text
stringlengths
3
252k
Әлімбет — Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы ауыл, Әлімбет ауылдық округі орталығы. Іргесі 1929 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бадамша ауылынан солтүстікке қарай 47 км-дей жерде, Атырау - Орск темір жол бойында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1016 адам (499 ер адам және 517 әйел адам) болса, 2009 жылы 1009 адамды (484 ер адам және 525 әйел адам) құрады. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, аурухана, клуб бар. Орыс-Қазақ шекарасынан 9 км жерде, А-25 тас жолы орналасқан орналасқан. ## Дереккөздер
ҒАБДЫРОВ Елеукен Хамидоллаұлы (25.12.1929, Атырау облысы Индер ауданы – 16.10.1989, Алматы қ.) – әдебиет зерттеушісі, филологиялық ғылым докторы (1968), ҚазМУ-ды (1944, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1944–62 ж. осы университетте оқытушы, аға оқытушы, доцент, филол. ф-тінің деканы, 1962 жылдан Қазақ КСР-і ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылым қызметкері болды. «Кеңес дәуіріндегі орыс-қазақ әдеби байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері әдебиеттің жалпы теориялық мәселелері мен әдеби байланыстар тақырыбына арналған. ## Дереккөздер <references>
Ғазизова Айгүл Ыдырысқызы (1956 ж.т., қазіргі Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылжар ауылы) – биология ғылым докторы (1997). Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1981, қазіргі Қазақ агротехникалық униветситеті) бітірген. 1983–87 ж. Украина ауыл шаруашылық академиясында аспирант. 1987 жылдан Ақмола аграрлық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент. Ғазизованың 60-қа жуық ғылыми еңбегі жарияланған. ## Дереккөздер <references>
Оспанғали Қожабергенов (1906, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы – 1966, Қатонқарағай ауданы) – сыбызғышы. ## Өмірбаяны * Сыбызғыны 12 – 13 жасында сол өңірге белгілі сыбызғышы Мұсадан үйренген. * 1957 жылы республикалық халық шығармашылығы үйінің арнайы шақыруымен Алматыға келіп:“Ақсақ қой”“Сары өзен”“Жорға аю”“Күйсандық”“Жетім қыз”“Өрелі көк”“Жетім бала”“Кеңес күйі”“Көк бұқа”“Бозінген”“Аққабаның толқыны”“Желмен”“Балжынкер” деген күйлер жаздырды. * “Ақсақ қой” * “Сары өзен” * “Жорға аю” * “Күйсандық” * “Жетім қыз” * “Өрелі көк” * “Жетім бала” * “Кеңес күйі” * “Көк бұқа” * “Бозінген” * “Аққабаның толқыны” * “Желмен” * “Балжынкер” деген күйлер жаздырды. * 1957 – 58 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясында сыбызғыдан сабақ берді. Ол домбыраға арналған күйлерді де жете меңгеріп, сыбызғы күйлерін екі аспапта да тарта білген. ## Дереккөздер
Мұхтар Рахымұлы Алшынбай (Алшынбаев) (26.1.1926 ж.т., Қызылорда облысы Сырдария ауданы) – техникалық ғылымдар докторы (1969), профессор (1973), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003) және Ресей ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1978), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1980). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1951). 1951–1994 ж. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашалық институтында ассистент (1955–1956), кафедра меңгерушісі (1958–1965, 1968–1988), профессор (1988–1994) болды. 1994 жылдан Қазақ ауыл шаруашалығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылым кеңесшісі. Негізгі ғылыми еңбектері ауыл шаруашылық машиналарын пайдалануға, оларды жетілдіруге, сонымен қатар топырақ өңдеуде, дәнді дақылдар себуде және жинауда, астық тазалау мен сұрыптауда, арамшөптерге қарсы күресте, жемшөп өндіруде, малға азық беруде қолданылатын машиналарды зерттеуге арналған. Еңбектерінде Қазақстан жағдайында алғаш рет егіншілік және мал ш-н механикаландыру құралдарының ғыл.-тәсілдемелік негіздерін жасады, жылжымалы а. ш. агрегаттардың жұмысшы бөліктерін зерттеуге статист. динамика ережелерін қолданып, ілімдік тұрғыдан түсінік берді. Суғармалы егіншілікті, атап айтқанда, күріш дақылын егіп-өсіруді механикаландырудың нақты мәселелерін қарастырды, яғни астық тазалағыш агрегаттарды, әр түрлі сепкіштерді дұрыс пайдалану, машина-трактор тіркесімдерінің қолайлы құрамын таңдау жөнінде тәжірибелік ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ, республиканың а. ш-на қажетті инж. мамандарды дайындауға үлкен үлес қосты. ## Шығармалары * Ауыл шаруашылық машиналары, А., 1979; * Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы, А., 1997 ## ОТбасы Рақым Алшынбаев - әкесі, атақты педагог. ## Дереккөздер
Мырзакәрім Кәрімұлы Алшынбаев (5.6.1955 ж.т., Ташкент облысы Қарасу ауданы Жамбыл ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997). Ысты руынан шыққан. Алматы мемлекеттік медициналық институтын (1979, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) және Киев Урология және нефрология ғылыми-зерттеу институтының ординатурасын (1986) бітірген. Алматы облысының ауруханасының (1980–1983), №4-Бас басқарма Орталық ауруханасының урологы (1983–1984), Алматы қаласындағы клиникаларда аға ғылым қызметкер, бас дәрігердің орынбасары, 1996 жылдан Алматы қаласындағы Урология ғылыми орталығының директоры. Негізгі ғылыми жұмыстары урологиялық ауруларды емдеу мәселелеріне арналған. Алшынбаев жедел пиелонефрит ауруының емдеу әдісін жетілдірді. Оның басшылығымен қуық түбі безінің қатерлі ісігінің алдын алу және оны ерте анықтаудың бағдарламасы жасалды. 400-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 16 монографияның, 2 оқу-әдістемелік құралының, 1 оқулық пен 61 өнертабыстың авторы. «Нарықтық жағдайларда жаңа тиімділігі жоғары технологияларды әзірлеу және енгізу негізінде медициналық жәрдем көрсету жүйесін реформалау және жетілдіру моделі» еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған (2005). «Құрмет» орденімен марапатталған. ## Шығармалары * Мочекаменная болезнь, А., 2004 (соавт.); * Гиперпластические и неопластические процессы предстательной железы, А., 2005 (соавт.). ## Дереккөздер
Қадиша Елеусінқызы Егізбаева (23 қараша 1927 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жалпақтал ауылы) – биология ғылымының докторы (1984), профессор (1996), Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылым академиясының академигі (1996).2 жылдық Республика заң мектебін бітірген (1953) соң Тау-кен институтында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. университеті) хатшы (1953–56) болып жұмыс істеді. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1958). Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институтында аспирант, аға лаборант, кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1961–94) болды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында дәріс (1992–98) берді. 1983 ж. «Биологические основы профилактики гельминтозов водоплавающих птиц Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері суда жүзетін құстар гельминттерінің (ауру қоздыратын құрттар) тіршілігіне, таралуына, экологиясына, сондай-ақ гельминтоз ауруларының табиғи ошақтарын анықтап, күрес шараларын белгілеуге арналған. Ол – үйректердің гастротениоз (асқазан ауруы) ауруын ғылымда алғаш анықтап берген ғалым. Егізбаева 150-ге тарта ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 6 монографияның («Биологические основы профилактики гименолепидозов водоплавающих птиц Казахстана», 1980; «Гастротениоз уток в Казахстане», 1989) авторы, өнертабыстық 5 патенті бар. ## Дереккөздер
Аманбаев Социал Махатұлы (20.3.1936 ж.т., Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Орқаш ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1992), профессор . Алматы мемлекеттік медициналық институтытын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық медецина университеті) бітірген. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауруханасында (1963–65), Республикалық хирургия орталығында (1971–79), Республикалық дәрігерлер біліктілігін жетілдіру институтында (1979–98) хирург, 1998 жылдан Алматы қаласындағы № 12 клиникалық ауруханасының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Исходы консервативного и хирургического лечения абсцессов и гангрены легких» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Аманбаевтың 200-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 1 монографияың авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * АМАНБАЕВ СОЦИАЛ МАХАТҰЛЫ: Обо мне(қолжетпейтін сілтеме)
«Едіге батыр» – батырлық жыр. Тарихта болған атақты батыр, ел билеуші Едігенің ерлік істерін жырлауға арналған. «Едіге батыр» жыры қазақтарда ғана емес, түркі тілдес халықтардың біразында кездеседі. Жырда тарихи оқиғалар мен эпостық-ертегілік сарындағы қиял-ғажайып, әсірелеу сарындары араласа келеді. Эпоста тарихта есімдері мәлім Әмір Темір, Тоқтамыс хан жайлы да сөз болады. Жыр қазақ даласына кең тарап, халықтың сүйікті шығармасына айналған. Жырдың қазақ тілінде бірнеше нұсқасы бар. Олардың ішінде құндылары – Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов жазып алған нұсқа. 1905 ж. ғалым П.М.Мелиоранский осы нұсқаны Санкт-Петербург қаласында жеке кітапша етіп шығарды. Академик Қ.И.Сәтбаев жас кезінде ел аузынан жазып алған жыр нұсқасын 1927 ж. Мәскеуде «Ер Едіге» деген атпен бастырды. Ол осы жыр үшін кейін, 1950 ж. қуғынға ұшырады. «Едіге батыр» жыры жарты ғасырға жуық уақыт баспа бетін көрмеді. 1989 ж. «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының батырлық жырларға арналған топтамасында Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» циклі бойынша «Едіге» жыры 5-томда жарияланды. Сәтбаев жариялаған жыр нұсқасы 1995 ж. «Ер Едіге» деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып жарық көрді. 1996 ж. ғалымдар Р.Бердібайдың алғы сөзімен және О.Ә.Нұрмағамбетованың құрастыруымен «Едіге батыр» жинағы басылды. ## Сыртқы сілтемелер http://www.altyn-orda.kz/library/duxovnost-%E2%80%9Cvelikij-bi%E2%80%9D-%E2%80%93-er-edige/ Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2011 жылы. ## Дереккөздер
Азамат Тыржанұлы Ыдырысов (1965 жылы туған) – химия ғылымының докторы (2006).Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1989) соң осы университетте инженер (1989–90), 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Органикалық синтез және көмір химиясы институтында ғылыми жетекші, ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2005 ж. «Перенос радиационно-индуцированных носителей заряда в высокомолекулярных органических диэлектриках» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Едрисов 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Болат Далдаұлы Еламанов (29 қараша 1950 жылы туған, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу кенті) – тау-кен инженері, техника ғылымдарының докторы (2003). Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. «Прорвамұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында оператор, аға инженер, бастық, Ембі ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, Қазақ КСР-і Мұнай-газ өнеркәсібі министрінің орынбасары (1972–91), «Мұнайгаз» МХК-ның президенті (1991–94), Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне қарасты Мұнай және газ департаментінің директоры (1994–98) болды. 1998 жылдан Қазақстан Республикасы Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетте кен орындарын пайдалану дирекциясының директоры. «Проблемы разработки нефтяных месторождений, осложненных коррозией и соле-парафиновыми отложениями» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1994). ## Дереккөздер
Борис Владимирович Еланцев (14 тамыз 1905 ж., Ресей, Томск қаласы – 22 қаңтар 1977 ж., Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1944), профессор (1944), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Томск мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген (1929). Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) доцент (1940), кафедра меңгерушісі (1944 жылдан), ал 1975 жылдан өмірінің соңына дейін кафедрада кеңесші, 1960–70 ж. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас оториноларингологы қызметтерін атқарған. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері оториноларинголия мәселелеріне арналған. Ол бірқатар арнайы емдеу құралдарын, ауыртпалық сезімді жоятын «Ринокоин» дәрісін жасап, дәрігерлік жұмыста пайдаланды; 1 авторлық куәлік алған. ## Дереккөздер
Абақанов Таңатқан Досқараұлы – инженер-құрылысшы, сейсмолог, техникалық ғылымдар докторы (2000), Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2009). Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) және Мәскеу қаласындағы КСРО Мемлекеттік құрылысының орт. құрылыс конструкциялары ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1983) бітірген. Алматы қалалық жобалау ин-тында инженер, аға инж., топ жетекшісі (1972–78), Қазақ өнеркәсіп құрылысының ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1978–80), Орта Азия мемл. астық өнеркәсібін жобалау ғыл.-зерт. ин-тында сектор, бөлім меңгерушісі (1978–80), Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология ин-тында аға ғыл. қызметкер (1986–91), бөлім меңгерушісі (1991–2006), 2007 жылдан ин-т директоры қызметтерін атқарады. «Динамика повреждений и модели сейсмостойкости сооружений» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – жер сілкіністерін алдын ала болжау және оның салдарын бағалау мәселелері. А. 130-дан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 монография («Қазақстан село құрылысын жақсартудың кейбір мәселелері», 1980; «Наперекор стихии. Землетрясение и его последствия», 1991; «Прогноз и снижение повреждаемости сооружений при землетрясениях», 1999) мен 7 патенттің авторы.
Сунияцын Хұсайынұлы Елбісінов (1930 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – экономика ғылымдарының докторы (1987), профессор (1988). Мәскеудің алтын және түсті металдар институтын бітірген (1955). Балқаш мыс зауытытында шебердің көмекшісі, шебер (1955–58), Орал политехникалық комбинатында аспирант, аға инженер-экономист (1961–64), Қазақ политехникалық институтында (1965–75, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бөлім бастығы, доцент, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі (1975–84), доцент (1984–93), ал 1993 жылдан осында профессор қызметтерін атқарады. Елбісінов 81 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 1 монографияның («Проблемы повышения экономической эффективности разделительных процессов», 1984) авторы. ## Дереккөздер
Абаш мәдениеті (Абашев мәдениеті) – қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында) орманды-далалы Дон және Еділ бойларынан бастап Оңтүстік Оралға дейінгі кең алқаптарда қоныстанған тайпалардан қалған археологиялық ескерткіштердің ортақ ғылыми атауы. Мамандар ескерткіш түрлерінің молдығын және олардың сан түрлі күрделілігін ескере отырып «Абаш мәдени-тарихи қауымдастығы» деген қосымша термин де қолданады. Алғаш 1920 ж. Чувашияда В.Ф.Смолин ашты. Сол уақыттан бастап ғалымдар (О.А.Кривцова-Гракова, М.С.Акимова, А.Х.Халиков, И.Я.Мерперт, К.В.Сальников, А.П.Смирнов, А.Д.Пряхин, т.б.) жүйелі түрде зерттеп келеді. Негізгі деректер ірі зираттар мен қоныстардан табылған. Еділ-Дон, Орта Еділ, Орал нұсқалары тайпалардың шаруашылығында мал бағу кәсібі үстем болғанын, одан төмендеу деңгейде егіншілік, металлургия мен металл өңдеу ісі де жақсы дамығанын көрсетеді. Тайпалар қоныстары негізінен мүйістерде орналасқан. Олар – уақытша тұрақтар, ірі қыстаулар және металл балқыту мен өңдеу кәсіптері дамыған өндірістік кешендер. Жақсы зерттелген үлкен зираттар (Абашево, Пикшик, Тауышкасы, Виловатов-2, т.б.) дөңгелек не дөңес пішіндес топырақ обалардан тұрады. Түбіне қайың қабығы төселіп, қабырғалары аракідік ағаш кесінділерімен шегенделген, топырақ қабірлерге мүрделер тізесін бүгіп, шалқасынан жатқызылған, жанына қыш ыдыстар, шақпақтастан істелген қырғыштар, мыс пышақтар, балықшы құралдары секілді бұйымдар қойылған. Көп кездесетін мал сүйектері абаштықтардың сиыр, қой, шошқа және жылқы ұстағанын көрсетеді. Абаш қышы – түбі тегіс не дөңес келген, үшкір қабырғалы және пішіні төңкерілген қоңырауға ұқсас ыдыстар; «қалбыр» үлгісіндегі қарапайым көзелер; түбі дөңес, бүйірі шығыңқылау, ернеуі сыртқа қайрылған ыдыстар. Оюлысы да, оюсызы да кездеседі. Негізгі ою түрлері – сызу немесе дайын қалыппен басу арқылы түсірілген толқынды көлденең және көлбеу тік ойықтар. Қазба барысында қола балта, найза ұштары, қанжар сияқты қару-жарақ бұйымдары, көптеген тұрмыстық заттар табылды. Бұл кезеңге жататын ескерткіштер ішінен Орта Еділ нұсқасына тән жақсы безендірілген әйел киімі табылды. Киімде мыс пен қоладан жасалған көптеген әшекей түрлерімен ерекше безендірілген әйелдің бас киімі, білезіктер мен бұрама жүзіктер, басқа да түрлі бұйымдар бар. ## Дереккөздер
Әбдірахым Еламанов (19 қыркүйек 1916 ж., Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Баян ауылы – 13 мамыр 1970 ж., Алматы қаласы) – Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1962), ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1968). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1936). Агротехниктер мектебінде оқытушы (1936–38), мал шаруашылығы стансасында ғылыми қызметкер (1938–41) болған. Сібір мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (1946–52), Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры (1952–60), Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары (1955–56 және 1965–70), министрі (1962–64), Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми академиясы мал шаруашылығы бөлімінің академик-хатшысы (1957–61), Қазақстан Министрлер Кеңесінің кеңесшісі (1964–65) қызметтерін атқарған. 1 967 ж. «Основные вопросы создания новой породы и селекции мериносов на севере-востоке Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның негізгі ғылыми еңбектері қойдың жаңа тұқымдарын шығаруға, Қазақстанда қой шаруашылығын өркендету жүйесін жасауға арналған. Биязы жүнді байкал қойы (1956) мен солтүстік қазақ мериносын (1967) шығарушылардың бірі. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
Ғақылия – (араб.: ақылмен ұғыну‎) - дүние сыры терең таразыланған ой-пікірлер. Прозаның алғашқы қысқа, нұсқа үлгілерінің бірі. Ғақылия термині қазақ әдебиеті тарихында исламдық танымға байланысты Абайдың 38-қара сөзінде, Ы. Алтынсариннің "Шариат-ул-ислам" деп аталатын кітабында (Мұсылмандық тұтқасы, А., 1991, 18-6.), Мәди Меркішұлының "Туһфа уа жұмхурият" рисаласында (Ташкент, 1917. 24 6.) алғаш рет қолданыс тапқан. Ғақылияға жүйріктер хакім, нақылияға жүйріктер ғалым аталады. Хакім ғалымнан биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана айналыспай, ортақ заңдылықтарды танып ашуға ұмтылған бесаспап ойшылдығы себепті де бұл дәрежеге жете алады. Абай 38-сөзінде адамдарды төрт топқа бөліп қарайды. Осы себепті болса керек, М.Әуезов Абайдағы мораль философиясын сөз еткенде "38-қара сөзді" бөле-жара "ғақылият тасдихат" деп атауына терең ойлы таным жатады. ## Дереккөздер
Әлия Амантұрлықызы Екібаева (1945 жылы туған, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы) – химия ғылымдарының докторы (1982), профессор (1982). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан және Латвия Ғылым Академияларында ғылыми жұмыстармен айналысты. ## Дереккөздер
Абдоллаев Шәдібай Нұрғазыұлы (5.2.1928 ж.т., Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қарауылтөбе а.) – хирург, медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1981), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Алматы мемлекеттік медициналық институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Қызылорда облытық ауруханасында хирург (1956–58), облыстық аурухананың бас дәрігері (1958–76), Алматы қаласындағы Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары әрі республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері (1976–77), медицина институтының кафедра меңгерушісі (1977–95), профессор (1995) қызметтерін атқарды. Абдоллаев Шәдібай Нұрғазыұлының негізгі ғылыми-зерттеулері жедел хирургияның мәселелеріне, әсіресе, ерте кезеңдегі релапаротомияны хирургиялық жолмен қайта емдеуге, жүкті әйелдерге хирургиялық көмек көрсеткенде эхолокация, инфрақызыл термография, лапароскопия әдістерін қолдануға арналған. ## Марапаттары Еңбек Қызыл Ту ордені ## Шығармалары * Некоторые вопросы классификации и лечения перитонитов, Алматы, 1964; * Релапаротомия. Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости, под редакцией академика В.С.Савельева, М., 1976 * Очерки по неотложной хирургии, Алматы, 1986. ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Ғалиев Виль Зайнулұлы (1938 ж.т., Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1983). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1960–61 ж. Түркістан педагогикалық училищесінде оқытушы, ҚазҰУ-дың аспиранты (1961–1964), Шымкент педагогика институтында (1964–65, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) оқытушы, Қарағанды педагогикалық институтында (1965–1968, қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) оқытушы, Қазақ мемл. қыздар пед. институтында доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1968–1970), ҚР ҰҒА-ның Тарих, археология және этнология институтында бөлім меңгерушісі (1990–1995) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан осы институтта ғылым қызметкер. Ғалиевтің 130-дан аса ғылыми еңбегі жарияланған. ## Дереккөздер <references>
Ғалиакберов Нажиб Закирұлы (29.11.1909, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы – 11.9.1985, Алматы қаласы) – ауыл шаруашылық ғылым кандидаты (1944). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1932, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1934–51 ж. Қазақ мал өсіру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1951–64 ж. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясының Қазақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі, 1964 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ КСР-і А. ш. мин-лігінде бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Қазақтың сиыры мен қалмақтың герефордтық бұқасын будандастыру арқылы ет алуға бағытталған «Қазақтың ақбас сиырын» шығарғаны (1930–50) үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығымен иеленді (1955). Ғалиакберов 3 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер <references>
Ғалиев Сейітқали Жолдасұлы (1958 ж.т., Қарағанды қаласы) – техникалық ғылымдар докторы (1997). Қазақстан КП ОК жанындағы баспада слесарь (1975–76), Жетіқара кен байыту комбинатында бұрғылаушы (1979–85), Қазақ КСР-і ҒА-да аспирант (1986–89) қызметтерін атқарды. 1990 жылдан ҚР ҰҒА-ның Кен істері институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болып істеді. 60-қа жуық ғыл. еңбектің авторы ## Дереккөздер <references>
Абдолланаме – Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед әл-Бұхаридың (16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың басы) тарихи шығармасы. Автордың Бұхара ханы Абдолла хан ІІ-ге арнаған бұл шығармасы «Шәрәф наме-ий шаһи» («Шаһтар даңқы кітабы»), «Зафарнаме» («Жеңіс кітабы») деп те аталады. Тәжіктің әдеби тілімен (парсыша) ұйқасты қара сөз үлгісінде жазылған. «Абдолланамеде» автордың өзі куә болған Абдолла ханның Хорезмге, Дешті Қыпшаққа, Хорасанға, Батыс қырғыздарға, [[Орта Азия]] мен Иранның бірқатар аймақтарына жасаған әскери жорықтары сипатталады. Орта Азия халықтары мен Қазақстанның этникалық құрылымы, соның ішінде қаңлы, қыпшақ, қарлұқ, ұйғыр, қоңырат тайпаларының әдет-ғұрпы, шаруашылығы туралы мәліметтер бар. Қазақ хандығының 16 ғ-дың 2-жартысындағы сыртқы саясаты, Шығай, Тәуекел, Ақназар хандар туралы деректер, қазақтардың Шайбани әулеті мен Сыр бойындағы қалалар (Сауран, Созақ, Иасы, т.б.) үшін күресі, оның идеологиялық, саяси мәні көрсетілген. Еңбекте қазақ халқының сыртқы саясаты мен дипломатиялық қатынасы жөніндегі құнды деректер келтірілген. Автор Әбу Бәкр Наршаһидың «Тарих-и Бұхара», Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди», Мирхондтың «Раузат әс-Сафа», т.б. тарихи еңбектерін пайдаланған. ## Дереккөздер
Абдраман Шәмшиден Абдраманұлы (19.10.1937 ж.т., қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қаратал а.) – кен инженері, жазушы, техникалық ғылымдарының кандидаты (1981), педогогикалық ғылымдарының докторы (2000), ҚР Педогогикалық ғылымдар академиясының академигі (1960). Қазақ кен-металлургия институтының (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) кен факультетін бітірген. Шығыс Жезқазған кенішінде кен инженері, өндіріс бөлімінің басшысы (1964–66), Алжирде кен байыту комбинатының бас инженері (1969–72), ал 1973 жылдан Қазақ ұлттық техникалық унивеситетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, проф. қызметін атқарды. «Жоғары техникалық оқу орындары студенттердегі кәсіби-техникалық бағыттылықты қалыптастырудың дидактикалық негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол ғылыми-фантастикалық «Елгезек электр» (1963), «Көрінбес қорған» (1969), «Сахара гүлі тас Раушан» (1980) атты көркем, «Кен қазудың технологиялық негіздері» (1990), «Жер астында руда қазу процестерін есептеу» (1991), «Кен технологиясының негіздері» (2003) оқу құралдарының және «Ақжан Машани» (2007), «Машанитану» (2009), т.б. кітаптарының авторы.
Ғарыштық зерттеулер институты – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғарышты зерттеу мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу мекемесі. 1991 ж. құрылған. Институт құрамында 2 бөлім (қашықтан зондылаудың матем. мәселелері; металл физикасы және ғарыштық материалтану) және 2 орталық (ғарыштық ақпараттарды қабылдау және өңдеу; геоақпараттық жүйелер) бар. Институт ғылым-зертттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: қашықтан зондылаудың, ғарыштық мониторингтің, сондай-ақ табиғи-аумақтық кешендерді зерттеу және басқару үшін геоақпараттық технологияның ғыл. негіздерін жасау; ғарыштық материалтану және металл физикасы. Ин-т ғарыштық мониторинг деректері, матем. модельдеу және геоақпараттық жүйелер технологиясы әдістері негізінде Қазақстан аумағындағы экологиялық табиғи-ресурстық мониторинг жүйелерін құру саласындағы зерттеулер жөнінде жетекші мекеме болып есептеледі. Институт құрылғаннан бері Байқоңыр ғарыш алаңының экол. қауіпсіздік мәселелерін зерттеп келеді. Ғ. з. и. жетекші мекеме ретінде «Мир» орбиталық станция бортындағы қазақстандық ғарышкерлердің (Т.О.Әубәкіров, 1991; Т.А.Мұсабаев, 1994, 1998) ғылыми-зерттеу және тәжірибе жасау жұмыстарына бағдарламалар дайындау және оны жүзеге асыру ісіне қатысты. Институт ғарыштық зерттеулер саласында Франция (КНЕС), АҚШ (НАСА, Мэриленд университеті), Ресей (РКА, РКК «Энергия»), т.б. елдердің ғыл. орталықтарымен ғыл.-тех. ынтымақтастық шеңберінде жемісті жұмыс жүргізуде. Институтта ІNTAS, USAІD, CNES, TACІS халықаралық қорларынан бөлінген грант бойынша біріккен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Институтта ҚР ҰҒА-ның академик Ө.М.Сұлтанғазин, профессор А.А.Пресняков, т.б. ғалымдар жұмыс істеді. ## Дереккөздер <references>
Абдрахманов Оспан Құдайбергенұлы (24.3.1943 ж.т., Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті) – биология ғылымдарының докторы (2002). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1969–74 ж. Мәскеу облысы Пущино қаласындағы КСРО ғылым академиясының Микроорганизмдер биохимиясы және физиологиясы институтының ординатурасы мен аспирантурасында оқыды. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында лаборант, аға, жетекші (1999 жылдан) ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1994–99) болып жұмыс істеді. Абдрахманов Оспан Құдайбергенұлы 60-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы.
Абдоллаев Марат Шәдібайұлы (28.3.1957 ж.т., Қызылорда қ.) – хирург, медициналық ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998). Алматы мемлекттік медицина институтын (1980, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті), Мәскеу қаласындағы Проктология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1987) бітірген. Қызылорда облыстық ауруханасында (1980–83) және Алматы қаласындағы №1-клиникалық ауруханасында хирург, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант (1987–89), Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында проктология бөлімінің меңгерушісі (1989–2005) қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры. Қазақстан проктолог-дәрігерлер қауымдастығының президенті (1998). «Медицинская реаблитация женщин с заболеваниями промежности неопухлевой эрпологии» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2 монографиясы мен 107 ғылыми мақаласы жарық көрген. «Құрмет» орденімен (2004) марапатталған. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
Иман – Тосынқұм құмының шығысындағы қыстау. Қостанай облысы Жангелді ауданында Қарғалы ауылының оңтүстік-шығысында 12 км жерде орналасқан. Торғай өзенің аңғарында. Маңында Шалабай, Жарыспай, Қандыөзек қыстаулары бар. Оңтүстігінде Сасықкөл, шығысында Бозшакөл көлдері жатыр. Қыстауы мал қыстағы ретінде пайдаланады. Бойында мал суаруға арналған бірнеше құдықтар бар. ## Дереккөздер
Абдуллабекова Раиса Мұсылманбекқызы (16.6.1954 ж.т., Қытай халық республикасы, Алтай қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (2003), ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1999). Алматы мемл. мед. ин-тын фармацевт мамандығы бойынша (1982, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) және Мәскеу мед. ин-тының аспирантурасын (1986) бітірген. Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясында ассистент (1982–83), аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан (1986–2002), Қарағанды мемл. мед. академиясында декан, кафедра меңгерушісі (2002–04), Қазақстан фармацевтика ин-тының ғыл. және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (2004–07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан «Болашақ» Қарағанды ун-тінің біліктілікті арттыру ф-тінің деканы. Абдуллабекованың ғылыми еңбегі Орталық Қазақстан өңіріндегі өсімдік өнімдерінен дәрілік препараттар жасау, оларды тәжірибе жүзінде сынап, денсаулық сақтау саласына енгізу мәселесімен айналысады.
Маухида Атнағұлқызы Абдулкабирова (4 қараша 1917 – 2003, Башқортостан, Уфа ауданы, Нурлино ауылы) – ғалым, геолог, геология-минералдар ғылымының докторы (1973). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1990). 1941-1983 жылдары-Қазақ КСР ҒА Геология ғылымдары институтында сектор меңгерушісі. Геология, металлогения, стратиграфия бойынша еңбектердің авторы. ## Мансабы Қазақ тау-кен металлургия институтын (1941), қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті бітірген. 1993 жылдан Қазақстан ғылым академиясының жетекші ғылыми қызметкері, Геологиялық ғылымдар институтында кіші-аға ғалымы қызметкер, арнаулы металдар секторының меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі болды. Ғылыми-зерттеулерің геологиялық және металлогения мәселелеріне арнаған. Абдулкабирова Солтүстік Қазақстанда жер қыртысы дамуының жаңа формаларын анықтап, оның кен түзілуі мен таралуындағы рөлін және кен орындарының орналасуының жаңа заңдылықтарын дәлелдеді, бұл аймақтың болжамдық геологиялық карталарын құрастырды, кен іздеу жұмыстарының бағытын көрсетті. Ол Солтүстік Қазақстанда алмас іздеудің теориялық негіздерін жасады. Оның болжамы бойынша, Құмдыкөл алмас кен орны ашылып, барланды. Ол әріптестеріне өзінің ізденімпаз ақылымен және қарапайым мінезімен танымал болды. ## Марапаттары * КСРО Мемлекеттік сыйлығы - 1990. * «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі - 1987. ## Еңбектері Өзінің мансабында ол 115 ғылыми еңбек жазды, оның ішінде: * Көкшетау ауданының метаморфты жыныстарының петрографиясы бойынша материалдар (1949 - Алма-Ата) * Блок-блоктық құрылымдар және Солтүстік Қазақстанның эндогендік кен орындары (1975) * Рудалық түзілімдер, алтынды кең орындары, А.-А., 1980; * Қазақстанның блок-блоктық құрылымдары және алтын металлогениясы (1982) * Солтүстік Қазақстан геологиясы: (стратиграфия) (1987) * Тектоника және Солтүстік Қазақстанның терең құрылымы (1988) * Арх-блоктық құрылымдар және алтынның металлогениясы, Қазақстан, А.-А., 1982;
Иманбұрлық – Питное суғару-суландыру жүйесі, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев, Аққайың шипажайы, Есіл аудандары аумағымен Қамыстысай сайын қуалай өтеді. «Союзцелинвод» тресінің экспедициясы Қамысақты, Бозарал өзендерінің бұрынғы арналарын анықтап, Үлкен Тораңғыл, Сарыкөл, Жыланды[, Балықты, Ақсуат, Бозарал, Талдыарал, Жалдыөзек, Үлкен Жарма, Питное көлдерін біріктіретін жалпы ұзындығы 190 км, суының мөлшері 250 млн. м3 болатын суландыру жүйесінің жобасын жасады. Иманбұрлық – Питное суғару-суландыру жүйесі сирек құстар ұя салатын аймаққа айналуда. ## Дереккөздер
Ғұбайдуллина Мара Шауқатқызы (1.1. 1956 ж.т., Түркістан облысы Кентау қаласы) – тарих ғылымдар докторы (2005), профессор (2006). ҚазМУ-ды (1979, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰУ-да оқытушы, зерттеуші (1980–89), 1993 жылдан доцент, профессор қызметтерін атқарады. Ғұбайдуллина еңбектері Қазақстандағы, Орталық Азиядағы, Батыс елдеріндегі, сыртқы саясат және саяси процестерге арналған. Ғұбайдуллина 100-ден аса ғылыми жарияланымның, 10 монографияның авторы. ## Дереккөздер <references>
Ғұлама (араб.: علماء‎ — ғұлама́, жекеше — араб.: عالم‎ — әлім-қаз. ғалым; қаз. «білгірлер», «даналар») – білімді, оқымысты ғалымдар-әлімдер, асқан ақыл-ой иелері. Ислам дінінің таралуына орай қазақ халқы Құран Кәрімнің аяттарын, шариғат пен хадис талаптарын жатқа білетін әрі мұсылманшылықтың этикалық-құқықтық қағидаларын жетік меңгерген адамдарды осылай атаған. Ғұлама(лар) медресе-мешіттердегі рухани лауазым иелері – мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла, т.б. тәрізді шәкірт тәрбиелеп, ел құрметіне бөленген. Сондықтан қазақ халқының дәстүрлі ұғымында ғұламалар ғылым-білім игеруге құштарлықтың, рухани тазалықтың, ұлағаттылық пен кемелдіктің иелері. Өз заманынан оза ой айтып, құнды әдеби-ғылыми мұралар қалдырған, сол арқылы ұлт мәдениетінің кемелденуіне үлес қосқан кемеңгер тұлғаларды (мысалы, әл-Фараби, Абай, Қ.И.Сәтбаев, т.б.) да құрметтеп, ғұлама деп атайды.ISBN 5-89800-123-9 ## Дереккөздер
Сауытбек Абдрахманов (7 қараша, 1951 жыл Қазығұрт ауданы) – журналист, кино сыншысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). ## Өмірбаяны Сары Үйсін руынан шыққан. * Қазақ мемлекеттік университетті бітірген (1975). * «Егемен Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі (1975 – 87) * Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі (1987 – 90) қызметтерін атқарды. * ҚР Президентінің, Министр Кабинетінің аппаратында аға референт, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1990 – 95), * ҚР Мәдениет министрінің 1-орынбасары болды. * 1997 – 2000 ж. «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті. * 2000 – 03 ж. «Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының президенті * 14.9.2003 – 12.7.2004 ж. ҚР Ақпарат министрі * 2004 жылғы шілдеден «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті. ## Кино саласындағы еңбегі Сауытбек Абдрахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Н.Жантөрин, т.б. танымал суреткерлермен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы. М.Әуезов шығармаларының экрандалуы, Сауытбек Абдрахманов Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» оқулығын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сұлу сезім» кітабын, «Бейбарыс сұлтан» атты романды, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады. «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Адамзат күнтізбесі» (2002), «Елдік сыны» (2003), т.б. кітаптары шыққан. ## Шығармалары «Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Бер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен төлтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы. Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалан, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармалары^ арабтың Бейбарыс сұлтан туралы халықтық романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (2-ші кітап) аударған. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы-авторы. ## Жетістіктері * Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері * Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты. * Б. Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981) лауреаты. * Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты. * «Жыл журналисі» (2006) атағын алған. * Филология ғылымының докторы. * 2005 жылы «Парасат» орденінің иегері. * Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен марапатталған. * Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған. * Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі. ## Дереккөздер
Абдуллаев Кенже Қожахметұлы (26.12.1962 ж.т., Түркістан облысы, қазіргі Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылы) – агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтытын (1984, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) мен Қазақ егін ш. ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1989) бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы Көкарал ауданында бригадир, лаборант (1986–89), Қазақ егін ш. ғыл.-зерт. ин-тының «Генофонд» ассоциациясында ғыл. қызметкер (1889–92), «Агробиотех» корпорациясы (1993–95) мен «Асыл тұқым» ассоциациясының (1995–98) вице-президенті, Алматы облысы ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары (1992–2002) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Павлодар ауыл шаруашылығы ғыл.-зерт. ин-тының директоры. «Эколого-генетические основы селекции твердой пшеницы в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Шығармалары: Пути повышения эффективности создания исходного материала для экологической селекции твердой пшеницы в Казахстане, Алматы, 1993; Создание исходного материала для селекции озимой пшеницы путем биотехнологии, Алматы, 1998.
Ғұбайдуллин Фарид Ғалымұлы (1937 ж.т., Қырғызстан, Фрунзе, қазіргі Бішкек қаласы) – геология-минералдық ғылымдар докторы. Амур облысы Селемжин ауданы «Амурзолото» тресінде Токур кентасында инженер-геолог (1959–62), Қырғыз ғылым академиясында аспирант (Фрунзе қ., 1962–68). Қырғыз КСР-і ҰА-дағы геология институтында кіші, аға ғылым қызметкер (1966–68), Қазақ КСР-і ҰА-ның Геология ғылымдар институтында кіші, аға ғылым қызметкер (1968–93), «Қазнедра» үкіметтік емес ұйымында лаборатория меңгерушісі (1993–97), ҚР Ұлттық ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында жетекші ғылым қызметкер (1993–96) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан лаборатория меңгерушісі. Ғұбайдуллинның 60-тан аса ғылыми еңбегі мен 6 монографиясы жарық көрген. ## Дереккөздер
Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов (3 қыркүйек 1929 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылы) – филология ғылымының докторы (1988), профессор (1990). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1951–59), ҚазМУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы (1959–63), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1967–71), Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетітінің төрағасы (1971–86), Әдебиет және өнер институтының директоры (1986–88), осы институттағы орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі (1988–96) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған институтта бас ғылыми қызметкер және ҚазҰУ-дың журналистика факультеті кітаптану кафедрасында профессор. Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне арналған. «Қазақ романы және қазіргі дәуір» (1968), «Замандас парасаты» (1977), «Фольклордан роман-эпопеяға дейін» (1987), «Мағжан» (1995, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1998), «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), т.б. зерттеу кітаптары жарық көрген. Елеукенов «Мағжан» монографиясында ұлы ақынның шығармаларына жан-жақты талдау жасап, байыпты баға берген. «Қазақ романының идеялық-эстетикалық және жанрлық өзгешелігі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның «Кітаптану негіздері» (1997), өзге авторлармен бірігіп жазған «Газет жанрлары» (1964), «Қазақ кітабының тарихы» (1999) кітаптары баспагерлер үшін құнды оқулықтар болып табылады. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған. * Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті орыс журналистика бөлімін үздік дипломмен бітірген. * 1951 — 1959 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай большевигі», кейін «Коммунизм туы» газетінде істейді. * 1963 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы әдебиет теориясы бөлімінің аспирантурасына түседі. * «Қазақ романы және қазіргі заман» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды. * 1964 жылы «Газет жанрлары» атты оқу құралы, * 1968 жылы «Казахский роман и современность» атты монографиясы жарық көрді. * 1967—1971 жылдары партия қызметіне: ККП ОК-нің Насихат және үгіт бөлімінің нүсқаушысы, баспасөз, радио және теледидар секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. * 1971 — 1986 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды. * 1986-1988 жылдары Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарды. ## Шығармашылығы Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығармашылығы туралы « Жаңа жолдан» («С новой строки») атты кітап жазып жарыққа шығарды. (1989). 1988 жылдың қыркүйек айынан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып істеді. 1989 жылы «Қазақ романының идеялық-көркемдік және жанрлық ерекшеліктері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Казахский роман и совремменность», «Замандас парасаты», «От фольклора до романа-эпопеи», «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), «Сүлулыққа іңкәрлік (1999), «Ғасырмен сырласу» (2004), «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» (2006), «Казахская литература: новое прочтение» (2007), «Тәуелсіздік биігінен» (2007), «Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі» (2008) атты кітаптары, «Әттең, дүние» романы (2002) мен «Мұхаметжан — Мархума» (1998) атты деректі повесі, «Кітаптану негіздері» (1997), «Қазақ кітабының тарихы» (Ж.Шалғынбаевамен бірге, 1999) оқулықтарын, «Маржан Жұмабаев» (1999) кітапшасы және мектеп оқушыларын арналған «Мағжан Жұмабаев» атты (1991) оқулықтары жарық көрді. Мағжан» моноғрафиясы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақ ПЕН-клубының Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері. ## Жетістіктері Көркем публицистика үшін Ш.Елеукеновке Қазақстан журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығы берілген. «Емтихан» атты сатиралық комедиясы Абай атындағы Жамбыл облыстық және Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрларында қойылды. Бірқатар пьесаларды қазақ тіліне тәржімалады. Екі дүркін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрамына, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды. Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесінің мүшесі, ГДР-мен достықтың Кеңес қоғамы қазақ бөлімінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның мүшесі секілді қоғамдық жұмыстарды ұзақ жылдар бойы атқарыл келеді. ## Отбасы Жұбайы - Жаңыл, марқұм. Қыздары – Гүлнар (1953 жылы туған ), Гүлжауар, марқұм. Ұлы - Дастан (1957 жылы туған ) ## Сыртқы сілтемелер http://biografia.kz/famous/2495 Мұрағатталған 20 мамырдың 2011 жылы. ## Дереккөздер
Құсни Әменұлы Елеуов (1934 жылы туған, Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Арқалық ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Еңбек жолын Қарағанды облысы, бұрынғы Егіндібұлақ ауданының телімдік емханасында (1958–59) бастады. 1960 жылдан Қарағанды қалалық ауруханасында дәрігер-хирург (1959–62), облыстық көп салалы клиникалық аурухананың жарақат-операция бөлімінің меңгерушісі (1962–74); 1974 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) ассистент (1974–88), доцент (1988–93), профессор (1993), сондай-ақ осы институт жанындағы ғылыми оқу-өндірістік бірлестігінің жетекшісі болды. 1992 ж. «Хирургическая коррекция вирусной деформации шейки бедра и послеоперационная реабилитация больных» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Елеуов 70-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның, клиника саласындағы бірнеше жаңалықтың авторы. ## Дереккөздер
Мадияр Елеуов (3 мамыр 1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылы) – тарих ғылымының докторы (1999). Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген Қызылорда облысы, тарихи-өлкетану музейінде аға ғылыми қызметкер (1975–76), ҚазМУ-да лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, докторант (1976–99), Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі (1999–2001), Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі (2001–02), осы университеттің археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры (2002–08) болды. 2008 жылдан ҚазҰУ-да профессор. Елеуов 2001–08 ж. аралығында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол 2000-нан аса әр түрлі тарихи кезеңдерден сақталған археологиялық ескерткіштерді ашты. Оларды ғылыми айналымға енгізді. Елеуов 250-ден астам ғылыми жарияланымның, бірнеше монографияның авторы. ## Сыртқы сілтемелер Еуразия ұлттық университеті| Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. ## Дереккөздер
Ғұн дәуірінің ескерткіштері – Солтүстік Қытай мен Қиыр Шығыстан бастап Дунай, Карпат өлкелеріне дейінгі аралықта ғұндар дәуірінен (б.з.б. 2 – б.з. 5 ғасырлар) сақталған қоныстар, обалар, ғұрыптық құрылыстар, металл өндіру орындары және кездейсоқ табылған көмбелер мен жекелеген заттардың ғылымдағы жиынтық атауы. Оларды зерттеу жұмыстарына бір ғасыр бойы Азия мен Еуропаның ондаған ғалымдары қатысты. Алғаш 100-ден астам обаны Байкал сыртында (Бурятия) 19 ғасырдың соңында Ю.Талько-Грынцевич қазды. 1924–1925 жылдары П.К.Козлов экспедициясы Солтүстік Моңғолиядағы Ноин-Ула үлкен обаларын зерттегеннен кейін ғұн мәдениеті айқындала түсті. Шығыс ғұндардың негізгі ескерткіштері Ордос, Моңғолия, Бурятияда, ішінара Саян-Алтай, Енисей, Қиыр Шығыс өлкелеріне тараған. Оларды С.И.Руденко, Л.Р.Кызласов, С.В.Киселев, С.И.Вайнштейн, А.М.Мандельштам, А.Давыдова, С.Миняев (Ресей), Х.Пэрлээ, Ц.Доржсурен (Моңғолия) және қытай, жапон, еуропа ғалымдары зерттеді. Мұндағы ғұн ескерткіштері б.з.б. 2 – б.з. 5 ғасырлар аралығын қамтиды және «суджа», «дерестуй» деп екі мерзімдік топқа бөлінеді. 20-ға жуық қоныс, мыңдаған оба тіркелген. Бірнеше қоныс пен 900-ге жуық оба қазылды. Бурятиядағы Селенга өзені бойынан қазылған Иволга қалашығының маңызы зор. Мұнда орташа аумағы 5х4 м, балшық қабырғалы, төбесі екі қанатты ағаш шатырмен жабылған 54 үйдің орны анықталды. Қабірлер ұзынша пішінде қазылған, мүрделер ағаш табытқа салынып, басы солтүстікке қаратыла 1–2 м тереңдікте жерленген. Ал үлкен обаларда ағаш табыт бөренеден жасалған қима ішіне салынған. Қабірдегі заттар арасында Қытай бұйымдарынан айна мен теңгелер жиі кездеседі және олардың ескерткіштердің уақытын анықтауда үлкен мәні бар. Ноин-Уланың үлкен обалары тас пен топырақтан үйілген. Бұл жерде жерленген ғұн көсемдерінің мүрделері өте терең шұңқыр ішіне орнатылған қос қабатты бөрене қималарға қойылған. Тақтай табыт пен бөрене қималар, қабірдің бас жағына мал бастарының салынуы ғұндар мәдениетінің тұрақты белгілеріне жатады. Темір ұшты жебелерге сүйек ысқырғыштар қондырылған, белдік қапсырмаларына аңшылық сюжеттері мен зооморфты бейнелер тән. Қыш ыдыста толқынды сызықтар түріндегі оюлар жиі кездеседі. Сондай-ақ ағаш, металл ыдыстар да көптеп қолданылған. Ағаш ерлердің ежелгі түрлері пайдаланылған. «Ғұн садағының» ұзындығы 1,5 м. Сүйек пластиналармен мейлінше күшейтілген, күрделі әрі ауыр садақтың осы түрі жебені сақ садағына қарағанда әлдеқайда алысқа атқан. Ғұн мәдениетіне тән айрықша үлгілер, негізінен, үлкен обалардан алынды. Ғұн дәуірінің ескерткіштерінің келесі топтарына Қазақстан, Орталық Азия, Батыс Сібір, Орал мен Еділдің оңтүстік өлкелеріндегі түрлі жәдігерлер және 4–5 ғ-ларда Еуропаға барған ғұндардан қалған қабірлер мен көмбелер жатады. Шығыстағы тарихи ғұн мәдениетінің таза сипаттағы ескерткіштері бұл өлкелерге тән емес. Жергілікті қаңлы, үйсін, сармат, т.б. мәдениеттердің ескерткіштері тараған. Бұларға шығыстық ғұн элементтері қосылып, кей өлкелерде «кеңқол» тәрізді аралас сипаттағы ескерткіштер тобы пайда болған. Жалпы, шығыстық элементтерден, әсіресе, қару-жарақтағы, қыш ыдыстағы, жекелеген бұйым түрлеріндегі ықпалдарды айтуға болады. Жерлеу ғұрпында да өзгерістер байқалады. Оларды А.Н.Бернштам, Ю.А.Заднепровский, С.Сорокин, К.Ақышев, И.Қожамбердиев, А.Максимова, М.Қадырбаев, Б.Нұрмұханбетов, Л.Левина, В.Могильников, И.Засецкая, М.Мошкова, О.Обельченко, т.б. зерттеді. Кеңқол ескерткіштері Шу мен Таластың жоғарғы алқаптарында ашылды, олардың кейбір ықпалдары Оңтүстік Қазақстандағы Жамантоғай, Шәушіқұм, Бөріжар зираттарынан байқалады. Сонымен қатар ғұн әсері бар Жетіасар мәдениетінің (Арал маңы), Құлажорға(Шығыс Қазақстан), қорғантас (Орт. Қазақстан) кезеңдерінің ескерткіштері зерттелуде. Жетісудағы Қарғалы, Теңдік зираттарынан көптеген сәнді алтын бұйымдар, Ақтастағы қоныс пен зираттан құнды деректер алынған. Батыс өлкелердегі сармат тайпаларының соңғы кезеңдеріндегі ескерткіштерінде шығыс ғұндар ықпалы байқалады. Қазақстаннан бастап Қара теңіз, Дунай, Карпатқа дейін тараған 4–5 ғ-ларға жататын ескерткіштер ерекше топты құрайды. Бұлардың негізі қару-жарағы мен бағалы бұйымдары көп бекзадалардың, атақты жауынгерлердің қабірлері, жиі кездесетін көмбелері болып табылады. Айрықша белгілері – полихромды стильмен жасалған бағалы бұйымдар. Олар шығыс ғұндарының мәдениетінде жоқ кейін қалыптасқан дәстүрге жатады. Асыл тастар, түсті шынылар орнату, сіркелеу (зернь), сымкәптеу (скань), бөгетті эмаль және алтын-күмістеу тәсілдерін қолданып жасаған сәнді бұйымдар Қазақстанда (Бурабай, Қарағаш, Қанаттас, Батыр), одан әрі батысқа қарай Еуропа жерлерінен көптеп табылды. Шығыс ғұн ескерткіштері мен Еуропаға барған ғұндарға қатысты ескерткіштердің арасындағы тікелей генетик. сабақтастық ғылымда дәлелденбеген. Кейбір байланыстар тек жекелеген бұйымдардан ғана байқалады. Солтүстік Кавказға, Еуропаға барған тайпалардың мәдени бейнесінде Қазақстан, Еділ бойын жергілікті мәдениеттерінің салмағы басым. ## Дереккөздер
Тәжен Елеуов (21 сәуір 1909 ж., 21-ауыл, қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы – 20 қараша 1967 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1961), профессор (1965). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Мәскеу қаласындағы кеңес партия мектебі (1930) мен ҚазПИ-ді (1947, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Алматы облысында комсомол жұмысында (1930–35), Қазақ өнеркәсіп кеңесінде бөлім меңгерушісі, «Хроника» журналының редакторы, Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері (1946–67), Қазақстан Ғылым Академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалым-хатшысы (1948–50) қызметтерін атқарған. «Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы және Азамат соғысының тарихы. ## Сыртқы сілтемелер http://m145.goroo-korda.kz/?q=node/18(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Гауһар (парсы: گوهر‎) — түпкі мағынасы асыл тас болатын бұл сөз қазақтарда қыздар есімі ретінде кеңінен тараған. Гауһар (фр. brilliant — жарқырауық) — алмастың табиғи кристалдарын әдемілеп қырлау нәтижесінде алынатын асыл тас. ## Қызықты деректер 18 ғасырда өмір сүрген қазақтың батыр қызы есімі — Гауһар. Қаракерей Қабанбайдың жан жары. Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы. Қабанбай батырмен бірге бірқатар шайқастарға қатысқан. «Қылышын қынапқа салмаған батыр» атанған. Ерлі-зайыпты қос батырдың тұла бойы тұңғышы — Назым қыз да батырлығымен көзге түскен. ## Дереккөздер
Мұқаш Қаппасұлы Елеусізов (26 желтоқсан 1921 ж., Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1978), Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының (1996) және Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі (1998). ## Өмірбаяны Орта мектепті және мұғалімдер курсын бітірген (1940–41) соң, Қызылту (қазіргі Шоқан Уәлиханов) ауданы Жарқын жетіжылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болды. 1941 жылдың қазанында КСРО шекара әскерлері қатарына шақырылған. 1945 ж. тамызда 60-Камчатка теңіз шекара отрядының құрамында Жапониямен болған соғысқа қатысқан. 1946–50 ж. Кеңес (қазіргі Аққайың) аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысы комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Республикалық партия мектебін (1950–52) бітірген соң, сонда саяси экономика кафедрасында оқытушылыққа қалдырылып, 40 жылдан аса жұмыс істеген; соңғы 30 жыл бойы кафедра меңгерушісі болды. 1968 ж. «Разработка В.И.Лениным основных принципов и методов управления народным хозяйством в условиях социализма» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – саяси экономия, экономикалық ой-пікір тарихы және халық шаруашылығынн басқару мәселелері. Елеусізов 10 монографияның, 250-ден аса ғылыми мақала мен рецензияның авторы. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Иманғара, Иманқара – Каспий ойпатының солтүстік-шығысындағы дөңгелек пішінді оқшау аласа тау. Таудың шыңында сақ кезеңіндегі қорымдар мен қорғандар орналасқан (б. з. д. V ғасыр). Ежелгі дәуірде шың қасиетті орын деп саналды. ## Географиялық орны Атырау облысының Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 200 м, ұзындығы мен ені 8-10 км. Биіктеу батыс бөлігі жарқабақтанып тілімденген, қалған бөліктері үстіртті жазық. Етегінде бұлақтар кездеседі. Таудың басындағы 3 алаңқайда сақ дәуірінің (б.з.б. 5 ғ.) обалары мен қорғандары орналасқан. ## Жалпы сипаттама Тау үсті жазық болып келген. Осы жазықтықта 18 оба орналасқан. 1989-1991 жылдары 6 обаға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырға жататын қабірлер ашылды. Оларда адам сүйектері жерленіп, жандарына қанжар, қола жебе, қола айна, шыны моншақ, қыш ыдыстар қойылған. Қорғандар биіктігі 0,5-1 м аралығында, диаметрі 3-15 м-ге дейін. Таудың батыс сілімінде құлпытастар бар, көлемі 3х4 м. Қабірлер тігінен және жатқызылып қойылған тастардан қаланған. Таудың батыс жақ үңгір орналасқан. 1944 жылы бұл үңгірге немістердің диверсиялық топтары жасырынған. Үңгірдің биіктігі 2 м, ені 2,5 м, тереңдігі 25 м. Тік төртбұрышты болып қазылған, 3 дәлізден тұрады. Қабырғаларында күрек, қайла іздері байқалады. ## Өсімдігі Тау беткейлерінде бұта аралас бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан тағы басқа шөлді белдемнің өсімдіктері өседі. Иманғара өңірі жазғы жайылымдық. ## Дереккөздер
Февзия Иматдиновна Камалетдинова (16 маусым 1941 жылы туған, Ресей, Ульяновск қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1984). ## Өмірбаяны * ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. * Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1969) бітірген * Ботаника ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Рақымжан Елешев (13 маусым 1938 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1984), профессор (1986), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998) және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1999).ҚазПИ-дің (қазіргі Қазақ ҰПУ) химия-биология факультетін (1961) және Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агрономия факультетін (1967) бітірген. 1961 жылдан Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында ассистент (1961–69), доцент (1970–72), декан (1972–85), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1986–92) болып істеді. 1996 жылдан агрохимия және топырақтану кафедрасының меңгерушісі әрі университет жанындағы Агробиология және экология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарады. «Формы фосфоритов в орошаемых почвах Юго-Восточного Казахстана и приемы рационального использования фосфорных удобрений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми бағыты – топырақтың құнарлылығын сақтау мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапалық жағын және өнімділігін арттыру; жалпы ғылыми-зерттеулері тыңайтқыштар химиясына арналған. Елешев агрожүйелердегі фосфордың трансформациялануының биохимиялық циклін зерттеу негізінде фосфор тыңайтқыштарын тиімді пайдаланудың жаңа әдістерін жасап шығарды. Ол минералдық тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау салдарынан қоршаған ортаға тиетін экологиялық зардаптарды зерттеді. Елешев 300-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 4 монография мен оқу құралдарының авторы. Топырақтың қоректену режимдерін басқару мәселелерін зерттеу бойынша жүргізген ғылыми жұмыстар циклі үшін Ресей Ғылым Академиясының Д.Н.Прянишников атындағы сыйлық алған (1990). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлық лауреаты (2001). Батыс Қазақстан облысының және Қаратөбе ауданының құрметті азаматы (1998). «Құрмет» орденімен (2005) және медальдармен марапатталған. ## Сыртқы сілтемелер http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4748 ## Дереккөздер
Иманғара мұнай кен орны — Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан шығысқа қарай 56 км жерде орналасқан кен орны. ## Геологиялық құрылымы Дербес үш телімге бөлінген бойлық жарықтың бұзылған жүйесіндегі брахиантиклинальды тұз күмбезді құрылым. Телімдер бір-бірінен сазды шөгінділер мен кирленген құмдар арқылы бөлінген. Бірінші телімнің пайдалы алаңы ұзындығы 420 м, ені 20 метрден 140 метрге дейін жететін тектоникалық жарылыспен екі блокқа бөлінген. ## Жатыс сипаты Пайдалы қабаттың қалыңдығы 11,5 метрден 2,5 – 25,5 метрге дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Қалыңдығы 12 м-ге дейін жететін кир қабаты қабыршақты алевролит сазбен жабылып жатыр. Екінші телімнің пайдалы қабаты – көлемі шағын моноклинальды шөгінділерден, тектоникалық бұзылыстардан дербес екі блокқа бөлінген. Кир қабаты солтүстік-шығыс бағытта 240 метрге дейінгі жерде алып жатыр. Пайдалы қабат қуаты 6 метрге дейін сазбен жабылған. Кирдің табаны алевролитті, тығыз саз. Иманғара күмбездің батыс қанатында орналасқан үшінші телімдегі өнеркәсіптік кирлердің қалыңдығы мардымсыз (0,4-тен 5 метрге дейін). Битумның құрамы 4,42-ден 16,59% аралығында. Телімде кирдің 4 линзасы анықталды. Олардың ең ірісінің көлемі 0,3-тен 3,3 метрге дейін. Кен орнындағы кирдің жалпы қоры 380 мың м3.
Салтанат Уәлиханқызы Каменова (20 шілде 1953 жылы туған, қазіргі Павлодар облысы, Аққу қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (2002), профессор (2005). ## Өмірбаяны * Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1977, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. * Мәскеу қаласындағы КСРО Медицина академиясы қарамағындағы Неврология ғылыми-зерттеу институтының ординатурасы (1984) мен аспирантурасын (1987) бітірген. * Павлодар қалалық емханасында телімдік терапевт-дәрігер (1977–83) * Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында аға зертханашы (1988–89), ассистент (1989–95), доцент (1995–2002), профессор (2002–03) қызметтерін атқарды. * 2004 жылдан кафедра меңгерушісі. ## Ғылыми еңбектері * «Эпилептические припадки у больных с дисциркуляторной энцефалопатией. Структурные и нейрофизиологические основы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. * 4 өнертабыстық патенті бар. ## Дереккөздер
Розалия Ғалиқызы Елешева (19 маусым 1927 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1979). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1954 жылдан сонда ассистент, доцент, профессор болып жұмыс істеді. Оның негізгі ғылыми еңбектері психиатрия мәселелерін зерттеуге арналған. Елешева Қазақстанда психиатриялық қызметті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар жасады. ## Дереккөздер
Сухан Мақсотұлы Қамалов (21 желтоқсан, 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында туған) — ғалым. Геологиялық-минералогия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (2003 жылдан). ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаттары ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен «Парасат ордені»нің иегері. Орал қаласының Құрметті азаматы. ## Еңбек жолы Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Орал геологиялық барлау экспедициясында геолог, экспедиция бастығы, «Оралмұнайгазгеология» бірлестігінің бас директоры (1959–1964), КСРО Геология министрлігінде бас геолог (1965–72), Ақтөбе экспедициясы (1972–75) мен Орал мұнай-газ барлау экспедициясының бас геологы, бастығы, «Оралмұнайгаз» бірлестігінің директоры (1976–90), Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының 1-орынбасары (1990–92), Қарашығанақ газ кәсіпшілігінің бас директоры (1993–94) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Орал қаласындағы «Газжобалау» ғылыми-жобалау инстиутының президенті. Қамаловтың ғылыми еңбектері Батыс Қазақстан аймағындағы мұнай және газ кендерін зерттеуге арналған. Қарашығанақ мұнай және газконденсат ін ашуға үлес қосқан. Сондай-ақ Әукетайшағыл, Болғанмола, ТепловТокарев, Батыс Теплов және Каменка мұнай және газ орындарының геологиясын зерттеген. ## Мемлекеттік марапаттары * 1989 жылы Геологиялық-минералогия ғылымдарының докторы; * профессор құрметті ғылыми атақтары берілді. * 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі; * КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені; * КСРОның «Қазан төңкерісі» Ордені; * 1999 жылы тәуелсіз Қазақстанның «Парасат ордені»н алды. * 2007 жылы ғылым саласындағы ерен еңбектері үшін елбасының өз қолынан жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды. * Орал қаласының Құрметті азаматы. ## Шығармалары * Геология и нефтегазоносность Карачаганакского месторождения, Саратов, 1958; * Строение и перспективы подсолевых отложений Северо-Восточной части Прикаспийской впадины и вопросы их полеоморфологического изучения, А., 1975. ## Дереккөздер
Георгий Васильевич Кан (28 маусым 1956 жылы туған, қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Байжансай ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1998), профессор (1998). ## Өмірбаяны * ҚазПИ-ді (1978, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген соң осы университетте декан, кафедра меңгерушісі, профессор (1998) болып қызмет атқарады. ## Ғылыми еңбектері * «Қазақстандағы корей халқының тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * Кан 100-ден астам ғылымы жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Людмила Соломоновна Каневская (17 тамыз 1917, Украина, Запорожье – 19 маусым, 1977, Алматы) – медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1965), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974). ## Өмірбаяны * 2-дүниежүзілік соғысқа (1941–42) қатысқан . * Днепропетровск медицина институтын (1938) бітірген. * Алматы қаласындағы №1 емханада дәрігер * Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) ассистент, доцент (1944–64) * Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор (1964–1976) * Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1964–77) болып қызмет атқарды. ## Ғылыми еңбектері * 1969 жылы «Нервно-психический аспект в этнологии патогенеза клинике и терапии инфаркта миокарда» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған . * Оның ғылыми еңбектері негізінен кардиология мәселелеріне арналған. ## Марапаттары * 2 рет «Құрмет Белгісі» ордені. * медальдар. ## Дереккөздер
Борис Вольфович Каральник (23 қазан, 1934 жылы туған, Украина, Харьков қаласы) – иммунолог, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1976). ## Өмірбаяны * Харьков медицина институтын бітірген (1958). * Украина және Қарағанды облысында дәрігер (1958–65) * 1965 жылдан Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарады. ## Ғылыми еңбектері * Каральниктің ғылыми еңбектері иммунология мәселелеріне арналған. * 19 өнертабыстың авторы. ## Марапаттары * «Құрмет Белгісі» ордені * медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Жайлау – қыстаудан біршама қашық, кей жағдайда мүлде алыстағы шөбі шүйгін, өзен-көлді, суы тұнық, бастау-бұлақты, салқын самалды, шыбын-шіркейі аз, ауыл-ауыл болып қоныс тебуге қолайлы жазғы малжайылымдық жер. Шөбі селдіреп, оты сұйыла бастаған жерден сонысы басылмаған құйқалы қоныс-өрісті жайлауға жайылым қуалай, өріс аудара отырып көшу төрт түліктің қоңын көтеру үшін аса маңызды болған. ## Жайлау жерлері Қазақстан жеріндегі жайлаулардың адамға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары, суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлер. Солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тәңір тауы тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Мысалы, Жетісу өлкесінде қыстау Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. Қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. Мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – балталы руларының Маңғыстау түбегінен Мұғалжар тауларына, Қызылқұмнан Торғай даласына, Шу өзенінің төмен алабынан Ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. Бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. Жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр секілді төрт түлік жайлауға шығарылады. ## Жайлау көшіне дайындық Буаз малдан төл алынып, бойдақ мал қарақұйрық болып, жылқы раңдап, түйенің өркеш қомы толығып қарақайысқа айналғанда ауыл көктеуден жайлауға көшуге дайындық жасайды. Жайлауға көшу мен дайындық мерзімі жергілікті жердің ерекшелігімен, күн райының өзгешелігімен байланысты болып келеді. Кей жерлерде мамырдың екінші жартысынан, ал қайсыбір өлкелерде маусымның басынан көшуге әзірлік басталады. Көш уақытын, әдетте, есепшілер мен ауыл ақсақалдары белгілейді де, көшке дайындық жасауды тапсырады. Ат әбзелдері, көш көлігінің саймандары, арба-күйме әзірленеді. Көш жүгі негізінен түйеге артылатындықтан ауыт, қом, ашамай, кәтеп, желқом т.б. көлік әбзелдері дайындалады. Өздігінен салт жүре алмайтын ауру-сырқаулы қарттар мен кішкене балаларды түйе үстінде алып жүру үшін өбе жасалады. Көш күні көбіне сәрсенбі, бейсенбі тәрізді сәтті күнге орайластырылып, құрбандыққа мал сойылып, бата беріледі.Көшуден бірер күн бұрын үйдің ішкі жабдықтары, тұрмыстық бұйымдар, құрал-саймандар әртүрлі қаптарға салынып, кілем, алаша, сырмақтарға оралып, теңделеді. Көшетін күні таңғы астан кейін киіз үйдің жабындары (үзік, туырлық, түндік) алынып, теңделеді. Кереге керегеқапқа, уық уыққапқа кигізіліп, буылады. Теңдер мен тоғанақтар көш көлігіне артылады.Киіз үйдің шаңырағы және отбасының ырыздығы – ас-тағам салынған кебеже артылған түйе көштің басында болады. Көш керуенін тіл көзден сақтасын деп, шаңырақ артқан түйенің басына қарқара құсының қауырсынын қадап қояды. Мұндай көшті ел ішінде "қарқаралы көш" деп атайды. Көш басындағы шаңырақ артқан түйені басына ақ шыңқан шылауыш тартқан әулеттің үлкен бәйбішесі жетектейді. Сөйтіп, көш жайлауға бет алады. ## Сәнді көш Қазақы тұрмыста жайлау көші – қызықты-думанды өтетін сән-салтанаты жарасқан көш. Ауыл ересектері тәуір деген киімдерін киіп, жастар қызылды-жасылды киініп жақсы ат мініп, жорғасын тайпалтады. Әсем сырмақ, түкті кілеммен жабылған түйедегі жүк, тоғанақталған тең, кебеже сандық өз жарасымымен көз тартады. Жүк артқан түйенің саны едәуір болған сайын көш байлығын паш етіп тұрады. Түйенің бас тұрманы – ноқта. Ноқтаның өзі де, бауы да кілем тәрізді тоқылған құрдан жасалып, құндызбен көмкеріледі. Салпыншақтары қымбат тастармен, күміспен әшекейленеді.Шаңырақтың ат жалын ұстауға жараған тұңғыш ұлы болса, көш керуеннің ноқтабауын соған ұстатады, бәйбіше есік пен төрдей жер алда жүріп отырады. Ал ноқтабау ұстаған ұлдан өрбіген ұрпақ айрықша мәртебеге ие болып, сол елдің ноқта ағасы атанған.Көшке ілескен жігіт-желең, қыз-келіншектердің өзара әзіл жарасып көш-керуеннің салтанатын аша түседі. Көш жөнекей кездескен көрші ауылдың жастарымен ән әуелетіп, ара-тұра айтысып та алады. Бүркітін, қаршығасын қолына қондырып, ұшқыр тазы ілестірген аңшы-саятшылар көшке өзінше көрік береді. Мұндай көшті салтанаты мен сәулеті жарасқан сәнді көш дейді. Көшке жолай кездескен жолаушы «Көш байсалды болсын» немесе «Көш көлікті болсын!» деп тілек айтып, сәлемдесіп, жөн сұрасады.Көш керуенін көргенде еру ел сусын, ақ-тағам алып шығады. Еру ауыл ұсынған сусынды әуелі көшкен ауылдың жасы үлкендері, онан соң жасы кішілері алады. Сусынды ішердің алдында әуелі сусыннан ат жалына бір-екі тамшы тамызып, содан соң барып ішсе, келіндер ауылдың тұсынан жаяулап өтетіндіктен сусынды жерде тұрып ішеді. Көшкен ел сусынды ішіп болған соң, еру елге рақмет айтады.Әйелдер сусын ішкен ыдыстың ішіне тана, түйме, сөлкебай сияқты заттар салып қайтарады. Көшіп бара жатқанда елдің жас келіндері зираттың және аталы үлкен ауылдардың жанынан аттан түсіп, жаяулатып өтетін болған. Жайлау көші осылайша кей жерде үдере көшіп, қайсыбір жерлерде ерулеп көшіп отырады. Бір бұлақ пен келесі бұлақтың, суаттың т.б. су көздерінің арасы тым қашық жерлерден үдере көшіп өтеді. Ал су көздерінің арасы жақын болса жер оты шүйгін болатындықтан ондай жерлерден ерулеп көшеді.Халық ұғымында «түйенің қомын алып, теңді шешпей көшуді» үдере көшу; ал «түйенің қомын алып, теңді шешіп көшуді» ерулеп көшу дейді. Ел жайлауға көшіп бара жатып, көш жөнекей егіндікке қолайлы тәлімі жерге тары, бидай, арпа егетін болған. Ел жайлаудан түскенде егіннің басы толып, орып алуға дайын болады. Тары бас ала бастаған кезде шымшық торғайдан қору үшін күрке тігіп, қарауылдайтын адам егістік басында болады. Ал кей жылдары егіндікке жақын жерге мықи ұя салатын болса, ол жерге бірде бір торғай, шымшық жоламайтын болған. Әсіресе, тарының қас жауы шымшық торғай болса, шымшық торғайдың қас жауы мықи (қаршыға тектес құс) болған. ## Жайлауға мал айдау Көш малын айдайтын малшылар қоржындарына күндік жол азығын – (асылған ет, құрт, ірімшік, нан, тоқаш т.б.) алып жүреді. Жанторсықтарына қымыз, айран, шұбат құйып алады. Қой мен ешкі отары көштен бірер күн бұрын жая, өргізіліп айдалады. Жолай бірнеше қонып көш керуеннен едәуір алда жүріп отырады. Ірі қара малдары – жылқы мен сиыр төлдерімен қоса, көштің алдында айдалады. Көш кезінде көшбасы көш малының келесі бір көштің немесе еру елдің отарымен араласып кетпеуін қадағалайды. Сондықтан көшбасы ерулеп қонатын жерге алдын-ала келіп, шөптің басын буып немесе құрық шаншып белгі салып қоятын болған. Мұндай белгі салынған жерге өзге ру көшінің ерулеп жатуына тыйым салынады. Сондай-ақ көш өзге рудың белгісі бар құдығының басына ерулемеуге тырысқан. Жайлаудағы қоныс, жайылымдық жерлер рудың ата-бабасынан мұра болып келе жатқан меншігі болып саналады.Жалау-қыстау арасының ұзақтығы жер бедеріне байланысты далалы (жазық) және таулы өлкелерде әртүрлі болып келеді. Айталық, батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік және Орталық Қазақстанның далалы аймақтарында жайлаудың қашықтығы жүздеген шақырымға созылған. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысын мекендеген малшылардың жайлауы көбіне биік таудың шалғынды аңғарларында, өзен бойларында орын тепкен. Жайлауға маусым айының басынан, тамыздың соңына дейін қоныстанған. Көштен бұрын ұсақ мал – қой, ешкісі ерте айдалып, жылқы, сиыр, түйе сынды ірі мал көшпен бірге ілесіп отырған.Көшу ұзақ, бірнеше күнге созылатындықтан, алдын-ала көш жолы белгіленеді. Қай жерде ерулеп көшуді, қай жерде үдере көшуді белгілейтін қолайлы өткел, асу, малға жайлы суат т.б. жер ерекшелігін, көш жолын, жайылым-өріс жағдайларын жақсы білетін адамды жершенеуші, көшбасшы деп атайды. Жершенеуші көшті ұйымдастыру, бақылау жұмыстарына басшылық жасайды. Сөйтіп, бірде үдере көшкен, бірде ерулей көшкен жайлау көші белгіленген жайлауға келіп байыз табады. ## Жайлаудың түрлері мен халықтық атаулары. Жайлаулар шөбінің шүйгінді, суының тұнығына қарай "қоңжайлау", "жөнжайлау", деп «Шідертінің шөбі бал, Өлеңтінің суы бал» деген сияқты халық бағалауы өлең жолдарымен де айтылады. Жүздеген үй тігілетін кең жайлауды "саржайлау" деп атаған.Жайлаудың нағыз қызған шағы – қанжайлау жайлауға барар жолда, көктеуден алыс емес жердегі, әрі бүкіл ауыл-аймақтың аралас-құралас болатындай жазықта отырады. Мұндай жайлауда ел шамамен екі аптадай тұрақтайды. Тау етегіндегі жайлауды ойжайлау, етек жайлау, ал ойжайлаудан жоғары жердегі жайлау бөктер жайлау, бөктерден биіктеу жердегі жайлау төржайлау деп аталады. Таудың ең биігіне, салқын жердегі жайлауды кержайлау дейді. Кержайлауда бірер ауыл ғана отырған. ## Жайлаудың мәдени кеңістігі Жайлау төрт түлік малға оңтайлы өріс болуымен қатар, жұртшылық, ел адамдары үшін де қолайлы әлеуметтік-мәдени кеңістік болған. Өйткені көшпелілер салтына үйлескен бірқанша тіршілікқамы әрекеттері, дәстүр-жоралғылары осы жайлауда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, сыбағаға шақыру, құдаласу, қыз айттыру, атастыру, келін түсіру, ас беру, бие байлау (қымызмұрындық), шашыратқы беру т.б. Сонымен қатар қой қырқу, киіз басу, өрмек тоқу т.б. жұмыстар атқарылып, қысқа азыққа құрт, ірімшік, қатық т.б. тағам түрлері дайындалады. Ал жастар арасындағы ақсүйек ойнау, алтыбақан тебу сияқты бірқатар ойын-сауықтар жайлаудың думанын қыздыра түседі.Ел шекарасындағы жақын жерде орналасқан үлкен жайлауларда жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Батыста Темір, Ойыл; Оңтүстік-шығыста Қарқара; Орталықта Қоянды сияқты тұрақты жәрмеңкелер болды. Ел аралайтын бақалшылар да саудасын ел жайлауға қонған кезде қыздыратын болған. Ілкідегі Жібек жолының тарам-тармақтары қазақ жайлауларының үстінен өткен.Ел ішіндегі құқықтық қатынасқа байланысты билер шешетін дау-дамайлар жаз жайлауда қаралып, даудың қара-ала жібі кесіледі. Елдің ішкі-сыртқы саяси, әлеуметтік мәселелері ел ағалары, белгілі би-сұлтандардың бас қосқан мәртебелі жиылыстарында қаралып шешіледі. ## Белгілі болған жайлаулар Қазақстанның әр өңірінде дүйім жұртқа белгілі болған жайлаулар бар. Атап айтқанда, оңтүстікте және Шу өңірінде Дабұсын, Кент, Қотан, Талды, Барша, Жиделі, Тобылғылы; оңтүстік-шығысында Дегерес, Қарқара, Шалкөде, Шұбартал, Асы, Түрген, Үшқоңыр, Үшалматы, Сырт; шығысында Шыңғыстау, Сарыкөл, Жиделі, Сартай, Сауыр, Марқакөл, Шілікті жазығы; солтүстікте Қызылқақ, Сілеті көлінің жағалауы, орталығында Шідерті, Нұра, Қарқаралы, Семізбұғы, Ботақара; батысында Үстірт, Тайсойған, Мұғалжар және Ойыл, Сағыз, Қобда өзендерінің бойы сияқты, оңтүстік-батыста Қаратау қойнауларының күнгейіндегі Ордаған, Терісжайлау, Жота, теріскейдегі Созақ, Мойынқұм, Бетпақдала және т.б. бір-біріне жалғасып жатқан кең жайлаулар бар.Жайлауға қоныстанған кезде белгілі бір аумақтағы тігілген үйлердің саны кейде бірнеше жүздегенге дейін жеткен. Қазақ өмірін зерттеген И.П. Шангиннің, В.В. Сапожниковтың еңбектеріне сүйене отырып, зерттеуші Н.Э. Масанов байырғы кезде суы мол жайлауларда ауыл-ауыл болып қоныстанатынын, әсіресе, Нұра өзенінің бойындағы жайлауда 1000-ға дейін киіз үй тігілетінін; Бурылтоғайға жақын жердегі жайлауларға 400-ден астам үй қоныстанғанын, сондай-ақ, хан-сұлтандар көшіп-қонғанда жайлауға 500-1000-ға дейін үй тігілгенін көрсетеді. ХІХ-XX ғасырдың бас кезінде қоныстандыру саясатының аса қарқынды жүргізілуінен, әрі ғасыр басында халықты күштеп отырықшы (ұжымдастыру) өмірге көшіруге байланысты, сондай-ақ түрлі жағдайлар (жұт) орын алуы салдарынан қазақтың жайлауының ауқымы едәуір тарыла бастады.Демек, жайлау қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығында, тіршілікқамы мәдениетінде және әлеуметтік тұрғыдан да орны айрықша саналатын қоныстану жүйесінің елеулі бір құбылысы саналды. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Сибирский вестник. Ч.9. кн.3. 1820. С.81; * Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. Оренбург: Типография Жаринова, 1895; * Сапожников В.В. Монгольский Алтай в истоках Иртыша и Кобдо. Томск, 1911; * Фиельструп Ф. Скотоводство и кочевание в части степей Западного Казахстана. Казаки. Антропологические очерки. Вып. 11. Л.: изд. АН СССР, 1927. С.78-107; * Арғынбаев Х., Захарова И.В. Оңтүстік Қазақстан облысына ұйымдастырылған этнографиялық экспедиция жұмысының қорытындысы. Новые материалы по археологии и этнографии Казахстана. ТИИАЭ АН КазССР. Том 12. Алма-Ата: Изд.АН КазССР, 1916. С.92-118; * Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969; * Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихтық-этнографиялық шолу. Алматы: Қазақстан, 1974; * Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв.: материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980; * Мүсрепов Ғ. Ұлпан. Таңдамалы. 3-том. Алматы: Жазушы, 1980. 317-532-бб.; * Масанов Н.Э. Проблемы социально-экономической истории Казахстана на рубеже ХVIII-XІХ вв. Алма-Ата: Наука, 1984; * Курылев В.П. Скот, земля, община у кочевых и полукочевых казахов (вторая половина ХІХ – начало ХХ в.). СПб.: Петербургкомстат, 1998; * Хлудов Н.Г. Шығармалар каталогы: кескіндеме және графика (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Жобаның жетекшісі, кіріспе сөзінің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: Эффект, 2003; * Қастеев Ә. Кескіндеме графика (ғылыми католог). Алматы: Елнұр, 2005.
Петр Александрович Карасев (9 желтоқсан, 1908, Ресей, Воронеж облысы, Инживино селосы – 12 желтоқсан, 1964, Алматы) – ветеринария ғылымдарының докторы (1948), профессор (1948), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мал дәрігері (1949). ## Өмірбаяны * Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1932, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген соң өмірінің соңына дейін осы институтта кафедра меңгерушісі болды. ## Ғылыми еңбектері * Ғылыми еңбектері малдәрігерлік патология мәселелеріне арналған. * 1 өнертабыстың авторы. ## Дереккөздер
Серғали Төлеубекұлы Каргин (1955 жылы туған, Қарағанды) – педагогика ғылымдарының докторы (2001), профессор (2003). ## Өмірбаяны * Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтын (1980, қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) бітірген * осы институтта оқытушы (1980–83) * ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) стажер-зерттеуші, аспирант (1983–88) * қазіргі Қарағанды мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор (1988–96). * 1996 жылдан аға ғылыми қызметкер, оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарады. ## Ғылыми еңбектері Каргин 123 ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Сахабиден Елубаев (10 сәуір 1924 жылы туған, Қожамжар ауылы, қазіргі Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы – 1993 ж., Қызылорда қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1982), профессор (1985). Қазақ КСР-інің және КСРО Білім беру ісінің үздігі. ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Новосибирск қаласындағы КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі Математика институты мен Есептеу орталығында аспирант (1961–1962), кейін аға ғылыми қызметкер (1971–1973), Қызылорда педагогика институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы (1951–1961), мұғалімдер институты директорының орынбасары (1952–1953), осы институтта кафедра меңгерушісі (1963–1971), проректоры (1973–1986; 1986 жылдан) қызметтерін атқарған. «О некоторых обратных задачах для гиперболических и параболических уравнений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты гиперболалық және параболалық теңдеулер үшін кері есептер тақырыбына арналған. Елубаев 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. ## Сыртқы сілтемелер http://www.korkyt.kz/fm_mat.htm Мұрағатталған 16 маусымның 2009 жылы. ## Дереккөздер
Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (орта ғасырлардағы шығыс елдері “баһадүр” деп атаған) (1576 жыл – 1656 жыл) — Самарқандтағы Бұхара хандарының қолбасшысы, саясаткері, губернаторы (әмірі). Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Алшын елінің Әлімұлы рулық бірлестігінен тарайтын Төртқара руынан шыққан. Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Алау әмірден Қыдуар тентек, одан Қадырқожа (Қайырбай), оның ұлы Қаракесек одан Әлім. Әлімнен Төртқара одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Қараштан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі — Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Ақшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Түрікмен, Қоян туған. Бұларды "Сегіз Сейітқұл" дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады. Өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді. 1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың әкесі Сейітқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Нұрата тауларына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі және төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жөңгір ханға 20 мың өскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты. 1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Бұл соғыста Бұхар және қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи қыпшақтар" анықтамалығы мәліметтерінде қазақ ханы Жәңгір бұл соғысқа 100 мың адамдық әскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Әскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен және Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл-тегіл келіп жатты. Академик М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарканда үлкен құрылыстар, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660 жылдары "Тіллә-Қари" (Алтынмен апталған) медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге әйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің өсемдігімен, әдемілігімен дүйім жұртты таңдандырып, Шығыстың сәулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындагы зиратқа қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ғұмыр кешуде. ## Өмірбаяны Жалаңтөс бес жасқа келгенде Төртқара елі қуаңшылыққа, жоқшылыққа, ашаршылыққа тап болады. Әкесі Сейітқұл сол елдің басшысы Шығай ханмен бірге Бұхар шаһарына жақын Нұрата таулы алқабына көшіп барып мекен етеді. Бұл кезде Қызылқұм, Нұрата, Тамды төңірегін жайлаған елді Дінмұхаммед хан билеп тұрған. Сол ханға Жалаңтөс бала 12 жасынан шәкірт болып қызмет етеді. Осы кезден бастап-ақ оның ақылдылығы, батырлығы калыптаса бастайды. Ол хан сарайындағы шәкірт балаларға, жастарға бас болып, оларға түрлі әскер ойындарын үйретеді. Хандар, билер, қасында жүріп, ел басқару ісіне қатысады. Имам, қажылардан имандылық, қайырымдылық және білім, ғылымға зейін қояды. Олардын кейбірімен шарият қағидалары жөнінде ілім сайысына түсіп, өзінің білгірлігін үғымпаздығын танытады. Әсіресе, Ферғананың Қосан деген қыстағында туып, өскен Мақтым-Ағзам деген өте беделді, әулие білімдар софының немересі Хашим қожамен замандас, пікірлес болады. Содан ислам қағидаларын мол игереді.Әкелі балалы Сейітқұл мен Жалаңтөс Нұрата атырабын билеп тұрған жылдары оған жан-жақтан Қызылқұмда бытырап көшіп жүрген Әлім, Алшын, Шөмекей, тағы басқа руларынын ауыл-аймақтары өздері барып қосылып жатқан. Бұл кезде Сейіткұл мен Жалаңтөс хандығының саны 40- 50 мың түтінге жеткен. Сол қазақтардың бір хандық төңірегіне шоғырлануы біріншіден, сыртқы шапқыншылардан сақтану болса, екіншіден, ағайын-туысқанды сағалау еді. Үшіншіден, Сейіткқұ би мен Жалаңтөс батырдың ел қорғаудағы, халыққа қамқор болудағы жан-жаққа таралып жатқан атақ-даңқы себеп болады. Бір жолы мынадай оқиға болыпты: Көктемнің аласапыран кауырт тіршілік кезінде Жалаңтөс баһадүрді іздеп бір топ аттылы оның ордасына барып түсіпті. Сұрастыра келсе, Шөмекей биі Айтқұл бастаған адамдар екен. Ағайын туыстар өзара шұрқырасып табысып жатады.Қазірде "Бұхара облысының Тамды ауданында түбі Шөмекейге жататын Кедей деген ру бар. Кедей - тарихи адам. XVIII ғасырдын бірінші жартысында өмір сүрген Әбілқайыр ханның басты билерінің бірі. Әбілқайыр өлген соң орнына Нұралыны хан сайлауға қатысып, оны бекіту туралы орыс өкіметіне өтініш жасайтын білікті адамдар арасында оның да аты аталады. Кедей және оның баласы Қосқұлақтың аттары "ХУН-ХУШ ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастары" жинағында жиі кездеседі. Осы Кедейдің әкесі - Жәнібек, оның әкесі - Айткқұ би. Ұрпақтарының айтуы бойынша, Айткқұ би Бұхар, Нұрата тауларында көшіп жүріпті. Соңғы уақытқа дейін Нұратаға жақын Қызылқұмда оның атымен аталған кыстау орны бар.Қазақ шежіресі бойынша Әлім мен Шөмен (Шөмекей деп те айтылады) - бір туысқан. Жалаңтөс батыр Әлімге алты атадан (Әлім - Төртқара - Ораз - Тоқпан - Сейіткүл - Жалаңтөс), сол сияқты Айтқұл би де Шөменге алты атадан) - Шөмен - Шөмекей - Аспан - Есімбет - Төбет - Айтқұл) қосылады. Демек, Жалаңтөс батыр - Шөмекей руының атақты Айтқұл, биімен тұстас және қоныстас. Ендеше, Жалаңтөс батырға қараған қазақ қауымының бір тобы Шөмекей руынан болғаны.Мұны толықтыра түсетін тары бір дәлел: Бұхара облысының Ғиждуған ауданында бірнеше қышлақ болып отырған, өзінің түбі қазақтың Шөмекей руының Балқы тайпасы, Темір аталығынанбыз дейтін өзбектер бар. Олар Қазан төңкерісіне дейін казіргі Тамды ауданында түратын Балқы тайпасына жататын қазақтармен ағайыншылық қарым-қатынас жасап келген. Негізгі ұрпағы өзбек арасында қалған осы Темір Балқы да Шөменге бес ата (Шөмен - Шөмекей - Бозғыл - Салқы - Темір). Яғни Жалаңтөс дәуірінің ізі жөне осы дәуірде өзбек пен қазақтың бірсыпыра уақыт қоныстас болуының нәтижесі". Жалаңтөс батыр талай-талай соғыс, шайқастарды басынан өткереді. Соның бәрінде ол асқан батыр, қолбасшы екенін танытады. Сол дәуірдегі ең жоғарғы лауазым - Аталық баһадүр колбасшы деп ел жұрт атап кетеді. 1640 жылы қазақ пен өзбек жеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батырға қарсы соғыста Жалаңтөс баһадүр әскерге қолбасшылық етіп, жауды күйрете жеңген.1643 жылы Жетісу өлкесіне басып кірген қалмақ-жоңғар феодалдарына қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханның әскеріне Жалаңтөс батыр бастаған Самарханнан 20 мың қол көмекке келген. Басқыншыларды ойсырата жеңуге жәрдемдескен. 1649 жылы Бұхар ханы Абдуләзиз бен Иран патшалығы арасында Хорасан мен Балх үшін болған соғыста Жалаңтөс батыр әскерге шебер басшылық етіп, жауды жеңіп шыққан. Бұл соғыста Бұхар мен Қазақ хандыктары ортақ жауға карсы одақ құрған. Хорасан Балх шаһарларындагы сол соғыста Жалаңтөс ерлікпен коса әртүрлі айла-тәсілдер де қолданады. "Кімде-кім оқ атпай, қылыш, найза кезенбей өз еркімен қолға түссе, оған жаза қолданбаймын. Жер беремін, үйлі-жайлы болуына жағдай жасаймын. Сарбаз бола ма, сарайда жұмыс істей ме, егіс еге ме өздерінің калағанын беремін" деп барлаушыларды үстін-үстін жібереді. Осындай қантөгіссіз әрекеттердің арқасында Иран, Хорасан жағының жоқ-жұқана, кедей-кембағал сарбаздары лек-легімен Жалаңтөс колына қосылып жатады...."Тарихи Қыпшақи" атты еңбектің авторы Хожамкүли-бек Балхидің жазуына қарағанда, қазақ ханы Жәңгір хан осы шайқасқа жүз мың әскерімен қатысқан. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш рет жорық жасаған. Кабул мен Мешхедті бағындырған. Ерлігімен соғыс өнерін жақсы білетіндігімен данқы жайылған талантты қолбасшыға Үндістаннан» Хорезмнен, қырғыз, қалмақ, казак, қашқар хандарынан, тіпті Тибеттең де кымбат тартулар келіп түрған" Жалаңтөс батыр мен Бұхар ханы Абдуләзиз қасында өзбек, қазақ жігіттері бар Алшынбек бимен Жайкүн өзенінен өтіп Гератқа жетеді. Ертеңіне олар Шығанақ көлі жанындағы шағын қалаға тоқтап тыныс алады. Көп кешікпей-ақ ол елдің патшалығының әскерімен Фатхабадта кездеседі. Бұл қыстақ шаһарға жеті шақырымдай жерде болатын. Келесі күні түнделетіп барлаушылар шығады. Ертеңіне таң атқаннан күн батқанша соғысады. Соғыс екі айға созылады. Талай қақтығыс, шайқастар болады. Талай жігіттер батырларша шайқасады. Шейіт болғандар да аз болған. Осы соғыста Жалаңтөс батыр ерекше ерлік жасап, әскерін шебер басқарады.Академик М. Е. Массонның айтуынша, жеңімпаз Жалаңтөс батырға сырттан келген сый-сияпаттардың мөлшері мемлекетке түскен қазына байлығынан асып түскен. Ол осы қаражат байлыққа әскер ұстаумен катар, сөулетті сарайлар, медреселер тұрғызған. Регистан орталығына атақты "Шіфдор", ("Арыстанды"), "Тіллә-кари" ("Алтынмен апталған") медреселерін салдырған. Сөйтіп, Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шаһарын оның атырабын кырық жыл билеген. Өзбек, қазақтар "өзіміздің қамқор баһадүрымыз" деп құрмет көрсеткен.Ресей тарихшысы П.Иванов өзінің "Орта Азия тарихының очерктері" деген кітабында: "Абдулазиз ханның аталығы Ялантуш би XVII ғасырда Ұлы Моғолдарға (Үндістан) қарасты болған Кабул каласының төңірегіне және Иранның Хорасан аймағына жойқын шабуылдар жасады. Көптеген тұтқындар алып қайтты. Оның өзінің иелігінде 3000-дай құл болды. Сол құлдардың күшімен Самарқандта медреселер тұрғызды", - деп жазды.Оған Жалаңтөстің сол жорықтары негізінен әлгіде аталған Хожамқүлибек Балхидың 1722-1725 жылдар арасында жазған "Тарихи Кыпшақи" деп аталатын еңбегінде де баяндалған. Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары оны хандықтан түсіріп, оның орнына 1645 жылы оның үлкен ұлы Абдулазизді хан кояды. Ұлы моғолдарға қарсы күресуге өз күші жетпейтінін түсінген Абдуләзиз хан және басқа да өзбек шонжалары Ташкент, Самарқанд айналасындагы қазақ сұлтандарынан көмек сұрайды. Ақырында бір лек (100 мың) қазақ жасағымен толықтырылған үлкен қолмен Абдуләзиз хан мен Жалаңтөс батыр жорыққа шығып, ұлы Моғолдар әскерін қырғынға ұшыратып қуады. Көп тұтқын және олжа қолға түседі. Міне, осы жорықта Жалаңтөс батырдың қолбасшылык қабілеті, ерлігі айрықша көзге түседі. "Жалаңтөс Коқанға барып ханын тақтан түсіріп, Ақша деген ағасын хан қойыпты" деген де сөз бар. Өзбек тарихшысы Абдураимов өзінің 1966 жылы баспадан шыққан "Бұқара хандығындағы аграрлық қатынастар тарихы" деген кітабының 117 бетінде Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары бір қазақ сұлтанын Ходжентте хан деп жариялады деген мәлімет келтірген. Бұл адам сол кезде Бұхара хандығына белгілі, беделді әскербасы Самарқанд аймағының билеушісі Жалаңтөс батырдың туған атасы Ақша болуы да ғажап емес.Жалаңтөс баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтқан. Денесі Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мактым Ағзам әулие бейітінің қасына жерленген.Жалаңтөс баһадурдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған. Ал, Өзбекстан тарихы мен әдебиетінде жиі кездесіп отырады. Өзбек Кеңес энциклопедиясы мен Өзбекстан тарихында оның әскери қолбасшылық қызметі мен билік жүргізген кездегі ғұмырнамасы жан-жақты жазылған. Бұл жағынан өзбек ағайындарға мың да бір рахмет. Енді біз Жалаңтөс би жөнінде зерттеулер жүргізіп, өзбек, орыс тілінде жарық көрген сол еңбектерді ана тілімізге тәржімалап халық көдесіне асыруымыз керек. ## Дереккөздер
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иституты – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу мекемесі. 1977 жылы Алматы қаласында ашылды. Құрамында 10 ғылыми және 17 клиникалық бөлімшелер, 6 клиникалық бөлім: қан айналысының жіті түрде бұзылуы және қан айналысының созылмалы түрде бұзылуы бөлімшелерін қамтитын клиник. бөлімі; Сондай-ақ Астана қаланда институттың бөлімшесі жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зертеулік бағыттары: жүрек-қан тамыр ауруларының алдын-алуға, диагностикасы мен емдеуіне баса назар аудару, атап айтқанда, эпидемиологияны, этиологияны және патогенезді зерттеу, сондай-ақ атеросклероз, жүректің ишемиялық аурулары (стенокардия, миокард инфарктысы, инфарктен кейінгі кардиосклероз) мен гипертония ауруы; симптомдық артерия гипертониялары, жүрек соғысының бұзылуы, жүрек әлсіздігі, жүрек-қан тамырының ревматизмі сияқты жүрек-қан тамыры жүйесінің неғұрлым кең таралған ауруларына диагноз қоюда, емдеуде және айықтыруда жаңа әдістер жасап, жетілдіру; ішкі аурулар (ревматизм, гастроэнтерология, эндокринология, т. б.) және олардың пайда болу себептерін, дамуын, сондай-ақ ол ауруларды асқындырмай емдеудің тиімді жолдарын іздестіру; республиканың курорттық ресурстарын зерттеп, курорттық емдеудің ғылыми негіздерін жасап, жүрек-қан тамыр және басқа да органдар ауруларын емдеудің тиімді әдістерін енгізу жұмыстарын және санитарлық-эпидемиол. ст. мамандарымен бірлесе отырып, індет ауруларына қарсы іс-шаралар (егу, жұқпалы ауруларды анықтау, аурудан жазылған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды диспансерлік есепке алып бақылау, т. б.) жүргізу. Институт ғалымдары электр анальгезиясына арналған құрылғы жасағаны үшін авторлық куәлік алды; гипертониялық кризді емдеу үшін коринфор, бутироксан препараттарын жасап, өндіріске енгізді; гелиотерапиямен (Күн сәулесімен), минералды сумен (ваннада) буын қабынуын (артритті) емдеу әдісін тапты; арнайы ерітінділерді қанға дәл өлшем, тамшылап құятын прибор – дозатор (өлшеуіш) ойлап шығарды. институтта ғалымдар Ж. Абылайұлы, Ә.Жүсіпов, М.М.Әбдікаримов, М.Төленов, ауылы ЖЫЛЫ Рысмендиев және селосыГ.Шұратова, т. б. жұмыс істеді. институт Ресейдің (Санкт-Петербург) Эксперименттік медициналық ғылыми-зертеулік институты, Томск кардиология ғылыми-зертеулік институты, Мәскеудегі Ресей кардиология ғылыми-өндірістік кешені және АҚШ-тың Бирмингем университеттіндегі кардиоваскулярлық аурулар бөлімімен, т. б. шет ел мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 17 халықаралық симпозиум, 11 ғылыми-тәжірибелік конференциялар, Қазақстан кардиологтарының 1- (1991) және 2-съездерін (1998), Орталық Азия республикалары кардиологтарының 2-конгресін өткізді (2002). ## Алматы қаласында институт 1977 жылы Алматыда ашылды. Құрамында 10 ғылыми және 17 клиникалық бөлімшелер, 6 клиникалық бөлім: * қан айналысының жіті түрде бұзылуы және қан айналысының созылмалы түрде бұзылуы бөлімшелерін қамтитын клиникалық бөлім; *артериялық гипертония эпидемиологиясы мен профилактикасын, жүректің ишемиялық ауруы эпидемиологиясы мен профилактикасы бөлімшелерін қамтитын профилактикалық бөлімі; * курортта (шипажай) емдеу, курорттық ресурстарды зерттеу бөлімшелерінен тұратын курортология бөлімі; * ақпарат және патенттеу тобын қамтитын кардиологиялық қызметті жоспарлау және болжау бөлімі; * ұйымдастыру-әдістеме бөлімі; * иммунология бөлімін қамтитын клиникалық биохимия бөлімі; жүрек ауруларын оның қызметіне қарай анықтау (функционалдық диагностика), эксперименттік кардиологиялық лабораториялары, дәрігерлік кеңес – диагноз қою емханалары бар (2002). ## Астана қаласында институттың бөлімшесі Астана қаласында институттың бөлімшесі жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: жүрек-қантамыр ауруларының алдын-алуға, диагностикасы мен емдеуіне баса назар аудару, атап айтқанда: * эпидемиологияны, этиологияны және патогенезді зерттеу; * атеросклероз, жүректің ишемиялық аурулары (стенокардия, миокард инфарктысы, инфарктен кейінгі кардиосклероз) мен гипертония ауруы; * симптомдық артерия гипертониялары, жүрек соғысының бұзылуы, жүрек әлсіздігі, жүрек-қантамырының ревматизмі сияқты жүрек-қантамыры жүйесінің неғұрлым кең таралған ауруларына диагноз қоюда, емдеуде және айықтыруда жаңа әдістер жасап, жетілдіру; * ішкі аурулар (ревматизм, гастроэнтерология, эндокринология, тағы басқа) және олардың пайда болу себептерін, дамуын, сондай-ақ, ол *ауруларды асқындырмай емдеудің тиімді жолдарын іздестіру; республиканың курорттық ресурстарын зерттеп, курорттық емдеудің ғылыми негіздерін жасап, жүрек-қантамыр және басқа да органдар ауруларын емдеудің тиімді әдістерін енгізу жұмыстарын және Санитарлық-эпидемиология мамандарымен бірлесе отырып, індет ауруларына қарсы іс-шаралар (егу, жұқпалы ауруларды анықтау, аурудан жазылған адамдармен қарым-қатынаста болғандарды диспансерлік есепке алып, бақылау, тағы басқа) жүргізу. ## Жетістіктер мен жиналыстар Институт ғалымдары электр анальгезиясына арналған құрылғы жасағаны үшін авторлық куәлік алды; гипертониялық кризді емдеу үшін коринфор, бутироксан препараттарын жасап, өндіріске енгізді; гелиотерапиямен (Күн сәулесімен), минералды сумен (ваннада) буын қабынуын (артритті) емдеу әдісін тапты; арнайы ерітінділерді қанға дәл өлшем, тамшылап құятын прибор – дозатор (өлшеуіш) ойлап шығарды. Қазір институтта медицина ғылыми докторы, профессорлар Ж.Абылайұлы, Ә.Жүсіпов, М.М. Әбдікаримов, М.Төленов, А.Ж.Рысмендиев және С.Г. Шұратова, 29 ғылыми кандидат жұмыс істейді (2002). Институт қызметкерлері 8 докторлық және 37 кандидат диссертациялар қорғады. 12 монография, 6 ғылыми еңбектер жинағын, 1000-ға жуық ғылыми еңбектер шығарды. 24 авторлық куәлік пен 147 өнертапқыштық ұсыныстарға куәлік алды (2002). Институт Ресейдің (Санкт-Петербург) Экспериментальдік медицина ғылыми-зерттеу институты, Томск кардиология ғылыми-зерттеу институты, Мәскеудегі Ресей кардиология ғылыми-өндірістік кешені және АҚШ-тың Бирмингем университіндегі кардиоваскулярлық аурулар бөлімімен, тағы басқа шет ел мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. 17 халықаралық симпозиум, 11 ғылыми-тәжірибелік конференциялар, Қазақстан кардиологтарының бірінші (1991) және екінші съездерін (1998), Орталық Азия республикалары кардиологтарының 2-конгресін өткізді (2002). ## Дереккөздер
Нәби Елікбаев (1944 жылы туған) – философия ғылымдарының докторы (2001), профессор (1993). * Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін(1965) бітірген соң орта мектепте мұғалім, аспирант (1965–1976); * КСРО ІІМ органдарында оқытушы, цикл бастығы, доцент (1976–1988); * Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1988–1993); * 1994 жылдан Қазақстан ІІМ Қарағанды заң институтында профессор болды. * 2000 жылы «Қазақтың ұлттық психологиясының қалыптасуы мен дамуының тарихи және әлеуметтік-мәдени негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * Елікбаев 90-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы. ## Шығармашылығы * Социализм және ұлттық психология (1978); * О национальной психологии казахской нации (1991); * Дөуір тынысы: қазақ Ұлтының психологиясы (2000). ## Дереккөздер
Мұрын - (адамда) тұлғаның бiр бөлiгi немесе (малдарда) бет, қатысушы тыныс, иiс сезу қаблетiнде, Құйрық олжасы және қарым-қатынас. - Адамда, жануарларда болатын иіс сезу мүшесіне тілімізде осындай ат берілген. «— Сен бармысың дегім келіп тұрдым да, қоя қойдым қарадым да мұрнына» (Ғ. Қайырбеков, Большевик.). «Мұрын» сөзінің алғашқы мағынасы мен тұңғыш тұлғасын түркі тілдерінің өзінен-ақ іздеп табамыз. Қырғыз тілінде «мурун» сөзінің екінші мағынасы — «бұрын» дегенді ұғындырса, тува тілінің дерегі айтқалы отырған ойымызды анықтай түседі. Туваларда «алда», «алдыңғы жақта» сияқты мағыналарды — мурнунда, мурнунга сөздері ұғындырады, ал бір заттың алдыңғы бөлігін түсіндіру үшін «мурну» тұлғасы қолданылады. Мұның езі «мұрын» өз атауын орналасқан орнына қарай меншіктенген деген жорамалға тірейді. Шын мәнісінде де, адам мен жануарлар денесінің алдыңғы жағында орналасқан мүше тек мұрын ғана, одан озық орналасқан басқа мүшені айта қою қиын. ## Мұрынның Құрылысы Сыртқы мұрын деп аталатын бесенеден белгiлi көрнектi мұрынның бiр бөлiгi жақсы түбiр, Арқалық, бас жақтан және қанаттар тұрады. Сыртқы мұрынның негiзiн мұрын ойын таcтарын құрайды - маңдай өсiндi шықшытты, қабырғада болу шемiршек және үлкен қанат тәрiздi кеңсiрiк, танаулар саңылаулардың Носоваларының қысуы және созу үшiн төмен қарай арналған жабулы бұлшық еттермен. Сыртқы мұрын бiр жағынан және сондай болып терiмен, сонымен қатар тұлға жабулы, орын бұның аз қозғалатын түкшенi май бездерiнiң молшылығы артынан жуан. ## Дереккөздер
Виктор Федорович Зайберт (30 қыркүйек 1947, Николаевка ауылы — 19 сәуір 2022, Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихымен байланысты бірқатар монографиялардың, мақалалар мен ғылыми жаңалықтардың авторы. Петропавл педогокикалық институтын (1969, қазіргі Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылыми академиясының корресподенттік мүшесі. 1969–76 жылы Солтүстік Қазақстан облысы аймақтық мұражайда археол. бөлімінің ғылыми қызметкері, меңгерушісі, 1976–77 жылы Петропавл педогокикалық институтында оқытушы, 1977–79 жылы КСРО ғылым академиясының археол. институтында (Мәскеу) аспирант, 1980 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, ғылыми жұмыстар және шет елдермен байланыс жөнінде проректоры қызметтерін атқарды. Зайберттің 90-ға жуық ғылыми мақаласы, 4 монографиясы жарық көрген. ## Дереккөздер
Зуғидуллин Рашит Зинатұлы (1950 жылы туған, Алматы облысы Жаркент қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1995). Алматы педогокикалық шет тілдер институтын (1971, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген. 1973–1976 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы) оқытушы, 1976–1978 жылы Мәскеудің мемлекеттік шет тілдері институтының жоғары педогокикалық курсының тыңдаушысы, 1978–1981 жылы аспиранты, 1982–1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1990–1993 жылы Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеттінің аспиранты, 1994–1995 жылы Қазақ мемлекеттік химиялық-технологиялық университеттінде кафедра меңгерушісі, 1995 жылдан профессор зауынің 40-тан аса ғылыми мақаласы жарық көрген. ## Дереккөздер
ЗАДОРОЖНЫЙ Георгий Кузьмич (4.5.1925 жылы туған, Қостанай облысы Қостанай ауданы Борисово-Романовка ауылы ) – тарих ғылыми докторы (1977), профессор (1980). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университетттің аспирантурасында (1963) оқыған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қостанай қаландағы №15 орта мектепте мұғалім, директор (1951), Рудный институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі (1963–78), Қостанай ауылы шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі (1978) қызметтерін атқарды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Имантау – Көкшетау қыратының орталық бөлігінде, Имантау көлінің оңтүстігіндегі дөңгелене келген оқшау тау. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы аумағында. Абсолюттік биіктігі 621 м. Ұзындығы 7 км, ені 5 км шамасында. ## Гологиялық құрылымы, жер бедері Жер қыртысы архей мен протерозойдың гнейс, кварцит, филлит және кристалды тақтатас жыныстарынан түзілген. Имантаудың көлге қараған беткейі тіктеу келген. ## Өсімдігі Тау беткейін түгелімен дерлік қарағай, қайың орманы басқан. Орман жапқан тау баулайларының табиғаты әсем. ## Дереккөздер
Геблер барылдауық қоңызы (Сarabus geblerі) - қаттықанаттылар отряды, барылдауық қоңыздар тұқымдасына жатады. Алтайдағы Жылантауда, Бұқтырма өзенінің аңғарында, Үлбі және Өскемен маңында кездеседі. Дене тұрқы ірі, 30 – 38 мм. Басы, арқасының алдыңғы бөлігінің түсі қара көк. Қанатының үстіңгі бөлігі жалпақ, сәл дөңестеніп келген, жасыл немесе қола түстес. Онда созылыңқы төмпешіктері бар жіңішке тізбектер айқын көрінеді. Геблер барылдауық қоңызының тіршілігі аз зерттелген, өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Закарин Асқар (15.12.1908, 9-аулында, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы – 18.1.1990, Алматы қаласы) – қоғам қайраткері, физика-математика ғылым кандидаты (1948), профессор (1970). Орынбордағы жұмысшылар факультетін (1931), Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1937). ҚазПИ-де ассистент, оқытушы (1937–41) болды. Екінші дүниежүзінде соғысқа қатысқан (1941–46). ҚазПИ-дің (1950–53), ҚазМУ-дың (1953–55 және 1961–70) ректоры, кафедра меңгерушісі (1970–84), Қазақ КСР-і Оқу министрі (1955–58), Қазақ КСР-і Мин-лер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі (1958–61), Қазақ КСР-і жоғары кеңесінің төрағасы (1963–67) қызметтерін атқарды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎; Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки; 870 – 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған. ## Оқу жолы Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. ## Шығармашылық жолы Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады. Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз. Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады. Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: * тіл білімі және оның тараулары; * логика және оның тараулары; * математика және оның тараулары; * физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; * азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). “Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт: * Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; * Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; * Сабақ процесінің алатын орны. Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді. Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. ## Әмбебап-музыкант Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың математика теориясын жасау жолында Әбу Наср Әл-Фараби математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы т.б. ## Әл-Фараби мен Абай Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес философиялық сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен Жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздерінде сол түпнұсқадағы қапыға немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас...» өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектерінде жатыр. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Фарабидің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың «толық адам» жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, өсімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалдыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы - көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған. Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады. ## Ғалым мұралары жету кезеңдері Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: * Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.); * Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.); * 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); * Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.). Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді. Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде. ## Әбу-Насыр әл-Фарабидің шәкірттері Фараби өз тұсында да, өзінен кейінде халық арасында кеңінен белгілі болған. Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған. * Әбу Әли Құсайын Ибн-Абдолла ибн-Сина (Авиценна) — медицина ғылымының атасы, Орта Азия атырабынан шыққан, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен ірі тұлға. * Омар Ибн-Ибрагим Әл-Хайям (1048-1130) — Фараби мен ибн-Синаның мұраларын игеріп ілгері дамытушы. Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик. * Ұлықбек Ибн Шахрух (1394-1447) — аса ірі мемлекет қайраткері, астроном, математик, ертедегі грек ғалымдары мен Орта Азияның көрнекті оқымыстыларының негізгі еңбектерін жетік білуші ғалым. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * А.Касымжанов. Абу-Наср аль-Фараби кітабы * Р.С.Каренов. Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі * Шығармалары Adebiportal.kz сайтында
Елшібек қорымы– қола дәуірінен сақталған зираттар. Қарағанды облысы Шет ауданы Киік темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км, Үшқызыл тауынан оңтүстікке қарай 2,5–3 км жерде орналасқан. 1957 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Қорымнан қола дәуірінің 120 қоршауы, ертедегі темір дәуірінің бір «мұртты» обасы және Түркі қағандығы кезеңінің үш қоршауы кездеседі. Қоршаудың біреуінің шығыс жағында тас мүсін бар. Қола дәуірінің қоршаулары, негізінен, төртбұрышты, шаршы және дөңгелек пішінді, қырынан көмілген гранит тастардан құралған. Олардың ішіне бір немесе бірнеше тас жәшіктер салынған. Кейбіреуінде жәшік сыртындағы қоршау жұмыр тастардан қаланған. Қорымнан қола дәуірінің төрт қоршауы және ерте темір ғасырының «мұртты» обасы қазылып зерттелді. Қоршаулар ішінен 9 тас жәшік қабір ашылып, ішіндегі мәйіттердің көбі ертеде ұрланғандығы белгілі болды. Мәйіттер сол қалпы немесе отқа өртеп қою салттарымен жерленген. Бұзылмаған және жартылай ұрланған қабірлерден геометриялық өрнектер салынған, пішімі қола дәуірінің әр кезеңіне тән 5 бүтін, 2 сынық қыш ыдыс, тас, қола моншақтар, жоғары басын тесіп, тұмар етіп таққан екі бақайшық, жыртқыш аңдардың тістері табылды. Осы заттарға қарап Елшібек қорымына адамдардың қола дәуірінің ерте кезеңінен бастап соңына дейін жерленгенін байқауға болады. Елшібек қорымы «мұртты» үш обадан (диаметрі 12 м) және таға бейнелі мұрттардан (ұзындығының сол жағы 40 м, оң жағы 34 м) тұрады. Зерттеу барысында үлкен оба астындағы ұзынша шұңқыр көр ішінен ұзындығы 180 см-ге жуық, басы солтүстік-батысқа қаратып жерленген ер адамның сүйегі, шығыс обадағы тастар астынан өрнегі жоқ сопақша қыш ыдыс, ал ең кіші батыс обадан баланың аяқ сүйектері табылды. «Мұртты» оба мерзімі жағынан б.з.б. V–III ғасырларға жатады. Елшібек қорымы – қола дәуірі және ерте темір ғасырлары кезінде Сарыарқаны мекендеген тайпалардың оңтүстік-шығыс шекарасындағы ең ірі зираттарының бірі. Ол осы кезеңдерде адамдардың тек шаруаға жайлы Нұра, Сарысу өзендерінің бойын ғана емес, біртіндеп Бетпақдалаға дейінгі жерлерді игергенінің айғағы. ## Дереккөздер
ЗАХАРОВ Вадим Павлович (21.5.1896, Ресей, Санкт-Петербург қаласы – 18.3.1983, Өзбекстан, Ташкент қаласы) – техникалық ғылыми докторы (1945), профессор (1950), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Мәскеу электртехникалық институтын бітірген (1923). Өзбекстанда инженер, оқытушылық және ғылыми-зерттеулік жұмыстарында (1926–44 және 1929–56) болды. Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеулік институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1944–62), ғылыми кеңесші (1962–78) қызметтерін атқарды. 1978 жылдан өмірінің соңына дейін Орта Азия ирригация ғылыми-зертеулік институтында (Ташкент) жұмыс істеді. З. кешенді су торабына арнап су шаруашылығы мен су энергетикасы салаларындағы жұмыстарды экономикалық тұрғыдан есептеу әдістерін ұсынды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда электрлендіру ісі және су энергетикасын дамыту жөнінде бағалы ұсыныстар жасады. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
ЗАРПҰЛЛАЕВ Шатыр Нысанұлы (1949 жылы туған, Түркістан облысы Сырдария ауылы ) – ауылы шаруашылығы ғылыми докторы (1991), профессор (1996). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1971, қазіргі Қазақ ұлттық агр. университетті) бітірген. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зертеулік институтының аспиранты (1971–74), кіші, аға, бас ғылыми қызметкері (1974–94), Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зертеулік институтында (1994–96) және 1996 жылдан Түркістан облысы ауылы шаруашылығы ғылыми-зертеулік институтында лаборатория меңгерушісі. зауытың 90-ға жуық ғылыми зерттеу мақаласы жарық көрген. ## Дереккөздер
Жанартау — төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім. Ол тереңдік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 кm³ жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі. Лаваның сыртқа шығып қату нәтижесінде пайда болады. ## Этимологиясы Жанартау, латынша лат. vulcanus – «от», «жалын» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. ## Жанартаулардың жіктелуі ### Атқылау каналдарының пішіні Атқылау каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды * орталық және * жарықтық деп бөледі. Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған және сөнген болуы мүмкін. ### Типтері Жанартаулық атқылаудың типі, магманың мөлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін анықтайды. Оның ең көп тараған типтері: * конус тәріздес жанартау (атқыламасында сынық материалдар басым кезінде), * күмбез тәріздес жанартау (тұтқыр лаваның сығымдалуы кезінде) және * көлбеу қалқан тәріздес жанартау (сұйық лава аққан кезде). ### Атқылау саны Атқылау санына байланысты: * Жанартаудың бір рет қана атқылауы кезінде пайда болған түзілімді моногендік жанартау, * бірнеше рет атқылаудан пайда болған түзілімді полигендік жанартау деп атайды. ### Орналасуы Орналасуына байланысты: * Су асты жанартауы: 3 – 4 км тереңдіктегі лавалық жарықтардан тыныш күйде шығып жатады, бірақ оларды тікелей бақылау мүмкін емес. * Жер үсті жанартаулары атпа өнімдерінен құралады, ол орталық кратері бар конус пішінді тау түрінде болады. ### Белсендігі Белсендігіне байланысты: * сөнбеген жанартаулар ( ең жоғары салыстырмалы биіктігі – мұхиттарда 9 км, аралдарда 6 км, таулы өңірлерде 3 км-ге жетеді. Жердегі сөнбеген жанартаулардың орташа биіктігі 1750 м, көлемі 85 кm³) * потенциалды сөнбеген, * шартты түрде сөнген және * сөнген болып жіктеледі. Сөнбеген жанартауға соңғы 3500 жылғы тарихи кезеңде атқылаған не ыстық газдар мен су шығарған жанартаулар жатады, олардың жалпы саны 947 (2008). Потенциалды сөнбеген жанартауға 3500 – 13500 ж. ішінде байқалған голоцен дәуірінің жанартаулары жатады, олардың саны 1343. Голоцен дәуірінде ешқандай әрекет көрсетпеген, бірақ өзінің сыртқы пішінін сақтап қалған жанартаулар шартты сөнген жанартауларға жатады. Эрозияға шалынған, жартылай үгіліп, бүлінген және кейінгі 100 мың жылдан астам уақытта ешқандай әрекет жасамаған жанартаулар сөнген жанартау деп аталады. ### Шығу жолдары Жанартау шығу жолдарына байланысты: * орталық және * жарықшақты болып бөлінеді. ### Шығу тереңдігі Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау: * мантиялық (30 – 70 км және одан да терең), * қыртыстық (5 – 45 км) және аралас болып бөлінеді. Бірінші жағдайда базальт жынысы, екінші жағдайда басым көпшілігі андезит, дацит, липарит тау жыныстары, үшіншісінде барлық жанартаулық тау жыныстары шығады. * * * * * * * ## Жанартау атқылауы Жанартаулардың атқылауы - Жер қабығындағы жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау жыныстары сынықтарының, күлдің және лаваның Жер қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға атылған шаңнан атмосфера қарауытады. Күн радиациясы бәсендейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан (күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан өте шалғай жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан стратосфера мен мезосферадағы бұлттар пайда болады. Жанартаулардың атқылауы ұзақ (бірнеше ондаған, жүздеген жыл) және қысқа (бірнеше сағат) мерзімді болады. Атқылау алдында жердің сілкінуі, дыбыс шығаруы, магнит өрісінің өзгеруі, т.б. құбылыстар байқалады. Жанартау атқылауы, әдетте газ бен суық лава кесектерін атқылаудан басталады. Кейде бұл атқылаулар лава (жанартау әсерінен Жер бетіне төгілетін отты-сұйық балқыма) ағуымен қатар жүреді. Қопарылыс күшіне байланысты күл мен лава кесектері ілескен ыстық газ бен бу 1 – 5 км және одан да үлкен (мысалы, 1956 ж. Камчаткадағы Безымянный жанартауының өнімдері 45 км биіктікке көтерілген) биіктікке көтеріледі. Атылған заттар айнала бірнеше км-ден мыңдаған км-ге дейін шашырайды. Жанартау атқылауынан шығатын жанартаулық өнімдер газ тәрізді (жанартаулық газдар), сұйық (лава) және қатты (жанартаулық тау жыныстары) болады. Атқылау сипатына және магманың құрамына қарай жанартау бетінде биіктігі мен пішіні әр түрлі геологиялық құрылымдар пайда болады. Жанартаудың сұйық заттары кремнезем мөлшеріне қарай қышқыл, орта және негізгі құрамды лавалардан тұрады. Жанартау орталық кратерден және беткейлеріндегі қосалқы кратерлерден атқылайды. Жанартаудың өте жоғары қысымдағы бір рет атқылауынан маар деп аталатын төңкерілген конус пішінді ойыс, ал аса күшті атқылау кезінде жанартау конусы мен оның маңайының опырылуынан диаметрі кейде ондаған км-ге жететін кальдера деп аталатын үлкен ойыстар пайда болады. Жанартау әрекетінің себептері жер қыртысындағы күшті тектоникалық қозғалыстармен, магманың массасымен, күшті қатпарлану процесстерімен байланысты. Жер қыртысындағы аса терең жарылыстар магманың жоғары көтерілуіне жол ашады, үздіксіз тектоникалық қозғалыстар оның жер бетіне шығуына мүмкіндік береді. Қазіргі әрекетті жанартаулар күшті тектоникалық қозғалыстар байқалатын ұзындығы жүздеген, мыңдаған километр жас тау жоталары мен аса ірі терең жарылымдар бойында және мұхит түбі мен доғалы аралдарда орналасқан. Жанартаулардың 2/3-сі Тынық мұхиттың жағалары мен аралдарында (Тынық мұхиттың жанартаулық белдеуінде), Жерорта теңізі маңы мен Атлант мұхиты аймағында кездеседі. Жанартау өте қатерлі табиғи құбылыс болғандықтан, оларды алдын-ала болжау үшін зерттеу және бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. ## Жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары Жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Атқылау сипатына байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Жанартаулық тау жыныстары қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып, күмбез пішінді болып қатаюынан пайда болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы пішіні қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал пішіні сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері – пирокластардан тұрады. Жанартаулық тау жыныстары Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған: олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады. Жанартаутекті шөгінді жыныстар – жанартаулық және шөгінді материалдардан тұратын тау жыныстары. Олар жанартаукесекті шөгінді жыныстар, тефроидтар және жанартаутерригенді жыныстар болып үшке бөлінеді. Жанартаутекті шөгінді жыныстарда яшма, фосфорит, боксит, темір, марганец, бораттың кендері кездеседі.Жанартаутекті шөгінді кендер – теңіздердің түбінде жанартаутекті шөгінді жыныстардың шөгуінен түзілген кендер. Мұндағы минералды заттар жанартаудың ыстық газы мен суынан бөлініп, жанартау лавасы мен күліне сіңеді. Кейін суынған лава мен күл теңіз суының әсерінен әр түрлі бөлшектерге ыдырай бастайды. Ал жанартау әрекеті қайталанып, жаңадан бөлінген газдар мен сұйық ерітінділер қайта әсер еткенде олар ериді, сілтісізденеді, тотығады, жаңа химиялық қосылыстар, минералдар түзіп, шөгеді және су массасымен бірге бір орыннан екінші орынға көшеді. Сөйтіп, жанартау атқылауымен жердің терең қабаттарынан келетін заттар ыдырап, жер беті суымен тасымалданады. Жанартаутекті шөгінді кендерге силикаттар мен карбонаттардан, оксидтер мен гидроксидтерден тұратын темір мен марганецтің аса қалың қабаттары, құрамында темір, мыс, мырыш, кейде қорғасын сульфиттері және барит пен гипс болатын колчедан кентастары жатады. Мұндай кендер барлық геологиялық жүйелерде кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендерге Орталық Қазақстанның темір-марганец, Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары жатады. Жанартау шынысы, обсидиан – жанартау лавасының жер бетінде тез суып, кристалданбай қатаюынан пайда болатын тау жынысы. Химиялық құрамына қарай ультранегізді, негізді, орта, қышқыл, сілтілі болып бөлінеді. Жанартау шынысы химиялық құрамына, суу ортасына байланысты ажыратылады. Құрамында кремний оксидінің (SіO2) мөлшері көп, өте тұтқыр, қышқыл риолит лава түрлерінің қатаюы кезінде обсидиан деп аталатын жанартау шынысы түзіледі. Ал сирегірек кездесетін SіO2-ге кедейлеу базальттық лавалар шыны түрінде қатып, мөлдір емес қара базальтты жанартау шынысы – тахилит түзеді. Лава сулы ортада қатқан жағдайда жанартау шынысының құрамында (мысалы, пехштейн, яғни шайыртас) су көптеу болады. Кеуекті жанартау шынысы пемза деген атпен белгілі. Перлит жанартау шынысының құрамында 3 – 5%-ға дейін байланысқан су болады, ол өнеркәсіпте қолданылады. Жанартау шынысы шыны өндірісінде және құрылыс материалы ретінде қолданылады. Кендері Солтүстік Қазақстанда (Торғай), Шығыс Қазақстанда (Семейтау, Тарбағатай, Зайсан), Алматы (Жоламан, Малайсары), Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында белгілі. ## Жанартау атқылаулары ### XXI ғасырда * 2013 ж. 13 желтоқсан — Безымянный жанартауы, Ресей * 2011 ж. 12 маусым — Набро жанартауы, Эритрея * 2011 ж. 5 маусым — Пуеуэ жанартауы, Чили * 2011 ж. 21 мамыр — Гримсвотн жанартауы, Исландия аралы * 2011 ж. 3 қаңтар — Этна жанартауы, Сицилия * 2010 ж. 26 қазан — Мерапи жанартауы, Индонезия, Ява * 2010 ж. 21 наурыз — Эйяфьядлайёкюдль мұздықты маңындағы жанартау, Исландия ### XX ғасыр * 2000 ж. желтоқсан, Мексика, Попокатепетль жанартауы * 2000 ж. 14 наурыз, Ресей, Камчатка, Безымянный жанартауы * 1997 ж. 30 маусым, Мексика, Попокатепетль жанартауы * 1991 ж. 10-15 маусым, Филиппины, Лусон, Пинатубо жанартауы * 1985 ж. 14-16 қараша, Колумбия, Невадо-дель-Руис жанартауы * 1982 ж. 29 наурыз, Мексика, Эль-Чичон жанартауы * 1980 ж. 18 мамыр, АҚШ, штат Вашингтон, Сент-Хеленс жанартауы * 1956 ж. 30 наурыз, КСРО, Камчатка жартыаралы, Безымянный жанартауы * 1951 ж. 21 қаңтар, Жаңа Гвинея, Ламингтон жанартауы * 1944 ж. маусым, Мексика, Парикутин жанартауы * 1944 ж. наурыз, Италия, Везувий жанартауы * 1931 ж. 13-28 желтоқсан, Индонезия, Ява, Мерапи жанартауы * 1911 ж. 30 қаңтар — Филиппины, Тааль жанартауы * 1902 ж., 24 қазан — Гватемала, Санта-Мария жанартауы * 1902 ж., 8 мамыр — Мартиника аралы, Монтань-Пеле жанартауы ## Ең ірі жанартаулар ## Сөнген жанартау Сөнген жанартау– көбіне қираған не шайылған, тарихи кезеңде белсенділігі білінбеген жанартау. Сөнген жанартауға кратері шайылып, Бүліне бастауы, беткейлерінде терең барранкостар пайда болуы мен құрылысының қирауы тән. Кейбір сөнген жанартау кейде қайта атқылайды. Мысалы,Камчаткадағы Безымянный жанартауы 1955 жыл әрекетін жандандырған. Әрекетті жанартаулар алаңында орналасқан сөнген жанартау ұйқыдағы жанартау деп аталады. ## Жерден тыс жанартаулар Жанартаулар тек қана жер шарында емес, басқа да ғаламшарларда және олардың серіктерінде болады. Күн жүйесінде биіктігінен екінші орыналатын Олимп тауы (21,2 км) жанартау болып табылады. Күн жүйесінде белсендігі жағынан Юпитердің ИО серігі бірінші орын алады. Жанартаудың атқылаған заттарының шлейфінің биіктігі 330 км және радиусы 700 км-ге (патера Тваштара) жетеді, лава ағындарының ұзындығы  330 км (Амирани және Масуби). ## Жанартаулар туралы таңғажайып деректер * Ең үлкен жанартау - Гавайядағы Мауна - Лоа, оның кратерінің ені 10 километр және терендігі 180 километр. Бұл жанартаудың 80 % - нан артығы мұхит астында жатыр. * Ең биік әрекеттегі жанартау - Оңтүстік Америкадағы Охос - дель- Саладо. Оның биіктігі - 6 887 метр. * Ең тынымсыз жанартау - Гавайядағы Килауэа, ол 1983 жылдың бастап үздіксіз аткылап жатыр. Оның көшкінінің ағындары 10 шаршы километрден артық аумақты жауып тастады. * Әлемде 800 - ден астам әрекеттегі жанартаулар бар. Олардың көпшілігі Индонезияда, 200 - ге жуық. * 1815 жылы Индонезияда Тамбора жанартауының атқылауынан 90 000 адам қаза тапты. ## Дереккөздер
Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Қарағанды қаласы). 1958 ж. құрылған. 1984 жылға дейін Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институты, 1984 жылдан Еңбек гигиенасы және физиология институты атымен аталды. Орталықтың негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты – Қазақстанның әр салалы кәсіпорындарындағы еңбек гигиенасы және кәсіби патологиялық аурулар мәселелерімен шұғылдану. Институтта 4 бөлім: ғылыми-ұйымдастыру; еңбек гигиенасы (еңбек физиологиясы және эргономика, өнеркәсіп гигиенасы, ой еңбегі физиологиясы мен гигиенасы, мұнай-газ өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы лабораториялары); медицина экологиясы (экологиялық гигиена және биохимия, өнеркәсіптік токсикология, цитохимия және цитоморфология, экологиялық гигиена молекулалық-биохимиялық, цитогенетикалық зерттеулер); кәсіби патология (кәсіби неврология, шаң-тозаң патологиясы, кәсіби аллергоздар, өндіріске байланысты аурулар лабораториялары). Өскемен, Ақтөбе мен Шымкент қалаларында 3 бөлімшесі бар. Еңбек жағдайында ғылымға негізделген шаралар жасап, көмір, тау-кен кентастары, металлургия, химия өнеркәсібіндегі кәсіби ауруларды азайту, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жүргізеді. Орталық Қазақстан жағдайында экологиялық және өндірістік ортаның бірлігі; көмір, тау-кен өнеркәсібі жұмысшыларында өндіріске байланысты патологияның проблемалары; жұмыс істеушілердің генетикалық аппараты мен репродуктивті денсаулығына бірқатар экоөндірістік факторлар әсерінің тұжырымдамалары жасалды. Ресей, Бельгия, Франция, Германия ғалымдарымен бірлескен зерттеулер жүргізіледі. Зерттеулердің нәтижелері халықаралық конференцияларда, съездерде, конгрестерде талқыланады. Орталықта 11 ғылыми доктор, 36 ғылыми кандидат еңбек етеді. Ұлттық орталықтың құрметті директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академик Ғ.Құлқыбаевқа бюст орнатылып, мемориал тақта қойылған. ## Сыртқы сілтемелер http://www.ncgtpz.kz/language/kz/main/index.php(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Әулие — ерекше діндарлығымен, дін жолына кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға. Әулие – халық арасына ерекше діндар-тақуалығымен, шипа дарытқан емшілігімен әйгілі болған, керемет қасиетке ие, қауымға рухани тәрбие жүргізуші тұлға. ## Сөз мағынасы Әулие – уәли деген араб сөзінің көпше түрі, қазақша қасиетті деген мағынаны береді. Бұл сөз Құран Кәрімде Алла мен пайғамбарға қатысты жебеуші, жарылқаушы деген мәнде кездеседі. Ал хадистерде жақын болу деген мағынада, яғни, Уәли Аллаһ – Аллаға жақын, дос, Алланың мейірі түскен деген ұғымда ұшырасады. Қазақ тілінде әнші-әнбие түрінде қосарланып та айтылады, мұндағы әнбие арабша – нәби, яки, пайғамбар деген сөздің көпше түрі . Дегенмен бұл қосарлы сөз ел танымында әулие деген мағынаны білдіреді. ## Діндерде ### Ислам дінінде Ислам дінінде Әулие ұғымы бірден орныққан. Мұхаммед пайғамбардың серіктерін, туыстарын, үрім-бұтақтарын, кейінгі діни қайраткерлерді Әулие тұту, оларды құрметтеу дәстүрі барлық мұсылман елдерінде бар. Кейде оларды жинақы түрде “әулие-әнбиелер” деп те атайды. ### Басқа діндерде Әулиелер туралы түсінік барлық діндерде кездеседі. Христиан дінінде “великомученик” (ұлы қасірет шегуші), “апостол” (пайғамбар), “мученик” (қасірет шегуші), “монах”, “блаженный” (дәруіш), т.б. ретінде кездеседі. Шіркеу күнтізбесінде оларды құрметтеу күндері көрсетілген. Шіркеу қасиетті Ә-лерге арнап ғибадатхана салады, діни мейрам тағайындайды, соған шоқынуды, сый тартуды уағыздайды. Христиан дінінде 3–4 ғасырларда патшалардың, князьдердің, епископтардың, патриархтардың, Рим папаларының есебінен Ә-лердің саны көбейді. Рим папасы Пий жылма-жыл орта есеппен 5 адамды “қасиетті”, 40 адамды “блаженный” деп жариялап отырды. ### Қазақ халқының дүниетанымында Қазақ халқының дүниетанымында Әулиеге табыну дәстүрі ежелден бар. Тәңірге сенген ежелгі түркілер Ұмай ананы, Қызыр атаны, ата-баба аруақтарын желеп-жебеуші санап, оларға үнемі сиынып отырған. Күнге, Айға, Отқа табыну, ел иесі Көкбөріні қасиет тұту, су иесі Сүлейменге жалбарыну, тіршілігінің негізі төрт түлік малдың иелері — Қамбар атадан, Шопан атадан, Ойсылқарадан, Зеңгі бабадан, Шекшек атадан жәрдем күту, т.б. ислам дініне дейінгі ежелгі нанымдар Қазақ халқының дүниетанымында күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы барысында тәңірлік дүниетанымның кейбір элементтері жаңа дүниетанымдық ұстанымдармен біте араласып, Әулие ұғымының мазмұны толыға түсті. Бұл бағытта, әсіресе, Қазақ даласына ислам дінінің сопылық ілім түрінде енуі үлкен әсер етті. Сопылар ұстанымындағы дәруіштік, пәктікке ұмтылу, зікір салу, т.б. қазақтардың ежелгі нанымдарына ұқсас еді. халық оларды Әулие санап, пір тұтты. Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстан баб, Баб ата, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата, Сопы Әзіз, Оқшы ата, т.б. Әулиелер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында мәңгілік сақталған. Қазақ халқы, сондай-ақ, ел қорғаған батырларды, ұлт бірлігін сақтаған билерді, ақыл-парасатымен тұтас аймаққа үлгі болған аналарды Әулиелер қатарына қосып, олардың аруақтарына табынып келеді.. ## Ұғым тарихы ### Ислам діні тарихында Әулие туралы ұғым ислам діні тарихының әртүрлі кезеңінде әр қилы мағынаға ие болып, дамып отырған. Сопылық (суфизм) ілімнің ілкі дәуірдегі (IX ғ.) өкілдерінің бірі - Зүнүн Мысыри (796-859 жж.) еңбегінде осы термин теософиялық мәнде қолданылады. Одан кейінгі кезендегі авторлар әулиені діни практикада кемелденіп толыққан тұлға, Алла туралы ілім-білімге қанық жан ретінде түсіндіріп, оған Жаратушы туралы құпия сырды білуші, Алланың дидарын көрген деген сипаттарды береді. Әсіресе Хаким Термези: «Пайғамбар тек Аллаға ғана емес, әулиенің демеуіне де иек артады, себебі әулие пайғамбардан төмен болғанымен, оның сайрап тұрған қызыл тілі ұдайы Алла тағаланы еске түсіруге қызмет етеді, ал лүпілдеген жүрегі Алланың нұрымен нұрланған» - деп жазады. X ғ. -да суфизмде әулие иерархиясы жүйелі тізім тапты: олардың саны 356, кейде 500 деп айтылады, ал рухани көшбасшысы кутб (жарылқаушы) аталды. Бұл құрылымда сопылық пен шейттік арналар тоғысып кеткен. XII-XIV ғасырда сопылық бауырластық күшейгенде, әулиенің қоғамдағы орны мен мән-маңызы, атқаратын қызметі, міндеті еселеніп арта түсті. Зерттеушілер сопылық пен әулие ұғымының қанаттас дамығанын және бұл құбылыстың (суфизм) XIII ғ.-да ислам дүниетанымында шенуші мәнге ие болып, зор ықпал жасағанын айтады . ### Қазақ халқы тарихында Осындай тарихи-әлеуметтік нақтылы себептерге байланысты қазақ арасында да әулие туралы түсінік ислам дінімен жапсарлас жайылып, киелі сипатқа ие болып, әулиелік туралы аңыз-әпсаналар молынан таралып, бір сөзбен айтқанда, әулие культі ел санасында берік орныққан деуге болады. Ғылымда анықталғандай, әулие культі әсіресе ресми діннің орталығынан шеткерілеу аймақтарда тұрғылықты халықтың байырғы наным-сенімдерімен, салт-дәстүрімен, ырым-жораларымен тығыз сабақтастықта қалыптасатыны - анық жайт. Демек, әулие культінің орнығуына жергілікті халықтың табиғат нысандарына табыну жорасы (Мысалы: көрікті тау-тас, сырлы үңгір, шипалы көл-бүлақ т.б.), шаманистік мифологиясы, аруақтарды ұлықтау рәсімдері өзгеше лепте үндесіп, айырғысыз тұтастықта ұштасып, әбден кірігіп кететіні байқалады. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтық исламның сомдаған тол түсінігі болып табылады, осы ілімге сүйенген ел әулиені таңғажайып керемет иесі (карама), береке-ырыздықтың бастау көзі, тілекті қабыл етіп жарылқаушы, әртүрлі кәсіптің жебеуші иелері, қамқоршысы бейнесінде таниды. Көзі тірісінде елді ру-хани тура жолға бастаған әулиелердің қайтыс болғаннан кейін де қадір-қасиеті тағы да арта түседі. Осыған орай олардың қабіріне кесене тұрғызылып, ол қасиетті дүрбе мұсылмандардың тұрақты зиярат ететін киелі мекеніне айналады. Мәселен, Қазақстандағы Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстанбаб, Ысқақ баб, Шайқы Ибраһим, Иасауи, Әулие ата, Қоңыр әулие, Бекет ата т.б. әулиелердің сағаналарына халық әлі күнге дейін тәу етеді. Қазақ арасында ислам дінін таратып, осы жолда өмірін сарп етіп, жанын қиған Арыстанбап, Қожа Ахмет Ясауи, Масат ата, Укаша ата секілді арғы тегі хазірет пайғамбардан таралған әулиелер ерекше ілтипатқа ие. Олардың тұқым-жұрағаттарын халық қожа деген әлеуметтік-статустық тапқа жатқызып, ақсүйек деп ардақтады. Сонымен бірге дінді тарату жолына күш салып, бұқараны имандылыққа үндеген жергілікті халықтан шыққан Әулие ата (Сатық Бұғра Қара хан), Баһауиддин Нақышбанд, Бекет ата, Науан хазірет, Марал ишан, Қалжан ахун, Мәшһүр Жүсіп Көпей, Шәкәрім секілді тұлғалар да әулиелік жолды жалғастырушылар болып есептеледі. ## Ұғым қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында Қазақтың әпсана-мифтерінде әулие кереметті көрсетуші, тылсым сырды шешуші, жоқтан барды жасаушы, батырларды жебеуші nip, дін жолында құрбан болушы тұлға ретінде дәріптеледі. Оның мұндай қызметтері, әлбетте, өңірдегі табиғат нысандарымен тікелей байланыста болып келеді. Мәселен, қазақ мифтерінде төмендегідей мотивтер тұрақты кездеседі. Елге белгілі әулиелер (Масат ата, Үкаша ата, Түлкібас, Азанұр әулие, Шілтер әулие т.б.) намаз оқып тұрғанда, андып жүрген аяр жаулары оған аяқ астынан қастандық жасайды да, олар қаза тапқаннан кейін марқұмның денесінен (қанынан, ізінен, түкірігінен) жергілікті жағырапиялық нысандардың түр-түсі, кескін- келбеті пайда болып қалыптасады. Ал атса оқ өтпейтін қасиетті әулиенің осал тұсын дұшпанға айтып берген опасыз келіні (кейде тоқалы) қарғыстан меңіреу тасқа айналады. Ондай өлкелер Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Сыр бойында көптеп кездеседі. Мысалы, Укаша әулиенің қаза тапқанда домалаған басы еніп кеткен таудың қуысында киелі құдық пайда болса, Көзата қабірінің қасынан жанарды емдейтін бұлақ ағып шығады. Түлкібас әулие түкіріп қалғанда, он екі қарсыласы езіліп кетеді, сол жерде он екі шипалы бұлақ пайда болған деген аңыз бар.Бұл мифтерде халықтың ислам дініне дейінгі табынып келген табиғат нысандары туралы ежелден бері айтылып жүрген әпсана-хикаялары енді әулиенің қасиетті өмірбаянымен етене ұштасып, басқа сипатта жаңғырып, киелі өзен-су, тау-тас жаңа діннің күшті насихат құралына лайықталғаны және де соның арқасында осындай көрікті мекендер мұсылмандардың діни жоралғы өтеп, жиі-жиі зиярат ететін орнына айналғаны байқалады.Әулиенің ерекше кереметтерінің бірі - перзентсіз ата-анаға ұрпақ сыйлайтын қасиеті екендігі қазақ мифтерінде, ертегілерінде, эпостарында тұрақты дәріптеледі. Әсіресе әулиенің шапағатына қатысты пайда болған қасиетті нысандар мифте өте-мөте иланымды суреттеліп, тіпті сол олкелер ел жадында бұлтартпас деректермен куәландырылып, бүгінгі ұрпақтың да бағзы заманғы ғажайыпты көруіне бағыт-бағдар нұсқалып, соның нәтижесінде даламыздағы нақты бір өңір өткен мен бүгінгі күнді түйістіретін қуатқа ие, қазір де мұқтаж жандар тәуап ете барып, ғұрыптық жора орындайтын нүктеге айналған деуге әбден болады.Қазақ эпосында, әсіресе хандар туралы тарихи жырларда оларды жебеуші пірдің бірі - Нақышбанд Бахауидин (Бәуеддин) әулие. Мәселен, Шәді төре жырлаған Абылайдың тарихы деген жырда Абылайдың пірі - Жалаңаяқ Әздүр диуана ханға Бахауиддин әулиенің тілек сәуесін жеткізеді, сондай-ақ, ол Абылайды өмірге келгеннен бастап қолдап-қоршап жүрген қамқоршы бейнеде суреттеледі. Халық әулиені басқыншы жауларға қарсы күресуші қаһарман ретінде де бағалайды. Мұның тарихи негізі де бар. Мәселен, крестшілерге қарсы шазилия, қалмақтарға қарсы нақишбандиа, орыс отаршылдығына қарсы иасауиа мен нақишбандиа тариқаттары соғыс жүргізгені туралы мәлімет бар. Әулиенің ел жадында сақталған тағы бір игілікті ісі шөлден су шығара білетін қасиеті. Айталық, Оңтүстік Қазақстанның Ташкентке жақын Турбат елді мекенінде Хазірет Ысмайыл Ата диқаншылардың тілегі бойынша аса таяғымен жерді түртіп, «шар бұлақ» ағызып берген деседі. Ескі дәстүр қайта жаңғырған, әулиеге табыну, қасиетті жерлерге зиярат етіп сыйыну рәсімдері қазіргі кезде қоғамда көрініс тауып отыр. Мұндай шаралар емшілік-саяхаттық, өлкетанушылық бағытта да әртүрлі қауымдар мен діни ұйымдар тарапынан ұйымдастырылып, рухани қажеттілікке айналды. Қазақта әулиеге қатысты мынандай ырымдарды кездестіруге болады. Мәселен, пұшпағы қанамаған бедеу әйел жуынып-шайынып тазаланып алған соң, әулие адамдардың қабіріне барып тәу етіп жалбарынса, сүйегі жазылып, бала көтереді деп ырымдайды. ## Ұғымның басқа мағынасы Әулие - адам мен малға бірдей келетін қатерлі індет, шешектің эвфемистік атауы. Мұндай қатерлі індеттің қазақы ортада кұл, қонақ, мейман деген атаулары да кездеседі. Кез келген этнолингвистикалық табу белгілі бір этномэдени себептермен байланысты қалыптасатын жалпы этнографиялық табудың құрамдас болігі болып табылады. Өйткені кез келген тыйымның сыртында сол тыйымға итермелейтін немесе түрткі болатын белгілі бір этнографиялық немесе этномэдени ұғым тұратыны сияқты, сан қилы себептермен қолдануға әлеуметтік орта тыйым салған сөздердің сыртында да дәл сондай этнографиялық немесе этномәдени ұғымдар, сондай-ақ, тыйым салуға итермелейтін қоғамда қалыптасқан наным-сенімдер, діни мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ырымдар және қоғамның тіл мәдениетінің даму деңгейімен байланысты қалыптасатын этикалық қағидалар жатқызылады . ## Дереккөздер
Мұхтар Омарханұлы Әуезов (28 қыркүйек 1897, Шыңғыстау, Семей облысы, Ресей империясы – 27 маусым 1961, Мәскеу, КСРО) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі (1946), филология ғылымдарының докторы мен профессоры (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). ## Өмірбаяны Мұхтар Әуезов 1897 жылғы 28 қыркүйекте, Семей өңірінде, қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде дүниеге келген. Шыққан руы — Қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортаазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай ауылымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 4 жасынан бастап әжесі Мұхтарға Абай өлеңдерін жаттатады. 1903 жылы алты жасар Мұхтар Абай ауылына барып, ақынмен кездеседі. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы училищені аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылғы маусымда Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси революция Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылғы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылғы 5–13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылғы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылғы қарашада Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3–4 сандарында жарияланды. 1922 жылғы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі, әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылғы маусымда Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924–1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылғы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылғы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды, әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді. Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылғы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылғы сәуірде үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылғы қыркүйектен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді. 1951–1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылғы сәуірде Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады. 1955 жылы шет елге сапар шегіп, Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955–1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады. Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі — ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылғы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай 1997 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде аталды. ## Отбасы * Әйелдері — Райхан, Кәмила, Валентина Николаевна Кузьмина, Фатима Ғабитова * Қыздары — Мұғамиля, Ләйла * Балалары — Шоқан, Ернар, Мұрат Әуезов. ### Шығармашылығы ### «Абай жолы» роман-эпопеясы «Абай жолы» (тетралогия) — Мұхтар Әуезовтың Абай Құнанбайұлына арналған роман-эпопеясы. «Абай жолы» — қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері бар. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. Драмалық шығармалары Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары — Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері — Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік-Кебек» алып келді. Шығарма өзегі — эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстүрлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» атты туындысы 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйледі. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы — көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі — «Түнгі сарын». Бұл — қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» — қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған. 1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене» трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері суреттеліп, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 1930 жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ. Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж. Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін қайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 1930 жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе, драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 1930 жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді. Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған — Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаев ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол — «Дос — Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету — Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов — қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді. ## Шығармалары ### Проза * Абай жолы (Роман–эпопея) * Өскен өркен (Аяқталмаған роман) * Қараш-қараш оқиғасы (Повесть) * Қилы заман (Повесть) * Барымта (Әңгіме) * Бүркітші (Әңгіме) * Ескілік көлеңкесінде (Әңгіме) * Жетім (Әңгіме) * Жуандық (Әңгіме) * Қаралы сұлу (Әңгіме) * Қорғансыздың күні (Әңгіме) * Қыр әңгімелері (Әңгіме) * Қысқы түн (Әңгіме) * Көксерек (Әңгіме) * Кім кінәлі (Әңгіме) * Кінәмшіл бойжеткен (Әңгіме) * Оқыған азамат (Әңгіме) * Сөніп жану (Әңгіме) * Түнгі ауыл (Әңгіме) * Үйлену (Әңгіме) * Асыл нәсілдер (Әңгіме) * Татьянаның қырдағы әні (Әңгіме) * Хасеннің құбылыстары (Әңгіме) Кино * Райхан (фильм) – 1940 * Абай әндері (фильм) – 1945 * Шыңдағы шынар (фильм) – 1966 * Қараш-Қараш (фильм) – 1969 * Көксерек (фильм) – 1973 * Қаралы сұлу (фильм) – 1982 * Абай (фильм) – 1995 * Трагедия триумфатора (фильм) – 2009 Театр * Абай (Трагедия) * Айман (Либретто) * Айман-Шолпан (Трагедия) * Ақан-Зайра (Пьеса) * Бәйбіше, тоқал (Драма) * Еңлік Кебек (Трагедия) * Дос-Бедел Дос (Пьеса) * Қара қыпшақ Қобланды (Пьеса) * Қарагөз (Трагедия) * Намыс гвардиясы (Пьеса) * Октябрь үшін (Пьеса) * Тартыс (Пьеса) * Түнгі сарын (Пьеса) * Тас түлек (Пьеса) Аудармалары * Асауға тұсау (У. Шекспирден) * Отелло (У. Шекспирден) * Дворян ұясы (И. Тургеневтен) * Ревизор (Н. Гогольден) * Любовь Яровая (К. Треневтен) * Будда (Л. Толстойдан) * Той тарқар (Л. Толстойдан) * Ақ қасқа (Д. Лондоннан) ## Шығармалар жинағы * Алты томдық таңдамалы шығармалары. Алматы, 1955–1957. * Он екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, Жазушы баспасы, 1967–1969. * Собрание сочинений в 5 томах. Москва, Художественная литература, 1973–1975. * Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, Жазушы, 1979–1985. * Елу томдық толық шығармалар жинағы. Алматы, Ғылым, Жібек жолы баспалары, 1997–2011. ## Мұхтар Әуезов атында ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Мұхтар Әуезов «Әдебиет порталы» сайтында * Жазушы туралы қызықты деректер * Мир Мухтара Ауэзова
Алмабек Қамзаұлы Ералиев (8 маусым 1940 жылы туған, Алматы қаласы) – экономика ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996). ҚазМУ-ды (1962, қазіргі ҚазҰУ) және Мәскеу инженерлік-экономикалық институтының аспирантурасын (1970) бітірген. Алматы ауыр машина жасау зауытында (1962–64), Мемлекеттік жобалау институтының химия машиналары ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1964–67), Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1970–92), Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алматы энергетиктер біліктілігін арттыру институтында кафедра меңгерушісі, проректор (1992–97) болды; ал 1997 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде кафедра меңгерушісі. 1993 ж. «Социально-экономическое развитие промышленности крупного города в условиях перехода к рынку» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ералиев 90-нан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның («Развитие и размещение промышленности в малых и средних городах Казахстана», 1988; «Управление социально-экономическим развитием промышленности крупного города в условиях перехода к рынку», 1994) авторы. ## Дереккөздер
Қожакендір (лат. Dipsacus) – ұшқаттар немесе қожакендірлер тұқымдасына жататын екі, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тобыл, Есіл, Ертіс бойы мен Ақтөбе, Торғай, Балқаш – Алакөл, Тарбағатай, тағыда басқа жерлердегі бұта арасында, тау етегіне таяу белдеулерде, тастақты беткейлерде, тау өзендерінің аңғарларында кең тараған. 4 түрі бар, оның 1 түрі (D. satіvus) Оңтүстік Қазақстанда арнайы өсіріледі. Биіктіі 0,5 – 2 метр. Сабағы тік, тікенекті, екі айырланып бұтақтанған. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді тілімделген, өркенге қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шоғырланып орналасады. Сыртқы тостағанша жапырақшасы (жамылғысы) 8 қырлы, ішкісі – 4 қырлы. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жаңғақ. Құрамындағы алкалоидтер дәрі алу үшін пайдаланады. Қожакендір барқыт, драп, тағыда басқа кездемелердің түгін шығару үшін тоқыма өнеркәсібіне қолданады. ## Дереккөздер
Ыбырай Жақаев ауылы (1997 жылға дейін — Қызылту) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Иіркөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі ауылынан батысқа қарай 5 км жерде, Сырдарияның оң саласы - Шиелі өзенінің жағалауындағы жусан, сораң, ши өскен құмдақты шалғынды сортаң топырақты шөлді белдемде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1978 адам (993 ер адам және 985 әйел адам) болса, 2009 жылы 2069 адамды (1028 ер адам және 1041 әйел адам) құрады. ## Тарихы Ауыл 1928 жылдан “Қызылту” деп аталды, ал 1997 жылдан екі мәрте Социалистік еңбек ері - Ы. Жақаевтың есімімен аталады. Іргесі 1928 жылы “Қызылту” күріш өсіру ұжымшары ретінде қаланды. Ұжымшар негізінде ауылда және округке қарасты Байсын, Жансейіт ауылдарында 1 жауапкершілігі шектелген серіктестік, 38 шаруа қожалықтары құрылған. Ауылдарда 1 орта, 1 орталау және 1 бастауыш мектеп, мәдениет үйі (1), клуб (2), фельдшерлік-акушерлік (2) және фельдшерлік пункттер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Физиология және еңбек гигиенасы институты. 1958 жылы Қарағанды қ-нда Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институты ашылды. 1984 жылы бұл институт Қазақстан ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесінің құрамына енді. Институтта 9 лабораторияны біріктіретін 3 бөлім бар. Олар: еңбек гигиенасы, экология, гигиена және кәсіби патология бөлімдері. Ғылыми-зертеу жұмыстарының негізгі бағыттары: өнеркәсіптік экология, антропогендік патология, өндірістік және қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына организмнің бейімделуі. Институт қызмет атқарған жылдар ішінде 30-дан астам доктор және 100-ден астам кандидат дисс-лар дайындалып, 107 әдістемелік ұсыныстар, 30-дан астам монография, ғылыми еңбектердің 33 жинағы, кәсіби патология бойынша нұсқаулар шығарылып, 34 патент пен авторлық куәлік алынды. 1932 жылы қараша айында Алматы қаласындағы 1-балалар консультациясының базасы негізінде 13 дәрігері бар штатпен Ана мен баланы қорғау институты болып құрылған. 1972 жылы Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің Қаулысымен институт атауы Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-лігінің Педиатрия ғылыми-зерттеу институты, ал 1994 жылдан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы болып өзгертілді. Қазіргі уақытта ұзақ мерзімді зерттеу бағдарламаларының жаңа міндеттеріне байланысты институт құрамында патенттану мен ғылыми-медициналық ақпарат тобы бар ғылыми-ұйымдастыру орталық, республика онкогематология орталығы, шала және жаңа туған нәрестелерге арналған бөлім, гастроэнтерология бөлімі, жүрек-қан тамырлары патологиясы бөлімі, нефро-урология бөлімі, балалар хирургиясы, кеңірдек-өкпе аурулары мен жұқпалы ішек аурулары, функционалды диагностика бөлімі, клиник.-диагностика лабораториясы, консультативтік диагностика бөлімі жұмыс істейді. Ғыл. орт. ірі ғыл. мекемелердің бірі болып табылады. Онда 400 қызметкер жұмыс істеді, олардың 65-і ғылыми қызметкер, соның ішінде 10 медицина ғылыми кандидат, 25 медицина ғылыми кандидат бар. Ортлықтың типтік корпустарда орналасқан 210 орындық клиникасы бар. Ғылыми ортаны республика балаларына арнайы білікті көмек көрсетеді. Ол – республика дәрігерлерінің, медбикелерінің біліктілігін арттыру, медицина университет, медицина колледждердің студенттерін оқыту базасы. Орталықта аспиранттар, ординатор-дәрігерлер тәжірибеден өтеді. 1993 жылдан бері 33 адам аспирантураны бітірді. 1990 жылдан бері клиник. ординатураны 60 адам тәмам-дады. Клиникада жыл сайын республиканың түкпір-түкпірінен әр түрлі диагностика мен емделуі өте қиын аурумен ауыратын 3 мыңға жуық бала емдеуден өтеді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми ортада республика бюджеттен қаржыландырылатын «Қазақстан Республикасы балалар денсаулығын қорғаудың ғылыми негіздері» атты ғылыми-техника бағдарламаны жүзеге асыруда. Бағдарламаның мақсаты: эпиопатогенезді, ауру белгілері ерекшеліктерін, соматикалық және хирургиялық патология кезіндегі органдардың морфофункционалдық күйін зерттеу негізінде балалардың ауруы мен өлімі деңгейін төмендету, созылмалы ауруға айналудың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің негізгі ауруларын анықтау мен емдеу тиімділігін арттыру. Институт базасында 14.00.09 – педиатрия, 14.00.35 – балалар хирургиясы мамандықтары бойынша доктор (канд.) дисс. қорғау кеңесі жұмыс істейді. 1994 жылдан бері 82 ізденуші канд., 12 ғалым доктор дисс. қорғады. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми ортаның қызметкерлерінің соңғы жылдары ғана 1026, соның ішінде шет елдерде – 252 ғыл. еңбегі жарық көрді; 72 өнертабыс патенттері алынып, 45 әдістемелік нұсқау баспадан шығарылды.
Қожакендір тұқымдасы (Dіpsacaceae) – екі, көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Негізінен, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс Азия жерлерінде кездесетін 10 туысқа бірігетін 300-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 5 туыс, 15 түрі өседі. Биікт. 2,5 метрдей. Сабағы тік, ұшына жақын жерінен бұтақтанған, сабақсыз түрлері де кездеседі. Жапырақтары жай, түкті, өркенге қарама-қарсы орналасады. Күлтесі 4 – 5-тен біріккен ақ, қызғылт, көк, қоңыр-қызыл, сиякөк, сары түсті, иіссіз болады. Аталықтары 4, кей түрінде 2, жіпшелері өте жіңішке келеді. Аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, жатыны бір ұялы, бір ғана тұқым бүршігі болады. Гүлдері жәндіктер арқылы айқас тозаңданады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – жаңғақ. Тұқымында 30%-дай май бар. Гүлдері әдемі болғандықтан, саябақтарда сәндік үшін де өсіріледі. ## Дереккөздер
Қожакөл – Нұра алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жерінде орналасқан. Теңіз кентінен солтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде. ## Гидрографикасы Ауданы 60 км2, ұзыңдығы 16 км, ені 6-7 км-ге жетеді. Жағалауы көбіне жайпақ, шығысы ғана тік, жарлауытты (2 – 3 метр). Тереңдігі 2-3 м жетеді. Суы ащы. Көл төңірегі егіндік, біраз бөлігі жайылым үшін пайдаланылады. ## Дереккөздер
Лаура Есенгелдіқызы Әбділдина(10.5.1937 жыл, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталовка аулы) – экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1985). ## Өмірбаяны * Ленинград (1960, қазіргі Санкт-Петербург) ауыл шаруашылық институтын және Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. * Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы ауыл шаруашылық инспекциясында аға агрономы * Мұғалімдер білімін жетілдіру институтында әдіскер-агроном (1960–1962) * Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында ассистент (1966–1969) * Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылық министрлігінде бас маман (1969–1973) қызметтерін атқарды. * 1983-1987 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) кафедра меңгерушісі. * 1987-1990 жылдары Мәскеу жерге орналастыру инженерлерінің институтында кафедра меңгерушісі * 1990 жылдан Қазақ ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ауыл шаруашылығы экономикасы кафедрасының профессоры. ## Еңбектері Оның ғылыми еңбектері жер ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашалын химияландыру мәселесіне: * «Эффективность удобрений: экономика, логанизация и опыт применения», 1984; * «Экономика сельского хозяйства», 1996, арналған. ## Дереккөздер
Әбділдин Серікболсын (1937 жылғы 25 қараша - 2019 жылғы 31 желтоқсан) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. (1986). 1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы. Шыққан руы Бура Саржомарт Найман. ## Өмірбаяны * Туған жері Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылы. * 1988 - экономика ғылымдарының докторы болды * 1996 - профессор атағын иеленді * 1960 - Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірді * 1960–1963 жылы - агроном болып жұмыс істеді * 1963–1966 - аспирант, аға ғылыми қызметкер * 1967–1982 - Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары * 1985–1986 - Республикалық аграрлық жоғары мектебінің ректоры. Қазақ КСР-і Мемлекеттік аграрлық комитеті төрағасының орынбасары * 1986–1987 - Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылығы министрі * 1987–1995 жылы - Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілі, Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. * 1995 жылдан - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады. Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы. ## Шығармалары: * Резервы сельскохозяйственного производства Казахстана, А., 1982; * Комплексное освоение кормовых угодий, А., 1986. ## Дереккөздер
Ілия Жақанов (6 мамыр 1936 жыл, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылы) — жазушы, композитор, өнер зерттеуші. Композитор, жазушы, публицист, музыка танушы,Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1936 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С. М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. I. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол "Алматы кешінде", "Асылым", "Жайлаукөл кештері" және т. б. әндердің авторы "Екі жирен", "Бірінші концерт" әңгімелер жинағының, "Аққулар қонған айдын көл", "Ықылас" романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы. ## Өмірбаяны * Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген (1959). * 1959-1963 жылдары “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, * 1963-1984 жылдары Қазақстан теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, аға редактор, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарған. ## Кітаптары 1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 74 бет * “Қайта оралған ән” (1968), * “Хош бол, вальс” (1969) кітаптары. * Қазақтың ұлы күйшісі, қобызшы Ықылас туралы романы “Кертологоо” (1989) деген атпен алғаш қырғыз тілінде, кейін қазақ тілінде “Ықылас” (1990) деген атпен жарық көрді. Қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде: * “Екі жирен” (1976), * “Бірінші концерт” (1971), * “Махаббат вальсі” (1983), * “Аққулар қонған айдын көл” (1988) атты деректі жинақтары, сондай-ақ, * “Қарабура” (1997) тарихи-танымдық шығармасы жарық көрген. ## Әндері Жақанов: * “Әселім әнім”, * “Даниярдың әні”, * “Еділ мен Жайық”, т.б. халық арасында кең таралған әндердің авторы. ## Аудармалары * Қырғыз жазушысы Т.Қасымбековтің “Сынған қылыш” тарихи дилогиясын қазақ тіліне аударған (1981). ## Зерттеулері * “Біржан сал” * “Ақан сері” * “Үкілі Ыбырай” * “Естай әнші” * “Жаяу Мұса” * “Мәди” * “Майра” * “Балуан Шолақ”, т.б. сал-серілер ғұмырнамалар. Қазақстан композиторлары * М.Төлебаев * Латиф Хамиди * С.Мұхамеджанов * Қ.Мусин * Б.Байқадамовтардың шығармашыдық портреттерін сомдаған шығармалары ## Сценарийлері * “Шоқан және музыка” * “Жамбыл және музыка” * “Сәкен және музыка” атты деректі фильмдері бар. ## Жетістіктері * Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990), * Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1994), * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). * Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлық лауреаты (1997). * Қазақстанның Еңбек Ері (2022) ## Дереккөздер
Өмірхан Әбдіманұлы (3.3.1953 жылы туған, Жамбыл облысы, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылы) – филологикалық ғылыми докторы (2007). Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1982), ҚазҰУ-дың аспирантурасын (1991) бітірген. «Жезқазған туы» газетінде әдеби қызметкер (1983), ҚазҰУ-да оқытушы (1991–1993), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Әбдіманұлы қазақ әдебиеті тарихының «ақтаңдақтарын» ашуға елеулі үлес қосты. ## Шығармалары: * Ахмет Байтұрсынұлы, А., 2007; * Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея, А., 2007. ## Дереккөздер
Қожақанов Қасен Қожақанұлы [9.7.1944, Алматы облысы Балқаш ауданы Кәрітоған ауылы (қазіргі Жиделі ауылы) – 4.12.1996, Алматы] – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994). Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген (1969). 1969 – 71 жылы Алматы облысы Бақанас ауданында дәрігер, 1972 – 96 жылы Алматы медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) балалар хирургиясы кафедрасында қызмет атқарды. Негізгі ғылыми жұмыстары балалар өңешінің күйігін емдеуге арналған. Ол өңештің инфекциялық қабынуға ұшырау дәрежесін алғашқы күндерде-ақ анықтауға болатынын дәлелдеді. Өңештің күйген жері жазыла келе тарылып қалмауы үшін, өңеш қуысына кигізіп қоятын силикон резеңкесінен жасалған іші қуыс, қос арналы түтік ойлап тапты. Бір топ ғалымдармен бірге Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999) атанды. ## Дереккөздер
Мырзакелді Төрекелдіұлы Әбдірайымов (1948 жылы туған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы) – ауыл шаруашылықтың ғылыми докторы (1994). Мәскеу ауыл шаруашулық академиясын бітірген (1972). 1973–1976 жылы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында стажер-зерттеуші, аспирант, 1977–1994 жылы Қазақ мал шаруышылық технология ғылыми-зерттеуш институтында аға инженер технолог, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1994 жылдан Қазақстан Ұлттық Академиясында аграрный зерттеуш ортаның ғалым-хатшы, Ғылыми-ұйымдастырушылық ортаның төрағасы. Әбдірайымов 105 ғылыми еңбектің, 5 монографияның авторы. ## Шығармалар: * Совершенствование технологии производства молока в РК. Аналитический обзор, А., 1992. ## Дереккөздер
Оразбай Әбдіразақов (1945 жылы туған, Қарақалпақстан, Қоңырат ауданы) – медициналық ғылыми докторы (1989), профессор (1990). Самарқан медицина институтын бітірген (1968). 1968–1970 жылы Қоңырат аудынында хирург, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты (1972–1975), ассистент, доцент, профессор (1976–87), Қазақ мемлекетік дәрігерлер біліктілігін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Әбдіразақов 107 ғылыми-зертеулер еңбектің, 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым (13.5.1965 жыл, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы) – заң ғылымдарының докторы (2001), профессор, Қазақстан Республикасынын Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі және Қазақстан Заң академиясының академигі. ## Білімі * ҚазМУ-ды (1990, қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын (1992) бітірген. * «Тұран» унверситетін (1997) бітірген. * Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мемлекет пен құқық инстиутының докторантурасын (2001) бітірген. ## Қызмет жолы * Қазақстан Републикасының Мемлекеттік арбитражында заң кеңесшісі, экономикалық кеңесші және мемлекеттік арбитр болып қызмет еткен. * 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Жоғары арбитраж сотының судьясы. * 1995-2002 жылдары - Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы қызметтерін атқарған. * 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасың Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы. * 2006 жылы - Қазақстан Парламентінің Сенаты аппаратының басшысы. * 2006–2007 жылдары Ақмола технологиялық және бизнес университетінің ректоры * 2007 жылы Қазақстан Республиканың Жоғары соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы * 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы. * 2008 жылдан Еуразия ұлттық университетінің ректоры. ## Қоғамдық қызметі * 2001 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары соты Кеңесінің мүшесі. * 2001 жылы судьялардың III съезінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы болып сайланды. ## Ғылыми еңбектері * 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы. Олардың ішінде"ҚР жер процесіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері" (1998)"ҚР заңнамасы бойынша келтірілген экологиялық зиянның орнын толтыру" (2001)"ҚР жер процесі" (2001) және т.б. * "ҚР жер процесіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері" (1998) * "ҚР заңнамасы бойынша келтірілген экологиялық зиянның орнын толтыру" (2001) * "ҚР жер процесі" (2001) және т.б. Сондай-ақ жер, аграрлық және экологиялық заңнамалар проблемалары бойынша 20-дан астам оқу-практикалық және ғылыми-әдістемелік құралдардың авторы. * Жер құқығы мен азаматтық процесс, сот және шаруашылық құқығы бойынша 50-ден астам жарияланымдары бар. * ҚР жер кодексін әзірлеуге қатысты. ## Марапаттары * «Құрмет» ордені * "ҚР құрметті қазысы" * "Үш би" қазылық қауымдастығының "Құрмет белгісі" * "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" * "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Жақаевшылар — Ыбырай Жақаевтың жолын қуып, күріш егіншілігінің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру жолында елеулі табыстарға жеткен диқандар қозғалысы. 1964 жылы 5 наурызда Ы.Жақаев баспасөз бетінде “Жас ұрпаққа сәлем хат” жолдағаннан кейін, Жақаевшылар қозғалысы Сыр бойында кең етек алды. Алғашында 200-ден астам Жақаевшылар болса, 20 ғасырдың 80-жылдары олардың саны мыңнан асты. Олардың қатарында Социалистік Еңбек Ерлері А.Ахметов, А.Әбиев, С.Жұмабекова, Б. Мұстапаева, т.б. болды. Жақаевшылар үнемі бас қосып, күріш егісінің өнімділігін арттыру, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану жолындағы қол жеткен табыстарын ортаға салып, тәжірибе алмасты. Ы.Жақаевтың ізбасарлары ең жоғары нәтижелерге жете отырып, Сыр өңірінің жергілікті жағдайына бейімделген күріштің жаңа сорттарын өсірді, озық технологиялар қолданды. Жыл сайын өтетін жас күрішшілердің дәстүрлі слетінде “Ыбырай Жақаевтың еңбек аттестаты” тапсырылды. Шиелі ауданында республикалық Жақаевшылар мектебі жұмыс істеді. Онда Жақаевшыларға теориялық және практикалық сабақтар берілді. Жақаевшылар туралы “Жақаевшылар маршы”, “Жақаевшы жастар жыры”, т.б. әндер шығарылды. ## Дереккөздер
Азат Әбдірахманов (1949 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш аулы) – медицина ғылым докторы (1992), профессор (1996). Алматы мемлекеттік медицина институты (1973, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) мен аспирантурасын (1977) бітірген соң осы институтта деканның орынбасары (1977–1979), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінде басқарма бастығының орынбасары (1979–1980), ғылыми-зертеу мекемелерінде, «Арасан» өндірістік бірлестігінде (1985–1991) жауапты қызметтер атқарды. Бұдан кейін мамандандырылған аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталық пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрилігінің басқармасын және «Медстандарт» мекемесін (1991–1995) басқарды. Әбдірахмановтың 80-нен астам ғылыми еңбегі («Контроль качества и безопасности продуктов питания», 1997, т.б.) бар. ## Дереккөздер
Әбдіманап Әбдікәрімұлы Әбдіраманов(1940 жылы туған, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы) – техника ғылым докторы (1989), профессор (1990). Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылыми академиясының академигі (1990). Шымкент педагогикалік институтын бітірген (1964). 1964–1976 жылы Қазақ су шаруашылығының ғылыми-зертеу институтында, Жамбыл педагогикалық институтында аға оқытушы, 1976–1996 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. Әбдіраманов 121 ғылыми еңбектің, 9 монографияның авторы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Ағыбай Қоңырбайұлы, Ағыбай батыр (1802-1885) — қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. ## Қысқаша өмірбаяны Ағыбай батыр жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранғаайналдырған. Ағыбай батыр 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826–1849 жылы аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қазақ батыры Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген. ## Ағыбай батыр қазақ әдебиетінде Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19-шы ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» киссасы шықты. Ағыбай Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, Iлияс Есенберлиннің «Қаһар» романының бас кейіпкері. 1914 жылы Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған. 1992 жылы Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той етті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 жылы күрделі жөндеуден өтіп, басына құлпытас қойылды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ағыбай батыр Қоңырбайұлы Мұрағатталған 22 қарашаның 2012 жылы. * Ағыбай батыр
Марат Хайболлаұлы Жабасов– геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1962). ## Қысқаша өмірбаяны * 1951 жылы - Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университет) бітірген. * 1951–57 жылдары - КСРО «Гидрожобалау» институтында; * 1957–65 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында жұмыс істеді. * 1965–90 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында инженер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі болды. * 1991 жылдан - аға ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми еңбектері жер асты суларын зерттеуге арналған. Олардың аймақ бойынша таралу, қалыптасу заңдылықтарын негіздеп, жалпы қорын бағалады. Жер асты суларын халық шаруашылығының түрлі саласында пайдаланудың ұзақ мерзімдік болуын зерттеп, қазіргі масштабын анықтады. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980). ## Дереккөздер
Ахмет хан — (1533—1535) Сырдария маңында билік құрған. Ахмет хан — 16 ғасырдың 30-жылдарының 2-жартысында Қазақ хандығының батыс бөлігін билеген хан. Жәнібек ханның немересі, бірақ оның қай ұлынан екені белгісіз. 1535 жылы Ахмет хан 15 ұлымен бірге Ноғай мырзасы Сейдақ бидің қолында болған. Қадырғали Жалайри А. х. туралы: “Қазақияда Ахмад хан деп атайды. Ол дағы біраз уақыт хан болды. Шидақ бекпен болған ұрыста шаһит болды. Орақ мырза шаһит қылды”, — деп жазады. А.П.Чулошников Ахмет ханды 1538 жылы Тоғым ханнан кейін хан болған, ноғайлармен болған бір ұрыста Орақ мырзадан жеңіліп, өлтірілген деген пікір айтады. ## Дереккөздер
Жансая Рифильевна Жабина(29.7.1974 ж.т., Қарағанды қаласы) – саясаттану ғылымдарының докторы (2008). ҚазҰПУ-ды (1997) бітірген соң осы университетте аға оқытушы (1998–2006) болып жұмыс істеді. 2007 жылдан доцент. «Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің қауіпсіздік орнату процесіндегі халықаралық ұйымдардың саяси қызметі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ## Дереккөздер
Шолпан Рымбекқызы Әбділманова (1952 жылы туған, Қазақстан, Алматы қаласы) — экономика ғылымдарының докторы (2000), Еуразия Халықаралық академиясының академигі, Алматы халық шаруашылық институтын (1973, қазіргі Қазақ экономикалық университеті) бітірген. КСРО Құрылыс банкінің Алматы облысы кеңсесінде несие инспекторы, аға несие инспекторы (1974), 1975 жылдан Қазақ экономикалық университетінде стажер-зерттеуші, аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. Әбділманов Әлемдік банк институты өткізген «Орта Азиядағы экономикалық өсудің аймақтық стратегиясы» бағдарламасы бойынша ғылыми-зертеу конкурсының жеңімпазы (1999), Қазақстан Республикасынын білім және ғылыми министрілігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған (2003). ## Дереккөздер
Қожал полиметалл кен орны - Қарағанды облысындағы Жаңаарқа темір жол станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 километр жерде. 1952 жылы ашылып, 1960 жылға дейін барланған. ## Жатыс сипаты Қожал полиметалл кен орнында солтүстікке, солтүстік-шығысқа қарай еңкіш келген линза пішінді, кейбіреуінің ұзындығы 400 метрге жететін 15 кен денелері бар. ## Минералдары, құрамы Басты кентас минералдары – галенит, сфалерит, пирит. Құрамындағы қорғасын мен мырыш мөлшері 1%-дан аспайды, сондай-ақ кентас құрамында, алтын, күміс бар. ## Дереккөздер
Қожамжар — Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Қожамжар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы 1962 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған “Рассвет” сүт кеңшарының орталығы болды. 1997 жылы кеңшар негізінде мұнда АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Талғатбек Әбдірахманұлы Әбдіразақов – экономист ғалым, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қарағанды қаласының және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1920 жылы 23 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Благодат ауылындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Кішкентай Талғатбекте ерте жастан бастап ғылым мен оқуға деген құштарлық байқалды. Алматыдағы байланыс техникумының дайындық бөлімін бітіріп, екі жылдық педагогикалық курстарға түседі. Оқуды аяқтағаннан кейін жеті жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. 1939 жылы Әбдіразақов Кеңес Әскері қатарына шақырылады. Украинада қызмет еткен. Ұлы Отан соғысының басында Талғатбек Әбдірахманұлы нацистік Германияның алғашқы соққысын қабылдағандардың бірі болды. Жарақат алған. Емдеуден кейін майданға оралды. 1943 жылы 3-ші Белорус майданының әрекеттегі әскері құрамында болып, тағы да ауыр жараланды. Бұл жарақат оны соғыс қатарынан шығарды. Майданнан оралғаннан кейін сарбаз еңбек жолын бастайды - Майқайың орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Өз біліктілігін арттыруға деген ұмтылыс пен білімге деген құштарлық оны 1945 жылы Қарағанды қаласының мұғалімдер институтының тарих факультетіне алып келді. Оны табысты аяқтағаннан кейін 1947 жылы Қазақстан Компартиясының Қарағанды обкомына жұмысқа шақырылды, онда лектор, насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1950-1952 жылдары облыстық партия комитетінің жолдамасымен Мәскеудегі БКП(б) ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды. Қарағандыға оралғаннан кейін Қарағанды қалалық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болып тағайындалды. 1952-1954 жылдары Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның Отан алдындағы сіңірген еңбегі І дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордендеріне," Құрмет белгісіне"," Ерлігі үшін " медаліне және басқа да ерекшелік белгілеріне ие болды. 1957-1961 жылдары Талғатбек Әбдіразақов КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасында оқиды, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды. Жастардың тәлімгері болуға деген ұмтылысымен 1961 жылы Т.Ә. Әбдіразақов Қарағанды педагогикалық институтының Саяси экономия кафедрасының меңгерушісі болды, кейін бұл білім ошағындағы еңбек жолы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне айналған кезде де жалғасты. Кафедраны басқаруды жалғастыра отырып, Талғатбек Әбдірахманұлы Қарағанды мемлекеттік университетінің жаңа экономика-заң факультетінің алғашқы деканы болды. 1977 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғайды. Талғатбек Әбдірахманұлының өмірбаянында 1978-1986 жылдар ерекше орын алады, ол тоғыз жыл бойы ректор лауазымында КСРО Орталық одағының Қарағанды кооперативтік институтын басқарған кезі. Бұл жоғары оқу орны бір кездері Қазақстанның, Орта Азияның және Ресей Федерациясының іргелес облыстарының тұтыну кооперациясы жүйесінің жоғары білікті мамандарын даярлау үшін құрылған болатын. Талғатбек Әбдірахманұлының келуімен институтта ғылыми-зерттеу жұмысы және елдің орталық қалалары мен Кеңес Одағының ірі ғылыми орталықтарының аспирантурасында ұлттық кадрларды даярлау жанданды. Мәскеу, Ленинград, Новосибирск, Свердловск, Қазақстан Ғылым Академиясының ірі ғалымдарының қатысуымен тұтыну кооперациясы жүйесін дамытудың экономикалық проблемалары бойынша бірнеше Бүкілодақтық ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. Осы жылдары Қарағанды кооперативтік институты тұтыну кооперациясы жүйесінің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. 1987 жылы Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-ге оралады. Экономикалық теория кафедрасының профессоры болып 2005 жылға дейін сонда жұмыс істеді. Әрине, профессор Т.Ә.Әбдіразақов - аты алтын әріппен жазылған ғалым, тамаша экономист, ізденімпаз зерттеуші, құрметті азамат және Отанының патриоты. Бұған оның ғылыми еңбектері дәлел. 200-ге жуық еңбегі, оның ішінде 8 монографиясы бар. Бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Құрмет белгісімен, "Ерлігі үшін" медалімен, мерейтойлық медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының, БЛКЖО ОК, КСРО Орталық Одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған. "Қарағанды қаласының Құрметті азаматы" атағы 1996 жылы 26 сәуірде, "Баянауыл ауданының құрметті азаматы" атағы 2013 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Отанға сіңірген еңбегі, экономиканы, мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесі, жастарды интернационалдық тәрбиелеуге және қала, ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін берілді. * Отбасы Жұбайы: Мәпіш Шәріпқызы-Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметтісі, ақын-жазушы. 1949 жылы 11 тамызда отау құрды. 2015 жылы 4 ақпанға дейін, яғни 65 жыл бірге өмір өткізді. Отбасында 3 балалы болды. Тұңғышы: Қайрат Талғатбекұлы-математик. Қызы-Әлия Талғатбекқызы-экономист. Кенже ұлы: Серік Талғатбекұлы-заңгер, ғылым кандидаты. Талғатбек Әбдірахманұлы мен Мәпіш Шәріпқызының қазіргі таңда 6 немересі, 3 шөбересі бар. Олардың барлығы жоғары оқу орнын бітірген, білікті қызметтерде, арасында ғылым кандидаты да бар. * 2015 ж.4 ақпан - көрнекті ғалым, Қазақ халқының даңқты ұлы Талғатбек Әбдірахманұлы Әбдіразақовтың жүрегі соғуды тоқтатты. Қарағанды қаласында жерленген. ## Дереккөздер