text
stringlengths
3
252k
Григорий Феодорович Дахшлейгер (2.11.1919 ж., Украина, Одесса қаласы – 1.08.1983 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1972). Одесса мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1941). Аягөздегі (Шығыс Қазақстан облысы) орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1942–45). 1950–83 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтында ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Ғылыми-зерттеулік жұмыстары XX ғасырдың 1-жартысындағы Қазақстан ауылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстан тарихының тарихнамасы, тың игеру мәселелеріне арналған. «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921–1929)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы (1979) және Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының (1982) лауреаты. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Жанғара Дәдебаев (1948 жылы туған), әдебиет зерттеуші. Филология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993), Республика ғылым академиясының академигі (2003). Ысты руынан шыққан. Зерттеу еңбектерінің басты саласы - Әуезовтің шығармашылық шеберханасы. «Қазіргі қазақ тарихи прозасының дамуындағы М. Әуезов дәстүрі» атты оқу құралы (1981), «Мұхтар Әуезов» монографиясы жарық көрді (1997). Бұларда ұлы суреткердің шығармашылық шеберханасы мен жазушылық шеберлігі бірнеше арнада пайымдалған. Мысалы, адам жанының шындығын, сезім сырын соншалықты терең мөлдіретіп, соншалықты күрделі қарым-қатынаста, дәл осынша нақты, көзбен көріп, ішпен білгендей айқын, шынайы суреттеу Әуезов секілді сөз өнерінің барша құпиясына қанық, өзін сөз өнерінің ылдиы мен өрінде, шырқау биігі мен шалқар кеңістігінде бірдей еркін сезінетін нағыз зергердің, хас шебердің ғана қолынан келетінін тілге тиек еткен автор. «Әдеби шығарма» (1986), «Қазақ тарихи романы» (1987), «Шымырлап бойға жайылған» (1988), «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991) монографияларында Әуезовтің жазушылық еңбегі мен шеберлігі, көркемдік әлемі қазіргі әдеби процеспен тығыз бірлікте, сабақтастықта қарастырылған. ## Шығармалары: * Қазіргі қазақ тарихи прозасындағы М.Әуезов дәстүрі. Методикалық құрал. - Алматы, 1981; * Әдеби шығарма. Оқу құралы. - Алматы, 1986; * Қазақ тарихи романы? дәстүр мен жаңашылдық. Оқу құралы. - Алматы, 1988; * Шымырлап бойға жайылған. Зерттеу. - Алматы, 1988; * Ғабиден Мұстафин. Зерттеу. - Алматы, 1989; * Мұхтар Әуезов. - Алматы, 1990; * Өмір шындығы және көркемдік шешім. Зерттеу. - Алматы, 1991; * Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері. Оқу құралы. - Алматы,1996. * М.Әуезов шығармашылығы. Зерттеу. - Алматы, 1997; * Атыңнан айналайын Әулие ата. - Алматы, 1998; * Әдеби шығармашылық. Типтік оқу бағдарламасы. - Алматы, 1999; * Жазушы еңбегі. Монография. - Алматы, 2001; * Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. І кітап. - Алматы, 2002; * Талас аңыздары. - Алматы, 2002; * Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. ІІ кітап. - Алматы, 2003; * Адам ата. - Алматы, 2005; * Менің университетім: зерттеулер мен зерделеулер. - Алматы, 2007; * Адам және заман. - Алматы, 2008; * Тадамалы шығармалар. - Алматы, 2008; * Тақырып және идея. Зерттеу. - Алматы, 2010; * Тараз өлкесі: монографиялық пайымдаулар, ойлар мен толғаныстар. - Алматы, 2013; * Абайдың антропологизмі. - Алматы. 2014; * Шешендік өнер теориясының негіздері: монография. - Алматы, 2016 ## Дереккөздер
Дәленов Ерболат Дербісәліұлы (1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1994). * Ақмола мемлекеттік медицина институтын (1969, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. * 1969–71 жылдары Ростов медицина институтының аспирантурасында оқыды. * 1971 жылдан бастап Aқмола мемлекеттік медицина институтында қызмет істеді. * Ғылым еңбектері аурудың пайда болу, даму жолдарына және аурудан сақтану мен сауықтыру мәселелеріне арналған. * 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 монография, 17 өнертабыстың авторы. ## Дереккөздер
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіптіОның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен.Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. ## Жоңғар соғысында атқарған ролі Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлеғін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар", — деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды. Бөгенбай батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған шешуші Аңырақай шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо басқарған қалмақ әскерлері Ӏле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған. Жеңісті баянды етіп, жауды өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына жиналған үш жүздің әскер жасақтарының Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. ## Қытай әскерлеріне қарсы әрекеттері Бөгенбай батыр қартайған шағына дейін ат үстінде жүрген. 1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды.Бөгенбай батырдың ең ірі жорықтарының бірі 1750 жылы Аягөз өңірінде жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін екі жақ мәмілеге келіп, достық келісім жасады. Бөгенбай батыр дана және аса зерделі адам болған. Ол 1761 жылы елшілік миссиямен Абылай ханның ұлы Әділді алып Қытайға барған. Батыр Торғай өзенінің жағасында қаза болған. Бұрында бұл жер "Бөгенбай сөресі" деп аталған, ал қазір "Шахта" деп аталады. Денесін қырық күн бальзамдағаннан кейін 45 күнде Ежелгі екінші Мекке саналған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи — Әзірет Сұлтан кесенесіне ақ түйемен алып барып жерлеген. ## Дереккөздер
ВИЛЬЯМС Василий Робертович (9.10.1863, Мәскеу қ. – 11.11.1939, сонда) – топырақтанушы, Беларусь Ғылым Академиясының (1929), КСРО Ғылым Академиясының (1931 ж.) және Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1935 ж.), агроном топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Петров егіншілік және орман шаруашылығы академиясын (1887, қазіргі К.А.Тимирязев атындаңы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы) бітірген. 1888–1891 ж. Францияда (Пастер лабораториясында), Германияда (Воль лабораториясында) ғылыми жұмыстар жүргізген. 1894 жылдан өзі оқыған академияның жалпы егіншілік және топырақтану (кейіннен топырақтану кафедрасы) кафедрасын, өмірінің соңына дейін басқарды. Тимирязев атындындағы ауыл шаруашылығы. академиясының ректоры (1922–1925 жж.) болды. В-тың ғылыми-зерттеу жұмыстары топырақтану ғылымының агрономикалық және биологмя салаларына егіншілік пен шалғынтануға арналған. Ол топырақтың түзілуі күрделі биологиялық процесс екендігін дәлелдеп, топырақ құнарлылығын сақтау және одан әрі жетілдіру жөнінде агроном. шараларды белгіледі. В. топырақ құрылымын жақсартудың негізі ретінде егіншіліктің шөп танапты жүйесін ұсынды. Бұл жүйенің басты буыны – егіншіліктің ауыспалы жүйесінде негізгі егілетін дақылдармен қатар міндетті түрде шөп танапты егістіктің болуы. В. шөп танапты егістіктер ретінде бұршақты шөптер мен дәнді шөптерді араластырып егуді ұсынды. Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының егіншілік ғылыми-зертеу институтына В.Р.Вильямс есімі берілген (1940 ж.). ## Дереккөздер
Ақмола облысы «Образцовый» кеңшарында жұмыс істеген (1959–62). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында аспирант, ғылыми-педогогика жұмыстарымен айналысты (1971–79). Зооинженерлер факультеті деканының орынбасары, деканы (1979–83), дайындау бөлімінің (1983–89), зооинженерлер факультетінің деканы (1989–96) болды. 2001 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметінде. Дәленовтың негізгі ғылым жұмыстарының бағыты Қазақстандағы сүтті ірі қара тұқымдарының селекция-генетика жолдармен және технологиялық тәсілдермен мал өнімдерін арттыру мәселелеріне арналған. Әулиеата сиыры тұқымының жоғары өнімді жаңа типін шығарды. Дәленовтың тоқсаннан астам ғылым еңбектің, 4 авторлық куәліктің, тағы да басқалардың авторы. ## Дереккөздер
Евгений Николаевич Вилесов (1932 – 2017 ж.т., Ресей, Пермь облысы Кудымкар қ.) – Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің ең көне және жетекші гляциологтарының бірі, география ғылымдарының докторы. География, жерге орналастыру кафедрасының профессоры және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кадастры. Ол 1932 жылы 4 тамызда Ресейдің Пермь өлкесінде дүниеге келген. А. М. Горький (Свердловск, Қазіргі Екатеринбург) атындағы Орал мемлекеттік университетінің география факультетінің студенті болып жүргенде 1951 жылы Циркумполярлық экспедиция кезінде ол әйгілі Мәскеу мұздықтарын зерттеуші Л.Д. Долгушинмен кездесті, ол оны гляциологиямен айналысуға "итермеледі". Үш жылдан кейін, ҚазКСР-ға география секторының шақыртуы бойынша ол Жоңғар Алатауының зерттелмеген дерлік мұздықтары бойынша экспедицияға қатысады, бұл тақырыпқа оның дипломдық жұмысы арналды (1955 ж.). 1957 ж. Е. Н. Вилесов Алматыға келеді, Қазақ КСР Ғылым Академиясының География секторының (қазіргі институт) қызметкері болады және өзін толығымен гляциология ғылымына арнайды. Ол өзінің ғылыми өсуіне ықпал еткен тұлға деп мұздықтарды зерттеу саласындағы өзінің ұстазы, ҚазКСР ҒА академигі Н.Н. Палговты санайды. Осы уақытта география саласында Халықаралық Геофизикалық жыл бағдарламалары (МГГ, 1957-1959), содан кейін Халықаралық гидрологиялық онжылдық (МГД) және мұздықтардың тербелістерін зерттеудің халықаралық бағдарламасы бойынша мұздықтарды кеңінен зерттеу басталады. Е. Н. Вилесов осы зерттеу процесіне белсене қатысып, қар жамылғысының диагенезінің ерекшеліктерін, мұз қабаттарының температуралық режимін зерттеген. Іле Алатауындағы (Солтүстік Тянь-Шань) Тұйықсу мұздығына салынған бес ұңғымада, олардың біреуі 53 м тереңдіктегі моренаға жетті, үш жыл ішінде әр түрлі тереңдіктегі мұздың температурасын 85 мыңнан астам өлшеу жүргізілді, бұл барлық басқа таулы және полярлық аймақтарының мұздықтарындағы өлшемдердің санынан екі есе көп. 1962 жылы әлемдік гляциологиялық тәжірибеде тұңғыш рет Іле Алатауының ең биік шыңдарында, соның ішінде Талғар шыңында (4978 м) мұзды бұрғылау және термозондтау жүзеге асырылды. Мұндай өлшемдердің қайталануы екіталай деп болжауға болады. Мұз бағанындағы температура туралы үш томдық мәліметтер MGG жылнамасына енді. Бұл зерттеулердің қорытындысы "Іле Алатауының мұздануы" (М., Ғылым, 1969, Н. Н.Палгов, К. г. Макаревич және т. б.) атты күрделі монографиясы, сондай-ақ 1969 жылы Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының география институтында қорғалған "Іле Алатауының мұздықтарының жылу режимі"кандидаттық диссертациясы болды. 1966 жылы Е.Н. Вилесов Қазақстан мұздықтарының каталогын құру жөніндегі жұмысқа қосылды, аэрофототүсірілім материалдарының көмегімен топографиялық карталардағы 1500-ге жуық мұздықтардың суреттерін зерттеу және түзету үшін елдің аз зерттелген мұздық аудандарын далалық және камералдық жағдайларда егжей-тегжейлі зерттеді. Ол каталогтың Алтай мен Саурдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі барлық таулы – мұздық бассейндерін қамтитын жеті бөлігін дайындады және жариялады. Осы жылдар ішінде Е. Н. Вилесовтың ғылыми қызығушылықтары одан да кеңейе түсті. 70-80 жылдары қар мен мұз тақырыптарын зерттеумен қатар (оның ішінде биік Медео мұз айдынында) ол мұздың жылу – физикалық параметрлерін, жылу өткізгіштігін, температура өзгергіштігі мен тығыздығын, мұздықтар массасының режимі мен тепе-теңдігін зерттеген. Сонымен қатар мұздың ағыны және оның таулы өзендердің жалпы ағынындағы рөлі, мұз түзілу процестерінің аймақтылығы және мұздықтардың ішкі қоректенуі, сұйық ағын жинақтау аймақтары, метеорологиялық факторлардың қар мен мұздың еруіне әсері, абляцияның атмосфералық құрғақшылықпен байланысы, палинология, мұз бен еріген сулардың химиялық құрамы, негізгі мұздықтар массасының тепе-теңдігін қалпына келтіру әдістемесін жасады. Сол уақытта ол Іле Алатауының әртүрлі мұздықтарында гляциогидрометеорологиялық өлшеулердің өкілдік дәрежесін бағалап, мұздық бетіне өту кезіндегі температуралық өзгерістің шамасын анықтау бойынша 5 жылдық далалық эксперименттердің бірегей кешенін жүргізген болатын. Берілген эксперимент және т. б. зерттеулердің нәтижелері "Тұйықсу мұздықтары" монографиясында көрсетілген (Л., 1984, К. г. Макаревичпен және т. б.). т. б.). Бұл ретте Е. Н. Вилесов Іле ғана емес, Жоңғар Алатауында, Өгем жотасында (Батыс Тянь-Шань), Күнгей-Алатауда, Алтайда (Берел мұздықтары), Памирде (аюдың пульсациялық мұздығы), Кавказда (марух мұздығы) экспедицияларға қатысқан және барлығы зерттеу барысында 3 қыстау және 45 дала маусымын өткізді. Бірақ, әрине, ең көп көңіл әрқашан Тұйықсу мұздығына аударылды, онда ол жыл сайын 50 жыл бойы бақылау жасап отырған, соңғы тексеріс 2014 жылдың тамызында болған. Орал университетін бітірген (1955). Қазақстан Ғылым Академиясының география бөлімінде (1957–80, қазіргі География институты) кіші, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1981 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) доцент. ## Шығармалар Вилесов 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінің дәрігерлер білімін жетілдіру факультеті негізінде 1963 жылы Алматыда құрылған. 1992 жылға дейін КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында болған. Қазір Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бағынады. Оқу мерзімі 1–5 ай, клиникалық ординатура – 2 жыл, аспирантура – 3 жыл. Институт құрамында: хирургия және терапия факультеттері бар (2000). Институт күнделікті оқу жұмысында орталық клиникалық қалалық аурухана, Қазақ туберкулез ғылыми-зертттеу институты, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, т.б. медицина мекемелердің клиникаларымен, сондай-ақ Алматы қаласындағы емдеу, аурудан сақтандыру мекемелерінің арнайы кафедраларымен тығыз байланыс жасайды.Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: айналадағы физика-химия өзгерістердің адам организміне тигізетін әсерін зерттеу, мұндай өзгерістерге қарсы қолданылатын емдеу әдістері мен сақтық шараларын іздестіру, қартайған шақта пайда болатын түрлі аурулардың ерекше белгілерін анықтау, жаңадан диплом алған жас дәрігерлерді оқыту әдістерін жетілдіру. Институт денсаулық сақтау жүйесі мамандарының білімін көтерумен шұғылданатын Қазақстандағы барлық мекемелер мен құрылымдардың оқу-әдістемелік қызметін үйлестіріп, оңтайландырумен де айналысады. Білімін жетілдіруге келген дәрігерлерге арналған жатақхана, кітапхана, компьютерлік сыныптар, тіл үйренетін бөлме, т.б. бар. ## Дереккөздер
Ішкі Қазақ Ордасы немесе Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылы құрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. ## Атауы Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. ## Географиясы Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста  — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144,5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum) өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды. ### Әкімшілік бөлінісі ## Халқы Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). ## Тарихы Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845 жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды.Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды. ### Хандық 1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурыздың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады: Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. 1806 ж. мамырдың 19 Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта былай деп көрсетіледі: Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Боғда тауларына дейін, одан Шапшашы арқылы Дудацкий немесе Телепнёв батағаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі. 1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі. 1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады. 1815 жылдың мамырдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады. 1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымның 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады. Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды. 1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады. Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі Шыңғысхан деп өзгертілді. 1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес құрылады. Сол кездегі болған ірі Исатай-Махамбет , Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей империясы Бөкей Ордасын аннексияландырады. ### Уақытша Кеңес Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, Орда қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды. 1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады. 1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары, сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған. Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын «Казначейство» мекемесі 1867 ж. ашылып, банк қызметін атқарады. 1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады. 1870 ж. Ресейден ауа райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды. 1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде — Нарын қарағайы дүниеге келеді. 1908 ж. қазақ даласындағы ең тұңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М. Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А. Деминский, А. Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н. Доброхотова жұмыс жасады. 1911 ж. қазақ баспасының қарлығаштарының бірі — «Қазақстан» газеті белгілі ақын Г. Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады. 1917 ж. Бөкей Ордасы жерлері жаңадан құрылған Бөкей губерниясына енді. ## Саяси құрылысы Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды. Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды. ## Экономикасы Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті. Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады. 1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе-зерттеу жұмыстары қолға алынады. 1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта-телеграф байланысы орнатылады. ## Мәдениет және қоғам 1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын. 1841 ж. желтоқсанның 6 Нарын құмында Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты. 1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды. Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды. ## Әлеуметтік саласы Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді. Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр. 1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған. Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Бөкей губерниясы ## Сыртқы сілтемелер * Билял Аспандияров. Образование Букеевской Орды и ее ликвидация Мұрағатталған 26 қаңтардың 2005 жылы. * Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы.
Дәндібай қорымы – қола дәуірінен, ерте темір дәуірінің кейінгі кезеңдерінен сақталған қорым. Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде, Шерубай–Нұра өзендерінің оң жағалауында, бұрынғы Дәндібай ауылының жанында орналасқан. 1947–48 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Бұған дейін 1933 ж. КСРО Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясының экспедицясы (жетекшісі П.С.Рыков) тауып, 8 ескерткішті зерттеген. Оның 6-уы қола дәуіріне, 2-уі («мұртты» оба мен тас оба) ерте темір дәуіріне жатады. Ескерткіштер – тігінен қадалған және қырынан қойылған тастардан тұрғызылған дөңгелек қоршаулар түрінде. Олардың ішінен 6 бейіт ашылып, бір қоршау құрбандық шалатын орын екендігі анықталды. Адам қойылған көрлердің қабырғалары, негізінен, жалпақ тастармен шегендеп өрілген. Ішіндегі адамдар бүктетіліп, оң және сол жақ бүйірімен жерленген. Бас жағына қыш ыдыстар қойылған. Сондай-ақ әр түрлі салпыншақтар, мыс моншақтар табылды. Бірқатар мәйіттің сүйектері өртеліп, күлі жерленген. Көрдің қабырғаларын таспен шегендеу мен мәйітті өртеп, күлін қою салттары зерттеушілердің оны Нұра кезеңі деп атауына басты негіз болды. Дәндібай қорымындағы бір «мұртты» обадан отқа табыну салтының айғағы – күл мен көмір, ал екінші обадан мұсылман дәстүрімен жерленген адам мәйіті ашылды. ## Дереккөздер
Бертағы Дәндібаев (1939 жылы туған, Қарақалпақстан, Тақтакөпір ауданы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1996). * Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. * 1968–74 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында ассистент * 1974–86 жылдарында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші ғылым қызметкер, аға ғылым қызметкер * 1986–94 жылдарында Өзбек күріш ғылыми-зерттеу институтының Қарақалпақ бөлімшесінде және Био-экология институтында лаборатория меңгерушісі (1994–96) болды. * 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде доцент қызметін атқарады. * 52 ғылым жарияланымның, 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы (17 ақпан 1950 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1997), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1972–79 жылдары Алматы облысы «Казгеофизика» өндірістік геология бірлестігі экспедициясында инженер-геофизик, аға геофизик, бас инженер, бас физик (1992), Қазақстан Республикасы Геология және қоршаған ортаны қорғау министрінің 1-орынбасары, министрі (1993–97), Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар вице-министрі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі (1997–2001), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының президенті (2002–03), Геология институтының директоры (2002–04). 2006 жылдан «Қазмұнайтеххим» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. «Основные проблемы геологии, размещения полезных ископаемых и развития минерально-сырьевого комплекса Казахстана в условиях реформирования экономики» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. Дәукеев 55 ғылым мақала мен 3 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған. ## Шығармалар: * Минерально-сырьевая база РК на рубеже перехода к рыночной экономике. Минеральные ресурсы Казахстана, А., 1995; * Атлас карт. Минеральные ресурсы Казахстана, А., 1996. ## Дереккөздер
Көл шөгінділері — жұқа қабатты саз балшықтар, құмдар, ұсақ малта тастар, мергельдер, кейде темір кендері. Ащы тұзды көлдерде көл шөгінділері гипстен тұрады, фауна болмайды. Ащы көлдерде көбінесе ем есебінде пайдаланылатын өте майда тұнба балшықтар жиналады.Қазіргі және бұрынғы геологиялық кезеңдердегі көлдердің түбінде жиылған шөгінді жыныстар. Жаралу тегіне қарай К. ш. механикалық (малтатас, қиыршықтас, құм, саз, лай), химиялық (көл боры, табиғи сода, мирабилит, гидрогалит, ас тұзы, гипс) және органикалық (шымтезек, сапропель, диатомит) болып бөлінеді. Тұщы көлдерде мех. және органик. шөгінділер, ал ащы көлдерде хим. шөгінділер жинақталады. К. ш-нің сипаты климатқа тәуелді болады. Суық климат және мұздық су аймақтарындағы көлдерде құм, сазды шөгінділер мен таспа саз, ал қоңыржай белдеулердегі көлдерде кесек жыныстар және олармен бірге темір мен кремний оксидтері, кальций карбонаты, шымтезек, сапропель, т.б. органик. заттар тұнады. Құрғақ климатты аймақтардағы көлдерде кесек жыныстармен бірге карбонаттар, ас тұзы, гипс, т.б. тұнбалар шөгеді. Шөгіндіде магний мөлшері едәуір және көл суының булануы мол болса, онда доломитті және әк-доломитті тұнбалар қабаты түзіледі. Мұндай тұнбалар Балқаш к-нің шығыс жағында мол. Құлынды даласының тұйық көлдерінде сода шөгінділері кездеседі. Сарыарқадағы, Арал мен Балқаш маңындағы кейбір тұзды көлдерде ас тұзы, гипс, мирабилит, глаубер тұзы, натрий сульфаты өндіріс қажетіне жарарлықтай мөлшерде шоғырланған. К. ш. девон, пермь, неоген жыныстарында кеңінен тараған. ## Дереккөздер * Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
Раушанбек Бұрамбайұлы Әбсаттаров (8 сәуір 1940 жылы, Ауғанстан жерінде туған) — ғалым. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшесі. Қазақстанның Білім беру ісінің Үздігі. ## Толығырақ Киев мемлекттік университетінің философия факультетін (1967) және оның аспирантурасын (1970) бітірген. ҚазМУ-да(қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент (1971–1987), Қазақстан КП ОК жанындағы ұлтаралық қатынастар секторының меңгерушісі (1988–1990), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында кафедра меңгерушісі (1991–1994), Қазақстан Республикасының Президенті аппаратында кеңесші (1995–1997), 1997 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (тарих факультетінің деканы, 2000–2002) және осы университеттің «Хабаршы» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Оның ғылым-зертеу жұмыстарының негізгі бағыты – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, этносаяси қауымдастық, халықтардың бірлігі мен әр түрлі ойлау стилі, т.б. мәселелер. "Ғылыми-техникалық революция және қоғамдық өмірдің интернационализациялануы: әлеуметтік-философиялық талдау" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әбсаттаров 500-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 32 монографияның авторы. ## Марапаттары * 1991 жылы Философия ғылымының докторы; * 1992 жылы профессор (құрметті ғылыми атақтары) берілген. * 2013 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондет-мүшесі. * 2003, 2009 жылдары «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» мен екі мәрте марапатталған. * 2006 жылы «Жоғарғы оқу орындарының Үздік оқытушысы» атағының иегері. * 2010 жылы елбасының жарлығымен «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері атанды. ## Дереккөздер
Мәлік Құдысұлы Әбсәметов(1.9.1953 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный кенті) – геологикал-минералдардың ғылым докторы (1992). Қазақ политехнологикал институтын (1975) және Қазақстан Ғылым Акедемиясының Гидрогеология және гидрофизикалық институтының аспирантурасын (1980) бітірген. Осы институтта (1975–1977), Қазастан Республикасының Президенті жанындағы Ғылыми және техникалык мәселелері жөніндегі жоғары консультативтік кеңес мүшесі (1995–1996), Қазақстан Республикасының Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазастан Республикасың Білім және ғылым министрилігінің ғылым департаменті директорының орынбасары, директоры (1996–2001), осы министриліктің Жоғары аттестаттау комитеті төрағасының орынбасары (2001–2003), 2003 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде проректор қызметтерін атқарады. «Геохимия подземных вод Балхашского сегмента земной коры Центрального Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ## Дереккөздер
Сіләм Құдысұлы Әбсәметов (9.9.1947 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек аулы) – заң ғылымның докторы (2002), генерал-майор (1997). Қазақ политехнологикалық институты (1972) мен Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2002) бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР-і МҚК-нің Алматы облысы бойынша төтенше уәкілі болып бастаған Әбсәметов кейін Қазақстан Республикасының ҰҚК жүйесінің түрлі салаларында басшылық қызметтер атқарды. 2002 жылдан Қазақстан Республикасының ҰҚК академиясының бастығы. ## Шығармалар * Современный терроризм и проблемы кадрового обеспечения Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Павлодар,2001. ## Дереккөздер [[Санат:1947 жылы туғандар
АХМЕТ- ЮСТ немесе Қостанай уездік милициясы тыңғыш комиссары туралы. 1916 жылы Әбдіғапар мен Оспан хандар бастап, сардарлары Амангелді мен Қасымхан қостаған Торғай облысының үштен бір бөлігін қамтыған көтеріліс Ресей патшасының сол тұстағы бодан халыққа жасаған қатаң тәртібіне сай бұрқ еткені мәлім. Осыған орай ақ патша Николай II-нің 1916 жылдың 21 желтоқсанында арнайы жарлығы шықты. Онда Торғай, Ырғыз және Қостанай уездерінде әскери тәртіпке көшу атап көрсетіледі.Ақ патша жарлығына орай Қостанай уездік полициясы тәртіп сақтау саласындағы сындарлы жолдан бас тартып жазалаушы жолға түседі. Сөйтіп,олар өзінің халық арасындағы беделін жоғалтады. Патша жарлығына дейін орыс әскері бас штабының 1916 жылғы 4 желтоқсанында 359-ші баяндау хаты жарияланды.Онда подполковник Кисленко бастаған Қостанай жазалаушы отряды мына құрамда бекітілді: Олар 5-ші Орынбор казактар жүздігі, 109-ші жая полкі, 9-ші пулемет және 2-ші қару-жарақ полкі. Мақсаттары Қостанай, Торғай аймағының жан-жағын жіті бақылау, қатаң қадағалауға алу. Бұған генерал Сандецкий, генерал-лейтенант, уақытша штаб бастығы Добрынин қол қояды. («На службе Закона» газеті, 06.04.2007 жыл, 13 номері).Бұл уақытта жазалаушы тобының бастығы подполковник Кисленко өзінің алған бағытынан таймай қарапайым халықты Ұлт-Азаттық көтерілісіне қатысушыларды қолдайды деп зорлық-зомбылықтың шектен шыққан әдістерін қолға алды. Бұған қарсы болған қазақ ұлты көсемдерінің көшбасшысы Ресей Думасының депутаты Әлихан Бөкейханов өз наразылығын білдірді.Көп ұзамай Ә.Бөкейханов Торғай облысы Уақытша үкіметінің комиссары болып тағайындалды.Бұл 1917 жылдың наурыз айы болатын.Яғни,Қостанай уезіндегі подполковник Кисленкомен тіл табысып,халықты жазаламау бағытын ұстаған талабының арқасында,осы сәуір айында облыстық комиссар Ә.Бөкейханов барлық күш-жүгерін табандылықпен ұштастыра отырып,Қостанай уездік милиция комиссарлығына бұған дейін Ресейдің Самара әділет сотының Бүгірслан уезінде қызмет атқарған Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжановты тағайындайды.Сөйтіп,1917 жылдың сәуір айында Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов Қостанай уезінде Қостанай уездік милициясын құрып,жұмысын ұйымдастырады.Міне,осылай Ресей уақытша үкіметінің Қостанай уезіндегі милициясы 1918 жылдың қаңтар айына дейін жұмыс істейді.Осы ретте-Қостанай уезіндегі Қостанай қалалық думасының 90-ші журналындағы фактілер 1917 жылдың 19 тамызында жазылған құжат болып шығады.Ал,осы құжаттың жазылу себебі: Қостанай қаласында М.Қаратаев деген азаматтың мас күйінде көшедегі жүргіншілерді жәбірлеп,тіл тигізіп,ұрып-соғу фактісі негіз болған.Ал,М.Қаратаев ешқандай кәсіппен айналыспаған,бірнеше рет бұзақылығы үшін түрмеге отырған адам.Бұл жөнінде М.Қаратаевты ұстап түрмеге қамауға алған қатардағы милиционер Батуриннің Қостанай уездік сотының судьясы Милькога түсірген арнайы арыз-шағымында айқын көрсетілген.Бірақ судья Милько болса М.Қаратаевқа 5 рубль айыппұлмен шектелген.Бұл шешімге Батурин наразылығын білдірген.Сот шешімі күшіне енген соң М.Қаратаев қамаудан босатылады.Бұл туралы Қостанай уездік милиция комиссары А.Бірімжанов: « Сот шешіміне ешқандай қысым көрсетілмеуі керек.Егер наразы болсаңдар-одан жоғары тұрған облыстық сотқа шағымданыңыздар» деп арнайы шыққан сол уақытта қолданыстағы заңды қатардағы милиционер Батуринге оқиды.Бұл заңды Ресей Уақытша үкіметінің төрағасы А.Ф.Керенский өмірге әкелген еді.Бұдан соң Қостанай уезінде Кеңес үкіметі жарияланған соң,уақытша милиция құрылымы таратылады.Бұған депутаттардың атқарушы комитеті келісім береді. Арада көп уақыт өтпей ақгвардияшылар үстемдік алған соң-ақ, 1918 жылдың маусымының 28 жұлдызында Қостанайда атқару комитетінің депутаттары мен большевиктері бірінен соң бірі түрмеге жабылды.Қаладағы жаңа әкімшілік большевиктер өмірге әкелген барлық құрылымды түбірінен өзгертіп, уездік басқару жүйесін қайта құрды.Олардың мақсаты монархиялық қозғалысты қалыптастыру еді.Осы тұста Торғай облысының барлық үкімет құрылымы КЖКМ-ға (кеңейтілген мәжілістің комитет мүшелері) берілді. Мұның ішінде уақытша үкіметтің ерекше назар аударғаны 1917 жылдың 17 сәуіріндегі милиция құрылымы 1918 жылдың 26 тамызында жаңаша жолға түсіп,бұрынғы лауазым иелерін қызметтен қуды.Осы кезеңде Қостанай уездік милиция комиссарының да уақыты зая кеткен жоқ. Өйткені, ақтардың қарапайым халыққа жасап отырған қиянатына қанатымен су сепкен қарлығаштай болса да көмектесуді мақсат еткен А.Бірімжанов милиция органын қайыра құрды.Бұл туралы Қостанай уездік « Новый путь» газетінің 1918 жылдың 5 құркүйегіндегі 34 санында нақты дәлелдер келтірілген.Газеттегі хабарландыруда бұлай деп жазылған: « Қостанай уездік милиция бастығы А.Бірімжанов кәсіби заңгер ретінде учакелік милиция бастығына, олардың көмекшілігіне және қатардағы милиция қызметіне, сондай-ақ уездік милиция басқармасына жеке машинкаға қағаз баса алатын адамдарды қызметке шақырады»-деген хабарлама жариялайды.Бұл хабарламадан мынаны аңғаруға болады. Бұл уақытта үкіметтің құрылымындағы милицияда ақтарды қолдайтын учаскелік қызметкерлер жеткілікті болатын.Сондықтан да Алаш идеясын қолдайтын қажетті адамдарды учаскелерге тарту қажеттілігі туындаған еді.Сол кездің өзінде-ақ, кәсіби заңгер А.Бірімжановтың ұйымдастыруымен тергеу және іздестіру бөлімдері құрылды.Оларға тиісінше қылмыстық бағытта баяндалған арыз- шағымдар, ұрлық пен тонау, қылмыскерлерді анықтау сияқты күрделі міндеттер жүктелді.Бұл да біздің тарих. Уақытша үкімет құрған Қостанай уездік милициясы ақтар тұсында өмірге келсе де, ол тарихтың бастауы еді. Сондықтан да Қостанай уездік милициясының негізін қалаған бірінші уездік милиция комиссары Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов 1917 жылдың сәуір айынан бастауын алғандығы ақиқат.Бұдан шығатын тұжырым мынандай- Алаш-Орда қозғалысы кеңестік билікке қарсы күресінде Уақытша үкіметтің жағында болғаны белгілі. Осы одақтастық олардың қорғаныс механизмі үшін болған дипломатиялық жүрістері екенін тарихтың өзі дәлелдеп берді.Алаш-Орда қозғалысына белсене қатысқан екі Ахмет болғаны тарихтан белгілі.Олардың біріншісі- ағартушы Ахмет Байтұрсынов, екіншісі- заңгер Ахмет Бірімжанов.Осыған байланысты Алаш қайраткерлері кезінде біреуін-Ахаң просс, екіншісін- Ахаң юст деп атаған. Сол Ахаң юст аталған- Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов 1871 жылы Торғай дуанында туған. Алғашқыда ауылда Әльмағанбет молданың шәкірті Сүйіншалы Оспановтан дәріс алып,кейін Торғайда Ы.Алтынсарин ашқан мектепте білімін жалғасырды. 1883 жылы Орынбор ерлер гимназиясына түсіп, оны 1891 жылы күміс медальмен аяқтайды. Сол жылы Қазан Императорлық университетінің заң факультетіне емтихан тапсырып студент атанады. Университет қабырғасында Б.Қаратаев және С.Едгин сынды қазақтың болашақ алғашқы заңгерлерімен бірге оқып,1896 жылы алтын медальмен бітіріп шығады.А.Бірімжанов Алаш партиясының көрнекті қайраткері бола тұра оның Жарғысын жасауға тікелей атсалысты. Кезінде Ресей мемлекеттік Думасына Торғай облысы атынан екі рет депутат болып сайланып, Алаш идеясына байланысты ең өзекті-жер, мемлекеттік құрылым, ілім мәселесі және жергілікті билеу, сот т.б. қазақ қоғамына керек мәселелерді Дума мінберінен көтере білді.Алаштықтар: « Ақ болсын, қызыл болсын, бәрібір, мен тек қазақ ұлтының мүддесін қорғайтын мемлекетті ғана жақтаймын»-деген ұлтшылдық ниетте болды. Ал большевиктерге « қазақ ұлтының мүддесін қорғайтын» алашордашылар қажет емес еді. Сондықтан Ахаңды жауапты қызметтен аластаған кеңес үкіметі біліміне сәйкес қызмет бермеді. Алайда, Ахаң бұған мойынсымай еліне қызмет жасауды басты мақсат етіп, кеңес дәуірінде 1920-1927 жылдары республикамыздың әділет жөніндегі халық комиссариятының және Жоғарғы сотының коллегия мүшесі ретінде жас Қазақ елінің заңдарын шығаруға ат салысып, өз қолтаңбасын қалдырған алғашқы заңгерлердің бірі болды.Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов 1927 жылы 5 қаңтарда Ленинградта рак ауыруынан дүние салып, сондағы Волков қорымының мұсылман бөліміне жерленді.А.Қ.Бірімжановты соңгы сапарға шығарып салуға Ә.Бөкейханов, Ә.Сейдалин сынды Алаш қайраткерлері мен қатар сол кезде Москва мен Ленинград қаласында оқып жатқан баласы Б.Бірімжановпен қатар М. Әуезов пен Ә.Марғұлан және т.б. студент жастар қатысады.Алаш қайраткері А.Қ.Бірімжановтың қиын қыстауға толы өмірінің кейбір түйткілді тұстарын оқырманға жеткізу ең басты мақсат болды. Сөз соңын, Алаш рухты ақын Хамитбек Мұсабаевтың мына бір өлең шумағының жолдарымен аяқтауды жөн көрдік: ...Азаттықтың жолында күіп-жанып,Отқа түсіп,өртке еніп киіп жарып.Төтеп беріп тозаққа тірліктегі,Өтті барлық баһадүр Бірімжанов!!Болашаққа жетеді-ақын Даты,Ғасырларға кетеді-ғалым хаты.Қатарынан бір емес,бірнеше рет,Болды Ахмет думаның депутаты.Өз халқының аяулы ұлы болған,Тыңғыш заңгер-жоғары білім алған.Екінші Ахаң атанып заманында,Тарихында Алаштың аты қалған....Бақытты боп ерекше тумағансын,Даңқ құсы-басына қонбағансын.Амал қанша,Әулеті Бірімжанның,Әлі алған жоқ өзінің зор бағасын!!... * Азаттықтың жолында күіп-жанып, * Отқа түсіп,өртке еніп киіп жарып. * Төтеп беріп тозаққа тірліктегі, * Өтті барлық баһадүр Бірімжанов!! * Болашаққа жетеді-ақын Даты, * Ғасырларға кетеді-ғалым хаты. * Қатарынан бір емес,бірнеше рет, * Болды Ахмет думаның депутаты. * Өз халқының аяулы ұлы болған, * Тыңғыш заңгер-жоғары білім алған. * Екінші Ахаң атанып заманында, * Тарихында Алаштың аты қалған. * ...Бақытты боп ерекше тумағансын, * Даңқ құсы-басына қонбағансын. * Амал қанша,Әулеті Бірімжанның, * Әлі алған жоқ өзінің зор бағасын!!... P.S. Ақыннан асып не айтасың?!. « Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»-дейді дана халқымыз. А.Қ.Бірімжановтың өмірі мен еңбегін насихаттауда соңғы 2-3 жылдың ішінде ғана қолға алына бастады. Қазақ гуманитарлық заң университетінің аға оқутушысы Гүлмира Сұлтанғазина « Шақшақ Жәнібек тархан және оның әулетінің тарихы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация жазу үстінде. Үстіміздегі жылы Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжановтың туғанына 140 жыл және алдағы жылы Қостанай уездік милициясының құрылғанына 95 жыл толады.Осыған байланысты ҚР IIМ-нің Қостанай облыстық IIД-і тарапынан А.Бірімжановтың Қостанай уездік милициясына байланысты өмірінің кезеңінен деректер жинау қолға алынғаны құптарлық жағдай. Алда деректер жинау жалғасын тауып, осы жыл аталып өтілсе, Алаш қайраткері алдындағы борышымызды атқарған болар едік. ҚР IIМ-нің зейнеткері Ертай Қарабала.Астана қаласы.
Көмекей, көмей (лат. larynx ) — тыныс алу түтікше мүшелерінің бастама бөлігі және мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуысшеміршекті мүше. ## Сипаттамасы Көмекей қабырғасының негізін сақинаша, қалқанша, бөбешік және жұп ожауша шеміршектер құрайды. Шеміршектер бір-бірімен және тіласты сүйегімен буындар мен байламдар арқылы қозғалмалы байланысып, оның ішкі қуысы арнасының өзгеріп отыруын қамтамасыз етеді. Түтікше мүше ретінде көмекейдің қабырғасы ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — шеміршекті-талшықты қабықтан және сыртқы — адвентиция қабығынан тұрады. Оның ішкі бетінің екі бүйірінде екі дыбыс қатпары, олардың аралығында дыбыс саңылауы орналасады. Дыбыс қатпарының негізін дыбыс байламы мен дыбыс бұлшықеті құрайды. Демді сыртқа шығару кезінде дыбыс байламының тербелуі нәтижесінде дыбыс шығады. Құйрықсыз қосмекенділердің, кейбір бауырымен жорғалаушылардың, көптеген сүтқоректілердің және адам көмекейінің ішкі бетінде бір-бірімен бұрыштасып орналасқан қатпарланған – дыбыс сіңірі болады. Ол фиброзды эластик. тіннен тұрады және кілегейлі қабықпен қапталған. Көптеген сүтқоректілерде (мыс., кит тәрізділерде) дыбыс сіңірі болмайды, ал кейбір маймылдарда ол шала дамыған. Көмей қуысының алдыңғы жағы тыныс алу саңылауы арқылы жұтқыншаққа, артқы бөлімі кеңірдек қуысына жалғасады. Көмекей жұтқыншақтан дамыған, ал оның шеміршегі – түрі өзгерген желбезек доғалары. Құйрықты қосмекенділердің көбінде, барлық құйрықсыз қосмекенділердің К-інде ожау және оймақ тәрізді шеміршек болады. Бауырымен жорғалаушылар мен құстардың көмекейінің құрылысы ұқсас. Сүтқоректілердің бұл мүшесінде жоғарыда айтылған шеміршектерден басқа қалқан тәрізді және бөбешік, т.б. ұсақ қосымша шеміршектер болады. Сүтқоректілердің көбінде болатын дыбыс сіңірлері ожау тәрізді және оймақ тәрізді шеміршектер арасында керіліп тұрады. К-дің құрылысы қоректену және тыныс алу ерекшелігіне байланысты. Мысалға, кит тәрізділер мен жаңа туған қалталы сүтқоректілердегі ожау және оймақ тәрізді шеміршектер түтікше ұзарып, көмекей қуысына еніп тұрады. Көмекейдің мұндай құрылысы арқасында қалталылар бір мезгілде сүт еме алып, әрі тыныс ала алады, ал кит тәрізділер қорегін жұтқанда, оның көмекейіне су құйылмайды. Адамның көмейінен дыбыс органына және кеңірдекке ауа өтеді, сондай-ақ, бұларға қатты, не сұйық зат түсіп кетуден қорғайды; қ. дауыс. ## Қызметі Көмекей — тыныс жолын (аңқа) кеңірдекпен жалғастырып, қақпақ ретінде азықтың жұтқыншақтан кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді. Ол екі бағытта (сыртқы ортаға және ішке өкпеге) ауа өткізетін тыныс жолы және дыбыс мүшесі. Көмекейдегі дыбыс сіңірінің бір-біріне тиіп, аралары тарылып және тербелуінен дыбыс пайда болады. Дыбыстың биіктігі ауа тербелісінің жиілігіне және дыбыс сіңірінің керілуіне байланысты. Адамның және өкпесімен тыныс алатын жануарлардың көмекейінде, әдетте, дыбыс сіңірінің тербелуінен дыбыс түзетін – дыбыс шығару аппараты болады. ## Дереккөздер
Ізтелеу Әбуғалиев(16.12. 1930, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – 27.10.2004, Алматы) – ауыл шаруашылығының ғылымдарының докторы (1976), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984), профессор (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының акадеимигі (1994). ## Өмірбаяны * ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және осы университтің аспирантурасын (1956) бітірген. * Қазақстан Ғылым Акедемиясының Ботаника институтында (1957–1959, қазіргі Ботаника және фитоинтродукция институты) кіші ғылыми қызметкер * 1959 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры (1975–1995) * 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының академик-хатшысы болды. ## Ғылыми жұмысы 1975 жылы «Қант қызылшасының тұқымын өсіруге және оның селекциясына, аймақтық егіншілік жүйесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ол Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымына жаңа бағыттарды – қант қызылшасының селекциясын, биотехнологияны, сорттық агротехниканы, өсімдік генофондын, биометрияны, т.б. енгізді; ауыл шаруашылық дақылдарының (қант қызылшасының, жүгерінің, күздік бидайдың) жаңа сорттарын шығарды. Оның суғарылатын, суғарылмайтын, тәлімі, таулы жерлерде егіс жүйелерін жасауға және ауыл шаруашылықтын дақылдарын өсіру технологиясын жақсартуға арналған ғылыми ұсыныстары мен әдістемелері ауыл шаруашылық өндірісіне енгізілді. Әбуғалиев 260-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері. ## Шығармалары * Технология производства и заготовка кормов на пашне, А., 1987; * Безвысадочный способ семеноводства сахарной свеклы, А., 1992; * Поле степного Приуралья, А., 1993. ## Марапаттары * 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені * «Құрмет Белгісі» ордені * медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Айгүл Ізтелеукызы Әбуғалиева (20.08.1959 жылы туған, Алматы қаласы) – биолия ғылымның докторы (1994), профессор (2000). ҚазМУ-дың биолия факультетін (1981, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ Егіншілік ғылыми-зертеу институтының аспирантурасын (1984) бітірген; осы институтта кіші ғылыми қызметкер (1981–1983), ғылыми қызметкер (1985–1987), лаборатория меңгерушісі (1988–1989; 1991–2002), аға ғылым қызметкер (1989–1992),Қазақ ұлттық аграрный университінде профессор (2000–2002), Қазақстан Республикасың Ауыл шаруашылықтын министрилігінің ғылыми-өндірістік ортасының директоры (2002–2004) және 2005 жылдан лаборатория директоры әрі меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Компоненты глиадина и субьединиц глютенина в селекции пшеницы на качество зерна» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әбуғалиев 300-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның, т.б. авторы, 4 патенттің иегері. ## Дереккөздер
Нұрбану Әділбекқызы Әбуева(25.11.1969 жылы туған, Өзбекстан,Бұхара қалада) – саясаттану ғылымның докторы (2008), профессор (2008). ҚазҰПУ-ды бітірген (1998). 2008 жылдан ҚазҰПУ-дың халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы болып қызмет атқарады. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқармасының жаңашалану жағдайындағы саяси элита» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Әбуеваның 100-ден астам ғылыми жұмыстары шетелдік және отандық басылымдарда жарық көрді. ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Мүсілім Әмірханұлы Ермеков (15 желтоқсан 1906 ж., Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы – 21 мамыр 1973 ж., Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1969), профессор (1965), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1956). Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1930). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1930–36), КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Зоология институты мен Эксперименттік биология институтында (қазіргі «Биоген» жабық акционерлік қоғамы), Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1936–61), Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 1-орынбасары (1961–63), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ректоры (1963–72) қызметтерін атқарған; сол институттың профессоры (1972–73) болды. Оның негізгі ғылыми еңбектері қой шаруашылығын дамыту және оны зерттеу, оларды жетілдіру мәселелеріне арналған. Ермеков Қазақстанның қазақы қой тұқымын асыл қой тұқымды қоймен будандастыру, биязы және биязылау, құйрықты-қылшықты, ұяң-қылшықты және қаракөл қой тұқымдарын көбейтіп, олардың өнім сапасын арттыруға, қойдың жаңа тұқымдарын өсіріп, оларды жергілікті жерге тез бейімделуіне ат салысты. Ермеков республикамыздағы шөл-шөлейтті аймақтарда өсірілетін қой тұқымдарын шығарушылардың бірі. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби(туған жылы белгісіз — 951 ж.ш.) — қазақ даласынан шыққан ғұламалардың бірі, әдебиетші, тіл маманы, ұстаз. Әбу Наср әл-Фарабидің замандасы. Қазіргі Түркістан облысының жеріндегі көне Фараби (Отырар) қаласында туған. Жас кезінде сонда оқып, кейін білім іздеп, араб елдеріне аттанған. Біраз уақыт ерте кезден оқу, білім, ғылым орталығы болумен аты шыққан Иемендегі Забид қаласында тұрған. Көп жылдар Шығыс елдерінде өмір кешіп, өзінің ғылыми еңбектерін жазған. Кейінен Отанына оралып, ұстаздық етіп, туған шаһарында дүниеден қайтқан. Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби есімі араб әлеміне ертеден белгілі. Оның құнды зерттеулері, қолжазбалары Веймар, Париж, Лондон, Фес, Каир т.б. ірі қалалардағы кітапханаларда сақтаулы. Ішіндегі ең ірісі, әрі қазірде белгілісі — “Диуан әл-адаб” (“Әдеби жинақ”). Ғалым бұл еңбегінде әдебиет пен тіл мәселелерін жан-жақты зерттеп, жүйелеген. Бұл еңбекті белгілі араб ғалымдары Ахмад Мұхтар Умар мен Ибраһим Анис Каирде 4 том етіп (1-т., 481 б., 1974; 2-т. 501 б., 1975; 3-т. 470 б., 1986; 4-т. 259 б. 1978;) бастырып шығарған. Ғылыми еңбектерін алғаш тауып, зерттеген неміс шығыстанушысы К. Брокельман (1868 — 1959). ## Дереккөздер
Қадыржан Қабиденұлы Әбуев (26.12.1938 жылы туған, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қызыл әскер аулы) – тарих ғылымдарының докторы (2002), профессор (2003), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі (1978), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Петропавл педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірген (1962). Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы және Көкшетау облысы Володар аудандағы орта мектептердің директоры (1962–1964), Көкшетау облысының комитетінде нұсқаушы (1964–1965), Көкшетау мемлекеттік университетінде аға оқытушы (1972–1974), декан (1974–1976), ал 1976 жылдан кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. 8 монография мен 120-дан астам ғылыми мақаланың авторы. ## Дереккөздер
Жарылқасын Әбдуахатұлы Әбілов(21.8.1948 жылы туған, қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Леңгір қаласы) – химикалық ғылымның докторы (1993). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университте аға лаборант, аға инженер(1971– 1974), ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор (1974–1996), кафедра меңгерушісі (1996–2001), декан (2000–2009; 2009 жылдан) қызметтерін атқарады. «Поликомплексы синтетических полиэлектролитов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның жетекшілігімен жантақ пен кермек секілді өсімдік түрінен отандық «Алхидин» және «Лимонидин» препараттары жасалды. Әбілов 350-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монография мен 12 оқу-әдістемелік құралдарының авторы, 44 патенті бар. ## Дереккөздер
Әли Әжімұлы Әбішев (11.9.1962 жылы туған) – экономика ғылымның докторы (2000). ҚазМУ-ды (1986, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Гурьев педагогикалық институтында (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) оқытушы, аға оқытушы (1986–1989) қызметтерін атқарды. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлкеттік университетінің аспиранты (1989), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушы, 1-проректор (1993–2005) қызметтерінде болды. 2005 жылдан Қазақ экономика университетінің ректоры. Әбішевтің 100-ден аса ғылым еңбегі жарық көрді. Әбішев Әли Әжімұлы - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры. 1962ж. 11 қыркүйекте туған. 1986 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді; 1993 ж. Ленинград мемлекеттік университетін, 1993 ж. Кентукки штатының университетін (АҚШ) бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2000), профессор (2002). Ресей Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі. 1979-81 жж. - Петровский атындағы Гурьев машина жасау зауытының шәкірті, 2 разрядты токарі. 1986-89 жж. - Гурьев педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы. 1989-93 жж. - Ленинград мемлекеттік университетінің аспиранты. 1993-2005 жж. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, деканы, 1-ші проректоры. 2005 жылдан - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры. «Отан» РСП мүшесі. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, ҚР білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатын алған. «Технологиялық өндіріс тәсілінің қозғалысы» (1998), «Технологиялық өндіріс тәсілінің әлеуметтік-экономикалық эволюциясы» (2000) атты монографияның; экономикалық ғылым теориясы мен методологиясы проблемалары бойынша 70-тен астам ғылыми мақаланың авторы. Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Іскерлік, айқындық, шапшаңдық». Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Командаға лайықты жұмыс істей білушілік. Көшбасшылық қасиеттер. Кәсіпқойлық». Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қазіргі Қазақстанның қаржы аясы - ел экономикасының ең ілгері дамыған секторы». ## Дереккөздер
Бақыт Хамитұлы Әбішев(1960 жылы туған, Ресей, Приморье өлкесі, Краскино қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1997). ## Өмірбаяны * Алматы мемлекеттік медицина институтын (1983, қазіргі С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. * Алматы облыстық клиникада (1983–1984) дәрігер-хирург. * Республикалық орталық (1984–1987) ауруханасында дәрігер-хирург. * Қазақ ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1987–1991) * Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында жетекші (1991–1996) ғылыми қызметкер. * 1997 жылдан бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектері Әбішев 60-қа жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме)
Ғазиз Әбішев(1916, Қостанай облысы Амангелді ауданы – 1982) – тарих ғылымның докторы (1959), профессор, Қазақ КСР-і Жоғары партия мектебінің еңбек сіңірген қызметкері. 2-дүниежүзде соғысқа қатысқан. Журналистика институтын бітірген (1938, Алматы қаласы). Қазақ мемлекеттік баспасында редактор, Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы институтында аға ғылыми қызметкер, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі (1949–1982) болды. Әбішевтің 100-ден аса ғылыми еңбегі мен 20-ға жуық жинағы, бірнеше монографиясы жарық көрген. Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Сыртқы сілтемелер * [1] ## Дереккөздер
Амангелді Әбілқасымов - (1947 жылы туған, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы) – медицина ғылымның докторы (1993). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1971, қазіргі Қазақ ұлттық медицина унверситеті) және аспирантурасын (1974) бітірген. Целиноград медицина институтында ассистент (1975–1980), доцент, аға ғылымкер қызметкер (1980–1994), 1994 жылдан Ақмола медицина институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) кафедра меңгерушісі. Әбілқасымов 80-ге жуық ғылымкер мақаланың авторы. ## Дереккөздер
Жантөре Нұрланұлы Әбішев (18. 3. 1936 жылы туған, Қарағанды облысы Тельман ауданы) — ғалым, техника ғылымның докторы (1983), профессор (1987), Қазақстан Ғылым Академиясының корресподент-мүшесі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы (1994). Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық техника университетінің) бітірген (1957). 1959 — 1983 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтында кіші ғылымкер қызметкер, аспирант, инженер, ғылым хатшы, директордың ғылымкер жұмыстар жөніндегі орынбасары, директор болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры. Негізгі ғылыми еңбектері түсті және сирек металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Әбішев құрамында пирит бар полиметалл шикізатын термомагниттік жолмен байыту, сульфид концентраттарын автоклавта кремнийден арылту технологиясын жасап, тотыққан минералдарды гидротермдік жолмен сульфидтеу әдістерін ұсынды. 50-дей авторлық куәлік, патенттер алған. ## Шығармашылығы: * Магнитные сульфиды железа (Проблемы комплексной переработки пиритсодержащего сырья), А., 1981 (соавт); * Щелочное обескремнивание сырья, А.-А., 1984 (соавт); * Использование электроимпульсной дезинтеграции в технологии получения дисульфида молибдена из казахстанского сырья, Қарағанды, 1995. ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минитрлігі(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
(15.11.1932 жылы туған, Атырау облысы қазіргі Исатай ауданы) – философия ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976). ҚазМУ-ды (1955, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1955–1960 жылы Атырау педагогикалық институтының (қазіргі Атырау мемлкеттік университеті) оқытушысы, 1963–1978 жылы Астрахан, Атырау педагогикалық институттарының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, 1978–1983 жылы ҚазМУ-дың жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, 1983–1985 жылы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің деканы, 1985 жылдан осы университеттің проректоры. Негізгі ғылыми-зертеу саласы – қоғамның әлеум. құрылымы. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Нариман Әжіғалиев(1933 жылы туған, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы №19-ауылы) – медицина ғылымның докторы (1973), профессор (1993). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1955, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1964) бітірген. 1955–1960 жылы Атырау облысы Есбол аудынында бас дәрігер, 1960–1962 жылы Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрилігі республикалық санитарлық ағарту үйінің бас дәрігері, 1964–1965 жылы кіші ғылыми қызметкер, 1965–1991 жылы жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі, 1969–1974 жылы Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрилігінің бас радиологы қызметтерін атқарды. 1991 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрилігінің Онкология және радиология ғылыми-зертеу институтында бөлім меңгерушісі болды. 230-дан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 3 монографияның авторы. ## Шығармалары: * «Применение бетатрона в онкологии», 1977; * «Лучевое и химиолучевое лечение рака пищевода», 1988; * «Опухоли кожи», 1991 ## Сыртқы сілтемелер * [1] ## Дереккөздер
Есет Роватұлы Әзербаев (14. 1.1942 жылы туған, Башқұртстан, Федоров ауданы Раевка селосы) – экономика ғылымдарының докторы (2000), Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1987), КСРО Газ өнеркәсібі министрлігінің үздігі (1987). ## Қызмет жолы * 1964 жылы - Уфа мұнай институтын бітірген . * 1965–1968 жж. - «Бұқара–Орал» газ құбыры тас жолындағы Домбар компрессор станциясында жұмыс істеген. * 1968–1974 жж. - «Орта Азия-Орталық» магистральды газ құбыры Мақат ауданы басқармасында жауапты қызметтер атқарды. * 1974–1981 жж. - салынып жатқан «Орынбор–Батыс шекара» газ құбыры Орал дирекциясының «Закаспийсктрансгаз» өндірістік бірлестігінде бас директор. * 1981–1987 жж. - «Саратовтрансгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры. * 1987–1989 жж. - арнайы іссапармен Ливияда жұмыс істеді. * 1989–1997 жж. - Югтрансгаз» (Саратов) бірлестігі бас директорының орынбасары, Орал облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Батыстрансгаз» АҚ-ның президенті болды. * 1997 жылдан «Батысгаз» АҚ-ның президенті. ## Шығармалары * Перспективы и пути развития газовой промышленности в Казахстане, Уральск, 1998; * Стратегия и социально-экономическая эффективность развития газовой промышленности Казахстана, Уральск, 1999. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Ту (1974) * Халықтар достығы (1986) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Жанұясы Үйленген. Жұбайы - Әзербаева Валентина Михайловна,Ұлы - Рұстам (1967 ж. т.); қыздары - Әсия (1971 ж. т.),Лейла (1984 ж. т.). 4 немересі бар. ## Дереккөздер
Серік Ескендірұлы Әжіғали (17.12.1952 жылы туған, Алматы қаласы) – тарих ғылымның докторы (1997). ҚазМУ|ҚазМУ-ды]] (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1975–1981 жылы «Қазжобақалпынакелтіру» ғылымкер бірлестігінде сектор меңгерушісі, 1982–1985 жылы Республикасының кітап музейінде және 1985 жылдан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының Тарих, археологикалық және этнологикалық институтының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Әжіғали – Арал-Каспий өңірінің тарихы мен мәдениетін зерттеуші маман. «Арал-Каспий көшпенділерінің кесене сәулет өнерінің дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ## Шығармалары: * Генезис традиционной погребательно-культовой архитектуры Западного Казахстана, А., 1994; * Ескерткіш – ел тарихы, Ақтөбе, 1992; * У берегов Прикаспийской истории, А.,2000. ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Тоқтар Әбілжанов (1945 жылы туған, Қостанай облысы Амангелді ауданы Ағаштыкөл ауылы) – техника ғылылымдарының докторы (1996). Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық аграрный университеті) бітірген. Қазақ ауыл шаруашылық институтында оқытушы (1969–1971), Қазақ Ауыл шаруашылықтын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зертеу институтында кіші ғылым қызметкер (1971–73),аспирант (1973–1976),инженер, аға инженер, аға ғылым қызметкер (1976–1980),Арқалық педагогикалық институтында аға оқытушы (1980–1982), аға, жетекші ғылым қызметкер (1982–1991), 1993 жылдан Қазақ ауыл шаруашылықтын механикаландыру және электрлендіру ғылым-зертеу институтында лаборатория меңгерушісі болып жұмыс істейді. Әбілжановтың 65-ке жуық ғылым мақаласы жарық көрген. ## Дереккөздер
Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева (1.1.1945 жылы туған, бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1999). ## Өмірбаяны * Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1968). * 1968–1973 жылы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант, 1973–1986 жылы кіші ғылыми қызметкер, 1986–1993 жылы ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1993 жылдан аға ғылыми қызметкер. * 1998 жылы «Қазақтың дастандық эпосы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ## Шығармалары * Казахские народные романтические дастаны, А., 1990; * Казахский дастанный эпос, А., 1998. * Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. 1 - 4 т. (ертегілер). А., 1988 - 89 (құрастырушылардың бірі), 13 - 14 т. (дастандар) а., 1990 (құрастырып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған); ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Әзібаева Бақытжан Уәлиқызы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Мәтінтану және деректану» бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Айман – Шолпан: ескі эпосқа жаңа көзқарас
Әзімбек Қыздарбекұлы Әкімбеков(10.10.1954 жылы туған, Қарағанды қаласы) – тау-кен инженер, техника ғылымның докторы (1997). Қарағанды политехнологикалық институтын (1977) және аспирантурасын (1984) бітірген. 1977–1979 жылы «Қарағандыгипрошахта» институтында инженер-жобалаушы, 1979–1981 жылы стажер-зерттеуші, аға ғылымкер қызметкер, 1985 жылдан Қарағанды политехнологикалық институтында аға оқытушы, аға ғылым қызметкер, қазіргі Қарағанды мемлекеттік технологикалық университетінде аға ғылымкер қызметкер, доцент, кафедра меңгерушісі, халықаралық байланыс пен ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарады. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. ## Шығармалары: * Моделирование движения воздуха в вентиляционной выработке при прямоточной схеме проветривания выемочного участrа (1990); * Статистико-детерминированная модель заполнения пустот в твердом массиве жидкостью при пропитке (1993); * Статистико-детерминированное моделирование фильтрации жидкостей и газов через проницаемые горные породы (1993). ## Дереккөздер
Гүлсім Мағзұмқызы Әзімжанова (20.6.1948 жыл,, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Кеңтармақ ауылы) – филология ғылымдарының докторы (2007). Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс тілі факультетін (1972, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген соң осында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1972–2000), ал 2000 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясында доцент, профессор қызметтерін атқарады. «Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әзімжанова стилистика мен лингвистика салалары бойынша 60-қа жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде монография мен әдістемелік-оқу құралдарының авторы. ## Шығармалары: * «Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті», 2006; * «Повтор глагольных форм как стилистическая категория в художественной прозе казахского языка», 1994; * «Қазақша сөйлесе білейік», 1998; * «Етістік – көріктеу құралы», 1999 ## Сыртқы сілтемелер * [1] Мұрағатталған 18 қаңтардың 2022 жылы. ## Дереккөздер
Ерден Нығметұлы Әзірбаев (12.7.1912, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Сайқын станция – 14. 1.1975, Алматы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1961), профессор (1962), Қазақстан Ғылым Академиясының корресподент мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1969). * Саратов университетін (1933), Ленинград университетінің аспирантурасын (1937–1940) бітірген. * 1933–1934 жылы Саратов крекинг зауытында, 1934–1935 жылы Орал педагогикалық институтында жұмыс істеп, осында химикалық кафедрасын ұйымдастырды. * 1935 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1940–1954) * 1954–1958 және 1964–1975 жылы Химия ғылымдары институтында лаборатория, бөлім меңгерушісі болды. * 1958–1964 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтының директоры қызметін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері көмір, мұнай, ацетилен, органикалық қосылыстар, изиол. активті заттар химиясына, нәзік органикалық қосылыстар синтезіне арналған. Әзірбаев органика синтез саласында ацетиленнің жаңа туындыларын және оның изомерлерін зерттеді. Алғаш Қарағанды көмірінен кокс алу мүмкіндігін анықтады. Медицинада ісікке карсы қолданылатын «Глиофен», ауыл шаруашылықтында өсімдік өсуін тездететін «Акпинол», «Фоспинол» препараттарын тапты. 81 авторлық куәлік алған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» (1945) ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шамшат Аужанұлы Әлiбеков(12.2.1928 жылы туған, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы кентi) – педагог, филология ғылымның докторы (1993), профессор Қызылорда педагогикалық институтының (1949, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетi) филология факультетiн бiтiрген. 1949–1956 жылы Жалағаш ауданы Мақпалкөл орта мектебiнде мұғалiм, мектеп директоры болған. Шымкент педагогикалық институтында, кейiн ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) философия кафедрасында қызметтер атқарған. Ғылыми еңбектерi поэма жанрын, Абай шығармашылығын, қазақ фольклорының эстетикалық мәселелерiн зерттеуге арналған. Әлібеков «Қазақ фольклорының эстетикасы» кiтабының, 100-ден аса әдеби, ғылыми-зертеу мақалаларының авторы. ## Дереккөздер
Әбілда Әмірханұлы Әлімбаев(1935 жылы туған, Қарағанды облысы) – экономика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1988). Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Қарағанды политехнологикалық институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік технологикалық университеті) бітірген. Қарағанды шахталарында инженер, «Қарағандыкөмір» ғылыми-зертеу институтында сектор меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, 1981 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Экономика институты Қарағанды бөлімшесінің (1986) меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми еңбектері негізінен ғылым-техника прогрестің әлеуметтік-экономика тиімділігін арттыруға арналған. Әлімбаев 72 ғылыми еңбектің, 8 монографияның авторы. ## Сыртқы сілтемелер * Әбілда Әмірханұлы(қолжетпейтін сілтеме) * Научная библиотека Карагандинского государственного университета им.Е.А.Букетова(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Әбілманат Әмірханұлы Әлімбаев(1942, Қарағанды облысы – 2005) – философия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік мәдениет институтын бітірген (1971). Қарағанды мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі, 1992–2002 жылы Қарағанды педагогикалық институты мен Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы, 2003 жылы Қарағанды экономика университетінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері жастардың сана-сезімі, ұлт пен діннің консолидациясы, қазақтардың діншілдік ерекшеліктері, аймақтық әлеуметтік құрылымның өзгеру мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер
Айбар Мұратбекұлы Әлімжанов (1968 жылы туған, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1999), профессор (1999). ҚазМУ (1992, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1992–1999 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Мехника және машинатану институтында кіші, аға ғылым қызметкер. 1999 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясында кафедра меңгерушісі. Әлімжанов 30-дан аса ғылым еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Әрике Хамызқызы Әленова (1951 жылы туған, Ақмола облысы Көкшетау қаласы) – медицина ғылымның докторы (1996).Алматы мемлекеттік медицина институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1975–1976 жылы Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының және 1976–1977 жылы №3 қалалық балалар ауруханасының дәрігері, 1977–1978 жылы Қазақ туберкулез ғылыми-зертеу институтында дәрігер-ординатор, иммунология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1997 жылдан бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. 100-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. ӘЛЕТОВ Мұса (1919 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылы) – ауыл шаруашықтын ғылыми докторы (1974). 1938 жылы Орал малдәрігерлік техникумын, 1943 жылы Алматы зоотехнологикалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрный университеті) бітірген. 1947–1961 жылы осы оқу орнында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, деканы, 1961–1963 жылы Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылықтын министрилігінде басқарма бастығы әрі коллегия мүшесі болды. Әленовтің басшылығымен институттың ғылыми қызметкерлері құйрықты, жартылай биязы жүнді дегерес асыл тұқымды қойын өсіріп шығарды. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Торғай Әмірханұлы Әлімбаев(1945 жылы туған, Қарағанды облысы) – тарих ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000), Халықаралық экология академиясының академигі (1999). Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Қарағанды педагогикалық институтын бітірген (1968). 1977–2002 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 2002–2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік қызметкерлер академиясында, Басқарушы мамандарды даярлау институтының директоры қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. Әлімбаев 70 ғылыми еңбегі мен 4 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Мұратбек Тұрлыбекұлы Әлімжанов(6.4.1938 жылы туған, Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді аулы) – техника ғылымдарының докторы (1972), профессор (1983). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1961–1973 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтының аға лаборанты, инженер, аға ғылыми қызметкері. 1999 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясында кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми жұмыстары кен жыныстарының механикасы мен кеңістіктегі денелердің орнықтылық теориясын зерттеуге арналған. Әлімжановтың 200 ғылыми еңбегі мен 3 монографиясы жарық көрген. ## Дереккөздер
Жұлдызбек Әлімханов(1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы) – медицина ғылымның докторы (1970), профессор (1970). Семей мединалық институтын бітірген (1965). 1965–1970 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) медицина институтының аспиранты, Қазақ ұлттық медицина университетін жанындағы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды. Әлімханов 70 ғылым-зертеу мақала мен 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Бекен Өкенұлы Әлімжанов (24 наурыз, 1947 жылы туған, Ресей, Омбы облысы Марьянов ауданы Қарабас ауылы) – ауыл шарушалық ғылымдарының докторы (1993), профессор (1992). * Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген (1972). * 1973–1987 жылы Мәскеу мемлекеттік академиясының аспиранты, ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі * Ақмола ауыл шаруашылық институтының проректоры, 1990–1997 жылы ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, кейін Ақмола аграрлық университетінің (қазіргі Астана агротехноголия университеті) ректоры қызметін атқарды. * Әлімжанов 80-ге жуық ғылым-зертеу мақала мен монографияның авторы. ## Шығармалары: * Продуктивность и естественная резистентность молочного скота Северного Казахстана, Акм., 1992. ## Дереккөздер
Людмила Васильевна Әлімжанова(1945 жылы туған, Ресей, Орел облысы Паньково село) – ауыл шаруашылық ғылымның докторы (1996), профессор (1997). Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген (1972). 1972–1976 жылы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында ізденуші, аспирант, Ақмола аграрный университетінде (қазіргі Астана агротехнологикалық университеті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Әлімжанов 70 ғылыми еңбектің, 1 монографияның, 2 оқулықтың авторы. ## Дереккөздер
Мұханбетжан Таңатарұлы Әуезов(1949–2006) – техника ғылымның докторы (2001), профессор (2003). Қазақ политехнологикалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1972–2000 жылы «Уралруда» бірлестігінде кен шебері, техникалық жетекшісі, бас инженер, карьер, шахта бастығы, Жезқазған педагогикалық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, Қарағанды политехнологикалық институтында аға оқытушы, доцент, сырттай оқыту факультетінің деканы болды. 2000 жылдан Жезқазған университетінің жанындағы Тау-кен инженер институтының директоры. 50-ге жуық ғылым жарияланымның авторы. Жезқазған қаласының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Жанар Жақияқызы Әубәкірова(Яқияқызы; 29.9.1958 жылы туған, Алматы қаласы) – экономика ғылымның докторы (2003). ҚазМУ-дың философия-экономикалық факультетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1987) бітірген. ҚазМУ-да стажер-ізденуші (1982–1984), Алматы энергетикалық институтында оқытушы, аға оқытушы (1988–1995), Қазақ экономикалық университетінде (1995–2005, бұрынғы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) доцент, профессор міндетін атқарушы, ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (2005) болды. «Посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграция: теориясы, методологиясы мен практикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әубәкіров 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан. ## Дереккөздер
Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова (30 шілде 1929 жыл, Ташкент — 24 мамыр 1993 жыл, Алматы) — қазақстандық ғалым, тарих ғылым докторы (1975), белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың қызы. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1952). Осы университеттің аспиранты (1952 — 1956), Қазақстан Ғылым Академиясының тарих, археологиялық және этнография институтынының ғылым қызметкері (1956 — 1962), 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Әуезов үйінің директоры болды. Мұхтар Әуезов шығармаларына арқау болған оқиғалардың тарихи негіздерін зерттеуге арналған ғылым еңбектері үшін оған Қазақстан Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілген (1979). ## Шығармалары * М.О. Әуезов творчествосындағы (шығармашылығындағы) Қазақстан тарихы проблемалары, А., (1977); * Мухтар Ауэзов и современная литература, А., (Мұхтар Әуезов пен заманауи әдебиет; 1989, құрастырушы). ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме) * [2] Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2011 жылы. ## Дереккөздер
Сөтекбай Шаңбайұлы Әуелбаев (1952 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылы) – экономика ғылымның докторы (2000), Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Жамбыл технологиялық институтын (1976), Мәскеу қаржы институты аспирантурасын (1987) бітірген. Жамбыл ауыл шаруашылықтың бірлестігінде есептеуші, ауданы оқу бөлімінде бухгалтер, облысы тұрғын үйлер мен коммуналды шаруашылықтар жүйесінде ревизор-инспектор, бас бухгалтер болған. 1981–1997 жылы Жамбыл технологикалық институтында ассистент, кафедра меңгерушісі, Тараз мемлекеттік университетінде проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1997 жылдан осы университте кафедра меңгерушісі. Көптеген ғылыми еңбектердің авторы. ## Дереккөздер
Толқын Құдайбергенқызы Әуелғазина (20.9.1971 жылы туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы) – тарих ғылымның докторы (2007), профессор (2008). ҚазПИ-дің тарих факультетін (1994, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1997) бітірген соң осы университте оқытушы (1998–1999), аға оқытушы (1999–2000), доцент (2002–2003), профессор (2008) қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғылым-зертеу жұмыстарының бағыты – қазақстандықтардың саяси әлеуметтенуі мен қоғамды демократияландыру және 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының саяси-қоғамдық қызметінің өзекті мәселелері. «Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әуелғазина 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның («Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтену ерекшеліктері») авторы. ## Сыртқы сілтемелер * [1] * [2] Мұрағатталған 18 наурыздың 2011 жылы. ## Дереккөздер
Әбдіразақ Пернебайұлы Әуешов (24.5.1956 жылы туған, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы) – техника ғылымның докторы (2004), профессор (2006). Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. ҚазМУ-ды (1978, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ химия-технологикалық институтының аспирантурасын (1984) бітірген. 1978 жылы Қазақ химика-технологикалық институтының физика химия кафедрасында лаборант, 1979–1980 жылы Химия-фармацевтика з-тында аға аппаратшы, 1987–1997 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1997 жылы осы университеттің докторантурасында оқып, кейін лаборатория меңгерушісі болды. Қызылорда облысы әкімдігінің біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институты директорының орынбасары, «Таза технологиялар жасау» ЖШС-нің директоры қызметтерін (2001–2003) атқарды. «Поли(цикло)фосфаттар мен әр түрлі тотықсыздандырғыш реагенттердің жоғары температурада өзара әрекеттесуі және фосфидтер мен фосфорлы құймаларды алу технологиясын жасау» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында жалпы бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. ## Дереккөздер
Көмеш , көмбе – ұлттық тағам. К. деп отқа, қоламтаға көміп пісірілген етті, бауыр мен көкбауырды, бүйректі, айналдырған тоқішек қималарын, нан, картоп тағамдарын айтады. Бірақ жол азықтары ішінде К-ке, көбінесе, көміп пісірген мол ет жатады. К-тің жоғарыда айтылғандай – қой К., сылама К., қарын К., тандыр К., жаужұмыр деп аталатын түрлері бар. Бұл К-терді даярлағанда, әдетте, марқаның, бағланның, ту қой мен серкенің етін түгелімен қыздырған ұраға және шоққа көміп пісіреді. Ұраға көміп пісірудің де бірнеше әдісі бар. Мыс., малдың терісін бітеу сыдырып алып, етін онша ұсақтамай жіліктеп, тұздайды, ішек-қарнын, бауырын бөлшектемей тазартып, пияз, бұрыш сеуіп, бітеу сыдырылған теріге салып түйрейді. Басты кейде терісінен ажыратып, кейде бөлек үйітіп, жағын айырып салады. Етке ешқандай су құйылмайды. Ет көмілетін жер ошақ мал сойылмастан бұрын қазылып, ішіне от жағылып қыздырылады. Жер ошақ әбден қызып болды-ау дегенде қоламтаның ортасын шұқырлап, теріге салған етті көмеді. Оның үстін 15 – 20 см қалыңдықта топырақпен жауып, үстіне тағы да от жағады. Көмгеннен кейін қоламтаны, сыртында жанып жатқан отты көсеуге болмайды. 2,5 – 3 сағат мөлшерінде К. пісіп болады. Бұл әдіспен пісірілген малдың, аңның еті әдеттегі сорпаға піскен еттен дәмді және өзіне тән хош иісі болады. Еттің өз қан-сөлінің өзіне тұздық болуы, иісі, буы, дәмі – бәрі өзінде сақталуы оған айрықша дәм береді. Мұны қой К. деп атайды. Қой К-інің бір түрін сылама К. дейді. Қарын К. жіліктеп бұзылған ет, дәмдендіргіш заттар салынып, қарынға тығылады да, қой К. тәрізді етіп пісіріледі, тек көмген уақытта қарынның түкті жағы сыртына қаратып түйреліп, аузы жоғары қаратып көмілуі керек. Тандыр К. ертеде жорықшылардың, бірнеше күндік сапарға шығатын жолаушылардың аялдамаларында жасалған. Ондай жағдайда тастан, кесек батпақтан, кірпіштен қалап, іші-сыртын сылап кәдімгі тандыр жасалады. Мұндай тандырға бір ғана ет К. емес, сүт пісіруге, нан, бәтір, күлше пісіруге, кейде тіпті көже, ботқалар пісіруге де болады. Ал, ет К. жасағанда беті жабық қыш, шойын ыдыстарға салып, немесе қой К., қарын К. пісіретін әдістер қолданылады. Әдеб.: Қасиманов С., Қазақтың ұлттық тағамдары, А., 1977.
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер және сапрогумолиттер. Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады. Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір және антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады. Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір – бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан. ## Көмір алаптарының тектоникалық жіктемесі Көмір алаптарының қазіргі құрылымы ескеріп жасалған жіктеме. 1954 жылғы нұсқада алаптар тобы бөлінген: 1) көлбеу немесе өте жайпақ жатқан түзілімдер;2) қарапайым қатпарлы құрылымды түзілімдер;3) күрделі қатпарлы құрылымды түзілімдер, сонымен қатар бірқатар қосымша көмір алаптарының тектоникалық жіктемесі бар. ## Дереккөздер
Мұқан Тұңғышбайұлы Кенжебаев (11.5.1927 жылы туған, Қызылорда қаласы) * 1983 - тарих ғылымының докторы, * 1987 - профессор. * 1948 - Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. * 1948-1974 - Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, * 1974-1985 - Тарих ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, * 1985 - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының Алматы бөлімшесінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан ауыл шаруашылығындағы партия басшылығы мәселелеріне арналған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Көмірлену — шымтезектің көмірге айналу процесі; жалпы алғанда диагенез (шымтезектің қоңыр көмірге айналуы) және метаморфизм (коңыр көмірдің тас көмірге, ал оның антрацитке айналуы) процестерінің жиынтығымен сипатталады. Көмірлену процесі өзінің сапасы жағынан түрліше сипатталатын көмір түрлерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін бағдарлы сатылар тізбегін қүрайды (коңыр көмірлі — ұзын жалынды — газды — қонды — кокеты — жұтанданған біріккіш — жұтаң — жартылай антрацитті және антрацитті көмірлер сатысы). Көмірлену барысында көмірге қатысты органикалық заттар бірте-бірте тығыздалады және төмен молекулалы заттардан арылып көмір массасы азаяды. Көмірлену процесімен ұштаса өтетін химиялык өзгерістерде көміртек мөлшері молайып, оттек пен ұшпа заттар мөлшері азаяды; жұтаң көмірлерге шейін бірте-бірте ұлғайған жылу бөлу қабілеті осы деңгейден кейін қайтадан төмендей бастайды. ## Дереккөздер
Мұхтар Омарханұлы Әуезов (28 қыркүйек 1897, Шыңғыстау, Семей облысы, Ресей империясы – 27 маусым 1961, Мәскеу, КСРО) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі (1946), филология ғылымдарының докторы мен профессоры (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). ## Өмірбаяны Мұхтар Әуезов 1897 жылғы 28 қыркүйекте, Семей өңірінде, қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде дүниеге келген. Шыққан руы — Қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортаазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай ауылымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 4 жасынан бастап әжесі Мұхтарға Абай өлеңдерін жаттатады. 1903 жылы алты жасар Мұхтар Абай ауылына барып, ақынмен кездеседі. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы училищені аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылғы маусымда Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси революция Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылғы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылғы 5–13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылғы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылғы қарашада Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3–4 сандарында жарияланды. 1922 жылғы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі, әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылғы маусымда Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924–1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылғы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылғы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды, әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді. Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылғы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылғы сәуірде үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылғы қыркүйектен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді. 1951–1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылғы сәуірде Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады. 1955 жылы шет елге сапар шегіп, Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955–1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады. Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі — ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылғы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай 1997 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде аталды. ## Отбасы * Әйелдері — Райхан, Кәмила, Валентина Николаевна Кузьмина, Фатима Ғабитова * Қыздары — Мұғамиля, Ләйла * Балалары — Шоқан, Ернар, Мұрат Әуезов. ### Шығармашылығы ### «Абай жолы» роман-эпопеясы «Абай жолы» (тетралогия) — Мұхтар Әуезовтың Абай Құнанбайұлына арналған роман-эпопеясы. «Абай жолы» — қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері бар. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. Драмалық шығармалары Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары — Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері — Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік-Кебек» алып келді. Шығарма өзегі — эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстүрлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» атты туындысы 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйледі. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы — көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі — «Түнгі сарын». Бұл — қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» — қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған. 1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене» трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері суреттеліп, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 1930 жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ. Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж. Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін қайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 1930 жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе, драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 1930 жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді. Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған — Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаев ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол — «Дос — Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету — Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов — қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді. ## Шығармалары ### Проза * Абай жолы (Роман–эпопея) * Өскен өркен (Аяқталмаған роман) * Қараш-қараш оқиғасы (Повесть) * Қилы заман (Повесть) * Барымта (Әңгіме) * Бүркітші (Әңгіме) * Ескілік көлеңкесінде (Әңгіме) * Жетім (Әңгіме) * Жуандық (Әңгіме) * Қаралы сұлу (Әңгіме) * Қорғансыздың күні (Әңгіме) * Қыр әңгімелері (Әңгіме) * Қысқы түн (Әңгіме) * Көксерек (Әңгіме) * Кім кінәлі (Әңгіме) * Кінәмшіл бойжеткен (Әңгіме) * Оқыған азамат (Әңгіме) * Сөніп жану (Әңгіме) * Түнгі ауыл (Әңгіме) * Үйлену (Әңгіме) * Асыл нәсілдер (Әңгіме) * Татьянаның қырдағы әні (Әңгіме) * Хасеннің құбылыстары (Әңгіме) Кино * Райхан (фильм) – 1940 * Абай әндері (фильм) – 1945 * Шыңдағы шынар (фильм) – 1966 * Қараш-Қараш (фильм) – 1969 * Көксерек (фильм) – 1973 * Қаралы сұлу (фильм) – 1982 * Абай (фильм) – 1995 * Трагедия триумфатора (фильм) – 2009 Театр * Абай (Трагедия) * Айман (Либретто) * Айман-Шолпан (Трагедия) * Ақан-Зайра (Пьеса) * Бәйбіше, тоқал (Драма) * Еңлік Кебек (Трагедия) * Дос-Бедел Дос (Пьеса) * Қара қыпшақ Қобланды (Пьеса) * Қарагөз (Трагедия) * Намыс гвардиясы (Пьеса) * Октябрь үшін (Пьеса) * Тартыс (Пьеса) * Түнгі сарын (Пьеса) * Тас түлек (Пьеса) Аудармалары * Асауға тұсау (У. Шекспирден) * Отелло (У. Шекспирден) * Дворян ұясы (И. Тургеневтен) * Ревизор (Н. Гогольден) * Любовь Яровая (К. Треневтен) * Будда (Л. Толстойдан) * Той тарқар (Л. Толстойдан) * Ақ қасқа (Д. Лондоннан) ## Шығармалар жинағы * Алты томдық таңдамалы шығармалары. Алматы, 1955–1957. * Он екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, Жазушы баспасы, 1967–1969. * Собрание сочинений в 5 томах. Москва, Художественная литература, 1973–1975. * Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, Жазушы, 1979–1985. * Елу томдық толық шығармалар жинағы. Алматы, Ғылым, Жібек жолы баспалары, 1997–2011. ## Мұхтар Әуезов атында ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Мұхтар Әуезов «Әдебиет порталы» сайтында * Жазушы туралы қызықты деректер * Мир Мухтара Ауэзова
Көміртек айналымы – табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5–40%, құрғақтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4–46,5%, бактерияларда 54% болады. Организмдердің өмір сүру процесі кезінде, негізінен, тыныс алу арқылы органикалық қосылыстар ыдырап, сыртқы ортаға көмірқышқыл газы бөлінеді. Сондай-ақ, көміртек зат алмасудың күрделі соңғы өнімдері құрамынан да бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де, микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмірқышқыл газына айналады. Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т.б. айналады, қорегі арқылы тірі организмдерге ауысады. Демек, табиғаттағы көміртек айналымы, оның жер қыртысындағы жинақталуы мен таралуы, едәуір дәрежеде атмосферадағы көмірқышқыл газының фотосинтез кезінде ассимиляцияға ұшырайтын өсімдік организмдерінің өмір сүруімен тығыз байланыста өтеді. Шіру, жану және дем алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады, қалғаны органикалық немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмір, мұнай, әктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді. ## Дереккөздер * Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Төлеу Кенжебаев (1941 жылы туған, қазіргі Жамбыл облысы Байзақ ауданы Аймантөбе ауылы). ## Мансабы * 1992 жылы педагогикалық ғылымының докторы * 1994 жыл жылы профессор. * 1963 жыл жылы Шымкент педагогикалық институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) және ҚазПИ жылы дің (қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген. * 1966 жыл -1968 жыл жылдары Қазақ су шаруашылығы ғылыми жылы зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, * 1968 жыл - 1978 жыл жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, * 1978 жыл - 1998 жыл жылдары декан, профессор қызметтерін атқарды. * 1998 жыл - жылдан Тараз университетінде кафедра меңгерушісі. Кенжебаев қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған 130-ға жуық ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Көміртегі (лат. carboneum; С) — С әрпімен белгіленген және 6 атомдық нөмірі бар химиялық элемент. Көміртек адамзатқа көмір, күйе түрінде ерте заманнан белгілі. 1780 жылы А.Лавуазье көміртектің табиғатын зерттеді. Оған латынша «карбонеум» көмір деген атау 1827 жылы берілді. Бұл жер қыртысының 0,84%-ын және атмосфераның 0,031%-ын құрайды.Көміртегінің жалғыз элемент күйі де,басқа затпен қосылған күйі де пайдалы болып табылады. Гауһар, графит және көмір көміртегінің элементті түрлеріне жатады. Көміртегі литосферада минерал карбонаттары ретінде де кездеседі. ## Периодтық жүйедегі орны Көміртек II период, IV топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 6. Оның ядросында 6 протон мен 6 нейтроны бар, электрондары да алтау. Олар екі қабатқа былай бөлініп орналасады: 1s22s22р2 (көміртектің электрондық формуласы)Органикалық химия көміртектің қосылыстарын зерттейтін болғандықтан, бұл элементті толығырақ қарастырайық. Көміртек химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-элементі. Aтом ядросында 6 протоны, 6 нейтроны және энергетикалық деңгейлерінде 6 электроны бар. Олар екі энергетикалық деңгейге бөлініп орналасқан: 2е, Көміртек химиялық элементтердің периодтық жүйесінің екінші периодында орналасқан. Егер периодтағы көрші тұрған элементтерді салыстырсақ, олардың бәрінің бірінші деңгейлері бірдей, екі электроны бар (1s2), ал сыртқы деңгейлеріндегі электрон сандары ядро зарядының артуына байланысты әр түрлі. ## Гибридтенуі Гибридтенуге көміртек атомының төрт орбиталі (бір s және үш р) қатысады. Көміртек атомы үш түрлі болып: sp3,sp2,sp гибридтенеді. sp3 гибридтену. Химиялық байланыс түзілгенде, көміртек атомының барлық электрон бұлттары (бір s пен үш р) араласып, бірігіп пішіндері бірдей, симметриялы емес көлемдік сегіз тәрізді төрт sp3 - орбитальдар түзеді. sp3 гибридтенген орбитальдардың электрон бұлттары осьтерінің арасындағы бұрыш 109° 28' болып, бір- бірінен мүмкіндігінше алшақтап, кеңістікте тетраэдрдің төбесіне бағытталып орналасады. sp2 - гибридтену. Бұл жағдайда гибридтенуге бір s- және екі р- орбитальдар (барлығы үш орбиталь) қатысады. Көміртек атомының бір р-орбиталі гибридтенуге қатыспайды. Гибридтену нәтижесінде үш sp2-гибридтенген орбитальдар түзіледі. Бұл орбитальдардың басқа көрші атомдармен жазықтықта түзетін үш байланысының арасындағы бұрыш 120° шамасында болады. sp - гибридтену. Егер гибридтенуге бір s-және бір р- орбиталь қатысса, онда екі sp-гибридтенген орбитальдар түзіледі де, екір-орбитальдар гибридтенбей, таза күйінде калады. sp-гибридтенген бұлттар түзетін химиялық байланыстар түзу сызық бойымен бағытталып, арасындағы бұрыш 180° болады. Көміртек атомының қасиеттері, гибридтенген орбитальдардың бағытталуы, яғни молекуланың кеңістік пішіні гибридтену типіне байланысты. Әр түрлі гибридтенген күйде (sp3, sp2, sp) болу қабілеті көміртек атомының дара, қос, үш байланыс түзуіне мүмкіндік береді. ## Табиғатта таралуы Көміртек бос күйінде алмаз, графит, карбин деп аталатын аллотропиялық күйлерінде кездеседі. Табиғи қосылыстары карбонаттар (СаСО3 • MgCО3 - доломит, СаСО3 - мәрмәр, MgCО3 - магнезит). Байланысқан күйде көмірде, мұнайда, табиғи газдарда кездеседі. Бос күйінде көміртек улы емес, ал оның қосылыстары CO - иіс газы, ССl4 - төрт хлорлы көміртек, CS3 — күкіртті көміртек улы заттар. Аллотропиялық түрезгерістері кристалдық торларының әр түрлілігімен сипатталады. ## Аллотропия Аллотропия дегеніміз– химиялық қасиеттері бірдей, алайда физикалық қасиеттері әр түрлі, түрі де әрқилы элементтің қасиеті. Көміртегінде аллотропия қасиеті бар. Көміртегінің әр түрлі түрлері көміртегі аллотроптары деп аталады.Олар не кристалдар, не аморфтар болуы мүмкін. Гауһар мен графит кристалл аллотроптарға жатса, көмір, кокс, ағаш көмір, қара күйе, көміртегі газы және мұнай коксы аморфты аллотроптарға жатады. ## Көміртегі қосылыстар Көміртегі қосылыстар–көміртегіден жасалған химиялық қосылыстар. Кейбір көміртегі қосылыстары тірі ағзалар әсерімен табиғи түрде пайда болса, кейбіреулері жасанды түрде жасалады.Көптеген көміртегі қосылыстарында көміртегі атомдары бір–біріне сақиналар немесе шынжырлар арқылы байланысады. ## Көміртегі қосылыстарының пайдалануы Көміртегі қосылыстары күнделікті өмірде әр түрлі кәделерге жарайды. Крахмал, қант, мацлар, витаминдер және протеиндер секілді түрлі тамақ өнідері көміртегі қосылыстарынан тұрады. Қағаз, сабын, косметика, май, сырлар және мақта мата, жүн мата, жібек ,зығыр, вискоза және нейлон секілді тоқыма өндіріс заттарының құрамында да көміртегі қосылыстары кездеседі. Көміртегі қосылыстары ағаш, көмір, алкоголь және жанармай секілді жағармайлардың да құрамында болады.Көміртегі қосылыстарын пайдаланатын басқа заттарға дәрілер мен заласыздандыру құралдары, бояулар, әтір сулар, улы заттар, жарылғыш заттар мен газдар жатады. ## Физикалық қасиеттері Алмаз ең қатты зат, графит май тәрізді жылтыр сұр түсті жұмсақ зат. Графит 2000°С-да, төменгі қысымда карбинге айналады. Жаңадан алынған фуллерен деген түрі де бар, ол футбол добы сияқты құрылысты болады. Көміртектің бұл түр өзгерістеріне аморфты көміртекті қосуға болады. Оны ағаш көмірін, тас көмірді ауа қатысынсыз құрғақ айдау арқылы алады. Сонда алынған көмірде өз бетіне газдарды, сұйықтарды сіңіретін қасиет (адсорбция) пайда болады. ## Алынуы Көміртек ағашты ауасыз ыдырату арқылы, органикалық заттардың көмірленуі нәтижесінде түзіледі. ## Химиялық қасиеттері Көміртек көптеген жай заттармен оңай әрекеттеседі. 1) Жану реакциясы: a) 2С + О2 = 2СОә) С + О2 = CO2 a) 2С + О2 = 2СОә) С + О2 = CO2 2) Хлормен әрекеттескенде көміртек тек жарық сәулесінің әсерінен төрт хлорлы көміртек түзіледі: С + 2Cl2= CCl4 (бағалы еріткіш) өрт сөндіруде қолданылады. С + 2Cl2= CCl4 (бағалы еріткіш) өрт сөндіруде қолданылады. 3) Металдармен әрекеттесіл карбидтер түзеді: 2С + Са = СаС2 (бұдан ацетилен алынады) 2С + Са = СаС2 (бұдан ацетилен алынады) 4) Күкіртпен күкіртті көміртек түзеді: С + 2S = CS2 (еріткіш) С + 2S = CS2 (еріткіш) 5) Сутекпен әрекеттескенде метан түзіледі: С + 2Н2→СН4 (отын - ол табиғи газдың негізгі құрам белігі) С + 2Н2→СН4 (отын - ол табиғи газдың негізгі құрам белігі) Көміртектің күрделі заттармен әрекеттесуі:1) Сумен әрекеттескенде газдар коспасы (су газы) бөлінеді: С + Н2О = CO + Н2 (су газы - бағалы отын) С + Н2О = CO + Н2 (су газы - бағалы отын) Алынған газдардың екеуі жанғыш болғандықтан жылу көбірек белінеді. Сондықтан көмірді жаққанда сулау қажет. 2) Концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен әрекеттескенде тотығады: С + 4HNО3(конц)=СО2+4NO2+2Н2O С + 4HNО3(конц)=СО2+4NO2+2Н2O 3) С+ 2H2SО4(конц) = СО2+2SO2+2Н2O ## Қолданылуы Алмаз - бұрғылар жасау үшін, қырланған алмаздан бриллиант, әшекейлі зат әзірленеді. Графит - металды балқыту үшін, қарындаштар, тоттанудан қорғау, майлау үшін және атомдардың ыдырауы үшін нейтрондарды баяулататын модератор ретінде қолданылады. Кокс (C) тотықсыздандырғыш ретінде металл өндіруде. Активтелген көмірдің адсорбциялық қасиеті медицинада және газтұтқыштар (противогаз) әзірлеуде қолданылады. ## Дереккөздер
Көміртектік бірлік – 12С көміртек изотопы атомы массасының 1/12 бөлігіне тең массаның атомдық бірлігі. Қазіргі хим. кестелерде элементтердің салыстырмалы атомдық массалары К. б-пен берілген. К. б-ті 1959 ж. Теориялық және қолданбалы химияның халықар. одағы (ІUPAC) ұсынды. Мұның себептері: біріншіден, көміртек өте көп хим. қосылыстар түзе алады. Сондықтан ол арқылы басқа элементтер мен қосылыстардың салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молек. массаларын есептеуге болады. Екіншіден, табиғатта таралған заттардағы көміртектің басқа изотоптарының массалық үлестері өте аз, сондықтан жаңа шкаладағы элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының мәндері бұрынғыдан көп өзгермейді, тек дәлірек болады. Үшіншіден, осы күндері атомдық массаларды анықтау үшін қолданылатын масс-спектрометрлерде басқа элементтерге қарағанда көміртек атомдары мен иондары оңай және дәл анықталады. Сондықтан ІUPAC конгресінде көміртектің 12С изотопы массасының 1/12 бөлігін массаның атомдық бірлігі (көміртектік бірлік) ретінде қабылдады (1961). Көптеген елдерде оны көрнекті ағылшын ғалымы Дж. Дальтонның құрметіне дальтон деп атап, D деп белгілейді. 1D=1,6605410–27кг.
Көнбістік – адам бойындағы төзімділікті білдіретін этикалық ұғым. Мұндай мінез-құлықтың тұрақты қасиетке айналуы сол адамның атқаратын ісіне, тіршілікте кездесетін ауыр тұрмысы мен әр түрлі қиыншылықтарға шыдамдылығына байланысты. К. әр адамның мінез ерекшеліктерінің сан алуан сипат-қасиеттерінен де айқын байқалады. Ондай қасиеттер: тіл алғыштық, қиындыққа шыдамдылық, жуастық, мойынсұнушылық. К. мінездің ерекшелігі ретінде танылатын сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттер жалпы ұнамды сипат деп саналғанымен, кей ретте оның жағымсыз көрінетін жағы да бар. Ол ынжықтық пен үнемі бағыныштылықты білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда адам жанының ар-намысын, бойындағы ерік-жігер қасиеттерін ояту керек.
Ибатов Әрсен Медетұлы (17.4.1926 жылы туған, [[Оңтүстік Қазақстан облысы]] Бөген ауданы) – филология ғылыми докторы (1990), профессор ҚазПИ-ді (1955, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1960) бітірген.«Қазіргі Қазақ тілі. Морфология» атты ұжымдық еңбектің «Есімдік», «Сан есім», «Үстеу» бөлімдерін (1962–70) жазған; екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» (1971–80) жасауға қатысты. 13–14 ғасырларда орта түрік және қыпшақ жазба ескерткіштерін, олардың Қазақ әдеби тіліндегі көріністерін зерттеді, ал 1987 жылдан «Қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи процестер», «Түркі ата тілін қалпына келтіру проблемалары» деген тақырыптар бойынша жұмыс істеп келеді. «Қожа Ахмет Йасауидің «Хикметінің» қолжазбалар тобы» атты тақырыптың жетекшісі. «Сөздің морфологиялық құрылымы (15 ғасырдағы Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштердің тілі негізінде)» деген тақырыпта докторы дисс. қорғады. ## Дереккөздер
Көне аңғарлардың артезиан алабы – арынды жер асты суы таралған алқап. Бұлардағы су жер астындағы көне аңғарлардың терең ойпаңдарына жиналған және үсті су өткізбейтін тау жыныстарымен (саз, т.б.) көмкерілген. К. а. а. а-тары Сарыарқада кеңінен тараған (Нұра, Сарысу, Шерубайнұра, Тоқырау, Жәмші, т.б. өзендердің көне аңғарлары). Олар палеозойдың жартастық жыныстарында орын алған палеогеннің құм аралас қиыршықтас, құм шөгінділерінде қалыптасқан, үсті неогендік әр түсті, қалыңд. 40 – 50 м-ге дейін саз қабаттарымен жабылған. Белгілі бір көне аңғардың ұзына бойы қимасында біртұтас артезиан алабы немесе аңғар арнасының эрозиялық терең ойпаттарында тұйықталған, бір-бірімен гидравлик. жағынан байланысты бірнеше жеке артезиан алаптарының қалыптасуы мүмкін. Көлденең қимасында алаптың құрылысы төбесі көмілген аңғар арнасының су ағарында конус тәрізді немесе түбі жайпақ, кемері тік астау пішіндес. Арынды су қабатының қалыңд. 3 – 5 м-ден 20 – 30 м-ге дейін өзгереді, ең қалың жері арна маңы бөлігінде: ені орташа есеппен 3 – 5 км, аңғардың кеңірек учаскелерінде 10 – 12 км-ге дейін артады. Арынды сулар, әдетте, 20 м-ден 80 – 90 м-ге дейін, орташа есеппен 30 – 50 м тереңдікте жатады. Су өткізбейтін жамылғылары жоқ жерлерде (оны қазіргі бар өзендер шайып кетуі салдарынан) артезиан сулары қазіргі аңғарлардың жоғары деңгейлерімен түйісіп, бірыңғай арынды-арынсыз су жүйесін құрайды. Ұңғымалардан шыққан судың өнімд. секундына 3 – 15 л-ге дейін, ірі алаптарда 30 – 40 л-ге дейін жетеді. Жер асты суларының минералд. 1 – 2 г/л, алаптың төм. ағысында 3 – 5 г/л-ге дейін артады. Судың хим. құрамы хлоритті-сульфатты, гидрокарбонатты-хлоритті-натрийлі және кальцийлі. Көне аңғардың сулары жарықшақтардағы сулардың құйылуы, тектоник. жарылым аймақтарындағы жеке учаскелердегі жер асты суларының сүзілуі, жауын-шашын суларының жерге сіңуі есебінен қоректеніп толығады. К. а. а. а-ндағы жер асты сулары елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде, өнеркәсіп салаларын, а. ш-н сумен жабдықтауда кеңінен пайдаланылады.
Шетпе — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, аудан және Шетпе ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік шығысқа қарай 96 км жерде, Маңғыстау түбегіндегі Батыс Қаратау мен Шығыс Қаратау жоталары арасында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1929-30 жылдары "Ұшқын" серіктестігінің орталығы есебінен қаланған. 1933 жылы оның негізінде құрылған Жаңажол ұжымшарының, 1965 жылы Маңғыстау ауданының орталығына айналды. Шетпе аудан орталығы мәртебесін 1966 жылы түбекті елдің қалған бөлігімен байланыстыратын теміржол құрылысына байланысты алды, Шетпе стансасы облыс орталығынан гөрі басқа аймақтарға жақын. Станса мен оның айналасындағы құрылыстар, аудан орталығы жалпы халық арасында "Жаңа Шетпе" деп аталады. Аудан орталығы бұрынғы кепкен Жапырақты көлінің орнында тұрғызылған, одан ол кезде тек батпақ қана қалған. Қазір батпақ құрғап қалды. 1967 жылы ауыл, 2000 жылы қайтадан кент болған. Шетпе арқылы Маңғыстау - Ақтөбе темір жолы және Ақтау - Ақтөбе автомобиль жолы өтеді. ## Шаруашылығы Шетпеде құрылыс материалдары зауыты, ұлутас пен қиыршықтс кеніштері ("Мырзабек Алтын Тас групп" АҚ, "Роландтехник” компаниясының уату-сұрыптау зауыты, "Қызылтұран" ЖШС), су барлау экспедедициясы, жылжымаалы механикалық колонна, тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер, шаруа қожалықтары, 130 шағын орта кәсіпкерлер, 28 мемлекеттік, 4 қазыналық, 4 өндірістік-көліктік мекемелер, темір жол және автомобиль бекеттері, байланыс бөлімшесі бар. "КаспийЦемент" - бұл жаңа цемент зауыты. Алғашқы жұмыс 2013 жылдың қараша айында іске қосылды. Ал 2014 жылдың жазында зауытта цемент өндірісі ресми түрде басталды. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелер * 2 орта мектеп, * өнер мектебі, * спорт мектебі, * гимназия, * лицей, * 2 бала бақша, * аудандық мәдениет үйі, * 2 кітапхана, * аурухана мен дәріхана, * жұқпалы аурулар ауруханасы, * Маңғыстау техникалық колледжі ## Діни ұйымдар қызметі * Шетпе мешіті — Маңғыстау ауданының орталығында 1997 жылы бой көтерген. Ауласы қоршалған. Түнгі мезгілде жарық беретін шамдар орнатылған. Іргетасы биік, қабырғалары мен күмбездері, мешітке бастар жолдар теңіз тасынан қаланған. Кіреберіс маңдайшасына «Алла» және «Мұхаммед» деп араб әріптерімен жазылып, ою-өрнектермен көріктендірілген. Төрт бұрышында кіші күмбездері бар, ол ортадағы үлкен күмбезге айшық қондырылған. Аспалы шам ілінген. Ғимараттың ішкі қабырғалары түгелдей оюлармен өрнектелген. 700 адам сиятын ерлерге арналған намаз бөлмесі, 200 адамға арналған әйелдер бөлмесі, имам бөлмесі бар. Діни сауат ашу курсы үшін де бөлме қарастырылған. Едендеріне кілем төселген. Мешіттің артқы жағында газбен жылытатын қазандық қойылған бөлме бар. ## Галерея * * * * * * * * * * * * * * ## Дереккөздер
Сағындық Жүнісұлы Кенжебаев (15.5.1924 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылы) * 1985 - философия ғылымының докторы, * 1987 - профессор. * 1950 - Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. * 1957-1958 - Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 2-хатшысы, * 1958-1960 - 1-хатшысы, * 1960-1962 - Ақтөбе обкомының хатшысы, * 1962-1965 - СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылыми академиясының аспиранты, * 1967-1976 - Қазақ КСР-і Жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, * 1976 - жылдан Алматы педагогикалық шет тілдер институтында (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері ұлт қатынастары, еңбекші бұқараның шығармашылығы мәселесіне арналған. 150 ғылыми, оқу-педагогикалық және публицистикалық жарияланымның авторы. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Досай Тұрсынбайұлы Кенжетаев (21.2.1968 жылы туған, қазіргі Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылы) – философия ғылымдарының докторы (2007). * 1996 - Халықаралық қазақ-түрік университетін, * 1999 - Анкара университеті әлеуметтік ғылыми институтының магистратурасы * 2003 - докторантурасын бітірген. * 1998-2003 - Түркиядағы Қазақстан жастарының «Желмая» қоғамдық-мәдени және ғылыми журналының бас редакторы, * 2004 - Халықаралық Қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесі жанындағы Отау ғылыми-зерттеу орталығының директоры, «Йасауи жолы» ғылыми танымдық журналының бас редакторы, * 2003-2007 - Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, доцент, Йасауитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры болды. * 2008 жылдан Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарады. «Қожа Ахмет философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жарық көрген еңбектері:Аудармалары: Иасауи жолы (Aнкaра, 1998 “Билиг”) қазақ тілінде, автор: Н. К.Зейбек, Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Йасауи “Мират-ул Қулуб” (Көңілдің айнасы) (Aнкара 2000, “Билиг”) шағатай тілінен қазақшаға);Қазақ Философиясы. (Aнкара 2002, “Билиг”), түрік тілінде, автор: Нысанбаев А.Қожа Ахмет Йасауи жолы және Хикметтер. (Aнкaра, 2003 “Билиг”) автор: Н. К.Зейбек, Сындарлы он жыл. (Aнкaра, 2003 “Билиг”) түрік тілінде, автор: Назарбаев Н. А.Төл еңбектері: Кітаптары: “Қожа Ахмет Йасауидің моральдық философиясы” (Анкара, 2003.“ХАЙ Ожағы”) түрік тілінде.“Қожа Ахмет Йасауи және оның ойлау жүйесі” (Анкара, 2003.“ХАЙ Ожағы”) түрік тілінде.«Қожа Ахмет Йасауи дүниетанымы (Түркістан, 2004) қазақ тілінде.«Қожа Ахмет Йасауи дүниетанымындағы адам мәселесі (Монография). Қолжазба құқында. (Алматы, 2002) қазақ тілінде. Дәстүрлі түркілік дүниетаным. Оқулық. Түркістан 2004. қазақ тілінде, Діни таным және жат ағымдар. – Оқу-әдістемелік құралы. –Алматы, 2012 жыл., Исламда діни тәжірибе психологиясы. – Оқу-әдістемелік құралы. –Алматы, 2012, Ислам философиясы. Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2012., Сопылық тарихы және философиясы. Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2012., Қазақ мұсылмандық түсінігінің ерекшеліктері. Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2012., Түркі ислам философиясы. – Оқу-әдістемелік құралы. –Алматы, 2012., Ислам ӛркениеті. –Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2012., Ислам діні негіздері мен тарихы. – Оқу-әдістемелік құралы. –Алматы, 2012., Қожа Ахмет Иасауи философиясы және оның түркі ислам дүниетанымы тарихындағы орны. Монография. Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2012 ж. 288 бет.Мақалалары: дін, философия, ислам философиясы, мәдениет, білім және ғылым философиясына қатысты (250) жүзден астам ғылыми мақалалары бар. Қызметі:Анкара қаласындағы 1998-2003 жылдары “Желмая” – Түркиядағы Қазақстан Жастарының Қоғамдық-мәдени және Ғылыми журналының Бас редакторы қызметін атқарды.Анкара қаласындағы 1999- 2002 жылдары А.Ясауи атындағы ХҚТУ Ӛкілетті Кеңесі жанындағы Отау ғылыми зерттеу орталығының директоры,2003-2013 жылдан бастап Қожа Ахмет Иасауи халықаралық қазақ түрік университетінде доцент, аға ғылыми, профессор қызметкер болып істеді.2004 жылдан бері «Иасауи жолы» ғылыми танымдық журналының бас редакторы. Қ.Ахмет Иасауи халықаралық университетінің аға ғылыми қызметкері, философия және дінтану кафедрасының доценті,2003-2007 жылдар аралығында Иасауитану ғылыми зерттеу орталығының директоры,2007 жылы Түркістан аймақтық орталығы директоры,2008-2013 жылдан бастап Түркология Ғылыми зерттеу институты директоры,2013 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті профессоры, ҚР БҒМ Теология мамандығы ОӘС тӛрағасы, 2016 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті дінтану кафедрасы меңгерушісі, Қ,А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті дінтану және теология кафедрасы профессоры, Ясауитану ғылыми зерттеу орталығы директоры Наградалары:Баку Жас Ғалымдар сыйлығы-2000, Халықаралық Туркия-Қазақстан Достық Қоғамы Сыйлығы-1999; Түркі дүниесіне еңбек сіңірген қайраткер» наградасы 2010, ҚР БҒМ тарапынан 2011 жылы «Үздік оқытушы» атанды. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» медальімен наградталды. Түркістан облысының құрметті азаматы-2021 ## Дереккөздер
Шәкір Шәкімшәріпұлы Ибраев (31 желтоқсан 1950 жылы туған, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бестам ауылы ) – фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы (1993), профессор (1997). * ҚазМУ-дың (1973, қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген. * Мәскеу қаландағы КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын (1979) бітірген. * ҚазМУ-да аға оқытушы (1980–89) * Әдебиет және өнер институтында Қолжазбалар орталығының жетекшісі (1989–93), институт директоры (1995–2000) * Түркістан қаласындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті (2001–03), осы университет жанындағы ғылыми орталық (2003–04) * Дүние жүзі түркологтары ассоциациясының атқарушы (2004–06) директоры болды. * 2007 жылдан Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектері «Қазақтың батырлық эпосының поэтикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Негізгі ғылыми-зертеулік еңбектері фольклор және түркология мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымы, монографиялары мен кітаптары: * «Қазақ эпосы», 1977; * «Эпос әлемі», 1993; * «Оғыз батырлық эпосының поэтикасы», 1997; * «Дастан құрылымы», 1998, соңғысы түрік тілінде, т. б.) жарық көрген. ## Марапаттары * Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының шаруашылығы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы лауреаты (1990). ## Дереккөздер
Ибрашев Жарас Омарұлы (1928 жылы туған, [[Батыс Қазақстан облысы]]) – тарих ғылымдарының докторы, ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры (1986). ҚазМУ-ды (1950, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰУ-да ассистент (1950), Алматы қалалық комсомол к-тінің 2-хатшысы, ҚазҰУ-да комсомол комитетінің хатшысы (1954–57), аға оқытушы (1958), кафедра меңгерушісі (1987–2000) қызметтерін атқарды. «Голлизм в политической мысли Франции» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ибрашев Жарас Омарұлы 100-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Райхан Хасанқызы Ибрашева (1944 жылы туған, Алматы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998). ҚазМУ-ды (1966, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университеттте стажер-зерттеуші, аспирант (1966–71), кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1972–85), доцент (1985–94, 1996–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан профессор 1996 жылы «Жидкофазный гидрогенизационный катализ на гидритах La V 5-x C LaNi 5-x Cux Hn» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ибрашева Райхан Хасанқызы 84 ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (1923 жылы 10 наурызда Таразда - 1988 жылы 11 наурызда Алматыда) — кеңестік танымал кинорежиссер. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1970). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972). ## Өмірбаяны * Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы 1923 жылы 10 наурызда Таразда дүниеге келген. Қорасан қожа руынан шыққан. * Соғыстан оралғаннан кейін мерзімді басылымдарда карикатуралары мен саяси тақырыптағы суреттерін жариялай бастады. * Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссер факултетін (А.Довженко шеберханасында) бітірген. * 1952 жылдан “Қазақфильм” киностудиясында режиссер. * 1974 жылдан көркемдік жетекші болып істеді. Осында өз сценарийі бойынша, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін қозғайтын “Ана мен бала” атты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Тарихи және заманауи тақырыптарда “Біз Жетісуданбыз” (1958), “Егер біздің әрқайсымыз” (1961, екеуінің де сценарийін жазуға қатысқан), “Шыңдағы шынар” (1965) фильмдерін қойды. 1970 жылы Қожықов өзінің басты жұмысы – “Қыз Жібек” фильмін қойды. 1985 ж. Қажымұқан жайлы “Бізді танып қойыңдар” көркем фильмін түсірді. ## Фильмографиясы ### Режиссер ретінде * 1955 - Ана мен бала * 1958 - Біз Жетісуданбыз * 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... * 1965 - Шыңдағы шынарда * 1969-1970 - Қыз Жібек * 1985 - Біздікілерді біл! ### Сценарист ретінде * 1955 - Ана мен бала * 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... * 1965 - Шыңдағы шынарда * 1985 - Біздікілерді біл! ## Марапаттары * 1970 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағы берілді. * 1972 жылы “Қыз Жібек” фильмі үшін Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. * “Қызыл Жұлдыз” орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ибатов Марат Кеңесұлы (1961 жылы туған) – техникалық ғылыми докторы (2004), профессор (2005). Мәскеу автомобиль-жол институтын (1983) бітірген соң Қарағанды политенхникалық институтында аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, ассистент, аға оқытушы, доцент (1983–96) болды. 1997 жылдан декан қызметін атқарады. 2003 жылы «Научные основы обеспечения безопасносной работы дизельных двигателей при эксплуатации карьерного автотранспорта» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ## Дереккөздер
* Көнек – қызға құда түсіп барғанда жігіт жағынан талап етілетін кәденің түрі. * Көнек – мал саууға арналған ыдыстың жалпылама атауы.
Әсемпаздық — кербездік, сәнқойлық. Адам бойындағы мұндай қылық әсемдіктің сыртқы нышанын қастерлеп, оның ішкі мазмұнына көп мән бермеуден пайда болады. Әсемпаздыққа бой ұрған адамдар көрсеқызарлыққа, мәнсіз сәнқойлыққа, әсіреқызыл түршілдікке құмар болады. “Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан” деген Абайдың ұлағатты сөзі ең алдымен, осы әсемпаздықтың зиянын аңғартады. Әсемпаздықтың мәні өмір ағымына байланысты өзгеріп отырады. ## Дереккөздер: Қазақстан энциклопедия 1-том
Әсет пен Кәрібай айтысы — шамамен 1905 жылы Тарбағатай тауының түстік жағында өткен айтыс. Айтыс дәстүрлі екі ру ақындарының бұл айтыста жалпы адамгершілік, әділдік, жомарттық сияқты мәселелер айтылып үлкен тәрбиелік мәні бар деңгейге көтерілген. Сондықтан ол өткірлігімен, тілінің шұрайлылығымен, ой тереңдігімен ерекшеленетін көркем дүние ретінде қазақ әдебиетінің тарихына енді. Кәрібай Таңатарұлы, Кәрібай ақын (1861, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарғыба өзен сағасы – 1931, сонда, Ақсуат кенті) – халық ақыны, әнші, композитор, айтыскер, ділмар би. Жас күнінен өлеңдер шығарып, “бала ақын” атанған. 1910 жылы Алакөл маңындағы Көктұма деген жерде Әсет ақынмен айтысып, атағы елге жайылады. Кәрібайдың көптеген өлең-жырлары ел қорғау тарихынан сыр шертеді. Найман елінің Қаракерей руының Мұрын атасынан шыққан, арғы атасы Назар батыр. Айтыстың Қ. Шәменовтың, Е. Ахметовтен жазып алған нұсқасы “Айтыс” жинағында (1964, 1-т., 173 — 175-б.) жарияланған. Бір нұсқасын А. Қилыбаевтан ақын, журналист Қ. Алтынбаев жазып алған. Әсет шығармаларының жинағына (1988) Т. Жағыпаров (1929 жылы туған) нұсқасы енгізілген. ## Дереккөздер
Әсеттің әдеби-мемориалдық мұражайы — Әсет Найманбайұлының туғанына 125 жыл толуына орай қабылданған Қазақстан Үкіметінің 1990 жылы 19 наурыздағы қаулысына сәйкес 1990 жылы 19 қыркүйекте Семей облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында ашылған мұражай. Мұражайда 3 зал бар. Оған 1700-дей экспонат қойылған. Әсеттің тұтынған дүние-мүлкі, қызы Сәмөгейдің, ұлы Қожекенің және немерелерінің фотосуреттері, әр кездегі шығармалар жинақтары тағы басқа ақын өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат береді. ## Дереккөздер
Әсет пен Ырысжан айтысы — ақындар айтысының шоқтығы биік, аса көркем үлгілерінің бірі. Айтыс 19-ғасырдың соңғы ширегінде өткен. Мұнда халық өмірінің ауыр жағдайы мен ел билеушілердің зорлық-зомбылығы жұмбақ — жауап түрінде әсерлі сипатталған. Жұмбақты бастан-аяқ Ырысжан айтады да, Әсет қолма-қол шешіп отырады. Алғашқы жұмбақ Ресей өкіметінің қазақ жеріндегі ел билеу тәртібін әшкерелеуге арналған. Патша билігі күн түсірмейтін алып бәйтерек сипатында алынып, ал оның ел ішіндегі әкімдері сол ағаштың бұтақтарын мекен еткен ірілі-ұсақты жыртқыш құстар түрінде беріледі. Қыз жұмбағындағы “иілген сегіз бұтақ” — сегіз сенат, ал “ағаштың жайылған жапырағы” — қағаз ақша, “жұмыртқа басып шайқайтын екі ителгі” — ояз бен оның көмекшісі, “Аз атаның баласы жалғыз қыран” — болыс, “сегіз лашын” — сегіз би, “үш жылда бір нәр тартатын отыз-қырық құзғын” — елубасылар, “ыңғайланған он қаршыға” — старшын, “жалғыз ителгі” — сот, “жапалақ” — жасауыл, “жүзден асқан күйкентай” онбасы, ал “қағып жеген тышқаны” — елден жеген тиын-тебен тұрғысында шешіліп түйінделеді. Бұдан кейінгі жұмбақтар адамның он екі мүшесін суреттеуге, жыл мезгілін, жаратылыс сипатын ашуға арналған. Айтыс С. Сейфуллиннің “Қазақ әдебиеті нұсқаларында” (1931), “Айтыс” жинақтарында (1941), “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” хрестоматиясында (1959), “Әсет” жинағында (1988) тағы басқа жарияланған. Қазақстан ғылым академиясының Қолжазба орталығында А. Әміров, Д. Ибраев, М. Жапақов, Қ. Нұрбаев, Б. Бейсебайұлы нұсқалары сақтаулы. Сондай-ақ айтыстың Б. Ақсақалов, С. Әбілдаев орындауындағы нұсқалары да бар. Айтысты М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Ордалиев, М.Жармұхамедов зерттеген. ## Дереккөздер
Дәулетқалиев Сәкен Қаламқалиұлы (1935 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 1-Шежін ауылы) – география ғылымдарының докторы (1996). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) гидрометеорология институтын бітірген (1958). ҚазМУ-да (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) қызмет атқарды. Гидрология мәселелерін зерттеумен шұғылданады. 50-ден аса ғылым мақаласы жарық көрген. ## Дереккөздер
Дәулетқалиева Кира Мұташқызы (9 желтоқсан 1934 ж., Алматы қаласы – 11 қараша 2007 ж., сонда) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1988), профессор (1995). Ташкенттегі Орта Азия политехникалық институтын бітірген (1957). Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында лаборант, аға лаборант, кіші, аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1957–66), 1995 жылдан осы институттың бас ғылым қызметкері әрі Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры болған. Ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыты – Қазақстан жер асты суларының химиялық құрамы. Дәулетқалиева ауыз суы және шаруашылық бағытта пайдаланылатын жер асты суы химиялық құрамының қалыптасу ерекшеліктерін, гидросферадағы табиғи сулардың химиялық құрамы қалыптасуының генетикалық заңдылықтарын, кентастық кен орындарын іздеуді экологиялық тұрғыдан зерттеген. ## Дереккөздер
Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені — 21.6.1924, сонда) — ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі. Найман тайпасы Қаракерей руы Сыбан бөлімінен шыққан. 11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 — 84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып істеді. 1884 — 87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. Өлеңді қолма-қол суырып салып айтуға шебер, айтыс өнерінің өрен жүйрігі болды. Оның Сәдір, Қуанышбай, Қаумет, Боранбай ақындармен, Көкбай, Әсет сияқты Абайдың талантты шәкірттерімен айтыстары белгілі. Әріп шығыстың ғажайып оқиғалы ертегілік сюжетіне құрылған бірнеше дастан жазған. Оның алғашқысы “Зияда-Шаїмұрат” дастаны 1884 жылы жазылып, 1890, 1892, 1893, 1896, 1909, 1912 жылдары немере туысы Жақып Байжігітұлының атынан Қазан қаласында баспадан шыққан. “Қисса-и Бәїрам” дастаны 1908, 1912 жылдары жарық көрді. Осы шығармалары және “Қожа Ғапон” “Нұрғызарун”, “Таїир” дастандары —махаббат тақырыбына арналған қисса үлгісіндегі туындылар. Әріп сонымен бірге, ислам дінін жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген. Әріптің қиссашылдығын айыптаған Абайдың әділ сынынан кейін ол өз кезінің әлеуметтік өмір шындығын жырлауға бет бұрып, қарапайым халық жоқшысы болды. Өлеңдерінің тақырып аясы кеңейіп, ғылым, білім, еңбек туралы шабыттана жырлап, сараң байлар мен жебір би-болыстарды, өтірікші-өсекшілерді, халық есебінен күн көруші пайдакүнем алаяқтарды сын тезіне алды. Көптеген өлеңдерінде қалың мал сияқты ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеп, әйел теңдігі мәселесін батыл көтерді, өнер-ғылымды насихаттап, жастарды білім алуға шақырды. Әріп өз шығармашылығында Абайдың дәстүрін ілгері жалғастыра білді. Қапалда қызметте болған кезінде атақты ақын қыз Сарамен танысып, ғашықтық жырларын арнады.Біржан — Сара айтысын көркемдік жағынан қайта өңдеп, хатқа түсірді, баспаға ұсынып, мәңгілік мұра етіп қалдыруда көп еңбек сіңірді. Әріп 1913 жжылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды. А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 3-кітап [Мәтін] : [Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір ақындардың өлеңдері, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары мен алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Дәуір, 1995. - 320 б. * Қ. Мұхамедханов . Том 1 : Зерттеулер, мақалалар. - 2005. - 352 б. - Абай төңірегіндегі ақындар, Абай және XIXғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, Абайдыңөнеге алған мектебі, Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатаев, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев, Мұқамеджан Майбасаров, Бейсембай Жәнібеков, Баймағамбет Мырзаханов, Мұқа Әділханов, Әлмағамбет Сексенбаев, Әубәкір Оспанов; Абай шығармаларының текстологиясы жайында. * Қ. Мұхамедханов. Том. 4 : Абай мұрагерлері. Естеліктер. - 2005. - 328 б. - Көкбай Жанатайұлы, Уәйіс Шоңдыбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбайұлы, Мұқа Әділханұлы, Тайыр Жомартбайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Иманбазар Қазанғапұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ыдырыс Мұстамбаев, Қайым Мұхамедханов туралы лебіздер мен естеліктер. * Әріп өлгенде (1924) [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Боранбай ақынның Әріп өлгенде айтқаны (1924) [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Тәңірбергенов Әріптің шығармалары мен ол туралы материалдар [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Жамбылдың Әріп ақын туралы есіндегісінен [Қолжазба] / жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Мұхамедханов, Қ. Әріп ақын [Мәтін] : [ақын Әріп Тәңірбергенов туралы] / Қ. Мұхамедханов // Екпінді. - 1939. - 10 декабрь. - Б. 3-4. * Мұхаметханов (Мұхамедханов), Қ. Әріп Тәңірбергенұлы [Мәтін] / Қ. Мұқаметханов (Мұхамедханов) // Қазақ ССР : 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т. 4. Тіл. Әдебиет. Фольклор. Өнер. Архитектура. - Алматы, 1989. - Б. 152. * Мұхамедханұлы [Мұхамедханов], Қ. Әріп Тәңірбергенов; Тәуке-Ұрқия айтысы; Әріптің кейбір өлеңдеріне, «Біржан-Сара» дастанына айтылатын кейбір уақиғаға түсініктемелер [Мәтін] // Алаштың ақиығы - Әріп қыран : ғылыми мақалалар, ой-пікірлер және арнаулар. - Өскемен, 2014. - Б. 105-175. * Жанатайұлы, К. (1861-1925) Өлеңдері [Мәтін] : Көкбай мен Әріптің Семейде оқып жүрген жылдары әзілдесіп айтысқан өлеңдерінен; Міржақып пен Көкбайдың сөз жарысы; Көкбай-Әріп айтысы / К. Жанатайұлы, кіріспесін және Көкең өлеңдеріне түсіндірмені жазған Қ. Мұхамедханов // Абай. - 1993. - № 5. - Б. 21-41. * Әріп ақын [Қолжазба] : [творчестволық өмірбаяны] : жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - 1-30 п. - Қ-402. - №5. - Латын әрпінде. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Жамбылдың Әріп ақын туралы есіндегісінен [Қолжазба] : айтушы Ғ. Орманов; жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - 199-200 п. - Қ-401. - №1. - Латын әрпінде. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Мұхамедханов, Қ. Ленин бейнесі ақындар жырында [Телехабар] : [С. Сейфуллин, Әріп ақын туралы] / Қ. Мұхамедханов. - Семей телевидениесі, 1980. - 6 маусым. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ. Мұхамедханов. * Мұхамедханов, Қ. Абай шәкірттері [Мәтін] : [сүйінші дана] / жыйнаған, түсініктерін жазған Қ. Мұхамедханов; сөз басын жазған М. Әуезов. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1951. - 263 б. - 1951 жылы Қ. Мұхамедханов тұтқындалған соң баспаханадағы кітап терімі шашылып қалған.
Дәулетбайтөбе – Қазақстан дағыежелгі қала орны (I–VI ғасырларлар) Түркістан облысы Кентау қаласынан солтүстікке қарай 25 км жерде, Иқансу өзенінің жағасында. 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеген, 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық кешенді бригадалардың бірі (Б.Әділгереев) қазба жұмыстарын жүргізген. Сопақшаланып, шығыстан батысқа қарай 50 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 м созылып жатқан екі қатпарлы төбешік. Төбешіктің ең биік тұсы 5 м. Қазба жұмысы кезінде қабырғасы қыш кірпіш пен жұмбаздан тұрғызылған тұрғын үйлер қалдығы, оттығы еден арқылы өтетін қазандық, керамика сынықтары, қайық іспетті тас үккі, келсаптар табылды. ## Дереккөздер
Гиперген кендер, седименттік кендер, экзогендік кендер – Жер бетіндегі геохимиялық процестердің әсерінен түзілген кендер. Олар Жердің беткі қабатында, бетінде, өзен, көл, теңіз, мұхит астында шөгеді. Гиперген кендердің түзілуіне мех., биохим. процестер әсер етеді. Басында тереңде түзілген, кейін жердің бетіне шыққан тау жыныстары мен минералдар әр түрлі процестердің әсерінен ыдырайды, жіктеледі. Минералдардың ажырауына және шоғырлануына су, оттек, көмірқышқыл газы, әр түрлі қышқылдар әсер етеді. Гиперген кендер 4 генетик. топқа бөлінеді: қалдық, сүзінді (инфильтрациялық), шөгінді және кенқайраңдар. Қалдық кен орындары ерігіш минералдық қосылыстардың бұзылу-тозу қабаттарынан сумен шайылып шыққаннан кейін, онда еруі қиын минералдардың шоғырлануы арқылы түзіледі (темір, никель, марганец, алюминий кендері). Сүзінді кен орындары жер асты суларында еріген минералдық заттардың қуыстарға сүзіліп тұнуынан түзіледі (уран, мыс, күміс, алтын, күкірт кендері). Шөгінді кен орындары теңіз түбінде, суқоймаларында шөгінділердің жиналуынан түзіледі (көмір, жанғыш тақтатастар, мұнай, газ, тұз, фосфориттер, темір, марганец, уран, боксит, мыс кендері, құрылыстық материалдар, саз, әктас, т.б. кендер). Кенқайраңдар борпылдақ шөгінділерде, өзен арнасында, теңіз жағалауларында ауыр әрі қатты, сондай-ақ бұзылу процесіне төзімді саф кентастардың шоғырлануынан түзіледі (алтын, платина, титан, вольфрам, қалайы кендері). ## Дереккөздер
Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы (1892, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы– 1.4.1960, Алматы) – сән және қолданбалы өнер шебері, КСРО, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1957). ## Өмірбаяны Ауыл мектебінде оқыған. Қоңырқожа Қожықовқа тұрмысқа шыққан. Түркістан Республикасы ОАК Ташкентте ашқан Қазақ педогогикалық училещесіндегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан. Үйірме мүшелерінің күшімен “Шығыс кештері” ойын-сауық бағдарламасы бойынша әзірленген “Біржан – Сара” спектаклінде (реж. Д.Әділов) Сараның анасының рөлін ойнаған (1921).1925 – 36 жылы Қазақ драма театрында, 1936 – 58 жылы Абай атындағы Опера және балет театрында қызмет етті. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан (1936). 1937 – 38 жылы ері Қоңырқожа, үлкен ұлы Қожахмет және жақын туыстары саяси қуғынға ұшырағанда мойымай, шығармашылық өнерін дамыта түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ф.Рузвельтке сыйға тартылған, Мемлекеттік тапсырыспен Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы тіккен қазақтың ұлттық киімдері қазір АҚШ-тағы Рузвельт музейінде, сондай-ақ, ежелгі қазақ қолөнері дәстүрінде тоқылған сәндік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілері Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен Қазақстан республикасының облысы музей қорларында сақтаулы. ## Дереккөздер
Есбол Жамалбек (17.5.1934 ж.т., Түркістан облысы Түлкібас ауданы Кершетас ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1992). ## Білімі * Қазіргі ҚазМУ-дың биология-топырақтану факультетін бітірген (1956). * 1959 ж. Қазақстан ҒА Топырақтану ғылыми-зерттеу институтына аспирантураға түсті. ## Ғылыми еңбектері Негізгі жұмысының ғылыми бағыты – Түркістан облысы Мақтаарал ауданының топырақ-мелиоративтік жағдайын зерттеп, оны екінші сорланудан құтқару жолдарын қарастыруға арналды. * Топырақтану институтының өндірістік тапсырысы бойынша Есбол Жамалбек Маңғыстау түбегінің топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеп, азық-түлікпен қамтамасыз ету және елді мекендерді көгалдандыру мәселелерімен айналысты. 1973 жылдан ғылыми-зерттеу жұмыстарын Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жүргізді. * 10 монографиясы, 8 оқу құралын, 8 кітапша, көптеген ғылыми еңбектер жариялаған. ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін» (1970) * КСРО-ның Халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің қола (1984) * «Еңбек ардагері» медальдарымен (1986) марапатталған. ## Дереккөздер
Егіндібұлақ — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Егіндібұлақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 км-дей жерде, Балқантау тауының баурайында орналасқан. Тауында қарағай, қайың, липа сияқты ағаштар мен басқа көкжелектер тұқымына жататындар өседі, арқар, қасқыр, түлкі, сілеусін, қоян және шыл, күрке тауық пен тағы да басқадай аңдар мен құстар мекендейді. Ауыл аумағында балық өсірілетін "Шұбаркөл" атты көл, оннан астам бұлақтар бар. Ауылдың шығысында, 12 шақырым жерде орналасқан "Қарабиік" өлкесінде қазба байлық – көмір кеніші бар. Ауданның жер аумағы 23,5 мың га құрайды, оның ішінде 21292 га ауылшаруашылық жерлеріне (жайлымдық) жатады. Құрылыс пен жолдарға, электр желістері мен телефон байланысына 2205 га бөлінген. Егіндібұлақ өңірі сонымен қатар еліміздегі тұңғыш металлургия зауыты, атақты Қоянды жәрменкесі ашылған жер. ## Тарихы Іргетасы 1909 жылы Ресейден қоныс аударған мұжықтардың елді мекен салуынан қаланады. Елді мекеннің атын, Балқантау тауынан бастау алатын "Егіндібұлақ" атты бұлақтың атын мұжықтардың орыс тіліне "Хлебородное" деп аударуымен, сол кездегі Орынбордың генерал – губернаторы өз бұйрығымен бекітеді. 1928 жылғы 17 қантарда Қарқаралы уезіне қарасты Қу, Едірей және Байыр болыстарының ауқымды бөлігі негізінде құрылып, оның әкімшілік орталығы болып – "Хлебородное" ауылы белгіленеді. 1930 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы жергілікті халықтың сұрауы бойынша аудан орталығының атауын – Егіндібұлақ ауылы деп өзгерту туралы өз Қаулысын қабылдайды. Егіндібұлақ өңірі туған еліне ғана емес, көршілес әрі алыстағы елдерге ақыл-парасатымен, қайраткерлік істерімен, туа біткен өнерімен кең танымал болған – қазақ елін таныта, мойындата білген Ұлы адамдардың мекені. Бұл өңірде қазақ халқының біртуар ұлы, ірі мемлекет қайраткері Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлы, ұлы күйші Тәттімбет Қазанғапұлы, ақиық ақын-сазгер Мәди Бәпиұлы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов сынды көптеген ірі тұлғалар туып өскен. Сондай-ақ бұл өңір - ұлы Абай Құнанбайұлының анасы Ұлжанның туған жері, яғни ұлы ақынның нағашы жұрты. Ауылда қазақтың үш биінің бірі – Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлына, шертпе күйдің негізін салушы кемеңгер сазгер Тәттімбет Қазанғапұлына және қазақтың біртуар перзенті, әйгілі сазгер, ақиық ақын Мәди Бәпиұлына ескерткіштер орнатылған. ## Басшылары Егіндібұлақ ауданының алғашқы басшылары, яғни аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары (сақталған деректер бойынша): * 1930-шы жылдарда Құлжан Дүйменов, Түсіп Асқаров, Нәукебай Әділов, Ібіжан Рахымжанов; * 1940-1950 жылдар аралығы – Асайын Туғанбаев, Мәжкен Момбаев, Жетпісбай Қыстафин, Жалау Балғабаев (кәрсөн); * 1960-1978 жылдар аралығы – Мұқан Медеубаев, Мыңжасар Әдекенов, Нарманбет Садықов; * 1978-1991 жылдары аралығы – Шалабай Қуанышев, Тілеубек Зейнешев. Егіндібұлақ ауылдық Кеңесінің төрағалары болып 1950–1990 жылдары Мәнсүр Ыбраев, Ахмет Көңілімжаев, Хадиша Құсайынова, Қабыш Ахметов, Нұртаза Бәкіжанов, Серік Жақұлов, 1990 жылдардың басынан жергілікті әкімдіктер құрылуына байланысты Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып Балқан Нұрханов, Медеу Ахметов қызмет еткен. 2007 жылдың наурызынан бастап ауылдық округті Амантай Даупбаев басқарып отыр. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Қазіргі уақытта Егіндібұлақ ауылында екі орта мектеп, бір кәсіптік мектеп, интернат-пансионат, бір балабақша, бөлімшелік аурухана, Қарқаралы ауданының №2 аудандық соты, Егіндібұлақ өңірі бойынша қызмет көрсететін Қазыбек би кенттік полиция бөлімшесі, телекоммуникация торабының бөлімшесі, почта бөлімшесі, азаматтардың хал актілерін жазу бөлімі, Қу орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі, жоғары электр желілері учаскесі, өрт сөндіру бөлімі, модельді кітапхана мен мәдени-сауық орталығы, өлке тану мұражайы, сондай-ақ «ҚазАгро-Маркетинг» АҚ ауылдық ақпараттық-консультациялық пункті, аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мен зейнетақы төлеу орталығы-ның өкілдігі, екі дәріхана, бір жанар-жағар май құю станциясы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау лабораториясы, халыққа коммуналдық қызмет көрсететін «Сәулет» ЖШС, «Балқантау» ауылдық тұтыну кооперативі және 40-қа жуық жеке меншік дүкендер мен «Тойхана», шайхана және екі наубайхана, екі монша, мешіт жұмыс істейді. Село тұрғындары негізінен теледидар бойынша «Хабар», «Қазақстан» және «Евразия» бағдарламаларын көріп, қазіргі замаңғы цифрлі автоматты телефон станциясы мен «KСeLL» және «Билайн» ұялы телефон станцияларының қызметін пайдаланып отыр. Осы жылдың аяғына дейін Халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) филиалын ашу көзделуде. Сонымен қатар 2010 жылы облыс әкімі келісімен интернет жүйесіде іске қосылды. Егіндібұлақ ауылындағы Мәдениет үйі жанында халық өнерін насихаттап, оны дамытуға өзіндік үлес қосып, жоғары халықтық деген атаққа иеленген: Халық драма театры, Тәттімбет атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі және «Балқантау сазы» фольклорлық ансамблі мен өнерпаз ардагерлердің «Замандастар» клубы жұмыс істейді. Егіндібұлақ ауылдық округі бойынша халықтың жеке меншік шаруашылығында бүгінгі күнге 2990 бас ірі қара, оның ішінде 1366 бас аналық, 3512 бас қой мен ешкі, оның ішінде 1742 бас аналық, 742 бас жылқы, 1300 бас үй құстары бар. ## Дереккөздер
Қажымұқан Жамалов(4.5.1935 ж.т., Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майбұлақ ауылы) – технология ғылымдарының докторы (1999), професор (2001). Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шымкент мемлекеттік педагогикалық иннститутын (1961), Өзбекстан ғылым академиясының аспирантурасын (1964) бітірген. 1972 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінде кафедра меңгерушісі. Ғылыми жұмыстарының бағыты жазық рельефті гелиоқондырғылардың жылу және энергетика сипаттамаларын зерттеуге арналған. Жаңа ғылыми практикалық нәтижелері ауыл шаруашылығына енгізілген. 60-тан аса ғыл. еңбегі бар. ## Дереккөздер
Әсима Нарбекқызы Дәуренбекова (24 қыркүйекте 1955 жылы туған, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауданы) – экономика ғылымдарының докторы (2007), профессор (2008). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (1977) бітірген. Шымкент қаласы «Эластик» бірлестігінде (1977–78), Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында ассистент (1978–81), Алматы халық шаруашылық институтының аспирантурасында оқыды (1981–84), қазіргі Қазақ экономикалық университетінде доцент (1998–2007), 2007 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. «Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтеру: генезис, басымдылықтар және жүзеге асырудың экономикалық механизмі» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғаған. Дәуренбекованың 70-тен астам ғылыми еңбегі, 1 монографиясы жарық көрген. ## Дереккөздер
ЖАМАНБАЕВ Қадыр (18.8.1914, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақкүйік ауылы – 15.9.1986, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1973), профессор (1979). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.ҚазПИ-ді (1938, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Еңбек жолын ауданы халық ағарту бөлімінде хатшы, Жаңақорған кентінде бастауыш мектепте мұғалім (1932–34) болып бастады. 1938 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық училищесінде оқытушы болды. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы халық ағарту бөлімінде меңгеруші, орта мектеп директоры (1941–42) қызметтерін атқарды.1952 жылға дейін Жаңақорған ауданы кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қызылорда облысы партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы консерваториясында кафедра меңгерушісі болды. Қызылорда педагогика институтының (1952–54, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) ректоры, Ақтөбедегі педагогика және медицина институттарында кафедра меңгерушісі (1954–58). Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының (1958–62) және Целиноград педагогикалық институтының ректоры (1962–74), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1974–76), ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі (1976–86) қызметтерін атқарды. «Исторический опыт по развитию высшей школы в Казахстане (1917–1970 жж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қадырғали Қонысбайұлы Жаманбалин (1958 жылы туған, Қостанай облысы, Қамысты ауданы) – физика-математика ғылымдарының докторы (2003), профессор (2003). ## Өмірбаяны Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. * Қарағанды мемлекеттік университетін (1982) бітірген. * Санкт-Петербург политехникалық институтының аспирантурасын (1990) бітірген. * Қостанай педагогикалық институтында оқытушы (1985), аға оқытушы, доцент (1990), декан (1995) * Қостанай әлеуметтану академиясының ректоры болды. * 1999 жылдан Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде қызмет атқарады. ## Ғылыми еңбектері Жаманбалин 80-ге жуық ғылым жарияланымының, 4 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Өнер Жамалов(1922, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сенбі ауылы – 1975, Ташкент қаласы) – экономика ғылымдарының докторы (1955), професор (1958). Ташкент қаржы-экономика институтын (1953) бітірген соң осы институтта, Ауыл шаруашылық инстутында, Орта Азия мемлекеттер университетінде педагог қызметін атқарды. Ташкент мемлекеттік университетінің професоры, Өзбекстан ҒА Экономика институтының директоры, Өзбекстан ғылым академиясының Төралқа мүшесі және академияның философия, экономика және заң ғылымдары жөніндегі академия-хатшысы (1953–75) болды. 130-дан аса ғылыми жарияланымы, 8 монографиясы бар. ## Дереккөздер
Гиперген минералдар – Жердің жоғарғы қыртысында төменгі температура және төменгі қысым жағдайында түзілетін минералдар. Гиперген минералдар жеңіл гидраттанады, оңай тотығады. Құрамында сазды минералдар, оксидтер, гидроксидтер, сульфаттар, нитраттар, фосфаттар болады. Гиперген минералдардың түзілуіне климат, тірі организмдер мен органик. заттар, Жер бетінде пайда болатын ерітінділер әсер етеді. Силикатты тау жыныстарының үгілуінен қоңыржай климат жағдайында гидрослюда типті сазды минералдар, ал тропиктік климат жағдайында каолиндік саздар, гидраттар, алюминий оксидтері түзіледі. Гиперген минералдар тас тұзы, гипс, әктас, доломит, боксит, никель кендерін құрайды. ## Дереккөздер
Жамантас – қола дәуірінен сақталған мола. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы Бесоба қыстағының оңтүстігінде 3 км жерде. Оны 1955 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеді. Моланың диаметрі 4,6–5 м, сыртқы іргесі үлкен тастармен қоршалған. Өліктің қол-аяғын бүгіп, қоршалған тас жәшіктің ішіне ас ішкен құмыра ыдыстарымен бірге қойған. Моланың сыртқы құрылысына және саз балшықтан істелген құмыраларға қарағанда, бұл өңірді мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар мекендеген. Сипаты жағынан Андронов мәдениетінің орта кезеңіне жатады. Өз маңайындағы Қамқор, Бесоба, Жетімшоқы, Қарашоқы, Қараоба, т.б. зираттармен бірігіп Нұра өзені жоғарғы ағысының ескерткіштері тобын құрайды. Зиратқа жақын тұста қола дөуірінің кен балқыту орны бар. Бұл өлке көне замандарда» Орт. Қазақстанның адам тығыз қоныстанып, тау-кен ісі жақсы дамыған үлкен орталықтарының біріне жатады. ## Дереккөздер
Жамбыл облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы – өсімдік шаруашылығындағы сұрыптау жұмыстарымен айналысатын ғылыми-өндірістік мекеме. 1965 жылы құрылған. Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында орналасқан. Станция асыл тұқымды астық дақылдарын шығарады, көкөніс (пияз, қызанақ) өндіреді. 1450 гектар егістік жері бар. «Бесағаш-Агросервис-2006» ЖШС иелігіндегі мүліктер мен нысандар: * Зертханалық корпус 3 қабатты (кеңсе). * Орталық астық қоймасы. * Мал қорасы – 2. (әр қайсысы 300 бас сиырға арналған). * Мал қорасы – 2. (әрқайсысы 800 бас қойға арналған). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Бесағаш-Агросервис» ЖШС(қолжетпейтін сілтеме)
Жамантөбе – орта ғасырлардан сақталған қоныс орны. Түркістан облысы Отырар ауданындағы Отырар қаласы орнынан шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. 1969–1977 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ақышев Кемел) зерттеген. Кең көлемді қазба жұмыстары жүргізілмеген. Ортағасырлық қалалық мекендердің ғылыми жүйесі бойынша жамантөбе қонысы «алаңқайлы төбелер» түріне жатады. Ғылыми сипаттамасы сыртқы ерекшеліктері мен жер бетінен жиналған қыш үлгілеріне негізделген. Ескерткіш пішіні жағынан диам. 60 м, биікт. 5 м, үсті тегіс төбешік. Осы төбені айнала өтетін төменгі алаңның пішіні дөңгелек, диам. 160 м, биікт. 2,5 м. Зерттеу барысында табылған қыш ыдыстардың дені ернеуі созылыңқы жасалған құмыра сынықтары. Көршілес Отырар қаланың қышымен салыстыра отырып ғалымдар жамантөбе қонысын 8–10 ғ-ларға жатқызады. ## Дереккөздер
Хасый Жамантіков (1941 жылы туған, Жамбыл облысы Меркі ауданы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы Алматы ауыл шаруашылық институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1969). 1969 жылдан Қызылорда облысы Арал өңірі агроэкология жəне ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының күріш тәжірибе стансасында (қазіргі Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты) аға ғылыми қызметкер, лабаратория меңгерушісі, агрохимия бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда аталмыш институттың "Агротехнология, мелиорация жəне топырақтану" бөлімінің бас ғылыми қызметкері. Жамантіковтың ғылыми еңбектері: Қаратау фосфоритінен алынатын жаңа тыңайтқыштарды (полифосфаттар)күріш дақылына қолданып, ерекшеліктерін анықтап, тиімділігін дәлелдеуге; Израиль, Германия ғалымдарымен бірлесе Арал теңізінің құрғаған тұзды табанын өсімдік жамылғысымен жабу технологиясын жасауға арналған. Зерттеу тәжірибелері негізінде 3 томдық кітабы басылып шықты (Париж, Берлин қалаларында). Арал теңізінің табанына сексеуіл егу тәсілін тапты. 50-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 1 монографиясы жарық көрген. Бірнеше медальмен марапатталған. ## Дереккөздер
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы - 1940 ж. 10 мың дана кітап қоры бар қалалық кітапхана негізінде ұйымдастырылды. 1965 ж. кітапханға ғалым Уәлихановтың есімі берілді. Кітапхана 1970 ж. арнайы салынған екі қабатты ғимаратқа көшірілді. Кітапханада 13 бөлім: кітапхана ісін ұйымдастыру және дамыту, ақпараттық анықтамалық библиография, оқу залы, абонемент, өнер туралы әдебиеттер, мерзімді басылымдар, депозитарлық кітап қорын сақтау, кітап қорын толықтыру, кітапхана ақпараттық жүйесін автоматтандыру, айырбас-үстеме қоры, кітапханааралық абонемент, шет тілдері әдебиет бөлімі қызмет көрсетеді. Оқу залында 140 оқырмандық орын бар. Кітапханада жүргізілетін көпшілік жұмыстардың негізгі бағыты – қоғамда, әлемде болып жатқан жаңалықтарды оқырмандар назарына жеткізіп отыру, кітап қорын насихаттау. Кітапхана облыс көлемінде аталып өтетін күндер күнпарағын, жаңа әдебиеттер көрсеткішін, облыстағы жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына, әр саладағы тәжірибелік іс-шараларға арналған әдістемелік ұсыныс-құралдарын жүйелі түрде даярлап отырды. Оқырмандар интернет, электронды пошта қызметін пайдаланады. Кітапхана облыс көлеміндегі аудандық, қалалық, ауылдық кітапханаларға нұсқаулар, кеңестер, ұйымдастырушылық-әдістемелік көрсету орталығы болып табылады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап кітапханасы
Гипоген кендер, магматогендік кендер, эндогендік кендер – Жер қыртысының төменгі қабатында геохим. процестердің нәтижесінде түзілген кендер. Гипоген кендер Жер қыртысының тереңдегі бөліктерін қамтитын геол. құрылымдарда орналасады. Гипоген кендер балқыған күйдегі магмадан немесе жоғ. қысым мен температура жағдайында минерал заттарға қаныққан ыстық су ерітінділерінен түзіледі. Осыған байланысты Гипоген кендер 5 генетик. топқа бөлінеді: магмалық, пегматиттік, карбонатиттік, скарндық, гидротермальдық. Магмалық кендер магманың кристалдануы кезінде құрамына қарай ультранегізді, негізді, кейде сілтілі жыныстарға жіктелгенде түзіледі. Бұл жыныстарда ванадий, темір, платина, мыс, сирек металдар, никель, апатит, алмас кездеседі. Пегматиттік кендер магма қалдықтарының интрузивтерге енуінен түзіледі. Оларда керамик]. шикізат, асыл тастар мен металдар шоғырланады. Карбонатиттік кендер кальций, магний, темір карбонаттарының шоғырлануынан түзіледі. Оларда карбонатты минералдармен қатар мыс, ниобий, апатит және флогопит кездеседі. Скарндық кендер магмалық дененің жапсарында минералданған ыстық бу әсерінен түзіліп темір, мыс, вольфрам, молибден, қорғасын, кобальт, алтын, бор және т.б. кентастар көзін құрайды. Гидротермальдық кендерге түсті, асыл және радиоактивті металл кендері кіреді. Олар ыстық әрі минералданған жер асты су ерітінділерінің айналымы кезінде шөгіп түзіледі. ## Дереккөздер