text
stringlengths 3
252k
|
---|
Алтай Сәрсенұлы Аманжолов (02.06.1934 - 08.10.2012 Алматы қаласында) – түркітанушы, филология ғылымдарының докторы (1976), профессор (1978), Қазақстан Қоғамдық ғылым академиясының толық мүшесі (1995).
Найман тайпасы Терістаңбалы (ру) руынан шыққан.
Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын бітірген (1957). Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет инcтитутында кіші ғылыми қызметкер (1957–1960, 1964–1966). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында доцент, кафедра меңгерушісі (1966–1979), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1979–1995), профессор (1995 жылдан), көне түркі жазба ортанының директоры қызметтерін атқарған. «Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады.
Аманжолов зерттеулерінің басты бағыты – көне түркі жазу ескерткіштерінің тілі, көне түркі жазуының тарихы, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, түркі руникалық графикасы мәселелері. Осы салада бірнеше монографиясы, оқулықтары, ғылыми мақалалары (жалпы саны екі жүзден астам, оның кейбіреуі ағылшын және түрік тілдерінде шет елде басылды) жарық көрді. «Құрмет» ордені (1999), медальдармен және «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2004) марапатталған.
«Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. А. зерттеулерінің басты бағыты – көне түркі жазу ескерткіштерінің тілі, көне түркі жазуының тарихы, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, түркі руникалық графикасы мәселелері. Осы салада бірнеше монографиясы, оқулықтары, ғылыми мақалалары (оның кейбіреуі ағылшын және түрік тілдерінде шетелдерде басылды) жарық көрген. А. – түркі тілдерінің тарихи грамматикасы мен көне түркі жазуы тарихының мамандарының бірі. «Көне түркі ескерткіштеріндегі етістіктің меңгерілуі» (Мәскеу, 1969 ж.) атты монографияның авторы. Ғалымның «Көне түркі жазуының тарихы мен теориясы» (Алматы, 2003 ж., орыс тілінде) атты монографиясында көне түркі руникалық графикасына түбегейлі талдау жасалған, Қазақстан бойынша соны эпиграфикалық материалдар берілген, түркі руникалық әліпбиінің қалыптасу тарихына қатысты маңызды теориялық тұжырымдар айтылған. Көне түркі жазу ескерткіштерінің зерттеулеріне арналған «Бабалар сөзі» кітабы 1988 жылы Пекинде басылды. «Түрік тілі» атты оқу құралындағы (1983 ж.) түркі эпиграфикасының деректеріне сүйеніп, «Түркі руникалық графикасы» деген үш бөлімді методикалық талдау құрастырған (1980, 1981, 1985 ж. орыс тілінде), «Түркі филологиясы және жазу тарихы» атты оқу құралын (1996 ж.) жариялады.
## Шығармалары:
* Глагольное управление в языке древнетюркских памятников, М., 1969;
* Материалы и исследования по истории древнетюркской письменности, А.-А., 1975;
* Тюркская руническая графика, І–ІІІ. А.-А., 1980, 1981, 1985; Түрік тілі. Оқу құралы. А., 1983;
* Бабалар сөзі, Пекин, 1988; Ортақ асыл мирас. Трабзон (Түркия), 1994;
* Түркі филологиясы және жазу тарихы, А., 1996;
* Қазақша-орысша лингвистикалық терминология сөздігі, А., 1997, 1999;
* История и теория древнетюркского письма, А., 2003.
## Сілтемелер
* “Ана тілі” газеті» Қосөзен өркениетінен |
Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.
## Көлдердің түрлері
### Қалыптасуына қарай
Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелген, ойысты және аралас болып жіктеледі.
* Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т.б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.
* Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.
### Режіміне қарай
* Ағынды – өзен ағып шығатын көлдер
* Ағынсыз – өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды
Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы түщы болады.
## Тұздылығы
Өзендерде тұздылық көбінесе 3-5 г/л-ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14-тен 300 г/л дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады.
Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.
Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттектің мөлшері азаяды.
## Дүние жүзі көлдері
### Дүние жүзіндегі аса ірі көлдер
## Дереккөздер |
Сейітқали Аманжолов (1955 жыл, Қарағанды облысы, Ұлытау селосы) – ғалым, ұстаз, суретші, Ресей Федерациясы педагогика ғылымдарының докторы (2004), Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдарының докторы (2006).
* Жезқазған педагогика институты көркем сурет және графика факультетінің сурет және сызу мамандығын бітірген (1980).
* И.Репин атындағы Көркем өнер академиясы, Біліктілік факультеті, (1985, сентябрь-декабрь).Ленинград қ.
* В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогтік институты, ғылыми тағлымдама (1987-1989)
* В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогтік институты, аспирантура (1989-1992)
* Мәскеу мемлекеттік педагогтік университеті, докторантура (2001-2004)
* Мәскеу мемлекеттік педагогтік университеті, ғылыми тағлымдама (2010-2011)
## Жетістіктері
* Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,(1996),
* Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі (2000),
* Ресей Суретшілер одағының мүшесі (2011),
* "2007 жылдың ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грант иегері,
* 2010 жылдың Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты,
* "2011жылдың ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грант иегері.
* Лев Гумилев атындағы медаль, 2015, Астана
* Н.Н.Ростовцев атындағы медаль, 2017. Москва
* Мәскеу облыстық Білім министрінің "Құрмет грамотасы", 2019
* Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің " Құрметті Докторы", 2020, Москва
## Ғылыми жұмыстары
Негізгі ғылыми еңбектері:
* «Балалар суреттерін ғылыми негізде зерттеу" (2000)
* «Бейнелеу әрекетінде төменгі сынып оқушыларының шығармашылық бейімділігін дамыту және даралай оқыту» (2004)
* «Мектептегі бейнелеу өнері» 1–2-сыныптар, М.:МПГУ (2002)
* «Мектептегі бейнелеу өнері» 3–4-сыныптар, ЖезУ (2002)
* "Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы" оқу құралы, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2006)
* "Студенттердің шығармашылық қабілетін халыптастыру", Әдістемелік нұсқаулық, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2007)
* "Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі". Оқулық, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2010)
* "Методология художественного образования, М.Прометей, 2011, 188 с. (академик С.П.Ломовпен) оқулық
* "Цветоведение", М,; ВЛАДОС, 2014, 144 с.(академик С.П.Ломовпен)
* Мечта воплощенная в жизнь, 2015, 234 с. монография,
* Изобразительная деятельность младших школьников. 2018, 147 с
* 210-ға жуық ғылыми-әдістемелік жарияланымның авторы. Жезқазған энциклопедиялық анықтама, Бас редактор; Қожамсейтов С.У. Алматы, 2005, ISBN 9965-680-67-1; Астана энциклопедиясы, Алматы "Атамура" 2008 ISBN 9965-34-879-0;Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, ғұмырнама анықтамалығы,/ Бас рекдактор С.Абдіманапов - Астана, ЕҰУ баспасы, ISBN 9965-442-51-7; ҰЛЫТАУ. Ұлытау ауданы энциклопедиясы, Астана, 2018, "Кәусар" баспасы, ISBN 978-601-7921-37-8
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Аманжолов Сейтқали Әбдіқадырұлы | Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ... Мұрағатталған 19 қазанның 2011 жылы. |
Әбисатов Қайыржан (21.2. 1937 ж.т., Атырау облысы Индер ауданы Мәмбет ауылы.) – медицина ғылымдарының докторы (1984), профессор (1989).
Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) және Мәскеудегі КСРО Мед. ғыл. академиясының эксперименттік және клиник. онкология ин-тының аспирантурасын (1963) бітірген. Қазақ онкология және радиология ғыл.-зерт. ин-тының Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы бөлімшесінде кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1963–85), 1985 жылдан Алматы мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі болды.
Оның қазақ тілінде жазылған алғашқы ғыл.-зерт. жұмыстары өңеш қатерлі ісігінің пайда болу себептерін анықтау, ісік алды науқастарын емдеу және өкпе, асқазан, ішек рагына қарсы қолданылатын ем тәсілдерін жетілдіру, емнің жаңа жолдарын іздестіруге арналған. Ә. 130-ға тарта ғыл.-зерт. жарияланымның, оның ішінде 1 монография, оқулық (екі томдық «Онкология»), 7 оқу-әдістемелік құралдары мен сөздіктің («Қазақша-орысша медициналық сөздік») авторы.
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. |
Сардарбек Әбиев (1.1.1946 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Өзгент аулы) – биолия ғылымның докторы (1994), профессор (2001). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық аграрный унверситеті) және оның аспирантурасын (1973) бітірген. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Задария» кеңшарында бас агроном (1969–1970) болып жұмыс істеді. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында аға лаборант, лаборатория меңгерушісі, институт директоры (1973–2005; қазіргі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігінің Биологиялық зерттеулер ортағы), 2005 жылдан Еуразия ұлттық университетінде Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Ржавчинные грибы злаковых растений Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. Әбиев – Қазақстанда эксперименттік микология мектебін құрушы. Оның негізгі ғылым еңбектері мәдени және табиғи өсімдіктерде тіршілік ететін паразитті саңырауқұлақтардың түрлік құрамын, таралу заңдылықтарын,биолия, эколия ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Әбиев бірқатар ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы.
## Шығырмалар:
* «Қазақстанның жаздық бидайы», 1991;
* «Желтая ржавчина злаков Казахстана», 1993;
* «Ржавчинные грибы злаков Казахстана», 2002;
* «Мучнистая роса и парша яблони: ультраструктурные аспекты», 2005
## Дереккөздер |
Әңгелек — өте ерте заманнан келе жатқан қауынның бір атауы.
Түсі негізінен сары, қабығы жұқа болады. Ерте піседі, әрі тәтті, бірақ онша ірі емес. Әңгелек құмайтты топырақта жақсы өседі. Ылғалды көп тілемейді, суыққа төзімсіз, оны көбінесе Қызылорда, Түркістан облыстарында өсіреді. [Қосымша атауы қауын.
## Дереккөздер |
Еділ Айдарханұлы Әбсаттаров (2.6.1939, Ташкент қаласы) – Медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1977).
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медицина унверситеті) және оның аспирантурасын (1967) бітірген. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент, аға оқытушы, профессор, кафедра меңгерушісі (1967–1986), 1986 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында проректор, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – жалпы және қан тамырлары хирургиясы мәселелері.
## Шығармалары:
* Пластические операции на магистральных венах, А.-А., 1974;
* Аневризмы брюшной аорты, А.-А., 1977.
## Дереккөздер |
Авазбакиева Магинур Фатқұлқызы (7.3.1907, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы – 8.2.1987, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1955), профессор (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1979).
ҚазПИ-ді (1934, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. ҚазМУ-де (қазіргі ҚaзҰУ) ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі, профессор-кеңесші болды (1938–87).
Негізгі ғылыми жұмыстары адам ағзасының бейімделуіне арналған. Қазақстан таулары мен шөл даласы, ауа райының адамға тигізетін физиологиялық әсерін зерттеп, көптеген ғылыми еңбектер жазған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Шығармалары: Влияние климата Казахстана и Киргизстана на организм человека, Алматы, 1958. |
Раиса Садыққызы Аманжолова (18.5.1918 ж.т., Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1977).
Самарқан медициналық институтын бітірген (1939). КСРО Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінің Өлкелік патология институтында кіші ғылыми қызметкер (1944–46), Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті) ассистент, доцент (1946–61), ал 1973 ж. кафедра меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында осы кафедраны басқарды (1961–66). Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы (1966–73).
Аманжолова ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы иммундық биология заңдылықтарын ашып, болашақ ананың аяғы ауыр кезінде және босанарда болатын асқынуларға қарсы арнайы шаралар жүйесін ұсынды, организмдегі патология үдерістер патогенезі жөнінде болжамдарын негіздеді.
## Дереккөздер |
Кашкаров Даниил Николаевич (30.3.1878, Ресей, Рязань қаласы – 26.11.1941, Новгород облысы Хвойная ст.) – биол. ғыл. докт. (1934).
Мәскеу ун-тінің физ.-матем. (1903) және мед. (1908) ф-ттерін бітірген. Орта Азия ун-тінде (қазіргі Ташкент мемл. ун-ті) омыртқалылар зоологиясы кафедрасын (1920–33), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тінде осы аттас кафедраны (1933–41) басқарды.
К. Орта Азия мен Қазақстанның (қазіргі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының) кемірушілерінің биологиясын, экологиясын және географиясын зерттеп, оларды биол. таксон ретінде бір жүйеге келтірді. Мойынқұм, Билікөл, Ақкөл, Ащыкөл, Бетпақдала омыртқалыларының даму эвол. мен экологиясын зерттеді; республикада Ақсу-Жабағылы қорығын ұйымдастыру қажеттілігін негіздеп берді. Жануарлар мінез-құлқын, олардың белгілерін зерттейтін психологияның бір саласы – жануарлар психологиясының дамуына үлкен үлес қосты. |
Рашит Саттарұлы Кәренов (1944 жылы туған) –
* 1992 экономика ғылымының докторы, профессор (1993).
* 1967 Қарағанды политехникалық институтын, (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген соң осы институтта
* 1970-90 аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі,
* 1991–94 ҚР ҰҒА Жер қойнауын кешенді игеру Қарағанды ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі.
* 1994–2001 және 2002 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Кәренов 1200 ғылыми және әдеби жарияланымның, оның ішінде 23 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Мұрат Әбділхайұлы Кәрімов (18.4.1931 жылы туған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973). Үшінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты. "Идеал" татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы.
* 1954 жылы - Алматы мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген соң осы институтта аспирант, ассистент (1954–60),
* (1960–83) Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі,
* (1983–84) ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары.
* (1984–85) Қазақстан Денсаулық сақтау министрілігі өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарды.
* Негізгі ғылыми еңбектері токсикология және онкология мәселелеріне арналған.
* 2 өнертабыстың авторы (1954–60)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Үшінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының тізімі
* Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы |
Ақан сері Қорамсаұлы (1843 жылы, Үлкен Қоскөлдің маңы, Ақмола облысы, Ресей империясы – 1913 жылы, сонда) — қазақ ақын, әнші, және сазгер.
## Өмірбаян
Арғын тайпасы Қарауыл руының Есенбай тармағынан шыққан. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі – Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.
Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.
Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – “Балқадиша”. Бұл – өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.
90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі – “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы – Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.
Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі – “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, – деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.
Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері – өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы.
Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі – кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.
## Шығармалары
Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды.
Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды.
Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған.
## Музыка және әдебиеттегі үлесі
Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған
## Қосымша мәліметтер
* [1] — Ақан сері Қорамсаұлы
* Ақан сері(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Сағидолла Кәрімов (12.6.1941 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы) – медицина ғылымының докторы (1983).
* 1964 Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.
* 1964 жылдан Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болды.
* 1975 жылдан лаборатория меңгерушісі қызметін атқарады. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері вирустар экологиясына арналған. 2 авторлық куәлік алған.
## Дереккөздер |
Инелі кекіре (Oxytropis hystrix) – бұршақтар тұқымдасы, кекіре туысына жататын бұташық. Қазақстанда Алтай таулары және Тарбағатай жотасында кездеседі. Таудың тастақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 15 см-дей, тығыз, тікенекті, пішіні жастық тәрізді шым түзеді. Жапырақтары қысқа (ұзындығы 2 – 4 см), олардың сағақтары біртіндеп қатайып, тікенекке айналады. Гүлдері қошқыл түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – шар тәрізді домалақ бұршақ. Сыртын қара ала тікенектер басқан, кейін олар түсіп қалады. Инелі кекіре – өте сирек кездесетін эндемик түр. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. |
Қожатоғай — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл, Қожатоғай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1940-97 жылы қаракөл қой тұқымын өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Қожатоғайда және округке қарасты Дарбаза, Байтоғай, Бұлақ ауылдарында ӨК, ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.Қожатоғай ауылдық округі Отырар ауданы әкімінің 19.03.2013 жылғы №127 қаулысына сәйкес, Отырар ауданы әкімшілік-аумағынан шығарылған.
## Дереккөздер |
Қожанов Тоқтасын Сауданбекұлы (4.5.1944, Алматы облысы Нарынқол ауданы Қайнар ауылы – 26.4.2004, Алматы) – ғалым, физико-матемематика ғылымының докторы (1993), профессор (1996). ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1969).
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
Негізгі ғылыми еңбектері релятивистік астрофизика, космология, жұлдыздар жүйесінің динамикасы, аспан механикасы мәселелеріне арналған. Қожанов эллипсоид тәріздес жұлдыздар жүйесінің Галактика орталығына қатысты эллипстік орбитамен қозғалатындығын, оларды зерттеуге арналған динамик. Якоби теңдеуін шешудің жаңа әдісін ұсынды; гравитация біртекті ортада Таразы шоқжұлдыздарының орнықтылық жағдайда болатындығын аналитикалық әдіспен дәлелдеуге үлес қосты.
Шығарылған:
* Об эволюции скучивания галактик в расширяющейся Вселенной, СПб., 1997;
* Гравитационная неустойчивость много компонентных систем, А., 1998; Гравитационная динамика иерархических систем, А., 2003.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы |
Нина Әмірқызы Қаюпова (1 мамыр 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) — медицина ғылымдарының докторы (1988), профессор (1989). Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1996). Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі.
## Өмірбаяны
* Алматы мемлекеттік медицина институтын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1965) бітірген.
* Алматыдағы №1-перзентханада акушер-гинеколог (1959–62) болып жұмыс істеді.
* Ана мен баланы қорғау ғылымы-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері (1965–71)
* Алматы мемлекеттік медицина институтының доценті (1971–76)
* Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы (1976–81)
* Қазақ акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Республика ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы) директорының орынбасары (1981–83) қызметтерін атқарған.
* 1983 жылдан осы орталықтың директоры.
* 1991–2001 жылдары Республикалық әйелдер ұйымы кеңесінің төрайымы болды. Оның басшылығымен Қазақстанда республикадағы әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсартудың тұжырымдамасы (1997) дайындалды.
* 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйел және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы.
* 1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.
## Ғылыми еңбектері
Каюпованың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – перинатальды медицинаның проблемаларын шешуге, жүкті аналар денсаулығын экология жағдайларды ескере отырып жақсартуға арналған. Оның акушерлік-гинекология саласындағы ғылыми-зерттеулерінде жүкті әйелдердің денсаулығына байланысты «өте қауіпті топты» ажыратудың әдістері анықталып, соның нәтижесінде аналардың өмірін сақтап қалу жолдары ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Каюпованың басшылығымен гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерді жас ерекшелігіне байланысты емдеуге және эндоскопиялық операциялар жасаудың техникасын жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа технология енгізілді; баласыз ерлі-зайыптыларды халықаралық стандарттарға сай келетін көмекші репродуктивті технологияның жаңа әдістерімен емдеудің тиімділігі анықталды; іштен туа біткен кемістіктер мен тұқым қуалайтын аурулардың ұлттық генетикалық тізімі (регистрі) мен аурулардың алдын алу шараларын аймақтық анкета арқылы анықтау (скрининг әдісі) бағдарламасы енгізілді.
## Марапаттары
* 1994 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік марапаты Парасат ордені берілді.
* 1996 жылы Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты атанды.
* 2004 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері.
* 2016 жылғы ҚР Президенті жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежелі "Достық ордені" мен марапатталды.
* 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* 2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" мемлекеттік медалі.
* ҚР Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.
* ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі
* "Қазақстан денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалінің иегері. |
Қожа Толығ кесенесі – сәулет өнері ескерткіші.
Жергілікті мұсылмандар шейхының қабірі басына тұрғызылған. Мазардың XVII – XVIII ғасырда тұрғызылған алғашқы нұсқасы сақталмаған. Қазіргі кесене XIX ғасырдың 2-жартысында салынған. Түркістан облысы, Сайрам ауданында орналасқан. Қожа Толығ кесенесі көне Сайрамдағы тарихи сәулет өнерінің ең әсем үлгілерінің бірінен саналады.
Сыртқы, ішкі өлшемдері: 6,44-6,30 метр, биіктігі 7,15 метр. Қабырғасын қалағанда ескі ғимараттардан алынған күйдірілген кірпіштерді пайдаланған. Бір бөлмелі құрылыстың төбесі күмбезбен жабылған. Күмбездің ортасынан кішкене мұнара шығарылған. Оған да тесіктері бар күмбез орнатылған. Кесененің алдыңғы бетіндегі П пішіндес порталы, бедерлі бағаналары ғимараттың сәнін келтіріп тұр. Оңтүстік қабырғасында сырлы бояулармен шығыс дәстүріндегі шай жабдықтарын бейнелеген суреттердің нобайы сақталған. Бас күмбез төрт аркаға, сондай-ақ, төрт пилонға орнатылған. Терезелері осы заманғы үлгі бойынша ағаштан жасалған.
## Дереккөздер
|
Қожахар, Жаңабұлақ – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы ауыл, Жаңабұлақ ауылдық округ орталығы. Тұрғыны 1,3 мың адам (2003). Іргесі 1936 жылы қой өсіретін “Родник новый” ұжымшарының құрылуына байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан Қожахарда және Қосшағыр ауданында 3 ЖШС және 16 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Александр Шайхи Мұқатайұлы Амарбаев (5.1.1928 ж.т., Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы) – физиолог, биология ғылымдарының докторы (1968), профессор(1970).
Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын] (1949, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Эксперименттік биология институтында аға ғылым қызметкер болып жұмыс істеді (1953–1961). 1956–1958 ж. Киров ауыл шаруашылық институтында доцент (Ресей) қызметінде, одан кейін Қазақ мал ш. ғылым - зерттеген. институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарды (1959–1961).
## Шағармалары:
* Гормональные методы повышения плодовитости овец, А-А., 1969;
* Трансплантация эмбрионов крупного рогатого скота, А.-А., 1987.
## Дереккөздер |
Бәкет Амантайұлы Амантаев (3.1.1929 ж.т., Ақмола облысы Атбасар ауданы) – философия ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003; 1972 жылдан корр. мүшесі).
Алматы мемлекеттік заң институтын (1949) және ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын (1953) бітірген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында аға оқытушы, доцент, институт директорының орынбасары (1953–1957), 1971 жылдан Философия және құқық институтында аға ғылым қызметкер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының философия кафедрасында доцент, кафедра меңгерушісі, философия мен шет тілдері кафедрасы ғылыми кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1959 жылдан Қазақстан ҒА Философия және құқық ин-тында аға ғыл. қызметкер, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектерінің бағыты қазақ шаруаларының әртүрлі кезеңдердегі қоғамдық саяси белсенділігі, рухани жетілуі, филос. сыны, нарықтық экономикаға көшудің этнопсихол. аспектілері мәселелеріне арналған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.Ғылыми жұмысының бағыты тарихи материализм, қазақ шаруашылығының жаңа даму жолына түсуі, кеңес адамдарының саяси-қоғамдық белсенділігін арттыру мәселелеріне арналған. «Социализм және қазақ шаруашылығының рухани бет-бейнесі мен оның әлеуметтік табиғатының түбегейлі түрде өзгеруі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Шығармалары:
* Социализм и коренное преобразование социальной природы казахского крестьянства, А.-А., 1969;
* Основные черты, принципы и нормы поведения советского человека, А.-А., 1977.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Амантаев Бәкет(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚазАқпарат-Анонс(қолжетпейтін сілтеме) |
Ана мен баланың ғылыми-зерттеу орталығы, Ана мен баланың денсаулығын қорңайтын республикалық ғылыми-зерттейтін орталық – Қазақстандағы аналар мен балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы дәрігерлік, ғылыми және педагогикалық бас мекеме.
Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтының акушерлік-гинекология бөлімі негізінде Алматы қаласында құрылған (1975). Орталықтың ғылыми жұмыстарының бағыты – еліміздегі әйелдердің денсаулығын сақтау, екіқабат әйелдердің өте қауіпті тобындағыларды дер кезінде емдеу, оның тәсілдері мен стратегиясын, аналардың және іштегі нәрестенің сырқаты мен шетінеуін азайту, нәрестенің мезгілінен бұрын туу себептерін, туысынан болған ауытқулардың таралу аймағы мен генетик. байланысын зерттеу, бедеу әйелдерді емдеу. Орталық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Жаңа диагностикалық және емдеу аппараттарымен, құрал-саймандарымен, төсек-орынмен жабдықталған, сондай-ақ білікті мамандармен толықтырылған. Орталықта 17 ғыл. және емдеу бөлімдері (акушерлік, гинекология, екіқабат әйел патологиясы, репродукция, перинатология, медициналық генетика, ғылыми-медициналық консультация, т.б.) бар. Оларда 93 ғыл. қызметкер қызмет атқарады (1998).
Орталық жанында «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша кандидатура және докторонтура диссертация қорғау жөніндегі арнайы кеңес жұмыс істейді. Жыл сайын көптеген жас мамандарды аспирантураға, клиникалық ординатураға даярлайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары еліміздегі әр түрлі саладағы мекемелермен, сондай-ақ халықар. бірлесу шеңберінде шетелдік мемл. ғыл. орталықтарымен тығыз байланыс жасайды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Талшын ҮКІБАСОВА, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік ...(қолжетпейтін сілтеме) |
Нағима Орманбекқызы Жақыпбекова (17 қараша 1960 жылы туған, Түркістан облысы, Арыс қаласы) – техника ғылымдарының докторы (2003), профессор (2006).
## Өмірбаян
ҚазМУ-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1983 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты коллоидты химия және физика-химия механика, беттік құбылыстар мен дисперсті жүйелер, дисперсті жүйелерді реттеу мен тұрақтандыру мәселелеріне арналған. Жақыпбекова «Табиғат және техногендік қайталама шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологияларын құру және ұйымдастыру» жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алды (телавт., 2005).
## Ғылыми қызметі
Ғылыми жұмыстың бағыты - полимерлі реагенттерді екінші реттік материалдардан өндіру және оларды металлургияда, мұнай өндірісінде, электроплиттерде және ауыл шаруашылығында қолдану. 80-нен астам ғылыми еңбектер жариялады, Қазақстан Республикасының 6 патентіне ие, «Суда еритін полимерлер және өнеркәсіптік дисперсиялар» монографиясының авторы (2000, Алматы).
## Марапаттары
Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2005), 2011 жылы Жақыпбекова 200 мұғалімнің ішінде «ЖОО-ның үздік оқытушысы» Қазақстанның мемлекеттік стипендиясымен марапатталды.
## Дереккөздер |
Қожахметов Сұлтанбек (1912, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ ауылы – 1945, Солтүстік Кавказ) – алғашқы педагог-ғалымдардың бірі, педагогика ғылымдар кандидаты (1939). Петропавл пед. техникумын бітіріп (1930), осы оқу орнында қызмет етті (1930 – 32). 1932 – 37 жылы Қарағанды қалалық халық ағарту бөлімінде инспектор, КСРО Ұлт жастары институтында аспирант. 1937 – 41 жылы ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі, ҚазПИ-де оқытушы, Қазақ КСР Оқу комиссариаты ғылым-зерттеу институтында педагогика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1941 – 45 жылы соғысқа қатысты. Қожахметов ұлттық мектептерді ұйымдастыру, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын, оқу бағдарламаларын жасауда зор еңбек сіңірген. Жас ұрпақты адамгершілік пен әдепке, саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселелеріне арнап құнды еңбектер жазған.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы |
Кеңес Бажкенұлы Жақыпов (1942 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1990), професор (1991).
* Томск мемлекеттік университетін бітірген (1966).
* КСРО ҒА Есептеу орталығында аспирант (1966–69)
* 1970 жылдан ҚазҰУ-да ассистент, оқытушы, доцент, професор қызметтерін атқарады.
* Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – есептеу математикасына, газ және сұйықтық механикасына арналған.
* 65 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Жантас Алтайұлы Жақыпов (1 маусым 1958 жыл, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы) – филология ғылымдарының докторы (2000), профессор (2006). Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан.
* Қарағанды мемлекеттік университетінің (1982), аспирантурасын (1988) бітірген.
* 1988 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі
* 2007 жылдан Еуразия ұлттық университінде профессор қызметтерін атқарады.
* Ғылыми-зерттеу еңбектері синтаксис, аударматану, мәтін лингвистикасы мәселелеріне арналған.
* 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы.
## Сыртқы сілтемелер
* Жантас Алтайұлы Жақыпов Мұрағатталған 19 қазанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
ЖАЛҒАСҰЛЫ Нариман (31.12.1939 жылы туған, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мырзабай ауылы) – техника ғылымының докторы (2001), профессор Қазақ политехника институтын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университет) бітірген. Жезқазған кен-металлургия комбинатында, Батыс Жезқазған кенішінде (1963–1967) қызмет атқарған. Алматы Тау-кен істері институтында аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер (1968–1996) болып жұмыс істеді. 1996 жылдан Кен істері институтында жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері тау-кен өндірісі саласының геотехнологиясы және геоэкологиясы мәселелеріне арналған. Шахты астындағы құлауға айналған кентіректерді берік етіп бекіту әдісін тауып, өндіріске енгізгені үшін ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығын алған (1991). 160-тан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 3 монографиясы бар.
## Дереккөздер |
Шапағат Шарапатұлы Жалмаханов(1962 ж.т.) – филология ғылымдарының докторы (2005), професор (2006). Қарағанды мемлекеттік университетін (1984) бітірген. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы орта мектебінде директордың орынбасары (1984–86), Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары (1986–99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан ҚР ІІМБ Қарағанды Заң институтында кафедра меңгерушісі, полиция подполковнигі. 80-нен астам ғыл. мақала мен 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов (29.04.1950, Алматы облысы Қарасай ауданы - 3.01.2014) – психология ғылымдарының докторы (1999), професор (2000).
## Өмірбаяны
* Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1977).
* Қазіргі Қарағанды мемлекеттік университетінде (1977–94)
* ҚР ҰҚК ин-тында (1994–97)
* ҚазҰПУ-да (1997–2000) қызметтер атқарды.
* 2000 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі.
## Ғылыми жұмысы
* 120-дан аса ғылыми жарияланымы, оның ішінде 1 монографиясы бар.
Профессор Жақыповтың жетекшілігімен казіргі психологияның өзекті мәселелеріне арналған бір докторлық және 36 кандидаттық диссертациялар қорғалды, ғылыми мектептің құрылымдық өзегін құрайтын негізгі бағыттағы зерттеулерді келесідей біріктіруге болады:
* оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық жағдайлары мен тиімділік механизмдерін зерттеу;
* этностық жаңсақ нанымдардың, полиэтностық ортадағы стереотиптер мен құңдылық бағдарлардың қалыптасу және даму механизмдерін кешенді зерттеу.
## Дереккөздер |
Қожахмет (т.ж.б. – 1750) – сұлтан, Әбілқайыр ханның ортаншы ұлы. Әбілқайыр хан 1731 жылы Ресейге бодан болу туралы ант бергеннен кейін, өзінің сүйікті ұлдарының бірі Қожахметті патша өкіметіне аманатқа берген.Аманатта 10 жылға жуық болған Қожахметті Ресей өкіметі Орынбор өлкесінен алдыртып, Қазанға, кейіннен Санкт-Петербургке жіберген. Тарихшылар А.Левшин, В.Витевский, П.Рычков, тағыда басқа бұл жағдай Әбілқайырдың Ресейге, оның ішінде Орынбор губернаторы И.Неплюевке деген ашық ренішін туғызды және ол осыдан кейін орыс иеліктеріне шабуыл жасай бастады деп есептейді. Әбілқайырдың тынбай талап етуі арқасында Ресей өкіметі 1747 жылы Қожахметті ханның екінші ұлы Айшуақпен айырбастауға келісті. Қожахмет еліне келгеннен кейін көп ұзамай қайтыс болды.Казахско-русские отношения в XVІ – XІІІ веках. Сб. документов и материалов. т.1., А., 1961; Қасымбаев Ж., Государственные деятели казахских ханств (XVІІІ), А., 1999.
## Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы |
Уәлихан Әбуұлы Жақыпов (7.9.1948 жыл, Түркістан облысы Төле би ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1994).
## Өмірбаяны
* Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медиутна университеті) бітірген.
* 1972 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі А.Сызғано] атындағы Хирургия ғылыми орталығы) ординатор, хирург, аға ғылым қызметкер болды.
* 1990 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.
## Ғылыми жұмыстары
Негізгі ғылыми жұмыстары қолқа және қан тамырлары ауруларын хирургиялық жолмен емдеуге арналған. Қолқаның жоғары бөлігі кеңейгенде (қолқа аневризмосы); кеуде қуысын ашып, ішкі органдардың кеңейген қан тамырларын қалпына келтіру (торако-абдоминалды аневризм) операцияларын жасаған алғашқы хирургтардың бірі. Ол микроангиопатияны, ішкі органдардың қан айналу жүйесінің бұзылуын, жүйке қан тамырларының жаңадан пайда болу белгісін, аяққа баратын қан тамырлардың бітеліп қалуын хирургиялық тәсілмен емдеуді ұсынды. «Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тәжірибеге енгізу» ғылыми-зерттеу жұмысы авторларының бірі.
## Марапаттары
* Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1999).
## Дереккөздер |
Жалпақтөбе – ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы. Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының солтүстік-батысына қарай, Отырартөбеден 10 км жерде орналасқан.
Алғаш 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) тапқан. 1966–1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеу жүргізген. Жалпақтөбенің ежелгі атауы белгісіз. Бұрыштары дүниенің төрт құбыласына сәйкес келетін төртбұрыш тәріздес, екі деңгейден тұратын төбе. Негізгі бөлігінің ауданы 240х200 м. Оның шығыс шеті едәуір биік және трапеция тәріздес келген, табанының ауданы 100х90 м, биікт. 6 м. Әрбір бұрышында орналасқан мұнараларының қираған қалдығының биікт. 7,5–10 м. Батыс қабырғасының орта тұсында орналасқан қос мұнара қала қақпасының екі жақтауын қорғау үшін салынған құрылыс болуы мүмкін. Батыс жағынан келіп қосылатын алаңша аса биік емес, ауданы 140х100 м, биікт. 4 м. Төбенің беткі жағынан табылған ыдыс сынықтары қаланың 1–13 ғ-лар аралығында болғанын көрсетеді.
## Дереккөздер |
Сұлтанбек Мырзахметұлы Қожахметов (15.9.1935 жылы туған, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1978), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1983). Мәскеудің алтын және түсті металдар институтын бітірген (1958). 1971 – 81 жылы Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары 1988 – 95 жылы директоры (1982 – 87 жылы Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті), 1994 – 99 жылы ҚР ҰҰА-ның Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы. 2000 жылдан Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры. Негізгі ғылыми еңбектері металлургия мәселелеріне арналған. Қожахметов – ауыр түсті металдар мен оларға ілеспе элементтер теориясы бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізді; оның тікелей қатысуымен және ғылыми жетекшілігімен мыс металлургиясында тиімділігі жоғары және жаңа автогенді процестердің физико-химиялық негізі зерттелді. Жоғары температуралы зерттеулер саласында тұңғыш рет термиялық орнықсыз металл сульфидтерінің (мырыш, кадмий және рений) төте булануы (возгонка), тотығу процестерінің кинетикасы мен механизмі жасалды. Қожахметовтың жетекшілігімен Қазақстан және Ресей ғалымдары бірігіп ашқан автогенді процестің жаңа әдісі – кивцэттік балқыту әдісі мыс қорыту заттарында кең қолданыс тапты. Осы еңбегі үшін авторлар ұжымымен бірге Қ-ке КСРО Мемл. сыйл. берілді (1978). 11-сайлауда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. “Халықтар достығы” орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әбибулла Әбілдаұлы Анарбаев (20.3.1958 ж., Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Абай ауылы) – техникалық ғылымдарының докторы (2002), профессор(2003).
Қазақ химия-технологиялық институты (1980, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) мен аспирантурасын (1985) бітірген. Жамбыл (қазіргі Тараз) фосфор зауытында оператор (1980–1981), Қазақ химияқ-технологиялық институтында аға инженер, аға оқытушы (1981–1991), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент (1996–2002) болды. 2003 жылдан осы универсететте профессор болып жұмыс істейді.
Анарбаев 156 ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның, 3 оқулық, 36 өнертабыс пен патенттің авторы.
## Дереккөздер |
Серік Есжанұлы Еркінов (22 желтоқсан 1952 жылы туған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы) – заң ғылымдарының докторы (2002), профессор (2002), Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, полиция генерал-майоры. КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін (1975) және КСРО ІІМ-нің академиясы жанындағы адъюнктурасын (1982) бітірген. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы заң институтын (1996–99) және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің академиясын (2002–2009) басқарды. 2000 ж. «Взаимодействие правоохранительных органов стран СНГ при раскрытии и расследовании транснациональных преступлений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
http://www.alashainasy.kz/last_dates/16784/(қолжетпейтін сілтеме) |
Рахметолла Шәрепиденұлы Ерқасов (1948 жылы туған, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успенка ауылы) – химия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993). ҚазМУ-дың химия факультетін (1971, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1976) бітірген соң осы универрситетте ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор (1976–94), кафедра меңгерушісі (1994–97), халықаралық байланыс және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1997–2001) болды, ал 2001 жылдан Көкшетау мемлекеттік университетінің 1-проректоры қызметтерін атқарады. Ерқасов 250-ден астам ғылыми-зерттеу жарияланымның, оның ішінде 10 әдістемелік оқу құралдарының авторы; 7 авторлық куәлігі мен патенттері бар.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 19 қазанның 2011 жылы.
* Еуразия ұлттық университетінде Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. |
Зайнолла Камалейұлы Қожабеков (1 қаңтар 1929 жыл; Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) — қазақ ғалым, биология ғылым доктор, профессор (1981), Қазақстан ғылым академиясының академик (1996), Қазақстанның еңб. сің. жоғары мектеп қызметкері (1971). Омбы малдәрігерлік ин-тын бітірген (1952). 1
972 – 83 ж. Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тында, ректор болды. 1986 – 97 ж. Қазақ ветеринария ғыл.-зерт. ин-тының директоры, 1997 жылдан сол ин-ттың құрметті директоры. Негізгі ғыл. еңбектері қойдың әр түрлі тұқымдарына тән жалпы биол. заңдылықтарды зерттеуге арналған. Қазақстанда алғаш рет қойдың постнатальдық (лат. post – кейін natalіs – тууға қатысты) онтогенезінің (грек: ontos – туу және генез) әр кезеңіне физиологиялық және биохимиялық сипаттамалар берген. Биохим. және физиол. зерттеулер негізінде ол ұсынған зат және энергия алмасу көрсеткіштерінің нормативтері диагностик. және оқу мақсатында, сондай-ақ қойдың жаңа тұқымдарын шығарудағы селекциялық жұмыстарда, протеинді тағамдардың деңгейі мен сапасын бағалауда пайдаланылады. Қ-тың басшылығымен малдың жұқпалы ауруларының Қазақстан жерінде пайда болуы және таралуы туралы ақпараттар жиынтығы және “Ветинформ” атты автоматты ақпараттар жүйесі жасалды. 1990 – 93 жылғы ҚР Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланды, Еңбек Қызыл Ту және “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған. Шығарылған:
* Туғаннан кейінгі ерте онтогенез кезіндегі қой метаболизмі мен энергиясының негізгі физиологиялық көрсеткіштері, А.-А., 1979;
* Ауыл шаруашылық малдарының патологиялық физиологиясы, А., 1992 (телавт.).
## Дереккөздер |
Қожеке Назарұлы (1828, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы. Қарқара ауылы – 1881, ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қызылкүрке қаласы) – күйші-сазгер. Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп, өрнегі өзгеше шығармалар тудырған. Оның туындыларында төкпе, терме, шертпе күйлердің белгілері араласып, айрықша мәнермен тартылады. Ерекше күш-қайратты танытатын жігерлі күйлер жүрек қылын шертетін нәзік те сырлы сазға ұласып отырады. Қожеке күйлері уақыт тынысын, зұлымдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік сияқты өзара кереғар қасиеттердің ара жігін тап басып, айқын аңғартады. 1860 жылы Ресей отаршылдары Жетісудың Сарыжаз, Текес, Қарқара сияқты жайлауларын зорлықпен тартып алғанын көрген Қожеке қазақ би-болыстарының отаршылдық озбырлығына деген көнбіс, тоқмейіл, жігерсіздігін әшкерелеп “Шалқайма” күйін шығарған. Осы шығармасы үшін патша әкімдерінен теперіш көрген күйші 1869 жылы шамасында өзіне қарасты 25 үймен Шығыс Түркістанға көшіп кеткен. Бірақ мұнда да ол жергілікті билеушілер тарапынан қуғынға ұшырап, түрмеге жабылды да, азаптап өлтірілді. Зерттеуші Мұхамед Ханафиннің мағлұматтарына қарағанда Қожеке жүзден астам күй шығарған. Оның алуан тақырыпты қамтитын бұл туындыларын негізінен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – күйшінің өз өмірінің әр кезеңін қамтитын шығармалары, екіншісі көне Үйсін заманынан сыр шертетін “Қамбар ханнан” бастап, қазақ халқының тарихи-әлеум. өмірінен, тұрмыс-салтынан елес беретін күйлері. Бұлардың еншісіне көне әдеби мұралармен сарындас “Жиренше”, “Жиреншеге Қарашаштың қазасын естірту”, “Жиреншенің Қарашашты жоқтауы” сияқты топтамалары мен “Көроғлы сұлтан”, “Біржан мен Сара”, “Стамбұл”, “Мұңлық” күйлерін жатқызуға болады. Ал “Қолға алынар алдында”, “Рабат төренің естіртуі”, “Таскөмір шоғына қарылу”, “Қинау”, “Түрмедегі қинау” туындылары өз басынан кешкен ауыр халден хабар береді. Қожекеның жоғарыда аталған шығармаларымен қатар “Нұрғазарын бұлбұл”, “Керітолғау”, “Аққу”, “Күй шақыртқы” күйлері бар. 1984 жылы Үрімші қаласындағы Шынжаң жастар баспасынан Қожекенің “Күй толқыны” кітабы басылып шықты. Кітапқа тоқсаннан астам күйі енген.
## Дереккөздер |
Ботаникалық бақ – ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік оқыту мақсаттарымен өсімдік өсіріп, оны зерттейтін, ботаникалық білімді насихаттайтын мекеме; ғылыми зерттеу және ғылыми мәдени өндірістік мекеме.
Онда тірі өсімдіктердің колекциясын жинап олардың көмегімен өсімдіктердің сан алуандығын және жердің өсімдік әлемінің байлығын зерттейді. Ботаникалық бақтардың басты мақсаты -жаңа өсімдік түрлерін ашу, оларды кешенді зерттеу және интродукциялау. Ботаникалық бақтардың көбінде дендрарий, альпинарийсу өсімдіктері мекендейтін тоғандар бар және пайдалы өсімдіктердің экспозициялары орналасқан.
Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді өсіру, жерсіндіру, олардың биологиясын, экологиясы мен физиологиясын, өсіп-өнуін, селекциясын зерттеу; ботаникалық ілімді дамыту, оның жетістіктерін жалпы халыққа тарату; республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупі төнген өсімдіктерді қолдан өсіріп көбейту, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, оларды сақтап қалудың, табиғи таралған орталықтарына қайтарудың жолдарын қарастыру; қала, ауыл, елді мекендерді көгалдандыру; бақ өсіру; гүлзар салу бағыттарында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу; өсімдіктердің жаңа түрлерін іздестіру, олардың пайдалы қасиеттерін анықтап, адам қажетіне жарату; өсімдіктер әлемін қорғау, көркейту. Ботаникалық бақтың негізгі бөлігін – шет жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктер құрайды. Олар биологиялық ерекшеліктеріне қарай ашық далада, оранжереяда, жылыжайда өсіріледі. Қазір Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда орналасқан алты ботаникалық бақ – Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы (Ақтау), Жезқазған ботаникалық бағы, Алтай ботаника бағы (Лениногор), Іле ботаникалық бағы (Бақанас), Қарағанды ботаникалық бағы бар. Бұлардың алғашқы бесеуі Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына кіреді де, бір орталыққа бағынған Ботаникалық бақ жүйесін құрайды. Республиканың Ботаникалық бақтары дүние жүзіндегі 50-ден астам елмен әріптестік байланыс жасайды, халықаралық конгрестерге, симпозиум, конференцияларға қатысады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «Ботаникалық бақ»(қолжетпейтін сілтеме)
* «Ботаникалық бақ»(қолжетпейтін сілтеме) |
Қазақстан көлдері — Қазақстанда 48 262 көл бар.
## Ең ірі көлдер тізімі |
ГЕОБОТАНИКАЛЫҚ КАРТА, өсімдіктер картасы – өсімдіктердің немесе олардың топтарының жер бетінде өсіп таралуын көрсететеін карталар. Геоботаникалық карталар әр түрлі қажетке жарамды және арнайы карта болып бөлінеді. Түрлі қажетке арналған Геоботаникалық карталарда өсімдіктердің тарихи даму нәтижесінде қалыптасып, жер бетіне таралып орналасуы, өсімдік бірлестігі (мыс., қалқан жапырақты орман, боз өскен дала, т.б.) сондай-ақ олардың адам әрекеті мен жануарлардың, т.б. жағдайлардың әсерінен пайда болған өзгерістер де (мыс., қалқан жапырақты орман орнына қайыңды орман егілсе, боз өскен дала егістікке пайдаланылса) көрсетіледі. Арнайы Геоботаникалық карталарда (орман картасы, жемшөп картасы, өсімдіктер қоры, индикациялық, т.б.) өсімдіктердің шаруашылыққа қажеттілігі көрсетіледі. Сондай-ақ бұл карталардың кен байлықтарын, жер асты суларын, жердің геологтялық құрылысын анықтауда да маңызы зор. Қазақстанда жүргізілген геоботан. зерттеулердің нәтижесінде әр түрлі масштабты бірнеше карталар жасалды. Олардың ішінде «Қазақстан өсімдіктері картасы» және жеке облыстардың Геоботаникалық картасы бар.
## Дереккөздер |
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАУ — аумақты қайталанбайтын, бедердің жергілікті ерекшеліктерімен сипатталатын өзіндік аудандарға бөлу; климатқа, өсімдік жабынына, іргетастың құрылысы мен платформалық тысқа, қопсық жамылгының жатысына, адамдардың әрекетіне және т.б. байланысты. Геоморфологиялық аудандаудың мынадай таксонометриялық жүйесі ұсынылған: 1) провинциялар — негізінен тұтас геоқұрылымдық бірліктерге сәйкес келетін және бедердің жалпы сипатымен ерекшеленетін ірі аумақтар; 2) алқаптар — негізінен мезобедер ерекшеліктері бойынша бөлінеді; 3) аудандар — өзіндік ерекшеліктері бар аумақ бірліктері.
## Қосымша
Геоморфологиялық аудандау — Жер шарының бетін немесе қандай да бір аймақты бедердің сырт пішіні мен даму тарихы біршама біртекті болып келетін телімдерге бөлу. Геоморфологиялық аудандау кезінде физикалық-географиялық, геологиялық факторлар (климат, өсімдік, аумақтың тектоникалық активтілігі, тағы да басқалары) есепке алынады. Әдетте Геоморфологиялық аудандау әр деңгейдегі таксондарга (геморфологиялық провинция, атырап, аудан) бөлінетін көп сатылы болады.
## Дереккөздер |
ГЕОФИЗИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ПОЛИГОНЫ, Қазақстан ҒА Сейсмология ин-тының жер сілкіну құбылыстарын зерттеуге және болжауға арналған ені 100 км-ге, ұзындығы 200 км-ге созылған (Іле Алатауының солт. беткейі, Іле ойысының біраз бөлігі және Қапшағай бөгенінің солт. шекарасы) бақылау орны. 1972 ж. ұйымдастырылған. Полигондағы болжамдық бақылауларға Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология ин-ты, т.б. мамандандырылған мекемелер қатысады. Полигонның негізгі нысандарын тірек сейсмик. ст-лар («Талғар», «Күрті», «Медеу»), аймақтық сейсмик. ст-лар («Күрметі», «Шелек», «Іле», «Фабричная»), радиотелеметр. және гидрогеохим. ст-лар торабы («Горельник», «Төменгі Каменка», «Алмаарасан», «Пригородная», т.б.) құрайды. Геофизикалық болжау полигонының кешендік зерттеулерінің нәтижелері жер сілкіну каталогын жасаудың негізі болып саналады. Сонымен бірге ол сейсмик. аудандастыру және микроаудандастыру, күшті жер сілкінулерді қысқа және ұзақ мерзімдік болжау мәселелерін шешу үшін де пайдаланылады. Геофизикалық болжау полигонының нысандарында жүргізілген байқаулар нәтижесі негізінде жер қыртысы қабаттарында болатын құбылыстар туралы нақты қорытындылар жасалады. Зерттеу нәтижелері Алматыдағы тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік нысандарды жобалауда пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Геологиялық ғылымдар институты (ГИН), ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалы негізінде 1940 ж. ұйымдастырылған республикадағы тұңғыш академиялық ғыл.-зерт. ин-ты. Ин-ттың негізін қалаған әрі бірінші директоры — академик Қ.И.Сәтбаев болды.
## Тарихы
1940 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің геологиялық секторы негізінде Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылған. Институт 2-дүниежүзілік соғыс жылдары қалыптасты. Соғыс уақытындағы зерттеулер елдің қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталды. Институтта іске асырылған Орталық Қазақстан, Алтай, Қаратаудың марганец, мыс, полиметал және сирек металдар кен орындарын игеру жұмыстары Орал, Сібір,Қазақстан мен Орта Азияның қорғаныс зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Соғыстан кейінгі жылдары институтта геологиялық ғылымының басым бағыттары дамытылды. Олар: аймақтық геология, тектоника, минералогия және Жер қыртысының геологиясы, металлогения, кенді аудандарды кешенді зерттеу, мұнай мен газ кен орындарының геологиясы.
## Ғылыми бағыттары
Қазақстанның аймақтық геологиясын зерттеу, оның ішінде геология түсірілім мен аймақтық картография, стратиграфия, палеонтология, тектоника, литология, геморфология, петрология – институт қызметінің негізгі бағыттары болып келеді. Соңғы онжылдықтағы ғыл. жұмыстарды жеделдету тұжырымдамасы және Жер қыртысы мен мантияның терең құрылысы жөніндегі жаңа деректердің нәтижесінде зерттеулер қарқыны жаңа екпін алды.
Ин-ттың басты ғылыми бағыттары: Қазақстанның кенді аудандарындағы Жер қыртысы мен литосферасының геол.-геофиз. ерекшеліктері; металлогения; кен түзілу процестері және респ-ның кенді аудандарын кешенді зерттеу; энергетикалық шикізат (мұнай, газ, көмір, жанғыш сланец) кен орындарының геологиясы; бейметалл кендер геологиясы; геоэкология. Ғыл.-зерт. жұмыстары ин-ттың аймақтық геол., стратиграфия және палеонтол., петрол., геоморфол. және атмосфераны қорғау, литология және жанғыш шикізаттар, геофиз., минерал. және геохим., кенді аймақтар бөлімдері мен лабораторияларында, сондай-ақ ин-ттың Өскемендегі, Ақтаудағы және Щучинскідегі бөлімшелерінде орындалады. Барлық ғыл.-зерт. бағыттары бойынша Қазақстан геологиясы мен минерагениясын құрайтын іргелі және қолданбалы нәтижелер алынды. Ин-тта жүргізілген стратиграф. және палеонтол. зерттеулердің (Р.А.Борукаев, Е.Д.Шлыгин, В.Ф.Беспалов, С.М.Бандалетов т.б.) нәтижесінде респ. аумағындағы геол. қабаттардың стратиграфиясы нақтыланды, ал кейбір қабаттардың стратотиптері (мыс., төм. кембрий) әлемдік эталон ретінде халықар. деңгейде қолданылады. Қазақстан аумағындағы магматизмді жете зерттеу әр түрлі типті құрылымдарда магмалық процестердің дамуын анықтауға мүмкіндік берді (Н.Г.Сергиев, В.К.Монич, Т.Шолпанқұлов, А.Нұрлыбаев, Г.Ф. Ляпичев, Қ. Әбдірахманов, т.б). Қазақстан тектоникасын зерттеу нәтижесінде иілімдік құрылымдар мен терең жарылымдардың даму модельдері жасалды, респ. аумағы құрылымдық-фациялық негіз бойынша аудандастырылды (Н.Г.Кассин, Г.Ц.Медоев, А.Қайыпов, Г.Н.Щерба, Е.И.Паталаха, т.б.). Әр түрлі геофиз. зерттеу әдістерін ұштастыру, оларды геол. әдістермен бірге қолдану нәтижесінде Жер қыртысының терең қабаттарының құрылымы анықталды, кен орындарын іздестірудің жаңа критерийлері жасалды (Д.Н.Казанли, Б.М.Оразаев, Д.Әлмұханбетов, А.Н.Антоненко, Н.И. Көшербаев, Ш.Б.Бермұханов, М.Ш. Өмірсеріков, т.б.). Негізін Қ.И.Сәтбаев салған металлогениялық зерттеулер нәтижесінде металл топтары бойынша (қара, түсті металдар, полиметалдар) болжамдық-металлогендік карталар тұрғызылды. Бұл карталардың жаңа кен орындарын іздеу-барлау үшін маңызы зор болды. “Қазақстан металлогениясы және маңызды кенді аймақтарды кешенді зерттеу” тақырыбы бойынша жүргізілген жұмыстарға КСРО Мемл. сыйл. (1985) берілді (А.А.Абдулин, А.Қайыпов, В.Г.Ли, Г.Ф.Ляпичев, Л.А.Мирошниченко, Е.И.Паталаха және Г.Н.Щерба). Құрамында күмісі бар кен орындарының негізгі типтері, ең басты алтын кенді аудандар анықталды (Қазақстан Мемл. сыйл., 1995; Х.А.Беспаев, Т.М. Жәутіков, В.Н.Матвиенко). Минералдардың типоморфтығы, табиғи парагенезисі, белдемділігі, қоспалары туралы алынған жаңа мәліметтер кендердің түзілуі бойынша іргелі мәселелерді шешуге мүмкіндік берді (Т.А.Сәтбаева, Б.И.Вейц, Е.А.Анкинович, Н.М.Митряева, М.К. Янулова, М.М.Қайыпова, М.Қ.Сәтбаева, т.б.). Кентастарды геохим. әдістермен іздеудің теориялық негіздері жасалды (Х.А.Беспаев, А.Н. Литвинович, К.М. Мұқанов, Н.Г.Сыромятников, т.б.). Г. ғ. и-нда қалыптасқан сейсмостратиграфия саласының іргелі маңызы бар, ал мұнда құрастырылған стратиграфиялық сұлбалар респ-да мұнай-газ кендерін іздестірудің сенімді негізі болды. Оңт. Торғай мұнай-газ алабын, оның ішінде Құмкөл мұнай кенін ашқаны үшін ин-ттың 7 қызметкері “Кен орнын тұңғыш ашушы” белгісімен марапатталды. Мұнай геологиясы саласында жүргізілген зерттеулер әлемдік деңгейге шықты (П.Я.Авров, Э.К.Азнабаев, А.Б.Ли, П.Т.Тажибаева, М.М.Маташев,Э.С.Воцалевский, С.М.Оздоев, Х.Х.Парагульгов, т.б.). Көмір геологиясы саласы бойынша Қарағанды мен Екібастұз көмір алаптарының дәл карталары құрыстырылды, қорлары болжанды (Г.Л.Кушев, Т.М. Азизов, И.Н.Рощин, т.б.). Басқа ғыл.-зерт. ин-ттарының мамандарымен бірлесе отырып, Арал, Каспий, Жетісу өңірлерінің экол. апатқа ұшыраған аудандарының табиғи қорлары мен экол. жағдайлары туралы тақырыптық карталар (инж.-геол., гидрогеол., жаңа тектоник. құрылымдар, топырақ пен өсімдік жамылғысы, антропогендік процестер, т.б.) құрастырылды (1992-97). Қазақстанда кездесетін кен түрлері бойынша (мұнай-газ, алтын, қара металдар, т.б.) барлық кен орындарының сипаттамалары берілген 10 анықтамалық басылымдар шығарылды (1994—96, А.А.Абдулин, Х.А.Беспаев, С.Ж.Дәукеев, Л.А.Мирошниченко, т.б.). Ин-тта респ-дағы ең ірі геол. музей жұмыс істейді. Ин-т Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған, 1964 ж. акад. Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілген.
## Марапаттар
Институт ғалымдарының өндірістік және басқа ғылыми ұйымдардың геологтарымен бірлесіп, «Қазақстан металлогениясы және басты кенді аудандарды кешенді зерттеу» мәселесі бойынша көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмыстары 1985 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Геология мен металлогения саласындағы елеулі еңбектері үшін институт қызметкерлері мәртебелі сыйлықтармен марапатталған. Атап айтқанда:
* Лениндік сыйлық – 8,
* КСРО Мемлекеттік сыйлығы – 13,
* Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы – 15,
* Қазақ КСР-і Министр Кеңесінің сыйлығы – 9,
* Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық – 5,
* Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық – 3,
КСРО Ленин комсомолы сыйлығы – 1 адамға берілген. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен (1967) марапатталған.
## Халықаралық қатынастары
Институттың халықаралық шығармаларына байланыстары дамып келеді. Оның ғалымдары ЮНЕСКО арқылы, «Литосфера», «ЭЛАС жобалары» бойынша көптеген елдермен бірлесіп, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жасап, геология зерттеулер жүргізіп келеді. ҚХР, АҚШ-пен тікелей екіжақты ынтымақтастық орнатылған. Институт ғалымдары халықаралық геологиялық форумдарға (1964, 1968, 1976, 1980, 1984, 1988, 1992, 1996, 2000), тас көмір стратографиясы мен геологиясы (1975), палеонтология (1971), геохимия (1971) комиссияларына белсене қатысуда, саз бен сазды минералдарды зерттеу, кембрийге дейінгі тектоника бойынша өткізілген халықар. конференцияларға, ордовик пен силур жөнінен өткізілген симпозиумдарға, халықаралық геофизика одағының ассамблеяларына, т.б. қатысты. Негізгі кен байлықтары бойынша дүниежүз. іс-тәжірибеде тұңғыш рет іргелі зерттеулер негізінде құрастырылған монографиялар, анықтамалықтар (35), Қазақстанның минерагендік картасы, Қазақстанның мұнай-газ қорын болжау картасы, Қазақстанның терең тектоник. құрылымының картасы, Қазақстанның геологиялық картасы, Оңтүстік-Батыс Алтай мен Семей полигонының геология және металлогендік карталары Бразилияда өткен 31-халықаралық геологиялық конгресте көрсетіліп, әлем мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болды.
## Дереккөздер |
Гептнер ергежейлі қосаяғы (лат. Salpingotus heptneri) – кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң.
Арал өңірінің оңтүстік-шығысының эндемигі. Олар тек Қызылқұмның шөлдерінде ғана мекендейді. Құм басқан тақырлар мен шағыл құмды төбелерде тіршілік етеді. Дене тұрқы 4,0 – 5,5 см, салмағы 10 – 17 г. Құйрығының ұзына бойын жапқан қысқа қылшықтарының ұшындағы шашағы қара түсті әрі үлпілдек болады. Арқасының түсі сұр, басы үлкен. Алдыңғы аяқтары қысқа, жемін ұстауға, ін қазуға бейімделген, артқы аяқтары ұзын, үшбармақты, оның көмегімен секіріп, тез қозғалады. Гептнер ергежейлі қосаяғы өсімдіктердің тұқымдарымен, жемістерімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға түнде шығады. Тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында қысқы ұйқыға кетіп, наурыз айында оянады. Жылына 2 рет көбейіп, сәуір – маусым айларында 2 – 4 қосаяқ табады. Гептнер ергежейлі қосаяғы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
ГЕОХИМИЯЛЫҚ АЙМАҚ – бір немесе бірнеше хим. элемент қалыпты мөлшерден көп, ал қайсыбір элементтер аз тараған жер бетінің белгілі бір бөліктері (аймақ, облыс, аудан, т.б.). Геохимиялық аймақтың қалыптасуы осы аймақтардың геол. даму тарихына, құрамы әр түрлі магмалық және шөгінді жыныстардың таралуына және осыған сәйкес келетін петрограф. аймақтарға, хим. элементтердің миграциялық қабілетіне байланысты болады.Геохимиялық аймақтардың пайда болуы Жердің даму тарихындағы планетааралық құбылыстарға да тығыз байланысты. Геохимиялық аймақ жалпы тұрғыдан металлогендік аймақтарға сәйкес, бірақ кен түзілгеннен кейін, әр түрлі палеогеограф., палеоклиматол., т.б. жағдайларда өтетін экзогендік процестер нәтижесінде хим. элементтер қайта топтасады да Геохимиялық аймақтардың өз ерекшеліктерін туғызады. Геохимиялық аймақтардың басты сипаты – шоғырлану коэфф. (К). Ол белгілі бір хим. элементтердің осы аймақтағы орташа салмақ мөлшері (геохим. фон, Сф) сол элементтердің жер қыртысындағы орташа мәнінен (кларкінен, Ск) неше есе артық-кемін көрсетеді: К=Сф:Ск. Оның мәні әр элемент үшін әр аймақта әр түрлі, тіпті 0,01 – 100 арасында ауытқуы да мүмкін. Мыс., К мәні Pb, Zn, Cu, т.б. үшін Кенді Алтайда 20 – 50, Сарыарқада 10 – 30 арасында. Шоғырлану коэффициенті жоғары аудандарда сол элементтердің ірі кендері кездеседі. Аймақтың геохим. ерекшеліктері топырақ түзілуіне, өзен, көл, жер асты суларының минералдық құрамының қалыптасуына, өсімдік және жануарлар дүниесіне үлкен әсер етеді, бұларды білу кен іздеу жұмыстарын нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді. Элементтердің шамадан тыс артық не кем болуы жергілікті өсімдіктер мен жануарларда, адамдарда кейбір ауруларды туғызады (мыс., су құрамында йод өте аз және таулы аудандарда бұғақ ауруы жиі кездеседі).
## Дереккөздер |
География және су қауіпсіздігі институты — Орталық Азия аймағындағы география саласының жалғыз ғылыми-зерттеу институты. Қазақстан ғылым академиясының 1938 жылы құрылған география секторы негізінде 1983 жылы құрылған.
Институтта Қазақстан аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында 4 кешенді лабораториялар жұмыс істейді.
* Гляциология лабораториясы гляциология саласындағы өзекті мәселелермен — мұздықтар жүйесінің мониторингі, мұздықтар дамуына әрдайым бақылау, онда болып жатқан өзгерістердің бағыты, жылдамдығы мен көлемі, мұздықтар мен мұздық ағындарының эволюциясын болжау моделін жасау, т.б. шұғылданады. Мұздықтардың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы ғыл. дәлелденген деректерінің практикалық маңызы зор. Ол ирригация, энергетика, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар дайындау кезінде бұрынғы климаттық көрсеткіштерге сүйенуге болмайтынын ескертеді. Мұздықтар құрғақшылық жылдары халық шаруашылығын сумен қамтамасыз ететін су көздерінің бірі болып табылады. Институттың осы саласында Г.А. Авсюк, Ғ. Тоқмағамбетов, П.А. Черкасов, И.В. Северский, В.П. Благовещенский, т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.
* Ландшафттану, геоморфология және топонимика саларынан тұратын лаборатория Қазақстанның жер бедерінде болып жатқан экзогендік табиғи құбылыстарды, антропогендік факторлардың әсерінен өзгеріп жатқан құрылымдарды зерттейді. Ландшафттық зерттеулерде Қазақстан аумағын ландшафттық картаға түсіру, шөлді және таулы жерлердің ландшафтарын одан әрі жіктеуде, республикалық жерін табиғи-географиялық аудандарға бөлудің теориясы мен әдістемесіне 1950 жылдардың орта кезінен ғана дамып келе жатқан қолданбалы ландшафт тану және бүкіл респ. жері мен жеке бөліктерін аудандарға бөлудің сұлбасына қатысты мәселелерді қамтитын бағытта жүргізіледі. Ландшафт тану және геоморфология ғылымдарының ин-тта одан әрі дамуына Г.Ц. Медоев, З.А. Сварричевская, М. Жандаев, Ә. Сәрсенов, Г.В. Гельдыбаева, Е. Нұрмәмбетов, С. Әбдірахманов, А. Медеу, Ф. Ақиянова, т.б. зор еңбек етті.
* Таулы аймақ геоэкологиясы лабораториясы Қазақстанның таулы өлкелеріндегі қар жамылғылары мен қар көшкіні құбылыстарын, зерттеумен айналысады. Лаборатория мамандары қар жамылғыларының қандай биіктікте орналасуы, оның әртүрлі табиғат жағдайларында қалыптасу процестерін, таралуының негізгі заңдылықтары, қар жамылғысының режимі мен ондағы метаморфтық процестерге байқау жүргізеді.
* 1989 жылдан География институтында “Еліміздің геоэкол. зерттеулерін кеңейту үшін аймақтық және дүниежүз. геоэкол. процестерді кешенді зерттеу”, “Экология бағдарламасы”, “Қоғам және арақатынас проблемаларын шешудің табиғи-ғыл. базасы ретінде кешенді жер тану теориялық негізін дайындау” бағдарламалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
География институтында халықар. байланыстар жолға қойылған. Институт Қытай ғылым академиясының Гляциология және геокриология институтының арасындағы келісім бойынша, 1989 жылдан бастап Қытай ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтымен “Орталық Азияның құрғақ аудандарының геоэкологиялық проблемалары” бойынша іргелі зерттеулер жүргізілуде. Келісім бойынша екі ел арасында бірнеше халықараралық экспедициялар өткізілді. Сонымен қатар, Американың, Францияның, Англия мен Жапония, т.б. елдердің эколог-географтармен және ірі фирмалар мен концерн басшыларымен тығыз байланыстар орнатылды. Институт ғалымдары көптеген халықаралық кеңестерге, симпозиумдерге қатысып, баяндамалар жасады. Лабораторияның топонимика тобы Қазақстан аумағындағы жер-су аттарын зерттеумен шұғылданады.
Институттың су-экологиялық лабораториясы гидроэкологиялық және математикалық модельдеу топтарынан тұрады. Лаборатория Қазақстанда су ресурстарын тиімді пайдалану проблемасының географиялық аспектісін, су көздерінің, өзендер мен көлдердің дамуын зерттейді. Зерттеу нәтижелері негізінде алынған мағлұматтарды Қазақстанның кейбір су қоймаларында қалыптасқан экологиясы ауыр жағдайды сауықтырудың ғылыми әдістерін жасау үшін қолданады. Су-экологиялық зерттеулерде А. Тұрсынов, Т. Омаров, П.П. Филонец, И.М. Мальковский, Ж. Достай, т.б. гидролог ғалымдардың еңбегі сіңді.
Институтта мүлдем жаңа ғылыми бағыт ретінде, шаруашылықтың табиғатқа тигізген әсерінен қалыптасқан геожүйе тепе-теңдігінің бұзылу мүмкіндігі және оны болдырмау жолдарын ойластыру мәселелерін шешу үшін геожүйелік мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды.
География институтының ғалымдары
* “География мәселелері” атты 30-ға жуық,
* Қазақстанның кейбір облыстарының экономикалық географиясына арналған монография,
* 2 томдық “Қазақ КСР-інің атласын” және
* Қазақстан Республикасының ландшафттық және геоморфологиялық карталарын, т.б. ғыл. еңбектерін жарыққа шығарды.
1983 жылы Қазақстан ғылым академиясының географиялық секторы негізінде География институты ұйымдастырылды.
Ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары:
* физика және әлеуметтік-экономика география мәселелері;
* табиғатты қорғау және тиімді пайдалану;
* Қазақстанның су қорларын ұтымды пайдалану мәселесінің география аспектілері;
* мұз басудың табиғи эволюциясын, қар жамылғысының қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын, сондай-ақ гляциалды-нивалды табиғи апатты құбылыстарды зерттеу.
Институт Қазақстан табиғатын тануға, сондай-ақ Орталық Азияның көршілес елдерінің табиғи ресурстық қуатына ғылыми негізді баға беруге және әлеуметтік-экономика даму бағдарламалары мен жоспарларын құруға елеулі үлес қосты. Институт қызметінің бүкіл кезеңінде қазіргі заманғы географияның барлық бағыттары бойынша тақырыптық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулердің нәтижелері көптеген монографияларда, тақырыптық жинақтарда және географиялық ғылымдарының әр түрлі аспектілері бойынша 100-ден астам карталардан тұратын екі томдық Қазақстан атласында толық сипатталған. Институт зерттеулерінің нәтижелері Қазақстан экономикасын дамыту жоспарларын, кең ауқымда тың және кенді аймақтарды игеру жобаларын жасауда, Маңғыстау түбегі мен Шығыс Қазақстанның табиғи-экономика қуатын бағалауда, Іле-Балқаш, Каспий және Арал бассейндері мәселелерін шешуде кеңінен қолданылып келеді. 1945 жылы Химия-металлургия институтын қайта құру нәтижесінде Металлургия және кен байыту институты құрылды. Институттың ғылыми қызметкерлері арасындағы ғылыми доктор саны – 21; ғылыми кандидаттары – 40; Ұлттық ғылым академиясының акад. – 2, Ұлттық ғылым академиясының корр. мүшелері – 3-еу болды. Институт құрамында 15 лаборатория
* пирометаллургиялық процестер;
* автогенді процестер;
* электртермиялық процестер мен конвертерлеу;
* қоспа металдар;
* вакуумдық процестер;
* отқа төзімді материалдар;
* термохимиялық процестер;
* байыту мен гидрометаллургияның арнайы әдістері;
* сирек шашыранды элементтер;
* сирек металдар;
* титан және магний;
* глинозем және алюминий;
* байыту;
* физ. талдау әдістері;
* химиялық талдау жұмыс істейді.
Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыты – геология саласының ғылыми мәселелері және кен-металлургия саласындағы минералдық қорларды кешенді пайдалану. Институт «Түсті, сирек металдардың минералдық және техногенді шикізатын кешенді өңдеу барысында көп құрамды жүйелердегі құрылымдық фазалық түрленулер мен өзара әрекеттесулердің физикалық-химиялық негіздерін құру» тақырыбы бойынша іргелі зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыратын бас ұйым болып табылады. Институттың маңызды жетістіктері:
* автогенді процестерді жетілдіру мен игеру (мәселен, мыс-мырыш концентраттар мен өнеркәсіп өнімдерін қорытудың кивцэттік әдісі Ертіс мыс қорыту з-тында өндіріске енгізілген);
* сұйық штейнді-шлакты балқыма ваннасында сульфидті концентраттарды қорыту процесі (Ванюков процесі);
* дүние жүзінде тұңғыш рет электрқорытпаның сұйық шлактарын флюстер мен жылу ұстағыштар ретінде қолдана отырып, мысқа бай штейндерді конвертерлеу, электртермиялық әдіспен конвертерлік шлактарды қалпына келтіруді қамтитын Жезқазған мыс концентраттарын өңдеу технологиясы жасалды;
* ерекше улы сульфидті материалдарды пиросұрыптаудың вакумдық процестері және түсті, сирек металдарды вакуумдық дистилляция әдісімен тазарту жүзеге асырылды;
* екінші ретті қорғасын шикізатын балқытудың электрлі термиялық әдістері және агломерациялық күйдіру мен қорғасын шикізатын шахталық әдіспен қорытудың тотықтыру-тотықсыздандыру технологиялары зерттелді, бұл саладағы зерттеулердің бірқатары қорғасын зауыттарында іске қосылды;
* өндірістік көлемде Қаратау фосфориттері мен ванадийлі кварциттерін бірге қорыту процесі жүзеге асырылды, тәжірибелік-өндірістік көлемде фосфорлы өнеркәсіп өнімдері мен өңделген шикізаттан ванадий мен ниобийді сұрыптап алу процесі игерілді;
* тозбайтын шойын мен шойын өнімдерін қорытуда фосфорлы қорытпаларды пайдалану арқылы жоғары экономика тиімділікке қол жеткізілді;
* титан саласы мен глинозем өндірісінің өнеркәсіптік өнімдерінен ванадий тотығын алудың экстракциялық технологиясы игерілді;
* галламды металлургия игерілді;
* баланстан тыс әрі сұрыпталмаған полиметалл және алтын кентастарын өңдеудің биогеотехнол. процестері зерттеліп игерілді;
* Васильков кен байыту комбинатының қондырғысында төменгі сұрыпты кентастан алтын алу мен пайдаланылған жыныстар мен ағынды суларды цианид пен күшәладан тазартудың тиімділігі жоғары экологиялық таза бактериялы-химиялық технологиясы игерілді;
* осмий, рений, молибден мен басқа элементтерді алу әдістерін игеру шикізатты кешенді пайдалану дәрежесін арттырып, тұңғыш рет жоғарыда аталған элементтер өндірісін ұйымдастыруға жол ашты.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, |
Екатерина Александровна Анкинович (7.12.1911, қазіргі Чуваш, Малые Яльчики ауылы – 10.7.1991, Алматы қ.) – геология-минералдары ғылымдарының докторы (1964), профессор (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1974). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген (1937). 1937–53 ж. Қазақстанның геологиялық қызметі жүйесінде геолог, геологиялық партия бастығы, геологиялық партиялар тобының техникалық жетекшісі, минералдық-петрографтың кабинет меңгерушісі қызметтерін атқарған әрі Сарыарқада, Алтайда, Қаратауда полиметалл, ванадий кендерін зерттеген. Қазақ политехникалық институтының (1953–91, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доценті, кафедра меңгерушісі, профессор болды. Анкиновичтің негізгі ғылым еңбектері Кенді Алтайдың полиметалл кендерінің минералогиясын, Үлкен Қаратаудың ванадийлі горизонтының (ванадийлі бассейнінің) сипаттамаларын анықтауға арналған
Анкинович 12 жаңа минералды (олардың ішінде сегізі бұрын ғылымға белгісіз) ашқан. Олар Халықаралық минералогия ассоциациясында (АҚШ, Вашингтон қ.) бекітіліп, Қазақстан геологтары Қ.И.Сәтбаевтың, И.И.Боктың, т.б. құрметіне аталған. КСРО Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты (1948).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Лауреаты Сталинской премии за выдающиеся изобретения и коренные усовершенствования методов производственной работы
* Екатерина Александровна Анкинович, известный минералог из Алма-Аты Мұрағатталған 31 қаңтардың 2011 жылы.
* Анкинович Е.А.(қолжетпейтін сілтеме) |
Степан Герасимович Анкинович (14.11.1912, Витебск облысы Кашино ауылы – 16.6.1985, Алматы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1964), профессор (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сің. жоғары мектеп қызметкері (1972). Ленинград (1938, қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген. 1938–51 ж. Қазақстанның геологиялық қызметі жүйесінде, Жезқазған, Ұлытау кенді ауданында, Үлкен Қаратауда полиметалл, темір, марганец, ванадий кендерін барлайтын партиялар тобы мен экспедициялардың геологы, аға геологы, бас геологы, Қазақ геологиялық басқармасының аға инженері болып жұмыс істеді.
Сонымен қатар 1949 жылдан Қазақ кен-металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доцент, 1970 жылдан кафедра меңгерушісі болды. Анкиновичтің негізгі ғылыми еңбектері Солтүстік Тянь-Шаньның (Үлкен Қаратау мен Жабағылы) және Сарыарқаның батыс бөлігінің геологиясын, стратиграфиясын, шөгінділік металлогениясын, түсті металдар кендерінің геологиясын зерттеуге арналған. КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты (1946, 1948).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* С.Г и Е.А. Анкиновичи - Белорусский портал в Казахстане
* [Лауреаты Сталинской премии за выдающиеся изобретения и коренные ...] |
Ағынықатты – Лепсі өзенінің сол саласы.
## Географиялық орны
Жетісу облысының Сарқан ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Жетісу Алатауының Жаман Қоңыртас тауындағы мұздықтан басталып, Лепсі ауылы тұсында Лепсі өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 54 км. Су жиналатын алабы 708 км2. Жылдық орташа су ағымы 12,1 км3. Жоғарғы бойында табиғаты көрікті тар шатқалмен ағады, арнасы тар, ағыны өте қатты. Ағынықатты желтоқсанда қатып, сәуірдің бас кезінде мұзы ериді.
## Дереккөздер |
Орынбай Дайырбеков (1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылы) — ғалым. Медицина ғылымының докторы (1993), профессор (1996). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері (1990). Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
## Толығырақ
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* Орынбай Дайырбеков 1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылында дүниеге келген.
* 1968 жылы Алматы мемлекеттік медицина инистиутын бітірген.
* Еңбек жолын 1968 жылы Ұлы отан соғысы мүгедектерінің республикалық госпиталінде дәрігер - рениматлог қызыметінен бастаған.
* 1971 - 1988 жылдары Қазақ емдік-тәжірибелік хирургия институтының кардиохирургия бөлімінде хирург-дәрігер, аспиранты, Алматы қаласындағы қалалық №4 ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері, Алматы облысы ауруханасының бас дәрігері, облысы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, клиник. және эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. институты директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды.
* 1999 - 2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры.
* қазіргі таңда А.Н. Сызғанов атындағы клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылми-зерттеу институты директоры лауазымында.
* Негізгі ғылыми еңбектері туа біткен жүрек ақауын анықтап, емдеу тәсілдерін қолдануға арналған. Ал ғылыми жұмыстары денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, мед. көмек сапасын көтеруге бағытталған.
## Марапаттары
* 1990 - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері
* 1993 - Медицина ғылымының докторы
* 1996 - профессор
* 1998 - "Астана" медалі
* 2001 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігне 10 жыл" медалі
* 2002 - ҚР тұңғыш президентінің алғыс хаты
* 2004 - Құрмет ордені
* Парасат орденінің иегері
* Төле би ауданының құрметті азаматы
* Түркістан облысының құрметті азаматы
* Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
## Дереккөздер |
Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі(Ғ.ф.м.м.қ.м) – халықараралық ауқымда танылған отандық философия зерттеу бағыты.
Бұл философия мектеп өкілдерінің (Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, К.Рахматуллин, М.С.Орынбеков, М.Сәбитов, т.б.) еңбектерінде диалектика ойлаудың қарама-қарсылықтық, нақтылық, тарихилық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, т.б. принциптері түбегейлі зерттелді.Олар ғылымда кез келген қозғалыс пен дамудың қайнар бастауы әрі тіршілік ету шарты – диалектика. Қарама-қарсылықтарға сүйенетін ғылыми ойлаудың жасампаздық әдебін қалыптастыру идеясын негіздеді. Бұған қоса тұтастықты өздігінен қозғалу және қажетті ішкі байланыстылық арқауларын қарастыру арқылы ақиқатқа жетудің маңызды принциптерін талдады. 1974 ж. қазіргі заманғы ғыл. танымның логикалық-методол. проблемаларын жүйелі түрде зерттеу қолға алынып, Қазақстан Ғылым Академиясының Философия институтында (қазіргі Филос. және саясаттану ин-ты) жаратылыстанудың филос. мәселелері бөлімі ашылды. Ол 1996 ж. ғылым мен техника философиясы бөлімі болып қайта құрылды. Осы кезден бастап республикада Ғ.ф.м.м.қ.м. қалыптасты. Осы мектептің ғылыми деңгейінің көтерілуіне Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғалымдары да үлес қосты. Ғ.ф.м.м.қ.м-нің қалыптасу тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: 1-кезең (1960–70), тұтастай алғанда ғылыми танымның логикалық-методол. проблемаларын диалектика тұрғысынан талдаумен байланысты болды. Философтардың осы кезеңдегі еңбектерінде (Әбділдин, Нысанбаев, «Теория құрудың диалектикалық-логикалық принциптері», 1973, Қазақстан ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атынд. 1-дәрежелі сыйл. 1974; Орынбеков, «Философиядағы және ғылымдағы субстанция мәселесі», 1975; «Осы заманғы ғылымдағы нақтылық принципінің рөлі», 1976; т. б.) 20 ғ-дың 2-жартысындағы ғылымның логикалық-гносеол. аспектілері мен проблемалары қарастырылды. Қазақстан философтарының бұл бағыттағы ғылыми-зерттеулері Ресей, Польша, Германия, Венгрия, Болгария, т.б. елдердің беделді ғыл. басылымдарында жарық көріп, олар ғылым философиясы мен методологиясын өркендету ісіне соны серпін берді әрі ғыл.- зерттеулердің филос.-теор. деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарды. 20 ғ-дың 80-жылдарынан Ғ.ф.м.м.қ.м тарихындағы 2-кезең басталды. Ол пәндік-практикалық қызметтің субъекті ұғымын алдыңғы шепке шығарып, ғыл. теориялардың әлеум.-мәдени өлшемдеріне мүдделілікті арттыруымен ерекшеленеді.Ғылыми танымның методол. проблемаларын жүйелі зерттеу ісіндегі әлеум.-мәдени және категориялық талдауларды біріктіру де осы кезеңде атқарылды. Ғыл. танымды категориялық талдау оның мәдени-тарихи сипаттамаларын ой елегінен өткізу арқылы жүзеге асты. Осы кезеңдегі қомақты мәселе – «Ғылыми танымның және әлеуметтік қызметтің логикасы ретіндегі материалистік диалектика» жетекші орынға шығып, әлеум.-мәдени ауқымда байыпталды. Мұның өзі көптеген тың идеялар мен материалдарды ғыл. айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Бұл бағытта қазақстандық философтардың іргелі еңбегі саналатын төрт томдық «Диалектикалық логиканың» 4-кітабы («Осы заманғы жаратылыстанудың методологиясы ретіндегі диалектикалық логика», 1985; Нысанбаев, Р.Кубанов, «Осы заманғы ғылымның әлеуметтік және этикалық проблемалары», 1988; ұжымдық еңбектер: «Ғылымның категориялық аппаратының генезисі», 1990; «Ғылымның логикалық-гносеологиялық талдауы», 1990; т.б.) жарық көрді. 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап Ғ.ф.м.м.қ.м жұмысының қазіргі заманғы талаптарға сай 3-кезеңі өрістеді.
Бұл кезең ғылым мен техниканы таза марксшілдік талдау шеңберінен шығып, жаратылыстың, тех., әлеум. және гуманитарлық ғылымдардың (психология, тарих, социология, саясаттану, мәдениеттану, т.б.) филос.-методол. және дүниетанымдық проблемаларын зерделей зерттеумен ерекшеленеді. Отандық филос. мектеп бұл кезеңде пәндік-практикалық, әлеум.-мәдени қызметтің идеологиялық қасаңдықтан арылған принциптеріне сүйеніп, тарихи-филос., тарихи-ғыл. және тарихи-мәдени мол мұраларды пайдалана отырып, әлеум. және жеке тұлғалық болмысты танудың аса маңызды диалект.-логикалық принциптерін қорытты. Әсіресе, қарама-қарсылық, нақтылық, субъектінің белсенділігі, тарихилық принциптері дүниетанымдық, логикалық-гносеол. және методол. мәселелермен бірлікте қарастырылды. Ғылымның категориялық және ұғымдық аппаратын қалыптастырып, жетілдіру заңдылықтарын, оны дамытудың интегративтік жолдарын іздестіруге ғалымдар жете мән берді. Өркениеттің өркендеуі барысындағы ықпалды тех. сана құбылысы мен компьютерлік революцияның салдарын талдай қарастыру қолға алынады. Қазіргі кезде ғылымның бағдарлылығын зерттеуге орай ғылым методологиясы жөніндегі отандық әдебиетте бұрын-соңды зерделенбеген тың мәселелер, соның ішінде, ұлттық мәдениет, оның этн. бейнесі мен әлемдік көрінісі аясындағы проблемаларды зерделеуге талпыныс жасалуда. Үшінші кезең, сондай-ақ Еуропаға құлай жүгінетін логикалық парадигмалардан Шығыс пен Батыстағы ғақылиялы ой кешудің алуан тұрпаттарының диалогына қарай ойысу қажеттілігін бағдар тұтуымен де ерекшеленеді. Философия және саясаттану ин-ты ғалымдарының «Шығыс және батыс мәдениеттерінің өзара байланыстары ауқымындағы ғылым методологиясы» (1998) атты ұжымдық монографиясы осы мәселені талдауға арналды. Ғ.ф.м.м.қ.м-нде жүзеге асырылған зерттеулер ғылым философиясы мен методологиясын дамытудың әлемдік бағыттарына сәйкес келеді.
## Дереккөздер
<references> |
Дайырбеков Жансұлтан (1930, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нүркен ауылы – 2004) – экономика ғылымдарының докторы (1988), профсессор (1989). Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітірген (1952). Қазақстанның тау-кен кәсіпорындарында қызмет еткен. 1952–59 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының аспиранты, кіші ғылым қызметкері, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының көмекшісі, бөлім бастығының орынбасары, Қазақ КСР-і Мемл. жоспарлау комитетінде бөлім бастығы, Алматы халық шаруашалық институтының (қазіргі Қазақ экономикалық университеті) оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қаржы-экономикалық факультеті мен қаржы және кредит кафедрасының ашылуына зор үлес қосты. 1998 жылдан Қазақ көлік және коммуникация академиясының кафедра меңгерушісі болды. 11 монография, 75 ғылыми мақаласы жарық көрген. |
Данаев Нарғозы Тұрсынбайұлы (3.9.1948 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1998). ҚР Инженер (2001) және Халықаралық инженер (2004) академиясының академигі ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі есептеу орталығында стажер-зерттеуші (1972–74), сонда аспирант (1974–77), аға инженер (1977–82). ҚазМУ-дың аға оқытушысы, доценті (1982–95), ҚазМУ-дың жанындағы Математика және механика институтының директоры (1995–97, 2000 жылдан). ҚазМУ-да декан (1997–2000) болды. «Эффективные методы решения уравнений гидродинамики в сложных областях» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары есептеу математикасына, сондай-ақ сұйықтық, газ және плазма механикасына арналған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1994).
## Дереккөздер |
Дадабаев Әлім Юсупұлы (8.5.1928 ж.т., Алматы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1975), профессор (1983). Алматы тау-кен институтын бітірген (1951). 1952–1955 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия институтында аспирант, 1955–96 ж. кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі, 1996 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Металлургия институтында бас ғылым қызметкер болды. Дадабаев 300-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің, 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер
<references>[Санатар: Д] |
«Аппақ батыр» – ғашықтық дастаны. Жыр үлгісімен шығарылған көлемді дастан.
Халық ақыны Ж.Жантөбетов ел аузынан жазып алған. Хан қызы Күнхан мен Зүбарша деген жігіттің ыстық махаббаты, оған кедергі жасамақ болған қыз әкесі Қадырша хан мен қарауындағы адамдардың қара ниет әрекеттерін әшкерелеген Аппақ батырдың ерлік істері мен екі жасқа бостандық әперген адамгершілігі жырға арқау болған. Дастанның негізгі идеясы ақ махаббат, әйел теңдігі. Шығарма еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы толық күйінде ҚР Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы қорында сақтаулы. Дастанның екінші бір нұсқасы, «'''Зүберше мен Гүлханыс қиссасы'''» деп аталады. Қолжазбада – «Аппақ хан». Бұл жыр, 1942 ж. Шымкент облысындағы Бегімен Мұратбекұлы деген жыршыдан жазылып алынған. Жыр оқиғасы «Аппақ батыр» дастанымен ұқсас болғанымен мұнда Аппақ Үрім патшасы болып, Күнхан қыз Гүлханыс деп өзгертілген. Екі жас азапты күндерді бастан кешіріп, қантөгіс соғыс арқылы бақыттарына жетеді. Дастанның тағы бір нұсқасы «'''Гүлханыс–Зеберше'''» деп аталғанымен қолжазбада «Аппақ патша» деп жазылған. Бұл жырды ел аузынан ақын, әнші Б.Бектұрғанов жазып алған. Жыр мазмұны алдыңғы нұсқалармен ұқсас. Адам аттары мен жеке көріністерде ғана айырмашылық бар. Бұл нұсқа да толық күйінде ҚР Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы қорында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Георгиевка каналдары – Қырғызстан мен Қазақстан аралығындағы ірі суару-суландыру жүйелерінің бірі. Канал құрылысы 1931 жылы басталып, 1935 жылы пайдалануға берілген.
## Гидрологиялық сипаты
Георгиевка каналдарының Шу өзеніндегі бөгеттен екі тармаққа бөлінген жеріне дейінгі аралығы – 4,2 км, табаны – 12 м, терендігі – 2,5 м. Қордай ауылының тұсында канал оң және сол тармақтарға бөлінеді. Каналдың оң жақтағы үзындығы 40,5 км, табаны – 1–3 м, терендігі – 1–1,77 м, су өткізгіштігі – 7,92 м³/с. Каналдың сол жақтағы ұзындығы — 48,7 км, табаны – 7–12 м, терендігі – 0,7–2,5 м, су өткізгіштігі – 11–31 м³/с. Георгиевка каналдары арқылы Қордай ауданының мыңдаған га егістігі суарылады.
## Дереккөздер |
Қайыржан Әбисатов (21.2. 1937 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы Мәмбет ауылы) – медицина ғылымның докторы (1984), профессор(1989). Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және Мәскеудегі КСРО Медицина ғылым академиясының эксперименттік және клиникалық онкология институтының аспирантурасын (1963) бітірген. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зертеу институтының Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы бөлімшесінде кіші, аға ғылымкер қызметкер, бөлім меңгерушісі (1963–1985), 1985 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі болды. Оның қазақ тілінде жазылған алғашқы ғылым-зертеу жұмыстары өңеш қатерлі ісігінің пайда болу себептерін анықтау,ісік алды науқастарын емдеу және өкпе, асқазан, ішек рагына қарсы қолданылатын ем тәсілдерін жетілдіру, емнің жаңа жолдарын іздестіруге арналған. Әбисатов 130-ға тарта ғылыми-зертеу жарияланымның, оның ішінде 1 монография, оқулық (екі томдық «Онкология»), 7 оқу-әдістемелік құралдары мен сөздіктің («Қазақша-орысша медициналық сөздік») авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әренжан (туған, өлген жылдары белгісіз) — күйші. 19 ғасырда Батыс Қазақстанда ғұмыр кешкен. “Шалқыма” күйі ғана сақталған. Бұл шығарманың музыкалық өлшемі басқа күйлерден өзгеше: ырғағы жеңіл, әуені қарапайым, көңілді әрі ширақ. Осы күйдің негізінде композитор Е.Г. Брусиловский “Дударай” операсында “Балықшылар хорын”, Б. Байқадамов капелла хорын, В.В. Великанов эстрадалық оркестр үшін көңілді би сазын жазды. Қазақстанның халық артисі Л. Мұхитов. Әренжанның “Шалқымасын” күйтабаққа жаздырды.
## Дереккөздер:
Қазақстан энциклопедия 1-том |
Расим Низамиұлы Аппасов (11.5.1911 ж.т., Алматы облысы Қапал ауданы Қапал (Жамбыл облысы)) – биология ғылымдарының докторы (1969).
Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын бітірген (1933). 1949 ж. Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
Аппасовтың 40-қа жуық ғылыми еңбегі бар. Олар негізінен Қазақстандағы жабайы жануарлар мен малдың қанында, ішегінде кездесетін паразиттер және солар арқылы таралатын ауруларды зерттеуге арналған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Новости Казахстана. Агентство Казинформ(қолжетпейтін сілтеме) |
«Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары» – Мұрын жырау Сеңгірбаевтан жазып алынған «Қырымның қырық батыры» топтамасына енетін көлемді жыр. 1942 ж. ақын М.Хакімжанова хатқа түсіріп, Д.Сеңгірбаев тексеруінен өткен. 7–8 буынды жыр, 11 буынды қара өлең өлшемімен жырланған эпикалық туындының басты ерекшелігі – тарихилығы. Жырдың генеологиялық негізде топтастырылуы соның көрінісі. Аңшыбай, Бабай Түкті, Парпария, Құттықия, Едіге, Нұрадин, Мұсахан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази – бәрі де бір ата-тектен тараған батырлар. Жырдың бастапқы бөлігі аңыздық-эпикалық желіге құрылса да, өзге салаларының тарихилығы үстем. Тоқтамыс, Сәтемір, Ағыбай, Қожан, Шаппаз, Шамақан – тарихи прототипі бар тұлғалар. Жырдың этносы сипаты да айқын: ноғайлы – сол тұстағы түркі тайпаларының этн. бірлестігіне тән суперэтноним болса, қалмақ пен қызылбас аллоэтнонимдері – қазақ халқының эпикалық жауларына тән атаулар. Жырдың тарихи-этнос арқауы ондағы толып жатқан ономастик. атаулардан да байқалады (Хиуа, Үргеніш, т.б.). Осының бәрі жырдың тараған аймағы, географиялық шегін де айқындап тұрған мәліметтер. Жыр нұсқасы ҚР ҒМ–Ғылым Академиясының Қолжазбалар қорында сақтаулы (№667 папка), 1989 ж. «Батырлар жырының» 5-томында толық жарияланған.
## Дереккөздер |
Михаил Константинович Апполонов (1935 ж.т., Алматы қаласы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1992).
ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Геология институының аға лаборанты (1958–60), кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкері (1960–91), лаборатория меңгерушісі (1993–96), 1996 жылдан бас ғыл. қызметкері болып жұмыс істеді. 105 ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы.
## Шығармалары:
* Ашгиллские трилобиты Казахстана. А., 1974;
* Граница ордовика и силура в Казахстане. А., 1984 (соавт.), Кембрий Сибири. Новосибир, 1992.
## Дереккөздер |
Гидрогеологиялық аудандастыру – жер қыртысын геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерге, жер асты суларының пайда болу, таралу, алмасу жағдайларына қарай біртектес табиғи аудандарға бөлу. Гидрогеологиялық аудандастыру арнаулы және жалпы Гидрогеологиялық аудандастыру болып екіге бөлінеді. Арнаулы Гидрогеологиялық аудандастырудың түрлері көп: мелиоративтік Гидрогеологиялық аудандастыру, минералдық немесе ыстық сулар ауданы, жер асты суын табиғи немесе пайдалану қорына қарай аудандастыру, т.б. Жалпы Гидрогеологиялық аудандастыру жер асты гидросферасын тұтасынан алып, оның грунт және артезиан сулы қабаттарын біріктіріп топтастыру негізінде жүргізіледі. Мұндай Гидрогеологиялық аудандастыруда жер бетіндегі өзгерістер есепке алына отырып, Жер қабығының тектоник. құрылымы, гидрогеол. ерекшеліктері, жер асты суының қалыптасуы мен ағын бағыттары ескеріледі. Бұл бағытта Гидрогеологиялық аудандастыру гидрогеол. массив (таулы, қыратты аймақтар) және гидрогеол. алап (жазықтар, тау аралықтары) бойынша жүргізіледі. Гидрогеол. массивтерде кристалдық іргетас жер бетіне шығып жатады, оның қойнауындағы жер асты суы аса тереңде болмайды. Гидрогеол. алаптарда бұл табантасты қабат кейінгі геол. кезеңдерде пайда болған теңіз, өзен-көл шөгінділерінің астында 10 – 20 км-ге дейін тереңдікте жатады. Оның қойнауындағы жер асты сулары әр тереңдікте қалыптасады да арыны күшті болады. Қазір республикада Гидрогеологиялық аудандастырудың жаңа құрылымдық-гидрогеол. әдістемесі жасалған. Оның негізінде Қазақстан жері 10 гидрогеол. ауданға бөлінеді. Олардың төртеуі гидрогеол. массивтерді (Жетісу Алатауы – Тянь-Шань, Алтай – Тарбағатай, Орт. Қазақстан, Орал – Мұғалжар), алтауы гидрогеол. алаптарды (Каспий, Маңғыстау – Үстірт, Торғай – Арал, Шу – Сарысу, Солт. Қазақстан жазықтары, тауалды және тауаралық жазықтар) қамтиды. Гидрогеологиялық аудандастыру жер асты суының қалыптасу жағдайын, оның қорын дұрыс анықтауға, тиімді пайдалану шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.
## Дереккөздер |
Нұғман Күлдербекұлы Аралбай (10.10.1960 ж.т., Түркістан облысы Түлкібас ауданы Пістелі ауылы) – биология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2002).
ҚазҰУ-дың биология факультетін бітірген (1982). 1982–93 ж. ҚР Ғылым Академиясының Алтай ботаника бағында ғылыми қызметкер, директор болды. 1993–94 ж. Бас ботаника бағында бөлім меңгерушісі, жетекші ғылыми редактор, 1995–2005 ж. Ботаника және фитоинтродукция институтты директорының орынбасары, 2006–07 ж. ҚР ҒМ–Ғылым Академиясының «Биологиялық зерттеу орталығы» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғыл. істері жөніндегі орынбасары, 2007 жылдан ҚР ҰҒМ-ның Ботаника және фитоинтродукция ин-тының директоры қызметін атқарған. Негізгі ғылым-зерттеулері ботаника, флористика, флорогенетика, этноботаника, география, экология және табиғат қорғау мәселеріне арналған.
Аралбай Қазақстан өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне алғаш рет сандық баға берген және флораның автохтондығы, жер аумағы мен түр байлығының функционалдық байланысы туралы ұғымды пайымдады. Ол ғылымға белгісіз өсімдіктің жаңа 2 түрін ашты, оның жетекшілігімен Қазақстан флорасы бойынша республикада тұңғыш Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары өсімдіктерінің мемлекеттік кадастры жасалып, жарық көрді. Республикалық «Шөлденуге қарсы күрес жөніндегі ұлттық іс-әрекеттер жоспары» (1999) және «Биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тиімді пайдаланудың ұлттық стратегиясы мен іс-әрекеттер жоспарын» (1999) дайындаған авторлар ұжымының мүшесі. 100-ге жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 9 монографиясы жарық көрген.
## Дереккөздер |
Арал өңірі ескерткіштері – Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінен сақталған археол. ескерткіштердің жиынтық атауы.
Арал өңіріне Әмудария мен Сырдарияның Арал теңіздеріне құятын төменгі ағысының аралығы жатады. 1937 жылдан Хорезм археология-этнография экспедициясы (жетекшілері С.П.Толстов, М.А.Итина, О.Л.Вишневская, т.б.) зерттеулер жүргізді.
Зерттеу жұмысы барысында Арал өңірінде сақ тайпаларының 4 түрі өмір сүргені белгілі болды:
* Жаңадария бойында – апасиактар;
* Қуаңдария бойында – тохарлар;
* Сырдария мен Қуаңдария аралығында – аугасилер;
* Іңкәрдария бойында – сакравактар.
Страбон бұл аймақтың массагеттердің батпақты, суы мол, аралды жер екенін айта келіп, онда апасиактар өмір сүргенін жазған. Арал өңіріндегі ертеректе болған Шірік-Рабат, Бәбіш-Молла, Баланды, Жетіасар, Алтынасар көне қалалары орындарынан сақ тайпаларының мол ескерткіштері табылды. Бұл қалалардың архитерторлық жобалары бір-біріне ұқсас.
Халқы мал шаруашылығымен, егін егумен, аң аулаумен айналысқан. Қазба жұмысы кезінде дәнді дақылдар – арпа, тары қалдықтары, үккіш, қол диірмен, т.б. құрал-саймандар табылды. Мал сүйектерінің 47%-ы ірі қара сүйектері болуы, оның ішінде түйе, жылқы сүйектерінің мол кездесуі жартылай көшпелі өмірдің басым болғанын аңғартады. Қол өнері, зергерлік жақсы дамыған. Шірік-Рабат қ. төңірегіндегі обаларды зерттеу барысында алынған бұйымдардың Арал өңірі тұрақжайларындағы бұйымдарға ұқсастығы дәлелденді. Жерлеу тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бейіттер күмбез тәріздес, аумағы 38,5 м, биікт. 8 м, көл. 47х29х9,5 см, 53х31х11 см шикі кірпіштен өрілген. Антроп. зерттеулер сақ тайпаларының бет пішінінде б.з.б. 7–5 ғ-ларда еуропалық, ал б.з.б. 4–2 ғ-лардан бастап моңғолдық белгілері күшейе бастағанын көрсетті.
Арал өңірі ескерткіштері жаңа тас дәуірі мен соңғы темір дәуірі аралығында бұл аймақта мал ш. мен суғармалы егіншілікпен айналысқан, әскери өнері жақсы дамыған тайпалардың өмір сүргенін көрсетті. Олар көрші елдердің және шығыстан келген тайпалардың әсерінен саяси-әлеуметтік, экономика, мәдени және антроп. жағынан өзгерістерге ұшырап отырған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Толығымен - “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті(қолжетпейтін сілтеме)
* Арал өңірінің ескерткіштері(қолжетпейтін сілтеме) |
Гидроборацит – бораттар класының тізбекті тобына жататын минерал. Хим. формуласы СаМg(Н20)3[В304(0Н)3 ] 2 ., құрамында 49,5% В2О3 бар. Моноклиндік сингонияда кристалданып, ине, талшық, сферолит, жұлдызша түріндегі агрегаттар құрайды. Түсі ақ немесе түссіз, қызыл, сұр, кейде шыныдай жылтыр болады. Қаттылылығы 3,5 – 4,5; сынғыш; жымдастығы жақсы байқалады; тығыздығы 2167 кг/м3. Гидроборацит борлы тас тұзы кендері мен тұз күмбездерінде гипс, ангидрит, бораттармен бірге кездеседі, кейде тұзды көлдерде тұнады. Гидроборациттің ірі кендері Қазақстандағы Индер көлінде бар. Гидроборациттен бор қосылыстары өндіріледі.
Гидраборацит басқа бораттармен қатар бор қышқылын алуға, тағы басқа химиялық өндіріске шикізат болып табылады (ашаритті қараңыз).
## Дереккөздер |
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.
Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.
## Тағы қараңыз
* Арал
* Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* АРАЛ ТЕҢІЗІ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ(қолжетпейтін сілтеме) |
Елді мекендер:
* Аралтөбе – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл.
* Аралтөбе – Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл.
* Аралтөбе – Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл.
* Аралтөбе – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
* Аралтөбе – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
* Аралтөбе – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған.
Басқа мағыналар:
* Аралтөбе – арал.
* Аралтөбе – жайлау.
* Аралтөбе – жер атауы.
* Аралтөбе – қорым. |
Медел Жұмабайұлы Арғынбаев (9.5.1930, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы – 29.8.2000, Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982).
ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1953–72 ж. Жамбыл облысының оқу-ағарту мекемелерінде, Жамбыл облысы комсомол комитетінде, Қазақстан КП Жамбыл облысы комитетінде, Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметтер атқарған. 1972–85 ж. ҚазМУ-дың проректоры, ҚазМУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының мамандығын жетілдіру ин-тының директоры, 1985–87 ж. осы университеттің журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі.
Ғылыми жұмысының негізгі бағыты – Қазақстан баспасөзінің тарихы. Халықтар достығы орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
«Дандан қызылабад шаһарында» – ғашықтық дастан. Он бір буынды қара өлеңмен жазылған. Жұмамұхамед Жантақтайұлы ел аузынан жазып алған. Бұрын еш жерде жарияланбаған бұл шығыстық үлгідегі дастанда Ибраһим патшаның Дандан атты батыр ұлының бір сұлу қызға сырттай ғашық болып, соны іздеп сапар шеккені туралы, жолда бастан кешкен ерлік істері туралы әсерлі баяндалады. Шығарма шытырман оқиғаға толы, тілі көркем, махаббатқа, адамгершілікке, өз мақсаты жолындағы табандылыққа, ержүректілікке тәрбиелейді. Қолжазба нұсқасы Қазақстанның Орталық ғылыми кітапханасы қорында сақтаулы. |
Асылхан Нұрмұхаметұлы Данияров (10 тамыз, 1935 жыл, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Казгородок (Кертінді) ауылы – 1993 жыл) – техника ғылымдарының докторы (1980 жылы), профессор (1987 ж.).
Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1958). «Қарағандыкөмір» комбинатының «Октябрькөмір» тресіндегі шахтада кен мастері, механик (1958–61 жылдары), Қарағанды политехникалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1964–87 жылдары) қызметтерін атқарды.
Негізгі ғылым еңбектері мен өнертабыстары механикаландыру құралдарын және оларды пайдаланудың өзіне тән шарттарын ескере отырып, бағалау тәсілдерін жасауға және жетілдіруге арналған.
25 өнертабыстың авторы. |
Гидротермальдық кендер – жер асты ыстық суларының айналымы кезінде түзілетін кендер. Жердің терең қойнауындағы ыстық магма суынып, тау жыныстарына айналғанда, гидротермальдық ерітінділер бу күйінде бөлініп шығады. Бу жер бетіне қарай көтерілгенде, біртіндеп суынып, сұйық ерітіндіге айналады. Гидротермальдық кен орындары бірнеше геол. кезеңдерді қамтып, Жердің беткі қабаттарынан бастап 10 км тереңдікке дейін түзіледі. Процестің басында су ерітінділерінің температурасы 600 – 700°С болса, біртіндеп суына келе бұл шама 25 – 50°С-қа дейін төмендейді. Гидротермальдық кентастар 100 – 400°С дейінгі температура аралығында түзіледі. Гидротермальдық ерітінділер тектоник. жарылымдар мен үлкенді-кішілі жарықтар арқылы жоғары көтерілгенде кен құраушы компоненттер шөгіп, қуыстарды толтырады да желі тәрізді кен орындары түзіледі. Ал ерітінді кеуек немесе ұсақ жарықшалы жыныстардан өтсе, оның құраушылары сыйыстырушы жыныстармен хим. реакцияға түсіп, кен минералдары солардың орнын басады да метасоматиттік кендер түзіледі. Гидротермальдық кен денелері, көбінесе желі, штокверк, қабат, т.б. пішінді болады. Олардың ұзындығы бірнеше км-ге дейін созылады, ені бірнеше см-ден ондаған м-ге дейін жетеді. Құрамына байланысты гидротермальдық кентастар: сульфидтік (мыс, мырыш, қорғасын, молибден, висмут, никель, кобальт, т.б. кендерін түзеді), оксидтік (темір, вольфрам, тантал, ниобий, уран, қалайы кендері), силикаттық (сирек металдар мен бейметалдар кендері), жеке элементтік (алтын, күміс кендері), карбонаттық (кейбір темір және марганец кендері) болып бөлінеді. Гидротермальдық кендердің генетик. жіктелімі кен түзілген ортаның тереңдігіне, физ.-хим., мех. ерекшеліктеріне, гидротермаль ерітінділерді туғызған магманың құрамына және сол тұстағы геотектоник. жағдайға, кентастың минералдық және элементтік құрамына, т.б. табиғи факторларға негізделген. Қазақстанда Гидротермальдық кендердің генетик. және өндірістік типтері түгел дерлік кездеседі. Алтай мен Сарыарқада, Тарбағатай, Мұғалжар тауларында, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Қаратауда, Талас Алатауында, т.б. қатпарлы құрылымдарда ірі Гидротермальдық кендер бар. Бұлардың ішінде Кенді Алтайдағы Зырянов, Лениногор, Николаев, Бақыршық, Сарыарқадағы Жезқазған, Қоңырат, Қарағайлы, т.б. кен орындары көп жылдан бері игеріп келеді.
## Дереккөздер |
Дауд Түркістани (туған-өлген жылы белгісіз) – түркістандық ғалым.
XI ғасырда өмір сүрген араб филологы Абдул-Қаһир әл-Журжанидің «әл-Әуамил әл-майа» («Жүз меңгеру») деген еңбегіне түсіндірме жазған Дауд бин Абд әл-Бақи бин Иса бин Жанбаба ат-Түркістани атты зиялының есімі аталады. Осындай араб тілі грамматикасының мәселелеріне арналған күрделі еңбекке түсіндірме жасағанына қарағанда Дауд түркістани араб тілінен дәріс берген ұстаз немесе тілші ғалым болған. [
Түркістан қаласындағы медреселердің бірінде ұстаздық еткен де болуы мүмкін.
## Дереккөздер |
Бейбітхан Дахбай (1952 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (2002). Ұлан-Батыр мемлекеттік медицина институтын бітірген (1976). 1976–1993 жылдарында осы институтта оқытушы, 1993–97 жылдарында Жаңаарқа ауданында терапевт, 1998 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығында аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Дахбай 60 ғылым жарияланымның және 2 патенттің авторы.
## Дереккөздер |
Файзи Ахметұлы Дауылбаев (26 қараша 1927 ж., Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, Жымпиты ауылы – 10 маусым 1982 ж., Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1980), профессор (1982). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1954) бітірген. Алматы мемлекеттік медицина институтында доцент (1960–68), кафедра меңгерушісі (1968–80), проректор (1976), ал 1980 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ректоры болды.
## Дереккөздер |
Дайыров Әлмағамбет Бекішұлы (10.5.1920 ж.т., Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қараөзек ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1970), профессор (1971). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1957). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қызылорда қаласындағы денсаулық сақтау бөлімінің бастығы (1946–52), Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент (1952–57), Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ректоры (1957–63), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің №4 басқармасына қарасты Орталық аурухананың бас дәрігері (1963–71), Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі (1971–98) болды. «О влиянии обширных резекций тонких кишок на процессы пищеварения и общее состояние организма» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Дайыров ішек-қарын (ащы ішектің) бөліктерін алып тастау салдарынан ас қорыту жүйесінде болатын өзгерістерді зерттеді, лазер сәулесін қолдану, эхинококкозды анықтау, емдеу мәселелерімен шұғылданды. Қазан революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер
<references> |
Алтын адам:
* Есік Алтын адамы
* Атыраудың алтын адамы
* Алтай Алтын адамы |
ЕРЛЕПЕСОВ Мұхамеджан Ноғайұлы (30.12.1911, Қызылорда облысы Қазалы ауданы – 10.9.1987, Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығының ғылым докторы (1966), профессор (1968), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960). Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Қазақ аймақтық тәжірибе ст-нда ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директоры (1935–41), Қазақстан КП ОК-нде а. ш. бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1942–52), Оңтүстік Қазақстан обкомының 1-хатшысы, Алматы селекц.-тәжірибе ст-ның директоры (1952–59), Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының директоры әрі бөлім меңгерушісі (1959–75), ал 1975 жылдан өмірінің соңына дейін осы ин-тта кеңесші қызметтерін атқарған. «Культура кукурузы в Казахстане» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері суғармалы егіншілік пен өсімдік өсіру мәселелеріне арналған. Ол жүгері, қоза, қант қызылшасы, т.б. дақылдар селекциясы мен олардың тұқымын өсіріп, агротехникасын жетілдіру жұмыстарымен шұғылданды және егіншілік саласындағы озат тәжірибені қорытып, насихаттау жұмысын жүргізген. Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2-, 3-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. |
Болат Төлеуханұлы Ермағанбет (1947 жылы туған) – химия ғылымдарының докторы (1993).Қарағанды политехникалық институтын (1969, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген соң осы институтта кіші ғылыми қызметкер, аға оқытушы (1974–1979), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1979–1983), Қазақстан Ғылым Академиясының Органикалық синтез және көмір қышқылы институтында лаборатория меңгерушісі (1983–1994), Алматы қаласы «Монтажинжиниринг» АҚ ғылыми бөлім бастығы (1994–1997), Астана қаласындағы Қазақстан–Ресей университетінің ректоры (1997–2000) болды. 2001 жылдан Ақмола технология және бизнес университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
«Каталитическая конверсия угля и тяжелых нефтяных остатков связанным водородом» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ермағанбет 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет.
## Мемлекет
XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан Шағатай мен Жошы ұлыстары тарихы аясында дамыды. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы түркілік ру-тайпалар қауымдыстығы ретінде жылқы шаруашылығы, қала мәдениеті мен сәулетшілік өнер, сауда-керуен жолдарын дамытумен болды. Көптеген ұлыстардың жегілікті билеуші әулет өкілдері, билері мен батырлары әлеуметтік ортасын құраған. Хандардың бір ордасы Ақ Орда деп аталды. Ол Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін көшіп жүретін хандардың ордасы еді. Ақ Орданың орналасатын ірі қаласының бірі Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы болды.
Ақ Орданың халқы - ноғайлы-қыпшақтар жұрты болды. Ол қыпшақ қауымдыстығы құрамында арғын, жалайыр, наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды. Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа хан, Ерзен, Мүбәрәк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, Жәнібек және т.б.
## Күшейген кезі
Ақ Орданың күшейген кезі XIV ғ. II жартысы. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болды.
Ақ Орда иелігі енді Ұрыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі — Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, Қажытарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395-жылдары Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. соңы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
## Жаңа дәуір
1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбани әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы қайтыс болып, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді.
Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
## Тұжырымдар
Әуезов «Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың қатарына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жұртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, моңғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар.
Ноғай, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік жұрттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. "Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар" деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-1932 және 1945-1951 жылдары «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* [1] — Ақ Орда-Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан. |
Мүбәрак Ермағанбетұлы Ермағанбетов (21 мамыр 1951 жылы туған, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қабырға ауылы) – химия ғылымдарының докторы (2001), профессор (2002), Қазақстан Жоғары мектебі ұлттық ғылыми академиясының академигі (2006). ҚазМУ-ды (1979, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ политехникалық институтының аспирантурасын (1983, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген соң осы институтта оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор және кафедра меңгерушісі (1995–2008) болды, ал 2008 жылдан ҚазҰПУ-да 1-проректор қызметін атқарады. «Ионогенді азотты және күкіртті мономерлерді полимерлеу және солардың негізінде жаңа полимерлер алу» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – кейбір гетероциклді қосылыстарды полимерлеу реакциясын оқып-үйрену және оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларына пайдалану мәселелері. Ермағанбетов 170 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 1 оқулықтың авторы, 25 авторлық куәлігі бар.
## Сыртқы сілтемелер
http://almaty-akshamy.kz/?p=2594
## Дереккөздер |
## Анықтама
Гидрологиялық аудандау – белгілі бір аймақты жер үсті және жер асты суларының гидрол. режимі бір текті болып келетін жеке үлескілерге (аудандарға) бөлу. Өзендердің су немесе мұз жүргісінің, түрлі аумақтардың су теңдестігінің ерекшеліктері есепке алынып жүргізіледі. Кешенді және мақсатты Гидрологиялық аудандау болып бөлінеді. Кешенді Гидрологиялық аудандау аумақты мелиорациялық аудандау және мелиорациялауға қажеттілікті анықтау үшін қызмет етеді. Тәуелсіз тәсілдермен анықталған, жауын-шашын ағынды және булану режимдерін біріктіре, картаға түсіру нәтижесінде іске асады. Мақсатты Гидрологиялық аудандау гидрол. сипаттамаларды есептеу мақсатына бағындырылады, байқаулар болмаған жағдайда есепті су өтімдерін анықтау әдістерін жасау барысында өзен алаптарының есепті өлшемдерін немесе олардың бөліктерін теңдестіру үшін қызмет етеді.
Гидрологиялық аудандау — елдің аумағын немесе белгілі бір аймақты жер үсті және жер асты суларының гидрологиялық режімі бір текті болып келетін жеке үлескілерге (аудандарға) бөлу. Өзендердің су немесе мұз жүргісінің, түрлі аумақтардың су теңестігінің ерекшеліктері есепке алынып жүргізіледі. Кешенді жоне мақсатты (мамандырылған) Гидрологиялық аудандау болып сараланады. Кешенді Гидрологиялық аудандау аумақты мелиорациялық аудандау және мелиорациялауға қажеттілікті анықтау үшін қызмет етеді. Тәуелсіз төсілдермен анықталған, жауын-шашын, ағынды және булану режимдерін біріктіре, картаға түсіру нәтижесінде іске асады. Сонымен бірге су теңдестігі мен табиғат жағдайларының аймақтьшығы арасындағы өзара тәуелділік немесе ағындының жылішілік үлестірімінің басым типі анықталады. Мақсатты гидрологиялық аудандау гидрологиялық сипаттамаларды есептеу мақсатына бағындырылады, байқаулар жоқ немесе болмаған жағдайда есепті су өтімдерін анықтау өдістерін жасау барысында өзен алаптарының есепті өлшемдерін немесе олардың бөліктерін тендестіру үшін қызмет етеді.
## Қосымша
Гидрологиялық аудандау - материкті, елді, аймақты немесе олардың бөліктерін су балансының, жер үсті және грунт суларының гидрологиялық режімінің сипаты бойынша біртекті жеке бөлікшелерге (аудан) болу. Суқоймалардың ағыны мен режімінің қалыптасуының кеңістіктік заң дылықтарын табу және олардың жалпы өзіндік сипаттары мен айырмашылықтарын анықтау нәтижесінде жүргізіледі. Су балансының сандық және сапалық айырмашылықтарын, әр түрлі аумақгардың су немесе мұз режімдерін есепке алуға негізделеді.
## Дереккөздер
## Анықтама
Гидрологиялық аудандау – белгілі бір аймақты жер үсті және жер асты суларының гидрол. режимі бір текті болып келетін жеке үлескілерге (аудандарға) бөлу. Өзендердің су немесе мұз жүргісінің, түрлі аумақтардың су теңдестігінің ерекшеліктері есепке алынып жүргізіледі. Кешенді және мақсатты Гидрологиялық аудандау болып бөлінеді. Кешенді Гидрологиялық аудандау аумақты мелиорациялық аудандау және мелиорациялауға қажеттілікті анықтау үшін қызмет етеді. Тәуелсіз тәсілдермен анықталған, жауын-шашын ағынды және булану режимдерін біріктіре, картаға түсіру нәтижесінде іске асады. Мақсатты Гидрологиялық аудандау гидрол. сипаттамаларды есептеу мақсатына бағындырылады, байқаулар болмаған жағдайда есепті су өтімдерін анықтау әдістерін жасау барысында өзен алаптарының есепті өлшемдерін немесе олардың бөліктерін теңдестіру үшін қызмет етеді.
Гидрологиялық аудандау — елдің аумағын немесе белгілі бір аймақты жер үсті және жер асты суларының гидрологиялық режімі бір текті болып келетін жеке үлескілерге (аудандарға) бөлу. Өзендердің су немесе мұз жүргісінің, түрлі аумақтардың су теңестігінің ерекшеліктері есепке алынып жүргізіледі. Кешенді жоне мақсатты (мамандырылған) Гидрологиялық аудандау болып сараланады. Кешенді Гидрологиялық аудандау аумақты мелиорациялық аудандау және мелиорациялауға қажеттілікті анықтау үшін қызмет етеді. Тәуелсіз төсілдермен анықталған, жауын-шашын, ағынды және булану режимдерін біріктіре, картаға түсіру нәтижесінде іске асады. Сонымен бірге су теңдестігі мен табиғат жағдайларының аймақтьшығы арасындағы өзара тәуелділік немесе ағындының жылішілік үлестірімінің басым типі анықталады. Мақсатты гидрологиялық аудандау гидрологиялық сипаттамаларды есептеу мақсатына бағындырылады, байқаулар жоқ немесе болмаған жағдайда есепті су өтімдерін анықтау өдістерін жасау барысында өзен алаптарының есепті өлшемдерін немесе олардың бөліктерін тендестіру үшін қызмет етеді.
## Қосымша
Гидрологиялық аудандау - материкті, елді, аймақты немесе олардың бөліктерін су балансының, жер үсті және грунт суларының гидрологиялық режімінің сипаты бойынша біртекті жеке бөлікшелерге (аудан) болу. Суқоймалардың ағыны мен режімінің қалыптасуының кеңістіктік заң дылықтарын табу және олардың жалпы өзіндік сипаттары мен айырмашылықтарын анықтау нәтижесінде жүргізіледі. Су балансының сандық және сапалық айырмашылықтарын, әр түрлі аумақгардың су немесе мұз режімдерін есепке алуға негізделеді.
## Дереккөздер |
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 27). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.
1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* —XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан. |
Зоология институты - Қазақстанның жан-жануарлар дүниесін зерттейтін ғылыми мекеме. Қазақстан ғылым академиясының құрамында, КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне қарасты зоологиялық секторы негізінде 1943 жылы құрылған. Институтта 88 ғылыми қызметкер, соның ішінде Ұлттық ғылым академиясының 1 акад., 2 корр. мүшесі, 15 ғылыми доктор және 43 ғылыми кандидаттары жұмыс істеді.
1943 жылы зоология секторының базасы тағы 5 секторды: экология және зоогеография, паразитология, генетика және ауылшаруашылық жануарларының дамуы, халық тәжірибесін игеру және мал шаруашылығын жүргізу секторларын қосып, институт аталды. Институт директоры КСРО ҒА корреспондент-мүшесі В. А. Догель болып тағайындалды.
## Зерттеу бағыттары
Институттың 10 лабораториясында (сүтқоректілер, құстар, палеозоология, су жәндіктерінің экологиясы, жәндіктер, жалпы паразитология, паразитоценология, жануарлар генофонды, омыртқасыздарға биологиялық бақылау жасау, жануарларды білезіктеу) жүздеген ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары:
республиканың жануарлар дүниесінің көп түрлілігін сақтаудың теориялық негіздерін жасау;хайуанаттар қорын қорғау, оны тиімді пайдалану;паразиттер мен олардың иелерінің арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері және экологиялық негіздері;жануарлар мен өсімдіктер паразиттерімен күресудің биологиялық жолдары;биологиялық және техногенді әсерлердің нәтижесінде зиянды және пайдалы жануарлар тобында болатын реттеуші процестерді экожүйелік тұрғыдан талдау;организмге тигізетін радиация әсерінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу.
* республиканың жануарлар дүниесінің көп түрлілігін сақтаудың теориялық негіздерін жасау;
* хайуанаттар қорын қорғау, оны тиімді пайдалану;
* паразиттер мен олардың иелерінің арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері және экологиялық негіздері;
* жануарлар мен өсімдіктер паразиттерімен күресудің биологиялық жолдары;
* биологиялық және техногенді әсерлердің нәтижесінде зиянды және пайдалы жануарлар тобында болатын реттеуші процестерді экожүйелік тұрғыдан талдау;
* организмге тигізетін радиация әсерінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу.
## Басшылары
Зоологиялық сектордың бірінші меңгерушісі болып Снегиревский С.И тағайындалды. Алғашқы экспедициялар Жоңғар Алатауы, Алматы қорығы және Солтүстік Қазақстан жерлеріне ұйымдастырылды. 1934 жылы секторды орнитолог Л.М. Шульпин деген азамат басқарды. 1935–1936 жылдар аралығында КСРО ҒА корреспондент-мүшесі А.А. Бялыницкий-Бируля басқарды. Осы жылдары Алматы зообағы құрылды. 1936-1938 жылдары институтты биология ғылымдарының кандидаты А.В. Афанасьев басқарды. А.В. Афанасьевтің кезінде кеміргіштер жайында зерттеулер жүргізілді.Институтқа академик Е.Н. Павловский мен паразитолог И.Г. Галузоның келуімен паразитология лабораториясы құрылды. Лаборатория кенелер мен олардың таралуы мәселелері бойынша жұмыс жасады. Осы мақсатта Шымкент қаласының шеткі аудандарында паразититологиялық стационар құрылды. Мұнда И.Г. Галузоның бастамасымен кенелер циклы және оларға қоршаған ортаның физикалық факторының әсері жайында зерттеулер жүрді. 1937 жылдан бастап сектор құрылымына селекционер және генетик Н.С. Бутариннің келуімен қойлардың жаңа тұқымын табу, арқар мен тонкорун қойларын будандастыру жұмыстары жүрді. 1946 жылдан бастап институт жұмысын А. А. Целищев басқарды. Бұған дейін А. А. Целищев институт директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары қызметінде болды. Институт штатында осы кезеңде небәрі 55 адам жұмыс жасаған еді. 1946 жылы ғылым академиясының базасына кірген зоология институтының құрылымы өзгерістерге ұшырады. Жаңа лабораториялар (зоогеография, гидробиология, палеозоология) ашылды, қызметкер саны өсті, асперантураға түсушілер саны ұлғайды. Осы кезеңде институтта 4 сектор және 11 лаборатория жұмыс жасады. А.А. Целищев қайтыс болған соң 1950-1951 жылдар аралығында институтты И.А.Долгушин басқарды. 1951 - 1967 жылдары институтты И. Г. Галузо басқарды. И. Г. Галузо басқарған жылдары институтта зоологиялық зерттеулер мен паразитологияның жаңа бағыттары, эксперименталды база, табиғат мұражайы құрылды.
*
*
*
*
*
*
*
*
*
1967 – 1971 жылдар аралығында ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі А.А. Слудский басқарды. А.А. Слудский кәсіптік сүтқоректілер, жануарларды қорғау және жерсіндіру жұмыстары бойынша маман. 1971 - 1988 жылдар аралығында зоология институтын ҚазССР ҒА академигі Е. В. Гвоздев басқарды. Жабайы және үй жануарларының гельминтофаунасын, биологиясын зерттеп, қазақстандық экологиялық паразитология мектебінің негізін қалады. Ғалымның басқарған жылдары сирек және жоғалып бара жатқан жануарларды қорғау, сақтау мәселелері зерттелді. 1989-1991 жж. институт директоры болып биология ғылымдарының докторы, профессор А. М. Дубицкий сайланды. Ғалымның қансорғыштармен күресу және патогенді организмдер жайындағы зерттеулері құнды. Тәуелсіздік алған жылдан бастап 1994 жылға дейін институт директоры болып ҚР ҰҒА академигі, профессор Т. Н. Досжанов сайланды. 1995 –2003 жылдар аралығында биология ғылымдарының докторы, профессор А. Б. Бекенов институт директоры болып қызмет етті. Т. Н. Досжанов пен А. Б. Бекенов басқарған жылдары жануарлар әлемінің әралуандығын сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. 2003 жылдың қаңтарынан бастап институт директоры қызметіне ҚР ҰҒА академигі, профессор А. М. Мелдебеков болды. А. М. Мелдебеков кезінде институтта қолданбалы зерттеулер жүргізу мәселелері кеңінен қолға алынды. Сонымен қатар, «Зоология институтының еңбектері» баспа бетіне шыға бастады, алғаш рет аймақтық «Қызыл кітап» – «Алматы облысының қызыл кітабы» (2006), «Қазақстанның фаунасы» 30-томдық сериясы жарық көрді. бойынша .
## Зерттеулер
XX ғасырдың 30-жылдары КСРО ҒА зоология институтының қазақша филиалы болып құрылғалы көптеген ғылыми зерттеулер жасады. 1938 жылы Қазақстан зоналық станциясымен егеуқұйрықтарды жерсіндіру біріккен жұмысы атқарылды. Зоология секторының алғашқы кезеңінде «Қазақстанның таулы аймақтарындағы сүтқоректілер туралы очерк» (Афанасьев, Варагушин, 1939), «Шу өзенінің төменгі ағысындағы орнитафауна» » (Долгушин, 1939) сынды зерттеу жұмыстары «Известия» газетінің алғашқы нөмірінде жарық көрді. Сонымен қатар, институт республиканың жануарлар әлемін зерттеуге бар күшін салды.
## Соғыс жылдарында
Ұлы Отан соғысы жылдарында институт қызметкерлерінің бір бөлігі соғысқа аттанды(И. А. Долгушин, В. М. Антипин, Д. Құлұмбетов, Н. И. Грачев және басқалар.). Ғылыми зерттеулер қайта қаралып, ауыл шаруашылығында қолдану мәселелері қаралды. Экспедициялық зоологиялық отрядтар соғыстың кезінде де тынымсыз еңбек етті. 1942 жылға қарай зоология секторында 5 ғылыми лаборатория: зоология (басқ. А. В. Афанасьев), паразитология(басқ. И. Г. Галузо), ихтиология (басқ. В. А. Догель), ауылшаруашылық жануарлардың даму динамикасы (басқ. М.М. Завадовский), генетика (басқ. Н. С. Бутарин). Аталған ғылыми лабораторияларда барлығы 46 адам жұмыс істеді, оның ішінде 25 ғылыми қызметкер болды.
## Институт 1943–1950 жылдарда
Институттың 1943–1950 жылдардағы ғылыми өмірі жануарлардың әртүрлі топтары жайындағы мәліметтерді жинау, республиканың климаттық-ландшафтарында мекендейтін жабайы аңдардың өмір салты туралы зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде жануарлар туралы жалпы мәліметтерді қамтитын монографиялар дүниеге келді. Мәселен: Галузоның 1946, 1953 жылдары жазған «Кровососущие клещи Казахстана» бес томдығы, Орловтың 1957 жарық көрген «Кокцидиозы сельскохозяйственных животных Казахстана» атты еңбегі, Целищевтің 1946 жылығы «Тейлерии и тейлериоз крупного рогатого скота», Слудскийдің 1948 жылы жарық көрген «Ондатра» еңбектері жемісті болды.
## Институт 1951–1960 жылдарда
1951–1960 жылдар институт зерттеулері үй және жабайы жануарлардың паразиттетін зерттеумен және жалпы паразитология жұмыстарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, осы жылдары үй жануарларының ауруларын зерттеу мақсатында да зерттеу жұмыстары жүріп отырды. Нәтижесінде «Қазақстан жануарлары» (Афанасьев, Бажанов, Слудский және басқалар1953) ұжымдық монографиясы, «Қазақстан құстары», т. 1 (Долгушин, 1960), «Қазақстан Зоогеографиясы» (Афанасьев, 1960), «Қазақстандағы бауырмен жорғалаушылар әлемі» (Параскив, 1956), «Қабан» (Слудский, 1956) және т.б. зерттеулер, монографиялар жарық көрді. Кейіннен Қазақстанның флорасы туралы зерттеу еңбектер ғылыми қауымға ұсынылды.
## Институт 1961жылдан бүгінге дейін
Институттың 1961 жылдан бүгінге дейінгі ғылыми өмірін жаңа зертханалар мен бағыттардың қалануымен бай екендігін көреміз. Осы кезеңде академик Е.Н. Павлов үй жануарларының аурулары бағытында (бруцеллез, токсоплазмоз, құстардың спирохетозы, альвеококкоз) тағылымды еңбек етті. Қазіргі таңда ҚР ҰҒА академигі А. М. Мелдебековтың басқаруында институтта Диссертациялық кеңес жұмыс жасайды. Диссертациялық кеңес зоология, энтомиология және паразитология мамандықтары бойынша докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғауды.
## Институт жобалары
Институт құрылғаннан бері көптеген жобаларды, зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып келеді. Бұл жобалардың көбі еліміздің сулы және таулы аймақтарында жасалып жүр. Солардың бірі — «Батыс Тянь-Шань тауларының биоалуантүрлілігін сақтау» трансшекаралық жобасы. Бұл жоба Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің шекаралық территорияларында жүзеге асты. Еліміздің таулы аймағын зерттеуге ғалым А. Ф. Кофшарь қатысты. Ғалым 2001 жылы Ақсу-Жабағылы қорығын зерттеуге арналған экспедицияны басқарып, «Ақсу-Жабағылы қорығы биоалуантүрлілігінің мониторингі» атты ұжымдық монография жарық көрді. Сонымен қатар, институт ICF тырналарды қорғау халықаралық қорының аясынсында «Стерх» барлау жобасын іске асырды. Аталмыш жоба Қостанай және Атырау облыстарын мекендейтін ақ тырналарды зерттеуге бағытталды. Институт ғалымдарының Каспий, Арал теңізі бойындағы биологиялық алуантүрлілікті зерттеуге бағытталған жобалары көп.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Зоология |
Әлімхан Ермекбаев (10 тамыз 1933 жылы туған, Алматы облысы, [Жамбыл ауданы, Қастек ауылы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1991).
ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң геолог, экспедиция бастығы, Қазақ КСР-і Геология министрлігінде бөлім бастығы (1956–92), «Казнедра» ғылыми-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары (1992–94), ҚР Қазба байлықтар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы (1994–98) болды, ал 1998 жылдан Баға институтының проректоры қызметтерін атқарады. Ермекбаев 80-ге тарта ғылыми-зерттеу жарияланымның авторы.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.kazpravda.kz/c/1008090201(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891, Қарқаралы уезі, Семей облысы, - 22 маусым 1970, Қарағанды) — мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, математика саласынан тұңғыш қазақ профессоры.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.
### Балалық шағы
Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған. 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология институтының тау-кен факультетіне қабылданады.
### Томскідегі оқуы
Томскте оқып жүріп орыстың озық ойлы ойшылдарымен, ғалымдарымен танысады. Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Николаевич Потанин Әлімханның бойындағы білімге деген талпынысты көріп, тәнті болады. Қарт Потанин Әлімханға ағалық ақыл беріп, оған: «Әлімхан сенің білімің - ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт» - деп, үлкен үміт артқан. Осы сөздерді Әлімхан аға өмірлік ұстанымына айналдырып, ақтық демі қалғанша ұлтымызға еңбек етті. Григорий Потанин Ермековке бекер назар аудармағанын уақыт дәлелдеді. Әлімхан Ермеков өз қолымен толтырған анкетарларда ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерін білетінін көрсеткен. Қызметтес болған, шәкірт болған және Әлімхан Ермековпен өмір жолы тоғысқан тұлғалардың барлығы дерлік Әлімхан жайында жылы лепес білдірген. Терең білімді, көркем-мінезді Әлімхан Ермековтың замандасы Сұлтанмахмұт келесі өлең жолдарын арнаған:
Әлімхан Ермекұлы жас жігіттен,Келеді екінші болып бұл ретпенен.Қазақта мұндай жігіт көрмедім, - деп,Ардақты қарт Потанин лепес еткен.
Томдағы инженерлік сабағында,Жетеді біл жылдан соң тамамына.Өткізбекші өмірін ілім үстінде,Бір түрлі биіктік бар талабында.
Сөйлеп кетсе, қозғалар бойда жаның,Тас болса да ерітер жүрек қанын.Шындығы, тереңдігі, әділдігі,Тусаң ту осылай, - дегізер жанның бәрін.Адалдық, ақжүректік, ақтығына,Бір ауыз қарсы айта алмай құрыды әлің.
Меніңше Ермеков - деген бала,Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға.Сөз, білімін сынайтын жер ілгері,Әзір адал кісі ғой, жеке дара.
### Алаш қозғалысы
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін елдегі қалыптасқан жағдайды айқындап, алда не істеу керектігін шешіп алу үшін жер-жерде қазақ съездері ашылып жатты. Ә.Ермеков, алғаш рет саяси іске алаш қозғалысына, 1917 жылы 27 сәуір, 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезіне қатысады. Онда ол басқа да адамдармен бірге съезд президиумының хатшылығына, одан кейін съезд шешімімен Семей облыстық қазақ комитетінің мүшелігіне сайланады.
Әмбе ол, қазақтар жағынан Халел Ғаббасов екеуі Семей облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болады.
Шілде айындағы жалпықазақтық съезде Семей облысынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1917 жылы 8-17 қазанда 1-Сібір облыстық съезіне, делегаттар жиналысы атынан қатысады да, оның президиумына Семей облысынан кіреді. Съезде Сібір автономиясының негізгі заңын жазатын комитет құрылып, оған қазақ делегаттары Ә.Ермековті кіргізеді.
Міне, алаш жолындағы көптеген саяси істерге қатысып, шыңдалған Әлімханды «Қазақ» газеті «Технологический институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді, шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі жас азамат», — деп сипаттайды. Осындай жан-жақты дарын иесі жас сұңқардың желтоқсанда өткен жалпы қазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтуі таңғажайып емес еді. Әмбе ол, «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі де болатын.
Әлихан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі — Қазақ автономиясы шегарасының біртұтастығын жанқиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 жылы 17 тамызда Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баяндама жасайды. Онда ол жер, Қазақстанның шегарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Окупанттар өз кінәсін мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақырымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақырымдық ұлан-ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады.
### Кеңес Үкіметі
Қазақ автономиясын құруда Ә.Ермековтің өлшеусіз еңбегін зерделей отырып, онан кейінгі жасампаздық жолдары Қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайтуға халықты ағарту сияқты нақты істерге бағытталғандығына көз жеткіземіз. Қарқаралыда мектеп ашады, Ташкент пен Алматыдағы жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқиды. «Ұлы математика курсы» 1-бөлім (1935), «қазақ тілінің математика терминдері» (1936) атты оқулық, кітаптарды жарыққа шығарады. Қазақ арасынан тұңғыш математика ғылымының профессоры атағын алады. Сонымен бірге нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала — Халық шаруашылығын жоспарлау комитетінде және басқа да жауапты қызметтерде болады.1929-1930 жылдары бір топ қазақ зиялылары абақтыға алынып, тергеуге түскенде, Ә.Ермековті де түрмеге қоса қамайды. Алаш ісінің мүлдем құртылып, ұрпақтық сабақтастық үзіліп қалмау және ұлт зиялылары болашақты ойлап, Алаштың жас түлек дарындары М.Әуезов пен Ә.Ермековті сақтап қалу мақсатында олар, «кінәларын мойындап» сол жолы бостандыққа шығады.
Алайда 1937 жылғы қара бұлт Ә.Ермековтің басына тағы да үйіріліп, 1939 жылы сотталып, 1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жаламен қайта ұсталып, 1958 жылы босайды. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде математикадан дәріс оқиды.
1970 жылы қайтыс болады.
## Әлімхан Ермеков атында
Астана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы көше.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Нұрбек Матжани. Алаштың Әлімханы Мұрағатталған 19 желтоқсанның 2011 жылы.
* Әлімхан Ермеков. "Ұлы математика курсы" Мұрағатталған 19 желтоқсанның 2011 жылы. |
Теодор Лазаревич Золотарев (16.8.1904, Украина, Одесса облысы Гросулово селосы – 10.4.1966, Ресей, Мәскеу қаласы) - техника ғылымдарының докторы (1937), профессор (1935), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1963).
* 1927 жылы - Грузия политенхникалық институтын бітірген, Әзірбайжанда инженер жұмыста болды.
* 1927–1932: Әзірбайжан мұнай институтында доцент, кафедра меңгерушісі, Бүкілодақтық энергетикалық және электр станциялары ғылыми-зертеулік институтында (Мәскеу қаласы) гидроэнергетикалық ресурстар тобының жетекшісі, КСРО ғылым академиясының Су шаруашылығы мәселелері секциясы төрағасының орынбасары, төрағасы, КСРО Электр станциялары халкоматында оқу орындары бас басқармасының бастығы,
* 1932–1962:Мәскеу энергетикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі, декан, директордың орынбасары,
* 1963–1966:Қазақ энергетикалық ғыл-зертеулік институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері гидроэнергетикалық және су шаруашылығы салаларына арналған. Золотарев Теодор Лазаревич еліміздің ірі өзендерін кешенді түрде пайдалану жолдарын, гидротехниканың теориялық негіздерін зерттеді, су электр станцияларының гидродинамикалық моделін жасады.
* «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Шығармалары
* Гидроэлектроцентраль в энергосистеме, М., 1939;
* Гидроэнергетика, М., 1950;
* Энергетика мира, М., 1959.
## Дереккөздер |
«Ермек батыр» – жыр. Еңлік пен Кебектен қалған ұл Ермектің ер жеткен соң ата-анасының кегін қалай алғаны туралы халық қиялынан туған оқиғаға құрылған. Бірнеше нұсқасы бар. Жырдың барлық нұсқаларының мазмұны ұқсас, кейбір эпизодтарында аздаған айырмашылықтар кездеседі. Кіріспе бөлімі, көбінесе батырлық жырлардағыдай Ермектің балалармен ойнап жүріп, тентектік жасауымен, ата-анасының зұлымдықпен өлтірілгені жайлы сөз естіп, кек алуға аттанғандығымен басталады да, жас батырдың әке-шешесін өлтірген жақты қырғынға ұшыратқанын баяндауымен аяқталады. Ермек бұл жерде ата-ана кегін алу үшін ғана күрес жүргізеді. Дастанның негізгі сюжетттік желісі – ру таласынан туған зұлымдықты әшкерелеуге құрылған. Жыр нұсқалары Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорларында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашалық министрлігінің қарамағында. 1933 ж. Бүкілодақтық Күріш тәжірибе станциясының (Краснодар қаласы) қарамағындағы Қызылорда күріш тәжірибе егістігі болып құрылған. 1950 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (кейіннен оның Шығыс бөлімшесі) Қазақ бөлімшесінің Қазақ егіншілік инстиутының құрамына енді.
1956 жылы 21 тамызда Қызылорда мемлекеттік ауыл шаруашалық тәжірибе станциясы болып құрылды. 1964 жылы 25 тамызда КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің «Главриссовхозстрой» қарамағына берілді. 1972 жылы 25 ақпанда Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, ал 1991 жылы бұл институт Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының құзырындағы Қызылорда ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1995 жылдан қазіргі атымен аталады. Ал 2003 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашалық ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болды. Институтта: күріш селекциясы, тұқым шаруашылығы, егіншілік, көкөніс шаруашылығы және бақша өсіру, топырақ құнарлығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын эко-экономика сараптау және патенттеу, мал шаруашылық, ғылымды өндірістік және техникамен қамтамасыз ету бөлімдері және консалтинг орталығы бар; 2 тәжірибе шаруашылығында (Қызылорда қалалық әкімдігі құзырына қарасты Қарауылтөбе және Жаңақорған ауданындағы Түгіскен ауылдары) күріш, бидай және көп жылдық шөптердің аудандастырылған сорттарының элиталық және өнімділігі жоғары тұқымы өндіріледі.
Қызылорда облысы аграрлық өнеркәсіп кешенін, сонымен бірге республиканың күріш шаруашылықтарын ғылыммен қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Институтта күріш дәнінің қызаруының генетик. табиғаты зерттеліп, онымен күресу жолдары анықталды; Қазақстан бойынша күріш сорттарының теориялық үлгілері жасалып, жоғары өнімді сорттарды шығарудың физио-биохимиялық. негіздері зерттелді; химиялық мутагенез рөлі зерделеніп, соның нәтижесінде күріштің «Маржан» сорты шығарылды; 2 мың селекци үлгілері бағаланды; ауыспалы егістің жаңа 8 танапты және қысқа ротациялы үлгілері әзірленді; ауыспалы егістіктерде егілетін дақылдың түріне, алғы дақылына және танаптардың арам шөптермен ластану дәрежесіне қарай топырақ өңдеу жүйесі белгіленді; күріш ауыспалы егісінде егілетін дәнді (күздік және жаздық бидай, арпа,сұлы) және техникалық (мақсары, қант қызылшасы) дақылдар өсіру технологиясының параметрлері зерттелді; күріш ауыспалы егісіне бейім сорттарын анықтау үшін сорттарды экологиялық сынау жұмыстары жүргізілді; күрішті көшеттеп егу және оның дәнін өндіріп себу сияқты су мен тұқым аз жұмсалатын технологиялар әзірленді. Институтта күріш өсімдігі тұқымдарының ұлттық қоры жиналған.
Арал өңірінің қолайсыз жағдайына бейім таза тұқымды бактриан түйелердің сүт өнімдері жоғары топтарын іріктеу жұмыстары жүргізілді; сүтті және етті-жүнді бағыттағы малдарды іріктеу әдістері зерттелді; сұр түсті қаракөл қойларының заттық типін шығару жұмыстары жасалды. Қазіргі уақытта институт асыл тұқымды мал өсіруші – репродуктор мәртебесіне ие.
Күріштің 3 сорты, көп жылдық шөптің және қауынның 2 сорты, жүгерінің 1 сорты шығарылып аудандастырылды. Қазіргі кезде күріштің 4 сорты: «Арал 69», «Арал 318», «Арал 202» және «Ару» сынақтан өтуде. Институт ғылыми жаңалықтары мен 20 өнертабысына патенттер мен авторлық куәліктер алған. Институт халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Ғылыми жұмыстар жинағын, 75 ұсыныс пен әдістемелік нұсқауларды, 12 кітап пен монографияларды жарыққа шығарды. Сондай-ақ ЮНЕСКО, Инко-Коперникус, БҰҰ жобаларын қолдау қоры, Ғаламдық экологиялық қор, Дүниежүзілік банк, тағы да басқа ұйымдармен бірге Арал өңірінің экологиясын сауықтандыру жөніндегі бағдарламаларды дайындауға қатысады. Институтта техника ғылым докторы, профессор Т.Қарлыханов, ауыл шаруашылығының ғылым докторы Қ.Бәкірұлы, А.Н.Подольских, Х.Жамантіков қызмет істейді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Арал өңірінің агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу ...(қолжетпейтін сілтеме)
* Арал теңізі
* Толығымен - “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті(қолжетпейтін сілтеме) |
Жомарт Мұқанұлы Ермеков (26 шілде 1952 жылы туған, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Лебяжі ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1996), профессор (1998). Семей медицна институтын (1975, қазіргі Семей медицина академиясы) бітірген соң Павлодар №1-қалалық ауруханасында дәрігер-хирург, нейрохирург (1975–80), Мәскеу қаласындағы Бас нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтында ординатор (1980–82), аспирант (1982–85), Алматы қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент (1986–91), Алматы мемлекеттік медицина институтында (1991–98, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) болды, ал 1998 жылдан Астана мемлекеттік медицина академиясында профессор.
«Инфекционно-воспалительные осложнения черепно-мозговой травмы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ермеков 60 ғылыми-зерттеу еңбектің және 2 өнертабыстың авторы.
## Дереккөздер |
Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы (24 қазан 1910 ж., Қостанай облысы, Қарабалық ауданы – 13 тамыз 1987 ж., Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1953), профессор (1953), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1954). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1936). ҚазМУ-да ассистент (1936–38), оқу ісі жөніндегі проректор (1943–46), кафедра меңгерушісі (1946–70) және ректор (1955–61), Қазақстан Ғылым Академиясының биология ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы (1972–83), Молекулалық биология және биохимия институтында дәнді дақылдар лабораториясының меңгерушісі (1983–87) болды. 1952 жылы «Биохимическая характеристика яровых пшениц Казахстана в связи с их технологическими качествами» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғаған. Дарқанбаев Қазақстан бидайының тағамдық маңызы мен технологиялық қасиеттеріне баға беріп, олардың құрамындағы белоктардың түзілу және кебу заңдылықтарын анықтады. Дарқанбаев бидай дәнінде α-амилаза ферментінің жасырын түрде кездесетінін дәлелдеп, оның биосинтезін зерттеген. Амилаза ферментінің, глиадиндермен қатар бидай сорттарының сапалық көрсеткіші бола алатындығын анықтаған. Дарқанбаев ҚазМУ-да өсімдіктердің зат алмасу биохимиясы (1965), Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында белок және нуклеин қышқылдары (1968) және дәнді дақылдар биохимиясы лабораторияларын (1973) ұйымдастырды. Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы <reflist/> |
Құрамыс Ермеков (7 қараша 1936 жыл, Забурын ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 2011 жыл, Атырау) — философия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
## Өмірбаяны
Құрамыс Ермеков 7 қараша 1936 жылы Забурын ауылында дүниеге келген Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руы Адай Тоқтамыс бөлемі, Кіші жүз.
1957 жылы Алматы шет тілдер институтының герман филологиясы факультетін бітірді.
1957–1967. Гурьев облысы Дамба кентінің ауылдық мектебінде мұғалім.
1967–1992. Балықшы ауданының халыққа білім беру органдарында жұмыс істеді. Қазақстан Компартиясы Балықшы аудандық комитетінің идеологиялық жұмыстар жөніндегі хатшысы. Гурьев педагогикалық училищесінің директоры.
1971 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.
1975 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Мәскеудегі қоғамдық ғылымдар академиясының философия бойынша аспирантурасын бітірді.
1992. Ресей Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясының докторантурасын бітіріп, сол жылы докторлық диссертация қорғап, Қазақстанның батыс өңіріндегі философия ғылымдарының алғашқы докторы болды.
1992 жылы Гурьев педагогикалық институтында жұмыс істей жүріп, философия кафедрасын құрды және оны басқарды, Гурьевте алғаш рет күндізгі және сырттай аспирантураны ашты.
1994–1997. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Батыс Қазақстан бөлімшесінің бірінші вице-президенті болып тағайындалды. Кейін Атырау "Академия" қоғамдық бірлестігі болып қайта құрылды.
Атырау мұнай және газ институты жанындағы Қазақстандағы тұңғыш мұнай-газ саласындағы әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығының негізін қалаушы және жетекшісі.
## Қоғамдық қызметі
"Знание" Бүкілодақтық қоғамының Гурьев облыстық ұйымы басқармасының төрағасы.
Қалалық және облыстық халық депутаттары Кеңестерінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымының депутаты болып сайланды.
2004. Атырау облысы ономастикалық комиссиясының мүшесі.
## Отбасы
Жұбайы-Қалимаш. Балалары-Роман, Жанна, Гамель.
## Ғылымі еңбектері
Профессор Қ.Ермеков Қожа Ахмет Яссауи, Қорқыт, Махаш Бекмұхамбетов туралы зерттеу мақалаларын жазды. Оның ғылыми мұрасы ауқымды – 150 ғылыми еңбек, оның ішінде 9 ғылыми монография, студенттерге, аспиранттарға, магистранттарға арналған 4 оқулық.
Қ. Ермеков. Карл Корштың әлеуметтік философиясы және қазіргі заман (әдіснамалық аспект)./ Философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация/ Ресей басқару академиясы. Мәскеу, 1992
Қ. Ермеков. Философия Карла Корша и современность./ Алма-Ата: Гылым, 1992. ISBN 5-628-01251-3
Қ. Ермеков. Философия, социология и теория истории./ Алматы: 1997.
Қ. Ермеков. История и философия (научное издание)./ Алматы: Акыл кітабы, 2000
## Марапаттары
Өзінің қоғамдық қызметтегі, ғылым мен білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер" атағын алды, "Бүкілодақтық "Білім" қоғамындағы белсенді жұмысы үшін", "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін", "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл" медальдарын және "Парасат" орденін иеленді.
## Дереккөздер |
Мағауия Әлімханұлы Ермеков (01.09.1921 ж., 6-ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 2006 жыл, Қарағанды ) – геология-минералогия ғылыдармының докторы (1968), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1983). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан. Қазақ тау-кен металлургия (1950, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) институтын және осы институттың аспирантурасын (1958) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қарағанды қаласындағы «Қазақкөміргеология» тресінде геолог, аға геолог, топ жетекшісі (1950–57), Қазақстан Ғылым Академиясының Қарағанды қаласындағы химия-металлургия институтында кафедра меңгерушісі (1958–63) және Қазақ тау-кен өнеркәсібінің қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1963–70), Қарағанды политехникалық институтында (1970–89, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1989 жылдан осы институттың профессоры.
1967 ж. «Газоность угленосных отложений и газообильность шахт Карагандинского бассейна» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері көмір алаптарындағы газды қабаттарды барлау, онымен күрес жүргізу мәселелеріне арналған. Қарағанды көмір бассейнінің газды қабаттарының картасын жасаған. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.inform.kz/kaz/article/2208204(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Владимир Владимирович Вельяминов–Зернов (12.11.1830, Санкт-Петербург қ. – 30.1.1904, Киев қ.) – шығыстанушы-тарихшы, этнограф, археолог, нумизмат, тіл маманы, Ресей ғылым академиясының академик. (1861). Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1890).
Александров лицейін (1850) бітіріп, 1860 жылға дейін Ішкі істер мин-лігінің Азиялық департаментінде тілмаштық қызмет атқарды. 1851 ж. қазақтардың тілі мен салт-дәстүрі жайлы материалдар жинастыру мақсатында Орынбор губ-ндағы Орта жүз қазақтары арасында болды. 1857 ж. Орыс археол. қоғамына мүшелікке қабылданып, 1861 ж. осы қоғамның хатшысы қызметіне тағайындалды. 1866 ж. Петербург ун-тінің ғыл. кеңесі оған түрік-татар тілдері бойынша ғыл. докт. дәрежесін берді. В.–З-тың басты еңбектері Ресей қол астында болған Шығыс халықтарының, соның ішінде қазақтардың тарихына арналған. Оның кітаптары мен мақалалары жылнама-шежірелер мен мол құжаттық деректер негізінде жазылған. Мыс., Қасым хандығы туралы еңбегінің 2-бөлімінде Қазақ хандығының тарихын Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди», Қадырғали Жалайыридың «Жамиғ Ат-Тауарих», Хафиз Таныштың «Абдолланаме», Захир әд-Дин Бабырдың «Бабырнама» шығармаларын ғыл. айналымға тарта отырып баяндаған.
## Шығармалары
* "Монеты бухарские и хивинские";
* “История курдов“;
* "Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношениях России со Средней Азией со времен кончины Абул Хайыр-Хана (1748-1765)";
* "Исторические известия о киргизах от 1764-1783 гг";
* "Исследования о Касимовских царях и царевичах";
## Сілтемелер
* «Вельяминов-Зернов Владимир Владимирович»
* «Вельяминов-Зернов Владимир Владимирович»
## Дереккөздер |
Виктор Андреевич Вернигор (5 қаңтар 1930 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы — 2006) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1969), профессор (1971), Қазақстан ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1991), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996).
## Өмірбаяны
* Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1952, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
* Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, мал азықтандыру бөлімінің меңгерушісі (1952–69)
* Солтүстік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (1969–78) директоры.
* Қазақ мал шаруашылық технологиясы ғылыми-зерттеу институтының (1978–93) директоры
* 1993 жылдан осы институттың мал азығын дайындау технологиясы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* 1969 жылы «Силосование кукурузы, корнеплодов и бобовых культур и рациональное использование силоса в кормлении сельскохозяйственных животных» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
* Оның негізгі ғылыми еңбектері мал азығы технологиясына арналған. Ол азықты сүрлемге салу кезіндегі термиялық, биохимиялық және микробиологиялық процестердің өзара байланысын, тиімді параметрлерін тапты. Мұның нәтижесінде азықты сүрлемде аминқышқылдардың барынша мол шоғырлануын қамтамасыз ететін белоктың гидролитикалық ыдырауы жақсы жүреді, аминсіздендірілу процесі тежеледі. Оның жетекшілігімен малға азық дайындаудың технологиясы жетілдірілді. Ол алғаш рет Қазақстанда қызылша, асқабақ, картоп, жер алмұрты (топинамбур), т.б. дақылдардан малға құрама сүрлем дайындаудың технологиясын жасады.
## Марапаттары
* Октябрь революциясы ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Борис Александрович Вахламов (15 наурыз 1925 жылы, қазіргі Нижегород облысы, Ефимовка селосында туған – 2000 жылы, Новосібір қаласында қайтыс болған) – экономика ғылымдарының докторы (1974 жылы).
Горький индустриялық институтын (1949 жылы, қазіргі Нижний Новгород индустриялық институты) және Мәскеу қаласындағы КОКП ОК-нің Жоғары партия мектебін (1961 жылы) бітірген. Нижний Тагил металлургия зауытында инженер (1949–52 жылдары), Павлодар обкомында бөлім меңгерушісі (1961–63 жылдары), Павлодар қалаткомының төрағасы (1963–65 жылдары) болды. КСРО Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесінің экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институтында (1965–85 жылдары) қызмет атқарған. Вахламов 50-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің авторы.
## Шығармалары
* "Экономика Павлодарского Экибастузского промышленнего узла", 1965 жылы;
* “Внедрение научных разработок в производство (на примере Советского района г. Новосибирска)“]] - Новосібір, 1989. - С.106-111. ;
* "На подряде поток", Б. А. Вахламов. - .55-60;
## Дереккөздер |
Раушан Байдалықызы Кәрімова (3.9.1953 жылы туған, Түркістан облысы Түркістан қаласы) – психология ғылымының докторы (2002), профессор (2006).
* (1976) Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. *(1994–2004) ҚазПИ-де аға оқытушы,
* (2004) кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. :«Особенности нарушений психического развития дошкольников с церебрально-органической патологией и основы их комплексной коррекции» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Кәрімованың 70 ғылыми жарияланымы, оның ішінде 2 монографиясы, 7 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.
## Дереккөздер |
Төленді Кәрімов (26.12.1939 жылы туған, Атырау облысы Теңіз ауданы) – фармаколог, медицина ғылымының докторы (1988).
* 1969 Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген соң осы институтта аспирант (1970 жылдан), ассистент, доцент болып қызмет атқарды. Кәрімовтің негізгі ғылыми-зерттеулері фармакология және тағам гигиенасы на арналған.
## Дереккөздер |
Дәвілбеков (Дәуілбеков) Нариман Халбекұлы (12 тамыз 1937 жылы туған, Өзбекстан, Самарқан облысы, Галля-Арал ауданы) – техника ғылымдарының докторы (1986), профессор (1988). Мәскеу болат және қорытпа институтын (1960) бітірген. Қарағанды политехникалық институтында оқытушы (1960–62), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехника институтында аспирант (1962–65), «Карметкомбинат» жанындағы ВТУЗ-да доцент, кафедра меңгерушісі, ғылым жұмыстар және оқу ісі жөніндегі проректоры (1965–79), 1979 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Нариман Халбекұлы 110 ғылыми-зерттеу еңбектің, 3 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.