text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жақия Исатайұлы (1811 жылы туған – өлген жылы белгісіз) — батыр. 1836–1838 жылдары Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлының баласы. Әкесі басшылық жасаған көтеріліске қатысып, көтерілістің ауыр жағдайларында өзінің батырлығымен, тапқырлығымен көзге түскен. Соңына ерген сарбаздарымен арнайы тапсырмаларды орындауда шеберлік танытқан.
Махамбет Өтемісұлы өлеңіндегі: “Баласы Исатайдың Жақия-ды, Жақия жауды көрсе ақияды” деген шумақтар оның осы ер мінезінен туындаса керек. Көтерілістің орта кезінде (24.12.1837) Жайықтың шығыс бетінде қапыда жау қолына түскен Жақияны орыстың әскери соты 250 солдат арасынан 3 рет өткізіп дүре соқтырады да, шала-жансар батырды Финляндияға жер аударады. Сол кеткеннен Жақия елге қайтып оралмайды.
## Дереккөздер |
Нұрғалым Әбдірешұлы Жазылбеков (1949 ж.т., Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1977).
Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1972–96 ж. Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдарының академиясында қызметтер атқарды. 1996 жылдан Қазақ мал шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында бас ғылыми қызметкер.
## Дереккөздер |
ЖАЙЛЫБАЙ Келіс Нұрмашұлы (1936 жылы туған) – ғалым, биология ғылымының докторы (1997), профессор (1998).
Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.
ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген. 1961 – 1969 ж. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер. 1969 – 1992 ж. Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында (Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты) аға ғылыми қызметкер, лабаратория меңгерушісі. 1992 – 1997 ж. Қызылорда мемлекеттік университетінде доцент, 1998 жылдан «Биология, география және экология» кафедрасында оқытушы болды. Негізгі ғылыми еңбектері Арал өңіріндегі күріш дақылының фотосинтезі және фотосинтетикалық өнімділігі теориясы мен күріштің жаңа сорттарының морфофизиологиялық әдістемелерін жасауға арналған. Тұзданған жерлерде күріш өсірудің сорттық жаңа жетілдірілген технологиясын тұжырымдап, өндіріске енгізді. Жайлыбай 160 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 12 кітапша және бірнеше өнертапқыштық ұсыныстардың авторы.
## Дереккөздер |
Бауыржан Өміржанұлы Жақып (1 мамыр 1963 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аққора ауылы) — қазақстандық ақын, филология ғылымдарының докторы (2004), профессор (2007), Қазақстан Журналистика академиясының (2006) және Қазақстан Жоғары мектеп ұлттық ғылыми академиясының корреспендия мүшесі (2007).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1985, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1986–1988), ассистент (1988–1991), аға оқытушы (1991–1994), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі (1995–2001, 2008–2009), журналистика факултетінің деканы (2001–2008) қызметтерін атқарды.
* 2009 жылдан «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры.
* Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессорі (2009).
## Шығармалары
* “Жұлдызды шақ” (1987)
* “Көзімнің нұры” (1990)
* “Айдындағы аспан” (1996)
* “Ақ лақ” (1997) жыр жинақтары
* “М.Әуезов — публицист” (1997) ғылыми-зерттеу кітабы жарық көрген.
## Ғылыми жұмысы
* «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қазақ көркем әдебиеті мен журналистикасындағы пубицистика жанрының қалыптасуы, дамуы, теориялық және шығармашылық мәселелері.
* Жақып 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
## Марапаттары
* Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты (1990)
* Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1998)
* Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар (1999) сыйлықтарының лауреаты.
## Дереккөздер |
Жақсы — Ақмола облысының Жақсы ауданындағы ауыл, аудан (1957 жылдан) және Жақсы ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 204 км-дей жерде, жусанды-бетегелі қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1939 жылы Ақмола — Карталы (Челябі облысы Ресей) темір жолын салуға байланысты қаланған.
## Инфақұрылымы
Бастауыш орта мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, аудандық емхана мен аурухана, санэпидстанса, т.б. бар.
## Транспорты
Ауыл арқылы — Астана — Қостанай автомобильді жолы, Астана — Карталы, Астана — Қостанай темір жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Ахат Имантайұлы Жақсыбаев (5 шілдеде 1940 жылы туған, Павлодар қаласы) — жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
## Өмірбаяны
* 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
* Орта мектепті бітірген соң 1958 — 1960 жылдары Екібастұз қаласында дренажды шахтада жұмыс істеді.
* 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді.
* 1965 — 1967 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі,
* 1972 — 1992 жылдары “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы,
* 1993 — 1997 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы,
* 1998 — 2000 жылдары “Ақиқат” журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
* 2001 жылдан “Жас өркен” балалар басылымдары акционерлік қоғамының президенті.
* 2005 жылдың шілде айында «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамы «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта қүрылуына байланысты «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды.
* 2007 жылдың ақпан айында өтініші бойынша қызметтен босатылып зейнетке шығып, еркін шығармашылық жұмысқа көшті.
## Шығармашылығы
* “Менің достарым” (1968)
* “Қайырлы таң” (1970)
* “Бозарал” (1973) повестері
* “Егес” (1975)
* “Бөгет” (1981)
* “Қорған” (1991)
* “Қайтпас қайсар” (2002)
* “Иса ақын” (2010) романдары жарық көрген.
* “Жаны жайсан жақсылар” (2006) естеліктер кітаби жарық көрді.
* Г.Хаггардың “Маргарт ару” романын, Р.Медведевтің “Сталиннің серіктері” кітабын, В.Астафьевтің “Өмір өткелдері” повесін қазақ тіліне аударған.
## Жетістіктері
* 1971 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
* 1976 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.
* 1978 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды
* 1993 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы боп сайланды.
* 1991 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді.
* 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
* 2007 жылы желтоқсанның 5-дегі Жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
* 2012 жылы «Иса ақын» романы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.
* 2016 жылы желтоқсанның 5-дегі Президент Жарлығы бойынша «Парасат» орденімен наградталды.
* Павлодар облысы маслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі шешімімен Павлодар облысының құрметті азаматы атағына ие болды.
## Дереккөздер |
* Жақсыбай (көл) — Қостанай облысындағы көл.
* Жақсыбай (өзен) — Батыс Қазақстан облысы жерімен ағатын өзен.
* Жақсыбай — Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. |
Жақсыкөң – Құланөтпес алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 160 км, су жиналатын алабы 4050 км².
## Бастауы
Ұлытаудағы Желдіадыр қыратының шығыс етегінен басталады да Баршын ауылы тұсында Құланөтпестің саласы - Көң өзеніне сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы бастауында тар, жағасы жарлы-кемерлі, орта және төменгі жағында жайылмасы 2 - 3 км-ге дейін кеңейеді. Ірі салалары: Талдысай, Торанша. Жылдық орташа су шығыны 0,82 м³/с. Негізінен, жайылым суландырылады. Аңғарында ойдым-ойдым шабындық бар.
## Дереккөздер |
Жақсылық — ортағасырлық қала орны. Алматы облысы Талғар қылысынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, Жақсылық шатқалында орналасқан. Қаланың тарихи атауы анықталмаған. 1967 — 69 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеу жүргізген. Қала орны төртбұрышты, сырты жал топырақпен қоршалған (биіктігі 2 м, ені 6 — 7 м), бұрыштарында күзет мұнаралары болған. Қабырғалық дуалдардың орталықтарында да бір-бір мұнара болғаны байқалады, тек кіреберіс қақпа болған оңтүстік-шығысында ғана оның орны жоқ. Қала дуалының бұрыштары дүниенің төрт құбылысына қаратылған. Дуалдың сыртынан ор қазылған. Оның қазіргі тереңдігі 0,5 м, ені 3 — 4 м. Қала орнына барлық жағынан төртбұрышты қабырғалармен қоршалған территориялар жалғастырылған. Олардың да бұрыштары дүниенің төрт құбыласына сай келеді. Қала орнының солтүстік-батыс бөлігінде, топырақ жал іргесінен қазба жұмысы жүргізілді. Қаланың орны бірнеше қабаттан тұрады. Соған қарағанда, қала бірнеше рет қайтадан бой көтергенге ұқсайды. Зерттеу барысында табылған заттар (мысады, теңгелер, ыдыс сынықтары, садақ ұштары, әр түрлі әшекей бұйымдарының қалдықтары) мен сәулет құрылыстарының ерекшеліктері қаланың 10 — 13 ғасырлар аралығында Жетісу өңіріндегі ірі сауда мәдени орталықтарының бірі болғандығын дәлелдейді. Қазба кезінде қаланың ішкі жағынан табылған қабірге жерленген мәйіттің сол қолының сұқ саусағынан қоладан жасалған мөрленген сақина табылған. Мөрдің бетіндегі таңбалар 11 ғасырға тән сына жазуының таңбалары екендігі анықталды. Одан түркінің “Тізеңді бүгіп тағзым ет қорқақ” деген дуалы сөзін оқуға болады.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясыЖетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3 |
Жақсы Қарасай – Шығыс Каспий алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Атырау облысының Жылыой және Маңғыстау облысының Бейнеу аудандары шекарасымен ағады. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 937 км2.
## Бастауы
Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы Желтау (221 м) және Көлеңкелі (198 м) тауларынан бастау алады да, Манайсор ойысына құяды.
## Гидрологиясы
Қар және бұлақ суымен толығады. Тар арнасы шөлейт жазыққа шыға кеңейеді, жайылмасы енді келеді. Жылдық орташа су ағыны 0,09 м3/с. Шілде айынан бастап тартылып, ойдым-ойдым жылғаларға бөлініп қалады. Суын мал ішеді, алабы жайылым және көктемгі шабындық.
## Дереккөздер |
Айтым Әбдірахманов (20.12.1928 жыл, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы) Жарқын ауылы – 20.3.1994 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1991).
* ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ)
* Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын (1954, қазіргі Тіл Білімі Институты) бітірген.
* Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл білімі институтында кіші (1954–1958)
* аға (1958–1970) ғылыми қызметкер
* бөлім меңгерушісі (1970–1980)
* жетекші ғылыми қызметкер (1981–1994) болып қызмет атқарды.
## Ғылыми жұмыстары
«Қазақстан топонимдерін тарихи этимологиялық тұрғыдан зерттеу» деген тақырыпта доктрлық диссертация қорғады. Әбдірахмановтың ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің топонимика, терминологиялық және емле мәселелеріне арналған.
Әбдірахманов 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның
* «Қазақстанның жер-су аттары», 1959;
* «Топонимика және этнотопонимика», 1975;
* «Қазақстан этнотопонимикасы», 1979 авторы.
## Дереккөздер |
Жақсықылыш – Сырдария өзенінің сағалық алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде. Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағында, Арал қарақұмы мен Жақсықылыш тауының аралығында, теңіз деңгейінен 48,1 м жоғары орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 74,5 км2. Арал теңізінің тартылуына байланысты көлдің аумағы күрт қысқарды, тек көктемде ғана суы болады, шілде айынан бастап бетін тұз басып, құрғақ ойысқа айналады. Көктемгі қар суымен жиналған суына мал суғарылады. Алабы - жайылым.
## Дереккөздер |
Равиль Исламович Вагапов (1 наурыз 1937 жылы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында туған) – техника ғылымдарының докторы (1994 жылы), профессор (1997 жылы). Қазақстан Ауыл шаруашылық ғылыми академиясының академигі (1999 жылы).
Қазақ мемлекеттік ауылы шаруашылық институтын бітірген (1960 жылы). Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1960–63 жылдары), Тараз қаласындағыҚазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға және бас инженер (1963–67 жылдары), зертхана меңгерушісі (1969–78 жылдары), институт директорының орынбасары (1978–89 жылдары), одан соң су қорларын басқару зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
«Методы гидравлического расчета водопроводящих трактов и сооружении открытых оросительных систем при бурном режиме течения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Вагаповтың негізгі ғылыми жұмыстары тау бөктеріндегі ағысы қатты суларды зерттеуге, егін суғару жүйесіндегі құрылымдар мен су ағатын арналарды гидравликалық есептеу әдістерін жасауға және экологиялық күрделі аймақтағы су қорларын зерттеуге арналған. Вагапов 112 ғылыми еңбектің авторы.
## Дереккөздер |
Ғаппар Қасенұлы Ерғалиев (17 қазан 1932 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1990), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында аға лаборант (1956–58), кіші (1958–68), аға (1968–78) ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1978–91) қызметтерін атқарған; ал 1996 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі.
1989 ж. «Кембрии Южного Казахстана и Улытау (стратиграфия, ярусное и зональное расчленение, трилобиты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның венд, кембрий және төменгі ордовик кезеңдерінің стратиграфиясы мен палеонтологиясын зерттеуге, оның ішінде Қаратау мен Оңтүстік Ұлытаудың кембрий–ордовик қабаттарының биостратиграфиясы мен трилобиттерін кешенді зерттеуге арналған. Ерғалиев 120-ға тарта ғылыми-зерттеу жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның («Трилобиты среднего и верхнего кембрия Малого Каратау», 1980) авторы.
Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1982).
## Дереккөздер |
Райхан Әбдешқызы Ерғалиева (26 наурыз, 1954 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы) – өнертану ғылымдарының докторы (2001).
## Өмірбаяны
Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және архитектура институты (1976) мен Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1983) бітірген; осы институтта лаборант, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
## Ғылыми еңбектері
«XX ғасырдағы қазақтың бейнелеу өнері және дәстүрлі дүниетанымы. Кескіндеме. Мүсін» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ерғалиева 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның («Этнокультурные традиции в современном искусстве Казахстана. Живопись. Скульптура», 2002) авторы.
## Отбасы
Тұрмыста. Жұбайы - Тоқмағамбетов Әлкен Шұғайбекұлы, ҚР ҰҚК Әскери институтында жұмыс істейді. Ұлы - Тоқмағамбетов Данабек (1979 жылы туған); қыздары - Тоқмағамбетова Ася (1982 жылы туған), Тоқмағамбетова Роза (1982 жылы туған).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* https://web.archive.org/web/20120315021809/http://prostor.ucoz.ru/publ/20-1-0-2034 |
Әуелбек Кәрібайұлы Зәуірбек (1944 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – техникалық ғылыми докторы (1998), профессор.
## Өмірбаяны
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс (1971) және Мәскеу гидромелиоративтік институты аспирантурасын (1981) бітірген.
1971 жылдан бастап Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, Тараз мемлекеттік университеттінде профессор қызметтерін атқарған.
## Еңбектері
70-ке жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 оқу құралының авторы.
## Дереккөздер |
Борис Әміржанұлы Әбдірахманов (10.4.1953 жылы туған, Ресей, Иркутск облысы Нижнеудинск қаласы) – заң ғылым докторы (2005), профессор (2002), полиция полковнигі, ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.
КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі (1975) мен Бүкілодақтық ғылым-зертеу институтының адъюнктурасын (1980) бітірген. ҚР ІІМ Алматы заң институтының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының (1998) және ҚР ІІМ академиясының ғылым орталық бастығы (2001) және осы академия бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (2002 жылдан профессор) қызметтерін атқарады.
## Дереккөздер |
ЗЕЙНУЛЛИН Әбдікәрім Әбдіжәлелұлы (1957 жылы туған, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылы ) – техникалық ғылыми докторы (1996), профессор (1998).
Қазақ политенхникалық институтын (1979, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетті) бітірген. Жезқазған кен-металлургия комбинатының Шығыс Жезқазған кенішіндегі 57-шахтада тау-кен инженер болып қызмет атқарды (1979–82). Қарағанды политенхникалық институтының Жезқазған бөлімшесінде ассистент, Мәскеу тау-кен институтының аспиранты (1982–85), Жезқазған тау-кен технологиялық институтында кафедра меңгерушісі (1989–96), Жезқазған университеттінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (1996–2001), Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министлігінің департаменті директорының орынбасары (2001 жылдан) болды. 50-ден астам ғылыми мақаланың авторы.
## Дереккөздер |
Әлібек Жанпейісұлы Әбдірахманов (1943 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – медицина ғылым докторы (1988), профессор (1989), Қазақстан Республикасынын Жаратылыстану ғылыми академиясының академикі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері. Қарағанды мемлекет медицина институтын (1966, қазіргі Қарағанды мемлекет медицина академиясы) бітірген. Целиноград (қазіргі Астана) қаласындағы темир жол ауруханасында хирург,№2-қалалық ауруханада ортопед-травматолог, травматология пунктінің меңгерушісі (1966–1969), Целиноград медицина институтында (қазіргі Астана медицина академиясы) ассистент (1972–1975), деканның орынбасары (1975–1977), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1978–1993), ал 1993 жылдан кафедра меңгерушісі және «Тамыр–ЛТД» медицина орталығының директоры қызметтерін атқарады. Әбдірахманов 176 ғылым жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
ЗЕНКОВА Елена Михайловна (1.6.1924 жылы туған, Алматы қаласы) – ауылы шаруашылығы ғылыми докторы (1983), профессор (1987).
Қазақ мемлекеттік ауылы шаруашылығы институтын (1948, қазіргі Қазақ ұлттық агр. университетті) бітірген. Қазақ ғылыми-зертеулік институтында аға лаборант (1948–49), кіші (1949–62), аға ғылыми қызметкер (1962–64), лаборатория меңгерушісі (1964–88), 1988 жылдан жетекші ғылыми қызметкер болды. зауының 130-дан аса ғылыми мақаласы және 5 монографиясы жарық көрген.
## Дереккөздер |
Зийа Әл-Құлұб (араб. KҒ¦љ¦ABөѓ) – Мұхаммед Аваз Самарқандидің 17 ғасырдың бас кезінде парсы тілінде жазған шығармасы.
Шейх Қожа Исхақтың өмірі жайлы автор жеке өзінің білетіндеріне, шейһтың жақын достары мен жолын қуушылардың айтуына сүйеніп жазған. «Зийа Әл-Құлұб» – қазақ халқының саяси тарихын суреттейтін құнды шығарма. Әсіресе, 16 ғасырдың 90-жылдарында қазақ ханы Тәуекелдің Бұхараға жасаған жорығы жайлы деректер мол.
«Зийа Әл-Құлұб» 16 ғасырда қазақ ақсүйектері арасында ислам дінінің таралуы жайында да бірқатар мағлұматтар келтірілген.
## Дереккөздер |
ЗЕРКЕШОВ Елтай Ғакипұлы (5.8.1940 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Лепсі станциясы) – медициналық ғылыми докторы (1983).
Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) медициналық институтын (1965) және оның аспирантурасын (1970) бітірген. 1970–80 жылы сонда кіші ғылыми қызметкер, 1980 жылдан Қазақстан ғылым академиясының физиологиялық институтында аға ғылыми қызметкер, 1985 жылдан лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері жүйке физиологиясына арналған.
ЗЕРКЕШОВ Елтай Ғакипұлы мидың қатпарлы нейрондарын «үйрету» моделін жасап, тәжірибеге қойылған жануар денесінде шартты рефлекс, осыған кешеуіл әрекет қалыптасуының «құпиясын» ашты. 2 авторлық куәлігі бар.
## Дереккөздер |
ЗЛАВДИНОВ Латип (1931 жылы туған, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диірмен ауылы ) – геология-минералдық ғылыми докторы (1995), профессор (1996).
Қазақ тау-кен Металлургия институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетті) бітірген. Тұрлан геофизикалық экспедициясында отряд инженер (1956–60), Түркістан облысы тематика партиясының бастығы (1960–64), Қазақстан геология министлігі геофизикалық бөлімінің аға геофизигі (1965–66), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) кафедра меңгерушісі (1966–96) болды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университеттінде дәріс береді.
50-ден аса ғылыми жарияланымы, оның ішінде 1 монографиясы жарияланған.
## Дереккөздер |
Әбдеш Ерғалиев (21 желтоқсан 1912 ж., Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылы – 1993 ж.) – техника ғылымдарының докторы (1967), профессор (1971).
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қарағанды кен-металлургия институтын бітірген (1942). Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы (1942–47), Алтай кен-металлургия институтының директоры (1950–63), Қазақстан Ғылым Академиясы кадр басқармасының бастығы, сектор меңгерушісі (1947–50), Кен ісі институты директорының орынбасары, лаборатория меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер (1965–93) болып жұмыс істеді.
Оның ғылыми жұмыстары пайдалы қазынды кен орындарын ашудың жаңа тәсілдеріне, жүйелеріне, теориясы мен практикасына, сондай-ақ жер қойнауы байлықтарын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған. Ерғалиевтың 11 авторлық куәлігі бар. 4-сайлау Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты. 1-дәрежелі Отан соғысы және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қуандық Ералыұлы Ералин (14 сәуір 1950 жылы туған) – педагогика ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999), Қазақстан Білім беру ісінің үздігі (1997), Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері (2007). Шымкент педагогика институтын бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша (1973) және Мәскеу мемлекеттік педагогика университетінің аспирантурасын (1985) бітірген. Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытушы, доцент, профессор, декан, кафедра меңгерушісі (1973–96), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (1996–2004) жұмыстар істеді. 2004 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.
1992 ж. «Изобразительное искусство Казахстана в системе художесвенно-профессиональной подготовки будущих учителей изобразительного искусства и художественного труда в педагогических институтах» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың теориясы мен практикасы, оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру әдістемесі, т.б. Ералин 115 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монография мен 24 оқу құралдарының авторы.
## Сыртқы сілтемелер
http://ukgu.kz/en/node/1467(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Орал Тұтқабайұлы Әбдірахымов (1953 жылы туған, Жамбыл облысы Мерке ауданы, бұрынғы Киров ұжымшары) – техникалық ғылыми докторы (1993), профессор (1994). ҚазҰУ -ды (1976) бітірген. Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Механика және машинатану институтында ассистент, лаборатория меңгерушісі (1976–1995), Жезқазған педагогикалық институтының ректоры (1995–1996), Жезқазған университетінің ректоры (1996–2000), Қазақ ұлттық техникалық университетінде декан (2000–2001) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Рудный индустриалдық институтының (Қостанай облысы) ректоры. «Численные методы анализа и синтеза многоконтурных механизмов высоких классов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әбдірахымов 80 ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы, 16 патенті бар.
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 6 сәуірдің 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов (15.7.1958 жылы туған, Қызылорда облысы Қызылорда) – биология ғылымдарының докторы (1997), Халықаралық ақпарат академиясы (1998), Қазақстан Республикасының жоғары мектебі және Халықаралық Жоғары мектебі ғылыми академиясының академигі (2002). Қазақстан Білім беру ісінің үздігі.
## Өмірбаяны
* Қызылорда педагогикалық институтын (1979, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген.
* КСРО Ғылым академиясының Биофизика институтының аспирантурасын (1986) бітірген.
* Қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетінде декан, проректор
* Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры қызметтерін (1986–1998) атқарады.
* Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігінде департамент директоры (1998)
* Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы (2004–2007)
* 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* Оның ғылыми еңбектері женьшень өсімдігінен алынатын даммаран қатарындағы глюкозиттердің биофизикалық және биохимиялық, антигемолиттік активтілігінің молекулярлық аспектілеріне арналған.
* 40-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.
## Дереккөздер |
Көбен Абжанов (1.1.1929, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа (Атасу) кенті – 30.7.1981, Алматы қаласы) – заң ғылыми докторы (1969), профессор (1970).
Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын-Қараша бөлімінен шыққан.. Алматы мемлкеттік заң институтын (1950) бітірген соң осында аға оқытушы (1950–1960), Қазақ КСР-і Министрилігінде Кеңесінде құқық тобының бастығы (1960–1961), ҚазМУ-да доцент (1961–1970, қазіргі ҚазҰУ), кафедра меңгерушісі (1970–1981) қызметтерін атқарған. 1969 жылы «Еңбек шартының мәні» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – кеңестік еңбек құқығының мәселесі.
## Шығармасы:
* Трудовые права молодых рабочих, А.-А., 1977.
## Дереккөздер |
Ұлбосын Әбенқызы Әбенова (3.3.1939 жылы туған, қазіргі Түркістан облысы Арыс қаласы) – медицина ғылымның докторы (1985). Алматы мемлекттік медицина институтын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық медицина унверситеті) және Мәскеудегі бұрынғы КСРО Медицина ғылыми академиясы Вирусология институтының аспирантурасын (1968) бітірген. 1968 жылдан Денсаулық сақтау министирлігінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зертеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, топ жетекшісі, 1980 жылдан лаборатория меңгерушісі болып қызмет атқарады. Оның негізгі ғылыми-зертеу еңбектері («Возможные ассоциации онкогенных и инфекционных вирусов», 1984) вирусология мәселелеріне арналған.
## Дереккөздер |
Ольга Әменқызы Әбеуова (1947 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (2000).
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1971, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қарағанды педагогикалық институтының адам анатомиясы мен физиологиясы кафедрасының аспиранты, ассистенті, доценті, ал 1996 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті. Әбеуова 70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның («Физиологическая адаптация к мышечной деятельности и алиментарная коррекция», 2005) авторы.
## Дереккөздер |
Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов (1953 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – тарих ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993).
Арғын тайпасы Қуандық руының барқы бөлімінен шыққан.
ҚазМУ-дың тарих факультетін (1976, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Ақмола құрылыс инженерлері институтында және ҚазМУ-да оқытушы (1976–1979), ал 1979 жылдан Қазақстан Ғылым Акедемиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында ғалым, аға ғылыми қызметкер, Еуразия Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, Қазақстан мемлекеті тарихы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметтерін атқарады. 1992 жылы «Қазақстанның ауыл интеллигенциясы: қалыптасуының және әлеуметтік іс-әрекеттерінің тарихи тәжірибесі (1946–1985 жылы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әбжанов 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. «Алаш және ұлттық идея», «Миссия интеллигенции», «Алаш зиялысы», «Алаш аманаты және ұлттық идея» атты мақалаларында, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Н.Төреқұлов, С.Сәдуақасов, т.б. тұлғаларға арналған зерттеулерінде XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тағдыры, қоғамдық-саяси көзқарастары мен қызметі, Ресейдегі либералдық қозғалыспен ықпалдастығы, большевизммен арақатынасы, қоғамның интеллектуалдық әлпетін нығайтудағы рөлі сараланған.
## Сыртқы сілтемелер
* shuak.kz
## Дереккөздер |
ЗЕЛЬЦЕР Михаил Ефимович (25.9.1930 жылы туған, Ресей, Ленинград, қазіргі Санкт-Петербург қаласы) – медициналық ғылыми докторы (1979), профессор (1980).
Ленинград медициналық институтын бітірген (1954). Гурьев (1954–57, қазіргі Атырау), Оңтүстік Қазақстан (1957–58) және Алматы (1958–60) облыстарында дәрігер, Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министлігінде Аймақтық патология ғылыми-зертеулік институтында аспирант, кіші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1960–90), 1991 жылдан Алматы мемлекеттік медициналық институтында кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарады. зауыдің 250-ден аса ғылыми мақаласы және 6 монографиясы жарық көрген.
## Дереккөздер |
Майра Ғалымжанқызы Әбдірахманова (1956 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (2003).
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1979, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қарағанды қаласындағы диагностикалық орталықта дәрігер-невропатолог (1990–1998), Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық ортасында кіші ғылыми қызметкер (1998–2002), ал 2002 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Әбдірахманова 70-тен астам ғылым еңбектің, оның ішінде екі монографияның авторы.
## Шығармалар:
* «Цереброваскулярная недостаточность у горных рабочих с артериальной гипертензией», 2002;
* «Диагностика цереброваскулярной недостаточности и коррекция дисрегуляции сосудов методом биологической обратной связи», 2002
## Дереккөздер |
Карлинский Аврам Ефремович (1923 жылы туған, Украина, Чернигов облысы Козелец қаласы) – филология ғылыми докторы (1981), профессор (1985).
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Киев мемлекеттік университеттін (1952) бітірген. Амур облысындағы Буря кентінде мектеп мұғалімі (1952–54), Амур темір жол мектебінде инспектор (1954–57), 1957 жылдан ҚазМУ-де (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы, доцент, декан, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның ғылыми еңбектері негізінен тіларалық байланыстардың жалпы теориясы, тілдегі интерференция проблемасы, тілдік байланыс теориясының қолданбалы мәнін зерттеу мәселесіне арналған. Карлинский Аврам Ефремович 80-нен астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Ғылымдар академиясы — ғылыми-зерттеу мекемесі немесе ғылыми-зерттеу мекемелерін біріктіретін қоғамдық ұйым. Ғылым академиясына ұқсас мекемелер б.з.б. болған (қ. Академия). Ал Еуропада 15–16 ғасырларда көптеген ғылыми қоғамдарға академия атауы берілген. Қазіргі кезде дүние жүзінің көптеген елдерінде (мыс., АҚШ, Англия, Италия, Қытай, Франция, Қазақстан, т.б.) ұлттық ғылым академиялары жұмыс істейді. Ғылым академиялары әр елде түрліше аталады (мыс., Ұлыбританиядағы Корольдік қоғам) әрі олардың құрылу принципі, құрылымы, мүше саны, т.б. әр түрлі болып келеді.
## Дереккөздер
<references> |
"Ғылым" — республикалық ғылыми әдебиеттер баспасы. Қазақстан Ғылым Академиясының Төралқасының шешімімен 1946 ж. Алматыда ұйымдастырылған. 1992 жылға дейін "Наука" баспасы аталған. Алғашқыда редакциялық-баспа кеңесін Қ.Сәтбаев басқарған. Тұңғыш директоры Б.Я. Нинбург. 1948 ж. 17 қарашада Қазақстан Ғылым Академиясының дербес баспасы ретінде қайта құрылды. 1962 ж. Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетке, кейін Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің департаменті (қазіргі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі) қарасты ғылымы әдебиеттер шығаратын баспаға айналған.
2001 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Fылым" баспасы болып қайта құрылды. "Ғылым" - республикадағы ең ірі баспалардың бірі. Полиграфиялық базасы, өз баспаханасы бар. Негізінен, ғылымы монографиялар мен жеке және ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ҰFA-ның журналдарын, ғылыми-көпшілік, ғылыми-көркем, сондай-ақ, танымдық әдебиеттер, әр түрлі салалық сөздіктер мен анықтамалықтар шығарады.
1946 - 2000 ж. "Fылым" баспасынан қазақ, орыс, ұйғыр және басқа халықтар тілінде 31 млн-нан астам данамен 13307 кітап пен журналдар жарық көрді. Абай (2 том), Ш.Ш.Уәлиханов (5 том), Қ.И.Сәтбаев (5 томдық таңдамалы), Міржақып Дулатұлы (2 том), Ыбырай Алтынсарыұлы (3 том) шығармалары, ғылым қайраткерлерінің еңбектері, 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 5 томдық «Қазақ КСР тарихы», «Дала уәлаятының газеті», т.б. сияқты іргелі еңбектер – «Ғылым» баспасы жұртшылыққа ұсынған рухани құндылықтар. Баспа шетелдік әріптестерімен тығыз кәсіби байланыс орнатқан.
## Суреттер
## Дереккөздер |
КАСАТКИНА Антонина Петровна (13.3.1904, Ресей, Бирск қаласы – 4.4.1983, Алматы қаласы) – патофизиолог, медициналық ғылыми докторы (1948), профессор (1956), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1964).
Қазан мемлекеттік университеттінің медициналық факултетін (1927) бітірген. Саратов медициналық институтында доцент (1946–52), Алматы мемлекеттік медициналық институтында (1952–64, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университетті) доцент, кафедра меңгерушісі, профессор, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1964–71) қызметтерін атқарды. комитеның ғылыми еңбектері негізінен қан құю, қан тамырлары патологиясына арналған.
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Николай Григорьевич Кассин (13 желтоқсан, 1885, Ресей, Киров облысы, Гнусино селосы – 28 қазан, 1949, Алматы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1937), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943).
## Өмірбаяны
* Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1913).
## Ғылыми жұмыстары
Қызметінің алғашқы кезеңін Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігі мен Гурьев (қазіргі Атырау) облысының гидрогеологиясы (1912 – 1916) мен Ресейдің Киров облысының геологиясын (1918 – 1924) зерттеуден бастаған.
Ол петрография, стратиграфия, геотектоника, металлогения, геоморфология, гидрогеология саласында жұмыс істеп, минералогия және палеонтологиямен де шұғылданды. Негізгі еңбектері Қазақстан жерінің геологиялық құрылымын зерттеуге, оның шикізат қорын игеруге арналған. Кассин – Қазақстанның геология картасын тұңғыш жасаушылардың бірі; Бозшакөл мыс кен орнын (Р.А.Борукаевпен бірге) тұңғыш ашушы; жас альпілік вулканизмнің даму мүмкіндігін болжады, ол кейін (Семейтауда, Жетісу Алатауы, Кетпен жоталарында) дәлелденді.
## Марапаттары
* КСРО мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1946).
## Дереккөздер |
Василий Петрович Кашкаров (4.4.1919, Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 27.9.1988, Алматы қаласы) — физикалық-математикалық ғылыми докторы (1972), профессор (1973).
ҚазМУ-ды (1947, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1941–45). ҚазМУ-да аға оқытушы доцент, кафедра меңгерушісі (1947–65), проректор (1965–71), декан (1972–76), кафедра меңгерушісі (1971–88) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері газдар мен сұйықтардың ағысын, сондай-ақ Навье-Стокс теңдеуі мен шекаралық қабат теңдеуі негізінде жылу және масса алмасу құбылыстарын зерттеуге арналған.
2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ғылыми техникалық геологиялық кiтапхана (ҒТГК) – 1958 ж. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан геология бағытындағы ғылыми-техникалық әдебиеттермен толықтыру үшін ашылған. Мұндағы кітап қоры 20 мың дананы құрайды. Олардың ішінде монографиялар, ғылыми конференция материалдары, сөздіктер, анықтамалықтар бар.
## Дереккөздер
<references> |
Станислав Рамазанұлы Ердәулетов (1941 жылы туған, Жамбыл, қазіргі Тараз қаласы) – география ғылымдарының докторы (1994), профессор. ҚазМУ-ды (1964, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң әр түрлі мекемелерде инженер-экономист, аға инженер, аға экономист (1964–72), Қазақстан Геология институтында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі (1972–73), ҚазМУ-да доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1973–93), ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (1993–94) болды, ал 1995 жылдан ҚазҰУ-да профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
1993 ж. «Проблемы комплексного развития и территориальной организации туризма Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ердәулетов 140-тан астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 6 монографияның авторы.
## Сыртқы сілтемелер
http://tourism.kspi.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=140(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
«Каспиймұнайгаз» - Каспий ғылыми-зертеулік және жобалау институты, 1940 жылы Атырау қаласында «Қазақстанмұнайкомбинаты» құрамында «Ембімұнайжоба» кеңсесі ретінде құрылды.
* 1957 жылы «Гипроқазмұнай» жобалау институты болып өзгертілді, ал 1970 жылы Ақтау қаласына көшіріліп, Қазақ мұнай ғылыми-зертеулік және жобалау институты деп аталды.
* 1991 жылы осы институттың Атырауда қалған жобалау тобы мен кешенді ғылыми-зертеулік бөлімі негізінде осы институттың Атырау бөлімшесі болып қайта құрылды.
* 1995 жылы осы бөлімше дербес «Каспиймұнайгаз» институтына айналды. Институттың басты міндеттері: мұнай мен газ кендерінің геологиясы, оларды пайдалану саласында ғылыми-зерттеулер жүргізу; жобалау-іздеу жұмыстарының кешенін орындау; қауіпсіздік техникасы бойынша ғылыми-техникалық және нормативтік құжаттар топтамасын жасау.
Институттың жобалары бойынша Қазақстанның ірі кендері Өзен, Жетібай, Қаламқас, Мартыши, Прорва, тағы басқа игерілді. Институт Қисымбай, Забурунье, Масабай, Сазтөбе, Лақтыбай, Көкарна, Қырықмылтық, Елемес, Имашев, Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл, Жаңажол, Қарақұдық, тағы басқа кендерде бірнеше мұнай өндірісі ғимараттарын, қондырғыларын, сондай-ақ Атыраудағы мұнай құю станциясын, Атырау мұнай өңдеу зауытын, Теңіз газ өңдеу зауытын, мұнай, газ, су құбырларын, темір жол мұнай құю эстакадасын, тағы басқа жобаларды, сондай-ақ Атырау қаласын абаттандыруға атсалысты.
## Дереккөздер |
Каусова Галина Қалиқызы (26.2.1943 жылы туған, Ресей, Астрахан облысы Камызяк ауданы Гандурино селосы) – медициналық ғылыми докторы (2003), профессор (2006).
Астрахан мемлекеттік медициналық институтын бітірген (1968). Қазақ кардиология ғылыми-зертеулік институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1983–91), топ жетекшісі (1994–2001), Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында аға оқытушы (1991–94) болды. 2006 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министлігінің Қазақстан жоғары мектебінде профессор қызметін атқарады. «Медико-социальные аспекты первичной инвалидности вследствие основных сердечно-сосудистых заболеваний» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
11 ғылыми жарияланымның, оның ішінде монография және бірнеше кітаптардың («Концептуальные подходы к стратегии укрепления здоровья и профилактики инвалидности вследствие сердечно-сосудистых заболеваний», 2002; «Современные аспекты управления здоровьем населения Республики Казахстан», 2004; т. б.) авторы.
## Дереккөздер |
Еділ Ерғожаұлы Ерғожин (7 қараша 1941 жылы Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Екпінді — 9 шілде 2020) — ғалым, Химия ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы облысының Құрметті азаматы.
## Жалпы мәліметтер
Әкесі - Қаптағаев Ерғожа (1892-1946), кеңшар жұмысшысы болған. Анасы - Қаптағаева Тәтім Жапарқұлқызы (1897-1980), кеңшар жұмысшысы болған.С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген (1963), химик. Шыққан руы жалайыр.
## Ғылыми еңбектері
* Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жаңа ионалмастырғыштар мен тотығып-тотықсызданатын полимерлердің синтезі мен түзілу заңдылықтарын зерттеу». Нью-Йорк академиясының академигі (1994). Қазақстандағы ионалмасу химиясы мен мембраналық технологияның негізін қалаушы. Ионалмастырғыштар мен гетерогенді, гомогенді және интерполимерлі мембраналардың синтезін, өтімділігі мен селективтілігін реттеудің жаңа бірегей әдістерін әзірлеп шығарды. Олардың негізінде жаңа электрдиализдік тұщыландырғыш қондырғылар мен концентраторлардың сериялық ендірісін құрып, енгізді. Табиғи және краун-қосылыстарының негізінде селективті сорбенттерді синтездеудің жаңа ғылыми бағытын ашты.
* 20 іргелі монографияның және 2 оқулықтың («Жоғары өтімділікті иониттер» (1979), «Редоксиониттер» (1983), «Полифункционалды ионалмастырғыштар» (1986), «Ерігіш полиэлектролиттер» (1991), «Краун-қосылыстарының негізіндегі полимерлер» (1994), «Ионалмастырғыш және жартылай өткізгіш мембраналар» (2004), (2010), «Нанотехнология. Экономика. Геосаясат» (2010), «Полиэлектроліттер мен комплексондар» (2010) және т.б.), 200-ден астам авторлық куәліктер мен патенттердің, 1300 астам республикалық және халықаралық мәртебелі баспаларда шыққан ғылыми еңбектердің авторы.
* 13 химия ғылымдарының докторларын және 87 ғылым кандидатарын дайындады.
## Халықаралық ғылыми жетістіктері
Братислава (1968), Будапешт (1969), Лондон (1971), Хельсинки (1972), Прага (1971, 1980, 2004), Баку (1981), Лейпциг (1978, 1985), Ташкент (1978, 2007), Алматы (1987, 1990), Майндағы-Франкфурт (1989), Тбилиси (2003, 2006), Кишинев (2005, 2007), Мәскеу (1965, 1968, 1970, 1975, 1980, 1985, 1990, 2004, 2005, 2007, 2010), Ленинград (Санкт-Петербург ) (1978, 1982, 1984, 1988, 2004, 2007), Томск (2006), Уфа (1970, 1974, 1979, 1983, 1989, 2008), Қазан (2010) қалаларында; Францияда (Париж, 1989, 1991, 1993, Ренн, 1993, Монпелье, 2005, 2008), АҚШ-та (Сан-Диего, 1995, Колледж Стейшн и Туссон, 1997, Вашингтон, 1999), Бельгияда (Брюссель, 2000), Жапонияда (Киото, 2005), ҚХР (Үрумші, 1989, 1993, Пекин, 2005), Швейцарияда (Висп, Базел, 1993), Египетте (Шарм-эль-шейх, 2007), Индонезияда (Сингапур-Бали, 2009), және т.б. елдерде өткен жоғары молекулалық химия мен ион алмасу саласындағы халықаралық симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасаған, химия және химия технологиясы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша халықаралық келіссездерге қатысқан.
## Жеке қасиеттері
* Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. *КОКП мүшесі (1965-1990).
* Үйленген. Жұбайы - Ерғожина Зеннат Мәмбетқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дәулет» менеджер-экономисттер институтының ректоры. 3 қызы, ұлы мен 10 немересі бар.
## Еңбек жолы
* 1957 жылдан - Талдықорған облысының Талдықорған ауданындағы Абай атындағы кеңшарында шопанның көмекшісі.
* 1958-1963 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
* 1962 жылдан - ҚазКСР ҒА Химия ғылымдары институтының кіші, аға зертханашысы, аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, ионалмасу шәйірлер зертханасының меңгерушісі.
* 1980-1988 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жоғарымолекулапық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, химия факультетінің деканы (1980-1983), бірінші проректоры (1983-1986), ректоры (1986-1988).
* 1988 жылдан бері - ҚазКСР ҒА Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры,
* 1994-1995 жылдары - ҚР ҰҒА вице-президенті.
* 1999-2002 жылдары - ҚР ғылым және жоғары білім вице-минисірі. Қайта құрғаннан кейін - ҚР білім және ғылым вице-министірі ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылым депутаты, ғылым және техника жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы (1986-1990);
* 2009 жылдан «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" АҚ президенті.
## Жетіктері
Халықаралық тендерді ұтып (1996), Қазақстанның әр аймағында орналасқан континентаралық баллистикалық СС-18 ракеталарының жерасты қондырғыларын талдау жобасы негізінде жерасты суларының және топырақтың химиялық залалдануын бағалау туралы зерттеулерді уақытынан бурын еткізген. Институт АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіпсіздікті төмендету агенттігінің алғыс грамотасымен және 270 мың тұратын құрылғылары бар химия-экологиялық лабораториямен марапатталған.
## Марапаттары
* 1971 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
* 1976 жылы ҚазКСР Алтын Құрмет Кітабына енгізілген.
* 1980 жылы «Қажырлы еңбегі үшін» медалі;
* 1982 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* 1984 жылы "Қазақ КСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы;
* 1991 жылы академик С.И. Вавилов атындағы медалі;
* 1995 жылы VIII Халықаралық ғылым байқауындағы әл-Хорезми Тегеран;
* 1998 жылы "Астана" медалі;
* 2000 жылы «Ғылым қайраткері» номинациясындағы "Жыл адамы"
* 2000 жылы «Ғылым» номинациясындағы «Платина Тарлан» ең жоғары сыйлығының тұңғыш иегері.
* 2001 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғысымен, «Аптын барыс» белгісімен ескерілген.
* 2002 жылы Өндіріске қолдау көрсету ассоциациясының медалі (Франция;
* 2002 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызметкерлер академиясының «Ғылымға және ғылыми серіктестікке сіңірген еңбегі үшін» алтын медалі;
* 2003 жылы Өндіріске қолдау көрсету ассоциациясының Наполеон медалімен (Франция);
* 2003 жылы "Парасат" ордені; (ҚР)
* 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»
* 2005 жылы «Қазақстан Парламентіне 10 жыл»
* 2006 жылы академик С.П. Королев атындағы алтын медалі;
* Ғылым маршалының кұрметті атағын алған.
* Алматы облысы Ескелді ауданының және Апматы облысының Құрметті азаматты.
## Дереккөздер |
Ахмет Ержанұлы Ержанов (27 қыркүйек 1922 ж., Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті – 1997 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1974), профессор (1968). ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қызылорда қаласындағы педагогика училищесінде оқып, Жаңақорған ауданындағы мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі (1940–43, 1946–48) болды. Қызыл Армия қатарында (1943–46) қызмет етті. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент (1954–68), ал 1968 жылдан Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті), Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Осуществление ленинской национальной политики КПСС в послевоенный период (на опыте деятельности Компартии Казахстана в 1946–1958 гг.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ержанов 84 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қазыбек Бекмағанбетұлы Ержанов (1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет кенті) – химия ғылымдарының докторы (1981), профессор (1992). ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында зертханашы, инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер (1964–73), зертхана меңгерушісі (1973 жылдан; әрі Алматы технологиялық институтында кафедра меңгерушісі), институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1992–94) қызметтерін атқарады.
Ержанов 350-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Жақан Сүлейменұлы Ержанов (10 ақпан 1922 ж., Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қарабұлақ ауылы – 27 ақпан 2003 ж., Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1963), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының (1970) және Қазақстан Республикасы Инженерия академиясының (1993) академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Қазақ кен-металлургия институтын (1944, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын (1947) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Кен ісі институтында инженер (1942–44), кіші ғылыми қызметкер (1947–49), ҚазМУ-да (1949–51, қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, Днепропетровск кен институтының доценті (1951–60), Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика секторында лаборатория меңгерушісі, Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары және бөлім меңгерушісі (1960–68), Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының Бас ғылыми хатшысы (1968–76), Қазақстан Ғылым Академиясы Сейсмология институтының директоры, Қазақстан Ғылым Академиясының Жер жөніндегі ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы (1976–86), Қазақстан Ғылым Академиясы Математика және механика институтында (1987–91, қазіргі Теория және қолданбалы математика институты), сондай-ақ 1991 жылдан Механика және машинатану институтында лаборатория меңгерушісі (1991–2003) болып қызмет атқарған. Оның негізгі ғылыми еңбектері жер механикасына, жер асты құрылыстарының беріктігі мен орнықтылығын және сейсмикалық төзімділігін есептеу әдістеріне, жер қойнауындағы сейсмикалық процестерді математикалық модельдеуге, жер қабаты қатпарлануының математикалық теориясына, жердің тектоникалық даму механикасына, жердің айналуының жалпы теориясына, т.б. арналған. Ержанов 360-тан астам ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 38 монографияның авторы. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1974). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.math.kz/erjanov.htm Мұрағатталған 16 қаңтардың 2008 жылы.
## Дереккөздер |
Ер Едіге – тарихи қаһармандық жырлардың ортақ атауы. Әмір Темір заманында өмір сүрген көреген мемлекет қайраткері, ерен ерлігімен қоса әділ билігімен де есімі аңызға айналып, Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық қамқоры болған Едіге батырдың Тоқтамыспен арадағы соғыстарын арқау еткен аңыз-әңгіме, дастан-жырлар халық арасына кең тараған. Едіге жайлы тарихи құжаттар Мәскеу мұрағаттарында, Никонов шежіресінде, «Дүние жүзі тарихының» 3-томында кездеседі. Оның өмірі мен соғыстары туралы жырлар мен аңыздар қазақ қана емес, татар, ноғай, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, қырым татарлары, құмық, түрікмен, т.б. халықтар арасында да кездеседі. Жырдың әр түрлі нұсқаларын кезінде Ш.Уәлиханов, П.М. Мелиоранский, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, И.Н. Березин, И.А. Беляев, Н.И. Веселовский, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты белгілі ғалымдар зерттеп, жоғары бағалаған.Академик В.М. Жирмунскийдің айтуынша, «Ер Едіге» жырының орыс тіліне аударылған 30 нұсқасы (оның 15-і қолжазба күйінде сақтаулы) бар. Ал, Қазақстанның Орталық ғылыми кітапханасында оның 6 нұсқасы сақталған. «Ер Едіге» туралы жырлар XIX ғасырда жариялана бастады. 1820 жылы «Сибирский вестник» газетінде жырдың қысқаша мазмұны орыс тілінде алғаш рет қара сөзбен жарияланған. Бұдан кейін жырдың ноғайша нұсқасы ағылшын тілінде 1842 жылы Лондонда жарық көрген «Парсының халық өлеңдері» деген фольклорлық жинаққа енгізілді. 1873 жылы Радлов жырдың өлең аралас қара сөзбен баяндалған татар тіліндегі нұсқасын, 1898 жылы Потанин Едіге туралы төрт ертегіні өз еңбектерінде жариялаған. 1896 жылы Ташкент қаласында баспадан шыққан Диваевтың этнографиялық материалдарының «Мырза Едіге батыр» деген тарауында Едіге мен Тоқтамысқа байланысты аңыздардың орыс тіліндегі аудармасы берілген. Ғалым бұл еңбегін «Мырза Едіге» деген атпен 1922 жылы араб әрпімен қайта бастырды. Бұл нұсқада ел арасындағы аңыздың толық мазмұны баяндалған. Қазақ зерттеушісі Уәлиханов ұсынған алғашқы нұсқа оның 1904 жылы Санкт-Петербургте Веселовскийдің редакциялауымен жарық көрген жинағында жарияланған. Шоқан бұл жырды алғаш 1841 жылы Аманқарағай округінде Жұмағұл ақыннан естігенін жазады. Кейін әкесі Шыңғыс екеуі Арыстанбай ақынның айтып жүрген нұсқасымен салыстырып, қағазға түсірген. Жырдың осы түрін ұлы ғалым өзі орыс тіліне аударған. Ал оның қазақша нұсқасын 1905 жылы Мелиоранский баспадан шығарды. Жирмунскийдің пікірінше, бұл Едіге батыр туралы жырлардың ішіндегі неғұрлым толық әрі көркем нұсқасы болып табылады. Бірақ бұл басылым, Қ.Сәтбаевтың айтуынша, қайта көшіру кезінде Ахмет ноғайдың көп өзгертуіне ұшырап, «кітапша жазудың», «ноғайша сөйлеудің» ықпалына түсіп кеткен. Осы кемшілікті түзету мақсатымен Сәтбаев 1927 жылы Мәскеудегі КСРО халықтарының орталық баспасынан «Ер Едіге» жырының жаңа басылымын шығарды. Дастан қазақ тілінде 3 мың дана болып басылған. Сәтбаев кітапқа көлемді алғысөз жазып, эпостың генезисі, жанрлық ерекшелігі, дәуір шындығын елестету жөнінде терең ғылыми талдау жасаған. Эпостың тарихи шындықпен қабыспайтын тұстарын көрсете отырып, оның мейлінше жатық, нағыз халықтық тілмен жазылғанына назар аударды, жырдың көркемдік, идеялық құнын жоғары бағалады. Ғалым Баянауыл аймағындағы Қопабай деген кісі айтатын нұсқа бойынша жыр толғауларын қайта тізіп, татарша сөздерден тазартқан. «Ер Едіге» жырының Сәтбаев нұсқасындағы Едіге – халқы ардақ тұтқан батыр, турасын айтатын шешен де әділ би. Едігенің өмірге келуі мен ата тегі аңыздық болмыстармен байланыстырылса да, оның өсу, қалыптасу жолы кәдімгі қарапайым адамдардың тағдыры сияқты. Ешкім біле қоймайтын қойшы бала тапқыр ақылымен, әділ билігімен Тоқтамыс ханның көзіне ілігеді, ел билігіне араласып, халық қорғанына айналады. Жырдың өн бойында Едігенің батырлығынан гөрі ақыл-парасатын, турасын айтқан әділ би ретіндегі тұлғасын алға тарту нышаны көбірек көрініс тапқан. Жырда тарихи оқиғалармен қатар ертегілік, аңыздық сарындар да аралас желі тартып отырады. Эпостың бас қаһарманы туралы «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер еді, ел шетіне жау келсе, мен барайын дер еді; ел ішінде дау болса, мен шешейін дер еді» деген аңыздама сөздердің шығуы Едігенің даңқы мен дақпырты биік болғанын сипаттайды. Тіпті, оның қазасының өзі нағыз мәрттік пен арлылықтың үлгісі іспеттес. Ол қапылыста үстінен аттап өткен Тоқтамыстың баласы Қадырбердінің қылығына күйініп, құсалықпен жан тапсырады. Сөйтіп, жырда басынан бақ тайып, қуаты қайтқан қарт батырдың әлсіздігі оның өлімімен аяқталады. Ұзақ жылдарға созылған үзілістен кейін жырды зерттеудегі жаңа серпіліс XX ғасырдың 80-жылдарының орта тұсынан, мәдени мұраны игеруге жол ашылған кезден басталды. Бұдан бұрын «Ер Едіге» жыры С.Сейфулиннің (1934), С.Мұқановтың (1939) құрастыруымен жарық көрген. Сәтбаев нұсқасы жоғарыда аталған алғы сөзбен бірге 1989 жылы Сәтбаевтің бір томдық таңдамалы мақалалар жинағына енгізілді. Едіге батыр туралы жырлардың жеті нұсқасы бір кітап көлемінде топтастырылып (құрастырған, түсініктемесін жазған филология ғылымының докторы О.Нұрмағамбетова, алғы сөзін жазған және редакциясын басқарған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Р.Бердібай) 1995 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрді. Осы жинаққа енген жыр нұсқалары мыналар: «Едіге жыр» (Ш.Уәлиханов нұсқасы), «Ер Едіге» (Қ.Сәтбаев нұсқасы), «Мырза Едіге батыр» (Ә.Диваев нұсқасы), «Ер Едіге» (Мәшһүр Жүсіп нұсқасы), «Едіге» (Мұрын жырау нұсқасы), «Мәулімнияз – Едіге» (Нұртуған нұсқасы), «Едіге батыр эпосы» (қарақалпақ нұсқасы). Едіге Мағауин «Едіге батыр» жөнінде зерттеу еңбек жазған.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.altyn-orda.kz/library/duxovnost-%E2%80%9Cvelikij-bi%E2%80%9D-%E2%80%93-er-edige/ Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Нұрлан Тельманұлы Ержанов (26 тамыз 1962 жылы туған, Қарағанды қаласы) – биология ғылымдарының докторы (2000), Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі (2001). Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1984) соң осында инженер, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан (1994–98), проректор (1998–2000) болды. 2001 жылдан 1-проректоры қызметтерін атқарады. «Редкие и исчезающие млекопитающие Казахского мелкосопочника (фауна, биология, экология, цитогенетика, охрана и рациональное использование)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ержанов 2 монография («Фауна и экология млекопитающих Центрального Казахстана: история развития и современное состояние», 1997; «Редкие и исчезающие млекопитающие Казахского мелкосопочника», 2001) мен 3 оқу құралының авторы.
## Дереккөздер |
Төлеген Рахманұлы Аманбаев (7.12.1954 ж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті) – физика-математика ғылымдарының докторы (1998).
Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математикалық факулттетін бітірген (1978). Қазақ химия-технологиялық институтында оқытушы (1978–81, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, аға оқытушы, доцент (1985–97), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1998–2002), проф. (2003 жылдан) қызметтерін атқарады.
«Исследование ударно-волновых течений двухфазных газовзвесей частиц или капель» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
54 ғылыми еңбектің авторы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
ҚазАқпарат-Анонс: желтоқсанның 7-cі мен 13-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі |
Омарқан Нұрқанұлы Ержанов (1963 жылы туған, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (2000), профессор (2004), жоғары санатты дәрігер-хирург (2005). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1985, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтында госпитальдық хирургия кафедрасының қызметкері, доцент, профессор (1990–2004) қызметтерін атқарды. 1999 ж. «Острая эмпиема плевры, этиологическое и патогенетическое обоснование методов лечения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ержанов 104 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Өкен Ахметбекұлы Аманбеков (1937 ж. т.) – медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995).
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
Қарағанды медициналық институтын (1960, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы) бітірген соң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, лаборатория және бөлім меңгерушісі (1960–1994), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіби аурулары республикалық клиникасының директоры (1994–2002) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық ортаның бөлім меңгерушісі. 1993 ж. «Условия формирования, течение и профилактика вибрационной болезни горнорабочих угольных шахт» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
## Шығармалары
Аманбеков 170-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның («Нейрофизиологические аспекты перестройки центров спинного мозга в условиях трудовой деятельности у шахтеров», 2000; «Клиника, диагностика и профилактика профессиональной полиневропатии», 2003) авторы.
## Дереккөздер |
Ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін мекеме. Әлемдегі ең алғашқы ғылыми-зерттеу институты бес ғылыми қоғамның басын біріктірген Француз институты (1975) болды. Ғылыми-зерттеу институтының классикалық түрі 19 ғасырда ғылымның өзінің іштей жіктелінуі мен бірігуі нәтижесінде пайда болды. Ол ғалымдар еңбегін жіктеу мен біріктіруді талап ететін ғыл. мәселелерді шешу қажеттілігінен туындады. Олар алғашқыда жаратылыстану ғылымының іргелі мәселелерін зерттеумен айналысты (Пастер ин-ты, 1888). Сәл кейінірек техника (Кайзер Вильгельм қоғамы ин-ты, 1911, Германия) және гуманитарлық («Пушкин үйі», 1905, Ресей) ғылым мәселелерімен айналысатын Ғ.-з. ин-тары пайда болды. Институттың мұндай түрі Қазақстанда 1922 ж. ұйымдастырылды (Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институты). Кейін Қазақстан өлкелік өсімдіктерді қорғау ст. (1924), Санитарлық-бактериологиялық ин-ститут (1925), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926), Геология ғылымдары институты (1940), Физика және астрономия институты (1942), Тіл және әдебиет институты (1942), т.б. ашылды. Қазақстан ғылым академиясы құрылғаннан кейін (1946) оған бірнеше Ғылыми-зерттеу институттары енді. 20 ғ-дың ортасында ғалымдардың ұжымдық еңбегінің нәтижелілігі ғылымды ғылыми-зерттеу институттары негізінде құру тиімді екенін көрсетті. Қаржыландыру принципіне қарай ғылыми-зерттеу институттары мемлекеттік және жеке фирмалар («Бел Телефон» лабораториясы, АҚШ), университет, колледждер болып екіге бөлінеді. 20 ғ-дың аяғына қарай ғыл.-тех. прогрестің дамуына сәйкес бірқатар Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та және Жапон елінде Ғылыми-зерттеу институттарының жаңа типтері пайда болды. Ондай Ғылыми-зерттеу институттарында жоғары білікті сарапшылар ұжымы (ғылыми-зерттеу тобы) жұмыс істейді, ал нақтылы бір ғылым, не ағымдағы жұмыстарға келісімшарт негізінде уақытша сырттан қызметкерлер тартылады.
## Дереккөздер
<references> |
Айгүл Өкенқызы Аманбекова (1961 ж.т.) – медицина ғылымдарының докторы (2005).
Қарағанды медициналық институтын (1984, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы) бітірген. Еңбек жолын дәрігер ординаторынан бастаған Аманбекова кәсіби патология кафедрасында ассистент (1984–94), Кәсіби аурулары республикалық клиникасында бөлім меңгерушісі, ал 2003 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.
2004 ж. «Нейрогуморальные механизмы развития легочного сердца при пылевых бронхитах у шахтеров-угольщиков» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
## Шығармалары
* Аманбекова 70-тен астам ғылыми еңбектің («Хронический пылевой бронхит», 2001;
* «Руководство для врачей. Профессиональные заболевания», 2001;
* «Легочная гипертензия и хроническое легочное сердце при заболеваниях легких», 2003) авторы.
## Дереккөздер |
Мұхтар Салтайұлы Ержанов (18 сәуір 1950 жылы туған, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Аманқарағай ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997), Еуразия халықаралық экономикалық академиясының академигі (1998). Алматы халық шаруашылығы институтын (1972, қазіргі Қазақ экономика университеті) және оның аспирантурасын (1974) бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласындағы тігін фабрикакасында аға бухгалтер, қаржыгер ретінде бастаған Ержанов Алматы халық шаруашылығы институтында стажер-ізденуші, оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары (1973–83), Қазақ ауыл шаруашылығы институтында (1984–86, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі, Жетекші есеп қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша КСРО Мемлекеттік институты Алматы бөлімшесінің директоры (1986–88), Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінде басқарма бастығы (1991–93), Қазақстандағы «Артур Андерсон» («Arthur Anderson») аудиторлық компаниясы директорының орынбасары (1993–96), «Ержанов және К» аудиторлық компаниясының президенті (1996–99), Қазақ мемлекеттік басқару академиясында (қазіргі Қазақ экономика университеті) профессор, ал 1995 жылдан «Тұран» университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Теория и практика аудита» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ержанов 50-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 8 монографияның авторы.
## Сыртқы сілтемелер
http://kaz.kkb.kz/page/Board_of_Directors Мұрағатталған 9 тамыздың 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы – 26 ақпан 1938 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы.
## Қысқаша өмірбаяны
* Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.
* 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
* Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
* 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
* 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі.
* 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
* Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
* 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
* 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
* 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі.
* 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды.
* 1938 жылы ату жазасына кесілген.
* 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды.
## Еңбектері
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.
Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.
Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.
Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.
### Библиография
* 1917 жылы - «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері.
* 1923 жылы - «Байшұбар».
* 1926 жылы - «Балаларға тарту».
* 1928 жылы - «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы.
* 1929 жылы - «Күй» поэмасы.
* 1931 жылы - «Кек» және «Турксіб» пьесасы.
* 1934 жылы - «Күйші» поэмасы.
* 1936 жылы - «Исатай - Махамбет» пьесасы.
* 1936 жылы - «Құлагер» поэмасы.
Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.
Поэмалары
* «Құлагер» - 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды.
* "Күй" - 1929 жылы жазылған.
* "Күйші" - 1934 жылы жазылған.
* "Дала" - 1930 жылы жазылған. Басында "Еңбекші Қазақ" газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды.
* "Рүстем қырғыны" - 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді.
* "Исатай" - 1960–1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-ші томында жарық көрген.
* "Мақпал" - 1920 жылдың басында жазылған.
* "Байкал" - 1937 жылы жазылған.
* "Кәнпеске" - 1920 жылы "Еңбекші Қазақ" газетінде жарияланды.
* "Қолбала" - 1964 жылы Алматы облысы, Ақсу аудандық "Өмір нұры" газетінде жарияланды.
* "Қуат" - 1932 жылы "Әдебиет майданы" журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған.
* "Мәйек" - 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды.
* "Бақытты Жамал" - 1930 жылы жазылған.
* "Жорық" - 1935 жылы жазылған.
Лирикалық өлеңдері
- "Әнші апама" (1909)
- "Күзгі гүлге" (1912)
- "Тілек" (1912)
* 1915–1920 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Бір соқыр баланың арманы" (1915–1916), "Жыбырлақ" (1915–1916), "Қалпымыз" (1915–1916), "Жаңылғаным" (1915–1916), "Мұңды құс" (1915–1916), "Қосылыс" (1915–1916), "Игілік" (1915–1916), "Ішім еріп" (1915–1916), "Жанды сөз" (1915–1916), "Талғамалар" (1915–1916), "Замандасқа" (1915–1916), "Бұбұлға" (1915–1916), "Алдымда" (1915–1916), "Жаз-құдаша" (1915–1916), "Маңым" (1915–1916), "Шым-шытырық" (1915–1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920),
* 1921–1924 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924).
* 1925–1930 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926),"Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930),
* 1931–1937 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936).
Сатиралары
"Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928).
## Жансүгіров есімін арқалап жүрген нысандар
Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
## Отбасы
Ол 4 рет үйленді.
* Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы)
* Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті.
* Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды.
* Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады.
### Фатима Ғабитовадан туған балалары:
* Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер.
* Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті.
* Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург.
### Фатима Төребаевадан туған балалары:
* Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты.
### Асырап алған балалары:
Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды.
* Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты.
* Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог.
## Қазақ әдебиетіндегі орны
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ілияс Жансүгіров
* Ілияс Жансүгіров |
Индер борат кен орны – Атырау облысының Индер ауданында, Индербор кентінің шығысында 18 км жерде орналасқан. Аумағы 250 км². Кен орны 1932 жылы ашылып, 1934 жылдан өндіріліп келеді.
## Геологиялық құрылымы
Индер борат кен орнының тектоникалық құрылымы – Каспий теңізіне жанасқан ойпат. Кен Индер тұз күмбезінде орналасқан. Тұз күмбезі Кеңгір тұз алабының (ерте пермь кезеңі) бір құрылымы болып табылады. Бор минералдары тұз қабаттарында түзілген.
## Жатыс сипаты, минералдары
Кен денелері линза, қабат, ұя пішіндес. Олардың тереңдігі 50-65 м. табиғатта бораттың 85-тен астам минералдары анықталған. Негізгілері: борацит, гидроборацит, галит, аширит, индерборит, индерит, инионит, пандермит, бишофит тағы басқа минералдардан тұрады. Бор қышқылының мөлшері 5 – 29%. Индер борат кені ірі борат кендерінің қатарына жатады. Кенді «Индербор» АҚ игеруде. Кен орындарының ашылуында — М.Диаров, Қ. Тұхфатов, X. Камашев, М. Үркінғалиев, О. Жиренов, А. Догиловтардың, игеруде К.Байбосынов, А. Мартыненко, Е. Пантюшин, Т. Диаровтардың еңбектері зор.
## Дереккөздер |
Индерборит, метагидроборацит – бораттар класының минералы. Индерборит алғаш рет Атырау облысындағы Индер кенінен табылған (аты соған байланысты қойылған). Химиялық формуласы MgCaB6O11•11H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Түссіз минерал. Қаттылығы 2,5 – 3, меншікті салмағы 1,93 г/см3. Сирек кездеседі. Басқа бораттармен қатар бор қышқылын алуға, сондай-ақ химия өндірісінде шикізат ретінде қолданылады.
Борат кендерінің гипсті телпектерінде кездеседі, бордың кені.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Индерборит |
Көкшетау драма театры Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры – мәдени-сахналық өнер ұжымы.
1996 ж. 6 наурызда Көкшетау қаласында Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты” қойылымымен ашылды (реж. Ж.Омаров). Осы жылы театрға Ш.Хұсайыновтың есімі берілді. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі әрі бас директоры М.Оспанов. К. д. т-ның негізін қалаған актерлер тобы Алматыдағы Т.Жүргенов атынд. кино және театр ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) түлектері: Қ.Мырзаболатов, Қ.Қалқатаев, Ж.Қалдаров, Е.Дүнгенов, С.Шаймерденов, Ж.Құсайынов, А.Жүнісова, т.б.
Театрда Қазақстанның Халық артисі Ж.Бағысова, Қазақстан Республикасы Мемл. сыйл. иегері, театрдың бас суретшісі М.Мақсұт еңбек етеді. Театр ұжымы 50-ден астам пьесаны сахналады. Театр репертуарында қазақ, орыс және шет ел драматургиясы (Хұсайыновтың “Алдар көсе”, С.Балғабаевтың “Ең әдемі келіншек”, А.Хасеновтың “Пай-пай жас жұбайлар-ай”, Т.Қажыбаевтың “Жындар биі”, “Ұмытпа мені Гәккуім”, Д.Исабековтің “Мұрагерлер”, Н.В. Гогольдің “Ревизор”, С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісі”, Б.Әлімжановтың “Құдалық”, У.Шекспирдің “Король Лир”, Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн”, т.б.) бар.
Театр ұжымы 2000 ж. Павлодар қаласында өткен Респ. 8-театр өнері фестивалінде “Режиссерлік дебют” жүлдесін (“Ревизор”, реж. Г.Мерғалиева), 2001 ж. Каир қаласында (Египет) өткен халықар. фестивальде “Орындаушылығы ең шебер театр” (“Конвейер”, реж. Мерғалиева) жүлдесін жеңіп алды. Осы жылы Алматыда “Ойын арзан, күлкі қымбат” атты шағын комедиялар фестивалінде респ. “Гран-при” жүлдесін жеңіп алды.
## Дереккөздер |
Ахан Бегманұлы Әбжәлелов (24.12.1959 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы) – биология ғылымдарының докторы (1999), профессор (2003).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-дың биология факультетін (1988, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының аспирантурасын (1992) бітірген
* Микробиология және вирусология институтында ғалым, аға ғылыми қызметкер (1992–1997)
* Қазақ ұлттық аграрлық университетінде дoцент, профессор (1997–2000)
* Еуразия ұлттық университетінде профессор, кафедра меңгерушісі (2000–2004)
* Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі (2004–2006)
* 2006 жылдан Микробиология және вирусология институты директорының орынбасары қызметтерін атқарады.
## Еңбектері
80-ге тарта ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының («Жалпы экология») авторы.
## Дереккөздер |
Қожанияз, Қатынқала – XIX ғасырдағы бекініс орны. Қожанияз Қызылорда қаласынан 115 км жердегі ортағасырлық Жент қаласының солтүстік-батысында, Майлыөзек өзенінің жағасында болған.
Оны 1961 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетек. С.П. Толстов) зерттеген. Қазіргі орны 6 га жерді алып жатыр. Орталық бөлігіндегі биіктігі 4 метр төбешік іргелі құрылыс орны болды. Қожанияздың сыртқы қабырғалары дөңгеленте салынып, шеті Майлыөзек арнасына тіреледі.
Көне дуалының қалыңдығы 2 метр, биіктігі 8 метр шамасында болған. Бекініс айналасында терең ор қазылған. Бекініс кейбір деректер бойынша, 1830 жылы Аққыр тауы маңындағы және Жаңадария мен Қуаңдария өзенінің бойындағы елді басқару үшін салынған. Оны Хиуа бегі Қожанияз басқарып тұрғандықтан, бекініс те соның атымен аталса керек. 1840 жылы бекініс қоқандықтардың қол астына уақытша қараған. 1847 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы өз жасағымен Қожанияз бекінісін талқандаған.
## Дереккөздер |
Әліпбилік каталог, кітапхана ісінде — әліпби ретімен автордың аты-жөні немесе шығарманың атауы жазылған деректер жүйесі. Әліпбилік каталог анықтамалық-ақпараттық мағұлмат береді.Әліпбилік каталог бойынша нақты бір кітаптың, басылымның, белгілі бір автор еңбектерінің қай тілде, қандай басылымда жариялағанын тез анықтауға болады. Әліпбилік каталог кітапханада жинақталған қордың авторлық құрамын да айқын көрсететін болғандықтан кейде оны “авторлық каталог” деп те атайды. Егер Әліпбилік каталог әр түрлі тілдерде шыққан басылымдарды қамтитын болса, онда әр тіл бойынша жеке әліпбилік қатар жасалады. Әліпбилік каталогты типі мен салалық бағыныштылығына қарамастан барлық кітапханалар бірдей тәртіппен жасақтайды. Қрі кітапханалардың қызмет бабында пайдаланатын Әліпбилік каталогы әдетте бас каталог қызметін де атқарады. Кітапханаларда оқырмандардың Әліпбилік каталогы, сондай-ақ жеке қорлар каталогтары жасалады.
## Дереккөздер |
Әліп Жанысбайұлы (туған жылы белгісіз — 1933, Қытай, Шыңжаң өлкесі, Баркөл ауданында қайтыс болды) — Шығыс Түркістандағы 1931 — 33 жылдары көтеріліс басшыларының бірі. Көтерілісшілер тәуелсіз Шығыс Түркістан республикасын орнатуды мақсат етті. Әліп Шэн Ши Сай армиясымен соғыста қаза тауып, ауыл-аймағы қырғынға ұшырады. 1934 жылдан бастап Баркөл қазақтары шет елдерге ауа көшті. Бұл тауқыметті көштің басы-қасында оның ұлы Елісхан болды. Әліп ұрпақтары қазір Түркияда тұрады.
## Дереккөздер |
Бәйдібек Қарашаұлы (VІ—VII ғасырлар аралығы) — Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.
Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі.Бәйдібектің әкесі Қараша (578–632 жыл) Қытай жылнамасында 530–604 жыл деп көрсетілген. Біздің жыл санауымызбен өзгешелік бар туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 жылдар) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді.Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан.
Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Ал алты ұлы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысытары түйіскен атақта Күйік асуында жау қолынан қаза тапқан.Сол алты ұлының қазасына күйініп жүргенде осы Байтоқты дүниеге келіпті. Байтоқтының Сирықты деп те атайды шежірелерде. Өйткені бір аяғының кемістігі болған деседі.Осы Байтоқтыдан атақты Түркеш қаған туылған.7–8-ші ғасыр тоғысында үлкен қағанат құрып аты тарихта қалған тұлға. Өзіне арнап тиын ақша да соқтырған Түркеш қаған. Мұны Домалақ ана кесенесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тиын ақшалар да дәлелдейді. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады.
Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған.Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға.
Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000–2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ–VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады.
Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытадыХалық жүрегінде сақталған және жазба түрдегі шежірелердің деректеріне сүйенсек, Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі, Жалайыр, Шақшам, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, және Дулат тайпаларының түп атасы Майқы би болып келеді. Соған байланысты "Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы - Майқы би" деген нақыл сөз халық аузында сақталып қалды. Оның аяғы ақсақ болды, сондықтан да күймеге мініп жүрді. Майқы би көп жасаған кісі, жеті ханды қолынан өткеріп, бар ғұмырын халық тағдырын ойлауға жұмсады. Ол 120 жасқа келгенде, үш жүздің еншісін берді, таңбасын таратты. Ұлы жүзге ту ұстатты, Орта жүзге қауырсын қалам, Кіші жүзге найза берді. Осы бөлістен соң Майқы би туралы "Хан біткеннің қазығы - бұқара жұрттың азығы" деген мәтел кең тарап кетті.
Шежіре деректерінде би Кейкіден туған Төбей деп көрсетіледі. Төбейдің төрт баласы - Майқы, Қоғам, Мекіре, Қойылдыр. Ал, Майқыдан - Бақтияр , Бақадыр өрбиді. Бақадыр ұрпағы Ауған мен Иран жерінде жалғасады. Бақтияр батырдан - Үйсін, Ойсыл туады. Ойсыл ұрпағы - Сіргелі. Бұл жеке дара жіктейтін ірі тайпа. Ал, Үйсін ұрпағы Ұлы жүз халқының негізгі бөлігін құрайды. Өз заманында оның атақ-даңқы кең жайылды. Ертедегі қазақ мемлекетімен шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, мәдени байланысы, сауда ісі осы Үйсін есімімен тығыз байланысты болды. Үйсін ұрпағы - Жансақал, Ақсақал болып келеді. Жансақалдан жалайыр тайпасы тарайды. Ал, Ақсақалды шежіре деректерінде Абақ таңбалы деп көрсетеді. Сондықтанда кейде Ақсақалды "Абақ" деп те атайды. Ақсақалдан айдарлы сақалды туады. Шежіреде олардың егіз перзент екені айтылады. Екеуі де батыр ноян болып өседі. Елді сыртқы жаудан қорғау мақсатында Сақалды Орта жүзге кіретін Керей ұлысының ішіне барып, сол елдің қызын алып, сонда қалып қояды. Кейін одан тараған ұрпақ Абақ-Керей атанып кетті. Айдарлыдан - Асан, Қараша туды. Асан өз заманының ғылымын жан-жақты меңгерген, терең білімді, ақылға дарқан, өмірден көргені көп, ұққаны мол кісі болды. Ол дүниені жалған құбылыс деп түсініп, үйленбеген. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне Асан қайғы деген атпен енді. Халықтың қамын жеген қамқор қартты ел осылай атады. Жиһанкез саяхатшы болды. Қараша би, кейін хан болған кісі. Оның әкесі Айдарлы өжет мінезді, ержүрек батырлығымен көзге түскен екен. Қараша биден - Бәйдібек, Байдолла туады. Байдолладан шақшам тайпасы тарайды. Ол - Атым, Сары, Имам, Жәнібек, Қазақбай, Қара болып алты атаға бөлінеді. Бәйдібектен - Байтоқты, Жалмамбет, Жарықшақ, туады.
Ұлы Бәйдібек бабамыз 609–695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша кейінгі ғалымдардың нақты тарихи дереккөздерді салыстыра отырып жасаған тұжырымы бойынша шамамен (558–632) жылдары өмір сүрген.
## Деректердегі кездесулер
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) «Тарих-и Рашиди» атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12 - 13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай “...бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып”, елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты айғақтар Бәйдібек бидің ертеде өмір сүргендігін көрсетеді. Бәйдібек бидің әкесі Қараша (530-604) Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.
## Халық аузынан
Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректеме негізі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз әңгіме жөне әйгілі шығыс зерттеуші ғалым-этнограф Николай Аристов, Ш. Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады. Бүл деректемелер бойынша Бөйдібек — Қазақ елінің ел болып қүрылуында үлкен орын алатын ежелгі Үйсін бірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи түлға. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен Жалманбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты тарағаны айтылады. Бәйдібек әулетінің ең көп тараған саласы — ол кіші әйелі бүл өлкелерге Домалақ ене дейтін лақап атымен мөлім Нүриләнің (бір деректерде Бибімәрия, Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары. Бәйдібек бидің осы немерелері 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған 6 ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында “Алты Сары бейіті” деген киелі жер қалды. Албан, Суан, Дулаттың Жетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ жүртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші жартысында бүл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен жолжазбаларынан кездестіреміз.
## Бәйдібек бидің жастық кезі
Байдібек би біздің заманымыздың 609 жылы Қаратаудың етегінде дүниеге келген. Жаугершілік кезінде үш жасынан әке-шешеден жетім қалады. Ағайындардың қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додагерлерден әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді.
(Әрі қарай энциклопедиялық стильге келмейді.)
Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей қалады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. Ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары арықтап, жылқысының мазасы кетіп калғанын көреді. Әлі алда үш ай қыс бар. Қалай болар екен? Мыңғырған жылқыдан жұрдай болып, құрық ұстап қаламыз ба? Кәне, не ақылдарың бар? - деп жылқышыларына сөз салады. Жылқышы шал айтады:
- Жылқыңызды Ташкент, Түркістан базарына айдатып сатыңыз. Ақшасын жамбасқа басыңыз. Келесі жылы қайтадан жылқы сатып алып, орнын толтыра саласыз.
Әлсейіт деген ортаншы жылқышы айтады: - Жылқыңызды әр үйге бестен, оннан бөліп беріңіз. Олар өз малындай қарап, аман алып шығар, - дейді.
- Байеке, егер маған тапсырсаңыз, - дейді бала жылқышы Бәйдібек, - жылқыңызды түгелдей Мойынқұмға қыстатып шығар едім. Ана жолы жоғалған қырық қысырақты іздеп Мойынқұм жайлауын түгелдей аралап шықтым. Сонда малын қыстатып жүрген жылқышы, түйеші, қойшылар: "өзге жерде мал жұтаса да, бұл Мойынқұмда мал жұтамайды. Жел деген болмайды. Қар жұқа түседі. Мойынкұмның жусаны, изені, шеттігі, жыңғылы, сексеуілі, шеңгелі қанша жайылса да жетеді", - деп отырған.
Шынтас бай Бәйдібек сөзін құптап, былай депті:
- Бәйдібек балам, мен саған сенемін, сенің тегін емес екеніңді білемін, жылқымды талай рет барымташыдан, бораннан аман сақтап жүргеніңді қалай ұмытайын. Ал, ықтияр өзіңде, саған ерік бердім, — дейді. Сонымен Шынтас байдың бір мың бес жүз жылқысын үшке бөліп, он шақты жігіт Мойынқұм жайлауына қарай айдайды. Сөйтіп құмның ең ұйықты, шұрайлы жерін жайлайды. Бірер күннен кейін сол өңірді билеп отырған Арыстан би оларға бір жігітін жұмсапты.- Барып біліп келші, қара құрымдай қаптап жаткан кімнің жылқысы екен? - Жігіт барып Шынтастың жылқышыларына жолықса, Бәйдібек:- Ол биге мен барып сәлем берейін. Ауа келген жағдайымызды түсіндірейін, - дейді. Арыстан бидің қыстауы Қаратаудың күнгей бетіндегі Қызыл Арық бойында екен. Бәйдібек кештетіп Арыстан бидің үйіне барады. Төрде отырған жасы сексендерге жетіп қалған ақсақалды биге барып сәлем береді.- Қай ауылдың баласысың?- Үйсін Қараша бидің баласымын.- Е, е, жарықтық Қараша бидің де, онда бізге туысқан болдың ғой. Әкенді білемін. Жас кезімізде алдына барып, қолынан талай дәм татқанмын, талай ақыл, кеңесін тыңдағанмын. Ал, бұл жылқы кімдікі, балам?- Шынтас байдікі. Мен сол байдың жылқышысымын. Биыл елімізде қыс қатты, жұт болатын түрі бар. Содан ығып Мойынқұмды паналап, қыстап шығуға келіп едік.- Е, е, шырағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі - ел нәсібі, ел нәсібі - ер нәсібі. Жер мен малдың кіндігі бір деген. Ары тұр демей-ақ қояйын. Жер менікі емес, құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығыңдар. Ауыл мынау - келіп кетіп тұрарсыңдар.
Арыстан атаның бұл сөзі Бәйдібек баланың көңілін жадыратты. Бағана жолда келе жатқанда "би кабыл көрсе дұрыс, қабыл көрмей қайтыңдар десе, қайтеміз" деген ой-күдігінің бәрін жуып-шайып жіберді. Дастарқан жайылды. Буы бұрқыраған дәу табақ ет келді. Бәрі дәмге қол созды. Ас үстінде де, одан соңғы келген шай үстінде де би атаның әңгімесі таусылар емес. Бірінен бірі өтеді. Тек тыңдай бер. Кішкентайынан әңгіме, жырға, шешен тапқыр сөзге құмар Бәйдібек баланың құлағы Арыстан атасында. Тіптен елігіп, бар ынтасымен ұйып қапты. Ел әбден жатар уақытта басында ақ, кимешегі бар, бес биенің сабасындай бидің бәйбішесі қасында шай құйып отырған қызына:
- Қонақ балаға төргі үйге төсек салып қой-дағы, өзің менің қасымда жат. Мына белі кұрғырды уқалап бер, - деді. Бәйдібек әңгімеге есі шығып, келгелі бері бәйбіше қызын жөнді байқамапты. Енді назарын салып еді: екі көзі танадай жалт-жүлт еткен, сұлуша бүйрек мұрын сары қыз келбетті-ақ екен. Тесіле қарап қалған жігітке тана көзін бір жарқ еткізеді де, күлімсіреген күйі орнынан тұрып, шешесінің айтқанын орындауға кетті. Бәйдібек ішінен "келгелі бері қызға неге көңіл аудармадым екен", - деді.
Сонымен қыс күні біртіндеп өтіп жатады. Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанды. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, шежіре әңгімелерді тыңдайды, оңашасын тауып сары қызбен сырласады. Қыздың аты Гүлжамал еді. Оны әке, шешесі, аға, жеңгелері еркелетіп "Сары қыз" дейді екен. Бәйдібектің сары қызбен көңілдес, бір-бірін ұнатып, сырласып жүргенін шешесі де, әкесі де сезеді, бірақ шеккі көрмейді. Қайта жиірек кездесіп, бір-біріне үйір бола бергенін қалайды. Әсіресе жеңгелері көп дәнекерші болады.Бір күні Арыстан би:
- Балам, саған ықыласым түсті. Еліңде кұда түсіп, сөз сөйлерің бар ма?- Ондай жанашыр әке, шеше менде жок, өзіммен-ақ сөйлесе беріңіз.- Ендеше Сары қыз екеуіңе отау тігіп берейін, осында қалсаң қайтеді?- Ақсақал, отау дегеніңіз жөн, бірак мұнда қала алмаймын ғой. Жетім болғаныммен, менде де ел бар, жұрт бар. Ауылға барайын, ағайын-туыспен ақылдасайын. Көп кешікпей қайтып айналып соғайын.- Жарайды, мұның да жөн екен. - Арыстан би мен Бәйдібек баланың алғашқы келісімі осы болды.
Наурыз айы жақындап, қыстың ызғары қайта бастайды. Жылқышылар жылқысын еліне беттетіп айдай жаяды. Бірнеше күн дегенде олар еліне жетеді. Шынтас бай жылқысының мұрты бұзылмай аман-есен оралғанына қатты қуанады. Жылқышылар Мойыңқұм жайлауын қыстап шыққанын, ол елдің Арыстан деген биінің көрсеткен аталық қамқорлығын, тіптен Бәйдібекке жалғыз қызын бермек болғанын жырдай қылып баян етеді. Сонда Шынтас байдың Бәйдібекке шын мейірі түсіпті:
- Бәйдібек балам, түсіндім, бәрі сенін арқаң. Жайлы өріс тауып жылқымның тай-тулағына дейін сондай қаһарлы қыстан аман қалғаны тек сенің ақылың. Сен есік алдында жүрген құлым едің, енді ақылды ұлым болдың. Қасыңа бір қария, он жігіт қосып, алдыңа жүз жылқы салып берейін, Арыстан биге бар-дағы қалыңдығыңды алып қайт!
Осылайша Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би елінің тайлы-таяғы жиылып, Сары қызды ұзату тойын жасайды. Ақындар айтысы, бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы ату дейсің бе, барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары қыз жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шынтас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып той өткізеді. Беташар, жар-жар жырланады. Бәйге, көкпар беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен Гүлжамалға ақ отау тігіп, енші береді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады.
Гүлжамал Байтоқты деген ұл, Алтын деген қыз туады. Байтоқты он сегіз жасында Керей жұртының Ұшан деген қызына үйленеді. Келесі жылдың көктемінде таудың қуысында отырған бес-алты үйді мал-жанымен бір түнде таудың тасқын суы алып кетеді. Солармен бірге Байтоқты да үй-мүлікімен опат болады. Соның алдында ғана төркініне кеткен Ұшан аман қалады. Төркінінде жүріп Ұшан ұл табады. Оның атын Мырзақазы қояды. Еліне келген соң, Ұшан да қайтыс болып, бір жасқа толмаған баласы жетім қалады. Жас нәрестені Байтоқтының қарындасы Алтын ақ ешкінің сүтін беріп асырап алады. "Қүдайдың берген сыйлығы" деп оны "сыйлық сары" қояды. Келе-келе ел оны "Сары үйсін" атап кетеді. Сары Үйсіннен - Қалша, Жақып туады. Бір шежіреде Қалша, Жақыпты Сары бәйбішенің қызы Алтыннан туған деп көрсетілген. Ол дұрыс емес. Қазақ қыздан туған жиенді шежіреге қоспайды.Гүлжамал (Сары бәйбіше) Байтоқты мен Алтыннан кейін тоғыз ұл туыпты. Олардың барлығы әкесі Бәйдібекке ұқсап шетінен батыр, палуан болып өседі.Қалша, Жақыптан Танай, Жанай, Жаулан (Тоқаш Бокиннің арғы аталары), Есім, Малай, Баба, Сүргінкел, Көпсерке, Қайқы, Софы, Сұлтанқұл ұрпақтары тарайды. Қазіргі Бәйдібек бидің Сары бәйбішесінен өрбіген Сары үйсін әулетінің дені Алматы облысының Балқаш, Күрті, Жамбыл ауданында тұрады.
## Екінші әйелі
Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насаты батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңырат Қызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен.Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған келін деп, кейін Мапрашты атап кетеді. Мапрашты Бәйдібек батыр үйіне келе сала еңсеріп игеріп кетеді, қысы-жазы малға да қарайды. Боранды күндері кәдімгі қарулы палуан жігіттермен бірдей қимылдап, атасының ойынан шығып жүреді. Кешікпей Мапрашты Досымбет деген ұл туады. Оның көзі бір-біріне атысып, шапыраштанып туған соң ел Шапырашты атап кетеді. Шапырашты да өсе келе әкесі Жалмамбет, атасы Бәйдібекке ұксап насаты батыр боп ер жетеді.Қазақ шежіресінде Шапыраштыдан Есқожа, Асыл, Айқым, Екей, Еміл, Шыбыл ұрпақтарын таратады. Жазушы Балғабек Қыдырбекұлы "Алатау" (1989) романында Шапыраштыдан Ыстық, Асыл; Ыстықтан Малды, Желді, Қалды; Малдыдан: Екей, Еміл; Екейдің бәйбішесінен Жәрімбет, Бейімбет; Тоқалынан Әнет, Жиет; Емілден Жайық, Алсай, Қойшыман; Жайықтан: Құл, Тайторы; Алсайдан: Көшек батыр. Қойшыманнан Есқожа, одан Қарасай батыр. Желдіден Шыбыл, Асылдан Әжіке, Орымбет, Төке, Төлеміс, Құттымбет, одан Наурызбай батыр боп келеді.Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапрашты ананың сіңілісі екен. Мапрашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты:- Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң, былай етерсің: Менің сіңлім Қарашаш та бойжетіп қалды. Сен соны ал. Ол біздің балаларымызды өгейсітпейді. Бауырына тартып, менен бетер бағып қағады.Келіннің бұл өсиетін атасы Бәйдібек те, оның әйелдері де кұптайды. Жалмамбет өзінің сүйікті жары Мапрапштының өсиетін бұлжытпай орындайды. 14 жасар Қарашашты айттырып алады. Қарашаш сұлу, әрі салдарлы, сабырлы, ақылды болыпты. Оның өзгелерден бір ерекшелігі үнемі өн бойын таза ұстап, иіс сабынмен жуынып-шайынып, қолы-бетіне иісті әтір жағып, сыланып-сипанып, үстіне қонымды таза асыл киімдер киіп, сән-салтанатпен кербез жүреді екен. Оның бұл әдет-дәстүрі келе-келе ауылдың қыз келіншектеріне үлгі-өнеге болып таралыпты. Қариялар, абысын-ажындар Қарашашты "Сыланды келін", "Иісті келін" деп атайды екен.Одан өсіп-өнген ұрпақтарды "Сыланды балалары", "Иісті балалары", кейін "Иісті", "Ысты" деп қысқаша атап кетеді. Бір шежіреде Ысты руының аталуын Сыланды ананың месті ыстап, баптап қымыз ашытуынан солай аталып кетіпті деп көрсетілген.Сол Қарашаш (Сыланды) анадан Ысты (шын аты Нұртай), Ошақты (шын аты Қырбай) балалары тарайды. Нұртай 16 жасында жауға қарсы ат қойып "Жауатарлап" шауып, жеңіп шыққан. Содан Жауатар батыр аталып кеткен. Жауатардан (Ыстыдан) Қосмағамбет, Досмағамбет, Сыдық тарайды. Бәйдібек атасы ол немерелеріне енші үлестіргенде Қосмағамбетке - ойық, Досмағамбетке - тілік, Сыдыққа - сызық ең салып береді. Содан олар Ойық, Тілік, Сызық аталып кетеді. Ойықтан (Қосмағамбет), Зорбай (Ауызүсіген), Қызылқұрт, Көкшекөз, Сәтек; Тіліктен (Досмағамбет) Мырза; ал, Ошақтыдан Байлы (Байназар), Аталық, Қоңыр, Тасжүрек ұрпақтары шығады.
Күндестік.
Нұрилә (660-738 )Бәйдібек биге 679 жылы 19 жасында тұрмысқа шығады. Той бірнеше күнге созылады. Бұл жайлы сол кездегі қытайдағы Тан әулетінің тарихи Суйнама жылнамасының 74 ші бума 46 шы баянында жазылған. Нүрилә өуелі Сары бәйбішенің қолына түседі. Өзі адуын тік мінезді Сары бәйбіше алғашқы кезде жас келінді оған-бұған жұмсап, ынтымақ сақтап жүреді де, кейін түрткілеп күндей бастайды. Бәйдібек Ташкентке кеткен күннің ертеңіне жас келіншекті отынға жұмсайды. Қарулы Нұрила бір арқа жусанды көрші отыратын мүсәпір кемпірдің үйіне апарып тастайды да, қайта барып екінші арқа жусанды бәйбішенің үйіне әкеле жатса, Сары бәйбіше оны барыпты да, қамшымен сабай беріпті. Сондағысы: "бір арқа отынды неге ана үйге апарасың?" деп кінәлапты. Жас келіннің көйлегі жыртылып, басы жарылып қалады. Керегенің көзінен қарап, Зеріп ана дереу жүгірып барып екеуін ажыратады. Нұриләны үйіне әкеліп, өз көйлегін кигізеді. Қанын жерге тамызбай сүртіп алады. Ташкенттен оралған Бәйдібек бұл жанжалды естиді де, ертеңіне Нұриләға отау тігіп, бөлек ауыл етіп отырғызады. Айлар етеді. Бұлақ басында айы-күніне жетіп толғатып ұл табады. Ұлының атын Тілеуберді қояды. Ағайын-туыс, абысын-ажындар құтты болсынға жиналып, шілдехана өткізеді. Ел тарайды. Бәйдібек би Ақсақ Темірдің шақыруымен Ташкентке кетеді. Осындай оңаша кезді пайдаланып, Сары бәйбіше қасына ешкімді ертпей жалғыз өзі Нұриләның үйіне барады. Оның күндестік қастандығы әлі қалмаған екен.
- Бар, сен малыңды жайғап кел, балаға мен қарай тұрайын, - дейді. Нұрилә бәйбіше сөзін екі етпей сыртқа шығып кетеді. Қойшы, жылқышылармен бірге малды қора-қопсыға жайғастырып үйіне келсе, бесіктегі бала шырқырап жылап жатады. Сары бәйбіше Нұриләға:- Балаң жылауық екен. Осындай шалажансар бала туасың ба, найсап! Бұл біздің отағасыдан емес, қойшы-қолаңнан ғой шамасы - дейді де, долданып үйіне қайтып кетеді. Нұрилә нәрестені бесіктен шешіп, емізгелі алдына ала бергенде, еңбегінің ойылып қалғанын көреді. Ол дереу Жантас деген аға жылқышыны шақырып Қатаған еліндегі Қон еміс деген емшіні алдырады.- Баланың бас сүйегі жарақаттанған, жерге құлатып алдың ба, әлде үйде бөтен біреу болып па еді? - деп сүрайды. Нұрилә:- Үйде үлкен енем калып еді, - дейді.- Ә, қақпас, зәлім! - дейді Қон емес емші, - мынау соның бармағының ізі ғой. Жас нәрестенің басын қолымен мыжып жіберіпті. Оташы:- Нәрестенің бас сүйегі опырылып кетіпті. Әйтеуір миы аман екен... Дереу бас жаңқаларын ептеп алып тастап үстінгі қабығына жаңа туған тасбақаның сүйегін жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап, таңып тастайды. Бірер айда сүйектер бірімен-бірі қабысып, жазылып кетеді. Содан Тілеуберді баланың аты Жарықшақ аталып кете барады.
Бұл күндестік, қастандықтың арты біраз сөз болып, Бәйдібек би сары бәйбішесін төркініне апарып тастамақ болады. Бәйбіше Нұрилә күндесіне барып, "Кешір мені" деп жалынады. Ақылды, сабырлы, қайырымды Нұрилә: "Бір жолға кештім" депті. Сөйтіп, ел аяғы тынышталыпты.
## Домалақ ана
Сонымен Нұрила келіншек бұлақ басында жалғыз үй отыра береді. Бәйдібектің екінші зайыбы Зеріп болса, соның алдында Шаян өзені бойына жайлауға конғанды. Бәйдібектің билік жұмысымен Түркістан, Сауран жаққа кеткенін естіп, Сайрамда жатқан Қара Қайдар деген қарақшы Боралдайдағы Бәйдібек байдың жылқысына аттанады. Сабаудай-сабаудай оншақты жігіт бұлақ басында отырған жалғыз үйге бұрылады. Бөтен адамдардың үйіне бұрылғанын көре салып Нұрила әжесінің кимешегін киіп. Кемпірге ұқсап отыра қояды. Мұртты қара шойыртпақ:
- Бұл кімнің үйі?- Біздің отағасының үйі.- Отағасың кім?- Бәйдібек би.- Өзі қайда?- Түркістан жаққа жолаушылап кеткен- Шөлдеп келеміз, сусын бар ма?
Нұрила оларға ешкінің айранын ұсынады... Мұртты жігіт айранды менсінбей, қасындағы серіктеріне береді. Олар айранды сіміріп салып тағы сұрайды. Нұрила екі зерең айран берген соң:
- Мырзалар, айран таусылды, - дейді.
Мұртты жігіт:
- Оқасы жоқ, жігіттер сусындаса болтаны, мен нан ауыз тиейін.
Нұрила оған бір күлше нан береді. Қара мұртты күлшені шетінен опырып жейді де:
- Күлшең тәтті екен, не қосып ең?- Өз емшегімнін сүтіне илеп пісіріп едім.- Пеле. Алланың рақымына қараңыз. Сіз бізге ана, біз сізге перзент боп қалдық қой! Сізді ұмытпаймыз... Қайтарда соға кетерміз.
Екінші шегір көз жігіт:
- Бәйдібек байдың жылқысы қайда?
Нұрила сезіктене қояды:
- Оны қайтерсіздер? Жылқыға да, жылқышыларға да тимеңіздер. Жолдарыңыз бола қоймас. Әуре боласыздар. Менің тілімді алсаңыздар, кейін қайтыңыздар!
Алаңғасарлау бір жігіті:
- "Қатынның тілін алған қараң қалады" демекші, алған бағытымыздан қайта қоймаспыз, - деп бәрі жүріп кетеді.
Соның алдында үш күн, үш түн нөсер жаңбыр жауып, Боралдай өзені тасып жатқан кез екен. Қарақшылар өзенге барса, Боралдай суы кенересінен асып, бұрқырап жатады. Олар өзен жағалап өткел іздеп біраз әуре-сарсаң болады. Саяздау шығар деп бір жерінен өте берем дегенде, алдымен әлгі алаңғасар жігіттің аты тасқа сүрініп кетіп, ат-патымен суға ағып бара жатады. Тағы бір-екеуі шүңейтке түсіп кетіп аттарынан айырылып, өздері өлдім-талдым дегенде, малтып жағаға әрең шығады.Қара мұртты:
- Жігіттер, болмас, кейін қайтайық. Әлгі кемпір тегін адам емес екен. Қайта барып кешірім сұрап, ауылды табайық, - дейді. Атынан айрылған үшеуі өзгелеріне мінгесіп, бәрі Нүрилаға қайтып барады. Алғашқы келгендегідей емес, бұл жолы бәрі аттарынан түсіп:- О, қасиетті Ана, кешіріңіз! Айтқан тіліңізді алмаймыз деп, осынша пәлеге ұшырадық! Оң батаңызды беріңіз, елімізге қайтайық! - дейді. Кішкентай Жарықшағын емізіп отырған Нұрила:- Ендеше қолдарыңды жайыңдар!
Құдай оңдасын, әруақ қолдасын,Адал жүріп, адал тұрыңдар.Алдарыңнан жарылқасын! -деп, оң батасын береді. Осы кезде әлгі қарақшылардың бастығы:- Диһнат мама! - деп оған тағзым етіпті. - Сіз маған шын ана болдыңыз? Құдай-ақы, нағыз әулие, киелі ана екенсіз, біз енді түсіндік!Бұл Қара Қайдар аталып кеткен қарақшылардың бастығы түркмен жігіті екен. Оның шын аты Айдар Нүркелеұлы еді. Кезінде Қызыл Қожаханның әскербасы болыпты. Ол өле-өлгенше Нүриланы "Диһнат мама" деп, Боралдайда болса Боралдайға, Ташкентке барса Ташкентке, Түркістанда жүрсе Түркістанға әдейі барып, сәлем беріп, Нүриланың батасын алып жүретін бопты. Жұмысы оңғарылып, ақ жолға түсіпті. Міне, содан былай карай Бәйдібек бидің кіші әйелі Нүрила "Домалақ ана" аталып кетіпті.Аққұс Сатыбалдыұлы (1806-1897) жазған шежіреде бұл оқиға осылай хикая етілген. Бұл шежіре кітап 1841 жылы Ташкент баспасынан жарық көрген. Бәйдібек баба, оның үш әйелі, олардан өсіп таралған ұрпақтар, әсіресе Домалақ ананың әулиелік керемет қасиеттері жөнінде жазылған бұл шежіре Аққұс ақсақалдан бұрын Әбілғазы Баһадүрдің "Инсанияти Диһнат мама" аталған кітабында жазылған. Бұл кітапты кезінде атақты Төле би оқып, баласы Қожабекке көшірткен. Ол қолжазба 1713 жылы Ташкентте Төле бидің жарлығымен басылып шыққан. Оны Төле бидің жиені Шина Қарабатырұлы көшіріп алып, Бабасейіт әулетіне таратқан. Одан бүткіл Дулат ұрпағына жайылып кеткен.
### Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы
Бәйдібек және оның ұрпақтары жөнінде мұндай дерегі мол басылымдар көп емес. Оны зерттеп толықтырудың сәті енді түсіп отыр. Соңғы кезде Бәйдібек би жөнінде осы жолдардың иесі ел аузындағы әңгіме аңыз, нақыл, мақал-мәтелдерді жинастырып жүрген-ді. Алдағы уақытта осылайша бірлесе іздестіре беру ата-баба әруағы үшін кімге де болса парыз деп ойлаймыз.Бәйдібек би баласы Жарықшаққа (680-761ж) ерекше мейірім, қамқорлық көрсетеді. Оның болашағын ойлап, Нұриланы баласымен Ташкентке көшіріп апарады. Әкесі Қараша биден қалған әулі-жайға иелік еткізеді. Нұрила жалғыз баласын қала дәстүрімен тәрбиелейді. Оқуға береді. Жарықшақ оқуға аса ықыласты, зерек болады. 7-8 жасында кітаптарды, аңыз, хиссаларды мүдірмей оқитын болады.Нұрила Жарықшақтан кейін Қызайым деген қыз, онан соң Тәңірберді, Ақберді деген екі ұл, Күләйім және бір қыз туады. (Бір дерек Күнбибі (Қызай), Ақбибі (Мұрын) және Сыбан деген үш қыз туыпты деп көрсетілген. Бұл перзенттерінін Қызайымнан басқасы жастай өліп кетеді. Ал Қызайым Нұриланың өзіне айнымай тартқан ақылды, шымыр боп ер жетеді. Қызайым бойжеткен соң Найман Аталық дегеннің үлкен баласы Шағыр батырға ұзатылады. Қызайымнан Дербіс, Бегімбет, Ителмен, Меңі туады. Олар кейін 19 болыс ел боп кетеді, бәрін "Қызай найман" деп атайды.Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе, Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген он шақты мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болған. Кейін елі-жұрты сол тауды "Қызай тауы" деп атап кетеді.Жарықшақтың бірінші әйелі Тәукел бибіден: Албан, Суан, екінші әйелі Бибіфатимадан Дулат (723-816) туады.Албан мен Суан жау жүрек батыр, ал Дулат ақылды, сабырлы боп ер жетеді. Нұрила кіші келіні Бибіфатиманы еркелетіп "Бипаш" дейді екен.Кейбіреулер қазақ шежіре тарихында екі Дулаттың болғанын ажырата бермейді. Бірі - ежелгі Дулу тайпасындағы, екіншісі - одан мың жылдай кейін сол Дулудың есімімен аталып кеткен Бәйдібек бабадан тарайтын Дулат руының болғандығы.Б.з. дейінгі II ғасырда өмір сүрген ежелгі үйсін Мемлекетінің бір тармағы Дулу, Дуғлу тайпасы деп аталғаны рас. Үйсін елінің Күнби ханы балаларына енші үлестірерде өзінің батыр баласы Дулуға іле өзенінің бойын бөліп берді. Сол Дулу бастаған тайпа Үйсін Мемлекетінің одан кейін Түрік қағанатының айбынды жауынгер оң қанаты болады.Ак. Л. Н. Гумилев өзінің көне түріктер туралы кітабында (137 б.) былай жазады: "Ат үстінде шебер соғысатын ежелгі хундердің жауынгерлік машығын мұралаған дулулар қағанатта беделі зор үстем тайпа одағы болды".Міне, Бәйдібек баба мен Домалақ ана сол ежелгі Дулу тайпасының атымен Дулат деп койған. Демек, Дулу - б.з.д. II ғасырда ғұмыр кешкен тайпа болса, Дулат 723 -816 жылдары өмір сүрген батыр әрі би болып шығады.734-736 жылдары Жарықшақ анасы Нұриламен ақылдаса отырып, үш баласына Жетісуды өрлей мекендеп, ен жайлауға қоныс тебуді тапсырады. Содан Албан мен Суаннан өрбіген ұрпақтары, казіргы қытаймен шектес Нарынқол, Кеген, жаркент жерін, одан қалса алматы облысы маңын мекендеп кетеді. халық ауызында:
Аспан таудың етегі,Албан ата мекені.
деген сөз бар, бұл Аспан тау казіргі тян-шан тауы, оны кезінде үйсіндер Тәңір тауы деп атаған, себебі ол кезде бабаларымыз көк Тәңірыне сиынған, не тілеседе көкке қарап тілеп, сол көк аспанмен таласқан биік тауды, Тәңір тауы деп атаған екен.Ал Дулаттан өсіп-өнген Ботбай, Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары қазіргі Алматы, Шымкент облыстарын мекен етіп, тіршілік етеді. Дулаттың сол төрт баласынын өскелеңдігі жөнінде халық арасында:
Жаныс көп пе, қамыс көп пе,Сыйқым көп пе, қыйқым көп пе,Шымыр көп пе, шыбын көп пе,Ботбай көп пе, бота көп пе?
деген мақал-мәтел таралып кеткен.
## Бәйдібектің ерлігі
Бір шежіреде Бәйдібектің батырлығы былай хикая етілген. Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптан келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын-Емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен. Оған жалайырдың Алшынбай батыры қарсы жүреді. Екеуі найзаласады. Алшынбайдың қылышы қақ бөлініп, Дөдемен арпалысып жүріп мерт боп кетеді. Бәйдібек батыр:
- Енді кім шығады? - деп айқай салады. Найманның Шектібай батыры көк атын ойқастатып Дөдеге жетіп барады. Тағы айқас, тағы найзаласу. Шектібай да дүлей Дөдеге төтеп бере алмай ауыр жараланып қалады.- Тағы кім бар? - дегенде, жауға қарама-қарсы қаптап тұрған сарбаздар арасынан ешкім "мен шығамын" дей қоймайды. Әлден уақта намысқа тырысып, тай мінген талдырмаш сары жігіт:- Мен шығар едім, бірақ мінетін жарамды атым жоқ, - дейді.
Бәйдібек батыр:
- Мін менің атыма, - деп астындағы ақбоз айғырын түсіп береді де, ол Дөдеге: - Ал, батыр, біздің баламен шайқасуға калайсың? - деп кекетеді. Дөде:- Мен баламен күреске шығатын бала емеспін! Өзің кел, - деп гүр ете қалады. Бәйдібек:- Келсең кел, өзім де сол сөзіңді күтіп тұр едім, — деп өзінің Ақбоз айғырына мініп, оған қарсы шығады. Сарбаздары: "Иә, Құдай қолдай гөр!" деп тілеп, шуласады. Екеуі әуелі қылыштасады. Дөденің күші басым болғанымен, айла-тәсілі аз екен. Ол Бәйдібектің әбжіл қимылына төтеп бере алмай әбден қан сорпаға түседі. Дөде бар күшін жинап алып, енді найзасын кезенеді. Бәйдібек те найзасын ыңғайлайды. Оның жастайынан жылқы бағып жүргенде, қарт жылқышылардан үйренген дағдылы бір әдісі - құрыққа ұқсатып найзасының ұшына шылбырдан қыл тұзақ байналынатын-ды. Ол енді Дөдеге сол тәсілін қолданбақ. Мұны Дөде де, жау-жағы да елей қоймайды, онша мән бермейді. Екеуі ары-бері атойлап шауын найзаласып жүреді. Бір уақта Дөде оған оқтала бергенде, Бәйдібек оның бұғыдай мойнына қыл тұзақты шалып алып, ат-матымен сүйрей жөнеледі. Дөде қолындағы найзасын тастай салып, екі қолымен буынып бара жатқан мойынын босатып алмақ боп жанталасады. Бәйдібек батырдың темірдей тегеурінді қолы қоя ма, әне-міне дегенше Дөденің аттан аударылып кеткей аюдай денесін жерге сүйретіп екі айналдырып тастайды да, жайына кете береді. Сөйтіп Дөде азаппен қылқынып жан тәсілім қылады. Бәйдібек жауды түре қуып, тас-талқан етіп жеңіп шығады. Бір бұл емес Бәйдібектің ел-жұртына шапқыншы жаудан қорғап қалудағы ерліктері жөніндегі шежіре-дерек, аңыз-әңгімелер аз емес. Кезінде солардың хатка түсе қоймаған. Бәйдібек би 695 жылдың күзінде cексен алты жасында Бала бөген басындағы өзінің қыстауында қайтыс болыпты.
## Домалақ ананың дүниеден өтуі
...Қараша бидің қызыл қыштан соққан кең үйіне Боралдайдан келген Домалақ ана балаларымен қауышты, немерелерінің бетінен сүйіп, арқа-жарқа боп калады. Қасиетті ананың жақындағы үйіне келгенін естіген қазақ, өзбек көршілері бірінен соң бірі келіп сәлемдесіп жатады. Айлар, жылдар өтеді.Бір күні Домалақ ана түс көріп ерте оянады. - Түсімде отағасы қасыма кел деп шақырады... Мені елге көшіріңдер.Жарықшақ Дулатты шақырады. Бәрі ақылдасып, анасың Боралдайға көшірмек болады. Дулат екі күймесін әзірлейді. Біріне анасы мен өзінің әйелі Күлзейнепті отырғызады. Екінші күймеге жол азық, сусын салып, өзі 20 жігітпен қасына ереді. Үш күн дегенде олар Бала бөгенге жетеді. Аттарын отқа қойып, өздері өзен жағасында сусындап отырады. Домалақ ана балаларына:- Мен елге жеткен соң олай-пұлай боп кетсем, аталарың Бәйдібекеңнің қасына қойыңдар. Егер жолда өлсем, ары-бері сүйремеңдер, сол жерге қойып, басыма белгі қоярсыңдар, - дейді. Балалары:- Ойбай, апа, ондай сөз айтпаңыз, сіз әлі шөберелеріңізді көресіз, — деп, көңілін жұбаткан болады. Сол өзеннің жағасында демалып отырған жерінде үзіліп кетеді. Қасына ерген бала-шағасы, жігіттері үрпиісіп, шоғырлана қалады. Сөйтіп, 738 жылдың мамыр айында қасиетті әулие ана Нүрила (Домалақ ана) дүниеден өтеді. Дулат бастаған үрім-бұтағы басына сағана тұрғызады. Осы жерде мына жайттарға көңіл аударған абзал болар еді. Кей дүмше молдалардың Домалақ ана намаз кезінде қайтыс болды дегені шындыққа жараспайды. Домалақ ана (660-738) өмір сүрген 7-8 ғасырларда қазақ даласында ислам әлі келмеген кез. Бұл жалған мәлімет кейінгі діндар дүмшелердің шығарып жүргені.
Кезінде Бәйдібек би кесімді, бітімді тапқыр шешен сөздерді, ақыл-нақыл, мақал-мәтелдерді көп айтқан. Олардың кейбірі айтыла-айтыла авторы ұмытылып, халықтық мұрага айналып кеткен. Дер кезінде хатқа түспеген соң көпшілігі ел есінен шығып та қалған. Өйткені Бәйдібек заманынан бері бірнеше ғасыр өтті емес пе. Десек те, Бәйдібек бабамыздың бірлі-жарым нақыл-мақалдары атадан балаға ауысып, айтыла келе бүгінге жетті. Оның сол Бәйдібек баба ұрпактарынан жазып алынған нұсқалары мыналар:
## Бәйдібек бидің нақылдары
### Нақыл
Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:- Өзім асырап, есігіме салған кұлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.Би жалшыға сөз беріп:- Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:
Аяққа кісен салуға болар,Қолға кісен салуға болар,Ал, тілге кісен салуға болмас, -
деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.
### Нақыл
Бай үйінің төрінде отырған бір молда "шариғат жолы олай, шариғат жолы былай" деп шариғат, мұсылмангершіліктен сөз қозғап, өзге жұртқа кезек бермей отырады. Есік жақта отырған байдың жалшысына молданың кедей-кембағалдарды кемсіте сөйлегені жақпай қалады. Жалшы:- Молдеке, сөзіңіз аузыңызда, жаңа "сіз" кедей, жоқ-жұқаналар өз пейілінен табады деп қалдыңыз. Сонда қасиетті "Құранда" солай жазылған ба екен? Менің естуімше, "Құранда" жоқ-жұқана қаріп-қасірлерге садақа беріп, қарасқан сауап деп жазылған сияқты еді. Сіз төрде отырып, жалған сөйлеп отырсыз, - дейді. Жалшының бұл сөзі шымбайына батқан молда:- Жап аузыңды, зәнталақ, сен маған қарсы сөйлеуге қандай қақың бар? - деп ашу шақырады. Отырған көпшіліктің бір жағы молданы, қалған жағы жалшыны қоштап абыр-дабыр боп жатқанда, олардың үстіне қасында 3-4 кісісі бар Бәйдібек би кіріп барады.- Бұл не жанжал дегенде, үй иесі "молдекең былай деп еді, менің жалшым оған қарсы шықты" деп болған әңгіменің жайын түсіндіреді. Сонда Бәйдібек би табан астында әуелі молдаға қарап:- Төрде отырып теріс сөйлегенің жөн емес, көпшілік ішінде төрде отырғанда абайлап сөйлеу керек. Төрді сыйлау кімге де болса парыз.- Ал, жігітім, - деп босағада отырған жалшыға қарап: - Есікте отырып кейіс шығарғаның жөн емес. Сенің сөзің уәжді болса да, мына табалдырықты сыйламайсың ба? Біреудің табалдырығын аттап келіп, у-шу шығару жігітке жараспайды. Ол үйдің шаңырағын сыйлау саған қарыз. Бұл сөздің түйіні енді былай болсын:
- "Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,Есікте отырып керіс сөйлегеннен без",
деп кесім айтып, көпшілікті риза етіпті.
### Нақыл
Бір жолы үш жасар Жалмамбет әкесіне еріп Ташкент базарына барыпты. Саудагер, делдал дегендерді алғаш рет көрсе керек. Үлкендердің "Саудагер қулар алдап жеп кетіп жүрмесін" деген сөздерін естіп жүреді. Жолда бара жатып:- Көке, осы саудагерлер не жейді? - деп сұрапты. Сонда Бәйдібек жас баласына:- Саудагер, делдалдар түске дейін өзгелерді алдап жейді, түстен кейін өзді-өзін алдап түсіреді, - депті.
### Нақыл
Бір жолы баласы Жалмамбет "менікі жөн, олардікі терне" деп бір жайлау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Бәйдібек би баласына:
- Өткелді саяз деме,Таяғыңды салып бойлат,Ісімді мақұл деме,Ағайынға салып ойлат, -
деп ақыл айтыпты деседі қариялар.
## Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері
Бәйдібек би өз тұсындағы жылқылы байлардың ішіндегі ең жылқысы көп байы болған деседі ел. Бабамыздың мыңдаған үйір-үйір жылқысы өзінің түс-түсі, тұқым-нәсілімен өріп, Қаратаудың Боралдай, Қостұра, Ақтасты, Керегетасты, Жетімтау шатқалдарының теріскей, күнгей жағын түгелдей қара құрымдай қаптап жатады екен. Жылқысы Боралдай өзеніне құлағанда, Боралдай, Бөген, Шаян өзенін кешкенде, ол өзендер де ақпай қалар еді, деседі жұрт. Ал, Бәйдібектің өзі жылқы танығыш бапкер, сыншы болыпты. Ол кісінің жылқышыларына айтқан аталы сөз, шаруа нақыпдары аз болмаған. Соның бірлі-жарымы мыналар:
Малды жақсы баққаның -Өзіңе абырой тапқаның.Малды жаман баққаның -Келген бақты каққаның.Кендірмен байлама!Жыңғылмен айдама!Кендірменен байласаң,Жыңғылменен айдасаң,Мал өсер деп ойлама!Сиырда аунамақ жоқ,Жылқыда күйсемек жоқ,Таста тамыр жок,Суда қаймақ жоқ.Бір кісінің баласындай бол,Бір қолдың саласындай бол.Жылқышы жылқыныбаққанын айтар,Қойшы қойына өрістапқанын айтар,Түйеші түйесінің шаңдаққажатқанын айтар,Аңшы қақпаныныңқапқанын айтар,Мерген аңшы атқанын айтар,Саудагер матасынсатқанын айтар.Қасқыр мен ұры мінездес -Екеуі де түнді аңдиды.Бұлбұл мен гүл мінездес -Екеуі де күнді аңдиды.
Бәйдібек бидің ел корғауда халық қамын ойлап айтқан аталы сөздері:
Алыс жолға шығар болсаң,Алдымен жолдасыңды сайла.Жауыңды жығар болсаң,Алдымен қолбасыңды сайла.Керуен басы білікті болса,Түйе азбайды.Қолбасы білікті болса,Сарбазы тозбайды.
Бәйдібек баба үрім-бұтағынан Кебекбай, Бөлтірік, Досай, Ноғайбай, Байжігіт, Сары би, Есенкелді, Сапақ сияқты би-шешендер, Қабан, Сүйінбай, Майкөт, Құлмамбет, Жамбыл тәрізді ақын-жыраулар шыққан. Бұған халық қамын ойлаған ел басшысы болған атакты мемлекет қайраткерлерін қоссақ, Бәйдібек бабамыздың қандай адам болғанын, оның артындағы өсіп-өнген ұрпақтарының жарқын болашағын танимыз.
## Дереккөздер |
Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.
## Жалпы мәліметтер
Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады.ЖелЖел-ауаның горизонталь бағытта қозғалуы.Желдің пайда болуы-қысым айырмашылығына байланысты.Желдің бағытын өлшейтін құрал-флюгер жел бағарЖелдің жылдамдығын өлшейтін құрал-анемометрЖелдің күшін 12балмен есептейді.Жылдамдығы-1м\сБриз-французша-жеңіл жел, тәулік ішінде соғатын жел, күндіз құрлықтан теңізге, түнде теңізден құрлыққа қарай соғады.Муссон-арабша-маусым, қыста құрлықтан теңізге қарай, жазда теңізден құрлыққа қарай соғады.Тұрақты желдер-Пассат, Батыс желдер.Пассат дегеніміз-тропиктік ендіктен экваторға қарай соғатын жел.Батыс желдері-оңтүстік тропиктен қоңыржай ендіктерге қарай соғады.Көгілдір отын-желдің энергиясы.Ауа райы дегеніміз-белгілі бір жердегі белгілі бір уақыттағы тропосфераның күйі.Ауа райын зерттейтін ғылым-метеорологияКлимат-ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі.Климаттың элементтеріне температура, жауын-шашын, қысым, жел т.бАлисов күн сәулесінің түсуіне байланысты жер бетін 13 климаттық белдеуге бөлді.1. Негізгі климаттық белдеулер-72. Өтпелі климаттық белдеулер-6Суб-таяу, маңы дегенді білдіреді.Экваторлық климаттық белдеу-температура мен жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралатын жыл мезгілінің ауытқуы байқалмайтын климаттық белдеу.Температура-25 градус, жауын-шашын-2000-3000мм.Қоңыржай климаттық белдеу-жылдың 4 мезгілі айқын байқалады.Жылу белдеулерінің саны-5Атмосфералық фронт-әр түрлі ауа массасының арасындағы өтпелі аймақ:2-ге бөлінеді:жылы және суық фронт.Атмосфералық радиация-күннің жылу мен жарығы.3-ке бөлінеді:1.Тура2.Шашыранды3.ЖиынтықАуадағы су буы 2-ге бөлінеді:1.Абсолюттік ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының нақты граммен алынған мөлшері.2.Салыстырмалы ылғалдылық-1м куб ауадағы су буының сол температураға қатынасы.Ылғалдылықты өлшейтін құрал-гигрометр.Изогиета-жауын-шашынның бірдей нүктелерін қосатын сызық.Ылғалдану коэфициенті-жауын-шашынның булануға қатынасы.Ы=Ж\Б1-ге тең болса жеткілікті, 1-ге жетпесе жеткіліксізБұлт дегеніміз-ауадағы су тамшыларының шоғырлануы.Будақ бұлт-аппақ мақтаға ұқсас нөсер жауын жауады.Шарбы бұлт-майда тұз кристалдарынан тұрады, жауын-шашын әкеледі.Қатпарлы бұлт-ақ жауын жауады.Шық-атмосфераның жоғарғы қабатынан жер бетіне түсетін ылғал.
Атмосфералық қысымның біркелкі таралмауынан және жоғары кысымның төменгі қысымға карай ағылуынан туындайды. Қысымның уақыт және кеңістік бойынша үздіксіз өзгеруінің салдарынан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағыты оның соққан жағы бойынша анықталады да, градуспен не румбпен (16 румбтық жүйе бойынша) анықталады; ал жылдамдығы м/с, км/с, түйін ігемесе (шамамен) Бофорт шкаласы бойынша балмен өлшенеді. Жел үлкен аумақтың үстінде өте кең ауа ағыстарын (муссондар мен пассаттарды) түзеді, олардан атмосфераның жалпы циркуляциясы мен жергілікті циркуляңиясы түзіледі. Жел жоғары карай үйкеліс күшінің азаюының салдарынан, сондай-ақ бар градиенттерінің өзгеруіне байланысты озгеріп отырады.
## Жел және оның түрлері.
Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.
Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріңдер).
Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады. Олардың кейбіреуімен сендер өткен 6—7-сыныптардағы география сабақтарынан танысасыңдар.
## Геоморфологияға қатысы
Жел — жер бедерін түзуші өте маңызды агенттердің бірі. Жел таужыныстарды морып қана қоймайды, морылып-мұжылған тау жынысы түйірлерінің екінші ауданға "қоныс аударуына", сөйтіп олардың есебінен шөгінді тау жынысытардың жаңа түрлері қалыптасуына жағдай жасайды. Әсіресе шөл және шөлейт аудандарда желдің атқаратын рөлі айрықша.
## Жел ағысы
Жел ағысы – мұхит пен теңіз суының жоғарғы қабатында (үйкеліс қабаттары деп аталатын 100 м, кейде 200 м тереңдік) жел мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта ұзақ соғатын желдің әсерінен пайда болған жел ағысын дрейфтік (ықпа) ағыс (мысалы, Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар, Батыс желдердің ағысы, т.б.) деп те атайды.
## Жел энергетикасы
Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергия-сы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірлерінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр стансалары мен жел электр стансаларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады.
## Дереккөздер |
Әмрин Хабиболла (03.1900, Омбы облысы Москален ауданы Саға қазақ ауылында дүниеге келген — 13.03.1938, Алматы облысы Жаңалық елді мекенінде дүние салған) — қазақ зиялысы, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін Орынбор, Қызылорда қалаларында, 1928 — 33 жылдары Қазақ АКСР-ы Жұмысшы-шаруа инспекциясында, кейін Қазақ АКСР-ы ОАК-нде жауапты қызметтер атқарған. Мемлекеттік аппаратты “жергіліктендіру” науқанына белсенді қатынасып, қазақ кадрларының басқару органдарына тартылуына оң ықпал жасады. “Жергіліктендіру туралы” (А.-М., 1934, орыс тілінде) деген ресми құжаттар жинағын бастырып шығарды. “Мекемені қазақыландыру мәселесі” төңірегіндегі өзінің ой-пікірлерін баспа бетінде жариялады. Өмірінің соңғы жылдарында Қарқаралы, Қарағанды қалаларында халыққа білім беру саласында еңбек етті. “Қызыл Қазақстан” журналында (1929, мамыр) жарияланған “Сауатсыздықты жою жұмыстары” деген мақаласында халыққа білім берудің өзекті мәселелерін көтеріп, экономика және мәдени дамудың халықтың жалпы сауаттылығына байланысты екендігін ашып көрсетті. Әмрин 1937 жылы “Қарағанды ісі” бойынша “халық жауы” деген жасанды айыппен ұсталып, 1938 жылы 13 наурызда атылды. КСРО Жоғарғы сотының 1959 жылы 15 мамырдағы шешімімен ақталды.
## Дереккөздер:
Қазақстан энциклопедиясы 1-том |
“Әмет батыр” — Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық батыры” эпостық жырының жеке батырлар топтамасына енген жыр.
Толық нұсқасын жырды Мұрын жыраудан 1948 жылы И. Ұйықбаев жазып алған. Басынан аяғына дейін 7 — 8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. Қырымның қырық батырының бірі Алаудың жолын қуып батыр болған Әметтің ерлік істері баяндалады. Жырдың басты идеясы — Отанды қорғау, ел бірлігін уағыздау болса, екінші жағынан ислам дінінің әскері де қылаң береді. Жырда ел қорғаны Әмет батырдың бостандық жолындағы ерен ерлік үлгісі, отаншылдығы дәріптеледі.
Алғаш рет “Қазақ халық әдебиеті” көп томдығының 12-томында (1990) жарияланды. Бұдан басқа Әмет батыр туралы халық ертегісі негізінде шығарылған ертегі-дастан да белгілі. 7 — 8 буынды жыр үлгісіндегі “Әмет” дастанын жинаушы Ғ. Ахметов ел аузынан жазып алып, Ф. Ғатауов Қазақстан ҒА қорына тапсырған. Дастанда Әмет батырдың Жәнібек ханды жаудан құтқарып алуы, осы ерлігі үшін Ханайым сұлуды тарту ету жөнінде уәдесінен тайған хан ауылын шауып, сұлуды алып қашуы, соңынан қуып келген атақты Алау батырдың батасын беріп, мұратына жетуі баяндалады. Дастанның басты кейіпкері Әмет жеріне адал, отан сүйгіш, аңғал батыр бейнесін де суреттеледі, ел билеушілердің опасыздығы әшкереленеді. Шығарма нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.
## Сыртқы сілтемелер
* [1] Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* [2] Мұрағатталған 10 шілденің 2012 жылы.
* [3](қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
АБДУЛПАТТАЕВ Сапиулла Ибрагимұлы (15.4.1928 ж. т., Тереңөзек ауданы, қазіргі Сырдария ауданы.) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1984).
Қызылорда педогогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атында мемлекет ун-ті) бітірген (1950). 1950 – 61 ж. Ақтөбе облысы Байғанин орта мектебінде мұғалім, директордың орынбасары, М. Мәметова атындағы педогогикалық уч-щеде оқытушы болып қызмет істеді. 1961 – 64 ж. Қазақ мемлекет университетінің (ҚазҰУ-дің) аспирантурасында оқиды. 1965 жылдан Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, профессор болып қызмет істейді.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Әмудария көмбесі, 1877 жылы Тәжікстанда Әмудария өзенінің бойынан табылған қазына көмбесі.
Осы өзен атымен аталады. Көмбені жергілікті халық тауып, асыл заттарды саудагерлер сатып алып, Үндістанға апарған. Ғалымдар қолына кейінірек түскен. Әмудария көмбесінен 180-нен астам алтын мен күмістен жасалған бұйымдар мен мыңнан астам теңгелер табылған. Заттарға көне грек, иран, сақ мәнеріндегі ою-өрнектер салынған. Әсіресе, адамдар бейнеленген қаңылтыр жалтырауықтардың маңызы ерекше. Оның бетіндегі сақалды адамдардың жейделері, қалпақтары, белбеулері мен семсерлері скифтер киімдерінен аумайды. Бұл Геродоттың Сырдарияның оңтүстік бөлігін мекендеген сақ-массагеттер мен скифтердің тұрмыс-тіршіліктері өте ұқсас деген сөзін растайды. Көмбе б. з. б. 4 ғасырдың соңынан б. з. б. 3 ғасырдың соңына дейінгі аралықтағы бірнеше кезеңде жиналған қазына болса керек. Әмудария көмбесінен табылған заттардың негізгі бөлігін Британ мұражайы сатып алған, қазір сонда сақтаулы. Көмбенің түп тарихы белгісіз.
## Дереккөздер
## Галерея
*
*
*
*
* |
Сауытбек Абдрахманов (7 қараша, 1951 жыл Қазығұрт ауданы) – журналист, кино сыншысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
## Өмірбаяны
Сары Үйсін руынан шыққан.
* Қазақ мемлекеттік университетті бітірген (1975).
* «Егемен Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі (1975 – 87)
* Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі (1987 – 90) қызметтерін атқарды.
* ҚР Президентінің, Министр Кабинетінің аппаратында аға референт, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1990 – 95),
* ҚР Мәдениет министрінің 1-орынбасары болды.
* 1997 – 2000 ж. «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті.
* 2000 – 03 ж. «Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының президенті
* 14.9.2003 – 12.7.2004 ж. ҚР Ақпарат министрі
* 2004 жылғы шілдеден «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті.
## Кино саласындағы еңбегі
Сауытбек Абдрахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Н.Жантөрин, т.б. танымал суреткерлермен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы. М.Әуезов шығармаларының экрандалуы, Сауытбек Абдрахманов Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» оқулығын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сұлу сезім» кітабын, «Бейбарыс сұлтан» атты романды, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады. «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Адамзат күнтізбесі» (2002), «Елдік сыны» (2003), т.б. кітаптары шыққан.
## Шығармалары
«Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Бер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен төлтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы.
Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалан, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармалары^ арабтың Бейбарыс сұлтан туралы халықтық романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (2-ші кітап) аударған. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы-авторы.
## Жетістіктері
* Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
* Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты.
* Б. Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981) лауреаты.
* Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты.
* «Жыл журналисі» (2006) атағын алған.
* Филология ғылымының докторы.
* 2005 жылы «Парасат» орденінің иегері.
* Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен марапатталған.
* Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі.
## Дереккөздер |
Әмір — шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ.
Араб тілінен енген бұл әскери дәреже түркі тіліндегі “бек” дәрежесімен сәйкес. Мыңдық, он мыңдық (түмен) әскерді басқаратын қолбасылар Әмір атағына ие болған. Әмір атағына ие болған адамға әскери ту, дәреже белгісі — байрақ, соғыс кезінде әскерді басқаруға қолданатын дабыл, шыңдауыл тапсырылған. Сонымен бірге Әмірлердің иелігіне, әкімшілік басқаруына елді мекендер, ұлыстар, уәлаяттар беріліп, олар сол әкімшіліктен түсетін кірістің не салықтың белгілі бір бөлігін алу құқына ие болған. Бұл иелік Әмірге белгілі бір мерзімге, не мұрагерлікке берілуі мүмкін. Сондықтан Әмірлер әскербасылықты және елбасылықты бірдей ұстаған.
## Дереккөздер |
Ермек Хасенқызы Абланова (1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1996), профессор (1997).
* ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* Осы университетте аспирант, лабораторияның кіші ғылыми қызметкері (1961–70)
* 1970 жылдан физика химия мен электрлі химия кафедрасының доценті, профессор қызметтерін атқарды.
* «Физико-химические основы процессов комплексообразования некоторых элементов с унитиолом и перспективы применения унитиолатных комплексов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
* 97 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралының («Физикалық химия есептеріне арналған оқу құралы», 1980; «Физикалық химия», 1997) авторы. |
Аблақов Әбжаппар Аблақұлы (20.11.1928 жылы туған, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Жамбыл ауылы) – филология ғылымдары докторы (1988), профессор (1991), Қазақ КСР-і (1986) және КСРО (1987) Халық ағарту ісінің үздігі.
ҚазПИ-дің (1961, қазіргі ҚазҰПУ) қазақ тілі мен әдебиеті және тарих факултетін әрі аспирантурасын (1964) бітірген. Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1964–88) болды. 1988 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) қазақ тілі мен әдебиеті, одан кейін қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. «Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан сөз тіркестері (тарихи-салыстырмалы негізде)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. А. 150-ге тарта ғылыми-зерттеу еңбектерінің авторы.
## Шығармалары:
* Қазіргі қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері (оқу құралы). А., 1971;
* Қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері (оқу құралы). А., 1973;
* Қазақ тіліндегі шығыс жалғаулы сөз тіркестері (оқу құралы). А., 1975;
* Қазақ тіліндегі табыс жалғаулы сәз тіркестері (оқу құралы). А., 1986;
* Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. А., 1986;
* Қазақ тіліндегі салт етістіктердің меңгеруі (әдістемелік құрал). А., 1988;
* Қазақ тіліндегі меңгеру категориясының мәні (әдістемелік талдама). А., 1988;
* Сөз тіркесінің өзіндік ерекшелігі және оның байланысу тәсілдері мен түрлері (әдістемелік құрал). А., 1990;
* Қазақ тіліндегі көлемдік септікті сөз тіркестері (әдістемелік құрал). А., 1991;
* Қазақ тілі. (оқу құралы). А., 1993 (авт. бірі);
* Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. А., 1997 (авт. бірі).
## Дереккөздер |
Әмірсана, (моңғ. Амарсанаа; 1722 — 1757, Тобыл қаласы) — Жоңғар нояны, Ойрат ақсүйегінің тұқымы.
## Өмірбаяны
Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің қызы ұзатылып келе жатып, қазақ жерінде қыстап қалғанда қазақ батырымен көңіл қосып, ішінде кеткен деген де әңгіме бар. Қонтайшы Қалдан Серен (Цэрен) өлгенен кейін (1745) оның тұқымдарымен күресте жеңіліс тауып, Дабашы екеуі қазақ жеріне қашып келді. Абылай ханның қолдауымен Дабашының хан болуына (1753) көмектесті. Көп ұзамай Дабашыға қарсы қарулы көтеріліс бастап, жеңілген соң Пекинге қашып барды (1754). Жоңғар хандығын жоюды көптен көксеген Қытай осыны желеу етіп, қалмақ жеріне әскер жіберді (1755). Әскердің алдыңғы легін Әмірсана басқарды. Жоңғар жерін жаулап алған Қытай Әмірсананы билеуші етпей, өлтіруді ойлады. Ол қашып шығып, манчжурларға қарсы азаттық күресін бастады. Көп ұзамай Әмірсана жоңғар ханы болып жарияланды. Қытай үкіметі жоңғар жеріне тағы да қалың әскер енгізді. Әмәрсана 200 жігітімен қазақ жеріне қашып келді. Қытай Әмірсананы қайтару жөнінде қатаң талап қойып, елші жіберді (02.1756). Абылай хан оны орындамай, Әмiрсана Ресейге (Алтай уранхайларына) өтіп, сонда шешектен қайтыс болды.
## Отбасы
Амурсана 1723 жылы жоңғар-ойрат тайпасынан шыққан асыл анадан және тайша немесе тақ мұрагері хойт-ойрат руы. Амурсананың анасы Бойталақ (博託洛克) қызы болған Сыбан Раптан, қайтыс болғаннан кейін жоңғар-орият тайпасының көсемі Қалдан Бошоқты. Ол алдымен Данджунгке үйленді (丹 衷), үлкен ұлы Лха-бзанг хан, билеушісі хошоуыт-ойрат тайпасы. Данджунг қайтыс болғаннан кейін с. 1717 ж., Оның қайын атасының қолымен, Бойталақ Амурсананың әкесі, а тайша немесе тақ мұрагері хойт-ойрат руы.
## Дереккөздер |
Әмірші — шығыс халықтарында жиі қолданылған лауазым. Негізінен ханның, бектің, әмірдің жарлықтарын орындаушы уәзірді осылай атаған. Ол күмәнді жағдайда ғана әмірді орындауды уақытша тоқтата тұрып, жарлық берген кісіден анықтап сұрауға ерікті. Әмірші жарлық:жарлықты басқа кісіге орындаттырған. Қазақ халқы ең жоғары билік иесінің өзін де әміршідеп атап кеткен.
## Дереккөздер |
Самиғолла Ибатоллаұлы Ержанов (5 сәуір 1943 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1982). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы бұрынғы КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Онкология институтының аспирантурасын (1971) бітірген. Ленинград онкология диспансерінде зертхана меңгерушісі (1975–86), Қазақ онкология және радиология институтында стажер-ізденуші, ординатор, кіші ғылыми қызметкер (1966–79), аға ғылыми қызметкер (1986 жылдан) болып жұмыс істеген. Оның негізгі ғылыми еңбектері онкология мәселелеріне арналған. Ержанов қылтамақ, емшек, тік ішек, тері, ісіктерінің құрылысын зерттеп, ананың жыныс безі қатерлі ісігін емдеу, оның тиімділігін анықтау тәсілін ұсынды.
## Дереккөздер |
Абралиев Оңалбек Алтыбайұлы (28.10.1957 жылы туған, Жамбыл облысы Мерке ауданы Акермен ауылы) – экономика ғылымдары докторы (2006), профессор (2009). Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1980) инженер-экономист мамандығы бойынша, Мәскеу халық шаруашылық институтының (1989) аспирантурасын бітірген. 1981–99 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі, декан, оқу бөлімінің бастығы (2000–04) қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қазақ ұлттық аграр университетінің «Қаржы және банк ісі» кафедрасының меңгерушісі. «Қазақстан Республикасында бұзылған жерлерді қалпына келтіруді экономикалық бағалау мен олардың құнарлылығын арттыру проблемалары: теория, методология және тәжірибе» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыстары жер ресурстарын қорғау, құнарлылығын арттыру, табиғи ресурстарды экономикалық бағалау, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты қорғау шараларының экологиялық-эконмикалық тиімділігін арттыруға арналған. 104 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы. |
«Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жыр. Алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайхысыламұлы. 1896, 1898, 1901, 1906, 1910, 1913 жылдары Қазан баспасынан жеке кітап болып басылып шықты. Төңкерістен кейін де бірнеше қайтара басылды (1939, 1957).
Жырдың оқиғасы, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын қамтиды. Кейіпкерлердің ішінде тарихта болған адамдардың есімдері кездеседі (Көтібар, Арыстан, Есет, т.б.). Жырдың негізгі оқиғасы тама руының байы Маман мен шекті Көтібар батыр арасындағы өзара күресі. Жырда жеке бас бостандығы көтеріледі. Айман тек жеке басының азаттығын көксеген қыз емес, ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді адам ретінде көрінеді. Жырда Көтібар бейнесі де шебер берілген. Бұрынғы батырлықтың азып, ел ішіндегі ұсақ-түйек тентектікке айналғаны осы бейне арқылы көрсетіледі.Құрылысы, бейнелер жасау әдісі, тіл ерекшеліктері жырдың ескі поэтикалық дәстүрде туғанын көрсетеді. Ежелгі жыр, айтыс үлгілері кеңінен пайдаланылады. Эпикалық ұзақ дастандардағыдай, оқиғалар арасын қарасөзбен жалғап отыру үрдісі, жазба әдебиет дәстүріне тән белгілер де кездеседі.«Айман-Шолпан» — реалистік мәнерде шығарылған, аса көркем жырлардың бірі. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» жыры бойынша жазған музыка драмасы (1934) Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарынан көп жылдар бойы түспей келді. 1960 жылдан драмалық театрлар сахналарында қойыла бастады.
## Дереккөздер |
Әнет баба (1628 – 1723) – “Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі.
## Өмірбаяны
Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте Найман Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген.Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген Әнет баба: “Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын” деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел “Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып жерлейді. Әнет бабаның Жаубасар, Есболат, Шақа есімді ұлдары болған. Бұлардан бұрын ержеткен 5 ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады. Әнет бабаның бәйбішесінен туған бес баласы Ақтабан шұбырынды бола-тұғында қалмақтың оғынан өліпті. Олардан нәсіл қалғаны мәлім емес. Мұнда сол бәйбіше баласы - Байболат дегеннің Балуан, Бақай деген екі баласы бесікте келген екен, соның Балуанынан тұқым жоқ. Бақайдың балалары өсіп-өнген. Әнет бабаның басқа әйелдерінен Жаубасар, Есболат, Шақа деген ұрпағы бар. Әнет тек Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген.
## Дереккөздер |
Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан.Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген.
## Мансабы
Қоңырат тайпасының Божбан руынан шыққан Сұлтанбек Қожанов елдің саяси-әлеуметтік жұмысына 1915-ші жылдан бастап белсене кірісті. Сол жылдары Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрады. 1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Түркістан (Қоқан) автономиясына қызу қолдаушылық танытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құлатуын жергілікті халықтың өзін-өзі билеу құқығын аяқ асты етушілік деп бағалады.
### Ашаршылық кезеңі
Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орт. комиссияның мүшесі ретінде 1918 ж. қарашадан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылы Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды.
### Түркістандағы қызметі
1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Ол осы қызметтерді атқару барысында БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойынша құрған комиссиясы – Түріккомиссияның Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік шараларды Түркістан өміріне күштеп енгізуге, таптық күресті шиеленістіре түсуге, сөйтіп ұлттық мәселені кейінге ығыстырып тастауға бағытталған әрекетіне қарсы тұрды. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап етті.
Мәскеу, Петроград секілді ірі қалаларда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық жастарға материалдық көмек көрсетуде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 жылы Түркістан республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындалысымен, ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды.
1922 – 1924 жылы Түркістан КП комитетінің хатшысы, атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. Қ. мемл. қайраткер ретінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу кезінде (1924) айрықша танылды. 1924 жылы қарашада РК(б)П Қазақ обкомының (1925 жылы ақпаннан – Қазақ өлкекомының) екінші хатшысы қызметіне жіберілді. Қ-тың тікелей ұсынысымен Кеңестердің І съезі қазақ халқы тарихи атауын (патшалық тұсынан бұрмаланып қалыптасқан “киргиз” деген атты төл атауына – “қазаққа” түзетіп) қайтарып, астаналық қала атын Қызылорда деп өзгертті.
### БК(б)П орталық комитетіндегі қызметі
1925 жылы қарашада БК(б)П орталық комитетіне шақырылып, ұлт республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға, 1928 жылы Ташкентке, Орта Азия Бюросына қызметке жіберілді. Мұнда ол үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы болды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Ташкент бөлімшесін ұйымдастырды. 1929 жылы Орта Азия мақта-ирригациялық политехника институтын (САХИПИ) құрып, алғашқы директоры болды, сонымен қатар 1929 – 31 жылы Орта Азия мақта кентінің директоры қызметін атқарды. 1931 – 32 жылы БК(б)П ОК аппаратында істеді.
## Шығармашылығы
Қожанов негізгі міндеттерін қоғамдық, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. Мектепке арналған “Есептану құралы” атты оқулығы (1924), “Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тіліндегі зерттеуі (1928) жеке кітап болып шыққан. «Есеп тану құралы» атты оқулығы көпшілікке арналған қазақ мектебінің математикадан бірінші оқулығы болатын. Кітап өте түсінікті, қызықты жазылған. Арифметиканың негізгі тәсілдерінен басқа да қыр-сырларын аша түседі.
## Соңғы жылдары
РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың басқаруымен өткен жеке кеңесте (1926) сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ И.В. Сталинге 1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы Қожанов ақталғаннан кейін сіңірген еңбегін мойындап, тек қана 1994 жылы еңбектері шығарыла бастады. Алматы, Шымкент қалаларындағы көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған.
## Дереккөздер |
Болатжан Шайзадаұлы Абылқасымов (8.4.1950, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай батыр ауылы – 14.3.2009, Астана қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды бітірген (1973).
* Мәскеу қаласындағы Шығыстану институтында ғылыми тәжірибе (1977–79) алмасты.
* Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға лаборант (1973–75), кіші ғылыми қызметкер (1975–77, 1979–81), ғалым-хатшы (1981–89), докторант (1989–92)
* Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) декан, кафедра меңгерушісі (1992–2006)
* 2006 жылдан өмірінің соңына дейін Еуразия ұлттық университетінде профессор қызмет атқарған.
## Ғылыми еңбектері
* «Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
* Ұлттық фольклористикаға деген жаңа көзқарас, соны ізденістерге толы зерттеу еңбектерінің авторы.:«Жанр толгау в казахской устной поэзии», 1984;«Телқоңыр», 1993;«Көкбай ақын», 1998
* «Жанр толгау в казахской устной поэзии», 1984;
* «Телқоңыр», 1993;
* «Көкбай ақын», 1998
## Дереккөздер |
Әміркен— төңкерістен бұрын Америкадан Ресейге әкеліп сатылған бұйымдардың ауызекі тілде қалыптасқан атауы. Мысалы, әміркен етік, әміркен мәсі, әміркен ұлтан тағы басқа “Американ” деген сөз ауызекі тілде өзгеріп әміркен болып кеткен.
## Дереккөздер |
Абылайұлы Жангенхан (24.4.1949 ж.т., Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанкент ауылы) – медицина ғылылымының докторы (1990), профессор (1998), ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1997). Қазақстанның еңбек сің. ғыл. қайраткері (2003). Семей мемлекеттік медицина инстетутын (1972, қазіргі Семей мемл. мед. академиясы) бітірген. Дәрігерлік еңбек жолын Қызылорда облысының ауруханасынан бастады. ҚР Денсаулық сақтау мин-лігінің Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зертеулер институтында (1994–98) істеп, 2001 жылдан Кардиология мен ішкі ағзалар аурулары ғыл.-зерт. ин-ты директорының орынбасары болды. А. 6 монография, 22 патент пен 180-нен астам ғылыми-зертеулер еңбектердің авторы. Негізгі ғылыми-зерттеулері эндокринология, гирсоидология, лимфология, профпатология, радиац. экол., т.б. мәселелерге арналған. Республикалық «Алтын адам» сыйлық лауреаты (2003).
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Әңгүдік— мінездегі ұнамсыз, жағымсыз сипат.
Әңгүдік адамды, әдетте, даңғой, әулекі, әумесер деп те атайды. Оның мінез-құлқында аңқаулық, нанғыштық секілді сипаттар жиі кездеседі. Әңгүдік ұрыншақ, елірме, әулекі сияқты мінездің ұнамсыз көріністерінен де байқалады.Әңгүдіктің бір көрінісі — әулекілік пен әумесерлік. Бұл адамды еліртіп, есіртіп әкететін алаңғасарлық, ұрыншақтық қасиет. Әңгүдіктік сипат ерекшеліктерінің тағы бірі — аңқаулық пен нанғыштық. Аңқаулық — нанғыш, бейқам, қулығы жоқ мінездің қасиеттері.
## Дереккөздер |
Әнші балапан— халықаралық өнерлі балалар фестивалі. Алғаш 1990 жылы 6 мамырда ұйымдастырылды және сол күні Қазақ теледидарынан тікелей эфирге шығарылды. Содан бері “'Әнші балапанға” республиканың барлық облыстарының 4 — 16 жас аралығындағы өнерлі балалары қатысты. Олар Болгария, Үндістан, Польша, Ресей, Түркия, Швеция, Финляндия, Франция, Эстония елдерінде өнер көрсетті. Фестивальда тұңғыш танылған жас өнерпаздар кейін беделді халықараралық байқаулардың жүлделерін жеңіп алды.1998 жылы 24 — 27 қыркүйегінде “'Әнші балапан” халықаралық фестиваліне Италия, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия тағы басқа елдерден өнерлі балалар қатысты. Сөйтіп, фестиваль халықараралық дәрежеге көтерілді.
## Дереккөздер:
Қазақстан энциклопедия |
Авазбаев Несіпбай (1937 ж.т., Өзбекстан, Ташкент облысы, Зингиартин ауданы, Баткер ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1993), проф. (1995).
Ташкент мемлекеттік педогогикалық университетін бітірген. Осы институтта шет тілдер факультетінің деканы, неміс тілі кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, доцент (1960–90), Ташкент мемлекеттік университетінде доцент, профессор, неміс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, деканның орынбасары (1990–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент бөлімінің шет тілдер кафедрасының меңгерушісі.
Ол «Қазіргі неміс тілінің фонетикалық теориясы» кітабының авторы. 70-тен астам ғыл. мақаласы жарық көрген, оның ішінде 6 монографиясы бар. |
Мәриям Сейдалықызы Ержанова (20 тамыз 1928 жылы туған, Ташкент қаласы) – химик-органик, химия ғылымдарының докторы (1971), профессор (1972).Мәскеу тоқыма өнеркәсібі институтын бітірген (1951). 1951–1956 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия институтында ғылыми қызметте болды. 1956 жылдан Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты төмен температурада селективті катализаторларда фурфуролды гидрогендеу және фуронды қосылыстарды гидрогендегенде сорбцияланған сутектің энергетикалық сипаттамалары мен катализатордың активтілігі, селективтілігі, тұрақтылығы арасындағы өзара байланыстарды зерттеуге арналған. 60-тан астам ғылыми еңбегі мен 5 авторлық куәлігі бар.
## Дереккөздер |
«Ер Жасыбай» – тарихи жыр. XVIII ғасырда өмір сүрген батыр Жасыбайдың ерлігін баяндайды. Жасыбай – Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының бәсентиін руынан шыққан атақты батыр, Олжабай батырдың досы. Халық арасында сақталған бір аңызда Ер Жасыбайдың жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыста жау оғынан қапылыста қаза тапқаны туралы айтылады. «Ер Жасыбай» жырын 1939 ж. Ә.Х.Марғұлан Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының тұрғынынан (аты-жөні белгісіз) жазып алған. Көлемі 850 жол. Жыр Жасыбай мен әкесі Тұяқтың жоңғарларға қарсы ұрысын суреттеуден басталады, осы шайқаста ауыр жараланған Тұяқ қаза болар алдында баласына інісі Темірді тауып алуды аманат етеді. Еліне қайтқан Жасыбай Қарабайдың құлы болып жүрген інісі Темірді іздеп тауып, босатып алады. Жыр Жасыбайдың қалыңдық іздеп жолға шығуымен аяқталады. «Ер Жасыбай» жыры қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресінің бір кезеңін суреттейді. Негізгі идеясы – туған жерді жат жерлік басқыншылардан қорғау, елдік пен ерлікті дәріптеу. Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Жасыбай көлі, Жасыбай асуы деген жерлер бар. Жасыбай батыр жерленген деген бейіт сол асудың үстінде. Жыр қолжазбасы Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
## Сыртқы сілтемелер
http://ardaktylar.kz/persons/mrly-zhasybaj/ Мұрағатталған 31 мамырдың 2012 жылы.
## Дереккөздер |
Көкшетау филармониясы, Ақмола облыстық филармониясы – 1965 жылы Көкшетау облыстық филармониясы болып құрылған. 1999 жылы 27 тамызда Ақмола облыстық филармониясы болып аталды.
Филармония құрамында кіші симфониялық оркестр (көркемдік жетекшісі В.М. Кулинич, құрамы – 29 адам), қазақ ұлт аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және дирижер Т.Базаров, құрамы – 34 адам), сондай-ақ “Айнакөл” ансамблі, “Приз” және “Панорама” эстрада ансамблі, орыс халық аспаптар ансамблі, музыкалық лекторий жұмыс істейді. Филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Ш.Дүкенбаева, Б.Мәкенова, Е.Біржанов, т.б. өнер көрсетеді.
## Дереккөздер |
Көкшетау сыртқы округы - Ресей империясының 1822 жылы 22 шілдедегі “Сібір қазақтары туралы Жарғысы” бойынша 1824 жылы 29 сəуірде құрылған. Округті аға сұлтан басқарды. Алғашқы аға сұлтаны болып Уәлиханұлы Ғұбайдолла (Абайділдә), қазылары атығай руынан Зілғара Байтоқаұлы және керей руынан Мүсет Жәнібекұлы сайланды. 1857 жылы Көкшетау сыртқы округында 16 болыс (майлыбалта атығай, атығай бағыш, құдайберді атығай, құрсары керей, туадан керей, балтыкөш керей, есенбақты керей, уақ керей, есенәлі керей, жаулыбай қарауыл, уақ, самай керей, қанжығалы, құлтай қыпшақ, күрлеуіт қыпшақ, бай қырғыз), 144 ауыл, 8778 үй болды. Патша үкіметінің 1868 жылы 21 қазандағы [[Орал, Торғай, Ақмола және Cемей облыстарын басқару туралы уақытша ереже|“Орал, Торғай, Ақмола және Cемей облыстарын басқару туралы уақытша ережесіне”]] сәйкес Көкшетау сыртқы округы' уезд болып, Ақмола облысының құрамына енді.
## Аға сұлтан
* Ғұбайдолла Уәлиханов – 1824, 1832-1838.
* Жылғара Байтоқин – 1824-1826, 1838-1841.
* Тоқтамыс би – 1826-1827.
* Абылай Ғаббасов – 1829-1832.
* Әбілқайыр Ғаббасов – 1841-1845.
* Маңдай Тоқтамысов – 1845-1851.
* Әбдіғафар Маңдаев – 1852-1854.
* Пірәлі Ғаббасов – 1854-1857.
* Мұса Жылғарин – 1858-1860, 1866-1868.
* Шыңғыс Уәлиханов – 1860-1862, 1863-1866.
* Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1857 – 68)
* Құспек Таукин – 1862-1863.
## Болыстары
Орталық мемлекеттік мұрағат материалдарында Көкшетау округіндегі қазақ болыстарының орналасу тізімі құрылған 1820-шы жылдары төмендегідей болған:
1844 жылғы жүргізілген санақ бойынша
## Дереккөздер |
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті — Көкшетау қаласында орналасқан жоғары оқу орны.
1996 жылы 7 мамырда Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты және С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты негізінде ұйымдастырылды. Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі Қарағанды политехникалық институтының құрамына 1972 жылы берілген Павлодар индустриалды институтының жалпы техникалық факультеті негізінде 1993 жылы құрылған. Институт Өндірістік және азаматтық құрылыс, Құрылысты басқару және экономика, Машина жасау технологиясы, т.б. салалар бойынша мамандар даярлады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты 1962 жылы құрылған. Оның құрамында физика-математика, филология, жаратылыстану, шет тілдер, химия және биология факультеттері болды. 1965 жылы институтқа Ш.Уәлиханов есімі берілді. С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты 1991 жылы Целиноград ауыл-шаруашылық институты негізінде құрылған. Құрамында агрономия, зооинженерия, ауыл-шаруашылығын механикаландыру және экономика факультеттері болды. 3 жоғары оқу орны біріктірілгеннен кейін, құрамындағы (күндізгі және сырттай бөлімдерде) филология, экономика, шет тілдер және тарих, инженер-педагог және ауыл-шаруашылығы факультеттерінде 32 мамандық бойынша 5000-нан астам студент білім алады. Университеттің материалдық және ғылыми-техникалық базасы қалыптасқан. Электрондық баспа техникасы, машина-трактор оқу паркі, дәнекерлеу және жөндеу шеберханалары, жастар орталығы, студенттердің жаздық спорттық-сауықтыру кешені, кітапхана, дәрігерлік орталық, “Арасан” сауықтыру кешені жұмыс істейді. Униветситет жанында гимназия және лицей, магистратура, аспирантура, кәсіптік мамандық бойынша оқытуға маманданған оқу орталығы жұмыс істейді. Университетте оқулықтар, ғылыми еңбектер, монографиялар, “Алау” газеті шығарылады, республикалық және халықаралық конференциялар, “Уәлиханов оқулары” өткізіледі. Ресей, Египет, Польша, АҚШ, Канада, Германия ғылыми орталықтарымен байланыстар орнатылған. Агро-техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша Еуропалық Одақ ұйымының “Тасис” және “Темпус” бағдарламаларына қатысады. Университетте спорттық үйірмелер, көркемөнерпаздар шығармашылық ұйымы жұмыс істейді. Университет спортшылары боксшы Р.Б. Мусинов 2-Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы; жеңіл атлет А.В. Князев – Қазақстан Республикасының чемпионы.
## Университет туралы
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті - Ақмола облысының жоғары білім беру жүйесінде 60 жыл көшбасшы. Осы жылдар ішінде университет өңір мен жалпы ел үшін мыңдаған маман даярлады. Оқыту бакалавриаттың 58 білім беру бағдарламасы, магистратураның 42 бағдарламасы, докторантураның 10 бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Университет халықаралық және республикалық бағдарламалар шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды үйлестірумен, әзірлеумен және іске асырумен айналысады: Erasmus+ KA1 ICM, Erasmus+ KA2 CBHE, UniCen, ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік гранттар. ЖОО 2022 жылғы THE Impact Ranking рейтингісіне сәйкес жекелеген көрсеткіштер бойынша әлемнің 200 университеттердің қатарында және QS Central Asia-2023 халықаралық рейтингісінің 29-шы орнында. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің HAAP рейтингі—9; QS Asia рейтингі—550. Университеттегі кафедралар саны—19; студенттер саны—7418,оның 414—шетелдік студенттер.
## Университет тарихы
1962 жыл, 25 шілде— Көкшетау педагогикалық институтының ашылуы. Ректор—тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Горохводатский Иван Степанович.
1963 жыл—дербес физика-математика және филология факультеттерінің ашылуы. Павлодар индустриялық институтының жалпы техникалық факультетінің ашылуы. Бірінші директор—инженер Михаил Федорович Рысиков.
1965 жыл, 29 наурыз—институтқа тұңғыш қазақ ғалым-ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілді.
1966 жыл—шет тілдері факультетінің ашылуы.
1972 жыл—ЖОО ректоры қызметіне филология ғылымдарының кандидаты, доцент Боярский Евгений Иванович тағайындалды. Факультет Қарағанды политехникалық институтының құрамына ауыстырылды.
1979 жыл—директорлардың біліктілігін арттыру факультеті ұйымдастырылды.1979 Целиноград ауыл шаруашылығы институтының "Агрономия", "Зоотехния" мамандықтары бойынша филиалы ашылды. Филиалдың бірінші директоры ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Исатай Ғалиұлы Темрешев.
1980 жыл—"Ауыл шаруашылығын механикаландыру" жаңа мамандығы ашылды.
1982 жыл—"Қазақ тілі мен әдебиеті" жаңа мамандығы ашылды.
1984 жыл—"Химия, биология" жаңа мамандығы ашылды. 2000 білім алушыға арналған жаңа оқу-зертханалық корпус ашылды. Студенттер саны 400 ден 2500 ге өсті.
1985 жыл—химия-биология факультеті ұйымдастырылды. "Бейнелеу өнері және сызу", "Информатика" мамандықтары ашылды.
1987 жыл—1000 орындық жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс", "Машина жасау технологиясы", "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандықтары бойынша кешкі нысандағы оқыту пайда болды.
1988 жыл—"Радиотехника" мамандығы ашылды.
1990 жыл—ректор болып философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қуандық Досмағанбетұлы Жуламанов сайланды. Факультетте сырттай бөлім ашылды.
1991 жыл, 9 қаңтар—филиал Көкшетау ауылшаруашылығы институты болып қайта құрылды, ректор болып Б.Ғ.Жүнісов тағайындалды.
1991 жыл—Кұрылыстағы экономика және басқару" және "Машина жасау технологиясы" мамандықтары бойынша күндізгі оқу бөліміне алғашқы қабылдау. Өндіруші кәсіпорындардың қолдауымен "Пайдалы қазбаларды ашық игеру" мамандығы ашылды.
1992—ректор болып физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов тағайындалды.
1993 жыл—Қарағанды политехникалық институтынының Көкшетау филиалы ұйымдастырылды.
1996 жыл, 23 мамыр—Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1996 жылғы 23 мамырдағы №143 бүйрығымен Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының базасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құрылды, оның құрамында С. Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институтының филиалы. Университеттің бірінші ректоры - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов.
1998 жыл—үш деңгейлі оқыту жүйесі енгізіліп, магистратура ашылды.
2000 жыл—оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін бағалаудың рейтингтік жүйесіне көшу. Білімді бақылау үшін тест тапсырмаларының базасы әзірленді.
2001 жыл—университет "Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
2003 жыл—кредиттік технология бойынша оқыту басталды.
2005 жыл—сапа менеджменті жүйесі енгізілді. ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарына сәйкестігін сертификаттады.
2007 жыл—университет ректоры болып филология ғылымдарының докторы, профессор Шакимашрип Ибраевич Ибраев тағайындалды.
2010 жыл—ректор болып техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Бубеевич Қалабаев тағайындалды.
2012 жыл—Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта ұйымдастырылды.
2012 жыл, желтоқсан - ректор болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сағынтай Зекенұлы Елубаев тағайындалды.
2014 жыл, шілде - университет ректоры болып техника ғылымдарының докторы, профессор Абдумуталип Абжаппарович Абжаппаров тағайындалды.
2018 жыл—университетті экономика ғылымдарының кандидаты Марат Қадірұлы Сырлыбаев басқарып бастады.
2020 жыл—университет "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
## С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институты
КеАҚ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» құрамында С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтының профессорлармен ғылым докторларын, доценттер мен ғылым кандидаттарын қамтитын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым құрылды. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлауда 84-тен астам штаттық оқытушылар жүзеге асырады, оның ішінде 8 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 49 магистр.
Институтта 31 білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүзеге асырылады – 20 ББ (бакалавриат), 8 ББ (магистратура), 3 ББ (докторантура). Бүгінгі таңда институтта 1411 студент, 27 магистрант, 11 докторант оқиды. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу процесін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін институтта тиісті материалдық-техникалық база құрылды. Оқу ғимараттарында заманауи зертханалар мен компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Оқыту процесінде оқытушылар заманауи білім беру технологияларын пайдаланады. Кітапхана студенттерге ғылыми-ақпараттық қызмет көрсетеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, акт залы мен асханасы бар.
Институттың білім беру бағдарламалары бойынша «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «AGRIMER-ASTYK» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Көкшетау» МҰТП, «Көкшетаугорселпроект» ЖШС сияқты Көкшетау қаласының ірі кәсіпорындарының базасында кафедра филиалдары жұмыс істейді. Ақмола облысы Зеренді ауданы Васильковка ауылында оқу-демонстрациялық мақсатта «Элит» Тәжірибелік оқу-ғылыми-өндірістік кешені құрылды. Институт түлектері - аграрлық және техникалық өнеркәсіптің көптеген салаларында, IT-технологиялар саласында сұранысқа ие мамандар.
Институт ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық, бағдарламалық – нысаналы қаржыландыру бойынша, «Тыныс» АҚ, «Kazrost Engineering» АҚ, «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Обуховский КБК» ЖШС сияқты қала кәсіпорындары мен шаруашылық шарттық тақырыптар бойынша жобаларды орындау арқылы жүргізіледі.
## Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Педагогикалық институтының кафедрасы.
Қазіргі уақытта тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы білім беру және ғылыми мекемелер үшін тарих, теология, география, тарих магистрлері мен докторларын (Phd) даярлау міндеттерін орындайды.
Кафедра алғашқыда 1975 жылы құрылған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін КОКП тарихы кафедрасы Қазақстан тарихы кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына кафедраның тұңғыш меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуев сүбелі үлес қосты.
2015 жылы Қазақстан тарихы кафедрасы Отан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы болып өзгертілді. 2018 жылдан бастап Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы болып атауын өзгертті. 2021 жылы Отан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен біріктіріліп, Қазақстан тарихы және «Рухани жаңғыру» кафедрасы деген жаңа атауға ие болды. 2022 жылы бұл атау Тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедра университеттің барлық институттары мен мектептерінде Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану пәндерін оқытады, сонымен қатар тарих мамандығы бойынша бакалаврларды, магистранттар мен докторанттарды, теология бакалаврларын дайындауға қатысады.
Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді. «ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы» атты жалпы ведомстволық ғылыми тақырып бойынша жұмыс жүргізілуде.
Кафедра оқытушыларының ғылыми қызметінің нәтижелері халықаралық конференция материалдарының жинақтарында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым комитеті ұсынған басылымдарда, «Sсopus», «Web of Science» деректер базасында орналасқан басылымдарда жарияланып келеді.
Кафедраның Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатында, № 6 Көкшетау орта мектебінде өз филиалдары бар. Кафедра оқытушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясында үнемі іс-шаралар өткізеді. Кафедра оқытушыларының ішінде ҚХА-ның төрағасы – М.З.Өтегенов, ал А.А.Шарипов, М.М.Шуматова Ақмола облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері болып табылады.
Кафедра ғалымдары мен оқытушылары Ақмола облысы бойынша ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасында жұмыс істейді.
2024 жылдың 26 қаңтарында кафедра оқытушылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбуев Қадыржан Қабиденұлының 85 жылдығына арналған «Әбуев оқулары – I» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
### Кафедра жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары
Бакалаврларды даярлау бағыты
6В01601 – Тарих және дінтану – педагогикалық білім бакалаврында ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тарихи-дінтану және психологиялық-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыру.
Білім алушыларды жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм, діни төзімділік, толеранттылық рухында тәрбиелеу.
Тарихи және дінтану білімінің әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу, жобалау, практикалық қызметке қатысу арқылы студенттің жеке басын зияткерлік дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру; заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде мектеп стандарттарының талаптарын іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды меңгеру.
Болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру ортасына тиімді интеграциялау үшін кәсіби-тұлғалық әлеуметтену дағдыларын жетілдіру (көшбасшылық, қарым-қатынастарды басқару, топпен жұмыс істеу және т.б.).
6В01502-География-тарих – жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру негізінде география және тарих бағыты бойынша білім беру саласында кең білімі, іскерлігі мен дағдылары бар география және тарих мұғалімдерін даярлау.
6В02202-Теология – дін және тарихи-гуманитарлық ғылымдар негіздерін терең меңгерген зайырлы мемлекет пен қоғамның заманауи, перспективалық талаптарына жауап беретін теология бағыты бойынша Қазақстанда діни-гуманитарлық сала мамандарын даярлау.
6В02201-Ғылыми тарих – ғылыми-педагогикалық, қолданбалы және кәсіпкерлік қызметте қолдану мақсатында тарихи-гуманитарлық ғылымдар бойынша теориялық білім жүйесін дамыту негізінде гуманитарлық білім бакалаврының ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау.
Магистрлерді даярлау бағыты
7М02201-Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары – Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, осы саладағы соңғы теориялық және әдіснамалық жетістіктер деңгейінде тарихи және әлеуметтік-дінтану ғылымдарының ғылыми білім жүйесін, теориясы мен практикасын меңгерген гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау. Білім алушылардың ғылыми-шығармашылық құзыреттілігін арттыру.
7М01501-География – магистранттардың жеке қасиеттерін дамыту, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, оларды ел заңнамасының талаптарына сәйкес жобалау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, сараптамалық, педагогикалық жұмыс шеңберінде практикалық қызметте іске асыру дағдыларын дамыту.
Докторантура
8D02201-Тарих – іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы бар, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, тарих ғылымы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыра және жүргізе алатын жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау.
Кафедраның ғылыми бағыттары:
* ҚР МСМ «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» РМҚК ғылыми-зерттеу бағдарламасы.
* Солтүстік Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
* ХХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Қазақстан халқының күнделікті тарихы.
* «1920–1950 жылдардағы қуғын-сүргінге байланысты ғылыми-зерттеу жұмысы және архивтік басқа да құжаттарды саяси-құқықтық бағалау».
## Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы
Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы педагог кадрлар мен аудармашыларды даярлауда бай тәжірибесі мен дәстүрі бар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Көкшетау педагогикалық институты құрылғаннан бері филология факультетінде шет тілдері кафедрасы құрылды, оның бірінші меңгерушісі аға оқытушы О.А.Пальгов, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери аудармашы болып қызмет атқарған тіл білімі және неміс тілі саласының кәнігі, білгір маманы.
Кафедра 1965 жылы қайта құрылды. Қазақ КСР Білім Министрінің 1965 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен филология факультетінде неміс және ағылшын тілдері кафедралары құрылды. Ағылшын тілі кафедрасының негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі болып ғылым кандидаты, А.А.Жданов атындағы Ленингранд мемлекеттік университетінің түлегі, Георгий Исаевич Богин тағайындалды, ол кафедраның қалыптасуына қомақты үлес қосты.
1963 жылы «ағылшын тілі, неміс тілі, неміс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығына алғашқы қабылдау жүзеге асырылды.
1966 жылы неміс тілі, неміс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бөлімдерінен тұратын шет тілдері факультеті құрылды.
1970 жылы Шет тілдер факультетінің ағылшын бөлімі студенттерінің алғашқы бітіруі болды. Осы жылдары ағылшын тілі кафедрасы мен ағылшын филологиясы кафедрасы құрылды.
1990–2000 жылдары кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Н.Ф. Немченко бастамасымен жаңа «Аударма ісі» мамандығы ашылды.
1993 жылы қазақ тілінде оқитын студенттерге арналған «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс)» мамандығына қабылдау басталды.
Оқытушылар қарқынды оқу мен жазбаша сөйлеуді дамытудың дәстүрлі әдістерін сақтай отырып, оқыту әдістемесін белсенді түрде қайта қарастырады.
1999 жылы Шет тілдері факультетінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша қайта сырттай оқу бөлімі ашылады.
2001 жылы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратура, кейін 2016 жылы докторантура ашылды.
2017 жылдан бастап кафедрада үшінші шет тілі ретінде қытай тілі оқытыла бастады.
Кафедра ұжымында 29 штаттық қызметкер бар, оның ішінде 2 PhD докторы, 6 ғылым кандидаты, 21 магистр құрайды.
Сонымен қатар ағылшын тілі және ОӘ кафедрасы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Л.Еремия және доцент Н.Ф.Немченко құрған ғылыми лингвистикалық мектептерімен де танымал.
### Кафедра меңгерушілері:
Немченко Наталья Федоровна (1990–1997, 2002–2011).
Красникова Любовь Николаевна (1997–2000).
Черепанова Лариса Владимировна (2000–2002).
Исмагулова Айнагуль Ерболатовна (2011–2018).
Рыспаева Динара Сарсембаевна (2018 жылдан бастап)
Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының білім беру бағдарламалары Қазақстандағы шет тілдерін оқыту саласындағы үрдістерді және жоғары кәсіби білім беруді ұйымдастырудағы өзгерістерді белсенді түрде ескеріп отырады.
### Кафедраның білім беру бағдарламалары:
6В01701 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс / қытай).
6B02302 – Аударма ісі (ағылшын, неміс/қытай).
7М01703 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс).
8D01701 – Шет тілі: екі шет тілі.
8D02303 – Филология: шетел филологиясы.
## Дереккөздер |
Тауман Салықбайұлы Амандосов (05.11.1921, Кеңөзек ауылы, Балықшы ауданы, (қазіргі Құрманғазы ауд.) Атырау облысы – 07.07.1991, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1982), журналист, ғалым, профессор (1974), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1982).1942—46 ж. Атырау обл. «Коммунистік еңбек» газетінде, Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында (1948—50) істеді. ҚазМУ-ды (1950, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң, сонда аға оқытушылыққа қалдырылған. Осы университеттің сырттай оқытатын бөлімінің проректоры (1952–1954), деканның орынбасары (1955), филология (1958–65) және журналистика (1966–1971) факультеттерінің деканы, кафедра меңгерушісі (1969–1991) қызметтерін атқарған. 1979 ж. «Қазіргі қазақ публицистикасының проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған.
Амандосов қазақ публицистикасының теориясы мен тәжірибесі, баспасөз жанрлары, бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі мен журналистикасының қоғамда алатын орны туралы зерттеу еңбектерін
* «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары», 1968;
* «Қазіргі қазақ публицистикасы», 1975;
* «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы», 1978 жазды.
Ғылыми зерттеу еңбектері негізінен қазақ журналистикасының теориясы мен тарихы мәселелеріне арналған. Атырау қаласында Амандосов атында көше бар.
ҚазМУ-ді бітірген (1950). Еңбек жолын 1942 жылы облыстық "Социалистік құрылыс" газетінде әдеби қызметкерден бастаған.
ҚазМУ- бітірген соң университте жұмыс істеуге қалдырылады. 1952- 54 жылдары университтің сырттай оқу бөлімі бойынша проректоры; 1955 жылы деканның орынбасары; 1959 жылы филология факультетінің деканы.
1966-71 жылдары журналистика факультетінің деканы. 1969 жылы телевидение және радио кафедрасын, 1976 жылы15 жыл бойы журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасын басқарды.
1955 жылы кандидаттық 1982 жылы докторлық диссертация қорғады. 1971 жылы Қазақстанда алғашқылардын бірі болып, профессор ғылыми атағын иеленді. Амандосов - қазақ публицистикасының теориясы мен практикасын алғаш зерттеген отандық ғалымдардын бірі. Көп жылғы еңбегі үшін Амандосов бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1982 жылы оған "Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. "Қазақ совет баспасөзінің жанрлары" (1968); "Советтік журналистиканың теориясы мен практикасы" (1978); Қазіргі қазақ публицистикасы" (1975) және т.б. оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялардың авторы.
## Сілтемелер
* Өркениет. Атырауда Амандосовтың құрметіне конференция өтті(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Сәуле Көшкенқызы Амандықова (1960 ж.т.) – заң ғылымдарының докторы (2006). Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1982). Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында аспирант, ғылыми қызметкер (1985–1992), мемлекет және құқық институтында ғылылм қызметкер (1992–1995), Қарағанды облысы әкімшілігінде бас маман (1995–1996), Қарағанды мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі (1996–2005) болды. 2005 ж. «Становление доктрины конституционализма в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертция қорғады.
## Шығармалары
Амандықова – 89 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның («Становление доктрины конституционализма в Казахстане», 2002; «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы», 2000–01, орыс және қазақ тілдерінде) авторы.
## Дереккөздер |
Көк шыбын (ағылш. Callіphorіdae) – қос қанаттылар немесе шыбындар тобының қысқа мұрттылар тармағының дөңгелек тігісті тұқымдасына жататын өлексе шыбыны.
Шыбын денесінің ұзындығы 5 – 16 мм, түсі қоңыр-күлгін, немесе металдай жылтыр көк реңкті (мыс., ет көк шыбыны – (ағылш. Callіphora vіcіna), жасыл (мыс., ет жасыл шыбыны – ағылш. Lucіlla serіcuta). Бұл шыбындардың дүние жүзінде 900-ден астам, ал Қазақстанда оннан астам түрі кездеседі.
Жұмыртқа салатын және дернәсілін тірідей туатын түрлері бар. Дернәсілдері жануарлар өлексесінде (мысалы, өлексе шыбыны – (ағылш. Cynomyіa nartuorum), бұзыла бастаған етте, кейде мал қиында тіршілік етеді. Балаң құрттары әр түрлі омыртқасыздардың денесінде (ұлу, шұбалшаң, көбелек), сондай-ақ омыртқалы жануарларда (құдыр, құс балапанының тері астында, бақа мен құрбақа тіндерінде) паразиттік тіршілік етеді. Ересек шыбындар гүлдермен, шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Кейбір түрлері адам мен жануарлардың ішек-асқазан ауруларын таратады.
## Түрлері
## Дереккөздер |
Абызтөбе – көне қаланың орны. Сырдария өзенінің орталық ағысының сол жағында, Келінтөбе аталатын көне қала жұртынан солтүстікке қарай 25 километр қашықтықта орналасқан. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. М. Байпаков) зерттеген. Қала жұртының қазіргі көрінісі, солтүстік-батыстан — оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан, ұзындығы 105 м, көлденеңі 30 м, биіктігі 5 м, ұзын төртбұрышты жота. Төбесі тегіс. Қалаға кіретін қақпаның орны оңтүстік жағында орналасқандығы байқалады. Жиналған құмыралардың сынықтары бойынша ғалымдар қаланың біздің заманымыздың1 ғасырдағы өркениет орталығы болғанын дәлелдеді.
## Дереккөздер
* Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Әпербақандық — этикалық ұғым, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі теріс қылық. Әпербақандық адам бойындағы әдептілік мәдениеті деңгейінің төмендігіне байланысты және қоғамдағы әлеуметтік құндылықтардың дағдарысқа ұшыраған жағдайында (аномия) өріс алады. Әпербақандыққа ұрда-жық мінез-құлық, қатыгездік, дөрекілік, өзгенің абыройын, намысын аяққа таптау сияқты кісіліктен тыс теріс қылықтар жатады. Психологиялық және этикалық әдебиетте әпербақандық белгілері нонконформистік (ымырасыздық) және деструктивтік (қиратушылық) іс-әрекет мәселелеріне байланысты қарастырылады. Қаныпезерлік әрекеттерде де әпербақандық көрініс табады. Әпербақандықты шектеу үшін әдептілік ережелерін адамдардың күнделікті іс-әрекет өлшемдеріне айналдыру қажет.
## Дереккөздер:
Қазақстан энциклопедия |
Индер шырышы (лат. Eremurus inderiensis) – шырыштар тұқымдасының шырыш туысына жататын көп жылдық жуантамырлы өсімдік. Қазақстанда солтүстік Каспийден Балқаш – Алакөл қазаншұңқырына дейінгі шөлейтті жерлерде, сондай-ақ Шу-Іле тауларының аласа жерлерінде кездеседі. Биіктігі 100 – 130 см, ұзын шашақ гүлшоғыры сабағының ұшында жетіледі. Сабағы мықты, жуан, жапырақсыз. Жапырағы таспа тәрізді, ұзын. Гүлдерінде жалпақ қандауыр тәрізді жарғақ гүлжапырақтары болады. Қоңырау сияқты қоңыр, ақшыл қызғылт түсті гүлсерігі сәл ашылып тұрады. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – домалақ, жылтыр қорапша, тұқымы үшқырлы, жалпақ қанатты. Тамырында өзіне тән желімдік қасиеті бар эремуран полисахариді болады. Сондықтан бұрынғы кезде өсімдік тамырына ерекше «шырыш» деп аталатын желім алынып, онымен өте жұқа фарфор ыдыстарын желімдеп, қаланған тастарды бекіткен.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Эремурус индерский |
Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов (27 желтоқсан 1903, Абай облысы, Үржар ауданы, Егінсу ауылы – 28 қаңтар 1958, Алматы) – Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы (1948), профессор (1948), Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1954). 1937 жылдан КОКП мүшесі.
Найман тайпасы Терістаңбалы (ру) руынан шыққан.
Орта Азия мемлекеттік унверситеті педагогика факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген (1930). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1931 жылы ҚазПИ-де оқытушы, 20 жылдай қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды. 1934–36 ж. Қазақтың ұлт мәдениетін зерттеу институтының директоры, ғыл. хатшысы қызметтерін атқарды. 1937–42 ж. КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан бөлімшесінің тіл және әдебиет секторын басқарды, 1946–58 ж. Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі болды.
Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теория негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғыл. жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. жолға қоюға елеулі ықпал етті. Аманжолов қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады.Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген доктор диссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негіз болды.
Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін енгізді. Аманжолов – қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі. «Қазақстанның 15 жылдығы» құрмет белгісімен (1935), жауынгерлік медальдармен (1945) марапатталған.
Аманжолов қазақ диалектологиясының негізін салды. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді жинап-зерттеуді (1937-38) ұйымдастырып, диалектілердін даму сипаты, айырым белгілері, тайпалық тілдермен байланысы, үлттық өдеби тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделі мәселелерге тұжырым жасады. Диалектілерге халық, тіл тарихы түрғысынан қарап, олардың қоғамдық сипатын ашты. Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзекті мөселелерін зерттеп, соны пікірлер айтты. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын ХӀХ-ғасырдың 2-жартысынан бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағы жаңа үлгісін талдап көрсетті. "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" (1959) атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі ретінде бағаланды.
## Шығармалары:
* ІV жылдық тіл кітабы, А, 1932;
* Қазақ Совет фольклоры, А., 1935;
* Қазақ тілінің грамматикасы, І б. (фонетика мен морфология), А., 1938, 1939, 1940;
* Қазақ тілінің грамматикасы, ІІ б. (синтаксис), А., 1939, 1997;
* Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы, А., 1940;
* Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, І б., А., 1950, 1994; Русско-казахский словарь в 2-х т., А., 1946;
* Вопросы диалектологии и истории казахского языка, А., 1959, 1997; Қазақ тілі теориясының негіздері, А., 2002; Тіл және жазу, Өскемен, 2005.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Өркениет - Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2008 жылы.
* Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Статья «Неутомимый исследователь» Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы.
* Аманжолов Сарсен Аманжолович на turkology.tk Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2016 жылы. |
«Ер Жәнібек» – тарихи жыр. Жәнібек Бердәулетұлының жоңғар қалмақтарына қарсы күресі баяндалған.
Жырдың бір нұсқасы «Ер Жәнібек» деген атпен 1995 жылы «Жұлдыз» журналының 5-, 6-сандарында, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан «Бабалар сөзі» сериясының 27-томында (2006) жарияланған. Сондай-ақ Жәнібек батыр туралы аңыз-әңгімелердің бір шоғыры тарихи жырлардың бірінші томында жарық көрген (1913). Атақты Үмбетей жырау «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында Жәнібектің Абылай тұсында өмір сүрген батыр екенін айтса, тарихшы Құрбанғали Хамидтің «Тауарих хамса» кітабында да Жәнібектің Абылай заманында болған батыр екені баяндалады. Жыр Жәнібектің әкесі ерте қайтыс болғандықтан, оның тәрбиесі нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек бидің қолына өтуінен басталады. Он сегізге келіп, күш-қайраты толысқан кезінде жоңғарлар шабуыл жасайды. Жәнібек те Абылай қолына қосылып, жорыққа аттанады. Жәнібек жаумен беттескен сайын ерлік жасап, өзінің нағыз батыр екенін танытады. Жырда Жәнібек жердің бүтіндігі, елдің тәуелсіздігі үшін күрескен ер ретінде сипатталады. Жәнібек батыр ғана емес, айтулы шешен адам ретінде көрінеді.
## Сыртқы сілтемелер
http://adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6937&Itemid=23 Мұрағатталған 7 қарашаның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Төлеубай Ыдырысұлы Аманов (25.8.1923, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.6.1978, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1972). Уақ тайпасынан шыққан.
1940–42 ж. Семей пед. институтының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы педагогика институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–1953 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. 1969–1970 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды.
Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертвциясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Аманов атымен аталады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Мақтанышымыз түлектеріміз - Семей Мемлекеттік Педагогикалық ... Мұрағатталған 27 сәуірдің 2012 жылы. |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.