text
stringlengths 3
252k
|
---|
Алматы Маргарин Зауыты — Алматы қаласындағы маргарин, асқатық май, майонез түрлерін шығаратын кәсіпорын. Зауыт негізі 1961 ж. қаланған. 1994 ж. “Алматы маргарин зауыты” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Кәсіпорын маргарин өнімдерінің “Шоколадный”, “Сливочный”, “Молочный”, “Солнечный”, “Радуга” секілді 10 түрін және асқа қататын “Өсімдік майы”, “Восточный”, “Украинский”, “Белорусский” атты кулинарлық майлар мен “Весна”, “Провансаль” секілді майонездер шығарады. 1997 жылы кәсіпорын қайта жабдықтаудан өткізіліп, тазартылған өсімдік майларын да шығара бастады. Кәсіпорынның Өскемен, Көкшетау, Орал, Петропавл қалаларында бөлімшелері және республиканың барлық аймақтарында дерлік сауда орындары бар.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы Мемлекеттік Педагогикалық Университеті(АлМПУ) – Қазақстандағы тұңғыш мемл. жоғары оқу орны. 1928 ж. Қазақ мемл. ун-ті болып ашылған. 1930 ж. Қазақ пед. ин-ты болып өзгерді. 1934 ж. Абай есімі берілді. 1990 ж. оқу орны Қазақ мемл. пед. ун-ті болып аталды. 2003 жылдан Қазақ ұлттық пед. ун-ті, А |
Алматы станок жасау зауыты — Алматы қаласындағы станоктар шығаратын кәсіпорын. Зауыт 1932 ж. шойын құю зауыты түрінде құрылған. Негізінен тұрмыстық бұйымдар (шеге, ыдыс-аяқ, кереует, т.б.) шығарды. 1942 ж. көшіріліп әкелінген Ворошиловград құю-механик. зауытымен біріккеннен кейін Октябрьдің 20 жылдығы атынд. Алматы механикалық зауыты болып аталды. Автомобильдер мен тракторларға тетіктер мен қосалқы бөлшектер шығарып, майданның арнаулы тапсырыстарын орындады. 1961 ж. Алматы станок жасау зауыты аталып, станок жасауға бейімделді. 1993 ж. акционерлік “Алматы станок жасау зауыты” қоғамы болып қайта құрылды.Зауытта жұмыс процесі кеңінен механикаландырылып, автоматтандырылған. Токарлық станоктар мен стандартты емес жабдықтар шығарады. Зауыт өз өнімдерін отыздан астам шет елге жөнелтеді.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы подшипник зауыты — сан алуан подшипник түрлерін жасауға мамандандырылған ұжымдық кәсіпорын. Зауыт 1938 ж. жөндеу шеберханасы негізінде құрылған. 1943 жылдан Алматы подшипник өңдеу зауыты болып аталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында зауыт қорғаныс өнеркәсібінің арнаулы тапсырыстарын орындады. 60-жылдары станоктар паркі түгелімен жаңартылып, 1977 — 90 жылдары негізгі өндірістік жүйелері қайта құрылды. 1992 ж. Алматы подшипник зауыты ұжымдық кәсіпорны болып құрылды.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы Пауэр Консолидейтэд (“АПК”) — Алматы және Алматы облысына электр қуаты мен жылу беретін жабық акционерлік қоғам, дүние жүзінің жүз елінде тұрмыстық және өнеркәсіптік қызметпен, электр қуаты және газ саласындағы бизнеспен айналысатын халықаралық “Трактебель” компаниясының еншілес кәсіпорны. 1996 ж. тамызда Қазақстан үкіметі мен “Трактебель” компаниясы арасында жасалған “Алматыэнерго” өндрістік энергетикалық бірлестігінің активтерін (барлық материалдық құндылықтар, қаржы т.б.) сатып алу туралы шартқа сәйкес құрылды. “АПК” Қазақстанның оңт. өңіріндегі газды ең көп тұтынатын кәсіпорын. Мұнда барлық қуат өндіретін ст-ларды газ тұтынуға көшіріп және оның көлемін жылына 1,5 млрд. куб метрге жеткізу көзделіп отыр. Компания бөлімшелерінің құрамына Алматы облысындағы аумағы 85000 км2 электр қуаты мен жыл өндіретін және тарататын объектілер кіреді. 583944 электр тұтынушыға және 205000 жылу тұтынушыға қызмет көрсетеді. 8500 адам еңбек ететін компанияның су және жылу электр станциялары 1307 МВт электр қуатын және 3000 МВт жылу қуатын өндіре алады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы поршень зауыты — Алматы қаласындағы машиналар мен механизмдердің поршень бөлшектерін шығаратын кәсіпорын. Ол 1944 ж. әртүрлі механикалық шеберханалардың негізінде құю-механикалық зауыты ретінде құрылды. Зауыт бастапқы кезде таразылар, пневматикалық балғалар, вагон-үйлер, әртүрлі темір бөлшектер шығарып келді. 1959 ж. зауыт қайта жаңғыртылып, поршень бөлшектерін шығаруға мамандандырылды. 1974 ж. “Алматы поршень зауыты” деп аталды. 1994 ж. “Алматы поршень зауыты” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Кәсіпорын өз өнімдерін Ресей, Түркменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне де жөнелтеді.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Алматы округі 1928 жылы 17 қаңтарда Жетісу губерниясының бір бөлігінен құрылды. Округ орталығы Алматы қаласы болды. Округ 21 ауданға бөлінді:
* Алтынемел ауданы. Орталығы — Көлқамыс ауылы.
* Алакөл ауданы. Орталығы — Андреевское ауылы.
* Балқаш ауданы. Орталығы — Қараөзек ауылы.
* Бәрібаев ауданы. Орталығы — Басқан ауылы.
* Бүйен-Ақсу ауданы. Орталығы — Ақсу ауылы.
* Герасимов ауданы. Орталығы — Герасимовское ауылы.
* Жаркент ауданы. Орталығы — Жаркент қаласы.
* Іле ауданы. Орталығы — Сандықтай ауылы.
* Қаратал ауданы. Орталығы — Қарашеңгел мекені.
* Қарқара ауданы.
* Қастек ауданы. Орталығы — Тарғап ауылы.
* Қоңырөлең ауданы. Орталығы — Желбастау мекені.
* Қордай ауданы. Орталығы — Қасық ауылы.
* Ленин ауданы. Орталығы — Алматы қаласы.
* Сарқан ауданы. Орталығы — Сарқан бекеті.
* Сүгеті ауданы. Орталығы — Қызыл Еңбекшіқазақ ауылы.
* Талғар ауданы. Орталығы — Есік бекеті.
* Талдықорған ауданы. Орталығы — Талдықорған қаласы.
* Шелек ауданы. Орталығы — Шелек ауылы.
* Шоқпар ауданы. Орталығы — Көктөбе ауылы.
* Шу ауданы. Орталығы — Георгиевское ауылы.
1928 жылы 17 шілдеде Ленин ауданының атауын Калинин ауданы етіп, Герасимовтікін - орталығы Андреевское ауылы болған Андреев ауданы, Қоңырөлең - Октябрь ауданы, Іле - орталығы Безводное ауылы болатын Қарғалы ауданы етіп өзгертілді.
1929 жылы 1 мамырда Талғар ауданының атауы Есік ауданы етіп өзгертілді. 1929 жылдың аяғында тағы 2 аудан атауы: Алтынемел - Малайсары ауданы, Сүгеті - Еңбекшіқазақ ауданы етіп өзгертілді.
Округқа кірді:
* елді мекендер - 14559, оның ішінде 2 қала - Алматы және Жаркент;
* 24,2 мың тұрғын, оның 7,3% -ы қала тұрғындары;
* 33 өнеркәсіп кәсіпорны (1928 жыл аяғында).
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтері сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
## Әдебиет
* Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр және кино институты) — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны.
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінің (консерваторияға 1953 жылы Алматы көркемсурет училищесінен келіп қосылған актерлік бөлім) негізінде Алматы театр және көркемсурет институты болып ашылған.
Институт театр, кино, көркемсурет және хореография бөлімдері бойынша он бір салада маман даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Күндізгі және ақылы сырттай бөлімдер жұмыс істейді. Құрамында 6 факультет, 23 кафедра бар. Оқу 12 мамандық және 39 арнаулы мамандық бойынша жүргізіледі. 1062 студент оқиды. 322 оқытушы сабақ береді. Олардың арасында 16 халық артисі мен халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 24 лауреаты, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, 23 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 30-дан астам ҚР-ның білім беру ісінің үздігі бар.
1987 жылы институтқа Т.Жүргенов есімі берілді .
2014 жылдың 26 - қыркүйегінде Елбасы өкімімен Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова, Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
## Ректорлар
* 1975—1985 — Г. А. Джанысбаева
* 1987—1989 — Аман Құлбаев
* 1989—1991 — Әшірбек Сығай
* 1991—1994 — Есмұхан Обаев
* 1994—2000 —У. Ш. Ибрагимов
* 2000—2008 — Тілеуғали Қышқашбаев
* 2008—2014 — Арыстанбек Мұхамедиұлы
* 2014—2018 — Бибігүл Нүсіпжанова
* 2018—2019 — Асхат Маемиров
* 2019—2021 — Ақан Әбдуәлі
* 18 маусым 2021 — 14 ақпан 2022 — Шәріпбек Әмірбеков (м.а.)
* 14 ақпан 2022 жыл — қазіргі уақыт — Азамат Сатыбалды
## Дереккөздер |
Алматы теледидар мұнарасы — радио-теледидар хабарларын тарататын станса кешені.
## Тарихы
1975 — 84 жылдары Алматы қаласының географиялық ең жоғарғы нүктесі, теңіз деңгейінен 1000 м биік Көктөбе беткейіне, сейсмикалық жағынан өте берік етіп (10 баллдық жер сілкінісіне төтеп береді) салынған. Сәулетшілері: Н.Г. Терзиев, А.Н. Савченко; конструкторлары: Н.К. Акимов, Б.В. Остроумов.
## Техникалық сипаттамасы
* Мұнараның биіктігі 372 м, онда екі жүрдек лифт және арнаулы жүк көтергіш механизм жұмыс істейді. Темір-құйматасты іргетасы (көлемі 15 мың м²), биіктігі 20 м үш қабатты секциялы жертөледен және биіктігі 12 м екі қабатты техникалық үйден тұратын біртұтас қорапты құрылым.
* Діңгегінің металл бөлігі 18,5 м профильді анодталған алюминий панельдермен қапталып, кейбір тұстары шыны витражбен бөлінген. 146 м биіктігінде қала көркін тамашалауға арналған алаң бар.
* 252 м биіктікте антенналық-фидерлік жүйелерді техникалық қадағалау қызметі бөлімі орналасқан.
* Мұнара биіктігі 114 м секциялы металл антенна этажеркасымен бітеді. Әр секцияда теледидар мен радио хабарын таратуға арналған антенналар бар. Ол антенналар арқылы 80-190 км радиуста 5 арнада телехабар және 4 арнада радиохабар толқындары таратылады.
* Техникалық қызметке арналған үйдің бірінші қабатында телерадио хабар стансасы, байланыс аппараттары мен гидроқызметті қадағалайтын басқару құралдарымен жабдықталған кабинеттер бар. Екінші қабатта мұнараның көру алаңынан қаланы тамашалағысы келетіндерді қабылдап, оларды алаңға жеткізуді ұйымдастырушыларға арналған бөлмелер орналасқан.
## Дереккөздер |
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – алпыс жыл бойы Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны.
Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді.
1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. Сол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды.
1938 жылы салынған алғашқы ғимаратта консерваторияға дейін музыкалық-хореографиялық комбинат қоныстанған. 60-ыншы жылдардың басында тағы бір оқу корпусы мен 120 тұрғын бөлмесі, 42 репетиторилері, оқу және спорт залы бар кең дәлізді жатақхана салынды.2000 жылдың қараша айында консерваторияға қазіргі заманғы төрт қабатты ғимарат пайдалануға берілді. (Абылай хан даңғылы 86).
## ...осы күнге дейін
Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді.
Қазіргі ауқытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды.
Студенттер жапония және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді.
Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде.
Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.
## Факультеттер
Оқу процесін 4 факультет қамтамасыз етеді:
* Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуианитарлық пәндер факультеті
* Аспаптық орындаушылық факультеті
* Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру факультеті
* Халық музыкасы факультеті
## Ректорлар
* 1944—1945 — Иван Круглыхин
* 1945—1951 — Ахмет Жұбанов
* 1951—1957 — Иван Круглыхин
* 1957—1967 — Құддыс Қожамияров
* 1967—1975 — Еркеғали Рахмадиев
* 1975—1987 — Ғазиза Жұбанова
* 1987—1997 — Дүйсен Қасейінов
* 1997—2018 — Жания Әубәкірова
* 2018—қ.у. — Арман Жүдебаев
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы
## Дереккөздер |
Алматы Техникалық Институты (АТИ), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдарынын мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Институт Алматы өрт сөндіру техника училищесі (28.4.1973) негізінде құрылған. ҚР Ішкі істер мин-гінің қаулысымен 1993 ж. Алматы жоғары техникалық училищесі, 1998 ж. Алматы техникалық институты болып қайта құрылды. Институт Өрт қауіпсіздігі, автоматика, телемеханика және байланыс, жол қозғалысын ұйымдастыру, өндірістегі экономика және менеджмент мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Сырттай оқу бөлімі бар. 27 ғылым кандидаттары дәріс береді. 1973 — 97 ж. аралығында 4228 маман даярланды. Институттың күндізгі бөліміне 17-ден 25 жасқа дейінгі денсаулығы әскери қызметке жарамды жігіттер, сырттай оқу бөліміне 40 жасқа дейінгі ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы технологиялық университеті — технолог мамандарын даярлайтын жекеменшік жоғары оқу орны.
1957 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық тамақ өнеркәсібі институтының негізінде Алматы оқу-консультация пункті болып ашылды. 1961 ж. сол оқу орнының Алматы бөлімшесіне айналды. 1966 ж. ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. институттының қарамағына берілді. 1996 ж. ҚР Білім Министірінің қаулысымен Алматы Технологиялық Институты болып қайта құрылды. Институттың 5 факультет, 23 кафедрасында 23 ғылым докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент оқиды (1998). Онда:
* астық, ұн, жарма және құрама жем технол.;
* қантты өнімдер технол.;
* ашыту өндірістері технол. және шарап жасау, консерві және тағамдық концентраттар технологы;
* ет пен ет өнімдер технологы;
* сүт пен сүт өнімдері технологы;
* тағам технологы мен тамақтандыруды ұйымдастыру;
* тамақ өндірісі машиналары мен аппараттары;
* тоқыма өндірісі технол., тігін бұйымдары технологы;
* тігін бұйымдарын құрастыру;
* биотехнол.;
* тех. процестер мен өндірістерді автоматтандыру;
* экономика мен менеджмент (агроөнеркәсіп салалары бойынша);
* кәсіпорын экономика мен менеджменті (тамақ өнеркәсібі бойынша);
* тауартану мен тауарлардың тұтыну сапасын айқындау;
* халықаралық экономика қатынастар мамандықтары бойынша кадрлар даярланады.
Институттың 3 оқу ғимараты, жатақханалары, кітапхана, шағын-диірмен, наубайхана, тігін цехы, ауданы 25 га қосалқы шаруашылығы бар. Негізі қаланғалы бері 15 мыңға жуық инженер-технолог, инженер-экономист, инженер-механик бітіріп шықты. Инситуттың ғылыми-зерттеу жұмыстары азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп технологиясы, биотехнология, хим. технология, өнеркәсіп экол., ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, машина мен аппараттар жасау салаларының мәселелерін шешуге арналған.
1999 жылы тамыздың 18 Қазақстан үкіметі № 1192 қаулысымен ЖАҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта құрылды, 2003 жылы желтоқсанның 15 АҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта тіркелді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торбеті |
Алматы Темір Жолы — Қазақ темір жолының Алматы, Тараз, Семей, Шымкент және Шу бөлімшелерін қамтыған торабы. Пайдалану ұзындығы 3086 км. Ірі тораптық стансалары 1-Алматы, Семей, Защита, Аягөз, Ақтоғай, Зырян, Шу. 1977 ж. Қазақ темір жолын ірілендіру кезінде құрылған. Оның қалыптасуы Түркістан-Сібір (Түркісіб) темір жол құрылысынан басталған. 1931 ж. 1 қаңтарда ұзындығы 1444 км Түркісіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. 1931 — 32 ж. Локоть — Защита және Защита — Лениногор желісі тартылды. Бұдан соң жолдың Көксу — Текелі тармағы салынды. 1953 ж. Өскемен — Зырян, 1985 ж. Саяқ — Ақтоғай желілерінің құрылысы аяқталды.1959 ж. жұмыс істей бастаған ұзындығы 304 км-ден астам Ақтоғай — Дружба темір жол торабы да осы жол бойында. 1991 ж. Дружба — Алашанькоу (Қазақстан мен Қытай арасында) мен 1996 ж. Теджен — Серахс — Мешхед (Түрікменстан мен Иран арасында) шекаралық т.ж. өткелдерінің құрылысы аяқталуы еліміздің Тынық мұхит пен Жерорта т. жағалауының айлақтарына шығуына жол ашты. Тегеран — Бендер — Аббас (Иран) темір жол желісі Республиканы Парсы шығанағымен жалғады. Сөйтіп, ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында Трансазия темір жол торабы жасалды, осының нәтижесінде Азия — Тынық мұхит аймағымен, Еуропа, Таяу Шығыс елдері арасындағы жол қысқарды. Дружба — Алашанькоу шекара өткелі арқылы Алматы — Үрімші — Алматы бағытындағы халықар. жолаушылар поездарының жүйелі қозғалысы болашақта Пекинге дейін жалғастырылмақ. 1995 ж. шекаралық Дружба ст. арқылы ҚР-нан ҚХР-на тасылатын жүктің көлемі 1,7 млн. т-ға жетті. 2000 ж. оны 15 млн. т-ға жеткізу көзделіп отыр. Жүк өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жолдың қуаты мен сенімділігін арттыру, Ақтоғай — Дружба темір жол желісін нығайту шаралары жүзеге асырылды.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы Филип Моррис Темекі Компаниясы — Қазақстандағы темекі өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын. Алғаш ферментация зауыты болып салынған кәсіпорын құрылысы 1933 ж. басталып, 1936 ж. аяқталды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдары Ресей мен Украинадан көшіп келген темекі фабрикаларының жабдықтары негізінде зауыт қуаты екі есе артты. Кейін кәсіпорында сигарет жасайтын станоктар орнатылды. 1958 ж. зауыттың цехтары бірігіп, комбинатқа айналды. 1965 ж. папирос шығаратын екі үдемелі технологиялық желі іске қосылды. Комбинат 1993 ж. халықаралық тендер нәтижесінде жекешелендірілді. Тендерді ұтқан Филип Моррис компаниясы (АҚШ) жарғы капиталын иелену жөніндегі ҚР-мен жасалған шарт бойынша комбинатты сатып алды. Қазақстан тарихында бұл қолма-қол ақшаға жекешелендірілген бірінші жоба еді. АТК ораулы өнім шығаратын әлемдегі аса ірі Филип Моррис темекі компаниясының бөлімшесіне айналды. Компания өндірісті жаңғыртуға, жабдықтауға, темекі өндіруге және республикада темекі өсіруге 340 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсады. 1994 ж. Алматы облысында жаңа темекі фабрикасын салуға кірісті. Компания сигареттің жергілікті маркаларының сапасын халықар. стандарт деңгейіне көтерді. Өнім көлемі 1993 жылғы 10 млрд. темекі бірлігінен 1997 ж. 18 млрд-қа көбейді. Сигареттің кейбір халықар. өтімді маркаларын шығара бастады. Төрт жыл ішінде (1993 — 97) мемл. бюджетіне салық түрінде 128 млн. АҚШ долларын төледі. Компания Қазақстанда бизнеспен шұғылданатын компаниялар арасында жетекші орында.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алматы Энергетика Жүйесі — Орталық Азия мемлекеттерінің біріккен энергетика жүйесінің құрамына енеді. 1997 жылға дейін Алматы, Талдықорған облыстарының тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп келді. 1954 жылдан 1996 жылға дейін “Алматыэнерго” деп аталды. Қапшағай СЭС-нің салынуына орай 1996 ж. кернеуі 220 кВ Алматы — Талдықорған әуе электр желісі тартылды. Соның нәтижесінде бұрын дербес жұмыс істеп келген Текелі электр торабы ортақ жүйеге қосылды. Ал 1968 ж. пайдалануға берілген кернеуі 220 кВ Алматы — Бішкек электр желісі іске қосылып, Алматы Энергетика Жүйесі Қазақстанның оңтүстік мен Орта Азия біріккен энергетика жүйесінің біртұтас бөлігіне айналды. Соңғы жылдары бұл байланыс Алматы — Бішкек — Тараз — Шымкент — Ташкент 500 кВ электр берілісі желісімен күшейтілді. Алматы Энергетика Жүйесі құрамына Алматы жылу-электр орталығы мен СЭС-тер тізбегі және Қапшағай СЭС-і енеді.1996 ж. Алматы Энергетика Жүйесі бельгиялық “Трактебель” компаниясының қарамағына беріліп, “Алматы Пауэр Консолидэйтед” (АПК) жабық үлгідегі акцион. қоғамы құрылды. АПК құрамынан бұрынғы Талдықорған облысының электр тораптары кәсіпорны шығарылып, “Талдықорған акционерлік тасымалдау торабы компаниясы” болып аталады.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Алпам — мал және аң терісін өңдеп, киім тігетін байырғы кәсіпорын. 1888 жылы Алматыда жекеменшік тері өңдеу кәсіпорны түрінде құрылған. Қайыс-тері илеу зауыты болды. Оның құрамына 1942 жылы көшіріліп әкелінген «Кременчуг фабрикасы» қосылды. Зауыт Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға қажетті әскери-көлік саймандарын шығарды. Зауыт 1957 жылы «Алматы мех комбинаты», 1992 жылы «"Алпам" Акционерлік Қоғамы» болып қайта құрылды.
Комбинат елтіріден (қой терісі, қаракөл, ондатра, бұлғын, қоян т.б.) тон, бас киім, жаға, әскери жылы киімдер тігеді.
Өнімдері Ресей, Өзбекстан және басқа да шет елдерге де шығарылады. |
Алматы эталон зауыты— сапалы өлшеу приборлары мен аппараттарын жасайтын және жөндейтін кәсіпорын.
Зауыт алғаш таразы жөндеу цехы болып құрылған. 1946 ж. өлшеу техникасын жасау және жөндеу жұмысымен айналыса бастады. 1971 ж. стандарттау және метрология лабораториялары мен орталықтарын жабдықтайтын үлгілі өлшеу аппараттарын жасауға кірісті. 1981 ж. кәсіпорында ТУ-204, ИЛ-86, ЯК-42 ұшақтарының электронды блоктарын (ауа қысымын реттегіштерін, айналым сигнализаторларын, басқа да блоктарын) шығара бастады. Осы тұста зауытта жасалған ыстық денелерді өлшейтін қондырғы (УТТ — 6-В МА), термостат (ТВ ІМ), колориметрлік қондырғы (В — 08 МА) дүние жүзінің 20-дан астам еліне экспортқа шығарылады.Зауыт 90-жылдары өнеркәсіп салаларына (металлургия, энергетика, мұнайхимия, көмір және газ өнеркәсібіне) арналған ыстықтықты өлшейтін эталондық приборлар шығаруға маманданып, кәсіпорында автоматты жобалау және электронды модельдеу жүйесі енгізілген. Зауыт 1993 ж. акционерлік қоғам болып қайта құрылды.“Алматы эталон зауыты” ТМД елдерінің, Ресейдің эталондық және үлгілі бұйымдар жасаушыларымен, “Ғылым” (Мәскеу) ғылыми-өндірістік бірлестігімен, “Жылу-физика приборлары” акцион. қоғамымен, “Бүкілресейлік физикалық-техникалық және радиотехникалық өлшеу ғылыми-зерттеу институты” мемлекеттік кәсіпорнымен, Д.И. Менделеев атындағы Метрология ғылыми-зерттеу институтымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан.
## Дереккөздер |
Хасан Алпысбаев (6.11.1928, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 30.4.1978, Алматы) — ғалым, Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі.
1950 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген. Алпысбаев өмірінің соңына дейін Қазақстан FA Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында қызмет атқарды. 1957—1960 жылы Қаратау палеолит отрядын, 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын отрядын басқарды. Қаратау өңірінен 200-ден аса тас дәуірі тұрақтарын тауып, ғылыми айналымға енгізген. Отырар алқабындағы Жаңашілік, Маятас, Шілік, Тасқотан, т.б. көптеген ескерткіштерді ашып, зерттеген. Оңтүстік Қазақстан өңірі ежелгі адамдар мәдениетін сипаттайтын ірі ошақтардың бірі болғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.
## Дереккөздер |
Алтаев Шауқат Әбенұлы(5.01.1927, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Исабай ауылы - 2008) — – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1991), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1994).
Алтаев кентастың өзіндік құнын 2 есе, күрделі қаржыны 3 – 4 есеге кемітуге мүмкіндік беретін кен қазудың жаңа бағытын кен өнеркәсібінде қолдануға жетекшілік етті. |
Алтай Қазақтары– Ресей Федерациясы Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданында тұратын қазақ диаспорасы. Жалпы саны 10 мың адам. Мал ш-мен айналысып, қой, жылқы, түйе, сиыр, қодас, түбітті ешкі, аңдардан қара түлкі өсіреді, балық ауланады. Алтай Қазақтары 2002 жылғы Ресей халық санағы бойынша 9 825 адамды құрайды. |
Алтайдың Алтын Адамы – сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. 1997 ж. Қазақстанмен шекаралас Алтай өңірінің Локоть ауданы аумағынан Ресей ҒА Сібір бөлімшесінің қызметкері П.Шульга тапты. Алтайдың алтын адамы Есік обасынан табылған Алтын адамға ұқсас, киімі алтын тоғаларға толы. Алтын әшекей бұйымдар саны 1800-ден астам, салмағы 1 кг-ға жуық. Мүрде үстіне жабылған киіз жапқыштардан да алтын қиыршықтары табылды. Археологиялық зерттеулер бұл адамның б.з.б. 5–4 ғасырларда өмір сүрген сақ тайпасының өкілі екенін дәлелдеді.
## Ішкі сілтемелер
* Есік Алтын адамы
* Есік обасы
## Сыртқы сілтемелер
* Иссыкский золотой человек (орысша)
* Алтын адам (Золотой человек, Gold man)- национальный символ Казахстана Мұрағатталған 2 желтоқсанның 2011 жылы. (орысша)
## Дереккөздер |
Алтай ескерткіштері - ежелгі дәуір ескерткіштері.
18 ғасырдың басынан зерттеле бастады. 1713 жылы ежелгі зираттардан ұрланған асыл бұйымдар Ресей патшасы Петр І-ге жетіп, "Петр І-дің Сібір коллекциясы" аталған археологиялық жинақ жасалынды. Сол бұйымдар қазір Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. 18 ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап Алтай жеріне географиялық экспедициялар жіберіле бастады. Оларға саяхатшы-ғалымдар Г.Ф. Миллер, П.С. Паллас жетекшілік (1733, 1744 және 1770) етті. 1865 жылы түркітанушы-ғалым В.В. Радлов Бұқтырма өзенінің бойында Берел жазығында ерте темір дәуіріне жататын "Берел" обасын қазып, зерттеді. 1911 жылы А.В. Андрианов батыс Алтайда Черновая, Солнечные Белки, Майемір деген жерлерде көшпелілер обаларын ашты. 1927 жылы С.И. Руденко Қатонқарағайда, 1956 - 65 жылы С.С. Сорокин Берел, Күрті, Қатын, Құмай маңында, 1997 жылдан Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші З.Самашев) алғашқы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеді.
Алтай есткерткіштеріндегі мүрделердің жерлену дәстүріне, табылған бұйымдарының ерекшеліктеріне қарай хронологиялық жағынан төрт кезеңге бөлуге болады: Күрті (б.з.б. 8-7 ғ.), Майемір (б.з.б. 7-6 ғ.), Пазырық (б.з.б. 5 - 3 ғ), және Құлажорға (б.з.б. 3 ғ. - б.з. 1 ғ.) кезеңдері. Күрті (Бұқтырманың жоғарғы саласы) бойындағы обаларда мәйіт сол жақ қырына, аяқ-қолын бауырына бүктеп жатқызылған. Басы солтүстік-батысқа қаратылған. Мәйіттің аяқ жағынан жылқы қаңқалары табылды. Майемір (Нарын өзенінің жоғарғы жағы) обаларында өлік шалқасынан, аяқ-қолы созылып жерленген. Лақат қабырғалары ағашпен шегенделіп, төбесі бөренелермен жабылған. Зират тас үйіндімен қоршалған. 1997 жылы Майемір ауылының тұсынан 45 - 50 жасында қайтыс болған әйел қаңқасы, жанында қорамсаға салынған қола жебе ұштары, т.б. заттар табылды. Радиокарбондық анықтау бойынша бұл әйел б.з.б. 803 жылы қайтыс болғаны дәлелденді. Оның бет әлпетінде еуропа және моңғол нәсілдерінің аралас белгілері бар. Пазырық (немесе Берел) кезеңіндегі зираттардан табылған бұйымдар бұл дәуірде қола мен мысты темір ығыстырғанын, зергерлік өнердің біршама дами түскенін көрсетеді. Құлажорға (Шығыс Қазақстан) кезеңі Пазырық үлгілерінің жаңа сатысындағы жалғасы болып табылады. Обалардан адам сүйегімен бірге аңдар нақышымен өрнектелген ежелгі петроглифтер көптеп табылды. Солардың ішінде бұғының, бүркіттің, таутекенің бейнелері тартымды берілген. Алтай есткерткіштері бұл өңірде мәдениеті, шаруашылығы, діни нанымдары ортақ этностар жайлағанын, Алтайдағы сақ мәдениетінің алғашқы қалыптасу орталығы болғанын көрсетеді.
## Дереккөздер |
Алпарслан Түркеш (1917 жылғы 25 қараша, Никосия, Кипр – 1997 жылғы сәуірдің 5-і Анкара, Түркия) — түрік ұлтшыл саясатшысы. Оны қолдаушылары «Başbuğ» («Жетекші») деп атаған.
Ол Түркия саясатында әскери ретінде де, кейінірек саясатшы ретінде де көп із қалдырған кісі. Оның аты-жөні басында оның лақап аты болатын, 1934 жылы ол осы есімді өзінің ресми аты-жөні ретінде қабылдап алды. Оның бастапқы аты-жөнінің қандай болғаны нақты белгісіз. Кейбір түрік дереккөздерінде, мысалы Büyük Larousse Sözlük ve Ansiklopedisi энциклопедиясында оның туғандағы есімін Али Арслан деп көрсетеді. Оның жақын достары мен таныстары оны «Албай» («полковник») деп атайтын.
Ол 1960 жылғы мамырдың 27-сінде болған премьер-министр Аднан Мендерестің үкіметіне қарсы ұйымдастырылған әскери төңкерістің кезінде атқарған ролі үшін танымал бола бастады. Алайда полковник Түркештің өзі сол әскери топтың ішінде болған төңкерістен кейін қуылды. Ол кейінірек «Cumhuriyetçi Köylü Millet Partisi» (CKMP, Республикалық шаруалардың ұлттық партиясына) мүше болып, кейін оның төрағасына айналды. 1969 жылы CKM-нің аты Milliyetçi Hareket Partisi (Ұлтшыл әрекет партиясы, MHP) болып өзгертілді.MHP-дағы кезінде ол өзінің Ниһал Атсыз секілді ізашарларының көзқарастарын қабылдап алып, оларды зор саяси күшке айналдырды. 1965 жылы Түркеш "Dokuz Işık Doktrini" (Тоғыз жарық доктринасы) атты саяси еңбек жазды. Онда ол өзінің ұлтшыл идеологиясының негізін құраған негізгі тоғыз қағиданы алға тартты. Ол тоғыз қағида мына: ұлтшылдық, идеализм, ахлақшылдық, қоғамшылдық, ғылымшылдық, тәуелсіздікшілдік, ауылшылдық, прогрессившілдік, популизм, өнеркәсіпшілдік, технологизм.
Түркеш оңшыл бағыттағы Milliyetçi Cephe (Ұлтшыл Фронт) секілді үкіметтерде вице-премьер болып қызмет еткен.
Өмірінің кейінгі кезеңінде ол түрік дәстүрі бойынша қарт саясатшы ретінде құрметке бөленіп, түрлі партиялардағы басқа саясатшыларға жиі-жиі ақыл-кеңес беріп жүрді.
1992 жылы Алпарслан Түркеш президент сайлауының қарсаңында өзін ұлтшыл ретінде сипаттайтын Абульфаз Ельчибейді қолдау үшін Бакуға сапар шекті. Әзірбайжан президенті болып сайланған соң Ельчибей ішкі істер министрі етіп Анатолиядан бастап солтүстік Иран арқылы өтіп, Сібір, Қытай, Үндістанға дейінгі жерді қамтитын Ұлы Түркияны құрғысы келетін «Бозқұрттар» қозғалысының мүшесі Исгандар Хамидовты тағайындады. Хамидов Әрменістанға атом бомбысын тастау керек деген сөзінен кейін 1993 жылы қызметтен кетуге мәжбүр болды.
Коммунистер солшыл бағыттағы қозғалыстарға қарсы болғаны үшін және түрік халқының тәуелсіздігін қорғағаны үшін Түркешті фашист және ұлтшыл деп атайды.Үлгі:Fact Түркеш 'Ülkü Ocakları Kültür ve Sanat Vakfı' («Идеалистік мектептердің мәдениет және өнер қоры») қорының көрнекті жетекшісі болған. Ізбасарлары Түркешті түрік ұлтшыл қозғалысының ең жарқын бейнелерінің бірі ретінде қастерлейді.
## Сілтемелер
## Works
* "Dokuz Işık"(Тоғыз жарық) (1965)
* "1944 Milliyetçilik Olayı"(1944 жылғы ұлтшылдық оқиғасы) (1968)
* "Türkiye'nin Sorunları"(Түркияның мәселелері) (1969)
* "Yeni Ufuklara Doğru"(Жаңа көкжиектерге қарай) (1972)
* "27 Mayıs - 13 Kasım, 27 Mayıs ve Gerçekleri"(27 мамыр - 13 қараша, 27 мамыр және оның ақиқаттары) (1977)
* "Temel Görüşler"(Негізгі көзқарастар) (1977)
* Ülkücülük; Hamle Yayınevi; İstanbul, 1995.
* 12 Eylül Adaleti (!) : Savunma; Hamle Yayınevi; İstanbul, 1994.
* 1944 Milliyetçilik Olayı; Hamle Yayınevi;
* Modern Türkiye ; İstanbul.
* Milliyetçilik Olayları; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* 27 Mayıs ve Gerçekler; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* 27 Mayıs, 13 Kasım, 21 Mayıs ve Gerçekler; İstanbul, 1996.
* Ahlakçılık; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* Etik (Ahlak Felsefesi), Etik.; Bunalımdan Çıkış Yolu; Kamer Yayınları.
* Türk Edebiyatında Anılar, İncelemeler, Tenkidler, Anı-Günce-Mektup; İstanbul, 1994.
* Bunalımdan Çıkış Yolu; Hamle Yayınevi; İstanbul, 1996.
* Dış Meselemiz; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* İlimcilik; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* Kahramanlık Ruhu; İstanbul, 1996.
* Temel Görüşler; Kamer Yayınları.
* Sistemler ve Öğretiler; İstanbul, 1994.
* Türkiye'nin Meseleleri; Hamle Yayınevi; İstanbul, 1996.
* Yeni Ufuklara Doğru; Kamer Yayınları.
* Sistemler ve Öğretiler; İstanbul, 1995 |
"Алтан тобчи" ("Алтын шежіре") - Шыңғыс хан империясы туралы ірі тарихи шығарма. Шығарманың толық аты - "Хандардың тегі туралы алтын шежіре". "Алтан тобчидің" осы күнге жеткен екі нұсқасы бар. Бір - бірінен ажырату үшін бұл нұсқаларды "Кіші алтан тобчи" және "Үлкен алтан тобчи" деп атайды.
## Бірінші нұсқасы
"Алтын шежіренің" алғашқы кіші нұсқасының авторы белгісіз. Шамамен XVII ғасырда жазылған. Бұл нұсқадағы Шыңғыс хан туралы шежіре - аңыздар мен Үгедей, Құбылайлардан бастап Тоқа Темірге, ең соңы Линдан ханға дейінгі 270 жыл ішінде өткен оқиғаларды баяндайтын тараулардың [ғылыми маңызы зор.
## Екінші нұсқасы
"Алтын шежіренің" екінші нұсқасын 1630 жылы ордостық Лубсан Данзан өңдеп, толықтырған.
## Дереккөздер |
Алтынай — фольклорлық- этнографиялық би ансамблі. Қазақ өнері тарихындағы халықтық-фольклорлық бағыттағы тұңғыш би ұжымы.
Мақсаты: халық билері үлгілерін жандандырып, сахнаға шығару.
## Тарихы
1986 жылы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның жанынан құрылған.
1991 жылы ол Қазақстан мемлекеттік халық би ансамбліне айналды. Оның тұңғыш көркемдік жетекшісі Голушкевич, қазір Талант Қылышбаев.
## Репертуары және белгілі ұжым қатысушылары
Ансамбль репертуарында ежелгі қыпшақ биі "Алқа-қотан", тұрмыстық "Киіз басу", салт-дәстүрлік "Қоштасу", көне әдет-ғұрыптық "Бақсы биі", әзіл-қалжыңды "Келіншек", "Ұтыс", "Аударыспақ", аспаптық "Аса- таяқ", "Домбыра", т.б. көне билер бар. Халықтық үлгідегі бұл билерді қазақ өнерінің ардагері, суретші, әрі биші Ә.Ысмайлов, балетмейстер, ұстаз-хореограф О.В.Всеволодская-Голушкевич, ансамбльдің тұңғыш солисі, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі Т.Ізімова сахнаға шығарды.
## Марапаттары
"Алтынай" ұжымы 1999 жылы Бельгияда өткен Халықаралық фольклорлык би фестивалында 1-орынға ие болды.
## Дереккөздер |
Алтыналмас– Қазақстанда алтынның, асыл металдар мен асыл тастардың кен көздерін геологиялық барлау, оларды өндіру, өңдеу, зергерлік бұйымдар жасауға пайдалану, экспорттық-импорттық операциялар жүргізу жұмыстарымен айналысатын ұлттық компания. 1993 ж. құрылған, 1995 |
Алтынбаев Қалихан Қалиасқарұлы (1927-2002) – айтыс ақыны. Республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1927 жылы 27 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданындағы Малай ауылында дүниеге келген. Бала жасынан ақындық өнерге ден қойған. Ол көпке алдымен айтыс ақыны ретінде танылды. Алғаш рет 1947 жылы Көсембек Байқұтановпен сөз сайысына түседі. 1957 жылы Заманбек Оразаевпен айтысады. Бұл айтыс сол жылы ақын В.Копытиннің аударуымен республикалық «Ленинская смена» газетінде жарияланды. 1959 жылы республикалық айтыста Тәңірберген Әміреновпен жыр сайысына түсіп, екінші орынды иеленді. Қ.Алтынбаев өз өмірінде отызға тарта айтысқа түседі. Оның айтыс өлеңдері «Ақындар жыры» (1961), «Айтыс» (3 том, 1966), «Ақындар шықты айтысқа» (1969), «Қазақтың қазіргі поэзиясы» (1975) жинақтарында жарияланған. «Дала бесік», «Қиял қанатында» жыр жинақтарының, «Қалбатау», «Ақсуат», «Көкпекті» танымдық зерттеу кітаптарының авторы.
Қойбағар, Тепек, Мамай батыр, Барақ шыққан бауырында, Ақырғы айқас, т.б. тарихи дастандары бар.
Оның ұлттық мәдениет тарихы, Абай мен Мұхтар, белгілі ақындар мен жыраулар туралы, қазақтың атбегілік, балуандық өнері туралы ғылыми-көпшілік, этногра-фиялық мақалалары, ру-тайпалар туралы шежірелері облыстық, республикалық баспасөз бетінде жарияланған. Қ.Алтынбаевтың суырып-салма ақындық өнеріне С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмайылов, М.Қаратаевтар жоғары баға берген.
## Дереккөздер |
Алтынасар — көне қала орны. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария өзенінің ескі арнасының бойында орналасқан. Ежелгі аты белгісіз.
Алтынасар қала жұрты б.з. I-IV ғасырларында өмір сүрген, көлемі 17 га жерді алып жатқан, төрт бас ғимараттары бар өте ірі қала. Қала бірнеше қабаттардан тұратын күрделі құрылыстардан салынған.
Алғаш 1948 ж. Хорезм археолеологиялық экспедициясы (жетекшісі Сергей Толстов) зерттеген. Жота басында екі төбенің сұлбасы айқын байқалады. Біріншісі «Үлкен үй» аталады, аумағы 150х150 м, биіктігі 12–15 м. Мұнда негізінен тұрғын үйлер болған. Екінші төбе «Кіші үй». Жүргізілген қазба жұмыстары қаланың төменгі қабаты 1–8-ғасырларда салынғанын анықтады. Жоғары қабаты 6–8-ғасырларға жатады. Жоғары қабаттағы тұрғын үйлер орындары қазылды. Бөлмелерде суфалар мен еден үстіне орнатылған ошақтар сақталған. Олардың бөренелермен, қамыстармен жабылған төбесі жайпақ болғандығы анықталды.
Қала халқы мал, егін шаруашылығымен айналысқан. Сырдың төмен ағысындағы Жетіасар мәдениетінің басқа қоныстары секілді, Алтынасардың да ежелгі тұрғындары жау шапқыншылығынан қаланы тастап кеткен.
## Галерея
*
*
*
## Дереккөздер |
Дьөрдь Алмаши (маж. György Almásy; 11 тамыз 1867, Град, Словения, Аустрия-Мажарстан — 23 қыркүйек 1933, Грац, Аустрия) — шығыстанушы, географ, орнитолог. Дьөрдь Алмаши бастаған экспедиция 1900 жылы наурыз-желтоқсан айларында Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. 1903 жылы жарық көрген “Азия жүрегіне сапарым” (“Vandorutam Azsіa szіvebe”) атты еңбегінде Жетісу, Алатау, Тянь-Шань өңірінің географиялық жағдайы, жан-жануарлар дүниесі, гидрология жүйесі, Түркістанның саяси-әлеуметтік және экономикалық өмірі, ондағы жергілікті тұрғындар мен келімсек халықтардың арасындағы қарым-қатынас жөнінде көптеген деректер бар. Қазақтар мен қырғыздардың тілі, діні, әдет-ғұрпы, шаруашылығына қатысты мәліметтер берілген. Дьөрдь Алмаши 1912 жылы Еуропада алғаш рет “Манас” дастанының үзіндісін жариялады. Дьөрдь Алмашидің қазақ және қырғыз этнографиясы туралы жинаған құнды деректері Мажар этнография мұражайында сақталған.
## Дереккөздер |
Сейілбек Алтынбекұлы Алтынбеков (15.06.1944 ж.т., Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Киров а.) - генерал-майор. (1992), әскери қайраткер. Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1967), М.В.Фрунзе атындағы Мәскеу Әскери академиясын (1977) бітірген. Түркістан, Орта Азия әскери округтарында взвод, рота, батальон командирі (1967-74), Одан кейін түрлі әскери округтарда полк командирі, дивизия штабының бастығы, дивизия командир! (1977-89); ҚР Азаматтық қорғаныс бастығының бірінші орынбасары (1989-91); Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1992); ҚР тұңғыш республика Ұланның қолбасшысы (1992-93); ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі мемл. комитетт төрағасының орынбасары - Азаматтық қорғаныс штабының бастығы (1994-2000); «Қазақстан темір жолы» АҚ кадр және әлеуметтік саясат департаментанің бастығы (2005-09). Алтынбеков еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуда, әскери құрылыс істерін дамытуда және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде, үлкен еңбек сіңірген. Қызыл Жұлдыз ордені, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Алтын қабақ — қазақтың ұлттық ойыны. Мергендер сайысы болып табылады. Жамбы ату сайысы негізінде пайда болған. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Түзу қайың құрықтарды ұластыра байлап, бір ұшын жерге қадайды. Биіктігі 30 - 40 м болуға тиіс. Жоғарғы ұшына екі жарым метрлік колденең ағаш бекітіледі. Оны қабақ деп атайды. Қабаққа бірнеше сөлкебай немесе жалтырап көзге түсетін заттар, кейде алтын, күміс теңгелердің шетін тесіп, аттың қылына іліп, тізіп байлайды. Сайысқа түсушілер оларды садақпен атып тұсіруге тиіс. Атып түсірушілерге сый-сыяпат беріледі. Алтын қабақ - түркі халықтарының арасына кең тараған ойын.
## Дереккөздер |
«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
## Қабырдың сипаттамасы
Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтүстік шетінде биіктігі 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды.
Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биіктігі 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңтүстік және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған.
Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған.
## Алтын адамның сипаттамасы
Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
## Қазақстан символы
Есік қорғанының қазыналары, оның ішінде дәл көшірмесі Алматыда орналасқан Қазақ археология мұражайында, қазір Астанадағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайында қойылған.
Қанатты барыстағы «Алтын адам» Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің біріне айналды. Сақ жауынгерінің көшірмелері Қазақстанның көптеген қалаларында орнатылған, олардың бірі Алматының бас алаңындағы Тәуелсіздік монументінің тәжін таққан.
Жалпы, Қазақстан аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде «алтын адам» деп аталатын бес қорым табылды: екінші «алтын адам» Аралтөбе қорғанынан, үшіншісі Шілік қорғанындағы Бәйгетөбеде табылған, төртіншісі Астана маңынан табылды және бесінші «алтын адам» Қарқаралы өңіріндегі Талды қорымнан табылды.
## Галерея
## Тағы қараңыз
* Есік обасы
* Есік Жазба Ескерткіші
## Дереккөздер |
Алтынсарин мұражайы —Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық–педагогикалық мұражайы. Қостанай облысы Арқалық қаласы 1976 ж. Арқалық педагогикалық институты жанынан қоғамдық негізде ашылған.Мұражай Ы.Алтынсариннің және оның ұстаздары Н.И.Ильминский,В.В.Григорьев,А.В.Васильев,Қ.Топаев және тағы басқалардың өмірбаяндары мен шығармалары қызметтеріне байланысты педагогикалық насихат орталығы.Мұражайда 4 бөлме бар.1.Ы.Алтынсарин.Оның достары және ізбасарлары.2.1900-1950 жылдардағы Торғайдағы оқу–ағарту ісі.3.Алтынсариннің мұғалімдер мектебінен Арқалық педагогика институтына дейін.Көрме залда Торғай облысындағы оұу ағарту ісі жөніндегі материалдар қойылған.Жалпы мұражайда 2000-ға жуық экспонаттар жиналған.
## Дереккөздер |
«АЛТЕЛ» – Қазақстан Республикасындағы алғашқы ұялы байланыс операторы. 1994 жылдан бастап «АЛТЕЛ» АҚ өз Абоненттеріне Қазақстанның ірі қалаларында телекоммуникациялық қызметін көрсетуін аналогтық AMPS/NAMPS форматта ұсынды. 2003 жылдың желтоқсан айынан бастап сауда пайдалануына ұялы байланыс қызметі мен сымсыз Интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсынушы үшінші буын технологиясы - CDMA 2000-1Х іске қосылды. CDMA стандарты Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сымсыз байланыс нарығында басым. Қазақстан да міне 5 жыл бойы үшінші буын ұялы байланыс қызметін қолдану мүмкіндігін ұсынушы мемлекеттер қатарын толтыруда. Бүгінгі таңда «АЛТЕЛ» АҚ Қазақстандағы бірінші және жалғыз CDMA стандартты ұялы байланыс операторы болып табылады. «... Біз енді табыстарға қол жеткізуді тоқтатпаймыз. «АЛТЕЛ» АҚ қазақстандық ұялы байланыстың бұдан да жоғары сапа дәрежесіне өтуіне қажетті бар күшін салады» - дейді «АЛТЕЛ» АҚ президенті Максұт Сауранбеков.
Осы таңда «АЛТЕЛ» компаниясы нарықта бес брендті ұсынады.
«ALTEL 4G» - LTE технологиясы Қазақстанда ALTEL 4G белгісімен іске қосылды — бұл қазіргі заманның «4G LTE» мәліметтерді жіберудің технологиясының базасында жасалған және бизнес, ойын-сауық, хабарласу, оқу және әлемдік желі мүмкіндіктерінің толық спектрі үшін Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қатынауды пайдалануға арналған жайлы, түсінікті, оңай және тиімді ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретін инновациялық өнім.
«ALTEL 4G» - бұл сымсыз байланыстың жаңа дәуірі және 4G буынының ең жылдам ұтқыр интернеті. LTE технологиясы мәліметтерді алдынғы технологиялардың жылдамдығынан ондаған есе артатын жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.
Біздің абоненттеріміз үшін «ALTEL 4G» - бұл ең алдымен байланыстың жаңа мүмкіндіктері. LTE – бұл жылдамдықтың, байланыс сапасының, жайлы хабарласудың инновациялық түсініктері тән бірегей технология. «ALTEL 4G» мүмкіндіктері біздің абоненттерге өзіңде, өз әлемінде, хабарласуда, достықта, махабатта және басқаларда жаңаны ашуға мүмкіндік береді. Технология әлемін өзгерте тұра, «ALTEL 4G» әлемді өзгертеді, жаңа мүмкіндіктерді, бұрын танылмаған эмоцияларды және сезімдерді ашады. Теория жүзінде LTE желісінің ең жоғары жылдамдығы downlink - 100 Мбит/с және uplink - 50 Мб/с дейін жетеді.
«ALTEL 4G» абоненттері үшін нақты жылдамдық базалық станцияның жақындығы және арнаның жүктемесі тәрізді факторларға байланысты болады.
Dalacom (қолданысқа 2003 жылы 10-желтоқсанда енді) – сапа мен ыңғайлықты бағалаушыларға арналған байланыс. Dalacom қызметі postpaid қағидаты бойынша ұсынылады. Мұндай есептеу тәртібімен Абонент байланыс қызметін несиеге алып қолданып, оларды есеп мерзімінде төлеуі мүмкін. Ұялы байланыс операторы Абонентке ай сайын қолданыстағы тарифтерге сәйкес шот шығарады.
PAThWORD (қолданысқа 2004 жылы 13-ақпанда енді) – серпінді және толыққанды өмір сүретін, іскер адамдарға арналған байланыс. Қызмет prepaid қағидаты бойынша ұсынылады. Осы есептеу тәртібі бойынша Абонент ұялы байланыс қызметін Оператордың шотына ұялы байланыс қызметіне жеткілікті ақша қаражаты түскеннен кейін ғана қолдана алады.
City - өз Абоненттеріне қалалық нөмірді қолдана отырып ұялы байланыс қызметін ұсынатын, Қазақстан нарығына 2006 жылдың желтоқсан айында шығарылған жаңа жоба. City абоненттері Dalacom/PAThWORD нөмірлеріне, басқа ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне, сонымен қатар қалалық нөмірлерге қоңырау шала алады. Оған қоса, City нөмірінен қалалық телефондарға және қалалық телефондардан City нөміріне жасалған қоңыраулар тегін болып табылады! Қызметтің артықшылығы болып табылатыны оның желі аймағында болған жағдайда қалалық қоңырауларды үнемдеу мүмкіндігі. City қызметі postpaid қағидаты бойынша ұсынылады. Мұндай есептеу тәртібімен Абонент байланыс қызметін несиеге алып қолданып, оларды есеп мерзімінде төлеуі мүмкін. Ұялы байланыс операторы Абонентке ай сайын қолданыстағы тарифтерге сәйкес шот шығарады.
JET – Оператордың қамту желісінде кез келген жерде кез келген уақытта қосылуды қамтамасыз ететін, Интернетке жоғары жылдамдықпен ұтқыр қатынауды біріктіретін қызметтер жиынтығы. «АЛТЕЛ» АҚ желі инфрақұрылымын қатынасу аймақтарында дамытады, бизнесті, қарым-қатынасты және демалысты дамытуға қажетті мобильді шешімдер ұсына отырып, кеңседен тыс қызмет атқаруға қажетті жаңа бірегей мүмкіндіктер жасайды.
## Дереккөздер |
Алтын Акция– АҚ-ға айналдырылатын кәсіпорындарды жекешелендіруді іске асырушы мемлекеттік орган қолындағы шартты акция. Мұндай акциялар белгілі бір уақыт аралығында мемл. органға, акционерлер жиналысында шешуші дауысқа ие болуға мүмкіндік береді.
## Дереккөздер |
Алтын рубль - 1895 – 1897 жылдары Ресейдегі ақша реформасына сәйкес енгізілген. Салмағы 0,774 грамм таза алтынға тең. Империал және жартылай империал, 10 және 5 сомдық теңгелер түрінде айналымда жүрді. 1-дүние жүзілік соғыстың басталуы салдарынан айналыстан шықты. |
Алтыншоқы – Ұлытау тау жүйесінің батысындағы жеке тау массиві. Алтыншоқыда 1391 жылы Әмір Темір Тоқтамыс ханды шабуға бара жатқан жолындағы тоқтаған жерінде белгі тас қалдырған.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылының батысында 12 км жерде Жетіқыз өзенінің оң жағасында, биіктігі 453 м оқшау тұрған шоқы. Ұзындығы 3-4 км, ені 2 км-дей.
## Өсімдігі
Өзен жағалауларында қайың, бұта, тау бөктерінде тобылғы, арша өскен.
## Дереккөздер |
«Алтын Қыран» — Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. Осы орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына ерекше мемлекеттік қызметі үшін марапатталады.
«Алтын Қыран» орденімен марапаттауға үміткерлерді Қазақстан Президенті айқындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын қыран» орденінің иегері атанады.
## Сипаттамасы
Орденнің инсигниясы орден тізбегіндегі белгі мен жұлдыздан тұрады.
Орденнің белгісі түп жағында ою-өрнек элементімен аяқталатын алтын жиегі бар көк эмальмен қапталған, ұштары дөңгеленген, кесілген бес бұрышты жұлдыз түріндегі алтыннан жасалған. Жұлдыз сәулелерінің арасында желпуіш тәрізді штралдар бар, олардың орталық бөлігінде төрт гауһар бекітілген. Белгінің ортасында ақ алтын дәндерімен жиектелген шеңберде көк эмаль аясында алтын қыран бейнеленген. Төменде қызыл эмаль лентаның аясындағы шеңберде алтын әріптермен «АЛТЫН ҚЫРАН» деген жазу бар. Қыранның үстінде геометриялық өрнек аясында шеңбер бойымен үш лағыл тас бекітілген.
Орден белгісі Қазақстан Мемлекеттік Туының элементі – стильдендірілген қыран мен күн бейнеленген салпыншақ арқылы қос орденді церийге құлақшамен бекітіліп, Қазақстанның Елтаңбасы бейнеленген он жеті ауыспалы буыны бар қос алқамен жалғанады.
Салпыншақтың сол және оң жағында, буынның артқы жағында алқаны киімге тағуға арналған қалқалы бекітпесі бар ине орналасқан.
Орден жұлдызы үлкен және жұлдыз сәулелерін жабатын эмаль мен штралдағы гауһар тастарды қоспағанда, белгіні көзкөрім түрде қайталайды. Жұлдыздың сәулелері қырлы болып келеді.
Орден белгіленген кезде инсигния жұлдыз бен орден тізбегін қамтымады, ал орден белгісі бекіткіш пластинаның көмегімен созылып, ортасында қызыл жолағы бар Мемлекеттік Тудың түсіндегі жібек қатқыл таспасы болған фигуралық тағанға бекітілді. 1999 жылғы орден реформасының нәтижесінде марапат өзінің заманауи түрін иеленді.
Күнделікті кию үшін орден түсінің таспасынан ілінген шағын орден жұлдызы түріндегі орденнің миниатюрасы бар.
## Марапатталғандар
Ағымда «Алтын Қыран» орденімен 7 тұлға марапатталған, соның ішінде:
* Нұрсұлтан Назарбаев
* Ислам Каримов (1997) - Өзбекстан президенті
* Борис Ельцин (1997) - Ресей президенті
* Герхард Шрёдер (2003) - Германия канцлері
* Леонид Кучма - Украина президенті
* Елизавета II - Британия патша ханымы
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
## Дереккөздер |
* Мұхтар Рахымұлы Алшынбай
* Рақым Алшынбаев |
Алтын Орда Теңгелері- орта ғасырлардағы металл ақша. Алғаш 14 ғасырдың орта тұсында Бұлғар қаласында Берке хан соқтырған (1257 - 67 жылы). Алғашқы теңгелерге Бағдад халифы ән-Насрдың аты, кейін моңғол хандары Меңгу, Арықбұға, т.б. Алтын Орда хандарының аттары жазылды. Алтын орда теңгелері Сарай, Сарай әл-Жадид, Сарай әл-Махрус, Қажы Тархан, Сарайшық, Гүлстан, Хорезм, Жент, Баршын, т.б. қалаларда соғылды. Сарайшықтағы қазба жұмыстары кезінде табылған тиындардың ең көнесі - Тоқтамыс хан теңгесі (1295 - 96 жылы). Ал кейінгілері Сарайда соғылған Өзбек хандікі. Оның дихремдері мен пұлдарында мұсылман дінінің суннит символдары салынған. Әр қалада соқтырылған теңгелердің өз ерекшеліктері бар. Кейбір теңгелерде соқтырған ханның аты мен жылы жазылса, кейбіреулерінде әр түрлі тамғалар: жануардың, құстардың, балықтардың суреттері, геометриялық өрнектер бейнеленген. 1996 - 97 жылы Батыс археологиялық экспедиция (жетекші З.Самашев) Сарайшыққа жүргізген қазба барысында Тоқтамыс ханның рәміздері салынған күміс жөне мыс тиындар табылды.
## Дереккөздер |
Алтын тамыр немесе Қызғылт семізот (лат. Rhodiola rosea) — ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл - тек алтын тамырға ғана тән қасиет.
## Таралуы
Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде , өзен аңғарлары мен жағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлімінен Альпі белдеуіне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударлық шіліктер құрайды.
## Сипаты
* Тамырдан биіктігі 50 см-ге дейін жететін бірнеше түзу сабақтар өсіп шығады, бірақ бұтақтары болмайды.
* Өте тығыз әрі кезектесіп қалың орналасқан етті, сопақша жапырақтары бар. Кейде жапырақтарының шеттерінде майда әрі сирек тістері болады.
* Сары түсті гүлдері өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып тұрады.
* Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Шілдеде тұқым бере бастайды.
* Тұқымынан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді.
* Қазақстанда Жетісу Алатауының, Алтай тауының биік белдеулерінде, тасты беткейлерде, су жағасындағы шабындықтарда өседі.)
## Химиялық құрамы
Тамырының құрамында көмірсулар , органиқалық қышқылдар , иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа да белсенді әсер ететін заттар бар.
## Емдік қасиеті
* Алтын тамыр 400 жылдан астам уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Ол әсіресе қытай медицинасында ертеден белгілі болған. Онда бұл өсімдіктің тамырын тауып келу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырған.
* Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады. Соның нәтижесінде 1931 жылы совет ғалымы Г.В.Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды Алтай тауларынан тапты.
* Алтын тамыр 1961 жылдан бері ғылыми медицинада қолданылып, аз уақыттың ішінде ғана халық арасына кеңінен белгілі болды.
* Құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы бар.
### Қолданылуы
* Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабылетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде пайдаланады.
* Асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.
* Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді.
* Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады. Әсіресе ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.
Жүргізілген зерттеу жұмыстары алтын тамырдың дәрілік қасиеттері маралшөп тамырының дәрілік қасиетінен анағұрлым күштірек екенін көрсетті. Алтын тамырдың табиғи ареалы жылдан-жылға азайып барады. Қазіргі кезде Алматы, Алтай ботаникалық бақтарында қолдан жерсіндірілуде. Алтын тамыр өте сирек кездесетін түр болғаңдықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
## Тағы қараңыз
* Дәрілік өсімдіктер
* Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
## Дереккөздер |
Аманкелді Үдербайұлы Иманов (3 сәуір 1873 жыл – 18 мамыр 1919 жыл) — қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы орын алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.
7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады.
1905 – 1907 жылдары орыстың 1-төңкерісінің азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды.
## Өмірбаян
Аманкелді Иманов 1873 жылы Торғай уезі Қайдауыл болысының №3 (Терісбұтақ) ауылында дүниеге келген, қазіргі – Қостанай облысының Аманкелді ауданы. Аманкелді кедей қазақ отбасында дүниеге келген, ауыл молдасынан білім алған, Тасыбай мен Ташмағамбет ишандардың медресесіне оқуға түскен. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі, Иман батырдың ұрпағы. Мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін батыр 1905 – 1907 жылдардағы өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келді. 1910 жылы Аманкелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасы бойынша мектеп салынды.
## 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т.б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырaды.
Төзгісіз қанауға ұшырап, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылады. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге және соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге мәжбүр болды. Тек жаудың негізгі күштері келіп жеткеннен кейін ғана, 27 күннен соң Аманкелді өз сарбаздарын қаладан алып кетті. 1917 жылы қаңтарда ол қаланы басып алуға қайта әрекет жасады, бірақ күш тең болмағандықтан ел ішіне кетеді.
Бұл кездерде Аманкелді большевиктермен, оның ішінде Әліби Жанкелдинменмен байланысты күшейтіп, большевиктер партиясының идеясымен қарулана түсті. Уақытша үкімет кезіндегі алашордашыларға қарсы күрес жүргізді, бұқара халыққа пролетарлық төңкерісінің маңызын түсіндірді.
## Қазан төңкерісі
Қазан революциясының алғашқы күндерінен-ақ Аманкелді бұрынғы көтерілісшілерден қызыл партизандар отрядын құрып, Кеңес өкіметін қорғау және нығайту күресіне белсене араласты. Торғай уезінің соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы наурызда Аманкелді Кеңестердің облыстық сьезіне (Орынбор) қатысты. 1918 жылы шілдеде Кеңес қызметкерлерінің бір тобын басқарып, Торғай уезінде ауылдық және облыстық Кеңестердің сайлауын өткізді. Азамат соғысы жылдарында Әліби Жанкелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін ұйымдастырады. Колчак әскерінің тылындағы партизандарға көмектесті.
1918 жылы қарашада Аманкелді және Әліби Жанкелдин басқарған отряд ақ гвардияшылардан Торғай қаласын азат етті. Шығыс майданда Колчак әскерінің шабуылға шығуына байланысты алашордашылар 1919 жылы 20 сәуірде де төңкеріс жасап, Аманкелдіні қолға түсірді. Қызыл партизандар қалаға кіруге бірнеше сағат қалғанда алашордашылардың қолынан қаза табады.
## Аманкелдіге құрмет
Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және бірсыпыра аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Жамбыл Жабаев, Аманкелдінің бұрынғы сарбазы, халық ақыны О.Шипин т.б. ақындар батырға арнап өлең, поэмалар жазды. Жазушы Ғабит Мүсірепов "Аманкелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Халық суретшілері Әбілхан Қастеев ("Аманкелді" портреті, "Аманкелді шабуылы", "Торғай жорығы") пен Қанапия Телжанов ("Аманкелді", "Аманкелді қызыл атты әскері") Аманкелді образын тартымды бейнеледі.
## Дереккөздер |
Амангелді сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
Амангелді Иманов — батыр, Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.
Елді мекендер:
* Амангелді – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Амангелді – Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Жамбыл облысы Талас ауданындағы Тамабек ауылының бұрынғы атауы.
* Амангелді – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы таратылған ауыл.
* Амангелді – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
* Амангелді – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл.
## Фильм
* Амангелді (фильм) |
Аманкелді ескерткіші 1947 жылы Алматы қаласында Абылай хан даңғылы бойында Аманкелді Имановқа койылған (мүсінші Х.АсқарСарыджа, сәулетшісі Т.Бәсенов). Аманкелді ескерткіші Алматыдағы алғашқы монументтік ескерткіштердің бірі. Ескерткіш тұғыры сұр граниттен қаланып, оның сыртында бұдырлы өрнек түсірілген. Ал Аманкелді Имановтың салт атты тұлғасы қолдан құйылған. Жалпы биіктігі 6м. Қола мүсіннің үш тиянақ нүктесіне негізделіп жасалуы ескерткіштің қимыл қозғалыс ырғағын танытып тұр. Халық батырының жинақы киімі мен мығым отырысы жүріп бара жатқан аттың қимылымен толық үндестік тапқан. Мүсіннің сымбаты мен композициялық сәтті шешімі Аманкелді ескерткішінің басты жетістігі болып табылады.
## Дереккөздер |
Амангелді мұражайы -1916 жылғы Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі Амангелді Имановтың тұтынған бұйымдары мен ол туралы құжаттар жинақталған ғыл.-ағарту, мәдени мекеме. 1969 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді анда ашылған. 1979 жылы мұражайдың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Онда 5 көрме залы, қор қоймасы, кинозал жұмыс істейді. Мұражай қорында 2 мыңнан астам материалдық деректер, құжаттар жинақталған. Сондай-ақ, мұражайда ауданның экон.-мәдени даму жолын көрсететін, аудан топырағынан шықкан еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті мәдениет қайраткерлерінің өмірімен және еңбектерімен таныстыратын жәдігерлер бар. 1964 жылы Имановтың туған ауыяы Үрпекте жергілікті ұстаз З.Мұхамеджановтың ұйымдастыруымен ашылған шағын мұражай Амангелді мұражайының бөлімшесіне айналды. Көтерілісшілердің алғаш бас қосып, Амангелді қолбасшы, Әбдіғапар хан сайланған Мұхамеджанның қызыл үйі, мүсінші К.Наурызбаев сомдаған батыр мүсіні тұтас бір кешен құрайды.
## Дереккөздер |
Аманқарағай – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы шоқ қарағай.
## Сипаты
Ауданы 320 км2-дей. Батыстан шығысқа қарай 45 км-дей жерге созылып жатыр, ені 15 км-ге жуық. Ағаш қоры 250 – 350 м3/га. Тоғай өскен жер бедерінің басым бөлігі бор және неоген шөгінділерінен құралған. Оңтүстік-батыс бөлігінде тасты шағылдар мен құм төбелер кездеседі. Ойпаң жерлерде қарағай, қайың, көктерек өседі. Жазда жартылай тартылып қалатын ұсақ көлдер бар. Олардың жағалауында сораң өсімдіктер, қарағай, бетеге, қоңырбас, атқонақ, көде өседі. Аманқарағайдан Аманқарағай кентіндегі орман шаруашылық кәсіпорны маңайдағы елді мекендер үшін тұрғындарға ағаш дайындайды.
## Дереккөздер |
Алшын — қазақ халқының құрамындағы ірі тайпа, Алшын тайпасынан тарайтын Әлімұлы, Байұлы рулық бірлестіктерінің ортақ атауы. Тарихшы, политолог және генетик Жақсылық Сәбитовтың зерттеулері бойынша, Алшындар - Х ғасырда кәзіргі Моңғолияны мекендеген татарлардың алчи тайпасының ұрпағы. Жақсылық Сәбитов еврей текті Хулагу тарихшысы Рашид-әд-диннің «Джами-ат-таварих» (Жылнамалар жинағы) еңбегіне сүйенген. Бұл еңбекте ол: «алшы тайпасынан шыққан ерлер - алшытай, ал әйелдер - алшын аталады» - деп жазған. Әйелдерді алшын деп атауы Рашид-әд-диннің түркі тілін білмегенінің кесірі болуы бек мүмкін. Ұлық Ұлыста (Алтын Орда) Алшындар жоғары қызметтерде жасаған. Мәселен, Батудың әмірі Ит-Қара, Жәнібек ханның әмірі және шежіреге сәйкес бүкіл Алшындардың түп атасы Алау баһадүр, Барақ ханның әмірі Алшын Құтет. Сонымен қатар, Алшындар Алтын Орда құлдыраған кезде де әмір, би, басқақ, сардар сияқты құрметті лауазымдарда болып, Орданың саяси және әлеуметтік өміріне белсене қатысқан және маңызды рөл атқарған. Орта Азия тарихында Алшындар қатысқан көптеген оқиғалар бар. Алшын аты қазақ халқының тарихында жауынгерлігімен даңқы шыққан. Халық аузындағы «… Кіші Жүзді найза бер де, жауға қой» деген тәмсіл Алшынның тарихи-этно-мәдени, геосаяси сипатын, менталдық болмысын аңғартады. Қазақ хандығына қалмақ, кейінірек жоңғар қауіпі төнгенде Кіші Жүз ханы Әбілқайыр баһадүр бас сардар сайланып, қазіргі Батыс Қазақстаннан оңтүстікке Алшын және жетіру сарбаздарынан құралған жасақтарын бастап келгені жайлы бірнеше жыр-дастандар бар. Аңызға айналған «Сөз атасы» Үйсін Майқы би «Бектен туған Алшынды, Біз үшін қанға малшынды, Іргеңе жауың келгенде, Сілтейтін найза қамшыңды» дейді. Атақты ақын-жырау Сүйінбай Аронұлы «...Алшын ата баласы — Сұлтансиық, Бақсиық, Хан қызы екен анасы, Қаннан кеуіп көрген жоқ, Найзасының сағасы, 12 ата Байұлы, 7 аталы Жетіру, Әлім менен Шөмекей, Халқымның еді жағасы» деп толғаған. Алшын тайпаларының атамекені Алтай баурайы екендігі, 10-шы ғасырда олардың Арал (Кердері) және Каспий теңіздеріне қарай ойысқандығы айтылады. Бір бөлігі Батыс Еуропаға (Атилла, 400–453) жорыққа шығып, Мысырға дейін барған. Мысалы, орта ғасырлық Египетке мәмлүктер үстемдігін орнатқан әскери әрі мемлекеттік қайраткер Бейбарыс Алшыннан тарайтын Беріш руының ұланы. Сондай-ақ найзаның ұшы, қылыштың жүзімен ел шетін жаудан қорғауда шешуші рөл атқарған Алшындар әр кезеңде әскери жорықтарға шығып, Еуразия мен Еуропа кеңістігінің саяси-этникалық бедерін өзгертуге есер еткені белгілі. Алшын ұрпақтары қазір башқұрт, татар, өзбек және т.б. түркі халықтарының құрамында бар.
## Орта жүзде
Орта жүзде бұрынғы Қарқаралы уезінде, қазіргі Шет, Нұра аудандарында Алшындар бірыңғай тұрады. Олар Сырым Датұлы көтерілісі аяқталған соң қоныс аударған әкелген Шеркеш, Байбақты ұрпақтары.
## Пайдаланған әдебиттер
* Тынышпаев М., Материалы к истории киргиз-казахского народа, Таш., 1925;
* Востров В.В., Муканов М.С., Родоплеменной состав и расселение казахов, А.-А., 1968;
* Маданов X., Кіші жүздің шежіресі, А., 1994;
* Рашид ад-Дин, Сборник летописей, т. 1, кн. 1, М.-Л., 1952;
* Кипчаки в истории средневекового Казахстана, А., 1995;
* Әнес Сарай, Адайлардың арғы тарихы, А., 1998 |
Альтераттау, альтерация (лат. alteratіo – өзгерту), музыкада – 1) кез келген дыбыс атауын өзгеріссіз жарты тонға жоғарылату немесе төмендету. А. таңбалары: диез (#) – жарты тонға жоғарылату; бемоль (b) – жарты тонға төмендету; дубль диез (х) – бір тонға жоғарылату; |
Ыбырай Алтынсарин (1841–1889 жылдары) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркінпайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар Ыбырай Алтынсарин бос уақытының бәрін сол кітапханада өткізді.Білгеннің үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды.Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
## Өмірбаяны
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан.Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:
Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", – деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. "Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр", – деп жазады ол бір хатында. Ыбырай Н.И.Ильминскийге жазған әлгі хатында тағы да былай дейді: "Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық дейтініңізге мен сенемін. Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз". Туған халқы туралы мұндай ой Ыбырайдың демократтық көзқарасына негіз болды және оны сеніммен жұмыс істеуге шабыттандырды. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады."Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын, — деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге, олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін, қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды — қарсылық көрсете алмай, қаскырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды — адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде... өте қатты күйінемін... Осы елдің күшті жемқорларының бірі өздерінің істеп жүрген істерін менің жақтырмайтынымды біліп қалды... Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр".Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі.Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды".Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа – кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", – деп жазды.Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады.Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған.Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.
## Ағартушылық еңбегі
Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған."Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады."Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.
Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді:Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді."Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді."Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол. "Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. "Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», — деді.
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.
Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады."Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен?» – деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен», – деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», – деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің», – деді.
Ыбырай «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен.
Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал.
«Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: «Сіздің суретіңізді салып жатырмын!» – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. азушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу.
Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. «Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», – дейді.
Жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. «Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын», – дейді ол.
Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр.
## Шығармалары
* Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879;
* Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899;
* Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906;
* Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953;
* Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978;
* Әңгімелер, А., 1980.
* Өлеңдер
* Азған елдің хандары
* Балғожа бидің баласына жазған хаты
* Жаз
* Кел, балалар, оқылық
* Қарлығаш
* Қарға мен түлкі
* Әй, достарым
* Әй, жігіттер
* Өзен
* Өнер - білім бар жұрттар
* Өсиет өлеңдер
* Әңгімелер
* Ізбасты
* Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ
* Алтын -айдыр
* Алтын шеттеуік
* Асыл шөп
* Ақымақ дос
* Білгеннің пайдасы
* Бір уыс мақта
* Бай баласы мен жарлы баласы
* Байұлы
* Баланың айласы
* Бақша ағаштары
* Данышпан қазы
* Дүние қалай етсең табылады
* Жаман жолдас
* Жамандыққа жақсылық
* Жан-жануарлардың дауласқаны
* Жиренше шешен
* Жомарт
* Жәнібек батыр
* Зеректік
* Киіз үй мен ағаш үй
* Лұқпан әкім
* Малды пайдаға жарату
* Мейірімді бала
* Мұжық пен жасауыл
* Мұңсыз адам
* Надандық
* Оқудағы балалардың үйішіне жазған хаты
* Петр патшаның тергелгені
* Полкан деген ит
* Салақтық
* Сараңдық пен жинақтылық
* Сауысқан мен қарға
* Сақып
* Силинші деген ханым
* Сәтемір хан
* Таза бұлақ
* Талаптың пайдасы
* Тышқанның өсиеті
* Түлкі мен ешкі
* Тәкәпәршілік
* Шеше мен бала
* Қанағат
* Қарға мен құрт
* Қыпшақ Сейітұлы
* Үнді
* Үш ұры
* Әділдік
* Әдеп
* Әке мен бала
* Әлім кісі
* Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш
* Өтіріктің залалы
## Дереккөздер
Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 2-басылымы, өңделген. Алматы: Атамұра, 2012. — 344 бет, суретті, карталы.
## Сілтемелер
* Ыбырай Алтынсарин
* Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Мұрағатталған 31 наурыздың 2022 жылы. |
Ана тілі — белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.
Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері ортақ адамдар қауымы мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы, ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну қасиеттері – бір сөзбен айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. «Ана тілі» ұғымы не оған жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала береді. Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана тілі» аталып кеткен. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынұлы. Қазіргі уақытта (1998) қазақ халқының үштен бірі, яғни 4 млн-ға жуығы, Қазақстаннан тыс (Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, т.б.) жерлерде диаспора болып отыр. Бұл топтар қандай тілдік ортада (қытай, ұйғыр, моңғол, пүштүн, парсы, түрік, өзбек, орыс, қырғыз, түрікмен, т.б.) өмір сүрсе де, ол тілдердің қанша әсері болса да қазақ тілі олар үшін ана тілі болып саналады. Қазақ диаспорасы үшін ана тілінің сақталу, сақталмауы, қолданыс аясының кең, тарлығы, сайып келгенде, олар тұратын мемлекеттердегі тіл саясатына, тілдік ортаға, диаспораның шоғырланып немесе шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана тілін қайткен күнде де сақтап қалуға деген саналы әрекетіне де тікелей байланысты. Әрбір азаматтың ана тілін қастерлеуі оның мемлекеттің биік мәртебесіне қатысты қоғамдық көзқарас пен қамқорлыққа да тікелей байланысты. Сондықтан әркімнің өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін сақтау болып саналады.
## Қосымша мәліметтер
* [1] — “Ана тілі” газеті
* [2] Мұрағатталған 26 қарашаның 2011 жылы. — Қазақ тілі туралы
## Дереккөздер: |
Матриархат, аналық ру (лат. matrіs — ана және грек. arche — билік, үстемдік) — алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық құрылымның бірі. Матриархат кейінгі палеолиттe (б.з.б. 40 — 10-мыңжылдық аралығы) қалыптаса бастаған. Матриархаттың дамуы қазіргі адамдардың (homo sapіens — саналы адам) қалыптасу кезеңімен сәйкес келеді. Матриархат рулық қауымдардың пайда болуына жағдай жасады. Ру қоғамдық ұйымның бір түрі ретінде қалыптасып, онда әйелдер үстемдік жүргізді. Қоғам өмірінде әйел үстемдігінің орнауы олардың дүниеге ұрпақ әкелудегі табиғи қызметіне, полигамия (көп некелік) қатынастарға және тұрмыс-тіршілік пен үй шаруасының ұйтқысы ретіндегі рөліне тікелей байланысты болды. Матриархаттың негізгі белгілері:
* ұрпақтың тегі мен бастауы анадан есептеліп таратылды,
* тұрмыста және қоғамдық өмірде әйелдер шешуші рөл атқарды,
* мүлікке мұрагер болды.
Матриархат неолит дәуірінің соңына қарай әлсірей бастады. Оған себеп болған өндірістік қатынастардағы сапалық өзгерістер: мал және егін шаруашылығы, кен өндіру мен металл өңдеу (мыс, қалайы) ісінің қалыптаса бастауы болды. Бұл өндіріс салалары ер адамның күшін мейлінше қажет етті. Сонымен бірге осы кезеңде моногам. (дара некелік) қатынастар орнай бастады. Осы аталған қоғамдық үрдістер матриархаттың патриархатпен (аталық ру) алмасуына негіз болды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Қасым Рақымжанұлы Аманжолов (10 қазан 1911, Қарқаралы уезі — 18 қаңтар 1955, Алматы) — қазақтың аса ірі ақындарының бірі.
## Өмірбаяны
Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Қожас Қаракесек Арғын руынан. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеу үстінде екенін көрсететін еді. Әсіресе көзге ауыз әдебиетінің 7-8 буынды терме, толғау үлгілеріне бой ұруы жиі шалынатын. Өлеңіне арқау етіп алған өмір құбылыстарын сырттай таңырқап, тамашалауға, көрген-білгенін тәптіштеп, тізбелеп суреттеуге әуестік байқалатын.Бірақ ақын бұл қалпында көп кідірмей, осыдан кейінгі не бары екі-үш жылда-ақ:
немесе:
дегеніндей-ақ, қатты талпынып, талантына мәдениеті қосылып, ақындықтың шырқау биігіне самғап көтерілді. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену оның буырқанған күшті талантын тез қанаттаңдырды. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А.Пушкиннен, М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийден шебер аудармалар жасады. Бұл оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерінің қыр-сырын тануына көмектесті.1939-1940 жылдар ақынның өсу жолындағы елеулі кезең болды. "Нар тәуекел", "Бурабай толқындары", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Сұлтанмахмұт туралы баллада", "Өз елім", "Ғашық едім қайтейін" сияқты тамаша туындылары осы жылдары дүниеге келді. Бұл кезеңдегі ақын өлеңдерінде түр, дыбыстық үндестік, ырғақ жағынан да жаңалықтар көрініс берді. Сондай-ақ, Қасым лирикалық өлеңдермен қатар сүйекті туындылар жазуды да қолға алады, "Құпия қыз", "Бикеш" (алғашында "Азғынбаев" деп аталған) секілді алғашқы поэмаларын жазады.
Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. "Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс", "Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге", "Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап", "Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы – соның айғағы.
«Құя алман үгітілген балшық өлең, Көңілімде көл жасаман тамшыменен, Серінің сертке соққан семсеріндей, Өлеңнің өткірін бір алшы менен», — деп ақын бұл кезеңде қазақ өлең өнеріне мазмұн жағынан да, түр жағынан да мол жаңалық әкелген. Көркемдеу құралдарының образды сөз өрнектерінің жан тебірентер жаңа үлгілерін тауып қолданды. Бұл тұста ақынның «Байқал», «Оралым», «Подполковник Альпин», «Дариға сол қыз» өлеңдері, «Мартбек», «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмалары жазылды. А-тың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын Ғ. Мүсірепов қазақ поэзиясындағы жаңа бетбұрыс деп бағалады. Соғыстан кейін А. не бары он жыл өмір сүрді. Көркемдік сапасы жоғары лирик. өлеңдермен қатар «Боран», «Біздің дастан», «Бикеш», «Жамбыл тойында», «Құпия қыз» тәрізді үлкен эпик. поэмалар жазды. А. ақындығымен қатар үлкен сазгер де болған. Оның әнін де өзі шығарған «Дариға сол қыз», «Туған жер», т.б. шығармалары халықтың сүйікті әндеріне айналған. А. қазақ әдебиетінде аударма жанрының дамуына да зор үлес қосты. Ол А.С. Пушкиннің «Полтава», М.Ю. Лермонтовтың «Маскарад», А.Т. Твардовскийдің «Василий Теркин», Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмаларын, Т. Г. Шевченконың, В. В. Маяковскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Қазақ поэзиясына он буынды өлең түрін енгізіп, оны әбден тұрақтандырды.
Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады. Мысалы: 1946 жылы 26 өлең жазыпты, солардың ішінен, әсіресе "Достар", "Туған жер", "Құрбыма", "Сауыншы жеңгейдің жыры", "Домбыра", "Май келді", "Күйім тасып барады, күйім тасып", т.б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, "Біздің дастан" поэмасын бастайды. М.Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А.Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі Әбділда Тәжібаев "Социалистік Қазақстан" газетінде "Дауылды жырлар" деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі "Өзім туралы" толғауын аяқтайды.
Қасымның өлеңдері "Гроза" деген атпен 1946 жылы, "Стихи" деген атпен 1949 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылады.Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-сінде қайтыс болды.Өлеңдері. Соғыстың алдында Қасым "Өз елім", "Дауыл", "Нар тәуекел", "Талғар" тәрізді әдемі лирикалық өлеңдер жазды. Бұл өлеңдердің кейіпкері – өз елін, туған даласының табиғатын шексіз сүйген, "көк дауылдай кеуделі жігіт" болып өскен қайратты замандасы. Өмірге көзін ашпай жатып, "жетімдік тағдыр" желкелеген балдырғанды өз тәрбиесіне алған Отанын ақын ерекше сезіммен жырлайды:
Қасымның жан күйзелісі үстінде 1938 жылдың өзінде-ақ жазған белгілі өлеңі – "Сұлтанмахмұт туралы баллада". Ақын онда сол кезде екінің бірі айта алмайтын шындықты батылдықпен айта алды. Сұлтанмахмұтты жақтайтын жас ақын мен оны жау санайтын әдебиетші ақын қабірінің басында пікір таластырады.
Бірі айтты:
– деді.
Сол арада Сұлтанмахмұт қабірінен шыға келіп: "Өлгем жоқ!" – деп дауыстайды. Жас ақынды қолтықтап алып, Жазушылар одағынан мүшелік билетін алуға кетіп бара жатып:
–
деп, масқаралап кетеді. Ол жылдарда мұндай өлең жазу нағыз жүрек жұтқан ерлік болатын. Ал Қасым бір бұл емес, мұндай бірнеше өлең жазған. Оның "Біз кім?", "Ақынның мінезі", "Күлемін де жылаймын" секілді өлеңдері сондай дүниелер.
– дейді.
Тоталитарлық жүйе тұсында мықтап өркен жайған күдікшілдік, сенбеу, күйе жағу, пәле жабу сияқты кеселді бұлайша әшкерелеу, зығырданы қайнай айыптау да Қасым сияқты ілуде біреудің ғана қолынан келгені шындық.Қасымның осы тақырыпқа жазған өлеңдері соғыс жылдарында, одан кейін де үзілген жоқ, қайта күшейе, салмақтана түсті. Ондай зілді, ызғарлы лебіздерді ақынның майданнан Ғалиға, Ғабдолға өлеңмен жазған хаттарынан да көруге болады.Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім соғыс жылдарында ерекше күшейді. Соғыстың қатал да ащы шындығы ақынды да, оның жырларын да тың өріс, жаңа биікке самғатты.40-жылдардың басында Қасым туған жер табиғатының әсем суреттерін жасаған тамаша лирикалық өлеңдер жазды.Қиыр Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда туған "Байкал", "Сарыарқа", "Ертіс", "Орал" атты өлеңдерінде ақын ел табиғатының әсерлі көріністерін адамның отаншылдық сезімімен терең байланыста көрсетеді. "Оралға" өлеңін:
–
деп бастап, онда өткізген жастық дәурен қызықты шағын ризалықпен еске түсіреді.
Кеудесі гүл болып, бұлбұл қонған бұла жастың бақыты қандай ыстық.
Біз де ақынмен бірге сол үй, сол терекке қызыға, тіпті күрсіне қарағандаймыз...
–
деп, туған ел боранын қатерлі сапарға серік етіп ала кеткісі, сөйтіп, майданға бұрқыратып бірге кіргісі келеді. Ғажап емес пе?!"Байкал" өлеңінде Байкалдың торғын тұман жамылған көлі, таң сәріден кернейлете құйған өзендері, көлге ғашық боп ерте оянған таң – бәрі де ақын қиялын тербетіп, сұлу суретке айналады. Жастық шағын өткізген ыстық қала – Оралға тоқтап, Ертіс, Сарыарқа тұсынан өтіп бара жатқан ақын туған жерге деген мол махаббатын, ел сағынышын төгілте жырлайды.Осындай өр мінезді, сезімтал, патриот ақынның жаумен бетпе-бет кездесуі де есте қаларлықтай. Қасымның майдан жырларының лирикалық кейіпкері – кеудесі кек пен ызаға толы, аса қажырлы жан. Оның "ажалдың дегеніне көнбей", "сескену, қорқу дегенді" білмей, соғыстың ауыртпалығын әр төзіммен көтерген қайсар бейнесі көп өлеңдердің мазмұнын құрайды.
Соңғы бір жолда қаншама тарих, терең мағына бар. Бұл – поэзиядағы бұрын айтылмаған жаңа сөз, тың образ. Онда кайғы да, қайсарлық та, сабыр мен даналық та бар. Бүкпесіз, шыншыл, сыршыл, кемеңгер ақынның:
–
деген сөздерін тебірене оқып, тереңіне ойлана үңілеміз. Ақтарыла сыр ашқан атақты "Ғалиға жауаптан" алынған бұл шумақтан әлдекімнің жат, суық, сұрқай сұлбасы да елес береді.Ол өз аяғынан жүруді, өз көзімен көруді, өз қолымен істеуді ұнатады. Ол жалтармақ емес, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрмек емес. Ол өмірдің қайнаған ортасында жүріп, көптің жүгіне өз иығын тосады, бой тасалауды ар көреді, ауыр жүкті арқалаушылардың сапында болу – ол үшін адамгершілік борыш, мерей, мақтанып. Қасымның ақындық көзқарасының, философиясының, эстетикалық принциптерінің түп қазығы – осы. Бұл – алып кайратты, сарқылмас жігерлі, туған еліне қызметші болуды абыройлы үлесім деп білген үлкен дарынның, үлкен қайраткердің өмір мұраты.Қасымның майданда жазылған, оның ішінде елдегі ақын аға, қаламдас құрбыларына жазған шыншыл, сыршыл өлеңдерінен, хаттарынан ақынның өз бейнесін, Отан үшін жанын отқа салып жүрген солдаттың образын көреміз.
– деп сыр ағытса, Ғали ақынға жазған ұзақ жауап хатында:
– деп болашағына нық сенім артады.
Майдан жауынгерінің ер жүрек бейнесін танытар осы тәріздес жолдар Қасымның әскери лирикасында тіптен мол. Ақын өліммен бетпе-бет кездескен шақта пайда болған солдат мінезіндегі мұндай сипаттарды туған елінің тәуелсіздігін қорғау кезінде туған жаңа сапа, ерліктің үлгісі ретінде көрсетеді. Осымен қатар, Қасымда соғыстың ауыр шындығы жағдайындағы солдаттың адамдық сырлары, мұңы, шаттығы, бойын ел, жар сағынышы билеген кезі, сонымен бірге жауға деген кекке толы сезім күйі мол, әсерлі суреттеледі. Ақын соғыстың қиындығын да, үрейлілігін де жасырмайды.
Соғыстың үрейлі кейпін ақын осылай бейнелейді. Ол мұндай жағдайда өлімнің де бір-ақ оқ екенін түсінеді. Сонымен бірге мәселе өлуде емес, өмір сүруде, өмір сүрудің тетігі – ерлікте деп біледі. Ақынның:
–
немесе:
- деуі де сондықтан.
Мұңая күрсінген, көңілденген шақта да ол өмірлік мұратын, азаматтық парызын естен шығармайды.
"Қапанға" деген өлеңнен алынған осы үзіндіде өмір, өлім жағаласқан соғыс даласындағы солдаттың жан сезімі, күйзелісі өткір, бірақ нанымды берілген. Майдан даласының құбылмалы мінезі де солдат жанын неше түрлі күйге түсіреді. Ақын осы сезімді сол күйінде бүкпесіз суреттейді.Ой, сезім еркіндігін Қасым өзінің туған даласының табиғатынан іздейді. Ғалиға жауабында":
–дейді.
Осы тәрізді сезім арпалысының талай кезеңін басынан кешіре отыра, Қасым кейіпкерлері қайсар, ер кейпінен танбайды, жеңіске берік сенеді, оны "қасарыса" күтеді.
Жеңісті осылай күтудің өзінде қаншама қайсар рух пен ерік жатыр.Ақын өмірдің әр алуан жайттарын, адам күйінің сан қилы мезеттерін алып жырлайды. Ол: "мен – солдат", "мен – батыр" немесе "Сен фашиссің, мен қазақпын" дегенде, елінің атынан сөйлейді. Өзі арқылы басқа адамдардың, отандастарының сезімін, ой-арманын бейнелеуге тырысады.Мәселен, фашистерге жалғыз ол ғана емес, бүкіл халық, соның ішінде мыңдаған қазақтар да қарсы соғысты. Ақын осының бәрі үшін поэзия дәстүріне сәйкес бірінші жақта өз атынан сөйлейді. Оны, әдетте, лирикалық қаһарман дейді. Сондықтан әрдайым өз ісін, өз ойын ғана емес, өз ой-сезімі арқылы көпке ортақ, жалпыға тән күй-сырды айтады. Мәселен, фашистерді келекелеп, табалайтын жоғарыда аталған өлеңіндегі: "сен аспанда жұлдыз қақтың, мен далада түйе бақтым" деген жолдар Қасым жас кезінде түйеші болған екен дегенді білдірмейді. Ақын "түйе бақтым" деп ежелгі қазақ тұрмысына тән шаруашылық түрін айтып отыр. Әйтпесе, қазақтар қазіргі заманда ғылым, білімге, мәдениетке жетілген, инженер де, шахтер де, ғалымы да жетерлік халық. Бірақ басқыншылар оларды "тағы", "азиат" деп басынады. Ақын осы психологияны ұғады да, жауын өткір кекесінмен мысқылдайды.
Көкірегін ұрып, әлемді аяғымның астында таптаймын деген гитлершілдер 1945 жылы өз жерінде күл талқан етілді. Лирикалық қаһарман осыған қуанады, масаттанады.Ақынның өжет те өршіл рухы, жалынды жүрек, жайсаң жаны туған елінің ер мінез, ерен тұлға перзенттеріне ерекше кішіпейіл, айрықша ілтипатты. Сондықтан да қазақтың қаһарман батыр, қайсар перзенті, кемеңгер азаматына арналған "Бауыржан" атты өлеңінде:
–деп, ағынан жарыла ақтарыла жырлайды.
Мұндай буырқанған бұла күшке, шат еркелікке толы, бірде шиыршық атып, тағы бірде қуатты серпіліспен шалқыған сезім драматизмі Қ.Аманжоловтың көптеген өлеңдеріне тән. "Сәбитке" деген өлеңінен автордың ақындық кредосы да, өз мінезі, табиғаты да жақсы аңғарылады.Ақын қадірлі аға, үлкен суреткерге сырын-шынын бүкпестен, жан дүниесін баурап алған отты шабыт, арынды күйді ақтарыла айтып тастайды.
Сәбит Мұқановқа арналған осы өлеңнен ақынның асау өрлігін, алғыр зейінін, қырағы да сергек қиялын, отты екпінін, арынды тегеурінін сезінеміз.Майданнан ақын өлмес өмір өлеңін айтып қайтты. Өзінің туған елі – Қазақстанды, туған халқы – қазағын мақтан тұтты. Жүрегін өз Отанына деген шаттық сезім билеген ол "елім бар, Қазақстан" деген сөздерді бар дауыспен жар сала айтады:
Соғыстан соңғы халық шаруашылығын қалпына келтіру ұранына Қасым "Соғыстан соңғы бесжылдық" атты өлеңмен үн қосты. Бұл өлеңнің лирикалық кейіпкеріне де қайсарлық мінез, іскерлік, сертке беріктік тән.
Ақынның туған жерге деген жалынды перзенттік сүйіспеншілігі оның "Туған жер" атты ғажайып өлеңінде шалқыған шабытпен суреттелген.
– дер едім.
Бұл – ақын жүрегін жарып шыққан, зор азаматтық сезімнен туған, патриоттық жыр.Қасымның кейінгі шығармашылығында да соғыс тақырыбы едәуір орын алады."Дариға, сол қыз" өлеңі өмір шындығын, лирикалық кейіпкердің тебіренісін бейнелеу ерекшелігімен де, түр жағымен де айрықша жаңалық ретінде сүйіндіреді. Әр тармағы он буыннан тұратын өлең Қасымға дейінгі және кейінгі қазақ поэзиясында онша қолданыла қойған жоқ. "Дариға, сол қызда" майдан арпалысы, тарихи шындық, жеке адамның басындағы трагедия және соның бәрінен аман алып шыққан өмірге деген құштарлық оптимистік рухта өрнектелген. Кейіпкердің жан дүниесіндегі бұлқыныстар белгілі тарихи кезеңдегі жеке адам мен қоғам өміріндегі әлеуметтік драматизмді бейнелейтін образдылыққа айналған. Көркемдік-философиялық жинақтаушылық мәнге ие жыр жолдары ақынның тағы бір биікке көтерілгенін танытты. "Көрсетпей жүзін, естіртпей сөзін, қаһарын төгіп тұр долы соғыс", "сапырды дауыл, тебіренді теңіз, тулады толқын, шайқалды шың-құз" деген жолдардан замана трагедиясын, "арманым бар ма өлсем бір көріп, қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?" дегеннен лирикалық қаһарманның өмірге деген құштарлығын, махаббат құдіретін, "дедім де тұрдым, жүгіре бердім, қолымда найза, шағылып айға" дегеннен әрі қайсар рухын сезінеміз.
Ақынның бұлайша өзіндік түр іздеуі отызыншы жылдары-ақ, белгі берген болатын. Мәселен, Пушкиннің қайтыс болуына жүз жыл толуына арналған "Ақынның ескерткішіне" (1937), "Отан үшін жан пида!" (1941) өлеңдері 15 буынмен жазылса, "Руставели Шотаға" (1937) өлеңі 16 буынмен жазылған. Мұндай көп буынды өлеңдер ол кезеңде некен-саяқ ұшырасатын. Кейінгі жылдары Қасым көркем аудармамен көп шұғылданды. Т.Шевченко өлеңдерін, Низамидің "Ләйлі мен Мәжнүнін", А.Пушкиннің "Полтавасын", М.Лермонтовтың "Маскарадын", А.Твардовскийдің "Василий Теркинін", т.б. шығармаларын аударуы, ақын ойының тереңдей түсуіне, шеберлігінің өсуіне көп пайдасы тигізді.Өмірінің соңғы кездерінде Қ.Аманжолов өлім, өмір, өмірдің мәні, азаматтық парыз, ақындық борыш жайында көп ойланып, көп толғанды. Ондай өлеңдері – елін, жұртын емірене сүйген азамат акынның жан сыры, ой-сезімі.
Ақын қарызды өтеу, борыштан құтылу жайында жиі айтады. Бойындағы табиғат сыйы – үлкен дарынын сарқа жұмсап, халық игілігіне жарайтын өнер жасасам, кейінгінің кәдесіне асатын мұра қалдырсам деп армандайды. Жеткен биігін місе тұтпай, одан әріге шарықтағысы келеді. Ішінде жанар таудай атылар жыр қазынасы жатқанын сезінеді. Сонау қанды майданда жүргенде: "Қорқамын жұрт сөзінен, тым арзан өлді деген", – деп толғанса, енді "өнерім өзіммен бірге өлмесе екен" деп мазасызданады. "Поэзия асыл жар, тек өзіңе тең болсам", "Көкіректегі күйіңдей жырыңды жаз ерінбей", "Бәрін де беріп ел-жұртқа, қарыздар болмай өлейік", "Көп борыш мойнымызда өтелмеген, ойым жоқ қарыздар боп кетем деген" сияқты өлең жолдарынан соны аңғарамыз. Ұзақ жазып, ақыры 1954 жылы бітірген "Өзім туралы" деген өлеңі акынның іштей ойлану, толғануы, жан сыры әрі кейінге қалдырған аманат сөзі іспетті. Қазір көпшілік жұрт жаттап алған осы өлеңде мынадай жан тербетер шумақтар бар:
Қандай адалдық, шыншылдық, қандай терең ой, отты сезім! Бар ғұмырын еліне, өлеңіне ғана арнаған, "барым да, бақытым да өлеңім" деп білген ақынның одан өткен куанышы мен уайымы жоқ.Барын да, бақытын да өлең деп білген Қасым бар өмірін әдебиетке арнады. Оның қиындығын да жасырмады. "Нар тәуекел" деп "қиынға кұлаш ұрды". Өмірді шексіз сүйген ақын ауру шағында да рухани күйзеліске берілмей:
– деп жазды. Қандай өр рух, қандай сәулетті сезім!
Қасым шығармашылығы – қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан."Ақын Өлімі туралы аңыз" поэмасы. Қ.Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәңді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.
Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі.Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.
Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар – барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер.Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді.
деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:
Кең даланы жүнше түтіп, орман шашын талдап жұлып, көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.
Бұл – кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.
Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:
Бұл – екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет.Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді.Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл – трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады.Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған (1943) бұл поэма сол кездің өзінде-ақ, жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: "Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты", – деп жазды
## Сілтемелер
* "Қасым" әдеби-танымдық порталы Мұрағатталған 4 шілденің 2011 жылы.
* Қасым Аманжолов Adebiportal.kz сайтында
## Дереккөздер |
Аннал(лат. annales – жыл) – ежелгі дүние мен орта ғасыр жылнамасы; тарихи шығарманың көне түрі. Ежелгі мысырлықтар, ассириялықтар, парсылар, қытайлар, т.б. халықтар аса маңызды оқиғаларды тіркеген жазбаларын А., ал оның авторын анналшы деп атаған. |
Анақарыс немесе Анахарсис ( скиф. «Αναχαρσις «жарақаттанбайтын» ana(жоқ)+hvar (жара)»; б.з.б. 605—545 ж.ш.) — скиф, Гнур патшасының ұлы, Савлий және Кадуита патшаларының інісі. Афиныға Солонның кезінде келіп, Солонмен және Токсармен (ұлы дәрігер, ғұлама) кездесіп жүрген. Басқа да көптеген Ежелгі Грекияның қалаларында болып, атағы шыққан.,
Анахарсис біздің заманымыздан бұрынғы VII-IV ғасырларда өмір сүрген. Тарихта "Скиф Анахарсис" деген атпен әлемге танылған. Анарыстың анасы эллиндік болған.
## Өмірдерек
Анахарсис: шамамен жыл қайыруымыздан бұрынғы 620–555 жылдары өмір сүрген. Аты аңызға айналған дала данышпанының нақты өмірбаяны туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәліметі бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594-жылы, «Архонт Эвкраттың тұсындағы қырық жетінші Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Бұл скифтердің Алдыңғы Азиядан бетін бұрып, отанына орала бастаған кезі. Ал Анақарыстың Афиныға барғаны анық. Сол кезде шамамен жиырма бес жаста деп шамаланғанның өзінде, ол мөлшермен б. д. д. 625–620-жылдары дүниеге келген. Ал нақты қай жерде туды, ол жағы белгісіз. Тек әке-шешесінің кім болғанына қарап барып әлдебір болжам жасауға болады. Геродоттың айтуы бойынша, «Анақарыс – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Ликтің немересі, Гнурдың баласы». Сонда Анақарыс Спаргапип Ишпақайдың, Лик Партатуаның, Гнур Мәдидің заманында өмір сүрген болып шығады. Анақарыстың өзі айтқандай, олардың өмірі – Истра-Дунай жағасында өткен. Қоржын-Херсон бұғазында, Керіш кемерінде хан ордасы құрылған. Анақарыс Қоңырдың грек әйелінен туған. Анақарыс скифтерді ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөк үзілмеген тектен тараған. Шешесі грек қызы. Сондықтан да элладаның тілін үйреніп өскен. Өнерге, әсіресе сөз өнеріне ерекше құмартып, билердің шешендік келесіне қатысып, тыңдап, өзі де билік айтып ер жеткен. Әскери тағылым алған. Скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген. Ел іші бейбіт өмірге көшкен соң, немерелес бауыры Сабыл-Савлий хандық құрған кезде жан-жағына үңіліп, дүниенің сырын білмекке ұмтылған. Элладаның шежіреші тарихшыларының, философтарының, мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін өз бетінше оқып, танысқан. Ақыры, ұшы-қиырсыз скиф даласынан аттанған ханзада әрі ділмар шешен Анақарыс Қоңырұлы «әлемнің жеті ғұламасының бірі» — Солонды іздеп, жыл қайыруымыздан бұрынғы 594-жылы не 568-жылы Эллада еліне бет алды. Геродоттың жазуы бойынша, «Элладалықтардың өнер-білімін үйреніп келу үшін Анақарысты Элладаға жіберген адам скифтің патшасы» көрінеді. Ділмарлық толғауларында кемемен жүзгендерін жиі еске алып отыруына қарағанда, Анақарыс боспорға дейін салт атпен келіп, одан әрі қарай Афиныға кемемен сапар шеккен тәрізді. Қасына жолсерік те, күтуші де ертпеген. Өз күшіне сеніп шыққан. Себебі, ол заманда көшпелілер көсемінің мұрагері жігіт шағында қол бастап, елінің іргесін бекітіп, жауынгерлік өнерін шайқаста сынамай, алыс сапарға шықпаған. Сондықтан Анақарыс та әскери өнердің қыр-сырын жетік білген. Оған әйгілі философ Диогеннің: Скиф Анақарыс Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «скифтік сөйлеу мәнері» деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан" деген сөзіндегі әскери өнер қақындағы пікірі дәлел болады.
Анақарыстың туған анасының төркініне деген құрметі бала кезінен қалыптасып, оның да жүрегін қытықтап, сол елді көрсем-ау деген арманмен ер жетті. Кім нағашы жұртын жек көрсін. Анақарыстың нағашы жұрты оны сынаудай-ақ сынап бағыпты. Себебі, дәл осы біз айтып отырған кезде Эллада мен Скифтердің өзара қарым-қатынасы онша ықыласты болмапты. Сондықтан да Анақарысты нағашы жұрты іш тартып, бауырына басты деп біз айта алмаймыз. Дегенмен де, көшпелілер көсемінің ер ұланын Афины қаласында бір адам қуана қабылдап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп жібереді. Ол – Эллада еліне аты әйгілі емші-балгер, қазіргі тілмен айтқанда, дәрігер, ата-тегі скиф Тоқсары (Тоқсарид) болатын. Тоқсары мен Анақарыстың достығын хаттап қалдырған адам жыл қайыруымызға дейінгі 180–125 жылдары өмір сүрген гректің ұлы қаламгері Лукиан. Ол осынау оқиғаны өзінің «Скиф немесе қонақ» атты әңгімесінде сондай бір жылы сезіммен баяндап берген.
Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның, Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін. Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа, тапқырлыққа жасынан баулыған.
Анақарыстың қаза табуының себебін Геродот былай түсіндіреді: «Анақарыс көп елді аралады және соның бәрінде ол өзінің даналығымен танылып отырды. Скифияға қайтар сапарында Геллеспонттан жүзіп өтіп, жолай Кизикке аялдайды. Кизиктіктер осы кезде Құдай-Анаға бағышталған мінәжатты салтанатпен өткізіп жатыр екен. Анақарыс та құрбандық шалып: „егер де еліме аман-есен жетіп, денім сау болса, онда осы кизиктерден көрген мінәжат дәстүрінің барлығын сақтай отырып, құрбандық шалып, түн ішінде салтанатты той жасаймын-ау“, — деп ант береді. Скифияға жеткен соң Анақарыс Гилея деген жынысты шатқалға барып жасырынды. Сөйтіп, қалың орманның ішіне ендей кірген соң, өзі Кизикте көрген Құдай-Анаға табыну рәсімін толықтай орындауға кіріседі. Мойнына Құдай-Ана бейнесі бейнеленген тұмарды тағып, даңғыраны дүмбірлетіп қаға жөнеледі. Скифтердің біреуі мұны көріп қалып, оны Савлий патшаға жеткізе қояды. Патшаның өзі мінәжат рәсімін орындап жатқан жерге келіп, Анақарыстың не істеп жатқанын көзімен көрген соң, қорамсаққа қол салып, садақпен атып өлтіреді. Мұнысы оның Эллада елінде болып, жат жұрттың діни мінәжатын кешірмегеннің белгісі.». Міне, Анақарыс осылай қапыда өз бауырының қолынан қаза тауыпты.
Соңғы демі үзілерде ол:
, — депті.
Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты.
Анахарсис жөнінде Геродоттың «Тарих» еңбегінде айтылған.
## Анахарсистан қалған сөздер
## Дереккөздер |
Николай Иванович Анов (Иванов) (30 желтоқсан 1891, Санкт-Петербург – 18 шілде 1980, Алматы) – жазушы-драматург.
## Өмірбаяны
Еңбек жолын 1908 жылы баспахана жұмысшысы болып бастаған.
1917 – 1950 жылдары Омбы, Өскемен, Семей, Новосибирск, Мәскеу қалаларында баспа, газет-журнал редакцияларында қызмет етті.
1951 жылы Алматыға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен шұғылданды.
## Шығармашылығы мен марапаттары
Алғашқы әңгімелері 1914 жылдан жариялана бастады.
Қазақстан тақырыбына арналған «Азия» романы (1979), Днепр СЭС-ы құрылысшылары туралы «Днепрострой» очерктер жинағы (1931) басылды.
* Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан өмірін кең қамтыған «Жоғалған інім» (1941; толықтырылған нұсқасы – 1960),
* 19 ғасырда Қазақстанға жер аударылған Ресей ақыны А.Н. Плещеев туралы «Ақмешіт» (1948),
* қазақ өнерінің жаңаша қалыптасу кезеңін суреттейтін «Ән қанаты» (1956) кітаптары жарық көрді.
* Өмірбаяндық сарындағы «Менің жастық шағым» (1964; трилогияның 1-кіт.), «Выборг жағы» (1970; 2-кіт.), «Омбыдағы интервенция» (1978, 3-кіт.) романдарын, «Мәртебелінің өлімі» (1961), «Қазына түбегі» (1965) повестерін, бірнеше пьеса, киносценарийлер жазды.
М. Әуезовтің «Абай жолы» романының 2-кітабын орыс тіліне аударуға қатысқан.
* «Кашира аңызы» кітабы үшін Қазақстан Мемлекет сыйлығын алған (1970).
## Дереккөздер |
Аңыздық дақыл — жазда және күзде негізгі дақылды жинап ала салысымен орнына сол жылы егіліп, өнім беретін дақыл. Ол қосымша өнім алу және топырақ құнарлылығын арттыру мақсатына сай егіледі. Ең тиімді А. д-дар қатарына жүгері, судан шөбі және жаздық рапс жатады. Оларды негізгі дақыл ретінде ерте жинап алынатын күздік бидай, қара бидай, арпа, асбұршақ сияқты дақылдар аңызына егеді. Сондай-ақ А. д-дар есебінде тары, қарақұмық, күнбағыс, асбұршақ пен сиыржоңышқа да егіледі. А. д-дарды себерде аудандастырылған сорттардың өнгіштігі ескеріледі және өсу қарқыны жоғары тұқымдары пайдаланылады. Топырақ дайындау мен себу жұмыстарының барынша қысқа мерзімде жүргізілуі қажет етіледі. Қазақстанда А. д-ды өсіруге Алматы, Жамбыл, Оңт. Қазақстан және Қызылорда облысының табиғаты аса қолайлы. |
Петр Васильевич Аравин (23.6.1908 жылы туған, Пенза облысы Бековск ауданы Нарышкино ауылы — 23.5.1979, Алматы) — музыка зерттеушісі, профессор (1977).
Аравин Мәскеу консерваториясының музыка тарихы және теориясы факультетін бітірген (1938). 1938 — 1940 жылдары Архангельск қаласындағы музыкалық училищесінде және филармонияның халық шығармашылығы бөлімінде жұмыс істеді. 1941 — 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1946 — 1948 жылдары Кишинев консерваториясының директоры болды. 1948 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық етті. “М.П. Мусоргский. А. Голенищев — Кутузовқа хат, П.Аравиннің түсіндірмесі” деген алғашқы теориялық еңбегі 1939 жылы жарық көрді.
Аравин қазақ музыкасын зерттеуде, оның ерекшелігін теориялық тұрғыдан талдауда мол мұра қалдырды. Оның мерзімді баспасөз құралдары мен әр түрлі музыкалық жинақтарда жарияланған “Дәулеткерейдің 3 портреті”, “Дәулеткерей күйлері”, “Ұлы күйші Дәулеткерейдің өмірі мен шығармалары”, “Домбыра құрылысының үндік жүйесі”, “Қазақ күйлерінің шарықтау құрылысы”, “Қазақ аспаптық музыка жанрлары”, “Құрманғазының музыкалық стилі мәселесі”, “Құрманғазы шығармаларындағы қоштасу жанры”, “Қазақ музыкалық фольклорындағы қоштасу жанрының әлеуметтік-эстетикалық табиғаты”, “Орыс ғалымдары 18 ғасыр мен 19 ғасырдың 1-жартысындағы қазақ музыка туралы”, “Батыс пен Шығыс музыкалық жүйесінің қарым-қатынас мәселесі”, “Қазақ әндерінің ырғақтық құрылысы”, “Шынтемір мен Мақтымсұлу жайлы аңыз” т.б. еңбектері қазақ муз-сын зерттеудегі өте құнды еңбектер болды.
## Шығармалары
* Куддус Кужамьяров, М., 1962;
* Великий кюйши Даулеткерей, А.-А., 1964;
* Ахмет Жубанов. Очерки творческой жизни, А.-А., 1966;
* Степные созвездии. Очерки и этюди о казахской музыке, А., 1978;
* Даулеткерей и казахская музыка 19 в. (монография), М., 1983.
## Дереккөздер |
Арақарағай – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының солтүстік-батысында, орманды дала белдемінде орналасқан шоқ қарағайлы орман.
## Сипаты мен флорасы
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 40 км-ге созылып жатыр. Ені 20 км-ге жуық. Жалпы аумағы 616 км2, оның ішінде ағаш өскен аумағы 271 км2. 1 га-дан 250 – 350 м3 ағаш алынады. Орналасқан жері жазық құмтасты және сазды келеді. Орманның алаңқай жерлерінде ұсақ көлдердің қазаншұңқырлары, аласа жалдар, белестер бар. Арақарағайдың солтүстік-батыс бөлігінде қарағай, қайың, көктерек өседі, итмұрын, тобылғы бұталары жиі кездеседі.
## Дереккөздер |
Арасан(моңғ. аршан – бұлақ), шипалы су – емдеуге қолданылатын жер асты су көздері. Суының темп-расына қарай жылы немесе субтермальді (20 – 37°С), термальді (37 – 42°С), ыстық немесе гипертермальді А. (42°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Суының температурасына қарай жылы немесе субтермальды Арасан (20 – 37°С), термальды Арасан (37 – 42°С), ыстық немесе гипертермальды Арасан (42°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Су жер қыртысының тереңіндегі жоғарғы температуралы тау жыныстарының арасынан өткен кезде ысып, тектоник жарықтар арқылы жер бетіне шығады. Арасан сулары негізінен жанартаулы жерлерде, артезиан алаптарында және тектоник. қозғалмалы аймақтарда пайда болады. Арасан сулары химиялық құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай көмір қышқыл газды, күкірт сутекті, құрамында темір, күшәла, марганец, мыс, алюминий, органикалық заттар болатын сулар, бромды, йодты, радонды және кремнийлі сулар болып бірнеше топқа бөлінеді. Құрамында тұздар ерітіндісі аз болатын Арасан сулары асқазан ауруларын емдеуге, ішуге (Сарыағаш, Аяққалқан, Қорам, т.б. минералды сулары), ал тұз ерітіндісі көп сулар сүйек, буын, жүйке жүйесі мен қан тамырлары сырқаттарын (Алмаарасан, Арасанқапал, Жаркентарасан, т.б. минералды сулары) емдеуге пайдаланылады. Қазақстанның Арасан сулары емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы сулардан (Нарзан, Боржоми, Есентуки, т.б.) кем түспейді. «Арасан» термині Кавказдан Қиыр Шығысқа, Сібірден Тибетке дейінгі халықтар тілінде жиі кездеседі. Шипалы суға байланысты жер-су, елді мекен, емдеу орындарының атауларын білдіретін бұл термин түрлі өзгерістерге ұшыраған: аршан, арашан, арасан, нарзан, назрань, арзни, т.б.
## Сыртқы сілтемелер
* Сарыағаш
* Минерал
## Сыртқы сілтемелер
* Арасан
## Дереккөздер |
Арнаулы орта оқу орындары — қоғамдық өмірдің түрлі салалары бойынша (өнеркәсіп, а.ш., денсаулық сақтау, мәдениет т.б.) орта дәрежелі маман кадрлар даярлайтын колледждер (бұрынғы өнеркәсіп, тау-кен, құрылыс, а.ш., сондай-ақ пед., мед., муз., көркемсурет, театр және басқа салалар бойынша мамандар даярлайтын техникумдар мен уч-щелер). Бұл оқу орындарында кәсіби даярлық жалпыға бірдей орта білім деңгейімен ұштастырыла жүргізіледі. Күндізгі оқу бөлімінде оқу мерзімі 9-сыныпты бітіргендер үшін 3-4 жыл, 11-сыныпты бітіргендер үшін 1,5-3 жыл, кешкі және сырттай оқытатын бөлімдерде — 1 жыл артық оқытылады. |
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия президенттерінің 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.
Арал мәселелерімен айналысатын Орта Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз республикасы, Түрікменстан) елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 жылы 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған (қала Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім). Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық Кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі әліпби тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі, әлеуметтік - экономикалық , ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. «Сырдария» және «Әмудария» айдындық су шаруа басқармаларын кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арал қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.
## Дереккөздер |
Арқанкерген– тастан қаланған екі көне қамалдың орны. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай тауы мен Сақсан өзенінің арасында. Екі қамалдың арасы 30 км-дей. Тас қамалдың ұзындығы 10 км, ені 3 м. Жергілікті халық бұл қамалды Керген тас деп те атайды. |
Арқан– қылдан, мақтадан, зығыр талшықтарынан, т.б. бұрап есілетін бұйым. Арқан есу қазақ халқының тұрмысында ерте заманнан бері қолданылған. Арқан жасау үшін алдымен жеке өрім жіптер ширатып алу керек. Ширатылған 3 – 4 тіл бір-бірімен өріліп біріктіріледі.
Арқан есу – жіптерден арқан есу.
## Дереккөздер |
Аруз– орта ғасырдағы түркі классикалық поэзиясында созылыңқы және қысқа буындардың белгілі заңдылықпен кезектесуіне негізделген өлең өлшемі. Түркі әдебиетіне 11 ғ-да еніп, ежелгі түркі өлең өлшемі – бармақты ығыстырып шығарды. |
Наталья Өтеуліқызы Арынбасарова (24 қыркүйек 1946 жылы туған, Мәскеу) — киноактриса, Ресейдің (1979), Қазақстанның (1997) еңбек сіңірген артисі
## Өмірбаяны
1964 ж. Мәскеу хореографиялық училищесін, 1971 ж. ВГИК-тің актерлік факультетін (С.А. Герасимов пен Т.Ф. Макарованың шеберханасы бойынша) бітірді.
1964 ж. “Қырғызфильм” киностудиясы түсірген “Алғашқы мұғалім” фильміндегі басты рөл — Алтынаймен кинодағы жолын бастады.
1966 ж. Венецияда өткен халықаралық кинофестивальда рөлі ең үздік әйел бейнесін жасағаны үшін берілетін бас жүлдеге ие болды.
1969 ж. “Мәншүк туралы ән” (Мәншүк Мәметова, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1970) және “Жәмилә” фильмдерінде басты рөлдерді ойнады.
## Рөлдері және марапаттары
Арынбасарова” (1969, Катя Олзоева), “Нан дәмі” (1979, Кәмшат Сатаева; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1980), “Қаралы сұлу” (1982, Қарагөз), “Сүйрік” (1984) т.б. фильмдеріне түсті.
Арынбасарова КСРО Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978).
## Дереккөздер |
Аршалы — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы кент, аудан (1935 жылдан) және Аршалы кенттік әкімдік орталығы.
## Географиялық орны
Астана қаласының оңтүстік-шығысында 70 км жерде, Есіл өзенінің Арнасай бөгеніне құятын жерінде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны:
* 5,4 мың адам (2003);
* 6,5 мың адам (2012).
## Тарихы
Іргесі 1890 жылы қаланған. 1922 жылға дейін "Борисовка", одан кейін "Вишневка" деп аталып келді. 1998 жылы тарихи аты қайтарылып берілді.
## Кәсіпорындары
Аршалыда темір-бетон, шпал, 23 қиыршық тас з-ттары, құрылыс материалдары комбинаты, май зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету үйі, баспахана жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Мектепке дейінгі балалар мекемелері, 2 орта, 2 бастауыш, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, оқушылар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйлері, 2 кітапхана, кинотеатр, клуб, ауданы аурухана, емхана, дәріхана, т.б. бар. Аршалы арқылы Алматы — Екатеринбург темір жолы және автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Нағима Ыдырысқызы Арықова (20 қыркүйек 1902, Верный, Жетісу облысы, Ресей империясы — 11 сәуір 1956, Алматы, Қазақ КСР), партия және кеңес қызметкері.
## Өмірбаяны
1902 жылы Верный қаласында туған. Исхақия мектебінің түлегі. Қазан төңкерісінен соң қосымша мұғалімдер курсын бітірген. 1925 жылдан БК(б)П мүшесі. 1919-22 жж. Верныйда, Семейде мұғалім. Верный қаласындағы қыздар мектебінің директоры. Семей губерниясының кеңестік партия мектебін бітірген.
* Уақ тайпасынан шыққан.
* 1923 ж. - РК(б)П Семей губкомында нұсқаушы; кейіннен Қарқаралы уезкомында әйелдер бөлімінің меңгерушісі.
* 1924 ж. - Әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі өлкелік курстың меңгерушісі.
* 1925-29 жж. РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бюро мүшелігіне кандидат, әйелдер бөлімінің меңгерушісі.
* 1929-30 жж. - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрайымы.
* 1930-32 жж. - Москвадағы марксизм-ленинизм курсының тыңдаушысы.
* 1932-37 жж. - Батыс Қазақстан обкомының бюро мүшесі, насихат және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, "Сталин жолы" журналының редакторы.
* 1937-38 жж. - Қазақ ССР-і Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары.
Кейінгі жылдарда Нағима Арықова Қазақстан мемлекеттік баспаларыңда қызмет атқарды. БК(б)П 15-16 конференцияларының делегаты, журналист. Әйелдер жөніндегі "Әйелдер өкілдері не істеуі керек" деген кітапшаның авторы. «Өкіл әйелдер не істеу керек?» деген кітапшаның және жүзге тарта публицистикалық мақалалалар мен аудармалардың авторы. Әуезовпен Семей губерниялық атқару комитетінде қазақ бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеп жүрген кезінде танысқан. Қызмет бабында жиі араласып, түрлі мәжілістерде пікір алысқан. Кейбір көзқарас алшақтықтарына қарамастан, сыйластық қарым-қатынастарын сақтаған. Ә. өзінің кездесулерде сөйлеген сөздерінде күрескер әйөлдің көркем бейнесіне «Н. Құлжанова, Н. Арықова, Ә. Мәмбетова сияқты қайраткер қазақ қыздарын прототип етіп алу» ойында барын бірнеше жерде қайталап айтқан. Сол мақсатпен 1954 ж. жазда А-мен узақ әңгімелесіп, тиісті мәліметтер алған. Ол ойы «Дос - Бедел дос» пьесасында қылаң берді. Трилогия етіп шығармақ болған үлкен прозалық шығарма жазылмай қалды.
## Дереккөздер |
Арысқұм – Тұран ойпатының солтүстігіндегі құмды алқап.
## Географиялық орны
Сырдария ауданының солтүстігінде, Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысындағы Арыс көлінің қазаншұңқырында жайласқан.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен ең биік жері 170 м, ұзындығы 80 км, енді жері 55 км, ауданы 2,26 мың км2. Жер бедерінде ұзындығы 5 – 6 км болатын қырқалы құм төбелер кездеседі. Оңтүстігінде сусымалы құмды төбелер қалыптасқан.
## Өсімдігі
Құм төбелер мен қырқаларда сексеуіл, жусан, селеу, еркекшөп, көктем айларында эфемерлі өсімдіктер, ойпаңдау жерлерінде баялыш, бұйырғын, теріскен өседі. Құмды алқап қыста жергілікті мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Арыстанбай (Арыстан) Тобылбайұлы (1811, қазіргі Ақмола облысыҚорғалжын ауданы — 1880, сонда) — суырып салма ақын.
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. Әкесі — Тобылбай би. А. Орынбай, Серәлі, Шөже ақындармен айтысқан. Қоқан, Ташкент, Созақ, Үргеніш, Бұхар қалаларын аралаған. 1837 ж. Ташкент сапарынан оралып келе жатып, Кенесары ханның қолына түседі. Хан оны қауіпті адам санап өлтірмекші болғанда, ақын өзінің елі мен жеріне қоштасу жырын табанда суырып салып айтып, ақындық өнерінің құдіретімен ажалдан құтылады. Шоқан Уәлиханов А. ақынды ірі сөз шеберлерінің қатарына қосқан. Ол «Едіге туралы» жыр мен «Ер Қосай», «Ер Көкше» дастандарын алғаш А-дан естігенін жазады. А. Ұлытау экспедициясына жолбасшы болған кезінде (1845 — 46) бірге болған орыс оқымыстысы И.З. Безверхов оның ақындық, жыршылық, әншілік өнерін өте жоғары бағалайды, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын жатқа айтып бергенін жазады. Өлеңдері мен айтыстары жинақталып, 1910 ж. бастап әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді.Ақынның бүгінге "Арыстанның әні" атты жалғыз әні ғана жетті.
## Сыртқы сілтеме
* Научная библиотека Карагандинского государственного университета им.Е.А.Букетова(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Ерлан Мұхтарұлы Арын (1961.23. 9 ж.т., Алматы) қаласы.Павлодар облысының әкімі (2012 жылдың 20 қаңтарында мемлекет елбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Е.М. Арын Павлодар облысының әкімімен туралы мақсатында" жарлығына қол қойды).
Найман тайпасының Садыр руынан шыққан Арын Е.М. белгілі ғалым және саяси және қоғам қайраткері болып табылады. Арын Е.М. ғылыми және педагогикалық қызметінің кезінде 200 астам ғылыми жұмыстар жарияланды, соның ішінде 26 монографиялар, энциклопедиялер, анықтағыштар, сөздіктер.
Арын Е.М. редакциясының басшылықтың астында 9 томды энциклопедиялық анықтағыш "Казахи", энциклопедиялар: "Қазақ Әдебиеті", "Қазақ тілі", анықтағыш "Первые лица в государстве" және сырттар шығарған, ғылыми жұрттың, студенттік және оқы - жастың педагогының мерейін алған. Оның жұмысының көбі шет елдерінде жарияланған.
Арын Е.М. Егеменді Қазақстанның ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырушы және бастықтарынан бір біріншіден болып табылады: ҚР Президенті жанындағы ҚМЭБИ, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу институты, Қазақстанның дамуының институты. Жұмыс тобының бастығы болғандықтан, жаңа ҚР заң актісінің зерттемесіне арада білім, ғылым және денсаулық сақтау саласында үлкен үлес қосты.
Арын Е.М. басшылықтың астында 30 шамалы докторлық және кандидаттық диссертациялар дайындалған. Оның төрт оқушысы "Дарын" мемлекеттік сыйлығы лауреаты болып жарияланған.
Ол мәртебелі академик, республикалық және халықаралық академияның және университеттің профессоры болып табылды.
1997 жылы Қазақстанның 5 қоғам-саяси қайраткерлерінің арасында "Жыл адамы" аталған.
## Білімі
1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті экономист мамандығымен бітірген.
## Ғылыми атақтар, дәрежелер, қызметті
* 1994 — экономикалық ғылымдарының докторы, диссертацияның тақырыбы: "Экспортная ориентация национальной экономики (на материалах Республики Казахстан)"
* 1995 — профессор, Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымының академиясының академигі
* 1995 — НАК "Экология" академигі
* 1997 — Қазақстан республикасының саяси ғылымдары академиясының академигі
* 1997 — МЭА "Евразия" академигі
* 1999 — Қазақстан республикасының инженерлік академиясының академигі
* 2009 — ҚҰТҒА академигі
## Mансап
* 1983—1985 ж. — Қазақ педагогикалық институттың машықтанушы-зерттеушісі
* 1985—1992 ж. — Ғалым хатшы, Қазақстанның ғылымының академиясының экономикасының институтының докторанты аспирант, экономист, ғылыми қызметкер
* 1992—1993 ж. — ҚМЭБИ стратегиялық зерттеу орталығының директорының орынбасары
* 1993—1994 ж. — ҚСЗИ директордың бірінші орынбасары
* 1994—1997 ж. — Қазақстанның дамуы институтының президенті
* 1997—1999 ж. — Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау вице-министрі
* 1999—2001 ж. — Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі
* 2001—2008 ж. — С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры
* 2008 ж. — Е.Бекмахановтың атындағы тарих және аймақтың этнографияларының ҒПО басты ғылыми қызметкер
* 2008—2012 ж. — С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры
* 2012.20.01 ж. бастап — Павлодар облысының әкімі
### Өзге лауазымдар
* 1998—1999 ж. — "Национальная компания "Шелковый путь — Казахстан" ЖАҚ байқаушы кеңесінің төрағасы
* Қазақстан Республикасының инженерлік академиясының Павлодар филиалының төрағасы
* 2005 ж. — Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Н. А. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының Павлодар облысы аумақтық төрағасы
* 2009.01 ж. бастап — "Нұр Отан" ХДП Павлодар облыстың филиалының партиялық тексеру комиссиясының төрағасы
### Сайланбалы лауазым, депутаттық
* Павлодар облысының маслихат депутаты ( 2003.09 ж. бастап)
## Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар, сыйлықтар, мәртебелі атақтар
* "Құрмет" ордені (2004)
* "Парасат" ордені (2011)
* "За заслуги в развитии физической культуры и спорта РК" белгі
* «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
* Қазақстан Республикасының ағартушы-оқытушысы
* Қазақстан Республикасының денсаулық-оқытушысы
* Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі
* Павлодар облысының Құрметті азаматы
* Баянауыл ауданының Құрметті азаматы
## Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдар
"Региональные проблемы социалистического образа жизни" (1989), "Социально-экономические условия жизни и труда молодежи сельских регионов" (1989, авт. бірге), "Социальные регуляторы развития проблемных регионов" (1990, авт. бірге), "На пути к рынку" (1991, авт. бірге), "Казахстан на пути к рынку" (1991), "Социальная ориентация рыночного хозяйства" (1991, авт. бірге), "Переход Казахской ССР к рыночной экономике" (1991,авт. бірге), "Толковый словарь терминов рыночной экономики" (1991, авт. бірге), "Economy of the Republik of Kazakhstan Potential and Strategy of Development" (1992), "Экспортный сектор экономики Казахстана: состояние и особенности" (1993), "Казахстан — Россия: потенциал экономического сотрудничество" (1993), "Иностранный капитал в экономике Казахстана" (1993), "Экспортная ориентация национальной экономики"(1993), "Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя" (1993, авт. бірге), "О стратегии экономических реформ в Казахстане: приоритеты и неотложные шаги" (1993), "Анализ состояния и особенностей экспортоориентированной экономики в Казахстане" (1993), "Постсоветская Центральная Азия: стратегия и приоритеты экономического развития" (1994), "Малый и средний бизнес, проблемы и перспективы" (1994), "Факторный анализ инфляции в Казахстане" (1994), "Конкурентоспособность национальной экономики Республики Казахстан" (1994), "Проблемы охраны окружающей среды в Казахстане" (1995, авт. бірге), "Банки Казахстана на внутреннем финансовом рынке" (1996, авт. бірге), "Казахстан: эволюция государства и общества" (1996, авт. бірге), "Международные экономические организации и экономические союзы" (1996, авт. бірге), "Причины и специфика экономического кризиса в постсоветских странах Республика Казахстан: политика и развитие Алматы" (1996, авт. бірге.), "Толковый словарь Конституции Республики Казахстан" (1996), "Научно-технические приоритеты в структурной перестройке промышленности Казахстана" (1996), "Банки Казахстана на внутреннем финансовом рынке" (1996), "Казахстан: эволюция государства и общества Алматы" (1996), "Международные экономические организации и их деятельность в Республике Казахстан" (1996), "Центральная Азия в 2010 ж. (социолого-экспертный прогноз)" (1997), "Казахстанская политологическая энциклопедия" (1998, авт. бірге), "Элита Казахстана" (1997, авт. бірге), "Первые лица государства: политические портреты (с точки зрения истории и современности)" (1998, 2001), "100 лет нефтегазовой промышленности Казахстана (история и современность)" (1999), "Основы политологии" (2002, авт. бірге), "Человек и общество" (2003), "Павлодарское Прииртышье" (2003, бас. ред.) кітаптарының және 250 астам ғылым еңбектердің авторы.
## Ескерту және сілтемелер |
Арыстанды-Қарабас Желі– Түркістан облысы Бәйдібек, Ордабасы аудандары және Түркістан қалалық әкімдігі аумағында байқалатын табиғат құбылысы. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 25 м/с-қа жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да сол құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзені алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа райы күрт суйиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, апталап соғады.
## Сілтемелер
* Арыстанды
* Арыснұра
* Жел
## Сыртқы сілтемелер
* Бәйдібек ауданы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Арыс-Түркістан каналы – Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы жер суармалауға арналған канал. 1967 жылы пайдалануға берілген.
## Гидрологиялық сипаты
Жалпы ұзындығы – 194 км. Канал – Арыс және Түркістан деп аталатын екі тармақтан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзеніндегі Қарааспан су бөгетінен басталып, Бөген бөгеніне құяды. Ұзындығы – 51 км. Секундына 15 м3-ге жуық су өткізеді. Түркістан тармағы Бөген бөгенінен басталады. Ұзындығы – 145 км-ге жуық. Түркістан қаласының, Отырар, Ордабасы аудандарының 57 мың га-дан астам жерін суландырады. Жағасында Майарық, Ермоловка, Қаражантақ, Сыпатаев, Төрткөл, Ескі Иқан ауылдары орналамқан.
## Дереккөздер |
Асайынов Марат Майнышұлы (22.7.1967 ж.т., Ақмола облысы, Атбасар) — қол күрестіру (армрестлинг) спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1994). Гавахатиде (Үндістан) өткен 18-дүн. жүзі, Клайпедада (Литва) өткен 8-Еуропа чемпионаттарының чемпионы (1997, 1998).6-7 Еуропа чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері (1996, 97). Ақмола а. ш. ин-тын бітірген (1991). Армрестлингпен 1991 жылдан айналысады. Қазақстан құрама командасына 1994 ж. енді. Жаттықтырушысы — И.Ф. Петров.
## Дереккөздер |
Асадал - тамақ және ыдыс-аяқсақтайтын үй жиһазы, кебеженіңтүрі. "Ас" және "адал" деген сөздерден құралған. Үстіңгі бөлігіАрыстан баб кесенесіқақпақталып, шебердің немесе мүлікті жасатушының мүмкіндігінеқарай оның бетіне түрлі нақыштарсалып, сүйекпен, қаңылтырмен, әртүрлі тастармен безендіріледі, әртүрлі бояумен бояп жиһазға эстетикалықөң беріледі. Төменде (сұрақтарының ұзын-қысқалығына қарай)бір-екі бөлік жасалады. Асадалды түркіхалықтарының бәрі пайдаланған.
## Дереккөздер |
Арыстан баб - әулие. Есімі Отырар, Сайрам, Ясы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оған зиярат етушілер бейсенбі сайын басына түнеп, ғибадат етеді. Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: " Бабтардың бабы — Хорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, Бабтар басы — баба Арыслан" деп жырлаған. Қазақ бақсылары да: "Түркістанда түмен баб, Сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені Арыстан баб, Сіздерден медет тілеймін" деп әулиелерден демеу сұраған. Әулие-әнбиелер иерархиясында Арыстан бабтың ең жоғары тұрғанын Алпамыс жырының бір нұсқасында Байбөріге перзентті болатындығы жайында хабар жеткізген Баба түкті Шашты Әзіздің:
"Жам әулие жиналдық, бастығы болып Арыстан баб" деген сөзінен де аңғаруға болады.
## Арыстан баб туралы аңыз
"Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле" деген сөз де Арыстан баб тұлғасының халық арасында үлкен орын алғандығын корсетеді. Арыстан бабтың Қожа Ахметтің ұстазы, пірі болғандығы жөнінде аңыз-әңгімелер де бар. Оның бірінде Ясауидің басына кесене орнатпақ болған Әмір Темірге "әуелі Ясауидің ұстазы болған Арыстан бабқа кесене тұрғызуың керек" деген аян берілген дейді. Екінші бір аңыз былай өрбиді: "Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап, "кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен" деген өтінішіне 300 жастағы Арыстан баб (Салман Фарс) үн қатады. Ол сол кезге дейін 30 түрлі дінді білген, бірақ тек исламға мойынсұнған адам екен. Арыстан бабтың келісімін алған Мұхаммед Алланың қалауымен аманатын Арыстан бабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстан бабқа 11 жасар бала: "Ата, аманатымды беріңіз" дейді. Сол бала Қожа Ахмет екен". Бұл аңызды Бақырғани былай жырлаған: "Субхан ием өсірді, Мұстафа (пайғамбарым) бұйырды, Арыстан бабам жеткізді, Шайхым Ахмет Ясауи". Жоғарыда келтірілген діни аңыздың негізгі ойы — Қожа Ахмет Мұхаммедтің ісін жалғастырушы болса, Арыстан баб — оларды байланыстырушы дегенге саяды. Осы арада тағы бір атап өтетін нәрсе — Арыстан бабты аңыздың кейбір үлгілерінде Салман Фарс деп түсіндіру. "Хикметтер" мен Бақырғанидің еңбегінде құрманы әкелуші ретінде Салман Фарстың есімі мүлде аталмайды. Ал тарихта шындығында Салман Фарс есімді тұлға болған. Ол һижра жыл санауы бойынша 35/36 жыл шамасы. (казіргі жыл санау бойынша 655/657 жыл шамасы.) дүние салған, қабірі Ирактағы Мадаина қаласында. Оның кесенесі де мұсылман сүнниттердің зиярат ететін орны болып саналады. Әмір Темірдің "Аманат" деген тарихи шығармасында да Салман Фарстың кесенесі туралы айтылып, оны өз дәрежесінде ұстау үшін Маданын (Мадаина) қазынасынан қаражат (уакыф) бөлінгені жөнінде дерек кездеседі. Бұдан байқайтынымыз — Салман Фарс мұсылман әлемінде өз орны бар тарихи тұлға. Бірақ оның тегі — иран болған. Ал Арыстан бабтың тегі — араб ("Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз", 90-хикмет). Яғни Арыстан баб пен Салман Фарс екі заманда өмір сүрген екі бөлек тарихи тұлға.
## Ғұламалардың Арыстан баб туралы еңбектері
Молда Мұса Сайрамидің "Тарих-и аминийа" атты еңбегінде XVI ғасырда өмір сүрген Әбілғазы Үбайдолла хан куәландырған Арыстан бабты Әзірет Әліден тарататын шежіре бойынша: Әлі имам Мұхаммед Ханафийа—Абд әл-Фаттах Баб—Абд әл-Жаббар Баб—Абд әр-Рахман Баб—Абд әр-Рахим Баб—Абд ел-Жалил Баб—Абд әл-Кәрим Баб — Ысқақ Баб—Исмайил Баб— Омар Баб—Осман Баб—Ифти- хар Баб—Махмуд Баб—Илйас Баб—Арыстан баб. Э.Муминов мұны Арыстан бабтың ата тегі деп танымайды. Шығыстанушының пікірінше, бұл Отырардың бас әулиесіне Мұхаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін көрсететін тізім (силсила). Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің "Диуани хикметінде" жиі аталады. "Арыстан бабам айтты", "Арыстан бабам сөздері, естіңіз, тәбәррәк" деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет Арыстан баб өсиеттерінен тұрады десе де болады. Бұл хикметтерден байқайтынымыз, Арыстан баб адамдарды инсаниат жолына шақырып, алдына "иншалла, есіткеңдерді хақтан тілеп алармыз, Шайтан жолынан алып, хақ жолына салармын, медет берсе, Мұстафа күнәларын тілермін" деп мақсат қойған. Арыстан баб жайлы ең құнды мағлұматтар да осы хикметтерден кездеседі. Алайда үлгі-өнегесі елге аңыз болып тараған Арыстан бабтың тұрмысы, тіршілігі жайлы нақты деректер сақталмаған. Оның өмірі жайлы өз хикметтерінде Ясауи "жатқан жері кедір-бұдыр, көргені қорлық пен зорлық" деп қана сипаттап өткен. Арыстан баб жөнінде К.Г.Зелеман, В.Диваев, В.В.Бартольд, М.Е.Массон, А.А.Семенов, Д.Тирмингэм, И.Меликофф еңбектерінде кездеседі. Арыстан баб тек Отырар өңіріне ғана емес, түркі әлемінің исламдануына септігін тигізген ірі тұлға болған. Отырар ауданында қазір Арыстан баб атындағы мешіт, конақүй, т.б. мәдени мекемелер бар. Оның қабірі де сонда.
## Дереккөздер |
Аса — Жамбыл облысы Жамбыл ауданының (1973 жылдан) және Аса ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде, Аса өзенінің аңғарына жақын орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1941-1942 жылдары Жамбыл-Қаратау темір жолын салуға байланысты қаланған. Аса арқылы Тараз – Ақкөл – Саудакент автомобиль жолы өтеді.Аса ауылы Қырғыз Алатауынан бастау алып, тау асып келіп, кезінде асу бермей ағып жатқан кемері кең Аса өзенінің атымен аталады, ал Аса өзені - Аса ауылының оңтүстік жағынан ағып өтеді.
## Дереккөздер |
Асан ата кесенесі – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан.
## Орналасқан жері
Шиелі ауданы, Бәйгеқұм темір жол бекеті, бекеттен шығысқа қарай 5 км жерде Жеті әулие қорымында орналасқан. Жергілікті халық оны Асан Қайғы есімімен байланыстырады. Жеті әулие қорымында Оқшы ата, Абыз ата, Қыш ата, Қайып ата кесенелерімен қатар орналасқан.
## Кезеңі
XVI ғғ.
## Тарихи деректер мен кесене сипаты
Кесене атақты Қазақ хандығының негізін қалаушы хандардың бірі Жәнібек ханның кеңесшісі, қазақ жырауы, философы Асан Қайғыға (Асан ата) арнап салынған. Құрылыс қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл ортаазиялық діни ахитектуралардың барлығына тән, биіктігі7 м-ден асатын порталды-күмбезді құрылыс, жоспар бойынша төртбұрышты, қазіргі таңда жартылай бүлінген 4 м-ге шығыңқы порталы бар. Кесене төртбұрыш пішінді ірі керамикалық кірпіштен (28x28x6 см) салынған. 3 м биіктікте қабырғалары тік орналастырылған кірпіштермен қабатталып безендірілген.Асан Қайғының баласы Абатқа арналып салынған Абат байтақ (Ақтөбе облысы Қобда ауданы) пен Сыр бойындағы Алпамыс батырдың жары Гүлбаршынға арналған дейтін Көккесене ескерткішіне (аңыздың тағы бір нұсқасы бойынша Сырлытам да Гүлбаршынға арналған) өте ұқсас. Негізі бұлар екі түрлі сәулет үлгісімен бір заманда дүниеге келген болуы да мүмкін. Асан ата кесенесі 1982 жылы мемлекеттік қорғауға алынған.
## Дереккөздер |
Асанов александр алексеевич (16.8.1953 ж.т., Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту а.) — мерген, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Нысана көздеуден (траншеялық стенд) дүние жүзінің екі дүркін чемпионы (1981), дүние жүзі чемпионаттарының төрт дүркін күміс (1979, 1983, 1985), үш дүркін қола (1982, 1983, 1986) жүлдегері. Стенд атумен 1969 жылдан айналысқан. 1977 ж. Қазақ дене тәрбиесі және спорт ин-тын бітірген. 1992 ж. дүние жүзінің, 1987, 1991 жылдары Еуропа Кубогының (1979, 1980, 1983, 1984, 1986) және “Достық-84” халықар. ойындарының жеңімпазы. “Халықтар достығы” орденімен марапатталған (1985).
## Дереккөздер |
Болат Кәрішалұлы Асанов (7 мамыр 1961, Алматы, Қазақстан) — шахматшы, қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш халықаралық гроссмейстер (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1995).
ҚазМУ-ді бітірген (1984). 1973—80 ж. әлем чемпионы М. Ботвинниктің шахмат мектебінде жаттықты. Көптеген халықаралық жарыстарға қатысқан. Мұсылман елдері бойынша өткен шахмат турнирінің жеңімпазы (1992, Бағдат), Азия чемпионы (1993).
1994 жылдан ФИДЕ Орталық комитетінің мүшесі, 1995 жылдан ФИДЕ президентінің кеңесшісі. 1996 жылдан шахматтан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы. |
Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) — боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.
2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
## Өмірбаяны
* Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген.
* Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.
## Әуесқой бокстан әлем чемпионаты 2003
## Афинадағы Олимпиада ойындары
### Жолдама алу
Бақтияр көп уақытқа Бокстан ұлттық құрамада екінші рөлдегі боксшы ретінде саналып келді. Афина қаласында өткелі жатқан Олимпиада ойындарына да ең соңғылардың бірі болып лицензияны жеңіп алған болатын. 2002 жылы өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Азамат Мақажанов осы салмақта Қазақстанның үміті саналған еді, алайда Азамат 2004 жылдың 24 сәуір күні Алматы қаласында Азиялық олимпиадалық іріктеу турниріне жолдама үшін болған спарингте Бақтияр Артаевқа жеңіліп қалады. 2004 жылы 5-12 мамыр аралығында Пакістанның астанасы Карачи қаласында өткен Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирінде Бақтияр өзінің жақсы формада екенін көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атады. Финалда Бақтияр ирандық Ахмедабад Каримиді кездеседі. Бақтиярдың айқын басымдығын көрген төрешілер ойынды 3-ші раунд-ақ тоқтатып, жеңісті Бақтиярға береді.
### Олимпиада ойындары
* 15 тамыз
* 19 тамыз
* 22 тамыз
* 27 тамыз
* 29 тамыз
Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды десе болады. 1/16 финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түркменістандық Алиаскер Башировты 33:23 есебімен, ширек финалда украиндық Виктор Поляков айқын басымдықпен жеңді (33:13). Халықралық жарыстарда әлі көзге түсіп үлгермеген, айтарлықтай үлкен жеңістері жоқ Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр Олимпиада ойындарының фовориті, тәжірибелі Саитовты 20:18 есебімен жеңіп, финалға шықты. Олимпиадада әлі алтын алмаған Қазақстанның ендігі үміті - бокстан финалға шыққан Бақтияр Артаев пен Геннадий Головкин еді. Бақтиярды финалда атағы мен тәжірибесі Олег Саитовтан кем түспейтін, екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды. 1.5 жыл ұтылмаған Лоренцо Арагон Бақтияр Артаевқа финалда 36:26 есебімен жеңіліп қалды.
## 2005 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
* 13 қараша
* 15 қараша
* 17 қараша
* 18 қараша
* 19 қараша
## 2006 жылғы Азия ойындары
## 2007 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
* 24 қазан
* 27 қазан
* 30 қазан
* 1 қараша
* 2 қараша
* 3 қараша
## Бейжіңдегі Олимпиада ойындары
* 9 тамыз
* 16 тамыз
* 20 тамыз
## Еңбек жолы және білімі
* Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.
* Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған.
* ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары
* «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері
* Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген.
* 2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.
* 2011 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.
* Қазіргі уақытта Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайының директоры.
## Жанұясы
* Әкесі - Артаев Ғарифолла Бекбасарұлы (1956 - 20.08.2012)
* Анасы - Жексембиева Тұмарткүл Өміртайқызы (1960 - 20.08.2012)
* Ағасы - Бақыт (1979 ж.т.)
* Інісі - Артаев Наурыз (1989 ж.т.)
* Жолдасы - Тұнғатова Салтанат Тоғайқызы (1986 ж.т.)
* Ұлы - Артаев Әлинұр Бақтиярұлы (2009 ж.т.)
2012 жылдың 20 тамыз күні Бақтияр Артаевтың әкесі Ғарифолла Бекбасарұлы мен анасы Тұмарткүл Өміртайқызы "Алматы-Ташкент" тас жолының 544 шақырымында жол көлік апатынан қаза тапқан. Бақтиярдың әке-шешесінен бөлек көлікте Бақтиярдың туған ағасының екі қызы болған. Nissan X-Trail көлігінің тізгініне ие болмай қалған Ғарифолла Бекбасарұлы Шымент қаласынан Тараз қаласы бағытында келе жатқан. Қайғылы оқиға Күйік асуында орын алған.
## Бақтияр Артаев құрметіне
2007 жылдың 21-наурыз күні Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы ашылды.
## Дереккөздер |
Асар — қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластарының - жетіаталық экзогамиялық ру-қауымның негізгі құрамдас бөлігі біраталардың бірлесе атқару харекетінің атауы. Мысалы, егіншілік дамыған өлкелерде арық, кәріз қазу, тазалау секілді суландыру жүйесіндегі жұмыстарды, сондай-ақ, үй тұрғызу, қора-қопсы салу сияқты құрылыс жұмыстарын асар жасау арқылы атқарған. Қазақ ауылында бір отбасының қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдың адамдары асарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді, асарға шақырушы адам оларға жақсы ас әзірлеп, дастарқан жаяды. Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір көрінісі деп қарауға болатын тағы бір үрдіс батыс қазақтары тілінде «үме» деп аталады. Шөп шабу науқаны кезінде қыз-бозбаланың және әнші-жыршының жиналатынына байланысты «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақал туған.
Оңтүстік өңірде «асаршы» мен «мердігерші» атаулары бір мағынада айтыла береді. Жұмысқа қатысушылардың жас шамасы да, күш қуаты тұрғысынан жұмысқа жарамдылығы да ескерілді. Мысалы, Шу бойы қазақтарында дәстүр бойынша қоғамдық қарекетке қатысатын ер адам жасы 16 жастан төмен, 60 жастан жоғары болмаған. Өйткені асарға қатысушы әрбір адам арық бойында жатқан суармалы алқаптан жер алуға қақысы бар. Ал жерді қауымның еңбекке жарамды адамы алу тиіс. 1888 жылы көктемде Бөтімбай Сәтінің тоғанында жұысты он бес күнде аяқтаған 28 адамның арқайсысына ені 33 сажын, ұзындығы 66 сажын жер берілген. Егер отбасының отағасы қайтыс болса, онда жер үлкен ұлына немесе жесіріне тиісті болған. Олар маусым аралығында жүргізілетін арықты жөндеу, тазалау секілді жұмыстарға қатысуға міндетті болған. Тіпті қауым мүшесі басқа жаққа кетсе де, өз тоғанының бойында жатқан жерге иелігін сақтап қалды.
Дәстүрлі көшпелі ортада қой қырқымды ұйымдастыру, қыстаулардағы үйлерді салу мен мал жайланатын орындарды тұрғызу сияқты біршама уақыт пен күш-қайратты қажет ететін шараларды атқаруға екі-үш ұрпақтан тұратын «бір ата» деп аталатын (орыс деректерінде орыс. хозяйственный аул немесе орыс. большая неразделенная семья) шама-шарқы жетпегендіктен, көрші ауылдың адамдары асарға шақырылды. Аталмыш және осы құралыптас ауқымды шараларды бірлесе атқару көшпелі ортадағы әлеуметтік қатынастардың нығаюының үлкен кепілі болды. Яғни ру-қауымның тіршілік кеңістігінде асардың қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудегі орны мен рөлі айырықша болды.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Аспара – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл.
* Аспара – Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
Басқа мағыналар:
* Аспара – 14-15 ғасырлардан сақталған көне қала орны.
* Аспара – Жамбыл облысы Шу алабындағы Қорағаты өзенінің оң жақ саласы.
* Аспара – бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік.
* Аспара бөгені
* Аспара көшесі (Астана)
* Аспара атындағы көше (Алматы) |
Астана моторс (Astana Motors) — автомобиль және оның қосалқы бөлшектерін сататын, автомашиналарды жөндеу мен күту қызметтерін атқаратын қазақстандық компания. Жапониядағы “Тойота Мотор Корпорейшн” (“Toyota Motors Corporatіon”) компаниясының ҚР-ндағы ресми делдалы (дилері) ретінде 1993 ж. Алматыда құрылған. Ол көптеген мамандандырылған кәсіпорындар ашуға ұйтқы болды. Соның ішінде 1995 ж. компаниядан бөлініп шыққан “Алматы Тойота орталығы” (“Toyota Center Almaty”) тех. қызмет көрсету ст. бар. Жеңіл автомобильдер, джиптер, шағын автобустар, “Тойота” автобустарын сатады. Стансадан сатып алынған әрбір автомобильге “Toyota Motor Corporatіon” компаниясы 50 000 км қашықтыққа немесе 12 айға кепілдік береді. 1995 ж. “Астана моторс” компаниясынан оқшау отау тіккен “Астана секьюрити” (Astana Securіty — қауіпсіздік қызметі) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды, объектілерді қорғайды, ҚР-да тасылатын жүктердің қауіпсіздігін қаматамасыз етумен айналысады. Астана, Қостанай, Ақтөбе қ-ларында компанияның филиалдары жұмыс істейді.
== Қайнаркөзін көрсету == |
Астраханка — Ақмола облысы Астрахан ауданының және Астрахан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Астана қаласының солтүстік-батысында 137 км жерде, облыс орталығы — Көкшетау қаласынан 250 км жерде, Есіл өзенінің оң жағасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1895 — 97 жылдары қаланған.
## Халқы
## Кәсіпорындары
Құрылыс, автокөлік кәсіпорындары, ауданы байланыс бөлімдері, баспахана, тұрмыстық комбинат, жер суару жүйесінің басқармасы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
2 жалпы білім беретін және музыка мектебі, 5 балабақша, кәсіптік-техникалық училище, мәдени-спорт кешені, мәдениет үйі, кинотеатр, 7 кітапхана, 3 емдеу-сауықтыру мекемесі, тарихи-өлкетану мұражайы, қонақ үйі, т.б. бар. 2-дүниежүзілік соғысы мен Ауған соғысының құрбандарына ескерткіш орнатылған. Ауыл арқылы Алматы — Екатеринбург, Астана – Атбасар автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол бекеті — Жалтыр (12 км).
## Дереккөздер |
Сайрам – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Сайрам ауылдық округі орталығы. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстікке қарай 24 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 32757 адам (2009).
## Тарихы
1929 жылы артельге біріктіріліп, 1958 жылы Ленин атындағы көкөніс-сүт ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, ЖШС, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфрақұрылымы
2 облыстық аурухана, емхана, облыстық өзбек драма театры, кірпіш зауыты, кәсіптік-техникалық мектеп, орта мектептер, мешіт, сауда орталықтары жұмыс істейді.
## Тарихи деректер
Сайрам (Исфиджаб, Испиджаб) – Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі болған. Жұрты қазіргі Сайрам ауылының Оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда: «Сайрам – Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делінген. Демек, Сайрам – Исфиджабтың кейінгі аты. 15 – 18 ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Зерттеу жұмыстарын 1923 жылы П.П. Иванов, 1925 жылы М.Е. Массон, 1947 жылы Н. Бернштам басқарған. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған, көлемі 28 га жерді алып жатқан қала орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған. Ең көнесі – Падишаһ Мәлік баба мазары. Бұл ескерткіштер 9 – 18 ғасырларға жатады.VI ғасырда тез өсіп- жетілген Испиджаб оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығына айналды. VII ғасырда Орта Азияға арабтар келген кезде бұл қала гүлденіп тұрған еді.714 жылы араб әскерінің қолбасшысы Кутейба Шаш(қазіргі Ташкент) қаласын алғаннан кейін Испиджабқа үлкен жорық жасады. Бірақ бұл төңіректегі елдің күшті қарсылығы арқасында көп ұзамай кейін шегінді. Испиджабты өз резиденциясына айналдырмақшы болған араб қолбасшысының жоспары жүзеге аспады. IX ғасырдың басында Испиджаб қарлұқ мемлекетінің құрамына енді.840 жылы қарлұқ көсемі және Испиджаб басшысы Білге Құл Қадырхан қаған атағын алды.Бірақ сол жылы Испиджаб Орта Азиядағы саманилер шабуылына ұшырады.Саманилермен болған шайқаста Білге Құл Қадырхан қаза табады.Мұнан кейін мемлекет билігіне оның екі ұлы таласты. Үлкен ұлы Базар Арсыланхан Баласағұн (Шу өзенінің бойындағы қала) аймағын билейді,ал екінші ұлы Оғұлшақ Қадырхан Тараз (бұрынғы Талас қаласы) аймағын билейді.Тараз қаласын 993-жылы саманилер басып алғанда, Оғұлшақ Қашқарияға қашуға мәжбүр болады. 840 жылы саманлердің Самарқандағы билеушісі Нұх ибн Асад Испиджабты жаулап алады.Бұл аймақты жер өңдеу мәдениеті сол заманда аса күшті дамыған болатын. Самани билеушісі Испиджабты және оның аймағындағы егістік(жүзім мен астық) жерлерді сыртқы шапқынылықтардан қорғау үшін көптеген қорғандар соқтырды. Алайда Испиджаб Самани мемлекетіне түгелдей бағынышты болған жоқ. Қала және оның аймағын жергілікті түркі тайпалары биледі. Испиджаб аймағы өте үлкен болды. Оның шекарасы солтүстік-батыста Сауранға дейін, ал шығыста Талас аймағына дейін созылды. Испиджаб аймағы саманилер арқылы мұсылман діні тарады да,енді ол оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен діни орталыққа айнала бастады. Х ғасырдың ақырында, яғни 990 жылы Испиджаб Қарахан мемлекетінің қарамағына енді. Қарахан әскері саманилерді Испиджаб аймағынан түгелдей ығыстырды.
## Галерея
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков (1896-1938), журналист, жазушы және қоғам қайраткері.
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
«Біздің де күніміз туды», «Октябрь күнінде» атты деректі повестері 1921 ж. Орынбор қаласында жеке кітап болып басылып шықты. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романында Абдолла туралы толық мағлұмат берілген.
Турашыл, ер мінезді, ұлт мүддесін түсінетін азамат ретінде Асылбеков «Алашорда» үкіметі қайраткерлерінің оқу-ағарту, жерге қоныстандыру, дербес экономикалық бағытты ұстанужөніндегі көзқарастарына іштартты. Ол 1922 ж. қазақ қызметкерлерінің кеңесінде А. Байтұрсынов пен С. Сәдуақасовтың, Әуезовтің «коммунистік-колонизаторлық саясатқа қарсы» пікірлері мен ашаршылықтың зардаптарын жою туралы ұсыныстарын қолдады. 1921 жылы Әуезовпен бірге Қоянды жәрмеңкесінде қазақ автономиясының бір жылдық тойын өткізуге жетекшілік етті. Қажымұқан, Майра, Иса, Жынды Омар, Зәрубай, Әміре, Шашубай, Ғаббас, Қалибек сияқты ел өнерпаздарын жәрмеңкеге қатыстырып, ойын-сауық ұйымдастырды, М. Әуезовтің шығармашылығын жоғары бағалады. Ол 1932 жылғы ашаршылықты айыптап, үкіметтің алдына тиісті мәселе қойған. Асылбеков пен Әуезовтің арасындағы достық қарым-қатынас туралы деректер С. Бегалиннің, Қ. Қуанышбаевтың, Қ. Тоғызақовтың естеліктерінде баяндалған.
Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші Қазақ», «Советская степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан журналында» жарияланып тұрды.
## Шығармалары
Біздің де күніміз туды. Повесть. Орынбор, 1921.
## Сыртқы сілтеме
* Асылбеков Абдолла Әбдірахманұлы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Асықата — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы кент, Асықата кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстікке қарай 17 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1939 – 40 жылдары Мырзашөл даласын игеру кезінде қаланып, "Бағара" ауылы деп аталған, 1940 – 62 жылдары Киров ауданының орталығы болды. 1962 – 67 жылдары "Киров" ауылы, 1967 – 95 жылдары Киров кенті болды. 1996 жылы аудан Асықата болып өзгеріп, орталығы – Асықата кенті болды. 1997 жылы аудан таратылып, Мақтаарал ауданына қосылды.
## Кәсіпорындары
Кентте республикадағы ең ірі мақта тазалайтын зауыт жұмыс істеген, соның негізінде мақта жинайтын, өңдейтін АҚ, өнеркәсіп, шаруа қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Асықатада тұрмыстық қызмет көрсету орындары, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, клуб, аурухана, емхана жұмыс істейді.
Бұл кент Қазақстан Жазушылар Одағын басқарған, дүние жүзінің қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары болған қоғам қайраткері Қалдарбек Найманбаевтың туған жері.
## Дереккөздер |
Болат Манашұлы Атабаев (14 мамыр 1952 жылы туған, Алматы облысы, Тентек ауылы ) — режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Ақсарай" театрының көркемдік жетекшісі. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1974), Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын профессор Ә.Мәмбетов пен А.Пашковтың жетекшілігімен) бітірген (1983); 1990 жылы Мюнхен ұлттық театрында (Германия) стажировкада болды.
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынас тілдері университетін (1974), театр және көркемсурет институтын (Ә.Мәмбетов пен А.Пашков шеберханасы бойынша) бітірген (1983). 1990 ж. Мюнхен (Германия) ұлттық театрынан тәлім алған. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс драма театрында Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатын", А.Закстың "Өз ошағың" драмаларын, В.Гейнцтің "Жүздеген жыл толқын дарын да", "Адамдар және тағдырлар" тарихи диологиясын сахнаға шығарды. 1990 ж. Қазақ академиясы драма театрына жұмысқа ауысып, Б.Римованың "Қос мұңлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат", сондай-ақ, И.Оразбаевтың "Шыңғысхан", М.Метерлингтің "Соқырлар", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне", А.П. Чеховтың "Шағала", Ә.Кекілбаевтің "Абылай хан", Б.Брехттің "Тоғышардың тойы", М.Әуезовтің "Қарагөз", т.б. спектакльдер қойды. Республикалық неміс театрының директоры болды.
Атабаев өзінің алғашқы режиссерлік өнер жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакльдер (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббаты" т.б.) қоюмен бастады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, осында Б.Римованың "Қос мұнлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат" (екеуі де 1991), И.Оразбаевтың "Шыңғыс хан" (1994), Қ.Ысқақтың "Жан қимақ" (1995), Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" (1996), Ә.Кекілбаевтың "Абылай хан" (1998; спектакль премьерасы Астана қаласында өтті), А.Чеховтың "Шағала" (1998), М.Метерлинктің "Соқырлар" (1993), Б.Брехттің "Тоғышардьң тойы" (1999); сонымен қатар Р.Мұқанованың "Қаралы сұлу" (М.Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театры), Р.Болгтың "Кішкене сері" (1981, Германиядағы Пархим театры) т.б. спектакльдерді қойып, ол батыл сахналық эксперименттерге баратын, спектакльдің көркемдік- эстетикалық мән-мазмұнын ашуға ден қоятын ізденімпаз режиссер екенін байқатты.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.zonakz.net/articles/?artid=28816
* http://www.nomad.su/?a=3-200408310008 Мұрағатталған 13 шілденің 2012 жылы.
* http://www.geokz.tv/article.php?aid=4100(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.kubkz.com/downloads/dvk-12-08-04.doc(қолжетпейтін сілтеме)
* http://news.namba.kg/read.php?id=519881 |
Аталық – хан ордасында тақ мұрагеріне әскери тәрбие беретін және оқытатын жоғары мәртебелі адам. Өзі тәрбиелеген ханзада билікке жеткен соң оның кеңесшісі қызметін атқарған.
Ауызша деректерге қарағанда аталық көбінесе нағашы жұртынан немесе тағайынан таңдалған керінеді. Аталықтың қызметі хан тағының мұрагеріне билік технологиясын және әскери өнерді үйретумен шектелген жоқ. Құрбанғалн Халидидің мәліметіне қарағанда, оның бнлік құзыры қатардағы уәзірден жоғары болған. Тіпті, оның жарлыққа хан құқығындай мөр қоюға да құзыры болды. Демек, аталық ханның аса ықпалды жақын кеңесшілерінің бірі болса керек. Өкінішке орай, қазақ хандарына қатысты аталмыш тұлға жөнінде деректер жоқтың қасы.
## Дереккөздер |
Атамұра сөзінің бірнеше мағынасы бар:
* Ата мұра
* Атамұра баспасы
* Атамұра көшесі (Астана) |
Атабек (түрік. – атабег) — орта ғасырлардағы лауазым. Атабек атауы түркі халықтарының тарихында үш түрлі мағынада қолданылған:
* салжұқ сұлтандарының мирасқорларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы;
* 12 – 13 ғ-да Таяу және Орта Шығыс елдерінде феод. князьдіктің княздықтың басшысы.
* Мысырдағы мамлюктер билігі тұсындағы әскер басы.
## Дереккөздер |
Аталай Бесим (Atalay Besіm) (1882 — 1965) — түрік тілінің белгілі маманы, қоғам қайраткері.
Түркияда ұлт-азаттық қозғалысы басталысымен А. саяси өмірге араласады. 1932 — 51 ж. “Түрік тілі қоғамы” басқармасында жауапты қызмет атқарады. 1937 — 42 ж. Анкара ун-тінде парсы тілінің маманы, профессор. А. — тарих, география, тіл әдебиет және дін туралы көптеген зерттеулердің авторы. Оның есімін әлемге танымал еткен — Махмуд Қашқаридің әйгілі “Диуани луғат ат-түрк” сөздігінің түрікше аудармасы (1939 — 43). А. Б. түрік тілінің 1530 ж. Бергамалы Кадри жазған ең көне грамматикасын (1946), қыпшақ, шағатай тілдерінің бірнеше ескерткішін бастырып шығарды. Араб-парсы тілінен көптеген аударма жасаған. Құранның А. аударған түрікшесі 2 рет басылды. 1920 жылдан бастап бірнеше мәрте Түркия парламентінің (ұлт мәжілісінің) депутаты болып сайланды.
## Дереккөздер |
Атей(б.з.б. 429 жыл — б.з.б. 339 жыл) – скиф (сақ) патшасы. Б.з.б. IV ғ-дың 40-жылдары Азау (Азов) т-нен Дунай өз-не дейінгі жерді алып жатқан Скиф патшалығын құрған. Македония патшасы Филипп ІІ-мен соғыста қаза тапқан. |
Атом электр станциясы (АЭС), ядролық электр станция — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы.
АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс., 1 кг уран 2.1010 ккал энергия береді. Бөліну реакциясының үздіксіз жүріп отыруына қажет ядролық отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады. Реактордың типіне, конструкциясы мен отынның түріне қарай кризистік масса 1 кг-нан бірнеше тоннаға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қ-нда салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Америкада тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының 23е-ін, Францияда 75--ін, Жапонияда 48--ін АЭС береді. Кейбір елдерде жедел нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар іске қосылған. Оның ең алғашқыларының бірі Қазақстанда салынған. Ол Ақтау қаласын тұщы сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етеді (қ. Энергия комбинаты). 20 ғ-дың ақырында дүние жүзіндегі АЭС-тердің жалпы қуаты 500 000 Мвт жетті. Ядро энергиясынан электр тогын тікелей (турбинасыз, электргенераторсыз) алу жолдары да зерттелуде. Әсіресе, термоядролық энергияны игеру ісіне халықар. қауымдастықтар ат салысуда. Ондай АЭС-тер адам баласының тұтынуына қажет энергия мәселесін түпкілікті шешетін болады. |
Атлах — орта ғасырдағы жазба деректерде кездесетін қала атауы. Атлах маңында 751 – 752 ж. қытай және араб әскерлері арасында шайқас болған. Әл-Мақдиси мен ибн Хаукал жазбаларында (10 ғ.) Атлахты Испиджаб маңындағы қала деп атайды.
## Дереккөздер |
Атсыз, Ғазы Ала әд-Дин Баха әд-Дин Әбу-л-Мұзаффар Хусам Әмір әл-Муминин Атсыз (1095/97 – 1156) – Хорезм билеушісі (1127/28 – 56).
* Салжұқ сұлтаны Санжардың (1118 – 57) вассалы ретінде таққа отырған.
* Кейбір деректерде 29 жасында Хорезмшах атанды делінеді. Санжармен бірге бірнеше жорықтарға қатысып, салжұқ әскерінің сол қанатын басқарды. Атсыз дербестікке ұмтылып, салжұқтардың иелігіндегі Жент қаласын және Маңғыстауды басып алды. Салжұқтармен күресте ол Бағдат халифатының қолдауына сүйенді. Толығымен дербестікке қол жеткізбегенімен Хорезмге көршілес жатқан көшпелілерді бағындырып, сол арқылы әскери қуатын нығайтқан ол «іс жүзінде тәуелсіз мемлекеттің негізін салды».
## Дереккөздер |
Атилла мен Ұлы Леоның кездескені — Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті өкілі Рафаэль Санти (1483 — 1527) салған әйгілі сурет-фреска.
Фреска Ватикандағы Елиодар залының бір қабырғасын безендіріп тұр.
Суреттің сюжеті бойынша, 452 жылы рим папасы Лео І ғұн тайпаларының көсемі Аттиланы Қасиетті Рим қаласына кіруден бас тартуға көндірген кезі дәріптеліп көрсетілген. Алайда, тарихи шындық — Аттила Римді алудан өз еркімен бас тартқан. Рим қаласын одан бұрын вестготтар мен вандалдар бірнеше рет тонаған еді. Ұлы қолбасшы олардың жолын қайталағысы келмеген. |
Атшабар - дәстүрлі ортадағы лауазым атауы. Ертеде ханның, ұлықтың, би мен болыстың үкім- жарлығын халыққа жеткізетін хабаршы адамды атшабар деп аталған. Қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты XIX ғасырда орыс әкімшілігі қазақтан шыққан атшабарларды алыс қашықтықтағы қалалар арасына (Орынбор, Ташкент, Семей, Омбы т.б.) бекет (пошта) қызметіне жұмсаған. Сонымен қатар, қазақтар даласына жаңа мизамдағы әкімшілік-билік жүйесінің қалыптасуы кезеңінде билік тарапынан сайланған шенеуніктерге қызмет еткен жәрдемші, хабар жеткізетін адамды атшабар деп атау орын алған. Бұл лауазымның осы кезеңдегі кең таралған тағы бір атауы - шабарман.
## Дереккөздер |
Атыраубалық — балық аулаумен және оны өңдеумен шұғылданатын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын. “Лицпромстрой” цехы (1931), Гурьев балық консерві комбинаты (1933) негізінде құрылған. 1958 ж. Гурьев өндірістік балық өнеркәсібі басқармасы болып аталды. 1976 ж. ірі бірлестікке айналды. Құрамында: Атырау кеме жөндеу зауыты, Шортанбай балық зауыты, сондай-ақ балық зауыты автобазасы, машина мелиорация ст-сы, материалдық-тех. жабдықтау және өткізу мекемесі, 9 цех (құтылау, өндірістік уылдырық-балық, қабылдау-тасымал т.б.) және 9 балық аулау серіктестігі бар. Өндірістік цехтары қайта жабдықталып, кеңейтілген. Жаңа уылдырық цехы, айлақ жолы салынып, қуатты крандар орнатылды. 9 жүзбелі уылдырық зауыты жұмыс істейді. Мұнда уылдырық пен балық өнімдерін шығаратын автоматты және кешенді механикаландырылған желілер бар. Өнімнің жаңа түрлерін шығару игерілген. Бекіре балығынан құтыланған өнімнің бірнеше түрі шығарылады. Бірлестікте шығарылған жалпы өнім соңғы елу жылда (1948 — 98) 11 есе өсті. 1992 ж. кәсіпорын акционерлік қоғамға айналып, бірлестік акциясының 40 проценттен астамын Кавске (Швейцария) және Ковинреке (Германия) фирмалары иеленді (1998). 1997 ж. “Ракушка” кентінде Қазақстанда алғаш рет, жылына 3 млн. бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіретін зауыт іске қосылды. Бат. Еуропа, Таяу Шығыс т.б. елдерге өз өнімдерін шығарады.
## Дереккөздер |
Аула- 1) тұрғын үй, мекеме,кәсіпорын, оқу корпусы, т.б. құрылыстардың төңірегіндегі қоршалған алаң. Онда коммуналдық, тұрмыстық, т.б. құрылыстар болады.Ауланы тас кірпіш, балшық қалапнемесе шойын, темірмен, тақтамен,шыбықтан қоршайды. Кейінгікездері темір-бетон қоршау кеңқолданылады;2) Мал жататынықтасын, кейде шарбақ деп театалады. Мұның төрт түрі бар: тасаулы, шеген аула, (көбіне мал жеген пішен қалдығынан жасалады), қамысаула, және шарбақ аула, (ұзын не қысқаталдан тоқылады).
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.