text
stringlengths
3
252k
## Тарихы жағдай 1379 жылы Мамай бүкіл Солтүстік Кавказды бағындырып, келер жылы Астраханды басып алған. Осылайша, Алтын Орданың Еділден батысқа қарайғы барлық ұлысы Мамайдың бақылауында қалды. Мамай өзінің жағдайын нығайтқаннан кейін, Русьтін Ордаға бұрынғыдай тәуелділігін қайта қалпына келтіруге кірісті. Мәскеу князі Дмитрий алым-салық төлеуден бас тартып, орыс қалаларында моңғолдарға қарсы толқу басталды.Мамай жай тонауға ғана емес, Русьті түпкілікті әлсіретіп, қайта тізе бүктіруге жорыққа дайындала бастады. Бұған қоса, Орыс хан көз жұмып,т оның мұрагерлері Тоқтамышпен соғыстың әуресімен жүрген болатын. Сондықтан шығыстан шабуылдайды деп қауіптенудің реті жоқ еді.Мамайдың Мәскеумен соғыстағы одақтастары Литва князі Ягайло мен Рязан князі Олег болатын. 1380 жылы құрамына қыпшақтар, аландар (остетин), касогтар(черкестер), Кавказ еврейлері, армяндар мен Қырым генуэздіктері кірген Мамайдың әскерлері Еділден өтіп, Воронеж өзенінің сағасына тоқтады. Осы жерде Олег пен Ягайлоның елшілерін қабылдаған еді. Олардың арасында жасалған келісім бойынша, Алтын Орда мен Литвав әскері Ока өзенінде бірігіп, ары қарай орыс жеріне бірлескен шабуыл жасауы керек. Литва - Мәскеудің ежелгі дұшпаны. Ал Олег болса, Рязань жері Мамай әскерінің жолында жатқандықтан, Мамайға қосылды. Ол Алтын Ордадан да, Мәскеуден де қауіптенетін.Дмитрий Мамайдың басып кіруді жаздың соңына қарай белгілегенін білісімен, барлық әскери полкты 1380 жылды 15 тамызда Коломнада жинау туралы шешім қабылдады. Дмитрий Иванович барлық орыс княздіктерінің әскери күшін тартуға талпынған болатын. Бірақ Тверь де, Төменгі Новгород та(Мамаймен жасырын қатынасқа түскен Рязаньды айтпағанда) бұл тартысқа қатыспады. Осыған қарамастан. Мәскеу басқа да князьдықтардың күшін жұмылдыру Дмитрий Ивановичке осыған дейін болмаған орасан орыс қолын жинауға мүмкіндік берді. Дмитрий орыс әскерін князьдықтардың атты әскери есебінен реформасын жүргізіп, осының нәтижесінде қолөнершілер мен қала тұрғындарының жауынгерлер қатарына кіруіне жол ашылды. Олардан "ауыр жаяу әскер" тығыз қондырылған ушбұрышты жіңішке жапырақты ұшы бар найзаларымен немесе ұшы қанжар іспеттес лақтырғыш сүңгілермен қаруланды. Алтын Орданың жаяу әскеріне қарағанда, орыс жауынгерлері қылышпен, ұзақтан ұрыс жүргізуге арналған садақтармен, шошақ төбелі дулығамен, темір құлаққалқан және кіреукелік бармицалармен қамтамасыз етілді. Бұрынғы бадам дәніне ұқсас қалқандар дөңгелек, тікбұрышты және жүрек пішіндес қалқандармен алмастырылды. Бұл уақытта Мамай әскери қосын Красивая Меча өзенінің жағасында тұрғызған еді. Коломнада орыс полктары ретке келтіріліп, әскери дайындықтан байқау өткен болатын. "орыс жерінің мұндай қалың қолды көрмегеніне көп болды" деп жазды. Біріккен әскер Коломнадан Ока арқылы Рязань князьдігінен тысқары жатқан Лопаснаға жол тартпақ. Дмитриийдің стратегиялық мақсаты да сол, Мамайдың Литва князы Ягайло мен Рязань князы Олегпен кездесу доспарын бұзу еді. Мәскеу әскері асқан сақтықпен қозғалды. 30 тамызда Окадан өтіп, қыркүйекте Донға келді. Дмитрий Мамайды осы жерден алуды діттеген. Кездесетін орын ретінде Куликов даласының таңдалуы кездейсоқ емес. куликов даласының географиялық жағдайы орыс әскері үшін өте қолайлы еді: өзенді, орманды және балшықты қапталдары бар әрі орыстардың әскери қосының төбеде орналасуы өте ыңғайлы саналды. Мамай Куликов даласына Красивая Меча өзеніні жағынын келген. 7 қыркүйектен 8қыркүйекке қараған түні орыс әскері Дон арқылы өтіп, өздерінің шегіну жолын кесіп тастады. Содан соң, Смолка мен Төменгі Дубик арасындағы су айырығында әскери сапқа тұрды.Алтынордалықтардың негізгі соққысы беріледі деп күтілген орыс әскерінің сол қапталы Смолканың ми батпақты жағасына еніп жатты. Ал оң жақ қапталы Непрявда өзенінің батпақты жағалауымен және ауыр қаруланған Псков пен Полоцкийдің атты жасақтарымен қорғалды. Үлкен әскердің орталығына барлық қалалық полк жинақталып, алдыңғы шептегі полк үлкен полктың бір бөлігін құраған. Күзетші полктың қызметі ұрыс ашып, сапқа қайта оралу болатын. Алдыңғы шептегі полк пен күзетші полк жау әскерінің негізгі күшке шабуылдауын әлсіретуге тиіс. Үлкен полктың артында жеке резерв орналасты. Оның үстіне, Дмитриий Боброк-Волынский мен Серпухов князі Владимир Андреевич сияқты тәжірибелі қолбасшыларлың басшылығымен таңдаулы атты әскерден мықты торуыл полкы құрылған еді. бұл полк жалпы резерв міндетін атқарып, негізгі күштің сол қапталының артында - орманда жасырынған болатын. 8 құркійек күні таңертең Куликов даласын қалың, көз көргісіз тұман басып қалды. Буылдыр тұман сағат он екілерде ғана сейіліп, шайқас Челубей мен Пересветтің жекпе-жегімен басталды. Бірақ екі батыр да осы соғыста мерт болды.Алтын Орданың атты әскері күзеттегі және алдыңғы шептегі полктарды талқандап, үш сағат бойы орыс әскерінің орталығы мен оң жақ қанатын бұзып жарып өтүге күш салды. Орыс полктарды айтарлықтай шығынға ұшырады. Қатардағы жауынгер сауытын киіп шайқасқан Дмитрий Ивановичтің өзі де жараланған болатын. Мамай негізгі соққыны сол жақ қапталға қарай ауыстырып, орыс полктарын тықсыра бастағанда, ұрысқа жеке резерв араласты. Бірақ алтынордалықтарға орыстардың сол жақ қанатын бұзып өтіп, негізгі күштің тылына шығудың сәті түсті. ## Шешімінде Шешуші сәтте қолбасшы Боброктың торуыл полкы бұзып-жарып кірген. Алтын Орда атты әскерінің қапталы мен тылына соққы береді. Өзге полктар қолдап ала жөнелген бұл полктың күтпеген әрі қарқынды шабуылы шайқастың нәтижесін орыстардың пайдасына шешті.Мамайдың әскері сескеніп, қаша бастады. Орыс жауынгерлері хан ордасын басып алып, Мамай әскерінің қалған бөлігін елу шақырымға дейін(Красивая Меча өзеніне дейін) қуғындалған. Екі жақтың да шығындары орасан еді. Жеңіліс туралы естіген Ягайло асығыс кері қайтты.Куликов шайқасында Шығыс Русі қолынан келгенінің бәрін жасады. Егер Алтын Ордадағы өзара тартыс ары қарай жалғасқанда, бұл шайқас Русьтің тез арада тәуелсіздік алуын қамтамасын етер еді. Алайда ордадағы бірлік пен тегеурінді билік 1381 жылы Қалқа өзенінің бойында Мамай Тохтамыштан жеңілгеннен кейін қалпына келтірілді. Нәтижесінде, Ақ Орданың әміршісі Тохтамыш Алтын Орданың тағына отырып, арғы атасы Жошының жерлерін біріктірді. Шексіз билікті пайдаланған Тохтамыш орыс князьдарынан олардың Алтын Орда хандарына көрсетіп келген дәстүрлі сый-құрметті көрсетулерін талап еткен болатын. Бірақ Куликов шайқасынан кейін орыстар оның талаптарын орындаудан бас тартқан. Сол кезде Тохтамыш орыс княздықтарына басып кіріп, отқа орап қанға бүктірді. Суздаль өлкесін, Владимир, Юрьев, Можайскіні тонап, 1382 жылы 13 тамызда Мәскеуді түгін қалдырмай қиратып, отқа орады. Оқиғаға литвалықтар араласпақ болған.Бірақ олар Полтава түбінде ойсырай жеңілді .Осыдан кейін христиандық Русь 100 жыл бойы моңғол тепкісінде өмір сүруге лажсыз көндікті. ## Дереккөздер ## Тарихы жағдай 1379 жылы Мамай бүкіл Солтүстік Кавказды бағындырып, келер жылы Астраханды басып алған. Осылайша, Алтын Орданың Еділден батысқа қарайғы барлық ұлысы Мамайдың бақылауында қалды. Мамай өзінің жағдайын нығайтқаннан кейін, Русьтін Ордаға бұрынғыдай тәуелділігін қайта қалпына келтіруге кірісті. Мәскеу князі Дмитрий алым-салық төлеуден бас тартып, орыс қалаларында моңғолдарға қарсы толқу басталды.Мамай жай тонауға ғана емес, Русьті түпкілікті әлсіретіп, қайта тізе бүктіруге жорыққа дайындала бастады. Бұған қоса, Орыс хан көз жұмып,т оның мұрагерлері Тоқтамышпен соғыстың әуресімен жүрген болатын. Сондықтан шығыстан шабуылдайды деп қауіптенудің реті жоқ еді.Мамайдың Мәскеумен соғыстағы одақтастары Литва князі Ягайло мен Рязан князі Олег болатын. 1380 жылы құрамына қыпшақтар, аландар (остетин), касогтар(черкестер), Кавказ еврейлері, армяндар мен Қырым генуэздіктері кірген Мамайдың әскерлері Еділден өтіп, Воронеж өзенінің сағасына тоқтады. Осы жерде Олег пен Ягайлоның елшілерін қабылдаған еді. Олардың арасында жасалған келісім бойынша, Алтын Орда мен Литвав әскері Ока өзенінде бірігіп, ары қарай орыс жеріне бірлескен шабуыл жасауы керек. Литва - Мәскеудің ежелгі дұшпаны. Ал Олег болса, Рязань жері Мамай әскерінің жолында жатқандықтан, Мамайға қосылды. Ол Алтын Ордадан да, Мәскеуден де қауіптенетін.Дмитрий Мамайдың басып кіруді жаздың соңына қарай белгілегенін білісімен, барлық әскери полкты 1380 жылды 15 тамызда Коломнада жинау туралы шешім қабылдады. Дмитрий Иванович барлық орыс княздіктерінің әскери күшін тартуға талпынған болатын. Бірақ Тверь де, Төменгі Новгород та(Мамаймен жасырын қатынасқа түскен Рязаньды айтпағанда) бұл тартысқа қатыспады. Осыған қарамастан. Мәскеу басқа да князьдықтардың күшін жұмылдыру Дмитрий Ивановичке осыған дейін болмаған орасан орыс қолын жинауға мүмкіндік берді. Дмитрий орыс әскерін князьдықтардың атты әскери есебінен реформасын жүргізіп, осының нәтижесінде қолөнершілер мен қала тұрғындарының жауынгерлер қатарына кіруіне жол ашылды. Олардан "ауыр жаяу әскер" тығыз қондырылған ушбұрышты жіңішке жапырақты ұшы бар найзаларымен немесе ұшы қанжар іспеттес лақтырғыш сүңгілермен қаруланды. Алтын Орданың жаяу әскеріне қарағанда, орыс жауынгерлері қылышпен, ұзақтан ұрыс жүргізуге арналған садақтармен, шошақ төбелі дулығамен, темір құлаққалқан және кіреукелік бармицалармен қамтамасыз етілді. Бұрынғы бадам дәніне ұқсас қалқандар дөңгелек, тікбұрышты және жүрек пішіндес қалқандармен алмастырылды. Бұл уақытта Мамай әскери қосын Красивая Меча өзенінің жағасында тұрғызған еді. Коломнада орыс полктары ретке келтіріліп, әскери дайындықтан байқау өткен болатын. "орыс жерінің мұндай қалың қолды көрмегеніне көп болды" деп жазды. Біріккен әскер Коломнадан Ока арқылы Рязань князьдігінен тысқары жатқан Лопаснаға жол тартпақ. Дмитриийдің стратегиялық мақсаты да сол, Мамайдың Литва князы Ягайло мен Рязань князы Олегпен кездесу доспарын бұзу еді. Мәскеу әскері асқан сақтықпен қозғалды. 30 тамызда Окадан өтіп, қыркүйекте Донға келді. Дмитрий Мамайды осы жерден алуды діттеген. Кездесетін орын ретінде Куликов даласының таңдалуы кездейсоқ емес. куликов даласының географиялық жағдайы орыс әскері үшін өте қолайлы еді: өзенді, орманды және балшықты қапталдары бар әрі орыстардың әскери қосының төбеде орналасуы өте ыңғайлы саналды. Мамай Куликов даласына Красивая Меча өзеніні жағынын келген. 7 қыркүйектен 8қыркүйекке қараған түні орыс әскері Дон арқылы өтіп, өздерінің шегіну жолын кесіп тастады. Содан соң, Смолка мен Төменгі Дубик арасындағы су айырығында әскери сапқа тұрды.Алтынордалықтардың негізгі соққысы беріледі деп күтілген орыс әскерінің сол қапталы Смолканың ми батпақты жағасына еніп жатты. Ал оң жақ қапталы Непрявда өзенінің батпақты жағалауымен және ауыр қаруланған Псков пен Полоцкийдің атты жасақтарымен қорғалды. Үлкен әскердің орталығына барлық қалалық полк жинақталып, алдыңғы шептегі полк үлкен полктың бір бөлігін құраған. Күзетші полктың қызметі ұрыс ашып, сапқа қайта оралу болатын. Алдыңғы шептегі полк пен күзетші полк жау әскерінің негізгі күшке шабуылдауын әлсіретуге тиіс. Үлкен полктың артында жеке резерв орналасты. Оның үстіне, Дмитриий Боброк-Волынский мен Серпухов князі Владимир Андреевич сияқты тәжірибелі қолбасшыларлың басшылығымен таңдаулы атты әскерден мықты торуыл полкы құрылған еді. бұл полк жалпы резерв міндетін атқарып, негізгі күштің сол қапталының артында - орманда жасырынған болатын. 8 құркійек күні таңертең Куликов даласын қалың, көз көргісіз тұман басып қалды. Буылдыр тұман сағат он екілерде ғана сейіліп, шайқас Челубей мен Пересветтің жекпе-жегімен басталды. Бірақ екі батыр да осы соғыста мерт болды.Алтын Орданың атты әскері күзеттегі және алдыңғы шептегі полктарды талқандап, үш сағат бойы орыс әскерінің орталығы мен оң жақ қанатын бұзып жарып өтүге күш салды. Орыс полктарды айтарлықтай шығынға ұшырады. Қатардағы жауынгер сауытын киіп шайқасқан Дмитрий Ивановичтің өзі де жараланған болатын. Мамай негізгі соққыны сол жақ қапталға қарай ауыстырып, орыс полктарын тықсыра бастағанда, ұрысқа жеке резерв араласты. Бірақ алтынордалықтарға орыстардың сол жақ қанатын бұзып өтіп, негізгі күштің тылына шығудың сәті түсті. ## Шешімінде Шешуші сәтте қолбасшы Боброктың торуыл полкы бұзып-жарып кірген. Алтын Орда атты әскерінің қапталы мен тылына соққы береді. Өзге полктар қолдап ала жөнелген бұл полктың күтпеген әрі қарқынды шабуылы шайқастың нәтижесін орыстардың пайдасына шешті.Мамайдың әскері сескеніп, қаша бастады. Орыс жауынгерлері хан ордасын басып алып, Мамай әскерінің қалған бөлігін елу шақырымға дейін(Красивая Меча өзеніне дейін) қуғындалған. Екі жақтың да шығындары орасан еді. Жеңіліс туралы естіген Ягайло асығыс кері қайтты.Куликов шайқасында Шығыс Русі қолынан келгенінің бәрін жасады. Егер Алтын Ордадағы өзара тартыс ары қарай жалғасқанда, бұл шайқас Русьтің тез арада тәуелсіздік алуын қамтамасын етер еді. Алайда ордадағы бірлік пен тегеурінді билік 1381 жылы Қалқа өзенінің бойында Мамай Тохтамыштан жеңілгеннен кейін қалпына келтірілді. Нәтижесінде, Ақ Орданың әміршісі Тохтамыш Алтын Орданың тағына отырып, арғы атасы Жошының жерлерін біріктірді. Шексіз билікті пайдаланған Тохтамыш орыс князьдарынан олардың Алтын Орда хандарына көрсетіп келген дәстүрлі сый-құрметті көрсетулерін талап еткен болатын. Бірақ Куликов шайқасынан кейін орыстар оның талаптарын орындаудан бас тартқан. Сол кезде Тохтамыш орыс княздықтарына басып кіріп, отқа орап қанға бүктірді. Суздаль өлкесін, Владимир, Юрьев, Можайскіні тонап, 1382 жылы 13 тамызда Мәскеуді түгін қалдырмай қиратып, отқа орады. Оқиғаға литвалықтар араласпақ болған.Бірақ олар Полтава түбінде ойсырай жеңілді .Осыдан кейін христиандық Русь 100 жыл бойы моңғол тепкісінде өмір сүруге лажсыз көндікті. ## Дереккөздер
Күн күркіреу– найзағай жарқылымен қабаттаса жүретін атмосферадағы дыбыстық құбылыс. Найзағай жарқылы өткен жолдағы қысымның кенет жоғарылауы нәтижесінде ауада тербелістер туады. Осы тербелістердің таралуы Күн Күркіреу болып естіледі және ол 15 – 20 км қашықтыққа дейін естіл ## Дереккөздер Найзағай
Күн Тәжі – Күн атмосферасының сыртқы қабаты; ыстық (1 – 2 млн. К.), сиретілген, күшті иондалған плазмадан тұрады. Ондаған Күн радиусына дейінгі қашықтыққа созылып, бірте-бірте сиреп, планетааралық кеңістікке ұласады. ## Дереккөздер
Күйме, Күймелі арба – адам отыруға лайықталған қорап немесе баспана орнатылған арба түрі. ## Тарихи жазба деректер Күйменің бағзы дәуірлерде қолданыста болғандығын жартас бетіне шекілген суреттерден көруге болады. Күйменің қарапайым түрлері ерте заманнан бері маңызын жоймай, ұдайы түрленіп кемелденіп отырған. Күйменің екі, төрт дөңгелекті арба үстіне үй, қос, кішкене қорапша орналастырған түрлері болғандығын археологиялық, тарихи, жазба деректерден айқындауға болады.Грек тарихшысы Эфора (б.з.б. 405-330 жж.) скифтердің күймелі арбамен көшіп-қонып, сүтпен қоректенетіндігі туралы жазса, атақты Гиппократ (б.з.б. 377-460 жж): «..екі немесе төрт, алты дөңгелекті, жан-жағы киізбен қымталған күймелерден жауын да, күн де, жел де өтпейді. Бұл күймеге екі немесе үш қосақтап өгіздер жегіледі» – деген.Көшпелі халықтардың күймелі арба түрлерін ертеден пайдаланғандығының бір тамаша үлгісі ретінде б.з.б. V ғ.-ға тән Пазырық қорғанынан табылған ғұрыптық күймені атауға болады.Орта Азияны мекендеген көне тайпаларда сан ондаған дөңгелегі бар арбаның үлкен түрінің үстіне баспана тәрізді күрке тігілетіндігі және оның атан өгізге жегілгендігі туралы деректер бар.Күйменің кейбір түрлері әскери мақсатта қолданылған. Академик Ә. Қайдаров болжамы бойынша, көне түркі тіліндегі доңғалақты күймені білдіретін «кангка» термині осы күнге дейін қазіргі қазақ тілінде «үйдің қаңқасы», яғни, «киіз үйдің сүйегі» деген мағынада да қолданылатындығын айтады. ## Киіз үйлі күймелер Орта ғасырларда көшпелілердің тарих сахнасында дәуірлеген тұсында арбаның күймелі түрін ғана емес, тіптен үлкен киіз үйлерді арба үстіне тігіп көшіп жүретіндігі айтылады. Оны жүздеген өгізбен тартып қозғалтқандығы тарихи жазбалардан белгілі. Сондай-ақ, ертедегі қазақ жеріне келген шетелдік саяхатшылар деректерінде киіз үйлердің доңғалақты арбаның үстіндегісін де күйме, күймелі үй деп те атаған. Бұл күймелі үйлерге екі қатар етіп 22 өгіз жегілген делінеді. Гилем де Рубрук даладағы көшпелілер ағаш кеспектерінен құрастырылған, төбесінде оттық мұржа тәрізді дөңгелек түтігі бар баспаналары арба үстіне орналастырылатындығына, оны аппақ киізбен қаптайтындығы туралы жазады.XIV ғ.-дың 30-жылдарында саяхат жасаған араб саяхатшысы ибн-Батута жазбасында күйме ішін киізбен және матамен қаптап сәндейтіндігін, онда жатып тынығуға, тамақ ішуге лайықталғандығына ерекше назар аударған.Рузбехан еңбегінде: «Шайбани хан Қасым ханның қазақ қоныстарына шабуыл жасап, ауылдарды тонап, 10000 күймелі үйді алып кеткендігін айта отырып, «Мен бұрын мұндай арба үстіне жасалған киіз үйлерді көрмеген едім. Бұл үйлердің жасалуының өзі бір тамаша, кейбір үйлердің алды-артында терезелері бар», – деп жазған.Арба шанағының үстіне оның екі жағын, яғни, қанатын ұлғайтып, оған қалқан, қораб, тіптен төбесінде қалқаны бар етіп орнатылған қосымша құрылғыны қазақ ұғымында күйме деп түсінген. Жол жүрген кезде күйме ондағы адамға жайлылықты және тынығып демалуға мүмкіндік береді. ## Қолданыста пайдаланылуы Күйме жас жұбайлардың үйлену алдында тұратын үйі есебінде қазақтарда ХVІІІ ғасырға дейін сақталған деген мәлімет те бар. Кейін оның құрылысы өзгеріске ұшырады. Сәнді етіп жасалған кіріп-шығатын есігі және перде тағылған ашық терезесі бар айрықша сәнді түрін «көк күйме» деп атады. Оны бекзадалар мен ауқатты қазақтар пайдаланғанға ұқсайды. Сондай-ақ, ауқатты қазақтар жаңа отбасын құрған жастарға арнап және сән-салтанатын көрсету үшін отбасы мүшелеріне арнайы тапсырыспен күйме жасатқандығы туралы ауызша деректер бар. Дегенмен, қазақ даласында қос дөңгелекті арбалардың көшіп-қону кезінде кең қолданыста болғандығын Ш. Уәлиханов қырғыздар туралы жазбасында шендестіру мысалында (қырғыздарда қосдөңгелекті арба жоқ дейді) айтылады.Күн көзінен жаңбырдан және желдің өтінен қорғану мақсатында үсті киізбен немесе былғарыдан қорап пішінді етіп жабылған күйме түрімен бірге, көшпелі тұрмысқа икемделген қарапайым түрлері де болған. Оның кең таралғаны атан–түйенің үстіне орнатылған адам отыруға ыңғайлы, арқа жағы бітеу, басқа жақтары ашық, төбесінде қалқасы бар күйме. Бұл түрлі салтанаттарда, әсіресе қыз ұзату мен көш кезінде пайдаланылған. Әсіресе, көш салтанатының айғағы орнында жүретін қарқара тағылған күйменің ХХ ғ.-ға дейін қазақ арасында дәстүр жалғастығын үзбегендігі туралы ауызекі деректерде көп айтылады. ## Түрлерінің атаулары Арада ұмыт болған көліктің ерекше түрі жазушы С. Мұқанов күйменің төрт доңғалақты, үсті былғарымен қапталған, сәнді түрі қазақ жеріне орыс саяхатшыларымен келген дейді. Ондай әр алуан күймелі арба түрлерін қазақтың ауқатты тобы жатсынбай қабылдады. Олар пәуеске (повозка), төбесі ашық түрі – пайтон (фаэтон), жартылай жабылған жеңіл арба түрі – бірішке (бричка), төрт доңғалақты атқа жегілетін түрі – тарантас деп атағанымен, қазақтар оны, көбінесе, күймелі арба деп қабылдады. Кейін қазақ арасында дәстүрлі күймелі арбаның қарапайым түрлері көшіп-қону кезінде ас-су, ыдыс-аяқ артуға пайдалану үрдісі сақталған. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Прошлое Казахстана в источниках и материалах» под редакцией проф. С.Д. Асфендиярова. А, 1935; * Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Гилема Рубрука. М.: Восточная литература, 1957; * Қазақ эпосы. Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1958; * Ибрагимов С.К. Михманнаме и Бухара. Рузбехана как источник по истории Казахстана XV-ХVI вв. Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана. ТИИАИЭ. Т.8. Алма-Ата, 1960. С.141-150; * Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы: Қазақстан, 1974; * Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977; * Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980; * Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы: Жазушы, 1985; * Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987; * Вайнштейн С.И. Мир кочевников центра Азии. М.: Наука, 1991; * Жәнібеков Ө. Жолайырықта. Алматы: Рауан, 1995; * Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы: Атамұра, 1998-2010; * Әбсәлімұлы Т. Күймесі бір, күйі бір. АТ., Тауық жылы. 2-қыркүйек; * Мағауин М. Шыңғыс хан және оның заманы. Төрт томдық. 1-кітап. Алматы: Дәуір, 2011; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Күңгірбай Төбе– ортағасырлық қала орны. Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылы жанында орналасқан. Қаланы 1936 жылы Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. Қазіргі сақталған көрінісі 260х180 м жерді алып жатқан екі қабаттан тұратын ұзынша төбе. Астыңғы бөлігінің биіктігі 2,2 м, ал үстіңгі қабаттың немесе орталақ қорғанының биіктігі 6,5 м. Ыдыстардан ішкі жағында қақпаққа арналған иіні бар құмдар, бүйірі дөңгеленіп келген көзелер, ернеуі құс тұмсықтанып сыртқа қайырылған құтылар, түрлі кесе сынықтары жинастырылған. Қаланың аум-нда басқа да көптеген ескі құрылыстардың орындары сақталған. Зерттеу кезінде табылған құрал-саймандар қаланың тарихи тұрғындары мал, егін шаруашылығымен шұғылданғанын көрсетеді. Күңгірбай Төбенің екі стратиграфиялық кесіндісі қаланы адамдар кем дегенде екі рет мекендегенін аңғартады. ## Дереккөздер
Күн электр станциясы немесе гелиоэлектрлік станция — электр энергиясын өндіру үшін Күн радиациясын пайдаланатын электр станциясы. Күн электр станциясының негізгі екі түрі (термодинамикалық және фотоэлектрлік) бар. * Термодинамикалық күн электр станциясында Күн энергиясы алдымен жылу энергиясына, одан кейін электр энергиясына айналады (мысалы, бу қазаны – турбина – генератор циклінде). * Фотоэлектрлік күн электр станциясында Күн энергиясы фотоэлектрлік генератордың көмегімен тікелей электр энергиясына түрленеді. Қолданыстағы күн электр стансасының пайдалы әсер коэффициенті 15 %-дан аспайды, ал меншікті қуаты жылу электр стансасының қуатынан бірнеше есе жоғары болады. Фотоэлектрлік күн электр станциялары фотоэффект құбылысы негізінде жұмыс істейді. Күн элементтері немесе фотоэлемент күннен түскен зарядтарды түрлендіреді және жартылай өткізгіштің ауысуында ЭҚК тудырады. Қазіргі фотоэлементтер толығымен кремнийден жасалады. Оның ең көп тараған түрі кристалдық фотоэлементтер. Олар жылтыр, көк түсті болады. Аморфты және кристалдық фотоэлементтер тегіс, және жарық түсуіне байланысты түсін өзгертеді. Монокристалдық кремний поликристалдықтан қарағанда сапасы жоғары, бірақ қымбат. Күн элементтерінің қуаты орташа 0,7-0,75 Вт құрайды. Көбірек қуат алу үшін күн элементтерін тізбектей жалғап күн модульдерін құрайды, ары қарай күн батареясына жинақталады. ## Дереккөздер
Күпі – түйенің немесе қойдың жабағы жүнін ішіне қаратып, ұзыннан ұзын сырған, сыртын әртүрлі матамен тыстап тіккен сырт киім. Күпі пішімі кең, етегі тобыққа дейін түсіп тұрады. Ішіктен бір ерекшелігі жел соққанда күпіден жел өткіш келеді. Қазақтың күпісi атақты ғалым С. Руденконың пiкiрiнше 2000 жылдан астам тарихы бар көне киiм түрi. ## Сипаты Күпінің тысына барқыт, мәуіт сияқты әрі қалың, әрі кір көтеретін, бір түсті мата пайдаланылады. Күпі, көбінесе, түймесіз, желбегей қаусырынатын етіп, етегі кең, тік және қайырма жағалы болып келеді. Жылылығы тері тоннан кем емес. Күпі тігілуі оңай болғандықтан тек қыста ғана емес көктем, күз айларында да киюге қолайлы, қалың және жұқа түрлерін тігеді. Ол барлық әлеуметтік топқа ортақ – бай да, кедей де, бала да, әйел де киетiн киiм. Тек тыстың матасында ғана өзгешелігі болады. Ауқаттылар түйе жабағысын қымбат матамен тыстап, оқа, шашақ т.б. әшекей тағып, жағасына құндыз, түлкі, сукүзен терісін тiккiзген.Әйелдер күпісi көбiне өңi ашық матадан, жағасы кестеленiп, жеңiне құндыз салынып, әдемiлеп тiгiлген. Ортаң қол шаруалар күпіні қойдың басылған жабағы жүнінен сыртын қарапайым кіркөтерімді тығыз матамен сырып жасаған. Күпінің пішілу үлгісі дәстүрлі кебенекше ойып пішу, яғни, қарапайым жолмен пішіледі.Күпіге көбінесе матадан қайырма кейде тік жаға салынады. Күпіге күсетін жүнді алдымен суға жуып кептірген соң, алдын-ала пішілген матаның арасына шабақтап салып, тысымен бірге көктеп тігеді. ## Күпі түрлері Күпінің түйенің іріктелген жабағы жүнін жуып тазартып, шайырынан арылтып, шүберекпен астарлап, тыстап сырған түрі күмпиіп сол қалпын ұзақ уақыт сақтайтындықтан оны батыс өңірінде күме, күмпі, "күмпей" деп те атайды. Онысы қой жүнін араластырып басқан, уақыт өте келе бір-бірімен жабысып, түйдектеліп қалатын күпіден айырып айтқан, сапалы күпі дегенді білдіреді. Көбiнесе кедейлер мен шаруалар киген қой жабағысын қол тоқымамен тыстап тiккенін "шидем күпі", жұқа бидайы матадан астар салып тіккен түрін "жабағы күпі" деп атайды. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Железнова И. Уральцы. Очерки быта Уральских казаков. Часть 1. Сочинение. Москва: Типографий Александра Семсыа, 1858; Жақыпов Ә. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Қайнар, 1989; * Нүркеұлы Қ. Ұлттық мирас – ата мұра. Өлгий, 1991; * Шаңырақ. Энциклопедия. Алматы: ҚСЭ, 1991; * Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Әлімбай Нұрсан. Алматы: Өнер, 2009.
Күрен, Курени — Орал қаласының оңтүстік бөлігі, бұрын казак-орыстардың маңызды уақиғаларға байланысты алқа жиынын («казачьи круг») өткізетін жері болған. К. атауы моңғол тілінде «күрке», «жорық үйлері» деген мағынаны білдіреді, кейін казак-орыстардың әскери лексикасына еніп, өзінің бастапқы мағыналық-тілдік қызметін сақтап қалған. Жалпы, Орал казак-орыстарының әскери-тұрмыстық сөз қолданысында түркі-моңғол атаулары мол ұшырасады.К. атауы өлкені казак-орыстар басып алғанға дейінгі, Алтын Орда кезеңінен қалған сияқты. Өйткені Дон, Кубань казактарының тілінде бұл сөз кездеспейді. 1980 ж. Күрен көшелерінің бірінен Алтын Орда кезеңіне тән әдіппен күйдірілген кірпіштің табылуы осы пікірді нақтылай түседі. Уфа университетінің профессор Н. Мәжитовтің пікірінше, 1613 ж. ш-ңда Жайық қалашығы (Яицкий городок) осы Күреннің орнына, Шаған өзенінің Жайыққа құяр құлшасына салынған. ## Дереккөздер
Күрті бөгені – Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандары жеріндегі су бөгені. ## Гидрологиялық режімі, сипаты Күрті өзені аңғарында орналасқан. 1967 жылы іске қосылған. Ауданы 8,3 км², ұзындығы 25 км, ең енді тұсы 0,8 км, жағалауының ұзындығы 64 км, орташа тереңдігі 14,5 м, ең терең жері 38,5 м, су сыйымдылығы 120 млн. м3, бөгеннің су жиналатын алабы 10,4 мың км². Арнадағы тосқауылдың ұзындығы 232 м, биіктігі 42 м, ені 7,5 м. Күрті бөгені орташа есеппен жылына 102 млн. м3 су береді; 23 мың га жер суғарылады, шамамен 100 мың га жайылымды суландырады. ## Дереккөздер
Күнжіт (лат. Sesamum) – күнжіттер тұқымдасына жататын бір жылдық не көп жылдық өсімдік туысы. Негізінен Оңтүстік Африкада, Мадагаскар, Сокотра аралдарында, Оңтүстік-Шығыс Азия, Жаңа Гвинея және Солтүсік Австралияның тропиктік, субтропиктік белдемдерінде өсетін 35-ке жуық түрі бар. Екпе түрі – Үнді күнжіті. Биіктігі 1 – 2 м, сабағы тік, бұтақты, 4 – 8 қырлы, тамыры 1 м тереңдікке жайылады. Төменгі жапырақтары қысқа, жалпақ, орта тұсындағылары ірі, гүлі ірі, ұзындығы 4 см-ге жетеді. Күлтесі ашық қызғылт, күлгін не ақ. Жемісі 4, 5 не 8 қырлы қорапша, ұзындығы 3 – 5 см, піскенде қақырап ашылады да, тұқымы төгіледі. Бір қорапшада ұзындығы 2,5 – 3,5 мм, ені 1,6 – 2 мм, 80-ге жуық дән болады. Сортына, өсірілген жеріне байланысты вегетациялық кезеңі 80 – 150 күн. Жарық, жылу сүйгіш өсімдік. 18 – 20°С-тан жоғары температурада жақсы көктейді. Күнжіт май алу үшін өсіріледі. Дәнінде 45 – 59% май болады. Оны тағам, кондитер өндірісі, медицина, техника салалары пайдаланады. Күнжіттің әр гектарынан 1,2 – 1,5 ц дән алынады. Күнжіт, сезам (Sesamum) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде тропиктік аймақтарда және Оңтүстік Африкада өсетін 20-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 1 түрі – үнді Күнжіті (S. іndіcum) бар. Бұл биіктігі 1 – 2,5 метрдей, өте тез өсетін бір жылдық өсімдік. Сабағы тік, 4 – 8 қырлы, тамыры 1 м тереңдікке дейін жетеді. Төм. жапырақтары қысқа, жалпақ болады. Орта тұсындағылары ірі келеді. Ашық қызғылт, күлгін не ақ түсті, дара гүлі жапырақ қойнауынан жетіледі. Гүлі оймаққа ұқсайды. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Вегетац. мерзімі 2,5 – 5 ай. Жемісі – көп қырлы қорапша, ұзындығы 3 – 5 см, піскенде қақырап ашылады да, тұқымы жерге төгіледі. Бір қорапшада 80-ге жуық дән болады. Күнжіт май алу үшін өсіріледі. Оның дәнінде 50 – 65% май болады (құндылығы жағынан зәйтүн майынан кем түспейді). Күжіт майы тағам өндірісінде, сабын қайнату үшін, парфюмерияда қолданылады. Сондай-ақ Күнжіт дәнін шығыстың тәтті тағамы – халуа жасау үшін пайдаланылады. Қайнатқандағы шығатын майының күйесінен жоғары сапалы қытай тушы (сурет салатын бояу) жасалады. ## Галерея ## Дереккөздер
Күшала (лат. Eminium) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. ## Таралу аймағы және түрлері Азияның құмды жерлерінде кездесетін 5 түрі бар. Қазақстанда Мойынқұм мен Қызылқұм шөлінде, Қаратауда және Тянь-Шаньның батысында өсетін 2 түрі бар: ит күшаласы немесе Леманн күшаласы (Emіnіum lehmannіі) мен Регел күшаласы (Emіnіum regelіі). ## Ит күшаласының биологиялық сипаттамасы Бұлардың ішінде көп тарағаны – ит күшаласы. Оның биіктігі 15 – 40 см, түйнекті өсімдік, жапырақ тақтасы үшбұрышты, қандауыр пішінді, ұзын сағақты (ұзындығы 7 – 12 см, ені 1,5 – 3 см). Гүл шығатын сабағының түп жағында мөлдір жарғақты қынабы болады. Қара күлгін түсті, ұзындығы 4 – 8 см собық гүлшоғыры сабағының ұшынан дамиды. Собығының сыртындағы жамылғысының ұзындығы 12 см, ені 3 см. Жамылғысының ішкі беті мақпалдай жұмсақ, қара күлгін түсті. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ақ жидек. Түйнегінде алкалоидтар болатындықтан улы, сондықтан өсімдіктің түйнегін кеміргіштер жемейді. Ит күшаласы өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға алынған. ## Сілтемелер
Күршім — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл, аудан және Күршім ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 210 км, Күршім өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Өскемен каласымен Күршім ауылының арақашықтығы – 220 км; Семейге дейін – 400 км; Астанаға дейін – 1250 км; Алматыға дейін – 1250 км. ## Тарихы Шығыс Қазақстан облысының аумағы соңғы жүз жылда талай әкімшілік-аумақтық реформаны бастан өткізді. Алтай-Күршім, Нарым, Бұқтырма уезінің Тимофеев болысының бір бөлігінен, Зайсан уезінің Дарственное, Нарым болыстарынан, Өскемен уезінің Бөкен болыстарының бір бөлігінен 1928 жылы «жинақталып» құралған Күршім ауданы Семей округінің 23 ауданының бірі болып бекіді. Округтік орталығы Семей қаласы, ал әкімшілік орталығы болып Кұмаш ауылы белгіленді.Омар болыстың басқаруы кезінде, 1898 жылы Құмаш атты татар саудагері осы жерде дүкендер, қоймалар, саман үйлер салып, жаңадан қаланған мекен саудагер атымен 1957 жылға дейін «Кумашкино» деп аталған. Күршім ауылы орналасқан жердің тарихи атауы «Ақарал» (кейбір деректерде Қарашілік). Негізі 1914 жылы қаланған, 1927 жылдан аудан орталығы. 1965 жылы Құмаш ауылы Күршім ауылы болып өзгертілді. ## Халқы ## Дереккөздер
Кір (Гир) көтеру– халық арасында кең тараған спорт түрі. Шойыннан құйылған кірді бір қолмен көтеру арқылы орындалады. Атақты Балуан Шолақ, Қажымұқан кір көтеру өнерін көрсеткен. Кірлер 16, 24, 32 кг-дық салмақтарға жіктеледі. ## Дереккөздер
Кісен, темір тұсау — жылқыны матау әбзелі. Шеберлер кісенді аттың аяғына темірден келістіріп иіп, аяққа тиетін жеріне киіз салып, сыртын былғарымен қаптап тігіп жасайды. Кісеннің аттың аяғына салатын жерінің темірі екі бөлшектен тұрады, ашылу, жабылу жағдайы тоға арқылы істеледі; аттың оң аяғына салынатын кісеннің бөлшегінің біреуінде кішкентай шығыр болады, сол шығырдан кісеннің шынжырын өткізгенде бөлшек жабылады, ал екінші аяғына салатын кісеннің бөлшектерінің екі ұшында айқастырып жабылатын кілті болады. Кісен тек кілтпен ашылып, жабылады. ## Дереккөздер
Кіші Арлан(лат. Canіs Mіnor) – экваторлық шағын шоқжұлдыз. Егіздер, Сыңар мүйіз, Гидра және Шаян шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан. Бұл шоқжұлдыздағы ең жарық жұлдыз Процион 0,5-көрінерлік жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. Қазақстан жерінде күзде, қыста және
Кішкенекөл (1997 жылға дейін — Қызылту) — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл, аудан және Кішкенекөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Петропавл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 340 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7990 адам (3976 ер адам және 4014 әйел адам) болса, 2009 жылы 6814 адамды (3322 ер адам және 3492 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланған. Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу шеберханасы, май, асфальт зауыттары, элеватор, диірмен, мехколонна, автобаза, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Кіреуке, Кіреуке сауыт – пiшiмi қысқа жеңді жейде түрiнде жасалып, дөңгелек металл шығыршықтардан өрiлген торлы сауыт. Қазақ тiлiнде кіреуке сөзi селдiр, торлы деген мағынаны бiлдiредi. ## Қорғаныста қолданылуы Кіреуке сауыт көшпелі халықтарда І мыңжылдықтың басынан, ғұн-сармат заманынан қолданыла бастаған. Түркі заманында кіреуке сауыт көшпелілер жауынгерлерінің қорғаныс жарағының негізгі түріне айналды. Орта ғасырда көшпелі халықтарда кіреуке сауыт өрімін жасау технологиясы жетілдірілуімен бұл сауыттың көптеген үлгілері пайда болды. Тамаша техникалық және қорғаныс қасиетiне байланысты кіреуке – шығыс жауынгерлерінің ең көп қолданған сауыт түрi. Қазақ жауынгерлері кіреукені қорғаныс жарағы ретінде ХІХ ғ.-ға дейін қолданып келді, бұл кезеңде от қаруының кең қолданысқа енуімен кіреуке сауыт қолданыстан шықты. ## Сипаты мен түрлері Кіреуке сауыттың қорғаныс қасиетiн қалыптастыратын негiзгi конструктивтiк элементi – шығыршық темiр сымнан соғылып жасалып, бiр-бiрiмен тоқылып өрiлдi. Кіреуке шығыршықтарының iшкi диаметрi дәстүрлі халықтық әскери терминологияда көз деп аталды да, шығыршық көздерiнiң көлемi кіреуке сауыттың түрiн анықтайтын негiзгі типологиялық белгі болды. Қазақтар шығыршық көздерiнiң көлемiне сәйкес торғай көз, шөже көз (яғни, шығыршық тесiгiнiң үлкендiгi торғайдың, шөже балапанның көзiнiң үлкендiгiндей-ақ) және бадана көз деп аталатын үш түрiн айырады. Осындай көздi шығыршықтардан тоқылған кіреукелер торғай "көз кiреуке", "шөже көз кiреуке" және "бадана көз кiреуке" деп аталды. Фольклорлық материалдарда қазақ батырларының жарағы ретiнде кіреукенiң осы үш типi де айтылады. Кіреуке типiнiң шөже көз кіреуке және торғай көз кіреуке орыс тiлiндегi «кольчуга» және «панцырь» (кiшкентай шығыршықтардан өрiлген кіреуке) деп аталатын кіреукенiң екi түрiне сәйкес келедi. «Бадана көз кiреуке» немесе «бадана көздi сауыт», «бадана сауыт», «бадана» үлкен жалпақ соғылған шығыршықтардан тоқылып жасалды, сондықтан, кіреукенің бұл түрі өте берiк болды, ауыз әдебиетiнде де бұл бадана сауыттың берiктiгi баса айтылады. Бұл кіреукеде шығыршық көзiнiң көлемi «бадана» атты өсiмдiк пиязшығының көлемiндей болғандықтын осылай аталған.Шығыршықтардың жасалу әдісі тұрғысынан келсек, кіреукелер өрімінде, әдетте, шығыршықтардың үш түрі қолданылды. Шығыршықтың бірінші түрі – ұштары шегемен бекітілген шығыршықтар, екінші түрі – ұштары тікеншемен бекітілген шығыршықтар, бұл шығыршықтар, көбінесе, овал формалы болып келеді. Кіреуке шығыршықтарының үшінші түрі – темірден тұтас шабылып алынған дөңгелек шығыршықтар, кіреукелер өрімінде шығыршықтың тек бір түрі немесе екі-үш түрі қолданып өрілген.Кіреукені тоқығанда шеберлер сауыттың беріктігін ғана емес, әсемдігін де ескеріп отырды. Ауыз әдебиетінде жағалары алтын шығыршықтан өрілген, жеңдері жез шығыршықтардан өрілген кіреуке сауыттар айтылады. ## Сауыттың дәрежесі Денеге киіліп қолданылатындықтан қазақ тілінде кейде сауыттың синонимі ретінде тон сөзі қолданылып, темір сауытты темір тон, ал кіреуке сауытты кіреуке тон деп те атайды. Сауыттардың ішінде тұтастай металдан жасалған сауыттар тобы, басқа халықтардағы сияқты, қазақтарда да ақ сауыт атауымен аталады (салыстырыңыз, орысша: «белый доспех», «белое оружие», немiсше «blanke waffe»). Органикалық материалдардан (сүйек, мүйiз, терiден) жасалған қатты сауыттарға бұл атау қолданылмайды. Сондықтан, кіреуке сауытты кейде ақ сауыт немесе ақ кiреуке деп те атайды. Халықтық әскери терминологиядағы кіреуке сауыттың бұл бiрнеше дәстүрлi атаулары қазақтардың қорғаныс жарағын жiктеудiң дәстүрлi жүйесi құрылымындағы осы сауыт түрiнiң орынын және бұл құрылымның түрлi таксономиялық деңгейлерiмен қатынасын көрсетедi. Жасалу технологиясының күрделілігі, жасалу әдісінің қиындығы, сауыттың қолданыста ыңғайлылығы, әдемілігі бұл сауытты жауынгерлік жарақтың қымбат түріне айналдырды.Әдетте, кіреуке сауытты атақты батырлар, хан-сұлтандар киген. Қымбат бағалы жауынгерлік киім болғандықтан түркі мемлекеттерінде кіреуке сауыт жоғары дәрежелі әскери қызметке тағайындалған адамға лауазым белгілері ретінде берілетін, әскерилерге әскери қызметі үшін әскери сый-марапатқа берілетін әскери заттардың бірі болды. Қымбат зат ретінде кіреуке сауыт қазақтарда атадан мұраға қалатын қымбатты мүлік, қалымға, киітке беретін бағалы сый болды. Қазақ тарихындағы ерлігімен аты шыққан батырлардың әулетінде олардан қалған кіреуке сауыттар бүгін де киелі зат ретінде ұрпақтарында сақталуда. XIX ғ.-дың аяғына дейін қазақтың салтында бағалы зат ретінде кіреуке сауыттар әртүрлі тойларда, астарда бәйгеге берілетін жүлделердің, тоғыз сыйдың – «тоғыздың» құрамына басты сый болып кірген. ҚР ҰМ қорында ХІХ ғ.-да Кіші жүздiң біраз бөлігінің сұлтаны болған Арыстан сұлтан Жантөриннің кіреукесі сақтаулы (суретте). Оны музейге 1923 жылы сұлтанның ұрпағы – хан Қайыр Қасымовтың немересі тапсырған екен. Кіреуке сауыттың ұзындығы 74 см, енi жеңiмен бiрге 100 см, белінде ені 50 см-ге жуық, жеңiнiң енi 17 см. Сауыт қысқа жеңдi, жағасыз жейде түрiнде болат темiр шығыршықтардан өрiлiп жасалған. Жағасы жартылай дөңгелек ойық түрінде, алқымында тігінен жырымы бар. Жеңінің жиегі қиғаш қиылған, етегі алдынан да, артынан да жырылып жасалынған. Сауыт болат сымнан соғылып жасалған, сопақша келген пішінді, ұштары шеге арқылы бекітілген, диаметрі 1,5 см шығыршықтардан өрілген. Шығыршық көздерінің көлеміне байланысты бұл кіреуке сауыт – бадана кіреуке түріне (баданаға) жатады. Бұл бадана кіреукенің жасалу уақыты XVII-XVIII ғғ. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * О туземном оружии в туркестанском крае. РТ. Вып.2. 1872; * Валиханов Ч.Ч. Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Т.1. Алма-Ата: АН КазССР, 1961; * Ақсауыт. Екi томдық. Алматы: Жазушы, 1977; * Тэрнер Виктор.Символ и ритуал. М.: Наука, 1983; * Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Пространство и время. Вещный мир. Новосибирск: Наука, 1988; * Бейхайм В. Энциклопедия оружия. СПб.: Санкт-Петербург оркестр, 1995; * Ахметжан К.С. Кольчужные доспехи из коллекции ЦГМ РК. Орталық музей еңбектері: музей ісі, тарих, археология, деректану, антропология және этнология, деректану, фольклортану. II басылым. Алматы: Балалар әдебиеті, 2009; * ҚР МОМ – материалдарынан; * ОМЭЭ – материалдарынан.
Кіші Арыстан (лат. Leo Mіnor) – аспанның солтүстік жартышарындағы шағын шоқжұлдыз. Жетіқарақшы (Үлкен Аю), Сілеусін және Арыстан шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан. Қазақстан жерінде күзде, қыста және көктемде көрінеді. ## Дереккөздер
Кіші Мұхаммед хан (т-ө.ж.б.) — Алтын орда ханы (1437—61). Шыңғыс ханның ұрпағы. 1437 ж. Алтын орда ханы ұлы Мұхаммедті сарайдан ығыстырып, хан тағына отырады. Хан тағы үшін бір мезгілде Мұхаммед есімді екі хан күрес жүргізгендіктен, жазба деректерде олардың бірін "ұлығ" — үлкен, екіншісін "кішік" — кіші Мухаммед деп атаған. Кіші Мухаммед тұқай Темірдің тоғызыншы, ал Ұлығ Мухаммед сегізінші ұрпағы. К. М. Х. Алтын ордада билеуші топтар арасында талас тартыстарды тоқтатуға, мемлекеттің одан әрі күйреуіне жол бермеуге күш салды. Алтын орданың ықпалын өсіру үшін 1460 ж. Ұлы Ахмедті көп әскермен орыс жерлеріне аттандырған. Бірақ бұл жорық орыстар тарапынан тегеурінді қарсылыққа тап болды. 1461 ж. Кіші Мұхаммед ханға Қырым ханы хажы Керей жорықтар жасады. 1462 жылдан бастап, деректер Кіші Мұхаммед ханның балаларының бірі — Ахмедтің хан тағына отырғанын баяндайды. Кіші Мұхаммед хан ның артында Махмуд, Ахмед және Бақтияр атты ұлдары қалған. Махмуд ханның ұлы Қасым хан — 1466 ж. Астрахан хандығының негізін қалады. ## Дереккөздер
Кіші Аю, Кішіқарақшы (лат. Ursa Mіnor) – аспанның солтүстік жартышарындағы полюс маңында орналасқан шоқжұлдыз. Цефей, Керік және Айдаһар шоқжұлдыздарының аралығында жатады. Мұның алты жұлдызы ожау пішінін құрайды. К. Аюдағы Темірқазық Қазақстан жерінде батпайтын шоқжұлдыз болып саналады. Жетіқарақшы екеуі бір-біріне жақын орналасқан. Бірге туып, бірге батады. Жетіқарақшының басы оң жаққа , сабы сол жаққа , Кішіқарақшының басы сол жаққа, сабы оң жаққа қарап тұрады. Кішіқарақшының сабының ұшындағы жұлдыз Темірқазық, ең шеткі екі жұлдызы Ақбозат, Көкбозат деп аталады. ## Дереккөздер
Кішімүрде — орта ғасырдағы қоныс орны. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш кентінің оңтүстік-батыс жағында 5 – 6 км жерде орналасқан. Кішімүрдені 1940 жылы Жамбыл археология пунктінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Қоныстан қазіргі аумағы 25x21 м, биіктігі 2,5 – 3 м. Айналасы бекініспен қоршалған. Бұзылған бөлмелердің құрылыс жүйелері сақталған. Зерттеу кезінде бүйірі шығыңқы, кең мойыны конус тәрізді, шүмегінің астында мойынының негізіне дейін созылған қолқасы бар көзелер табылған. Олардан басқа үлкен жөне кіші құм, саптаяқ, тостаған, шырақ тегене, түрлі ыдыс қалдықтары шыққан. Табылған материалдарға қарағанда Кішімүрде тұрғындары б.з. 7–13 ғасырларда өмір сүрген. Олар егін, мал шаруашалықмен айналысқан. ## Дереккөздер
Кілем(Ковер) — әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, терме алаша және т.б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою-өрнек салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады. Дайындалу тәсіліне қарай кілемдердің қолдан және машинамен тоқылған түрлері болады. ## Қолдан тоқылған кілем Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі ор түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады. Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер КСРО, Иран, Франция, Үндістан,Қытай, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, КСРО-да қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РКФСР (Дағыстан АССР-і), Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армення және Қазақстанда шығарылады. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр-түсті, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталады. ## Кілем түрлері Түрікмен кілемдері «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты өрнектермен әсемделеді. Кавказ кілемдері «куба», «шируан», «хила», «қазақ», «карабах», «дербент», «микрах», «ахты» т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшылтүсті болып келеді. Ою-өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан-жануарлар бейнесі қолданылады. Қытай кілемдерінде әртүрлі түстегі балық, жан-жануарлар, мифтік құбыжықтар,айдаһарлар т. б. бейнеленеді. Сондай-ақ лотос, таушымылдық гүлдері өрнектелген кілемдер де кездеседі. Олардың ортасы ою-өрнексіз көбінесе сары, қошқыл көк, алқызылтүсті болып келеді. Тағы бір ерекшелігі — оның түгі кілемдегі ою-өрнекті аша түсетіныңғаймен ұзынды-қысқалы болып қырқылады. Ою-өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің Әдемілігін арттыра түседі. Түрік кілемдері «анатоль», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусеа», «ушак» т. б.деп аталады. Гүлді (парсы көлемдеріне қарағанда бір жүйеге түсірілген) және ою-өрнекті болып келеді. Француз кілемдері «савонарри», «обюссон» типіндегі кілемдерде гүл салынған ою-өрнекті суреттер басымдау болады. Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; материалына қарай — жібек, масаты, қалы; шығаратын жеріне қарай — Қызылорда, Алматы, Жамбыл;ру үлгілеріне қарай — Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін; сондай-ақ қосалқы белгілеріне қарай — шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері түркі тектес халықтаркөлемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас. Негізінен қызыл, қаракөк, сары, күлгін, аспанкөк түстерді қолдану арқылы түрлі ою-өрнектер табиғат көріністерімен ұштастырабейнеленеді. Қазақстанның оңтүстігінде түктіжәне тықыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған.Олардың негізгі өрнектері — «күмбез», алжиектерінде текшелі өрнектері «қорған» депаталып, оны бойлай күлгін түсті «су» өрнегіжүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды, қорғанын қуалай су жүргізілген қалайыелестетеді. Ою-өрнектерді белгілі мазмұнғақұру текемет , сырмақ өрнектерінен де байқалады. Кейде ортаңғы гүл-күмбездердің орнына түлкі ілген бүркіт, жан-жануар немесетабиғат көрінісі т. б. бейнеленеді. Геометриялық өрнектер өте басым. Қазақ кілемдеріндегі айшықты ою-өрнек әсері басқа халықтар кілемдерінен де байқалады. Мәселен, кавказ көлемдерінің бірі «қазақ» депаталады. 1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңамазмұн беруді көздейтін Алматы кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен де, машинамен де тоқылады. Фабрикаәртүрлі мерекелерге арналған, сондай-ақ ұлыадамдардың, көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің, мүшелтой иелерінің суреті салынған кілемдер де шығарады. Ал төсеніш,дастарқан т. б. ретінде пайдаланылатынкілемдер республиканың кейбір облыс орталықтарына шығарылады.Машинамен тоқылатын кілемдер сыртқы түрі мен ою-өрнегі жағынан қолдан тоқылғанкілемдерден көп өзгешелігі болмаса да беріктігі мен төзімділік жағынан олардантөмендеу. Қолдан тоқылған кілем ұлттықою-өрнек пен колоритгі ұштастыра пайдаланған өте сапалы бұйым болып саналады. ## Машинамен тоқылатын кілемдер Машинамен тоқылатын кілемдер негізіне табиғи жіптермен қатар синтетикалық жасанды талшықтар, жүн тәріздес жіптер, химиялық пленка жіптер де пайдаланылады.Кілем тоқылатын жіптің құрылымын зерттеунәтижесі химия мамандарына өте төзімдіполимер материалдарды ойлап табуға мүмкіндік берді. Олар жуан, жіңішке, созылмалы, жеңіл, нәзік, ширақ және ақшыл болыпкеледі. Түсін жоғалтпау жағынан полиакрилонтрильді талшықты жүннен әлдеқайда төзімді. Машинамен тоқылатын кілемдер түгітігілмелі тафтинг, тоқымалы, трикотаж, тоқыма-тігілмелі, шыбықшалы киіз, флоки-ровты кілемдерге бөлінеді. Тоқыма кілемдермеханикалық тоқу станогында бір түсті немесе әр түрлі түсті болып шығарылады,құрылымы жағынан кілемді көп қабатты мата деуге болады. Түгі тігілмелі тафтині - негізгі тоқымалы, трикотаж, тоқыма-тігілмелі кілемдер жоғары жылдамдықты көп инелімашиналармен тоқылады. Кілем негізі өрісжібінен, астыңғы матадан және латекстіастарлан тұрады. Шыбықшалы киіз. Кілемдер көп қабатты холст тәріздес болыпкеледі. Флокировты кілемдерді астыңғы материалға химиялық талшықтардан жасалғанқысқа түктерді жапсыру арқылы электр өрісінде өндіреді. Кілемнің көлемі, өрнегі және түр-түсі бөлмені интерьеріне сай (қабырғаның түсі, мебель, портьер т. б. қабы) болғаны дұрыс.Кілемді күту. Кілемді ұқыпты күтіп ұстағанжағдайда ұзақ уақыт пайдалануға болады.Кіре беріске, аяқ астына, дәлізге, холл, вестибюль, баспалдақ, т. б. адамдар көбірек жүретін орындарға төселген көлемдер тез тозады. Сондықтан да оның үстіне жіңішкеле укенеп мата немесе басқадай материалдартөсеген жөн. Егер бүктелетін кілем болсаоның жиегіне іш жағынан кішілеу кенепқалташалар тігіл, оған жалпақтау металлтабақшалар қоятын болса кілемге жиналатын электр-статикалык зарядтар мөлшеріазаяды. Кілемнің тозбауы және әдемілігі мен қылдақтығын арттыру үшін оның астына киіз немесе жұмсақ резеңке салады. Еденге төселетін кілемнің орнын ауыстырыл отырған жөн. Кілемді төсер алдында еденнің кірін кетіріп, шаңын сүртіл әбден құрғату керек. Төсеген кезде кілемнің жиырылып, бүктеліп қалмауын қадағалау қажет. Тоқыма кілемдерді қатты сыпырғышпен немесе шаңсорғышпен аптасына бір рет тазалайды. Қатты щеткаларды пайдаланбаған жөн. Түгіне қарсы тазалау ға да болмайды. Кілемді жұмсақ, иілгіш заттармен қаққан дұрыс. Оны ағаш қорғанға немесе кір жаятын арқанға іліп қағуға болмайды, мұндай жағдайда кілемнің арқау жіптері зақымданады. Қағылған кілемніқ екі жағынан бірдей сыпырғышпен сүрту керек. Қысты күндері кілемнің түкті жағын үстіне қаратып қар салып тазалаған тиімді. Майысқақ шыбықпен немесе тал сыпырғышиен бірнеше рет орнын ауыстырып таза қардың үстінде әбден тазарғанша қағу керек. Таза жүннен қолдан және машинамен тоқылған кілемдерге қаракүйе мен кілем қоңызы түседі. Олар кілемнің боялған түгін (жасыл түсті кілемдерге түспейді) бүлдіреді. Санитарлық талапқа сай емес дымқыл, шаң басқан және уақытында кептіріліп, желдетілмеген орындарға, кілемнің тазаланбаған бөліктеріне кілем қоңызы, қаракүйе (личинкалары 12 ай шамасында өмір сүреді) түседі. Жүннен тоқылған кілемдерді жазда алдын-ала кептіріп, сосын шиыршықтап бүктен алып қойған жөн. Тазаланып, келтірілген кілемге нафталин себу керек немесе бүктеген кезде арасына қашықтығын бірдей етіп нафталин салынған дорбашалар (нафталин таблеткалары), «молебой» таблеткаларын салған дұрыс. Кілемді сақтау үшін оны мүмкіндігінше тығыздан бүктеп, сыртынан газет қағазымен орай полиэтилен қапшыққа салып қояды. Кілемді кемінде жылына бір рет «Аэроантимоль», «Супромит сұйықтықтарымен немесе «супрозоль» аэрозольды препаратымен профилактикалық өңдеуден өткізіп отыру керек. Бұл заттар қара күйені және кілем қоңызының личинкаларын өлтіреді. Жүн тәріздес синтетикалық жіптерден жасалған кілемдер жоғары гигиеналық қасиеттерімен ерекшеленеді әрі шаңсорғышпен жақсы тазаланады. Синтетикалық кілемдердің түкті жағына түскен дақты бірден сумен сүртіл тастаса оңай кетеді. Тұрыңқырап қалған дақты тұрмыс қажетін өтеу комбинатында химиялық тазалау жолымен кетіреді, мұнда көлемді керіп-созуға да болады. Табиғи жіптер мен синтетикалық талшықтардан жасалған кілем және кілем тәріздес бұйымдарды тазалауға «Атта», «Борс», «Золушка — М», «Умка» деп аталатын арнаулы сұйық препараттар шығарылады. Тазаламас бұрын кілем түгіндегі бояулық беріктігін тексерген жөн. Ол үшін ақ матаны алдын-ала дайындалған қоспаға батырыл алып кілемнің елеусіздеу бүрышын тазалап көреді. Егер бояу жұқнаса, оны тұтастай тазалай беру керек. Бояуы шығатын кілемдерге мұндай препараттарды пайдалануға болмайды. ## Тағы қараңыз * Палас ## Дереккөздер
Күшлік Хан, Күчүлүк хан (шамамен 1180 – 1218) – найман Таян ханның үлкен баласы. Лиау патшалығын билеген. К. х. 1212 ж. Алтай жорығына аттанып, Алмалықты шапты, Қашқарды бағындырды. 1218 ж. Жебе қолынан шайқаста қаза тапқан. Күшлік хан — Найман тайпасының билеушісі. 1208 ж. Шыңғысхан Ертіс бойында Күшлік хан әскерлерін талқандады. Наймандар Жетісуға қашты. 1209 ж.ш. Күшлік хан қарақытай гурханына келіп паналады. Ол бірте-бірте найман әскерін қайта жинап, 1210 ж. Жетісудағы өкімет билігін өз қолына алу мақсатымен гурханға қарсы бүлік ұйымдастырды. Үзгенде Күшлік хан гурханның қазынасын талап, қарлұқтардың көмегімен солтүстік Жетісуда жеңіске жетті. Баласағүн маңында гурхан Күшлік хан әскерін күйрете жеңді. Күшлік хан билігінің Жетісуда нығаюы оның сыртқы саясатта да табысқа жетуіне себепші болды. Сыртқы саясатта ол Қашғарияны өзіне қаратуға, Хорезмшахтың жер дауына тойтарыс беруге бағыт ұстады. Күшлік хан егін орағы кезінде Жаркент, Хотан, Қашғар сияқты астықты аймақтарға 3-4 рет шабуыл жасап, осы аймақтардың ашаршылыққа ұшыраған халқын бағынуға мәжбүр етті. Хорезмшах Күшлік хан мен гурханның соғысы кезінде-ақ олардың ісіне араласып, қарақытай жерінің бір бөлігін алғысы келді. Бірақ Жетісу мен Қашғарияда найман ханының билігі күшейген соң, қарсыласудан бас тартып, тіпті өз иелігінің бір бөлігін — Сырдарияның орта шені мен Ферғанадағы бекіністерін тастап кетті. Отырар және басқа қалалар арқылы өтетін сауда жолдары жабылды. Сонымен, Күшлік хан күйреген Қарақытай мемлекетінің Жетісу, Жаркент, Хотан, Ферғана аймақтарынан өз хандығын құрды. Алайда қанаудың күшеюі, алым-салықтың кебеюі, соғыс ауыртпалығы, мұсылмандарды қудалау халық наразылығын туғызды. Осы себептерден де солтүстік Қытайды жаулап алған соң Қазақстанға, Орта Азияға және т.б. елдерге жорық жасаған Шыңғысхан әскеріне қарсы тұра алмады. Шыңғысхан өзінің ежелгі жауы Күшлік хан билік құрған, дамыған отырықшы — егін шаруашылығы, көркейген қала мәдениеті бар Жетісуға 1218 ж. Жебе ноян бастаған 20 мың қол жіберді. Жебе ноян қарсыласын женді. Күшлік хан өзінің Жетісудағы және Шығыс Түркістандағы иеліктерінен айрылып, Қашғарияға қашты. Феодалдық үздіксіз соғыстардан едәуір өлсіреген найман әскерлері бытырап кетті, ал монғолдар Сарықсада Күшлік ханды қуып жетіп өлтірді. ## Дереккөздер
Тағы қараңыз: Қазақ жүздері Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді. ## Тарихы Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз – алшын” деп атанған. Оның құрамына үш бірлестік кіреді: * Байұлы (Адай, Алтын, Алаша, Байбақты, Беріш, Жаппас, Масқар, Таз, Тана, Есентемір, Ысық, Қызылқұрт, Шеркеш) * Қаракесек (Байсары, Әлім, Шөмен) * Жетіру (Табын, Тама, Кердері, Керейт, Жағалбайлы, Телеу, Рамадан) тайпалары енеді. * 15–17 ғасырларда ру-тайпалық топтар Бұрындық, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан тұсында Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды (1710). * 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақ даласын үлкен апатқа ұшыратып, бұл кезең “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” аталды. Басқыншылардың шабуылына төтеп бере алмай Кіші жүздің бірқатар рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұхарға беттеді. Бірақ мұнда да тұрақтай алмай, Жайыққа қарай ығысты. Ықпалды хан деп саналғанмен, Әбілқайырдың билігі Кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Кейіннен Кіші жүзде Нұралы, Ерәлі, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар билік құрды. Қазақтардың Ресей қол астына алынғанына жарты ғасыр өткенде, империялық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Оны Сырым Датұлы басқарды. Бұл күрес қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Еділ мен Жайық аралығына көшіп, 1801 жылы Бөкей ордасын (Ішкі Бөкей ордасы) құрды. Осы уақытта Бөкей ордасына Астрахан маңайын мекендеген ноғайлар Бөкей ханның қолдауымен көше бастайды. Әлі күнге дейін Кіші жүз қазақтарының арасында руға кірмейтін Ноғай-Қазақ руы бар. * 1824 жылы патша өкіметі Кіші жүзде хандық басқаруды жойып, оның орнына жекелеген аймақтарды билейтін басқарушы сұлтандар тағайындауға кірісті. * 1845 жылы Жәңгір хан өлген соң патша өкіметі Бөкей ордасындағы хан билігін де жойды. Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар 15 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер (жаугершілік жорықтар, “Ақтабан шұбырынды”, Отан қорғау, ұлт-азаттық соғыстар, әсіресе, 20-шы ғасырдағы большевизм асыра сілтеулерінен туындаған қуғын-сүргін, ашаршылықтар мен толқулар, т.б.) салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге (Иран, Ауғанстан, т.б.) көшіп барып қоныстанды. Осындай көші-қон, араласулар нәтижесінде тайпалық одақтардың алғашқы құрылған кездегі мәні жойылып, біртұтас қазақ халқының қалыптасуын объективті ақиқатқа айналдырды. ## Қоныстану аймағы Сырдария аймағы , Арал теңізінің жағалауы, Каспий теңізі айналасы, қазіргі Батыс Қазақстан өңірі (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары) жерлерін мекендейді. ## Құрамы Кіші жүздің рулық-тайпалық құрамы төмендегідей: ## Саны XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Кіші жүз қазақтарының саны шамамен 1 млн. 100 мың адамға жететін.Мұхамеджан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкентте жарық көрген еңбегіне сәйкес алшындар қазақ халқының 2/5 бөлігін құрайтын. * Әлімұлының саны Қазан төңкерісіне дейін 350-400 мың адамды құрайтын. Оның ішінде: шекті - 60-80 мың, шөмекей 150 мыңнан аса, төртқара - 50-60 мың, кете - 50-60 мың, қаракесек - 20-25 мың, қарасақал - 10-15 мың. * Байұлы 500-550 мың, оның ішіндегі адай - 80-150 мың, байбақты - 40 мың, беріш - 45 мың, таз - 20 мың, шеркеш - 45 мың, масқар - 20 мың, тана - 25 мың, қызылқұрт - 40 мың, алтын - 70 мың, жаппас - 50 мың, ысық - 20 мың, есентемір - 20 мың, алаша - 45 мың. * Жетіру 270-300 мың, оның ішіндегі табын - 80 мың, жағалбайлы - 70 мың, керейіт - 30 мыңға дейін, тама - 45 мыңға дейін, телеу - 20 мыңға дейін, кердері - 20 мыңға дейін, рамадан - 5 мыңға дейін. ## Хандары ### Тәуелсіздік алғанға дейінгі Кіші жүз билеушілері * Тәуке хан (1652-1680) * Әйтеке би (1684-1700) * Қайып хан (1704-1710) * Әбілқайыр хан (1710-1718) ### Кіші жүз билеушілері * Әбілқайыр хан (1718-1731) ### Ресей патшалығы сайлаған Кіші жүз билеушілері * Әбілқайыр хан (1731-1748) * Нұралы хан (1748-1786) * Жармұхамбед хан (1786-1791) * Ералы хан (1791-1794) * Есім хан III (1796-1797) * Айшуақ хан (1797-1805) * Жантөре хан (1805-1809) * Хандық кеңес (1809-1812) * Шерғазы хан (1812-1824) ### Кіші жүздің халық сайлаған билеушілері * Әбілқайыр хан (1731-1748) * Батыр хан II (1748-1771) * Байрамұқ (1785-1790) * Есім хан ІІ (1790-1791) * Әбілғазы хан (1791-1806) * Қаратай хан (1806-1816) * Арынғазы хан (1816-1821) ### Кіші жүздің жеке сайланған билеушілері * Барақ хан (1731-1747) * Пиралы хан (1770-1805) * Батырұлы Қайып хан (1786-1791) * Бөлекей хан (1797-1806) * Темір хан (1809-1824) * Қасым хан ІІІ (1809-1824) * Жаңғазы хан (1819-1823) ### Кіші жүз Бөкей Орданың билеушілері * Бөкей хан І (1801-1815) * Шығай хан ІІ (1815-1823) * Жәңгір хан ІІ (1823-1845) * Сахыб хан (1845-1847) * Әділ хан (1847-1872) ## Тағы қараңыз Әбілқайыр хан ## Дереккөздер
Кітаби тіл. 16-17 ғасырлардан бастап 20 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы мәдени дүниесінде ауызша төл әдеби тілмен қатар және бір әдеби тіл өмір сүрді. Ол - бірқатар түркі халықтарына ортақ ортаазиялық жазба әдеби тіл - түркінің «жергілікті» (қазақтың), кейінірек 19 ғасырдың соңғы ширегінде «кітаби тіл» атанған түрі. Мұның қолданылу аясы төл әдеби тілден басқа болды. Ауызша қазақ әдеби тілі көркем әдебиет пен заң-сот (билер сөздері) ісі, шешендік өнері сияқты салаларға қызмет етсе, түркілік жазба тіл ресми қағаздар мен хат түріндегі (эпистолярлық) жанр, мұсылманша діни әдебиет және ғылым салаларында қолданылды. Қазақтан шыққан тұңғыш тарихшы Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің «Жами ат- тауарих» деп аталатын шежіресі 16 ғасырдың соңында (1602 ж. жазылып біткен) қазақ тілі белгілері айқын көрінген қазақшаның ескі түрі «шағатай» тілінде жазылған. Сондай-ақ қазақтың хан, сұлтан, старшиналарының көбінесе Ресей империясының әкімшілік орындарына және ішінара бір-біріне жазысқан әр түрлі сипаттағы қатынас қағаздары мен хаттары жазба түркіні пайдаланды. Бұл құжаттар 1940 ж. профессор М. П. Вяткин жариялаған («Материалы по истории Казахской ССР. т. 4.- М.-Л., 1940) материалдарға қарағанда, қазақтық түркінің өзіне тән стильдік, грамматикалық, орфографиялық белгілері болды. Түркі жазба әдеби тілінде бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан ресми-қатынас қағаздары стилі қазақ топырағында туған (жазылған) осы салаға жататын құжаттардын тілінде еркін пайдаланды. Мысалы, ғизатлу, хурматлу, ғали кә әли уа ғали жәғәли, Сізнің ғали хазретлеріңіз сияқты үлгілер, лексика жағынан шағатайлық хайран олдым (болдым), кіріфтар олынмыш (болған), йазған ердім (едім), ошбу (осы), кібік (сияқты), йузденді-рмек (сырт айналу), бәңә асыл олыңды (маған тиді) сияқты тұлғалар, халық тіліне енбеген араб- парсы сөздері молынан қолданылды. Әсіресе жазба әдеби тілде грамматикасы мен емлесі жағынан түркілік кітаби дәстүр көбірек орын алды. Мысалы, есімшенің -ған жұрнақты тұлғасының орнына -мыш жұрнақты түрі, кәмілдікті білдіру үшін дүр(оңайдүр, еф кәміз бардүр) түрін жиі қолдану, етістіктің 3 жағынан көпше түріне -лар қосымшасын айту (йасадылар, айталар, кеттіләрт), етістіктің - у жұрнағының орнына - ғу вариантын қосу (душманлық қылғучы, йургучі), қазақшамен, бірақ, дейін дегендердің орнына бірлән, бәлян, әм, лекин, че жалғаулықтарын жұмсау тән болды. Осы белгілердің барлығы «түркіге» негізделген жазба тілді қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілімен ауызша тараған төл әдеби тілінен алшақтатты, сондықтан ол қазақтың көркем әдебиетіне, әсіресе поэзиясына бойлап, тұтасымен ене алмады, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізі ретінде қалыптаса алмады. Дегенмен кітаби тіл қазақ даласында, әсіресе өткен ғасырдың соңғы ширегінен бастап едәуір жанданып, етек алды. Бұған мұсылманша діни әдебиеттің және қазақ қауымы мұқтажын өтейтін публицистік мұсылманша оқуға қатысты педагогикалық, ішінара жартылай ғылыми әдебиеттердің пайда бола бастауы үлкен себепкер болды. Проза түріндегі тарихи, дидактикалық, діни және ғылыми әдебиет түркі халықтарында 15 ғасырдан бастап-ақ шағатай тілінде дамығаны мәлім. Сондықтан қазақ жазбалары тіліне шағатай тілінің әсері айтарлықтай болды. Қазақтың тұңғыш баспасөз көздері - «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала Уәлаятының газеті» таза шағатай тілінде басылмағанымен, осы тілге тән көптеген нормаларды қолданды. Жас қазақ публицистикасы тілінде де дәстүрлі жазба тіл элементтері орын алды. Төл әдеби үлгілерге қарағанда түркілік жазба дәстүр белгілерін молырақ пайдаланған, әрі 19 ғасырдың соңғы ширегінен бастап баспа жүзінде («кітап етіп») ұсыныла бастаған «қисса» аталған көркем әдебиет жанрының авторлары «кітаби ақындар» деп, бұлардың тілі «кітаби тіл» деп аталып кетті. Қазақ топырағында қызмет еткен кітаби тіл таза шағатай («түркі») тілі емес, сол тілдің, ішінара татар жазба әдеби тілінің (оның өзі шағатайға барып тіреледі) және қазақ тілінің белгілерін араластырып пайдаланған аймақтық (локальдық) құбылыс болды. Сондықтан оны «қоспа тіл», «шұбар тіл» деп танушылар бар (С. Е. Малов, I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, С. Аманжолов т. б ). Бірақ орта ғасырлардан келе жатқан түркілік жазба дәстүр қалай аталса да, қазақтың ауызша әдеби тіліне де, ұлттық төл жазба әдеби тіліне де әсерін тигізіп, сөздік құрамын толықтырғанын жоққа шығаруға болмайды.Шағатай тілі Абайдың өзін де бір шарпып алғанын білеміз. Оның балаң шағында шағатайшылап жазған 3 өлеңі бары мәлім. Бұл - тілдегі ізденісі емес, ақындық жолдағы ізденісі, яғни классикалық әдебиеттен күш, тірек іздеп, еліктеген әрекеті болатын. Бұл ізденіс еріксіз тілді де іздеткен. Тапқаны - шағатай тілі. Бірақ бұл тапқанынан тез айнып, бас тартады, іргесін ашып алады, өзге арнаға-өз ақындық арнасына түседі. Мұнысы тілін де өзгертеді. Енді Абай өз шығармашылығы үшін сол тұстағы қазақ қоғамы өмірінде едәуір қанат жая бастаған, шағатай тілі нормаларына негізделген қазақ кітаби тілін емес, қазақтың сан ғасырлық ауызша әдеби тілін таңдайды. Бірақ ол шағатайшылауды, «кітапшылауды» құбыжық көрмей, оған стильдік құрал ретінде қарайды. Сондықтан 3, 12,13-сөздер деп аталатын прозалық шығармаларында Абай ислам дінінің ғибадаты, иманы, «сифатлары»туралы әңгіме қозғайды да, бұларға «кітаби» өң береді, демек, кітаби тілді өз алдына әдеби тіл ретінде емес, белгілі бір жанрдағы, белгілі бір тақырыптардағы стильдік құрал ретінде пайдаланады. ## Дереккөздер
Қабан-Құсан,сәулет өнері ескерткіші Шамамен 12 - ІЗ ғасырларда түрғызылған. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Шаған кентінен Ертісті бойлай батысқа қарай 40 км жерде, өзеннің сол жағалауына орналасқан. Кешен күйдірілғен кірпіштен тұрғызылған. Үстінде қесенені зәулім, биік етіп көрсетіп тұрған күмбез құрылыстың төрт бұрышты қабырғаларын жауып тұр. Кірер есігінің босағасы мен қасбеті нақышты көзе тақтайлармен әшекейл енген. Ескерткіш 18 ғасырдың 1-жартысына дейін бүтін сақталып келген. Ол жөнінде Ертіс бойында зерттеу жұмыстарын жүргізген Г.Ф.Миллер хабарлама жасаған. Қазіргі кезде кешен қабырғаларының тек астыңғы бөліқтері ғана сақталған. ## Дереккөздер
Кіші Ноғай Ордасы, кейде Қазы ұлысы (орыс. Малая Ногайская Орда, Малые ногаи, Казыев улус) – XVI ғасырдың II-жартысында Ноғай Ордасынан бөлініп шыққан мемлекет. ## Тарихы Ноғай ордасының әлсіреуі және Қазан мен Астрахан хандықтарын ресейдің басып алуы нәтижесінде ноғайлар бөлшектене бастады. Бір бөлігі ресейге қарады, Еділ-Жайық, Жем өзендерінің аралығында орналасқан ноғайлар Қазақ Ордасына қосылды, қалғандары батысқа (Қырым хандығы иелігіне) шегінді. Еділдің оң жағасы мен Азов теңізінің жағалауына келіп орналасқан Ноғай Ордасы ұлыстарынан XVI ғ. 50-жылдарының соңында құралған Кіші Ноғай Ордасының негізін Қази мырза қалады. XVII ғасыр ортасына дейін Кіші Ноғай Ордасы Қырым хандығы мен Осман империясына бағынышты болды. XVII ғасырдың алғашқы жартысында ұсақ ордаларға бөлшектеніп, Қара теңіздің солтүстігіндегі жазықты алып жатты. XVII ғасыр ортасынан бастап Кіші Ноғай Ордасының кейбір ұлыстары Үлкен Ноғай Ордасымен бірге Каспий даласын (Еділден Терек өзеніне дейін) жайлады. 1770 жылы Едисан, Бұжақ Ордалары Ресейдің қол астына қарады. XVIII ғасыр соңы XIX ғасыр басында ноғайлардың бірсыпырасы Азов жағалауындағы ескі қонысына (Доннан Қобанға дейінгі) келіп орналасты. Қалған бөлігі 1812 жылғы Бухарест бітімшарты бойынша Түркия жеріне ауысты. ## Географиясы XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың бірінші жартысында Кішкентай ноғайлар немесе Кіші Ноғай Ордасы деп аталатын ноғайлар, негізінен, төменгі шамамен 1640 жж. Батыс Маныч өзені арқылы қалмақтар бұл жерден қуып шыққанға дейін Еділ мен Донның аралық бөлігінің солтүстік бөлігінде көшіп-қонып жүрді. Осыдан кейін, Кіші Орданың оңтүстік және оңтүстік-батыстағы көшпелі қоныстары Теректің төменгі ағысы мен Қобан өзенінің солтүстік жағалауына жетті. Осылайша, XVII ғасырдың бірінші жартысының аяғынан бастап Кіші Ноғай қазіргі Ростов облысының оңтүстігінде, Краснодар мен Ставропол өлкелерінің солтүстігінде және Қалмақстанның батысында көшіп-қонып жүрді. ## Тағы қараңыз * Қобан татарлары ## Дереккөздер
Кішітөбе – орта ғасырдағы қоныс. Түркістан облысы Отырар алқабының шет жағында Солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. 1970 жылы Отырар археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев) зерттеген. Қазіргі аумағы 40х40 м, биіктігі 3 м, ұзындығы 60 м-ге созылып жатқан тікбұрышты төбешік. Оңтүстік-шығыс жағында жазық алаңқай бар. Қоныстан құм, көзе, кесе саптыаяқ, тостаған, құты секілді ыдыс сынықтары табылған. Олар Қостөбеден жиналып алынған заттарға ұқсас. Табылған заттар Кішітөбе тұрғындары б.з. 4–8 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. ## Дереккөздер }
ҚАБЫРШАҚТАС, ұлутас – теңіз жәндіктерінің бүтін немесе үгілген қабыршақтарынан құралған органик. шөгінді жыныс. Кеуектілігі, көлемдік салмағының жеңілдігі, жылуды аз өткізгіштігі, тілуге және жонуға икемділігі – Қабыршақтастың бағалы құрылыстық қасиеттері. Қазақстанда құрылыстық тілме тастардың негізгі қоры плиоцен шөгінділердегі әктасты Қабыршақтастармен байланысты. Бұл шөгінділер Маңғыстау мен Үстіртте кеңінен тараған. Мұнда әктасты Қабыршақтастардың 17 кен орны барланған. Жетібай, Маңғыстау, Өзен, Форт-Шевченко, Қызылтұран, т.б. карьерлерден қаптама тақталар, Қабыршақтас блоктары алынады. Бұл өнімдер құрылыста үй-ғимарат қабырғаларын жабу үшін кеңінен қолданылады. ## Сілтемелер
Зейнолла Қабдолов (1927—2006) — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген. Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған. «Ұшқын» және «Жалын» романдарының, «Адам», «Сыр» атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы. «Менің Әуезовым» романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған. Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 жылы қазақ, 1958 жылы «Искра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы «Адам» атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда «Сөнбейтін от» пьесасы сыйлық алған. «Мұхтар аға» документалды кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған «Жалын» романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды. Басқа да көптеген еңбектері: екі томдық шығармалары, «Елеусіз қалған есіл ер» пьесалар жинағы, «Менің Әуезовым», «Ұшқын», «Жалын» романдары, таңдамалы шығармалар, бес томдық алғашқы кітаптары «Жазушы», «Санат» баспаларынан әр жылдары басылып шыққан. Ұзақ жылдар бойы З.Қабдолов өзі дәріс алып, аялы алақанның, ыстық лебізінің шапағатын көрген ұстазы - ұлы Мұхтар Әуезовтың ғылым ордасындағы киелі орнын жоғалтпай, Әуезов кафедрасының ісін жалғастырып, отын өшірмей келген. ЮНЕСКО көлемінде әлемдік деңгейде аталып өткен М.Әуезовтың 100-жылдық мерейтойына арнайы жазылған «Менің Әуезовым» атты роман-эссесінде ұлы қаламгердің ұстаздық феноменін таныту арқылы оның әдеби бейнесін жасау тәжірибесін жаңа сапаға көтерген. Эссе әдебиетіміздің алтын қорына құнды қазына болып құйылды. Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горкийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аударған. «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты. Көркем шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Сәуле ҚАБДОЛОВА: Сағынышым – сыртқа ақтармас ішкі сырым...
Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев (15.6.1927, Жаңақала ауданы, бұр. Карл Маркс атынд. ұжымшар - 03.05.2015, Алматы) - дирижер, Қазақстанның (1967) және КСРО-ның халық артисі, профессор (1980). Төлеңгіт руынан шыққан.1950 ж. Алматы консерваториясының Халық аспаптар факультетін (А.Қ.Жұбанов пен Л.М.Шаргородский класы бойынша, сонымен қатар скрипкадан профессор И.А.Лесманнан, домбырадан Қазақстанның Халық артисі Қ.Жантілеуовтен сабақ алды), ал 1964 ж. Ленинград консерваториясының опера-симфония дирижері факультетін (профессор Э.П.Грикуровтың класы бойынша) бітірді. Алғаш халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, жетекші домбырашысы, кейін дирижері қызметін атқарды. 195060,1964-68 және 1971-89 ж. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің, 1968-71 ж. Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жағын басқарушы әрі бас дирижері. Кажығалиев оркестр музыканттарының ансамбльдік орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыкасы аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті. Сондай-ақ оркестр репертуарын әлемдік классика шығармаларымен толықтырып, эстетик. тәрбие беруге зор үлес қосты. Қажығалиев халық аспаптар оркестрін бастап көптеген шетелдерде онер көрсетті. 70-80 жылдары Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шүғылданады. Шәкірттері: дирижерлер А.Мырзабеков, М.Әубәкіров, домбырашы, композитор Д.Ботпаев, музыка зерттеушісі О.Байділдаев, т.б. Қажығалиев 1953 ж. Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің дүние жүзілік фестивалінің лауреаты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982, 1980-82 жылдардағы конңерттік бағдарламасы үшін). Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Қаған — хандардың ханы, бас хан деген ұғымды білдіреді — ерте түрік мемлекеттерінің басшысы. Түрік, батыс және шығыс түрік, Түргеш, Қимақ секілді қағандықтарды басқарған. Ол жоғарғы билеуші, әскербасы болды. Оған белгілі бір тайпа өкілдері сайланған. Қағандықтағы жоғары лауазымдарға қаған өз туыстарын тағайындап, соларға арқа сүйеп отырған. Олар қағандыққа қарасты тайпаларды билеп төстеді және өз үлестеріне тиісті әскерді басқарды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті. Соғыс ашу немесе бітімге келу, шетелдік елшілерді қабылдау, құрылтай жиналысын шақыру, ру басшыларын тағайындау, алым-салықты қадағалау, т.б. Істермен айналысты. ## Дереккөздер
Қабай, Xабай, Xа Xуанджан (1926 жылы туған) - Қытай ғалымы, ақын және аудармашы. Қытай Ғылым Академиясының аз ұлттар институтында аға ғылыми қызметкер. Бірнеше рет Қазақстанда болып, А. Құнанбаев пен М. Әуезов шығармаларымен танысқан. Қабан елуінші жылдардан Абай шығармаларын зерттеу, аудару және баспадан шығару ісімен айналысып келеді. Оның «Қазақтың ұлы ақыны - Абай» деген көлемді ғылыми мақаласы 1958 ж. «Тянь-Шань» журналының 8 санында жарияланды. 1983 ж. Пекиндегі «Шыңжаң» баспасынан арнайы алғы сөз жазып, «Абай өлеңдерінен таңдамалылар» шығарды. 1987 ж. Пекиндегі «Ұлттар» баспасынан Қабайдың «Абай және Абай шығармашылығы» деген монографиялық еңбегі жарық көрді. Ғалымның бұл кітабында ақынның өнер, поэзия, мақал-мәтелдер туралы айтқандары, демократтық, философиялық көзқарастары, дінге қатысы, аудармалары, дастандары және ғақлия сөздері жеке-жеке талданады. Осы еңбегі үшін Қабайға Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілген. Қабай Шығыс Қазақстан облысындағы Абай ауданының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Қабылан (лат. Acinonyx jubatus) — сүтқоректілер класы, мысық тұқымдасына жататын аң. Африка, Орта Азия және Үндістанда таралған. Қазақстанда 18-ғасырдың аяғы — 19-ғасырдың басында Каспий мен Арал теңіздерінің аралығындағы шөлді аймақта тіршілік еткен. 20-ғасырдың 50-жылдары сирек болса да, Үстірт пен Маңғыстау түбегінде кездесіп қалып жүрді. Қабыланның дене бітімі ұзынша, тұрқы 120 — 150 см, құйрығының ұзындығы 60 — 75 см. Қалың, қысқа, сарғылт түсті түгінің үстінде қара дақтар болады. Қабылан тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саваннада, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді. Ағаш басына, жартастарға тез өрмелеп шығады. Қабылан тұяқты аңдарды (газель, арқар, т.б.) қуып жүріп аулайды. Оның жылдамдығы 100 км/сағ-қа дейін жетеді. Ол жер бетінде жасайтын сүрқоректілердің арасында ең тезі болып саналады. Жоғары жылдамдығында қабылан қадамдары жылқыныкіндей шамамен 7 метрге дейін жетеді. Желтоқсан — қаңтар айларында ұйығып, 90 — 95 күннен кейін 2 — 4 күшік табады. Қабыландар қолға тез үйренетін жыртқыш, сондықтан хайуанаттар саябағында ұстауға бейім аң. Терісі бағалы, кезінде өте көп ауланған. Қазір қабыландар жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Статус I-шы санат. Жойылып бара жатқан түр. ХТҚО-ң Қызыл кітабына тіркелген. ## Генофондын сақтау үшін таксонның маңызы Монотиптік турыстың бірден-бір түрі. Түрді сақтап қалудың бірден-бір жолы – оны өсіретін питомник құру. ## Таралуы ХVІІІ-XX-ғысырдың ортасында қабылан Каспий теңізінің шығыс жағалауында және Арал теңізіне шектесіп жатқан щөлдерде сирек те болса мекендеді. 1947 ж. Екі қабылынды Үстіртің батыс шыңынан, ал 1949 ж. Екі аңды Маңғыстаудағы Ақтау тауынан ұстаған. Олардың біреуінің терісі ҚР БҒМ Зоология институтының жиынтығында сақтаулы, ал екіншісінен Атырау облыстың мұражайға тұлып жасалған 1947-1964 жылдары бұл аймақтан 16 аңның ұстаялғаны белгілі . Снңғы 45 жылды Маңғыстау облысынан бұл жыртқыштың кездесуі жойында дәл деректер жоқ, бірақ қыбыландардың өздерінің және іздерінің кездесілері жайында, 1976 жылы және тіпті XX ғасындың 80-90-шы жылдарында, әртүрлі адамдардың тексерілмеген хабарламалары бар. ## Мекендейтін жерлері Қабылан әртүрлі типтегі шөлдерде мекендейді Шөлді жерлердегі таулардың етектерінде, құз-шыңдарында кездеседі. ## Саны Деректер жоқ. Қазақстанда кездеспеуі мүмкін. Бірен-саран жыртқыш Солтүстік-батыс |Түркменстанда сақталуы мүмкін. 1992-1993 жылдары осында Ясха ауданында қабылан түйені жарып, содан соң қақпанға түскен. ## Негізгі шектеуші факторлар Қабылан санының барлық таралу аймағында өте шапшаң төмендеуі шөлді аудандарды игеру, осыған орай ондағы тұяқты жануарлардың, негізінен қарақұйрықтың жойылуы болып табылады және қасқырлардың қабыланды тікелей қудалау әсерін тигізді. Оны әсіресе геологиялық және басқа экспедициялардың адамдары күшті автотранспорт және тіпті автотранспорт – тікұшақтар, жеңіл ұшақтар пайдаланып аулау арқылы да жойды. ## Биологиялық ерекшеліктері Қазақстанда қабылан негізінен қарақұйрыққа, ақбөкенге, жабайы қойға және басқа да тұяқты жануарға шабуыл жасайды. Хайуанаттар парктерінде ол тәулігіне 2.8-3.3 кг ет жейді. Жыныстық жағынан үшінші-төртінші жылда жетіледі. Күйге түсу созылмалы, бірақ жиі желтоқсан-қаңтарда жүреді. Буаздылық 90-95 күнге созылады. 2-4 марқау туады. Қолда ұстағанды қабыландар 15 жылдай өмір сүрген. ## Қолда өсіру Қолға оңай үйренеді, мінез-құлығы жуас әрі басқа жануарлармен тез жұғысып кетеді. Хайуанаттар парктерінде көбееді. ## Қабылданған қорғау шаралары Қабылан әруақытта және бар жерде қорғауда алынған СИТЕС. Конвенциясының І Қосымшасына тіркелген. Қабылан тіршілік етуге мүмкін жерлерде Үстірт және Қабыланқыр қорығтары ашылған. ## Қорғауды керек ететін шаралар Қабыланды Үстірт қорығында қолда өсіруді жолға қою. ## Зерттеу үшін ұсыныстар Маңғыстау облысында бар ма, жоқ па анықтау ## Дереккөздер
Қазақ Акср Орталық Атқару Комитеті– орталық басқару органы. 1920 ж. 4 – 12 қазан аралығында өткен Қазақ АКСР кеңестерінің құрылтай съезінің 12 қазандағы мәжілісінде сайланды. Құрамында 76 мүше және 25 мүшелікке кандидат болды. Олардың ішінен 10 адам төралқа мүшелігіне сайланды. Қазақ АКСР
Сердеш Қажымұратов (19 наурыз 1950 жылы туған, Казталов ауданы, Әжібай а.) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1986). * 1971 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірді. * 25 жыл бойы Қарағанды облыстық драма театрының актері болып еңбек етті. Ол Әлібек, Жапал, (М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» мен «Еңлік-Кебегінде»), Шоқан (С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»), Қодар, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сүлуы» мен «Ақан сері-Ақтоқтысында»), Бақыт, Алтынбек (С.Жүнісовтің «Тырау-тырау тырналары» мен «Қысылғаннан қыз болдығында»), Нияз (Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында»), Жангелдин (М.Д.Симашконың «Төтенше комиссарында»), т.б. рөлдерді ойнаған. * 10-нан аса киноға түсті, әсіресе 1986 ж. «Күзет бастығы» фильмінде Құрымбайдың рөлін жұртшылық талғамынан шығарлықтай шынайылықпен шебер сомдай білді. Сол жылы С.Жүнісовтың «Өліара» спектаклінде Жақай Тайшиевтің рөлін орындағаны үшін оған Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. * Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында бас режиссер болып істеген жылдарда (1997-2001) театр репертуарын байытуға үлес қосты. ## Дереккөздер
Қазақ Ауылын Кеңестендіру– Қазан төңкерісінен кейін қазақ ауылдарында жүргізілген саяси-әлеуметтік шара. Қ. а. к. аса ауыр жағдайда өтті. Азамат соғысы жылдарында әскери коммунизм саясатына қарсы жергілікті жерлерде жиі-жиі бас көтерулер болып тұрды. Осыған байланысты Кеңес мүшел
Қазақалтын– кен байыту концерні, алтын кенін байытатын және алтын өңдейтін жеке меншік нысандағы ірі кәсіпорын. 1999 ж. 10 қыркүйекте құрылған. Концерн 1932 ж. 4 қарашада құрылған Солт. Қазақстан Каззолото тресі негізінде ашылды.
Қабылаш Әбікейұлы(5.10.1945 жылы туған, Моңғолия, Қобда аймағы, Бай-Бесік, Байөлқе қаласының маңы) - әнші, Моңғолияның халық артисі (1981). София консерваториясын (педагогі - проф. Х.Бромборов) бітірген (1972). Сол жылдан моңғол опера және балет театрының (Улан- Батор қаласы) құрамында соло-әнші. Театр репертуарынан орын алған моңғол, орыс, итальян, франңуз композиторларының опералары бойынша әр алуан партияларды орындап Әбікейұлы Моңғолияның музыкалық- орындаушылық өнеріне, оның даму жолына үлкен үлес косты. Мұнда орындаған елеулі партиялары қатарында Онегин, Елецкий, Роберт (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегин", "Қарғаның моткесі" мен "Иолантасында"), Риголетто, Жермон, Яго (Дж.Вердидің "Риголетто", "Травиатасы" мен "Отеллосында"), Валентин (Ш.Гупоның "Фаустында"), Эскамильо (Ж.Бизеннің "Карменінде"), Фигаро (Дж.Россинидің "Севиль шаштаразында", т.б. бар. 1994 жылдан Алматы қаласындағы Қазақ академиялық опера және балет театрына ауысты. Театр сахнасында Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің осы аттас операсында), Омар (Е.Рахмадиевтің "Қамар сұлуында"), Жанбота (М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында") секілді партияларды орындаумен көрермендер көңілінен шықты. Оның концерттік-орындаушылық репертуарынан қазақ, моңғол, орыс, корей, болгар, итальян елдері композиторларының музыкалық шығармалары мол орын алды. 1992 жылдан Алматы консерваториясында педагогика қызметпен айналысады. Берлин қаласында өткен Жастар мен студенттердің Бүкіл дүниежүзілік 10-фестивалінің лауреаты (1973) және Софья қаласында өткен Жас опера әншілері байқауының дипломанты (1979). ## Дереккөздер
Қазақ Азаматтық Комитеттері - 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның облыстары мен уездерінде қүрылған үлттық үйымдар. Қазақ халқының мүддесін қорғап, жергілікті билікті өз қолдарына алу мақсатын көздеді. Уақытша үкімет комиссарларына сүйене отырып, олар үлттық кемсітушілікті жоюға атсалысты. Қазақ азаматтық комитеттерінің мүшелері негізінен жергілікті үлт зиялыларынан және ауқатты адамдардың арасынан сайланды. 1917 жылдың соңында қазақ- станда кеңес өкіметі орнай бастағаннан кейін, кейбір облыстарда (торғай, ақмола) кеңестермен қатар өмір сүрді. Семей облысының кейбір уездерінде билікті өз қолдарына алды. 1918 жылдың жазына қарай қазақ азаматтық комитеттері тарап кетті. ## Дереккөздер
Қазақ би сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: * Қазақ би өнері — бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері; * Қазақ биі (халық биі) — жеке биші орындайтын халық биі.
Гүлжамал Мұқажанқызы Қазақбаева (1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Құрмет орденінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. ## Толығырақ * Гүлжамал Мұқажанқызы 1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында дүниеге келген. * 1966 - 1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады * 1994 - 1996 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет иниституты) "драма және театр актрисасы" мамандығы бойынша бітірген. ## Еңбек жолы * 1969 - 1978 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында актриса. * 1978 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. ## Марапаттары * 1984 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. * 1992 жылы елбаының жарлығымен "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағымен марапатталды. * 2005 жылы "Ерен еңбегі үшін медалі" * 2011 жылы "Құрмет ордені" * 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мемлекеттік мерекелік медальімен марапатталған.
Қазақ Вальсі - қазақ биі. Биді қойып, алғаш сахнаға шығарған, Ш.Жиенқұлова. Музыкасы Л.Хамидидікі. Музыкалық өлшемі 3/4. Ырғағы жеңіл әрі екпінді. Би қазақ қыздарының талшыбықтай бітімін, кәусардай тазалығы мен биязылығын бейнелейді. Бидің 2 нұсқасы бар. Алғашқы нұсқасын автордың өзі кезінде одақтық және шет ел сахналарында билейді. Бір топ қыздардың билеуіне лайықталған екінші нұсқасы 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде Үлкен театрда көрсетілді. ## Дереккөздер
Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты– ветеринария және ветеринариялық-профилактикалық, санитарлық және зоогигиеналық ғыл.-зерт. жұмыстарын үйлестіретін басты мекеме. Қ. Р. Ауыл шаруашылығы мин-нің қарамағында. 1905 ж. 14 қаңтарда Губ. ветеринарлық-бактериол. лаб. негізінде Орынбор қ-нда құрылған. ## Филиалдары * Ақмола ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы * Ақтөбе филиалы * Батыс Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы * Жамбыл ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы * Қарағанды ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы * Қостанай ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы * Қызылорда ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы * Оңтүстік Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы * Павлодар қаласындағы филиалы * Солтүстік Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы * Шығыс Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы ## Дереккөздер
Қазақ әдебиеттану ғылымы – қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ текстологиясы мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қазақ әдебиеттану ғылымының мақсаты мен міндеті – қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен сыншылдық-эстет., әдеби теориялық, және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау. Қазіргі Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық ғылым ретінде туу, қалыптасу және даму жолы негізінен былайша жүйеленеді: ## Қазақ әдебиеттану ғылымы пайда болуындағы тарихи алғышарттар кезеңі Бұл кезең ежелгі әдебиеттен басталып, қоғамдық даму сатыларына сай 20 ғ-ға дейінгі уақыт аралығын қамтыды. Түркі жазба ескерткіштерін хатқа түсіруден бастап, 19 ғ-дың соңына дейін созылған ұзақ мерзім Қазақ әдебиеттану ғылымының тууына дейінгі тарих алдындағы дайындық кезең болғандығы, тарихи сабақтастық принципіне сай өсу-толысу, эвол. даму сипатында өткені анықталды. Ол 19 ғ. шегінде Ресей ориенталист-фольклортанушы ғалымдарының еңбектерімен ғана шектелмей, ұлтттық зиялы қауым өкілдерінің фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде белгілі бір дәрежеде өсіп, ұлттық ғылымның тууына негіз болды. ## Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі (1900 – 40) 20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библиогр. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болғандығын көрсетті. Әдеби мұраны ғыл. игерудегі барлық талап-тілек пен әдіс-тәсілді меңгеруге дейінгі ғыл.-зерттеушілік ой-пікір 20 ғ-дың басынан бастап әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, әдеби сынды тудыруда ғыл. және эстет. биіктіктерге ұмтылды. 20 ғ-дың 20-жылдары “Әдеби мұра керек пе, жоқ па?” деген мәселеде пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны игеруде “бірыңғай ағым теориясының” оң бағытын пайдаланды, оны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану, шығарм. үйрену секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары “тұрпайы социологизм” теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді. Сонымен қатар, осы уақыт аралығы Қазақ әдебиеттану ғылымы үшін ғыл. зерттеу әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығарм. принциптерді игеру кезеңі болды. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі тап келген бұл мезгіл республика тарихындағы өте ірі оқиғалар мен орны толмас қателіктерге толы кезең еді. Халық ағарту ісінің жолға қойылуы, мәдениет орындары мен зерттеу ин-ттарының ашылуы, баспасөздің өркен жаюы, т.б. әдеби-мәдени іс-шаралар әдеби мұраны игеруге қолайлы жағдай туғызғанымен, ұлт саясатының бұрмалануы, жеке басқа табынушылық, маркстік-лениндік әдіснаманың тапшылдық, партиялық талаптары оған кері әсер етті. “Ұлтшыл-алашшылдарға” қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қазақ әдебиеттану ғылымының ізашарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты, ғыл. жұмыспен еркін шұғылдануға мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Қазақ әдебиеттану ғылымы 1900 – 40 ж. аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады. ## Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңі (1941 – 70) Қазақ әдебиеттану ғылымы бұл тұста қазақ әдебиеті тарихын кезеңдеуде, жеке ақын-жазушылар шығармалары моногр. тұрғыда зерттеуде, фольклортану мен әдебиет теориясының мәселелерінде көңіл аудараралық соны қадамдар жасады. 50-жылдардың орта кезінен басталған жаңа бетбұрыс жеке басқа табынушылықтың зардаптары мен бұрмалаушылықтарды түзете бастағанымен, Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық мақсат-мүддеге сай ізденістер жасауына мүмкіндіктер бермеді. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялылығы қағидалары, ұлттық нигилизмнің өріс алуы ғыл.-зерттеушілік ой-пікірдің адымын аштырмады. ## Қазақ әдебиеттану ғылымының даму кезеңі (1970 жылдан бастап) Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі қиын-қыстау жолындағы талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теориялық, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғылыми сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. Олар өздерінің туып, қалыптасу кезеңін толық аяқтап, 1970 жылдан бастап даму кезеңіне қадам басқан Қазақ әдебиеттану ғылымының алдына заман тартқан күрделі де көкейтесті мәселелерді шешуге жұмыла кірісті. 1970 – 80 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теориялық мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, повесть, әңгіме, трагедия, комедия, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанасына айналды. 1990 жылдан бастап, тәуелсіздік пен еркіндік жағдайында кеңестік кезеңде кеткен қателіктер мен “ақтаңдақтар” қайта қарастырылып, жаңаша бажайлау жұмыстары жүргізілді. 21 ғасырларға қарай Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің өткеніне шынайы баға бере алатын, бүгінгісіне әлемдік әдебиеттанумен салыстыра отырып, саралай алатын ғылым саласына айналды. Қысқаша айтқанда, Қазақ әдебиеттану ғылымы өзі пайда болғанға дейінгі тарихи алғышарттар кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта, негізінен мынадай нәтижелерге қол жеткізді: бүкіл түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеруден басталған сыншылдық-эстет., әдеби-тарихилық, әдеби-теориялық сипаттағы ізденістер ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дәрежесіне дейін көтерілді; әдеби мұраның өте мол қоры жинақталды; қазақ фольклортану ғылымы жеке сала болып оңаша отау тікті, оның жазба әдебиетпен байланысы жан-жақты зерттеліп, түйінді тұжырымдар жасалды; қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі әдебиет тарихының көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығарм. мұрасы ғыл. тексеріліп, моногр. тұрғыда тұтас және толық қарастырылды. ## Дереккөздер
Қазақгазжобалау– ғылыми-зерттеу мекемесі. 1993 ж. құрылған. Қ. Батыс Қазақстандағы газ конденсатын барлауға, бұрғылауға, тасымалдауға және өңдеуге байланысты ғыл.-зерттеу, инж. зерттеу, құрылысқа арналған жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу шараларын, т.б. жұмыстарды жү
Қазақ Еңбекшілерінің Одағы– саяси-қоғамдық ұйым. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Омбыда құрылған. Ұйымдастырушылары: К.Тоғысов, М.Әйпенов, Ә.Шәймерденов, Ы.Көбеков, т.б. 1917 ж. күзде Үш жүз партиясына айналды.
Қазақ жылқысы– салт міну, жүк тасу, ет пен қымыз өндіру үшін өсірілетін жергілікті жылқы тұқымы. Ауа райының қолайсыз жағдайына төзімді, жемшөп талғамайтын, үнемі далада, тебіндеп жайылады. Қолдан сұрыптау әдісімен шығарылған. Түрікмен, моңғол, сол түстік аймақтардағы орман жылқыларымен будандастыру нәтижесінде Қазақ жылқысы тұқымының бірнеше тармақтары (адай жылқысы, көшім жылқысы, қостанай жылқысы, жабы, т.б.) алынған. Басы үлкен, кең сағақты, мойны жуандау, етті. Тұрқы ұзын, кеудесі кең, жоны жалпақ, сауырлы. Аяқтары өте мықты, сүйекті. Жал-құйрығы қою, әрі ұзын, денесі тығыз, етті келеді, күзде тез семіреді. Қазақ жылқысының түсі көбінесе торы, жирен, сонымен қатар қара, құла, сұр, көк түстілері де жиі кездеседі. Қазақ жылқысының айғырларының шоқтығының биіктігі 140,1 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 144,2 см, кеуде орамы 172,3 см, жіліншік орамы 18,4 см, ал биелерінде – тиісінше 138,6; 144,9; 169,1; 17,9 см. Айғыры 600, биесі 550 кг тартады. Қазақ жылқысы ұшқыр, жүйрік болмағанымен, алыс жолға өте төзімді. Олар тәулігіне 300 км-дей жол жүре алады, ал 100 км-ді 4 сағ 6 минутта шауып өтеді. Биелері тәулігіне 10 – 15 л-ге дейін сүт береді. Әр 100 биеден 85 – 95 құлын алынады. Қазақ жылқысының таңдаулы үйірлері Ақтөбе облысындағы Мұғалжар, Талды, Қызылорда облысындағы Құланды, Алматы облысындағы Басши жылқы зауыттарында өсіріледі. Қазақ жылқысын одан әрі жақсарту жұмысымен Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты шұғылданады. ## Дереккөздер
Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, т.б.). Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді. 20 ғасырдың 20 – 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б.В. Иогансон, А.А. Дейнека, С.В. Герасимов, А.А. Пластов) тәжірибесі көп көмектесті. 1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемл. көркемсурет галереясы ашылды. Әлеум.-экон. және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ Бейнелеу Өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығарм-мен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә.Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. Өздерінің шығармашылық жолын республика өмірімен тікелей байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер – А.А. Риттих, Н.В. Соловьев, А.И. Бортников, Н.И. Крутильников, Л.П. Леонтьев, графиктер Г.А. Брылов, Б.А. Чекалин, Л.В. Гербановский, т.б. 30 жылдардағы Қазақ Бейнелеу Өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К.Я. Баранов, Риттих, А.И. Черкасский, И.Я. Иткинд, М.С. Лизогуб, т.б. табысты еңбек етті. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер – қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан жолдары”, “Көш”, т.б.). 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың,линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т.б.) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 – 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Садыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды. М.Аманжолов, К.Муллашев, Е.Төлепбаев, т.б. шығармаларынан романтикалық-символдық және сезімдік бастаулар көрініс тапты. Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі. М.Қисамединов еңбектері жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. Оның Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне салған суреттерінде (1973) өз халқының азаттығы жолында күрескен батырдың тарихи бейнесін жасады. И.Исабаев қазақ әдебиеті классиктерінің, Қазақстан жазушыларының шығармалары, балалар әдебиеті бойынша суреттер салумен қатар көптеген қондырғылы графика шығармаларын берді. 20 ғасырдың 70 – 80-жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 – 90-жылдары Қазақ Бейнелеу Өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А.А. Ақанаев, Е.Мергенов, Д.Әлиев, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, Ж.Аралбаев, т.б.). Одан беріде күнделікті қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М.Аманжолов, А.Нақысбеков, К.Каметов, Е.Сергебаев, А.Қорғанбаев, Т.Ордабеков, А.Дүзелханов, т.б.). Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабық тақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың қасіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, М.Аманжолов, А.Губашев, Ә.Төлебиев, т.б.). Е.Төлепбаев 2002 ж. халықаралық С.Дали атындағы алтын белгіге ие болды. ## Дереккөздер
Қазақ журналистикасы – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани құбылыстар жөнінде халыққа хабар тарататын шығармашылық қызмет түрі. Қазақ журналистикасы Қазақстанның әр кезеңдегі газет, журнал материалдары. ## Дереккөздер
Қазақ ешкісі – ет, сүт, түбіт өнімдерін мол беретін ешкі тұқымдарының бірі. Бірнеше ешкі тұқымдарын будандастыру арқылы, олардың өнімділігі арттырылып, жергілікті табиғат жағдайларына бейімдендірілді. Бұл ешкілер ыстық пен суыққа төзімді, етті әрі ірі келеді. Сақа ешкілер орта есеппен 20 – 40 кг салмақ тартады. Тәулігіне 250 – 1000 мл сүт береді (сүтінің құрамы ана сүтінің құрамына жақын). Егіз тууға бейім (әрбір 100 аналықтан 120 – 200 төл алынады). Терісі өте құнды, одан сафиян, шегірен сияқты сапалы былғары түрлері алынады. Қазақстанның оңтүстік-батыс және солтүстік облыстарында өнімділігі мен өсімділігін арттыру мақсатында қазақ ешкісі ангор ешкісімен, дон ешкісімен және заанен ешкісімен (19 ғ-дан Швейцарияның Заане өз-нің бойында өсіріледі) будандастырылып, бірге бағылады. Қазақ ешкісін асылдандыру жұмысын Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының ғалымдары жүргізеді. ## Дереккөздер
ҚР-ның Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы — ауыл шаруашылығын зерттейтін Білім және ғылым министрлігінің ұйымдарын біріктірген мекеме. 1996 жылы Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының базасында құрылып, 2002 жылы барлық ғылыми ұйымдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқаруына берілгеннен кейін таратылды. ## Тарихы Қазақстанның агр. ғылымын басқару түрлері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1941 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесі құрылды, ол 1957 жылдан 1962 жылға дейін Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы деп аталынды. Кейін аграрлық саладағы ғылыми-зертттеу институттары Ауыл шаруашылығы министрлігінің (1962–1971) және ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесінің (1971–90) құзырында болды. Қазақстан Президентінің 1990 жылғы 14 желтоқсандағы жарлығына сәйкес ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесі мен республикалық және одақтық бағыныстағы ғылыми-зерттеу мекемелері негізінде қайтадан Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдар академиясы құрылды. Қазақстан Республикасы ғылымын мемл. басқару жүйесін жетілдіруге байланысты ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы Жарлығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының базасы негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық академмялық аграрлық зерттеулер орталығы (ҚР ҰААЗО) құрылып, оған елдің агроөндірістік кешенін ғылыми-зерттеулермен қамтамасыз ету міндеті жүктелінді. ҚР ҰААЗО ҚР Білім және ғылым министрлігіне бағынатын елдің агроөндірістік кешенін ғылыми-зерттеулермен қамтамасыз ететін жоғарғы ғылыми-әдістемелік және үйлестіруші мекеме болып саналады. Ол сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарларының, өсімдіктер мен микроорганизмдердің генофондын сақтау, дамыту және қолдану», «Қазақстан аймақтары бойынша 2001–2005 жылға арналған ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді, сақтау мен қайта өңдеуді, ғылыми қамтамасыз ету» бағдарламаларын жүзеге асырушы бас мекеме болып табылады. Аталған бағдарламалар ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 1 тамыздағы №1167 және 2000 жылғы 11 қыркүйектегі №1378 Қаулыларымен бекітілген. ҚР ҰААЗО-ның негізгі мақсаты – азық-түлік проблемаларын шешу үшін агроөндірістік кешен саласында ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының құрамында негізінен ҚР ҰААЗО-ның ғалымдарынан тұратын, аграрлық ғылымдағы жетекші ғалымдарды, оның ішінде Ұлттық ғылым академиясының 17 акад-н, 25 корр. мүшелерін, 26 ғылыми докторлырын біріктіретін ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлімшесі жұмыс істеді. Жалпы алғанда ҚР ҰААЗО жүйесінде 3372 инженерлік-техникалық және ғылыми мамандар қызмет етеді, 1383 ғылыми қызметкердің ішінде 130 ғылыми доктор, 540 ғылыми кандидат бар. Агроөндірістік кешенді ғылыми-зерттеулермен қамтамасыз ету мәселелерімен 29 институт, олардың екі бөлімшесі, 18 ауыл шаруашылығы, орман және ветеринарлық станциялар, 38 тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорындар, республика ауыл шаруашылығы ғылыми кітапханасы, «Бастау» ғылыми басылым редакциясы, сондай-ақ елдің бірқатар жоғары оқу орындары айналысады. ҚР ҰААЗО-ның негізгі міндеттері: * агроөнеркәсіп кешені саласында ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу; * агроөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық реформалардың ғылыми негіздерін жасау; * жоғары өнім беретін өсімдіктердің сорттары мен гибридтерін, жануарлар тұқымдарын алу; ауыл шаруашылығы жануарларының, өсімдіктері мен микроорганизмдерінің құнды генофондын сақтау, дамыту және қолдану; * ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтау үшін ресурс үнемдейтін жаңа технологиялар, машиналар мен құрал-жабдықтар жасау; * ауыл, орман, су және балық шаруашылығын кешенді механикаландыру, электрлендіру мен автоматтандыру үшін машиналар жүйесін қалыптастыру, техника мен қалпына келтірілетін энергия көздерін тиімді пайдалану әдістерін жасау; * ауыл шаруашылығында табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау; * агроөнеркәсіп кешенінің барлық салалары бойынша жоғары білікті ғылыми мамандар даярлауды ұйымдастыру; * тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорындарда ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен гибридтерін (будандарын), жаңа технологияларды, машиналар мен құрал-саймандарды өндірістік сынақтан өткізу; * ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді тұқымдарын, жануарлар тұқымдары мен тұқымдық топтарын көбейту және өткізу; * ғылыми жетістіктер мен білімдерді насихаттау және тарату. Жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде соңғы жылдары ҚР ҰААЗО-ның ғылыми мекемелері өндіріске төмендегідей негізгі ұсыныстар енгізді: агроөнеркәсіп кешенін экономикалық дағдарыстан шығару іс-шаралары ұсынылған; шаруа қожалықтарының аймақтық үлгілері жасалып, оларды дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды; ауыл шаруашылығы дақылдарының 193 сорты мен гибриді жасалып, мемлекеттік сынақтан өтті, 277-сі мемлекеттік сынақтан өтуде; қазақстандық селекцияның жоғары сапалы сұрыптамалары пайдаланылып, ел аймақтары бойынша тұқым өсіруді ұйымдастыру құрылымы жасалды; жыл сайын дәнді дақылдардың 25 мың т, майлы өсімдіктердің 800–900 т, көп жылдық өсімдіктердің 450–500 т, картоптың 4,5–5,0 мың т сапалы тұқымдары өндіріліп, сатылады; ауыл шаруашылығы жануарларының 14 жаңа типі, түрлері мен тұқымдары өсіріліп сынақтан өткізілді; ауылда болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жануарларды тұқымдық аудандастырудың жаңа жоспары құрылды; мал ш. салаларында ветеринарлық жағдайды жақсарту мақсатында 10 вакцина, 9 диагностикум және 3 емдік препарат жасалды; институттардың тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорындарында елде бар ауыл шаруашылығы өсімдіктері, жануарлары мен микроорганизмдерінің генофонды сақталған; 35 жаңа машиналар мен қондырғы, тракторлар мен комбайндардың агрегаттары мен бөлшектерін қалпына келтіру бойынша 14 технологиялық процесс, технологиялық-жөндеу құралдарының 15 үлгісі, жиналған астықты өңдеуге арналған 14 технол. жабдық жасалып, сынақтан өткізіліп, өндіріске ұсынылды; өсімдік шаруашылығы кешенді механикаландыруға арналған машиналар жүйесі ұсынылды; машина-технологиялық станцияларды (МТС) ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді; жергілікті шикізат негізінде емдік-сауықтыру қасиеттері бар 5 жаңа тағам өнімі, сыра мен шараптың 3 жаңа түрін өндіру технологиясы жасалды; халықаралық талаптарға сәйкес тамақ өнімдері мен шикізаттың негізгі түрлеріне Қазақстанның 42 стандарты жасалып бекітілді; зерттеу нәтижелеріне Қазақстан Республикасының 173 патенті және 58 авторлық куәлігі берілген. 2002 жылы желтоқсан айында Қазақстан Үкіметінің қаулысымен ҚР Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталық таратылып, оның қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттары шаруашылық жүргізу құқығындағы ғылыми-өндірістік орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары болып қайта ұйымдастырылды. ## Қарамағындағы ұйымдар 1996 жылға: * В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы, Қаскелең ауданы) * Еңбек Қызыл Ту ордендi Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) * Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты (Алматы облысы, Қаскелең ауданы) * Қазақ картоп және көкөнiс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы, Қаскелең ауданы) * Қазақ мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу станциялары бар (МҒЗС) мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу институты (Алматы қаласы):Батыс Қазақстан МҒЗС (Орал қаласы)Қарағанды МҒЗС (Қарағанды қаласы)Академик К.И.Скрябин атындағы Жамбыл МҒЗС (Жамбыл қаласы)Қостанай МҒЗС (Қостанай қаласы)Целиноград МҒЗС (Ақмола қаласы)Оңтүстiк Қазақстан МҒЗС (Шымкент қаласы) * Батыс Қазақстан МҒЗС (Орал қаласы) * Қарағанды МҒЗС (Қарағанды қаласы) * Академик К.И.Скрябин атындағы Жамбыл МҒЗС (Жамбыл қаласы) * Қостанай МҒЗС (Қостанай қаласы) * Целиноград МҒЗС (Ақмола қаласы) * Оңтүстiк Қазақстан МҒЗС (Шымкент қаласы) * Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты (Алматы қаласы)Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының Тың бөлiмшесi (Ақмола қаласы) * Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының Тың бөлiмшесi (Ақмола қаласы) * Қазақ өсiмдiк қорғау ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы, Қаскелең ауданы) * Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Қызылорда қаласы) * Қарағанды ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу кеңшар институты (Қарағанды облысы, Тельман ауданы) * Солтүстiк мал шаруашылығы және мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу институты (Солтүстiк Қазақстан облысы, Бескөл ауданы) * Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Шымкент қаласы) * Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Жамбыл қаласы)Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Алматы кешендi бөлiмi (Алматы облысы, Талғар ауданы) * Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Алматы кешендi бөлiмi (Алматы облысы, Талғар ауданы) * А.И. Бараев атындағы Еңбек Қызыл Ту ордендi Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы, Шортанды ауданы) * Қазақ орман тәжiрибе стансалары (ОТС) бар орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Көкшетау облысы, Щучье қаласы):Алматы орман-тәжiрибе стансасы (Алматы қаласы)Алтай орман-тәжiрибе стансасы (Лениногор қаласы)Батыс Қазақстан орман-тәжiрибе стансасы (Ақтөбе қаласы)Қостанай орман-тәжiрибе стансасы (Қостанай қаласы)Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Жәнiбек стационары (Орал облысы, Жәнiбек ауданы) * Алматы орман-тәжiрибе стансасы (Алматы қаласы) * Алтай орман-тәжiрибе стансасы (Лениногор қаласы) * Батыс Қазақстан орман-тәжiрибе стансасы (Ақтөбе қаласы) * Қостанай орман-тәжiрибе стансасы (Қостанай қаласы) * Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Жәнiбек стационары (Орал облысы, Жәнiбек ауданы) * Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және оның бөлiмдерi (Алматы қаласы):Балқаш (Балқаш қаласы)Алтай (Өскемен қаласы)Арал (Арал қаласы)Атырау (Атырау қаласы) * Балқаш (Балқаш қаласы) * Алтай (Өскемен қаласы) * Арал (Арал қаласы) * Атырау (Атырау қаласы) * Қазақ экспериментальды базалы ет және сүт өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты (Семей қаласы) * Қазақ экспериментальды базалы астық және оны ұқсату өнiмдерi ғылыми-зерттеу институты (Ақмола қаласы)Қазақ экспериментальды базалы астық және оны ұқсату өнiмдерi ғылыми-зерттеу институтының Алматы бөлiмшесi (Алматы қаласы) * Қазақ экспериментальды базалы астық және оны ұқсату өнiмдерi ғылыми-зерттеу институтының Алматы бөлiмшесi (Алматы қаласы) * Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы, Қаскелең ауданы) * Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және өңдеу ғылыми-зерттеу технологиялық институты (Ақмола облысы, Алексеев қаласы) * Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Талдықорған қаласы) * Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институты (Алматы қаласы) * Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Павлодар облысы, Павлодар ауданы) * Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы) * Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Атырау қаласы) * "Алмалы" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (Алматы қаласы)бас ұйым - Қазақ жемiс шаруашылығы және жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты * бас ұйым - Қазақ жемiс шаруашылығы және жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты * "Жемшөп және жайылым" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (Алматы қаласы)бас ұйым - Қазақ жемшөп өндiру және жайылым ғылыми-зерттеу институты * бас ұйым - Қазақ жемшөп өндiру және жайылым ғылыми-зерттеу институты * "Көкшетау" эксперименттi базалы майда тұқымды шөптi тазалау жөнiндегi ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiк (Көкшетау облысы)бас ұйым - Көкшетау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты * бас ұйым - Көкшетау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты * "Қостанай" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (Қостанай облысы, Қостанай ауданы)бас ұйым - Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты * бас ұйым - Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты * "Қазауылшармеханикаландыру" эксперименттi базалы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (Алматы қаласы)бас ұйым - Қазақ ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты * бас ұйым - Қазақ ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты * "Тыңауылшармеханикаландыру" эксперименттi базалы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (Қостанай қаласы)бас ұйым - Тың ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты * бас ұйым - Тың ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты * "Шымкент" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы)бас ұйым - Мемлекеттiк облыстық ауыл шаруашылық тәжiрибе стансасы * бас ұйым - Мемлекеттiк облыстық ауыл шаруашылық тәжiрибе стансасы ## Дереккөздер
Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы 1905 жылы желтоқсан айында Орал қаласында өткен сиезде құрылған. Оны ұйымдастырушылар қатарында Б.Қаратаев, Ғ.Бердиев, М.Бақыткереев т.б. қазақ зиялылары болды. Осы сиезде «Қазақ конституңиялық-демократиялық партиясының» бағдарламасы және жарғысы қабылданды. Бұл құжаттар татар тіліндегі «Әл- ғаср-ул-жәдид» газетінде жарияланған. Мәтін соңында «Қазақ конституңиялық- демократиялық партиясының» мүшелері мыналар: С.Қаратаев, Ғ.Бердиев, М.Бақытгереев, И.Тоқбердиев, Х.Досмұхамедұлы, Н.Ипмағамбетов, М.Мұқанов, Ғ.Рақымбердиев, Ізбасаров, Ү.Дүйсембин» делінген. Бағдарлама мынадай бөлімдерден тұрады: азаматтардың негізгі еркіндіктері, патшалықгың қалпы, халықтың өзін-өзі билеуі, сот, дін, жер, алым-салық, жұмысшылар, мектептер, партия жұмысы. Бұл құжат - мерзімі жағынан Қазақстандағы партиялар тарихындағы ең алғашқы бағдарлама. Соған қарап, оны ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы кезеңіндегі маңызды оқиға деп қабылдауға болады. ## Дереккөздер
«Қазақ газеттері» ЖШС — республикадағы бірқатар газеттер мен журналдардың қызметін үйлестіретін мекеме. Бүгінгі таңда құрамына 6 газет және 5 журнал кіреді. ## Тарихы «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының заңды мұрагері болып табылады. Алғаш рет акционерлік қоғам 1999 жылғы 12 шілдеде тіркеуден өткен. (Заңды тұлғаның 1999 жылғы 12 шілдеде берілген мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігі 27390-1910-АҚ) Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 538 өкімі бойынша "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Қазақ елі", "Уйғур Авази" республикалық газеттері мен "Ақиқат", "Жалын", "Жұлдыз", "Мысль", "Простор" журналдары меншігі негізінде құрылған. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Қазақ газеттері жабық акционерлік қоғамы жөніндегі» Заңына сәйкес «Қазақ газеттері» мемлекеттік жарғылық капиталының жүз пайыздық үлесімен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. 2008 жылғы 1 ақпанда Ақпарат және мұрағат комитетінің бұйрығымен серіктестік құрамынан Қазақстан Жазушылар одағына «Простор» журналы, «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциялары берілді. 2009 жылы 28 қаңтарда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті серіктестікке қатысудың жарғылық капиталдың төленген жүз пайыздық мемлекеттік үлесін «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингіне» аударды. Үкімет шешімімен «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингінің таратылуына байланысты «Қазақ газеттері» ЖШС-нің жарғылық капиталының 100 % мемлекеттік үлесі қайтадан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті иеленіп отыр. 2019 жылы «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған», «Дружные ребята» сынды газет-журналдар қарайтын «Жас өркен» ЖШС «Қазақ газеттері» ЖШС құрамына қосылды. 2020 жылы «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ құрамына қосылды. Ал «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. 2023 жылы «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» республикалық газеттері біріккен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС «Қазақ газеттері» ЖШС құрамына кірді. ## Басылымдар * «Егемен Қазақстан» (1919) — қазақ тіліндегі республикалық қоғамдық-саяси газет. Бас редакторы — Ғабит Мүсіреп. * «Казахстанская правда» (1920) — орыс тіліндегі республикалық қоғамдық-саяси газет. Бас редакторы — Сәбит Малдыбай. * «Ана тілі» (1990) — қазақ тіліндегі республикалық газет. Бас редакторы — Ерлан Жүніс. * «Уйғур авази» (1957) — ұйғыр тіліндегі республикалық қоғамдық-саяси газет. Бас редакторы — Ершат Асматов. * «Ұлан» (1930) — қазақ тіліндегі республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті. Бас редакторы — Жадыра Нармаханова. * «Дружные ребята» (1933) — орыс тіліндегі республикалық балалар газеті. Бас редакторы — Әлімжан Акбаров. * «Ақиқат» (1922) — қазақ тіліндегі республикалық қоғамдық-саяси журнал. Бас редакторы — Дәуіржан Төлебаев. * «Мысль» (1920) — орыс тіліндегі республикалық қоғамдық-саяси журнал. Бас редакторы — Асыл Сағымбеков. * «Үркер» (2008) — қазақ тіліндегі республикалық қоғамдық-саяси, әдеби журнал. Бас редакторы — Жаңабек Шағатай. * «Ақ желкен» (1925) — қазақ тіліндегі республикалық балалар мен жасөспірімдер журналы. Бас редакторы — Есей Жеңісұлы. * «Балдырған» (1958) — қазақ тіліндегі республикалық балалар журналы. Бас редакторы — Дүйсен Мағлұмов. ## Дереккөздер
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы — Қазақстандағы мәдени-концерттік мекеме. 1960 жылы Жамбыл атындағы филармонияның эстрада секторы негізінде, қазақ халқының музыка мәдениеті мен мұрасын насихаттау мақсатында құралды. Сол жылы мәдениет министрлігінің ұйғарымымен "Қазақконцерт" филармониядан бөлініп шықты. "Қазақконцерттің" алғашқы құрамына Ш.Жиенқұлова, М.Ержанов, Ж.Омарова, Ж.Елебеков, Г.Баязитова, Р.Есімжанова, Ү.Тұрдықұлова, Н.Тапалова, Роза Бағланова, М.Хамзин секілді Қазақстанның халық артистері, т.б. кірді. Олардың келесі тобын С.Тыныштығұлова, Ә.Есқалиев, С.Шүкіров, Г.Талпақова секілді халық артистері, "Дос-Мұқасан" вокалдық-аспаптық ансамблі, "Жалын", "Балбырауын" музыкалық ансамбльдері құрады. Бүгінде концерттік бірлестікте Қазақстанның халық артистері - Роза Бағланова, Р.Рымбаева, М.Жүнісова, еңбек сіңірген артистер - [Р.Стамғазиев, Б.Сәмединова, халықаралық байқаулардың лауреаттары - М.Дәулетбақова, Қ.Мақанов, С.Қаниева, П.Омарбекова, Б.Смақов т.б. жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Қазақ әдеби тілі — қазақ ұлтының қоғамдық емірінің сан-саласында көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Бастапқы кезде зерттеушілер әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде түсініп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп ұққан. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке әдетте жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер негіз болды. Зерттеушілердің кейбіреулері тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ болу қасиетінен іздеді. Әдеби тілдің жұртшылықтың бәріне бірдей ортақ болу оны диалект, жаргон сияқты жергілікті ерекшелікгерден өзгешелеп тұрады. Мұндай көзқарасты ұстанушылар әдеби тіл халықтың поэтиклық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеген еңбектерде де осы тәріздес әр қилы пікірлер айтып келді. Бірсыпыра зерттеушілер Қазақ әдеби тілінің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен (ХVІІІ ғасыр) байланыстыра қарайды (Қ. Жұмағалиев, М. Балақаев). Зерттеушілердің енді бір тобы Қазақ әдеби тілінің тарихын XIX ғасыр екінші жартысынан-алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ыбырай, Абай шығармапарымен ұштастыра қарайды (Қ. Жұбанов. С. Аманжолов, I. Кеңесбаев т. б.). Кейбір зерттеулерде XIX ғасыр екінші жартысын әдеби тілдің бастау апған кезеңі емес, ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасу дәуірі ретінде қаралып, көне әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тіл категорияларының жігі ажыратыла сөз болады (А. Ысқақов, Р. Сыздықова.). Әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып, қоғамдық қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне байланысты шын мағынасандағы әдеби тіл Қазан теңкерісінен кейін пайда болды деген де тұжырым бар (Т. Қордабаев). Әдеби тілді жазу-сызумен байланыстыра қарайтын дәстүрлі көзқарастан басқаша бағыт ұстаған зерттеулер де (Р. Сыздықова), оны (фольклорлық, мұралармен ұштастыра қарайтын пікір де бар (Ә. Өмірәлиев, Е. Жұбанов). Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгілері мыналар: * әдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы; * сол нормалардың жұртшылықтың бәріне міндеттілігі және ұзақ уақыт сақталуы; * функциональдық-стильдік салаларының болуы; * қоғамдық қызметтің әр алуандығы. Әдеби тілге тәне мұндай белгілер түп-түгел бір дәуірде, бірден бола қапатын құбылыс емес және олардың кейбір белгілері белгілі бір кезеңге айқын болса, енді бірі мүлде көмескі, тіпті болмауы да ықтимал.Жалпы халықтық тілдің байлығы мәдени өңдеуден өтіп, әдеби тілдің сөздік құрамына еніп отырады да, сөздің мағынасы мен қолданылуы, дыбысталуы мен жазылуы, сөз тұлғалары мен сөздердің байланысу тәсілдері көпшілік мойындаған ортақ үлгіге бағынады және жүртшылықтың бәріне міндетті болады. Халық тілінің екінші бір түрі сөйлеу тілі. Әдеби тілмен салыстырғанда сөйлеу немесе ауыз-екі тіл керкемдік, дәлдік, оралымдылығы жағынан сұрыпталмаған, шыңдалып жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп. Осы тұрғыдан апғанда әдеби тіл белгілі бір жердің тұрғындары қолданатын диалектіге, адамдардың шағын әлеуметтік тобы сөйлейтін жаргон, қарапайым тілге /просторечие/ қарама-қарсы қойылады. Мысалы, бойлай (диалект) — үнемі (әдеби), маңпай (диалект) — маңдай (әдеби), шекейін (диалект) — шейін (әдеби), барсаңыз (диалект) — барасыз (әдеби), не нәсте (қарапайым) — не нәрсе (әдеби), аял (қарапайым) — әйел (әдеби), үптеу (жаргон) — урлау (әдеби), көжеле тою (жаргон) — екіқабат болу (әдеби) т. т.Қазақ әдеби тілінің бастау алған кезеңін анықтау алдымен қазақтың төл әдебиетінің (көркем әдебиетінің) алғашқы нұсқаларын айқындаумен тығыз байланысты. Өйткені көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтайды. Сейтіп, тілдік жүйенің жалпы ортақ нормаларының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан қазақтың көркем әдебиетінің алғашқы үлгілері қазақ әдеби тілінің бастау алған арнасы деуге болады. Ғалым Р. Сыздықова ХV-ХVІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, олардың шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері деп таниды. Сөйтіп, бұл кезеңде қызмет өткен тілді жазба дәуірге дейінгі ауыз әдеби тілі деп атайды. Бұл бағыттағы зерттеушілердің айтуынша, әдеби тіл өзінің нормалық, қасиетін тек жазсызу арқылы ғана орнықтырмайды, ауысша сөз қолданыс (ауызекі тараған өлең, жыр, шешендік сөз т. б.) арқылы да жетілдіре түседі. Әсіресе ақын-жыраулар творчествосын біреуден-біреуге тарататын, бұлжытпай жатқа айтатын жыраулық мектеп өкілдерінің орны айрықша деп бағаланады. Ауыз әдеби тілі мен ауызекі сөйлеу тілі ұқсас құбылыс болғанымен, бұлардың атқаратын қызметі, тілдік амал-тәсілдерді жұмсау жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар. Ауыз әдеби тілі мәдени-рухани дүниелерді жасаудың, қоғамдық іс-қимылды ұйымдастырудың құралы, жалпыға ортақ мәнділігі, тілдік амалтәсілдердің талғап жұмсалатындығын т. б. қасиеттері арқылы сөйлеу тілінен оқшау тұрады. Сондай-ақ, әдеби тілдің ауызша түрінің де өз ішінде стильдік тармақтарға бөлінетіндігі байқалады. Мысалы, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы ауыз әдеби тілінің көркем әдебиет стилі (негізінен поэзия), публицистикалық стиль (шешендік, билік сөздер) тәрізді тармақтары болған. Әрине, бұл функционалдық тармақтардың қызметі, нормаларының сүрыпталуы қазіргі ұлттық дәуірдегі жазба әдеби тілдегідей сараланбауы әбден ықтимал. Өйткені, әдеби тілдің әр кезеңге лайық жүгі болады. Мәселен, ұлттық дәуірде әдеби тіл адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік ұжымдары қызметінің негізгі салаларындағы қарым-қатынас қажетін етейді. Осыған сай қазіргі жетілген ұлттық жазба әдеби тіліміз 4-5 түрлі стильге бөлінеді. Олар көркем әдеби стилі; публицистикалық немесе газет— журнал стилі; ғылыми әдебиеттер стилі; ресми іс қағаздар стилі. Қазақ әдеби тілінің жазба нұскалары әдеби тілдің, оның ішінде жазба әдеби тілінің әр кезеңдердегі жазба ескерткіштері. Қазақ әдеби тілінің тарихын жазу үшін оның әр кезеңдегі әдеби тіл үлгісі болып табылатын жазба нұсқаларының (ескерткіштердің) тілдік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңіне (XV-XVІІ ғасыр) мағлұмат беретін жазба деректер тым аз сақталған, оның өзі-ресми іс қағаздары сипатты. Мысалы, хандар мен дін басшыларының атынан Сығанақ әкімдері мен шеихтарына арналып жазылған бір топ құжаттар (Яссауи ғимаратынан табылған) XVІ ғасыр жатса, Әбілғазы Баһадурханның хаттары — XVІІ ғасыр жәдігерліктері. Сондай-ақ осы дәуірлерде жазылған Қадырғали Жалайыридің "Жамиғ ат-тауариғы" мен Әбілғазы Баһадурханның "Шежіре-ит-түрк" атты шығармалары тарихи әдебиет немесе шежіре үлгісінде болып келеді. Бүгінгі қолымыздағы бар іс қағаздардың көбі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдары, яғни қазақ жерінің Ресейге қараған кезеңінен бергі архивте сақталған құжаттар. Олардың дені қазақ хансұлтандарының, орыс әкімшілік орындарында әр түрлі мақсатта жазылған қатынас қағаздары мен өзара жазысқан хаттары. Бұл аталған құжаттардың тілінде түркі әдеби тілінің дәстүрлі емле заңдылықтары, кейбір морфология тұлғалары, қалыптасқан сөз тіркестері мен жекелеген сөздер сақталған, бірақ олардың негізі қазақ,тың байырғы лексикасы мен дағдылы грамматика құрылысы болып келеді. XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі жазба нұсқалар, негізінен, ресми құжаттар болып келсе, аталған кезеңнен бастап олар әр түрлі стильдік ыңғайда кездеседі. Бұл кезеңде әдеби тіліміздің жанжақты дамуына белгілі тарихи жағдайлар себеп болды. Ең алдымен, қазақ жерінің Ресей қол астына қарауына байланысты бірен-сарандап болса да қазақ бапапарының орыс мектептерінде оқып, еуропалық мәдениеттен сусындауына мүмкіндік туды. Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылар тобы шықты, олар қазақ жастарын оқу — білім алуға үндеп, ездері үлгі керсетті, қазақ мектептері ашылып, ана тілінде жекелеген мерзімді баспасөз шыға бастады. Қазақ авторларының шығармалары жарық керіне бастады. Осы жағдайлардың бәрі Қазақ әдеби тілінің өткен кезеңдерге қарағанда жедел де жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілерін 4 стильге жүйелеп қарауға болады. * Ресми іс-қағаз үлгілері. Бұл тұстағы ресми іс қағазадары (бүйрық -жарлықтар, заң, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздары) мазмұны жағынан болсын, формасы жағынан болсын, XVІІІ-ХІХ ғасырдағы құжаттарға ұқсас, бірақ тілдік ерекшелігі жағынан қазіргі қазақ тіліне әлде қайда жақын және түсінікті болып келеді. Бұлардың бір қатары баспа бетін көрген, сондықтан да бір ізге келтірілген. * Қоғамдық публицистикалық стильге жататын материалдар. Бұл стильдің пайда болу қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің шығуымен байланысты. Қазақ тіліндегі тұңғыш газет 1870 жылы Түркістан уәлаятының (өлкесінің) орталығы Ташкент қаласында "Түркістан уәлаятының газеті" деген атпен шыға бастады. Газет қазақ, өзбек тілдерінде айына 4 реттен (екеуі-қазақша, екеуі өзбекше) 13 жылы бойына үзбей шығып түрды. Оның бетінде қазақ халқының шаруа жайына, мәдениетіне, тарихы мен әдебиетіне қатысты көптеген материалдар басылып тұрды. Газет өз оқушыларын шет ел жаңалықтарымен, техника, ғылым жаңалықтарымен де таныстырып отырды. Аталған газеттің қазақ тіліндегі шығарылуы тоқтатылғаннан кейін 1888 жылдан бастап Дала өлкесінің орталығы Омбы қалада "Дала уәлаятының газеті" шығып тұрды. Бұл — қазақ, орыс тілдерінде қатар шығып, ондағы материалдар бір біріне аударылып беріліп отырды. Бұл газет бетінде қазақ даласындағы ел басқару жайы, отырықшылыққа көшу, оқубілімге үмтылу, қазақ тілімен әдебиетін дамыту мәселелері жиі сөз болды. 1879 жылы Ы. Алтынсарин "Қазақ газеті" деген атпен ресми газет шығаруды мақсат етіп, оның алғашқы санын қолымен жазып, Ресейдің ішкі істер министірлігіне жібереді. Бірақ патша үкіметі бұл газетке рұқсат етпейді, газеттің сол саны архивте сақталған. Бұдан кейін де 1917 жылға дейін бірнеше газет, журнап шығады. 1911-1915 жылы "Айқап" журналы, 1913-1918 жылы "Қазақстан", "Қазақ" т.б. бірнеше саны жарық көріп жабылып қалған газеттер баршылық. Бұл газет материалдарынан Қазақ әдеби тілінің публицистиклық стилінің қалыптасу жолын байқауға болады, сондай-ақ қазақ әдеби тілін дамытудың мәселелері жайындағы пікірлерді де кездестіруге болады. * Көркем әдеби стиліне тән үлгілер. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жинақталған мол ауыз әдебиеті мұралары болғаны мәлім. ХІХғасырдағы баспа бетін көрген көркем туындылар қатарына, "қиссалар" жатады. Бұл орайда апғашқы қазақ тіліндегі кітап 1862 жылы Қазанда жарық көрген "Ер Тарғын" жыр-толғауын айтуға болады. Сол түстан бастап "қисса" деген атпен шығыс әдебиетіндегі дін, махаббат пен азаматтық тақырыптардағы поэма, дастандардың сюжетіне құрылған, сондай-ақ халық ауыз әдебиеті шығармаларын қайта жырлаған өлең кітаптар көптеп басылып, халық арасына кең тарады. Өте сирек болса да сол тұстағы ақындардың кейбір туындылары жеке кітапша болып басылып шығып түрды. Бұларды тақырыбына, кетерген идеясына, тілдік ерекшеліктеріне қарай 3 топқа белуге болады. Біріншісі — ислам дінінің конондарын мадақтайтын "Сап-сал", "Жұм-Жұма", "Кербаланың шөлінде", "Тамимдер", "Адам", "Зарқұм" тәрізді қиссалар. Екіншісі— мазмұны жағынан шығыстық сюжетке құрылған, идеясы адамгершілік, махаббат, ерлікті жырлайтын, лексикасы, негізінен, қазақ сөздерінен тұратын, бірақ орфографиясы мен грамматика құрлысында кейде түркі әдеби тіліне тән дәстүр кездескен шығармалар. Оған "Таһир", "Үш қыз", "Жүсіп-Зылиха" "Қисса-и Серғазы" т. б. Үшіншісі халық ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ ақындарының шығармалары. "Ер Тарғын", "Алпамыс", "Қыз Жібек", "Қисса-и Шортанбай", "Әсиетнама" т. б. Бұлар тілі жағынан біршама таза, тек орфографиясында араб әліпбиімен байланысты жазу дәстүрі сақтапған. XX ғасырдың апғашқы 10-15 жылы бұлар сан жағынан да дамып, тілдік жағынан тазара түседі. * Ғылыми - көпшілік әдеби үлгілері. Қазақ арасында қолжазба күйінде таралып, кейін кейбір басылып та шыққан шежіре типті әдебиеттерді есептемегенде, 1861 жылы Н. И. Ильминский Қазанда бастырған "Самоучитель русской грамоты для киргизов" атты оқулық кітабының соңында берілген текстерді ғылым-көпшілік әдебиет үлгілерінің тұңғыш нұсқасы деп санауға болады. Кітаптың соңғы 50 бетінде табиғат, география, тарихтағы жануарлар дүниесі және басқа да ғылым жаңалықтары туралы қысқаша орысша-қазақша екі тілде әңгімелер, дәрігерлік кеңестер берілген. Осы кезден бастап орыс және қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз беттерінде ғылымның әртүрлі саласынан жазылған мақалаларды, медицина, ветеринария тақырыбына жазылған жеке кітапшаларды кездестіреміз. Бұл материалдардың басым көпшілігі орыс тілінен аударылған аударма материалдар. Сөйтсе де олар сол дәуірдегі Қазақ әдеби тілінің жәй-күйін танытуда, ғылым түсініктерді ана тілімізде жеткізуде тіліміздің қаншалықты болғанын байқауда да аса қажетті нұсқалар. ## Дереккөздер
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Ғасырлар бойы қазақ тілінің түрлі әліпбилері болып, тарихи кезеңге байланысты ауысып, жаңартылды. 1929 жылына дейін Қазақстан қазақтары араб жазуын қолданып жүретін, оны 1924 жылы жаңартқан — Ахмет Байтұрсынұлы. 1930жж. көшу-қонудың нәтижесінде, Қытайда тұратын қазақтар әлі күнге дейін араб әліпбиін қолданады. 1920 жж. ортасында Кеңес Одақтағы түркі тілдес халықтарға бұрынғы араб жазуының орнын алатын латын әліпби жасалынуы басталып, 1929—1940 жылдар арасында Қазақ КСР-нда латын жазу жүйесі қолданыста болған. 1940 жылдан бастап, Қазақстанда Кирил жазуы енгізіліп, бүгінге дейін де қолдануда. 2017 жылы қазақ тілінің жазуын латынға ауыстыруға жоспарланып, одан бері қазақ тілінің жаңа латын әліпби нұсқалары жарияланған. Қазіргі таңда, латын жазуының практикалық қолданысы жоқ. Ресми әліпбиілерінен тыс QazaqGrammar мен QazAqparat өз нұсқаларын жариялаған. ## Кирил жазуы негізіндегі ### Қазіргі кириллица Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 жылы қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің соңында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған. Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Қазақ тілінің дұрыс табиғи фонетикасына байланысты Е әрпі орыс тліндегі Э сияқты дыбысталады (Екібастұз (қаз)- Экібастуз (орыс)). Ж әрпі қазақ тілінде орыс тіліндегі ДЖ әріптері арқылы берілетін аффрикаталық дыбысты береді (джігіт, джиһаз, джан, мұғалджар, үрджар, джас - айтылуы; жігіт, жиһаз, жан, мұғалжар, жас - жазылуы). Х әрпі қазақ фонетикасында қатаң айтылады. Сөз ортасындағы Қ (кейде соңындағы) сөйлеу барысында Х болып дыбысталады, егер Қ - дан кейін дауыссыз дыбыс келсе. Һ әрпі көбінесе араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, жұмсақ, жеңіл Х сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [e] боп сөйленеді. Сөздің ортасында я соңында Е дыбысы Ә-ге ұқсас айтылуы мүмкін. Э әрпі жазылмайды, бірақ Е әрпі Э сияқты дыбыс береді. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады. Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады): * Е — А * Ө — О * Ү — Ұ * І — Ы Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді. Қазақ екпіні көбінесе соңғы буынға түсіп тұратындықтан жазуда белгіленбейді. Белгішелеу Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі амал жүйелері мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтығы, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаны және қалыпты компьютер әріптері жетіспеушілігі. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары ұсынылған. Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады. Пернетақта жаймасы Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі. Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себептен қалыпты жаймада бейәріп нышандарға және Ё әрпіне орын табылмаған. ### Шоқындырушылардың жазуы Алғашқы қазақ кирил әліпбиін XIX ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет[1] және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді. ### Unicode ## Ресми латын әліпби нұсқалары ### Қазіргі латын әліпбиі Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды. 2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілді. 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2018 жылғы 19 ақпанда осы қаулыға түзетулер енгізілді. 2017-2025 жылдары жаңа әліпбиге көшу жоспарлануда. Әліпби 32 әріптен тұрады. 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін қазақ тілінің төл дыбыстары мен дыбысталуын сақтауға баса назар аударып, қайта қарауға шақырды. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының академиктері және сценарийлерге көшу жөніндегі ресми жұмыс тобына кіретін мамандар 2019 жылдың қараша айында көпшілікке ұсынған бұл редакция диграфтар мен өткір екпіндердің орнына умлауттарды, бревтер мен цедиллаларды қолданады және орфографиялық өзгерістерді ретімен енгізеді қазақ фонологиясын дәлірек көрсету. Бұл түзету - түрік әліпбиінің сәл өзгертілген нұсқасы, С әрпін түсіріп, түрік тілінде жоқ төрт қосымша әріпке ие: Ä, Q, Ŋ және W. Осы нұсқа мақұлдауын күткен кезде лингвисттер Ә, Ә, Ғ ғ, И и, Й, Ң ң, Ө ɵ, У у, Ұ ұ, Ү ү, Ы ы, Ч ч, Ш ш және І i. Екпінді таңбаларды енгізудің баламасы - диграфтарды көбірек пайдалану. 2021 жылы қаңтарда әріптерін енгізе отырып, қазақ латын әліпбиінің қайта қаралған нұсқасы ұсынылды, Ä ä (Ə ə), Ö ö (Ө ө), Ü ü (Ү ү), Ğ ğ (Ғ ғ), Ū ū (Ұ ұ), Ŋ ŋ (Ң ң) және Ş ş (Ш ш). Бұл нұсқа 2023 жылдан бастап ресми түрде қолданысқа енеді. Ресми латын әліпбиі (2021 нұсқасы): ### Unicode ## Тарихи және басқа да латын әліпбилер ### Латындық Жаңәліп КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Жаңәліп; тат. яңа - жаңа + алиф - әліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды. ### 1929 нұсқасы Бірінші Жаңәліп нұсқасы 1929—1938 жылдар арасында қолданылған. Әліпбиде 29 әріп болып, Çç, Əə, Ƣƣ, Ꞑꞑ, Ɵɵ, Ьь әріптері енгізілген. ### 1938 нұсқасы Екінші Жаңәліп нұсқасы 1938—1940 жылдардың арасында қолданылып, тек латын графика мен кириллица арасындағы аралық рөлін атқарған. Әліпбиге көптеген орыс әріптерді енгізіліпп, бұрынғы әріптердің қолданысын өзгертілген. Нәтижесінде, бұл нұсқа қазақ тілінің орфографиясына ірі өзгерістер әкелген. Кірме сөздерді нақты белгілеу үшін Ff пен Xx әріптері кірген. Бұрынғы Hh әрпімен белгіленген дауыс екі әріпке бөлініп, біреуі Xx ретінде белгілініп, екіншісі латын әліпбиінде дәл солай қалып, кириллица енгізілген соң Һһ әрпімен белгілене бастаған. Uu әрпі Ūū әрпіне өзгертіліп, әуелгі Uu әрпі бұрында /Ў/, /ЫЎ/, /ІЎ/, /ҰЎ/, /ҮЎ/ және орыс тілінен келген дауысты /У/ дауысын белгіле бастаған. Сондықтан бұрында /Ў/ дауысы үшін қолданылған Vv, кейін /В/ дауысын белгілеу үшін қолданылған. Ұқсас өзгеріс Ii әрпіне тиген, бірінші нұсқада /І/ дауысын білдірген әріп, кейінде /ІЙ/, /ЫЙ/ және онымен қатар кірме сөздерде табылатын орыс /И/ дауысын таңбалаған. Jj әрпі Ii әріптің орнына, /І/ дауысына арнаған. ### Пінин латыны 1950 жж. Қытайда тұрған қазақтардың әліпбиін Кеңестік кириллицасына ұқсас графикасына алмастырғысы келгенімен, Кеңестік-Қытайлық қарама-қатынастың бұзылуының кесірінен, бұл идеядан бас тартқан. Сондықтан 1964—1984 жж. арасында Қытайдағы қазақтар қытай тілінің латын нұсқасын — пінин әліпбиін қолданған: Содан кейін, 1984 жылы Араб жазу қайта қолданысқа енген, бірақ пінин латын қазақ әлі ғылым мен кітаптарда қолданылуы мүмкін. ### QazaqGrammar нұсқасы QazaqGrammar — қазақ тілі мен оның мәселелерін көтеретін интернет-қауымдастық. 2020 жылдың 31 шілдесінде олар өзінің қазіргі латын әліпби нұсқасын ұсынған. Ешқандай ресми рөлін атпармағанмен де, әрі практикада қолданылмағандықпен де, ол медиада өз атағын көтерген. QazaqGrammar нұсқасы "Бір дауыс — бір әріп" қағидасын ұстанады, нәтижесінде Уу мен Ии әріптері бір әріппен жазылмай, оларды Жаңәліптегідей диграфтарға бөлген. Олардың жазылуы буынына немесе сөзіне тәуелді. Дауысты Уу: * Төл сөздерде бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне байланысты uw/üw деп жазылады: uwli, quwat, güwil, süwret (сәйкесінше улы, қуат, гуіл, сурет). * Төл сөздерде басқа буындарда жуан-жіңішкелігіне байланысты ıw/iw деп жазылады: oqıw, tögiw, qırıwar, keriwen (сәйкесінше оқу, төгу, қыруар, керуен). * Кірме сөздерде Uu деп жазылады: universitet, Uran, turist (сәйкесінше университет, Уран, турист). Сәйкесінше Ии: * Төл сөздерде жуан-жіңішкелігіне байланысты ıy/iy деп жазылады: qıyın, tiyin, qıyar (сәйкесінше қиын, тиін, қияр). * Кірме сөздерде Ii деп жазылады: internet, biznes, Chili, Italiya (сәйкесінше интернет, бизнес, Чили, Италия). Ц әрпі сөздегі орны мен тіркесіп тұрған дыбыстарына байланысты s/ts деп жазылады: sirk, sentner, aksent, atseton, abzas (сәйкесінше цирк, центнер, акцент, ацетон, абзац). Кірме сөздердегі /Ч/ дыбысын білдіретін Ch ch диграфы қолданылады: Cheh, chart, chip, Chili, Chikago (сәйкесінше чех, чарт, чип, Чили, Чикаго). Ресми нұсқаларымен салыстырғанда, QazaqGrammar нұсқасы /Ш/ дауысын таңбалау үшін Şş қолдануының орнына Жаңәліптегідей Cc әрпін қолданады, ал Ыы мен Іі әріптері үшін сәйкесінше Iı мен İi. ## Араб жазуы негізінде Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға. Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған. Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы оны «төте жазу» деп атаған («Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиіне ауыстырылды. Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде де қазақ шетжұрты қолданады. ### Төте жазу үлгілері Төменгі кестеде төте жазуының әліпбиі берілген. Әр әріптің дара жазылу нұсқасы, сөздің басында, ортасында және аяғында жазылу нұсқалары берілген. Әріптердің үстінде сыртқы сілтеме түрінде сәйкесті юникод кодтары берілген. Бейресми қосымша әріптер. Өте сирек кездеседі. ## Басқа тарихи әліпбилер Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдары аралығында латын графикасына негізделген әліпби жазу жүйесіне енгізілп, 1940 жылдан бері кирил әліпбиі қолданылып келеді. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, Қытай қазақтары ағарту жүйесінде бір кездерде (1929 – 40 жылдары; 1960–1970 жылдары) қолданыста болған латын жазуы, кирилл жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынұлы реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірген. Қазақстанда 30-шы жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келген. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957 жыл, 1970 жыл) әртүрлі өзгерістер енгізілді. Кирилл негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр. ### Қазақтан бұрынғы замандағы әліпбилер Есікті жазбасы Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (б.з.б. 5 ғ. шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы Кхароштхи жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған. Орхон жазуы Көне түркі жазуы (Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады) — б.з.б. V - X ғасырларда түркі тайпаларының жазуы. Оның руникалық жазуы деп аталу себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар). Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5—10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көне түркі жазуы Ислам қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған. Жебірей жазуы Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Кавказ жер атауларында көп ізі қалған беріш тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), екінші дүниежүзілік соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды. Тағы да қырымшақтар деген — қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941—45 жж. соғыс кезінде фашистік Германия қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған. Юнан-қыпшақ жазуы Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған. Әрмен-қыпшақ жазуы XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді. Латын қыпшақ жазуы Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі — қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы — 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған лат. «Codex Cumanicus», латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар. Басқа жазу жүйелері Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі. ## Әліпбиді реформалаудың жобалары 1990-шы жылдардың басынан жазу реформасының бірнеше түрлері ұсынылды[дереккөзі?]: * Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде жоқ әріптерді қазақ әліпбиінен аластау (Ё, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э), қазақ және орыс емле ережелерін қатар қолданудан бас тартып, тек морфо-фонемикалық ережені ғана ұстану, /w/ дыбысы үшін Ў әрпін енгізу, байырғы қазақ сөздерінде және қазақ тілінің дыбыстық ережелерімен айтылатын араб-парсы сөздеріндегі У әрпін ҮЎ, ҰЎ, ЫЎ ІЎ түрінде жазу (қарақалпақ емлесіндегі сияқты), И әрпінің орнына ІИ, ЫИ қолдану; * Жоғарыда айтылған жаңа емле ережелерін қолдана отырып, латын әліпбиіне өту, не 30-шы жылдардағы латын әліпбиін толығымен немесе кейбір жақтарын қайта қабылдау (ресми татар әліпбиіндегі сияқты), не түрік әліпбиіне негізделген латын әліпбиіне өту (қырым-татар, гагауз және ғаламторда қолданылатын татар әліпбиіндегідей); не ағылшын әліпбиін қабылдау (өзбектер жасаған сияқты); * Байтұрсыновтың төте жазуына қайту; * Орхон-Енесай жазбасына өту. Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына).Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді. ## Әліпбилердің салыстырылуы ### Әліпбилердің салыстырмалы кестесі ## Мысалы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы ## Қазақтың өлшемді латын әліпбиі 2001 жылы қазақ фонетикасындағы дыбыстарды латынның стандартты әліпбесінде дұрыс белгілеу үшін құрастырылған. Жобаны дамытқан Өркен Тоқтарұлы «Қазақтың өлшемді латын әліпбиі» деп атаған. Қазақтың өлшемді латын әліпбиін жасауда Ө.Тоқтарұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқу-жазу үдерісіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, латынның стандартты 26 әріпінен тұратын әліпби құрастырады. Дыбыс құраудың қосалқы баламалары: gh, ph, sh. Толықтыру: 1) Жуандық белгісі «`» «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «q», «x», «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa [қысқа], uzin [ұзын], xilim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты]. t.b.; 2) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] aera [әра] мыңжылдық, «ое» [ө] poena [пөна] жаза және «ue» [ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы: poёta немесе poēta [поета] ақын. Ал қазақ тілінде олардың арасына айыру белгісін «’» қою арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қос таңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дауысты дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset т.б.;3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн. 4) "Y" және "Z" әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Латыншадағы «y» таңбасы қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Ол [ій]-[ый] дыбысынан құралады. Сол секілді «w» таңбасы да [іу]-[ыу] дыбысынан құралады. Тіліміздің нақтылығын арттыру үшін «y», «w» таңбалары түбір сөздердің бірінші буынында дауыссыз дыбыстармен [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркесіп келулері керек. М: si`yliq, uw, uwis, kiyw, jetisw, Jetisuw, suewret, ti`yim. Ал сөздің кейінгі буындарында дауыссыз дыбыстармен тікелей тіркесіп келулеріне болады. М: kelw, aedeby, sayasy, qi`ltyma т.б.; 5) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia – італия, Russia – руссия; 6) Халықаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі ғ, ш, ф дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi`mkent, Pharyza, Aebish т.б. 7) Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona); 8) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп; 9) Латынның «c» таңбасы «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. Соған негізделіп, [ш] фонемасын белгілеуді жөн. Латын тілінде, классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн; 10) Ал латындағы «х» таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн; 11) Латыншадағы «h» таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh; 12) Қолдан келген жағдайда [ә], [ө], [ү], [ң], [ы] дыбыстарына құрама таңбалардың ықшам түрін қолдануға да болады. М: Äset (Aeset), änci (aenci), ädemi (aedemi), saŋlaq (sanhlaq), taŋ (tanh), Öskemen (Oeskemen), öner (oener), Ĭdĭrĭs (I’diris), sĭmbat (si’mbat), Sĭxanaq (Si`xanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) т.б.; Mi`sali:Barliq adamdar tuwmisinan azat jaene qadir-qasyeti men quqiqtari tenh bolip duenyege keledi. Adamdarxa aqil-parasat, ar-ojdan berilgen, sondiqtan olar bir-birimen tuwistiq, bawirmaldiq qarim-qatinas jasawlari tiyis. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақ тілі * Әліпби * Қазақ транслитерациясы ## Сыртқы сілтемелер * «Лұғат» қазақ тілінің сөздіктер кешені Мұрағатталған 13 шілденің 2015 жылы. * Қазақ-Орыс-Қазақ сөздігі (виртуалды пернетақтасы бар) * Казахско-Русско-Английский словарь на казновице(қолжетпейтін сілтеме) * Ғылым Мұрағатталған 7 наурыздың 2017 жылы. — Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP) * Түрік бітік. Қазақ тілінің тарихи-мәдени қоры. Көне түрік таңбалары) * Александр Николаевич Гаркавецтің түркі қолжазбаларының электронды жиынтығы. (орысша) * «Святое Евангеліе» на казахском языке (ағылш.) * Köktürkische Schrift, Türkische Runen (нем.) * Төте жазуына және т.б-ларына конвертер Мұрағатталған 29 қарашаның 2011 жылы.
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты– ғылыми-тәжірибелік мекеме, республикадағы офтальмологиялық қызметтің басты орталық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. 1933 жылы Алматы облысы көз аурулары ауруханасы негізінде өлкелік ғылыми-тәжірибелік офтальмология институты ретінде құрылды. 1974 жылдан қазіргі атымен аталады. Құрамында: офтальмологиялық қызметті ұйымдастыру; көз тамырлары ауруларын зерттеу; балалар мен жасөспірімдердің көз ауруларының алдын алу; көз жарақатын емдеу бөлімдері; глаукома және арнайы көз патологиясы лабораториялары бар. Негізгі ғылыми бағыттары: көз ауруларының таралуын тежеу және одан сақтандыру, диабеттің салдарынан болатын көз ауруларының мед. әлеум. аспектілерін айқындау; көз тамырлары ауруымен ауырған науқастардың көз жанарын қалпына келтіру; амблиопия (көрудің нашарлауы), миопия (алыстан көрмеушілік), іштен туа біткен көз ауруларын консервативті және хирургиялық жолмен емдеу; глаукома және катарактаның асқынуынан пайда болатын көз ауруларын емдеу және хирургиялық жолмен көздің көруін қалпына келтіру, т.б. Институт қазіргі заманға сай техникалық құралдармен (ультрадыбысты факоэмульсикатор, компьютерлік периметр, контактісіз тонометр, диагностикалық эхосканер, т.б.) жабдықталған.
Қазақ-Қалмақ Бітімі (1742) – жоңғарлар мен қазақтар арасындағы келісім. 1742 жылы мамыр айына дейін жасалған. Ресми түрде келісімге қазақтар жағынан Бармақ, жоңғарлар жағынан Кусяп қол қойған. Ұлы жүз түгелімен, ал Орта және Кіші жүздер жартылай жоңғарларға бағынышты болғандықтан, бітім қазақтарга өте ауыр тиді. Жоңғар билеушісі Қалдан Серен Еділ қалмақтарымен қосылып қазақтарға 1741 жылы күйрете соққы берді. Орта жүзге Сары Манже басқарған 30 мыңдық жоңғар қолы басып кірді, Кіші жүзді Жайық өзенінің оң жағасына дейін ығыстырды. Кейбір қазақ рулары тіпті Қобанға өтіп кетпекші болды. Қазақ-Қалмақ Бітімі екі жақтан 40 адамнан қатысты. Қазақтар арасында Әбілқайыр хан, Күшік хан, Әбілмәмбет хан, Барақ сұлтан, Есет, Жәнібек, Алтыбай, Жанақ, т.б. батырлар болды. Жоңғарлар жағынан құжаттар бойынша Буданск-Зайсанның аты ғана кездеседі. Ресми түрде келісімге қазақтар жағынан Бармақ, жоңғарлар жағынан Кусяп қол қойған. Қазақ-Қалмақ Бітім бойынша екі жақ жаңа туған бала ат жалын тартып мінгенше соғыспайтын болып келісті. Бірақ 1742 жылдың жазында-ақ бұл келісім бұзылды. ## Дереккөздер
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті — Қазақстандағы жекеменшік жоғарғы оқу орны. ALT Университеті қазіргі таңда көлік, коммуникация және экономика саласында бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. ALT Университетінде оқу мен ғылым үрдісін 65%-тан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары дәрежелі жоғары білікті профессорлар, доценттер мен оқытушылар іске асырады.Академияның Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан колледждері бар. ## Тарихы Жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан, Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия темір жол көлігі инженерлері институтының механикалық, пайдаланушы және жолшы мамандықтары филиалы ретінде Алматыда ашылған оқу орнынан бастау алады. 1957 жылы жоғарыда аталған филиал – Оқу-консультациялық пункт болып өзгертілді. Жоғарыда көрсетілген оқу-консультациялық пункт 1967 жылдың 1 қазанынан бастап ТашИИТ-тің Алматы филиалы болып қайта құрылды. 1976 жылдың 20 мамырында аталмыш филиал – Алматы Темір жол көлігі инженерлер институты болып құрылады (АлТЖИИ). 1991 жылы 1 қаңтарда Өскемен құрылыс жол институтының Алматы филиалының базасында – Алматы автокөлік-жол институты құрылды (ААЖИ). 1996 жылы 7 мамырда, Алматы Темір жол көлігі инженерлері институты мен Алматы автокөлік-жол институты оқу орындарының базасында – көлік саласының мамандарын дайындайтын ірілендірілген жоғары оқу орны – Көлік және коммуникациялар академиясы құрылды (ҚазККА). 2000 жылы 23 мамырда Қазақ көлік және коммуникация академиясына, ірі қоғам және саяси қайраткер, Түркістан-Сібір магистралі жобасын жасаушы және құрушы, қазақтан шыққан алғашқы қатынас жолдары инженері – Мұхамеджан Тынышбаев есімі берілді. 2021 жылдан бастап Логистика және көлік академиясының жаңа дәуірі басталды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті (орыс. Университет КАЗГЮУ, ағылш. Maqsut Narikbayev University) — Астана қаласында орналасқан және 1994 жылы құрылған жеке жоғары оқу орны. Бұрынғы атауы — Қазақ гуманитарлық заң университеті. Университетте 4 мектеп бар - Жалпы білім беру мектебі, Жоғары экономика мектебі, Жоғары заң мектебі және Бизнес мектебі. ## Тарих М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті 1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. 1996 жылы 5 қарашада ҚазХЛИ Қазақстан Үкіметі қаулысымен Қазақ мемлекеттік заң университеті болып қайта құрылды және Әділет министрлігінен Білім және ғылым министрлігіне берілді. 1997 жылдан бастап «Заң және мемлекет» журналы. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтымен біріктіріліп, 2000 жылдың 14 ақпанында Қазақ мемлекеттік заң академиясы құрылды. 2001 жылы 24 қазанда «ҚазГЗУ» РМК «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» (ҚазССР) «Нұр-Султан» қалашығында орналасу орны болып қайта құрылды. Жоғары оқу орны 2002 жылы Нұр-Султанға көшті (1998-1999 оқу жылында Астана қаласында ҚазССР-нің филиалы құрылды). 2003 жылы 16 қаңтарда «КазГЮУ» ЖАҚ «КазГЮУ» ААҚ, ал 2004 жылдың 19 мамырында «КазГЮУ» АҚ болып қайта құрылды. 2007 жылдың қыркүйегінде ҚазГЗ Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 2008 жылғы 2 шілдеде Н.А. Н.Назарбаев «ҚазГЗУ» АҚ-ның жаңа оқу ғимаратының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Оның жалпы ауданы 32 235,1 м2, Есіл өзенінің сол жағалауында, Қорғалжын тас жолының бойында орналасқан. 2013 жылғы 3 қаңтарда «ҚазГЗУ» АҚ Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № BFM - 001 сертификаты) Институционалдық аккредиттеу туралы куәлікті шығарды. 2013 жылы университеттің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2013-2020 жылдарға арналған «Әлемдік деңгейдегі университет» даму стратегиясы қабылданды. 2015 жылдың 10 ақпанында оқу орны «М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» акционерлік қоғамын («КАЗГЮУ» АҚ) мемлекеттік қайта тіркеуден өтеді. 2016 жылдың 30 маусымында Жоғары экономика мектебінің Қаржы және бакалавр дәрежесі және Бухгалтерлік есеп және аудит бакалавры ACCA (Сертификатталған Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы) аккредитациядан өтті. 2016 жылдың 30 қыркүйегінде М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университеті FIBAA халықаралық аккредитациядан өтті (Іскерлік әкімшілік бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры). ## Мектептер КАЗГЮУ Университетінде 4 Жоғары оқу мектебі бар: Жоғары заң факультеті, Жоғары экономика мектебі, Жалпы білім беру мектебі, MBA DBA Бизнес мектебі ### Жоғары заң факультеті Мемлекеттік және құқықтық пәндер кафедрасы Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы Қылмыстық, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы Қылмыстық іс жүргізу және сот сараптамасы кафедрасы Жоғары экономика мектебі Экономика Менеджмент Туризм Қаржы Есеп және аудит Психология Аударма ісі Қонақжайлық Адам ресурстарын басқару (H & R) Маркетинг Іскерлік психология Кәсіпкерлік Бизнестегі ақпараттық технологиялар Қолданбалы лингвистика Жалпы білім беру мектебі Қазақ және орыс тілдері кафедрасы Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері кафедрасы Ағылшын тілі кафедрасы MBA DBA Бизнес мектебі
Қазақ әдебиеті  — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қараңыз: Ауыз әдебиетi. ## Қазақ әдебиетінің жіктелуі Егер қазақ әдебиетін тарихи өлшеммен бөлсек, төмендегідей жіктеледі: * Көшпелі тайпалық әдебиет * Ежелгі дәуір әдебиеті * XV—XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті * XIX ғасыр — XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет * Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті * Тәуелсіз қазақ әдебиеті Ал жанрлық жағынан бөлсек: * ауыз әдебиеті * жазба әдебиеті ## Қазақ әдебиетінің арғы тарихы Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», Шу батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды. Түркі қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы». Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Жүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғылыми және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика», «Поэзия өнерi туралы», ибн-Синаның «Данышнамесi» («Бiлiм кiтабы»), әл-Бирунидiң «Хикметтерi» («Даналық сөздерi»), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» («Түркi сөздерiнiң жинағы»), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi», Иасауидiң «Диуани хикметi» («Ақыл кiтабы»), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы», т.б. толық дәлел бола алады. ## Қазақ әдебиетіндегі Алтын Орда дәуірі Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi. Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки», («Түркi тiлiндегi Гүлiстан», Құтбтың «Хосрау — Шырын», Дүрбектiң «Жүсiп — Зылиха» дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң «Қиссасул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi — «Кодекс куманикус» атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi. Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк» («Түрiк шежiресi»), Қадырғали Жалайыридiң «Жамиғ-ат тауарих» («Шежiрелер жинағы»), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиi» ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этикалық-дидактикалық мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-философиялық трактаттар, ғибрат сөздер, т.б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логикалық, тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты. ## Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, философиялық ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қараңыз: Жыраулық поэзия. 18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере бастады. Жыраулық поэзияның қалыптасқан сөз саптауы, ел тағдырын ту етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған биiк үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң сан-саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен мiнез-құлқына, қоғамдағы орны мен қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл — әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы едi. Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирикалық «мен» көрiнiс тапты. ## Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті 19 ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары — Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836—37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп»), оған қатысатын ерлердiң сипаты («Ереуiл атқа ер салмай»), соғыс суретттерi («Соғыс»), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар («Тарланым», «Мұнар күн»), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне («Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Қызғыш құс») байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай—Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары—Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 — 47) өзiне тiлектес әдебиет тудырды («Наурызбай — Қаншайым», «Топ жарған», «Жасауыл қырғыны», Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай» жыры). Сыр бойында, Батыс Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды («Бекет батыр», «Жанқожа батыр»). Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады; қараңыз: Зар заман ақындары. ### Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс. 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы. = ## Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты. Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық iзденiстердiң молаюына түрткi болды. 20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi» тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады. Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлдi. ## Шет елдегі қазақ әдебиетінің өкілдері ### Қытай қазақтарының әдебиеті Әдебиет деген алып байтеректің сандаған бұлақтардан құралатыны даусыз. Олай болса қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы ұғымды Қазақстан көлемімен ғана шектесек сыңар жақты көзқарас болар еді. Қазақ әдебиеті әлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып, тамыр тартты. Әсіресе, екі милионға жуық қандастарымыз қоныстанған қытай елінде де біздің әдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, әрі қазақ әдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы сақталған алып әдеби орта екені ақиқат. Ал, біз кейде сондай әдебиетімізбен мәдениетіміздің мәйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. Жақында ғана Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романын оқып отырып ойларымыздың шындығына онан ары көз жеткіземіз.Осы орайда қытайда болған күндерімде жазушы Шәміс Құмарұлы ағамызбен сәті түсіп сыр бөліскен едім. Сөзіміздің дәлелі де мәйегі сол сұхбатымыз болсын. - Шәміс аға, сіз қытай қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген жазушының бірісіз, әрі осы салада көп жылдан бері басшылық міндетін арқалап келесіз. Сол қытай қазақ әдебиетінің жалпы жайы, бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы туралы не айтасыз?- Қытай қазақтарының жазба әдебиетінің тарихы тым ұзақ емес. Қытай топырағында туған жазушылардан тұңғыш шығармасы басылым көрген Ақыт Үлімжіұлы екен. Біз әйгілі ақын Ақыт Ұлімжіұлының 1891 жылы қазан баспасынан жеке кітап болып шыққан тұңғыш кітабы “Жыйһаншаны” Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің тұңғыш кітабы деп есептесек, жазба әдебиетіміздің тарихы әрең 115 жыл болады. Қытай зерттеуші мамандар қытай әдебиетін төмендегідей бірнеше дәуірге бөледі. 1840 жылдан 1919 жылға дейінгі әдебиетті қазіргі заман әдебиеті 1949 жылдан кейінгі әдебиетті осы заман әдебиеті деп айырады.Осы тұрғыдан алғанда Ақыт Ұлімжіұлы ғана қытай жақынғы заман қазақ адебиетінің уәкілі болады. өйткені оның “Жиыһаншадан” басқа трөіт кітабы түгел 1919 жылдан бұрын қазан баспасынан шыққан. Сол арқылы Ақыт бүкіл қоғамға өте кең танылған.Сонау ХІХ ғасырда, оқу-ағартуы төтенше мешеу, баспа сөз орны мұлде жоқ, қараңғы өңірде қолына қалам алып шетел баспаларынан кітап шығару оңай жұмыс емс. Қатынасы қолайсыз өте шеткері Өралтай өңірі жөнінен алғанда тіпті де қиын еді. Ақыт Ұлімжіұлының халықты оқу - ағартуға, ғылым, білім үйренуге үндеген шығармалары өте көп. Әсіресе ахылақ мұралға, адалдыққа үндеген өлеңлдері сонау 30-40 ж.ж. халықты оятып, мәдениетке жетелеу де орасан қызмет атқарған.Ал, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар Татанайұлы, Дубек Шалғынбаев, Нығымет Мыңжанұлы қатарлы қаламгерлердің алды 1930 жылдардан бастап шығармалар жариялап, қоғамға ақын - жазушы ретінде танылған. Құрманалы Оспанұлы, Қаусылқан Қозыбайұлы, Рахметолла Әпшеұлы, Мағаз Разданұлы қатарлы ақын жазушылардың алғашқы шығармаларының жарық көруі 1949 жылдан бұрын болғанмен саны шағын, дені 1949 жылдың қарсаңында жарияланған екен. Сондықтан бұл жазушыларды да қытай қазіргі заман әдебиетіне өкілдік ететін, қытай қазақ әдебиетінің уакілдері деуімізге болады. Бұл жерде соны анық айтуымызға болады. Соңғы аталған ақын - жазушылардың кесек еңбектері мәдениет зор төңкерісінен кейін жарық көрді. Бұл оларлдың сонау 1949 жылдардағы алғаш әдебиетке атсалысқан дәуірінен айрықша екені анық. Мен олардың алғаш танылған дәуірін негіз еттім. 1949 жылдан 1966 жылға дейін Совет қазақ әдебиеті мен Қытай жаңа дәуір әдебиетінің ықпалында бір буын ақын - жазушылар қосыны қалыптасты. Бұлардың негізгі өкілдері ретінде: Омарғазы Айтанұлы, Күнгей Мұқажанұлы, Мақатан Шәріпқанұлы, Ғани Саржанұлы, Құлмұқамет Ахметұлы, Тәліпбай Қабаев, Шәкен Оңалбаев , Задақан Мыңбаев, Мәди Әбдірахманов, Жақып Мырзақанов, Бердібек Құржықаев, Жұмәділ Маман, Батырхан Құсбегин, Шәйсолтан Қызырұлы, Тұрсынәлі Рысқалиев, Жұмабай Біләлұлы, Ғалым Қанапияұлы, Әуелхан Қалиұлы, Райхан Ібінқызы, Ұлықан Солтанқызы қатарлы елуден артық қаламгерді атауға болады. Бұл дәуірде ақын - жазушылар қонысы молайып, бір бөлім көркем туындылар барлыққа келгенімен жәнеде советтер одағынан келген әсіре солшылдық идеялардың шырмауынан аулақ бола алмады. Бұл дәуірдегі шығармалардан таптық күресті жырлаған солшыл, ұраншылдық бастан-аяқ қамтылып отырды.Шындап айтқанда қытай қазақ әдебиеті, қытай әдебиеті мен ұқсас, «мәдениет зор төңкерісі» делінетін әсіре солшыл он жылдық ойран аяқталып, Қытайда реформа жүргізу, есікті ашу саясаты жолға қойылғаннан кейін ғана өзіндік даму жолына түсті. Ақын жазушыларымыз шығармашылықпен алаңсыз шұғылданды. Соның нәтижесінде 1978 жылдан 2000 жылға де йінгі қысқа ғана 22 жыл ішінде жүзге тарта роман, неше жүздеген әңгіме, повестер жинағы, дастан, өлеңдер жинағы жарық көрді. Соны ашық айтуға болады. Қытай қазақ әдебиеті тарихындағы едәуір үздік шығармалар сол дәуірде туды. Бұрынғы қарт қаламгерлердің де белді шығармалары осы дәуірде жарыққа шықты. Тарихта өткен Ақыт, Таңжарық ағаларымыздың да томдары осы дәуірде баспадан шықты. Меніңше 80-90 ж.ж. Қытай қазақ әдебиетінің бір шама гүлденген, өлмес шығармалар туған тамаша дәуірі болды.Қытай қазақ әдебиетінің болашағы туралы кесіп бір нәрсе айта алмаймын. Солайда Қытай қазақ әдебиетінің бүгінгі даму ауқымына шама мөлшер жасауға болады. XXI- ғасыр басталғаннан бері қарай яғни 1999 жылдан кейінгі әдеби шығармалардың жалпы даму деңгейіне көз салғанда, яғни жас қаламгердің тебініне қарағанда, қытай қазақ әдебиетінің болашағы нұрлы деп қараймын. Болашақта халқымызға мақтан боларлық яғни қазақ халқының абыройын асыратын әйгілі шығармалар туылуына тамаша негіз бар.- Қытай осы заман қазақ әдебиетінде бүгінгі өмірді тақырып еткен қандай кесек шығармалар бар? Сіз оларға қандай баға бересіз?- Жоғарыда қытай қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы туралы тоқталып, осы заман әдебиетіндегі кесек шығармалар мене халық жүрегін ұялаған әйгілі шығармалардың барлығы 1978 жылдан кейін ғана дүниеге келгендігін айттым. Бүгінгі өмірді жазған кесек шығармалар негізгі жақтан осы қарсаңда дүниеге келді. Ал, мәдениет төңкерісінің соңғы дәуірінен бері қарайғы өмірді жазған шығармаларды қосқанда саны біразға барады. Бұларға Күнгей Мұқажанұлының “Тайталас” поуэсті, Жұмабай Біләлдің “Жондағы жорықтар” романы, Омарғазы Айтанұлының “Таразы” романы менің “Көз жасы сарқылмайды” романым мен “Жусанды дала” “Тірлік тынысы” қатарлы поэсдтерім, “Ертіс кілкіп ағады” романым, Қайса Түсіпұлының: “Үзілген үміт”, “Тағдыр таразы” романдары, Оразхан Ахметтің: “Көкбелес романы “80-аулада”, “Алыстағы оттар” поэсдтері, Шәйсолтан Қызырұлының “Алтын тау азматтары” романы, және “Шаңырақ” повесті, Жұмәділ Маманның: “Көпірдегі көк жалдар” поэсді, Жеңіс Ырсқанұлының “Тортөбелдің толық емес тарихы”, “Томпақтың қоныс аударуы”, “Бір реткі қонағасы” қатарлы повестері, Қырбақ Нұрғалиұлының “Үкі күлкісі”, “Сорға біткен дос”, “Сынық қанат көгершін” қатарлы поэсттері, Серік Қауымбайұлының “Құйынды қабір” повесті, бұдан басқада повестер бар. әңгімелерде аз емес. Романдардың ішінде Омарғазы Айтанның “Таразы” романы Менің “Қөз жасы сарқылмайды” романым оқырмандардың жақсы аңысын қозғағаны көпшілікке белгілі, менің “Ертіс кілкіп ағады” романым 2006 жылы Қытай тіліне аударылып баспадан шықты. Сыншылыр тисті бағаларын жазды. Повестерден:”Жусанды дала”, “Тор төбелдің толық емес тарихы”, “Үкі күлкісі”, “Құйынды қабір” қатарлы повестер реформа дәуірін бір шама жанды бейнелеген шығармалар деуге болады. Әр жазушы өмірдің әр қырынан, әр түрлі жазу тәсілімен жазып келеді. Әр кімнің шығармашылық іздену жолы әр бөлек. Сондықтан шығарма атаулыны бір өлшемге салып баға беруге келмейді. Қайсы үлгіде, өмірдің қай қырынан жазылған шығарма болсада оның өзіндік артықшылығы әрі кемшілігі болады. Бірінің кемін бірі толықтайды. Сондықтан жазу шеберлігі жетпеген яғни көркемдігі төмен шығарманың да жалпы әдебиетімізге аз болсада қосқан үлесі бар деп қараған дұрыс.Оқырмандардың көңілінен жол тапқан, халықтың аңысын қатты қозғаған әйгілі шығармаларды мен ашалап отырмасамда жұрттың көңілінде сайрап тұрғаны анық, соны анық айтуға болады. Әйгілі шығарма дүниеге келген соң ғана сол шығарманың авторы әйгілі жазушыға айналады.Қытайда 45 тен төменгі қаламгердің бәрін жастар қатарына жатқызады. Осы тұрғыдан алғанда біздің жас ақын - жазушыларымыздың саны аз емес. Әсіресе ұлтымыз жөнінен алғанда, қоғамға шығармашылықпен танылған жас қаламгерлердің саны расында едәуір көп. Мұның бәрін бірден атап отырсақ үлкен бір тізімдік болады. Жалпы сапасы жағынан алғанда, әрине бір келкі емес екені анық, бір келкі деу шындыққа да жанаспайды. Десе де осы жас қаламгерлеріміз ішінде көркемдік деңгейі едәуір биік үздік шығармалармен көзге түсіп жүрген жастарымызды мақтана ауызға алсақ артық болмайды деп ойлаймын. Жақынғы жылдардан бері Тәпей Қайысқанұлы, Қидаш Жұбанышұлы, Білісбек Әбдіразақұлы, Қырбақ Нұрғалиұлы, Балапан Рабатов, Жеңіс Ырысқанұлы, Еркеш Құрманбекқызы, Мағаз Мәлікұлы, Алмагүл Жұмажанқызы, Тұрсынбек Байжұмаұлы, Қасен Әубәкірұлы, Мәдениет Мұқатайұлы, Ерлен Нұрдықанұлы, Серік Сейтқазыұлы қатарлы жас қаламгерлер бұрынғы көне сүрндекті бұзып , өздерінгше ізденіп, өз алдарына жол тауып, шығармашылықта өз даралықтарымен жұрт көңілінен орын алды. Жазушының жазу стилі деген сөз жазушының қалам даралығы ғой, мұны түсінікті тілмен айтсақ, жазушының шығармада пікір көтеру яғни идея табу тәсілі болады. Біз ауызға алып отырған осы бір топ жас ақын-жазушылар өздеріне тән идеч табу тәсілдері бар қаламгерлер десек артық болмайды.Адам баласы көңілге, рухқа сүйеніп жасайды. Бір ұлттың әдебиеті сол ұлттың асқақ рухы. Сондықтан жер бетінде бір ғана адам қалған күнде де сол бір адамның көңіл - күйіне қажет рухани әлем болуы керек. Менің қарауымша жер бетінде адам баласы болады екен, сөзсіз әдебиет те болады. Айтуларға қарағанда адамдардағы ауырудың жүзде тоқсаны адам көңіл - күйінің қалыпсыздығы себебінен болады екен. Бұл адамдардың көңілге сүйеніп жасайтындығының дәлелі. Әдебиеттің өзі адамдардың көңіл - күйінің дәрісі. Егер бір адам өмірде тығырыққа тіреліп, өліп алуды ғана ойлап отырғанда, қолына бір жазушының шығармасы түсіп, осы шығарманы оқығаннан кейін ол, мыныдай блғанда мен ұлмеуім керек дейтін ойға келсе, ал, бір адам біреуге өлердей өшігіп өлтірмей қоймаймын деп жүргенде бір кітап қолына түсіп оқыған соң райынан қайтса бұл шығарма нақты адам көңіл - күйінің баға жетпес емі деуге болады. әдебиетте болашақ жоқ дейтін аңыс, біріншіден, ұлыт мүддесін емес, ақшаны ғана қуған бір бөлім адамдармен, жазудан белгілі өзіндік жол таба алмаған адамдардың қоғамға көтеріп шыққан идеясы болуы мүмкін. өз басым, қоғам дамыған сайын әдебиетте дамиды деп қараймын. Әдебиетте адамның жан дүниесін жазу деген сөз ертеден айтылып келеді. Бұл сайып келгенде жәнеде адамдардың көңіл-күйін жазу деген сөз. Қазірде Қытайдың Шыңжаң автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында тұратын жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады. 1986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді. Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен. Монголия қазақтарының әдебиеті Атамекендегі қазақ әдебиетін алып бәйтерекке теңесек, моңғолиядағы қазақ әдебиеті соның бір мәуелі бұтағы болып табылады. Бұл өлкедегі қазақтар арасынан жиналған фольклорлық мұра 5 том кітап боп жарыққа шықты. Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940) Ақыт Қажы Үлімжіұлы - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мектеп ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін ұсталып қамалды да, 1940 жылы абақтыда қаза болды. Ақыт Қажы атамыздың “Жиһанша”, “Ахиретбаян”, “Сәйпілмүлік - Жамал” дастандары Қазан баспасында бірнеше рет жарық көрді. Оның “Абақ керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” сияқты толғау өлеңдері қолжазба түрінде кең тараған.Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. Тауданбек Қабанұлы(1830-1908), Төлебай Бөжекұлы(1858-1924), Мешел Қожекеұлы(1858-1928), Отарбай ақын(1882-1953), Нәжікеш Таңқайұлы(1885-1953), Оңашыбай Ірбітұлы (1892-1953), Бұрқасын Тауданбекқызы (1905-1968) т.с.с. халық ақындарының шығармашылығы арнайы зерттеліп, оқырман қауымға жол тартты.МХР тәуелсіздігінің нығая түсуіне байланысты 1940 жылы Баян- Өлгий қазақ ұлттық аймағы боп жеке құрылды. Бұл оқиға мұндағы қазақтың әлеуметтік-саяси өміріне бетбұрыс әкеп, ұлттық мәдениеттің гүлденуіне негіз болды. 1942 жылы 3-қыркүйекте “Қазақ аумағында жаңа әліпбиді қолдану туралы” қаулы қабылданып, латын әрпі орнына Қазақстанда қолданылып отырған қазақ (кириллица) әліпбиін пайдалану ісі жүзеге асып, ана тілінде алғаш рет “Өркендеу” газеті (қазіргі “Жаңа өмір”) жарыққа шығып, қаламгерлер осы газет төңірегінде топтаса бастады. Тұңғыш мәдени ошақ Ұлттық клуб құрылды. 1955 жылы қазақ қаламгерлері үйірмесі орнап, 1957 жылы жылына 4 мезгіл жарық көретін “Жаңа талап” альманағы (қазіргі “Шұғыла”) шыға бастады. 1948 жылы өткен Моңғолия Жазушылар Одағының съезіне ақын Ақтан Бабиұлы, жазушы Құрманхан Мұқамадиұлы бастаған қаламгерлер қатысты. 1968 жылы 28 желтоқсанда МХРП ОК-нің саяси бюросы арнайы қаулы қабылдап, МХР Жазушылар Одағының қазақ бөлімшесін ресми құрды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің түлеп жаңғыруына, әсіресе жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етіп, олардың қатарынан 20-дан астамы МХР Жазушылар Одағының мүшесі шығып, 70-тей талант иелері аймақтың жазушылар бөлімшесіне мүше болып, 1957-жылдан кейінгі кезеңде ақын-жазушы, драматургтер алды 10, арты бір кітаптан шығарма жазып, барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу, 40-тан астам біріккен жинақ, моңғол тілінде 30 жинақты жарыққа шығарды. Әдебиеттің жаңа мазмұны мен түрі пайда боп әңгіме, повесть, роман, драма, кинодрама, поэма, сатира, фантастика секілді барлық жанрды қаламгер қауым игеруге атсалысты. Моңғолиядағы жазба әдебиеттің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады. І кезең: 1940-1970 жылдар. Бұл жаңа әдебиеттің пайда болып қалыптасу кезеңі. ІІ кезең: 1970 жылдан бүгінге дейінгі уақыт. Бұл жазба әдебиетінің толысу дәуірі. Ақтан Бабиұлы (1897-1973) Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады. А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды. Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды. Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Октябрь тойына”, “Қазақстандық достарға” “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді. Арғынбай Жұмажанұлы Арғынбай Жұмажанұлы 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң туған жеріне қайтып оралып, Баян-Өлгей аймағындағы мәдени-ағартушылық істердің тізгінін қолға алып, ел-жұрттың рухани толысуына тегеуірінді ықпал еткен адам. Арғынбай Жұмажанұлы 1929 жылы Моңғолиядағы қазақ аймағының Тұлбакөл деген жерінде туып, 1994 жылы Қазақстанда, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние салды. Марқұмның құлпытасына өзінің "Қоштасу" деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған: Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам, Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам. Кешір мені туған жер — Моңгол елім, Пендемін ғой, қаныма тартып барам! Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан.Монғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Монголия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Моңғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы моңғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украйн, болғар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан.Моңғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған. Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының алғашқы жинағы “Тақпақтар” деген атпен 1949 жылы Ұланбатырда жарық көрді. Содан кейін “Ертіс жырлары” (1960), “Біздің өлкеде” (1972), “Меңдікөл” (1979) жинақтары оқырманға жетті. Ақын Даниял Дікейұлының “Жетілген жетім”, “Таң алдында”, “Солдат сөзі”, “Алтай аясында” секілді поэмалары, Имашхан Байбатырұлының “Телқоңыр” (1967), “Аққу әні” (1970) секілді жинақтары, Шабдарбай Қатшанұлының “Көрімдік”, “Шығыстағы алау”, “Майлы жер” поэмалары, Дайын Қалаубайұлының “Жас дәурен”, “Гүлсім” сияқты жинақтары поэзияның аяқ алысын байқатқан айтулы туындылар.Аға буын қаламгерлер Ж.Байыт, И.Жәбенұлы, Қ.Кәп, М.Егеухан, А.Қауия, І.Яки, орта буын өкілдері Ж.Кәкей, Ш.Зуқай, Р.Шынай, І.Кеңес, Қ.Тойлыбай, Қ.Бодаухан, О.Солдатхан, Ж.Қуанған, М.Зүлкафил, Б.Мұрат, Ә.Дәулетхан, Р.Зұрғанбайұлы секілді ақындардың туындылары өлең өнерінің биік үлгіде дамуына баспалдақ жасады. Проза саласына келсек, бұл кенже қалған жанр 1955 жылдан кейін дами бастады. Дәлірек айтқанда, Қ.Мұқамадиұлының бірнеше көркем әңгімелерінен бастау алып, керуен тартты. Қ.Мұқамадиұлының “Алғашқы қадам” (1955) “Жұрт ала ма, жұт ала ма?” көркем эссесі прозаның сәтті жазылған алғашқы үлгілері болды. “Алғашқы қадам” әңгімесінде аймақ өмірінде болған тұңғыш рет адамға хирургиялық операция жасаған тарихи оқиға суреттеледі. Көркем проза Махфуз Құлыбекұлының “Мұралық”, “Көк лақтың құпиясы” әңгімелері, “Қызыл қайың хикаясы” повесі арқылы жалғасын тапты. Жазушы Шерияздан Нығышұлының “Күдірлі керуен” повесі қазақ және моңғол тілінде жарық көрді. Ақын Алақанұлының “Менің анам”, “Егіншінің баласы”, “Ананың ақ тілегі” секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді. 1970-1985 жылдары Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің оншақты роман, көптеген повесть, әңгімелері жарық көрді. Алғашқы роман – жазушы Елеусіз Мұқамадиұлының “Қобда қойнауында” шығармасы еді. Одан кейін Шабдарбай Қатшанұлы “Жырақта қалған жылдар”, Мағауия Сұлтанияұлы “Ұрпақ тағдыры”, Ісләм Қабышұлы “Ұрпағың үзілмесін”, Жамлиқа Шалұлы “Үлкен үй”, Қауия Арысбайұлы “Жиекте”, Сейітхан Әбілқасымұлы “Қара боран”, Сұлтан Тәуекейұлы “Мұнар таулар” романдарын жазды. Бұл әдебиеттің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі болды. 1940 жылы аймақтық Ұлттық клубтың шымылдығы Ақтан Бабиұлының “Ермалай” пьесасымен ашылып, бұл туынды драма жанрының алғашқы қарлығашы болды. Оның“Жамал” (1941), “Еріншек пен екпінді әйел” (1942), “Қалқаман-Мамыр”, “Ақайша” секілді драмалық туындылары өлкедегі театр өнерінің қалыптасып дамуына септігін тигізді. Жазушы, драматург Құрманхан Мұқамадиұлы буыны енді беки бастаған драма өнерін зор белеске көтерді. Мәскеуден білім алып,л әлем классиктерінің шығармаларымен терең сусындаған ол осы салаға тың серпін берді.Оның “Кезең үстінде” (1955), “Қарға қарғаның көзін шоқымайды” (1957), “Жасыл дөң” (1959), “Тұлбакөл шайқасы” (1962) секілді драмалық шығармалары күрмеуі мол күрделі жанрды игеруге соны соқпақ болды. Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының “Талаптылар мен табынушылар” пьесасы 1956 сахнаға жол тартты. Оның “Ертіс шындығы”, “Сандуғаш” секілді пьесалары бар. “Моңғолкино” студия түсірген “Шайқас алдында”, “Домбыра әуені” фильмдерінің сценарииін жазды. Жазушы Ж.Баят, ақын Қ.Шабдарбайлар да осы жанрға үлесін қосып, ақын И.Байбатырұлы “Керім-Торым” либреттосын жазды. Көркем аударма саласы да қарқынды дамып, Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары түгелдей дерлік моңғол тіліне аударылды. Атап айтар болсақ, А.Құнанбайұлы, Ж.Жабаев, М.Әуезов М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, І.Есенберлин, Ж.Молдағалиев, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин т.с.с. көптеген қаламгерлердің белгілі туындылары моңғол тіліне тәржімаланды. Бұл іске аударма шеберлері Ж.Шалұлы, О.Қаһар, И.Қабышұлы, Т.Сұлтан, Ж.Қамайұлы өз үлесін қосты. Әсіресе М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан бастап қазақстандық атақты қалам қайраткерлерінің туындыларын аударуға өмірін арнаған ақын-жазушы Жамлиха Шалұлы мен А.Құнанбайұлы, М.Өтемісұлының шығармаларының толық жинағын моңғол тілінде сөйлеткен ақын, аудармашы Жүкел Қамайұлының еңбегін ерекше атауға тиіспіз. Сонымен бірге моңғолдың көне фольклорлық мұралары мен классикалық әдеби шығармалары қазақ тіліне молынан аударылды. Бұл іске Қ.Мұқамадиұлы, М.Сұлтанияұлы, Б.Құрманханұлы, Қ.Жұмаханұлы секілді көптеген қаламгерлер үлес қосты. Әдеби сын, зерттеу саласында ф.ғ. докторы Қабидаш Қалиасқарұлы, ф.ғ.кандидаты Қуанған Жұмаханұлы, ф.ғ.кандидаты Есенгүл Кәпқызы секілді ғалымдар қажырлы еңбек етті. ## Дереккөздер
Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясы– жергілікті халықтың оқу-ағарту ісімен шұғылданған ұйым. 1921 жылдың бас кезінде Ташкентте құрылған. 1922 ж. күзден бастап Халел Досмұхамедұлы төрағалық етті. Комиссия ұлттық мектептер үшін ғылыми және көркем әдебиеттер шығарумен айналысты.
Қазақ лақсасы (лат. Echinops kasakorum) – астралылар тұқымдасына тұқымдасының лақса туысына жататын көпжылдық өсімдік. ## Таралу аймағы Қазақстанда Қаратаудың солтүстік-шығысында, Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының маңында кездеседі. Тау беткейлерінің тасты, тастақты және сары топырақты жерлерінде өседі. ## Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 60 см-дей, тамыры сүректеніп кеткен, оның жоғары бөлігі ақшыл түсті келеді. Сабағы дара тік өседі, сыртын ақшыл түк жапқан. Жиегі тілімденіп келген, тікенді жапырақтарының екі бетін қалың түк жауып жатады. Дара, домалақ, көкшіл түсті гүлі сабағының ұшында жетіледі. Гүл себеттерінің ұзындығы 12 – 15 мм, олар 18 – 20 ұзынша ромб тәрізді жапырақшалардан тұрады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Қазақ лақсасы – өте сирек кездесетін, эндемик өсімдік. Оның таралу аймағы жылдан-жылға тарылып бара жатыр, сондықтан қорғауға алынып, ]]Қазақстанның «Қызыл кітабына»]] енгізілген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Echinops kasakorum Pavlov
Қазақ кілемі, қазақы кілем – ұлттық үй жиhазы. Кілемнің қазақтар тұрмысында көп тұтылатын түрлері тоқылу ерекшелігіне (түкті, тықыр, барақ), өндірілген орнына (Алматы кілемі), тоқылған материалына (жібек, масаты, қалы), ру үлгілеріне (адай кілемі, қоңырат кілемі, керей үлгі, найман үлгі), ою-өрнегі мен түріне (қос, үш, бес гүлді кілем), қосалқы белгілеріне (шашақты кілем, шашақсыз, ақалы) қарай бөлінеді. Қазба жұмыстары арқылы белгілі болған байырғы сақ, ғұн, үйсін кілемдерінің тоқылу, көркемделу тәсілдері мен негізгі пайдаланған ою-өрнектері Қазақ кілемі үлгілерімен өте ұқсас. Қазақ кілемі ндегідей қызыл, сары, ақ, қара, аспанкөк түстерді басым қолданған ежелгі кілем үлгілерінің қазіргі үлгіден айырмашылығы – өз дәуірінің әдет ғұрпын, салт-жорасы мен кәсібін бейнелегенінде. Ал ою-өрнектің көптеген түрлері (қошқар мүйіз, т.б.) негізгі бітімін бұзбай әлі күнге дейін қолданылып келеді. Қазақ кілемі үлгілері мен басқа да түркі халықтары кілем үлгілері арасындағы ұқсастықты ортақ тарихи бастаумен негіздеуге болады, сондай-ақ, көршілес халықтар арасындағы мәдениет алмасуымен де тығыз байланысты. Қазақстанның оңт. облыстары мен Арқада түкті, тықыр, араб кілем тоқу, Семей облысында кілем кестелеу дамыған. Қазақ кілемі нің түкті және тықыр түрлерінде негізгі үлкен гүлдері “күмбез”, жиектеріндегі текшелі өрнектері “қорған” деп аталып, оны қуалай күлгін түсті “су” өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды қорғанның сыртын қуалай су жүргізілген қаланы тұспалдап бейнелеуден шыққан. Кейде ортаңғы гүл-күмбездердің орнына “түлкі ілген бүркіт”, басқа да жан-жануарлар, табиғат көрінісі бейнеленеді. Геометриялық өрнектер өте басым, ішінара “көгеріс” өрнектер қолданылады. Түксіз Қазақ кілемі дерін тоқудың да бірнеше тәсілі бар. Олардың көп тараған түрі – арабы Қазақ кілемідер. Ондағы ең басты өрнектерді “араби” деп атайды. Жіңішке және жалпақ өрнекті белдеулерді шебер алмастырып отыру арқылы арабы кілемнің әсем суреті құралады. Орта тұсы шаршылармен немесе ромбылық әшекейлермен безендірілген түрін шаршы кілем деп атайды. Орталық бөлігіне ұдайы алмастырылып тұратын түсті белдеулер орналасқан, ал олардың ортасында алуан түсті жіптерді қайта әдіптеу арқылы орындалған сатылы өрнектер салынған түрін тақта кілем деп атайды. Түксіз кілемнің оюларында қошқар мүйіз, құс тұмсық, ботакөз, тұмар, тарақ нұсқалар мол кездеседі. Кейде қазақ оюына онша тән емес, Орталық Азия халықтары қол өнерінен ауысқан өрнектер де ұшырасады.Кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті өрнектер көбірек жүргізіледі немесе негізгі бір түстің бір-біріне жақын бірнеше өңдері де қолданылады. Мысалы, қызыл, алқызыл, қызылкүрең түстер. Қазақ кілемі өрнектерінің ішінде зооморфтық оюлар да көп. Мысалы, “сыңар мүйіз”, “иттабан”, “көбелек”. Мұнымен бірге геом. өрнектер де кездеседі. Қазақ тұрмысында: масаты кілем, жібек кілем, тықыр кілем, қалы кілем, қара кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен кілем, парсы кілем, алаша кілем, шешенгүл кілем, жолақ кілем, шатыргүл кілем, мәскеугүл кілем, мақпал кілем, қараман түр, талас кілемі, ақтаңлақ кілем, шашақты кілем түрлері көп тараған. Қазақстанда тоқылатын кілемдердің түрлері де, атаулары да өте көп, көне заман деректерінде де олар осы күнгі атаулармен аталған. Бұл кілем тоқудың дәстүр сабақтастығын үзбей келе жатқан, терең тарихы бар өнер екендігін дәлелдейді. Қолөнер шеберлері кілем үлгілерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын, өмір шындығын бейнелейтін жаңа түр тапты. ## Дереккөздер
Қазақтың спорт және туризм академиясы, дене тәрбиесі мен спорт саласы бойынша ҚР-ындағы ең үлкен жоғары оқу орыны. Бұрынғы аты Қазақ дене тәрбиесі институты, Халық комиссарлар кеңесінің 1944 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен ашылған, ал ҚР үкіметінің 28.10.1988 ж. Қаулысымен Қазақ туризм және спорт академиясы (әрі қарай академия) болып өзгертілген. Академия туризм мен спорт саласы бойынша білікті жаттықтырушылар мен оқытушы-нұсқаушыларды, валеологтарды, спорт дәрігерлерін, экономистерін, мейманхана қызметкерлерін дайындайды. Академияның оқу корпустары, спорт залдары, жатақханалары, 2 стадионы, Қапшағайда туристік, "Горельник" тау-шаңғы базасы бар. Академияның түлектері тек республикада ғана емес алыс-жақын шет мемлекеттерде де қызмет істейді. Оның түлектері Олимпиялық ойындарда 32 алтын, 22 күміс, 4 қола медальдарға ие болды. Атақтары әлемге танымал спортшылар А. Колесов, В. Резанцев, Д.Тұрлыханов, Ш. Серіков, И. Валетов, Т. Досымбетов, В. Минеев, A. Парыгин, В. Кравченко, О. Антропов, О. Кривошева, Е. Чебукина, А. Ким, В. Люкин, Ж. Сауранбаев, В. Тихоненко, И. Герлиц, О. Шишигина, Е. Ибраймов және т.б. осы академияның түлектері. Оларды академияның оқытушы-профессорлары П. Матущак, О. Жарылғапов, В. Псарев, Ә. Нурмаханов, В. Байдин,B. Ермаков, Е. Войнов сияқты білікті мамандар дайындаған. Академияда мынадай факультеттер бар: * Олимпиялық спорт түрлері факультеті (ОСТФ); * Валеология және спорт медицинасы факультеті; * Туризм, туризм және сервис факультеті; * Кәсіби спорт және шығыс жекпе-жектері; Академияның ректоры республикалық студенттік спорт одағының президенті және студенттердің Бүкілдүниежүзілік одағындағы республиканың өкілі болып табылады. Академияның (бұрынғы дене тәрбиесі институты) ректорлары болып мына адамдар қызмет істеді (уақыт мерзіміне сәйкес): * Шәміл Шәкірұлы Бекбаев; * Хамза Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов ; * Қанафия Абдуллаұлы Ахметов ; * Еркін Шалабасұлы Әсенов ; * Асқар Біләлұлы Өтешев ; * Бектілеу Қаражанов ; * Қайрат Хайроллаұлы 3акария . ## Дереккөздер
Қазақойл-Ембі — мұнай-газ өндірісі кәсіпорны. Тарихы 1911 ж. Доссор кәсіпорнының құрылуынан басталады. Ембімұнайгаз және Теңізмұнайгаз ААҚ-дары бірігіп, 1999 ж. Қ.-Е. ААҚ болып қайта құрылды. 2002 жылдан Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорнына айналды. Аталмыш қоғам республикадағы ең ірі мұнай компанияларының бірі. Құрамындағы 21 бөлімшенің алтауы негізінен мұнай өндіретін басқармалар. Олар: «Жайықмұнай», «Доссормұнай», «Мақатмұнай», «Қайнармұнай», «Құлсарымұнай», «Прорвамұнай» мұнай-газ өндіру басқармалары. Ал 15 бөлімше тікелей өндірісті қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады. Бұған қоса акционерлік қоғамның 100% жарғылық қорымен он алты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрылған. Олар өмірдің әр саласына өндіріске, құрылысқа, сауда т. б. бейімделген. Акционерлік қоғам еншісінде 45 кен орны бар, бүгінгі таңда олардың 33-і игерілу үстінде. Мұнай саласындағы мұнай іздеу, барлау жұмыстарында «Қазақойл—Ембі» ААҚ біршама сәтті жұмыстар жасады. Жарты ғасыр бойы ядролық сынау аймағы болған Тайсойған өңірі үкімет қаулысымен акционерлік қоғамға жалға беріліп, акционерлік қоғам осы өңірге ешбір инвестициясыз, өз күшімен барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Қондыбай, Қазанғап, Уаз мұнай алаңдары дүниеге келді. Күрделі құрылыстан 80 км-лік Забұрын—Мартыши мұнай құбыры іске қосылды. «Қазақойл» мұнай компаниясының басшылығымен Жаңа Қаратон кенті дүниеге келіп, 420 орындық мектеп, тұрғын үйлер бой көтерді. ## Дереккөздер ## Түсініктемелер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі - ҚР еңбек сіңірген ұжымы. 1958 жылы Жамбыл атындағы қазақ филармониясының құрамында ұйымдастырылды. 1983 жылдан дербес көркемдік ұжым. Ұжымды әр кезеңде жоғары білікті музыка мамандары (Ф.Мансұров, Ғ.Доғашев, В.Яковлев, Ш.Қажығалиев, Т.Мыңбаев, Т.Әбдірашев) басқарды. Оркестрдің репертуарында Қазақстан және шет ел композиторларының шығармалары орын алды. Қазақстандық композиторлар: А. Жұбановтың “Жігер”, Е. Г. Брусиловскийдің 7, 8 симфонияларын, Е. Рахмадиевтың “Думан”, “Құдаша”, “Дайрабай” күйлерін және т. б. шығармаларын тұңғыш орындаушы. Оркестр шетелдік музыка мәдениеті классиктерінің симфониялық шығармаларын, Д. Д. Шостаковичтің 15 симфониясын, 17-18 ғғ. ескі әуендердің (Вивальдидің, Коррелидің, Йоганн Себастиан Бахтың, Гендельдің) және т. б. шығармаларын орындады. 1987 жылдан Қазақстанның мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Әбдірашев. 1998 жылы оркестрге академиялық құрметті атағы берілді. Бүкілодақтық байқаудың лауреаты (1967). ## Дереккөздер
Қазақ Құс Шаруашылығы Ғылыми-Зерттеу Институты– құсты жемдеу, өсіру және күтіп-бағудың технология жаңа ғылыми-зертеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мин-нің қарамағында. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зертеу институты мен Сол түстік мал шылығы ғылыми-зертеу институтының құс шаруашылығы бөлімдері, сондай-ақ Қазақ егіншілік ғылыми-зертеу институтының «Қаскелең» тәжірибе шаруашығына қарасты құс фермасы негізінде 1966 ж. құрылған. Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қазақ КСР-інің 50 жылдығы кентінде орналасқан. 1992 – 2002 ж. қазіргі атымен аталды, ал 2002 жылдан «Мал шаруашылығы және ветеринария» ғылыми-өндірістік орталығының құс шаруашылығы мәселелері бойынша бөлімшесі. Құрамында жемдеу және оның технологиясы, селекция және генетика секторлары, жемшөп сараптау өндірістік лабороториясы бар. Негізгі ғылыми бағыттары: ауылы шаруашылығы құстарының қолда бар линияларын жетілдіру және жаңа кросс шығару; республиканың көп салалы экономика жағдайында құс өнімдерін өндірудің энергияны үнемдейтін технологиясын әзірлеу; құс рационының жемшөп құрамына енгізілетін заттардың ғылыми негізделген нормаларын жасау және оның биология тиімділігін зерттеу; құс шаруашылығы үшін селекция-технология бағдарлама даярлау. Институтта құс жемдеу, оның тұқымдарын жақсарту және өсіру технологиясын жасау жөнінде ұсыныстар енгізіліп, құсқа берілетін құрама жем, витаминді-минералдық қоспалар рецептурасының экономика тиімділігі және жемдеу мөлшерін даярлау жұмыстары жүргізілді; лазер сәулесі мен үйектелген (поляризацияланған) қызыл жарықты пайдаланудың нәтижесінде құстардың жұмыртқалағыштығы мен балапандардың өміршеңдігі артатындығы анықталды. Институтта жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін тауықтың «Алатау», үйректің «Медеу», «Арман» кросстары шығарылып, Орта Азия республикаларының көптеген шаруашылықтарына таратылды. ## Сілтемелер
Қазақ Өсімдік Қорғау Ғылыми-Зерттеу Институты– ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мин-нің қарамағында. Респ. өсімдік қорғау ст. негізінде 1958 ж. Алматы облысы Қарасай ауданы Рахат ауылында құрылған. 2002 жылдан институт Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылми-өндірістік ортаның еншілес мемлекет кәсіпорны болды. Институт құрамында: энтомология, фитопатология, экотоксикология, арамшөптермен күресу бөлімдері; биотехнология және шегірткелер экологиясы лабораториялары; сондай-ақ Қостанай (Қостанай облысы) бөлімшесі бар. 1958 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыттары: өсімдіктерді, ауыл шаруашылығы дақылдарын түрлі зиянкестер мен аурулардан, арамшөптерден қорғаудың тиімді әдістерін тауып, өндіріске енгізу; ауыл шаруашылық өнімдерін және жайылымдарды аймақтық егіншілік жүйесіне және жаңа шаруашылыққа лайықты интегралдық жүйеде қорғауға бейімдеу. Институт дәнді, техника дақылдарды, қант қызылшасын, жүгеріні, жоңышқа мен эспарцетті, еркек шөпті, т.б. өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың агротех., биологиялық, химиялық әдістерін өндіріске енгізді, биоагенттер мен микроорганизмдер, микробиология препараттар пайдаланудың жаңа тиімді тәсілдерін ұсынды. Зиянкестерден (әсіресе шегірткелерден) арылудың жаңа әдістері (химия жолмен және сәуле түсіру арқылы өрбу қабілетінен айыру, пайдалы жәндіктерді интродукциялау іздестірілуде. Институтта өсімдік зиянкестерін жою мерзімін болжау мақсатында матем. модельдер, электрондық есептеу машиналары, авиациялық барлау әдістері кеңінен қолданылады. Институт 25 томдық ғылыми жұмыстар жинағын, өсімдік қорғау мәселесіне арналған монографиялар, әдістемелік нұсқау кітапшаларын шығарады. ## Сілтемелер
Қазақ кеңес энциклопедиясы (немесе Қазақ совет энциклопедиясы) — алғашқы әрі ең ірі қазақ тіліндегі әмбебап энциклопедия. Қазақ КСР ғылым академиясы құрастырған энциклопедия 1972—1978 жылдары 12 томы басылып шығады. Анықтамалық томы да бар (қазақшасы – 1980, орысшасы – 1981). 1985 жылғы қысқа төрттомдық қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақ КСР» энциклопедиясына негіз болады (1989 жылға дейін шықты). Бас редакторы — академик М.Қ. Қаратаев. Қосымша 13-том әліпбилік пәндік-есім корсеткішіне арналған (1982). Тұңғыш әмбебап энциклопедияда қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын, Қазақ КСР-ның құрылу және тарихи қалыптасу кезеңдерін, экономика, ғылым, мәдениет пен әдебиет саласындағы табыстарын, туыскан халықтардың, соц. елдердің достығы мен ынтымағын көрсететін материалдар мен құнды деректер жинақталған. Қазақ жерінің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі, табиғи байлықтары кең қамтылған. Республиканың өндіріс орындары, кеніштер, қалалар мен ауылдар, оқу ордалары мен мәдени мекемелер, ұжымдык, кеңестік шаруашылықтар тарихы мен соңғы жетістіктері туралы мол мағлұматтар бар. Халықтың ардақты ұлдары, батырлары мен ғалымдары, өнер қайраткерлері жайында өмірбаяндық деректер келтірілген. Бұл күрделі еңбекті әзірлеуге республика ғана емес, Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, одақтас республикалар ғалымдары мен зиялы қауымы, ғылым мен мәдениет орталықтары кеңінен тартылған. Көрнекті ғылым қайраткерлері - академиктер: У.М. Ахмедсафин, О.А. Байқоңыров, С.Б. Бәйішев, Т.Б. Дарқанбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. ғалымдар мақалалар жазған. Энциклопедияның 8 мың- нан астам авторының ішінде 313 ғылым докт., 4 мың ғылым канд. бар. Жалпы есептегенде "ҚСЭ-ның" 12 томына 48931 мақала енгізілген. Энциклопедия түрлі-түсті карталармен, диаграмма-кестелермен, сұлбалармен жабдықталып, портреттермен және фотосуреттермен көркемделген.Әрбір томдардың бет саны: * Бірінші – 648. * Екінші – 642. * Үшінші – 624. * Төртінші – 672. * Бесінші – 656. * Алтыншы – 640. * Жетінші – 648. * Сегізінші – 664. * Тоғызыншы – 640. * Оныншы – 648. * Он бірінші – 632. * Он екінші – 600. * Он үшінші (қосымша) – 752. ## Дереккөздер
Қазақ-Қарақалпақ Бөлімі, 1920 ж. Хорезм Республикасы Кеңестері 1-съезінің қаулысымен Хорезм ОАК жанынан құрылған. 1923 ж. қазанда Хорезм Республика кеңестерінің 3-съезі Қазақ-Қарақалпақ автон. округін құру, Ходжейлі қ-н оның орталығына айналдыру жөнінде қаулы қабылдады. 1924 ж.
Қазақ сөзі — 1919 жылы Омбы қаласында Колчак үкіметі қазақ тілінде шығарған газет. 2 – 3 айдан кейін жабылып қалған. ## Дереккөздер
Мемлекеттік қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін ұлттық өнер ұжымы. ## Тарихы Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Өлкелік қуыршақ театры Алматы қаласында 1935 ж. 10 қазанда ҚазАКСР ХАК-ның бұйрығы бойынша, балалар арасындағы мәдени жұмысты жақсарту мақсатымен құрылған. 1938 ж. театрға респ. қуыршақ театры дәрежесі берілді. ## Театр қайраткерлері Театрдың қалыптасуына Қ.Бадыров, С.Телғараев, В.О. Гасюк, Ю.Г. Рутковский, П.И. Поторока, т.б. көрнекті театр қайраткерлері көп еңбек сіңірді. ## Театр түрлері Қазақ және орыс труппалары қатар жұмыс істеді. Қуыршақ бейнесіне, артистің оны қимылға келтіру тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді: кигізілмелі, қолға киіп ойнайтын (петрушечный), сым, сырық арқылы қозғалатын (тростевой), жіп арқылы жүретін (марионетечный), көлеңке арқылы көрсетілетін (теневой). ## Театрда қойылған қойылымдар Әр жылдары театр сахнасында Н.Гернеттің “Алладиннің сиқырлы шамы” (реж. П.И. Поторока, 1958, реж. Қ.Ешмұратова, 1978), Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе мен Шығайбай” (реж. Ә.Әсімжанов, 1967), О.Әубәкіровтің “Қожанасыр – чемпион” (реж. Поторока, 1967), “Тарқамайды тойымыз” спектакльдері мен муз.-концерттік бағдарлама (реж. Ешмұратова, 1988), “Қуыршақтар шоуы” (реж. С.Шүкіров, 2000), т.б. қойылды. Бүгінде театр репертуарында 30-ға тарта спектакль бар. ## Қатысқан фестивальдары мен марапаттары Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды. Театр Ташкент (1969) пен Бішкек (1975) қ-ларында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының қуыршақ театрлары фестивалінің, Ташкенттегі Халықар. фестивальдің (1979) лауреаты. * 1981 ж. гастрольдік сапармен Въетнам, Кампучияда болды. * 2002 ж. Алматы қаласында өткен Қазақстан қуыршақ театрларының 1 фестивалінде Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл және Шымкент қ. театрлары өнер көрсетті. * Театрдың шығармашылық ұжымы 2009 жылы қуыршақ жанры саласында қытай және қазақстандық мамандар арасында тәжірибе алмасу және ортақ жобаларды ұйымдастыру мақсатында Гуанчжоу қаласында (ҚХР) гастрольдік сапарда болды; 2012 жылы Ресейдегі «Театр кукол – XXI век» ассоциациясының шақыртуымен Мемлекеттік қуыршақ театры Мәскеу қаласы Орталық шығармашылық қызметкерлер үйінде және «Огниво» қуыршақ театрында (Мәскеу облысы) өнер көрсетті; * 2015 жылы өткен халықаралық ІV қуыршақ фестивалінде Үнді, Грекия, Германия, Түркмения, Грузия т.б. театрларын баса озып, режиссер К.Адыловтың сахналауындағы «Каштанка» қойылымымен (авт.: А.Чехов) бас жүлдені иеленді; * 2017 жылы 25-29 мамыр аралығында театр ұжымы Бішкек қаласында (Қырғызстан Республикасы) М.Жанғазиев атындағы Мемлекеттік қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткен драматург, режиссер, қуыршақ театрларының негізін салушы Виктор Александрович Швембергердің 125-жылдығына орай ІІ Халықаралық «Так-теке» қуыршақ театры фестиваліне қатысып, А.Чеховтың «Каштанка» ертегісі үшін «Классикалық шығарманы қуыршақ жанрында көрсеткені үшін» номинациясымен, қоюшы режиссері Қ.Адилов «Ең үздік режиссер» номинациясымен, сондай-ақ Қырғыз театр қайраткерлері одағының арнайы дипломымен марапаттады; * 2017 жылдың 28 мамырында Кишинев қаласында (Молдавия Республикасы) өткен «Под шапкой Гугуцэ» атты Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне театр ордасы халық ертегісі «Қаңбақ шалды» жиырма бес мемлекеттен келген өнер өкілдерінің назарына ұсынып, «Ұлттық дәстүрді насихаттағаны үшін» және театр директоры Т.Есеналиев «Үздік менеджер» дипломымен марапатталды; * 2017 жылдың 5-9 маусым аралығында Татарстан Республикасында өткен ХІІІ Халықаралық «Наурыз» фестиваліне драматург Ә.Файзуллаұлының «Алтын адам» эпикалық спектакльімен қатысты (реж.: Ю.Уткин); * Анкара муниципалитетінің ұйымдастыруымен Түркия Республикасында 2017 жылдың 1-9 тамызында өткен Халықаралық VII театрлар фестивалінде театр ұжымы «Қуыршақ думан» (авт. және реж.: С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова) қойылымымен қатысып, арнайы дипломмен марапаталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Түркия мемлекетіндегі елшісі Абзал Сапарбекұлының арнайы алғыс хатына ие болды; * 2017 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен Қайрат Сүгірбеков атындағы І Республикалық драма театрларының жас режиссерлерінің арасында өткен форум-фестиваліне режиссер Р.Жаныаманов сахналаған Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісімен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды; * 2017 жылдың қазан айының 19-27 аралығында Түркия Республикасында өткен III Халықаралық Анкара фестиваліне театр ұжымы шақырту алып, үшінші рет өткелі отырған фестивальге қатысып, фестиваль қатысушылары мен қонақтары назарына «Қуыршақ думан» (авт. және реж.: Қ.Ешмұратова, С.Шүкіров) және «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» (авт.: М.Дългечева, реж.: Э.Тотева-Андотова) қойылымдарын ұсынады. Фестивальдің басты мақсаты – қуыршақ театры өнерінің көкжиегін кеңейтіп, халықаралық стандартқа сай ете отырып, кәсіби театр мамандары мен түрік суретшілері, режиссерлері, продюсерлері мен қарапайым өнер сүйер қауымның талабынан шығу, жаңа тынысын таныту болды. Фестиваль барысында қойылымдардан тыс театр артистеріне арнайы дәрістер, семинарлар оқылып, қуыршақ театр өнеріне байланысты көрмелер ұйымдастырылады; * 2018 жылдың ақпан айының 1-15 күндері аралығында Франция, Ұлыбритания, Ресей, Германия, Өзбекстан және Қазақстанның үздік өнер ұжымдары қатысып, бақ сынап, өзара тәжірибе алмасқан «Откровение» V Халықаралық орындаушылық өнер фестиваліне театр ұжымы «Ана жүрегі» (авт.: Е.Ионов, реж.: А.Зайцев) қатысып, кәсіби сарапшылардың жоғары бағасына ие болды; * Ағымдағы жылдың сәуір айының 20-22 күндері аралығында Ақтөбе қаласында өткен Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған III Халықаралық «Balausa» фестиваліне өнер ордасы «Ана-жер Ана» (авт.: Ш.Айтматов, реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, театр ұжымы алғыс хатқа ие болып, актриса Д.Иса «Әлиман» ролі үшін «Ең үздік дебют» номинациясына ие болды; * 2018 жылдың қыркүйек айының 22-27 күндері аралығында Ақтөбе қаласында өткен «Ассалаумағалейкум – V» Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне театр ұжымы «Ана жүрегі» (авт.: А.Ионов, реж.: А.Зайцев) қойылымымен қатысып, бас жүлде мен «Ең үздік қойылым» номинациясын иеленді; * 2018 жылдың 22-29 қазан аралығында Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасы өткен «ЧОДАРИ ХАЁЛ» VI Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне «Ана жүрегі» (авт.: А.Ионов, реж.: А.Зайцев) қойылымымен қатысты; * Театр ұжымы ағымдағы жылдың 10-14 қараша күндері аралығында Өскемен қаласында өткен Рүстем Есдәулетов атындағы II Республикалық театр фестиваліне Еврипдтің Медея (реж.: А.Салбан) трагедиясымен қатысып, облыс әкімі атынан Р.Есдәулетов атындағы «Арнайы сыйлық» және «Ең үздік режиссер» номинацияларымен марапатталды; * 2018 жылдың 12-17 қараша күндері аралығнда Бішкек қаласында Қырғызстан Республикасы өткен «Айтматов және театр» Халықаралық фестиваліне «Ана – Жер Ана» (авт.: Ш.Айтматов, реж.: Д.Жұмабаева) қойылымымен қатысып, «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» марапатына ие болды. * 2019 жылдың 26 ақпаны мен 6 наурыз аралығында Ресей Федерациясы, Челябинск қаласында өткен "CHELoBEK ТЕАТРА" кіші формада сахналанатын спектакльдердің VII Халықаралық театр фестиваліне "Ана - Жер Ана" (авт.: Ш.Айтматов, реж.: Д.Жұмабаева) қойылымымен қатысты. ## Дереккөздер
«Қазақ КСР. Қысқаша энциклопедия», ғылыми-танымдық басылым. 1985-1991 ж. «Қазақ совет энциклопедиясы» баспасы қазақ және орыс тілдерінде 4 том етіп шығарған. 1-томның бас редакторы М. Қозыбаев, 2-4-томдарының бас редакторы Р. Нұрғали. Оларда Қазақстанның тарихы, қоғамдық, мемлекеттік құрылысы, табиғаты, экономикасы, ғылыми, денсаұлық сақтау ісі, тілі, әдебиеті, енері, сәулет ісі т. б. туралы жан-жақты мағлұмат берілген. 4-томда Әуезовтің өмірі мен шығармашылық қызметі женінае көлемді мақала орын алған. Онда ұлы жазушының басты-басты туындыларына талдау жасалып, қаламгерді прозашы, драматург, ғалым, ұстаз, әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері ретінде таныстырған. Жалпы басылым бойынша классик жазушының есімі 115 жерде аталып, ол айтқан ой-пікірлерге жүгініс жасалған. ## Дереккөздер
## Қазақстан Авторлары Қоғамы Қазақстан Авторлары Қоғамы(ҚазАҚ) – авторлық құқықты қорғаумен айналысатын респ. қоғамдық бірлестік. 1996 жылы қабылданған «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына орай 1997 жылы 10 қыркүйекте құрылған. Ақын, драматург, композитор, суретші, ғалым, т.б. авторлардан тұратын 700-ге жуық мүшесі бар. Сонымен қатар авторлардың мұрагерлері де қоғам мүшесі болып саналады. Мүшелікке келісімшарт негізінде қабылданады. Қазақстан авторлары қоғамы еліміздің авторлары мен олардың мұрагерлерінің құқығын Қазақстан Республикасы аумағында және дүние жүзі көлемінде қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамның облыс орталықтары және ірі қалаларда 18 бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Қазақстан Авторлары Қоғамы шетел авторлары құқығының Қазақстан аумағында сақталуын қадағалайды. Соған орай қоғам 1999 жылдың 1 желтоқсанында халықаралық ұйым СИЗАК-тың (Авторлар мен композиторлардың халықаралық конфедерациясының) мүшесі болып тіркелді. Қоғам әлемнің 30-дан астам өзі іспеттес ұйымдарымен екі жақты келісімшарт негізінде тікелей байланыс жасайды, олардың ішінде РАО (Ресей), АСКАП, ВМІ (АҚШ), CASEM (Франция), SACM (Мексика), SBAT (Бразилия), SUІSA (Швейцария), т.б. танымал ұйымдар бар. Қоғам авторлар құқығын қорғау ісін санаткерлік меншік нысандарын (туындыларды) пайдаланушы ұйымдар мен кәсіпорындарға, жекелеген кәсіпкерлерге лицензиялық шарт беру арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар авторлар шығармаларын насихаттап, олардың шет елдерге таралуына ат салысады. ## Сілтемелер * Бразилия * Швейцария * Ресей ## Сыртқы сілтемелер Қазақстан Авторлары Қоғамы ## Дереккөздер ## Толықтыру ## Қазақстан Авторлары Қоғамы Қазақстан Авторлары Қоғамы(ҚазАҚ) – авторлық құқықты қорғаумен айналысатын респ. қоғамдық бірлестік. 1996 жылы қабылданған «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына орай 1997 жылы 10 қыркүйекте құрылған. Ақын, драматург, композитор, суретші, ғалым, т.б. авторлардан тұратын 700-ге жуық мүшесі бар. Сонымен қатар авторлардың мұрагерлері де қоғам мүшесі болып саналады. Мүшелікке келісімшарт негізінде қабылданады. Қазақстан авторлары қоғамы еліміздің авторлары мен олардың мұрагерлерінің құқығын Қазақстан Республикасы аумағында және дүние жүзі көлемінде қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамның облыс орталықтары және ірі қалаларда 18 бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Қазақстан Авторлары Қоғамы шетел авторлары құқығының Қазақстан аумағында сақталуын қадағалайды. Соған орай қоғам 1999 жылдың 1 желтоқсанында халықаралық ұйым СИЗАК-тың (Авторлар мен композиторлардың халықаралық конфедерациясының) мүшесі болып тіркелді. Қоғам әлемнің 30-дан астам өзі іспеттес ұйымдарымен екі жақты келісімшарт негізінде тікелей байланыс жасайды, олардың ішінде РАО (Ресей), АСКАП, ВМІ (АҚШ), CASEM (Франция), SACM (Мексика), SBAT (Бразилия), SUІSA (Швейцария), т.б. танымал ұйымдар бар. Қоғам авторлар құқығын қорғау ісін санаткерлік меншік нысандарын (туындыларды) пайдаланушы ұйымдар мен кәсіпорындарға, жекелеген кәсіпкерлерге лицензиялық шарт беру арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар авторлар шығармаларын насихаттап, олардың шет елдерге таралуына ат салысады. ## Сілтемелер * Бразилия * Швейцария * Ресей ## Сыртқы сілтемелер Қазақстан Авторлары Қоғамы ## Дереккөздер ## Толықтыру
Қазақойл– Қазақстанның мұнай-газ өндіруші кәсіпорны. 1997 жылы наурызда құрылған. Өндірістік тізбектің барлық сатыларында: кеніштерді барлаудан және мұнай-газ өндіруден бастап, ұқсатуға, түпкілікті өнімнің маркетингіне дейін мұнай операцияларын жүргізу; көмірсутектерді барлауды, өндіруді, тасымалдауды, ұқсатуды жүзеге асыратын бірлескен жобаларда мемлекеттің мүддесін қолдау және осындай жаңа жобаларды дайындап іске асыру мақсатын көздейді. Мұнай-газ кешенінен түсетін барлық салықтың 25%-дан астамы және экспорттық түсімнің 14%-ы “Қазақойлдың” үлесінде болды (2001). Компания дүние жүзінің жетекші мұнай-газ компанияларымен тығыз серіктестік қатынас орнатты. Ұлттық компанияның қарамағында мұнай өндіретін екі еншілес кәсіпорын – “Өзенмұнайгаз” және “Қазақойл-Ембі” ашық акционерлік қоғамдары жұмыс істеді. Олар 2001 жылы тиісінше 4,0 және 2,35 млн. т мұнай өндірді. Компания “Арман”, “Қазақтүрікмұнай”, “Қазақойл-Тельф” және “Матин”, бірлескен кәсіпорындарында жиыны 1 млн. т мұнай өндірді. Мұнай ұқсату секторында ішкі рынокты мұнай өнімдерімен молықтыру мәселесін шешуге үлес қосты. 2000 жылы еншілес Атырау мұнай айыру зауытында 2,2 млн. т мұнай ұқсатылды, оның 80%-дан астамы “Қазақойлдың” меншікті қорларынан жеткізілді. Маркетинг аясында компания еншілес кәсіпорын – “Казахойл-Продактс” ЖШС-н құрды, ол мұнай және мұнай өнімдерін өткізумен, Қазақстан аумағында фирмалық авто- және газ құю станцияларының желісін құрумен айналысады. Қазақстанның батыс аймағында және Астана қаласында осындай станциялар ашылды. Экспорттан алынған табысты ұлғайту үшін ТМД елдерінің рыноктарын игере бастады. 1999 жылдың аяғынан бастап компания Херсон мұнай айыру зауытын басқарады. Жекешелендіру тендерінің нәтижесінде зауыт акциясының 90%-ынан астамын иеленді. Компания әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, демеушілік көмек көрсетуге баса ден қойып келеді. Жаңа Өзен қаласында көп пәтерлі тұрғын үй, Теңге қыстағында перзентхана, мектеп пайдалануға берілді, Каспий теңізінің жағалауында екі тұрғын үй, мейманхана, демалыс базасы салынды. Мұнайшыларды экологиялық қолайсыз аймақтардан көшіру бағдарламасы шеңберінде Жаңа Қаратон қыстағында мектеп, сауда орталығы салынды, инженерлік коммуникация кешені бар үйлер құрылысы жүргізілді. Мұнайгаз кешенін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатымен 2002 жылы 20 ақпанда “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ көлігі” ұлттық компаниясы қосылып, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясына айналды. ## Қазақойл-Ембі “Қазақойл-Ембі” – мұнай-газ өндірісі кәсіпорны. Ембі кәсіпорындарының іске қосылу тарихы 1911 жылы Доссор кәсіпорнының құрылуынан басталады. “Ембімұнайгаз” және “Теңізмұнайгаз” ААҚ-дары бірігіп, 1999 жылы “Қазақойл-Ембі” ААҚ болып қайта құрылды. 2002 жылдан “Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорнына айналды. “Қазақойл-Ембі“ құрамындағы 21 бөлімшенің алтауы негізінен мұнай өндіретін басқармалар. Олар: “Жайықмұнай”, “Доссормұнай”, “Мақатмұнай”, “Қайнармұнай”, “Құлсарымұнай”, “Прорвамұнай” мұнай-газ өндіру басқармалары. Ал 15 бөлімше тікелей өндірісті қамтамасыз етумен айналысады. Бұған қоса ААҚ-ның 100% жарғылық қорымен 16 ЖШС құрылған. Олар өндіріске, құрылысқа, саудаға, т.б. бейімделген. Жалпы саны 11500 адам жұмыс істейді. Қоғам еншісінде 45 кен орны, физикалық-химиялық құрамында күкірттігі аз, тұтқырлығы жоғары топтағы мұнай өндірісі. 1999 жылы мұнай өндіру деңгейі 102,4%-ға жетіп, 2289,7 мың т мұнай өндірілді. Түскен пайда 4 млрд. теңге. 12 жаңа мұнай ұңғысы іске қосылды, 52 ұңғы қайта жөнделді. 2000 жылы мұнай өндіру көл. 22,91 мың тоннаға жеткізілді. Жалға алынған бұрынғы ядролық сынақ алаңы – Тайсойған өңірінде ААҚ-ның өз күшімен жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Қондыбай, Қазанғап, Уаз мұнай алаңдары ашылды. Забұрын-Мартыши мұнай құбыры (80 км) іске қосылды. Жаңа Қаратон кенті салынып, 420 орындық мектеп, тұрғын үйлер бой көтерді. ## Қазақойл-Тельф “Қазақойл-Тельф” – мұнай өндірісі кәсіпорны. 1991 жылы құрылған. Негізгі қызметі – мұнай өндіру, мұнай мен өңделген мұнай өнімдерін ішкі және сыртқы рыноктарға өткізу. 1999 жылы жалпы өнім көлемі бір миллиард теңгеден асып, салық пен бюджетке, басқа да төлем мөлшері 270 млн. теңгеге жетті. Шығыс Көкарна сияқты кен орнын игеру қолға алынды. 1999 жылы 260 млн. теңгеден аса қаржы жұмсады. Өткен жылдар ішінде Жылыой ауданының әлеуметтік саласына 25 млн. АҚШ доллары бөлінді. Бұл қаржыға 64 тұрғын үй, дүкен, инж. жүйелер мен басқа да қажетті нысандар бой көтерді. Серіктестіктің қаржысы есебінен жоғары және арнаулы техникалық оқу орындарында 40 студент оқиды, бұл мақсатқа жыл сайын 4 млн. теңге бөлінеді. ## Дереккөздер
ҚазАқпарат (ағылш. Kazinform) — қазақстандық халықаралық ақпарат агенттігі, Қазақстандағы ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Бас кеңсесі Астанада орналасқан. Негізінен ұлттық және еуразиялық жаңалықтарға назар аударады. ## Тарихы * 1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның (Ресей телеграф агенттігі) Орынбор - Торғай бөлімшесі деп аталатын қазақ жаңалықтарының алғашқы агенттігі құрылды. * 1925 жылы — ҚазРОСТА деп қайта аталды. * 1937 жылы — Қазақ телеграф агенттігі (ҚазТАГ) деген атаумен Қазақ КСР-нің Халық комиссарлар Кеңесіне берілді. * 1991 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігі Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) болып өзгертілді. * 1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 3629 Жарлығымен ҚазТАГ таратылып, орнына "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорны құрылды. * 2002 жылы – ҚазААГ базасында "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" Ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы ұйымдастырылды. * 2008 жылы – «Қазақ ақпараттық агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамына енді. * 2010 жылы – ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 қаулысымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ таратылып, холдингке кіретін компаниялар, оның ішінде «ҚазАқпарат» ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді. * 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы таратылып, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамына біріктірілді. * 2013 жылы – «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы Басқармасының шешімі негізінде 16 қазанда «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелді. * 2014 жылы 6 қаңтарда «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС өз қызметін бастады. * 2016 жылы – "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" ЖШС "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті. * 2019 жылы – «Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысымен «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі» ЖШС құрамына «Қазконтент» АҚ қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. * 2022 жылы – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамына енді. Ал агенттікпен аттас компания «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып өзгертілді. * 2023 жылы – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (ШЖҚ РМК) болып қайта құрылды. ## Басшылары Агенттікті әр жылдарда басқарған басшылар: ҚазТАГ * Аркадий Иванович Вятич-Кириллов (1937-1938, репрессияға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді) * Константин Нефёдов (1939-1940) * Жүсіп Алтайбайұлы Алтайбаев (1953-1958) * Кеңесбай Үсебайұлы Үсебаев (1959-1960) * Қасым Шәріпұлы Шәріпов (1961-1974) * Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаев (1977-1982) * Жұмағали Исмағұлов (1982-1987) * Амангелді Ахметалимұлы Ахметалимов (1987-1997) КИА/ҚазААГ * Мұрат Майханұлы Аренов (1997-2002) Казинформ/ҚазАқпарат * Ғаділбек Минажұлы Шалахметов (2003-2004) * Жанай Сейтжанұлы Омаров (2004-2006) * Дәурен Кеңесұлы Дияров (2007-2016) * Әсел Дулатқызы Төлегенова (2016-2017) * Асқар Қуанышұлы Омаров (2017-2021) * Елдос Бигелдіұлы Нашірәлі (2021-2022) «ҚР Президенті Телерадиокешені» КеАҚ * Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2022 жылдың 1 сәуірінен) «ҚР Президенті Телерадиокешені» ШЖҚ РМК * Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2023 жылдың 1 қыркүйегінен) ## Халықаралық ынтымақтастық ҚазАқпарат- АТААҰ ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі (Азия мен Тынық мұхит елдерінің Ақпараттық Ұйымдары); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары — Мемлекеттердің ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының мүшесі (МҰАҚ), түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымының (ТААҰ), ТҮРКСОЙ мәдениет және өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі. ҚазАқпарат — ИТАР-ТАСС, РИА-Новости, КАБАР, БелТА, УкрИнформ және т.б ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі. ## ҚазАқпараттың латын әліпбиі 2025 жылға дейін кириллицадан латын әліпбиіне көшу қарсаңында қазақ тілін түрік латын графикасына негізделген романизация жүйесі болды, оны 2025 жылға дейін аяқтау көзделген. Алайда оны Президент Нұрсұлтан Назарбаев ешқашан қарастырған жоқ. Президент жаңа әліпбиде «еш ілгек те, артық нүкте де болмауы керек» деп түсіндірді. Назарбаев бекіткен жаңа латын әліпбиі кирилл әліпбиіне сәйкес келетін апострофтардан тұрады, жұртшылық пен тіл мамандары тарапынан түрлі пікірлер айтылды. 2019 жылға қарай ақпарат агенттігінің сайты латынша қазақ тіліндегі нұсқасында 2018 жылғы қайта қаралған романизация жүйесін қолдана бастап, нәтижесінде түрік латын негізіндегі жүйеден бас тартты; дегенмен, Қазақша Уикипедия мен Google Translate әлі күнге дейін агенттіктің латын графикасын пайдаланады. Google Translate оны романизация үшін пайдаланады. Әлеуметтік желідегі қазақ тілі әуесқойларының «Kazak Grammar» тобы 2018 жылғы ресми жүйенің ерекшеліктерін ҚазАқпарат жүйесімен біріктіретін, әсіресе түрік тіліндегі дауысты дыбыстардың диакритикамен сақталуын біріктіретін балама романизация жүйесін ұсынды. Бірақ 2020 жылдың басында топ бағытындағы күтпеген өзгеріс болып, топ әліпбидің 2019-2020 жылдарға арналған қайта қарауын көрсететін жаңа романизация келісімдерімен бірге «Noqat» ретінде қайта құрылды. ## Дереккөздер
Қазақстан арқары (лат. Ovis ammon collium) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Сарыарқада, Қалба жотасында, Тарбағатайда, Маңырақ пен Сауыр жоталарында таралған. Құлжасының дене тұрқы 150 – 200 см (аналығы 110 – 160 см), шоқтығының биікт. 125 см-дей (аналығында – 112 см-дей), салмағы 200 кг-ға жуық (аналығы 60 – 100 кг). Құлжасының мүйізі өте мықты, бұралып иілген, қатпарланған сақиналы, аналығынікі – нәзік, қысқа, сарғыш бозғылт немесе қоңыр түсті болады. Үйірімен топталып жайылады. Жазда қатты қуаңшылық болған кезде немесе қыста қар көп жауғанда қорек іздеп алысқа қоныс аударады. Жайылуға таңертең және кешқұрым шығады, қыста кейде күндіз де жайылады. Құлжалары 2,5 жаста, аналығы 1,5 жаста жетіледі. Қазан – қараша айларында күйлеп, сәуір – мамырда аналығы жалқы қозы (кейде егіз) табады. Негізінен астық тұқымдас өсімдіктермен (сұлыбас, бидайық, бетеге, т.б.), кейде бұталардың (итмұрын, ырғай, ұшқат, т.б.) жапырағы, бұтағы және жемісімен қоректенеді. Тарбағатай, Ерейментау зоол. қорықшаларында қорғалады. Алматы және Қарағанды хайуанаттар саябағында ұсталады. Қазақстан арқары өте сирек кездесетін аң ретінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Қазақстан архитекторлар одағы– республика сәулетшілерінің ерікті шығармашылық ұйымы. 1935 жылы наурызда құрылған. Қазақстан архитекторлар одағының барлық облыстарда бөлімшелері, жобалау ин-ттарында бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Басшы органы – съезд, съездер аралығында – басқарма. Съездері 1936, 1955, 1959, 1962, 1964, 1966, 1969, 1973, 1978, 1984 жылдары өтті. Басқарма төрағалары: Т.Қ. Бәсенов (1935 – 36), Г.П. Кушнаренко (1936 – 38), М.М. Меңдіқұлов (1938 – 46, 1948 – 55), А.И. Беднягин (1946 – 48), А.А. Леппик (1955 – 59), Е.К. Дятлов (1959 – 65), Р.А. Сейдалин (1965 – 73, 1982 – 88), Ш.Ы. Уәлиханов (1973 – 82), Т.Е. Ералиев (1988 – 93), С.Ж. Шаймерденов (1993 – 96), Қ.Ж. Монтақаев (1996 – 2000), А.И. Рүстембеков (2000 жылдан президенті). Одақтың 14 мүшесіне “Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы” атағы берілген. 42 архитектор КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының, Министрлер Кеңесі сыйлығының, 2 архитектор Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. ## Дереккөздер
Қазақстан ауыл шаруашылығы– қазақ және орыс тілдерінде ай сайын шығып тұрған журнал. 1936 – 37 жылдары Колхозды Қазақстан, 1938 – 51 жылдары Қазақстанның колхоз-совхоздары, 1951 – 53 жылдары Қазақстанның социалистік мал шаруашылығы Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. деген атпен шықты. Журналда ауыл шаруашылығындағы озық тәжірибені насихаттап, өндіріске енгізу, ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, егіншілік пен бау-бақша тиімділігін арттыру, т.б. туралы материалдар жарияланды. 1990 жылдың аяғында жабылған. ## Дереккөздер
Қазақстан әйелдері – қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал. Әйелдер қауымына арналған "Азат Әйел" (1925) және "Теңдік" газеттерінен бастау алады. 1926 жылдың қаңтар айынан бастап "Әйел теңдігі" деген атпен журнал болып шыға бастады. Журнал 1935 – 1941 жылдары және 1950 – 1954 жылдары "Сталин жолы". 1955 жылдың қаңтарынан “Қазақстан әйелдері” болып шығады. Негізгі тақырыптары: отбасы берекесі мен тұрмыс мәдениетінің өзекті мәселелері, ұрпақ тәрбиесі. Таралымы – 40 мың дана (2003). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1976). ## Тарихы Теңдік – Қазақ өлкелік партия комитеті жанындағы әйелдер бөлімінің газеті. Қызылорда қ-нда 1925 ж. мамыр – шілдеде 7 саны жарық көрді. 1926 ж. қаңтардан ай сайын шығатын Әйел теңдігі журналына айналды. “Әйел теңдігі” — қазақ әйелдеріне арналған қоғамдық-саяси журнал. Ол бастапқы кезде, 1925 жылы. 5 мамырда өлкелік партия камитетінің жанындағы әйелдер бөлімінің газеті ретінде “Теңдік” деген атпен Орынбор қаласында шыққан. Редакторы — Соня Есова. Журналды шығару жұмысына Ш.Қожахметов, Р. Сүгіров, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов белсене қатысқан. Кей нөмірлеріне (мысалы, 1925 жылы N3) редактор ретінде Бейімбет Майлин қол қойған. Кейіннен журналға Нұржамал Сәнәлиева (1932 — 1934), Н. Арықова (1934 — 1935) басшылық етті. Мақсаты — Қазақстан автономиялы республикасы ОАК-нің 1920 жылы қабылдаған қалың малға, әмеңгерлікке, көп әйел алушылыққа тиым салу туралы декретін бұқараға түсіндіру, әйелдердің қоғамдық өмірге араласуын насихаттау болды. 7 нөмірі жарық көрген соң, 1926 жылы шілде айынан “Теңдік” газеті журналға айналып, “Әйел теңдігі” аталды. Журналдың партия тіршілігі, әдебиет, кітап сыны, өнер-білім үйрену, заң, сұрақ-жауаптар, тілшілер, т.б. бөлімдері болды. * Сайты: Қазақстан әйеледрі Мұрағатталған 27 қаңтардың 2012 жылы. ## Дереккөздер
Қазақстан баспасөзі– Қазақстан КП ОК-нің насихат және үгіт бөлімінің республиклық баспасөзі мен баспа мәселелеріне арналған басылымы. 1957 жылғы шілдеден 1959 жылдың аяғына дейін газет, 1960 жылдан 1962 жылдың соңына дейін журнал болып шығып тұрды. ## Дереккөздер
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен үлкен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады. ## Университет тарихы ### Құрылуы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты және М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі 1944 жылдың сәуір айында СОКП Орталық Комитеті бюросының қабылдаған “Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог-мамандар дайындау” туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды. Қабырғасы жаңа қаланған институттың құрамындағы физика-математика, тарих, тіл және әдебиет факультеттерінің әрқайсысына 30-дан студент қабылдауға және 2 жылдық дайындық курсын ашу, оған 60 талапкер қабылдау және олардың тамағы, киімі, кітап т.б. керек-жарағын мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы шешім шығарылды. Инсти-тутқа Гоголь көшесіндегі 119 үйді оқу ғимараты, Лесная көшесіндегі 86 үй жатақхана ретінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Алматы құрылыс тресіне оқу орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне 300 адамды жиһаз, төсек-орынмен жабдықтау тапсырылды. Институт ашылуын Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдап, ақжолтай тілектерін білдірді. ### Алғашқы құрылысы Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді. Институттың директоры болып Қ.Оспанов тағайындалды. Ал 1945 жылдың 11 қыркүйегінде институттың алғашқы ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды. Соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпашылығына қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы ректор-дың ерен еңбегін ерекше атаған жөн. ### Алғашқы оқытушылар Білім алуға келген қыздарға М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ғ.Құрманғалиев, Т.Тәжібаев, К.П.Персидский, А.Жұбанов, Ш.Батталова, О.А.Жәутіков, Н.Сауранбаев, Ә.С.Тұрсынбаев, В.А.Есенғалиева, Х.Х.Махмутов, С.Т.Толыбеков, Х.Жұманов, К.Қармысов, К.Айманов, М.Балақаев, Е.Косюхин, Ө.Байділдаев, К.Барманқұлов, И.Маманов, А.А.Федулова, Д.Т.Тұрсынов, З.Ахметов сынды көптеген көрнекті ғалымдар дәріс берді. ### Институттың толығуы Жылдар өткен сайын институтта оқытушылар құрамы ғылыми атақтары бар ұла-ғатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкін-діктері арта түсті, осылайша білім ордасының бұғанасы бекіп, ауқымы кеңейе бастады. Соғыс біткен соң республикада оқу орындары, мәдени орталықтар, кітапханалар санының өсуіне байланысты жоғары білімді мамандар керек болды да, институтта педагогикалық мамандықтарға қоса кітапханатану, ән-музыка кафедралары ашылып, кейін олар жеке факультетке айналды. Музыка факультетінің аяқтан тік тұруына белгілі композитор Б.Байқадамовтың ат-қарған еңбегі зор болды. Кафедра құрамында пианист-концертмейстер В.С.Пирогова, музыка теориясының мамандары Б.М.Жүсіпалиев, Ә.Әбдікәрімов, Қазақстан компози-торлар одағының мүшесі Ө.Бәйділдаев, Д.Б.Ботпаев, И.К.Кереев, А.Ф.Славопицкая, Ә.Бапи, З.А.Попова т.б. жұмыс істеді. 1968 жылы Е.Хасанғалиевтың ұйымдастыруымен құрылған “Айгүл” квартеті Марат Балтабаевтың басқаруымен вокальды-аспаптық ансамбль жетпісінші, сексенінші жылда-ры Бүкілодақтық жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық, Республикалық байқау-лардың жүлдегері атанды. Оның құрамында – Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова, Д.Ерғалиева, М.Жүнісова, С.Ұзақбаева, А.Арықова, Қ.Омарова, Р.Әлисова, М.Ысқақова, З.Әлібековалар өнерімен қалың жұртшылыққа ертеден-ақ танымал болды. ### Түлектерінің арасында елімізге танымал тұлғалар Аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, ҰҒА академигі осы оқу орнын 16 жыл басқарған Күләш Құнантаева, “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалінің иегері, институттың үшінші ректоры болған Ажар Ыбраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері — Халықты әлеуметтік қорғау министрі болған, Парламент Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, "Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты А.Османова, белгілі қоғам қайраткерлері Ж.Әмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина, С.Ұзақбаева, З.Жәкішева, көрнекті ақындар Ә.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі әдебиет сыншысы Ә.Бөпежанова, әншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина, Т.Асар, Г.Өмірбаева, Ұ.Белғозиевалар – университет мақтаны-шы, халықтың алдында шоқтығы биік аяулы қыздары. Институт ашыларда заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің “Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айна-лады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік” деген ақ тілегі қабыл болып, бүгінде бұл оқу орнының қоғамдағы мәртебесі биікке көтерілді. ### Қазіргі жағдайы Қыздар ғана білім алатын ЖОО-на Елбасының қамқорлығы өлшеусіз. Қазіргі таңда барлық оқу корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал күр-делі жөндеуден өтті. Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» салынды. Университет мәртебесі берілуі 2008 жылы 11 қыркүйекте Үкімет қаулысымен рәсімделді. Білім беру жүйесі Бүгінде магистратурадан 22 мамандық ашылып, қазірде 19 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық кадр дайындалуда. Сонымен қатар 12 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартын және басқа жоғары оқу орындарымен 6 мамандық бойынша оқу стандартын жасауы – біздің ғалымдардың ғылыми әлеуетінің үнемі артуының дәлелі. Соңғы бес жылда 17 ғылыми-теориялық халықаралық және республикалық конференциялар өтті.Ғылыми зерттеу жұмысы 33 кафедра, әлеуметтік және гендерлік институты, іргелі ғылыми-зерттеу орталығы, 3 дербес зертханалар арқылы жүргізіледі. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық оқу орында-рының студенттеріне арналған “Педагогика тарихы” оқулығын, «Педагогика» термино-логиялық сөздігін, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 томдық “Адам-зат ақыл-ойының қазынасы” және “Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясын”'' құрастырды. Осы факторлар білім сапасының жақсаруына тікелей әсер етуде. Университет алғаш-қылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшіп, бакалавриат-магистратура нәтижелі жұмыс жасауда. Жуырда 4 мамандық бойынша докторантура (PҺD) ашылды. Сапа Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі жасалынып, оқу үдерісіне енгізілді. Сол арқылы әр студенттің оқуға түскеннен бітіргенше оқу сапасын қадағалап отыруға болады. Егер ата-ананың интернетке шығатын мүмкіндігі болса әр кезде өз баласы туралы мәлімет алуына болады. Білім беру сапасын жоғарылату мақсатында “Сапа менеджменті” жүйесі 2004 жылдан бері университетте ресми мақұлданып, халықаралық, отандық стандарт талаптарына сәйкес білім беру нәтижелері мен білім беру сапасын жоспарлау, басқару, бағалау рәсімдерін іске асыруға қатысты ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды. Білім сапасы менеджментін енгізудегі басты мақсат - педагогикалық білім беру саласындағы озық технологияларды басшылыққа ала отырып, университеттің тиімді қызмет етуін үнемі жетілдіру арқылы студенттердің білім сапасын жоғарылату мен білім берудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Атқарылған іргелі жұмыстар барысында 2008-2009 оқу жылының басында ЖШС “ІnterCert” Сертификаттау Орталығының университеттегі жоғары кәсіби мамандар даярлаудың деңгейіне жоспарлы аудит өткізіп, нәтижесінде бакалавриат және магист-ратура бағдарламасы бойынша жоғары мамандандырылған білім беру сапасының ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандартының базалық талаптарына сай екендігін растады. Бұны аталған сертификаттау ұйымының 2008 жылдың 4 желтоқсанында университетке берген №04185 (тіркеу нөмірі №01915) Сәйкестік сертификаты дәлелдейді. Оқу үдерісін жетілдіру барысындағы үздіксіз жүргізілетін мақсатты жұмыстардың айқын нәтижесі – жыл сайын 2 курс студенттерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін мемлекетік аралық бақылауда (МАБ) жоғары көрсеткішке қол жеткізуі болып табылады. Мәселен, 2008-2009 оқу жылында МАБ нәти-жесі 92 пайызға өсіп, білім сапасының артып отырғанын аңғартты. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық Акредиттеу Орталығының басшылығымен 2006 жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан рейтингте университетіміз педагогикалық оқу орындары ішінде абыройлы екінші орынға ие болып келеді. Рухани іс-шаралар Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында “Қазақ аруы” атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халық-аралық “Бөбек” балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, “Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да біздің университет қабырғасында бастау алған. Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып есептеледі. Біздің қыздар өте өнерлі, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Спорт-тағы жетістіктеріміз қуантады. Соңғы универсиададан 89 ЖОО ішінде 7 орынға шықты. ## Университет құрылымы ### Ректор Педагогика ғылымдарының докторы,профессор Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова ## Факультеттер ### Мақсаты Дүниежүзілік білім нарығы мен бәсекелестікке қабілетті терең білімді, жоғары кәсіби деңгейдегі ұлт мамандарын, тілшілер мен әдебиетшілерді, аудармашыларды даярлауға лайықты үлес қосу. Кафедралар * Қазақ тіл білімі, * Қазақ әдебиеті, * Тіл теориясы және оқыту әдістемесі, * Орыс тілі мен әдебиеті, * Шет тілін оқыту әдістемесі, * Базалық негізгі және екінші шетел тілдері, * Практикалық шетел тілдері кафедрасы. Mамандықтар * Жоғары кәсіптік білім (бакалавриат): «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» «5В050205 – Филология» «5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» «5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» «5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі» «5В020700 - Аударма ісі» * Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура): «6М020500 - Филология: қазақ филологиясы» «6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» «6М012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» «6M011900 – Шет тілі: екі шетел тіл» * Докторантура: «6Д020500 - Филология: қазақ филологиясы» «6Д011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқу мерзімі: * Бакалавриат (4 жыл) * Магистратура (2 жыл) Профессор-оқытушылар құрамы Ғылым докторлары - 14 Ғылым кандидаттары - 38 Академ.доцент – 1 Аға оқытушылар – 49 Магистрлер – 20 Оқытушылар –28 Ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі бар ПОҚ-ы 48,6% құрайды Факультет деканы Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сатбекова Айгүл Амантайқызы27 мамыр 1967 жыл. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірді Факультет тарихы Филология факультеті университет қабырғасы қаланған 1944 жылы құрылды. 67 жылдық тарихы бар филология факультеті жоғары білімді ұлттық кадрларды даярлауға зор үлес қосып келеді. Факультет декандары * К.Барманқұлов (1944-1946жж; 1947-1951 жж.), * Г.Акабова (1946-1947жж.), * Х.У.Ишанов (1951ж; 1952-1959жж.), * Н.А.Еремина (1952ж), * Б.Искаков (1959-1967жж.), * Г.Искакова (1967-1968 жж. ), * З.Ахметов (1969-1975жж.), * С.И.Исаев (1975-1987жж.), * Қ.Түліков (1987-1988жж.), * Х.Садыков (1989-1990жж.) Бөліну кезеңі Факультет 1992 жылы қазақ филологиясы және орыс филологиясы болып екіге бөлінді. Орыс филологиясын К.Ж.Мыңжасарова (1990-1992 жж.), Б.Х.Исмағұлова (1994-2000 жж.) басқарса, қазақ филологиясына Б.Ш.Абылқасымов (1992–2000 жж.), Б.Ө.Сманов (2000-2004 жж.), А.Сәтбекова (2004-2008 жж.), Г.Ж.Пірәлиева (2008-2010) жетекшілік етті. Қазіргі уақытта факультетке п.ғ.д., профессор А.А.Сатбекова басшылық жасайды. Қайта құрылу кезеңі 2001 жылы тарих-филология факультеті болып қайта құрылған кезде 7 кафедра жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап тарих пен шетел тілдері өз алдына жеке факультет болып бөлініп шығып, таза филология факультеті деп аталды.2011 жылдың 14 қазанындағы Университет ректорының №160 бұйрығына сәйкес кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оңтайландыру мақсатында Шетел тілдері факультеті Филология факультетінің құрамына енгізілді. Оқытушы қызметін атқарған танымал ғалымдар * М.Ә.Сүлейменова, * И.Е.Маманов, * М.Балақаев, * Ж.Жулаева, * Д.Нұрқанова, * М.Дүйсебаева, * Х.Ишанов, * Қ.Құттыбаев, * Т.Р.Қордабаев, * К.Барманқұлов, * З.Ахметов, * Х.Садықов, * Б.Балапанова, * С.Нұғманова, * Б.Әбілқасымов т.б. Танымал түлектер Бұрынғы университет ректоры, профессор Ш.Беркімбаева,профессор К.Құнантаева, Еңбек ері Р.Нұртазина, Парламент депутаттары М.М.Жүйріктаева мен З.Қадырова, ғалым Ү. Субханбердина, ақын А.Бақтыгереева, ғалым, қоғам қайраткері А.Ә.Осман. Оқу-әдістемелік кабинеттер * Факультетте әр жылдары өнімді еңбек еткен әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалым академик З.Ахметов атындағы, * Әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалымА.Байтұрсынов атындағы, * Профессор С.Исаев атындағы, * Профессор Ә.Құрышжанұлы атындағы , * Профессор А.Аблақов атындағы , * әйгілі ұстаз, Еңбек ері Р.Нұртазина атындағы . Үйірмелер «Назқоңыр», «Ізденіс», «Інжу-маржан», «Үміт», «Пегас», «Жас әдіскер», «Лингва». ### Жаратылыстану факультеті Кафедралар * Химия, * Биология, * География, * Экология Профессор-оқытушылар құрамы 10 ғылым докторы, профессор, 1 профессор міндетін атқарушы, 8 ғылым кандидаттары доцент, 17 ғылым кандидаттары, доцент міндетін атқарушы,22 аға оқытушы, 25 оқытушы. Орташа жас көрсеткіші 50 жас шамасында. Mамандықтар * Бакалавриатура «5В011300-Биология» «5В060700-Биология» «5В060900-География» «5В011600-География» «5В011200-Химия» «5В060800-Экология» * Магистратура «6М060900 – география» «6М011200-химия» «6М011300-Биология» * (PhD) докторантура 6D060600-химия,6D011300-биология Факультет тарихы 1944 жылы ұйымдастырылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының құрамында алғашқы ашылған факультеттердің бірі – жаратылыстану факультеті болды. Іргесі университетпен бірге қаланып, еліміз мектептерін жарты ғасырдан аса жоғары білімді химия, биология жғне география пәні мұғалімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан іргелі факультет – жаратылыстану-география. Факультет декандары * Н.Баяндин, * Т.Т.Таубаев, * C.Д.Дүймағамбетова, * К.С.Сахибзадаев, * Р.Ғ.Хамитов, * Ғ.Б.Бірмағамбетов, * М.Ғ.Тартенова, * А.Ү.Үмбеталина, * Б.Ю.Юсупов, * Ж.Ж.Қожантаева Факультеттің аса көрнекті ұстаздары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Н.Досжанов, елімізге және басқа да шет елдерге белгілі ғалымдар ҚР ҰҒА академигі Л.К.Клышев, академик М.К.Гильманов, биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж.Қожантаева. Бірігу кезеңі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы студенттер контингентінің күрт қысқарған экономикалық қиыншылық кезінде физика-математика факультетімен біріксе, 2006 жылдың тамыз айының 2-ші жұлдызындағы №100 бұйрықпен жаратылыстану факультеті «Жаратылыстану-география» факультеті болып ашылды. 2011 жылы қазанның 5 жұлдызындағы №154 бұйрығымен «Жаратылыстану-география» факультеті «Жаратылыстану» болып өзгертілді. Алғашында факультет құрамында химия және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, биология және география кафедралары болды. Бөлініп шығу кезеңі Студенттер контингентінің артуына байланысты 2007 жылы биология кафедрасының құрамынан экология кафедрасы жеке бөлініп шықты.Экология кафедрасы 2007 жылдан ашылып, жұмыс істеп келеді. ### Өнер және мәдениет факультеті Бағыты Жоғары дәрежелі кәсіби білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа менеджменті, білім берудің жаңа технологияларын қолдану, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын ғылыми және кәсіби-біліми ортаны; 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары негізінде жоғары оқу орнын басқару жүйесін, ғылыми кадрлар әлеуетін, оқу-тәрбие үдерісін және материалдық базаны қалыптастыру. Кафедралар * Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор Т.Ә.Қоңыратбай) * Музыкалық аспаптар (кафедра меңгерушісінің м.а. доцент м.а. Д.С.Жанайдарова) * Хорды дирижерлау және ән (кафедра меңгерушісі профессор М.М.Бурунчин); * Хореография (кафедра меңгерушісінің м.а. аға оқытушы Р.Б.Сабдалиева) * Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Д.О.Қарамолдаева) * Кітапханатану және библиография (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Г.И.Нұржанова); * Кәсіптік білім (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Р.А.Дәрменова) Мамандықтар * Бакалавриат: 5В010600 – «Музыкалық білім» 5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» 5В040900 – «Хореография» 5В091000 – «Кітапхана ісі» 05041800 – «Кітапханатану және библиография» 5В090600 – «Мәдени-тынығу жұмысы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» * Магистратура: • 6N0106 – «Музыкалық білім» (магистратура) • 6М012000 – «Кәсіптік білім» (магистратура) Факультет тарихы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ең жетекші факультеттерінің бірі.Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетінде 1961-1962 оқу жылында музыкалық бөлім болып ашылып, 1967-1968 оқу жылы өз алдына жеке факультет болып құрылды. Бұл - музыка мамандығы бойынша мектеп мұғалімдерін дайындайтын тұңғыш ұйымдастырылған бірден-бір факультет болатын. Факультеттің ашылуына және оған білікті мамандар жинап ұйымдастыру ісіне ат салысқан белгілі композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов. Факультет декандары * Искакова Бәкібала, * Байділдаев Өмірбек, * Ботбаев Дүнгенбай, * Балтабаев Марат, * Есназаров Өмірзақ, * Жуйкова Людмила, * Меңдіаяқова Қуанышкүл, * Тульков Қансейіт, * Амирова Әмина, * Бекмұхамедов Бекен, * Момбек Әлия. Факультет өзгерістері 1991 жылы факультетте 13.00.02-оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі музыка) мамандығы бойынша аспирантура ашылды. 2001 жылы факультет 050106-музыкалық білім мамандығы бойынша Республикада тұңғыш болып кредиттік оқыту жүйесіне көшті, еліміздегі 15 ЖОО-да қолданылып отырған жаңа стандарттар, типтік бағдарламаларды құрастырды. 2002 жылы магистратура бойынша лицензияға ие болды. 2009 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде тұңғыш рет І Республикалық “Үздік музыка мұғалімі” конкурс-фестивалі өткізілді, оған ЖОО-ы студенттері мен профессор-оқытушы құрамы қатысты. Қазіргі уақытта бұл конкурс-фестиваль Қазақстанның басқа ЖОО-да жалғасын тауып келеді. ### Әлеуметтік - гуманитарлық факультеті Факультетінің миссиясы Үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу, ойластырылған әлеуметтік саясатты жүзеге асыру негізінде ғылымның, білім берудің және инновацияның тығыз байланысқан түрдегі жаһандану ұстанымы негізінде жоғары біліктілікті кадрларды дайындауды жүргізетін заманауи ғылыми-білім беру ортаны қалыптастыру. Стратегиялық мақсаты «Факультеттің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары» жоғары білім беру жүйесіндегі кешенді өзара байланысқан бағыттарды қамти отырып, жоғары оқу орнын басқару жүйесі, кадрлық потенциал, білім беру үрдісі, ғылыми қызмет, тәрбие үрдісі, ақпаратты-коммуникациялық жүйелер және материалдық база қалыптастыру.Факультеттің стратегиялық бағытары мынадай: * инновациялық технологиялар негізінде білім беру жүйесін және ғылыми зерттеулерді модернизациялау арқылы экономикалық кеңістікте Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру; * әрбір студентке оқытудың мазмұнын, түрін және әдістерін таңдауда барынша мүмкіндіктерді беру арқылы білім берудің еуропалық стандарттарын ендіру; * ғылымның, жоғары технологиялардың және экономикадағы инновациялық сектордың басым бағыттарына бет-бұрыс жасау; * ақпараттық айқындылықтың жоғары дәрежелілігі және халықаралық білім беру кеңістігіне және ғылыми зерттеулерге жаһандану; * университетте ерекше интеллектуальды ортаны, инновациялық бөлімдермен инфрақұрылымды құрайтын арнайы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін қалыптастыру; * еліміздің барлық кеңістігінде алдыңғы қатарда болуға ұмтылу, сондай-ақ әлемдік және білім беру кеңестігінде университеттің мақұлдануын және имиджінің жақсаруына қол жеткізу. Факультет мақсаты Жоғары біліктілікті, алдыңғы қатарлы білімдерді жинақтай білетін, креативті ойлау қабілеті бар кадрларды дайындау үшін факультет базасы негізінде бірегей ғылыми-білім беру және инновациялық кешен ретіндегі инновациялық университетке айналу, еліміздің инновациялық экономикасы үшін үнемі өзін-өзі жетілдіру және интеллектуальды капиталды жинақтап көбейту. Оқыту жүйесін модернизациялау арқылы қойылатын мүдде – жоғары кәсіби және интеллектуалды деңгейдегі мамандарды дайындаумен қажеттілігі артып жатқан еңбек нарығын қанағаттандыру. Кафедралар * «Дүниежүзі тарихы»; * «Құқық және басқару негіздері»; * «Қазақстан тарихы»; * «Экономика, есеп және туризм» * «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер». Мамандықтар * Бакалавриат: 5В011400 – Тарих 5В011500 – Құқық және экономика негіздері 5В020300 – Тарих 5В050100 – Әлеуметтану 5В050600 – Экономика 5В050700 – Менеджмент 5В050800 – Есеп және аудит 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару 5В090200 – Туризм 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс * Магистратура: 6М020300 – Тарих 6М050100 – Әлеуметтану 6М090500 – Әлеуметтік жұмыс * Оқу мерзімі: Орта біліммен – 4 жыл (кїндізгі) Орта біліммен – 5 жыл (сырттай) Орта кәсіптік біліммен – 3 жыл Жоғары кәсіби біліммен – 2 жыл Оқытушылар құрамы Факультетте 9 ғылым докторы, 35 ғылым кандидатын, профессор қызмет атқарады. ### Физика-математика факультеті Кафедралар * Физика * Математика * Информатика және қолданбалы математика * Ақпараттық жүйелерді оқыту Мамандықтар 5В010900 - Математика 5В011000 - Физика 5В011100 - Информатика 5В060200 - Информатика 5В070300 - Ақпараттық жүйелерді оқыту * Магистратура 6М010900 - Математика 6М011000 - Физика 6М011100 - Информатика 6М060200 - Информатика * Оқу мерзімі: Орта біліммен – 4 жыл (күндізгі) Орта кәсіптік біліммен– 3 жыл Жоғары кәсіби біліммен–2 жыл Профессор-оқытушылар құрамы Факультетте барлығы 86 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Оның ішінде тәжірибесі мол 11 - ғылым докторы, 26 - ғылым кандидаты, доценттер, 22 - аға оқытушы, 27 - оқытушылар. ### Педагогика-психология факультеті Кафедралар * Мектепке дейінгі және бастауыш білім: * Теориялық және практикалық психология: * Дене тәрбиесі және валеология: * Арнайы және әлеуметтік педагогика: * Жалпы педагогика. Мамандықтар * Бакалавриатура 5В010100 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” 5В010200 - “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” 5В010300 - “Педагогика және психология” 5В050300 - “Психология” 5В010800 – “Денешынықтыру және спорт” 5В010500 – “Дефектология” 5В012300 - “Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану” * Магистратура 6М0101 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” 6М0503 - “Психология” 6М0105 – «Дефектология» 6М0103 - “Педагогика және психология” ## Дереккөздер
Қазақстаналюминий– Қазақстанның ірі түсті металлургия кәсіпорны. ## Тарихы 1996 жылы 9 наурызда құрылған. Құрамына "Павлодар алюминий зауыты", "Торғай боксит кен басқармасы", "Краснооктябрск кен басқармасы" және "Керегетас кен акционерлік қоғамы" кіреді. Өндіретін негізгі өнімдері: алюминий оксиді (глинозем), металдық галлий, боксит кентасы, отқа төзімді қыш, әктас, электр және жылу энергиясы. Глинозем өндірісінің жобалық қуаты – жылына 1,05 млн. т. Өнім негізінен Ресейдің Батыс және Шығыс Сібірінде орналасқан алюминий зауыттарына жөнелтіледі. Галлий алыс шет елдерге шығарылады. ## Құрамына кіретін зауыттар мен басқармалар “Павлодар алюминий зауыты” – Қазақстанның төмен сапалы бокситінен глинозем шығаруға бағытталған. 1963 жылы қорыту-механикалық цехы іске қосылды. 1964 жылы тұңғыш алюминий оксиді алынды. Осы жылы зауыттың алғашқы кезегі, 1967 жылы екінші және үшінші, 1968 жылы төртінші, 1969 жылы бесінші кезектер пайдалануға берілді. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 1,3 млн. тоннадан астам. 1976 жылы Г-0, Г-00 глиноземіне сапа белгісі берілді. Осы жылы сирек металдар цехының құрылысы басталып, төрт жылдан кейін жоғары жиіліктегі галлий өндіруді игерді. 1981 жылы 99,997 таңбалы галлийге Мемлекеттік сапа белгісі берілді. Қазіргі кезде жылына 20 т көлемінде галлий өндіріледі. Зауыттың дамуындағы маңызды кезең – тиімділігі жоғары автоматтандырылған технологиялық кешендерді және алюминий оксиді мен ілеспе өнімдер алудың технологялық процестерін басқару жүйесін енгізу. Зауыт бұған 1982 жылы қол жеткізді. Осы жылы жоғары кремнийлі бокситті өңдеуге көшу үшін қайта құрыла бастады. 1985 жылы зауытта ірі қарамды жабдық пен металл конструкцияларының пісірілген қосылыстарын жарылыспен өңдеудің жаңа технологиясы әзірленіп, енгізілді. 1999 – 2000 жылдары кәсіпорын мамандары өңдеудің әуелгі кезеңінде бокситтен бозғылт шлам мен темірлі құм шығару есебінен технологиялық жабдықтың өткізу қабілетін ұлғайтуға қол жеткізді. 2001 жылы 1,3 млн. тоннаға жуық глинозем өндірілді. 2000 жылы техникалық қайта жарақтандырудың кешенді бағдарламасы қабылданды, бұл бағдарлама бойынша 2005 жылы қарашірік өндіру көлемін 1,5 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделген. Торғай боксит кен басқармасы 1956 жылы құрылған, 1996 жылдан “Қазақстан“ ААҚ-ның құрылымдық бөлімшесі. Негізгі қызмет түрі – боксит және отқа төзімді саз өндіру. 2002 жылы 1,3 млн. тоннаға жуық боксит, 244 мың т отқа төзімді саз шығарды. Красно-октябрск боксит кен басқармасы – 1952 жылы құрылған, 1996 жылдан “Қазақстан“ ААҚ-ның құрылымдық бөлімшесі. Негізгі қызмет түрі – боксит өндіру. ## Дереккөздер
Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасының жалпы саны 5,4 миллион деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасының, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 миллион-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 миллион адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этникалық қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этникалық азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ. ## Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер ### Негізгі себептері * XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ соғыстары * Қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы XVIII – XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары * Патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің аграрлық саясаты * Орталық Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы * Елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы * Ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясаты Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың Қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі * II-дүниежүзілік соғыс * Экономикалық себеп:Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі1960 – 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоныКеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық * Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі * 1960 – 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны * Кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық * Діни себептер:Патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеге діндарлардың қажылық сапармен баруының қиындауыКеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуыДін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы. * Патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеге діндарлардың қажылық сапармен баруының қиындауы * Кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы * Дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы. ### Көші-қон салдары Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “Ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солтүстік шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қазақтардың әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. 1916 – 1921 жырдары алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 – 1934) 1,9 миллион. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солтүстігінде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, Қазақстанмен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды. ## Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады. Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті. ### Ресей Болжам мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310 000 этникалық қазақ тұрады, олардың 70%-дайы ауылды жерде тұрады. Біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас 12 субъектілерінде жинақы тұрып жатыр. Бұл - Алтай өлкесі, Астархан, Орынбор, Самар, Қорған, Шелебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Сант-Петерборда, Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір сүруде. 1999 жылдың басында Ресей Федерациясының өңірлерінде тұрып жатқан қазақтар туралы мынандай мәліметтер болды: Алтай Республикасы 1989 жылғы мәліметтер бойынша Таулы Алтай автономиялық облысының Көшағаш ауданында халықтың 39,6% – төлеңгіттер мен алтайлықтар, 54,4 % (9 000 адамдай) – қазақтар. 1989 жылы ауданда 8 200 қазақ және 7 013 төлеңгіттер (алтайлықтар) болған; 1993 жылы – тиісінше 6 377 және 7 264 адам. Соңғы жылдары көшіп келу азайды, кері процесс байқалды. 1995 жылы аудан халқы 15 748 адам болса, соның 7 999 қазақ, 7 555 төлеңгіт (алтайлық). Дамудың қазіргі кезеңінде қазақ диаспорасына жалпы екі процесс тән: этникалық сәйкестілікті сақтау және Қазақстанға оралу. Этникалық өзін-өзі тану деңгейінің көрсеткіші ретінде қазақтардың басым бөлігінің өздерінің шыққан тектерін, немесе рулық топтарын білуін, өзінің тарихи салт-дәстүрлерін білуін бөліп қарауға болады. Мысалға, Көшағаш ауданының қазақтары бұл мәселеге хабардар екендігін атап өтеді, қазақ этностарының жүзге бөлінетінін жадында сақтаған. Көшағаш ауданындағы қазақтардың негізгі бөлігі өздерін орта жүзге жатқызады – 48%, ал 2% - ұлы жүзге және 1% - кіші жүзге жатады, қалғандары өздерінің рулары туралы жауап беруге қиналады. Алтай қазақтары өз салт-дәстүрлерін тұрмыстық, материалдық мәдениет деңгейінде сақтайды. Көшағаш ауданының қазіргі тұрмысы салт-дәстүр ерекшеліктерінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Ұлттық аспаптар көбінесе отбасылық тұрмыста қолданылады – қазақтардың 70%-дан астамы ұлттық аспаптарды пайдаланатынын айтады, шамамен сонша адам ұлттық кием киеді. Сол сияқты ұлттық тұрғын үй нысаны - киіз үйлер де кең тараған. Алтайдағы қазақ халқының арасында нуклеарлық отбасылар басым. Туыстардың екі ұрпағы бірге өмір сүретін отбасылардың саны Көшағаш ауданындағы алтайлықтарда да, қазақтар да бірдей. Үш ұрпақтан тұратын отбасылардың түрлері қазақ этносының арасында анағұрлым сирек кездеседі. Төртұрпақты отбасылар да кездеседі, алайда қазақ халқында олардың саны шамалы ғана – бар-жоғы бір пайыз. Отбасылық рөлді ұстау бұрынығыдан қатаңдау бола бастады. Отбасындағы адамдардың мінез-құлқы туралы дәстүрлі түсінік жаңа нормалар мен құндылықтар жағына қарай ауыса бастады. Әдетте қазіргі отбасыларда «ерлердің» және «әйелдердің» ісі деп нақты бөліп қарау аңғарылмайды. Бірақ Көшағаш ауданындағы қазақ отбасыларының өмірінде дәстүрлік сипаттар бар, мысалға отбасындағы ерлердің бас болуы туралы ұғымның сақталуы. Этникалық сәйкестілікті сақталуына халықтың метистену деңгейінің төмендігі де жағдай жасауды. Алтай қазақтарының арасында этникааралық некелер тарамаған. Некелердің көбі бір ұлт адамдары ішінде жасалады. Этникалық біртекті некеде 76% қазақтар тұрады. Халқының 9% қазақтар құрайтын Усть-Канск ауданында ұлтаралық некелер санының арту үрдісі басым: қазақтардың 40% өзге ұлт өкілдерімен некеде тұрады (23% - орыстармен және 17 % - алтайлықтармен). Алтай қазақтарының тағы бір ерекшелігі – діни фактор. Алтайлықтар «лауазымды» этнос мәртебесін алған, ал әлеуметтік инфрақұрылымда көшбасында тұрған қазақтар этникалық азшылық рөліне түсіп қалған қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау нысанына айналған діни фактор ерекше маңызға ие боп отыр. Ислам әлемімен (Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия мұсылмандарымен) байланыс орнауына орай соңғы жылдардағы ауданның қарқынды «исламдануы» тек діни ғана емес, этникалық сананы да өзекті етіп отыр және Алтай Республикасы қазақтарының бірігуіне жағдай жасайды. Көшағаш ауданының этно-локалды топтары бабаларының діни ұғымдарын көзінің қарашығындай сақтауды. Аудан халқының басым бөлігі өздерін дінге сенетіндер деп санайды. Алтай мемлекеттілігінің шеңберінде Алтай Республикасының басқа халықтары сияқты қазақтар да мәдени және тілдік егемендігін алды. Республиканың заңнамалық актілері алтай және орыс тілдерін мемлекеттік тіл деп жариялады және қазақ тілін қазақтардың жинақы тұратын жерлерінде ресми деңгейде пайдалануға болады деп көрсетті. Қазақтардың 90%-дан астамы өз тілін ана тілі санайды және отбасында қазақ тілінде сөйлесіп, оны жақсы білетіндігін көрсетеді. Басқа этникалық топтармен өзара әрекеттестік жағдайында алтай қазақтары орыс тілін ғана емес, алтай тілін де меңгеріп, ол тілде көп жағдайда еркін сөйлейді. Көшағаш ауданындағы нақты полилингвизм әкімшілік-саяси факторлармен және күнделікті өмір қажеттіліктерімен, білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен негізделген. Алтайда көптеген онжылдықтар бойы білім беру тілі орыс тілі болып келді. Ұлттық білім беруді дамыту жөніндегі эксперименттің басталуымен ауданның көптеген мектептерінде (олардың арасында үш бастауыш, он орта, бір орталау мектеп бар) 1-4 сыныптарда ана тілінде (кенттің этникалық көпшілігінің тілінде) оқыту, 5-11 сыныптарда – ана тілі курсын сақтай отырып орыс тілінде оқыту енгізілген. Аудан әкімшілігі ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамытуға жағдай жасауда. Оның жәрдемімен Көшағашта Қазақ мәдениетінің орталығы құрылды. Алтай қазақтарының өзіндік ерекшеліктерін сақтаудың басқа да шаралары жасалып жатыр. 2001 жылы Көшағаш ауданының Жаңаауыл кентінде Ресей қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин өз үндеулерін жолдады. Құрылтайда басқа мәселелермен бірге қазақ тіліндегі жергілікті телевидение, баспасөз және радионы дамыту жоспарлары талқыланды. Іс жүзінде барлық қазақотбасыларының (95%) өз үй шаруашылығы бар, олар ет мен сүт өндірісінде жетекгі рөл атқарады. ### Өзбекстан Өзбекстан Республикасы Статистика орталығының ресми мәліметтері қазақтардың санын өте төмендетіп, 1 миллион.-ға дейін жеткізіп отыр. Алайда қазақтардың саны 1 миллион. 660 мың адам деп сеніммен айтуға болады, бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бірін құрайды. Олардың Өзбекстандағы жинақы тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы, Ташкент, Навои, Жызақ, Сырдария және Бухара облыстары. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапына азаматтық алудың оңайлатылған тәртібі туралы келісім жасауды ұсынған болатын. Алайда Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі қолданылып жүрген ішкі заңдарына сілтеме жасай отырып оны кейінге қалдыруды ұсынып, оны қараудан бас тартты. «ҚР Азаматтығы туралы» Заңға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін бұл мәселе шешілді. Мамандардың болжамы бойынша Отанына оралғысы келетін обасылар саны таяу жылдарда күрт өсіп, көшіп шығу жаппай бұқаралық сипат алуы мүмкінМектептерде қазақ тіліндегі оқу құралдарының жетіспеуіне байланысты 2002 жылы Елшілік ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ӨР Халыққа білім беру министрлігіне 5 миллион теңгенің оқулықтарын берді. 2005 жылы алыс және жақын шетелдегі, соның ішінде Өзбікстан, қазақ диаспорасының балалры үшін 5 сынып үшін 18 699 дана, 9-сынып үшін 19 300 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кекшн жіберілді. Өзбекстанның білім беру министрлігі қазақ мектептеріне арналған оқулықтар шығаруды ұйымдастырды, алайда оқулықтардың жетіспеуінен және өзбек мектептерінің латын әліпбиіне көшуінен қазақ мектептері қысқарып жатыр. Көрші Өзбекстанда тұратын қазақтардың проблемалары аз емес, бұл ана тілінде білім алумен байланысты проблемалар, ана тіліндегі мерзімді баспасөздерге жазылуға шектеу қою, мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы проблемалар, әдеуметтік-экономикалық проблемалар. Өзбекстанның аудандары мен қалаларында Қазақстан телевидениесінің хабарлары біртіндеп экраннан түсіп қалуда. Білім беру жүйесінде де өз қиындықтары бар, қазақ тіліндегі оқулықтар жетіспейді, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны жыл өткен сайын қысқарып келеді, Өзбекстанның жалпы білім беретін мекемелері латын графикасына көшуі білім алуға қосымша қиындықтар туғызады. Диаспораның 60%-дайы ауыл тұрғындары. Олар мақта мен күріш егеді, мал шаруашылығымен, соның ішінде қаракөл қойын өсірумен айналысады. Қалалықтар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа да материалдық емес салаларда жұмыс істейді. Этникалық қазақтардың мемлекеттік билік органдарындағы өкілділігі лауазымды ұлтпен салыстырғанда өте төмен. Республиканың қазақтар тығыз орналасқан өңірлері – Қарақалпақстанда, Ташкент, Навои облыстарында диаспора өкілі басшылардың саны соңғы жылдары елеулі қысқарды. Оларды басшы орындардан, жалақысы жоғары немесе беделді лауазымдардан босатып жатыр. Қазақ диаспорасы бұларды өздерінің әлеуметтік, саяси құқықтарының бұрмалануы деп қабылдайды, сондай-ақ биліктегілердің мұндай әрекеттері республикадағы, әсіресе қазақтар жинақы тұратын жерлердегі әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін. Тұрмыстық деңгейдегі этникааралық жанжалдар санының артуы осының жанама дәлелі бола алады. Диаспораның әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, оның материалдық жағдайының нашарлауы, тіршілік етудің көптеген салаларындағы кепілді құқықтардың жоқтығы – ауыр тиетін процесс, алайда оны республикадағы қазақ халқын ғана шеттету деп қарамау керек. Бұл объективті процесс, өтпелі кезеңмен байланысты және ұлтына қарамастан елдің барша халқын қамтиды. Әлеуметтік мәртебесінің төмендегеніне қарамастан қазақ этносының жоғары бейімделу мүмкіндіктері оған жаңа жағдайда да қоғамдағы өзінің орнын табуға көмектеседі. ### Кырғызстан Соңғы халық санағына (1999 жылғы сәуір) сәйкес мұндағы этникалық қазақтардың саны 42 657 адам. 2004 жылдың басында қазақ халқының саны 65 мың шамасында. Анағұрлым жинақы орналасқан жерлері Шу облысы (17 510 адам), Бішкек қаласы (12 064 адам), Ыстықкөл (6979 адам), Талас (3604 адам), Жалал-Абад (1 130 адам), Ош (1200 адам), Нарын (394 адам) және Баткент (376 адам) облыстары. Білім деңгейі: жоғары білімі барлар – 4 234 адам, аяқталмаған жоғары - 678, орта-арнаулы – 4 346, орта – 13 366, қалғандарында – бастауыш білім. Қазақтардың ішінде 47 ғылым кандидаты, 8 ғылым докторы бар. Жалпы алғанда Қырғызстандағы біздің отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мақтанарлықтай емес. Қазақтардың бір бөлігі аралас некеден туған, ассимилияция қаупін туғызады. 1999 жылғы ұлттық халық санағы мәліметтеріне сәйкес 42 657 қазақтың 7546-сы ана тілін қырғыз тілі деп, 2449 – орыс тілі, 95 - өзбек тілі деп көрсеткен. Мұның себептерінің бірі қазақ диаспорасы жинақы тұратын аудандарда қазақ орта мектептері мен балалар мекемелері жоқ деуге болады, ана тілінде теле- және радио бағдарламар таратылмайды. ### Түрікменстан 1995 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша Түркменстанда 86 987 қазақ тұрады (елдегі халықтың жалпы санының 4%). Олар Дашогуз (33 000 адам), Балкан (22 000 адам), сондай-ақ Марый және Лебап уәлайяттарында (облыстарында) жинақы қоныстанған және негізінен мал шаруашылығымен айналысады, тамақ және мұнайөңдеу салалары мен әлеуметтік салада жұмыс істейді. Біздің елшілігіміздің мәліметтері бойынша 2003 жылы мұнда 110 000 қазақ тұрған. ҚР Елшілігі Түркменстандағы қазақ мектептерінің директорларына 16 000 оқулықтар мен оқу құралдарын тапсырды. Соңғы уақыттарда көшіп келген қазақтардың азаматтығын ауыстыру мәселесі ерекше өткір болғандықтан, сондай-ақ бұл процедураның ұзақтығы мен қымбаттығына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түркмен тарапына Азаматтықты оңайалатып алу мен тоқтату туралы Келісімнің жобасын жіберді. Алайда Түркменстанның Орталық Азия елдерінен бөлектенуіне және біздердің елдеріміздің арасындағы визалық режим енуіне байлйанысты бұл проблема әлі күнге өзінің оң шешімін таппай отыр. Осы үшін біздің отандастарымызға залал көруде, олардың Қазақстанмен гуманитарлық байланыстары шектеулі. ### Моңғолия Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Олардың ішінде Баян-Өлгей аймағында 83 776 адам, Хобда аймағында — 12 215, Ұланбатыр мен оның төңірегінде – 7 504, ал Эрдэнэт, Дархан, Бэрх және Шарыгол өнеркәсіптік аудандарында – 4 245 адам тұрады. Қазақстан Республикасы Елшілігінің нақтыланған мәліметтері бойынша Моңғолияда 126 000-нан астам қазақтар тұрады. М.Тәтімовтың мәліметі бойынша Моңғолияда 157 000 қазақ тұрады, Қазақстардың Дүниежүзілік қауымдастығының көрсеткіші едәуір төмен – 90 000 адам. Мәліметтердің алшақтығы бұл мәселені арнайы зерделеуді талап етеді. Қазақтардың 90%-нан астамы Моңғолияның батыс бөлігінде, Баян-Өлгей аймағында тұрады, ол астанадан 1600 км қашықтықта орналасқан. Баян-Өлгейдегі мал шаруашылығының салыстырмалы қарқынды дамуы мен шекара маңындағы қарқынды сауда (РФ Алтай республикасы мен ҚХР ШҰАА) отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының Моңғолияның басқа аудандарымен салыстырғандағы жақсы болуына жағдай туғызды. Республикаға қазақтардың қоныс аударуы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Селісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен басталды. Барлығы 83 000 адам көшіп келді. Кейіннен 12 000-нан астам қазақ Моңғолияға кері оралды. 70 278 адам Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты. ### Қытай Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі – отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Қытайда қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 миллион адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 1949 ж. - 493 000-нан көп1979 ж. - 898 000 шамасында1982 ж. - 927 0001985 ж. - 994 0001990 ж. - 1 500 000 2005 ж. - 1 миллион. 596 мыңнан 2 миллион. 500 мыңға дейін Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай аймқтары кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАР Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ аудандарында, Ганьсу өлкесінің Ақсай-Қазақ автономиялық ауданында және аз мөлшерде Бейжіңде (Пекинде) тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай (орталығы Алтай қаласы), Іле (орталығы Құлжа қаласы,қытайша Иниң) және Тарбағатай (орталығы Шәушек (орысша Чугучак, үйғырша Чочек, қытайша Тачың) қаласы) аймақтарының (округтерінің) аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық ауданы мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ автономиялық ауданының (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАР аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты еліндегі қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық ауданы және Ганьсу өлкесіндегі Ақсай-Қазақ автономиялы ауданы. Цинхай өлкесінде Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялы облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялы қазақ болыстары бар. Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% – 1962 жылдан кейін және 50% – «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда хань емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық райондағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% – жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43% ]. 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАО тұрғындарының көпшілігі Бейжің(Пекин), Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжандағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Пекиннің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады. Іле-Қазақ автономиялық облысы Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорандарда. ІҚАО астанасы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады, мұнымен қатар облысқа тағы екі аймақ кіреді: орталығы Чугучак қаласындағы Тарбағатай және орталығы Алтай қаласындағы Алтай аймақтары. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан аймақтарына қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімжіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982 жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАР юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін. ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) үәли (губернатор) басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбас» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле-Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан. ### Түркия Түркиядағы қазақ диаспорасы негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен («алтай қазақтары») көшіп барған, сондай-ақ XX ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады. Стамбул консулдық округінде алтай (3450 отбасы) және ауған (740 отбасы) қазақтары тұрады. Түркияда тұратын қазақтар жинақы орналасқан. 1972 жылы олар түрік үкіметіне өтініш жасады, сол жылы оларға Стамбулдан сатып алу және құрылыс салу үшін жер берілді. Біздің отандастарымыз бұл ауданды «Қазақкент» деп атады, қазір ол «Гюнешли» аталады, түрік тілінен аударғанда «Күн сәулелі». Стамбулда қазақтар басқа аудандарда да тұрады (мысалға, Зейтинбурну, Кучук Чекмеджи, Сафра-кой, Орнектепе), бірақ олар бірге болуға тырысады. Түркияда тұратын қазақтардың саны туралы мәліметтер де әралуан, сан айырмашылығы өте үлкен. 19 000-нан 25 000-ға дейінгі сандар аталады. Мысалға, Сайлау Батыршаұлының мәліметі бойынша Түрік Республикасындағы диаспора өкілдерінің саны 2003 жылы 19 мың адам болған. 2005 жылғы мәліметтер бойынша 25 000 адам деп көрсетілген. Қазақтардың негізгі бөлігі (2750 отбасы) Мәрмәр теңізінің жағасында, Стамбулдың “Зейтинбурну” ауданында шоғырланған, 120 отбасы – Эгей теңізінің жағасында (Измир провинциясы), 80 отбасы шамасында - Нигде провинциясында, 60 отбасы – Анкарада және басқа провинцияларда тұрады. Г.Меңдіқұлованың пікірі бойынша, көп жағдайда Түркиядағы қазақ қауымдастығы қазақ диаспорасы өкілдері үшін үлгі болды, бұл қазақтардың күш-жігерімен ғана емес, түрік үкіметінің түсіністікпен жауап қату әрекетімен де мүмкін болды, соның арқасында Шыңжаннан босқан қазақтар бұл жерден екінші Отанын тапты. 1990 жылдардағы Түркиядағы қазақ қауымдастығын зерделей отырып, 1970 жылдары қазақтардың аға буыны қалап кеткен, қазіргі кезде жемісін көріп отырған этникалық сәйкестілікті сақтау процесіндегі мынандай сәттерді атап өтуге болады. 1960 жылдары қазақтар қаланың әүрлі аудандарына қоныстанды, олардың балалары түрік мектептеріне бара бастады, бұл қазақ сәйкестілігін сақтау процесіне жәрдемдескен жоқ, керісінше қазақ жастарының бір бөлігі «түріктену» процесіне ұшырады, бұған қазақ ақсақалдары қарсы шықты. Қазақтардың «түріктену» процесін қалай да бір тоқтату үшін аға буында кейіннен қазақ бастауыш және орта мектебін ашуға болатындай бірге, бір ауданға қоныстану идеясы туды. Стамбулдың Гюнешли ауданында «Қазақкент» осылай пайда болды, оның ресми ашылуы 1973 жылғы 15 тамызда өтті. Алғашқы үйлер Отаны туралы естелік немесе ескерту ретінде «Алтай» көшесінде салынды. Түркияда 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының толқыны ретінде түрік қазақтарының «Вакиф» мәдени-ағарту қоғамы құрылды. Бұл қоғамның құрылтайшылары 10 адам болды және алғашқы төрағасы болып Токтоубай Топлу сайланды. 1988 жылғы наурыздан бастап «Вакиф» түрік қазақтары қоғамының бюллетені» шыға бастады. «Бюллетеннің» екі нөмірі ғана жарыққа шықты. Бұл «Бюллетеньдерде» этнография мен қазақ халқының тарихы бойынша материалдар, Түркия мен Батыс Еуропадағы қазақ қауымдастықтарының өмірі туралы материалдар орын алды, қазақ диаспорасынан шыққан танымал қайраткерлермен және кәсіпкерлермен сұхбаттар жарияланды. Диаспораға әлеуметтік және экономикалық көмек көрсету мәселелерімен «Түркия қазақтарының қоғамы» айналысады, оның мәртебесі ұлттық-мәдени орталыққа тең. Түркияда басқа да қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді: «Түрік қазақтарының әлеуметтік және мәдени дамуын қолдау қоры», «Қорқыт Ата қоры», «Шығыс Түркістан қоғамы» және «Ахмет Иассауи» қоры. 1991 жылдан бастап түрік қазақтары мен Қазақстан Республикасы арасында тығыз жан-жақты байланыстар дамып келеді. Түркияда тұратын қазақтар үшін соңғы кездегі маңызды оқиғалардың бірі 1997 жылғы 28-29 нурызында өткен Кіші Құрылтай болды. Сонымен қатар, Түркияның қазақ қауымдастығында сепаратизм жоқ, елдегі халықпен, үкіметпен және жергілікті әкімшілікпен қарым-қатынасы жақсы. Түркияда жоғары білім алу қымбат, сондықтан оған көптеген қазақ жастарының қолы жете бермейді. Жоғары оқу орнына түсетін қазақ жастарының өкілдері негізінен ең озат студенттердің бірі болады. Кейбір қазақтардың екі жоғары білімі бар. Қазіргі кезде 200-дей қазақтың қыздары мен ұлдары Түркиядағы жоғары оқу орындарында экономика, құрылыс, журналистика, медицина және заңгерлік мамандықтары бойынша білім алып жатыр. Алайда Түркиядағы қазақ жастарының көпшілігі өздерінің этникалық: тері өнімдерін өңдеу, тігу және сату бизнесімен шұғылданады. Түркиядағы қазақ отбасыларының көбі күрделі (бөлінбеген) және моноэтникалық болып келеді, әйтсе де басқа түркі халықтары өкілдерімен: қырым татарларымен, қырғыздармен, ұйғырлармен некелесу де онша аз емес. Қазақтың жігіттері үшін некеге тұру жасының шектелуі жоғары. Қазақтар көбінесе 30-ға толғанда, отбасын құруға және толық жауап беруге материалдық негіз қаланған кезде үйленеді. Дәстүр бойынша Түркияда отбасы үшін бар жауапкершілік ерлерге жүктелген. Жоғары білім алмаған қыздар көп жағдайда кәмелетке тола салысымен күйеуге шығып, күйеулеріне отбасылық өндірісте көмектеседі. Қазақ жастарының өкілдері Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдерінен жұмыс пен жақсы өмір іздеп өз үйлерін жиі тастап кетіп жүр және соңғы алты жылдың ішінде Қазақстанға көшіп келуге әрекет ете бастады. Түрік қазақтары тұрған елінің жағдайына көбірек бейімделген диаспора болып табылады. Түркия мәдени, діни, тілдік жағдайы анағұрлым жақын ел. Еуропада тұратын қазақ диаспорасының Түркиямен байланысты әлі күнге күшті. Шын мәнісінде еуропалық диаспора – бұл Түркия аумағынан көшіп келгендер. Бұл тұрмыста, тұлғааралық қарым-қатынастарда көрініп тұрады, қазақ диаспорасының өкілдері өз балаларына негізінен түрік есімдерін береді, салт-дәстүрлер мен мерекелер түріктердің әдет-ғұрпы бойынша өтеді. Бұл заңды да, өйткені түркі халықтарының жақындығы ежелден тығыз болды және Түркияда ұзақ өмір сүру, сөзсіз қазақтардың мәдениетіне ықпал етті. Еропалық қазақтардың Қазақстанға қарағанда Түркиямен туыстық байланысы күштірек. Олардың туыстарының көпшілігі Түркияда, Қытайда, Алтайда тұрады. Қазіргі уақытта Стамбулда Түрік қазақтарының қоры белсенді жұмыс істеуде, Стамбул қаласының муниципалитеті Қорға арнап үй-жай бөлген. Қор басшылары қазақ тілін оқып-үйренуге жағдай жасауға, Стамбул қазақтарының Қазақстан мәдениеті, өнері өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруға тырысады, Қорда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары болып қайтты. Қордың кабинеттерінде қазақтың ұлттық тұрғын-үйі – киіз үй қойылған, қазақ тұрмысының заттары, Қазақстан туралы әдебиеттер жинақталған, олар әртүрлі мерекелерде, кездесулерде, концерттерде көрсетіледі. Қордың жанында балалар би ансамблі ұйымдастырылған, ол әртүрлі концерттерге, тұсау кесер рәсімдеріне қатысады. Қордың күшімен «Арман» журналы шығып тұрады. Материал таңдауда қиындықтар бар, елдегі өмірді толық қамтып жазатын авторлар жоқ. Түрік қазақтары қазақ тіліндегі ақпараттар алуда қиындықтарға тап болуда. Қазақ диаспорасының аудан мен қала муниципалетитімен қарым-қатынасы жақсы. Қордың басшысы жергілікті өкіметтің қазақтарды ерекшелендіріп тұратын заңға мойынсұнушылықты, үлкендерді силауды, еңбекқорлықты бағалайтынын атап өтеді. Қазақтардың өз ортасында билер институтын (кішкене өзгерген түрінде) жүргізеді. Жергілікті биліктегілер басқарудың бұл жүйесін аудандық деңгейге еңгізу туралы ұсыныс жасаған. Қазақтардың арасында полицияға ұсталған, қылмыс жасалған, бұзақылық және т.б. оқиғалары жоқ. Қазақтардың экономикалық жағдайы тұрақты, жұмыс істей алады және кәсіптері бар. Жастар түрік тілінде сөйлейді, оқу орындарында түрік тілінде білім алады. Қазақ тілін үйретуді Қор өз күшімен ұйымдастырған. 2005 жылы Стамбул университетіне қазақ тілінің оқытушысы келіп, студент жастар арсында тілді оқытуды ұйымдастырды. Оқу-әдістемелік әдебиет тапшы. Әліпбилер графикасының әртүрлі болуына байланысты қиындықтар бар. Қазақстаннан келетін оқулықтар кириллицада жазылған. Тілді үйрету үшін осы графиканы білетін мамандар жоқ. Бұл жағдай Қазақстаннан келетін киррилицада жазылған оқулықтардың мәнін жоқ етуде. Қазақ диаспорасы Стамбулдағы қазақстандық елшілікпен өте тығыз байланыста. Олардың қолдауымен Наурыз мерекесі, Қазақстанның өнер шеберлерінің концерттері ұйымдастырылған. Түркияда қазақтар негізінен тері ісімен айналысады, дербес бизнестерін дамытуда. Жұмыс, салық, бәсекелестік жағдайларында қиындық көрмейді. Олардың айтуынша қазақтарды адамгершілігі мен жауапкершілігі үшін жақсы клиент және серіктес ретінде силайды. Қазақстан нарығына жұмыс істейтін кәсіпорандар бар, Алматыда 13, Шымкентте 30–ға жуық дүкендері ашылған. Алайда олар аз, сондықтан санын көбейту қажет. Түркияда тұратын қазақтар қазақ тілінің жоғалуына, Қазақстаннан келетін ақпараттардың тапшылығына, Қазақстанға көшіп барудың қиын жағдайларына алаңдаулы. Эфирде қазақ тіліндегі хабарлардың жоқтығынан қанағаттанбаушылық сезімде. Қазақ тілін білуді қолдайтын және дамытатын ақпараттық орта жоқ. Аға буын балалары мен немерелерінің болашағына қатты алаңдайды. Түркия қазақтары Отанына оралу шарттарының күрделілігіне қатты абыржулы: тіркелу (прописка), ТИБ-нан анықтама сияқты оралмандарда болмайтын құжаттарды жинуадың машақаты. Түркияда тұратын қазақтардың пікірінше, шетелдегі қазақ диаспорасы Қазақстанның халықаралық қатынастардағы позициясын күшейте алар еді, елдің оң имиджін қалыптастырудың, экономикалық байланыстарды нығайтудың көзі болалар еді. Маңызды шарттардың бірі мәдени орталық құру, оған мемлекеттің көмегі қажет. ### Еуропа елдері АҚШ пен Батыс Еуропа (негізінен ГФР, Франция, Скандинавия) елдеріндегі қазақ диаспорасы оқуға бару нәтижесінде және «еңбек» көші-қоны толқынында қалыптасқан. Қолайлы әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайы мен сіңісті ділі оларды Еуропада ұстап тұр. Басқа елдерде қазақ ұлтының өкілдері саны аздығынан жергілікті халыққа сіңіп кеткен. Тұманды Альбион жағалауындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны аз болуы 1960-1990 жылдардағы британ көші-қон саясатының құқықтық шараларының салдары болды. Ұлыбританияда қазақтар негізінен Лондон мен Редингте тұрады, бұл олардың кәсіби бағдарымен қызмет аясына байланысты. Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдері моноұлтты некені қалайды және оларға тұрып жатқан еліне өз отбасын көшіріп алып келу тән. Сондықтан, оларға этникалық түптамырын жоғалтпау және балаларын қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне жақындастыру маңызды. Ол үшін 1992 жылы Ұлыбританиядағы қазақтар қоғам құруға шешім қабылдады, өйткені 1985 жылы бұл елге Түркия мен ҚХР қазақтары оқу және жұмыс істеу үшін көшіп келе бастады. Бұл қоғамның мақсаты Ұлыбританияда тұратын қазақтардың арасында бір-бірімен байланыс орнату, сондай-ақ этникалық Отаны – Қазақстанмен жан-жақты байланысты нығайту болды. Мұндай қадамдардың бірі 1995 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары кезінде жасалды, қазақ диаспорасының өкілдерін Президент қабылдап, олармен әңгіме барысында олар өз проблемаларын талқылады. Өкінішке орай, Ұлыбританиядағы қазақ қауымдастығын ерекшелендіріп тұрған нәрсе олардың бастарының бірікпеуі, қазірге дейін ҚХР-да, Түркияда және Қазақстанда тұратын қазақтармен тығыз байланыс орнатылмаған. Қазақ қоғамы берген мәлімет бойынша Лондонда Түркиядан шыққан қазақ диаспорасының 65 өкілі тұрады. Бұған ҚХР, Қазақстаннан және басқа елдерден келген қазақтар кірмеген, олар қазақ диаспорасының санын 100-120 отбасына көбейтеді. ГФР-ға қазақтар түрік еңбек көші-қонының құрамдас бөлігі ретінде 1960-жылдардың ортасында көшіп келе бастады. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бастап Алманияда екі қазақ – түрік азаматтығы бар бұрынғы легионерлер тұрады. ГФР-да қазақтар Рура мен Рейн өнкрекәсіптік аймағындағы жұмыстан басқа қоғамдық-саяси қызметпен айналысты, соның ішінде Мюнхеньде «Азаттық» радиостанциясының қазақ редакциясында жұмыс істеді. ГФР-дағы қазақтар мына жерлерде тұрады: Мюнхеньде - 60 отбасы немесе 300 адам, Кельнде - 90 немесе 450, Гамбургте - 4 немесе 20, Батыс Берлинде - 20 немесе 100, Хайдельбергте - 1 немесе 5, Майнцте - 2 немесе 10, Майндегі Франкфуртте - 1 немесе 5. Барлығы: 178 отбасы немесе 890 қазақ. ГФР-да өскелең қазақ жастарының арасында мәдени-білім беру шараларын өткізу үшін Мюнхень мен Кельнде екі қазақ қоғамы ұйымдастырылған. ГФР-дағы бұл қоғамдардың қызметінің жанданбай тұрғанын іс жүргізу мен үйлесімді әрекет ету тәжірибесінің жоқтығымен түсіндіруге болады. ГФР-дағы қазақ диаспорасы үшін өткір мәселелердің бірі тілдік проблема болып табылады. Негізінен, қазақтар отбасында түрікше, балалары немісше сөйлеседі. Қазақстаннан қазақ тіліндегі кітаптар, газеттер мен журналдар жіберу осы проблеманы шешуде күшті қолдау болар еді. 1993 жылы Мюнхеньде «Еуропалық қазақ түріктерінің бюддетені» шыға бастады. Бірінші нөмірі түрік тілінде, ал екіншісі қазақ тілінде шықты. Бюллетеньде Түркиядағы, Германиядағы, Франциядағы, Швециядағы, Австриядағы, Ұлыбританиядағы, Швейцариядағы және Даниядағы қазақ қауымдастықтарындағы болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттар басылды, Қазақстандағы жетістіктер туралы хабарламалар жарияланды. Екі жылда (1993-1994) екі нөмірі ғана жарық көрді. ГФР-да тұратын қазақтарды олардың жоғары білім деңгейі мен әлеуметтік мәртебесі ерекшелендіреді, өйткені көшіп келген қазақтардың алғашқы буындары өз балаларына жақсы білім бере алды, қазір олар заңгер, стоматолог, инженер болып жұмыс істеуде. ГФР қазақтарының отбасылық қарым-қатынасында, мысалға, Франциядағы қазақтарға қарағанда консерватизм басым. Қалыңдықтарын Түркияда тұратын қазақ отбасыларынан әкелуге тырысады. Түрік қыздарымен жиі некелеседі және түркі емес халықтармен некеге тұрмайды. Ақпарат беруші қазақтардың мәліметтеріне сәйкес қазіргі кезде Швецияда 30-дай қазақ отбасы тұрады, негізінен Түркиядан барғандар. Олар Стокгольмде, Евелде, Вастераста, Гетеборгте тұрады. Соңғы уақыттары олардың саны осы елдің азаматтарымен некеге тұрған Қазақстаннан келген қазақтармен толығуда. ### Америка Құрама Штаттары АҚШ-қа қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көшіп бара бастады. Негізінен, АҚШ-тың қазақ халқын бірнеше топқа бөлуге болады: 1) бұрынғы КСРО азаматтары, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Алмания аумағындағы концентрациялық лагерьлерде ұсталған, одақтастар әскерлері азат еткеннен кейін және тексеруден өткен соң өздерінің өтініштері бойынша Түркияға тұруға жіберілген, сосын Түркиядан Штаттарға көшіп барған, онда қазір олардың екінші және үшінші ұрпақтары тұрып жатыр; 2) Түркиядан келген қазақтар, түрік еңбек көші-қонының құрамында келіп жұмыс тапқан, бес жыл тұрақты (ешқайда шықпай) тұрғаннан кейін АҚШ азаматы мәртебесін алған; 3) ҚХР-нан келген қазақтар, АҚШ-қа Жапония, Тайвань арқылы Тынық мұхитты кесіп өтіп, Тынық мұхит жағалауында оқуға немесе жұмыс істеуге қалып қойған, сосын елде тіршілік ету мүмкіндігіне ие болған; 4) Қазақстан Республикасынан келген қазақтар, оқуға немесе жұмыс істеуге келген; 5) АҚШ азаматтарымен этникааралық некеге тұрып, азаматтық алғандар. АҚШ мультимәдени және полиэтникалық ел ретінде көшіп-қонған қазақтарды 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1965 жылғы көші-қон заңын ырықтандырғаннан кейін тарта бастады. «Америка этникалық топтарының Гарвард Энциклопедиясына» сәйкес 1960-жылдары АҚШ-та 20 шақты қазақ отбасы болған. Бұл 20 отбасының 13-і осы елге 1960-жылдардың ортасында көшіп келіп, Нью-Йорк, Вашингтон (Колумбия округі) метрополиінде және Калифорния штатында қоныстанған бұрынғы вермахт тұтқындарының отбасы. Бұл облыстарға қоныстануды мына көрсеткіштер бойынша таңдаған: 1) жұмыс табу мүмкіндігі; 2) онда тұрып жатқан өз этникалық топтарының өкілдерінің болуы; 3) бұрынғы тұрған жеріне шамалы болса ұқсас климат жағдайы; 4) жоғары оқу орындарының болуы. АҚШ қазақтарында моноэтникалық және этникааралық некелер байқалады. Этникааралық некелер аға буынға тән. Керісінше, диаспораның екінші, үшінші буын жастары өмірлік серіктерін қазақ ортасынан табуға тырысады, бұдан этникалық сәйкестілікті сақтауға арналған стратегия айқындалады. Басқа диаспораларға қарағанда АҚШ-тағы қазақтардың саны аздығынан және америкалық қоғам тіршілігінің барлық саласына ықпал ету мүмкіндігі болмағандығынан маңызды проблемаларын бірлесе шешуге болатын өз қоғамы да жоқ. Британиядағы сияқты америкалық қазақтарға да басы бірікпеушілік тән. 1996 жылы Индиана университетінің (Блумингтон) жанынан Қазақ студенттік ассоциациясы құрылды, ол жыл сайын Наурызды тойлайды, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстырады, тақырыптық конференциялар өткізеді. АҚШ-тағы қазақ диаспорасы Қазақстан Республикасы қазақтарының АҚШ азаматтарымен жасалған этникааралық некелерінің, сондай-ақ америкалық өкіметтің Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен мамандарына осы елде тұрып, қызмет ету мүмкіндігін беруі арқасында өз қатарларын толықтырып отырады. ### Иран Қазіргі уақытта қазақ диаспорасы әртүрлі мәліметтер бойынша Гор-ган, Бендер-Туркмен және Гүлістан провинциясының Гомбад қалаларында тұратын 10-нан 15 мыңға дейінгі адамды құрайды. Ирандағы диаспора негізінен өткен ғасырдың 20-30-жылдары, КСРО-да ұжымдастыру, мал мен астық қорын тәркілеу процесі басталған кезде қалыптасқан. Олардың көпшілігі – Маңғыстау облысы аумағынан келгендер. Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдемімен 59 отбасы арнайы авиарейспен тарихи отандарына көшіп келді. ### Пәкістан мен Ауғанстан Пәкістан Ислам Республикасындағы қазақ диаспорасы Сайлау Батыршаұлының мәліметтері бойынша 1600 адамды құрайды. М.Тәтімов олардың саны 3 000 адам деп есептейді, Г.Меңдіқұлованың мәліметтері бойынша олардың саны 5 000 адам. Пәкістандағы қазақ ұлты негізінен басқыншы Кеңес армиясынан қашқан ауғандық қазақтардан тұрады. Пәкістаннан келген репатрианттар өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалғандықтан Елшілік олардың тіршілік етуіне көмектесудің барлық мүмкіндіктерін жасады. 1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі (230 адам) жіберілді. 1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген. Ауған қазақтарының көбі сауатсыз, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ.Ауғаныстан қазақтарының тарихы, этнографиясы, тілі мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі жүйелі түрде зерттелмей келеді. ## Әлем елдеріндегі қазақтардың саны * АҚШ - 1 000 * Аргентина - 500 * Аустралия - 900 * Ауғанстан - 200 * Аустрия - 700 * Беларусь - 1 068 * Бельгия - 500 * Германия - 2 000 * Израиль - 100 * Иордания - 200 * Иран - 5 000 * Канада - 7 000 * Моңғолия - 83 000 * Пакистан - 5 000 * Сауд Арабиясы - 1 000 * Сирия - 100 * Ұлыбритания - 300 * Франция - 2 000 * Швеция - 200 ## Терминдер сөздігі Босқындар – сөздің бастапқыдағы мағынасы: өз елін, жұртын қандай да бір келеңсіз жағдайға байланысты қалдырған адамдар, мысалы, соғыс, ашаршылық, жұт, стихиялық бәле және т.б. Диаспора –грек сөзінен шыққан,белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орын тебуін білдіретін ұғым. («шашыраңқы» немесе «елінен, жерінен ажыраған»). Кордон- шекара күзеті болатын жер. Конвенция – халықаралық келісім, қандай да бір арнайы мәселемен мәмілеге келу. Миграция – халықтың қоныс аударуы, қозғалысы; халықтың ел ішіндегі ішкі көші-қоны; халықтың бір елден екінші елге қозғалысы, сыртқы көші-қоны. Отан- туған ел, атамекен. Адамның туған жері: сол халықтың тарихи аумағындағы оған жағатын табиғат, халқы, тарихи даму ерекшеліктері, тілі, мәдениеті, тұрмысы және өнегелігі. Оралмандар – Қазақстан Егемендігін алмай тұрғанда өзге мемлекеттің территорясында тұрған қазақ ұлтының азаматтығы жоқ шетелдектер, енді Қазақстан жеріне тұрғылықты тұру мақсатымен келгендер. Репатриация- әскери тұтқындарды, босқындарды, эмигранттарды туған еліне қайтару. ## Түсініктемелер ## Тағы қараңыз * Қазақтар * Қазақстан * Ата жолы картасы
Qazaq radiosy — «Қазақ радиолары» ЖШС-не қарасты, Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялары арқылы таратылады. Жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлар таратылады. Республикалық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар (2003). ## Тарихы Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады. Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://qazradio.fm сайтымыз арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады. "Шалқар" деген атқа қалай ие болғаны жәйлі бір қызық тарихи дерек бар. Енді енді ашылып жатқан "Қазақ радиосы" ұжымына Қазақ педагогикалық институтын, журналистика факультетін бітірген жас маман жұмысқа кіреді. Ол жас маман біз білетін Қазақстан жазушылар одағының мүшесі жазушы Кеңесжан Шалқаров еді. "Қазақ радиосының" басшылығы жаңадан арна ашуға дайындалып жатқанда, атын қайтып және, не деп атаймыз деген сұрақпен ойланып қалыпты. Сонда, жас маман К. Шалқаров, өзінің ұсынысын білдіріпті. Ол "ШАЛҚАР" деген атқа ой білдірген. Сөйтіп, "Қазақ радиосының" басшылығы қарсы болмай, жаңадан арна ашып, сол арна әдемі және өте жарқын атқа ие болады. Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр. Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты қамтылады. Электронды БАҚ қатарында Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Радио ұжымы әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал.Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция. Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит және т.б. сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді. ## Қазақ радиосын басқарғандар * Ертай Арысов (1967-1968 жылдар) * Бек Дәулетбаев (1973-1975 жылдар) * Нияз Сыздықов (1968-1969 жылдар) * Абай Өтегенов (1975-1976 жылдар) * Изя Фидель (1969-1973 жылдар) * Кенжебек Есімов (1976-1980 жылдар) * Игорь Саввин (1980-1981 жылдар) * Қуаныш Орманов (1989-1990, 1992-1996 жылдар) * Мадрид Рысбеков (1981-1983 жылдар) * Әмірхан Меңдеке (1990-1992 жылдар) * Аркадий Исенов (1984-1989 жылдар) * Төрехан Данияр (1996-2003 жылдар) * Нұрлан Өнербаев (2003-2006 жылдар) * Жүрсін Ерман (2006-2009 жылдар) * Ғалымжан Мелдеш (2009-2011 жылдар) * Махат Садық (2011 - 2016 жылдар) Қазақ радиолары жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналғаннан кейін Қазақ радиосын басқарғандар: * Серік Сейтман (2016 - 2017 жылдар) * Нәзира Бердалы (2017 - 2019 жылдар) * Дулат Абибуллаев (2019 - 2024 жылдар) ## Қазақ радиосының ардагерлері * Мина Сейітқызы Сейітова – Қазақ радиосының ардагері. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, радиохабар тарату іcінің қайраткері, КСРО-ның құрметті радисі, еңбек ардагері. 1919 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Қазақ радиосында 1934 жылдан бастап, қызмет атқарған. «Құрмет» орденімен, «Отан соғысы кезіндегі тылдағы қызметі үшін» орденімен, «Жеңіске - 40 жыл» медалімен, ҚазССР Жоғары Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Дарынды диктор радиоға келгенге дейін медицина институтында Мәншүк Мәметовамен бірге оқыған. Оның сөйлеу шеберлігіне Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловскийлер ризашылық білгірген. Микрофон алдында 44 жыл қызмет етіп, талай дикторларға, сонымен қатар Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Мұқағали Мақатаев сынды ұлттық мәдениетіміздің марқасқаларына ұстаз болған. Оны Юиий Левитан, Елизавета Емельянова сияқты Одаққа танымал дикторлар құрмет тұтты. 1943 жылы радионын жетекші дикторынан аға дикторына ауысқан Мина Сейітқызының орнына Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев қызметке алынды. * Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев (26.3.1923, Семей — 27.10.1989, Алматы) — диктор, Қазақстанның халық әртісі (1973). Ол 1923 жылы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әкесі Нығметжан қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының досы болған. Әнуарбек Байжанбаев жастайынан қызмет етіп, баспаларда газет таратқан. 1942 жылы Алматыдағы Журналистика институтын тәмамдамастан, майданға аттанады. 1943 жылы соғыста жараланып, Алматыға қайта оралады. Алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққаннан (24.6. 1943) бастап өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, теледидарында (1958—1962) диктор, аға диктор болып қызмет атқарған. Радиода қызмет атқарып жүріп, ҚазМУ-дың Журналистика факультетін тәмамдайды. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған (1991). Қазақ радиосының «Алтын қорында» оның 400-ден астам жазбасы бар. Оның ішінде Жеңісті хабрлау туралы мәлімет – баға жетпес асыл мұра. Әнуарбек Байжанбаевтың әсерлі сөз саптауы бөріктілер дауысының эталонына айналды. Әйгілі Левитанға еліктемесе де, шебелікке деген құрмет пен сүйіспеншілік оы бәрібір «Қазақтың Левитаны» атандырды. * Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл, Қазақ КСР) — әнші. КСРО Халық әртісі (1950), Қазақ КСР Халық әртісі (1956), профессор (1983), Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1986), Қазақ радиосының ардегері, диктор. 1951 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (вокал бойынша) бітірген. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Абай партиясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, «Абай») орындаған. 1973 ж. Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған. Ол үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте жалғастырады. Жетінші сыныптан бастап П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищеде оқуын жалғастырды. 1941—1943 ж. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқыған. Вокалистер конкурсының (Будапешт, 1953) лауреаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. «Музыка» аталымы бойынша 2000 ж. «Тарлан» сыйлығын жеңіп алған. «Отан», Ленин (2 мәрте), Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдермен марапаталған. * Мұқағали Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, Қазақ радиосының ардагері, диктор. 1931 жылы 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы,1954 жылы Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі, 1957 жылы Республикалық радионың диктор қызметін атқарады; 1960-62 – «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі болып, 1963-1965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді; Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Мұқағалидің «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек» (1972 ж.), «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» (1975 ж.), «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен», «Өмір-дастан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Көптеген өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген. * Өмірбек Байділдаев (10.5.1932 жылы туған, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылы – 6.12.1997, Алматы) – композитор, Қазақ радиосының ардагері. Қазақстан Журналистер Одағының (1965), Қазақстан Композиторлар Одағының (1971) мүшесі. Құрманғазы атындағы Консерваторияны халық аспаптары мамандығы бойынша бітірген (1952). 1957 – 65 жылдары радио және теледидар комитетінде жауапты редактор, бас редактор, 1965 – 67 жылдары Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасының Алматы студиясында аға музыкалық редактор, 1967 – 97 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар институтында музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі болды. Ол 70-ке жуық лирикалық әндер мен 80-ге жуық жас өспірімдерге арналған әндер, хорлар, көптеген симфоникалық шығармалар жазды. Сондай-ақ, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеумен айналысты. Қазақ радиосы мен телеарнасына 100-ден астам «Алтын қорға» жазылған музыкалық хабар ұйымдастырды. Олардың ішінде «Әсемдік әлеміне саяхат», «Камертон», «Музыка әлемінде» деген хабарларды ерекше атап көрсетуге болады. Ө.Байділдаев жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру бағытында да көп еңбек сіңірді. Мектеп оқушыларына арнап тұңғыш рет музыкалық пәнінен оқулықтар жазды. * Жанель Асқарова (1932-2004) – Қазақ радиосының ардагері, диктор. 1932 жылы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Алматыдағы қаздар педагогикалық институтының филология факультетін 1955 жылы тәмамдаған. 1961 жылы Республикалық дикторлар конкурсына қатысып, жеңімпаз атанады. Осылайша, ол қасиетті қара шаңыраққа 1961 жылы келеді. Жоғарғы диктор дәрежесіне де қол жеткізеді. Сөз өнерінің небір саңылақтары қызмет етіп, небір таланттарды тәрбиелеп шығарған Қазақ радиосы Жанель Асқарованың шығармашылығына да үлкен жол ашқан. Қазақ радиосында көптеген хабарларды жүргізген. Бірнеше мәрте Кеңес Одағы көлеміндегі байқаудың үздігі атанған. «Ең жоғары дәрежелі диктор» деген атаққа да ие болды. * Сауық Мәсіғұтқызы Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог, доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995). * Тоқсын Құлыбеков 1951 жылы Қоянкөз ауылда туған. 1970 жылы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның актерлік бөліміне түсіп, 2 жылдан соң қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарады. Ол қазақтың Левитаны атанған Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың алдынан дәріс алып, дикторлық мамандықтың қыр-сырына қанықты. Тоқсынның орындауындағы 40-қа жуық хабар мен радиоқойылымдар бүгінде «Алтын қорда» сақтаулы. Өнердегі тұсауын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастаған талант 1985 жылдан «Тамашаның» көркін қыздырып, төрін жайлайды. ## Бағдарламалар * Мінбер * Авто шолу * Әлем астаналары * Бармысың, бауырым? * Мега жұлдыз * Ғылым kz * Дәуір дауысы * Қайырлы таң, Қазақ елі! * Ең алғаш * Нарық * Мамандық * Өркениетті өзгерткендер ## Аймақтық жиілік Қазақ радиосының хабарлары ҒМ толқындарында (Қазақстан Республикасы) ## Қазақ радиосының хоры Қазақ радиосының хоры – музыкалық ұжым. 1932 жылы қазақ радиосының (кейіннен Қазақстан Республикасы Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік к-ті) жанынан Б.Г. Ерзаковичтің басшылығымен әйелдер хоры болып ұйымдастырылған. 1934 жылдан аралас дауысты хор (әйелдер және ерлер даусы) ретінде қайта құрылып, оған Л.Хамиди жетекшілік етті. Композиторлар: Ерзакович, Хамиди, Д.Д. Мацуцин хорға лайықтап өңдеген қазақтың халық әндерін (“Харарау”, “Қарақол”, “Үридай”, “Ақ саусақ”, “Қара торғай”, т.б.) мен Абай әндерін (“Айттым сәлем қалам қас”, “Көзімнің қарасы”, т.б.) орындады. Ерзаковичтің “Айна қыз”, А.Қ.Жұбановтың “Москва”, Хамидидің “Отан”, “Қазақстан”, “Бесжылдықтың ерлері”, М.Ержановтың “Жасасын”, т.б. әндері осы хорға арналып жазылған. Қазақ радиосының хоры 1954 жылға дейін жұмыс істеді. ## Дереккөздер
Қазақстан дизайнерлер одағы – шығармашылық ұйым. Кәсіби дизайнерлер мен дизайн саласындағы мамандардың басын біріктіру мақсатында 1987 жылы құрылған. Одақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік көркем нақышының кешенді дизайн бағдарламасын дайындап, жүзеге асыру ісінде шығармашылық өндірістік кәсіпорындардың жұмыстарын үйлестіреді. Республикалық және халықаралық көрмелер ұйымдастырып, конференциялар мен симпозиумдар өткізеді. Кәсіпорындардың, өнеркәсіптік және құрылыс нысандарының фирмалық нақышын жобалау, баспа өнімдерін безендіру дизайнын, тері, жүн, киіз, керамика материалдарынан дайындалатын сувенир және қолөнер, зергерлік бұйымдардың этнодизайнын жасауды жүзеге асырады. Патенттік-лицензиялық қызмет атқарады. Қазақстан дизайнерлер одағы 235 мүшесі бар (2003). Олардың 20-сы Президент стипендиясының иегері. Одақтық Республика облыстарында 9 бөлімшесі бар. Қазақстан даму одағының алғашқы президенті Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Т.Б. Сүлейменов. ## Дереккөздер
## Қазақстанды Зерттеу Қоғамы Қазақстанды Зерттеу Қоғамы- Қазақ (қырғыз) өлкесін зерттеу қоғамы (1920–1925) – қоғамдық-ғылыми мекеме. 1920 жылы 5 қазанда ұйымдастырылған. Бастапқы кезде тарих-археология, этнография және жаратылыстану-география, кейін экономика, агрономия бөлімдері жұмыс істеді. Осы жылы Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі (1924 жылдан бөлім) мен ОГҚ-ның Алматыдағы Жетісу бөлімдері қалпына келтірілді. Бұдан кейін Қазақстан зерттеу қоғамы бөлімдері Оралда, Петропавлда, Көкшетауда ұйымдастырылды. 1921 жылы 7 ақпандағы Қазақ КСР-і ОАК-нің декреті бойынша Қазақстандағы барлық ғылыми қоғамдар Халық ағарту комиссариатының ғылыми бөліміне енгізілді. 1922 жылы жазда қоғам мүшелері комиссариаттың академиялық орталық алқасы мен Орталық өлкелік мұражай кеңесіне қосылды. Қазақстан зерттеу қоғамы облыстық және гуерниялық партия комитеттері жанындағы партия тарихы мекемелерімен бірігіп, қазақ халқының тарихын және этнографиясын зерттеді. 1921 жылы Архив бас басқармасы құрылып, тарихи құжаттарды жинастыру, өңдеу және ғылымға пайдалану ісін бастады. 20-ғасырдың 20-жылдары қоғам мүшелері КСРО ҒА мен Географиялық қоғамының археологиялық-этнографиялық экспедицияларына қатысты. 1921 жылы «Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының еңбектері» атты жинақтың бірінші, 1922 жылы екінші басылымы жарық көрді. Ә.Жангелдин басқарған Қазақ КСР-і ОАК-нің «Қызыл керуеніне» (1922) қоғам мүшесі, этнограф А.А.Четыркин қатысып, көптеген қазақ әндерін, ертегі, жұмбақтарды, ұлттық ою-өрнек үлгілерінің суреттерін жинап, ұлттық киім мен тұрмыстық заттарды мұражайға тапсырды. Қоғам мүшелері 1923 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне, 1924 жылы қазақ халқы қолөнерінің бұйымдарын Парижде өткен Бүкіләлемдік этногр. көрмеге апарды. Қазақстан зерттеу қоғамы мектеп істерін ұйымдастыруға қатысты: қазақ тілінде оқулықтар жазды, әдістемелік құралдар әзірледі, археол. карта жасады. Қоғамның «Еңбектерінде» Орынбор өлкесіндегі, Оралдағы, Еділ бойындағы, Қазақстандағы қозғалыстар туралы мақалалар мен монографиялар, зерттеулер жарияланды. А.А.Диваев пен А.Л.Мелков, А.В.Затаевичжинастырған қазақ ауыз әдебиеті мен халықтық музыка үлгілері жарыққа шықты. ОГҚ-ның Семей бөлімшесінде М.О.Әуезов, Ж.Т.Шанин және өлке зерттеушілер, В.Н. және А.Н.Белослюдовтар Қазақстанды зерттеу ісіне өз үлестерін қосты. Қоғамның әр бөлімі өз «Жазбаларын» шығарып, РКФСР-дің Жер халық комиссариаты мен Қазақ КСР-і Жер халық комиссариатының экспедицияларына қатысып отырды, мектептер мен техникумдарда өлкетану үйірмелерін құрды. 1926 жылы КСРО ҒА Одақтық және автономиялық республикалардың табиғи қорын зерттеу жөніндегі айрықша комитеті және КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедиция құрылып, статистика-экономика, антропологиялық-этнография, медицина-санитарлық, мал шаруашылығы, топырақтану-ботаника, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеулермен айналысты. Бұл экспедицияға КСРО ғылым академиясының академик А.Е.Ферсман жетекшілік етті. 1932 жылы 8 наурызда республикадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсартып, үйлестіру үшін КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды. ## Сілтемелер * көрме * А.Е.Ферсман * М.О.Әуезов * құжат ## Сыртқы сілтемелер Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер ## Толықтыру ## Қазақстанды Зерттеу Қоғамы Қазақстанды Зерттеу Қоғамы- Қазақ (қырғыз) өлкесін зерттеу қоғамы (1920–1925) – қоғамдық-ғылыми мекеме. 1920 жылы 5 қазанда ұйымдастырылған. Бастапқы кезде тарих-археология, этнография және жаратылыстану-география, кейін экономика, агрономия бөлімдері жұмыс істеді. Осы жылы Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі (1924 жылдан бөлім) мен ОГҚ-ның Алматыдағы Жетісу бөлімдері қалпына келтірілді. Бұдан кейін Қазақстан зерттеу қоғамы бөлімдері Оралда, Петропавлда, Көкшетауда ұйымдастырылды. 1921 жылы 7 ақпандағы Қазақ КСР-і ОАК-нің декреті бойынша Қазақстандағы барлық ғылыми қоғамдар Халық ағарту комиссариатының ғылыми бөліміне енгізілді. 1922 жылы жазда қоғам мүшелері комиссариаттың академиялық орталық алқасы мен Орталық өлкелік мұражай кеңесіне қосылды. Қазақстан зерттеу қоғамы облыстық және гуерниялық партия комитеттері жанындағы партия тарихы мекемелерімен бірігіп, қазақ халқының тарихын және этнографиясын зерттеді. 1921 жылы Архив бас басқармасы құрылып, тарихи құжаттарды жинастыру, өңдеу және ғылымға пайдалану ісін бастады. 20-ғасырдың 20-жылдары қоғам мүшелері КСРО ҒА мен Географиялық қоғамының археологиялық-этнографиялық экспедицияларына қатысты. 1921 жылы «Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының еңбектері» атты жинақтың бірінші, 1922 жылы екінші басылымы жарық көрді. Ә.Жангелдин басқарған Қазақ КСР-і ОАК-нің «Қызыл керуеніне» (1922) қоғам мүшесі, этнограф А.А.Четыркин қатысып, көптеген қазақ әндерін, ертегі, жұмбақтарды, ұлттық ою-өрнек үлгілерінің суреттерін жинап, ұлттық киім мен тұрмыстық заттарды мұражайға тапсырды. Қоғам мүшелері 1923 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне, 1924 жылы қазақ халқы қолөнерінің бұйымдарын Парижде өткен Бүкіләлемдік этногр. көрмеге апарды. Қазақстан зерттеу қоғамы мектеп істерін ұйымдастыруға қатысты: қазақ тілінде оқулықтар жазды, әдістемелік құралдар әзірледі, археол. карта жасады. Қоғамның «Еңбектерінде» Орынбор өлкесіндегі, Оралдағы, Еділ бойындағы, Қазақстандағы қозғалыстар туралы мақалалар мен монографиялар, зерттеулер жарияланды. А.А.Диваев пен А.Л.Мелков, А.В.Затаевичжинастырған қазақ ауыз әдебиеті мен халықтық музыка үлгілері жарыққа шықты. ОГҚ-ның Семей бөлімшесінде М.О.Әуезов, Ж.Т.Шанин және өлке зерттеушілер, В.Н. және А.Н.Белослюдовтар Қазақстанды зерттеу ісіне өз үлестерін қосты. Қоғамның әр бөлімі өз «Жазбаларын» шығарып, РКФСР-дің Жер халық комиссариаты мен Қазақ КСР-і Жер халық комиссариатының экспедицияларына қатысып отырды, мектептер мен техникумдарда өлкетану үйірмелерін құрды. 1926 жылы КСРО ҒА Одақтық және автономиялық республикалардың табиғи қорын зерттеу жөніндегі айрықша комитеті және КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедиция құрылып, статистика-экономика, антропологиялық-этнография, медицина-санитарлық, мал шаруашылығы, топырақтану-ботаника, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеулермен айналысты. Бұл экспедицияға КСРО ғылым академиясының академик А.Е.Ферсман жетекшілік етті. 1932 жылы 8 наурызда республикадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсартып, үйлестіру үшін КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды. ## Сілтемелер * көрме * А.Е.Ферсман * М.О.Әуезов * құжат ## Сыртқы сілтемелер Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер ## Толықтыру
Қазақстанды Ресейдің отарлауы — 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды (қ. Әбілқайыр). Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. Мысалы, 1822 жылы Орта жүзде, 1824 жылы Кіші жүзде хандық басқару жойылды, қарсы шыққандар күшпен талқандалды (Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы). 19 ғасырдың ортасына қарай Батыс, Солтүстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан Қоқан, Хиуа хандықтарына қарады. Олар жергілікті қазақтарға салықты үсті-үстіне көбейтті. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек сұрады. Бұған қоса осы кезде Орталық Азияны отарлау жөнінде Ресей мен Ұлыбритания елдері арасында бәсеке күшейе бастады. Үндістан арқылы Ауғанстан мен Иранға орныққан ағылшындар Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарын Ресейге айдап салып, оларға өз ықпалын жүргізуге тырысты. Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтеріліске шыққан қазақтарға көмек беруді желеу етіп Ресей өкіметі оңтүстік бағытта ел ішіне ене түсті. 1854 жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін Қазақстанды Ресейдің оарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің “Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінді. ## Дереккөздер
Қазақстан Жоғары Мектебі – халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басылымы ретінде 1995 жылдан тоқсан сайын шығып келеді. Журнал жоғары мектеп реформасын жүзеге асыру, университеттер мен институттар тарихы мен бүгінгі таңның көкейтесті мәселелері, Республиканың көрнекті ғалым, педагогтарының өмірі мен қызметі, студент – жастар тәрбиесі, өркениетті елдердің білім беру жүйесі мен озық тәжірибелері, жоғары мектеп педагогикасы мен әдістемесі тақырыптарындағы материалдарды үзбей жариялап отырады. “Ізденіс” – “Поиск” гуманитарлық және жаратылыстану сериялары мен “Ұлт тағылымы” этнопсихологиялық, этнопедагогикалық бағыттағы үш ғылыми қосымшасы ғылыми кадрлар даярлауға, еліміздің ғылыми интеллектуалдық әлуетін көтеру ісіне үлес қосып келеді. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. ## Дереккөздер
Қазақстан Жастар Одағы– қоғамдық ұйым. Жастардың мүдделерін қорғайтын дербес тәуелсіз қоғамдық бірлестік ретінде 1991 жылы 12 қазанда құрылған. Қазақстан жастар одағының басты мақсаты жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалдық әлуетті дамыту, жастардың жоғары мемлекеттік органдарда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін білдіру әрі қорғау болып табылады. Қазақстан жастар одағының негізгі міндеттері – әр түрлі білім беру бағдарламалары арқылы жастардың бастамаларын қолдау және жүзеге асыру, жастардың отаншылдық сезімін күшейту, жастарға экол. тәрбие беру, олардың демалыс уақытын ұйымдастыру. Қазақстан Жастар Одағының құрамында 14 облыс және Алматы қалалық комитеттері, ұжымдық мүшелер ретінде: Республикалық “Антиспид” жастар қоры, “Прокъюремент” ассоциациясы, т.б. кіреді. ## Қазақстан жастар одағының сыйлығы Қазақстан жастар одағының сыйлығы – әдебиет пен өнер, ғылым мен техника саласы бойынша талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында екі жылда бір рет берілетін сыйлық. 1964 ж. Қазақстан Комсомолы сыйлығы ретінде белгіленген. Сыйлықтың алғашқы лауреаттары: О.Сүлейменов (“Адамға табын, жер, енді” поэмасы мен “Ақ түндер” өлеңдер жинағы үшін, 1964); Ә.Әлімжанов (“Күнге бет алған керуен” повесі үшін, 1965). Қазақстан жастар одағының сыйлығы соңғы он жылдық ішінде журналистика, кино, қолданбалы өнер, музыка, әдебиет, ғылым мен техника саласында елеулі жетістіктерімен көзге түскен жастарға берілді. Көркемдігі жоғары туынды жазған жас қаламгерлерді қолдау мақсатында 1990 жылдан бастап беріліп келеді. Қазақстан жастар одағының сыйлығының иегерлері: * Г.Салықбаева - "Бір жұтым ауа, қызыл күн" өлеңдер жинағы үшін, * Қ.Бегманов - "Қарашық" өлеңдер жинағы үшін, * М.Қайыңбаев - "Үркердің сұлу сарысы" өлеңдер жинағы үшін, * айтыс ақыны Абаш (Кәкенов) Долдаев, * Е.Аманшаев - "Үзілген бесік жыры" пьесасы үшін, * Е.Дымов, * Т.Ахметжан, * Б.Кенжеев, * М.Тазабеков, * З.Толепова, * Ә.Алпысбай, * М.Ыбыраев. ## Дереккөздер
Қазақстан Жолдары– көлік құрылысы саласындағы ірі кәсіпорын. 1995 жылы 10 қарашада бұрынғы Автомобильдік жолдары және көлік құрылысы мин-терінің орнына құрылған “Қазақстан жолдары” мемлекеттік акционерлік компаниясының негізінде жеке меншік нысанда қайта құрылды. Компания автомобиль жолдары мен темір жолдарды, көпірлер мен жол өткелдерін, жол-құрылысы материалдарын, бұйымдары мен құрылғыларын өндірумен, жол-құрылысы техникасын жөндеуден өткізумен, жол жұмыстарына қажетті жабдықтар жасаумен айналысады. Құрамындағы 20 кәсіпорын бар. “Қазақстан жолдары” құрамындағы “Қазжолқұрылыс”, “Автосервис”, “Зеленстрой” сияқты ірі өндірістік фирмалар құрылыс-жөндеу жұмыстарын атқарады. Мысалы, “Қазжолқұрылыс” фирмасы Астана қаласындағы үкімет үйлерін салып, халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын және орталық көшелерді күрделі жөндеуден өткізді. “Автосервис” фирмасы “Астана-Петропавл” автомобиль жолын және Астана қаласындағы халықаралық әуежайға баратын жолды жөндеуден өткізді. Семей қаласындағы Ертіс өзеніне салынған көпірге І-техникалық санатқа жататын ұзындығы 7 км-лік жалғама жолды салды. ## Дереккөздер
Қазақстан Журналистер Одағы — баспасөз құралдары өкілдерінің шығармашылық ұйымы. Қазақстан журналистер одағының тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Қазақстан журналистерінің тұңғыш съезі өткізілді. Онда “Баспасөз туралы” деген тақырыпта баяндама жасап, баспасөздің міндеттерін айқындап берді. Бұл кезде орыс тілінде 16, қазақ тілінде 12, ұйғыр тілінде 1 газет шығып тұрады. Съезд баспасөз қызметкерлерінің ұйымын құрып, оның Бүкілқазақстандық Орталық бюросын сайлады, төрағалығына Т. Рысқұловты бекітті. 1959 жылы 12 – 14 қарашада өткен Қазақстан журналистерінің 1-съезінде Қазақстан журналистер одағы құрылды. 2001 жылы сәуірде қайта тіркелді. 2003 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 2 мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралдары, 44 республикалық және аймақтық телерадиокомпаниялар жұмыс істейді. Қазақстан Журналистер одағының 2500 мүшесі бар (2003). ## Басшылары * Матаев Сейтқазы Бейсенғазыұлы 2001-дан бастап * Матаев Сейтқазы Бейсенғазыұлы 2001-дан бастап * Матаев Сейтқазы Бейсенғазыұлы 2001-дан бастап ## Дереккөздер
Қазақстан даму институты - Қазақстанның тұңғыш тәуелсіз ғылыми-талдау мекемесі. 1994 ж. тамызда құрылған. Институт ғылыми зерттеулер жүргізу саласында: ҚР-ның ішкі және сыртқы саясатының, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының маңызды мәселелері бойынша мониторинг, жедел талдау және сараптамалық бағалау, ҚР-ның үлттық қауіпсіздігіне және Орталық Азияның Аймақтық мәселелеріне баға беру, қоғамдық даму мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы жобаларды жүргізу; аймақтық зерттеулер жасау; консалтингтік қызмет саласында; мақсатты саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға тұжырымдамалық-идеологиялық бағыт беру, имидж жобалар әзірлеп, жүргізу, халықаралық даму қорларының жобаларына қатысу; баспа қызметі саласында: энциклопедиялық сипаттағы басылымдар дайындап, жариялау, оқу-әдістемелік әдебиет шығару; білім беру бағытында: қоғамдық ғылымдар аясында, соның ішінде экономика саласы бойынша ас¬пирантура мен докторантура негізінде ғылыми-талдау зерттеулерін жүргізетін кадрлар даярлау бағытында жүмыстар жүргізеді.Қазақстан даму институтында 1995 жылдан "Саясат-Роlісу", ақпараттық-талдау журналы, "Евразийское сообщество: общество, политика, культура" ғылыми-теориялық журналы шығарылады. Қазақстан Даму институты – 1994 жылы құрылған, мемлекеттік емес, тәуелсіз ғылыми-сараптамалық мекеме. Институт құрылымына үш ғылыми-зерттеу орталығы, оның ішінде Экономика зерттеулер орталығына кірді. Институт құрамында 1 экономика ғылым докторы, 3 экономика ғылым кандидаты, барлығы 33 адам жұмыс істеді. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы бойынша жүргізілді. Олар республика экономикасына тартылған сыртқы қаржы түрлері мен көлеміне; нарықтық инфрақұрылымның перспективалы түрлерінің дамуына; республиканың сыртқы экон. дамуының жағдайы мен перспективаларына; республиканың экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігі мәселелеріне; аймақтағы шиеленісті жағдайларға, экономика саласындағы интеграциялық мүмкіндіктерге сараптама жасауға, т.б. бағытталған. Институт зерттеулерінің қорытындылары сараптамалық баяндамалар мен есептер, монографиялар мен брошюралар түрінде институттың редакциялық-баспа орталығында жарияланды. Сонымен қатар институттан орыс тілінде «Еуразиалық қауымдастық: қоғам, саясат, мәдениет» және «Саясат» деп аталатын ғылыми-сараптамалық екі мерзімді басылым шығады. Жарық көрген басылымдар, монографиялар мен брошюралардың жалпы саны жүзден асады. Оның ішінде «Қазақ тілі» (1999), «Қазақ әдебиеті» (2000) және «Қазақ өнері» (2002) энциклопедиялары жарық көрген. Мемлекет және құқық ин-ты 1991 жылы құрылған, 2000 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес Қазақ мемлекеттік заң академиясының ғылыми-құрылымдық бөлімі болып қайта құрылды. Құрамында мемлекет және құқық тарихы мен теориясы мәселелері, конституциялық және әкімшілік құқық, азаматтық-құқықтық ғылым, халықаралық құқық мәселелерін зерттеуге арналған 4 бөлім бар. Институт «Құқықтық мемлекет құру мен азаматтық қоғам қалыптастырудың теориялық, методологиялық және қолданбалы аспектілерін зерттеу» бағдарламасы бойынша іргелі зерттеулер жүргізетін жетекші мекеме ретінде танылған. Институт ғалымдарының ғылыми талдамалары мемлекеттік аппарат жұмыстарын жақсарту, Қазақстанның жаңа заң кодекстерімен қатар өзге де маңызды заң актілерін жасауда көп ретте базалық негіз қызметін атқарады. ## Дереккөздер
Қазақстан геологиясы– ғылыми журнал. Алғаш 1940 жылы Қазақ КСР ғылым академиясының хабаршысы (геология сериясы) деген атпен Алматы қаласында шыға бастады. Журналдың бас редакторы (1940 – 64) академик Қ.И. Сәтбаев болды.1994 жылдан бастап “Қазақстан геологиясы” аталып, Қазақстан ҰҒА мен Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау мин-нің, ал 1999 жылдан ҚР Білім және ғылым мин. мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының журналы болды. Журналда геологияның түрлі салаларына (аймақтық геология, минерология, сейсмология, гидрогеология, геофизика, т.б.) арналған ғыл. мақалалар жарық көреді. Таралымы 300 – 400 дана (2003). ## Дереккөздер
Қазақстания – орбитасы Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында жатқан жаңа астероид (шағын планета). Көлденең қимасының диаметрі 4 – 5 км шамасында. Күнді үлкен жарты осі 2,2 а. б. (немесе 330 млн км) болатын эллипстік орбитамен 3 жыл 3 ай 10 күнде толық бір рет айналып шығады. Бұл планетаны – КСРО ғылым академиясының Қырым астрофизикалық обсерваториясында ашқан (кеңес астрономы Н.С. Черных басқарған бақылау тобы) 83-жаңа кіші планета. “Қазақстания”. 1972 жылы қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні түсірілген сурет арқылы анықталды. 1975 және 1978 жылдардағы бақылаулардан кейін Халықаралық планеталар орталығы (АҚШ) бұл жаңа кіші планетаға 2178-нөмірді тұрақты түрде бекітіп, оны орбитасы зерттелген планета ретінде “Халықаралық кіші планеталар каталогына” енгізді. Халықаралық планеталар орталығы бұл хабарды 1979 жылы 1 қазанда жариялады. Планетаны алғаш ашушылардың ұйғаруымен Қазақстандағы астрономия ғылымының жетістіктері ескеріліп, бұл жаңа кіші планета “Қазақстания” деген атау берілді. ## Дереккөздер
Қазақстан Кәсіподақтарының Федерациясы(ҚКФ) – Қазақстан кәсіподақтарының ерікті бірлестігі. Кәсіподақтардың қазақ респ. кеңесінің құқықтық мирасқоры болып табылады. Қазақ КСР кәсіподақтарының 1990 ж. қазанда өткен 14-съезінде 19 облысы, 22 салалық кәсіподақ бірлестігі ҚКФ-ға құрылтайшы болып, м
Қазақстанкаспийшельф– теңіз мұнай кәсіпорны. 1993 жылы 13 ақпанда мамандандырылған мемлекеттік компания ретінде құрылған. 1996 жылдың басынан – акционерлік қоғам. “Қазақстанкаспийшельфтің” негізгі мақсаттары – Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру; осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету; теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру; экологиялық мониторинг; Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту. Бұл мақсаттарды ол “Бритиш петролиум“ және “Бритиш газ” (Ұлыбритания), “Мобил” (АҚШ) “Шелл” (Нидерланд), “Тоталь” (Франция) компанияларымен бірлесе отырып атқарады. Компанияның стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру үш кезеңге бөлінген: * Геофизикалық зерттеулер мен экологиялық мониторинг. 1994 жылдан басталып, 1997 жылы аяқталды; * Көмірсутекті іздестіру, барлау және оның қорын есептеу. 1997 жылдан басталды; * Мұнай өндіру және тасымалдау. 2001 жылдан басталды. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы көмірсутек қорларын зерттеу және игеру жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 1993 жылы желтоқсанда Халықаралық мұнай компаниялары консорциумының негізі қаланды. Консорциумның мүшелігіне “Қазақстанкаспийшельф” мемлекеттік компаниясы және жоғарыда аталған шетелдік ірі мұнай компаниялары кірді. Бұл консорциумнің штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан, Ақтау мен Атырауда бөлімшелері бар. Басқару комитетінің төрағасы Қазақстандық өкіл – “Қазақстанкаспийшельф” мемлекеттік компаниясының президенті. Консорциумның күнделікті жұмысы үшін жауапкершілік осы компанияға жүктелген. “Қазақстанкаспийшельф” пен Халықаралық консорциум 1994 – 96 жылдары көлемі 26 мың км-ден астам сейсмикалық қималардың теңіздік сейсмикалық барлау жұмыстарын орындады, бұрын алынған 4 мың км теңіздік сейсмик. қималарды қайта тексерді; “Петро-Альянс-Сервис-Компани ЛТД“ компаниясымен бірлесіп, құрамында қазіргі технологиямен және жабдықпен жарақтандырылған 26 кемесі бар “Қазгеошельф” кәсіпорнын құрды. ## Дереккөздер
Қазақстан Жазушылар Одағы — Қазақстан әдебиетші қауымын біріктіретін Республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым. 2023 жылдан бастап төрағасы — Мереке Әбдешұлы Құлкенов. ## Тарихы Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы ҚазАПП болып құрылған кезден басталады. 1925 жылы 18 маусымда РК(б)П Орталық Комитетінің «Партияның көркем едебиет саласыңдағы саясаты туралы» деп аталатын арнаулы қаулысының қабылдануына орай, сол жылғы 12 шілдеде РК(б)П-ның Қазақ Өлкелік Комитетінің секретариаты Қазақстанның пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыру жөнінде ұйғарым жасады. Құрамында С. Сейфуллин, Б. Майлин бар ұйымдастыру бюросы құрылды. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру және пролетариат жазушыларының Бүкілқазақстандық 1-конференциясын әзірлеу тапсырылды. 1926 жылы маусымда Қызылорда пролетариат жазушылары ассоциациясының бюросы құрылып, ҚазАПП-тың жарғысы қабылданды, оған мүшелер тартылды. 1932 жылы 28 сәуірдегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдеби-керкем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады, осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды, ұйымдастыру бюросының төрағалығына I.Жансүгіров тағайындалды. 1932 жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар Одағын ұйымдастырды. Қазақстан Кеңес Жазушыларының 1-съезі 1934 жылдың 12 - 18 маусым аралығында өтті. Құрамында проза, поэзия, драматургия, көркем аударма, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, публицистика мен очерк, сатира, орыс әдебиеті, неміс әдебиеті, кәріс әдебиеті, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істейді. Қазақстан Жазушылар одағы туысқан республикалардың жазушылары ұйымдарымен байланысты нығайтты; Азия, Африка жазушыларымен, мәдениет қайраткерлерімен де ынтымақтастықты күшейтті. Осының нәтижесінде 1973 жылы Азия мен Африка елдері жазушыларының 5-конференциясы Алматыда өтті . 1925 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының он шақты мүшесі болса, қазіргі уақытта 810 мүшесі бар. Қазақстанның 11 облысы мен Астана қаласында бөлімшелері жұмыс істейді. Қазақстан жазушыларының ішінен Ғабит Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері (1974), М.Әуезов Лениндік сыйлығының (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949), Ж.Жабаев (1941), Ә.Нұрпейісов (1974), Ж.Молдағалиев (1978) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. Әнуар Әлімжанов (1970), А.Шамкенов (1992) Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. ## Ресми басылымдар * "Қазақ әдебиеті" газеті (1934), * "Жұлдыз" (1928), * "Простор" (1933), * "Жалын" (1969) журналдары. ## Төрағалары ## Дереккөздер