text
stringlengths
3
252k
Халел Арғынбаев (21.09.1924, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 08.08.1998, Алматы қаласы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1976), профессор (1982). Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан. Халел Арғынбаев 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін Талдықорған облысы Жаркент қаласында педагогика училищеде мұғалім, 1957 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші, аға ғылым қызметкері, этнологиялық бөлімінің меңгерушісі, институттың бас ғылым қызметкері болды. Қазақ халқының тарихи этнографиясын (көшпенділік, мал шарушылығы, қолөнері оқу ағарту, отбасы) зерттеуге зор үлес қосты. Осы салада 200-ден астам ғылым еңбектер, бірнеше ғылым монографиялар жазған. 1959–1976 жылы Қазақстанның бірқатар облыстарына арнайы ұйымдастырылған этнографиялық экспедицияларды басқарды. Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихи-этнография атласын жасауға ат салысты. Арғынбаев Қазақстандағы этнография ғылымының негізін салған академик Ә.Х.Марғұланның ғылым мектебі дәстүрін дамытты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Павлодар облысы әкімдігінің сайты : Тарихи тұлғалар
Гипоген минералдар – Жер қыртысының терең қабатындағы сұйық магма кристалданған кезде түзілетін минералдар. Олар магма суынғанда бөлінген газдар мен ыстық сулардан тұнады. Гипоген минералдарға балқыған күйдегі сульфид – оксид және силикат құрамды магманың суынуынан түзілген барлық минералдар (дала шпаттары, слюдалар, пироксендер, оливин, хромит, титан-магнетит, т.б.), газ күйіндегі қосындыларға бай магма қалдықтарының минералдары (топаз, берилл, т.б.), жапсарлық – метасоматик. процестердің минералдары (гранат, везувиан, т.б.), гидротермальдық кен желілерінің минералдары (флюорит, темір, марганец, түсті және сирек металдардың сульфидтері, алтынның теллуридтері, т.б.), жанартаудың ыстық буы мен газының минералдары жатады. Гипоген минералдардың көпшілігі үгілу процестерінің әсерінен гиперген минералдарға айналады. ## Дереккөздер
Қыдырқожа Әбдікәрімұлы Жаманқұлов (5.7.1940 жылы туған, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға ауылы) – медицина ғылымы докторы (1991), профессор (1991), Қазақстан Республикасы Медицина Ғылым академиясының корреспондент. мүшесі (1995). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ординатор, ассистент, кафедра меңгерушісі (1964–73) қызметтерін атқарды. «Санитарно-гигиеническое обоснование ранней диагностики и профилактики патологии от воздействия соединений хрома» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жаманқұловтың 100-ден астам ғылыми еңбегі, бірнеше кітаптары жарық көрді.
Хасен Қуандықұлы Арғынов (15.6.1926 жылы туған, Павлодар облысы Бесқарағай ауданы) – тіл маманы, педогогика ғылымдарының докторы (1971), профессор (1976). Уақ тайпасынан шыққан. Семей педагогика институтын бітірген (1951). 1951–1958 жылы республикалық мектептерінде оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1958–1961 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналдарында қызметкер. 1961–1963 жылы ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аспирант. 1963 жылы ҚР БМ жанындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында сектор меңгерушісі, кейін ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері мен республикада халық ағарту ісінің даму мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Арғынов Хасен Қуандықұлы Мұрағатталған 26 сәуірдің 2011 жылы.
Николай Александрович Аристов (1847 – 1910) – этнограф. Қазан университетінің заң факультетін бітірген (1864). ХІХ - ғасырдың 70-жылдары Түркістан өлкесіне келіп, Жетісу облысының әскери губернаторының қарамағында Құлжа істері жөніндегі кеңсенің меңгерушісі болып істеген. 1864–1868 жылы Тобыл губерниясының басқармасында, 1868–81 жылы Жетісу облысы мекемелерінде түрлі әкімшілік қызметтерде болды. Аристов халық шежіресіне сүйеніп рулық бірлестіктердің таңбаларын зерттеді, тарихи деректер мен жаңадан дамып келе жатқан антропология зерттеулерді негізге ала отырып, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздарының этнография құрамының тарихын жазды. «Түркі тайпалары мен халықтарының этн. құрамы жайлы және олардың адам саны жөнінде мәліметтер» аталатын еңбегінде түркі тайпалары мен халықтарының әлемдік тарих сахнасына шығу кезеңінен бастап, 19 ғасырдың аяғына дейінгі тарихы, этнография құрылымы, орналасуы, халқының саны, Қазақстанның Ресеймен, басқа да елдермен қарым-қатынасы туралы деректер берілген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности», «Живая старина», выпуск III—IV, 1896 г. Мұрағатталған 12 шілденің 2009 жылы. * «Опыт выяснения этнического состава киргиз-казахов Большой Орды и кара-киргизов на основнии родословных сказаний и сведений о существующих родовых делениях и о родовых тамгах, а также исторических данных и начинающихся антропологических исследований», «Живая старина», выпуск III—IV, 1894 г. Мұрағатталған 12 шілденің 2009 жылы.
Төлеген Мүсілімұлы Ермеков (28 желтоқсан 1936 ж., Алматы қаласы – 8 сәуір 2001 ж., сонда) – техника ғылымдарының докторы (1992), Қазақстан ғылым академиясының корреспонденция мүшесі (1994). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан. Қарағанды политехника институтын бітірген (1962). Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика секторында аға зертханашы, аға инженер (1962–66), Қазақстан ғылым академиясының Тау-кен ісі инстиутында аспирант, аға ғылыми қызметкер (1966–88) болып қызмет істеген. 1989 жылдан өмірінің соңына дейін осы институтта зертхана меңгерушісі болды. «Геомеханическое обеспечение устойчивости очистного пространства при разработке мощных пологих рудных залежей камерно-столбовой системой» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеулері геомеханика проблемаларына арналған. Ол тау жыныстарын теориясын және тәжірибелік әдістермен зерттеу нәтижесінде тазартпа кеңістігінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешті. ## Дереккөздер
Жеткерген Әнесұлы Арзықұлов (2.7.1957 жылы туған, Қызылорда облысы Арал қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1996). Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі (2005). Ақтөбе мемлекет медицна институтын (1980, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет медициналық академиясы) бiтiрген. 1982–84 жылы Ақтөбе қаласындағы т. жылы ауруханасында дәрiгер-онколог. 1984–1993 жылы Ақтөбе облысы онкология диспансерiнiң торокалды бөлiмiн ұйымдастырып, оған басшылық еттi. 1993–1996 жылы Ресей Онкология ғылым орталығында докторант, 1996–2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекет медицина академиясында онкология кафедрасының меңгерушiсi. 2001 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры. А. ESSO, ASKO, ISDS және Ресей онкологтар қоғамының мүшесi. 240-тан астам ғылым еңбектiң, 4 монографияның, 16 оқулық пен 17 жаңалықтың авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Дат!. Қазақтар қатерлі ісік дертін ажал үкіміндей қабылдайды Мұрағатталған 12 желтоқсанның 2010 жылы. * Орал онкология орталығы халықаралық ... - Егемен Қазақстан газеті(қолжетпейтін сілтеме) * Айқын | Республикалық қоғамдық - саяси газет - Обырдан арашалайтын ..
Тыныштық Нұрдәулетқызы Ермекова (22 қараша 1966 жылы туған, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылы) – филология ғылымдарының докторы (2007), профессор (2007), ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы (2008). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының филология факультетін (1988, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) бітірген соң осы институтта аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент (1990–2004) болып істеді, ал 2005 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Компонентер құрылысының құрмалас сөйлемнің семантикаграмматикалық сипатына қатысы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми жұмысының бағыты – функционалды грамматика және түркология мәселелері. Ермекова 100-ге жуық ғылыми мақаланың, оның ішінде 2 монографияның және оқу-әдістемелік құралдарының авторы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер http://www.zhenpi.kz/lnmessage.html Мұрағатталған 6 қазанның 2011 жылы.
Сәуле Әлиханқызы Ермекова (1942 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1996). Алматы мемлекеттік медицина институттын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және КСРО Медицина ғылым академиясының Эксперименттік медицина институты аспирантурасын (1971) бітірген. Қостанай қалалық ауруханасында дәрігер-хирург (1965–67), Хирургия ғылыми-зерттеу институтында дәрігер-биохимик (1967), Қазақ онкология және радиология институтында зертхана қызметкері (1972–90) болып істеді, ал 1992 жылдан топ жетекшісі қызметін атқарады. 1995 ж. «Дыхание и хроматин при радиосенсибилизации опухолей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ермекова 68 ғылыми-зерттеу жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Раиса Кәрімқызы Ермекова (2 ақпан 1941 жылы туған, Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Токаревка кенті) – медицина ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Медицина ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1995). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1965, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген соң осында стажер-ізденуші (1965–66), кіші (1966–71), аға (1971–83) ғылыми қызметкер болып істеді. 1983 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі қызметін атқарады. 1980 ж. «Полиаллергия в эксперименте» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері теориялық және клиникалық аллергология мәселелеріне арналған. Ермекова 250 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы; 11 авторлық куәлігі бар. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1980). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://qogam.kz/sen-tugan-kun/2-akpan/(қолжетпейтін сілтеме)
Бейімбет Бәйектіұлы Ермұқанов (10 маусым 1936 жылы туған, Астрахан облысы, Володар ауданы, Тюрин ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1980), профессор (1982), Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1986). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) және Мәскеу университетінің аспирантурасын (1963), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылым академиясының докторантурасын (1965) бітірген. Алматы жоғары партия мектебінде аға оқытушы, доцент, профессор (1967–87), Алматы педагогика шет тілдер институтының (1987–92, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ректоры, ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (1992–2000) болып істеді, 2000 жылдан осында профессор қызметін атқарады. «Борьба всеобщей конфедерации труда Франции за единство действий профсоюзов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ерұқанов 100-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің авторы. Оның есімі жалпы тарих саласындағы («Борьба ФКП за единство действий рабочего класса и левых сил», «Франция: профсоюзы и проблемы единства». 1958–78; «Казахстан: историко-публицистический взгляд», 1997; «Ежелгі Қазақстанның этникалық тарихы», «Хазарлар мен қазақтар: тарихи байланыс», 1998; «Қазақстанның көне тарихы», 1999; «Қазақстан: тарихи-публицистикалық көзқарас», 2000; т.б. кітаптары) тұңғыш қазақ ғалымы ретінде белгілі. Вьетнамның Хошемин қаласының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
«Ер Олжабай» – атақты қазақ батырларының бірі Олжабай Толыбайұлы туралы жыр. Ел аузынан жазылып алынған, шығарушысы белгісіз. Жырда суреттелетін оқиғалардан туған халқына құтты қоныс, жайлы мекен іздеп шарқ ұрған батыр бейнесі айқын көрінеді. Жырдың қолжазбасы Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхананың Қолжазбалар қорында сақтаулы. Бұл жырдан басқа, қолжазбалар қорында атақты батыр өмірінің әр кезеңін бейнелейтін аңыз-әңгімелер, жеке жыр-өлеңдер де бар. Мысалы, «Олжабайдың батыр атануы» атты аңыз-әңгімеде оның қалмақ батырын жекпе-жекте өлтіріп, алғаш батыр атану кезеңі суреттелсе, «Абылай ханның Сарыарқаны алғаны» атты аңыз әңгімеде оның қалмақ ханы Қалдан Сереннің әскерін қырғынға ұшыратқаны, ал «Олжабай батырдың Абылай ханға айтқаны» атты жырда батырдың адамгершілігі баяндалады. ## Сыртқы сілтемелер http://www.inform.kz/kaz/article/1229341(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
«Ер Сайын» – батырлық жыр. Көлемі 3000 жол, тілі шұрайлы. Жырда ноғайлы дәуірінің жорықтары баяндалады. Жыр ауызекі тарап кеткен. Оны 1870 ж. В.В.Радлов өз жинағында жариялаған («Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи», СПб., 1870). 1910 ж. Орынбор мұрағат комиссиясының ғылыми еңбектерінде «Бозманай» деген атпен басылды. Кеңес дәуірінде Ташкент (1922) пен Мәскеуде (1926) жеке кітап болып шықты. С.Сейфуллин құрастырған «Батырлар жыры» жинағында жарияланды (1933). Кейін «Ер Сайын» эпостық жыры екі рет баспа бетін көрген Радлов жинағында жарияланды («Алтын сандық», А., 1993; «Ел қазынасы – ескі сөз», А., 1994). Эпостың ықшамдалған нұсқасы А.Пеньковскийдің аударуымен «Литературный Казахстан» журналында орыс тілінде де жарияланды (1938), Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхананың Қолжазбалар қорында Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы, т.б. ауыз әдебиеті мұраларын жинаушылар жазып алған «Ер Сайын» жырының нұсқалары сақтаулы. ## Сыртқы сілтемелер http://adyrna.kz/?p=1898 ## Дереккөздер
Петр Васильевич Ермолов (28 қыркүйек 1938 жылы туған, Өзбекстан, Наманған қаласы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1982), профессор (1993), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003). Ташкент политехникалық университетін бітірген (1961). Шығыс Қазақстан өндірістік геология бірлестігінде геолог, аға геолог, Алтай іздеу-түсіру экспедициясының бастығы (1961–71), Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, осы институттың Алтай бөлімшесінің меңгерушісі (1971–84) және Қарағанды бөлімінде (1984–86), сондай-ақ Қазақстан ғылым академиясының Химия-металлургия институтында (1986–88) зертхана меңгерушісі, Геология ғылымдар институты Қарағанды бөлімінің меңгерушісі (1988–91), Қарағанды қаласындағы Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты директорының орынбасары, бас ғылыми қызметкері (1991–99) болып еңбек етеді. «Петрология гранитоидов Зайсанской складчатой области Восточного Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері метаморфтық және магмалық тау жыныстарының петрологиясын, колчедан-полиметалды және алтын кен орындарының геологиясын, минералогиясын зерттеуге арналған. Ол Шығыс Қазақстанның алғашқы 1:500000 масштабтағы геологиялық картасын құрастырған; 138 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 11 монографияның («Глубинные включения в гранитоидах складчатых областей», 1990) авторы. ## Дереккөздер
Аркук – орта ғасырдан сақталған көне қала орны. Қызылорда облысы Сырдария төмен ағысының батысында 6–7 км жерде орналасқан. Маңындағы Үзкент, Аққорған сияқты көне қала орнынан табылған ыдыстарға ұқсас қыш ыдыстардың табылуына қарап Аркук 14–18 ғасырлар аралығында болған деген болжам айтылады. 15 ғасырдың орта кезінен сақталған деректерде Әбілқайыр хан Аркукта болғандығы айтылса, 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басындағы араб-парсы деректерінде қазақ ханы Бұрындық пен өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің арасындағы осы қала үшін болған соқтығыстары туралы жазылған. Мұхаммед Шайбани ханның хатшысы ибн Рузбехан хан Аркук қаласынан әскеріне азық-түлік жинағандығын жазады. Аркук қаласы Сырдарияның құнарлы жағасында орналасып, егіншілікпен айналысқан маңызды елді мекен болған. Бұл аймақта археология зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич те қала төңірегі егістікке тартылған арық сұлбаларының көптігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар Аркук 6–12 ғасырларда болған деп есептелінетін Артық ата қаласына ұқсастығына назар аударады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * История Республики Казахстан - Казахское ханство во второй ... Мұрағатталған 7 маусымның 2008 жылы. * Аркук * Государство кочевых узбеков. Этнические компоненты Узбекского улуса Мұрағатталған 10 қарашаның 2011 жылы.
Хамза Ертазин – экономика ғылым докторы (2005 ж.). ## Қысқаша өмірбаяны Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.1968–71Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы «Тәуіп» кеңшарында экономисті;1971–74Ырғыз ауданы ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы;1974–83ҚР ауыл шаруашылық министірлігі жанындағы Қазақтың ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және экономика ғылыми-зертхана институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер;1983–86ҚР Мемлекет жоспарлау к-ті жанындағы экономика ғылыми-зертхана институтында мал шаруашылық мәселелері бойынша аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі;1986 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және жоспарлау кафедрасында ұстаз болып қызмет атқарады.2005 ж. «Проблемы развития агробизнеса в условиях рыночных отношений (на материалах Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Ол негізінен ауыл шаруашылығын реформалау, нарықтық қатынас кезіндегі кәсіпорындар түрлерінің құрылуы мен дамуы, оның экономика тиімділігін арттыру, агробизнестің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін зерттеумен айналысады. Ертазин Хамза 50-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 4 монографияның авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Ертазин Хамза докторлық диссертация
«Ер Тоқымбет» – жыр. Жыр оқиғасы жоқшылықпен өткен кедей жігіт Тоқымбеттің махаббат жолындағы ерлік күресін баяндауға құрылған. Сүйген қызымен қосылуды қалаған бас кейіпкер – өр рухты, жігерлі, қиыншылыққа төзе білген қайсар мінезді батыр, мерген, әнші, сері. Осы қасиеттері оны өз мақсатына жеткізеді. Дастанның бес нұсқасы бар. Адам аттарындағы өзгешелік болмаса, мазмұндары бірдей. Торғайлық халық ақыны Файзолла Сатыбалдыұлы ел аузынан естіп жазған «Тоқымбет» атты поэмада Тоқымбеттің Гүләйім деген бай қызына ғашық болып, өмірде болған адам, аға сұлтан Ерден батырдың олардың отау тігуіне қол ұшын беруі көркем суреттеледі. Файзолла ақынның осы поэмасының Жақып Ыбыраев ел аузынан жинаған нұсқасы толық та, Рақа Шәріпұлы жинаған нұсқасы толық емес. Екеуі де 11 буынды қара өлеңмен жазылған. Осы жырдың қарағандылық Асылбек Ахметов қара сөзбен баяндаған нұсқасы екі бөлімнен тұрады: 1-бөлімде Тоқымбеттің нағашысы Сүлеймен оқиғасы баяндалса, 2-бөлім бас кейіпкердің әңгімесі арқылы өрбиді. Халық ақыны Болман Қожабаев жырлаған осы дастанның 5-нұсқасы да толық. Жырдың барлық нұсқасы Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорларында сақтаулы. ## Дереккөздер
Арқалық батыр (18 ғасырдың соңы – 19 ғасырдың басы, ҚХР, Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы) — қазақ батыры. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста даңқы шыққан. Абақ Керей төресі Әжі Когедай ұлына наразы топты бастаған. Бұл күресте оған калмақтың Қарамертен, Қоңқа деген батырлары қосылған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз әңгімелер, жырлар көп сақталған (қ. «Арқалық батыр»). Ж.Шанин пьеса жазып, сахнаға қойған (1924 жылы, Семей). ## Дереккөздер
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты — Арқалық қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны. ## Тарихы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1972 жылдың 12 сәуіріндегі №220 қаулысына сәйкес Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты құрылды. 1977 жылы Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. 1976 жылы Қазақстандағы білім-ғылым бағытындағы алғашқы Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық мұражайы ашылды. «Ы.Алтынсарин мұражайының» ашылу салтанатына ақын, жазушы, Ы.Алтынсариннің ұрпағы М.Хәкімжанова қатысты. ## Факультеттер * Педагогика және филология факультеті * Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті * Тарих және өнер факультеті ## Дереккөздер
Арпаөзен таңбалы тастары немесе Арпаөзен петроглифтері – қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Түркістан облысы Созақ ауданы Абай қыстағының оңтүстік-батысында 7 км жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасынан бастау алатын кішірек Арпаөзен бойында орналасқан. Қазақстан ғылым академиясының археологогия экспедициясы зерттеген. Суреттердің жалпы саны 3,5 мың. Негізгі сюжеттері аңшылыққа, жаугершілік тақырыпқа және жан-жануарлар тіршілігіне арналған. Қос аяқты ат, өгіз және түйе жеккен соғыс және шаруашылық арбалары кездеседі. Жартасқа салынған қос атты жауынгерлік арбалар белгілі бір этн. топтардың, дәлірек айтқанда, үндіарийлықтардың мифтік және діни әдет-ғұрыптарының біршама әсер еткендігін және миграциялық қозғалыстың бағыттары осы аумақ арқылы өткендігін дәлелдейді. Сақ заманының петроглифтерінде жабайы аңдардың, жануарлардың бір-бірімен айқасқан қимылдары арқылы заманның шым-шытырық оқиғаларын зооморфтық ерекше кодтар арқылы көрсеткен. Жартастағы суреттерде жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар айқын аңғарылады. Мұндай көріністер металдан, ағаштан, теріден жасалған күнделікті тұрмысқа қажетті заттарға да салынған. Ескерткіш біздің замаңыздан бұрын 1–2-мыңжылдыққа жатады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қаратау шимайлы тастары
Артық ата, Артық төбе – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның сол жағалауында, Ақкөл деген жерде орналасқан. Алғаш 1900 жылы Н.В. Рудаев, 1947 жылы А. Бернштам басқарған оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Соңғы рет 1971 жылы оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы толық зерттеді. Қала орнының батыс және оңтүстік –батыс қабырғалары ұзынша келген төртбұрышты төбе. Үш бөліктен: цитатель, шахристан және рабадтан тұрады. Жалпы көлемі 200 – 220х150 – 170 м, солтүстік – батыс шетінде орналасқан рабадтың көлемі 140х160 м, биіктігі 3 м. оңтүстік – шығыс шетінде орналасқан цитатель мен шахристанның биіктуған 9 м, жоғрғы бетіндегі алаңшаның көлемі 30х40 м. Осы бөліктің үш шеті тік келген, солтүстік шеті ғана аласа Цитатель мен шахристанға кіретін қақпаның орны осы шетте болған. Қалашықтың үстіңгі қабатынан табылған қыш ыдыстардың сынықтары Қаңлы-Хорезм дәуірінен бастап, Әмір Темір билік құрған кезең мүліктеріне сай келеді. Зерттеушілер арасында Артық ата көне Артук қаласының орны болуы керек деген пікір бар. ## Дереккөздер
Жамбыл Омарұлы Артықбаев (20.8.1959 жылы туған, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жаңақала ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1997), профессор (2001). ## Өмірбаяны Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетін (1984) және Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын бітірген. Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетінде оқытушы, доцент, декан, профессоры (1984–2001). 1997 жылдан осында кафедра және лаборатория меңгерушісі. Павлодар мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (2003–08), 2008 жылы Астана қаласындағы Мемлекет тарихы ғылым-зерттеу институты директорының орынбасары болып қызмет атқарды. «ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылым еңбектері 15–19 ғасырлардағы қазақ қоғамының этноәлеумет мәселелерін зерттеуге арналған. Артықбаев Қазақстан тарихы мәселелерін қарастыратын бірқатар кітаптар мен оқулықтардың («Этносоциальная структура казахов Северо-Центрального Казахстана во второй половине 19 в.», 1989; «История Казахстана в 19 в.», 1992; «Бухар жырау. Двенадцать историй», 1994; «Этносоциальная структура казахского общества в 18 в.», 1997; «Казахское общество в 19 в.: традиции и инновации», 1993; «История Казахстана», 1999; «Сарыарка – колыбель степной цивилизации», 1999; «Этнология и этнография», 2001; «Казахское общество: традиции и инновации», 2003) авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Мектеп түлектері - История школы * Артықбаев, Жамбыл - Web ИРБИС(қолжетпейтін сілтеме) * Жамбыл Омарұлы Артықбаев(қолжетпейтін сілтеме)
Дәуітов Леонид Мұхамеджанұлы (1942 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997). Мәскеу мемлекеттік университетін (1967) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында инженер, кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер (1967–88), 1988 жылы ҚазМУ-да (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Дәуітов 120-дан астам ғылым мақаланың авторы. ## Дереккөздер
Археологиялық барлау – тарихи көне ескерткіштерді зерттеу, орнын табу, ғылыми тұрғыда тіркеу. 1960 жылдары Қазақстанның археологиялық картасын жасау және 1980 жылдардағы тарихи ескерткіштердің жинағын құрастыру кезінде Қазақстан жерінде көптеген барлау жұмыстары жүргізілді. Археологиялық барлаудың негізгі ғылыми мақсаты – белгілі бір географиялық аудандағы көне замандарда өмір сүрген халықтардың тұрмысын, өнерін, діни нанымдарын зерттеп тексеруге қажетті материалдық деректерді іздеп табу, олардың топографиялық жобаларын жасау, суретке түсіру, типтерін тізімге алу, ескерткіштер мен жергілікті табиғи-ландшафтық жағдайлардың арасындағы байланысты анықтау, тағы басқа шаралар. Кейбір жағдайда археологиялық барлау жазба немесе басқа да деректер бойынша ескерткіштердің дәл орнын анықтау, олардың орналасу заңдылықтарын белгілеу мақсатымен де жүргізіледі. Археологиялық барлау жүргізудің белгілі мерзімінде, алға қойған мақсатына байланысты көптеген әдістері бар. Мысалы, көне замандардың жер үстінде белгілері аз ескерткіштерін жазғытұрым және күз айларында тексеру нәтиже береді. Кейбір археология ескерткіштерді таңертең немесе түс қайта күн сәулесі жерге белгілі бір бұрышпен түсіп тұрғанда іздейді. Барлау кезінде жер бедері мен ескерткіштердің орналасуы арасындағы байланыс та ескеріледі. Мысалы, көне тас дәуірінің тұрақтары тек биік жерлерде, үңгірлерге, неолит дәуірінің тұрақтары – көлдер жағалауы мен бастау (қайнар) басында, қола дәуірінің қоныстары – суға жақын тау немесе төбелер мүйісіне таман, ал алғашқы темір дәуірінің ескерткіштері – малға қолайлы жерлерге орналасады. Археологиялық барлаудың негізгі әдістері – карта немесе аэроғарыштық суреттерді пайдалану арқылы геодезия, электрмагниттік, т.б. құралдар көмегімен тексеру. Соңғы кезде электрмагниттік негізде жасалған әр түрлі металл іздеуші құралдар пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Жаннат Жұрғалиқызы Ертілесова – математик,экономика ғылымының докторы (1991). ## Қысқаша өмірбаяны ҚазМУ-ды (1978, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.1978–86 Қазақ КСР-і Мемлекет жоспарлау к-ті жанындағы Экономика ғылыми-зертхана институтында кіші, аға ғылыми қызметкер;1991–93Экономика және нарық қатынастары ғылыми-зертхана институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары;1993–95ҚР Экономика министірлігінде басқарма бастығы, министрдің орынбасары;1995–97 ҚР Қаржы министірлігінің вице-министрі;1997–991-вице-министрі;2000–01«Қазақтелеком» ААҚ-ның вице-президентібас директоры, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің және ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, т.б. жауапты қызметтер атқарады.«Моделирование региональной экономики (на материалах КазССР)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ## Дереккөздер
Археологиялық карта – белгілі бір аймақтағы археология, мәдени, ғұрыптық, тағы басқа ескерткіштердің орналасуына, пайда болған дәуіріне архитектураерекшеліктеріне, зерттелуіне жан-жақты ғылым сипаттама беретін арнаулы жинақ. археологиялық карта археология зерттеулердің барлау және қазба жұмыстарының қорытындылары бойынша жасалады. Осыған байланысты белгілі бір өңірдің археологиялық картасы сол өңірді археология тұрғыдан зерттеудің жай-күйін көрсетеді. Археологиялық картаға енген ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынып, заңмен қорғалады. Қазақстандағы кейбір археология ескерткіштер 19 ғасырда әр түрлі археологиялық карталарға енген. Еліміздің археология ескерткіштерінің біртұтас археологиялық картасын жасау ісі 50-жылдары К.А.Ақышевтің жетекшілігімен басталып, 1960 жылы «Қазақстанның археология картасы» жинағы (орыс тілінде) баспадан шығарылды. Оны әзірлеуге көрнекті археолог-ғалымдар Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, А.Г.Максимова, Т.Н.Сенигова, А.М.Оразбаев, Г.И.Пацевич, М.К.Қадырбаев қатысқан. Жеке облыстар бойынша дәуір-дәуірімен жүйеленіп жасалған бұл археологиялық картаға 5 мыңнан астам ескерткіш енгізілген. Жинақ соңында библиография және география көрсеткіштер берілген. 20 ғасырдың 80-жылдары Қазақстанның әрбір аймағына арналған археологиялық карталар жасау қолға алынды. Оның Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы ескерткіштерді қамтитын алғашқы томы «Свод памятников истории и культуры. Южно-Казахстанская область» деген атпен 1994 жылы баспадан шықты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Археологиялық карта - Қазақстан Республикасының Алтын және бағалы ... Мұрағатталған 26 тамыздың 2011 жылы. * Археологиялық карта Сенгір ЖШС,(қаз.орысша-ағылш.,2009)(қолжетпейтін сілтеме)
Сәрсенбі Дәуітов (1947 жылы туған, ҚХР, Шығыс Түркістан, Шыңжаң өлкесі, Шын Пэн Зи қаласы) – филология ғылымдарының докторы (2001). * ҚазҰПУ-ды бітірген (1970). * 1970 - 1971 ж. Қазақ телерадио комитетінің редакторы, * 1972 - 1973 ж. Талдықорған облыстық (казіргі Алматы облысы) "Октябрь туы" (казіргі "Жерұйық") газетінде, * 1973 - 1974 ж. Фрунзе қалалық ішкі істер бөлімінде, "Лениншіл жас" (казіргі "Жас Алаш"), * 1974 - 1975 ж. "Социалист Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеттерінде қызмет аткарған. * 1975 - 1998 ж. Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми кызметкер, аға ғылыми кызметкер. Т.Рысқұлов атындағы Басқару академиясында, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында жұмыс істеген. * 2002 жылдан Д.А. Қонаев атындағы университеттің профессоры. Алғашқы өлеңдер жинағы "Сыбаға" деген атпен 1978 ж. жарыққа шықты. Дәуітов сондай-ақ "Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті" (1983), "ХІХғ-дағы қазақ ақындары" (1988) зерттеу кітаптарын жазып шығаруға қатысты. Дәуітовтің алғы сөзімен және құрастыруымен қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің екі томдык таңдамалы шығармалар жинағы алғаш рет жарық көрді (1990; 1991). Дәуітовтың құрастыруымен "Төле би" (1993), Қ.А. Йасауидің "Диуани хикмет" (1993, М. Жармұхамедұлымен бірге), "Абылай хан" (1993), "Тезек төре" (1996) және т.б. ғылыми-танымдық жинақтар басылып шықты. Дәуітов аударма саласында қырғыз ақыны С.Меймұловтың "Әуен" атты кітабын қазақ тіліне аударған. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері. ## Шығармалары * Сыбаға. Өлеңдер. А.,»Жалын», 1978; * Тау аясында. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; * Таулар тағдыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; * Жаңғырық. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; * Алтын ұршық. Өлеңдер. А.,» Жалын», 1987; * Сарыбел сазы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1997. ## Ғылыми еңбектері * Диуани Хикмет және қазақ поэзиясы. Монография. А., «Қазақстан», 1998; * Көңіл сазы. Монография. А., «Жазушы», 1989; * Төле би. Зерттеу. «Жалын», 1993; * Өмір - күрес. Зерттеу. А., «Дәуір», 1997; * Хақ жолында. А., 2008. ## Дереккөздер
Дәуітова Сәуле Батталқызы (28 қаңтар 1961 жылы туған, Қарағанды қаласы) – филология ғылымдарының докторы (2006). ҚазПИ-дің филология факультетін (1983, орыс тілі мен әдебиеті; 2003, қазақ тілі мен әдебиеті; қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1983 жылы осы оқу орнында аспирант, кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер, декан (1997–2008), Әдебиеттану және тіл білімі ғылыми-зерттеу институтының директоры (2008) қызметін атқарды. «Художественная концепция исторической личности в казахской драматургии» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Дәуітова 60-тан аса ғылым еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Георгий Францевич Дебетс (24 қараша (7.12.1905 ж., Ресей, Томск қаласы – 19 қаңтар 1969 ж., Мәскеу қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1941), профессор (1944). Терең зерттеген саласы – антропогенез, палеоантропология, этникалық антропология, көне дәуір археологиясы. Қазақстанда 1936, 1940, 1947 жылдары арнаулы антропологиялық жұмыстар жүргізді. Қазақ халқының шығу тегін анықтауға, әсіресе, оның антропология типінің шығу тегі қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының мүсінімен байланысты екендігін дәлелдеуге үлкен үлес қосты. ## Дереккөздер
ЕРТІС ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ – 1960 ж. Павлодар облысы Бобровое елді мекені Ертіс өзенінің оңтүстік жағасында (археолог Ф.Х.Арсланова) жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары кезінде көне қорғаннан табылған сүйек тоға. Бұғы бейнелі сүйек тоғаның бетіне алты таңба ойып жазылған. Професор А.С.Аманжоловтың пікірінше, ескерткіштің жазылу уақыты б.з.б. 5–4 ғ-лар; сүйек тоғадағы жазудың мағынасы: «Ақ-бұғы, құт-бұғы». Ескерткіштегі жазу үлгісі, сөз қолданысы Есік жазуына ұқсас. ## Дереккөздер
Ләззат Боранбайқызы Аруова (1969 жылы туған) – техника ғылымдарының докторы (2007). Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын құрылыс материалдары және конструкцияларын өндіру мамандығы бойынша және Мәскеу қаласындағы Технология, бетон және темір-бетон ғылым-зерттеу институтының аспирантурасын (1997) бітірген. Қазақ политехникалық институтының Маңғыстау бөлімшесінде, Ақтау политехникалық институтында оқытушы болды. «Теоретические и практические аспекты комбинированной гелиотермообработкой в светопрозрачных камерах» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған. Аруованың 35-тен астам ғылым еңбегі («Комбинированная гелиотермообработка бетона», А., 2004; т.б.) мен мақалалары жарияланған. ## Дереккөздер
Археология институты – көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен айналысатын ғылым мекеме. 1991 жылы қазан айында Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институты негізінде құрылған. Институтқа Қазақстан ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның есімі берілген. Институт құрамында 5 шығармалары ғылыми-зерттеу тобы жұмыс істейді, ғылыми-зерттеулерді ғылыми кеңес ұйымдастырады, далалық комитет пен жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Институт құрамында: тас дәуірі ескерткіштері; қола дәуірі және ежелгі технология; ерте дәуірдегі өнер; урбанизация және көшпенділер мәселелерін зерттейтін топтар мен Археология мұражайы бар. Институттың ғылыми-зерттеу қызметі палеолиттен орта ғасырларға дейінгі археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштерді кешенді зерттеу негізінде Қазақстан аумағында болған тарихи процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін танып білуге, ежелгі замандағы экономикалық, саяси және діни-мифологиялық жүйелерді толық анықтауға бағытталған. Қазақстан аумағында ерте және орта ғасырларда мекен еткен тайпалар мен халықтардың материалдық ескерткіштерін зерттеумен айналысатын 5 экспедиция ұйымдастырылған: * Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) * Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Құрманқұлов) * Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев) * Батыс Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) * Түркістан археология экспедициясы (жетекшісі Б.Смағұлов). Институт ғалымдары ежелгі палеолит тұрақтарын зерттеу нәтижесінде қазақ жерін адам баласы бір миллион жыл бұрын мекендегенін анықтады. Қазақстан жері сақ, түркі тайпаларының атамекені болғандығы дәлелденді, қазақ этносының қалыптасу процесі түзіліп, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ, Қарахандар мемлекет бірлестіктерінің тарихы нақтыланып, олардың Орта және Таяу Шығыспен, Орта Азия, Еділ бойы, Орал тауы өңірі, Сібірмен саяси, экономика және мәдени байланыстары ашылды. Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бойы, көшпелілер мен отырықшылар өркениеті, қала мен даланың өзара қатынасы мен ықпалы зерттелді. Орта ғасырдағы Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық және Талхиз қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері Қазақ мемлекеттігі мен мәдениетінің қалыптасуы, түркі, қыпшақ, қаңлы және қарахан дәуірлерінен бастау алатындығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Институт ғалымдары Ақышевтың «Есік обасы», С.М.Ақынжановтың «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихындағы қыпшақтар», Байпақовтың «Оңтүстік Жетісудағы қала мәдениеті», ЖЫЛЫК.Таймағамбетовтың «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы палеолит тұрағы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көрді. Институт мамандары халықар. конференцияларда баяндамалар жасап, Вашингтон, Париж, Токио, Сеул қ-ларында дәрістер оқыды. 1987 жылы Алматыда көшпелі және отырықшы мәдениетінің өзара қатынасы мәселесі жөнінде Халықар. симпозиум өтті. Институт мамандары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдени қатынас жолы» атты халықар. бағдарламасын жасауға қатысты. Институт антропогенез, көшпенділер мәселелері, урбанизация, мәдениеттану, палеоэкономика бағытында зерттеулер жүргізуде. Институт Франция, Италия, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның алдыңғы қатарлы археол. орталықтарымен тығыз халықаралық байланыс орнатқан. Қазақ халқының тарихи-мәдени ескерткіштері мен археол. жетістіктерін насихаттауда бірегей экспонаттары тек Қазақстанда ғана емес, шет ел көрмелерінде сәтті көрсетіліп жүрген Археология мұражайы маңызды рөл атқарады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Институт археологии РК им. Маргулана * Археологические институты
Геннадий Андреевич Деграф (1.06.1940, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Корнеевка ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Қазақстан ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1997). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген соң осы институтта ассистент (1962–63), аспирант (1966), доцент, кафедра меңгерушісі (1967–81), декан (1981–87), ғылым оқу өндірістік орталығының бастығы (1987–93), 1996 жылдан 1-проректоры қызметтерін атқарады. 1994 ж. «Обоснование технических средств для фронтальной вспашки» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. Деграф 120-дан астам ғылым еңбектің, 3 монографияның авторы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер http://www.nomad.su/?a=15-201006010019 Мұрағатталған 18 наурыздың 2011 жылы.
Демесінова Нәзипа Қабиқызы (25 желтоқсан 1929 ж., Павлодар облысы Ертіс ауданы – 2. маусым 2001ж., Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1982). ҚазМУ-ды бітірген (1953, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті). Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында аспирант (1953–56), осы институтта кіші (1957–63), ал 1963 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін аға ғылым қызметкер болып жұмыс істеді. «Кеңес дәуірінде қазақ тіліндегі синтаксистік жүйенің дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері салыстырмалы грамматика мәселесіне арналған. 30-ға жуық мақалалары жарияланды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Сыртқы сілтемелер http://www.arhiv.pavlodar.gov.kz/index.php?show=33&lang=1&artID=43 ## Дереккөздер
Ирекгүл, каллиантемум Мұрағатталған 9 қаңтардың 2016 жылы. (Callianthemum) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Алтайдың, Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларының, Тарбағатайдың, Батыс Тянь-Шаньның альпілік шалғындарында, тау беткейлері мен мореналық шөгінділерінде, жылғалардың жағасында кездесетін 3 түрі (алатау Ирекгүл, саян Ирекгүл және тасжапырақ Ирекгүл) бар. Бұлардың биіктігі 4 – 35 см, жуан тамырлары бар. Сабақтары жіңішке, 1 – 2 гүлді, жапырақтарынан ұзын келеді. Тамыр түбі жапырақтары жұмыртқа тәрізді, қауырсынды, жалпақ сағақты. Тостағанша жапырақтары 5, күлтелерінің саны 5 – 15. Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт, күлгін түсті, аталығының саны көп. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі шар тәрізді, сырты қыртысты, кейде қысқа мұртшасы болады. Ирекгүлдің гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін өсіріледі.
Авров Петр Яковлевич (24.6. 1899, қазіргі Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке а. – 5.5.1968, Алматы қаласы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Ленинград тау-кен институтын бітірген (1927). Геологиялық барлау партиясының бастығы (1928–30), цех бастығы (1930–32), «Ембімұнай» геол. барлау тресінің (1932–42), «Қазмұнайбарлау» тресінің (1942–56) бас геологы, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі (1956–59), Қазақстан Ғылымдар Академиясының Геол. ғылымдар институтында сектор меңгерушісі (1959–68) болды. А. – Каспий маңы ойпатының геологиясын, мұнай мен газ қорларын зерттеді. Атырау обл-ндағы Қосшағыл, Құлсары, Қошқар; Ақтөбе обл-ндағы Кеңқияқ, Бозой мұнай-газ кендерін ашуға қатысты. Негізгі ғылыми еңбектері мұнай және газ кендері геологиясы мен кендерді іздестіру-барлау әдістеріне арналған. Ленин орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Шығ.: Большая Эмба, М.-Л., 1936; Механизм образования солянокупольных структур Северо-Каспийской впадины, А., 1959; Геологическое строение и перспективы нефтегазоносности Актюбинского Приуралья и Западного Мугоджарья, А., 1967.
АҒДАРБЕКОВ Төкежан Абдарбекұлы (1938 ж.т., Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай а.) – заң ғылымдарының докторы (1991). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылымдар Академиясының заң және филоселосы институтында кіші ғылыми қызметкер (1966–68), аспирант (1968–71), КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебінің мемлекеттік құқық кафедрасының доценті (1972–82), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1980–86), Қазақстан Ғылымдар Академиясының заң және филоселосы институтында докторант (1986–89), Халықаралық қазақ-түрік университетінде заң факультетін ұйымдастырушы, деканы (1991–96), Еуразия ұлттық университетінде Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі. А-тің ғылыми жұмысы құқық мәселелерін зерттеуге арналған. А. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монография, ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының авторы.
Исалық – Арғанаты тауының оңтүстік бөлігіндегі қыстау. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қорғасын ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде. Теңіз деңгейінен 500 метрдей жоғары орналасқан. Маңында Елқонды бұлағы, Қызылқұдық құдығы, Жамантас, Итауыз, Аққоян, Құласу қыстаулары бар. Солтүстігінен Бозай, оңтүстігінен Тамды өзендері ағып өтеді. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Археология мұражайы — Қазақстандағы археология қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мәдени мекеме. ## Сипаттамасы Тарих, археология және этнография институтының жанынан 1973 жылы ашылды. Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының ежелгі дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсету. Мұражайда қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдени даму деңгейі, олардың бүкіләлемдік өркендеудің қазынасына қосқан үлесі туралы мағлұматтар беретін көптеген ескерткіштер сақталған. Мұражай экспонаттары іштей өзара кезеңдер мен аудандарға жіктелетін үлкен төрт бөлімнен тұрады. Көрменің бірінші бөлімі «Алғашқы қауымдық қоғам мен оның ыдырауы» тақырыбына арналған. Мұнда қойылған тас экспонаттар Қазақстан жері адамзаттың алғаш қалыптасып, дамыған аймағына жататындығын көрсетеді. Көрмеде палеолит тұрақтары Бөріқазған, Тәңірқазған қоныстарынан табылған, кремниден жасалған тас құралдардан бастап, Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан тас дәуірі ескерткіштерінен жиналған тас шапқылар, қалақшалар, қырғыштар, нуклеустер қойылған. Қаратауда жүргізілген қазба кезінде табылған тас құралдар мен қарулар жинақталған. Олардың ішінде көптеген найзаның ұштары, қырғыш, қалақша, қол шапқылар бар. Неолит пен энеолит дәуірінің құралдарын Шығыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда жүргізілген қазбалар кезінде және кездейсоқ табылған тас білезіктер мен балталар, найзаның ұштары құрайды. Мұражайдың келесі бөлімі қола дәуірінің ескерткіштері – Андрон мәдениетіне, Беғазы-Дәндібай мәдениетіне арналған. Қола құралдарды жасауға қажетті мыс пен қорғасын кен орындары Шығыс пен Орталық Қазақстаннан табылған. Қола дәуірінің қоныстары мен зираттарының осы өңірлерден көптеп табылуы тегін емес. Мұражай көрмесіне найзаның, жебенің ұштары, қола мен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар қойылған. Таутары мен Қарақұдық зираттарынан табылған қыш ыдыстар, балталар, айбалталар, әшекей бұйымдары Андрон мәдениетінің айқын белгілерін және оның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандағы өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Үшінші бөлім ерте темір ғасырына (б.з.б. 8 – б.з. 5 ғасырлар) арналған. Бөлімде Тасмола мәдениетінің ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу кезінде жиналған қарулар, ат әбзелдері, қолданбалы өнер туындылары, сүйектен жасалған бұйымдар мен қоладан құйылған аңдардың денесі жинақталған. Жетісудағы Сақ мәдениетінің дамуын айқын көрсететін Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» қалпына келтірілген киімі ерекше көңіл аудартады. «Алтын адамның» үстіндегі киімі мен шошақ қалпағын айнытпай қайталайтын жаңа көшірме 1997 жылы мұражай төрінен орын алды. Оның түпнұсқасы арнайы алтын қазынажайда сақтаулы. Бас сүйектерінің негізінде М.М.Герасимовтың шеберханасында қалпына келтірілген сақтың, үйсіннің және сармат әйелінің қола мүсіндері Қазақстан жерін мекендеген тайпа өкілдерінің бет-бейнесін көз алдына елестетеді. Мұражайдың төртінші бөлімі орта ғасыр ескерткіштеріне арналған. Мұнда орта ғасырдағы Тараз, Алмалы, Талғар, Ақтөбе, Баба ата қалаларында жүргізілген зерттеулер кезінде жиналған қыш ыдыстар, шыныдан, мыстан жасалған бұйымдар, қолданбалы өнер туындылары қойылған. Көп жылдардан бері зерттеу жұмыстары жүргізіліп келе жатқан Отырар қаласының материалдарынан арнайы көрме жасалған. Қаланың әуеден түсірілген суретінен оның 16–18 ғасырлардағы құрылысының іздері анық байқалады. Ортағасырлық құрылыс өнері мен архитектурасы жетістіктерін бейнелейтін бірқатар суреттер мен екі макет қойылған. Олар: Айша Бибі мен Қожа Ахмет Йасауи күмбездері. Мұражай қоры жыл сайын жаңа материалдармен толықтырылып келеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Сирек кездесетін кітаптар мұражайы * Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы * Орталық ғылыми кітапхана ## Сілтемелер * Жезқазған қаласы / Портал visitkazakhstan.nur.kz(қолжетпейтін сілтеме) * «Хабар» Агенттігі — Бүгін Ұлттық Ғылым академиясында Ғылым ордасы ## Суреттер * *
Қанапия Мүбәракұлы Арынғазин (18.9.1935 ж.т., Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр ауылы) – педагогика ғылымдарының докторы (2001), профессор(2002). ҚазПИ-ді (1963, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қарағанды педагогика институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор(1963–2005) қызметтерін атқарған. Арынғазин 87-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 монографияның («Геометрические идеи в теоретической физике», 1994; «Теоретические и практические аспекты смысловой педагогики», 2004) авторы. ## Дереккөздер
Ризат Сансызбайқызы Арын (11.1.1971 ж.т., Қызылорда қаласы) – тарих ғылымдарының кандидаты (1996), саясаттану ғылымдарының докторы (2008). ҚазҰУ-дың тарих факультетін (1993), ҚР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын (1996) және Қазақ гуманитарлық заң университетін (2005) бітірген. Қазақ даму институтында ғылыми, аға ғылым қызметкер, Солтүстік Қазақстан заң институтының директоры (2003), Павлодар гуманитарлық заң институтының ректоры (2004–1907), Павлодар мемлекеттік университетінің Тарих және өлке этнографиясы ғылыми-тәжірибелік орт-нда ғыл. қызметкер болды. 2007 ж. «Төл этностың әлеуметтік-саяси мәртебесінің эволюциясы (Қазақстан Респубикасының материалдарында)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Арын ғылыми-зерттеу жұмыстарында этносаралық қатынастардың қалыптасуы және даму ерекшеліктері, тілдік, ономастика-топонимик, мәдениет және білім беру саясаты, т.б. мәселелерді қарастырады. 50-ге жуық ғыл. еңбегі («Статус титульного этноса: концептуальные подходы», Павлодар, 2006; «Қазақ этносының әлеуметтік-саяси мәртебесінің дамуы», Павлодар, 2008; т.б.), оқу құралы («Этнополитология», Павлодар, 2008, орыс тілінде) мен мақалалары жарық көрген. ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1998). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Колледж басшылығы Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Асқар Қанапияұлы Арынғазин (6.10.1961 ж.т., Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000). Мәскеу мемлекеттік университетін (1985) бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінде оптика және толқымалы процесс кафедрасында инженер, аға оқытушы, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, жалпы теориялық физика кафедрасының профессор(1988–2000) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы кешенді ғылыми-зерттеу ин-тының директоры, Еуразия ұлттық университетінің кешенді ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор қызметтерін атқарады. Арынғазин 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы.. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Іргелі зерттеулер институтытының директоры. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Асқар Қанапияұлы Арынғазин(қолжетпейтін сілтеме) * іргелі зерттеулер институтыты(қолжетпейтін сілтеме)
Қажымұқан Тохтиярұлы Арынов (1956 ж.т., Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1995). ҚазМУ-дың (1978, қазіргі ҚазҰУ) химия факультетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында аға зертханашы, ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, институт директорының орынбасары, Алматы-экологострой ғылыми-өндірістік басқармасы бас директорының 1-орынбасары болды. 1997 жылдан Алматы қаласының экология және биоресурстар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарады. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған. Арыновтың 150-ден астам еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы жарық көрді. ## Дереккөздер
Ағзамова Римма (11.4.1945 ж.т., Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ а.) – медицина ғылымдарының докторы (1997). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1968) және Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы медицина институттың аспирантурасын (1974) бітірген. Дәрігерлік еңбек жолын телімдік дәрігер-фтизиатр болып бастаған А. кейін Ақтөбе облысы туберкулез диспансерінде лаборатория меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары (1974–77), Көкшетау туберкулез бөлімшесінде және Қазақ ғылыми-зерт. институтында аға ғылыми қызметкер (1978–97). 1997 жылдан ҚР Туберкулез ауруларын емдеу мәселелері жөніндегі ұлттық орт-тағы эпидемиол. және микробиология бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарады. А. 65 ғылыми еңбектің авторы.
Ерлан Мұхтарұлы Арын (1961.23. 9 ж.т., Алматы) қаласы.Павлодар облысының әкімі (2012 жылдың 20 қаңтарында мемлекет елбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Е.М. Арын Павлодар облысының әкімімен туралы мақсатында" жарлығына қол қойды). Найман тайпасының Садыр руынан шыққан Арын Е.М. белгілі ғалым және саяси және қоғам қайраткері болып табылады. Арын Е.М. ғылыми және педагогикалық қызметінің кезінде 200 астам ғылыми жұмыстар жарияланды, соның ішінде 26 монографиялар, энциклопедиялер, анықтағыштар, сөздіктер. Арын Е.М. редакциясының басшылықтың астында 9 томды энциклопедиялық анықтағыш "Казахи", энциклопедиялар: "Қазақ Әдебиеті", "Қазақ тілі", анықтағыш "Первые лица в государстве" және сырттар шығарған, ғылыми жұрттың, студенттік және оқы - жастың педагогының мерейін алған. Оның жұмысының көбі шет елдерінде жарияланған. Арын Е.М. Егеменді Қазақстанның ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырушы және бастықтарынан бір біріншіден болып табылады: ҚР Президенті жанындағы ҚМЭБИ, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу институты, Қазақстанның дамуының институты. Жұмыс тобының бастығы болғандықтан, жаңа ҚР заң актісінің зерттемесіне арада білім, ғылым және денсаулық сақтау саласында үлкен үлес қосты. Арын Е.М. басшылықтың астында 30 шамалы докторлық және кандидаттық диссертациялар дайындалған. Оның төрт оқушысы "Дарын" мемлекеттік сыйлығы лауреаты болып жарияланған. Ол мәртебелі академик, республикалық және халықаралық академияның және университеттің профессоры болып табылды. 1997 жылы Қазақстанның 5 қоғам-саяси қайраткерлерінің арасында "Жыл адамы" аталған. ## Білімі 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті экономист мамандығымен бітірген. ## Ғылыми атақтар, дәрежелер, қызметті * 1994 — экономикалық ғылымдарының докторы, диссертацияның тақырыбы: "Экспортная ориентация национальной экономики (на материалах Республики Казахстан)" * 1995 — профессор, Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымының академиясының академигі * 1995 — НАК "Экология" академигі * 1997 — Қазақстан республикасының саяси ғылымдары академиясының академигі * 1997 — МЭА "Евразия" академигі * 1999 — Қазақстан республикасының инженерлік академиясының академигі * 2009 — ҚҰТҒА академигі ## Mансап * 1983—1985 ж. — Қазақ педагогикалық институттың машықтанушы-зерттеушісі * 1985—1992 ж. — Ғалым хатшы, Қазақстанның ғылымының академиясының экономикасының институтының докторанты аспирант, экономист, ғылыми қызметкер * 1992—1993 ж. — ҚМЭБИ стратегиялық зерттеу орталығының директорының орынбасары * 1993—1994 ж. — ҚСЗИ директордың бірінші орынбасары * 1994—1997 ж. — Қазақстанның дамуы институтының президенті * 1997—1999 ж. — Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау вице-министрі * 1999—2001 ж. — Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі * 2001—2008 ж. — С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры * 2008 ж. — Е.Бекмахановтың атындағы тарих және аймақтың этнографияларының ҒПО басты ғылыми қызметкер * 2008—2012 ж. — С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры * 2012.20.01 ж. бастап — Павлодар облысының әкімі ### Өзге лауазымдар * 1998—1999 ж. — "Национальная компания "Шелковый путь — Казахстан" ЖАҚ байқаушы кеңесінің төрағасы * Қазақстан Республикасының инженерлік академиясының Павлодар филиалының төрағасы * 2005 ж. — Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Н. А. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының Павлодар облысы аумақтық төрағасы * 2009.01 ж. бастап — "Нұр Отан" ХДП Павлодар облыстың филиалының партиялық тексеру комиссиясының төрағасы ### Сайланбалы лауазым, депутаттық * Павлодар облысының маслихат депутаты ( 2003.09 ж. бастап) ## Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар, сыйлықтар, мәртебелі атақтар * "Құрмет" ордені (2004) * "Парасат" ордені (2011) * "За заслуги в развитии физической культуры и спорта РК" белгі * «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты * Қазақстан Республикасының ағартушы-оқытушысы * Қазақстан Республикасының денсаулық-оқытушысы * Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі * Павлодар облысының Құрметті азаматы * Баянауыл ауданының Құрметті азаматы ## Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдар "Региональные проблемы социалистического образа жизни" (1989), "Социально-экономические условия жизни и труда молодежи сельских регионов" (1989, авт. бірге), "Социальные регуляторы развития проблемных регионов" (1990, авт. бірге), "На пути к рынку" (1991, авт. бірге), "Казахстан на пути к рынку" (1991), "Социальная ориентация рыночного хозяйства" (1991, авт. бірге), "Переход Казахской ССР к рыночной экономике" (1991,авт. бірге), "Толковый словарь терминов рыночной экономики" (1991, авт. бірге), "Economy of the Republik of Kazakhstan Potential and Strategy of Development" (1992), "Экспортный сектор экономики Казахстана: состояние и особенности" (1993), "Казахстан — Россия: потенциал экономического сотрудничество" (1993), "Иностранный капитал в экономике Казахстана" (1993), "Экспортная ориентация национальной экономики"(1993), "Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя" (1993, авт. бірге), "О стратегии экономических реформ в Казахстане: приоритеты и неотложные шаги" (1993), "Анализ состояния и особенностей экспортоориентированной экономики в Казахстане" (1993), "Постсоветская Центральная Азия: стратегия и приоритеты экономического развития" (1994), "Малый и средний бизнес, проблемы и перспективы" (1994), "Факторный анализ инфляции в Казахстане" (1994), "Конкурентоспособность национальной экономики Республики Казахстан" (1994), "Проблемы охраны окружающей среды в Казахстане" (1995, авт. бірге), "Банки Казахстана на внутреннем финансовом рынке" (1996, авт. бірге), "Казахстан: эволюция государства и общества" (1996, авт. бірге), "Международные экономические организации и экономические союзы" (1996, авт. бірге), "Причины и специфика экономического кризиса в постсоветских странах Республика Казахстан: политика и развитие Алматы" (1996, авт. бірге.), "Толковый словарь Конституции Республики Казахстан" (1996), "Научно-технические приоритеты в структурной перестройке промышленности Казахстана" (1996), "Банки Казахстана на внутреннем финансовом рынке" (1996), "Казахстан: эволюция государства и общества Алматы" (1996), "Международные экономические организации и их деятельность в Республике Казахстан" (1996), "Центральная Азия в 2010 ж. (социолого-экспертный прогноз)" (1997), "Казахстанская политологическая энциклопедия" (1998, авт. бірге), "Элита Казахстана" (1997, авт. бірге), "Первые лица государства: политические портреты (с точки зрения истории и современности)" (1998, 2001), "100 лет нефтегазовой промышленности Казахстана (история и современность)" (1999), "Основы политологии" (2002, авт. бірге), "Человек и общество" (2003), "Павлодарское Прииртышье" (2003, бас. ред.) кітаптарының және 250 астам ғылым еңбектердің авторы. ## Ескерту және сілтемелер
Нұрлан Мұхтарұлы Арынов (23.9.1961 ж.т., Алматы қ.) – медицина ғылымдарының докторы (1997). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1984). Алматы қалалық емханасында дәрігер (1984–90), Алматы мемлекеттік медицина университетінде ассистент, доцент (1990–94), Алматы қаласындағы Хирургия ғылыми орталығында жетекші қызметкер (1994–97), 1998 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Арынов республикада балалар бауырының зақымдалған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. «Хирургия механической хронической дуоденальной непроходимости (возрастной аспект)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – соқыр ішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ішек, ұлтабар, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеу мәселелері. ## Дереккөздер
Искра бұлақтары, Сасай бұлақтары – Нарын құмының солтүстігінде бөлігіндегі су көздері. Сасай ауылынан оңтүстікке қарай 27 километр жерде орналасқан. Батыс Қазақстан облысы жерінде. Бұлақ көзі Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандары халқын сумен қамтамасыз етеді. Искра бұлақтарының орта қабаты 24,4 м, кіші-орта-жоғары төрттік шөгінділердің сулы кешенінің тұщы су линзасы болып табылады. Жер асты суының тереңділігі 1,0 – 10,5 метрде анықталған. Ұңғымадан шығатын су ағымы 0,1-ден 10 дм³/с аралығында өзгереді.
Исеншағыл, Есеншағыл – Үлкен Борсық құмының оңтүстігіндегі құмды алқап. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылының оңтүстігінде 10 км жерде. ## Жер бедері Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Ұзындығы 20 км, енді жері 10 км. Құм жағалауында Тасқара қыстауы, Түлкібай, Қарабарақ құдықтары орналасқан құбырлары өтеді. ## Геологиялық құрылымы Негізінен палеоген тау шөгінділерінен түзілген. ## Өсімдігі Қоңыр топырағында жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Исламқұдық – Арал қарақұмының шығысында, Ақсақалбелгі құмындағы құдық. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылының оңтүстік-батысында 28 километр жерде орналасқан. Тереңділігі 2 метр, су шығымы 350 л/сағ. Теңіз деңгейінен 125 метр биіктікте. Солтүстігінде Бапан құмы, шығысында Ұзыншұңкыр, оңтүстігінде Алтынсары қоныстары орналасқан. Құдық мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Хайдар Арыстанбекұлы Арыстанбеков (30 наурыз 1919 жылы туған, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Абай ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1954), профессор (1960), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері (1968). ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Тобықты руының Дадан бұтағынан шыққан. * Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1941) * Мәскеу жоғары партия мектебін (1945) бітірген. * 1941–63 жылдары әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. * 1963–81 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ректоры * 1981–90 жылдары осы институтта кафедра меңгерушісі, профессор болды. ## Ғылыми еңбектері Оның негізгі ғылыми еңбектері орман қорын қорғау, оны тиімді пайдалану, топырақты жер, су эрозиясынан сақтау мәселелерін зерттеуге арналған. Арыстанбеков сондай-ақ Қазақстанда ауыл шаруашылығы ғылымын қалыптастыру мен дамытуға, ауыл шаруашылығын өркендету және білікті мамандар даярлау мәселелеріне үлкен үлес қосты. Тың және тыңайған жерлерде жаңадан ірі астық кеңшарларын ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді. Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығын өндірісін басқару, жоспарлау ісін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі арнайы шаралар жүйесін жасап, тәжірибеге ұсынды. ## Жетістіктері * 5-сайл. КСРО Жоғары Кеңесінің дептутаты. * 3–4, 7–9-сайл. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты болды. ## Марапаттары * Октябрь революциясы * 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы (1948 жылы туған, Алматы) – химия ғылымы кандидаты (1974) және саясаттану ғылымдарының докторы (1993). ## Биографиясы Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан. ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1974) бітіргеннен кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер (1974–78), Қазақстан ЛКЖО ОК-нде бөлім меңгерушісі (1973–83), Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары (1983–89), Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі (1989-91), БҰҰ жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі (1992–99), Куба (1996–99) мен Франциядағы (1999–2003) Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті (Париж), т.б. жауапты қызметтер атқарады. 1974 ж. «Кинетика и селективность гидрирования смесей органических соединений» тақырыбында канд., ал 2004 ж. «Казахстан и Организация Объединенных Наций: история, проблемы и перспективы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 11-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты. «Құрмет» орденімен (1996) және медальдармен марапатталған.
Көне келісім — Киелі кітаптың 1-ші бөлімі. Негізнде көне жебірей тілінде жазылған тарауларын айтады. Бірақ үш тарауы арамей тілінде жазылған. Католик шіркеуінде көне юнан тілінде жазылған деутерканоникалы жазбаларын қосады. ## Көне келісім жазбалары
Көнеккеткен — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Көнеккеткен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Aудан орталығы – Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде, Жайықтың сол жағалық аңғарында, бетеге, боз, еркек шөп, жусан, т.б. әр түрлі шөптесін өскен сортаңдау, бозғылт-қоңыр, шалғынды-қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1081 адам (561 ер адам және 520 әйел адам) болса, 2009 жылы 949 адамды (485 ер адам және 464 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1936 жылы қаланған. 1966-1997 жылдары 22-партсъезд қой өсіру ұжымшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Көнеккеткенде және округке қарасты Қамыстыкөл ауылында 24 шаруа қожалығы құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта, орталау мектептер, клуб, кітапхана бар. ## Ауыл көшелері * Ақжол (Колхозная) көшесі * Ардагерлер көшесі * Ақжайық көшесі * Балдәурен (Еңбек) көшесі * Бейбітшілік көшесі * Бірлік көшесі * Жағалау көшесі * Жаңақұрылыс көшесі * Мектеп көшесі * О. Исаев көшесі * Тәуелсіздік (Орталық) көшесі ## Дереккөздер
Көне обалар, ежелгі дүние обалары – ежелгі дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштер, жерлеу орындары. Әлемнің көптеген елдеріне тараған. Әр жерде кездесетін адам жерленген кез келген қабірдің барлығы оба санатына кірмейді. Оба деп қабір үстіне тастан, топырақтан немесе осы екеуін араластыра үйінді тұрғызылған жерлеу орындарын айтады. ## Тарих Бұрынғы Кеңес археологиясында мұны түркі тілінен енген «курган» сөзімен атау қалыптасқан болатын. Адамзат тарихында мүрдені жерлеу салты орта палеолит кезеңінде пайда болса, қабір үстіне оба тұрғызу әлдеқайда кейін, яғни энеолит дәуірінде қалыптасты. Және де оба үю дәстүрі, ең алдымен, Еуразия далалық өлкелеріне тән. Әдетте, ғалымдар обаға жерлеу ғұрпының шығуының өзін көшпелі тұрмысқа бейімделген далалық бақташы тайпалар мәдениетімен байланыстырады. Археология деректері бойынша, обалардың пайда болуы далалық өлкелердің батысында, Орал мен Днепр аралығында б.з.б. 3-ші мыңжылдықта қанат жайған энеолиттік көнешұңқыр мәдениетімен тұстас келеді. Көнешұңқыр мәдениетінің мал шаруышылығымен айналысқан көшпелі тайпалары алғаш рет аталмыш дәстүрді дүниеге әкелсе, осыдан кейін ол Еуразияның далаларына біржолата тұрақтады. Археологияда обаларды зерттеу, жүйелеу мен сипаттаудың қалыптасқан тәртібі бар. ## Оба құрылысы Оба – мұқият зерттеуді талап ететін күрделі құрылым. Зерттеушілер алдымен жер үстінде көрініп тұрған ерекшеліктерін, яғни қоршауларын, қосымша құрылыстарын (мысалы, «мұртты» болуы мүмкін), негізгі өлшемдерін (диаметрі, биіктігі), оның сыртқы құрылымдық бейнесін анықтайды. Неден тұрғызылғаны (тас, топырақ), материалын немесе құрамын көрсетеді. Материалдардың өзі белгілі бір жүйемен пайдаланылатындықтан, оба стратиграфиясы үйіндінің қандай қабаттардан тұратынын зерттейді. Обаның астында, кейде жер астында, тіпті жер бетінде жерлеу камерасы орналасады. Мұның өзі әлдеқандай қосымша құрылыстың ішінде тұруы мүмкін. Жерлеу камерасының нақты түрлері (жер астындағы шұңқыр, жер бетіндегі ағаш қима, тастан қаланған қабірхана, т.б.) бар. Камераның ішінде адам жерлеуге арналған қосымша қабір ішіндегі құрылыстар да ұшырасады. Мәселен, шұңқыр қабірдің ішінде бір бөлігін алып жатқан ағаш қима, тас жәшік, лақат, ақым-катакомбалар осыған жатады. Осы ерекшеліктердің барлығына мүрденің жату тәртібі (шалқасынан, бүйірінен), басының қаратылуы (солт-ке, батысқа, т.б.), бірге қойылған түрлі заттар және олардың орналасу тәртібі қосыла келе жерлеу ғұрпы деп аталатын археологияның аса үлкен зерттеу саласын туғызады. ## Қазақстандағы обалар Әр дәуір ескерткіштерінің, бір дәуірде өркендеген түрлі мәдениеттердің жерлеу ғұрпының өзіне ғана тән ерекше сипаты болады. Обалардың көмегімен көне мәдениеттердің жерлеу ғұрпын анықтау, әсіресе, Еуразия далалық тайпаларының ескерткіштерін зерттеуде өте маңызды орын алады. Қазақстан өлкелерінде сан мыңдаған түрлі дәуір обалары бар. Сақ дәуірінен бастап үлкен «патша обалары» күрт көбейеді. Тарих, археология ғылымдарына баға жетпес деректер берген Есік обасы (Алтын адам), Бесшатыр, Шілікті обасы, Тасмола, Берел қорымы, Сынтас, Бесоба қорымы еліміздің бірегей ескерткіштеріне жатады. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, керей тайпасының абақ керей тармағына енеді. 20 ғ-дың басында Қара Ертіс бойын, Қытайды мекендеген. Аңызда Жаппас (Жабай) атты батыр бабалары садағын көнмен қаптағандықтан ру осылай аталған деп айтылады. К-тан Шолан, одан Ақтас таратылады. Ұраны – Жабай. Б. Хинаят
Танагүл Әкімбайқызы Арыстанова (1953 жыл, Түлкібас ауданы Жабағылы ауылы) – ғалым, фармацевтика ғылымдарының докторы (2001), профессор (2003). * Алматы медициналық институтын бітірген (1977). * 1977 – 80 ж. Орал қаласында дәріханада еңбек етті. * 1980 – 81 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Шымкент филиалында оқытушы * 1981 – 84 ж. Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ғылым-зерттеу институтының аспиранты болды. * 1984 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында кафедра меңгерушісі. Арыстанова еліміздің фармацевтика саласына және оқыту жүйесіне үлес қосқан ғалым. 200-ден аса ғылым еңбектері жарық көрді, бірнеше республикалық және халықаралық гранттардың иегері. Оның қатысуымен ерекше дәрілік препараттар шығарылған. * ҚР мемлекеттік сыйлық лауреаты (2003). ## Дереккөздер
Асанас – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны.Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс жағында 48 км жерде орналасқан. Жазба деректерде моңғол шапқыншылығынан бастап (1220) белгілі. Жауға табанды қарсылық көрсеткендіктен жермен жексен қиратылып, халқының көпшілігі қырылған. Сырдарияның бойындағы басқа да қалалар сияқты көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, 14–15 ғасырларға дейін болған. Алғаш 1899 жылы В.А.Каллаур, кейінірек 1960–1961, 1968 жылы Хорезм археология-этнография экспедициясы (Н.Н.Вактурская) зерттеген. Қала орны Асанас өзеннің құрғақ арнасы бойында орналасқан. Цитадельінің аумағы 40х50 м, айналадағы деңгейден биіктігі 14 м. Орталық бөлігін қоршай орналасқан шаһристанның үлкен қабырғасы 300 м, кіші қабырғасы 200 м. Қорған қалдығының ені 15 м, биіктігі 5 м. Қазба кезінде жиналған қыш ыдыстар мен басқа да археология материалдар қаланың 6–15 ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді. ## Дереккөздер
Серік Назтайұлы Асамбаев (17.5.1944 жылы туған, Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы) – энергетик, техника ғылымдарының докторы (1990), профессор (1993). Саратов политехникалық институтын (1968) бітірген. Мәскеу энергетика институтының аспиранты (1974). Павлодар индустриялды институтында ассистент, оқытушы, доцент (1968–1981), Алматы энергетика институтының доценті, кафедра меңгерушісі (1981–1991), ҚР Алматы энергетика білімін жетілдіру институтының ректоры (1991–99) қызметтерін атқарады. Асамбаев 80-ге жуық ғылым еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Ерік Мағзұмұлы Асанбаев (10 наурыз 1936, Байғабыл ауылы, Амангелді ауданы, Қостанай облысы – 23 тамыз 2004, Алматы қаласы) – Қазақстан мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы (1978), Қазақстанның тұңғыш және соңғы Вице-Президенті. ## Биографиясы 1936 жылдың 10 наурызында Қостанай облысының Амангелді ауданының Байғабыл ауылында (№2 ауыл) дүниеге келді. Арғын тайпасының Саржетім руынан шыққан. ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1959–1967 жылы ҚазМУ-да, Мәскеу қаржы институтында, Қазақ КСР-і Мемлекет жоспарлау комитетінің ғылым-зерттеу институтында, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігі жүйесінде (1973–1975) қызметтер атқарған. Қазақстан Министр Кеңесінде бөлім меңгерушісі, іс басқарушысының орынбасары, 1988–1989 жылы Министр Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісі, кейін хатшысы (1989–1991) болды. 1991 жылдың сәуір–қазанында Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1991–1996 жылы ҚР-ның вице-президенті, 1994–1996 жылы ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1996 жылы ақпаннан 2000 жылға дейін ҚР-ның ГФР-дегі Төтенше және өкілетті елшісі болған. 2004 жылдың 23 тамызында өмірден озды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Мағзұмұлы Асанбаев ..(қолжетпейтін сілтеме) * Заманынан оза туған тұлға - Мәдениет - Жаңалықтар фабрикасы ..(қолжетпейтін сілтеме)
Қасым Әбуұлы Асанов (1.1.1931 ж.т., Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утера ауылы) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері (1965), ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1976), профессор (1983), Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (1996). Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1951) Москва ауыл шаруашылық академиясын (1963) бітірген. 1955 — 1969 ж. ұжымшар төрағасы, 1969 — 73 ж. Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында аға ғылым қызметкер, 1973 — 1987 ж. Шымкент облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірбие ст-ның, “Шымкент” кеңшар техникумының және дендрологиялық саяжайдың директоры болды. 1987 жылдан Қазақтың мал азығын дайындау және жайылым ғылым-зерттеу институтының директоры. Асановтың ғылыми еңбектері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарындағы жайылымға қолайлы жерлерді зерттеуге арналған. Шөлейт жерлердің құнарлылығын арттыру үшін Асанов Атырау облысында алғаш рет мал-азықтық дақылдарды (жоңышқа, қоңырбас субидайық, жиматарғақ, үйбидайық) бірге сеуіп суармалы жайылым жасау әдісін қолданды. Сондай-ақ ол белок пен витаминдердің сапасын жақсарту үшін мал азығына көк балдырды (хлорелла) қосуды ұсынды. А. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, Халықтар достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған. ## Шығармалары: * Пастбищное хозяйство Казахстана, А.-А., 1992; * Практикум по пастбищному хозяйству. А., 1994. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * RUS - Сайт депутата(қолжетпейтін сілтеме) * Жайылым үшiн жанын салған | Алматы ақшамы қоғамдық саяси газеті * Список знаменательных дат - Библиотека - Материалы - КМиБ ...
Нығмет Ғатауұлы Асанов (5.8.1942 жылы туған, Атырау қаласы) – ветеринария ғылымдарының докторы (2007) профессор (2008). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық агрономия университеті) бітіргеннен кейін сол институтта аспирант (1966–1969), ассистент (1969–1973), аға ғылым қызметкер (1973–1966), доцент (1991), 1991 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ғылым жұмысының негізгі бағыты құстардың вирустар қоздыратын ауруларын зерттеу. 120-дан аса ғылым еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Жұматай Ілесбайұлы Асанов (25.5.1941 жылы туған, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Комсомол ауылы) – педагогика ғылымдарының докторы (2004), профессоры (2006), ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі (2006). Қызылорда педагогика институтын (1962) және Мәскеу мемлекет педагогика институтының аспирантурасын (1980) бітірген. Қызылорда мемлекет университеті мемлекет университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1970–1979), Қазақ ұлттық педагогика университетінде аға ғылым қызметкер (1995–1997) болды. 2004 жылы «Студенттердің этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған. Асанов жастарға кәсіптік бағдар беру мәселелері (1989), «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы» (1999), тағы басқа ғылым кітаптарының авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Сыр бойы(қолжетпейтін сілтеме) * nauka: 2010 жылғы сыйлықтардың лауреаттары Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2011 жылы.
Мәкәрiм Әбдiқадырұлы Асаубеков (5.1.1943 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылы) – химия ғылымдарының докторы (1996). Мәскеу мемлекет университетiн бiтiрген (1966). 1966–1969 жылы КСРО ҒА мұнай-химия синтездерi институтының аспиранты, 1970 жылы Қазақстан ғылым академиясының химия ғылымдары институтында кiшi ғылым қызметкер, Қазақ мемлекет университетi]нде және Қазақ ұлттық техникалық университетiнде доцент болып қызмет атқарды. 100-ден аса ғылым мақала, соның iшiнде 1 монография жазған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Асаубеков Мәкәрiм Әбдiқадырұлы(қолжетпейтін сілтеме)
Итауыз – Қызылтау тауының солтүстік-шығысындағы оқшауланған тау массиві. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кенті мен Сәтбаев қаласының аралығында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 546 м. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес созылып жатыр. Ұзындығы 6 км, енді жері 4 км-ге созылған. Көлбеу келген беткейінен Жиделісай, Көкдомбақ өзендерінің салалары бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Геологиялық құрылымы тас көмір жүйесінің карбонатты, базальтты жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Тауалды коңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, қозықұлақ, жусан, терек, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Итарқа – Найманжал тауының шығысындағы қыстау. ## Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданы Қызылқұдық қонысынан батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Қыстау ірілі-ұсақты шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Құтансор, шығысында Жамантұз, оңтүстігінде Жақсытұз, батысында тағы басқа ұсақ, тұзды көлдермен шектеседі. Маңында Тақыл, Ақтас қыстаулары бар. Мал қыстағы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Астана медицина университеті — Астана қаласындағы дәрігер мамандар даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Ақмола медицина институты негізінде ҚР Үкіметінің 1996 жылы мамырдағы қаулысымен құрылған. Академияның емдеу, педиатрия, медицина-биология факультеттерінде 30 ғылым докторы, профессоры, 104 ғылым кандидат дәріс береді (1997). Құрамына Ақмола, Арқалық, Қостанай, Петропавл колледждері енеді. Ғылым-зерттеу жұмыстары: патогенез мәселелері, қарқынды терапия, аурудың терминалдық жағдайы, реанимациялық аурулар, жұқпалы ауруларды емдеу мен алдын алу әдістемелерін жасау, дегенеративті дистрофия және ортопедия сырқаттарын емдеудің экон. және атравматикалық әдістерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының(қолжетпейтін сілтеме)
Голоскоков түкқатары (Ріlopleura goloskokovіі) – шатыршагүлділер тұқымдасы, түкқатар туысына жататын көп жылдық өсімдік. Жетісу (Жоңғар) Алатауының тасты беткейлерінде, жартастар жарықшақтарында өседі. Биіктігі 20 – 40 см, солып қалған жапырақтары тамыр мойнын орап жатады. Сабағы бұтақты, сыртын аздап түк жапқан. Жапырақтары сағақты, жапырақ тақтасы екі рет қауырсын бөлікті тілімденген. Тығыз гүлдері ақ түсті, олар 10 – 15 сәулелі шатырша гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Голоскоков түкқатары өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Итаяқ – Сарыөзен алабындағы өзен. ## Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында. Ұзындығы 35 км, су жиналатын алабы 85 км2. ## Бастауы Бастауын Киікқашқан ауылының шығысындағы шағын тұщы көлден алып, солтүстікке қарай Сарыөзен өзенінің оң жағынан құяды. ## Гидрологиясы Жоғары ағысындағы арнасы жонды-белесті өңірмен ағады. Орта және төменгі ағысында өзен жайылмасы кеңейеді. Жаз айларында өзен қарасуларға бөлініп қалады. ## Дереккөздер
Глубокое ауданы — Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 7,3 мың км². Орталығы – Глубокое кенті. Аудан 1964 жылы 31 желтоқсанда құрылған. ## Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Шемонаиха, шығысында Алтай ауданымен және Риддер қаласымен, оңтүстігінде Ұлан ауданымен және Өскемен қаласымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. Облыстың солтүстік жағының орталық бөлігінде, Ертіс өзенінің салалары Үбі мен Үлбі өзендері аралығында орналасқан. Ауданның жер бедері өте күрделі. Солтүстік-батыс жағын Үбі мен Үлбі өзендерінің аралығындағы Үбі жотасының батыс бөлігі мен Тікирек (Тигирец) жотасының оңтүстік беткейі және олардың шоқылы сілемдері, ал оңтүстік-батыс жағын Үлбі (Иванов) жотасының батыс бөлігі алып жатыр. Жер беті Ертіс өзенімен және оның салаларымен тілімденген. ## Тарихы 1963 жылы 10 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Глубокое өнеркәсіптік ауданы құрылды. Аудан құрамында Глубокое, Белоусовка, Пахотный, Верхнеберёзовский, Первомайский кенттері болды. 1964 жылы 17 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Пахотный кенті ауылдық елді мекен санатына жатқызылып, Лениногорск қалалық кеңесінің әкімшілік қарамағына берілді. 1964 жылы 31 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Глубокое өнеркәсіптік ауданы таратылды; орталығы Глубокое кентінде Глубокое ауданы құрылып, құрамына Шемонаиха ауданының Белокамен, Бобров, Киров, Краснояр, Куйбышев, Малоуба, Северный, Секисов, Ушанов, Фрунзе ауылдық кеңестері мен Верхнеуба ауылдық кеңесінің «Весёловский» кеңшарының аумағы енді. 1965 жылы 21 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Шемонаиха ауданынан Черемшан ауылдық кеңесі берілді. 1972 жылы 28 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен Весёлов ауылдық кеңесі құрылды. 1984 жылы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Шешімімен Опытное поле ауылдық кеңесі құрылды. 1985 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Шешімімен Калинин ауылдық кеңесі құрылды. ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік, қаңтар айының орташа температурасы –18°С, шілдеде 20°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 600 – 700 мм. Жер беті сулары Ертіс өзенінің орталық бөлігі мен оның Оба, Үлбі, Қарақожа, Қызылжар, Глубочанка атты салаларынан және оларға құятын сай-жыралардан тұрады. Аудан жерінде негізінен сұр, карбонатты күңгірт-қызғылт және қызғылт топырақтар, қыратты жерлерде қара және шалғындық топырақтар тараған. Далалы ашық жерлерде жусан аралас селеу, бетеге, қыратты (таулы) өңірде бұта тектес өсімдіктер, қарағай, майқарағай, терек, қайың, шетен аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, аю, сілеусін, түлкі, бұлғын, борсық, бұғы, таутеке, елік, күзен, сарышұнақ; өзен-көлінде су құстары, шабақ, алабұға, шортан, қарабалық және т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жер аумағы 248,9 мың га, оның 100,4 мың га-сы егістік, 31,6 мың га-сы шабындық, 104,4 мың га-сы жайылым. Аудан жері арқылы Өскемен – Лениногор, Өскемен – Шемонаиха автомобиль жолдары, Өскемен – Локоть т. ж. өтеді. Ертіс өз-мен шағын кемелер қатынайды. ## Халқы Тұрғындары 61 948 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 29,27%, орыстар – 65,95%, немістер – 1,96%, татарлар – 0,90%, украиндар – 0,55%, басқа ұлт өкілдері – 2,57%. ## Әкімшілік бөлінісі 37 елді мекен 2 кенттік, 2 ауылдық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген: ## Пайдалы қазбалары Глубокое ауданының қойнаулары полиметалды рудаларға бай. Қорғасын, мырышпен қатар құрамында алтын, күміс, кадмий, сурьма, мышьяк, темір, күкірт, селен сынап, мыс және басқа да элементтер бар. Өзінің тазалығы жөнінен Березовка, Белоусовка, Ертіс және Ново-Березовка кен орындарының металдары әлемдік стандарттан кем түспейді. Аудан аумағында 23 жерде құрылыс материалдарына қажетті тастар, әктас, кірпіштік топырақ, құрылыс құмдары бар. Гранит, диодориттер мен кварцальбитофирлер құрылыс тастарын өндіретін шикізат ретінде қызмет етеді. ## Аудан тарихы 1730 жылы штейгер Иван Чупоршнев бай Березовка кенішін ашты. 1731 жылдан Демидов Невьян заводынан әкелінген жұмысшы кадрлар күшімен бұл телімді пайдалана бастады. Нан мен жарма алыстағы сібір мен орал уездерінен әкелінді. Азық-түлік проблемасын шешу үшін 1760 жылы «Өскмен қамалына орналасу және Уба өзенінің арғы жағына, Ертістің оң жағалауына Березовка, глубокое Улбьба және басқа да Ертіске құятын өзендер жағалауына қамалдар салу мен екі мыңға дейін орыс әкеліп қоныстандыру туралы» Сібір жарлығы шықты. 1761 жыл Глубокоенің туған жылы. Ескі көздердің айтуы бойынша осы жылы Петушок жотасының етегіне Игнатий Губин отбасымен қоныстанған. Глубокое тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты, таулы-завод халқын және Ертіс казактары әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Алғашқы қоныстанушылар әкімшілік есепте өскменде тұрды. Шаруалар міндеттеріне егіншіліктен басқа жолдарды жөндеу мен кеніш жұмыстарына жас жігіттерді қосу болды. Барлық жүктер атпен тасылды, сондықтан жылқы шаруашылығы дамыды. 1747 жылы Секисовка ауылы пайда болды (Секисовка редутының орнына), 1767 жылы Бобровка пайда болды, 1797 жылы Белоусовка. Глубокое ауданы – Кенді Алтайдағы ара шаруашылығының отаны. 1786 жылы алғашқы аралар Бобровкаға әкелінді, кейін Глубокоеде, Прапорщиковода пайда болды, одан бүкіл Алтайға тарады. Ертіс мыс балқыту зауытының тарихы 1920 жылдарынан басталады, «Лена-Лимитед-Голфилдс» ағылшын компаниясы Глубокое кентінде шағын қорғасын зауытының құрылысын бастады. Зауыт 1931 жылы күзде іске қосылды. Бұл компаниямен келісім-шарт бұзылғаннан кейін орталығы Глубокое кентінде «лена-Банк» Алатай комбинаты құрылды. 1932 жылдың сәуірінде комбинат Ертіс тау-өнеркәсіптік кешен болып қайта құрылды, құрамына Белоусовка мен Березовка кеніштері енді. 1937 жылы 26 мамырда Ертіс мыс балқыту зауыты жұмысын бастады. 1935 жылғы мамырда Глубокое арқылы Рубцовск – Защита темір жол магистралі салынды. Глубокое жерінен 10 Кеңес Одағының батыры және 19 Социалистік Еңбек Ері шыққан. ## Дереккөздер
Горельник минералды суы – Іле Алатауының солт беткейіндегі минералды бұлақтар. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 18 км жерде орналасқан. Минералды судың жылылығы 20 – 22°С, бұлақтардың тәуліктік су шығымы 1,5 м3-ден 17,3 м3-ге дейін. Гидрокарбонатты сульфатты-натрийлі тұщы судың минералд. 0,12 – 0,14 г/л. Су құрамында радон (25 – 27 эман), кремний қышқылы (20 – 36 мг/л) бар. Тереңд. 250 м ұңғымадан тәулігіне 800 м3-ге дейін шапшымалы жылы су (27°С) алынады. Горельник минералды суы — Іле Алатауының солтүстік беткейіңдегі минералды бұлақтар. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 18 км қашықтықта орналасқан. Минералды судың жылылығы 20-22° С; бұлақтардың тәуліктік су өнімі 1,5 м3-ден 17,3 м3-ге дейін. Гидрокарбонатты сулыратты-натрийлі тұщы судың минералдар 0,120,14 г/л. Су құрамында радон (25-27 эман), кремний қышқылы (20-36 мг/л) бар. Тереңдігі 250 м ұңғымадан тәулігіне 800 м3-ге дейін шапшымалы жыны су (27°С)алынады. ## Дереккөздер
«Горняк» минералды су кен орны - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы жерінде орналасқан. Кен орны 1973 жылы анықталып, барлау жұмыстары 1975-1978 жылдары аралығында жүргізілген. ## Жатыс сипаты Хлорий-сульфат натрий құрамды, минералдылығы 3 г/дм3 суы 200 м тереңдіктегі төменгі тас көмір және әктасты қабатында жатыр. Деңгейі 15 – 25 м тереңдікте қалыптасады. Ұңғымалардың дебиті 2,4 – 9 л/с. Минералды судың қоры тәулігіне 56 м3. Суы «Горняк» санаторийінде емдік бағытта қолданылады. ## Дереккөздер
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ) — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Астана қаласындағы жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында. 9 факультетте 6000-нан аса студент оқиды, университетте 20 ғылым доктор, проффесор, 150 ғылым кандидаттар мен доцент дәріс береді (1998). Өсімдік шаруашылығында өнім өндірудің интенсивті технологиясы агротәсілдерін жасау, мал басын аман сақтау және олардың өнімділігін арттыру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінің экономика-ұйымдастыру және әлеуметтік мәселелері, ауыл шаруашылық өндірісін инженер-техника жағынан қамтамасыз ету, жеке тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыру бағыттарында ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізеді. Университетте 3 диссертация кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. АҚШ, Германия, Англия, Италия оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. ## Университет тарихы Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жәңе ең ежелгі жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. Университет бүгінде жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық жүйесі бар біртұтас оқу – ғылыми – әдістемелік кешенді құрайды. Қазіргі кезде университетте 43 кафедра бар. Қазіргі кезде университеттің сегіз факультететінде 10000-ға жуық студент жаратылыс ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін мамандықтар тобы бойынша 37 бакалавриат, 24 магистратура, 6 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім алуда. Сонымен қатар 5 бакалавриат, 3 магистратура мамандықтары бойынша көптілді оқу үрдісі жүзеге асырылуда. Білім бері үдерісін 650 оқытушы, оның ішінде 353 ғылым докторы мен кандидаты жүргізеді. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті 35,8% құрайды, олар оқытудың жаңа прогрессивтік формаларын дамыту мақсатында қызмет жасауда. Университет ғалымдары аймақтық, республикалық салалық және сала аралық ғылыми бағдарламаларға қатысады. Ғылыми жобалар саны 30-дан 45-ке жетті, ғылымды қаржыландыру 3 есеге артып, 251 млн теңгеден асты. Thomson Reuters агенттігімен «ҚАТУ Ғылым жаршысы» журналы индексі нөлден жоғары ғылыми басылым ретінде танылған.Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 55 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Университет білім беруде келесі бағыттарға басымдық береді: экономиканың аграрлық саласына сапалы мамандар дайындау, оқу орнының рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігін Республика деңгейінде, сонымен қатар халықаралық деңгейде арттыру, әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ойдағыдай қауымдасу. Оларды жүзеге асыру үшін университет қазіргі заманғы басқару жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуде, материалдық-техникалық базасын нығайтты, өндіріс орындармен, жұмыс берушілермен, ғылыми зерттеу институттары және орталықтармен өзара ынтымақтастықтың тиімді жүйесін қалыптастырды, ғылыми базасын нығайтуда. ҚазАТЗУ халықаралық стандарттар бойынша институционалдық аккредитация мен мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті, қазіргі уақытта халықаралық аккредитациядан өтуге дайындалуда.Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Чехия, Польша т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Университеттің барлық құрылымдарын компьютерлендірумен байланысты алдыңғы қатарлы оқыту технологиялары енгізілуде. Осының бәрі әлемдік білім беру жүйесіне нәтижелі қауымдасуымызға мүмкіндік жасайды.Университеттің материалдық – техникалық базасы, әдістемелік қамтамасыз етілуі және ғылыми – педагогикалық потенциалы өлшеусіз өсті. Алғашқы рет жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен 60 мамандық бойынша модульді білім берудің оқу бағдарламалары дайындалды. Университеттің материалдық – техникалық базасын одан әрі кеңейту мақсатында 8 инвестициялық жоба дайындалған. QS агенттігінің зерттеулері бойынша ҚазАТЗУ 601+ әлем университеттерінің рейтингіне 8 қазақстандық университеттің бірі болып енді. ## Факултеттер * Агрономия факультеті 1957 жылы ашылған.Факультет 5В080100 - «Агрономия», 5В080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В0608 - «Экология», 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантині» мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды. Факультетте 6М080100 - «Агрономия», 6М080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6М080800 - «Топырақтану және агрохимия», 6М070100 - «Биотехнология» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080100 - «Агрономия» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультеттегі «Топырақ мұражайы» солтүстік және орталық аймақтардағы бірегей мұражай болып табылады.Факультетте дән сапасын бағалау; тұқымтану; биотехнология; агрохимия; диагностика және өсімдіктердің микроклональдық көбеюі; мал азығын өндіру; ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары коллекциясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми зертханалары бар. * Сәулет өнері факультеті 1965 жылы құрылған.1992 жылы сәулет өнері факультеті әлемнің танымал болған сәулет өнері мектептерінің каталогына енгізілді.Мамандарды дайындау мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына негізделіп, 5В042000 – «Сәулет»; 5В042100 – «Дизайн» мамандықтары бойынша күндізгі оқыту бөлімдерінде жүргізіледі. 6М042000 - «Сәулет» мамандығы бойынша магистрлер дайындалады. * Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті 1964 жылы негізі қаланған.Факультет 5В120100 - «Ветеринарлық медицина», 5В120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша маман және 5В070100 - «Биотехнология», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6М080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 6М080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 6М120100 - «Ветеринарлық медицина», 6М120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6D120100 - «Ветеринарлық медицина», 6D120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте паразитология, акушерлік және хирургия мұражайлары, биотехнология, мал азықтандыру, сүт өңдеу, токсидермия, ветеринарлық сараптау зертханалары, балық өсіру цехы жұмыс істейді. * Жерге орналастыру факультеті 1957 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В090300 - «Жерге орналастыру», 5В090700 - «Кадастр», 5В090800 – «Бағалау», 5В071100 «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М090300 - «Жерге орналастыру», 6М090700 - «Кадастр».мамандықтары бойынша магистратура ашылған. Факультетте университетіміздің бірінші ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Гендельман атындағы мұражай бар. * Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті Факультет 1985 жылдан бастап жеке факультет ретінде жұмыс істейді.Факультет 5В012000 - «Кәсіптік білім», 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер», 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М0120 - «Кәсіптік білім», 6М070300 - «Ақпараттық жүйелер», 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. * Техникалық факультет 1957 жылы құрылған.Факультетте 5В080600 - «Аграрлық техника және технологиялар», 5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5В072800 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындалады.Факультет 6М080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», 6М073200 - «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды. 6D080600 - «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Оқу үрдісінде лабораториялық қондырғылармен жабдықталған аудиториялар және жаңа үлгідегі ауыл шаруашылық техникалары қолданылады. * Энергетикалық факультет 1965 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В071800 – «Электр энергетикасы», 5В071700 – «Жылу энергетикасы», 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 5В081200 - «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультет 6М071800 – «Электр энергетикасы», 6М071700 – «Жылу энергетикасы», 6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды.2008 жылдан бастап факультет базасында энергия үнемдеу технологиялары орталығы ашылған, телекоммуникациялар саласындағы жаңа технологиялар бойынша заманауи ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді. * Экономика факультеті 1960 жылы негізі қаланған.Факультет 5В050600 - «Экономика», 5В050700 - «Менеджмент», 5В050800 - «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В051100 - «Маркетинг», 5В090400 - «Әлеуметтік – мәдени сервис» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М050600 - «Экономика», 6М050700 - «Менеджмент», мамандануы «Аграрлық менеджмент», 6М050900 - «Қаржы», 6М051100 - «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратура жұмыс істейді. 6D050600 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте интерактивті тақтасы бар кабинет және әдістемелік кабинет жұмыс істейді. * Сырттай оқу факультеті 1959 жылы құрылған. Қазіргі уақытта факультетте жаңа үлгідегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген қашықтықтан (дистанциялық) оқыту үрдісі енгізілуде. Мамандандырудың барлық бағыттары бойынша кейстік технологиялардың оқу-әдістемелік кешендері әзірленген. * Әскери кафедра Әскери кафедра 1965 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Университет студенттері жоғары білім алумен қатар, әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыш және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алып шығады ## Оқу орнын әр жылдарда басқарған тұлғалар * директор Т.Г.Духов (1958 ж. ақпан - 1961 ж. мамыр) – техника ғылымдарының кандидаты, доцент; ректорлар: * М.А.Гендельман (1961 ж. мамыр - 1982 ж. қараша) – экономика ғылымдарының докторы, профессор; * К.Ә.Сағадиев (1982 ж. желтоқсан – 1990 ж. қараша) - экономика ғылымдарының докторы, профессор; * Я.Я.Мауль (1991 ж. ақпан – 1993 ж. қазан) - экономика ғылымдарының докторы, профессор; * Б.Ө.Әлімжанов (1993 ж. қазан – 2004 ж. қазан) – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор; * А.Қ.Бұлашев (2004 ж. қараша – 2011 ж. қараша) – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор. * А.Қ. Күрішбаев (2011 жылдың қараша айынан бері) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі. ## Тарих беттеріне қысқаша шолу * 1957 ж. – Ақмола ауылшаруашылық институты құрылды (КСРО Министрлер Кеңесінің 3.10.1957 ж. №1176 Қаулысы); * 1996 ж. – институт Ақмола аграрлық университеті болып қайта құрылып, оған Сәкен Сейфуллин есімі берілді (ҚР Үкіметінің 7.05.1996 ж. №573 Қаулысы); * 2001 ж. – университет С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мәртебесіне ие болды (ҚР Үкіметінің 15.06.2001 ж. №821 Қаулысы); * 2004 ж. – университет «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 03.08.2004 ж. №829 Қаулысы). * 2007 ж. – университет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына беріліп, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 22.05.2007 ж. №409 Қаулысы). * ҚазАТУ Республиканың жоғары оқу орындары арасында ең алғашқылардың бірі болып «Русский Регистр» және IQNet (Сертификаттау бойынша Халықаралық желі) сертификаттау жүйесіндегі ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аудит тексерісінен өтіп, 2005 жылғы 18 сәуірде № 000340 куәлігіне ие болды. ## Еншілес ұйымдары * Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы, Щучинск қаласы) * А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Ақмола облысы, Научный кенті) * Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы (Солтүстік Қазақстан облысы, Шағалалы ауылы) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Аграрлық университет бестігі сайлауда дауыс береді | Астана ..(қолжетпейтін сілтеме)
Күлзина Асқамбайқызы (1941 жылы туған, Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас (ауыл)) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1993). Алматы мемлекет медицина институтын (1964) және Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының аспирантурасын (1971) бітірген. Түркістан облысы Түркістан қалалық ауруханасында дәрігер (1964–66), Алматы мемлекет медицина институтында ординатор (1966–1968), Алматы облысының емдеу мекемелері мен Педиатрия және бала хирургиясы орталығында қызметтер атқарды. 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекет медицина академиясында кафедра меңгерушісі. 1992 жылы «Рецидивирующие хронические неспецифические бронхелегочные заболевания у детей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Асқамбайқызының 50-ден астам ғылым еңбегі жарық көрді. ## Дереккөздер
Итбай – Бектауата тауының оңтүстік-шығысындағы оқшауланған ұсақ шоқылы тау массиві. ## Географиялық орны Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Балқаш қаласының солтүстігінде 57 километр жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 661 м. ## Геологиялық құрылымы Жоғары палеозойдың қызғылт гранитінен түзілген. Тау беткейі тасты-тастақты, көлбеу келген. ## Өсімдігі Кей жерінде бірен-саран бұта өседі. Беткейаралық аңғарларындағы қоңыр топырағында қайың, терек, тал мен қияқ аралас шалғын өседі. Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Етегі тақыр. ## Дереккөздер
Глухов артезиан алабы, Шығыс Қазақстан облысында Семей қ-нан солт.-батысқа қарай 30 – 35 км жерде, Ертістің оң жағалауында, Батыс Сібір артезиан алабының оңт.-шығысында, 1962 – 67 ж. анықталды. Сазбен табылған неоген-төм. антропоген құмдары су сыйыстырушы жыныстар болып саналады. Суы арындап, жер бетіне шапшып шығады. Өздігінен құйылатын ұңғымалардың дебиті 30 – 35 л/с, сорғымен тартқанда 50 – 60 л/с-қа жетеді. Суы тұщы, гидрокарбонатты-натрийлі, сәл сілтілі (рН 7,1 – 7,5) температурасы – 14°С, Алаптың негізгі толығу аймағы – Семейдің солтүстік мен солтүстік -батысындағы қарағай орманы өскен құмды алқап. Алаптың өз суынан ішінара арылатын аумағы Ертіс аңғары, Белокаменка а-ның тұсы. Жер асты суының ғасырлық қорының орташа шығымы 8 м³/с. Глухов артезиан алабының суы Семейді, оған таяу елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, жер суғаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Итемген – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы тұйық көл. Теңіз деңгейінен 294,6 метр биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 57,4 км2, ұзындығы 11,5 км, енді жері 7,4 км. Жағасының ұзындығы 40,3 км, орташа тереңділігі 1 м (ең терең жері 3,5 м). Су көлемі 57 млн. м3, су жиналатын алабы 1150 км2. Түбі тегіс, тұнба, лайлы. Оңтүстік жағасы жайпақ, батысы тік жарлы келген. Көлге Ақсуат өзені кұяды. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Жоғары деңгейі сәуірде, төменгісі қыркүйек айында байқалады. Қуаң (1931 –1933, 1940, т.б.) жылдары тартылып та қалған. Кейін шарасы қайта суға толған. ## Дереккөздер
Итемір – Қалба және Бала Қосмұрын жоталарының аралығындағы тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жарма мен Көкпекті аудандарының шекарасында орналасқан. Егінбұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км жерде. Абсолюттік биіктігі 831 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. ## Жер бедері Солтүстік-батыс беткейі тіктеу келген. Пішіні сопақша, Көкпекті өзенінің аңғарында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Палеозойдың тақтатас, құмтас және интрузивті жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырағында далаға тән өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдалануға қолайлы. ## Дереккөздер
Сабыркүл Жайлаубекқызы Асанова (1945 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген) — Инженер-технолог. Қазақстан Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). "Сымбат" сән академиясының президенті. Өнертану ғылымдарының профессоры. ## Толығырақ * Сабыркүл Жайлаубекқызы 1945 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген. * 1969 жылы Мәскеу тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген. * Мәскеу «Трикотажница» фабрикасында инженер (1969–1972), Алматы қаласындағы «Алмагүл» фабрикасының бас инженер (1972–1984), «Қазақстан» фирмасының директоры (1984–1986), Қалалық туристік басқармасының бастығы (1986–1990), 1990 жылдан «Сымбат» сән академиясының президенті, ал 1998 жылдан «Сымбат» сән бизнес академиясының ректоры. 2003 жылы «Разработка комплексного проектирования и технологии производств национальной одежды» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * Асанова 145-тен астам ғылыми еңбектің авторы. ## Ғылыми жетістіктері * 2004 - Техника ғылымдарының докторы * 2009 - профессор * 2007 жылдан Халықаралық инженерлік академиясының академигі * 2008 жылдан Қазақстан Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі * Өнертану ғылымдарының профессоры. ## Марапаттары * КСРОның "Халықтар достығы" Ордені * 2005 - "Қазақстан Республикасы конститутциясына 10 жыл" медалі * 2006 - Президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді * 2008 - "Астанаға 10 жыл" медалі * 2011 - "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі * Еңбек ардагері медалінің иегері. * ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Акимат Жетысуского района г. Алматы :: Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы(қолжетпейтін сілтеме) * Марапаттар - СА "Сымбат" (қолжетпейтін сілтеме) * Асанова , Сабыркүл Жайлаубекқызы - ВКОБ(қолжетпейтін сілтеме)
Голоскоков ақүрпегі (лат. Tanacetopsis goloskokovii) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жетісу(қолжетпейтін сілтеме) (Жоңғар), Іле Алатауы, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Биікт. 30 – 75 см. Сабағы тік, ұшына жақындаған сайын бұтақтары жиілей түседі. Жапырақтары таспа пішінді болғанымен тақтасы қауырсын тәрізді терең ойықталған, ұзын сағақты, сабаққа кезектесіп орналасады. Жеке гүлдері себетгүл гүлшоғырына шоғырланған, барлық себетгүлдері топталып, қалқанша гүлшоғырын түзеді. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, күлтесі бір-бірімен бірігіп, тұтасып түтікше құрайды. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жемісі піседі. Жемісі – ұсақ, қырлы тұқымша. Голоскоков ақүрпегі өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Итауыз мыс кен орны - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Кен орнын 1955 жылы геолог В.М. Потапочкин ашқан. 1984 жылы барлау жұмыстары (В.А. Струтынский, В.И. Ужва, Ә.Б. Байбатша, т.б.) аяқталған. ## Геологиялық құрылымы Итауыз мыс кен орны Жезқазған синклиналінің бір қанатын құрайды. Кен алаңының құрылысына алеврит (құмайт), құмтас және конгломераттан тұратын Тасқұдық пен Жыланды горизонттары кіреді. ## Жатыс сипаты Кен орнында желек, линза және таспа пішінді, қалыңдықтары әр түрлі 54 кен денесі анықталған. Кен денелерінің ұзындығы созылу бағытында 4590 метрге дейін, еңістену бағытында 1500 метрге дейін, қалыңдығы 0,25-22,7 м. Мыстың есептік блоктардағы үлесі 1,0-1,2%, ал кен орны бойынша орташа үлесі 1,12%. Біршама бай кентас кен орнының орта бөлігінде шоғырланған, шетіне қарай кенді денелердің қалыңдығы мен құрамындағы мыстың мөлшері азаяды. Осы бағыттарда кентастың минералдық кұрамы халькозин-борниттен халькопиритке өзгереді. Қорғасынды-мырышты кентас шағын линзалар түрінде кен орнының төменгі горизонттарында кездеседі. Кен орнының негізгі элементі – мысалы қорғасын мен мырыштың өнеркәсіптік мәні аз. Серіктес элементтер ішінде күміс пен рений басты орында, олардың мөлшері тиісінше 6,4 г/т және 1,5 – 1,6 г/т. Кен орнын «Қазақмыс» корпорациясы ашық әдіспен игеруде. ## Дереккөздер
Қозы – қойдың 6 айға толмаған жас төлі. Қозылар егіз және жалқы болып туылады. Оларды туған мерзіміне қарай мәйекті қозы, көбе (кепе), қауқа, күн тимес, көпелдеш, көпей, арамза, марқа, бағлан қозы деп атайды. Қозылар туылғаннан соң 10 – 15 минуттан кейін аяқтанып, енесін емеді, 10 – 15 күнде отығады, 3 – 4 аптадан кейін қосымша жем (күнжара, ақталған сұлы, т.б.) беріледі. Оларды 1,5 айлығында отармен бірге бағып, 3 – 4 айдан кейін еркек не ұрғашысына қарай отардан бөледі. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы
Итбас – Қоңыртемірші тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі оқшауланған тау массиві. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Татан ауылының оңтүстігінде 22 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 904 метр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 километрге созылып жатыр. Беткейлері көлбеу, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Тау аңғарларында көптеген қыстаулар бар. Етегінде Әтембеттоған, Алашыр бұлақтары орналасқан. Шығысында Иткөл көлі жатыр. ## Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Шала дамыған ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, сұлыбас, бетеге, бұталар өседі. Тау атырабы шөбі шүйгін жайылымдық, шабындық. ## Дереккөздер
Итқырылғансор – Жаман Ақкөл сорының солтүстігінде 12 км жердегі сор. ## Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданы жерінде орналасқан. Торғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің аңғарында орналасқан. ## Гидрографикасы, сипаты Сор доға тәрізденіп ендік бағытта 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Теңіз деңгейінен 110 м шамасында. Батысында Қарасай аңғарымен, шығысында Қазымбай Қарасу сайы, солтүстігінде Ащытастысор сорымен шектеседі. Оңтүстігі тегіс тақырлы келген. ## Дереккөздер
Итмұрынды – Табақкеңтатыр аңғары мен Балқаш көлінің аралығындағы тау. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 557 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 6 км. ## Геологиялық құрылымы Ерте ортаңғы тас көмір кезеңінің гранитоид жыныстарынан түзілген. ## Жер бедері Беткейлері көлбеу, түпкі жыныстары жалаңаштанып жер бетіне шығып жатыр. ## Өсімдігі Сортаңды сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, баялыш, итмұрын, т.б. бұталы өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Ит өсіру – шаруашылық қажетіне сәйкес итті қолға үйрету, асырау. Иттер: ізшіл, иісшіл, қызмет иттері, күзетші, бақташы және көлік ретінде шанаға жегілетін, аңға салынатын, үйде ұсталатын болып ажыратылады. Ізшіл күзетші иттер шекараны, мемлекеттік және қоғамдық меншікті қорғауға, зілзала апатынан құтқаруда пайдаланылады. Иісшіл иттер кеден қызметінде, есірткі, жарылғыш заттарды тасымалдаушыларды табуға көмектеседі. Бақташы ит – малшылардың көмекшісі (малды қайырады, өрістен айдап келеді, түнде күзетеді, ұрыдан, ит-құстан қорғайды). Шанаға жегілетін иттер – солтүстік суық аймақта негізгі көлік. Қазақстанда 100 мыңнан астам бақташы ит бар. Қазақ бөрібасары, Кавказ овчаркасы, ортаазиялық овчарка, Шығыс Еуропа овчаркалары жақсы үйретілсе қойды түнде күзетумен бірге күндіз де бағады. Мал көрмей өскен иттерді бақташылыққа үйрету қиын. Сондықтан малшылар өз итінің күшігін баулып, мал бағуға үйретеді. Ал ізшіл, иісшіл қызмет иттерін ит питомнигінде өсіріп, оларды жұмсауға үйретіп, белгіленген мақсатқа сай машықтандырады. Қазақ мал өсіру ғылыми-зерттеулер институтында бақташылыққа бейім ит тұқымдары өсіріледі. Бұлар аңызақ ыстыққа және құмды жердің ауа райына көнбіс, үнемі малмен бірге жүретін, қасқырмен батыл айқасатын, сақ иттер. Сүйегі ірі, кеудесі кең, мойны жуан, басы жалпақ, тұмсығы қысқа, жүйрік. Ит питомнигінде өсірілетін Кавказ овчаркасының тұрпаты да осы тәріздес, таулы өңірде пайдалануға қолайлы келеді. Түсі көбіне қара коңыр не сары болады. Шығыс Еуропа овчаркасы машықтануға тез жаттығады. Қылшығы мықты, түбіті қалың, қырағы, малды шашау шығармайды. ## Сілтемелер
Шамшәдин Тұрсынұлы Керім (4 сәуір 1962 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылы) – фольклортанушы, дінтанушы, филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2009). * ҚазМУ-ды (1985, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. * Қазақстан орталық музейінде (1985–87) кіші ғылыми қызметкер. * 1987-1992 ж.ж. Қазақстан ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер; * Өзбекстандағы Ғ. Ғұлам атындағы Сырдария мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі; * 1994-2001 ж.ж. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шығыс филологиясы кафедрасының доценті, меңгерушісі; * 2001 ж. 4 сәуірінен 18 маусымына дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам университетінде ректор; * 2001 ж. 18 маусымынан 2018 ж. 9 қыркүйегіне дейін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры; * Қазір Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, Дінтану кафедрасының профессоры; ## Ғылыми жұмыстары * 2000 ж. «Қазақ фольклорындағы жұмбақ жанры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады; * Әдебиеттану, шығыстану, дінтану, исламтану салалары бойынша 230-дан астам ғылыми еңбектері жарық көрді; * 140-тан аса ғылыми конференцияларда (Египет, Түркия, Ресей т.б.) баяндамалар жасаған; ## Еңбектері * Қазақ жұмбағы. Монография, 2007 ж. * Араб елдері. Оқу құралы, 2008 ж. * Араб баспасөзінің тілі. Оқу құралы, 2008 ж. * Сығанақ саңлағы. Монография, 2012 ж. * Діни білім - дін діңгегі, 2012 ж. * Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби- ғұлама ғалым, ақын. Монография, 2017 ж. * Сал-серілер поэзиясы/ ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Монография, 2017 ж. * Қазақстан исламтануының аса көрнекті өкілдері. Монография, 2018 ж. * Тараз тарланы. Монография, 2022 ж. ## Марапаттары * "Құрмет" ордені (2017); * Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалі (2016); * "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі (2016) * "Астана 20 жыл" мерекелік медалі (2018); * "Мәшһүр Жүсіп атындағы Алтын медаль" (2013);
Орынбек Керімбеков (9.12.1928, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылы – 1997, Жамбыл қаласы) – тарих ғылымының докторы (1990), профессор (1990). * 1955 - ҚазМУ-дың философия факультетін (1955, қазіргі ҚазҰУ) және Ленинград (1963, қазіргі Санкт-Петербург) университетінің аспирантурасын бітірген. * 1955-1961 - Жамбыл қалалық, облысы партия кадеттерінде қызмет атқарды. * 1963-1967 - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтында кафедра меңгерушісі, * 1981 - қазіргі Тараз мемлекеттік университетінде доцент, профессор, * 1967-1971 - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында партия комитетінің хатшысы, кафедра меңгерушісі, * 1971-1981 - Қазақ политехникалық институтының Қаратау қаласындағы бөлімшесінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның ғылыми-зерттеулері философия және саясаттану мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер
Итшомырт (лат. Frangula) – қаражемістер тұқымдасына жататын бұта. Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 50-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда бір түрі – сыңғақ итшомырт (F. alnus) бар. Негізінен ормандар мен бұталар арасында, батпағы құрғаған жерлерде өседі. Оның биіктігі 3 – 4 м. Тікенсіз сабағы бұтақтанып келеді. Қабығы қызыл, әр жерін ақ дақтар басқан. Ұшы сүйір, жиектері тегіс, сопақша жапырақтары ұзын сағақты, кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – шар пішінді домалақ сүйек. Олар алғашында қызыл болады да, артынан қараяды. Итшомырт – дәрілік өсімдік. Дәрілік мақсатта, жас бұтақтарының қабығын ерте көктемде, жапырақтары бүршік жара бастаған кезде жинап алады. Қабығының қайнатындысын шемен, геморрой, бауыр, созылмалы тері ауруларын емдегенде, ал тамырының қайнатындысын асқазан және ішекауырғанда ішеді. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Итошаған (лат. Bidens) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда өзен мен көлдердің жағалауында, сондай-ақ, саз, құм топырақты далада және суармалы жерлерде өсетін имек итошаған (B. cernua), үштармақты итошаған (B. trіpartіta), сәулелі итошаған (B. radіata), түкті итошаған (B.pilosa) деген түрлері бар. Бұлардың биіктігі 10 – 60 см. Тік сабағының жоғасыр бөлігі бұтақталып кетеді. Қауырсын тәрізді сүйірленген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Көп гүлді себет гүлшоғырының сыртын екі қатар орам жапырақшалары қоршап тұрады. Оның сыртқысы – жасыл, ал ішкі қабаты – жарғақ тәрізді, қара-жасыл жолақты сары түсті болады. Гүлдері қос жынысты, шеткі тілімденген гүлдері – жыныссыз келеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымшажемісінің бүйірі қысыңқы, төрт қырлы, төбесінде 2 – 4 қылтанағы бар. Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін қолданылады. ## Табиғатта таралуы. Итошаған республикамыздың, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарында кездеседі. Ол ылғалды, сазды – батпақты жерлерде, өзен – көл жағалауларында, ескі мал қораларының маңында өседі.Дәрілік шикізат ретінде жапырағы мен сабағының ұш жағы жиналады. Оларды, өсімдік жаңа гүлдей бастаған кезде орақпен орып, ол болмаса кәдімгі қайшымен сабақтың ұш жағынан 10 – 15 см ұзындықта қиып алады. Жиналған дәрілік шикізат шатырдың, жаппаның астында көлеңке жерде жел қақтырылып кептіріледі. ## Химиялық құрамы. Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында 10 мг/пайыз флавноидтар, кумарин, 60 – 70 мг/пайыз аскорбин қышқылы, 50 мг/пайыз каротин және 4,5 пайызға дейін илік заттар, аздаған эфир майлары бар. ## Қолданылуы. Өсімдік тұнбасы және судағы ертіндісі малдың азыққа тәбетін арттыру, ас қорытуды жақсарту және бауыр ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жапырақтары жараның тез жазылуын шипалық жасайды.Мал дәрігерлігі практикасында күйіс қайыратын малдың азыққа тәбетін ашу, сондай – ақ тер және зәр шығаруды үдету үшін пайдаланылады. Сақа малға өсімдіктің ұнтағы орта есеппен 8 – 10 грамм мөлшерінде беріледі.Бұл дәрілік шөппен төл ауруларын емдеуге рұқсат етілмейді. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // итошаған — "Қайнар", 1988. — Б. 64-65. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Итіке – Шу өзенінің аңғарындағы құдық. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылының оңтүстік-батысында 15 км жерде. Солтүстігінде Майдегенкөл, Қарақыр сорлары орналасқан. Маңында Орыстұма, Қызылтұма, Шеңгелтұма, Омар бұлақтары мен көптеген қыстаулар бар. Құдықтың маңайын сексеуіл шоғырлары қоршаған. Құдық мал суаруға пайдаланылады. ## Сілтемелер
Итқұсық, шумания (лат. Schumannia karelinii) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы немесе сасыр туысына жататын түр. Негізінен Орта Азия мен Иранның шөлейтті жерлерінде өседі. Қазақстанда құмды және құмды-қиыршықтасты жерлерде өсетін 1 түрі – Карелин Итқұсықы (Scһ. Каrеlіnіі) бар. Биіктігі 25 – 40 см, түйнекті-тығыздалған тамырлы өсімдік. Сабағы жоғары жағына дейін бұтақтанған. Төменгі жапырақтары қысқа сағақты, сабақ бойындағылары жіңішке сабақ қынабында орналасқан. Тостағанша жапырақшаларының біз тәрізді тісшелері болады. Күлтелері (ұзындығы 1,5 мм) жасыл сарғыш түсті. Гүлдері отырмалы, олар шатыршагүл шоғырына топталған. Шатыршасы (ені 12 см), 15 – 23 сәулелі. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі жұмыртқа тәрізді, шеттерінде ақ жолағы болады. Өсімдіктің түйнегі хош иісті, сондықтан оны тағамға қосады. ## Сілтемелер
Кенеев Марат Айдарұлы (1939 ж.т. Райымбек ауданы, Кеген ауылы) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым докторы (1994). 1962 ж. Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын, 1968 ж. осы оқу орнының аспирантура сын бітірді. 1962-65 ж. Ақтөбе зоотехникалық мал дәрігерлік техникумында, 1968-81 ж. Семей зоо техникалық мал дәрігерлік институтында 1981-91 ж. ВАСХНИЛ-ді Шығыс бөлімшесінде, 1990-97 мал шаруашылығы мен мал дәрігерлігін солтүстік ҒЗИ-нда ғылыми-педагогикалық жұмыс тармен шұғылдаңды. 1997 ж. ҰҒА Мал шаруашылығы мен мал дәрігерлігін ғылыми қамтамасыз ету балімінің акадедик-хатшысы болды. 120-дай ғылыми еңбегі жарияланған. ## Дереккөздер
Ишансай – Қаракеңгір өзенінің сол аңғарындағы қыстау. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Бозтұмсық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде. Өзімен аттас өзеннің арнасында орналасқан. Жанында Кіші Қандыадыр, Қарашоқы, Керегетас қыстаулары бар. Мал жайылымына қолайлы. ## Сілтемелер
Вячеслав Афанасьевич Киктенко (2.2.1907, Өзбекстан, Самарқанд қаласы – 12.10.1977, Алматы қаласы) – инженер-гидроэнергетик, техника ғылымдарының докторы (1969). * 1931 - Орта Азия су шаруашылығы инженерлері институтын бітірген. * 1942 жылға дейін Қазақ КСР-і Су шаруашылығы халық комиссариаты жүйесінде инженер, жобалау мекемелерін басқарды. * 1945-1977 - Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарған. * 1966 жылы «Расчеты многолетнего регулирования стока методом интегральных уравнений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері өзен ағысын реттеу мәселесіне және Қазақстанның қуаң аймақтарын сумен қамтамасыз ету проблемасына арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Иіркөл — Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Тасбөгет кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде, Иіркөл көлінің оңтүстік-батысында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 268 адам (137 ер адам және 131 әйел адам) болса, 2009 жылы 112 адамды (57 ер адам және 55 әйел адам) құрады. ## Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, емхана, кітапхана, клуб, сауда орталығы, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Иірбала — Семейтау тауының батысындағы қыстау. Абай облысы Семей қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Знаменка ауылының оңтүстік-батысында 19 км жерде орналасқан. Шаған және Мырзабек өзендерінің аңғарында жатыр. Батысында Тұзащытөбе тауымен шектеседі. Маңында бірнеше ұсақ көлдер бар. Қыстау, мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Иірмек – Дулығалы өзенінің оң жағалауындағы қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қызылүй ауылының шығысында 41 км жерде орналасқан. Ұлытау тауларының аңғарында. Солтүстігінде Қарақұдық құдығы, батысында Ақши, Демебай, Мырзағұл қыстаулары кездеседі. Оңтүстігінен Қарғалы өзенінің салалары Шолақ, Жоса ағып өтеді. Мал жайылымына қолайлы. ## Сілтемелер
Иіржар, Iріжар – Балқаш көлінің оңтүстігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Алматы облысы Балқаш және Жетісу облысы Қаратал аудандарының жерінде орналасқан. ## Жер бедері Теңіз деңгейінен 386 м биіктікте. Қырқааралық ойпаңдарында сор және тақыр жерлер кездеседі. Жер асты суы 2 – 80 м аралығындағы тереңдіктен шығады. Солтүстігінде Бестас, шығысында Жаманқұм құмдары мен батысында Қарабасты қонысы жатыр. ## Өсімдігі Құм жалдардың етегінде қара сексеуіл, жүзгін, жусан, еркек шөп, күйреуік өседі. Негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Айнакүл Қапасқызы Ершина – физика-математика ғылымдарының докторы (2002), професор (2008). ## Қысқаша өмірбаяны * 1971 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) бітірген. * 1971–83 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ). * 1984–87 Қазақстан ғылым академиясының сейсмология институтында қызмет етті. * 1987 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагокикалық университетінде жұмыс істейді. ## Ғылыми еңбектері 2001 ж. «Некоторые задачи аэродинамики мониторинга экологии Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – гидромеханика, аэродинамика,жел энергетикасы және экологиялық мониторинг мәселелері. Бірнеше ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Иірсу – Қарқара өзенінің сол саласы. ## Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Күнгей Алатауының шығыс бөлігіндегі Тоқымбұлақ тауынан алып, Бөлексай ауылы тұсында Қарқара өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 38 км. Су жиналатын алабы 262 км2. Арнасы тар, ағысы өте қатты. Желтоқсан айында суы қатып, наурызда ериді. Егіс, мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер