text
stringlengths
3
252k
Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі арал. Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейінгі ұзындығы 28 км, енді жері 8 км, ауданы 133 км2 (1987) арал болған. ## Сипаттамасы Теңіз құрғаған соң ол төңіректегі географиялық обьектілердің атаулары өзгеріске ұшырады. Арал теңізінің табаны Аралқұм шөлі боп атала бастады. 1990 жылдары Барсакелмес аралы Барсакелмес түбегі деп аталды да, 2009 жылдан бастап «түбек» статусын да жоғалтты, теңіздің орнындағы төбешікке айналды, қазір экс-арал ретінде айтылады. Түбек ендік бағытта созылып жатыр. Жер қыртысы неоген шөгінділерінің сазды тақтатас және мергель тау жыныстарынан тұрады. Оның бетін төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Жер бедері дөңесті-белесті болып келеді. Абсолюттік биіктігі (Шағалалы төбесі) 113 м. Құмды жерлерінде шағылдар мен құм төбешіктер бар. Барсакелместің батыс бөлігінің жағалауы жартасты, жарқабақты, шығысы жазық, жайпақ келген. Климаты тым континенттік, шөлдік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –10°С, кейбір күндері –35°С-қа дейін төмендейді. Шілдедегі орташа температура 26,5°С, кейде 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 – 120 мм. Жер асты суы ащы. Топырағы сұр, сортаң және құмдақ. Өсімдіктен сексеуіл, бұйырғын, теріскен, жусанның бірнеше түрі, адыраспан және әр түрлі сораң шөптер кең тараған. Теңіз суының тартылып қалуына және топырағының кебірленіп тұзға айналуына байланысты түбектегі жануарлар (ақбөкен, құлан, қарақұйрық, ор қоян, т.б.) Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығына және Үстірт қорығына көшірілген. ## Атауы Барсакелмес аралы неліктен бұлай аталғаны жөнінде бірнеше аңыздар бар, соның бірін Ел.кз танымдық сайты білай деп баяндайды: Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқаннан кейін Ләтпай деген кісі бастаған ру адамдары құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді ондағы табиғатты ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғандарында, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: «Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер. Аққуларға тимеңдер», — дейді. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болады. Ләтпай оның Қыдыр екенін іштей сезеді. Ал, төбеден шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір — күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпайдың жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар байи бастайды. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның жылдардың жылы баяғы қарияның өсиетін естерінен тарс шығарып, сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуға ауыз сала бастауы салдарынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады. Аңыз бойынша сол қырғыннан сегіз жасар бала ғана аман қалыпты... ## Басқа да фактілер Борис Лавреневтің «Қырық бірінші» атты повесіндегі негізгі оқиғалар Барсакелмес аралында болады. Өзбек жазушысы Джонрид Абдуллахановтың «Барсакелмес» атты роман-трилогиясы бар. Тағы бір аңыздар бойынша, 1950-60 жылдары аралда Әбдіразақ есімді кісі тірлік кешкен, оны ол жерге туыстары апарып тастаған көрінеді. Әбдіразақ бірнеше рет ұшқыш тәрелкелерге ұқсайтын беймәлім обьектілерді байқаған. ## Дереккөздер
Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар . Мұндай әшекей -нақыштар жүн бұйымдарының (текемет, сырмақ, алаша, қоржын т.б.), киіз үйдің бау-басқұрларының, ат жабдықтарының (былғары тоқым, кежім, жабу), құрылыс-сәулет орындарының (есік, маңдайша, ұстын, жақтау, дуал және т.б.), киім-кешектердің, ыдыс-аяқтар мен жиһаздардың, қару-жарақтардың т.б. өн бойында қолданылады. Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады, себебі қазақ қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы әшекейлерді өңдеп, түрлендіріп, жетілдіріп қолданып отырған. Кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінде болған . Шеберлердің талғампаздығы мен дарындылығы, тудырған дүниесінің жасампаздығы мен жаңалығы жасаған өнімдерінің сұранысынан көрінетін. Қазақ шеберлері технологиялық тәсілдерінің жеңілдігі мен құралдарының қарапайымдылығына қарамастан, зергерлік әшекей бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын жасаған. Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. * Басқа тағатын әшекей түрлері: шеке, самай, маңдай, құлақ, мұрын, бұрымға тағылатын әшекейлік заттар. * Шекеге тағылатын әшекей түрлері: шекелік. * Самайға тағылатын түрлері: сырғалық, айшық, жақ моншақ, сырға. * Маңдайға тағылатын әшекей түрлері: күміс теңгелер, шырмауық. * Құлаққа тағылатын әшекей түрлері: сырға, бет моншақ. * Мұрынға тағылатын әшекей түрлері: зере, зерен, зейір, зер. * Бұрымға тағылатын әшекей түрлері: шашбау, шашқап, шолпы, шашқа тағатын түйреуіштер, шашмоншақ. * Мойынға тағылатын әшекей түрлері: алқа, бойтұмар, моншақ, тұмарша, әйкел, ділда алқа, тұмар. * Кеудеге тағылатын әшекей түрлері: өңіржиек, түйреуіш. * Қолға тағылатын әшекей түрлері: білезік, мөр, сақина, балдақ, жүзік. * Киімге тағылатын әшекей түрлері: түймелер, қапсырмалар, жапсырмалар, белдік, белбеу, тана, танакөз, тал моншақ. Ертеде қазақтар әшекейленген шытыра, зерен, сырға, зер, тұмар және т.б. зергерлік бұйымдарды мал бойына және ер-тұрмандарына да таққан.Тас дәуірінен жалғасқан тасшылық өнері қола дәуірінің осы өркениетіне тоғысып, гауһар, жақұт, алмас, қас тасы, меруерт сияқты аса бағалы тастардан көз орнатқан сәндік жабдықтарды, әсемдік бұйымдарды жасау технологиясын қалыптастырды. Мәселен, қазақтар ағашқа, ер-тұрманға асыл тасты не тассыз күміс әшекейлі шытыраны пайдаланған. Ал зейірді қойдың мұрнына өткізілетін зерлі шығыршық ретінде таққан. Ертеде қазақтар тіл-көзден сақтасын деген мақсатта жүйрік аттарының мойнына әйкел таққан. Зергерлер әшекейлеген тұрмыстық бұйымдар алтын аяқ, жағдан, адалбақан, алтын ер, пышақ және т.б. адамдар күнделікті тұрмыста жиі қолданған.Әшекей түрлері негізінен қоғам мүшелерінің әлеуметтік мәртебесін айқындайтын қызмет атқарады. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдар жасауға қажетті материалдарға алтын, күміс, бақыр, мыс, жез, темір, қалайы, қорғасын, ақық, березе, алмас, гауһар, зуһра, көк тас, лағыл, маржан, меруерт, інжу сияқты асыл тастарды пайдаланған.Қазақ зергерлері алтынмен аптау, алтынмен булау, алтын шабу, күміспен күптеу, қақтау, көз орнату, сымға тарту, қара ала жүргізу, сымкөп жүргізу, ою салу сияқты әшекейлеу, өңдеу тәсілдерін жиі қолданған. Әшекейді ерекшелеп, айшықтап ондағы әртүрлі зат тарды әдемі, сәнді көрсететін үкі, шоқ, әдіп, алтын-күміс ілгектер, шытыралар, салпыншақтар, қоңыраушалар сияқты құрамдас бөліктер де бар. ## Дереккөздер
Байқоңыр — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын. Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі берілген көше және ескерткіштер бар. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды.1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды.Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіруде. ## Дереккөздер
Батырлық, қаһармандық – дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, басқа қоғамдық топтармен ара-қатынасын реттейтін этикасы, тағы басқа ерекшеліктері болған. * Тек әскери кәсіппен айналысу. Батырлар елді басқыншылардан құтқаруды, жау қолынан қаза тапқан ата-баба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтынған; * Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар «шынжырлы тұқым» деп аталған. Мұндай батырларды бала кезінен әскери өнерге баулып, он үш – он бес жасынан-ақ шайқастарға қатыстырған. Көшпелі түркі халықтарының жазба және ауыз әдебиетінің деректерінде алғаш ерлік көрсеткен батырға лақап ат қойылатыны айтылады. Ерасылдың Қабанбай, Дарабоз; Әбілмансұрдың Абылай; Еспембеттің Адақ аталуы, Ағыбай батырдың есіміне Ақжолтай атының қосылуы – сол көне дәстүрдің жалғасы. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау батыр үшін ұят. Артында ұл болмаса, кек алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жалпы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында да түсінген. * Көшпелі халықтарда хандар, әміршілер, ел билеушілер батырлар әулетінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Мамай, Абылай, Кенесары, т.б. батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында билеушілік дәрежеге көтерілген. * Батырлар меншік иелері болған. Олардың меншігіне қалалар, елді мекендер, ұлыстар, аймақтар қараған. Бірақ батырлардың бәрі бірдей байлық иесі болмағанын да айта кету керек. * Батырлардың өздеріне тән жауынгерлік этикасы, адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен салттары болған. Жауынгерлер қару-жарағын, киімдерін өз руларының, өз әулеттерінің тотемдік бейнелерімен әшекейледі. Батырлардың, жалпы аруақты адамдардың киесіне сену халық жадында әлі күнге сақталып келеді. Батырлардың қаруы өзіне арналып соғылып, түрлі магиялық ырымдар жасалып, кететін уақытты анықтауға киелі сандарды қолданған. Мысалы, қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептіру, қырық түрлі сұйыққа суару, т.б. Ата кәсіп ұрпаққа жалғасатындықтан, батырлар әулетінің қару-жарағы атадан балаға мұра болып, егер мұрагері қалмаса, батыр өлгенде қаруын бірге жерлеген. Үлкен айқастар әрқашан жекпе-жекпен басталатындықтан, жекпе-жекке шығу батырлардың басты міндеттерінің бірі саналған. Жауынгердің шын мәніндегі батыр атануы осы жекпе-жекте жеңіске жетуден басталды. ## Дереккөздер
Әулие — ерекше діндарлығымен, дін жолына кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға. Әулие – халық арасына ерекше діндар-тақуалығымен, шипа дарытқан емшілігімен әйгілі болған, керемет қасиетке ие, қауымға рухани тәрбие жүргізуші тұлға. ## Сөз мағынасы Әулие – уәли деген араб сөзінің көпше түрі, қазақша қасиетті деген мағынаны береді. Бұл сөз Құран Кәрімде Алла мен пайғамбарға қатысты жебеуші, жарылқаушы деген мәнде кездеседі. Ал хадистерде жақын болу деген мағынада, яғни, Уәли Аллаһ – Аллаға жақын, дос, Алланың мейірі түскен деген ұғымда ұшырасады. Қазақ тілінде әнші-әнбие түрінде қосарланып та айтылады, мұндағы әнбие арабша – нәби, яки, пайғамбар деген сөздің көпше түрі . Дегенмен бұл қосарлы сөз ел танымында әулие деген мағынаны білдіреді. ## Діндерде ### Ислам дінінде Ислам дінінде Әулие ұғымы бірден орныққан. Мұхаммед пайғамбардың серіктерін, туыстарын, үрім-бұтақтарын, кейінгі діни қайраткерлерді Әулие тұту, оларды құрметтеу дәстүрі барлық мұсылман елдерінде бар. Кейде оларды жинақы түрде “әулие-әнбиелер” деп те атайды. ### Басқа діндерде Әулиелер туралы түсінік барлық діндерде кездеседі. Христиан дінінде “великомученик” (ұлы қасірет шегуші), “апостол” (пайғамбар), “мученик” (қасірет шегуші), “монах”, “блаженный” (дәруіш), т.б. ретінде кездеседі. Шіркеу күнтізбесінде оларды құрметтеу күндері көрсетілген. Шіркеу қасиетті Ә-лерге арнап ғибадатхана салады, діни мейрам тағайындайды, соған шоқынуды, сый тартуды уағыздайды. Христиан дінінде 3–4 ғасырларда патшалардың, князьдердің, епископтардың, патриархтардың, Рим папаларының есебінен Ә-лердің саны көбейді. Рим папасы Пий жылма-жыл орта есеппен 5 адамды “қасиетті”, 40 адамды “блаженный” деп жариялап отырды. ### Қазақ халқының дүниетанымында Қазақ халқының дүниетанымында Әулиеге табыну дәстүрі ежелден бар. Тәңірге сенген ежелгі түркілер Ұмай ананы, Қызыр атаны, ата-баба аруақтарын желеп-жебеуші санап, оларға үнемі сиынып отырған. Күнге, Айға, Отқа табыну, ел иесі Көкбөріні қасиет тұту, су иесі Сүлейменге жалбарыну, тіршілігінің негізі төрт түлік малдың иелері — Қамбар атадан, Шопан атадан, Ойсылқарадан, Зеңгі бабадан, Шекшек атадан жәрдем күту, т.б. ислам дініне дейінгі ежелгі нанымдар Қазақ халқының дүниетанымында күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы барысында тәңірлік дүниетанымның кейбір элементтері жаңа дүниетанымдық ұстанымдармен біте араласып, Әулие ұғымының мазмұны толыға түсті. Бұл бағытта, әсіресе, Қазақ даласына ислам дінінің сопылық ілім түрінде енуі үлкен әсер етті. Сопылар ұстанымындағы дәруіштік, пәктікке ұмтылу, зікір салу, т.б. қазақтардың ежелгі нанымдарына ұқсас еді. халық оларды Әулие санап, пір тұтты. Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстан баб, Баб ата, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата, Сопы Әзіз, Оқшы ата, т.б. Әулиелер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында мәңгілік сақталған. Қазақ халқы, сондай-ақ, ел қорғаған батырларды, ұлт бірлігін сақтаған билерді, ақыл-парасатымен тұтас аймаққа үлгі болған аналарды Әулиелер қатарына қосып, олардың аруақтарына табынып келеді.. ## Ұғым тарихы ### Ислам діні тарихында Әулие туралы ұғым ислам діні тарихының әртүрлі кезеңінде әр қилы мағынаға ие болып, дамып отырған. Сопылық (суфизм) ілімнің ілкі дәуірдегі (IX ғ.) өкілдерінің бірі - Зүнүн Мысыри (796-859 жж.) еңбегінде осы термин теософиялық мәнде қолданылады. Одан кейінгі кезендегі авторлар әулиені діни практикада кемелденіп толыққан тұлға, Алла туралы ілім-білімге қанық жан ретінде түсіндіріп, оған Жаратушы туралы құпия сырды білуші, Алланың дидарын көрген деген сипаттарды береді. Әсіресе Хаким Термези: «Пайғамбар тек Аллаға ғана емес, әулиенің демеуіне де иек артады, себебі әулие пайғамбардан төмен болғанымен, оның сайрап тұрған қызыл тілі ұдайы Алла тағаланы еске түсіруге қызмет етеді, ал лүпілдеген жүрегі Алланың нұрымен нұрланған» - деп жазады. X ғ. -да суфизмде әулие иерархиясы жүйелі тізім тапты: олардың саны 356, кейде 500 деп айтылады, ал рухани көшбасшысы кутб (жарылқаушы) аталды. Бұл құрылымда сопылық пен шейттік арналар тоғысып кеткен. XII-XIV ғасырда сопылық бауырластық күшейгенде, әулиенің қоғамдағы орны мен мән-маңызы, атқаратын қызметі, міндеті еселеніп арта түсті. Зерттеушілер сопылық пен әулие ұғымының қанаттас дамығанын және бұл құбылыстың (суфизм) XIII ғ.-да ислам дүниетанымында шенуші мәнге ие болып, зор ықпал жасағанын айтады . ### Қазақ халқы тарихында Осындай тарихи-әлеуметтік нақтылы себептерге байланысты қазақ арасында да әулие туралы түсінік ислам дінімен жапсарлас жайылып, киелі сипатқа ие болып, әулиелік туралы аңыз-әпсаналар молынан таралып, бір сөзбен айтқанда, әулие культі ел санасында берік орныққан деуге болады. Ғылымда анықталғандай, әулие культі әсіресе ресми діннің орталығынан шеткерілеу аймақтарда тұрғылықты халықтың байырғы наным-сенімдерімен, салт-дәстүрімен, ырым-жораларымен тығыз сабақтастықта қалыптасатыны - анық жайт. Демек, әулие культінің орнығуына жергілікті халықтың табиғат нысандарына табыну жорасы (Мысалы: көрікті тау-тас, сырлы үңгір, шипалы көл-бүлақ т.б.), шаманистік мифологиясы, аруақтарды ұлықтау рәсімдері өзгеше лепте үндесіп, айырғысыз тұтастықта ұштасып, әбден кірігіп кететіні байқалады. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтық исламның сомдаған тол түсінігі болып табылады, осы ілімге сүйенген ел әулиені таңғажайып керемет иесі (карама), береке-ырыздықтың бастау көзі, тілекті қабыл етіп жарылқаушы, әртүрлі кәсіптің жебеуші иелері, қамқоршысы бейнесінде таниды. Көзі тірісінде елді ру-хани тура жолға бастаған әулиелердің қайтыс болғаннан кейін де қадір-қасиеті тағы да арта түседі. Осыған орай олардың қабіріне кесене тұрғызылып, ол қасиетті дүрбе мұсылмандардың тұрақты зиярат ететін киелі мекеніне айналады. Мәселен, Қазақстандағы Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстанбаб, Ысқақ баб, Шайқы Ибраһим, Иасауи, Әулие ата, Қоңыр әулие, Бекет ата т.б. әулиелердің сағаналарына халық әлі күнге дейін тәу етеді. Қазақ арасында ислам дінін таратып, осы жолда өмірін сарп етіп, жанын қиған Арыстанбап, Қожа Ахмет Ясауи, Масат ата, Укаша ата секілді арғы тегі хазірет пайғамбардан таралған әулиелер ерекше ілтипатқа ие. Олардың тұқым-жұрағаттарын халық қожа деген әлеуметтік-статустық тапқа жатқызып, ақсүйек деп ардақтады. Сонымен бірге дінді тарату жолына күш салып, бұқараны имандылыққа үндеген жергілікті халықтан шыққан Әулие ата (Сатық Бұғра Қара хан), Баһауиддин Нақышбанд, Бекет ата, Науан хазірет, Марал ишан, Қалжан ахун, Мәшһүр Жүсіп Көпей, Шәкәрім секілді тұлғалар да әулиелік жолды жалғастырушылар болып есептеледі. ## Ұғым қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында Қазақтың әпсана-мифтерінде әулие кереметті көрсетуші, тылсым сырды шешуші, жоқтан барды жасаушы, батырларды жебеуші nip, дін жолында құрбан болушы тұлға ретінде дәріптеледі. Оның мұндай қызметтері, әлбетте, өңірдегі табиғат нысандарымен тікелей байланыста болып келеді. Мәселен, қазақ мифтерінде төмендегідей мотивтер тұрақты кездеседі. Елге белгілі әулиелер (Масат ата, Үкаша ата, Түлкібас, Азанұр әулие, Шілтер әулие т.б.) намаз оқып тұрғанда, андып жүрген аяр жаулары оған аяқ астынан қастандық жасайды да, олар қаза тапқаннан кейін марқұмның денесінен (қанынан, ізінен, түкірігінен) жергілікті жағырапиялық нысандардың түр-түсі, кескін- келбеті пайда болып қалыптасады. Ал атса оқ өтпейтін қасиетті әулиенің осал тұсын дұшпанға айтып берген опасыз келіні (кейде тоқалы) қарғыстан меңіреу тасқа айналады. Ондай өлкелер Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Сыр бойында көптеп кездеседі. Мысалы, Укаша әулиенің қаза тапқанда домалаған басы еніп кеткен таудың қуысында киелі құдық пайда болса, Көзата қабірінің қасынан жанарды емдейтін бұлақ ағып шығады. Түлкібас әулие түкіріп қалғанда, он екі қарсыласы езіліп кетеді, сол жерде он екі шипалы бұлақ пайда болған деген аңыз бар.Бұл мифтерде халықтың ислам дініне дейінгі табынып келген табиғат нысандары туралы ежелден бері айтылып жүрген әпсана-хикаялары енді әулиенің қасиетті өмірбаянымен етене ұштасып, басқа сипатта жаңғырып, киелі өзен-су, тау-тас жаңа діннің күшті насихат құралына лайықталғаны және де соның арқасында осындай көрікті мекендер мұсылмандардың діни жоралғы өтеп, жиі-жиі зиярат ететін орнына айналғаны байқалады.Әулиенің ерекше кереметтерінің бірі - перзентсіз ата-анаға ұрпақ сыйлайтын қасиеті екендігі қазақ мифтерінде, ертегілерінде, эпостарында тұрақты дәріптеледі. Әсіресе әулиенің шапағатына қатысты пайда болған қасиетті нысандар мифте өте-мөте иланымды суреттеліп, тіпті сол олкелер ел жадында бұлтартпас деректермен куәландырылып, бүгінгі ұрпақтың да бағзы заманғы ғажайыпты көруіне бағыт-бағдар нұсқалып, соның нәтижесінде даламыздағы нақты бір өңір өткен мен бүгінгі күнді түйістіретін қуатқа ие, қазір де мұқтаж жандар тәуап ете барып, ғұрыптық жора орындайтын нүктеге айналған деуге әбден болады.Қазақ эпосында, әсіресе хандар туралы тарихи жырларда оларды жебеуші пірдің бірі - Нақышбанд Бахауидин (Бәуеддин) әулие. Мәселен, Шәді төре жырлаған Абылайдың тарихы деген жырда Абылайдың пірі - Жалаңаяқ Әздүр диуана ханға Бахауиддин әулиенің тілек сәуесін жеткізеді, сондай-ақ, ол Абылайды өмірге келгеннен бастап қолдап-қоршап жүрген қамқоршы бейнеде суреттеледі. Халық әулиені басқыншы жауларға қарсы күресуші қаһарман ретінде де бағалайды. Мұның тарихи негізі де бар. Мәселен, крестшілерге қарсы шазилия, қалмақтарға қарсы нақишбандиа, орыс отаршылдығына қарсы иасауиа мен нақишбандиа тариқаттары соғыс жүргізгені туралы мәлімет бар. Әулиенің ел жадында сақталған тағы бір игілікті ісі шөлден су шығара білетін қасиеті. Айталық, Оңтүстік Қазақстанның Ташкентке жақын Турбат елді мекенінде Хазірет Ысмайыл Ата диқаншылардың тілегі бойынша аса таяғымен жерді түртіп, «шар бұлақ» ағызып берген деседі. Ескі дәстүр қайта жаңғырған, әулиеге табыну, қасиетті жерлерге зиярат етіп сыйыну рәсімдері қазіргі кезде қоғамда көрініс тауып отыр. Мұндай шаралар емшілік-саяхаттық, өлкетанушылық бағытта да әртүрлі қауымдар мен діни ұйымдар тарапынан ұйымдастырылып, рухани қажеттілікке айналды. Қазақта әулиеге қатысты мынандай ырымдарды кездестіруге болады. Мәселен, пұшпағы қанамаған бедеу әйел жуынып-шайынып тазаланып алған соң, әулие адамдардың қабіріне барып тәу етіп жалбарынса, сүйегі жазылып, бала көтереді деп ырымдайды. ## Ұғымның басқа мағынасы Әулие - адам мен малға бірдей келетін қатерлі індет, шешектің эвфемистік атауы. Мұндай қатерлі індеттің қазақы ортада кұл, қонақ, мейман деген атаулары да кездеседі. Кез келген этнолингвистикалық табу белгілі бір этномэдени себептермен байланысты қалыптасатын жалпы этнографиялық табудың құрамдас болігі болып табылады. Өйткені кез келген тыйымның сыртында сол тыйымға итермелейтін немесе түрткі болатын белгілі бір этнографиялық немесе этномэдени ұғым тұратыны сияқты, сан қилы себептермен қолдануға әлеуметтік орта тыйым салған сөздердің сыртында да дәл сондай этнографиялық немесе этномәдени ұғымдар, сондай-ақ, тыйым салуға итермелейтін қоғамда қалыптасқан наным-сенімдер, діни мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ырымдар және қоғамның тіл мәдениетінің даму деңгейімен байланысты қалыптасатын этикалық қағидалар жатқызылады . ## Дереккөздер
Бидай (лат. Triticum) – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. ## Өсімдік туралы Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады. Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін. Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар. Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады. ## Қолданылуы Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы – өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» – будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады. Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі. * Жұмсақ бидайдың (triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-тей ақуыз болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық, Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі. * Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% ақуыз бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады. Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 — 20С жылылықта, 7 — 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: “Жетісу”, “Қарлығаш”, “Комсомолдық — 1”, “Мироновтық — 808”, “Прогресс”, “Шыны тәріздес-24”. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 — 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық бидайдың көп тараған сорттарына ерте пісетін “Қазақстан-15”, “Қазақстан-19”, “Қазақстан-25”, “Қарабалықтық-90”, “Лютесценс-32”, “Саратовтық — 29”, т.б. жатады. Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арам шөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртылады. Оңтүстіктегі суармалы сұр топырақты аудандарда күздік бидай егілетін жер аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған. ## Бидай туралы тақпақ Астықты алқап - мақтаным,Қамбамызда қап-қап ұн.Қасиетті ұн мен нан,Жасалады бидайдан. ## Зиянкестері мен аурулары Бидай сұрыптаумен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына қарасты Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, ҚазМУ, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, аймақтық тәжірибе станциялары шұғылданады. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады. ## Дереккөздер
«Бурабай» – Ақмола облысының Бурабай ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт. Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –160С, шілдеде 190С; жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920 жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. «Бурабайдағы» негізгі ем – қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т.б. қолданылады. ## Дереккөздер
Бузьдозер – 1) аспалы жұмыстық тетігі – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш. Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады. Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze – ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер, қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады. 2) Әр түрлі қималы дайындамадан жасалған бөлшектерді (қапсырма, кронштейн, бұрыштық, т.б.) штамппен июге арналған пресс. Оның кривошипті және гидравликалық түрлері бар. Ұсталық-штампты өндірісте горизонталь кривошипті бульдозер кеңінен қолданылады.
Бурабай — Көкшетау қыратындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2. ## Жер бедері, көркем жерлері Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай шипажайы, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған. ## Дереккөздер
Бірқазандар ( лат. Pelecanus) – ескекаяқты құстар отрядына жататын Бірқазандар тұқымдасының (лат. Pelecanidae, Rafinesque, 1815) құстар тегі. Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ, ал қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді, аты осыған сәйкес қойылған. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне суқұзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді. Балапандары жетпіс – жетпіс бес күн өтісімен ұядан ұшады. Бірқазан 3-4 жасында жұмыртқалай бастайды. Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығында және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. ## Дереккөздер
Бәйдібек Қарашаұлы (VІ—VII ғасырлар аралығы) — Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға. Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі.Бәйдібектің әкесі Қараша (578–632 жыл) Қытай жылнамасында 530–604 жыл деп көрсетілген. Біздің жыл санауымызбен өзгешелік бар туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551 жылдар) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді.Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан. Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Ал алты ұлы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысытары түйіскен атақта Күйік асуында жау қолынан қаза тапқан.Сол алты ұлының қазасына күйініп жүргенде осы Байтоқты дүниеге келіпті. Байтоқтының Сирықты деп те атайды шежірелерде. Өйткені бір аяғының кемістігі болған деседі.Осы Байтоқтыдан атақты Түркеш қаған туылған.7–8-ші ғасыр тоғысында үлкен қағанат құрып аты тарихта қалған тұлға. Өзіне арнап тиын ақша да соқтырған Түркеш қаған. Мұны Домалақ ана кесенесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тиын ақшалар да дәлелдейді. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады. Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған.Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға. Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000–2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ–VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады. Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытадыХалық жүрегінде сақталған және жазба түрдегі шежірелердің деректеріне сүйенсек, Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі, Жалайыр, Шақшам, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, және Дулат тайпаларының түп атасы Майқы би болып келеді. Соған байланысты "Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы - Майқы би" деген нақыл сөз халық аузында сақталып қалды. Оның аяғы ақсақ болды, сондықтан да күймеге мініп жүрді. Майқы би көп жасаған кісі, жеті ханды қолынан өткеріп, бар ғұмырын халық тағдырын ойлауға жұмсады. Ол 120 жасқа келгенде, үш жүздің еншісін берді, таңбасын таратты. Ұлы жүзге ту ұстатты, Орта жүзге қауырсын қалам, Кіші жүзге найза берді. Осы бөлістен соң Майқы би туралы "Хан біткеннің қазығы - бұқара жұрттың азығы" деген мәтел кең тарап кетті. Шежіре деректерінде би Кейкіден туған Төбей деп көрсетіледі. Төбейдің төрт баласы - Майқы, Қоғам, Мекіре, Қойылдыр. Ал, Майқыдан - Бақтияр , Бақадыр өрбиді. Бақадыр ұрпағы Ауған мен Иран жерінде жалғасады. Бақтияр батырдан - Үйсін, Ойсыл туады. Ойсыл ұрпағы - Сіргелі. Бұл жеке дара жіктейтін ірі тайпа. Ал, Үйсін ұрпағы Ұлы жүз халқының негізгі бөлігін құрайды. Өз заманында оның атақ-даңқы кең жайылды. Ертедегі қазақ мемлекетімен шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, мәдени байланысы, сауда ісі осы Үйсін есімімен тығыз байланысты болды. Үйсін ұрпағы - Жансақал, Ақсақал болып келеді. Жансақалдан жалайыр тайпасы тарайды. Ал, Ақсақалды шежіре деректерінде Абақ таңбалы деп көрсетеді. Сондықтанда кейде Ақсақалды "Абақ" деп те атайды. Ақсақалдан айдарлы сақалды туады. Шежіреде олардың егіз перзент екені айтылады. Екеуі де батыр ноян болып өседі. Елді сыртқы жаудан қорғау мақсатында Сақалды Орта жүзге кіретін Керей ұлысының ішіне барып, сол елдің қызын алып, сонда қалып қояды. Кейін одан тараған ұрпақ Абақ-Керей атанып кетті. Айдарлыдан - Асан, Қараша туды. Асан өз заманының ғылымын жан-жақты меңгерген, терең білімді, ақылға дарқан, өмірден көргені көп, ұққаны мол кісі болды. Ол дүниені жалған құбылыс деп түсініп, үйленбеген. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне Асан қайғы деген атпен енді. Халықтың қамын жеген қамқор қартты ел осылай атады. Жиһанкез саяхатшы болды. Қараша би, кейін хан болған кісі. Оның әкесі Айдарлы өжет мінезді, ержүрек батырлығымен көзге түскен екен. Қараша биден - Бәйдібек, Байдолла туады. Байдолладан шақшам тайпасы тарайды. Ол - Атым, Сары, Имам, Жәнібек, Қазақбай, Қара болып алты атаға бөлінеді. Бәйдібектен - Байтоқты, Жалмамбет, Жарықшақ, туады. Ұлы Бәйдібек бабамыз 609–695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша кейінгі ғалымдардың нақты тарихи дереккөздерді салыстыра отырып жасаған тұжырымы бойынша шамамен (558–632) жылдары өмір сүрген. ## Деректердегі кездесулер Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) «Тарих-и Рашиди» атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12 - 13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай “...бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып”, елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты айғақтар Бәйдібек бидің ертеде өмір сүргендігін көрсетеді. Бәйдібек бидің әкесі Қараша (530-604) Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. ## Халық аузынан Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректеме негізі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз әңгіме жөне әйгілі шығыс зерттеуші ғалым-этнограф Николай Аристов, Ш. Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады. Бүл деректемелер бойынша Бөйдібек — Қазақ елінің ел болып қүрылуында үлкен орын алатын ежелгі Үйсін бірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи түлға. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен Жалманбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты тарағаны айтылады. Бәйдібек әулетінің ең көп тараған саласы — ол кіші әйелі бүл өлкелерге Домалақ ене дейтін лақап атымен мөлім Нүриләнің (бір деректерде Бибімәрия, Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары. Бәйдібек бидің осы немерелері 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған 6 ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында “Алты Сары бейіті” деген киелі жер қалды. Албан, Суан, Дулаттың Жетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ жүртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші жартысында бүл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен жолжазбаларынан кездестіреміз. ## Бәйдібек бидің жастық кезі Байдібек би біздің заманымыздың 609 жылы Қаратаудың етегінде дүниеге келген. Жаугершілік кезінде үш жасынан әке-шешеден жетім қалады. Ағайындардың қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додагерлерден әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді. (Әрі қарай энциклопедиялық стильге келмейді.) Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей қалады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. Ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары арықтап, жылқысының мазасы кетіп калғанын көреді. Әлі алда үш ай қыс бар. Қалай болар екен? Мыңғырған жылқыдан жұрдай болып, құрық ұстап қаламыз ба? Кәне, не ақылдарың бар? - деп жылқышыларына сөз салады. Жылқышы шал айтады: - Жылқыңызды Ташкент, Түркістан базарына айдатып сатыңыз. Ақшасын жамбасқа басыңыз. Келесі жылы қайтадан жылқы сатып алып, орнын толтыра саласыз. Әлсейіт деген ортаншы жылқышы айтады: - Жылқыңызды әр үйге бестен, оннан бөліп беріңіз. Олар өз малындай қарап, аман алып шығар, - дейді. - Байеке, егер маған тапсырсаңыз, - дейді бала жылқышы Бәйдібек, - жылқыңызды түгелдей Мойынқұмға қыстатып шығар едім. Ана жолы жоғалған қырық қысырақты іздеп Мойынқұм жайлауын түгелдей аралап шықтым. Сонда малын қыстатып жүрген жылқышы, түйеші, қойшылар: "өзге жерде мал жұтаса да, бұл Мойынқұмда мал жұтамайды. Жел деген болмайды. Қар жұқа түседі. Мойынкұмның жусаны, изені, шеттігі, жыңғылы, сексеуілі, шеңгелі қанша жайылса да жетеді", - деп отырған. Шынтас бай Бәйдібек сөзін құптап, былай депті: - Бәйдібек балам, мен саған сенемін, сенің тегін емес екеніңді білемін, жылқымды талай рет барымташыдан, бораннан аман сақтап жүргеніңді қалай ұмытайын. Ал, ықтияр өзіңде, саған ерік бердім, — дейді. Сонымен Шынтас байдың бір мың бес жүз жылқысын үшке бөліп, он шақты жігіт Мойынқұм жайлауына қарай айдайды. Сөйтіп құмның ең ұйықты, шұрайлы жерін жайлайды. Бірер күннен кейін сол өңірді билеп отырған Арыстан би оларға бір жігітін жұмсапты.- Барып біліп келші, қара құрымдай қаптап жаткан кімнің жылқысы екен? - Жігіт барып Шынтастың жылқышыларына жолықса, Бәйдібек:- Ол биге мен барып сәлем берейін. Ауа келген жағдайымызды түсіндірейін, - дейді. Арыстан бидің қыстауы Қаратаудың күнгей бетіндегі Қызыл Арық бойында екен. Бәйдібек кештетіп Арыстан бидің үйіне барады. Төрде отырған жасы сексендерге жетіп қалған ақсақалды биге барып сәлем береді.- Қай ауылдың баласысың?- Үйсін Қараша бидің баласымын.- Е, е, жарықтық Қараша бидің де, онда бізге туысқан болдың ғой. Әкенді білемін. Жас кезімізде алдына барып, қолынан талай дәм татқанмын, талай ақыл, кеңесін тыңдағанмын. Ал, бұл жылқы кімдікі, балам?- Шынтас байдікі. Мен сол байдың жылқышысымын. Биыл елімізде қыс қатты, жұт болатын түрі бар. Содан ығып Мойынқұмды паналап, қыстап шығуға келіп едік.- Е, е, шырағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі - ел нәсібі, ел нәсібі - ер нәсібі. Жер мен малдың кіндігі бір деген. Ары тұр демей-ақ қояйын. Жер менікі емес, құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығыңдар. Ауыл мынау - келіп кетіп тұрарсыңдар. Арыстан атаның бұл сөзі Бәйдібек баланың көңілін жадыратты. Бағана жолда келе жатқанда "би кабыл көрсе дұрыс, қабыл көрмей қайтыңдар десе, қайтеміз" деген ой-күдігінің бәрін жуып-шайып жіберді. Дастарқан жайылды. Буы бұрқыраған дәу табақ ет келді. Бәрі дәмге қол созды. Ас үстінде де, одан соңғы келген шай үстінде де би атаның әңгімесі таусылар емес. Бірінен бірі өтеді. Тек тыңдай бер. Кішкентайынан әңгіме, жырға, шешен тапқыр сөзге құмар Бәйдібек баланың құлағы Арыстан атасында. Тіптен елігіп, бар ынтасымен ұйып қапты. Ел әбден жатар уақытта басында ақ, кимешегі бар, бес биенің сабасындай бидің бәйбішесі қасында шай құйып отырған қызына: - Қонақ балаға төргі үйге төсек салып қой-дағы, өзің менің қасымда жат. Мына белі кұрғырды уқалап бер, - деді. Бәйдібек әңгімеге есі шығып, келгелі бері бәйбіше қызын жөнді байқамапты. Енді назарын салып еді: екі көзі танадай жалт-жүлт еткен, сұлуша бүйрек мұрын сары қыз келбетті-ақ екен. Тесіле қарап қалған жігітке тана көзін бір жарқ еткізеді де, күлімсіреген күйі орнынан тұрып, шешесінің айтқанын орындауға кетті. Бәйдібек ішінен "келгелі бері қызға неге көңіл аудармадым екен", - деді. Сонымен қыс күні біртіндеп өтіп жатады. Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанды. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, шежіре әңгімелерді тыңдайды, оңашасын тауып сары қызбен сырласады. Қыздың аты Гүлжамал еді. Оны әке, шешесі, аға, жеңгелері еркелетіп "Сары қыз" дейді екен. Бәйдібектің сары қызбен көңілдес, бір-бірін ұнатып, сырласып жүргенін шешесі де, әкесі де сезеді, бірақ шеккі көрмейді. Қайта жиірек кездесіп, бір-біріне үйір бола бергенін қалайды. Әсіресе жеңгелері көп дәнекерші болады.Бір күні Арыстан би: - Балам, саған ықыласым түсті. Еліңде кұда түсіп, сөз сөйлерің бар ма?- Ондай жанашыр әке, шеше менде жок, өзіммен-ақ сөйлесе беріңіз.- Ендеше Сары қыз екеуіңе отау тігіп берейін, осында қалсаң қайтеді?- Ақсақал, отау дегеніңіз жөн, бірак мұнда қала алмаймын ғой. Жетім болғаныммен, менде де ел бар, жұрт бар. Ауылға барайын, ағайын-туыспен ақылдасайын. Көп кешікпей қайтып айналып соғайын.- Жарайды, мұның да жөн екен. - Арыстан би мен Бәйдібек баланың алғашқы келісімі осы болды. Наурыз айы жақындап, қыстың ызғары қайта бастайды. Жылқышылар жылқысын еліне беттетіп айдай жаяды. Бірнеше күн дегенде олар еліне жетеді. Шынтас бай жылқысының мұрты бұзылмай аман-есен оралғанына қатты қуанады. Жылқышылар Мойыңқұм жайлауын қыстап шыққанын, ол елдің Арыстан деген биінің көрсеткен аталық қамқорлығын, тіптен Бәйдібекке жалғыз қызын бермек болғанын жырдай қылып баян етеді. Сонда Шынтас байдың Бәйдібекке шын мейірі түсіпті: - Бәйдібек балам, түсіндім, бәрі сенін арқаң. Жайлы өріс тауып жылқымның тай-тулағына дейін сондай қаһарлы қыстан аман қалғаны тек сенің ақылың. Сен есік алдында жүрген құлым едің, енді ақылды ұлым болдың. Қасыңа бір қария, он жігіт қосып, алдыңа жүз жылқы салып берейін, Арыстан биге бар-дағы қалыңдығыңды алып қайт! Осылайша Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би елінің тайлы-таяғы жиылып, Сары қызды ұзату тойын жасайды. Ақындар айтысы, бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы ату дейсің бе, барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары қыз жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шынтас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып той өткізеді. Беташар, жар-жар жырланады. Бәйге, көкпар беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен Гүлжамалға ақ отау тігіп, енші береді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады. Гүлжамал Байтоқты деген ұл, Алтын деген қыз туады. Байтоқты он сегіз жасында Керей жұртының Ұшан деген қызына үйленеді. Келесі жылдың көктемінде таудың қуысында отырған бес-алты үйді мал-жанымен бір түнде таудың тасқын суы алып кетеді. Солармен бірге Байтоқты да үй-мүлікімен опат болады. Соның алдында ғана төркініне кеткен Ұшан аман қалады. Төркінінде жүріп Ұшан ұл табады. Оның атын Мырзақазы қояды. Еліне келген соң, Ұшан да қайтыс болып, бір жасқа толмаған баласы жетім қалады. Жас нәрестені Байтоқтының қарындасы Алтын ақ ешкінің сүтін беріп асырап алады. "Қүдайдың берген сыйлығы" деп оны "сыйлық сары" қояды. Келе-келе ел оны "Сары үйсін" атап кетеді. Сары Үйсіннен - Қалша, Жақып туады. Бір шежіреде Қалша, Жақыпты Сары бәйбішенің қызы Алтыннан туған деп көрсетілген. Ол дұрыс емес. Қазақ қыздан туған жиенді шежіреге қоспайды.Гүлжамал (Сары бәйбіше) Байтоқты мен Алтыннан кейін тоғыз ұл туыпты. Олардың барлығы әкесі Бәйдібекке ұқсап шетінен батыр, палуан болып өседі.Қалша, Жақыптан Танай, Жанай, Жаулан (Тоқаш Бокиннің арғы аталары), Есім, Малай, Баба, Сүргінкел, Көпсерке, Қайқы, Софы, Сұлтанқұл ұрпақтары тарайды. Қазіргі Бәйдібек бидің Сары бәйбішесінен өрбіген Сары үйсін әулетінің дені Алматы облысының Балқаш, Күрті, Жамбыл ауданында тұрады. ## Екінші әйелі Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насаты батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңырат Қызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен.Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған келін деп, кейін Мапрашты атап кетеді. Мапрашты Бәйдібек батыр үйіне келе сала еңсеріп игеріп кетеді, қысы-жазы малға да қарайды. Боранды күндері кәдімгі қарулы палуан жігіттермен бірдей қимылдап, атасының ойынан шығып жүреді. Кешікпей Мапрашты Досымбет деген ұл туады. Оның көзі бір-біріне атысып, шапыраштанып туған соң ел Шапырашты атап кетеді. Шапырашты да өсе келе әкесі Жалмамбет, атасы Бәйдібекке ұксап насаты батыр боп ер жетеді.Қазақ шежіресінде Шапыраштыдан Есқожа, Асыл, Айқым, Екей, Еміл, Шыбыл ұрпақтарын таратады. Жазушы Балғабек Қыдырбекұлы "Алатау" (1989) романында Шапыраштыдан Ыстық, Асыл; Ыстықтан Малды, Желді, Қалды; Малдыдан: Екей, Еміл; Екейдің бәйбішесінен Жәрімбет, Бейімбет; Тоқалынан Әнет, Жиет; Емілден Жайық, Алсай, Қойшыман; Жайықтан: Құл, Тайторы; Алсайдан: Көшек батыр. Қойшыманнан Есқожа, одан Қарасай батыр. Желдіден Шыбыл, Асылдан Әжіке, Орымбет, Төке, Төлеміс, Құттымбет, одан Наурызбай батыр боп келеді.Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапрашты ананың сіңілісі екен. Мапрашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты:- Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң, былай етерсің: Менің сіңлім Қарашаш та бойжетіп қалды. Сен соны ал. Ол біздің балаларымызды өгейсітпейді. Бауырына тартып, менен бетер бағып қағады.Келіннің бұл өсиетін атасы Бәйдібек те, оның әйелдері де кұптайды. Жалмамбет өзінің сүйікті жары Мапрапштының өсиетін бұлжытпай орындайды. 14 жасар Қарашашты айттырып алады. Қарашаш сұлу, әрі салдарлы, сабырлы, ақылды болыпты. Оның өзгелерден бір ерекшелігі үнемі өн бойын таза ұстап, иіс сабынмен жуынып-шайынып, қолы-бетіне иісті әтір жағып, сыланып-сипанып, үстіне қонымды таза асыл киімдер киіп, сән-салтанатпен кербез жүреді екен. Оның бұл әдет-дәстүрі келе-келе ауылдың қыз келіншектеріне үлгі-өнеге болып таралыпты. Қариялар, абысын-ажындар Қарашашты "Сыланды келін", "Иісті келін" деп атайды екен.Одан өсіп-өнген ұрпақтарды "Сыланды балалары", "Иісті балалары", кейін "Иісті", "Ысты" деп қысқаша атап кетеді. Бір шежіреде Ысты руының аталуын Сыланды ананың месті ыстап, баптап қымыз ашытуынан солай аталып кетіпті деп көрсетілген.Сол Қарашаш (Сыланды) анадан Ысты (шын аты Нұртай), Ошақты (шын аты Қырбай) балалары тарайды. Нұртай 16 жасында жауға қарсы ат қойып "Жауатарлап" шауып, жеңіп шыққан. Содан Жауатар батыр аталып кеткен. Жауатардан (Ыстыдан) Қосмағамбет, Досмағамбет, Сыдық тарайды. Бәйдібек атасы ол немерелеріне енші үлестіргенде Қосмағамбетке - ойық, Досмағамбетке - тілік, Сыдыққа - сызық ең салып береді. Содан олар Ойық, Тілік, Сызық аталып кетеді. Ойықтан (Қосмағамбет), Зорбай (Ауызүсіген), Қызылқұрт, Көкшекөз, Сәтек; Тіліктен (Досмағамбет) Мырза; ал, Ошақтыдан Байлы (Байназар), Аталық, Қоңыр, Тасжүрек ұрпақтары шығады. Күндестік. Нұрилә (660-738 )Бәйдібек биге 679 жылы 19 жасында тұрмысқа шығады. Той бірнеше күнге созылады. Бұл жайлы сол кездегі қытайдағы Тан әулетінің тарихи Суйнама жылнамасының 74 ші бума 46 шы баянында жазылған. Нүрилә өуелі Сары бәйбішенің қолына түседі. Өзі адуын тік мінезді Сары бәйбіше алғашқы кезде жас келінді оған-бұған жұмсап, ынтымақ сақтап жүреді де, кейін түрткілеп күндей бастайды. Бәйдібек Ташкентке кеткен күннің ертеңіне жас келіншекті отынға жұмсайды. Қарулы Нұрила бір арқа жусанды көрші отыратын мүсәпір кемпірдің үйіне апарып тастайды да, қайта барып екінші арқа жусанды бәйбішенің үйіне әкеле жатса, Сары бәйбіше оны барыпты да, қамшымен сабай беріпті. Сондағысы: "бір арқа отынды неге ана үйге апарасың?" деп кінәлапты. Жас келіннің көйлегі жыртылып, басы жарылып қалады. Керегенің көзінен қарап, Зеріп ана дереу жүгірып барып екеуін ажыратады. Нұриләны үйіне әкеліп, өз көйлегін кигізеді. Қанын жерге тамызбай сүртіп алады. Ташкенттен оралған Бәйдібек бұл жанжалды естиді де, ертеңіне Нұриләға отау тігіп, бөлек ауыл етіп отырғызады. Айлар етеді. Бұлақ басында айы-күніне жетіп толғатып ұл табады. Ұлының атын Тілеуберді қояды. Ағайын-туыс, абысын-ажындар құтты болсынға жиналып, шілдехана өткізеді. Ел тарайды. Бәйдібек би Ақсақ Темірдің шақыруымен Ташкентке кетеді. Осындай оңаша кезді пайдаланып, Сары бәйбіше қасына ешкімді ертпей жалғыз өзі Нұриләның үйіне барады. Оның күндестік қастандығы әлі қалмаған екен. - Бар, сен малыңды жайғап кел, балаға мен қарай тұрайын, - дейді. Нұрилә бәйбіше сөзін екі етпей сыртқа шығып кетеді. Қойшы, жылқышылармен бірге малды қора-қопсыға жайғастырып үйіне келсе, бесіктегі бала шырқырап жылап жатады. Сары бәйбіше Нұриләға:- Балаң жылауық екен. Осындай шалажансар бала туасың ба, найсап! Бұл біздің отағасыдан емес, қойшы-қолаңнан ғой шамасы - дейді де, долданып үйіне қайтып кетеді. Нұрилә нәрестені бесіктен шешіп, емізгелі алдына ала бергенде, еңбегінің ойылып қалғанын көреді. Ол дереу Жантас деген аға жылқышыны шақырып Қатаған еліндегі Қон еміс деген емшіні алдырады.- Баланың бас сүйегі жарақаттанған, жерге құлатып алдың ба, әлде үйде бөтен біреу болып па еді? - деп сүрайды. Нұрилә:- Үйде үлкен енем калып еді, - дейді.- Ә, қақпас, зәлім! - дейді Қон емес емші, - мынау соның бармағының ізі ғой. Жас нәрестенің басын қолымен мыжып жіберіпті. Оташы:- Нәрестенің бас сүйегі опырылып кетіпті. Әйтеуір миы аман екен... Дереу бас жаңқаларын ептеп алып тастап үстінгі қабығына жаңа туған тасбақаның сүйегін жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап, таңып тастайды. Бірер айда сүйектер бірімен-бірі қабысып, жазылып кетеді. Содан Тілеуберді баланың аты Жарықшақ аталып кете барады. Бұл күндестік, қастандықтың арты біраз сөз болып, Бәйдібек би сары бәйбішесін төркініне апарып тастамақ болады. Бәйбіше Нұрилә күндесіне барып, "Кешір мені" деп жалынады. Ақылды, сабырлы, қайырымды Нұрилә: "Бір жолға кештім" депті. Сөйтіп, ел аяғы тынышталыпты. ## Домалақ ана Сонымен Нұрила келіншек бұлақ басында жалғыз үй отыра береді. Бәйдібектің екінші зайыбы Зеріп болса, соның алдында Шаян өзені бойына жайлауға конғанды. Бәйдібектің билік жұмысымен Түркістан, Сауран жаққа кеткенін естіп, Сайрамда жатқан Қара Қайдар деген қарақшы Боралдайдағы Бәйдібек байдың жылқысына аттанады. Сабаудай-сабаудай оншақты жігіт бұлақ басында отырған жалғыз үйге бұрылады. Бөтен адамдардың үйіне бұрылғанын көре салып Нұрила әжесінің кимешегін киіп. Кемпірге ұқсап отыра қояды. Мұртты қара шойыртпақ: - Бұл кімнің үйі?- Біздің отағасының үйі.- Отағасың кім?- Бәйдібек би.- Өзі қайда?- Түркістан жаққа жолаушылап кеткен- Шөлдеп келеміз, сусын бар ма? Нұрила оларға ешкінің айранын ұсынады... Мұртты жігіт айранды менсінбей, қасындағы серіктеріне береді. Олар айранды сіміріп салып тағы сұрайды. Нұрила екі зерең айран берген соң: - Мырзалар, айран таусылды, - дейді. Мұртты жігіт: - Оқасы жоқ, жігіттер сусындаса болтаны, мен нан ауыз тиейін. Нұрила оған бір күлше нан береді. Қара мұртты күлшені шетінен опырып жейді де: - Күлшең тәтті екен, не қосып ең?- Өз емшегімнін сүтіне илеп пісіріп едім.- Пеле. Алланың рақымына қараңыз. Сіз бізге ана, біз сізге перзент боп қалдық қой! Сізді ұмытпаймыз... Қайтарда соға кетерміз. Екінші шегір көз жігіт: - Бәйдібек байдың жылқысы қайда? Нұрила сезіктене қояды: - Оны қайтерсіздер? Жылқыға да, жылқышыларға да тимеңіздер. Жолдарыңыз бола қоймас. Әуре боласыздар. Менің тілімді алсаңыздар, кейін қайтыңыздар! Алаңғасарлау бір жігіті: - "Қатынның тілін алған қараң қалады" демекші, алған бағытымыздан қайта қоймаспыз, - деп бәрі жүріп кетеді. Соның алдында үш күн, үш түн нөсер жаңбыр жауып, Боралдай өзені тасып жатқан кез екен. Қарақшылар өзенге барса, Боралдай суы кенересінен асып, бұрқырап жатады. Олар өзен жағалап өткел іздеп біраз әуре-сарсаң болады. Саяздау шығар деп бір жерінен өте берем дегенде, алдымен әлгі алаңғасар жігіттің аты тасқа сүрініп кетіп, ат-патымен суға ағып бара жатады. Тағы бір-екеуі шүңейтке түсіп кетіп аттарынан айырылып, өздері өлдім-талдым дегенде, малтып жағаға әрең шығады.Қара мұртты: - Жігіттер, болмас, кейін қайтайық. Әлгі кемпір тегін адам емес екен. Қайта барып кешірім сұрап, ауылды табайық, - дейді. Атынан айрылған үшеуі өзгелеріне мінгесіп, бәрі Нүрилаға қайтып барады. Алғашқы келгендегідей емес, бұл жолы бәрі аттарынан түсіп:- О, қасиетті Ана, кешіріңіз! Айтқан тіліңізді алмаймыз деп, осынша пәлеге ұшырадық! Оң батаңызды беріңіз, елімізге қайтайық! - дейді. Кішкентай Жарықшағын емізіп отырған Нұрила:- Ендеше қолдарыңды жайыңдар! Құдай оңдасын, әруақ қолдасын,Адал жүріп, адал тұрыңдар.Алдарыңнан жарылқасын! -деп, оң батасын береді. Осы кезде әлгі қарақшылардың бастығы:- Диһнат мама! - деп оған тағзым етіпті. - Сіз маған шын ана болдыңыз? Құдай-ақы, нағыз әулие, киелі ана екенсіз, біз енді түсіндік!Бұл Қара Қайдар аталып кеткен қарақшылардың бастығы түркмен жігіті екен. Оның шын аты Айдар Нүркелеұлы еді. Кезінде Қызыл Қожаханның әскербасы болыпты. Ол өле-өлгенше Нүриланы "Диһнат мама" деп, Боралдайда болса Боралдайға, Ташкентке барса Ташкентке, Түркістанда жүрсе Түркістанға әдейі барып, сәлем беріп, Нүриланың батасын алып жүретін бопты. Жұмысы оңғарылып, ақ жолға түсіпті. Міне, содан былай карай Бәйдібек бидің кіші әйелі Нүрила "Домалақ ана" аталып кетіпті.Аққұс Сатыбалдыұлы (1806-1897) жазған шежіреде бұл оқиға осылай хикая етілген. Бұл шежіре кітап 1841 жылы Ташкент баспасынан жарық көрген. Бәйдібек баба, оның үш әйелі, олардан өсіп таралған ұрпақтар, әсіресе Домалақ ананың әулиелік керемет қасиеттері жөнінде жазылған бұл шежіре Аққұс ақсақалдан бұрын Әбілғазы Баһадүрдің "Инсанияти Диһнат мама" аталған кітабында жазылған. Бұл кітапты кезінде атақты Төле би оқып, баласы Қожабекке көшірткен. Ол қолжазба 1713 жылы Ташкентте Төле бидің жарлығымен басылып шыққан. Оны Төле бидің жиені Шина Қарабатырұлы көшіріп алып, Бабасейіт әулетіне таратқан. Одан бүткіл Дулат ұрпағына жайылып кеткен. ### Бәйдібекпен Нұриланың ұрпағы Бәйдібек және оның ұрпақтары жөнінде мұндай дерегі мол басылымдар көп емес. Оны зерттеп толықтырудың сәті енді түсіп отыр. Соңғы кезде Бәйдібек би жөнінде осы жолдардың иесі ел аузындағы әңгіме аңыз, нақыл, мақал-мәтелдерді жинастырып жүрген-ді. Алдағы уақытта осылайша бірлесе іздестіре беру ата-баба әруағы үшін кімге де болса парыз деп ойлаймыз.Бәйдібек би баласы Жарықшаққа (680-761ж) ерекше мейірім, қамқорлық көрсетеді. Оның болашағын ойлап, Нұриланы баласымен Ташкентке көшіріп апарады. Әкесі Қараша биден қалған әулі-жайға иелік еткізеді. Нұрила жалғыз баласын қала дәстүрімен тәрбиелейді. Оқуға береді. Жарықшақ оқуға аса ықыласты, зерек болады. 7-8 жасында кітаптарды, аңыз, хиссаларды мүдірмей оқитын болады.Нұрила Жарықшақтан кейін Қызайым деген қыз, онан соң Тәңірберді, Ақберді деген екі ұл, Күләйім және бір қыз туады. (Бір дерек Күнбибі (Қызай), Ақбибі (Мұрын) және Сыбан деген үш қыз туыпты деп көрсетілген. Бұл перзенттерінін Қызайымнан басқасы жастай өліп кетеді. Ал Қызайым Нұриланың өзіне айнымай тартқан ақылды, шымыр боп ер жетеді. Қызайым бойжеткен соң Найман Аталық дегеннің үлкен баласы Шағыр батырға ұзатылады. Қызайымнан Дербіс, Бегімбет, Ителмен, Меңі туады. Олар кейін 19 болыс ел боп кетеді, бәрін "Қызай найман" деп атайды.Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе, Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген он шақты мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болған. Кейін елі-жұрты сол тауды "Қызай тауы" деп атап кетеді.Жарықшақтың бірінші әйелі Тәукел бибіден: Албан, Суан, екінші әйелі Бибіфатимадан Дулат (723-816) туады.Албан мен Суан жау жүрек батыр, ал Дулат ақылды, сабырлы боп ер жетеді. Нұрила кіші келіні Бибіфатиманы еркелетіп "Бипаш" дейді екен.Кейбіреулер қазақ шежіре тарихында екі Дулаттың болғанын ажырата бермейді. Бірі - ежелгі Дулу тайпасындағы, екіншісі - одан мың жылдай кейін сол Дулудың есімімен аталып кеткен Бәйдібек бабадан тарайтын Дулат руының болғандығы.Б.з. дейінгі II ғасырда өмір сүрген ежелгі үйсін Мемлекетінің бір тармағы Дулу, Дуғлу тайпасы деп аталғаны рас. Үйсін елінің Күнби ханы балаларына енші үлестірерде өзінің батыр баласы Дулуға іле өзенінің бойын бөліп берді. Сол Дулу бастаған тайпа Үйсін Мемлекетінің одан кейін Түрік қағанатының айбынды жауынгер оң қанаты болады.Ак. Л. Н. Гумилев өзінің көне түріктер туралы кітабында (137 б.) былай жазады: "Ат үстінде шебер соғысатын ежелгі хундердің жауынгерлік машығын мұралаған дулулар қағанатта беделі зор үстем тайпа одағы болды".Міне, Бәйдібек баба мен Домалақ ана сол ежелгі Дулу тайпасының атымен Дулат деп койған. Демек, Дулу - б.з.д. II ғасырда ғұмыр кешкен тайпа болса, Дулат 723 -816 жылдары өмір сүрген батыр әрі би болып шығады.734-736 жылдары Жарықшақ анасы Нұриламен ақылдаса отырып, үш баласына Жетісуды өрлей мекендеп, ен жайлауға қоныс тебуді тапсырады. Содан Албан мен Суаннан өрбіген ұрпақтары, казіргы қытаймен шектес Нарынқол, Кеген, жаркент жерін, одан қалса алматы облысы маңын мекендеп кетеді. халық ауызында: Аспан таудың етегі,Албан ата мекені. деген сөз бар, бұл Аспан тау казіргі тян-шан тауы, оны кезінде үйсіндер Тәңір тауы деп атаған, себебі ол кезде бабаларымыз көк Тәңірыне сиынған, не тілеседе көкке қарап тілеп, сол көк аспанмен таласқан биік тауды, Тәңір тауы деп атаған екен.Ал Дулаттан өсіп-өнген Ботбай, Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары қазіргі Алматы, Шымкент облыстарын мекен етіп, тіршілік етеді. Дулаттың сол төрт баласынын өскелеңдігі жөнінде халық арасында: Жаныс көп пе, қамыс көп пе,Сыйқым көп пе, қыйқым көп пе,Шымыр көп пе, шыбын көп пе,Ботбай көп пе, бота көп пе? деген мақал-мәтел таралып кеткен. ## Бәйдібектің ерлігі Бір шежіреде Бәйдібектің батырлығы былай хикая етілген. Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптан келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын-Емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен. Оған жалайырдың Алшынбай батыры қарсы жүреді. Екеуі найзаласады. Алшынбайдың қылышы қақ бөлініп, Дөдемен арпалысып жүріп мерт боп кетеді. Бәйдібек батыр: - Енді кім шығады? - деп айқай салады. Найманның Шектібай батыры көк атын ойқастатып Дөдеге жетіп барады. Тағы айқас, тағы найзаласу. Шектібай да дүлей Дөдеге төтеп бере алмай ауыр жараланып қалады.- Тағы кім бар? - дегенде, жауға қарама-қарсы қаптап тұрған сарбаздар арасынан ешкім "мен шығамын" дей қоймайды. Әлден уақта намысқа тырысып, тай мінген талдырмаш сары жігіт:- Мен шығар едім, бірақ мінетін жарамды атым жоқ, - дейді. Бәйдібек батыр: - Мін менің атыма, - деп астындағы ақбоз айғырын түсіп береді де, ол Дөдеге: - Ал, батыр, біздің баламен шайқасуға калайсың? - деп кекетеді. Дөде:- Мен баламен күреске шығатын бала емеспін! Өзің кел, - деп гүр ете қалады. Бәйдібек:- Келсең кел, өзім де сол сөзіңді күтіп тұр едім, — деп өзінің Ақбоз айғырына мініп, оған қарсы шығады. Сарбаздары: "Иә, Құдай қолдай гөр!" деп тілеп, шуласады. Екеуі әуелі қылыштасады. Дөденің күші басым болғанымен, айла-тәсілі аз екен. Ол Бәйдібектің әбжіл қимылына төтеп бере алмай әбден қан сорпаға түседі. Дөде бар күшін жинап алып, енді найзасын кезенеді. Бәйдібек те найзасын ыңғайлайды. Оның жастайынан жылқы бағып жүргенде, қарт жылқышылардан үйренген дағдылы бір әдісі - құрыққа ұқсатып найзасының ұшына шылбырдан қыл тұзақ байналынатын-ды. Ол енді Дөдеге сол тәсілін қолданбақ. Мұны Дөде де, жау-жағы да елей қоймайды, онша мән бермейді. Екеуі ары-бері атойлап шауын найзаласып жүреді. Бір уақта Дөде оған оқтала бергенде, Бәйдібек оның бұғыдай мойнына қыл тұзақты шалып алып, ат-матымен сүйрей жөнеледі. Дөде қолындағы найзасын тастай салып, екі қолымен буынып бара жатқан мойынын босатып алмақ боп жанталасады. Бәйдібек батырдың темірдей тегеурінді қолы қоя ма, әне-міне дегенше Дөденің аттан аударылып кеткей аюдай денесін жерге сүйретіп екі айналдырып тастайды да, жайына кете береді. Сөйтіп Дөде азаппен қылқынып жан тәсілім қылады. Бәйдібек жауды түре қуып, тас-талқан етіп жеңіп шығады. Бір бұл емес Бәйдібектің ел-жұртына шапқыншы жаудан қорғап қалудағы ерліктері жөніндегі шежіре-дерек, аңыз-әңгімелер аз емес. Кезінде солардың хатка түсе қоймаған. Бәйдібек би 695 жылдың күзінде cексен алты жасында Бала бөген басындағы өзінің қыстауында қайтыс болыпты. ## Домалақ ананың дүниеден өтуі ...Қараша бидің қызыл қыштан соққан кең үйіне Боралдайдан келген Домалақ ана балаларымен қауышты, немерелерінің бетінен сүйіп, арқа-жарқа боп калады. Қасиетті ананың жақындағы үйіне келгенін естіген қазақ, өзбек көршілері бірінен соң бірі келіп сәлемдесіп жатады. Айлар, жылдар өтеді.Бір күні Домалақ ана түс көріп ерте оянады. - Түсімде отағасы қасыма кел деп шақырады... Мені елге көшіріңдер.Жарықшақ Дулатты шақырады. Бәрі ақылдасып, анасың Боралдайға көшірмек болады. Дулат екі күймесін әзірлейді. Біріне анасы мен өзінің әйелі Күлзейнепті отырғызады. Екінші күймеге жол азық, сусын салып, өзі 20 жігітпен қасына ереді. Үш күн дегенде олар Бала бөгенге жетеді. Аттарын отқа қойып, өздері өзен жағасында сусындап отырады. Домалақ ана балаларына:- Мен елге жеткен соң олай-пұлай боп кетсем, аталарың Бәйдібекеңнің қасына қойыңдар. Егер жолда өлсем, ары-бері сүйремеңдер, сол жерге қойып, басыма белгі қоярсыңдар, - дейді. Балалары:- Ойбай, апа, ондай сөз айтпаңыз, сіз әлі шөберелеріңізді көресіз, — деп, көңілін жұбаткан болады. Сол өзеннің жағасында демалып отырған жерінде үзіліп кетеді. Қасына ерген бала-шағасы, жігіттері үрпиісіп, шоғырлана қалады. Сөйтіп, 738 жылдың мамыр айында қасиетті әулие ана Нүрила (Домалақ ана) дүниеден өтеді. Дулат бастаған үрім-бұтағы басына сағана тұрғызады. Осы жерде мына жайттарға көңіл аударған абзал болар еді. Кей дүмше молдалардың Домалақ ана намаз кезінде қайтыс болды дегені шындыққа жараспайды. Домалақ ана (660-738) өмір сүрген 7-8 ғасырларда қазақ даласында ислам әлі келмеген кез. Бұл жалған мәлімет кейінгі діндар дүмшелердің шығарып жүргені. Кезінде Бәйдібек би кесімді, бітімді тапқыр шешен сөздерді, ақыл-нақыл, мақал-мәтелдерді көп айтқан. Олардың кейбірі айтыла-айтыла авторы ұмытылып, халықтық мұрага айналып кеткен. Дер кезінде хатқа түспеген соң көпшілігі ел есінен шығып та қалған. Өйткені Бәйдібек заманынан бері бірнеше ғасыр өтті емес пе. Десек те, Бәйдібек бабамыздың бірлі-жарым нақыл-мақалдары атадан балаға ауысып, айтыла келе бүгінге жетті. Оның сол Бәйдібек баба ұрпактарынан жазып алынған нұсқалары мыналар: ## Бәйдібек бидің нақылдары ### Нақыл Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:- Өзім асырап, есігіме салған кұлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.Би жалшыға сөз беріп:- Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би: Аяққа кісен салуға болар,Қолға кісен салуға болар,Ал, тілге кісен салуға болмас, - деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті. ### Нақыл Бай үйінің төрінде отырған бір молда "шариғат жолы олай, шариғат жолы былай" деп шариғат, мұсылмангершіліктен сөз қозғап, өзге жұртқа кезек бермей отырады. Есік жақта отырған байдың жалшысына молданың кедей-кембағалдарды кемсіте сөйлегені жақпай қалады. Жалшы:- Молдеке, сөзіңіз аузыңызда, жаңа "сіз" кедей, жоқ-жұқаналар өз пейілінен табады деп қалдыңыз. Сонда қасиетті "Құранда" солай жазылған ба екен? Менің естуімше, "Құранда" жоқ-жұқана қаріп-қасірлерге садақа беріп, қарасқан сауап деп жазылған сияқты еді. Сіз төрде отырып, жалған сөйлеп отырсыз, - дейді. Жалшының бұл сөзі шымбайына батқан молда:- Жап аузыңды, зәнталақ, сен маған қарсы сөйлеуге қандай қақың бар? - деп ашу шақырады. Отырған көпшіліктің бір жағы молданы, қалған жағы жалшыны қоштап абыр-дабыр боп жатқанда, олардың үстіне қасында 3-4 кісісі бар Бәйдібек би кіріп барады.- Бұл не жанжал дегенде, үй иесі "молдекең былай деп еді, менің жалшым оған қарсы шықты" деп болған әңгіменің жайын түсіндіреді. Сонда Бәйдібек би табан астында әуелі молдаға қарап:- Төрде отырып теріс сөйлегенің жөн емес, көпшілік ішінде төрде отырғанда абайлап сөйлеу керек. Төрді сыйлау кімге де болса парыз.- Ал, жігітім, - деп босағада отырған жалшыға қарап: - Есікте отырып кейіс шығарғаның жөн емес. Сенің сөзің уәжді болса да, мына табалдырықты сыйламайсың ба? Біреудің табалдырығын аттап келіп, у-шу шығару жігітке жараспайды. Ол үйдің шаңырағын сыйлау саған қарыз. Бұл сөздің түйіні енді былай болсын: - "Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,Есікте отырып керіс сөйлегеннен без", деп кесім айтып, көпшілікті риза етіпті. ### Нақыл Бір жолы үш жасар Жалмамбет әкесіне еріп Ташкент базарына барыпты. Саудагер, делдал дегендерді алғаш рет көрсе керек. Үлкендердің "Саудагер қулар алдап жеп кетіп жүрмесін" деген сөздерін естіп жүреді. Жолда бара жатып:- Көке, осы саудагерлер не жейді? - деп сұрапты. Сонда Бәйдібек жас баласына:- Саудагер, делдалдар түске дейін өзгелерді алдап жейді, түстен кейін өзді-өзін алдап түсіреді, - депті. ### Нақыл Бір жолы баласы Жалмамбет "менікі жөн, олардікі терне" деп бір жайлау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Бәйдібек би баласына: - Өткелді саяз деме,Таяғыңды салып бойлат,Ісімді мақұл деме,Ағайынға салып ойлат, - деп ақыл айтыпты деседі қариялар. ## Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері Бәйдібек би өз тұсындағы жылқылы байлардың ішіндегі ең жылқысы көп байы болған деседі ел. Бабамыздың мыңдаған үйір-үйір жылқысы өзінің түс-түсі, тұқым-нәсілімен өріп, Қаратаудың Боралдай, Қостұра, Ақтасты, Керегетасты, Жетімтау шатқалдарының теріскей, күнгей жағын түгелдей қара құрымдай қаптап жатады екен. Жылқысы Боралдай өзеніне құлағанда, Боралдай, Бөген, Шаян өзенін кешкенде, ол өзендер де ақпай қалар еді, деседі жұрт. Ал, Бәйдібектің өзі жылқы танығыш бапкер, сыншы болыпты. Ол кісінің жылқышыларына айтқан аталы сөз, шаруа нақыпдары аз болмаған. Соның бірлі-жарымы мыналар: Малды жақсы баққаның -Өзіңе абырой тапқаның.Малды жаман баққаның -Келген бақты каққаның.Кендірмен байлама!Жыңғылмен айдама!Кендірменен байласаң,Жыңғылменен айдасаң,Мал өсер деп ойлама!Сиырда аунамақ жоқ,Жылқыда күйсемек жоқ,Таста тамыр жок,Суда қаймақ жоқ.Бір кісінің баласындай бол,Бір қолдың саласындай бол.Жылқышы жылқыныбаққанын айтар,Қойшы қойына өрістапқанын айтар,Түйеші түйесінің шаңдаққажатқанын айтар,Аңшы қақпаныныңқапқанын айтар,Мерген аңшы атқанын айтар,Саудагер матасынсатқанын айтар.Қасқыр мен ұры мінездес -Екеуі де түнді аңдиды.Бұлбұл мен гүл мінездес -Екеуі де күнді аңдиды. Бәйдібек бидің ел корғауда халық қамын ойлап айтқан аталы сөздері: Алыс жолға шығар болсаң,Алдымен жолдасыңды сайла.Жауыңды жығар болсаң,Алдымен қолбасыңды сайла.Керуен басы білікті болса,Түйе азбайды.Қолбасы білікті болса,Сарбазы тозбайды. Бәйдібек баба үрім-бұтағынан Кебекбай, Бөлтірік, Досай, Ноғайбай, Байжігіт, Сары би, Есенкелді, Сапақ сияқты би-шешендер, Қабан, Сүйінбай, Майкөт, Құлмамбет, Жамбыл тәрізді ақын-жыраулар шыққан. Бұған халық қамын ойлаған ел басшысы болған атакты мемлекет қайраткерлерін қоссақ, Бәйдібек бабамыздың қандай адам болғанын, оның артындағы өсіп-өнген ұрпақтарының жарқын болашағын танимыз. ## Дереккөздер
Құс жолы (ағылш. milky way, мағынасы "cүт жолы") — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Құсжолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан. ## Этимологиясы Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құсжолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты біздің галактика Құсжолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Кейде Галактика (бас әріппен) деп те жазылады. Құс жолы — кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры. Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әр түрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген километр жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыздардың кеңістікте таралу тығыздығы Галактика полюстерінің бағытында тым аз болады. Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған. ## Ашылу тарихы Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 жылы Галилео Галилей байқаған. Бірақ Галактика құрылысын жүйелі түрде зерттеуді XVIII ғасырдың аяғында Уильям Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген зерттеулері негізінде бақыланған жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты. Василий Струве 1847 жылы көлем бірлігіндегі жұлдыздар саны галактикалық жазықтыққа жақындаған сайын көбейетіндігін, ал Күннің галактика ортасында орналаспағандығын анықтаған. Ол 1859 жылы бүкіл Галактика жүйесінің осьтен айналу ықтималдығын көрсеткен. Галактиканың мөлшері жөнінде XX ғасырдың 1-ширегіндегі неміс астрономы Хуго Зелигер мен голланд астрономы Якобус Каптейн дәлелді пікір айтты. XX ғасырдың 20-жылдарында америкалық астроном Харлоу Шепли Галактика орталығының бағыты Мерген шоқжұлдызында екендігін анықтап, күннің галактика орталығында орналаспағандығын дәлелдеген. Швед астрономы Бертиль Линдблад жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі болатындығына сүйене отырып, Галактиканың динамикасы мен құрылысын зерттеген, Галактика құрылысының күрделі екендігін ашқан. 1927 жылы голланд астрономы Ян Оорт жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы мен меншікті қозғалысын зерттеу кезінде Галактиканың меншікті кіші осінен айналатындығын дәлелдеді. Галактиканың ортасына жақын бөліктері сыртында жатқан бөліктеріне қарағанда жылдамырақ айналады. Галактиканың орталығынан күнге дейінгі қашықтық 10 кпк. Күн 250 км/с жылдамдықпен галактика орталығын екі жүз елу миллион жылда (айналу периоды) толық бір рет айналып шығады. Галактикалар – біздің Галактикадан тыс орналасқан алып жұлдыздық жүйелер. Олар аспанда Құс жолынан тыс жарық тұман түрінде көрінеді. Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықтар деп те атайды. Америка астрономы Эдвин Хаббл XX ғасырдың 20-жылдарында бізге ең жақын Галактика өте әлсіз көптеген жұлдыздардан тұратындығын, оның ішінде цефейлер типтес айнымалы жұлдыздардың болатындығын байқаған. XX ғасырдың 30-жылдары эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-жылдары көптеген сақина, дискі тәріздес Галактика және алыс орналасқан жинақы Галактика ашылды. Қуатты радиосәуле шығаратын топтасқан галактика N-галактикалар қатарына жатады. Осындай радиосәуленің жұлдыз тәріздес көзі квазарлар деп, ал қуатты радиосәуле шығаратын бұрыштық өлшемі бар Галактика радиогалактикалар деп аталады. Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс галактиканы зерттеу нәтижесінде америкалық астрономдар мынадай қорытындыға келді: оның орталығында осыдан бір жарым миллион жыл бұрын жарылыс болған, соның салдарынан ыстық сутек ағыны 1000 км/с жылдамдықпен ұшып шыққан. Бұл жарылыс электрондар ағынын тудырған. Радиосәуленің жылулық табиғатының шығуына осы себеп болған. Астрофизик Виктор Амбарцумянның пікірі бойынша, мұндай жарылыстар қазір де жүріп жатыр. Бұрынғы КСРО-да жасалған Галактика каталогында он бесінші жұлдыздық шамадан жарығырақ отыз мыңдай Галактика бар. Олар барлық аспанның төрттен үш бөлігін қамтиды. Бес метрлік телескоппен жиырма бірінші жұлдыздық шамаға дейінгі бірнеше миллиард Галактикаларды көруге болады. XIX ғасырда француз ғалымы Мессье барлық тұмандықтардың жүйелі тізімін жасады. Оған жүзден астам тұмандықтар енді. Тек XX ғасырда ғана бұл түмандықтардың табиғаттары анықталды. Олардың тозаң мен газ араласқан түмандықтардан, шар тәрізді және шашыраған газ шоғырларынан, галактикалардан түратыны белгілі болды. Жүлдыздар арасындағы кеңістік бос тәрізді болып көрінеді. Шынында, барлық жүлдыздар арасындағы кеңістіктер заттарға толы. XX ғасырдың басында жүлдыздар жарығының жұтылу немесе әлсіреу қасиеті ашылды. Жарықты жұтатын заттың Құс жолында шоғырланғаны және шүйке тәрізді құрылысы бар екені анықталды. Бұл зат физикалық құрамы жақсы зерттелген тозаңдардан тұрады. Жұлдыздар арасында тозаңнан басқа өте үлкен мөлшерде газ бар (тозаңнан жүз есе көп). Олар бейтарап сутегінің 21 см толқын ұзындығында сәулелер шығарады. Егер бейтарап сутегі бұлтына жақын жерден көк ыстық жұлдыз тұтанса, жұлдызаралық газдар мен тозаңдардың сәулеленуі байқалады. Жұлдыздың шығарған ультракүлгін кванттарын бұлттың атомдары жұтады да, осы атомдар жарық кванты түрінде кайта сәуле шығарады. Орионның үлкен тұмандығы — ең жарық газды тұмандық. Дүрбі арқылы (қырағы көзге құралсыз көзбен де көрінеді) бір сызық бойына орналасқан үш жұлдыздан сәл төменде орналасқан Орионның белдігі көрінеді. Бұл тұмандықтарға дейінгі қашықтық 1000 жарық жылы шамасында. Ыстық жұлдызды қоршаған иондалған газдар аймағын жұлдыздардың ультракүлгін сәулелерін өте интенсивті сәуле ретінде қайта шығаратын машина ретінде елестетуге болады. Оның спектрінде әр түрлі химиялық элементтердің сызықтары бар. Газды тұмандьщтардың түсі де газдың температурасына, тығыздығына және химиялық құрамына байланысты әр түрлі: жасылдау, кызғылт және басқа да түспен реңдес келеді. Газ тұмандықтарының пішіні әр түрлі. Кейбіреулерінің пішіні ортасында жұлдызшасы бар сақина торізді — бұл планеталық тұмандықтар. Баска тұмандықтар газдардың жеке жарық шығаратын талшықтарынан тұрады. Көптеген тұмандықтардың пішіні бұрыс, олар кәдімгі сия тамшысының дақтарына ұксайды. Жарық сүзгілері арқылы қарағанда кейбіреулері жеке талшықтардан тұратын болып шықты. Белгілі Шаян тұмандығы осындай. Бұл ең жақсы зерттелген жарылған жұлдыздың (аса жаңа) бөліктері. Біздің Күн бір-бірінен қашықтығы, уақыт, газ бен шаң-тозаң бұлттары, әр түрлі сәуле шығару түрлерімен бөлектенген 150 млрд жұлдыздың біреуі ғана. Бірақ олардың бәрі бірге ортақ центрден,яғни "Құс жолы" деп аталатын галактиканың ядросынан айналады. Галактикалар — жұлдыздар, газ, шаң-тозаңның бәрі бірге гравитация щпиімен ұсталып тұратын ең ірі жұлдыздар жүйесі. Күн жүйесінің жұтатын материямен толтырылған галактика жазықтығында жатуынан Құс жолы құрылымының көптеген бөліктері жердегі бақылаушыға көрінбейді. Әйтсе де оны біздің галактикаға ұқсас галактикалар аркылы зерттеуге болады. XX ғасырдың 40-жылдары Андромеда тұмандықтары деген атпен белгілі M31 галактикасын бақылап, неміс астрономы Вальтер Бааде осы алып ғаламның жазық линза тәрізді дөңгелегі әлде қайда сирек сфера түріндегі жұлдыздар бұлтынан тұратынын байқады, оны гало деп атады. Бұл тұмандық біздің галактикаға өте ұқсас болғандықтан, В. Бааденің ұйғарымынша, Құс жолының да құрылымы болуы тиіс. Галактикалық дөңгелектердің жұлдыздары қоныстанудың I түрі, ал гало жұлдыздары қоныстанудың II түрі деп аталады. Қазіргі зерттеу жұмыстары жұлдыздык қоныстанудың екі түрі кеңістікте орналасу жағдайларымен ғана емес, қозғалу сипатымен, сонымен қатар химиялық құрамдарымен де өзгешеленетінін көрсетіп отыр. Бұл ерекшеліктер, біріншіден, дөңгелектер сфералыққұраушыларының қалай пайда болу себептеріне байланысты. Галактикалық дөңгелектің диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның қалыңдығы 1000 жарық жылы шамасындай болады. Галактиканың орталығынен галоның ең тығыз орталык бөлігіне дейінгі бірнеше мың жарық жылына тең аралық "балдж" ("қалыңданған") деп аталады. Біздің галактиканың шегі галоның өлшемімен анықталады. Галоның радиусы дөңгелектің өлшемінен едәуір үлкен және кейбір мәліметтер бойынша бірнеше жүз мың жарық жылына жетеді екен. Құс жолы галосының симметрия орталығы галактикалық дөңгелектің орталығымен сәйкес келеді. Біздің галактикада Күн тәрізді дара жұлдыздар сирек кездеседі (30%-дан көп емес). Негізінен, жұлдыздар қос жұлдыздар немесе бірнешеу болып келеді. Галактикада күрделі жұлдыздар жүйесі табылды, атап айтсақ, шашыранды (ондаған жұлдыздардан тұратын) және map тәрізді (жүз мыңдаған жұлдыздардан тұрады) жұлдыздар шоғырлары. Шар тәрізді жұлдыздар шоғыры галактиканың орталығыне жинақталған. Шашыранды жұлдыздардың шоғыры шар тәрізді жұлдыздар шоғырынан әлдеқайда көп, олар галактика (спиральді галактика жайлы сөз болып отыр) спиралінің тармағында, галактиканың дөңгелегінде басымырақ орналасқан. Дөңгелек жұлдыздардың қоныстануы Гало жұлдыздарының қоныстануынан ерекшеленеді. Дөңгелек жазықтығының маңайына бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болған жас жұлдыздар және жұлдыздар шоғыры жинақталған. Олар жазық кұраушыларды кұрайды. Олардың арасында ыстық және жарық жұлдыздар өте көп. Ертерек пайда болған жұлдыздар дентрде немесе центрге жакын орналасып, біздің галактиканың сфералық құраушысын құрайды. Сфералык кұраушының жұлдыздары галактиканың орталығыне шоғырланады. Галоның жұлдыздары мен жұлдыздык шоғырлары галактика орталығын айнала өте созылыңқы орбитамен қозғалады. Жеке жұлдыздардың қозғалыстары ретсіз болғандықтан тұтас алғанда гало өте жай айналады. Галактиканың сфералық кұраушысындағы "қоныстанудың" жасы 12 млрд жылдан асады. Оны, әдетте, галактиканың өзінің жасы деп есептейді. Ауыр химиялық элементтер үлестерінің аз болуы гало жұлдыздарының сипаттамаларының ерекшелігі болып табылады. Шар тәрізді жұлдыздар шоғырындағы жүлдыздардың құрамында металдар Күнге қарағанда жүз есе аз. Жұлдыздар шоғырының көмегімен галактикадағы Күн жүйесінің орны табылды. Галомен салыстырғанда дөңгелек елеулі түрде тезірек айналады. Оның айналу жылдамдығы центрден әр түрлі қашықтықтарда түрліше болады. Ол жылдамдығы центрде нөлден басталып, одан 2 мың жарық жылындай қашықтықта 200—240 км/с-қа дейін артады, содан кейін біраз кемиді де қайтадан шамамен аталған мәнге дейін өседі, әрі қарай процесс тұрақты қалады. Дөңгелектің өз осінен айналу ерекшеліктерін зерттеу оның массасын анықтауға көмектеседі. Есептеулер бойынша оның массасы Күн массасынан 150 млрд есе артық. Біздің галактикаға жоғарыдан, яғни полюстен қарасақ, онда біз мыңдаған жұлдыздардан тұратын спиральді көреміз. Оның иірімі галактиканың орталығы, материяның сәуле жұтатын қалың қабатымен қоршалған ядроға бағытталған. Оны инфрақызыл, радиосәуле қабылдағыш арқылы зерттейді. Галактиканың ядросында салмақты қара құрдым болар деген болжам бар (массасы миллион Күннің массасындай). Ғаламның орталык аймақтарына жұлдыздардың күшті шоғырлануы тән. Орталыққа жақын орбір парсек куб көлемдегі жұлдыздар саны бірнеше мыңға жетеді. Жұлдыздардың арақашықтықтары Күннің маңайындағы қашықтықтарға қарағанда ондаған және жүздеген есе аз. Егер біз галактика ядросына жақын орналаскан жұлдыз маңындағы планетада өмір сүрсек, онда аспанда жарықтығы Айдың жарықтығындай ондаған жұлдыздар мен біздің қазіргі аспанымыздағы ең жарық жұлдыздан да жарық жұлдыздар саны бірнеше мың болар еді. Галактика ядросы Мерген шоқжұлдызы бағытында орналасқан. Галактиканың дөңгелегіндегі газ негізінен оның жазықтығына жақын жинакталған. Ол біркелкі орналаспаған. Олардың ішінде кұрылымы біртекті емес ұзындығы бірнеше мың жарық жылы болатын алып бұлттардан басқа шамалары бір парсектен аспайтын шағын бұлттар бар. Біздің галактиканың химиялық элементі сутегі мен гелий болып табылады. Осы екі элементпен салыстырғанда қалған элементтер өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда дөңгелектегі жұлдыз бен газдың химиялық құрамы Күндегі сияқты. Күн өзіне жақын барлық жұлдыздармен бірге 200—220 км/с жылдамдықпен галактика орталығын айнала қозғала отырып, 200 млн жылда бір айналым жасайды. Демек, Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ітттінде галактика орталығын 30 рет айналып шыққан. ## Басқа галактикаларды ашу Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашыктықта жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады. Оңтүстік жарты шардың түнгі аспанынан бізге ең жақын "Магеллан бұлттарын" бақылай аламыз. Зер салыпқарағанда бұлт "толқып" тұрған тәрізді. Астрономдар оның толкуын біздің галактикаға жакын орналасуымен түсіндіреді. Бір кездері "Магеллан бұлттары" біздің галактикамен соқтығысқан секілді. "Магеллан бұлттары" Құс жолынан көп кіші. Олар біздің Галактиканың серігі. Миллиардтаған жылдардан кейін олардың тағы да бір-біріне жақындауы мүмкін. "Магеллан бұлтынан" сәл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн жарық жылына тең болды. Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда" жәнө "Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі эллипстік галактикалар Жергілікті галактикалар тобын құрайды. Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Галактикалардың эволюциясы жайында жұлдыздардың эволюциясына қарағанда олде кайда аз білеміз. Галактика ядролары, олардың галактиканың эволюциясына және құрылымына әсері жөнінде мәліметтер өте аз. Кейбір ғаламдардың газ бен зат бөліп жарылатыны, ал кейбірінің бірімен-бірі өзара әсерлесетінін білгеннен кейін шешілетін проблемалар қатары көбейе түсті. Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар. Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар барлық уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден қашық жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында оларды жалғайтын бар (жалғастырғыш) тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді. Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипетік галактикалар жатады. Олардың кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді. Сыртқы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер енгізді: Е0 (сфералық), E10 (қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні, құймақ нанға ұқсайды). Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі түрге бөлді: жалғастырғышы бар (белгіленуі Sb), жоқ (белгіленуі S) және ядроларының өлшеміне қарай үш түрге * 'Sa (ең ірі ядро), * Sb (орташа ядро), * Sc (кіші ядро), сол сияқты Sba, Sbb, Sbc деп бөлінеді. Барлык бұрыс галактикалар бір белгімен 'ir деп белгіленді. Бірнеше мың өте жарық галактикалардың ішінде шамамен 80%-ы спиральді, 17%-ы эллипсті және 3%-ы бұрыс галактика. Галактикаларға дейінгі қашықтықтарды әр түрлі әдістермен анықтайды: цефейдтер, жаңа және аса жаңа жұлдыздар, өте жарық, жұлдыздар бойынша т. с. с. ## Квазарлар 1963 жылдан бастап астрономдар жұмбак объект квазарларды зерттей бастады (радиосәуле шығарудың квази жұлдыздық көздері деген сөзден қысқартылған). Квазарлар әлемнің ең энергетикалық қаныққан денелері. Бұл жұлдыздарға ұқсас денелер минутына Күннің 10 млн жылда шығаратын энергиясынан артық энергия шығарады. Олардың жарқырауы тұтас галактиканың жарқырауынан жүз есе артық бола алады. Көптеген квазарлар рентгенді сәуле шығарудың қуатты көздері. Олардың спектрлерінде кәдімгі жұлдыздардың атмосфераларында болатын химиялық элементтер кездеседі. Бірақ квазарлардың үздіксіз спектрлері энергияның үлестірілуі синхротрондық механизмге сәйкес болатынын көрсетті, яғни магнит өрісінде қозғалатын асқын энергиялы электрондар жарық шығарады. Квазарлар ғарыштағы ең алыс денелер болып саналады (оларға дейінгі қашықтық миллиардтаған жарык жылын күрайды), олардың спектрі қошқыл-қызыл, демек, олар бізден өте үлкен жылдамдықпен қашықтап барады. Көптеген квазарлардың периоды бірнеше апта, амплитудасы 3m-ге дейін өзгеретін жылтырауы айнымалы болады. Бұл олардың сызықтық өлшемдерінің жұлдыздармен салыстыруға келетінін, дегенмен үлкен емес екенін көрсетеді. Квазарлар өте алыс галактикалардың жас, белсенді ядролары болуы мүмкін. ## Дереккөздер
Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер (ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар. ## Ғарышкерлер жайлы қызықты ақпарат Ғарышкерлер тамағы Мәскеу облысының Ленин ауданында орналасқан Бирюлев тәжірибе зауытында даярланады. Бұл цехта Гагариннен бастап, күні бүгінге дейінгі ғарышкерлердің бәріне тамақ дайындалады. Алғашқыда ғарышкерлер тамағы 165 граммдық түбекшелерде дайындалыпты. Одан алғаш ауыз тиген Гагарин болыпты. Оған көкте 108 минут болса да, белгіленген тәртіп бойынша тоғыз түрлі тамақ – борщ, котлет қосылған картоп, түрлі шырындар берілген. Технологтар мен конструкторлар ғарыш кемесінде сақталатын тамақтардың көп орын алмауына, оларды сақтау кезінде бұзылмауына және оның өте дәмді болуына бастары қатыпты. Ерлерге күнделікті 3200 килокалория, әйел ғарышкерлерге 2800 килокалория тамақ беріліп отырыпты. Ғарышқа алғашқы іс-сапарлар ұзақ мерзімді қамтымағандықтан, тамақ мәзірі гомогенді сұйық және қою түрінде түбікшеде беріліп келген. Бертін келе ұшу мерзімінің ұзартылуына байланысты арнайы консервіленген тамақтар ойластырылған. ХХ ғасырдың 70-жылдары үй жағдайында дайындалған сублимерленген азық-түліктер беріле бастаған. Азық-түліктер – 70 градустық суықтықта сақталып, +70 градустық ыстықта жылытылып берілетін болған. Ғарышкерлердің күндік тамақ мәзірі таңертеңгілік, түстік, кешкілік және қалауы бойынша тәттілер, жеміс-жидектер қосымша берілген. Сүт тағамдары мен әйелдер үшін тәтті тоқаштар беру де ескерілген. Тамақ мәзірлері бірін-бірі қайталамайтын болған. Ғарышқа көтерілетін ұшқышқа өзіне ұнайтын тамақтың алдын-ала дәмін татып көруіне де мүмкіндіктер беріліп отырған. Белгісіз әлемге сапар алдында қай адамның тәбеті бола қойсын, десек те, жерде жүргенде туралған етті ұнататын жан ғарышта рассольникті ұнатып қалатын кездері жиі болады екен. Мұндайда ғарышкерлер қолдарындағы тамақтарын алмастырып жататын сәттері жиі болатын көрінеді. Соңғы уақытта мамандар ғарышқа қияр, қызанақ, апельсин, алма, көк пияз бен сарымсақты көптеп жіберетін болыпты. Бүгінгі таңда ғарыш­керлер тамағы үш жылға жарамды етіп жасалады. 1961 жылдан бері ғарышта 400-ден аса адам болыпты. Солардың ішінде МКС-те қызмет істегендерден артық ешкім тәтті тамақ ішіп көрмепті. Халықаралық ғарыш кемесі үшін француз аспаз­шылары тартылатын көрінеді. Қазір ғарыш көгінде орыс, американ және еуропалық ас мәзірлері тұты­нылады екен. Нан-бөлке тағамдарынан үгітілмейтін, ауызға шайнауға ыңғайлы тоқаштар ұсынылады. Ғарышты игерген 55 жыл ішінде көкке 80 тоннадан астам азық-түлік жіберіліп, 50 мың тамақ түрі дайындалыпты. Орта есеппен әр ғарышкердің түскі асы 18 мың рубльді құрайды екен. Бұл – азық-түліктің ғана шығыны, ал жеткізу шығыны басқа. Ғарыш кемесіне жеткізілетін жүктің әр килограмы 10-нан 20 мың доллар арасында тұрады. ## Дереккөздер Алматы ақшам газеті
‎ Дала — Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз, бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі. Солтүстік Америкада даланы прерия, Оңтүстік Америкада – пампас, Оңтүстік Азияның (Иран, Пәкстан, Ауғанстан) үстіртті жерлеріндегі даланы – дешт деп атайды. Еуразия құрлығының оңтүстік-батысынан (Пиреней түбегі) Манчжурияға дейін (солтүстік-шығыс Қытай) далалық өңірлер жиі кездеседі. Құрлықтың батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. Даланың климат жағдайы (буланудың көп болуы, жауын-шашынның аз түсуі), топырағының физикалық-химиялық құрамы, тұздылығы ағаштардың өсуіне қолайсыз келеді. Еуразияда климаттық ерекшеліктерге байланысты батыстан шығысқа қарай дала өсімдіктерінің құрамында айырмашылық байқалады. Осыған байланысты Еуразиядағы дала төмендегідей бөліктерге ажыратылады: 1) Дунайдың төменгі ағысы мен Алтай-Сауыр таулары аралығын қамтитын Қара теңіз – Қазақстан бөлігі. Бұл аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара теңіз маңындағы дала, Қазақ даласы алқаптарына бөлінеді; 2) Орталық Азия немесе Даур-Моңғол аймағы. Бұл аймақ Хангай – Даур және Манчжур орманды далалары болып ажыратылады. Таулы далада өсімдіктердің жазықта өсетіндерінен басқа типтері де кездеседі. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, Орталық Азия тауларында байқалады. Далалар Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада және Австралия құрлығында үлкен аймақтарды қамтиды. Далалардың көбісі жыртылып, егістікке айналған, қалған жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Көптеген елдерде табиғи дала қорықтарда ғана сақталған. ## Флорасы Дала өсімдіктері сан алуан (кейде бір шаршы метр жерде елуден астам түрі кездеседі) және көп сатылы болып келеді. Өсімдік түрі маусым ішінде де өзгеріп отырады. Көктем мен күз аралығында селеу, көде, қоңырбас, бидайық,сұлыбас және көп жылдық шөптесін дақылдар, эфемерлер (қызғалдақ, шытыр, т.б.) мен эфемероидтер (бір жылдық жуа тұқымдас өсімдіктер) мүк, қына өседі. Кейбір далаларда ешкісабақ, қараған, тобылғы, жабайы шие сияқты бұталар кездеседі. Қара топырақты шалғын далада қуаңшылыққа біршама төзімді өсімдіктер (өлеңшөп, боз, т.б.) және мүк өседі. Шөл далада бетеге, боз, қылқан селеу жартылай бұталармен (жусан, изен, шытыр, қараған) аралас кездеседі. Қына көп тараған. ## Фаунасы Ұсақ омыртқалы жануарлар кесіртке, жылан , кейбір кемірушілер қысқы ұйқыға кетеді, ал ірі сүтқоректілер оңтүстік аудардарға орын ауыстырады, ал құстардың көпшілігі қыста ұшып кетеді. Пампада ірі шөпқоректі жануарлар тіршілік етеді. Негігі түрі –гуанако (өркешсіз түйе), пампа бұғылары сақталған. Далаларға тән құстар –бозторғай, дуадақ.Бауырмен жорғалаушылардан кесіртке, қара жылан мекендейді. Прерияларда аномис техас жыланы тіршілік етеді.Жырқыш құстардан бүркіттер, дала бүркіті, қырандар мекендейді. ## Дереккөздер
Дастан – әдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу Шығыс, Орта Азия, қазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді. Кеңес заманында еңбек ерлеріне, Отан соғысы батырларына, партия қайраткерлеріне арналған авторы белгілі дастандар шықты. Мысалы, Жамбылдың «Замана ағымы», Н.Байғаниннің «Қанды жорық», Қ.Жапсарбаевтың «Капитан Гастелло» дастандары т. б. дастанның тілі шұрайлы, онда бейнелі сөздер көп кездеседі. М.Әуезов «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)» монографиясының «Абайдың поэмалары» тарауында дастанның негізгі оқиғасы шығыс аңыздарына құрылатындығын, оны Абайдың жаңғыртып, «анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде» жазғанын мысалға келтірген, «Абай шығыс әдебиетіндегі ұлы классиктер мол баяндаған күйге түгел тоқтап, бағынып қалмайды. Ол аңызды өзінше, көп жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады». ## Дереккөздер
Дегелектер (лат. Ciconia) — дегелектәрізділер отрядына жататын құстардың бір тұқымдасы. Дегелекті кейбір зерттеушілер «ләйлік» деп жазады, қазақ халқы оны «дегелек» деп атайды. Қазақстанда дегелектің 2 түрі: ақ дегелек және қара дегелек. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Сипаттамасы Дегелектер торлы терімен жабылған ұзын жалаң аяқтарымен сипатталады; тұмсығы ұзын, түзу, конустық; алдыңғы саусақтар кең жүзу қабығымен өзара байланысты, саусақтары қысқа және қызғылт тырнақтарға ие; бас пен мойынның кейбір жерлерінде жалаңаш терісі бар. Еуропада екі түрі бар: қара (C. nigra) және ақ (C. alba); біріншісі қара қоңыр қауырсындармен жабылған; екіншісі, қанаттары мен иықтарын қоспағанда, ақ қауырсынмен жабылған, тұмсығы мен аяғы қызыл. Көшпенді, олар ақпан және наурыз айларында Орталық Еуропаға келеді. Еуропадан басқа, олар Шығыс жарты шардың басқа жерлерінде де кездеседі. Келгеннен кейін олар ағаштардың басындағы және шатырдағы құрғақ бұтақтардан жасалған бұрынғы ұяларына орналасады; олар суға бай аймақтарды жақсы көреді, Голландияда, Исландияда және Оңтүстік Саксонияда көп кездеседі. Англияда олар мүлдем жоқ. Дегелектер қудаланбағандықтан, олар өте сенімді және тұрғын үйге жақын келеді. Дегелектер балықтармен, бақалармен, кесірткелермен, жыландармен, ұлулармен, жауын құрттарымен, дала тышқандарымен, жәндіктермен қоректенеді. Ұрғашысының ұзындығы 8 см шамасында 4-5 ақ жұмыртқа салады. Дауысы әлсіз, шапалақтағандай шығады; ұяда отырған балапандар ғана сықырлайды немесе әлсіз шырылдаған дыбыс шығарады. Олар өте ұзақ өмір сүреді. Ақ дегелектің тұмсық ұшынан құйрық ұшына дейінгі ұзындығы шамалы 1,3 м; биіктігі 1 м. ## Өнерде Ежелгі жазушылар мен ортағасырлық аңыздарда дегелектердің ата-аналары өзі-өзін күтуге шамасы келмей қалғанда оларды дегелектердің өзі тамақтандырады деген аңызды көруге болады. Осы себепті Ренессанс және одан кейінгі кескіндемелерде дегелек ата-анаға деген құрметті білдіреді. Сонымен қатар, дегелектер Меркурий құдайының арбасын алып бара жатқан құс ретиінде бейнеленеді ## Түрлері * Қара дегелектер (Ciconia nigra) * Ақ қарын дегелектер (Ciconia abdimii) * Ақ мойын дегелектер (Ciconia episcopus) * Малайялық жүнді дегелектер (Ciconia stormi) * Американдық дегелектер (Ciconia maguari) * Ақ дегелектер (Ciconia ciconia) * Қара тұмсық дегелектер (Ciconia boyciana) ## Дереккөздер
Дендрарий, дендрологиялық бақ – өсімдіктерді жүйеленімдік, географиялық, экологиялық, әсемдік, т.б. белгілеріне байланысты өсіретін жер телімі, арнайы бақ. Дендрарийдің (грекше dendron – ағаш) ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және ағартушылық мәні зор. Ауданы көбіне жүз гектарға дейін болады. Дендрарий шет жерлерден әкелінген және жергілікті өсімдіктерден құралады. Дендрарий өсірудегі негізгі мақсат – ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, елді мекендерді көгалдандыру, қорғаушы екпе орман алқаптары мен орман шаруашылығы үшін әрі төзімді, әрі әсем түрлерді сұрыптау, тарату. Жақсы жоспарлап салынған дендрарийдің эстетикалық маңызы зор. Қазіргі уақытта Қазақстанда Есік және Шымкент дендрарийлері жұмыс істейді. Есік дендрарийі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелік-көрсеткіш питомнигі. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, 1959 жылы ұйымдастырылған. Аумағы 360 гектар. Ағаш, бұта көшеттерін өсіреді. Ал Шымкент дендрарийі 1979 жылы құрылған. Аумағы 173 гектар. Ағаш, бұта, әр түрлі гүл көшеттерін өсірумен айналысады. ## Сыртқы сілтемелер http://www.dendropark.ru/ Мұрағатталған 9 қаңтардың 2010 жылы. ## Дереккөздер
Домалақ ана, Шайхы Мизамбекқызы Нұрила (1378, Түркістан — 28 мамыр 1456, қазіргі Бәйдібек ауданы аумағы, Балабөген өзені) – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. 6 – 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген. Бәйдібек бидің үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады. Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді. ## Аңыз-әңгімелер Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты.Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ. ## Кесенесі Толық мақаласы: Домалақ ана кесенесі Координаты — 42°52′30″ с. е. 69°40′11″ ш. б.42.87500° с. е. 69.66972° ш. б. / 42.87500; 69.66972 Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол – Домалақ ана кесенесі. Кесене 1957 ж. қайта жөндеуден өткізілді. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпағының ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес. Немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там (1456) тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған. ## Дереккөздер
Домна пеші, домна — темір рудалы материалдардан шойын қорытатын шахталы тік пеш; аузы мен түп жағы бүйірінен сәл қушықтау; биіктігі 30 метрдей, бүйірінің диаметрі 6-8 метр, пайдалы көлемі 1400-1800 м3 шамасында, тәуліктік жұмыс өнімділігі 1600-1700 тонна. Домна пешін отқа төзімді, аса берік кірпіштен қалыңдығын 1 метрдей етіп қалайды да, сыртын қалыңдығы 30-40 мм болат қаптамамен қаптайды. Табаны мен қабырғаларын отқа күймеу үшін сумен салқындатып тұратын етіп салады. Іргетасы мен табаны қалың етіліп, берік материалдардан жасалады. Пештің ішкі бетінің балқымауы үшін және пеш қорабын (қаптамасын) жоғары температурадан қорғау мақсатында домна пешінде суы айналып тұратын салқындатқыштар пайдаланылады. Пештің сыртқы қорабы мен колошниктің құрылғысы іргетасқа орнатылған бағаналарға бекітіледі. Шихта (кентас, агломерат, кокс, флюс, т.б.) пеш колошнигіне скиптермен (сусымалы материалдар салынатын ыдыс) беріледі. Ауа үрлеуіш машинадан шыққан үрлеу пешінің горнына (көрігіне, яғни пештің төменгі бөлігіне) айнала орналасқан қыздырғыштар (мұнда ауа 1000 – 1200°С-қа дейін қызады) мен фурмалық приборлар арқылы жіберіледі. Сонымен қатар пешке фурмалар арқылы қосымша отын да (табиғи газ, мазут немесе көмір тозаңы) енгізіледі. Қорыту өнімдері горнның төменгі бөлігінде орналасқан балқыма ағатын науалармен шойын және шлак тасығыш шөміштерге жіберіледі. Пеште пайда болатын колошник газы пеш күмбезінде орналасқан газ шығарғыштар арқылы әкетіледі. Қазақстанда Теміртау қаласындағы «Испат – Кармет» акционерлік қоғамы құрамында төрт домна пеші бар. ## Дереккөздер
Дойбы (орыс. шашки) — спорт түрі. Дойбыны алпыс төрт (орыс дойбысы) не жүз (халықаралық дойбы) шаршыға бөлінген тақтада он екі (орыс дойбысы) не жиырма (халықаралық дойбы) таспен екі адам ойнайды. Ойынның мақсаты — қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Дүниежүзілік дойбы федерациясы (FMJD) 1947 ж. құрылған. Дүниежүзілік дойбы федерация құрамына отыздан астам ел кіреді. ## Тарихы Дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын себебі, ойынға арналған құралдар сонау ерте заманда Мысыр пен Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге ежелгі болатын себебі, қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таратылу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ – олар ғасырлар қойнауында жасырын жатыр. Жас болатын себебі, ойын тәртібі уақыт ағысымен өзгерістерге ұшырап, тұрақтандырылды, ол осы ғасырдың орта тұсына таман қазіргі заман талабына сәйкестендірілді. Ежелгі Римде дойбы ойыны «латрункул» деген атауға ие. Бұл латын сөзі «латро», яғни қазақшаға аударғанда – сарбаз, жауынгер, т.с.с. мағына береді. Демек, ойын екі армияның соғысымен сипатталған әскери болып табылады. Дойбы тақтасындағы соғыстың қалай өткенін Исидор Севильскийдің (560-686 б.э.) хабарламасынан білуге болады. Ол жүрістер туралы төмендегіше жазады: «Дойбылардың бір бөлігі тәртіппен, бір бөлігі анда-мұнда жүреді, сондықтан да олардың жартысы қарапайым (ординарии), ал қалғандары адасқандар (ваги) деп аталады. Қазіргі таңда дойбы дүние жүзінің он үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік ережемен ойналады. 1894 ж. дойбыдан (орыс дойбысынан) алғашқы дүниежүзілік чемпионат өтті. Дүниежүзілік олимпиада 1986 жылдан (халықаралық дойбыдан), дүниежүзілік чемпионат 1984 жылдан (халықаралық дойбыдан, ал орыс дойбысынан 1985 жылдан) өткізіліп келеді. Қазақстанда дойбыдан ресми жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары дойбыны құмарта ойнаған. Абайдың Жидебайдағы мұражайында ұлы ақынның дойбысы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. 1956 жылдан бастап жүз шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтіп келеді. ## Қазақтың тұңғыш дойбы шеберлері Қазақстандағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталды. Көшпенді бабаларымыз (сақ дәуіріндегі) "шатран" деген ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны ойнауға тиым салғанына қарамастан қазақ даласына тез тарап кетіпті. Сауда керуендерінің қазақ даласына келуіне байланысты қазақ даласына бұл ойын халықтың сүйікті ойындарының біріне айналған. Қазақстанның шығысында бұл ойынды "дойбы" десе, батыс аймақтарда "шатраш" деп атайды. Қазақтың "екі жеп биге шығу" деген сөзі бұл ойынның ежелден келе жатқандығының, оның ұлттық ойынымыз екенінің бір белгісі. Қазақстанның бірінші чемпионаты 1935 жылы өтіп, оған 12 ойыншы қатысыпты. Бір ерекшелігі, алғашқы чемпионның ұлы Абайдың немересі, семейлік Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың (бұрынғы деректерде Әкрам деп келген едік) болғандығында. Әрхам Кәкітайұлы екінші рет 1949 жылғы өткен республика біріншілігінде чемпион болған. Бұл кісі сонымен бірге тоғыз құмалақты да жақсы ойнаған, бірнеше рет ел біріншілігіне қатысқан. Абайдың мұражайында ұлы ақын ойнаған дойбы тақтасы мен тастары сақталған. Қазақтан бірінші болып дойбыдан спорт шеберлігіне кандидат болған – Шәкір Әлімбайұлы Жамбыршин (1902.01.09-1975.10.07). 1931 жылы Мәскеу қаласының біріншілігінің қола жүлдегері, 1969-1975 жылдары Республика дойбы федерациясының президенті, екі рет Қызыл Ту орденді, КСРО Министрлер Кеңесінің лауреаты (1949). Бұл кісі соғыс алдында өткен Мәскеу қаласының біріншіліктерінде сол кезде Мәскеуде студент болған кезінде ойнап орындаса керек. Бұл нәтиже сол кездегі өте үлкен жетістік, себебі шеберлер мен кандидаттар ол кезде саусақпен санарлықтай болған. Сол кездерден бастап қазақ дойбышыларының спорттық жетістіктері бірте-бірте өсе бастады. Қазақтан дойбы, шахмат және тоғыз құмалақ жайлы алғашқы үйрену кітабын жазған Талапбек Сұлтанбекұлы − (1930-2009) «Дойбы ойыны» (1954), «Шахмат ойнай білесің бе?» (1959), «Шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ» (1967) кітаптарының авторы. Қазақ жігіттері арасынан тұңғыш дойбыдан спорт шебері болған – Бақ Қуанышбайұлы Иманәлиев (1952.25.07 – 2008.28.07). Бақ Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамбаш ауылының тумасы. Жастайынан көзі көрмей қалған жігіт тағдырдың тәлкегіне көнбей білім алып дойбы үйірмесіне қатысып, әуелі әздер арасындағы, сосын сау көзділер арасындағы жарыстарда озып 1984 жылы алғаш рет КСРО финалына қатысқан бірінші қазақ жігіті. Қазақстанның өзінің дойбыдан спорт шебері көпке дейін болмады. Себебі дойбыдан спорт шеберінің нормасын орындау алынбайтын қамалдай болды. Республика чемпионы болу аздық етті. Мысалы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған көкшетаулық Қайырлы Әбдірайымовтың өзі спорт шебері нормасын орындауға жете алмады. Спорт шеберінің нормасын орындау шарты өте қиын болды. Жарысқа кем дегенде 7 спорт шебері қатысқан жағдайда, кем дегенде 70 пайыз ұпай жинау қажет болды. Сонымен бірге арнаулы одақтық сарапшылар комиссиясы партиялардың сапасын тексеріп ойын шеберлігі тиісті деңгейде деген жағдайда ғана спорт шебері деген атақ берілетін. Міне, осы атаққа, мұндай шоқтығы биік көрсеткішке 1982 жылы Бақ Иманалиев қол жеткізді. Ол 30 жасында «Буревестник» ерікті спорт қоғамының одақтық біріншілігінде қазақтар арасында тұңғыш рет спорт мастерінің нормасын артығымен орындап тұңғыш дойбыдан спорт шебері атанды. Бақ Қуанышбайұлының бұл жетістігінің ерекшелігі – оның бұл жетістікке көздері сау ойыншылармен болған жарыста жеңуі еді. Көзі сау гроссмейстерлер мен мастерлердің өздері жарыстарға чемодандары толған дойбы теориясының кітаптарын арқалап жүретін, әр дойбышыға қарсы оның партияларын талдап дайындалатын, спорттың осы түрімен кәсіби айналысып жүргендер еді. Теориялық жаңалықтарды Бақ арнаулы дойбы әдебиетінен өз бетінше оқи алмады. Дойбы Меккесі саналатын Мәскеу, Ленинград, Одесса сияқты орталықтардан жырақ тұрғандықтан мықты гроссмейстерлермен кездесіп тұруға еш мүмкіндігі болмады. Міне осындай жағдайда бір ғана өзінің таланты мен ерекше есте сақтау қабілетіне сүйеніп ойнады. Ол осы атағын кейінгі жарыстарда одақтың ең мықты спорт шеберлері мен гроссмейстерлерімен жарыстарда бірнеше рет дәлелдеп көрсетті. Бақ Иманалиев дойбы жарыстарында тамаша табыстарға қол жеткізді. Ол Қазақ соқырлар қоғамының ондаған жылғы (1981-2008 аралығында) чемпионы, үш рет Қазақстанның (64) чемпионы (1981, 1982,1984), 100 шаршылы дойбыдан қоғамның біріншілігінің жүлдегері, Қазақ қоғамының құрылғанына 30 жыл толуына арналған мерекелік жарыстың жеңімпазы (1986), Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған турнирдің (2007) жеңімпазы, бірнеше ірі турнирлердің (Одесса, Юрмала, Бендеры және т.б. қалаларда өткен дойбы фестивальдарының) жеңімпазы. Қазақ соқырлар қоғамының құрамында бірнеше рет КСРО командалық біріншіліктерінің чемпионы және жүлдегері болды. КСРО кубогі үшін өткен жарыстарға Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде қатысты. Жақсы ұстаз ретінде де көріне білді. Ол дайындаған М.Құрманбеков, Р.Медиаров және З.Терехова спорт шебері нормаларын орындады. Бақ салып берген жол еліміз тәуелсіздік алған соң дойбы өнеріне қарқындап жол ашты. Қазақстан халықаралық аренаға шығып дойбының 64 және 100 шаршылы түрінен, 64 шаршыдағы халықаралық дойбыдан (бразильдік түрі) ел біріншілігін жыл сайын өткізіп келеді. Жақын арада Б. Иманалиев жайлы кітап баспадан шықпақшы. 2010 жылы Санкт-Петербургте өткен дойбыдан әлем біріншілігінде төрт бірдей қазақ өз жасындағы біріншілікте жеңіске жетіп әлем чемпиондары атанды. Ақтөбелік 15 жасар дойбышылар Мират Жекеев пен оралдық Алтынай Жұмагелдиева қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпиондары, ал Ресейде тұратын қандастарымыз Жанна және Мәжит Саршаевтар (Астрахань) өз құрдастары арасында әлем чемпионы атанды. Арада бір жыл өткен соң Мират Жекеев Азия біріншілігінде чемпион болып алғаш рет қазақтан бірінші болып халықаралық гроссмейстер атағын алды. 2013 жылы тағы бір жерлесіміз ақтөбелік Ахмет Бәшімов халықаралық гроссмейстер атағына қол жеткізді. Мират пен Алтынай, Ахметтің қатары жыл санап көбеюде. ## Дереккөздер
«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар. ## Дереккөздер
«Ер Төстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі. «Ер Төстікте» ерте дәуірдегі халықтың мифтік танымы, ырымдары мен әдет-ғұрыптарының бәрі бар. ## Оқиға желісі Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың "иелері" болған. Кейінгі замандарда олар көркемдік сипат алып, "достар осындай болса екен" деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған. ## Кейіпкерлер * Ерназар - Төстіктің әкесі * Төстік * Кенжекей - Төстіктің жары * Таусоғар - тау қопаратын күші бар алып күш-қуат иесі * Желаяқ - айшылық алыс жерлерді бірер сәтте басып өтетін жылдамдық иесі * Көлтауысар - Көл суын бір сәтте жұтып қоя алатын адам * Саққұлақ - адам құлағы жетпейтін жерден дыбысты ести алады * Мыстан * Бапы хан * Шойынқұлақ ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Таусоғар * Ер Төстік және Айдаһар
Ыстық ұя (кор. 풀하우스, Pul-hauseu) — 2004 жылғы Оңтүстік Кореялық теледидар драмасы. Барлығы 16 сериядан тұрады. Басты рөлдерді атақты кореялық актерлер Сонг Хе Гё мен Джун Джи-Хун сомдаған. ## Сілтемелер * KBS Full House Мұрағатталған 9 қарашаның 2017 жылы.  (кор.)
Елді мекендер: * Жабағылы – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы ауыл. * Жабағылы – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл. Өзен: * Жабағылы – Арыс алабындағы өзен.
Сыдық Мұхамеджанов (1924 жылы, Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкенбұлақ ауылында - 1991) -композитор, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, КСРО халық әртісі. ## Өмірбаяны Арғынның Қаракесек Кәрсөн руынан. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға деген әуестігі өзінің анасынан дарыған. 1947 жылы ол киноактерлер мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи – теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс істейді. Тек Алматы консерваториясына түскеннен кейін композициямен шұғылданып, профессор Е. Брусиловскийдің класында оқиды. ## Шығармашылығы Оқу жылдарында композитордың негізгі көркемдік ерекшелігі – тамаша әуендік дарындылығы және ұлтымызға тән үнділігі байқалды. Консерваторияны бітірмей-ақ, талай шығармалар жазды: скрипка, мен фортепианоға арналған соната, қобызға, фортепианоға арналған пьесалар, хорлар, драмалы қойылымдарға музыка, әндер мен романстар. Бұл жылдары қазақтың халық оркестріне арналған музыкасы мен осы ұжыммен тығыз байланысының шығармашылығында мәні зор болды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне Вариациялар, «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін және «Домбыра туралы баллада» поэмасын жазды. Сонымен қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі- «Қуаныш Отаны» атты симфониялық поэмасы. Бұл туынды жастар мен студенттерінің Бухаресте өткен Бүкіл әлемдік фестивалінде орындалып, Қазақ КСР-інің Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл шығарма С. Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы қауымға әйгілі етті. 50-60-шы жылдары, консерваторияны бітірген соң С.Мұхамеджановтың шығармалары тыңдаушы қауымды өзіне тарта түседі. Оқып жүрген кезінен тың жанрларды меңгерген композитор ірі-ірі шығармалар жазуға кіріседі. 1964 жылы «Айсұлу» атты қойылған күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды. С. Мұхамеджановқа вокалды жанрлар жақын. Бұл жылдары ол адамның дауыс мүмкіндігін толығынан пайдалануға тырысады. Ол Қазақстанның қазіргі өмірін, революция жетістігін, Советтік өмірді ашатын тақырыптарға көбірек жүгінеді. Сондықтан, осы кезеңде шыққан туындылары көбінесе вокалды-симфониялық жанр болды. Олар: М. Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы» кантата, Н. Шәкеновтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы поэма». Вокалды-симфониялық жанрда жазылған ірі туындыларына «Ғасырлар үні» ораториясы жатады. «Ғасырлар үні» ораториясы 1960 жылы жазылып, сол жылы орындалды. Поэтикалық тексін Қ. Шаңғытбаев жазған және де ол С.Мұхамеджановтың көптеген вокалды шығармаларының өлеңдерінің авторы. Ораторияны орындаушылар құрамына – дауыстар, аралас хор және симфониялық оркестр кіреді. Оратория сегіз бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ халқының өмір тарихын, негізгі тарихи оқиғаларды және ұлттық бейнелерді суреттейді: * I бөлім – Жырау балладасы * II бөлім – Шабуыл * III бөлім – Ұлы апат жылдары * IV бөлім – Октябрь әні * V бөлім – Бесік жыры * VI бөлім – Жас қазақ * VII бөлім – Еңбек мейрамы * VIII бөлім – Отан ұраны Барлық бөлімдер арқылы, халық атынан түрлі оқиғаларды баяндап отырған ғасырлар үні тәрізді лейтмотив өтеді. Кіріспенің өзінен-ақ лейтмотив басында салтанатты түрде, одан кейін екінші бөлімнен алынған күңгірт әуен сарынымен алмасады. Мұнда дыбыс қатайып, тағдыр үні тәрізді өтеді және көбінесе фа минор әуезділігінен сақтайды (I – IV және VI бөлімдерінде). Кейбір бөлімдерінде лейтмотив естілмейді. Оның кварта көлемінде төмен қарай жылжыған әуені қарама – қарсы бейнелеуге негіз тудырады. Бесінші бөлімінде сопрано және тенор хордың сүйеме ерекшелігі арқылы, басында жеке одан кейін қосылып, ұлына арнаған бесік жырын айтады. «Әлди - әлди» деген тербелмелі сөздерінде лейтмотивпен байланысы байқалады. Жетінші бөлімінде еңбек өмірінің тамыр соғысы бейнеленеді. Оркестр партиясы поездың жүрісі тәрізді моторлы қимылға негізделген. Хордың алға қарай ұмтылған әуенінде лейтмотив өзгертіліп берілген. Соңғы бөлімінде лейтмотив хор қайырмасында өтеді. Бұл бөлімнің пунктирлік марш ырғағы салтанатты мерекелік шаттық үнін естіртеді. Ораторияда екі әнді сырттан алып пайдаланған. Бұлардың біреуі - «Жас қазақ» әні. Мұны алтыншы бөліміне кіргізген. «Жас қазақ» әнін Ұлы Отан соғысы кезінде өз еркімен майданға аттанған композитор шығарған. Бұл ән Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың қазасына арналған, бірақ сонымен қатар автордың өзінің өмірімен қоштасу - әні тәрізді естіледі, өйткені Р. Елебаев Отаны үшін ерлік көрсетіп, кешікпей қаза табады. Бұл ән, батырдың ең соңғы – анты және реквиемі тәрізді. Әннің әуені өзгеріссіз, ми бемоль минор күңгірт сарынды мақам жүйесінде беріледі. Әуеннің қайғылы сарындылығын оркестр қоюландыра түседі. Сонымен қатар композитор әнін лирикалық жағын айқындай түседі. Жалғыз шумағынан кейін «Ай» буынына созылған әуенді хор сүйемелдейді. Қарама–қарсылық принципінде құрылған бөлімдердің ішінде, «Жас қазақ» бөлімі Бесінші («Бесік жыры») және Сегізінші (мерекелік) бөлімдеріне қарама–қарсы келуі анық байқалады. Ораторияның әуендік материалында халық әні «Елім-айды» да пайдаланады. Мұнда халықтың өмірі, оның қайғысы, өмір үшін күресі бейнеленген. Үшінші «Ұлы апат жылдары» бөлімінде қаналған халықтың қайғы – мұңы көрсетіледі. Мұнда «Елім-ай» әні өзгеріссіз беріледі. Күй ырғақты оркестр сүйемелінің сыртында ән, басында сопранода, одан кейін екінші шумағы хор партиясында өтеді. «Зар қосбасар» күйінің елес әуенінде әннің қайғылы үні қоюлана түседі. Тақырыптық әуен дами келе, хор партиясында халықтың күйінішті үні тәрізді естіледі. «Жырау балладасы» бөлімінің үндік құрылымы эпикалықбаяндау тәсілін енгізеді. «Елім-ай» әуені ораторияның көптеген тақырыптық әуендерін бірлестіріп тұрады. «Октябрь» атты бөлімінің әуені марш екпінді жинақы келеді және революциялық әндерге жақын. Мұны «Еңбек мейрамы» бөлімінде хордың партиясынан естуге болады. Төмен қарай жылжыған әннің үні, лейтмотивке үндес әуендерді біріктіріп тұрады. Бұл шығарма қазақ музыкасындағы алғашқы оратория болып табылады. 80-ші жылдары С. Мұхамеджанов аспаптық жанрға көбірек көңіл бөледі. 1982-1984 жылдары композитор үш симфониясын тәмәмдайды. Бұлар: Екінші – си минор; Үшіншісі – үш бөлімді Е. Брусиловскийге арналған фортепианоның жеке орындауы басымдау; Төртінші – төрт бөлімді «Бейбітшілікті қорғаймыз» атты симфониялары. Бұл кезеңде қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап талай музыка жазды. Бұлар: «Дархан дала» симфониялық күйі, 1987 жыл; домбыраға арналған концерт, 1985 жыл; қобызға арналған концерт, 1988 жыл. Симфониялық музыкадағындай мұнда композиторға тән бейнелік және музыканы мәнерлеу тәсілдері ерекшеліктері сақталған. С. Мұхамеджановтың 30 жылдан астам шығармашылығы барлық негізгі жанрларды қамтыды, Қазақ музыка тарихына айтарлықтай үлесін қосты. Оның дарындылығы көркем шығармаларының әуезділігімен, кейіпкер бейнелерінің нақтылығы, бүкіл шығармашылығы толық гүлденіп ашылған лирикасынан байқалды. Еліміздің композиторлық шығармашылығы дамып, қатарына жаңа талантты ұрпақтар қосылды. Бұл жылдары С. Мұхамеджановтың музыкасы дәстүрлі музыкаға айналып, бізге 60-шы жылдарғы өнер үлгілерін есімізге салады және қазақтың профессионалды музыкасының жазба дәстүрінде ұлттық классикалық стильдің өз уақытында дамуына үлесін қосады. Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және 60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады. ## Дереккөздер
Әбдужәлелов Фазыл (1913 — 1974) — ноғай қаламгері, қазіргі заманғы ноғай әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол шығармашылық жолын өлең, әңгіме жазудан бастап, ірі прозалық туындылар жасауға көшті. Оның “Жеңілген жаулар” пьесасы (1936) мен “Көптің ішіндегі екеу” повесі ноғай әдебиетіне қосылған зор үлес болды. Әбдужәлелов ноғай әдебиетіндегі ірі эпик. жанрлардың қалыптасып, дамуына үлкен еңбек сіңірді. Оның “Асантой” повесінде (1955) ноғай халқының аянышты тұрмысы мен аяусыз қанауға қарсы үні көрініс берсе, “Қатты ағын” (1960), “Ұжымның егіндігі жақсы” (1966) романдарында ноғай ауылдарындағы ұжымдастыру қамы, ал “Мықтылар әулеті” (1950), “Әкесінің баласы” (1968) повестерінде халықтардың фашизммен күресі шынайы суреттеледі. Ноғай халқының қазіргі тұрмысы мен қажырлы еңбегі, мәдени өмірі “Шұғыл бұрылыстар” (1961), “Жақсы нышан” (1962), “Ақсу жағасында” (1962), “Жолдар, жолдар...” (1964), “Көктем келгенде” (1967), “Сұр тозаң” (1970) повестерінде жан-жақты қамтылған. Отанды сүю, халықтар достығы, ерлік дәстүрі, замандастарының қажырды еңбегі, бейбітшілік үшін күрес — Әбдужәлеловтің “Кубань шулайды” (1955), “Кубань — менің әнім” (1957), “Қалам қайралғанда” (1969) атты жыр жинақтарының негізгі тақырыбы болды.
Ақтау – Маңғыстау тауларының оңтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 325 м. Ақтау тау жыныстарының ағарған түр-түсіне қарай аталған. ## Дереккөздер
Ер-тұрман – мініс-көлік малына салт мінетін ер әбзелдерінің кешенді атауы. Ер-тұрман "ер-тоқым" деп те аталады. ## Тарихи дәстүр Ер-тұрман – көне заманнан бүгінге жеткен көшпелілер тұрмысында зор маңызға ие болған заттық мәдениеттің айрықша үлгісі. Ердің шаруашылық маңызымен қатар ғұрыптық мәні де ерекше. Ертеректе отты қарудың жетілдірілген түрі шыққанға дейін көшпелілер қоғамында салт атты жауынгерлердің жауынгерлік қимылдарына лайықталған ер-тұрманның алар орны ерекше болды. Сондықтан көшпелі тұрмыс және әскери жорық қажеттілігіне байланысты ер-тұрман жабдықтары үнемі жетілдіріліп отырды. Ер-тұрманның негізінен атқа жайлы болу жағы басты шарт болған. ## Ер-тұрманның құрамдас бөліктері Ер-тұрман ердің қаңқасы тоқым, желдік, тебінгі, айыл, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, жүген, ноқта, жабу, тұсау, шідер, қамшы және т.б. тәрізді құрамдас бөліктерден тұрады. Атқа салт мінуге қажетті мұндай әбзел-жабдықтар халық тілінде жалпылама түрде ер әбзел, ат-жабдық, ат-сайман, ат әбзелі, ат-тұрман, ер-тоқым, айыл-тұрман, ат-анжам деп түрліше аталады. * Тоқым әдетте киізден сырыла, айнала жиегі шұға, барқыт секілді қымбат маталармен көмкеріле, сырты түгелдей былғарымен қаптала жасалады. Осыған байланысты тоқымдар киіз тоқым, сырма тоқым, көмкерме тоқым, былғары тоқымдеген түрлерге бөлінеді. Тоқым құрамына тебінгі, тоқым, ішпек, ішкілік, терлік,өң тәрізді төсеніш жабдықтар кіреді. Тоқымның кейбір түрлерін тек ершілер жасаған. Ер-тұрманның ат арқасына батпауын қамтамасыз ететін тоқым, әдетте, киізден сырып тігіледі де, кейде оның айнала жиегі матамен көмкеріледі, ал кейбір тоқымның сырты түгелдей былғарымен жабылады. Сонда сырылған киіз былғары тоқымның астары сияқты болып шығады. Былғарымен қапталмаған сырма тоқымдарды әйелдер де тіге береді, ал былғары тоқым тек ершілер қолынан шыққан. Тоқымның көлемі де, пішілу кескіні де әртүрлі болады. Әйел еріне арналған тоқымдар үлкен (көлемі 140-150х50-65 см) болып, көркем әшекейленеді. Ал еркектердің еріне арналған тоқымдар ықшамдау (көлемі 90-100х50-55 см) келеді. Халық арасында тоқымның әшекейленген ақ тоқым, былғары тоқым, желқом, жона, айыр жона, киіз тоқым, былғары тоқым, желқом, жона, айыр жона, көк жона, киіз тоқым, құрым тоқым, олбыр тоқым, сырма тоқым, ішкілік, терлік, ішпек, ойма ішпек, қағыр және т.б. түрлері ұшырасады. Тоқымның көлемі мен пішіні оның қандай ерге арналғандығына байланысты болып келеді. Киіз тоқымды былғарымен қаптап, ою-өрнектер шабылып, күміс әшекейлер қондырылатын, ат тұрмандарының ішіндегі ең бір сәндісі – былғары тоқымның екі түрі болған: оймалы былғары тоқым және тұтас былғары тоқым. Тұтас былғары тоқым көбінесе әйелдерге арналады. Сондай-ақ сал мен серілер және елағасы атанғандар да былғары тоқымды пайдаланған. * Тебінгі – төмен қарай жалғастырыла тігілген немесе тағылған, шалбардың балағын, аяқкиімді аттың терінен сақтайтын жалпақ қалың былғары. Тебінгі жасағанда алдымен киізді арнаулы үлгімен пішіп алады да, былғарысын одан сәл артықтау етіп пішіп жиегін астына қарай емеріп қайып тігеді. Тебінгі үлгі-пішіні, үлкен-кішілігі, ою-өрнегі, неден жасалғаны, қалай құрастырылғанына қарай бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі аталады. Қыздар мен әйел адамдардың тебінгілері өте бай өрнектеліп, әшекейленеді. * Ішпек – ат арқасына ердің батпауы үшін тебінгі тоқым астынан салынатын аттың арқасын зақымдалудан қорғайтын жұмсақ төсеніш. Ішпек екі қабат киізден алды-арты көмкеріліп жасалады. Көлемі жағынан екі жаны ердің қапталымен сынық сүйем артылып төмен түседі, алды-арты тебінгі тоқымынан екі елідей шығып көрініп тұрады. * Ішкілік – ішпек астынан салынатын өте жұмсақ таза талдырмадан жасалған көлемі ішпектей ғана жалаң төрткүл киіз. Аттың денесіне тіке түсетін ең соңғы қабат ат арқасының тері сіңетін болғандықтан оны көбінесе терлік деп те, өң деп те атайды. Терлік көбінесе қозы, лақ терісінен, қылқадан, қарақұйрық терісінен, жұмсақ иленген ешкі жарғағынан кейде жабағыдан жасалады. Тоқым жұқа, жалаң болса, оның астына терлік, үстіне желдік салынады. * Желдік – тоқымның үстінен, ердің екі қапталының астынан қойылатын, қаптал ағашын ат арқасына тигізбей тұратын екі бөлек жабдық. Желдікті көбінесе құранды, қозықұйрық және шошақбас ерлер секілді қапталдарының көлемі шағын ерлерге арнап жасайды. * Жона – аттың арқасын ердің қажауынан қорғап тұру үшін ердің екі қапталына ғана келетіндей етіп былғарыдан жасалатын ықшам келген қалың тоқым. * Аткөрпе, атжабу көпшік – ердің үстіне жабылатын жұмсақ жамылғы. Көпшікті дорбашалап, былғарыдан немесе қалың көрпеден ішіне қоға, жүн, сабан салып дайындаған. * Кежім – жүйрік атқа жабатын, оюлап әшекейленген, жұқа шүберек жамылғы. * Жабу – атты суықтан қорғау үшін жабатын киіз, көрпе, жамылғы. Бәйгеге қосылатын аттың арам терін алу үшін де қатты желдіртіп, кейін жылы жабумен орап, терін шығарады. * Үзеңгі – атқа мінуге, ер үстінде отырғанда екі аяқты тіреп орнықты отыруға, әрі тебінуге мүмкіндік беретін әбзел. Қазақ ершілерінің ағаш, темір, қола сияқты материалдар-дан жасаған үзеңгісі үзеңгібау, тепкішек деп аталатын бөліктерден тұрады. Үзеңгібау өткізуге арналған үзеңгінің екі қапталдағы тесігі ені бір елі, ұзындығы екі-үш елі шамасында болады. * Жүген – мініс атының басына кигізілетін ат басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге көлікті адам ырқына көндіруге қажетті әбзел. Жүген ауыздық, тізгін және шыл-быр тәрізді негізгі және олардың құраушы ондаған ұсақ бөлшектерден тұрады. Қазақ әбзелшілері жүгенді оның өрілу техникасы мен безендірілуіне қарай көптеген түрлерге бөлген. Әбзелге қатысты деректер мен мәліметтерде өрме жүген, алтын жүген, шашақ жүген, күміс жүген, бесқасқа жүген, былғары жүген, жетіқасқа жүген, құр жүген, қайыс жүген, үкілі жүген, түйме жүген, шытырмалы жүген, күмбезді жүген және т.б. толып жатқан түрлері аталады және олар әбзелшінің шеберлік өресі мен қиялына сай түрлендіріп жасалады. * Құйысқан – ат арқасына салынған ер-тоқым мойнына қарай сырғып кетпеу үшін аттың құйрық түбінің астынан өткізіліп, ерге бекітілетін әбзел. Құйысқан екі жақтау, жаңбырлықтағы екі салпыншақ, үзбе бір боқтық және бір сауыр үзбе деп аталатын бөліктерден тұрады. Құйысқан ер қапталының артқы жағындағы құйысқандық деп аталатын шығыршық арқылы ерге бекітіледі. * Өмілдірік. Ер-тоқымның артқа қарай сырғып кетпеуі үшін ат омырауына тағылатын әбзел – өмілдіріктің әйел және ерлер ер-тұрмандарына арналған түрлері болады. Ерлер өмілдірігі екі жақтау, жырым, айылбас және салпыншақтан тұрады. Кейбір өмілдірікте ердің екі қапталындағы өмілдірік пен құйысқанды бекітетін қайыс бүлдіргі төсбау болады. Төсбаудың бір ұшы өмілдірікке, екінші ұшы төс айылға ілінеді. Өмілдірік пен құйысқан жасалу материалына, техникасына, пошым үлгісіне қарай қайыс, өрмелі, былғары, түймелі, үзбелі, шы-тыралы, алтын, күміс т.б. түрлерге жіктеледі. Кейде бұндай әбзел омыраулық, омырау бау, төстік бау, алқа бау т.б. деп аталады. * Пыстан – көпшік немесе ат көрпенің үстінен баса тар-тылатын тұрман. Пыстанның жалпақ тұсы ер қапталының үзеңгілігіне дейін келетін етіліп жасалады. Оның ұштары төс айылға жалғаса бекітіледі. Ені 3-4 елідей. Көпшік пен аткөрпені басып, ердің алдыңғы-артқы қасына кигізіле са-лынатын қайыс бауы болады, оны бастырма, көпшік, көрпе бастырма, пыстан бау деп түрліше атайды. Ердің алды-артында, қапталдың қастан асып тұрған қанжығалық бөлігі төртеу болады және онда екі-екіден сегіз тесік тесіледі. Әр екі тесікке таспаланып өткізілген бір жұп бүлдірге қанжыға деп аталады. Канжыға ердің алдыңғы және артқы жағына қоржын-қопсақ бөктеруге арналған. * Айыл – ер-тоқымды бекіту үшін аттың бауырынан орай тартылатын, құрдан немесе қайыстан қабатталып тігілген немесе өріп жасалған тоғалы тартпа. Әр ерде екі-үштен айыл болады. ## Ер-тұрман дайындау Бірнеше сатыдан тұратын, ұзақ уақыт алатын күрделі технологиялық үрдіс. Себебі ер-тұрман жасауға ағаш, тері, металл материалдар таңдау, оларды өңдеу, дайындау айрықша біліктілікті талап етеді. Бұл үрдіс ерге ағаш таңдау, ер ағашын шабу, құрастыру, тұрман, әбзелдерін жасау тәрізді бірнеше сатыдан тұрады. Егер лайықты, үлкен ағаш кездескен жағдайда, ердің ағашын бітеу шабатын болған. Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріндегі ершілер ердің қастарын жуан қайыңның шірімеген түбінен шабады. Себебі мұндай ерлер сапалы, әрі берік болады. ### Ер-тұрман материалдары Ерді құрастыруға және ердің құрамдас бөліктерін жасауға қажетті ағаш, темір, тері, көн, былғары, тарамыс, киіз, мүйіз, сүйек, алтын, күміс, мыс, жез, тоз, шыны, асыл тас, жүн тәрізді табиғи заттар қолданылды. Ер қосушылар қолданатын мұндай материалдардың дұрыс таңдалуы қазақ ершілерінің шеберлік деңгейін көрсетеді. Ершілікте қолданылатын материалдарды қатты материалдар және жұмсақ материалдар деп бөлуге болады. Ершілердің көбі материалдардың осы екі түрімен де шебер жұмыс істей білген. Ер-тұрман жасауда малдың көн терісін пайдаланады. Қайыс – иленген теріден өңделіп жасалған таспа. Иі қанып шыққан теріні көлеңкеде сорғытып, дегдітіп алып, талқыға салып жұмсартады. Кейде теріні ағаш жаңғырықтың үстіне салып, қол тоқпақпен соғу жолымен де жұмсартады, шелдейді. Қайыстан айыл, жүген, тізгін, шылбыр, қанжыға, ноқта, қамшы, тұсамыс, құлақбау, шідер, шілия сияқты т.б. ер-тұрман жабдығының қолданыстық маңызы айырықша элементтері жасалды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап сырттан келетін былғарының таралуына байланысты ер тұрманға былғары түрлерін қолдану кең өріс алды. Былғарыдан тоқым, шашақ, айыл, жүген тәрізді ер-тұрмен бөліктері дайындалды. Ер-тұрман түрлерін сәндеуге ертеде Түркістан өлкесінде айрықша технология бойынша жылқының сауыр терісінен жасалған жасыл, көк түстерге боялған "көксауыр" тері пайдаланылған. Көксауырдан жасалған тұрман жоғары бағаланған. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Масанов Э.А. Кузнечное и ювелирное ремесло в казахском ауле (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв.) ТИИФЭ АН КазССР. Т.12. Алма-Ата, 1961. С.147-151; * Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977; * Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979; * Хозяйства казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алматы: Наука, 1980; * Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987; * Бабалықұлы Ж. Ер тоқым. Ер қанаты. Жинақ. Құраст.: Ж.Аупбаев. Алматы: Қайнар, 1987. 259-278 бб.; * Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991; * Нүркеұлы Қ. Ұлттық мирас – ата мұра. Өлгий. 1991; * Жетiбаев Ж.М. Маңғыстау және Үстірт қазақтарының халық суреттерiндегi қару-жарақтар. ҚР ҰҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1993. №5. 61-68-бб.; * Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995: K.Péter. Szelek szárnyán. A sztyeppei nomádok lovas-kultúrája. Arkadas, 2003; * Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап 2005; * Кәмалашұлы Б., Ошанов О. Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпындағы ерекшеліктер. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Құраст.: С.Е. Әжіғали. Алматы: Арыс, 2005. 226-245-бб.; * Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007; * Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы: Алматыкітап, 2010.
Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. ## Географиялық орны Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. ## Жер бедері Орташа биіктігі 4000 метр, ең биік жері Манас шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Талас Алатауы Кіші Ақсу, Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне тармақтаналады, ең биік жері Ақсуат тауы (4027 м). Көп жылдық қар жамылған мұздықтары бар. ## Геологиялық құрылымы Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан түзілген. ## Өсімдігі Етегінде дала өсімдіктері, шырша, т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы орналасқан. ## Дереккөздер
Жетісу Алатауы — Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боро-Тала өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды. ## Географиялық құрылысы Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдейдерлік Қытай жерінде жатыр. Қазақстан шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен (3300 м) жалғаса отырып, Жайыр Майлы атты аласа жотаға ауысады. Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық козғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерде құрғақ дала боп кетеді. Аңғар бойында үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар аркылы Ебінұр көлінің қазаншұңқыры (Қытайда) Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы алкап Жетісу (Жоңғар) қақпасы деп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған Жібек жолы өткен, онымен Шыңғыс хан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары жүрген. Жетісу Алатауының қазақстандык бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батыска қарай Боро-Тала өзеніне дейін Қытай-Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жетісу Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады. ## Жер бедері Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (биіктігі 4622 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Мұзтау (4370). Солтүстік Жетісу жотасы сатылап, солтүстік-шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы - Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұңқыр жоталары (2800-3000 м). Бұлардың араларында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі - Ойжайлау қазаншұңқыры. Екінші саты Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтay, Қарашоқы, Желдіқарағай тaу жүйелері (2000 м). Үшінші саты Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары, олардың солтүстік шығысына Текелі мен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек, Қойтас, Малайсары жоталары да кіреді. Оңтүстік Жетісу жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген.Оның батысы мен оңтүстік батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді. Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алаптары тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлері құламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі. ## Геологиялық құрылымы Жетісу Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген. Каледон қатпарлығында алғаш көтерілген Жетісу Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан түзілген. Тау аралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген мен неоген шөгінділері кездеседі. Жетісу Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді. ## Климаты Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым кұрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздықтар калыптасқан. Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі - жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады. ## Өзен-көлдері Жетісу Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты (өзен) Алакөлге, Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Бүйен, Ақсу) Балқашқа бағытталған. Оңтүстік жағының су қоры аздау. Қытаймен шекарадан Қорғас өзені ағып, Ілеге қосылады. Оның батыс жағынан Өсек өзені құяды. Бороходзир өзені Ілеге жетпей тартылыпқалады. Жетісу Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталарының арасынан Қаратал өзені ағып шығады. Ол Көксумен, Быжымен (оның салалары Мақаншы, Қара, Сарыбұлақ, Қусақ) бірге Балқашқа құяды. ## Мұздықтары Жетісу Алатауының үлкен өзендері бастау алатын тау шыңдарында мұздықтар орналасқан. Мұздықтардың көбі солтүстік жотада орналаскан. Онда жалпы ауданы 996 км2-ге жететін 700 мұздық бар. Ең үлкен мүздықтар Лепсі өзенінің басында. Жетісу Алатауының мұздықтары Ырғайты, Тентек, Лeпci, Басқан, Сарқант, Ақсу, Бүйен сияқты жеті топқа бөлінеді. ## Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары Жетісу Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы өткел қызметін атқарады. Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде далаға тән ландшафт калыптасқан. Таудың биіктік белдеулері шөл, шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м-гe дейін) басталады. Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр. Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т. б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі солтүстікте 2200-2400 м-ден, оңтүстікте 2400-2500 м-ден жоғары басталады. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар,мұздықтар кездеседі. Биік тау сілемдерін малшылар жайылым есебінде пайдаланады. Жануарлар дүниесінде алтайлық және тянь-шаньдық түрлер көп. Олар да зоналық заңдылық бойынша тараған. ## Дереккөздер
Алтынемел – Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемдерінің бірі, Іле мен Қаратал өзендері аралығындағы суайрық жота. Ол шығыстағы Қояндытау жотасын бөліп тұратын Үйгентас асуынан Іле аңғарындағы Шолақ тауына дейін (Алтынемел асуы) доғаша иіліп жатыр. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Ұзындығы 65 км, ені 6 – 15 км, ең биік жері 2931 м. Жота палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен түзілген. Жотаның солтүстік беткейі тік, оңтүстігі көлбеу келген. ## Өсімдігі Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша орналасқан. Етегінде әр түрлі бидайық тұқымдас шөптер өседі. * * ## Дереккөздер
Іле Алатауы, Алматы Алатауы — Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. ## Географиялық орны Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Оңтүстікке қарай доға тәрізденіп иілген жота ендік бойымен созылған. Ұзындығы 350 км, ені 30 – 40 км. ## Жер бедері Қаскелең мен Түрген өзендерінің аралығындағы орталық бөлігі биік. Мұнда гляциалдық-альпілік жер бедері – қырлы жалдар, сүйір шыңдар, қия жартастар, қарлар таралған. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да осында шоғырланған. Шілік және Кемін өзендерінің бастауында Іле Алатауы Күнгей Алатауына жақындап, Шілік-Кемін тау түйінін құрайды. Орталық биік бөлігінен батыс және шығысқа қарай жота біртіндеп аласарады. Жотаның шығыс бөлігі ұзына бойғы аңғарлармен бір-біріне жарыса созылып кететін Бақай, Сарытау, Сөгеті, Бұғыты, Торайғыр тау тізбектеріне бөлшектелінеді. Батыста беті тегістеу келген Қастек, Кіндіктас аласа тауларына өтеді. Іле Алатауының оңтүстік беткейі тік және аз тілімделген. Солтүстік беткейі біршама көлбеу. Орта таулы өңірден төменде тау алдының адырлары айқын байқалады. ## Геологиялық құрылымы Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас және тақтатастарынан түзілген. Каледон тау түзілімінде пайда болған жота силурден бастап ұзақ уақыт денудацияға ұшырап, аласарған. Неоген мен антропогендегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде денудациялық жазықтар мен ұсақ шоқылардың орнына биік таулы жер бедері түзілген. Тектоникалық қозғалыстар қазірге дейін жалғасуда. Плейстоценде бірнеше қайтара мұз басуға ұшыраған. ## Климаты, климаттық белдеулері Климат жағдайлары биіктік белдеміне сәйкес. Шілденің орташа темпаратурасы тау етегіндегі аңғарларда 20 – 25°С-тан тау басында 0°С-қа дейін және онан да төмен түседі. Қаңтардың орташа температурасы етегінде –6 – 8°С. Температуралық инверсияға байланысты 1500 – 1600 м биіктікке дейін біршама жоғарылайды да одан әрі қайтадан төмендейді. Жылдық жауын-шашын тауалды өңірінде 500 – 600 мм-ден биік, таулы белдеуде 800 – 900 мм дейін. Іле Алатауыда жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Ең ірісі – Корженевский мұздығының ұзындығы 4,7 км. Өзендері Іле мен Шудың алабына жатады. Олардың суға молығуында мұздық пен қар суы негізгі орын алады. Табиғат белдеулері солт. беткейінде толық көрінеді. Шөлейт, қуаң дала, әр түрлі шөпті, бұталы, орманды-шалғынды дала, субальпі және альпі белдеулері айқын жіктелген. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Солтүстік бөктерінде – Алматы қаласы орналасқан. Кіші Алматы өзені аңғарында селге қарсы бөгет салынған. ## Дереккөздер
Күнгей Алатау – Солтүстік Тәңір тауындағы жота. 10 шағын көлден тұратын альпілік шалғындар Сүтбұлақ, Түлкісай және Қарасай шатқалдарының аумағында орналасқан. Көлсай және Қайыңды шатқалдарында Алматы облысының ең танымал Көлсай көлі және Қайыңды көлі бар. Ыстықкөл алқабына өтуге болатын жотаның асулары тау жорықтарын ұнататындардың арасында үлкен танымалдылыққа ие. Күнгей жотасы альпинистік тұрғыда қызығушылық танытады, өйткені жотаның 150 шыңынан тек 40-ы ғана бағындырылды. Жарбұлақ өзені алқабынан Талды алқабына дейінгі ұзындығы 75 км альпинистер аяқ басқан жоқ. ## Географиялық орны Қырғызстан мен Қазақстан аралығында ендік бағытқа шамалас 280 км-ге созылып жатыр. Ені 30 – 35 км, абсолюттік биіктігі 4771 м (Шоқтал шыңы, Қырғызстанда). Солтүстігіндегі Іле Алатауынан жотаны Шоңкемін және Шілік өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. Оңтүстік Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеледі. Шілік-Кемін асуы суайрығы саналады және ол Күнгей Алатауын екіге – батыс (ұзындығы 150 км шамасында) пен шығысқа (ұзындығы 130 км шамасында) бөледі. Қазақстанмен шектесіп жатқан шығыс бөлігінің солтүстік беткейлері (ең биік жері 4653 м) Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандары жерімен өтеді. ## Жер бедері Орташа биіктігі 3800 – 4200 м болатын Күнгей Алатауының жер бедері биік тау сілемдерімен, сүйір пирамида тәрізді жеке таулар мен асу, шыңдардан тұрады. Бастылары: Қуғантыр (3908 м), Бұрғансу (3775 м), Шоңөрікті (3705 м), Қыземшек (4032 м), Күрметі (3552 м), Саты (3281 м), Қорымды (3174 м), Тоқымбұлақ (3185 м). ## Геологиялық құрылымы Жер қыртысы протерозой және каледон тау жаралу қатпарлығы кезінде көтерілді. Палеозойлық дәуір герцин қатпарлығымен аяқталды. Тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау жасалу процесі осы уақытқа дейін жалғасуда. Жота сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан жер сілкіну, қар көшкіні, сел тасқыны, т.б. қауіпті табиғат құбылыстары жиі болып тұрады. ## Климаты Күнгей Алатауының климаты тым континентті. Биік тау сілемдері ауа райына тікелей әсер етеді. Таулардың жоғарғы биік белдемдерінде жыл бойы дерлік температура 0°С-тан төмен болады. Қаңтар айының орташа температурасы таудың жоғары белдемінде – 40 – 45°С, төменгі белдемінде – 20 – 25°С, шілде айында тау бастарында 0 – 5°С-тан, төменгі етегі мен тау аңғарларында 15 – 20°С аралығында. Жауын-шашынның мөлшері тау аңғарында 400 – 550 мм, қыратты батыс беткейлерінде 800 – 900 мм-ге жетеді. ## Су торабы Жотадан (қазақстандық бөлігінен) бастау алатын өзендерге Шілік өзені және оның оң салалары: Жаңғырық, Түлкісай, Қарасай, Қарақия, Үлкен Өрікті, Құтырған, Талды, Күрметі (Күрменті), Көлсай, Саты, Қайыңды; Шарын өзенің сол салалары Шетмерке, Ортамерке, т.б. жатады. Өзендердің гидроэнергетика ресурстары мол. Күнгей Алатауында ірі мұздықтар (жалпы аумағы 237 км2), тектоникалық және мореналық шағын көлдер бар. ## Өсімдігі мен жануралар дүниесі Қазақстандық бөлігіне қарайтын сол-түстік жоғарын белдеулік беткейлерінде шырша, қарағай өскен. Шілік өзені аңғарының қара, таудың қызғылт қоңыр топырақтарында альпілік шалғындар мен әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер, шатқалдар мен тау баурайларында тал, терек, қайың, жабайы алма мен өрік, долана, арша, тобылғы ағаштары өседі. Күнгей Алатауының аңғарлары малға қолайлы тау жайлауы саналады. Биік таудың құз жартастарында арқар, таутеке, барыс мекендесе, одан төменде қасқыр, түлкі, елік, марал, сілеусін тіршілік етеді. ## Сыртқы сілтемелер * Алматы облысы туризмінің ресми сайты Мұрағатталған 3 мамырдың 2020 жылы. * Жоңғар Алатау ұлттық паркінің ресми сайты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2020 жылы. * Алматы облысының көрнекті орындары
‎ ‎ Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты. Ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында 9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 45ӘС-қа шейін, 1985), қысы суық (47ӘС-қа шейін, 1986) болатын жылдар мен күндер көбейді. Өзен жағалауындағы суармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып, теңіз түбіне 1 млрд. тоннадан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн. тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға, т.б.) құрып кетті. Осыған орай, теңіз жағалауындағы балық зауыттары, ауыл кеме көлігі кәсіпорындары, мал, егін, балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар, Барсакелмес аралындағы хайуанаттар қорығы, Возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. Арал апаты аймағынан жүздеген мың адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ғарыштан қарағанда, теңіздің жиегінен 400 км-ге дейін созылған «тұзды бұлт» өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайтты. Бұрын теңіз маңында мекендеген су құстары түгелге жуық, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр, т.б.) құрып кетті. Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді. ## Дереккөздер * Высыхание Аральского моря(қолжетпейтін сілтеме)
Артезиан құдығы — жер астынан артезиан суын алу үшін бұрғыланған ұңғыма немесе қазылған құдық; жердің терең қабаттарынан ағып немесе атқышап шыққан артезиан суын әр түрлі мақсатта пайдалану үшін бүрғылап арнайы жасалған ұңғыма. Артезиан құдығы біздің заманымыздан бұрынғы Мысырда, Қытайда пайдаланылған. Қазақстанда артезиан құдығы XIX ғасырдан бастап қазылды. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен бұрғыланады және оның тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Су арыны әлсіз болып, өздігінен шықпаса, артезиан құдығына сорғы орнатылады. Жер асты қабаттары берік тау жыныстарынан тұратын болса, артезиан құдығының қабырғасы шегенделмейді. Борпылдақ, сусымалы жыныстардағы (қиыршық тас, құм, малта тас, т.б.) артезиан құдығының қабырғалары темір, темір-бетон құбырлармен немесе ағашпен шегенделеді. Суды механикалық қоспалардан (лай, саз, т.б.) тазарту үшін артезиан құдығының түбіне түрлі сүзгілер қойылады. Олар тоттанбайтын материалдардан жасалады. ## Дереккөздер
Атасу қонысы – қола дәуірінен сақталған біздің заманымыздан бұрын 14 –12 ғасырлардағы ірі елді мекен орны. Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстік-шығысында 35 км жерде, Атасу өзеніне құятын Мыңбай сайының бойында орналасқан. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1952 ж. (жетекшісі Әлкей Марғұлан), 1975 – 82 ж. (жетекшілері Мир Қадырбаев, Жолдасбек Құрманқұлов) зерттеген. Атасу қонысында 27 үй мен қораның орны бар. Ол жерден 3 төртбұрышты, дөңгелек пішінді 12 ғимарат және мыс балқытуға арналған 7 шеберхана орны табылды. Үлкен үйлер екіге бөлінген. Бір жағы – тұрғын үй, екінші бөлігі – шеберхана. Атасу қонысы орталығында ғибадатхана болған. Үйлер арасынан ішін таспен шегендеген құдықтар, көзе ыдыстар күйдіретін пештер ашылды. Атасу қонысы тұрғындары негізінен мыс балқытып, қоладан бұйым құю, мал бағу, егін егу, аң аулаумен айналысқан. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде өмір сүрген тұрғындарының үйлері шошала сияқты дөңгелек, құрастыруға оңай болған. Олар да қолдан сайман жасаған, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Атасу қонысынан кен үгіп, мыс балқытып, құюға арналған құрал-саймандар мен қалыптар, топырақ қопсытатын тас кетпен, түрен, тастан, қоладан, сүйектен жасаған жебе ұштары, өрнек салынған саз ыдыстар, мал сүйектері, саз ыдыстар бетін тегістейтін, өрнек салатын құралдар, қола пышақтар, орақ, сүңгі, т.б. көптеген бұйымдар табылды. ## Сілтемелер * Қола дәуірі ## Дереккөздер
Атбасар сыртқы округі – Ресей үкіметінің «Сібір қазақтары туралы Ережесі» (22.7.1822) негізінде қазақ даласында құрылған (1859) әкімшілік-территориялық бөлік. Батыс Сібір губернаторлығы территориясында ашылған ең соңғы (8) округ. Қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдете түсу үшін Аманқарағай округінің дуаны Құсмұрын көлінің жағасына көшіріліп, ол Құсмұрын округі деп аталған болатын. Құсмұрын дуаны Омбыдан 900, өзінің шеткі болыстары мен басқа округ дуандарынан 600 – 800 км қашықтықта жатты. Мұндай жағдайда даланы басқару қолайсыз болғандықтан он жылдан астам уақыттан кейін Омбы облыстық басқармасы округ дуанын Атбасарға көшіруге шешім қабылдады. Атбасар сыртқы округі 1859 жылы ашылды. Құрамына Қызылтас, Қоқан, Жырық, Бекназар (болысы СандыбайұлыБайолла), Қарабала, Төрт-қара, Сарғалдақ (Қылшықұлы Айранбай),Ақтас, Бадана, Сейіт (Шығырұлы Құбайдолла), Қызылтас, Теміршін (Қуандықұлы Қосбол), ƏлекеБайдолы (Сайдалыұлы Бекен), Төртұлы Қозған (Ұрынбайұлы Жанайдар), Тарақты-Ноғай (Уəлиханұлы Жантөре) болыстары енді. Ресей императоры қол қойған «Далалық облыстарды басқару туралы Ереже» (21.10.1868) бойынша округтер таратылғанда бұл болыстар жаңадан құрылған Ақмола облысының құрамына қосылды. ## Дереккөздер
Атбасар жәрмеңкесі – 19 ғасырдың ақыры мен 20 ғасырдың басында Атбасар қаласының маңында жыл сайын өткізілген дәстүрлі жазғы жәрмеңке. Ежелгі керуен жолында орналасқан, қазақтар мен Ташкент, Бұхара көпестерінің сауда орталығына айналған бұл жәрмеңкеде фабрика-зауыт өнімдері мал шаруашылығы өнімдеріне айырбасталған. ## Дереккөздер
Бес қару — қазақ батырлары қолданған жауынгерлік қарулардың жалпы атауы. Бес қаруға соғыста кесу, шабу, түйреу, соғу, ату арқылы жауына жарақат салатын, өзіндік қолдану әдісі бар қылыш, айбалта, найза, шоқпар, жақ (садақ) сияқты қарулар жатады. Әр қарудың өзінің бірнеше түрлері, үлгілері бар. Мысалы, кесу қаруына қылыш, семсер, сапы, т.б. үлгілері; шабу қаруына — айбалта, жауынгерлік балта, оның өзге де түрлері; түйреу қаруына — найза, сүңгі, жыда; соғу қаруына — шоқпар, күрзі, босмойын шоқпар, сылқетер, т.б.; ату қаруына — жақ, кейін шыққан мылтық түрлері жатқызылады. Бұрынғы кезде қарудың бір түрін пайдалануды өте шебер меңгерген жауынгерлерді бір топқа біріктіріп, арнаулы садақшылар, найзагерлер, семсершілер қосындары бөлек-бөлек құрылып, оларды қажетіне қарай қолдану әдісі соғыс тактикасын анықтаған. Бес қару әр түрлі әскери дәрежелерді белгілеуге де пайдаланылып, түрлі рәміздік рөлдер де атқарған. Мысалы, жақ — ханның, патшаның рәмізі ретінде, найзаға тағылған байрақ, әскери ту — әскербасылық дәреже белгілері ретінде қолданылған. Бес қару қасиетті, киелі саналып, оларды қастерлеу нәтижесінде көптеген әскери салт-дәстүрлер қалыптасты. Батырлардың қарулануын білдіретін «бес қаруын асынды», «бес қаруы бойында», «бес қаруын сайланған» деген сөз тіркестері тек тарихи жырларда ғана емес, тілімізде, ауыз әдебиетімізде жиі қолданылады. Соғысқа қатысты «ер қаруы» деген сөз тіркесі халықтық әскери термин ретінде, жай қару емес, соғыс қаруы, жауынгердің соғыста қолданатын жеке қаруы (қылыш, айбалта, найза, т.б.) деген ұғымды білдіреді. ## Дереккөздер
Бүркітшілік – бүркіт бабтап, саят құратын қазақтың дәстүрлі саятшылық өнерінің бір саласы. Бұл кәсіппен ертеде көшпелі түркі тектес халықтар шұғылданған. Тарихи деректер бойынша Жошы ханның 3 мың бүркітшісі болған. Бүркітті екі түрлі жолмен ұстайды: біріншісі – балапанын ұядан алып, қолдан баулу. Ондай бүркітті қолбала дейді. Екіншісі – бүркітті тағы күйінде ұстап үйрету. Бұлар – тірнек, тастүлек, мұзбалақ сияқты түз құстары. Бүркіт балапанын жем беру арқылы баулиды. Тұғырға отыруға жарасымен томаға кигізіп, балақ бау тағып, қолға қондыра бастайды. Ұшуға жараған кезде етке қант бүркіп, қоян, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың терісіне орап, шыжым жіппен сүйретіп жүріп жегізеді, мұны «шырға тарту» дейді. Алдымен жас бөлтірік, көжек, түлкінің күшігі сияқты әлсіз аңдарды тірідей шоқытып ауыздандырады. Бұл – құсты «аңға баулу» деп аталады. Ал түз құсын ең алдымен томағалайды да, ырғаққа отырғызады. Ұйқыдан қалжыраған бүркіт бірте-бірте адамның ыңғайына көне бастайды, сол кезде қолдан жем беріп, дыбыс шығарып, басынан, қанат қырынан, арқасынан, жемсауынан сылап-сипап үйретеді. Түз құстарын елу – алпыс күннен кейін ұшырып, ұсақ аңға салады. Бүркіт біршама қоңды, жемге шабытты, сергек күйде болу керек. Сондықтан әр бүркіттің тегіне, қырандығына, жасына қарай әр жағдайда берілетін жемдері болады. Мысалы, «қан соқта», «жылы жұмсақ», «қызыл», «тоят» деп аталатын жемдер семірту мен түлекке отырғызғанда, құстың еті төмендеп кеткенде беріледі. «Тартпа», «толарсақ» дейтін жемдер бүркітті ширықтыру үшін берілсе, «сарбөртпе» (туралған ет бір – екі рет суға шайылады) құстың етін бір қалыпты ұстау үшін, «ақ жем» (суға сығымдап, қан-сөлі алынған, туралған ет) құстың етін төмендету және ашқарақтануы үшін беріледі. Бүркітшінің түлекті осындай түрлі жеммен баптауын «қайыру» дейді. Наурыз, көкек айларынан бастап, бүркітші құсты тойғыза жемдеп түлекке отырғызады. Ол бүркіт алатын аңдардың жатағын, өрісін, ізін танып, білетін байқампаз да болады. Аңға шығарғанда бүркітшінің жанында аяқ бау, балақ бау, тұғыр, балдақ, томаға, сапты аяқ, биялай, жеңсе бұрау (түлкі бұрайтын айыр бас шыбық), жем қалта, шыжым, пышақ, ине, тарамыс, бөлеу (бүркіт бесігі) сияқты қажетті жабдықтары болады. Бүркітші саятшылыққа бірнеше кісімен шықса, оны салбұрынға шығу дейді. ## Дереккөздер
Қайнар сөзінің бірнеше мағынасы бар: ## Елді мекендер ### Абай облысы * Қайнар – Жаңасемей ауданындағы ауыл * Қайнар – Көкпекті ауданындағы ауыл ### Ақмола облысы * Қайнар – Ақкөл ауданындағы ауыл. ### Ақтөбе облысы * Қайнар – Алға ауданындағы ауыл. ### Алматы облысы * Қайнар – Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл. * Қайнар – Қарасай ауданындағы ауыл. * Қайнар – Райымбек ауданындағы ауыл. * Қайнар – Талғар ауданындағы ауыл. ### Батыс Қазақстан облысы * Қайнар – Бәйтерек ауданындағы ауыл. ### Жамбыл облысы * Қайнар – Байзақ ауданындағы ауыл. * Қайнар – Қордай ауданындағы ауыл. ### Жетісу облысы * Қайнар – Алакөл ауданындағы ауыл. * Қайнар – Қаратал ауданындағы ауыл. ### Қарағанды облысы * Қайнар – Нұра ауданындағы ауыл. ### Түркістан облысы * Қайнар – Ордабасы ауданындағы ауыл. * Қайнар – Созақ ауданындағы ауыл. * Қайнар – Төле би ауданындағы ауыл. ### Шығыс Қазақстан облысы * Қайнар – Зайсан ауданындағы ауыл. * Қайнар – Күршім ауданындағы ауыл. ### Қырғызстан * Қайнар – Жалалабат облысы Созақ ауданы Сәйпеден Атабеков айыл аймағы құрамындағы айыл. * Қайнар – Жалалабат облысы Созақ ауданы Ырыс айыл аймағы құрамындағы айыл. * Қайнар – Талас облысы Айтматов ауданындағы айыл. * Қайнар – Ыстықкөл облысы Жетіөгіз ауданындағы айыл. ## Өзен-көлдер * Қайнар — Жем алабындағы өзен. * Қайнар — Қорағаты алабындағы өзен. * Қайнар — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы көл. ## Тағы басқалар * Қайнар бұлақ * Қайнар колледжі
Вольфрам кентастары – вольфрам алынатын табиғи шикізат. Негізгі минералдары: вольфрамит, шеелит, гюбнерит. Сондай-ақ вольфрам кентастарында молибден, қалайы, бериллий, мыс, висмут, кейде сурьма, сынап, алтын, күміс, мышьяк, күкірт, тантал, ниобий, скандий кездеседі. Қоспа компоненттердің басым көпшілігі байыту барысында коллективтік және селективтік концентраттарғатарға бөлінеді. Вольфрам кентастары түзілуіне байланысты эндогендік және экзогендік болып бөлінеді. Эндогенді кентастардың генетикалық типтері пегматиттік, скарндық, грейзендік және гидротермальдік болып үш кентастық формацияға бірігеді: қалайы-вольфрамды, молибден-вольфрамды және полиметалл-вольфрамды. Пегматиттерде вольфрамит пен шеелит сирек кездеседі, олар касситерит, берилл, сподумен және тантал-ниобаттар өндірілгенде бірге алынады. Скарнды-шеелит кентастары плита тәрізді қабаттар немесе линза және түтік тәрізді денелер түрінде кездеседі. Грейзенді-вольфрамды кентастар граниттік интрузивтердің шет жақтарымен тығыз байланыста түзіледі. Кен денелері бағана тәрізді және түрлі пішінді штокверктер түрінде кездеседі. Қазақстанда вольфрамның ірі кен орындары Сарыарқада, Таулы Алтайда, (Қалба, Нарын), Бұғытыда ашылған. ## Дереккөздер
Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады. ## Тарихы Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. Мұны дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа «қашалған» аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті. Аңшылық - адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат ананың қорының, дәлірек айтсақ аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң беруі мен технократтық өркениеттің кең қанат жаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсуі, өркениетті қоғам элементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды. Сондықтан аң-құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қойыла басталды. Әсіресе, адамдардың санасындағы мифтік түсініктері мен байырғы дүниетанымындағы табиғат ананы қастерлеу, оның аң-құсын, әсіресе қазақтар «Құдайдың малы», «қоңыр аң» деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі, құлжа қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жосықсыз қыруға жол берілмеді. Осы кезден аң аулаудың көптеген тәсілдерінің бірі алға шықты, ал қайсыбірі екінші қатарға ысырылды. Аңшылық тәсілдерінің аңды қыран құспен алу, құмай тазымен аулау, ату қаруларымен (садақ, мылтықпен), түрлі жабдық-саймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы), әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сойылмен ұру) аулау деген негізгі түрлері бар. Осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі тарылып, оның кейбір түрі, айталық құсбегілік пен тазы баптау кәсіптен гөрі, өнер сипатына ие болды. Ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай: «Аңшылықтың үміт, қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл - салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніндей ыстық сезім өмір. Өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшылық өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелер көп». Шынымен-ақ құсбегіліктің адамды ақындық деңгейге жеткізетін «өнер», әрі халықтың көне дәстүрінің мәйегін сақтап, насихаттайтын, ел арасындағы «еркелері» - салдар мен серілердің жан жолдасы, жұрттың ермегі ғана емес, кие тұтар құндылығы болып қалды. Оның дәлеліндей, аушы құстарға қатысты толып жатқан ырым-тыйымдар жұқанасы (реликтері) күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді.Құсбегілікте олжа алу негізгі мәселе емес, керісінше тұз тағысын қолға үйретіп (дрессировка) жуасыту арқылы бейне бір құс тілін білетін орнитолог-этолог мамандай немесе цирк өнерпазындай тұз тағысына өз "әмірін" жүргізу маңызды, әрі адамның өзі баптаған аушы құсының көкте самғауы мен оның аспанда қалықтап, шүйіле келіп аңға түсуін тамашалау жанға ғанибет, саятта қүсбегіге еріп жүрген жұртқа рахат сыйлайтын көрініс. Өйткені, аспанда қалықтап ұшу адамзаттың бағзыдан бергі арманы, оны қолға үйреткен құсы арқылы тамашалау үлкен ләззат. Саятқа топ-тобымен шыққан жұрт бұл тамаша көріністің куәсі ғана болып қоймай, оған өзінің сақадай-сай әзірлігін сынайды. Өйткені жылы киім, дұрыс қайырылып үйретілген құс, тазының ұшқырлығы, бапты ат, мықты денсаулық бәрі-бәрі саятта сыналады. Сондай-ақ серуендеген серілер «ақ қар, көк мұз» аязды шақта табиғаттың екінің бірі бажайлай бермейтін қыр-сырына тереңірек үңіле түседі... Дегенмен, қазірге дейін мәлім болғандай сұңқаршылыққа қатысты дерек бағзы дәуірдегі мысырлықтарға барып тіреледі. Көне Мысырдың XVIII династиясы дәуірінде, яғни б.д.д. 1580-1350 жылдары жазылған магиялық мәтіндер арасындағы бір кестеде басына томағаға ұқсас "бірдеңе" кигізілген, тұғырға ұқсас бөрене үстінде отырған, қарақұйрық жотасына "қонған" бірқатар сұңқардың бірнеше бейнесі салынған. Мысырлықтарда сұңқар патшалық биліктің рәмізі, Хорус құдайының бейнесі, иероглиф таңбасы орнына жүрді. Түркия жеріндегі Богазқап қалашығы қиратындылары арасынан саздан жасалған барельефте бірі қолына сұңқар ұстаған (балақбау тәрізді бауы төмен салбыраған) қолдарына шабатын қару ұстаған екі жігіт бейнеленген. Ескерткіш б.з.д. XIII ғасырдікі, хеттер мәдениетінікі, сұңқаршылықтың 3300 жылдықтарихын көрсетеді. Ал Саргон ІІ патша заманындағы (б.з.д. 722-705 жылдары) Ассирия барельефінде осыған ұқсас деректер бейнеленген ескерткіш Лувр музейінде сақтаулы. Бұлардан шығатын қорытынды сұңқаршылықтың ежелгі мекені туралы мағлұмат береді. Адамзат тарихындағы аңшы құстарға қатысты заттық айғақ б.з.д. 2400 жыл бұрын Месопотамия жерінен Нойон ула тауынан табылған атақты ғұн қазынасы арасындағы кілем, сырмақтарда тауешкіге түсіп жатқан жыртқыш аңның айқасы, Есіктегі сақ обасынан табылған «Алтын адам» қазынасының жәдігерлерінде дәл сондай көріністі бейнелеген алтын тоға - Орта Азиялықтарда аушы құс культінің аса көнеден келе жатқандығының айғағы. Ертедегі қазақтар тұлпарды ғана емес, сонымен бірге құсты да кие тұтып, мәйітпен бірге жерлейтін болған. Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері орта ғасырда адам мүрдесімен бірге қыран бүркітті қоса жерлегендігін келтіріп отыр. Айталық, Атырау облысы Құлсары кентінің солтүстік шығысындағы атақты Бекет Ата - Ақмешіт культтік-жерлеу кешенінен алты шақырым жердегі Аралтөбе қорымындағы үш -қорғанның (II) бірінен еркек пен әйел мүрдесімен аң стилінде жасалған алтын бұйымдар, бүркіт пен протомалары бірге жерленген). Үш бөліктен тұратын кеңістікке киелі құс бүркіт адам жанын көкке алып шығады деген танымнан туған. Шығыс Қазақстан облысындағы Маңырақ, Тарбағатай арасындағы Шілікті жазығындағы ерте темір дәуіріне жататын аттас қорғандарынан табылған алтын әшекейлер арасынан бастары артқа қайырылған шеңгелі мен жанары перуза тастармен көмкерілген 36 дана жыртқыш құс (бәлкім бүркіт) кескініндегі құйма алтын қапсырмалары ұшырасады. Ал Алтайдағы әйгілі Берел қорымында жерленген көсемнің табытының төрт бұрышында «мүрдені күзететін» грифон бейнесі ертедегі далалықтар өмірінде жыртқыш құсқа қатысты танымның (бәлкім олардың өмірінде құсбегіліктің) қаншалықты маңызды болғандығын аңғартады". Өскемен қаласынан қырық шақырымда Құрық, қорганының (б.д.д. IV—II ғғ.) бірінен мәйітпен бірге жерленген 4 бүркіт қаңқасының табылуы, атақты Есік «Алтын адамының бас киіміндегі стильденген құс бейнелі фигуралар тәрізді көне археологиялық жәдігерлердің көптеп ұшырасуы - жыртқыш құстардың қазақ жеріндегі тарихи тамырының тереңге жайылғандығын көрсетеді... Бұл қазақтарда қыран құс культінің ерекше дамығандығының көрінісі. Мұндай культтің жоғары деңгейін қазақ мемлекет тілігінің рәміздерінде және халық санасында, ауыз әдебиет пен тілдік деректерде өміршеңдікпен жалғасқандығынан байқауға болады. Шығыс халықтарының аңыз-ертегілерінде феникс, грифон, сенмурв, самұрық, шойынқара т.б. ертегілік «арыстан денелі, бүркіт басты» алып құбыжықтар туралы мәліметтер жиі кездесіп жатады. V ғасырда Сасанид патшасы V Баһрам Гурдің ермегі сұңқармен аң аулау болғандығын және қытайлықтардың оған сұңқарды сыйға тартқандығын жазады. Еуропаға жасаған жойқын жорықтарында қолданған қару-жарақтар мен қалқан бетінде хандық белгі (таңба) ретінде ақсұңқар бейнеленген. Ежелгі Қытайда да сұңқаршылық екі мың жылдық тарихы бар дегенімен бұлтартпас айғақ VI ғасырдың еншісінде. Лианг әулеті (502-557 жылдары) заманында мұрагердің бірі тазымен бірге үйретілген сұңқарды қырғауылға салған деген. Осындай деректер ежелгі Эллада, Үнді, Парсы жұрттары көптеп кездеседі. Тіптен 720 жылдары аяқталған жапон жылнамасы "Нихон Шохи" императордың сұңқар ұстағаны туралы баяндайды. Ал батыс елдеріндегі құсбегілік туралы мәлімет эпикалық "Нибелунга туралы жырда" Кримгильд патшайымның сүйікті сұңқарын басқа екі су бүркіт өлтіріп тастағаны айтылса, Сигурд жырында екі ақсұңқардың тырнаға жарысып түскенін жазады. Екі дерек те ғұндардың Бургундиялықтарды жаулап алған кезіне дөп келеді. Батыс ғұндарының қолбасшысы Еділдің (Атилла) Еуропаға жасаған жойқын жорықтарында қолданған қаружарақтар мен қалқан бетінде хандық белгі (таңба) ретінде ақсұңқар бейнеленген.Немістердің заң жинағында ұядан өз бетімен балапан алса, құсты ұрласа үлкен айыппұл салынады делінген. Тіптен аушы құс ұя салған ағаш арнайы таңбаланған. VI-VIII ғасырлар тазы мен құс, оның құрал-жабдық, киімдері немістердің ажырамас атрибутына айналған.Құс бейнесі көне түркі дәуіріндегі ескерткіштер, тас мүсіндерде молынан көрініс тапқан. Айталық: * 1. Күлтегіннің бас тас мүсініндегі құс бейнесі. * 2. Күлтегін, Білге қаған ескерткіш кешені маңындағы тас қорғанындағы құс бейнесі. * 3. Алтын тамған тархан бітіктасындағы құс бейнесі. * 4. Күлі-чүр ескерткіш кешені тас қоршауындағы құс бейнесі. * 5. Жетісу тас мүсініндегі құс бейнесі және т.б. жүздеген деректерді келтіруге болады. Көне түрік таным түсінік Тәңірлік ұғым бойынша құс көктің иесі, аспанның киесі, жоғарғы әлемнің елшісі, қанаттылардың төресі саналады. Аталған құс бейнелерін зерттеушілер бүркіт, көгершін, самұрық тәрізді деп жорамалдайды. Демек, байырғы түріктердегі таным-түсінік бойынша төрелік билік мәңгілік көк аспаннан жаратылады. Ал Тәңір жарылқаушының киесі де, иесі де құс деп таныды. Соның ішінде қыран құстың қырағылығы мен алғырлығына ерекше қастерлеп, биліктің рәмізі ретінде көшпелілер ту-байрақтарын да қыран құстардың бейнесімен әшекейлеген.Түркі халықтарында саятқа салатын құстарды аушы (аңшы, аң алатын) құс немесе қысқартып құс деп атайды. Атаудың ілкі тұлғасы баба түрік тіліндегі qut «құт» болып, одан тілдік даму заңдылығымен құт > qus құс болып өрбіді деуге саяды. Құт тұлғасы құс, құр, қыр+ғи, құз+ғын, қаз, сұң+қар, кезқұйрық т.б. атаулардағы ұқсас құрылымдармен түбірлес, тектес осы семантикалық өрісіне «құс, қос, қыз, қыр+қын» т.б. сөздері де төркіндес. Басқаша айтқанда осы атаулардың морфемалық мағынасы «екі, қос, жұп қанатты, қос қанатты» дегенді білдіреді. Қыр+ан, қыр+ғи, қар(а)+ға, қар+ға, қар+шыға, қар+лығаш, қыр+ғауыл, сұң+қар деген атауларындағы қар, қыр тұлғалары да осы құт, құс түбірлерімен бір желілес, ұқсас дүниелер.Әбілғазы Баһадүрханның «Шежіре-и Түрк» еңбегінде Оғұз қаған аңызына байланысты оның 24 ұл немересінің құстары, таңбалары жайлы да осы құт, құс танымымен сабақтастырып айтуға болады. Мысалы, шежіреде аталатын құстардың атауы: сұңқар, күйгенек, көбек сары, тұрымтай, қыр+ғұ, қыз+ыл қар+жығай, көж+ген, жере лажын, сарыша, баһари (қарға), су бүр+кіт, ала тұғанақ, бұғдайнақ, құмай, енчары, йағалбай, біқұ, қар+шығай, ителгұ, тұйғұн, чере қар+чығай*.Махмұт Қашғаридың «Түрік тілдерінің жинағы» (Диуани-лұғат-ат-Түрік) сөздігінде «ым білсе ер өлмес» деген сөз бар. Мұның себебін, М.Қашғари былай түсіндіреді. Ордадағы қолбасшылардың жауынгерлігіне жасырын ым белгілері (пароль) ретінде қару-жарақ немесе құс аттары(!) қолданылады. Егер түнде екі жауынгер кездесе қалса бір-біріне сол ым-белгіні сұрасады. Ым біліссе өз адамы деп жолымен жүре береді...VI-XI ғасырларда оғыздардың және IX ғасырда Моңғолия, Қытай ортағасырлық Орта Азия аумағында халықтар құсбегілікпен айналысқаны бізге тарихтан белгілі. X ғасырда селжүктерде көптеген құсбегілердің болуы және селжүк әулетінен шыққан бір көсемнің Тоғрұл есімді (Тоғрұл мағынасы Алтай сұңқары дегенді білдіреді) болуы құсбегіліктің селжүктер кезеңінде де маңызы арта түскендігін байқатады. Ал сол әулеттің 1194 жылы қайтыс болған Тұйғыншах атты билеу шісінің де есімі құсбегілікке қатысты ұғымнан туған, яки ақ қаршыға деген мағынаны береді.Кіші Азияны иеленген селжүк, оғыз, қыпшақ бектері мен бағыландары Босфор бұғазында қаршыға, сұңқарларды теңіз жағасындағы су құстарына салып, олардың «қырғидай тиген» көрінісін тамашалайтындықтары туралы деректер көнеден жеткен. 1032-1083 жылдар аралығында жазылған «Қабуснаме» еңбегінің бір тарауында құсбегілік туралы егжей-тегжейлі жазылған мәлімет бар. Онда ақсүйек, хандардың асыл тұқымды атқа мініп, қолына сұңқар ұстап, саятшылық құрып, қабыланмен аң аулауы туралы баяндалады. Мұндай өнер тек ақсүйектердіңғана кәсібі болған, ал қарапайым адамдарға онымен айналысуға рұқсат берілмейтіні жазылған. Көз тойғысыз қызығы мол құсбегілік өнер сол кездегі хан, патшалардың сән-салтанатына айналған еді. Әлемді дүр сілкіндірген әмірші Шыңғыс хан сұңқар салғандығы туралы парсы жылнамашысы Ата Малик Жувейни жазады. Оның тұстасы Керей Тұғырыл хан, Шыңғыс мұрагерінің бірі Құбылай хан, сондай-ақ Әмір Темір сияқты адамзат тарихындағы атақты тұлғалардың сүйікті ермегі, пір тұтқан киесі құс салу болғандығын тарихи жазбаларда хатталған. Шыңғыс ханның құсбегілік өнерді жоғары бағалағаны соншалық, ол бұл өнерді мемлекет деңгейіне дейін көтерген болатын. Қызықты да тамаша құсбегілік өнері моңғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншылығы кезінде әскери жаттығудың ең маңызды мәртебесіне ие болды. Қағанға қыран құстар, соның ішінде ақсұңқарлар көбінесе сый ретінде келіп отыратын болса, кейбір сұңқарлар салық ретінде алынатын. Орта ғасырда құсбегілік өнері көшпенділер арасында тоқтаусыз дами берді. Себебі ең алдымен, саятшылық көшпенділер үшін тіршіліктің өзекті бір саласы болып келген; сондай-ақ ол әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың тамаша үлгісі болған. Марко Поло хан ордасында қыран құстардың көптігі және олардың барлығы құсбегілікке қолданылатындығы жайлы қызықты күнделіктер жазған. Гильом де Рубруктың 1253-1255 жылдары саяхат күнделігінде "Оларда (көшпенділерде) ителгі және сұңқар құстары өте көп. Олар құстарын оң қолдарына отырғызады және сұңқарлардың мойындарында құс кеудесінің ортасына дейін салбырап тұратын жіңішке қайыс тағады", - деп жазады.Күйік ханның ордасында 4 айға жуық өмір сүрген, табиғат аясында құсбегілік өнерінің қызықты сәттерінің куәсі болған жиһанкез Марко Поло жазбасы өте қызық. Ұлы ханның Баян және Минган атты екі ағайын бектерін жергілікті халық Куничи деп атайды. Себебі олар ханның қол астындағы 20 мың құсбегілер мен аңшыларды басқаратын. Минган басқарған 10 мың адам қызыл, Баян басқарған 10 мың адам көк түсті киім киіп ханмен бірге саятқа шығады. Бөлінген 10 мыңдықтың 2 мың адамының әрқайсысы көп тазы мен төбет иттер жетектеген. Екіге бөлінген аңшы-құсбегілер күншілік жерді шеңбер тәрізді етіп қоршап, аң-құстарын үркітіп қыспаққа алады. Дәл осы сәтте аңшылардың да, иттердің де өте шеберлігін көру тамаша көрініс еді... Тобымен саят құру - салбурын аталатын бұл оқиғаны жиһанкез автор ары қарай былай өрбітеді:" Ұлы хан өз ордасындa үш ай болып наурыз айында ол нөкерлерімен екі күншілік жерге аттанады. Ол өзімен бірге 10 мың құсбегісін және 500 ақсұңқарын алып жүреді. Әр жерге бір-екіден аралары алшақ тұрған құсбегі мен тосқауылшыларда құс шақыратын ысқырық және түрлі үлгіде тігілген томағалар бар. Ал ұлы хан қолынан ақсұңқарынұшырған кезде тосқауылда тұрған құсбегілер сұңқардың қай жерге олжасын алып түсетінін бақылап тұрады». Алты мың сұңқаршысы болған Түрік сұлтаны I Баязид (1354-1403) тәрізді болуға өз заманының тұстастары тек армандаған деседі. Ұлы Моғол империясының негізін қалаған Темір әулетінің ұрпағы Захир-ад-дин Мұхаммед Бабыр (1483-1530). «Бабырнама» еңбегінде: Жұт жылы азық-түліктен тарықпайтындай, ал жау қоршауда ұстаған жағдайда аштықтан әлсіремейтіндей жерде болуымыз оңды деген мақсатпен Рабатек-и Урчини ауданында қыстағаны айтылады. «Бұл өлке аң аулауға таптырмайтын жер. Айламыш өзенінің маңындағыну толған бұғы, марал, қабан шошқа; қамысы сиректеу жерінде қырғауыл, қоян жыртылып айырылады. Қыс бойы екі-үш күнде бір рет аң аулауға шығып тұрады. Қалың жынысты өртеп бұғы, марал ауласақ, қамысты жерден киік аулап, құс ұшырып, қырғауылға қаршыға салдырдық. Мұнда қырғауылдың көптігі соншалық, осында қыстаған жылы қырғауылдың етіне қарық болдық», — деп жазған. Мұнан құсбегіліктің қоғамдық маңызының нендей дәрежеде болғандығын болжаймыз.Сондай-ақ осы еңбектің «Кабул» атты екінші бөлімінің «Сұлтан Құсайын мырзаның әкімдері» деп аталатын тақырыбында былай деп жазады: «Мұхаммед Бұрындық білгір, ұлы басшы бол атын. Ол қыран құс салуға құмар еді. Егер қырандарының бірі жоғалып, немесе өліп қалса, Мұхаммед Бұрындық мырза ұлдарын ауызға алып: «Қыранжоғалғанша, қыршындардың неге желкесі үзілмейді» деп қарғанатын. Сұлтан Құсайын мырзаның Хасан Әли Жалайыр деген әкімі де болды. Оның шын аты-жөні Құсайын Жалайыр, бірақ жұртқа Хасан Әли деген есіммен көбірек танымалды. Оның әкесі Әли Жалайырға Бабыр мырза қамқорлық көрсетіп, бек дәрежесін берді, содан кейін Жәдігер Мұхаммед Гератты алған кезде Әли Жалайырдан жоғары адам жоқты. Хасан Әли Жалайыр құсбегі, әрі ақын еді. Өлеңді жазғанда Тахаллус Туфеил тәсілін пайдаланатын», - деп жазды. Мұндағы Жалайыр (Жалайыр Шора) қазақ құсбегілерінің пірі екендігі тарихи сабақтастықты аңғартады. Орта ғасырдан бастап шарықтау шегіне жеткен сұңқаршылық туралы Генрих IV патшаның ұлы Фридрих II Гогенштауфен (1195-1250) "Die Arte Venandi Cum Avibus" (Сұңқармен аң аулау өнері) атты көлемді еңбек жазған. 30 жыл бойы автор аса құнды деректермен мәселені егжей-тегжейлі жазған еңбек XVIII ғасырда баспадан шыққан 6 бөлімнен тұратын кітап антикалық дәуірден бергі аушы құстарға, құсбегілікке қатысты мәліметті өз тәжірибесімен сараптай отырып жазған көлемді еңбек.Ағылшындарда аушы құспен шұғылдануға көп шектеу болмаған әр, адам өз еркінше шұғылданған. 1486 жылы хатқа түскен "Қасиетті періні үйрету" деген еңбекте тоғыз түрлі құсты атап, онымен қандай әлеуметтік топ шұғылдануға болатындығын былай келтіреді: императорға бүркіт, корольге ақсұңқар, принц пен графқа лашын, рыцарға ителгі, әйелге тұрымтай, бозбалаға жағалтай, шаруа мен діндарға қырғи дейді...Атақты Шекспир сұңқаршылықты ұнатса, француз королі XIII Людовиктің 99 құсы болған екен.Сұңқар, бүркіт салудың Орта Азияда пайда болып, әлемнің басқа өңіріне - Еуропаға, Азияға таралғандығын әлем зерттеушілері бір ауыздан мойындайды. Бұл өнерді Еуропаға Азиядан барған жұрт мадиярлар (венгрлердің) өзімен бірге ала барып, дамытып қана қоймай күні бүгінге дейін ардақтап келеді...Қазақ хандығы дәуірінде аң-құсқа бай Ібір-Сібір өлкесі мен қазақ даласы әлемдегі саят ісін жабдықтайтын қазыналы өңірге айналған. Онда өсірілген бапталып қайырылған қыран құстар қолдан-қолға өтіп Хорезм мен Иранға кетеді, орыс князьдері мен батыс бекзадаларына жетеді. Көне Русияда Киевте алғашқы сұңқар үйі IX ғасыр соңында дүниеге келген. Князь Олег, Ізбасары Игорь Рюрикович, оның ұлы Святослав барлығы мықты құсбегілер болған. Ярослав Мудрый (1019-1054 жылдары билеген) құсбегілік туралы заң қарарлар қабылдады... Қыпшақтар тұсында күшейе түскен сұңқаршылықты дамыту үшін 1318 жылы Мәскеу төңірегінде сұңқар бекеті ұйымдастырылған. Оның бүгінгі ізі Сокольник аталатын аумақ баршаға таныс. Құсбегіліктің дипломатия өмірінде жоғары маңызға ие болғаны соншалық, Мәскеу князьдері мен бекзадалары жақсы үйретілген құсты Еуропа патшалары мен шығыстың бекзадаларына тарту ретінде жіберіп тұрған. Тіптен патша құсханасынан тыс жерде құс қайырып, саятқа шыққан адам өлім жазасына кесілсін деген жарлық та шыққан екен. Еуропада үлкен қызығушылыққа ие болған құсбегілік өнер аристократтардың ермегі орнында жүргенімен жалпы-халықтық қолдауға ие болып, XVI ғасырда шарықтау шегіне жетті дейді венгр ғалымы Ласло Дьюла. XX ғасырда адамзаттың технократтық өркениеті мен ату қару түрінің көптеп өндірілуі және жалпы адамзат санасының қатыгезденуі салдарынан көптеген құстармен бірге жыртқыш, аушы құстар оққа ұшып, олардың қатары сиреп кетті. Бұл тенденцияны экологиялық факторлар мен табиғатты игеру, қалалану (урбанизация) үрдісі де ушықтырып жіберді. 1905 жылы бір ғана Венгрияда 6115 бүркіт, 57923 сұңқар тектесті, 11 мыңдай үкіні атып құртқан екен. Құсбегілікхан, би, төре, батыр, сал-серілердің саятының сәні, саяхатының ермегі, құмарлық түрі болса, орташалар мен жарлылар үшін күнкөріс көзі болған. Кішірек қыран құстармен аққу, қоңыр қаз, сары ала қаз, үйрек, ұлар, бұлдырық, шіл, кекілік, ақ құр, қоян сияқты еті адал аң-құстарды аулап, ауыл болып кәсіп еткен. Бұлардың қатарында ұлар, ақ құр, шіл тектестерді «хан тамағы» ретінде құрметтеген. Жаугершілік, аштық-жұт жылдары кішірек қыран құстармен дүйім елді асыраған құсбегілердің болғанын тарихи деректер айқындайды. Қиян-кескі соғыс кездерінде әскерлердің азық қорын аң-құс етімен толықтырып отырған. Аңшы құсбегілерден елінің қамын жеп, саяткерлікпен "алпыс үйлі арығын, тоқсан үйлі тобырын" құс етін беріп асыраған, еліне жау тисе еңіреп шығып, елін, жерін қорғаған Қамбар батыр баршаға белгілі. Ерте кездерде қазақ даласына саяхаттап немесе елшілік қызметін атқарып келген адамдарға әрқашан қонақжайлылық көрсетіп, иығына шапан жауып, қолына қыран құс қондырып, астына жүйрік ат мінгізіп еліне сый-сыяпатпен қайтарып отырған. XVI ғасырдың соңында қазақ мемлекетінің саяси қүрылымында, басқару жүйесінде болған үлкен реформалар барысында дүниеге келген, ұлттық мүддеге үйлесетін жаңаша заңдар ережесі - әйгілі «Жеті Жарғыда» қазақтың аңшылығына ерекше ден қойып, оны бұзғандарды жазаға тарту туралы арнайы бап енгізген. «Жеті Жарғының» 19-бабында «Аңға салатын итті, құсты (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады», - делінген. Халқымыз ұзақ уақыт бойы «төренің иті бір күңдік» деп төренің итін де құрметтеген. Көкге самғаған түз тағысын қолға үиретіп, өз кәдесше жарату - аң аулауға бағыттау, адамзатқа ортақ құбылыс болғанымен, оның тамаша үлгісі далалық көшпенділердің арасында - қазақ, кырғыздарда жақсы сақталған. Тек сақталып қана қоймай оның нақты үлгісі аз да болса табиғи түрде өмір сүреді, ең бастысы құсбегілікке қатысты таным - ырым, тыйым, бейнелі сөз, поэтикалық метафора, теңеу қазақтардың санасында берік орын алғандығы сонша, құсбегіліктегі кең тараған түрі - қыранмен аң аулау, бүркіт баптауды бүгінгі әлем ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТӨЛ МҰРАСЫ деп түсінетінд ігі ұлт үшін мақтаныш. Бүгінгі егемен еліміздің мемлекеттік рәміздерінде қыран құс соның айқын дәлелі. Сонымен қатар елдің бейресми рәміздерінде барыс, бабыр, бөрі, қабылан сияқты жыртқыштармен әспеттелу сол тамыры терең тарихи сабақтастықтан бастау алған үрдістің жалғасы деуге тұрады. Ұлы Абай да құсбегілікті жан-тәнімен ұнатқан адам. Бұл өнерден ләззат алған даланың дүл-дүл ұлдары Біржан мен Ақан, Сегіз Сері мен Қанапия бұл өнерді ұлттық ерекшелік деңгейінде жырлады. Саяттың денсаулыққа пайдалы спорттық қасиеттері де бар. Кең сахараның бойын шүйіп, таза ауасында серуен құрып, сәйгүлікпен заулатып қансонарда із қуып, сан қилы қызықты көзбен көргенде шаршағаның сейіліп, жақсы тынығасың. Саят дертке шипа, бойға қуат беретін өнер, әрі спорт. ## Аң аулауда қолданылатын құрал-жабдықтар * Арқан - атпен қуып жеткен аңды шалма тастап ұстап алуға арналған құрал. * Атқы - өзінен-өзі атылатын садаққа ұқсас құрал. * Дырау қамшы - азулы аңдарды соғып алуға арналған құрал. * Жемтұзақ - түйір-түйір етті тізіп бүркітке жұтқызып ұстайтын құрал. * Қылтұзақ - бөдене т.б. құстарды ұстау үшін аттың жалы, кекілі, құйрығынан жасалатын құрал. * Мылтық: * Шиті - дәріні мылтықтың аузына құйып, кейін домалақ қорғасын салып, білтемен от беріп атылатын құрал. * Берданка - дайын оқ салып атылатын құрал. * Пышақ - жекпе-жекте аңды есіп, орып өлтіруге арналған құрал. * Садақ - аңды атып алуға арналған жауынгерлік құрал. * Сойыл - арқар, қасқыр, еліктерді соғып алуға арналған құрал. * Сымтұзақ - суыр аулауға арналған, сымнан жасалған тұзақ. * Темір қақпан: * Қандыауыз - үлкен аңдарға құратын құрал. * Қолқақпан - кішірек аңға құратын құрал. * Тор - аң, құсты ұстап алуға арналған, ширатылған жіптерден жасалған жабдық. * Шоқпар - азулы аңдарды (қасқырды, түлкіні) соғып алуға арналған құрал. ## Аң аулаудағы айла-тәсілдер * Бұлғап (шақырып) ату: суыр аулағанда түлкі, қарсақ құйрығынан бұлғауыш жасап, шақырып атып алады. * Итпен аулау: аң аулауда аңшы иттер тұқымы қолданылады. * Қарды омбылатып аулау: киік, қарақұйрықтарды қарға қарай қуып, омбылатып соғып алады. * Құмқақпанмен аулау: түлкі, қарсақ аулағанда аң інінде болғанда қар аралас құмды інге нығыздап, аузын үлкен жалпақ таспен бастырып қойып аулауда қолданылады. * Құспен аулау: аң аулауда қыран құстар қолданылады. * Мойын қатыру: аңды ұзақ уақыт бір жағына қара мойнын бұрғызып қуса, мойын сіресіп келесі жағына қарына қарай алмай қалады. Сол кезде аңшы соғып алады. * Мұз қатыру: қасқырларды сары аязда күні бойы дамылсыз қуып, терлетіп, келесі күні денесінің мұзы ерімей саудырлата қуады. Мұз бөгет жасап, аң қаша алмай қалады. * Мұзға отырғызу: мұз үстіне жемтік тастайтды. Аң жемтікті кеміріп отырғанда, құйрығы жабысып қалады. Көбінесе мұндай жағдайға түлкі тап болады. * Ор қазып аулау: аңның ірілігіне қарай (терең, таяз, кең, тік, көлбеу) ор қазып, марал, елік, т.б. аңдарды аулауда қолданылады. * Тасқақпанмен аулау: жалпақ тастардан қақпан жасап, күзен, сусыр сияқты аңдарды аулайды. * Тормен аулау: аң аулағанда тор қолданылады. * Тұзақпен аулау: аң аулағанда тұзақтар қолданылады. * Түтін салу: аңның ініне түтін жіберіп аулайды. * Тік жардан немесе жартастардан ұшырып аулау: тобымен, үйірімен жүретін киік, арқар, тау ешкілерді көп адамдар топтасып, қаумалап жүріп, таулы сырғыма, ұшпа жартастардан немесе тік жардан ұшырып аулауда қолданылады. * Ұлып ату: қасқыр жүретін жерге барып, аңшы жалғыз қалып, жасырынып қасқыр болып ұлиды. Сол сәт қасқыр ұлып дауыс беріп, аңшыға қарай жақындағанда аңшы атып алады. * Із шалу, ізге түсу: құмды жерде ірі аша тұяқты аңдардың ізі, қансонарда қасқыр, түлкі іздері жақсы байқалады. Аңшы ізге түсіп аулайды. * Ін қазып аулау: суырдың іні түбіне дейін қазып, суырды соғып алады. * Інге су құю: таяз інге кірген аңды аулау үшін інге су құяды. * Шақырып ату: аңшылар шөпке жасырынып тышқан болып шиқылдап, түлкі шақырады. Жүгіріп келген түлкіні аңшы бірден атып алады. ## Аңшылық туралы компьютерлік ойындар Аң аулауға арналған бірнеше компьютерлік ойындар сериясы бар. Олардың ішінде: Deer Hunter, Hunting Unlimited, сонымен қатар бірнеше түрлі сериялардан тұратын Cabela’s ойындарының желісі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Аңшылық ерекшеліктері Мұрағатталған 11 қаңтардың 2012 жылы.
Сүгір Бегендікұлы (1894, Өгіз-Өреуіл, Маңғыстау - 1974, Қызылсай, Маңғыстау облысы, Қазақ КСР) (күйші Сүгірмен шатыстырмаңыз) - қазақтың белгілі ақын-жырауы. ## Өмірбаяны Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Әкесі Бегендік ескіше оқыған сауатты, діндар адам болған. Сүгірдің өз айтуы бойынша, әкесі екі рет Меккеге барып “Қажы” атанған кісі. Бейіті Шопан ата зиратына қойылған. Сүгірдің ауылдары қыста Аққуыс-Шөшік, Ақпан, Ажырықтыой, Қызылсу, Сенек-Сұмсасы, Аққұдық өңірлерін қыстап, жазда Үстіртте Ұзын, Уәлі, Дүңгірлек, Дауысты, Жүзадын шыңыраулары маңын, Жем бойын жайлаған. Сүгір жасында Саздыдағы Бәли Нұрнияз ақынның мектебінде білім алған. Жас кезінен-ақ өнерге жаны құмар болып өскен ол домбыра тартып, жыр үйреніп айтып, жиын-тойларда жиі-жиі көрініп, елге танымалы бола бастаған. 16 жасынан бастап халық ауызына ілініп, өнері бағалана бастаған Сүгірді, үлкен-үлкен жиын-мерекелерге шақырып ән салдырып, жыр айтыратын болған. Ол “Қарасай Қарлы”,”Едіге”,тағы басқа жыр-дастандарды жырлап айтуға машықтанады, өзі де өлең шығарумен айналасады. Сүгірдің бүкіл елге әйгіленген жиын 1921 жылы өткізілген Әли Тауанның асы екен, кейіннен Қырымқұл Ұзақбай Жырау Сүгірге арнаған арнауында: Әлі Тауының асында,Сен жиырма жеті жасында,Бегендікұлы сен бе депБір көруге мұң болып.Екі мың атты астыңдыСұлулар талай бүгілген... деп жыр арнапты. Сол жиында жас Сүгір үздік өнер көрсетіп, халықтың жоғарғы бағасына ие болған. Оған сый-сияпат көрсетіліп, атағы жоғарғы, төменгі Адай еліне кеңінен таралған. Осыдан кейін-ақ Сүгір өзінің келешек ғұмырын өнер жолына біржола бағыштаған. “Сүгірдің термесі” ,”Сүгірдің әні”, ”Сүгірдің жыр-сазы” тәрізді әуендері ел арасына жайылады. Сүгір бір шығарманың өзін, өзі шығарған бірнеше әуенмен құбылта орындап, тыңдаушыны баурап алатын қасиетке ие болған, жыршылық, ақындығымен қоса композиторлық дәрежеге көтерілген дарынды өнер иесі. Маңғыстау өңірінің халқына тұрмыс ауыртпалық тауқымет түскен отызыншы жылдардағы елдің етегі сөгіліп, ”Балапан басына, тұрымтай тұсына” кеткен заманда Сүгір ауылдары күнелтіс қамы үшін Бесқала бетіне ауыл көшіп кетеді. Сүгірдің үйі Қоңырат, Хожелі, Нөкіс, Көне, Шаржау, Ташауыз, Байрамалы, Тәжен, Ашқабад, Шағадам қалаларында болып, көбірек мезгілін Қоңырат өңірінде өткізген. Сүгір кейіннен яғни 1967 жылы ата қонысы Маңғыстауға бағыт алып, Ақжігіт кентіне үйімен көшіп келіп, сонда 3-4 жыл қоныстанып отырады да, 1971 жылы Өзендегі Қызылсайға көшіп келіп тұрақтайды. Сол жерде 1974 жылы сексен жасында көз жұмады, оны Шопан-ата қауымына жерлейді. ## Шығармашылығы Сүгір Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл жыраулармен тұз-дәмдес болған, олардың үлгі-кеңестерін алған. Өзінен бұрын өткен ақын-жыраулардың шығармаларымен бірге өзі шығарған терме, толғауларын да халық арасына тынбай насихаттап өткен. Сүгір жырау Абылдың, Ақтанның, Нұрым мен Қашағанның, Әбубәкір мен Сәттіғұлдың, тағы да басқа ақын-жыраулардың шығармаларын елге таныстырумен қатар, оларды өз шығармаларында мадақтап жырға қосқан. Хорезм жағында жүріп “Арман”, “Елді сағыну”, ”Қоштасу”, ”Терме” атты толғау жырларын шығарған. ”Октябрь”, “Беташар”, ”Тойбастар”, “Сәттіғұл ақынға”, тағы басқа да өлеңдері жергілікті газеттерге басылып жарияланған. Ұлы Отан соғысы кезінде "Аттандыру”, ”Аманат”, ”Жоқтау” тәрізді патриоттық рухтағы жырларын шығарады. Сүгір жырау тек қана өз елінде емес, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстанның батыс облыстарын аралап, халық арасында өнер көрсетуге жарты ғасырлық ғұмырын арнаған. Қырықмылтық Бүркітбай, қазіргі белгілі Жыршы Жақсылық Елеусіновке батасын беріп, оларға ұстаз болған. Сүгірдің ұрпақтары туралы сөз етсек, тұла бойы тұңғышы Есқуат Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде шайқаста қаза болған, екінші ұлы Өтелген қазір зейнеткер. Өзенде тұрады, балалы-шағалы. Сүгір Бегендікұлының ғұмырының көп бөлігі Бесқала жағында өткендіктен Маңғыстау өңірінде оның төл туындылары естілгені болмаса, баспа беттерінде жарық көрген жоқ. Тек соңғы 2-3 жылдан бері жыршылардың орындауындағы шығармалары жазылып алынып газет беттерінде жарияланып жүр. Сүгірдің өлеңдері мен арнау-толғаулары, жырлары жүйеленіп жарияланбай, оқырмандар қолына жетпей келеді. Алдағы уақыттарда Сүгірдің саздарын нотаға түсіріп композиторлық, сөздерін жүйелетіп, жинақтап, ақындық мұраларын ұрпақтар игілігіне жарату міндеттері тұр, бұл өнерді қадірлей білетін баршаға ортақ парыз. ## Дереккөздер
Тұлан Әбдуәлиев (4.5. 1928 ж. т., Шымкент) – ғалым, техника ғылым докторы (1987), профессор (1988). Шымкент химия-технология инcтитутын бітірген (1952). 1952 – 57 ж. Ашхабад шыны комбинатында кезекші инженер, цех бастығының орынбасары, цех бастығы, 1957 – 95 ж. Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі. 1995 – 2003 ж. силикаттар технологиясы кафедрасының профессоры. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Түркістан облысы мәслихатының құрмет грамотасымен марапатталған. 260 ғылым еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 11 оқулықтың авторы. ## Сілтемелер
Абай энциклопедиясы – ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен ақындық жолына арналған энциклопедия. Қазақстан үкіметінің 1990 ж. 22 ақпандағы «Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзірлік және оны өткізу туралы» қаулысына сәйкес шығарылды. Кітапты «Қазақ энциклопедиясы» әзірледі. 1995 ж. «Атамұра» баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. Энциклопедияға жинақталған материалдарда ақынның төл шығармалары мен аударма туындыларына, қара сөздері мен тарихи-зерттеу мақалаларына жан-жақты талдау жасалған. Ұлы ойшылдың филос., әлеум., діни, психол., пед., экон., этик., эстет. көзқарастары мен дүниетанымына кең орын берілген. Абайдың өмір жолы мен ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, ата-тегі, кейінгі ұрпақтары, шығармаларында аталатын жер-су атаулары мен есімдер туралы мағлұматтар да мол. Энциклопедияда ақын шығармалары тақырыбында күрделі зерттеулер жүргізген ғалымдар, оның өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы да деректер бар. Ақынның әр жылдары жарық көрген басылымдары мен Абай туралы жеке ғыл.-зерт. еңбектеріне қысқаша анықтама берілген. Кітапты әзірлеуге Қазақстан ғалымдары мен көрнекті абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған. Абай энциклопедиясының авторлары мен шығарушылардың бір тобына (З.Ахметов, М.Мырзахметов, Р.Сыздықова, М.Құл-Мұхаммед) 1996 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Үлгі:Суретті мақала
* Есіл ауданы — Ақмола облысының құрамындағы әкімшілік бірлік * Есіл ауданы — Астана қаласының әкімшілік бірлігі * Есіл ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік бірлік
Балтабай Әбдіғазиұлы 1952 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1974-1978 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1978-1987 жылдар аралығында «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде білім меңгерушісі, «Жалын» журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1987-1990 ҚазҰПУ-дың аспиранты, 1990-1992 жылдары доценті, 1992-1998 жылдар аралығында сол университеттің деканы болды. Қазір осы университеттің кафедра меңгерушісі. Шәкәрім шығармашылығына арналған ғылыми еңбектердің авторы. Алаш кайраткерлері көркем шығармашылығына бойынша мақалалар жазған. Бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. ## Дереккөздер
Омар Әбдиев (1958 ж. т., Шымкент қаласы) – ғалым, медицина ғылым докторы (1995). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1981). 1981 – 86 ж. аурухана хирургі, бөлім меңгерушісі, 1986 – 89 ж. ғылым-зерттеу институтының аспиранты, 1989 – 98 ж. Алматы мемлекеттік медициналық ин-ты филиалының аға оқытушысы, 1991 – 93 ж. Түркістан облысы клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, 1993 – 95 ж. Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылым орталығының докторанты болды. 1995 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының проректоры, факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі. 40-тан астам ғылым еңбектері жарияланған. ## Сілтемелер
Әбдуәлі Асқар Бегәділұлы (3.1.1953 ж.т., Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан) – тарих ғыл. докт. (2006). ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) тарих ф-ті (1979) мен аспирантурасын (1988) бітірген. Халықар. қазақ-түрік ун-тінің, Тараз ин-тының директоры (2002). Ә-нің ғыл. жұмысының негізгі бағыты – 18–19 ғ-лардағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың жекелеген тұстары мен тұлғаларына қазіргі заман талаптарына сай тарихи бағасын беру мәселелері. Ол 100-ден астам ғыл. мақала мен зерттеу кітаптарының авторы. ## Шығармалары * Қазақстан–Хиуа хандығы қарым-қатынастары (18–19 ғасырлар), А., 2002; * Көне Тараз, Тараз, 2002.] ## Дереккөздер
Ибрагим-Нарын құмының орта бөлігіндегі қыстау. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Көктерек ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде.Қыстау төбелі-жалды құмдардың арасында орналасқан. Шығысын үлкен аумақты сор алқабы алып жатыр. Маңында Қашар, Жаманқара, Шалабай, тағы басқа қыстаулар бар. Қыстау мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Ибрайша-Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы қыстау. Абайдың Жидебайдағы қонысының солтүстік-батысында, аудан орталығы Қарауыл ауылынан солтүстікке қарай 22 км жерде орналасқан. Солтүстік-шығысында Бақшоқы тұзды көлі, батысында Қараадыр таулары бар. Ибрайша алабы мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Иванов – Кенді Алтайдың батысындағы Үлбі мен Үбі жоталарының аралығындағы жота. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы жерінде. Басты бөлігі Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумаққа кіреді. Үлбі және Кіші Үлбі өзендерінің суайрығы. ## Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 2775 м. Геологиялық құрылымы құмтас, әктас, қристалдық тау жыныстарынан түзілген. ## Климаты Климаты батыс жағында жатқан өңірлерге қарағанда ылғалды келеді. Қаңтардың орташа температурасы –22 – 24°С, шілдеде 18-20°С, биіктеген сайын 10-12°С-қа төмендейді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1500 мм. ## Өсімдігі Жотаның төменгі беткейіндегі күңгірт қоңыр және қара топырағында шырша, қарағай, қайың, көктерек аралас орман өседі. Атырабы шабындық және жайылым. ## Дереккөздер
Изенді – Абай облысы Аягөз ауданы Бидайық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан қыстау. Қыстаудың солтүстігінде салыстырмалы биіктігі 54 м болатын төбе орналасқан. Батыс бөлігінен Бақанас өзені ағып өтеді. Өзен аңғарында Кенжеқора, Тілеутай қыстаулары бар. ## Дереккөздер
Гагарин мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Сарқан өзені алабындағы Ақшығанақ өзенінің бастауында орналасқан. Мұздыққа тұңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннің есімі берілген. ## Аумағы, жер бедері Аумағы 4,9 км2, ұзындығы 4,4 км, көлемі 0,36 км3, орташа қалыңдығы 70 м. Мұз қар (фирн) сызығы 3700 м биіктікте өтеді. Орталық моренамен екіге бөлінген мұздық етегі 3140 м биіктікте аяқталады. Мұзтанудың тік бағыттағы биіктігі 1090 м. Мұздықты Гагарин шыңы (абсолюттік биіктігі 4232 м) екіге бөледі, шығыс бөлігі батыс бөлігінен екі еседей үлкен. Аумағы жылына 10 км жылдамдықпен шегініп (кеміп) келеді. ## Дереккөздер
Газ кені – жер бетінің нақты бөлігі мен қойнаудағы бірыңғай құрылымдық тұтастыққа сәйкесетін газ иірімдерінің жиынтығы. Бір пласты және көп пласты болып келеді. Көп пласты кеннің қимасында әр түрлі тереңдікте бірінен соң бірі орналасқан бірнеше газ иірімі бір алаңды алып жатады. Бір кеннің өзінде түрліше типтегі иірімдер, газдық жапсарлары жаралу тегі өзгеше коллекторлардан құрылуы мүмкін. Кендер әр горизонтқа бұрғыланған ұңғымалармен бөлек-бөлек немесе барлық горизонттарды ашқан ұңғымамен қысымды ұстамай, табиғи режимде пайдаланылады. Нағыз Г. к. 94 – 99% метаннан, болмашы мөлшерде этан мен пропаннан тұрады. Табиғи газ әлемдік энергетик. рынокта тұрақты ұстанымдарына жетті, себебі, ол экон. тиімді және экол. таза энергия тасымалдағыш болып табылады. Табиғи газ ресурстарын 68,1%-ға өз елімізде шығарылғанымен және 24,1% ТМД елдерінен импортымен қамтамасыз етілді. Табиғи газ импортын Ресей (табиғи газ импортының жалпы көлемінен 54,9%, 6390,9 млн. м3), Өзбекстан (28,9% немесе 3372 млн. м3) және Түркіменстан (16,2% немесе 1888,9 млн. м3) жүзеге асырады. Республикада газ саласының дамуындағы маңызды кезең – бұл Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын игеру болып табылады. Қазіргі уақытта республикада төрт газ өңдеу з-ттары (ГӨЗ) жұмыс істейді. Олар Қазақ ГӨЗ (Жаңаөзен қ.), Теңіз ГӨЗ (Теңіз кен орны), Жаңажол ГӨЗ, Қарашығанақ өңдеу кешені (Қарашығанақ кен орны). Газды тиімді пайдалану мақсатында газтурбиналық электр ст-ларының құрылысы аяқталды. ## Дереккөздер
Қансейiт Әбдезұлы (6 маусым 1953 ж.т., Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылы) – филология ғылымдарының докторы (2002), профессор, Қазақстан ҒА академигі. ## Өмірбаяны Дулат тайпасының Жаныс руынан. * ҚазМУ-дың филол. ф-тiн (1975, қазіргі ҚазҰУ), осы ун-ттiң аспирантурасын бiтiрген. * Өзiнiң ұстаздық еңбек жолын осы ун-тте оқытушы * ҚР Білім және ғыл. мин-лігінiң жоғары бiлiм беру басқармасында бөлiм бастығы * Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында доцент, кафедра меңгерушiсi, филол. ф-тiнiң деканы * ҚазҰПУ-да оқу-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi проректор қызметтерiн атқарды. * ҚазҰУ-дың филол. ф-тiнiң деканы. ## Ғылыми еңбектері * «60–80-жылдардағы қазақ прозасы және Т.Әлiмқұлов шығармашылығы» тақырыбында докт. дисс. қорғады. * Қазақ әдебиетiнiң тарихына арналған бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. * «Кейiпкер және тартыс» (1995) * «Т.Әлiмқұлов және қазақ прозасы» (2000) * «Т.Әлiмқұлов және 60–80-жылдардағы қазақ әдебиетi» (2001) * «Әдебиет және өнер» (2002–03) атты зерттеу * «Жазушы және заман шындығы» * «Тарих және тағдыр» (2004) атты сын мақалалар жинағы жарық көрдi. ## Дереккөздер
Бағлан Қапарқызы Әбдіғұлова (4.5.1955 жылы туған, Алматы облысы Талғар ауданы Бірлік ауылы) – педагогика ғылымдарының докторы (2005). ## Өмірбаяны * ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. * ҚазҰПУ-да оқытушы. * 2004 жылы «Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. * Әбдіғұлова 80 ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Болат Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов (17.2.1939 жылы туған, Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра кент) – педагогика ғылымдарының докторы (1996), профессор (2001). Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Қарағанды политехникалық институтын (1962, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. 1963–1973 жылы кәсіптік-техногогикалық училище директорының орынбасары, облыс басқарма бастығының орынбасары қызметтерінде болды. 1983–1988 жылы Қазақ КСР-і Кәсіптік-техникалық білім беру комитеті төрағасының 1-орынбасары, 1990 жылы ҚР Білім министрінің орынбасары, 13-сайлауы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1994), 1995 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Кәсіптік-техникалық білім беру комитетінің төрағасы, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратында сектор меңгерушісі, 1997–2001 жылы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, профессор, 2001 жылдан Еуразия гуманитарлық институтында педагогикалық кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. 200-ге жуық ғылым еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Әбдіжәлил баб — Әли Абу Тәліптің (Әзірет Әлінің) жетінші ұрпағы, Хазірет имам Хұсайын әулетінен. 8 ғасырдың 2-жартысында Йеменде патшалық құрған. Сол заманда бауыры Ысқақ бабпен бірге, 150 000 әскермен дін жолындағы жорыққа аттанады. Шам қаласынан Бағдатқа, Исфаханға, одан Мазандеран, Серахс, Балх, Бұхара, Шахрисябзь, Самарқан, Өзгент және Ош шаһарларына келеді. Екі ықылымды бағындырған арабтар Ферғанаға жеткен соң, мұндағы жұртты түгел исламға мойынсұндырып, енді үш бағытқа бөлінеді: бірі Қашқар мен Жаркентке, 2-сі Сырдың сол жағасымен Жетікентке және Отырарға (8 ғасырда Отырар Сырдың сол жағында болғаны туралы бірден-бір мәліметсіз), ал 3-сі Сырдың оң жағасымен Шаш (Ташкент) және Исфиджап (Сайрам) шаһарларына қарай аттанады. Әбдіжәлил баб Сырдың сол жағымен жүретін 2-бағытқа, Ысқақ баб 3-бағытқа басшылық етеді. Әбдіжәлил баб Ходжендті (Сырдың өзгенті немесе Қырғыз өзгент) қоршау кезінде қаза болады. Мұны естіген бауыры Ысқақ баб әскерімен келеді де Ходжентті алып, Өтеміс ханды өлтіреді. Тұрғындарына мұсылмандықты қабылдатады. Аңыз бойынша оның лақап аты Хорасан екен. Хорасан аталуына себеп болған жәйт: шешек шыққан жанның үстінен аттаса — ауру көп ұзамай сауығып кететін көрінеді.Хорасан ата (Әбдіжәлил баб) мен оның ұлы Хұсайын баба (Хұсайын Ғази) зираттары Сырдың ежелгі Баршындария алабы, өгіз жылғасы деген ескі арна бойында (қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Задария ұжымшары маңында) жатыр. Әбдіжәлил баб зираты басына кезінде күмбез тұрғызылып, уақыт өте ол бұзылған соң, 11–12 ғасырлар шамасында шикі қыштан қайта көтерген. Бүгінгі күнге жетіп тұрған қос күмбезді мавзолей 14 ғасырдың соңында салынған. Ғимарат төрткүл пішінде. Екі бөлмеден тұрады. Негізгі фасады мен үлкен бөлме есігі шығысқа, кіші бөлме есігі оңт-ке қараған. Үлкенінде Әбдіжәлил баб (Хорасан ата), кішісінде ұлы Хұсайын жерленген. Бөлмелердің үстінен қос белдеулетіп алты қырлы барабандар өрілген де, олардың үстінен күмбездер шығарылған. Кірпіш үлгілері осы маңдағы өзгент, Сығанақ секілді көне шаһарлар жұртынан, Мейрамтөбе, Аққорған қамалдары орындарынан ұшырасады. Әбдіжәлил баб пен оның ұлы Хұсайын баба жатқан жер “Хорасан әулие” аталып, бірнеше ғасырдан бері зиярат ету орнына айналып келеді. Олар жайлы ел аузында таңғажайып аңыздар сақталған. Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде Хорасан ата намаз оқыған және сол кісінің қасиетімен ашылған бұлақ көзі бар. ## Дереккөздер
Нұрлан Әбдіқалиев (4.10. 1951 жылы туған, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс аулы) – медициналық ғылым докторы (1999). Алматы мемлекетік медицина институтын (1978, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1979–1993 жылы. Қазақ кардиология ғылыми-зертеу институтының кіші ғылыми қызметкері, кардиология тәжірибелік лаборатория меңгерушісі, 1993–1995 жылы Қазақстан Республикасынын Денсаулық сақтау министрілігінде Ғылым және жаңа технологиялар басқармасы бастығының орынбасары, 1995–1999 жылы Ғылыми, білім беру мен кадрлар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, Қазақстан Республикасынын Денсаулық сақтау министрі (1999), Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің проректоры қызметтерін атқарды. Әбдіқалиев 70 ғылыми мақаланың, 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Қанат Әбдіқұлов (22.6.1952, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов аулы – 2002, Алматы қаласы) – медициналық ғылым докторы (1992),профессор Алматы мемлекеттік медицина институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1975–1983 жылы Жамбыл қалалық тез жәрдем ауруханасында, Қазақстан ғылым академиясының Хирургия институтында хирург, Онкология және радиология институтында аға ғылыми қызметкер, 1983–1992 жылы Мәскеудегі Орталық дәрігерлер білімін жетілдіру институты мен Бүкілодақтық онколгия ғылыми орталықта қызметтер атқарды. 1992 жылы Қазақ ұлттық медицина унверситетіндепрофессор,1995–2000 жылы Алматы облысы клиникалық ауруханасында хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас хирург,2000 жылдан Алматы көп салалы клиникалық ауруханасында директор. Ол 120-дан аса ғылыми жұмыстың, 4 монографияның, 5 өнертапқыштық және 4 рационализаторлық ұсыныстың авторы. «Құрмет». орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Патима Жақсылыққызы Әбдіқұлова (19.11.1950 жылы туған, Жамбыл облысы, қазіргі Жамбыл ауданы Ерназар ауылы) – экономикалық ғылыми докторы (2006). Алматы мемлекеттік аул шаруашылық институтын (1974, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және Қазақ экономикалық университетінің докторантурасын (2002) бітірген. Қазақ аул шаруашылық экономикасын ұйымдастыру ғылыми-зертеулер институтында лаборант, аға лаборант, ғылыми қызметкер, аспирант, аға ғылыми қызметкер (1974–1991), Алматы зоотех.-малдәрігерлік институтында (1991–1996), Жетісу мемлекетік университетінде (1997–1999), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (1996–1997) қызметтер атқарды. 2002 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқытушы. Әбдіқұлов 65-ке жуық ғылыми еңбектің, 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Әбсаттар Әбдіқұлұлы (1943, Қарағанды облысы. Жаңаарқа ауданы – 2002) – медицина ғылымдарының докторы (1995). Қарағанды мемлекетік медицина университетін (1969, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1971–1974 жылы КСРО Медицина ғылыми академиясының Қазақ бөлімшесі Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институтында аспирант, 1975 жылы аға ғылыми қызметкер, 1985 жылы Қазақстан Республикасынын Ғылым Акедамеясының Физиология және еңбек гигиенасы институтында зертхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. Әбдіқұлұлы 36-дан аса ғылыми еңбек пен монографиялардың авторы. ## Дереккөздер
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. ## Бастауы Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» — деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Абайдың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 ж. жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуға болады. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақынның өз қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткені ескерілсе, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдердің орны көп толыға қоймаған. Сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды. Ал кейінгі жинақтарды айтқанда, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітап та жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде Ілияс Жансүгіров 1923 ж. «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді. Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А. Сидельников жазған мақалада: «Абай — қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін-ақ халық арасына қолжазба түрінде және ауызша тараған. Байтұрсынов ақын өлеңдерімен 1903 ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады. 1914 ж. Мәскеуде жарық көрген «Восточный сборник» атты кітапта Абайдың өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат келтіріліп, бірнеше өлеңінің мазмұны орыс тілінде қара сөзбен берілген. 1914 ж. Санкт-Петербургте шыққан «По киргизской степи» деген кітабында Дмитрий Львович «Татьяна хаты» ел ішінде әнге салып айтылып жүргенін ескертеді. Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғ. Сағди, Ы. Мұстамбайұлы және Н. Н. Белослюдов, т.б. ат салысты. Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. Мұхтар Омарханұлы Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды. Оның Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады. 1933–57 ж. аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген, Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атау қажет. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты. 20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М.С. Сильченко, Қ. Мұқамедханов, Ы. Дүйсенбаев, Т. Тәжібаев, Б.Г. Ерзакович, Х. Сүйіншәлиев сынды ғалымдардың еңбектері бар. 1970 ж. Абайдың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларының жинағын шет тілдерде кітап етіп бастыру ісі жандана түсті. Орыс тілінде Абай шығармалары 1940 жылдан бастап он бес рет жеке кітап болып басылды. 1945–60 жылдардың басында Абай шығармалары жеке жинақ болып өзбек (Ташкент), татар (Қазан), түрікмен (Ашғабад), қырғыз (Бішкек), моңғол (Ұланбатыр), қытай (Пекин), чех (Прага) тілдерінде басылып шықты. 1970 ж. украин (Киев), армян (Ереван), беларусь (Минск), молдаван (Кишинев) және латыш (Рига) тілінде жарық көрді. Сол жылы Мәскеуде «Прогресс» баспасында араб, ағылшын тілдерінде шығармаларының жинағы басылды. Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды, диссертацияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты. Басты мәселелер қатарында алдымен Абайдың өмір жолын зерттеу, оның шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындау, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу мәселесі жатады. Бұларға қоса Абайдың шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен шығармашылық байланысы, ақын шәкірттері, өнерпаздық дәстүрлерінің қазақ әдебиетінде жалғасуы секілді мәселелерге де үнемі назар аударылып келеді. Кейінгі жылдарда Абай шығармаларын Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов секілді терең зерттеле бастаған әдебиетіміздің ірі өкілдерінің өнерпаздық жолымен жалғастыра қарастыруға мүмкіндік туды. Бұл ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрген еңбектерден анық байқалды. Осы мереке тұсында басылып шыққан ондаған іргелі зерттеулер Абайтанудың ғылыми-теориялық деңгейі бұрынғыдан да биіктей түскенін айқын танытты. 1995 ж. жарық көрген «Абай» энциклопедиясында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген. Абай шығармаларының ғылыми толық жинағы басылып шықты. Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Т.Қожакеев, Ғ.Мұқанов және басқа да ғалымдардың зерттеулері Абайтану ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде айрықша мән берілді. Қытайда профессоры Қабайдың «Абай және Абай шығармашылығы» атты еңбегі (Пекин, 1987), кейін Су Чжоусюннің зерттеу еңбегі мен Абайдың қара сөздерінің аудармасы жарияланды. Чех ғалымы П.Гржебичек Абайдың ақындық жолын арнайы зерттеді. 1995 ж. ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы барысында шет елдердің көптеген әдебиетшілері, қоғам қайраткерлері Абай шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Түркия қалаларында, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте, Қазанда ұлы ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғылыми конференциялар өткізілді. Абай шығармалары Түркияда, Пәкстанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды. ## Абайтану тарихы Абайтану тарихы 1889 жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мөселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко, Әбіш Мұсылманқұлұлы Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты. Академик Қ. Жұмалиевтің жетекшілігімен осы тақырыпқа «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы» деп аталатын кандидаттық диссертация қорғалып, ақын мұрасы туралы жазылған еңбектердің тұңғыш библиографиялық көрсеткіші «Абай Құнанбаев» деген атпен жарық көрді (1965). Осы еңбектер негізінде М. Мырзахметұлының «Абайтану тарихы» деген тақырыпта монографиялық ғылыми-зерттеу жұмысы жарияланды (1994). Ендігі жерде абайтанудың негізін салушы Әуезов дәуірін аяқтап, 1965-1995 жылыаралығындағы Абайтану тарихын жазу міндеті алға шықты. Абайтану саласындағы ақтаңдақтар қатпары жазылып, бұрын назардан тыс қалған мақалалар мен зерттеулер арнайы топтастырылған жинақ «Абайды оқы, таңырқа» деген атпен оқырман қолына тиді (1993). Абай тарихы жоғары оқу орындарында 1966 жылдан бастап арнайы курс ретінде бастады. Абайтану тарихы — бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды. Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді. ### Хронологиясы мен кезеңдері Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланған. Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды: * Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған; * Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–26 және 1926–40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты; * Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–45 ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі. Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен семинар сабағы ретінде Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытылады. ## Абай орталықтары Абай орталықтары Вьетнамның Ханой Ұлттық педагогикалық университетінде және Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университетінде жұмыс жасайды. ## Тағы қараңыз ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Атасу тас қорғаны – 18 ғасырда салынған бекініс орны. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айшырақ елді мекенінен солтүстік шығысқа қарай 10 км жерде, Атасу өзеніне құятын Талас өзенінің оң жағасында орналасқан. 1997 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Жолдасбек Құрманқұлов) зерттеген. Бекініс доғаша иілген, ортасы тегіс, табиғи төбе үстіне салынған. Пішіні төртбұрышты. Қамал қабырғалары тастан қаланған. Оның бұрыштарында 2 – 4 мұнара орындары сақталған. Қазіргі кездегі қабырғалардың биіктігі 0,3 – 1 м, қалыңдығы 4 – 6 м. Әр қабырғасының ұзындығы 400 – 600 м. Қамалдың оңтүстік жағы тегіс, биіктігі 2 м-ден асады, топырақ дуалмен қоршалған. Дуалға топырақты сыртқы іргесінен алып, терең әрі кең ор жасаған. Қақпасы оңтүстік-батыс жағында. Оған қатарластыра қорған ішінде ортасынан қақпа қалдырып, екінші дуал үйген. Дуалдар арасында, қорған ішінде үй орындары жоқ. Соған қарағанда мұнда киіз үйлер мен шатырлар тігілген. Халық арасында оны Кенесары қорғаны деп те атайды. Осы жерден 55 км қашықтықта орыстар салған Ақтау бекінісі орналасқан. ## Дереккөздер
Совет-Хан Ғаббасов (Ұждан) (12.2.1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Сұңқар ауылы) – жазушы, педагогика ғылым докторы (2003), Алматы мемлекеттік медициналық институтының (1965, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу факультетін бітірген. 1971–78 жылдары Қазақтың клиникалық-эксперименттік ғылыми-зерттеу хирургия институтында, 1978–87 жылдары Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып істеді. Дәрігер-ғалым қазақ тілінде «Қан жүрісі – жүрек тынысы» (1968), «Дәрігер келгенге дейінгі көмек» (1973), «Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» (1980) кітаптарының авторы. 55 ғылыми мақала, 2 авторлық куәлігі бар. 1989 жылдан Қазақ педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылым Ғаббасовтың «Халық педагогикасының негіздері» (1995) еңбегі халық педагогикасының оқулығы ретінде пайдаланылып келеді. ## Шығармалары: * Қыран қия. Әңгімелер. А., 1971; * Ана жүрегі Повестер. А., 1974; * Өскен үя. Әңгімелер. А., 1976; * Серпер. Роман. А., 1979; * Порыв. Повести. М., 1982; * Нәзік сезім. Роман, повестер. Фрунзе. 1985; * Кәусар. Ғыл.-фантастикалық роман. А., 1985; * Мейірім. Повестер, әңгімелер. А., 1989; * Воззрение. Повести, роман. М„ 1993; ізгілік әліппесі. Оқулық. А., 1991; * Халықтық педагогика негізі. Моногра­фия. А., 1995; Көңіл күсы. Роман. А.. 2004. ## Дереккөздер
‎Алтын Орда дәуіріндегі обалар – 13–14 ғасырлардағы Қазақстанның орталық, батыс, солтүстік аймақтары тұрғындарының зираттары. 1960 ж. академик Ә.Х.Марғұлан және археолог Ф.Х.Арсланова зерттеген. Павлодар облысы Ақтоғай ауданның батысындағы обалардан жерленген адамның жанына қойылған сыртында түрлі жануарлардың суреті бар қола айна, күмістен жасалған сәукеле табылды. Мұндай заттар Ертіс өзеннің сол жағалауындағы Жданов, Кашыр, Леонтьев зираттарынан да кездесті. Нұра өзеннің бойындағы обалардан 14 ғасырға жататын теңгелер және темір үзеңгі шықты. Обалардан алынған заттай деректер Алтын Орда дәуірінде қыпшақтардың материалдық және рухани мәдениетінің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ортағасыр археологиялық ескерткіштері(қолжетпейтін сілтеме)
ҒАБДЕЕВ Қайыржан Нұртазаұлы (1946 ж.т., Орынбор облысы Ташлинский ауданы Степной ауылы) – ауыл шаруашылық ғылым докторы (1995), профессор (1996). Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген (1970). 1970–1972 жылдары Орал ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның селекция бөлімінде кіші ғылым қызметкер (1970), 1972–1975 жылдары Херсон ауыл шаруашылық институтының аспиранты, 1975–1977 ж. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында ассистент, аға ғылым қызметкер, 1977–1986 ж. Орал ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның бөлім меңгерушісі, 1986–1993 ж. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында доцент, 1993–1994 ж. кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1994 жылдан Орал су және биологиялық мәселелер жөніндегі ғыл. орт-ның директоры. 90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер <references>
Салбурын — саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Сартабан, сарытұғыр, арқалы, құр, жақсы ат, қыран бүркіт, түзу мылтық - бәрі бірдей сайланады. Аңкөс аңшылар, бапкер құсбегілер, білгір саңлақ саятшылар, құралайды көзінен ататын мергендер, аңқұмар қағушылар, елгезек атшы-қосшылар бас қосады. Олардың ішінде әнші, күйші, жыршылар да болады. Олардың саны шектелмейді. Бір топта он-он бес бүркіт, жиырма-отыз адам болуы да мүмкін. Ал ең аз дегенде бүркітші, қағушы, атшы-қосшы, былайша айтқанда, үш-төрт адамнан кем болмайды. Ел-жұрттан аулақ иенге шығып, қос, жадағай қос тігіп, айлап, кейде бірнеше айлап (әдетте қарашадан ақпанның аяғына дейін) жатып, аң аулайды. Күндіз жан-жаққа бытырап, аң аулауға кетеді де, кешкілік от басына жиналады. Бір жағында түлкі, қарсақ, қасқырдың терісіне шөп, сабан тығылып жатса, екінші жағында қоңыр аңдар сойылып, табақ-табақ қара қуырдақ, ет тартылып жатады. Құрт, сүзбе қатылған қарсақ жон сорпаны аяқ-аяғымен сіміріседі. Ат-көлік отқа қойылады, бүркіт бапталады. Қай бүркітті қалай күтімге алу керектігі жастарға үйретіледі. Салбурынға шығушылар әңгіме-дүкен құрып, әзіл-сықақ айтысып, бір-бірімен құсбегілік тәжірибелерімен бөліседі. Аңның етін жеп, қымбат терілерін алып, шипалы дәрі-дәрмек пен таптырмас асылдарды артып, әрі саяхат, әрі сауда жасау - өзінше ғанибет. Ілгеріден келе жатқан әр жылғы қыс маусымында үзілмей жасалатын мұндай саятшылықты қазақ "салбурын" деп атаған. ## Толығырақ Бұрынғы уақыттағы көп болып топ-тобыменалыстағы адам аяғы әрең жететін қиянға аттанып, иен далада ұзақ уақыт бойы аң аулауды салбурын атаған. Олардың арасында саятқа атсалысатын жоғарыда аталған төрт топпен бірге, ізші, тазысын ерткен аңшы, мергендер, тіптен әнші-күйші,көңіл көтеретін ақын, сайқымазақ, сал-сері қатарлы серуендеп, демалғысы келетін, құсбегілікті қызықтайтын жандар ұзақуақытқа шалғай жерге бірге аттанатын болған. Кезінде Қасымхан Еділ мен Жайық арасына салбурынға мыңнан астам адаммен шыққан деген аңыз бар. Орта ғасырлық жиһанкез әл-Иакубижазбасында: "...көшпелі түріктер аңшылыққа айырықша төзімді,әсіресе қарақұйрық пен құланды тобымен қуғанда қайранқаласың",- деп жазған. Жалғыз-жарым аңшылықтан гөрі ру-тайпа ауыл-аймақ болып сахараға аңға шығып, байтақ алқаптықаумаласа сүзетін дәстүр болған. Мұндай жойқын аңшылықтыңсорабы - Үстірт үстіндегі "құпия сызық" аталып жүрген әйгіліқалта ауыз ұра қазбалары. Немесе кезінде Ұлы Ш.Уәлиханов тамсана жазған ізі сайрап жатқан Іле мен Тарбағатай арасындағыүлкен ұра сондай ұлы аңшылық салбурынның ізі деуге саяды.Ертеректе салбурынға шығып, қыстық соғымға етдайындау үшін, ал соғыс пен ашаршылық кездерінде тамаққорын қамдау мақсатында салбурынға шыққан. Кейінгі кездеадамның саны көбейіп, аң-қүстың саны азайып, аң қарайтыыаумақ сары шиыр болып кетуіне байланысты, салбурынғаадам аяғы жетпеген алыс, қиырға шағын топ болып шығатынболған. Ондайда ақ қар, сары аязда атқа (түйе ондай жолғақолайсыз) желқомдап салған ыңыршақ ерттеп, қос артып бірнеше адам болып шығады. Ондайда далада тіккен Абылайдыңқара қосының босағасына салбурында соққан аңды:. "істің басы ілгері, сайтанның басы кері, уйірімен уш тоғыз", - депсоғып, ұрып алады. Салбурында алған аңды тең бөліп алады. Ал ауылға келгенде "аңшыдан сыралғы, батырдан олжаны" дәмету салты бар. Аңға тура барып түскенін көрген сәтте құсбегі "Иә, сәт!","Бере гөр, Тәңірім" деп ырымдап дауыстайды. Бұған қоса аңдықашанғы алғанша немесе өзі жанына жеткенше "Қадалғанкөздің сүғынан сақта, айнып кетпесін",- деп жалбарынады.Бүркіттің күйі аңға салғанда айқындалады. Сондықтанаңға күн сайын үзбей қосып, оның баруынан, түсуінен күйініңартық-кемін айырып біледі бапкерлер. Қыс мезгілінде аңныңкөбі күнгей жерде жортады.Тырна, қарабай, шағала тәрізді құстар кесіртке, жылан,бақаны қорек ететіндіктен еттері дәмсіз, улылау келеді. Алқұтан, қалбағай тұқымдастарының мамығы кәдеге жарамдыболғанымен, еті дәмсіз дейді. Бұларды құсбегілер аушы құстарғаілдіруге аса жарамайтын құстарға санайды. Керісінше қазаққұсбегілері дуадақ, шіл, ұлар, безгелдек,жорға дуадақ, шыңырау,тарғақ, бөдене, бұлдырық, орақтұмсық, тауқұдірет тәрізді қырқұстарын саятшылықта олжалауға тырысады. Әрбір аң мен құстың өзара табиғи қарсыласу,құтылу тәсілі болады. Айталық, қорқақ қоянның өзі қашыпбара жатып бүркіт төніп келген де інге кіреді, қуысқа тығылады.Ондай орын табылмаған кезде бүркіт шүйіліп келіп сыпыра бергенде, бұлт беріп, оның басынан аса секіріп, жер, я тасқаптырып, өлімге душар етеді. Бүркіттің еңістен қуып жетіптағы түсетінін білетін қоян, әлбетте тік өрге қарай қашады.Қоянды да бүркіттің алғыр, ептісі алып жейді. Өзіне түскелікеле жатқан бүркітке суыр да айбат шегеді. Інінің аузына жетіпалып, тік шаншылып, қарсыласады. Бабындағы қыран құс басқа аңды қойып, қасқыр сияқтыжыртқыштың өзін буреді. Қасқыр түлкідей емес аңғал, алаңғасар болады да жанды жерінен ұстаған бүркіттің шеңгеліненжуырда босана алмай, тұрып-жығылып тулай береді. Бірақарандай аузы босаса бүркіттің додасын шығарып, боршалапкетеді. Сондықтан да қыран бөріні басынан, көзінен шеңгелдепұстауға тырысады. Бүркіттің шеңгеліне ілінген қасқырды аңшытықыр білдірмей жаяулап келіп жіті қимылмен ішін жарып жібереді. Бүркіт қоңыр аңды, киіктерді алып жей береді. Олардықұз шағылдардың бетінде, тасқа шығып тұрған жерінде қаттытебінмен түйіліп келіп соғып, тастан құлатып өлтіріп жейді.Ұлар да бүркітке оп-оңай алғыза бермейді. Бүркіт сыпырған кезде ол құйрығын дөңгеленте жайып, басын жауып, бұғақалады. Бүркіттің тұяқтары ұлардың құйрық қауырсынынтырнай өтіп, уысына түсіре қалады.Үкіні бүркіттің бірі алса да, енді бірі ала алмайды. Оныңқауіпті қаруы - инедей өткір тұяқтары. Сол тұяқтарымен шеңгелдеп, бүркіттің денесін жарақаттап, жемсауын жарып жібереді. Көбінде бүркіт оны ұшып жүрген кезінде ұстайды. Әлбетте оның екі аяғын бүркіт бір аяғымен қабаттай бүреді.Лашын келіп түскен кезде дуадақ бұғып отыра қалады даілуге жақындай бергенде басына саңғып жіберіп қарсыласадыекен.Үлкен аңға түсуді құс қайырған кезде үйретіп дағдыландырады. Ол үшін елік, тауешкі қатарлыларды басын алып, екі мүйізінің арасына ет байлап, әлденеше рет тоят жегізіп дәніктіреді. Кейін аңға салған кезде дәніккен әдетімен аңның басына келіп қонады да, оның екі көзін шоқып, алады. Соқыр болып қалған аң ұзай алмайтындығы белгілі. Биік таудағы тауешкіні бүркітке таңынан түре соқтырып,омақастыра құлатуға үйретеді. Бұлан, арқар қатарлы адуынаңдарға түскен тәжірибесі аз бүркіт аңды тоқтату үшін бұта,қарағанға бір аяғын іліп тоқтатпақ болған кезде денесін екігебөліп кеткендігі туралы аңыз-әңгіме бүркіттің алғырлығы менжүректілігін паш етеді. Бүркіт мәлін, қарсақ, күзен тектес аңдардың бәрін алыпжейді. Солардың ішінде -қауіптісі - мәлін. Оның тұлыбы кең,майы қалың. Терісі көлкілдеп бос жатады. Оны бүркіт сыртынан ұстағанда, әсіресе мойны, басы терісінің ішінен айналыпкетіп, бүркіттің кез-келген жерін талап, шайнап тастайды. Тістеген жері, салған жарақаты көзге білінбей тұрады да, соңынанбітеу жара болып, ісіп, бара-бара уыттанып, асқынып бүркіттіөлімге де соқтырады. Біздей өткір тістерінің уыты күшті болады. Бүркіт сондықтан аузын бүре ұстап, өлтіреді.Осы сияқты саятшылықта кезігетін сан-қилы аң-құстардың әрекет қимылдарының ерекшеліктерінің ең қызықтысыда, құндысы - бүркіттің түлкі алуы. Қазақ құсбегілері қара үйек, қылшықтары күмістей жылтыраған, пұшпақтарықолтығына дейін қара, сыртқы қызылдығы өрттей орманныңтүлкісі; жолы үлкен, бағасы қымбат, кезі келсе "қара түгілі,ханға да байламайтын" аса сирек кездесетіні қара түлкі, өтеқымбат, қырдың қырмызы түлкісі, қара түлкі - қырдың қызылтүлкісі деген түрлерін ажыратады. Орман түлкісі туралы онықар үстіне тастағанда қызыл ніл қалады, ондай түлкіні ұстағанкезде жарық көрсетпей жасырып, аз уақыт сақтамаса, өңі үсіпкетеді деген аңыз бар. Алыстан келген дыбыс, иіс, дүбір-сарынды сезген түлкідереу жасырынады. Түлкі шамасы келсе, ылғи да қыранның тасасын сығалау, қараған мен бұтаны аралай қашу, бойын жасыратын жықпыл-жықпылға тығылу сияқты әдістің бәрін пайдаланады. Тас пен жарды жағалап, көбелеп, іргелеп бой тасалап қашу әдіс-айласының ұсақ-түйегіне дейін ағаттық жібермей түлкінің қашудағы әдіс қойлығына орай, оның осы шеберлігін аңшылар "жабыттап қашу" деп атаған.Жасырынып қаша алмаған түлкі қарауылдамайды да,қашпайды да, оның жатқан үстіне қағушы ит барып қалмаса,ол жатқан жерінен тыпыр етпей жатып алады. Кейде бүркіттібайқап солай бүғады. Ал, оны көзі шалған бүркіт сол маңныңбір тұрғысына қонып, түлкінің бүққан жерінен шығуынұзақ күтеді. Бірақ түлкі оның аңдып отырғанын, жалықпайаңдитынын жақсы біледі де, бұққан жерінен әсте шықпайды.Аңшылар түлкінің осылай бұғып жатып алуын "қорып қалу"дейді де, бүркіттің аңдып отырғанын "қорытып отыр" депатайды. Ал бөгде жақтан қашып келіп, тас-бұтаға кіріп, паналапбүркітке алғызбаса, оны "қорғалады" деп атайды.Қорғалауға, қашуға мұршасы келмей, сасқанда түлкі дереутұра қалады. Бүркітке қарай арсылдап үреді. Тісін қайрап ырылдайды, айбар шегеді. Көктен сорғалап, тақап қалған бүркіткеқұйрығын көлденең тартып, алдағысы келеді. Мұндайда өзіне-өзі сенген бүркіт болмаса, көп ретте сәтсіздікке ұшырайды да,түлкі құтылады. Өз жауына түлкінің көрсеткен осы қарсылықайласын құсбегілер "кергені" деп атайды.Өте айлалы, әдісқой бүркіт болмаса, керген түлкіні ала қоюоңайға түспейді. Өйткені жоғарылап барып, қайта шүйілгенқұстың екпіні әте қатты болады да, жерге жақындап қалғанда,өзін тежеу мүмкіндігі де азая түседі. Қыранның екпінін мұқиятбайқап, керіп түрған түлкі бүркіт аяғы өзіне тие бергенде ыршып кетеді де, қыран өз екпінімен барып жерге , тасқа, ағашқа соғылады. Егер құс жерге қатты соғылса, мертігеді, өледі. Керген түлкінің айласынан болған осы сәтсіздікті құсбегілер "жер соғу,жер соқтыру" деп атайды. Жер соғып қалу кебінесе әдіс-айласы аз, әлсіз бүркітте немесе табиғи тәрбие кермеген қолбала бүркітте көбірек кездеседі.Ал, өз әлін алдын ала шамалаған.қорқақ, әлсіз құстар керген түлкіге түспейді. Әлді құстар оның кергеніне қарамастан түлкіні сыпыра іледі де, басып қалады немесе сол ілген бойыкөтеріп алып, басқа жерге апарып басады. Кейбір қыран керген түлкіге түспестен, үстінен сыпырып өте шығады. Мұндайсәтте аман қалған түлкі жалма-жан тұра қашады. Түлкініңқашу сәтін әдейі өзі тудырған қыран жарқ етіп қайта айналадыда, түлкіні басып қалады. Бұл, әрине, өте әдісқой қырандардыңкерген түлкінің өзін алдап түсірген бір сәттері. Түлкі мен қыранарасындағы қимақ үшін және жан үшін арпалыста мұндай-мұндай сәттер өте көп кезігеді.Бүркіт қашқан түлкіні ұстағанда бір аяғымен (тегеурінімен) таңынан іліп түсіп (қабырғасына жете алмай қабырғасынқақыратып үлгермесе), жығып алғанда түлкі де қайырылақарманып, ауыз салады. Сол кезде бүркіттің екінші аяғы көзілеспес шапшандықпен аузын аштырмай ноқталап ұстап,таңындағы екінші аяғын ауыстырып, өкпесінен шершеулейсалып, тырп еткізбей қояды. Бүркіттің жыртқыш аң ұстаудағыкөбірек қолданатын тәсілі осы. Тағы бір тәсілі қырандардыңұзақтан қашқан түлкіні тілеп алуы. Ондайда түлкі бүркіттің өзіне түсетін, түспейтінін қанат қағысынан суылдаған айбынды екпінінен біледі. Саят кезінде қансоқтаны мөлшерлеп бермесе тойып жеген бүркіттің жемсауы майланады да, аңға ұшпай қояды. Ең жақсысы ұстаған түлкінің тілін жылыдай кесіп берсе, құс дәнігіп түлкі ұстағыш болады. Жемсауы майланып кеткен бүркіт болса оған бөртпе беріп, ішін майдан арылтады. Саятта бір-екі кесек тоят (ет) кесіп берсе, құстың көңілі көтеріліп тағы да аң ілуге шабыттанады.Қыран бүркіт қолға үйретіліп, оны саятқа алып шыққандаалғаш алған аңын: "Үйіріңмен үш тоғыз!"- деп айтып, жерге үшрет ұрады да, жасы үлкен қағушының қанжығасына байлайды.Қанжығаға тұңғыш аң байлау да құсбегілік өнердің бір жақсыырымы. Құсбегі қанжығаға аң байлағанда: "Қанжыға майлансын!"- деп айтуы керек. Қанжығасына аң байлаған адамқұсбегіге алғыс, рахмет айтып, бата беріп, жолын жасаған. Алегер, ұстаған аңды қанжығаға байлап үлгірмесе "көлденең өткенкөк атты" аңшы олжасын қалап сұраса, сол жерде қолқасынорындауға міндетті.Жалпы аңшылықтың қай түрі болмасын кеңпейілділікпен жомарттықты, әділдік пен ақиқаттықты, ғибратты қажететеді. Құсбегілік өнерде де осындай қағида бар. Сондай-ақ саятта құсбегінің ниеті ешқашанда тарылмау керек. Құс алғанаңды сураған, қалаған адамға еш тосылмай қанжығасына байлау құсбегілік өнердің жомарттығын, асылдығын, құсбегініңмәрттігін паш етеді. Бірақ құстың ең алғаш алған аңын("тырнақалдысын") құсбегі ешкімге бермейді, бірақ оғанқасындағы нөкерлері де өкпелемейді. Себебі алғаш алған аңның терісін үйдің төріне іліп қойса, құс қыран болып ол терігетері қосылып олжа көбейе түседі деп сенген. Ал саятшылықтаноралғанда қанжығадағы олжасы болса ешкім оны сұрамайды.Қыран бүркіт алғаш қолдан ұшып аң алғанда құсбегібүркіті алған аңынан тойдыра жегізіп, өлген аңның қанынсаусақпен іліп алып құстың тұмсығына жағады. Осы әрекеттіқайталап: "Көзің көргіш қырағы болсын!"- деп айтып, көзінеде жағады. "Талмас қанат, ұшқыр қыран бол!"- деп, қанат-құйрық қауырсындарына да қан жағылады. Бұл "рәсім қандау"деп аталады. Бұл әрекеттер жай ғана ұсақ-түйек емес, ата-бабаларымыздан келе жатқан құсбегілік өнердің наным-сенімдері,салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының жалғасы. ## Дереккөздер
Әлпеншек (лат. Rhododendron) — көкбұта тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Еуразия, Солтүстік Америка елдерінде таулы, орманды жерлерде кездеседі. Бұталарының биіктігі 2 — 6 м, түсі сарғыш-қоңыр, не қара-қоңыр, ал жас бұталары жасыл келеді. Жапырақтары қалыңдау, ұзынша, түкті. Гүлдері ірі, ақ сары, қызыл, қызғылт түсті болады, ал күлтесі қызыл болып ашылады. Олар шатырша гүлшоғырына топталған. Қазақстанда әлпеншек тек қана гүл шаруашылықтарында, ботаникалық бақтарда өсіріледі. Әлпеншек қалемшелеу әдісімен көктем-жаз айларында, арнаулы жылыжай, көшетханада көбейтіледі. Өсіп шыққан жас көшеттерді жәшіктерге, кейіннен қыш құмыраларға отырғызады. Олардың күтімі жақсы болса, 1 — 2 жылдан кейін гүлдей бастайды. Әлпеншек — сәндік өсімдік. ## Дереккөздер
Александр Васильевич Казанцев (1 қаңтар 1929 жылы туған, Ресей, Новосібір облысы, Маслянино ауданы, Белово селосы) – химия ғылымдарының докторы (1980), профессор (1982). ## Өмірбаяны * Қарағанды педагогика институтын (1960, қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) бітірген. * Қарағанды қаласындағы №26 мектептің директоры (1960 – 1961) * Қарағанды мемлекеттік педагогика институтында оқытушы, аспирант, аға оқытушы, доцент (1961 – 1972), кафедра меңгерушісі, доцент, декан (1972 – 1994). * 1994 жылдан профессор қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектері * Оның негізгі ғылыми-зерттеулері органикалық қосылыстар химиясына арналған. * Казанцевтің 196-ға жуық ғылыми-зерттеу мақаласы жарық көрген. ## Дереккөздер
‎Алтын Орда дәуіріндегі тұрақжайлар – 13–14 ғ-лардан сақталған көне қала орындары. Батыс Қазақстандағы Алтын Орда орталығы болған Сарай, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Жаңа Сарай сияқты қалаларды орыс ғалымдары Г.А.Федоров-Давыдов, В.Л.Егоров зерттеген. Соңғы жылдары Қазақстан археологтары Орда тұрақжайларында жүйелі зерттеулер жүргізді. Олардың сол дәуірдегі қыпшақтардың үйлері екендігі анықталды. Үйлердің құрылыс жүйелерінің ерекшеліктері тұрғындардың этникалық құрамдарының әр түрлі болғандығын дәлелдейді. Орталық Қазақстан жерінде Алтын Орда қоныстарын археолог Ж.Е.Сымайылов зерттеді. Жұмыс барысында Басқамыр, Нөгербек дарасы, Хан ордасы, Домбауыл, Алашахан, Тоғызбайқұл, Шотқара, Айбас, т.б. бекініс тұрақжайлары белгілі болды. Ашылған тұрақжайлардан алынған заттай деректер Орталық Қазақстанда ерте орта ғасырдан бастап (8 ғ.) соңғы орта ғасырға (17 ғ.) дейін отырықшылықтың, сәулет құрылыс жүйелерінің жоғары дамығанын көрсетеді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Золотая Орда » SwordMaster * Ортағасыр археологиялық ескерткіштері(қолжетпейтін сілтеме)
Әлует — 1. Жойқын күш, [[қуат]]; 2. Белгілі-бір мақсатқа жетуге немесе ауқымды мәселелерді шешуге жұмылдырылған мемлекеттің, кәсіпорынның, жеке адамның тағы басқа мүмкіншіліктерінің жиынтығы (қосымша Экономикалық әлует, өндірістік әлует). ## Дереккөздер: Қазақстан энциклопедиясы 1-том
“Әл-Шархият”, Шығыс жинағының 43-басылымы (1914) — Абай мен Дулатов өлеңдері тұңғыш рет орыс тілінде жарияланған кітап. Қазақтың ұлы ақындарының шығармаларын басқа тілге аударып басудың алғашқы тәжірибелерінің бірі. Мәскеудегі Шығыс тілдері (Лазарев) институты дайындаған бұл жинақ В.А. Гордлевскийдің басшылығымен көрнекті шығыстанушы А.Н. Веселовскийдің құрметіне шығарылды. Жинаққа Абайдың “Жаз”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Адамның кейбір кездері”, “Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?”, Міржақыптың “Мұң”, “Қазақ халқының бұрынғы мәслихаты”, “Қазақ жерлері” деген өлеңдері енген. Аудармашылар — Мәскеудегі Петров-Разумов академиясының студенттері Сатылған Сабатаев пен Нұх Рамазанов. Өлеңдер жартылай қарасөзбен аударылған. Аударманың көркемдік дәрежесі қанағаттанарлықтай болмағанымен шығармалардың рухы шыншылдықпен жеткізілген. Бұған қоса Рамазанов Ә.Бөкейхановтың Орыс география қоғамының Семей бөлімшесі жазбаларында жарияланған (1907, 3 басылым) мақаласы негізінде Абайдың өмірбаянын берген. ## Дереккөздер
Әлібек Зілқараұлы (шамамен 1815 — 1876 жылдары өмір сүрген) — би, батыр. Ақан серінің өкіл әкесі. Шыққан тегі сонау Арғын тайпасының Атығай Андағұл руынан. Әкесі Зілқара Байтоқаұлы атақты ақын, композитор, Көкшетау округінің аға сұлтаны болған. Қазақ елі Әлекеңді «Әлібек батыр» деп атайды. Арыстан, Біржан, Орынбай ақындармен дос болған. Әлсіздерге қорған болып, әділеттілігімен аты шыққан. Озбырлардан жапа шеккендер келіп паналаған. Ақан сері Әлібек өлгенде көпке белгілі “Қараторғай” әнін шығарған. “Арысым, ел қорғаны, батырым-ай, Айырылдым қапияда сенен неғып?! Тәңірдей сыйынатын Әлекем-ай, Жүргейсің әруағыңмен елді қорғай” деген жолдары Әлібекке арналған. Әлібектің Біржанға айтқан: “Батыр жүрегін еліне береді, жанын құдайға береді, ал намысын ешкімге бермейді”, Орынбайға айтқан “Тірілердің өлмейтін жері, өлілердің мекені — кітап” деген қанатты сөздері күні бүгінге дейін ел жадында сақталған. ## Дереккөздер
Алтынсарин мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде Қора өзенінің бастауында орналасқан тау аңғарлық мұздық. Негізгі бөлігі Алтынсарин шыңының беткейінде жатыр. 1950-1952 жылдары мұздықты Қазақстан Ғылым Академиясы география секторының экспедициясы зерттеген. Мұздыққа ағартушы Ы.Алтынсарин есімі берілген (1952). ## Аумағы Ұзындығы 1,8 км, ашық бөлігі 1,3 км, ауданы 1,0 км2. Мұздықтың ең биік нүктесі 3810 м, ең төмен нүктесі 3250 м, фирн сызығы 3450 м биіктікте. Мұзының жалпы көлемі 0,064 км3, пішіні жарты ай тәрізді. Аумағы жылдан-жылға кішіреюде. ## Дереккөздер
«Абай жолы» - қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың тарихи–өмірбаяндық романы. Абай жолы романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш жазылған роман-эпопея саналады. Роман әр жылдары бірнеше кітап ретінде жарыққа шықты. Атап айтқанда 1-кітап 1942 жылы, 2-кітап 1947 жылы, 3-кітап 1952 (кей деректерде 1954) жылы, ал 4-кітап 1956 жылы жарыққа шықты. Романның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес». «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттерімен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды. Алдымен, тақырып туралы. Кешегі, яки тарихи тақырып: бүгінгі, яки қазіргі күн тақырыбы деп жүрміз. Бір тұста осылар жөнінде айтыс ашып, дауласып та көрдік. Бәрі шартты нәрсе! (Кеше, бүгін, ертең... Уақыт жалғастығында жік жоқ: таң атса, ертең бүгінге, бүгін кешеге айналады. Демек, кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ). Сондай-ақ бүгінгі қазақ кім? Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды. Әуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын. ## Қазақтың тұңғыш эпопеясы «Абай жолының» бас кейіпкері - Абай Құнанбаев. Біз ақынның өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын... бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр. 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған бір де бір қалтарысы жоқ. «Абай жолының» мазмұн жағынан алғанда жалпы жұрт мойындаған энциклопедялық сипаты, жанр жағынан алғанда қазақтың тұңғыш эпопеясы екендігі де осында жатыр. Тағы бір күрделі ерекшелік - осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген. Мысал үшін шығарманың негізгі арқауындағы арналы тартысты алайық. Бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы); одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер - жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы - түрлі сипаттағы қаналулар: кедейленулер, қаңғып-тентіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс қоныстанушыларының келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, олардың жазалануы, жер аударылуы, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы... Осылардың бәрі қара қылды қақ жарған әділдікпен адал, ақиқат шындық шеңберінде тағы да нақты және даму үстінде көрінуі - шын мәніндегі реалист-суреткердің айта қалғандай дарын күшіне, талант қуатына саяды. Эпопеяда ешбір адам жоғарыдағыдай тартыс арнасынан шет қалмайды. Бәрінің характерлері, сол қым-қиғаш күрес үстінде қалыптасады. «Абай кезіндегі қазақ даласында,- дейді автор,- күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым». Бұл - аса қиын әрі қатерлі адым. Күрес пен тартысты анық жауласқан қарама-қарсы екі жақ емес, туған әке мен баланың арақатысына құру бұрылтпас және көл-көсір психологиялық дәлелдер таппаса, көптің сана-сезіміне бір қарағанда жете қоймайтын нанымсыз нәрсе секілденеді. Реалист-суреткердің айта қалғандай шығармашылық күш-қуатының тағы бір керемет көрініс тапқан тұсы - осы ара: әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы. Оқырманды осыған қалтқысыз сендіруі - автордың қисапсыз шеберлігі болса, соның нәтижесінде көрінген «Абайдың қасиеті - өз табының тілегінен көп қиналыстар, толғанулар, тәнге-жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында». Бұл - эпопеяның идеялықаласытақырыптық негізінің мызғымас мықтылығы. «Абай жолының» граниттей берік ірге тасы осынша шебер қаланған.Ал, сюжет пен композицияға келетін болсақ, мұнда да Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгісін көрсеткен. Төрт кітаптың өн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір деталь, штрих, керек десеңіз, бір де бір сызық жоқ. Бәрі де мінездеу мен мүсіндеу, жинақтау мен даралау міндеттерін атқарып тұр. Әр характердің жасалу тарихы бар. Әр образ тип дәрежесіне дейін көтерілген. Басты кейіпкерлер ылғи өрбу, өсу үстінде көрінеді. Ӏ-кітаптың басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден жөнеліп бара жатқан данышпан ақынның екі арасындағы қырық бес жыл тек қана Абайдың адам, азамат, ақын ретіндегі өзгеруімен, жаңғыруымен, жаңаруымен, құбылуымен, құлпыруымен өтетіні сияқты әрбір ірі, іргелі қаһармандар не ілгерілеп, не кері кетіп, не өрлеп, не құлдырап, не өліп, не тіріліп отырады. Статикалық түрде бір де бір құбылыс жоқ, бәрі динамикалық сипатта. Бұл сюжет мінсіздігінің нәтижесі. Осылардың бәрі композициялық бүтіндікке көшкен жағдайда жазушының тағы да адам таң қалғандай шеберлігі ширатылып шыға келеді Мұны Мүсірепов дәл аңғарған: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген - әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда, Абайдың жолы - «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы - «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. Бірі - көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл - Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы». 1-кітаптың композициясын бұдан артық дәл сипаттау қиын. Сол сияқты әр кітаптың жеке-жеке және төрт кітаптың жалпы композициясын да осы ретпен таратып-тұтастырып шығуға болар еді. Бірақ ол шарт емес. Бәрінің бірімен, бірінің бәрімен бірлігі секілді, бәрінің түзілісін бірінің құрылысымен сипаттауға әбден болады. Жаңағы пікір 1-кітаптың жалпы мазмұнына қатысты айтылды. Сол сияқты мұндағы полифониялық сырды, я болмаса көп проблемалылықты, олардың бәрі барып тоғысар үлкен арнаны да әлгі ретпен байыптап шығуға болар еді. Айталық, 1- кітаптың 1-бөлімідегі бірінші тарау: * 1) «Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт» астындағы жарау құлабестісін ағызып-ағызып алып, жаппақ жазықтың белінен-беліне көтеріліп, қасынудағылардан оза шауып, алып-ұшып келеді. Бұл арадағы тақырып - туған жер, идея - сағыныш. * 2) Жолаушылар жайлаудағы ауылға жетті. Абай әйелдер кұшағыңда, жаппай, жағалай сүйіс, енді бірде әже қасында, әжесін өлеңмен алдап үшкіру, қуаныш-күлкі, бәрі мәз-мәйрам, мәре-сәре. Бұл арадағы тақырып - ана, идея - мейірім. * 3) Абай үлкен үйге кірді, Құнанбай қасында, Құнанбайды қоршаған ақсақал-қарасақалдар арасында үнсіз, жым-жырт тыныштық, бірін-бірі баққан суық жүздер, әлдебір кеселді құпияны әркім өзінше іштей салмақтап, сілтідей тынып қалған. Бұл арадағы тақырып - әке, идея - мейірімсіздік... Дәл осы ретпен жеке алғанда бір кітаптың, жалпы алғанда төрт кітаптың бар проблемасын ақтара-төңкеріп, өріп шығуға болар еді. Сонда эпопеяның бар саласын, ойы-қырын түгел шарлап, кезіп шығуға болар еді... Бұл эпопеядағы сан алуан сыр мен шындықты, оның ірілі-ұсақты детальдарын бір желіге көгендеу болса, енді жеке кейіпкердің, яки Абайдың өз тұлғасын тұтастырудағы бір ғана композициялық сәтті алып қарайық. ## Бірінші кітап 1-кітаптың басында Абай қаладан далаға бара жатады, асығып, алып-ұшып, аулын сағынып келе жатады; ал аяғында - даладан қалаға кетіп бара жатады, қарама-қарсылыққа, қайшылыққа толы өз аулынан өзі безіп, түңіліп қашып бара жатқандай. Осы екі арадағы он шақты жылда аулынан Абай көрген жайды, Абай кешкен хәлді, Абай ұққан, Абай сезінген, Абай түйсінген сырларды бір шолып пайымдасақ, тек Абай басында болған өзгерістерді ғана емес, кітап толы кейіпкерлердің бәрін бір атмосфераға алған үлкен эволюцияны аңғаруға болар еді. Бұл да зергер қиюластырған тамаша композиция арқылы тұтасқан шынайылық. Енді тип пен характерге көшсек, бұл арада да Мүсіреповке бір соғып өткен жөн. Асылы, Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» деген сын мақаласы - әдеби шығарманы эстетикалық талдаудың үлгісі. Оны 1958 жылы I. Омаровқа жазған хатында Мұхтар Әуезовтің өзі де өте жоғары бағалаған: «Ойыма он бес жыл бұрынғы бір кез оралып еді,- деген ол. - «Абай» романының бірінші кітабы шығып, соны жазушылар, сыншылар, кейбір адамдары боп талқылап, танымақшы болып жатты. Бірақ бір күнгі ұзақ мәжіліс түк те берекелі нәр бермеді. Баяндамашы Құнанбайды Иван Грозный деп, Петр Первый деп әр биікке қарай жетектеп алды да, қаңғыды да кетті. Кейін сөйлеушілер де жетістірген жоқ. Әркім әрбір қабуын-шабуын дегендей сипалаған, сылаған болды да, кәдімгі белгілі саяз, сылдыр сөздерге сайды. Өте бір күйкі күйді амалсыз еске алғызды. Мен үндегем жоқ... Сол жиылыстың ең соңында күн бойы о да үндемей отырған Ғабит жиылысты басқарып отырған Сәбитке келіп бір ауыз сөз айтты: «Немене, адамша сөйлейміз бе, жоқ осымен кете барамыз ба?» - деді. Сол күннен бастап екі кеште ол бір баспа табақтай етіп өзінің роман жөніндегі, бар жұрттан оқшау, бөлек шырғау шыққан әділ, адал, саналы толғаулы ірі ойларын айтып шықты. Сөйтіп, келесі күнгі жиылыс «адамша сөйлеудің» нағыз өзін бастап еді». Дәл осы сөзінде Мүсірепов романдағы типтер мен характерлердің бірқатарын бірер сөзбен былайша дәлме-дәл сипаттайды. «Сүйіндік - жалтақ; Байдалы - табанды, қырыс адам. Бөжей - сыр бермес, Қаратай - жеңген топтың қасында... Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар - патша үкіметінің жасаған болыстығының маңында болатын мансапқорлар... Зере - ел анасы, Ұлжан - соның жалғасы. Сары апаң - үстем рудың әрқашан өзімдікі дұрыс деп, қисыны келсе-ақ қарсы дау соғатын кеуделісі... Бұлардың бәрінің жиынтығы, сақасы сияқты Құнанбай - сонша сұм, сонша аруақты, сонша бір кесек образ! Абайдың өзін алатын болсақ - бұл бұқара халықтың тартқан жапа, көрген қорлық, төккен жасынан туған, ел тілегіне жаңа жолдар, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел басы, замана жасы. Құнанбай - елдің тоқырап қалған, өз биігінен аса алмаған ескі ойы болса, Абай - елдің алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы». Білгірлікпен берілген мінездемелер!.. Абай тұлғасы - эпопеяның жаны мен жүрегі. Бұл бейнені Әуезов өзінің кемел көкірегінде қолына қалам ұстаған күннен бастап аялап, ойында тербетіп, ғұмыр бойы қиялында өрбітіп келген. «Боваримен» дейтін Флобер секілді, «Наташа Ростова - өзім» дейтін Толстой тәрізді Әуезовтің өзі Абайға, Абай өзіне айналып кеткенше бұл бейнені қағаз бетіне түсірмеген, іштей пісіре берген. Әуезовтің өлеңнен өзге артында жазулы жазба дерек қалмаған Абай өмірінен романға материал жинау әрекетінің өзі керемет қызық, нұсқасы: «Алдақашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші,- деп жазады ол,- сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің хәлім де дәл сол әрекет сияқты еді. Мен қарт адамдардың көмескі жадында ұмыт болып қалған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, оның бір кезде Абайды тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзін «қалпына келтіруім» де әлгідей еді». Міне, осы әрекетінің өн бойында жазушы өзінің бас кейіпкерінің образын ойша қорытып, санада жасап жүрді. Осылайша өзінің қаны мен жанына айналғандықтан да оның бас кітабында бас кейіпкердің тастан қашалғандай көп қырлы, мол бедерлі бейнесі, құдды тірі адамдай жанды, толыққанды тұлғасы тұтасып шыққан. Алғашқы кітапта үлкен кісі ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Бір кереметі - осылардың бәрі тек қана сыртқы сарт-сұрт, ылғи қолма-қол «қимыл-күшпен емес, шығармашылық іспен» (Әуезов), яғни ішкі көңіл күйіндегі нәзік ағыстар мен толқындар арқылы, солардың сан түрлі иін-иірімдері арқылы қат-қабат астарлы көрініс табады. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай - кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға. Бұл тұлғаны автор эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бір де бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады. Көл-көсір нақты да затты деталь, ұшан-теңіз психологиялық анализ, сан-сала іс-әрекет, қимыл-харекет - осылардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға қызмет етеді. Осылардың бәрінде де автор өз қаһарманының «жан диалектикасын» бойлап, ілгерілейді де отырады. Абай тұлғасы оқырманның көз алдында көктей өсіп, автордың өзі айтқандай, құз-жартасты жарып шығып жапырақ жайған шынарға - символдық бейнеге айналады. Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымы өз әкесі Құнанбай өктемдігінен құрбан болған Қодар өлімін көргенде төңкеріліп түседі. Өзгеріс осыдан басталады. Енді ол Құнанбай мен құнанбайшылдар ісіне күдікпен, іштей қарсылықпен қарай бастайды. Бұған қосымша өз басындағы хал де осы ортадан түбінде түңілуге сайғандай. Әлгі бір Қарашоқыдағы қанды оқиғадан ауруға шалдығып, төсек тартты; Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі «ит жемеге тастатқан» кішкене мүскін Камшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді: аяулы ғашығы Тоғжанға қосыла алмай, тағы да әке шешімімен өзі сүймеген Ділдаға үйленуі... Осылардың бәрі Абайдың о бастағы мөлдір тұнығын сел басқандай лайлай береді. Құнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ еді. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда - жас қонақпен әкесінің әңгіме-насихатының үстінде тұтанғандай... Абайдың ел ішіндегі есті жас Ерболмен достығы да осындай, азаматтың ат үстінде жүрген шақтарында тапқан рухани олжасы. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде болатын. Романда бұл процестің ішкі дәйектері, детальдар, психологиялық анализ дегендер аттаған сайын кездесіп отырады. Ру аралық жанжалдар, таластар, олардың өршіп, асқынып барып ұласқан жері - Тоқпамбеттегі, Мұса құлдағы қарулы қақтығыстар - Абайдың өзі өмір сүріп, өсіп келе жатқан ортаға әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады. Бара-бара жас азамат өз жөнін іздеп, бағытын бағдарлайды. Осы жайлардың қай-қайсысында болмасын, осынау өмір қоршауына автор Абай көзімен қараса, Абай өз бойындағы асыл қасиет - өнер көзімен қарайды, дәлірек айтқанда, Абай ақиқатты ақын көзімен таниды. Құнанбайдың қанды қол қатыгездігі, одан туындайтын жолсыз жаза мен жауыздық, ұлып табысқан бөрілер секілді ұйлыққан қырық рудың қырық көкжалы - жұмылған қырық жұдырық, тағылықпен лақтырылған қырық тас кесек; осы көріністердің жан түңілтер жыртқыштық мәні; осындай «жаны ашымастың қасында басы ауырғандар» - жұтқа ұшыраған жарлы-жақыбайлар, қира кезік құл-құтандар, басында билігі жоқ әйелдер қауымы, еріксіз ұзатылған қыздар, қалың малға түскен келіндер, түрліше өлу-тірілулер, өшу-жанулар, осылар қалыптастырған салт-сана, әдет-ғұрыптар... Осылардың бәрін Абай сырттай бақыламайды, бар ақындық болмысымен іштей толқына сезінеді, тебірене түйсінеді және осылардың бәріне бейтарап қарай алмайды, қалыс қалмайды, әр құбылысқа өзінің қарым-қатысын белгілейді, не құптайды, не қарсы болады, сол ретпен белсенді қимылға көшеді... Адамдардың арақатынасы ғана емес-ау, тіпті табиғат құбылыстарының өзін Абай статикалық хәлде емес, динамикалық күйде анық ақындық түйсікпен тура тірілтіп түсінеді. Айталық, қырдағы кеш, қоңыр іңір «бұның бір ұғымсыз әміршісі, сүйсіндіре мүлгіткен зор мұңдасы тәрізді»; кеше ғана өзара жауыққан рулар бір-біріне сойыл сермеп, шоқпар сілтеп, бір-бірін соққыға жыққан тау бөктерінен «соққан салқын ызғар қатал мінездердің ызғырығы тәрізді»; енді бірде «Абай біртүрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан биіктеп, аспанға қарады. Толық ай ашық көкті қалқып, сызып келіп бір топ шоғыр қара бұлтқа кірді. Кірді де қызық күйге түсті. Абай соған қарап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырап телміре қалды». Абайдың ақындық бітімі, ішкі дүниесі осылайша нәзік және терең ашылады. Дәл осы тәсілмен эпопея авторы бас кейіпкердің іштей түлеуін, өзгеруі мен өсуін көрсетеді. Кітап басында қаладан келе жатқан Абайға жерұйық боп көрінген көктем көркіндегі кербез дала кітаптың аяғында ақ қар астында ақ кебінге оранған өлік секілденеді. Бұл - әшейін көзге көрінген сурет қана емес, көңілге ұялаған шындық. Бұл шындыққа енді Абайдың көзқарасы да басқаша... Әке мен баланың арасындағы жол айырығы осы тұста біржола белгіленеді. Бұл бұрылысқа әкелген романның өн бойындағы психологиялық дәлелдің күші сондай, оқырман Абайдың әр қылығы мен қимылын дәл өз қимылы мен қылығындай қалтқысыз қабылдап, татаусыз түйсінеді. Сондықтан ол әке мен баланың ажырасу себебіне сенеді. 1-кітаптың аяғында әке мен бала бір-біріне бетпе-бет келіп, ой, пікір, ұғым сайысына түскенде оқырман Абай жағында болады. Абай, сөйтіп, өз өмірінің биік қиясына қарай адымдап, өрлеп келе жатады: «Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бір күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді». 1-кітапта Абай осылайша азамат ретінде қалыптасса, екінші кітаптан былай қарай енді өнер адамы - ақын Абай, шын мәніндегі азамат-ақын көрінеді. Бұл тұста авторға «шығармашылығы арқылы Абайдың өзі көмекке келеді» (Әуезов). Ендігі өмір Абай ақындығының қайнар-бұлағына айналады. Ендігі жерде көп-көп деталь Абай өнерінің психологиясы - көптеген өлеңдерінің туу құпиясын ашуға қызмет етеді. Асылы, Абай ақындығының арғы тамыры өзінің туған топырағындағы төл әдебиетте - халық өнерінде - өзін сәби кезінен қиял-ғажайып ертегілермен әлдилеген Зере-әжеде, мұңшыл жырау Барласта, сыншыл жыршы Шөжеде... жатса, бергі бұтағы мен жасыл жапырағы орыс әдебиетінде - Е. П. Михаэлис секілді орыс достары арқылы қолы жеткен Александр Сергеевич Пушкинде, М. Ю. Лермонтовта... жатыр. Романда осы сыр терең және жан-жақты толғамын табады. Таланты мен танымы, ұғымы мен білімі, жалпы ой-санасы, ақыл-парасаты осындай қос арнадан қоректенген азамат ақынның рухани дамуы, қайраткер ретінде өсуі одан әрі жалғасады. Мыс., алғашқы кітаптарда Абай өз келесіндегі келеңсіздікті, өз ортасындағы әділетсіздікті, феодализмнің тоң мойындығын сынаушы болса, кейінгі кітаптарда ол шеңберден шығып, енді күллі Шығыс керітартпалығын әшкерелеуші дәрежесіне көтеріледі. ## Екінші кітап Орыс классиктерінің шыншыл дәстүрінен сусындаған Абайдың ендігі күрес жолының бір ұшы Россиядағы азаттық қозғалысымен жалғаса жаздағандай. Бірақ реалист-жазушы тарихи шындық шеңберінен шықпайды. Абай алдынан тағдырдың тартары - революционердің улесі емес, ағартушы ақынның сыбағасы екенін ұмытпайды. Дей тұрғанмен, қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктер мен күрес тақырыбы соңғы кітаптың күллі идеялық мазмұнын кеулеп, сюжеттік арқауына айналып кеткен. Жаңа мен ескінің тартысы енді осы арнада жүреді. Бұл тайталастар бұрын ауыл аясында болса, енді қала тіршілігін де қамтиды. Қараңғы қазақ даласында рауандаған таң жарығындай Абай ағартушылығынан тараған осынау күрес сәулесі бұрын даладағы Дәркембайлар мен Базаралылар үстіне түссе, енді қаладағы Әбендер мен Әбділер, Сейіттер мен Сейілдер маңын нұрландырады. «Абайдың» 2-кітабы мына сөздермен аяқталған еді: «Алда - өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз... бір қуаты, бір үміті бар... Қуаты - ақындық, үміті - халық». «Абай жолының» екі кітабында осынау негізгі идея көркемдік жағынан жан-жақты жинақталады. 4-кітаптың аяғында Абай дүниеден кетеді, бірақ 2-кітаптың соңында образ-символға айналған «Абай кемесінің» желбіреген жалауы сол қалпында, сапары тоқтар емес: «Кең жайқын әлемде түзу жол сызып, маңып барады... Жалауында «Тартыс», «Үміт» деген ұран бар. Халық үмітін үстіне арқалаған сол кеме «Келешек» деген жағаға тартты». Көлді теңізге қотарғандай, авторлық идеяны объективті идеяға мұншалық шетсіз, шексіз айдынмен айналдыру - асқан шеберлік. Абай тұлғасы Әуезов талантының осы құдіретіне кепіл. Ал, Құнанбай ше? Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай - жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар - жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы... Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні - ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін. Әрине, мұндай жағдайда да автордың идеялық мақсаты болатыны даусыз. Бірақ сол идеяның көркемдік шешімі даулы, жасанды және жалаңаш. Ал, Құнанбай ондай емес. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары...) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады. Құнанбай - азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара - көреген: ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай; бүргені құтылмайды, құтылса мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді. Мұнысы да қайтпас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы - ақылдан туған тәсіл. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: «Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек», - деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: «Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар - барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза - Құнанбай» - деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім? - деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен - Құнанбай» - деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы - Құнанбай» - деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: « - Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» - деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» - деді. Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары - Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар - бір лагердің адамдары. Абайдың қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата дұшпандары. Сонымен қатар осылар өзара да ыри-тыри: бақастар, бәсекелестер, бақталастар. Қарақан бастың қамына келгенде булар бірін-бірі аямайды, біріге бере талап тастап, бөліне бере түтіп жеп жүргендері... Бұл - адам адамға дос емес, қасқыр болған Құнанбай заманының заңы. Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және әр адам арқылы солар өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер тепкісіндегі қазақ қоғамының «алтыбақан алауыздығын» патша отаршыларының қалай пайдаланғанын да ұтымды аңғартады. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірінің аяғынан бірі шалып орға жығып, көрге тығып жатқан Құнанбайлар, әрине, өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді. Бірақ ең қауіпті жері - «құнанбайшылдық» қалып қояды. Бұдан арылу үшін адамдарды ұзақ уақыт шомылдыру, тазалау, қағып-сілку, тіпті кейбір кеселді денеден сыдырып алып тастау керек, Құнанбай тұлғасын жасау арқылы автордың оқырманға берер сабағы осындай. Жалпы XIX ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі боп табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыр-сырымен халық бейнесі жасалды десек, сол халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер - Дәркембай мен Базаралы. Балағаз бен Абылғазыдан Дәрмен мен Сейітке дейінгі ондаған кейіпкерлер - Дәркембай мен Базаралының әлеум. ортасы, қоғамдық қоршауы. Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің де сыр-сипаты бөлек, қарсыластардың ара жігі ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы жүздеген типтер мен характерлер ішінен уақыт сынынан өтіп өсетіндерін де, келешегі жоқ өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады. Дәркембай - кедей. Малы жоқтың халы жоқ, соры көп, бағы байланған заманда Дәркем- байдың малдылардан, күштілерден көргені - зорлық, қорлық; өмірден алған сыбағасы - жоқшылық, тапшылық. Абай айтқандай, Дәркембайдың өмірге қыран көзіндей ғып көзін ашқан да жоқшылық. Оның көп өмірі Сүйіндік пен Сүгірдің малын бағып, көшіне ілесіп текке өткен. Соны кейін аңғарған Дәркембай өз еңбектерімен жер жыртып, дән сеуіп күн көріп отырған жатақтарға қосылады. Қырық үйлі жатақтың Сүйіндік пен Сүгір сияқты өзімен «атасы туыс емес, тірлігі туыс. Көрген көресі, кешкен соры туыс» деп қосылады. «Күйі бірдің күні бір,- дейді Дәркембай.- Туысым-аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар; руым, ұраным да осылармен!» Демек, Дәркембайды өзі секілді кедейлермен тағдыр табыстырады. Бұл оның байлармен іргесін біржолата ажыратып, ат құйрығын кескені, өз мүдделестерімен біржола бірігіп, тілекке тілек, білекке білек қосқаны еді. Шаруаға икемді, өресі жеткен жерге дейін ойы да ояу, тілге де біршама жүйрік Дәркембай осыдан былай жатақтарға ақылшы аға, кәдімгідей көшбасшы болады. Өз ортасына айтар ақылы жұрт жадындағы нақылға айналатын Дәркембай: «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?» - деп, әшейін аузымен орақ орып, қол қусырмайды, сол күштіге қарсы бел шеше тіктесіп те қалады. «Орта жасқа келген, зор денелі адамды» оқырман алғаш рет Құнанбайға кезелген шиті мылтықтың шүріппесін басқалы жатқан жерінен көреді. Бұл пиғылдан оны Бөжей қайтарып, Құнанбайды Дәркембайдың оғынан арашалап қалады. Енді бірде, жетегінде Қодардан тігерге қалған тұяқ сияқты жетім Дәрмен, қажылыққа жүргелі жатқан Құнанбайға қалың жұрттың көз алдында іскіндеп кеп, қатал талап қояды. Дәркембай талабының әділдігі сондай, әкесі үшін Абай жерге кіре жаздайды. Ақыр-аяғында, жұтқа ұшыраған жарлы ауылға қамсау болам деп, Тәкежан секілді көкжалдарға қарсы көзсіз ерлікке басады. Бұл арада да Дәркембайға Абай қол үшін беріп, көмекке келеді. Осылардың бәрі Дәркембайдың тіршілікте көрген тұрмыс тепкісі қанша ауыр болған мен, қатыгез тағдыр талқысына қасарып, қайратын өле-өлгенше көкке қайрап өткен ер де, табанды күрес адамы екенін көрсетеді. Дәркембайдың кемшін жері болса, нағыз «батыр тұлғалы, кең иық, зор кеудесі төменшіктеп иілмейтін; әрі байсал, әрі маңғаз, тіпті Құнанбай алдынан өтсе де «тіп-тік бойы қымсынбай, қысылмай кететін» Базаралы толтырып тұрғандай. «Ойшыл сергек көзі, ақсұр жүзі, бетінің қызылына» дейін бір түрлі «балқығандай боп нұрланып туратын... ер жігіттің сырт сымбаты да соншалық өзгеше», ішкі мінез-құлқы, ақыл-парасаты да бөлек «бітімді, жақсы туысты білдіреді». Ал, Базаралының үстемдермен сілкісуі, қалың бұқараның қанаушыларына қарсы күш сынасуы тіпті оқшау - бұл маңда бұрын-сонды болып көрмеген жаңа үлгідегі жойқын әрекет. Ол жуандардың зорлығын көре-көре, қорлығына төзе-төзе әбден шыдамы таусылған көп кедейден қол құрап, тыюсыз да жиюсыз кеткен Тәкежанның бір үйір жылқысын қуып алып, қырып салады. Бұл кесек қимыл бар атырапты түгел сілкіндіреді. Бай ауылдардың түндіктері желпілдеп, болыс-билердің бойлары қалтырағандай болады. Теңсіздік тепкісіндегі қалың бұқараның күреске көзі ашылып, өзін-өзі, өз күшін тың сипатта, жаңа мағынада тани бастайды. Өзі ғана емес, өзге туралы таным да тереңдей түседі: «Мен,- дейді Базаралы,- Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым. Ұрсаң оған да таяқ өтетінін, жұлқысаң оның да жыртылатын жағасы барын таныттым. Тіпті онан әрі батыл, бекем ұра берсең, тікейіп тұра бере алмай, омақаса жығылып, өлуге де бар екенін таныттым». Абайдың Дәркембайлар мен Базаралылар арқылы өзінің туған халқымен, оның езілген еңбекші бұқарасымен, дәл осы тілектестігі Һәм жүректестігі - халықтық эпопеяның шырқап шыққан идеялық шыңы. ### «Әуезов әйелдері» Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айырықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты да молықты. Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлер бар. Романның буларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Бұлар жүрген жерлер кейде шетсіз-шексіз мұхит бойын түгел жайлаған шарапатты жылы ағыс (Гольфстрим) секілді, кейде қиырсыз кең-байтақ құрылықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді, кейде көк жиекті керіп әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән берген аппақ ақ шағалалар сияқты... Әйел-ана ма, жар-жұбай ма, бұла-бойжеткен бе... Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бе¬дер табатыны сондай, әрқайсысы - бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бей¬несі боп оқырманның көз алдында турады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер - тип; әркімнің қашанғы таныс-бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафхатқа толы Зере - әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдан, сабырлы ақыл иесі Ұлжан - аналардың үлгісі; «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан - алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі... Теңіздің сырын тамшыдан тануға болатыны сияқты, эпопеяның көркемдік ерекшелігін, әсіресе тілін тану үшін бір ғана пейзажға тоқталсақ та жетіп жатыр. Пейзажды біз, әдетте, көркем шығармада суреттелген табиғат көріністері дейміз. Рас, пейзаж - табиғат. Бірақ бұл жеткіліксіз. Нағыз пейзаж - поэзия! Мінез! Адам! Неге десеңіз, адамның қабылдауынан, сезіну-түйсінулерінен, көңіл күйінен тыс табиғат суреті - пейзаж жоқ. Пейзаж жазушының стилін де белгілейді. Ал стиль - адам. Пейзаж образ сырын ашады. Ал образ - адам. Дәл осының дәлелі - Әуезов эпопеясындағы пейзаж (Алдымен, бұл неткен бай табиғат!). Кітаптың әр бетінде әр түрлі тіршілік дүниесі бар. Мұнда қазақ даласының хош иісті гүлі, қызыл шымқай қызғалдағы, қошқыл-кермек жусаны, сида-бұта шиі, домаланған қаңбағы, шиыр-шалғыны, кербез тауы, көк тіреген шыңы, түпсіз тұңғиық құзы, күлкішіл өзені, ақ айдын көлі, жасыл майса көгалы, торғын аспаны, шудаланған бұлты, сіркіреген жаңбыры, ақ ұлпа қары, асау бораны, ерке желі, тентек құйыны, шымыр сызы, шымшығыш ызғырығы, сұлаған бел-белесі, ойшыл орманы, тынысты тоғайы, ақ ару айы, жымыңы көп жұлдызы, мөлдір шығы, тұнжыр тұманы, алдамшы сағымы... - күндізі, түні, - қысы, жазы, күзі, көктемі... - бәрі, бәрі бар. Осының бәрі жан тебірентер ғажап, мың құбылған түрі бар, сан иірім сыры бар - тұтас бір образ, адам мекені, халық мекені - дала образы! Және, Әуезов пейзажы - бай палитраның түрлі-түсті бояуларымен келістіре салынған сурет қана емес, шынында да құдды жанды адам: дем алады, қозғалады, жадырайды, жабырқайды, күледі. Жылайды - дәл адамша әрекет етеді. Бұл шебер мелшиген қара тасқа тіл бітіріп, сөйлетіп, ән салғызады. Жел сызғырған бір түп қуқыл шиге немесе селдір қияққа шежіре шерткізіп, ертек айтқызып қояды. Суды кейде сылқаласысылқ күлдіреді. Кейде ызаға булықтырып, бұлқынтып байлап тастайды. Тауы сыздап, тұнжырап, ызғар шашады. Кейде қаңқаласықаңқ етіп сізге наз айтады. Аспаны мен жерінде не ғажап сыр бар. Айының оң қылығының бірін алып қараңызшы: сізбен жасырынбақ ойнап, бірде бетін баса қап, бірде көзін сығырайтып, күле қарап, құлдырап болады: Енді бірде аппақ адал пейілімен, бар ықыласымен ғашықтар жүрегінің лүпіліне үнсіз куә болады... Мынау не деген сырлы поэзия, сонымен бірге не деген терең философия: «Көптен қаладан шықпаған Абайға жаңа көктем енді ғана өзінің келе жатқанын баян етті. Сол жақта, алыс көкжиекте, көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінді. Қардан о да арылыпты. Кесек, жұмыр бір ғана қатты толқын бүктетіліп, түйіліп кеп, мәңгіге мелшиіп, қатып тұрып қалғанға ұқсайды. Айнала, сардала ортасында оқшау бітіп, оқыс тұрып қалған бір үзік тау. Мәңгі бақи жым-жырт боп, жәй созылған сахараның бір заманда әлденеден булығып, лықсып шыққан ереуіл толқыны ма? Ашу-қажыры ма? - сол бейнелі бөлек тау. Абай тау ажарынан осындай оқшау бір бітім көріп, қадала қарап отырып тымағын алды. Пысынаған басына, бетіне Семейтаудан ескен қоңыр жел кеп, леп тиді. Абай жер көркін, өз көңілін еркін өлең етіп кетті » Не деген әсер, эмоция! Осыны енжар, селқос оқу, тебіренбей, толқымай оқу мүмкін бе? Бұл - төрт кітаптағы табиғаттың мың суретінің бірі. Тіл қандай, бояу, ажар қандай? Жанды қимыл, мағыналы символ қайда жатыр? Шеберлік сыры неде? Осы проза ма? Жоқ, прозадағы поэзия! Нәзік те терең лиризм. Бұл - жансыз табиғат суреті емес, адамның жан толқыны, жүрек лүпілі, сан иірім сезім тіл тапқан. Қысқасы, кітаптың пейзажды беттері - қағаз емес, нақ тірі табиғаттың өзі. Адамды үйден шығарып алып кетеді. Бір жерде ақ кірпік боранға адасып кетеміз, енді бір жерде ауадағы дымқыл сыз бетке тиеді, тағы бір жер¬де ай нұрына малынып, тоғайда жүреміз, енді бірде маңдайымыздан шақырая қадалған күнге қолымызды қалқалаймыз... Бұл не нәрсе, бұл? Бұл - біріншіден, Әуезов құрғақ, сылдыр сөйлем құрмайды, ең әуелі өзі тебірене толқып алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді; екіншіден, Абай емес-ау, алдымен Әуезовтің өзі анық ақын: тұтанбай, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын; үшіншіден, Әуезов - суретші, нағыз художник - қағазды, кітап парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние-тіршілікке айналдырып жіберетін шебер; төртіншіден, Әуезов - терең психолог, оқырманның жан дүниесін сілкіп-сілкіп жіберетін күш! Демек, «Абай жолы» секілді ғасырлық туындыны тек осындай қабілет пен қасиеттің адамы ғана туғыза алады. ## Ұлы жазушының ұлы туындысы «Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қ. И. Сәтбаев аса әдемі айтты: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы жеке-жеке-ақ ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге парапар; ғалым-экономистер Қазақстанның XIX ғасырдағы халық шаруашылығының құрылысынан дәлме-дәл нақты мәлімет алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен танысады; ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң-жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды». Классикалық эпопеяда жан тебірентер көркемдік күшпен жинақталған өмірдің жиынтық шындығы ғылымның әр саласындағы маман адамдар үшін осындай таным-тағылым қайнары болса, қалың оқырман үшін Абайдан Дәрменге дейінгі барлық басты кейіпкерлер ақыл мен сананың, арман мен ойдың сарқылмас кені секілденеді. Демек, шығармаға ауадай керек нәрсе - парасат (интеллект) десек, «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады. Задында, таланттар тарихы мен тағдырын барлай қарасақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгіре алмай кеткен. Туған халқына мәңгілік мура болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. «Абай жолы» - ұлы жазушының ұлы туындысы - бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгіріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр. «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған (1993). ## Кітап кейіпкерлері ## Тараулары * Қайтқанда * Қат-қабатта * Жолда * Шытырманда * Бел-белесте * Өрде * Қияда * Тайғақта * Жайлауда * Еңісте * Оқапта * Асуда * Тарауда * Биікте * Эпилог * Абай аға * Кек жолында * Қарашығын * Өкініште * Қақтығыста * Қоршауда * Түн-түнекте * Құз-қияда * Қапада * Қастықта * Шайқаста * Жұтта * Эпилог ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Абай жолы аудиокітап
Ясауи тариқаты - Қожа Ахмет Ясауи негізін салған діни-сопылық мектеп. Ясауи тариқаты түркі сопылық дүниетанымы ерекшеліктеріне негізделген жалпы ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылады. ## Қалыптасу кезеңі Бұл тариқаттың қалыптасу кезеңі Аббаси халифатынан бөлінген тәуелсіз жекелеген саяси биліктердің қалыптасу дәуіріне сай келеді. Екінші кезең — Ясауи өмір сүрген дәуір мен Алтын Орданың құрылуы арасындағы Түркістандағы сопылық дүниетаным мен тариқаттардың даму дәуірі. Ясауи тариқаты калыптасуының алғы шарттары туралы әр түрлі көзқарастар бар. Ясауи тариқатының негізі "мубайиадун" және "карматтық" доктриналардан бастау алады деген тұжырым Бағдат пен Хорасан сопылық ағымдарының қалыптасуына айтарлықтай ықпалы болмағандығына сүйенеді. Яғни оған Түркістан аймағындағы дуалистік бағыттағы манихей ілімі мен дәстүрлі секталар негізінде қалыптасқан мубайидиттер ілімінің табиғи жалғасы ретінде қарайды. Түрік тарихшысы З.Уәлиди Тоған Ясауи ілімінің манихейлік пен шафиилік негізде қалыптасқандығын, сондай-ақ оның қарахан әулетінен шыққандығын айтады. ## Ясауи ілімі теориялық тұрғыдан Теориялық тұрғыдан Ясауи ілімі қалб, зауқ, илһам жолы аркылы мағрифатқа және батинға ден қояды. Яғни, оның ілімі рух пен нәпсіге мон беретін болса, карматилер толығымен саяси бағытта, сырт көрініске мән беретін акаидтық (ақаидтық) сипатта болса, Ясауи тариқаты толығымен рухани бағытта өрбиді. Ясауи тариқаты Халлаж әл-Мансұр жолының жалғасы деушілердің қатарында француз шығыстанушысы Массиньон Луис бар. Оның "аллаж әл-Мансур" еңбегінде Халлаждың түркі мұсылмандығында алатын орны кеңінен сөз бола¬ды. Ясауи Халлажды ислам әулиелерінің пірі деп таныған. Исбатйиа сопылық ағымының өкілі Мансур ол-Халлаж негізгі ерекшеліктерін сопылық дүниетаным категориялары ("фана фи Аллах" (Аллаға еру), "мухаббатуллах" (Аллаға ғашықтық), "тарк-и дүния" (Алладан басқаны төрк ету), "хикмет" (даналық), "ғашықтық (ашқ)", "мурақаба" (өзіне сын көзбен қарау), "тасфийиа-и калб" (жүректі арылту) деп айқындайды. Кейбір ерекшеліктері болмаса, Ясауи ілімінің мазмұны Халлаж іліміне сай келеді. Дегенмен бұл ілімнің теориялық негізінде исбатийаға қарағанда, Маламийа ағымының белгілері басым. Солай бола тұра, Ясауи хикметтерінде Мансұрдың аты мен жолы көп дәріптеледі. Маламийа доктринасына (негізін салушы Баязид Бистами), жалпы алғанда, дәстүрлі түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан. Адамның псих, халін зерттеуге бағытталған маламийа дүниетанымы тәңірге ішкі сезім мен түйсік арқылы "зауқ", "уажд" және "истиғрақ" халдерімен ұласып жатады. Бұл — Аллаға мойынсұнудың жолы. Маламийада Хақка қызмет — халыққа қызмет ету болғандықтан, негізгі талап адамды сүюге негізделген. Ясауи ілімінің өзегі маламийадағы сопылық психол. халдердің бастысы — маһу, адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарын жоюы; сакр — адамның ашқ (қуатты махаббат) және уирд (зікір) арқьшы фана мақамына (еркіндік мақамына) жетуі; елту, ләззат алуы; сатр — адамның ибадаты мен амалдарын жасыруы; уажд — адамның "өзін" жоғалтып, Хақты тауып, Аллаға қауышуы сияқты халдер мен мақамдар. Маламийа табиғатының барлық ерекшеліктерін "Диуани хикмет" пен "Миратул Қулубтан" көруге болады. Мұндагы маламийлік — сопылық философиялық ілім (доктрина), оны кейінгі ғасырларда тариқат ретінде пайда болған маламийлікпен шатастырмау керек. Ясауи тариқатының негізгі ерекшеліктері, кемелдікке жету жолында шәкірттерге койған талаптары ту¬ралы Хазини өзінің "Жауаһир ул Абрар мин Амуаж-ил Биһар" ("Теңіз толқындарындағы ізгіліктің ғауһарлары" немесе "Хақ жолындағы әулиелердің сырлары") деген еңбегінде мол дерек қалдырған. ## Негізгі этикалық ұстанымдары 1) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас: мүрид (шәкірт) ешкімді өзінің шейхынан (ұстазынан) артық санамауы және мойынсүнуы қажет (өйткені тариқатқа, рухани кемелдік жолына кірген шәкірт ұстазынан бөлек, өз бетімен жүріп-тұратын болса, оның рухани даму жолы жабылады);өз шейхының халі мен ишараттарын түсіне білуі үшін ақылды, сезімтал болуы;шейхының сөзі мен ісіне мұқият болуы;адал қызмет етуі, жалған айтпауы, сертінде тұруы тиіс;қажет болса, мүрид өзімен қоса барлық мал-мүлкін шейхының қажетіне беруге дайын болуы керек, өйткені "батин (ішкі) көзі" басқаша ашыла алмайды;шейхының сырларын сақтауы, барлық насихаты, уағызы мен нұсқауларын орындауы тиіс;Хаққа қауышу жолында шейхы үшін жанын беріп, оның досымен дос, дұшпанына дұшпан болуы кажет (бұл шарттар психологиялық негізде). * мүрид (шәкірт) ешкімді өзінің шейхынан (ұстазынан) артық санамауы және мойынсүнуы қажет (өйткені тариқатқа, рухани кемелдік жолына кірген шәкірт ұстазынан бөлек, өз бетімен жүріп-тұратын болса, оның рухани даму жолы жабылады); * өз шейхының халі мен ишараттарын түсіне білуі үшін ақылды, сезімтал болуы; * шейхының сөзі мен ісіне мұқият болуы; * адал қызмет етуі, жалған айтпауы, сертінде тұруы тиіс; * қажет болса, мүрид өзімен қоса барлық мал-мүлкін шейхының қажетіне беруге дайын болуы керек, өйткені "батин (ішкі) көзі" басқаша ашыла алмайды; * шейхының сырларын сақтауы, барлық насихаты, уағызы мен нұсқауларын орындауы тиіс; * Хаққа қауышу жолында шейхы үшін жанын беріп, оның досымен дос, дұшпанына дұшпан болуы кажет (бұл шарттар психологиялық негізде). 2) Түпкілікті 6 үкім (аһкам): Алланы тану;жомарттық;шынайы адалдық;йакиннің (шекеіз таным) моніне қанык болу;тәуекел;тафаккул (терең ой). * Алланы тану; * жомарттық; * шынайы адалдық; * йакиннің (шекеіз таным) моніне қанык болу; * тәуекел; * тафаккул (терең ой). 3) Шейх болушы: дін ғылымына қанық, жұмсақ мінезді, сабырлы, ықыласты, Хақ ризалығымен кауышқан, Хаққа жақын болуы тиіс. 4) Тариқаттың 6 міндеті (уажиб): кемелдікке жетуте талаптану;Хақка жақындауға тырысу;Хаққа қауышу үшін жан сала ұмтылу;Хақ жолында қауып пен үміт халінде болу;үнемі зікірде болу;үнемі Хақикат туралы сөйлеу. * кемелдікке жетуте талаптану; * Хақка жақындауға тырысу; * Хаққа қауышу үшін жан сала ұмтылу; * Хақ жолында қауып пен үміт халінде болу; * үнемі зікірде болу; * үнемі Хақикат туралы сөйлеу. 5) Тариқаттың 6 түрлі дәстүрлі жолы (сунна): көппен бірге намаз оқу;таң сәріде ояу болу;үнемі дәретті, таза болу;өзін үнемі Алланың құзырында сезіну;Алланы ешқашан естен шығармау (зікір ету);салиқалы және кемел адамдарға, билеуші әмірге тағатты болу. * көппен бірге намаз оқу; * таң сәріде ояу болу; * үнемі дәретті, таза болу; * өзін үнемі Алланың құзырында сезіну; * Алланы ешқашан естен шығармау (зікір ету); * салиқалы және кемел адамдарға, билеуші әмірге тағатты болу. 6) Тариқаттың 6 ерекше касиеті (мустаһаб): қонақжайлылык;жағдайына қарай қонақ күту;конақтың коп қонуын ырыс деп білу;қонақтың көп болуына көңіл бөлу;қонақтың тілегін орындау;Қожа Ахмет Ясауиге және өз уақытының шейхына дұға, тілек ету. * қонақжайлылык; * жағдайына қарай қонақ күту; * конақтың коп қонуын ырыс деп білу; * қонақтың көп болуына көңіл бөлу; * қонақтың тілегін орындау; * Қожа Ахмет Ясауиге және өз уақытының шейхына дұға, тілек ету. 7) Тариқаттың 6 этикалық тәртібі: екі тізерлеп, қарапайым, әдепке сай отыру;өзін барлық адамнан төмен санау;барлық адамды өзінен артық санау;ұстаздарды құрметтеу;шейхтардың алдында рұқсатсыз сөз сөйлемеу;олардың айтқан ақылдарын естен шығармау. * екі тізерлеп, қарапайым, әдепке сай отыру; * өзін барлық адамнан төмен санау; * барлық адамды өзінен артық санау; * ұстаздарды құрметтеу; * шейхтардың алдында рұқсатсыз сөз сөйлемеу; * олардың айтқан ақылдарын естен шығармау. 8) Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің 4 шарты: Мақан (кеңістік),аман (уақыт),михуан (бауырмалдық — өзара ынтымақтастық),рабт-и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік). * Мақан (кеңістік), * аман (уақыт), * михуан (бауырмалдық — өзара ынтымақтастық), * рабт-и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік). 9) Ясауи тариқаты — дауыстап зікір салатын "жаһри тариқат". Кейбір зерттеушілер — жаһри тариқатгың негізін салған Қожа Ахмет Ясауи деген пікірде. Ясауи тариқаты салатын зікір түрі сопылық әдебиеттерде көбіне "ара зікір" деп те аталады. 10) Ясауи тариқатындағы қылует — мүридтің бар ықыласын белгілі мақсатқа бағыттауы және кейбір арнайы зікірлер арқылы риязаттарды орындау үшін шейхтың мүридінің рухани халін қараңғы, сыртқы әлемнен жырақ орындарда, яғни жерден қазылған мекенде, белгілі уақыт ішінде торбиелеуі. Ясауи тариқаты 12 ғасырда Мауераннахр, Түркістан, Ферғана, яғни казіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Тәжікстан аумақтарына таралды. Осы жерлерде Ясауидің ілімі мен рухани құндылықтарын жалғастырушылар өзіндік із қалдырды. Сондай-ақ түркі мәдениеті негізінде құрылған барлық тариқатгар осы тариқат негізінде калыптасты. Мұны Нақшбандийа мен Кубраийа (Нажмаддин Кубра) силсиласында Қожа Ахмет Ясауи шәкірттерінің кезігуінен көруге болады. ## Дереккөздер
Абай планетасы – Күн жүйесіндегі шағын планета. Марс пен Юпитер планеталары аралығында қозғалады. Оны украиндық астроном Н.С. Черных ашып (1979 жылы), Абай есімін берген. Халықараралық планеталарды зерттеу орталығы Абай планетасын 4466-планета ретінде тіркеп, каталогқа енгізді. Абай планетасы Күнді әр бес жылда төрт күнде бір айналып шығады. Ол аспанда тәулігіне 0,19540629 градусқа ығысады. Үлкен жарты осінің мөлшері 0,0279154 астрономиялық бірлікке тең. Орбитасының эксцентриситеті 0,0279154 градус. ## Сілтемелер * Марс * Юпитер * Орбита ## Дереккөздер
Нығмет Ғабдуллин (26.12.1927, Көкшетау облысы Рузаев ауданы Шұқыркөл ауылы – 11.7.2005, Алматы қаласы) – филология ғылым докторы (1972), профессор (1975), Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері (1998). * Қазақ педагогика институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік университетін) бітірген (1950). * 1950–1969 жылдары республикалық баспасөз орындарында, * 1962 жылдан жоғары оқу орындарында қызмет еткен. * 1988–1997 жылдары Алматы мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болды. * «Қазіргі қазақ әдебиетінде жаңа адамды бейнелеу проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. ## Шығармалары * Менің достарым. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1951; * Алғашқы сапар. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1953; * Жаңа таны отар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1955; * Құрбылар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; * Гүл. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; * Қызық дәурен. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963; * Өмір, қымбатсың маған. Повесть. А., «Жазушы», 1966; * Сарғайған жапырақ. Повесть. А., «Жазушы», 1970; * Жігер. Роман. А., «Жазушы», 1983; * Уақыт сыры. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1981; * Ғабит Мүсірепов - драматург. Монография. А., «Өнер», 1982; * Махаббат жыры. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1998. ## Дереккөздер
Қожа Ахрар, Убайдуллаһ Насираддин әл-Ахрар Махмуд аш-Шаши (1404, Ташкент өңірі – 1490, сонда) – діни, саяси қайраткер, әулие-ишан. Қожа Ахрар шейхтер әулетінен шыққан, Самарқан медресесінде діни білім алған. 1431 – 32 жылы шамасында нақшбандийа тариқатын ұстанған Йакуб Чархимен кездесіп, өзіне пір тұтады. Қожа Ахрар мол байлығын дін жолына, қайырымдылық істерге, мемлекеттің бірлігін нығайтуға жұмсады. Ол елдегі тәртіп үшін өзінің мемлекеттік істерге араласуын Алланың бұйрығымен, ал дәулетінің өсуін “баракат” (береке), яғни тылсым құт даруымен түсіндіреді. Қожа Ахрар Кабул, Ташкент, Самарқан қалаларында ірі медреселер салдырды. Ол биліктегі шағатай әулетінің хандары мен бектеріне дінге жат кейбір әдеттерді, жүгенсіздікті, алауыздықты тыю, шариат жолын нығайту жайлы ашық үндеулер жасап, хаттар жолдады. Әбу Сайид (1451 – 1469) және Ахмед Мырза (1469 – 1492) сұлтандардың өзіне мүридтігін пайдалана отырып, Қожа Ахрар Орталық Азияға шын мәнінде 40 жыл бойы өз ықпалын жүргізді. Қожа Ахрар өмір сүрген тұста Орталық Азиядағы нақшбандийа тариқаты шарықтау кезіне жетеді. Бұл тариқат қадырийадан кейінгі ислам әлемінде ең көп тараған сопылық ұйымға айналды, әсіресе, ол Анадолы жері мен Үндістанға өз ықпалын жүргізді. Қожа Ахрардан орталық азиялық, батыс-түркиялық және үндістандық деп аталатын нақшбандийаның үш бұтағы тарайды. Әлішер Науаидің жазуынша, Қожа Ахрардың мүридтері қатарында тіпті Иран, Әзірбайжан, Түркия, Мысыр, Үндістан билеушілері де болған. Шығыс ақындары мен ойшылдары (Жәми, Науаи, Бабыр) Қожа Ахрардың мүридтері болып, әулиені дәріптеген. Мұхаммед Хайдар Дулат “Тарихи Рашиди” деп аталатын еңбегінде атақты Жүніс ханмен бүкіл Моғолстан жұртының Қожа Ахрарды салтанатпен қарсы алғандығы, оның аяғы басқан жерді сүйгені, барлығының да оған мүрид болғаны жайлы айтылады. 1500 жылы Мауераннахрды жаулап алған көшпелі өзбектер (шайбанилер) Қожа Ахрардың ұрпақтарының мүлкін тәркілеп, ықпалын тоқтатты. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы
Райхан Әутәліпқызы Егеубаева (15 қаңтар 1944 жылы туған, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тұңғыш ауылы) – биология ғылымының докторы (2003). Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын (1967) және Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1978) бітірген соң осы институтта зертханашы (1970–75), кіші ғылыми (1980–89), ғылыми (1989–91), аға ғылыми қызметкер (1991–97), лаборатория меңгерушісі (1997–2005), 2006 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. «Эфирномасличные растения Юго-Востока Казахстана и пути их рационального использования» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Егеубаева 120 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы; 2 патенті бар. ## Дереккөздер
Надежда Вениаминовна Казаченко (1947 жылы туған, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы. (1993). ## Өмірбаяны * Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1971, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. * Степногорск (1971–73) емханасында дәрігер-офтальмолог. * Қарағанды (1973–75) қалаларындағы емханада дәрігер-офтальмолог. * Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында аға зертханашы, ассистент, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкері (1976–97) болды.1997 жылдан бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. * 1997 жылдан бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектері Казаченконың 110-нан астам ғылыми-зерттеу мақаласы, 1 монографиясы жарық көрген. ## Дереккөздер
Қожабай Тоқсанбайұлы (1841, Қарағанды облысы Жезді ауданы - 1918, сонда) - ақын. Найман тайпасының Бағаналы (ру) руынан шыққан. "Балапан қанат бітіп ол ер жетер, Кедейді байлар бақтым деген ол бекер. Ешкімді асырамас ешкім бағып, Әр адам мұратына іздеп жетер", "Кел, Қожабай, сөз сөйле", "Қазақ баласына" өлеңдері, "Төлен сөзі" дастаны сақталған. Қожабай Шығыс әдебиетіндегі дәстүрді сақтай отырып (бір ұйқаспен бастап, сонымен аяқтау, өз атын жырға қосу, т.б.) сондай аңыз-дастандар мазмұнын еркін пайдаланған. Бір топ жырлары Қожа Ахмет Иасауи хикметтерімен үндесіп, дін тақырыбына да жүйрік екенін аңғартады. Қожабай қысқа лирика өлеңдерімен қатар, кең тынысты эпикалық туындылар да шығарған. Қожабай Тоқсанбайұлы (1841, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Балажезді мекені – 1918, сонда) – ақын. Бауырына басқан Тайлақбай атасынан ерте айрылған бала Қожабай 6 – 7 жасында-ақ ауызша мұңлы өлеңдер шығара бастаған. Ауыл молдасынан сауат ашқан. Баршылық пен жоқшылық, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктер Қожабай жырларының өзекті тақырыбына айналды. Ол “Бай болмақ, кедей болмақ – бір Алладан” деген қалыптасқан қағидаға адал еңбек пен қажымас талапты қосады. Алла “Кел, Қожабай, сөз сөйле заманыңның зарынан” деген толғауында қоғамдағы кереғар құбылыстарға көзқарасын айқын танытса, “Қазақ баласына” атты жырында Сыр бойын жайлаған елдің кәсіп-тіршілігін салыстыра отырып ой түйеді, ел бастаған жақсылардың игі істеріне ризашылығын білдіріп, кейінгілерге үлгі етіп ұсынады. Қожабайдың Амангелді Имановқа хат ретінде жазған жыры болашаққа деген үміт пен жақсы тілекке толы. Ақынның “Ортадан асып барады менің жасым” деген ұзақ толғауы өмір мен өлім, баршылық пен жоқшылық, әділдік пен зұлымдық туралы философиялық ой түйетін күрделі туынды. Шығармадан Қожабайдың Шығыстың классикалық әдебиетімен жақсы таныс болғаны аңғарылады. Ақын шығармалары хақында ғалым М.Жармұхамедов жүйелі зерттеулер жүргізген. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы ## Дереккөздер
ҒАБДУЛЛИНА Қанапия (1947 ж.т., Алматы облысы Қаратал ауданы Кәлпе ст.) – әлеуметтану ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993). ҚазПИ-ді (1970, қазіргі ҚазҰПУ) және осы ин-ттың аспирантурасын (1973) бітірді. 1973–74 ж. Қазақстан ЛКЖО Совет ауданы комсомол к-тінде (Алматы қ.), 1974–96 ж. Ташкент т. ж. инж-лері, Алматы т. ж. көлік инж-лері ин-тында (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) қызмет істеді. 1996 жылдан кафедра меңгерушісі. 150-ден аса ғыл. еңбегі, оның ішінде 5 монографиясы жарияланған. ## Шығармалары * Трудовые коллективы села, ауылы-А, 1990; * Судьба Казахстанского села, ауылы, 1994; * Социология и социальная жизнь, ауылы, 1996. ## Дереккөздер
Николай Степанович Калачев (20 маусым 1908, Алматы облысы, Сарқант қаласы – 7 шілде, 1974, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968). ## Өмірбаяны * Орта Азия институтын (1931, Ташкент) бітірген. * «Гидроэнергопроект» ғылыми-зерттеу институтында жетекші, бас инженер (1931–44) * Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі (1944–74) қызметтерін атқарған. ## Ғылыми еңбектері Оның негізгі ғылыми еңбектері су энергетикалық кадастрларды жасау тәсілдеріне арналған. ## Марапаттары «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Алтынтөбе – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Отырардың солтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 1947, 1949 ж. (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1969–70, 1986 ж. (жетекшісі К.А.Ақышев) зерттеген. Қала орны солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан төртбұрышты төбе. Сыртқы қорғаныс қабырғалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 950 м, батыстан шығысқа қарай 500 м. Цитаделі мен шаһристаны орта тұсында орналасқан. Цитадельдің биікт. 12,5 м, аумағы 100х100 м. Оңтүстік шетінде орналасқан шаһристанның сыртынан қоршаған дуалдың әр жерінде күзет мұнараларының орындары сақталған. Қабырғаларының аумағы 100х160 м, биікт. 6,5 м. Жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қыштан, шыныдан жасалған ыдыстар, темір заттардың қалдықтары табылды. Бөлмелердің бірінің еденінен табылған түргеш дәуірінің теңгелері қаланың уақытын анықтауға көмегін тигізді. Ол Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде 8–10 ғасырлар аралығында пайдаланылған. Құйрықтөбе, Көкмардан, Марданкүйік, тағы басқа қалалар секілді Отырардың серігі болған. Қазба кезінде алынған заттай деректер қаланың біздің заманымыздың басында қалыптасып, 11-ғасырларға дейін болғанын көрсетеді. ## Сілтемелер * Алтынтөбе - Отрар ауданы әкімдігінің ресми сайты(қолжетпейтін сілтеме) * Алтынтөбе кен орны / Көрнекті орындар / Портал visitkazakhstan.nur.kz ## Дереккөздер
Каллаур Василий Андреевич (1838 жылы туған – 1918 немесе 1919 ж. ө.) – шығыстанушы, Әулиеата қаласының белгілі зерттеушісі. Археология әуесқойларының түркістандық үйірмесіне белсене қатысушы. Каллаур Қазан төңкерісі қарсаңында қазақ халқының тарихы жөнінде нақты материалдарды жинастыруға көп еңбек сіңірді. Ширек ғасыр бойы ежелгі Қазақстанның археологиясын зерттеп, жергілікті өлкетанушылармен бірге археолия. ірі жаңалықтар ашты. Каллаур 1876 жылдан Әулиеата уезінің, 90 жылдардың аяғынан бастап Перовск уезінің бастығы болды. 1908 – 1909 ж. ш. Киевке ауысты. Жетісудағы ежелгі түркі сына жазуларын алғаш ашты. Бұл Талас өзіні алқабындағы Айыртам – Ой қыстауынан табылған тастағы жазу еді. Осы аса маңызды археолия жаңалық жөніндегі хабар Ресей археолия қоғамы шығыс бөлімшесінің жазбаларында басылды. Жазу (С.Е. Маловтың пікірі бойынша ең кемінде 8 ғасырға жатады) Жетісудағы ежелгі түркі тайпаларының мәдениет дәрежесі жоғары болғанын көрсетеді.Каллаур Қазақстанның оңтүстігіндегі көптеген археология ескерткіштерді тізімге алып, тарихи топография мен топонимика тұрғысынан зерттеді. Ол Әулиеата уезіндегі сауда жолдарының жоспарын жасап, оларды Тараздан Шығыс Түркістанға қарай асатын ежелгі жолдармен жалғас деп есептеді және жолдар бойындағы араб жол анықтамаларында көрсетілген ежелгі жер аттарын зерттеушілердің карталарындағы қазіргі аттарымен, тұрған жерімен салыстыруға тырысты. Осы жолдың батыс шегіндегі – Тараздан Исфиджабқа (Сайрамға) дейінгі қала орындарына сипаттама жазып, оларды жазба деректемелердегі ежелгі қалалармен ішінара салыстырып, Әулиеата бекінісінің жоспарын жасады. Бұл жоспар бертін келе ежелгі Таразды зерттеушілерге көп көмек тигізді. Талас өзені бойындағы үлкен магистральды канал мен одан тарайтын арықтар жүйесін, ондағы күзет бекіністерін зерттеді. Сырдария бойындағы қалалардың тарихы жөнінен құнды материалдар жинады. Көптеген бекіністер мен қорғандардың қираған орындарында (Сунақата, Асанас, Құймакент, т.б.) зерттеулер жүргізді. 1901 – 1902 жылы Перовск уезінің Сауран, Приречной, т.б. болыстарындағы қираған ежелгі қалалардың орнын барлап, картаға түсірді. Жаңадария өңіріндегі ежелгі қалалар мен елді мекендерді сипаттап жазды.Каллаур Қазақстанның оңтүстігіндегі архитектор ескерткіштер (Әулиеатадағы Қарахан мазары, Талас өзені бойындағы Ақ Кесене, Көк Кесене бекіністері, Сығанақ жанындағы Айша бибі мавзолейі, Көккесене мавзолейі, ежелгі Қазақстанның басқа да архитектура ескерткіштері) жайында құнды деректер қалдырды. Каллаур орта ғасырдағы шығыс қолжазбаларын, акт материалдарын, халық аңыздарын (мыс., Ақыртас құрылысы жөнінде) және т.б. фольклорлық материалдар жинаушы ретінде де танымал. Қазақстандың еңбектерін В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, Қазақстанның орта ғасырдағы тарихын зерттеуші басқа да ғалымдар жоғары бағалады. ## Дереккөздер
Анатолий Афанасьевич Калюжный (15 ақпан, 1952 жылы туған, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Горноводск ауылы) – педагогика ғылымдарының докторы (1995). ## Өмірбаяны * Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген. * Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданындағы мектептерде мұғалім (1973–79) * 1979 жылдан Ақтөбе педагогика институтында декан, проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. ## Ғылыми еңбектері * Ғылыми-педагогикалық жұмыстарын білім беру ісімен ұштастыра жүргізді. * Калюжный 70-тен астам ғылыми мақаланың, оның ішінде бірқатар [кітап] пен әдістемелік құралдардың авторы. ## Дереккөздер
Төлеген Жамалбекұлы Егембердиев (6 қаңтар 1950 жылы туған, Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Тескентоған ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (2006). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1992). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Жамбыл облысы ауруханасында хирург-ординатор (1972–76) болып істеді. А.Н.Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименттік институттың жүрек-тамыр хирургиясы клиникалық ординатурасында (1976–78) оқыған. Кейін Сызғанов атындағы Ғылыми хирургия орталығының жетекші ғылыми қызметкері болды. Егембердиев ұсынған жаңа типті жасанды тамыр биопротездері 1979 жылдан бері жүрек-қан тамырларын хирургиялық емдеуде және бүйректі ауыстырып салуда (аллотрансплантация) кеңінен қолданылуда. «Сосудистые заменители в хирургическом лечении окклюзионных поражений брюшной аорты и артерий нужных конечностей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Егембердиев 50-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің авторы. Ресей Тамырлар хирургиялық қоғамының мүшесі (1992). ## Дереккөздер
Тұрсын Хафизұлы Ғабитов (1947 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылы) – философия ғылым докторы (1997). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1971–79 ж. ҚазҰУ-да ассистент, 1979–83 ж. осы университетте оқытушы, 1983–91 ж. доцент, 1991–95 ж. кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан профессор Ғабитов 28 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы.
Рахман Алшанов (13.9.1947 ж.т., Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы) – экономика ғылыми доктор (1992), Қазақстан Республикасының Инж. академиясының академигі (2000). ҚазМУ-ды бітірген (1974). Осы университеттің философо-экономикалық факультетінде аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер, декан (1974–1988), Республика мәдениет қызметкерлері біліктілігін жетілдіру инcтитутының ректоры (1988–1992), Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің шығармашылы0 ортасының төрағасы (1991–94), Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылм Академиясының Сыртқы экономика байланыстар орталық директорының орынбасары (1992–93), «Тұран » университетінің ректоры (1992), ал 1999 жылдан Қазақстан білім беру мекемелері ассоциациясының президенті қызметтерін атқарады. ## Шығармалары Алшановтың 39 ғылыми еңбегі, оның ішінде бірқатар кітаптары («Диалектика экономических противоречий и диалектические циклы экономического развития», «Теория противоречий и проблемы ее развития») жарық көрген. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Рахман АЛШАНОВ, президент Ассоциации вузов РК * Biografia.kz - Государство - Образование - Алшанов Рахман Мұрағатталған 8 маусымның 2011 жылы.
Арынғазы Әбутәліпұлы Егеубаев (7 мамыр 1941 жылы туған, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тұңғыш ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылыми академиясының академигі (1995) Тарақты руынан шыққан. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1968) және аспирантурасын (1974) бітірген. Еңбек жолын веттехник (1961–63) болумен бастаған Егеубаев институтта комсомол комитетітінің хатшысы, ассистент, аға оқытушы, доцент (1975–86), кафедра меңгерушісі, декан, проректор (1986–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кафедра меңгерушісі, Жоғары фермерлер мектебінің жетекшісі. 1995 ж. «Микроминеральное питание жвачных животных в никеловой биогеохимической провинции Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Егеубаев 80-нен астам ғылыми-зерттеу еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Асқар Құрмашұлы Егеубаев (6 наурыз 1950 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қыстау Күршім ауылы – 8 қазан 2006 жылы, Алматы қаласы) – ақын, аудармашы, сыншы, филология ғылымының докторы (1999). * ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. * «Қазақстан коммунисі» журналында (1974–84), * «Қазақ әдебиеті» газетінде (1984–87), * «Жазушы» баспасында (бас редактордың орынбасары, 1987–88), * «Жұлдыз» журналында (1988–89), * «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында (бас редактордың орынбасары, 1989–90), [ * Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінде баспасөз хатшысы, * Қазақстан Парламенті Сенаты аппаратында кеңесші (1991–97), * ҚазҰУ-да оқытушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде бағдарлама жетекшісі (1997–2001) болды. * 2001 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. ## Шығармашылығы «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі (Х–ХІІ ғасырлар: көркемдік-эстетикалық ізденістер мен түрленулер)» деген тақырыпта докторылық диссертация қорғаған. «Сыр мен сымбат» (1981), «Сөз жүйесі» (1985), «Әділет» (1990), «Аламан» (1996), «Қала салған қазақтар: Поэмалар» (2002), «Тайқазан: Дастандар мен өлеңдер» (2003), «XX ғасырдың екі сағаты» (2005), «Жүсіп Баласағұн: Роман-эссе» (2005), т.б. кітаптардың авторы. Түркі мәдениетіне қатысты көне әдеби мұраларды қазақ тіліне аударып, зерттеу жұмысымен айналысқан. Ж.Баласағұнның «Құтадғу білігін» қазақ тіліне аударды (1986). Бұл кітап 1989 ж. Пекиннің Ұлттар баспасынан араб әліпбиімен екінші рет жарық көрді. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегін қазақ тіліне аударды (1998). «Кісілік кітабы» (1998), «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» (1999), «Құлабыз: Поэтиканың тарихилығы» (2001) т.б. монографиялары жарық көрген. Қазақстан Ленин комсомолы (1984), Жамбыл атындағы халықаралық (1996), Махамбет атындағы (2003) сыйлықтардың лауреаты. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының құрметті азаматы (2000). «Құрмет» орденімен (2003) және медальдармен марапатталған. ## Сыртқы сілтемелер http://imena.pushkinlibrary.kz/kaznames/litegeubaevkz.htm Мұрағатталған 5 қарашаның 2019 жылы. ## Дереккөздер
Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев (9 қазан 1951, Қарағанды қаласы) — химия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). Қазақ мемлекеттік университетін (1973, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. ## Қызмет жолы 1977–1981 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 1981–1985 ж. Қарағанды кооперативтік институтының доценті, 1985–1996 ж. Органикалық синтез және көмір химиясы институтының ғылыми хатшысы, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1996–1998 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры болды. 1998–2004 ж. Органикалық синтез және көмір химиясы институтыты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 2004 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі акададемик-хатшысының орынбасары, Қарағанды техникалық университетінің ректоры. ## Зерттеулері Ғазалиевтің негізгі ғылыми-зерттеулері жаңа биологиялық активті заттарды жасауға арналған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі ақпарат(қолжетпейтін сілтеме)
Қожабақы — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Аранды ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1876 адам (970 ер адам және 906 әйел адам) болса, 2009 жылы 1698 адамды (868 ер адам және 830 әйел адам) құрады. ## Тарихы Ауыл 1977 жылы мал бордақылау бірлестігінің бөлімшесі болып келді. Қазіргі уақытта Қожабақыда және округке қарасты Бірлік, Аранды ауылдарында “Қожабақы” ӨК мен АҚ, 11 шағын кәсіпкерлік, 6 шаруа қожалығы жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Әліке батыр (19 ғасыр) — Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, Базар батырдың туған бауыры. Руы — Қуандық. Әкесі — Ес батыр, шешесі — Кіші жүздегі Мамай батырдың қарындасы. Ағыбай, Байтабын батырлар сияқты Базар батырмен бірге көтерілісшілердің жекелеген қолын бастап, ханның жауапты тапсырмаларын орындап тұрған. Зираты Қарағанды облысы Теңіз ауданы Сарыөзен ауылының батысындағы Тікенекті қорымында. ## Дереккөздер
Әлімбеков Имам (1883 — 17.09.1938 жылдары өмір сүрген) — “Алаш” партиясының қайраткері, ағартушы, публицист. Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесін,Семей мұғалімдер семинариясын бітірген. Қазан төңкерісіне дейін Семей мектептері мен гимназияларында мұғалім болды. 1917 — 18 ж. Семей өңірінде “Алаш” партиясының облыстық және уездік ұйымдарын құруға белсене қатысты. Облыстық қазақ комитетінің мүшесі, “Алаштың” Семей обкомы төрағасының орынбасары, “Қазақ” газеті басқармасның қызметкері, “Сарыарқа” газетінің редакторы, Алашорда атты әскерлер полкін жасақтаушылардың бірі, Семей уездік Кеңесінің мүшесі болды . 1919 ж. көктемінде колчакшылардың абақтысында отырып шықты. Кеңес өкіметі кезінде Әлімбеков ағартушылық қызметке ден қойды. 1920 жылдан бастап Қарқаралы педтехникумында, Бесоба, Милыбұлақ, Қу болыстарындағы, Ақтоғайдағы мектептерде, Қызылжар техникумында оқытушы болды. 1933 жылы “Алаш ісі” бойынша Мағжан Жұмабаевпен бірге 10 жылға сотталып кетеді, бірақ 1935 жылы босанып шығады. Қарқаралыға қайтып, бір кездері өзі ашқызған Бесоба мектебінде оқытушы болып істеп жүргенде қайта ұсталады. Семей облысы УНКВД үштігінің үкімімен 1937 жылы 17 қыркүйекте ату жазасына кесілді. 1990 жылы 15 наурызда ақталды. ## Дереккөздер
“Әлім” — дастан. Авторы Досымхан Төлебайұлы туралы еш дерек жоқ. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған дастан екі жастың махаббатына арналған. Шығарма оқиғасы ақ пен қызыл боп шайқасқан азамат соғысы кезінде болады да, Баттал деген байдың қызы Рәзия мен кедей баласы Әлім арасындағы махаббат иірімдері арқылы өрбиді. Дастан Баттал байдың опасыздығы салдарынан болған екі жастың өлімімен аянышты аяқталады. Жыр идеясы — сүйгеніне қосыла алмаған қыз тағдыры арқылы әйел теңдігі мәселесін көтерген. Дастан толық емес, бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының ОҒК қорында сақтаулы. ## Дереккөздер