text
stringlengths
3
252k
Мәрмәр шүрегей (лат. Marmaronetta angustirostris) — қазтәрізділерге жататын өзен үйрегі. Салмағы 400—600 г, қоразы мен мекиенінің реңі бірдей. Мәрмәр шүрегейлер кейде ағаш бұтағына қонақтайды. Жерге, кейде су жағалауындағы ағаш куысына немесе бұтақтарға ұя салады. Әдетте 7— 9 (кейде 12) жүмыртқа салады, ал балапандары 25—27 күнде қанаттанады. Тіршілігі толық зерттелмеген, қорегі суда және құрлыкта өсетін өсімдіктер. Мәрмәр шүрегей — жыл құсы. Негізгі қыстайтын жерлері Солтүстік Африка, Оңтүстік Азия аймағы. Бұрын 1930— 60 жылы Сырдария бойында жиі ұшырасқан. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996). ## Статусы 1-ші санат. Жойылып бара жатқан түр, КСРО Қызыл кітабына (1984 ж.) тіркелген. Қазақстанда 1963 жылдан 1999 жылға дейін кездеспеген. 2000-2003 жылдары бұл түрдің бірнеше рет кездесуі оның Қазақстанның оңтүстік облыстарының жеке суқоймаларында ұялауының қайтадан қалпына келгендігін айтуға негіз болады . ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Монотиптік түр, Қазақстанда таралу аймағының солтүстік-шығыс шекарасы өтеді. ## Таралуы Таралу аймағы тар шөлді аймақтан шықпайтын Жерортатеңіздік түр. Жерорта, Каспий және Қара теңіздерге құятын өзендерде қыстайды. Қазақстанда XX ғасырдың бірінші жартысында ұялауы Сырдария мен Жайық өзендерінің алаптарында , екінші жартысында тек бір рет қана есепке алынған . Ұзақ үзілістен соң – 2000 жылы (жалғыз) және 2003 жылы (жұп) Оңтүстік Қазақстанда Қызылкөл көлінде табылған . Оның бұл жерде пайда болуы мәрмәр шүрегейдің өзбекстандық популяциясының санының артуына және оның солтүстікке қарай қоныс аударуына байланысты болып табылады . ## Мекендейтін жерлері Түбі лай және қалың қамыс өскен тұщы және аздап кермек сулы суқоймалары; ұясын жағаға не аралдарға салады, қопақтарға жоламайды . Қазақстанда тұщы, жиі жағалауларында бұталар және суүсті өсімдіктері өскен көлемі үлкен емес жағалауы тіктеу көлдерде мекендейді . ## Саны Қазақстанда белгісіз. Әлемде қазіргі саны 15 мыңдай деп бағаланады . Қазақстанмен көршілес Өзбекстан территориясында қазір 100-200 бас мәрмәр шүрегей мекендейді . ## Негізгі әсер ететін факторлар Түрдің саны негізгі таралу аймағында (Пәкістан, Иран, Түркия және Жерорта теңізі елдері) гидрорежимнің тұрақтылығына тәуелді . Саны өскенде шүрегейлердің бір бөлігі солтүстікке қарай ығысып, Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарына енеді. Саны депрессияға ұшырағанда бұл керісінше жүреді. ## Биологиялық ерекшеліктері Аз зерттелген. Сәуірдің ортасында ұшып келеді, ұялауға басқа өзен үйректерінен кеш түседі. Өзбекстан жағдайында ұяда 7-9 (сирек 12) жұмыртқа болады, мамық басқан балапандарын мамырдың аяғы – маусымның басында кездестіруге болады, қанаттарына маусымның аяғы – шілденің басында қонады, ұяда бұл кезде 5-7 балапан болады. Қыстауға ұшар алдында, басқа үйректер сияқты, біршама, бірнеше жүздеген құс, жиналады . ## Қолда өсіру Европаның хайуанаттар парктері мен құс питомниктерде көбейеді, Қазақстанда өсірілмейді. ## Қабылданған қорғау шаралары. Аулауға тиым салынған. ## Қажетті қорғау шаралары Дайындалмаған. Кездейсоқ атып алудың алдын алу үшін түрді қорғау жайында үгіт жүргізу. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Таралу аймағы шегінде таралуы жайында деректер жинау. Қазақстанда бұрында ұялаған жерлерін тексеру. ## Дереккөздер
Бидайық сөзінің бірнеше мағынасы бар: Өсімдіктер: * Бидайық – сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. * Бидайық – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. * Су бидайық – дәнді дақылдар тұқымдасына жататын көпжылдык шөп өсімдіктерінің бір туысы. * Шөл бидайық – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Көше: * Бидайық – Астана қаласының көшелерінің бірі. Елді мекендер: * Бидайық – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл. * Бидайық – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл. * Бидайық – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл. * Бидайық – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Бидайық – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Орынбай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Алтай ұлары (лат. Tetraogallus altaicus) - таралу аймағы шағын сирек кездесетін түр. Қазақстанда Оңтүстік Алтайдың таулы аймағында (оған Марқакөл қорығы да кіреді) мекендейді. Саны белгісіз, бірақ, осындай шағын аумақта бірнеше ондап кездесуі мүмкін. Өте сирек бұл құсты қорғауды онан сайын күшейтіп, шопандар мен аңшылар арасында үгіт-насихатты кең таратып, оның заңсыз аулануын тежеу керек. Питомниктерде қолдан өсіруді жолға қойып, табиғи санын көбейту орынды болар еді. ## Сипаттамасы Алтай ұлары сырт пішіні басқа ұларлара ұқсас, мысалы, қарақұрсақты ұларға, бірақ бұл аққұрсақты ұлар, бірақ бұл аққұрсақты ұлар. Қазақстанда Оңтүстік Алтай биік тауларында, көбінесе шөгінділермен кезектескен тік жартастарда кездеседі. Дауысы- сазды ысқырық, қарақұрсақты ұлар дауысын еске түсіреді. Бұл ұларлардың мінезі бір-біріне ұқсас. Әдетте жартастан ұшады. Тегіс жерде екпіндей ұшады. Басқа тауықтар сияқты, шаңға шомылғанды ұнатады. Өсімдіктің дәнімен, көк шөппен , гүл қауызымен және тамырымен қоректенеді. Сәуірдің ортасынан тамықдың аяғына дейін көбейеді. Ұядағы тіршілігі зерттелмеген. Қазақстанда бұл құстың бірде-бір ұясы табылмаған. Таралу аймағы тар, аз кездесетін құс болғандықтан, Қазқстан Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Лашын (лат. Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салм. 500 – 800 г, ал ұябасарыныкі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір.Сағатына 300 км-ге дейін жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 – 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 – 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996). Лашын жыртқыш құс болғандықтан саятшылыққа көп шығатыны мәлім. Бірақ, оларға алдырмайтын құстың бар екендігі таңғалдырады. Лашын құсқа дуадақ алдырмайды. Себебі, аулайын дегенде дуадақ лашынның көзіне саңғиды екен. Бұндай санғыға ұшыраған лашын ешқашан дуадаққа жоламайды. Мұны болашақ құсбегілерге кішкене ескерту деп қабылдаңыздар! ## Дереккөздер
Молықбай Байсақұлы (1857, Қосағаш ауылы — 1930, Алматы) — қобызшы, бақсы, ақын, жырау, композитор, кеңестік саяси қуғын-сүргін құрбаны. Өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған. Молықбай — жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтің кіндік әкесі, ақынның «Күйші» поэмасының басты кейіпкері. 1930 жылы «халық жауы» деген жаламен тұтқындалып, Алматы түрмесінде қайтыс болған. ## Өмірбаяны Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Матай руының Кенже аталығының Мешітбай әулетінен шыққан,Құлтай батырдың шөбересі. Абзал халқына киелі қара қобызы және шипагерлік қасиеті арқылы қамқор болғандықтан «қобызшы Молықбай» деп атанған. Бақ қонып, қасиет дарыған Байсақ «Желді қарағай» деген асуда өсіп тұрған қос қарағайдың жоғарылау тұрғаны жел соққанында үн шығаратынын тыңдап біліп, қобыз жасатуға сол қарағайды әкесі Бұғыбайға кестіртіп алады. Қобызды өз туысы Бектөлеге шаптырып жасатады. Қобызды күміспен күптеп, алтынмен аптаған, аталас туысы, зергер шебері Естібай Мырзағұлұлы болады. Оның ішегі мен шанағына, әмісе жүйрік аттың қылын қолданып отырады. Байсақ қобызын арғын елінде ат бәйгесіне қосып, кие кісілері арқылы аламанда бірінші келтіреді. Соған байланысты ел-жұрты Байсақты «Дәупірім» деп атап кетеді. «Оңтүстік Қазақстан» газетіне шыққан, «Азамат ақын» атаулы естелігінде Орал Мекембаева: «Молықбай қартты біздің Үлгілі ауылының бар баласы жақсы білетін. Оның қара қобызы сәл желдің лебінен дем алғандай өз-өзінен сыңсып тұратын. Менің ойымша сол қобыздың жаны бар секілді. Тіпті ауылдағы адамдар «Ұлы Отан соғысы жылдары осы қара қобыз халықпен бірге қайғырып, неше бір мұңды сазды тартты» деп жазады. Қобыздың мойынының морт сынғаны мен жаңқаның орнының тесігі қалғаны рас. Байсақ кіреберіс босағадағы босанған әйелдің жолдасы көмілген, бет топырағы бос жатқан, шұңқырға аяғын тығып алып, оқыс құлап, тобығы мен жіліншегін сындырады. Сонда Байсақтың үйінің төрінде ілулі тұрған қара қобыз өздігінен жерге құлап, ол да мойынынан морт сынып, бір жағындағы жаңқасы орнынан тайып шығып, орны үлкен тесік болып қалады. Осы салдардан киелі үлкен қара қобызды ел-жұрт «жарық қара қобыз» деп атайды. Киелі жарық қара қобыз 1930 жылдан 1984 жылы Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мұражайына өткізілгенінше, Молықбайдың келіні, Адасқанның үйінде сақталып келді. 1978 жылы Адасқан апаның үйі дымы қалмай өртенгенде, сандықтағы қара жарық қобыз өрттен дін аман қалады. Бұл әлі шешуі табылмаған қобыздың кие, қасиеті десе де болар. Молықбайдың әкесі Байсақтан кейін қара қобыз сегіз жыл иесіз үй төрінде ілулі тұрып қалады. Бір күні Молықбайды Садақтыда тары орып, баулап жүргенінде, әкесінің бір қаршыға бастаған жүз кісілік пір киесі көзіне көрініп, кие қысып, ие буып тастаған жерінен көпшілік ес-түссіз күйінде оны үйіне жеткізеді. «Ақсарбас» атап сойылып, Молықбайға әкесінің қасиеті қонып, үлкен нағашысы Қылышты (Қосымбайдың) бақсының дәріпі дарып, қобызда ойнап, бақсы-балгер, емші болып, жадынан өлең шығарып, қобыз сарынына қосып ән, жыр айтып, үш ішекті, төртбұрышты домбырада күй шертіп, халық қолдауымен сал-серілік ғұмыр да кешеді. «Бозінген» әлқиссасында І.Жансүгіров:«Жар қабақ, сида, арсақай, саршұбар шал,Көзінің жаңылмасам ақшылыбар.Шайыдан шапан киіп, үкі тағып,Бұлғақтап, болған десед серіде сал» - деп жазады. Дәмелі Имашқызы мен Қалпендеұлы Орысбайдың қалдырған деректері бойынша Молықбайдың түр-сипаты: «Келбетті, ұзын бойлы, сүйегі сұлу, бітімі тік, сақалды, мұртты, бетінің сары шұбар секпілі бар, өңі сары, бүркіт мұрын, оң жақ шекесінде алақандай қалы бар, жар қабақ, арсақай, дауысы жуан», - делінеді. Бұл Ілияс Жансүгірұлының «Күй» поэмасындағы «жар қабақ, сида, арсақай, сар шұбар шал» деген қобызшы Молықбайдың суреттемесімен дәл келеді. «Молықбай қысы, жазы басынан елтіріден тігілген бөрік пен зер тақиясын тастамай, үстіне жазда желбегей шайы шапан, қыста елтірі тон, аяғына саптама етік киіп, өзін өте мұқият таза ұстаған, кірпияз жан еді», - деп деректейді Елубай мен Досбайдың Жанатбектері. 1927 жылы Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов қобызшы Молықбайды арнайы іздеп келіп, Амантекше жайлауында кезігіп, тартқан күйлерін тыңдайды. Сол сапардан Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасын жазып, «Жаңа мәдениет» журналына 1929 жылы бастырып шығарады. Ілиястың «Күй» поэмасын Сұлтанбек Қожанов: «Өте жоғары деңгейлі шығарма», - деп бағалайды. «Аққу», «Құдіреттің құсы», «Ақ көбік-көк көбік» күйлері туралы Молықбай атаның өз аузынан әңгімесін естіген Мұхтар Әуезов 1927 жылы очерктер жазғаны белгілі. Ілияс Жансүгіров 1927 жылы жазған «Қазақ күйлері жиналсын» деген мақаласында: «Жетісудың Талдықорған уезінде Ақсу болысындағы домбырашылардың (Нұрсапа, Егеубай, Молықбай, т.б,) тартатын күйлері мыналар: «Мәдіген шора», «Барақ», «Жошы хан», «Бес төре», «Ақмеди», «Әуре-сарсаң сандалкөк», «Түрікпен», «Әрине-ау», «Түйек қалды», «Борлы қыз», «Қос келіншек», «Қарқара-ау», «Қос мерген», «Терісқақпай», «Қорқыт», «Шыңғысбай қоңыры», «Саркідір», - деп атап жазады. Молықбайдың бұдан басқа ел есінде сақталып қалған күйлері: «Құлақ күй», «Тоғыз толғау», «Жез киік», «Жарбол», «Ақ көбік - көк көбік», «Аққу», «Құдіреттің құсы», «Он сан мен Орманбеттің айырылғаны», «Қазан», «Қорамжан», «Бозінген», «Ер Әлінің дүлдүлі», «Ерден», «Ықылас», «Қара жорға», «Сылқылдақ» деп аталады. Молықбайдың суырып салма ақындығы мен өлеңдері терең ойлы, философиялық мағынаға өте бай, қанықты болып келеді. Мысалы:«Жанды нәрсе өледі,Қыл ырыздық қанағат,Қайта бәрі өнеді.Жаңа нәрсе тозады,Адал болған азамат,Қай күнде де озады.Босқа жүрме алқынып,Еңбек ет адал талпынып.Байқайсыңдар ма, халқым,Жақсы өмір тұр шақырып». Ілияс Жансүгіров 1920 жылы асыл жары, елі - Тасыбай, Берентайқызы Аманшаға үйленеді. Тойға қобызшы Молықбай келіп, өлең-күймен думан жасап, отау құрған екі жасқа ақ батасын береді. Молықбай:«Айналайын, Ілетай!Қызын алдың Берентай.Қосағыңмен тату бол,Берер сыйым, міне, тай!» - деп, тойына бір тайды тарту етеді. Молықбай бақсылық ем-домды кім көрінгенге жасамаған. Өзінің ішкі сезімімен сезіп, ем-домы қонатынына көзі жетсе ғана ол адамды емдеуге келіскен. Ақы сұрамаған, елдің бергенін ризық тұтып жүре берген. Тұйғын ақын Қуат Терібаевтің «Күнсағила» деген поэмасы бар. Сол Күнсағиланы талма ауруынан жаз айында жайлауда Молықбай жазады. Қаниса деген әйел бір аяғынан ақсап, баса алмай таяққа сүйеніп келсе, Молықбай сол әйелді оқыс аяғының шыққан жерінен теуіп жазып, ол әйел үйіне сау қайтады. Елі емелелі, 1910 жылы туған, Мұсанов Қанабек ақсақалдың анасы Қалипан, ағайы Шәкербай екеуін үлкен «құлғана мерез» дертіне шалдыққанын 1917 жылы жазады. Молықбай цирк ойындарын көрсеткенде, жиналған ел оның денесіне жарақат түспес үшін, «дақ салма» деп адақтап тұратын болған, сол салдардан Молықбайдың елге көрсеткен ойындары «Дақ салма» деп аталады. Ақын Сараның Жиенқұлдан қайтып азат болудың амалын таппай, талай тарыққаны өз өлеңдерінде келтіріледі. Ақын Сара түс көріп, түсін аталас туысы Молықбайға жорытады. Сараға Молықбай: - «Бостандық аласың! Мұңыңды өз еліңе айт! Сосон сыңарыңды дұрыс тап!» - деп жориды. Жоруы дәл келгені тарихтан аян. Ақын Сараның түсіне кірген «Аққу» өлең болып осылай шығады. Елі бөрте Бисеке мырза: «Молықбайдың тартқан қобызының сарынына тоймадым! Өмірден өтерімде сол сарынды бір естіп өлсем, арманым болмас еді?» - депті. Бисеке сақай, тастемір Арнай болыстың ауылына келгенінде аяқасты ауырып, емдеуге Молықбайды Арнай алдырады. Бисеке Молықбайдың қобыз сарынын естіп жатып көз жұмады. Қапал мен Лепсі уезінің ояздары Молықбайдың өнерін жоғары бағалап, Шұбарағаш-Ойжайлауда үш жылда бір өтетін съезге өнерін көрсетуге Молықбайды арнайы алдыртып отырады. Халық «тоқсан күй қобызында Молықбайдың» деп оның өнерін пір тұтады. Ақынжан молда мен Сүлей қажының деректерінде: «Қобызшы Молықбай құран сүрелері мен аяттарын қобыз сарынына дауысын қосып, өлең қылып айтқан», - делінеді. Молықбайдың қобызына 77 жылдан кейін Қанат Дотаұлы Қазақбаевтың қолымен Астана қаласында реставрация жасалып, Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров мәдениет үйінің сахнасында, 16-мамыр күні, астаналық «Тілеп» қылқобызшылар квартетінің жетекшісі Әлқуат Дотаұлы Қазақбаев Молықбайдың қобызымен екі күй орындады. «ҚазҰМА» профессоры, қобызшы Раушан Мұсақожаева: «Молықбай – қобызшы, Қорқыттың артында қалған өлмес мұрасын жалғастырушысы. Біз оның ұмытылған күйлерін қалпына келтіруіміз керек. Молықбай ол Паганини сияқты дүлдүл дарын иесі» - деп, 2007 жылы 15 мамырда Талдықорған қаласында өткен қобызшы Молықбайдың 150 жылдығына арналған танымдық конференциядағы баяндамасында бағалады. Молықбай - кеңес өкіметі белсенділерінің астамшыл істерінің қуғын-сүргінінің құрбаны болған. Молықбай Құрақбайдың келіні елі ноғас Имашқызы Дәмелінің төркіні мінгізген тор атқа ықыласы ауып, Құрақбайдан қалап сұрап алады. Молықбайдың аталас інісі Нөкербек, партячейка қызметінде жүріп, тор жорға атты Моқаңнан сұрап алып, кеңес өкіметі жасаған талай тойдағы жорға жарысына қосады. Ат басқа аттарға дес бермей, бас жүлдені әперіп отырады. Газет беттеріне тор жорға аттың суреті басылып шығып, даңқы асқақтайды. Тор жорға атқа кеңес белсенділерінің көңілі артып, әсіресе қызылдар белсендісі Күнтуов Құндақбайдың талабы ызғарлы болады. Қалау- тілектері орындалмаған кеңес белсенділері Молықбайдың ісін дік, кек көріп, 1928 жылы екі жүз пұт бидай астық «продналог» деп, оған салым салады. Молықбай өзіндегі бар мал мен қаражатын жиыстырып, салымды өтейді. 1929 жылы қызыл белсенділері Молықбайға үш жүз пұт бидай астық салымын тағы салады. Оны өтеуге мұршасы жетпеген Молықбайды белсенділер «халық жауы» деген желеумен қобызы мен өзін қамауға алып, тор атын, күміс ерін, үй мүлкін «тәрік» деп тәркілейді. «Халықтың Молықбайын ұстадыңдар, қарау ниет, жүзі қаралар» деп, қайнар Торыбай Молықбаймен бірге Алматыға айдалып, Көкесік түрмесіндегі абақтыға екеуі қамалады. Түрмеде Молықбаймен уақытша ұсталған ақын Кенен Әзірбаевтің да жолдары ұштасыпты. Молықбайдың түрмеде қобызбен орындаған күйлеріне, өнеріне тәнті болған түрме бастығы мен колонна басшысы Молықбайды үш күнге астыртын өз үйлеріне босатып апарып, қобыз сарынына дауысын қосып тартқан күйлерін үнтаспаға, одан пластинкаға жазып алады. Колонна басшысы Молықбайға түрмеден бостандыққа шығуға көмектесіп, «Молықбайды келіп, алып кетіңдер» деген, үй-ішіне телеграммамен хабар жібертеді. Молықбайдың әйелі мен баласы өгіз арбамен бір ай мерзім шамасындай жол жүріп, Алматы маңындағы Көкесік түрмесіне жеткенінше, Молықбай іш ауруынан 1930 жылы көкек айының 30-ында 73 мүшел жасында қайтыс болып кетеді. Амалы құрыған әйелі мен баласы киелі қара жарық қобызды алып, кері елге оралады. Қобызшы Молықбай туралы «Күй» поэмасында Ілияс Жансүгірұлы: «Әлемнің әуеніне бермес ем-ау, қазақтың мұны тартқан күйші шалын» десе, жазушы Серік Жанәбіл: «Қорқыт - иісі түркі еліне ортақ болса, Молықбай - қазақтың қобызшысы», - деп ардақ қыла бағалайды. ## Молықбай қобызшы Үлкен атасы Жетібай да қобызшы болыпты. Ұлы бабасы – ер Тоқпанбет. Сүйегі Түркістанда жерленген. Қазақ тарихында белгілі адам. Ақын Сара Тастанбекқызы осы Молықбаймен туысқан. Қызылорда қаласынан шығатын “Жаңа әдебиет” журналында Ілияс Жансүгіровтің “Күй” поэмасы жарық көреді. Онда Ілияс ақын: “Қазақта қобызшының қалғаны сол”, деп ашық айтады. Ілияс біледі. Ол кезде қазақтың атақты қобызшысы Ықылас Дүкенұлы өмірден өткен кез еді. Кеңес заманына жеткен қобызшы Молықбай Байсақұлы болатын. Жалғыз қобызшы, Қорқыт күйлерін елге жеткізуші, ірі талант иесі Молықбайдың жазық­сыз түрмеге қамалып өлгені Ілиясқа өте ауыр тиіпті. Ілияс ұлттық тұрғыда ойлайтын адам ғой. “Күйші”, “Құлагер” поэмаларымен бірге “Исатай – Махамбет” пьесасын, Құр­манғазы туралы “Көбік шашқан” дастанын, Молықбай туралы “Күй” поэмасын жазды. – Қажыған көңіл қамын, жүрек жанынҚозғаған қобыздағы қоңыр сарын.Әлемнің әуеніне бермес ем-ау,Қазақтың мұңын тартқан күйші шалын, – деп Ілияс жүрегімен жырлайды. “Қазақтың мұңын тартқан күйші шалын”, – деген сөздің астарында қазақ ұлты жатыр. Ілияс Молықбайдың күйлерін өте жоғары бағалады. Мағжан Жұмабаев қобызшы Қойлыбай бақсы туралы поэма жазды. Сәкен Сейфул­лин “Ықылас қобызшы” деген әңгімені өмірге әкелді. Ілияс Молықбайдың қайдан шыққанын, өмірде болғанын елге айтып кетеді. “Матайда, Кенже, Тұңғат, Сақайдағы!” – деп айтуы Молықбайдың төл құжатының белгісі. Қобызшыда тууы туралы куәлік болмаған. Қобызшының тұсында Ақсу өңірінде атақты Толғанбай ақын өмір сүрді. Қобыз­шы осылармен араласты. Әсет Найман­баевтың өзі Молықбайдың қобызындағы күйлерді тыңдаған. Жетісу жерінде атақты Сүйінбай, Бақтыбай ақындармен бірге Молықбай қобызшы қатар айтылады. ## Молықбай Байсақұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті 2007 жылы 16 мамыр күні Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Молықбай Байсақұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. ҚазҰМА профессоры Раушан Қожабекқызы Мұсақожаева: – Қорқыт күйлері әлі тірі. Қойлыбай, Молықбай, Ықылас сияқты қобызшылар оның күйлерін халыққа жеткізе білді. Молықбай – қобызшы Қорқыттың артында қал­ған өлмес мұрасының жалғастырушысы. Біз Молықбайды өз көзімен көріп, оның күйлерін тыңдап, “Күй” поэмасын жазған Ілияс ағамызға алғысымызды айтамыз. Кеңес заманында Қазақ елінде қалған жалғыз қобызшы осы Молықбай Байсақұлы. Біз оның ұмытылған күйлерін қалпына келтіруіміз керек. Өнер өшпейді. Молықбай ол Паганини сияқты дүлдүл дарын иесі. Паганиниге ескерткіш орнатылған. Елі оны құрметтейді. Ал қобызшыға ескерткіш орнатылмаған. Бұл өкінішті. Иә… Өкінішті! – деді. Раушанның бұл сөзі елге ой салды. Жанғали Жүзбаев, Әбдіманап Жұмабекұлы, Жемісбек Дәулетбекұлы ойлы пікірлерін айтты. Сейдахмет Мұхаметшин, Егеубек Далбағаев қобызшыға ескерткіш орнатуды жөн деп қолдау білдірді. Молықбайдың киелі қара қобызын қайта өңдеп, қалпына келтірген өнер шебері Қанат Қазақбаевқа ел алғысын айтты. – Мен 1970 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы кон­серваторияда оқып, атақты қобызшылар Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаевтан дә­ріс алдым. Молықбай күйлерін елге оралтуымыз керек. “Жезкиік”, “Бозінген”, “Аққу”, “Құдіреттің құсы”, “Желмая”, “Ақсақ құлан” күйлерін қобызға түсіріп елге таратқан осы Молықбай қобызшы! – деді Ә.Жұмабекұлы. ## ...Ілиястың туған інісі Қызырбек Жансүгіров өз аузынан... Молықбайды Ілиястың терең білуінің сыры бар. Молықбайдың ата тегі қобызшы болған екен. Әкесі Байсақ, атасы Бұғыбай, бабасы Жетібай атақты күйшілер еді. Ал Ілиястың әкесі Жансүгір, атасы Берсүгір, бабасы Өтеш ақын адамдар бол­ған. Ілияс туғанда Құмдағы Қайнар баба ауылына Молықбай барады. Жансүгірдің әйелі екінші ұлына босанады. Меккеден қажы атанып келген Берсүгір қария: – Балам! Атыңды Молықбай деп қойған екен. Елге молшылық әкелсін деп ниет білдірген ғой. Әкең Байсақ пен атаң Бұғыбайды танимын. Ақын Сара қарындасың. Текті әулеттің түлегісің. Ұлы бабаң – ер Тоқтанбет. Елің Сақай. Біз де тегін емеспіз. Смағұл қажының өзі неге тұрады. Жаңа өмірге келген немеремнің есімін өзің қой! – депті. Көкшіл көзді, өңі нұрлы, ер мінезді Молықбай сөзге келмей жас нәрестеге Ілияс пайғамбардың есімін беріпті. Бұл әңгімені маған Ілиястың туған інісі Қызырбек Жансүгіров өз аузынан айтты. Ілиястың ағасы Бимағзұмның баласы Кәппай куә болатын. Ферману жеңгей шай құйып беріп отырды. Үйде Қосан, Айт, Нығымет, Қалиасқар, Бөрібек, Сейітжан, Байғоржын, Жұматай есімді ауыл адамдары бар еді. ## Орысбай ақсақал...бір әңгіме айтты Молықбайдың туысқаны Орысбай ақсақал 1968 жылы үйінде отырып бір әңгіме айтты: – Ілияс Ташкенттен келген соң осы ауылдағы Белтоғанда мұғалім болды. Бірінші әйелі Аманшаға үйленді. Жансүгір той жасады. “Шиліөзектің” бойында ат бәйгесі өтті. Жансүгір тойға Молықбайды шақырды. Басына бөрік киген, бойы ортадан жоғары, өткір жанарлы, жүзі нұрлы адам екен. Әр адамға тесіле қарап отырды. Ел: “Молықбай келді!” деп шуылдап жатты. Ойын баласы едім, – деді… – Ілияс әйелі Аманша баладан қайтыс болғаннан кейін 1925 жылы музыка зерттеушісі, өзінің досы Затаеевичті Ақсуға ертіп келіп, Молықбаймен кездестіреді. Бірнеше күйлерін жазып алыпты. Ілияс соңғы рет Мұхтар Әуезовті ертіп Сарқандағы Аман жайлауында киіз үйде отырған Молықбайға барып жолығады. Қастарында Талдықорған қаласы басшысының бірі Шамай Шінәсілов болыпты. Төрт күндей қобызшының үйінде қонып, оның күйлерін тыңдайды. Ілияс “Күй” поэмасын сол жерде жазса керек. Көп кешікпей Желдіқарағайға бет алыпты. Ілияс өзінің “Жетісу суреттері” циклын атпен ел аралап жүріп жазған деген сөз бар. Молықбай Жетісудың жер аттарын өте терең білген адам. Мәскеуде, Қызылордада жүрген Ілияс Жетісудың жері мен өзен, бұлақтарын осы Молықбайдан сұрап алған тәрізді. Молықбайды кеңес заманының саясаты онша қызықтырмапты. 1927 жылы Ақсу ауданында Сарметен деген кісінің баласы Баймолданың қызы Мәрияны Шоқпар руындағы Мырзақ­ұлдың ұлы Қожа алыпты. Осы тойда Молықбайдың жүйрік Кер аты бас бәйгеге ие болыпты. Жүйрік ат Ақсу өңірінің Құлагері екен. Осы атты аудан басшыларының бірі сұрап қолқа салады. Ақыры ұрлатады. Молықбай қасына аталас туысқаны Нөкербекті ертіп, әлгі басшыға барады. – Сен бақсысың! – деп әлгі қобызшыға тіл тидіреді. Мазақ жасайды. Қарт күйші қатты күйінеді. Қолындағы тобылғы сапты қамшысымен әлгі басшының басынан салып-салып жібереді. Бет-аузы қан-жоса болған әлгі айғайлап далаға шығады. Бар даусымен: “Көзім!” деп шыңғырады. “Молықбай пар­тияға қол көтерді!” деп оншақты адам куәге шығады. Сот болады. “Бақсы” деген айып тағады. Молықбайды Алматы қаласындағы түрмеге әкетеді. Молықбай жүрер алдында ағайын-туғанымен қоштасады. – Мен енді оралмаймын. Түсіме бабам Кенже батыр кірді. Атының артына мінгізіп алып кетті. Алдым қара түнек түн болды. Мен енді күн көзін көрмеймін. Мекенім түрме. Алматының ауылы қашық. Артымнан іздеп әуре болмаңдар. Үкіметтің құрығы ұзын. Мойныма ноқта түсті. Оны шеше алмаймын! – депті. Інісі Нөкербекке қарап: – Құмдағы Қайнар еліндегі Жансүгірге сәлем айт. Баласы Ілиясқа бір ауыз сөз айтсын. Менің ұсталғанымды білсін! – депті. Бұл қобызшының соңғы сөзі екен. Милициялар оны арбаға отырғызғанда кеудесін жоғары ұстап, оларға ащы мысқылмен ұзақ қарапты! – деген еді қарт журналист Тәңірберген Қалилаханов. Молықбайдың әйелі Ырсай мен ұлы Тілеубек арада айлар өткен соң түрмеде өлген қобызшының басына киген бөркі мен қыстық тонын елге алып келіпті. Сүйегі түрмеде қалыпты. Оның қайда жерленгенін ешкім білмеді. 1938 жылы Ілияс та Алматы түрмесінде атылды. Сүйегі қайда, ол жағы жұмбақ. ## Мейрамбай, Орысбай, Жанатбек ақсақалдардың Молықбай туралы айтқандары Ақсу ауданындағы Қызыл таң ауылында осы ауылдың дана қарттары Мейрамбай, Орысбай, Жанатбек ақсақалдардың Молықбай туралы айтқандарын естіп өстім. Бұл кісілердің қобыз­шының туысқандары екенін кейін білдім. Ол кезде ойын баласы едік. Бірде совхоздағы №1 ферманың меңгерушісі Бөрібек ағай таяғына сүйеніп тұр екен. Кеңсенің күншуағында әңгіме айтып отырған Мейрамбай мен Жанатбек қарияларға көзі түсті. Барып сәлемдесті. – Сіздерге бір сұрағым бар. Екеуіңіз де Молықбай қобызшыны өз көздеріңізбен көрдіңіздер ғой? – деді Бөрібек аға. Дауысы қатты шығатын. Екпіндеп сөйлейтін. Ержүрек, батыр мінезді адам еді – Байсақ пен Жансақ бірге туысады. Молықбай Байсақтың баласы болса, менің әкем Байдархан Жансақтың ұлы. Мен Молықбайға іні боламын, – деді Мейрамбай ақсақал. – Күзде бір мәшине шөпті тегін түсіртіп бергіземін! – деді Бөрібек ағай риза болып. – Маған ше? – деп Жанатбек қария көзін күннен көлегейлеп, көкшіл көзімен Бөрібекке қарады. – Молықбай туралы не білесіз? – Білемін. Ол “Бозінген”, “Көк көбік”, “Құдіреттің құсының күйі”, “Аққу” деген күйлерді тартатын. Ол кезде жасым он алты, он жетіге келген кезім ғой. Қобыз­ды күміспен күптеп, алтынмен аптаған өзінің туысқаны Естібай ұста. Мырзағұлдың баласы. Байсақ атамыздың зираты Егінсу ауылының тұсындағы Жа­наш деген жерде. Маңайы қалың қамыс. Шағын терең көл бар. Ел ол жерді “Байсақ көлі” деп атайды. Молықбайдың өзі Алматының абақтысында қайтыс болды. Қайда жерленгенін ешкім білмейді. Кеңес заманының қызметкерін сабады деп басына бәле тілеп алды. Молықбайды “бай”, “бақсы” деп айыптады. Жүйрік Кер атын аудан уәкілі тартып алды. Уәкілді босқа сабады! – деп Жанатбек қария басын шайқады. – Сізге де шөп беріледі! – деді Бөрібек аға. Жанатбек қария қатты қуанып қалды да: – Партиямен ойнауға болмайды. Заң қатал ғой! – деді. – Менің естуімше Молықбай көкем Әсет ақынның әндерін көп айтады екен. Әсет Маман байдың балаларымен араласып тұрыпты. Қарағаштағы ауылда көп болыпты. Қобызшыны да Маман балалары құрметтеген ғой. Көкем түрмеде жатқанда артынан бірінші рет әйелі Ырсай мен баласы Тілеубек барыпты. Қобызшы қатты жүдеп кеткен екен. Ауылдан апарған тамақтарды жанындағыларға беріпті де: – Ел-жұрттан алыс кетіп ақырында,Аяғын шалыс басқан мен бір пенде,Ән-күйдің қыз-қызының отын үрлеп,Кез болдым кері аққан қатты селге, – деп, осы сөзді қайталап айта беріпті. Баласына айтыпты: – Сен Ілиясқа жолық. Мені сол ақтап алады, – депті. – Әке, өзіңіздің өлең бе? – депті Тілеубек. – Әсеттікі ғой! – деп қобызшы көзіне жас алыпты, – деді Мейрамбай ақсақал. ## ...Молықбай қайтыс болған 1930 жылы Шәмші Қалдаяқов өмірге келген... Молықбай ел арасында өте беделді адам болған. Қапал мен Лепсі уезінің ояздары Шұбарағаш пен Ойжайлауда үш жылда бір рет дала съезін өткізеді екен. Сол жерге ояздың арнайы шақыруы­мен Молықбай барып, қобыз тартып, елдің алғысын алыпты. – Молықбай тартқан қобыздың сарынына тоймадым, – деген екен Бөрте руынан шыққан өте беделді адам Бисеке мырза. Молықбай қобызшы 1857 жылы туып, 1930 жылы қайтыс болды деп жоғарыда айттық. Оның өмірден өткеніне биыл 80 жыл толады. Қобызшы Молықбай қайтыс болған 1930 жылы Отырарда ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов өмірге келген екен. ## Молықбайдың артында жалғыз қара қобыздан басқа еш нәрсе қалмады… Молықбайдың қобызын 80-жылдары Тал­ды­қорғандағы І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институттың ректоры, белгілі мемлекет әрі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Үлгілі ауылына барып, қобызшының келіні Адасқан апайға жолығып, батасын алып, Талдықорғандағы музейге өткізеді. Иесіз қалған қара қобыздың рухы қолдаған Мырзатай ағамыз мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілді. Қобызшы туып-өскен Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров кентіне Молықбайға ескерткіш орнатылса деген ой мазалайды. Облыс әкімі, өнер жанашыры Серік Үм­бетов осы шаруаны жеріне жеткізеді деп сенеміз. Молықбайдың тұяғы Тілеубек 1942 жы­лы қайтыс болады. Одан қалған Қанабек пен Қанатбек жастай шетінеп кетеді. Қызы Қан­тай Қапалдың жанындағы Қоңыр ауылында беріректе ғұмыр кешіп, өмірден өтеді. Бүгінгі таңда Молықбайдың артында жалғыз қара қобыздан басқа еш нәрсе қалмады… ## Дереккөздер
Сұр тырна (лат. Grus grus) - саны үздіксіз кеміп бара жатқан кең тараған түр. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды-далалы аудандарда көптеп, ал республикамыздың оңтүстік-шығысындағы өзен алқаптарында өте сирек кездеседі. Қамыс пен құрақ қалың өскен таяз өзендер мен көлдердің батпақты учаскелерін мекендейді. Негізгі биотоптарын меңгеру және құрғату түрге қауып-қатер төндіреді. Саны анықталмаған, оның кеміп бара жатқаны ғана белгілі. Тырнаның мекендейтен жерлерінде қорықтар мен қорықшалер аз. Оларды, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында құру қажет. ## Сипаттама Сұр тырна- кәдімгідей (салмағы 4-7 кг, қанатының алымы - 2-2,2 м) тырналардың бірі. Қанатының ұштары қошқыл, сұр құс. Маңдайын, ноқтасын және төбесін сирек қылтанақты қошқыл тері қаптаған, желкесінде қызыл тақыр теңбілі болады. Көзден басталып бастың екі жағымен жалпақ ақ жолақ созылады, мойнының алдыңғы жағы қошқыл сұр түсті. Тарқатылған үшінші дәрежелі желпуіш қауырсындардан қампиған «құйрық» түзілген. Аяғы- қара, тұмсығы- ұшы жылтыраған зәйтүн өңді қоңыр. Аталығы мен аналығының өңдері бірдей жас тырналар басындағы жабын қауырсындар сирек қара секпілі қызыл қошқыл қызғылт-сары реңді болып келеді. ### Мекені Еуразияның әр түрлі зоналарында- орман, дала тіпті шөлейт зоналарында қоныстанады. Қазақстанда көбінесе орманды дала және дала зонасында өмір сүреді, дегенмен аздаған тұқымтоптар жарамды орындар арқылы өзен аңғарлары мен көлдердің қазаншұңқырларына оңтүстікке- Солтүстік Тәңіртауға дейін енеді. ### Ұяларын салуы Жеке жұптары ылғалды жерлерге орнығады және таяз су ортасындағы төмпешіктерге ұяларын салады. Ұяның өзі едәуір қомақты, сондықтан оның айналасындағы шалғындық шөптерден көтеріңкі болады. Салындыдығы 2-3 жиі теңбілді жұмыртқаларды көбінесе аналығы бір ай басады, оны аталығы қорғайды, балапандарды ата-енелері өрбітеді. Балапандар шілдеде қанатына көтеріледі., бұдан соң тырналар топқа жинақталады. ### Орын ауыстыруы Сұр тырналарды қайтуға , ұшып өткен кезде Қазақстанның кез келген жерлерінен кездестіруге болады. Олар әйгілі «үшбұрыш» жасап, 500-ден 2000 метрге дейін өте биік әуелеп, мезгіл-мезгіл траулаған дыбыс шығарады. Сонымен бірге «үшбұрыш» алдындағы топ басшысы мезгіл-мезгіл алмасады. Көктемде – наурыз- сәуірде пайда болып, күзде – қыркүйек-қазанда жоқ болп кетеді.Қазақстанның қызл кітабына тіркелген. == Дереккөздер==
Дала қыраны, қыранқара(лат. Aquila nipalensis) – сұңқартәрізділер отрядының қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Дене тұрқы 60 – 85 см, қанатының ұзындығы 51 – 65 см, салмағы 2,7 – 4,8 кг. Шәулісі (еркегі) ұябасарынан кішірек түсі қара қоңыр, желкесі жирен, тұмсығы қара сұр, тұяғы қара, аяғы сары. Қыранқара ұясын жерге, шың-құзға, сирек те болса ағаш басына салады. 1 – 3 ақ сұр, қара дақты жұмыртқа салып, 40 – 45 күнде балапан шығарады. Балапан баяу жетіледі (60 күнде), оны етпен қоректендіреді. Қыранқараның негізгі қорегі – кемірушілер, саршұнақ, қоян, кейде құс балапаны, бауырымен жорғалаушылар. Қазақстанның Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Мұғалжарда, Шу-Іле тауында кездеседі. Қыранқара зиянды кемірушілерді жеп, өлекселерді жойып пайда келтіреді. Саятшылар Қыранқараны баптап, аңға салады. Қыранқара саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған. Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп - жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет. ## Статусы 5-ші санат. Салыстырмалы түрде саны көп, бірақ шамалы жылдар бұрын ол күрт төмендеген ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы уыстың Қазақстан фаунасындағы төрт түрінің бірі. ## Таралуы Евразияның далалы және солтүстік шөлді аймақтары –Дунай өзенінің төменгі сағасынан Забайкалье мен Сары теңіз жағалауларына дейін, оңтүстікте Орта және Орталық Азияның шөлдеріне дейін кездеседі. Қазақстанда ұялау кезінде кең тараған, тек биік тауларда болмайды. Азияның оңтүстігі, Аравия және Африкада қыстайды . ## Мекендейтін жерлері Дала, шөлейт, сирек шөл (құмнан басқа) жерлер, бұлардың жер бедері жазық немесе сәл ойлы-қырлы болуы керек, сирек – аласа таулар не үлкен жоталардың бөктерлері ## Саны Республиканың батысында кәдімгідей, ал таралу аймағының басқа бөлімдерінде сирек. Мысалы, 1974-1983 жылдары Солтүстік Каспий өңірінде 2822 км автомаршрутта 389 қыран , Батыс Бетпақдалада 1983 ж. 1035 км-де – 63, Орталық Бетпақдалада 1984 ж. 1123 км-де – бар-жоғы 2 құс есепке алынған . Қоректік жағдайы қолайлы болса тез шоғырлануға қабілетті . ## Негізгі әсер ететін факторлар Жыртқыш құстарға бәрінен көп антропогендік әсерлер теріс ықпал жасайды – адамдар ұяларының 62-85%-н бұзады , құстардың 10%-ы ЭТЖ-ң сымдары мен бағаналарында өлім-жітімге ұшырайды . Жас құстар көбіне жолда автокөлікке соғылады, бағаналарда отырған көптеген қырандарды атады. ## Биологиялық ерекшеліктері Наурыз-сәуірде ұшып келеді, тамыз-қыркүйекте ұшып кетеді. Ұясын жерге, аласа бұталар мен жартастарға, маяға, сирек ағашқа және ЭТЖ-ң бағаналарына салады . Сәуірдің бірінші жартысында 1-3 жұмыртқа туады, оларды ұябасары 45 күн шамасында шайқайды, балапандары қанатына 55 күнде отырады . Қорегінің негізін әртүрлі саршұнақтар құрайды. ## Қолда өсіру Қазақстан хайуанаттар парктерінде 20-ға жуық құс ұсталады, бірақ көбеймейді. ## Қабылданған қорғау шаралары Науырызым, Үстірт, Қаратау, Алакөл және Қорғалжын қорықтарында қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік аңшылық инспекциясы жағынан дала қырандарының оңай алынатын ұяларын жаппай бұзуды қатал қадағалау. ЭТЖ-ң бағаналарын тиімді қорғау құралдарымен жабдықтау. Бетпақдалада қорық және бұл түрдің орналасуы өте жоғары болатын Батыс Қазақстанда қорықшалар ашу ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Ұя салу дағдыларын өзгерту жайында эксперименттер жүргізу. ## Gallery * * * * * ## Дереккөздер
Жорға дуадақ (лат. Chlamydotis undulata) – тырнатәрізділер отрядының дуадақ тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан бастап, Зайсан қазаншұңқырына дейінгі шөлейт және шөлді өңірде кездеседі. Өсімдігі аз, сексеуілі мен жүзгіні басым өскен сортаң, құмдауыт жерлерді мекендейді. Тұрқы 65 – 75 см, қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,5 – 2,4 кг-дай. Мекиені қоразынан кішірек. Арқа қауырсыны сарғыш сұр түсті, бауыры ақшыл, мойнында “жаға тәрізді” қара ала ұзын қауырсындары бар. Жорға дуадақ – жыл құсы. Жұптасып жүреді. Наурыз айында келіп, бұта түбіне, ашық жерлерге ұялайды. Сәуірде 3 – 4 сарғыш жұмыртқа салып, мекиені 24 – 28 күн басады, балапандары бір айда қанаттанады. Қыркүйекте жылы жаққа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұшып кетеді. Жәндіктермен, ұсақ кесіртке, жыландармен, көктемде өсімдікпен қоректенеді. Жорға дуадақтың жауы – қасқыр, [[түлкі, қарсақ, бүркіт, т.б. Жорға дуадақтың жылдан-жылға саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). ## Мекендеген жерлері Өзінің таралу аймағының әр жерінде жойылып кету қаупы бар түр. Қазақстанда оның саны әліде жеткілікті. Шөл мен шөлей таймақтарын - Қазақстан жазықтығының оңтүстік бөлігін түгел мекен етеді. Республикамыздағы жалпы саны 30 мың шамасындай. Үстірт қорығында тіршілік ететін популяциясының шамалы бөлігі ғана қорғалады. Бұл түрді заңсыз аулайтындардан қорғау үшін тағы да екі қорық үйымдастырып, Бетпақдала мен Қызылқұмда, сонымен қатар заңсыз аулайтындармен күрес шараларын қатайту керек. ## Қолдан өсіру, тұқымын көбейту шаралары Жорға дуадақтардың Арабия түбегіндегі және бүкіл әлемдегі тұқымы құрып кету алдында. Тұқымы құрып кетуінің алдын алу үшін Түркістан облысы Бәйдібек ауданында араб шейхтырының инвестицисына салынған құс фабрикасы жұмыс істейді. 2016 жылғы 11 қазандағы ҚР Өкіметінің қаулысына сәйкес Біріккен Араб Әмірліктерінің шейхтарына Қазақстан ұлттық парктерінде дуадақ аулауға рұхсат берілген. 2020 жылы бұл құс фабрикасынан 4160 дуадақ өсіріліп, табиғатқа бос жіберілген. ## Дереккөздер
Қарақұс, немесе ақиық(лат. Aquila heliaca) — бүркіт тұқымдасына жататын сұңқар тәрізді құс. Алматы облысының аудандарын мекендейді. Қанатының ұзындығы 620 мм, салмағы 2-2,3 кг. Ересегінің түсі қара қоңыр, иығында ақ дағы бар. Балапан кезінде бірыңғай ақ болады. Наурыз айында облыстың құмды-сексеуілді жерлеріне келіп, қазан айларында қиыр оңтүстікке оралады. Сәуір айында 1-3 жұмыртқа салып, оны кезектесіп 40-50 күн басады. Балапандары 65-70 күнде ұядан ұшады. Құмды, далалы жерлердің ұсақ жәңдіктерімен қоректенеді. Сиреп бара жатқандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Қазақстанның биік таулары мен ағашы және суы аз шөлді жерлерінен басқа барлық аймақтарында кең тараған. Әсіресе, жазықты және тау бөктерлеріндегі аудандарда жиі кездеседі. Мекені – шоғырлы және шағын қарағайлы ормандар, сексеуілді түлейлер, тоғайлар мен далалы, шөлейтті және шөлді жерлердегі ашық алаңдар. Қарақұстың қанатының ұзындығы 54 – 62 см, салм. 2,5 – 3,0 кг болатын ірі құс. Сыртқы пішіні бүркітке ұқсас, реңі қоңыр-қара, көзі сарғыш, не ашық қоңыр, тұмсығындағы балсірісі мен аяқтары сары түсті. Ерекшелігі иығында ақ дағы болады және ересек құстардың басы сарғыш-қоңыр. Аналығы аталығына қарағанда үлкен. Ұшуы жай, қанаттарын сирек қағып, қалықтап ұшады. Ұшып жүргенде жалпақ қанатының ұшындағы қауырсындары саусақ тәрізді тарамдалып көрінеді. Өте көп ағаш бұтақтарынан тұратын үлкен ұяны ағаш басына, бұталардың үстіне, сирек ашық жерлер мен электр желісі тартылған бағаналарға аталығы мен аналығы бірігіп салады. Қорегі – майда сүтқоректілер (саршұнақтар, құмтышқандары, құм қояны, т.б.), құстар (тауықтәрізділер, үйректер, балшықшылар, шағалалар мен қарқылдақтар, ақтұмсық қарғалар мен ұзақтар, т.б.). Сондай-ақ, тасбақалар, жыландар, кесірткелер, саяқ шегірткелер және өлекселермен де қоректенеді. Қарақұс – жыл құсы. Республикамызда наурыздың ортасынан қарашаның басына дейін кездеседі. Сәуірде ұясына 1 – 3 секпілді жұмыртқа салып, оларды 1,5 айдай қоразы мен мекиені кезектесіп шайқайды. 2,5 айдан соң балапандарын қанатына қондырып, ұядан ұшырады. Африка мен Оңт. Азияда қыстайды. Қазақстанда Наурызым қорығында қорғалады, Алматы хайуанаттар саябағында 6 жұбы ұсталады. Қарақұстың жылдан жылға саны азаюда, сирек кездеседі, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996). ## Статусы 3-ші санат. Сирек түр, саны қысқаруда. КСРО Қызыл кітабына тіркелген (1984). ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Туыстың Қазақстан фаунасындағы төрт түрінің бірі. ## Таралуы Марокко, Евразияда – батыста Испаниядан бастап шығыста Байкал көліне дейін кездеседі. Қазақстанда кең тараған, тек солтүстік ендіктің 53°-н терістікке қарай және Қызылқұмның оңтүстік бөлігінде, сол сияқты ормансыз және биік таулы аудандарда табылмаған. Нил өзенінің аңғарында және Оңтүстік Азияда қыстайды . ## Мекендейтін жерлері Алуантүрлі, бірақ ағашты өсімдіктер (аққайыңды шоқорман, шоқормандар, сексеуіл ормандары, тоғайлар, далалы, шөлейтті не шөлді жерлердегі ормандар) бар учаскелер болуы міндетті . ## Саны Кей жерлерде кәдімгідей, мысалы Науырызымда, 1970-1981 жылдары 27-30 жұбы мекендеген , десе де көпшілік аудандарда сирек: Аралмаңы Қарақұмда 30-40 км-де 1 жұп , Арыс ойпаты мен Сарысу өзенінің төменгі сағасында 2000 км-де 1984 жылы 20 құс және 5 ұя есепке алынған , Талас пен Асы өзендерінің аңғарларында 600 км маршрутта 1983 жылы тек 1 ұя ғана, Аңдысай қорықшасында 1984 жылы 8 ұя табылған . ## Негізгі әсер ететін факторлар Мекендейтін жерлерін бұзу, ЭТЖ-ң бағаналарында өлім-жітімге ұшырау, қоректік нысандарының санының ауытқуы , жергілікті тұрғындардың аңшы құс ретінде бүркіт деп балапандарын ұядан алуы. ## Биологиялық ерекшеліктері Ұялау консерватизмі анық байқалатын жыл құсы. Көктемде наурызда ұшып келеді, ұшып кетуі қыркүйектен басталады. Ұясын әр уақытта ағашқа, сирек бұтаға, түк болмағанда жерге және ЭТЖ-ң бағаналарына салады. 1-3 жұмыртқасы бар ұя сәуірде пайда болады, 43 күн шайқайды, балапандары 60 күннен соң ұяны тастайды . Негізінен орташа денелі кеміргіштермен қоректенеді, қояндар мен жас суырларды ұстайды, жиі тауықтектес құстарды, су құстарын, безгелдектерді, жорға дуадақтарды, кейде рептилиялар, тіпті насекомдарды да аулайды. ## Қолда өсіру Алматы хайуанаттар паркінде 6 құс ұсталады, бірақ көбеюі белгісіз. ## Қабылданған қорғау шаралары Науырызым қорығында қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Қаскерлермен күрес, ұяларын табу және қорғау, қолда өсіру әдістерін және ормансыз аудандарда арнайы платформаларда ұялауға үйрету жолдарын дайындау. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Қазақстанда ұялау орындарының таралуының және санының кадастрын жасау; санын шектейтін факторларды анықтау. ## Дереккөздер
Дуадақ (лат. Otis tarda) — тырнатәрізділер отрядының бір тұқымдасына жататын құс. Шығу тегі жөнінен тырналарға ұқсас болғандықтан оларды бір отрядқа жатқызады. Дуадақдың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен белгілі. Дене тұрқы тауыққа ұқсас. Дуадақ — үнсіз әрі сақ жүретін құс. Құрлықта жүруге, жүгіруге бейімделген үш бармағы болады. Салмағы 4 — 11 кг, ірілері 20 кг-ға жетеді. Шөл,шөлейт далада мекендейді.Дуадақтар жасағында 24 түр бар,Қазақстанда олардың үш түрі бар: безгелдек, жорға дуадақ, дуадақ (Otіs tarda). Дуадақтың қауырсыны тығыз келеді, мойны қысқа әрі жуан. Қанатының ұзындығы 570 — 670 мм. Құйымшақ бездері болмайды. Қауырсындарының түсі ашық қоңырқай, ұсақ қара жолақтары бар. Құрсақ жағының қауырсындары біркелкі ақ түсті. Қазақстанның оңт.-шығысындағы шөлейтті далада, тау бөктерінде топтанып, кейде жекелей тіршілік етеді. Дуадақ — жыл құсы. Көктемде ұшып келеді де, қазан — қараша айларында жылы жаққа ұшып кетіп, Тәжікстан мен Түрікменстанда қыстайды. Қораздары мекиендерінен ірі, әрі тамағының астында бір топ селдір қауырсындары болады. Жұп құру кезінде “күй ойнаққа” түседі де, қораздары қанаттарын көтеріп дүрдитеді, мекиендерін айналып билейді. Мекиендері 2 — 3 сарғыш, тарғыл жұмыртқасын жердегі ұяларына салады, оны 20 — 30 күндей шайқайды. Балапандары ширақ болады. Дуадақ өсімдіктермен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Бұрын Қазақстанда дуадақ көп болған. Ел арасында дуадақты “шөл тауығы”, “тоқтыбалақ”, “қозыбалақ” деп те атайды. 20 ғасырдың 50-жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде олардың саны азайып кетті. Қазір дуадақтың үш түрі де қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Олар Қорғалжын, Наурызым, Үстірт қорықтарында қорғалады. Жиекдуадақ (жорға дуадақ) Қазақстанның оңтүстік жартысындағы шөл және шөлейт далада мекендейді. Тіршілік әрекеті дуадаққа ұқсас. Дуадақтан ерекшелігі- денесі кішірек және мойнында қара жолақтың болуы. Құмды жерлердің жиегін ала көп кездесетіндіктен, бұл құс жиекдуадақ деп аталады. Дуадақтардың ең кішкене түрі- безгелдек, оның денесінің мөлшері тауықтай. Ол өте шапшаң жүгірі, лезде көзден таса болатындықтан, безгелдек деп аталады. Оны Қазақстанның батыс аймақтарынан сирек кездестіруге болады. Бұл-өте сақ құс. ## Дереккөздер
Орақтұмсық (лат. Ibidorhyncha struthersii) – татреңтәрізділер отряды, қарала балшықшылар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньнің биік таулы беткейлерінде, Іле Алатауының Үлкен және Кіші шатқалында, Шелек, Асы, Қаражар және Қарқара өзендерінің жоғарғы ағысында кездеседі. Дене тұрқы 41 см, салмағы 300 г-дай, қанатының ұзындығы 22 – 25 см. Арқасы және жемсауы сұрғылт келеді, кеудесінде қара жолағы бар. Орақ тәрізді имек тұмсығы мен аяқтары қызыл түсті. Орақтұмсық – отырықшы құс. Жеке жұптары ұсақ тастар арасына шұңқырлап ұя салады. 3 – 4 жұмыртқаны мекиені мен қоразы кезектесіп басып, балапандарын да бірігіп өргізеді. Негізінен ұсақ балықтармен және әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Орақтұмсықтың жылдан жылға саны азаюда, Алматы хайуанаттар паркінде 4 жұбы қорғалады. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Балықшы тұйғын (лат. Pandion haliaetus) — сұңқартәрізділер отрядының тұйғындар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қанатының ұзындығы шамамен 490 мм, салмағы 1,6 кг. Арқасы қарақоңыр, бауыры ақ, жемсауы қоңыр, теңбіл түсті. Басы ақшыл сары, табанында балық ұстауға икемді тікенек балықшытәрізді бүртіктері бар. Балапандарының мамығы көгілдір. Негізінен Жайық өзені аңғарын қоныстайды. Жыл құсы, сәуірде келіп, қыркүйекте қайтады. Өзен-көл маңайындағы ағашқа ұя салады. Мамырдың басында 2-3 көкшіл жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп 1 ай бойы басады. Балықшы тұйғын жойылып кету жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл (Оңтүстік Алтай), Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60-70-ке дейін (оның жартысы Шығыс Қазақстанда) кеміді. Негізгі себептер - орманды кесу, балық қорларының таусылуы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Мәртебесі 1-ші санат. Қазақстанда жойылып кету қаупінде тұрған түр. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Құстардың әлемдік фаунадағы монотиптік тұқымдас пен туыстың өкілі. ## Таралуы Балықшы тұйғын Антарктидадан басқа барлық континенттерде көбейіп, бүкіл әлемде таралған. Олар Оңтүстік Америкада немесе Үнді-Малайзияда өседі ме, белгісіз, бірақ олар кейде қыс мезгілінде кездеседі. Қыста олар Египетте және Қызыл теңіздің кейбір аралдарында ұя салады. Олар қауіпсіз ұя салатын жерлер мен балықтардың көптігі бар таяз су аймақтары бар барлық жерде ұя салады. Ұялар әдетте судан 3-5 км қашықтықта орналасқан: батпақтар, көлдер, су қоймалары немесе өзендер, бірақ сонымен қатар судың үстінде жақсы жерде орналасуы мүмкін. Орындар үлкен ұя салуға болатын, құрлықтағы жыртқыштар үшін жету қиын - кейде судың үстінде немесе шағын аралда таңдалады. Өлі ағаш, қалқыма немесе басқа жасанды құрылыс ұя салу орны ретінде қызмет ете алады.Балапандары қорек іздеп ұядан 14 км-ге дейін барады, ал қалған уақытта 10 км-ге дейін ұша алады. Ертеде Қазақстанның көптеген суқоймаларында мекендеген. Қазір негізгі ұялайтын орындары Марқакөл көлі мен Қара Ертіс өзені. Бұлардан басқа 1976 ж. Жаркент қаласынан оңтүстікке қарай Өсек көлінде, 1981 жылы Орал қаласына жақын Жайық өзенінде, 1982 ж. Қапшағай су қоймасында Кіші Қалқанда, 1985 ж. – Сырдария өзенінде ұялары табылған. 1981-1985 жылдары бірен-саран жұптары ұялайтын мерзімде Зайсан көлінде, Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің бойында, Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында, Бұқтырма өзенінің аңғарындағы көлдерден де кездескен. ## Мекендейтін жерлері Суы мөлдір және жағасы орманды, балыққа бай суқоймалары. ## Саны XX ғасырдың 40-шы жылдарында көп жерлерде кәдімгідей болған , бірақ 50-60-жылдарда көпшілік суқоймаларында жойылған. 80-ші жылдары Қазақстанда 30-35 жұбы сақталған, олардың ішінде Марқакөл көлінде 1978-1985 жылдары 7-11 жұбы, Қара Ертіс өзенінде 1980 ж. – 5 жұп ұялады. Марқакөл көлінде саны тұрақты. Деседе республикада балықшы тұйғынның жағдайы өте нашар. ## Негізгі әсер ететін факторлар Өзендер мен көлдердің жағалауларында шаруашылық және рекреациялық қызметтердің күшеюі. Тікелей жою, ұяларын бұзу, суқоймаларын шаруашылық мақсатта игеру, мазалау факторы, жағалаудағы ормандарды отау, балық қорының қысқаруы. ## Биологиялық ерекшеліктері Наурыздың аяғы – сәуірде ұшып келеді. Сәуірдің аяғы – мамырдың басында жұмыртқа салады. Ұяда 2-3, өте сирек 4 жұмыртқа болады. Шайқау 34-40 күнге, орташа 37, созылады. Балапандары ұяда 49-60 тәулік болады. Марқакөл көлінде 10 ұядан шыққан 27 балапанның 21-і қанатына қонды. Қайтуы тамыздың үшінші онкүндігінен қазанның 20-на дейін созылады. Негізінен балықпен қоректенеді. ## Қолда өсіру Қолда өсіру жайында деректер белгісіз. ## Қабылданған қорғау шаралары Марқакөл қорығында, Қатонқарағай және Алтынемел ұлттық парктерінде қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Ұялайтын жерлеріне кадастр жүргізу, олардың айналасында 200-400 м радиусте тыныштық аймағын құру. Ұялауға қолайлы жерлерде, ағаштарға қондырғылар және басқа типтегі жасанды ұялар орналастыру. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Аймақтар бойынша санын анықтау, биологиясын зерттеу, жасанды ұяларға тарту бойынша эксперименттер жүргізу. ## Дереккөздер
Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатының ұзындығы 42 – 54 см, салм. 2 – 3 кг-дай. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. Мекиені мен қоразы 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады. Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Солт.-шығыс Африка, Палестина, Ирак, Үндістан, Пәкістан, Бирма жерлерінде қыстайды. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұялау мекені тарылып, саны күрт төмендеді. Бірақ 1970 – 1980 жылы саны қайтадан көбейе бастады. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Суреттер * * * * * ## Дереккөздер
Іле жорғаторғайы (лат. Podoces panderi ilensis) – торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын жорға торғайдың бір түршесі. Қазақстанда тек Оңт. Балқаш өңірінде, негізінен Сарыесікатырау (Іле мен Қаратал өзендерінің аралығында), бірен-сараны Тауқұм, Лөкқұм және Қосшағылда кездеседі. Сайрауықтан көп үлкен емес, салм. 80 – 100 г. Басы мен жоны көкшіл сұр, бауыры солғын қызғылт, құйрығы қара. Алқымында, қанатында қара дақтары бар. Ұшқанда тамағындағы және қанатындағы ақ дақтар анық көрінеді. Нашар ұшатын болғандықтан, негізінен жерде тіршілік етеді. Сексеуіл сирек өскен құмды шөлдерді мекендейді. Отырықшы құс. Ақпанның соңында аталығы мен аналығы бірігіп, сауысқанның ұясына ұқсас қақпақты ұя жасап, онда 3 – 6 жұмыртқа салады. Оларды аналығы 18 – 20 күндей шайқайды, ұядан ұшқан балапандарын сонша күн аталығы мен аналығы бірігіп қоректендіреді. Жәндіктермен (өрмекші, қыршаяны, т.б.), кейде кесіртке мен кесірттерді де жейді. Ал қыстағы қорегі – өсімдік тұқымдары. І. ж. т-лар – өте сирек кездесетін құс. 1982 ж. Оңт. Балқаш өңірінде Қарадон сайындағы тоғайдан 15, Шыңгелді – Хақ сайындағы тоғайдан 30 ұясы табылғаны туралы дерек қана бар. Жылдан жылға саны азаюда, Оңт. Балқаштың эндемигі, қорғауға алынып, Қазақстанның және Алматы облысының “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Үлкен құралай (лат. Carpodacus rubicilla) - сирек кездесетін, аз санды, жете зерттелмеген құс. Орталық Азияның биік тауларын мекендейді, Қазақстандағы ұялайтын жерлері белгісіз. Саны анықталмаған, дегенмен онша көп болмаса керек; әзірге белгілі бізге қыстайтын екі жер: Алматының төңірегі мен Ақсу-Жабағылы қорығы. Үлкен құралай бірнеше ондап қана кездеседі. Бұл түрге негізгі қауып - сайрағыш құстарды аулап, сатуды кәсіп еткендер. Қысқы мекені көлемі жағынан шағын, әрі қолайлы болғандықтан оларды аулау оңай. Аз зерттелген бұл түрді қорғау шараларын белгілеу үшін оның таралуын, санын, биологиясын анықтау қажет. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Бұйра бірқазан (Pelecanus crispus) - аз санды, шектеулі жерлерге ұя салатын түр. ХТҚО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Евразияның оңтүстік бөлігіндегі көлемді суларды мекендейді. Қазақстанда ұялары Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шымкент облыстарының, Балқаш-Алакөл және [Зайсан қазаншұңқыры|Зайсан]] ойпаттарының өзен-көлдерінде сақталған. Республикамызда 4 мыңдайы ғана ұялайды. Санының азаюына негізгі себептер-заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау. Бұл түрді сақтау үшін Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында қорықтар ұйымдастырып, оны заңсыз аулаушыларға және өртке қарсы күрес шараларын жүргізу керек. ## Статусы 2-ші санат. Саны азайып бара жатқан және мекендейтін жерлері шашырап орналасқан түр. ХТҚО Қызыл кітабына тіркелген. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы ТМД фаунасындағы туыстың 2 түрінің бірі. ## Таралуы Оңтүстік Еуропа жағалаулары, Батыс Сібір суқоймалары, Кіші Азия, Моңғолия мен Синьцзянның кейбір көлдері. Қазақстанда Орал (Батыс Қазақстан) облысының суқоймаларында (Көшім, Қамыс-Самар көлдері), Каспийдің солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауларында, Торғай ойысында, Науырзым қорығында, Теңіз-Қорғалжын ойпатында, Шошқакөл көлдер жүйесінде (Сырдарияның орта ағысы), Балқаш көлінде, Іле, Тентек және Қара Ертіс өзендерінің атыраптарында ұялайды. ## Мекендейтін жерлері Аралдары, жайылмалары және кішірек көлдер жүйесі бар жасанды әрі табиғи суқоймалары, өзендердің қалың қамыс, шөп, бұта өскен жалпақ атыраптар. Ашық типтегі ландшафтарда, әсіресе тасты аралдарда сирек қоныстанады. ## Саны Қазақстанда 2 мыңға жуық жұп ұялайды. Қазақстан шегіндегі таралу аймағында ең саны көп (1000 жұптан аса) жер Балқаш көлі мен Іле өзенінің атырабында сақталған, сол сияқты Қара Ертіс өзенінің атырабы мен Бұқтырма су қоймасында – 220-дей жұбы бар. Көшім, Қамыс-Самар көлдерінде 100-ге жуық жұп, Забурунья және Жилая Коса аудандарында (Каспий жағалауы) – 150-ге дейін жұп, Сарықопа көлінде, Ырғыз бен Торғай өзендерінің төменгі ағысында (Торғай ойысының оңтүстігі) – 200-дей жұп, Қорғалжын қорығында – 100-дей, Науырызымда 20-дай жұп мекендейді. ## Негізгі әсер ететін факторлар Өзен ағындарын реттеуге байланысты мекендейтін жерлерінің тозуы, суқоймаларының гидрорежимінің өзгеруі және оларды шаруашылыққа пайдалану. Судың және топырақтың химиялық заттармен ластануы, қамыс шабу және өртеу; ұялау кезінде мазалау, балық қорының азаюы, қаскерлік (браконьерство). ## Биологиялық ерекшеліктері Ірі құс(13кг дейін),сұрғылт түсті,басында өзіне тән бұйрасы бар,күйттеу кезеңінде тұмсығы сарғылт,қызғылт түсті болады.Бірқазандар топтанып,көп жағдайда басқа су маңы құстарыменұялайды және мекендейді.Көбінесе 2-4 жұмыртқа салады.Бұл түр өте сирек кездеседі.Жыл құсы. Қызғылт бірқазан және үлкен суқұзғынымен аралас шоғырларда, сол сияқты жеке шоғырлар құрып, әрі жұп болып ұялай береді. Ұяларын құлаған қамыстар мен қопаларға , сирек аралдардағы ашық топырақ үстіне салады, ұя салу үшін қамыс және басқа өсімдіктерді пайдаланады. Ұяда 2-5 жұмыртқа болады. Жұмыртқалау кезеңінің басталуы наурыздың аяғы – сәуірдің басы, жұмыртқасы бар ұя маусымның ортасына дейін кездесе береді. 40 тәулікке дейін шайқайды. Ұядан орта есеппен алғанда 1,5-2 балапан өрбиді. Балықпен қоректенеді, қызғылт бірқазан және үлкен суқұзғынымен бәсекелеседі. Негізгі жаулары – боз шағала, қара қарға, бұлар ұяларын бұзады. ## Қолда өсіру Қазақстанда қолға алынбаған. ## Қабылданған қорғау шаралары Алакөл, Қорғалжын, Науырызым қорықтарының, Сарықопа мен Торғай қорықшаларының суқоймаларында қорғалады.Қазақстанның Қызыл кітабына тіркеліп қана қоймай,сонымен қатар Халықаралық табиғатты қорғау Кеңесінің тізіміне енгізілген. ## Қажетті қорғау шаралары Іле, Қара Ертіс өзендерінің атыраптарында қорықтар ұйымдастыру; Торғай қорықшасын қорыққа айналдыру. Құсмұрын және Сарқопа көлдеріне халықаралық маңызы бар жерлер статусын беру, олардың гидрологиялық режимдерін жеткілікті түрде бақылау; ұялау кезеңінде суқоймаларын аралауды шектеу, ал балық аулауды тек қысқы мерзімде жүргізу. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Бірқазандардың негізгі мекендейтін жерлерінің жағдайына, орналасуына және санына мониторинг жүргізу. ## Дереккөздер
Бақалтақ қыран (лат. Aquila pennata) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Кейде бақалтақ қыранды “ергежейлі қыран” деп те атайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы тау ормандарын, Сырдария, Іле, Шелек, Шарын және Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Баянауыл, Қарқаралы таулары мен Алтайда да кездеседі. Бақалтақ қыран қауырсындарының түсіне қарай қара және ақ бауырлар деп бөлінеді. Тұмсығының түбі көгілдір, имектелген ұшы қап-қара болады. Биік ағаштың басына ұя жасап, оған 1—2 жұмыртқа салады; оны мекиені 35—39 күн басады. Балапаны жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін 2 айдан соң ұядан ұшады. Бақалтақ қыран ұсақ тышқандармен, құстармен қоректенеді. Ол — жыл құсы. Қазақстанға сәуірде келіп, қарашада Африка мен Үндістан түбегіне ұшып кетеді. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). ## Статусы ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Туыстың Қазақстан фаунасындағы бірден-бір өкілі. ## Таралуы Солтүстік Батыс Африка, Евразияда – шығысқа қарай Үлкен Хинганга, оңтүстікте Грекия, Кіші Азия, Сирия мен Ауғанстанға, солтүстікте Карпат, Алтай, Туваға дейін кездеседі. Қазақстанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы ормандарда, сол сияқты Сырдария, Іле, Шелек, Шарын, Қаратал өзендерінің жайылмаларындағы тоғайларда мекендейді . 70-ші жылдары Қарқаралы тауларында ұялағаны анықталған , 80-90 жылдары оңтүстік-батыс Алтайда , Зайсан қазаншұңқырында, Маңырақ пен Тарбағатайда ұялаған. Үндістан мен Африкада қыстайды. ## Мекендейтін жерлері Түрлі типтегі ормандарда – шөл өзендерінің жайылмаларындағы тоғайлар, таулы жалпақ жапырақты, сирек қылқан жапырақты – ормандарда мекендейді. Жемтігін аулау үшін ашық тау бөктерлеріне, көлдердің ашық жағалауларына және елді мекендерге ұшып шығады, соның ішінде Алматы қаласының оңтүстік жартысында бақалтақ қырандар жиі есепке алынған . ## Саны Жоңғар (Жетісу) Алатауының тек кейбір аудандарында біршама, таралу аймағының негізгі бөліктерінде сирек; 60-70-ші жылдардағы күрт төмендеуден кейін қазір санының өсуі байқалуда. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында 30-шы жылдары бақалтақ қыран қырандардың ішінде әдеттегідей болған. Содан кейінгі жыртқыш құстарға қарсы күрес науқанынан соң ол 1959-1965 жылдары мүлдем кездеспеді, тек 1966 жылы бірінші ұя табылды ## Негізгі әсер ететін факторлар Анықталмаған, мүмкін, тоғайлардың тозуы және заңсыз аулау (ату). ## Биологиялық ерекшеліктері Жыл құсы. Көктемде сәуірде пайда болады, күзге қайту тамыздың аяғынан қазанға дейін созылады. Ұясын көпшілік жағдайда жалпақ жапырақты ағаштарға, сирек – қылқан жапырақтыларға, өте сирек жартастарға салады. 1-2 жұмыртқа болатын ұяны ұябасары 35-39 күн шайқайды . Тек бір ғана балапаны тірі қалады, ол шамамен 8 аптадан соң қанатына қонады. Құстар және майда әрі орташа денелі аңдармен қоректенеді, оларды тасадан не қалықтап ұшып жүріп бақылайды және қуып жүріп ұстайды. Кейде бауырымен жорғалаушыларды да аулайды. Ұя маңында жиі әдемі ұшу мәнерлерін көрсетеді. ## Қолда өсіру Қазақстан хайуанаттар парктерінде қолда ұсталмайды. ## Қабылданған қорғау шаралары Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Марқакөл, Алакөл және Алматы қорықтарында, Баянауыл,Қатон-Қарағай және Алтынемел ұлттық парктерінде қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Қаратау, Жоңғар (Жетісу) Алатауы және Іле өзенінің аңғарында қорықтар ашу; қолда өсіру ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Шектеуші факторларды анықтау үшін түрдің экологиясын жан-жақты зерттеу ## Дереккөздер
Қылқұйрық бұлдырық, қылаңтөс (лат. Syrrhaptes paradoxus) — кептертәрізділер отряды, бұлдырық тұқымдасына жататын құс. Ежелгі қазба қалдықтары Францияда жоғары эоцен қабатынан табылған. Қылқұйрық бұлдырық Қазақстанда Еділ — Жайықтан бастап Зайсанға дейінгі аралықта кездеседі. Көбіне сазды, сортаңды, қиыршық тасты жерлерді мекендейді. Дене пішіні кептердей, тауық тұмсықты, сұңқар төсті. Салмағы 250 — 300 г, қанат құлашының ұзындығы 44 — 50 см. Басқа бұлдырықтарға ұқсас, бірақ құйрығы өте ұзын әрі үшкір (аталуы осыған байланысты) келеді. Аяғының үш саусағы бірігіп кеткен, аң табаны тәрізді. Түсі ақшыл сұр, қызғылт, түрлі өрнекті. Қорегі — өсімдік тұқымдары, жемістері, түрлі жәндіктер. Қылқұйрық бұлдырық — жыл құсы. Наурыз — сәуірде жұп құрып, 2 — 3 жұмыртқасын мекиені мен қоразы кезек шайқайды, кейін балапандарын бірігіп қоректендіреді. Бір жерге топтанып (көбіне 30 — 40-тан, кейде 100-ден), кейде жұбымен ғана ұялайды. Жылына 2 рет балапан өргізеді. Қылқұйрық бұлдырық ағашқа, бұтаққа қонбайды, жерде тез жүгіреді. Қыстау үшін қазан айында Қазақстанның оңтүстігіне және Жем өзені өңіріндегі құмдарға, Моңғолияға, Солтүстік Қытайға ұшып кетеді. Қылқұйрық бұлдырыққа тән ерекшеліктердің бірі — басқа жаққа жаппай қоныс аударатындығы. Мысалы, 1859 — 1944 ж. Еуропаға қарай жаппай ұшып кетуі 16 мәрте, ал шығысқа қарай қоныс аударуы 1860 — 1923 ж. 10 мәрте қайталанған. Саны жылдан жылға азаюда. Қазақстанда 20 ғ-дың 70 — 80-жылдарында 3 — 10 мың Қылқұйрық бұлдырық болса, 1982 ж. Оңтүстік Балқаш өңірінен 30 — 40 дарабасы, 1983 ж. Бетпақдаланың батысынан 1100-дей ғана кездескен. 1991 жылдан Қылқұйрық бұлдырықты аулауға тыйым салынған. Қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітапына” енгізілген (1996). ## Дереккөздер
Қарабауыр бұлдырық (лат. Pterocles orientalis) – бұлдырықтәрізділер отряды, бұлдырық тұқымдасына жататын құс. Салмағы 300 – 400 г. Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде Қамыс-Самар көлінде, Бетпақдала шөлі мен Зайсан қазаншұңқырында, Кіші Азия және Солтүстік Африканың шөл далаларында мекендейді. Дене тұрқы 35 см, қанатының жайғандағы өрісі 70 см, құйрығының ұзындығы 11 см. Басы, мойнының артқы жағы және кеудесі қызыл сұр түсті. Кеудесі мен бауырында қара немесе қара қоңыр түсті жолақтар анық көрінеді. Сирағындағы қауырсындары қоңыр сары түсті, тұмсығы көк түсті болады. Ұяны жеке салғанымен Қарабауыр Бұлдырықтар суатқа, жем жеуге топтасып барады. Қоразы мен мекиенін реңінен ажыратуға болады. Қарабауыр Бұлдырық – жыл құсы. Қазақстанға наурыздың ортасынан бастап ұшып келеді. Ұясы қарапайым, жерді шұңқырлайды да оған ештеңе төсемейді, кейде ұя салмай-ақ, басқа құстың ұясын пайдаланады. Сәуірдің соңы мамырдың басында ұяға 3 жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Бір маусымда екі, кейде үш рет балапан ұшырады. Олар көбінесе шөлді аймақ өсімдіктерінің тұқымымен қоректенеді, кейде ұсақ жәндіктерді де жейді. Күзде үлкен топ құрып, қазан – қараша айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Үндістанда, аздаған бөлігі Қызылқұмда қыстайды деп есептеледі. Қарабауыр Бұлдырықтың жылдан-жылға саны азайып келеді. Қазір олар Үстірт қорығы мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Жыланшы бүркіт (лат. Circaetus gallicus) - қаршыға тұқымдастары. Қанат құлашы 1,9 м, тырнақтары өткір. Еуропа, Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда таралған. ТМД оңтүстік аймақтарда кездеседі. Түрікменстанда кең таралған. Орманды және таулы жерлерде кездеседі. Бір жұмыртқа салады. Саны азаюда. КСРО Қызыл кітабында. Қазақстанда 4 түр тармағы шөл және шөлейт аймақтарды ұялайды. Құмды шөлдер, құрғақ тау бөктерлері мен өсімдігі сирек аласа тауларды мекендейді. Шәулісінің қанатының ұзындығы 52 – 59 см, салм. 1,2 – 2,0 кг, ұябасары шәулісіне қарағанда сәл ірілеу. Реңінде жыныстық ерекшелік байқалмайды. Арқасы қоңыр сұр, мойны мен басы ақшылдау. Үстіңгі қақпа қауырсындары – қоңыр, астыңғысы ақшыл, жолақты. Бауыры ақшыл көлденең жолақты, жемсауы теңбіл келеді. Жас жыланшы бүркіттің қақпа және бағыттаушы қауырсындарының шеті ақшыл. Бұл белгі ересектерінде тез жойылып кетеді. Әуеде ұшып жүрген Жыланжегіш қыранның басына төсі қара, ал отырғанда басы сұрлау болып көрінеді. Көзі сары, өте үлкен болады. Жерде жақсы жүреді, ағаш басына жартастарға жиі қонады. Жемтігін жерден ұстайды. Жыл құсы. Сәуірде ұшып келеді, ұясын ағаш басына не жартас жиегіне салады. Мамырда ұяға ақ түсті бір ғана жұмыртқа салып оны бір айдан аса шәулісі мен ұябасары бірігіп шайқайды. Ұясы бұзылған жағдайда қайтадан көбеюге қатысып, тағы да бір жұмыртқа салады. Балапаны 2,5 – 3 айдан соң ұядан ұшады. Қыркүйектің ортасы – қазанның басында жылы жаққа ұшып кетеді. Арабия түбегінде, Африкада және Оңтүстік Азияда қыстайды. Негізгі қорегі – жыландар мен кесірткелер, кірпілер, т.б. ұсақ жануарлар. Жыланшы бүркіт – сирек кездесетін құс. Қазақстанда Алматы мен Шымкент қалаларындағы хайуанаттар саябағында бір-бірден ғана жұбы бар. Негізінен бұлар Ақсу-Жабағылы, Үстірт қорықтары мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғалады. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Статусы 2-ші санат. Саны қысқарып келе жатқан түр. КСРО Қызыл кітабына тіркелген (3-ші санат). ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Туыстың Қазақстандағы бірден-бір өкілі. ## Таралуы Африка, Евразия – Атлантика жағалауынан шығыста Хара-Нарин жотасына дейін, солтүстікте 56 солтүстік ендікке, оңтүстікте Жерорта теңізі жағалауы, Кіші Азия, Иран, Пәкістан, Үндістанға дейін кездеседі. Қазақстанда 49 параллельден оңтүстікке қараған аудандарда мекендейді . ## Мекендейтін жерлері Құрғақ тау етектері, шөлді таулар, құмды шөлдер. Батыс Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауында жапырақты ормандар зонасына енеді , Қалбы және Оңтүстік Алтайда қарағайлы ормандарда мекендейді . ## Саны Қазақстанда барлық жерде көп емес және азаюда. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында 1981 жылы көктем мен жазда 1850 км автомаршрутта 2 құс қана , Қызылқұмда 1984 жылы 806 км-де – 2, Мойынқұмда 1983 жылы 600 км-де – жоқ, Бетпақдалада 1984 жылы оның орталық аудандарында – 2 кездескен, ал 1981 және 1983 жылдары батыс аудандарда 1500 км маршрутта бірде-бір құс есепке алынбаған . 1989 жылы Маңғыстау мен Үстірттің қазақстандық бөлігін самолетпен 12000 км ұшқанда бар-жоғы 4 құс кездескен. Орталық Қазақстаннан соңғы 15 жылда ешқандай деректер жоқ. ## Негізгі әсер ететін факторлар ЭТЖ-ң бағаналарында өлім-жітімге ұшырау, тікелей өлтіру, мазалау факторы, жерді жыртуға және малды қарқынды жаю нәтижесінде бауырымен жорғалаушылардың санының қысқаруы. ## Биологиялық ерекшеліктері Қазақстанның оңтүстігінде сәуірдің басында пайда болады, қыркүйектің аяғында ұшып кетеді . Салыстырмалы түрде аса үлкен емес ұясын ағашқа (сексеуіл, тораңғы) не жартасқа, әдетте жерден аса биік емес, салады. Ұяда 1 ғана жұмыртқа болады, оны бір жарым айдай шайқайды, балапан жұмыртқадан шыққаннан 2 ай өткен соң ұяны тастайды . Күндіз жемтігін аулайды, рептилиялармен қоректенеді. ## Қолда өсіру Шымкент және Алматы хайуанаттар бақтарында жалғыз басты құстар өсіріледі. ## Қабылданған қорғау шаралары Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Үстірт және Алакөл қорықтарында, Аңдасай қорықшасы Алтынемел ұлттық паркінде қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Қаратауда, Бетпақдала, Іле өзенінің аңғарында, Қызылқұмда қорықтар ұйымдастыру. Тұрғындар арасында жыланға деген көзқарасты өзгерту, қаскерлермен күресті күшейту, ЭТЖ-ң бағаналарын қорғаныш құралдарымен жабдықтау, қолда өсіруді жолға қою. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Қоректік базасының жағдайын және өзгерту бағытын анықтау, арнайы қондырғыларға ұялау үшін тарту мүмкіндіктерін қарастыру. ## Дереккөздер
Ақбауыр бұлдырық (лат. Pterocles alchata) – бұлдырықтәрізділер отрядының бұлдырықтар тұқымдасына жататын құс. Қанатының ұзындығы 19 – 21 см, салмағы 225 – 290 г. Денесінің үстінде сары түсті сұр теңбілдері бар. Қара жолақпен көмкерілген жемсауы мен төсі қызғылт күрең түсті. Басқа бұлдырықтардан бауырының ақ болуымен ерекшеленеді. Ұшқанда көмекейден дыбыс шығарады. Құмды жерлер мен оған іргелес жатқан тақырларды ұялайды. Ұясын жерге кішкене шұңқыр жасап салады. Мамыр – шілдеде қоразы мен мекиені 2 – 3 жұмыртқаны кезектесіп басады. Балапандарын да ұядан бірлесіп ұшырады. Түрлі өсімдіктердің тұқымдарымен, жемістерімен, жәндіктермен қоректенеді. Тұщы, ащы суды да іше береді. Күніне 2 рет су іздеп 20 – 30 км жерге ұшып барады. Ақбауыр бұлдырық – жыл құсы. Тамыз айынан бастап үлкен топ құрайды. Қыркүйек – қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Көктемде қайта оралады. Ақбауыр бұлдырықтың тіршілігі толық зерттелмеген. Таралған аймағы тарылып және саны кеміп бара жатқан тұр. Соңғы жылдары таралу аймағы тарылып, саны едәуір кеміді: 60-шы жылдары ондаған, тіпті жүздеген мың құстардың жиынтығы байқалса, ал қазір бірнеше жүздеген құстар тобы өте сирек кездеседі. Негізгі себептер - суат басында қасақылық (браконьерлік), және де ұя басу кезінде құстарды мазалау. Бетпақдала және Қызылқұм қорықтарын құру және суат басынан аулауға тыйым салу қажет. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Таралуы Жетісу өңірінің және Қазақстанның басқа аймақтарының шөл, шөлейт аудандарын мекендейді.Оңтүстік Францияда,Солтүстік Африкада,Кіші,Орта және Алдынғы Азияда өмір сүреді. . ## Дауысы Қарабауыр бұлдырықтан кіші,жіңішке,ұзын құйрықты құс. Дауысында да айырмашылық бар. Оның дауысы шауқарғаға ұқсас “га!..га!” деп қатты айғайлап естіледі. . ## Дереккөздер
Жалбағай, қалбағай (лат. Platalea leucorodia) — ескекаяқты құстар отрядының тырна-құтан түқымдасына жататын құс. Қанатының ұзындығы 39 см, салмағы 1,5 кг. Ақ құс, басында сарғылт айдары бар. Сирақтары ұзын, қара. Тұмсығы жалпақ, қалақша тәрізді. Балапаны ақ мамықты. Жыл құсы: наурыз-сәуірде келіп, қыркүйекте қайтады. Сәуірде 3-4 жүмыртқа салады. Оны мекиені Жалбагай мен қоразы 3 аптадай кезектесіп басады. Су жәндіктерімен, олардың дернәсілдерімен, балықпен, бақамен қоректенеді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Сипаттамасы Кейбір жерлерде бұл құсты қалбағай деп атайды. Жалбағайдың қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,7 кг-дай. Жалбағай ақ түсті, басында сарғыш ұзын қауырсындардан тұратын кекілі және мойнының төменгі жағында сарғыш қоңыр түсті дағы болады. Басқа, өзіне ұқсас құстардан бір ерекшелігі – тұмсығы. Ол тік әрі ұзын, ұшы күрек тәрізді жалпақ; тұмсықтың негізі – қара, ұшы сарғыштау. Сирағы – қара түсті. Қамысты, бұталы тайыз суларды мекендейді. Топталып, шоғыр (колония) құрып тіршілік етеді. Судағы балық шабақтарымен, бақалармен және омыртқасыздармен қоректенеді. Жалбағай – жыл құсы. Қазақстанға наурызда ұшып келеді, тамыз – қыркүйек, кейде қараша айында да кездесе береді. Ұясын қамысты қопаға, бұта мен ағаш басына салады. Ақшыл түсті 3 – 5 жұмыртқасын сәуір – мамырда аталығы мен аналығы кезектесіп, 3 аптадай шайқайды. Жалбағайдың құтан, қарабай, үлкен су құзғындары немесе қарақаздармен бірге ұялайтыны туралы жаңа деректер белгілі болды. Саны жылдан-жылға азаюда. 1990 жылдардың аяғында республика жерінде 400 – 650 жұбы ғана ұялаған. Жалбағай сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Қызғылт бірқазан (лат. Pelecanus onocrotalus) — Бірқазандар тұқымдасының Бірқазандар тегінің аз санды, шектеулі жерлерде ұя салатын түрі. Саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, қазір оның оңашаланған ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурызым қорығында, Балқаш көлінде және Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері-заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау. Іленің атырауында қорық ұйымдастырып, Торғайдың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек. Бұл бірқазандардың мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарды тиып, оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек ## Статусы 1-ші санат. Жойылып кету қаупі бар түр. КСРО Қызыл кітабына тіркелген (1978; 1984). ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы ТМД фаунасындағы туыстың 2 түрінің бірі. ## Таралуы Экваториальді Африка, Жерорта теңізі, Дунай атырабы, Парсы шығанағы: Таяу Шығыс елдері – Индияға дейін. Қазақстанда соңғы 25 жылда Сырдария өзенінің төменгі ағысы мен Арал теңізінде ұялауын тоқтатып, Торғай ойысындағы бұрынғы таралу аймағына қоныстана бастады. Қазіргі кезде Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауында, Сырдария өзенінің орта ағысында, Балқаш көлінде, Іле және Тентек өзендерінің атыраптарында, Сасықкөл мен Қара Ертіс өзенінің аңғарында ұялайды. ## Мекендейтін жерлері Ну қамыс өскен үлкен суқоймалары. ## Саны Қазақстанда 4 мыңдай жұбы, оның ішінде Каспий жағалауында, Жем өзенінің бастауында, 400-ден аса жұп (1990 ж.), Торғай ойысында – 500-1000 жұп (1985-1988 жж.), Наурызым көлдерінде 150-дей жұп, Іле өзенінің атырабында және Балқаш көлінің аралдарында 1984-1989 жылдары – 12,5-2 мың жұп, Алакөл ойпатындағы көлдерде – 150-200 жұп, Қара Ертіс өзенінің атырабында 1985 жылы 300-дей жұбы, ал 1990 ж. – бар-жоғы бірнеше ондаған жұп ұялады. ## Негізгі әсер ететін факторлар Өзендердегі су ағынын реттеуге байланысты мекендейтін жерлерінің тозуы, суқоймаларының гидрологиялық режимінің өзгеруі және химиялық ластануы: балықтар қорының азаюы, қамыстарды шабу және өртеу; қаскерлік (браконьерство) және шоғырларында мазалау факторы. ## Биологиялық ерекшеліктері Қазақстанда – жыл құсы. Ұялау шоғырлары (колониялар) – жүз не мың жұп болса да бұйра бірқазан және үлкен суқұзғынымен жиі бірге болады. Ұялары – құлаған қамыс үстінде, сирек – жерде (аралдарда). 1-3 жұмыртқа салады, екеуі бірге шайқайды, балапандары 33-39 күннен соң жұмыртқадан шығады. Қанатына қонғанға дейін ұяда бір ғана балапан тірі қалады. Балықпен қоректенеді. ## Қолда өсіру Қазақстанда қолға алынбаған. ## Қабылданған қорғау шаралары Наурызым және Алакөл қорықтарында, сол сияқты кейбір қорықшаларда қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Іле, Қара Ертіс өзендерінің атыраптарында, Торғай мен Ырғыз өзендерінің аңғарларындағы көлдерде қорықтар ұйымдастыру. Құсмұрын және Сарықопа көлдеріне халықаралық маңызы бар жерлер статусын беру, олардың гидрологиялық режимдерін жеткілікті түрде бақылау. Торғай мен Сарықопа қорықшаларында ұялау кезеңінде шоғырларды аралау және қамыс дайындауға тиым салу, бұл жерлерде және Құсмұрын көлінде негізгі балық аулауды қысқы мерзімге ауыстыру ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Бірқазандардың мекендейтін жерлерінің жағдайына, орналасуына және санына мониторинг жүргізу. ## Дереккөздер
Кезқұйрықты субүркіт (лат. Haliaeetus leucoryphus) – сұңқартәрізділер отряды қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Кезқұйрықты субүркіт тоғайлы, орманды жерлердегі қамысты суқоймаларын мекендейді. Шәулісінің қанатының ұзындығы 52 – 59 см, ұябасары ірілеу. Салмағы 2,1 – 3,2 кг. Шәулісінің арқасы қара бурыл түсті, жаңа шыққан қанаттары – көгілдір, басы мен тамағы ақшыл, құйрық қанаты – ақ, оның ұшы қара болып келеді. Бауыр жағы қоңыр бурыл түсті. Ұябасары реңсіз. Кезқұйрықты субүркіт – жыл құсы. Ақпанның аяғы наурыздың басында Қазақстан аумағына ұшып келіп, ағаш басына, құлаған қамыс үстіне ұя салады. Онда наурыз – сәуірде ұябасары 1 – 2 жұмыртқа басады. Маусым – шілде айларында балапандары ұядан ұшады. Негізгі қорегі – балық және су құстары; қоян, құмтышқан, ондатрды да ұстап жейді. 1960 – 1970 жылдары Қазақстанда Маңғыстау облысында, Сырдария және Іле өзендерінің бойында, Марқакөлде ұялаған. 1985 – 1986 жылдары Іле өзінің жағалауынан 5 жұбының ұя салғаны белгілі болса, Еділ, Жайық, Жем, Торғай, Ертіс, Шу өзендерінің бойынан, Қорғалжын қорығынан өтпелі құстар байқалған. Кезқұйрықты субүркіт – өте сирек кездесетін, жылдан-жылға таралу аймағы азайып, жойылып бара жатқан құс. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Статусы 1-ші санат. Жойылып кету қаупінде тұрған түр. КСРО Қызыл кітабына (1984) енгізілген. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Туыстың әлемдік фаунадағы сегіз түрінің және Қазақстандағы екі түрінің бірі. ## Таралуы Оңтүстік және Орталық Азия, Қазақстан. XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұясын Марқакөлден (1876 ж.), Жаркент қаласының маңынан (1900 ж.), Сырдария өзенінің бойындағы Қара өзек станциясының жанынан (1927 ж.), Іле өзеніндегі Қапшағай шатқалынан (1934 ж.) және Маңғыстау түбегінен (1947 ж.) тапқан . Соңғы онжылдықтарда оны Батыс Қазақстаннан жиі байқаған, жекеленген кездесулер Қорғалжын және Торғай өзенінің төменгі сағасынан, Шу және Қара Ертістен белгілі . Іле өзенінің төменгі сағасындағы Малайсары жотасында ұялауы толықтай мүмкін, өйткені екі жыл қатарынан мамырда бір жұбы есепке алынған. Оңтүстік Алтайда, 1966 жылы кезқұйрық субүркіті ауланған, 1978-1986 жылдары бірде-бір рет кездеспеген . ## Мекендейтін жерлері Қамысы қалың суқоймалары жағалауларында тоғай және терек-тал өскен ормандары бар өзен жайылмалары, жағалауы жартасты әрі ағаш-бұталы тау өзендері мен көлдері. ## Саны 30-50-ші жылдары 20-30 құстан тұратын шоғырлары сирек емес-ті . Жыртқыш құстарды жою науқаны жүргізілген 50-60-жылдардан соң Қазақстанда өте сирек кездесетін болды. Соңғы 25 жылда 50-ге жуық кездесу болған, олардың тек 5-і ғана ұялау кезінде есепке алынған. ## Негізгі әсер ететін факторлар Тікелей жою, ұясын бұзу, мекендеуге қолайлы жерлердің азаюы, аздапта болса ЭТЖ-де өлім-жітімге ұшырауы, уланған шақыртқылар мен қақпанға түсіп өлуі. ## Биологиялық ерекшеліктері Жыл құсы, Қазақстанда тек оңтүстікте (Іле, Сырдария өзендері) ғана қыстайды. Ұялайтын жерлеріне ақпанның аяғында – наурыздың басында пайда болады, лағып жүрген құстар сәуір-мамыр және жазда кездеседі. Ұясын қамыс құламаларына және ағаштарға салады. Наурыз-сәуірде жұмыртқалайды. Ұяда 1-2 жұмыртқа болады. Балапандарының қанатына қонуы – маусым-шілде. Қыркүйек-қазанда ұшып кетеді. ## Қолда өсіру Қазақстанның хайуанаттар парктерінде өсірілмейді. ## Қабылданған қорғау шаралары «Жабайы фауна мен флора түрлерін сату жайындағы халықаралық Конвенцияның» II Қосымшасына енгізілген. Қазақстанда Алакөл қорығы мен Алтынемел ұлттық паркінде қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Сақталып қалған ұяларын анықтау және қатал қорғауға алу, жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын күшейту. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Іле, Шу және Сырдария өзендерінің бойынан ұясын іздеуді қолға алу. Қолда өсіру жайында эксперименттер жүргізу. ## Дереккөздер
Құртамыш шалшықшы (лат. Numenius minutus) - сирек, таралған аймағы шағын, реликті түр, Сібір эндемигі. Шығыс Сібірде ұялайды, Шығыс Аустралия мен Тасманияда қыстайды. Қазақстанда қонысын аудару кезінде бірен-сараны кездесетіні және жаз кезінде сирек болса да ұшырасып қалуы қызық оқиға. Тау және тау бөктеріндегі селдір ормандарды мекендейді. Табиғаттағы жалпы саны - шамамен 5 мыңдай және ол біртіндеп кемуде, оның себептері айқындалмаған. Қазіргі ұялайтын орындарын тауып, оларды қорғалатын территориялар деп жариялау қажет. ## Дереккөздер
Сүйір тұмсықты шалшықшы (лат. Numenius tenuirostris) - татреңтәрізділер отрядына жататын өте сирек, жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық емес, себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әртурлі аудандарында шашырап жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып өту кезеңінде дала көлдерінде кездеседі. Қазақстанда Еділ-Жайық өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10-ға дейін шалтықшы есепке олыноды. Шектеу факторлары анықтал-маған. Сақталған популяциясын іздеу және олардың биологиясы мен экологиясын жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықшыларды қорғау керек. ## Дереккөздер
Азиялық тарбақ шырғалақ (лат. Limnodromus semipalmatus) - сирек, аз зерттелген, реликті түр. Сібірдің солтүстігінен бастап Моңғолия мен Қиыр Шығысқа дейін таралған. Қазақстанның ең шығысында, Алтайға жақын оңтүстік аудандарында кездеседі. Түрдің жалпы саны - 5-6 мыңнан артық емес. Сақталып қалған ұялайтын жерлерін іздеу және онда қорғау режимін орнату, тұрғындар арасында үгіт - насихат жүр гізу, қолда өсіру әдестерін дайындау қажет. ## Дереккөздер
Аққұйрықты субүркіт (лат. Haliaeetus albicilla) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағалаулары тік жарлы, құзды өзендер бойында қалың тоғайларын, қамысты үлкен су қоймаларын мекендейді. Ұябасары қанатының ұзындығы 64-72 см, салмағы 4,9-6,7 кг болса, қоразының денесі кіші, қанатының ұзындығы 57-63 см, салмағы 3,1-3,8 кг ғана жетеді. Олардың арқасы сұр түсті, басы мен мойны, бауыры ақшылдау келеді. Кезқұйрықты субүркіттен ерекшелігі ересектерінің құйрығы шымқай ақ болады. Аққұйрықты субүркіт- отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Жұбы жазылмай наурызда 1-3 жұмыртқа салады. Оны ұябасары 30-40 күндей шайқайды. Балапандары ұядан 2 айдан кейін ұшып шығады. Аққұйрықты субүркіт — үйректермен, қасқалдақтармен, қырғауылдармен, балықтармен, ондатрлармен, ал Каспий теңізінде итбалықтың күшіктерімен қоректенеді. Саны аз, сирек кездесетін жыртқыш құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996). * * * * * ## Статусы 2-ші санат. Саны азайып келе жатқан сирек кездесетін құс. КСРО Қызыл кітабына (1984) енгізілген. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Евразияда кең тараған құс, әлемдік фаунадағы субүркіттердің сегіз түрінің және Қазақстан фаунасындағы екі түрдің бірі. ## Таралуы Евразияның солтүстік жартысы – оңтүстікте Орта Азия мен Моңғолияға дейін кездеседі. XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның көптеген суқоймаларында ол кәдімгідей болған , бірақ соңғы 30-40 жылда бірқатар жерлерде кездесуін тоқтатты. 80-90-шы жылдары Еділ өзенінің атырабының қазақстандық бөлігінде, Көшімде (Еділ-Жайық су айрығы), Жайық өзенінің жайылмасында, Қостанай облысының көлдерінде, Сырдария өзенінің аңғарында, Балқаш-Алакөл ойпатында және республикамыздың шығысында (Зайсан көлінде, Қара Ертіс өзенінде, Марқакөлде, Павлодар Ертісінің өңірінде) ұялады. Каспий, Еділ-Жайық су айрығында, Жайық, Сырдария, Шу, Іле өзендерінің жайылмаларында, сирек – Зайсан көлінде қыстайды. ## Мекендейтін жерлері Балыққа және су құстарына бай, жағалауларында көктерек-тал (Жайық, Ертіс өзендері), қарағай (Науырызым), балқарағай (Марқакөл) қамыс пен тоғай (Қазақстанның оңтүстігі) өскен суқоймаларының жайылмалары. ## Саны Өткенде кәдімгідей, әсіресе Іле өзенінің төменгі сағасында, болған . Қазір Қазақстанда 120-130 жұп, соның ішінде Жайықтың жайылмалары мен Бітік суқоймасында 25-30 , Іле өзенінің су алаптарында – 25-30, Балқаш көлінде – 10-ға жуық , Алакөлде – 5-6 , Зайсан қазаншұңқырында – 8-10 , Марқакөлде – 1-4 , Павлодар мен Ертіс қалаларының арасында – 10, Науырызым көлінде – 7-10 жұп ұялайды. Кейбір аудандарда (Жайық, Іле өзендері, Марқакөл көлі) саны қалпына келе жатқаны байқалады. Солтүстік Каспий өңірінде 800-1000 аққұйрық субүркіті қыстайды. ## Негізгі әсер ететін факторлар Ұяларын бұзу және жою, мазалау факторы, шақыртқы маңындағы қақпанға түсу, өрт кезінде ұяларының жойылуы. Суқоймаларының жағалауларын шаруашылық мақсатта игеру, қоректің жетіспеуі. ## Биологиялық ерекшеліктері Оңтүстікте отырықшы құс. Солтүстік облыстардан қыстау үшін ұшып кетеді . Іле өзенінің атырабында ақпанның үшінші онкүндігінде, басқа жерлерде – сәуірде жұмыртқалайды . Ұяда 1-4, жиі 2-3 жұмыртқа болады. 35-40 тәулік шайқайды . Балапандары 70-75 күнде ұясынан ұшады, оңтүстікте – маусымның ортасында, басқа жерлерде – шілде де қанатына қонады . ## Қолда өсіру 1987 жылдан бері Алматы хайуанаттар паркінде көбеюде. ## Қабылданған қорғау шаралары Марқакөл, Науырызым және Алакөл қорықтарында, сол сияқты Алтынемел ұлттық паркінде қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Балқаш өңірі, Алакөл және Торғай қорықтарын құру. Түрлерді қорғау қажеттілігі жайында жергілікті тұрғындар арасына үгіт-насихат жүргізу. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Ұялайтын жерлеріне кадастр жасау. Өнімділігін, өлім-жітімге ұшырауын, шектеуші факторларын зерттеу. Қыста қосымша қоректендіру және жасанды ұяға шақыру жайында эксперименттер жүргізу. Қолда өсірілген балапандарды табиғатқа қайта жіберу әдістерін дайындау. ## Дереккөздер
Қарабас өгізшағала (лат. Ichthyaetus ichthyaetus) – татреңтәрізділер отрядының шағалалар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ – Жайық өзендерінің суқоймаларында, Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында, Павлодар мен Қарағанды облыстарының суқоймаларында, Балқаш – Алакөл су алабында ұялайды. Ұшып келу және ұшып кету кезеңдерінде Қазақстанның барлық суқоймаларынан, оның ішінде Оңтүстік Алтайдың таудағы көлдерінен де кездестіруге болады. Ұялайтын жерлері – ащы көлдердің аралдары. Қанатының ұзындығы 45 – 55 см, салмағы 1,2 – 1,9 кг-дай болатын ірі құс. Бауыры ақ, арқасы көгілдір, атына сай басы қара, көзінің айналасы – ақ, тұмсығы сары, оның ұшы қызғылттау, сирағы – жасыл сары болып келеді. Қанатын баяу қағып, асықпай ұшады. Үлкен шоғыр құрып топталып ұялайды. 3 – 4 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ұясын жерге салып, ондағы 1 – 4 шұбар жұмыртқаны қоразы мен мекиені 25 – 30 күндей шайқайды. Басқа шағалалардан ерекшелігі – балапандарының түсі – аппақ, өзіне жақын қарабас, мойнақ не реликті шағалалардың балапандарына ұқсас болуында. Қарабас өгіз шағаланың негізгі қорегі – балық, жәндіктер (қоңыздар, көкқасқа шегіртке), кесірткелер, кеміргіштер (сарышұнақтар мен құм тышқандары), сол сияқты майда құстар, кейде үйректер мен қасқалдақтарды да ұстайды. Қарабас өгіз шағала – жыл құсы. Ақпанның аяғы – наурыздың басында ұшып келіп, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді. Көпшілігі Каспий теңізінің жағалауларында қыстайды. 1976 жылдан Алматы хайуанаттар бағында бірнеше жұбы бар. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты Наурызым мен Қорғалжын, Алакөл қорықтарында, сол сияқты «Реликт шағала» қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер
Қызылжемсаулы қарашақаз (лат. Branta ruficollis) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның солтүстік және батыс бөлігіндегі көлдерде кездеседі. Жон арқасы мен құрсағы қара, бүйірі мен құйрығының асты ақ түсті. Екі шекесінде үлкен-үлкен жирен дақтары бар, олар айнала ақ қауырсындармен көмкерілген. Жемсауы, мойнының екі бүйірі ашық қоңыр, қызыл түсті. Дене тұрқы 55 см, қанатының ұзындығы 37 см, құйрығының ұзындығы 11 см-дей, салм. 1 кг-дай. Қызылжемсаулы қарашақаз — жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, тік жартастарға ұя салады. 3 — 6 (кейде 9) жасыл реңді жұмыртқа салады. Жұмыртқаны мекиені басады. Күзде жылы жаққа қайтып, негізінен Каспий теңізінің оңтүстігінде қыстайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Шұбар батбат кесіртке (лат. Phrynocephalus versicolor) - ешкіемерлер тұқымдасына жататын жұмырбас кесірткелер туысының бір түрі. Алакөл және Іле ойпаттарында тіршілік ететін, таралу аймағы шағын түр. Дене тұрқы 5,5 см-дей. Екі езуінде ұсақ шашақты, үлкен терілі қатпары болады. Қауіп төнгенде ол аузын қатты ашып, езуіндегі терілі қатпарын жазады, оған қан көп келетіңдіктен қызыл түске боятады да, жауына айбат шегеді. Сондықтан оны кейде "құлақты кесіртке" деп те атайды. Қауіп төнгенде жата қалып, екі бүйіріне кезек-кезек ырғалып, құмға сіңіп кететіндіктен "бат-бат" деп аталады. Қорегін көктемде күндіз, ал жаз айларында таңертең және кешке аулайды. Зиянды жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайда келтіреді. Сәуір айының соңында ұрғашысы ұзындығы 1,1-2,3 см 2-6 жұмыртқа салады. Мамырда олардан үлкендігі 2,2-3,0 см кішкентай жұмырбас кесірткелер шығып, 9 айдан кейін жетіледі. Шұбар бат-бат біздің республикамызда өте сирек кездеседі. Санының азаюына негізгі себептер - су деңгейінің тұрақсыздығы, сексеуіл дайындау және өрт. Қолдан өсірілмеген. Түрдің Іле ойпатындағы таралу аймағының батыс бөлігі жоспарланып отырған Орта-Іле қорығына енеді. Таралуын егжей-тегіжейлі анықтап, биологиясын зерттеуді жалғастыру қажет. ## Дереккөздер
Зайсан батбат кecipткeci (лат. Phrynocephalus melanurus) - Зайсан қазаншұңқырында аумағы шағын жерлерде оңашаланған популяциялар түрінде тіршілік ететін, таралу аймағы шағын кесіртке. Саны, негізінен, табиғи факторларға байланысты. Қолдан өсірілмеген. Оны қорғау мақсатында тың жерлерді сақтау қажет. Бөкен құмдарын мекендейтін жұмырбас кесірткенің популяциясы жоспарланып отырған Зайсан қорығының құрамына түгелімен енеді. ## Дереккөздер
Сары құтан (лат. Ardeola ralloides) - өзінің таралу аймағында саны кеміп бара жатқан сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділдің атырауы мен Жайықтың төменгі ағысында ұялайды, бұрын аздап Сырдарияның сағасында мекендейтін. Солтустік Каспийдегі жалпы саны 2 мыңдай. Өзендер мен көлдердегі қамысты қапаларды мекендейді. Санының кемуіне әсер ететін факторлар - су жүйесінің өзгеруі, аңшылық, ұяны жыртқыш құстардың бұзуы, мекенін адамдардың мазалауы. Бұл түрдің ұялайтын аймақтарын маусымдық қорыққа айналдыру қажет. ## Статусы 2-ші санат. Таралу аймағының шекарасында саны азайып келе жатқан түр. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Қазақстан фаунасындағы жалбағай құтандар туысының екі түрінің бірі. ## Таралуы Жерорта теңізі жағалауы елдері, Украинаның оңтүстігі, Кавказ, Кіші, Алдыңғы және Орта Азия. Африкада қыстайды. Қазақстанда Еділ өзенінің атырабында және Жайық өзенінің орта ағысында ұялайды . Аздаған құстар Сырдария өзенінің төменгі ағысында, бірақ жыл сайын емес, мекендеуі мүмкін. ## Мекендейтін жерлері Жағасында қамыс қалың өскен көлдер, ағаштары бар өзен жайылмалары мен өзектер. ## Саны Еділ өзені атырабының қазақстандық бөлігінде және Жайық өзенінің төменгі ағысында өткен ғасырдың 60-80-ші жылдарында әдеттегідей болған . Атырау (Гурьев) қаласынан солтүстікке қарай орналасқан шоғырларында 1975 жылы 200-250 жұп ұялаған. 1972-1974-ші жылдары Қуаңқы шоғырында 10 ұя, «Старо-Иголкин» шоғырында (Атырау облысы Денгиз ауданы) 300 ұя есепке алынған . Еділ өзені атырабының қазақстандық бөлігінде 1985 жылы 800-ден аса құс тіркелген . Жайық өзенінің атырабында 1992 жылы бар-жоғы 3-4 жұп ұялаған, 1993 жылы олар мұнда ұшып келмеген . 1994-1998-ші жылдары сары құтан бірде-бір рет кездеспеген, ал 2002-2005 жылдары бірен-сарандары есепке алынған . ## Негізгі әсер ететін факторлар Өзен ағындарын реттеуге байланысты қоректену биотоптарының ауданы тарылды және мекендейтін орындары тозды; қорек қоры азайды; қаскерлік (браконьерство); ## Биологиялық ерекшеліктері Жыл құсы. Ұшып келуі 30-шы наурызда, шоғырлануы 29-шы сәуірден бастап байқалады . Басқа құтандар, қалбағайлар және қарабайлармен бірге аралас шоғырланып ағаштарда ұялайды. Мамырдың екінші онкүндігінде 4-6 жұмыртқа салады. 20-21 күн шайқайды, балапандары маусымда шығады, ұяны 10-20-шы шілдеде тастайды . Жастары ұяда 17-20 күндей болады, бірақ шошынған құстар оны 9-10 күнде тастайды. Балапандары қанатына қонған соң ересек құстар да ұялаған жерлерінен басқа жаққа ұшып кетеді . Ұя салу, жұмыртқа салу және оны шайқау кезінде колонияға (шоғырға) адамдар барса сары құтан ұясын тастайды және ұялайтын жерлерінен басқа жаққа кетеді. Майда балықтармен, су насекомдарымен және олардың дернәсілдерімен, бақалар және бақашабақтарды саяз сулардан ұстап, қоректенеді. ## Қолда өсіру Қазақстанда қолға алынбаған. ## Қабылданған қорғау шаралары Республикада қорғауға алынбаған. ## Қажетті қорғау шаралары Өзен жайылмаларында шоғырлары орналасқан жерлерде ағаш кесуге тиым салу, Жайық өзенінің жайылмасында және Еділ өзенінің атырабында көктем-жаз мезгілдерінде кез келген шаруашылық жұмыстары жүргізілмейтін маусымдық қорықшалар ұйымдастыру. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Болашақ мониторинг жұмыстарының негізі болатын ұялайтын жерлерінің кадастрын жасау. Көбею биологиясы мен шектеуші факторларын зерттеу. ## Дереккөздер
Қара дегелек (лат. Ciconia nigra) - саны тұрақты сирек кездесетін түр. Сидамсирақтылар отрядына жататын құс. Дене тұрқы 100 см шамасыңда, қанатының ұзындығы 52-59 см, құлашы 200 см-ге жуык, салмағы 3-4 кг. Сирақтары, тұмсығы, көзінің айналасындағы жалаңаш тері қызғылт келеді. Түсі жасылқара, бауыры ақ. Мойынын созып, сирақтарын жинамай ұшады. Жартасқа салған ұясын бірнеше жыл бойы пайдаланады. Талшіліктен құрастырып, түбіне мүк төсейтін ұясының биіктігі 40 см, 2-5 жұмыртқа салып, 35 тәулік басады. Қосмекенділермен, балықпен, су жәңдіктерімен, ұсақ сүтқоректілермен қоректенеді. Қазақстанда орманды, таулы аймақтарда таралған, кейде тіпті ағашы жоқ жартасты тауды да, жазықты да мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 300-дей, негізгі мекендейтін жерлері - Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань таулары. Ұя маңындағы мазасыздыққа төзе алмайды. Бұл құсты сақтау үшін ұяның айналасынан радиусы 0,5 шақырымнан кем емес тыныштық аймағын ұйымдастыру керек. ## Статусы 3-ші санат. Сирек кездесетін түр. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Әлемдік фаунадағы туыстың бес түрінің және Қазақстан фаунасындағы екі түрдің біреуі. ## Таралуы Еуразияның орманды зонасы (аймақтан тыс таулы ормандарды қоса), Оңтүстік Африкада – шашырап орналасқан. Қазақстанда – Мұғалжар, Кент, Ұлытау, Батыс және Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Алтайда мекендейді. Маусымдық миграция кезінде Қазақстанның шөлді және шөлейтті аудандарында кең кездеседі. ## Мекендейтін жерлері Жартасты тау шатқалдары, оңтүстіктегі ксерофитті шағын ормандардан Алтайдағы қылқан жапырақты тайгаға дейінгі жазық және тау ормандары. ## Саны Көп емес. Біздің және әдебиет көздері бойынша Қазақстанда 150 жұптан артық емес, оның ішінде Батыс Тянь-Шаньда 20 жұптай, Солтүстік Тянь-Шаньмен Жоңғар (Жетісу) Алатауында – 10, Алтайда – 100-ге жуық, Орталық Қазақстанда 5-10 жұп. Көрсетілген аудандарда 40-қа жуық ұя белгілі. Алтайда қара ләйлектің саны соңғы жылдары көбеюде, толықтай алғанда Қазақстан бойынша біршама тұрақты.XX ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында күзгі миграцияалды және миграциялық топталу Қазақстанның шөлді аймақтарында байқалады, радиобелгілеу бұл аймақ арқылы Сібірде ұялайтын дегелектердің біршамасы ұшып өтетіні бақыланған. Мысалы, 1995 жылы 29-31 тамызда Жамбыл облысының оңтүстігінде 34 және 21 бастан тұратын қара ләйлектердің жиыны бақыланса, ал 2004 жылы 5-7 қазанда Қызылорда облысы Солтүстік Қызылқұмдағы Қуандария өзенінің аңғарындағы бірнеше жүз дегелектердің жиналғаны белгілі. ## Негізгі әсер ететін факторлар Зерттелмеген. Кейбір аудандардағы шатқалдардың қарқынды шаруашылық жағынан игерілуі, ұясының маңында мазалау және бұзу, батпақты жерлерді құрғату. ## Биологиялық ерекшеліктері Жыл құсы, Үндістанда қыстайды. Наурыз-сәуірде ұшып келеді. Саз және шөппен байланыстырып бұтақтардан жасаған ұясын жартасқа және ағашқа салады. 2-6 жұмыртқадан тұратын ұяны 32-38 күн басады, балапандары ұяда 60 күндей болады. Ұяда, әдетте 3-5 (орташа 3,7) балапан өседі. Олар ұяны маусым-тамыздың басында тастайды. Күзгі ұшып кету қыркүйек-қазанның басында тоқтайды. Қорегінде майда балықтар, амфибиялар (ересектері мен бақашабақтары), кесірткелер, ірі насекомдар басым; сирек – жыландар, кеміргіштер, майда құстардың балапандары. Өте ұнататын қоректік учаскелері болады, онда 10-12 ләйлек жинала алады. ## Қолда өсіру Европаның көптеген хайуанаттар парктерінде көбейеді. Қазақстанда хайуанаттар парктерінде көбейгені жайында деректер тіркелмеген. ## Қабылданған қорғау шаралары Марқакөл, Батыс Алтай, Ақсу-Жабағылы қорықтарында, Алтынемел, Іле-Алатау, Катон-Қарағай және Шарын ұлттық парктерінде қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Ұя маңында радиусы 0,5-1 км тыныштық аймағын құру. Ұнататын қоректік учаскелерін сақтау. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Көпжылдық мониторингті жүзеге асыру үшін қара ләйлектің ұяларының кадастрын жасау. ## Дереккөздер
Қызылжолақ қарашұбар жылан (лат. Coluber rhodorachis) — қабыршақтылар отрядының Жыландар сабының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жататын биологиялық түр. Қызылжолақ қарашұбар жылан тауларда, тау етегінде сонымен қатар шөлді жерлерде, өзен жайылымдарында, тау баурайындағы бұталы тоғайларда кездеседі. Жылдың ыстық кезінде су маңын мекендейді. Олар кемірушілердің індерін, жердің жарықтары мен шұңқырларын, тастардың астын паналайды. ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді. Көзінің төменгі шеті екі жоғары жағының қалқанына жақын орналасқан. Жоғары ерін қалқаны — 9. Бұрыштанған жақаралық қалқаны танау аралығына кіріп тұрады. Басының төменгі жағы ақ, үстінде біртүсті немесе аздаған қара дақтары болады. Денесінің арқа бөлігін бойлай созылған қызыл немесе қызғылт жолақ құйрық жағына қарай ұсақ нүктелерге айналып, біртіндеп жойылады. Құрсақ жағы ашық-сары, бүйір қалқаны майда қара дақты. Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі. Жаздың ортасында жұмыртқалайды (3 — 9 сопақша жұмыртқа), одан қыркүйек айында жылан жарып шығады. Күндіз белсенді, кейде түнде де қорегін іздеуге шығады. Кесіртке, ұсақ сүтқоректілер және құстармен қоректенеді. Қызылжолақ қарашұбар жылан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Сарыбауыр қарашұбар жылан (лат. Dolichophis caspius) — қабыршақтылар отряды, Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жататын бауырымен жорғалаушы. Сарыбауыр қарашұбар жылан далалық аймақтардағы ашық жерлерде, шөлейттерде, тау баурайларындағы жарлар мен өзендердің жағалауларында кездеседі. Тауларда теңіз деңгейінен 1500 — 1600 м-ге дейінгі биіктікке көтеріле алады. Күн жақсы қыздыратын тасты жерлерді паналап, қорегін аулайды. Сондай-ақ кемірушілердің індері мен жердің әр түрлі жарықшақтарына жасырынады. Ірі жылан, ұзындығы 2 м-ге жуық. Жас жыландарда бойлай созылған бір-екі қатар қоңыр дақтар біртіндеп құйрығына қарай жоғалады. Ересек жыландарда қоңыр дақтар жоғалып, қызыл, сарғыш, тіпті қара түске ауысады. Шапшаң жылжиды, ағашқа жақсы өрмелейді және жыралардан секіріп өте алады. Өзіне қауіп төнсе, ысылдаған дыбыс шығарып, қарсыласына қарай атылады. Ересек жыландардың адамды шағуы қауіпті емес, себебі олар — усыз жыландар. Сәуірдің ортасынан мамырдың ортасына дейін шағылысады. Маусым айында аналығы 7 — 11 жұмыртқа салады. Күндіз белсенді. Кесіртке, кемірушілер, қосмекенділер, құстар мен олардың жұмыртқаларымен және жәндіктермен қоректенеді. Сарыбауыр қарашұбар жыланның тіршілігі аз зерттелген, сирек кездеседі. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Төртжолақты қарашұбар жылан (лат. Elaphe quatuorlineata) - қабыршақтылар отрядының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жатады. ## Мекені Дүние жүзінде Сицилия аралы мен Апеннин түбегінен бастап, Украинаның оңтүстік бөлігі мен Кавказ арқылы Қазақстанға дейін таралған. Республика жерінде Маңғыстауда, Үстірт пен Аралдың солтүстігінде кездеседі. Бекінген не жартылай бекінген құмдарды, сазды және сортаңды жерлерді, тасты шөлдер мен өзен аңғарларын мекендейді. ## Сипаттамасы Ұзындығы 160 см, денесінің үстіңгі жағында ұзына бойына созылып жатқан төрт қара сұр жолақ не қара дақтар болады. Бүйірінде бір қатар майда дақтар орналасқан. Бүйіріндегі қабыршақтар қызғылт не қызғылт сары түсті. Ересектерінде көзінің артынан езуіне дейін созылған қара жолағы бар, ал жас жыландарда бұл жолақ танау тесігінен көзінің алдына дейін созылады. Жас жыланның басындағы ерекше сурет есейе келе жойылып, басының түсімен бірдей болып кетеді. Ересектерінің үстіңгі ернінің қалқаншалары ашық сары түсті, көзінің нұрлы қабығы – қара. Бауыры сарғыш, аздаған дақтар көрінеді, кейде олардың болмауы да мүмкін. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянады. Күндіз және ымыртта белсенді. Кеміргіштердің інін, жарықшақтарды, қуыстарды баспана етеді. Маусымда 6 – 16 жұмыртқа салады, олардан қыркүйектің соңы – қазан айының басында жас жыландар шығады. Негізінен ұсақ сүтқоректілермен, құмтышқандармен, құстар мен олардың жұмыртқалары, кесірткелермен қоректенеді. Қолға тез үйренеді, террариумда ұстауға қолайлы, усыз жылан. Мазалаған кезде құйрығының ұшын дірілдетіп, дыбыс шығарады. Төртжолақты қарашұбар жылан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Шұбар кесіртке (лат. Eremias vermiculata) – таралу аймағы шағын, зерттелмеген түрі. Қазақстанда Зайсан ойпатындағы айғыр құмның оңтүстік шетіндегі құмдардан 4 данасы ғана ұсталған. Саны өте аз. Бұл кесірткенің биологиялық және сан мөлшеріне әсер ететін себептерін зерттеу керек.
Ақбас үйрек (лат. Oxyura leucocephala) — қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су құсы. Қанатының ұзындығы 15-17 см, салмағы 500-900 г. Қоразы қара сұр түсті, басы ақ, мойны мен төбесі қара, тұмсығы көгілдір. Мекиенінің басы қоңыр, көзінің жоғары жағында ақ жолағы бар. Басқа үйректерден айырмашылығы жүзіп жүргенде құйрығын тік ұстайды, жақсы сүңгиді, құрғақта жүре алмайды. Ұясын терең сулардағы қамыс пен қоғаның арасына салады. Басқа үйректердің ұяларын да пайдалана береді. Саны тез азайып бара жотқан, ала-құла тараған, сирек кездесетін түр. Қазақстанның солтүстік бөлігінде қалың сулы терең көлдерде кездейсоқ ұялайды. Қазақстандағы саны белгісіз, бірақ, шамамен бірнеше жүзден аспайтын шығар. Санының азаюының негізгі себептері - шөп шабу, өрт, өзен-көлдердің су жүйесінің бұзылуынан, қамысты қопалардағы тіршілік жағдайының нашарлауы. Торғай өзенінің сағасы мен Шаны көліндегі қорықтарды ұйымдастыру жұмысын жеделдету керек. Мекиені 6 — 10 ірі (салмағы 80 — 100 г) жұмыртқа басады. Шілде — тамызда балапандарын ұшырады. Су өсімдіктерімен және су жәндіктерімен қоректенеді. Ақбас үйрек — жыл құсы. Қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Пәкстан, Иран, Түркия жерлерінде қыстайды. Сәуір — мамыр айларында қайта оралады. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996). ## Статусы 1-ші санат. Саны аз, шашырап орналасқан, саны күрт қысқарып келе жатқан түр. Халықаралық Қызыл кітапқа тіркелген. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Монотипті түр, таралу аймағындағы төрт географиялық популяцияның, Қазақстанда мекендейтін орталық-азия популяциясын қоса, өкілі. ## Таралуы Солтүстік Африка, Оңтүстік Еуропа, Алдыңғы Азия және Орта Азия, Оңтүстік Сібір. Жерорта теңізі елдерінде, Иранда, Пәкістанда және Индияда қыстайды, сол сияқты сонда отырықшы мекендейді . Қазақстанда тұщы не кермек сулы суқоймаларында, биік таулар мен шөлдерден басқа, шашырап ұялайды Долгушин, 1960; Гаврилов, 1999. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде тек Науырызым мен Қорғалжын көлдерінде, сирек те болса Жайық өзенінің ортаңғы сағасындағы көлдерде ұялауы мүмкін, ұшып-қайту кезінде барлық жерде де сирек кездесті. Санының өсуі 1995 жылдан кейін байқалады және қазіргі кезде Қазақстанның батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарындағы көптеген көлдерде ұялай бастады, ұшып келу-кетуде көп . Теңіз-Қорғалжын ойпатының көлдерінде, ұялайтындарымен қатар, жылма-жыл жазда көбеюге қатыспайтын ақбас үйректер шоғырланады ## Мекендейтін жерлері Суүсті өсімдіктер өскен терең тұщы не кермек сулы көлдер. ## Саны XX ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында саны өте күрт азайған кезде, онда жалпы саны 8 мыңнан аспайтын, қазір оның бірте-бірте өсіп келе жатқаны байқалады, 2003 жылы – 13 мың болды . Қазіргі кезде Қазақстандағы саны 10 мыңға жетті, соның ішінде Теңіз-Қорғалжын ойпатында: жазда – 2 мың, күзде, ұшып кету алдында – 6 мыңнан асты. ## Негізгі әсер ететін факторлар Климаттың өзгеруі, ұзақ мерзімді қуаңшылықтар, әсіресе азиядағы таралу аймағының оңтүстік бөлігінде ,антропогенді пресстің өсуі – балық аулау, аңшылық, рекреациялық қысым ## Биологиялық ерекшеліктері Толық зерттелмеген. Ұялайтын жерлеріне ұшып келуі сәуірдің аяғы – мамырдың басы. Ұшып келе салысымен жұп түзіледі, бірақ олардың жұптасуы қыстау кезінде-ақ қалыптасады. Ұясын суүсті өсімдіктеріне, қопаларға салады, ұяда 5-10 үлкен жұмыртқа болады, 25-26 күн шайқайды. Балапандары 29-30 күнде өз бетінше тіршілік ете бастайды, бірақ қанатына тек 40-45 күнде – басқа үйректерден кейін – қонады. Қорегінде, негізінен, өсімдіктектес азықтар, бірақ өсімдікқоректі балықтар көп болғандықтан, қорек жетіспеуден зардап шегеді. Насекомдар мен моллюскалар сирек кездеседі. ## Қолда өсіру Испания және басқа елдердің орнитологиялық орталықтарының инкубаторларында ойдағыдай шайқап шығарады . Қазақстан хайуанаттар парктерінде ұсталмайды ## Қабылданған қорғау шаралары Қазақстанда Наурызым, Қорғалжын және Алакөл қорықтарында, Сарықопа мен Балқаш өңірі қорықшаларында қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Ұялайтын жерлерінде балық аулауға тиімді бақылау жасау, жасанды ұялар жасап құстарды тарту тәжірибелерін қайта жандандыру. Аңшылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар ҚР АШМ ОАШК бекіткен «Ақбас үйректі (Oxyura leucocephala) басқару ісінің Ұлттық жоспарын» жүзеге асыру. ## Дереккөздер
Ашымал, Ашымық, Айран көже —бидай, тары, күріш, арпа тәрізді астық қайнатылған көжеге айран қосып дайындалатын ұлттық тағам түрі. Суға салынған дән жарылып піскен соң суытып барып, ағарған қосады. Жылы жерде тұрып бір-екі күнде ашып, «ашыған көже» дайын болады. Айран мен дәнді дақыл қосылып аши келе жағымды қышқыл дәм береді. Оны ашымал деп атайды. Ашымал - ішкен кезде шөл қандыратын сусын, әрі тоқ басатын тағам. Ішіліп азая бастағанда жарманы суға қайнатып, тұзын татытып, суыған соң айран қосып үстемелеп отыра¬ды. Осылайша үстемелеп отырмаса екі-үш күннің ішінде тым ашып кетеді. Ашымал құнарлы болуы үшін оған ұн қосып та жасайды. Ақ қоспай суға ұн сеуіп дайындаған түрін қара көже дейді. Көжені ішер алдында піспекпен, шөмішпен жақсылап араластырады. Ыдысын арша, тобылғы, қайың қабығымен ыстап отырмаса, күбінің ағаш дәмі шығып кетеді. Ыстың иісі мен дәмі көжеге «шауып», көженің сусындық маңызы күшейе түседі. Ашымалды түрлі жұмыс басына апарып қойып, сусын әрі жеңіл тамақ ретінде пайдаланды. Кейбір өңірлерде мұны айран көже, ашымық, ашытпа, ашыған деп түрліше атайды . ## Дереккөздер
Боза — дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі сусын. Бір тәулік бойы суға бөктіріліп қойылған дән жармасының сарысуын төгіп тастағаннан кейін, қалған тұнбаға белгілі мөлшерде май, су құйып, оттың табына жайлап қайнатып, ботқа жасайды. Оны суытып қойып, дәнді дақылдың бір түрінен (тары, арпа, т.б.) ашытқы дайындайды. Ол үшін дақылды қажетінше алып, үстіне ыстық су құйып, 3 — 4 сағат бөктіреді де, сүзіп алып, жылы жерге жайып қойса, 3 — 4 күнде дәндері өнеді. Бірден кеуіп кетпес үшін, үстін жауып тастайды. Өнгеннен кейін, келіге салып жаншиды. Осылайша дайындалған уытты тұнбаға мөлшерлеп салып, үстіне суытылған қайнаған су құйып, жарты тәуліктей ашытып қояды. Содан соң, дайын қоспадан ыдысқа керегінше салып, қайнаған салқын суға араластырып, сүзгіден өткізеді. Алынған сұйық сусын Боза деп аталады. Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас Боза, қорланған Боза деп те атайды. Жас Боза құрамында 4 — 6%, ал қорланған Б-да 12 — 15% спирт болады. Бозаның уытсыз, жай ашытқымен жасалған түрін мақсым Боза дейді. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Қойыртпақ — қатыққа, айранға, қымызға, ішетін іркітке сүт немесе су қосып, торсыққа құйып, қанжығаға байлап жүріп далада ішетін ақ, сұйық айран. Қанжығада жүріп көп шайқалғандықтан қойыртпақтың ашыған дәмі білінбейді, ішуге дәмді, асқазанға жеңіл болады. Қойыртпақ көбінесе малшыларға, сондай-ақ жолаушыларға өте қолайлы.
Байқоңыр — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын. Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі берілген көше және ескерткіштер бар. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды.1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды.Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіруде. ## Дереккөздер
Қаспақ — пісірілген сүттің қазанға жабысқан тұнбасы. ## Дереккөздер
Тұрнияз. Сүтке май, су, үн, езген құрт, ақтаған тары косып қайнатқан соң бұқтырып койып жейтін оңтүстік қазақтарының сүйікті асы, ұнды бөлек қуырып алып, тұрнияздың үстіне себелеп те әзірлейді.
Қара қарақат — Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейніне дейін тараған, ал оңтүстік-шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қара қарақатқа тән бір ерекшелік жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары бездің болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде тамыз айларында пісіп жетіледі. Түқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық ай-мағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта, көкөністерді консервілеуде жапырағы хош иіс беруге кеңінен қолданады. ## Өсімдік туралы Қара қарақат – қарлығандар тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 1-2 метр. Қазақстанда, Еуропаның барлық аймақтарында, Ресейде, Сібірде, Қытайда және Моңғолияда өседі. Күн сәулесі жақсы түсетін жерлерді ұнатады. Көлеңкелі жерде өссе, гүлдеуі сирек болып, жемісі аз және ұсақ болады. Жапырағы 3-5 см, жиектері аратісті, беті тегіс, 5 қалақты, қою жасыл түсті. Гүлдерінің ұзындығы 7-9 мм, диаметрі 4-6 мм, түсі күлгін-қызыл, қоңырау тәріздес, гүлсағағында қатарласып өседі. Жемісінің пішіні домалақ, диаметрі 1см, шар тәріздес, қара және қою жасыл түстілері де болады. ## Қолданылуы Қара қарақаттың құрамында 85% су, 1% ақуыз, 8% көмірсулар, 3% өзек, органикалық қышқылдар, К, Е, В, В2, РР, С, А дәрумендері, каротин, калий, кальций, магний, фосфор және темір микроэлементтері бар. Сонымен қатар глюкоза мен фруктозаға бай. Қарақаттың жапырағында, бүршігінде, жидегінде аскорбин қышқылы өте мол. Диабетпен ауыратын адамдарға қара қарақаттың жаңа шыққан жапырақтарынан салат жасап немесе бұқтырып шай ішкен пайдалы. Қара қарақаттан жасалған қайнатпа суық тигенде дене қызуын басуға, бронхитті, жөтелді емдеуде пайдасы мол. Сонымен қатар адам ағзасын ауыр металдардан, токсиндер мен шлактардан тазартады. Қара қарақат жемісін табиғи қалпында жеген пайдалы. Кептірілген қара қарақаттан қайнатпа жасап, қыста тұмау кезінде ішеді. Медицинада жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Сонымен қатар қара қарақаттан тосап, сусын, шырын алады. Кондитерлік өнімдер жасағанда пайдаланады. Көкөністер мен саңырауқұлақтарды тұздағанда жағымды иіс пен дәм беру үшін қара қарақаттың жапырақтарын қосады. ## Қазақстанда Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейіне дейін тараған, ал Оңтүстік-Шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, Өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қарақатқа тән бір ерекшелігі жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары (железок) сызықтың болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде, тамыз айларында пісіп жетіледі.Тұқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де, мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық аймағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта көкөністерді консервілерде жапырағы қош иіс беруге кеңінен қолданады. ## Дереккөздер Қазақстанның өсімдіктер әлемі ## Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
Итмұрын (лат. Rōsa) — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі. ## Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады. Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады. Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін құрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сұр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), ұзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады. Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жабай раушанжеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін құрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. ## Итмұрынның пайдасы Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданысқа ие. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады . ## Тағы қараңыз * Иттабан ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер
Майдың сүті қаймақтан сары май айырғанда іркіліп шығатын қышқыл сут. Оны кейде сол күйі сусын ретінде ішкен, кейде қайнатып ақірімшік жасаған. Шайқалған майды шынылау үшін суық суға салып сығымдаған, одан қалған сүтті май сүтінің шалабы деп, кей жерлерде май шалап деп атаған. ## Дереккөздер
Ақлақ — сүттен жасалатын тағам. Қаймағы алынбаған сүтке қойдың қатығын құйып қайнатады, сары суы төгіліп тасталады. Дайын ақлақтың үстіне піскен сүт құйылып, сары май салынады да балбыраған күйінде дастарханға қойылады. ## Дереккөздер
Мәндір (мәйек) — ірімшік қайнататын сүтті тез, шымыр ұйыту үшін жас төлдердің жұмыршағынан алып ашытып жасалатын ұйытқы. Жас бұзаудың, қозының ұлтабарына, жұмыршақ қарнына (ішкі жағына) байланған уыздың өңезі. Бауыздалған осындай төлдердін, жұмыршағынан әлгі өңезді қырып алады (кейде ұлтабарды, жұмыршақты тұтас алады). Сол қырындыға азырақ айран жағып ішекке салып шаңыраққа іліп қойса, біраз күннен кейін ол ашып кебеді. Осы мәндірді жылы сүтке малып, біраз шайқап бетін жауып қойса, сүт балдырдай болып ұйып қалады. Сөйтіп, одан ірімшік қайнатылады.
Ақірім. Сүр еттің сорпасына айран қосып, қатық немесе қымыз қосып сапырып, ішетін қышқыл сусын. Ол әрі сусын, әрі тамақты бойға жақсы таратады. Әдетте, ертеректе сүр етке тойғаннан кейін құр шай ішу немесе ақірім ішу салт болған.
Ақірімшік. Сүтке айран қосып ірітіп қайнату арқылы әзірлейді. Кейде ашып қалған, өздігінен ұйыған сүттің айранын сүзу арқылы да ақірімшік жасалады. Ақірімшікті қамырға орап, үстіне май салып, табаны қоламтаға койып пісіру әдісімен бүркеме нан делінетін сүйкімді ас әзірленеді.
Жент — шай дастарқанына қойылатын ұлттық тағам. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайтын, соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған тағам. Жент шай дастарқанына қойылады. Жент жасалатын негізгі өнім — сөк. Диірменге тартылған немесе келіге салып түйіліп жармаланған сөкке тортасынан айырған сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан соң ыдысқа салынып, беті тегістеледі де, салқын жерде сақталады. Құрамында 100 г сөк, 80 г ірімшік, 80 г бал, 80 г қант, 350 г сары май, 80 г мейіз немесе ұнтақталған жаңғақ дәні болады. Жент қазақтың аса шеберлікпен жасайтын әрі өте дәмді, тағамдық нәрі мол жеңсік тағамдардың бірі — жент. Жент қой сүтінен жасалған және диірменге ұнтақталып тартылған ірімшік, қуырылған бидай мен піскен сөк талқаны, сары майдан қорытылып әбден тұңдырылған шыртылдақ құйылып қайнатылып әбден араластырады. Ол қоңыр түске еніп араласқан кезде мейіз, аздап қант қосып одан әрі бұлғай береді. Толық араласып болған кезде үлкен әрі жайпақ ыдысқа салып қатырылады. «Ауқатты отбасылар мұны қысқа әзірлейді. Женттің құны да, құнары мен қасиеті де сары майдан жоғары тұрады. Сондықтан оны құрметті қонақтарға той, мереке күндерінде ғана дастарқанға қоятын зәру тағам.Жент, ежігей, құрт дайындайтын отбасына әркімдер құрметпен қарайды. Бұл ауқатты, дәулетті үй ғана емес, ұлт салт-дәстүрін берік сақтайтын, дастарқаны бай отбасы ретінде ауызға алынады. Жент қазір де жасалады. Бірақ негізгі құрамы ірімшік пен сөк болмағандықтан кебіртең, дәмсіз әрі тез уатылып, құрғап қала береді. ## Дереккөздер
Ақынжанов Мұсатай (1905 жылғы 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылы – 1986) - тарих ғылымдарының докторы. ## Өмірбаяны * 1925 жылы Семейдің педтехникумын бітірген. * 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген. * 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған. * республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған. * облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы. * Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, * Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған. * Ұлы Отан соғысына қатысқан. ## Ғылыми еңбектері * Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді.«Исатай мен Махамбет»«Сырым Датов»«Бағытай – Бағила»«Фрунзе»«Жеңіс қамы»«Шопан қыз»«Алтын сақа»«Алтын алқап сырлары»«Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар. * «Исатай мен Махамбет» * «Сырым Датов» * «Бағытай – Бағила» * «Фрунзе» * «Жеңіс қамы» * «Шопан қыз» * «Алтын сақа» * «Алтын алқап сырлары» * «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар. ## Шығармалары * Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925; * Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926; * Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931; * Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948; * Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955; * Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971; * Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971. ## Дереккөздер
Ақынжанов Мұсатай (1905 жылғы 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылы – 1986) - тарих ғылымдарының докторы. ## Өмірбаяны * 1925 жылы Семейдің педтехникумын бітірген. * 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген. * 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған. * республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған. * облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы. * Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, * Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған. * Ұлы Отан соғысына қатысқан. ## Ғылыми еңбектері * Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді.«Исатай мен Махамбет»«Сырым Датов»«Бағытай – Бағила»«Фрунзе»«Жеңіс қамы»«Шопан қыз»«Алтын сақа»«Алтын алқап сырлары»«Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар. * «Исатай мен Махамбет» * «Сырым Датов» * «Бағытай – Бағила» * «Фрунзе» * «Жеңіс қамы» * «Шопан қыз» * «Алтын сақа» * «Алтын алқап сырлары» * «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар. ## Шығармалары * Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925; * Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926; * Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931; * Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948; * Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955; * Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971; * Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971. ## Дереккөздер
Сәбетқазы Нұржақияұлы Ақатай (11.10.1938, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақсуат ауылы – 2003, Алматы қаласы) – философия ғылымының докторы (1995), профессор (1999). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1969). Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушы (1969–71), Мәдениет министрлігінің қызметкері, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының ректоры, Мәдениет проблемалары орталығында ғылым бөлімінің меңгерушісі (1988–95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан ҚР ҒМ–ғылым академиясының Философия институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. «Мировоззренческий синкретизм казахов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ақатай 400-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монографияның авторы. ## Шығармалар * Тереңнен тартқан тамырлар, Ақатай, 1989; * Інжу-маржан секілді, Ақатай, 1995. * Күн мен көлеңке: ғылыми-танымдық аңсар; Тарихи материалдар. Қайта басылған — Алматы: Print-Express, 2011 [1990]. — P. 424-б., 8 ж.б. — ISBN 978-601-7046-23-1. Күн мен көлеңке: ғылыми-танымдық аңсар; Тарихи материалдар. Қайта басылған — Алматы: Print-Express, 2011 [1990]. — P. 424-б., 8 ж.б. — ISBN 978-601-7046-23-1. ## Дереккөздер
Сәбетқазы Нұржақияұлы Ақатай (11.10.1938, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақсуат ауылы – 2003, Алматы қаласы) – философия ғылымының докторы (1995), профессор (1999). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1969). Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушы (1969–71), Мәдениет министрлігінің қызметкері, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының ректоры, Мәдениет проблемалары орталығында ғылым бөлімінің меңгерушісі (1988–95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан ҚР ҒМ–ғылым академиясының Философия институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. «Мировоззренческий синкретизм казахов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ақатай 400-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монографияның авторы. ## Шығармалар * Тереңнен тартқан тамырлар, Ақатай, 1989; * Інжу-маржан секілді, Ақатай, 1995. * Күн мен көлеңке: ғылыми-танымдық аңсар; Тарихи материалдар. Қайта басылған — Алматы: Print-Express, 2011 [1990]. — P. 424-б., 8 ж.б. — ISBN 978-601-7046-23-1. Күн мен көлеңке: ғылыми-танымдық аңсар; Тарихи материалдар. Қайта басылған — Алматы: Print-Express, 2011 [1990]. — P. 424-б., 8 ж.б. — ISBN 978-601-7046-23-1. ## Дереккөздер
Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi. ## Кейіпкерлері Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", – деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен оқиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады. ## Қазақ аңыздарының түрлері ### Топономикалық аңыздар Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады. Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды. ### Махаббат хикаялар Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады. ### Батырлар туралы аңыздар Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы. ### Тарихи аңыздар Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады. Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.
Ірімшік — сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын жоғары калориялы неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі . Әзірлеу және пісіру кезінде ол микробиологиялық, ферментативтік тағы басқа процестерден өтеді, соның нәтижесінде, дайын өнім сүтпен салыстырғанда дәмі және нәрлілігі жағынан едәуірқұнды қасиеттерге ие болады. Ірімшік сиырдың, қойдың және ешкінің сүтінен жасалады. ## Нәрлілік құндылығы Ірімшіктің нәрлілік құндылығы құрамындағы ақуыз (25%-ке дейін) пен майы (30%-ке дейін) молдығымен, сондай-ақ аса бағалы амин қышқылының, В, РР тобындағы А витаминдерінің, пантотен қышқылдарының, кальций және фосфор тұздарының көптігімен ерекшеленеді. Ірімшік барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Оның құрамындағы нәрлі заттарды организм түгелге жуық (98—99%) сіңіреді. Құрамында май мен ақуыздардың болуына байланысты ірімшік калориялылығы 2500—4500 ккал аралығында. Олар толығымен (96%) адам организміне сіңеді. Сыр сапасы әртүрлі факторларға тәуелді, ең алдымен, ол қолданылатын шикізат — сүтке байланысты. Сыр өндіру үшін қолданылатын сүт тығыздығы 1,027 г/см3 дейін, қышқылдылығы — 16—18Т, май мен ақуыз қатынасы — 1,24-тен 1,08-ге дейін, кальций мөлшері — 125 мг% болу керек. Сүтті нормалап 71—72°С температурада пастерлейді. Содан кейін сүтке кальций хлориді ерітіндісін қосады, ол сүттің мәйекті ферментпен ұйытылуын жақсартады. Сыр қамырына қыста сары түс беру үшін сүтке суда еритін аннато бояуын қосады. Дайындалған сүтті 33°С температураға дейін қыздырады да, ашытқы қосады, ал кішкенеден кейін мәйекті фермент қосады. Оның әсерінен сүтте үю процесі жүреді, оның ұзақтығы шикізат түріне байланысты 25—90 мин-қа созылады. Ұйытындыдан сарысудың артық мөлшерін алып тастайды, белгілі бір типті және сапалы сыр алу және ары қарай өтетін биохимиялық процестер жүру үшін қажет сарысу мөлшерін қалдырады. Сарысу сонымен бірге сүт қанты көбірек жойылса, сыр жетілудің микробиологиялық процестері баяу жүреді жөне керісінше. Сарысуды ұйытындыдан жою сыр дәндерін кесу және араластыру, сыр массасының температурасын өзгерту және сарысу қышқылдылығын өзгерту арқылы жүргізіледі. Ұйытындыны механикалық пышақтармен кеседі, нәтижесіңде сыр дәндері — жұмсақ ақуыз түйірлері түзіледі. ## Ірімшіктер технологиясы Ірімшіктер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы келесі операциялардан тұрады: * тапсырушыдан сүтті қабылдау, * сүттің ірімшікке жарамдылығын анықтау, * ақуыз бен май бойынша нормалау, * пастерлеу, * ұйыту температурасына дейін суыту, * бактериалды ашытқыны енгізу, * кальций тұздарын енгізу, * мәйекті немесе басқа ферменттермен ұйыту, * ұйытқыны алу және өңдеу, * дәннің қойылуы (постановка), * сарысу бөлігін алу, * екінші рет қыздыру, * араластыру, * ірімшік массасының дайындығын анықтау, * формалау, өздігінен престеу немесе ықтиярсыз престеу, * таңбалау, * тұздау, * тиісті камераларда жетілдіру, * қаптау және шығару. ## Түрлері Ірімшіклар ассортименті алуан түрлі. Халықаралық стандартта келесі классификация қабылданған: әр ірімшік үш көрсеткішке ие. * Бірінші – майсыздандырылған ірімшіктегі ылғалдың массалық үлесі. Бұл көрсеткіш бойынша ірімшіктер өте қатты (51%-дан аз), қатты (49-56), жартылай қатты (54-63), жартылай жұмсақ (61-69), жұмсақ (67%-дан аса) болып жіктеледі. * Екінші көрсеткіш бойынша – құрғақ заттағы майдың массалық үлесі келесідей –жоғары майлылықты (60%-дан жоғары), толық майлы (45-60), жартылай майлы (25-45), майлылығы төмен (10-25) және майсыздандырылған (10%-дан кем). * Үшінші көрсеткіш жетілу сипаты болып табылады, ол бойынша: зеңмен жетілу – бетінде және ішінен; зеңмен жетілу – бетінде және ішінде; жетілусіз немесе жетілмейтін. З. Х. Диланянның классификациясында масса, ылғал және тұзбен қатар, ірімшіктердің кез келген түрін қалыптастыратын микрофлораның сапалы құрамын да қарастыру ұсынылған. Бұл классификация бойынша ірімшіктер үш класқа бөлінеді: * I класс – мәйекті ірімшіктер, * II – сүтқышқылды ірімшіктер, * III – өңделген ірімшіктер. Ірімшік түрлері шикізат бойынша, өндіру ерекшелігі бойынша, қасиеттері бойынша ажыратылады. Сүттің ұю әдісі бойынша ірімшіктер мәйекті, сүт қышқылды жөне өнделген болып бөлінеді. Өндіру ерекшелігі мен органолептикалық қасиетіне байланысты мәйекті сырлар қатты, жұмсақ және тұздық болады, олар өз алдына типтер мен топтарға бөлінеді. Осындай белгілеріне қарап ірімшікті мәйекті және балқытылған деп бөледі. ### Мәйекті ірімшіктер Мәйекті ірімшіктердің өзі * қатты, * қаттылау, * жұмсақ, * тұзды және * қышқыл болып келеді. Ірімшіктің майлылығы құрғақ затпен салыстырғанда 20%-тен 60%-ке дейін болады (ірімшіктің майлылығы оның құрамындағы ылғалға байланысты өзгеріп отырады, сондықтан майлылықты құрғақ зат арқылы белгілеу келісілген). Қатты ірімшіктің майлылығын көрсету үшін оның сыртына майлылықты білдіретін цифрлары бар казеиннен жасалған ерекше пластинкалар жапсырылады, не ірімшіктің сыртына штамп (марка) басылады. Майлылығы 50%-тен кем емес ірімшіктерге басылатын штамптың формасы — төрт бұрышты, ал 45% тен кем түспейтіндерінікі — сегіз бұрышты. Штампта майлылықтан басқа зауыттың нөмірі және сол зауыттың орналасқан жері көрсетіледі. Жұмсақ, қышқыл және балқытылған ірімшіктердің майлылығы туралы мәлімет олардың сыртқы қабына жазылады. ### Қатты ірімшік Қатты ірімшік жасау үшін сыр дәндерінің өлшемі 3—6 мм, жұмсақ сыр үшін 20— 30 мм болады. Ұнтақталған ұйытынды температурасын жоғарылату — ірімшік дәндерінің кебуіне ықпал ететін маңызды фактор. Қатты сырларды екінші рет қыздыру үшін температураны 8—25°С-қа жоғарылатады. Жүмсақ сырларды ірімшік дәндерін температуралық өңдемей алады. Одан кейін сырды пішіндейді. Ол үшін ірімшік дәндерін ағаш, металл немесе полимерлі қалыптарға салады. Пішінін бекіту үшін және сарысудың артық мөлшерін жою үшін оны пневматикалық немесе гидравликалық престе престейді. Ірімшік сапасы оның тұздалуына да төуелді. Ас тұзы сырдың жетілуі кезінде микробиологиялық және биохимиялық процестерді реттейді, дәмін келтіреді, өнім қабығын түзеді, ірімшік консистенциясына, формасына және шығымына әсер етеді. Тұздаудың бірнеше әдісін қолданады: ұнтақталған тұзбен, тұздықта тұздау және құрама әдіс. Соңғы технологиялық операция жетілу болып табылады. Жетілу кезінде жаңа дайындалған сырдың құрамы өзгереді, өзіндік дәмі, иісі, түсі және консистенциясы мен пішіні қалыптасады. Бұл кезде күрделі биохимиялық процестер жүреді де, ірімшік массасының құрамының өзгеруін тудырады. Барлық өзгерістер микроорганизмдер бөлетін ферменттер, сонымен қатар мәйекті фермент қатысында жүреді. Қатты ірімшіктерге жоғары ылғалдылық (44%) пен салыстырмалы қатты консистенция тән. Қатты ірімшіктерге швейцар, голланд, латыш, россия ірімшіктері жатады. Швейцар ірімшігі Швейцар ірімшігі тобына: швейцар, алтай, совет, карпат, кубань ірімшіктері кіреді. Швейцар және алтай ірімшігі тау шалғындарына жайылатын сиырлардың сүтінен жасалады. Бұл топтағы ірімшіктерге тән қасиеттер: дәмі тәтті, жаңғақ татиды, хош иісті, кескен кезде дөңгелек және сопақтау келген «көздері» байқалады. Голланд ірімші Голланд ірімшігі тобына: голландия (дөңгелек және қырлы), ярославль, кострома, станислав, углич қыр ірімшігі және т. б. жатады. Бұл топтағы ірімшіктер өздерінің болар-болмас қышқыл дәмі және болмашы хош исі арқылы ерекшеленеді, ал ескілерінің исі өткірлеу болады. Қыр ірімшігінің дәмі ащылау келеді, оңай бөлінеді, ал айда кострома ірімшігіне қарағанда қаттылау. Станислав және углич ірімшіктерінің дәмі әлдеқайда қышқыл және хош иісті болады. Латыш ірімшігі Латыш ірімшігі тобына, латыш, волга, краснодар ірімшіктерін жатқызады. Бұл ірімшіктерді әзірлен пісіру кезінде оның сыртқы қыртысында шырыш қалыптасып, ол өнімге ерекше дәмділік және хош иіс беріп тұрады. Латыш тобына ірімшіктердің қышқыл дәмі, өткір исі осы шырыштың ерекшелігіне қарай анықталады. Ресей ірімшігі Ресей ірімшігі тобына: россия, чеддер, шығыс ірімшіктері кіреді. Бұлар басқа ірімшіктерден сүт қышқылы процесінің жоғары деңгейде болуымен ерекшеленеді. Исі өткір, дәмі қышқыл, жұмсақ, чеддер ірімшігі — оңай бөлінеді. ### Жұмсақ ірімшіктер Бұл ірімшікт өндірісінде ірімшік массасында көп мөлшерде сарысуын сақтауға бағытталады (ірі ірімшік дәндерін дайындау, екінші рет қыздырмау, өздігінен престелу). Ірімшік құрамында ылғал жоғары (48—50%) болғандықтан олар тез жетіледі (20—45 күн). Ірімшік жетілуінде сүт қышқылды стрептококтар мен таяқша фермегатерімен қатар сыр шырышының микрофлорасы мен зең ферменттері қатысады. Жұмсақ ірімшіктер нәзік майлы консистенциямен, жұқа жұмсақ қабығымен, көзшелердің мүлде болмауымен ерекшеленеді. Жетілуге қатысатын микрофлораға толтырғыштар (какао ұнтағы, кофе, жеміс-жидек шырындары, дәмдеуіштер, татымдықтар, ас тұзы) және бояғыштар қолданады. Шикізатты алдын ала ластанудан және жеуге жарамсыз бөліктерден тазарту үшін өндейді, ұнтақтайды және рецептураға сәйкес араластырады. Қоспаға балқытқыш тұздар — фосфор және лимон қышқылының натрий тұздарын қосады. Қыздыру кезінде балқытқыш тұздар сырдағы майдың қорытылуын және ақуыз коагуляциясын болдырмайды. Балқытқыш тұздар сыр массасына енуі үшін 1—2 сағ тұрады, содан кейін 75—90°С температурада балқытады, суытады және орайды. Жұмсақ ірімшіктерге: дорогобуж, десерт ақ ірімшігі және рокфор тобындағы ірімшіктерді жатқызады. Дорогобуж тобы Ірімшікгердің дорогобуж тобына: дорогобуж, медынь, дорожный, калинин, смоленск ірімшіктері және т. б. енеді. Бұл ірімшіктердің бәрі де ащылау келеді, ал смоленск ірімшігінің дәмі аздап саңырауқұлақтың дәміне (шампиньон) ұқсайды, олардың акшылсары шырышпен қанталған, жұқа қабығы болады. Ірімшіктер жұмсақ, майлы келеді. Десерт ақ ірімшігі Десерт ақ ірімшіктің дәмі ащы, саңырауқұлақтың хош иіс білініп тұрады. Жұмсақ, қолға жұғатындай майлы, сыртқы қабаты ірімшік шырышымен қапталған. Десерт ірімшігін сақтау температура - 5°С аспайды. Рокфор Рокфор қой немесе сиыр сүтінен, сондай-ақ қой мен сиыр сүтінің қоспасынан жасалады. Ірімшіктің дәмі ашқылтым, бұрыш татиды, консистенциясы жұмсақ, майлы, сыртқы қабығының түрі көкшіл-сары болып келеді. ### Тұздалған ірімшіктер Тұздалған ірімшіктер (пісіру және сақтау процесі кезінде оларды тұздыққа салады). Тұзды ірімшіктер қатарына: * чанах, * тушин, * кобий, * осетин, * брынза, * сулугуни т. б. ірімшік түрлері жатады. Тұздалған ірімшіктер қой және сиыр сүтінен, сондай-ақ қой мен сиыр сүтінің қоспасынан жасалады. Ірімшіктің қышқыл дәмі, өзіне тән хош исі болады. ### Ашығай сүттен жасалған ірімшіктер Бұл топқа: * жасыл, сондай-ақ * әуесқойлар ірімшігі жатады. Жасыл ірімшіктің дәмі өте қышқыл, өзіндік исі болады. ## Балқытылған ірімшіктер Балқытылған ірімшіктер қатты және жұмсақ ірімшіктерден, сүзбеден, сиыр майынан т. б. сүт өнімдерінен өңделіп жасалады. Кейбір балқытылған ірімшіктерді дайындау кезінде, сондай-ақ әртүрлі қоспалар (томат, қақталған балық және т. б.) мен дәмдеуіштер (бұрыш, зире және т. б.) қолданылады. Басқа ірімшіктермен салыстырғанда, балқытылған ірімшік сіңімділеу келеді. Негізгі шикізат түрлеріне, олардың химиялық құрамы мен өндіру технологиясына байланысты балқытылған ірімшіктер төмендегідей топтарға бөлінеді: * қоспасыз және дәмдеу ішсіз ірімшіктерсовет,россия,кострома,латыш ірімшігі,сүрленген шұжық түріндегі, * совет, * россия, * кострома, * латыш ірімшігі, * сүрленген шұжық түріндегі, * сары май қойылған балқытылған ірімшіктер:углич,невал ірімшігі т. б.; * углич, * невал ірімшігі т. б.; * ішінде көсітасы және дәмдеуіші бар ірімшіктерострый,москва ірімшігі, сондай-ақтомат соусы, дәмдеуіштері бар ірімшіктер); * острый, * москва ірімшігі, сондай-ақ * томат соусы, дәмдеуіштері бар ірімшіктер); * паста тәрізді балқытылған ірімшіктер:Дружба,Волна,Лето,Рокфор,қышқыл сүттен жасалған ірімшіктер т. б.; * Дружба, * Волна, * Лето, * Рокфор, * қышқыл сүттен жасалған ірімшіктер т. б.; * балқытып консервіленген ірімшіктер (стерильденген, пастерленген), ауа кірмейтін қаңылтыр банкаларға салынған, балқытылған тәтті ірімшік:Шоколадты,Кофелі,Жемісті,Омичка, * Шоколадты, * Кофелі, * Жемісті, * Омичка, * түстікке арналған балқытылған ірімшіктер:көкөніс тағамдарына арналған,макароннан жасалған тағамдарға арналған ірімшік,ақ саңырауқұлақ,пияз қосылған ірімшік және т. б. * көкөніс тағамдарына арналған, * макароннан жасалған тағамдарға арналған ірімшік, * ақ саңырауқұлақ, * пияз қосылған ірімшік және т. б. * сұйық және қою тағамға арналған тұздық. ## Ірімшік — қазақтың ұлттық сүт тағамы Ірімшік – қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ішіндегі ежелгі, ең көп тараған және адам ағзасы үшін аса маңызды тағам. ### Дайындау технологиялары Қазақтардың дастарқанында ірімшіктің екі түрлі болады: * ақ ірімшік * қызыл ірімшік Жаңа сауылған жылы сүтті мәндірмен (кен жерде мәйек дейді) ұйытып, одан кейін суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшік қызыл сарытүске айналады. Содан кейін оны сүзіп алып, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмайды, көп сақталады. Қонақ дастарқанына қойылатын өте дәмді, сүйкімді де бағалы ас. Кепкен ірімшікті түйіп жент жасайды, тұш бауырсақтың үстіне себеді, майға қосып жейді. Қызыл ірімшіктің сарысуынан шайға тістейтін жақсы тамақ жасалған, ол тәтті болады. Ақірімшік. Сүтке айран қосып ірітіп қайнату арқылы әзірлейді. Кейде ашып қалған, өздігінен ұйыған сүттің айранын сүзу арқылы да ақірімшік жасалады. Ақірімшікті қамырға орап, үстіне май салып, табаны қоламтаға койып пісіру әдісімен бүркеме нан делінетін сүйкімді ас әзірленеді. ## Әлемдегі өнім және тұтыну ## Ірімшіктерді дастарқанға кою Ірімшіктің жоғары нәрілігі, сіңімділігі, жағымды дәмі мен хош исі, олардың тағамдық қасиетін арттыра түседі, сондай-ақ оны кейбір тағамдарға десерт және тұздық ретінде қолданады. Жұқалап тілінген швейцар ірімшіктері десерт ретінде, әсіресе шай, кофе не какаоға беріледі. Дәмі қышқылдау — дорогобуж, медынь, смоленск жұмсақ ірімшіктерін таңертеңгі асқа, кофе, сондай-ақ сыра немесе жүзімнен жасалған сусын ішкенде қоюға болады. Рокфор адамның тәбетін ашады, сондықтан оны әдетте салқын басытқы ретінде түстік және кешкі тамақ алдында береді, сондай-ақ өзге де жұмсақ ірі мап ктер секілді сыра және жүзімнен жасалған сусын ішкендеқояды. Алдын-ала кесіліп қойылған ірімшік жел қағып, кеуіл қалады және өзіне тән дәмі мен исін жоғалтады, сол себепті ірімшікті дастарқанға қояр алдында ғана кеседі. Ірімшікті өткір пышақпен кескен жөн. Рокфор ірімшігін жұқалап кесуге келмейді, өйткені ол үгітіліп кетеді, оны кесер алдында пышақты ыстық суға салып жылытыл, алған жөн. Рокфор нанға оңай жағылады.Ұнтақ күйінде жасалған көк ірімшікті немесе кез келген қатты ірімшікті піскен макаронға қосуға, май жаққан бутербродқа себуге болады. Тұздалған ірімшіктер әсіресе Кавказда көп тараған, оларды таңертеңгі немесе кешкі асқа қосып береді. Тұздалған ірімшіктердің ащы дәмін азайту және өте жұмсарту үшін, оларды жеңішкелеп кесіп, қайнаған суға немесе ыстық сүтке салып алады. ## Сақтау Ірімшік кеуіл кетпес үшін оны тұтас күйінде ақ түсті дымқыл (суға малынып, сығылған) мақта-матамен, содан кейін сыртынан қағазбен, полиэтилен пленкасымен немесе фольгамен орайды, мат айы тәулігіне 1—2 дүркін сумен мұқият шаю керек. Сондай-ақ ірімшік тұрған ыдысқа бір түйір қант салып, мықтап жауып тастауға да болады. Иісті тез сіңіретін өзге өнімдерден ірімшікті бөлек ұстаған жөн. Аз уақытқа сақтау үшін (5—-7 күн) арнайы жасалған ірімшік салғыштар өте қолайлы. Ірімшік сақтайтын температура 10—12 °C аспауы тиіс, ең дұрысы тоңазытқышта сақтаған жөн. Жұмсақ ірімшіктерді үй жағдайында 2 күннен артық сақтауға болмайды. ## Дереккөздер
Тайқазан — Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан. ## Қысқаша тарихы Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды. ## Сипаттамасы Тайқазан сирек кездесетін жеті асыл металдың(мырыш, жез, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 метр, диаметрі- 2,42 метр.Тұғырының биіктігі - 0,54 метр, диаметрі – 0,607м. Тайқазанның сыртқы бөлігінің өрнектелуі бес бөліктен тұрады.Бірінші жоғарғы бөлігінде қазанды айнала сулус қолтаңбасымен Құран Кәрім аятынан үзінді жазылып, ол Пайғамбар хадисімен жалғасады, одан соң қазанның кімге арнап жасалғаны, аяқталған жылы берілген. Екінші қатар ірі он кубба(емшек) және он өрнекті тұтқа арқылы жиырма картушка бөлінген. Оның қатар орналасқан екі бөлігіне сулус қолтаңбасымен шебердің өз аты жөні жазылған болса, қалған он сегіз бөлігінде куфи жазу үлгісімен парсы тілінде тілек сөз берілген. Үшінші қатарда Құдайдың Құдыреті жайлы ескерту куфи жазу үлгісімен 22-рет қайталанып жазылған. Төртінші қатардағы қазанның бүйір бөлігінде тұтқа өрнектеріне ұқсас үлкен жапырақ түріндегі он ою бедерленіп, жиырма кіші кубба орналасқан. Аяқ тұғырымен шектесетін бесінші бөлігінде қиылысқан доға сипатындағы өрнектер бедерленген. ## Дереккөздер
Бабажанов Мұхамед-Салық (1832, Бөкей ордасы - 1871, сонда) — этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы.Ордадағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алып,оны 1845 жылы тәмәмдайды,алты жылдан соң Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азия бөлімшесін бітіреді. 1852-1855 жылдары Орынбор шекара комиссиясы кеңесінде,1855-1861 жылдары Ішкі Орданың уақытша кеңесінде кеңесші болып қызмет атқарады. 1866-1871 жылдары Ішкі Орданың Қамыс-Самар бөлімін басқарады.Ол көне ескерткіштерді зерттеумен шұғылданған және халық ауыз әдебиетін жинаумен айналысқан. Әкесі - Жәңгір ханның қайын атасы, Исатай, Махамбет көтерілісінде жиі айтылатын Қарауылқожа Бабажанов. Салықтың анасының аты Жәмила, жұбайы Ғазиза атақты күйші Дәулеткерейдің қарындасы. ## Өмірбаяны Ордадағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алған (1841-45) соң, Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азиялық бөлімін бітірген (1851). М.Бабажанов есімі белгілі Жәңгір ханның мектебін бітіріп және оның қамқорлығымен 1845 жылы М.Бекмұхамедов, Ж.Ниязов, М.Жантөриндермен бірге Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқыған 8 жастың бірі. Бұлардың бәрі де кейін ел алдында абыройлы қызмет атқарған алғашқы білімді қазақ азаматтарының қатарынан орын алды. * 1852-55 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының кеңсесінде қызмет етті. * 1855 ж. Ішкі Орда қазақтарының толқуына қатысты деген желеумен қызметінен қуылып, 2 ай абақтыда отырды. * 1855-61 ж. Ішкі Орданы басқару жөнінде Уақытша кеңестің кеңесшісі болды. * 1862 ж. қызметтен кетіп, 1866 жылға дейін мал шаруашылығымен шұғылданды. * 1866-71 ж. Ішкі орданың Қамыс-Самар бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды. Бабажанов қазақтың салт-дәстүрі, шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық кәсібі жөнінде еңбектер жариялады. Халықтың көне тарихи мұраларын, аңыз-ертегілерін, өлең-жырларын, мақал-мәтелдерін жинап, зерттеді. Ресей музейлері мен ғылыми мекемелеріне қазақ тарихы мен тұрмысына қатысты археологиялық, этногр. жәдігерлер жіберді. * 1861 ж. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды. Этнография бөлімінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін 1862 ж. аталмыш қоғамның күміс медалімен марапатталды. Бабажанов — ғылыми еңбектері үшін ресми марапатталған тұңғыш қазақ. Ол Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына наразылық танытқан мақалалар да жазды. * 1860]] ж. қазақ халқының уәкілдігі құрамында Санкт-Петербургке келіп, Орынбор генерал-губернаторы В.А. Перовскийдің үстінен патшаға шағым жасады. ## Шығармашылығы Бабажановтың ғылымға сіңірген еңбегі туралы Ш.Уәлиханов, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, В.В.Григорьев, П.И.Небольсин, А.Харузин, т.б. пікір білдірген. Белгісіз жағдайда қаза тапқан. Дәулеткерей оған «Салық өлген» күйін арнаған. Сондай-ақ ақын Е.Раушановтың Бабажанов туралы «Сарыөзен» атты поэмасы бар. М.Бабажановтың атын шығарған оның ғылыми-этнографиялық және публицистикалық шығармалары еді. Сегіз қырлы, бір сырлы ғалымның бұл еңбегі айрықша тоқталуды талап етеді. Қуғындағы кезінде де, бақытты кезінде де ол қаламын қолдан түсірмей, әділдік, шындық жолындағы өткір мақалаларын жариялап, күресін тоқтатқан жоқ. 1854 жылдан бастап Санкт-Петерборда, Орынборда және іргелес Астрахань губерниясында шығып тұратын «Северная пчела», «Санкт-Петербургские ведомости», «Деятельность», «Охота», «Волга», «Орыс географиялық қоғамының хабарлары мен жазбалары», «Этнографиялық жинақтар» сияқты газет-журналдарды жаздырып алып, оқыды және оларға мақалалар жазды. М.Бабажанов заманы алғашқы қазақ зиялыларының туып, өсуі мен шетел және орыс саяхатшылары мен ғалымдарының қазақ өлкесін зерттей бастауымен тұтас келді. Орыстардың жергілікті халық өмірі мен тарихын, әдет-салтын білмей жазған, көбінесе теріс пікірде құраған мағынасы тайыз мақалаларын оқыған ғалым қолына қалам алып, көптеген мәселелерді өзі жазды. Және білгірлікпен дәйекті түрде жазды. Оның бұл мақалалары жоғарыда аталған газет-журналдар кідіріссіз жариялап тұрды. Оның әсіресе «Қымыз туралы жаңалық», «Орал казак-орыстары мен Ішкі Орда қазақтарының айтысы», «Ішкі қазақ Ордасының жылқылары және оны бағу», «Нарын құмы жөніндегі мәліметтер», «Ішкі Бөкей ордасындағы аңшылық» деп аталатын мақалалары мен зерттеу еңбектері мән-маңызы өте жоғары еңбектер еді. Әсіресе, мұндағы жылқы, қымыз жөніндегі жазбалары күні бүгінге дейін құны жоғалмайтын дүниелер. Белгілі ғалым М.Бабажановтың жазған ғылыми еңбектері, табыстары айта берсек өте мол. Нарын құмынан табылған әйел мүсініндегі балбал тас үшін ол күміс медальға ие болды. «Заметки киргиза о киргизах» («Қазақтың қазақтар туралы жазбалары») 1861 жылы Санкт-Петерборда басылған. Сонымен бірге ғалымның батыс қазақ жерінің кен байлығы, географиялық ерекшеліктері топономика, этнография, тарих саласындағы еңбектері де бар. Олардың көпшілігі М.Бабажановтың көзі тірісінде және дүниеден өткеннен кейін де жарияланған. Бір өкініштісі сол, оның баспасөздерге басылмаған еңбектері табылмай кеткен. ## Ол туралы ғалымдар пікірі Белгілі этнограф ғалым В.Григорьев оны «...аса қабілетті және тамаша білімді адам» деп өте жоғары бағалаған.1860 жылы қазақ депутациясының құрамында Петерборға барды. Осы сапарында ол белгілі этнограф, шығыстанушы П.Небольсинмен, ұлы саяхатшы Семенов-Тянь-Шанскиймен жүздесіп, танысады. Атағы зор екі ғалым да жас қазақ ғалымын жақсы көріп, еңбегін бағалады. П.Небольсин «25 жаста. Келбетті. Ат жақты. Өңі қараторы, көзінің аясы үлкен, шашы қара, қалың. Бабажанов орыстың айшықты әдеби тілін жақсы меңгерген. Сөздері өткір, әрі көркем, әсіресе өзін толғандыратын мәселеге келгенде қызып кетіп, шешен сөйлейді... Әңгімелескен кезімде оны әсіресе екі мәселенің ерекше толғандыратынын байқадым. Оның бірі біздің бәрімізге ортақ кесел – біздің заңымыз және уездік сот қызметкерлерінің қылығы мен былығы болса, екіншісі надандыққа толы татар насихатының қазақ арасындағы зиянды кеселі және ешбір негізі жоқ соқыр сенімдер мен ескі аңыздарды құранға қосып халықты бұзып, аздыруы еді» деп жазды. Бұл үлкен ғалымның жас ғалымды тануы әрі берген бағасы еді. Петерборға барған қазақ депутациясы осы сапарында Эрмитажда, мұражайдарда, көркемсурет академиясында, Пулков обсерваториясында тағы басқа тарихи, мәдени орындарда болған. Шоқан Уәлиханов осы депутация құрамындағы Ғ.Есенбаев, А.Байғалин, М.Жантөрин, М.Бабажанов, Ә.Сейталин, тағы басқаларды қонаққа шақырғанын депутация жетекшісі Л.Плотников «Руский вестник» журналында (1860 ж. №12, 263 бет) жазған. Қайтар жолында Мұхамбет-Салық Мәскеу шаһарына әдейі соғып Кремльде, Үлкен театрда, тағы басқа мәдени орындарда болған. Тағы бір айтар сөз этнограф П.Небольсин аталған қазақ депутациясы туралы «Путешествующие киргизы» деген мақала жазып, қазақ даласынан келген адамдардың саналы істерін жоғары бағалайды. Осыны оқыған Орал казактарының мүшесі И.Железнов қарсы «Киргизомания» атты мақала жазып («Руский вестник» журналына 1860 ж) қазақтардың намысына тиетін сөздер айтады. Бұған назаланған М.Бабажанов аталған журналға И.Железновқа қарсы мақала жазып, қатты соққы береді. Оның шовинистік, пасық ойларын, надандық жазбасын айыптай отырып, кеудемсоқ казактардың ұрдажық, топастық келбеттерін айқын көрсетіп, бұлтартпас дәлелдермен әйгілеп береді. Артына көп мұра қалдырған М.Бабажанов туралы соңғы жылдары көптеген еңбектер жарық көрді. Х.Маданов пен А.Мұсабаева «Мұхамбетсалық Бабажанов» (Алматы, Санат баспасы, 1995 ж.) атты зерттеу еңбегін шығарды. Р.Отарбаев (Жалын, №3, 1988 ж), Т.Боранғалиұлы («Егемен Қазақстан» 24.11.1995 ж), Н.Ивлев («Жұлдыз» №1, 1990 ж, 199-202 беттер), С.Даумов («Жас Алаш» 16.07.2002 ж, және 29.06.2002 ж) және басқа ғалымдар көп еңбек сіңірді. Осы жолдардың авторы Торғай, Қостанай облыстық теледидарынан (1997-1998 жылдары) Бабажанов өмірі мен қызметіне орай хабарлар ұйымдастырды, дәріс оқыды. Осындай білімді, зиялы қауым арқасында М.Бабажанов өмірге қайта оралды. ## Ол туралы фильм * 1991 — «Мұхаммед Салық мырзаның өмірі мен өлімі» режиссері: Қ.Умаров Жанр: «Деректі фильм» Өндіріс: “Қазақтелефильм”. ## Дереккөздер
Үлбі металлургия зауыты ААҚ. “ҮМЗ” ААҚ - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті. Зауыттың дамуының басты сипаты өндірісті үздіксіз жетілдіру еді. 70 жылдардың басы – КСРО-да атом энергетикасы саласын дамыту кезеңі еді. Осы кезеңде бірнеше ірі АЭС құрлысын салу көзделді. Оларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылына 1000 тонна құрамында уран қосындысы бар таблеткалар шығару қажет болды. “ҮМЗ” алдында күрделі міндеттер тұрды: ірі қаржылық қолдаусыз жеті айдың ішінде жобалау, жүздеген тонна құнды құрал-жабдық әзірлеу, уран диоксидінің өндірісін қосу және құру, мамандар дайындау қажет болды. Дегенмен де ұжымның күшімен алда тұрған міндеттер мерзімінде орындалды. 70 жылдардың аяғында ядролық реактор құрастырушылары “ҮМЗ” де жоғары сапалы ядролық жылу өндіру мүмкіндігі бар екендігін айтты. Соңынан жылу өндірісі кәсіпорын зкономикасының алдыңғы қатарынан орын алды.Тұрғын үй құрлысы мен әлеуметтік инфраструктура обьектілері қатар жүргізілді. “ҮМЗ”-нің қатысуымен Орталық мәдениет үйі, Спорт сарайы, “Голубой залив” демалыс үйі, Пионерлер сарайы, мектептер мен ауруханалар, бала бақшалары салынды. Стрелка және 90 жылдары Ефим Павлович Славскийдің есімі берілген Ертістің Сол жағалауы шағын аудандарының құрылысы жедел түрде дамыды.Бұл адамның Өскемен қаласы мен ҮМЗ заводының дамуына қосқан үлесі зор. Оның қатарында Владимир Павлович Потанин, Юрий Михайлович Мурин тәрізді адамдар да тұр. Олар бірінен кейін бірі 27 жыл бойы (1961-1974-1988) зауытқа жетекшілік жасаған жандар. Олардың кәсіпорын мен қаланы дамытудағы үлестері ерекше және халықтың есіненен мәңгі орын алды.В.П.Потанин жаңашыл бағытты ұстанды. Оның келуімен зауытта кәсіпорынды дамыту мен көптармақты инфраструктура құруда жаңа бағыттарды іздестіру жолға қойылды. ҮМЗ –ны жаңа көпсалалы өндіріске айналдыру түбегейлі жүргізілді. Жаңа шығармашылық ұжымдар, тантал, бериллий, уран өндіретін жаңа өндірістер құрылды. Оның бастамасымен ауылшаруашылығына қолдау жасала басталды. Осылайша Тарханка селосында ірі совхоз құрылды. В.П. Потаниннің орнын сенімді адам қабылдап алды. Ю.И.Мурин басшылық жасаған кезеңде КСРО дағы және әлемдегі ең қуатты АЭС үшін жылу өндіретін өндіріс құрлысы аяқталды. Тантал, бериллий, және оксид бериллиінен алынатын керамика өндірісі дамыды.90 жылдардағы қайта құру кәсіпорынға біраз қиындықтар туғызды. Тек зауыттың 50 - жылдығы қарсаңында кәсіпорын жаңа нарық жағдайында өз орнын тауып, жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ жаңаша өрлеуде. 1997 жылы ҮМЗ “Казатомпром” Ұлттық компаниясының құрамына енді. Бұл компанияның басты мақсаты Қазақстанның уран байлығына иек арта отырып, атом өнеркәсібі саласын жоғары сапалы деңгейге жеткізу. 1998 жылдың 15 желтоқсаны күні “ҮМЗ” ААҚ бас директоры болып Виталий Григорьевич Хадеев тағайындалды. Ол заводта 20 жылдан астам жұмыс істеді және қарапайым аппаратчик пен смена мастерінен кәсіпорын басшысына дейінгі жолдан өтті. Оның бойында “жаңа басшыға” тән жастық пен қуат, зор қабілет пен ұйымдастырушылық дарын, білім тәрізді қасиеттердің бәрі де бар. Басты мақсаты заводтың өркендеуі мен әр зауыт қызметкерінің жағдайын жақсартуға ұмтылыс.Мыңжылдықтар тоғысындағы заводтың қазіргі жағдайы үлкен үміттерге жетелейді. Бюджеттік қарыздар мен берешектер өтелді. Еңбек ақы уақтылы төленеді. Бүгінгі зауыттың даму жоспары нақтылы және айқын. Кәсіпорынның бүгінгі құрамында:ТМД көлеміндегі атом энергетикасына арналған ядролық керамикалық жылу өндіретін ірі өндіріс, бүкілғаламдық ғылым мен технологияның алдыңғы қатардағы жетістіктерін пайдаланады.Евразия континентінде құрамында бериллий қосындысы бар барлық өнімдерді шығаратын бірегей өндіріс орны, (қарапайым құймалардан бастап дайын бұйымдарға дейін шығарады) “ҮМЗ” ААҚ бериллийді 1951 жылдан бастап өндіреді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ маркалы бериллий өнімі бүкіләлемдік үздіктердің қатарынан орын алады. ТМД көлеміндегі тантал өндіретін бірегей өндіріс химиялық – металлургиялық, пеш және қаттау тәрізді қуатты құралдармен жабдықталған. 1950 жылы құрылған. Танталдың барлық түрін және құрамында ниобий қосындылары бар өнімдердің барлық түрлерін (фтортантал калийден бастап дайын құймалар, металл шыбықтар мен сымдар тәрізді өнімдерді) шығарады. Плавика қышқылын шығаратын өндіріс орны. Өндірістің қуаттылығы Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстанды бірге алғанда бәрінің де қажеттілігін өтеуге жарайды. Жоғарыөткізгіш материалдар өндіретін өндіріс орны 1969 жылы құрылды. Мамандардың күшімен жоғары электрлік, техникалық,және іске асатын жаңа өткізгіш сымдар, кабелдік желілер мен шиналардың түрлері пайда болды. машина жасау комплексі, қазіргі жаңа металл өңдеу жабдықтарымен стандартты құрал-жабдықтар мен жоғары техникалық талаптарға сәйкес бұйымдарды әзірлеуде бай іс-тәжірибе жинақтады. Тармақты инфраструктура және қуатты ғылыми күш:Құрал-жабдықты - механикалық цех, энергожөндеу, электрожөндеу, транспорт цехы, көпсалалы қызмет көрсету цехы (типографиясымен), технологиялық процесстерді автоматтандырудың орталық лабораториясы, өлшеу техникасының орталық лабораториясы, жобалау-құрастыру институты, орталық ғылыми-зерттеу және талдау лабораториясы, қоршаған ортаны қорғау лабораториясы. “ҮМЗ” ААҚ мамандары “ Қазақстанның теңге сарайын” құрды. 1993 жылдан бастап металл теңгелерді, ал, келесі жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын шекілдеу басталды. Бүгінгі күні фурнитура бұйымдары, құнды металлдардан жасалған бұйымдар, мерейтойлық теңгелер шығарылады.“Үлгі металлургиялық зауыты” Ашық акционерлік қоғамының Тауарлық белгісі Қазақстан республикасында, сол сияқты, Ресей Федерациясында, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Польша, Словакия, АҚШ, Франция, Чехия, Жапонияда тіркелген. 1999 жылы “ҮМЗ” ААҚ ISO 9002 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес өнім сапасын басқару жүйесіне төмендегі салалар бойынша сертификат берді:Уран қосындыларынан алынған өнім өндірісі, оның ішінде ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғыларға арналған өнім өндірісі; түрлі деңгейде әзірленген өнімдерді ала отырып, уранның түрлі қосындыларын өңдеу.1999 жылдың аяғында бериллий лигатурының өнімдік сапасын басқару жүйесі қызметін тарату бойынша сертификациялық аудит өткізілді1999 жылы кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойы аталып қана қойған жоқ. Ол Қазақстан республикасының “КАЗАТОМПРОМ” ҰАК құрамына қабылданды және еңбек етті. Жаңаша басқару стилі, стратегиялық басымдықтар мен нақты тактикалық міндеттер Кенді Алтайдың ірі кәсіпорнының бірі “ҮМЗ” ААҚ ұжымын ұзаққа созылған дағдарыстан шығарды. Қазақстан атом саласының үшінші мыңжылдықта әлемдік рынокқа сеніммен шығатын мүмкіндігі мол.
## Айтыстың түрлері Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:1. Бәдік;2. Жар-жар;3. Жануарлар мен адамның айтысы;4. Өлі мен тірінің айтысы;5. Жұмбақ айтысы;6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы;Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар. ### Бәдік айтысы Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.Атам заманғы ертегілер, мифтер, аңыздар туралы айта келіп, М.Горькийдің: "Бұлардың (ертегілердің) мағынасы ертедегі жұмыс адамының еңбегін оңайлатуға, оның өнімділігін арттыруға, төрт аяқты және екі аяқты жауларға қарсы құралдануға талпынуында және де сөз күші арқылы, "үшкіру", "аруақты шақыру" әдісі арқылы жаратылыстың стихиялық, адамға жау құбылыстарына әсер етуде болып отыр", – деген сөздерінің "бәдік" жырына тікелей қатысы бар.Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. "Үшкіру", "шақыру" арқылы сол іңдеттерден құтылуға болады деп білген.Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу амалы оның иесі – бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп "бәдік" айтатын болған. Айт дегенде айтамын-ау бәдікті,Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.От оттамай, су ішпей жата берсе,Бәдік емей немене бір кәдікті, Көш! Көш! Халық елге пәлелі бәдікті сөзбен алдап-арбап, басқа қонысжайға ауыстырмақты, көшірмекті ойлайды. Оған жақсы жайлы қоныс ұсынады. Бәдікке ұсынған қоныстарының бәрі сайлы, қызығарлық.Бертін келе адамның ойсанасы, білім-танымы есейе, жетіле келе бәдік айтысы діни нанымнан арылып, жаңа сипат алады, мазмұны жаңғыра бастайды. Ол енді жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына айналады, онда әзіл-оспақ басым. Жігіт:Қаратауым дегенде, Қаратауым, Тау басынан соғады қара дауыл.Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге, Қаптай көшіп келеді біздің ауыл. Қыз: Бәдік кетіп қалыпты таудан асып, Таудан арғы бұлтпенен араласып. Енді екеуіміз бәдікті тауып алып, Шын құмардан шығалық сабаласып. Мұнда діни нанымнан туған бәдік мазмұнынан еш нәрсе қалмаған. Өмірге құмартқан жастар әзілі ғана бар. ### Жануарлар мен адамның айтысы Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық. Иесі:Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?Биылғы жыл соғымға сояйын ба?Биылғы жыл соғымға сойып алып,Танабайға жаяңды қояйын ба? Сиыры:Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,Қу шолақты соялық дескеніңде, Қу шолақты соғымға сойып алып,Бүржекейден көрермін көшкеніңді. Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады. ### Жұмбақ айтысы Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. "Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды". Бұл – бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері – соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.Жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар. Өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді. Оны шешу үшін айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын болжай білуі керек. Сондықтан жұмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі.Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Ақындардың таланты, дүниетану шеңберінің көлеміне қарай, айтқан жұмбағының мағынасы кейде тайыз, кейде терең боп отырады. Кейбір жұмбақтардың шешуіне қарағанда, жасырушының да, шешушінің де әр алуан құбылыстарды көп білетіндігі таңғалдырады.Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі – Сапарғали мен Нұржан айтысы. Бұл айтыста екі ақын да білімділік, тапқырлық, өнерлілік танытқан. Сапарғали ауыл тіршілігінің қалыпты шындық болмысымен қатар, қазақ жерінің Ресейге қосылуына байланысты ел өміріне енген жаңалықтарды жұмбағына арқау етеді. Мысалы: Сапарғали:Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек, Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,Ұшырса, қондырса да еркі адамдаШықпайды панаңыздан көлеңкелеп. Нұржан:Мысалы жайса зонтик құс секілді,Тетігі қолда болған іс секілді,Жауса пана, күн шықса көлеңкесі, Достығы бейне сіз бен біз секілді. Сапарғали жұмбақтап отырған затының жеке детальдарын жақсы білген де, сол деректер арқылы затты жұмбақтаған. Жұмбақты айтушы Сапарғали да, оның шешушісі Нұржан да білгірлік танытқан, өнерлілік көрсеткен.Жұмбақтау Әсет пен Рысжан, Қожахмет пен Әубәкір айтысында да кездеседі.Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дағдыландырып, оның ойсанасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда басқа айтыстан гөрі жұмбақ айтысының орны ерекше. ### Салт айтысы Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады.Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады."Омарқұл мен Тәбияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді. Омарқұл: ...Ақылың болса, сөзді аңғар деймін,Көңіліңе піспей қалған нан бар деймін.Сергелдең сенің үшін болдым талай,Ауылыңа қона түнеп, жанжал деймін...Айтқан серт өз мойныңа бар, бар деймін. Тәбия:Мен жетсем, уәдеге сен жетпедің, Қайғымды қай-қайдағы тербетпегін. Айтқан серт, алысқан қол сені тапсын,Аузыңды байқап, сөйле, керкеткенім, Арасын екі ауылдың болжал етіп,Жеріме іздеп жүріп келмеп пе едім.Мен келсем, жігіт түгіл сайтан да жоқ,Соңыңнан іздеп жүріп өлмек пе едім... Қыз бен жігіттің айтысы кейде күлдіргіге құрылады.Қысқасы, жігіт пен қыздың шын мәніндегі айтыстары, ру, ел мәселесіне бармай, жоғарыда айтылғандай, елдің тұрмыс-салтының басқа жақтарын қамтиды. Тақырып, мазмұны жағынан салт айтысының ерекшелігі осында.Қыз бен жігіт айтысы кейде өз шеңберінен шығып, ру айтысының дәрежесіне жетеді. Кейде екеуі аралас-құралас келіп те отырады. Сондықтан көп жағдайда бұл екі айтыстың арасына үзілді-кесілді шек қою да қиын. ## Осы күнгі айтыстар Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты – Қазақстанның 60 жылдығына арналған, Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген, Абайдың, Жамбылға 150 жылдығы арналып өткен республикалық айтыстардың орны бөлек болды. Мұнда өз өнерімен халықты риза қылған Қызылордалық Манап, Семейлік Қалихан, Көкшетаулық Көкен секілді жүйріктер ерекше танылып, халық көкейінен шыға білді. Сонымен бірге, енді ғана қанат жайып келе жатқан, тапқыр ой, тартымды сөздерімен көрінген талапкер жігіттер мен қыздарымыз белгілі бола бастады.Айтыс – поэзиялық жанрдың ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтысқа қай кезде болсын халық ықыласы төмендемеу себебінің өзі айтыс өнерінің қиындығында. "Қисынын тауып қиыстырар" ер данасына халқымыз қашаннан құмар болып, әділ бағасын берген.1989 жылы Алматыда өткен айтыста ақындар өздеріне деген талапты күшейткенін байқатты. Ең бастысы, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну ден ала бастағанын көрсетті. Олар ойлы, жүйелі сөз үлгілерін танытты. Айтыскер ақын Әселхан Қалыбаева (Шымкент) қарсыласы Әзімбек Жанқұлиевке сұрақ қояды: Қайнысы жеңгесіне абай болар,Кезегі бұдан соң да талай болар.Бір сұрақ сынау үшін берейінші,Жақсы өлең, жаман өлең қалай болар?! Әзімбек:Қайныңды жеңіп таста шыдамасаң,Алдында жеңгетайлап құламаса. Жаман өлең, жеңеше сол болады, Апырым-ай, бар халыққа ұнамаса – деген орынды жауап қайтарады. Халық сынынан өту үшін үлкен жауапкершілік, талант пен қабілет керек екенін білдіреді. Ауызба-ауыз айтысып отырғанда қойылатын сұраққа сол сәтте мүдірмей жауап қайтару ақынның дарындылығын танытады.Айтыс сөз тапқырлығының ғана жарысы емес. Қалың жұртқа жеке де, қоғамдық та мәселенің неше алуанын батыл да, айқын жеткізе алатын мүмкіндік тек айтыста ғана бар.Демек, айтыскерге қойылатын талап та өте жоғары. Олар: – Өмірді өзіндік көзқарасымен пайымдай алатын дарындылық пен білімділік;– Жүйелі сөз, ұтымды, ойлы шумақтар төгілетін асқақ шабыт пен қабілеттілік;– Батылдық, өткірлік, шындыққа толы көркем бейнелі сөздер табу;– Жаттанды сөздерге бармау, жасанды ұйқасқа жоламай, уақыт мөлшеріне сыйғызып айтысу;– Мәдениеттілік, әдеп, сыпайылық, бір-біріне құрметпен қарап бағалай білу. Айтыс барысында қарсыласының сөзіне бірден тура жауап қайтарып, тойтарыс жасай алмаса, айтыс кұны төмендейді. Ол үшін ақындар бойынан жоғарыда көрсетілген қасиеттер табылуы керек. Сонда ғана айтыстың мәні мен мағынасы сонылығымен тыңдаушыларға қызықты болады."Айтысқа түсіп жүрген суырыпсалма ақын тегінде өлең таба алмағандықтан, ұйқасты сөз құрай алмағандықтан жеңілмейді. Олар жеңілгенде ұтымды дәлелден жұтап, жүйеге жығылып барып жеңіледі. Жеңуші адам өзінің қарсы ақынына бет бұруға, жалтаруға ерік бермей, нақты дәлелдермен тұсап, тұқыртып буып тастайды", – деген М.Әуезов сөздері ақындар айтысының өзіндік сипатын танытады. Бұл – бүгінгі айтысқа да толық қатысты шарт-талап.Бүгінде сөзге, ойға жүйрік ақындар жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, ерекше сөз саптауларымен, тосын теңеулерімен, жарасымды әзіл-қалжыңдарымен таныла бастады. Бұл жолдағы талмай ізденіс, жасқанбай ойларын ашық айту, толғағы жеткен мәселелерді жұртшылыққа орнымен жеткізу айтыстың пәрменділігін, әсерлілігін арттырады. Мысалы, ақын Мэлс Қосымбаевтың Дәулеткерей Кәпұлымен айтысында, мынандай: Жүргенде басың қатып саудаменен, Жаныңды алсын бүгін баурап өлең.Орақпенен орылып күні кеше,Балғаменен соғылып қалған өлең..., – деген жолдарында астарлы ой ұшқыны көрінеді. Мэлс өлеңдеріндегі көтерілген әлеуметтік мәселелер, ащы шындық көрінісі кімді болса да ойлантады.Айтыс өзінің биік шыңына намысты қамшылап, егес тартыста шыңдала отырып жетеді. Ақынның әрбір сөзі халық алдында бірден төгіле жырланып, әлеуметтік те, эстетикалық та міндетін орындап отырады.Мэлс Қосымбаев пен Мұхамеджан Тазабековтің айтысында бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы қамтылып, шебер өрілген айбынды сөз көрініс тауып, нағыз айтыстың қиындығы мен қызықтығын таныта түседі. Мысалы, Мұхамеджан:Тарихта қай тұнбадан былғанбадық,Мысалды отырғам жоқ тыңнан алып,Орысша оқымаса өспейді деп,Баланың тәрбиесін бұрмаладық, – десе, енді бірде: Уа, Мэлс, тектілікке сай болалық,Бұл айтыс – шайқасатын майдан анық.Арғы атаң найза ұстаған батыр еді,Атқан оғы тиетін айға барып.Іркес-тіркес іріден сөйлесеңші,Әңгіме айтқан жан болмай шайға барып,Қайран біздің қазақтың ұрпағы да, Майшабақтай барады-ау майдаланып..., – дейді.Осы өлең жолдарының өзінде-ақ, Мұхамеджан егемендіктің құдіретін ту ғып желбірете отырып, қарсыласын ғана емес, бүкіл қазақ жастарын мәрттікке, ірілікке шақыратын ой тастайды... Мэлс:...Батыр елдің ұрпағы деп айтасың,Байқасақ бұл қазақта кескін бөлек.Қаншама сен қиялға берілгенмен,Айды атып құлатқан ешкім де жоқ.Алыс тау бұлдыраса – жақын емес,Бұл айтыс болғанымен, ақыл емес.Ай дегенің – белгісі табиғаттың,Табиғаттың алдында, МұхамеджанБіле білсең – ешкім де батыр емес! – деп жауап береді.Бұл жерде Мұхамеджанның айға барып деген сөзді балама ретінде алып отырғанына қарамай Мэлс, табиғат белгісі деп, оған батырлық көрсету емес, аялау керек деген ұғымда жауап береді. Екі ақын сөзінде де өнегелі өзіндік жаңа, тың теңеу, ой толғамдары байқалады. Мысалы, Мұхамеджан: ...Жалқаулық жаратқанға ұнамайды,Қамсыз қазақ қартайтқан ұлы Абайды,Балақ түріп, қарекет қылғандардың Бақ келіп есігінен сығалайды... – дейді.Осы шумақта еңбекке шақыру өнегесін ұлы Абай мұңымен сабақтастыра орынды көрсете біледі, айтыстың тәрбиелік құны осындай ойлы өлең жолдарынан нәр алып, биіктей түсері сөзсіз.Айтыс – халықтың көзі, айтыс – халықтың тілі екеніне күмән жоқ.Мұхамеджан Тазабеков пенБалғынбек Имашевтің айтысына айтыскерлер аузынан поэзиямызға ерекше түр, өң беретін жанды сөз образдары, теңеу мен суреттеулер көптеп кездеседі. Мұхамеджан:...Ащы тер шыққан кезде жон арқадан,Шабыттың тізгініне қол арта алам.Ойлы халқым, орныңда отырмысың,Нәр алып айтыс деген омартадан... – деп бастап, табиғи төкпе өлең жырларын төгілдіре келе: Бөрідей жігіт болсаң, бөгелмей айт,Ел тыңдасын аузының суы құрып.Азу басып көр енді арыстанға,Тиген жерде тіс қалсын суырылып...— деп, қарсыласын жігерлендіре, желпіндіре түседі. Жігіттік намысты қайрайтын, ерекше екпінмен айтылған жанды сөз образы бар. Балғынбек:...Ауыздықпен алысқан тұлпардаймын,Көп шайқаймын басымды. Бұлтармаймын.Басып жейтін қарақұс мен емеспін,Шашып жейтін алғанын сұңқардаймын! – десе, енді бірде Мұхамеджан ...Болғанда айтыс – кеме, өлең – теңіз, Жаңа толқын болармыз өлеңге біз.Айға қолын сермеген батырларменТым биіктеп кеткендей кең өлкеміз... Түгел сөздің түбірін қопарып айт,Майқы биге мавзолей орнатқандай, – дейді. Осы өлең жолдарының өзінен-ақ, қызу шабытпен айтылған шұрайлы сөздер тізбегі, үздік теңеу, метафора, эпитет анық көрінеді. Айтыстың ажары ақындар аузынан кесек-кесек, іркес-тіркес сөздер төгіле түссе ашыла берері, жарқырай түсері сөзсіз.Көнеден қалған сөз өнеріміздің бірі – айтыс. Оны жоғалтпай жандандырып дамыту, ұлтымыздың мақтанышына айналдыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.Бүгінде халықтың қалың ортасынан жарып шыққан, ел мен жердің тарихын, қадір-қасиетін терең ұғынып, жүрегіне тоқи білген талантты, дарынды жастарды танып, тауып тәрбиелеу ісі маңызды мәселелердің біріне айналуда.Айтыс өнері – бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер – ұрпақтан-ұрпаққа, буыннан-буынға ауысып өрісі ұлғайып ілгерлеп дами береді.Нағыз айтыс ақынына тән қасиеттерді жинақтап төмендегідей үлгіде көрсетуге болады. Парасат, білімСөзге тоқтау Намыс, жігер, қызу шабыт Талант, арқаТапқырлық, ұтымды ой,қолма-қол суырыпсалушылық ## Қарағандылық айтысшылар Қарағандылық ақындар 1943 жылы желтоқсанда Алматыдан республикалык Ақындар айтысынақатысты. Қарағандыда 1986 жылы екінші, 1988 жылыүшінші облыстық Ақындар айтысы ұйымдастырылды. Кейін Ақындар айтысын телевизия арқылы ұйымдастыру дәстүрге айналды. Қарағандылық ақын А. Әлтаев республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ақындар айтысы(қолжетпейтін сілтеме) ## Тағы қараңыз * Айтыс ## Айтыстың түрлері Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:1. Бәдік;2. Жар-жар;3. Жануарлар мен адамның айтысы;4. Өлі мен тірінің айтысы;5. Жұмбақ айтысы;6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы;Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар. ### Бәдік айтысы Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.Атам заманғы ертегілер, мифтер, аңыздар туралы айта келіп, М.Горькийдің: "Бұлардың (ертегілердің) мағынасы ертедегі жұмыс адамының еңбегін оңайлатуға, оның өнімділігін арттыруға, төрт аяқты және екі аяқты жауларға қарсы құралдануға талпынуында және де сөз күші арқылы, "үшкіру", "аруақты шақыру" әдісі арқылы жаратылыстың стихиялық, адамға жау құбылыстарына әсер етуде болып отыр", – деген сөздерінің "бәдік" жырына тікелей қатысы бар.Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. "Үшкіру", "шақыру" арқылы сол іңдеттерден құтылуға болады деп білген.Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу амалы оның иесі – бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп "бәдік" айтатын болған. Айт дегенде айтамын-ау бәдікті,Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.От оттамай, су ішпей жата берсе,Бәдік емей немене бір кәдікті, Көш! Көш! Халық елге пәлелі бәдікті сөзбен алдап-арбап, басқа қонысжайға ауыстырмақты, көшірмекті ойлайды. Оған жақсы жайлы қоныс ұсынады. Бәдікке ұсынған қоныстарының бәрі сайлы, қызығарлық.Бертін келе адамның ойсанасы, білім-танымы есейе, жетіле келе бәдік айтысы діни нанымнан арылып, жаңа сипат алады, мазмұны жаңғыра бастайды. Ол енді жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына айналады, онда әзіл-оспақ басым. Жігіт:Қаратауым дегенде, Қаратауым, Тау басынан соғады қара дауыл.Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге, Қаптай көшіп келеді біздің ауыл. Қыз: Бәдік кетіп қалыпты таудан асып, Таудан арғы бұлтпенен араласып. Енді екеуіміз бәдікті тауып алып, Шын құмардан шығалық сабаласып. Мұнда діни нанымнан туған бәдік мазмұнынан еш нәрсе қалмаған. Өмірге құмартқан жастар әзілі ғана бар. ### Жануарлар мен адамның айтысы Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық. Иесі:Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?Биылғы жыл соғымға сояйын ба?Биылғы жыл соғымға сойып алып,Танабайға жаяңды қояйын ба? Сиыры:Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,Қу шолақты соялық дескеніңде, Қу шолақты соғымға сойып алып,Бүржекейден көрермін көшкеніңді. Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады. ### Жұмбақ айтысы Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. "Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды". Бұл – бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері – соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.Жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар. Өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді. Оны шешу үшін айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын болжай білуі керек. Сондықтан жұмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі.Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Ақындардың таланты, дүниетану шеңберінің көлеміне қарай, айтқан жұмбағының мағынасы кейде тайыз, кейде терең боп отырады. Кейбір жұмбақтардың шешуіне қарағанда, жасырушының да, шешушінің де әр алуан құбылыстарды көп білетіндігі таңғалдырады.Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі – Сапарғали мен Нұржан айтысы. Бұл айтыста екі ақын да білімділік, тапқырлық, өнерлілік танытқан. Сапарғали ауыл тіршілігінің қалыпты шындық болмысымен қатар, қазақ жерінің Ресейге қосылуына байланысты ел өміріне енген жаңалықтарды жұмбағына арқау етеді. Мысалы: Сапарғали:Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек, Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,Ұшырса, қондырса да еркі адамдаШықпайды панаңыздан көлеңкелеп. Нұржан:Мысалы жайса зонтик құс секілді,Тетігі қолда болған іс секілді,Жауса пана, күн шықса көлеңкесі, Достығы бейне сіз бен біз секілді. Сапарғали жұмбақтап отырған затының жеке детальдарын жақсы білген де, сол деректер арқылы затты жұмбақтаған. Жұмбақты айтушы Сапарғали да, оның шешушісі Нұржан да білгірлік танытқан, өнерлілік көрсеткен.Жұмбақтау Әсет пен Рысжан, Қожахмет пен Әубәкір айтысында да кездеседі.Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дағдыландырып, оның ойсанасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда басқа айтыстан гөрі жұмбақ айтысының орны ерекше. ### Салт айтысы Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады.Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады."Омарқұл мен Тәбияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді. Омарқұл: ...Ақылың болса, сөзді аңғар деймін,Көңіліңе піспей қалған нан бар деймін.Сергелдең сенің үшін болдым талай,Ауылыңа қона түнеп, жанжал деймін...Айтқан серт өз мойныңа бар, бар деймін. Тәбия:Мен жетсем, уәдеге сен жетпедің, Қайғымды қай-қайдағы тербетпегін. Айтқан серт, алысқан қол сені тапсын,Аузыңды байқап, сөйле, керкеткенім, Арасын екі ауылдың болжал етіп,Жеріме іздеп жүріп келмеп пе едім.Мен келсем, жігіт түгіл сайтан да жоқ,Соңыңнан іздеп жүріп өлмек пе едім... Қыз бен жігіттің айтысы кейде күлдіргіге құрылады.Қысқасы, жігіт пен қыздың шын мәніндегі айтыстары, ру, ел мәселесіне бармай, жоғарыда айтылғандай, елдің тұрмыс-салтының басқа жақтарын қамтиды. Тақырып, мазмұны жағынан салт айтысының ерекшелігі осында.Қыз бен жігіт айтысы кейде өз шеңберінен шығып, ру айтысының дәрежесіне жетеді. Кейде екеуі аралас-құралас келіп те отырады. Сондықтан көп жағдайда бұл екі айтыстың арасына үзілді-кесілді шек қою да қиын. ## Осы күнгі айтыстар Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты – Қазақстанның 60 жылдығына арналған, Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген, Абайдың, Жамбылға 150 жылдығы арналып өткен республикалық айтыстардың орны бөлек болды. Мұнда өз өнерімен халықты риза қылған Қызылордалық Манап, Семейлік Қалихан, Көкшетаулық Көкен секілді жүйріктер ерекше танылып, халық көкейінен шыға білді. Сонымен бірге, енді ғана қанат жайып келе жатқан, тапқыр ой, тартымды сөздерімен көрінген талапкер жігіттер мен қыздарымыз белгілі бола бастады.Айтыс – поэзиялық жанрдың ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтысқа қай кезде болсын халық ықыласы төмендемеу себебінің өзі айтыс өнерінің қиындығында. "Қисынын тауып қиыстырар" ер данасына халқымыз қашаннан құмар болып, әділ бағасын берген.1989 жылы Алматыда өткен айтыста ақындар өздеріне деген талапты күшейткенін байқатты. Ең бастысы, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну ден ала бастағанын көрсетті. Олар ойлы, жүйелі сөз үлгілерін танытты. Айтыскер ақын Әселхан Қалыбаева (Шымкент) қарсыласы Әзімбек Жанқұлиевке сұрақ қояды: Қайнысы жеңгесіне абай болар,Кезегі бұдан соң да талай болар.Бір сұрақ сынау үшін берейінші,Жақсы өлең, жаман өлең қалай болар?! Әзімбек:Қайныңды жеңіп таста шыдамасаң,Алдында жеңгетайлап құламаса. Жаман өлең, жеңеше сол болады, Апырым-ай, бар халыққа ұнамаса – деген орынды жауап қайтарады. Халық сынынан өту үшін үлкен жауапкершілік, талант пен қабілет керек екенін білдіреді. Ауызба-ауыз айтысып отырғанда қойылатын сұраққа сол сәтте мүдірмей жауап қайтару ақынның дарындылығын танытады.Айтыс сөз тапқырлығының ғана жарысы емес. Қалың жұртқа жеке де, қоғамдық та мәселенің неше алуанын батыл да, айқын жеткізе алатын мүмкіндік тек айтыста ғана бар.Демек, айтыскерге қойылатын талап та өте жоғары. Олар: – Өмірді өзіндік көзқарасымен пайымдай алатын дарындылық пен білімділік;– Жүйелі сөз, ұтымды, ойлы шумақтар төгілетін асқақ шабыт пен қабілеттілік;– Батылдық, өткірлік, шындыққа толы көркем бейнелі сөздер табу;– Жаттанды сөздерге бармау, жасанды ұйқасқа жоламай, уақыт мөлшеріне сыйғызып айтысу;– Мәдениеттілік, әдеп, сыпайылық, бір-біріне құрметпен қарап бағалай білу. Айтыс барысында қарсыласының сөзіне бірден тура жауап қайтарып, тойтарыс жасай алмаса, айтыс кұны төмендейді. Ол үшін ақындар бойынан жоғарыда көрсетілген қасиеттер табылуы керек. Сонда ғана айтыстың мәні мен мағынасы сонылығымен тыңдаушыларға қызықты болады."Айтысқа түсіп жүрген суырыпсалма ақын тегінде өлең таба алмағандықтан, ұйқасты сөз құрай алмағандықтан жеңілмейді. Олар жеңілгенде ұтымды дәлелден жұтап, жүйеге жығылып барып жеңіледі. Жеңуші адам өзінің қарсы ақынына бет бұруға, жалтаруға ерік бермей, нақты дәлелдермен тұсап, тұқыртып буып тастайды", – деген М.Әуезов сөздері ақындар айтысының өзіндік сипатын танытады. Бұл – бүгінгі айтысқа да толық қатысты шарт-талап.Бүгінде сөзге, ойға жүйрік ақындар жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, ерекше сөз саптауларымен, тосын теңеулерімен, жарасымды әзіл-қалжыңдарымен таныла бастады. Бұл жолдағы талмай ізденіс, жасқанбай ойларын ашық айту, толғағы жеткен мәселелерді жұртшылыққа орнымен жеткізу айтыстың пәрменділігін, әсерлілігін арттырады. Мысалы, ақын Мэлс Қосымбаевтың Дәулеткерей Кәпұлымен айтысында, мынандай: Жүргенде басың қатып саудаменен, Жаныңды алсын бүгін баурап өлең.Орақпенен орылып күні кеше,Балғаменен соғылып қалған өлең..., – деген жолдарында астарлы ой ұшқыны көрінеді. Мэлс өлеңдеріндегі көтерілген әлеуметтік мәселелер, ащы шындық көрінісі кімді болса да ойлантады.Айтыс өзінің биік шыңына намысты қамшылап, егес тартыста шыңдала отырып жетеді. Ақынның әрбір сөзі халық алдында бірден төгіле жырланып, әлеуметтік те, эстетикалық та міндетін орындап отырады.Мэлс Қосымбаев пен Мұхамеджан Тазабековтің айтысында бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы қамтылып, шебер өрілген айбынды сөз көрініс тауып, нағыз айтыстың қиындығы мен қызықтығын таныта түседі. Мысалы, Мұхамеджан:Тарихта қай тұнбадан былғанбадық,Мысалды отырғам жоқ тыңнан алып,Орысша оқымаса өспейді деп,Баланың тәрбиесін бұрмаладық, – десе, енді бірде: Уа, Мэлс, тектілікке сай болалық,Бұл айтыс – шайқасатын майдан анық.Арғы атаң найза ұстаған батыр еді,Атқан оғы тиетін айға барып.Іркес-тіркес іріден сөйлесеңші,Әңгіме айтқан жан болмай шайға барып,Қайран біздің қазақтың ұрпағы да, Майшабақтай барады-ау майдаланып..., – дейді.Осы өлең жолдарының өзінде-ақ, Мұхамеджан егемендіктің құдіретін ту ғып желбірете отырып, қарсыласын ғана емес, бүкіл қазақ жастарын мәрттікке, ірілікке шақыратын ой тастайды... Мэлс:...Батыр елдің ұрпағы деп айтасың,Байқасақ бұл қазақта кескін бөлек.Қаншама сен қиялға берілгенмен,Айды атып құлатқан ешкім де жоқ.Алыс тау бұлдыраса – жақын емес,Бұл айтыс болғанымен, ақыл емес.Ай дегенің – белгісі табиғаттың,Табиғаттың алдында, МұхамеджанБіле білсең – ешкім де батыр емес! – деп жауап береді.Бұл жерде Мұхамеджанның айға барып деген сөзді балама ретінде алып отырғанына қарамай Мэлс, табиғат белгісі деп, оған батырлық көрсету емес, аялау керек деген ұғымда жауап береді. Екі ақын сөзінде де өнегелі өзіндік жаңа, тың теңеу, ой толғамдары байқалады. Мысалы, Мұхамеджан: ...Жалқаулық жаратқанға ұнамайды,Қамсыз қазақ қартайтқан ұлы Абайды,Балақ түріп, қарекет қылғандардың Бақ келіп есігінен сығалайды... – дейді.Осы шумақта еңбекке шақыру өнегесін ұлы Абай мұңымен сабақтастыра орынды көрсете біледі, айтыстың тәрбиелік құны осындай ойлы өлең жолдарынан нәр алып, биіктей түсері сөзсіз.Айтыс – халықтың көзі, айтыс – халықтың тілі екеніне күмән жоқ.Мұхамеджан Тазабеков пенБалғынбек Имашевтің айтысына айтыскерлер аузынан поэзиямызға ерекше түр, өң беретін жанды сөз образдары, теңеу мен суреттеулер көптеп кездеседі. Мұхамеджан:...Ащы тер шыққан кезде жон арқадан,Шабыттың тізгініне қол арта алам.Ойлы халқым, орныңда отырмысың,Нәр алып айтыс деген омартадан... – деп бастап, табиғи төкпе өлең жырларын төгілдіре келе: Бөрідей жігіт болсаң, бөгелмей айт,Ел тыңдасын аузының суы құрып.Азу басып көр енді арыстанға,Тиген жерде тіс қалсын суырылып...— деп, қарсыласын жігерлендіре, желпіндіре түседі. Жігіттік намысты қайрайтын, ерекше екпінмен айтылған жанды сөз образы бар. Балғынбек:...Ауыздықпен алысқан тұлпардаймын,Көп шайқаймын басымды. Бұлтармаймын.Басып жейтін қарақұс мен емеспін,Шашып жейтін алғанын сұңқардаймын! – десе, енді бірде Мұхамеджан ...Болғанда айтыс – кеме, өлең – теңіз, Жаңа толқын болармыз өлеңге біз.Айға қолын сермеген батырларменТым биіктеп кеткендей кең өлкеміз... Түгел сөздің түбірін қопарып айт,Майқы биге мавзолей орнатқандай, – дейді. Осы өлең жолдарының өзінен-ақ, қызу шабытпен айтылған шұрайлы сөздер тізбегі, үздік теңеу, метафора, эпитет анық көрінеді. Айтыстың ажары ақындар аузынан кесек-кесек, іркес-тіркес сөздер төгіле түссе ашыла берері, жарқырай түсері сөзсіз.Көнеден қалған сөз өнеріміздің бірі – айтыс. Оны жоғалтпай жандандырып дамыту, ұлтымыздың мақтанышына айналдыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.Бүгінде халықтың қалың ортасынан жарып шыққан, ел мен жердің тарихын, қадір-қасиетін терең ұғынып, жүрегіне тоқи білген талантты, дарынды жастарды танып, тауып тәрбиелеу ісі маңызды мәселелердің біріне айналуда.Айтыс өнері – бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер – ұрпақтан-ұрпаққа, буыннан-буынға ауысып өрісі ұлғайып ілгерлеп дами береді.Нағыз айтыс ақынына тән қасиеттерді жинақтап төмендегідей үлгіде көрсетуге болады. Парасат, білімСөзге тоқтау Намыс, жігер, қызу шабыт Талант, арқаТапқырлық, ұтымды ой,қолма-қол суырыпсалушылық ## Қарағандылық айтысшылар Қарағандылық ақындар 1943 жылы желтоқсанда Алматыдан республикалык Ақындар айтысынақатысты. Қарағандыда 1986 жылы екінші, 1988 жылыүшінші облыстық Ақындар айтысы ұйымдастырылды. Кейін Ақындар айтысын телевизия арқылы ұйымдастыру дәстүрге айналды. Қарағандылық ақын А. Әлтаев республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ақындар айтысы(қолжетпейтін сілтеме) ## Тағы қараңыз * Айтыс
Үстірт — батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. ## Сипаттамасы Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550 — 600 км-ге созылған, ені 300 — 400 км. Ауданы 200 мың км². Үстірттің орташа биіктігі 150 — 200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері 341 м (Мұзбел жоны). Тұран ойпатында орналасқан, геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтустікте бөлігі мен шығыс бойлықтың 56 °C-қа дейінгі батыс бөлігі Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау облысы), қалғаны Өзбекстан жерінде. Үстірт төңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер бойынша көтерілген және үсті жалпақ, жазық дөң күйінде. Үстірт жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бөліп жатқан ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің орталығы бөлігінде Қарабауыр жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан, мысалы, солтүстігіндегі Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, оңтүстігіндедегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар көп. Орт., шығыс, оңтүстігінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған ұзың 5 — 25, тереңдегі 1 — 2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), қазаншұңқырлар кездеседі. ## Климаты Үстірт шөл аймағында жатқандықтан жазы ыстық (шілденің орташа температурасы 29 °C, кейде 40 °C, одан да жоғары), қысы салқын (қаңтардың орташа температурасы –12, кейде –25 — 30 °C), ауасы құрғақ (30 — 60%), жауын-шашыны аз (150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады, қардың қалынд. 10 см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып көктайғақ болады, боран соғады. ## Гидрографиясы Үстіртте өзен, тұщы көл тіпті жоқ, бірақ ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры анықталды (Үстірт артезиан алабы). ## Жануарлар мен өсімдіктер әлемі Сұр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. шөптер сирек өседі, ойыс-ойпаттарында сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары кездеседі. Құмды өңірінде теріскен, жүзгін, еркекшөп, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен бауырымен жорғалаушылар, тышқан, қоян, бөкен, қарақұйрық, т.б. мекендейді. ## Қоғамдық қолданысы Үстірт көктемде, жазда, күзде мал жайылымы, қойнауында мұнай мен газдың мол қоры анықталған (Үстірт мұнайлы-газды алабы). ## Жер бедерінің морфологиясы мен қалыптасу тарихы Үстірт (Маңғыстау)Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық – денудациялық Үстірт алып жатыр. Үстірт Арал теңізімен Каспий маңы ойысы мен тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалындағы бірнеше оңдаған метрге жететін қалын әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады. құрымдылық денудациялық үстірттін беті біршама тегіс әрі әлсіз көлбеу болып келеді. Сирек жағдайда солтүстік – батыста бағытталған ірі жолдармен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген жондардың беті тегіс. Абсолюттік биіктігі 22 метрден (солтістік жон) 314 метрге дейін (мұзбел) артады жондардын аралығындағы ойыстардын табанының абсалют биіктігі 63 метрден (барса келмес ойысы) 100 метрге дейінгі аралықты ауытқиды. Үстірттің беті астау тәрізді кристалды ойыстарда күрделендіріледі. Мұндай ойыстардың көбінің табанында құмды-сазды делювиальды-элюальды материальдар жинақталады. Шайылған топырақтарда қалың шөптесін өсімдіктер өседі. Солтүстік-батыс бөлігіндегі Солтүстік Үстіртіне қарай тілімденген. Иіннің біліктік бөлігін Қос бұлақ, Асыман сай, Сам және Қаратөлей сяқты сорлы ойыстар алып жатыр. Тегіс беткейлі қалдық дөңдер ойыстарға қарай еңіс болып келеді еріген қар, жаңбыр суларының әрекетінен терең тілімделген эрозиялық жыралар жүйесі қалыптасуы Үстірттің бедерінің толқынды болып келуіне әсер етті, Сам, Асамтай ойыстарының табаны жел әрекетінен өңделгендіктен жартылай бекіген аласа құм жалдары түзілген су өткізетін әктастардың қалың қабаты үстірттің барлық бөлігінде жер бедерінің Карсталы пішіндерінің дамуына әсер етті. Мысалы, Өтебай қонысында тереңдігі 120 ұзындығы 190 метрге дейін жететін карстылы үңгір табылған. Қарны жарық ойысында гипсті карстлар табылған. Үстірт көршілес жатқан жазықтармен тік беткейлі кемер жасал шектеседі. Солтүстігінде шағырай Үстіртімен шектесетін бөлігінде кемерлердің биіктігі 50 метрден Солтүстік-батысы, батысымен шығысында 200 метрге дейін жетсе, қарны жарық ойысында кетерлердін биіктігі 370 метрге дейін жетеді. Келердің биіктігі артқан сайын көлденен қимасы күрделене беруімен ерекшеленеді.Үстірттің қазіргі жер бедерінің қалыптасуы төменгі плиоценде басталады. Жер бедері әр түрлі жыныстардың қабатасып шөгуінен түзілген қабатты жазықтардың қатарына жатады плиеценде солтүстік, оңтүстік үстірт және оңтүстік Маңғыстау иіні арқылы Ақшағыл, Абшерон алқаптарының шығанақтары енеді. Үстірттің орынына көлдік ойыс пайдаболып онда бос таужыныстары шөге бастады. Көл түбінде шөккен матерялдар көршілес жатқан көтеріңкі жерлерден жинақталды. Климаттын аритенуіне байланысты бұл жердегі төрттік дәуірдін шөгінділері өте жұқа. Үстіртте жер бедерінің қарастылы пішіндерінің кең таралуы приоценмен төрттік дәуірлердін белгілі бір кезенініңде ариттік климаттын ылғалды плювиальды климатпен алмасып отырғаның көрсетеді. Бірақ тау жыныстарының тасымалдануы көбінесе жел эрозиясының әсерінен жүрген.Тұран жазығының батысында Каспий теңізімен Үстіртің аралығында құрылымдық денудациялық Манғыстау Үстірті орналасқан. Үстірт эрозиялық – тектоникалық Ақтау, Қаратау сияқты аласа таулармен күрделенген. Бозащы үстірті шығу тегі жағынан Каспий маңы ойпатына жақын. Манғыстау үстіртінде Түпқараған үстірті, оңтүстік Маңғыстау; Кендірлік, Шығыс Маңғыстау үстірті, Ақтау, Қаратау таулары. Красноводск үстірті ерекше ерекшеленеді. Морфологиялық құрылымы неоген төртік дәуірлерде тектоникалық қарқындылықтың әр түрлі болуына байланысты болады. Манғыстау үстіртінің 80% алып жатқан оңтүстік бөлігі екі сатылы денудациялық Үстірт болып табылады. Оның бетінің қалыңдығы 5-10 метрден 40-50 метрге дейін жететін қалың ұлы тастыәк тасты қабат борпылдақ жыныстарды бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарады. Басқа Үстірттерден Манғыстауды ерекшелендіретін белгілерінің бірі Маңғыстаудың біліктік құрылымдарына бағыттас субендік бағытта созылып жатқан екі ірі тектоникалық депрессиялардын болуы. Солтістік Маңғыстау антиклинориін бойлай қаралаңдыбас, қорғаной, Асар, өзен, түнқарақшы ойыстары шоғырланса оңтістік Маңғыстау иінінің жекелеген анти клинорин бойлай ұзындығы 85, ені 10-20 шақырымға жететін абсолюттік белгісі – 132 метрде жатқан Қарақия - 57 метрге жететін Қауынды, ойыстары орналасқан. Қарақия өлі теңізбен египетмаңындағы Каттар депресияларынан кейінгі ең тередерінің бірі Ойыстардың барлығы тұйық болғанына қарамастан Каспий теңізіне қарай ашық болып келеді. Ойыстар төрттік дәуірдегі трансгресия кезінде суға толған. Ойыстардың шегінде хвалын трангерсиясынын аккумулятивті және абразиялы жазықтары қалыптасқан. Біршама иілген табанында жербедерінің мұсінді пішіндері сорлар алып жатыр. Манғыстау үстіртінің казіргі жер бедерінің қалыптасуына тектоникалық агенттермен қашар аритті климатта әсер етуде. Неотектоникалық қозғалыстар денудациясының қарқынды жүруіне әсер етсе аритті климат сорлы дефлеция үрдісін күшейтті. Маңғыстаудың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ерте плиоценнің соңынан басталды.Тұран плитасының неотектоникалық қозғалыстын әсерінен көтерілуінің нәтежиесінде Маңғыстау тұғырлы жазыққа айналды. Таулы бөліктерінің қазіргі бедерінің қалыптасуы плиоценнің соңындағы жеклеген денудациялық үрдістердін әсерінен жүрді, бұл кезенге дейін Маңғыстаумен үстіртін келерлері түзілген. Ерте төрттік дәуірде оңтүстік Маңғыстаудың ірі тұйық ағынсыз ойыстары пайда болып, оңда көлдік режим сақталды. Уақыт өте келе көл түбіне шөккен шөгінді тау жыныстары жел әрекетінен өңделді. Төрттік дәуірдін соңындағы екі хвалын трангрссиясынын әсерінен бүкіл Каспий жағалауында жер бедерінің екі аккумулятивтік және абразиялық пішіндерін қалыптастырды.22 метр абсалют биіктіктің белгісінде жаңа Каспий теңіз абразиялы жағалауы бойлай созылып жатыр. Маңғыстау Үстіртінде аридті континентті климат жағдайы жоғарғы плиоценнен бастап сақталғандықтан содан бері ежелгі өзен торларының іздері жоқ болғанымен Ақтау, Қаратау, тауларының беткейлері мен Қарақя Өзен, Қарныжарық оиыстарында уақытша ағынсулардың әсерінен түзілген ескі арналармен жайылма үсті текшелерінің іздері байқалады.Тұран жазығының оңтүстік Қарақұм оңтүстік-батыс бөлігін қарақұм алып жатыр Қарақұм түрік тілінде қара түсті құм немесе құмды жер мағынасын білдіреді. Жер бедерінің ерекшелігіне сай екі үлкен бөлікке бөлінеді. Солтүстік шағын бөлігін Зангуз қарақұмы немесе Зангуз үстірті бійіктігі 60-80 метірге жететін тік беткеилі кемер арқылы сорлы унгуза оиысына ұласады. Ол тектоникалық қозғалысынын әсерінен өзгеріске ұшырап шөлдік континенті климат жағдайында өнделген ежелгі құрғап қалған өзен арнасы болып саналады Өзен аңғарынын барлық морфологиялық елементтері жақсы сақталған Амудариянын Каспийге құйған ескі арнасы Узбой қарақұмнын солтүстік батыс шеті арқылы өтеді.Унгуздың оңтістігіндегі орталық, оңтүстік шығыс және оңтүстік қарақұм орналасқан зангуз қарақұмына қарағанда аласа болғандықтан орталық Қарақұмды - ойпатты Қарақұм деп атайды. Оның оңтүстігімен оңтүстік шығысы біртіндеп көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік шығыс қарақұм зангуз қарақұмына қарағанда теңіз деңгейінен биік. Екеуінде беті тегіс әрі біртіндеп батысқа қарай аласарады. Оңтүстік-шығыс қарақұмында ежелгі өзен арнасы кемф узбойы бар. Оның көп бөлігін қазір қарақұм каналы алып жатыр. Зангуз үстіртінің беткі қабатын плеоценде мен плеоценде аққан плео Амудариянын құмды және құмды – сазды шөгінділері жауп жатыр. Зангуз үстіртінің кемерімен копетдагтың шығысынын аралығымен батысқа қарай төрттік дәуірде аққан оның алювиальды шөгінділері орталық және оңтүстік-шығыс Қарақұмының бетін жауып жатыр. Қарақұмның оңтүстік бөлігінің беткі қабаты Теджен, Мургаб өзендерінің сағасында шөккен алювиальды шөгінділерден тұрады. Еңбасым бөлігін қарақұм шөлі жел әрекетінен тұзілген құм жолдары алып жатыр. Ол оңтүстігінде аласа белесті – белді сусымалы құмдарда ұласады. Олардың аралығындағы кеңістікте тегіс сазды тақырлар кездеседі. Құмның басым бөлігі өсімдіктермен бекіген. Сусымалы құлаш құм жолдары барқандардын негізгі бөлігі оңтүстік шығыс Қарақұмда таралған. ### Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр Тұран эпигерциндік платформасының шеткі аймағының қатпарлы негіздерінің көтерілуі нәтижесінде түзілген Мезокайназойдың жабын қабаты болып табылады. Қатпарлы негіздің тау жыныстары Маңғыстау таулы үстіртінің орталық бөлігі Қаратау мен оның оңтүстік шығысындағы Тауқыр жүйесіне кіретін Қызылқияда жер бетіне шығып жатыр. таулы үстірті ядросы жоғарғы пермь, тряс, юра дәуірлерінің тау жыныстарынан тұратын антиклинальды қатпарлы құрылым болып табылады. Қатпарлану аймағында көтерілулер мен төмен түсулер қатар жүруіне байланысты герцин көтерілуінің нәтижесінде түзілген Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушық таулары қатар жатыр. Олардың аралықтарын синклинорилер бөліп жатыр. Батыс Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде антиклинальдың қанаттарында түзілген бор дәуірінің жыныстарынан тұратын моноклинальды солтүстік және оңтүстік Ақтау жоталары орналасқан. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі Бесшоқы. Оның абсолюттік биіктігі 556 м.Қаратау мен Ақтаудың аралықтарын бөліп жатқан тауаралық аңғарлар төменгі бордың саздары мен құм тастары жер бетіне шығып жатыр. Олар диаметрі 2 кей жерлерде 3 метрге дейін жететін шарлы құралымдар түзеді. Құмтастардың үгіліп, құрамындағы құмның бөлінуі нәтижесінде конкрециялар жер бетіне шығып үрленген шар тәрізді құрылымдар түзді.Маңғыстау тауларының сыртында абсалют биіктігі 150-175 метрден аспайтын терең әрі тұйық сорлы ойыстар түзетін әктасты үстірттер алып жатыр. Онда дүние жүзіндегі терең ойыстардың бірі Қарақия (-132 м) орналасқан. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде Жетібай, Өзен кен орындарында мұнай мен газ табылған. Маңғыстау тауларының солтүстігі біртіндеп бозащы мойпатты түбегіне ұласады. Онда да мұнай мен газдың мол қоры бар.Маңғыстау таулыүстірті солтүстік шөл зонасына жатады. Оның біршама бөлігін сазды, сортаң, тасты және құмды шөлдер алып жатыр. Түбектің солтүстік бөлігін жусанды сазды шөлдер алып жатыр. Өсімдік жамылғысында жусанның солтүстік Тұран түрлері мен сортаң шөптер, бұйырғын мен бпялыштар басым болып келеді. Оңтүстік бөлігінде сазды шөлдермен үйлесіп отыратын сортаң шөлдер басым. Олардың аралығында өсімдіктер жамылғысы жоқ Қарақия, Қауынды қырлы жарық ойстары бар. Негізгі өсімдіктері сортаң тұзды топырақта өсуге бейімделген сары сазан, сортаң шөп. Маңғыстау тауларының басым бөлігін тасты субстратта қалыптасқан тасты шөлдер алшып жатыр. Онда биіктік белдеуліліктің заңдылықтары да байқалады. Біршама биік бөлігі Бесшоқы маңында шөлдер біртіндеп шөлейтке ұласады. Тауқыр жүйесі өзінің құрылысы жағынан Маңғыстау тауларына ұқсас. Онда антиклинальды ірге тасының негізі ортапалеозойдың, пери мен триастың тау жыныстарынан тұратын қатпарлы құрылым болып табылады. Маңғыстау тауынан айырмашылығы қатпарлы солтүстік шығыс тармағы палеоген мен неогеннің сазды жыныстарынан құралған. ### Маңғыстаудың аласа таулы шөлі Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – Маңғыстау – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр.Қаратау жотасының үсті ені 3-9км, кей жерлерінде қалдық шоқылары сақталған, толқындалып жатқан үстірт тәрізді болып келеді. Үстірт толып жатқан тік, кейде шаншылған тік беткейлі жыра – сайлармен тілімделген. Қаратаудың оңтүстік беткейіне параллель оңтүстік Ақтау – батыс пен солтүстікке қарай шұғыл бұрылыс жасайтын енсіз жота созылып жатыр; оны жыра – сайлар тіке кесіп өтеді.Солтүстік Ақтау Қаратаудан солтүстікке қарай созылып жатыр; Оңтүстік Ақтау сияқты мүның да кейбір жерлерін жыралар тіке кесіп өтеді. Жотаның үсті жон тәрізді, беткейлері тік; солтүстік беткейі жайпақтау келеді, оңтүстігіне қарағанда көбітек тілімделген. Оңтүстік беткейі тым тік, ұсақ жыралар ғана кесіп өтеді, ал солтүстік беткейі терең жыралар жал – жал етіп бөліп тастаған. Солтүстік Ақтаудың беткейлерінде желдің әсерінен пайда болған неше түрлі қызық пішіндер – бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі.Маңғыстау түбегінің рельефі жыныстардың геологиялық құрылысы және петрографиялық құрамымен тығыз байланысты. Маңғыстау антиклиналының ядросында тік қатпарларға жиналған триастын шөгінділері жатыр. Осылардан орталық жота – Қаратау құрылған. Антиклинальдың қанаттары юра және бор жыныстарынан түзілген, онда да юра құмтасты – сазды жыныстар, ал бор қатты, тығыз ізбес тастар түрінде болған. Бор жасындағы ізбес тастар антиклинальдың қанаттарына ойысып, жоталар – Оңтүстік және Солтүстік Ақтауды құрады, ал оңай бұзылғыш құмтасты – сазды юра шөгінділері рельефтің ойыс формаларын – Ақтау мен Қаратау жоталары арасындағы «аңғарларды» құрайды.Маңғыстауда құрылымы өте нашар, көбінесе түйіршігі ірі, сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысында жусан басым, рельефтің ояңдарында сораңдар кездеседі. Маңғыстаудан солтүстікке қарай каспийлік төрттік шөгінділерінен құралған Бозашы түбегінің кең, аласа және тегіс алқабы орналасқан. Түбектің беті қыраңды, сәл толқындалған, солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын жазық болып келеді.Үстірттің шөлді жотасыМаңғыстаудың түбегі мен Қарабұғаз шығанағынан шығысқа қарай ауданы 200000 км²-ге жуық кең байтақ Үстірт үстірті созылып жатыр. Үстірт барлық жағы дерлік кемерлермен – шыңқылармен бөлінген, ал шығыс жары көп жерінде Арал теңізінің батыс жар қабағын құрайды. Жонның біркелкі жер беті кей тұста ендік немесе меридиан бағытында созылып жатқан толқынды көтерілулермен бұзылады. Бұл жалпақ көтерілімдер арасында ояңдар орналасқан. Мысалы, үстірттің солтүстігінде ендік бойымен Солтүстік Үстірт қырқасы солтүстік шыңқыны бойлай созылып жатыр. Оның абсолюттік биіктігі 200-210м-ге жетеді. Оңтүстікке қарай бұл қырқа жазаңдалып аласарады. Қырқаның өркештері ояң учаскелермен салыстырғанда 25-40м биік болады. Қырқалардың оңтүстігінде Солтүстік Үстірт иіні орналасқан, ол солтүстік қырқаны орталық Үстірт көтерілімінен бөліп тұрады. Осы қазаншұңқырдың бойында Қосбұлақ, Асмантай, Матай, Сам және басқа да сорлар тізбегі бар.Биіктігі 240 м-ге жететін әжептәуір қырқа Арал теңізінің батыс жағалауын бойлай созылып жатыр. Арал теңізінің оңтүстік – батысына қарай кең ойыс орналасқан, Барсакелместің соры сонда.Үстірт үстіртінің солтүстік шыңқысы Қайдақ сорынан басталып, оңтүстікке қарайй терең, көбінесе ұзын жыралармен тілімделген ирелеңді тік кемер жасап созылады. Кей жерлерде Үстірттен оқшау үстірттер бөліп шығады. Шығыста шыңқы Шеген өзенінің сағасына қарай созылып барады да, Үлкен Борсық құмдарына жетпей жоғалып кетеді.Үстірт құрылымы – тектоникасы жағынан көне теңіздер мен көлдер басып жатқан ойыстармен қоршалған үштік таған тау болып есептеледі. Тік жыраларды – шыңқыларды – кей жерлерде үстірттің ежелгі жағалары деп те қарауға болады. Үстірттің шығыс шетінде террасалар табылды. Үстірттің кеңістігі тым құрғақ, жауын–шашынның жылдық мөлшері 100мм-ден аздап қана артады. Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстік, қыратты бөлігіне шөлейттің белгілері тән және көбінесе карбонатты қоңыр топырақпен жабылған. Оңтүстікке таман созылып жатқан «сор» алабының топырағы кеуек, жетілмеген, оны ішінара әр түрлі сұрғылт топыраққа ауысатын топырақ болып жатыр. Орталық және оңтүстік аудандар – сортаңдау гипсті қиыршық тастылау сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстіртінде сораңқы және жусанды шөл тараған, онда жартылай бұта өсімдіктер көп те, бұта және ағаш өсімдіктері – қара сеуілдер өте аз. Микрорельеф өсімдіктердің таралуына тікелей әсер етеді. ## Дереккөздер
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды. Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды. Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім – “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім – кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі. Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер “кісе” деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер – өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, “бой тұмар”, белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана–шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды (қазақ Зергерлік өнер). Мұндай сәндік бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз. Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнерімен де ұштасып жатыр. Қолөнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз. ## Айыр қалпақ Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады) . Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі . Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр ## Жарғақ шалбар Иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген. ## Тымақ Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді. ## Саптама етік Қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы. ## Байпақ Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады. ## Кимешек Жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады. ## Бөрік Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлан тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді . ## Мәсі Аяқ киімнің бір түрі , оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлт айы жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратыл, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонытын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады.Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті көсі порындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан-жылға көбейе түсуде. ## Тақия Ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матам ен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады. ## Шапан Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған. ## Қамзол 18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерін атқарады. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындарымен (сөлкебай)әшекейленген, бұйымдар қадап, әртүрлі әткеншектер ілінген. ## Құлақшын Ерлердің баскиімі. ("Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т.б.") аң терілері мен бұзау, қозы- лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірнеше сайдан тұратын үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп, керіп қояды. ## Киіз етік Қыстыгүні киетін қысқыаяқкиім. Оны киізді қалыпқа салып басып шығару әдісімен жасалады. Етіктің басы мен қонышын бөлек, екі бет етіп пішіп алып, тігістіктеріне былғарыдан немесе жақсы иленген қайыстан сыздық салып отырып қайып, қусырып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, қонышын жұқа былғарымен оюлап көмкереді. Өкшелігіне сірі салып бүрмелеп , сыртын, басының үстіне өрнектеп қайып тігеді. Киіз етіктің де басын былғарымен жұлықтайды. Басына қалып салып отырып, табандығын бүрмелеп, былғары ұлтарақша салып, ұлтан, өкше қағады. Киіз етік аяз тартпайды, өзі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі сәнді. ## Ішік Ішік — қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілетін терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік т. б. деп аталады. Ішік тігетін теріні шел майынан, көк етінен арылтып алған соң ашыған айран жағын илейді. Тері әбден иі қанғанда ирек ағатпен тарап, қолмен уқалап, керіл-созыл жұмсартылады. Ішікті жөрмеп тігеді және тігістерінің бәрі тірінің тақыр жағына қарайды. Жұқа терілерді мақта жіппен тіксе, ал қалың терілерге жүн жіп пайдаланылады. Ішіктің іші дайын болған соң, оның тақыр бетіне бидай шүберек көктейді де барқыт, шұға, пүліш сияқты қалың тыстық маталармен тыстайды. Қасқыр ішікке қасқыр не түлкі терісінен, сеңсең ішікке елтіріден, басқа түрлеріне құндыз не бұлғын теріснен жаға салынады. Ішік екі маусымда киюге арналған жылы киім. Мысалы қасқыр ішік, түлкі ішік, бөкебай ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішіктер қыста, пұшпақ ішік, зорман ішік, жанат ішік, елтірі ішіктер қара күзде, көктем айларында киюге арналған. Сеңсең ішік, қасқыр ішіктерді ерлер, қалған түрлерін көбінесе әйелдер киген. Әйелдер мен бойжеткендер киетін ішіктер өте сәнді етіп тігіледі. Олардың өңіріне, жеңінің аузына, етегіне айналдыра құндыздан, сусардан жұрын ұстайды. Тысына жібекпен кесте тігеді. Елтірі ішік аса марқаймаған қозының бұйра елтірісінен тігіледі. Сеңсең ішік — марқа қозының терісінен сеңсеңінен тігіледі. Орман ішік түлкінің тамақ терісінен, пұшпақ ішік — түлкінің пұшпақ терісінен тігіледі. Ішіктің қайсы түрі болса да әрі жылы, әрі киюге сәнді тамаша киім. ## Ұлттық киім түрлері * Іштік киімдер: бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, күртке (желетке), шалбар. * Сыртқы (өң) киімдер: жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тайжақы, тон, шапан, шидем, ішік. * Сулық киімдер: аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен. * Ерлердің бас киімдері: башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма. * Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі. * Аяқ киімдер: кебіс, көк етік, мәсі, мықшима, саптама етік, шоңқайма ## Дереккөздер * Алматыкітап "Қазақ халқының ұлттық киімдері" 2007 жыл, Ханият Б.; Сужикова А.
Зейтін Ақышев (1911 жылғы 18 сәуір, Павлодар облысы Баянауыл ауданы– 1991) - жазушы, аудармашы. Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан. Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, Бас редактор болды. 1955 – 1960 жж. республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965 – 1969 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970 – 1972 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды. 1930 жылдың май айында «Ағаш үй» атты тұңғыш өлеңі Павлодардың оқругтік «Колхоз» газетінде басылды. Содан бергі жылдар ішінде бірнеше әңгіме, повесть, романдары жеке-жеке жарық көрді. Бірталайы орыс тіліне аударылды. Драматургия саласында да («Жаяу Мұса», «Келіндер») еңбек етті. В. Панованың «Кружилиха» романын (1952), А. Куприннің «Жекпе-жек» повесін (1955), Я. Коластың «Талап атай» повесін (1956), т.б. қазақ тіліне аударды. ## Шығармалары: * Біздің шамшырақтар. Очерктер. А., 1962; * Достарым менің. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1967; * Ақбел асуы. Роман. А., «Жазушы», 1975; * Жесірлер. Бұршақ соққан жер. (Дилогия). А., «Жазушы», 1973, 1976; * Жаяу Мұса. Роман. А., «Жазушы», 1981. * “Шынардың шыбығы” (1987). Роман. * “Жаяу Мұса” (1965), “Келіндер”(1967), “Құтылмайды ол” (1969) пьесаларын жазды. * В.Ф. Панованың “Кружилиха” (1952), А.И. Куприннің “Жекпе-жек” (1955), Я.Коластың “Талаш атай” (1956) романдарын қазақ тіліне аударды. ## Дереккөздер
Халифа Ғакибұлы Алтай (18 желтоқсан, 1917 жыл, Шығыс Түркістан – 15 тамыз 2003 жыл) — қазақ дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог. Орта жүз Абақ Керей ішінде Жәнтекей руынан шыққан, ауыл молдасынан сауат ашқан. * 1933 – 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған. * 1940 ж. Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады. * Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. * 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. * 1953 – 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. * 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. * Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген. * 1995 – 2000 ж. Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді. * Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды. ## Шығармалары * 1995 ж. “Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді. * «Қазақ түріктерінің шежіресі» * «Естеліктерім» * «Ата жұрттан Анадолияға дейін» * «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген. * 1991 ж. Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды. * «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы. * Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. ## Тағы қараңыз * Алтай Халифа аударған Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі * Қазақ Құран аудармасы ## Дереккөздер
Халифа Ғакибұлы Алтай (18 желтоқсан, 1917 жыл, Шығыс Түркістан – 15 тамыз 2003 жыл) — қазақ дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог. Орта жүз Абақ Керей ішінде Жәнтекей руынан шыққан, ауыл молдасынан сауат ашқан. * 1933 – 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған. * 1940 ж. Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады. * Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. * 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. * 1953 – 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. * 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. * Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген. * 1995 – 2000 ж. Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді. * Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды. ## Шығармалары * 1995 ж. “Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді. * «Қазақ түріктерінің шежіресі» * «Естеліктерім» * «Ата жұрттан Анадолияға дейін» * «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген. * 1991 ж. Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды. * «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы. * Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. ## Тағы қараңыз * Алтай Халифа аударған Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі * Қазақ Құран аудармасы ## Дереккөздер
Тобыл — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы кент (1946 жылдан), ірі темір жолы бекеті, Тобыл кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 98 км, аудан орталығы – Әйет ауылынан 18 км жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7734 адам (3696 ер адам және 4038 әйел адам) болса, 2009 жылы 6895 адамды (3318 ер адам және 3577 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1939-40 жылдары Ақмола – Қарталы (Ресей) темір жолы магистралін салуға байланысты қаланған. 1958 жылы Тобыл арқылы Қостанай – Жітіқара темір жолы мен автомобиль жолдары салынды, 1971 жылы одан Лисаковск қаласына темір жол тармағы тартылды. ## Кәсіпорындары Тобылда темір жолы және автомобиль көліктерінің ірі кәсіпорындары мен мекемелері орналасқан. Олардан басқа байланыс бөлімшесі, машина-трактор жөндеу шеберханасы, жанармай стансасы, ірі астық қоймасы, құрылыс материалдары кәсіпорны, нан зауыты, салқын су өндіретін цех, тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер бар. ## Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, балабақша, мәдениет үйі, темір жолы ауруханасы мен емханасы, дәріхана, қонақ үй, демалыс саябағы жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Мақта (лат. Gossypium) – құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады. ## Мақта өнімдері 1 т шитті Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады.Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында ақуыз болғандықтан мал азығы ретінде қол ## Негізгі зиянкестері: * өрмекші кенесі * мақта және күздік қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары * шегіртке * арам шөптер ### Артықшылықтар * жұмсақтық * жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі * жеңіл түске боялуы * табиғи материал * денсаулыққа зиян келтiрмеген * Жетісай қаласында «Сапа­ИнвестПлюс»атты мақтаның са­ба­ғынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда ### Кемшiлiктер * оңай илейдi * отырғызуға тенденцияны алады * жарықта сарғаяды * суды бойына сіңіріп алады ## Қолданысы Мақта иірілген жіп жасауу үшін тоқыма өңдеуге қолданылады. Мақта мата, трикотаж, жіп және т.б. өндіру үшін пайдаланылады. Мақтаның мамықтары мен жүндері химия өнеркәсібінде жасанды талшықтар мен жіптерді, пленкаларды, лактарды және т.б. алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар жарылғыш заттарда қолданылған. 19 ғасырдың бірінші жартысында суық тиюді емдеу үшін құлаққа мақта қағазы салынған. ## Егу, өсіру ## Экономика ## Дереккөздер
## Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан. ## Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері Бұл – өте күрделі, әлі де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зердленбей жатқан тылсым дүние».Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім – тәрбие берудің айырықша талап – тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық – психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән – мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игенрі; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; жаудан беті қайтпау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үленді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б).Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі жағынан да жан – жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп – қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң – құс аулау, мал күзету, жау түсіру – тұрмыстың дағдалы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып санлады. Осы айтақанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «өнерді үйрен де, жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқам батырым» сияқты бесаспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін – бірі жақсы білді, әр адамның қадір – қасиеті, оның жасына, жол – жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отрырады. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталаған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау – дамайға төрелік айту сияқты этностық таптауырындар (стереотип) кең әріс алды. Әриен, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке – дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемлік пен әдептіліктің, сұлулық пен. Іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт» дейтін болды.Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси – экономикалық өзгерістер халқымыдың баға жетпес рухани байлықтары: тіл мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қолөнері, киім – кешегі, ою – өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б.) байланысты небір асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс – бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әриен, еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс – тіршлігінде, от басындағы әдет – ғұрпы мен салт – дәстүр, жөн – жосық, жол – жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айырылған, «қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімдлік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқвн соғыс пен қуғын – сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.«Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов» «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; - қазақ еліұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сайықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білгетін халық екен» - (Алаш, 1917, 30 наурыз, № 16)Әрине, патшалық отарлау мен большевиктік империялық саясат тудырған ұнамсыз қасиеттердің біразы бізде қазір де баршылық. Қанымызға әбден «сіңіп» жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық пен күншілдік, арызқойлық пен жалақорлық, бойкүездік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық, т.б. Осы секілді келеңсіз қасиеттер әлі күнге дейін алдымызға оралып, заман талабына бейімделуге бөгет болып отыр. Әсіресе, Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге дінсіздік, спирттік ішімдікке әуестік, келеңсіз тіршілікке құмарлық, бақталастық, т.б. (бұлар бұрын – соңды қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер еді) осы сияқты жағымсыз қасиеттер келіп қосылды. Бізде бұдан басқа еліктеп – солықтаулар (батысшылдық, ермелік, еліктеушілік, желөкпелік, т.б.) жетіп артылады. Бұл жәйт еңсемізді көтертпей, құлдық психологияның шырмауынан шығуға кесірін тигізіп – ақ келе жатқанын естен шығармауымыз қажет.Қазапқ тхалқы сонау есте жоқ заманнан өзінің қадір – қасиеттерін қызғыштай қоғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандарып келген ел. Сондықтан да қазіргі ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленуге тиіс. ## Қорытынды Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәрбиесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі.«...Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады»Мағжан Жұмабаев «Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ»Ғабит Мүсірепов «Ұлттың мақтанышы – жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Кімде – кім өз ұятын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза қаңғыбас»Бауыржан Момышұлы ## Дереккөздер
Шу – Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 1186 км (Қазақстан аумағында 600 км), су жиналатын алабы 148000 км2 (Қазақстан аумағында 62500 км2). ## Бастауы Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Чүй (Шу) аталады. ## Су алабы Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері (Қазақстанда): Қорағаты, Меркі, Қарабалта, Ақсу, т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғары Ортотоқой және Төменгі Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсында Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады. Шу мен Ыстықкөлдің суайрығы айқын емес. 20 ғасырдың 50-жылдарында Шу суының бір бөлігі су тасу кезінде Көтемалды тармағы арқылы Ыстықкөлге құйылған. Қазіргі кезде көлмен байланысы жоқ.Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км. Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасып, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды. Қазаншұңқырдан шыға бере тағы да бірнеше тар шатқалдар арқылы өтетін аңғары Боом шатқалынан кейін біртіндеп кеңейеді, сағалық аңғары айқын байқалмайды. Қорағаты өзенінен кейінгі саласыз аумағында Шу Мойынқұм құмды алқабына шығады. Одан әрі бірнеше тармақтарға бөлініп, тартыла бастайды. Суы мол кезеңдерде Қаратаудың солтүстік сілемдері етегі мен Бетпақдаланың аралығындағы Ащысу ойысының көлдеріне жетеді. Арнасының ені орта ағысында 50 – 100 м, төменгі ағысында 40 – 60 м. Ертеде суы Сырдарияға құйған. ## Гидрологиясы Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Қазақстан жерінде Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс және Батыс Үлкен Шу, Шу каналы, Сортөбе, Георгиевка, Атбашы, т.б. каналдар, шағын СЭС салынған. Жылдық ағынының 14,8%-ы көктемде, 58,3%-ы жаз-күз айларында, 26,9%-ы қыста байқалады. Шілде-тамыз айларында тасып, желтоқсан – наурызда қатады. Ағыны реттелетіндіктен су режимі табиғи қалпынан өзгеріп кеткен. Көп жылдық орташа су ағымы Амангелді ауылы тұсында 77 м3/с. Алабындағы 60 мың га-дан астам егістікті суаруға Шу өзені суының 55%-ы пайдаланылады. ## Дереккөздер
Тобыл (орыс. Тобол) — Ертіс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қазақстанның Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады. ## Бастауы Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды. ## Су алабы Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км2, Қазақстандық алабы 130 мың км2. Басты салалары – Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпшілігі сол жағынан құяды). Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар. ## Гидрологиясы Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі. Аңғары өте енді, 2 – 30 км аралығында. Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда – күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір – маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м3/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 – 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша – сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 – 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 – 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады. ## Сипаты Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір асбест қорлары анықталды. Аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Соколов-Сарыбай кен-байыту, Жітіқара асбест, Лисаковск кен-байыту комбинаттары, т.б. орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғарғы Тобыл бөгені, Қаратомар бөгені, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан. ## Дереккөздер
Реликт шағала, қара мойнақ шағала (лат. Ichthyaetus relictus) — татреңтәрізділер отрядына, шағалалар тұқымдасына жататын құс. Дене мөлшері қарғадай, ақ түсті, тұмсығы қошқыл, көзінің айналасы ақ шеңбермен қоршалған. Реликт шағала — жыл құсы. Қазақстанға сәуірдің басында ұшып келеді. Шоғырласып ұя салады. Жыныстық жағынан 2 — 3 жасында жетіледі. Аналығы ұяға 1 — 4 жұмыртқа салып, оны 24 — 26 күнде басып шығарады. Балапандар 40 — 45 күнде қанаттанып, ұядан ұшады. Жәндіктермен қоректенеді, әсіресе масаларды жақсы жейді. Тамыздың басында қыстау үшін Оңт.-Шығыс Азияға ұшып кетеді. Реликт шағаланың тіршілігі аз зерттелген, себебі, осы күнге дейін олардың тұрақты ұялаған екі жері — Барун-Торей көлі (Забайкалье) мен Алакөл (Шығыс Қазақстан) ғана белгілі. Соңғы кезде ара-тұра Балқаш к. маңында ұшырасып қалады. 1976 — 94 ж. Р. ш-ның жалғыз қоразы Алматы хайуанаттар бағында ұсталды. 1991 ж. көл шағаласымен будандастырылып алынған будан хайуанаттар паркінде тіршілік етуде. Реликт шағала — өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құс болғандықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 1971 ж. Реликт шағаланың ұялайтын орны — Алакөлде “Реликт шағала” орнитол. қорықшасы ұйымдастырылды. ## Дереккөздер
Қарағанды медицина университеті — Қарағанды қаласында орналасқан медицина мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең алдынғы қатардағы медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі: Ұлттық аккредитациалық орталық өткізген 2008 жылдың рейтингтік қорытындысы бойынша, ҚММУ Қазақстанның 60 озық жоғары оқу орындарының ішінде сегізінші орын алып және республикамыздың озық медициналық мектебі болып табылады. Мемлекеттік аттестациялық комиссия (2007 жыл) университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында үлкен жетістіктерді атап өтіп, «ҚММУ базасында тек Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар орта Азия республикалары және ТМД мемлекеттеріне озық тәжірибелі мектеп құру» жөнінде ұсыныс жасады. ҚММУ – Қазақстан Республикасындағы 2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің талабына сай сертификациялық ұйым NQA – UK Global Assurance – сертификация менеджмент жүйесіндегі Британдық ұйымының Ресейлік өкілеттігі - NQA – Russia өткізген, барлық қызмет түрінде сертификацияны ойдағыдай өткен бірінші жоғарғы оқу орындарының бірі. Біздің университетіміздің 5 факультетінде бес мыңға жуық студент Қазақстанның бүкіл аймағынан, ТМД елдерінен, сондай-ақ шетел азаматтары білім алуда. Университетте білім беру үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте медициналық кадрларды үздіксіз дайындауда көп деңгейлі құрылым іске асырылуда, ол өзіне, орта деңгейлі медицина қызметкерлерін дайындайтын медициналық колледжін, сонымен қатар жыл сайын үш мыңнан астам әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлерді кәсіби дайындықтан өткізетін дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсібін жетілдіру факультетін қосады. Оқу орнымыздағы дипломнан кейінгі білім беру жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғаны, Қазақстанның бүкіл аймағындағы дәрігерлерден мамандандыру және қайта даярлау өтініштерінің айтарлықтай көбеюімен дәлелденеді (2006 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп). Жөнделген 4 оқу корпусы, дәрістік және оқу аудиториялары мен 7 жатақханалар, 36 кафедралардың клиникалық базалары, сонымен қатар меншік клиникалық базалары – студенттік емхана және стоматологиялық клиника: университеттің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған инфрақұрылымды қолдауы болып табылады. 2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, кафедралар мен университет бөлімшелерінде 3,5 есеге Интернет желісіне қосылған комьпютерлер саны артты, сонымен қатар кейбір жатақханаларда. ҚММУ-нің магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуды жүзеге асыруға лицензиясы бар. Астаналық оқу орнымен бірлесіп үш диссертациялық кеңес және «Клиникалық фармакология, фармакология; ішкі аурулар» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғауда диссертациялық кеңесі белсене жұмыс істейді. Біздің университетімізде жоғары деңгейлі квалификациямен, білікті оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 200-ге жуығы ғылым кандидаты және докторы дәрежесінде. Барлық оқытушылар Халықаралық және Республикалық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады, 2008 жылдың ішінде-ақ 336 іссапар болды. Оқытушылардың шет мемлекеттерде дайындалуы 2006 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты. ҚММУ алыс және таяу шет мемлекеттерінің оқу орындары және ғылыми орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты үзбейді, сонымен қатар ҒЗО (НИЦ) құрамына енетін қуатты ғылыми базасы бар, онда медицина ғылымындағы қолданбалы және фундаментальды бағыттарында қазіргі заманға сай зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет медициналық білім берудегі сапа жүйесін жақсарту мақсатында Ұлыбританияның Еуропадағы медициналық білім беру ассоциациясымен (ЕМББА (АМЕЕ)), медициналық білім беру Дүниежүзілік Федерациясымен ынтымақтастық жасауда. Біздің оқу орнымыздың базасында жүйелі түрде Халықаралық және Республикалық семинарлар мен конференциялар өткізіледі. 59 жыл ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 32742 дәрігерлерге өмірлік жолдама берді. Біздің түлектеріміз тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, алыс және жақын шетел мемлекеттерінде табысты жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Елбасы жолдауына және денсаулық сақтау реформасының басты қағидасына негізделген, тәжірибелі денсаулықты қорғау бағытында жоғары сапа мамандардың кәсіби дайындығы, ҚММУ дамуында басымды бағытты жүзеге асырудағы белсенділік, ертеңгі күнге сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы — жоғары оқу орны болып табылады, онда күндізгі және сырттай оқыту факультеттерінде жедел-іздестіру қызметі және тергеу-криминалистикалық маманданулар бойынша «құқық қорғау қызметі» мамандығының жоғары заңгерлік білімі бар мамандарын даярлау жүзеге асырылады.Карагандинский Юридический Институт Институтта оқуға үміткерлер денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, жалпы орта, бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білімі бар 25 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан іріктеледі.Инситуттағы барлық оқу кезеңі (4 жыл) шұғыл әскери қызметті өтуге теңеледі және ішкі істер органдарындағы қызмет өтілі ретінде есептеледі. 3- курстан кейін тыңдаушыларға «В» категориялы автокөлікті жүргізу құқығына куәлік беріледі.Оқу процесінде тыңдаушылар казармалық жағдайда болады, үш мезгіл ыстық тамақпен және формалы киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, шәкіртақы алады. Осының барлығы ІІМ қаражаты есебінен жүргізіледі, яғни ақысыз негізде.Ішкі істер органдарындағы қызмет – бұл мемелекеттік қызметтің ерекше түрі. Институт түлектеріне «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріледі, олар міндетті түрде ІІО-ның аумақтық бөліністерінде жұмыспен қамтамасыз етіледі және сол бөлінген жұмыс орындарында 5 жыл үздіксіз қызмет өткеруі тиіс. Қазіргі уақытта ЖОО-ның құрамында үш факультет (күндізгі, сырттай және біліктілікті арттыру және мамандарды қайта даярлау факультеттері), он төрт кафедра, он екі бөлім (оның ішінде магистратура және адъюнктура бөлімдері), оқу орталығы, ғылыми-зерттеу лабораториясы, баспахана және басқа да құрылымдық бөліністер бар.Институттың ғылыми әлеуетін тоғыз ғылым докторы және сексен екі ғылым кандидаты құрайды. Демек, біздің ЖОО Қазақстан Республикасының ең үздік жоғары заң оқу орны болып табылады, барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, сабақтарды жоғары білікті мамандар оқытудың жаңаша әдістері мен нысандарын пайдалана отырып, сапалы деңгейде өткізеді.2000 жылдан бастап институтта 12.00.08 – қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық-атқару құқығы және 12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандықтары бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істеп келеді. 2008 жылғы қаңтардан бастап аталған кеңес докторлық кеңес болып қайта құрылды. Оның құрамына Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының танымал ғалым-заңгерлері енген.Институттың ғалымдары Қазақстан мен Ресейдегі жоғары оқу орындарының заң факультеттерімен, Мәскеу, Омбы, Алматы ІІМ Академияларымен, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы академиясымен және басқа да жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыста. Оқытушылар мен тыңдаушылардың оқу және ғылыми жұмысын 300 мың кітаптан тұратын қоры бар жалпы және арнайы кітапханалар қамтамасыз етеді. Институтың материалдық-техникалық базасы үнемі нығайып отырады. Қазіргі уақытта 6 дәріс залы, 30 оқу аудиториясы, 36 оқу-әдістемелік кабинеті, педагогикалық шеберлік кабинеті бар 2 оқу корпусы, жедел-криминалистикалық полигоны, 2 жақсы жабдықталған жатақханасы, 600 орынға арналған асханасы бар. 9 қабатты әкімшілік ғимараты мен институттың магистранттары мен адъюнкттеріне арналған жатақхана кешенінің құрылысы аяқталды.ЖОО-ның аумағында 2 өзін-өзі қорғау залы, ауыр атлетика залы, 25 метрлік жүзу бассейні, стадионы және тирі бар қазіргі заманғы спорт кешені орналасқан. Институттың Қарағандыдан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Долинка кентіндегі оқу оталығы бар. Мұнда ату тирі, криминалистикалық полигон, психологиялық кедергілер жолағы, спорт құрылыстары, жазғы қалашық, екі қабатты 2 казарма, клуб, асхана орналасқан. Оқу орталығында 1-курстың лагерлік жиындары, 3 және 4 курс тыңдаушыларының кешенді жедел-тактикалық жаттығулары, ойындар және жаттығулар жүргізіледі. Институт мақтанышы – оның түлектері. 39 жыл ішінде 15000-нан астам жоғары білікті мамандар даярланды, олардың көпшілігі ірі басшылар, атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлері, оның ішінде 20-дан астам адам ғылым докторы, 120-дан астамы ғылым кандидаты болды, 20-дан астамы жоғары генерал атағына ие болды.Институттың түлектері Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының және ТМД-ның басқа да елдерінің ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарында, соттарда, прокуратурада, адвокатурада қызметтерін абыроймен өткеріп келеді.
Еділ майшабағы (лат. Alosa volgensis) – майшабақ тұқымдасына жататын балық. Каспий т-нен Еділ, Жайық өзендеріне шығады. Дене тұрқы 40 см-дей, салм. 600 г-дай. Түсі ашық қоңыр. Арқа қанаты біреу. Республика суларында, өзендердегі уылдырық, шашатын жерлерінің жойылуынан және ретсіз аулаудың нәтижесінде саны өте жылдам кеміп келе жатқан өтпелі балық. Солтүстік Каспий су алқабында тіршілік етеді, бұрын онда ауланатын майшабақтардың негізін құраған. Жайық (бұрын 300 шақырымға дейін өрістейтін), Еділ, Терек өзендерінде уылдырық шашатын. Теңізде жайылып, ұзындығы 40 см, салмағы 600 г жететін. Таралу аймағының Қазақстандық бөлігінде бұрын да көп болмайтын, ал кәзір өте сирек кездеседі. ## Дереккөздер
* Тип Хордалылар (Chordata) * Клас Балықтар (Pisces) * Отряд Бекіретәрізділер (Acipenseriformes) * Тұқымдас Бекірелер (Acipenseridae) * Туыс Бекірелер (Acipenser) * Түрдің авторы Lovetzky, 1828 Популяция жойылып кетуге жақын, мүмкін, Арал су алқабының ерекше өзгеруіне байланысты құрып біткен де шығар. Бұның табиғи таралған жерлері - Арал теңізі мен оған құятын өзендер болатын. Ересектерінің үзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Генофондысын Жайық-Коспий мен Іле-Балқаш популяцияларының есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген, бірақ, оның әдістері, негізінен, басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне ұқсайды. Өзбекистанның Қызыл кітабына енгізілген (1983).
Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов (15-қаңтар 1944, Нарынқол ауданы, Алматы облысы – 12-қараша 2005, Алматы) — Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер. Ұлы жүздің Албан тайпасының Қоңырбөрік руынан шыққан. Кеңес Одағы кезіндегі Алматы қалалық атқару комитетінің соңғы төрағасы (1985 - 1992). ## Саяси қызметі * 1985 - 1992 - Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы; * 1992 - 1994 - Алматы қаласының әкімі; * 1995 - 1997 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; * 1997 - 2001 - Алматы облысының әкімі; * 2001 - 2004 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы. ## Алматы қаласының әкімі 1990 жылдың наурызында Нұрқаділов Алматы қаласының әкімі ретінде Жоғарғы Кеңестің 12-шақырылымының депутаты болып сайланды. Бір жылдан кейін, 1991 жылдың көктемінде, Нұрқаділов қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы болды және комбинатта Компартияның қалалық комитетінің бірінші хатшысы болды (оның тарихында соңғы болып шықты). Тамыздағы төңкерістен кейін және КОКП таратылғаннан кейін, ол депутаттар Кеңесінің төрағасы қызметін сақтап қалды, ал 1992 жылдың көктемінде облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер институты құрылғаннан кейін, Нұрқаділов 1994 жылдың маусымының соңына дейін сол кездегі Қазақстанның бас қаласы Алматы қаласының 1-ші әкімі ретінде қызмет етті. ## Жеке өмірі * 1965-жылдан 1995-жылға дейінгі бірінші жұбайы - Нұрбике Нұрқаділова (20.05.1945):Қайрат Нұрқаділов (1967)Құралай Нұрқаділова (1970) - қазақстандық дизайнер, суретші, стилист, «Құралай» сән үйінің басшысы. * Қайрат Нұрқаділов (1967) * Құралай Нұрқаділова (1970) - қазақстандық дизайнер, суретші, стилист, «Құралай» сән үйінің басшысы. * 2000-жылдан кейінгі жұбайы - Мақпал Жүнісова (11.01.1964). ## Аударма өлеңдері "Омар Хайамнан", "Хафизден", Александр Пушкин "Онегиннің Татьянаға хаты", Николай Гумилев "Парсыға еліктеу". ## Шығармашылығы "Заманбекпін", "Мақпалға", "Махаббат". ### Өлімі 2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде денесіндегі атылған үш оғымен өлі күйінде табылды. Екі оқ кеудесіне тиген, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Алматыдағы "Кеңсай" зиратына жерленген. ## Дереккөздер
Құрып бітудің қарсаңындағы немесе тіптен құрып біткен, өте сирек кездесетін эндемикті түр. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда әрқашанда сирек болатын, ал соңғы 25 жылдан оса уақытта, Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980-шы жылдарғы ол туралы хабарлар нақтылы деректермен бекілмеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы, құрық желісінсіз, 27 см жетеді; қолдан өсірілмеген.
Арал Қаязы (Luciobarbus brachycephalus) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Арал қаязының тіршілік ету ортасына байланысты Каспий және Арал тұқымдары бар. Дене тұрқы 111 см, салм. 22 – 23 кг-дай. Арал қаязының еті дәмді, кәсіптік маңызы зор.Туыстың Қазақстандағы екі түрінің біреуіне қатысты наминатипты түршесі. Оның табиғи таралу аймағы Арал теңізінің су алабы. Бұрын жылына 1743 т дейін ауланса, 1978 жылдан бері аулау тоқтатылды. Балқаш-Іле су алқабына жерсіндірілген. Ұзындығы 1 м асады, салмағы 22 кг шамасында. Бұл қаяздың өтпелі түрінің жойылып кету қаупы бар, ал жергілікті түрінің барлық жерде де саны азаюда, оның себебі, су жүйелеріндегі бірқалыптылықтың бұзылуы. Өзбекстанның қызыл кітабына енгізілген (1983).Сырдария өзенінің су ағысын реттегенге дейін бұл балық Арал теңізінен Нарынның сағасына дейін кездескен.Қазақстанның Қызыл кітабына да енгізілген. ## Сілтемелер * Арал ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстанның Қызыл Кітабы ## Дереккөздер
Сүйрікқанат - Тұқылар тұқымдас балық. Туыстың тек Арал су алқабында тіршілік ететін жалғыз түрінің эндемикті түршесі. Аз зерттелген, сирек кездесетін балық, мүмкін жойылып біткен де шығар. Денесінің үзандығы 16 см артпайды. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әртүрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген. ## Дереккөздер
Күтім немесе Ойықтіс (лат. Rutіlus frіsіі kutum) – тұқылар тұқымдасына жататын ойықтіс балығының түртармағы. Жартылай өтпелі балық, Каспий су алқабында, негізінен оның оңтүстік-батыс және орталық бөлігінде (Терек өзеніне дейін) тіршілік етеді. Қазақстанда өте сирек, соңғы жылдары оны аулағаны түралы дерек жоқ. Бұрын кейде Еділ мен Жайық өзендеріне өрістейтін, ал оның шабақтары Жем өзенінің жоғарғы ағысында кездесетін. Республикада қолдан өсірілмеген, бірақ, ол мүмкін, себебі осы түр Иранда қолдан өсіріледі. Қазақстандағы таралу аймағы мен санын анықтау керек. Ұзындығы 65 см-ге дейін жетеді, салмағы 1 – 1,2 кг. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996). ## Дереккөздер
Шортантәрізді ақмарқа (лат. Aspiolucius esocinus) – тұқытәрізділер отрядына жататын жыртқыш балық, туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Негізгі мекені – Орта Азияның су айдындары. Әмудария мен Сырдарияның жазыққа шыққан бөліктері мен суландыру каналдарында өмір сүреді. Соңғы кезде Шортантәрізді ақмарқаның қазақстандық ареалы біршама азайған, соңғы 40 жылда кездеспеген. Ұзындығы 50 см - ден асады, салмағы - 3 кг. Дене пішіні жұмыр, басы ұзын (ол денесінің ұзындығының 25%-дай мөлшеріне тең), көздері кішкентай, аузы үлкен. Астыңғы жақтары ілгері қарай ұмсынған және олардың ортасында үстіңгі жақтарының ортасындағы ойыққа кіретін төмпешігі бар. Арқа қанаты тік, олар құрсақ қанаттарына қарсы орналасқан. Денесі күміс түстес, қабыршақтары ұсақ, ұзындығы 63 см-ге дейін (қанатын қоспағанда), салмағы 3,5(5) кг. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі (ұзындығы 45 – 50 см болғанда). Ақпан – наурыз айларында өзендердің қатты ағысты жерлеріне, су темп-ратурасы 5 – 10°С болғанда уылдырығын (саны туралы дерек жоқ) шашады. Бұлар тез өсетін балықтар. Негізінен балықтармен (сүйрік қанат, қылыш-балық, тарақ-балық, талма-балық, т.б.) қоректенеді. Таралу аймағы қай жерде де өте аз. Қазақстанда Шортантәрізді ақмарқа соңғы рет 1953 ж. Жаңашиелі жармасынан ұсталды деген мәліметтен басқа дерек жоқ. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
## Өзен жүйелері және өзен алаптары Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.Қазақстан өзендері ### Ұзындығы 1000 км ### Ұзындығы 500 км Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі. Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен). Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады. Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады. Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді. Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б. ## Өзен жүйесінің ерекшелігі Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті (эрозиясы) баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу. Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі оның әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің (торының) жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын-шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км2-ге орта есеппен 4-6 км-ден, ал оңтүстік шөл зонасында 0,5 км-ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жетісу Алатауы және ТяньШань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км2-де 4-6 км-ге, таудың орта бөлігінде 10-12 км-ге, биік тауларда 16-18 км-ге дейін жетеді. ## Өзен суының шығыны және жылдық ағыны Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығыны секундына ағып өтетін текше метр (м3/сек) есебімен өлшенеді. Қазақстанның ең мол сулы өзені Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 880 м3/сек, Сырдарияда 703 м3/сек. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды. Мысалы, Ертістің жылдық ағыны 28 млрд м3. Су ағыны жер беті суларының қорларын анықтайды. Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған, беткі ағынының мөлшері 59 км3. Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды негізінен анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдындағы суының коры болып есептеледі. Жаңбыр түгелге жуық топырақтың жоғарғы бетін ылғалдандыруға және буландыруға жұмсалады. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен климатқа байланысты. Өзендердің жылдық ағынына жер бедері де әсерін тигізеді, ол таулы өзендердің басты факторларының бірі болып табылады. Абсолюттік биіктік артқан сайын жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері молая түседі. Қазақстанның солтүстігінде ылғалдану коэффициенті бірдің маңында, сондықтан ағын да көбірек және өзендердің суы да молырақ. Оңтүстікте ылғалдану коэффициенті бірден төмен, ағын мөлшері де аз. Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км2-ге келетін мөлшері 20 000 м3. Республикамыз өзен ағынының мөлшері жағынан Түрікменстаннан ғана алда. Ағын жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Қыс айларында жазықтағы өзендер жылдық ағынның 1%-ын береді. Адам баласы бөген салып, өзен ағындарын реттеп отырады. Бөгендегі су халық шаруашылығына қыста да, жазда да біркелкі пайдаланылады. Бөгендер қолдан жер суландыруға, электр қуатын өндіруге, т.б. жағдайларға қолайлы. Елімізде 168 су бөгені бар, олардың ең ірілері Бұқтырма мен Қапшағай бөгендері. ## Өзендердің қоректенуі мен режимі Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен коректенеді. Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады. Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген кардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен коректенеді. Негізінен кар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді (жылдық ағынның 85-95%-ы). Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері — Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98%-ы көктемгі қысқа уакытта ағып өтеді.Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді. Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін типіне жатады. Бұған Сырдария, Іле, Қаратал және Ертіс өзендері кіреді. Бұл өзендердің деңгейі көктемде, Алтай тауының өзендері (Ертіс) көктемнің 2-жартысы мен жазда тасиды. Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзенінің су тасуы ұзаққа созылады. Тянь-Шань, Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%), ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды. Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да, оларды карашаның аяғында тұрақты мұз басады. Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде 190 см, оңтүстік өзендерінде 110 см болады. Өзен мұзы 2-4 ай бойы катып жатады. Сәуірдің басында оңтүстіктің екінші жартысында солтүстік өзендерінің мұзы ери бастайды. Биік тау өзендерінің мұз режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен коректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байқалады. Қазақстанның өзендері жылма-жыл шайылған тау жыныстарын ағызып әкетіп отырады. Өзендер табанын тереңдетіп, бүйірлерін құлатып, ірілі-ұсақты тастарды домалатып ағады. Қазақстанның жазық бөлігіндегі өзендердің ағысы баяу болады. Қатты материалдарды аз тасымалдайды. Мұндай өзендердің лайлылығы 50-100 г/м3, ал төменгі ағыстарында 200 г/м3. Борпылдақ жыныстарды көп ағызып әкелетін Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/м3) келеді. Тау өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай артады. Оның мөлшері Іледе 650 г/м3, Шудың төменгі ағысында 900 г/м3, Сырдарияда 1200 г/м3. ## Ең ұзын өзендер ## Дереккөздер ## Өзен жүйелері және өзен алаптары Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.Қазақстан өзендері ### Ұзындығы 1000 км ### Ұзындығы 500 км Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі. Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен). Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады. Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады. Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді. Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б. ## Өзен жүйесінің ерекшелігі Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті (эрозиясы) баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу. Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі оның әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің (торының) жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын-шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км2-ге орта есеппен 4-6 км-ден, ал оңтүстік шөл зонасында 0,5 км-ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жетісу Алатауы және ТяньШань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км2-де 4-6 км-ге, таудың орта бөлігінде 10-12 км-ге, биік тауларда 16-18 км-ге дейін жетеді. ## Өзен суының шығыны және жылдық ағыны Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығыны секундына ағып өтетін текше метр (м3/сек) есебімен өлшенеді. Қазақстанның ең мол сулы өзені Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 880 м3/сек, Сырдарияда 703 м3/сек. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды. Мысалы, Ертістің жылдық ағыны 28 млрд м3. Су ағыны жер беті суларының қорларын анықтайды. Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған, беткі ағынының мөлшері 59 км3. Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды негізінен анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдындағы суының коры болып есептеледі. Жаңбыр түгелге жуық топырақтың жоғарғы бетін ылғалдандыруға және буландыруға жұмсалады. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен климатқа байланысты. Өзендердің жылдық ағынына жер бедері де әсерін тигізеді, ол таулы өзендердің басты факторларының бірі болып табылады. Абсолюттік биіктік артқан сайын жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері молая түседі. Қазақстанның солтүстігінде ылғалдану коэффициенті бірдің маңында, сондықтан ағын да көбірек және өзендердің суы да молырақ. Оңтүстікте ылғалдану коэффициенті бірден төмен, ағын мөлшері де аз. Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км2-ге келетін мөлшері 20 000 м3. Республикамыз өзен ағынының мөлшері жағынан Түрікменстаннан ғана алда. Ағын жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Қыс айларында жазықтағы өзендер жылдық ағынның 1%-ын береді. Адам баласы бөген салып, өзен ағындарын реттеп отырады. Бөгендегі су халық шаруашылығына қыста да, жазда да біркелкі пайдаланылады. Бөгендер қолдан жер суландыруға, электр қуатын өндіруге, т.б. жағдайларға қолайлы. Елімізде 168 су бөгені бар, олардың ең ірілері Бұқтырма мен Қапшағай бөгендері. ## Өзендердің қоректенуі мен режимі Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен коректенеді. Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады. Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген кардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен коректенеді. Негізінен кар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді (жылдық ағынның 85-95%-ы). Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері — Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98%-ы көктемгі қысқа уакытта ағып өтеді.Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді. Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін типіне жатады. Бұған Сырдария, Іле, Қаратал және Ертіс өзендері кіреді. Бұл өзендердің деңгейі көктемде, Алтай тауының өзендері (Ертіс) көктемнің 2-жартысы мен жазда тасиды. Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзенінің су тасуы ұзаққа созылады. Тянь-Шань, Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%), ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды. Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да, оларды карашаның аяғында тұрақты мұз басады. Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде 190 см, оңтүстік өзендерінде 110 см болады. Өзен мұзы 2-4 ай бойы катып жатады. Сәуірдің басында оңтүстіктің екінші жартысында солтүстік өзендерінің мұзы ери бастайды. Биік тау өзендерінің мұз режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен коректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байқалады. Қазақстанның өзендері жылма-жыл шайылған тау жыныстарын ағызып әкетіп отырады. Өзендер табанын тереңдетіп, бүйірлерін құлатып, ірілі-ұсақты тастарды домалатып ағады. Қазақстанның жазық бөлігіндегі өзендердің ағысы баяу болады. Қатты материалдарды аз тасымалдайды. Мұндай өзендердің лайлылығы 50-100 г/м3, ал төменгі ағыстарында 200 г/м3. Борпылдақ жыныстарды көп ағызып әкелетін Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/м3) келеді. Тау өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай артады. Оның мөлшері Іледе 650 г/м3, Шудың төменгі ағысында 900 г/м3, Сырдарияда 1200 г/м3. ## Ең ұзын өзендер ## Дереккөздер
Балқаш алабұғасы (лат. Perca schrenkii) – алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. 18 жылдай тіршілік етеді. Балқаш алабұғасының кәдімгі алабұғадан айырмашылығы: алдыңғы арқа қанатында қара дақтары болмайды, астыңғы жақ сүйегі ілгері қарай шығыңқы келеді. 2—4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Наурыз — мамыр айларында, судың температурасы 6 — 8*С-қа жеткенде, уылдырығын (220 мыңға дейін) таяз (0,5 м) әрі тасты су түбіне шашады. Ұрығы бір айда жетіледі. 1961 жылға дейін Балқаш көлінен жылына 2300 тонна Балқаш алабұғасы ауланса, 1965 — 1966 жылы бұл көрсеткіш 10 тоннаға дейін төмендеді. Ал, қазір санының өте азайып кетуіне байланысты азғана популяциясы Іле алабындағы Күрті, Сазталғар бөгені мен Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Басқан өзенінің төменгі сағасында ғана кездеседі. Балқаш алабұғасы — жойылып бара жатқан эндемик түр ретінде ұлттық “Қызыл кітапқа” енгізілген (1996). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Балқаш алабұғасының проблемалары Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2010 жылы.
Каспий миногасы(Caspіomyzon wagnerі) – миногатәрізділер отрядының миногалар тұқымдасының жалғыз түрі. * Каспий тeңізі су алабының Әзірбайжан және Солтүстік Каспий жағалауында тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Күре, Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді. * Су электр станциялары салынғанша Еділмен Калинин қаласына, Камамен Чусовойға, Окамен Мәскеу өзеніне, Терекпен Баксананың сағасына, Күремен Мцхета қ-на дейін өрлеген. * Ұзындығы 20 – 55 см, салмағы 30 – 200 г-дай болады. * Денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды, хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа (кейде 1) және құйрық қанаты болады. Қапшықтәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен (жеті-жетіден) ашылады. Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің артында төбе көзі (үшінші көзі) бар. Аузы соруға бейімделген түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақтармен көмкерілген және көптеген «тіс» деп аталатын мүйізді өскіндері болады. Жақтары болмайды. Көбеюі мен дернәсілдік уақыты өзенде (18 – 20°С-та 8 – 9 тәулікте) өтеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі құртқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі, қолдан өсіру тәжірибесі бойынша 4 жылдан кем емес. Түрлену аяқталғаннан кейін теңізге қайтады, теңізде 2 жылдай болып, уылдырық шашу үшін өзендерге өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр – маусым айларында өзен суының (16 – 20°С-қа жеткенде) түбіндегі ұяларына шашады. * Еті өте дәмді және майлы (31 – 34%) болғандықтан көп ауланған. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, *Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер:
Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да жақсы су. Сондықтан сол айғақтағы елді сумен қамтамасыз етудің ең қолайлы көзі болып саналадыАртезиан Суы– су өткізбейтін қабаттар арасында кездесетін арыны күшті жер асты суы. Қазақстанның көптеген аудандарында артезиан суының қоры мол. Тау бөктеріндегі артезиан суы тұщы, минералдығы 1 г/л-ден аспайды. Артезиан сулары- Қойнауқаттар арасында жиналған арынды жерасты сулары. Артезиан сулары бар тау жыныстарын, түзілімдерін яғни олардың ңойнауңаттарын үңғьімалармен бүрғылап ашқанда сыртңа атқылап, шапшып шығатын су фонтаны. ## Дереккөздер
Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Радлов, С.Е.Малов, қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, т.б. түркітанушылар Орхон жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан зерттеді. И.В.Стеблева Орхон жазбаларын тұңғыш рет көркем туынды, поэзиялық шығарма ретінде қарастырса, оның қазақ әдебиетіне ықпалын алғаш рет М.Жолдасбеков ғылыми тұрғыдан негіздеді. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап, жырлауға арналған қаhармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8 ғасыр). «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады. Әрбір топтама – мазмұны жағынан бір-бір хикая. Оның бірінші топтамасы – қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жөнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған. Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір топтаманың өзі міндетті түрде мынадай үш бөліктен тұратын болған: * оқиғаның басталуы; * оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі; * осы топтамада айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні. «Күлтегін» жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні – түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы; екінші хикая – түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде; үшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая – Қапаған қаған туралы; бесінші хикая – Білге қаған жайлы; алтыншы хикая – Күлтегін туралы. ## Мазмұны «Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және адам баласының жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында адам баласы жаралған). Бұдан кейін бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады. «Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды. Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин – угор қоғамының, 1901 жылы В.Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909-шы жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп кетсе, 1912-ші жылы ғалым В.Л.Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958-ші жылы монгол мен чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л.Иисль. Бұл В.В.Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.[1,13-б]Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу» /КТБ/, ал 13 жол жазу кіші жазу /КТМ/ деп аталады. [2, 450–458 бет] Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген. [3, 177 бет] Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында: «Он оқүлым, түргiс қағанынан» Мақраш таңбашы. Оғуз Бiлге таңбашы келдi; Қырғыз қағанынан Тардуш ынаншы, Чур келдi; Мазар тұрғызуға, Зер салынған жазба тасты тұрғызуға Табғаш қағанынан зергершiсi Чаң сеңун келдi. Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi. Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк. Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын, Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма жетiсiнде тегiз аяқтадық. Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi.» деп келтіреді. [4, 55 бет] Қазақтың халық ақыны белгілі ғалым Олжас Сүлейменовтың көне мұра жөнiнiде 80 жылдары Монголияға әдейілеп барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзiмен көргеннiн және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, Монголияның мәдениет Министрiне кiрiп ескерткiштердi ашық аспан астында қалдырмауды өтiнген. Бұл өтiнiштi Мәскеуге де, Алматыға да жеткізгендігін айта келе «Ендi мiне, сол арманымыз iске асып отыр. Бабалар рухы өз елiмiзге оралды. Шын мәнiнде ешбiр халықта жазу мәдениеттi қалыптаспаған кездiң өзiнде бiздiң бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен» -деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған Еуропалықтардың пікірлерінің теріс екекдігін дәлелдеді. [5, 5 бет] Күлтегiн бабамыздың ел-жұртының қамын жеген iсiне айқын дәлел болатын тарихи жәдiгердiң көшiрмесi 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетiнде орнатылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған «Байырғы түркi мәдениетiнің жазба ескерткiштері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның Қазақстанда өтуi үлкен жетістік болса, геосаяси және этномәдени жағынан түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі. Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың «Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi» деген еңбегінде «Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн» атап көрсеттi.[6, 4 бет] Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков сол конференцияда дүние жүзiнде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткiштер бар, оларды оқып, бiр жүйеге түсiру транскрипциясын жасау қажеттiгiн, сонымен қатар, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша – Түркi ескерткiштерiнiң күнi болып белгiлендi. Кириллица мен латын жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бурын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын сол тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi. Ескi дәстүр бойынша таққа Күлтегiн отыруы керек болса да өзі таққа отырмай туған ағасы Бiлге қаған таққа отыруынан Күлтегiннiң құрметiне қойылған ескерткіште, сол бағзы дәуiрдегі бабалардың дүниетанымы жоғары деңгейде болғандығын «Көк түрiктердiң басқа империядан ерекшiлiгi, үкiмет, ел басқару жүйесi заңдастырылғандығын»,[7,4-б] ел басқару жүйесі қазіргі заманғы үрдістей демократиялық жолмен шешетіндігін аңғаруға болады. Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған. [1, 177-б] Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді. Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон – Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716–735 жылдар аралығында жазылған деп жорамалдауда. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниенге түркі тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда. Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі. ## Дереккөздер 1. Ғ.Айдаров. «Күлтегiн ескерткiшi». Алматы. 1996, 13-б., 177-б. 2. «Қазақ КСРО тарихы» I том 450-458 бет. 3. Аманжолов. «Түркi халықтарының тарихы». I том, 177-б 4. М. Кемел. «Даналық дәрiстерi», «Күлтегiн-тоныкөк». 55-б 5. Тiлеген Садықов «Күлтегiн кұдiретi»// Егемен Қазақстан. 2004, 18 наурыз. 5-б 6. С. Бақытжанов. «Күлтегiнмен келген кие»// Егемен Қазақстан. 2001, жыл 19 мамыр. 4-б 7. Ислам Қабышұґлы «Халқымыздың өркениетке қосқан асыл мурасы»// Егемен Қазақстан. 2004, 20 наурыз. 4-б ## Сілтемелер Күлтегін(қолжетпейтін сілтеме)Бұл жазу "Күлтегін жазба ескерткіші" деп атаймыз.Қазақ жеріне ислам діні келген соң сурет салуға тиым салынған.Сол себепті "бал-бал" тастардың көбісі жойылған. ## Дереккөздер Күлтегін жазуын ең алғаш Йоллығ-Тегін оқыған.Қазақстанда Еуразия университетінің алдында оның көшірмесі жасалған.Оны "аспан астындағы мұражай" деп атайды.
Музей 1972 жылы 10 ақпанда құрылды.Музейдің жалпы аумағы 1200 ш.м, экспозиция көлемі – 960 ш.м. Музей жұмысының негізгі бағыттары:• ҚР Президенттің Жолдауындағы бағдарламаны жүзеге асыру• «Мәдени мұра» бағдарламасы• 2030 мемлекеттік бағдарламасы ## Экспозициялар * «Палеонтология» * «Туған өлке табиғаты» * «Археология» * «Теміртау қаласының тарихы» * «50–60 жж. қаланың тарихы» * «Еске алу» залы * «Нумизматика» * «Қазақстан халықтарының бірлігі» палеонтологиятуған өлке табиғаты интерьер 50 - 60 -х годов Великая Отечественная война Жаңа музейлік құрылғыларды қолдана отырып сирек кездесетін монеталар мен бондар коллекциясы көрсетілген нумизматика залында реэкспозиция жасалды. «Ұрпақпен тікелей байланыс» жобасы жұмысы аясында «Теміртау поселкесіне 100 жыл» экспозициясы ашылды. Қ.И.Сәтпаевтың 110-жылдығына арналған экспозиция ашылды. ## Тақырыптық көрмелер * «Әсем әуені» фотокөрмесі * «Сплав» фотоклуб жұмысы * А. Смаилованың қолданбалы өнер шығармалары * «Менің 80 жылдығым»- ҚР суретшілер одағының мүшесі А. И. Оспиенко Суретші В. Шамшинның 80-жылдығына көрме * Кездесу кеші: «Мен өз қаламның даңқын көтеремін» ### Презентациялық бөлім * «Теміртау музейінің қор коллекциясы» «Уақыт куәгерлері» (сағаттар коллекциясы) * «Пигмалион» И.Е Сатаевтың жеке көрмесі * Зергерлік әшекей бұйымдарының көрмесі * «Тас пен металға айналған дала аңыздары» * «Тарихи-мәдени мұраның бөлшектері» Аманжол ақынның көрмесі * «Өзінің шешімімен құрған қала» — Қ.И.Сәтпаевтың туғанына 110-жылдығына * «Елес өрнектері» Н. Шпиливаның жеке көрмесі * «Гүлді вернисаж» атты қала суретшілері мен фалеристерінің көрмесі * «36 аса бағалы музей жәдігерлері» Теміртау музейінің 36-жылдығына ### Раритеттер мен мұражай жинақтары * Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естеліктер жинағы * Ұлы Отан Соғысы жылдары Самарқанд поселкесі жайлы қала тұрғындарының естеліктері қағазда және электронды тасымалдаушыларда жүйеленді; * Ауғанстан соғысына қатысқан теміртаулықтардың хронологизациясы құрастырылды; * «Самарқанд поселкесіне 100 жыл» ## Мұражай педагогикасы мен маркетинг Қала суретшілерінің біріккен және жеке көрмелерін ұйымдастыруда ақпарат алмасу мақсатында «Шығармашылық тұлға» клубы жұмыс істейді.Музей Теміртау қаласының және жас көрермен Театры музейлерінің ашылуына әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсетті. «Самарқанд поселкесінің тарихы» тақырыбы аясында жинақтауға Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің студенттеріне материалдар жинақтауға көмек көрсетті.Долинка кентінің 100-жылдығына арналған конференция. Цветочный вернисаж мастер - класс Пельтихинамеждународный день книгипраздник - путешествиеҒылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары «Теміртау қаласы тағдырындағы қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар» тақырыбы бойынша арнайы қонысаударушылар туралы жинақтары толықтырылды.«Чернобль оқиғасына қатысқан теміртаулықтар» комплексі бойынша материалдар жинақталып, жүйеленді.Чернобль АЭС оқиғасының зардабын жоюға қатысқан адамдардың мартирологы құрастырылды.Ауған соғысына қатысқандардың мартирологы жасалды.Негізгі және алмасу қорындағы бондар мен монеталардың каталогы, «Теміртау Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Президентінің қаласы» экспозициясының Тақырыптық экспозициялық жоспары құрылды.Қала көрінісінің фото-каталогы құралды (2008 жылғы фотосуреттер) «Курск доғасы шайқасына қатысқан теміртаулықтар» ақпараттық буклеті құрастырылды.Облыс мұрағаттарында, қала тұрғындарымен жұмыс жүргізілуде * «Қонысаударушы Самарқанд поселкесі тұрғындарының тұрмысы мен дәстүрі» бағыты бойынша материалдар жинақталды. * «Немістер — Поволжья қонысаударушылары»; * «Арнайы қонысаударушылар»; Жалпы жәдігерлер саны — 19819, оның 15201 — негізгі қор, 4618 — ғылыми-қосымша қор ## Музей жөнінде ақпарат жұмыс кестесі: 9.00–18.00 сағ. Демалыс күні – жексенбіэкскурсия және кіру билеті: ересектер – 40 теңгестуденттер – 20 теңгеоқушылар – 20 теңгеҰлы Отан соғысы ардагерлеріне және мүгедектерге жеңілдік – тегінМекен жайы: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы,Металлургтер даңғылы 28/4Тел: 8 (7213) 93 19 05Директоры: Скорикова Наталия Дмитриевна
Балқаш тарихи-өлкетану музейі Негізі қаланған: 1 қаңтар 1970 жыл. Ресми ашылуы: 25 қыркүйек 1973 жыл Мұражайдың жалпы ауданы: – 1443,3 шаршы метр ## Экспозициялар «Қазақтың халық аспаптары» экспозициясы әртүрлі саз аспаптарының макетімен толықтырылды, ол ақпараттық базаны жақсартты.«Өлкенің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі» залында Балқаш өңірінің флорасы мен фаунасы берілген.Ең қызықты зал — археология залы, онда пештің макеті, петроглифтер, тасмүсіндер т.б. қойылған.Жерлесіміз, «Құрмет» орденінің иегері, суретші — өңдеуш Қырым Алтынбековтың тақырыптық жиыны ашылды. ## Тақырыптық көрмелер ### Презентациялық блок * «Мыс алыбының пионерлері». Бірінші мыс балқымасын алуға қатысушы А. Тлеуғабыловтың 95 жылдығына орай (26.08.10ж.) * «Балқаштүстіметалл» ӨБ –нің көрмелері: * «Балқаш – металлургтер қаласы » * «Балқаш мысы — республика байлығы» ### Ретроспективтік блок * Әйгілі адамдардың мерекелік даталарына: * Академик А. Мусин (туғанына 100 жыл толуына) * Алғашқы құрылысшы В. И. Язев * «Ғарышқа жол» Белгілер, пошта маркалары мен открыткалар көрмесі * «Металлургтер қаласы». Балқаш қаласының 70 –жылдығына. * «Академик А. Х. Марғуланның өмірбаяны». Туғанына 105 жыл толуына. * «П. А. Соловьев – Балхаш тәжірибе алаңының директоры». * «Балхаш – достық пен бірліктің қаласы» Қазақстан халықтарының бірлігі күніне. * «Балқаштықтар – Жеңіс күніне» * «М. И. Городецкий — ҚазКСР құрметті өнертапқышы» * «Көктем бейнесі. Балқаш суретшілері жұмысының көрмесі.» * «ГУЛАГ аралдары. Саяси қуғын – сүргін күніне. * «Солтүстік Балқаш өңірі: жануарлар мен өсімдіктер әлемі» Өлкетанушы Ю. Поповтың жеке жиынтығы және т.б.Бұл 10 дәптерден артық мақалалар мен очерктер, зерттеулер, хаттар, кітаптар. Келушілерді Ю. Поповтың мына тақырыптары қызықтырады: «Орталық Қазақстанның флорасы мен фаунасы», Бақанас – Тоқырауын су бөлігі туралы, Балқаш көлі және Жетісу облысына саяхат, Орталық Қазақстанның өзендері, Балқаш ғылыми- кәсіпшілік экспедициясының Бетпақ –Далаға барған жұмысы туралы, Орталық Қазақстандағы бағбаншылық пен көгалдандыру туралы.Жазушылар М. Пришвин, Марков, Л. Мартынов туралы материалдар өте қызықты, әйгілі ғалым – математик А. Ермеков туралы, композитор Тәттімбет туралы, ақын – кен білгірі Нарманбет туралы, академик О. Жаутіковтың хаттары мен әңгімелер жазбасы. Кітаптарының, жазбаларының ішінде «Қарқаралы өрнектері», «Қарқаралы олжалары», «Олар Сары-Арқа жадында» жұмыстары өте әйгілі. О. Жаутіковке, қазақтардың ішінде алғашқы болып физика – математика ғылымдарының кандидаты атағы 1944 жылы берілді. Ақын, өлкетанушы Нарманбет туралы, оның халық соты, болыс болғандығы, оның Томск тау-кен басқармасына Балқаш болысындағы кен орындарына барлау жұмыстарын жасауға сұраным қағаздар жібергендігі туралы қызғылықты деректер бар.Қазақ өлеңдерін жинаушы А. Затаевичтің өмірі мен шығармашылығы, виртуоз – домбырашы М. Ержанов туралы, Балқаш өңірінің акыны және әртісі Шашубай туралы. ## Раритеттер мен мұражай жинақтары Әдіснамалар: * «Қазақстан орта ғасырда: дәстүрлі қазақ қоғамының социо және политогенез проблемалары» * «Қазақстанда жартылай этникалық жартылай мәдени қоғамның қалыптасуы» * «Қазақстан халықаралық қатынастардың жүйесінде» * « Бектау –Ата заказнигі» Өлкетану оқулары: * «Инженер – зерттеуші Антоновский» * «Академик А. Мусин» (туғанына 100-жыл толуына) * «Алғашқы құрылысшы В. И. Язев» және т.б. Елдің ішіндегі және әлемдегі әртүрлі сипаттағы күрделі процесстер, қоғамның ынтызарлығы, музейлердің идеялық- тәрбиелік, білім беру саласындағы мүмкіндігін арттырады. Музей педагогикасы, музейдің коммуникативтік жұмысының негізгі формасы ретінде дифференциалды түрде әрбір музей жұмысына қатысады, музей педагогикасы әсерінің объектісі барлық саяси топтарға қатысты.Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары 2010 жылғы жылдық жоспарлар бойынша ұжымдық ғылыми – зерттеу жұмысы «Солтүстік Балқаш өңіріндегі индустриялық игеру кезеңіндегі баспасөз органдары» тақырыбы аясында мұражай қызметкерлері ІІ тоқсанда «Балқаштық теле және радио хабарлардың дамуы» тарауымен жұмыс жасауда. ## Шаралар мен акциялар қалалық әкімдіктің тілді дамыту және мәденеиет бөлімімен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Жады мен ескерткіштерді сақтайық» акциясы өткізілді. Акция кезінде кейбір кәсіпорындар мен мекемелер ескерткіштерді жөндеп, көгалдандыру жұмысына көмек берді.Ғылыми қор және есептеп-сақтау жұмыстары.Жалпы жәдігерлер саны — 42158, оның 31494 — негізгі қор, 10664 — ғылыми-қосымша қорМұражай жөнінде ақпаратМекен-жайы: Қарағанды облысы, Балқаш қаласыШ.Уәлиханов көшесі, 12Тел: 8 71036 6 59 70, 6 59 30 Директоры: Сеильханова Азиза Қаркешқызы
Осакаровка аудандық тарихи-өлкетану мұражайы - 1985 жылы Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып ашылды. Қазір аудандық мәдениет орталығының филиалы. Жалпы аумағы 119,7 ш.м., экспозициялық аумағы 91,8 ш.м., қор сақтау орны 27,9 ш.м. ## Экспозициялар: Мұражай экспозициясы Осакаровка ауданының тарихи кезеңдерін қамтиды: «Өлкенің табиғаты», «Осакаровка ауданының оқу-ағарту саласы», «Өлкенің тарихы», «Біздің аудан Ұлы Отан соғысы кезінде», «Қазақстан Республикасы». ## Тақырыптық көрмелер: Презентациялық бөлім: * «Қазақстан Республикасы» * «Қазақстан халқына Президенттің жолдауы» * «Астана — менің сүйікті қалам» * «Жерлес батырларға мәңгілік естелік» * «Сау денеде - сау рух» * «Кінәсіз кінәлілер» * «Алғашқы тың игерушілер» тың игерілгеніне 54 жыл * 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсанында «Осакаровка кентінің құрметті әйелдері», «Әрі ана - әрі дана» атты дәріс-көрме және бейнематериалдарымен слайд-шоу көрсетіліп және онымен қоса мұғалімдерге, дәрігерлерге, ҰОС ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама. * «1-ші мамыр Қазақстан халқының бірлік күні» мерекесіне байланысты оқушылардың қатысуымен * 9 мамыр жеңіс күні арналған «Жерлес батырларымызға тағзым» атты көрме және ҰОС ардагерлерімен кездесу өтті. * 30-тамыз «Конституция ата заңымыз» атты көрме және осы тақырыпқа арнай лекция оқылды. * 1-қыркүйек білім күніне орай «Оқушы 2009» экспозициялық көрме қойылымымен экскурсиялық жұмыс жүргізілді. ## Раритеттер мен мұражай жинақтары: * Білім беру бағдарламасы: дәрістер және мұражай сабақтары. * Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары * Осакаровка музейі бойынша ғылыми-ағарту жұмыстары, көрмелер, экскурсиялар және мерекелік іс-шаралармен шектеледі. ## Мұражай жөнінде ақпарат: * Күн тәртібі: 9.00 сағ −16.00сағ. * Экскурсия — тегін * Келушілерге көрсетілетін қызмет түрі — экскурсия, дәрістер * Мекен-жайы: Осакаровка кенті, Жаңа көшесі,43. * Мұражай меңгерушісі: Амренова Маржан.
Сарыарқа ауданы – Астана қаласындағы әкімшілік аудан. 1998 жылдың 6 мамырында құрылды. Бұрынғы атауы - Совет ауданы. Халқы — 345,2 мың адам. ## Аумағы 2018 жылы 16 наурызға дейін аудан аумағы 196,62 км²-ді құрады. 2018 жылы 16 наурызда аудан аумағының басым бөлігі жаңадан құрылған Байқоңыр ауданына беріліп, 67,76 км²-ге дейін қысқарды. ## Әкімдері * Николай Тихонюк (02.1999 — 08.2002) * Асхат Акчурин (08.2002 — 04.2004) * Сапар Ахметов (04.2004 — 09.2007) * Ерекболат Қабылда (2007 — 2008) * Сабила Мұстафина (04.2008 — 11.2011) * Ермек Оспанов (11.2011 — 07.2013) * Ермағанбет Бөлекбаев (07.2013 — 11.2015) * Павел Кулагин (11.2015 — 10.2016) * Арман Тұрлыбек (20.10.2016 — 02.2018) * Ерғали Егемберді (02.2019 — 10.2020) * Есет Байкен (10.2020 — 02.2022) * Жүсіп Жұмағұлов (02.2022 — 04.2023) * Бауыржан Ералы (04.2023 бастап) ## Дереккөздер
Астана Арена — Қазақстанның бас қаласы Астанада орналасқан стадион. Бұл стадионға 30 200 көрермен сияды. Әлемдегі қозғалмалы шатыры бар алты стадионның құрамына кіреді. Стадион бастапқыда, ресми ашылу күнінде де қазақтың атақты күрескері Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне Қажымұқан Стадионы деп аталған. Кейінірек, стадион оның ағымдағы Астана Арена атауын алды. Стадион, ең алдымен футболға бағытталған, сонымен қатар, елдің сүйікті спорт түрлеріне, соның ішінде күрес, дзюдо және бокс, басқа да спорт іс-шараларға арналған болуы мүмкін. Арена 33 000 орындық екі деңгейлі құрылымы бар ірі амфитеатр ретінде ойластырылған: 16 000 орындық төменгі террассалар, қоршаған, және 17 000 орындық жоғарғы жағдай, батыс және шығыс жағында ілулі. Жылжымалы шатыры 20 минутта ашылып-жабылады. Стадионның алаңы жасанды және әлемдік деңгейдегі ойындарды және концерттерді өткізуге бейімделген. ## Тарихы "Астана Аренада" 2009 жылдың 3 шілдеде ашылған болатын және бұл стадиондағы ең бірінші ойыны сол күні Локомотив (Астана) пен Қазақстанның жастар құрама командасы арасында өткен болатын. Бұл ойынның төрешісі әйгілі италяндық Пьерлуиджи Коллина болатын, ал доппен алғашқы соққыны Қазастанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев орындаған болатын. Осы екі командалардың кұрамында, өздерінің ойыншыларыменен қатар, қонаққа шақырылған "жұлдыздарда" ойнаған болатын. Қазақстанның жастар құрама командасына — Грузия құрамасының және италяндық "Милан" клубының қорғаушысы Каха Каладзе мен Украин құрамасының шабуылшысы Андрей Шевченко, ал «Локомотив» құрамында — атақты түрік ойыншылар Хасан Шаш және Хакан Шүкур ойнады. 7-ші Азиада қысқы ойындарының салтанатты ашылуы осы "Астана Аренада" өткен болатын. ## Стадионның негізгі сипаттамалары * 4 мінбе - оңтүстік, солтүстік, батыс және шығыс. * Сыйымдылығы - 30 000 көрермен. * Алаңның өлшемі - 105 х 68 метр. * Қақпағы - жасанды. * Орындықтар - пластикалық. * VIP - орындар. * Шешінетін бөлме - 4. * Төрешілер бөлмесі. * 100 адам үшін 4 БАҚ бөлмесі. * Замаңға сай 2 есеп тақтасы. * Жаттығу залы. ## Дереккөздер
Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына, облыс әкімінің 2001 жылғы 24 ақпандағы Үкіміне, Шахтинск қаласы әкімінің 2001 жылғы 30 қарашадағы Шешіміне сәйкес құрылды. Мұражайдың жалпы көлемі — 166,9 ш.м., экспозициялық – 78, қор – 10 ш.м.. ## Экспозициялық залдар * «Қарлаг – мәңгі естелік зонасы» * «XX ғасырдың 30-50-ші жылдары халықтарды күшпен қоныс аудару» ## Тақырыптық көрмелер * «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» * «Сарыарқа жолдарымен» (Қарағанды суретшілерінің көрмесі) * «9 мамыр — Жеңіс күні» * «Қуғын-сүргін жылдарындағы Украина халқы» * «Сталиндік қоныс аудару саясаты» * «Әйелдер – Қарлаг тұтқындары» * «Қарлаг суретшілері» * «Қарағанды облысында көмір өнеркәсібінің дамуы» ## Раритеттер мен мұражай жинақтары Қарлаг тұтқының темір төсегіБуржуйка пешіҚарлаг тұтқындарының тұрмыстық және қол өнер заттарыҚарлаг тұтқының қол жазба күнделігі, XX ғ. 30–60 жылдарының күнтізбесіФотосуреттер және төл құжаттарН. И. Реченский салған суреті «ГОЭРЛО жоспары» картинадневник заключенногофотопатефонМұражай педагогикасы мен маркетинг ## Дәрістер * «Қарлаг тұтқындарының ұлттық құрамы» * «Қарлаг ауыл шаруашылығы» * «Қарлагтың атақты адамдары» * «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарлаг» * «Әйелдер – Қарлаг тұтқындары» * «Спасск» * «Қарлагтың ақындары мен жазушылары» * «Темір тордың арғы жағындағы мәдениет және білім * «Террор құрбандары — балалар» Дөңгелек үстел тақырыптары: «Жаңару: Адымнан соң адым», «Астана меретойы», «Қуғын-сүргін жылдарындағы қызыл әскер», «Ұлтаралық және рухани қарым-қатынас». ## Әңгіме-кештер «Әйелдер – террор құрбандары»«Қазақстан тәуелсіздігі: тарих сабақтары және қазіргі заман» Долинка кентіндегі естелік жерлері бойынша Марафон«Мамочкино» зиратындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өткізілді «Жас іздеушілер» үйірмесі мектеп оқушыларына жүргізіледі.Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарлаг» тақырыбына бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мұражай қорына шамамен ХІХ ғасырдың «Інжілден» бірнеше парақ тапсырылды. Мұражай қорына жыл бойы православиелік діни кітаптары, иконалар сыйға тартылды. Этнографиялық заттар: тігін машинкасы «Зингер», «Кохлер», буфет, диван, ағаш ұршықтар тапсырылды.Мұражай қоры барлығы — 1726, негізгі қор – 914. ғылыми-қосымша қорда – 812.Мұражай жөнінде ақпарат жұмыс кестесі: Мұражайға келушілерге 900–1800, демалыс — жексенбіэкскурсия және кіру билеті: ересектер үшін −50 теңгестуденттер үшін-30 теңгежоғарғы сынып оқушылары үшін — 20 теңге бейнетаспаға түсіру – 500 теңгекөрермендерге көрсетілетін жеңілдіктер: Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектерге жеңілдік. келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері: көне мұраларды, заттарды, деректерді, тарихты жинақтау, сақтау, халыққа көрсетіп насихаттауМекен-жайы:индекс 101604Қарағанды облысы, Долинка кенті, Школьная, 15Тел/факс 8 72156 58222Директоры: Клышникова Марина Ивановна
Алматы ауданы – Астана қаласындағы әкімшілік аудан. 1998 жылдың 6 мамырында құрылған. Бұрын Ленин ауданы деп аталған. Қазіргі аумағы 15,471 гектар және халық саны 366,7 мың адамға (2023) тең. Аудан құрамында 5 елді мекен бар. ## Әкімдері * Ахметала Шәкіров 1998-2002 * Қонысбай Қасенғалиев 2002-2003 * Мұхтар Еркетаев 2003-2007 * Гайдар Қасенов 2007-2008 * Сапар Ахметов 2008-2013 * Павел Кулагин 2013 * Бекбол Сағын 2013-2015 * Павел Кулагин 2015-2016 * Әділбек Сәрсенбаев 2016-2020 * Бектенбай Есболов 2020-2021 * Ерлан Бекмырзаев 2021-2021 * Нұрбол Нұрсағатов 2021-2022 * Мақсат Саматұлы 2022- ## Дереккөздер
Қарағанды Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы – 1932 жылы ашылып, 1938 жылы облыстық өлкетану мұражай дәрежесіне ие болды, ал 1964 жылдан бастап мұражайдың атауы тарихи-өлкетану деп өзгертілді. Мұражайдың экспозициясы 1800 ш.м. құрайтын 14 залдан тұрады, қор сақтау – 190 ш.м. Сонымен қатар 60 орындық акті залы, «Dolby Digital» тарихи кино залы, «Бабалар бейнелері» компьютерлік анимация залы бар.Мұражайдың кіре берісіндегі үлкен залда Қарағанды облысының физикалық-географиялық картасы көрсетілген, онда облысымыздың территориясы, халқы, жөнінде жалпылама мәліметтер берілген. Қарағанды облысы Еуропа мен Азияның тоғысындағы қолайлы географиялық жағдайда орналасқан, облыстың жалпы көлемі 428,0 мың ш.км. ## Экспозициялар * «Кіріспе» залының экспозициясында мұражай қонақтары мен көрермендері тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы қабылдаған негізгі заңдармен, қаулылармен таныса алады. * «Жерде тіршіліктің пайда болуы» экспозициясы облысымыздың табиғи байлықтарының дамуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдерінен және тауып алынған геологиялық және палеонтологиялық коллекциялары біздің территориямызда өмір сүрген ежелгі жануарлардың қалдықтары және олардың тіршілігінің дамуы жайлы құнды мәліметтер береді. Экспозициядағы бағалы экспонаттар болып палеонтологиялық қазбалар, яғни, ежелгі жануарлардың қалдықтары болып табылады: мамонттардың, исполин бұғысының мүйіздері және т.б. * «Табиғат» залында облыс аймағындағы қазіргі уақытта кездесетін әртүрлі құстар, сүтқоректілер, жануарлар көрсетіледі. * «Археология» залының экспозициясында облыс территориясындағы 600-ге жуық тұрақтар мен қорғандарды зерттеген ғалым-археологтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі (Майтан, Еңбексүйгіш, Беғазы-Дәндібай және т/б.). Қарқаралы тауларында зерттелген үңгірдің макет-диорамасы алғашқы адамдардың өмірінен мәлімет беріледі. Батпақ 8, 12 тұрақтарынан табылған құралдар алғашы адамдардың еңбек-құралдарымен таныстырады – нуклеустер, қырғыштар, тескіштер, қысқыштар, шапқыштар таныстырады. * «Өнеркәсіптік Қазақстан және ортағасырлық пен кейінгі ортағасырлық мәдениет және этнография» залы Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен таныстырады. ХІ-ХІІ ғасырларда Қазақстан мәдениетінің гүлденген кезеңі. Экспозицияда қазақ даласының атақты тұлғалары көрсетілген. ЕлімізТәуелсіздік алғаннан бастап, халқымыздың тарихын қайта зерттеп, зерделеуге мүмкіншіліктер туды – ол «XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс» залының экспозициясында көрсетілген. Қойылған мұрағат құжаттары мен фотосуреттер XX ғасырдың 20-шы жылдарындағы мемлекеттің ірге тасын қалаушылары Алаш-Орда қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Шоқай, Ә.Ермеков, М. Дулатов және т.б. туралы мәліметтер береді. * «Облыстың мәдениеті» залының экспозициясы ХІХ-XX ғасырлардағы облыс мәдениетінің дамуынан сыр шертеді. * «Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы» залы Қарағанды қаласының құрылу тарихына, көмір бассейнінің дамуы мен өркендеуіне арналған. Зал экспозициясында 1920–30 жылдардағы алғашқы геологтар А. А. Гапеев, З. П. Семенова, И. В. Орловтар туралы деректер берілген. 30-шы жылдардағы бірегей суреттер, «Шатырлы қала», «Забойда» диорамалары Қарағанды қаласын алғашқы құрушыларының тұрмысы мен еңбек жағдайын айқын көрсетеді. * «Қарлагтың тарихы және Ұлы Отан соғысы» залында 1931 жылы құрылған Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің мұрағат құжаттары, фотоматериалдар, жәдігерлер сыр шертеді. Қарағанды лагерлері құрылғаннан бастап, онда 47 ұлттың тұтқындары қамауда болған. Лагерь картасы мен Қарлагта «халық жауы» ретінде тұтқында болғандардың материалдары назар аударады. Олардың ішінде әйгілі саяси басшылар және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, суретшілер бар. Экспозицияда атақты ғалым – биофизик А. Л. Чижевский, әдебиетші, аудармашы Эйхлер және т.б. туралы құжаттар бар. * «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» залының экспозициялары біздің жерлестеріміздің майдандағы және еңбектегі ерліктері туралы паш етеді. Соғыс жылдары біздің өлкеден майданға 50 мың қарағандылықтар аттанған. Сталинград түбінде, Днепрді соғыспен алған 77-ші артполкі Қарағандыда құрылған. 33 қарағандылықтар Кеңес Одағының Батыры атағына ие, 9 адам Даңқ орденінің Ш-ші дәрежесінің иегерлері. Олардың ішінде Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров, Мартбек Мамыраев, Қазыбек Нұржанов және т.б. Келушілер құжаттармен, фотосуреттермен, жауынгерлер хаттарымен, батырлардың жеке нәрселерімен таныса алады. * Қарағанды облысы Кеңес дәуірінде» залы Қарағанды облысының 1946–1990 жылдардағы даму тарихын көрсетеді. Осы кезде Қарағанды қаласы мен облыс Кеңес одағының ең ірі өндіріс және мәдени орталығының біріне айналды. 1970 жылдан Қарағанды – КСРО-ның үшінші кочегаркасы болды. Қарағанды шахталарында бірнеше рет көмір өндірудің дүниежүзілік, жалпыодақтық, республикалық рекордтары жасалды. Теміртау металлургиялық зауытының құрылысында тек Қазақстаннан ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикаларынан жастар келіп еңбек етті. 1960 жылы 3-ші шілдеде № 1 домна пеші алғашқы Қазақстан шойынын берді. Бұл күн Қарағанды металлургиялық комбинатының туған күні болып саналады, экспозицияда осы домна пешінің макеті берілген. Тарихи шойын қорытуда жас металлург Нұрсұлтан Назарбаев – болашақ Қазақстан Республикасының Президенті қатысты. Экспозиция материалдары Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстарының материалдары қойылған. Соның нәтижесінде Қазақстанда 1 млн 232 мың га жер игеріліп, 16 ірі жаңа кеңшарлар салынды. * «Ғарыш залы» біздің жерлесіміз, қазақтың тұңғыш ғарышкер-ұшқышы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровке арналған. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров кеңес-австрия экипажының құрамында ғарышқа ұшты. Көрушілер халықаралық ғарыш стансасының макетін ашық ғарыш шебінде көріп қызықтайды. Экспозицияда сонымен қатар Тоқтар Әубәкәровтың ғарышқа аттанар алдындағы фотосуреттері, жеке нәрселері, авиация құралдары қойылған. Қарағанды облысының аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағының – бірегей ғылыми-техникалық комплексінің материалдары да қойылған. * «Тәуелсіздік Қазақстан кезіндегі Қарағанды облысының дамуы» залының экспозициясында реформа жағдайындағы орта және кіші бизнестің, халыққа білім беру жүйесінің, денсаулық сақтау, қаржы мекемелерінің дамуы туралы материалдар қойылған. ҚР Тұңғыш Президентіне арналған көрме залының экспозициясында Егеменді Қазақстанның Тәуелсіздігінің 15 жылғы сыртқы және ішкі саясаты бейнеленген, Үкіметтің, Парламенттің, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жұмыстарын айқындайтын материалдар қойылған.Жаңадан ашылған «Бабалар бейнелері» залында профессор М. М. Герасимовтың әдістемесі бойынша бас сүйектің бет пішінін қалпына келтіру арқылы әрбір бас сүйекке «тірісіндей» пішін берілген. Компьютерлік анимация нәтижесінде «тірілген» адамдар белгісі тарихи оқиғалар, діни түсініктемелер, өз тайпасының мінез ерекшеліктерін, мәдениетінің сол кездегі әлеуметтік құрылымы туралы түсініктеме береді. Витриналарда Қазақстанның ежелгі тайпаларының материалдық мәдениетін сипаттайтын қару-жарақтар, үй тұрмысы құралдары, әшекейлер, қыш ыдыстары қойылған. ## Тақырыптық көрмелер • ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын-арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес;• Халықаралық әйелдер күніне «Өлкенің даңқын асқақтатқан ару әйелдер»;• ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Г.А. Құлқыбаевты еске алу кешіне арналған «Сарыарқа өңірінің өшпес жұлдызы»;• ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес;• Астана қаласының 10-жылдығына «Астана-келісім мен бейбітшілік ордасы»;• Ғарышкерлер Күніне «Қарағанды — ғарыш айлағы»;• Ислам дініне қатысты «Мәулет күні»;• «Күн қанатты тұлпарлардың алтын ізімен: ежелгі көшпелілер дәуірінің қолөнері» — Астана қаласының Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейінің республикалық алмасу көрмесі;• Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Тамыры терең бәйтерек»- КирОАК-нің юстиция халком хатшысы және республика прокуроры (XX- ғ. 30-шы жж.) Ж. Сәдуақасовқа арналған;• «Қарағанды телеарнасының 50-жылдығы»;• Кеншілер Күніне арналған-«Қазыналы кенді өлке»;• Қолданбалы өнер шебері Ж. Сыздықовтың «Шебердің жүрегінен саз жүзіне құйылған алланың нұр сәулесі» көрмесі;• Ұлттық теңге Күніне арналған — «Қазақтың төл теңгесі»;• «Ойыншықтардың ертегі әлемі» — 50–80 жж. шырша ойыншықтарының көрмесі. ## Раритеттер мен мұражай жинақтары * нумизматикалық жинағы * ХІХ-XX ғғ. қолданбалы өнері * діни атрибутикалық жинағы * қару-жарақ жинағы * энтомологиялық * зоологиялық тулыптар * палеонтологиялық жан-жануарлардың қалдықтары * археологиялық * этнографиялық ## Дереккөздер
Үлкен Алматы көлі — Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ. ## Климаты Климаты қоңыржай континентік, жазы салқын болады, көп жаңбыр жауады. Ал, қыста суық болады және көл мұздайды. Орташа жауын-шашын 1500 мм. Орташа су температурасы + 4,7°. Бұл жерде арша, Тянь-Шань шыршасы, қарағай өседі. Rөлдің арғы бетінен қаланың кез келген нүктесінен көрінетін негізгі үш шың — Көлді (4110 м), Кеңес (4317 м), Үлкен Алматы (3681 м) мен мұндалайды. ## Көл аумақтарына рұқсат етiлмейдi * табиғи нысандарды, тарих, мәдениеттiң ескерткiштерiн жою, бұзу; * суаттар және топырақтарды ластау; * тұрмыстық қалдықтармен аумақты ластау; * өз бетiмен аң, балық аулау, ұяларды, құмырсқа илеулерiн ойсырату; * ағаштарды өз бетiмен заңсыз кесу және сындыру; * от жағу; * әдемi гүлдеген және дәрiлiк өсiмдiктердi жинау; * саңырауқұлақ, жидек, жемiстердi рұқсатсыз жинау; * өз бетiмен мал бағу және пiшен шабу; * үй жануарларымен жүру (иттер, мысықтар); * туристтiк тұрақтардың құрылымы орындардан тыс әдейi апарылған * тастағы жазуларды, қанды ағаштарға ұру * рұқсатсыз ғылыми, iзденiс жұмыстарын жүргізу; * орынға баратын арнайы жолдарды машиналардың өз бетінше айналып өтіп, баруы. ## Дереккөздер
Қайыңды — Алматы облысындағы сел көшкіні жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған көл. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан. Жолаушының көз алдында біршама сюрреалистік көрініс тұрады: суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Алайда, суға түсем дегендерді өзгеше көрініс күтуде: олардың көз алдарына желдің самалымен есілген су бетінде шағылып, күн сәулесінен тараған кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнақтаған саз балшықпен басылған ағаштар діңгектері көрінеді. Берілген мәлімет әзірленіп жатқан уақытта, яғни 2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетті. Көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген, ал судан өсіп тұратын шыршалы пейзажы енді қалпына келмес. Бұл орынға апаратын жол да бүлінген.Көлдің бірегейлігі мынада: шатқалды бөгеп тастаған табиғи бөгет пайда болғаннан кейін, бөгетті толтырған су көлді қалыптастырып, осы жерде өзен бойында өсіп тұрған шырша ағаштарын жоймаған. (Қайыңды өзені көлге құяды, биіктігі шамамен 20 метр екі жақты жартастық қысқыштан өтеді). Су ағып тұрған ағаштардың жоғарғы бөлігі бүйір бұтақтар мен қабығын жоғалтып алғандықтан ағаш ақ түске ие болған. Осындай панораманы көргенде, су басқан эскадрильяның көрінісі ашылады: жалаңаш ағаш бұтақтары батып бара жатқан кемелердің бағаналарына ұқсайды. Көлдің бетінің түсі үнемі өзгеріп тұрады және әдемі көк болып келеді. Бұл таңқаларлық түс жүз жыл бұрын суда болған әк және басқа минералдардан туындаған. Көлге жақындаған сайын, су мөлдір болады, кейде одан форельді де көруге болады. Су температурасының төмендігіне қарамастан, Қайыңды көлі сүңгуір әуесқойларымен танымал. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қайыңды және Көлсай көлдері * [1] Мұрағатталған 1 тамыздың 2012 жылы. * Қазақстандағы Қайыңды көлі: су астындағы ағаштар. Мұрағатталған 29 желтоқсанның 2016 жылы. travel.ru. өтініш күні 21 Сәуір 2016.
С. Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы 1984 жылы ашылды. Құрылған жылы- Д.Ізтөлеуовтың бастамасымен және сол кісінің жеке өзінің еңбегімен 1960 жылдан бастап, аудан тарихынан жәдігерлер жинала бастады. Мұражайдың мақсаты:Жаңаарқа елінің, өлкенің тарихын зерттеп, елдің тіршілігіне байланысты қол өнер бұйымдарын, болашақ игілігіне үлгі-өнер ретінде көрсету, ұлы адамдар өмірін, олардың әдебиетінен мәдениетте қалдырған іздерін, шексіз ерліктерін насихаттау.Экспозициялар: Жалпы аудан мұражайдың ғылыми жұмыстарында басты бағыттары:• Ғылыми зерттеулер• Қор толықтыру жұмыстары, экспозицияға орналастыру. Жана-Арка Жана-Арка Жана-Арка Жана-Арка ## Тақырыптық көрмелер Ж.Сәдуақасовтың 110-жылдығынаҚарлаг: «Тағдырлар және тарих»«Астана – алтын бекет Арқадағы»Мұражай жинақтары мен раритеттер С. Сейфуллиннің жеке заттары, әдебиет шығармашылығы, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар, өлке тарихының байланысты алғашқы темір жол құралдары. Аудан тарихының материалдары, белгілі ғалымдар, ақындар туралы мәліметтер. ## Мұражай педагогикасы және маркетинг ### Дәрістер * «Астана – болашақ ертеңіне сенімді» * «Астана – алтын бекет Арқадағы» * «Халықтар достығы баға жетпес байлық» * «Халық қолдаған Конституция» * «Арт-терапия» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарға қайырылымдық акциясы өткізілді * «Ұлттық терминологияны қалыптастырушыжәне дамытушы»-И. Жарылғапұлына 90 жыл * «Ауданымыздың тарихында есімдері қалған, ерліктері аңызға айналған тарихи тұлғалар» атты арнаулы конференция өтті. * Аудандық «Жаңаарқа» газетінде жарияланған мақалалар: * «Қайтпасқа кеткен қаралы жылдар» * «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» * «Қаламгермен кездесу» * «Киелі мұраларымызды қастерлейік» * «Қаламгермен кездесу» * «Ұрпақ үшін маңызы зор» * «Автожорық ауданымызда» Кездесу кештері: «Ерлікке тағзым» — әскерлерді Ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына арналған;«Қаламгермен кездесу», Сакентанушы, академик, сыншы Т.КәкішевпенДөңгелек үстел отырысы: Чернобыль апатына 22 жыл. ## Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары Мұражай қорына түскен жәдігерлер: кигізден жасалған бітпес, атжабу, С. Сейфуллин бейнесі бейнеленген түскиіз, Абылайханның портреті, Қажылыққа барғанда киетін бас киімі «ихрам», Тұрсынбек Кәкішовтың «Мерей 1-2», «Мағжан мен Сәкен», Ұзақбай Мұқышұлы — «Нұртұнған құлпырған — Жаңаарқа», Жақсылық Мағзұмов — «Күйшілер», Тоқа шежіресі 1936–2002 жыл аралығында құралған, авторы Ақпанов Е; шежіре Хан Кене 13 желтоқсанда 1995 жылы құралған, Ұлы Отан соғыс ардагері Діңкаев Мақамбайдың толық 12 құжаты тапсырылды, спорт қайраткері Бөкенаев Дүйсенбайдың әдістемелік 7 оқу құралы, қол жазбалары тапсырылды, Ислам Жарылғаповтың туғанына 90 жыл толуына байланысты билборд мұражай қорын толықтырды.Жалпы жәдігерлер саны — 2416, оның 1711 — негізгі қор, 705 — ғылыми-қосымша қор ## Мұражай жөнінде ақпарат жұмыс кестесі: Мұражайға келушілерге 900–1800.экскурсия және кіру билеті: ересектер үшін — 20 теңгестуденттер үшін — 10 теңгежоғарғы сынып оқушылары үшін — 10 теңгекөрермендерге көрсетілетін жеңілдіктер: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және мүгедектерге жеңілдік.келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері: көне мұраларды, заттарды, деректерді, тарихты жинақтау, сақтау, халыққа көрсетіп насихаттау. Мекен жайы: Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданыС. Сейфуллин даңғылы, 13Телефон: 8 (71030) 2 85 43 Директоры Аманов Зәмзәм Мияшұлы.