text
stringlengths 3
252k
|
---|
Елді мекен:
* Дермене – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
Басқа мағыналар:
* Дермене ауылдық округі |
Деркөл, Деркүл – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 176 км, су жиналатын алабы 2,25 мың км2.
## Бастауы
Жалпы Сырт жотасының Ешкітауынан басталады да, Жайық өзенінің сол саласы Шағанға оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы кең, жағасы жайпақ. Көктемгі су тасу кезінде Деркөлдің жайылмасын су басады. Өзеннің бірнеше кішігірім салалары бар. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,4 м3/с. Тұздылығы 0,5 – 1,5 г/л, суы егін суғаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Денисовка — Қостанай облысы Денисов ауданының және Денисов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 143 км-дей жерде. Солтүстігінде және батысында Челябі облысымен, оңтүстігінде Қамысты және Жітіқара аудандарымен, шығысында Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданымен шектеседі. Ауданы 6,8 мың шаршы шақырым.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 6611 адам (3209 ер адам және 3402 әйел адам) болса, 2009 жылы 5196 адамды (2465 ер адам және 2731 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1903 жылы қаланған. Май зауыты, тамақ комбинаты, элеватор, т. б. тұрмыстық, мәдени-ағарту мекемелері жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
## Терминнің шығу тарихы
Термин 18-19 ғасырларда Франция қылмыстық заңнамасында жер аударудың ерекше түрін атауда қолданылған. Алғаш рет Гвианада саяси сенімсіз адамдарға қолданылып, 1791 жылы күдіктілерге арналған заңға тіркелді.
## Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
### Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.
1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:
* этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау», «сенімсіз халықтар»).
* әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.
* саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.
1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.
### Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды.жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.
70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.
КСРО-ның ұлт саясатында 30-жылдардағы қуғын-сүргінге иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық Алматы облысы аудандарына орналастырылды.
Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясының қол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан қүрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды.
### Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, ізін ала Балтық жағалауы, Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Бессарабиядан «жағымсыз элементтерді» күштеп көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Егер соғысқа дейін бұл әрекет мемлекет қауіпсіздігін күшейту қажеттігімен түсіндірілсе, соғыс кезінде ұлттық-аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп, тоталитаризмнің таптық саясаты жаңа «сапалық» деңгейге өткен еді. 1941 жылы 28 тамызда барлық немістерді жаппай диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыптады.
Басқа халықтар да дәл осындай «логикалық актілермен» депортацияға үшырады. Бас кезінде олардың кейбіреулерінің немесе көпшілік бөлігінің өз Отанын сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды түтастай шығыс өңірлерге көшіру туралы шешім қабылданды. Дөл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар жөн6 т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірінен халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша айтқанда, олардан ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды.
30—40-жылдардағы халықтар депортациясы қоғамдық-әлеуметтік форманың жоспарлы акциясына, адам психикасына әсер ете отырып, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент, ғаламды қайта құру тәжірибесіне айналды.
Күштеп қоныс аудару кезінде жол бойында және арнайы лагерьлер мен тұрақжайларда бұл халықтардың жартысына жуығы опат болды.
Оларды бір сәтте туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24 сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп-орналастырып үлгерді.
Сталиндік куғын-сүргін кезінде осы халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларына қарсы «үлкен террор» жасалды, ұлттың бетке ұстарлары тұп-тамырымен жойылды. Жер-жерлерде ұлттық мектептер, газет-журналдар жабылды.
Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ өңірлеріне күшпен жүргізілген депортациялар өзінің көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне қарай кеңес әскерлері шығысқа қарай шегіне отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен Кавказ қыраты алқабына жақындады. Шешен-Ингушетияның бір бөлігі, сондай-ақ карашай, балқар, қалмақтар мекендейтін аймақ жау қолында қалды. Тек Сталинград пен Курск түбінде Гитлер армиясын талқандағаннан кейін ғана Солтүстік Кавказ өңірі жаудан азат етілді. Алайда жаудан азат ету аяқтала салысымен фашистік басқыншылармен жақындасты деген желеумен бұл халықтарға саяси қуғын-сүргін басталды.
1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, қарашайларды көшіру туралы қаулы қабылданды. Жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Түркістан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасы Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды.
Депортацияның қайғылы қасіреті балқарларға да келіп жетті. 1936 жылы құрылған Кабардин—Балқар АКСР-нан 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, калмақ, қарашайлар көшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армия бөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі баскарды. Жалпы саны 40 мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады.
1944 жылдың ақпан айынан кейін Қызыл Армиядан босатылған шешен және ингуш ұлтының әскери адамдары НКВД-нің арнайы қоныстарының қарамағына өтті. Дәл осындай жағдай майданда жүрген депортацияланған халықтардың барлығына қатысты болды. Олардың барлығы өздерінің туған-туыстары тұрып жатқан қоныстарға немесе Орал, Сібір өнеркәсіп өндірісіне жіберілді. КСРО- ның баска НКВД лагерьлеріндегі шешендер мен ингуштер Қарағанды лагеріне ауыстырылды. Дағыстан АКСР-да, Грузияда, Әзірбайжанда, Краснодар өлкесі, Дондағы Ростов, Астрахан облысында тұрып жатқан шешендер мен ингуштар да депортация қармағынан аман қалған жоқ, көші-қон 1945 жылдың соңына дейін жалғасты. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1944 жылы 7 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Шешен-ингуш АКСР-і жойылды. Барлық ауданның аттары өзгертілді. Шешен-ингуш АКСР-інің орнына Грозный облысы қүрылды. Облысқа дейін барлық жергілікті халықтың 58%-ын құраған шешен мен ингуш халқы осылайша туған жерлерінен қол үзді. Грозный облысына ондаған мың орыстар мен аварлар, осетиндер, украиндар әкелінді.
1944 жылы Орталық Азия мен Қазақстанға Грузиядағы күрділердің екінші толқыны, 1948—1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Әзірбайжанда қалған күрділердің біраз бөлігі қуғын-сүргінге ұшырау қаупінен қоркып, құжаттарын өзгертіп, өзірбайжан болып жазылуға мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрділер өз туғандарын таба алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өзі 50-жылдардың соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет белгіленіп тұруға міндетті болды.
1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына орналастырылды.
Фашистік Германия басып алынған аумақтар азат етілген сайын сол жерлердегі халықтарды депортациялау ісі де жалғаса берді. 1944— 1945 жылдары азат етілген Украина, Беларусь және Балтық өңірінде бұрыннан мекендеп келе жатқан немістер Сібір мен Қазақстанға көшірілді. 1945 жылдың соңына қарай Қазақстанға 9 мың неміс отбасы орналастырылды.
Ел басшылығындағы шовинистік пиғылдардың ұлт саясатындағы белгілері жекелеген халықтар мен ұлт азшылықтарын «жағымсыз элемент» ретінде көшірудің белең алуынан көрінді. Әңгіме бірінші кезекте Қырым және Грузия аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан көшіру туралы болып отыр.
1921 жылы құрылған Қырым АКСР-інде орыстар, украиндар, қырым татарлары, гректер, болгарлар, армяндар мекендеді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазартуға 2000 жүк машинасы өзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен гректер әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға өкелінді. Жалпы, 1943—1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
### Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері. Еңбек армиялары
Екінші дүниежүзілік соғыстың дауылынан Қазақстан аумағына көшіп келушілер тасқыны шұғыл артты. Қазақстанға елдің батыс бөлігінен 536 мың адам көшіп келді.
Майданда 410 мың қазақстандық жауынгерлердің мерт болуы мен 125 мың адамдардың хабар-ошарсыз кетуі, концлагерьлерде азаппен көз жұмуы сияқты соғыстың әкелген зардабы орасан зор болды. Белгілі демограф М.Тәтімовтың болжамы бойынша, мұндай соғыстың зардабы 125 жылға дейін созылады екен. Мыңдаған отбасылардың шаңырағы ортасына түсіп, балалар жетім қалды. Қазақ балаларының табиғи тууы мен өсімінің карқыны төмендеп кетті.
Соғыс жылдарында Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам майданға шакырылды. Бұлардың 630 мыңы алғашқы аттанғандар болды. Сондай-ак еңбек колонналарына шақыруды қоспағанда, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға әрбір бесінші қазақстандық шақырылды.
Соғыс басталған кезден бастап 1941 жылдың соңына дейін, 1942 жылдың жазы мен күзінде әскери қимылдар болып жатқан аймақтардан шығыска өнеркөсіп орындары мен ұжымшар, кеңшар, МТС-ің дүние-мүлкі мен малы, 312 өнеркәсіп өндірісі мен жарты миллионнан астам адам Қазақстанға көшіріп әкелінді. Бұл өндіріс орындарының 142-сі ғана іске косылды.
Өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек армиялары басқа республикалардан келгендермен қатар, соғысқа дейінгі арнайы қоныстанғандар мен Қазақстанға депортацияланған халық өкілдері контингентімен толықтырылып тұрды.
Тұтастай алғанда, моральдық-саяси белгілері бойынша майданға шақырылмаған халық өкілдерінен еңбек армиясы құралды. Еңбек армиясының арнайы жұмыс колонналары неміс, фин, румын, корей халық өкілдерінен тұрды. Соғыс жылдарында еңбек армиясына 121 мың неміс, 30 мың корей ұлты өкілдері шақырылды. Еңбек армиясында тек арнайы қоныстандырылғандар ғана болған жоқ, негізгі бөлігі ұжымшар тұрғындары болып табылатын 200 мыңдай қазақтар да шақырылды. Олардың барлығы Орал жөне Сібір зауыттары мен Ақмола—Павлодар, Қарағанды—Ақмола, Орынбор—Арыс, Басқұншақ—Мақат темір жол құрылысында еңбек етті. Мыңдаған тұтқындар Доссор—Астрахан, Ор—Қандыағаш мұнай құбырлары қүрылысына терін төкті.
Соғыс жылдарында барлығы 700 мыңнан астам қазақтар, немістер, украиндар және т.б. еңбек колонналарына шақырылды. Соғыстың соңғы 1,5 жылында еңбек армиясының қатарына Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ елдерінен көшіріп-қоныстандырылған бөлігі қосылды. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды.
Сонымен, еңбек колонналарында екі категориядан тұратындар, біріншілері — азаматтық тұрғындардан тұратын еңбек армиясы, екіншілері — тұтқын жағдайындағы арнайы қоныстандырылғандар болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға және қорғаныс өнеркәсібіне әрбір төртінші қазақстандық алынды. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында 350 мың қазақ жауынгерлері қаза тапты, 150 мың адам жау колында тұтқында болды немесе хабар-ошарсыз кетті. Соғыстың ауыр жылдарында демографиялық, депопуляциялық жолмен (туудың төмендеп, өлімнің артуы) 100 мың адамға кеміді.
Сөйтіп, Екінші дүниежүзілік соғыс тек қазақ халқының ғана 600 мың адамға азаюына әкеліп соқты.
1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6,9 млн адам тұрса, соғыс аяқталған соң көшіп келген және депортацияланған халықтар есебінен бұл көрсеткіш шамамен 7,5 млн болды.
Жергілікті халықтың үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954—1956 жылдары заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар, таптар және басқа кеңес азаматтарын ақтау басталды.
### Хронография
Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға ұшыраған. Оларға жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды.
* 1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 360 мыңдай адам жер аударылды.
* 1937 жылы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сылтаумен онда тұратын корей халқын Қазақстан мен Орта Азиядағы өзге де республикаларға әкелді. Оның ішінде 20141 отбасы (95421 адам) Қазақстанға орналастырылды.
* 1940-1941 жылдары поляктар қоныс аударылды. II дүниежүзілік соғыс жылдары олардың саны 105 мыңға жетті. КСРО Жоғаргы Кеңесі Төралқасының 1941 жылы 28 тамыздагы "Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы" №21-160 жарлыгына сәйкес, 1941 жылы күзде 1 млн. 120 мыңдай неміс Еділ бойынан көшіріліп, Қазақстанға 420 мыңы орналастырылды.
* 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиясы жойылды да, 14 қазанда КСРО ХК К-і қарашайларды жер аудару жөнінде құпия қаулы қабылдады. Соның негізінде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам) Қазақстанға қоныс тепті.
* 1944 жылы 7 наурызда Шешен-Ингуш АКСР-ін жою туралы жарлық шықты. Қазақстанға 89901 отбасы (406375 адам) орналастырылды.
* 1944 жылы 5 наурызда балқарлардың тағдыры да осылай шешіліп, 4660 отбасы (21150 адам) Қазақстаннан бірақ шықты. Осындай қаулы, жарғылардың салдарынан 1944 жылы қалмақтар (2668 адам), түріктер (13260 адам), күрдтер (5530 адам) ата қоныстарынан аластатылды. Күштеп көшіру соғыстан кейінгі жылдары да жалғасын тапты.
* 1946 жылы басында Қазақстанға тек Солтүстік Кавказдан, Грузиядан, Қырым автономиялық республикасынан қоныс аударылғандардың жалпы саны 107272 отбасы (412191 адам) болды.
* 1954 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанға қоныс аударғандардың саны 2 млн. адамға жетті. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы оте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын үй, киім-кешек қат болды. Суықтан, аштықтан, жұқпалы індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер басқармасының 1944 жылы есебі бойынша, қоныс аударылғандардан 144704 адам, оның ішінде Қазақстанда 101036 адам өлген. Депортацияға ұшыраған халықтар жаңа қоныстанған жерлерінде қатал тексеруден өтіп тұрды. Олар рұқсатсыз ешқайда да бара алмады. Тіпті, корші ауылдардағы туған-туыстарымен араласуға тыйым салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс аударылып келгендерге барынша қамқорлық жасады.
* 1956 жылы Сталиннің жеке басына табынуды айыптап, саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау басталған кезеңде ғана депортацияланған халықтар тағдырына оң өзгерістер ене бастады.
* 1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ халқының окілдері өз тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды.
## Тағы қараныз
* Демография
* Депопуляция
* Экстрадиция
* Репатриация
## Дереккөздер |
Мұфтах Диаров (9 тамыз 1933 жылы туған, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы - 17.3.2021) – геология-минералогия ғылымының докторы (1972), профессор (1979), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1955, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Индер (Дендер) геологиялық барлау экспедициясында геолог, партия бастығы, бас геолог (1955–64), Қазақ мұнай барлау ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1964–78), Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтында директордың орынбасары, директор, лаборатория меңгерушісі (1978–92), Қазақстан Ғылым Академиясы Батыс бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары (1992–97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан «Атырау–Ғылым» АҚ-ның вице-президенті. Негізгі ғылыми еңбектері Каспий ойпатындағы бор, борлы калий тұздары кендерін іздеу, барлау мәселелеріне арналған. Диаров Дендер күмбезі өңіріндегі ірі-ірі элювийлі борат кендерін, аса ірі Сәтимола борат кенін ашушылардың бірі. Оның зерттеулері негізінде Орталық Каспий калийлі-борлы аймағы жіктелді.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.on.kz/on/community/258/blogpost/3639/ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Евгений Яковлевич Диордиев (20 қазан 1912, Одесса – 10 сәуір 1985, Алматы) – орыс актері, режиссер. Қазақстанның(1955), және КСРО (1970) халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982).
1946 жылы Қазақстанға келіп, өмірінің соңына дейін Алматыдағы Орыс драма театрында актер әрі режиссер болды. А. Горький, К. Симонов, К. Тренев, Л. Шейнин, В. Лацис, А. Островский, А. Чехов, Н. Гоголь, У. Шекспир, А. Толстойдың пьесаларында басты рөлдерде ойнады. Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай» трагедиясындағы Ерденнің бейнесін сомдап, шынайы шеберлігін танытты.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* Халықтар Достығы ордені
* КСРО халық әртісі
* Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иесі
* Қазақстан халық әртісі
## Дереккөздер |
Әубәкір Ахметжанұлы Диваев (3 желтоқсан 1855, Орынбор - 5 ақпан 1932, Ташкент) — фольклоршы, этнограф.
## Өмірбаяны
1876 жылы Орынбор кадет корпусының Азия бөлімін бітірген. Диваев өзбек, парсы, қазақ тілдерін меңгерген. Кадет қорпусында оқып жүріп қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына қатысты құнды материалдар, ауыз әдебиеті жинаумен шұғылданды.
Диваевтың қатысуымен 1895 жылы Қожа Ахмет Ясауи мешітінен табылған көне жазулар Түркістан өлкесі тарихын зерттеуге қойылған елеулі үлес болды. Ол тапқан көне мөрдің ортасындағы шеңберле Қожа Ахмет Ясауи есімі жазылып, "хижраның 1212 жылы" деген белгі бар, ал шеңбердің шегінде мөрлі жасаушы шебердің есімі (Қожа хан) көрсетілген. Мөрдің орта шеңбері (көлденең қимасы 9 см) он радиусқа бөлініп, оның әрқайсысының арасына Мұхаммед пайғамбардан бергі мүридтердің есімдері жазылған. Диваев 1896 жылы 22 қаңтарда Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесіне мүше болып қабылданды.
Диваев "Шора батыр", "Бекет батыр", "Алпамыс батыр", "Кобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан" жырларын, көптеген ертегілер, шешендік сөздерді жинап, олардың кейбіреуін орыс тіліне аударды. Диваев Сырдария қазақтарының өмірінен көлемді этнографиялық материалдар жинады. Қорқыт Ата бейіті су үңгіп, жоғалып кету алдында тұрғанын айтып, жергілікті әкімшіліктен адамзат мәдениеті тарихындағы қымбат ескерткішті қорғауға алуды сұраған.
Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін П.М. Мелиоранский, А.В. Гордлевский, В.В. Бартольд сияқты ғалымдар жоғары бағалаған.
Әбубәкір Диваевтің аты Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкенттегі көшелерге берілген.
## Еңбектері
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1891. — вып. I. Отд. I. — С. 68 — 106;
* Исчисление времени года по киргизскому стилю с обозначением народных примет // Туркестанские ведомости. — 1892. — № 5;
* Призыв ветра. Киргизское поверье // Туркестанские ведомости. — 1892. — № 41
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1892. — вып. II. — С. 1 — 31;
* Волшебные заговоры киргизов Сыр-Дарьинской области // Астр. Л. — 1893. — № 48; Московская газета. — 1893. — № 43;
* Волшебный заговор против укуса ядовитых насекомых и пресмыкающихся // Туркестанские ведомости. — 1893. — № 7;
* Этнографические материалы. Сказки, басни, пословицы и приметы туземного населения Сыр-Дарьинской области. — Ташкент, 1893. — С. 84, 1895. — С. 160;
* Алача-хан: Киргизская сказка // Окр. — 1894. — № 46;
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1894. — вып. III. — С. 1 — 84;
* Несколько слов о могиле святого Коркут-ата // Записки Восточного отделения Русского археологического общества. — 1894. — Т.VIII;
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1895. — вып. IV. — С. 1 — 61;
* Несколько слов о могиле святого Хорхот-ата // ЗВОРАО. — 1896. — № 10. — С. 193
* Месяца по киргизскому стилю с обозначением народных примет // ИОАИЭ. — 1896. — Т. XIII. — вып.4. — С. 283—286;
* Причитание // Туркестанские ведомости. — 1896. — № 83. — С.350; Ташкент, 1896. — С. 1 — 5;
* Рассказ об Алангасар-алифе // ЗВОРАО. — 1896. — Т. XI. — С. 292—297;
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1896. — вып. V. — С. 1 — 60;
* Киргизская былина о Бикет батыре. — Казань, 1897. — 72 с.;
* Древнекиргизские похоронные обычаи // ИОАИЭ. — 1897. — Т. XIV. — вып. II. — С. 181—187;
* Киргизские афоризмы // Окр. — 1897. — № 34;
* Киргизское описание солнца, находящегося на небесах ИОАИЭ. — 1897. — Т. XIV. — вып.3. — С. 370—377;
* Киргизский рассказ о звёздах // ИОАИЭ. — 1897. — Т. XIV. — вып.3. — С. 366—369;
* Материалы этнографические о происхождении албасты, Джинна и Дива (народные легенды) // ИОАИЭ. — 1897. — Т. XIV. — вып. II. — С. 226—233;
* Олян: Киргизская любовная песня // Окр. — 1897. — № 27;
* О происхождении злых духов по верованиям киргизов Сыр-Дарьинской области. Отчёт о ЗАСЕДАНИИ Общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете 31 января 1897 года // Волжский вестник. — 1897. — № 31;
* Памятники киргизского народного творчества // Уч. ЗКУ. — 1897. — XI. — С. 1 — 72;
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1897. — вып. VI. — С. 91 — 122;
* Киргизские причитания по покойнику, записанные в Сыр-Дарьинской области // ИОАИЭ. — 1898. — Т. XIV. — вып.5. — С. 558—571;
* Из области киргизских верований. Баксы как лекарь и колдун: Этнографический очерк // ИОАИЭ. — 1899. — вып.3. — С. 307—344; Казань,1899;
* Киргизские колыбельные песни // ИТРГО. — 1900. — Т.II, вып.1. — С. 111—119;
* Предание о возникновении города Ташкента // ПЗСЧТКЛА, 1899—1900. — Т.5. — С. 145—151;
* Предание о происхождении узбеков // Турк. ведомости,1900. — № 97; Ор. Лг., 1901;
* О свадебном ритуале киргизов Сырдарьинской области // Уч. ЗКУ. — 1900. — кн.4. — С. 1 — 27;
* Предание о происхождении узбеков // Ор. Лг. — 1901. — № 1;
* Предание о Хазрети-Исмаил-ата // туркестанские ведомости. — 1901. — № 20,24,25;
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1901. — вып. IX. — С. 1 — 65;
* Алача-хан: Киргизская сказка // Туркестанские ведомости. — 1903. — № 90;
* Как Алдар-Косе надул черта: Из киргизских побасёнок // Туркестанские ведомости. — 1902. — № 10;
* Киргизские болезни и способы их лечения // Туркестанские ведомости. — 1902. — № 43,80;
* Памятники киргизского народного творчества. Алпамыс-батыр // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1902. — вып. Х. — С. 3 — 41;
* Сказки киргизов Сыр-Дарьинской области / Пер. с кирг. // Этнографическое обозрение. — 1903. — № 1. — С. 98 — 111;
* Сказки киргизов Сыр-Дарьинской области // Этнографическое обозрение. — 1904. — № 1. — С. 91 — 114;
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1904. — вып. XI. — С. 1 — 20;
* Царь-девица и чёрный раб: Киргизская сказка // Тургайская газета. — 1904. — № 18;
* Из области казахского скотоводческого хозяйства // Тургайская газета. — 1905. −30 янв.(№ 5);
* Игры киргизских детей // Тургайская газета. — 1905. — 13 нояб.; Туркестанские ведомости. — 1905. — № 152;
* Киргизские пословицы // Туркестанские ведомости. — 1905. — № 113. — С. 695;
* Мавзолей Кок-Кесене. Историко-археологическая заметка // ПЗЧТКЛА. — 1905. — Т. Х. — С. 40 — 42;
* Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1905. — вып. XII. — С. 1-32;
* Семь сказок киргизов Сыр-Дарьинской области // Этнографическое обозрение. — 1906. — N1/2. — С. 114—127;
* Четыре века // Туркестанские ведомости. — 1906. — № 24. — С. 148;
* О народном суеверии // Этнографическое обозрение. — 1907. — № 4. — С. 123;
* Древние игры киргизской молодёжи // Туркестанские ведомости. — 1907. — № 54. — С. 346—547;
* Киргизские афоризмы // Этнографическое обозрение. — 1907. — Т3. — С. 97;
* Олян: Любовная песнь // Этнографическое обозрение. — 1907. — № 3. — С. 96 — 97;
* Этнографические материалы. Киргизские сказки о похождении трёх плешивых // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1907. — вып. XIII. — С. 1-3;
* Баксы // Сем. ОВ. — 1908. — № 70;
* Ит-ала-каз // Этнографическое обозрение. — 1908. — № 1-2. — С. 149—150;
* Как киргизы развлекают детей // Этнографическое обозрение. — 1908. — № 1/2. — С. 150;
* Легенда о великане Адж по прозвищу Алангсар-Алиф // Туркестанские ведомости. — 1908. — № 83;
* Киргизская легенда о ветхозаветном великане Адже // ИОАИЭ. — 1908. — Т. XXIV, вып.5;
* Как восьмидесятилетняя старуха родила сорок ушей // Этнографическое обозрение. — 1909. — № 4. — С. 90 — 95;
* Образец казахского эпоса: [Легенда о ветхозаветном Адже] / Публ. А. Диваева // Тургайская газета. — 1909. — 5 апр.;
* О трёх мыслящих братьях. Из киргизских сказок // Туркестанские ведомости, 1909. — № 67,71,73,75,77;
* Похищенная царевна // Этнографическое обозрение. — 1909. — № 1-2. — С. 88 — 90;
* Приметы киргизов во время путешествия // Зап. РГО по отделению этнографии. Сборник в честь Г. Н. Потанина, 1909. — Т. XXXIV. — С. 483—488;
* Заклинание и призыв ветра. Из киргизских поверий // Этнографическое обозрение. — 1910. — № 1-2. — С. 131—133;
* Киргизский заговор против укуса ядовитых насекомых и пресмыкающихся // Этнографическое обозрение. — 1910. — № 1-2. — С. 128—130;
* Сказки киргизов Сыр-Дарьинской области // Этнографическое обозрение. — 1912. — № 1/2. — С. 200—208;
* Великан Алпамыс. Из киргизских сказаний // Туркестанские ведомости. — 1916. — № 217—218;
* Киргизский сал // Туркестанские ведомости. — 1916. — № 222;
* Легкомысленная Маиз-Гуль. Из киргизских анекдотов Чимкентского уезда // Туркестанские ведомости. — 1916. — N241;
* Шура, сын Нарик батыра // Туркестанское слово. — 1917. — № 54, 55;
* Приметы киргизов // Народный университет. — 1918. — № 50;
* Шора. — Ташкент, 1922;
* Олень и осел: Из киргизских побасёнок // Труды ОИККр. — 1922. — Вып.3. — С. 127—130;
* Сорок небылиц. Из киргизских сказок Аулиэ-Атинского уезда // Труды ОИККр. — 1922. — вып.3. — С. 138;
* Шура, сын Нарик батыра // Труды ОИККр. — 1922. — вып.3. — С. 117;
* Казахские пословицы. — Ташкент, 1927.- 8с.;
* Баксы в жизни киргиза // Известия Среднеазиатского комитета по делам музыки и охраны памятников старины, искусства и природы. — 1928;
* Казахская народная поэзия / Сост. Н. С. Смирнова, Г. М. Гумарова, М. С. Сильченко, Т. С. Сыдыков. — Алма-Ата, 1964. — 256с.;
* Казахские народные приметы // Мадениет. — 1993. — 15 — 31 марта (№ 6). — С. 12.
## Әдебиет
* Гордлевский В.А., Аубакир Диваев, "Живая старина", 1916, в. 1;
* Смирнов Н.С., А.А. Диваев-фольклорист, "Вестник АН КазССР", 1957, N»1;
## Дереккөздер |
Добрунов Леонид Георгиевич (9 наурыз 1907 ж., Украина, Полтава қаласы – 3 мамыр 1982 ж., Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1952), профессор (1953), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1954).Полтава ауыл шарушылық институтын бітірген (1927). 1945 жылдан Қазақстанда қызмет жасаған. 1945–58 ж. және 1961–68 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында сектор, бөлім, лаборатория меңгерушісі, сонымен қатар ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) профессор болған. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдік физиологиясына арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
http://histpol.pl.ua/pages/content.php?page=1776
## Дереккөздер |
Добросмыслов Александр Иванович (1854 – 1915) – қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеуші. Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің және ғылыми архив комиссиясының мүшесі. 1888 – 1901 ж. Торғай облысында мал дәрігері болып қызмет істеген. Қазақ ауылдарын аралап, қазақ халқының сан қырлы шаруашылық өмірімен, әдет-ғұрпымен танысқан. «Торғай облысындағы халықтың қоныстануы туралы» (1893), «Торғай облысы қырғыздарының XVIII – XIX ғасырлардағы сот құрылысы» (Қазан, 1904), т.б. қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қатысты бірқатар еңбектер жазған. Кейін Орынборда тұрып, жергілікті губерниялық архив қорын зерттеді. Нақты құжаттар негізінде XVIII-ғасырдың 1-жартысындағы Орынбор өлкесі тарихына қатысты құнды құжаттар жинаған («Ресей тарихы туралы материалдар», 1, 2-т, 1900) және XVIII – XIX-ғасырлардағы Батыс Қазақстан тарихы жөнінде «Торғай облысы» (1 – 3 т., 1900 – 02) аталатын 3 томдық ғылыми еңбегі жарық көрді. Добросмыслов өмірінің соңғы жылдары Түркістан өңірін, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеп, сол өлкенің тарихына «Ташкенттің бұрынғы және қазіргі тарихы» (1912), «Сырдария облысының қалалары (Қазалы, Перовск, Түркістан, Әулиеата, Шымкент)» (1912) атты еңбектерін арнады.
## Дереккөздер |
Ғазиз Ниязұлы Доғашев (1917–2008) – дирижер, Қазақстанның халық әртісі (1957).
М.Төлебаевтың Біржан – Сара, Қ.Қожамияровтың Назугум, Ю.С. Мейтустың Ағайынды Ульяновтар, З.П. Палиашвилидің Даиси операларының, Н.Тілендиев, Л.Б. Степанов және Е.В. Манеевтердің Достық жолымен, Б.В Астафъевтің "Бақшасарай бұрқағы" балеттерінің спектакльдеріне дирижерлік етті.
* 1951-56 жылдары Мәскеудегі Үлкен театрда дирижер.
* 1959-63 жылдары Украинаның опера және балет театрында дирижер.
* 1963-66 жылдары "Мосфильм" киностудиясы симфониялық оркестрінің дирижері болды.
* 1966-69 жылдары Беларусь опера және балет театрында бас дирижер қызметін атқарды.
* 1951 жылдан педагогикалық қызметпен (Алматы мен Мәскеу консерваторияларында) шұғылданды.
* 1974 жылдан Беларусь консерваториясының доценті
* 1982 жылдан Мәскеудегі Мәдениет институтының профессоры
## Марапаттары
* Қазақстан Мемлеекттік сыйлық иегері (1972)
* Еңбек Қызыл ту
* Құрмет белгісі, т.б. ордендермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Диуани лұғат-ат-түрк — Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.
Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.
## Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.
## Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы
Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:
"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен."Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.
## Дереккөздер |
Дойыр — жуан өрімді қамшы. Өрімі жұмыр, кейде торт қырлы болып келеді. Өрімнің арасына қайыстан жұмырлай ширатылған өзек салып, сыртын таспамен тоқи өреді. Таспа кебе келе көнге айналып, өте қатты әрі берік болады. Әдетте, дойырдың сабын ырғай, тобылғы тәрізді қатты ағаштан жасап, мықты болуы үшін ұшы мен дүмін металмен құрсаулап қояды. Кейде өрімнің ұшына тас не металл тобыршық бекітеді. Өрім мен сап тілше қайыс арқылы бекітіледі. Қайыстың сапқа бекітілетін ұшының үстіне сәндік үшін жұқа жез салынады. Дойырдың сабы да күміс, жезбен әшекейленіп, қолға ұстайтын жағына бүлдірге өткізіледі. Дойыр қару ретінде қолданылған.
## Дереккөздер |
Доғал Шайқасы, Доғал–Үрпек соғысы – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі А. Иманов бастаған Торғай көтерілісшілерінің Ресей үкіметінің жазалаушы отрядына қарсы соңғы соғысы. Шайқас 1917 жылы 22-23 ақпан күндері Доғал қопасы мен Үрпек қонысы аралығында болған. Бұл кезеңде көтерілісшілердің негізгі күші Торғай қаласынан 150 шақырым қашықтықтағы Батпаққара елді мекенінің маңындағы Жалдама, Торғай өзендерінің бойына орналасқан еді. Ал екінші бөлігі Торғай қаласынан 140 шақырым жердегі Жыланшық өзенінің бойына, үшіншісі қаладан 80 шақырым қашықтықтағы Перовск жолының бойында топтастырылған. Сөйтіп Перовск-Ақмола аймағының аумағы 150 шақырымдық жерін камтыған. Торғайдағы көтерілісті біржолата басу мақсаты мен арнайы ұйымдастырылған генерал-лейтенант Лаврентьев басқарған жазалаушы отряд құрамындағы полк. Тургенев басқарған 13-орынборлық казак полкі Торғай-Жыланшық өзендерінің бойындағы көтерілісшілерді жоюды мақсат етті. Полк кұрамында 6 казак жүздігі, 1 атты батарея взводы, 1 жаяу әскер батареясы взводы, 6 пулемет, 4 зеңбірек болды. Бұл қарулы полк 18 ақпанда Қарақоға болысының 6-ауылын, 21 ақпанда Құмкешуді басып алып, Батпаққараға жетті. 22 ақпанда Доғал аңғарында көтерілісшілерге қарсы соғыс басталды. Амангелді Иманов бастаған көтерілісшілер полкі Тургеневтің осы қарулы полкіне 20 мың сарбазбен қарсы тұрды. Олардың қатарында білтелі мылтық, бердеңкелермен қаруланған 171 мерген болды, қалғандары айбалта, қылыш, найза, шоқпар ұстаған атты сарбаздар еді. Шайқас қарсаңында өткізілген соғыс кеңесінің ұйғаруы бойынша, қолына қару ұстамаған ел түгел дерлік қырдағы қопаларға көшірілді. Арнайы соғыс жоспарына сай Жалдама, Сымтас өзендері бойын - Қараторғай, Көртоғай, Сарыторғай болыстарының, Сарықопа, Мұқырды - Сарықопа, 1-Науырзым, 11-Науырзым болыстарының, Қарасу, Доғал, Сорбұлақты - Қараторғай, Қайдауыл, Аққұм болыстарының сарбаздары мен Көкшетау, Әулиеата, Түркістан, Ақтөбе, Байқоңыр, Қарсақпай, Атбасар, Жаңақала, Ақмешіттен келген көтерілісшілер қорғауға тиісті болды. Сорқұдық, Кемер, Тоқанай бойын - Қарақоға, Тосын, Шүбалак болыстарының сарбаздары қорғады. Күші басым жазалаушылар отрядына қарсы екі күнге созылған ауыр айқаста Амангелді батырдың колбасшылық қабілеті айрықша көрінді. Дұшпан шебіне оқыстан шабуыл жасау, күтпеген жерден тосқауыл қою, жазалаушыларды оппа карға, жылымға түсіріп, тез шегініп кету сияқты тапқыр айла-әрекеттер жасап бақты. Ақыры 23 ақпан күні ымырт үйіріле екі жақтан да атыс тоқтатылды. 24-25 ақпанда Тургенев полкі қайтыс болғандар мен жаралы жауынгерлерін 45 шанаға тиеп, Торғайға шегініп кетті. Доғал Шайқасы Торғай көтерілісшілерінің ұйымдық жағынан бекіп, соғыс шеберлігін меңгерген қарулы күшке айналғанын, сарбаздардың бостандық жолындағы күрестегі табандылығы мен жеңіске деген жігерін танытты. Көп ұзамай Ресейде Ақпан төңкерісі жүзеге асырылды да, Торғайдағы жазалаушы отрядтардың шапқыншылықтары тоқтатылды. Сөйтіп Торғай көтерілісшілері өздерінің алға қойған мақсатын орындап шықты. Қазір Доғал Шайқасы болған жерлерге ескерткіш тақталар орнатылған.
## Дереккөздер |
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады. Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.unesco.kz/natcom/turkestan/r12_divan.htm
## Дереккөздер |
Домбағұл – орта ғасырлардан сақталған көне сарай қалдығы. Қарағанды облысындағы Ұлытау кентінен солтүстікке қарай 80 км жерде, Арғанаты тауының батыс етегінде орналасқан. Оңтүстік Қазақстанды қоныстанған қыпшақтардың Домбағұл сынды көптеген сарайларының болғандығын XX ғ-дағы араб ғалымы Идриси мен XIII ғ-дағы саяхатшы Рубрук жазып қалдырған болатын. Сарайдың қалдығын XVIII ғ-дағы орыс саяхатшысы Н.П.Рычков пен XIX ғ-дың басында қырды аралауға шыққан кен инженері И.Шангин де көріп тамашалаған. 1946–50 ж. Ә.Х.Марғұлан (Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы) сарайдың ғылыми сипаттамасын жасады. Кейін Ж.Смайылов зерттеген. Домбағұл осы өңірдегі Алаша хан бекінісінен кейінгі күшейтілген ірі қамал орнына жатады. Төрт жағынан ормен және қорғаныс жалдарымен қоршалған төртбұрышты алаңқай түрінде салынған. Сарайда көлемді қазба жұмыстары жүргізілмеген, шағын мөлшердегі ұңғымадан көптеген мал сүйектері алынды. Сарай маңындағы кішірек жылғаның айналасынан егістік орындар мен суландыру жүйесінің қалдықтары табылды. Домбағұл жергілікті билеушілердің күшейтілген бекініс ордасы болған. Сарайдың салынған мерзімі жайында ғалымдар арасында екі пікір бар. Марғұлан мұны Ақ Орда кезеңіне (XIV–XV ғ-лар) жатқызса, Смайылов одан ертерек уақытқа, IX–XI ғ-ларды қамтитын оғыз-қыпшақ заманына жатқызады.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.ylutay.kz/dombaul.php(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Домбауыл кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағасында.
Астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған. Астыңғы бөлігінің аумағы 8,9×7,9 м, қабырғасының қалыңдығы 2 м-дей, ішінің аумағы 4x4 м, есігі сопақшалау етіліп оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған. Бұған жалпы биіктігі 1,2 м болатын төрт баспалдақ арқылы кірелі. Кешеннің еденіне тас аралас тапырық жайып, оның үстіне жалпақ тақта тастар төселген. Қабырғалары Зм-ге көтеріліп барып, көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінен бергі ежелгі дәстүрінен алынған. Осы дәстүрді кешеннің төбесін жабу кезінде де қолданған. Кешен ұзақ уақыт жақсы сақталып, бертін келе біршама қираған. Ескерткіштің дәл мерзімін анықтайтын дерек әзірге жоқ. Қазақстан жеріне тән сыртқы тұрқына қарап, ғалымдар оны ислам діні дендеп ене қоймаған кезеңге жатқызады (8-9 ғ-лар). Т.К. Басенов пікірі бойынша Домбауыл дыңы XVI-XVIII ғасырда салынған. Қазақ арасында мұндай киіз үйге ұқсата созып барып қүмбезделген тас қесенелерді "үйтас", "дың" деп те атаған, бұлар әр аймақтарда белгілі және көбірек тараған жері Орталық Қазақстан, әсіресе, Торғай өз-нің бойы. Қара Жыланды өз-нің бойындағы Қара-дың ескерткіші Домбауыл кешеніне өте ұқсас.
Домбауыл кесенесі ғалымдардың пікірінше Орталық Қазақстандағы ең көне құрылыстардың бірі болғанымен есте қалады. Домбауыл ғұндар билеген кезде салынған болып есептеледі. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, ал өзінің болғаны тарих пен мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады. Кесене ғимараты биіктігі бес метрден асатын конус тәрізді (шошақ пішінді) төртбұрышты негізге қойылған, тас плиталарынан құрылған.
## Дереккөздер |
Юрий Осипович Домбровский(12 мамыр 1909, Мәскеу – 29 мамыр 1978, Мәскеу) – орыс жазушысы, аудармашы.
* 1933-39 жылдары мектепте мұғалім, директор
* Қазақстан мемлекеттік орталық музейінде аға ғылыми қызметкер.
* Бірнеше рет репрессияға ұшырады, тек 1956 жылы ақталды.
* 1956 жылы Мәскеуге қоныс аударды. Романдары жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік сияқты адамгершілік мәселелеріне арналған. «Гоголь көшесіндегі ағаш үй» атты естеліктер кітабында (1973) қазақ қаламгерлері туралы жылы лебіздер айтқан. «Шығармашылық ерлік» деген мақаласында Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын көркемсөзде жасаған нағыз ерлікпен пара-пар деп бағалаған («Дружба народов», 1958, №11).
## Дереккөздер |
Домалақ Ана Кесенесі — Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында. Халық арасында Домалақ ана атанған Нұрила Әли Сыланқызының зиратына тұрғызылған.
Домалақ ана - есімі Нұрила 1378–1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Яссы қыстағында туған. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике - Уәйіс ханның апасы еді. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домала ана), Түркістандағы әкесі Мақтым Ағзам қожаның үйінде қалдырады.
Бірде Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым Ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Яссауидің қызы - Гауһар бибінің ұрпағы еді. Нұрила - араб сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама», яғни Әулие ана мағынасын білдіреді. Кейіннен Дихнат деген сөз Домалақ деп ауыстырылған.
Нұрила (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Нұрила ана 1456 жылы мамырдың 28 жұлдызында қайтыс болған, сол жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. XI–XV ғасырлар аралығында Домалақ ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен. Домалақ ана кесенесі жерден 12 метр биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Аңыз бойынша, Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам өте алады. XX ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған.
1906–1908 жылдары Ресейден қоныс аударып келген орыстардың тобыры күмбез-ескерткіштерді бұзып талқандап жібереді. 1908 жылдың жазында ақын Орынбай Тайманов (1867–1949) жаңа ескерткіш күмбез салдырады. 1942–1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады, бірақ ол көп сақталмаған. 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастармен қайта қаланды. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков. Домалақ ана мұражайында түрлі көне қолжазбалар, қолдан жасалған көптеген заттар сақталған. Домалақ ана кесенесі - көпшілік тәу етер қасиетті орын.
## Дереккөздер |
Дондук Дашы(т.ж.б. – 1761) – Еділ қалмақтарының ханы. 1741 ж. 14 қыркүйекте Астрахан губернаторы В.Н. Татищевтің (1689 – 1750) тікелей қатысуымен ханның мирасқоры болып жарияланды.
## Дереккөздер |
Доңызсырт, сарыкүйік (лат. Kobresia) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алтайдың, Сауырдың, Тарбағатайдың, Жоңғар (Жетісу) Алатауының, Тянь-Шаньның субальпілік және альпілік шалғынында өсетін 6 түрі бар. Көбірек тарағаны – Смирнов доңызсырты (С. smіrnovіі). Оның биікт. 15 – 45 см, сабағы тік, жіңішке. Жапырағы қабыршақты, сары қоңыр түсті, масағы (ұзындығы 10 – 20 мм) сабақ ұшына орналасқан. Гүлі дара жынысты, әрбір масағында 7 гүлі бар. Аталығы 3, аналығы 1, жемісі – жаңғақ. Маусым– шілде айларында гүлдейді. Өте құнарлы мал азығы. 1 га жерден 4,5 – 11,0 ц өнім алуға болады.
## Дереккөздер |
Тұрғанбай Нұрланұлы Досжанов (15.05.1928 жылы туған, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы — 16.8.2019, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1984), профессор (1993).
Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) бітірген. 1955–57 ж. Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1957–67 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі, ректордың оқу ісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1967–71 ж. Зоология институтында лаборатория меңгерушісі, 1971–87 ж. директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1991–94 ж. осы институттың директоры болды. 1995 жылдан Зоология институтының бас ғылыми қызметкері.
## Дереккөздер |
Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
## Жалпы мәліметтер
* ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1964).
* 1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер,
* 1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор,
* 1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
* Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.
## Шығармашылығы
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды. Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең.
* «Отырар» (1965),
* «Фараби» (1965),
* «Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен романдарына тарихи оқиғалар арқау болса,
* «Зауал» (1970),
* «Кісі ақысы» (1978),
* «Дария» (1975),
* «Табалдырығыңа табын» (1980),
* «Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған.
Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен
* «Мұхтар жолы» (1983-1987 жылдары жазылған; 1988 жылы «Жазушы» баспасында жарияланған),
* «Абай айнасы» (1994),
* «Алыптың азабы» (1997) романдары өз алдына бөлек топтама құрайды.
Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның
* «Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан;
* Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990),
* «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996),
* Он үш томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (2002-2003, «Білім» баспасы),
* Төрт томдық (2008, «Фолиант» баспасы).
Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы.
## Марапаттары
* ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996),
* М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987).
* Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы.
* «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған.
* Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын,
* 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған.
* Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-ші томына,
* «Ұлттық энциклопедияның» 3-ші томына,
* «Абай энциклопедиясына»,
* Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.
## Дереккөздер |
Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев (30 қараша 1955 жыл, Ақтөбе облысы Алға қаласында туған) - Қазақстан Республикасы бұрынғы денсаулық сақтау министрi. Медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР МҒА академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен, М.Ломоносов орденімен және «Гипократ» орденімен марапатталған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монографияның, 50-ден астам өнертабыстың авторы.
## Білімі
Білімі жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Кейіннен КСРО МҒА Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында клиникалық ординатураны бітірген.
## Қысқаша өмірбаяны
* 1955 жылдың қарашаның 30 Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.
* 1973 жылы Ақтөбе облысының Алға қаласындағы В.И.Пацаев атындағы №2 орта мектепті бітірген.
* 1979 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық Институтын үздік бітірді.
* Еңбек қызметін Алға аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастап, содан бас дәрігердің орынбасары болып қызмет істеді.
* 1988 жылы КСРО МҒА-ның Бүкілодақтық ғылыми хирургиялық орталығындағы клиникалық ординатураны бітірді.
* 1988 жылдан Ақтөбе Мемлекеттік Институтында аға лаборант, әрі қарай жалпы және госпитальдық хирургия кафедрасында ассистент болып қызмет істеді. 1989 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
* 1993 жылдан 1995 жылдарда А.Н.Сызғанов атындағы Ғылыми-зерттеу институтындағы клиникалық және эксперименттік хирургияда қызмет атқарды, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер жолын өтті, ал 1995 жылдан эндоскопиялық хирургия бөлімін меңгерді.
* 1994 жылы докторлық диссертацияны қорғады.
* 1997 жылы оған профессор атағы берілді, 1999 жылы ҚР ҒМА мүшесі болып сайланды.
* 1998 жылдан 2000 жылдың тамыз айына дейін Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық Академиясының Ректоры болып қызмет атқарды.
* 2000 жылдың тамыз айында Денсаулық сақтау жөніндегі ҚР Агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды.
* 2004 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін «Қазақ Мемлекеттік Медициналық Академиясы» РМҚМ-нің Ректоры болып қызмет істеді.
* 2007 жылдың қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдениеттік дамыту жөніндегі Комитеттің Төрағасы.
* 2008 жылдың қараша айынан - 7 қазан 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
* 2013 жылдан бастап Республикалық трансплантация орталығын басқарады.
## Дереккөздер |
Долинка (Қоңыртөбе) — Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты кент.
## Географиялық орны
Шахтинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1909 жылы қаланған. 1909 жылы Халық Ағарту министрлігінің атынан мектеп пен ғибадатхана тұрғызылды, мың пұт астыққа арналған қоғамдық қойма салынды. Кусаин Абузаров, Яков Батерфельд, Павел Семенов және Григорий Черных сауда жасаған төрт азық-түлік дүкені болған. Жыл сайын 20-ы ақпан мен 1-ші қыркүйек арасында жәрмеңкелер өткізілген. 1931–59 жылдары КСРО-ның ГУЛАГ жүйесіне қарасты Қарағанды лагерлерінің (Карлаг) орталығы болды. Кентте Долинка шахта құрылысы кәсіпорны бар.
Долинкадан алыс емес жерде "Мамочкино кладбище" мемориалдық кешені орналасқан және онда 1930-1940 жылдары балалар мен олардың аналары, яғни Карлаг тұтқындары жерленген. Жерлеу орындары бұрынғы Карлаг басқармасы ғимаратынан бірнеше шақырым жерде орналасқан. "Мамочкино кладбище" мемориалдық кешенінің аумағында Карлаг лагерлерінде қаза тапқан украиндықтарға ескерткіш ашылған. Ескерткіш 2005 жылы 21 қыркүйекте ашылды және репрессияға ұшыраған украиндықтарды мәңгі еске алады. Олардың қатарында діни қызметкер Алексей Зарицкий болды. Ол 2001 жылы 27 маусымда Рим Папасы Иоанн Павел II-нің сапары кезінде 28 Украиналық грек католиктерінің қатарына қосылған болатын. Монумент Украиналық грекокатолиялық шіркеу өкілдерінің бастамасы бойынша бір кездері Карлаг еңбекпен түзеті лагері (қазіргі Карлаг мұражайы) орналасқан аумақта орнатылды. Зират ресми түрде 1960 жылдардың басында жабылды және 2003 жылы ғана мемориалдық кешен мәртебесін иеленді.
## Халқы
1909 жылдың соңына қарай Долинкада 280 отбасы, барлығы 1634 адам (812 әйел және 822 еркек) болған. Еділден келген шаруаларға 15303,4 оңдық жер берілген .
## Дереккөздер |
Әбілқайыр Ысқақұлы Досов (1899, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысы – 1937) – қоғам қайраткері. Алаш партиясына арыз жазған, түрмеге қамаған.
## Өмірбаяны
* 1916 жылы Омбы орыс-қырғыз (қазақ) жетім балалар пансионында тәрбиеленіп, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту үйірмесіне мүше болған.
* 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қырғыз (қазақ) кеңесі және облысы революциялық трибунал мүшелігіне сайланды.
* Кейін төтенше комиссияның ерекше отрядын басқарды.
* Көкшетау облысы төтенше комиссиясының инспекторы, РК(б)П ОК Сібір бюросы жанындағы татар, қырғыз (қазақ) секциясының хатшысы, «Кедей сөзі» газетінің редакторы қызметтерін атқарды.
* 1920 жылы қазан айында өткен Қазақ кеңестерінің 1-құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің төралқа мүшесі және хатшысы болып сайланды.
* 1922–1926 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің, Түркістан облысы ревкомының, Орал облысы атқару комитетінің төрағасы
* 1926–1927 жылдары Қазақстанның БОАК жанындағы өкілі болды.
* 1927 – 1930 жылдары БОАК төралқасының мүшесі
* 1930 – 1937 жылдары БК(б)П ОК-нің нұсқаушысы
* Шығыс Қазақстан облысының партия комитетінің 2-хатшысы
* Ақтөбе облысы партия комитетітінің 1-хатшысы
* 1937 жылдан Шымкент қалалық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған.
* 1933 – 1937 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің, Қазақстан КП ОК-нің, БОАК және Қазақ ОАК-нің мүшесі болып сайланған.
* БК(б)П 17-съезінің делегаты болды.
* 1937 жылы 28 қарашада жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесілді.
* 1956 жылы 12 қазанда ақталды.
## Дереккөздер |
Досбол Қорлыбайұлы, Досбол би (1800, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – 1890, Шиелі ауданы) – би, қоғам қайраткері. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Көзей руынан шыққан.
Сыр бойын мекен еткен атақты да беделді би халық тыныштығын сақтау үшін көп арпалысып, даулы мәселелердің шешімін тауып білетін данышпан би болатын. Қоғамда айрықша орын алғанм маңызды адам, сөзге жүйрік шешендердің бірі болған.
Досбол би ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен, ел мен елді бітістіріп, әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен халық арасында зор беделге ие болған адам. Ол «Бәрінен сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, таппай айтсаң, келеке қылады» деп, аталы сөзді бәрінен жоғары қояды. Досбол би ел тынышын кетіріп, қанау-тонау саясатын жүргізген Қоқан бектерін ашық сынап, жолыққанда сөзбен түйреп отырған. Содан қуғынға ұшырап, екі-үш жыл Арқаға барып паналаған. Досбол би ағайын арасындағы араздықтың ел берекесін кетіретінін айтып, Әжібай би мен Торғай датқаны бір ауыз сөзбен татуластырыпты («Іс түскенде басыңа, Тумаң тұрар қасыңда, Түбі бірге түртпейді, Туғанға ешкім жетпейді»). Бірде Қошқар батырға сәлем беруге барса, ол биге: «шырағым, сен Жиренше шешенбісің, әлде Алдаркөсемісің?» депті сынау үшін, сонда ол: «Төбеге би, төскейге қол жеткенде, мен Жиреншемін, ал жанға зор, жағаға қол жеткенде, мен Алдаркөсемін» деп жауап қатыпты. Досбол бидің талай айтыс-тартыстарда (найман Көкшолақ бимен, Арқадағы Нұржанмен, т.б. шешендік, билік сөз таластары) айтқан ұтымды жауаптары, нақыл сөздері мақал-мәтел іспеттес болып, халық арасына кең тараған. Бейіті Оқшы ата қорымында. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе Қостанай атырабындағы орта жүздің Момын деген атасынан, енді бір аңызда Сыр бойындағы қыпшақтар арасынан шыққан атақты би деп аталады. Досболдың туған жылы да беймәлімдеу. Атақты Ыбырай Алтынсариннің атасы Балқожа би 19-ғасырдың алғашқы жартысында туып, 1860 жылы өлген. Сонда 12 жасынан билікке араласып, Балқожа биден ат мініп, сый-сияпат көріп жүрген Досбол 1844–1848 жылдары туылып, жасы тоқсаннан асып қайтқан ғой деп шамалаймыз.
*
Досбол би жолаушылап келе жатып жортуылда жүрген Қошқар батырға кездеседі. Екеуі де бірін-бірі сырттан естігені болмаса, жүзбе-жүз танымайды екен. Аты-жөндерін сұрасып, амандасқаннан кейін Қошқар батыр:- Уа, Досбол, сен кімсің? Жиренше шешенбісің, әлде Алдар Көсемісің, маған соны айтшы? - депті.Сонда Досбол мүдірместен:- Төскейге ат толғанда, төбеге топ толғанда - Жиренше шешенмін. Жылжып өтер жер кездескенде Алдар Көсемін, жағаға қол жармасып, жан алқымға таянғанда батырмын, - деген екен.
*
Досбол қарауыл Ордабайды ертіп Шекті еліне дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілтектік қып күле беріпті. Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін?
Шөлде жүрген дуадақ
Көл қадірін не білсін?
Тауда жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен
Ордабай күлмей, кім күлсін! -
дегенде, Ордабай күлкісін тия қойыпты.
*
Бір күні жиынның ортасында отырған Досбол шешеннен біреу:
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба? -
Бәрінен сөз бастау қиын,
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады!
деп сұрайды. Сонда Досбол:
- Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңына ерген елің болса.
Азған жерге сұңғыла шығар,
Оның гүлдері шұбар-шұбар.
Дөңбектей тамыры болар,
Сол уын қауынға жаяр.
Қауынның пәлегі солар,
Ер еңбегі зая болар, - депті.
## Дереккөздер |
Дос-Мұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды.
## Топтың тарихы
1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды.
## Шығармашылығы
Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” — Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” — Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың” — Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” — М.Құсайынов) орын алды.Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды.
Танымал әндері
* Бәрінен де сен сұлу
* Ты — моя мечта
* Куә бол
* Той жыры
* Құдаша
* Дударай
* Туған жер
* Сұлу қыз
* Назқоңыр
* 16 қыз
* Қарлығаш
* Жанарым
* Ахау бикем
* Ақ сиса
* Алатау
* Алматы түнi
* Арал
* Қайдасың
* Су тасушы қыз
* Шофер келеді Қырманға
* Ауылың сенің іргелі
* Қуанышым менің
* Ләйлім-шырақ
* Бойжеткен
* Ғашықтар әні
* Жыр жазамын жүрегімнен
* Сағындым сені
* Күт мені
* Әпитөк
* Бақытқа барар жолда
* Бетпак Дала
* Ахау бикем
* Аяулым
* Қыздар-ай
* Сен менің ертегімсің
* Айгөлек
* Гүл қала
* Ғашықтар әні
* Далам менің
## Топ құрамы
## Дискографиясы
Альбомдары
* 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ 0004363-4
* 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003443-4
* 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003445-6
* 1976-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-07677-78
* 1980-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ00 791, (компакт-кассета)
* 1983-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-19101-009,
Компиляциялары
* 1972 — 33ГД-0002911 Кругозор 1972 N5 (11) Первый оттиск. Казахские молодежные ансамбли «Дос-Мукасан» и «Айгуль».
* 1977 — Г92-06497-98 Кругозор N12(11) Ансамбль «Дос-Мукасан» (Казахстан)
* 1980 — С60 13531-2, Песни о целине
## Жетістіктері
Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974).
## Топ мүшелері
Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов, М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Н.Құсайынов, А.Мейірбеков.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ұжымның дискографиясы |
Жаһанша (Жанша) Досмұхамедов (1886, Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы, № 1 ауыл – 1937, Мәскеу облысы) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер.
## Өмірбаяны
* 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
* 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1-Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған.
* 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
* 1917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пікір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
* 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
* 1918 жылы 6 мамырда Жымпиты өлкесінде өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уақытша үкіметінің төрағасы болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылымдар ашылады.
Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.
Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.
* 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан» Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына Алашорданың батыс бөлімшесі құрылады. Бөлімшенің құрамына Б. Құлманов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және Е.Тұрмұхамедовтер кіреді. Төрағасы болып Ж.Досмұхамедов сайланады.
Ж.Досмұхамедов көптеген уақытша өкімет орындарымен келіссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлімдемелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын түсіндірумен болды. Яғни мына алмағайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл Ресейде түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да Кеңес өкіметімен, яғни Түркістан майданының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына:
* қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия;
* екі жақтың теке-тіресінің ортасында қалған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен талан-тараждан аман сақтау болып табылады деп шегелеп көрсетеді.
Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысымен, қазақ даласынан аластатылып, оқшауландырылуға жататын Батыс Алашорда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының штабына, ары қарай Мәскеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат дайындап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троцкийге табыстайды.Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.
* 1920-25 жылдары Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандығы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының мәжілістерінде кездесіп жүрген.
* 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байланысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.
* Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.
## Дереккөздер |
Аққағаз Досжанова (1893 жыл, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрті болысы, 5-ауыл - 1932, Шымкент) - Қазақтың талантты да, ұлтшыл аяулы қызы, .
## Өмірбаяны
* 1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге барып, медицина курсына қабылданады. Сол кезден бастап елдің жоғын жоқтаған, қайраткерлігімен өз ортасынан суырылып алға шыққан.
* 1917 жылы қазақ зиялылары ұйымдастырған Мәскеудегі Татар слободасындағы медреседе өткен бас қосуға қатысып, мұсылман елдерінің азат болуы туралы баяндама жасайды. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік еді.
* 1917 жылы 1-8 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, мұсылман әйелдерінің мүң-мұқтажын жоқтап сөз сөйлейді. Осылай жұрт назарына ілігіп, елінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтап жүргенде өзі ауруға шалдығып, Мәскеуде түра алмай, 1918 жылы елге қайтады.
* Бірер жыл денсаулығын күтіп, аурудан айыққан соң 1920 жылы Томск медициналық университетіне оқуға түседі
* 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетіне ауысады.
* Оқи жүріп ординатор-дәрігер болып қызмет істейді.
* 1922 жылы оқуын бітіріп, жұмысқа араласады. Жастайынан ұлтының тағдырына күйініп, жаны шырқырап жүрген аяулы қыздарын қазақтың сол кездегі ел ағалары қатты құрметтеген екен.
* Оның университетті бітіруі салтанатты түрде мемлекеттік деңгейде аталып өтіп, 1922 жылы 14 желтоқсанда Түркістандағы Орталық Азия университетінде оқып жүрген жергілікті ұлт қыздарына А.Досжанова атындағы стипендия тағайындайды.
* 1928-1929 жылдары Ташкентте тұрақтайды
* 1930 жылы отбасымен Алматыға көшіп келіп, № 1 ауруханада гинеколог болып жүмыс істейді.
* 1932 жылы Шымкент қаласында өкпе туберкулезінен қайтыс болады.
## Еңбектері
Медицина тақырыбындағы еңбектерінен тыс, «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» атты әлеуметтік, жалпыұлттық тақырыптарда мақалалар жариялайды. Осы мақалаларынан оның саяси ұстанымын, ұлтшыл бағытын, адами тұлғасын тануға болады.
## Дереккөздер |
Досымбетов Тимур Камалұлы (17.7.1957 жылы туған, Алматы қаласында) — спортшы, қазіргі бессайыстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1982), КСРО-ның (1984, Мәскеу), командалық есепте (Е.Минеев, А.Сторостинмен бірге) дүние жүзінің (1982, Рим, Италия) чемпионы. Үш рет 1978 — 80 жылдары Киев, Мәскеу, Ереван қалаларында КСРО кубогін жеңіп алды.1990 жылы республикадағы Ұлттық олимпиялық комитеттің бірінші президенті, Қазақстан бессайыс федерациясының (1992, Алматы) президенті, Халықаралық бессайыс федерациясы техникалық комиссиясының мүшесі (1996, Будапешт, Венгрия) болып сайланды.
## Дереккөздер |
Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.
## Шығармашылығы
Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады.
Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Доспамбет жыраудың шығармалары толық жеткен жоқ. Көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе Османов “Ноғай уа құмық шығырлары” (СПб., 1893) атты жинағына енген. Кейін В.В. Радловтың “Халық әдебиетінің үлгілері” (1896) деген жинақта басылды. “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “XV — XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985), т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.
## Дереккөздер |
Дөдеге– киіз үйдің үзігінің шетін бастыра, айналдыра тігілетін киіз әшекей. Сән-салтанат үшін тігіледі. ұимараттарға, тұрғын үйлерге әшекейлік реңк беру үшін оның күмбезін айналдыра жүргізілген жолақ, жақтау немесе жиектеме де дөдеге деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи ғимаратының қатпарлы күмбезінің мойындығы шыр айналдыра, жыланкөз өрнекпен көмкеріліп, әшекейленген.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Дөң Кен Байыту Комбинаты– хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын. Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Хромтау қаласында орналасқан. Донской (Дөң) хромит кен басқармасы Кемпірсай хромит кендерін 1938 жылдан пайдаланып келеді. 1973 жылы қуаты 1 млн. т кен байыту фабрикакасы іске қосылып, хром кентастарын күрделі ортада байыту технологиясы енгізілді. 1975 жылдан кен басқармасы Дөң Кен Байыту Комбинаты болып аталады, ал 1993 жылдың 29 желтоқсанында Дөң Кен Байыту Комбинаты акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 1995 жылдың мамыр айынан Қазақстан Үкіметінің шешімімен Дөң Кен Байыту Комбинаты Japan Chrome Corporatіon (JCC) фирмасына басқаруға берілді. Дөң Кен Байыту Комбинаты ТМД елдерінде өндірілетін хром кентастары көлемінің 95%-ке жуығын өндіреді, ал хром кентастарының қоры мен оны өндіруде дүние жүзі бойынша екінші орында (Оңтүстік Африка Республикасынан кейін). Негізінен, Кемпірсай ультрабазиттік массивінде шоғырланған хром кентастарының қоры 325 млн. т болып саналады (1995). Дөң Кен Байыту Комбинаты құрамында ашық әдіспен кен өндіретін үш карьер бар. Сондай-ақ, оның құрамына Дөң кен орны, екі жер асты кеніші, екі ұсақтағыш-іріктеуіш фабрика және кен-байыту фабрикасы енеді. Дөң Кен Байыту Комбинаты өнімінің жылдық орташа мөлшері 2,0 млн. т (2000).
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Халел Досмұхамедов (24 сәуір, 1883 – 19 тамыз, 1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз әрі ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
## Өмірбаяны
1883 жылы сәуірдің 24-і бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жыл қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Бақытжан Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.
1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.
1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.
Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді.
Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады.
1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды.
Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрк», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
1924 жылы Ресей ғылым академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес үкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді, 1939 жылы 19 қыркүйекте түрме ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болды.
Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
## Тағы қараныз
* Жанша Досмұхамедов
* Алаш Орда
## Сыртқы сілтемелер
http://www.kazinform.kz/kaz/article/1204917 Мұрағатталған 9 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Доссор — Атырау облысының Мақат ауданындағы кент, темір жол стансасы, Доссор кенттік әкімдігінің орталығы. Аудан орталығы — Мақат кентінен батысқа қарай 28 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы шөлдік белдемде, Дос атты сордың шетінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1911 жылы Жайық — Жем өңірінде ашылған тұңғыш мұнай кенін игеру негізінде қаланған. Доссорда 1911 жылы тұрғын үйлер көптеп салына бастады. “Орал — Каспий” қоғамы қазіргі кенттің солтүстігіне, “Ағайынды Нобельдер” қоғамы солтүстік-батысына, “Қосалқы кәсіпорындар жолдастығы” оңтүстігіне, “Ембі — Каспий” қоғамы шығыс бетке құрылыс жұмыстарын жүргізді. Осы құрылыстардың шет жақтарында қазақ жұмысшыларының жертөлесі мен жеркепелері көбейе бастады; олар кейін “Қазақ ауылы” деген атқа ие болды. Кенттегі көзге түсер ғимараттардың барлығы осы арада шығарылған кірпіштен салынды. Доссордың ұлғаюына 1926 жылы салынған Гурьев (қазіргі Атырау) Доссор тар табанды және 1940 жылы тұрғызылған Гурьев — Қандыағаш кең табанды темір жолдарының салынуы игі ықпал жасады.
### Доссор мұнайын иеленген фирмалар
Доссор мұнайын иеленіп, пайдаға бату мақсатымен 1910 жылдан бастап, Петербургте төмендегідей фирмалар мен акционерлік қоғамдар құрылды:
* 1. Жайық-Каспий мұнай қоғамы (УКНО), 1910 ж. Құрылтайшылары отставкадағы гвардия штабс-капитаны Николай Николаевич Леман, Ұлыбритания азаматы Эдуард Юм-Шведер және текті құрметті азамат Отто Адольфович Лист. Негізгі капиталы 3,5 млн.сом.
* 2. «Ембі» мұнай және сауда акционерлік қоғамы, 1912 ж. Құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Эмануил Людвигович Нобель, стат кеңесшісі Тарас Васильевич Белозерский және текті құрметті азамат Иван Иванович Стахеев. Негізгі капиталы 6 млн.сом.
* 3. «Ембі-Каспий» мұнай кәсіпшілігі акционерлік қоғамы, 1913 жыл. Құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Алексей Иванович Путилов және текті құрметті азамат Иван Иванович Стахеев. Негізгі капиталы 30 млн.сом.
* 4. «Колхида» мұнай кәсіпшілік және сауда қоғамы, 1913 жыл. Құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Алексей Иванович Путилов және коммерциялық кеңесшісі Найденов Алексей Никифорович.
* 5. Ағайынды Нобельдердің мұнай өндіру серіктестігі, 1912 жыл. Құрылтайшылары Людовиг Эмануилевич Нобель — Петербургте, Роберт Эмануилевич Нобель — Бакуде, Альфред Эмануилевич Нобель - Парижде, гвардия полковнигі Петр Александрович Бильдер Линг. Негізгі капиталы 30 млн.сом.
* 6. «Ембі ауданы қосалқы шаруашылық кәсіпорындары», 1915 жыл. Құрылтайшылары Владимир Константинович Истомин, отставкадағы подполковник Александр Николаевич Леман. Негізгі капиталы 200 мың сом.
* 7. Жауапкершілігі шектелген «Батыс Орал» мұнай қоғамы. Орал казак әскерінің қарамағындағы жерлерде мұнай өндіру мақсатымен 1913 жылы Англияда құрылған. Негізгі капиталы 500 мың фунт стерлинг.
* 8. Орал-Мәскеу мұнай және сауда акционерлік қоғамы, 1915 жыл. Мәскеуде құрылған. Құрылтайшылары текті құрметті азамат Сергей Николаевич Абрикосов, отставкадағы бірінші рангалы капитан Андрей Александрович Янович. Негізгі капиталы 3 млн.сом. (ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты)
## Кәсіпорындары
Мұнда “Ембімұнай” бірлестігіндегі мұнай өндіретін ірі орталықтардың бірі “Доссормұнай” мұнай өндіру кәсіпшілігі, оның басқармасы, автомобиль жөндеу зауыты, Атырау мұнай барлау экспедициясының механикалық шеберханасы, “Ембімұнай” бірлестігінің құрылыс-монтаж басқармасы, жол-құрылыс және тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар т.б. бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен сор арасындағы өткелге салынған автомобиль және темір жолдары арқылы байланысады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
### Мектептер
* А.Құнанбаев атындағы орта мектеп — 1950 жылы 280 орындық жеті жылдық мектепке арналып салынды.
* О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп — алғашқы ғимараты 1964 жылы салынған. 2017 жылы қаңтар айында жаңа 300 орындық ғимараты пайдалануға берілді.
* Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп — 1928 жылдары Қазақстандағы сауатсыздықты жоюдың екінші сатысында Доссорда қазақ мектебі ашылған, кейін ол А.С.Макаренко атындағы жетіжылдық мектепке айналған. 1935 жылдары В.Г.Белинский атындағы орыс мектебі ашылған. Кейін 1958 жылдары екі қатарлы 480 орындық жаңа мектеп үйі салынып, осы екі мектеп бірігіп аралас жаңа мектеп пайда болған, оған В.Г.Белинский аты сақталған. Мектептің жаңа, соңғы үлгідегі 1200 орындық типтік ғимараты 2004 жылы 11 қарашада іске қосылды. 2006 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 480 қаулысымен В.Белинский атындағы орта мектебі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп деп аталды.
* С.Шарипов атындағы Доссор мектеп интернаты — 1959 ж.ашылған. Типтік жобамен 280 балалық жатақхана мен 150 орындық асхана 1963 жылы пайдалануға берілген. 380 шәкіртке арналған оқу үйі 1973 жылы типтік жобамен салынған.
* Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі — 1962 жылы құрылды. Ұйымдастырушысы және алғашқы директоры Рысбай Ғабдиев.
### Колледж
* Мұнай және газ технологиялық колледжі — Доссордағы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің негізі РУ - 19 (ремесленное училище) болып қаланған. 2012 жылы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі болып қайта құрылды.
### Мектепке дейінгі балалар мекемелері
* «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы — 1995 жылы ашылып, іске қосылды. Балабақшада 5 топта 150 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша ғимаратының көлемі 1337,4 шаршы метр
* «Ботақан» бөбекжай-балабақшасы
* «Сандуғаш» бөбекжай-балабақшасы
### Денсаулық сақтау
* Мақат өкпе ауруларға қарсы ауруханасы
### Мәдениет
* Доссор мәдениет үйі
* Тарихи өлкетану музейі — Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұнай өнеркәсібі секторы ретінде құрылып, 1992 жылы аудандық мұражайға айналдырылған.
## Діни ұйымдар қызметі
* «Доссор» мұсылмандар мешіті — Доссор кентінде 1992 жылы салынған. 2000 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылысы өзгертілді. Ғибадатхана үш үлкен залдан: екі ерлер залы, бір әйелдер залынан тұрады. Жалпы ауданы 495 шаршы метр. Пайдалы алаңы 255,6 шаршы метр. Қабырғасының биіктігі 4, сыртқы есігінің биіктігі 2 метр, көк түсті жылтыр әйнек іспеттес материалмен көмкерілген және дулыға сияқты келіп, айналасы ақ түсті өрнекпен безендірілген. 4 метрлік төрт мұнарасы бар.
* «Сатан - Шәмек» мешіті
## Кент суреттері
## Кент көшелері
* Ақмұқан Нұрсейітов көшесі
* Әмірбай Оразов көшесі
* Әмірхан Мантаев көшесі
* Бауыржан Момышұлы көшесі
* Бержан Қанатбаев көшесі
* Бисенғали Дәулетбаев көшесі
* Боран Аймағамбетов көшесі
* Ғабдыхалық Сағытжанов көшесі
* Ғалия Сүлейменова көшесі
* Ғарифолла Құрманғалиев көшесі
* Жетпіс Ботабайұлы көшесі
* Жұмағали Мұхтанов көшесі
* Қадим Жандауов көшесі
* Қадірбай Керіков көшесі
* Қайырғали Жылқышиев көшесі
* Қуаныш Құдабаев көшесі
* Құбай Сейітов көшесі
* Құрманғазы көшесі
* Махамбет көшесі
* Мұстафа Шоқай көшесі
* Нұр Құсайынов көшесі
* Ораз Сарғұнанов көшесі
* Оспан Шәрімов көшесі
* Рамазан Төлешқалиев көшесі
* Рзағали Қитаров көшесі
* Сабытай Телемгенов көшесі
* Салахадден Биғалиев көшесі
* Тәжібай Текеев көшесі
* Хансұлтан Аухатов көшесі
* Хәкім Исаков көшесі
* Шәли Еркешов көшесі
* Шөкен Исанов көшесі
## Дереккөздер |
Дуанбасы– лауазым; дуанға қарасты қауымды билеуші ұлық. 1822 жылғы Ресей империясының “Сібір қырғыздары туралы жарғысына” сәйкес ашылған округтерді қазақтар “Дуан” деп атаса, сол дуанды басқарушы адамды дуанбасы немесе аға сұлтан, ал оның орынбасарларын заседательдер деп атаған және олар төрт адамнан тұрған. 1824 жылы құрылған Көкшетау дуанының дуанбасылары: З.Байтоқаұлы, Т.Зілғараұлы болған. Сол жылы Орталық Сарыарқада ашылған Қарқаралы дуанында Барақ Тұрсынұлының үш немересі кезек сайланып отырған. Сонымен қатар, Қарқаралы дуанында 1849 — 52 жылы Құнанбай Өскенбайұлы дуанбасылық еткен. 1830 жылы Аманқарағай дуаны ашылып, оның дуанбасылары: Жалбыр Абдоллаұлы (1830 — 34), Шыңғыс Уәлиханұлы (1834 — 52), Есеней Естемесұлы болған (1852 — 59). 1832 жылы Ақмола дуаны ашылып, оны Қ.Құдаймендеұлы, Ы.Жайықбайұлы басқарған. Сондай-ақ, бұл лауазым Қазақстанда және кейбір түркі тілдес халықтарда 20 ғасырдың басына дейін сақталып келді.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Дуанбек– лауазым; әскерилендірілген пошта бекеттерінің бастығы. Дуанбектің міндетіне ел арасына әскери бақылау жасау, алым-салық жинау, т.б. кірген. Шығыс Түркістанда Дуанбектер ауқатты адамдардан тағайындалған. Дуанбек атауы 20 ғасырдың басына дейін жетті.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Дулыға - сарбаздардың ұрысқа кірерде киетін темір немесе басқа да берік материалдан жасалған бас киім. Түркі жауынгерлері дулығасының екі жағы мен артқы етегіне темір тор тағылатын болған. Дулығалар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінген. Ең көне түрі көбелі дулығалар киіз, мата, теріден тігілген бас киімге сүйек, металл көбелерді бастыра тігіп жасалынған. Көбелері бас киім астарына қайыспен не шегемен бекітілген. Мұндай дулығалар көбіне көбе сауытпен киілген. Қаттама дулығалар күлпара пішінде жасалып, жібек матадан тігілген астарының ішіне жүн, мақта, кіреуке үзіктері салынған. Кейде бетті қорғау үшін маңдайдан төмен темір тілшелер орнатылады. Орта ғасырлардан бастап дулығалар темірден жасалды. Ыңғайлы болу үшін олар, көбінесе, бірнеше бөліктен құрастырылып, кұрама дулыға деп аталды. Темір дулығаның бір түрі металдан тұтастай құйылып, тұтас дулыға деп аталды. Тұтас дулығаның кейбіреуінде бетті жауып тұру үшін темір томағалары болған. Томағалы дулығалардың қорғаныстық қана емес, ырымдық, магиялық та сипаты болды.
## Дереккөздер |
Дутар (өз. dutor; тәж. дутор; парсы. دو تار /dutār; ұйғ. دۇتار /dutar) — Орталық Азия халықтарының (өзбек, түрікмен, тәжік, ұйғыр) шертіп, қағып ойналатын екі ішекті музыка аспабы. Дутар екі түрлі әдіспен – тұтас ағаштан ойылып және құралып жасалған. Соңғысын өзбектер “қабырға дутар” деп атайды. Дутардың мойны ұзын болады. Сондықтан оның дыбыстық қатары ауқымды, олар хроматикалық жүйемен орналасқан. Дутар сол қол саусақтарымен перне басып, ал оң қолмен қағып немесе саусақтармен шертіп тартылады. Танбур, домбыра аспаптарына қарағанда Дутардың өзіндік орындау ерекшеліктері де бар.
Дутар унисон, кварта, квинта, октава бұрауына келтіріле береді. Осы ерекшеліктерінен Дутарда параллельді кварта, квинта, секта интервалдары туады. Көне муз. аспап танбурға ұқсайтын Дутар туралы деректер тек 15 ғасырда кездесе бастайды. әл-Хусейнидің “Канон” атты трактатында шығыс музыкасына тән 12 мақам ерекшеліктері осы Дутар аспабының құрамы негізінде қарастырылған. Дутардың көне үлгісінің мойны сәл қысқалау болып, ішектері жібектен тағылған. 7 түрлі мақамы болған.
Арминий Вамбери өзбек, түрікмен арасындағы қос ішекті муыкалық аспап – Дутарды тартушылардың даңқы бүкіл Түркістанға белгілі екенін жазады. Сондай-ақ, Дутар туралы деректер В.Успенский, В.Беляев, Ф.Кароматов, Т.С. Вызго, т.б. еңбектерінде кездеседі.
## Дереккөздер
Дутар пиа. |
Дутов Александр Ильич (17.08.1879, Ресей, Орынбор облысы Орынбор станциясы — 7.03.1921, Қытай, Суйдун) — Орынбор казак-орыс әскерлерінің атаманы, генерал-лейтенант (1919). Николаев атты әскер училищесін және Ресей армиясы Бас штабының академиясын бітірген (1908). 1-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін казак-орыс әскерлерінің бүкілресейлік одағы кеңесінің төрағасы болып сайланды. 1917 жылы маусымда кеңестік билікке қарсы Бүкілресейлік казактар съезін басқарды. 1917 жылы қыркүйекте Орынбор казак-орыс әскерінің атаманы және әскери үкіметтің төрағалығына сайланды. 1917 жылы қарашада Орынборда “Отан мен революцияны құтқару комитетін” құрды. 1917 жылы қараша мен 1918 жылы сәуір аралығында Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліс жасады. 1918 жылдың қаңтарында көтерілісшілер (7 мыңға жуық адам) башқұрттар мен Алаш милициясының қолдауымен Орынбор, Троицк, Жоғары Орал қалаларын басып алды, Сібір мен Орта Азияны Кеңес өкіметі орталығымен жалғастыратын темір жол байланысын бұзды. 1918 жылы маусымда Дутов чехословак корпусының көмегімен Оралдағы Кеңес өкіметін жою үшін күрес ұйымдастырып, Орынбор кеңесінің большевик мүшелерін тұтқындап, әскери-революция комитетті талқандады. Кеңес өкіметі бұл қарсылықты көп күш жұмсап басып жаншыды. 1918 жылы қарашада Дутов әскерінің қалдығы А.В. Колчак армиясының құрамына кіріп, онда Дутов Орынбор жеке казак-орыс әскерін басқарды. Колчак армиясы кеңестік биліктен жеңіліс тапқан соң, Дутов өз әскерімен Жетісуға шегініп, 1920 жылы наурызда Қытайға өтіп кетті. Дутовты Суйдун қаласында орналасқан өз штабында Кеңес өкіметінің Бүкілресейлік төтенше комитеті жіберген қазақстандық барлаушылар атып өлтірді. Осы оқиға “Қазақфильм” киностудиясы түсірген “Атаманның ақыры” фильміне арқау болған.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы — 20 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
## Өмірбаяны
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен. Байұлы тайпасы, Масқар руынан шыққан.Хиуаздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа-тұс келді. Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды.
Бұл жайлы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген еді:
1940 жылы мектепті үздік бағамен тәмамдап қана қоймай, «Запастағы ұшқыш» куәлігін де қоса алып шығады. Осылайша, арман қуып, Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Алайда, ондағылар академияға тек ерлер ғана қабылданады деген желеумен қазақ даласынан келген қыздың құжаттарын қабылдамай қояды. Алғашқы қадамы сәтсіз болса да, Хиуаз кері қайтпай, Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Араға бір жыл салып, соғыс өрті тұтанады. Осы кезде қазақтың қайсар қызы майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенде ол әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрып жатқанын естиді. Осылайша, ол ойланбастан полк басшылығына келіп, Оралдағы аэроклубта меңгерген ұшу дағдыларын көрсетіп, өжеттігімен көзге түсіп, жауынгерлер құрамына қабылданады.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдесіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз… Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын.
Хиуаз Доспанова 2008 жылдың 20 мамырында Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.
## Соғыс уақытында
Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған жауынгер қыздар Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтап, 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.
Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Түн қараңғысында жауға қырғидай тиген Хиуаз Доспанова соғыс кезінде ұшақтан 14 рет құлаған екен. Төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған.Кеңес Одағының батыры атағын алған Марина Чечнева өзі Хиуаздың шеберлігі жайлы былай деп жазған еді: «Хиуаз Доспанова ұшағын нысанаға ылғи да дәл апаратын және өз аэродромына да сондай дәлдікпен қайта оралатын».
Түнгі мыстан
Хиуаз бен оның ұшқыш құрбыларын немістер «Түнгі мыстандар» деп атап, олардың әуеден бағыттаған соққысын үрейлене күтіп, талай таңды көз шырымын алмастан қарсы алды. Тіпті Гитлердің өзі әрбір атып түсірілген әйел ұшқыштар экипажы үшін әрбір солдатына темір крест беріп, аз күнге үйіне демалысқа жіберуге уәде берген деген әңгімелер сол кезде желдей ескен еді.
Сталиннен қаймықпаған қазақ қызы жайлы шындық ашылды.
«Түнгі мыстандар» жау шебіне жақындаған кезде, ұшу биіктігін төмендетіп, жауды үстінен бомбалады. Әр ұшақта екі қыздан бір сағатта 120 шақырымды бағындыруы тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылына шабуылдауға міндетті.«Біз түнде ұшатын болғандықтан, жау шебіне жақын орналасатынбыз. Біздің полктің өз қағидасы болды: ешқашан да әйел екеніңді ұмытпа, ұшағыңды күтіп қара дегендей. Кейде тапсырманы орындап жатқанда, бізге қарсы оқ атылатын. Сондай кездері қыз баламын ғой, фашистерге тұтқынға түскеннен гөрі, ұшақпен жерге құлап, өртенгенім дұрыс еді деген ойлар келетін», — деген еді сұқбаттарының бірінде Хиуаз Доспанова.
Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәтте төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері есін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екенін сезініп, қуанған-ды.
Соғысты ойласам, жаным түршігеді
Қан майданда жаумен алысып, Отан үшін от кешкен қазақ талай мәрте өлім аузынан аман қалған.
Бірде жау шебін талқандау үшін кезекті әскери тапсырманы орындау кезінде Хиуаз мінген ұшақ бір мая шөпке соғылады. Абырой болғанда, ұшақтағы бомба жарылмай қалады. Алайда қазақ қызының миы шайқалып, аяғы жараланып, бір ай госпитальда жатады. Емделіп шыққан соң, қызметіне қайта кіріседі.
1943 жылдың көктемінде Хиуаз Доспанова тағы да өліммен бетпе-бет келді. Ұшқыш қыздардың алдына Кубаньды жаудан азат ету міндеті қойылды. Хиуаз Доспанова мен Юлия Пашкова кезекті тапсырманы орындап, аэродромға қайтып келе жатқанда, Макогон мен Свистунова басқарған ұшақпен соқтығысып қалады. Үш қыз мерт болады, ал Хиуаз қауіпсіздік белдігін тақпағанының арқасында аман қалған.
«Бізді қыздар тауып алды. Мен ұшақ кабинасынан сыртқа ұшып кетіппін», — деп еске алған еді Доспанова сол бір оқиғаны.
Басында қаруластары Хиуазды да өліп қалған шығар деп ойлайды, бірақ кірпігі қимылдап жатқанын көріп, госпитальге апарып емдеген. Дәрігерлер Хиуаздың тұла бойын түгел гипстеп тастайды, аяқтарының сүйектерін сындырып, түзу біту үшін қайта салады. Жарты жыл госпитальда жатқан ол күздің аяғында полкке қайтып оралады.
Осыдан кейін ұшқыш қызды майдандастары ұшаққа көтеріп әкеліп отырғызатын болған. Ұшаққа мініп-түсуі қиын болғандықтан, қыздарға салмақ салмау үшін талай мәрте кабинада түнеп те жүріпті.
Алайда, кейін денсаулығына байланысты оған әуеге көтерілуге тыйым салынады. Осыдан кейін ол полк байланысының бастығы болады. Офицерлік шені өсіп, гвардия аға-лейтенанты атанды.
Талдықорғанда Ауған соғысының ардагері жұрт алдында әскери сыйақысынан бас тартты.
«Соғыстың қиындығын айтып тауысу мүмкін емес. Ойласам, түнімен кірпік ілмеймін, жаным түршігеді, ешкімге тілемеймін», — деген еді сұқбаттарының бірінде қазақтың ұшқышы.
Қазақ қызы Кеңес Одағының батыры атанбай қалды.
Хиуаз Доспанованың ерлігі Кеңес Одағының батыры атағын алуға лайық болғанымен, одақ бұл атақты қазақтың ұшқыш қызына қимады. Халық жазушысы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықовтың Хиуаз туралы жазбасында «Ұлы Отан соғысында Талғат Бигелдинов жау тылына-305, Леонид Беда-211, Сергей Луганский 390 рет ұшып, жауынгерлік тапсырманы орындап, үшеуі де екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Олар қуаты күшті ұшақтарды басқарды. Жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағының жау ұшағымен шайқасар қуаты жоқ…» — деп жаза келе, Хиуаз Доспанова кішкене ғана фанера ұшақпен 300-ден астам рет әуеге көтеріліп, жауға ойсырата соққы бергенін айтып, қанатты қыздың ерлігі соғыс жылдарында бағаланбаса да, бейбіт өмірде бағалануы тиіс деп өз ойын ашық жазған еді.
Ұлы Отан соғысында айрықша ерлік көрсеткен ұшқыш қызды халқы осы сәттен кек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды.
## Қанатты қыз
«Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай. ...Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанғанды.
Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі.
## Соғыстан кейінгі жылдар
Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылды. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.
## Тағы қараңыз
* Хиуаз Доспанова атындағы мұз айдыны
## Дереккөздер |
Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов (1951 жылы 19 тамызда Қызылорда облысы, Қазалыда туған) — суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (2003). Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. ҚР Білім Беру ісінің Үздігі.
## Толығырақ
* Ағымсалы Дүзелханұлы 1951 жылы 19 тамызда Қызылорда облысы, Қазалыда дүниеге келген.
* 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
* 1982 жылы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген.
## Шығармашылығы
* Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді.
* Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты, әлеуметтік және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакатты безендірген.
* «Томирис», «Сақтар», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек», т.б. литографиялардың «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», «Оғыз хан», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның «Абылай хан», «Әбілқайыр хан»,»Әйтеке би», «Қазыбек би», «Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер сериясы бар. Қазақстанның ұлттық ақшасы – теңгені безендірушілердің бірі. «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған.
* Туындылары Қазақстанның және шетелдердің өнер мұражайларына қойылған. Кітап және қондырғылы графика саласында жұмыс істейді. А. Дүзелханов Б. Есмахановпен бірігіп жасаған 1990 жылға арналған «Абай» плакат-күнтізбесі «Өнер» баспасынан 1989 ж. жарық көрген. Ташкентте еткен еларалық конкурста арнайы дипломмен марапатталған.
## Марапаттары
* 1996 жылы 9 желтоқсанда "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 1996 жылы Қазақстан Білім беру ісінің үздігі (атағы);
* 2002 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді.
* 2013 жылы "Қазақстан Ұлттық теңгесіне 20 жыл" медалі
* 2016 жылы Құрмет ордені мен марапатталды.
## Жеке қасиеттері
* Әскери атағы - запастағы сержант.
* Діни көзқарасы- «Дінге сыйластықпен қараймын».
* Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
* Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».
* Хоббиі - кітап оқу.
* Сүйіп оқитын әдебиеті -тарихи тақырып.
## Жеке өмірі
* Үйленген. Жұбайы - Қастеева Гүлназия Әбілханқызы (1955 жылы туған), Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы.
* Ұлдары - Жомарт (1976 жылы туған), Мирас (1985 жылы туған). Немерелері - Әмина (2000 жылы туғаан), Арманжан (2002 жылы туған).
## Дереккөздер |
Дүзен – тас дәуіріндегі адамдар тұрағы. Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің оң жағалауындағы биік төбе үстінде орналасқан.
1992 жылы Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Шашылып жатқан тас құралдарға қарағанда тұрақ аумағы 6 га-дан асады. Тас дәуірі адамдарының бұл төбені тұрақты мекен етуінің себебі, ол құрал-жабдық жасауға ыңғайлы күлгін, сарғыш, қызғылт түсті шақпақ тастардан тұрады. Тас қазып алған бес шұңқыр сақталған. Олардың кейбірінің ернеуінің диаметрі 30 м, тереңдігі 2,5 м. Шұңқыр айналасында тас құрал жасауға ыңғайланып қойылған сопақша және жұмыр тастар өте көп. Сақталған кейбір құралдарға қарап, бұл жерде палеолиттен бастап, қола дәуіріне дейінгі тұрақ-шеберхана болғаны анықталды. Оған екінші бір дәлел — осы жерден алынған шақпақ тастан жасалынған құралдар Ұлытау, Жезқазған төңірегіндегі неолит, энеолит, қола дәуір тұрақтары мен қоныстарынан көп табылды. Тұрақ үстінде кейінгі кезеңдерде салынған үш тас оба (оның біреуі мұртты) және табиғи бор немесе гипс алған карьер бар. Дүзен — Орталық Қазақстанда, оның ішінде Ұлытау төңірегінде тұңғыш рет кездесіп отырған аумағы үлкен, әлі толық зерттелмеген құнды ескерткіш.
## Дереккөздер |
Дүзен кесенесі – Орталық Қазақстанда 19 ғасырда салынған ғұрыптық ескерткіш. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің оң жақ жағалауындағы Қарақұдық сайында орналасқан. Ғимаратты 1863 — 66 жылдары халық шебері Сералы Еламанұлы Дүзен Сандыбайұлының қабірінің басына тұрғызған. Кейбір еңбектерде ғимаратты Қарамола, Жүзден, Дзен, Джузден деп қате жазып жүр. Ғимарат сол жерден 25 шақырымдағы Алаша хан күмбезіне ұқсайды.
Дүзен кесенесінің негізгі көлемі күрделі пештақты-күмбезді текшеленген құрылыс болып есептеледі. Ғимараттың бүрмеленген күмбезі он қырлы мойындықпен көтерілген. Ал іргесінің сыртқы өлшемі 8,5х10,2 м, ішкі өлшемі 5,4х5,4 м. Кірпіштері (26x26x6 см) қалың майбалшық ерітіндісімен өрілген. Пештақтың жалпы биіктігі 10 м. Бас қасбетінде есік ойығы (1,70х0,77 м) алдында беларқалы қуысы бар. Оның айналасы үш жолақты жақтаумен қоршалған. Ортадағы жолақ шаршы өрнектеліп ойылған тақтайша кірпішпен әрленген. Ал қалған 3 қасбетінің қабырғасы “ромб” пішінді қалаумен өрілген. Қасбеттерінің жоғары жиектерінде биіктігі 60 см дөдегесі бар. Дөдегенің шаршы қалыпты тақтайшалары сегіз қырлы жұлдызбен оюланып, үстінен көк түсті жыланкөз шыңылтырмен көмкерілген. Дөдегеден жоғарғы екі қатар қалауы тіс тәрізді әдіспен өріліп, ең шетін бұғат жиектеп шыққан. Ғимараттың оңтүстік-батыс жағындағы ішкі бұрышта төбеге шығатын сатысы бар. Ол тар галерея (1,8х1,6 м) тәрізді қабырғаларды айнала бойлап барып, пештақтың үстіндегі шағын алаңға және әрі төбежабынның үстіне шығарады. Дүзен Кесенесінің еденіне шаршы тақта кірпіш төселінген. Бүрмелі күмбездің ұшар басында бір-бірімен қиылыса орнатылған ағаш діңгектері бар.
## Дереккөздер |
Дүйсембин Қабдырахман (15.10.1931 жылы туған, Павлодар облысы Успен ауданы Үшкөл ауылы) — ғалым, биология ғылым докторы (1971), профессор (1985). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент академигі (2003).
ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1953). 1953 — 81 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Физиология институтында (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы институты) кіші, аға ғылым қызметкер, лаб. меңгерушісі, 1981 — 90 жылы ҚазМУ-де адам және жануарлар физиологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. 1990 жылдан Адам және жануарлар физиологиясы институтының директоры.
Дүйсембиннің негізгі ғылым еңбектері лактация (сүттену) физиологиясына арналған. Ол физиология саласында жаңа бағыт — лактацияның нейрогормондық реттелуінің негізін салды. Сүт бездері клеткаларындағы гормондар, жүйке медиаторлары мен рецепторларының байланысын зерттеді. Дүйсембин биені машинамен саууды физиология тұрғыдан негіздеп, оның сүттілігінің артуы — организмдегі пролактин, соматотропин гормондары мен витаминдер және әр түрлі микроэлементтерге байланысты екенін ашты. Әйелдің гипогалактиясының (сүтінің аз болуы) физиол. ерекшелігін зерттеу нәтижесінде оның алдын алу шараларын, емдеу жолдарын және гипофиз, қалқанша, бүйрек үсті бездерінде гормон түзілуінің динамикасын анықтады. Перзетханада Перзетхана ана мен нәрестені бірге орналастырудың олардың психикалық жағдайының қалыпты болуын және лактогенез процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз ететінін дәлелдеді.
1970 ж. «Закономерности молокообразования и молокоотдачи у кобыл и некоторых видов жвачных животных» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев (15 қазан 1910 ж., Ресей, Омбы облысы, Таврия ауданы, Қаушақпан ауылы — 21 қараша 1976 ж., Алматы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы (1967), профессор (1971), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971).Мәскеу қаласындағы Әдебиет институтын бітірген. 1939 — 42 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының әдебиет секторында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1942 — 43 жылдары әскери-педагогикалық институт тыңдаушысы, 3-Украина майданының “Советский воин” газеті редакторының орынбасары болған. Майданнан оралған соң, Қазақстан Ғылым Академиясы төралқасының ғалым-хатшысы (1946), Тіл және әдебиет институтының бөлім меңгерушісі (1949 — 61), Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі (1961 — 76) қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылым еңбектері қазақ фольклоры, соның ішінде лиро-эпос, әдебиет тарихы, қазіргі заманғы әдебиет мәселелеріне арналған.
Ф.Рабле, И.С. Тургенев, А.П. Чехов, Р.Роллан, Максим Горький шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Дүйсенбаевтың “Ғасырлар сыры” (1970), “Қазақтың лиро-эпосы” (1973), “Мұхтар Әуезов” (1974), “Эпос және ақындар мұрасы” (1987) атты еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған елеулі үлес болып есептеледі.
Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Дубек Дүйсенбеков (04.09. 1928 жылы туған, Алматы облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылы) — геолог.
## Өмірбаяны
Қазақ тау-кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1953). Жезқазған кен-байыту комбинатында (1953 — 54), Текелі геологиялық барлау партиясында (1954 — 66), геолог, аға геолог, партия бастығы болды.
1966 — 93 жылдары Оңтүстік Қазақстан алтын кенін барлау экспедициясында жұмыс істеді. 1968 жылы Бетпақдалада жүргізген геологиялық іздеу жұмыстарының нәтижесінде Ақбақай алтын кен орнын ашты. 1971 — 78 жылдары осы кен орнында алдын ала барлау, жете барлау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Миронов висмут (1960), Карьерный, Бескемпір, Ақсақал, т.б. алтын кендерін ашқан. Ақбақай кенді ауданының геологиясы, минералогиясы, петрографиясы туралы зерттеулер жүргізген.
## Марапаттары
Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1994), 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Зайролла Дүйсенбеков (18 қазан 1937 жылы туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1985), профессор (1987), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1996).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
Павлодар облысы «Баянауыл» кеңшарында бас агроном, директордың орынбасары (1960–62), Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында аспирант, ассистент, аға оқытушы, доцент (1962–87), декан (1974–84), кафедра меңгерушісі (1987–93), Қазақ мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі жобалау институтының директоры (1993–94) қызметтерін атқарған.
1994 жылдан Жер қоры және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталықтың бас директоры.
Дүйсенбеков – Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын болжаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін алғаш зерттеушілердің бірі.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.egemen.kz/indexold.php?act=readarticle&id=5774(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Думлер Леопольд Федорович (20 шілде 1919 жылы туған, Ресей, Саратов облысы, Маркс қаласы) — ғалым, геология-минералдар ғылымдарының докторы (1970), профессор (1977). Мәскеу тау-кен институтын бітірген (1941). 1941 — 56 жылдары Қарағанды көмір алабының шахталарында, Орталық Қазақстан геология-барлау экспедицияларында инженер, аға инженер, бас инженер, Орталық Қазақстан геология басқармасының бас инженері (1956 — 71), бастығы (1971 — 79), 1979 — 87 жылдары “Орталыққазгеология” өндірістік-геология бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарған. 1987 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры. Негізгі ғылым еңбектері көмірдің аймақтық және термальдік метаморфтану құбылыстарын, көмір кендерінің пайда болу және орналасу заңдылықтарын зерттеуге арналған. Шұбаркөл көмір кен орнын ашқан (1983). Екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977, 1988). Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
http://g-to-g.com/index.php?version=rus&module=5&id=2142
## Дереккөздер |
Дүнгене – ортағасырлық қала орны. Талдықорған қаласынан батысқа қарай 20 км жерде, Көксу өзенінің оң жағалауында Балпық би кенті маңында орналасқан. Қаланы айнала қоршаған қорғаныс дуалдарының қалдығы сақталған және қала аумағы 30 га-дан астам жерді алып жатыр. Алғаш 1940 жылы Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде, жалпы аумағы 60 м2, биіктігі 4,5 м төбенің үш құрылыс қабатынан тұратындығы анықталды. Жоғарғы құрылыс қабаты 12 — 13 ғасырларға жатады, ал 2 және 3-қабаттарынан табылған Қарахан әулетінің теңгелері мен зерлі ыдыстардың қалдықтарына сүйене отырып, бұл қабаттар 9 ғасырға жатқызылды. Қыш ыдыстар сынығы арасынан орама әдіспен жасалған ыдыстардың тұтқалары да кездеседі. Археология материалдардың көрсетуінше, Дүнгене 9 — 13 ғасырлар аралығында болған. Дүнгенені Бернштам 13 ғасырдағы Қайалық қала, ал К.Байпақов ортағасырлық Екіөгіз қала деп есептейді. Махмұт Қашқаридің жасаған картасы (11 ғасыр) мен Рубрук жазбаларында бұл қала Эквиус деп берілген.
## Дереккөздер |
Міржақып Дулатұлы (25 қараша 1885 жыл, Торғай облысы , Ресей Империясы – 5 қазан 1935 жыл, Соловки лагері, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Мадияр руынан.
Туған жері — Торғай облысының, Сарықопа өзенінің бірінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі ;— Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірi — ұстаз, бiрi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бастап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Жарияланымдарының арқасында ол жандармериялық полицияның бақылауына және патша күзетінің назарына түседі. Қара тізімге енгеннен кейін ол қалада ұзақ уақыт жұмысқа тұра алмайды. Ал 1911 жылы ол Семей қаласында "Жұмбақ" өлеңі үшін қамауға алынды. Осы шығармасында ол Николай II-ні Мемлекеттік думаны таратқаны үшін аллегориялық түрде мазақ етті деп екі жылға бас бостандығынан айырады, бірақ кейінірек жаза 2 мың рубль айыппұлмен ауыстырылады.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
## Маусым жарлығына қатынасы
1916 жылы Дулатов Байтұрсынов пен Бөкейхановпен бірге қазақтарды тыл жұмыстарына шақыру туралы 25 маусымдағы патша жарлығына жайлы Қазақ газетінің 190 нөмірінің бірінші бетінде:
«...Жарлықты жұрт сөзсіз орындайтындығын һәм орындауға тиістігін бұрын да жазып едік. Әлі де айтатынымыз сол. Патшамызға шын көңілмен қызмет ету парыз екендігін жайландырып түсіндірсе бас тартушы болмайтындығына көзіміз жетеді... Ресейге бағынадан бері қазақ халқы патша жарлығына қарсылық қылып көргені жоқ. Мұнан кейін де қылмас».
-деп жазыпты.Ал Қазақ газетінің 192 нөмірінде:
«Біз естідік, мына қазақтан соғыс майданына жұмыскер алады деген хабар шыққаннан бері ел арасында кейбіреулер біздің атымызды сатып, Ахмет, Ғали хан, Міржақып хат жазыпты, солар соғысқа кісі берме депті деп, жұртқа сез таратып жүр дейді. Бұл бекер. Біз ешкімге ондай хат жазғанымыз жок..».
-деп жазады.
## Аманкелді Имановтың өлтіруі
Дулатовтың тергеу кезіндегі берген жауабында ол Амангелді Иманов пен Павел Таранды өлтіруге қатысқанын мойындаған.
"Имановтың, Таранның өлімі үшін моральдық жауапкершіліктен мен, әрине, кете алмаймын"
Бірде бізге Иманов бізді тұтқындағалы жатқаны жайлы, оның пәтерінде Қостанай жағынан қандай да бір отрядтың жанында барлаушы бар екендігі туралы ақпарат келді. Осы мәліметтерді алғаннан кейін, біз сол күні Иманов пен оның пәтерінде тұрған белгісіз адамды тұтқындадық, отрядтың бір бөлігімен бірге торғайға бара жатқан отрядқа жолға шықтық: қауесет шын екен, бұл Таранның тизан отряды болып шықты, ал Имановатың үйінде болған бейтаныс адам Таранның өзі болып шықты. Отрядпен біз Торғайдан 30 шақырым жерде ешқандай қақтығыссыз кездестік және оларды казак полкі қуып бара жатқанын білдік. Біз алашордалықтар бұл отрядпен не істеу керектігін талқыладық: егер оны торғайға жіберіп алсақ, Имановтан қорқатық, бұл отряд бізге емес, оған сенер, ал Иманов өз ойларын орындар, бұл бір нәрсе, ал екінші жағынан, егер біз оны Шалқарға қарай жарақатсыз және ұрыссыз өткізсек, онда оны қуған казак полкі жергілікті халықты құртып, бірінші кезекте бізден кек алады. Осының бәрін ескере отырып, біз отрядты қарусыздандыруға шешім қабылдадық және адамдарды бос жіберуге шешім қабылдадық. Бұл мәжбүрлі әрекетті сол кезде отрядқа да түсіндірдік. Басқа күні кешке Торғайға оралғанда, Торғайдағы отрядтың қалған бөлігі Иманов пен Таранды дүрбелеңмен кезінде өлтіргені белгілі болды.
Алайда Дулатовтың бұл сөзіне Асфендияров өзінің 1916 жыл жайлы жазған кітабында былай дейді:
“1919 жылдың жазында Торғай уездік әскери комиссары болған Амангелді алашордалықтармен (Дулатов, қ.Тоқтабаев) атылып өлтіріледі. Дулатов отряды кеңестердің жағына өтуге толық дайын деп алдап, Торғайға кіріп, онда контрреволюциялық төңкеріс жасап, Амангелді басып алады”
Айса Нурманов, Султан Ақтамақов, Оспан Қасенов, Зафир Садықов, Ахмет Омаров, Сейдахмет Байсейітов, Аманкелді Иманов отрядының және басқа да қызыл жауынгерлерінің естеліктері бойынша Дулатов Амангелді ату кезінде ешқайда кетпеген, одан әрі ол Таран отрядымен соғысып, Торғайға оралып үлгерді деп мәлімдейді.
Жауап алу кезінде Теміров-Қырғыз съезінің басқарушысы да, 1919 жылы Жангелдинге берген айғағында Дулатов Аманкелді атылуы кезінде қалада болғанын нұсқайды.
## Шығармалық мұрасы
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы — ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeгiзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - кейбір зерттеушілердің пайымдауынша қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы "Жазушы" баспасында шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары "Ғылым" баспасында екі томдық, 2002‐2004 жылдары "Мектеп" баспасында (2020 жылы сол баспада екінші жаңа басылыммен) 5 томдық жинақтары жарық көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
## Өлеңдері
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақып "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Оның үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету — әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.
…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласып кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты— халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Міржақып қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
деп келе, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артық болмақ.
Бірақ өмір Міржақып ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
— деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.
Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
## "Бақытсыз Жамал" романы
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде кейбір зерттеушілердің пайымдауынша көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
## Абай шығармашылығын зерттеуі
Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Михаил Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі. Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және ақын балалары мен інілерінің қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады. Ең құнарлы ой:
деген салыстырма жасайды. Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі социологиялық, таптық, атеистік көзқарас, дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер абайтануда толып жатқан солақайлыққа, сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі. Ал Кәкітай Ысқақов, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы Абайдың шығармаларын тануда ұлттық, халықтық, эстетикалық таза талғаммен ешқашан мәнін жоймайтын бағалы байламдар жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген. Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы — біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарына алаш деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатұлымен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.
## Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
* 1993 — «Міржақыптың оралуы», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 1994 — «Алаш туралы сөз», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 2009 — «Алашорда», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
* 2022 - «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы, режиссері: Жәрдем Дауылбаев, қоюшы-режиссер: Мұрат Есжан. Фильмде Алаш қайраткері өмірінің 1909-1935 жылдары қамтылған. Телехикая 6 бөлімнен тұрады.
* 2023 - «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі. Фильмде Алаш қайраткері өмірінің 1909-1935 жылдары қамтылған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Міржақып Дулатұлы «Әдебиет порталы» сайтында
* Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»
* «Оян, қазақ» идеясы – қазақтың нағыз ұлттық идеясы!
* МӘҢГІЛІК – МІРЖАҚЫП!
* Гүлнәр Міржақыпқызы: «Дауыс салып, жылағанымды еміс-еміс білем»
* «Тегімді әрең сақтап қалдым»
* Міржақып маркасы |
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.
Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.
## Бірінші құрылтай
1992 жылы Қазақтардың бірінші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
* Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
* Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
* Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
* Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
## Екінші құрылтай
2002 жылы келесі, екінші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
## Үшінші құрылтай
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың үшінші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
## Тағы қараңыз
* Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
* ресми сайты Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2006 жылы.
## Дереккөздер |
Дүнген Хандығы – Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтарының (дүнген, ұйғыр, қазақ, т.б.) 1864 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Цин өкіметі билігін құлатқаннан кейін пайда болған мемлекет. Астанасы Үрімжі қаласы болған. Дүнген Хандығының құрамына Манас, Гучен, т.б. қалалар мен, негізінен, дүнген халқы қоныстанған Солтүстік Тянь-Шань маңындағы аймақтар енді. Мемлекетті Лотай хан биледі. Қалаларды яншайлар басқарды. Хандықта тұрақты әскер болмады. Әр қаланың өз жасағы болғандықтан, әрбір ересек адам жасақ мүшесі саналды. Зерттеушілер дүнген қалаларында өзін-өзі билеу құқығы кең тарағандықтан, Дүнген Хандығын дүнген қалаларының одағы деп те атайды. Шыңжаңдағы басқа әкімш. иеліктердің ішіндегі ең күштісі болған Дүнген Хандығы 1867 жылға дейін шекарасын едәуір кеңейтті. 1864 — 66 жылдары Қашқариядағы (Шыңжаңның оңтүстік бөлігі) тұрақсыз саяси жағдайдың әсерінен Оңтүстік Тянь-Шань маңындағы Турфан мен Тоқсун (негізгі халқы ұйғырлар) және олардың батысындағы Қарашарға дейінгі қалалар Дүнген Хандығының билігіне көшті. 1866 жылы дүнгендер Тарбағатай өлкесіндегі Цин өкіметі өкілдерін ығыстырып (бұл жорықтарға қазақтар да белсене қатысты), онда бір жылдан аса уақыт билік жүргізді. Осы жылы шығыс бағыттағы Хами қаласын алды. Көршілес Іле өлкесіндегі жергілікті ұйғыр-тараншылармен өкімет билігіне таласқан дүнгендерге көмек көрсету үшін Дүнген Хандығы бірнеше рет отряд жіберген. Кейіннен тараншылар үстемдік алып, мұнда Тараншы сұлтандығы құрылды (1867 — 71). 1867 жылға қарай күрт өзгерген жалпы саяси жағдай Дүнген Хандығына кері әсер етті. Цин өкіметі Шыңжаңда және оған көршілес Шэньси, Ганьсу провинцияларындағы бұрынғы билігін қайта орнатуға ұмтылып, Шыңжаңның солтүстік-батыс аудандарына бақылау орнатты. 1867 жылы Шэньси провинциясындағы көтерілісті басты. Екінші жағынан, 1867 жылы бүкіл Қашқарияда өкімет билігін (Дүнген Хандығына қарасты жерлерден басқа) қолына алып, Жетішаҝар мемлекетін (ірі қалалардың саны бойынша) құрған Якупбек (Жақыпбек) Дүнген Хандығына ықпал жасады. 1868 жылы Дүнген Хандығы Якупбектің иеліктеріне шабуыл жасады. Екі арада болған соғыстар барысында 1869 жылы Дүнген Хандығы Тянь-Шаньның оңт-ндегі иеліктерінен де айырылды. 1870 жылы жазда Турфан алқабын басып алған Якупбек көп ұзамай Үрімжіге шабуыл жасады. Осы жылдың аяғында Дүнген Хандығы дербес мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. 1871 жылы жазда Ресей Тараншы сұлтандығын басып алып, біраз уақыт өз қолында ұстап тұрған тұста Солт. Тянь-Шаньдағы дүнген қалаларының басшылары Ресейдің қол астына көшуге тырысты. Бірақ одан нәтиже шықпады. Цин өкіметі 1873 жылдың соңында Ганьсу провинциясындағы көтерілістерді талқандады. Дүнген көтерілісшілері жазалаушы отрядтармен қарсыласа отырып, 1874 жылы Солтүстік Тянь-Шань маңына шегінді. 1876 жылы шілдеде Цин өкіметінің жазалаушылары Гучен мен Фукан, тамызда Гумади, Үрімжі қалаларын басып алып, 28 қазанда Манас қаласын бағындырды. Цин өкіметі кейін бүкіл Солтүстік Шыңжаңды (Іле өлкесінен басқа) қайтадан өз қол астына алған соң Дүнген Хандығы біржола жойылды.
## Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы |
Дүре(парсыша تازیانه زدن, тозиёна задан — қамшы, бишік) — шығыс халықтарының әдет және шариғат заңдары бойынша, қылмыс жасағандарға қолданылған ауыр жазаның бір түрі. Дүре соғу жазасы біздің заманымыздан бұрынғы 4 — 3 ғасырларда Мысырда, Грекияда басталған. Ал Ислам дінінің шариғат заңдары бойынша, Дүре соғу дене жазасына жатады. Қылмысы мен күнәсі анықталып, дәлелденген адам ғана жазаланған. Жазаланатын адам кәмелетке толған, ақыл есі бүтін, өз іс-әрекетіне жауап бере алатын мұсылман болуы тиіс. Егер қылмыскер жазалау кезінде өліп кетсе, оған құн төленбейді. Ал сот не би әділетсіздік жасаса, не болмаса тиісті жазадан артық белгілесе, онысы нақты дәлелденсе, онда сот не би құнның жартысын төлейді. Дүре соғу қамшымен немесе солқылдақ жас шыбықпен жүзеге асырылған. Дүре соғылатын адам шешіндіріліп, етпетінен жатқызылады да, істеген қылмысының ауыр-жеңілдігіне орай 25, 50, 75, 100 реттен Д. соғылады. Тыйым салынғанын біле тұра ішімдік ішіп, мас болғандардың жалаңаш денесіне 80 қамшы, өтірік, өсек айтқаны үшін 80 қамшы Д. соғылады. Д. белуарына дейін жалаңаштап, етпетінен жатқызылған қылмыскердің арқасы мен иығына соғылған. Ал бетіне, басына және денесінің жабық жеріне (кіндіктен тізеге дейін) ұруға тыйым салынады. Үш рет дүре жазасымен жазаланғандар төртінші рет өлім жазасына кесілетін болған. Дүре ел алдында соғылатындықтан, ол ең масқара, қорлық жаза деп есептелінген. Дүре соғу жазаланушыға да, көріп тұрған көпшілікке де қатты әсер еткен.
## Дереккөздер |
Дүнгендер (жеңіл. қыт.: 东干族; дәст. қыт.: 東干族; пінин: Dōnggānzú) — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан жерлерінде тұратын ұлт.Өз атауы — хуэй. Дүнген — Қытай аз ұлттары арасындағы халық саны көбірек, бытырай қоныстанған ұлт. 2000 жылғы санаққа қарағанда, Қытайда 9 млн. 816 мың 805 дүнген бар. Жалпы халық саны жағынан Қытай, Жуаң және Манжур ұлттарынан кейін Дүңгендер төртінші орында тұр.
## Этнонимі
«Дүнгендер» этнонимінің шығу тегі туралы бірнеше нұсқасы бар. Солардың бірі бойынша түркілердің «тұрған» (қалған) сөзі осылай өзгертіліп кеткен. Бұл нұсқа бойынша дүнгендер Қытайда тұру үшін қалған Темірланның ұрпақтарынан тараған. Қытай зерттеушілері бұл терминнің қытай тілінен шыққан «тунькэнь» нұсқасын қарастыруда - бұл Қытаймен шекаралас елдердің өз тілінде сөйлейтін тұрғындарына берілген атау.
## Этногенезі
Дүнгендердің шығу тегі туралы негізгі үш нұсқа бар. Алғашқысына сай, олар арабтар және парсылар мен қытайлардың аралас некесінен туған. Араб, парсы көпестері Қытай аумағына VIII-XIII ғасыр аралығында жиі келген. Дүнгендердің саудаға жақындығы осы ата-бабаларынан берілген деген түсінік бар. Олардың дені саудамен айналысады.Екінші нұсқа бойынша дүнгендердің ата-тегі – түрік-мұсылмандар. Алайда олардың қаны қытай этносымен араласпаған.Үшінші пікірдің қостаушылары дүнгендер Моңғол империясының сэмужэнь табының өкілі дегенді айтады. XIV ғасырда Юань әулеті тақтан кеткен соң Қытайда сэмужэнь табының өкілдері мен моңғолдар қандастарымен емес, қытай этносымен неке құруы керек деген заң шыққан деседі. Осылайша сэмужэнь табы ассимиляцияланып, Мин әулеті билігінің соңында дүнгендер толықтай қытай тіліне өткен.
## Орналасуы
Ол — миграциялық көшу және сауда қарым-қатынастары арқылы Қытай жерінде біртіндеп қалыптасқан, бірлікке келген, әрі ислам мәдениет дәстүрін сақтаған ұлттық топ. Дүнгендер ұлт болып қалыптасып, даму барысында, қытай тілін өз ұлтының ортақ тілі ретінде таңдап алды.
Дүнген Қытайдың барлық жерінде бар. Солтүстікте Амурдан (Хилұңжяң) оңтүстікте Хайнан аралына дейін, батыста Памир үстіртінен, шығыста Шығыс теңіз жағасына дейін дүнгендер қоныс тепкен. Дүнген — Қытайда «Кең көлемде бытырап, шағын көлемде шоғырланып» қоныстанған халық. Қытайдағы аудан-қалалардың көбінде дүнгендер бар. Ал Ниңшя, Гансу, Хынан, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Чиңхай, Йүннан, Хыбей, Шандұң қатарлы өлке, автономиялық аудандарда дүнгендердің халық саны көбірек, тарихи және тұрмыс әдеті қатарлы жақтардағы себептер салдарынан, дүнгендер орналасқан өңірлерде, көбінше мешітті орталық етіп шоғырлана қоныстанған. Әдетте қалаларда өздіктерінен көше, маһалла, ал ауыл-қыстақтарда өздігінен қыстақ болып құралып, үлкен-кішілігі әртүрлі қоныс қалыптастырған.
Дүнгендер Қытайда шашырай қоныстанған, ал олардың автономия алған өңірлері де Қытайда шашыраңқы. Ниңшя — Қытайдағы дүнгендердің өлке дәрежелі автономиялық ауданы (НДАР). Дүнген ұлтының аймақ дәрежелі автономия алған өңірлерінен Шыңжаңда Санжы Дүнген автономиялық облысы (СДАО) және Гансуда Линшя Дүнген автономиялық облысы (ЛДАО) бар. Мұнан сырт тағы Шыңжаңда Қарашәр (Янжи) Дүнген автономиялық ауданы және дүнген ауылдары бар.
## Тілі
Дүнген ұлт болып қалыптасып, даму барысында Қытай тілін өз ұлтының ортақ тілі ретінде таңдап алды. Алайда, ислам дінінің ықпалымен, сөйлегенде араб тілінің және парсы тілінің сөз — сөйлемдерін көбірек қосып айтады.Дүнгендер «хуэй тілі» (Хуэйзў йүян немесе Huejzw jyian) деп атайтын дүнген тілі оңтүстік Ганьсу мен Қытайдағы Шэньсидегі Гуанчжуңның батысында кеңінен таралған қытай тілінің чжунъюань диалектісіне ұқсас. Қытайдың басқа түрлері сияқты дүнгенде де үндескен екі негізгі диалекті бар, олардың біреуі төрт тонды, екіншісі стандартты болып саналады, сөздерде соңғы позицияда үш тон және толық емес позицияда төрт тон бар.
Дүнген тілінің кейбір лексикасы қытайлықтарға ескіше көрінуі мүмкін. Мысалы, олар президентті «император» ((Хуаңды, huan'g-di)) деп атайды, ал мемлекеттік мекемелерді ямень (ямын, я-мин) деп атайды, бұл ежелгі Қытайдағы мандариндердің кеңселерін білдіреді.Олардың тілінде араб, парсы және түркі тілдерінен алынған көптеген сөздер бар. 1940 жылдардан бастап тіл кириллицада жазылды, бұл қытай тілін әліпби арқылы жазуға болатындығын көрсетеді.
Орталық Азиядағы басқа ұлттық азшылықтарға қарағанда, дүнгендердің көпшілігі үш тілді біледі. Дүнгендердің үштен екісінен астамы орыс тілінде сөйлейді, ал аз бөлігі қырғыз тілінде немесе олар тұратын елдердің титулды ұлттарына жататын басқа тілдерде сөйлей алады.
## Діні
Ислам Қытайға пайда болғаннан кейін бірден еніп кетті. Таң әулеті дәуірінде (VII–X ғасырлар) Қытай территориясына Исламды таратуға бағытталған теократиялық мемлекет — араб халифатының жаулап алуларының елесі түсе бастады. Жаңа пассионарлық дін Синцзян арқылы Сианға дейін Ыстықкөл көлінің жанынан өткен Ұлы Жібек жолы арқылы Орта мемлекеттің аумағына еніп, елдің оңтүстік-шығысында теңіз арқылы өтіп, бірден ізбасарларын тапты.Алайда, исламның ізбасарларын жеке этнос өкілдеріне рәсімдеу тек моңғол Юань әулеті кезінде пайда болды.
Моңғол империясы 1271 жылы Қытайды жаулап алды. Тақты Шыңғыс ханның немересі Құбылай хан мен Бөрте кенже ұлы Толуйдан тартып алды. Ол бүкіл Қытайды, Кореяны, Моңғолияны және оның айналасындағы аймақтарды билеген алғашқы хань емес император болды. Ол сонымен бірге Юань императорлық әулетінің негізін қалады. Құбылай төзімді адам болған. Оның үстіне Юань әулетінің кейбір императорларының өзі ислам дінін ұстанған. Дәл осы әулет тұсында хуэйлер жеке ұлт болып қалыптасты.
## Тарихы
Дүнгендердің ең арғы тегі б.з. VII ғасырдағы (Таң — Сұң династиялары дәуірі) Қытайға сауда байланысымен келіп қоныстанып қалған шетелдік мұсылман ұрпағы; Ал дүнгендердің басты тегі — б.з. ХІІІ ғасырда моңғолдар батысқа жорық жасағанда, сонымен бірге Юан династиясы дәуірінде, түрлі салауатпен Парсы, орта азия және Араб елдерінен топ-тобымен куәлікпен келген немесе өз бетімен шығысқа ауып келген әр ұлт мұсылмандары. Олар алдымен, Юан династиясындағы қоғамдық орны жоғарырақ түрлі кәсіп шеберлерінің басты құрамдас бөлігіне айналып, халық саны неше жүз мыңға жеткен; дүнгендер қалыптасу, даму тарихы барысында, өздері тұрған өңірдегі қытай, ұйғыр, моңғол қатарлы ұлттардың бір бөлімін сіңіріп алған.
Қытайлықтар дүнген сөзін мағынасына қарай «шығыстан келген адам» деп те аударған. Қытай жазбаларындағы деректерде, дүнген ұлты тарихының шығу тегін сонау Таң және Сун әулетінен бастап қарастырады. Таң әулеті тұсында Ұлы Жібек жолы ашылып, көптеген араб және парсы саудагерлері Қытайға ағылады. Сол кезде ұлттар арасында еркін қарым-қатынас орнап, Ислам діні өкілдері ұзақ жылдар Қытайды мекендеп қалады. Қытайдан қыз алып, отбасын құрады. Сөйтіп, олардан тараған ұрпақ ислам діні мәдениетімен өмір салтын құрып, дүнген ұлты пайда болады. Дүнгенгер толыққанды ұлт ретінде, Юань әулеті кезінде жақсы дамып, Қытайда кең етек жаяды. Ол уақытта қытайлардың (хань халқының) ұлт ретіндегі мәртебесі, аз ұлт өкілдерімен салыстырғанда төмендеу болған. Кейінгі Мин және Цинь әулеті тұсында, дүнгендердің күшейгені соншалық, тіпті ел билігіндегі хань халқына (қытайларға) кәдімгідей қатер тудыратын жағдайға дейін жеткен. Сөйтіп, дүнген ұлты күшейіп, бірте-бірте ханьдардың оларға жүргізген билігіне мойынсынбай, Цинь әулеті соңында көтеріліс жасайды. Алайда ол ұрыста ханьдар оларды басып, жаншып тастайды.
## Кәсібі
Дүнгендердің негізгі шаруашылық кәсібі егіншілік, бау-бақша өсіру, ұсақ-түйек сауда жасау, басқа да әртүрлі кәсіп түрлерімен айналысу болды. XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап олар Жетісуда алғашқылардың бірі болып күріш еге бастады. Бау-бақша өсірумен, бағбандықпен айналысты. Дүнгендер орамжапырақ, пияз, сарымсақ, бұршақ, асбұршақ, бұрыш, шомыр, сәбіз, аскөк, асқабақ, қияр сияқты алуан түрлі дақылдар өсірудің шебері болды. Олар орыс шаруаларынан қызанақ және картоп өсіруді де үйреніп алды.
Дүнгендерде мал өсіру қосалқы сипат алды. Жайылымның жетіспеушілігі мал өсіруді едәуір шектеуге мәжбүр етті.Дүнгендер жүк тасу кәсібімен айналысу үшін жылқы мен өгіз ұстады. Жүк тасу әдетте ауыл шаруашылық жұмыстары аяқталып, жиын-терін біткеннен кейін басталатын. Олар өздері өндірген ауылшаруашылық өнімдерін Әулиеатаға, Верныйға, Ташкентке, Жаркентке, сондай-ақ Шыңжанға алып барып сататын. Ал қайтарында Ресей мен Қытай өнеркәсібі шығарған бұйымдарды ала келетін.Дүнгендер өз шаруашылықтарында аздаған сиыр, қой, ешкі ұстады. Ал ауыл шаруашылық жұмыстарынан қолдары босаған кезде қамыстан ши тоқыды. Ол үшін тайланған бау-бау қамысты пайдаланды. Дүнгендердің бірқатарының май шайқайтын, күріш кептіретін, сірке су дайындайтын шағын кәсіпорындары болды. Сынған ыдыстарды құрсаулап жөндеуді кәсіп етушілер де аз болған жоқ.Материалдық тұрғыдан жағдайлары жақсарған дүнгендердің арасында да өз көпестері шықты. 1905 жылы Жаркенттің өзінде ғана 167 дүнген көпесі болды. Олардың қытай тілінде сөйлесуі Қытаймен екі арадағы сауда-саттықты монополияға айналдырып алуларына жағдай жасады.
## Өмір салты
### Дәстүрлі баспаналары
Елді мекендері тұрақты түрде жоспарланған. Дәстүрлі тұрғын үйлері қаңқалы-бағаналы (қабырғалары саз кірпіштен немесе тастан жасалған) немесе ағаштан жасалған, көп бөлмелі. Бөлмелерден жабық сыртқы галереяға кіру мүмкіндігі бар.Жатын бөлмесінде жылытылатын кан (кушетка) болды. Олар оған ұйықтап, аласа үстелге отырып тамақтанды.
### Дәстүрлі киімдері
Дүнгендердің ұлттық киімі қытай киіміне ұқсайды. Ерлер костюмінің негізгі элементтері: жағасы жоқ ақ жейде, кенеп шалбар. Көйлектер бос, ұзын түзу жеңдері бар. Үстіне түзу кесілген жағасы жоқ шекпен киеді. Суық мезгілде олар тоқылған жағасы бар халат киетін. Халаттың алдыңғы жағы кең, артқы жағынан кең белдікпен байланған белбеу болды. Бас киімі дөңгелек тәжі бар кішкентай қалпақ болды.
Әйелдер киімі әртүрлі. Қыздар да шалбардан тұратын костюмдер мен кең жеңді қысқа көйлек киді. Жеңнің түбі мен жағасы түрлі-түсті ленталармен безендірілген. Үстіне терең мойын сызығы бар жеңсіз кеудеше киіледі. Сондай-ақ дүнгендер арасында қытай стиліндегі тік қиылған және тік жағалы көйлектер жиі кездеседі. Олардың жеңдері тар. ілмек қиғаштап жасалады. Мереке күндері көйлектің үстіне пелерина тәрізді иық әшекейлері киіледі. Ол кестелермен безендірілген бірнеше ондаған сәндік элементтерден тұрады. Пелерина (мықынға жеткізбей иыққа жамылатын жамылғы) қыздың кеудесі мен иығын түгел жауып, жоғарғы жағында мойынға жетеді. Мерекелік аяқ киім астары бар жібек матадан тігіледі. Етік түрлі-түсті өрнектермен безендірілген. Басын кулондар мен гүлдер салынған құрсаумен безендіреді.
### Дәстүрлі тағамдары
Дүнгендердің өз үйлерінде мұсылман тағамдарын жасау, сату дәстүрлері бар. Мұның ішінде, мұсылманша қышқылтым сорпа, қой еті тұшпарасы, асқан қой еті, буға пісірілген құйрық май, қой сорпасына малшыған бу нан, қуырған бидай, мұсылманша торт-праниктер секілді тағамдары бар. Дүнгендер тағам даярлау жағынан Қытайдың дәстүрлі тағам дайындау мәдениетін қабылдап, оны жасампаздықпен дамыта түсіп, осы заман Қытай сауда базарына салып, әрқайсы ұлттардың алқауына ие болды. Көнеден келе жатқан мұсылман асханалары жаңарып, өркендеп, ірі мейрамханаларға айналды. Мұсылманша тағам түрлері көбейіп 300 түрге таяды.
Күнделікті дүнген тағамдарында негізгі тұтынылатын өнімдер олар: өсімдік майында дайындалған ет, ұн, күріш және де көкөністер болып табылады. Тағам дайындауда екі әдіс жиі қолданылады. Олар цо және жу деп аталады. Цо – екі басқыштан тұратын күрделі процесс. Бірінші әдіс кезінде тағам тез қуырылса, екінші әдісте тағамды бұқтыру жатады. Яғни қазанға немесе шұңғыл ыдысқа май құйып, барлық қажетті өнімдерді қатты қурады, осыдан кейін қуырылып жатқан өнім үстіне сорпа я болмаса, су құйылып, ақырын отта пісіру процессі жүреді. Цо дегеніміздің өзі аз көлемдегі майда тез қуру дегенді білдіреді. Ал жу дегеніміз көп мөлшердегі суда тағамды қайнату болып табылады. Әдетте бұндай жолдармен құс немесе басқада малдың еттері дайындалады.
### Фольклоры
Дүнгендер фольклоры өте бай. Жанрлардың ішінде ертегілер мен тұрмыстық ертегілер (гужир), хикаялар (фу), онда қытайлық эпикалық хикаялар («Үш патшалық», т.б.) түсіндіріледі. Батырлық жырлар (дачузы) («Ма Да-жын әскерді басқарады» т.б.) 3 ішекті шертпелі аспаптың (санщынзы) сүйемелдеуімен орындалады.Әндер (щечузы) – лиро-эпопея (ең танымалдарының бірі – «Мын чжа нюй» – Ұлы Қытай қорғанының құрылысы кезінде күйеуі қайтыс болған жас әйелдің тағдыры туралы), лирикалық әйелдер әндері (соның ішінде «Сүйікті Маву ”), аты аңызға айналған батырлар туралы жырлар, еңбек, сатиралық, юморлық, күнделікті т.б.
Аспаптық музыка әндер мен билерді сүйемелдейді және янгэ ән-би құрылымына кіреді. Музыка аспаптары: ішекті – эрхуз, махуз, мынхуз, сыхуз; шертпелі – михурщан, санщыңзы,цимвал ёнчин, кучанза арфасы; флейта – ди, ще; барабан - гнунузы, әртүрлі идиофондар.Қазақстанда орыстардан алған гитара, гармоника, аккордеон және басқа аспаптарды да пайдаланады.
## Қазақстандағы дүнгендер
Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 ж. желтоқсан айында басталды. Сол жылы жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне келіп қоныстанды. Екінші толқыны 1884 ж. өтті. Дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын әлсірете түспек болды, екіншіден, саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Қазақстандағы дүнгендердің саны - 62 мың (2014).
Дүнгендердің Қазақстан халқының құрамындағы үлестік көлемінің динамикасына келсек, онда ХХ ғасырдың өн бойында үлесі 0,1% мөлшерінде болғанын көреміз. 1999 жылдан бастап бұл көрсеткіш 0,2%-ға көтеріліп, 2007 ж. 1 қаңтарында үлесі 0,3 %-ды көрсетті. Яғни тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалардың дүнген халқының өсіп-өнуіне тигізген әсері оң.
1989-1998 жж. аралығында Қазақстанға 607 дүнген көшіп келген. Олардың 403-і ТМД елдерінен келген болса (негізгі көпшілігі Қырғызстаннан – 380 адам), Қытайдан 11 дүнген қоныс аударған. Бір ғана 2000 жылы Қазақстанға келген дүнгендер саны 172 адам болды. Олардың 154-і кері қайтып, көші-қон айырымы 18 адамды құрады. Ал, 2000 жылдан бергі мәліметтерде 2000-2007 жылдар аралығында дүнгендер саны 8261 адамға көбейгенін байқаймыз. Дүнгендердің жинақы қоныстанған жерлеріне келсек, 1926 ж. санақта Жетісу губерниясында 7597 дүнген тұрды (3972 – ер адам, 3635 - әйел), бұл Қазақстандағы дүнгендердің 89 %-ы. 1959 ж. санақта Оңтүстік Қазақстан өлкесін 7511 дүнген мекендеді, бұл Қазақстандағы дүнгендердің 75 %-ы. Қазақстандағы дүнгендердің басым көпшілігі Жамбыл облысын мекендейді. Жамбыл облысынан кейінгң дүнгендердің анағұрлым жиі орналасқан жерлеріне Алматы қаласы (мұндағы дүнгендердің үлесі 1970-1999 жж. аралығында 7,5-12,3%-ы аралығында өзгеріп, өсіп отырды) мен облысын жатқызуға болады. Дүнгендер аз мөлшерде болса да Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қалаласына да қоныс тепкен.
## Танымал дүнгендер
* Ма Чжунъин — дүнген әскери қолбасшысы, ҚХР Халық армиясының 36-дивизиясының қолбасшысы, Шыңжаң көтерілісіне қатысушы;
* Ма Хушан — дүнген қолбасшысы, Ма Чжунъиннің туған ағасы және ізбасары. 1934 жылдан 1937 жылға дейін Шыңжаңның Дүнғанстан деп аталатын оңтүстік бөлігін басқарды;
* Мұхаммед Аюб Биянху — 1862-1877 жж. Цин Қытай билігінің езгісіне қарсы дүнгендердің (хуэйцзу халқы) күресі жетекшілерінің бірі;
* Мағазы Масанчи — революциялық қозғалысқа, азамат соғысына, Орта Азияда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске қатысушы, мемлекет қайраткері;
* Манзус Ванахун — Кеңес солдаты, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Кеңес Одағының Батыры;
* Бахридин Валиевич Шабазов — Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің VII шақырылымының депутаты (2021 жылдан). Көлік, коммуникациялар, сәулет және құрылыс комитеті төрағасының орынбасары.
* Абдужалил Мажитович Юнусов — Қырғыз дзюдошысы, самбошы, Қырғыз Республикасының дзюдодан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы. Дзюдодан КСРО спорт шебері, КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері. КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы (1983), КСРО чемпионатының төрт дүркін жүлдегері, Қырғыз Республикасының 13 дүркін чемпионы;
* Арли Чонтей — Қазақстандық ауыр атлет, 2021 жылғы әлем чемпионы, Универсиаданың қола жүлдегері (2017), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2018), Азия чемпионы (2020). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері;
* Цунвазо Юсуп — дүнген педагогы, ғалым, жазушы. Алматыдағы бір көшеге есімі берілген;
* Майя Салахаровна Манеза — Қазақ зілтеміршісі, екі дүркін әлем чемпионы (2009 және 2010 ж.), 2011 жылғы әлем чемпионатының 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері.
## Сілтеме
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Дүнгендер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Дүнгендер
## Дереккөздер |
Дікілтас – сармат тайпалары дәуірінен сақталған көне қорым. Түпқараған ауданында, Форт-Шевченко қаласынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. 1992 – 93 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) төрт ескерткішті қазды. Ең көрнекті бірінші оба – күрделі архитетуралық-планиграфиялық кешен, ол жерлеу және ғұрыптық рәсімдерді өткізетін орын мақсатында біздің заманымыздан бұрын 5 – 3 ғасырларда салынған. Орталық құрылыстан оңтүстікке бағытталған екі тас тізбектен (ұзындығы 30 м) және олардан оңтүстікке қарай тігінен орнатылған, үстіңгі шетінде дөңгелек таңба қашалған қойтастан тұрады (ұзындығы 2,1 м). Диаметрі 11 м дөңгелек орталық құрылыстың едені тақтатастармен жабылып, шеттері ірі тастармен жиектелген. Тік тақтатастардан көтерілген трапеция пішіндес қоршаудан (аумағы 7,455,05 м) 3 жерлеу, 4 кішірек ғибадаттық камералар, ғұрыптық мақсаттағы тас бағана, шағын дәліз аршылды. Жерленген мүрде саны 30-ға жуық, көптеген қару-жарақ, әшекей, шаруашылық бұйымдары табылды. Дікілтас обасында бірнеше мәдени белгілер тоғысады. Жерлеу ғұрпы мен заттай деректер жергілікті мәдениеттерден хабар береді, яғни Оңтүстік Орал, Батыс Қазақстаннан Аралдың оңтүстігіне дейін тараған тайпалар дәстүріне жатады. Құрылымдық ерекшеліктері Орталық Қазақстан мәдениеттеріне біршама жақын. Мұндағы орталық құрылыстың кейбір белгілері мен үлкен тақтатастар Арқаның Беғазы-Дәндібай мәдениетіне, ал тас тізбектері Тасмола мәдениетіне ұқсайды. Ғалымдардың пікірінше, Дікілтас – құрамына Арқа өңірінен қандай да бір этникалық топтар келіп қосылған көне Каспий бойының жергілікті тайпаларының ескерткіштеріне жатады. Ежелгі жазба деректер бойынша, осы өңірді дай (дах), массагет тайпалары мекендеген.
## Пайдаланған әдебиет |
Дінмұхамед — Хафиз Таныштың шығармасында Дінмұхамед өзінің бауыры Мұнғатай сұлтанмен бірге Мауереннаһр билеушісі, шайбанилық II Абдоллах ханға қарсы 1588 ж. Ташкент уәлаятында болған халық көтерілісіне қатысқандығы туралы айтылады.
Дінмұхамед 1588 жылы болған Ташкент көтерлісіне қатысты. Ал 1600 жылы ізашары Жанәли Абдуғаффармен шайқаста қаза болғандықтан Ұлы жүздің келесі ханы болды. 1601 жылы Дінмұхамед Абдуғаффармен шайқасып, тұтқынға түседі. Ал Есім хан 1602 жылы қарақалпақ әскерін талқандағаннан кейін, Дінмұхамед Абдуғаффарға қарсы шығады. Бірақ қаза табады.
## Дереккөздер |
Әлібек Мұсаұлы Дінішев (7 шілде, 1951 жылы Алматыда туған) – кеңестік және қазақстандық опера және камералық әншісі (тенор), музыкалық педагог-профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1979) және КСРОның Халық артисі (1986).
ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012). "Казакстаннын Енбек Ерi" (2021).
## Толығырақ
* Әлібек Мұсаұлы 1951 жылы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Байбақты руының Құлсүйіндік бөлімінен шыққан.
* Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары.Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болатын, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастағанды. Мұсакең «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикамызда мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті. Журнал оқырмандарының тартымды, қалаулы баспасөзіне айналды. Ол Бойнидің «Овод» романын қазақшаға аударды, біраз мезгіл ҚазКСР-нің Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарды. Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Ол мектеп үйі бүгінгі Әлібек Дінішевтің театры орналасқан бір қабатты ғимарат. Осында ол аккардеон аспабында ойнауды игеруге кірісті. Сонымен қатар өзі оқитын (жалпы білім беретін) №33 мектептің көркем үйірмесінде ән айтуға машықтанды, ал жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алып жүрді. Ол 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсті. 1970 жылы оны бітіргесін Ришат Абдуллиннің кеңесі бойыша Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Енді нағыз кәсіби әншілікке дайындалу басталды. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова. 1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты.
* Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды. 1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1978 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы берілді.
* 1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсамолы жастар сыйлығының лауреаты
* 1979 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі (құрметті атағы);
* 1986 жылы 35 жасында Кеңестер Одағының Халық артисі (КСРО халық әртісі) құрметті атағы берілді.
* 1996 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды;
* 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты;
* 2003 жылы музыка саласы бойынша «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты;
* 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі
* 2011 жылы Қазақ муызка саласындағы ерен еңбектері үшін ҚР Жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынің өзі марапаттады (Астана, Ақорда 2011 жылы желтоқсан айында);
* 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
* 2012 жылы ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты құрметті атағымен елбасының өзі марапаттады (Астана,Ақорда 2012 жылы желтоқсан);
* 2021 жылы "Казакстаннын Енбек Ерi" атағымен марапаттады.
## Дереккөздер |
ЕБЕЛЕК (Ceratocarpus) – алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Бетпақдалада, Мойынқұмда, Қызылқұмда, Есіл – Тобыл, Ертіс өзендері мен Каспий, Арал теңіздері маңында, Зайсанда, Балқаш – Алакөл ойысында, шөл, шөлейт аймақтардағы құм, құмайт, сор топырақты, қиыршық тасты жерлерде өсетін құм Ебелегі (C. Arenarіus) және қалталы Е. (C. Utrіculosus) деген түрлері бар. Олардың биіктігі 3 – 30 см . Сабағы көп бұтақты болғандықтан өсімдік шар тәрізді дөңгелек болып көрінеді. Сабағын қалың түк басқан, оның сұрғылт не сарғыш болатыны соған байланысты. Жапырағы үш-үштен шоқтанып, кезектесіп орналасады. Гүлі дара жынысты, 2 – 5-тен жапырақ қолтығына жиналған. Сәуір – маусым айларында гүлдейді. Жемісі түкті, жоғары жағы сүйірлеу, үстіңгі жағында және бүйірінде қылтықты екі өскіні болады. Жемісі пісіп жетілгенде түбінен үзіледі де, желмен таралады. Ебелекті төрт түлік мал сүйсініп жейді.
## Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том |
Ебінұр, Қызылтұз, (қыт. 艾比湖) — Қытайдың солтүстік-батысындағы ағынсыз тұзды көл. Солтүстік-батыс жағалауы Жетісу қақпасына тіреледі.
## Гидрографикасы
Аумағы 1070 км2, ұзындығы 55 км, енді жері 25 км, тереңдігі 15 м. Жазда су деңгейінің күрт төмен түсуінен екіге бөлініп қалады. Көлге Боротола, Қарасу, Цзинхэ, Құйтүн өзендері және т.б. ұсақ жылғалар құяды. |
Асқар Құрмашұлы Егеубаев (6 наурыз 1950 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қыстау Күршім ауылы – 8 қазан 2006 жылы, Алматы қаласы) – ақын, аудармашы, сыншы, филология ғылымының докторы (1999).
* ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* «Қазақстан коммунисі» журналында (1974–84),
* «Қазақ әдебиеті» газетінде (1984–87),
* «Жазушы» баспасында (бас редактордың орынбасары, 1987–88),
* «Жұлдыз» журналында (1988–89),
* «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында (бас редактордың орынбасары, 1989–90), [
* Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінде баспасөз хатшысы,
* Қазақстан Парламенті Сенаты аппаратында кеңесші (1991–97),
* ҚазҰУ-да оқытушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде бағдарлама жетекшісі (1997–2001) болды.
* 2001 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
## Шығармашылығы
«Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі (Х–ХІІ ғасырлар: көркемдік-эстетикалық ізденістер мен түрленулер)» деген тақырыпта докторылық диссертация қорғаған. «Сыр мен сымбат» (1981), «Сөз жүйесі» (1985), «Әділет» (1990), «Аламан» (1996), «Қала салған қазақтар: Поэмалар» (2002), «Тайқазан: Дастандар мен өлеңдер» (2003), «XX ғасырдың екі сағаты» (2005), «Жүсіп Баласағұн: Роман-эссе» (2005), т.б. кітаптардың авторы. Түркі мәдениетіне қатысты көне әдеби мұраларды қазақ тіліне аударып, зерттеу жұмысымен айналысқан. Ж.Баласағұнның «Құтадғу білігін» қазақ тіліне аударды (1986). Бұл кітап 1989 ж. Пекиннің Ұлттар баспасынан араб әліпбиімен екінші рет жарық көрді. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегін қазақ тіліне аударды (1998). «Кісілік кітабы» (1998), «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» (1999), «Құлабыз: Поэтиканың тарихилығы» (2001) т.б. монографиялары жарық көрген. Қазақстан Ленин комсомолы (1984), Жамбыл атындағы халықаралық (1996), Махамбет атындағы (2003) сыйлықтардың лауреаты. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының құрметті азаматы (2000). «Құрмет» орденімен (2003) және медальдармен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
http://imena.pushkinlibrary.kz/kaznames/litegeubaevkz.htm Мұрағатталған 5 қарашаның 2019 жылы.
## Дереккөздер |
Егек – қазақ халқының екі ішекті көне музыкалық аспабы.
## Жасалу барысы
Егектің шанағы өрік пен емен сияқты қатты ағаштардан тұтас ойылып жасалады. Аспаптың тұрқы қысқа, көлемі кішкентай, алып жүруге өте ыңғайлы. Ішегі ешкі ішегінен әзірленеді. Егекке ұқсас аспап Сібірлік түрік тектес халықтар арасында әлі де қолданыста бар.В.В. Радлов егектің қазақтың ең көне музыкалық аспаптарының бірі екендігін және оның ең көне нұсқасының Санкт-Петербургтегі дүниежүзі халықтарының этнографиялық мұражайында сақтаулы тұрғандығын жазған.Атауы да ысқышпен үйкеп, егеп тартуға байланысты қалыптасқан болса керек.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Мұқатайұлы Н. Қазақтың музыка аспаптары. Үрімші: ШҒТДСБ, 2008;
* Жәкішева З. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары. Алматы: Алматыкітап, 2009. |
Әбзәли Егізбаев (1907, Қармақшы ауданы Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылы - 29 тамыз 1945, Маньчжурия) – жауынгер ақын.
## Өмірбаяны
* Қызылорда педагогикалық училищесін бітірген 1934).
* Жалағаш ауданында, кейін Қызылтам мектебінде мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған (1933 – 1934).
* 1938 жылы жалған саяси айыппен жазаланып, Магадан облысы Колыма өзені бойында орналасқан «Одинокий», «Партизанский» алтын кен орындарында жұмыс істеді.
* 1941 жылы елге оралған.
* 1941 – 1942 жылдары Жалағаш ауданы Жаңаталап мектебінің директоры болды.
* 1942 жылы әскерге алынып, алғаш Батыс майданда, кейін Шығыс майданда соғысқан. Елге қайтар жолда жапондар ұйымдастырған пойыз апатынан қайтыс болып, Маньчжурияда жерленген.
## Шығармашылығы
* Алғашқы өлеңдері майдандық газеттерде («Суворовшы», «Жауға қарсы аттан», т.б.) жарияланған.
* «Жорық жолында»
* «Дат»
* «Мақсұт»
* «Төрт дәруіш», т.б. поэмалары бар (1943 – 1945).
Ақын шығармалары кейін жиналып:
* «Жауынгер жүрегі» (1969)
* «Жыр-аманат» (1978)
* «Елімнің сырын еттім жыр» (1996)
* "Киелі Қармақшым" (2003) атты кітаптары жарық көрген.
## Дереккөздер |
Діңгек Ғимараты– Қазақстандағы ислам дәуіріне дейін салынған сәулет өнері ескерткіші. Жетісудың Лепсі өңірінде. Іргесінен бастап қиюластыра өрілген еңселі ғимарат. Қабырғасын қалауға өңделмеген тақтатастар мен балшық пайдаланылған. Төбе жағын бүрмелеп көмкерген. Биіктігі 10,5 м, ені 3 м-дей. Есік ойығы оңтүстік-батысқа бағытталған. Ішкі қабырғалары сабан араластырылып саз балшықтан сыланған. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ғимаратына ұқсас.
## Дереккөздер |
Еділбаев Жұмабек (15.6.1923, Түркістан облысы Түркістан к. - 23.8.1983, Алматы) - ақын, жазушы, драматург. Түркістандағы пед. уч-щені бітірген (1944). 1944-67 ж. Шымкент, Қарағанды облысы заң орындарында, Түркістан ауданы партия к-тінде, Оңтүстік Қазақстан облысы "Оңтүстік Қазақстан" газеті редакциясында, өлкелік радио к-тін- де, КСРО Журналистер одағының өлкелік бөлімшесінде кызметте болған. 1967 жылдан шығармашылықпен айналысқан. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы "Оңтүстік самалы" 1960 ж. жарық көрген. Еділбаев 200-ден аса шығарманың авторы. "Сезікті секіреді" (комедия, 1969), "Әке мен бала" (драма, 1970), "Жалғасқан жүректер" (драма, 1976), "Қоштасқым келмейді" (драма, 1981), "Дәу әже" (1983), "Келіншектің кереметі", "Бір күннің оқпғасы", "Сағыныш сазы" секілді пьесалары облысы, респ. драма театрларында койылған.
## Дереккөздер |
Егізқойтас Қоршаулары– қола дәуірінен сақталған зират. Қарағанды облысы Тоқырау өзенінің жоғарғы ағысында, Егізқойтас тауынан оңтүстікке қарай 3 км жерде. Қола және ерте темір дәуірлері ескерткіштерінен тұрады.
## Дереккөздер |
Еділ майшабағы (лат. Alosa volgensis) – майшабақ тұқымдасына жататын балық. Каспий т-нен Еділ, Жайық өзендеріне шығады. Дене тұрқы 40 см-дей, салм. 600 г-дай. Түсі ашық қоңыр. Арқа қанаты біреу.
Республика суларында, өзендердегі уылдырық, шашатын жерлерінің жойылуынан және ретсіз аулаудың нәтижесінде саны өте жылдам кеміп келе жатқан өтпелі балық. Солтүстік Каспий су алқабында тіршілік етеді, бұрын онда ауланатын майшабақтардың негізін құраған. Жайық (бұрын 300 шақырымға дейін өрістейтін), Еділ, Терек өзендерінде уылдырық шашатын. Теңізде жайылып, ұзындығы 40 см, салмағы 600 г жететін. Таралу аймағының Қазақстандық бөлігінде бұрын да көп болмайтын, ал кәзір өте сирек кездеседі.
## Дереккөздер |
Екпінді Тілші– 1932 – 33 ж. Социалды Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) газеті жанынан шығып тұрған тілшілер орт-ның журналы. Журналдың 1932 жылғы 4 саны, 1933 жылғы 2 саны сақталған. |
«Егемен Қазақстан» — Қазақстан Республикасында шығатын республикалық газет. Тарихы, беделі, қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы жөнінен "Егемен Қазақстан" газеті қашанда Қазақстандағы нөмірі бірінші қазақтілді басылым болып келді. Бейресми түрде ол елдің бас газеті деп аталады.
## Тарихы
«Егемен Қазақстанның» тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор алғашқы саны жарық көрген "Ұшқын" газетінен басталады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. Басылым 1920 жылы "Еңбек туы", 1921 жылы "Еңбекші қазақ", келесі жылы "Еңбекшіл қазақ", 1932 жылы "Социалды Қазақстан" деген атпен шықты. Ал 1937 жылы "Социалистік Қазақстан" болып өзгерілді де, осы атпен ол 54 жыл бойы жарық көріп тұрды.
1991 жылдың маусымында республика тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда басылымның аты "Егеменді Қазақстан" болып өзгертілді. Бұл кезде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді. "Егеменді" – жаңа дәуірмен бірге қолданысқа жаңа ене бастаған сөз болатын. 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің пікірлерінен туған талқылаудан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауындағы "-ді" жұрнағы алынып, "Егемен Қазақстан" болып өзгерді. Осы атпен газет 23 жылдан бері шығып келеді.
Алғаш жарыққа шыққан кезден бастап Қазақстанның астаналары ауысуымен бірге басылымның редакциясы да бірнеше рет қоныс аударып, әр кезеңде Қызылордада, Алматыда орналасты. 1999 жылы редакция Қазақстанның жаңа елордасы Астанаға қоныс аударды. Астанада «Егемен Қазақстан» атты көше бар. Газеттің бас ғимараты Астана қаласында, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13-үй мекенжайында орналасқан.
Алғашқы тарихынан бастап басылымда қазақ ұлтының ірі мемлекет қайраткерлері мен көрнекті қаламгерлері қызмет етті, газетке басшылық етті, өздерінің шығармаларын жариялады. Олардың қатарында Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Жаңа дәуірде "Егемен Қазақстанды" Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты қаламгерлер басқарды.
«Егемен Қазақстан» құрылымдық жағынан материалдар тақырыбы мен атқарылатын жұмыс саласына байланысты Саясат және құқық, Экономика, Әлеумет және білім, Мәдениет және руханият, Спорт, Интернет-редакция сияқты бөлімдерге бөлінген. Газеттің барлық облыста меншікті тілшілері, Алматы қаласында және Шымкентте тілшілер қосыны бар.
2016 жылдың қыркүйегінен басылым жаңа дизаин, жаңа форматта және барлық беттері түрлі-түсті болып шыға бастады.
## «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамы
«Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамында 100-ден аса адам жұмыс істейді. «Егемен Қазақстанның» бірнеше қосымшасы бар. Қосымшалар жеке сайт ретінде де жарық көреді. «Етжеңді» қосымшасы (etjendi.egemen.kz Мұрағатталған 4 қаңтардың 2019 жылы.) айына бір рет қағаз версияда шығады. Ол мәдени, тарихи және танымдық тақырыптағы мақалаларға арналған.
Бұдан басқа онлайн-версиядағы «Фотоархив» (photo.egemen.kz Мұрағатталған 4 қаңтардың 2019 жылы.) қосымшасында газеттің аса бай фотомұрағаты сақталған.
## Egemen.kz сайты
«Егемен Қазақстан» газетінің сайты www.egemen.kz 2005 жылы іске қосылған. Сайтта бүгінгі күні газеттің 2005 жылғы қазан айынан бергі материалдардың мұрағаты бар. Басылымның интернет-версиясын Қытай, Ресей, Түркия, Иран сияқты елдерден оқырмандар қарайды. Қазіргі уақытта egemen.kz сайты оқырмандарының саны көбейіп келе жатқаны байқалады. Мобильдік нұсқасы және қосымшалары бар.
Газеттің төте жазу әліпбиіндегі және қарпіндегі онлайн-нұсқасы (egemen.kz/tote Мұрағатталған 29 қаңтардың 2017 жылы.) жұмыс істейді. Сайттың орыс және ағылшын тіліндегі нұсқасы бар (ru.egemen.kz),(en.egemen.kz)
## Жетістіктері
«Егемен Қазақстан» газетінің шығармашылық ұжымы көптеген беделді мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Басылымда Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ҚР Президенті сыйлығының, 7 - БАҚ саласындағы ҚР Президенті грантының, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының, «Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Қазақстан Журналистер Одағы» сыйлығының, «Нұр Отан» партиясының журналистика саласындағы сыйлығының иегерлері, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің, С.Бердіқұлов атындағы спорт журналистері атындағы сыйлығының лауреаттары жұмыс істейді. Сондай-ақ, бірқатар журналистер «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» Құрмет белгісімен,«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медалімен, «ҚР Президентінің «Астана» медалімен, «Қазақстан Халықтарының ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, басқа да медальдармен және алғысхаттармен марапатталған.
## Бас редакторлар
## Сілтемелер
* Ресми сайты: Газеттің ресми сайты
* Facebook парақшасы: «Егемен Қазақстанның» Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* Twitter парақшасы: «Егемен Қазақстанның» Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* VK парақшасы: «Егемен Қазақстанның» ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* Instagram парақшасы: «Егемен Қазақстанның» Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* Telegram арнасы: «Егемен Қазақстанның» Telegram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* Youtube арнасы: «Егемен Қазақстанның» Youtube әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
## Дереккөздер |
Екібастұз жылу электр орталығы (Екібастұз ЖЭО) — Екібастұз қ-ның оңт-нде. 1956 ж. пайдалануға берілген. 1973 – 80 ж. аралығында орталықтың жылу қуаты сағатына 240-тан 368 гигакалорияға дейін өсті. Е. ж.-э. о. 1996 ж. муниципалдық меншік түрінде американдық Аксесс Индастриз, ИНК компаниясына өткізілді. |
Құрбан Әбдірасілов(5 мамыр 1932, Үлкен Ақсу ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы, Қазақ АКСР) — актер, Қазақстанның халық артисі (1987). Ташкент театр-көркемсурет ин-тын (өзбекстанның халық арт. О.А. Чернова және Ф.М.Лобановтың класында) бітірген (1956). Сол жылдан бастап, Алматыдағы Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрында актер. Әбдірасілов ойнаған Сұлтанбай, Саид, Анархан (Д. Асимов пен А. Садыровтың “Анарханында”), Аббасшаһ (И. Саттаров пен В.И. Дьяковтың “Ғарип пен Сәнәмында”), Хидоятхан (Х. Хамзаның “Майсараның айласында”), Садбақ (А. Мақпыровтың “Садыр палуанында”), Айса (А. Ашировтың “Өлмес боп туғандарында”), Әзізхан (С. Жамалдың “Қара раушанында”), Инсаф (Ш. Хұсайыновтың “Анамның ақ көйлегінде”), Басыбар (М. Әуезовтің “Айман — Шолпанында”), Людовико (Шекспирдің “Отеллосында”), Попандопуло (Б. Александров пен Л. Юхвидтің “Малиновкадағы тойында”) рөлдері актердің шеберлігін көрсеткен бейнелер болды. Сонымен бірге режиссер ретінде Ә.В. Есьман мен К. Крикорлидің “Кім кімге ғашық” (1977, Т. Бахтыбаевпен бірге), А. Ашировтың “Мұқамшылар” (1981), Х. Абдуллиннің “Чинтемур батыр” (1985) спектакльдерін қойып, А. Чеховтың “Ұсыныс” (1971), М. Байджиевтің “Күйеу мен қалыңдық” (1979), А. Вампиловтың “Провинциялық анекдоттар” (1987) атты пьесаларын ұйғыр тіліне аударды. 1970 ж. кинода Ахмет (“Атаманның ақырында”), Гунхализат (“Жылан жылында”, 1981) рөлдерін ойнады.
## Дереккөздер |
Едіге (1352–1419) — Ноғай ордасының негізін қалаған әмірші, қолбасшы.
## Шығу тегі
1352 жылы Ақ Ордада, Құмкент деген жерде туған. Сол кезде Ақ Орда Алтын Орда хандарының билігінен саяси еркіндігін алып, тәуелсіз хандық болып кеткен болатын. Едіге Қоңыраттың маңғыт, Маңғытай руынан шыққан, жоғары мәртебелі мырзалардың ұрпағы еді.
## Өмірі
### Тоқтамыспен одағы
1376 жылы жанжалдан кейін Ақ Орданың әміршісі Орыс ханның қуғынынан Әмір Темірдің тұсында Мауараннаһрге қашып кеткен. Самарқандта Едіге Тоқтамыспен кездесіп, оның Орыс ханға қарсы күресіне көмектеседі. Әмір Темір Тоқтамысты да, Едігені де мейман қылып, оларға Орыс ханға қарсы әрекеттерін қолдайды. Бірақ Тоқтамыс Ақ Орданың, кейін Алтын Орданың тағын қолына алып алғаннан кейін, Әмір Темірді сатып кетеді. Темірдің Тоқтамысты жазалағысы келеді. Едіге Темірді Тоқтамысқа қарсы соғысында қолдайды. 1391 жылы Тоқтамыс жеңілгеннен кейін, Едіге өз әскерімен Темірден айырылып, Еділмен Жайықтың арасында жерлерін басқара бастайды. Ноғай ордасының негізін салушы- Әмір Едіге (1395–1419) 15 ғасырдың соңында Алтын Орданың саяси өміріне қызу араласып, 15 жылдай Алтын Ордада саяси билікті өз қолында ұстап, ұлы әмір атанған. Шыңғысхан әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімісіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.
## Хандық билікке қол жеткізуі
Едігені әмірші деп санаған жұрт Алтын Ордада тұрып, өзін ноғайлы деп атағаннан кейін, Едіге би өз құрастырған мемлекетін Ноғай ордасы деп атаған. 1397 жылы Едіге би Алтын Орданың әскерінің қолбасшысы болып, 1399 жылы Литваның князі Витовт пен Литваға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, оларды жеңген. Әмір Темір тағына отырғызған Алтын Орданың ханы Темірқұтылық хан өлгеннен соң, Едіге тағына Шәдібек ханды отырғызады. Шыңғыс ханның ұрпағы болмағандықтан, Едігенің атағы «хан» емес, «би» еді (Ұлы Темірдің де атағы сол себептен «хан» емес, «әмір» еді). Бірақ, Едігенің билігі ханның билігінен кем емес еді. Шәдібек Едігеден тәуелді еді. 1409 жылы Едіге Батыс Сібірде жасырынған Тоқтамысты тауып, өлтіреді. 1407 жылы өзін «Бұлғария әмірі» атап кеткен Жәлеледдінге қарсы шабуыл жасайды. 1408—1409 жылдары Ресейге қарсы соғыс жүргізеді. Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Төменгі Новгородты алып, өртеп тастайды. Мәскеуге дейін басыпбарады, бірақ қаланы ала алмайды. Соғыстың себебі Едігенің Ресей оған салық төлесін деген қалауы және Алтын Орданың бұрынғы ахуалын қайтару еді. 1410—1412 жылдары Ноғай ордасында жанжалдар басталғаннан соң, Едіге билігінен айырылады. 1419 жылы, 67 жастағы Едіге би Ноғай ордасының астанасы – Сарайшық қаласының маңында Тоқтамыстың ұлы – Қадырбердінің қолынан қаза табады.
## Қолданылған әдебиеттер
* Қазақ энциклопедиясы |
Екібастұзкөмір, Богатырь Аксесс көмір – Қазақстанның отын өнеркәсібіндегі ірі көмір өндіру кәсіпорны.
№1 Ертіс көмір қимасы 1954 ж. іске қосылды. 1970 ж. Богатырь қимасының 1-кезегі пайдалануға беріліп, Ертіс көмір тресі Екібастұзкөмір комб-на айналды.
## Дереккөздер |
Екібастұзэнерго– Қазақстандағы электр қуатын өндіретін ең ірі кәсіпорын. ГРЭС-1 және ГРЭС-2 блок типтес жылу конденсаттық электр ст-ларын біріктіреді. Электр ст-лары Ертіс – Қарағанды каналының суын пайдаланады. |
Еділ қалмақтары — Еділ, Жайық және Дон өзендерінің аралығына 17 ғасырдың басында Орталық Азиядан ығысып барып қоныстанған ойрат тайпаларының (дөрбеттер, торғауыттар, хошауыттар және т.б. этникалық тармақтар) бір бөлігі (Қалмақтардың Еділге көшуі).
Олардың ата тегі ойраттан (ойн арат) тарайды. Ойрат қауымы алғаш Жошы ұлысы (Ақ Орда) билігінде болды. 1450 жылы Шыңғыс хан империясының бас уәзірі болған Тогон тайшының ұлы Эсэн қазіргі Батыс Моңғолияда Ойрат мемлекетін құрады. Бірақ 16 ғ-дың орта тұсында мемлекет қайта ыдырайды. Қарахул төрт ойрат тайпасының (чорос, дөрбет, торгут, хошут) басын қосып, біріккен мемлекет құруға әрекеттенеді. Торгут тайпасының басшысы Хөө Өрлөг бұл әрекетке қарсылық ретінде 1607 жылы 50 мың отбасы, 250 мың жанды соңынан ертіп, Тарбағатайдан қозғалып Есіл, Тобыл, Жем өзені арқылы көшіп, ақыры 1636 жылы Еділ бойына келіп қоныстанады. 1663 жылы Хөө Өрлөгтің соңынан оларға Хөндлен Уваш Даян Омбы бастаған 10 мың отбасы көшіп келіп қосылады. Тарихта “Еділ қалмақтары” деген ұғым осылай қалыптасады. Қалмақтар қазақ жері арқылы өтті. Қазақтар елі мен жерін қорғап, көшпелі қалмақтармен көп шайқасты. Қазақтың “Ер Көкше”, “Қобыланды”, “Қыз Жібек” жырында кездесетін қалмақтар, міне, осылар. Қарахулдың ұлы Хотогчин қонтайшы 1640 жылы жоғарыда аталған және басқа да тайпалар негізінде Жоңғар (Сол қол) мемлекетін құрды. Жоңғарлармен қалмақтардың шыққан тегі бір болғанымен 16 — 18 ғасырларда атқарған рөлі тұрғысынан тарихы екі түрлі. Сондықтан оларды бір-бірімен шатастыруға болмайды. 1640 жылы тамызда Тарбағатайдың Улан-Бура деген жерінде болған жоңғарлар құрылтайына Хөө Өрлөг бастаған Еділ қалмақтарының өкілдері де қатысады. Осы құрылтайда “Моңғол-Ойраттың ұлы жарғысы” қабылданып, батыстағы қалмақтарды “Ұлы Жоңғарияға қайта біріктіру” мәселесі көтеріледі. Қазақ жеріне жоңғарлар шапқыншылығы осы кезеңнен басталғаны белгілі. Қазақ жерін батысынан Еділ қалмақтары, шығысы мен оңт.-шығысынан жоңғарлар шапты. Бұл қазақтардың басына іс түскен аса қайғылы кезеңдердің бірі. Еділ қалмақтары Ресеймен, Жоңғариямен және тибеттік Далай-ламамен байланысып тұрған. Аталған күштердің көмегімен 1650 ж. Қалмақ хандығын құрады. Бірақ ол дербес хандық ретінде ұзақ тұра алмады. 1655, 1657, 1661 жылдары қалмақ тайшылары Ресей патшасына үш мәрте ант беріп, Ресей билігін мойындады. Ресей көмегіне арқа сүйеген қалмақтар қазақ жеріне батысынан ұдайы шабуылдаумен болды. Ресей империясы тарапынан қатты қысымға ұшыраған қалмақтардың бір бөлігі (125 мың адам) 1771 жылы кері Жоңғарияға қайтпақ болды, олардың көпшілігі жолда қырылды (“Шаңды жорық”). Ресей патшасы 19 ғасырда Еділ қалмақтарын казачество құрамына ресми қабылдады. Қалмақтар қазірге дейін казачество құрамына енеді. 2-дүниежүз. соғыс кезінде қалмақтар Еділдің жоғарғы бойынан ішкері Элстэйге көшірілді. Қазір Ресей Федерациясы құрамында Қалмақ Республикасы бар. Халқының 50 пайызға жуығын қалмақтар құрайды. Олар будда дінін ұстанады. Моңғол-тұңгұс тілінде сөйлейді, мал, егін және балық шаруашылығымен айналысады.
## Дереккөздер |
Екідың, Екі дің — VII-IX ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері. Қостанай облысы Амангелді ауданы Екідың ауылынан солтүстікке қарай, Қараторғай өзенінің екі жағалауына орналасқан. Екеуінің ара қашықтығы 4 км. Біріншісі (Дың-1) Екідың ауылынан шығар жол жиегінде, өзеннің сол жағында, ал екіншісі (Дың-2) өзеннің оң жағындағы төбешіктің басына тұрғызылған. Құрылыстардың сыртқы түрі киіз үйге ұқсас. Іргетасынан бастап шеңберлене қаланып, жоғары көтерілген сайын бүрмелеп өрілген. Біріншісінің биіктігі 3,1 м, екіншісінің биіктігі 3,7 м. Есік ойықтары шығысқа қаратылған. Құрылысқа жергілікті табиғи тақтатастар пайдаланылған. Дыңдардың диаметрі 5 м. Екідың сәулет өнерінің озық үлгісі қатарына жатады және Орталық Қазақстандағы ислам дініне дейінгі құрылыс үлгісі ретінде ғылыми құндылығы зор. Ескерткішті 1959 ж. Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Екідың Қазақстанның республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген (1982).
## Дереккөздер |
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылғы 5–13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов.
## Мәселелер
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
* Сібір автономиясы;
* Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
* Қазақ-қырғыз автономиясы;
* Милиция туралы;
* Ұлт кеңесі;
* Ұлт қазынасы;
* Мүфтилік мәселесі;
* Халық соты;
* Ауылды басқару және
* азық-түлік мәселесі.
## Баяндамадар
Алғашқы баяндаманы Ә. Бөкейхан жасап, ол жөнінде қаулы қабылданады. Қаулыда — қазақ аутономиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады. Құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов аутономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды.
Баяндама бойынша құрылтай бірауыздан қаулы қылады:
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады.
Қазақ-қырғыз автономиясын жариялау мерзімі туралы қызу пікірталас туып, Ә. Бөкейханов бастаған топ: «ортамызда тұрған басқа халықтармен ақылдасып және милиция құрғанша тоқтата тұрайық» — десе, Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу жариялансын!» дейді. Артынан екі жақ ымыраға келіп, біраз шартпен автономияны жариялау Алаш Орда үкіметіне жүктеледі.
Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Съезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Съездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мүфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.
Съез әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Съез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зәки Уәлиди бастаған бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Съез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алаш Орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Съездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты съез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені — «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алаш Орданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы — 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы — 42 адам, қалыс қалғандар — А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды съез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алаш Орда) болсын» деген тоқтамға келді. Съез Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады.
## Нәтижесі
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
## Әр облыстан келген өкілдер
### Басқа қатысушылар
## Тағы қараңыз
* «Алаш» партиясы
* Алаш Орда үкіметі
* Бірінші жалпықазақ съезі
## Дереккөздер |
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен күрес жүргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. Қаратаев алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша кадет партиясының құрамына, кейін партиялық фракция мен топтарды толықтай құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне енгізілді.Үкіметтің аграрлық және отаршыл саясатын сынға алған бұл Дума депутаттары құрамы жағынан да, күн тәртібіне қойылған талқылау жағынан да Бірінші мемлекеттік Думадан төрі солшыл болып шықты. Думаның 39-пленарлық отырысында қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты Егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқармасының бастығы князь Васильченко мен Министр Кеңесінің төрағасы Столыпиннің қазақ жеріне қатысты жүргізіп отырған қанаушылық, озбырлық істерін дәлелді фактілер келтіре отырып сынға алып, "қоныстандыру" саясаты қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірді. 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды.
## Дереккөздер |
Екіөгіз– орта ғасырларда Іле алқабында болған қала атауы. Махмұт Қашқаридің (ІІ ғ.) ортасында көрсетілген және В.Рубруктің күнделігінде де айтылған. Рубрук қаланың Іле өзенінің шығыс шетінде орналасқандығы, онда парсы көпестерінің арнайы тұрақтары болғандығы жайында жазған. Зерттеушілердің болжауынша, қазіргі Алматы облысының Көксу өзені бойындағы Дүнгене төбе Екіөгіздің орны болуы мүмкін. Бұл төбеле 1939 жылы Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам), кейіннен 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының (жетекшісі К.Байпақов) зерттеу жүргізген. Қаланың орны төрт-бүрышты, қабырғаларының ұзына бойы мен бұрыштарында болған дөңгелек мұнаралардың орындары анық сақталған. Аумағы 675x565 м. Төбенің үстінен қазылған ұңғымадан және ескерткіштің үстінен табылған қыш ыдыстардың сынықтары қаланың 8-9 ғасырларда болғанын айғақтайды.
## Дереккөздер |
Рамазан Елебаев (1910, Ақмола облысы Біржан сал ауданы Құдықағаш ауылы — 4 қараша, 1943, Ресей, Ново-Сокольники қаласының маңы) — композитор.
## Өмірбаяны
Кейбір деректер бойынша сазгер 1910 жылы Башқұртстандағы бір елді мекенде Сәлима атты башқұрт қызынан туған. Әкесі Елебай баласы Ержан Біржан сал ауданының қазіргі Құдықағаш ауылының жанындағы орман қойнауында Өтей деген ауылда өмір сүріп, сол жерде жерленген. Руы - Ақсары керей.Ұлы Біржан салдың аталас інісі болып табылады. Башқұртстанға кәсіп іздеп барған Ержан 1919 жылы көктемде жеті жасар Рамазанды ертіп елге оралады. Сәлима сол жақта қалады да, көп кешікпей Ержан Зейнеп деген қазақ қызымен отбасын құрады. Сол Зейнептен жалғыз қарындасы Қанипа туады. Қазіргі уақытта туған елі Құдықағаш орта мектебіне Рамазан Елебаев аты берілген. Мектеп жанында Республикалық халық ағарту ісінің үздігі, ақын Жамаш Нұралыұлының жетекшілігімен ашылған шағын мұражай жұмыс атқарады.
* 1928 — 29 жылдары Орынбор қаласында жұмысшылар факультетінде оқыған.
* 1930 жылы Алматыда құрылған Қазақ атты әскер полкінде әскери борышын өтеді.
* 1931 жылы Қазақ драма театрының актері болды.
* 1933 жылы қысқа мерзімді сақшылар курсын бітіріп, Лепсі шекара күзетіне қызметке жіберіледі.
* 1934 жылы Алматы медицина инистутытына оқуға түседі.
* 1937 жылы жолдамамен Мәскеу консерваториясына оқуға түскен.
* 1942 жылы майданға аттанады. Ол Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде ұрысқа қатыса жүріп, әскер қатарындағы әнші-өнерпаздардан концерттік бригада ұйымдастырады. Елебаев әндері майдандағы сарбаздарды ерлікке жігерлендірді.
## Шығармалары
* 1930 жылы Қазақ атты әскер полкінің маршына айналған “Жолдастар” әнін шығарған.
* 1935 жылы Қазақстанның 15 жылдық төл мерекесіне арнап “Қазақстан”
* 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне арнап “Қуанышты жолсапар” әндерін жазады.
* 1942 жылы Елебаевтың Бородино түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнаған әйгілі “Жас қазақ” әні дүниеге келді.
* Сондай-ақ, композитордың скрипка мен фортепианоға арналған сюитасы
* “Талғар полкінің маршы”
* “28 батыр”
* “23-полк маршы”, т.б. көптеген әндері бар.
## Марапаттары
* Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Рақымжан Елешев (13 маусым 1938 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1984), профессор (1986), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998) және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1999).ҚазПИ-дің (қазіргі Қазақ ҰПУ) химия-биология факультетін (1961) және Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агрономия факультетін (1967) бітірген. 1961 жылдан Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында ассистент (1961–69), доцент (1970–72), декан (1972–85), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1986–92) болып істеді. 1996 жылдан агрохимия және топырақтану кафедрасының меңгерушісі әрі университет жанындағы Агробиология және экология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарады.
«Формы фосфоритов в орошаемых почвах Юго-Восточного Казахстана и приемы рационального использования фосфорных удобрений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми бағыты – топырақтың құнарлылығын сақтау мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапалық жағын және өнімділігін арттыру; жалпы ғылыми-зерттеулері тыңайтқыштар химиясына арналған. Елешев агрожүйелердегі фосфордың трансформациялануының биохимиялық циклін зерттеу негізінде фосфор тыңайтқыштарын тиімді пайдаланудың жаңа әдістерін жасап шығарды. Ол минералдық тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау салдарынан қоршаған ортаға тиетін экологиялық зардаптарды зерттеді.
Елешев 300-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 4 монография мен оқу құралдарының авторы.
Топырақтың қоректену режимдерін басқару мәселелерін зерттеу бойынша жүргізген ғылыми жұмыстар циклі үшін Ресей Ғылым Академиясының Д.Н.Прянишников атындағы сыйлық алған (1990). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлық лауреаты (2001). Батыс Қазақстан облысының және Қаратөбе ауданының құрметті азаматы (1998). «Құрмет» орденімен (2005) және медальдармен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4748
## Дереккөздер |
Елек, Елік – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ресейдің Орынбор облысы жерімен және Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мәртөк аудандары), Батыс Қазақстан (Бөрлі ауданы) облыстары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41,3 мың км . Ұзындығы 623 (Жарықты саласын қоса есептегенде 699) км.
## Бастауы
Мұғалжар тауының батыс бөлігіндегі Бестөбе сілемінен қос тармақ болып басталады да, Жарсуат аулының тұсында Жайыққа сол жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Қар және жер асты суымен толығады. Жылдық су ағындысының 60-85%-і көктемгі, қысқы мерзімде ағып өтеді.Арнасы бастауында енсіз (20- 30 м), тік жарлы келеді, орта ағысындағы арнасы (Ақтөбе қаласы тұсында) 150-170 м-ге дейін жетеді. Онда тоғай, шалғын өседі. Електің 75 саласы бар, ірілері - Қобда (Үлкен Қобда), Көктөбе, Табантал, Қарғалы, Сазды, Таныберген.Жылдық орташа су ағыны 3- 21 м /с, Шілік aуылы тұсында 37,9 м³/с. Суының тұздылығы 1,2-1,7 г/л аралығы. Қараша-сәуір айлары аралығында мұз қатады.Өзенде жайын, көксерке, ақмарқа, табан, сазан, алабұға, тыран, аққайран, бекіре, қарабалық бар. Суы өнеркәсіп орындарында пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ел Кюлюг Баға Ышбара, Шаболио Ниету (т.-ө.ж.б.) — Түрік қағанатының қағаны (581 — 87), Тобо қағанның ұлы.
Ол Түрік қағанатының шығыс және батысқа бөліну қарсаңындағы ең қабілетті, алғыр, батыл қағаны болған. Осы кезеңде күшейіп, әрі түркілерге қарсы “қырғи қабақ” саясат ұстанған Суй әулетіне тойтарыс берді. 581 ж. өзінің одақтастары Датоу қаған және Або қағандармен біріге отырып, 400 мыңдық әскермен Суй империясының астанасы Чананьға дейінгі жерлерді қоластына қаратты. Алайда 6 ғ-дың 80-жылдарының аяғында өз жақтастары арасында басталған ала ауыздықтардың салдарынан қағанат әлсіреп, ыдырау үрдісі басталды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Елтану– белгілі бір елдердің, сондай-ақ ірі аумақтар мен құрлықтардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, әлеуметтік құрылымы, т.б. туралы мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, кешенді түрде зерттейтін географиялық пән.
«Елтану» елдерді кешенді түрде зерттейтің, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті мен әлеуметтік ұйымдасуы туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелейтін географиялық пән болып табылады. Елтануда жекелеген аймақтар, елдер және олардың бөліктері табиғаты, біртұтас аумақтық күрделі жүйе ретінде қарастырылады. Елтанудың басты мақсаты – әртүрлі аумақтарды біртұтас және кешенді сипаттамаларын беру. Елтану зерттеу әдістері, елдер мен аймақтарды оқып – үйренудің теориялық – қолданбалы мәселелері, дүние бөліктеріндегі жеке аймақтардың табиғаты мен шаруашылығы, халықтардың қоныстануының басты ерекшеліктері беріледі.
Ғылым ретінде 20 ғ-дың басында қалыптасты. Оның негізін Н.Н. Баранский қалаған. Ол Елтануды жеке географиялық пән ретінде қарастырды және географиялық ғылымдар арасындағы орнын, интеграциялық мүмкіншіліктерін тұжырымдады. Ауқымы жағынан жан-жақты саналатын дәстүрлі елтанушылық жұмыстармен бірге, зерттелетін елдің маңызды проблемаларына географиялық талдау жасау кеңінен дами түсті. Осындай проблемалық зерттеу географияның құрылымдық бағытымен, аумақтық жоспарымен және табиғатты болжаумен тығыз байланыста болады. Проблемалық бағдарлау Елтанудың әдістемелік маңыздылығы мен дамуына кең мүмкіндік береді, сонымен қатар оның әдістемелік базасының дамуына жағдай жасайды. База географияға жүйелік әдіс енгізумен тығыз байланыста болады және зерттелетін проблеманы ғаламдық деңгейде қарауын қадағалайды. Елтанудың өзара байланысын дүниежүзілік шаруашылық географиясымен тығыз байланыстырып, оған болжамдық бағыт береді. Қазіргі кезде Елтану 2 салаға бөлінеді: 1) ақпараттық Елтанудың міндеті – елдер мен аудандарға байланысты мәліметтерді жүйелеу; 2) ғылыми Елтану – географиялык синтезге сүйене отырып, әлемнің географиялык бейнесін қалыптастырады.
## Дереккөздер |
Елюй Даши (өз есімі – Чжундэ) (1087 – 1143) — Қидан мемлекетінің (1125 – 1212) негізін қалаушы. 1128 ж. Шығыс Түркістанды, Енисей қырғыздарын, 1137 ж. Ферғана мен Мауераннахрды бағындырды. 1141 ж. Қатуан даласында (Самарқанның солт-нде) салжұқ сұлтаны Санжардың әскерін талқандады. |
Елтірі–– туғаннан кейін 2 – 3 күн ішінде сойылған қозы терісі. Елтірі қойдың қаракөл, соколов, решетилов сияқты арнайы тұқымдарының қозыларынан ғана алынады. Ең сапалы және көп өндірілетіні – қаракөл елтірісі. Сондықтан Елтіріні қаракөл деп те атайды. Енесі буаздығының 135 – 140 күндері, мерзімінен бұрын, шала туған қозының Елтірісі қаракүлше, жылбысқы деп аталады және жоғары бағаланады. Елтірінің шелі жұқа әрі берік. Осыған байланысты Елтіріден тігілген киім жеңіл болады, ұзақ киіледі. Елтірінің сапасы мен құндылығы түсіне, түгінің бұйралығына, мөлшеріне байланысты. Түсі көбінесе қара (мөлдір қарадан солғын қараға дейін), көк (ашық көктен қара көкке дейін), кейде сұр, қоңыр, қызғылт, ақ болады. Елтірінің толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4,5 мм-ге дейін), орташа бұйра гүлді (ені 4,5 – 7 мм), ірі бұйра гүлді (7 мм-ден артық) болып бөлінеді. Орташа бұйра гүлді Елтірі жоғары бағаланады. Елтірі өндірумен Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының қой ш-тары айналысады. Елтіріден бөрік, ішік, т.б. тігіледі, жаға жасалады.
## Дереккөздер |
Елшібек қорымы– қола дәуірінен сақталған зираттар. Қарағанды облысы Шет ауданы Киік темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км, Үшқызыл тауынан оңтүстікке қарай 2,5–3 км жерде орналасқан.
1957 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Қорымнан қола дәуірінің 120 қоршауы, ертедегі темір дәуірінің бір «мұртты» обасы және Түркі қағандығы кезеңінің үш қоршауы кездеседі. Қоршаудың біреуінің шығыс жағында тас мүсін бар. Қола дәуірінің қоршаулары, негізінен, төртбұрышты, шаршы және дөңгелек пішінді, қырынан көмілген гранит тастардан құралған. Олардың ішіне бір немесе бірнеше тас жәшіктер салынған. Кейбіреуінде жәшік сыртындағы қоршау жұмыр тастардан қаланған. Қорымнан қола дәуірінің төрт қоршауы және ерте темір ғасырының «мұртты» обасы қазылып зерттелді. Қоршаулар ішінен 9 тас жәшік қабір ашылып, ішіндегі мәйіттердің көбі ертеде ұрланғандығы белгілі болды. Мәйіттер сол қалпы немесе отқа өртеп қою салттарымен жерленген. Бұзылмаған және жартылай ұрланған қабірлерден геометриялық өрнектер салынған, пішімі қола дәуірінің әр кезеңіне тән 5 бүтін, 2 сынық қыш ыдыс, тас, қола моншақтар, жоғары басын тесіп, тұмар етіп таққан екі бақайшық, жыртқыш аңдардың тістері табылды. Осы заттарға қарап Елшібек қорымына адамдардың қола дәуірінің ерте кезеңінен бастап соңына дейін жерленгенін байқауға болады. Елшібек қорымы «мұртты» үш обадан (диаметрі 12 м) және таға бейнелі мұрттардан (ұзындығының сол жағы 40 м, оң жағы 34 м) тұрады. Зерттеу барысында үлкен оба астындағы ұзынша шұңқыр көр ішінен ұзындығы 180 см-ге жуық, басы солтүстік-батысқа қаратып жерленген ер адамның сүйегі, шығыс обадағы тастар астынан өрнегі жоқ сопақша қыш ыдыс, ал ең кіші батыс обадан баланың аяқ сүйектері табылды. «Мұртты» оба мерзімі жағынан б.з.б. V–III ғасырларға жатады. Елшібек қорымы – қола дәуірі және ерте темір ғасырлары кезінде Сарыарқаны мекендеген тайпалардың оңтүстік-шығыс шекарасындағы ең ірі зираттарының бірі. Ол осы кезеңдерде адамдардың тек шаруаға жайлы Нұра, Сарысу өзендерінің бойын ғана емес, біртіндеп Бетпақдалаға дейінгі жерлерді игергенінің айғағы.
## Дереккөздер |
Әбдірәшев Төлепберген(26 шілде, 1948, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылы - 26 қазан, 2007, Алматы) —дирижер. Қазақстанның халық артисі. (1995).
## Өмірбаяны
* Алматы мемлекеттік консерваториясын (1974, Т. С. Османовтың класы бойынша) бітірген.
* Москва консерваториясын (1979, Г. Н. Рождественскийдің класы бойынша) бітірген.
* 1982 — 83 ж. Вена музыка академиясының (Австрия) стажері.
* 1979 — 82 ж. Алматыда Қазақ симфониялық оркестрінің дирижері
* 1985 — 87 ж. Қазақ опера және балет театрының бас дирижері болды.
* 1987 жылдан осы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.
## Гастрольдік сапарлары
Ол әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Ресейде, Украинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті.
## Жетістіктері
* 1977 ж. Батыс Берлинде өткен Герберт фон Кароян атындағы Халықаралық дирижерлер конкурсының дипломанты
* 1983 ж. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды.
## Дереккөздер |
Елші (ағылш. ambassador) – бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттегі өкілетті дипломатиялық өкілдігінің басшысы. Елшіге, әдетте, жоғары дәрежелі диплом. қызметкер тағайындалады. Төтенше және өкілетті елші, төтенше және өкілетті уәкіл, уақытша сеніп тапсырылған өкіл болып бөлінеді. Қазақстан Республикасыныңтөтенше және Өкілетті Елшісі, барғанелдегі Қазақстан Республикасыныңөкілетті өкілі болып табылады..
## Дереккөздер |
Елшілік — бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Елшілік құрамына елшіден басқа ресми дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер енеді. Елшілікті төтенше және толық құқылы елші басқарады.
Елші – хаттамалық қатынас бойынша ең жоғарғы дәрежедегі дипломатиялық өкілдіктің басшысы. Елші мемлекеттердің өзара келісімімен тағайындалады. Ол тағайындалмас бұрын мына сатылардан өтеді:
* агреман сұрау;
* қызметке тағайындалуы;
* тағайындалған елге келуі;
* сенім граммотасы тапсырылған соң қызметке ресми түрде кірісуі.
## Елшінің негізгі міндеттері:
* Өзін аккредиттеуші мемлекетпен оның азаматтарының мүддесін қорғау;
* Өзі орныққан ел өкіметімен келіссөздер жүргізу;
* Аккредиттеуші мемлекет пен өзі орныққан мемлекет арасында өзара достық қарым-қатынасты дамыту;
* Елші акккредиттеуші елдің атынан сөйлейді.
Елшілік қызметкерлерінің пайдалана алатын белгілі бір жеңілдіктері бар. Мысалы: жеке басына, тұрғын үйіне қол тигізбеу, кедендік жеңілдік, мемлекет ішінде еркін жүру құқы.Елшілік ұстау шығыны әр мемлекеттің өз мойынында. Бүгінде әлемнің 30-ға жуық елінде Қазақстанның елшілігі бар, 40-тан астам елдің елшіліктері Қазақстанда жұмыс істейді.
## Тағы қараңыз
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің тізімі |
Ембімұнай– Қазақстандағы тұңғыш мұнай өндіру кәсіпорны. 20 ғ-дың 20-жылдарының басында Ембінің мұнай кендерін игеру және пайдалану мақсатында Жайық – Ембі аймағы мұнай өнеркәсібінің басқармасы болып құрылды. Кейін бұл кәсіпорын Ембімұнай тресі (1924), 50-жылдардың
Эмбанефть - СССР Мұнай өнеркәсібі министрлігінің кәсіпорны. Негізі өндіретін өнім мұнай мен газ. Құрамындағы үлкен кен орындары: Орал-Ембі, Мақат, Доссор. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мұнай мен газдың 7 кен орны ашылғанды. Кәсіпорыннан 45 адам ҚазССР еңбек сіңірген мұнай және газ өнеркәсібі қызметкері атағына ие болды.
## Дереккөздер |
Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов (3 қыркүйек 1929 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылы) – филология ғылымының докторы (1988), профессор (1990). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1951–59), ҚазМУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы (1959–63), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1967–71), Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетітінің төрағасы (1971–86), Әдебиет және өнер институтының директоры (1986–88), осы институттағы орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі (1988–96) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған институтта бас ғылыми қызметкер және ҚазҰУ-дың журналистика факультеті кітаптану кафедрасында профессор.
Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне арналған. «Қазақ романы және қазіргі дәуір» (1968), «Замандас парасаты» (1977), «Фольклордан роман-эпопеяға дейін» (1987), «Мағжан» (1995, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1998), «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), т.б. зерттеу кітаптары жарық көрген. Елеукенов «Мағжан» монографиясында ұлы ақынның шығармаларына жан-жақты талдау жасап, байыпты баға берген. «Қазақ романының идеялық-эстетикалық және жанрлық өзгешелігі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның «Кітаптану негіздері» (1997), өзге авторлармен бірігіп жазған «Газет жанрлары» (1964), «Қазақ кітабының тарихы» (1999) кітаптары баспагерлер үшін құнды оқулықтар болып табылады. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
* Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті орыс журналистика бөлімін үздік дипломмен бітірген.
* 1951 — 1959 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай большевигі», кейін «Коммунизм туы» газетінде істейді.
* 1963 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы әдебиет теориясы бөлімінің аспирантурасына түседі.
* «Қазақ романы және қазіргі заман» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды.
* 1964 жылы «Газет жанрлары» атты оқу құралы,
* 1968 жылы «Казахский роман и современность» атты монографиясы жарық көрді.
* 1967—1971 жылдары партия қызметіне: ККП ОК-нің Насихат және үгіт бөлімінің нүсқаушысы, баспасөз, радио және теледидар секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
* 1971 — 1986 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды.
* 1986-1988 жылдары Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарды.
## Шығармашылығы
Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығармашылығы туралы « Жаңа жолдан» («С новой строки») атты кітап жазып жарыққа шығарды. (1989). 1988 жылдың қыркүйек айынан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып істеді. 1989 жылы «Қазақ романының идеялық-көркемдік және жанрлық ерекшеліктері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Казахский роман и совремменность», «Замандас парасаты», «От фольклора до романа-эпопеи», «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), «Сүлулыққа іңкәрлік (1999), «Ғасырмен сырласу» (2004), «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» (2006), «Казахская литература: новое прочтение» (2007), «Тәуелсіздік биігінен» (2007), «Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі» (2008) атты кітаптары, «Әттең, дүние» романы (2002) мен «Мұхаметжан — Мархума» (1998) атты деректі повесі, «Кітаптану негіздері» (1997), «Қазақ кітабының тарихы» (Ж.Шалғынбаевамен бірге, 1999) оқулықтарын, «Маржан Жұмабаев» (1999) кітапшасы және мектеп оқушыларын арналған «Мағжан Жұмабаев» атты (1991) оқулықтары жарық көрді. Мағжан» моноғрафиясы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақ ПЕН-клубының Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық сыйлығының иегері.
## Жетістіктері
Көркем публицистика үшін Ш.Елеукеновке Қазақстан журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығы берілген. «Емтихан» атты сатиралық комедиясы Абай атындағы Жамбыл облыстық және Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрларында қойылды. Бірқатар пьесаларды қазақ тіліне тәржімалады.
Екі дүркін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің құрамына, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды. Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесінің мүшесі, ГДР-мен достықтың Кеңес қоғамы қазақ бөлімінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның мүшесі секілді қоғамдық жұмыстарды ұзақ жылдар бойы атқарыл келеді.
## Отбасы
Жұбайы - Жаңыл, марқұм. Қыздары – Гүлнар (1953 жылы туған ), Гүлжауар, марқұм. Ұлы - Дастан (1957 жылы туған )
## Сыртқы сілтемелер
http://biografia.kz/famous/2495 Мұрағатталған 20 мамырдың 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Еміл, Емел – Алакөл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Абай облысы Мақаншы ауданы жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 254 км., су жиналатын алабы 21,6 мың км².
## Бастауы
Шығыс Тарбағатайдың сілемі Ұрқашар баурайындағы (Қытайда) бұлақтардан басталып, Алакөлге құяды.
## Гидрологиясы
Қар, жер асты суларымен толығады. Орта және сағалық бөлігіндегі құмды жазықпен өтетін арнасы енді (30 – 50 м), жағасы жайпақ келеді. Атырауында сортаң шалғындар көп өседі. Желтоқсанда суы қатып, наурызда мұзы ериді. Суы егістік суғаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ендік — жер бетіндегі нүктелердің орнын аныктайтын географиялық координаттардың бірі.
Астрономиялық ендік және геодезиялық ендік деп сараланады..
Астрономиялық ендік — жер бетінің мәлім нүктесіндегі тік сызық бағытының аспап экваторының жазықтығымен түзетін бұрыш, Жердің айналу осінің осы нүкте горизонтының жазықтығымен түзетін бұрышқа тең болады. Пункттердің ендіктері аспан шырақтарын және әрбір пунктті басқа пункттерден тәуелсіз бақылау арқылы анықталады. Жер беті нүктесінің геодезиялық ендігі — осы нүкте арқылы өтетін нормальдың референц-эллипсоид бетіне оның экватор жазықтығымен құрылатын бұрыш. Тек бір ғана пункттердің астрономиялық және геодезиялық ендіктері тік сызықтардың осы пункттердегі референц-эллипсоидке нормалдардан ауытқуынан бір-бірінен өзгеше болады. Астрономиялық және геодезиялық ендіктер 0-ден 90°-қа дейін өзгереді, Солтүстік жарты шардағы нүктелер үшін "солтүстіктік" немесе "оң", Оңтүстік жарты шардағы нүктелер үшін "оңтүстіктік" немесе "теріс" деп аталады.
## Дереккөздер |
Еншілес қоғам (ағылш. subsidiary;) — жарғылық капиталынын басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым еншілес ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын занды тұлға. Нақтырақ айтқанда негізгі ұйымнан бөлініп шыққан не оның құрылтайшылығымен құрылған, заңды тұлға құқын иеленуші дербес ұйым. Ол, көбінесе, бас фирманың бөлімшесі ретінде жұмыс жүргіуі мүмкін. Мұндағы ұйым деген компания, корпорация, кәсіпорын немесе кей жағдайларда үкімет не мемлекеттік кәсіпорын болуы мүмкін.
Еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкротқа ұшыраған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.
## Дереккөздер |
Еңлік - негізінен гүлдің аты, соған негізделіп қазақтарда әйелдер есімі ретінде кең тараған. Екінші мағынасында, еліктің баласын білдіреді. Ол бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануардың лағы.
* Еңлік гүлі
* Еңлік-Кебек - ғашықтар жырындағы кейіпкер аты |
Еңке төре (т.-ө.ж.б.) — Моғолстан билеушісі. 14 ғ-да өмір сүрген. "Төре" деген ақсүйектік атақ оның билеуші топқа жататынын білдіреді. Еңке төренің есімі Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Әмір Темір шапқыншылығына тойтарыс беру тарихына байланысты айтылады. Еңке Төре — 1370 — 80 ж. Моғолстанда өзара тартыс кезінде күшейген жергілікті ақсүйектердің ең ірі өкілдерінің бірі. Ол іс жүзінде ерікті ұлыстардың бірін биледі. Е. т. Мауераннахрға шапқыншылық жасап, 1387 — 88 ж. Самарқан мен Бұхараға дейін жетіп, оның айналасын басып алған. 14 ғ-дың 80-жылдарының аяғында Әмір Темірдің Жетісу мен Дешті Қыпшақ жерін басып алу саясатының күшеюіне байланысты Е. т. Ақ Орданы билеуші Тоқтамыспен және Моғолстандағы өзара тартыс кезінде көтерілген дулаттың көпшілік бөлігін басқарушы Камар әд-Динмен бірігіп, Әмір Темірге қарсы одақ құрды. 1389 ж. бұл одаққа Моғолстанның жаңа ханы Қызыр қожа (Хызыр Ходжа) да қосылды. Орт. және Оңтүстік Қазақстанның көшпелі және отырықшы халықтарын біріктіріп, Әмір Темірге қарсы қою мақсатын көздеген бұл одақ Дешті Қыпшақ пен Жетісу тайпаларының бір мемлекет шеңберінде қазақ халқы болып одан әрі қалыптасуына үлес қосты. 1388 ж. Әмір Темір Моғолстанға жойқын жорық жасап, жергілікті халықты қырғынға ұшыратты. Негізгі соққы Іленің солтүстігінен Тарбағатайға дейін көшіп-қонып жүрген Еңке төре ұлысына тиді. Алғашында Әмір Темір Еңке төренің 10 мың адамдық атты әскерін талқандады, кейін Еңке төренің негізгі күшін құрту мақсатында Аягөз арқылы Тарбағатайға бет алды. Омар шейх бастаған Әмір Темір әскерлері Көбік өз. бойында Еңке төре әскерлерін қуып жетті. Шайқаста Еңке төре жеңіліп, Ертіс сыртына шегінді, оның ұлысы аяусыз тоналды. Бұл туралы Шараф әд-Дин Әли Йезди: “Тығылып, қашқан жауды, қайда барса да, барлық жерде, тіпті аралдардан да іздеп тауып, өлтіріп, талап-тонап отырды. Осы жолмен қыруар адамды тұтқынға алып, есепсіз мол олжаға ие болды” деп жазды. Еңке төренің бұдан кейінгі тағдыры жөнінде мәлімет жоқ.Бұл кезеңде Моғолстанда бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекеттің болмауы жергілікті Жетісу халқының Әмір Темірдің басқыншылық әрекетіне жұмыла қарсы тұруына мүмкіндік бермеді.
## Сілтемелер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Ергенек – ертеде қазақ арасында қолданылған ағаштың ұзын сырық, жіңішке сырғауылдан арасын алшақ етіп жасаған төртбұрыш пішінді шарбақ атауы.
## Қолданысы
Ергенек қос, жолым үй, қора-қопсының кіреберісін бекітуге, жабуға пайдаланылған. Ергенектің бір жағы жіп немесе қайыспен бірнеше жерінен шалып байлап есік тәрізді ашылып-жабылуын қамтамасыз еткен. Мұндай ергенекті ағаш сырықтардың арасын бір-бір жарым қарыстай етіп тігінен немесе көлденеңінен қатарластыра орналастырған соң, қозғалмастай етіп бекітеді. Әдетте, ағашты қашап немесе сырықтарды шандып байлау тәсілімен жасаған. Мұндай ергенекті тек есік орнына ғана емес саты ретінде де пайдаланған. Мысалы, балықшылар арасында шаңға түсіп шығатын сатыны да ергенек деп атау үрдісі сақталған.Киіз үйге арналған ергенек шарбақтан аса биік емес, есіктің орта тұсынан келетіндей етіп жасалғанға ұқсайды. Ені әлбетте ұзын болады. Киіз үйдің ши мен киізден жасалған есіктерді жылы маусымда жоғары қарай түріп қайырып қояды да, есіктің көзіне осындай ергенек шарбақтарды қояды. Ондай ергенектің бір жағы босағаға байланады, осылайша ашылып-жабылады. Оның киіз үйде қолданылған қарапайым бір түрін иткірмес деп атаған.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* ҚӘТС. 5-том. Алматы: Арыс, 2007;
* Диалектологиялық сөздік. Алматы: Арыс, 2007;
* ҚР ҰМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Ер Балалар Гимназиясы— Ресей империясында қыздар мен ер балаларды бөліп оқыту дәстүріне негізделіп құрылған орта мектеп. Оқу мерзімі 8 жыл болған. Онда ежелгі Грекия мен Рим империясындағы үрдістер басшылыққа алынып, ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелеріне басымдық берілді. Латын және грек тілдерін оқып үйренуге көп уақыт бөлініп, гуманитарлық білім салалары, табиғаттану пәндері оқытылды. Гимназияны бітірген ер балаларға кәмелеттік аттестат берілген. Ер Балалар Гимназиясында, көбінесе, ауқатты отбасының балалары оқыды. Қазақстанда Ер Балалар Гимназиясы Верныйда, Семейде, т.б. қалаларда Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау |
Ергеш(Stroganovіa) – орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда өсетін 7 түрі бар. Бұлардың биікт. 15 – 30 (кейде 80) см-дей. Жүрекжапырақты, шымыр, жебежапырақты, траутфеті Е. деген түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.