text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жамбылтану – қазақ әдебиеттану ғылымының Жамбыл Жабаев шығармаларын жинау, жариялау және зерттеумен айналысатын саласы.
Жамбыл 14 жасынан бастап өлең айтып, 15 жасында Сүйінбай ақыннан бата алған, оның импровизаторлық мектебінен үйренген. 19 ғ-дың 60–70-жылдарынан бастап, Жамбыл Айкүміспен, Сары ақынмен, Бөлтірікпен, Майкөтпен, Сарыбаспен, Құлманбетпен, Досмағанбетпен айтысқаны, бәрін жеңгені туралы әдеби деректерді Жамбылдың ақын-шәкірттері Үмбетәлі Кәрібаев, Жартыбай Елікбайұлы, Шүкітай Әбдікәрімұлы, Кенен Әзірбаев, Өмірзақ Қорғабайұлы берген. Олардың қолжазбалары Қазақстан Білім және ғылыми министірлігінің Орталық ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қорында сақталған. Жамбылдың айтыскер ақын екендігі туралы бұл деректер Жамбалтануғаға жол ашқан мәліметтер.1913 ж. бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында Жетісудың ауыл шаруашылық-өндірістік көрмесі ұйымдастырылған. Жамбыл «Үйсін, Найман саңлағы, өстепкеде жиналдық» деген сатиралық өлеңін осы көрмеге байланысты шығарған. Орыс фотосуретшісі П.А.Лейбин көрмеден 139 фотосурет түсірген. Жамбылдың шығарм. өмірбаяны туралы жазбаша деректер 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. 1925 ж. Ташкентте араб әрпімен «Терме» деген әдеби жинақ шыққан. Сонда Ш.Х.Сарыбаевтың «Халық әдебиеті және жинау жолдары» деген мақаласы жарияланған. Сол мақалада Жамбыл туралы мынадай деректер айтылады: «Жабайұлы Жамбыл – Жетісудың атақты, арқалы ақыны, жасы – 68-де, жылы – қоян, сауаты жоқ, тұратын жері – Ұзынқарғалы болысы, №4 ауыл. Жамбылдың жатқа білетін өлеңдері «Көрұғлы» дастаны, «Ерназар мен Бекет», «Сүйінбай мен Қатағанның айтысқаны», «Садыр патша мен Жамбыл патшаның заманы», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Жамбыл мен Құлманбеттің айтысы», «Шалтабай» дастаны және шежірелер мен терме өлеңдері». Кезінде Жамбылдың бұл айтылған жыр-дастандарының көпшілігі әр жылдарда жарыққа шыққан кітаптарында жарияланды. Ал «Ерназар-Бекет», «Садыр патша мен Жамбыл патша» және «Шалтабай» дастандарының жазбаша нұсқасы сақталмағандықтан, баспасөз бетінде жарияланған жоқ. 1931 ж. жарыққа шыққан С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті нұсқалары» деген фольклорлық жинағында және 1932 ж. жарияланған «Қазақ әдебиеті» деген кітабында Жамбыл мен Құлманбет айтысының қысқаша нұсқасы берілген.Жамбылтану ғылымының іргетасын қалаған – М.О.Әуезов. Ұлы ғалымның Жамбыл туралы алғашқы мақаласы «Әдебиет майданы» журналының 1938 ж. №5 санында «Ардақты Жәке!» деген атпен жарияланған. Сонда «Сіздің жырыңыз – заманымыздың асыл ескерткіші» деген бағалы сөздер айтылған. 1948 ж. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1-том, фольклор) жарыққа шықты. Сонда Әуезовтің «Айтыс өлеңдері» деген зерттеу мақаласы басылды. Автор қазақ айтыс өнерінің жарық жұлдыздары қатарында Сүйінбайды, Шөжені, Кемпірбайды, Жанақты және Жамбылды атайды. Жамбылдың ақындық күші – оның жүйелі сөзі мен логикалық ойларында деп таниды. 1946 ж. Жамбылдың 100 жылдық торқалы тойы дүние жүзі көлемінде салтанатпен аталып өтті. Аталған салтанатты мерекеде Әуезов «Жамбылдың айтыстағы өнері» деген тақырыпта баяндама жасады. Сонда халық ақыны Жамбылдың ел өнерінің алтын бесігінде өскендігі, Сүйінбайдың ұстаздық мектебі, Жамбылдың ақындық айналасы, Құлманбетпен, Досмағанбетпен айтысқаны, оларды зор халықшылдық қасиетпен жеңгендігі және «Өтеген», «Сұраншы», «Саурық батыр» жырларының тарихи негіздері, ақынның өмірдегі әр алуан құбылысты шапшаң айтып тастайтын, мысқыл, сын-сықақтары зерделенген. 1996 ж. Әуезовтің кіріспе сөзі «Ғылым» баспасынан шыққан Жамбыл Жабаевтың таңдамалы шығармалар жинағының алғы сөзінде берілді. «Жамбыл – қазақ халқының лирикалық, философия және шешендік сөздеріне өлшеусіз үлес қосқан ұлы ақын» дейді ғалым Әуезов. С.Мұқанов та Жамбыл шығармаларын жариялау және зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Ол 1946 ж. жарияланған Жамбыл шығармаларының толық жинағының жалпы редакциясын басқарды, алғы сөзін жазды. Жазушының Жамбыл туралы қазақша және орысша 15-тен астам ғылыми мақалалары республикалық газет-журналдарда басылды. Мысалы, «Ақындар», («Соц. Қазақстан», 1943, 4 желтоқсан), «Жүз жылдың жыршысы» («Әдебиет және искусство», 1946, №7), «Орта Азия халықтарының фашизмге қарсы митингісінде сөйлеген сөзі» («Соц. Қазақстан», (1943, 13 ақпан), т.б. Орыс тілінде Мұқановтың төмендегідей мақалалары жарияланды: «Жизнь и поэтическое творчество Джамбула» (В кн.: Джамбул – полное собрание сочинений, 1946), «Акын-патриот. Воспоминания о Джамбуле» (В кн.: «Джамбул песни войны», М., 1944), т.б. Мұқанов 1956 ж. Қазақстан жазушыларының 3-съезінде баяндама жасаған, сонда Жамбылдың өмірі мен шығармасына баса көңіл бөлген. Сол сияқты Мұқановтың 1978 ж. жарияланған «Өсу жолдарымыз» деген еңбегінде Жамбылдың импровизаторлық өнеріне жоғары баға берілген. Ғ.Мүсірепов те Жамбыл туралы «Алып ақын атамыз» (Мүсірепов Ғ. 5 томдық шығармалар жинағы. 4-том, А., 1975), «Феномен – Феникс» («Қазақ әдебиеті», 1971, 22 қазан) деген мақалалар жазған. Екінші мақаласында Мүсірепов «Жамбылдың ақындық өнері мәңгі жарқырап жанып тұратын – феникс құс секілді» дейді. Е.Ысмайыловтың «Ақындар» (1956) деген көлемді монографиясында ақын импровизатор, жырау, жыршы, әнші ақындар, ақындық орта, дәстүр мәселесі және Жамбылдың айтыстары, «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» туралы ғыл. ойлар айтылады. Сол сияқты оның «Ақын, жыршы, жыраулар» (1949), «Совет фольклорының даму жолдары» деген кітаптарында Жамбылдың ақындық, жыршылық, жыраулық өнерлері бір-бірімен байланысты зерттелінген. Жамбылтанушы С.Садырбаев – Жамбыл туралы жүздеген ғыл. мақалалардың авторы. 20 ғ-дың 50-жылдары партиялық баспасөзде жеке адамға табынушылыққа қарсы көптеген мақалалар жарияланды. Осы орайда, Қазақстандағы кейбір сыңаржақ сыншылар Жамбылдың Сталинге арнаған өлеңдерін сынап, сол арқылы ұлы ақынның беделіне көлеңке түсіріп, әдеби мұраларын жоққа шығармақшы болды. Сол тұста, яғни 1956 ж. 20 желтоқсанда «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде Садырбаевтың «Жамбыл мұраларын қастерлей білейік» деген мақаласы шықты. Онда Жамбылдың ақындық өнері Сталинді жырлаумен шектелмейтіні, ақынның айтыс өнеріне және батырлар жырын дамытуға қосқан зор үлестері атап айтылды. 1996 ж. «Ана тілі» баспасынан Садырбаевтың «Фольклор және Жамбыл» деген монографиясы жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегінде Жамбыл жырлаған «Қыз Жібектің» қазақша-қырғызша нұсқалары, «Көрұғлы Сұлтан» дастанының бірнеше нұсқалары салыстырылған. Жамбылдың лирикалық өлеңдері мен философия толғаулары жан-жақты талданған. Садырбаев 1982, 1996 жылдары Жамбыл Жабаевтың академиялық толық жинақтарын шығарды, ғыл. түсініктемесін жазды, тұрақты канондық текстологиясын жасады. Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің құрастыруымен 1986 ж. Жамбыл Жабаевтың «Библиографиялық көрсеткіші» шықты (жалпы ред. басқарған Садырбаев, көл. 20 б.т.). Садырбаев «Жамбыл адамзаттың ұлы жыршысы» деген деректі телефильмнің сценарийін жазды. «Жамбылдың жастық шағы» деген көркем фильмнің ғыл. кеңесшісі болды. Жамбылтану ғылымына қосқан еңбегі үшін 1996 ж. Садырбаевқа Жамбыл атындағы халықаралық сыйлық 1-дәрежелі лауреаты деген құрметті атақ берілді. Н.Төреқұловтың «Жамбыл және Кенен» (1978), «Жүз жасаған бәйтерек» (1982),«Алатау асқарынан жыр асырған» (1996), т.б. ғыл. еңбектері бар. Онда Жамбыл мен Кененнің шығарм. байланысы, Жамбылдың айтыстары мен дастандары және Дина Нұрпейісова, Сейфуллин, Әуезов, М.Ғабдуллиндермен Жамбылдың кездесулері туралы естеліктер жарияланған. Белгілі ғалым М.Жолдасбеков 20 ғ-дың 70-жылдары Жамбыл туралы бірнеше мақалалар жариялады. Олар: «Жүз жыл жырлаған жүрек» («Жалын», 1976), «Жыр алыбы» («Соц. Қазақстан», 1976, 29 ақпан), т.б. Жолдасбеков «Жамбыл және оның ақындық мектебі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1993 ж. «Жүз жасаған жүрек» деген кітабы мен 1996 ж. «Асыл сөздің атасы» деген монографиясы жарияланды. Бұл аталған еңбектерде Жамбылдың ақындық мектебі, дәстүрі және өлеңдерінің көркемдік шеберлігі терең талданған. Жамбылдың шығарм. туралы бірнеше мақалалар жазған ғалымдар мен жазушылар: Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Тәжібаев, М.Қ.Қаратаев, З.Ахметов, С.С.Қирабаев, М.Базарбаев, Н.Т.Сауранбаев, Ш.Қ.Сәтбаева, Ә.К.Нұрпейісов, С.Бегалин, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Б.Уақатов, М.Хакімжанова, Р.Г.Сыздықова, О.Ә.Нұрмағамбетова, М.К.Хамраев, С.А.Қасқабасов, К.Сейдаханов, С.Негимов, т.б. Жамбылдың өмірі мен шығарм. туралы орыс оқымыстылары да көптеген мақалалар мен монографиялар жазған. Олар К.Л.Зелинский, К.Н.Алтайский, З.С.Кедрина, П.Н.Кузнецов, М.И.Ритман-Фетисов, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Н.С.Тихонов, Л.С.Соболев, В.Б.Шкловский, М.А.Шолохов, т.б.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Жаңадария – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Жаңадария – Сырдария өзенінің құрғап қалған ескі арнасы.
* Жаңадария каналы – Қызылорда облысындағы суару-суландыру жүйесі. |
Жаңа Бұқтырма — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы кент, Жаңа Бұқтырма кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Алтай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 62 км жерде, Үлбі жотасының оңтүстік етегінде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1976 жылы қаланды. 1996 жылға дейін Серебрянск қалалық кеңестің құрамында болды. Жаңа Бұқтырма Ертіс өзені бойындағы ірі өзен айлақтарының бірі.
## Инфрақұрылымы
Кентте орта мектеп, клуб, кинотеатр, аурухана, мәдениет үйі, т.б мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және су жолдарымен қатынасады.
## Дереккөздер |
Жаңадария каналы – Қызылорда облысындағы суару-суландыру жүйесі. Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Гидрологиялық сипаты
Ұзындығы – 592,3 км, оның 535,5 км табиғи арнамен жүргізілген. Каналда 19 гидротехникалық құрылыс салынған. Су жинау алабы Сырдария өзеніндегі Қызылорда су торабы арқылы пайдаланылады. Су шығыны каналдың басында 50 м3/с, Жаңадарияның табиғи арнасы секундына 200 м3 су өткізе алады. Бұдан 210 км шамасында Қуаңдария каналы басталады. Ұзындығы – 436,4 км, оның 407 км-нің су шығыны 60 м3/с. Су жинау алабы Жалағаш ауданындағы Жаңадария кеңшары жеріндегі арнаулы су құрылысы арқылы жүзеге асырылады. Жаңадария каналы 1958— 1968 жылдары іске қосылған. Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары шаруашылықтарының 40 мың га егістік және бау-бақшалық жерлерін суарып, 20 мың га табиғи шабындықтарын, 1,0 млн.га жайылымдарын суландырады. Жаңадария каналын бойлай орналасқан қырғауыл аулау шаруашылығы бар. Қатпарлы-жаңбырлы бұлттардан жауатын ақ жауын, будақ-жаңбырлы бұлттардан жауатын нөсер жаңадария болып бөлінеді.
## Дереккөздер |
Жантөре Айшуақұлы (1759 — 02.11.1809) — мемлекет қайраткері, дипломат, Кіші жүз ханы (1805 — 1809). Ресейдің қазақ жеріне ықпалын тежеу саясатын ұстанды.
## Өмірбаяны
Хан сайланған алғашқы айлардан бастап-ақ билікке таласқан бәсекелестерінің қарсылығына тап болды. Әсіресе, өзінің нағашысы Қаратай сұлтанның оны хан ретінде танудан бас тартуы Кіші жүздегі саяси ахуалды шиеленістірді. Алғашқы кезде сөз жүзінде хандық кеңестің төрағасы болып есептелінген, алайда Ішкі орданы билеген Бөкей де Жантөренің жаулары Қаратайды, Орманды, хандық кеңестің мүшесі Уқа Төлеповты қолдап, Жантөреге кедергі жасады. Жантөре осындай қарсылық жағдайында, Жетіру бірлестігіне арқа сүйеп, шебер дипломатиялық саясатымен қарсыластарының арасына іріткі салды. Байұлының бір бөлігі Жантөреге қолдау көрсетті. Жантөре бес жылға жуық хандық билігі тұсында Кіші жүз арқылы өтетін Ресей мен Хиуа, Бұхар хандықтары арасындағы транзиттік керуен саудасының қазақтар үшін пайдалы екенін түсініп, оны қолдады. Сауда керуендерінен баж салығын үстемелеп алып, хандық қазынаны молайтты. Кіші жүз қазақтарының Орынбор және басқа қалалармен керуен саудасына жағдай жасауға тырысты. Керуендерді тонауға қатысқан ру басыларын, старшындарды жазаға тартты. Жантөре хандық соттың, кеңестің құқықтық жағдайын қалпына келтіруге тырысты. Алайда, Бөкейдің орнына хандық кеңестің төрағасы болып сайланған Орман Жантөреге қарсылығын тоқтатпады. Жантөре өзінің туған інілері Шерғазы, Баймұхамед, Арыстан және басқа беделді сұлтандарға арқа сүйеп, хандық билікті күшейтуге тырысты. Жантөренің беделінің күшеюінен сескенген Ресей үкіметі өлкені отарлауды жеделдету мақсатында әр түрлі әскери-саяси шаралар арқылы Жантөренің билігін шектеуге тырысып бақты. 1806 жылы 31 мамырда император Александр І “Кіші жүздегі хандық кеңестің ережелері” атты жаңа заң қабылдады. Осы заң сот, әкімшілік басқару жүйесінде ханның құқықтарын бірқатар шектеді. Орынбордың әскери губернаторы князь Г.С. Волконский Жантөре жөнінде екі ұшты саясат жүргізді. Бір жағынан, халық өкілдері сайлаған ханмен санаспауға бата алмай, оның саясатына қолдау көрсеткен болды. Екінші жағынан, Жантөренің күш алып кетуінен сескеніп, оның қарсыластары — сұлтандар Қаратайды, Орманды ханға қарсы жасырын айтақтап отырды. Жантөре шебер дипломат ретінде старшындардың және сұлтандардың біраз бөлігіне иек артып, Кіші жүзде өз саясатын дәйекті іске асырып отырды. Хиуа хандығымен, Бұхар әмірлігімен байланыстарын бірқалыпты деңгейде ұстады. Хиуа билеушілерінің Қаратайды қолдауына қарамастан, бұл хандықтармен сауда, саяси қарым-қатынастарын үзбеді. 1807 жылы Кіші жүзді бұрын болып көрмеген табиғи апат — жұт жайлады. Малдың қырылып қалуы, мыңдаған жандардың аштыққа ұшырауына себепші болды. Жасөспірімдерді өлім апатынан сақтау үшін Жантөре бірқатар шараларды іске асырды. Хан бұл арада осалдық та көрсетті. Көптеген қазақ балалары мен қыздары Ресейде христиан дініне жазылды, Хиуа мен Бұхар әмірліктерінде өзбектермен араласып, ұлттық нышандарын жоғалтты. Ханның жаулары осы ахуалды өздерінің ықпалын күшейту үшін ұтымды пайдаланып кетті. 1808 жылдың соңына қарай Жантөренің жағдайы қиындады. Кіші жүз шын мәнінде бұрынғы тұтастығынан айрылды. Өлкенің батыс өңірін Ішкі Орданың билеушісі Бөкей өзіне бағындыруға тырысты, Хиуа шекарасымен іргелес рулар Қаратайдың қол астына топтасты. Орман сұлтан болса Волконскиймен ауыз жаласып, оның қазақ елін “бөліп алда билей бер” саясатына су бүрікті. Осындай жағдайда Кіші жүздің тұтастығын қайтадан қалпына келтіру үшін Жантөре 1808 жылы 2 шілдеде қазақ сұлтандары, билері, беделді старшындарының арнайы құрылтайын шақыртты. Хандық кеңестің төрағасы Орман құрылтайды ханға қарсы бағыттауға күш салды. Хан билігінің күшеюінен қауіптенген губернатор Волконский ханға қарсы іріткі салу мақсатында өзінің өкілі майор Скрыпинді жіберді. Бұл саясатты дер кезінде түсінген Жантөре қазақтарда сақталған әдет-ғұрыпты демеу етіп Скрыпинді құрылтайға қатыстырмады. Алайда Жантөре мақсатына жете алмады, құрылтай нәтижесіз аяқталды. Бөкейдің үгіт-насихатымен Жантөренің билігіндегі қазақ ауылдарының бір бөлігі Жайықтың оң жағасына, Нарын құмдарына өтіп кетті. 1000 адамдық сарбаздарымен Қаратай да ханның ауылдарына шабуылдарын жиілетті. Бірте-бірте билігі әлсіреген Жантөре Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатымен Жайық шебіне жақындап қоныстанды. Алғашында Мерген форпосты төңірегінде, кейіннен Сахарная бекінісі маңына орнығып, күш жинай бастады. 1809 жылы 2 қарашада ханның өз сақшыларын және төлеңгіттерін түнде ауылдарына таратып жіберетінін біліп қалған Қаратай 200 жігітпен кенеттен Жантөренің ауылына шабуыл жасады. 27 ауыр жарақат алған Жантөре қаза тапты.
## Дереккөздер |
Ораз Қыйқымұлы Жандосов (20 ақпан 1889 жыл, Қаскелең, Верный уезі, Жетісу облысы, Түркістан өлкесі, Ресей империясы — 2 наурыз 1938 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері, Қазақстанда коммунизм құрушыларының бірі. Қазақ КСР халық ағарту комиссары.
## Өмірбаяны
Ораз 1889 жылы Любавинская станциясында, қазіргі Қаскелең қаласында қарапайым шаруалар отбасында дүниеге келген. Ұлы жүздің Шапырашты руынан.
1917 жылы "Садақ" газетімен бірлесе жұмыс істеді. Верный қаласында қазақ жастарының ағарту үйірмесін ұйымдастырады. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітірген. Оқуын аяқтай сала ақтарға қарсы әскери іс-қимылдарға қатысқан. Сол жылы коммунистік партия қатарына кірді. Жетісу облысы кеңестерінің І және ІІ сьездерінде делегат болған.
### Отбасы
Жұбайы – Жандосова Фатима Асқарқызы (1901-1973). 1901 жылы Ташкент қаласында татар саудагерінің отбасында туған. Ташкент қыздар гимназиясында оқыған. 1920 жылы Ораз Жандосовқа тұрмысқа тиген.
* ұлы – Жандосов Едіге Оразұлы (1922-1953). Өндірістік аварияда қаза тапқан. Жұбайы - Дәулетбаева Клара Фарраховна.немересі - Гүлнәр Едігеқызы (1951 жылы туған).немересі - Адехам Едігеұлы (1953 жылы туған).
* немересі - Гүлнәр Едігеқызы (1951 жылы туған).
* немересі - Адехам Едігеұлы (1953 жылы туған).
* ұлы – Жандосов Санжар Оразұлы (1930-1992). Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, Еңбек министрі, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспар комитеті жанындағы ҒЗИ директоры. Жұбайы – Жансүгірова Ильфа Ілиясқызы (Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы)немересі – Ажар Санжарқызы Жандосова (Еркін Қалиевтың жұбайы) – архитектор-урбанист, қоғам қайраткері.немересі – Дина Санжарқызы Жандосова-Алдабергенова – музыкант-бард.немересі – Жанар Санжарқызы Жандосова.немересі – Фатима Санжарқызы Жандосова.немересі – Кенен Санжарұлы Жандосов.
* немересі – Ажар Санжарқызы Жандосова (Еркін Қалиевтың жұбайы) – архитектор-урбанист, қоғам қайраткері.
* немересі – Дина Санжарқызы Жандосова-Алдабергенова – музыкант-бард.
* немересі – Жанар Санжарқызы Жандосова.
* немересі – Фатима Санжарқызы Жандосова.
* немересі – Кенен Санжарұлы Жандосов.
* ұлы – Жандосов Али (Анри) Оразұлы (1935 - 2023). Тарихшы,1920-1930 жылдардағы Қазақстан тарихының маманы. Жұбайы – тарихшы-шығыстанушы Клавдия Антонқызы Пищулина.немересі – Жандосов, Ораз Алиұлы (1961 жылы туған) – ҚР экс вице-премьері, экс қаржы министрі, Ұлттық банкінің экс төрағасы.немересі - Жандосова Зарина Алиқызы (1963 жылы туған) – ақын.немересі –Жандосова Лааль Алиқызы (1967 жылы туған) – суретші.
* немересі – Жандосов, Ораз Алиұлы (1961 жылы туған) – ҚР экс вице-премьері, экс қаржы министрі, Ұлттық банкінің экс төрағасы.
* немересі - Жандосова Зарина Алиқызы (1963 жылы туған) – ақын.
* немересі –Жандосова Лааль Алиқызы (1967 жылы туған) – суретші.
### Атылуы
1937 жылы Ораз Жандосовты қызметінен босатып, партия қатарынан шығарды. 13 қазан күні Жандосовты антикеңестік ұйымға қатысы бар деген айыппен тұтқындайды. 1938 жылғы 2 наурызда КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үкімімен РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-7, 58-8, 58-11 баптары бойынша айыпталып, жазаның ең ауыр түрі - ату жазасына кесілді.
1957 жылғы 8 маусымдағы КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының үкімімен ақталды.
## Қызметі
### Азаматтық соғыс жылдары
* 1918-1919 жылдары Жетісу облыстық ұлттар істері жөніндегі бөлім басшысы.
* 1919-1920 жылы мұсылман коммунистері бюросының төрағасы болды.
* 1920 жылы 3-ші Түркістандық дивизияның саяси бөлімін басқарып, Жетісу облысы революциялық әскери комитетіне кірді.
* 1920 жылдың қаңтарында Ақтөбеде өткен Қазақстандық кеңестік партияның 1-конференциясында Жетісу делегациясын басқарды.
* Азаматтық соғыс жылдары Алаш әскерінің сарбаздарын Қызыл әскер қатарына шақыру жұмыстарымен айналысты.
* Қытайға ауып кеткен қазақтарды қайтару ісін басқарған.
* 1920 жылы Фурмановтың тапсырмасымен Верный бекінісіндегі ереуілді басқан кезде уездердегі әскери бөлімшелерді басқарып отырды.
* 1920-1922 жылдары Жетісу облыстық революциялық комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитетінің төрағасы, ұлттар ісі жөніндегі меңгеруші болып қызмет етті.
* 1920 жылғы қыркүйекте өткен 5-ші Түркістан компартиясының сьезінен бастап Түркістан республикасының коммунистік партия Орталық комитетінің мүшесі болып тұрақтанды.
* Ораз Жандосов бастамасымен Түркістан өлкесінде “Қосшы” одағы құрылды. "Қосшы" одағының облыстық комитет төрағасы, кейін оның Орталық Комитет төрағасы болып қызмет атқарды.
### Кеңестік билік орнаған соң
* 1923-1924 жылдары Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған.
* 1924 жылдың қазанынан бастап 1925 жылдың сәуіріне дейін Ораз Жандосов Сырдария мен Жетісу губернияларында ауылдарды қайта құру жөніндегі экспедицияны басқарды. Экспедиция нәтижесінде кеңестік жүйе қазақ ауылдарына қарай бейімделуі керек деген шешім шығарылды. Әсіресе ауылдардағы мал шаруашылығы Республиканың негізгі ауыл шаруашалық саласы болып қалуы тиіс. Осының бәрін Коммунистік партияның 14-сьезінде, қазақ коммунистерінің 5-конференциясында сөз сөйлеп, делегат ретінде жеткізді.
* Қазақ АКСР-іне Түркістан Республикасының қазақ аудандары қосылған соң, Қазақстан коммунистік партиясының үгіт-насихат бөлімін басқара бастады. Қазақстан коммунистік партиясының бюросына алғашында кандидат, кейін мүше болып сайланды.
* 1927 жылғы қарашадан 1929 жылғы маусымға дейін Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметін атқарды. Ораз Жандосовтың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындары ашылды. Мысалы, 1928 жылы ашылған қазақ педагогикалық институты, 1929 жылы ашылған қазақ ауылшаруашылығы институты.
* Қазақ ауылшаруашылығы институтының алғашқы директоры қызметіне кіріседі.
* 1931-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік кітапханасының алғашқы директоры болды.
* Одан бөлек, 1920-жылдардың екінші жартысы мен 1930-жылдардың басында:Қазақ Ұлттық университетінде сабақ берді.Республикалық "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып қызмет етті.Қазақстан өлкетану қоғамының басқарма төрағасы,Республикалық кітап палатасының меңгерушісі,Гидрометбюро төрағасы,Өлкелік ғылыми қызметкерлер бюросының төрағасы қызметтерін атқарды.
* Қазақ Ұлттық университетінде сабақ берді.
* Республикалық "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып қызмет етті.
* Қазақстан өлкетану қоғамының басқарма төрағасы,
* Республикалық кітап палатасының меңгерушісі,
* Гидрометбюро төрағасы,
* Өлкелік ғылыми қызметкерлер бюросының төрағасы қызметтерін атқарды.
* 1933 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін Сарысу ауданының ашыққан халқын Талас аңғарына көшіру және орналастыру бойынша комиссияны басқарды.
* 1933 жылғы тамыздан 1934 жылдың желтоқсанына дейін Кеген аудандық партия комитетінің хатшысы қызметінде жүрді.
* 1935 жылғы қаңтардан 1937 жылғы маусымына дейін Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
* 1937 жылдың шілдесінен бастап тұтқындалғанға дейін Алматы облысы, Қаракемер ауылында рабфак (жұмысшыларды ЖОО-ға дайындау факультеті) басқарып отырды.
### Қатысқан съездер мен сайланбалы қызметтері
1920 жылғы қаңтар айында Ақтөбеде өткен Қазақстан коммунистік партиясының 1-конференциясында Жетісу делегациясын басқарды.
1925 жылы өткен Бүкілресейлік коммунистік партиясының (БК(б)П) 14-сьезінде делегат.
1925 жылы өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 5-съезінде делегат.
1927 жылы өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 7-съезінде делегат.
1936 жылы өткен КСРО Кеңестерінің төтенше 8-съезінің, 1937 жылы өткен Қазақстан коммунистік партиясы 1-съезінің және Бүкілресейлік коммунистік партиясы 2-ші және 6-ші съездерінің делегаты болды.
Әртүрлі жылдары Түркістан АКСР Кеңестері Орталық атқару комитетінің, Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің (БОАК) , Қазақ Орталық атқару комитетінің (ҚазОАК) және КСРО Орталық атқару комитетінің ұлттар кеңесінің мүшесі болды.
## Мұрасы
Алматы қаласында және облысында:
* Ірі магистральді көшеге Жандосов есімі берілген.
* Жандосов-Гагарин көшелер қиылысында Ораз Жандосовтың ескерткіші орнатылған.
* Жандосов көшесінің басында мемориалдық тақта орнатылған.
* Қазақстан-Британ техникалық университетінің артындағы скверде көрнекті қайраткерлер аллеясында Ораз Жандосовтың бюсті тұр.
* №105 гимназия Ораз Жандосовтың есімімен аталады.
* Алматы қаласынан 30 шақырым жерде Қарасай ауданында Ораз Жандосов ауылы орналасқан.
* Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында мектепке Ораз Жандосов есімі берілген.
Шымкент қаласында №30 мектеп Ораз Жандосов атымен аталады.
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар ауылындағы мектепке Ораз Жандосовтың аты берілген.
## Дереккөздер |
Жантөрин Нұрмұхан Сейітахметұлы (22 сәуір 1928 жыл Атырау облысы, Махамбет ауданы - 2 мамыр, 1990 Алматы) — актер, режиссер. Қазақ КСРнің Халық артисі (1966). Қазақ КСРның Мемлекеттік сыйлығының иегері.
## Толығырақ
* Мектепті бітіріп Алматыға жол тартқан Н.Жантөрин киномеханиктер дайындайтын мектепке түскен, осы кезде тағдырдың өзі оның бойындағы әртістік қасиетін көре білген ұстаздарға жолықтырып, Алматының актерлер дайындайтын мектебінің студенті болады.
* Кешікпей Ташкент театр өнері институтының актерлік факультетінің 3-ші курсына қабылданып, 1952 ж. бітіріп шығады.
* 1952—1967 жж. және 1988 ж. өмірінің соңына дейін қазақ драма театрының сахнасында өнер көрсетті.
* 1967—1988 жж. "Қазақфильм" киностудиясында актер болды.
## Рольдері
Осы жылдар аралығында театр мен экранда сомдаған ондаған рөлдері, айшықты актерлік шеберлігі оны Қазақстан мәдениетіндегі аңызға айналдырды. Оның тұлға бойындағы жұмсақтық пен қызбалық, қайсарлық, баладай аңғалдық, жәбірленгіш мінезі оның қайталанбас рөлдеріндегі кейіпкерлерінің бойынан да көрініс тауып тұратын. Алғашқы рөлі "Аласталған Алитет" фильміндегі чукча жігіт Туматуге бейнесі. Тағдырдың сыйы шығар, ол ұмытылмас рөлдерді: Қодар, Кебек, Керім, Сырым, Яго, Мольер, Сальери, Барон және Дон Жуанды ойнап, үздік актерлік шеберлігін танытты. Ол эрудициясы кең суреткер, әсіресе "Еңлік—Кебектегі" Абыздың Н.Жантөрин жасаған философиялық бейнесі — сахнада сирек кездесетін құбылыс. Ол қандай рөлді ойнаса да ой мен әрекет тұтастығын таба білді, кейіпкерінің бойына өзінше жан бітіруге талпынды. М. Бегалиннің "Оның уақыты келеді" (1957 ж.) фильмінде Шоқан Уәлиханов образымен өнер күмбезіне жүлдыздай жарқырап шықты. В. Мажурин қойған М.А.Булгаковтың "Мольер" қойылымы Жантөриннің асқан шеберлікпен ойнауы арқасында Мәскеу театр сүйер қауымын дүр сілкіндірді, — деп еске алады актриса Лейло Бекназар-Ханинга.
Режиссер Б.Мансұров қойған "Сұлтан Бейбарыс" (1989 ж.) фильміндегі Бейбарыс бейнесі — тек Жантөриннің емес, қазақ киносының ірі табысы болды. Бұл образ актер шеберлігінің шырқау шыңына айналды. Ол осы рөлі үшін кеңес киносы актерлерінің бүкілодақтық "Созвездие — 90" фестивалінде "Актер мамандығына қосқан аса зор үлесі үшін" сыйлығын жеңіп алып, арнайы дипломмен марапатталды. Бүкілодақтық фестиваль күндері Тверь қаласы көшелерінде Нұрмұхан Жантөринді халық "Сұл-тан Бей-барс!.. Сұл-тан Бей-барс!.." деп қошеметтеп, қолпаштап тұрып алған. Фильмнің дыбысын жазу сәтінде атақты режиссер Сергей Бондарчук: "Не деген актер, не деген керемет тұлға! Оның үнін жазудың өзі бір ғанибет қой!" — деп тамсанған екен.
## Режиссерлігі
Режиссер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп “Орман балладасы” (1972), Н.Жайнақовпен бірге “Медальдың үшінші жағы” (1976) фильмдерін қойды.
## Есте қалдыру
Нүрмұхан Жантөриннің артында оны ұмытпайтын туыстары, достары, шәкірттері, өнеріне төнті болған көрермендері бар. Атырау облыстық филормониясына және Атырау қаласының бір көшесіне Н. Жантөриннің есімі берілген. Алматы қаласында да Жантөрин атындағы көше бар.
Манғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театр бар.
## Марапаттары
* 1959 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағы);
* 1959 жылы КСРОның Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
* 1966 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі (құрметті атағы);
* 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл» құрмет белгісі (медалі);
* 1978 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы.
* 1988 жылы КСРОның Халықтар Достығы Орденінің иегері атанды.
* КСРОның Еңбек Қызыл Ту орденін екінші мәрте алған.
* КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жаңайдар Обасы — ерте темір дәуірлерінен сақталған ескерткіштер. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің бойында, Жаңайдар қыстағынан оңтүстікке қарай 350 м жерде орналасқан. 1961 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Оразбаев) тапқан. Тасмола мәдениеті кезінде салынған ғұрыптық ескерткішке жатады (б.з.б. 7 — 6 ғасырлар). Негізгі оба тастан үйілген, диам. 8 м, биіктігі 0,6 м. Осы обадан шығысқа қарай тастан жасалған тұрқы ұзын, енсіз, жіңішке екі жол немесе “мұртты” обалар жалғасады. Солтүстік жолдың ұзындығы 95 м, оңтүстік-тегісі 102 м, бұлардың жалпақтығы орта есеппен 1,7 м. Обадан 2 қыш ыдыстың сынықтары, аттың тістері және ат әбзелдерінің бірнеше қола қапсырмалары табылған. Жолдардың (немесе “мұрттардың”) кезінде күрделі құрылыстар болғаны анықталды. Бұлар екі қатар етіліп қырынан қойылған кішірек тақтатастардан үстін жауып ерекше дәліздер түрінде жасаған деген пікір бар. Дәліздердің екі шеті тастан дөңгеленте өріп шығарған оба іспеттес кішігірім құрылыстармен шектелген, ал ұзына бойы 1, 5 м сайын көлденең тақтатастармен бөлініп қойылған. Жаңайдар Обасы жерлеу ескерткіштеріне жатпайды. Обадан жылқы сүйектерінің шығуы және ұзын жолдардың шығысқа қаратылғаны кешеннің шығып келе жатқан күнге табыну дәстүріне және мұнымен тікелей сабақтас құрбандыққа жылқы шалу ғұрпына байланысты тұрғызылғанын байқаймыз.
## Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы |
Мұратбек Омарбекұлы Жандәулетов (2 мамыр 1946 жылы туған, Ташкент облысы Ахангаран ауданы) — сәулетші.
## Өмірбаяны
* Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген (1970).
* 1970 — 1986 жылдары “Қарағандықалаауылжоба” мемлекеттік жоспарлау институтында архитектор, аға архитектор, архитекторлар тобының жетекшісі, жобалардың бас архитекторы, №1 архитектор-жоспарлау шеберханасының жетекшісі болып қызмет істеді.
* 1986 — 1988 жылдары Қарағанды қаласының бас архитекторы болды. Жандәулетов — Қарағандының “Степной” тәжірибелік ықшамауданының және қаланың жаңа орталық бөлігінің, сондай-ақ, Жезқазған қаласының орталығының, “Прибрежный” тәжірибелік ықшамауданының жобалаушысы. Қарағанды қаласының орталық бөлігінің жобасы мен құрылысы үшін Қазақстанның Мемлекет сыйлығының лауреаты атағына ие болды (1978).
* 1988 — 1992 жылдары “Алматыбасжоспар” акционерлік қоғамы шеберханасының жетекшісі болып қызмет істеді.
* 1992 жылдан “Алмату” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.
## Марапаттары
* Қазақстанның Мемлекет сыйлығы (1978).
## Дереккөздер |
Жаңақала — ауыл, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының (1972 жылдан) және Жаңақала ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде, Көшім өзенінің Бірқазан көліне құяр жеріндегі ақ жусан, сұлыбас өскен шалғынды сортаң топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 6250 адам (3149 ер адам және 3101 әйел адам) болса, 2009 жылы 7202 адамды (3489 ер адам және 3713 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 18-ғасырдың аяқ кезінде "Қисыққамыс" елді мекені болып қаланған. 1997 жылға дейін “Бірлік” асыл тұқымды қой кеңшарының орталығы болып келді. Жаңақалада аудан агробірлестік, өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер, шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істеді. Ауылда “Орта Азия — Орталық” газ құбырының компрессор стансасы, нан зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, құрылыс, көлік, т.б. мекемелер бар.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, емхана, қонақ үй бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жаңа Шүлбі — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Жаңа Шүлбі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Бородулиха ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, Ертіс өзенінің оң саласы — Шүлбі өзенінің бойындағы қарағайлы орманды жазықта орналасқан.
## Тарихы
1996 жылға дейін “Қызыл партизан” сүт кеңшары және Жаңа Шүлбі аң шаруашылығының орталығы болып келген. Кеңшар негізінде 1997 жылдан ауылда етті-сүтті сиыр, шошқа өсіретін, астық өндіретін “Қызыл партизан”, “Бірлесу”, “Май зауыты”, “Романтик’”, “Кең дала” атты акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, “Жаңа Шүлбі” шаруа қожалығы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, спорт мектебі, мәдениет үйі, аурухана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
“ЖАҢА ӨРІС” — газет. Түркістан атқару кеңесінің және Түркістан майданының саяси бөлімі атынан шығып тұрған. Алғашқы нөмірі 1920 жылы сәуір айында жарық көрді. Оның “Шет елдерде”, “Ке-ңестер ішінде”, “Аймақ хабарлары” деген бөлімдері болды. 1920 жылы 27 шілдеде шығуын тоқтатты.
## Дереккөздер |
Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы – 26 ақпан 1938 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы.
## Қысқаша өмірбаяны
* Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.
* 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
* Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
* 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
* 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі.
* 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
* Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
* 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
* 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
* 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі.
* 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды.
* 1938 жылы ату жазасына кесілген.
* 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды.
## Еңбектері
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.
Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.
Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.
Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.
### Библиография
* 1917 жылы - «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері.
* 1923 жылы - «Байшұбар».
* 1926 жылы - «Балаларға тарту».
* 1928 жылы - «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы.
* 1929 жылы - «Күй» поэмасы.
* 1931 жылы - «Кек» және «Турксіб» пьесасы.
* 1934 жылы - «Күйші» поэмасы.
* 1936 жылы - «Исатай - Махамбет» пьесасы.
* 1936 жылы - «Құлагер» поэмасы.
Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.
Поэмалары
* «Құлагер» - 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды.
* "Күй" - 1929 жылы жазылған.
* "Күйші" - 1934 жылы жазылған.
* "Дала" - 1930 жылы жазылған. Басында "Еңбекші Қазақ" газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды.
* "Рүстем қырғыны" - 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді.
* "Исатай" - 1960–1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-ші томында жарық көрген.
* "Мақпал" - 1920 жылдың басында жазылған.
* "Байкал" - 1937 жылы жазылған.
* "Кәнпеске" - 1920 жылы "Еңбекші Қазақ" газетінде жарияланды.
* "Қолбала" - 1964 жылы Алматы облысы, Ақсу аудандық "Өмір нұры" газетінде жарияланды.
* "Қуат" - 1932 жылы "Әдебиет майданы" журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған.
* "Мәйек" - 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды.
* "Бақытты Жамал" - 1930 жылы жазылған.
* "Жорық" - 1935 жылы жазылған.
Лирикалық өлеңдері
- "Әнші апама" (1909)
- "Күзгі гүлге" (1912)
- "Тілек" (1912)
* 1915–1920 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Бір соқыр баланың арманы" (1915–1916), "Жыбырлақ" (1915–1916), "Қалпымыз" (1915–1916), "Жаңылғаным" (1915–1916), "Мұңды құс" (1915–1916), "Қосылыс" (1915–1916), "Игілік" (1915–1916), "Ішім еріп" (1915–1916), "Жанды сөз" (1915–1916), "Талғамалар" (1915–1916), "Замандасқа" (1915–1916), "Бұбұлға" (1915–1916), "Алдымда" (1915–1916), "Жаз-құдаша" (1915–1916), "Маңым" (1915–1916), "Шым-шытырық" (1915–1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920),
* 1921–1924 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924).
* 1925–1930 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926),"Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930),
* 1931–1937 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936).
Сатиралары
"Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928).
## Жансүгіров есімін арқалап жүрген нысандар
Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
## Отбасы
Ол 4 рет үйленді.
* Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы)
* Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті.
* Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды.
* Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады.
### Фатима Ғабитовадан туған балалары:
* Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер.
* Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті.
* Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург.
### Фатима Төребаевадан туған балалары:
* Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты.
### Асырап алған балалары:
Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды.
* Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты.
* Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог.
## Қазақ әдебиетіндегі орны
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ілияс Жансүгіров
* Ілияс Жансүгіров |
Жаңғызтөбе — Абай облысы Жарма ауданындағы кент, Жаңғызтөбе кенттік әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қалбатаудан оңтүстік-батысқа қарай 23 км жерде.
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы Түркістан-Сібір темір жол магистралін салуға байланысты қаланған.
## Дереккөздер |
Жаңаарқа қойы – қылшық жүнді қазақы қой тұқымы. 1992 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының «Жеңіс» асыл тұқымды қой з-тында жергілікті қазақы қой тұқымынан күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Қошқарларының тірідей салмағы 95 – 100 кг, саулықтары 60 – 65 кг. Жаңа туған қозылары 3,8 – 4 кг, кейде 5,7 кг тартады. Енесінен айырғанда қозыларының салмағы 39 – 41 кг-ға дейін жетеді. Әр қойдан орта есеппен 2,9 – 3,1 кг жүн қырқылады. Жүні ақ және ақшыл түсті. Әр жүз саулықтан 85 – 90 қозы алынады. Жаңаарқа қойы жаздың аптап ыстығы мен қыстың үскірік аязына шыдамдылығымен ерекшеленеді. Жаңаарқа қойы күтімді көп қажет етпейтін, тез жетілгіш қой. Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарының шөлді және шөлейт аудандарында өсіріледі.
## Дереккөздер |
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
## Өнеркәсіптегі өзгерістер:
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
* Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді.Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
* Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
* Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.
## Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
* Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
* Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
* 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
* Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
* Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
* Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
* Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
* Несие берілетін болды.
* «Қосшы Одағы» құрылды.
* 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.
* 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды.2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді.3. Жәрмеңкелер ашыла бастады.
* 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды.
* 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді.
* 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады.
Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын.
* 4. Жеке саудаға рұқсат берілді.
* 4. Жеке саудаға рұқсат берілді.
* Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.Саяси өмірде демократия бұрмаланды.Еркіндік мүлде болмады.1921-1922 жылдардағы ашаршылық
* Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
* Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
* Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.
* Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.
* Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.
* Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
* Еркіндік мүлде болмады.
* 1921-1922 жылдардағы ашаршылық
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.
700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
## Дереккөздер |
Жаппарберді хан (туған жылы белгісіз – 1417 жыл) — Ақ Орда ханы (1416), Тоқтамыс ханның 6-баласы. Жаппарберді Жошы ұлысындағы үш саяси топ — Мәскеу, Литва князьдігі және Едіге биді жақтаушылар арасындағы билік үшін таласта Литва князі Витовтаның әскери, саяси қолдауына арқа сүйеді. 1413 жылы Витовтаның көмегіне сүйенген Жаппарберді мен Бетсабул (Бақтыбек болуы мүмкін) әскері Келімберді ханмен шайқаста жеңіліске ұшырап, Бетсабул қаза табады да, Жаппарберді қалған әскерімен Литваға оралады. 1416 жылы Витовтаның әскерімен Ордаға келген Жаппарберді Едіге хан етіп сайлаған Шыңғыс Шөкре оғланды өлтіріп, оның орнына өзі хан болады. Көп ұзамай Дервиш ханның ықпалымен Еділ бойынан қуылады. Жаппарберді Қырымға кетіп, Каффаны паналайды. Едігенің әскері Каффаны қоршауға алады, Жаппарберді Литваға қашып бара жатқан жолда өзінің серіктерінің қолынан қаза табады.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы
## Тағы қараңыз |
Сіләмхан Жапарханов (1927 жыл, 25 тамыз; Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Қараш ауылы) — геология-минералогия ғылымдарының докторы (1974), професор (1982).
## Қысқаша өмірбаяны
* 1953 - Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген.
* 1953–59 - Орталық Қазақстан геология басқармасының Ақадыр және Жезді экспедициясының гидрогеологы;
* 1959–66 - Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы;
* 1966–86 - Қазақстан ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында лаборатория меңгерушісі;
* 1986–91 - Қазақ политехнологиялық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университеті) кафедра меңгерушісі,професор қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбегі кен орындарының жер асты суын зерттеу мәселелеріне арналған. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық (1980) лауреаты.
## Дереккөздер |
Әлихан Бірімжанұлы Жарболов (18 шілде 1955, Қорғалжын ауылы, Қорғалжын ауданы, Целиноград облысы, Қазақ КСР) — әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы жоғары командалық училищесін (1976), Мәскеу әскери академиясын (1989) бітірген. 1976 — 1986 жылы Германиядағы кеңес әскерлері тобында взвод,рота командирі, батальон штабы бастығы, батальон командирі, әскери академияны бітірген соң полк командирінің орынбасары, полк командирі, танк дивизиясы командирінің орынбасары, дивизия командирі, армиялық корпус командирі қызметтерін атқарды. 1996 — 1997 жылы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, 1997 — 2000 жылы мотоатқыштар әскерлері оқу-жаттығу орталығының бастығы болды. 2000 жылдан Қазақстан Қарулы Күштері Оңтүстік әскери округының қолбасшысы. ІІ-дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған. |
Жаңғырық — бақылаушының әр түрлі тосқауылдан (үй қабырғасы, орман, т. б.) шағылған толқынды (акустикалық, электр магниттік, т. б.) қабылдауы. Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Бақылаушы акустикалық Жаңғырықты, мысалы, дыбысты шағылдыратын беттен қысқа уақытқа созылған дыбыс импульсін (соққы, қысқа мерзімді айқай) шағылған сигнал ретінде қабылдайды. Қабылданған және жіберілген дыбыс импульстері 50 — 60 миллисекунд (мс) уақыт аралығымен бөлінген жағдайда ғана, адам Жаңғырықты ажырата алады. Жаңғырықтың бірнеше түрі бар. Көп еселі Жаңғырық дыбысты шағылдырушы бет бірнешеу болғанда (мысалы, таулы жерлерде, т. б.) байқалады. Қалқыған көп еселі Жаңғырық дыбыс көзі өзара параллель екі қабырғаның арасына орналасқан кезде, ал гармониялық жаңғырық жиілік спектрі кең дыбыстың түрлі тосқауылдан шашырауы кезінде пайда болады. Гармониялық жаңғырықта тосқауылдың мөлшері спектрдегі толқындар ұзындығынан кіші болуы тиіс. Музыкалық жаңғырық қысқа импульстің белгілі бір заңдылықпен алмаса орналасқан денелер жүйесінен шағылуы нәтижесінде болады. Мысалы, үйдегі басқыш сатыларынан, стадион не амфитеатр мінбесінен, т. б. шағылған импульстер бақылаушыға тізбектеліп жетеді. Мінбелер көрермендермен толған кезде жаңғырық жойылады. Өйткені, дыбысты шағылдырушы әуелгі беттер енді жұтатын беттерге айналады. Жабық үйде жаңғырық әдетте байқала бермейді. Жабық үйдегі әр түрлі жекеленген Жаңғырықтар әуелгі дыбыстан кейін пайда болатын жалпы бір дыбысты (қ. Реверберация) туғызады. Дыбыстың таралу жылдамдығы (с) мен Жаңғырықтың кешігу уақыты бойынша шағылдырушы бетке дейінгі қашықтық оңай табылады: Жаңғырықтың әсерін кейбір техникалық мақсаттарға қолдану осыған негізделген. Мысалы, эхолот ультрадыбыстың теңіз түбінен шағылуын (қ. Ультрадыбыс) өлшей отырып, теңіз тереңдігін тез әрі үлкен дәлдікпен анықтай алады. Эхолоттың онан әрі жетілдірілуі нәтижесінде гидроакустикалық локатор (қ.Гидролокация) жасалды. Жаңғырықтың әсерлері ультрадыбыстық дефектоскопияда да кең қолдау тапты. Мұнда шағылу көзі денелердің құрылымындағы кез келген сызат, қуыс, т. б. бола алады. Көптеген жануарлар (мысалы, жарғанаттар, дельфиндер, т. б.) Жаңғырықты бағдарлау мақсатында пайдаланады. Қазіргі радиолокация да жаңғырық құбылысына негізделген. Мұнда дыбыс толқындарының орнына электр магниттік толқындар қолданылады. Электр магниттік толқындардың Жаңғырығы алыс қашықтыққа тартылған байланыс желілерінде (мысалы, трансатлантикалық кабельдерде) байқалады. Жер қыртысында таралатын серпімді толқындардың тау-кен жыныстарынан шағылуы нәтижесінде сейсмикалық жаңғырық пайда болады. |
Жарғақ — құлын, тай, лақ, бөкен терісінен түгін сыртына қаратып тіккен сырт киім. Жарғақ жасау үшін алдымен теріні илейді, жақсылап сүргілеп, уқалап жұмсартады да, томар бояу, рауғаштың түбірі, еменнің қабығы тәрізді заттармен жуып кептіреді. Ерменнің, жусанның бүрін басытқы ретінде шамалы ашудас қосып суға қайнатқаннан кейін қанжылым қалпында иленген теріге жағып кептіреді. Әрі қарай уқалап, қыртысын жазады. Сонан соң шекпен үлгісінде пішіп, қалың матамен астарлайды. Жарғақты, көбінесе, қыста, жауын-шашын, боранды күні киім сыртынан киеді. Ертеректе ауқатты адамдар Жарғақты тек қара құлын терісінен тігіп киген.
Жарғақ — қозы, лақ,бұзау, құлын, т.б. жас төлдің ерекше тәсілмен иленген терісі. Жарғақ алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Кіші Азияның Перғам қаласында жазуға пайдаланылатын жоғары сапалы материал ретінде шығарылған. Қазір Жарғақ музыкалық аспаптар мен кейбір техникалық бұйымдарды жасауға қолданылады. Ол өте берік, оңай жыртылмайды, бетіне түскен 10 — 12 кг/мм2 қысымға шыдайды. Керілген Жарғақты ұрғанда таза дыбыс шығарады. Жарғақ сыртқы ортаның жылылық, ылғалдылық сияқты құбылмалы жағдайларында қалпы мен қасиеттерін сақтайды. Қазіргі қалыптасқан былғары өндіру технологиясының алғашқы сатылары (теріні ылғалдау, күлдеу) нәтижесінде алынатын теріні, май және су өткізбейтін орамдық қағаздарды да Жарғақ деп атайды. Бір түсті құлын терісінен түгін сыртына қаратып тіккен сырт киім де Жарғақ деп аталады. Ол үшін алдымен теріні илеп, жұмсартады. Содан соң шекпен үлгісінде қиып, қалың матамен астарлайды. Мұндай сырт киімді, көбінесе, қыста жауын-шашынды, боранды күндері киеді.
Жарғақ (лат. Membrana - жұқа қабық, жарғақ). Былғарыдан, резинадан және т.б. жасалған жұқа қабыршақ немесе сыртқы күштің әсеріне серпімді жұқа металл пластинка.
## Дереккөздер |
Жарапазан (араб.: يَارَمَضَان, парсы: یارمضان) немесе жарамазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен, Жарапазаншы үйді, үй иесін мадақтаудан бастайды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады. Соңы бата берумен аяқталады. Әрине, айтушы өзінің қабілет-қарымына орай, жаттанды мәтіннің қаңқасын бұзбай өз ойынан да шумақтар қосып айта береді. Үй иесінің көрсеткен құрмет-сыйына қарай оның жомарттығын, шүлендігін марапаттап, алғыс-тілек те айтады. Кейде көңілден шықпағандарды қуақы тілмен келекелеп, әзіл-қалжыңға да айналдыратын сәттер болады. Жарапазанды жоқ-жітік замандарда дүние табу кәсібіне айналдырғандар да болған. Дегенмен, Жарапазанның негізгі мақсаты — ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақырудан туған. Оған, әсіресе, жастар мен балалар белсенді ат салыса жүріп, өздері де үлгі-өнеге алған. Кеңестік дәуірдегі шектеулердің салдарынан ұмытыла бастаған Жарапазан ислам дінінің жандануына байланысты қайтадан салтқа еніп келеді.Жарапазан айтуға балалар да араласқан, олар, әрине, үлкендер шығарған өлеңдi жаттап айтатын болған.
– деген жарапазан айтушылар тобында балалардың болатындығын бекiте түседi. А.Байтұрсыновтың «...ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдiң тұсында тұрып жарапазан өлеңiн айтады», – деп жазуы да осының дәлелi. Жарапазан айту салты көпшiлiк жерлерде, бүгiнге дейiн сақталған, елдiң кейбiр түкпiрлерiнде бүгiнге дейiн бар және оларды айтушылар негiзiнен балалар болған. Бiрақ бұл кезеңде жаңа текст тумаған, тек балалар үлкендерден үйренiп жаттап алып айтқан. Сондықтан да болар 1943 жылы шыққан «Бөбек жыры» атты жинақ дәстүрлi жарапазан жырының үлгiлерiн толық қамтыған бiрден-бiр кiтап болып келедi.
Жарапазан айтуға балалардың қатысуынан жыр құрылысының қарапайымдылығы, жаттауға жеңiлдiгi, мәтін астарында әсiрелеу элементтерi мен жеңiл әзiл, мысқылдық, ойындық элементтердiң жататындығы да аз әсер етпеген. Балалардың әдет-ғұрып жырларына қатынасы, әрине, мұнымен шектелiп қоймайды. Қай халық өмiрiнде болмасын балалар әдет-ғұрып салттарына да қатыстырылған. Бiрақ балалар бұл ғұрып-салттардың мәнiн терең түсiне бермеген, көпшiлiгiн әуестiкпен жаттап алған жырларын өз түсiнiктерiне, тiл ерекшелiктерiне ойын аралас өмiрлерiне ыңғайлап, өңдеп әндетедi. Мысалы, жарапазан жырлары балалар арасында ешқашан тұтас күйiнде емес, тек үзiк-үзiк күйiнде ғана, әр түрлi жағдайға байланысты айтылады.
Кежехан Ісләмжанұлы. Рухани уыз.- Алматы, 2008.
## Дереккөздер |
Бинеш Оразұлы Жарбосынов (13.05.1932, Атырау - 25.06.1996, Алматы) - ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1985), профессор (1986). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1986).
## Қысқаша өмірбаяны
* 1955 - Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.
* 1955 — 59 ж. - Атырау, Ақтөбе қалаларында уролог-дәрігер.
* 1959 — 62 ж. - Ақтөбе медицина институтында (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) жалпы және факультеттік хирургия кафедрасының ассистенті;
* 1962 жылдан - өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық медицина университетінде аспирант, урология кафедрасының ассистенті, доценті, меңгерушісі болды.
* 1990 - Бинеш Оразұлы Жарбосыновтың басшылығымен Алматы қаласында Урология ғылыми орталық ашылды. Ол — осы орталықтың тұңғыш директоры болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері урология мәселелеріне арналған. Бинеш Оразұлы Жарбосынов Қазақстанда ер адамның жыныс органдарының аурулары: қосалқы жыныс безі аденомасы, жыныс безінің қабынуы, варикоцеле (сол жақ ен сағағы венасының кеңеюі) мен крипторхизм (еннің ұмаға түспеуі) салдарынан ер адамның белсіз қалуы (еркек бедеулігі) белгілерін анықтап, оларды хирургиялық жолмен емдеу әдістерін ұсынды.
Бинеш Оразұлы Жарбосынов Қазақстан урологтарының 1-съезі (1991) мен 2-конгресін (1995) ұйымдастырып, 4 халықаралық симпозиум өткізді. Ол Қазақстан урологтары ассоциациясының төрағасы, Денсаулық сақтау министірлігінің бас урологі болған. “Парасат” орденімен марапатталған. Алматыдағы Урология ғылыми орталығы оның есімімен аталады. Осы орталықта Бинеш Оразұлы Жарбосыновқа орнатылған ескерткіш-бюст және мұражай бөлмесі бар.
Шығармалары:
* Чреспузырная аденомэктомия, А.-А., 1975;
* Жақсы сөз — дертке шипа, А., 1977;
* Мужское бесплодие, А.-А., 1988;
* Бүйрек аурулары, А., 1992.
## Дереккөздер |
Жаркент−Арасан — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. Ауылда республикалық маңызы бар бальнеологиялық шипажай орналасқан.
## Географиялық орны
Аудан орталығы − Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының табиғаты әсем шатқалында, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте, Бурақожыр өзенінің аңғарында орналасқан.
## Шипажай сипаты
1967 жылы ашылған, 160 орны бар (2009) шипажай. Жыл бойы жұмыс істейді. Негізгі емі – құрамында радоны бар хлор-сульфат натрийлі минералды суы. Қан айналу, жүйке жүйесі, аяқ-қол, буын, тері және гинекологиялық ауруларды емдейді. Климаттық факторлар (таудың шипалы таза ауасы, өсімдігі, табиғат ландшафтысы) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия, массаж, инемен емдеу, емдік дене шынықтыру қолданылады.
### Климаты
Қысы жұмсақ, жазы қоңыржай, таулы жерге тән. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –5°С, шілдеде 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700 мм.
## Халқы
## Дереккөздер |
Геккондар (Gekkonidae) — кесірткелер отрядының бір тұқымдасы.
Геккондардың 80-ге жуық туысы (650-ден астам түрі) бар. Олардың көпшілігі тропикалық және субтропикалық жақтарда, аздап жер шарының қоңырүйек бөлімдерінде де тіршілік етеді. Геккондардың Орта Азия мен Қазақстанның жерлерінде тіршілік ететін 4 туысы (8 түрі) кездеседі; олар: сцинк геккон, тарақтабан геккон, жалаңаяқ геккон. Геккондардың көздері үлкен, басы алға қарай сүйірленген; денесі қабысыңқы; аяқтары жақсы жетілген, тырнақтары үшкір келеді, күндізінде жатып, қорек заттарын (омыртқасыз жәндіктерді, насекомдарды, ермекші тәрізділерді, қырықаяқтарды және т. б.) түнде аулайды; кепшілігі 1—2 жұмыртқа табады.
Қазба қалдықтары эоцен дәуірінен бастап тіршілік еткенін айғақтайды. Тропиктік, субтропиктік (аздап қоңыржай белдемдерде) және шөлді жерлерде тараған. Жармасқының 70-тей туысқа бірігетін 700-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлінің маңында, Іле өзені бойында мекендейтін 4 туысқа бірігетін 6 түрі: жылтырауық Жармасқы (Teratoscіncus scіncus); тарақсаусақты Жармасқы (Grossobamon eversmannі); шиқылдақ Жармасқы (Alsophylax pіpіens); сұр Жармасқы (Tenuіdactylus russowі); Түркістан Жармасқысы (Tenuіdactylus fedtschenkoі); Каспий Жармасқысы (Tenuіdactylus caspіus) кездеседі. Жармасқының танау тесігі тұмсығына жақын орналасқан. Тілінің ұшы дөңгелектеу, көздері үлкен, көзінің қарашығы тік, қозғалмалы қабағы болмайды. Дене тұрқы 3,5 см-ден 30 см-ге жетеді. Түсі сұр немесе қоңыр, тропиктегі ағаш Жармасқысы айқын түсті, құйрығы үзілгіш, бірақ қайтадан тез өседі. Бармақтарының астыңғы бетіндегі мүйізді тақташалары, ұсақ ілгек тәрізді өсінділері арқылы тік жартастарға, ағаш діңіне, т.б. жақсы өрмелейді. Бұлардың арасында дыбыс шығаратын түрлері де бар. Жармасқылар күндіз жасырынып, қорегін ымыртта не түнде аулайды. Шөл, шөлейтті жерлерде тіршілік ететіндері ін қазады. Жәндіктермен, өрмекші тәрізділермен қоректенеді. Жаз бойы бірнеше рет жұмыртқалайды, әдетте 1 — 2 жұмыртқа табады. Кейбір түрі тірідей туады. Жармасқының 12 түрі Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер
* Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев |
Жарғылық қор - кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) негізгі қорлары мен айналым қаражатының, меншік иелері мен акционерлік қоғамдарға қатысушылар салымдарының жарғыда тіркелетін және тұрақты пайдалануы мен иеленуінде болатын сомасы. Өндірістік-шаруашылық және баска қызметі барысында оның мөлшері ұдайы өзгеріп отырады. Қордын барлық өзгерістері бухгалтерлік есеп шоттарында есепке алынады, ал жалпы сомасы бухгалтерлік теңгерімнің "Жарғылык қор бабы бойынша көрсетіледі, ол оның белгілі бір күнгі мөлшерін де айқындайды.
## Дереккөздер |
Жарма — Абай облысы Жарма ауданындағы кент, Жарма кенттік әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 105 км жерде, Шар өзенінің сол жақ саласы - Жарма өзені жағалауында, боз, бетеге, селеу, көкпек өскен сортаң қоңыр топырақты шөлейт дала белдемінде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 30 жылдарының басында Түркістан-Сібір темір жол магистралін салуға байланысты қаланған. 1938 жылдан кент.
## Кәсіпорындары
Автокөлік кәсіпорны, темір жол стансасы, астық қоймасы жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, емхана бар. Жармадан батысқа қарай 3 км жерден Алматы - Өскемен автомобиль магистралі өтеді.
## Дереккөздер |
Жартас обасы — орта ғасырлардан сақталған ескерткіш. Қарағанды қаласынан 46 км батысқа қарай, Соқыр өзенінің Нұраға құяр тұсында орналасқан.
1949 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. Төбешік үстінде солтүтіктен оңтүстікке созылған бес обаның шеткі 5-іншісі өте құнды деректер береді. Диаметрі 12 м, биіктігі 1 м оба топырақтан үйілген. Аумағы 2x1,5 м, тереңдігі 1,8 м шұңқыр қабірден қаруымен және ат әбзелдерімен бірге қойылған орта жастағы ер адамның мүрдесі ашылды. Басы батысқа қаратыла шалқасынан жатқызылған адам денесін қайың қабығына орап жерлеген. Сарғыш алтын түсті, ромб тәріздес оюлармен кестеленген жібек көйлек, жарғақ шалбар, былғары етік киіп, белін кісе белбеумен буынған сарбаз киімдері өз заманының құрметті адамы болғанын білдіреді. Қайың қабығынан жеңілдетіп жасалып, терімен қапталған қорамсақ сол жақ бүйіріне қойылған. Қорамсақтың ұзындығы 60 см, аузының кеңдігі 12 см, түбі 15 см, ішіне бірнеше темір ұшты жебе салынған. Сондай-ақ, сусын ішетін сәнді күміс тостағанның сынықтары, оң бүйірінен темір пышақ және аяқ жағынан жүген мен ер-тоқым әбзелдері табылды. Ескі үзеңгі екі аяғының тұсында, ортада тартпа, таралғы, өмілдірік, т.б. жатыр. Қару мен ат әбзелдерінің орналасуы ат үстінде келе жатқан адамның көрінісін береді.
Аса маңызды деректердің бірі — күміс теңгелер. Тері әмиәнға салынып, жібек қалтада сақталған 3 теңге 1326 — 1331 жылдар аралығында Бұхара, Самарқан және Термез қалаларында соғылған, сол кезде Орта Азияға билік жүргізген Шағатай әулетінің ақшасы. Жартас обасынан алынған деректер 14 ғ-да Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Алтын Орда қыпшақтарының мәдениетінен хабар береді. Сонымен қатар осы өлкенің сол кездегі Орта Азия елдерімен экономикалық тауар-ақша қатынасында болғанын да көрсетеді.
## Дереккөздер |
Жартас ескерткіштері - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ертіс өзенінің сол жағалауынан 1 км қашықтықта орналасқан зират. Зират қола, ерте темір дәуірі және орта ғасыр ескерткіштерінен тұрады.
1980 жылы Шұлба археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) зерттеген. Андрон мәдениетінің орта кезіне жататын қола дәуірінің ескерткіштері (3 ғ.) оба пішіндес, олардың орталығында, таяз шұңқырда тастан қаланған тікбұрышты табыттар қойылған. Оларда мүрделер қырымен, басы оңтқстік-батысқа қаратылып, аяқтары бүгілген қалпында жерленген. Мүрделердің жанынан саздан жасалып, геометриялық өрнектермен оюланған ыдыстар, әр түрлі әшекейлер табылды. Екінші топтағы ескерткіштерді — Алтай түркілерінің ерте темір дәуіріндегі Құлажорға мәдениетіне жататын қорғандары құрайды. Бұл қорғандардың құрылымдық ерекшеліктерінің бірі — көр шұңқырларының төменгі жағы қоңырау тәріздес кеңейіп келуінде. Мұнда да мүрделерді аяқтары бүгілген қалпы, оң жақ қырымен жатқызып, бастарын шығысқа қарата жерлеген. Мүрдемен бірге жылқы, саздан жасалған ыдыстар, сүйектен жасалған садақ ұштары, т.б. қойылған. Үшінші топтағы ескерткіштерге 9 — 10 ғасырлардағы қимақ қорғандары жатады. Олардан қылыш, сауыт жұрнағы, бірнеше темір садақ ұштары, ауыздық, белбеу айылбастары, сүйектен істелген садақ жапсырмасы, үзеңгі табылды.
## Дереккөздер |
Жар-жар — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.
Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жақын жеңгелері мен бойжеткен құрбылары қыздың атынан жауап өлең айтады. Осылай айтыс түрінде орындалатын жауаптасу өлеңінде қыздар жағы оң жақта еркелеген қыз ғұмырдың өтіп бара жатқанына, өмірдің өткіншілігіне өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен туған-туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де болса ойнап-күліп жүре тұруға мұрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған жол екендігін айтып, ол жаққа барғанда қайын жұртының туған-туыстарын жоқтатпайтындығын айтады. Жігіттер жағы “Алып келген базардан қара насар, жар-жар-ау, Қара мақпал сәукеле шашың басар, жар-жар-ау, Мұнда әкем қалды деп қайғырмаңыз, жар-жар-ау, Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар жар-жар-ау” десе, қыздар жағы “Есік алды қара су майдан болсын, жар-жар-ау, Ақ жүзімді көргендей айнам болсын жар-жар-ау. Қайын атасы бар дейді осы қазақ, жар-жар-ау, Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар-ау”, — деп сызылта әндетіп айтатын өлең мәтіні, көбінесе, бір-біріне ұқсас болып келеді. “Жар-жар” сөзі дағдылы қайталанып келіп отыратындықтан да өлең осылай аталып кеткен. Қазақстанның кейбір өңірлерінде оның орнына “үкі-ау”, “ай-ау” сияқты тіркестерді қосып айтатын жағдайлар да кездеседі. Өлең мәтіні 11 буынды қара өлең үлгісімен немесе 7 — 8 буынды жыр ағымымен айтылады. Өлеңнің алғашқы екі жолы, көбінесе, ұйқас үшін алынған, тұспалды білдіретін мазмұнда болады, негізгі ой үшінші, төртінші жолда айтылады. Әдетте, Жар-жарда дәстүрлі қоғамның адамгершілік ұстанымы жырланады, оның мәтінінде қалыптасқан дүниетанымды бұзатындай жаңа шумақтар сирек болады. Кезектесіп, көп дауыспен айтылатын Жар-жар табиғатында ойын-сауықтық сипаттар басым болады да, оның орындалу мәнері дала сахнасындағы театрландырылған көріністі елестетеді. Ғұрыптық салт бойынша Жар-жар айтып болған соң жігіттер отау үйдің үзігін сыпырып тартып әкетеді. Бұл отаудың жігіт жұртына көшірілетінін, қыз ғұмырдың аяқталғандығын, қыздың көп ұзамай аттанатындығын білдіретін салт. Жар-жар өзінің мәні жағынан өнегесі мол, өміршең жанр болып есептеледі. Қазіргі заманғы үйлену тойындағы Жар-жар жаңа мазмұнға ие болған, оған ақын-жазушылар жаңа сөз жазып, жаңа әнмен жас жұбайлар тойында міндетті түрде орындалатын өнер туындысына айналған. Соның әсерінен ескі салт дәстүрлер өз орындарын жоғалтып жатыр.
## Жар
Жар, жұбай — ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне жақындығын білдіретін туыстық атау. Ал зайып сөзі, көбінесе, әйелге қатысты айтылады.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, ұлттық ойын-сауық ойындарының бір қатарына айтыс-арқау, желі, программалық репертуар болып отырады. Осындай әдет-ғұрып, ойын-сауық айтыстарының бір түрі — «Жар-жар». Ұзатылған қызбен қоштасатын бозбалалардың той үстіндегі айтылатын сағыныш сәлемдері, көбінесе жеке-жеке айтудан гөрі екі жаққа бөлініп көп дауыспен айтылады, бір жағы — күйеу, екінші жағы — қалыңдық. Немесе күйеулер жағы — еркектер тобы да, қалыңдық жағы — әйелдер тобы. Жар-жардың бір ерекшелігі, өзге үйлену салт өлеңдеріне қарағанда, белгілі бір қалыпқа түскен сөзі мен әні болады, көпшілік жағдайда жұрт оны жаттап алып айтады. Күйеу жағы қуанышты, көтеріңкі әнмен айтса, қыздар тобы көбінесе мұңды, қайғылы үнмен айтады.
Содан кейін жігіттер тобы қызды жұбатып, барған жеріндегі қайын жұрт, қайын ата, қайын енесі туған үй, туған ата-анадан кем болмайтындығын айтады. Оларды да өз ата-анаңдай, өз ауылыңның адамындай бір туып, бірге өскен бауырыңдай жақсы көр деп үгіт айтады. Мұның бәрін көпшілік жағдайда әзіл-қалжың ретінде жеткізеді. Ал қыздар тобы жігіт жағының жұбатуына қарсы: құрбы-құрдасының ортасында отырып, ойнап-күлгенінің қызығын, туған ел, туған жердің ыстықтығын айтып шағынады. Жат жердің, жат ұяның қалай қарсы алып, қалай қарайтынын ойлап, толғанады. Оны жігіт пен қыздың мынадай сөздерінен байқауға болады:
Жігіттер:
Алып келген базардан қара нөсер,
Жар-жар-ау! Қара мақпал сәукеле шашың басар,Жар-жар-ау! Мұнда әкем қалды деп қам жемеңіз,Жар-жар-ау! Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар,
Жар-жар-ау,
Қыздар:
Есік алды қара су майдан болсын,
Жар-жар-ау, Ақ жүзіңді көрерлік айнам болсын, Жар-жар-ау,Қайын атасы бар дейді осы қазақЖар-жар-ау, Айналайын әкемдей қайдан болсын,
Жар-жар-ау.
Айтыс осылайша жалғаса береді, ойын қыза түседі.
## Дереккөздер |
Жарлық (моңғ. ĵarliɣ «жариялау, хабарлау», түрк. ярлэк - «әмір, бұйрық», көне орыс ярлыкъ - «хан жарғысы») — моңғол хандарының қол астындағы зайырлы және рухани билікке ие тұлғаларға берілген жазбаша бұйрығы немесе ерекше хаты.
## Шығу тарихы
Жарлық тарихы — орта ғасырлардағы түркі мемлекеттеріндегі ханның немесе әскербасыларының бұйрығы. Алтын Орда мен Қырым хандарының Жарлықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Хандардың өздеріне тәуелді бектерді тағайындау және ішкі-сыртқы саясат мәселелеріне қатысты Жарлық шығаруы үрдіске айналған. Бұл құжаттар қазіргі заманғы зерттеушілер үшін маңызды тарихи деректер болып отыр. Мысалы: Тоқтамыс ханның (1392 — 1393 жылы) Польша королі Ягайлоға жолдаған Жарлықтары екі мемлекеттің қарым-қатынасынан тың мағлұматтар береді.
Моңғолдың джарлик сөзі «үлкеннен кішіге сөз» мағынасын білдіреді.
Жағашай түркілері жарлық (ярлыг, ерлык, ерлыг) зат есімінен ярлымак (бұйрық бері, айту) етістігін құрастырған. Моңғол билігі кезінде қол астындағы халықтардың тілдеріне (орыс, парсы, араб, сирия, армян және т.б.) енген.
## Сипаттамасы
Материал ретінде қағаз пайдаланды. Беттің (кейде бірнеше бет) ені 20 см, ал ұзындығы 1,5 метрге дейін жететін. Мәтін, негізінен, қара сиямен жазылатын. Алайда, кейбір үзінділер үшін қызыл және алтын түстер қолданылған.
## Сақталу орындары
Киевтегі, Владимирдегі, Мәскеудегі митрополиттердің архивтерінде сақталатын алтынордалық жарлықтардың басым бөлігі ұйғыр тілінен орыс тіліне аударылатын. Алайда, мәтінінің қиындығына байланысты кейбір жарлықтар бірден аударылмады. Қысқаша жинақтың қорытынды құрамы 1410 жылдары митрополиялық мұрағат материалдарының негізінде қалыптасты. Жарлықтар 1460 жылдардың басында аударылған антилатиндік мақалалармен біріктіріліп, Троиц-Сергиев монастыріне жеткізілді. Орыс княздері мен дінбасыларына берілген жарлықтардың басым бөлігі XV-XVI ғасырларда жойылған. Жарлықтар туралы ақпарат осы күнге дейін жылнамалар арқылы да жеткен.
## Қазақстан Республикасындағы жарлықтар
Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді. Нормативтік емес Жарлық нақты оқиғаға байланысты шығарылады (мысалы, азаматтарды лауазымды қызметке тағайындауға, марапаттауға, т.б. байланысты). Қазақстан Республикасының Конституциясында (45-бап, 1-тармақ): “Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады” деп көрсетілген. Жарлық жарияланған күннен не Жарлықта арнайы көрсетілген мерзімнен бастап мемлекеттің барлық аумағында күшіне енеді.
## Галерея
## Әдебиет
* Почекаев Р. Ю. Право Золотой Орды / Изд.: Казань. «Фэн», 2009. — 260 с. ISBN 978-5-9690-0102-2
* Памятники русского права. Памятники права периода образования русского централизованного государства XIV—XV вв. Под.ред. В. Гусев. — М., 1955
* Плигузов А. И. Древнейший список краткого собрания ярлыков, данных ордынскими ханами русским митрополитам. Русский феодальный архив XIV — первой трети XVI века, вып. III, М., 1987. |
Жаршы– ұлттық қоғамдық-саяси журнал. Бірінші саны 1929 ж. жарық көрген. Алғашқы редакторы – Қ.Қайымов. Журнал латын әліпбиіне көпшілікті жаттықтыруды мақсат етті. 1930 жылдың маусым айынан Қазақстан баспасының құрамына қосылды. 1931 жылдың аяғында жабылып қалды. |
Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов — Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. КСРО-ның (1970–74, 1976–80 ж.), Олимпиялық ойындардың (1972, 1980), Еуропаның (1967, 1971, 1979) чемпионы болды.
## Өмірбаяны
Әлжан Жармұхамбедов Табақсай аулы, Бостандық ауданы (сол кездегі саясат кесірінен Қазақстанның Өзбекстанға берген ауданы) Түркістан облысында, 2- қазан 1944-жылы туған. Әкесі - Жармұхамедов Мүсірбек Байұлы тайпасының Жаппас руынан, шешесі – Прасковья Жеронкина-Жармұхамедова, әйелі – Лариса Жармұхамедова. Балалары Владислав (1969ж. туган) пен Сергей (1976ж. туган), Мәскеу қаласында тұрады.
Әлжанның ұлты туралы баспасөз беттерінде көп жазылған, біреулер өзбек деді, біреулер татар деді. Әлжанның өз аузынан айтқаны, қаны да жаны қазақ екендігі, тіпті, руы Кіші жүздегі Жаппас екендігі. Қазақ екендігі баяғы совет паспортында да жазулы екен, жұртшылық биографиясын білмегендіктен, әр саққа жүгірткен сияқты. Ол мектеп бітірген соң, екі жыл шлифовальщик болып, Шыршық қаласында жұмыс істеген, осы зауытта істеп жүргенде оң қолының екі саусағынан айрылған. Зауыттың дене тәрбиесі инструкторы ұзын бойлы жігітті көріп, (оның бойы 208см болған) баскетбол секциясына шақырған, содан ол жаттықтырушысы Роман Салетдиновтің ұйғарымымен 1963 жылы Ташкенттегі физкультура институтына түсіп, 1967 жылы физкультура оқытушысы мамандығын алып шыққан. КСРО-дың бірінші лигасындағы СКА спорт клубында және Өзбекстан құрама командасында өнер көрсетіп, тәжрибе жинақтаған. Атақты жаттықтырушы Александр Гомельский ЦСКА спорт клубына қайта-қайта шақырып, Әлжан ауысуға келсім бермегендіктен, 1968 жылы Мехико Олимпиадасына құрамаға алмай қойған. Мәскеуге барғысы келмей, 1969-жылы Алматы қаласының «Локомотив» командасына шақырту алып, жарты жылдай өнер көрсетіп, Ригада болатын кәсіподақтың Спартакиадасына Қазақстан атынан өнер көрсетуге Өзбекстан жағы рұқсат бермеген. Сол жылы 1969- жылдың 26-қарашасында КСРО қорғаныс министрі маршал Соколовскийдің қолымен хат келіп, Әлжанды еріксіз Мәскеудің, ол кезде құрама команданың базасы болған атақты ЦСКА командасына алып кеткен. Осы командада бақандай он бір жыл шабуылшы болып ойнаған. Осы команда құрамында және КСРО құрамасында тоғыз рет ел чемпионы, үш рет Еуропа чемпионы және 1972-жылы Олимпиада чемпионы атанған. Ең есте қалар сәттерінің бірі Мюнхен Олимпиадасында американдықтармен финалда ойнап жатқанда, ойын бітуге үш секунд қалғанда С.Белов есепті 51:50 жеткізіп, КСРО құрамасы Олимпиада чемпионы атанған. Сол жұлдызды команданың капитаны даңқты қазақ өз елінің тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған.
Баскетболмен айналысуды аяқтағаннан соң, Әлжан Жармұхамедов бес жыл бұрынғы ГДР елінде, совет әскерлері құрамында жаттықтырушы қызмет атқарып (әскери адам болғасын), 1987-жылы Алматы қаласындағы СКА клубына баскетболдан қызмет табылмағандықтан, мылтық атудан жаттықтырушы болып қызмет атқарған. Алматыдан мамандығы бойынша жұмыс табылмай, бірінші Ташкентке, содан Мәскеуге қайта оралып, С.Белов екеуі Ресей құрама командасын жаттықтырып, 1994-жылы Канадада әлем біріншілігінде күміс медалға, 1997-жылы Еуропа біріншілігінде қола медаль алуға қол жеткізген.Әлжанның ұлы Владислав Саратовтың СКА клубында өнер көрсетіп, әке жолын қуып жүр екен. Қазір, Әлжан Жармұхамедов зейнет демалысында, Мәскеу қаласында тұрады. Баскетбол ойынынан қол үзбеген, Ресей ардагерлер командасының белді мүшесі.
## Дереккөздер |
Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы - 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1946 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1951- 1958 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ- де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.
## Қысқаша өмірбаяны
1946 Ақтөбе мұғалімдер институтын;1951 ҚазМУ-ді бітірген.1951 — 58 ж. Қызылорда педагогика институтында ассистент;1958 — 77 ж. Шымкент пед. ин-тында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;1977 — 87 ж. ҚазМУ-де (қазіргі ҚазөУ) доцент, кафедра меңгерушісі болды.1987 жылдан ҚазөУ-де професор;1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады.
## Еңбектері
### Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты:
Қазақстандағы психология және педагогика ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психология ұғым-түсініктері жан-жақты талданған. «Психология» оқулығын жоғарғы оқу орындарына оқулық ретінде басылымға береді. (Алматы: Білім, 1994, 271бет.). Кітап, 5 бөлімнен, 17 тараудан, 78 парагрофтен тұрды.
«Психологияның жалпы сұрақтары» деген бөлімде «зат, әдіс, тапсырма, психологияның маңызы», «ми және психикика», «психологияның дамуы және пайда болуы» және т.б. Мұнда аймақтық тақырыптар, қазақ тіліндегі туындылар, этнопсихология және тарихи психологиялар жайлы айтылған.
«Тұлға және іс-әрекет» атты екінші бөлімде әртүрлі психологиялық аспектілердің ерекшелігін және іс-әрекетін қарастырады (мақсат, іс- қимыл, функциональды структура ерекшелігі және т.с.с.).
«Таным процесі» деген жалпы үшінші бөлімде философиялық және психологиялық аспект арқылы сезінуді және қабылдауды, назар және ес, ойластыру, сөйлеу және қарым-қатынас жайлы қарастырады.
Кітаптың төртінші бөлімінде (Тұлғаның эмоциональды бостандық ортасы) психологияға байланысты әртүрлі жағдайларды қарастырады. Мұнда жоғары табиғи сезіммен кең эмоционалды процестер талқыланды.
Соңғы бесінші бөлімде тұлғаның индивидуальды-психологиялық анализін қарастырады (темперамент, мінез, мүмкіндік).
Кітап психологиялық бақылауларға және әртүрлі эксперименттеріне, негізгі өмір қортындыларына бай, оның көпшілігі мектеп өмірінен және классикалық қазақ әдебиеттерінен алынды. Осылардың ішінде қазақ әдебиетшілерінің туындылары (50 атау), қазақ ойшылдарының идеялары (А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов және т.б.) әрине осылардың барлығы кітаптың сапасына үлкен әсерін тигізді.
1996ж. «Қазақстан» баспаханасында К.Б.Жарықбаевтың
«Қазақстандағы психология тарихы» атты еңбегі шықты және ол Қазақстандағы психология тарихы аймағындағы оның көп жылдық еңбегінің қортындысы болып табылады. Кітап 5 бөлімнен, 22 параграфтан тұрады.
Автор өзінің еңбегінде қазақ елінің психологиясының сонау хандық құрылғаннан бастап осы күнгіге дейінгі даму тарихын зерттейді. Сонымен қатар автор қазақ психологиясының түп тамыры сонау ғасырлардан басталатынын айта кетеді. Оның пайда болуымен қалыптасуы жергілікті салт-дәстүрлердің ықпалынан. Монографияда қазақ елінің психологиясының дамуын этнопсихологиялық ойлардан және жыраулардан байқауға болатыны айтылған. Автор, туған табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаның сұлулығына деген сүйіспеншілікті осы орта ғасыр ақын жырауларының еңбектерінен көреміз (О.Тілеуқабылұлы, М.Х.Дулати, Қ.Жалайри, Асан-Қайғы жырау, Бұқар-жырау және т.б.).
Сонымен қатар, автор «халықаралық психология», этнопсихология» деген терминдерге тереңірек тоқталып және ұғымға жаңа терминдер енгізеді. («көшпенділер психологиясы», «билер және шешендер психологиясы», «жыраулар психологиясы», «ақсақалдар психологиясы», «салт-дәстүр психологиясы» және т.б.)
Автордың айтуы бойынша 17ғ. соңымен 19ғ. басында ғана қазақ психологиясы ашық суреттеледі. Бұл кезең қазақ психологиясында екі тенденцияға бөлінеді: педагогика және психология. Бұл екі психологиялық ойлардың негізгі бағыты адамдарды жаңа білімге баулу және Қазақстан Республикасының психологиялық білімінің алғашқы қадамы болып табылады.
Монографияның екінші және үшінші бөлімі 20ғ. Қазақстанның психологиялық ғылымын зерттеуге арналған. Бұл жерде 20ғ. екінші жартысындағы Сталиндік репрессия жылдарындағы ғалымдардың психологиялық зерттеулері жайында айтылған. Автор бұларға үлкен құрметпен қарап психологиялық тұрғыда баға береді.
Қ.Б.Жарықбаевтің монографиясы Қазақстандағы психологияның және этнопсихологияның тарихы және теориясы аймағында теоретикалық зерттеулер туындысы.
## Шығармалары:
Краткий библиографический указатель по психологии (1917 — 1967), А.-А., 1967;
Развитие психологической мысли в Казахстане, А.-А., 1968;
Тұрмыс және денсаулық, А., 1970;
Әдеп және жантану, А., 1996;
Қазақ психологиясының тарихы, А., 1996;
Этнопсихология, А., 1998;
Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары, А., 2000.
## Дереккөздер |
Жартыбаев Сәлкен Қалдыбекұлы (29.03.1965 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шымбұлақ ауылы) — самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1992). Дзюдодан (1988), қазақша күрестен (1981) спорт шебері. Алғашқы жаттықтырушысы — С.Қасымов. Кейіннен самбодан М.Жақитовтың, ал дзюдодан С.Төкеевтің жетекшілігімен жаттықты. Самбодан КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (Минск, Беларусь, 1986), КСРО кубогінің күміс жүлдегері (Майкоп, Ресей, 1988), “Азия жұлдыздары” турнирінің жеңімпазы (Ұлан-Батыр, Моңғолия, 1991), дүниежүзі чемпионаттың күміс жүлдегері (Минск, Беларусь, 1992), Қазақстан кубогінің жеңімпазы (Алматы, 1992), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Ұлан-Батыр, Моңғолия, 1993), дүниежүзі чемпионаттың қола жүлдегері (Омбы, Ресей, 1993), Азия чемпионы (Алматы, 1994), дүниежүзі чемпионаттың қола жүлдегері (Новый Сад, Сербия, 1994), Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Пеневежис, Литва, 1994). 1992, 1993, 1994 жылдары Қазақстанның ең үздік самбошысы атанды. Қазір дзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы.
## Дереккөздер |
Жарылғапберді Жұмабайұлы (1851, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1914, Баянауыл ауданы) — әнші, композитор, ақын.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
Ауыл мектебінде оқыған. Шығыс поэзиясын жақсы білген. Ел арасында жыр, қиссаларды жатқа айтып, саятшылық өнермен айналысқан, палуандар сайысына да қатысқан. Біржан салды ұстаз тұтқан. Шыңғыс Уәлиханов пен Мұса Шормановтармен араласа жүріп, Жарылғапберді Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңірінде шыққан әндерді Баянауыл мен Ертіс бойына жеткізген. Қобызшы Қанғожа, әнші Қозыкемен дос болған. Ол шырқаған “Топайкөк” әні ел ішіне кең тараған. Жарылғапбердінің махаббат тақырыбына арнаған әндері кезінде көп болған. Халық жадында тек “Шұбартау”, “Шама”, “Қаракөз”, “Ардақ” әндері сақталған. Бұл әндерді Балабек пен Сапарбай Ержановтар, Қ.Байжанов, Ұ.Айтбаев орындап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді.
“Азаң” әнін А.В. Затаевич өте жоғары бағалап, “музыка өнеріндегі құнды олжа” деп атаған. А.Жұбанов Жарылғапбердіні “ұлттық ән өнерінің ірі өкілі” деп бағалаған.
## Дереккөздер |
Қосқұлақұлы Жарылқап (1860, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы — 1925, сонда) — ақын. Жас кезінен қисса-дастандарды, батырлық және ғашықтық жырларды жаттап өскен. Ақынның сол кездегі Ақмешіт уезінің бастығы Маясар мен Сұлтан биге өзінің кедейлігін шағынып айтқан “Ақмешіт жақсыларына” деген ұзақ өлеңі сақталған. Ақын арнау, т.б. өлеңдермен қатар, дастан да жазған. Жарылқаптың діни аңыз негізінде жазған “Қақпанға түскен киіктің хикаясы” атты дастаны сақталған. Ол 1915 — 1916 жылы орынборлық Молдабай деген ақынмен жазба айтысқа қатысқан. Жарылқап шығармаларын жинауға Ә.Қоңыратбаев, Үбісұлтан Аяпов, Ұлама Себепов, Үбіжар Толыбеков, Меңліаға Сәлменбаев, т.б. ат салысты. Жарылқап шығармалары Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы тұр.
## Дереккөздер |
Жас Азамат — 1918 жылы 5–13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезінде құрылған ұйым. “Жас азамат” ұйымы барлық қазақ жастарын біріктіріп, ұлт мүддесін қорғауды мақсат етіп қойды. Ұйымның басқармасы осы съезде сайланды. Төрағалыққа – М.Мырзаұлы, басқарма мүшелігіне – С.Садуақасов, М.Сейітов, Г.Досымбекова, Ә.Байділдин бекітілді. Ұйымның органы – “Жас азамат” газетінің жауапты шығарушысы болып Қ.Кемеңгеров тағайындалды. “Жас азамат” ұйымы қазақ жастарын Алаш автономиясын қолдауға, кеңестік биліктің орнауына қарсылық танытуға шақырды.
## Дереккөздер |
Жартөбе — ежелгі қала орны. Түркістан облысы Арыс ауданында Сырдария өзенінің сол жағында, “Байырқұм” ауылынан 45 км жерде орналасқан. Сырт көрінісі төртбұрышты төбе. Аумағы 210х210 м, биіктігі 3 м. Қаланың екі мұнарасының қалдығы жартылай сақталған. Сырты дуалмен қоршалып, айнала тереңд. 1 метрге, ені 7 — 8 метрге жететін арна қазылып, оған су жіберіліп, қаланы жауға берілместей қорғаныс жасалған. Жартөбеде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген, ал барлау жұмыстарының нәтижесінде қыш ыдыстардың, құманның, күбінің, тостаған, табақшалардың сынықтары табылды. Табылған бұйымдарға қарағанда, қала 1 ғасырда өмір сүрген адамдар тұрағы болған.
## Дереккөздер |
Жарыс қазан– екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым.
Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.
Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны. Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісі мі, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды.
## Дереккөздер |
Жасақ — 1) тайпа көсемінің, ханның, кінәздің, королдің төңірегінде топтасқан жауынгерлердің жалпы атауы. Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болған кезеңнен бастап әр түрлі аймақтарда осындай жауынгерлер тобы құрала бастаған. Жасақ мүшелері үздіксіз жүргізілген соғыстардың нәтижесінде бірте-бірте байып, тайпаның, мемлекеттің әскери-ақсүйек топтарына, ірі жер иелеріне айналды. Оқпен атылатын қарулар пайда болып, тұрақты әскер(рекрут, ұлан, т.б.) жасақтала бастағаннан кейін бірте-бірте жойылып кетті;
2) басқа елге жорық жасар алдында, тайпаға не ұлтқа сырттан қатер төнген кезде, сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер тұсында халық арасынан өз еркімен жиналып, басқыншыларға не әлеуметтік әділетсіздікке қарсы көтерілген қарулы қол. Мысалы: Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтік төңкерістер кезінде студенттер, жұмысшылар, қала тұрғындарынан, т.б. қарулы жасақтар құрылған немесе Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде халық жасақтарға біріккен;
3) жеңілген елден заттай алынатын алым-салық. Мысалы: Алтын Орда хандары қол астындағы елдерден, кейін Ресей патшалары Еділ бойы, Сібір, Орталық Азия халықтарынан осындай Жасақ жинаған;
4) КСРО үкіметінде қоғамдық тәртіп ережелерін бұзушылармен күресу үшін мемлекеттік органдарға көмектесу мақсатында құрылған ерікті ұйымды халық жасақтары деп атаған.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Жас қазақ — қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы.
1923 жылдың қазан айынан 1925 жылдың сәуіріне дейін Орынборда шығып тұрды. Редакторлары — Е.Алдоңғаров, А.Оразбаева, А.Сегізбаев. Журнал қазақ жастарын сауатсыздықты жоюға, өнер-білімге ұмтылуға, халық шаруашылығын қалпына келтіруге, тап жауларымен аяусыз күрес жүргізуге шақырды. Оларға кооператив, кедей ұйымдарын ашу жолдарын түсіндірді. “Жас қазақ” сол кездегі қазақ ақын, жазушыларының шығармаларын, көне әдебиет мұраларын жариялап тұрды. 1925 жылы Ташкентте шығып тұрған “Жас қайрат” журналымен қосылып, “Лениншіл жас” журналы болып шықты.
## Дереккөздер |
Тайыр Жарықұлы (26 қыркүйек 1908 жыл, Хан Ордасы ауылы, Астрахан губерниясы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) – 11 наурыз 1965 жыл, Алматы) — қазақ ақыны.
## Өмірбаяны
Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан.
* 1923 — 1927 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында
* 1928 — 1932 жылы ҚазПИ-де
* 1934 — 1935 жылы Ленинград тарих философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған.
* 1932 — 1933 жылы жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетітінің хатшысы
* 1933 — 1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы
* 1936 — 1938 жылы “Қазақ әдебиеті” газеті редакторының орынбасары
* 1938 — 1942 жылы Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды.
* Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* 1946 — 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі “Жазушы” баспасы) жауапты қызметтер атқарды.
## Ақынның шығармашылығы
Ақынның алғашқы өлеңдері
* “Аэроплан”
* “Күлімдейді күміс күн де” 1927 — 1928 жылы жарияланды.
Бірінші өлеңдер жинағы 1932 жылы
* “Жұлдыз жарығы” деген атпен басылып шықты.
Әр жылдарда
* “Нефстан”
* “Мотор жыры”
* “Күн тіл қатты” (1934)
* “Мұз тұтқыны” (1935)
* “Тасқын” (1937, 1949)
* “Нарын” (1935)
* “Тастағы жазу” (1940)
* ”Бақыт жырлары”
* “Жапанды орман жаңғыртты” (1949)
* “Қырда туған құрыш” (1954, 1955, 1956)
* “Жыр қанаты” (1956)
* “Құмдағы дауыл” (1958)
* “Тау жырлайды” (1962)
* “Теңіз баласы” (1963)
* “Тасқынға тосқын” (1965), т.б. кітаптары жарық көрді.
* Ақынның таңдамалы шығармаларының 1958 — 1959 жылы екі томдығы
* 1972 — 1975 жылы төрт томдығы
* 1951 — 1978 жылы бір томдығы басылды.
## Тақырыптары
Жароков, әсіресе, саяси-әлеуметтік лириканың шебері. Ақын поэзиясына өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, оны публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен шабыттана жырлау тән. “Күн тіл қатты” поэмасында кеңес ұшқыштарының 1934 жылы 22 км биіктікке көтеріліп, дүниежүзілік рекорд жасаған ерлігін романтикалық қуатпен шаттана жырлады. “Тасқын” поэмасында 1921 жылы Алматыда болған су тасқынын суреттей отырып, «Қайсар мен Жамал» секілді қарапайым жастардың бейнесін типтік дәрежеде жасай білді. Ақын бұл тақырыпқа кейін қайта оралып, “Тасқынға тосқын” (1965) поэмасын жазды. Бұл шығармалар тек Жароков шығармашылығының ғана емес, қазақ поэзиясының елеулі табысы ретінде бағаланды. 1940 жылы жазылған “Нарын” поэмасында ақын тарихи өлкенің өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып жыр төгеді. “Қырда туған құрыш” поэмасы Қазақстан магниткасы — Теміртауға арналған. Ақын қазақ өлеңі өрнегіне өзіндік өзгерістер әкеліп, жаңашыл ақын атанады.
## Аудармалары
Жароков аудармашылық өнермен де айналысты. Ол А.С. Пушкиннің “Цыгандар”, “Кавказ тұтқыны”, “Коломнадағы кішкене үй”, “Ағайынды қарақшылар”, “Граф Нулин”, “Қысқы кеш”, “Қысқы ертеңгілік”, М.Ю. Лермонтовтың “Черкестер”, “Қылмыскер”, сондай-ақ, Ш.Руставелидің, Т.Шевченконың, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, М. Алигеридің, А.Сурковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
## Марапаттары
* Екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен
* “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жас Түркістан — журнал. Алғашқы саны 1929 жылы желтоқсанда Парижде жарық көрді. Ұйымдастырушысы — Мұстафа Шоқай. Түркістанның ұлттық тәуелсіздік идеясын насихаттады. Журналды Польша президенті Маршал Пилсудский тарапынан құрылған “Прометей” қоры қаржыландырды. 1939 жылдың тамызына дейін журналдың 117 саны жарық көрген. Мұстафа Шоқай Женент, Аткелтір деген лақап атпен әр түрлі тақырыпқа мақалалар жазып отырған. Ахмет Наим, Тәуекел батыр, Ахметжан Оқай, Ибрагим Жарқын, Найым Өктем сияқты жас қаламгерлердің де мақалалары басылған. 1939 жылы 2-дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты журналды шығару тоқтап қалған. Алматыда құрылған (1996) Мұстафа Шоқай қоры 1998 жылдың мамырынан бастап журналды “Жас Түркістан” атымен қайта шығара бастады. Журнал 2 айда бір шығады.
## Дереккөздер |
Жас қанат — республикалық жас әншілер байқауы. 1991 жылдан көктем айларында өткізіліп келеді. Байқауға ұлтына, білімі мен тұрған жеріне қарамастан, 30 жасқа дейінгі кез келген тілек білдіруші қатыса алады. «Жас қанат» байқауы жас әншілердің тұтас бір толқынын тәрбиелеп, қазіргі қазақ эстрадасының танымал өкілдерінің өнердегі жолын ашты. Байқау лауреаттары мен дипломанттарының арасында «АБК» тобынан Медеу Арынбаев пен Ерлан Көкеев, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Нұрлан Абдуллин, Руслан Тохтахунов, «Яшлык» тобы, Майра Дәулетбекова, Бақытжан Қажымұқанов, Бауыржан Исаев, Құрмаш Маханов, Ангелина Александрова, Петр Шарипов, Жанна Саттарова, «Аян» тобы, Мәдина Сәдуақасова, т.б. бар.
2001 жылы дейін Алматы қаласында өткізіліп, байқаудың мекен-жайы Астана қаласына ауысты.
Өнер шарасының ұйымдастырушылары: Астана қаласының әкімдігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Хабар» агенттігі мен Халықаралық «Азия дауысы» фестивалі.
## Тағы қараңыз
* Азия Дауысы
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Жасыбай – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы (Жасыбай аулынан 8 км) табиғаты көркем, тұйық көл. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде, Баянауыл ауылынан 15 км жерде тауаралық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 397 м биіктікте.
## Аумағы
Аумағы 4 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,4 км, ең терең жері 14,7 м. Суының көлемі 25 млн. м3, су жиналатын алабы 31,2 км2.
## Жер бедері
Көл тектоникалық қозғалыстың әсерінен пайда болған. Жағалауы биік жартасты, солтүстік-батыс бөлігі жайпақ келген. Түбі тегіс, лайлы. Суы тұщы, мөлдірлігі 0,5 – 3 м, көкшіл сұр түсті. Жағалауында демалыс үйлері, Баянтау туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем.
## Жануарлары
Суында тұқы, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Құстардың 50 шақты түрі (қаз, үйрек, тырна, аққу, т.б.) мекендейді.
## Дереккөздер |
Сәкен Әділханұлы Жасұзақов (25 қазан 1957, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы) — әскери қызметкер, генерал-майор. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училешесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1990) бітірген. 1978 — 1987 жылдары Балтық бойы әскери округінде барлау взводы командирі, барлау ротасы командирі, жеке барлау батальоны штабы бастығы қызметтерін атқарған. 1990 — 1994 жылдары Алматы қаласындағы ауданның азаматтық қорғаныс штабы бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабының барлау бөлімінде аға офицер, барлау басқармасының ғылыми-ақпарат бөлімінің бастығы, 1994 — 1996 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы, 1996 — 2000 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, шұғыл жоспарлау департаментінің бастығы, армиялық корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы болып жұмыс жасады. 2000 жылдан әскери құрама командирі. |
«Жас Алаш» — жастарға арналған ең байырғы және беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында жарық көрді. Ұйымдастырушысы әрі тұңғыш редакторы Ғ.Мұратбаев, жауапты хатшысы І.Жансүгіров болды. Сол кездегі қаржы тапшылығына, т.б. себептерге байланысты басылым “Жас қайрат” (1925), “Өртең”, “Жас қазақ” (1923) газеттері және осы аттас журнал түрінде шығып тұрды. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С.Сәдуақасов. А.Байтұрсынұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытовтар "Еңбекші қазақтың" бір бетін “Лениншіл жас” деген атпен де шығарған. Газет 1927 жылы 22 қыркүйектен “Лениншіл жас” деген атпен шыға бастады. Бұл басылым қай кезде де қазақ жастарының азамат болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке “Жас алаш” атауы қайтарылды. 2000 жылы ұлттық баспасөз клубы, Қазақстан баспасөз клубы, “Алтын жұлдыз” орталығымен бірігіп өткізген дәстүрлі “Алтын жұлдыз” бәйгесінде “Жас Алаш” жылдың ең үздік газеті атанып, “Алтын жұлдыз” белгісімен, газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегі үшін жылдың таңдаулы “Алтын адам” сыйлығымен марапатталды. “Студент”, “Руханият”, “Алдаспан”, “Мыңнан бір мезет”, “Ақ отау”, т.б. қосымшалары бар. Жалпыұлттық қазақ басылымы. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — Қазақстандағы белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған.
Бүгін де бұл басылымнан тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтыған өткір де өзекті дүниелерді оқуға болады. «Жас Алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс және заң, қаржы және басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен өзге де тақырыптарды қамтыған мақалалар тұрақты жарияланады. «Студент», «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Отбасы» атты қосымшалары бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқырман хаттары «Мақатаев-22» бетінде жарияланатын болса, әр саланың қайраткер тұлғалары мен сарапшы мамандардың сұхбаты «Ашық әңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарларымен беріліп тұрды.
«Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. «Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары.
## Марапаттары
«Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау-марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді.
Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Қазіргі таңда газеттің интернет нұсқасында мақалалар толық жарияланбайды. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр.
Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты.
## Таратылуы
Жазылым бойынша — 87 %
Бөлшек саудада— 13 %
Ұжымдық жазылуда — 9 %
Жеке жазылуда — 78 %
VІP-таратылуы — 3,4 % (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары).
Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды.
Газетті тарататындар:
«Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Kazpress», «Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар.
«Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет-журнал дүңгіршектерінен сатып алуға болыды.
Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, № 4361-г. 31.10.2003 жыл.
Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000.
«Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 10 наурыздың 2008 жылы.
## Дереккөздер |
Жаужұмыр — ұлттық тағам. Ертеректе Жаужұмырды жол азығы ретінде пайдаланған. Қазақстанның кейбір аймақтарында “жаубүйрек”, “май түймеш”, “жол қазан” деп те атайды. Жаужұмырды малдың етін сүйегінен ажыратып, құйрық май, өкпе-бауырымен бірге турап, оған тұз, бұрыш, лавр жапырағын, аскөк, сәбіз, кейде бөлек қайнатып алған күріш, тары қосып, мейлінше баптап, су қоспай жасайды. Ет көмілетін жер (жерошақ) қазылып, мал сойылғанша қыздырыла береді. Жерошақ әбден қызып болғанда қоламтаның ортасын шұңқырлап, теріге немесе қарынға салынған етті көмеді де, топырақпен жауып, содан кейін үстіне от жағады. 2,5 сағат мөлшерінде көмілген ет пісіп болады. Сол кезде оттың күлін, еттің бетін жапқан ыстық топырақты ептеп ашып, қарынды тіліп жіберіп, етті алып жей беруге болады. Егер сойған мал арық болса, Жаужұмырдың ұсақталған етінің үстіне тоң май, сары май, қаймақ немесе өсімдік майын құйып пісіреді. Жаужұмырға сүр, қазы-қарта, жал-жая қосса дәмдірек болады.
## Тағы қараңыз
* Қуырдақ
* Жая
* Жаубүйрек
* Бесбармақ
## Дереккөздер |
Жаушы — соғыс хабаршысы. Орталық Азиядағы ежелгі және орта ғасырлардағы мемлекеттер екінші елге соғыс жариялайтынын немесе үшінші бір мемлекетке қарсы одақтасатынын бір біріне Жаушы арқылы хабарлаған. Жау шапқаны жөніндегі суыт хабар да ел ішіне Жаушылар арқылы таратылған. “Жауластырмақ жаушыдан, елдестірмек елшіден” деген мақал сол замандардан қалған.
* Жаушы (фильм)
* Жаушы (шығарма)
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Октябрь Қыдырбайұлы Жарылғапов (25 қазан 1931(19311025) Өзбекcтан, Ташкент облысы Янгиюль қаласы — 11 мамыр 1969, Алматы) — волейболшы, спорт шебері (1960). Қазақстанның (1962), КСРО-ның (1965) еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Алматы малдәрігерлік институтын (1955) және Алматы дене шынықтыру институтын сырттай оқып (1962) бітірген. 1955 —1958 жылдары волейболдан Қазақстанның құрама командасында ойнады. “Буревестник” командасының құрамында республика чемпионы (1954 — 1957).
1955 — 1962 жылдары волейболдан Қазақстан ерлер құрама командасының аға жаттықтырушысы болды. Жарылғаповтың жетекшілігімен Қазақстан волейболшылары халықаралық кездесулерде жеңіске жетті.
Жарылғапов КСРО-ның, Еуропаның, дүние жүзінің және Олимпиялық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін (В.Кравченко, Ж.Сауранбаев, О.Антропов, т.б.) тәрбилеген. 1965 — 1968 жылдары Республикада спорт және дене тәрбиесін, оның ішінде волейболды дамытуға үлкен үлес қосқан.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Жауынгер аналарының комитеті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қолдау көрсету және жауынгерлер мен олардың отбасыларының құқықтарын қорғау үшін құрылған қоғамдық ұйым. 1990 жылдан Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Тараз, Лениногорск, Павлодар, Өскемен, т.б. қалаларда ұйымдастырылған. Жауынгер аналарының комитеті жұмысының негізгі бағыттары: әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына көмек көрсету, жауынгерлер арасындағы жарғыдан тыс өрескел іс-әрекеттердің алдын-алу, олардың дұрыс тамақтануы мен азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалау, қайтыс болған жауынгердің отбасына көмек көрсету, т.б. Бұл шараларды комитет Қазақстан Республикасының “Әскери қызметшілер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы” Заңының шеңберінде жүзеге асырады.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Жиһангер (әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Хушру-и-Гити Панах, Әбілфатх Нұреддин Мұхаммед Жиһангер, Падишаһ-и-Ғази,1569 — 1927 урду: جهانگير) — Ұлы Моғолдар патшалығының 4-падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың шөбересі, I Акбардың үлкен ұлы, Бабырдың шөбересі. Жаһангер әкесі Акбардың билігі кезінде Аллахабадтың әміршісі болды. 1602 жылы әкесінің Декандағы кеңесшісі әрі тарихшысы Абу-л-Фазлды бундела тайпасының көсеміне өлтірткізіп, бүлік шығарды. Жақын досының өліміне, баласының опасыздығына күйінген Акбар ауруға шалдығып, 1605 жылы қайтыс болды. Таққа Жаһангер отырды. Оның билігі кезінде Акбар жариялаған барлық діндердің ынтымағы саясатынан ауытқу орын алып, үнділер мен мұсылмандардың біраз бөлігінің наразылығын туғызды. Жаһангердің үлкен ұлы Хұсрау Пенжабқа қашып барып, көтеріліс ұйымдастырды. Оны сикхтер көсемі қолдап, қаржылай көмек көрсетті. Бірақ Хұсраудың әскері жеңіліп, жақтастары өлім жазасына кесілді, өзінің көзі ойылып алынды. Алайда, орталық үкіметтің билігі әлсіреп, ірі тайпа ақсүйектері күшейе бастады. Мемлекетте жемқорлық дендеді. 1613 жылы Ост-Үндістан компаниясы Жаһангерден Суратта сауда факториясын ашуға рұқсат алды. Жаһангер жаңа жерлер басып алу арқылы билігін нығайтуға ұмтылды. 1614 жылы Меуарды, 1615 — 1620 жылы Пенджабтың Кангр қамалдарын бағындырды. Бірақ 1622 жылы парсылар ұлы моғолдар мемлекетінің сауда керуенінің кілті болып табылатын Кандагар қаласын тартып алды. Жаһангердің соңғы жеңісі 1622 жылы Кашмирдегі шағын князьдік Киштуарды басып алу болды. Өмірінің соңғы жылдарында ол мемлекеттік істерден шеттеп, билік тізгінін әйелі Нур-ЖиҺанға ұстатты. Жаһангер — “''Тузик-и-Жаhангири''” атты естеліктер кітабының авторы.
## Өмірбаяны
Жаһангір тұсында орталық өкімет әлсіреді, феодалдардың билігі күшейді. 1613 жылы Ост-Үндістан компаниясына Суратта сауда факториясын ұйымдастыруға рұқсат берді. 1622 жылы парсылар моғолдардың ірі сауда орталығы Қандағар қаласын тартып алды. Жаһангір мемлекеттік іспен аз айналасты, әйелі Нұржаһанның саяси ықпалы күшті болды. Жаһангір "Тузук-и-Жаһангири" атты естеліктер жазды.
## Дереккөздер |
Жауырыншы — жауырын сүйегіне қарап болашақты болжайтын адам. Олар жөніндегі деректер батырлар жырында, ертегілерде жиі кездеседі. Жауырыншылар адамның тісі тимеген қойдың жауырынының етін сылып тастап, кептіргеннен кейін, отқа салып қарап отырып соғыс, жорық нәтижесін болжап, оған қарсы айла жасап отырған. Жауырыншылық тек көшпенді халықтарға ғана тән өнер. Онымен, көбінесе, батырлардың өздері айналысқан. Мысалы, Қазтуған жырында айтылатын Қара Бұқан батыр, қазақ-жоңғар соғыстарына қатысушы Жасыбай, Ханкелді батырлар да Жауырыншы болған. Соғыс кезінде батырлардың ғана емес, Жауырыншылардың өнері мен күші де сынға түскен. Мысалы, бір аңыз әңгімеде Жасыбай батыр мен қалмақ жауырыншысының айқасы айтылады. “Есепшіні жұт алады, жауырыншыны жау алады”, — деген қазақ мақалы Жауырыншылық өнердің соғыспен және әскерилер қауымымен тікелей байланысты екенін көрсетеді. Қазақтардың жауырынмен болжам айтатыны Радлов пен Палластың еңбектерінде де кездеседі. Бейбіт заманда Жауырыншы ақсарбас қойдың ақ жоңқа жауырынын аударып-төңкеріп отырып сөйлейді. Жауырынның етегі жалпақ, ойықтау болса малы көп, бай болады, қазан шұңқыры терең болса дастарқаны мол, өмірі жайлы, жылдан аман-есен шығады деген. Қыр сүйегі биік үшкірлеу болса, аты жүйрік, қыр сүйегінің майысқан жері сұқ саусаққа ілініп тоқталса, түйе-сиыр өріске толады дейді. Ол доғалдау келсе, дәулеті шалқиды, іргеден құт кетпейді деп жорыған. Жауырын сүйек қалың болса, қоғам тыныш болады. Жауырын алақанында алашұбар дақ болса, ел іші ала, кереге басы пәле, жаугершілік болады, қыр сүйек ұзын болса, ғұмыр жасы ұзақ, үрім бұтағы да жетіледі деп байлам айтып, долбар жасайды.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
## Жауғаш Қырбасұлы
Жауғаш Қырбасұлы (1733, Алматы облысы Қарасай ауданы — 1782, Жамбыл облысы Меркі ауданы) — Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші. Ұлы жүз құрамындағы ботбай руының Қоралас аталығынан шыққан. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, “Жаралы жолбарыс” деп атаған. 1733 жылы күзде қазақтар жеңіске жетіп, жоңғарлар қашқан Аюлы, Арқарлы тауларындағы шайқас кезінде туғандықтан әуелгі қойылған есімі Жауқашты екен, анасы Қоңырбике еркелетіп, Жауғаш атанып кеткен. Әкесі Қырбас 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарлармен болған бірқатар шайқастарға қатысқан, Аңырақай шайқасында ботбай қолын басқарған Сәмен батыр әскерінде мыңбасы болған. Жауғаш 15 жасында атқа қонып, қасындағы Қарпық, Майлыбай сияқты серіктерімен ел еркіндігі жолында Алатаудан Арқаға барып, Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылған. Жауғаш 1751 — 1753 жылдары Абылай ханның бірнеше тапсырмаларын тиянақты орындап, сенімді серіктерінің біріне айналды. 1754 — 1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. 1756 жылы қытайлармен болған шайқаста Абылай хан жараланып, Жауғаш ұрыс болып жатқан жерден ханды аман алып шығып, құтқарып қалады. Бұқар жырау жырларында Абылай хан “Іздесем де табылмас, Жауғашжан, сендей құбаша ұл” деп мадақтаған Жауғаш батыр осы. Ол Қытаймен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де болған. Сол жылы (1756) қытай генералы Хадаха өз қолына түскен Жауғаш батырды Абылай ханмен келісім жасауға жібереді. Жауғаш батыр 1771 — 1774 жылдары қырғыздармен қақтығыстардың мәмілегерлікпен аяқталуына ат салысқан. Қырғыз Момохан батыр мен Жайыл батырдың баласы Итекеге ара түсіп, Абылай ханның кескен өлім жазасынан аман алып қалып, қазақ-қырғыз арасындағы бауырластықтың сақталуына үлес қосқан. Абылай ханның өмірінің соңына дейін жанында болып, айнымайтын тірегі саналған Жауғаш батырға хан аманат етіп тапсырған, жоңғарларға қарсы соғыстарда көтерген қасиетті жеңіс туы батырдың ұрпақтарының қолында күні бүгінге дейін сақтаулы. Денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде, дәліздің Ақсарай жағына, Абылай ханның қасына жерленген. Қазіргі Жамбыл облысы Меркі ауданы Папанин ауылына Жауғаш батыр есімі берілген.
Ол — білімді мәмілегер, Қазақ хандығының 1756-58 жылдардағы Қытаймен келісімге келуіне, 1770-1774 жылдардағы қырғыздармен қақтығысының нөтижелі аяқталуына ерекше еңбек сіңіреді. Абылай ханның арнайы шақыруымен Жауғаш жетпісінші жылдардың аяғында қайтадан Арқаға барады. Хан ордасын Түркістанға көшіргенде Тілеуберді, Бүрге батырлармен бірге соның қорғаушысы болады. Жауғаш қандай жағдай болса да сөзіне берік, досқа адал, әділ кісі болған. Өздерімен соғысқан дүшпаны Садырдың бір баласын ертедегі достығы үшін өлтіртпей, ханнан өтініп сүрап алуы соның айғағы. Оның досқа адалдығын Абылай хан да жоғары бағалайды. Жауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болады.
## Дереккөздер |
Жауынгерлік Ту– әскери бөлімнің қастерлі рәміздерінің бірі. Мемлекет басшысының атынан беріледі. Бөлімде барлық уақытта сақталады. Бөлімнің алған ордендері осы туға тағылады. Бөлімнің жеке құрамы Жауынгерлік туды күзетуге, ерлікпен қорғауға, ұрыс кезінде сақтап, жау қолына түсірмеуге міндетті.
## Дереккөздер |
Жәдік сұлтан , Джадк, Адик, Иадик (туған жылы белгісіз-1520) — қазақ сұлтаны. Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. Мұхаммед Хайдар Дулати Жәдік сұлтанды ықпалды сұлтандардың бірі болған деп көрсетеді. Жәдік сұлтанның бауыры Қасым хан түрлі саяси, дипломатиялық жолдармен Қазақ хандығын нығайтып, территориясын кеңейтуде оның қолдауына сүйенгені байқалады. Тарихи деректерде Жәдік сұлтанның өмірі туралы мәліметтер аз кездеседі. Ол Моғолстан ханы Жүністің төртінші қызы Нигар ханымға үйленген. Жәдік сұлтанның Тоғым, Бөкей және Шығай мен Мәлік деген төрт ұлы бар, оның екеуі Қазақ хандығының хандары болған. Мұхаммед Шайбани хан 1503 жылы Ташкент қаласын басып алған кезде Жәдік сұлтан қазақ даласына қашып кетеді. Жәдік сұлтан Шығым мырза бастап барған, ноғайлармен болған шайқаста Жыландытөбе деген жерде қаза табады. Бұл 1518 жылға дейін болуы керек, өйткені Шығым мырза 1518 жылы өледі. Қадырғали Жалайырдың мәліметіне қарағанда, Жәдік сұлтанның бейіті Үргеніштегі Бақырған Ата деген жерде. Әкесі - Әз Жәнібек хан.Баласы - Шығай хан. |
Жәйрем – Ұлытау облысы Қаражал қалалық әкімдігіне қарасты кент, Жәйрем кенттік әкімдігі орталығы. Қаражал қаласының солтүстік-батысында 65 км жерде орналасқан.
## Тарихы
1951 жылы ашылып, 1964 жылдан барланып, 1976 жылдан өнім бере бастаған Жәйрем барит-полиметалл және темір-марганец кен орындар тобының игерілуіне байланысты пайда болды (Жәйрем, Үшқатын, Жомарт, т.б.). 1972 жылы кентке айналды.
## Халқы
Тұрғыны 9,9 мың адам (1999).
## Кәсіпорындар, инфрақұрылымы
Жәйремде “ENRC” тобы басқаратын “Жәйрем кен-байыту комбинаты” акционерлік қоғамы, “Жәйрем құрылыс-монтаж басқармасы” “Жәйремнан” серіктестігі, “Жәйремкөлік” акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттерді өтейтін мекемелер бар. Жәйрем арқылы Түгіскен — Қаражал — Жамбыл автомобильдік жолы өтеді. Сарысу — Жәйрем темір жол тармағы арқылы Жәйрем - Қарағанды — Сейфуллин — Жезқазған темір жолдарына қосылған.
## Дереккөздер |
Жәнібек хан, Әз Жәнібек хан (туған жылы белгісіз — 1357) — Алтын Орда ханы (1342 — 57), Өзбек ханның баласы.
## Басқаруы
Жәнібек өзі билік еткен тұста Алтын Орданың ішкі және сыртқы саяси жағдайын нығайтуға күш салды. Алтын Ордаға бағынған орыс князьдіктерінен алым-салық жинау ісін бір жүйеге келтірді. Алтын Орда территориясын кеңейтуге ұмтылды. Ирандағы Құлағу хан әулетінің ішкі талас-тартысын пайдаланып, 1357 жылы Жәнібек өз әскерін Әзірбайжанды басып алуға аттандырды. Көп ұзамай Жәнібек әскерлері Иранның солтүстіктегі астанасы Тебриз қаласын алды. Жәнібек оны баласы Бердібекке билеуге берді. Алтын Ордаға қайтқан сапарында Жәнібек Бердібек ұйымдастырған сарай жанжалының құрбаны болды.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Fұбайдолла Жәңгіров(19 мамыр 1840, Бөкей ордасы - 14 наурыз 1909, Ялта) — қазақ халқы арасынан шыққан тұңғыш кавалерия генералы. Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің отбасында дүниеге келген.
1856 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық паж корпусын бітіргеннен кейін, корнет шенінде лейб-гвардиялық казак полкінде қызмет етті және князь атағына ие болды. Келесі жылы Орынбор қаласына ауысып, генерал-губернатор кеңсесінде қазақ, башқұрттар және қалмақтар жөніндегі істерді қарайтын арнайы офицер қызметіне тағайындалды. 1866 жылы ротмистр Жәңгіров Дон казактары атаманының қарамағына жіберіліп, бір жылдан кейін Ресейдің солтүстік-батыс жағына ауыстырылды. 1877-78 жылы орыс-түрік соғысына қатысып, генерал-майор(1878) атағына ие болды. Соғыс аяқталғаннан кейін ІІМ телеграф департаментін басқаруға жіберілді. Кейін осы министрліктің қазақтар мен қырым татарлары істері жөніндегі бөлімін басқарып, 1888 жылы генерал-лейтенант, ал 1894 жылы кавалерия-генералы (қазіргі генерал-полковник, шенімен дәрежелес) атақтарын алды. Осы қызметте жүріп, ол «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ережені» дайындауға қатысты. Қоғамдық жұмыстармен айналысып, қазақ даласында емдеу орындарын, көпірлер жасауға басшылық жасады. Қазақ жастарының Орталық Ресейдегі жоғары оқу орындарына түсуіне көмектесті және Ақмолда ақынның түрмеден босап шығуына себепші болды. Ресейдегі мемлекеттік думаға сайлау жөніндегі жобаны жасауға атсалысты, әрі сайлауға қазақтардың да қатысуына көп көңіл бөлді. Қызметтегі табыстары үшін Ресей және шетел мемлекеттерінің көптеген ордендерімен марапатталды. Отставкаға шыққаннан кейін (1902-03) император сыйға тартқан Ялтадағы иелігіне көшіп барды. Осы жерде 1909 жылы 1 наурызда қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Жаяу Мұса Байжанұлы (30 шілде 1835 жыл, Семей облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы – 1929 жыл) — қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақыны.
Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руының Айдабол бөлімі.
## Өмірбаяны
Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.
Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды.
Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Польша, Литва жерінде болады.
Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулие-ата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады.
## Шығармалары
Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады.
Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады.
Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты.
## Дереккөздер |
Жәтіков Темкен Мұқашұлы (18.7.1932 жылы туған, Павлодар облысы Аққулы ауданы Төсағаш ауылы) — ғалым, геология-минералдық ғылымының докторы (1988). 1955 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. 1955 — 1970 жылдары Шығыс Қазақстан геология басқармасының экспедицияларында геолог, партия бастығы, аудандық аға геолог қызметтерін атқарған. 1970 жылдан Геология ғылымдар институты Алтай бөлімінің меңгерушісі, институттың жетекші ғылыми қызметкері, асыл металдар лабороторяның меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері колчедан-полиметалл және алтын кен орындарының жер қыртысында орналасу заңдылықтарын зерттеуге, олардың қорын болжаудың геологиялық негіздерін жасауға арналған. Қазақстандағы алтын кен орындарын жіктеп, кентас орналасатын құрылымдарды анықтады. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1996). “Еңбек даңқы” медалімен марапатталған (1970).
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы
## Дереккөздер |
## Қысқаша өмірбаяны
Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменов (1956 жыл,Түркістан облысы Түркістан ауданы) — техника ғылымдарының докторы (1991), професор (1994), Қазақстан ұлттық академиясының корреспондент мүшесі (1995).
* 1976 - ҚазМУ-ді бітірген.
* 1976—77 ж. - Қарағанды мемлекеттік университетінде аға лаборант;
* 1977 — 93 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Химия-металлургиялық институтында инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборант, бөлім меңгерушісі;
* 1985 — 87 ж. - Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі;
* 1992 — 93 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Орталық Қазақстан бөлімі төрағасының орынбасары болды.
* 1993 жылдан - Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталық директорының орынбасары, бірінші орынбасары.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары мысты электролиздік рафинадтау, сондай-ақ, электр мембраналық және гидролиздік процестер негізінде ерітіндідегі ауыспалы металл тұздарын бөлу мәселелеріне арналған. Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменов тұз ерітінділерінің физика-химия қасиеттерін (ерігіштігі, электр өткізгіштігі, т.б.) олардың электр мембраналық жүйелердегі күйлерімен байланысты қарастырды. Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменовтің басшылығымен өндірістік электролиттерді тазалаудың тиімділігі жоғары және экология таза технологиясы жасалып, өндіріске (“Балхашмыс” және Қарағанды тау-кен машиналары өндірістік бірлестіктерінде) енгізілді.
Шығармалары:
* Полимерные ионитовые мембраны в гидроэлектрометаллургии меди, А.-А., 1988;
* Применение биполярных мембран для корректировки состава медного электролита.
* В сборнике: Физико-химические основы комплексной переработки минерального сырья Казахстана, Қарағанды, 1989 (соавтор).
## Дереккөздер
## Қысқаша өмірбаяны
Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменов (1956 жыл,Түркістан облысы Түркістан ауданы) — техника ғылымдарының докторы (1991), професор (1994), Қазақстан ұлттық академиясының корреспондент мүшесі (1995).
* 1976 - ҚазМУ-ді бітірген.
* 1976—77 ж. - Қарағанды мемлекеттік университетінде аға лаборант;
* 1977 — 93 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Химия-металлургиялық институтында инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборант, бөлім меңгерушісі;
* 1985 — 87 ж. - Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі;
* 1992 — 93 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Орталық Қазақстан бөлімі төрағасының орынбасары болды.
* 1993 жылдан - Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталық директорының орынбасары, бірінші орынбасары.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары мысты электролиздік рафинадтау, сондай-ақ, электр мембраналық және гидролиздік процестер негізінде ерітіндідегі ауыспалы металл тұздарын бөлу мәселелеріне арналған. Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменов тұз ерітінділерінің физика-химия қасиеттерін (ерігіштігі, электр өткізгіштігі, т.б.) олардың электр мембраналық жүйелердегі күйлерімен байланысты қарастырды. Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменовтің басшылығымен өндірістік электролиттерді тазалаудың тиімділігі жоғары және экология таза технологиясы жасалып, өндіріске (“Балхашмыс” және Қарағанды тау-кен машиналары өндірістік бірлестіктерінде) енгізілді.
Шығармалары:
* Полимерные ионитовые мембраны в гидроэлектрометаллургии меди, А.-А., 1988;
* Применение биполярных мембран для корректировки состава медного электролита.
* В сборнике: Физико-химические основы комплексной переработки минерального сырья Казахстана, Қарағанды, 1989 (соавтор).
## Дереккөздер |
Жәдид Мектептері — 19 — 20 ғасырлар тоғысында Еділ бойы, Кавказ, Түркістан, Қазақстанда ашылған мектептер. 1884 жылы Гаспралы Исмаил би өзінің әріптестерімен бірге діни оқуды халыққа терең білім беру ісімен ұластыра отырып, жаңа оқу жүйесін жасады. Бұл жаңа әдіс бойынша мұсылмандық мектептерде оқушылар ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген дін пәндерімен қатар жазу, есеп, география, тарих, орыс тілі, т.б. өмірге қажетті пәндерді оқитын болды. Жәдид Мектептері “Ібтидай” (бастауыш) немесе “рушти” (5 — 6 жылдық) болып, жергілікті халықтың қаражатымен ашылды. Мектептерде балаларға бұрынғы “иман шартының” орнына “Муаллим эввел” (Бірінші мұғалім) және “Муаллим сани” (Екінші мұғалім) ұсынылды. Сонымен бірге балаларды мектепте ана тілінде оқуға, жазуға үйретіп, география, тарих, арифметика және т.б. пәндерден алғашқы білім беріле бастады. Жәдидшілер балаларды “жаңа әдіспен” оқытуды жақтады, ал олардың құрған мектептері жаңа әдіс, яғни “ұсулы жәдид” мектебі аталды. Балаларды “жаңа әдіспен” оқыту жолындағы ағым Еділ бойындағы татарлардан басталады. Содан Астрахан, Орынбор арқылы Батыс Қазақстанға, біртіндеп Қазақстанның өзге өңіріне тарады. Қазақстанда кеңінен етек жая бастаған Жәдид Мектептері мен медреселердің ішіндегі ірілері “Мамания”, “Расуле”, “Ақтас”, т.б. болды. Мұнда жоғарыда аталған оқулықтармен бірге араб, түркі, қазақ, орыс, дін, тарих, география, жануартану пәндерінен ғылыми түсінік беретін кітаптар пайдаланылды. Патша өкіметі бұл мектептердің өркен жаюына қысымшылықтар жасап келді. Олар өз тыңшыларын жіберіп, нақты мәліметтер жинап, түрлі кедергілер қойып отырды. Мысалы, патша өкіметінің 1911 жылғы мектеп-медреселер туралы есебі бойынша, Қазақстанда 84 медресе ббар, онда 28814 шәкірт тәрбиеленіп, 130 ұстаз қызмет атқарған, оның 1446-сы бар болғаны бастауыш сауат ашу мектептерінің түлектері болды. Отаршыл саясат қысымшылығынан жәдидтік бағыттағы оқу орындары ығыстырылып, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Қазақстанда орыс-қазақ мектептері, училищелері дүниеге келді.
## Дереккөздер |
Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз – 1792) — даңқты батыр, шешен, Абақ Керей руына ұран болған, қолбасшы Керей тайпасы Жәнтекей руынан шыққан. Ол Жоңғар басқыншылығына қарсы шайқаста аты шыққан, Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батыр бастаған сияқты қазақ қолының алғы шебінде жүрген айбынды батырлардың бірі. Соған орай, халық оны сол заманның аты шыққан әйгілі батыры Шақшақ Жәнібекпен шатастырмас үшін «Керей Жәнібек» деп атап кеткен.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 жылы Жәнібек Абақ Керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асуынан жол салып асып барып, өр Алтайды шолып қайтады. Бұл асу кейін “Жәнібек асуы” деп аталып кеткен. 1760 жылы Жәнібек батыр Абақ Керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады. Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл абақ керейдің ұранына айналған "Ер Жәнібек" сексеннің үстіне шығып қайтыс болады. Жәнібектің әкесі Бердәулет ерте қайтыс болып кеткендіктен, нағашысы қазақтың атақты үш биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тәрбиесінде болды. «Кісі болар жігітті кісесінен, кісі болмас жігітті мүшесінен таниды» дегендей, Қазыбек би жиенінің көзінде оты, көкірегінде сәулесі барын көріп, оны кішкентай күнінен бастап ел басқару жұмысына тәрбиелейді. Он сегізге жасы жетіп, күш-қайраты толған кезінде Жәнібек жауға аттанып бара жатқан жасанды қолды көріп, Қазыбектен жорыққа аттануға бата сұрайды. Қазыбек: «Қарағым, өзгеге берген батамды өзіңнен неге аяйын. Ер азамат қылып өсіріп, ел-жұртыңа қосайын деп едім. Жасыңа жетпей, жау тілеме» дейді. Бұған риза болмаған Жәнібек: «Он сегізге келгенше , жігіт болып жетіле алмады дегеніңіз бе? Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалдырғанда, от басын айналдырған көбелектей көргеніңіз бе?» деп наразылық білдіреді. Сонда Қазыбек: «қой, рұқсат бермесем, құса болып өліп кетер, не қолға рұқсатсыз еріп кетер» деп ойлап, «Қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің жүйелі болсын!» деп батасын береді. Ұлы атасының ықыласымен берген батасы қабыл болып, Жәнібек жолы киелі қолбасшы, сөзі жүйелі ел басшысы атанады. Жәнібек батырдың өмір жолын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: Оның бірі – батырдың жоңғар басқыншыларына қарсы күресіп, сан шайқасты бастан кешірген батырлық, қолбасылық өмірі. Екіншісі – жаудан азат етілген жерге елін бастап барып, орналастыруы, ел бірлігінің бұзылмауы жолында тер төккен басшылық өмірі. Ол халықтың жадында қол бастаған аруақты батыр, ел басқаруда әділ басшы болып қалды. Өзі иелік еткен Абақ Керей елі оның атын ұранға айналдырды.
## Мұрасы
Батырдың Шіңгіл ауданда тұратын он бірінші ұрпағы Зардықанның үйінде сақталған қасиетті туын 1940 жылы Оспан батыр Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде көтеріп шығады. Ер Жәнібек туралы қытайдың Алтай аймағының қазақтары «Жәнібек батыр» деген тарихи жанрдағы екі сериалды фильм шығарған. Қазір Алматы қаласының Алатау ауданында Ер Жәнібек атындағы қысқа көше бар. Батырдың зираты Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақ деген жерде. Зиратының басына ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер
М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 66 б.http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы.
## Тағы қараңыз
* Ер Жәнібек (жыр) |
Жәркешов Заңғар Асанханұлы (28.5.1936, Алматы) — халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1961), Қазақстанның (1967) және КСРО-ның спортқа еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1971), профессор (1980). 1960 жылы Қазақ тау-кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ), 1972 жылы Алматы дене шынықтыру институтын бітірген. 1966 — 1972 жылдары КСРО-ның жоғары топтағы “Буревестник”, кейіннен “Дорожник” командасының аға жаттықтырушысы болды. Жәркешов басшылығымен Қазақстан ерлер командасы КСРО чемпионы (1969), Еуропа чемпиондары Кубогының жеңімпазы (1970) атанды. Жәркешов көптеген ғылыми мақалалардың, оның ішінде волейбол оқулығының авторы.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Жәңгір мектебі — қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп. Жастайынан зиялы қауымның арасында болып, білім қадірін білген Жәңгір билікке қолы тиген күннің ертеңінде-ақ өз ордасында мектеп ашып, жастарға білім беруді армандайды. 1826 жылы Қазан университетінің ректоры Фукске Жәңгір өз ордасында мектеп ашып, ғылымға қазақ баласының да қолын жеткізуге бастама жасау ниеті бар екенін білдіреді. Жәңгірмен сұхбатында жақсы әсер алған Фукс ол туралы “өзінің жас кезінде, хандығының бас кезінде, тіпті, Ордада әлі бірде-бір үй тұрғызылмаған кезде, оның білімнің пайдасы жөнінде осы бастан ойлануы қандай ғанибет” — деген пікір айтады. Мектеп ашу жөніндегі Жәңгірдің арманы тек он бес жылдан кейін барып іске асты. Ол оған дейін де жоғары жаққа әлденеше рет қатынас қағаз жолдап, мектеп ашуға көмек ету жөнінде өтініш түсірген, алайда олары аяқсыз қалған. Ақыры ол мектепті өз күшімен ашуға бекінді. Арада екі ай өткеннен кейін, 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған тұңғыш мектеп дүниеге келді. Қарағайдан қиып салынған мектеп үйі — Ордадағы еңселі үйдің бірі болған. Екі қабатты ғимараттың іші де аса көрнекті болған. Оқушылардың партасы, мұғалім үстелі мен отырғышы, класс тақтасы, шығыс стиліндегі оймыш буылтық ағаш бағанасы мектеп ішінің жоғарғы эстетикалық талғаммен безендірілгенін көрсетеді. Жәңгір хан бұл мектепті 1848 жылдан өз қарамағына алып, жыл сайын оның қажетіне 1404 сом ақша беріп отырған.1905 жылы осы екі сыныптық мектеп төрт сыныптық (қазіргі жүйе бойынша 9 сыныптық білім беретін) қалалық мектепке айналып, жанынан мұғалімдер даярлайтын педагогилақ курс ашылады. Мектепте шекті аспаптар оркестрі, хор және бай кітапхана болған. Жәңгір метебінен талай белгілі адамдар білім алып шықты. Олардың қатарында М.-С. Бабажанов пен М.Бекмұхамедов, Ш.Бөкеев пен Ұ.Қарашев, Ұ.Жәңгірұлы мен Р.Құрманғалиев, Ш.Жексенбаев, т.б. бар.
## Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы |
Әбдіғаппар Кенжебайұлыв Жәкелов — ғалым, геология-минералдар ғылымдарының докторы (1984), Қазақстан ұлттық академиясының корриспондент мүшесі (1992).
## Қысқаша өмірбаяны
* 1954 - Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазөТУ) бітірген.
* 1954 — 58 ж. - Солтүстік Қазақстан геология басқармасының гидрогеологы, аға гидрогеологы;
* 1958 — 64 ж. - Шымкент, Мойынқұм гидрогеология партияларының аға гидрогеологы, техник жетекшісі;
* 1964 — 66 ж. - Қазақ гидрогеология тресінің бас инженері;
* 1966 — 79 ж. - Қазақ гидрогеология басқармасының бас инженері, бастығы;
* 1979 — 85 ж. - “Қазгидрогеология” өндірістік бірлестігінің бас директоры;
* 1985 — 90 ж. - Алматы гидрогеология экспедициясының бастығы;
* 1990 — 99 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Гидрогеология және гидрофизика институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
* 1999 жылдан - осы институттың лабарант меңгерушісі.
## Еңбектері
Ұылы еңбектері жер асты суының орналасу және олардың қорларының түзілу, қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге, су қорын барлаудың теориялық негіздері мен барлау әдістерін анықтауға, жер асты суын қалалар мен өндіріс орындарында, а. ш-нда тиімді пайдалануға арналған. Әбдіғаппар Кенжебайұлыв Жәкелов Қазақстанның шөл және шөлейт аудандарында жер асты суы қалыптасуының конденсаттық және инфильтрациялық теорияларын негіздеді. Биік таулы аудандарда қалыптасқан жер асты суы ағынының артезиан алаптарына қарай жылжу заңдылықтарын ашты. Жер асты суы қорын тиімді пайдалану, ластанудан қорғау проблемалары бойынша әдістемелер ұсынды. КСРО Мемлекеттік сыйлық (1981), Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық (1991) лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдермен марапатталған.
Шығармалары:
* Формирование подземных вод Чу — Сарысуйского артезианского бассейна, их ресурсы и перспективы использования]], А., 1993;
* Генезис подземных и поверхностных вод северного склона Зайлийского Алатау, А., 1996;
* Подземные воды Казахстана. Ресурсы, использование и проблемы охраны, А., 1999.
## Дереккөздер |
Жебелек — қыздардың желбегей жамылатын жұқа сырт киімі; жаңа түскен келіннің басына салып жүретін орамалы. Кейде қыздардың бұрымына қосып өретін ақ, қызыл, сары түсті жалпақтығы төрт елідей жібек матаның қиықшаларын да Жебелек дейді. Жебелек бұрымдап өрілген шаштың сәнін келтіреді.
## Дереккөздер |
Жәрмеңке (нем. Jahrmarkt - жыл базары) – жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын. Жәрмеңке сөзі неміс тіліндегі Jahrmarkt (Ярмаркт) сөзінен туындаған.
## Қазақ жеріндегі жәрмеңкенің ұйымдастырылуы, маңыздылығы мен өркендеуі
Жәрмеңкелер Қазақстан жерінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ұйымдастырыла бастады. Ол уақытқа дейін қазақтар керуенмен Батыс Сібір аймағындағы Ірбіт жәрмеңкесі сияқты ірілі-ұсақты жәрмеңкелерге жол тартатын. Қазақстан малдың, мал өнімдерінің шикізат қоры ретінде орыс көпестерін қызықтыра түсуіне байланысты орыс әкімшілігі жәрмеңкелерді қазақ жерінде ұйымдастырудың тиімділігін құптап ХІХ ғасырдан бастап маусымдық жәрмеңкелерді аша бастады.Осы уақыттан бастап қазақ жерінің көптеген өңірлерінде жәрмеңкелердің саны жыл сайын көбейе түсті. Бөкей Ордасындағы, Семей, Көкшетау, Ақмола, Әулиеата қалаларындағы жәрмеңкелер қазақ жеріндегі сауда ісінің өркендеуіне, сондай-ақ экономиканың өсуіне айтарлықтай әсер етті. Ең бірінші болып саудагер Ботовтың ұйымдастыруымен әйгілі Қоянды-Ботов жәрмеңкесі ашылды. Қызылжар жолы бойындағы Қоянды жәрмеңкесі ХІХ ғасырдың 50-жылдарына дейін 25 мамыр – 25 маусым, ал 1882 жылдан бастап 1 маусым – 1 шілде аралығында өткізілген. Қоянды жәрмеңкесінде мал, шикізат өнімдерімен қатар, егін шаруашылығының өсуіне байланысты астық саудасы дамыды.Жәрмеңкелердің ашылуы қазақ қоғамында сауда ісінің дамуына жағдай жасады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында саудагерлердің арасында орыс және татар көпестері көп болса, кейін мал өнімдерін сататын қазақ саудагерлерінің қатары өсті. Сол кездегі жәрмеңкелердің бір ерекшелігі «айырбас сауда» қатынасымен қатар тауарды ақшамен сату-сатып алу қатынастарының қалыптасуына себепкер болды.
Жаздық және күздік болып бөлінетін жәрмеңкелер саны ХІХ ғасырдың соңында Ақмола уезінде 40, Семей уезінде 14-ке жетті. Әулиеата, Қарқара (Верный), Қоянды (Қарқаралы), Атбасар (Ақмола), Ойыл (Ақтөбе), Шар (Семей) жәрмеңкелерінің маңызы өсті. Олардың ішінде ең ірісі болған Қоянды жәрмеңкесінде мемлекеттік банк бөлімшесі, почта, телеграф жұмыс жасады.
### Әулиеата жәрмеңкесі
Верный, Әулиеата, Пржевальск, Бішкек уездерін Әулиеата жәрмеңкесі қамтыған. Жылына жәрмеңкеге жан-жақтан тауарлар тасылған. Әулиеата уезінен 125 000 пұт жүн, Шымкент уезінен 200-250 мың пұт жүн, 3000 пұт қаракөл терісін, 20 000 пұт түйе жүнін сатуға әкелген. Қазақ ауылдарынан орыс көпестері шикізат өнімдері мен қолөнер бұйымдарын сатып алып, Ресейге алып кеткен.
### Қарқара жәрмеңкесі
Верный, Қапал, Жаркент, Сергиополь уездерін қамтыған ірі Қарқара жәрмеңкесі ХІХ ғасыр аяғынан – ХХ ғасыр басына дейін жұмыс жасады. Жәрмеңке Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасын дамытты. Жаркент кеден басқармасының 1893 жылғы мәліметі бойынша Қарқара жәрмеңкесінен 171 саудагер 435 433 сомның тауарын Қытайға тасыған. Кеген, Иірсу, Жырғалаң, Кеңсу өзендерінің бойын жайлаған қазақтар саудагерлерге малдарын өткізіп, одан түскен қаражатқа азық-түлік, киім-кешек, тұрмыс бұйымдарын, Шығыс маталары мен тәттілерін сатып алған. Жәрмеңкеге Қытай, Ресей, Өзбек, Тәжік, Түрікмен, Қырғыз, Хиуа елдерінің саудагерлері ағылған. Жәрмеңке қазіргі Алматы облысының Кеген ауданының Қарқара жайлауында жаз уақытында ұйымдастырылып тұрған. Жыл сайын жәрмеңкеге арналып 200 киіз үй тігілген.
## Жәрмеңкедегі негізгі сауда көзі
Жәрмеңкелердің негізгі сауда көзі – төрт түлік малда болатын. 1910 жылы сатылған малдың саны – 159855 болса, 1913 жылы – 567920-ға жетті. Қарқаралы бөлімі инспекторы мәліметтеріне сәйкес 1905 жылы шикізат материалдарын (жүн, тері, киіз) ірі көлемде сатумен 14 адам айналысып, тауарларды Петропавловск, Казань, Новгород қалаларына жөнелткен. Сонымен қатар жәрмеңкелерде Ресей зауыттарының темір, мыс, шойыннан жасаған өнімдері де сатылған. Қоянды жәрмеңкесінің тауар айналымы жыл сайын өсіп отырған: 1882 жылы – 1,5 млн сом, ХІХ ғасырдың аяғында – 2 млн сом, ХХ ғасырдың басында 3 млн сомға жеткен. Жәрмеке Ресей, Моңғолия, Қазақстан сауда қарым-қатынасын дамытты.
## Жәрмеңке барысындағы мәдени шаралар
Жәрмеңкелер қазақ даласындағы экономикалық өмірді жандандырып, ұлттық өнерді ел арасына тарату қызметін де атқарды. Сауда ісімен қатар жиналған халықтың көңілін көтеретін мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылып тұрған. Думан салу қазақ халқының тіршілігімен біте қайнасқан өнер түрі болғандықтан, әйгілі Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы, Әміре Қашаубаев сияқты өнер қайраткерлері мен палуандар жәрмеңкеге жиналған халықтың көңілінен шығып отырған. Сөз жарыстырған айтыскерлер сияқты жарыс түрлері де ұйымдастырылып, жыршылар қазақ халқының өткені мен сол кездегі тұрмыс-тіршілігін өз жырларына қосқан. Думаншылар ұлттық ойындар: көкпар, қыз қуу, тартыс, теңге ілдіру, жаяу жарыс, жорға салыстыру т.б. көрсетсе, ал саятшылар бүркітке түлкі алдыру, тазы жүргіртудің озық үлгілерін паш етті.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Васильев А.В. Материалы к характеристике взаимных отношений татар и киргизов. Оренбург, 1808;
* Жители, нравы и обычаи. Торговля и политическое состояние Восточного Туркестана по рассказам туркестанцев, собранным А.Борнсом. ТС. Т.17. СПб., 1870. С.102-103;
* Хорошкин А.Кзыл-Кум. ТВ. 1873. №18. С.70;
* Гейер И. Шерстяное дело в Аулие-Ате. ТВ. 1895. №72. С.305-307;
* Гейер И. Туркестанское скитание. ТВ. 1896. №75. С.318-319;
* Алекторов А.Е. Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах. Казань: Типолитография Импер. Универ., 1900;
* Касымбаев Ж. Казахстан-Китай: караванная торговля в XIX – нач. XX вв. Алматы: Өлке, 1996;
* Восточная Сарыарка. Каркаралинский регион в прошлом и настоящем. Алматы: Эверо, 2004;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Жегу әбзелдері — арбаны, шананы атқа, т.б. көлікке жегу үшін қолданылатын әбзелдердің (қамыт, доға, ершік, белқайыс, делбе, бишік, шілия) жалпылама атауы. Түйеге түйе қамыты, өгізге мойынтұрық пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Жез — мыстың мырышпен және басқа қосымша элементтермен қорытпасы. Құрамында 50%-ға дейін мырыш және басқа да элементтер араласқан мыстың қорытпасы. Жездің құрамына алюминий, қалайы, никель, т.б. элементтер де кіреді. Жез таза мыс сияқты иілгіштігі жоғары, бірақ одан берік болады. Құрамында 20%-ке дейін мырыш бар жез атмосфералық жегідесіне төзімді. Күрделі (легирленген) Жездің беріктігі және коррозияға төзімділігі өте жоғары болады. Құрамында 1,0 — 1,5% Sn бар жез (немесе теңіздік жез), алюминийлі жез (құрамында 0,4 — 2,5% Al бар; түсі алтынға ұқсайды) және никельді жез (12 — 16,5% Nі бар) теңіз суына төзімді келеді. Жез — коррозиядан қорғауды қажет етпейтін құралымдық материал. Жай жез құбырлар мен күрделі пішінді жұқа қабырғалы бұйымдар, күрделі жез кеме жасауда (буды конденсациялауға арналған құбырлар, тісті дөңгелек, т.б.); никельді жез химиялық машина жасауда; алюминийлі жез (құрамында 15% Zn, 0,5% Al бар) зергерлік бұйымдар жасауда пайдаланылады. Балқаштағы түсті металдар өңдейтін зауыт — жез өндіретін еліміздегі ең ірі металлургиялық өндірістердің бірі.
## Дереккөздер |
Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), профессор (1961), Қазақстан ұлттық академиясының академигі (1962), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1974).
## Қысқаша өмірбаяны
4 жасында шешесі өліп, жетім өскен Орымбек 1921 ж. 10 жасқа толғанда ауыл мектебінен сауатын ашады. 1923 ж. Қарқаралыдағы мектеп-интернатқа орналасып, оны 1930 ж. үздік бітіреді. Төлеңгіт руынан шыққан.
* 1930 ж. Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1934 ж. үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған.
* 1934 - ҚазПИ-ді (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) бітірген.
* 1934 — 51 ж. - ҚазПИ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі;
* 1945 — 65 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі;
* 1965 — 69 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Математика және механика институтында директордың орынбасары, зертхана меңгерушісі;
* 1969 — 89 ж. - Қазақстан ұлттық академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы;
* 1985 — 89 ж. - Қазақстан ұлттық академиясы Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков — республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі (1968). Бұл мектеп қазір Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). Октябрь Революциясы орденімен, 2 рет “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдермен марапатталған.
Шығармалары:
* Математикалық анализ курсы, Алматы, 1958;
* Математиканың даму тарихы, Алматы, 1967;
* Бесконечные системы дифференциальных уравнений, А.-А., 1974 (сооавтор);
* Теория бесконечных систем дифференциальных уравнений, А.-А., 1978 (соавтор).
Мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, жалпы зиялы қауымға арналған «Білім және еңбек» журналының шығуына атсалушылардың бірі болды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ЖӘУТІКОВ ОРЫНБЕК АХМЕТБЕКҰЛЫ Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы. |
Жезқазған Ботаника Бағы– Қазақстан Республикасы Білім министірлігі және ғылым министірлігіне қарасты Ботаника және фитоинтродукция институтытының құрамындағы ғылыми-зерттеулік мекемесі. 1957 жылы Жезқазған қаласының оңтүстігіне қарай 4 км жерде, Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында академик Қ.И. Сәтбаевтың тікелей басшылығымен құрылған. Ауданда 62 га. Жезқазған ботаника бағы тұрған жердің климаты тым континенттік, жазы құрғақ ыстық, қысы суық, желді болады. Топырағы құнарсыз, жерсіндірілген өсімдіктер қолдан суғарылады.
Жезқазған ботаника бағындағы ғылыми-зерттеулік жұмыстардың негізгі бағыттары: Орталық Қазақстандағы өсімдіктер дүниесін қорғау; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оның қорын көбейту; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру және олардың биологиялық-экологиялық ерекшеліктерін зерттеу; аймақтағы өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Бақта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1,5 мыңдай түрі бар. Соның ішінде ағаш пен бұталардың 350-дей түрі, сәндік өсімдіктердің 470, жеміс-жидек өсімдіктерінің 240, көкөністің 60, осы аймақта өсетін, жойылу қаупі бар эндемик өсімдіктердің 22 түрі өседі. Жезқазған ботаника бағы табиғатты қорғау бағытында Орталық Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Сондай-ақ Жезқазған қалысын өндіріс қалдықтарымен, шаң-тозаңмен ластанудан қорғауда, елді мекендерді көгалдандыруда, тұрғын халыққа эстетикалық-экологиялық білім беруде бақтың маңызы зор.
## Дереккөздер |
Жезкент — Абай облысы Бородулиха ауданындағы кент, Жезкент кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Бородулиха ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, бетеге, қау, жусан аралас қара топырақты орманды дала белдемінде орналасқан.
## Кәсіпорындары
Жезкент — Қазақстандағы түсті металл өндіру, оларды байыту орталықтарының бірі. Мұнда Жезкент кен байыту комбинаты, “Шахтаөту” басқармасы, жылу орталығы, жөндеу кәсіпорны, нан зауыты, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
2 орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, емхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Жезқазғанит– минерал, рений сульфиді. Химиялық формуласы (Re1Mo)S2. 1961 ж. Т.А. Сәтбаева мен Е.М. Поплавко Жезқазған кентастарын зерттеу барысында алғаш тауып, жезқазғанитті толық құрамын және құрылымын анықтаған. Жезқазғанит халькозин-борнит кентастарының ішінде жіп, ілмек, глобулдер немесе сопақ сфера пішінді бөлшектер түрінде түзіледі. Жезқазғаниттің түйіршіктері микроскоппен 1000 – 20000 есе ұлғайтқанда ғана көрінеді. Электр тогын өткізгіш. Шағылысқан жарық сәулесінде – қоңырлау күлгін, иммерсияда – қоңырлана түседі. Қатт. 3 – 4. Спектрлік талдау бойынша құрамында Re – 52%, Mo – 26%, S – 22% және аз мөлшерде қорғасын мен мыс қоспалары бар. Ж-тен рений алынады. Жезқазғанит алғашқы Қазақстан жерінде табылған сирек кездесетін жаңа минерал. Эталоны Қ.И. Сәтбаев атындағы геология ғылымдар институтының көрмесінде сақтаулы.
## Дереккөздер |
Жезді бөгені – Ұлытау облысы Ұлытау ауданында, Сарысу өзені алабының Жезді өзенінің бойында орналасқан.
## Гидрологиялық сипаты
Ауданы – 17,6 км2, ұзындығы – 11 км, енді жері – 2,5 км, ең терең жері – 8,0 м, орташа тереңдігі – 3 м, көлемі – 76 млн. м3. Су жиналатын алабы – 3580 км2. Өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз ету және аудан шаруашылықтарының егіншілік жерлерін суару үшін пайдаланылады. Жағалауының ұзындығы – 4,0 км. Өнеркөсіп орындарын сумен қамтамасыз ету және аудан шаруашылықтарының егіншілік жерлерін суару ісінде маңызы зор.
## Дереккөздер |
Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек (1693 — 1752, Қостанай облысы Жангелді ауданы Тосын құмы) — батыр.
## Өмірбаян
Алғаш рет 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек Тархан бір жағынан, Кіші жүз жасақтарына көмектесіп Еділ қалмақтарымен, екінші жағынан, Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Өтеген батырлармен бірге оңтүстікте жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырды. 1726 жылы Ордабасыдағы ұйғарымнан кейін құрылып, Сарысу өзенінің Бұланты саласының бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген біріккен қазақ жасағының құрамында Орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Жәнібек Тархан басқарған. Ел жадында сақталған аңыз әңгімелер бойынша, Төле бидің түйесін бағып жүрген Сабалақтың (болашақ Абылай ханның) Ташкентті билеген Уәли сұлтанның баласы екенін алғаш жария еткен де, Абылай хан тағына отырғанда оған бата берген де Жәнібек Тархан болған. Ол 1740 — 1741 жылы жоңғар қоңтайшысының тұтқынындағы Абылайды құтқарып алуда да ерекше дипломатиялық шеберлік танытқан. Орынбор комиссиясының бастығы И.И. Неплюевпен арадағы қатынасын ұтымды пайдаланып, жоңғар қоңтайшысына арнаулы елшілік шығартқан, бұл іске Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандарды да араластырып, ақыры Абылайды басқа адаммен аманатқа ауыстырып алған. Жәнібек Тархан 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері Орта жүзге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен. Жәнібек Тархан бастаған қазақ жасақтары саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс береді. Бірақ үздіксіз шапқыншылықтан әбден титықтаған Қазақ елі Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болады. Жәнібек Тарханның қазақ даласының тұтастығы мен елінің еркіндігі жолындағы саяси күресінің елеулі белестері осы кезеңде басталды. Абылай хан да, Жәнібек Тархан да Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан 1740 жылы шекара комиссиясының бастығы В.А. Урусовпен қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жәнібек Тарханға жүктеген. Кейін Жәнібек Тархан да Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгембай батырлармен бірге Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы тұста, 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Орта жүз хандығының билігі Абылайдың қолына көшкеннен кейін Жәнібек Тарханның өкілдігі де жоғарылады. Ш.Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек Тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Жәнібек Тарханның үлкен бәйбішесі — Тұрсынбай датқаның қызы, екінші әйелі — Әйтеке бидің қызы, үшіншісі — қалмақ ханының қызы, кіші әйелі — Қосым батырдың қызы. Бұлардан тараған Дәуітбай, Жауғашар, Ақпанбет, Тоқпанбет, Деріпсалы, Тоқтамыс ұрпақтары қазіргі уақытта, негізінен, Қостанай облысы Жангелді ауданында тұрады. Жәнібек Тарханның мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Батыр есімі Бұқар жырау, Тәтіқара ақын, Абыз әулие жырларында кездеседі. Халық ақыны Иманжан Жылқайдаровтың жырлауында бізге жеткен “Шақшақ Жәнібек батыр” жырында, Көкбайдың “Абылай” дастанында Жәнібек Тарханның ер тұлғасы нанымды сомдалған. 1993 жылы Арқалық қаласында батырға ескерткіш орнатылды.
Шынында ол сондай сегіз болыпты. Қазақтың шежіре - тарихында бірнеше
* Әз-Жәнібек -1406-1473 ж.ш. өмір сүріп, хан шешеннің замандасы.
* Шақшақ Жәнібек - біз әңгіме етіп отырған қарұлы.
* Жәнібек Сұлтан - Өске әулетінен шыққан Кіші жүз Ханның күйеу баласы.
* Божбан Жәнібек - орта жүздің Қоңырат оның лығынан шыққан би.
* Керей Жәнібек Бердәулетұлы - Керей еліне билік Бердәулет батырдың әйелі атақты Қаз дауысты Қазыбектің-^ОИИИвекен Жәнібек би содан туыпты.
* Жәнібек батыр Әлібиұлы - жоңғар, қалмақ шабуылы атырабындағы шайқастарға қатысып, асқан ерлік көрсеткен ерлігі жөнінде халық ақыны Орынбай Таймановтың дастаны бар.
Шақшақ Жәнібек Торғай облысындағы Тосынқұм даласында, Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)нда дүниеге келген. Қазақ шежіресінде оның ат таратылады; Жәнібектің ұлы аталары - бабасы Шақшақ, одан Көшей, Дүзей, Бақай, Томай, Есназар және Ақназар, өз атасы тарайтын ұрпақтар - Қарабас, Қошқар, Аю, Тінет, Еламан және Қалқаман Жәнібек Қошқардың Тінібек пен Тұрлығұлдан кейінгі үшінші, кенже баласы.
Тарихи деректерде және ауызекі әңгімелерде Қошқарұлы Жәнібек деген тіркес сирек айтылады. Ол көпшіліққе Шақшақ Жәнібек деген атпен мөлім. Жәнібек - жеті атасынан батыр болған адам. Түпкі аталары Белтірік пен Шағыр ерлікте жұбын жазбай өткен ерен тұлғалар болтан. Шагырдан туатын Аманжол, Сомжүрек ел намысын бөрінен биік ұстап өткен жандар. Аманжолдың ортаншы ұлы - Шақшақ - әйгілі Есім ханның түсындағы қазақтың бетке ұстар батыры.
Шақшақ батыр жорыққа он алты - он жеті жас шамасында қатыса бастапты. Бұл тұста қазақ қолы Еділдің бергі бетіне жетіп іркілсе ,кЦпк. Аржақта бұлардың келуінен бейхабар жау өскері жатады. Асау өзерг» рілғаш ат қоятын жүректі жан шыға қоймай, бергі беттегілер аз-кем. Сол сәтте ала тай мінген бала жігіт өткелге бірінші болып қойып кетеді. Онысымен қоймай бұрын-соңды естілмеген ұранды ауызга алады:
- Аманжол, Аманжол! кешкен. оны Шақшақ Жәнібек, азамат ше
Жас жігіттің соңынан бәрі ат қояды. Сол жолы бұлар жау жасагының тас-талқанын шыгарды. Жеңіс қызығы басыла бастаған тұста ғана манаты жас батыр еске түседі. Беймәлім ұранның иесі кім екенін жұрттың білгісі келеді.
Сөйтсе, бұл жігіт кіші Арғыннан тарайтын Ермен әулетінің үшінші ұрпағы - Шақшақ екен. Ал, ол ұран еткен Аманжол - баланың өз әкесі болып шықты. Сол күннен бастап тоқал шешеден тарайтын Арғын рулары үшін Аманжол ұранға айналады. Бұрын олар басқа арғындар секілді Ақжол ата есімін дабыл етіп келген еді.
Алғашкы қадамынан-ақ көзсіз ерлік танытып, жаудың бас батырын найзаға іліктірген Шақшақ Есім ханның ерекше құрметіне бөленеді. Бірте-бірте ол сол дәуірдің бас батырына айналады.
Жәнібектің одан кейінгі атасы - Көшей нар тұлғалы, болмыс-бітімі ерекше болған адам көрінеді. Оның сирек қоздалатыны, томырық мінезі жайлы аңыз көп.
Ел аузында "Жау шанса да, Көшей саспайды" деген сөз содан қалған. Тағдырдың нұры бұл кісінін ерекше қасиеттері жетерлік екен. Шақшақ батыр өзінің айтулы замандастарының бірінің қызына құда түсіп, қызға өзінің алты ұлының ішінен қалағанын таңдауға ерік береді. Алтауы да ақберен жігіт, басқа бесеуінің жауынгерлік даңқы атырапқа жайылып жатса да, қыз Көшейді таңдайды. Қыздың жеңгесі:
- Сен Шақшақтың батыр ұлдарының бірінің етегінен ұстамай, мал соңында жүретін нөуетек Көшейге неге қызықтың? - деп кінөлағанда, кыз:
- Сендер ештеңе анғармайды екенсіңдер ғой. Көшей қой бағып жүргенде, оның үстінен үнемі ақбауыр бұлт ере көшіп жүреді. Аспан мен жерді жалғастырған өңге жанды көрген емеспін, - дейді.
Көшейдің екінші әйелі - қалмақ қызынан туатын балалары Қарабас, Қошқар, Аю - үшеуі де ата жолын қуып, жауынгерлік жорық үстінде шыңдалған. Тағдырдың өзі сыйға тартқан ерлік жолы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Қошқардан туған үш ұл - Тінібек, Тұрлығүл және Жәнібектің алғашкы екеуі талай майданға қатысқан айтулы батыр.
Жәнібек жас кезінде елі өзінің нағашысы ұлы жүз Бектас қарияға келеді. Ол кісі он екі айғыр үйір жылқыдан таңдап жүріп, бөсіре ат мінгізеді. Бесті құрық тимеген асау күреңді мініп, енді Жәнібек қаракерей соқыр»» келеді. Бұл кісі сол кездегі Орта жүздің батагөйі болса керек. Мән-жайды білгеннен кейін 125 жасар қария:
- Ел бастап жұрт сүйем деген ұл екенсің!
Сөз бастап би болайын деген ұл екенсің!
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма
- аймағың кетпес алдыңнан, қол бастап жол алайын деген ұл екенсің.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал
- мың кісіге бір кісі олжа салатұғын, олжаңды аямасаң
- жолдасың кетпес жаныңнан.
Жас күніңде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын,
Қыздың ханым болатын уақыты сол, - деп батасын беріпті де, Абыз баба сөзінің соңын былайша термелеп:
Келіп түрмын жүз жиырма беске балам,
Ең ақырғы батам, есті, балам.
Қолың жай батама балам Риза бол атаңа балам.
Бағың жоғары өрлесін балам,
Дұшпаның шеніңе келмесін балам,
Абыройың таймасын балам,
Басыңа дәулет құс ойнасын балам.
Лұкмандай милы бол балам
Залдан да терең ойлы бол, балам
Сабырлыққа Аюдай бол, балам
Рүстемдей батыр бол, балам
Дәулеттей үлды бол, балам,
Талқадай тілді бол, балам
Мұхаммедтей көзді бол, балам
Әділ, тура сөзді бол, балам
Омардай қара қылды қақ жар, балам,
Ғазрет Ғалидай топ жар, балам.
Ағзамдай дана бол, балам
Ғазалидей аш-арыққа пана бол, балам.
Атымтайдай жомарт бол, балам,
Хосраудай намарт бол балам
Қобыландыдай қайтпас батыр бол, балам.
Тарғындай жараға жатпас бол, балам
Алпамыстай даңқты бол, балам,
Қамбардай халқыңа қамқор бол балам - деп Зал алды жақын:
Тышқан да інінің
Аруақтар сақтасын, балам
Бөле-жала таппасын, балам
Ордамыз Түркістан, балам
Мәселің қайтпасын ұрыстан, балам - деп бата беріп қайырыпты.
Қошқарұлы Жәнібек он үш жасында Қара биден бата алып жолға шығады. Бірақ сәті түспей, екі ел арасында үлкен ұрыстың арасынан өте алмаған бозбала Жәнібек соғыстың тоқтағанын күтіп, арада үш жыл өтіп кетеді, Қара биге келіп сәлем береді. Қара би оның сәлемін қабыл алып:
- Әй, мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, -деп сұрайды. Жәнібек болтан оқиғаны айтады.
- Е, онда жөн басқа, - дейді Қара би. - Менде қандай
Бедері жоқ қамқадан,
Берік тоқылған бөз артық.
Бірлігі жок туыстан,
Берік сөйлеген жат артық.
Пайданы алыстан қылғайсың,
- Оны өзіңіз де сезіп отырған шығарсыз. Маған керегі дейді Қошқарұлы Жәнібек. Сол кезде би қолын жайып:Оны да есіңе алғайсың - деп батасын беріпті.
"Белгілі батыр, әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:
- Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ат, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрің болса - жазулы хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса
- ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім - депті.
Сонда Төле би:
- Өгізді өрге салма - қанатың талар, наданға көзің салма - ?.
Досыңа өтірік айтпа - сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айпта түбіңе жетер.
Қару жисаң - мылтық жый, жаяу жүрсең - таяғың, қарнын ашса - тамағың.
Ит жүгіртіп құс салсаң - әуейі боларсың.
Әйелі көпке қызықпа, тектіні ал.
Мақтаншақ жігіт жисаң - ұятқа қалдырар.
Ұрыншақ ат - жаз жарға жығар, қыс қарға жығар.
Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар.
Елге бай құт емес, би құт.
Қабырғадан қар жауса - атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе батыр менен биге күш
Өйстіп отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр-кәсіп болмай, нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң, айтарым осы" деген екен.
Ал, Қаз дауысты Қазыбек би Жәнібек батырдың тәкаппарлығына шағынған Әбілмәмбет ханға (кейбір сөзде Барақ сұлтан деп те айтады) былай деген екен:
Түркістанда түмен бал, балам.
Самарқандта савез бал, балам,
Отырарда отыз бал балам
Ең үлкені Арыепця бепбалам,
Ел бастыгы Едіге, бехам.
- Дұрысына келсең, Жәнібекке қара да, төре де бөрібір. Төреге илікпейтіні - төрелердің айдап әкелген елі, арқалап әкелген жері жоқ. Қарата илікпейтіні - қанша бай, қанша көп болса да мал мен жанды ұстауға ақыл, білік және күш қатар керек. Мен көрген қазақта осы үшеуі Жәнібекте ғана бар. Сондықтан да, төренің де, қараның да күні Жәнібекке еркісіз түседі .
Ол 17-18 жасында Абылай хан бастаған жасақта болып, жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорық, соғыстарға қатысып ерлік көрсеткен. Сөйтіп Абылай ханның жеңімпаз, сенімді батырларының бірі болған. Кейін Жәнібек Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарының саяси өміріне белсене араласқан. Қазақтармен Ресей патшалығы арасындағы келіссөздерге қатысып, шешуші рөл атқарған. 1742 жылы қазақ шонжарлары арасынан бірінші болып Ресей патшалығынан тархан атағын алған. Патша өкімшілігі Жәнібек тарханға Орынбор мен Орта Азия арасында қатынап тұрған сауда керуеннің қауіпсіз болуын жүктеген. Ол бұл сенімді мүлтіксіз ақтап отырған Жәнібек би Кіші жүздің Нұралы ханымен тығыз қарым-қатынаста бол-ған, орыс патшалығы жене қалмақпен келісім кезінде ол Нұралымен тізе қосып, келіссөз жүргізген. Орта жүз бен Кіші жүздің ел басшылары көбіне Жәнібек би мен Нұралы хан ықпалында болып келген.
Жәнібек Қошқарұлы әсіресе Жоңғар шапқыншылығы түсында атағы шығып, абыройы арткдн батырлардың бірі болды. Оның ерлік өнегесі, ақпатөкпе шешендігі, билігі мен білгірлігі жайлы ел аузында қалған аңыз да аз емес.
## Қорытынды
Сонымен Шақшақ Жәнібек 1752 жылы Торғай даласының өзі туып өскен Тосын құмындағы ауылда дүние салған. Бұл ауыл бүгінде Жәнібек аталады. Үрім-бұтақтары басына ескерткіш орнатып, ел қорғаудағы ерен ерлігі мен еңбегін еске алып, тағызым етіп тұрады.
Тархан Жәнібек би туралы кезінде Шоқан Уәлиханов және орыстың бірқатар зерттеушілері пікір айтқан. Тәтіқара, Бұқар жыраулар, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Нұрхан Ахметбеков, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков тағы да басқалары өлең-дастан арнап, мақалалар жазған.
## Дереккөздер |
Жебе – жақ оғының, найза мен сүңгінің зақым салуға арналған негізгі конструктивтік элементі. Қарудың түріне және қызметіне қарай жебенің пішіні әртүрлі болып келеді. Бөлек жасалып сапқа орнатылатын басты конструктивтік элемент ретінде жебе жақтың оғында, найзада тас дәуірінен қолданыла бастады. Жебелерді жасауға әр кезеңдерде әртүрлі материалдар қолданылды. Тас дәуірінде жебе шақпақ тастан жасалса, кейін көшпелі халықтарда сүйектен, мүйізден, металдан (мыстан, қоладан құйылып, темірден соғылып) жасала бастады.
## Жебе түрлері
Өткен ғасырларда қазақтарда жақ оғының жебелері де сүйектен, мүйізден, ағаштан, металдан жасалған және жақтың оғының қолдану қызметімен ерекшеленетін бірнеше түрлері болды.
* Сауытсыз жауынгерге қарсы қолданылатын темір жебелер үшбұрыш пішінді жалпақ болып соғылып, қозының жауырынына ұқсас пішініне байланысты мұндай жебелер «қозыжауырын» деп аталған.
* Сауытпен жарақтанған жауға қарсы қолданылатын темір, болат жебелер жіңішке, қырлы болып соғылып, «сауытбұзар» немесе «жарғы жебе», «көбебұзар» деп аталды.
* Аңшылықта аңды өлтірмей атып құлату үшін қолданылатын «доғал» немесе «дүмпуіл» оқтардың жебелері және дыбыстық сигнал беруге арналған «ысқырғыш» оқтардың жебелері сүйектен, мүйізден жасалды.
Найза, сүңгі жебелері де қазақтарда темірден, болаттан соғылып жасалған, бұл түйреу қаруларының жебелері ұңғылы болып соғылып, сапқа кигізіліп орнатылды. Сауытсыз қарсыласқа қолданылатын найзаның жебесі жалпақ, үшбұрыш немесе жапырақ пішінді болып соғылса, сауытты жауынгерге қарсы қолданылатын сүңгінің жебесі жіңішке, бірнеше қырлы болып соғылды.
## Атауы туралы дерек
Көне магиялық наным-сенімдерден (мысалы, сөз магиясына сенуден) туындап, кәсіби істе (соғыста, аңшылықта) қолданылған тілдік (лингвистикалық) тыйымдарға байланысты бұрынғы кезде «жебе» атауы жақтың оғының өзінің атауының орнына эвфемистік (жанама) атауы ретінде қолданылды. Яғни көне магиялық әрекеттің, метонимиялық қатынастарға негізделетін, «бөлігі бүтінді ауыстырады (Pars pro toto)» қағидасы бойынша бөліктің атауы бүтіннің атауына көшірілді. Кейін бұл эвфемизм көркем әдебиетте ауыспалы мағынада қолданылатын көркем сөздің (поэтикалық троптың) бір түрі – метонимия, синекдохаға айналып, халық ауыз әдебиетінде де «жебе» сөзі «садақтың оғы» деген мағынада қолданыла береді.Көшпелі түркі-моңғол халықтарында жебдей ұшқыр, өткір болсын деп ер адамдарға Жебе есімін де қойған. Шыңғыс ханның ең сенімді төрт ноянының, атақты қолбасшыларының бірінің есімі Жебе болған. Жазбаша тарихи дерек көздерінде йисут тайпасынан шыққан, есімі Хиркутай болған бұл ноянға садақ атудағы аса мергендігі үшін бұл есімді Шыңғысханның өзі бергені айтылады.
## Заманауи жебе сипаты
Жебе өзектен (желіден), қанатжалаушалардан, ұшынан және қалпақшадан тұрады. Өзек бір материалдан немесе желімдетіп (2-3 түрден) жасалады. Жебенің ұшы әруақытта алмалы-салмалы, әдетте металдан жасалған болады. Қалпақша да алмалы-салмалы жылдам алынып, салынып желімделіп жебемен жалғасады. Осы арқылы жебенің ұзақ қызмет етуі қамтамасыз етіледі. Қалпақшада бағыттаушы саңылау адырнаға қондыру үшін тереңдігі 5-6 мм. (5), ені 2,5- 3,0 мм ойық болады. Жебенің қанаты (жалаушасы) құс жүнінен (қыранның, қаздың, үнді тауығының) немесе жасанды материалдардан (пластмассадан) жасалып, тұрақтандыратын қызмет атқарады. Бағыттаушы қауырсынның бірі қалақшадағы адырна үшін жасалған ойыққа желімделеді және ашық түспен боялады.Жебе бірнеше белгілер бойынша сұрыпталады: неге арналғандығына (аңшылық, спорт); жасалған материал бойынша (ағаштан, металдан, пластмассадан, аралас); формасы бойынша (цилиндрлі, конусты, сигар тәрізді); қанаты (қауырсын жалаушасы) бойынша: жалаушалардың саны бойынша (3-тен 6 данаға дейін); жалаушалардың материалы бойынша; жебе ұшы бойынша: спорттық (барлық уақытта металдан, цилиндрлі, үшкірленген); аңшылық (ағаштан, металдан, пластмассадан, пішіні мен қайралуы түрліше). Жебеге қойылатын негізгі талаптар: түзулігі, қаттылығы, қауырсынының сапалылығы мен ерітінділігі, жеңілдігі (метал қалыпты жебе 20-25 г, ал ағаш жебе 30 г дейін болады және ауырлық орталығы дұрыс орналасуы тиіс (жебенің геометриялық орталығынан 5-10 см алда болады).Жебенің ұзындығы шамамен мергеннің кеудесі мен алға шығарылған қолдың ортаңғы саусақтары ұшының аралығына тең болады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Валиханов Ч.Ч. Вооружение киргиз в древние времена и их во-енные доспехи. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Т.I. Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961;
* Горелик М.В. Оружие древнего Востока (IV тысячелетие – IV в. до н.э.). М.: Наука, 1993;
* Ахметов Ә. Түркi тiлдерiндегi табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы лингвистiк зерделеу). Алматы: Ғылым, 1995;
* Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы: Сөздік-Словарь, 1998;
* Ахметжан Қ.С. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. Алматы: Алматыкітап, 2006;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Жезқазған Туы– қалалық қоғамдық-саяси газет. Алғашқы саны 1973 ж. 13 сәуірде Жезқазған облысы газеті ретінде жарық көрді. 1990 ж. Сарыарқа газеті болып өзгерді. |
Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.
## Дереккөздер |
Желбау– киіз үйдің шаңырағына тағылатын қос құр. Үйді тігерде шаңырақты күлдіреуіштің тоғысқан тұсынан бақанмен көтеріп, қос желбаумен теңестіріп тұрады. Қатты жел соққанда үйді ұшырып кетпеуі үшін желбауға ауыр заттар байланады.
## Дереккөздер |
Желбезектыныстылар, Қос антенналылар (лат. Branchiata, лат. Dіantennata) — буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлардың бір тармағы. Желбезектыныстылар — негізінен суда тіршілік ететін алғашқы буынаяқтылар. Желбезектері арқылы тыныс алады, аты осыған байланысты аталған. Кейбір түрінде желбезектері болмайды, олар бүкіл денесімен тыныс алады. Дене пішіні әр түрлі болады. Бас бөлімінде екі жұп мұртшалары, яғни антеннасы мен антеннуласы бар, осыған байланысты Желбезектыныстылар — қос антенналылар деп те аталады. Аяқтары қос тармақты, түпкі бөлігі — протоподит, одан шығатын сыртқы бұтағы — экзоподит, ішкісі — эндоподит деп аталады. Протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсіндісі — эпиподиті болады. Желбезектыныстылардың бір ғана класы — шаянтәрізділер (лат. Crustaceae) бар.
## Дереккөздер |
«Желдірме» - Абайдың домбыраға арналған ән- күйі. Бүгінде жалпы қазақтың күйшілік дәстүрінде «ән-күй» және «жыр-күй» деген 2 жанрдың көне дәуірден бастау алып келе жатқаны анықталып отыр. «Жыр-күй» Қарақалпақ өңірін мекендеген қазақ жұртына тән болса, «ән-күй» Арқада, Шығыс Қазақстан жері мен Таулы Алтай аймағында, Моңғолия қазақтарының арасында кеңінен тараған. Абайдың «Желдірмесі» - осындай ұлттық дәстүр негізінде туған шығарма. Бұл күй ән жанрымен, ұлттық мелодиялық сазымен, синкретті түрімен, әуендік ырғақ желісімен ерекшеленеді. 4; 6; 4, 3, 5, 6, 5; 4; 4, 3, 4, 6, 3, 4, 4; 4; 4; 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4, 4 болып келетін аралас өлшем ырғақ ұялары ән-өлең өрнегімен сабақтасып жатады. Күйді 1977 ж. музыкалық зерттеушісі Қ. Тұсіпұлы Жүзбасов Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай аулында тұратын Демшінов Хамзадан таспаға жазып, нотаға тұсірген. Бұл күй алғаш рет Абайдың «Айттым сәлем, қалам қас» деген ән-күй жинағына енгізілді.
## Дереккөздер |
Желбұйда, Желбида – түйенің мұрындық ағашы мен жетек бұйдасының арасына жалғанатын бүлдірге жіп.
## Жасалуы мен пайдаланылуы
Желбұйданы әрі қысқа, әрі жіңішке етіп, таспадан, былғарыдан, шуда жіптен, қылдан өріп жасайды. Мұрны алғаш тесілген түйе тартынған жағдайда, мұрындығы кеңсірігін жырып та кетпей, желбұйда үзіліп те кетпесін деген мақсатпен оны аса берік етіп жасамайды. Түйені жайылымға жібергенде, шаруашылыққа қолданар жағдайда желбұйдасына жетекбұйда жалғанады. Жүк артатын атандардың бұйдасы ұзын болады.
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Жақыпов Ә. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Қайнар, 1989;
* Кәмәлашұлы Б. Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі. Алматы: Өнер, 2006; ҚӘТС. 6-том. Алматы: Арыс, 2007; |
Желкен– жел энергиясын кеменің тартқыш күшіне түрлендіруге арналған қозғалтқыш; қозғалтқыштардың ерте заманғы түрлерінің бірі (теңізде жүзудің 6000 жылдық дәуірін қамтиды). Желкен кеме діңгектеріне бекітілген енді мата түрінде болады. Мата зығырдан, мақтадан немесе синтетикалық материалдардан жасалады. Сонымен қатар желкенге қазіргі кезде жасалып жүрген аэродинамикалық эквивалентті қатты қабық түріндегі желкен — қанат та жатады. Жел желкенге әсер ету арқылы тікелей қысым түсіреді (желкен желге перпендикуляр орналасқан жағдайда) немесе аэродинамикалық көтергіш күшін тудырады (жел желкенге жанама соққан жағдайда). Желкендер пішіні бойынша түзу желкен(төртбұрыш немесе теңбүйірлі трапеция түрінде) және қисық желкен(үш және төртбұрышты) болып ажыратылады. Әр желкеннің кемеде орналасуына байланысты өз атаулары болады.
## Дереккөздер |
Желмая — Түркиядағы қазақ жастарының қоғамдық-мәдени және ғылыми журналы. Алғашқы саны 1998 жылы 25 қазанда Анкарада жарық көрді. Құрылтайшысы — Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің Өкілетті кеңесі (төрағасы Намык Кемал Зейбек). Журналда тарих, руханиат, әдебиет, экономика, әлеуметтік мәселелер, мәдениет, дүниетаным, өнер, ұлттық сана, жастар мәселесі туралы мақалалар жарық көруде.
## Дереккөздер |
Жел энергетикасы қондырғысы — жел ағынының кинетикалық энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіретін техникалық құрылғылар жиынтығы. Жел энергетикасы қондырғысы жел агрегатынан (жел қозғалтқышы мен бір немесе бірнеше жұмыстық машиналарды біріктіреді), энергияны аккумуляттаушы (қорын жинаушы) немесе қуатты резервтеуші құрылғыдан және бірқатар жағдайларда қосалқы қозғалтқыштан (ең алдымен жылулық қозғалтқыштан), сондай-ақ, қондырғының жұмыс режимдерін автоматтық басқару (реттеу) жүйелерінен тұрады. Жел энергетикасы қондырғысы арнайы қолданыстық (сорғылық немесе су көтеруші, электрмен зарядтаушы, диірмендік, су тұщыландырушы, т.б.) жел энергетикасы қондырғысы және кешенді қолданылатын жел энергетикасы қондырғысы (жел электр станциялары) болып ажыратылады. Жел электр станциясы — желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы. Ол жел қозғалтқышынан, электр тогы генераторынан, олардың жұмысын басқаратын автоматтық құрылғыдан, оларды орнату және қызмет көрсетуге арналған құрылыстардан, ғимараттардан тұрады. Желсіз күндерде жұмыс жасауы үшін резервтік жылулық қозғалтқышпен, аккумулятор батареяларымен, гелиоқондырғылармен толықтырылады. Әдетте, жел электр станциясы тұрақты ток генераторларымен жабдықталады. Ол аккумулятор батареяларын зарядтайды. Ал тұтынушыларға қажетті айнымалы ток инвертор деп аталатын арнайы құрылғыдан алынады. Инвертор тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіретін құрылғы болып табылады. Жел электр станцияларын жел жиі тұратын жерлерде, орталықтандырылған электрмен жабдықтау тораптарынан қашық орналасқан ауылдық мекендерде, далалық, шөлейтті, т.б. жерлерде қолданады. Жел энергетикасы қондырғысының қуаты 100 кВт-тан бірнеше МВт-қа дейін жетеді. Ең қуатты (3 МВт) жел энергетикасы қондырғысы Германияда салынған (1983). Қазіргі кезде бірлік қуаты 15 МВт-қа дейінгі жел энергетикасы қондырғысы жобалануда.
## Тағы қараңыз
* Жел
* Жел энергетикасы
## Дереккөздер |
Желін (uber) — ұрғашы сүтқоректілердің сүт безі. Сиыр желіні төрт бөліктен, ал жылқы, түйе, қой мен ешкі желіні екі бөліктен тұрады. Әр бөлікте бір емшектен болады. желін оң және сол жарты бөлікке, олардың әрқайсысы алдыңғы және артқы болып бөлінеді. Емшекте ерекше сезімтал жүйке ұшы — рецепторлар орналасқан. желіннің бездік не секреторлық тіні көптеген көпіршіктер (альвеол) мен шығарғыш түтікшелерден тұрады. Түтікшелердің қабырғасы жиырылғыш клетка қабатынан, сондай-ақ, ішкі қабаты сүт түзілетін бездік эпителийден тұрады. Шығарғыш түтікшелер қосыла келе сүт астауына ашылатын сүт түтіктерін құрайды. Сүт астауының емшек бөлігі емшек түтігімен аяқталады, ал ол дөңгелекше бұлшық ет — сфинктермен қапталған. Сауын қиындығы осы сфинктердің тонусына тікелей байланысты. Сиыр желінінің сыйымдылығы 15 л және одан да көп болады. Сүттің 40%-і сүт астауында және түтікте, қалғаны көпіршіктерде жиналады. Желінді пішініне, сыйымдылығына және еніне қарай бағалайды. Сүтті сиырлардың сауылған желіні босап, терісі жиырылады. Мұны “астау желін” деп атайды. Сүті аз сиырлардың желінінің көлемі сауғаннан кейін өзгермейді. Мұны “ет желін” не “тас желін” дейді. Кейде қой желінін аумағына қарай “саптыаяқ желін”, “қара желін” (желін безі қатты, сүті аз) дейді.
## Тағы қараңыз
* Желінқап
* Желінсау
## Дереккөздер |
Жер асты құрылыстары — жер астында орналасқан ғимараттар. Оларға туннельдер, метрополитендер, су және электр станциялары, қоймалар, тоңазытқыштар, резервуарлар, тұрмыс шаруашылық құбырлары, жер астындағы гараждар, жер асты кен орындары т.б. жатады. Жер асты құрылыстарының өлшемдері алуан түрлі және олардың орналасу тереңдігі жер қыртысының әр түрлі деңгейінде болады. Жер асты құрылыстары тау-кен өнеркәсібінде кең тараған. Тау-кен жер асты құрылыстарының биіктігі мен аралық ендері бірнеше ондаған метрге дейін жетеді. Жер асты құрылыстары ішінде қоймалар, тоңазытқыш ғимараттары ерекше орын алады. Мұндай ғимараттарды, әдетте, табиғи үңгірлерді, кені алынған кеніш-шахталарды пайдаланып салған тиімді. Қазіргі кезде жер астында ауыз су резервуарлары, мұнай өнімдерін және сұйылтылған газдарды сақтайтын қоймалар жиі салынады. Кейбір сақтау орындары мен резервуарлардың сыйымдылығы жүздеген мың м³-ге жетеді. Қала шарушылығының жер асты құрылыстарына: жауын-шашын, еріген және лас суларды ағызып әкететін ашық не жабық тәсілмен салған коллекторлар, газ, жылу құбырларын және кабельдер мен әр түрлі электр, телефон сымдарын жүргізетін туннельдер жатады. жер асты құрылыстары темір-бетоннан, металл құрылымдарынан жасалады.
## Дереккөздер |
Жерге меншік құқығы — жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі жер учаскесін заң актілерінде белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік және жеке меншік нысандары заң жүзінде танылған және олар тең дәрежеде қорғалады. Жерге мемлекеттік меншіктің субъектісі мемлекет, яғни Қазақстан Республикасының өзі. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын заң актілерінде белгіленген ережелерге сәйкес оның атынан мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар субъектілер өздеріне тиесілі құқықтарды заң актілерінде көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде қалаулары бойынша жүзеге асырады. Олардың қатарына азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жатады.
## Тағы қараңыз
* Жер құқығы
## Сыртқы сілтемелер
Жерге меншік құқығы немесе оны сақтап қалудың жай-жапсары(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев — ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1981), професор (1982), ҚР Ұлттық ғылым академиясының коррeспонденттік мүшесі (1995).
## Қысқаша өмірбаяны
1970 - Днепропетровск мемлекеттік университетін;1973 - аспирантурасын бітірген;1973 — 74 ж. сонда ассистент;1974 — 76 ж. ҚазМУ-де аға оқытушы;1976 — 81 доцент;1981 — 94 және 1997 —98 кафедра меңгерушісі ; 1994 — 97 ж. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Алматы жоғары техника училищесі бастығының орынбасары; 1997 — 2000 ж. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының төрағасы болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері функциялар теориясы мен функционалдық талдау (анализ) саласына арналған. Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев жүргізген зерттеулердің нәтижесінде үздіксіз және дифференциалданатын функциялардың жуықтауы интерполяциялық сплайн арқылы дәл бағаланды. Соболев класындағы функциялардың өте тиімді квадратуралық формуласы жөніндегі белгілі Колмогоров-Никольский есебі шешілді. Сплайндар үшін алгебраның негізгі теоремасы дәлелденді. Дәл және дәл емес ақпараттар бойынша көп айнымалылы функциялардың әр түрлі кластары үшін операторларды қалпына келтірудің тиімді тәсілдері алынды. Ленин комсомолы сыйлық лауреаты (1978). “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған.
## Шығармалары
* Моносплайны минимальной нормы и наилучшие квадратурные формулы
* “Успехи математических наук”, 1981, т. 36, №4 (220);
* Сплайн-аппроксимация и оптимальное восстановление операторов, Математический сборник”, 1993, т. 184, №12.
## Дереккөздер |
Железинка — Павлодар облысының Железин ауданындағы ауыл, аудан (1935 жылдан бастап) және Железин ауылдық округі орталығы, өзен айлағы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 188 км жерде, Ертіс өзенінің оң жағасында, дала белдемінің шалғынды құмдақ топырағында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Железин қаласы - Ертіс өзені бойында 1717 жылы негізі қаланған бекініс. Железин қаласы Сібір генерал-губернаторлығының тұңғыш губернаторы М.П. Гагариннің бастамасымен салынды. 1714-16 жылдары І Петр жарлығымен Ертіс өңіріне аттандырылған. И.Д. Бухгольцтың жорығы сәтсіздікпен аяқталғаннан кейін, князь Гагарин Ертіс өзенінің бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін П.Северский мен В.Чередов басқарған экспедиция ұйымдастырды. Чередов Колбасинск бекінісін, Северский Железин қаласының негізін салды. Железин қаласы алғашында төрт бұрышты, зеңбіректер орналастырылған бастиондары бар кішігірім бекініс еді. Ресей әкімшілігі оны Зайсан көліне, Қара Ертіске, Шығыс Түркістанға жасалатын жорықтардың әскери тірегі ретінде пайдаланды. 18 ғасырдың 20-30-жылдарында Железин қаласы қазақтарды жоңғар шапқыншылығынан қорғауда үлкен рөл атқарды. Екінші жағынан, орналасқан жері қолайлы болғандықтан Ресей империясы Железин қаласын Орта жүзді отарлаудың бір тірегі ретінде пайдаланды. Қала 18 ғасырдың 40 — 50-жылдарында қазақ-орыс, орыс-жоңғар сауда байланыстарын дамытуда елеулі рөл атқарды. Железин қаласы әкімшілігі жағынан Сібір генерал-губернаторлығына, 1783 жылдан бастап Тобыл наместничествосына бағындырылды. Кейін Семей, Өскемен, Омбы қалаларымен бәсекелесе алмай, жай ғана қоныс болып қалды. 1868 жылы Семей облысы Павлодар уезінің құрамына кірді.
Железин ауданының құрылуына байланысты Железинка аудан және кенттік кеңестің, ал 1957 жылы ұжымшардың орталығына айналды. Мұнда май зауыты, тігін фабрикасы, ауданның тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, орман шарушылығының өндірістік кәсіпорны жұмыс істейді.
## Инфрақұрылымы
Кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін мектептер, спорт мектебі, музыка мектебі, аудандық аурухана мен емхана, кітапханалар, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Железинка арқылы Павлодар — Омбы автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Жергілікті өнеркәсіп — шаруашылық саласы. Ол жергілікті шикізат пен өндіріс қалдықтарын пайдаланады және негізінен, жергілікті шаруашылық пен тұрғындар қажеттерін өтейді. Оның негізгі міндеті — халық тұтынатын көпшілік қолды тауарларды, жергілікті шаруашылық пен мәдени-тұрмыс қажеттерін өтейтін бұйымдарды өндіру, жергілікті көркемөнер кәсібін дамыту, жергілікті шикізат қорларын іске қосып, өндіріс қалдықтарын толық пайдаланып, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту.
Жергілікті өнеркәсіпке металл өңдеу, химия, ағаш өңдеу өнеркәсіптері, тігін, мата тоқу, галантерея, аяқ киім, көркем заттар, сыйлық бұйымдар жасау, керамика өнеркәсіптері, т.б. жатады. Жергілікті өнеркәсіптің басты мақсаты — әрбір ауданның, қаланың, облыстың табиғи және климат жағдайларын, жергілікті тұрғындардың сұраныстары мен ерекшеліктерін ескеріп, еңбек резервтерін жете пайдалану. Жергілікті өнеркәсіп Қазақстанның ертеден келе жатқан шаруашылық салаларының бірі. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты бұл сала республикада түгелімен жекешелендірілген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Жергілікті өнеркәсіп Мұрағатталған 12 тамыздың 2014 жылы.
* Жергілікті өнеркәсіп(қолжетпейтін сілтеме) |
Жеркепе — ежелгі дәуірлерден сақталған баспана түрлері. Негізгі ерекшелігі еденінің жер бетінен әр түрлі деңгейде төмен қазылуында. Үңгірлерді мекендеген ежелгі адамдар қауымдарының бірте-бірте алаңқайларға шығып, уақытша немесе тұрақты етіп салған қоныстары осы жеркепе түрінде болған. Жеркепе палеолит дәуірінен бастап дүние жүзінің түрлі геогр. белдемдеріне тараған. Құрылымдық ерекшеліктері мен көлемі жағынан әр дәуірлерде, кейбір табиғи-геогр. жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Қазақстан жерінде жеркепе алғаш рет тас дәуірінің соңында пайда болып, қола дәуірінде кеңінен тарады. Бұған б.з.б. 2-мыңжылдықта далалық мал шарушылығы мен көне металлургияны жақсы игерген тайпалардың мәдени жетістіктері әсер етті. Едені жер деңгейінен неғұрлым төмен жатқан тұтас жеркепелермен қатар, едені саяз жартылай жеркепелер де көбірек қолданылған. Жартылай жеркепенің едені әдетте 0,5 м шамасында, іргесі тігінен орнатылған үлкен тақта тастармен қапталады да, жер бетіне кішірек тастардан қаланып көтеріледі. Ортаға немесе бұрыштарға тұрғызылған ірі ағаш бағаналар сатылы пирамидаға ұқсаған, кейде екі қанатты үлгіде жасалған ағаш төбені көтеріп тұрады. Жеркепе ортасында дөңгелек, төртбұрышты ошақ орналастырған. Сондай-ақ, іргелері ағаштан тұрғызылған жеркепелер де болған. Жеркепелер, әсіресе, Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің Атасу, Мыржық, Бұғылы-1, Бұғылы-2 қоныстарында көптеп кездеседі. Мұндай құрылыс түрлері шаруашылық мақсатта, мәселен, қоймалар, маусымдық жұмыстар кезіндегі уақытша баспаналар түрінде осы уақытқа дейін пайдаланып келеді.
## Дереккөздер |
Жермай , керосин — С9 — С16 көмірсутектерінің қоспасы. Құрамында 23 — 60% қаныққан алифаттық, 24 — 58% нафтенді, 6 — 15% ароматты, 1%-ке дейін қанықпаған көмірсутектер болатын сұйықтық. Қайнау t 200 — 300° С; тығыздығы 0,790 — 0,846 г/см³. Негізінен, мұнайды дистилдеу арқылы алынады; күкіртті мұнайдан алынған жермайды гидротазалаудан өткізеді. Негізгі сорттары: авиациялық жермай (ауа-реактивті және газ-турбиналы қозғалтқыштарға отын ретінде қолданылады); жарық беретін жермай (жарық беретін және қыздырғыш шамдарда, металл кесетін аппараттарға және тұрмыстық құралдарға отын, химия өндірісінде еріткіш ретінде, т.б. қолданылады).
## Сыртқы сілтемелер
* Последний бой углеводородов?, Новости космонавтики, ақпан 2008 жыл
* ГОСТ 10227-86. Топлива для реактивных двигателей. Технические условия. Мұрағатталған 9 ақпанның 2018 жылы.
* ГОСТ 12308-89. Топлива термостабильные Т-6 и Т-8В для реактивных двигателей. Технические условия. Мұрағатталған 10 ақпанның 2018 жылы.
* ГОСТ Р 52050-2006. Топливо авиационное для газотурбинных двигателей Джет А-1 (Jet A-1). Технические условия. Мұрағатталған 9 ақпанның 2018 жылы.
* Из истории керосина
* Керосин
## Дереккөздер |
Жерошақ — от жағып, үстіне қазан асуға, нан пісіруге арналған шұңқыр. Жерошақты көбінесе, далада, үйдің есігінің алдына жасайды. Қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында 3 түрлі ошақ болған: тас ошақ, жерошақ, темірошақ. Тас ошақты көші-қонда, ұзақ жол үстінде пайдаланған. Ол үшін ірілеу үш тасты жақындастырып қойып, үстіне қазан асады. Темір ошақ көбінесе, жауын-шашын кездерінде киіз үйдің ішіне от жағып, тамақ әзірлеуге қолданылған. Шеңбер темірге арнайы соғылған үш сирақ бекітіледі. Биіктігі жарты кез шамасында болады. Жерошақ тақыр жерден қазылады, қазандық, түтіндік шығарып, алдын кеулеп ояды. Қазылған шұңқырдың ұзындығы 60 — 70 см, тереңдігі 30 — 40 см, кеңдігі қазанның аумағына байланысты болады. Қазан тұратын ортасы дөңгелектеу, алдыңғы от жағатын жері тарлау, түтін шығатын жағы көлбеу келеді. Жерошақтың үй ішіне орнатқан түрін “морошақ” деп те атайды. Көшкен кезде адам, аң не малдың аяғы ошақтың орнына түсіп кетпесін деп, Жерошақты көміп, тегістеп кетіп отырған.
## Дереккөздер |
Павел Евтихнеевич Жерноклей (28.8.1914 жылы туған, Ресей, Винницк облысы Казатин ауданы Белополье ауылы) — зоотехник-селекционер.
Казатин агрозоотехника техникумын (Ресей) бітірген (1931). 1932—34 жылдары Батыс Қазақстан облысының “Шілік” кеңшарында, 1934—41 жылдары “Аңқаты” кеңшарында аға зоотехник, 1941—42 жылдары осы облыстың мал өсіру тәжірибе стансасының, 1943—46 жылдары “Сальск” асыл тұқымды мал кеңшарының (Ростов облысы), 1946—55 жылдары Орынбор облысының Октябрь ауданындағы “Броды” асыл тұқымды мал кеңшарының директоры, 1955—57 жылдары Орынбор облысының кеңшарлар басқармасы бастығының орынбасары, 1957—60 жылы “Рубешен” кеңшарында директор, 1960 жылдан Бүкілодақтық етті мал өсіру ғылыми-зерттеу институтында лабораториялық меңгерушісі болған. 1951 жылы Қазақтың ақбас сиырын шығарудағы ғылыми жұмысқа қатысқаны үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды.
## Дереккөздер |
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.
Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие болады. Бұл үлгі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқарудан айырмасы оның жергілікті сипатында ғана. Еуропа, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың француздық үлгісі кеңінен таралған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кеңестік үлгісінің әр түрлі көріністерін қазіргі Қытай, Куба, КХДР-дан көруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер арасында Эстония, Латвия және Қырғызстанда 1991 — 95 жылдар аралығында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін үйлестіретін заңдар қабылданып, жүзеге асырылды. Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп келеді. Қазақстан Республикасындағы саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы басты мәселелердің бірі — жергілікті мемл. басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау болып табылады. Бұл ретте шетелдік тәжірибелерді пайдаланумен қатар, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлері ескеріледі. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару жолдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың алғышарттары болғандығы белгілі. Рубасылары мен тайпа көсемдері көшпелілердің құрылтайлары мен жиындарында сайланды. Оларға тартыс-таластарды шешуге, өз алдына әскер жасақтарын құруға құқықты өкілет беріліп, рулық қауымдастықтар кең көлемде автономияға айналды. Қазақ даласы Ресей патшалығының отарына айналғаннан кейін, қалыптасқан дәстүрлер түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1867 — 68 жылдардағы реформалардан кейін қазақ даласы ауылдық, болыстық, округтік әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлініп, Ресей империясының қатаң бақылауында ұсталынды. Аға сұлтандар мен болыстарды, билерді сайлау шартты түрде жүргізілді. Басқарудың тиімділігін арттыру үшін жергілікті қалыптасқан дәстүрлі басқаруды ішінара сақтап қалды. Сол арқылы қазақ халқының жергілікті маңызы бар мәселелерді ауыл және болыстық жиналыс арқылы өз бетінше шешуіне мүмкіндік берілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қазақстан біртұтас кеңестік басқару жүйесінің құрамына енгізілді. Бір орталықтан басқаруға негізделген қоғам жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырмауға, барынша шектеп ұстауға тырысты. Қазақ КСР-ның 1937 жылғы Конституциясында жергілікті басқару органдары туралы “Облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, селолық және ауылдық жерлердегі мемлекеттік билік органдары Халық депутаттары кеңесі болып саналады” деп жазылып, жергілікті кеңестердің құрылуына жол ашылған болатын. Алайда, шын мәніндегі жергілікті өзін-өзі басқару болмады, жергілікті мемлекеттік басқарудың жетегінде кетіп отырды. 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында бұрынғы жүйеге көп өзгеріс енгізілген жоқ, мұнда да: “Мемлекеттік биліктің органдары болып еңбекшілер депутаттарының кеңесі саналады” деп жазылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық сипатының негіздері көрініс таппады. Қоғамдық-саяси өмірді қатаң бақылауда ұстаған тоталитарлық мемлекет жергілікті өзін-өзі басқару тәрізді мемлекеттік емес институттардың қызметіне мүдделі болмады. Жергілікті кеңестер партиялық бюрократияның бет пердесіне айналды. Меншікті түгелдей мемлекет иелігіне алу мен бір партиялық идеология жергілікті халыққа өз бетінше іс-әрекет етудің, өзін-өзі басқарудың ешқандай мүмкіндігін қалдырмады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір нышандарының (жолдастық соттар, аудандық, облыстық, қалалық бақылау коммитеттері, т.б.) қызмет аясы мен құзыреті реттелінді. КСРО тарихында тұңғыш рет 1990 жылы сәуір айында жарияланған “КСРО-дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен шаруашылық жүргізудің жалпы бастаулары туралы” заң жергілікті жерлердегі билікті демократияландыруға қарай жасалынған маңызды бетбұрыс болған еді. Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде, өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке көшуді білдірді. Қазіргі уақытта (2000) Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды құқықтық негізін қалыптастыратын жаңа заң жобасы әзірленуде.
## Тағы қараңыз
* Жергілікті мемлекеттік басқару
* Мәслихат
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасының таныстырылымы(қолжетпейтін сілтеме) |
Жер дауы — қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарындағы жерге меншік құқығының бұзылуынан туатын дау.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жер тұтас елдікі, халықтікі болып саналды және мемлекеттік нышан қызметін атқарды, оның бүтіндігі саяси дербестіктің белгісі болды. Сондықтан жер тек қоныс және көші-қон нысаны ретінде ғана құқықтық айналымға түсті. Мұрагерлік жолмен келе жатқан және түрлі саяси оқиғалардан соңғы (жаугершілік, шапқыншылық, т.б.) жерді бөлісу немесе қайта бөлісу хан жарлығымен жүзеге асып, билер мен рубасы ақсақалдар кеңесі шешімі арқылы белгіленді. Жер дауының реттелуі көшпелі қоғамда ғана емес, отырықшы, жартылай отырықшы қауымдар үшін де қажет болды. Осы реттерде және күнделікті тұрмыста туындайтын жер-су, көші-қонға байланысты күрделі дау-жанжалдарды шешу ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарымен қатаң түрде атқарылып отырды. Жер дауының дұрыс шешілмеуі руаралық араздықтың өршуіне, ел бірлігінің бұзылуына апарып соқты. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” деген атпен белгілі заңдар жүйесінде, Тәуке ханның тұсындағы “Жеті жарғыда” және өзге де бұрыннан қалыптасқан қағидаларда жер дауын шешудің барынша тиімді жолдары қарастырылды. Дауды қарау шарттары мен тәртіптері айқындалды. Бұл тұрғыда өзен, көл, жол, арықтар жеке меншікке жатпайтын көпшілік мүлкі болып саналды. Дау кезінде дауласушы екі жақ та куәлар әкелуі және дауланған жердің өз меншігіне жататындығын дәлелдейтін белгілерін айтуға немесе көрсетуге тиісті болды. Ол дәлелдемелерге: ата-баба қорымы, қазылған құдық, арық, соғылған бөгет, егілген ағаш, салынған үй тәрізді меншікті жердің шекаралық аумағын айқындайтын бұрыннан келе жатқан қозғалмайтын белгілер қабылданды. Осы аталған белгі-мұралардың біреуі талапкердің ата-бабасының не туған-туысқанының еңбегімен жасалғаны, онда бұрын қоныстанғаны анықталса, талап етуші иемденушіден ол жерді қайтарып алу құқына ие болды. Ол жерден соңғы иеленуші алып кете алмайтын оның меншігіндегі қозғалмайтын мүліктердің (ғимарат, бау-бақша, т.б.) құны дауға бейтарап үш кісінің кесімі бойынша анықталып, талапкердің мойнына салынды. Бірақ жерді қайтарып алуға дауласқан кезде және онан кейін салынған қозғалмайтын мүліктер әдейі істелінген деп саналып, жауапкер еңбегіне өтемақы төленбеген. Дауласушы екі жақтың куәлары мен айғақтары теңдей болып, дау тұйыққа тірелетіндей жағдайда, билік айтушы билердің ұсынысымен “ант ішу” рәсімі орындалған. Сөзі мен айғағының растығына “ант ішкен” жақтың талабы қанағаттандырылған. Жер дауы кезінде жалған ант ішіп, өтірік сөйлеуге екі жақ та бара алмайтын, өйткені кейін әшкере болған жағдайда ұрпаққа кететін “ант ұрған” деген аттан намыстанып, тұқымға таңба қалдырудан қорықты. Бұл, бір жағынан, қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі антқа беріктік пен сөзге тоқтаудың көрінісі еді. Қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланғаннан бастап, қазақ халқы бұрыннан келе жатқан көші-қон дәстүрін өзгертуге мәжбүр болды, әйтсе де Кеңес үкіметі орнағанға дейін жер дауын шешудің дәстүрлі үлгілері ішінара сақталды. Қазіргі кезеңде жер дауына қатысты барлық мәселелер Қазақстанның азаматтық заңдарына сәйкес реттеледі, оның ішінде “Жер туралы” заңның (30.1.2001) “Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқы және жерге өзге де құқықтар” бөлімінде жер меншігіне қатысты барлық мәселелер қамтылған.
## Тағы қараңыз
* Жесір дауы
## Сыртқы сілтемелер
* Жер дауы ең өзекті проблема күйінде қалып отыр
* Алматы облысында жаңа жер дауы басталды Мұрағатталған 22 мамырдың 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.