қорын” құру міндеті жүктелді.Патша өкіметі қоныс аудару басқармасы арқылы жерді жаңадан игермей-ақ, жергілікті халықтың бұрыннан игерген жерлерін күшпен тартып ала бастады. 1906 – 12 жылдары 17 миллион десятинадан астам жер тартып алынды. 1915 жылы бұл 21 миллион 206 мың 187 десятинаға жетті. Осы жылдары қазақ жеріне 438 мыңнан астам отбасы қоныс аударды. Қоныстанушыларға түрлі жеңілдіктер жасалды. Олар алым-салықтан, әскер қатарына қабылданудан босатылды, әр түрлі материалдық көмек көрсетілді. Қоныстандыру саясаты патшалық Ресейдің 20 ғасырдың басында Қазақстанды одан әрі отарлауына жол ашты. ## Дереккөздер
Изотов Мұхтар Зиядаұлы (26.10.1952 жылы туған, Алматы қаласы) – Философиялық ғылыми докторы (1994), профессор (1996), Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылыми академиясының академигі ҚазМУ-дың физикалық факултетін (1976, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1982) бітірген. Алматы қаландағы «Казмеханобр» ғылыми-зертеулік институтында және ҚазМУ-да инженер (1976–80), Қазақстан ғылым академиясының Философиялық кафедрасында доцент (1982–93), Философиялық және саясаттану институтында аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы (1993–95), Қазақстан Республикасы мемлекеттік аттестациялық комитетінде бөлім меңгерушісі (1995–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Философиялық институтында сектор меңгерушісі. «Қазіргі ғылымның интеграция мәселелерінің логика-методологиялық және әлеуметтік-мәдени мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – Қазақстан халықтарының мәдени және рухани бірігуі мәселесін Әлеуметтік-философиялық жағынан талдау, Қазақстан ғылымының ежелден қазіргі кезеңге дейінгі тарихын, т. б. зерттеу проблемалары. Изотов Мұхтар Зиядаұлы 85 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның («Социально-культурные детерминаты интеграции современной науки», 1993; т. б.) авторы. ## Дереккөздер
Икенов Ахмет Икенұлы (10 қазан 1931 жыл, қазіргі Астана қаласы – 2002, Алматы қаласы) – Философиялық ғылыми кандидат, әлеуметтану ғылыми докторы (1992), профессор ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң Ақмола облысы комсомол комитетінде нұсқаушы, лекторлар тобының меңгерушісі (1955–1959), Қазақстан ЛКЖО ОК-нде нұсқаушы (1959–1960), ҚазМУ-да ассистент (1960–1963), Алматы халық шаруашылығы институтында (1963–1974, қазіргі Қазақ экономикалық университетті) аға оқытушы, доцент, Қазақстан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімінде лектор (1974–1983), Қазақ КСР-і Жоғары және арнаулы орта оқу министрінің орынбасары (1983–1986), Қазақ физкультура институтының проректоры (1987–1988), Алматы жоғары партия мектебі, Алматы педогокикалық университетті және КИМЭП-те доцент, кафедра меңгерушісі (1988–1992), Қазақ мемлекеттік қыздар педогокикалық институтында кафедра меңгерушісі (1992–1994), Қазақ мемлекеттік заң университетті мен Қазақ экономикалық университеттінде кафедра меңгерушісі, профессор (1994–2002) қызметтерін атқарған. «Гуманистический аспект управления научно-техническим процессом» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Икенов Ахмет Икенұлы 120-дан астам ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Қоныс мұнай-газ конденсат кен орны — Қызылорда облысы Сырдария ауданында, Тереңөзек кентінен солтүстікке қарай 140 километр, Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 150 километр жерде. 1986–1988 жылдары сейсмиккалық барлау әдісімен табылып, 1990 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Құрылымдық жағынан екі күмбезді (оңтүстік және солтүстік) субмеридианды брахиантиклиналь, ал литология жағынан кен орны құмтастар мен алевролитті болып келеді. ## Жатыс сипаты Мұнай қабатының жалпы биіктігі 30 м, газ қабатының биіктігі 45 м Тиімді және мұнай қаныққан қабаттық қалыңдығы 32,2 м, газ қаныққан қабаттың қалыңдығы 25 м. Мұнай қаныққан коэффициенті 0,68, газ қаныққан коэффициенті 0,65. Қанығу қысымы 9,58 МПа. Коллекторы терригенді, кеуекті, ашық кеуекті 19,6%, өткізгіштігі 0,015 микрометр. ## Құрамы Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,83 г/см3, күкірті аз 0,16 – 0,19%, парафині 12 – 15%, шайыры 9,3 – 10,72%. Бастапқы қабаттық қысым 11,2 – 11,35 МПа, температурасы 56°. 7 милиметр штуцердегі тәуліктік өнімділігі 70,1 – 72,7 м3. ## Дереккөздер
«Известия национальной академии наук Республики Казахстан» – жеке ғылым салалары бойынша шығып тұратын сериялы ғылыми журналдар. 1991 жылға дейін «Известия АН КазССР» деген атаумен: «Серия геологическая» (1940 жылдан), «Серия биологическая» (1946 жылдан; 1963–65 жылы «Серия ботаники и почвоведения» деген атауымен), «Серия физико-математических наук» (1947–62 жылы «Серия математики и механики» және 1955–62 жылы «Известия Астрофизического институа» деген атауларымен) пен «Серия химическая» (1947 жылдан; 1963 жылы «Серия технических и химических наук», 1964–65 жылы «Серия химических наук» атауларымен), «Серия общественная» (1954 жылдан; 1954–62 жылы «Серия истории, археологии и этнологии» және «Серия филологии и искусствоведения») сериялары шығып тұрды. 1998 жылдан «Известия Министерства науки Академии наук Республики Казахстан», ал 2000 жылдан «Известия национальной академии наук Республики Казахстан» атауымен шығады. Журналдың 5 сериясы: физика-математика, химия, биология мен медицина, филология, қоғамдық ғылымдарға арналған. Журналдың барлық сериясында салалық тақырыптар бойынша ғылыми-зертеулік мақалалары мен хабарлар, Қазақстан ҒА сессиялары мен конференцияларының материалдары басылып тұрады. Жылына 6 рет, орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде шығады. ## Сілтемелер
Қоныстану — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Миялы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 339 адам (178 ер адам және 161 әйел адам) болса, 2009 жылы 112 адамды (64 ер адам және 48 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 55 адамды (26 ер адам және 29 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ильминский Николай Иванович (23 сәуір 1822, Ресей, Пенза – 27 желтоқсан 1891, Қазан қаласы) – орыс педагогы, миссионер. ## Өмірбаяны * Пенза діни семинариясын (1842) бітірген. * Қазан діни академиясын (1846) бітірген. * Қазан діни академиясында оқытушы (1846–51) болған. * Шығыс тілдерін жете меңгеру мақсатында ғылыми сапармен Сирия, Мысыр, Түркияны (1851–54) аралады. * Қазан діни академиясында шығыс тілдерінен сабақ береді (1854–58). * Орынбор шекаралық комиссиясында аудармашы (1858–61). * Қазан университеттінің профессор (1861–72) қызметтерін атқарған. * 1872 жылдан өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған Қазан мұғалімдер семинариясының директоры болды. ## Ғылыми жұмыстары * «Материалы к изучению киргизского наречия» (Қазан, 1861) атты 200 беттік еңбегінің алғашқы 40 беті Қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасына арналған да, қалған 160 беті Қазақша-орысша сөздік ретінде берілген. * Басқа да түркі тілдерін зерттеумен қатар ауыз әдебиеті нұсқаларын жинастырумен де («Ер Тарғын», Қазан, 1862; «Қисса Рабғузи», Қазан, 1859), этнограф, тарих мәселелерімен де шұғылданды (мыс., «Бабыр сұлтанның жазбалары», 1857). Патшалық Ресей үкіметі Еділ, Орал, Сібір аймақтарындағы «бұратана» халықтарға оқу-ағарту ісін жүргізуде Ильминский Николай Ивановичтің «педагогикалық жүйесін» қолданды. Осыған орай мектепте оқытудың білімдік мәнінен гөрі діни-насихаттық жағы басым болды. Осындай кемшіліктерге қарамастан Ильминский Николай Иванович отар халықтардың білім беру ісін дамытуға елеулі үлес қосты. Араб әліпбиі орнына орыс графикасына негізделген әліпби ұсынды. Ағартушы ғалым Ы.Алтынсаринмен қызметтес болып, ол туралы естелік жазды. ## Дереккөздер * Профессор Н.И.Егоров. Выступление на чувашском языке (Круглый стол, посвященный к 195-летию со дня рождения Н.И. Ильминского, 120-летию Н.Н. Поппе и 145-летию К.П. Прокопьева). Чăвашла. * Сергей Щербаков: Миссионерско-просветительская система Н.И. Ильминского и чуваши: две стороны одной медали * Agabazar: Сумбур вместо гармонии
Иманбаева Сәуле Тоқтарқызы (1957 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы) – педогокикалық ғылыми докторы (2007), Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Ресей халықаралық педогокикалық ғылыми және білім беру академиясының корресподенттік мүшесі. ҚазҰПУ-дың матем. факултетін (1991) және Қазақ Ұлттық білім беру академиясының аспирантурасын (1997) бітірген. Иманбаева Сәуле Тоқтарқызы Қазақ Ұлттық білім беру академиясында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер, Маңғыстау «Болашақ» университеттінің оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1986–2002). 2002 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педогокикалық университеттінде декан қызметін атқарады. Иманбаева Сәуле Тоқтарқызы 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның («Қоғамның Әлеуметтікдаму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі») авторы. ## Дереккөздер
Альфарид Низамұлы Илялетдинов (16.1.1929 жылы туған, Қызылорда облысы Бесарық станциясы) – биология ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1971). Мәскеу мемлекеттік университетіін (1951) және оның аспирантурасын (1954) бітірген. Қазақстан ғылымдар академиясының Топырақтану ғылыми-зертеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1954–57), ал 1957 жылдан Микробиология және вирусология ғылыми-зертеулік институтында ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, осы институт директорының ғылыми жөніндегі орынбасары (1960–61), директоры (1966–95), сонымен қатар Ғылымдар академиясының биология ғылымдары бөлімшесінің академигі-хатшысы (1976) және Ғылымдар академиясының Төралқасының мүшесі (1985–90) болды. «Минералды қосылыстардың биологиялық жолмен мобилизациялануы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері табиғаттағы органикалық және минералдық заттардың айналымындағы микроорганизмдердің рөлін зерттеуге және оларды мал азығын өндіруде қолдануға арналған. Ол өнеркәсіптің ластанған суларын ауыр металдар ионынан, цианидтерден және органикалық заттармен ластанулардан тазарту үшін микроорганизмдерді пайдалану жөнінде іргелі ғылыми-зерттеулер жүргізіп, бұрын ғылымда анықталмаған факультативті анаэробты бактерияларды тапты. Ол көп жылғы жүргізілген ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде шырынды мал азығы – сүрлемнің құнарлылығын арттыру мақсатында құрғақ бактериялық ашытқыларды, физиологиялық мақсаттағы бентобак–пробиотиктерді тауып, оларды өндіріске енгізуге тікелей басшылық етті. Илялетдинов Альфарид Низамұлының жетекшілігімен ауыл шаруашылығы малдарының төлдерінде және құс балапандарында кездесетін колибактериоз ауруын емдеу үшін сүт және пропион қышқылы бактерияларынан даярланған – лакотовит препаратын ветеринариялық тәжірибеге енгізу жолға қойылды. Илялетдинов Альфарид Низамұлы 193 ғылыми-зертеулік еңбектің авторы, 20 авторлық куәлігі бар. «Құрмет Белгісі» орденімен (1981) марапатталған. ## Дереккөздер
Заң — аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3 тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт. Заңнамалық акт — конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары; Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер — заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; Заңнама — белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы; Кодекс — осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң; Конституциялық заң — Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң. ## Сілтеме * Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., №2-3, 25-құжат; Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми вебпорталы http://kz.government.kz/documents/presidlaw/laws/page3.html Мұрағатталған 8 ақпанның 2011 жылы.
Қоңыр — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Жосалы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жымпиты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1237 адам (623 ер адам және 614 әйел адам) болса, 2009 жылы 927 адамды (477 ер адам және 450 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1961-1997 жылдары “Жосалы” қой өсіретін кеңшардың орталығы болды. Соның негізінде 1997 жылдан бастап Қоңырда және округке қарасты Былқылдақ, Кеңаша, Тамды ауылдарында ЖШС құрылған. ## Дереккөздер
Бақытжан Жамаладинұлы Жанмолдаев (1955 наурыздың 29-ында туған) – техника ғылымдарының докторы (2004), профессор (2004). ## Қысқаша өмірбаяны * 1982 - ҚазМУ-ды ( қазіргі ҚазҰУ) бітірген. * 1983–1990 - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесінде оқытушы; * 1990–1993 - Мәскеу инженер-құрылыс институтында аспирант; * 1993–2001 - Қызылорда қаласының жоғары оқу орындарында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарды. * 2003 жылдан - Қызылорда мемлекеттік унститутінің Қашықтан оқыту және мамандарды қайта даярлау орталығының директоры қызметінде. Ғылыми еңбектері тұтқыр, серпімді пластиналар мен құрылым тербелістерінің математика теориясын құру және ол тербелістерге температураның тигізетін әсерін зерттеуге арналған. ҚР Білім және ғылым министрінің «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Қоңыр — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Ақжар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 76 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы 1965 –1997 жылдары сүт-көкөніс дайындайтын кеңшардың бөлімшесі болған. Соның негізінде 1997 жылдан бастап Қоңырда бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Қоңыр — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Қоңыр ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1961 –1997 жылдары Қапал ауданының қой өсіретін ұжымшарының орталығы болған. Соның негізінде Қоңырда және округке қарасты Алмалы, Көктөбе, Қоянды ауылдарында өндірістік кәсіпорын және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Қоңыр ауылында Шәмші Қалдаяқов, Оразбек Бодықов, т.б. бірқатар қоғам және өнер қайраткерлерімен үзеңгілес болған ауылдың құрметті тұрғындары Иманалин Мырзабек, Тынышбаева Сағынбала өмір сүрген. Сондай-ақ Сайын Мұратбеков, Ғали Орманов, Қажыбек Бекбосынов сынды зиялы тұлғалар осы ауылдың тумалары. ## Дереккөздер
Қоңыр Жүсіпұлы (1860, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр өңірі – 1944, Қарақия ауданы Жетібай жері) – сазгер, күйші-домбырашы. Абыл, Есір, Құлшар, Есбай күйлерін жеткізген. Өзінің “Қоңыр”, “Өттің өмір”, “Дәуір” сияқты күйлерінде өмір, заман туралы толғанысы аңғарылады. Қоңыр Жүсіпұлының домбырасы Құрық кентіндегі қазақ орта мектебінің өлкетану мұражайында сақтаулы. Қоңырдың күйлерін кезінде Қ.Қожантаев пен Т.Ыбыраев халық арасында орындап таратқан; олардың орындауынан маңғыстаулық күйшілер Р.Айдарбаева мен С.Шәкіратов Қоңырдың күйлерін нотаға түсірді және тарихшы М.Нығметоллаевпен бірге кеңінен насихаттады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ЖЕТІ ҚАЙҚЫ Мұрағатталған 20 мамырдың 2015 жылы.
Жанпейісов Ербол Несіпбайұлы (1930 желтоқсанның 27-інде, Абай облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылы - 2012 жылдың 26 маусымы, Алматы қаласында) - тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Жанпейісовтің «Абай мен Әуезов тіліңдегі ортақ ернектер» атты ғылыми зерттеу мақаласы («Жұлдыз», № 2, 1964) мен «М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі» деген монографиясы (1976) жарық керді. Ғалым бұл еңбектеріңде Абай мен Әуезов шығармашылығы сөздік қорларының ортақ екенін, шығармаларында сөздерінің дыбыстық құрылысы жағынан әуезді болып келетінін, жеке сөз түріндегі не тіркес қаппындағы қайталаулардың, синтаксистік егіздеулерінің орнықты болатынын, тубірлес сөздерді жарыстыра қолданатындарын, бір-бірімен мағыналас, өзара ұғымдас сөздерді үстемелей, қосарланып пайдаланылатындарын атап керсетті. ## Қысқаша өмірбаяны * 1953 - Қазіргі ҚазҰУ-дың филология факультетін; * 1956 - аспирантурасын бітірген. * 1957 жылдан - Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер. «Қазақ тілінің этномәдени лексикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әр түрлі тақырыпта жазылған 70-тен астам мақаланың авторы. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1993). ## Дереккөздер
Ильенков Эвальд Васильевич (18.2.1924, Ресей, Смоленск қаласы – 21.3.1979, Мәскеу қаласы) – Философиялық ғылыми докторы (1960). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1943–45). Мәскеу мемлекеттік университеттін бітірген (1950). Ильенков Эвальд Васильевич 1950 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО ғылым академиясының Философиялық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ильенков Эвальд Васильевич диалектиканың, диалектикалық логиканың түбегейлі мәселелерін философия тарихымен, неміс классикалық философиясының жетістіктерімен байланыстыра зерттеп, адам ойының табиғаты, ойлау заңдылықтары, идеалдылық, т. б. проблемаларды зерделеді. Оның еңбектері Германия, Италия, Ұлыбритания, Грекия, Жапония, т. б. елдерде жарық көрді. ## Сілтемелер
Ұлбосын Ахметжанқызы Жанпейісова (1955 қаңтардың 15-інде Қызылорда қаласында туған) – педагогика ғылымдарының докторы (1999), професор (2000). ## Қысқаша өмірбаяны * 1976 - Қазіргі Қазақ ұлттық педагогика университетін бітірген. * 1976–79 - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында мектеп мұғалімі; * 1979–87 - Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер болды. * 1987 жылдан - ҚазПИ-де доцент, професор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың теориялық негіздері (лексикалық аспектісі)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 150-ден астам ғылыми мақаланың, монография, әдістемелік құралдар мен сөздіктердің авторы. ## Дереккөздер
Роман Жанпейісов (1924 сәуірдің 10-ында, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1982), профессор (1984). ## Қысқаша өмірбаяны * 1950 - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. * 1958 жылдан - Қазақстан ғылым академиясының Топырақтану ғылыми-зерттеу институтында топырақ эрозиясы бөлімін басқарды. Жанпейісовтың ғылыми еңбектері Қазақстан жер қыртысының эрозиясын зерттеуге арналған. Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.. ## Дереккөздер
Жұмабек Шәбденаманұлы Жантаев (1947, Алматы облысы Іле ауданы Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев ауылы) ауылы) – физика-математика ғылылымдарының докторы (1996). ## Қысқаша өмірбаяны * 1970 - Қазақ политехнологиялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университет) бітірген. * 1984–90 - Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институтында; * 1984–90 - Сейсмология тәжірибелік-методикалық экспедицияда жауапты қызметтер атқарды. * 1990–97 - «Қазақ селден қорғау» мекемесінде директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, лаборатория меңгерушісі, ғылыми-өндірістік кешен директоры болды. * 1997 жылдан - осы мекеменің «Болжау» ғылыми-өндірістік кешенінде жетекші ғылыми кеңесші. * 1995 ж. «Модель напряженного состояния неоднородной земной коры и ее приложения к условиям Тянь-Шанского сейсмогена» деген тақырыпта докторлық диссертаци қорғады. ## Дереккөздер
Қорлан Қабыкенқызы Жанпейісова (1952 желтоқсанның 17-і, Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би) – педагогика ғылымдарының докторы (1993), професор (1994). ## Қысқаша өмірбаяны * 1976 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ), Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1987) бітірген. ҚазПИ-де аға лаборант (1976–77). * 1977 жылдан - осы оқу орнында қызмет істейді. Негізгі ғылыми еңбектері жоғары сынып оқушыларының саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелерін зерттеуге арналған. 30-дан аса ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Жану проблемалары институты – Қазақстандағы жану процестерін зерттеумен айналысатын жалғыз институт. 1989 жылы Алматы қаласында құрылған. ## Институт құрамындағы лабораториялар: * өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез көмегімен отқа төзімді заттар алу; * гибридтік технологиялар; * композициялық материалдар; * жалын негізінде синтез; * құрылыстық және функционалдық керамика; * өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез көмегімен катализаторлар және пигменттер алу; * көмірсутектердің жану проблемалары; * құрылыс материалдары; * қозғалтқыштардағы жану процестері; * турбуленттік жану және материалтану. ## Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты: жану процесі негізінде жаңа бағалы заттар – материалдар мен композициялар алу. Институтта пеш қалауға арналған отқа төзімді «Фурнон» материалдары, дәнекерлеу электродтары, құрылыс жұмыстарына арналған пигменттер мен бояулар, ағын суды тазалауға арналған көміртекті сорбенттер, қышқылға төзімді материалдар, дәнекерлеу электродтарын қаптауға арналған флюстер мен шихталар, детальдар мен бұйымдар алуға арналған толтырғыш полимерлер, оттан қорғаушы коррозияға қарсы «Бірлік-М» қаптамасы, тұрмысқа қажет отын брикеттері жасалып, өндіріледі. Құрылғаннан бастап институт өзін-өзі қаржыландырады. Жыл сайын институт қызметкерлерінің жүргізген зерттеу нәтижелерін баяндайтын ғылыми жинақ шығарылады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Білім. Ғылым. Өндіріс Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Есмұхан Мұхитұлы Жанұзақов (1932 мамырдың 5-інде Атырау облысы Исатай ауданы Мыңтөбе ауылы туған) – физика-математика ғылымдарының докторы (2001). ## Қысқаша өмірбаяны * 1954 - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. * 1955–63 - Атырау педагогикалық институтында аға оқытушы; * 1962–66 - Қазақ политехнологиялы институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университет) аға оқытушы болды. * 1966–69 - Мәскеу авиация институтының аспиранты; * 1970–73 - Қазақ политехнологиялық институтында доцент; * 1972–97 - кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Есмұхан Мұхитұлы Жанұзақов 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Мұрат Ахметұлы Жанұзақов (1955 наурыздың 23-інде Павлодар қаласында туған) – медицина ғылымдарының докторы (2005), професор (2007), Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006). ## Қысқаша өмірбаяны * 1978 - Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы); * 1987 - Мәскеудің 1-медицина институтының аспирантурасын бітірген. * 1978–83 - Павлодар облысы Павлодар ауданы Чернорецк ауылында терапевт-дәрігер; * 1987–90 - Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент; * 1990–2005 - курс жетекшісі, доцент қызметтерін атқарды. * 2007 жылдан - кафедра меңгерушісі. «Диабетическая нефропатия: распространенность, ранняя диагностика, профилактика и лечение» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Мұрат Ахметұлы Жанұзақов 80-нен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы, 4 өнертабыс патенті бар. ## Дереккөздер
Имамбаев Сағидолла Елемесұлы (4.2.1940 жылы туған, Орынбор облысы Қуандық қаласы) – медициналық ғылыми докторы (1991), профессор (1992). Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын (1965) және 2-Мәскеу мемлекеттік медициналық институтының аспирантурасын (1970) бітірген. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында дәрігер, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында ассистент, доцент (1970–89) қызметтерін атқарды. 1989 жылдан кафедра меңгерушісі. 1990 жылы «Действие непрямых антикоагулянтов при различном характере питания» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Имамбаев Сағидолла Елемесұлы 70-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның, 2 өнертабыстың авторы. ## Дереккөздер
Телғожа Сейдінұлы Жанұзақов (1927 шілденің 15-інде Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы) - филология ғылымдарының докторы (1976), професор (1991). ## Қысқаша өмірбаяны Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. * 1951 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. * 1952–81 - Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер; * 1981–94 - бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. * 1995 жылдан - осы институттың бас ғылыми қызметкері. «Основные проблемы ономастики казахского языка» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жанұзақовтың ғылыми-зерттеулер жұмыстары қазақ тіл білімінің лексикография, терминология, ономастика салаларына арналған. 5 ғылыми монографиясы, 10 кітабы жарық көрген. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988). ## Дереккөздер
Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев (15.6.1941 ж.т., Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылы - 19.10.2023 ж., Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1997). Шапырашты, оның ішінде Еcқожа руынан. ҚазМУ-ды (1967, қазіргі ҚазҰУ) және КСРО Ғылымдар Академиясының Мемлекеттік және құқық институтының аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстан Ғылымдар Академиясының Философия және құқық институтында (1967–70), Алматы облысы сотында (1973–78) қызмет істеген. Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы (1978–81) болған. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика университеті) мен ҚазМУ-да доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ағыбаевтың ғылыми жұмыстары қылмыстық құқық, криминал мәселелерін зерттеуге арналған. Ағыбаев 120-дан астам еңбектің, оның ішінде 2 монография, 10 ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының авторы. Қарасай батыр, Сұраншы батыр, Сүйінбай, Жамбыл туралы бірнеше тарихи очерктері үшін халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлық лауреаты болды. ## Дереккөздер
«Ағыбай батыр» – тарихи жыр. Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан белгілі батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802–85) ерлік істерін баяндайды. Жырдың екі нұсқасы сақталған. Қарағандылық жыршы Тәужи Айнатасов жинаған «Ағыбай батыр» жырында Кенесарының түрікмен елінен бір тұлпар әкеп беру туралы өтінішін орындауға аттанған Ағыбай батырдың сапар кезіндегі ерліктері баяндалады. Нұсқа толық емес, он бір буынды, қара өлеңмен жазылған. Жыр оқиға желісі, құрылысы, суреттеу тәсілі жағынан өте қызғылықты. Романтикалық сарын басым. Ақын, халық ауыз әдебиетін жинаушы Нұрғали Бейсеновтен 1949 ж. жазып алған "Ағыбай батыр" жырының 2-нұсқасы көркемдігі мен мазмұны жағынан құндырақаласы Ағыбай нақтылы өмірде Ресей отаршыларына қарсы күрес жүргізсе, жырда қалмақпен соғысып ерлік көрсетеді, даңқы бүкіл елге жайылған қолбасшы атанады. Бұл жыр да он бір буынды қара өлеңмен жазылған. Батыр ерлігі тарихи жыр шеңберінен асып, ертегі сарынымен бейнеленген, осы арқылы жырдың тарихи-әлеум. идеясы айқын байқалады. Ағыбай батырдың елін сыртқы жаудан қорғау жолындағы ерлік істері туралы осындай мазмұндағы басқа нұсқалар Қазақстан Ғылымдар Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы. «Ағыбай батыр» жырының Т.Айнатасов жинаған нұсқасы «Ақжолтай Ағыбай батыр» жинағында (Жезқазған, 1992) жарияланған. ## Дереккөздер
Қайрат Ілиясұлы Адамбеков (3.1.1948 жылы туған, Алматы облысы Талғар қаласы) – педогогика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1993), Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2004). Қазақ дене шынықтыру институтын (1970, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) және Мәскеудің мемлекеттік орталық дене шынықтыру институтының аспирантурасын (1978) бітірген. Алматы қалалық комитетінде нұсқаушы (1970), Қазақ дене шынықтыру институтында оқытушы (1971–75), аға оқытушы (1978–83), доцент, деканның орынбасары (1983–85), спорт факультетінің деканы (1985–98), ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (2000–04), деканы (2004–08) қызметтерін атқарған. «Оқушы жастардың дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері» деген тақырыпта докторы дисселосы қорғаған. Оның ғылыми жұмысының бағыты – дене тәрбиесі мен мәдениеті және спорт мәселесі. Адамбековтың 100-ден астам ғылыми-әдістемелік мақаласы жарияланған. 60-тан аса ғылыми еңбектің, соның ішінде 4 монографияның авторы. Талғар қаласының құрметті азаматы (2008). ## Дереккөздер
Ажбенов, Валерий Кеңесұлы (1942 ж.т., Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз (ауыл)) – энтомолог, биология ғылымдарының докторы (1995), профессор (2000). Қазақ мемлекеттік а. ш. институтын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) бітірген. Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерт. институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер, жетекші маман, лаборатория және бөлім меңгерушісі (1963–2000), ал 2000 жылдан «Фитосанитария» кәсіпорыны бас директорының орынбасары, Ақмола агр. институтының профессор қызметтерін атқарады. А. 110 ғылыми еңбек пен 2 монографияның авторы. Шығ.: Өсімдіктер әлемін қорғаудың математикалық үлгісін жасау әдістері мен принциптері, А., 1989; Фитосанитарлық диагностика, М., 1995; Шегірткелер ауылшаруашылық өсімдіктерінің қас жауы, А., 2000.
Адуов, Мүбәрак (1950 ж.т.) – техникалық ғылымдарының докторы (2008), Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1975, қазіргі Қазақ агротех. университеті) бітірген. Павлодар облысы «Шідерті» кеңшарында инж.-контролер (1976), Қазақ агротех. университетінде ассистент, аға оқытушы болды (1977), 1977 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Адуов 97-ге жуық ғылыми еңбек жазған. 1 оқулық, 4 оқу құралының авторы.
Адам және жануарлар физиологиясы институты, Қазақстан Ғылымдар Академиясының ғылыми-зерт. институттарының бірі. 1945 ж. құрылған. Оның лимфа және қан айналысы, ас қорыту, лактация (сүттену), нейрогуморальдық реттеу, бейімделу және лимфалық жүйе физиол-сы лабораториялары бар. Негізгі ғылыми-зерт. жұмыстарының бағыттары: лимфаның құрамы мен қасиетінің өзгеру заңдылығын, түзілуін және оған әсер ететін факторларын, ас қорыту, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері қызметін зерттеу. Құрылғаннан бері институт ғалымдары гисто-физиологиялық зерттеулерін (Н.О.Базанованың басшылығымен), адамның естен танып ауыратын дертін емдеу жолын (А.П.Полосухин); фистулалық әдіс арқылы малдың ас қорыту ерекшелігін білу (ҚАЛАСЫТ.Тәшенов); ірі қара малдың сүттілігін арттыру, бие сауатын «Темп» аппаратын шаруашылыққа пайдалану жолын (Х.Д.Дүйсембин) ұсынды. Сондай-ақ диспепсия, энтерит дертін емдеуге қажетті кермек және таран өсімдіктерінен жасалған тұнба ерітінділерін алу, киікоты өсімдігінен жасалған дәрімен жүрек ауруын емдеу жолын (Ф.Ж.Жұмағалиева); Қазақстанда экол. жағдайдың нашарлауына байланысты қолайсыз факторлардың (қорғасын, улы газ, т.б.) организмге зиянды әсерін және одан қалай сақтану жолдарын, ауыр металдардың қан мен лимфаға, бауыр мен бүйрекке, денедегі зат алмасу, ас қорыту, сүт шығу процестеріне әсерін анықтайтын ғылыми-зерт. жұмыстарын жүргізді. Адамның ғарышты игеруіне байланысты ғылыми бағдарлама бойынша зерттеулер жүргізілді (мысалы, Қазақстан ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтың ғарышқа ұшар алдындағы және жерге қонғаннан кейінгі қанының құрамы зерттелді).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том
Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады. Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы керек. Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады. Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр. Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин. Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады. Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі таралуы біркелкі емес. Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкада өндіріледі, онда тағы зүмірет, көгілдір зүмірет (аквамарин), аметист, малахит кездеседі. Азияда қызыл және көк лағылдың, жадеиттің, бирюзаның, ақықтың әлемдік қорлары бар. Австралия асыл опат, родонит, хризопраз және көк лағылымен әйгілі. Солтүстік Америкада бирюза, нефрит, турмалин кендері тараған. Оңтүстік Америка зүмірет, топаз, ақық және аметист кендеріне бай. Геологиялық құрылымының күрделілігіне байланысты Қазақстанда асыл тастардың көпшілігі кездеседі. Олардың ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар. Қазіргі кезде жоғарғы температура мен қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б. алынады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Асыл металдар ## Сыртқы сілтемелер * Тылсым сырлы асыл тастар Бізге табиғаттың күш-қуатын сыйлайды(қолжетпейтін сілтеме) * Музей истории горного и плавильного дела п.Жезды
«Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы — Қазақстандағы авиацияның барлық саласы бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орны. Ол 1995 жылы Киев азаматтық авиация инженерлері Халықаралық институтының оқу-жаттығу орталығының негізінде Алматыда құрылған. Азаматтық авиация академиясы инженер-механик, инженер-электрик, радиоинженер, авиация көлігіндегі экономика мен менеджмент, инженер-ұшқыш, борт-инженері, әуе қозғалысын басқару мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. ТМД елдерінің Халықаралық авиация комитетінің арнайы сертификатын алып (1996), Халықаралық деңгейдегі оқу орны ретінде танылды. Академияда Қырғызстан, Тәжікстан, Палестина, т.б. елдердің азаматтары да оқиды. Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бар. 70 кәсіби білімі жоғары оқытушылар дәріс береді. Олардың 5-еуі профессор, 20-сы ғылыми кандидаттары, 10-ы 1 сыныпты нұсқаушы (1998). Азаматтық авиация академиясы ҚР Қорғаныс минститрлігінің жүйесі үшін де маман кадрлар (әуе күштері әскерлерінің борт-инженерлерін) даярлайды. 2013 жылы 3 қыркүйекте академия жанынан «Қазақстан және Орта Азия аймақтық авиациялық қауіпсіздік оқу орталығы ашылды». ## Дереккөздер “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
Эдуард Азнабаев (1936-1996, Жамбыл облысы). Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1960). Геология-минералогия ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. 1953-1955 жылдары Мірғалымсай кенішінде жұмысшы, шахтер. 1960-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Батыс бөлімшесі отын-энергетика шикізатын пайдалану орталығында аға лаборант,аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, орталық бастығы, Қазақ минералды шикізат ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары. Қазақстан Республикасының құрметті грамотасымен марапатталған (1994). ## Дереккөздер
Айғабылұлы Айтбай (16.3. 1936, Ташкент облысы Шиназ ауданы Көтерме а. – 7.6.2001, Алматы қаласы) – филологиясы ғылыми докторы (1997), Қазақ КСР-і (1970) және КСРО оқу ісінің үздігі (1980). Ташкент педогогика институтын (1959) бітірген. Ауылдық орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі (1959–72), «Қазақ Совет энциклопедиясында» ғылыми, аға ғылыми редактор (1972–78), Білім проблемалары ғылыми-зертхана институтында бөлім меңгерушісі (1978–84), 1984 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-да аға оқытушы, доцент болып қызмет атқарған. «Қазақ тілі морфонологиясы» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Айғабылұлы Айтбай 6–7-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» (К.Ахановпен бірге) оқулығы, жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ тілін оқыту методикасы» (1988), «Қазіргі қазақ тілі» (1991) оқу құралдары авторларының бірі. ## Дереккөздер
Құрманбек Тәжмаханбетұлы Жантасов (1947 қазанның 27-індеШымкент қаласы) – ғалым, технология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2002). КСРО өнертапқышы (1984). ## Қысқаша өмірбаяны * 1974 - Қазақ химия-технологияның институтын бітірген. * 1974 – 75 ж. - Шымкент фосфор зауытында феррофосфор ағытқышы; * 1975 – 93 ж. - Қазақ гипрофосфор ғылым-зерттеу институтында инженер, кіші, аға ғылым қызметкер, бөлім, лаборатория меңгерушісі; * 1993 – 96 ж. - қазақ химия-технология институтында аға оқытушы; * 1999 – 2002 ж. - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент, органикалық емес заттардың химия технологиясы кафедрасының профессоры 180-нен астам ғылым еңбектің, оның ішінде 15 оқулық пен оқу құралдарының, 45 авторлық куәлік пен патенттердің иесі. 4 ғылым жаңалығы Шымкент фосфор зауытының өндірісіне енгізілген. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005). Бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Айдарлы төбе – Қазақстандағы көне қала орны. Созақ ауданы орталығынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. 1970 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Айдарлы төбенің қазіргі көрінісі дөңес, ұзындығы 60 м, биіктігі 3,5 м. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Төбе үстінен жинастырылған қыш ыдыстардың жасалу тәсілдері б. з. 6 – 7 ғасырларда болған қала орны екенін көрсетеді. ## Сілтемелер
Жұмабек Шәбденаманұлы Жантаев (1947, Алматы облысы Іле ауданы Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев ауылы) ауылы) – физика-математика ғылылымдарының докторы (1996). ## Қысқаша өмірбаяны * 1970 - Қазақ политехнологиялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университет) бітірген. * 1984–90 - Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институтында; * 1984–90 - Сейсмология тәжірибелік-методикалық экспедицияда жауапты қызметтер атқарды. * 1990–97 - «Қазақ селден қорғау» мекемесінде директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, лаборатория меңгерушісі, ғылыми-өндірістік кешен директоры болды. * 1997 жылдан - осы мекеменің «Болжау» ғылыми-өндірістік кешенінде жетекші ғылыми кеңесші. * 1995 ж. «Модель напряженного состояния неоднородной земной коры и ее приложения к условиям Тянь-Шанского сейсмогена» деген тақырыпта докторлық диссертаци қорғады. ## Дереккөздер
Сәуле Айдарова (1950 ж. Шымкент қаласы) – химия ғылымдарының доктары, профессор (1993). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1972). 1973 – 92 ж. университетте лаборант,инженер, ассистент, аға оқытушы, доцент, докторант болды. 1993 жылдан кафедра профессоры. 1996 – 98 ж. университетінің химия факультетінің деканы. 3 ғылым кандидатын даярлаған. 130-дан астам ғылыми еңбегі бар. ## Сілтемелер
Бақытжан Жамаладинұлы Жанмолдаев (1955 наурыздың 29-ында туған) – техника ғылымдарының докторы (2004), профессор (2004). ## Қысқаша өмірбаяны * 1982 - ҚазМУ-ды ( қазіргі ҚазҰУ) бітірген. * 1983–1990 - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесінде оқытушы; * 1990–1993 - Мәскеу инженер-құрылыс институтында аспирант; * 1993–2001 - Қызылорда қаласының жоғары оқу орындарында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарды. * 2003 жылдан - Қызылорда мемлекеттік унститутінің Қашықтан оқыту және мамандарды қайта даярлау орталығының директоры қызметінде. Ғылыми еңбектері тұтқыр, серпімді пластиналар мен құрылым тербелістерінің математика теориясын құру және ол тербелістерге температураның тигізетін әсерін зерттеуге арналған. ҚР Білім және ғылым министрінің «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Арман Тергеуұлы Айдарханов (8.12.1963 ж.т., Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1998). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1987, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерт. институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, денсаулық басқармасының бастығы (1998–2000), ҚР Денсаулық сақтау агентігі төрағасының орынбасары (2000–01), ҚР Денсаулық сақтау минститулігінің вице-министрі (2001–04), 2004 жылдан Қазақ ұлттық медицина академиясының проректоры қызметтерін атқарады. «Совершенствование комбинированного и комплексного лечения местнораспространенного рака мочевого пузыря» деген тақырыпта докторы диссертациясын қорғады. А. 45 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Құрманбек Тәжмаханбетұлы Жантасов (1947 қазанның 27-індеШымкент қаласы) – ғалым, технология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2002). КСРО өнертапқышы (1984). ## Қысқаша өмірбаяны * 1974 - Қазақ химия-технологияның институтын бітірген. * 1974 – 75 ж. - Шымкент фосфор зауытында феррофосфор ағытқышы; * 1975 – 93 ж. - Қазақ гипрофосфор ғылым-зерттеу институтында инженер, кіші, аға ғылым қызметкер, бөлім, лаборатория меңгерушісі; * 1993 – 96 ж. - қазақ химия-технология институтында аға оқытушы; * 1999 – 2002 ж. - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде доцент, органикалық емес заттардың химия технологиясы кафедрасының профессоры 180-нен астам ғылым еңбектің, оның ішінде 15 оқулық пен оқу құралдарының, 45 авторлық куәлік пен патенттердің иесі. 4 ғылым жаңалығы Шымкент фосфор зауытының өндірісіне енгізілген. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005). Бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Азғыр ядролық полигоны (әскери шартты аты «Галит») – бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігі және Бүкілодақтық эксперименттік физика ғылыми-зерттеулер. институты («Арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. Ауданы — 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы көкектен 1977 жылы қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165-1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10-25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991—92 жылы осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды (“Азғыр” ядролық полгонындағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996 — 1997 жылы көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, мышьяк, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болып отыр. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. “Азғыр” ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстарғанда 2-2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95-і анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мысалы, 1992 жылы Құрманғазы ауданында ірі қараның 40-і, жылқының 35%-і, түйенің 30%-і, қойдың 20%-і өлген. ## Азғыр ауылы Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылынан 15 км-дей жерде орналасқан. Ауданы 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы сәуірден 1977 жылы қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165–1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10–25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991–92 жылы осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996–97 жылы көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак (ісік), сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мыс., 1992 ж. Құрманғазы ауданында ірі қараның 40%-ы, жылқының 35%-ы, түйенің 30%-ы, қойдың 20%-ы шығынға ұшыраған. ### Қазіргі жағдайы Ядролық физика институтының бөлім басшысы Виктор Николаевич Азғыр по­ли­го­нында көлемі 1,2 миллион текше метрді құ­райтын тоғыз жерасты шұңқырдың пай­да бол­ғанын айтады. Қолдан жасалған жа­ры­­лыстардың әсерінен ойылған жердің қор­­ша­ған орта мен сол мекенде қо­ныс­тан­ған тұр­ғындарға, малға қауіпті екені ғы­лы­ми түрде дәлелденді. 2005 жылдан бері аталған институт радиоактивті ластанудың 100-ден астам аса қауіпті дағын жойып ке­­лді. Радиоактивті металл конструк­ция­лар мен бөлшектердің де көзі құртылды. Ен­ді қауіпсіз деп танылған кейбір дақтарды да көзден таса қылу жайы қарастырылды. Жұмыс комиссиясы азғырлықтар ара­­сында арнайы сауалнама жүргізуді, 100 адам қатысқан бұл зерттеу қоры­тын­ды­­сын жыл аяғына дейін жарияламақ. Зерттеу нә­­тижесінде Азғырды мекендеген тұрғын­дар­дың ағзаларында нуклеидтердің бар-жо­ғы анықталып, радиация көлемі са­рап­талу жоспарланды. Қазіргі уақытта Азғырдағы қауіпті ай­мақтар қоршаусыз жатыр. Ядро­лық физика институты бұл жердегі шөп­тер­де радионуклеид жоқ деп тауып, сондықтан да жоғарыға төрт түлік мал таза шөп жеп жатыр деген есеп берді. Бірақ жартылай қоршалып, жартылай ашық-шашық күйінде жатқан бұл қауіпті аймаққа жерге өріс­тегі мал аттап баспайды дегенге сену қиын. ## Дереккөздер
Ғұбайдолла Айдаров (18 маусым 1921 жыл, қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайын Шапағатов ауылы – 1 наурыз 2001 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1974). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1994). ## Өмірбаяны Ғұбайдолла Айдаров 1921 жылдың 18 маусымында қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайын Шапағатов ауылының маңындағы Емір-Торты жерінде дүниеге келген. 30-жылдардағы түбекті жайлаған жұт пен ашаршылық кезінде отбасымен Жаңғақтың ойына, Шағадам шаһарына қоныс аударған. Бұл кезде қазақ ауылдарын жұқпалы ауру жайлап, көп адам ажал құшқан. Оның ішінде Ғұбайдолланың әкесі - Айдарда болып, шешесі Томан мен інісі ­Тортай үшеуі жат жерде жетім-жесір күй кешеді. Ер-азаматтар жағы күзгесалым Бесқалаға азық-түліктерін қамдауға шыққанда шешесі мен інісін асырап, табыс табу үшін он жасар Ғұбайдолла да ағайындарына ілесіп сапар шегеді. Бесқаланың бірі Ташауыз қаласына келген бетте Н.Айтақовтың тікелей нұсқауымен Айдаров балалар үйіне қабылданып, білім алады. Айдаров 1934-1935 жылдары Түрікмен КСР-інің Ташауыз қаласы педагогикалық училищесінің дайындық бөлімінде білім алады. 1935-1937 жылдары Красноводск қаласындағы Бауман атындағы техникумында оқыды. 1937-1938 жылдары Мары қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды. Еңбек жолын ауылдағы жетіжылдық мектепте мұғалім ретінде бастайды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1944 жылға дейін Ұлы отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін барлық қажыр-қайратын білім беру саласына арнады. Қатардағы мұғалімдіктен директорлық қызметке дейін көтеріледі. 1948 жылы Айдаров Шымкент оқытушылар институтын, 1952 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітіреді. Институттың аспирантурасында оқып жүргенде көне түркі жазуларына ден қояды. 1959 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болады. ## Ғылыми еңбектері Айдаров 250-ден астам ғылыми-зертхана еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы. Ғылыми-зертхана еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Айдаров, Ғұбайдолла ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген. ## Шығармалары: * Білге қаған ескерткішінің тілі, А., 1966; * 8 ғ-дағы көне түркі жазулы орхон ескерткіштерінің тілі, А., 1971; * Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі (оқулық), А., 1986; * Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1991. ## Дереккөздер
Аймағамбетова, Қазына (3.5.1936 ж.т., Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз а.) – педогогика ғылыми докторы (1998). ҚазПИ-дің (1957, қазіргі ҚазҰПУ) геогр. факультетін бітірген. «Балдырған» журналы редакциясында (1958–61), педогогика ғылыми-зерт. институтында аға ғылыми қызметкер (1961–70), бөлім меңгерушісі (1970–80) болды. 1980 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика университеті) декан қызметтінде. «Пәндік оқытудың теориясы мен әдісі» тақырыбында докторы дисселосы қорғады. А. 100-ден астам ғылыми еңбек пен оқу құралдарының («Табиғаттану» (1968, 1976), «Айналамен таныстыру» (1968), «Познание мира в 1 классе», «Изучение природоведения в малокомплектных школах» (1980), «Познание мира в 4 классе» (2000) және т.б.) авторы.