text
stringlengths 3
252k
|
---|
Елді мекендер:
* Мамай – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл.
* Мамай – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Мамай – Алтын Орда қолбасшысы.
* Мамай – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ағынсыз көл. |
Мамай Сұлтан (т.ж.б. — 1728) — Кіші жүз ханы Әбілқайырдың немере інісі Тоқтамыстың ұлы, Хиуа ханы. Ағасы Әбілқайыр хан ұстанған сыртқы саясатты қолдап, Жоңғар хандығына қарсы күресте Ресей империясына арқа сүйемекші болды. 1718 жылы 5 наурызда Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринмен келіссөздер жүргізу мақсатында Тобылға аттанған өкілдікті басқарды. Шыңғыс хан заманынан Хорезм Жошы ұлысының бір бөлігі болғандықтан, 18 ғасырда Хиуа ханының тағында Кіші жүзден шыққан қазақ хандары отырды. Осы тәртіпке сай Шерғазы хан (1715 — 28) қайтыс болған соң Хиуа билеушілері Мамай Сұлтанды хан сайламақ болды. 1728 жылы Мамай Сұлтан Хиуа ханының тағын иемденді. Хиуалықтардың арасында Мамай Сұлтан “Сарыайғыр хан” деген атпен белгілі болды. Аз ғана уақыт билік құрып, дүние салды.
## Дереккөздер |
“Мамания” мектебі, “Қарағаш” мектебі, “Медресе мамания”, Қазақстанда (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданының Қарағаш деген жерінде) 20 ғасырдың басында жұмыс істеген.
Жетісудың атақты байы Маман балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар 1899 жылы ұйымдастырып, 1903 — 04 жылы салып бітірген. Мектептің құрылыс жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы “Медресе-Ғалияның” оқу-тәжірибесіне негізделді. Көптеген ру басшылары “орысша оқыған соң балаларымыз діннен шығып кетеді” деп, балаларын оқуға бермегендіктен, алғашқы жылдары мектепте, негізінен, Маманның балалары мен қыздары және олардың малшы-жалшыларының балалары оқыды. Мектепте арнаулы оқу орындарын бітірген қазақ, татар мұғалімдері сабақ берген. Сабақ ана тілінде жүргізілді. Орыс тілі 4-сыныптан бастап жеке пән ретінде оқытылды. Мектепте діни сабақпен қатар жаңа пәндер (география, есеп, орыс тілі, ана тілі, т.б.) оқытылды.
Онда дәріс берген мұғалімдердің қатарында қазақ зиялыларының көрнекті өкілінің бірі Ғ.Мұсағалиев болды. Мамания Мектебін бітірген қазақ жастары Ақсу, Қапал, Лепсі елді мекендерінде бала оқытып, мұғалімдік қызмет атқарды. Б.Сүлеев, М.Ермектасов, Ә.Жайшыбеков, ақын І.Жансүгіров — Мамания мектебінің түлектері. 1928 жылы қазақ байларын кәмпескелеу кезінде Маманның ұрпақтары жер аударылып, қуғын-сүргінге ұшырады. “Қарағаштағы” мектептің өртенбей қалған бөлігі жөнделіп, жетім балалардың төрт сыныптық мектеп-интернатына айналды. 30-жылдары Шелек ауданынан 50 жетім баланың келуіне байланысты Қарағаштағы оқу ордасы жеті жылдық КЖМ (колхоз жастар мектебі) деп аталып, 200 орынды балалар коммунасына айналды. Мектеп жанында ағаш, темір, қағаз жұмыстарына арналған шеберхана, су диірмені, наубайхана тұрақты жұмыс істеді. Шаруашылық қаржысымен коммуна балаларға қажетті тамақ, киім, төсек-орын, оқу құралдарын сатып алып отырды. 1935 жылы оқу орны аудан орталығы Ақсуға көшіріліп, мектеп Ақсу орта мектебі деп аталды. 40-жылдардың басында Ы.Алтынсарин мектебі аталды.
## Дереккөздер |
Мамыров Нұрғали Құлшыманұлы (27.9.1938 ж.т., Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылы) — экономист-ғалым, экономика ғылымының докторы (1978), профессор (1980), академик(2003).
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
ҚазМУ-ды бітірген (1961). Алматы халық шаруашылық институтында (1982 — 87), Республика “Мемсәулетқұрылыс” басқарушы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру мектебінде ректор (1992 — 93), Жамбыл жеңіл өнеркәсіп технология институты Алматы бөлімшесінің директоры (1993 — 94) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының (2001 жылдан Қазақ экономика университеті) ректоры. Зерттеу еңбектері өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан экономикасы негізіндегі нарықтық экономиканың өзекті мәселелеріне арналған. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері (2002). Халықтар достығы, Парасат ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мәулен Сатымбайұлы Мамыров (14 желтоқсан, 1970 ж.т., Алматы облысы Қаратал ауданы Ақиық ауылы) — палуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еңбек сіңірген спорт шебері (1994). 1991 жылдан А.Бұғыбаевтың жетекшілігімен жаттықты. Қазақстанның 11 дүркін чемпионы (1992 — 2002).
## Өмірбаяны
* І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін бітірген (1994).
* 1989 жылдан Қазақстанның ұлттық құрамасында
* 1997 жылдан “Динамо” ұйымының орталық кеңесінде жұмыс істейді.
## Жетістіктері
* Жастар арасындағы әлем біріншілігінің (Австрия, 1988) қола жүлдегері
* КСРО жастар ойындарының күміс жүлдегері (Запорожье, 1989)
* КСРО Кубогінің жеңімпазы (Тбилиси, 1990)
* КСРО чемпионы (Гомель, 1990)
* ТМД елдері чемпионатының қола жүлдегері (Мәскеу, 1992)
* Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Хиросима, 1994)
* Азия Кубогі жарысының (Индонезия, 1995) жеңімпазы
* Орталық Азия ойындарының (Ташкент, 1995) жеңімпазы
* 26-Олимпиялық ойындардың қола (АҚШ, Атланта, 1996) жүлдегері
* Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ресей Федерациясы, Красноярск, 1997)
* Орталық Азия ойындарының (Алматы, 1997) чемпионы
* Шығыс Азия ойындарының (Корея, Пусан, 1997) чемпионы
* Азия (Ташкент, 1999) чемпионы
* Шығыс Азия ойындарының (Жапония, Осака, 2001) чемпионы.
## Марапаттары
1-дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Манат қыз, Манат Бекбергенқызы (1858, Бәйдібек ауданы – 1890) – ақын, әнші.
Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.
Он төрт жасынан бастап жиын-тойларда ақындармен айтысқа түседі. Манат қыздың ақын ретінде қалыптасуына немере ағасы ақын Жылқыбайдың әсері мол болды. Манат қыз жеті жасқа толған шағында сөз сайысына түсіп, көркемдігі жағынан айтыс өнерінің озық үлгілеріне қосылатын мұра қалдырды. Ел арасында атағы жайылып, Күдері қожа, Бұдабай сынды ақындармен да айтысқа түскен. Ол халық әндерін шебер орындайтын әншілік өнерімен де танылған. Бертінге дейін Қаратаудың күнгей жағында ел арасында айтылып келген «Күләндауылыай», «Қаршыға», «Өтеді-ай жалған», т.б. әндерді орындаған. Манат қыздың Мұсабекпен айтысы «Айтыс» жинағында жарияланды (1-кітап, 1965)
## Дереккөздер |
Манкент, Манкес – орта ғасырдағы қала.
Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан. 12–13 ғасырларда араб географы Йакут оны Исфиджабтың маңындағы қала деп көрсеткен. Қаланың қираған орны Ақсу өзенінің сол жағалауында биік жарқабақтың үстінде, қазіргі Манкент ауылының маңындағы Бұлаққоба қалашығы екендігі ғылыми дәлелденген.
1940 жылы Жамбыл археологиялық экспедиция пункті (жетек. Г.И. Пацевич), 1979 жылы Шымкент педогогикалық институты археология экспедиция отряды (жетек. А.Н. Подушкин) зерттеген. Шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан қалашықтың пішіні тік бұрышты. Екі бөліктен тұрады. Ортаңғы бөліктің аумағы 120х140 м. Оны қоршаған дуалдың биіктігі 1–4 метрге дейін. Шахристан болып есептелетін осы бөліктің шығыс шетінде тік бұрыш пішінді цитадель қалдығы сақталған. Оның ауданы 30х35 м. Шахристанның Ақсу өзені қоршап жатқан солтүстік және шығыс шеттерінің өзеннің деңгейінен есептегендегі биіктігі 15–17 м-ге жетеді. Шахристанның батыс және оңтүстік батыс, оңтүстік және оңтүстік шығыс шеттерінен екі алаң қосылады. Бұлар рабадтың қалдықтары болуы мүмкін. Шығыс жағындағы алаңның өлшемі 80х60 м, биіктігі 3–4 м. Оңтүстік алаңның аумағы 80х30 м. Олардың сыртындағы қорғаныс қабырғасының бойында бірнеше мұнаралардың орындары сақталған. Цитадель мен рабадтың арасы ені 20–25 м келетін ормен бөлінген. Рабадтың оңтүстік және батыс шеттері Бұлаққоба бастауымен шектелген. Қалашықтың оңтүстік бөлігі жол және шаруашылық құрылыстарын салу кезінде бұзылған. Ескерткіштен табылған заттар: су таситын құм құмыра құты, тостақ, саптаяқтардың түрлі сынықтары, т.б. Қарахан дәуірінің сырлы ыдыстарының сынықтары да жиі кездеседі. Осы материалдар негізінде қала 8–12 ғасырларда болған деп шамаланады.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Манкент (ауыл)
* Манкент санаторий |
Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.), ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майсыздандырылған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына ірі қара, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады. Мал шаруашылығының ғылыми негізі зоотехния болып табылады.
## Ірі қара өсіру
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Ет өндіруден жетекші елдер
Ет өндіруден жетекші елдер
Ет өндіруден жетекші елдер
Ет өндіруден жетекші елдер
Ет өндіруден жетекші елдер
Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан да мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі.
## Шошқа шаруашылығы
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
## Қой шаруашылығы
Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.
## Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.
## Басқа да шаруашылықтар
Жоғарыда аталған мал шаруашылығының кең тараған басты салаларынан басқа табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне сәйкес Африка мен Азияның шөлді аудандарында түйе мен ешкі өсіру, Орталық Азияның таулы аудандарында қодас өсіру, солтүстіктегі тундра зонасында бұғы өсіру сияқты шаруашылықтар да кездеседі. Сонымен қатар омарта шаруашылығы, жібек құртын өсіру, аңдардың кейбір түрлерін (әсіресе терісі бағалы аңдар: түлкі, сусар, бұлғын және т.б.), крокодил мен түйеқұс (страус) өсіру сияқты арнаулы шаруашылықтар да бар.
Мал шаруашылыры барынша дамыған аудандарда экологиялық проблемалардың туындайтыны белгілі жайт. Мал тұяғының әсерінен топырақ эрозиясы жүруде, жайылымдардағы өсімдік жамылғысы жұтандануда, тіпті жойылуға жақындауда. Ал ірі интенсивті мал шаруашылығы жинақталған жерлерде (ірі қара, шошқа бордақылау және құс семірту) топырақ, су және ауа да ластануға ұшырауда.
## Қазақстандағы мал шаруашылығы
Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 — 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.
Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн, теріден киім-кешек, көшпелі баспана —киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағына нақты аудандардың жер, су, ауа райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады.
Қазақстанда 1916 жылы 18,4 млн. бас қой мен ешкі, 4,3 млн. жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн. бас сиыр өсірілді. 1918 — 21 жылы Азамат соғысы мен бірнеше рет қайталанған жұт нәтижесінде мал саны 1916 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса төмендеді. 1923 — 29 жыды аралығында ауыл шаруашылығын игеруге бағытталған жан-жақты шаралар барысында мал саны қайтадан 1916 жылғы деңгейге жеткізілді. Алайда, 1930 — 33 жылы ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанында жіберілген өрескел қателіктер салдарынан мал басы 10 еседен аса қысқарды. Республика мал шаруашылығын қалпына келтіруде 1932 жылы Орталық комитет қабылдаған “Қазақстан мал шаруашылығы туралы” шешімінің маңызы зор болды. Әрбір отбасыға 100-ге дейін қой-ешкі, 8 — 10 сиыр, 3 — 5 түйе мен 8 — 10 жылқы ұстауға рұқсат берілді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отырықшылық өмір салтының берік орнығуы Мал шаруашылығының жаңа бағыттары — сүтті және етті мүйізді ірі қара мал шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді қой шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934 — 90 жылы аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы Мал шаруашылығының барлық салаларын айтарлықтай жоғары қарқында дамытуға мүмкіндік берді. 1990 — 92 жылы Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді ірі қара, 13 жылқы, 3 түйе тұқымдары мен тұқымдық топтары өсірілді. Олардың жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен Мал шаруашылығы саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде шығарылды. Осы мал тұқымдарының гендік қорын тиімді пайдалану, зоотехникалық талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1,5 млн. тонна ет (сойыс салмағымен), 5,5 млн. тонна сүт, 100 мың тонна (табиғи) жүн және 1700 мың данаға жуық қаракөл елтірісін өндіруді қамтамасыз етіп келді. 1990 — 2000 жылы ауыл шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2,4, қой мен ешкі 3,7, жылқы 1,7, түйе 1,5 есеге азайды. Нәтижесінде негізгі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,5 — 3,0 есеге дейін қысқарды.
Бұл ауыл халқының әлеуметтік жағдайының күрт нашарлауына алып келді, республика бойынша жан басына шаққанда ет және ет өнімдерін тұтыну мөлшерінің 73 кг-нан 40 кг-ға, сүт және сүт өнімдерінің 311 кг-нан 208 кг-ға дейін төмендеуіне әкеліп соқты (ғылыми негізделген мөлшерден 2 еседей аз). Ел экономикасының тұрақталуына байланысты, 2000 жылдан бастап Мал шаруашылығында оңды өзгерістер орын ала бастады. 1999 — 2000 жылдармен салыстырғанда (3-кесте), 2004 жылы сиыр 24,0 — 22,7%-ға, оның ішінде аналық сиырлар 16,0 — 15,4%-ға, қой мен ешкі 16,0 — 15,4%-ға, жылқы 5,4 — 7,2%-ға, түйе 18,0 — 17,6%-ға көбейді. Бұл ретте ірі қарамен (сиыр, жылқы, түйе) салыстырғанда, уақ малдар саны (қой, ешкі) 20 ғасырдың 90-жылдарының басында тез кеміген болса, ал қазір қарқындырақ артып отырғандығы байқалады. Бірінші жағдай реформаның алғашқы жылдарында уақ малдың баспа-бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді болғандығымен, ал екінші жағдай олардың өсімталдық қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі.
### Қалыптасуы
Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.
## Қазіргі мал шаруашылығы
Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87,3%-ы жеке меншікте, 6,2%-ы шаруа қожалықтарында, 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған. Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша 80,2; 12,3 және 7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,6 және 5,6%-ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына (ӨК, АҚ, т.б.) бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 — 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 — 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 — 6,5%-ға тұрақты артып келеді.
Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен.
Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.
## Дереккөздер |
Фуат Шәкірұлы Мансұров (10.1.1928 жылы туған, Алматы) — дирижер, ҚазКСР-інің (1967), Татар АКСР-інің (1975) және РФ-ның (1998) халық артисі
1950 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетін (А.Жұбанов пен И.А. Зактың класы бойынша) бітірді. Одан кейін Мәскеу мемлекеттік консерваториясында (Л.М. Гинзбургтың класы бойынша) оқыды. 1949 — 52 ж. Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің, 1953 — 56 жылы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының, Қазақ радиосының симфониялық оркестрінің дирижері болды. 1958 жылдан ҚазКСР мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамымен Германияда, Польшада, Италияда және т.б. шет елдерде өнер көрсетті, ал 1963 жылдан Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері болды. 1968 жылдан Татарстан опера және балет театрының, 1969 жылдан Үлкен театрдың (Мәскеу), 1985 жылдан Қазан филармониясы (Татарстан) мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі. Сондай-ақ Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданды, Мәскеу мемлекеттік консерваториясында (1980 жылдан профессор) дирижерліктен сабақ берді.
Мәскеу қаласында өткен Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік фестивалінің (1957), 2-Бүкілодақтық дирижерлер байқауының (1966), Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы (1994) лауреаты болды.
Достық және “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ұмыту обой және оркестр үшін дирижер Фуат Мансұров |
Мансұров Зұлхаир Аймұхаметұлы (26.6.1946, Алматы облысы Сарқанд қаласы) — ғалым, химия ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992). ҚазҰУ-ді бітірген (1968). 1968 — 2001 жылы ҚазҰУ-де ғылыми-зертханалық жұмыстарын, басшылық қызметтерін атқарды. 2001 жылдан ҚазҰУ-де бірінші проректор. Негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты көмірсутектер жануының кинетикасы мен механизмін, суық және күйе түзгіш жалындардың құрылымын, каталитикалық көмірсутектің түзілуі мен оның қолданбалы аспектілерін зерттеуге арналған. Табиғи минералды және өсімдік шикізаттарын ауыспалы металл қатысында көміртектендіру арқылы нано-өлшемді талшықты көміртегін алып, оның морфологиясы мен құрылымын терең зерттеді және оларды сорбент, катализатор түрінде қолдануды енгізді. Мансұров мұнаймен ласталған топырақты термині әдіспен өңдеу үшін арнайы қондырғы құрастырды. Осы қондырғы арқылы мұнайды топырақтан бөліп алу және мұнаймен ласталған топырақты жол құрылысында суық асфальтты бетон дайындау үшін қолдану әдістерін ұсынды. Мансұровке жану процестерінің химиялық негіздеріне арналған іргелі зерттеулері үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлық (1992) және Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық (2002) лауреаты атағы берілді.
## Дереккөздер |
Маңғылай Сүбе– Дулат тайпасы әмірлерінің 13 – 16 ғ-лардағы мұралық иеліктері. Ол Ыстықкөлден оңт-ке қарай қазіргі Қырғызстан жері мен Қашқарияның батыс бөлігі – Шығыс Түркістанның Куча қ-на дейінгі аумақты алып жатты. 13 ғ-да Шағатай хан бұл жерлерді Дулат тайпасынан |
* Маңғыстау облысы
* Маңғыстау ауданы
* Маңғыстау (ауыл)
* Маңғыстау құдықтары
* Маңғыстау таулары
* Маңғыстау түбегі |
Маңғыстау марганец кендерінің тобы, Маңғыстау облысы Шетпе темір жол станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км жерде.
* Кен орнын алғаш 1908 жылы Н.И.Андрусов (1861 — 1924) ашқан.
* 1942 — 55 жылы толық геологиялық зерттеу жүргізіліп кендердегі марганец мөлшері мен жалпы қоры анықталды.
* Маңғыстау марганец кендері тобының жаралуы негізінен палеоген шөгінділерімен байланысты. Кен қабаты кварц-глауконит құмдары мен марганец араласқан құмтастан құралған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған (ұзындығы 3,5 — 20 км, ені 1,5 — 4,0 км аралығында).
* Маңғыстау марганец кендерінің тобы 4 телімнен тұрады (Сартаған, Шақырған, Қарақыз, Қызылтұран). Бұлардың әрқайсысында 1-ден 8-ге дейін линза пішінді кен денелері бар. Кендері жұмыр болып келеді. Мұндағы марганец мөлшері 20%. Басты минералдары: псиломелан, пиролюзит, вад, темірдің гидрототықтары. Сондай-ақ, кварц, глоуконит, дала шпаттары, минералдар кездеседі.
## Дереккөздер |
Маңғыстаумұнайгаз– мұнай-газ кәсіпорыны. 1963 жылы қарашада “Маңғышлақмұнай” бірлестігі болып құрылған. 1999 жылы қаңтарда осы атпен ашық акционерлік қоғамға айналды. “Маңғыстаумұнайгаз” кәсіпорнының өнеркәсіптік нысандары — Қаламқас пен Жетібай кеніштері. Кәсіпорында жылына 4500 мың тонна (31500 баррель) мұнай, 140 мың м³ ілеспе газ өндіріледі. Өндірілетін мұнайдың 97%-ы шет елдерге, 3%-ы ТМД елдеріне экспортқа шығарылады.
## Дереккөздер |
Маңғыстау Тәжірибелік Ботаника Бағы, 1972 жылы қазіргі Маңғыстау облысының Ақтау қаласында құрылған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ботаника және фитоинтродукция ин-тының қарамағында. Ауданы 37,9 га. Батыс Қазақстанда сирек кездесетін және жергілікті табиғат жағдайында өсетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысымен айналысады. Қазір бақта: ашықтұқымдылар, басқа аймақтан әкелінген жалпақ жапырақтылар, жергілікті флора, жеміс-жидек, шырмауық, гүлді-сәндік өсімдіктер, жем-шөп дақылдарының жаңа түрлері бөлімдері жұмыс істейді. Ботаника бағының негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; қолайсыз климат жағдайында түрлердің өсуі мен олардың биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау; интродуценттерді күтіп-баптау; өсімдік өсірудің агротехникасы мен олардың көбею заңдылықтарына бақылау жүргізу; Маңғыстау өңіріндегі өсімдік жамылғысының қорын зерттеп, өте бағалы түрлерді шаруашылыққа пайдалану; бау-бақша және саябақ құрылыстарын ғыл. негізде ұйымдастыру, шығанақтағы елді мекендерді көгалдандыру. Бақта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 79 тұқымдасына жататын 191 туысы бар. Мысалы, раушангүлділердің 18, күрделі гүлділердің 24, астық тұқымдасының 16, бұршақ тұқымдасының 12 туысын айтуға болады. Негізінен бақтағы өсетін биологиялық таксондардың 47%-ы бұталар, 22%-ы ағаштар, 24%-ы көп жылдық шөптесін өсімдіктер, 2,5%-ы бір жылдық өсімдіктер. Қазіргі кезде бақтың коллекциясында өте сирек кездесетін 51 түр бар. Соның ішіндегі 19-ы жалпақ жапырақты (Түркістан қарағаны, Каспий қарамаласы, т.б.); 14-і жеміс-жидекті (Ледебур баданы, Недзвецкий алмасы, т.б.); 12-сі қылқан жапырақты (Зеравшан аршасы, Түркістан аршасы, т.б.); 6-ы гүлді-сәндік (қыр жуа, Коленати қоңыраугүлі, т.б.) өсімдіктер. Құрылғаннан бергі уақыт ішінде бақта бау-бақша және саябақ құрылысы мен ландшафтылық архитектура тақырыбына қатысты көптеген жұмыстар атқарылды. Қызметкерлер өсімдіктер жамылғысының эстетикалық бағасының кешенді шкаласын; басқа жақтан әкелінген бағалы өсімдіктерді анықтау шкаласын; Маңғыстаудың топырақ жамылғысы-мелиоративтік жағдайының бір жүйеге келтірілген жіктелімін; белдемдік қоңыр және күлгін-қоңыр топырақтың агрохимиялық көрсеткішінің экспресс-әдістік диагностикасын жасады, интродуценттердің формаға түсірілген экологиялық сипаттамасының принциптерін анықтады.
## Дереккөздер |
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясына қарайтын энергетикалық кәсіпорын.
Кәсіпорынның негізгі міндеті – тұтынушыларды электр энергиясымен, отынмен, дистиллят және сумен жабдықтау. Маңғыстау түбегі энергетикасы п/ж-7 электр және жылу беру (ЭЖБ) кәсіпорнына тіркелген қуаттылығы 800 кВт энергетикалық пойыздың келуінен бастау алады. Маңғышлақ энергия зауыты, Каспий аймақтық кен комбинатынан бөлінді.
## Тарихы
* 1962 жылы 5 400 кВт, кернеуі 6 кВ желілер мен қосалқы станциялық цехының дизельдік станциялары іске қосылды.
* 1962 жылдың желтоқсанынан 1963 жылдың желтоқсанына дейін қуаттылығы 12 МВт, кернеуі 6 және 35 кВт 12 қондырғысы іске қосылды.
* 1962 жылы энергетика мен өндірісті сумен қамтамасыз ету үшін, тәулігіне 30 мың м3, су өндіретін «Құйылыс» минералды жер асты суы кен орны ашылды.
* 1964 – 1967 жылдары қала мен өндіріс аймағын жылумен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 75 МВт, кернеуі 6 – 35 – 110 кВ және жылу қуаттылығы 200 Гкал/сағ ЖЭО-М қондырғысы іске қосылды. Кейіннен ЖЭО-12 мен ЖЭО-М қосылып, қондырғының қуаттылығы 87 МВт болатын ЖЭО-1 ашылды.
* 1969 жылы станцияның өндіретін қуаттылығы шамадан аспайтын энергия шығынды жұмсай отырып сағатына 102 МВт энергия алынды. Осы уақытта энергетика, өндіріс және қала үшін тәулігіне 3600 м3 дистиллят өндіретін ТӨБІ (ОПИУ) ПГВМ-100 қазанымен және тәулігіне 8400 м3 өндіретін ӨБІ (ПИУ) іске қосылды.
* 1968 жылы қуаттылығы 180 МВт, кернеуі 6 – 110 кВ ЖЭО-2 қондырғысының кезегі және тәулігіне 16800 м3 дистиллят өндіретін ДСТІ-1, 2 дистилляциялық қондырғылары іске қосылды.
* 1973 жылы БН-350 реакторының энергетикасының іске қосылуы жүзеге асырылды. Реактор іске қосылғаннан кейін ЖЭО-2-нің қуаттылығы 430 МВт-қа дейін өсті. АТЗ мен Пластмасса зауытының 2-кезегін іске қосу үшін ЖЭО-2-ге қуаттылығы 220 МВт, 110 кВт кернеу, 450 кал/сағ-қа жетті. Жылу энергиясы енгізілді. ЖЭО-2-нің электрэнергия өндірісінің жиынтық қуаттылығы 650 МВт құрады және оларды сумен қамту үшін теңізден су соратын сорғы станциясы іске қосылды.
* 1968 – 1998 жылдары жеке өнімділігі 500 – 600 т/сағ. 9 ДСТІ (ДОУ) іске қосылды. Су тұщыту кешенінің жиынтық қуаттылығы тәулігіне 120 мың м3 дистиллятқа дейін жетіп, одан тәулігіне 45 мың м3 ауыз суы өндірілді. Мұнай өндірісінің дамуына және Теңіз (Құлсары қаласы маңында) мұнай өңдеу зауытының салынуына байланысты әр біреуі 210 МВт беретін жиынтық қуаттылығы 630 МВт, кернеуі 10 – 110 – 220 кВ 3 блокты ЖЭС салынып, іске қосылды және Теңізге дейін қуаттылығы 160 МВГ/сағ. жететін кернеуі 220 кВ электрмен қамтамасыз ететін 2 желі іске қосылды.
* 1999 жылы жобалық ресурсы өндіріліп болғаннан кейін, БН-350 реакторын технологиядан шығару процедурасы басталды.
* 2003 жылдың 1 мамырынан МАЭК энергетикалық кешенінің қожасы «МАЭК-Қазатомөнеркәсібі» ЖШС болып табылады.
## Сипаттамасы
МАЭК Ұлттық «Қазатомөнеркәсібі» атом компаниясының 100% еншілес кәсіпорны. Осы уақыттан бастап комбинат тарихының «Жаңа беті» ашылды. Жаңа технологиялар, өндіріс процесіне адамның аз араласуын қамтамасыз ететін АСУТП жүйелері енгізілуде, өндіріс өнімінің жаңа тиімді тәсілдері қарастырылуда, жабдықтар қалпына келтіріліп және жетілдірілуде. Комбинаттың және жалпы аймақтың дамуының негізгі кілті – жаңа жоғары технологиялық су тұщыту қондырғыларын салу, ал болашақта БН-350 реакторының орнына ядролық реакторлы жаңа энергетикалық қондырғысын салу болып табылады. Қазір «Қазатомөнеркәсібі» АҚ құрамындағы кәсіпорынды С.Өтебаев басқарады.
## Дереккөздер |
Маңғыстау оязы – әкімшілік-аумақтық бөлік. Маңғыстау оязының аумағы 190 200 км², халқы 63 468 адам (негізінен Адай руы, 1897 жылы) болды.
## Тарихы
Бұрынғы Маңғыстау приставтығы 1881 жылы Маңғыстау оязы болып аталды. Алғашқы кезде Кавказ соғыс округіне, 1899 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Каспий сырты облысына бағынды. Оның құрамында Маңғыстаудан басқа Красноводск, Ашғабад ояздары болды.
## Географиясы
Маңғыстау оязының оңтүстік шекарасы Қарабұғазды қақ жарып, Арал теңізіне дейін, солтүстік шекарасы қазіргі Комсомол шығанағынан Үстірт жонының солтүстігі мен Арал теңізінің батысына дейінгі жерді алып жатты.
## Әкімшілік бөлінісі
Ояз 10 болыс, 74 әкімшілік ауылдан құралды. Болыстар тізімі:
* 1-ші Бозащы;
* 2-ші Бозащы;
* 3-ші Бозащы;
* Жеменей;
* 1-ші Маңғыстау;
* 2-ші Маңғыстау;
* Райымберді;
* Түрікменадай;
* Түрікмен;
* Түпқараған.
## Халқы
Халқы 1897 жылғы санақ бойынша - 68 555 адам. Оның ішінде: ерлер - 35 105; әйелдер - 35 150 адам. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар 93,1%, түрікмендер 4,0%, орыстар 2,6%, басқа этностар 0,3%.
Оязда орналасқан жалғыз қалада - Форт-Александровскіде 895 адам тұрған. Оның ішінде: ерлер - 588; әйелдер - 307 адам.
## Экономикасы
Ояз тұрғындарының негізгі кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы және егін шаруашылығы болды. 19-шы ғасырдың 50–60-шы жылдарынан бастап балық аулау, тұз өндіру, көмір қазу, тас қашаумен айналыса бастады. 1920-шы жылы таратылды.
## Тағы қараңыз
* Маңғыстау приставтығы
## Дереккөздер |
Маңғыстау үстірті – Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігінде.
## Жер бедері
Жер бедері солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған көлбеу жазық. Климатының құрғақ континенттік болуына байланысты аридті денудация әсерінен Қарақия (–132 м), Қауынды (–54 м) сияқты теңіз деңгейінен төмен жатқан құрғақ ойыстар жиі кездеседі.
## Геологиясы
Маңғыстау үстірті миоцен мен плиоценнің бақалшақты-оолитті әктастарынан түзілген. Мұнайдың, темірдің, фосфориттің, көмірдің мол қоры барланған.
## Өсімдігі
Топырақ жамылғысы сор, сортаңды болып келеді. Мұнда бұйырғын, сарсазан тәрізді сораң өсімдіктер өседі. Үстірт жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Маңғыстау шығанағы – Каспий теңізінің солтүстік-шығысында.
## Географиялық орны
Бозащы және Түпқараған түбектері аралығында, құрлыққа 100 км шамасында еніп жатыр. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында жатыр. Батыс бөлігі Түлен (Тюлень) аралдарымен ұштасады.
## Сипаты
Шығанақтың теңізге шығар жеріндегі жалпақтығы 65 – 70 км. Суының тереңдігі 13 метр. Беткейлері тік жарлы (биіктігі 150 м-ге жетеді). Ал Бозащы түбегін шайып жатқан жағасы жатық. Шығанақ түбі құмды. Қыста суы қатады.
## Геологиясы
Түпқарағанға тірелген оңтүстік жағасы неогеннің әктас, құм, саздақ жыныстарынан түзілген.
## Дереккөздер |
Марабай Қүлжабайұлы (1841-1898) - ақын, жырау.
## Өмірбаяны
Жасынан өлең-жырға құмар болып ақындық, жырау өнеріне машықтанған, атақты Шернияз ақыннан үлгі алған. Жүмырбай, Көкейқыз, Базар, Қашаған, Сүгір ақындармен айтысқан. Марабай эпостық шығармаларды кең насихаттаушылардың бірі. Н. И. Ильминский Марабайдан «Ер-Тарғын» жырын жазылалып (1862), жеке кітап етіп шығарған.
Ы. Аптынсарин «Қобыланды батыр» жырын жазып алып, «Тайбурылдың шабысы» деген тарауын «Қазақ хрестоматиясына» енгізген (1879).
Марабай жырлаған «Қобыланды батыр» дастанын Ә. Диваев Ташкентте бастырған. Абай Марабайдың жыр, дастандарымен жақсы таныс болған.
деп сүраған Көкбайға Абай:
-деген екен. Ұлы ақын Марабай шығармаларын біліп қана қоймай, оған осылайша жоғары баға берген.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Маралды – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл.
* Маралды – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл.
* Маралды – Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл.
* Маралды – Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауыл.
* Маралды – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл.
* Маралды – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Маралды – Ертіс алабындағы көл.
* Маралды – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен. |
Адай көтерілісі — 1870 жылы Маңғыстау шаруаларының патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісі.
## Себебі
Патшалы Ресейдің Шығыстағы басқыншылық саясаты үшін Маңғыстау түбегінің стратегиялық мәні үлкен болды, оның үстіне Шығыспен қатынас жасайтын барлық су және керуен жолдары Маңғыстау арқылы өтті. Сондықтан патша үкіметі Маңғыстау түбегін 18 ғасырдың бас кезінде өзіне бағындыруға әрекет ете бастаған еді. 18 ғасырда Каспий теңізінің шығыс жағалауына 20-ға жуық арнайы экспедиция жасақталды. Ресей империясы Адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866–1867 жылы Адай руларынан Жоғарғы адай (Бәймембет Маяұлы басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбыұлы басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті.
Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы Адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғыстауға реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, Адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.
Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады.
## Көтеріліс барысы
Маңғыстау приставы подполковник Рукин (1870 жылы тағайындалды) Бәймембет Маяұлы мен Ғафур Қалбыұлы сияқты би-шонжарлардың көмегімен салықты 1869–1870 жылдарға бір-ақ жинамақ болды. Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам қазақ-орыс және 60-тай Адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да, салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тәжіұлы пен Иса Тіленбайұлы, Алғи Жалмамбетовтың бастауымен Рукин отрядына қарсы көтерілді. Көтерісшілер Рукин отрядымен 22 наурызда Инебуазқұмардан құдығы жанында кездесті. Көтерісшілердің тегеуірініне төтеп бере алмай отряд кейін шегінді. Көтерісшілерге «Ұсақ» құдығы маңында Бозашы көтерісшілері қосылды, Рукиннің отряды біржола талқандалды. Бәймембет Маяұлы өлтірілді, Николай Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтеріліс бүкіл түбекке тарады. Көтерісшілер саны 10 мың салт атты адамға жетті. Олар патша өкіметінің Маңғыстаудағы барлық тірегін, кәсіпшілердің кәсіпорындарын, құрылыс-жайларын ойрандады. Балықшылар, жүк тиейтін жұмысшылар өздерін қанаушы кәсіпшілер мен саудагерлерге қарсы күресті. Сарытас шығанағында жұмысшылар кәсіпшілерге шабуыл жасап, олардың қайықтарын тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, оны патшаның ең мықты соғыс қамалдарының бірі – Александр фортын (биіктігі 4 м, ені 2 м тас қорған ішінде 18 зеңбірегі, 800 пұт оқ-дәрісі бар жақсы қаруланған әскер тобы) қоршау үшін пайдаланды.
Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Себебі бұл кезде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында, Иранда ағылшындардың ықпалы едәуір күшейген болатын, патша өкіметі Хиуаға қарсы жорыққа даярланып, әскерлерін Красноводск қаласына шоғырландырып жатқан еді. Адай көтерілісінің орталығы осы әскер тобының тылында болды. Көтерілісті басу патшаның Кавказдағы уәкіл-әкіміне тапсырылды. Мамырдың аяғында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бір батальоны, екі атқыштар ротасы, шептік батальонның екі ротасы, Дағыстан полкінің төрт ротасы және Терек қазақ-орыстарының төрт зеңбірекпен қаруланған 2 жүздігі келді. Көтерісшілер «Ұсақ» құдығында, Үшауыз шығанағында, Александровский фортында күшті қарсылық көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңілді. Көтеріліс қатал жанышталды. Көтерісшілер мамырдың аяғында Үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан жазалаушы отрядтармен (Н. А. Крыжановский мен генерал-майор Биязнов бастаған) кездесіп, көп шығынмен Үстіртке қарай кейін шегінуге мәжбүр болды.
## Көтеріліс нәтижесі
Жазалаушылар халықты «Уақытша ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі Адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына қосты. Көптеген отбасы Үстіртке қашты, 1874 жылға дейін Адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мыңдай адай үйінен екі жылғы салық бірден өндірілді. Салық төлеу қиындықтарын пайдаланған орыс саудагерлері қазақ шаруаларының жылқыларын 1 сом 60 тиыннан сатып алды. Сөйтіп, 60 мың сомнан астам салық жиналды, өкімет шығынын өтеу үшін 90 мың қой қоса алынды. Дегенмен көтеріліс нәтижесінде халық кейбір жеңілдіктерге ие болды. «Ережеге» бірсыпыра өзгерістер енгізілді (түтін салығын ақшамен емес, малмен өтеуге рұқсат берілді т.б.). 1870 жылғы Адай көтерілісі отаршылық езгіге қарсы, әсіресе салықтың өсуіне және жайылымдарды пайдалануға шек қоюға қарсы шыққан қысқа мерзімді жергілікті және стихиялық шаруалар көтерілісі болды.
## Дереккөздер |
Маңғыттар, Мангқұрт, манғұт (өзб. mang'it;моңғ. мянгат)— орта ғасырдағы түркі-моңғол тайпасы.
Маңғыттар 14 ғасырдың 2-жартысы мен Жошы ұлысының әлсіреу кезеңінде кеңінен белгілі бола бастады. Рашид ад-Диннің “Жамиғ ат-тауарих” атты еңбегі мен “Моңғолдардың құпия шежіресіндегі” деректер бойынша бастапқыда маңғыттардың шағын руы моңғолдардың ірі кирун тайпалық одағының құрамында болған. Олар дарликиндермен бірге моңғол халқының негізгі бөлігін құрады. Маңғыттар Шыңғыс хан империясының құрылу кезеңінде түркі-моңғолдардың әскери және саяси өміріне белсенді түрде араласты. Маңғыттардың кейінгі тарихы Дешті-Қыпшақ аумағымен байланыстырылады. Империяның әкімшілік аумағының бөлінісі нәтижесінде Маңғыттар Жошы ұлысының батыс бөлігін иеленді. Бұл ұлыстың негізін көшпелі қыпшақ тайпалары құрады. 13 ғасырдың ортасында ұлыс Жошы ханның немересі Ноғайдың иелігіне берілді. Сөйтіп, мұсылман деректерінде кездесетін Маңғыттар атауымен қатар, орыс деректерінде Ноғай термині пайда болды. Нәтижесінде бұл ұлыс ноғайлар этносы — “Ноғайлы” атанды. 14 ғасырдың 2-жартысында Маңғыттар Ақ Орданың саяси өмірінде маңызды рөл атқарды. Олар қазіргі Батыс Қазақстанның Ембіден бастап Еділдің сол жақ жағалауына дейінгі жерді алып жатты. Маңғыттар ақсүйектері Орыс ханның, оның ұлы Темір Мәліктің, кейіннен Тоқтамыстың сенімді серіктері болды. Маңғыттардың сол кездегі белгілі қайраткері Едіге еді. 15 ғасырдың 1-жартысында Маңғыт жұртшылығының негізінде Ноғай ордасы құрылды.
Ноғай Ордасы әлсіреп, ыдырай бастағанда Маңғыттар батыс және шығысқа қарай қоныс аударды. Батыс Қазақстандағы Ноғай руларының негізгі бөлігі Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының құрамына енді. 17 — 19 ғасырларда Бұхара мен Хорезмде Маңғыттар аса үлкен рөл атқарды. Бұхар хандығында 1755 жылдан 1920 жылға дейін Маңғыттар әулеті билік жүргізді. 19 ғасырдың аяқ кезіндегі деректер бойынша, Бұхарада 100 мыңдай, Хиуада 15 мыңдай Маңғыттар тұрған. Сахалар арасында да Маңғыттар деп аталатын ру бар.
## Дереккөздер |
Марал Тамыр(Rhapontіcum carthamoіdes) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биікт. 70 – 120 см. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. |
Марғасқа Жырау (туған-өлген жылы белгісіз) — қазақ ақыны. Қазақ поэзиясында жауынгерлік рухты жырлап, көне дәстүрді жалғастырған жыраудың өмірі мен өлеңдерінің туындауы туралы нақты деректер сақталмаған. Шыққан тегі Орта жүз, Найман тайпасының Матай руынан.
Ол Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Ташкент өңірін билеп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан (1627). Марғасқа Жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. «Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғанын бетіне басады. Марғасқа жырау Қазанғап Байболұлының құрастырып жазып шыққан "Еңсегей бойлы ер есім" атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар. Бірақ оның «Ей қатағанның Тұрсын ханы» деген 13 жолдан тұратын жыры ғана ауызша сақталған. Басқа жазбалары кездеспейді. Қазанғап Байболов «Еңсегей бойлы ер есім» атты дастанын Бекасыл әулиенің «Жаныс шежіресі» тарихи-шежіре кітабының желісі бойынша жазылғанын ескерте кетейік. Қазанғап жырау одан басқа Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шойбек датқа, Астай имам, Арғынбай Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта, қара молда Еркебек, сияқты авторлардың жазбасын пайдаланғаны жөнінде сілтеме жасаған. 1940 жылы жазбаларының ұрлануына байланысты Қазанғап жырау 1941 жылы көктемде Ұлттық ғылыми кітапханасы тарихи қолжазбалар қорына «Еңсегей бойлы ер есім» және «Төле бидің тарихы» деген екі дастанын тапсырған. Авторлық құқығы бекітілген. Есім хан ордасы қазіргі Төле би ауданы, Кеңесарық ауылының жанындағы «Төрткүлтөбе» деген жерде болған. «Қатаған қырғыны» атты Есім хан мен Тұрсын ханның соғысы осы аудандағы Саңлақ, Дабырашылы, деген жерде өткен. Саңлақ — Майбұлақ, Қазақстан ауылының арасындағы Сайрамсу мен Балдыбірек өзендерінің оң жағасындағы тастақты жердің атауы.
## Дереккөздер |
Маңғыстау түбегі – Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан.
## Жер бедері
Солтүстік-батысында енсіз, шағын Түпқараған түбегінен оңтүстік-шығысында Үстіртке дейін, солтүстігінде Каспий маңы ойпатынан оңтүстігінде Қарабұғаз шығанағына дейін 390 км-ге созылып жатыр. Енді жері 160 км-ге жетеді. Маңғыстау түбегіне Бозащы түбегіде қосылады. 20 ғасырдың 30-жылдары Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты Өліқолтық, Қайдақ шығанақтары тартылып, түбек Каспий ойпатымен тұтасып кетті. Түбек биік үстірттен және аласа таулардан тұрады. Түбектің орталық бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 200 км-ге созылған Маңғыстау таулары жатыр. Ені 30-60 км. Таудың орталық бөлігінде ендік бағытқа созылған Қаратау тауы орналасқан. Ең биік жері — Бесшоқы тауы (556 м). Түбектің көп жерін Маңғыстау үстірті алып жатыр. Күнгей шетінде Кендірліқиясай үстірті (абсолюттік биіктігі орта есеппен 100-170 м) орналасқан.
## Қосымша дереккөзден
Түбек батысында енсіздеу Түпқараған түбегінен басталады, шығысқа қарай бірте-бірте кеңейе отырып, бойлық бағытта 225 км-ге созылады. Түбектің орталық бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 200 км-ге созылған Маңғыстау тауы жатыр. Ені 30-60 км. Таудың орталық бөлігінде ендік бағытқа созылған Қаратау тауы орналасқан. Ол негізінен пермнің, триастың және юраның жер бетінде ашылған құмтастарынан, әктастарынан және тақтатастарынан құралған. Жербедер ерекшелігі жағынан Маңғыстау Қаратауы қатпарлы-лықсымалы аридтік-денудациялық аласа тауларға жатады. Бұйраттың биіктігі 300-400 м, оның ең биік нүктесі Бесшоқы тауында (556 м, Шығыс Қаратау жотасында). Беткейінің біразы ұзындығы бірнеше км-ге созылатын терең шатқалдармен (сайлармен) тілімделген.Батыс Қаратаудан солтүстікке және оңтүстікке қарай Солтүстік және Оңтүстік Ақтау деп аталатын екі бұйрат шығады. Олардың Қаратау беткейіндегі айдары мен тік жары ақшыл әктастардан құралған, сондықтан да бұл жоталар Ақтау деп аталады. Олар Қаратаудан көлденең ойыспен дараланған. Бұл таулардың абсолюттік биіктігі 322 м-ден аспайды. Екі жота да - кәдімгі куэст. Жоталарға әсем көріністі қалдықжондар мен биіктігі 40 м-ге жететін мүсінді жартастар және оларды тілгілеп өтетін шатқалдар тән. Тұрақты су жүйесі дамымаған. Ақтау тауында көптеген үңгірлер бар, ең ірілері Ақшұқыр мен Аралды кенттері маңында және Борлы (Меловой) мен Жыланды мүйістерінде орналасқан. Олар буырқанған теңіз толқынының әрекеті мен карст (шаймаапан) құбылыстарының салдарынан пайда болған. Маңғыстау тауының солтүстігінде ойпаңданған Бозащы түбегі орныққан. Бұл түбек Солтүстігінде Өлі Қолтық сорымен көмкерілген, шығысында Батыс Үстірт жондарынан Қайдақ шығанағымен дараланады. Түбектің орталығын мұнай кенорындары орналасқан ірі сор алып жатыр. Бұл жерлерге қандай да болмасын көліктің жету мүмкіндігі шектелген. Айдамалы жел соққанда сорға Каспий суы да жетіп қалып отырады.
Жазықты Маңғыстау солтүстігінде Таулы Маңғыстаумен, шығысында Үстірт дөңдігімен (Қарынжырық ойысы арқылы), батысында Каспий теңізі жағалауларымен, оңтүстігінде Қарабұғазкөл бұғазымен шектеледі. Ол Маңғыстау және Кендірлі-Қиясай дөңдіктерін, Түпқараған түбегін қамтиды. Жазықты Маңғыстау жер бедерінің Үстіртке біраз ұқсастығы бар. Мұнда да неогеннің әктастары кең тараған, олар ағын сулармен тоғытылмайтын ойыстардың тік жарлы жақтауларында ашылады. Жер бедері аридтік-денудациялық төрткүл дөңдерінен кұралған, алайда Үстірт дөңдігінен құрылысының күрделілігімен және жер бедерінің ойдымдылығымен ерекшеленеді. Солтүстік-шығысындағы абсолюттік биіктігі 150 м, оңтүстік-батысында 50 м. Жазықтың оңтүстік бөлігін абсолюттік биіктігі орта есеппен 100-170 м боларлық Кендірлі-Қиясай дөңдігі алып жатыр.
Жазықты Маңғыстауда өзендер жоқ. Жер бедерінің ерекшелігі - Каспий теңізінің жағалауын бойлай және Үстірттің ішкі жағында құрғап кеткен көлдер мен ойыстардың (Қошқарата, Қарақия, Қауынды, Ащысай, Жазғұрлы т.б.) көптеп ұшырасатындығында. Ойыстар кейде бір-бірімен біріге отырып, ауқымды алаптарға айналады. Олардың бәрі де теңіз деңгейінен төмен жатыр. Ең тереңі - Қарақия (Батыр) ойпаты, оның түбін үлкен сор басқан, деңгейінің абсолюттік көрсеткіші дүниежүзілік мұхит деңгейінен 132 м төмен (ұзындығы шамамен 40 км, ені 10 км). Қазақстанда Қарақиядан терең де құрғақ ойыс немесе ойысым жоқ және де ол дүние жүзіндегі ең терең ойпаттардың бірінен саналады. Жазықты Маңғыстаудағы ең ірі сорлы ойпат - Қарынжарық, ол Маңғыстау дөңдігін Үстірттен бөліп жатыр. Бүл терең (70 м-ге дейін) ойпат Қаратау тауын көмкеріп жатқан ойпат-шұңқырларды біріктіре отырып, Қарабұғазға таяу барып тамамдалады.Ойпаттың ұзындығы 300 км, ені 20 км-ден 50 м-ге дейін жетеді. Ойпаттың жаралу тегі дефляция процестерімен байланыстырылады.
## Геологиялық құрылымы
Таулы бөлігі пермь мен триастың әктас және конгломерат қабаттары кезектесіп отыратын құмтас пен тақтатастардан түзілген.
## Климаты
Климаты өте құрғақ. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 100 — 150 мм. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –4 – 6°С, шілдеде 25 — 28°С. Жер асты суы тұзды әрі тереңде. Солтүстік Ақтау артезиан алабында ғана жер асты суының мол қоры бар. Сұр, қоңыр және сортаңды сұр топырақ басым. Көпшілік бөлігі жусанды-сортаңды шөл. Жер қойнауы мұнай мен газ қорына аса бай. Одан басқа марганец, фосфорит, қара көмір, қабыршақтас, т.б. кен орындары барланған. Мал жайылымына кеңінен пайдаланылады. Аласа таулар мен шағын құм алаптары қысқы жайылымға қолайлы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Маңғыстау түбегі Мұрағатталған 3 тамыздың 2018 жылы. |
Марданкүйік – ортағасырдағы қалашық орны. Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстікке қарай 8 км жерде.
1949–51 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедагогикалық (жетекшісі Е.И. Агеева, А.Н. Бернштам), 1986 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедагогикалық (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Археологиялық қазбаларға қарағанда қалашық: қамалдан (цитадель), шахристан мен рабадтан тұрған. Тік төртбұрышты қамалдың биіктігі 11 м, ауданы 70–40 м. Тіктөртбұрышты шахристан орнының биіктігі 8 м. Оның солтүстік және оңтүстік қабырғалары 340 м. Шахристан мұнарасы дуалмен қоршалған. Шахристан оңтүстік жағында 8 га алаңды алған рабадпен жалғаса орналасқан. Ол биіктігі 8 м дуалмен қоршалған. Қазба жұмысы кезінде қабырғалары шикі кірпіштен қаланған тұрғын үйлердің қалдықтары, құмыра, тегенелердің сынықтары табылды. Қаланың жоғарғы қабатынан табылған мыс тиындардың бетінде арыстан бейнесі, ал сыртқы бетінде таңба секілді садақтың суреті бар. Бұл тиындар 8 ғасырға жатады. Марданкүйік шахристанынан балшық күйдіретін бірнеше пештердің орны табылды. Алмұрт тәрізді пештің от жағатын және күйдіретін екі бөлігі бар. Күйдіру камерасында от тіреу бағанасы арқылы барған, сонымен қатар бұл бағана пештің жоғарғы күмбезін де тіреп тұрған. Пешті аршу кезінде табылған көзелер 12–13 ғасырларға жатады. Зерттеу жұмыстары орта ғасырларда Марданкүйіктің Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауданың ірі орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.
## Дереккөздер |
Мариям Жагорқызы, (шын аты-жөні Рыкина Мария Егоровна) (1887, қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — 1959, сонда) — халық өнерпазы, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1945), халық әндерін орындаушы, композитор.
Қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Халық арасында кеңінен танымал болған «Дударай» әнінің авторы. 1920 жылы А.В. Затаевич осы әннің оннан аса нұсқасын жазып алған. Орыс қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсен (Дудар) арасындағы махаббат әдеби шығарманың туындауына негіз болған. «Дударай» әні орыс және қазақ ұлттары арасындағы достықты суреттейді. Е.Г. Брусиловский «Дударай» операсын (1953), Қ.Бекқожин «Мариям Жагорқызы» поэмасын (1950) жазды.
## Дереккөздер |
Маржантөбе — бекініс орны. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Кішібурыл ауылының солтүстік батысына қарай 3 км жерде. 1936 ж. Жетісу археологиялық экспедиция (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Қазіргі орны биіктігі 2,5 м, аумағы 127 133 м тік төртбұрышты төбешік. Мекеннің солтүстік биіктігі 4,5 м, аумағы 60 65 м, Солтүстік шығыс жағынан биіктігі 6 м, аумағы 25 35 м алаңдар қосылған. Ескерткіштен табылған (құм, күбі, құты, көзе, саптаяқ, т.б.) заттарға қарағанда Маржантөбені тұрғындар 9 — 12 ғ-ларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл.
Көл:
* Марқакөл — Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. |
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан. Әлкей Хақанұлы Марғұлан бастапқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алды. Павлодар қаласындағы мұғалiмдер курсын бiтiрiп‚ туған аулында мұғалiм болып iстедi. Семей педагогикалық техникумының студентi бола жүрiп‚ «Таң» журналы мен «Қазақ тiлi» газетiнiң редакцияларында (1921–25) қызмет атқарған. Осы жылдары ол М.О.Әуезовпен‚ М.Жұмабаевпен танысты. Ленинград (қазiргi Санкт-Петербург) қаласындағы Шығыстану институтының түркiтану және тарих-филология факультеттерiнде (1925–29) қатар оқыды.
Марғұлан КСРО ғылым академиясының академигі А.Е.Ферсман мен профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археология және этнография экспедицияларының (1926–27) жұмысына қатысты. Экспедиция кезiнде Ә.Н.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бiрлесiп қызмет жасады. Әлкей 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды. 1929 ж. Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап‚ орыс география қоғамы архивiндегi Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негiзiнде ғылыми дәйектi тұжырымдар жасады.
Терминология комиссияның ғалым-хатшысы (1930–31), Ленинград қасындағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспиранты (1931–34)‚ Шығыстану институтының оқытушысы (1931–35), Мәскеу қаласындағы материалдық Мәдениет тарихы институтының iзденушiсi және ғылыми қызметкерi (1936–38) болды. Осы жылдары ол Шығыс Түркiстан археологиясы мен өнерi бойынша маманданып, бiрнеше археологиялық экспедицияларға қатысты. КСРО ғылым академиясының қазақ бөлiмшесi Тарих институтының аға ғылыми қызметкерi (1939–41) болды. Оның «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар Дулати – тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» (1940–41), т.б. еңбектерi жарық көрдi.
1941 ж. КСРО ғылым академиясы Қазақ бөлiмшесiнiң тарих бөлiмiн басқарды. Осы қызметте жүрiп «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған канд. диссертациясында (1943) көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докт. диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды. Археология, палеолит бөлiмiнiң меңгерушiсi, аға ғылыми қызметкерi (1946–53), Қазақстан ғылым академиясының Архитектура құрылыс және құрылыс материалдары институтының аға ғылыми қызметкерi (1953–55) болды; кейін этнография бөлiмiн (1958–76) басқарды.
Осы жылдары Марғұлан Сырдария, Шу, Талас өзендерi бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады. Кемел Ақышев, М.Қадырбаев, М.Оразбаевтармен бiрге Орталық Қазақстанда жүргiзген археология қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгi мәдениетi» (Древняя литература Центрального Казахстана, 1966) атты ғылыми-зертханалық еңбегiн жазып‚ кiтаптың редакциясын басқарды.
Марғұлан – қорқыттанушы. Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушiсi, батагөй-сәуегейi Қор-қыт мұрасын зерттедi. М-ның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйi», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт тол-ғауы», «Тәңiр биi» дейтiн рухани iзгi дәстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт – «керемет иесi», «Ұлыстың ұлы кеңесшiсi», «тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау». Марғұлан Қорқыт мұрасын, дәстүрiн ұстанған халық мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерiн былайша топтастырады:
* бақсы-жыраулар (Қойлыбай, Қарамырза, Нысан абыз, т.б.);
* қобызбен күй орындаушылар (әл-Фараби, Кетбұға);
* сәуегей жыраулар, шешендер (Сыпыра жырау, Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Қазтуған, Әнет баба, Бұқар жырау, Тәттiқара, Майлықожа, т.б.);
* Қорқыт дәстүрiн жалғастырған, қобызбен жыр туындатқан ақындар (Балқы Базар, Ерiмбет жырау, Кете Жүсiп, Қаңлы Жүсiп, Абыл, Оңғар жырау, Шораяқтың Омары, т.б.).
Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде (1959) қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады. Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуiнде әдеби-тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседi. Ол сонымен қатар қырғыз халқының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеулер iсiнiң дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзiне алғаш таныстырған Ш.Ш.Уәлиханов, кеңес заманында бастапқы зерттеулердi жүргiзген Әуезов болса, кейiннен осы дәстүр Мағұланның «Шоқан және Манас» атты монографиясында жалғасты. Ол эпостағы өмiр шындығы, жырдың шығу тегi, дәуiрi, кейiпкерлерi мен көркемдiк кестесi және манасшылардың жырды жетiлдiрудегi қызметi‚ т.б. жөнiнде ғылыми маңызы жоғары пiкiрлер айтты.
1957–1967 ж. Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Мұхтар Әуезов, С.Бәйiшев, С.Мұқанов, Қ.И.Сәтбаев, А.Нүсiпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.
1976–1984 ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi болды. Оның ынта-жiгерi мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бiрнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзiне дейiнгi Қазақстанды зерттеушi орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелiлер мекенi болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтiндiгiн дәлелдедi. Ғалым 1940 жылдардың аяғында бiрнеше рет саяси қудалауға түсті, кейiн де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбiр қисынсыз сындарына ұшырады.
## Еңбектері
Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер (қолданбалы және сәулет өнерi) және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғыл.-зерт. жұмыстар, 100-ден астам энциклопед. мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады. М-ның ғыл. еңбектерiнiң бiрқатары шетел тiлдерiне ау-дарылды. 1991 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтындағы археология орталығының негiзiнде Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екібастұз, Жезқазған қ-лары мен Оңтүстік Қазақстан облысында, Баянауыл, Екiбастұз аудандарында бiрнеше көшелер, мектептер М. есiмiмен аталады. Павлодар қаласында мүсiнi орнатылған‚ сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетiнде Марғұлан атында стипендия тағайындалып‚ музей ашылған. 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өттi (2004). Қазақстан ғылым академиясының Уәлиханов атынд. (1967), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiмен және медальдармен марапатталған.
## Шығармалары
* Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана, А.-А., 1950;
* Открытие новых памятников культуры эпохи бронзы Центрального Казахстана, А.-А., 1966;
* До исламская архитектура Казахстана, М., 1968;
* Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана, А.-А., 1979;
* Ежелгi жыр аңыздар, А., 1985;
* Казахское народное прикладное искусство, 1–3 т.,1986–90;
* Собрание соч., 1–4 т., А., 1998 – 2003; Шығармалары, А., 2007.
## Дереккөздер |
Мәртөк — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл, аудан және Мәртөк ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Ақтөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде, Елек өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 8117 адам (3924 ер адам және 4193 әйел адам) болса, 2009 жылы 9795 адамды (4670 ер адам және 5125 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі Ташкент – Орынбор темір жолының салынуына байланысты қаланған. Мәртөкте ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мәртөк арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы және Ақтөбе – Мәртөк автомобиль жолы өтеді.
«Мәртөк» елді мекенінің атауына қатысты пікірлер осы уақытқа дейін әртүрлі. Олардың барлығы да назарға алуға тұрарлық, бірақ мұрағаттық дәлелдер жоқ. Газеттердегі жарияланымдардың біреуі ауданның атауы «мортық» шөбінен шыққан десе, басқалары мибатпаққа батып кеткен ақмаңдай жалғыз мүйізді бұқа туралы аңыздан қалды дейді.
## Дереккөздер |
Масанчи Мағазы (1885, Верный — 1935) — мемлекет қайраткері. 1917 ж.Ташкентте құрылған Түркістан Жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің мүшесі болды. 1920 ж. М. бастаған Түркістан дүнген полкі құрылды. 1921 ж. ол 8-қазақ бригадасы құрамына енгізіліп, басмашыларды жою мақсатында Ташкент қ-на жіберілді. 1922 ж. Жетісу облысы милиция басқармасының бастығы болып тағайындалды. М. Алматыдағы алғашқы дүнген мектебінің және “Кеңестер елі” дүнген ұжымшарының негізін қалады. Өмірінің соңына дейін ол Қазақстан мен Өзбекстандағы кеңестік органдарда жауапты қызметтер атқарды. Алматы қ-нда М-дің құрметіне ескерткіш орнатылып, көше аты берілген.
## Дереккөздер |
Масаты – қымбат бағалы жұмсақ түкті барқыт, жібек мата.
Масатыдан көйлек, бешпент, қасаба, тақия сияқты қыз-келіншектерге арналған сәнді киімдер тігіледі.
## Дереккөздер |
Мәртөк ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы — Мәртөк ауылы.
## Географиялық орны, жер бедері мен климаты
Мәртөк ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, батысында Қобда, оңтүстігінде Алға ауданы және Ақтөбе қаласымен, шығысында Қарғалы ауданымен шектеседі. Аудан солтүстіктен оңтүстікке 110 шақырымға созылса, бұл көрсеткіш шығыстан батысқа 147 шақырым құрайды. Аудан жері негізінен жазық, солтүстігі сәл қыратты келеді. Ең биік жері ауданның солтүстік-шығысында (414 м). Климаты айқын континенттік, қысы — суық, жазы — ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда –15 — 17С, шілдеде 21 — 23С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 220 — 250 мм.
## Халқы
Халық саны 29980 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,72%), орыстар (17,67%), украиндар (12,15%), немістер (2,78%), беларустар (0,37%), татарлар (1,76%), басқалары (2,55%). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,5 адамнан келеді.
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 32 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Өзен-сулары
Ауданның оңтүстік-батыс жерімен Елек өзені және оның салалары Ақсу, Жамансу, Тәңірберген (Танаберген) ағып өтеді. Шығысын бойлай Жайық өзенінің саласы Қиялы Бөрте өзені ағады. Бірнеше ұсақ көлдер бар.
## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Аудан аумағында құрғақ дала белдеміне тән топырақ жамылғысы қалыптасқан. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында жерінің көбі жыртылған. Өсімдіктің 300-ден аса түрі бар, оның ішінде боз, бетеге, қара жусан, ши, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, борсық, сарышұнақ, аламан тышқаны және бауырымен жорғалаушылар, т.б. мекендейді. 160-қа жуық құс түрі ұялап, 27-ісі жыл бойы қалады.
## Шаруашылығы, инфрақұрылымы
Ауданда 1996 жылға дейін астық өндіру, оған қосымша сүтті-етті мал, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 13 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1996 жылдан АҚ-дар, ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 480 мың га, оның ішінде жыртылған жері 188,2 мың га, шабындығы 11,0 мың га, жайылымы 265,2 мың га, орманы 5,6 мың га. (2000). Мал шаруашылығында 2000 жылы 35,1 мың сиыр, 14,4 мың қой мен ешкі, 10,2 мың шошқа, 1,5 мың жылқы болды. Жалпы білім беретін 31 орта мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, мәдениет үйі, 16 клуб бар. Денсаулық сақтау саласында аурухана мен емхана, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Аудан жерімен Орынбор — Ташкент т. ж., Ақтөбе — Мәртөк, Ойыл — Мәртөк автомобиль жолдары өтеді.
## Дереккөздер |
Матай — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Матай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 82 км-дей жерде, Ақсу өзенінің жағасында.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1930 жылы Түрксіб темір жол салуға байланысты қаланды. 1931 жылы 4-класты темір жол стансасы іске қосылды. 1982 жылы Алматы темір жолы басқармасының жол жөндейтін “Матай” кеңшары құрылды. Оның негізінде 1997 жылдан Матайда және округке қарасты Алажиде, Орманов атындағы ауылдары және Қайрақты, Қараой темір жолы бекеттерінде ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары құрылған.
## Дереккөздер |
Марков мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде. Үлкен Басқан өзенінің саласы — Кеңсайдың бастауында. 1974 жылы мұздыққа белгілі географ К.К.Марков есімі берілді.
## Аумағы
Мұздықтың ұзындығы 5,4 км, ашық жері 4,0 км. Ауданы 5,2 км2, ашық жатқан тілі 1,8 км2, борпылдақ жыныстармен жабылған бөлігі 1,1 км2. Фирн (мұзқар) сызығы 3515 м биіктікте өтеді.
## Жер бедері
Мұздық үш камерадан тұрады; үлкені — орталық камера, кішірек екі камера Марков шыңының беткейінде. Моренаның төменгі етегінен өзен басталады.
## Дереккөздер |
Маулане Пайрауи, Шаһ Мұхаммед ибн Хисам ад-дин Бұхари (т.-ө.ж.б.) – тарихшы. Негізгі еңбегі Жалис әл-Муштақин парсы тілінде жазылған. М. П. өмірі жайлы нақты деректер жоқ. Кей мәліметтерге қарағанда, Бұхарадан шыққан және ислам дінбасыларымен жақын болған. М. П. шығармасын естеліктермен, шәкірттерінің, дос-жарандарының әңгімелері негізінде жазған. Бұл еңбек қазақ халқының ортағасырлық тарихы үшін бағалы дерек көзі болып табылады.
## Дереккөздер
[[Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9]], 6 том
## Сілтемелер |
Маусымжан– қазақтың халық биі.
Музыкалық өлшемі 2/4. Алғаш рет Қазақ мемлекеттік филармониясының би ансамблінде (қоюшы Ш.Жиенқұлова) қойылды. Бишілер әсем қимылмен сұлу қыздың көркін, нәзік сымбатын бейнелейді. Кейіннен жеке бишінің орындауында (қоюшы Ш.Жиенқұлова) да қойылды. “Маусымжан” биі көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуарынан тұрақты орын алған.
## Дереккөздер |
Кекесін, ирония (грек. eіroneіa – жорта ойлау, алдау) – сөзді тура мағынасында айтылғандай қолдана отырып, оған қарама-қайшы мағына беру, сөйтіп, ойды жеңіл әзіл-қалжыңмен, зілсіз кекесінмен керісінше айту тәсілі.Қай сөздердің осылай астарлы мағынада, керісінше қолданылып отырғаны олардың айтылу қалпынан, ой желісінен, сөйлеу интонациясынан ап-айқын сезіліп отырады.Кекесін тәсілін қолданудың әсерлілігі жағымды, жылы сөздермен айта отырып жағымсыз мінез, іс-әрекеттерді көрсететін тапқырлық пен қарама-қайшы жайларды тартыстыру арқылы ойды жасырын түрде жеткізе білетін көркемдік шеберлікте. Мыс., “Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші, есіл ер! Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де, билей бер”. Абайдың “Шегіртке мен құмырсқа” атты мысал өлеңіндегі осы бір шумақтағы “қайтсін, қолы тимепті” дегені алғашқы бір сәтте жаны ашып аяғандай көрінсе де, одан әрі бұл сөздері де, “өлеңші, әнші, есіл ер” деп мадақтауы да кекесін екені бірден аңғарылады да, “селкілде де, билей бер” деген тұста rекесіннің аяғы мінеу, шенеуге айналады.
## Дереккөздер: |
Келдібек хан – Алтын Орда ханы. Жошы әулетінен шыққан, Батудың ұрпағы.
Муин әд-Дин Натанзидің “Ескендір анонимі” мен орыс жылнамаларында Келдібек хан Алтын Орда ханы Жәнібектің, ал “Муизз әл-ансаб фи шаджарат салатин Моғұлда” Жәнібектің баласы Ірінбектің ұлы делінеді. Кейбір шығыс авторлары мен орыс деректерінде Келдібек хан 1357 жылы Бердібектің қолынан қаза тапты деп көрсетілген. Алтын Ордадағы 1360 – 80 жылы “дүрбелең жылдары” Өзбек ханның жесірі, Жәнібектің шешесі Тайдұғлы бегім және оның жақтастары Сарай қаласында Келдібек ханның атымен басқа біреуді хан деп жариялады. Шығыс Дешті Қыпшақ аңыздарында ол адам жалған Келдібек хан деп аталды. Таққа отырғаннан кейін Келдібек хан Жошы әулетінен шыққан көптеген әмірлер мен билерді қырып-жойды. Нумизматикалық деректерге қарағанда һиджраның 762 – 63 ж. (1360 – 62) билік құрған. Низам әд-Дин Шами, Шараф әд-Дин Әли Йездидің мәліметтері және авторы белгісіз “Шәджарат әл-атрак” шығармасы бойынша, ол Бердібектен кейін және Наурыз ханға дейін билік жүргізген. Өтеміс қажының “Шыңғыснамесінде” Келдібек хан Бердібек қайтыс болған соң хан болған Хызыр хан тақтан қуылғаннан кейін билік басына келген. Орыс жылнамалары мен басқа да деректер бойынша, Келдібек хан Бердібек, Құлпа, Наурыз, Хызыр, Темір қожа, Орда-Шейх, Абдаллах сынды хандардан кейін, Мұратпен (Мурид, Мурут, Бурут) бір мезгілде билік жүргізген. Мұрат Келдібек хан қайтыс болғаннан кейін сарайда хан болған. Келдібек хан өзіне наразы әмірлердің қолынан қаза тапты. Келдібек хан тұсында Алтын Ордадағы экономикалық-саяси жағдай едәуір әлсіреді.
## Дереккөздер: |
Келес – Сырдария алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Қазығұрт, Келес аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 241 км, су жиналатын алабының ауданы 3310 км2.
## Бастауы
Бастауын Қаржантау жотасының батыс беткейі мен Қазығұрт тауынан бастау алып, Шардара бөгеніне құяды.
## Ағысы
Бастау алатын жерінен оңтүстік-батысқа қарай ағады. Қаратас ауылының тұсында оңтүстікке бұрылады.
## Гидрологиясы
Жоғары ағысындағы арнасы тар және тік жарлы келген, төменгі ағысындағы арнасы кең. Ірі салалары Көкпарсай, Қаржансай, Ұялысай, Ащықарабаусай, т.б. Суы тұщы. Қар және жер асты суымен толығады. Қапыланбек ауылы тұсындағы көп жылдық орташа су ағымы 5,9 м3/с шамасында. Өзен суы бау-бақша, егін суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Келіншекшөп(Chaetolіmon) – қорғасыншөп тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қызылқұм (Бетпақдала), Түркістан, Қаратаудың тасты беткейлерінде, қызыл сазды, тастақ шөлдерде тікенді Келіншекшөп (Chaetolіmon setіferum) түрі өседі. Биіктігі 20 – 40 см, тамыры жуан, жапырақтары тамырын айнала қоршап, жертағандап орналасады. Олардың ішкі орамы (жазғысы) етжеңді, жалпақ, кейде дөңгелек жебе тәрізді, ал жазғытұрымғы жапырағының сыртқы орамы – жұмсақ, жұқа, тез қурап қалады. Гүлсидамдарының саны – 2 – 12, тік, сынғыш келеді. Гүлшоғыры – бір не екі гүлді масақ. Гүлінің күлтесі – ірі, желегі негізінен бос орналасады. Тек түбінде ғана біріккен, ақшыл қызғылт түсті. Тостағаншасының ұзындығы 12 – 14 мм, ені 1 – 1,5 мм, түтік тәрізді. Сәуір – маусымда гүлдейді, мамыр – маусымда жемістенеді.С. Арыстанғалиев
## Сілтемелер |
Кекілік (лат. Alectoris chukar) – тауықтәрізділер отрядына жататын құстар.
Салм. 400 – 500 г. Ересек Кекіліктің арқасы көкшіл сұр, қанатының жамылғы қауырсындары көкшіл теңбілді қызғылт сары. Қоңыр сары мойны мен шықшыты қара жолақпен көмкерілген, омырауы көкшіл сұр, бауырының қалған жері қоңыр сары, екі бүйірі ақ, бірақ қара, сары жалпақ жолақты. Кекілік Қазақстанда Жетісу (‘’Жоңғар’’) Алатауында, Қаратауда, Іле және Теріскей Алатауында, Сауыр, Тарбағатайда, Үстірт, Маңғыстауда тараған. Кекілік – ұяламаған уақытта топтанып жүреді, тұрғылықты құс. Жердегі не тас арасындағы шұқыршықтарға құрғақ шөп төсеп, 7 – 22 жұмыртқа салады. Өсімдік дәнін, жәндіктерді жейді. Кекіліктің еті дәмді, арнайы рұқсатпен ауланады.
Кекілік - орташа денелі тауық тұқымдастардың өкілі. Қара жолақпен жиектелген, ақ тамақты, екі бүйірі ақ және қара қиғаш жолақты, екі бүйірі ақ және қара қиғаш жолақты ашық өңді құс. Тұмсығы және аяғы - ашық қызыл түсті. Ұялау кезеніңде кекіліктер көбінесе алға шағып тұрған тасқа немесе аласа жартасқа орнығып алып, « кеке-лік», « кеке-лік» деп сыңғырлай қайталап концерт береді.
## Мекені
Еуропаның оңтүстік шығыссында , Алдыңғы, Орта және Кіші Азида өмір сүреді. Қазақстанда Маңғыстау және оңтүстік пен оңтүстік- шығыстың барлық тауларында ұялайды. Теңіз деңгейінен 2500 метрге дейін жоғары тау етегінен құрғақ, тік беткейді ұнатады, оның үстіне әрі құрғақ, әрі ыстық жазда одан жоғарырақтан да кездесуі мүмкін.
## Өмір сүру дағдысы
Өсімдіктекті азықпен ( түбіршікпен, өркенмен, тұқымдармен, жидектермен ) қоректенеді, жазда бунақденелілерді сүйсініп жейді. Төсеніш төселген шұңқырда, жерде ұя салады. Салындыда 6-дан 24-ке дейін жұмыртқалар болады. Кекіліктің екі ұяда қатар ұялайтыны мәлім. Аналық екі ұяға жұмыртқа туып, бір салындыда – өзі , екіншісінде аталығы жұмыртқа басады. Соның салдарынан өрген балапандар қосылады да, жаздың соңында елу балапан ертіп жүрген топтарды жиі кездестіруге болады. Сірә, бұл қалың қарлы қыстан соң санын тез толықтыруға мүмкіндік беретін болар. Өйткені кекіліктер қарды тебіндеп қорек табуға мүмкіндігі болғандықтан, ашығып, көпшілігі өліп қалады. Кекіліктер аңшылардың ең сүйікті олжасы болып саналады.
## Аспаздық анықтама
### Қуырылған кекілік
Жүнін жулып, ішін тазартқан кекілік етін тұздайды және дәмін жақсарту үшін әр жеріне тұздалмаған мал майын тығыл, жіппен байлап қояды. Шұңғыл шойын табаға тоң майды (1—2 ас қасық) ерітіп алғаннан кейін, етті сонда қызыл күрең тартқанша қуырады. Осыдан кейін ұшаны ыстық духовкаға қояды да, оқтын-оқтын өзінен шыққан сөлін құймалап пісіреді. Ет әдетте 35—45 минутта әзір болады. Әзір болған ұшаны бірнеше бөлікке бөліп, ыдыстарға салады да, қуырғаңда шыққан майы мен сөлін үстіне құймалап, ақжелкен қосып дәмдендіреді. Санат, жібітілген бүлдірген, маринадталған жеміс-жидектерді дастарқанға бөлек ыдысқа салып қояды.
## Дереккөздер
Мектеп энциклопедиясы "Құстар", Алматыкітап 2010, Автор: А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь
## Сыртқы сілтемелер
* Каменная куропатка или кеклик
* Кеклик(қолжетпейтін сілтеме) |
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау облысы – 11 желтоқсан 2015 жыл, Астана) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2015).
## Өмірбаяны
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.
1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі.
Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы. 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті. Мүрдесі ұлттық пантеонға жерленді. Шыққан руы Адай.
Лақап аты – Әбіш Таған.
### Отбасы
Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
1928–1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.
Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942–1945 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945–1962 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.
Әбіш Кекілбайұлы 1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.
Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
Жазушының жұбайының есімі – Клара Жұмабаева. Екеуі орта мектепте бірге оқыған. Бір күні жазда мектеп оқушыларының аудандық байқауы өтеді. Кекілбайдың Әбіші де тамашалау үшін концертке барған. Сахнада ән айтып тұрған ақ көйлек киген қызға жазушының көзі түседі. Сол жылы күзде Әбіш әлгі қызды қайта көреді. Сөйтіп танысады. Оқу орнын бітірген соң екеуі үйленеді. Клараның мамандығы – дәрігер.
Ерлі-зайыпты төрт бала – Әулет (1965–2013) пен Дәулет (1975) есімді екі ұл, Зәузат (1967) пен Сәулет (1971) есімді екі қыз тәрбиелеп өсірді. 2013 жылы Маңғыстауда үлкен ұлы Әулет жол апатынан қаза тапты. Әпкелері: Дыбыс пен Қаркөз Маңғыстауда тұрады, қарындасы Тілектес Қызылордада тұрады.
### Қызмет жолы
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.
1962–1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
1965–1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде.
1968–1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында.
1970–1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор.
1975–1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі.
1984–1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары.
1986–1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы.
1989–1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы.
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы.
1992–1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы.
1993–1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
1994–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.
1996–2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.
2015 жылдың 10 желтоқсан күні Әбіш Кекілбайұлы дүниеден озды.
2020 жылдың 5 шілдесінде Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызы өмірден өтті.
## Шығармашылығы
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.2010–2013 жылдары «Жазушы» баспасында 20 томдық “толық” шығармалар жинағы шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының (1986), Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1995), «Отан» орденімен (1999), Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
## Марапаттары
## Әбіш Кекілбай атында
2019 жылы Маңғыстау өңірінде халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлына ескерткіш ашылды. Ақтау қаласында бой көтерген ескерткіштің авторы – мүсінші, суретші Көшер Байғазы. Қоладан тұрғызылған ескерткіштің биіктігі – 3,5 метр. Салмағы – 3,5 тонна.
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Астана)
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Алматы)( бұрынғы атауы Коблукова) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Орал)( бұрынғы атауы Комсомольская) ,.
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы Оңды орта мектебі (Маңғыстау облысы) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы BINOM мектебі (Астана) .
* Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі (Ақтау) .
* Әуе қалашығындағы 900 орындық №72 Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін ІТ мектеп-лицейі (Ақтөбе) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы ғылыми-зерттеу зертханасы (Ш.Есенов университеті).
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы аудитория ашылды (Еуразия ұлттық университеті)
* Әбіш Кекілбайұлының атындағы оқу залы (Ұлттық академиялық кітапхана) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы аудитория (Қазақ ұлттық университеті) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы аллея (Астана) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы мәдени орталық (Ақтау).
## Сыртқы сілтемелер
* Әбіш Кекілбайұлының сайты Мұрағатталған 2 тамыздың 2018 жылы.
* Әбіш Кекілбайұлы Adebiportal.kz сайтында
* Әбіш Кекілбайұлының қазасына қатысты мемлекет және қоңам қайраткерлері тарапынан айтылған сөздер Әулие Әбіш әлемі «Қазақ әдебиеті», 18.12.2015
* Әбіш Кекілбайұлы / Ғибратты ғұмырлар / Асыл арна YouTube сайтында
## Дереккөздер |
Кемпірауыз (Клещи) — дайындаманы қысыммен өңдеу кезінде қарпып ұстауға және орын ауыстыруға арналған қысқаш тәрізді теміршебер құралы.
## Түрлері
* Қысатын кемпірауыз (Клещи зажимные) — қысуға қолданылатын қысқыш.
* Бүкірейген кемпірауыз (Клещи выгнутые) — қарпығыш бөлімі бүкірейіп тұрған қысқыш.
* Қапсыра камтитын кемпірауыз (Клещи охватывающие) — қарпығыш бөлімі қысқанда қапсыра қамтитын қысқыш.
* Жазық ерінді кемпірауыз (Клещи с плоскими губами) — қарпығыш бөлімінің түрі жазық болатын қысқыш.
* Дөңгелек ерінді бойлық кемпірауыз (Клещи продольные с круглыми губами)
* Дөңгелек ерінді көлденең кемпірауыз (Клещи поперечные с крулыми губами)
* Шаршы ерінді бойлық кемпірауыз (Клещи продольные с квадратными губами)
## Дереккөздер |
Кемпірсай кенді алқабы– Ақтөбе облысы Орал тауының оңтүстігінденде Орталық Орал көтерілімі ауқымында орналасқан аса ірі хромит, никель, кобальт кен орындары шоғырланған алап. Хромит кен қоры жағынан дүние жүзі бойынша 2-орында. 1920 – 36 ж. ашылған. Алап меридиан бағытында 88 км-ге созылған, кенді бөлігінің ені солт-ндегі 1 км-ден оңт-ндегі 50 км-ге дейін өзгереді, ауданы 1200 км². Кемпірсай ультрабазит алабында барлығы 160 кен орындары, кен білінімдері мен минералданған нүктелер анықталған. Кемпірсай кенді алқабында палеозой және прекембрий тау жыныстары созылыңқы көтерілім түзеді, ол Орал тауы антиклинорийінің оңт-тегі жалғасы болып табылады. Кен орындары осы антиклинорийдің шығыс қапталында, аймақтық терең жарылым маңында орналасқан. Жарылымға шығыс жағынан девон және одан да жас түзілімдермен толған ойыс жанасады. Интрузивтің солт. бөлігі антиклиналь қатпарының флексурасымен күрделенген, оңт. үш антиклинальді қамтиды. Кейінгі девонда жер бетіне көтерілген интрузив қатты үгілуге ұшыраған. Геол.-құрылымдық карталау мен құрылымдық-іздеме бұрғылау нәтижесі интрузив құрамындағы перидотит дуниттен басым екенін көрсетті. Дунит массивтің оңт.-шығыс бөлігі мен солт. жартысында кеңінен таралған. Перидотит пен дунит-гарцбургит белдемдерінде жатқан кен денелерінің өлшемдері шағын (қалыңд. бірнеше м, ұзындығы 10 – 100 м). Олар тұтас, жиі сеппелі кентастардан тұрады. Кентасты хромшпинелидтердің құрамында Cr2O3 мөлш. 40%-ке дейін, ал Al2O3 – 30 – 38%. Ал дунитпен байланысты кен денелері үлкен өлшемдерімен (қалыңд. ондаған м, ұзындығы 800 м-дей), Cr2O3 мөлшерінің жоғары (60%-ке дейін) және алюмооксидтер мөлшерінің төмендігімен (7 – 11%) сипатталады. Кен денелері, негізінен, антиклиналь қанаттарында орналасқан. Кен орындарының барлығы кен түзілуден кейін тектоник. қозғалыстар салдарынан блоктарға жіктелген. Тектоник. құбылыстар лықсымалар мен қаусырмалар, кейде ығыспалар мен бастырмалар түрінде білінеді. Интрузив аумағында Қазақстанның негізгі шикізат базасы саналатын Кемпірсай никель-кобальтты кендері орналасқан. Басты кен минералдары – жасыл және сарғыш жасыл түсті нонтронит пен гарниерит, қосымша минералдар – керолит, асболан, никельді хлорит, гетит, гидрогетит, т.б. Кен денелерінің қалыңд. 1 – 2 м-ден 21 – 26 м-ге дейін. Кен орындары ашық тәсілмен игеруге ыңғайлы.
## Дереккөздер: |
Кемпіртас – әдет-ғұрып, діни сенімдерге байланысты тастан мүсінделген адам пішіні, балбал тас. Қарпат таулары маңынан Моңғолияға дейінгі Еуропа мен Азия құрлығындағы жазықтарда, Қырым, Солтүстік Кавказ даласында кездеседі. Кемпіртас 4 топқа бөлінеді: 1) қола дәуіріндегі Кемпіртастар (б.з.б. 2-мыңжылдық) – бас жағына жұлдыздардың, етегіне адамның тұрпаты пішінделген, биікт. 2 – 4 м сын тастар; 2) Қара т. маңындағы сақ дәуіріндегі . Кемпіртастар 13 ғасырдағы Еуропа саяхатшысы В.Рубруктің дәлелдемесіне орай ғалымдар Кемпіртасты қыпшақтардың 11 – 12 ғасырлардағы мәдени мұрасына жатқызады. Ішінара алан мен хазар тайпаларынан (6 – 8 ғасырлар) қалған мұраға да санайды. Кемпіртасты ескі түркі жазуында «блбл», орхон жазуында «балбық» деп таңбалайды. Кемпіртас ұғымы ғылым мағынасында балбалдар мен мүсін тас түсінігін қоса қамтиды. Қазақстанда балбалдар, негізінен, Баянауыл маңында, мүсін тастар Атасу, Қарқаралы, Беғазы, Жылысбай, Жекешат пен Ерейментауда кездеседі.
## Дереккөздер
* Веселовский Н., Современное состояние вопроса о «каменных бабах» или «балбалах» Зап. Одесского общества истории и древностей», т. 32, 1915;
* Марғұлан Ә.Х., Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер, Ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966.
## Сыртқы сілтемелер
* Кемпіртас |
Келіншек – жаңа түскен келін, келіннің жас кезіндегі атауы. Ең алғаш келіншек деген атау қалыңдықтың ұзатылып келе жатқан көшіне байланысты айтылады. Ұзатылып келе жатқан қыз көшін күйеу жігіттің ауылына жақындағанда келіншек көші дейді. Келінді қарсы алғанда да келін келді деп айтумен бірге келіншек келді деп те қолданады. Беташарда да келін, келіншек сөздері қатар жұмсала береді.
## Келіншек ұғымы
Келіншек аты жасы үлкендер үшін келіннің жастық шағына байланысты, ал келін аты оның қартайған шағына дейін қолданылады. Жігіттің әйелін замандастары жас келіннің атын атап айтумен бірге күйеуінің атын атап барып «... келіншегі» дейді. Келін болып түскен қыз қайыната, қайынене, қайынаға, абысындарына – келін, ал күйеуіне – келіншек, өзінен жасы кішілерге – жеңеше (жеңге, жеңше) болады. Келін туыстық қатынасқа байланысты қолданылса, келіншек туыстық қатынасты білдірмейді, «жас әйел» ұғымында қолданылады.Қазақ тіліндегі келіншек сөзінің қыз сөзімен қосарланып, қыз-келіншек түрінде айтылуының өзі «сол ауылдың қыздары сияқты келіннің де әлі жап-жас», «солар сияқты қызылды-жасылды киінген», «сән-салтанатты» тәрізді ұғымдарды қамтиды.
## Келіншек міндеті
Жас келіннің, яғни келіншектің міндеті – тек ата-ананы т.б. күту емес, сол үйдің бойжеткен қызының ең жақын қамқор тілекшісі, сырласы болу. Бойжеткен қыз жеңгесінің үй тірлігін қалай атқаратынын көріп, көңіліне көп нәрселерді түйе береді. Өзінің ішкі сырларын жеңгесімен бөліседі. Қыздың жүріс-тұрысын ата-ене келініне тапсы-рады. Сөйтіп, келіншек бойжеткеннің тәрбиелі болуына, арын таза ұстауына қызмет етеді. Алтыбақанға, думанды ойын-сауыққа бірге барады. Жігітпен кездестіретін, оларды табыстыратын да қыз жеңгесі, келіншек болады.Қайын сіңлісі бар келіншектердің, бір жағынан, қыз таңдаған жігіттерге сөзі өтімді, екінші жағынан, қыз абыройының алдында аса жауапты. Осындай жағдайларға байланысты «Қызы бар үйдің келіншегі сүйкімді», «Қызды жеңге бұзады, жеңгені теңге бұзады» секілді мақалдар мен «Қалмады баста бөрік, белде белбеу, Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай» тәрізді көпшілікке белгілі өлең жолдары бар. Мұндай сөздер келіншектің қыз бен жігіт арасындағы дәнекерлік, табыстырушылық қызметін көрсетеді. Ол қызмет жеңгетайлық деп аталып, оған арнайы берілетін сый-сияпатты (кәде) да жеңгетайлық деген. Кейінгі уақыттарда бұл сөз (жеңгетайлық) ауыспалы мәнде жағымсыз ұғымды да білдіреді («көңілдес әйел мен еркектің арасына жүруші»).
## Келіншектің киіну ерекшелігі
Қазақта келіншек атауының «жас әйел» ұғымын білдіретіндігін айқындай түсетін «үйде желегің желбіреп тұр ма?» («үйде келіншегің күтіп отыр ма?» деген мағынаны білдіреді) тәрізді фраза сақталған. Бұл фраза келіншектің киіну ерекшелігінен хабар береді. Шынында да, жаңа түскен келін той өткен соң сәукелесін шешіп, орнына жеңіл желек салып, жамылып жүреді. Осы желегімен келіншек 2-3 балалы болғанша жүреді де, кейінірек оған кимешек кигізіледі. Келіншекке кимешек кигізу туралы кейбір деректерде кимешекті бірінші баласын тапқан соң-ақ кигізілетіндігі айтылады. Алайда, кимешек кигізу уақыты қазақ елінің барлық жерінде дәл осылай болмаған, өйткені қазақ халқы қызын да, келінін де тым тұмшалай бермегендігі белгілі. Қысқасы, келіншек деп әлі мосқал тартқан, «сары қарын бәйбіше емес», біреудің (немесе ауылдың) жас келінін, жас жігіттердің әйелдерін атаған.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Алтынсарин И. Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомства. ЗООИРГО. Вып.1. Казань, 1870. С.104-110;
* Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской об-ласти. Т.1. Юридический быт. Ташкент: Типо-Литография С.И. Лахтина, 1889;
* Бекимов М. Свадебные обряды киргизов Уральской области. ИО-АИЭКУ. Т.ХХІ. Вып.4. 1905;
* Досжанов Д. Келіншектаудағы тас түйелер. Алматы: Жалын, 1979. 7-б.;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Келсоқ – ұлттық тағам. Тарыдан сөк жасалып, сөкті келіге салып үстіне аз ғана мөлшерде сүт, піскен немесе шикі қаймақ құяды да келсаппен түйеді. Әбден түйіліп болғанда сөк бөртіп, келсоқ дайын болады. Келінің ішінен қырып алып, дастарқанға қояды. Жас балаларға сыққан құрт сияқты береді.
## Дереккөздер: |
Кендірліқиясай – Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы шөлді үстірт.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы аралығында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 135 – 140 км-ге созылып жатыр, енді жері 90 км.
## Жер бедері
Үстірт теңіз деңгейінен 100-120 м биіктікте, абсолюттік биіктігі 170 м. Өн бойында ойдым-ойдым қазаншұңқырлар (Базыгүрлі-Жазыгүрлі) кездеседі. Тұрақты ағынды өзендері жоқ.
## Геологиялық құрылымы
Кендірліқиясай негізінен плейстоцен дәуірінің сармат кезеңі әктасынан түзілген, шөлдік денудациядан мүжілген аласа таулар мен төбелер понт және меотис әктастарынан құралады.
## Өсімдігі
Шөлдің сұр, сортаңды қоңыр топырағында көкбуын және сораң өседі.
## Дереккөздер |
Вениамин Моисеевич Кельман (7.2.1915, Украина, Киев - 27.04.2008, Теннеси) – физика-математика ғылымының докторы (1949), профессор (1953), Қазақстан ҒА-ның академигі (1962).
* 1937 жылы Киев мемлекеттік университетін бітірген.
* 1937–41 жылдары Украина ғылым академиясының Харьков қаласындағы Физика-техникалық институтында аға ғылыми қызметкер болды.
* 1941-1945 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты.
* 1945–62 жылдары КСРО ҒА-ның Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) Физика-техника институтында,
* 1962–87 жылдары Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер (1987–92) болып жұмыс істеді.
* 1992 жылдан АҚШ-та тұрады.
Негізгі ғылыми еңбектері электрондық және иондық оптика саласына және ажыратқыштық шамасы жоғары бета- және масс-спектрометрлер жасауға арналған.
Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Кенеп келесі мағыналарға ие:
* Иірілген мақта жіптен, кендір мен зығыр талшықтарынан тоқылған мата. Үй ішінде төсеніш ретінде пайдаланылады;
* Кескіндеме салуға арналып, матадан керілген негіз. Мата тікелей кескіндемеге арналса да кенеп деп аталады. Кенепке сурет салу 17 ғ-дан кейін өріс алды. “Полотно” сөзі майлы бояумен салынған картина ұғымын да білдіреді.
## Дереккөздер |
Кенегес Кенегес – қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының құрамындағы тайпа. Ақтөбе облысының оңтүстігіндегі қазақтар арасында кенегес атты рулық топ бар. Олар өздерін шектінің назар руына жатқызады да, арғы аталарын қазіргі Қоңырат қаласы төңірегінен, қарақалпақтың кенегес тайпасынан шыққан деп санайды. Халық арасындағы аңызға қарағанда, кенегес бір кездерде маңғыт тайпасы құрамында болған. Олар осы уақытқа дейін сол маңғыттармен бірге араласып тұрады. Тарихи мәліметтер бойынша кенегес деген атау ғыл. жазбаларда алғаш рет 1428 ж. кездеседі. Бұл тайпа және оның билеушілері Әбілхайырды хан көтеріп, оның Орта Азияны жаулап алу жорығына белсене қатысқан. Кенегестер қарақалпақ және өзбек халықтарының құрамына сол кезде кірген болуы керек. 19 ғ-дың аяғында өзбек кенегестердің саны 35 мыңға жетіп, Қашқадария алабы мен Шаїрисябз төңірегін қоныстанған. Ал қарақалпақ кенегестердің саны 20 ғ-дың басында 8600-дей болған. Олар Янгыбазар мен Кегейлі болыстарын қоныстанған.Бұхар мен Ферғана қарақалпақтарының арасында да кенегестер ұшырасады. Қарақалпақ кенегестері 8 руға (араншы, тарақлы, ақтоғын, оймауыт, омыр, жобал, ноқыс, домбозақ); өзбек кенегес тері 5 руға (қайсаралы, тарақлы, ачамайлы, абақлы, чехут) бөлінеді. кенегестердің ру аттары Орта жүздегі керейлердің ру аттарына ұқсайды. Қарақалпақ кенегестердің таңбасы – Х (ашамай), яғни Орта жүз керейлерінің ашамайлы руының таңбасымен бірдей.
## Дереккөздер: |
Кемпіршөп(Acanthоlіmon) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын аласа бұталы не бұташықты өсімдік. Қазақстанда Қаратау, Кетпен тауларында, Талас Алатауында, Мойынқұмда, Бетпақдалада, Тарбағатайда, Күнгей Алатауы, Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы), Іле Алатауларында, Шу-Іле тауында кездеседі. Тасты, тастақты, тұзды саздақты жерлер мен тау беткейлерінде өсетін 14 түрі бар, оның 6 түрі – эндемик. Кемпіршөптің биіктігі 7 – 40 см. Сабағын орай орналасқан жапырақтары ұзынша, үш қырлы, жұмырлау не жалпақ үшкір болып келеді. Ірі, қызыл, қызғылт, қарақошқыл, сирек ақ түсті гүлдері бір не көпгүлді масақ не қалқанша гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырақтары ойық шұңқыр тәрізді, күлтесі тостағаншасынан ұзындау. Аталығы – жіпшелі, аналығының мойны бос, жалаң болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі ұзынша келген, ашылатын қақпақшасы болады, піскенде тостағанша жапырақшасымен бірге түседі. Титов кемпіршөбі (Acanthоlіmon tіtovіі), Тарбағатай кемпіршөбі (Acanthоlіmon tarbagataіcum) және Линчевский кемпіршөбі (Acanthоlіmon lіnczevskіі) – Кемпіршөптің өте сирек кездесетін, жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқан түрлері. Сондықтан олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
С. Арыстанғалиев
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Кейкі батыр Көкембайұлы (Нұрмағамбет) (1871–1923) — 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған.
Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды.
Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 жылы 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады.
Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 жылы республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен. Батырдың бас сүйегі Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы болды. 2016 жылы Кейкі батырдың бас сүйегі елге қайтарылып, Аралық – Торғай тас жолының бойында орнатылған кесенеге батырдың бас сүйегі жерленді, сонымен қатар ол қаза тапқан Жалаулыдан топырақ әкеліп салынды.
Кейкі мергеннің ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді аудандағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады.
1996 жылы батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.
## Әдебиет пен ғылыми зерттеулердегі Кейкі батыр бейнесі
Кейкі батырдың бейнесі халқымен бірге жасап, өміршеңдік танытса да кеңес дәуірінде партиялық саясаттың ызғарымен ғылыми зерттеулерден оның аты алынып тасталды. Соған қарамастан, батырдың бейнесі кеңестік әдеби шығармаларда кең көрініс тауып, майталман жазушыларымыздың шығармаларында шындық астарланып берілді. Атап айтсақ, Ғ.Мүсіреповтың «Аманкелді» пьессасы, М.Қаратаевтың «Даладағы дауыл», Қ.Сәрсекеевтің «Қызыл жалау», А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романдары және т.б.. Тағы бір еске аларлығы М.Қаратаев, Қ.Сәрсекеев, А.Нұрманов сынды жазушыларымыз сол Торғай өлкесінің тумалары ретінде және батыр жайлы естеліктерді жастайынан бойларына сіңіріп өскендіктен тарихи ақиқаттан алыс кетпеген десек, ал, заңғар жазушы Ғ.Мүсірепов ХХ ғасырдың 30 жылдары Аманкелді Имановқа қатысты материалдар жинау үшін Торғай өңірін аралаған, 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі шайқас болған жерлерді көзі көреген, батырдың жарымен кездескен, көнекөз қариялардың естеліктерін тыңдап қағазға түсірген адам және осы сапарында Кейкіге қатысты да әңгімелерге қаныққан.
Ал, Тәуелсіздік алған уақыттан бастап батырдың тарихи тағдырына арнап К.Әмірқызы, С.Тұрғынбекұлы, А.Байжан, Ә.Қылышбайұлы, Қ.Әлім және тағы басқалары мерізімді баспасөз беттерінде қалам тартты. Бірақ жарық көрген мақала, кітаптарда Кейкі батырдың күрес жолы тек ел аузындағы аңыз-әңгімелер негізінде жазылды және мұндай талпыныс батырдың тағдырына қатысты көптеген жаңсақтықтарға жол ашты, оның ішінде оның туып-өлген жылдары, кеңестік билікке қарсы күрескен тұстары. Мұның басты себебі мұрағат қорларындағы құжаттардың сол уақытта әлі ғылыми айналымға түспеуі еді. Өйткені, Кейкі батыр тарихшы мамандардың арнайы зертеу нысанына алынбаған болатын, яғни халық жадындағы батырдың асқақ бейнесі дәуірінде құжатқа түскен құжаттармен нақтыланбады.
## Өмірбаяны
### Жас кезі
Кейкі Көкембайұлы 1877 жылы Торғай уезі, Қайдауыл болысында өмірге келген (қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Тасты ауылы). Азан шақырып қойған аты Нұрмағанбет, руы Құлан Қыпшақ. Көп кісіге қосылмай кейкиіп жүретін болғандықтан жеңгелері «Кейкі» атап кеткен. Сөйтіп, ел арасына «Кейкі» атымен танылған. Шежіреге зер салсақ Кейкі бес ағайынды болған: Көкембайдан Оспан, Қосжан, Омар, Кейкі және Шұбар. Осылардың ішінде бүгінде тек Қосшанның ғана ұрпағы бар. Кеңес дәуірінде Көкмбайдың кіндігінен тараған ұрпақтары «банды», «басымашының» туыстары деп айыпталып, билік басындағылардан тепірешті көп көрді.
Жастайынан батыр мінезді Кейкі өзімен рулас Торғай өңіріндегі атақты бай Шашамбайдың Рахметі деген кісінің бетке ұстар жылқышысы болған. Аманкелдімен бірге барымташылыққа да түскен сарабдал азаматтардың қатарында бой түзеді.
### Ұлт-азаттық қозғалысқа аттануы
Кейкі батырдың елін күреске бастап шығуы және отарлық саясатқа қарсы қарулы қарсылық танытуы, атының ел аузына ілігіп "құралайды көзге атқан мерген", "батыр" атануы Торғай даласындағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі тұсында орын алды.
Қазақ даласын тұтастай шарпыған Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусым жарлығы түрткі болған азаттық жолындағы күресте Кейкінің батырлығымен қатар құралайды көзге атқан мергендігі кең танылды. Сол көтеріліс кезінде ол Торғай даласында құрылған Қыпшақ хандығының мергендер мыңдығын басқарды.
Әу баста "патшаға қара жұмысқа адам бермейміз" деп өз қарсылығын танытып, ұйысқан халық бара-бара жеке хандық құрып, ауыз бірлігін танытты. Көтерілісшілердің 50 мыңдық әскеріне қарулас серігі А.Иманов Бас сардар, Кейкі мергендердің мыңбасы болып тағайындалса, хан қылып халқы Ә.Жанбосыновты көтерді.
### Ерлігімен көзге түсуі
Кейкі батырдың атышулы ерліктері 1916 жылдың күзі мен 1917 жылдың қысындағы Торғай, Құмкешу, Доғал, Үрпектегі және басқа да патшаның жазалаушы әскерлерімен болған шайқастарда анық көрінді, асқан мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті, яғни көтерілістің даңқты қаһарманына айналды, ерлігі аңыз болып тарады.
Оның көтерілісшілерге келіп қосылуынан хабар беретін алғашқы құжат 1916 жылғы 30 желтоқсандағы Торғай уезі, Қайдауыл болысы С.Бектасовтың уезд басшылығына жазған жеделхатындағы «...№11 ауылдан 10 адаммен Кейкі Көкембаев қосылды» деген мәліметі. Біздіңше бұл мәлімет Кейкі батырдың Торғай өңірінде көтерілген елге соңын ала қосылды деген ойды туғызбаса керек. Өйткені, 1916 жылғы 9 шілде көтерілістің орталығына айналған Батпақарада Ә.Жанбосынов басқарған сарбаздардың арасында Аманкелдімен бірге Кейкіде жүрді. 24-шілдеде Торғай уезді бастығының хабарлауынша Торғай және Ырғыз қазақтарының қырға көшуі, онда қарулы сарбаз құру туралы хабарланған болатын.
### Алашқы шайқастар
Сол жылдың қазан айында 7 мыңдай қарулы сарбаздар Ақтүбек деген жерге жиналып, Торғай қаласына шабуыл жасау, әскери гарнизонды басып алу мәселесін талқыға салды. Әсіресе, Кейкі батырдың алғаш сынға түсуі 1916 жылы 21 қазанда Татыр көлі маңында патшаның жазалушы әскерімен болған ашық шайқаста өтті. Ол басқарған мергендер мыңдығы жазлаушылардың шабулына тойтарыс беруде асқан ерлік танытты. 6 қарашада Ә.Жанбосынов пен О.Шолақовтың біріккен қолы Торғай қаласына шабуыл жасады. Осы қаланы басып алу жолындағы күресте Кейкі бастаған мергендер нысанаға алғанын баудай түсіріп отырды.
Қыстың түсуіне қарамастан көтерілісшілер күресін жалғастыра берді. 1917 жылдың 13 қаңтарында көтерілген халықты сабасына түсіруді мақсат етіп ел ішіне шыққан Кислов басқарған Қостанай жазалаушы әскеріне Аманкелді мен Кейкі басқарған 1 500 сарбаз Шошқалы қопасында тұтқиылдан шабуыл жасады. Күштің тең болмау салдарынан шегіне жүріп ұрыс салған қазақ сарбаздары жазалаушы әскерге Күйік қопасында қайта ұрыс салды. Нәтижесінде жазалаушы әскердің мақсаты орындалмай кері шегінді.
### Доғал-Үрпек шайқасы
1917 жылы 16 ақпанында Торғай көтерілісшілерінің тобын жою үшін полковник Тургеневтің Орынборлық 13 атты казак полкі Батпаққараға бет түзеді. Жазалаушылардың қалың қолына көтерісшілер 20 ақпанда Құмкешуде, 23 ақпанда Доғал-Үрпек бойында шабуыл жасап, патша әскерін едәуір шығынға ұшыратты. Осы шайқаста Кейкі батырдың тапқырлығы, соғысу тәсілдерін меңгерген шеберлігі, нысанаға алғанын мүлт жібермей, жауына жасындай тиген ерлігі ел аузына ілгіп, даңқы асты. Сол шайқастардың куәгері ақын Ф.Сатыбалдыұлының: "100 жігіт жетіп келді Қапар ханға, Мен мұндалап аттары аталғанда. Кейкі менен Өменді басшы қылып, елуден аттандырды Тышқантамға. Қолынан бір Кейкінің 40-ы өлген, Тұрған соң шама барма аруағы асып" - деп батыр ерлігін жырға қосты. Тапсырманы орындай алмаған полковник Тургеневтің Торғайға қарай шегіне қашқан жазалаушы әскерінің соңынан екі күндей қуып Кейкі бастаған мергендер тобы 50 әскердің көзін жойды.
### Қазан төңкерісі тұсында
Орталық Ресейде 1917 жылы ақпанда патша тақтан құлап, уақытша үкімет орнаған тұста Торғай жеріндегі көтерілісшілер әскрлерін таратпай, істің ақырын күтті. Өйткені, қазақ даласындағы билік үшін жүріп жатқан ақ пен қызылдың тартысы, шыны керек қарапайым қазаққа түсініксіз қалыпта өрбіді. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде өкімет басына келген большевиктер билігі уақыт өткен сайын нығая түсті. Торғай жеріне жаңа биліктің өкілі ретінде облыстық комиссар болып келген Ә.Жәнкелдиннің үгіт-насихатымен А.Иманов пен Кейкі Көкембаев бастаған 1916 жылғы көтерілістің сарбаздары большевиктер жағына шықты. Сол күндерде «Сен ақ жағындасың ба, әлде қызылдарға қарайсың ба?» - деп сұраса, «Мен Аманкелді қай жақта болса сол жақтамын» - деп жауап қататын Кейкі батыр 1918 жылы 18 наурызда А.Имановпен бірге Орынборда өткен бірінші жалпы қазақ сиезіне қатысады. «Бұл сиезде Ә.Жәнкелдинде болды. Сиезден кейін ол жақтан Аманкелді мен Кейкі жаңа әскери киімде оралды. Бұл киімде олар нағыз үлкен командирлерге ұқсайтын» деп жазады, өз естелігінде сол күндердің куәсі А.Ерходжаев.
Аталған жиыннан оралсымен Ә.Жәнкелдиннің тапсырмасымен А.Иманов пен Кейкі батыр Торғай уезінде большевиктердің жергілікті билік органын және қызыл армияның отрядттарын құруға кіріседі. Бірақ, 1919 жылғы сәуір айындағы А.Имановтың және Қыпшақ хандығының ханы Ә.Жанбосыновтың жұмбақ жағдайдағы өлімдері деректерге қарағанда батыр өміріндегі үлкен бетбұрыстың басы болды. Кейін кеңес өкіметінің Алаш қайраткерлеріне қарсы қудалау науқанын бастап, жүргізгенде Аманкелдінің өліміне кінәлілер ретінде алаштықтар ілікті және сол жұмбақ өлім айып болып тағылды. Кейкі бастаған қарулы сарбаздар қос ерінің өлімінен кейін сеңдей соғылысқанымен, іргелерін ыдыратпады. Билік басындағылардан әзірге еш қайран болмасын түсінген олар қаруларын тастамады. Бұған 1919 жылы қазан айында Торғайға ат басын бұрған Ә.Жәнкелдинде (Ә.Жәнкелдин. Докум. мен мат., А., 1975, 67 б.), Өлкелік әскери комиссариаттың инспекция төрағасы да Торғай уезіндегі халықтың қаруларын әлі де тастамағандығын атап өткен.
### Атқа қону
Кейкі бастаған сарбаздардың қайта атқа қонуына қызылдардан жөңкіле қашқан Колчактың қалдық әскерлерінің бейбіт ауылдарды тонауы себеп болса, бір жағынан қызыл әскерлердің де азық-түлік салғыртын жинауды сылтауратып қазақ ауылдарына істеген зорлық-зомбылығы әсер етпей қоймады. Жергілікті атқамінерлердің мұндай бассыздықтары жайындағы деректерді 1920 жылы 10 ақпанда Торғай уездік әскери комиссариатының қызметкері Валидов баяндамасында молынан келтірген. Бұл Кейкі сынды ерлердің жаңа билікке деген көңілдерін суытты.
1919 жылдың жазында Торғай жеріндегі жергілікті кеңес өкіметін құлатып, бар билікті қолына алған алашордалықтар большевиктерге қызмет жасаған Аманкелдінің жақтастарын қуғындауға кіріскен болатын. Осы мақсатта 20 адамнан тұратын әскери далалық сот құрылды және осы құрыққа «Аманкелдінің жақтасы» ретінде Кейкіде ілікті. Алғашқы сәтте жоғарыдағы соттың үкімімен 15 «большевик» санатындағылар атылды. Далалық соттың шешімін орындау үшін В.Кафка мен С.Қаратілеуов бастаған жазалаушы әскер ел ішіне шығып, "большевиктерге" бүйрегі бұрағандарды қудалауға, қолға түскендерін жазалауға кірісті. Олардың әрекеті жайында 1919 жылы 2 желтоқсанда Торғай губаткомының Торғай уезіндегі өкілі С.Көшімбеков өз баяндамасында кеңірек жазады.
Бұған төзбеген Кейкі батыр әскер жинап үзеңгілес серігі А.Имановтың жазықсыз ауылын және туған-туыстарын қорғау үшін аттанады. Орын алып отырған әділетсіздікке қарсы тұруға бекінді. Сол тұста оның қасынан кешегі 1916 жылы патша әскеріне қарсы шайқаста шыңдалған жақтастары табыла кетті, қолдау танытты. Қолдағы деректерге қарағанда, батыр С.Қаратілеуовтың әскеріне қарсы тұрып соғысуға бекінген. Сарбаздардың қарулы сұсынан сескенген алаштық жазалаушы әскер кері қайтады. Бұл оқиға ел аузындағы әңгімелерден бөлек, жырларда кең көрініс тапқан. Мысалы: ақын Қанайбековтың «1919 жылы шілде айында С.Қаратілеуовтың шығуы» атты бұрын жарияланбаған дастаны. Осындай сарындағы жыр-дастандарды ел аралап латын әрпімен алғаш қағазға түсіргендердің бірі академик Әлкей Марғұлан болатын.
Көп ұзамай қалың әскермен Орынбордан келген комиссар Ә.Жәнкелдин Торғайдағы Алаш Орда билігін құлатты. Сөйтіп, билік үшін өрістеген күрес те саябырсиды, кеңестік бағыттағылар үстемдікке ие болды. Ал, қара халыққа керегі сол тұста алдымен тыныштық, жүдеген шаруасын күйттеуіне мүмкіндік қана еді.
Ел арасы тыншыған соң, Кейкі батыр бейқам тірлікке көшіп, билік ісіне араласпайды. Соған қарамастан, батырдың әр басқан қадамы аңдулы еді. Оған мұрағат қорларындағы құжаттар дәлел.
Жаңа биліктің өкілдерінің үнемі назарда ұстағаны алдымен 1916 жылы көтерілісте елді бастап шыққан халқы сайлаған хан, батырлар еді. 1920 жылдың басында 1916 жылғы көтерілісте Арғын хандығының ханы болып сайланған О.Шолақовты және мыңбасы Қ. Алтынсаринді «...үкіметке қарсы әрекет етушілер» ретінде айып тағып, соттап Семейге, кейін Сібірге жер аударды. Бұдан шығатын қорытынды кеңес үкіметі 1916 жылғы көтерілістің даңқты қаһармандарына сенімсіздік танытып, оларды құрықтауға бел шеше кіріскендігін аңғартады. Өйткені, халық ішінде беделді, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Кейкі сынды ерлердің кез келген сәтте елін соңынан ерітіп, жұмылып жұдырық бола алатынын 1916 жылғы оқиға көрсеткен еді.
## Кеңес билігіне қарсылығы
Батырдың кеңес билігіне алғашқы қарсылығы ауыл белсенділерінің қызметтерін асыра пайдаланған басбұзарлықтарына қарсы бағытталды. Оның үстінен жоғарыға жөнелтілген жалған арыз, ақпарлар батырды «жау», «банды» деп қуғындауға негіз болды. «Он стал мстить русским и день от дня организовал себе больше и больше банду, пуская агитацию среди киргиз, что он идет освобаждать киргиз от ига русских. ...В 1921 году в июле месяце у него было 70 человек хорошо вооруженных» деп әділетсіздікке қарсы шыққан әрекеті негізсіз бағаланып, жоғары жаққа жөнелтілді және оның сарбаздарының қатарына жазықсыз жапа шеккен, қызылдардан тепіреш көрген жарлы-жақыбайлар да қосылды.
1921 жылдың жазында Кейкі "бүлігін" басу үшін Торғайдан шыққан қызыл әскерлермен Сарыторғай өзенінің бойында шайқас болып, Кейкі жасағы іргелес жатқан Атбасар уезіне қарасты Бағаналы ауданына ығысты. Бұл өңірде де кеңес саясатына қарсы елдің наразылығы өршіп тұрған шақта Кейкінің келуі отқа май құйғандай әсер етті. Бұл жайлы Атбасар уездік парткомитетінің мәжілісінде айтылып, дабыл қағылды.
Ел аузындағы қария сөздерге қарағанда, Кейкінің соңынан ерген халық орталарынан Бағаналының төрт босағасының бірі атанған, атақты Бабырдың немересі Құлсейітті хан сайлап алған. 1921 жылы шілденің басында Қарсақпай милициясының кеңсесіне шабуыл жасалып, шайқаста бірнеше милиционер қаза табады. Сол сияқты, көтерілісшілер Қорғасындағы мырыш кенішіне бақылау орнатты.
Сөйтіп, Атбасар уезі басшыларының «бандитизммен күрес» мәселесіндегі бас ауыртар басты тұлғасына айналған Кейкінің көзін жоюға уездік ревкомның бар күші жұмылдырылды. 1921 жылы 28 шілдеде құрамында 438 адамы бар Плескачтың басшылығымен Атбасардан әскер шықты. Екі жақ Ұлытау маңында кездесіп, жеңіліс тапқан Кейкі қолға түспей жасағымен шегініп кетеді.
Сол жылдың 20 қазанында Атбасардан И.Исайкин қалың әскермен шығып, көтерілісшілерді қуғанымен жете алмай, суықтың түсуіне байланысты олар да кері қайтады. Бұл жөнінде И.Исайкин естелігінде тәпіштеп жазған. Енді батырдың жасағымен оңтүстіктегі Қызылорда өңіріне қарай ойысуынан басқа жол қалмады.
Қарсақпай зауытының алғашқы директоры, Кейкіге қарсы ұйымдастырылған шаралардың басы-қасында жүрген И.Деев естелігінде: «После разгрома отряда Кейки скрылся и оказался в районе озера Телегуль, около Кызыл-Орды, где опять собрал отряд до 350 человек. Расположивщая по дороге Карсакпай-Кызыл-Орды Кейки начал грабить всех проезжающих» деп батырдың 1916 жылы Атбасар уезінде құрылған Бағаналы хандығының бас дін басшысы Ахмет ишан Оразаевтің ауылына жақын маңдағы Шұбартөбе деген жерге барып паналағанын жазады.
### Басмашылдармен байланысы
Кейкінің Кеңес саясатына қарсы қарулы күресі осы кезде Орта Азияда өрши түскен басмашылық қозғалыс жетекшілерінің назарын да аударған болатын. Аталған қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі башқұрт азаматы, аты әлемге танымал З.В.Тоған естелігінде 1921 жылы күзде ислам әлемін біріктіру үшін күресуші, Түркия әскери күштерінің маршалы Әнуар пашаның Кейкіге арналған қылышы мен сый сияпатын, қазақ «басмашыларына» нұсқауын жеткізу үшін Қазақстанға өтуіне көмектесуін сұраған елшілердің келгендігін айтады.
### Қапыда қолға түсу
Енді қарулы әскермен Кейкі батырды ұстаудың қиындығын жете түсінген Торғай және Атбасар уезінің басшылары бірлесе отырып оны алдап қолға түсірудің амалына көшті. Сөйтіп, Ә.Жәнкелдиннің атынан қолы қойылып, мөрі басылған жалған хат дайындалды. Аталған хатта батырдың бар «күнәсі» кешірілетіндігі және Торғайдан қызмет берілетіндігі айтылды. Батырға хатты тапсыруға Ахмет ишан таңдалды және Кейкінің сарбаздарымен ишан ауылының маңында қыстап жатқандығы есепке алынды. Жоспарды іске асыру 1922 жылғы наурыздың басы болып белгіленді.
Сөйтіп, Торғайдан Н.Токарев, Қарсақпайдан С.Мағзұтов бастаған қызыл әскер 1922 жылы наурыздың басында ишан ауылына келіп жетті. Әскерлер ауыл маңына жасырынды, ал Н.Токарев және С.Мағзұтовтармен келіссөз жүргізу үшін Ахмет ишан үйіне келген жерінде Кейкі қапыда қолға түсті.
«Операция прошла удачно. На месте расстреляны основные виновники его отряда, а остальные распущены по домам. Товарищи Токарев и Магсутов решили Кейку и его брата доставить в Тургай» - деп оқиға барысын баяндайды куәгер И.Деев.
### Тұтқыннан босатып алу
Сонымен, тұтқынға түскен батырды, жары Ақжан, інісі Түскенмен бірге Торғайға жеткізу үшін Токарев жолға шығады, ал, Мағзұтов әскерімен Қарсақпайға қайтады.
Ал, Кейкінің қалған сарбаздары батырды қызылдардың қолынан босатып алуды ойластырып, Токаревтердің артынан еріп отырып, дегендеріне жетті. Қостанай губштабының бастығы Чернышев Орынборға жөнелткен жеделхатында: «18.03.22 г. начальник отряда Токарев, следовавший впереди отряда вместе сопровождающим его милиционером района ауле Муршибай …наскочил засаду бандита Кукумбаева числ. 14 чел., который был обезоружен и увезен в неизвестном направлении. Банда Кукумбаева имела целью захватить отряд Токарева и освободить банду Кейка» деп жазса, Торғайдағы ЧОН-ның взвод командирі Стуканнда Қостанайға салған 19.03.22 ж. № 056 жеделхатында сарбаздардың Кейкіні босатып әкеткенін растайды. Жолай Кейкі Токаревті атып кетеді.
## Батырдың қаза табуы
Бұл суыт хабар шұғыл түрде Торғайға жетіп, ол жақтан взвод командирі Стукан бастаған ЧОН-ның әскері шығып, қашқандарды індете қуды (Қазақ даласындағы кеңес саясатына қарсы көтерілістерді басу үшін Төтенше тапсырманы орындайтын ЧОН бөлімдер құрылған болатын. Торғайда сондай әскри бөлімдердің бірі 1921 жылы 12 қазанда құрылған Торғай взводы). Ақыры Жыланшық өзенін бойлай қашқан Кейкілер 1922 жылы 29 науырызда Жалаулы деген жердегі қыстақта түнеуге тоқтағанда қоршауға түседі. Сөйтіп, есіл ер қызылдармен болған осы атыста қаза табады. «29.03.22 г. бандит Кейка пойман отрядом под командированием отд. командиром тов. Дудина 200 верст от Тургая, растрелен на месте и с ним человек бандитов № 5» деп жазылған № 084 санды жеделхатты Стукан Қостанай губштабына жөнелтті.
### Мәйтті қорлау және басқа да зұлымдықтар
Қызыл жендеттер бұларды айуандықпен өлтірді: батырдың екі қолы, басы кесіп алынды, айы-күні жетіп отырған Ақжанның ішін жарып, нәресте етік табанына тапталды және інісі Түскенде азаппен өлтірілді. «...в доказательство, что Кейка был убит, отрублена голова и доставлена в Тургай» деп көзімен көргенін жазса И.Деев, тағы бір куәгер С.Искаков «Кейкінің басын қанжығасына байлап М.Сафарғалиев қалаға кіргенде жұрт таңырқап көруге барды. Бас көше шамына байлаулы тұрды кешке дейін. Оны ілу себебі Кеңес үкіметіне қарсы шыққандарға осындай өлім деп айбар етілді» деп көрсетеді естелігінде.
## Батырдың басы
Батыр бабамыздың басы С.Петербург қаласындағы кунсткамера қорында сақтаулы тұрған еді. 1995 жылы 24 наурызда Мәскеуден ҚР ІІМ – не жіберілген хатта: «МИД РФ свидетельствует свое уважение Посольству РК в Москве и ответ на ноту МИД РК № 19/63 от 13.01.95 г. имея честь сообщить следующие: Череп К.Кокембаева действительно хранится в антропологическом фонде кунсткамеры г. С.-Петербурга» деп көрсетілуі сөзіміздің айғағы болады.
Сонымен бірге, 2000 жылы қазақ халқының ХIХ ғасырдығы ұлт азаттық қозғалысының жетекшісі Кенесары Қасымұлының басын арнайы С.Петербургке іздеп барған экспедиция мүшелеріде газет бетінде жариялаған мақалаларында Кейкі батырдың басы сақталған қорапты көргендерін жазған-ды.
Қазірде батыр бабамыздың бас сүйегі елімізге қайтарылды және туған жері Торғай өңірінде, жеке кесенесінде қара жерге арулап тапсырылды. Кесене салынған жер Арқалық қаласынан 65 шақырым қашықтағы Торғайға баратын тас жолдың бойы, Амангелді ауданына қарасты Тасты ауылының тұсы. Бұл Кейкі батырдың ата қонысы.
## Дереккөздер: |
Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев(25.7.1925 жыл, Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартол ауылы – 18.5.1993 жыл, Алматы) – алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі (1985; 1963 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
## Өмірбаяны
* 1931 – 41 ж. Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленді.
* Алматы көркемсурет училищесін (1948) бітірді.
* Мәскеу көркемсурет институтын (1956) бітірген.
* 1956 – 59 ж. Қазақстан Көркемсурет қоры басқармасының төрағасы.
* 1968 – 74 ж. Қазақстан Суретшілер одағының кескіндеме секциясының төрағасы болды.
## Шығармашылығы
Кенбаевтың шығарм. жұмысы 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталады.
* “Әліби Жангелдиннің отряды”
* “Шопан әні” (1956)
* “Әңгіме үстінде” (1957) сияқты туған жер тарихынан сыр шерткен алғашқы туындыларынан-ақ суретші есімі қалың көпшілікке кең танылды.
* “Киіз басу” (1958)
* “Сабан той”
* “Тұскиіз” триптихы (1960)
* “Қашағанды қуу” (1961), т.б. еңбектері ұлттық кескіндеме өнерін дамытты.
Пейзаждық картиналары:
* “Алматының төңірегі” (1958)
* “Суат басында”
* “Қыстауда” (1966)
* “Тау бөктерінде” (1967)
* “Жайлаудағы таң” (1975)
* “Бурят әйелі” (1956)
* “Суретші әйел портреті” (1957)
* “Мұхтар Әуезов” (1977)
* “әл-Фараби” (1980), т.б. портреттері
Монументті өнер шығармалары
* Алматы қаласындағы “Алматы”, “Қазақстан” мейманханасы
* Неке сарайы
* Донецкідегі Металлургтер сарайы
* Мәскеудегі “Қазақстан” кинотеатрының қасбеттері мен интерьерлеріне жасалған мозайкалық паннолар, т.б. ұлттық өнер тарихында қалды.
## Жетістіктері
Кенбаев туындылары терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің, монументтіліктің өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Құрманғазы бейнесін шынайы жеткізгені үшін 1959 жылғы республикалық бәйгеде 1-сыйлыққа ие болды. Оның қылқаламынан туған көптеген еңбектер Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік мұражайында, Қазақстанның Орталық көркемөнер галереясында сақтаулы.
## Педагогикалық қызметі
* Алматы көркемсурет училищесі, 1959 – 65 ж;
* Қазақ ұлттық техникалық университеті 1965 – 79 ж.
* 1978 жылдан профессор;
* Алматы архитектуралық-құрылыс академиясы
* 1980 жылдан сурет кафедрасының меңгерушісі болды) де айналысты.
## Марапаттары
“Құрмет Белгісі” орденімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Кенбаев кеңістігі — «Егемен Қазақстан»
* "Қылқалам" - Молдахмет Кенбаев YouTube сайтында |
Бейсенбай Кенжебаев (4 қазан 1904, Бөген ауылы, Ордабасы ауданы, Түркістан облысы – 17 шілде 1987, Алматы) – ғалым, филология ғылымының докторы (1959), профессор (1961).
## Өмірбаяны
1925 жылы - Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін, Әдебиет институтының 2-курсын, 1942 жылы - ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
«Жас қайрат», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш», 1923–28), «Кеңес туы» (1929–30), «Оңтүстік Қазақстан» (1932–33), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан», 1928–29, 1931–32, 1933–35), т.б. газет-журналдарда бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор, 1938–1941 - «КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ведомостарында» аудармашы, 1941–1944 - Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1961 - жылдан ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі. 1975–1987 жылдары осы университетте профессор болды.
«XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократ жазушылары (монография бойынша)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Кенжебаев – қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай, С.Торайғыров, Жамбыл Жабаев, М.Сералин, М.О.Әуезов, С.Шәріповтің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» оқулығын, «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын» (1967) жариялады. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, зерттеумен айналысты. Кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға орай, қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан (XIX ғ.) басталады деген жаңсақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
## Атақты шәкірттері
* Мырзатай Жолдасбеков
* Мұқтар Мағауин
* Рымғали Нұрғали
* Алма Қыраубаева
* Құлбек Ергөбек
* Қабиболла Сыдиықұлы
* Жанғара Дәдебаев
## Еңбектері
* «Көне әдебиет туралы» (1969),
* «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973) атты еңбектерін жазды.
* «Қазақ әдебиеті тарихы» (1948) кітабының фольклорға қатысты тарауларын жазып,
* «Жамбыл Жабаев – қазақ халқының жыршысы» (1955),
* «Біржан сал мен Сараның айтысқаны» (1955), т.б. зерттеулерін жариялады.
* «Тымпи» (1943, 1981),
* «Көңіл ашар» (1971) сатиралық фольклор мұраларын бастырды.
Кенжебаев – көркем проза («Асау жүрек», 1928) және аударма саласында да (Г.Мопассан, Э.Хемингуэй, Лу Синь, Я.Гашек, А.П.Чехов, т.б. жазушылардың әңгімелері) еңбек етті. А.С.Пушкин шығармаларының қазақша библиографиялық көрсеткішін (М.М.Фетисовпен бірге) жасады. Бірнеше орденмен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Кен комбайны, тау-кен комбайны – кентасты немесе бос жынысты массивтен қопарып алып, оны көлік құралына тиейтін жұмыстарды бір мезгілде атқаратын кешенді машина. Пайдалы кен қазуға арналған кен комбайны қазбалау комбайны, ал дайындық қазбаларын жүргізетін кен комбайны теспе комбайн деп аталады. Көмір қабатында үңгубет жасайтын, тілме қазбалар қазатын кен комбайны тілме комбайн деп аталады. Кен комбайны көмір өндірісінде, сондай-ақ, калий және ас тұзы, марганец, сирек металдар кенін қазуға пайдаланылады.Кен комбайны тілме машиналарды жетілдіру негізінде жасалды. Алғашқы кен комбайндары бұрынғы КСРО-да 1932 ж., Ұлыбританияда 1935 ж., Германияда 1938 ж. жасалды. Кен комбайны тау жыныстарын бұзуға және тиеуге арналған жұмыстық органдардан, жылжыту механизмінен, жетекші қозғалтқыштардан, беріліс механизмінен, басқару, т.б. тетіктер мен шаң басқыш, шаң ұстағыш құрылғылардан тұрады. Пайдалану мақсатына сәйкес теспе кен комбайны көмір (не басқа пайдалы кен) комбайны және бос тау жынысына арналған комбайн болып, ал қазба қимасының пішініне сәйкес кен комбайны тік төртбұрышты, трапеция, дөңгелек, т.б.; қазба бағытына байланысты горизонталь не көлбей орналасқан қазбалар үшін пайдаланылатын кен комбайны болып ажыратылады. Қазақстанда көмір өндірісінде алғаш кең қолдау тапқан теспе комбайн – ПК-2 және көлденең қимасы 8 – 12 м2 қазбаларға арналған ПК-3 комбайны. Кен қазу жылдамдығы жоғары, планетарлық механизммен жабдықталған “Қарағанды 7/15” комбайны тұңғыш рет Қазақстанда жасалды. Көмір қатпарының құлау бұрышы жайпақ (0 – 25), көлбеу (25 – 45) және тік (45 – 90) болуына байланысты кен комбайны кең алымды және тар алымды болып екіге бөлінеді. Кен комбайны штректе орналасқан жалпы басқару пульті арқылы қашықтан басқарылады. Кен қазатын және туннельдер жүргізетін комбайндар да болады.
## Дерекөздер |
Кеніш–бір немесе бірнеше шахтадан (карьерден) және жер үстіндегі әр түрлі көмекші құрылымдардан тұратын белгілі бір кен орнын игеруге арналған кәсіпорын. Кен орнының карьер немесе шахтамен қазып алатын бөлігін кеніш немесе шахта алабы деп атайды. Кеніштегі өндіріс процестерінің негізгі түрлеріне: шахта не карьер ішінде кенді бұрғылау, қопару, кентас кесектерін ұсақтау, көлікке жеткізу, тиеу, кені алынған кеңістікті құлатпай ұстау, кентасты тасымалдау, жоғары көтеру және оны сұрыптау; жер үстінде кентасты белгілі тәртіппен үйіп, оны тұтынушыларға (зауыт, кен байыту фабрикасына) тиеп жөнелту, пайдасыз тау жыныстарын үйіндіге төгу, т.б. жатады. Кеніштегі жұмыстардың қосалқы түрлеріне қазбаларды жөндеу, желдету; шахта (карьер) ішіндегі суды сыртқа шығару, электр қуатымен, ауамен және сумен қамтамасыз ету; адамдарды шахтаға түсіріп-шығару, кен сапасын, кен қазу процесін геологиялық және маркшейдерлік әдістермен бақылап отыру, т.б. жатады. Қазіргі кеніштер автоматты басқару, бақылау және байланыс техникасымен жабдықталған, өндіріс процестері толығымен механикаландырылған.
## Ішкі сілтемелер
* Шахта
## Сыртқы сілтемелер
* Шахта (орысша)
* Mining (ағылш.)
## Дереккөздер |
Кеңгерес – ежелгі қаңлылардың, кангарлардың тайпалық одағы. Кей деректерде печенегтердің (қыпшақтардың) бір бөлігі еді деп те айтады. Көне түріктер бұл одақты құрушыларды Кеңгерес деп атаған. Кеңгерес немесе Канга б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан б.з.б. 4 ғасырна дейінгі шамада өмір сүріп, көне парсы деректерінде – «Авестада» кангха, қытай саяхатшысы Чжон Ияньның жазбаларында Кангюй делінген көне мемлекеттің атына байланысты қалыптасқан. Бұлар, негізінен, Әмудария мен Сырдария аралығында мекендеп, б.з. басында өздерінің шекарасын Талас өзеніне дейін кеңейтті. Ол кезде Сырдария өзені Канга делінген де, оның бойындағы жұртшылық кангарлар аталған. Бұрын заманда 4 ғасырда Канга яки Кангюй мемлекетін ақ ғұндар тайпалары жаулап алды. Бұлар [[563 – 567 жылы Түрік қағандығының құрамына енді. Олардың түріктермен араласуы негізінде Кангар немесе Кеңгерес деген атпен жаңа тайпалар одағы қалыптасты. Бертін келе олар печенегтер деген атпен белгілі болды. Бұл тайпалардың бір бөлігі 9 ғасырға дейін оғыздардың қысымымен Жайықтың батысына ығысып, Каспий теңізі мен Қара теңізі жағалауларындағы кең даланы басып алды да, Византия және Киев Русімен дүркін-дүркін жауласып отырды. Мысалы, 972 жылғы соғыста олар Святослав жасағын күйрете жеңді. Жайықтың бер жағында қалған Кеңгерестер немесе печенегтер оғыздардың құрамына қосылды. Сырдария бойын қыпшақ тайпаларының жаулап алуына байланысты олардың бір бөлігі кангарлармен араласты да, жаңа ру – тайпалық бірлестік – қаңлылар одағы қалыптасты (қ. Қаңлы).Кеңгерес – Кангар-Қаңлы ұрпақтары көптеген түркі тілдес халықтардың құрамында (башқұрттарда қанли, қазақтарда қаңлы, өзбектер мен қарақалпақтарда қанглы тайпалары) кездеседі.
## Дереккөздер |
Кентас, руда – құрамында металл немесе металдардың қосылыстары бар өнеркәсіптік пайдалануға жарамды минералдық шикізат. Кей жағдайда бейметалл шикізаттарды да кентас деп атайды. Мысалы, асбест, барит, графит, күкірт, т.б. Кентас бай және кедей Кентас болып бөлінеді, құрамына қарай мономинералды және полиминералды болады. Химиялық құрамына қарай силикатты, кремнийлі, тотықты, сульфидті, карбонатты және аралас кентас болады. Түпкілікті тау жыныстарындағы, магмалық, метаморфтық жыныстардағы кен шоғырларынан алынған кентас түпкілікті кентас деп, ал өзен, көл, мұхит құмдарынан алынған кен кенқайраңды кентас деп аталады. Кентас бітіміне қарай тұтас (массивті), жолақты, желілі, сеппелі, ұялы, ал құрылымына қарай біркелкі түйірлі, әр түрлі түйірлі, оолитті, порфирлі, жолақты-сәулелі, т.б. болып бөлінеді. Кейбір ірі кендердің кентастарының құрамы, сыйыстырушы жыныстары және түзілу жағдайларына қарай өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан кентастың типі осы кеннің немесе ауданның атымен аталады. Мысалы, полиметалл кентастары алтайлық, мырғалымсайлық, темір кентастары атасулық, асбест кентастары жітіқаралық, т.б. болып жіктеледі.
## Суреттер
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Нәтай Әзімханұлы Кенесарин (24 маусым 1908 жыл, Төле би ауданы 16-ауылы – 16 сәуір 1975 жыл, Өзбекстан, Ташкент қаласы) — ғалым, геолого-минералды ғылымдардың докторы (1958), профессор (1952), Өзбекстан Ғылым Акакдемиясының корреспондент мүшесі (1962), Өзбекстанның еңбек сіңірген геологы (1967). Нәтай Кенесарин атақты Кенесары Қасымұлының Күнімжан деген бәйбішесінен болған кенжесі - Ахмет сұлтанның Әзімхан деген ұлынан тараған шөбересі.
## Өмірбаяны
### Балалық шағы
### Қызмет жолы
* 1935 Орта Азия индустриалды институтын бітірген.
* 1935 – 1944 жылдары Өзбекстан Ғылым Акдемиясында ғылыми қызметтер атқарған.
* 1944 – 52 жылдары Қазақстан Үкіметінің шақыруымен Алматыға келіп, Геология ғылымдар институтында гидрогеология және инженерлік геология бөлімін басқарды.
* 1952 – 1960 жылдары Ташкент ауыл шаруашылық институтында кафедра меңгерушісі, профессор болды.
* 1960 – 1962 жылдары Ташкент қаласындағы Гидрогеология және инженерлік геология институтын ұйымдастыруға белсене ат салысып, сол институтта директордың орынбасары, директоры (1962 – 68) қызметін атқарды,
* 1968 жылдан лабаротория меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері жер асты суларын зерттеуге арналған.
* 1971 - 1975 жылдары Ташкент ирригация және мелиоарция институтының Гидрология и гидрогеология кафедрасының меңгеруші болған. Кенесарин Гидрология и гидрогеология кафедрасының жұмысын жандандырып, көптеген ғылыми жаңалықтарды қолданысқа енгізеді.
Сырдария алабының суармалы жерлеріндегі грунт суларының әсерін анықтау, Жезқазған қаласы мен Ембі мұнай кәсіпорындарын жер асты суымен қамтамасыз етуге қатысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізді. Суармалы аймақтардағы грунт суларының режимі мен балансын, Күн энергиясымен байланысын, артезиандық сулардың қорын анықтап, оның пайдалану бағыттарын негіздеді. 150-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Медальдармен марапатталған.
1975 жылы 16 сәуір күні қазақ ұлытының біртуар ұлы, ғалым, асылдың сынығы Нәтай Кенесарин 67 жасына қараған тұста Ташкент қаласында дүниеден озды. Белгілі ғалымның денесі Өзбекстанның зиялы қауымы жерленген Шағатай зиратына қойылды.
## Шығармалары
* Формирование режима грунтовых вод орошаемых районов Средней Азии, Таш., 1959;
* Ресурсы подземных вод Узбекистана и перспективы использования их в народном хозяйстве, «Узбекистанский геол. журнал», ғ5, 1961;
* Вляние орошения на режим грунтовых вод в условиях аридной зоны (Средняя Азия и Южный Казахстан), М., 1964;
* Основные проблемы мелиоративной гидрогеологии в районах орошаемого земледелия КСРО, С., 1964.
Ж. Сыдықов
## Нәтай Кенесариннің құрметіне
## Дереккөздер |
Қошмұхамбет Дүйсебайұлы Кемеңгеров (15 шілде 1896, бұрынғы Ақмола облысы, Омбы уезі, Беке болысы, Қаржас ауылы – 21 қараша 1937, Омбы) – алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист.
Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр.Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді.
## Өмірбаяны
Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде сол кездегі территориялық бөлініс бойынша Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас ауылында дүниеге келді. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Ата-бабасы мұнда Баянауылдың Сарытауынан қоныс аударған болатын. Деректерге қарағанда, Шорман би “Омбыға барғанда тамақ ішетін, намаз оқитын жерім жоқ” деп, баласы Мұса оқыған кадет корпусы көрінетін Ертістің сол жақ бетінен 250 сомға жер сатып алып, сол жерге 1849 жылы сенімді ағайыны Атанұлы Кемеңгерге, өзіне арнайы үй салдырып, қызметшілері үшін тұрғын жай, малы үшін қора-қопсы тұрғызады. Кемеңгер Дүйсенбай, Дүйсебай есімді екі ұл сүйген. Дүйсебайдан тарайтын Қошмұхамбет есейе келе қалам ұстағанда, жазғандарына “Қошке Кемеңгерұлы” деп қол қояды.
Арғын тайпасы Сүйіндік руының Қаржас атасынан шыққан.
Діндар Дүйсебай ерте жастан хақ жолына түсіп, бойдақ күнінде-ақ Меккеге барып келіп, қажы атанады. Осы қасиетті Меккеге барарда ол Атығайдың беделді мырзасы Қартабаймен сапарлас болады. Жас Дүйсебайды Қартабай қатты ұнатып, елге келгенде оған Жәмила есімді қызын өз қолымен ұзатады. Сонымен болашақ қаламгер көзі ашық, ауқатты, берекелі отбасында туып, жан-жақты тәрбие алды.
## Білімі
Қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан оқыған Қошкені әкесі Омбы приход школына береді (Бұл кезде мұсылманша оқу орны – мектеп, медресе, орысша оқу орны – школа, училище аталған). Алғаш христиан дініне тарту үшін ашылған приход школдары мұсылмандардың ниетін аңғарғаннан кейін олардың балаларын “Божий Закон” сабағынан босатқан-ды. Жас Қошке осы школдан орыс тілін, басқа да пәндердің негіздерін үйреніп шығады.
Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік школына түседі. Арнаулы оқу орны болғандықтан мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады. 1913 жылы аталған школдың 2-класын бітіргенде, Омбы ауылшаруашылық училищесіне түсуге аңсары ауады. Осы жылы аталған білім ордасына Қошкемен бірге Ахмет Әбдірахымұлы, Смағұл Қазыбекұлы, Мұхтар Саматұлы сынды шәкірттер де түседі. Бұлардан бір жыл бұрын училищеге Сүлембек Байжанұлы, Бірмұхамед Айбасұлы, Асфандияр Шорманұлы секілді қазақ балалары қабылданған екен. 1916 жылы бұл оқуға Смағұл Садуақасұлы түседі.
1920 жылы 7 желтоқсанда Қазақстанның Сібір ревкомындағы өкілеттігі Сібір ауылшаруашылық және өндіріс институтының басшылығына Қ.Кемеңгерұлы мен М.Сейітұлын ветеринария факультетінің медицина бөліміне курстан тыс қабылдауын өтініп, арнайы хат жолдайды. Қошке осында оқып жүргенде аталған институт аты “Батыс Сібір мемлекеттік медицина институты” болып өзгереді. Бұл уақыттағы мекені туралы қаламгер: “Әке-шешем Омбы уезі, Теке болысы, Қисық жайлауындағы №9 ауылда тұрады. Менің қазіргі мекен-жайым: Омбы қаласы,2-линия, 68-үй”,—деп жазады.
Қ.Кемеңгерұлы ІІІ курсты тәмамдағаннан кейін 1924 жылдың 21 тамызында Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысуға өтініш береді. Сол жылы ол Түркістан Республикасының орталығы Ташкентке кетеді. Мұрағатта мынандай мазмұнда жеделхат тіркелген: “Ташкент. “Ақ жол” газеті редакциясына. Қ.Кемеңгерұлына. Ол ІV курстың дәрісін түгел тыңдады. Омбы. Омбы көшесі, 26-үй. Соколова”. Бұл деректен Қошкенің Ташкентте “Ақ жол” төңірегіне тұрақтағаны байқалады.
1917-1918 жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қошке сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл кезде заман қатал, саясат құбылмалы еді. Осыған қарамай Алаш зиялылары сеңдей соғылысқан жұрттың арасынан бөлінбей, мәмілегерлік жолын іздеді. 1917 жылы сәуірде Қошмұхамбет Кемеңгерұлы Дінше Әділұлын ертіп, Ақмола облыстық қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, уездік қазақ комитетін ашады. Оның төрағасы болып Сәкен Сейфоллаұлы тағайындалады. Қазақ комитетін құрушылар Ақмола шаһарында бірде медреседе, бірде қала басқармасының үйінде жиналып, аласапыран заманның қиындығынан халықты қалай аман сақтап қалу жолын ақылдасады.
Қошке Ақмолада Сәкен ұйытқы болған “Жас қазақ” ұйымының жұмысына да қатысады. Бірақ облыстық қазақ комитеті мен уездік қазақ комитеті арасындағы кейбір маңызды мәселелер бойынша туған келіспеушіліктен соң және “Жас қазақ” басшылары Алаш Ордадан бойын аулақ салғаннан кейін 1917 жылы тамызда Қошке Омбыға қайтады. Сол жылы күз, қыс айларында Қ.Кемеңгерұлы Ақмола облыстық Алаш партиясы комитетін ашуға күш-жігер жұмсайды. Сөйтіп, өзі сол комитеттің мүшесі болады. Желтоқсанның 5-13 арасында Орынборда әйгілі Алаш Орда үкіметін жариялайтын ІІ жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысады. Жас тұрғысынан жиырмадан енді асқан ол күрестен де, ізденістен де шет қалмады.
1915-1916 жылдары Омбыдағы қазақ жастары сол жағалаудағы Қаржаста жасырын жиналатын болса, 17-жылғы өзгерістен соң қала ішінде ашық мәжіліс құрды. Алғашқы бас қосулардың нәтижесі – 1918-1919 жылдары Алаш Ордаға қалтқысыз жәрдем берген, ел бірлігі мәселесінде біршама тиянақты жұмыс жасаған “Жас азамат” ұйымы мен газеті еді. Қошке осы ұйымның алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – “Жас азамат” газетіне редактор болды. “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Абай” сынды ұлттық басылымдардың ізбасары іспеттес “Жас азамат” бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды. Бұл газет большевиктердің имансыз әрекеттерін елге жария қылды. Сондай-ақ қиын кезде жастарды ауызбірлікке шақырды.1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол бірінші курсты ғана оқиды. 1920 жылы Ақмола облысына (орталығы – Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Мұнда ол жаңадан құрылған, аты заманына сай “Қызыл мұғалімдер курсында” оқытушы ретінде дәріс оқи бастайды. Бұл шақта мұнда Мағжан да сабақ беретін. Осы оқуды тәмамдаған, кейін Омбыдағы қазақ педучилищесінің директоры болған Жүнісбек Жанғонақов естелігінде: “Курста 200 мұғалім оқыды. Қошмұхамбет жаратылыс пәнінен сабақ берді. Ол кісі әдебиет мәселесімен де шұғылданып жүретін еді. Қайсы уақытта өзінің жазған әңгіме, пьесаларын қолжазбасынан оқитын”, — деп жазады.
## Пьесалары
Қызылжар қаласында Қошкенің драматургтік қабілеті де ұштала түсті. Осыған дейін “Әулие тәуіп” секілді пьесасын сахналатып үлгерген Қ.Кемеңгерұлы енді бұл саладағы шығармаларының тақырыбын кеңейтті. Оның қаламынан 1919-1920 жылы “Қасқырлар мен қойлар”, “Бостандық жемісі” атты қос пьеса дүниеге келді. Бұл екеуі де Қызылжардағы қалалық бақтың сахнасында қойылды. Ж.Жанғонақов 1916 жыл оқиғасы туралы “Қасқырлар мен қойлар” пьесасында өзі – урядник рөлін, ал кейін жазушы болған Сәбит Мұқанов – болыстың шабарманы рөлін ойнағанын айтады.
## Отбасы
1923 жылдың көктемінде Қ.Кемеңгерұлының жеке өмірінде үлкен оқиға болады: ол профессор Зарницынның жетекшілігімен Қызылжар жерінде халыққа ем-дом көрсетіп жүргенде Мұхамеджанқызы Зурамен көңіл қосып, шаңырақ көтереді. Бұл кезде Қошке студент-практикант еді. Тағдырдың жазғанына не шара, 1924 жылы наурызда Зура бала үстінде дүниеден озады. Осынау трагедия Қошкені есеңгіретіп тастайды.1925 жылы Қ.Кемеңгерұлы Гүлсім Жәмиқызына үйленеді. Гүлсімнен ол Зайра (1926-2011), Нарманбет (1927-2008), Сәуле (1928-1993) есімді үш перзент сүйеді. Олардан тараған ұрпақ бүгінде Ресейдің Омбы және Алматы, Көкшетау, Астана, Қарағанды облыстарында мекен етеді.
## Қ.Кемеңгерұлы Ташкентте
Ол мұнда ұлтқа қызмет ету үшін көшті. 20-жылдары зиялылардың көбі негізінен Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салыстырмалы түрде Орынбордан тәуір еді. Түркістанда өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды. Х.Досмұхамедұлы 1922 жылы құрған “Талап” қауымына елшіл азаматтар топтасқан еді. Бұл шақта мұнда Алаш арыстары баспасөз, оқу-ағарту салаларында қызмет жасайтын. Қ.Кемеңгерұлы бір кездері қайраткер Т.Рысқұлұлы көтерген Түркістан конфедерациясы идеясына сенді.
Ташкентке табан тіреген Қошке мұнда 1921-22 жылдардан орныға бастаған Алаш зиялыларымен тығыз қарым-қатынас жасай бастады. Бұл кезде Ахмет пен Міржақып – Орынборда, ал Әлихан Бөкейхан Мәскеудегі “Күншығыс” баспасының қазақ секциясында қызметте еді. Ташкентте Қошке сондай-ақ Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Әуез, Мағжан Жұмабай, Жүсіпбек Аймауытұлы, Абдолла Байтасұлы, Даниял Ысқақұлы сынды арыстармен араласып тұрды. Қошкенің Түркістанға ат басын бұрған кезі әйгілі “Алқа” бағдарламасының оқығандар ортасында кеңінен талқыланған шағына тұспа-тұс келді. Бағдарламадағы мына жолдар Қошке мұратымен үндесіп жатты: “Жаңа әдебиеттің тартылса ағұзысы ғана тартылды, біссімілдәсі әлі басталған жоқ. Өміріміздің күнді һәм күңгірт дәуірлері болған һәм бар. Қазақтың өзінің жаратылысқа, өмірге, тұрмысқа көзқарасы, өзінше философиясы, терең сезімі болған һәм бар. Осылардың бірі туралы әлі айтарлық қалам тартылған жоқ. ...Осылар түспей, әдебиет өз әдебиетіміз бола алмақ емес”.
Сәл кейінірек, 1926 жылы “Көркем әдебиет туралы” атты мақаласында осы ойды Қошке таратыңқырап, жүйелеп айтқаны мәлім. Оның көркемөнер табиғаты мен заңдылығы туралы пікірі әлі де көкейкесті.
Ғұмырының Ташкент кезеңі Қ.Кемеңгерұлы шығармашылығының тынысын кеңейтті. Ол Омбыда бастаған “Қазақ тарихынан” зерттеуін аяқтап, Мәскеудегі “Күншығыс” баспасына тапсырды. Аталған баспадан сонымен бірге 1925 жылы қаламгердің “Бұрынғы езілген ұлттар” атты ғылыми еңбегі мен “Қазақша-орысша тілмашы” жарық көрді. Сөздікті түзуге Қ.Кемеңгерұлының жетекшілігімен Байғасқаұлы, Баймақанұлы, Дәулетбекұлы, Темірбекұлы, Сәрсенбайұлы қатынасқан. Қошке осы Ташкентте жүріп 2 кітаптан тұратын қазақ тілінен “Жабыропалықтар үшін оқу құралын” жазды. Оның біріншісі 1928 жылы Ташкентте, екіншісі 1929 жылы Қызылордада басылды.
1918-1919 жылы С.Садуақасұлы: “Жас талап Кемеңгерұлының прозасы келешегінен үміт күттіреді” деп жазғанындай-ақ, Қошке қаламынан оның өмірінің Ташкент жылдарында “Отаршылдық ұсқындары,” “Қанды толқын”, “Момынтай”, “Ерлік жүректе”, “Қазақ әйелдері”, “Жетім қыз”, “Дүрия”, “Назиха” тәрізді тумысы ерекше әңгімелер туды. Суреткер Қ.Кемеңгерұлы әріптесі Мұхтар Әуез, Жүсіпбек Аймауытұлы секілді прозада ұлттық нақышты сақтай отырып, көркем бейнелеудің биігіне ұмтылды.1925 жылы Қазақстан астанасы Ақмешітке көшті де, шойын жолдың бойындағы бұл қазақы елді мекен Қызылорда деген жаңа атау алды. Осында 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік ұлт театры Қ.Кемеңгерұлының “Алтын сақина” пьесасымен тұңғыш шымылдығын ашты. Осы қойылым драматургке игі әсер етіп, 1926 жылы “Парашылдар”, 1927 жылы “Ескі оқу”, 1930 жылы “Күнәсіз күйгендер” атты пьесалар жазып, көрерменге ұсынды. Талантты сыншы С.Садуақасұлы Қошкенің драматургиясын: “Жеке адамның ішкі сыры бұған анағұрлым танысырақ”,- деп бағалады.
Қошке Кемеңгерұлы Ташкентте шебер журналист ретінде де қабілет-қарымын аңғартты. Ол Омбыдан келісімен “Ақ жол” газетінде қызмет істеді, сондай-ақ ғылыми-танымдық “Сана” журналының бірер санына редакторлық етті. “Ақ жол” тілшілерінің 1925 жылы өткен тұңғыш жиынын ұйымдастыруға атсалысты. Әлеумет, шаруашылық, ғылым-білім хақында алуан-алуан мақала жазды. Әдебиет жөніндегі айтыста сындарлы пікір білдірді.Күйбең журналистік, ағартушылық тіршіліктен қолы босағанда замандастары туралы жазбақ болған романына материал жинады. ҰҚК архивінен табылып отырған, 1925 жылы 16 наурызда Д.Әділұлына жазған хатында ол: “Сен өміріңде талай тарихты бастан кешірген жансың ғой. Менің ептеп қаламды ермек ететінімді білесің. Өмір жолыңмен танысқым келеді. Кішкене уақытыңды бөл. Есеп беру кезеңі туды. Мен қазақ зиялылары жөнінде роман жазуға отырдым” дейді.
Ташкентте Қошке мен Гүлсімнің (Омбы зиялысының қызы) Зәйра, Нарманбет, Сәуле есімді үш перзенті дүниеге келді.
## Ұстаздық еңбегі
Саяси сапырылыстарға толы 20-жылдардағы Ташкент тарихында Қошмұхамбет Кемеңгерұлы тек қаламгер ретінде ғана емес, ағартушы-педагог ретінде де қалды. Ол 1926 жылы Орта Азия университеті мен Түркістан әскери училищесінде дәріс оқығанын айтады. Қайраткер сондай-ақ САГУ-дың рабфагында, даярлық бөлімінде, шығыстану факультетінде, кеңестік шаруашылық пен құқық факультетінде, педагогика факультетінде қазақ тілінен дәріс оқыған.
Университетте екі жыл қызмет жасағаннан кейін Қ.Кемеңгерұлы шындап ғылым жолына ден қойғысы келді. Бұл орайда ол түріктануды таңдады. 1928 жылы 23 қазанда Қошке Шығыстану факультетінің түріктану кафедрасына аспирант болып қабылданды. Аталған факультеттің аспирантурасында Қ.Кемеңгерұлымен қатар Мұхтар Әуез де оқыған. Бұл екі дарынды азаматқа А.Шмидт, М.Гаврилов, А.Дубсон сынды ғалымдар тәлімгерлік жасады.Нағыз ғылым ашық, жүйелі пікірсайыстан соң барып қана туады. Қошке тіл маманы ретінде Юдахин, Поливанов, Шмидт тәрізді тәлімгерлерімен қазақ тілінің күрделі мәселелері жөнінде айтысып қалып отырған. Мысалы, 1929 жылы мамыр айында болған орфографияға арналған конференцияда жаңа орфография мен термин жасау принциптері жөнінде Е.Омаров, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы орнықты пікір білдіріп, бұра тартқан еуропалық ғалымдармен айтысқан. Бұл бесіктен белі шыққан, буыны бекіп келе жатқан тіл ғылымының еуроцентристік көзқараспен текетіресуінің көрінісі еді.
Қошке осы Ташкентте жүріп, қазақ тілі білімінің проблемалары жөнінде бірқатар зерттеу жазды. САГУ-де оқыған Даниял Ысқақұлының айтуынша: “1927 жылы Ташкенттегі Казпедвузға С.Садуақасұлы директор болып келгенде, осы оқу орнына Қошкені оқытушы етіп алған”.
Қ.Кемеңгерұлының ғылыми еңбегінің қатарына 1927 жылы Г.Архангельскийдің құрастыруымен орыс тілінде жарық көрген “Қазақ тілінің грамматикасы” да кіреді. Қошкенің редакциялауымен шыққан осы зерттеудің алғы сөзінде құрастырушы: “Настоящий труд представляет записки лекций по казахскому языку, читанные тов. Кеменгеровым – преподавателем казахского языка на б.Туркестанских Курсах Востоковедения РККА в 1924-1925 жж.”, деп жазып, ұстазына үлкен алғысын білдіреді. Ал, баспагер тарапынан жазылған сөзде А.Байтұрсынұлының бұл еңбекті жоғары бағалағаны айтылады.
Қошке Кемеңгерұлы 24-30-жылдары тек бір Ташкентпен ғана тоқырап қалмады. Орынбор, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларына түрлі іссапармен барып, қаламгерлермен байланыс жасап тұрды.
1929 жылы жазда қаламгер Қызылтау, Сарытаудың топырағын соңғы рет басқан екен.
## Қуғын-сүргін
1930 жылы 13 қазанда Қ.Кемеңгерұлы “Кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаушы” деген жалған айыппен Ташкентте ұсталып, абақтыға жабылады. Осы кездегі көңіл күйін, шеккен мехнатын ол “Қамалдым өткелі жоқ терең жарға, Әділдік таба алмадым амал бар ма?” деп сипаттаса, немере ағасы Нұрмағамбетке жазған бір хатында “Құс – ауға, балық торға кездесті ғой, Тағдырдың жазуына жоқ қой шара” дейді.Осы 30-жылдың қазан айының соңында Қошке Ташкенттен Алматы абақтысына айдалды. Ол Алматы түрмесінде 1932 жылдың сәуір айының соңына дейін отырады. 20 сәуірде үштіктің шешімімен 58-баптың 10,11-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, Украинаның Валуйки қаласына жер аударылады. Қаламгер мұндағы темір жол жүйесінде дәрігер болды. Дәл осы жол құрылысында 1932-1933 жылдары С.Садуақасұлы инженер болып қызмет жасаған еді. Сондай-ақ Валуйки, Воронеж бағытында Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Ж.Ақбайұлы, Е.Омарұлы, С.Қадырбайұлы, К.Тоқтыбайұлы, М.Тынышбай, Ж.Күдеріұлы, М.Мырзаұлы сынды азаматтар жер аударылған еді.
1935 жылы Қошке Кемеңгерұлы Валуйкиде мерзімін толық аяқтады. Заң бойынша енді ол елге қайтуға ерікті еді. Бірақ айлалы НКВД саяси тұтқындарды елден жырақ ұстауды қалады. Сол себепті Қ.Кемеңгерұлына толық ерік бермей, Омбының Шарбақкөліне қоныстануға рұқсат етті. Ол аудандық денсаулық сақтау бөліміндегі қарапайым қызметті таңдады.
Зәйра Қошкеқызының естелігіне қарағанда, әкесі 1937 жылдың ортасында сонау Ташкенттен бастап жазған замандастары туралы романды аяқтаған, енді соны Алматы баспаларына жеткізудің жолын қарастырған. Сол кітап кейін қолжазба күйінде НКВД қармағына түскен.
1937 жылдың қара құйыны Шарбақкөлдегі дәрігер Қошкені қиналмай-ақ тапты. Қайраткерді ату туралы үкім 17 қарашада бекітіліп, 21 қарашада Омбыда орындалды. Қошкенің бақи дүниеге көшкенін туған-туыстары білмеді - тек бір Алла ғана білді. Қошке әділет, азаттық жолында шейіт болды.
1957 жылы 17 тамызда Сібір әскери округінің трибуналы әкесін ресми түрде ақтағанда, Зәйра, Нарманбет, Сәуле тоталитаризмнің жөн-жосығын білетін саналы азаматтар еді. Қазір олардан тараған ұрпақ ата аманатына адал, өскен-өнген.
1995 жылдан бері Қошкенің мұрасы бірнеше дүркін кітап болып шықты. 2004-2006 жылы “Алаш” баспасы қайраткердің үш томдық шығармалар жинағын жариялады. Қошкетану ғылымы да қалыптасып, салаланып келеді.
## Дереккөздер |
Ісмет Кеңесбаев (15.2.1907, Түркістан облысы Созақ ауданы Жыныс ата ауылы – 16.1.1995, Алматы қаласы) – филология ғылымының докторы (1945), профессор (1945), Қазақстан ҒА-ның академигі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946).
## Биографиясы
Байұлы тайпасының Алтын руынан шыққан.
* 1931 - Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтын бітірген.
* 1931-1934 - Қазақ АКСР-і Халық ағарту комиссариатында әдіскер,
* 1932-1946 - ҚазПИ-де оқытушы (қазіргі ҚазҰПУ),
* 1932-1935 - Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы,
* 1933-1936 - Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті),
* 1936-1939 - КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінде аға ғылыми қызметкер.
* 1943-1951 - Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті,
* 1951-1961 - Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі,
* 1961-1978 - Тіл білімі институтының директоры,
* 1978-1987 - осы институтта бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
* 1988 жылдан өмірінің соңына дейін ҒА Төралқасының кеңесшісі болды.
## Еңбегі
Кеңесбаев – қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясы мен этимологиясына, тіл тарихы мен туыс тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасына арналған көптеген іргелі еңбектердің авторы. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразеологиясының зерттелуі Кеңесбаевтың есімімен байланысты. Қазақ мектептерінің бірнеше толқын түлектері Кеңесбаев жазған оқулықтармен сауат ашты, ана тілінің ғылыми жүйесімен танысты. Ғалымның қазақ тілі фонетикасы мен лексикологиясын талдаған ғылыми монографиялары жоғары оқу орындарында негізгі оқулықтардың бірі ретінде күні бүгінге дейін қолданылуда. Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» жарық көрді (1977, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1978). Кеңесбаевтың басшылығымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (2 томдық, 1959, 1961) және «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1961), екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» (1978, 1981) жарыққа шықты. Кеңесбаев бірнеше рет дүниежүзілік түркітанушылар симпозиумдарына қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
## Шығармалары:
* Қазақ тілі грамматикасы, А., 1939;
* Қазіргі қазақ тілі. Лексика, Фонетика, А., 1962;
* Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977;
* Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер, А., 1977.
## Дереккөздер
* Балақаев М.Б., О тюркологических исследованиях С.К. Кенесбаева, в сб.: Исследования по тюркологии, А.-А., 1963;
* Сарыбаев Ш., Смет Кенесбаевич Кенесбаев, «Народы Азии и Африки», 1967.
## Сілтеме |
Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.
* 1936 – 41 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқыды.
* 1950 жылы Алматы консерваториясын бітірген.
* 1942 – 46 жылы Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті.
* 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі.
Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1958).
## Ойнаған рольдері
* Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”)
* Жанбота (М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”)
* Эскамильо (Ж.Бизенің “Карменінде”)
* Князь Игорь (А.П. Бородиннің “Князь Игорінде”)
* Руслан (М.И. Глинканың “Руслан мен Людмиласында”)
* Демон (А.Г. Рубинштейннің “Демонында”)
* Алеко (С.В. Рахманиновтың “Алекосында”)
* Амонасро (Дж.Вердидің “Аидасында”) партиялары – К-тың әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды.
## Кинодағы рольдері
Кенжетаев 1957 жылдан кинофильмдерге түсіп
* әнші-артист ретінде:“Біздің сүйікті дәрігер”Бауыржан Момышұлы (“Ел басына күн туса”)Нұртаза (“Ән қанатындада”)Танабай (“Тұлпардың ізінде”)Жапас (“Таудағы шынарда”)қарт (“Қызыл тас заставасында”)Базарбай (“Қыз Жібекте”)Қазанғап (“Боранды бекетте”), т.б. рөлдерімен көрермендер ықыласына бөленді.
* “Біздің сүйікті дәрігер”
* Бауыржан Момышұлы (“Ел басына күн туса”)
* Нұртаза (“Ән қанатындада”)
* Танабай (“Тұлпардың ізінде”)
* Жапас (“Таудағы шынарда”)
* қарт (“Қызыл тас заставасында”)
* Базарбай (“Қыз Жібекте”)
* Қазанғап (“Боранды бекетте”), т.б. рөлдерімен көрермендер ықыласына бөленді.
* режиссер ретінде:“Жерге қайта оралу”Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Амангелді”С.Мұхамеджановтың “Айсұлу”Е.Рахмадиевтің “Алпамыс”П.И. Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б. операларды қойды.
* “Жерге қайта оралу”
* Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Амангелді”
* С.Мұхамеджановтың “Айсұлу”
* Е.Рахмадиевтің “Алпамыс”
* П.И. Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б. операларды қойды.
## Фильмографиясы
* 1938 - Еділ-Еділ - эпизод
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - әнші-артист
* 1964 - Тұлпардың ізі - әке
* 1966 - Ән қанатында - Нұртаза
* 1967 - Ел басына күн туса - соғыс ардагері
* 1968 - Балалық шаққа саяхат - Ұзақбай
* 1969 - Мәншүк туралы дастан - әке
* 1969 - Қызыл тас заставасында - қарт
* 1969-1970 - Қыз Жібек - Базарбай
* 1970 - Ақ шаршы алаң - Сұлтан Серғалиұлы
* 1974 - Бұлақ - эпизод
* 1975 - Дала гүрсілі - эпизод
* 1975 - Гауһартас - әке
* 1977 - Кездеспей кеткен бір бейне - эпизод
* 1977 - Бүркіттің соңғы жылы - Хоортай
* 1995 - Боранды бекті - Қазанғап
## Шығармалары
### Либреттолары:
* “Алпамыс”
* “Алдар Көсенің айласы”
* “Қалқаман – Мамыр”
* “Сапар”
* “Баян жүрек”
* “Құсни – Хорлан”
* “Кемпір мен шал”, т.б. опералар либреттоларының авторы
### Аудармалары
* “Сильва”
* “Тыныш шаңырақ”
* “Фигароның үйленуі” операларының либреттоларын қазақ тіліне аударған.
### Шығармалары
* “Дархан дарын”
* “Мәжит Бегалин”
* “Высокий дар призвания” (орыс тілінде) атты кітаптары жарық көрген.
## Педагогтық жұмысы
1979 жылдан Ұлттық өнер академиясында дәріс береді.Кенжетаев концерттік-орындаушылық өнерімен де халыққа жақсы танымал. Репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар, орыс, украин, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары (ариялар, романстар, әндер) бар.
Гастрольдік сапармен Польша, Моңғолия, Румыния, Түркия, Грекия, Египет, Сирия, Ливан, т.б. елдерде болды.
## Мемлекеттік марапаттары
* «Қазақ КСР Еңбегі сіңген артисі» құрметті атағымен және 1959 жылы «Қазақ КСР Халық артисі» құрметті атақтарымен марапатталған.
* 1959 жылы Еңбек Қызыл Ту Ордені
* 1986 жылы Қазақ төңкерісі Ордені
* Еңбек Қызыл Ту орденімен екеінші мәрте марапатталған.
* «Отан соғысы» ІІ дәрежелі Ордені
* КСРОның бірнеше медалдарымен марапатталған.
* 1985 жылы профессор (құрметті ғылыми атағы берілген);
* 1996 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы марапаты «Парасат ордені» мен марапатталған.
* Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты
* Айматов атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты
* ҚР Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған.
## Дереккөздер |
Кен қабаты – жер қойнауындағы кен байлықтарының орналасу қалпы, оның қалыңдығы мен ұзындығы және тереңге бойлау өлшемдері. Қазақстан аумағындағы кен қабатының пішіндері – қалыңдығы біркелкі қабат, линза және ұя тәрізді, штокверк, тарамдалған тамыр тәрізді болып кездеседі. Мыс., көне тау жыныстарының шөгуі нәтижесінде пайда болған Қарағанды көмірі, Жезқазған мыс кен орны біркелкі қабат (қалыңдығы 2 м-ден 30 м-ге дейін) түрінде; қалыңдығы 200 м-ге дейін жететін Екібастұз көмір кен орны ұя пішіндес; Қоңырат мыс кен орны тереңдігі 400 м штокверк секілді; Ақшатау полиметалл кен орны, Степняк алтын кен орны жер қойнауында тарамдалған тамыр тәрізді болып орналасқан.
## Дереккөздер |
Кеңжиде – тарихи аймақ. Арыс өзенінің орта ағысы мен Боралдай өзенінің бойында орналасқан. Кеңжиде өлкесі орта ғасырларда түркі тайпаларының қоныстанған мекені болған. Аймақтан 10 – 15 шаршы км аумағындағы 20 – 30-дан астам қала, қоныс, мекен-жайлардың жұрттары зерттелген. Олардың ішіндегі жазба деректерде Усбаникет деген атпен кездесетін қазіргі Жуантөбе қаласы бар. Аймақ оңтүстік жағында Исфиджабпен шектеседі. Кеңжидеде әлі де толық археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген.
## Сілтемелер |
Кенесары хан немесе Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі — 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) — мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841–1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, Абылай ханның немересі.
## Балалық шағы
Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында I Петр билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М. Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан Кенесары санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781–1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. Осыған байланысты Кенесары Ресей мен Абылай хан арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді. Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның, бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты. Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 жылы Қоқан билеушісінің нұсқауымен Кенесарының бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 жылы әкесі Қасым төре қаза тапты. Кенесары Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын Кенесары бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: І Николай патшаға, Орынбор генерал-губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде Кенесары жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті соғысқа мұқият даярланды. Бұл оның қазақтың үш жүзін бір мақсат жолына біріктіру саясатынан, қару-жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге асыру үшін орыс және өзге ел шеберлерін тартуынан көрінеді. Кенесарының қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Оның ішінде Орта жүз руларынан басқа, Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы, т.б. руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат, т.б. руларының сарбаздары болды. Кенесарының жауға қарсы жорығында Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай, Мыңжасар, т.б. батырлар аянбай шайқасты. Әскери қимылдар 1838 жылы Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 жылы Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты әлдеқайда басым жау Кенесары сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Азаттық үшін шайқаста Кенесары қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда патша әкімдерімен құпия байланыста болған манаптар оған мойынсұнбады. Кенесары бағынудан бас тартқан қырғыздарға шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. Кенесары айуандықпен өлтіріледі. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.
## Көтеріліс
1827 жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.
Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымұлы да мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді. Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді. 1838 жылы Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығыныңиелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 жылы Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Кенесары сұлтан ең алдымен 1837 көпестердің керуенін күзетіп келе жатқан хорунжий Рытовтың әскерін тас-талқан етті. Кенесары қолы алғашқы ең көлемді әрекетін 1838 жылы 26 мамырда Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымұлы патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 1836–38 жж. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды. 1840 жылғы Кенесарының Ташкентке жорық жасау жайлы ойынан бас тартуға тура келді. Себебі, сарбаздардың арасында жұқпалы ауру тараған болатын. 1844 жылы 21 шілдедегі түнгі шайқаста Кенесары қолы Ахмет Жантөреұлының әскерін тас-талқан етті. Ұрыс даласында патша үкіметін қолдаған 44 сұлтан ажал құшты. Ал Жантөреұлына көмекке келген Дуниковский Кенесарының әскеріне жақындауға қорыққандықтан ешнәрсе жасай алмады. 1845 жылы Кенесары ханның әскері Мерке бекінісін басып алды. Дәл осы жылы патшаның бұйрығымен Кенесары ауылына Долгов пен Герн елшілігі келді. Қос тарап ешқандай да келісімге келе алмады. Патша өкіметі көтерілістің алдыңғы нәтижелерін жоққа шығаратын қисынсыз талаптар қойғандықтан Кенесары патшаның барлық талабын орындаудан бас тартты.
## Ақ киізге көтерілуі
1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
1841 жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды.
Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844–45 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.
1846 жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер аумағынан ығыстырды.
Кенесары Қасымұлы хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20 000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.
Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.
Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.
## Хандықтың құлдырауы
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 жылы шілденің 27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843–44 жылдары біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.
Кенесары Тоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.
## Сыртқы саясаты
Кенесары сыртқы саясатында орта азиялық хандықтармен одақтас және әскери қатынастар орнатты. Әкесі Қасым төре кезінде Қоқан хандығымен қатынастарды сақтады. Бірақ әкесі мен ағасын қоқандықтар өлтірді, кейін өзі тұтқындалған. Қоқан ханы Мұхаммад Алихан оны тұтқыннан босатты және отбасы мен мүлігін қайтарды. Кенесары Хиуа хандығына жол бастады. Хиуа ханы Аллакули оны құрметпенен қарсы алып, Бұқараға қарсы одақ құруды ұсынды. Бірақ бұл ұсынысты қабылдай тұра, Бұқара жағын ұмытпады. Бұқара әмірі Насрұлла хан Хиуаға қарсы одақты ұсынды. Кенесары хан оған Қоқанға қарсы одақты ұсынды. Сөйтіп, Кенесары екі хандықтан да көмек алуға талпынды. Ресей империясымен қатынастар ауыр болған, хандық билік таратылғаннан кейін патша үкіметі оны хан ретінде мойындамады. Кенесары империямен бейбіт туралы келіссөздер жүргізді. 1841–1843 жылдары Кенесары мен Ресей империясы бейбіт келісімге жетті. Бірақ Орынбордың губернаторы ретінде Обручев келіп, бейбіт туралы келісімдер бұзылып, Кенесарыға қарсы жазалау әрекеті басталды. 1844 жылы Орынбор губернаторы атынан елші ретінде шекаралық комиссия мүшесі Баймұханбет Жаманшы келіп, ханға Обручевтің хатын берді. Герн мен Долгов басқарған, патша үкіметінің елшілігі келді. Елшіліктің мақсаты: Кенесарыны Ресейге бағындыру және оның талаптарын орындату. Кенесары да өз талаптарын айтқан. Екі жақ та бір-бірінің талаптарын мойындамағандықтан, бұл келіссөз нәтиже бермеген. Кенесары қырғыздарды ұмытқан жоқ. Өзінің адамдарын Орман ханға жіберіп, бірақ ол ханның кеңесшілері Кенесарымен одақ құрғысы келмеді. Одан кейін Кенесары Қытайды таңдады. Елшілікті Даогуану императорына жіберген. Даогуану Абылай ханның кезіндегі қатынастарды қайта құруға уәде берген.
## Өлімі
Қоқаннан қайтып келгеннен кейін Кенесары Орта жүздің жеріне келген. Бірақ оған дейін Ресей шешуші әрекеттерді ойластырды, содан Орта жүзде күресті жалғастыру мүмкін емес болды. Сонда Кенесары Ұлы жүзге бару туралы шешім қабылдады. Ұлы жүзге інісі Наурызбайдың қасына жүз жігітті оларға көшпенді жер бөлуіне жіберді. Рүстем сұлтан Наурызбайды қабылдап, жер бөлуді және Кенесарыны қолдайтынына уәде берген. 1846 жылы хан Орта жүзден кетті. Ұлы жүздің аумағына келген ол қырғыз манаптарымен келіссөздерді бастады. Олар ханды қолдаймыз деп уәде берген, негізінде қосарланған саясат жүргізген болатын. Екі жақтың арасындағы тыныштықты қырғыздар Саурық батырдың өлтіргенімен бұзды. 1847 жылдың сәуірінде олардың әрекеттеріне жауап ретінде Кенесары 15 мыңдық әскерімен Қырғызстанға басып кірді. Бұл шабуыл өте қатал болды, содан қырғыздар соғысқа дайындықты бастады. Майтөбе қаласында Кеклік-Сеңгірде Орманның жетекшілігімен қырғыз манапасымен шайқас өтті. Бірақ шайқас кезінде сұлтан Рүстем мен Сыпатай Кенесарыны сатып кетіп, оның әскерінің басым бөлігін алып кетті. Шайқас бірнеше күнге созылды. Кенесары ұсталып және тұтқында үш айдай болған,өйткені қырғыздар онымен не істейтінін білмеген. Содан оны өлтіру туралы шешім қабылданды. Көз жұмбас бұрын Кенесары намаз оқуға рұқсат сұраған. Басынан айырылды. Оның басын қырғыз манабы Орман балауыз мөрімен жазылған хатпенен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Горчаковқа сыйлап, қырғыздардың Ресей империясына деген адалдығын көрсеткісі келді.
## Кенесары туралы ақын-жазушылар шығармалары
Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Кенесарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай» дастаны (19 ғ.) 1875 жылы сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. 20 ғасырдың 30-жылдары М. Әуезов «Хан Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары И. Есенберлин «Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 жылы «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов («ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарындағы Қазақстан», 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Кенесары тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін ғана қолға алынды. Тарихшылар (Ж. Қасымбаев, т.б.) өз зерттеулерін жариялады. 2002 жылы Кенесарының туғанына 200 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция өтті. Астана қаласында Кенесары ханға ескерткіш қойылған және оның есімімен аталатын көше бар.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Хан Кененiң рухы асқақтаған күн |
Кенжеғозин Марат Балғожа ұлы (30 мамыр 1939 ж. - 24 маусым 2006 ж.) - қазақтың экономист ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Евразияның Халықаралық экономикалық академиясының академигі.
## Өмірбаяны
Кенжеғозин М.Б. 1939 жылдың 30 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында Балғожа мен Жамила Кенжеғозиндердің отбасында дүниеге келген.
## Білім алу жолы
1947-1957 жж. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка орта мектебінде оқып «Алтын белгімен» бітірді.
1957-1962 жж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында оқып, экономист біліктілігін алып үздік бітірді.
1962-1965 жж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының «Экономикалық кибернетика» кафедрасында аспирантурада оқыды.
1967 жылдың 19 қаңтарындаГ.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған «Ауылшаруашылық өндірісін орналастыруды оңтайландырудың экономика-математикалық міндеттері (Солтүстік Қазақстан мысалында)» тақырыбындағы диссертациясын қорғады.
1970 ж. «Экономикалық зерттеулердегі математикалық әдістер» мамандығы бойынша КСРО-ның ЖАКмен аға ғылыми қызметкер ғылыми дәрежесі бекітілген.
1982 г. РКФСРНечерноземиялық зонаныңЛенинградтық экономика және ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институттында экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған «Ауылшаруашылық өндірісін орналастыру және дамытуды кешенді негіздеу жүйесі (қызмет етуінің және құрылысының әдістемесі) тақырыбындағы «Экономикалық зерттеулерде, жоспарлауда және халық шаруашылығы мен оның салаларын басқарудаесептеуіш техникасын қолдану және математикалық әдістер» мамандығы бойынша диссертациясын қорғады.
1989 ж. Халықтық білім бойынша КСРО-ның мемлекеттік комитетімен «Шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі» кафедрасы бойынша профессор ғылыми дәрежесі берілді.
1998 г. Евразияның халықаралық экономикалық академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.
2000 г. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.
## Қызмет ету жолы
1957-1962 жж. - Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының Еңбек Қызыл-ту белгісінің студенті.
1962-1965 жж. - Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының Еңбек Қызыл-ту белгісінің аспиранты.
1965-1968 жж. - Қазақ ССР Мемлекеттік жоспары жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер міндетін атқарушы, аға инженер-экономист.
1968-1979 жж. - Экономика және ауылшарушылығын ұйымдастыру Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Экономикалық кибернетика бөлімінің меңгерушісі.
1979-1985 жж. - КСРО-ның ОСБ есептеу жұмыстарын және есептеуді механизациялау бойынша Жалпыкеңестік Мемлекеттік жобалық-технологиялық институтының Қазақ филиалының директоры.
1985-1988 жж. АӨК басқарудың Республикалық жоғары мектебінің оқу ісі бойынша проректоры.
1988-1994 жж. АӨК басқарудың Республикалық жоғары мектебінің ректоры.
1994-1995 жж. Қазақ мемлекеттікбасқару академиясының ғылым бойынша проректоры.
1995 ж. - 2005 ж. дейін–Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Экономика институтының директоры.Салалық құрылымды орналастыру және оңтайландыруға, келешекті өндірістердің дамуының негізгі параметрлерін үлгілеуге алғашқы рет республикада экономикалық математикалық әдістерді және ЭЕМ қолданды. 1995 ж. ҚРБҒМ Экономика институтының директоры болып тағайындалды және өмірінің соңына дейін қызмет етті. Экономикалық ғылымның дамуына, ҚР БҒМ Экономика институтының күшейуіне және дамуына, Институттың ғылыми зерттеулері деңгейінің жоғарылауы мен олардың нақты экономика мен мемлекеттік басқару органдарындағы сұранысының артуына үлкен үлес қосты. Экономика институты зерттеулерінің нәтижелері 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету бойынша ҚРҮкіметінің қызмет ету бағдарламасын жасау кезінде қолданылды. Кенжеғозиннің жетекшілігімен және оның жеке қатысуымен дайындалған Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты және аймақтық саясат тұжырымдамасы Үкімет тарапынан қолдау тауып бекітілді. М.Б. Кенжеғозин ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Экономикалық Кеңестің мүшесі және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық Кеңестің мүшесі болатұра елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсенді араласты.Үлкен танымалдылықты Марат Кенжеғозинге макроэкономикалық реттеу мәселелері, еңбек және жұмысбастылық, ұлттық өндірістік күштердің жаңғыртылған жүйесін қалыптастыру, аймақтық саясат, нарықтық экономика институттарының дамуы, қаржы нарығы, сыртқы экономикалық қызмет, қаржы дағдарысының салдарынан өту, ақша-кредиттік саясаттың қызмет етуін жоғарылату, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, тұрақты даму және басқада мәселелер бойынша ғылыми еңбектері әкелді.
## Педагогикалық қызмет
М.Б. Кенжеғузиндиссертациялық кеңестердің мүшесі және төрағасы болды, ҚР БжҒМҒжБСБК (КНАСОН МОН РК) Президиум мүшесі, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының экономикалық кафедраларында МАК жұмыстарына төраға ретінде қатысты. Оның жетекшілігімен 17 докторлық және 45 кандидаттық диссертациялар қорғалды.
## Қоғамдық-саяси және ғылыми қызмет
1969-1978 жж.Жалпы кеңестік ғылыми кеңестің мүшесі «Халық шаруашылығын басқару және оңтайлы жоспарлау» (Мәскеу).
1976-1979 жж. Қазақтың Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ҒЗИ партия ұйымының хатшысы.
1976-1981 жж.Қазақстан Компартиясының Калинин аудандық комитетінің оқу орындарының және штаттық емес ғылыми бөлімінің меңгерушісі.
1981-1989 жж.Қазақстан Компартиясының Алатауаудандық комитеті жанындағы жоғары және арнайы орта білім беру, ғылыми мекемесінің аудандық кеңесінің төрағасы.
1983-1986 жж.Қазақ КСР Ғылым академиясының «Қазақ КСР әлеуметтік-экономикалық дамуы» Ғылыми координаттық кеңесінің «Халық щаруашылығын басқару және оңтайлы жоспарлау» секциясының мүшесі.
1985-1992 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының президиумы жанындағы ӨКЗК ғылыми кеңесінің мүшесі.
1987-1992 жж.08.00.13 «Экономикалық математикалық әдістер»,08.00.12 «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандықтары бойынша Алматы халық шаруашылығы институты жанындағы экономика ғылымдарының кондидаты ғылыми дәрежесін беру бойынша мамандандырылған кеңестің мүшесі.
1988-1990 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитетінің мүшесі.
1988-1993 жж.Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігі жанындағы басқарушы кадрлардың біліктілігін жоғарылатумен халық шаруашылығы мамандарын дайындау бойынша Жоғарғы оқу орындарының ректорлары кеңесінің төрағасы.
1989-1990 жж.Савой университетінде дәрістер оқу (Анси қаласы, Франция).
1989-1990 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсібінің Ғылыми-техникалық кеңесі президиумының мүшесі.
1989-1992 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсібінің Ғылыми-техникалық кеңесінің жоспарлау, АӨК әлеуметтік және экономикалық дамуы секциясының сарапшысы.
1989-1992 жж.Савой университетімен (Анси қаласы, Франция) бірлескен Франциядағы Қазақстанның АӨК басқарушы кадрларды оқыту бағдарламасының жетекшісі.
1989-1994 жж. ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар және оларды Қазақстанда жүзеге асыру тұжырымдамасын жасау бойынша жұмысшы тобының және коммиссиясының мүшесі.
1990-2005 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты жанындағы 08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару», 08.00.01 «Саяси экономия» мамандықтары бойынша, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанында 08.00.10 «Қаржы, ақша айналымдары және несие», 08.00.30 «Кәсіпкерлік экономикасы» мамандықтары бойынша докторлық және кондидаттық диссертацияларды қорғау бойынша кеңестің мүшесі.
1995-1997 жж.«Қазақстанның халық шаруашылығы» жұрналының редакциялық коллегияның мүшесі.
1995-1998 жж.«Азия-экономика және өмір» халықаралық апталығының редакциялық коллегияның мүшесі.
1995 ж. ТМД мемлекеттеріндегі экономикалық реформаларға арналған Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық конференциясы секциясының жетекшісі (Санкт-Петербурк қаласы, 17-18 қазан).
1996 ж.– Малайзиядағы нарықтық өзгерістердің тәжірибесін зерттеу бойынша Халықаралық семинарда Қазақстандық делегацияның қатысушысы (Куала-Лумпур қаласы, тамыз).
1996-1999 жж.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңестің мүшесі.
1996-2006 жж.ҚР Ғылым академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің мүшесі.
1996-2006 жж.ҚР БҒМ Экономика институты жанындағы докторлық және кондидаттық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.
1998 ж.– ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басышылығымен барған Румыния (20-22 қыркүйек) және Италия Республикаларындағы (22-24 қыркүйек) Үкіметтік делегацияның мүшесі.
1999-2000 жж.–ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық кеңестің мүшесі.
2000 г.–Япония Үкіметінің шақыруымен "OpinionLeader" бағдарламасы шеңберінде Токио және Киотоның институттарында және экономикалық орталықтарында әртүрлі экономикалық мәселелер бойынша дөңгелек үстелдердің жұмысына қатысты.
2000 ж. ҚХР үкіметінің шақыруы бойынша Пекинде заманауи экономиканың мәселелері бойынша Халықаралық конференцияларға қатысты (мамыр).
2000-2002 жж. – ҚР ЖАК экономикалық ғылымдар бойынша сараптау кеңесінің төрағасы.
2002-2005 жж. – ҚР ЖАК Президиумының мүшесі.
2002-2006 жж. – Евразиялық экономикалық қауымдастықтың Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы ғылыми-эксперттік кеіңестің мүшесі.
2003-2006 жж. – ҚР Үкіметі жанындағы Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйақылары бойынша комиссиясының Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар секциясының мүшесі.
2004-2006 жж. – ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы бойынша кеңесінің мүшесі.
2004-2006 жж. – ҚР Парламентінің Сенаты жанындағы Ғылыми-экспеттік кеңестің мүшесі.
2004-2006 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасының Координациялық кеңесінің мүшесі.
1999-2006 жж. – «Экономика және статистика», «Транзитная экономика», «Аналитик», «Труд в Каазахстане», «Реформа» (Қырғазстан) жұрналдарының редакциялық коллегиясының мүшесі және «Қазақ энциклопедиясы» жұрналының бас редакциясының мүшесі.
2004-2006 жж. – Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының кітаптар сериясының редакциялық коллегиясының мүшесі, 10 томдық «Экономика. Әлемдік классика» басылымының бас редакторы.
## Негізгі туындылары
400-ге жуық жұмыс жарияланған, оның ішінде 25 монография:
* Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. Под ред. М.Б. Кенжегузина. - Алматы, - 1997. – 15 п.л.
* Факторно-целевое регулирование экономики (концептуальные подходы) / М.Б.Кенжегузин, В.Ю.Додонов, С.А.Шевелев. - Алматы: Институт экономики, 1999. - 111 с.
* Экономика Казахстана на пути преобразований.- Алматы: ИЭ МОН РК, 2001.- 484 с.
* Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. В двух томах. /Под ред. Кенжегузина М.Б. – Алматы, 2001. – 30 п.л.
* Проблемы устойчивого экономического развития в условиях глобализации. В двух томах / Ответ. ред. М.Б. Кенжегузин- Алматы, ИЭ МОН РК, 2003. - 35 п.л.
* Экономика Казахстана в условиях глобализации: механизм модернизации и функционирования. /Под ред. М.Б. Кенжегузина. – Алматы, ИЭ МОН РК. – 2005. -13,7 п.л.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 1: Экономика ғылымының бастаулары / Бас. ред. М. Б. Кенжеғозин. / Құраст. Д. Қ. Қабдиев, О. Ж. Әлиев. - Алматы: Таймас, 2006.- 20,9 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 2: Меркантилистік, физиократтық және классикалық ағымдар/ Бас. ред. М. Б. Кенжеғозин. / Құраст. М. Б. Кенжеғозин, О. Ж. Әлиев.- Алматы: Таймас, 2006.- 27,3 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика. Т. 3: Мәржинализм және кәсіпкерлік негіздері / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин.- Алматы: Таймас, 2005. - 28,5 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 4: Неоклассика / Құраст. М. Б. Кенжеғозин, Б. Болсанбек. - Алматы: Таймас, 2006.- 31,4 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика. Т. 5: Экономикалық өсу және бәсеке теориясы / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005.- 33,0 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика. Т. 6: Неолиберализм және әлеуметтік-рыноктық экономика / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005. - 30,0 т. б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 7: Институционализм / Құраст. С. А. Аханов, Қ. Ә. Тазабеков. - Алматы: Таймас, 2006.- 32,0 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 8: Өтпелі экономика теориялары /Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005.- 34,9 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 9: Мемлекеттік сектор, халықаралық бәсеке және менеджмент теориясы / Бас ред. М. Б. Кенжеғозин /Құраст. К. Ә. Сағадиев.- Алматы: Таймас, 2006.- 29,4 б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 10: Қазақстанда экономикалық ойдың дамуы /Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005. - 32,0 т.б.
## Марапаттаулар
2002 ж. - "Қазақстан ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған.
2004 ж. - Экономикалық реформалардың теориясы мен тәжірибесінің дамуына қосқан үлесі үшін Кембриждік халықаралық биографиялық орталықтың орденімен және дипломы мен марапатталған.
2005 ж. - "Құрмет" орденімен марапатталған.
2006 ж. - "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.
2007г.-Шоқан Уалиханов атындағы сыйақының лауреаты.
## Сілтемелер
* Марат Кенжеғозин. Ғалым. Азамат. Тұлға Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
* http://e-history.kz/ru/biography/view/275 Мұрағатталған 13 сәуірдің 2014 жылы.
* http://academy.kz/chleny-main/blogger/listings/kenjeguzin Мұрағатталған 13 сәуірдің 2014 жылы.
* http://kazpravda.softdeco.net/c/1243536456 Мұрағатталған 15 сәуірдің 2014 жылы.
* http://www.ieconom.kz/index.php/ru
* http://www.inform.kz/kaz/article/1232049 Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
* http://www.madenimura.kz/ru/culture-legacy/books/?category=all&page=10 Мұрағатталған 29 тамыздың 2014 жылы.
* http://soltustikkaz.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=11503:2014-05-29-04-46-03&catid=31:tarix&Itemid=40
* http://egemen.kz/old/?act=readarticle&id=632 Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.foto.inform.kz/?lang=rus&id=9314(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.azattyq.org/content/article/1152687.html
## Дереккөздер |
Кепе – 1) жартылай жерден қазылған, қабырғалары, көбінесе, балшық не шымнан қаланып, төбесі қамыс немесе шөппен жабылған шағын лашық, жеркепе. Оның төбесін бұрын тегіс, кейін шатыр тәрізді етіп жапқан. Кепе, көбінесе, егін жинауға, шөп шабуға, даладағы жұмысқа барғандар күннің аптабынан, желдің өтінен, жауын-шашыннан қорғану үшін пана орнына пайдаланылған. 19 ғ-дың орта шенінен бастап жеркепе Жетісуда, Батыс Қазақстанда, әсіресе, Бөкей ордасында көптеп салынған; 2) Қой мен ешкінің ерте туып, ерте өсіп жетілген, союға жараған түрі.
## Дереккөздер: |
Кеңүңгіртас – Қаратаудағы карст құбылысынан пайда болған үңгір.
## Географиялық орны
Жамбыл және Түркістан облыстарының шекарасымен ағатын Сүйіндік өзенінің сол жағасында.
## Сипаты
Ұзындығы 30 м, ені 4 – 5,5 м, биіктігі 14 м. Үңгір ішінде үлкендігі әр түрлі бірнеше бүйірлік камералар (үңгір) және жолдар бар. Бұлар жер асты жарықтарынан шыққан күкірт қышқылды ерітінді сулардың шаюынан пайда болған. Қабырғалары үнемі дымқылданып тұрады. Үңгірде шіркей, маса болады, жарқанат, жабайы көгершін мекендейді.
## Дереккөздер |
Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш.
## Дереккөздер |
Жансен Кереев (1 қаңтар 1930 жыл Ырғыз - 1983 жыл, Мәскеу) — көрнекті әскери қайраткер, генерал-лейтенант.
## Білімі
* Амур облысының Благовещенск жалпы әскери училищесін бітірген.
* Мәскеудегі М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны алтын медальмен бітірген.
* К.Е. Воршилов атындағы КСРО Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясы (1973) бітірген.
* Бас штаб әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курсты (1978) бітірген.
## Өмірбаяны
* 1950 жылы әскер қатарына шақырылып, Сахалин облысы Курил аралдарында қызмет етті.
* 1953—56 жж. Забайкалье әскери округінде взвод командирі
* 1956 жылы Кеңес әскерлерінің Алманиядағы тобына жіберіліп, онда 1962 жылға дейін әуелі атқыштар взводының, кейін рота командирі болды.
* 1965—70 жж. Ленинград әскери округінде полк штабының аға офицері, полк командирі, дивизия командирінің орынбасары.
* 1973—75 жж. генерал-майор атағымен Кеңес әскерлерінің Алманиядағы тобында дивизия командирі, Магдебургтегі әскери құрама штабының бастығы болып қызмет жасады.
* 1979—82 жж. Приволжье әскери округінің штаб бастығы, КСРО Қорғаныс министрлігі аппаратының жауапты қызметкері. Ол үш ірі әскери жаттығуларға — Ленинград әскери округіндегі «Двина», «Днепр», Шығыс Алманияда өткен «Қалқан» жаттығуларына қатысушы.
* 1982 ж. Вьетнам халық әскерінің аға кеңесшісі болып тағайындалған.
* 1983 ж. елге қайтып келе жатқанында науқастанып, Мәскеудегі Бурденко атындағы әскери госпитальда қайтыс болған. Денесі Алматыға әкелініп, Кеңсай зиратына жерленді.
## Марапаттары
Екі орденмен, бірнеше медальмен марапатталған.
## Есте қалдыру
*
Жансен Кереев ескерткіші — 2000 ж. Ақтөбе қаласындағы генералдың өз атындағы көшеге орнатылды. Мыстан жасалған тұғыр биіктігі — 3,6 м. Материалы — Қордайдың қызыл гранитінен. Төменгі тұғыр биіктігі — 0,3 м, мүсін биіктігі — 1,2 м. Авторы Бақытжан Әбішев, сәулетшілері Б. Егінбаев, Н. Қожағұлов.
## Дереккөздер |
Кене (Acarіna) – өрмекшітәрізділер класының бір отряды.
Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды, паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.
Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.
Кенелер (Acarina) - өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен. Дернәсілдеріның 3 жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары бар. Денесімен қозғалмалы қосылған педипальпалары күрделі ауыз мүшесін, (басқа ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні әртүрлі, педипальпалары кене қармалағыштарын құрайды. Сезім мүшелері - денесіндегі көптеген қылтанақтары, лира тәрізді мүшелері мен көздері. Тармақталған кеңірдек тәрізді тыныс мүшелерімен, ал кейбір түрлері терісі арқылы тыныстайды. Кенелер дара жынысты буынаяқтылар. Оларда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Кене отрядтары: шөпші кенелері, ең жабайы сатыдағылары. Ол жер шарының жылы аймақтарының орманды жерлерін мекендейді. Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды, (энцефапиттер, туляремия, сібір жарасы т.б.). Кенелер көптеген таспа құрттардың аралық иелері, (аноплоцефалидтер). Кенелер сонымен қатар дәнді дақылдармен өнімдерінің зиянкестері.
## Кенелер - нағыз паразит жәндіктер
Кенелер - өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, іңдерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05-13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салала мәні бар. Олар бірқатар қауіпті аурулардыжануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады.Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар.Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердіңтүсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен құраған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады.
Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астықкенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене. Кенелердің дене бөлігі - өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылымы кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып бітіскен. Сондықтан кене денесінен бұл бөліктерді ажырату қиын.Кененің дернәсілі алты аяқты. Ал ересек кенелерде сегіз аяқ болады. Текберішкене ғана төрт аяқты. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасады. Сөйтіп қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі. Бұл сырттай қарағандакененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады. Бірақ бұл дененің бас бөлігіболып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы - кеміруші, сұйық затпенқоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді. Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді. Терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады.Кенелер - дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.
Нимфа (гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді) - қуыршақ сатысынан өтпей, шалатүрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады.Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екіиелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе - бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе - екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе - үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, иткенесі - үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі, түлейді де нимфаға айналады. Лимфа қорегін басқа жануардан табады. Бұдан соң нимфа ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі. Жыныстық жүйесі жетілген, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады. Сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді. Тайгалық кене адамға ең қауіпті ауру - энцефалит (ми ауруы) ауруын жұқтырады.
Табиғаттатайга кенесі әр түрлі жануарлардың денесінде орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру қордасы пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы - тасымалдаушы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрі белгілі бір аумақта бір жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы сақталатын осындай аумақ қандай болса да, бір аурудың табиғи қордалы деп аталады. Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салала академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты. Адам үшін қышыма кене - өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2-0,5 миллиметрден аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады. Бұл құбылыс оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесінде жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырлан мазасызданіп, арып-талып, әлсірейді.Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы ем дейді. Малдардың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Бұл үшін малдың басын сыртта қалдырып, мойнынан қатты қысып тұратындай тетік жасайды. Ал паразитті өлтіретін улы затпен ыстайды.
Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері. Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе -қамба кененің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.
Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауықта) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады. Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар - қышыма кенедей ірірек - 1 мм шамасындағы жәндіктер. Кене теріге жабысып алады.Ол малдың қайын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең - қаны шығар. Киімді қаға берсең — шаңы шығар» демекші, терінің жүні түседі. Содан мал азып, титықтайды. Тері кенесінен құтқару үшін қойды жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады. «Қансигек» ауруы еліміздегі мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 пайызы шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы - пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41-42С-ге дейін көтеріліп, тынышсызданады; жүректің және асқазан жолы бұзылып, қан аралас зәр шығарады, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі.
Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейт кетеді. Сондықтан мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды. Бұл кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады. Мұндайда кенелер кездескен жайылымнан малды 9 айдай басқа кенесіз табынға ауыстыру керек. Сонда мал пироплазмозбен (кене арқылы жүғатын ауру) ауырмайтын болады.Құрт пішінді, мөлшері 0,1-0,2 миллиметр ден аспайтын ұсақ берішкенелер әр түрлі өсімдіктердің шырынын сорады. Олардың ұлпасын және мүшелерін зақымдайды. Сөйтіп өсімдік денесінде беріш (шорланған ісік) түзіледі.
Алма кенесі (лат. Eriophyes mali)- тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Олалма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанғанкененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп,соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7 - 9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2 - 4 дарағыбайқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі - өрмеккене. Мөлшері0,2-1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяқтарында өрмекбездері болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорады. Сондықтан өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген өсімдік солады. ұрықтанған аналық кенелер қыркүйек - қараша айларында қыстамаға жатады.Олар ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынаншығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі.
## Кененің зияны
Кенелер. Бұлар — өрмекшітәрізді ұсақ жәндіктер — топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, есімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде, тіршілік етеді, Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың дене мөлшері 0,05—13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшері 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпші-лік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды ұзақ сақтап, жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделгендіктен, адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады.Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мадени өсімдіктердің түсімі кеміп, тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен қураған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлығын арттыратын, топырақга тіршілік етегін де кенелер болады. Кенелердің әр турлі экологиялық ортада тіршілік етуі олардың мекен ету ортасының алуан түрлілігін жэне биологиялық ерекшеліктерін дәлелдейді. Мысалы, жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене деген сан алуан топтары бар.
Кенелердің дене бөлігі — өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылысты кенелерде ғана болмаса, кене денесіндегі үш бөлік: бас, көкірек, қүрсақ тұтасып бітіскен, сондықтан кене денесінен бүл бөліктерді ажырату қиын. Кененің дернәсілі алты аяқты, ересек кенелер сегіз аяқты болып келеді, тек берішкенеде төрт аяқ болады. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасу арқылы қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі, бұл сырттай қарағанда кененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады, бірақ бұл дененің бас бөлігі болып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы — кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді.Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы және лира тәрізді мүшелерімен сезеді, терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады.
Кенелер — дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәрізділерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл, ал одан жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфа, нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.
Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауылшаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе — бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жа-нуарда паразиттік етсе — екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе — үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, ит кенесі — үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі де, түлеп барып, нимфаға айналады, ал нимфа қорегін басқа жануардан табады. Нимфа да ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі де жыныстық жүйесі жетіліп, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады, сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді.
Ит кенесі және тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру — энцефалитті жұқтырады. Бұлар табиғагга әр түрлі жануарлардың денесінде орнығып, бір жануардан екінші жануарға сорған қаны арқылы энцефалит қоздырғышын таратады, бірақ бұдан жануар ауырмайды. Сөйтіп табиғатта ауру қордасы пайда болады. Тасымалшы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш (мысалы, кене энцефалитінің ви-русы немесе оба таяқшасы) белгілі бір территорияда бір жануарлардан екінші жануарларға кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрімен ұзақ уақыт айналымда болады. Инфекция қоздырғышы сақталатын осындай территория қандай болса да, бір аурудың табиғи қордасы деп аталады.
Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салада академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты.
Адам үшін қышыма кене — өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2—0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әре-кетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып-талып, әлсірейді.
Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдардың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Бұл үшін малды басын далада қалдырып, мойнынан қатты қысып тұратындай тетік жасайды да, паразитті өлтіретін улы күкіртті ангидридпен ыстайды.Ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері.
Кенелер азық-түлік қорьш бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер, мысалы, қамба кенесі, сүтсірне кенесі азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе қамба кенесінің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді де, астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.
Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе-тауыққа) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды, Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады.
Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар қышыма кенеден ірірек—1 мм шамасындағы жәндіктер. Теріге жабысып алып, малдың қанын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең - қаны шығар. Киімді қаға берсең — шаңы шығар» демекші, терінің жүні ғана түсіп қоймай, мал азып, титықтайды. Тері кенесінен қутқару үшін қойды жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады.
«Қансигек» ауруы мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 проценті шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді де, мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды.
Құрт пішінді, мөлшері 0,1—0,2 миллиметрден аспайтын ұсақ берішкенелер әр түрлі өсімдіктердің шырынын сорып, олардың ұлпасын және мүшелерін зақымдайды, сөйтіп өсімдік денесінде беріш түзіледі.Дене тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес алма кенесі алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Үрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстап, сәуір айында қоректенуге шығады, бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7—9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта 2- 4 дара кене байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.
Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі — өрмеккене. Мөлшері 0,2—1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқыаяқтарында өрмек бездері болады.
Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорып, олардың өсіп - өнуіне кедергі келтіреді, сөйтіп әлсізденген өсімдік солады. Ұрықтанған аналық кенелен қыркүйек – қараша айларында қыстамаға жатып, ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі.
## Дереккөздер |
Керней – қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Кернейді әскери жорықтарда атой шақырушы, хабар беруші ретінде, сондай-ақ, хандар мен әскер басыларын күтіп алу салтанаты кезінде қолданған. Керней аспабының ел арасында болғандығын белгілі аспаптанушы Б.Сарыбаев ең алғаш ғылыми негізде дәлелдеді. Керней әр түрлі көлемде жасалады. Жұмыр ағашты дәл ортасынан қақ бөліп, өзегін ойын шығарыл, іші тегістеліп тазартылады. Тегістеліп болған соң, біріне-бірі желімделінеді. Жұмырланып келген шанағынын сырты жылқы қылынан жасалған шашақпен әшекейленеді. Шашақ арнайы жасалған қайысқа бекітіледі. Ең алғаш Керней аспабын композитор И.Тілендиев "Қыз Жібек" фильміне қолданды. Дыбысы зор Керней Орта Азия халықтарында әскери музикалық аспабы ретінде тартылады. Әр халықтағы Кернейлердің үлгі-нұсқасы ұқсас болғанымен аталуы, жасалуы бөлек. Өзбектерде — карнай, ұйғырларда — супнай, най деп те аталады.
Халқымыздың кейбір аңыз-жырларында үрлеп ойналатын көне аспап—кернейдің аты аталады. XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде керней жайындағы мэлімет әзірше табылмай отыр. Бұрынғы заманда кернейді де сырнай сияқты жорықтарда дабыл қағу үшін қолданған екен. Ертедегі дастандардың бірі «Қамбар батырда» былай делінген:
Түрлі аңыздарда үрлеп ойналатын әр қилы аспаптардың аты жиі кездеседі. Қылқобызшы Жаппас Қаламбаев ауылдан керней көргендігі жайында айта келіп былай дейді:
Керней дегеніміз түйенің өңешіне өткізілген ұзын ағаш түтік. Музыкант оны жан-жағына бүрылып, қозғалып түрып ойнайды. 1974 жылы Балапан Әнесов біздің өтінішіміз бойынша үш тесікті керней жасады. Оның көлемі мынадай: ұзындығы — 710 мм, диаметрі — 32 мм. Ағаш түтік ұзынабойына қақ жарылып, ал арасынан ауа шықпас үшін ол ішекке кигізілген. Бұл аспапты қайта жасап жетілдіру үшін алда көп жүмыс істеуге тура келеді.
## Дереккөздер |
Кереге – жас қайың мен талдан тор көздеп жасалған киіз үйдің жиналмалы қабырғасы, туырлық жабылатын бөлігінің қаңқасы.
## Жасалу барысы
Керегені көбінесе сәмбі талдан жасайды, себебі ол қатты және жеңіл, оңай иіледі және оңай түзетіледі. Таңдап алынған керегелік ағаштар алдымен екі тұтқалы аталғының көмегімен қабығынан аршылады. Керегеге арналған әбден кепкен ағаштардың бірнешеуін алдымен суға, содан соң қозға салып жұмсартады. Қозға салар алдында суға батырып алған мұндай ағаштың сырты күймейді. Үйші қозда жатқан ағаштарды тезге салып, қисық жерлерін түзетіп, сағанақ ұзындықтарын бірдей етіп алып, бас және аяқ жақтарын шапашотпен шабады. Шапқаннан кейін сағанақтардың бас жағы шалқақ, мойын тұсы аздап ішке еніңкі, бүйірі сыртқа қарай шығыңқы, төменгі ұшы тік болып шығады. Сағанақтың басы мен төменгі ұшы бір түзу бойында орналастындай тік болуы қажет.Киіз үй керегесі осындай қалыпқа келтірілген соң оның тор немесе жел көзді болуына байланысты көк өткізілетін көздері тесіледі. Кереге басы қанша болса, сонша көз тесіледі, бірақ іс жүзінде оның екеуі тесілмеуі қажет, тесілмей қалған көз орнын азат деп атайды. Мұндай азат орындардың керегенің жиналып-жазылуында ерекше мәні болған. Егер азат қалдырмай барлық көздерін тесіп тастаса, керегені жинап-жазу қиынға соғады. Керегенің көз аралықтары бірдей болуы керек. Кереге басы көбейген сайын көзі де артады, көзі артқан сайын азат орындар да көбірек болады және азат қалдырылған орындар саны барлық қанатында бірдей болуы керек.
### Көктелуі
Кереге көздері тесіліп болғаннан кейін көктеу ісіне кіріседі. Көктелетін кереге сағанақтарын орын-орнымен жастық ағашқа орналастырып реттейді. Керге көзі алдын ала кесіліп дайындалған түйе терісінен жасалған таспалармен көктеледі. Көктеу барысында таспаның бір ұшына мүйізден жасалған ине өткізіледі, ал таспаның екінші ұшы арнайы тесіледі. Таспаның екінші ұшындағы тесіктен мүйізді ине өткізілген бас жағын тұтас өткізгенде түйін пайда болады. Екінші ұшы түйінделген таспаны мүйізді ине арқылы екі қабатталған кереге көзінен өткізгеннен соң таспаны тартып тұрып керегеге жақын жерінен тағы бір тесік жасап және сол тесік арқылы иненің басын қайта өткізіп алған соң, таспаны қырқып алады. Осындай тәсілмен екі жағы мықты түйілген түйе терісінен жасалған көк өте берік болады. Көбінесе ауқатты адамдар керегелер көктеліп, өңделгеннен кейін сырмен сырлатады, ал қайың ағашынан жасалған киіз үй сүйегіне өсімдік майын сіңіріп жағады. Мұндай киіз үй өз құндылығын көпке дейін сақтайды.Ә. Марғұланның еңбектерінде Шоқанға әкесі Шыңғыстың сыйлаған қайыңнан жасалған он қанатты киіз үйін көрген генерал А.К. Гейнстің таң қалғандығы туралы дерек бар.
### Көздері
Бір кереге бір қанат болып саналады. Киіз үйдің көлемінің үлкен-кішілігіне қарай 6, 8, 10 қанат етіп дайындалады. Кереге биіктігі 1,5 м, ені жазылғанда 2-2,5 м, жиналғанда 70-80 см болады. Кереге, негізінен, тор көзді, жел көзді деп аталатын екі түрге бөлінеді. Тор көзді керегелердің ағашы жиі орнатылып, көздері жұдырық сиятындай тар болады. Бір қанатында 20-22 керегебас (уықтың байланатын жері) болады. Киіз үйдің шаңырағы осы кереге басына сәйкестендіріліп жасалады. Жел көзді керегелердің ағашы сирек орнатылады, бір қанатында 15-18 бас болады. Жел көз керегенің көзіне қос жұдырық сиятындай кең болады. Әдеттегі керегелердің енінен екі-үш есе кіші, бірақ биіктігі бірдей – шолақ кереге аталатын түрі де кездеседі. Әр керегеде ең ұзын сағанақтар саны 20 данадан жасалып, олар оннан қиғаш орналасады. Олардың ұзындығы 210-нан 260 см аралығында болады. Сағанақтың осындай ең үлкендерін ерісі, есіктен бастап санағанда киіз үйдің кереге желісіне байланысты оң және сол босағадан 5-11-ші жерге тимей тұратын сағанақ жетім сағанақ деп аталады. Жетім сағанақтың басына ешқандай әбзел, құрал, киім-кешек ілмейді.
## Кереге құрамдарының атаулары
Керегенің жерге тірелетін жағын аяғы, кереге ағаштарын көзелген жерінен бір-біріне кіріктіріп бекітетін түйенің мойын немесе өгіз терісінен дайындалған таспасын көк, көктелген керегенің тор-тор болып көрінетін тесігін көз, кереге желісінің жоғарғы, уық байлайтын жерін бас, құлақ деп атайды. Есік таңылатын керегелердің көктері ұзын болады, сондықтан есік орнатылып, таңылатын кереге көгінен белгілі болып тұрады. Керегені құраушы әрбір ағаш – керегелік желі, керегелік желінің ең кішісі – сағанақ, керегелік желінің ең ұзыны – керегелік желінің ерісі, керегелік желінің қысқалауы – балашық дейді.
## Керегенің жасалуына байланысты атаулары
Кереге қанатының сағанағы өзінен кесіліп салынса – қырықпа кереге, керегелік желінің ағаштары жіңішке болса – кәукеншек кереге, керегенің ағашы жуан болса – сүйекті кереге, керегенің балашығы өз алдына кесіліп жасалған болса балашықты кереге деп аталады. Үй тіккенде екі керегенің арасын ызылған жіңішке жіптермен бірдей жалпақтықта және ұзындықта тігілген құр, таңғыш баулармен ұстатады. Кереге сағанақтары кереге таңғыштары арқылы бір-біріне қабыстырылып бекітіледі. Кереге бастары киімілгіш ретінде де пайдаланылады. Кереге мен уықтың біріккен тұсын керегенің қасы деп атайды.
## Сөз морфологиясы
Кереге. Қазақ тілінде бұл сөздің мағынасы — киіз үйдің ағаштан жасалған қабырғасы екені белгілі. «...Біз-ге жаңа уық, кереге керек» (Дала қырандары). Сөздің алғашқы мағынасы — «тор» екендігін сарыкөл тілінің дерегінен білеміз. Онда керган — тор (решетка) (Т. Пах.,-pyc. сл., 1971, 88). Бұл тілде осы сөзден пайда болды дерліктей, киіз үй мағынасында қолданылатын «хирги» тұлғасын да ұшыратамыз (сол сөздік, 204). Кейде бір зат атауы екінші нәрсеге ауысып отыратын жағдай тіл заңдылығында жиі ұшырасатынын жоғарыда жазылған жолдардан кездестірдіңіздер, сондай-ақ ілгеріде де сөз болмақ. Осыны дәлелдейтін тағы бір дерек киіз үйдің негізгі жабдығының бірі — тор көз, моңғол, қалмақ тілдерінде киіз үй атауына айналған. Айырмашылық тек соңғы екі-үш дыбыстың түсіріліп «гэр» не «гер» тұлғаларында көрінуі (Мон.-қаз. сөздік, 1954-, 69; Рус.-кал. сл., 1964, 794). Ал қазақ тілінде -еге жұрнағын сақтай отырып, киіз үй жабдығының бірі болып қала берген.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* ҚСЭ. 5-том. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы, 1974;
* Муканов М.С. Казахская юрта. Алма-Ата: Қайнар, 1981;
* Арғынбаев Х.Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
* Оқа А. Киіз үйге қатысты атаулардың ономасиологиялық жүйесі. Канд. дисс.авторефераты. Алматы, 2005;
* Исаева Г.С. Киіз үйге қатысты атаулардың этномәдени негізі (қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдерінің материалдары бойынша). Канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2008;
* ҚР ҰМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
## Кернеу
1) механикалық – материал деформацияланған кезде пайда болатын ішкі күштер;2) электрлік электр тізбегінің не электр өрісінің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасы. Электрлік Кернеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – вольт.
### Кернеу бөлгіш
Кернеу бөлгіш — шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететін электрлік схема.
### Кернеу күшейткіші
Кернеу күшейткіші — төменгі жиілікті тербеліс көзінен алынатын кернеуді қажетті шамаға дейін арттыратын күшейткіш.
Күшейткіш шығысындағы кернеудің орныққан мәнінің кірісіне берілген кернеуге катынасы күшейткіштің күшейту коэффициенті делінеді.
К= Uшығ/Uкір. Логарифмдік есептеу бойынша Kдб = 201 gUшығ/Uкір= lg KЕгер Күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса, онда- оның күшейту коэффициенті оған кіретін барлық каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады:
К = K1K2K3... Күшейткіштің схемаларын есептеу кезінде кернеу бойынша бастан-аяқ күшейту коэффициентін есептеуге тура келеді:
Кск = UH/Uист, мұндағы UH — күшейткіштің жүкке беретін кернеуі, Uист — дабыл көзінің электр қозғаушы күші.
### Кернеу тұрақтандырғышы
Кернеу тұрақтандырғышы. Қоректендіру көзі немесе жүктеме кернеуінің өзгерісі кезінде әрдайым шығыстағы кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы. Тұрақтандырғыштың электронды және феррорезонансты деп аталатын түрлері кең таралған.
## Дереккөздер
## Ұқсас тақырыптар
* Айнымалы кернеу
* Айнымалы таңбалы кернеу
* Аққыштық кернеуі
* Беріктік шегінің кернеуі
* Бұрау кернеуі
* Ең басты кернеу
* Жанама кернеу
* Жаншу кернеуі
* Иілу кернеуі
* Қалдық кернеу
* Контакты кернеу
* Қалыпты (нормалды) кернеу
* Қауіпті кернеуі
* Қию кернеуі
* Нүктедегі кернеулі күй
* Созылу кернеуі
* Соққы кернеуі
* Сығу кернеуі
* Тангенциалды кернеу
* Түйісу кернеулері
* Шақтамалы кернеу
* Ығысу кернеуі
* Кернеу циклінің амплитудасы
* Кернеу циклінің ассиметриялығы
* Кернеу-деформация диаграммасы
## Кернеу
1) механикалық – материал деформацияланған кезде пайда болатын ішкі күштер;2) электрлік электр тізбегінің не электр өрісінің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасы. Электрлік Кернеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – вольт.
### Кернеу бөлгіш
Кернеу бөлгіш — шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететін электрлік схема.
### Кернеу күшейткіші
Кернеу күшейткіші — төменгі жиілікті тербеліс көзінен алынатын кернеуді қажетті шамаға дейін арттыратын күшейткіш.
Күшейткіш шығысындағы кернеудің орныққан мәнінің кірісіне берілген кернеуге катынасы күшейткіштің күшейту коэффициенті делінеді.
К= Uшығ/Uкір. Логарифмдік есептеу бойынша Kдб = 201 gUшығ/Uкір= lg KЕгер Күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса, онда- оның күшейту коэффициенті оған кіретін барлық каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады:
К = K1K2K3... Күшейткіштің схемаларын есептеу кезінде кернеу бойынша бастан-аяқ күшейту коэффициентін есептеуге тура келеді:
Кск = UH/Uист, мұндағы UH — күшейткіштің жүкке беретін кернеуі, Uист — дабыл көзінің электр қозғаушы күші.
### Кернеу тұрақтандырғышы
Кернеу тұрақтандырғышы. Қоректендіру көзі немесе жүктеме кернеуінің өзгерісі кезінде әрдайым шығыстағы кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы. Тұрақтандырғыштың электронды және феррорезонансты деп аталатын түрлері кең таралған.
## Дереккөздер
## Ұқсас тақырыптар
* Айнымалы кернеу
* Айнымалы таңбалы кернеу
* Аққыштық кернеуі
* Беріктік шегінің кернеуі
* Бұрау кернеуі
* Ең басты кернеу
* Жанама кернеу
* Жаншу кернеуі
* Иілу кернеуі
* Қалдық кернеу
* Контакты кернеу
* Қалыпты (нормалды) кернеу
* Қауіпті кернеуі
* Қию кернеуі
* Нүктедегі кернеулі күй
* Созылу кернеуі
* Соққы кернеуі
* Сығу кернеуі
* Тангенциалды кернеу
* Түйісу кернеулері
* Шақтамалы кернеу
* Ығысу кернеуі
* Кернеу циклінің амплитудасы
* Кернеу циклінің ассиметриялығы
* Кернеу-деформация диаграммасы |
Керімағаш — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылдық округіне қарасты елді мекен, шипалы сумен емдейтін бальнеологиялық шипажай.
## Географиялық орны
Алматы облысы Іле өзенінің аңғарында, Жаркент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км−дей жерде орналасқан.
### Климаты
Климаты континенттік. Жазы – ыстық, күн сәулесі түсетін шуақты күндері мол. Күзі көктемнен гөрі жылырақ әрі ұзақ. Қысы қоңыржай суық, тұрақты қар жамылғысы болмайды. Шипажай өнеркәсіптік нысандардан қашық болғандықтан ауасы таза. «Керімағаш» маңайындағы бұта аралас құм төбелерді мекендейтін қоян, қырғауыл, доңыз, тағы басқа жануарлар оған ерекше көрік беріп, микроклимат қалыптастырады.
### Сипаты
«Керімағаш» санаторийі 1990 жылы ашылған. 60 орны бар (2009). Жыл бойы жұмыс істейді. Мұнда қан айналу жүйесі, тыныс алу органдары, ас қорыту жүйесі, қозғалыс-қимыл мүшелері, жүйке жүйесі, тері, уролог, гинеколог, тіс ауруларын, сондай-ақ ауыр металдармен уланған адамдарды емдейді. Ем ретінде әлсіз минералданған, сілтілігі аз, сульфат-хлоридті, натрий-кремнийлі, құрамы фторға бай гипертермальды су пайдаланылады. Минералды суының құрамы осындай шипажай тек Болгарияда ғана бар. Шипажай ғимараттарында 1–4 адамдық бөлмелер, бильярд және бейнезал бар, сондай-ақ асхана, кітапхана, кинотеатр, дүкен жұмыс істейді. Демалушыларға минералды суы бар ванна, бассейні бар душ-сауна, физиотерапиялық емшара (процедура), массаж, тағы басқа қызметтері көрсетіледі.
## Халқы
## Дереккөздер |
Керуен – сауда жасау немесе өзге де мақсатпен көлік малына (түйе, жылқы, есек, қашыр) жүк артып жолға шыққан адамдар тобы.
## Керуен маңызы
Керуенмен жүру Еуразия құрлығының шөлейтті және далалық аймағына тән. Керуен жолының ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы белгілі желісі Ұлы Жібек жолы деп аталады. Б.д.д. І ғасырдың ортасынан бастап Шығыс пен Батысты сауда және елшілік мақсатта тұрақты жалғастыра бастаған осы керуен жолының басты тармақтарының бірі қазіргі қазақ жерінің үстімен жүрді. Керуеннің жүруі ел мен елдің арасында сауда жасауды жолға қойып, екі елдің мәдениеті мен өркениетінің дамуына оң әсер етті. Жолдың ұзақтығы мен өңірдің табиғи жағдайларына орай керуенмен жолға шығу өте үлкен дайындықты талап етті. Керуен жолының ұзақ немесе қысқа болуына байланысты оның құрамындағы адамдар мен жүк алып жүретін көліктердің саны да әр кезде әрқалай болды. Мысалы, 922 жылы қазақ жерін (қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының аумағы) басып өткен арабтың дін таратушысы Ибн Фадлан бастаған миссионерлік елшілік құрамындағы керуенде 5 мыңдай адам болған.Керуен арқылы тек қана сауда жасалып қоймай, бір елдің ілім-білімі екінші жерге таралып отырған. Керуенмен жүріп өткен елшілердің, саяхатшылардың, саудагерлердің жол-жөнекей көрген-білгендерін жазған естелік пен күнделіктері қазіргі Қазақстанның ортағасырлық және кейінгі кезеңдердегі тарихын толықтыруда маңызды деректердің бірінен саналады.
## Керуен сарайлар мен жолы
Моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде (ХІІІ-XIV ғғ.) қазақ даласымен өтетін керуендердің жүруі тұрақты жолға қойылып, жол бойына керуен сарайлар тұрғызыла бастады. Керуен жолы, негізінен, өзен, көл, бұлақ, құдық т.б. су көздерінің үстімен жүрді. Жол жағдайларына байланысты керуен күніне шамамен 25-35 шақырым жол жүріп отырса, тұрғызылған керуен сарайлардың аралығы да орташа есеппен 30 шақырымды құраған. Ал, керуен сарайлар салынбаған шөлді және елсіз далада керуендер өздеріне ыңғайлы жерден аялдама жасап отырған. Белгілі бір межеленген жерге адаспай және елсіз далада шөлге ұрынбай жету үшін керуенді жол жағдайын жақсы білетін адам – керуенбасы басқарған.
## Керуен қауіпсіздігі
Керуенмен жүру әр кезде де қауіпті болып саналды, табиғаттың қаталдығын (ыстық, суық т.б.) айтпағанда, оңай олжаға кенелу үшін керуенді жол бойы тонайтын қарақшылар да көп болды. Осыған орай, кей кездері керуен құрамында оны жол бойы қорғап жүретін қаруланған күзетшілер де болған. ХІХ ғасырдың бас кезінде Ресейден Орта Азияға қарай шығатын керуен құрамында саудагерлер есебінен атты әскерден құралған күзетшілер жүрген, дегенмен, бұл жағдай сауда жасаушылар үшін тиімсіз болғандықтан 1814 жылдан бастап бұл үрдіс жойылған. Күзетшілік қызметті кейінгі кезеңде керуен көліктерін жол бойы күтіп-баптаушылар алмастырған.
## Қазан төңкерісінен кейінгі керуен қызметі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазақ жерінен Ресейге, Қытайға және Орта Азия елдеріне керуенмен жүк тасымалдау ісі тұрақты жолға қойыла бастады. Қазақ даласы арқылы жүрген үлкен керуен бағыттары Орынбордан, Тройцкіден – Хиуа, Бұхара және солтүстік бөлігінде Петропавловск мен Ташкент қалалары арасындағы сауда керуендері болды. Осыған сәйкес, қазан төңкерісіне дейінгі уақытта қазақ қоғамында керуенге қызмет көрсету, яғни, бірінші кезекте оған қажетті көлікпен қамтамасыз ету және белгілі бір жерге жеткізу немесе алып жүру қызметі пайда болды. Мұндай қызметпен Ресеймен шектесетін аймақтардағы үлкен қалаларға жақын маңда көшіп-қонып жүрген қазақтар айналысып, тауар иелеріне заттарын белгілі бір жерге түйемен жеткізіп беру қызметін ұсынды. Келісім барысында жүк керуені үшін қанша түйе, қанша көмекші адамның керектігін де анықтаған. Бұл қызметпен, негізінен, белгілі үлкен рулардың өкілдері, атап айтқанда, Орынбор мен Тройцкіден Бұхараға баратын керуенді жеткізумен, негізінен, Кіші Жүздің ішіндегі Жетіру мен Байұлы және Орта Жүздің Қыпшақ руының өкілдері айналысқан. Екі қаланың ортасында жүретін керуендер жылына көп дегенде 2-3 реттен аспаған. Мысалы, Бұхарадан Орынборға алғашқы керуен ақпан айының екінші жартысынан бастап аттанып, Орынборға мамыр айында жеткен. Бұхарада затын сатып үлгермегендер мамыр айында аттанатын екінші керуенмен жүрген. Сол сияқты, Орынбордан кейін қарай шығатын керуендер тамыз айында аттанса, кейінгі топ қазан мен қарашадан қалмай шығатын болған.
## Керуеннің көлік малы
Керуен жүгін тасуда, негізінен, қос өркешті түйе малын және оның бір өркешті «нар» аталатын түрін көбірек жалдаған, себебі, соңғысы алдыңғысына қарағанда жүкті көп көтереді. Осыған сәйкес олардың жалдау ақысы да әртүрлі болып келеді. Мәселен, Орынбордан Бұхараға дейін жүк артып апаратын әрбір түйенің жалдау құны 10-12 күміс рубльді құраған. Түйеге салмағы 10-нан 24 пұтқа (1 пұт – 16 кг) дейінгі жүк тиелген, көбіне орташа есеппен 16 пұт жүк артылған. Кейбір жақсы нарлар 20-25 күндік жолда 32 пұтқа дейін жүк алып жүре алған. Ал, оларды арбаға жеккенде 50 пұтқа дейінгі жүкті сүйрейтін. Сауда жасау мақсатымен шыққан керуендердегі жүк артылған түйелердің саны 500-ден 1000-ға жеткен. Керуенде жылқыға қарағанда көп жағдайда түйенің пайдаланылуы бірінші кезекте Орта Азия мен Қазақстанның шөлді, құмды, таулы, қыратты даласының табиғи-климаттық жағдайларына тікелей байланысты болды. Түйе жылқыға қарағанда бірнеше күндік шөлге төзімді, жері сорлы, тұзды, шөп пен су көзі аз жерлермен жүре алады. Бұхара жақтан келе жатқан жүктерді Сыр бойынан бастап жазда арбамен, қыста шанамен тасымалдауда да көбінесе түйелер пайдаланылған..
## Керуен ақысы
Керуен ақысы – түйеге, атқа артылған жүк үшін төленетін ақшалай немесе тауар, зат түріндегі төлем. Керуен ақысының XIX ғасырдағы мөлшеріне байланысты бірсыпыра деректер сақталған. Мәселен, кей жерде түйеге, атқа артылған жүк үшін 1 теңге немесе 20 тиын күміс ақша алған. Жүк тасушылар мен керуеншілердің қызметі мен еңбек ақысы жайлы осындай мәліметтер П.И. Пашино жазбаларында кездеседі: «1865 жылы Қазалы фортынан Орынборға дейінгі керуенге 1500 түйе жалға алынып, әрқайсына 7 сомнан төленген. Сырдариядан Бұхара және Хиуаға дейін қазалылық керуенші бір түйеге артқан жүкке 10-12 сомға дейін алған. Кері қарай керуенбасылыққа жалданған адам Бұхарадан Орскіге немесе Орынборға дейін керуенді жеткізуге бір түйенің теңіне 18 сом күміс ақша алған, мойнына алған жүкті жарты жолда басқа біреуге тапсырмаған. Хиуа, Бұхарадан Қазалыға дейін апарылатын керуен Сырдарияның сол жақ бетіндегі Қаратепе, Мортық өткелдеріне келіп тоқтап, жүкті түсірген, әрі қарай жүк тасушыларды жалдап, жүкті өзеннен өткізген. Олар алғашында жүк тасуға қамыстан жасалған салды қолданатын еді, кейіннен хиуалық кемелер алып, қазір олардың саны 200-ге жетеді. Жүк тасушылар бір түйенің теңін өзеннен өткізуге 1-2 кесе ұн, ал түйенің өзін өткізуге 10-15 тиын ақы алған. Ал, жылқы, өгізді өткізу үшін әрқайсысынан 10 тиыннан, қойдан 1 тиыннан, жүз қойдан бір қозы, киіз үйді жиһаздарымен бірге өткізу үшін 20 тиын ақы алған. 1865 жылдан бастап Бұхар керуенінің Ресейде ұсталуына байланысты Бұхар саудасы күйрей бастаған. Бұрын Қазалы үстінен Ресейге қарай 14000 бас жүк түйесі өтсе, қазір олардың саны 7-8 мыңға қысқарған».
Бұхарадан Орск бекінісіне дейін бір түйеге артылған жүкті жеткізіп беру үшін кірекештер 23 сом 50 тиын ақы алған. Тасымалдау жұмысымен арбакештер де айналысқан. Арбакештің табысы күніне 40-50 тиын, кейде 20-70 тиынды құраған. Кіші және Орта жүз қазақтары қыстауларының Орынбор және Сібір керуен жолдарының бойында орналасуы осы кірекеш кәсібінің дамуына себеп болып, Орта Азиялық теміржол транспорттарының салынуына дейін кеңінен дамыды.Теміржолдар іске қосылғаннан кейін бұл кәсіптің аясы тарыла бастады. Қазалы арқылы Бұхарадан Орынборға дейін 1885 жылы әрі және кейін қарай 39000 бас жүк түйесі өтсе, 1886 жылы 36660 бас жүк түйесі өткен, яғни саудалық жүк түйесінің саны 2340 басқа азайған. Жүк тасушылықты қосалқы кәсіп еткен қазақтар арасында Закаспий теміржолының іске қосылуы да кәсіп аясының тарыла түсуіне әсер етті. Орынбор-Қазалы-Ташкент керуен жолының саудасы қызып тұрған бір кездері кең тараған бұл кәсіп 1889 жылдары Тройцк және Верныйға жүк таситын қазақтар арасында сақталды. Жүк тасуға төлейтін ақы да төмендеді. Қазақтың әдеттік құқығының сауда керуендеріне қатысты қалыптасқан дәстүрі болды. Керуеншілер қыстың қатты суығында бір үй иесіне келіп тоқтап, керуенді үй иесі артық жері болып тұрып қабылдамағандықтан, керуеншілер мен малдар үсіп өлсе, біріншісінің құнын, екіншісінің ақысын төлеген. Н. Гродеков сауда-саттық кезінде қулық, алдау да кездеседі, егер қулығы ашылып қалса, сатушы заттың құнын қайтаруы тиіс болған дейді.
Жергілікті сауда-саттық заттары мал, балық, түйе жүні, қамыс т.б. болды. Саудагерлер заттарын өзінің немесе жалдап алған түйесімен тасыған. Көшпелілер ең алдымен астыққа, мақта маталарына, қаланың қолөнер бұйымдарына, сәндік бұйымдарға мұқтаж болды. Бұларды тері, жүн, текемет, алаша, мүйізден жасалған бұйымдарға айырбастап отырды. Қазақтар арасында қала базарынан көтерме бағамен заттарды алып, ауыл-ауылды аралап сататын алыпсатар қазақтар да болды. Мал сатумен айналысатын саудагерлер ауылдардан малдарды көтерме бағамен алып, базарға сатуға айдап әкеткен. Ал, алыпсатарлар қала базарларынан көтерме бағамен заттарды алып, ауыл-ауылды аралап сатқан. Қазақтар арасында алыпсатар, саудагер, керуенбасы, жүк тасушы сияқты кәсіптермен тек ер адамдар айналысқан.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Спасский Г. Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой Орды. Сибирский вестник. Ч.9. СПб., 1820. С. 350-351;
* Бларамберг И.Ф. Земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевской) и Зауральской (Малой) Орды, Оренбургского ведомства (военно-статистическое обозрение). Т.14. Ч.2-3. СПб., 1848;
* Небольсин П.И. Очерки торговли России и Средней Азий. ЗИРГО. Кн.Х. СПб., 1855. С.1-337;
* Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. 2-ое издание. Оренбург, 1887. С.101;
* Сазонова М.В. Традиционное хозяйство Южного Хорезма. Ленинград: Наука, 1978;
* Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом шелковом пути. Алматы: Ғылым, 1998; |
Керімберді, Кәрімберді (тат. Kärimbirde xan) – Алтын Орда ханы (1412/13 – 1414/16), Тоқтамыс ханның баласы. 15 ғ-дың бірінші ширегінде Алтын Орданың ыдырау процесі тереңдеп, ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсерімен хандар жиі ауысып отырды. їижраның 815 ж. (1412/13) Керімберді Ұлы Литва князьдігімен жақындаса бастаған туған ағасы Жалал әд-Динді өлтіріп, хан тағына отырады. Керімберді сыртқы саясатта Мәскеу князьдігіне жылы шырай көрсете бастайды. Бұған қарсы Ұлы Литва князі Витовта Вильно қ-нда Бессабулды хан етіп тағайындап, Сарайға қарсы жорыққа аттандырды. Шамамен 1415 жылдың соңында Керімберді Бессабулдың әскерін талқандап, оның өзін өлтіреді. Керімберді. Алтын Орданың ішкі саяси өміріндегі талас-тартыстарды тоқтата алмады. 1414 жылдың басында Тоқтамыс ханның басқа бір ұлы Кебек сарай төңкерісі нәтижесінде Керімберді ханды биліктен ығыстырып, таққа өзі келеді. Керімберді ханның одан кейінгі тағдыры және ұрпақтары туралы нақты дерек жоқ.
## Дереккөздер:
## Тағы қараңыз |
Керн(нем. kern – өзек), тасбаған – құбырлы бұрғылау ұңғымасының үңгу бетінен алынатын кеннің немесе тау жынысының сынама үлгісі. Ол бұрғыланып жатқан тау жынысының физ., мех., геол. қасиеттері, кен сапасы, қоры, т.б. анықтауға мүмкіндік береді. |
Кері Сандар, өзара кері сандар – көбейтіндісі 1-ге тең екі сан. Мыс., 4 және ; және ; 1+і және . Нөлдің (жалғыз ғана сан) кері саны болмайды.
## Дереккөздер: |
Кесене — 1) қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш; 2) түркі халықтары үйді, қоныс-тұрақтарды, төбесі жабылған құрылыстарды да кесене деп атаған. Сөз этимологиясына сүйенсек, ортағасырлық қыпшақтар – кезене, малқар мен қарашайлар – кешене, қырғыздар касана, қабардалықтар – чамана, ингуштар мен шешендер – каши деген. Қазіргі түріктер сәнді-салтанатты оңаша үйлер мен сарайларды “kaкane” дейді.
## Дереккөздер |
Кесе – күйдірілген саздан жасалған шұңғыл ыдыс. Кесенің кішкене түрін – шай ішуге, үлкен түрін қымыз, сусын, сорпа ішуге пайдаланады.
## Кесе атаулары және материалдары
Дәстүрлі ортада ыдыс-аяқтардың барлығы ағаштан, қыштан жасалған. Кейде кеселер сауда жолдары арқылы келген. Мәселен, тұрмыста Қытайда жасалған фарфор кеселер де қолданылған. Ондай кесені кәрден немесе кәрлен кесе деп те атаған. Аталмыш кесені материалына қарай қыш кесе, сапал, тасаяқ, тастабақ деп атаған. Бірсыпыра аймақта сапал сөзі балшықтан жасалған ыдыстардың жалпы атауы ретінде қолданылады. Қырғыз, өзбек тілдерінде де балшықтан күйдіріп жасаған ыдысты сапал дейді. Қазақ жерінде балшықтан күйдіріп ыдыс жасау ісі, ерте замандардан бері бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Мәселен, VII және IX ғасырдағы шеберлер қыш ыдыстарға металл өңін беріп жасаған, ал IX-XIII ғасырда түрлі ою-өрнектермен сәндеуді үйренген. Оны археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қыш кесе, құмыра тәрізді бұйымдар айқындап береді.
Форфор, фаянстан жасалатын қыш ыдыстар, оның ішінде кеселер ХХ ғасырдан бастап Қазақстан зауыттарында өндірістік тәсілмен көптеп шығарылатын болды.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Орта ғасырдағы Отырар керамикасы. Алматы: Өнер, 1991;
* Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. Алматы: Арыс, 2005;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Керуен сарай (парсы: کاروانسرا [kārwānsarā]) — Азия құрлығында, Оңтүстік Еуропада, Қазақстан мен Кавказ елдерінде қалалар мен керуен жолдарының бойында ежелгі дәуір мен орта ғасырларда, ішінара жаңа дәуірде салынған аялдама, дамылдау орны.
## Маңызы
Керуен сарай тұрғызу ерте заманнан белгілі. Үлкен керуен жолдарының бойында («Ұлы Жібек жолы», т.б.) көптеп тұрғызылған. Керуен сарайлар, әсіресе, 7 ғасыр мен 19 ғасырдың аралығында халықаралық байланыс пен сауда-саттықтың дамуы әсерінен маңызды орын алды.Керуендер сауда жолдарының дамуына, керуен жолдарының бойында үлкен қалалардың пайда болуына, осы қалалардың халықаралық сауда орнына айналып, қала халқының негізгі тіршілігі саудамен байланысты болуына негіз болды. Осындай жол торабындағы қалаларда керуендерді қабылдап, олардың сұраныстарын қамтамасыз етуде керуен сарайлардың орны өте маңызды болды. Керуен сарай алыс жолға керуен топтастыру, шеттен келген керуендерді қабылдау жұмыстарын атқарып, азығы мен малына арналған жем-шөптермен қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін.Керуен сарайда келген тауарлардың сұранысын, нарықтық бағасын анықтап, бір сөзбен айтқанда, биржалық, делдалдық қызмет атқарылып тұратын орын болғаны белгілі. Сонымен қатар, кедендік жұмыстар мен баж салығын жинайтын мемлекеттік ұйымдар да көбінесе керуен сарайда орналасатын болған. Осылайша керуен сарайлар көне заманнан қалыптасқан, кешенді қызмет көрсететін күрделі құрылым болып келді.
## Түрлері
Керуен сарайдың екі түрі: төбесі жабық тұйық аулалы және төбесі ашығы бар.
* Жабық түрі Кавказда (Арменияда) жиі кездеседі. Керуен сарайдың ортасында мал суаты, айналасында жолаушылар жайғасатын қонақ бөлмелер болған.
* Екінші түрінде көлікті ортадағы тұйық алаңға жайғастырып, бір кейде бірнеше қабатты шағын бөлмелерге жолаушылар орналасатын болған. Кейбір жерлерде керуен сарай кешенді түрде (дамылдау, қонақ үйі, мешіт, асхана, т.б.) салынған. Керуен Сарайлар көп жағдайда қамал-қорғандармен қоршалып, немесе рабаттар мен ханакаларға жалғастырыла салынған.
## Қазақ жеріндегі керуен сарайлар
Қазақ жеріндегі орта ғасырдан белгілі Отырар, Сауран, Құлан, Түркістан, Тараз сияқты қалаларда керуен сарай болғаны ғылыми деректерде көрсетіледі. ХІХ ғасырда қазақ жерінде Бұқтырма, Қазалы, Кереку сияқты қалаларда Бұхара, Хиуа хандықтарымен, Үнді, Қытай, Ресей мемлекеттерімен халықаралық сауда-саттық қатынастарын реттейтін кеден орталықтары болғандығы және осымен байланысты үлкен керуен сарай болғаны белгілі.Сондай керуен сарайлардың біріне әрі қорған-сарайға Тараз қаласы жанындағы Ақыртас ескерткішін (археолог Т.К. Бәсенов зерттеген) жатқызуға болады.
*
*
*
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Пашино П.И. Туркестанский край в 1866 году. Путевые заметки. СПб., 1868;
* Смирнов Е. Сырдаринская область. СПб., 1887;
* Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. 2-е изд. Оренбург, 1887;
* Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырдарьинской области. Юридический быт. Т.1. Ташкент, 1889;
* Смирнов А.П. Быт и нравы киргизов. 2-ое издание. Издание учрежденной по Высочайщему повелению Постоянной коммисий народных чтений. СПб., Типография Ф.Акиенфиева и И.Леонтьева, 1897. С. 26-27;
* Материалы по киргизскому землепользованию. Сыр-Дарьинская область. Перовский уезд. Ташкент, 1912. С.97;
* Материалы по киргизскому землепользованию. Сыр-Дарьинская область. Казалинский уезд. Ташкент, 1913;
* Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках (1771-1867 гг). Сборник документов и материалов. Алма-Ата: Наука, 1964. С.330, 452, 471;
* Уалиханов Ш. Собрание сочинений в пяти томах. Том 4. Алма-Ата: Наука, 1985;
* Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана в Великом Шелковом пути. А., 1998. |
Кесеқап – көші-қонда шыны, қыш, кәрлен кеселер сынбас үшін салынатын, ағаштан, теріден, киізден жасалатын қап, ыдыс.
## Қолданыста пайда болуы
Кесеқаптар ертеректе пайда болып, ХVІІІ ғасырда қазақ арасына Қытайдың фарфор ыдыстары кеңінен тарай бастағанда, аталмыш ыдысты сындырмай алып жүру қажеттілігінен молая түскен. Адольф Янушкевич қазақ даласына жер аударылып, ел аралағанда жазған күнделігінде 1846 жылы қазақтар қымызды Қытай ыдысына құйып бергендігін келтіруі осының дәлелі болса керек. Халық арасында кесеқап тәркешқап, тәркеш, теркеш, қалмақбас деп түрліше аталған. Мұндай ыдысты өзбектер теркеш, түрікмендер серкеш, қарақалпақтар шынықап, қырғыздар пиалақап деп атаған. Қалмақбас деп аталуының себебі кесеқап теріден тігіліп, арнаулы қалыптан шыққан соң, жарты шар тәрізді доп-домалақ күйге енеді. Төбесіндегі қарқарасы (қайыс шашағы) шашын тықырлап қырып, төбесіне айдар қалдырып қойған басқа ұқсайды. Кесеқаптардың "сыңар емшек", "қос емшек", "үш емшек" деген де түрлері бар.
## Түрлері және жасалуы
Кесеқапты қазақтар мен Орта Азия шеберлері ағаштан, шиден, тобылғыдан иіп, тоқып, сонымен бірге теріден, көннен тігіп жасаған.
* Айталық кесеқапты теріден жасағанда ірі қараның жаңа сойылған терісін жібітіп, түгін ұстарамен қырады. Теріні жарты ағаштан жасалған шар тәрізді қалыпқа керіп жайып, қалыптың сыртына біркелкі етіп қалыңдығы 4-5 мм мүм жағады. Оған ортасында алғашқы қалыптың диаметрінен 7-8 мм кеңірек ойығы бар екінші қалыпты киігізіп, бұрап, қысады. Тері тобарсығаннан кейін сүмсуірмен терінің бетіне батыра бедерлеп өрнек салады. Тері қалыпта тұрып әбден кепкен соң, қалыпты шығарғанда шикі тері қатайып, көнге айналып, бастапқы қалпын сақтап қалады. «Көн қатса, қалыбына тартады» деген сөз осыдан шықса керек. Қалыптан шыққан теріні ыстап, майлайды. Оған қайыстан шашақ тағып, кесеқапқа ағаш қақпақ бекітеді. Қақпақтың теріден, киізден, қайыңның тозынан жасалатын қалпақты, құбыр тәрізді түрлері де болады.
* Кесеқаптың ағаштан жасалған түрі (ҚР ҰМ қорынан) екі бөліктен тұрады. Төменгі бөлігі дөңгелек, тегіс, ал үстіңгі бөлігі киіз үйдің шаңырағы тәрізді дөңес. Сыртқы бетіне үшбұрыш және төртбұрыш түрінде тұмарша оюы оймышталған. Екі бөлігінің екі бүйірінде бір-біріне сәйкес келетін екі құлақшасы бар. Бір бүйіріндегі тесігі бар екі құлақшадан бас жағы түйінделген ұзын былғары бау өткізіледі. Кеселерді кесеқапқа салған соң үстіңгі бөлігі мен астыңғы бөлігін біріктіріп, баудың ұзын бөлігімен кесеқаптың екінші бүйіріндегі құлақшаларын қосып байлайды.
* ҚР ҰМ қорында сақталған кесеқаптың келесі түрі бір-бірімен айқастырылған шиден жасалған. Олар екі жалпақ құрсаулар арқылы бекітілген. Бетінде айқас орналасқан, екі жағы дөңестеліп бітетін тақтайшалардан тұратын ши қақпағы бар. Олардың түйіскен жеріне металл дөңгелек қойып, дәл орта тұсынан металл шегемен бекітілген. Тақтайшалардың беті ромб тәрізді өрнекпен көмкерілген. Кесеқаптың қақпағын жауып, бекітіп байлайтын былғары бауы бар. Былғары бау қақпақтың бір жағындағы тесігіне көктеп өткізілген. Қақпағының екінші жағындағы тесігі арқылы былғары баудың екінші басы байланады.
* Киізден жасалған кесеқаптың түбі ағаштан цилиндр тәрізді ойылған. Ішкі жағы киізден астарланып, сырты қызыл қоңыр түсті қалың жүннен тоқылған матамен қапталған. Оның сыртынан ақ киізден қошқар мүйіз оюы сырылып, қара түсті сәндік шегелермен бекітілген. Кесеқаптың қақпағы да ағаштан жасалып, дәл солай қапталған. Қақпағының сыртынан дәл ортасына сәндік ретінде қара түсті шеге қағылған. Кесеқаптың мойын тұсына өріліп жасалған тұтқа орнатылған. Сонымен бірге осы мойын тұсының екі жағынан шашақты бау тағылған. Бау бойымен шашақтың жоғарғы жағына екі-екіден моншақтар өткізілген. Ұзындығы 38 см, ал диаметрі 16 см. Мұндай кесеқапқа бір-біріне кигізіп, он шақты кесе салып қоюға болады.
Кесеқаптарды теріден жасағанда байырғы шеберлер төрт немесе бес қиықтан пішіп, құрап тігетін. Оның бетін күміс сымдармен зерлеп, асыл тастан көз орнатып, күміс шытыралармен безендірген.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап, 2005;
* Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматыкітап, 2007. 107-109 бб.;
* ҚР МОМ – материалдарынан;
* ОМЭЭ – материалдарынан. |
Кеспек– ыдыс; бөшке. Қайың, емен, терек, жөке ағаштарынан құрастырып жасалады. Кеспектің күбіден айырмашылығы – бүйірлері шығыңқы әрі көлемді келеді.
## Дереккөздер |
Кетқода, кедхуда (парс. сөзбе-сөз “үй әміршісі”, “үй иесі”) – орта ғасырларда Иран мен Орт. Азияда қолданылған лауазым, қауым басшысы. Кетқода Иранда, Орта Азияда және Оңт. Қазақстанда 15 – 18 ғ-ларға дейін ауыл ақсақалын (кадхуда-йи дих) және қала аймағының ақсақалын (кадхуда йи махала) атау үшін қолданылды. Ауылдағы Кетқодалар жиналыста ауыл байларынан сайланды. Бірақ оларды жергілікті әкімш. органы – диуан немесе ықпалды ақсүйектер бекітті. Кетқода лауазымы атадан балаға ауысып отырды. Қызмет сатысында Кетқода раистан (болыс немесе ауыл старшыны) кейінгі дәрежеде болды.
## Дереккөздер: |
Кете Жүсіп Ешниязұлы (1871, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы – 1937) – ақын, әнші. Әкесі Ешнияз Сал Жөнелдікұлы (1834 – 1902) белгілі айтыс ақыны, әнші болған. Алшын тайпасының негізін құрайтын Әлімұлы бірлестігінен тарайтын Кете руынан шыққан.
А.Затаевич “Қазақтың 1000 әні” атты жинағында (Орынбор, 1925) Ешнияздың алты әнін жариялаған. Әке өнегесін жалғастырған Кете Жүсіпон төрт жасынан жыр айтып, ән салды. Өлеңді жазып та, суырып салып та шығарады. Шәкей сал, Ырысты қыз, Қалыш келіншек, Қаңлы Жүсіп, Құлназар, т.б. сыр бойының ақындарымен айтысы, “Шаїзада” (1911), “Сұр мерген” (1915) атты дастандары бар. Кете Жүсіпкеңестік кезеңде де көптеген шығармалармен бірге “Барымта” (1923), “Өткен заман” (1925) атты поэмаларын жазды. Оның өлеңдері (“Бүркіттің сыны”, “Әлеумет келді жиналып”, “Өсиет”, “Білімді туған артық перизатым”) шымыр ұйқастарымен, тақырып ауқымдылығымен, тәрбиелік мәнімен құнды.
## Дереккөздер |
Кестежусан (лат. Pyrethrum) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер шарында кең тараған. Еуразия мен Солтүстік Африкада кездесетін 100-ге жуық түрі белгілі Қазақстанда таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, шалғындарда, орманды жерлер мен бұталар арасында өсетін 19 түрі бар. Биіктігі 3 – 100 см, тік сабақты өсімдіктер. Жиегі тілімденген, кейде тұтас табақты жапырақтары кезектесіп келеді. Себет гүлдері жеке немесе шоғырланып (2 – 40) қалқаншалы немесе сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Гүлтұғыры дөңес кейде тегіс, жалаң болады. Тілше тәрізді гүлдерінің желегі ақ, қызғылт, ал түтікше гүлдерінің күлтелері сары түсті келеді. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Тұқымдары ұзынша келген, сырты жалаң болады. Кестежусанның кейбір түрлерінен (мысалы, қызғылт Кестежусан немесе парсы түймедағы, тағы басқа) адам мен жануарлар паразитіне қарсы қолданылатын инсектицидті зат – пиретрин алынады. Кестежусанның гүлдері әдемі болғандықтан, көбінесе әсемдік үшін өсіріледі. Кестежусанның реликті түрі – Келлер кестежусаны қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Нұра (2017 жылға дейін — Киевка) — Қарағанды облысындағы кент, Нұра ауданы орталығы.
## Географиялық орны
Қарағанды қаласының солтүстік-батысында 210 км жерде, Үлкен Құндызды өзені сағасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1898 жылы қаланған. 1928 жылдан аудан орталығы, 1964 жылы кентке айналды.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Нұрада ауданы тамақ өнімдері комбинаты, астық қабылдау пункті, май, нан зауыттары, коммуналдық кәсіпорындар, ауданның тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, электр жүйесі басқармасы, автокөлік кәсіпорны, баспахана, балалар бақшасы, 3 орта мектеп, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, 2 кинотеатр, кітапхана, аудандық аурухана, емхана, дәріхана, санэпидстанса, т.б. мекемелер бар. Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге Даңқ ескерткіші орнатылған. Тың және тыңайған жерлерді игерушілер (1954–1956) құрметіне тұғырға алғашқы тың көтерушілер тракторы қойылған. Тұрғындары Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларымен, Осакаровка кентімен, ауданның басқа елді мекендерімен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жақын темір жол стансасы – Осакаровкаға дейін 81 км.
## Дереккөздер |
Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.
Сонымен бірге матаның Кесте түсер тұстарының жібін суырып тастап немесе қалың мата бетін алдын ала ойып алып та тігеді. К. тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде Кесте ні зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиһаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік-туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі, биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін Кесте көп пайдаланылған. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Қазақстанда құрылған “Тұскиіз” (Алматыда), “Өнерпаз” (Таразда), “Өрнек” (Өскеменде) секілді фабрикалар қазақ халқының К. өнеріне тән стильдегі бұйымдар жасайды. Олар өмір талабына сай екшеліп, жаңа түр-мазмұнға ие болуда. Республикамызда 400-ден астам Кесте ілер есімі белгілі. 1926 ж. Парижде өткен дүниежүз. көрмеде Р.Барлыбаева кестелі тұскиізі үшін халықар. сыйлық алды. 1957 ж. Респ. 1-көрмеде қарағандылық Баймағамбетова, зайсандық Құнақова, семейлік Абаеваның Кестелері көркемдік жағынан жоғары бағаланып, бірінші сыйлыққа ие болды.
## Дереккөздер |
Керімбекова Айсара(15 маусым 1965, Алматы облысы Кеген ауданы Ақтасты ауылы) – самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1992), дзюдодан спорт шебері (1990), самбодан дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Калининград, 1988), А.Харлампиев атындағы халықар. турнирдің екі мәрте жеңімпазы (Мәскеу, 1988, 1989), КСРО Кубогінің күміс жүлдегері (Александровск, 1989), КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (Минск, 1991), Азия чемпионы (Владивосток, 1992), дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Минск, 1992), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Алматы, 1994, Бішкек, 1995), дзюдодан ТМД елдері чемпионатының күміс жүлдегері (Брянск, 1995). 1992 ж. еліміздің таңдаулы он спортшысы қатарына енді. Қазір Алматы қ-ндағы қазақ-араб колледжінде дәріс береді.
## Дереккөздер: |
Кетпен – ауыл шаруашылық жұмыстарында арық қазуға, жер қазуға, егістік жерді өңдеуге қолданылатын құрал. Кетпен егін шаруашылығы дамыған өңірлерде кеңінен қолданылған.
## Сипаты
Кетпеннің шабатын бөлігін – жүзі, жүзінің жоғары көтеріліп тұратын екі бүйірін – қыры, сапқа арналған сырты жұмыр, іші қуыс құбыр тәрізді бөлігін – ұңғы, ұңғының үстіңгі қыр жағы – шүйдесі, қолға ұстайтын тұтқасы кетпеннің сабы деп аталады. Кетпеннің саптан басқа темір бөлігін кетпеннің басы дейді. Жаздыгүні кетпен ыстық күн астында сабы кеуіп, басы босап қалмауы үшін оны суға салып қояды.
## Жасалуы мен қолданысына қарай атаулары
Кетпен жасаумен темір ұсталары айналысқан. Кетпеннің жүзі мен екі бүйірін түзу етіп темірден соғып, жоғарғы жағына сап орнататын ұңғы жасайды. Кейбір кетпеннің екі бүйірі доғалдау, бүйірінің қырлары жұмырлау болып жасалады. Кетпенді адамның түрегеп тұрып шабуына ыңғайлы етіп ұзындау, жуандығы кішігірім білектей ағашпен саптайды. Кетпенге саптайтын ағашты "кетпенсап" дейді. Кетпеннің үлкен-кішілігі оның жүзіне байланысты болады. Шабатын жүзі ұзын болса – үлкен кетпен, жүзі қысқа болса – кіші кетпен деп атайды. Кетпеннің үлкендерге, балаларға арнап жасалған түрлері де болады. Арамшөп отауға, көкөніс түбін қопсытуға арналған кішкентай кетпен "кетпеншот" деп аталады.Жер қазатын, арық тартатын т.б. ауыр жұмыстарға қолданылатын кетпеннің салмағын жеңілдету үшін басының ортасын ойық етіп жасайды.
## Кетпен мәні
Егіншілікпен айналысатын диқандар кетпенін қадірлеп ұстаған. Жерді өңдеуге кіріспес бұрын кетпеннің басын топырақпен сүртеді, бұл кетпен топырақтан арылмасын, егіс өнімі мол болып, тоқшылық болсын деген ырымға саяяды. Сондай-ақ жұмыс аяқталған соң кетпенді тазалап жуып қоятын болған.Ертеде Жетісу қазақтары арасында ер адамның құнына берілетін құн мөлшерінің құрамында қара нар, қалы кілем, қара мылтық, қара шолақ ат, 100-ден 200-ге дейін жылқы, ақ сауытпен қоса кетпен де қосып берілгендігі туралы Ә. Диваев пен И. Ибрагимовтың еңбектерінде айтылады. Қазақтың аңыз-ертегілерінде кетпеннің мықтылығын оқ атып сынағандығы туралы да деректер кездеседі.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Алтаев Б.Ә. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының егіншілікке байланысты дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Тарих ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертациясының қолжазбасы. Ғылыми жетекші Нұрсан Әлімбай. Алматы, 1994;
* Кармышева Дж. Земледельче-ская обрядность у казахов. Древние обряды, верования и культы народов Средней Азии. М.: Наука, 1986. С.181-208. |
Кирсанов қорықшасы – Қазақстандағы республикалық мәні бар үш кешенді қорықшаның бірі.
## Географиялық орны
Қорықша 1967 жылы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі және Ақжайық аудандары аумағында ұйымдастырылды. Ол алғашында Жайық өзені ғана кездесетін құндызды қорғау және санын көбейтіп Қазақстанның басқа аймақтарына қайта жерсіндіру мақсатымен 10 жыл мерзімге ғана ұйымдастырылған. Кейін оның жұмысы тағы да 10 жыл мерзімге ұзартылды. 1986 жылы Қазақстан Министрлігінің Кеңесінің қаулысы бойынша республикалық мәні бар кешенді қорықша болып қайта бекітілді. Бұл – Қазақстандағы терісі бағалы құндызды қорғауға арналған бірден-бір қорықша.
## Жер бедері, флорасы мен фаунасы
Қорықша Жайық өзені аңғарын және оның айналасындағы шалғынды, далалы жерлерді алып жатыр. Жер көлемі 61 мың га, өзен аңғарында ені 10 км, ұзындығы 50 км-дей алқапты қамтиды. Онда арал мен түбектер көп. Орманды жерлерінде қаратерек, көктерек, емен, қайың, тал өседі. Қорықта құндыз, бұлан, қабан, елік, бұғы, орман сусары, борсық, орқоян, ақтышқан, құр, сұрқаз, үйрек, балшықшы, т.б. қорғалады. Көлдер мен өзендерде сазан, көксерке, шортан, тыран кездеседі. Жайық өзенінде шоқыр, қортпа таралған. Мұнда табиғат қорғау шараларымен бірге биотехникалық жұмыстар да жүргізіледі. Жыл сайын құндыздар санының есебі алынып отырады, тұяқты аңдарға арнайы тұз себілетін алаңқайлар даярланып, құстарға арнайы ұялар жасалып ілінеді.
## Дереккөздер |
Китаб Ахбар Әл-Бұлдан(Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы) – географиялық-тарихи жинақ, Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамаданидің шығармасы. Шамамен 902 – 903 ж. жазылған. Шығарманың түпнұсқасы 5 том, 2 мың беттей болған. Онда Орта Азия мен Қазақстанның географиясы жөнінде мағлұматтар, Сы |
Кимешек – көшпелі ортада қалыптасқан, экологиялық талаптарға толықтай жауап беретін қазақ әйелдерінің бас киімі.
## Кимешектің қалыптасуы
Кимешектің қалыптасуына, біріншіден, экологиялық жағдай әсер етсе, екіншіден көшпелі қоғамның салт-дәстүрі, әйел адамға деген моральдық-этикалық нормалардың талаптарының әсері болған. Экологиялық жағдай дегеніміз – Қазақстан жері күрт континенталдық климаттық белдеуге жатады. Сонымен қатар, Еуропамен салыстырғанда атмосфералық шаңының көптігімен ерекшеленетіні белгілі, оның себебі, топырақтың негізгі құрамы лесстардан тұратындығында және аңзақ қатты соғатын желдермен байланысты. Осы жағдайда кимешек – жаздың аптап ыстығы мен қыстың қатты суығынан, қатты жел мен шаң-тозаңның әсерлерінен қорғануда пайда болған киімнің бірегей пошымы болған. Кимешектің негізгі бірегейлік ерекшелігі, адамның бетінің формасы ойылып қалдырылып, қалғаны түгелдей тігіліп, басты ғана емес, адамның денесін белуарына дейін түгелдей жауып тұратындығында.Салт-дәстүр факторы. Кимешек – күйеуге шыққаннан соң киілетін бас киім екенін ескерсек оның өте көнеден қалыптасқан сакралдық мағынаға толы, тіл-көзден сақтайтын, қорғаныс киімі екенін ескерген жөн.Еуразия кеңістігінде көптеген елдерде, оның ішінде қазақ халқында, өте көнеден қалыптасқан дәстүр бойынша әйел адам шашын жауып жүретін болған. Бұл өте ертеден қалыптасқан, адамды тіл – көзден сақтаудың іс шараларының ішіндегі ең негізгісінің бірі болғаны белгілі. Қыз бала тақия телпек киіп шашы жартылай ашылып, тіпті бұрымы сұлулықтың құрамдас бөлігі қаралатын болса, күйеуге шыққанда оның бәріне тыйым салынып, босанғаннан соң тыйымдардың саны да, түрі де көбейіп, шаш толықтай тұмшаланатын. Бұл евразия халықтарының барлығына дерлік тән үрдіс болғаны белгілі.Бұл жерде айта кететін жайт – кимешектің пошымының қалыптасуына экологиялық фактор ма, әлде шашты жауып жүру дәстүрінің әсері күштірек болды ма? Бұл жерде осы екі фактордың да әсері кимешектің формасының қалыптасуына себеп болды десек те, көшпелі өмір салты, әсіресе көп уақыт салт атты жүрудің әсері айқындаушы фактор болған сияқты. Көші қонмен жүрген қазақ әйелдеріне, жел өтінде, қобырап кетпейтін, әр уақыт қайтадан байлап-оралмайтын (басқа киіле салатын) жинақы да шымыр бас киім түрінің қажеттілігі кимешек пошымының қалыптасуына себеп болуы керек.Мұндай киімді бас киім басқа халықтарда кездесе бермейді. Кимешектің қырғыздарда, қарақалпақтарда және Қытай халық республикасының батысында мекен ететін салорларда кездесетіні климаттық, дәстүрлік ұқсастықпен және халықтардың этномәдени байланыстылығымен түсіндіріледі.
## Кимешектің басқа бас киімдерден ерекшелігі
Кимешек басқа көптеген бас киімнің түрлерінен ерекшеленеді. Мысалы, пішілмеген, тігілмеген басқа орай киілетін бас киімдер – орамал, шылауыш т.б. сияқты атауларымен белгілі. Ал тігіліп киілетін бас киімдер тобына – тақия, малақай, бөріктің көптеген түрлері жатады. Кимешек болса төбеден иықты қоса белге дейін түгел жауып тұратын, тұтастығымен ерекшеленетін бас киім түрі. Кимешектің басқа оралатын жаулық шылаушытардан негізгі айырмашылығы – тігіліп істелетіндігінде. Архетипі, шаршы матаны диагоналы бойымен екі бүктеп тігіп, беттің орнын ойып шығарылған «капюшон» тәрізді жасалған болуы керек. Кимешектің пошымы уақыт өте келе күрделеніп, пішімімен, әшекейленуімен айқындалатын түрлі аймаққа, руларға тән өзгешіліктері қалыптасты.Кимешектің бетке келетін тұсы ойып алынады да, төбесі тұйық болады. Кеудесін, жағын, бет жақтауларын көмкеріп кестелейді. Күміспен, тана моншақтармен шеттіктеледі. Қазақ әйелдерінің кимешек киюі және оның сыртынан шылауыш тартуы әр өңірде әртүрлі.
## Кимешек әшекейлеудің және киюдің әлеуметтік орны
Кимешектердің әшекейленуі әйелдердің жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік орнын аңғартады. Айталық, жас келіншектерге арналған кимешектің бет жақтауы кеңдеу болады. Қызыл, күлгін түсті жіптермен кестеленген жас келіншектердің кимешектері көздің жауын алады. Оның сыртынан шылауыш тартады. Ал мосқал тартқан әйелдердің кимешегінің бет жақтауы тарлау келеді де, әдемі кестеленеді, бірақ әшекейленбейді. Кейде егде тартқан әйелдер кимешектерін ақшыл, сары түсті жіптермен кестелейді. Қарттар мен күйеуі қайтыс болған әйелдер кимешегін кестелемейді. Күйеуі өлген әйелдің кимешегін теріс кигізіп, асын бергеннен кейін ғана оң кигізетін салт бар. Мұндай әйелдер күйеуге тиетін болса, онда кимешегі кестеленеді. Кимешектің қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты әртүрлі үлгіде болады. Әсіресе, маржан тастармен әшекейленген Жетісу өңірінің кимешектері таң қалдырады. Дәстүрлі ортада жаңа үйленген отау иесіне «құсың құтты болсын» деп тілек айтылады. Кимешек киген әйелді жанынан қарасаңыз әсте құсқа ұқсайды. Әсемделіп тігілген төбелдірігі құстың басын, ал әйелдің иығымен қоса, шашын жауып тұратын кимешектің алдыңғы, артқы жағы құстың қанатын, құйрығын бейнелейді.Күйеуге шыққан әйелдердің балалы болған соң киетін баскиімі екі бөліктен тұратын кимешек пен шылауыш ХІХ ғасырдың басынан бері оларды тек ақ матадан жасаған, бірақ, XVIII ғасырдағы мәліметтер бойынша оған түсі басқа да маталар да пайдаланылған көрінеді. Солтүстік Батыс Қазақстанда (Орал және Торғай облыстары) төменгі жаулық үшбұрыштан бүктетіліп, шаршы матадан ғана тұрған. Оны басына тартып, шеттерін кеуде тұстан айқастырған, не желке жағына жіберген. Қазақстанның басқа аймақтарында төменгі баскиім ретінде бет шығатындай алды ашық, иық, кеудені бірдей жауып, арт жағы үшбұрыштанып арқаны жауып, төмен қарай құйрығы жіңішкеленіп кететін кимешек киген.Матаны үнемдеу үшін, әдетте, кимешектің негізгі бөлігін пішуден қалған екі үшбұрышты кесекті төменгі, үшкірбұрышты «құйрықты» пішуге пайдаланған. Бұл пошымға сол жақта тараған кеуде мен арқаның екі бірдей ұзынша бөліктерін біріктіріп тігетін вариант жақын. Кимешектi жас ерекшелiгiне сәйкес әшекейлейдi. Ең сәнділері жас келіншектерде болған. 30 жастан асқан соң күміспен, моншақпен әшекейленген кимешек кию әдепсіздік деп есептелген, ал балалары ержеткен, орта жастағы әйелдер түрлі-түсті жіптерден жұқалап жүргізілген тігіс пен кестені қанағат тұтқан. Жасы егделенген әйелдердiң кимешегiнiң әшекейi аздау, ою-кестесi жеңiл болады, сары, ақ жiппен сырылады. Жас әйелдердiкi қызыл, жасылмен әшекейленедi.Екі жақтаудың сәніне көп көңіл бөлінсе, «құйрық» шеттеріне шашақ бекітіп тіккен, төбесіне «төбелдірік» деп аталатын арнайы дайындалған жеке әшекей таққан. Кең тараған әшекей түрі кестелеп тігу, оған қосымша моншақ, маржан, күміс әшекей тағылған. Бұларды ХХ ғасырдан бастап күміс теңгелер мен «сөлкебайлар» толықтырған.
## Кимешек пошымы және кестеленуі
Кимешектің кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық, ал адамның бет-әлпетi шығып тұратын жерi «ойық» болады. Кимешектi басқа сәйкестендiре пiшiп, тiгедi. Ол шықшыт, жақ, құйрықша аталатын негізгі бөліктен тұрады: оның иектi айнала маңдайды жауып тұратын екi жағын «шықшыт», алдыңғы, яғни, өңірге түсіп тұрған бөлігін «жақ», ал адамның белiнен төмен, шашты жауып тұратын ұзын ұшы бар бөлігін «құйрықша» деп атайды.Кимешектің адамның басы шығып тұрған ойық тұсының екi жағы, кеудеге келер тұсы «қол кестемен» кестеленiп әшекейленедi немесе зер жiптермен бастырылып, сырыла тiгiледi. Ойықтың жиегiн өңдi жiппен «шалып» тiгедi. Мұны «алқым шалу» деп атайды. Алқым шалудан кейiнгi жадағай тiгiстi «су» деп атайды. Судан кейiн «қиықшалап» тiгедi. Қиықшадан кейiн су «жүргiзiп», «құман бау» деп аталатын әшекей тiгiспен тiгедi. Құман баудан соң «күрең кесте» деп аталатын ою-өрнек салынып тiгiледi. Күрең кестеден кейiн «сағат бау» тiгiсi жүрiледi.
## Кимешектің өңірлер бойынша үлгілері
Кимешектің қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты, әртүрлі үлгілері болады. Кимешектiң Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседi. Кимешектің көне түрі – орама кимешекті Солтүстік Қазақстан қазақтары ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін киген. Тігілмей пішілген мата кесегі басқа тартылған. Киген кезде ол кәдімгі кимешектерден айырмашылығы болмаған. Кимешектің екінші бір түрі матаның тұтас кесегінен пішіліп, бір жақ қырынан келетін жағынан бас сұғатын орын қалдырылып, бір-ақ тігіспен тігілетін болған. Бұл Омбы, Атбасарда, Әулиеата өңірінің теріскейінде және оңтүстіктегі қоңыраттарда сақталған. Сондай-ақ қоңырат кимешектерінің төбесі толық тігілмей, алдынан тік бұрышты мата тіккен, ол бас киімді үстінен жауып тұратын бір ерекше деталі болған.Осы варианттың тағы бір түрі Қызылорда қазақтарында да кездеседі; ұзындығы енінен екі есе ұзын матаның ұзын жағына екі шетінен бүктеп, екі жағынан тігетін болған. Екі қабат матадан тұратын шаршының бір жағы кимешектің алдыңғы бөлігі, екінші ұшы артқы жағына түскен. Оның тігілмеген төменгі бөлігін кесіп, жарты шеңберлік түрге келтірген, ал жоғарғы бөлігінен бетке орын ашқан. Төбеге келетін бұрышты аздап кесіп, соған қайтадан тігіп бекіткен, кішкентай жамау – төбені құраған.Солтүстік және Орталық Қазақстанда кимешектердің алдыңғы жағы трапеция немесе үшкірленіп пішіліп, жоғарғы бөлігінде бетке орын қалдырылған; арқа жағы дұрыс ромба түрінде келеді де, құйрығы тізеге тіпті өкшеге дейін түсетін болған.Шығыс Қазақстандағы кимешектердің құйрық бөлігі қысқалау, алдыңғы жағы жоғарғы бұрыштары қиғаш келген төртбұрыш секілді болған, оның екі жағына квадратқа жақын түрдегі жақтаулар бекітіліп тігілген.Сырдария бойында Кіші жүз руының бірінде пішіні өз бетінше бөлек, бүрмелі кимешек түрі болған. Оның алдыңғы жағы тура бұрышталып пішілген, төменгі ұзын жағы кеудеге түсіп, ал жоғары жағы бүктеліп, бетті екі жағынан қоршап тұру үшін басқа байлап, бекітіліп қоятын болған. Кейде арқа бөлігінің жоғарғы бұрышына төбешік баскиім бекітіп тігілген.Оңтүстік қазақ әйелдерінде кеңінен тараған кимешек түрі ұзынынан екіге бүктеліп пішілген мата кесегінен жасалатын болған. Пайда болған тура бұрыштың жартысынан бастап қиғаштай кесіп алып, кесілген жерді тігіп алады. Тігіс арқаның ортасына түседі. Пішін бұрыштары жоқ үшбұрыш түрінде болған. Беттің орнын ашып, дөңгелек немесе сопақ төбешік және маңдайша жапсырып тіккен.
## Кимешектің рулар мен тайпаларға тән ерекшеліктері
Әр тайпа мен рудың кимешектерiнiң пiшiмiнде, түрiнде және сырт көрiнiсiнде өзiне тән ерекшелiктерi болған.
* Жетiсу өңiрiнде жақтағы жалпақ кестелерге қосымша моншақтар, күмiстен жасалған әшекейлер, түйреуіш қоса тiгiлген. Бұл кимешекке сән бередi, әрi төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етедi. Кимешектiң кеудесiне төрт бұрышталып жоғарыда аталған тiгiстер қайталанады. Кимешектiң кеудедегi бөлiгiнiң ұшына күмiс теңгелер тағылады. Бұл К.-ке сән бередi, әрi төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсерi болады.
* Найман руының қызай елiнiң кимешектерi жағына және кеудесiне жарқыраған күрделі кесте тігетіндіктерімен даңқы шыққан, оларға түрлi тағымдар қадалмаған, тек реті келсе күміс құймалар таққан.
* Солтүстiк және Орталық Қазақстан өңiрлерiнде кестеге онша көп мән берiлмеген, бiрақ моншақ, маржан, күмiстен, түрлi тастардан жасалған тағымдар қадаған.
* Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстауда кестелеумен қатар, түстерi ашық маталармен, тоқыма ызбалармен шеттiктеген. Жиын-тойларға киiп баратын кимешектердiң тiгiсiн бойлай күмiс тағымдар қадап, кеудесi мен жауырын бөлiктерiнiң төменгi жақтарына шашақтар тiккен.
* Жас әйелдер жаулығына қатты каркасты қолданудың іздері бұрынғы Ақмола облысындағы арғындарда да байқалады, бірақ олардың пошымы басқаша, қарапайымдау болған: бастарына матаны жиырып бүктеп, алдына қағаз салатын болған «тік тұру үшін» Жетісудің кішігірім цилиндрге ұқсас негіз жасаған, оған матаны ораған кезде алды жағы тік бүктеліп, күрделі түйінді жақтаудың шеттері салбырап тұратын болған. Жаулықты түйрегіш көмегімен мықтылап бекітіп, киген, шешкен кезде бөрік сияқты алған, бүктеп сақтаған.
ХІХ ғасырдың аяғында ешқандай каркассыз жаулықтар кию басым түсіп жатады, оларды киген сайын көлденең қатармен орап отырған.
* Ең қарапайым түрі Шығыс Қазақстанда, Лепсі уезінде: квадрат матаны екіге бүктеп, қиғаштап қайырған соң басты айналдыра бір орап, арт жағынан қобыратып түйген, түйін көбінесе орамал астына таңылған, орамалдың төменгі бос бұрышы арқаға түсіп тұрған. Мата кесігінің көлемі онша үлкен болмаған. Бұндай пошымға жоғарыда айтылған матадан пішілген ұштары ұзындау үшбұрыш пайдаланған.
* Оңтүстік Қазақстанда басқа пошым жиірек шаршы матаны тұтас бүктеп, басты екі айналдыра орап, екінші орамда алдыңғы жақта қиғаш қиыстырып әкеткен. Желке жаққа апарып шеттерін байлаған, олар арқаны жауып, кейде белге дейін түсетін болған. Жас келіншектер шеттерін шашақпен тігетін болған. Кейде арқа жаққа бір ұшын ғана жіберіп, екіншісін орам арқылы өткізгенде, ол сол жақ құлақтың артында салпаңдап тұратын болған.
* Көп тараған пошым түрі «мұнаратектес болған». Ол үшін бүкіл мата біртіндеп басқа оралып, ұштары орам арасына кіргізіледі немесе желке жақтан түйіледі. Бұндай пошымды жаулықтарды Жетісудан, Әулиеата уезінен, Сырдария және Орталық Қазақстаннан кездестіреміз. Батыс Қазақстанның өңіріндегі қартаң әйелдер жаулығының пошымы да тура осындай болған. Маңғыстау және Торғай облысының батыс өңірінде тағы бір өзі астыңғы, үстіңгі әйелдер баскиімін алмастыратын пошым болған. Материя тура солай бір бүктеліп, оның бір ұшымен басты жоғары -төмен және керісінше орап, екінші ұшымен жоғары жақтан көлденең қатармен таңып отырған. Оны тек жасы ұлғайған әйелдер киген.
* Орама кимешек – кимешектің кең тараған түрі ғана емес, ең көне тұрпаты да. Оның кейбір түрлерін Шымкент пен Сыр бойының әйелдерінің басынан әлі де кездестіруге болады. Тұтас матаның төменгі бұрышы дөңгеленіп кесіледі де, жоғарғы бұрышы әйелдің бет-пішініне орай ойылып тасталады. Төбе жағына кейде тігіс түсуі де мүмкін. Қазақстанның көп жерінде бұл кимешек трапециялық, не төбесі шолақ үшбұрыш түрінде пішіліп, жоғарғы жағы бетке киілетіндей етіп ойылады. Кимешектің артқы ұшы ұзын келеді, кейде өкшеге жетеді. Қазақстанның шығыс өңірінде кимешек қысқа болып, алдыңғы бұрышы қиылған төрткүл келеді. Бұл кимешектер құрама матадан жасалып, құлақ жағына шаршы қиықтар тігіледі.
* Бүрмелі кимешек – Сырдарияның сағасын мекендеген қазақ әйелдерінің арасында кең тараған. Бүрмелі кимешектің бет жағы шаршы келіп, төменгі ұзын ұшы омырауға түсіп, төбесі жинақтала келе түйіліп, кейде оның үстіне бөрікше киіледі. Оңтүстік өңірдің әйелдері матаны ұзыннан екіге бүктеп жартылай кесіп, оны қайта жалғай тігіп, тігісін арқасының суағар тұсына келтіреді. Жетісу келіншектерінің кимешектерінің үлгілері де аса мол, байлау үлгілері де ерекше көз тартады. Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, электра (алтын мен күміс құймасы), лағыл, ақық, шырымтал (слюда), меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, әлеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою-өрнексіз болған. Ұзын қиықтан немесе екі үш бұрышты бөліктен жасалған кимешектер басым түсіп жатады. Жаулықтар негізінен Орталық және Солтүстік Қазақстанда тараған пошымдарға жақын. Ертеде Торғай, Қостанай, Маңғыстауда кимешек болмағанға ұқсайды және төрткүл ақ жаулық салған.
Дәстүрлі ортада апа-әжелер кимешекті ерекше қастерлеп, таза киюге тырысқан. Кір, лас киім киген адамның басынан бағы, берекесі қашады, өзін марту басады деп білген. Көп жасаған қарт ана кимешегін өзінің жанына жақын келініне көзімдей көр деп мұра ретінде қалдырған. Кейде кимешекті әдейілеп сұрап алатындар да бар.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда: ХIХ – начала ХХ в. Алма-Ата: Наука, 1964. С.115-122; Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1. Алма-Ата: Өнер, 1986;
* Ақатаева К. Кимешек. Қазақстан әдебиеті. 1991, 7 маусым. №23. 14-б.;
* Шәріпов Ж. Бір бешпетім бар еді дүриядан. АТ., №4. 1994. 27 қаңтар;
* Какабаев Б.С. Выставка традиционных головных уборов из коллекции Центрального Государственного музея РК. Worlddiscovery. Алматы, 2003. №2. стр.120;
* Кәмәлашұлы Б. Қазақтың байырғы киім-кешегіне қатысты салт-дәстүрлері. Алматы: Өнер, 2006. |
Китаб Әл-Харадж Уә Санат Әл-Китаба (“Жер салығы және хатшының өнер кітабы”) – тарихи шығарма. Авторы – Әбу-л-Фарадж Құдама ибн Жафар әл-Басри. Шығарма 928 ж. жазылған. Онда Араб халифатының әкімшілік бөлінісі, жол қатынасы, жерге орналасу мәселелері, қалалар, таулар мен өзен-көлдер туралы мәліметтер бар. Шығармада қарлұқтар, оғыздар, қимақтар сияқты түркі тайпалары, олардың орналасуы, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шегіндегі Испиджабтан Тараз арқылы Ыстықкөлге дейін өтетін сауда жолдары, қалалар мен елді мекендер, олардың арақашықтығы жөнінде маңызды деректер келтіреді. Тараз бен Құланның солтүстігінде жатқан құмнан (Мойынқұм) кейін қимақтардың елі басталады, ал Тараздың шығыс жағында қарлұқтардың жайылымдары басталады деп көрсетілген.
## Дереккөздер
Крачковский И.Ю.,, т. 4, М. – Л., 1957; Кумеков Б.Е.,, А.-А., 1972.
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том |
Китаб Әл-Масалик Уә-Л-Мамалик (араб. كتاب المسالك والممالك – Жолдар мен патшалықтар кітабы) — тарихи шығарма. Авторы – Әбу Исхақ әл-Истахри. Шығармада Арабия, Парсы теңізі, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Иран, Хазар теңізі (Каспий), Армения, Әзірбайжан, Хорасан және Мауераннахр жөнінде, ол елдердің шекаралары, қалаларының аттары, олардың арақашықтығы, жол қатынасы туралы, т.б. мәліметтер қамтылған.
Шығармада автор қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған қарлұқтар, оғыздар, қимақтар туралы маңызды деректер келтіріп, Түркістан мен Жетісу өңіріндегі ең ірі аймақ деп Исфиджабты атайды. Тараз, Атлах, Шелті, Кедер, Сауран, Фараб қалаларына сипаттама береді. Шығармада географиялық карта беріліп, түркі тайпаларының қоныстанған жері көрсетілген. Кітапта Түркістан өңірі, хазар, қырғыздар жөнінде де мағлұматтар келтірілген.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.