text
stringlengths
3
252k
Иірсу-Дәубаба қорықшасы – республикалық маңызға ие зоологиялық қорықша. ## Географиялық орны Түркістан облысы Түлкібас ауданының жерінде 19 мың га жерді алып жатыр. Талас Алатауының қиыр батысындағы тау жоталарында (биіктігі теңіз деңгейінен 1800 метрге дейін) орналасқан. ## Жер бедері мен флорасы Жер бедері адырлы-шоқылы болып біткен. Бетегелі далада астық тұқымдастары мен шалғындық шөптесін өсімдіктер және бұта (итмұрын, долана, ырғай, т.б.) өседі. Қорықшаның жер бедері сай-салалы, ойысты, құлама жарлы келеді. Сайлы жерлерде әр түрлі жеміс ағаштары (алма, шие, т.б.) мен шағын ормандар кездеседі. ## Фаунасы Жануарлардан – елік, қасқыр, түлкі, қызыл суыр, сібір таутекесі, т.б. мекендейді. Құстардан кекілік көп, ал өзендерінде көкбас пен қаяз балықтары кездеседі. Қорықшада сирек кездесетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген бүркіт, жұртшы, қара дегелек, Тянь-Шань қоңыр аюы, үнді жайрасы, әсіресе, Мензбир суыры қорғалады. 2006 жылы Сайрам-Өгем ұлттық паркінің құрамына кірді. ## Дереккөздер
Иттабандар тұқымдасы (иттабан тұқымдасы Frankeniaceae) – бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. Барлық құрлықтың (Антарктида ғана кездеспейді) субтропиктік және жылы аймақтарындағы теңіздер мен тұзды көлдер жағалауларында кездесетін 4 туысы, 90-нан астам түрі белгілі. Қазақстанда Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары, Арал теңізі маңы, Балқаш – Алакөл ойысындағы далалық сортаңды жерлерде кездеседі. Иттабандар тұқымдасының гүлдері қос жынысты, тостағанша жапырақшалары 4 – 7 тісті, бірігіп келген. Күлтесі (4 – 7) бірікпеген, күлгін, қою қызыл, ашық қызыл, сирек ақ түсті келеді. Аталығы 4 – 6, ал аналығы – біреу. Жемісі – бір ұялы қорапша. Қазақстанда 1 туысы – иттабан бар. ## Сілтемелер
Темірғали Оразғалиұлы Есембеков (20 қазан 1953 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Сұлушоқ ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1998), професор (2000). * Уақ тайпасынан шыққан. * 1991–1999 Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, филология факультетінің деканы болды. * Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының, * 1999–2000 Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. * 2000 жылдан ҚазҰУ-дың әдеби шығармалар және көркем аударма теориясы кафедрасының професоры «Қазақ прозасындағы драматизмінің көркемдік-эстетикалық мән-маңызы» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Оның ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты әдебиет теориясы және әдеби ізденістердің методологиясы мәселелеріне арналған. * Есембеков 100-ге жуық ғылыми-зертеудің еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Қозыбай – ежелгі палеолит (тас) дәуіріндегі тұрақ. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылынан батысқа қарай 2 километр жерде, Қалғұтты өзенінің сол жағалауында. Оны 1989 жылы Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнология институтының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын археологиялық экспедиция тобы (жетекші Ж.Таймағамбетов) ашқан. Өзеннің биік жарқабағынан ежелгі адамдар жасаған тас құралдар табылған. Өзектас, жарықшақ, тас жаңқа, апқы құрал, екі жағы өңделген құралдар, тағыда басқа тас саймандар шақпақ тас жынысынан жасалған. Қозыбай Шығыс Қазақстандағы ерте кезеңге жататын ескерткіштердің бірі. Ол Қазақстанның шығыс өңірін ежелгі палеолит дәуірінде адамзаттың мекендегенін айғақтайды. ## Дереккөздер
Қозыбасы, Қозыбашы – тарихи дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аумақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау іргесінде және Іле Алатауының солтүстік-батысындағы Қозыбасы деген шоқыда кездеседі. «Манас» эпосында айтылғандай Шу өзенінің бас жағында да (Қырғызстан жерінде) бар. Төрт Қозыбасы да Шу атырабымен іргелес жатыр. Шу бойы мен Қозыбасы тауы – география тұрғыдан алғанда 14 – 15 ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. ## Дереккөздер
Қозыжауырын жебе – жақтың оғының сауытсыз қарсыласқа қолданылатын жебесі. ## Сипаты Қозыжауырын жебе темірден соғылып, жалпақ, жетелі болып жасалды. Оқтың сабына жетесінен кіргізіліп, желімделіп орнатылды. Қозының жауырынына ұқсас пішініне байланысты қазақтар жебенің бұл түрін «қозы жауырын» деп атаған. Жақтың оғының жебесінің бұл түрі көне түркі заманында пайда болды. Көшпелілер обаларынан, молаларынан табылған археологиялық материалдарда жебенің бұл түрі жиі кездеседі. Қозыжауырын жебенің ұштары түрліше – үшбұрышты, тегіс, доғалана келген немесе ішіне қарай ойыс болып жасалған бірнеше нұсқалары болды. Ұшы ойыс болып жасалған кескiр қозыжауырын жебелерді адамның, аңның дене мүшесiн кесiп түсу үшiн қолданды. ## Тарихи дерек Қозыжауырын жебенің әр түрлері қазақтарда ХIХ ғасырға дейін қолданылып келді. Қазақтың қозыжауырын жебенің бір нұсқасының суреті қазақтың алғашқы ғалымы Ш.Ш. Уәлихановтың қазақ қару-жарағы туралы жазған еңбегінде кездеседі. Қозыжауырын жебелі оқ қазақ батырларының қаруы ретінде халық ауыз әдебиетінде де айтылады. Тілдегі метонимиялық құбылысқа байланысты «қозыжауырын жебе» сөзін ауыз әдебиетінде осындай жебелі садақ оғының эвфемистік атауы ретінде де қолданылуы кездеседі: "Саржаға оғын кередi, қозы жауырын көктеме оқ, ұзындығы кез едi ...немесе "Қозы жауырын оқ алды, атып еді өтпеді ...Демек, ауыз әдебиетінде «қозыжауырын жебе» атауы жебе түрін де және осындай жебелі оқты да білдіреді. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Валиханов Ч.Ч. Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Алма-Ата: Издательство Академии наук Каз ССР, 1961. Т.1; * Ақсауыт. Екi томдық. Алматы: Жазушы, 1977; * Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері). Алматы: Дәуір, 1996; * Соловьев А.И. Оружие и доспехи: Сибирское вооружение: от каменного века до средневековья. Новосибирск: ИНФОЛИО-Пресс, 2003.
Аханай Есенбаев – зоотехник, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1993), Қазақстан ауыл шаруашылығы академиясының корреспонденттік мүшесі. ## Қысқаша өмірбаяны 1968Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті);1973 Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.1973–77 Қазақстан қой шаруашылығы ғылыми-зертхана технология институтында кіші;1977 жылдан аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, ғылыми хатшы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Разработка и совершенствование системы полноценного кормления казахской мясо-шерстной и казахской тонкорунной пород овец» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Аханай Есенбаев 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның:1990 «Химические и биологически активные вещества в рационах жвачных животных»; 1992«Сбалансированное кормление овец» авторы.. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Ертазин Хамза докторлық диссертация
Итқонақ (лат. Setaria) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Қиыр Шығыста, Солтүстік-Шығыс Қытайда, Жапония және Корей аралдарында кездесетін 21 түрі белгілі. Итқонақ – егістіктер мен бау-бақшаның арамшөптері. Қазақстанда құрғақ далалық аймақтар мен таулардың тастақты беткейлерінде өсетін: шоқ Итқонақ (Setaria verticillata), мысыққұйрық Итқонақ (Setaria glauca), көк Итқонақ (Setaria viridis), Италия Итқонағы (Setaria italica) деген түрлері кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см. Сабағы тік, буын және буын аралығынан тұрады, іші қуыс болады. Көп жапырақты, шашақталып өседі. Гүлдері – күрделі масақ, сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Масақшасы ұзын қылтанақты, қос гүлді. Оның біреуі – қос жынысты, екіншісі аталық (саны үшеу) жынысты. Шілде – қыркүйекте гүлдейді. Жемісі – дәнек. Тұқым салғанға дейін жапырақтары мен сабақтарын мал жақсы жейді. Тұқымдарымен құстар қоректенеді. ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том
Валентина Әйтешқызы Есенғалиева– филология ғылымының докторы (1968), професор (1969). ## Қысқаша өмірбаяны 1948 Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген;1952–84 Қазақстан ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Тіл білімі институты) кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі;1984 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) орыс филология кафедрасының меңгерушісі болды. Оның ғылыми-зертхана еңбектері негізінен орыс және қазақ тілдерін салыстыра зерттеу мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер
Демченко Раиса Семеновна (1 қаңтар 1919 жылы туған, Алматы қаласы) – техника ғылымымдарының кандидаты (1982). Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітірген (1945). Ресей және Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істеді (1945–57). Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болды (1957–87). 1987 жылдан зейнеткер. Ғылым жұмыстарының негізгі бағыты түсті металдар металлургиясының физика-химия негіздеріне арналған. Іргелі зерттеу жұмыстарының нәтижелері қорғасынның шала өнімдері мен қайта өңделетін шикізаттарды қайта өңдеудің электртермиялық тәсілдерін жасауда пайдаланылып, Қазақстан, Ресей және Украина кәсіпорындарында қолданыс тапты. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). ## Дереккөздер
ҚОЗЫКЕШ – ескі пілтелі мылтықтың бір түрі. Атқан оқ алысқа жетуі және дәл тиюі үшін қозыкештің оқпаны ұзын етіп жасалады. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы
В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт – Қазақстанның астрономия және астрофизика зерттеулер жүргізетін ғылыми-зерттеу мекемесі. 1941 жылы 10 қазанда, КСРО-ның еуропалық бөлігінен бір топ астрономдарды эвакуациалау нәтижесінде Қазақ КСР астанасы Алматыда КСРО Ғылым Академиясының филиалынан, Астрономия және физика институты құрылды. 1950 жылы астрономдар бөлініп шығып, Қазақ КСР ҒА Астрофизикалық институты құрды. 1989 жылы институтқа В. Г. Фесенковтың есімі берілді. В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институттың тарихы - 1941 жылы 21 қыркүйекте Қазақстанда “Күн тұтылуына” 7 экспедициялық топ бақылау жүргізді, оның құрамында Мәскеу мен Ленинградтан келген астрономдар, физиктер мен геофизиктер болды. Еліміздің батыс бөлігінде фашистік әскерлердің белсенді шабуылына байланысты олар Қазақстанда қалып, Алматыға эвакуацияланған ғалымдарға қосылуға шешім қабылдады. Осылайша В.Г. Фесенковтың ұсынысы бойынша бірнеше аптадан кейін құрылған Астрономия және физика ғылыми зерттеу ұжымы құрылды. Институт ғимаратын соғыс кезінде жапондық тұтқындар салған. ХХ ғасырдың ортасында Астрофизикалық институт жаңа ғылыми бағыт - астробиология пайда болған алғашқы ұйымдардың бірі болды. 2012 жылдан бастап Астрофизикалық институт Халықаралық астрономиялық одақ құрамына енді. Бақылау базалары – Каменка үстірті обсерваториясы,академик Төкен Бегалыұлы Омаров атындағы Ассы-Түрген Обсерваториясы,Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы.Ғылым-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары – Күн және алып-планеталарды зерттеу, Жердің жасанды серіктерін мониторингілеу, кометалар физикасы, жұлдызаралық орта мен тұмандықтар, белсенді ғаламдарды зерттеу. Теориялық зерттеулердің негізгі салалары жұлдыздар динамикасын және есептік астрофизиканы, аспан механикасын, сандық үлгілеу негізінде ғаламның белсенді ядролары зерттеу, ерте Әлемнің ғарышнамалық үлгілерінің дамуын, Әлем құрылымдарының пайда болуы мен дамуын, сонымен қатар қараңғы материя мен қараңғы энергия табиғатын зерттеуді қамтиды . Зертханалар Жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы. Ай және планеталар физикасы. Ғарышнама, жұлдызды динамика және есептеуіш астрофизика. Ядролық астрофизика. Жердің жасанды серіктерін бақылау. Институттың басшылары 1941-1964- Василий Григорьевич Фесенков - КСРО ҒА Қазақстандық филиалының Астрономия және физика институтының негізін қалаушы және бірінші директоры (1950 жылдан Қазақ КСР ҒА Астрофизикалық институтының басшысы). 1941-1943 — Воронцов-Вельяминов, Борис Александрович-Қазақ Ғылым академиясының Астрономия және физика институтының Астрофизика бөлімінің меңгерушісі. 1964-1972- Идлис, Григорий Моисеевич. 1974-1984- Төкен Бегалыұлы Омаров. 1987-2004 - Тәшенов Болат Төлешұлы. 2005-2010- Чечин, Леонид Михайлович. 2010-2016- Омаров Шыңғыс Төкенұлы. 2016-2017- Валиуллин, Рашит Равилевич. 2017-2020 - Бибосинов, Асылхан Жәнібекұлы. 2020 жылдан - Омаров Шыңғыс Төкенұлы. ## Дереккөздер ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Today.Kz: ҚР астрофизика институты Кеңістіктегі қара материяны ...(қолжетпейтін сілтеме) * Астрофизики институт Академии наук Таджикской ССР * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт * Халықаралық Астрономиялық Одақ
Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері ғылыми орталығы – мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі.1994 ж. құрылған. Ғылым орталықтың құрамында 6 ғылыми бөлім бар. Орталықтың ғылым жұмыстарының негізгі бағыттары: республика халқы денсаулығының қалыптасуының заңдылықтарын зерттеу және анықтау; аурудың алдын алудың ғылым тұжырымдамасын және стратегиясын жасау; мемлекеттік денсаулық сақтаудың дамуы алғышарттарын белгілеу және медицина-экономикалық стандарттардың жүйесін жасау; денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстарының жаңа түрлерін ғылым тұрғыдан негіздеу және ресурстармен қамтамасыз ету; денсаулық сақтауды басқарудың жаңа әдістерін жасап, өндіріске енгізу; дәрігерлік сақтандыруды дамыту; жасалып жатқан ғылым-зерттеу бағдарламаларын әдістемелік, ақпараттық және статистикалық жағынан қамтамасыз ету; халықтың денсаулығын сақтау саласында республиканың халықаралық байланыстарын өрістету стратегиясын жасау, т.б. Осында жүргізілген ғылым-зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасын жасауда қолданылды. Орталық қызметкерлері Қазақстан дәрігерлерінің 1-съезін (1997), «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды қайта құрудың тәжірибелік мәселелері және болашағы» деген тақырыпта республикалық ғылым-практикалық конференциясын (1998) өткізуге белсене қатысты. Орталықта 1995 жылдан Денсаулық сақтау ісі бойынша басшылар мен ұйымдастырушылар даярлайтын курстар, 1996 жылдан докторлық диссертациялық кеңес жұмыс істейді, «Медицина және денсаулық сақтау» журналы шығады. ## Сыртқы сілтемелер http://www.mz.gov.kz/index.php?wakka=/Kaz Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2014 жылы. ## Дереккөздер
Дербісәлин Әнуар Жақсығалиұлы (18 ақпан 1929 ж., Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қызылжар ауылы – 4 шілде 1986 ж., Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1983). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Ойыл орта мектебінің мұғалімі (1950–51), Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының аспиранты (1951–54), Педагогика ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер (1955–58), Әдебиет және өнер институтында аға ғылым қызметкер (1958–76), бөлім меңгерушісі (1977–86) қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, түркі жазба ескерткіштері мен қазақ ақын-жырауларының әдеби мұрасы туралы зерттеу еңбектердің авторы. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш, Абай, Ыбырай, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұраларын, «Оғызнама», «Мұхаббатнаме», «Қорқыт ата кітабы» сияқты көне қазыналарды зерттеуге елеулі еңбек сіңірді. «Октябрь алдындағы қазақ әдебиетінің (1990–1917 ж.) даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғаған. ## Сыртқы сілтемелер http://www.aktobegazeti.kz/?p=330 Мұрағатталған 11 қарашаның 2017 жылы. ## Дереккөздер
Қозы көрпеш – Баян сұлу — Ғабит Мүсіреповтың пьесасы. Шығарма 1939 жылы сәуір айында жазылып біткен. 1940 жылдың 29 сәуірде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында алғаш рет сахналанып, қазіргі күнге дейін театр репертуарынан тұрақты орын алып келеді. Пьеса бірнеше рет орыс тілінде басылған (Г.Мусрепов, “Козы Корпеш — Баян сұлу”, М.–Л., 1945; “Песни казахских степей”, Сборник, М.–Л., 1951, с. 237–300; “Пьесы драматургов Казахстана”, А., 1958), эстон тілінде кітап болып шыққан (1948, Таллин). “Қозы көрпеш – Баян сұлу” 1950 жылы Мәскеу драма театрында “Махаббат дастаны” деген атпен қойылды, сондай-ақ, КСРО елдерінің көптеген театрларында бірнеше тілдерде сахналанды. ## Дереккөздер
Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары — X–XI ғғ. тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Сипаттамасы Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауданы 7,10x7,10 м, ішкі жағынан 3,38x3,38 м), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген. Биіктігі 11,65 м, еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 4,35 метр. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Оңтүстік-шығыс қабырғасында өлшемі 0,7x0,5 м саңылау бар (қабырғадан 2,3 м биіктікте). Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған. Олардың кескінін ең бірінші болып 1771 жылы Г.Волошин қағаз бетіне түсірген. Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің біріншісі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы Айтаңсық, ер адам – Қозы болса керек.Өкінішке орай, қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. Ел ішіндегі аңыз-әңгімеде Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарын және оның жанындағы тас мүсіндерді Сарыбайдың інісі Тайлақ би жасатқан деп айтылады. ## Зерттелу тарихы 1768–1774 жылдары қазақ даласына Ресей империясының ұйымдастырған екінші зерттеу саяхаты барысында Х. Барданес Аягөздің бойында тастан қаланған Қозы Көрпеш есімді ғимараттың сақталғанын жазған. 1840–1843 жылдары А.И. Шренктің Орталық Қазақстанның тарихи ескерткіштерін зерттеу барысында мазар туралы деректері кезедседі. 1856 жылы Шоқан Уәлиханов мазар мен оның айналасында орналасқан тас мүсіндердің кескінін қағаз бетіне түсірген. 1915 жылы атақты өлкетанушы А.Н. Белослюдовтың "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу эпосын зерттеген" Г.Н. Потанинге хатында мынадай жолдар кездеседі: "...Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазарына екі рет барып келдім. Ол (4 мүсін) мүсіндер жоқ. Мазар қаптал жағынан зеңбірекпен атқыланып, құлап жатыр. Менің марқұм ағамның (Виктор Николаевич) айтуы бойынша, мүсіндерді Германияға алып кетті." Белослюдов мазардың биіктігі 18 метрден 11-12 метрге дейін кемігені туралы болжамдаған. 1952 жылғы Әлкей Хақанұлы Марғұлан жетекшілік еткен Қазақ КСР Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы 1982 жылы мазар Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерінң тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынды.
Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков (15.1.1929 жылы туған, Түркістан облысы қазіргі Шардара ауданы Шардара кенті - 20.05.2015, Алматы) – тарих ғылымдарының докторы (1974), профессор (1983), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техникалық қайраткері. ## Өмірбаяны Шанышқылы тайпасының Қатаған руынан шыққан. Шымкент мұғалімдер институтын (1948) және ҚазМУ-дың тарих факультетін (1954) бітірген. 1958 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде ғалым-хатшы (1963–68), аға ғылыми қызметкер (1968–80), бөлім меңгерушісі (1981–1984, 1985–1992), институт директорының орынбасары (1984–1985) болды. Оның жетекшілігімен 12 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты дайындалды. Қазақстандағы тарихи демография ғылымы мектебінің негізін қалады. 200-ден астам ғылым еңбек жазды. «Қазақстан темір жол кадрларының қалыптасуы және дамуы. 1917–1970» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Ғылым қызметінің негізгі бағыты – 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономика және саяси жағдайы мен демографиясының даму процестері. ## Шығармалары * Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1907–1970 жж.), Алматы, 1973; * Демографические процессы современного Казахстана, Алматы, 1995 (в соавторстве с В. Козиным). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Көрнекті тарихшы-ғалым М.-А.Х. Асылбеков – 80 жаста Мұрағатталған 6 қазанның 2012 жылы. * www.wap.inform.kz Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Нығметжан Қабатайұлы Есенғарин– экономика ғылымдарының докторы (1998), Халықаралық Көлік академиясының академигі, Орал электрмеханик темір жол көлігі инженерлері институтын (1964) және КСРО Министірлік Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын (1984) бітірген. ## Қысқаша өмірбаяны 1964–72 Қазақ темір жолының Целиноград (қазіргі Ақмола) сигнализация және байланыс дистанциясында инженер,бас инженер;1972–77 Қазақ темір жолында бас инженерлердің орынбасары, бөлім бастығы;1977–82 Тың өлкесі темір жолының бас инженері;1984–86 темір жол бастығының орынбасары, бастығы;1989–91 КСРО Жол қатынасы министрінің орынбасары;1989–91 Алматы темір жолының бастығы;1991 ж, ҚР Көлік министрі1994 ж. ҚР Көлік және коммуникация министрі;1994 ж. ҚР Премьер-министрінің 1-орынбасары. «Интеграционные процессы на постсоветском пространстве» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Нығметжан Қабатайұлы Есенғарин бірқатар ғылыми және публицистикалық кітаптардың авторы. 12-сайл. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990–91). ## Марапаттар * Еңбек Қызыл Ту, * Халықтар достығы, * «Құрмет Белгісі», * «Парасат» (2002), * Достық (2002, РФ) ордені. . ## Дереккөздер ## Сілтемелер Есенғарин Нығметжан Қабатайұлы Мұрағатталған 20 маусымның 2011 жылы.
Қозықұлақ (Trіchochіton) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қаратау мен Батыс Тянь-Шань тауларының тасты беткейлерінде, жартас және ағаш көлеңкелерінде өсетін 1 түрі – майда қозықұлақ (T. іnconspіcum) кездеседі. Биіктігі 5 – 40 сантиметр, сабағы кейде бұтақталған, жапырақтары ұзынша, тостаған жапырақшаларының түп жағы дорбашық тәрізді. Күлте жапырақшалары ақ түсті, ұзындығы 2 милиметрдей. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Бұршаққынды жемістері созылыңқы қандауыр пішінді, ұзындығы 1,5 – 4,5 сантиметр. Жоғарғы жағы қысыңқы келеді де, төмең жағының 1/3 бөлігі ашылады. Тұқымы жасыл сары түсті. ## Дереккөздер
Дерябин Павел Николаевич (1956 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994). Алматы мемлекеттік медицина институты (1979, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым-зерттеу институтында кіші ғылым қызметкер (1979–86), 1986 ж. лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. Дерябин 87 ғылыми мақала мен 1 монографияның авторы. ## Сыртқы сілтемелер http://kaz.komsomol-museum.ru/kniga/laureatk.htm Мұрағатталған 3 қазанның 2011 жылы. ## Дереккөздер
Иірсу темір кен орны - Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы кен орны. ## Геологиялық құрылымы Кен Мыңшұңқыр антиклиналының орталық бөлігінде төменгі таскөмір кезеңінің әктас пен доломиттерінде шоғырланған. ## Жатыс сипаты Кен алаңында қабат, линза және діңгек пішінді 12 кен денесі анықталған. Олардың ұзындығы 170-1700 м, қалыңдығы 6-40 м, тереңдігі 270-700 м-ге дейін. ## Минералдары, құрамы Негізгі кен минералдары: магнетит, пирит, халькопирит, пирротин, кобальтин, сфалерит, галенит. Кентастағы темірдің мөлшері 30 – 60%, мыстікі 0,32 – 0,93%. Барланған темір кентасының жалпы қоры 327,1 млн. т, мыстікі 260,9 мың т. Кен орны толық барланбаған. ## Дереккөздер
Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы — 15 шілде 2021) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998). Шанышқылы тайпасының Жұдырық руынан шыққан. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969). * 1970 - 75 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын оқыды. * 1975 - 1976 ж. Марокко корольдігі, 1985-86 ж. Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті. * 1976 - 77 ж. ҚР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. * 1977 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі. * 1986 - 1988 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты. * 1989 ж. Шығыстану факультетінің деканы. * 1991 - 97 ж. Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор. * 1997-2000 ж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі. * 2000 және 2005 ж. Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007 ж. Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы, * 2000 жылдың тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 ж. сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды. * 1977 ж. «Арабтілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі - профессор Ю.Н. Завадовский) кандидаттық, 1998 ж. «VIII - XX ғасырдағы арабтілді Марокко сөз өнерінің әволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирак), Сана (Солт. Иемен), Аден (Оңт. Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Үндістан), Пешавар (Пәкістан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Иорк) университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе - 1985, Москва - 1989, 2000, 2004, Александрия - 1992, Сеул - 1995, Мадрид 1996, Дели, Кашмир - 1999, Берлин - 2002, Каир - 2003, Афины - 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент - 2000, Доха - 2001) қатысып, баяндамалар жасаған. ҚР халыққа білім беру министрлігі жанындағы шығыстанушылардың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы, КСРО Шығыстанушылар Ассоциациясы Қазақ бөлімінің бюро мүшесі, КСРО Ғылым Академиясы Шығыс әдебиетін үйлестіру кеңесінің, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының, Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі. Қазақтың шет елдермен достық қоғамы Қазақ-Араб бөлімі төрағасы болды. КСРО Халыққа білім беру мемлекеттік комитетінің Құрмет Грамотасымен (1984) марапатталған. ҚазМУ-дің әл-Фараби атын алуына үлкен еңбек сіңірді, Республикамыздың мемл. 10 университетерінің «Құрметті профессоры», Халықаралық «Араб тілі» Ғылым Академиясының (Каир) академигі. Дербісәлі республикалық арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылыми докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі. Ол алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де араб бөлімі мен Шығыс тілдер кафедрасын және шығыстану факультетін ұйымдастырып, оның тұңғыш меңгерушісі және тұңғыш деканы болды. Оның басшылығымен республикамызда тұңғыш рет урду, парсы, түрік, қытай, жапон, корей тілдері мен әдебиеті мамандықтары ашылып, кафедралары ұйымдастырылды. Сөйтіп, республика өте зәру шығыстану ғылымы саласының ұлттық мамандарын даярлауға белсене ат салысты. Дербісәлі қаламынан араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті және қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірлері мен мәдениетінің мәселелері, Шығыс мұсылман елдерімен рухани байланыс, ол жұрттың ой дүниесі мен Ислам тарихы, қасиетті Құран, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадис-шәріптері туралы 600-ден аса теор. және практик. мәні бар ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектер туған. Арабтілді Марокко әдебиетінің тұтас тарихын жазып шықты. Ол тек КСРО ғана емес, сол елдің өзінде де жазылған жоқ еді. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. Шығармаларын араб, парсы, шағатай тілдерінде туындатқан, еңбектері әлем кітапханалары мен қолжазба қорларына шашырап кеткен даламыздың X-XVIII ғасырларда өмір сүрген Әбу-л Қасым әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби, Бурһанад-Дин Ахмад әл-Фараби, Махмұт әл-Фараби, үш Кердери, үш Сайрами (Исфиджаби), жеті Түркістани, 31 Таразилер, Байлақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайыри, Гийас ад-Дин Женди, Хусам ад-Дин Сығнақи және т.б. барлығы 100-ге жуық Ғылым Академиясылымдары мен ойшылдарын тауып, еңбектерін ғылыми айналымға енгізді. Олар жайлы шығыстану және филология факультеттерінде дәрістер оқыды. Студенттер мен магистрлердің диплом жұмыстарына басшылық етті. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығын зерттеуде де соны қадамдар жасады. Қашғария (1994), Пәкістан (1995), Үндістанға (1998) арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тапты. Құлпытасының эпитафиясын шешті. Берлин және Қашғар қолжазбасы бойынша ғұламаның «Жаһаннаме» атты поэмасын шағатай тілінен тәржімалап жариялады (Алматы, «Білім» 2006). Ол жайлы бірқатар зерттеу жасады. Сондай-ақ, ол Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университететін, имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институтын, қасиетті Құранды мәнерлеп оқу бойынша республикалық тұңғыш конкурсты, Рамазан айларында Алматының орталық мешітінен қазақ теледидары арқылы қадір түнін насихаттау секілді тағы да басқа көптеген діни-руханият, діни-ағартушылық шараларын ұйымдастырды. 2003, 2006 жылдары қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық дін лидерлерінің съездерін өткізуге үлес қосты. Дербісәлі Қазақстанда араб тілі мен әдебиеті ғылымын қалыптастырғаны және Ислам тарихы мен мәдениеті, дініне байланысты көптеген сүбелі еңбектері үшін 2002 ж. Египет Араб республикасының 1-дәрежелі «Ғылым және өнер» орденімен, Қазақстан ғылымы мен білімі, әдебиеті мен мәдениетіне қосқан қомақты үлесі үшін 2004 жылы «Парасат» орденімен және 2001 жылы «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының конституциясына 10 жыл», 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен және 2007 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды, 2005 жылдың қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандық мәслихатының шешімімен «Түлкібас ауданының құрметті азаматы» және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының шешімімен «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атақтары берілді. Ол Қазақстан халықтарының достығы мен ынтымағы, діндераралық түсіністік пен сыйластықты арттыруда да игілікті істер атқарып келеді. ## Шығармалары * Шыңырау бұлақтар (зерттеулер мен мақалалар), А., 1981; * Араб әдебиеті. Классик. дәуір, А.. 1982; * Арабоязычная литература Марокко, А., 1983; * «Мың бір түн» елінде, А., 1986; * Ежелгі араб жерінде, А., 1992; * Литература Марокко, М., 1993 (телавт. С.В. Прожогина, О.А. Власова); * Қазақ даласының жүлдыздары, Тарихи-филол. зерттеу, А., 1995; * Мұхаммед Хайдар Дулати, Өмірбаяндық-библиогр. анықтамалық, А., 1999; * Ислам және заман (Сұхбаттар мен мақ., жолжазбалар мен әдеби зерттеулер), А., 2003; * Исламның жауһарлары мен жәдігерліктері. Тарихи-филол. зертгеулер, әсселер мен очерктер, А., 2008. ## Сыртқы сілтемелер Ғұлама ұстаз, ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі 70 жаста ## Дереккөздер
Иістішөп (лат. Ajuga) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жер шарында кең тараған 45-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанда далалық аймақтар мен тыңайған жерлерде, тау бөктерлері мен егістік алқаптарында, жол шетінде өсетін 1 түрі – жалғанхиос иістішөбі (Ajuga pseudochia) бар. Оның биіктігі 8 – 30 (37) см. Сабағы тік, жапырақтары үш қалақты (ұзындығы 15 – 30, ені 1,5 – 3 мм). Тостағанша жапырақшалары қоңырау тәрізді, бес тісшелі. Гүлдері қос ерінді, үстіңгі ерні өте қысқа, екі қалақты, төменгісі – ұзын, үш қалақты, ашық сары түсті, жүйкелерінде қошқыл түсті жолақтар мен төменгі ернінде қошқыл дақтары болады. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – ұзынша жаңғақша. Сәндік үшін өсіріледі. ## Дереккөздер
КИСЕЛЕВ Юрий Павлович (1930 жылы туған, Жамбыл облысы қазіргі Тараз қаласы) – тарих ғылым доктор (1990), профессор ҚазПИ-ді (1952, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Жамбыл педагогика училищесінде оқытушы, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтында доцент, оқу ісі жөніндегі проректор, Жамбыл педагогика институтында (қазіргі Тараз мемлекет унниверситеті) доцент, профессор қызметтерін атқарады. Киселев 60-қа жуық ғылым жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ## Шағармалары Воспитывает коллектив, А.-А., 1976.Развитие народного образования в Казахстане в послевоенные годы, М., 1991. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Қойбағар – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Қойбағар (Обаған алабындағы көл) * Қойбағар (тұзды көл) * Қойбағар (өзен) * Қойбағар (тау) * Қойбағар (қыстау)
Иіселді – Ұлытау тауының оңтүстік-шығысындағы оқшауланған тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 854 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. ## Геологиялық құрылымы Тау жыныстары жоғары протерозой мен төменгі палеозойдың шөгінділерінен түзілген. ## Жер бедері Беткейі көлбеу, пішіні доғал тәрізді. Баурайында бірнеше бұлақтардан бастау алған құрғақ арналар бар. Маңында өзімен аттас және Саламатсай, Аққора қыстаулары орналасқан. ## Өсімдігі Тауалдының бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, бетеге, бұталар, тағы басқа өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Нығметулла Күсепұлы Киікбаев (5.5. 1910 жылы туған, Байзақ ауданы «Октябрьдің 40 жылдығы» ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972). Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Әулиеата (Тараз) қаласынндағы педагогика техникумды бітірген (1933). 1933 – 1935 жылы Байзақ ауданында мұғалім, балалар үйінің директоры, ауданы оқу бөлімінің инспекторы болып істеді. 1939 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының тарих факультетін бітіргеннен кейін, Алматы қаласынндағы орыс-қазақ педагогика училищесінің директоры (1941). 1941 – 1943 жылы Жамбыл облысы оқу бөлімінің меңгерушісі, 1943 – 1945 жылы БК(б)П ОК-нің жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, 1945 – 1948 жылы ҚК(б)П ОК-нің лекторы болды. 1948 – 1951 жылы Қазақ мемлекет универсетінің кафедра меңгерушісі, 1951 – 1961 жылы КОКП тарихы кафедрасының доценті, 1961 – 1963 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі әрі доцент (1968 жылдан), 1968 – 1972 жылы тарих-филология факультетінің деканы. Киікбаев жалпы көл. 100 шамалы ғылым еңбектің – кітаптар мен кітапшалардың, теориялық мақалалардың авторы. ## Шығармалары ## Сыртқы сілтемелер * Ғалым Нығметулла Киікбаевтың 100 жылдығы атап өтілді(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Қой жуа, қызғылт жуа (лат. Allium rubens) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ## Ботаникалық сипаты * Жуашығы ұзынша, жеке немесе 2 – 3-тен тамыр сабағына тұтасқан, ені 0,5 – 0,75 сантиметр, бозғылт, қоңыр қабықты. * Сабағының биіктігі 25 – 50 см, үш қырлы, жіңішке. * Жапырақтары (5 – 6) сабақ түбіне топталған, ені 2 – 4 милиметр, жалаң, мұқыл, жалпақ болады. * Шатыршасы шоғыр, көп гүлді, гүлсерігінен 2 – 3 есе ұзын, тең гүлсағақты келеді. Гүлсерігінің жұмыртқа тәрізді жапырақшалары қызғылт күлгін түсті, ұзындығы 4-5 мм. Сабағы гүлсерігімен бірігіп кеткен, қауашағы гүлсерігінен кішірек болады.Маусым – тамызда гүлдеп, жеміс салады. * Қой жуа – тағамдық өсімдік. ## Өсетін жері мен таралуы Батыс және Шығыс Сібір, Моңғолияға тараған. Қазақстанның Тобыл, Есіл алқабында, Ақмола облысында, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. ## Дереккөздер
Григорий Романович Кирпаль (1927–1989) – геология-минерал ғылыми кандидаты Харьков мемлекеттік университетін (1950) бітірген. * 1950-1959 - Торғай (ГРЭ) Амангелді боксит кенінің аға геологы, * 1959-1969 - Геология бөлімінің жетекші геологы, Солтүстік Қазақстан облысы Аят, Белинский кен орындарын ашуға ат салысқан геологтардың бірі. * 1969 - КСРО Геология министрлігіндегі түсті металл басқармасының бас маманы (1969) қызметтерін атқарған. Кирпаль 14 ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1984). ## Дереккөздер
Мария Тимофеевна Клейнбок (21.8.1911, Ресей, Воронеж облысы Меловатск ауданы – 1989, Алматы қаласы) – ветеринария ғылымының докторы (1965), профессор (1967). * 1933 - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті) бітірген соң осы институтта ассистент, доцент, профессор қызметтерін атқарды. * 1964 жылы «Нейрогистологический анализ моторно-секреторных нарушений при непроходимости желудочно-кишечного тракта» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері малдәрігерлік патология мәселелеріне арналған. Клейнбок Жылқының үдемелі микробронхиты, ішек-қарынның түйілуі, төл пневмониясы кездерінде организмде туатын патологиялық-морфологиялық өзгерістерге сипаттама берді. ## Дереккөздер
Қой қоздату – төлдейтін малдың санына және төлдеу мерзіміне (қыс не көктем) байланысты атқарылатын шаралар.Шаруашылықтарда күйек алу жоспарлы түрде жүргізіліп, белгілі бір мерзімде арнайы дайындалған қораларда өтеді. Қой қоздайтын орын жылы (температура 12°С-тан жоғары), жарық болуы керек. Төлдеуге 2 – 3 күн қалғанда саулықтар қой қорада не оған жақын жерде бөлек ұсталынады. Қозының шаранасы өздігінен жарылмаса, оны жарып, аузын, танауын тазартады. Кіндігі үзілмесе, қозының денесінен 8 – 10 сантиметр жерден кесіп, 2 – 3 сантиметр жерден жіппен байлап, йод жағады. Шуы 5 – 6 сағатта түспей кешіксе және жатырынан сұйықтық аға бастаса, дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қоздаған қойдың жатын орнын тазартып, желінін, тірсегін 3 – 4% сода ерітіндісі қосылған жылы сумен жуады. Қозыны туғаннан кейін 20 – 30 минуттан кейін тойғызып емізеді. Шала туған, егіз, енесі алмаған не жарытпаған қозылар, арық саулықтар арнайы бақылауға алынады. Жаңа төлдеген саулыққа 1,5 сағаттан кейін 1 – 1,5 литр жылы су береді. Ал 2 – 3 сағаттан соң сусыны қанғанша суғарады. Төлдеген малға құнарлы жем-шөп беріледі. 2 – 4 тәуліктен кейін, қозыларды енесімен бірге топтап, сақмандарға бөледі. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы
Қойкелді Сартұлы (1702–1795) — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы, Шымыр руынан. 1730 жылы Аңырақай шайқасына, 1734 жылы жоңғарлардың екінші шабуылына қарсы күресте оңт. қазақтарының әскербасы болған. 1740–1750 жылы жоңғар қалмақтарымен болған шайқастарда, 1756–1757 жылы Оңтүстік Қазақстанды қалмақтардан азат етуде ерлік, тапқырлық көрсеткен. ## Жастық шағы Әкесі Қойкелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға береді. Ол сонда он жыл білім алып, елге діни сауаты мол білікті азамат болып оралады. Оның ел ішінде əзірет атануы да содан. Бірақ жаугершілік заман, ел басына түскен ауыр жағдай Қойкелдіні еріксіз əзіреттің сәлдесін тастап, дулыға, шапанын тастап, сауыт киюге, тәспиығын тастап, найза ұстауға мәжбүр етеді. ## Төле бимен байланысы Қойкелдінің бүкіл өмірі, тағдыры Ұлы жүз елінің басшысы, қазақтың атақты биі — Төле бимен ажырата алмастай тығыз байланыста өтеді. Ұлы бидің сенімді серігі, жауға жұмсар батыры болған. Бұл ретте Төленің өмірін жазған Қазанғап: "Сол күндерде əзірет, Сарттың Ұлы Қойкелді, Төледен кейін бастаған, Ұлы жүзді сол еді" - дейді. Сондай-ақ "Төле би келмей жүріс жоқ, Қойкелді келмей ұрыс жоқ" деген ел аузында сақталып, мақалға айналған ескі сөз де сол бір аласапыран кезеңде айтулы екі тарихи тұлғаның ел тағдырын шешуде қандай орын алғанын айғақтап тұрғандай. Қойкелді әуелде батырлығымен аты шығады. Түрлі шайқаста жекпе-жек шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ қолын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Кейін сардар болып, кол басқарғанда да ол әскери соғыс төсілін жетік меңгерген басшы ретінде сарбаздарын жеңістен жеңіске ұмтылдырып, үлкен қолбасылық қабілетін танытады. Атақты Аңырақай шайқасына Қойкелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша және баласы Қарабатыр да қатысады. Осы соғыста Ақша бірнеше рет жекпе-жекке шығып, жаудың бірнеше батырын өлтірсе, Қожық Ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болады. Баласы 13 жасар Қарабатыр қаптама соғыста ауыр жараланып, аттан түсіп қалған ағасы Ақша батырды қашан әкесі Қойкелді келіп алып шыққанша жауға бермей қорғап тұрады.Қойкелді қолбасы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Кейін елді жаудан тазартылған жерге орналастыруда да үлкен еңбек сіңіреді. Кешегі Кеңес дәуірінде Қойкелдіні орыс керуенін тонаушы қарақшы ретінде көрсетіп келді. Соның салқыны оның кейінгі ұрпағына да тиіп, 1937 жылы олардың біразы "халық жауы" аталып, атылып, айдалып кетеді. Шындығына келгенде, Қойкелдінің керуен тонағаны да, кейін Төле би мен Шақшақұлы Жәнібек батырдың араласуымен орыс патшасының өкілі Карл Миллерге керуен шығынына мал беріп, төлегені де рас. Бірақ ол не қылған керуен еді. Мәселе осында. Ол орыс патшасының қазақ жері арқылы жоңғар басқыншыларына жасырын қару-жарақ тиеп алып бара жатқан керуені еді. Кейін 1756–1758 жылдардагы атамекенді жоңғарлардан тазарту жолындағы ақтық айқастарда осы орыс мылтықтары қазақ жауынгерлерінің қолында "сөйлеп", жеңіс туының желбіреуіне үлес қосқаны белгілі.Қойкелді батыр 93 жасқа келіп, туған жерінде өз ажалынан қайтыс болған. Денесі сол кездің дәстүрі бойынша Түркістанға жерленген. ## Дереккөздер
Қой қырқу, биязы және биязылау жүнді қойлар жылына бір рет көктемде, ал ұяң не қылшық жүнді қойлар екі рет көктемде (жабағы) және күзде (күзем) қырқылады. Қойды қырқар алдында 12 – 14 Сағат бойы азықтандырмайды. Жалпы, қой қырқуды 10 – 12 күннің ішінде, шыбын-шіркей шықпай тұрып аяқтайды. Биязы және биязылау жүнді қойдың ерте көктемде туған қозылары, әдетте, келесі көктемде қырқылады. Биязы жүнді қой қозыларының жүнінің ұзындығы 3 сантиметр, биязылау жүнді қозылардың жүні ең кемі 3,5 сантиметрге жеткенде қырқуға болады. Қой қырқуға электр агрегаттары қолданылады. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы
Надежда Вениаминовна Козаченко (1947 жылы туған, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1996). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1971, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Көз дәрігері (1971–1974). 1975 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтында аға лаборант, ассистент, бас ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі, осы институт жанындағы ғылыми-зертхана орталығының директоры қызметтерін атқарады. Козаченко 235 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның, Қазақстан мен Ресейде патенттелген 10 өнертабыстың авторы. ## Дереккөздер
Леонид Иванович Когай (1939 жылы туған, Қарағанды қаласы) – техника ғылымының докторы (1969), профессор (1970). Новосибирск электртехникалық байланыс институтын (1961) бітірген. * 1961-1964 - Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, * 1970 - Қарағанды политехникалық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) доцент, профессор қызметтерін атқарады. Когай 130 ғылыми мақаланың және 5 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Қойлық (1993 жылға дейін — Антоновка) — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл, Қойлық ауылдық округінің әкімшілік орталығы және жалғыз елді мекені. КАТО коды - 196053100. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жоңғар жотасының солтүстік бөктерінде, Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1991 жылға дейін “Антоновка” деп аталып келген. 1951-97 жылдары қызылша өсіретін ұжымшардың орталығы болған. Соның негізінде Қойлықта “Алмабақ”, “Жаңатұрмыс”, “Бірлік” атты ӨК-тер және 63 жеке шаруа қожалығы құрылды. ## Дереккөздер
Қойлыбай – есімі аңызға айналған бақсы. Ш.Уәлиханов Қойлыбайды “бақсылардың бақсысы әрі пірі” десе, Ә.Марғұлан “Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі – Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады” деген пікір айтады. Ә.Диваев хатқа түсірген “Бақсы” жырындағы аңыз бойынша, Қойлыбайдың төрт батыр ұлы және бес мың жыны болған. Халық аңызында Көкжарлы Барақ батыр өтінген соң, Қойлыбай ат бәйгесіне қобызын қосады. Жарыс болатын жерге алдын ала келіп, қобызын үлкен сексеуілге байлатқан Қойлыбай бәйге аттарының шаңы көрінгенде қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет қатты дауыл тұрып, ысқырған жел соғады. Көп ұзамай, дауыл ортасынан алғашқы аттар көрінеді, алдында сексеуіл сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келеді. Шаңды дауыл мен қызыл жел Қойлыбайдың Көкаман атты жынының күші еді. Бәйгеге қобыз қосу үрдісіне қарап, Қойлыбай өмір сүрген кезең Қорқыт заманына сай келеді деген тұспал жасауға болады. Қойлыбай туралы Ш.Уәлиханов зерттеулерін негізге ала отырып, М.Жұмабаев “Қойлыбайдың қобызы” атты дастан жазды. ## Дереккөздер
Қойнау – ашық айдыннан жағалау шетімен немесе аралмен бөлінген теңіздің, көлдің шағын бөлігі. Қойнаудың гидрологиялық сипаты негізгі су айдыны табиғатынан өзгешелеу, кеме тоқтауға қолайлы болады. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы
Казталов бөгендері — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы жерінде Сарыөзен бойындағы бөген. Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Алғаш рет 1975 жылы Сарыөзеннің орта ағысындағы сол аңғарына салынып, іске қосылды. ## Гидрологиялық сипаты Айдынның аумағы 2,1 км2, көлемі 3,5 млн. м3, суымен 3,6 мың га жер көлдетіп суландырылады. Бөген Мамаев бөгенімен каскадтар арқылы байланысқан;Бөгендердің екіншісі Сарыөзеннің орта ағысында 1977 жылы салынған. Казталовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан. Айдынының аумағы 2,7 км2, көлемі 7,2 млн. м3, суымен 8,6 мың га жер көлдетіп суландырылады. Бөген Варфоломеев 2-бөгенімен каскадтар арқылы байланысқан. ## Дереккөздер
Қойдасов Қанапия (1895 – 1925) – қоғам қайраткері. Торғайдың 2 кластық училищесін бітірген соң, уездік сотта аудармашы болды. Қойдасовтың саяси көзқарасының қалыптасуына Амангелді Иманов, Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин әсер етті. 1916 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын ашық жақтаған. Сол үшін тұтқынға алынды. Қазан төңкерісінен кейін Торғайда Кеңес өкіметін орнатуға қатысты. Торғай уездік Төтенше комиссияның төрағасы болды. Азамат соғысы аяқталған соң халық шаруасын қалпына келтіру ісіне араласты. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы
Айғыришан – Түркістан облысы, Отырар ауданындағы тау. Ызақұдық құмының солтүстік-шығыс бөлігінде, Сырдария өзенінің оң аңғарында орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 448 м. Тау баурайында көптеген қыстаулар бар. ## Дереккөздер
Калесник мұздығы, Колесников мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. ## Аумағы, жер бедері Іле алабындағы Солтүстік Талғар өзенінің бастауында, 4580 м биіктіктен басталып 3400 метрге дейін созылып жатыр. Оған белгілі кеңес географы, С.В.Калесниктің есімі берілген. Ұзындығы 4,3 км (оның ішінде ашық жатқан бөлігі 3,8 км), жалпы аумағы 6,6 км2, фирн алаңы 4,4 км3. Орташа қалыңдығы 40 м. Мұз көлемі 0,24 км3. Мұздық тілінің ашық бөлігінің ауданы 2 км2, оның 0,2 км2-і борпылдақ жыныстармен көмкерілген. Калесник мұздығы еріп жылдан-жылға қысқарып келеді. ## Дереккөздер
Тоқтар Қабдөшұлы Есенеев – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1992), професор (1993).ҚР-ның еңбегін сіңірген ғылыми қайраткері. ## Қысқаша өмірбаяны 1968 Мәскеудің ауыл шаруашылық академиясын;1971 Орталық ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын бітірген.1971–77 Қостанай ауыл шаруашылық институтында ассистент, доцент, декан, парторг;1977–86 Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми-зертхана институтында тірек пункті, сектор, лаборатория;1986–92бөлім меңгерушісі;1992–93«Көкшетау» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры болды;1994 жылдан Көкшетау мемлекеттік университетінде професор болды.«[[Теоретические основы и практические приемы кроссбредного овцеводства при использовании генофонда импортных и отечественных породъъ» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Тоқтар Қабдөшұлы Есенеев 300-ге жуық ғылыми-зертханалық еңбектің, оның ішінде 5 монографияның, оқу құралдарының авторы.. ## Дереккөздер
Әскер Есенқұлов – медицина ғылымының докторы (1989), професор (1991), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1994). ## Қысқаша өмірбаяны 1964 Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген;1964–75 Қазақ онкология және радиология ғылыми-зертхана институтында стажер, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды;1976 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде доцент,професор;1995–2000 декан, кафедра меңгерушісі;1995 ҚР Денсаулық сақтау агенттігінің бас маман-маммологы;1999 Қазақ ұлттық мед. университетіне қарасты Маммология клиникасының меңгерушісі (Алматы) қызметтерін атқарды. ҚР маммолог-дәрігерлер одағының төрағасы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ## Еңбектері «Клинико-эпидемиологическое исследование рака молочной железы в Казахстане (патогенетические особенности)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері сүт безі қатерлі ісігінің клиника, эпидемиология, иммунология, эндокринологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Әскер Есенқұлов қатерлі ісікті емдеудің бірнеше жаңа тәсілдерін: сүт безі қатерлі ісігін хирургиялық операциядан кейін вакуумдық білте қойып емдеуді; әйелдердің асқынған жатыр ісігіне химиялық дәрілерді артериялық қан тамырлары арқылы енгізуді; сүт безіндегі қатерлі ісікті ең алғашқы өсу кезеңін анкета арқылы (скрининг әдісі) анықтауды ұсынған. Әскер Есенқұловтың басшылығымен «Маммология» журналы шыға бастады (1999).. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Әскер Есенқұловтың макаласы(қолжетпейтін сілтеме)"Ананың сүті бұзылса, баладан маза кетеді" мақаласы(қолжетпейтін сілтеме)
Қойжелкек (лат. Tragopogon) – астралылар тұқымдасына жататын екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда олардың 26 түрі кездеседі. Көбірек кездесетін түрі – шалғындық қойжелкек (T. pratensіs), тау беткейлерінде, өзен жағаларында өседі. Биіктігі 25 – 140 сантиметр. Сабағы тік, бұтақтанып біткен. Жапырақтары ұзынша, жиектері тегіс. Гүлдері қос жынысты, сары, қарақошқыл, көкшіл, қызыл түсті. Гүл себеттерінің ұзындығы 1,5 – 9 сантиметр, сабақ, бұтақтарының ұшына жеке орналасады. Көп гүлді болады. Орамасы бір қатарлы, тегіс, бір-біріне жабысқан немесе қатарлас орналасқан жіңішке жапырақшалардан (5 – 14) тұрады. Гүл шоғыры жалаң, қабыршақсыз. Барлық гүлдері тілшелі, бес тісті. Мамыр – тамызда гүлдеп, маусым, қыркүйекте жеміс cалады. Тұқымы – ұршық тәрізді, желайдар. қойжелкек – мал азықтық өсімдік. ## Дереккөздер
Михаил Тихонович Козловский (9.2.1903, Беларусь, Могилев губерниясы Малятичи селосы – 13.1.1972, Алматы қаласы) – химия ғылымының докторы (1952) профессор (1953), Қазақстан ҒА-ның академигі (1962), * 1953 - Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері. * 1926 - Одесса химия-технологиялық институтын бітірген. * 1926-1939 - Одесса сот сараптамасы институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, * 1939-1971 - ҚазМУ-де (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, декан, ғылыми жұмыстар бойынша проректор (1939–71) болып қызмет істеді. Сонымен бірге 1964 жылдан Қазақстан ҒА Төралқасының мүшесі және химия-технология ғылымдары бөлімшесінің академигі-хатшысы болды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары сынап катодын электролизде пайдалануға, күшәла (мышьяк) қосылыстарын сынап катодында тотықсыздандыруға арналған. Козловский сынап және амальгама электродтарын қоспадағы металдарды бір-бірінен ажыратуға пайдаланды. 1950 жылдан амальгама химиясы мен амальгамалық металлургия деген жаңа ғылыми бағыттарды зерттеп, оның негізін қалады. Кейін амальгамалық металлургия әдісі тазалығы жоғары металдар (мысалы, висмутты) алуға қолданылды. Бұл жұмыстар өндірістік сынақтан өтіп, Шымкент қорғасын зауытына енгізілді. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Қайырболат Мұқанұлы Есенов – филология ғылымдарының докторы (1983). ## Өмірбаяны Омбы пед. училищесін (1947);1995 ҚазМУ-ды (қазіргі Қазақ Ұлттық Университет) бітірген;(1947–50), Омбы облысындағы №1 жетіжылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім;1955–57 Көкшетау облысы мұғалімдер білімін жетілдіру институтында қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі;1957 жылдан өмірінің соңына дейін ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. ## Еңбектері Есенов қазақ тіл білімі синтаксисінде күрделенген сөйлемдер категориясының теоритігі негізін қалады. «Қазіргі әдеби тіліміздегі күрделенген сөйлемдердің негізгі мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қайырболат Мұқанұлы 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Гран мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігінде, Атырау облысы Атырау қаласынан батысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Кенді барлау-бұрғылау жұмыстары 1962 жылы басталып, кен орны 1969 жылы ашылды. ## Геологиялық құрылымы Кен орны қос қанатты күмбезді құрылымнан түзілген, төменгі бор және ортаңғы юра шөгінділері мұнайлы болып саналады. Мұндағы алты мұнайлы горизонттың біреуі төменгі борда, қалғандары ортаңғы юра қабатында орналасқан. Горизонттардың орналасу тереңдігі 172-644 м. ## Құрамы Мұнайдың құрамында 1,24 – 0,45% күкірт, 0,75 – 3,04% парафин, 4,95% силикагель шайырлары кездеседі. Кен 1973 жылы пайдалануға берілген.
Гремякин мұнай-газконденсат кен орны — Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы жерінде, Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км жерде, Гремякин ауылының маңында орналасқан. 1974 ж. ашылған. Кен орнындағы мұнай қорының қалыңдығы 10 – 15 м. Конденсаттағы газ жабындысының орташа мөлшері 206 г/см3. Шоғырлы қабат батыстан шығысқа қарай тереңдей түседі (2776 – 2785-тен 2870 м-ге дейін). Коллектор кеуекті, кеуекті-жарықшақты. Орташа кеуек 5,5-тен 10,5%-ға дейін өзгереді. Орташа өткізгіштігі 17 фм2. Кен орнындағы бастапқы қабат қысымы орташа есеппен 32 – 32,7 МПа, орташа температурасы 78 – 83°. Газдағы мұнайдың мөлшері 80 – 95%. Конденсатта күкірт (0,2 – 0,5%) пен парафин мөлшері аз (0,3 – 1,1%). Мұнайдың тығыздығы 840 – 852 кг/м3. Мұнайы күкіртті (0,51 – 2,0%) парафинді (1,51 – 6,0%), шайырлы (4,9 – 28%). ## Дереккөздер
Николай Федорович Костылецкий (1818, Павлодар облысы Өрлітөбе ауданы – 1869) – шығыстанушы, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Қазан университетінің шығыс факультетін бітірген. Ол Омбы кадет корпусында орыс әдебиетінен сабақ берген; Ш.Ш.Уәлихановтың мұғалімдерінің бірі әрі досы. Костылецкий қазақ халқының поэзиясына қатысты материалдарды, соның ішінде өзінің шәкірті Уәлихановтан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының бірнеше үлгісін жазып алып, жақын досы И.Н.Березинге табыс еткен. Ол қазақ ауыз әдебиеті мен қазақ халқының ұлттық ойындарына қатысты мағлұматтар жинаумен де шұғылданды. Костылецкий Абайдың інісі Халиолла Өскенбаев, сазгер Мұстафа Бүркітбаев (Баянауылдан) Сәдуақас Анаев (Көкшетау округінен), Ханғожин (Аягөзден), т.б. шәкірттерінің көмегімен қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің мол қорын жинады. Костылецкийге шәкірттері жазған хаттары, олардың салған этнографиялық материалдары Ресей ҒА Шығыстану институтының Березин қорында сақтаулы. ## Дереккөздер
ЖАМБЫРШИН Әлім Шәкірұлы (19.7.1943 ж.т., Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қ.) – тех. ғыл. докт. (1983), проф. (1984). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Алматы пед. шет тілдер ин-тын (1988, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері ун-ті) бітірген. Қазақ а. ш-н механикаландыру және электрлендіру ғыл.-зерт. ин-тында жұмыс істеген. Канададағы КСРО елшісінің кеңесшісі (1988–92), Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі (1992–94) болды. 1994 жылдан «Минкоры Сентрал Эйша Лтд» қазақ-америка бірлескен компаниясының президенті. Қазір «Балэкс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Мех., асыл металдарды байыту саласы бойынша бірнеше ғыл. еңбегі жарияланған. Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1975). ## Дереккөздер
Грейг қызғалдағы (лат. Tulipa greigii) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, Қоржынтауда, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40 – 50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңгі бетінде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі – қорапша. Грейг қызғалдағы – өте әдемі, сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталған. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарында қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ — лалагүлділер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Шу-іле тауларында, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40-50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңті бетіңде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативі (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі — қорапша. Грейг қызғалдағы — өте сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталган. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарыңда қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның 235 "Қызыл кітабына" енгізілген. ## Сипаттамасы Биіктігі 20-50 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 2,5 - 4 см, көн тәрізді қара қоңыр, ішкі жағы, әсірісі түбі мен ұшы қалың түкті қабықты. Сабағының жоғарғы жағы түкті, жапырақ саны - 3 - 4, шамалы жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, көкшіл сұр, жоғарғы жағында көптеген күлгін дақтары бар, жоғарғысы едәуір түкті, кірпікшелі, әдетте гүлге жетеді, ең төменгісі сопақшадан жалпақ эллипске дейін тәрізді, ені 3,5 - 8 см. Сыртқылары түкті, жұмыртқа тәрізді, жоғарғы жағы қайырылған, ішкісінен шамалы қысқа, ішкілері кері жұмыртқа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, олардығ жіпшелері жалаңаш, сары немесе қаралау, тозаңдықтары сары, сирек күлгін, жіпшелерінен 2 есе ұзын, түйіні орнықты ауызды; қорапшасының ені 2 - 3 см, ұзындығы 4 - 6 см. Мамыр - маусым айларында гүлдейді. ## Қазақстанда таралуы Эндемик. Шағыл тасты және сазды топырақты далаларда, аласа тау мен тау етегінде өседі. Қызылорда, Түркістан флористикалық аудандарында Іле, Күнге" Алатауының батыс сілемдерінде (Шу - Іле тауларының тоғысқан жеріндегі Қордай асуы маңында) , Қырғыз Алатауы, Шу - Іле таулары, Қаратауда кездеседі.Қазақстанның "Қызыл кітабына " енгізілген ## Дереккөздер Қазақстан қызғалдақтары ## Дереккөздер Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Жанайдаров Мейрам (1846, бұрынғы Атбасар уезі, Терісаққан болылсы – 1921) – этнограф. Мұсылманша, орысша білім алып, Атбасар уезі бастығының көмекшісі болған. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Мәжік бөлімінен шыққан. «Мың бір түнді» өлеңмен жырлап, 1895 жылы «Дала уалаяты» газетінің бірнеше санына бастырған. Кейін болыс болып, ұзақ жыл ел билеу ісіне араласқан. Қазақ халқының мәдениетін зерттеумен айналысып, Ресейде өткен этнограф көрмелерге қатысқан. Қазақ киіз үйін, зергерлік бұйымдар мен киім-кешегін, ер-тұрманын, қару-жарағын, ит жүгіртіп, құс салған, ат жарыстырған салт-дәстүрін насихаттаумен шұғылымиданып, ірі мұражайларға тегін экспонаттар өткізген. Өзінің ата қонысы Терісаққан өзені бойынан еуропалық үлгіде қызыл кірпіштен екі қабатты үй салдырған. Жанайдаров қазақ киіз үйінің құрылысына өзіндік жаңалық енгізіп, жылжымалы терезелер орнаттырған. Осы киіз үй Ресей патшасы қазақ сахарасын аралауға келген сапарының құрметіне және Романовтар әулетінің таққа отыруының үш жүз жылдығының құрметіне арналған Омбы қаласында өткізілген көрмелерге (1868, 1891, 1913) жәдігер ретінде тігілген. Оның 1876 жылы шығыстанушылардың халықар. 3-конгресінің көрмесіне арнап, Санкт-Петербургке жіберген терезелі киіз үйінің бір нұсқасы қазір Ресейдің мемлекеттік этнография мұражайында сақтаулы. Жанайдаров жылқы тұқымын асылдандыруға қосқан үлесі үшін 8 рет Батыс Сібір әскери ген.-губернаторының жүлдесіне ие болып, 1891 жылғы көрмедегі ат жарысында бірінші жүлдені Николай ІІ-нің өз қолынан алған. Жанайдаров егде тартқан шағында қажылық парызын өтеп қайтқан. Жанайдаровтың «Үш дос» поэмасы, Мүслима қызбен айтысы, бірқатар өлеңдері орталық ғылым кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Қазақ шежіресін жинап, кітап етіп бастыру туралы мәселе қозғаған мақаласы 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланып, «Мың бір түннің хикаясы» аталатын дастаны кейін екі рет (1986, 1994) жарық көрді. Путешествие государя Николая ІІ на Восток, СПб., 1897; Маргулан А.Х., Казахское народное прикладное искусство, А.-А., 1986; Дала уалаятының газеті (1888 – 1902), А., 1994. ## Пайдаланылған cілтемелер
## Жылнамалар жинағы Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. ## Тарихы Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние.Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген. ## Шежіренің құрамы «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: * Борис Годунов билігін бейнелеу. * Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. * Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды. ## Маңызы Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді. ## Тағы қараңыз Қадырғали Жалайыр ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B ## Жылнамалар жинағы Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. ## Тарихы Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние.Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген. ## Шежіренің құрамы «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: * Борис Годунов билігін бейнелеу. * Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. * Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды. ## Маңызы Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді. ## Тағы қараңыз Қадырғали Жалайыр ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B
ЖАНАСБАЕВ Аманғазы Масалыұлы (1940 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – медицина ғылымының докторы (1993), профессор (1996). Семей мемлекеттік медицина институтын (1964) бітірген. Аудандық емхананың бас дәрігері (1964–67), Ақмола (қазіргі Астана қаласы) балалар емханасының дәрігері (1968–73), Ақмола медицина институтында (1973–75, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) ассистент қызметтерін атқарды. 1975 жылдан Семей мемлекеттік медицина академиясында доцент, кафедра меңгерушісі. Жанасбаев 80-ге жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Гүлжан Мұхитқызы Жанәлиева (1944 жылы туған, Ресей, Түмен облысы, Ямаль ауданы, Новый порт кенті) – география ғылымдарының докторы (1993), профессор (1997). ## Өмірбаяны * Орал педагогикалық институтын (1965) бітірген. * ҚазМУ-дың (1975, қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітірген. * Мұғалім (1965–67) * комсомол ұйымының хатшысы (1967–71). * 1978 жылдан ҚазМУ-да доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. ## Ғылыми еңбектері * «Ландшафтная дифференция и структура геосистем речных бассейнов внутреннего стока (на примере Балхаш-Илийского региона)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * 60-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы. ## Дереккөздер
ЖАНҒАБЫЛОВ Абай Кенжебайұлы (14.5.1939 жылы туған, Қызылорда облысы Сырдария ауданы) – медицина ғылымының докторы (1986), профессор (1987). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1963, қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген. Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Амангелді» кеңшарында аурухана меңгерушісі, аудан аурухананың бас дәрігері (1963–66) болды. Киевтегі Н.Д.Стражеско атындағы ғылыми-зерттеу клиника институтының аспирантурасында (1966–69) оқыды. Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) ассистент, доцент (1969–74). КСРО Медицина ҒА Тағамтану ғылыми-зерттеу институтының Қазақ бөлімшесінде бөлім бастығы (1975–90) қызметтерін атқарды. 1990 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі. Жанғабыловтың ғылыми еңбектері қан аурулары патологиясына және гастроэнтерология саласына арналған. 130-дан астам ғылыми мақала жариялап, қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттері және практикалық гастроэнтерология жөнінде оқулықтар жазған.
ЖАНАЛИНА Ләззат Қабылдашқызы (30 қараша 1944 жылы туған, Павлодар қаласы) – филология ғылымының докторы (2005), профессор (2007).Халықаралық ақпараттану академиясының академигі (2005). Қазіргі ҚазҰУ-ды (1967) бітірген. Көкшетау мемлекеттік университетінде аға оқытушы (1967–69) болды. ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (1973–2008) қызметін атқарады. «Номинация как форма речевой деятельности» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Жаналина 300-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы. ## Сыртқы сілтемелер http://www.arhiv.pavlodar.gov.kz/index.php?show=33&lang=1&artID=45 ## Дереккөздер
Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев (6 маусым 1949 жылы туған, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақсай ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Орталық Азия Халықаралық академиясының академигі (1999). ## Өмірбаяны * Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1979, қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген. * Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент (1981–87) * КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық туберкулез ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1987–90) * Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент, кафедра меңгерушісі, проректоры (1990–97) * Қазақстан Республикасы Өкпе ауруы проблемалары ұлттық орталығының директоры (1997–99) қызметтерін атқарды. * 2000 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі. ## Ғылыми еңбектері * Жангереев 68 жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Марапаттары * Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1985). ## Дереккөздер
Дарико Мұқышқызы Жанғозина (1946 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (2003). ## Өмірбаяны * Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1972). * Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1972–92) * Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының орталық ғылыми-зерттеу зертханасында аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. * 1993 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. ## Ғылыми еңбектері 119 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев (15 тамыз, 1913 жыл., Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Ащысай а.) — биология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). ## Өмірбаяны * Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. * Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би (бұрынғы Қаратас) ауданында агроном болған (1935–1936). * 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. * Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1946–1949) * инстиут директоры (1949–1953) * Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе ст-ның, Қазақ жеміс-жүзім шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры (1953–1959) * Қазақстан ғылым академиясының Биология ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, Төралқа мүшесі (1962–1970) болды. * 1970 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Бас ботаника бағында қызмет істеді. Ол 1970–1980 ж. жабайы жеміс-орман өсімдіктері бөлімін басқарды. * 1980 жылдан Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, сондай-ақ «Өсімдіктер генофондысы» ЖШС-нің бас директоры. ## Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы жеміс ағаштарының биол. алуан түрлілік генофондысын сақтау және оны тиімді пайдалануға арналған. Жанғалиев бақ шаруашылығын жүйеге келтіріп, жеміс-жидек және жүзім ағаштарын өсіру әдістерін жетілдірді. Жанғалиев жеміс-орман ағаштарының селекциясы мен генетикасын зерттеген. ## Марапаттары * 2-дәрежелі Отан соғысы * 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиев Мұрағатталған 25 қыркүйектің 2022 жылы.
Долорес Мұқышқызы Жанғозина (1937 ж.т., Ақмола облысы Атбасар қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1992). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1961). Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығында кіші (1961–70), аға (1970–78) ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1978–86) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. Долорес Мұқышқызы Жанғозина 146 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Мұқатай Жандабаев (1916 ақпанның 1-інде, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Фрунзе ауылы - 1998 маусымның 20-ында, Алматы қаласы) – география ғылымдарының докторы (1970), профессор(1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1984). ## Қысқаша өмірбаяны * 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. * 1948 - Воронеж педогогика институтын бітірген. * 1948–53 - Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтының кіші ғылым қызметкері; * 1953 жылдан - өмірінің соңына дейін ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) доценті, кафедра меңгерушісі болды. ## Еңбектері Негізгі ғылым еңбектері аймақтық геоморфология, неотектоника, сай-жыра эрозияы, сел мәселелеріне, геоморфология картаға түсіру әдістеріне арналған. Өзен және өзен аңғарларының пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынды. Жер бедерінің шағын пішінді өлшемдерін анықтайтын географиялық әмбебап аспап құрастырды. Бұл аспаппен далалық жағдайда география нысандардың әр түрлі параметрлерін, тік және көлбеу бұрыштарды, беткейлердің биіктігі, құламасы мен экспозициясын, шағын ойыстардың, өзен мен аңғардың кемерлерін, ағаштың биіктігін, малтатас, қойтастардың көлемін, сонымен бірге жергілікті географиялық ендіктерді, Күннің көкжиектен биіктігін, салыстырмалы биіктіктерді анықтауға болады. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен және медальдармен марапатталған. Шығармалары: * "Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин", 1972; * "Природа Заилийского Алатау", 1978; * "Речные долины", 1984. ## Дереккөздер ## Сілтемелер ғылыми-тәжірибелік конференциясы Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.геоморфология және картография кафедрасы Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин (1905 қарашаның 7-інде, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – биология ғылымдарының кандитаты (1945), Қазақ ауыл шаруашылық академиясының корриспондент мүшесі (1969). ## Қысқаша өмірбаяны Арғын тайпасы Қаракесек руы Танас Сары бұтағынан шыққан. * 1929 - Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.; * 1929–35 - Қарақалпақстан мен Қазақстан жоспарлау комиттерінде; * 1935–54 - Қазақ мал шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтында қызметтер атқарды. * 1954–55 - Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің Қазақстан павильонында директор және аға әдіскер; * 1955–57 - Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі; * 1957–60 - сол институтта директор болды. * 1960–62 - Гурьев (қазіргі Атырау) ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының директоры; * 1962–63 - Қазақстан халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің директоры; * 1963 жылдан - өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі; * 1978–83 - кеңесші болды. ## Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1950). «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Шығармалары: * Как создавался казахский архаромеринос, * “Колхозное производство”, 1951, №1; * "Разведение шерстных коз", 1950; * "Анатомия и физиология животных", 1954 (соавтор); * "Мясо-сальное овцеводство Казахстана", 1964. ## Сілтемелер ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2011 жылы.ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Нұрымбек Жанділдин (1918 тамыздың 20, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы - 1990 жылы, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970). ## Қысқаша өмірбаяны Арғын тайпасының Қаракесек руының Шаншар бөлімінн шыққан. * 1941 - Қазақ педагогика гимназиясын бітірген. * 1941–43 - Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы партия коммитетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. * 1944–46 - БК(б)П ОК Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, содан кейін БК(б)П ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты болды. * 1949 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі; * 1951–55 - Қазақстан КП ОК-нің ғылыми және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі; * 1955 ж. - Қазақстан ҒА философия және құқық секторының меңгерушісі; * 1956 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры; * 1957–65 - Қазақстан КП ОК-нің хатшысы және бюро мүшесі; * 1965–67 - Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы; * 1967–76 - Алматы педагогика шет тілдер институтының ректоры қызметтерін атқарды. * 1976 жылдан - өмірінің соңына дейін Алматы темір жол көлік инженерлері институтының (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) кафедра меңгерушісі болды. ## Еңбектері * 196] ж. «Развитие национальных отношений в КСРО» (Доклад по совокупности опубликованных работ) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері тарихи прогресс, ұлттық қатынастар мен ұлт мәдениетін дамыту, ұлттық психология мәселелеріне арналған. ## Шығармалары * "Советтік Қазақстанда мәдениет пен ғылымның гүлденуі", 1956; * "Природа национальной психологии", 1971; * "Монолитное единство", 1976. "Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер БІРІНШІ ХАТШЫДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ(қолжетпейтін сілтеме)
Қойшағыр – пілтелі мылтықтың ауыр түрі. Оқпаны үлкен, калибрі ірі болады. Көбінесе қамал қабырғаларын бұзуға қолданылған. ## Дереккөздер
Шайзында Жанәділұлы Жанәділов (1945 жылы туған, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1993). ## Өмірбаяны * Ақмола медицина институтын (1969, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. * КСРО Ғылым Академиясы (Мәскеу) Еңбек гигиенасы ғылыми-зерттеу институтында (1969–72) аспирант * Целиноград мемлекеттік медицина институтында ассистент (1973–74, қазіргі Астана мемлекеттік медицина университеті) * Талдықорған педагогикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі (1974–83) * Алматы мемлекттік медицина институты Шымкент қаласындағы бөлімшесінің доценті (1983–85), кафедра меңгерушісі (1996) болды. * 1997 жылдан Семей мемлекеттік медицина академиясының кафедра меңгерушісі. ## Ғылыми еңбектері Жанәділов 76 ғылыми-зерттеу еңбектің, 5 авторлық куәліктің авторы. ## Дереккөздер
Қой тоғыту – қойға қотыр түспеу үшін, сондай-ақ әр түрлі ауру тарататын кенелерге қарсы алдын-ала жүргізілетін шаралардың бірі. Қойды креолин, гексахлоран, неоцидол, гексалин сияқты дәрілердің бірі қосылған арнайы жасалған арықтарда (тоғандарда) немесе табиғи тоғандарда тоғытады. Арықтың ені 0,80 – 0,90 метр, тереңд. 1,20 – 1,50 метр, ұзындығы 15 – 20 метр шамасында болуы қажет. Үш айға толмаған қозы, буаз саулық, терісінде жарақаты бар қой тоғытылмайды. Қой тоғыту негізінен қойды қырқар алдында жүргізіледі. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы
Қойшоқы – қола дәуірінде өмір сүрген тайпалар қорымы.Қарағанды облысы Шет ауданы. Ақмая қонысынан солтүстікке қарай 1,5 – 2 километр жерде, Қойшоқы мен Ақмая тауларының ортасында. 1975 – 85 жылы Орталық Қазақстан археология экспедиция (жетекшілері М.Қ. Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Қойшоқы қорымындағы ескерткіштер төрт топқа бөлінеді. Қоршаулар пішіні шеңбер, дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Олар тігінен қадалған жақпар тастармен көмкерілген. Зерттелген қабірлердің бәрі бұрын тоналған. Мүрделер тас жәшіктерге (орташа көлемі 1,5 -10,8 м), ішінара шұңқырға қойылып, тізелері бүгіліп, бір қырынан басы шығысқа қаратылып жерленген. Бас жағына немесе тас жәшіктің оңтүстік-шығыс бұрышына ыдыстар қойылған. Қойшоқының1 қорымы 19 қоршаудан, 2 - қорымы 15 қоршаудан, 3 - қорымы 3 қоршаудан және жеке қойылған 1 тас жәшіктен, 4 - қорымы 14 қоршаудан тұрады. Қойшоқы қорымынан геометриялық өрнек салынған көзе сынықтары, қола моншақ, алтынмен қапталған білезік, сырға, қапсырмалар, жебе және найза ұштары табылған. Алынған мәліметтерге қарағанда, Қойшоқы қорымында б.з.б. 14 – 12 ғасырларда өмір сүрген адамдар жерленген. ## Дереккөздер:
Григорьев мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық типтегі мұздық. Іле алабындағы Есік өзенінің саласы – Көкбұлақтың бастауында. Кеңес географы, академик А.А. Григорьевтің есімімен 1941 жылы аталған. ## Аумағы Мұздық солтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 4,7 км, ауданы 8,9 км2, көлемі 0,72 км3. Фирн сызығы 3850 м биіктікте. Мұздық тік, құлама келген үш цирктен қоректенеді. Ашық жатқан мұздық тілі 3560 м биіктікте бітеді. Көкбұлақ өзені Григорьев мұздығынан басталады. Мұздық жылына 5 – 10 м шегінуде. ## Дереккөздер
Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947). ## Өмірбаяны Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. * Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры) бастады. * 1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды. ## Ойнаған рольдері Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды. Классикалық драматургиядан Н.В. Гогольдің “Ревизорында” Анна Андреевнаның, А.Н. Островскийдің “Шындық жақсы, ал бақыт одан да артық” және “Таланттылар мен табынушыларында” Мавра Тарасовна мен Долина Пантелеевнаның, Ж.Б. Мольердің “Скапеннің айласы” мен “Сараңында” Зербинетта мен Фрозинаның, т.б. сахналық тұлғасын жасады. 1940 жылдан киноға түсті, Ана (“Райханда”, 1940), Зейнеп (“Абай әнінде”, 1945), Жамал (“Алтын мүйізде”, 1948), Күнікей (”Махаббат дастанында”, 1954), Милиционер әйел (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1957), Шайшекер (“Егер біздің бәріміз де”, 1961) рөлдерінде ойнады. Қ. халық әндерін нақышына келтіре орындаушы ретінде де ерекше көзге түсті. ## Фильмографиясы * 1940 - Райхан - Райхан * 1945 - Абай әндері - Зейнеп * 1948 - Алтын керней - Жамал * 1954 - Махаббат туралы аңыз - Күнекей * 1955 - Қыз-жігіт - секретарь * 1956 - Мазасыз көктемде - Хафиза Бейсенова * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - аға лейтенант * 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Шайшекер * 1962 - Балам - Хадиша Ахметқызы * 1962 - Жол түйісі - сұраушы ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған * ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1952). ## Дереккөздер
Ескендір Оразұлы Жанайдаров (19 тамыз 1958 жылы туған, Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1995). ## Өмірбаяны * Қарағанды мемлекеттік университетін (1980) бітірген * осы университетте ассистент, аспирант, аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер (1980–94) * Мемлекет және құқық институтында доцент, аға ғылыми қызметкер (1994–96) * Қазақ мемлекеттік заң университетінің ғылыми-зерттеу орталығында бас ғылыми қызметкер (1996–97) болып істеді. * 1998 жылдан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама институтының директоры. ## Ғылыми еңбектері * «Осуществление права государственной собственности юридическим лицам» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Майра Белгібайқызы Жангелова (1940 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1990). ## Өмірбаяны * Семей мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. * Харьков медицина институтында аспирант (1966–69) * Семей мемлекеттік медицина академиясында ассистент, доцент (1969–75) * Қарағанды медицина институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1975–81) * Семей мемлекеттік медицина академиясында доцент, профессор (1981–89). * 1990 жылдан профессор, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. ## Ғылыми еңбектері * 1988 жылы «Медиаторные процессы при отеке легких» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. * Жангелова 50-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер * https://sibac.info/author/zhangelova-mayra-belgibaevna * http://www.nma.org.kz/about/photogallery/?ELEMENT_ID=34227
Қалбике Өмірбайқызы Есенова– филология ғылымдарының докторы (2007), доцент (2006). ## Қысқаша өмірбаяны 1990–91 Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қызылорда гуманит. ун-ті) бітірген соң осы оқу орнында оқытушы болып істеді;1991–92 Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тіл білімі ин-тында ғыл. тәжірибеден өткен және аспирантурасында (1992–95) оқыған; осында кіші, аға ғыл. қызметкер болды;2003 жылдан ҚазҰПУ-да доцент қызметін атқарады. «Қазіргі қазақ мәтінінің прагматикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зертхана жұмысының бағыты – прагмалингвистика, прагмастилистика және бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Есенов 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ КОМИТЕТІ(қолжетпейтін сілтеме)
Ауданбек Көбесов (1932, Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылы – 8.5.2008, Алматы қаласы) – педагогикалық ғылымының докторы (1990). * Ысты руынан шыққан. * 1952 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Жамбыл облысы Талас ауданындағы мектептерде сабақ берді, мектеп директоры болды. * 1959 - жылы ҚазПИ-де оқытушы, доцент, * 1987-1997 - ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды. «Әл-Фарабидың педагогикалық мұрасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Көбесов 300-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік жарияланымның, оның ішінде Әл-Фарабидің ғылыми-педагогикалық мұрасына арналған көптеген мақала топтамасының авторы. ## Дереккөздер
Біржан Қожағұлұлы, Біржан сал — Әйгілі қазақ ақыны, сазгер. ## Фильм * Біржан сал (фильм) ## Пьеса * Біржан сал (пьеса) ## Аудан * Біржан сал ауданы ## Көше * Біржан сал көшесі (Алматы) * Біржан сал көшесі (Астана) ## Ескерткіш * Біржан сал ескерткіші
Көкетай ханның асы, «Көкетай хан» – эпостық жыр. Қазақстанның халық ақыны Кенен Әзірбаев 7000 жолдық бұл көлемді жырды жадына сақтап, ел арасында жырлаған. Оның айтуымен 1940–1941 жылдары жыр қағаз бетіне түсіріліп, 1958 жылы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына өткізілген, қазір сонда сақтаулы. Қырғыз халқының атақты «Манас» эпостық жырының «Көкетай асы» тарауымен үндес, «Көкетай ханның асы» жыры – мазмұны, сюжеттік құрылысы, оқиға желісі мен көркемдік ерекшеліктері жағынан батырлық жырлар шоғырындағы елеулі туындының бірі. Жырда ағайынды Көкетай хан мен Төкетай салдың төңірегінде бүкілхалықтық мәселелер көтеріліп, үйлену тойының көрінісі, ағайын арасының араздығы, Көкетайдың асы, Төкетайдың өлімі, батырлардың қалмақтарға қарсы жорығы және т.б. оқиғалар бірінен соң бірі өрбиді. Ер Қосай, Ер Көкше, Ер Төстік сияқты қазақ батырларының ерліктері де кеңінен жыр арқауы болады. Жыр нұсқасы толық 7–8 буынды жыр үлгісіне құрылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған. ## Дереккөздер
Қоқай – Нұра алабындағы ағынды көл. ## Географиялық орны Ақмола облысының, Қорғалжын ауданы жерінде орналасқан. Ауданның батыс бөлігінде, Теңіз көлінің шығысында, Асаубалық пен Сұлтангелді көлдерінің аралығында. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 307,5 м биіктікте орналасқан. Ауданы 24 км2, ұзындығы 8,1 км, ең енді жері 4,5 км. Көлді Нұра өзені жарып ағады. Суы тұщы. Жағасы – жайылым, шабындық. ## Жағалау сипаты Көлдің солтүстік-шығыс жағалауы аласа төбешікті, басқа бөліктері жатық, түйетайлы, жазыққа ұласады. Пішіні күрделі, жағалауы аз тілімденген. Желтоқсанда суы қатып, сәуірде ериді. Көлге Нұра өзені құяды. Суында мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, шортан, т.б. балықтар мекендейді. Оңтүстік жағалауы батпақты, қамысты келген.
Қолат – жер бетіндегі бір бағытқа қарай төмендейтін, ұзынша келген жайпақ ойпаң. Оның бір-біріне қатарлас бағытта созылған жайпақ екі беткейі, енсіздеу табаны болады. Қолат белесті жазықтарда эрозияның әрекетінен пайда болып, кейіннен өзекке, жыраға айналып кетуі ықтимал. Тереңдігі бірнеше метрге, ені ондаған, жүздеген метрге дейін жетеді. ## Дереккөздер
Қолбасшы: * Қолбасшы - мемлекеттің қарулы күштерін, соғыс жағдайында ірі әскери құрылымдарды (оперативтік-стратегиялық бірлестіктерді) басқаратын әскери басшы. Қолбасшылар соғыс кезінде әскери операцияларды дайындайды және оның нәтижесіне жауапты болады, бейбіт уақытта қарамағындағыларды әскери шеберлікке үйретеді, әскери жаттығуларды басқарады. Әдетте, қолбасшы етіп дарынды, көреген, әскери жағдайлардың дамуын болжай алатын, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалана білетін, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар жігерлі, батыл адамдар тағайындалады. Әрбір тарихи кезеңдердегі үлкен соғыстар өз қолбасшыларын шығарды. Қазақ халқында да аты аңызға айналған көптеген қолбасшылар болды (қолбасшы Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, Жәнібек, Райымбек, Амангелді, Бауыржан, т.б.). * Қолбасшы — құрлық және әуе күштері армиясын, әскери-теңіз флоты әскері түрлерін, әскери округтерді, майданды басқаратын генералдар мен адмиралдар және маршалдар. Қолбасшылар соғыс кезінде соғыс операцияларын дайындайды және оның іс жүзіндегі нәтижесіне жауапты болады. Бейбіт кезде олар өздерінің карамағындағы құрамаларға, бөлімдерге басшылық етеді, оларды әскери шеберлікке үйретеді, соғыстың талаптарына сай далалық және теңіздік әскери жаттығуларды басқарады. * Қолбасшы — мемлекеттің қарулы күштерін немесе соғыс кезінде ірі әскери құрылымдарды (әдетге оперативтік-стратегиялық бірлестіктерді) шебер басқаратын, әскери қимылдар дайындығы мен жүргізу өнерін меңгерген әскери кызметкер, әскери бастық. Әдетте, Қолбасшыға жеңіске жетуде қолда бар күштер мен құралдарды өте тиімді пайдалана білетін, дарынды, шығармашылық ойлы, әскери жағдайлардың дамуын болжауга қабілетті, жігерлі, шешімді, жауынгерлік тәжірибеге бай, жоғары ұйымдастырушылық қабілетке және басқа да касиеттерге ие тұлғалар жатқызылады. Қолбасшының осы қасиеттері оның жоғарғы беделге ие болуына септігін тигізеді, оның қалыптасқан жағдайларды өз уақытында және дұрыс болжауына, бағалауына, мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдап және оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Әрбір тарихи кезең, ірі соғыс әз Қолбасшыларын алға шығарады. Олардың барлығы әз уақытында соғыстарда жеңіске кол жеткізуде үлкен рөл атқарып, әскери өнерді байытты. ## Дереккөздер
Атбасар Мәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Осы мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының (Ақмола облысы) атымен аталған. Б.з.б. 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңірінде өркендеген Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атабасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалалы өзенінің ескі арналары жағалауларында орналасқан. Тұрақтардан табылған еңбек құралдарының арасында жебенің ұштары көп. Бұл мәдениет тұсында үлкен қырғыштар мен пышақтар, шомбал балталар пайда болған. Қыш ыдыстарының сыйымд. 1–5 л, пішіні жарты жұмыртқа тәріздес. Ыдыстардың сырты өрнектермен безендірілген. Табылған заттардың жиынтығы Солтүстік Қазақстанда б.з.б. 3-мыңжылдықтың басында өндіруші шаруашылықтың қалыптаса бастағанын көрсетеді. ## Дереккөздер
Сақтап Атауов (10.8.1930 ж.т., Атырау облысы Құрманғазы ауданы Өтер ауылы) – педагог, тарих ғылымдарының докторы (1982), профессор (1984). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ химиялық-технологиялық институтында аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары (1973–1980), 1980 жылдан осы институттың профессор қызметтерін атқарған. «Борьба партийных организаций Казахстана за развитие тяжелой промышленности в 1956–1965 жж.» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Атауовтың ғылыми жұмысының негізгі бағыты – Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамытуды басқару ісі мәселесі. ## Дереккөздер
Тұрар Қойшығараұлы Көкеев (15.12.1933 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы) – медицина ғылымының докторы (1989), профессор (1994), * 1967 - КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, * 1981 - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. * 1958 - Алматы мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) және * 1961 - аспирантурасын бітірген. * 1986-1993 - Жамбыл облысы Талас ауданы ауруханасында хирург, Алматы мемлекеттік медициналық институтында ассистент, доцент, * 1980-1985 - кафедра меңгерушісі болды. * 1994 жылдан профессор қызметтерін атқарады. Көкеев 115 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография мен 2 оқулықтың авторы. Жамбыл облысының құрметті азаматы (2002). ## Дереккөздер
Жетісу — тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген. Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу (солтүстікте Балқаштан Кетпен және оңтүстікте Іле Алатауы жоталарына дейін, солтүстік-шығыста Алакөлден оңтүстік-батыста Шу-Іле су айрығына дейінгі жерлер) және Оңтүстік-батыс Жетісу (Шу және Талас алқабы) деп екіге бөледі. Жетісуға мұндай тарихи-географиялық анықтама бере отырып, олар бұл өлкенің тек табиғи жағдайларын ғана емес, сонымен қатар оның өткендегі экономикалық, саяси, этникалық және мәдени даму ерекшеліктерін де еске алады. Жетісудың кең аумағы (солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км) және тауларының биіктігінің әр түрлі болып келуі оның климаты мен ландшафтарының да түрліше болуына ықпал етті. Бұл өлкеде егін шаруашылығы ертеден-ақ шұраттық сипат алып, қолдан суғаруды қажет еткен. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде (600 — 1200 м биіктікте) ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары өседі. Бұл өңір мал жайылымына қажетті көкорай жемісті ағаштар мен шалғындарға бай. Міне, осындай қолайлы табиғи географиялық жағдайлар Жетісуды Түркістан жеріндегі ертедегі мәдениет ошақтарының біріне айналдырды. Оны мекендеген тайпалардың қазақ халқының тарихи қалыптасуында, мемлекеттің құрылып, нығаюында, мәдениеттің өркен жаюында зор маңызы бар. Жетісу жерінде мал бағу мен егін шаруашалығының пайда болуы неолит пен энеолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде (б.з.б. 15 — 8 ғ-лар) бұл өлкені мекендеушілердің материалдық және рухани мәдениеті одан әрі өркендеп, мыс пен қоладан құралдар жасау, бақташылықпен, жер өңдеумен, аң, балық аулаумен айналысу кәсіптері пайда бола бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде Жетісуда, негізінен, малшы қауымдарының бөлініп шығу дәуірі аяқталды. Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы Жетісуды дербес экономикалық аймаққа айналдырды. Б.з.б. 7 — 4 ғасырларда Жетісуды сақтар мекендеген. Олар шаруашылықтың сол кездегі жетілген түрі малшылық және суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасалған құралдарды пайдаланған. Археологтар Талас алқабындағы алғашқы отырықшы мекендердің қалдығын б.з.б. 5 ғ-ға дейінгі уақытқа жатқызады. Б.з.б. 3 ғ-да Жетісудағы сақ тайпаларының одағын үйсін тайпаларының одағы алмастырды. 6 ғ-дың орта шенінде Жетісу Түрік қағанатының құрамына енді. Ал 581 ж. одан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шықты. Оның орталық ауданы Жетісу, астанасы Суяб қаласы болды. 7 ғ-дың 30-жылдарында Жетісуда Шу өзенінің шығысында дулу, ал батысында нушеби деп аталған екі иелік пайда болды. 8 ғ-ға дейін бұлар Шығыс Түрік қағандығына тәуелді болатын. Ал 8 ғ-дың басында Жетісудағы өкімет билігін Шу мен Іле арасында көшіп-қонып жүрген түргештердің билеуші топтары басып алды. Түргеш қағанаты (704 — 766) ала ауыздық, ішкі әлеуметтік қайшылықтардың барған сайын өршуі, оңтүстікте арабтармен, шығыста қытайлармен үнемі қақтығысып отырудың салдарынан әлсіреді. Жетісудағы өкімет билігін тағы бір түркі тайпасы қарлұқтар басып алды. Түргеш және Қарлұқ (766 — 940) қағандықтары дәуірінде Шу, Талас және Іле бойында қолөнер мен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары пайда болды (Атлах, Хамукент, Құлан, Мерке, т.б.). 9 — 10 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығыс өңірінде отырықшы егіншілік пайда болды, оның іздері Алматы, Талғар, Дүңгене, Қойлық, Қарғалы, т.б. қалалардың қираған үйінділерінде сақталған. Қолөнер кәсібінің өнімдері ұлғайып, көрші көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару (Таразда) пайда болды. Жетісуды мекендеген түркі тайпалары едәуір дәрежеде отырықшылыққа бой ұрды. Орта Азия, Шығыс Түркістан өңірлерімен сауда-саттық, мал айырбасының тиімділігін жақсы түсінген топтар жақсы жайылымдарды басып алып, мал басын көбейтуге тырысып бақты. Мал мен жайылымнан айырылған көшпелі кедейлер енді егіншілікпен, қолөнер кәсібімен айналысып, қала халықтарының қатарына қосылуға мәжбүр болды. Жетісуға Шығыс Түркістаннан шыққан көшпелі түркі тайпасы ягма басып кіргеннен кейін (940) енді ол Қарахан мемлекетінің құрамына енді. Сөйтіп, Жетісу Шығыс Түркістанмен бірге, Қарахан мемлекетінің Елхан билеген шығыс бөлігін құрады (Қарахандар мемлекеті). 10 ғ-дың аяқ шенінде Қарахан әулетінің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласы болды. Жетісудың бір бөлігінде қарлұқ және шігіл тайпаларының өкілдері билікті өз қолдарына алды. Жетісуда 10 — 11 ғ-лардағы отырықшы егіншілік пен қала мәдениетінің едәуір өркендегенін орта ғасыр авторлары (Макдиси, ибн Хордадбек, т.б.) мен Қазақстан, Қырғызстан археологтарының зерттеулері дәлелдейді. Жаңадан пайда болған егінжайлар мен қалалық мекендер енді тек сауда жолдарының бойында ғана емес, сондай-ақ, өңірдің шалғай түкпірлерінде де (Іленің төменгі ағысы) пайда бола бастады. 11 — 12 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығысындағы негізгі қалалар мен елді мекендер (Шелек, Қапал, Арасан, Лепсі, т.б.) пайда болған. Сәулет өнерінің жоғары дәрежеде дамуының куәгерлері — Бабажы қатын кесенесі (10 — 11 ғ-лар) мен Айша бибі кесенесі (11 — 12 ғ-лар), т.б. Жетісу мен Қазақстанның өзге бөлігін мекендеген түркі тайпалары этникалық жағынан одан әрі жақындаса түсті. 1129 — 30 ж. Жетісуға қидандар басып кіріп, көп ұзамай-ақ жергілікті тұрғындармен араласып кетті. Өңірдің Іле өзенінен солтүстікке қараған жері бұрынғысынша Қарлұқ хандығының (астанасы Қойлық қаласы) қарамағында еді. Қидандардың өктемдігі 13 ғ-дың басына дейін созылды. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға түркі тілдес найман, керей тайпалары келіп кірді. Наймандардың қолбасшысы Күшлүк ханмен күрес қидан гурханын әлсіретті. 1210 ж. ол Мұхаммед Хорезм шаhтан Талас өзені бойында жеңіліс тапты. Енді Жетісуды Күшлүк биледі. 1211 ж. өңірдің солтүстігіне Шыңғыс хан әскерлері баса көктеп кіріп, 1218 ж. Жетісуды жаулап алды. Осының салдарынан Жетісу екіге бөлініп кетті. Оның үлкен бір бөлегі (Іледен оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қараған жағы) Шағатай ұлысына (орталығы Алмалық маңында болды), ал Іледен солтүстікке қараған жерлер Жошы ұлысына қарады. Солтүстік-шығыс қиыры (Тарбағатай, Еміл мен Көбік маңы) Үгедей ұлысының еншісіне тиді. 1269 ж. Таласта өткен құрылтайда бұрынғы Шағатай, Үгедей ұлыстарының негізінде Хайду (1301 ж. ө.) басқарған мемлекет құрылды. Оның ордасы Іле алқабына орналасты. Біршама уақытқа елдің ішкі саяси және экономикалық өмірі қалыпқа түсті. Алайда Шағатай әулетінің ол өлгеннен кейінгі іштей өзара қырқысуы, сондай-ақ, көрші хандықтармен жүргізілген соғыстар Жетісу халқына және оның экономикасына едәуір зардабын тигізді. 14 ғ-дың 1-жартысында Жетісу және Мауераннахр билеуші топтарының арасындағы қайшылықтар одан сайын үдей түсті. 14 ғ-дың орта шенінде Шағатай ұлысының батыс және шығыс бөліктері ыдырай бастады. Оның басты себептерінің бірі шапқыншылық салдарынан шаруашылық-саяси және тарихи даму жағынан әр қилы этникалық топтардан құралғандығы еді. Шағатай ұлысының шығыс бөлігіндегі дулат тайпасының билеушілері жаңадан Моғолстан деген мемлекет құрып, оған өз іштерінен Тоғлұқ Темірді хан етіп жариялады (1348 — 62/63). Енді Моғолстанның орталық бөлігі болып қалған Жетісудың түркі тайпалары этникалық жағынан қайта топтасуға мүмкіндік алды. Дегенмен, олар әлі де болса Қазақстанның өзге өңіріндегі мәдени, тарихи байланысы бір қандас бауырларынан жырақ жатыр еді. Моғолстандағы тайпалар одағына дулат, қаңлы, керей, барін (баарын), бұлғашы секілді жергілікті түркі және оларға етене болып сіңіп кеткен моңғол тайпалары кіретін. Бұлар кейінірек (15 ғ. және 16 ғ-дың басы) қазақ және қырғыздардың құрамына енді. Жетісудың Моғолстан құрамындағы 14 ғ-дың 2-жартысындағы саяси жағдайы өзара қырқыстармен және Әмір Темірдің шапқыншылықтарымен сипатталады. Камар әд-Дин Дулати 14 ғ-дың 70-жылдарында Жетісудың көпшілік жерін басып алып, өз билігін жүргізген. Жетісуда бұл ұлыстан басқа Моғол билеушісі Еңкетөренің ұлыстары, бұлғашы тайпасы әмірлерінің ұлыстары, бірнеше дербес иеліктер пайда болды. Бір орталыққа бағынған өкімет билігінің болмауынан Жетісу халқы Әмір Темірдің шапқыншылығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылық Моғолстан мен Ақ Орданың шаруашылық және саяси жағынан нығаюына кедергі жасады. 14 ғ-дың 80-жылдарының аяқ шені Әмір Темірге бірлесе соққы беруге кіріскен кез болды. Оған қарсы күресте Жетісу билеушілері Камар әд-Дин Дулати, Еңкетөре, Моғолстан ханы Қызыр Қожа (1389 — 99) және Дешті Қыпшақ ханы Тоқтамыс күш біріктірді. Бұлай бірігу Дешті Қыпшақ пен Жетісу тайпаларының өзара байланысты болуы үшін едәуір маңызды болды. Әмір Темірдің қанды жорықтарының салдарынан Жетісу халқы сан жағынан азайды, егін шаруашылығы құлдырап, мал саны кеміді. 15 ғ-дың 1-жартысында да Жетісудағы қырқысулар толастамады. Моғолстандағы Қызыр Қожа, Мұхаммед хан (1408 — 15), Уәйіс хан тұсындағы ішкі саяси жағдайдың уақытша тынышталуы Жетісуға Әмір Темір әскерлерінің басып кіруімен (1425 жылғы (Ұлықбек жорығы) және ойраттардың (қалмақтардың) шабуылдарынан бұзылды. Қарамағындағы халықты барған сайын қанай түсудің нәтижесінде экономикалық күш-қуаты артқан шонжарлар енді саяси тәуелсіздікке ұмтылды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің мәлімдеуінше, 1430 ж. шамасында 30 мыңға жуық моғол отбасы Мауераннахрға жөнелтілген, барін (баарын) және чорас тайпаларының бір бөлігі Амасанджи Тайша билеген ойраттарға өтіп кеткен. Қаңлы, т.б. тайпалар Әбілхайыр хан иелігіне қоныс аударған. Ал мұның өзі ішкі ала ауыздыққа қарсы халық наразылығының белгісі еді. Моғолстанның жаңа ханы Есенбұғаның (1424 — 62) билігі Қашқарияның бір бөлігімен ғана шектелді. Тек 15 ғ-дың 40-жылдарының аяғы мен 50-жылдарының басында ғана ол Жетісудың көшпелі халқына өз үстемдігін жүргізе алды. Алайда осы қиындықтарға қарамастан, Жетісуды (жалпы қазақ жерін) мекендеген қазақ тайпаларының бірігу үрдісі жалғаса берді, енді олардың Моғолстаннан бөлінгісі келетіндіктері айқын сезіле бастады. Мұны Моғолстанның солтүстік және оңтүстік аудандарындағы (Жетісу және Тянь-Шань, Шығыс Түркістанның біраз бөлігі) табиғи-географиялық, экономикалық және тарихи жағдай, сондай-ақ, Жетісу халқының Қазақстанның өзге өңіріндегі тайпалармен ежелден бергі мәдени-этникалық, туыстық жақындықтарын тездете түсті. “Тарихи-и Рашидидегі” мәліметке қарағанда, 1465 ж. бұл жерге 200 мыңға жуық қазақтар көшіп келген. Олармен бірге Әбілхайыр ханмен жауласқан Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар да келген. Сонымен Жетісу Дешті Қыпшақтан келген тайпалардың, сондай-ақ, жергілікті қазақ тайпаларын саяси-этникалық жағынан біріктірудің орталығына айналды. Ал 15 ғ-дың 60-жылдарының орта шені мен 70-жылдардың басында Жетісудың батыс бөлігінде Қазақ хандығы құрылды. 15 ғ-дың аяғы мен 16 ғ-дың бас кезінде Қазақ хандығының шекарасы Жетісу, Дешті Қыпшақ және Түркістан өлкесінің солтүстік бөлігінде (Созақ, Сауран, Сығанақ қалалары қосылды) бірте-бірте кеңейе түсті. Бұл жерлерді жайлаған қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығына бірігіп, қазақ халқының ұзаққа созылған қалыптасу процесі аяқталды. Қазақ халқының құрамында тарихи даму барысында тайпалардың үш тобы пайда болды. Олардың әрқайсысының шаруашылық мүдделері ортақ болғанмен, территория жағынан бір-бірінен айырмашылықтары болды. Осыған байланысты қазақ даласындағы үш жүздің қалыптасуы, соның ішінде Жетісудағы Ұлы жүздің қалыптасуы 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында аяқталды. Қасым хан тұсында (1511 — 23) Қазақ хандығының шекарасы Қаратал өзеніне дейін жетсе, Тахир ханның билігі дәуірінде Қас және Күнес өзендеріне дейінгі атырапты қамтыды. Қазақ хандығының күшеюі 16 ғ-дың бас кезінде Моғолстанның Жетісуда билігінің жойылуын тездетті. Шығыс Түркістан өлкесін билеген Сұлтан Саид (1514 — 33) пен Абд әр-Рашид (1533 — 65) хандар Жетісуды өздеріне қайтарып алуға тырысып бақты. Алайда қырғыздармен одақтасқан қазақ билеушілері оны жүзеге асыртпай тастады. Бұл күрес Ақназар хан тұсында да тоқтаған жоқ. 17 ғ-да өлы жүз басқа қазақ жүздері сияқты жеке хандық болып саналды. Жетісу рулары басқа да отырықшы егін ш-мен айналысатын аймақтармен сауда-экон. қарым-қатынастар жасап тұрды. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Батур Жетісудың біраз жерін өзіне бағындырды. Ал 1681 — 88 ж. Жоңғар хандығы Жетісудан Оңтүстік Қазақстанға бірнеше дүркін жорықтар жасады. 18 ғ-да Жетісудың едәуір бөлігі Жоңғар хандығының қол астында болды. Жоңғар мемлекетін Цинь империясы талқандағаннан кейін, енді Жетісуды осы империя басып аларлықтай қаупі төнді. Жетісудың Ілеге дейінгі оңтүстік бөлігін 19 ғ-да Қоқан хандығы жаулап алды. Жоңғар және Қоқан хандықтарының қайыршылыққа ұшыратқан зорлық-зомбылығына қарсы Ұлы жүз қазақтары күрес жүргізді. 19 ғ-дың 40-жылдарының ортасында Жетісудың Қапал аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтарды Ресей өз қол астына қаратты. Жетісудың Іле өзеніне дейінгі бөлігі Ресей мемлекетінің құрамына енді. 1854 ж. Алмалы деген жерде патшалық Ресейдің Орта Азияны отарлау барысында “сенімді” тірегі саналған “Верный” бекінісі салынды. 1860 ж. қазақтың атты жасақтарымен бірге Ресей әскерлері өзынағаш түбінде Қоқан хандығының әскерін ойсырата жеңді. 1860 ж. аяғында патшалық Ресей Жетісуды толықтай өз отарына айналдырды. 1867 ж. Жетісу территориясында Жетісу облысы құрылды. Жетісу 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі ошақтарының бірі болды. 1924 — 25 ж. Орта Азия республикаларында жүргізілген ұлттық — мемлекеттік межелеуден кейін Жетісу Қазақстан мен Қырғызстан құрамына кірді. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге (1991) Жетісу да қазақ халқының байырғы атамекені ретінде біртұтас мемлекеттің мәдениеті дамыған, экономикасы қуатты аймағына айналды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жетісу Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Көң қоймасы – көң сақтайтын орын. К. қ. мал және құс ш-тарында шығатын, құрамы әр түрлі көңді қоршаған ортаны бүлдірмей сақтау үшін пайдаланылады. Көң дұрыс сақталмаған жағдайда оның құрамындағы қажетті хим. элементтер (азот, фосфор және калий) ыдырап жойылады да, оның тыңайтқышқа пайдалану құндылығы төмендейді. Көңді қоймада сақтау одан әр түрлі аурулар таралуына жол бермейді және оны залалсыздандыруға мүмкіндік береді. Көңді құнды тыңайтқыш ретінде жақсы сақтау және мал мен құстың жұқпалы әрі іш құрт ауруларының таралмауы үшін К. қ. мынадай зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек: көң сақтайтын орын құрғақ, топырағы су өткізбейтін, мал суаты мен ауыз суынан қашық болуы; мал қорасынан кемі 50 м, тұрғын үйлерден 200 м қашықтықта және қорадан төмен беткейде орналасуы тиіс. Көңді жер бетінде немесе шұңқырда сақтайды. Сақталатын көңнің түріне және ауа райына байланысты қоймалар жер бетінде орналасқан, жерден төмен қазылып, едені мен қабырғалары бетондалған, беті ашық немесе жабық болуы мүмкін. Қысы қатты аймақтарда ашық қоймаларда сақталатын көңнің беткі қабаты 12 – 16 см тереңдікке дейін қатады. Жабық қоймаларда көңнен шығатын жылу әсерінен оның беткі қабаты қатпайды да микробиол. процестің жүруі тоқталмайды. Ашық қоймаларда жазғы уақытта аммиакты азоттың шығыны 16%-ға жетсе, жабық қоймаларда ол 8 – 10%-дан аспайды. Жұқпалы ауру байқалған малдың көңін өртейді, не биотермиялық тәсілмен (1 – 6 ай бойы) зарарсыздандырады. Қазіргі уақытта құс, сиыр және шошқа фермаларында К. қ. кеңінен қолданылады.
Томас Уитлам Аткинсон (06.03.1799, Йоркшир — 13.08.1861, Кент қаласы) — ағылшын саяхатшысы, суретші. 1848 — 52 ж. Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. Жеті жылға жуық уақыт бойы ол қазақ даласын аралап, отанына оралған соң өзінің саяхаттарын түрлі суреттермен безендірілген шығармаларында баяндады. Томастың 1858 ж. Лондонда жарық көрген “Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер” атты екі томдық еңбегінде Семей, Аягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар. 1860 ж. “Амудария бойымен саяхат” атты кітабы жарыққа шықты. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан “барымта” дегеннің куәсі болдым дей келіп, “Түнгі ауылға шабуыл”, “Аттылы қырғыздардың ұрысы” атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этногр. гравюралар, көп мағлұматтар қалдырды. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазды. 1848 ж. маусымда “көкжал” атанған Барақ сұлтан Шүрекұлымен (1813 ж.т.) кездеседі. Томас Аягөз өңірінде қазақ ақынымен жүздесуі туралы мынадай жолдар жазған: “Өткен өмірдегі батырлық туралы мына ақынның жырын бақташылардың ықылас қоя тыңдағаны соншалық, тіпті кезінде Гомер де мұндай ілтипатқа бөленбеген шығар. Қазақ ақынының өз халқына ықпалы Гомердің гректерге ықпалынан мысқалдай кем емес. Бастапқыда таулар мен далалардың сұлулығы, қазақтың сәйгүліктері туралы жырланғанда тыңдаушылар үнсіз-ақ отырған-ды, ал даңқты айқастар туралы жырлай бастағанында олардың жүздері өзгеріп сала берді. Тіпті кейбіреулері орындарынан атып тұрып айбалталарына жармасты... Міне, сауаты жоқ дала жырауларының өз бауырластарының жан-дүниесін баурап алар күші осындай. Оның шабытты өлеңдерін мен ұзақ тыңдадым”. Томас дала тұрғындарының ақындық рухына, моральдық түсінігінің жоғарылығына, түрлі жер аттарына (Қаракөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс т. б.) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндайды. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді. ## Сыртқы сілтемелер * Градостроение » Аткинсон, Томас Уитлам(қолжетпейтін сілтеме) * АТКИНСОН, Томас Уитлам (1799—1861) - Сибирская Советская Энциклопедия(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Мұхамбетжан Әлібекұлы Есқара – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1994), професор (1997). ## Қысқаша өмірбаяны 1967 ж. кәсіптік-техника білім саласында бастады.1973 Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген.1975–85 Қазақ қаракөл қой шаруашылық ғылыми-зертхана институтында лаборант, аға ғылыми қызметкер;1986-90 ғалым-хатшы;1990–98 «Қазақиталқаракөл» бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары, «Шымкентқаракөл» АҚ-ның вице-президенті болды.1999 жылдан бастап Қазақ қаракөл қой шаруашылық ғылыми-зертхана институтында бөлім меңгерушісі. ## Еңбектері Оның негізгі ғылыми еңбектері қаракөл терісінің сапасын арттыруға арналған. Мұхамбетжан Әлібекұлы 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 6 авторлық куәлігі бар. ## Дереккөздер
Мұрат Есқалиұлы Есқалиев – техника ғылымдарының докторы (1998), професор (2000). ## Қысқаша өмірбаяны 1965–74 Семей педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген соң орта мектепте, техникумда және институтта дәріс берді.1975–78 Қазақстан Ғылым Акакдемиясының Сейсмология институтында аспирант, кіші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Упрогопластическая сейсмостойкость горных выработок в слоистом (трансстроном) массиве» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. . ## Дереккөздер ## Сілтемелер МАҚТАНЫШЫМЫЗ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ Мұрағатталған 27 сәуірдің 2012 жылы.
Олжағали Есқалиев– техника ғылымдарының докторы(1994). ## Қысқаша өмірбаяны 1963 Қазақ политехнологиялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университет) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология және геофизика институтында, Қазақ геология-барлау ғылыми-зертзана институтында, Ембімұнайгаз АҚ орталық ғылыми-зертхана лабораториясында 1-санатты инженер, аға ғылыми қызметкер, бөлім бастығы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. . ## Дереккөздер
Шәріпжан Заханұлы Ескендіров (1946 жыл, Түркістан облысы, Шымкент) – химия ғылымдарының докторы (1979). ## Өмірбаяны * 1968 жылы Қазақ химия-технология институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітіреді. * 1968-72 жж. Қазақ химия-технология институтында оқытушы * 1972-1975 жж. Мәскеу химия-технология институтының аспирантурасында оқыған. * 1976-1983 жж. – Қазақ химия-технология институтының механикалық факультетінің деканы, доцент. * 1983-1991 жж. – Қазақ химия-технология институтының "Басқару жүйесін автоматтандыру" кафедрасының меңгерушісі * 1991-1992 жж. – "Органикалық химия жәнее кибернетика" факультетінің деканы. * 1992-1997 жж. – "Жүйелерді автоматтандыру және есептеу машиналары" кафедрасының меңгерушісі. * 1997-2000 жж. – "Ақпараттық технология және жүйелерді автоматтандыру" факультетивінің бірінші деканы. * 2000-2002 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дамыту жөніндегі проректоры. * 2002-2004 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің проректоры. * 2004-2006 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. * 2006-2012 жж. – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының профессоры. ## Ғылыми жұмысы * Ескендіров 252 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы, 2 авторлық куәлігі бар. * Докторлық диссертация атауы: «Моделирование и проектирование жидкофазных реакторов смешения» (1995 ж.) ## Жетістіктері * 1997 жылы - ҚР Білім беру ісінің үздігі. ## Дереккөздер
Қой терісі – қой малының терісі. Жас ерекшелігіне қарай қой түлігінен алынатын тері қой терісі және қозы терісі деп бөлінеді. ## Қой терісі Қой терісіне бір жастан асқан қойлардың терісі жатады. ### Түрлері Сәуір, мамыр айларында сойылған қойдың жабағы жүні қалың, түбітті терісін "жабағы тері" дейді. Жабағы теріден тон, күпі, бөстек жасалады. Жабағы жүні мен күзем жүндері қырқылған соң сойылған қой терісін "қырықпа тері" деп атайды. Қырықпа теріні шалбар, тон, кеудеше тәрізді киімдер тігуге қолданады. Қазан, қараша айларында сойылған қой терілері "күздік тері", ал соғым кезіндегі терілер "соғым терісі" деп аталады. Бұл кездегі қой терілері қалың әрі жүндес болады. Сондықтан ондай теріден киімнің барлық түрі тігіле береді. Ал қап, тұлып, дорба, жарғақ шалбар т.б. тігуге тықыр терілер жұмсалады. Тықыр тері – жүнін қырқып алысымен сойылған яки жүнін жидітіп алған қойдың терісі. ## Қозы терісі Алты айға дейінгі қой төлінің терілері қозы терісіне жатады. ### Түрлері Қозы терісі ерекшелігіне қарай, халық тілінде, жылбыс тері, жылбысқа, жұрын, мари, мөлдір, сеңсең, елтірі, бағана деп аталады. * Жылбысқа – жүні жоққа тән, тықыр, шала туған қозы терісі. Туысымен өлген немесе іште жатып өлген қозы терісі жылбысын деп те аталады. * Мөлдір – жас қозының терісі, мәри – күні жетпей туған қозының жүні қысқа терісі. * Бағана – қаракөл қозының терісі. Бұндай қозылар туа сала не бір-екі күнде өліп қалады. Терісін алып, киімдердің жұрынын қондыруға, әдіптеуге жұмсайды. * Елтірі – туғанына екі-үш ай болған, қаракөл қозысының ертеректегі атауы. Одан ішік, жаға, бөрік, жеңсе, бөстек және т.б. тігілген. Оның халық тілінде бөлтіріске деген атауы да болған. Кейінірек сапалы елтірі беретін қаракөл қойларының арнайы өсірілуіне және олардың 2-3 күндік қозыларынан алынатын бұйра жүнді терілер де елтірі деп аталған. Оның түрлері көп: * жаңа туған қаракөл қозысының елтірісін шыпшынай, ал жалт-жұлт етіп құлпырып тұратын, қаракөл елтірісінің қымбат бағаланатын түрін қамар; * қоңырқай түсті, реңі әртүрлі құлпырып тұратын қаракөл елтірісін қамбар; * бұйрасы толық жетілмеген тықыр жүнді, * жылтырап тұратын теріні ласы; көк түсті қаракөл елтірісін шираз, көк шираз; с * ондай-ақ, сапасы орташа елтіріні қаракөлше; * жүні өсік елтіріні жабағап деп атаған. Елтірі жүні құлпырып, бұйраланып, гүлге ұқсап тұруына байланысты "гүл" сөзі қонданылады. Гүліне қарай елтіріні майдагүл, ірігүл деп ажыратады. Елтірі гүлінің қаламгүл деп айтылатын түрі де кездеседі. Кейбір аймақта қаракөл елтірісінің жүні өсіңкі түрін сақсақ деп атайды. Қаракөл қозысын кейде жүні өсіңкірегенше күтіп, кейін оның сақсақаталатын терісінен жылы сырт киім, бас киімдер тігеді. Әсіресе Түрікменстан қазақтары шөгерме деп атайтын бас киімді сақсақтан тігеді. Қазақстанның көп жерінде қаракөл елтірісін, негізінде, сақсақ дәрежесіне жеткізбей пайдаланады. Қаракөл тұқымынан басқа қойлардың қозысынан өсік жүнді тері де алынады. Оны сеңсең дейді. Сеңсең – үш ай мен бес ай аралығындағы қозының жүні қырқылмаған терісі. Сеңсеңнен немесе сеңсең теріден қыста киетін тон, күпі, тымақ тігіледі, жерге төсейтін бөстек және т.б. жасалады. Сонымен бірге қазақ тұрмысында бір рет жүні қырқылып, қайта өскен ересек қозы терілері пайдаланылған. Ондай тері түрі тоқтышақ терісі деп аталған. Тоқтышақ терісі – жүні қырқылғаннан кейін біркелкі майда жүн өскен, 4-5 айдан асқан қозы терісі. Тоқтышақ деп аталуының себебі, бұл әлі тоқты емес (қозы 6 айдан асқан соң 1 жасқа дейін тоқты аталады), бірақ тоқты болуға жақындап қалған қозы. Қазақ мақал-мәтелдерінде кездесетін "Тоғаз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық" дегендігі тоқтышақ осындай қозымен, оның терісімен байланысты айтылған. ## Қой терісінің өндірісте қолданудағы жарамдылық сапалары Қой терісінің сапасына, тауарлық және технологиялық қолайлығына, оларды өндірісте қолдану жарамдылығына қойдың жасы, қойларды сою уақыты, қой қырқу мен оларды бағып-күту әсер етеді. Өндіріске жіберілетін терілерді қабылдау орындары тауарды көлеміне (аумағына), салмағына, қалыңдығына, жүнділігіне, тығыздығы мен мықтылығына қарай сұраптайды. Терінің көлемі үлкен болса, одан жасалатын бұйымдар да көп болады және пішкен кезде олардан қалдық та аз қалады. Теріні қабылдағанда оған төленетін ақысы да көлеміне қарай есептеледі. ### Көлемі Терінің көлемі малдың жынысына, жасына, тұқымына, күтіміне, оның алғашқы өңдеу тәсіліне де байланысты. Мамандардың айтуынша, егер теріні тұзсыз кептірсе, оның көлемі 10 пайызға, құрғақтай тұздаса, 6 пайызға дейін кешірейеді. Терінің көлемін жайып қойып, жазып өлшейді. Өлшегенде теріні керіп, тартуға болмайды. Тері салмағының да өнеркәсіптік маңызы бар. Өйткені кейбір бұйымдардың жүндес қалың терілерден тігілетіні белгілі. Терінің көлемі мен қалыңдығы және жүннің қалыңдығы, сонымен бірге теріні баптау әдісі оның салмағына әсер етеді. Жүні де, тері қабаты да қалың болса, ондай тері ауыр болады. Кептірілмеген жас терінің салмағын 100 пайыз деп алып, оны ылғалдап тұздаса, 50, тұздамай кептірсе, 40 пайыз болып, салмағы кепкен кезде азаяды. ### Қалыңдығы Тері қалыңдығы қойдың жасына, тұқымына, жынысына, күтіп-бағылуына және оны баптау тәсіліне қатысты болып келеді. Әдетте, ұрғашы қойларға қарағанда еркек қойлардың терісі қалыңдау болады. Қойдың жасы өскен сайын терісі де қалыңдай түседі. Теріні алғашқы өңдеу қалыңдығын жұқартады. Айталық, тұзсыз кептірілген тері 25-40 пайызға, құрғақ тұздаған тері 20-30 пайызға дейін жұқарады. Бір ескеретін жайт, терінің қалыңдығы барлық жерінде бірдей болып келмейді. Қой терісінің шоқтығы, арқасының алдыңғы жағы, құйымшақ тұсы қалың болса, аяқтарының ішкі жақтарының, шабының терісі өте жұқа болады. Жүн талшықтары неғұрлым көп болса, ондай тері тығыз теріге жатады. Терінің жүнді болуының өнеркәсіпте тон және жарғақ (мех) терілер үшін айтарлықтай маңызы бар. Бұндай тері жүндерінің ұзындығы орташа болғаны дұрыс деп саналады. Өйткені тондық және жарғақ терілерді өндегенде, ұзын жүнді терілердің жүн талшықтары бір-бірімен ұйысып, шатысып, біраз қиындық келтіреді. Белгілі бір жыл маусымында қой сою уақыты оның терісінің сапасына әсер етеді. Мәселен, ерте көктемде сойылған қой терісі күзде сойылған қой терісінен жұқа әрі май қабаттары аз болады. Ал жазда қой терісі тығыздала бастайды, онда май қабаттары құралып, күзде молаяды. Қысқа қарай оның түбіті көп, жүні қалың болады. Қойдың әрбір тұқымында жыл маусымына орай әртүрлі өзгерістер көзге түседі. Айталық, қылшық жүнді қой тұқымдарының жүні қыс аяғына қарай күңгірт тартады, шайыры азаяды. Көктемнің басында жүні босайды, түлей бастайды. Бұндай тері тон тігуге жарамайтын болғандықтан, ондай теріні былғары дайындауға қолданады. Биязы жүнді қойдың көктемде жүні баяу өсіп, түгі қалыңдай түседі, ал жаз ортасы ауа жүні жақсы өседі. Жүннің өсуі қыста баяулайды және сирей бастайды. ### Терінің сойылу барысына қарай сапасы Өндірістік мақсатта тері сапасын жақсартып, одан бағалы бұйымдар жасау үшін терісі алынатын қойлардың үш мезгілде – жазда, күзде және қыста – сойылғаны жөн деп саналады. * Қой шілде-тамыз айларында сойылса, оны жазғы сою, бірінші сою деп атайды. Жазда сойылған қойлардың жүні өсіңкі, терісі біршама тығыздалған, жұқа және серпінді болады. Бұл кездегі қылшық жүнді қойлардың жүнінде түбіт пен шайыр аз, бірақ жүні жұмсақ болып келеді. Осы кезде сойылған қой тұқымдарының терілері тон тігуге жарамсыз болғандықтан, оны аяқкиім тігуге пайдаланады. Бұндай тері жақсы аяқкиім тігуге таптырмайтын шикізат деп саналады. * Екінші рет қойлар қазан-қараша айларында сойылады. Бұл күзгі сою, екінші сою деп аталады. Күзде қылшықты қой терілері қалың болады, дегенмен, біршама бостау, майлы, ал жүні өсіңкі әрі шайырлы болып, түбіттері де едәуір өсіңкіреген қалыпқа келеді. Бұндай терілер тон тігуге қолданылады. Алайда осындай теріден тігілген тондар ауыр болады. Соған байланысты күзгі терілерді кейде аяқкиім тігетін былғары өндірісіне жібереді. * Үшінші рет қойлар желтоқсан-ақпан айларында сойылады. Бұл қысқы сою немесе үшінші сою деп аталады. Бұл уақытта тері бостау, жұқа болады. Алайда, онда түбіті көп жүн талшықтары болғандықтан, тон тігуге жақсы шикізат болып саналады. Тон тігуге осы кезде сойылған қылшықты қой терілері пайдаланылады. Бірақ бұндай терілер былғары өндірісінде жазғы, күзгі терілерден әлдеқайда төмен болады. Қой шаруашылықтарында жүргізілген тәжірибелер бойынша, жүннің терімен байланысы наурыз айында өте әлсіз, ал күзде сойылған қойда жүн мен терінің байланысы мықты болады. Сондықтан ақпан айының аяғынан мамырға дейін (қыстың аяғынан бастап ерте көктемге дейін) кәделік тері үшін қой союға болмайды, өйткені аталған уақыттағы терілер сапасыз болып шығады. ## Қой терісінің өндірістік қажеттілікке байланысты жіктелуі Қой терісі жүнінің қалыңдығы мен ұзындығына байланысты өндірісте жарғақ тері, тондық тері былғарылық тері, қаракөл елтірісі деп жіктеледі. Кезінде бұндай халықтық терминдерді М.А. Ермеков сынды ғалымдар да өз саласында кеңінен қолданған. Алайда соңғы кездерде бұл термин бұрмаланып, мехтық қой терісі деп аталып жүр. Ертеректе мұндай қысқа жүнді терілерді жақы, доха деп те атаған. * Жарғақ тері – 0,5 см-ден ұзын бір текті жүні бар және 2,5 см-ден қысқа, әртекті жүні бар тері. Қысқа жүнді жарғақ тері биязы, биязылау және ұяң жүнді қойлардан алынады. Бұндай терілер өңделіп, жеңіл сырт киім, бас киім, жаға және т.б. тігіледі. * Тондық тері – жүнінің ұзындығы ең аз дегенде 2,5 сантиметр болатын қой терісі. Қылшық жүнді қойлардың терісі тондық тері ретінде жұмсалады. Қылшық жүнді қой терісінен (тондық теріден) ұзынды-қысқалы тон, тұлып және т.б. жүні ішіне қаратылып тысталған немесе тысталмаған қыстық жылы киімдер (кеудеше, қолғап, тізеқап т.б.) тігіледі. Жақсы тондар қыста сойылған қылшық жүнді қой терісінен тігіледі, себебі осы уақыттағы қой терісінің шелі жұқа, жүні де ұзын болады. Сонымен бірге тондық теріге қылшық жүнді қойды биязы және биязылау жүнді қойлармен шағылыстырудан шыққан будан қой терілері де жатқызылады. * Былғарылық тері – былғары жасалатын, жүнінің сапасы төмен тері. Мұндай тері жеңіл жарғақ тон мен ұзын жүнді сеңсең тон тігуге жарамайды. Осындай теріге қылшық жүнді қойлар мен олардың будандарының, ішінара биязы және биязылау жүнді қойлардың терілері жатқызылады. Былғарылық теріге қырқылғаннан кейін жүні әлі өсіп жетілмеген қойдың тықыр терілері мен тазартуы қиын, жүнінде ошағаны көп терілерді, сондай-ақ, жидіген, күйе жеген және т.б. кемістіктері бар терілерді де қолданады. * Былғарылық тері сапалы болу үшін жазда немесе күзде сойылған сақа қойлар мен тоқты терілері таңдалады. Ал қозы терілері ауыр-жеңіл тон тігуге жіберіледі. ## Тері тұздау барысы Тез арада тұздалған жас теріден сапалы былғары шығады. Тері өңдеуші шеберлер ол үшін теріні жылы күйінде тұздайды. Тұздалған теріні жүнін сыртына қаратып бүктейді. Тұздалған тері көп болса, оларды бір-біріне беттестіріп жинайды, яғни олардың ішкі жағын ішкі жағына, жүн жағын жүн жағына беттестіріп қойып отырып жинайды. Тұздалып жиналған терілер күнара аударыстырылып тұрады. Кейде олардың тұзы аз сіңген жерлеріне қайтадан тұз сеуіп қояды. Бірнеше күннен кейін терілерді қағып-сілкіп, тұзынан тазартып барып кептіреді. Теріні көлеңкеге жайып кептіру тұздамай кептіру, тұздап кептіру құрғақтай тұздау деп аталады. Тұздап кептіргенде елтірінің қасиеті жақсы сақталады. Тері өңдеу шеберлері тұздалған елтіріні шел жағымен беттестіріп жинайды да, 2-3 күннен кейін артық ылғалын кептіру үшін көлеңкеге 2-3 сағат жайып қояды. Осы кезде теріні май, тарамыс сияқты ұсақ заттардан тазартып, үстіне тағы да тұз себеді. Осындай тәсілді бірнеше рет қайталау елтірінің шіріп кетпеуін қамтамасыз етеді. Елтірі әбден "тұзға пісуі керек". Осыдан кейін кәделік елтірілер сұрыпталып, сапасына қарай бірнеше данадан буылады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Медеубеков Қ.Ү., Сарбасов Т.И. Қазақстанның қой шаруашылығы. Алматы: Қайнар, 1984; * Саудабаев С.Б., Нартбаев А.Н. Қой мен ешкіні қолда өсіру. Алматы: Қайнар, 1988; * Салғарин Қ.Қасапшылық. Алматы: Қайнар, 1990; * Қатран Д. Қазақтың дәстүрлi ас-тағам мәдениетi. Ғылыми редакторы және алғы сөздің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: ҚМӨҒЗИ, 2002; * ҚӘТС. 11-том. Алматы: Арыс, 2007.
Көшім Лекерұлы Есмағамбетова (29.10.1938 — 21.11.2016) – тарих ғылымының докторы (1999). ## Қысқаша өмірбаяны 1965 Мәскеудегі Халықтар достығы университетін бітірген. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарды.1984–98 «Қазақ энциклопедиясында» ғылыми редактор;1998 Әлеуметтік және гуманиталық ғылымдар орталығының бастығы болды.2006 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтында бас ғылыми қызметкер. ## Еңбектері «Зарубежная историография истории Казахстана (с древних времен до начала 90-х жж. XX в.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Көшім Лекерұлы 100-ден астам ғылыми-танымдық мақаланың, оның ішінде бірқатар кітаптардың («Біздер туралы Батыста не жазылған», 1994; «Қазақтар шет ел әдебиетінде», 1994; «Әлем таныған тұлға. М.Шоқайдың дүниетанымы және қайраткерлік болмысы», 2008) авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет(қолжетпейтін сілтеме)
Сәкен Сыбанбайұлы Еспаев – экономика ғылымдарының докторы (1993), МАИ академигі, (1952) жылы 15 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. (1976) жылы ҚазГАУ бітірді. Содан кейін оларды MSHA. К.Тимирязев және ГШУ ҚХА. Үйленген, төрт баласы бар. (1969) – (1971) жылдары – есепші, (1976) – (1986) жылдары АӘК КАЗНИИ ЕО-да кіші, кейін аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісінің м.а. (1993)-(1996) жылдары Агроөнеркәсіптік кешен экономика басқармасының бастығы және тауар нарықтарын дамыту басқармасының бастығы, кешеннің орынбасары болып жұмыс істеді және Экономика министрлігінде алқа мүшесі болды. Қазақстан Республикасының. (1996) жылдан (2012) жылға дейін Парламент Сенатының әртүрлі бөлімдерін: Комитеттермен жұмыс, экономикалық сараптама және Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен, ал 2008 жылдан бастап ақпараттық-талдау бөлімін басқарды. Бір мезгілде: Президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, Жоғары аттестаттау комиссиясының Сараптамалық кеңесінің, ЕҰУ докторлық кеңесінің мүшесі. Гумилев атындағы КТУ им. Қ.Ясауи. Сәкен Сыбанбайұлы – Asian Journal of Finance, Economics and Business (JAFEB) жаңа халықаралық рецензияланатын журналдың Орталық Азия аймағы бойынша редакторы. Бұл журнал үш мемлекетте құрылған: бас кеңсе (Бостон университеті, АҚШ), Орталық Азия кеңсесі (ҚР БҒМ Экономика институты, Қазақстан), Шығыс Азия кеңсесі (Тайбэй мемлекеттік университеті, Тайвань). Ұлы жүз Албан руынан шыққан 1976 Қазақ ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген.1993–96 ҚР Экономика министірлігінде басқарма бастығы;1996 жылдан ҚР Парламенті Сенатында бөлім меңгерушісі болды.Сәкен Сыбанбайұлы 60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 29 монографияның авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер ЕСПАЕВ Сәкен Сыбанбайұлы
Жәдігер Зарлықұлы Есқожин - техника ғылымдарының докторы(2006). ## Қысқаша өмірбаяны 1965 Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1965–68 Ақмола облысының кеңшарында механик, бас инженер, кеңшар директоры міндетін атқарған;1968 жылдан Целиноград ауыл шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ агротехнология университет) оқытушылық қызметпен айналысады. ## Еңбектері «Механизация обработки почвы в зоне рискованно-землевладения Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Жәдігер Зарлықұлы 132 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 2 оқу құралдары («Сызба геометрия», «Техникалық сызу») мен 21 өнертабыстың авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Үкіметінің 2000 жылғы 27 қазандағы N 1621 қаулысы(қолжетпейтін сілтеме)
Сәбит Борисұлы Есмұратов– агроном, экономист, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы (2000), професор. ## Қысқаша өмірбаяны 1995 Халықаралық жоғары мектебі;1995 ақпараттандыру және аграрлық білім академияны;1971 Қостанай ауыл шаруашылық институтын; 1971-86 Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми−зерттеу институты) аспирантурасын бітірген соң осы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер;1986–91 Қостанай ауыл шаруашылық институтында доцент, деканның орынбасары, проректор;1992-[2000] ректор;1991-92«Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеді;2000 жылдан Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің және Халықаралық аграрлық білім академиясы Қостанай бөлімшесінің президенті. ## Еңбектері «Экономические основы специализации сельскохозяйственных производственных кооперативов Северного Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктер технологиясын жетілдіру мен топырақ құнарлылығын арттыру және қолданбалы экономика мен экология мәселелері. Сәбит Борисұлы 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография және оқу құралдарының авторы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер іріккен диссертациялық кеңес ОД 18.08.01
Еспенбетов Арап Сләмұлы — 1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған. Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Семей педагогикалық институтын бітірген. 1967-1991 жылдар аралығында Семей педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер. 1972-1975 жылдары ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірді. 1977 1978 жылдары Семей педагогикалық институты филология факультеті деканының орынбасары, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі кызметтерін атқарды. 1993-1996 жылдары Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтының проректоры, Семей мемлекеттік университеті гуманитарлық институтының ректоры. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мәселелеріне арналған. 1975 жылы «С.Торайғыровтың лирикасы» деген тақырыпта кандидаттық, 1993 жылы «С.Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. А.Еспенбетовтің қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелеріне, абайтану, шәкәрімтану, сұлтанмахмұттануға арналған бес жүзге тарта ғылыми мақалалардың авторы. ## Өмірібаяны мен қызметі –1961-1965 - Семей педагогикалық институтының тарих-филология факультетінің студенті. –1967 - Семей педагогикалық институтының оқытушысы. –1972-1975 - Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыған. –1973 - Қазақ ССР-і «Білім» қоғамының тарапынан «С.Торайғыров» кітапшасын шығарған (проф. Б.Кенжебаевпен бірге). –1974 - қазақ және орыс тілдерінде «С.Торайғыров» библиографиялық көрсеткішін құрастырған. –1975 - проф. Бейсембай Кенжебаевтың жетекшілігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. –1978 - Семей мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің деканы қызметіне сайланған. –1979 - осы институттың қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті ғылыми атағы берілді. –1987 - «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озығы» значогымен наградталды. –1989-1991 - аға ғылыми қызметкер. –1992 - «Ғылым» баспасынан «Сұлтанмахмұт Торайғыров» монографиясы жарық көрді. –1992 - Семей мемлекеттік педагогикалық институты қазақ филологиясы факультетінің деканы, қазақ әдебиеті тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметтеріне сайланды. –1993 - Семей мемлекеттік педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды. –1993 - «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны» тақырыбында докторлық диссертация (ғылыми кеңесші – академик З.Қ.Қабдолов) қорғады. –1993 - Семей өңірінің үні «Үш анық» газетінің редакция алқасына сайланды. –1993 - Семей қалалық ономастикалық комиссиясының құрамында қызмет жасады. –1993 - профессорлар Б.Б.Мамраев, Қ.Ергөбековтермен бірге қазақтың ұлы ақыны С.Торайғыровтың екі томдық академиялық жинағын құрастырып, «Ғылым» баспасынан шығарды.–1994 - профессор ғылыми атағы берілді. –1994 - республикалық «Абай» журналының редколлегия мүшелігіне бекітілді. –1995 - «Семей» мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметтеріне тағайындалды. –1998 - 2007 М.О. Әуезов атындағы Семей университеті ректоры –2001 - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. –2001 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы докторлық диссертация қорғау жөніндегі Кеңестің құрамына енді. –2004 - «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері» атағы берілді. –2005 - «Шәкәрім» ғылыми-педагогикалық журналының редакция алқасы құрамына сайланды. –2005 - «Інжу-маржан» баспасынан «Уақыт бедері» монографиясы жарық көрді. –2006 - «М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің хабаршысы» ғылыми басылымының бас редакторы. –2007 - М.О.Әуезов атындағы Семей университеті жанындағы «М.О.Әуезов және абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры. –2008 - «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясы редакциялық алқасының мүшесі. –2008 - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы. –2008 - «Раритет» баспасынан «Шәкәрім және Cұлтанмахмұт» монографиясы жарыққа шықты. –2008 - «Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті хабаршысының» алқа мүшесі. –2009 - «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» республикалық ғылыми- әдістемелік журналының алқа мүшесі. –2010 - «Сұлтанмахмұт Торайғыров» энциклопедия-сының алқа мүшесі. –2010 - «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» энциклопедия-сының алқа мүшесі. – 2010 - «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2010» мемлекеттік грантының иегері. – 2010 - «Абай мұражайының хабаршысы» журналының алқа мүшесі. – 2011, ақпан - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, ректордың кеңесшісі - аппарат жетекшісі. – 2011 - «Ақындары Алаштың» монографиясы жарық көрді. – 2011, қыркүйек - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті гуманитарлық – заң факультетінің деканы. – 2011- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. – 2011- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. – 2011- «Абай әлемі» оқу құралы баспадан шықты. – 2011 - «Алтай – Ертіс кітапханасы» сериясы ақылдастар алқасының мүшесі. – 2012 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. – 2013 - «Отыкен» журналының алқа мүшесі. – 2013 - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекттік университеті Педагогика жоғары мектебінің директоры. – 2014 - «Алтай – Ертіс кітапханасы» сериясымен «Фолиант» баспасынан шығармаларының екі томдығы жарық көрді. - 2015 – Абай ауданының Құрметті азаматы. - 2015 - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі. - 2017 – Семей қаласының Құрметті азаматы. - 2019 - "Парасат" орденімен марапатталды. - 2021 - "Нар тұлға" сериясымен "Фолиант" баспасынан "Сұлтанмахмұт" монографясы жарық көрді. - 2021 - "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАқ "Абай және ұлттық руханият" ҒЗО-ның жетекшісі. - 2021 - Әлихан Бөкейхан университетінің Құрметті профессоры. - 2022 - Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Құрметті профессоры. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Еспенбетов Арап Сләмұлы
Иванова Райфа Латыфовна (1936 жылы туған, Ресей, Омбы облысы Тара қаласы) – медициналық ғылыми докторы (1986), профессор (1986). Семей мемлекеттік медициналық институтын (1959, қазіргі Семей мемлекеттік медициналық академиясы) және Новокузнецк қаландағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының аспирантурасын (1968) бітірген. Еңбек жолын телімдік дәрігерліктен (1959–62) бастаған Иванова Райфа Латыфовна кейін Семей мемлекеттік медициналық институтында ассистент, доцент (1968–83). 1983 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 140-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Иватова Ләйлә Мырзалықызы (27.1.1954 жылы туған, Қостанай қаласы) – тарихшы, Философиялық ғылыми кандидат, саясаттану ғылыми докторы (1991), профессор ҚазМУ-дың тарих факултетін (1980, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң Мамандық біліктілігін арттыру (МБА) институтында оқытушы (1980–86) қызметтерін атқарды. 1986 жылдан ҚазМУ-да аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі. «Казахстанско-американские отношения (политологический анализ)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Иватова Ләйлә Мырзалықызы 50-ден астам ғылыми жарияланымның («АҚШ во внешней политике Республики Казахстан», 1999) авторы. ## Дереккөздер
Мейір Ғарифоллаұлы Ескендіров – 24.10.1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.Тарих ғылымдарының докторы (2006), профессор (2007), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006). ## Қысқаша өмірбаяны * 1995 - Семей педагогика институтын; * 2001 - Қазақ заң академиясын; * 1995 - Семей мемлекет университетін бітірген; * 2004–2008 - Семей педагогика институтының проректоры болды; * 2008 жылдан - Семей мемлекеттік университетінің ректоры. ## Еңбектері «Социальное и экономическое развитие Восточного Казахстана (вторая половина ХІХ – начало ХХІ вв.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстары Шығыс Қазақстанның тарихи мәселелеріне («Восток Казахстана на стыке столетий, вторая половина ХIХ – начала ХХІ вв.»; «Восточный Казахстан в годы силовой модернизации, 20–30 жж.») арналған. ## Дереккөздер
Тілектес Исабайұлы Есполов (15 мамыр, 1952 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында туған) — ғалым. Экономика ғылымдарыың докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры. Қордай ауданының Құрметті азаматы. ## Толығырақ * Тілектес Исабайұлы 1952 жылы 15 мамырда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында дүниеге келген. Шапырашты руынан шыққан. * 1975 жылы Қазақ аграрлық иниститутын бітірген (мамандығы: Инженер-механик). ## Еңбек жолы * 1975 -1978 жылдары Қазақ ауылшаруашылық институтының Комсомол комитетінің хатшысының көмекшісі; * 1978 – 1981 жылдары Гидротехникалық және мелиорация институты кәсіподақ комитетінің төрағасы; * 1982 – 1993 жылдары Қазақ ауылшаруашылық институтының доценті, Зертханасының аға оқытушысы; * 1993 – 1995 жылдары Алматы индустриалды колледжі директоры; * 1995 – 1997 жылдары Алматы индустриалды колледжі директоры; * 1997 – 2001 жылдары Алматы индустриялық-педагогикалық академиясының ректоры; * 2001 жылдан бастап Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры. ## Еңбектері «Проблемы оценки и управления воспроизводством ресурсного потенциала аридной территории Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты табиғи су-жер ресурстарын толық және ұтымды пайдаланудың негізінде еліміздің агроөндірістік кешенінің экология-экономика тиімділігін арттыру болып табылады. Тілектес Исабайұлы Есполов 100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Жамбыл облысы Қордай ауданының құрметті азаматы (2005). «Парасат» орденімен (2005) марапатталған. ## Ғылыми атақтары * Техника ғылымдарының кандидаты; * 1997 жылы Экономика ғылымдарының докторы * профессор құрметті ғылыми атақтары берілді. * 2008 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. * 2002 жылдан Қазақстан мен IHEAS жоғары мектебінің академигі; * 2004 жылдан Қазақстан Республикасының ақпараттық агенттігінің академигі; * ТМД және Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының «Құрметті профессоры». ## Мемлекеттік марапаттары * 1998 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері» құрметті атағы; * 1998 жылы «Қазақстанның Білім беру ісінің Үздік қызыметкері» атағы; * 2002 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағы; * 2005 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды. * 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі; * 2005 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт қайраткері» құрметті атағы; * 2006 жылы «Ы.Алтынсарин» атындағы құрметті белгісі; * 2007 жылы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»; * 2007 жылы Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының үздік ректоры (атағы); * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * 2006 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды. * 2010 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды. * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; * 2013 жылы «Қазақстан Даңқы» Ордені; * 2014 жылы «Қазақстан маслихатына 20 жыл» медалі; * 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі; * ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасының иегері. * «Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері. * А.Байтұрсынұлының күміс медалі; * «Нұр отан» партиясының 10 жылдығы (медалі); * «КСРО өнертапқышы» құрметті атағының иегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * РЕКТОРДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.