text
stringlengths 3
252k
|
---|
Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. "Құрмет" Орденінің иегері.
## Өмірбаяны
Әкесі - Әбділманов Мәзімбай, марқұм, қойшы болған. Анасы - Әбділманова Шарбану, марқұм, қойшының көмекшісі.
* Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген (1982), драмалық театрдың актері.
* 1982 жылдан - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
* 1992- 2006 жылдары - М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері.
* 2016 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
## Ойнаған рольдері
* «Абай» (Абай),
* «Томирис» (Мард),
* «Айман - Шолпан» (Арыстан),
* «Тойдан қайтқан қазақтар» (Қошқарбай),
* «Геростратты ұмыту» (Тиссаферн),
* «Қамар сұлу» (Оспан) спектакльдерінде ойнаған.
* «Қазақфильм» киностудиясы түсірген:
* «Ақын арманы» (Торайғыров),
* «Шәкәрімнің соңғы күні» (Қарасартов),
* «Заманай» (Есет),
* «Құланның ажалы» (Иемберген) кинофильмдерінде,
* «Шегіртке» (Дастанов) телесериалында, т.б. рөлдер орындаған.
## Қоғамдық қызметі
* Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
## Марапаттары
* 2001 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
* 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
* 2009 жылы «Құрмет» Ордені
* 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
## Отбасы
* Үйленген. Жұбайы - Базарлинова Айгүл (1972 жылы туған).
* Қыздары - Әбділманова Жамал (1983 жылы туған), Әбділманова Ақмарал (1984 жылы туған), Болатқызы Ақерке (2004 жылы туған);
* ұлдары - Болатұлы Иманғали (2000 жылы туған), Болатұлы Ақнұр (2002 жылы туған).
## Дереккөздер |
Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахитдинұлы (1 қыркүйек 1948, Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасы (наурыз 2016).
## Білімі
Байұлы тайпасы Адай руынан.
* Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971).
* Техника ғылымдарының докторы (1998).
* Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003).
* 5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
## Биографиясы
* 1971 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы (Гурьев облысы Сарықамыс кенті).
* 1972 жылдан - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтының бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері (ҚазҒЗГБИ, Гурьев қаласы).
* 1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық мөлшерлеу және ЕҒҮ отрядының бастығы (Гурьев қ.).
* 1978 жылдан - ҚазҒЗГБИ-ның зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары.
* 1983 жылдан - Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері (Аден қаласы, Йемен).
* 1987 жылдан - ҚазҒЗГБИ-нда зертхана меңгерушісі.
* 1988 жылдан - Гурьев сынақтық-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы.
* 1991 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Мұнай және газ басқармасының бастығы.
* 1993 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ теңіз жобалары жөніндегі бірлескен кәсіпорындардың атқарушы директоры, «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК-ның теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖАҚ-тың бас директоры.
* «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ БК-нің үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры.
* 2003 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі.
* 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі.
* 08.2007 - 01.2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі.
* 2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі V шақырылымдағы депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланды .
* 2012 жылдың 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Б.Ізмұхамбетовты Атырау облысынң әкімі ретінде тағайындады .
* 2016 жылғы 25 наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы.
## Қоғамдық қызметі
Гурьев облысының Балықшы аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1989-1991).
## Марапаттары
* «Құрмет» (1999),
* II дәрежелі «Барыс»,
* I дәрежелі Ұлы Петр (РФ, 2006),
* «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина Республикасы, 2008) ордендерімен марапатталған .
* Йемен ХДР-дағы КСРО елшілігінің Алтын кітабына енгізілген (1986).
* Уфа мұнай институты Алтын белгісінің жүлдегері.
## Отбасы
Әкесі - Ізмұхамбетов Салахатдин, мұғалім болған. Анасы - Қалиева Әсима, зейнеткер. Үйленген, екі баласы, үш немересі бар.
## Дереккөздер |
Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев (9 сәуір 1953, Талап, Жаңақорған ауданы — 10 маусым 2023, Көкшетау) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, 2020–2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі, 2019–2020 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
## Өмірбаяны
Әкесі - Нәлібаев Мәшбек Сапарбайұлы, бригадир. Анасы - Нәлібаева Бибіш. Қоңырат тайпасы Жаманбай руы Қараша бұтағынан шыққан. Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген (1977), экономист. Экономика ғылымдарының докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Өндірістік-шаруашылық жүйедегі инвестициялық үдерістерді басқару».
ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі (1996). «Аймақтың өтпелі кезеңдегі экономикасы» (1995), «Арнаулы экономикалық аймақтар. Құру тәжірибесі» (1996), «ҚР Кеден кодексі» (2003) кітаптарының, ҚР Кеден кодексінетүсініктеменің (2005) авторы.
* 1969 жылдың тамыз айынан - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Задария» кеңшарынының №3 бөлімшесінде жұмысшы, әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарушы.
* 1971 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
* 1977 жылдың тамыз-қыркүйек айларында - Мемеңбек жинақ кассасының Қазақ республикалық басқармасында тексеруші.
* 1977 жылдың қазан айынан - ҚазКСР Қаржы министрлігінің Мәдениетті және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасында экономист, 1978 жылдың қазан айынан - аға экономист,
* 1983 жылдың мамыр айынан -жетекші экономист,
* 1985 жылдың шілде айынан - бас экономист,
* 1986 жылдың наурыз айынан - бөлім бастығының орынбасары.
* 1988 жылдан - ҚазКСР Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы.
* 1990 жылдан - ҚР Білім министрінің орынбасары.
* 1994 жылдан - ҚР Президенті және ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Бесарык Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі.
* 1995 жылдың наурыз айынан - ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі.
* 1995 жылдың қыркүйек айынан - Қызылорда облысының әкімі.
* 1999 жылдан - Түркістан облысының әкімі.
* 2002 жылдан - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы.
* 2004 жылдан - қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.
* 2006 жылдан - ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі.
* 2007 жылдан - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
* 2009 жылдан 2014 жыл қарашасына дейін - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
* 2011 жылдан - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
* 2015 жылдың 11 қыркүйегінен - Ақтөбе облысының әкімі.
* 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.
* 2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
* Ол 2023 жылы 10 маусымда таңертең 70 жасында қайтыс болды.
* Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және еліміздің басқа да көрнекті қайраткерлері көңіл айтты.
* Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткерімен қоштасу Алматыда 11 маусым күні сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.
## Марапаттары
* «Құрмет» (1999) ордені
* «Парасат» (2007) ордені
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Сапарбаева Қалдығайша Зейноллақызы (1955 ж.т.). Қызы - Сапарбаева Ақбота Бердібекқызы (1978 ж.т.); ұлдары - Сапарбаев БауыржанБердібекұлы (1983-2002), Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы (1991 ж.т.).
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Қайрат — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Алматы қаласынан. Қазақстан Чемпионатының 3-дүркін Чемпионы, 9-дүркін Қазақстан Кубогінің иегері, 2-дүркін Қазақстан Суперкубогінің иегері, КСРО футбол федерациясы кубогының иегері.
## Тарихы
1954 жылы «Динамо» спорт қоғамының базасында «Локомотив» деген атаумен құрылды. 1955 жылы атауы «Урожай» боп өзгертілді. Бір жылдан соң тағы да атауын өзгерту мәселесі министрлікте қаралып, бірнеше атаудың ішінен «Қайрат» таңдалды.
1957 жылы тұңғыш халықаралық кездесуін «Ваасан Паллосеура» (Финляндия) клубымен өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. 1956-59 жылдары КСРО В класында (Кейін бірінші лига боп өзгерді) ойнады.
1959 жылдың соңында КСРО футбол федерациясы жоғары лигадағы клубтар санын 12-ден 22-ге дейін көбейтуге шешім қабылдады. Бұл шешімнен соң «Қайраттың» да жоғары лигаға қатысуына мүмкіндік ашылды. Осылайша 1960 жылғы КСРО чемпионатында клубтың элитадағы тұсауы кесілді.
1960-91 жылдар аралығында «Қайрат» жоғары және бірінші лигаларда ойнады. 1986 жылы жоғары лигада жетінші орынға көтеріліп, ең жоғары жетістігіне қол жеткізді. Сондай-ақ 1963 жылы КСРО кубогының жартылай финалына дейін жетіп, клуб футболшылары КСРО спорт шебері ретінде марапатталды.
1971 жылы Бухарестің «Рапид» клубын ұтып, Халықаралық теміржолшылар кубогында жеңімпаз атанды. Кеңес дәуіріндегі тағы бір ірі жетістігіне 1988 жылы қол жеткізіп, КСРО Федерациялары кубогында топ жарды. Бұл маусымда «Қайрат» соңғы рет жоғары лигада ойнады да, 1989-91 жылғы маусымдарды бірінші лигада өткізді.
1992 жылы Қазақстандағы тұңғыш маусымды «Қайрат» сәтті бастады, чемпион атанды, кубокты иеленді. 1993 жылы Достастық елдері кубогына қатысып, топтық кезеңде «Экранасты» доп айырмашылығы бойынша ғана бірінші орынға жіберіп алды да, жартылай финалға шыға алмады.
Бірақ сол жылы-ақ клубтағы күшті ойыншылар әр жаққа тарап кетті де, 1993 жылғы чемпионатты он бірінші орында аяқтады. Келесі маусымда да дәл осы нәтиже қайталанды. Осы құлдырағаннан тек 1997 жылы ғана жүлделі орынға ілінді, үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ осы жылы екінші рет Қазақстан кубогын иеленді.
1998 жылғы футбол маусымына дайындық жүріп жатқан кезде ЦСКА басшылары «Қайраттың» бүкіл базасын, стадионын өздеріне қаратып алмақшы болды. Сол кезде «Қайратқа» қаржылық жағынан қолдау көрсетіп отырған Болат Әбілев бұған шыдай алмай, жарты команданы бөліп әкетті. Сол кезде «Қайраттың» вице-президенті Сейілдә Байшақов та Болат Әбілев жағына шықты. «Қайрат» екіге жарылғаннан кейін бір жартысы «Қайрат-ЦСКА» болды да, екінші жартысы халықтық «Қайрат» болды. Асқар Қожабергенов бастаған бір топ ойыншылар да халықтық «Қайрат» жағына шықты. Халықтық «Қайрат» дегеніміз сол кезде қырық жылға жуық тарихы бар кәдімгі «Қайрат» клубы. Өкінішке қарай, халықтық «Қайрат» сол жылы Қазақстан біріншілігінің жоғары тобында емес, бірінші лигада ойнады. 1998 жылдың қорытындысы бойынша, бірінші лигада жеңімпаз атанып, 1999 жылы жоғарғы топқа қайта оралды. Сол жылы халықтық «Қайрат» ұлттық біріншілікте үшінші орынға қол жеткізді. Ал «Қайрат-ЦСКА» халықтық «Қайраттан» әлдеқайда төмен қалды.
Бірақ, 2000 жылы екі «Қайрат» қайтадан қосылды. Өйткені, ЦСКА басшыларының клубты ұстап тұруға мүмкіндіктері болмады.
2002 жылдың жазында Қазақстан клубтары арасында алғашқылардың бірі боп еурокубоктерге қатысты. Бірақ УЕФА кубогының алғашқы іріктеуінде «Црвена Звезда» клубымен кездескен қайраттықтар екі ойында да оларға есе жіберді, 0:2, 0:3.
2004 жылғы біріншілікте араға 12 жыл салып Қазақстан чемпионы атанды. Осы жетістігінен соң 2005 жылы Достастық кубогына және Чемпиондар лигасына жолдама алды. Достастық кубогында топтық кезеңнен өтіп 1/4 финалға дейін жетті, ал Чемпиондар лигасында Словакияның «Артмедия» клубымен кездесіп, өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал сырт алаңда тек соңғы секундтарда төртінші голды жіберіп алды (1:3 есебін сақтап қалғанда, келесі кезеңге өтер еді).
2006 жылы УЕФА кубогында «Фехервар» клубынан ұтылды (0:1, 2:1).
2008 жылдың ортасында клубтың демеушілерінің бірі қаржыландырудан бас тартты да, клуб мүшелеріне тиісті жалақы берілмей қалды. Нәтижесінде клубтың лицензиясы жоққа шығарылып, команда 2009 жылғы маусымды бірінші лигада өткізді. 2009 жылы бірінші лигада жеңімпаз атанып, жоғары лигаға қайта жолдама алды. 2013 жылы бапкер Владимир Вайстың жетекшілігімен араға сегіз жыл салып жүлдеге қол жеткізді: қола жүлдегер атанды.
2015-19 жылғы маусымдарда қатарынан бес рет күміс жүлдені қанағат тұтты. 2015 жылы жазда өз тарихында тұңғыш рет еурокубоктердің топтық кезеңіне өте жақын келді, Еуропа лигасында «Црвена Звезда», «Алашкерт», «Абердин» секілді клубтарды қапы қалдырып, плей-офф сатысында «Бордоға» жол берді, сыртта 0:1 есебімен ұтылып келген қайраттықтар өз алаңында 2:0 есебімен алда тұрды. Тек соңғы минуттарда ғана гол жіберіп алды. Айта кетейік, маусымда «Қайрат» сапында 2013 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы Анатолий Тимощук доп тепті. Ал жыл соңында Вайсс қызметтен кетіп, орнына Александр Бородюк келді. Сондай-ақ клубқа ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин келді. 2016 жылғы маусым басында клуб тұңғыш рет Қазақстан суперкубогын ұтып алды.
2016 жылғы маусым барысында сүреңсіз нәтижелерден соң Бородюктің орнына Кахабер Цхададзе келді. Бірақ «Қайрат» бұл жолы Еуропа лигасында екінші іріктеу кезеңінен аса алмады.
2017 жылдың жазынан 2018 жылдың күзіне дейін клубты Карлос Алос Феррер жаттықтырды. Жыл соңында Андрей Карпович азырақ бапкер міндетін атқарды. Бұл маусымды да «Қайрат» екінші орынмен аяқтады.
2019 жылдың басында клуб тізгінін беларусьтік 30 жасар Алексей Шпилевский ұстады. 2019 жылы жазда клуб УЕФА Еуропа лигасының екінші кезеңінен аса алмады, чемпионатты тағы да екінші орынмен қорытындылады.
2020 жылғы маусымда чемпионат бітуге бес тур қалғанда араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионы атанды.
## Орта Азия дербиі
Толық мақаласы: Орта Азия дербиі
Қазақ және өзбек футболының арасындағы ымырасыз бәсекелестік ертеден бар. КСРО чемпионаттарында Алматының «Қайраты» мен Ташкенттің «Пахтакоры» өзара кездескенде стадионда ине-шаншар орын болмайтын. Екі клубтың кездесуі «Орта Азия дербиі» деген сипатқа ие болды, ол кездесулерді қазақ және өзбек футбол жанкүйерлері ғана емес, бүкіл одақтың футбол көрермендері ерекше ықыласпен тамашалайтын еді.
Мұндай ойындарда екі жаққа да жеңіс ауадай қажет, тіпті жеңіске жете қалса маусым соңында төменгі лигаға түсіп кетсе де кешірілетін.
## Статистикасы
### Ең ірі жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 8:0 («Қайсар», Қызылорда)
### Ең ірі жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 2007 — 0:5 («Астана-1964», Астана)
* 2011 — 1:6 («Астана», Астана)
### Клуб атауларының тарихы
* «Локомотив» (1954)
* «Урожай» (1955)
* «Қайрат» (1956 жылдан бері)
### Маусымдары
### Еурокубоктар
УЕФА коэффиценті
Қайраттың УЕФА клубтары арасындағы рейтингі:
2021 Шілде айының жағдайы бойынша .
### Клуб сапында ең көп матч өткізгендер
### Клуб тарихындағы үздік сұрмергендер
## Басшылық, бапкерлер және ойыншылар құрамы
### Басшылық
2024 жыл, қыркүйек
### Бапкерлік құрам
### Негізгі Құрам
## Жетістіктері
### Қазақстан
Чемпионат
* Чемпион (3): 1992, 2004, 2020
* 2-орын (4): 2015, 2016, 2017, 2018
* 3-орын (5): 1997, 1999, 2005, 2013, 2014
Кубок
* Жеңімпаз (9 — рекорд): 1992, 1996/97, 1999/00, 2001, 2003, 2014, 2015, 2017, 2018
* Финалист (3): 2004, 2005, 2016
Суперкубок
* Жеңімпаз (2): 2016, 2017
* Финалист (3): 2015, 2018, 2019
1-лига
* Жеңімпаз (1): 2009
### КСРО
КСРО Футбол федерацияларының кубогы
* Жеңімпаз (1): 1988
1-лига
* Жеңімпаз (2): 1976, 1983
* 2-орын (2): 1965, 1970
* 3-орын (1): 1989
### Халықаралық
Халықаралық теміржолшылар кубогы
* Жеңімпаз: 1971
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми сайты
* LIVE Kazakhstan ҚАЙРАТ
* Қайрат футбол клубы нәтижелері |
Тиышбек Аханұлы 1924 жылы 28 маусымда Қарағанды облысының Победа совхозында дүниеге келген. Арғын тайпасының Қуандық руының Сармантай бөлімінен шыққан.
1941 жылы N1 ФЗО-ны тамамдағаннан кейін "Кировкөмір" тресінің N31 шахтасында электровоз машинисі болып жұмысқа түседі. 1942 жылдың басында өз еркімен комсомолдың шақыруымен майданға атанады. Мәскеу түбінде 316–дивизия құрамында әскери шұғыл дайындықтан өтіп, Клин, Ржевтегі ауыр ұрыстарға қатысады. 1944 жылы ауыр жарақатанып, госпитальде емделеді.Қарағанды мұғалімдер институтын бітіріп, N2 мектепте сабақ береді. 1947 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетіне хатшы болады. 1948 жылы Қарағанды қалалық партия комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі болады. 1977 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітіреді. Қарағанды қаласындағы Киров, Ленин ауаткомдарының төрағасы, Қарқаралы аупарткомының бірінші хатшысы, Қарағанды облатком төрағасының орынбасары, облаткомның еңбек және баға бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1987 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.Еңбек жолын электровоз машинисінен бастаған Тиышбек Аханұлы ұйымдастыру қабілетінің арқасында көзге түсіп, қоғамдық өмірге белсене араласуымен комсомол, партия. Кеңес органдарына жауапты жұмыстарға жоғарылытады. Ол Қарағанды мен Теміртау қалаларының өркендеуіне үлкен күш-жігер жұмсады және бірнеше орден мен медальдар игері. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3 мәрте "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы.
## Дереккөздер
* "Қарағанды облысы: энциклопедия" / ред.А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 133 б.
* Алпысбайұлы С. "Қоғамның қайыспайтын қара нары" // Орт. Қазақстан.- 2004.-26 маусым. 6 б.
* Нұралы С. "Ардагерді ардақтады: Баспасөз мәслихаты" // Орт. Қазақстан.- 2004.- 1 шілде. |
Жанболат Башар 1949 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының "Қоңырат" колхозында дүниеге келген. Арғын тайпасы Тобықты руының Ақсақ бұтағынан шыққан. 1967 жылы Ақтоғай қонысында орта мектепті, 1981 жылы ҚарМУ-ді бітірген.Балқаш қалалық Советінің депутаты болып сайланды. Республикалық "Қазақ тілі" қоғамының бірінші делегат болып қатысты.1981 жылы Балқаш қалалық телестудиясында аға редактор, 1991 жылы Балқаш қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, аймақтық "Балқаш өңірі" газетінің редакторы болып қызмет істеді. 1998 жылдан бастап облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің аймақтық тілшісі.Жанболат Башар өлеңді мектепте оқып жүрген кезден бастап жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері аудандық "Арқа еңбеккері" газетінде жарық көрді. 1991 жылы "Шашубай" атты естеліктер жинағын құрастырып шығарған. 1990 жылы "Балхашский рабочий" газетінің айына бір рет шығатын қосымша беті ретінде "Балқаш жұмысшысы" газетін қоғамдық негізде шығарып тұрды.Ж.Башардың проза саласында бірталай әңгімелері облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көрген. "Ақ әже", "Қос боз аңызы", "Кек пен шер", "Апандағы айқас", "Шырғалаң" тағы басқа әңгімелер.Өлеңдері республикалық, облыстық, аймақтық баспа беттерінде жарық көріп жүр.1999 жылы "Үкілі үміт" жыр жинағы жарық көрген. |
Салидат Зекенқызы Қайырбекова (1961 жыл 1 тамыз, Қарағанды облысы — 2016 жыл 3 шілде, Астана) — мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Денсаулық сақтау министрі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2001–2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі.
1984–1998 жылдары Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды көп бағдарлы емдеу-диагностикалық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
1998–2001 жылдары – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы.
2001–2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Министрліктің Аппарат басшысы қызметін атқарды.
2004–2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры болды.
2006–2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.
2008 жылғы 4-желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрайымы.
2009 жылғы 5-қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2010 жылғы 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік – экономиялық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылында Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
2014 жылдың тамызынан - 2015 жылғы 9 қазанға дейін - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі.2015 жылғы 13 қазанда Салидат Қайырбекова «Ұлттық медицина холдингі» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды.Медицина ғылымдарының докторы.
## Дереккөздер |
Жұмағали Сәрсеков - 1899 жылы Орал облысының Жәнібек ауданында туған. Азамат соғысы жылдарында Батыс Қазақстанда жасақталған атты әскен полкының құрамында ақ гвардияшылар мен интервенттерге қарсы күрескееді. 20-жылдарда басшы комсомол қызметінде, сонан соң бірқатар уездік, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, Ақтөбе округтік аткомы төрағасының орынбасары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы болады. 1932 жылы бүкілодақтық 17 партия коференциясына делегет болып қатысады. 1937 жылдың 4 мамырынан газет ҚК (б)П Қарағанды облыстық, қалалық комитеттерінің және облыстық Кеңестің органы болды. Газеттің редакторлығына тағдыры қиыншылықта өткен жазушы Жұмағали Сәрсеков тағайындалды. Сәрсеков Жұмағали (1899-1963), публицист, аудармашы. 1932-1937 ж. Семейде облыстың газеттің редакторы, "Социалистік Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі. 1937-1938 ж. "Қарағанды пролетариаты" газетінің редакторы. Публицист, аудармашы Ж.Сәрсеков "ұлтшылдығы" үшін жазаланып, қуғын-сүргінге ұшырады. Ж.Сәрсековты Қарағанды қалалық партия комитеті 1938 жылдың 23 қарашасында, обкомның партколлегиясы сол жылғы 20 желтоқсанда, ал Орталық комитет 1940 жылдың 20 сәуірінде "саяси қыралығы бәсеңдегені үшін" СОКП мүшелігінен шығарған, оған сондай-ақ "1924-1938 жылдары СОКП-ге қарсы белсенді күрес жүргізген Меңдешевтің буржуазиялық-ұлтшылдық тобының құрамында болды" деген де айып тағылған. Сәрсеков бұл топта өзінің болғандығын жасырмаған, 1926 жылы оның құрамынан шыққаннан кейін осы ағымға қарсы белсенді күресте жүргізген. Тек "жылымық" кезеңі басталған шақта ғана, яғни 1956 жылдың 31 тамызында ақталып, партиялылығы қалпына келтірілді. "Бажалар мен балдыздар" (1960), "Зәуреш"(1959), "Сапарластар"(1961) атты драматургиялық шығармалар жазды. И.Тургеневтің (Рудинін", Ж.Верннің "Су астында 20 мың льесін" және т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның есімімен Қарағанды қаласында бір көше аталады.
## Дереккөздер |
Қазақстан футбол стадиондарының тізімі:
## Географиялық орны
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Премьер Лигасы
* Футболдан Қазақстан бірінші лигасы
## Дереккөздер |
## Өмірбаяны
Кәмел Жүністегі - 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Қожа руынан шыққан. Ауданы комсомол комитеттінің бөлім меңгерушісі, 1960 жылы Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түскен. 1962 жылы қазақ жастары жасырын ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде саяси айыпталған. 1967 - 84 жылдары мектепте мұғалім, 1984-88 жылдары оқу бөлімінде, "Білім" қоғамында (1988), 1989-92 жылы мұражайда қызмет еткен. 1992 жылдан "Заман" газетінде редактор.
* Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген Кәмел Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған.
* 1960 жылы Қарағанды педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ, асқақ қиял жетегінде жалынды жас Кәмел Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді.
* 1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, "ЕСЕП" (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған.
* Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген.
* Сол, 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі,
* 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен.
* 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры,
* 1992-2005 жылдары аудандық "Заман" газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
## Шығармашылығы
Кәмел Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайратекері, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу", "Көксеңгірдің тасында", "Соңғы Абыз", "Ұлы пайғамбар және ұрпақтары", "Шырағдан", "Қоңыр Құлжа", "Мөрші", "Арманым оттан өрілген", "Едіге", орыс тілінде "Вожак" «Адам, қайда барасың?» кітаптарының, "Құба белдер" трилогиясының, "Тар заман" спектакілінің авторы. Зерттеу барысында құрастырып, жазған кітаптары: "Бір ауыз сөз", Шортанбай жырау "Қай заман", Хазірет Әлі "Меруерт қайнар". Әуесқой композитор ретінде танымал "Арқа самалы", "Аяулым", "Домбыра", "Туған жер", "Жаз келді", "Жас алаш", маршы әндерін шығарған. Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Шет өңірінен шыққан ұмыт болған Шортанбай жырау, Диа қажы, Қақпан ақын, Төлеубек, Хасен, Жәкен, Тәшен, Маясар, Түсетай, Сәрінжіп, Оқа ақындардың шығармашылығын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жариялады. Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің, Абылай ханның күйін зерттеуде көп еңбек еткен. Осы өңірде кезінде әділдігімен аты шығып, өз заманынан озық туған дуалы ауыз Бәйсейіт би, Жанқұтты шешен, Дүйсенбай, Қара билердің өмір жолын, ұлағатты ісін зерттеп жарыққа шығарды. Елін қорғаған дуылғалы батырлары Жидебай, Сеңкібай, Жарылғап, Ағабай, Дәріпсалы, Сазанбай батырлар жайында алғаш қалам тартқан. Осы өңірде өмір сүріп, заманында елге үлгі бола білген, тарихта ізі қалған әз аналар Қарқабат, Борсылдақ (Қырғи), Құрақ, Дәрі, Талмойын, Баршын қыз, Шеруке қыздың есімі мен қасиеттерін келешек ұрпаққа жеткізу де осы кісінің талмай ізденісінің нәтижесі. К.Жүністегінің ұсынысы ынтасы арқылы "Зұлмат жылдары", "Кенесары жұртында", "Тасқа тұнған құпия", "Дойыбы тас", "Қыздарбек күйші", "Шортанбай жырау", "Жәкен ақын" бейнетаспалары жазылып, деректі телефильмдер дүниеге келді. К.Жүністегі қандай шығарма жазбасын, қандай жиында сөз сөйлемесін, айтар ойының түпкі түйіні–ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптың тиімді тұстарын қазіргі жастардың санасына сіңіріп, имандылыққа, жан тазалығына биік адамгершілікке шақыру. К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдырған қамалының қалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Кәмел Жүністегі Әдебиет порталында
* Кәмел Жүністегі жайлы үзік сыр
## Өмірбаяны
Кәмел Жүністегі - 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Қожа руынан шыққан. Ауданы комсомол комитеттінің бөлім меңгерушісі, 1960 жылы Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түскен. 1962 жылы қазақ жастары жасырын ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде саяси айыпталған. 1967 - 84 жылдары мектепте мұғалім, 1984-88 жылдары оқу бөлімінде, "Білім" қоғамында (1988), 1989-92 жылы мұражайда қызмет еткен. 1992 жылдан "Заман" газетінде редактор.
* Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген Кәмел Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған.
* 1960 жылы Қарағанды педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ, асқақ қиял жетегінде жалынды жас Кәмел Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді.
* 1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, "ЕСЕП" (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған.
* Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген.
* Сол, 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі,
* 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен.
* 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры,
* 1992-2005 жылдары аудандық "Заман" газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
## Шығармашылығы
Кәмел Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайратекері, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу", "Көксеңгірдің тасында", "Соңғы Абыз", "Ұлы пайғамбар және ұрпақтары", "Шырағдан", "Қоңыр Құлжа", "Мөрші", "Арманым оттан өрілген", "Едіге", орыс тілінде "Вожак" «Адам, қайда барасың?» кітаптарының, "Құба белдер" трилогиясының, "Тар заман" спектакілінің авторы. Зерттеу барысында құрастырып, жазған кітаптары: "Бір ауыз сөз", Шортанбай жырау "Қай заман", Хазірет Әлі "Меруерт қайнар". Әуесқой композитор ретінде танымал "Арқа самалы", "Аяулым", "Домбыра", "Туған жер", "Жаз келді", "Жас алаш", маршы әндерін шығарған. Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Шет өңірінен шыққан ұмыт болған Шортанбай жырау, Диа қажы, Қақпан ақын, Төлеубек, Хасен, Жәкен, Тәшен, Маясар, Түсетай, Сәрінжіп, Оқа ақындардың шығармашылығын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жариялады. Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің, Абылай ханның күйін зерттеуде көп еңбек еткен. Осы өңірде кезінде әділдігімен аты шығып, өз заманынан озық туған дуалы ауыз Бәйсейіт би, Жанқұтты шешен, Дүйсенбай, Қара билердің өмір жолын, ұлағатты ісін зерттеп жарыққа шығарды. Елін қорғаған дуылғалы батырлары Жидебай, Сеңкібай, Жарылғап, Ағабай, Дәріпсалы, Сазанбай батырлар жайында алғаш қалам тартқан. Осы өңірде өмір сүріп, заманында елге үлгі бола білген, тарихта ізі қалған әз аналар Қарқабат, Борсылдақ (Қырғи), Құрақ, Дәрі, Талмойын, Баршын қыз, Шеруке қыздың есімі мен қасиеттерін келешек ұрпаққа жеткізу де осы кісінің талмай ізденісінің нәтижесі. К.Жүністегінің ұсынысы ынтасы арқылы "Зұлмат жылдары", "Кенесары жұртында", "Тасқа тұнған құпия", "Дойыбы тас", "Қыздарбек күйші", "Шортанбай жырау", "Жәкен ақын" бейнетаспалары жазылып, деректі телефильмдер дүниеге келді. К.Жүністегі қандай шығарма жазбасын, қандай жиында сөз сөйлемесін, айтар ойының түпкі түйіні–ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптың тиімді тұстарын қазіргі жастардың санасына сіңіріп, имандылыққа, жан тазалығына биік адамгершілікке шақыру. К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдырған қамалының қалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Кәмел Жүністегі Әдебиет порталында
* Кәмел Жүністегі жайлы үзік сыр |
Таңат Әкімжанұлы Нөсербаев (қаңтардың 1-і 1987) — Қазақстан футболшысы. Қазақстан құрамасының шабуылшысы.Қазақстанның ең жылдам ойыншыларының бірі.
## Тарихы
### Клубтық
2005 жылы Шымкенттің «ААЭиС» әуесқой клубында жарқын ойынымен көзге түскен Таңат, "Ордабасының" жастар командасына ілінді. Кейін 2006 жылы негізгі құрамда алғашқы кездесуін өткізіп, аз ғана уақыттың ішінде "Ордабасының" ең басты шабуылдаушы күші болып үлгерді.
Жастар құрамасындағы жарқын ойынынан кейін Таңатқа шетелдік клубтар қызығушылық тынытты. Соның ішінде Швейцарияның "Янг Бойзы" да болды. Таңаттың ойынын көруге шақырған "Янг Бойз", дербес шарттардың келіспеуіне байланысты Таңат Ордабасыда қала берді.
2010 жылғы маусымның ортасында жарақатына байланысты "Ордабасыдан" кетті.
2016 жылға дейін "Астана" сапында ойнап, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды.
2017-18 жылдары тағы да "Ордабасыда" доп тепті. 2018 жылғы маусымның басында "Тобылға" жалға берілді. Бір жылдан соң "Оқжетпеске" түпкілікті ауысты.
### Ұлттық құрамада
2008 жылы 11 қазан күні "Уэмблиде" Англияға қарсы тұңғыш рет Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты. 2009 жылы 10 маусым күні сырт алаңда Украина қақпасына тұңғыш голын соқты. Бұл екі ойын да ӘЧ-2010 іріктеу турниріннің кездесулері болатын.
2014 жылы 12 тамыз күні Алматыда Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесуде капитан ретінде алаңға шықты.
2017 жылы 10 маусым күні Алматыдағы Данияға қарсы ӘЧ-2018 іріктеуінде соңғы рет құрама сапында алаңға шықты.
## Жетістіктері
* 2008 жылы Премьер Лиганың үздік ойыншы, үздік шабулшы, үздік жас ойыншы атағына үміткерлер қатарында болды.
* 2008 жылғы «PROСПОРТ» газетінің версиясы бойынша «Жылдың ашуы» атағын жеңіп алды.
* Қазақстан чемпионы: 2014, 2015, 2016
* Қазақстан кубогы: 2012, 2016
## Сілтемелер
* ҚФФ сайтындағы профиль Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Жәмила Нұрмағанбетқызы Шашкина (2 қазан 1914 жыл, Ресей империясы Семей облысы - 30 сәуір 2009 жыл Қазақстан Қарағанды облысы Қарағанды Қарқаралы ауданында Ынталы) — актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі (1962). 1935-1936 жылы Мәскеу қаласындағы театр өнері институтының қазақ студиясында оқыды. Сахналық өнер жолын 1932 жылы Қарағанды облысы қазақ драма театры труинасынан бастады. 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінін онкүндігіне қатысты.
## Өмірбаяны
1914 жылы 2 қазанда Ресей империясы Семей облысында дүниеге келген (қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы). 1931 жылы Қарағандыға барып, тау техникалық мектебіне түсті. Мен би мен әндер шеңберіне белсене қатысып, ол назар аударды және Бүкілодақтық олимпиадасы әуесқой шығармашылық Мәскеуге жіберілді, онда. Осыдан кейін ол актриса болуды шешті.
Сахналық қызмет 1932 жылы Қарағанды облыстық қазақ театрының труппасында басталды. 1935-1936 жылдары Мәскеуде Мемлекеттік театр өнер институтында қазақ студиясында оқыды. 1936 жылы Қазақ өнерінің және әдебиетінің Онжылдығына қатысқан. 1937-1938 жылдары Алматыда қазақ опера және балет театрының солисті (қазір Абай атындағы ГАОБ). Жазушы Зейн Шашкинге үйленді. 1938 жылы күйеуі қамауға алынғаннан кейін, Екі қызымен бірге Қарағандыға көшіп барады. Көп ұзамай соғыс алдында жаңадан үйленген, оның қызы болды. екінші күйеуі Шишкина жарақаттан қаза тапты, соғыс кезінде алынған. 1938 жылдан бастап Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актрисасы. 1952 жылы ол КОКП-ға қосылды. 200-ден астам рөл ойнады, көптеген қазақстандық суретшілерді тәрбиеледі. Лирикалық және драматикалық рөлдерді орындады, ол музыкалық қойылымдарда ойнады, Суреттер, Шашкина құрған, әртүрлі шынайылық пен өмірлік сенімділік. Олардың ішінде: Енлік, Қарлыға, Айман, Жүзтайлақ («Енлік — Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман — Шолпан» және «Ночные раскаты» М. Әуезов), Қыз Жібек (Е.Г. Брусиловскийдің және Ғ. Мүсіреповтың эпикалық музыкалық драмасында) Баян («Козы Корпеш — Баян сұлу» Ғ. Мүсіреповтың), Кручинина («Без вины виноватые» А. Н. Островского), Лауренсия («Овечий источник» Лопе де Вега), Луиза («Коварство и любовь» Ф. Шиллера), Марья Антоновна («Ревизор» Н. В. Гоголя), Шага (одноимённая пьеса Майлина), Батес («Светлая любовь» по С. Муканову), Назым («Потерянный дневник» М. Хасенова), Шарбан («Сердце поэта» З. Шашкина), Толғанай («Материнское поле» по Ч. Айтматову), Диана («Собака на сене» Лопе де Вега) және басқалар,
2009 жылдың 30 сәуірінде Қарағанды қаласында қайтыс болды.
## Марапаттар мен сыйлықтар
* Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1944)
* Қазақ КСР халық әртісі (1962)
* Еңбек Қызыл Туы ордені
* Құрмет ордені (2008)
* «Тың жерлерді игеру үшін» Медальі
* «Ерен еңбегі үшін» Медальі
* Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы
* КСРО Мәдениет министрлігінің «Мәдениет үздігі» белгісі
* Қарағанды қаласының құрметті азаматы (1985)
## Еске алу
2015 жылы Қарағандыда әлемнің бульварындағы 7 үйдің қабырғасында мемориалдық тақта орнатылды. 1958 жылдан бастап Жәмила Шашкина өмір сүрді
## Дереккөздер |
Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов (4.11.1924, Қарағанды облысы Нұра ауданы Көкмөлдір ауылы - 22.1.1991, Алматы) — ақын, филология ғылымдарының кандидаты (1970). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазҰУ-ды бітірген (1948).
* 1946 - 1949 жылдары "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналы,
* 1949 - 1960 "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті,
* 1960 - 1969 жылдары "Білім және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналында қызметкер,
* 1969 - 1991 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.
Өлеңдері баспасөзде 1938 жылдан жариялана бастаған. Тұңғыш кітабы "Сенің Отаның" 1958 жылы жарық көрген. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісі негізінде мультфильм жасалған. Ысқақов көптеген мәтіндерінің авторы. А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Я. Франко, В.Маяковский, Н.Хикмет, С.Вургу т.б. ақындардың шығармалары қазақ тіліне аударуға қатысқан. Өлеңдері орыс, өзбек, түрікмен татар, т.б. тілдерге аударылған. Әр дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.
## Өмірбаяны
Тарақты тайпасынан шыққан.
1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты "Көкмөлдір" деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған "Көкмөлдір" деген жыры.
Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері "Советтік Қарағанды", "Қарағанды комсомолы" газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы "Советтік Қарағанды" газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.
1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, "Пионер", "Білім және еңбек" журналында, "Лениншіл жас" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.
1948 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі.
Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде Ысқақовтың ертеректе "Жас қалам" үйірмесі мен "ЕСЕП-ке" (елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, "Үндістан" деген өлеңді С.Сейфуллиннің "Азия", І.Жансүгіровтың "Гималай" өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-сүргін тұсында "Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр" деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады. Сөйтіп 27 жасар жігіт 30 жылдық жазаны арқалап кете барады.
Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында "Тұтқын жыры", "Лагерьдегі өлеңдер" деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. "Тас өзеннің ызғары" өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние. Ақылды ағамыз, академик М.Қаратаевтың "Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Ысқақовты жырлары торлтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні естілгендей болады" деуі тегін емес.Қапаста бес жыл қасірет шеккен Ысқақов КСРО Жоғарғы сотының 1956 жылы 20 қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін жалғастырды. Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ КСРО Ғылым Академиясының М.О.Ауезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, 1991 жылы дүниеден өткенге шейін ұзақ жылдар еңбек етті.Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. 1951 жылында репрессияға ұшырап, 1956 жылындаақталған.
## Шығармалары
* Сенің Отаның. Өлеңдер. A., 1959;
* Кішкене театр. Мектеп сахнасына арналған пьеса. А., 1959;
* Москвані тыңдаймын. Өлеңдер. А., 1962;
* Өнерпаз болсаң... Өлеңдер. А., 1965;
* Кішкен көмекші. Суретті кітапша. А., 1966;
* Қарлығаштың құйрығы неге айыр. А., 1966;
* Өлеңдер, балладалар, ертегілер. А., 1974;
* Қазақ татар байланысы. Монография. A., 1976;
* Жылдар жырлайды. Өлеңдер. А. 1979;
* Шабыт шуағы. Өлеңдер мен поэма А., 1984;
* Жеткіншек. Өлеңдер мен дастандар. А., 1985.
## Дереккөздер |
Журналист-қаламгер С.Жанысбай облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде көп жылдан бері қызмет істеп келеді. Сүйіндік Жанысбай 1949 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты "Қызыларай" ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазір "Орталық Қазақстан" гезетінің құқық және бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.С.Жанысбай өлең жазуды мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде бастаған. Негізінен көркем аудармамен айналысады, бірнеше повесть, көптеген әңгіме жазған. Оның республикалық баспалардан шыққан "Құрыш қолтаңба" ("Жалын", 1983 ж.), "Өрлеу" ("Қазақстан", 1978 ж.) жинақтарына очерктері, "Көңілді көшенің жігіттері" атты жинаққа ("Жалын", 1981 ж.) Оның қаламынан туған әңгімелері мен әзіл-сықақтары "Жалын" баспасынан "Адамша кел" атты сықақ әңгімелері 1991 жылы кітап болып жарық көрді. "Жазушы" баспасынан шыққан "Орман үстіндегі түн" (1990 ж.) атты жинаққа әңгімесі енген.Социалистік Еңбек Ері С.Тоқымтаевтың атынан "Өнімді еңбек көздері" деген кітапша ("Қазақстан", 1981 ж.) шығарды. "Жалын" баспасынан (1989 ж.) эстон жазушысы Эллен Нийттің "Пилле-Рийн" атты балаларға арналған кітапшасын аударып бастырды. "Адамша кел" атты әзіл-сықақ әңгімелері ("Жалын", 1991 ж.) кітап болып жарық көрді. Той басқаратын асабаларға арналған "Ақ босаға" атты кітапша құрастырып шығарды. Милиция өмірі жайлы әңгімелері мен очерктері және сұхбаттары "Өкініш" және "Взятка" деген атпен облыстық "Полиграфия" бірлестігінен, "Кездесу" повестер мен әңгімелері "Астана" баспасынан 2007жылы, "Сарыарқаның самалы" атты туған жер, табиғат, экология мәселелері туралы кітабы Қарағанды: АРКО баспасынан 2003 жылы жеке кітап болып шықты.Мақалалары мен көркем очерктері, новеллалары өзі еңбек ететін "Орталық Қазақстан" газетінде үзбей жарияланып тұрады. 2001 жылы "Ауылымды аңсадым" атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. |
«Тараз» ФК — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, Тараз қаласының футбол клубы. 1960 жылы құрылған.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 20 маусымды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
### Жетістіктері мен жеңілістері
* Қазақстан чемпионы: 1996
* Вице-чемпион: 1995,1997
* Қазақстан кубогінің жеңімпазы: 2004
* Қазақстан кубогінің финалисті: 1992, 1993, 2013
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 9:0 («Мұнайшы», Ақтау)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1999 — 0:7 («Жеңіс», Астана)
### Клуб атауларының тарихы
* «Металлист» (1961-1966)
* «Восход» (1967-1968)
* «Энергетик» (1968-1970)
* «Алатау» (1971-1974)
* «Химик» (1975-1991)
* «Фосфор» (1991-1993)
* «Тараз» (1993-...)
## Әкімшілік және жаттықтырушылар штабы
## Негізгі құрам
2019 жыл
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 12 шілденің 2011 жылы. |
Рамазан Рымбекұлы Баймағанбетов (1950 ж.т., бұрынғы Семей облысы Ұзынбұлақ а.) — актер, ҚР-ның еңб. сің. әртісі (1993).
Қарағанды муз. уч-щесін (1972), Қарағанды Қазақ драма театры жанындағы студияны (1974) бітірген. 1972 — 90 ж. С.Сейфуллин атынд. драма театрдың актері; 1990 — 92 ж. Ақмола облысы Қ.Қуанышбаев атынд. Қазақ муз.-драма театрының жетекші актері болды. Ол Қарабай, Мылқау, Есеней(Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты», «Ұлпан»), Асан, Көтібар, Шыңғыс (М.Әуезов, «Қарагөз», «Айман — Шолпан», «Шоқан Уәлиханов»), Ағоба (О.Иоселиани, «Арба аударылғанша»), Банко (У.Шекспир, «Макбет») Кронида (Еврипида, «Медея»), Яичницы (Н.В.Гоголь, «Женитьба»), Момын (Ш.Айтматов, «Ақ кеме»), Дикая, Қасым (С.Жүнісов, «Қос анар», «Жаралы гүлдер»), Хазин (Ә.Тарази, «Жақсы кісі») рөлдерін сомдаған. Театрдың «Ән-домбырам, сән-домбырам!», «Арман қыздар», «Есілім еркем», «Наурызым әнім – Наурызым сәнім!», «Ой, тәуба-ай» концерттік бағдарламаларына қатысқан.
## Дереккөздер |
Батырбек Рысбекұлы, Батырбек датқа, Батырбек қажы (1795, қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы маңындағы “Датқа саз” мекені – 1885, сонда) – белгілі тарихи тұлға. Ұлы жүз Дулат ішіндегі Сиқым тармағынан шыққан.
Әкесі Рысбек батыр жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен. Қыстауы, жаз жайлауы – Жуалыдағы Бөкей тауының етегінде қазір “Батырбек сазы” деп аталатын орманды алқап. Батырбек өз дәуірінде Жуалы, Оңтүстік Түлкібас, Сайрам аумағына, Шымкент төңірегіне билік жүргізген. Байзақ, Сапақ датқалармен сыйлас, дос болып, Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізген, Кенесары бастаған көтеріліске қолдау көрсеткен. 1860 жылдардағы Орыс патшалығымен болған соғыстардың барлығына ұлдарымен бірге қатысқан. 1860 ж. Ұзынағаш шайқасына қатысты. Бұл кездері датқа қарт еді. Ұызнағаш, Әулие ата, Шымкент, Манкент, Ташкент түбінде болған соғыстардың барлығына Сыздық сұлтан әскерінің құрамында оның ұлдары қатысты.
Сондай-ақ олар халықты бірлікке, татулыққа үндеп, отырықшылыққа үйреткен, канал қаздырып, суландыру жүйесін енгізген. 1863 жылы Батырбекке полковник М.Г. Черняев пен Шоқан Уәлиханов арнайы жолығып, Оңтүстік өңірді қоқандықтардан азат ету жөнінде пікірлескен. Осы соғыс кезінде ол алдын ала қам жасап, халықты қырғыннан аман алып қалды. Батырбек Құнанбай Өскенбайұлы, Мұса Шорманұлы, Шыңғыс Уәлиханов, Андамас, Мырқы, Нұрпейіс, т.б. белгілі адамдармен таныс-біліс, құдандалы болған. Өзінің қыстауының жанынан үлкен мешіт салдырып, жанынан медресе тұрғызды. 1874 жылы Меккеге қажылыққа барып, Қасымбек датқа, Құнанбай, Аңдамас, Мырқы, Нұрпейістермен бірігіп, 3 тәккия(қонақ үй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдыртқан.
Батырбектің кіндігінен 11 ұл, 5 қыз тараған. Батырбекті кезінде Шөже, Майлықожа, Мәделі ақындар мадақтап, жырға қосқан. Оның қайраткерлігі, ерлік істері жазушылар С.Бақбергеновтың “Алтын құс”, Ә.Жылқышиевтің “Дауылдан кейінгі жорық”, М.Қалдыбайұлының “Бәйдібек баба арманы”, А.Өтеуліұлының “Сиқым шежіресі” атты кітаптарында айтылады. Денесі өзі салдырған мешітінің жанына қойылып, басына үлкен күмбез тұрғызылған. Басына халық келіп зиярат жасайды. Ұрпақтары негізінен Оңтүстік өңірдің Жуалы, Талас, Түлкібас, Бәйдібек, Сайрам аудандарында тұрады.
## Дереккөздер |
Дулат сөзінің бірнеше мағынасы бар:
* Дулат — қазақ руы.
* Дулат — қазақтарда ерлер есім.Дулат Бабатайұлы
Дулат Бабатайұлы |
Мұрат Әзімбекұлы Тілешев — Қазақстан футболшысы. Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы. 1980 жылы сәуірдің 12-сі күні Тараз қаласында дүниеге келген. Қазіргі күні "Шахтер" (Қарағанды) клубының спорттық директоры.
## Карьерасы
1998 жылы "Тараз" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 2000 жылы "Шахтерға", сосын Астананың "Жеңіс" клубына ауысып, Қазақстан чемпионы атанды.
2001 жылғы маусымда қайтадан "Шахтерға" оралды.
2003 жылы "Ертіске" ауысып, үш маусым ойнады. Осы аралықта, яғни 2004 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасына шақыртылды. Чемпионаттағы өте нәтижелі ойындарына қарамастан (2008, 2009 жылдары Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды), 2008 жылы құрамаға Бернд Шторк бас бапкер боп келген соң Мұрат құрамаға мүлде шақырылған жоқ.
Кейін де бірнеше рет клуб ауыстырды. 2010 жылы "Ақтөбе" сапында жүріп, өзінің Қазақстан чемпионатындағы 130-шы голын соқты.
2016 жылы "Ақтөбе" сапында ойнап карьерасын аяқтады. 18 жылдық карьерасында Қазақстан чемпионаттарында 148 гол соқты. Бұл Нұрбол Жұмасқалиевтен кейінгі екінші көрсеткіш.
## Статистикасы
## Жетістіктері
* Қазақстан Чемпионы: 2003, 2006, 2009
* Қазақстан Кубогының иегері : 2001
* Қазақстан Супер Кубогының иегері : 2010
* Достастық Кубогының финалисті : 2009, 2010
* Қазақстан Премьер Лигасының бомбардирі : 2005, 2008, 2009
## Сілтемелер
* Профилі (fannet.org)(қолжетпейтін сілтеме) (орыс.) |
Жоғарғы Қайрақты — Қарағанды облысы Шет ауданы, Төменгі Қайрақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 41 км-дей жерде. Жерiнiң жалпы ауданы 224 мың га (2006). Кентте 6 шаруа қожалығы құрылған (2006). Қатпар кен орны бар.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Кентте 1 мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кiтапхана бар. Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Сәкен Сейфуллин темір жол бекеті 60 км жерде.
## Дереккөздер |
Құрманғазы (2018 ж. дейін Ганюшкин)) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл, аудан және аттас ауылдық округтің әкімшілік орталығы.
## Географиясы
Ауыл Еділ өзенінің саласы — Шарон (кейбір деректер бойынша Шора) өзенінің бойында орын тепкен. Облыс орталығы Атырау қаласынан 245 км, Ресейдің Астрахан қаласынан 113 км қашықтықта орналасқан.
Ганюшкин арқылы Атырау—Астрахан тас жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы Ақкөлмен ара қашықтығы — 25 шақырым.
## Халқы
2010 жылдың 1 қазандағы дерек бойынша Ганюшкинде 12830 адам тұрады. Соның басым көпшілігі (94%) — қазақтар.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14532 адамды (7242 ер адам және 7290 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Астрахан мұрағатынан алынған деректер бойынша ауыл құрылған жылы (1793 немесе 1789—1793 ж. аралығы) Ганюшкинде 15 үй болған, оның ішінде 38 ер, 41 әйел, барлығы 79 адам тұрған, ал 1871 ж. 53 үйде 358 адам тұрған, олардың ішінде 229 ер, 179 әйел болған.
1917-1922/23 жылдардағы азамат соғысы кезінде Ганюшкин ақтардан қызылдарға және керісінше бірнеше рет ауысып, қолдан-қолға өткен. 1919 ж. 23 қарашада Ганюшкин Қызыл әскер құрамына біржолата өтті. Жергілікті танымал қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың ұйымдастыруымен Ганюшкин — әуелі болыс орталығы, содан соң 1922 ж. уез орталығы, ал 1928 жылдан бастап аудан орталығы болды.
2018 жылы сәуірде ауыл есімі Ганюшкиннен Құрманғазы болып өзгертілді.
## Ішкі бөлінісі
Ауыл Үлкен және Кіші Ганюшкин, Самаркин, Бұзаусылан (Безымянный), Рембаза, Құрылысшылар ауылы (ПМК), РТС, Кіресті (Красиловка), Жапырық (Ягодный) деп аталатын мөлтек аудандардан тұрады.
Мөлтек аудандардың аталу тарихы төмендегідей:Үлкен және Кіші Ганюшкин — екі аралдың атауы 18 ғасырда ағайынды Ганюшкиндер келіп орналасуына орай осылай аталған. Бұл туралы алғашқы мәлімет 1759 жылы болған.
Самаркин — Көпес Ганюшкин берген атау делініп жүр. Самар беті мағынасында.
Бұзаусылан — ертеде айналасының барлығын су қоршаған арал болған, осы аралға тұрғындар бұзауларын қайықпен шығарып, шөпке жайған. Әрі қарайбұл арал Бұзаусылан деп аталған.Рембаза — Кіші Ганюшкиннің бір бөлігі. 20-ғасырдың 30-жылдарынан бастап, шағын кеме, қайық, мотор, балықшылыр жарақтарын өңдейтін база, шеберхана орналасуына байланысты атап кеткен.РТС (Механизатор ауылы) — өткен ғасырдың 50 - жылдары трактор, автокөлік жөндеу станциялары орналасуына байланысты шыққан атау.ПМК (Құрылысшылар ауылы) — Орысша «Передвижная механизированная колонна» сөзінен шыққан. 1960 жылы ауданда алғаш рет жылжымалы механикаландырылған құрлысшылар колоннасы құрылуына байланысты шыққан атау.Кіресті — жер аты. Бастапқы аты Қызылжар болуы мүмкін, азамат соғысы кездеріндегі деректерде Красиловский бугор аталған. Орыс молаларының көп болуына байланысты «кресты, крест», кейін дыбыстық өзгеріске ұшырап, Кресті атауына ие болған.
## Ескерткіштері
Ауылда қазақтың атақты күйшісі Құрманғазыға, Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьевке, азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ескерткіш, интернационалист-жауынгер Бауыржан Бегалиевке ескерткіш тақталар орнатылған.
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға орнатылған «Ер есімі- ел есінде 1941-1945 жылдары» атты ескерткіш обелискілер, Данқ орденінің үш бірдей иегері Ғизат Мұқашұлы Әліповке, Кеңес Одағының Батыры Филипп Савельевич Мазуровқа, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға, Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаевқа орнатылған гранит белгілері бар.Сонымен қатар Ауған жеріндегі соғысқа 1979-1989 жылдар аралығында 95 интернациалист жауынгер жерлестерге арналған ескерткіш, Тәжік -Ауған шекара аймағында қатысқан 1992-2001 жылдар аралығында ауданнан қатысқан 53 жауынгерге ескерткіш, Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың құрметіне ескерткіш, «Қуғын-сүргін құрбандары мәңгілік жадымызда» 1930-1940 жылдар аралығында 30-ға жуық жерлестерге арналған ескерткіш орнатылған.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
Құрманғазы ауылында 3 қазақ мектебі, 1 орыс мектебі, сондай-ақ Ганюшкин мектеп-интернаты бар.Сонымен қатар орталық аурухана, мәдениет үйі, емхана, мұражай, басқа да мекемелер орналасқан.Сонымен қатар спорт кешені, телекоммуникация бөлімі, «Казпошта» мекемесі, аудандық кітапхана жұмыс жасайды.
### Колледж
* Құрманғазы аграрлы -техникалық колледжі
### Мектептері
* Абай атындағы орта мектеп — Алғашқы деректерде 1895 жылы ашылған. 1933 жылы аралас орта мектеп ретінде қалыптасты. 1939 жылы Молотов (Ломоносов) атындағы орыс мектебінің бөлінуіне байланысты, Ганюшкин қазақ орта мектебі деп аталды. 1945 жылы Абай есімі берілді. 1960 жылы сегізжылдық мектепке айналып, 1973 жылы қайта орта мектеп болды. 1981 жылы 1176 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
* М.Әуезов атындағы орта мектеп — 1971 жылы ашылған. 1990 жылы 620 бала оқытуға арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
* Ломоносов атындағы орта мектеп — 1939 жылы бөлек мектеп болып бөлініп шыққан. 1961 жылы қазіргі 2 қабатты ғимарат пайдалануға берілді.
* З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты — 1962 ж. шалғай елді мекендердің балаларына білім мен тәрбие беру мақсатында ашылды. 1972-1973 оқу жылы Ганюшкин ауылында үш кабатты типтік жобамен салынған мектеп-интернат ғимаратының берілуіне байланысты Сафон және Ганюшкин мектеп-интернаты қосылды.
* Б.Бегалиев атындағы орта мектеп — 1958 ж. бастауыш, 1961 ж. сегізжылдық, 1986 ж. Каспий орталау мектебі, 2001 ж. орта мектеп болып қайта құрылды. 1990 жылы Б.Бегалиев есімі берілді. 2002 жылы 624 орындық жаңа үлгідегі мектеп үйі салынды.
* Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі — Теңіз аудандық атқару комитетінің 1964 жылғы 21-қазандағы шешімімен ашылды.
### Мектепке дейінгі балалар мекемелері
* «Мерей» бөбекжай-балабақшасы
* «Балауса» бөбекжай-балабақшасы
* «Өркен» бөбекжай-балабақшасы
* «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы
* «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы
### Аурухана
* Құрманғазы аудандық ауруханасы
* Облыстық өкпе ауруларына қарсы санаторий — 60 орынды санаторий 2001 жылдың наурыз айынан бастап ауруларды қабылдап сауықтыруда.
## Діни ұйымдар
* "Темірәлі" мешіті — 2002 жылы салынған. Жобасын М.Елеусінов жасаған. Жерінің аумағы 0,3114 га. Пайдалы алаңы 255,39 шаршы метр, 175 адамға арналған, екі қабатты. Ғимарат намаз оқитын зал, имам бөлмесі, кітапхана, неке қиятын залдан тұрады. Мұнарасының биіктігі 19 метр, қабырғасының биіктігі 5 метр. Биіктігі 1 метрлік мінбер сапалы ағаштан өрнектеліп жасалған.
## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік
«Атырау Жарық» АҚ, Құрманғазы Газ шаруашылығы, «Кұрманғазы жолдары» мекемесі, көптеген кәсіпорындар, мейрамханалар, кафелер, асханалар, сауда орындары орналасқан.
## Ауыл суреттері
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Серпер» Құрманғазы аудандық газеті Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2017 жылы. |
Құрманғазы (2018 ж. дейін Ганюшкин)) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл, аудан және аттас ауылдық округтің әкімшілік орталығы.
## Географиясы
Ауыл Еділ өзенінің саласы — Шарон (кейбір деректер бойынша Шора) өзенінің бойында орын тепкен. Облыс орталығы Атырау қаласынан 245 км, Ресейдің Астрахан қаласынан 113 км қашықтықта орналасқан.
Ганюшкин арқылы Атырау—Астрахан тас жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы Ақкөлмен ара қашықтығы — 25 шақырым.
## Халқы
2010 жылдың 1 қазандағы дерек бойынша Ганюшкинде 12830 адам тұрады. Соның басым көпшілігі (94%) — қазақтар.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14532 адамды (7242 ер адам және 7290 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Астрахан мұрағатынан алынған деректер бойынша ауыл құрылған жылы (1793 немесе 1789—1793 ж. аралығы) Ганюшкинде 15 үй болған, оның ішінде 38 ер, 41 әйел, барлығы 79 адам тұрған, ал 1871 ж. 53 үйде 358 адам тұрған, олардың ішінде 229 ер, 179 әйел болған.
1917-1922/23 жылдардағы азамат соғысы кезінде Ганюшкин ақтардан қызылдарға және керісінше бірнеше рет ауысып, қолдан-қолға өткен. 1919 ж. 23 қарашада Ганюшкин Қызыл әскер құрамына біржолата өтті. Жергілікті танымал қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың ұйымдастыруымен Ганюшкин — әуелі болыс орталығы, содан соң 1922 ж. уез орталығы, ал 1928 жылдан бастап аудан орталығы болды.
2018 жылы сәуірде ауыл есімі Ганюшкиннен Құрманғазы болып өзгертілді.
## Ішкі бөлінісі
Ауыл Үлкен және Кіші Ганюшкин, Самаркин, Бұзаусылан (Безымянный), Рембаза, Құрылысшылар ауылы (ПМК), РТС, Кіресті (Красиловка), Жапырық (Ягодный) деп аталатын мөлтек аудандардан тұрады.
Мөлтек аудандардың аталу тарихы төмендегідей:Үлкен және Кіші Ганюшкин — екі аралдың атауы 18 ғасырда ағайынды Ганюшкиндер келіп орналасуына орай осылай аталған. Бұл туралы алғашқы мәлімет 1759 жылы болған.
Самаркин — Көпес Ганюшкин берген атау делініп жүр. Самар беті мағынасында.
Бұзаусылан — ертеде айналасының барлығын су қоршаған арал болған, осы аралға тұрғындар бұзауларын қайықпен шығарып, шөпке жайған. Әрі қарайбұл арал Бұзаусылан деп аталған.Рембаза — Кіші Ганюшкиннің бір бөлігі. 20-ғасырдың 30-жылдарынан бастап, шағын кеме, қайық, мотор, балықшылыр жарақтарын өңдейтін база, шеберхана орналасуына байланысты атап кеткен.РТС (Механизатор ауылы) — өткен ғасырдың 50 - жылдары трактор, автокөлік жөндеу станциялары орналасуына байланысты шыққан атау.ПМК (Құрылысшылар ауылы) — Орысша «Передвижная механизированная колонна» сөзінен шыққан. 1960 жылы ауданда алғаш рет жылжымалы механикаландырылған құрлысшылар колоннасы құрылуына байланысты шыққан атау.Кіресті — жер аты. Бастапқы аты Қызылжар болуы мүмкін, азамат соғысы кездеріндегі деректерде Красиловский бугор аталған. Орыс молаларының көп болуына байланысты «кресты, крест», кейін дыбыстық өзгеріске ұшырап, Кресті атауына ие болған.
## Ескерткіштері
Ауылда қазақтың атақты күйшісі Құрманғазыға, Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьевке, азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ескерткіш, интернационалист-жауынгер Бауыржан Бегалиевке ескерткіш тақталар орнатылған.
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға орнатылған «Ер есімі- ел есінде 1941-1945 жылдары» атты ескерткіш обелискілер, Данқ орденінің үш бірдей иегері Ғизат Мұқашұлы Әліповке, Кеңес Одағының Батыры Филипп Савельевич Мазуровқа, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға, Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаевқа орнатылған гранит белгілері бар.Сонымен қатар Ауған жеріндегі соғысқа 1979-1989 жылдар аралығында 95 интернациалист жауынгер жерлестерге арналған ескерткіш, Тәжік -Ауған шекара аймағында қатысқан 1992-2001 жылдар аралығында ауданнан қатысқан 53 жауынгерге ескерткіш, Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың құрметіне ескерткіш, «Қуғын-сүргін құрбандары мәңгілік жадымызда» 1930-1940 жылдар аралығында 30-ға жуық жерлестерге арналған ескерткіш орнатылған.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
Құрманғазы ауылында 3 қазақ мектебі, 1 орыс мектебі, сондай-ақ Ганюшкин мектеп-интернаты бар.Сонымен қатар орталық аурухана, мәдениет үйі, емхана, мұражай, басқа да мекемелер орналасқан.Сонымен қатар спорт кешені, телекоммуникация бөлімі, «Казпошта» мекемесі, аудандық кітапхана жұмыс жасайды.
### Колледж
* Құрманғазы аграрлы -техникалық колледжі
### Мектептері
* Абай атындағы орта мектеп — Алғашқы деректерде 1895 жылы ашылған. 1933 жылы аралас орта мектеп ретінде қалыптасты. 1939 жылы Молотов (Ломоносов) атындағы орыс мектебінің бөлінуіне байланысты, Ганюшкин қазақ орта мектебі деп аталды. 1945 жылы Абай есімі берілді. 1960 жылы сегізжылдық мектепке айналып, 1973 жылы қайта орта мектеп болды. 1981 жылы 1176 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
* М.Әуезов атындағы орта мектеп — 1971 жылы ашылған. 1990 жылы 620 бала оқытуға арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
* Ломоносов атындағы орта мектеп — 1939 жылы бөлек мектеп болып бөлініп шыққан. 1961 жылы қазіргі 2 қабатты ғимарат пайдалануға берілді.
* З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты — 1962 ж. шалғай елді мекендердің балаларына білім мен тәрбие беру мақсатында ашылды. 1972-1973 оқу жылы Ганюшкин ауылында үш кабатты типтік жобамен салынған мектеп-интернат ғимаратының берілуіне байланысты Сафон және Ганюшкин мектеп-интернаты қосылды.
* Б.Бегалиев атындағы орта мектеп — 1958 ж. бастауыш, 1961 ж. сегізжылдық, 1986 ж. Каспий орталау мектебі, 2001 ж. орта мектеп болып қайта құрылды. 1990 жылы Б.Бегалиев есімі берілді. 2002 жылы 624 орындық жаңа үлгідегі мектеп үйі салынды.
* Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі — Теңіз аудандық атқару комитетінің 1964 жылғы 21-қазандағы шешімімен ашылды.
### Мектепке дейінгі балалар мекемелері
* «Мерей» бөбекжай-балабақшасы
* «Балауса» бөбекжай-балабақшасы
* «Өркен» бөбекжай-балабақшасы
* «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы
* «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы
### Аурухана
* Құрманғазы аудандық ауруханасы
* Облыстық өкпе ауруларына қарсы санаторий — 60 орынды санаторий 2001 жылдың наурыз айынан бастап ауруларды қабылдап сауықтыруда.
## Діни ұйымдар
* "Темірәлі" мешіті — 2002 жылы салынған. Жобасын М.Елеусінов жасаған. Жерінің аумағы 0,3114 га. Пайдалы алаңы 255,39 шаршы метр, 175 адамға арналған, екі қабатты. Ғимарат намаз оқитын зал, имам бөлмесі, кітапхана, неке қиятын залдан тұрады. Мұнарасының биіктігі 19 метр, қабырғасының биіктігі 5 метр. Биіктігі 1 метрлік мінбер сапалы ағаштан өрнектеліп жасалған.
## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік
«Атырау Жарық» АҚ, Құрманғазы Газ шаруашылығы, «Кұрманғазы жолдары» мекемесі, көптеген кәсіпорындар, мейрамханалар, кафелер, асханалар, сауда орындары орналасқан.
## Ауыл суреттері
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Серпер» Құрманғазы аудандық газеті Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2017 жылы. |
Батық — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Батық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 87 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1978 жылы Просторненский асыл тұқымды мал зауытының бөлімшесі негізінде қаланған. 1960-90 жылдары асыл тұқымды мал зауыты және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары қазақтың ақбас тұқымды iрi қара өсiру. Жерiнiң жалпы аумағы 98 мың га. Кеңшар негiзiнде 34 шаруа қожалығы құрылған (2006).
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Батық ауылдық округінде орта мектеп, ФАП, пошта бар. Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Жарық темір жол станциясы 50 км жерде.
## Дереккөздер |
Үңірек — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Шет ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Үңірек өзенiнің бойында, Бұғылы тауының етегiнде, аудан орталығы – Ақсу-Аюлының солтүстік-батысында 51 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 180 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1932 жылы Нұраталды кеңшарынан бөлініп, қаланған. 1960-90 жылдары Шет атындағы кеңшардың және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары – мал шаруашылығы, қосымша саласы–сүттi iрi қара өсiру. Жерiнiң жалпы ауданы 147 мың га. Кеңшар негiзiнде 107 шаруа қожалығы құрылған (2006).
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Округтің елді мекендерінде (Үңірек, Қармыс, Құттыбай, Тұмсық ауылдары) 4 мектеп, пошта, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кiтапхана бар. Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын - Сәкен Сейфуллин темір жол бекеті 12 км жерде. (Қатпар кен орны бар).
## Дереккөздер |
Қызылтау — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Кәрім Мыңбаев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Қызылтау, Ақтау, Ортау тауларының етегінде, аудан орталығы – Ақсу-Аюлының оңтүстік-батысында 170 км, Қарағандының оңтүстік-батысында 250 км жерде орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1953 жылы қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 40-53 жылдары «Карлаг» бөлімшесі болған. 1953 жылы жабылған «Карлагтың» қосалқы шаруашылығы негізінде кеңшар құрылған. 53 – 95 жылдары Кәрім Мыңбаев атындағы кеңшардың және Қызылтау ауылдық кеңесінің орталығы болды. Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыты – еділбай тұқымды қой шаруашылығы, қосымша саласы – асыл тұқымды мұғалжар жылқысын өсіру. Округтегі қой тұқымы мен жылқы тұқымын асылдандырудың негізін қалаған академик Кәрім Мыңбаев. Осы мақсаттарда бетпақдала тәжірибе станциясы жұмыс атқарған. Жерінің жалпы ауданы 401 мың га. Округтің аумағында мал өсірумен отырған шаруақожалықтарының 15 қыстағы бар. Кеңшардың негізінде 25 шаруа қожалығы құрылған (2006).
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Округ орталығында 1 мектеп, 1 фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, пошта бөлімшесі, кітапхана. Академик Кәрім Мыңбаев Бетпақдала тәжірибе станциясының негізін қалап еңбек еткен округ орталығы Қызылтауда Кәрім Мыңбаевтың гранит тастан қажалған ескерткіші бар. Округ аумағында ауыл орталығының оңтүстігінде ақжолтай Ағыбай батырдың кесенесі орналасқан. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр темір жол станциясы 78 шақырым жерде.
## Дереккөздер |
Өспен — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Өспен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан батысқа қарай 70 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі орыс көпесі Н.Ушаков ашқан мыс кен орнының негізінде 1847 жылы қаланған. XIX ғасырда Нілді болысының, кейіннен Нілді және басқа болыстар біріктіріліп, Асан Қайғы болысы ұйымдастырылған кезеңде осы болыстың орталығы болды. Асан Қайғы болысының негізінде 1928 жылы Асан қайғы ауданы құрылып, 1929 жылы С.Сейфуллиннің ұсынысымен Жаңаарқа аудандық болып қайта құрылғанда Успен руднигі деген атаумен осы ауданның құрамына кірді. Өспен кенішінде 1905 жылы желтоқсан айында ел тарихында елеулі орын алған жұмысшылар ереуілі болды (Кеніш жұмысшылырының ереуілдегі қойған талаптары: азық түлікті реттеп, киім кешек бөлсін; жұмысшылардың еңбек ақысын арттырсын; жұмысшылардың қазарма үйі оңдалсын; Ресейдегі мектептер үлгісімен жақын арада 4 бөлімді орыс - қазақ мектебі салынсын;). Сол кезеңде, яғни 1906-1909 жылдары Өспендегі мектепте қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі С.Сейфуллин оқыды. Қазақстандағы метталогения мектебінің негізін қалаушы, геология саласының көрнекті маманы Қаныш Сәтбаев Өспен мыс қорыту зауытында болып, онда ғылыми барлау жұмыстарын жүргізген.
## Дереккөздер |
Ортау – Сарыарқаның оңтүстігіндегі аласа таулы массив.
## Географиялық орны
Қарағанды облысының Шет ауданы жерінде, Ақадыр кентінен батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1068 м. Ортау солтүстіктен оңтүстікке қарай 40 – 45 км-ге созылып жатыр, ені 12 – 15 км.
## Геологиялық орны, жер бедері
Жоғарғы палеозойдың гранит жыныстарынан түзілген. Суайырық жотаны және етектерін көктемде ғана ағын болатын кішігірім өзендер (Құрманақа, Сұлуманақа, т.б.) қатты тілімдеген.
## Өсімдігі
Топырағы құнарсыз, қиыршақтасты, тұзды, сортаң. Шөлейттік жусан, сораң шөп, беткейінде бетеге өседі.
## Дереккөздер |
Қошқарбай — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Нұраталды ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 40 км жерде, Талды өзенінің оң аңғарында, Астана-Алматы автожолдары бойында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1931 жылы Нұраталды кеңшары болып құрылды. 1930–97 жылдары сүт өндіретін Нұраталды кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылы Қошқарбайда және округтегі Аққияқ, Ақсу, Қызылқой, Шопа ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды. Кеңшардың негізінде 103 шаруа қожалығы құрылған (2006).
## Шаруашылығы
Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары – сүтті ірі қара өсіру, қосымша саласы - егін шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы 109 мың га.
## Инфрақұрылымы
Округтің елді мекендерінде 4 мектеп, 2 клуб, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ФАП бар. Ұлы Отан соғысында Даңқ Орденінің толық иегері атанған Ботай Байзақов тұрып еңбек етті. Оның атында көше бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын т.ж. станциясы 45 км жерде.
## Дереккөздер |
Босаға сөзінің бірнеше мағынасы бар:
Елді мекендер:
* Босаға – Қарағанды облысы Шет ауданы, Босаға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Босаға – Қарағанды облысы Шет ауданы, Ортау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Босаға (киіз үй)
* Босаға көшесі (Астана)
* Босаға өзені
* Босаға (астеризм) |
Қазақша Уикипедия (латынша: Qazaqşa Uikipediia) — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 3 маусымынан бастап істеп келеді.
Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен 2023 жылдың күзіне дейін жазылды: кириллица (Қазақстан, Ресей, Моңғолия), төте жазу (Қытай, Иран) және латын жазуы (Түркия). Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінеді.
Қазақша Уикипедияда қазіргі уақытта 15 администратор бар.
«Қазақша Уикипедия» атауы қандай да бір мемлекетке немесе халыққа қатыссыз, тек қана мақалалардың жазылу тіліне ғана қатысты.
## Негізгі статистикалық көрсеткіштер
### Сандық
2024-жылдың қазанның 4 күніне сәйкес Қазақша Уикипедияда 237 612 мақала бар. 160 053 қатысушы тіркелген, олардың 243 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 15 қатысушы администратор қызметін атқарады. Жалпы өңдеу саны - 3 383 917. Тереңдігі (бүгін): 15.2
Қазақша Уикипедия мақалалар саны жағынан 49-орында (4.10.2024 көрсеткіш), алайда өңдеу саны жағынан әзірше 67-орында тұр (14.02.2022 көрсеткіш).
Қазақша Уикипедия 1000 сөйлеушіге (қазақ тілінде) шаққандағы мақала саны бойынша (мың адамға 37.2-ден) 50-орында тұр (31 наурыз 2015. көрсеткіш).
### Сапалық
Мақаларға көп өңдемелер жасау жағынан бір мақалаға шаққанда 12.9 өңдемеден келіп 117-орында тұр (14.02.2022 көрсеткіш).
Барлық Уикипедия тіл бөлімдерінде болу керек 1000 мақала санағында 24.82 индекспен 49-орында (05.03.2016 көрсеткіш).
### Келушілер саны
Айына орта есеппен қазақша Уикипедияның беттері 26.83 млн рет қаралады (күніне 894 мың, сағатына 37 мың, минутына 621, секундына 10).
2022 жылдың қаңтар айында қазақша Уикипедия беттері 23 млн рет қаралған (күніне 741 мың, сағатына 30 мың, минутына 515 секундына 8,5).
2022 жылдың қазан айында Қазақша Уикипедия беттері ең көп каралған (48.3 млн). 2022 жылдың қазан айында Қазақстан бойынша барлық Уикипедия бөлімдерін 98 миллион рет қараған. Бұл дегеніміз Қазақша Уикипедия бөлімі Қазақстан бойынша Уикипедия бөлімдерін қарау бойынша 50% үлеске жақын.
Барлық Уикипедия бөлімдерінің арасында келушілер саны бойынша Қазақша Уикипедия 37-орында тұр (2016 жылдың қазанындағы көрсеткіш).
## Тарихы
Ағылшын тіліндегі 2001 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде. Қазақ тілді Уикипедия 2002 жылы пайда болды, бірақ оған алғашқы мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталған болатын.
2011 жылдың 16 маусым күні Алматы қаласында Қазақша Уикипедиясының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. “Wikibilim” қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы — "қазақ тіліндегі мақалалардың саны 16 желтоқсанға дейін 200 000 жетеді" — деді.
Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір уики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің түркі тілді Уикипедиялардың конференциясын ұйымдастыру үшін арнайы гранты табыс етілетіндігі жарияланды.
Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың арасынан Қазақша Уикипедия Түрікше Уикипедиядан кейінгі екінші орын алады (бірінші орын 29.11.2012 - 25.12.2012).
## Танылған қатысушылар тобы
* Уикимедиа қауымдастығының қазақтілді қолданушылар тобы 2020 жылдың 24 наурызында танылды (тіркелді).
### Қатысушылар
* Уикипедия:Белсенді қатысушылар
* Уикипедия:Өңдеме саны бойынша қатысушылар
* Уикипедия:Бет бастауы бойынша қатысушылар
## Конференция
### Халықаралық Түркі тілдес Уикипедиялар конференциясы
2012 жылдың 20-21 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркі тілдес елдер уикипедияшыларының конференциясы өтті. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Саха (Якутия) елдері уики-қауымдастықтарының, сонымен қатар «Wikimedia Foundation», «Creative Commons», «Open Software Foundation» секілді халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және «Google» компаниясының өкілдері қатысты.
### Қазақ уикипедисы конференциясы
2023 жылы 2–3 қыркүйек күндері ЕҰУ-де Бірінші қазақ уики-конференциясы өтті.
## Логотиптер
*
*
*
*
*
*
## Қазақ Уикипедиясына құйылған кітаптар
* «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 - 50 000 мақала
* Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
* Қазақ телевизиясы, Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5
* Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
* Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-3
* Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
* Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
* Тараз энциклопедиясы.
* Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009 жыл. ISBN 9965-34-934-7
* Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3
* ISBN 9965-09-033-5 Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет.
* Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.
* Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
* Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ISBN 5-7667-8188-1 ISBN 9965-16-512-2
* Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
* Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
* Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин. — Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4
* Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
* Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
* Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
* Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
* Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
* Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
* Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
* Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
* Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
* Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
* Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
* Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006 жыл. ISBN 9965-783-20-9
* Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
* Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
* Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт
* Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
* Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006 жыл. ISBN 9965-34-515-5
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақша Уикипедия статистикасы
* Уикипедиялар тізімі
* Қазақша Уикипедияның мобильдік нұсқасы
* Қазақша Уикипедияның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы
## Тағы қараңыз
* Қазақша Уикипедияның тарихы
* Қазақша Уикипедия/Статистика |
Ақой (2004 жылға дейін — Просторное) — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Ақой ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі «Қарлагтың» қосалқы шаруашылығы ретінде өткен ғасырдың 40-жылдары қаланған. 1958 жылы «Просторненский» кеңшары құрылған. Бұрынғы атауы Просторное 2001 жылы Ақой болып өзгертілді. 1960-1990 жылдары «Просторное» асыл тұқымды мал зауыты және ауылдық кеңестің орталығы болды. Жерінің жалпы ауданы - 98,0 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — қазақтың асыл тұқымды ақбас сиыр тұқымын өсіру, қосымша саласы көкөніс, картоп өсіру болды. Кеңшар негізінде 38 шаруа қожалығы құрылған (2006).
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Округ елді мекенінде (Ақой ауылы) мәдениет үйі, кітапхана, орта мектеп, пошта, байланыс бөлімшелері бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Қарағанды—Жезқазған автожолдары округ орталығы арқылы өтеді. Ең жақын Сәкен Сейфуллин (Жарық) темір жол стансасы 30 км жерде.
## Дереккөздер |
Жетісу футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Талдықорған қаласының Жетісу стадионы клубтың базасы болып табылады. Бюджеті - 900 400 000 теңге (шамамен $6 000 000).
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Клуб негізі Талдықорғанда 1981 жылы қаланды, алғашқы маусымда клуб КСРО-ның 2-ші лигасының Қазақ аймағында 19 клубтардың ішінде 16 орын алады. Ол кезде команда жетекшісі Юрий Петров болған. 1985 жылы Қазақ аймағы 14 клубқа дейңн қысқарғанда Жетісуға онда орын болмай қалады, сонда команда бір маусымға шеберлер клубы мәртебесінен айрылып қалады.
1990 жылы клуб өз тарихында ең жоғарғы жетістікке жетеді - Жетісу КСРО 2 лигасының Қазақ аймағында 2-ші орын алады:Команда жетекшісі Евгений Нам, ал ойыншылар арасында жетекші рөлде Виталий Карпенко, Сергей Петушков, Берік Арғымбаев және осы күнгі клуб тренері Серік Әбдуәлиевтер болған.
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 14 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
## Еурокубоктерде
## Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
### Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1992 — 6:0 («Зенит», Көкшетау)
* 1992 — 7:1 («ЦСКА», Алматы)
### Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 0:8 («Достық», Алматы)
* 2000 — 0:8 («Жеңіс», Астана)
## Клуб атауларының тарихы
* «Жетісу» (1981-1992)
* «Талдықорған» (1993)
* «Қайнар» (1994-1997)
* «Жетісу-Промсервис» (1998)
* «Жетісу» (1999-о.у)
## Әкімшілік және жаттықтырушылар штабы
## Құрамы
2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011
* Қазақстан бірінші лигасының чемпионы (1): 2006, 2017
## Сілтемелер
* Ресми сайты |
Досан батыр – тарихи жыр.
1868 жылғы Маңғыстау қазақтары көтерілісінің басшылары Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлына арналған. Авторы халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы.
## Нұсқалары
«Досан батыр» жыры өзінің оқиға желісінің тартымдылығымен және көркемдігімен, тарихи деректерінің нақтылығымен ерекшеленеді. Сәттіғұл жырының Орталық ғылыми кітапхана қорында үш түрлі нұсқасы сақталған. Мазмұны мен көркемдігі жағынан толығырақ нұсқасын латын әрпімен жаздырып, 1939 жылы Сәттіғұл ақын өзі тапсырған.
## Әдебиеттерде
«Досан батыр» жыры «Қазақ әдебиеті тарихында» (А., 1961, 1-т., 2-кіт.), «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» кітабында (1979) және Қ.Сыдиықұлының «Ақын жыраулар» (1974), «Сарқылмас қазына» (1996) моногр. еңбектерінде айтылады.
## Дереккөздер |
Ақжайық футбол клубы — Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Орал қаласының П.Атоян атындағы стадион клубтың базасы болып табылады.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 6 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1992 — 8:0 («ЦСКА», Алматы)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 2004 — 0:9 («Тобыл», Қостанай)
### Клуб атауларының тарихы
* «Уралец» (1968-1993)
* «Уралец-АРМА» (1994-1995)
* «Жәңгір» (1997)
* «Нарын» (1998)
* «Батыс» (2002-2003)
* «Ақжайық» (2004-)
## Бапкерлер штабы
## Ойыншылар
## Жетістіктері
* Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (1): 2015
## Статистикасы
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 19 тамыздың 2010 жылы. |
Шотан Назарұлы (1705–1786) — қазақ батыры. Тегі — Кіші жүз Адай руынан шыққан. Шотанның анасы Мақпалжан - Қаратоқай Беріш руынан, атақты Есболай бидің қарындасы. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Түркістан қаласының маңында болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. 1739–1742 жылдар аралығы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Хангелді, Өтеген батырлармен бірге Ұлы жүз жерін Серен Дондук пен Септеннің 35 мыңдық жасағының шабуылынан қорғау ұрыстарына қатысып, қазақ қолының бір бөлігіне басшылық етті. 1739–1740 жылы қыста жоңғарлардың қазақтарды Бетпақтың суығына ұстап қырмақ болған әрекетін іске асыртпай, табандылықпен шайқасты. Шотанның есімі 1750 жылдан кейінгі деректерде аталмайды, соған қарағанда кіші қалмақ ордасымен болған шайқастардың бірінде қаза тапқан болуы керек. Шотан батыр есімі түрікмендермен болған шайқастарда да көп кездеседі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Маңғыстау ауданының қарашаңырағы болып есептелетін Тұщықұдық жерінде халықтың ұмытылмас тұлғаларының қатарындағы, жоңғарлармен шайқаста қазақ жерін қасықтай қаны қалғанша қорғаған халық батыры Шотан Назарұлына және Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ болып, елге аман оралып, халық шаруашылығын қалпына келтіруде қажырлы еңбек еткен Иса Жанәділұлы, Қалмырза Жұмалыұлы, Шаңытбай Ибаұлына көше аттары беріліп, дүбірлі той өткізілмекші. Халық өзінің ерен тұлғаларын қаншама тауқымет тартса да, естерінен шығарған жоқ. Жұртымыз талай рет небір басқыншылықты басынан өткізіп, шаңырағы ортасына түсіп, құрып кетуге айналды. Сол бір кездерде: «Жаным – арымның садағасы, арым – халқымның садағасы» деп елін сүйген, жанын шүберекке түйген, небір жүрек жұтқан батырлар, қазақ елінің қай жерлерінде де атқа қонып ерлік істері мен даңқын паш етті. Біздің бүгінгі әңгімеміздің арқауы – жоңғарлармен жан алып, жан беріскен сұрапыл жылдарда жасақтың бас сардары болған Шотан Назарұлы. Шотан 1705 жылы Әзіреттің Алатауының Қазығұртқа қараған беткейін жайлаған Адай ауылының белгілі биі және батыры Назардың шаңырағында дүниеге келген. Шотанның әкесі Назар – 1684 жылдардың шамасында туған, әрі би, әрі батыр, халқының алдында үлкен беделге ие болған тұлға. Адай тайпасында Қыдыр көрген үш Назар бар деп атайды. Олардың бірі – осы Жары Назар, Ескелді Саназар, Жаңай Қожаназар делінеді. Жары Назар Әйтеке бидің жиені және айырылмас досы болған. 1722 жылдың көктемінде Әбілқайырдың өткізген жиынында туған жерді уақытша жауға қалдырып, елді аман алып қалуды, ол үшін қыс түсіп, мұз қатқасын Сырдан өтіп, малды түгелдей өткізіп, жаз шыға қозғалу мәселесін бірінші Назар ұсыныпты. Әскер ісімен айналысуға табын Бөкенбай мен Көкінің Есеті бөлінген. Әбілқайыр өзінің сөзінде белді бекем буатын мезгілдің келгенін, сондықтан да Еділ мен Жайықтың арасына сұғынып торғауыт пен башқұртты ығыстыруды нысана етпесе болмайтынын айтып, шешім қабылдайды. Мінеки, Әбілқайыр осылай өзіне қарасты халықты жұрт аударуға тас-түйін даяр етіп қояды. Айтқандайын 1723 жылдың ерте көктемінде Сыбан-Раптан жүз мыңның үстінде мұздай қаруланған әскерін қазақ еліне төгіп жібереді. Әбілқайыр қалмақ қолымен Қаратаудың Сұғындық асуында кездеседі. Осы соғыста Шотан өзінің ерекше ерлігімен көзге түскен болатын. Соғысты алыстан бақылап тұрған Әбілқайыр астында жүйткіген шұбар аты бар, өте жылдам қимылдайтын бір жігіттің қалмақтың ұйыққан ортасына қойып кетіп, жайратып шығып жүргенін көріп және артындағы бес жүздей нөкерінің одан екі елі қалмай жауға үлкен шығын келтіріп, жапырып бара жатқанына қуанып, қасындағылардан сұрағанда, қасында тұрған Мырзатай: «Ол Назар ағаның баласы Шотан ғой, үлкен ұрысқа бірінші кіруі», – дейді. Сонда Әбілқайыр: «Бірінші соғысып тұрғаны мынадай болса, бұдан кейінгі соғыстарда аман болса қалмақтарға жіберген Алланың жаналғышы десейші», – деп басын шайқап, күліп ризалығын білдіреді. Сол соғыста Бөкенбайдың ту сыртынан есік пен төрдей жерден келіп найза ұрғалы жатқан еңгезердей қалмақты байқап қалған Шотан шалт қимылмен қолындағы найзаны одан бұрын сілтеп, найза кеңірдектен шаншылып, өкіріп арт жағындағы құлап бара жатқан қалмақты енді аңғарған Бөкенбай найзасын суырып алып жатқан Шотанды көргенде өзін ажалдан арашалаған жасқа риза болады. Сол жерде шатқалға қамап, он мыңдай қалмақты біреуін қалдырмай қырған Әбілқайыр қолының ішінде асқан ерлік көрсеткен Шотанды табын Бөкенбайдың ұсынысымен он екі ата Байұлының «Бас сардары» етіп бекітіпті. Сол жерде Әбілқайыр Шотанға «Жұлдызың жарқырай берсін, Шотаным», – деп батасын беріпті. Он екі ата Байұлының Шотан басқарған қолы Жем бойын жағалай қоныстанып отырған Лекбай тайшының әскерін талқандап, бес жүз үймен отырған ауылын шауып, үлкен олжа түсіреді. «Қалмақ қырған» деген атау бұл жерде қалған. Сонымен қатар Шотан Ақтабан шұбырынды кезінде башқұрттар иеленіп алған Ырғыз, Елек, Ор, Қарғалы, Қарабұтақ жерлерін дұшпанның қарсылықтарына қарамастан қайтарып алды. Әбілқайыр бастаған қалың қол 1728 жылдың көктемінде Сарысудың оңтүстік батысындағы Бұланты өзенінің жазығында қалмақтың үлкен қолымен кездеседі. Сол кезде қалмақ жағынан шыққан батыр: «Осында Саңырық бар ма, батыр болса менімен жекпе-жекке шықсын, егер қорықса ең мықтысын жіберсін», – деп айқайды салып ортаға шыға келіпті. Атын атап шақырғасын жекпе-жекке шықпай қалуға болмайтынын білетін Ұлы жүздің бас сардары Саңырық атынан түсіп, айылын қайта тартып жатқанда Әбілқайыр келіп: «Саңырық атыңды атай берсін, ол жоңғар қолының бас сардары емес қой, сіздің орныңыз басқа ғой, басқа жас нояндардың бірі шығар», – деп еді, Саңырық: «Көптен бері жекпе-жекке шықпап едім, Құдай бергенін қайтып алмаса желкесін үзіп келейін», – деп атына міне бергені сол еді, қалың қол шу ете түсті. Әбілқайыр да, Саңырық та жекпе-жекке шақырған қалмаққа қарай оқша ұшып бара жатқан адам ба, үлкен шұбар жолбарыс па айырып жатуға болмайтын біреудің жылдамдықпен барып өте шыққанда қалмақтың атынан қалай құлағаны байқалмай қалыпты. Қайта оралған бетінде жығылған қалмақтың басын Саңырықтың алдына әкеліп тастап, өзі ортаға кіріп, көрінбей кетіпті. Жаңағы адамның кім екенін Әбілқайыр ғана танып қалыпты. Ол дулығасының астынан ақ жібек орамалмен бетін тұмшалап алған Шотан еді. Таңғалып тұрған Саңырыққа қарап Әбілқайыр: «Сәке, кешірім өтінемін, сіздің сыбағаңызды рұқсатсыз пайдаланып кеткен біздің бір жас сарбазымыз», – дегенде, Саңырық: «Ойпырмай, өзі адам ба, мен көмекке келген пірлердің бірі шығар деп едім», – деп күледі.Шотан бұл соғыста да он екі ата Байұлы жасақтарын бастап, қалмақ қолын бөліп, қоршап алып қырып тастайды. Бұланты соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін барлық әскерді сапқа тұрғызып, алдына Саңырық шығып, Шотанға: «Өркенің өссін, інім, жаудан сағың сынбасын, даңқың арта берсін», – деп күмістелген ер-тоқымды күрең арғымақты және алтын балдақты алмас қылышты сыйға тартыпты. 1730 жылғы соғыста да Шотан ерекше көзге түседі. Қалмақтар тау шатқалында бекініп алып, қазақ қолы жазық далада, күннің астына қалған жерде Шотанның ақылымен жауды жеңіп шығады. 1754 жылдың басында Абылай үш жүздің біріккен құрылтайын шақырады. Абылай сөзінде жоңғар үшін, қала берді, қазақ үшін ең қауіпті жау өзін жарым дүниенің әміршісі деп есептейтін Қытай мемлекеті екенін ашық айтады. Сол кезде қазақ елінің кейбір жерлерін жоңғарлар иемденіп отырған болатын. Кеңестің белгілеуі бойынша қазақ қолы мамыр айының ортасында Аягөз өзеніне – Ақшәуліге жиналуға сөз байласады. Бұл соғыста бес мың қолды бастап Ералы сұлтан мен Шотан келеді. Абылай әскербасыларымен жиын өткізіп, жауға үш бағытта аттанатын болады. Хан жасағын қосып Абылайдың өзі жүреді. Соғыс басталғанда Абылай мен Ералы сұлтан азғантай нөкерлерімен биіктеу жерге шығып, соғыстың барысын бақылай бастайды. Шотан бастаған топтың жоңғарды қынаша жайпауы назарды бірден аударды. Абылай Шотанға садақтан атылып жатқан жебелер мен мылтық оқтарының біреуі дарымай, сілтеніп жатқан шоқпар мен айбалтаның біреуі тимей жатқанына таңғалғаны сондай: «Мына Шотан батыр құдіреттің өзі екен ғой, тусаң ту», – депті. Шотанның оққағарының бар екендігіне, қасиетті батыр екендігіне Абылайдың көзі жетіпті.Шотанның қолы қалмақтарды тұтастай қоршауға алғанда қалмақтар ақ жалау көтеріп, бас сауғасын сұрапты. Шотан Абылайға қараған екен, Абылай: «Жауды жеңген сіз, билік жеңген адамдікі, сондықтан шешімді өздеріңіз алыңыздар», – дейді. «Егер олай десеңіздер, қалмақтардан бұдан былай қазаққа қол көтермейміз деген антын алып, қару-жарақтарын алып, өздеріне екі адамға бір ат-көліктен беріп, елдеріне қайтарамыз және елін көшіріп, жоңғар қақпасынан әрі кететін болады» депті. Шотанның керемет ерлігіне және оның қанқұмар еместігіне, үлкен ақылдылығына Абылай іштей разы болады. Адайлардың негізгі тайпалары 1740–1741 жылдардың шамасында Доңызтау, Желтау, Қарақұм, Аспантай-Матай, Сам құмдарын қыстап Маңғыстауға қарай бағыт алған. Өткен тарихи деректерді азды-көпті айтып кеткен ақындар Абыл, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Мұрат, Аралбай, Сәттіғұл, Сүгірлерден, Айтқұл, Шамығұлдардан қалған әңгімелер бар. Кәрі Маңғыстау – талай аузы дуалы билерінің кесімді адал биліктеріне, түмен-түмен қол ертіп, терлігін терге шірітіп, елін қорғаған ерлердің ерліктеріне, малының көптігінен көшкенде жұртына желідегі елу құлынды бие, қырық боталы түйені ұмытып тастап кетіп жүрген байлардың байлықтарына, таңды-таңға ұластырып жырлаған жыршыларға, олардың әр қилы тағдырларына куә болған өлке. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның кезінде Маңғыстауға Адай елін бастап келген батырлардың басында да Шотан тұр. Осы елдің Маңғыстау жеріне алғаш қоныстануын ақын Түмен Балтабасұлы «Маңғыстау» атты дастанында былай деп жырлапты:
Маңғыстау – үш қиянның өткен жері,
.:Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Елеспен есі кеткен иесіз жерді,Халқымыз Адай мекен еткен жері.Суы сүт, шөбі шүйгін, бал татиды деп,Төлдейтін төрт түліктің өскен жері.Бөлініп босқан елден қоныс қарап,Ел болып ірге қоныс тепкен жері.Ер Шотан шұбар атты ұстап мініп,Аға деп Әжібайға бата айтқызып,Той жасап Адай туын тіккен жері…Немесе кейбір жазбаларда:Жолдасы Есболай мен Есек мерген,Өңшең батыр қайыспас көпті көрген.Еліне қоныс іздеп шыққаннан соң,Би Әжібай Шотанға бата берген, – депті.
Мұрат Мөңкеұлының, Қалнияз Шопықұлының кейбір айтқандарына қарағанда да елді бастап келіп, қондырған батырлардың алдында Шотан айтылады. Немесе жергілікті азаматтардан жасақ құрып, Сағызда отырған қалмақтармен, түрікмендермен, Хиуаның сарттарымен соғысып, жерді иеленген Шотан деп әңгімеленеді. Ең бірінші Маңғыстаудың ойына жер қарап келген Шотан екендігін Мұрат Мөңкеұлының мына бір жыр шумақтарынан тағы да көруге болады:
Есболай, Кете, Әжібай қарай келген,Қасына батыр жары Шотан ерген.Әжібай Арқа жағын қыстап қалып,Керелді Есболай бай иеленген.
Осындай тарихи жазбаларға сүйенсек, Адай тайпасын Маңғыстауға бастап келген Шотан, Есболай, Есек мерген, Атағозы, Өмір, Лабақ, Ақпан батырлар екеніне күмән тумайды.Сөйтіп, Керелге Есболай бірінші болып орналасса керек. Көшке жол бастап Өрмелі арқылы құлатқан Қосай Есенқұлұлы Есек батыр делінеді.Өңшең алып тұлғалы, арыстан жүректі батырларын, олардың ішіндегі жолбарыс тұқымдас шұбар мінген, екі көзінен от шашып тұрған, ұзын бойлы, екі иығына екі кісі ер салып мінгендей, бесқаруы бойында, ешқандай жаудан сескенбейтін, жүрек жұтқан Шотанды түрікменнің әйгілі батыры, алдын болжап отыратын қасиет иесі Ерсары анадай жерден көрісімен-ақ өзінің отбасын алып, желкенді қайықпен Әзірбайжанға көшіп кетіпті деген аңыздың артында шындық жатқан сияқты. Маңғыстауға Адай тайпасының алдыңғы легі күзге салым уақытта келсе керек. Оған Түмен Балтабасұлының мына бір жыр шумағы дәлел болатын сияқты: Келгенде алпыс үйден аз келіпті, Ішінде Ақпан деген таз келіпті. Есболай бірге келген екі үй екен, Қалғаны қыс өткен соң жаз келіпті. Алғашқы кездерде қазақтардың келіп қоныстануын жақтырмаған түрікмен ағайындардың ішіндегі пейілі тарлары Хиуа хандығына қазақ босқындары келіп рұқсатсыз жер-суымызды басып алып, иеленіп жатыр деп хабар жеткізіпті. Осыған байланысты Хиуа ханы келіп, қоныстанып жатқан ауылдарды шұғыл көшіруге, егерде қарсылық жасаса түгелдей қырып тастауға тапсырма беріп, Бектұрлы деген батырын бес жүз адамдық жасақпен жібереді. Азғантай жасағымен жауды күтіп алған Шотан жекпе-жекте Бектұрлы батырын өлтіріп, қалғандары жеңіліп, еліне қашыпты. Одан кейін Маңғыстауды жайлап отырған түрікмен Аннасейіттің ауылын Еділ-Жайық арасындағы торғауыттар тұтқиылдан келіп шабуыл жасап, көптеген адамдарын тұтқын етіп, дүние-мүлік малдарын олжалап кеткен жерінен Шотан жасағын шұғыл ұйымдастырып, жауды талқандап, тұтқын болып бара жатқан түрікмен ағайындарын, мал-мүліктерді және қалмақтардың көптеген малдарын олжалаған. Одан кейін де Хиуа ханы Нәдіршахтың салған салығын төлеуден бас тартып, сол үшін Хиуа ханына қарайтын түрікмендердің басшылары Оғылша, Сейітқұтылықтармен соғысып, оларды жекпе-жекте өлтіріп, жасақтарына тимей Нәдіршахқа салық төлеудің қажеті жоқ екенін түсіндіріп, таратып жіберген. Міне, осы кезден бастап біршама уақытқа дейінгі Маңғыстаудағы түрікмендер мен қазақтар арасында тыныштық орнаған. Соңынан он екі ата Байұлынан үш мыңға тарта жасақ ұйымдастырып, Жем, Сағыз, Жайық бойындағы торғауыттарға қарсы соғыс ашып, оларды Еділ бойына толықтай ығыстырып барып, елін қоныстандырғаны жазба деректерде сақталған. Шотанның құба қалмақтармен соңғы соғысы 1771 жылы болды. Онда Еділ қалмақтары толықтай жойылды. Қазақ тарихын зерттеуші, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің зерттеуінде былай деп көрсетіледі: «Қалмақтардың басым бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни шығыс бетін қоныстанатын. Дүрбіттер мен Хошауыттар оң жағада жатқан. Бүкіл қалмақ жұрты түп көтеріле көшетін 1771 жылдың бесінші қаңтарында қатты аяз болып, Еділдің мұзы жарылады, мұз үстіне қызыл су жүреді, сөйтіп, сол жақ қабақтағы 11 198 шаңырақ Еділден өте алмай, салқар көштен бөлініп, біржола Ресей шегінде қалады. Еділ дариядан өтіп үлгерген, үйімен, үйелменімен, мыңғырған малымен жоңғарға бет қойған қалың елдің нақты саны 30 999 шаңырақ екен. Шамамен 170–180 мың адам. Қарулы әскер де аз емес – 40 мың қол. Бір ғана кілтипан – қалмақ көші қазақ қоныстары арқылы өтуге тиіс еді». Осындай үлкен қозғалыс қазақтың көптеген ауылдарын тапап өтеді. Нұралы хан бастап, шұғыл түрде үлкен жасақ ұйымдастырып, бас сардар Шотанның бастауымен алғашқы ұрыс Жем бойында болыпты. Нұралы хан қалмақтардан кейін қайтуды талап еткен. Қалмақтардың басшысы Үбашы бітім сұрап, зиян тигізбей өтіп кетулеріне рұқсат сұраған, бірақ қазақтар жағы келіспеген. Ол кезде кешегі Ақтабан шұбырынды уақытындағы қалмақтардың тарапынан аяусыз қырғынды көрген адамдардың көбінің көзі тірі болатын. Олар қалмақ көрсе қандары қарайып тұратын. Міне, осындай бұрыннан өшіккен қазақ қолы алға басқан сайын қалмақтарға ауыр соққыны үсті-үстіне берумен болды. Өкшелей тықсырып, кейде қос қанаттан кезек соғып, жауды үлкен қырғынға ұшыратады. Осылай күнде қасқыр тиген қой отары сияқтанумен маусым айының аяқ шенінде Балқашқа жақындап, Мойынты өзеніне келгенде Абылай хан бастаған әскер жетіп, қалмақтың қалың көші қоршауға түседі. Сол соғыста қалмақтар тұтасқа жуық қырылады. Жоңғарға 15–20 мың адам ғана қансырап зорға жетеді. Олар да алдарынан жарылқайтын жағдай таба алмады. Қытай басшылары оларды да бөлшектеп құл етіп жойып жіберді. Шотан жүрек жұтқан батырлығымен қатар, елге ақыл айтып, жөн сілтейтін ел ағасы болды десек те қателеспейміз. Ол барлық соғыста да қолына түскен тұтқындарды өлтірмеген, соғыспалық, дос-жаран, туыс болалық деп елдеріне қайтарып отырған. Ағайындар арасында туындайтын түсінісбестіктер мен даулы жағдайлардың талайын әділетті түрде билік айтып, татуластырып жіберген. 1750 жылдардың орта шенінде Маңғыстауда тұтастай қуаңшылық болып, ел жаппай қоныс іздеп, көшуге ыстық түсіп кетіп және жөнді қоныс болмай өте қатты қиналып қалыпты. Мал апарайын десе, су жоқ. Сол кезде Шотан қасына ерткен азғантай нөкерімен далаға түнеп, таңертең ерте бір жолдасын атына мінгізіп, сол қонған жерін шаптырып, өзі құлағын жерге төсеп, тың тыңдап, әлденеше жерге келіп, осы жағдайды қайталапты. Содан кейін тап осы жерден құдық қазылады деп бір жерді белгілепті. Өзі отауын көшіріп алып келіп, құдықты қазуға кірісіп кетеді. Шотан құдықтан қазған топырағын он метр тереңдікке барғанша сыртқа өзі лақтырып тұрыпты. Он метрден әрі қарай Шотанның қазып шығарған топырағын он жігіт шығыр салып, зорға үлгеріп төгіп тұрыпты деген әңгіме ел аузында күні бүгінге дейін сақталған. Сөйтіп, құдықшылар бір жылда қазатын тереңдігі 75 метр құдықты бір айда қазып бітіріп, сол маңдағы елдің малы су ішіп, қонысы бар жерге жайылып, күзге жетіпті. Қазірде Шотан шымырауы деген бар. Күні кешеге дейін отар-отар мал суарып, қалың ел жайлап отырды. Жекешелендіруден кейін мал басы күрт азайып, қырдың үстіндегі шымырауларға баратын мал болмай, құлазып қалды. Мал басы тағы да өсіп келеді, болашақта Шотанның шымырауынан малдарымызды суарып, жаз жайлауға қайтадан шығарамыз деген үміт бар. Шотанның әкесі Назар Жарыұлы 1684 жылы туып, 1771 жылы өлген. Қазіргі Құлсары кентінен көп қашық емес жердегі Бақашы деп аталатын қорымда жерленген. Шотан 1786 жылдың қыркүйек айында орталық Үстіртте жасы жетіп, өз ажалынан қайтыс болған. Сисем ата қорымда жерленген. Шотан батыр туралы жазылған «Бас сардар» атты еңбек баспаға берілгеннен кейін, Маңғыстау облысынан әдейі делегацияны бастап Бекбол Қартбаев Балқаштың айналасындағы жоңғармен соғыс болған белгілі жерлерді аралады. Карағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Шотанның атымен аталған елді мекенге, Шотанның атымен аталған көлге барып ондағы жасы үлкен қарт адамдармен әңгімелесіп, Шотанның Абылай ханның қарауында қол басқарған батыр екендігін анықтаған. Сол жердің ең жасы үлкені, 90 жастағы Әукен деген қария 1940 жылдардың екінші жартысына дейін тау сілемдерінде қырылған адамдардың қу сүйектері топырақтың астынан шығып, шашылып жатқанын және сол жердің «Шотан қырған» деп аталатындығын әңгімелеп берген. «Шотанның шайқасқан жерлерін бұрын дүниеден өткен ақсақалдардан естіген едім», – деп өзі бастап жүріп көрсетіпті. Бекбол Қартбаев бастаған бір топ маңғыстаулықтар Шотанның шайқасқан жерлері мен күні бүгінге дейін оның атымен аталып отырған елді мекенді, көлді суретке түсіріп әкелді. Бұл материалдар «Жұлдыз» журналының 2006 жылғы № 1 санында жарияланды. Тұлғаларды еске алып, оларға көше атақтарын бергізуде үлкен еңбек еткен ауыл әкімі Аманқос Қодаров пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Жұмақалиевқа көптің айтар алғысы зор.
Дайындаған Искендер Карбаев - Шогы ұрпағы
## Дереккөздер |
Ордабасы — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Шымкент қаласынан. 1998 жылы пайда болған, Қазақстан Премьер Лигасында ойнайды. Қазақстан Премьер Лигасының чемпионы (2023), екі дүркін Қазақстан Кубогының иегері (2011, 2022), Қазақстан Суперкубогының иегері (2012). Ойындарды Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізеді. Клубтың негізгі формасы ақ, сыртқы формасы көк болып табылады.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
2000 жылғы маусым ортасында "Жігер" мен "Томирис" клубтарының қосылуымен "Достық" деген атпен пайда болды. 2003 жылы "Ордабасы" боп өзгертілді.
Көбіне жоғары лигада ойнап келеді, 2011 жылы тұңғыш рет Қазақстан кубогын, келесі жылы Қазақстан суперкубогын ұтып алды. Осы жетістіктері 2012-13 жылғы Еуропа Лигасына қатысуға мүмкіндік берді. Бірақ бірінші іріктеу кезеңінде "Русенборгтан" жеңіліп қалды. Сыртта 2:2 есебімен тең ойнады да, өз алаңында соңғы секундтарда гол жіберіп, 1:2 есебімен жеңілді.
2017 жылы Қазақстан суперлигасының қола жүлдегері атанды. 2022 жылы екінші рет Қазақстан кубогын иегері болды. 2023 жылы алғашқы рет Қазақстан Премьер Лигасының чемпионы атанды.
### Жетістіктері
* Қазақстан Кубогының Жеңімпазы : 2011
* Қазақстан Кубогының Финалисты : 2007
* Қазақстан Суперкубогының Жеңімпазы : 2012
* Қазақстан Премьер Лигасының Чемпионы: 2023
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 2001 — 5:0 («Екібастұз», Екібастұз)
* 2004 — 5:0 («Ақжайық», Орал)
* 2009 — 5:0 («Тараз», Тараз)
* 2012 — 5:0 («Ақжайық», Орал)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 2000 — 0:5 («Кайсар-Hurricane», Қызылорда)
* 2001 — 0:5 («Есіл-Богатырь», Петропавл)
* 2001 — 0:5 («Атырау», Атырау)
### Еурокубоктар
2024 жыл, қыркүйек
## Әкімшілік және жаттықтырушылар штабы
* Асхат Сейсембек — Президент
* Кирилл Сергеевич Кекер— Бас жаттықтырушы
* Қайрат Әшірбеков — Спорттық директор
* Олег Олегович Недашковский — Бас жаттықтырушының көмекшісі
* Драган Дурдевич — Жаттықтырушы
* Виктор Васильевич Ульяницкий — Жаттықтырушының көмекшісі
* Игорь Зайцев — Аналитик жаттықтырушы
* Александр Васильевич Кучма — физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы
* Александр Ким — Дәрігер
* Қайратәлі Күнходжаев — Физиотерапевт
* Ихсан Қадыров — Медиа-офицер
## Ойыншылар
### Негізгі құрам
2024 жыл, қыркүйек
## Сілтемелер
* Ресми сайты(қолжетпейтін сілтеме) RIXOS KHADISHA - Ордабасы футбол клубының негізгі серіктестігі болып табылады. Онын алдынды TAU компаниясымен серіктес еді. |
Жөғарыда біз Кіші жүз руларының тағы біреуі алаш руының, дұрысырақ айтқанда, оның бір бөлігінің, егер таңбаларының ұқсастығы жағынан алсақ, наймандардан (бағаналылардан) шығатынын айтқан да болатынбыз. Демек, шекті руы сияқты оның да тегі біршама жақын уақытта жатыр. Ол туралы алғашқы хабарлардың XVIII ғасырдың орта кезінен ғана кездесетіні кездейсоқ емес. Бұл рудың наймаң құрамында тағы да таңбаларыпың бірнеше түрлерінін болуы дәлелдейді. Мәселен, «Қазақ КСР тарихы жөніндегі материалдарда» таңбалардың мынадай үш түрі: ( ) келтіріледі.
Архив деректерінде болса, мынадай төрт таңба туралы айтылады. М. Тынышбаев та шамамен алғанда нақ осындай белгілерді келтіреді. «Қазақ КСР тарихы жөніндегі материалдардағы» бірінші таңбаның дулат немесе албан таңбасы екені анық. Мұны алаш руында қоңырбөрік бөлімшесі, ал албан тайпасында қоңырбөрік руы бар екені дәлелдейді.
Басқа екеуі сызықша қосылған әдеттегі найман таңбалары. Архив материалдарынан алынған алғашқы таңба алаш руының Гродеков келтірген таңбасына ұқсайды, екіншісі мен үшіншісі бағаналылардыкі (бақан) және соңғысы жалпы найман таңбасы. Сонымен, алаш руы таңбаларының осы барлық әр алуан түрлері оның негізгі бөлігінің өз тегін наймандардан бастайтынын ғана дәлелдейді.
## ДНК анализ
Гаплогруппасы C3c
## Дереккөздер |
Астана футбол клубы — қазақстандық кәсіби футбол клубы. 2009 жылы Астана қаласында құрылды. 2013 жылдан бастап ЕУРО кубоктарға қатысады. Қазақстанның 7 дүркін чемпионы.
Астана клубы 2015-16 жылғы Еуро-кубоктар маусымында кипрлық АПОЕЛ-ды 2-1 жалпы есебімен жеңіп, Еуропа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған Қазақстан тарихындағы алғашқы клуб атанды.
Астана Арена стадионы клубтың негізгі ойын стадионы. 2023-24 жылғы маусым қорытындысы бойынша УЕФА клубтары тізімінде 136 орында.
## Тарихы
2009 жылы "Алматы" мен "Мегаспорт" клубтарының қосылуымен пайда болды. Клубтың тұңғыш жаттықтырушысы Вахид Масудов болды. Одан кейін клубты Сергей Юран жаттықтырды. Алғашқы маусымда клуб сапында Егор Титов, Андрей Тихонов (кейін клубқа бапкер де болды) секілді ресейлік ардагер футболшылармен бірге қазақстандық Андрей Карпович, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, өзбекстандық Максим Шацких секілді футболшылар ойнады.
2009 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымын клуб Алматыда өткізді. Одан кейін клубтың базасы Астанада жаңадан салынған "Астана Арена" стадионына ауысты. Маусым қорытындысында клуб екінші орын алды. Бірақ жалақыны уақытында ала алмағандықтан Сергей Юранмен бірге бірнеше легионерлер клубтан кетті. Күміс жүлде иеленгеніне қарамастан клуб 2010/11 жылғы Еуропа лигасына УЕФА-ның "үш жыл ережесі" бойынша қатыса алмады (еурокубоктерге ұлттық біріншілікте кемінде үш маусым ойнаған клуб қана қатыса алады).
2014 жылғы маусым айында клуб бапкері боп болгариялық Станимир Стоилов тағайындалды. Осы маусымда тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.
2015 жылы 26 тамыз күні Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Кипрде жергілікті АПОЭЛ клубымен тең түсті (өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан-ды). Екі ойын қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Қазақстан атынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы клуб атанды.
Топтық кезеңде "Галатасарай", "Атлетико Мадрид", "Бенфика" клубтарымен бір топқа түсті. Бұл жылы топтық турнирде жеңіс тойын тойлай алмады, алты кездесудің төртеуінде тең ойнап, төртінші орында қалды. Тек сырт алаңда "Бенфика" мен "Атлетикодан" ұтылды.
2016/17 жылғы маусымда тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасының топтық турниріне жолдама алды. Бұл жолы да төртінші орында қалды.
2017/18 жылғы Еуропа Лигасында тұңғыш рет көктемгі плей-офф кезеңдеріне дейін жетіп, 1/16 финалда "Спортинг Лиссабоннан" ұтылды (үйде 1:3, сыртта 3:3). Осы матчтан соң бас бапкер Станимир Стойлов командадан кетіп, орнына Григорий Бабаян келді.
2019 жылдың басында команда тізгінін украиналық бапкер Роман Григорчук ұстады. Григорчуктың басқаруымен клуб тағы да Қазақстан чемпионы атанды және Еуропа лигасының топтық турниріне шықты. Бірақ Еуропа лигасының топтық турнирінде клуб бір рет қана жеңіске жетті ("Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтты), осы себеппен 2020 жылдың басында Григорчук қызметтен босады.
2020 жылдың басында клуб тізгінін сол кездегі Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкері Михал Билек ұстады. 2020/21 жылғы чемпиондар лигасында клуб бірінші раундта-ақ "Динамо Брест" клубынан 3-6 есебімен ұтылып, Еуропа лигасына түсіп қалды. Осы жеңілістен соң ұзамай Билек орнын босатты, оның орнына келген Пол Эшуорт та клубтың құлдырауын тоқтата алмады, чемпионатта "Қайратты" турнир кестесінде өздерінен ұзатып алды, Еуропа лигасында "Будучностан" ұтылып қалды да, соңғы алты жылда бірінші рет клуб еуротурнирлерде топтық кезеңге шыға алмады. Қыркүйек айының соңында енді тізгінді ресейлік маман Андрей Тихонов ұстады. Бірақ клуб 2020 жылғы чемпионатты үшінші орынмен қорытындылады.
## Еуропадағы өнері
Астана клубы УЕФА чемпиондар лигасындағы Ыстамбұлдың "Галатасарайымен" Астанада 2-2 тең түсіп алғашқы ұпайын алады. 2015-2016 жылғы маусымда өз алаңында ұтылып көрмеді:
## Премьер-лигадағы көрсеткіштер кестесі
## Еурокубоктар
### Матчтары
Notes
* І КР: Бірінші квалификациялық раунды
* ІІ КР: Екінші квалификациялық раунды
* ІІІ КР: Үшінші квалификациялық раунды
## Рейтинг
Астана футбол клубының барлық жылдардағы рейтингі. Ақпарат УЕФА ресми сайтынан алынған:
## Клубтың түстері және формасы
### Логотип
*
Астана футбол клубының 2020 жылдан бастап қабылданған логотипінде екі жұлдыз – Астананың 6 чемпиондығының символы (елдегі әрбір үшінші чемпионатқа бір жұлдыз).
## Стадион
Астана футбол клубы «Астана Арена» стадионында ойнайды. Сыйымдылығы 30 200 көрермен. Стадионның жылжымалы шатыры бар, ол 20 минутта ашылып-жабылады. Алаң жасанды, футболдан басқа концерттерді өткізуге бейімделген.
2020 жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Астана маусымды 1500 орындық «Жас Қыран» стадионында бастауға мәжбүр болды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты 2024 жылғы маусымда Астана қайтадан «Хан Тәңірі» стадионында өткізуге мәжбүр.
## Брендтер және демеушілік
## Басшылық
2024 жыл, қыркүйек
## Бапкерлік құрам
2024 жыл, қыркүйек
## Негізгі Құрам
* №12 жанкүйерлерге берілген.
## Бас бапкерлер
Астана футбол клубының барлық бапкерлері
## Жетістіктері
Қазақстан Премьер Лигасы
* Чемпион (7, рекорд): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2022
* 2-орын (3): 2009, 2013, 2021
* 3-орын (1): 2020
Футболдан Қазақстан Кубогы
* Жеңімпаз (3): 2010, 2012, 2016
* Финалист: 2015
Футболдан Қазақстан Суперкубогы
* Жеңімпаз (6, рекорд): 2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023
## Рекордтар
### Командалық рекордтар
* Ең ірі жеңістер: Астана - Корвинул 6:1, Астана - Атырау 7:0
* Өз алаңында ең ірі жеңіс: Астана - Атырау 7:0
* Сырт алаңда ең ірі жеңіс: Ертіс - Астана 1:6
* Ең ірі жеңіліс: АЗ Алкмаар - Астана 6:0
* Өз алаңында ең ірі жеңіліс: Астана - АЗ Алкмаар 0:5
* Сырт алаңда ең ірі жеңіліс: АЗ Алкмаар - Астана 6:0
### Футболшылар орнатқан рекордтар
2024 жыл, қыркүйек
* Бір маусымдағы ең көп гол: 19 — Марин Томасов, 2019 жыл
* Бір маусымда чемпионатта ең көп гол: 12 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл
* Бір маусымда ең көп ассист: 19 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл
* Бір маусымда чемпионатта ең көп ассист: 17 — Андрей Валерьевич Тихонов, 2009 жыл
* Ең жас дебютант: Мади Жакипбаев — 15 жас, 11 ай, 21 күн (12.03.2016)
* Ең жас гол авторы: Абзал Бейсебеков — 16 жас, 5 ай, 10 күн (10.05.2009)
* Қақпашылардың құрғақ сериясы (маусымда): Ненад Эрич — 565 минут (29.04.12 — 16.06.12)
* Қақпашылардың құрғақ сериясы (чемпионатта): Владимир Логиновский — 555 минут (15.03.14 - 19.04.14)
* Қақпашылардың құрғақ сериясы (кубокта): Ненад Эрич — 440 минут (01.11.12 - 16.08.14)
### Ең көп матч ойнаған ойыншылар
2024 жыл, қыркүйек
### Ең көп гол соққан футболшылар
2024 жыл, қыркүйек
### Ең көп нәтижелі пас берген футболшылар
2024 жыл, қыркүйек
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми сайты (орыс.) (ағыл.) (қаз.)
* Астана футбол клубы нәтижелері |
Көктіңкөлі — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Көктіңкөлі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 108 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы, шаруашылығы
1960-90 жылдары Көктіңкөлі атындағы кеңшардың және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары – мал шаруашылығы, қосымша саласы – сүттi iрi қара өсiру. Жерiнiң жалпы ауданы 300 мың га (2006). Кеңшар негiзiнде 33 шаруа қожалығы құрылған (2006).
## Инфрақұрылымы
Округтің елді мекендерінде (Көктіңкөлі, Әлихан, Жыланды, Көктіңкөлі станциясы, Целинное ауылдары) 5 мектеп, ФАП, мәдениет үйі, кiтапхана, пошта, жанұялық дәрігерлік амбулатория бар. Көктіңкөлі ауылы басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т.ж. станциясы 60 км жерде.
## Дереккөздер |
Көптеген тарихи деректемелер бір ауыздан үйсіндердің қазақтардың ғана емес, күллі Орта Азия аймағындағы басқа түркі халықтарының этникалық тарихында үлкен маңыз атқарған Жетісудағы көне түрік руларының бірі екенін айтады. Жетісу үйсіндері туралы тұңғыш мәліметтер біздің дәуірге дейінгі II ғасырдағы қытай жазба деректерінде кездеседі, олардың түтін басы сол кездің өзінде 120 мыңға жетіп, 630 мың адам және 188 800 әскер шығара алатыны шежіреге түскен. Бұның бәрі олардың үлкен де күшті халық болғанын көрсетеді, тіпті олармен қытайлар да, ғұндар да есептесіп отырған. Қытай императоры үйсіндермен үнемі елшілік алмасып келді. Бірде Үйсін әміршісі (Гуньмо) Шын еліне жаңа елшілік жібе-ріп, қытай ханшасын айттырып, оған қоса 1000 жылқы беруін талап етеді.
Оның тілегі орындалып, ханша үйсін-дердің қартайған патшасына тоқалдыққа ұзатылады, ал оның бәйбішесі ғұн билеушісінің қызы еді. Өмірде басқа әдет-ғұрыптарда тәрбиеленген ханша далада құса болып, киіз үйде тұрып, ет жеп, сүт ішетін қарт патшаға тигеи мұңын шағыгг. тағдырын өлецге қөстьт. Бұдан біз Үйсін әміршісінің патшалармен неке байланыстары, олардың ғұндармен тығыз тізе қосып, ңатар ғұмыр кешуін көреміз. Олардың озара соғысып, бірақ бейбіт күндері неке одақтарын жасауға дейін келісіп, патшалар отбасы араласқаны және олар көбінесе саяси сипат алатыны аян. Бичуриннің дерегі бойынша, үйсіндер әуелгіде Булунцзир өзенінің алқабында Дун-Хуан мен Унлян-шань маңында көшіп-ңонып жүрді. Бұл өлке Жетісудан недәуір шығысқа қарай жатыр, біраң Қазақ ССР тарихы 1-томының авторлары ңазіргі археология мен палеантропология жетістіктеріне сүйеніп, сақтар мен үйсіндердің тамырластығын дәлелдеп, күмәнді сейілтіи, Жетісудың кең-байтақ жері олардың ата жұрты деп есептейді. Ңытай деректері бойынша, Жетісу үйсіндері туралы біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап мағлұмат жетіп отыр, әйтсе де бұл бұған дейін үйсіндер болмады деген сөз емес.
Қазақ ССР тарихы авторларының пайымдауынша, үйсіндердің күшті тайпалары Жетісу өңірінде біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырларда өмір сүрді, ал лингвист С. Аманжолов «Қыпшаңтар, қырғыздар және қаңлылармен қатар үйсіндер де түріктердің ежелгі тайпасы болып табылады. Олар қаңлы және қыпшақтармен қатар, біздің дәуірімізге дейінгі IVII ғасырларда белгілі бола бастады» деп есептейді. Әрине, үйсіндердің қонысы ол кезде ұзыннан-ұзақ созылып, Жетісудан шығысқа қарай Шығыс Түркістанға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатты. Оның үстіне кеңес археологы, профессор Н. А. Бернштам Жетісу тарихы жайындағы өз зерттеулерінде шығыс үйсіндерінің көші-қоны туралы пікірді мүлде жоққа шығарып, Жетісудағы Саң пен Үйсін тайпаларының тұрғылықты екенін алға тартады. Бұл тұжырымды Қазақстан археологтары К. Ақышев пен Г. Кушаев та қуаттайды. Белгілі саяхатшы Г. Грумм-Гржимайло мен Қазақстан тарихшысы 10. Зуев өз еңбектерінде үйсіндердің отаны алыс шығыс жақта болғанын атап өтіп, олар біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр ортасында батысқа қарай ойысып, Жетісуды жаулап алды деседі. Белгілі шығыстанушы С. Малов та Жетісудан шалғай шығыстағы коне түріктің тасқа басқан жазбаларында, Тоныкөк туралы жыр ескерткішінде үйсіндер жөнінде де жазылғанын, Рашид ад-Диннің шежіресінде үйсіндер ордасы туралы хабарлайтынын сипаттайды. Сондықтан бірқатар әдеби деректер үйсіндердің Жетісудан тарайтынына ден қойса да, коне жазуларды да назардан тыс ңалдыруға болмайды. Соған байланысты В. Востров пікірінің жаны бар. «Жетісу үйсіндерінің пайда болуы туралы ойға келсек, үйсіндердің шығыстан шығуы жайындағы көне жазбалар қалай айқын және дәл болса, Жетісу үйсіндері туралы мағлұматтар да сондай. Шынында да бұл өте күшті өніп-өскен ру, нақты айтқанда, еркіп де кең қанат жайған тайпалар одағы болып табылады» деп жазды ол. Қалай дегенде де, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда үйсіндер Жетісу өңіріндегі Сақтар одағына енді. Бұдан кейін әр түрлі тарихи жағдайлар, өзара шапқыншылық пен қантөгіс соғыстардың салдарынан үйсіндердің әскери-саяси маңызы әсіресе, Жетісуда жужандардың билігі тұсында (б. д. IVVII ғасыры) әлсіреп, Тянь-Шань тауларына қарай ысырылып, біздің дәуіріміздің V ғасырынан бастап, В. Бартольд тұжырымдап, А. Бернштам куәландырғандай, үйсіндер туралы әдебиетте VI ғасырда ешқандай мағлұмат келтірілмейді. Демек, бұл үйсіндер басқа әтносаяси бірлестіктердің, нақтыласақ, Батые түрік қағанаты және одан кейінгі ерте феодалдық мемлекеттердің құрамына кірді. Шығыс Жетісу өңіріндегі археологиялық қазбаларға (Аңтас-2 мекені, Ақтас-1, 4, 6, Ақтау қорымдары) қарағанда, үйсін мәдениеті бұрынғы үйсіндер мекен еткен жердің бәрінде дәуірледі, тіпті X ғасырдан бастап, қытайдың жазбаларында үйсін рулары туралы қайтадан мәліметтер кездесіп отырады. Қазақстандағы уйсіндер елі туралы XV ғасырда араб жићанкезі Мосуди де жазды. М. Тынышбаев өз еңбегінде V ғасырдан бастап жазба деректерде үйсіндер туралы кездеспейді деген тұжырымға келеді. В. Бартольдтің пікіріне қарсы шығып, Қазақстан аумағында басқалармен қатар үйсіндер және олардың ұрпақтарының бертінге дейін өмір сүріп келгеніне дәлел келтіреді. Біріншіден, шежіре бойынша ежелгі дулулардың тікелей үрім-бұтағы дулаттар сол аймақта өмір сүріп, Ұлы жүз ңұрамына ене, саны көп ру ретінде қалыптасып, мәшћүр тұлғалардың бастауымен түрлі-түрлі тарихи оқиғаларға қатысқан. Бұдан тыс ол XIII ғасырдың ортасында Персияға өткен Құлағу ханның әскерімеи бірге барған мөңғолдардың аузынан жазылып алынған Рашид ад-Диннің «мопғол тарихын» келтіреді. Құлағу ханның сарбаздары Жетісуды көктей өткенде Шағатай әулетіне бағынатын Шу бойындағы үйсіндерді ұшырастырады. Оған қоса Ташкент маңайында XX ғасырдың басында тұрғындары үйсін деп аталатын үйсін қыстағы болғанын атап өтеді. Сонымен, Ұлы жүз құрамыиа кірген бүкіл руларды қазақ шежіресі үйсіндер деп атайды. Біздегі қолда бар мағлұматтарға қарағанда, Ұлы жүзден (Ақарыс, Ақшора, Байшора, Үйсін) Жұман тарайды, одан Кейкі би, одан Төбе би, одан Майқы, Қоғам, Қойылдыр мен Мекрейіл. Ал, Майқыдан Бақтияр, Қырық жүз, Мың жүз, Бақтиярдан Ойсыл мен Үйсін. Ойсылдан Сіргелі, ал Үйсіннен Ақсақал мен Жансақал шығады. Жансақалдан Жалайыр, Ақсақалдан Қараша би, одан Бәйдібек. Бәйдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелінен Жалмамбет, үшінші әйелінен Жарықшақ. Жалмамбеттің бірінші әйелі Мапыраштан Шапырашты, екінші әйелі Сыландыдан және үшінші әйелінен Ошақты мен Ысты атты ұлдар тарайды. Жарықшақтан Албан, Суан мен Дулат атты ұлдар өрбиді. Қоғамнан барып Қаңлы, Шанышқылы мен Қатаған өніп-өседі. Ұлы жүз құрамына енетін бүкіл рулардың алтын діңгегі осындай. М. Тынышбаев осы үрім-бұтақпен сәйкестей отырып, бұл руларды басқаша топтауды ұсынады Ұлы жүз үш тармаққа бөлінеді: 1. Үйсін. 2. Жалайыр. 3. Қаңлы. Үйсіндерге Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсіпдер және өған қосылатын Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі жатады; Жалайыр оқшау да, Қаңлыға Шанышқылы мен Қатағандәр қосылады. Бұдан байқалғандай, Ұлы жүздің құрамында тарих пен аңызға сүйенсек, ежелгі және бертініректегі үйсіндердің тікелей жалғасы Сарыүйсін тайпасы болып есептеледі. Сарыүйсіндердің шығу тегі туралы И. Казанцев пен Н. Аристов аңыз-әңгімелер келтіреді. Н. Аристов бойынша, Сарыүйсіннің Қалша және Жақып деген екі ұлы бар. Қазақтың пайда болуына байланысты аңыз соған қатысты. Аңыз айтатындай, Қалша Қадыр деген біреу қазақ даласын көктей өтіп бара жатқан жаулаушының әскербасы болыпты; әбден қалжырап аштан бұралып, шөлден қаталаған кезде, оны аспаннан түскен қаз (ақ қаз) ажалдан құтқарыпты, сөйтсе ол мейірбанды перінің қызы болып шығып, Қалша Қадырмен некелескен екен. Олардың үрім-бұтағы қазақ аталып кетіпті. В. Бартольдтің мәліметі бойынша, Қалша Қадыр тарихи тұлға, бұл татар ханын 1218 жылы бір жағынан Шыңғыс-хан, екінші жағынан Хорезм сұлтанының әскері қуғынға ұшыратады. Үйсіндер мен Сарыүйсіндердің ежелгі татарлармен жақындығыи сөз жоқ мойындамасқа болмайды. Бұл аңызға байланысты С. Аманжолов «Қазақтардың тегінде, жоғарыда көрсеткеніміздей, үйсіндер, демек, қазақ халқы өзінің бергі атасы Сарыүйсін руынан шықты дегенге ишара жоқ» деп нақты атап өтеді. Әрине, Сарыүйсіндер бір ата болғапымен Ұлы жүз құрамына енетін ру, соғаи қарамастан С. Аманжолов ескертпесінің дұрыстығын атап өткен жөн. Сарыүйсін руының әтникалық құрамы жайында мәлімет там-тұм. Сондықтан әдебиеттегі небәрі кейбір деректермен шектелеміз. Сарыүйсіндер Ұлы жүздің басқа руларына қарағанда, онша көп емес. Мәселен, Н. Аристов XIX ғасырдың 60-жылдарында Сарыүйсіндер Жетісу облысы, Верный уезінің Сарытауқұм болысында 1200 шаңырақ, олардың аздаған бөлігі Сырдария уәлаятының НІымкент пен Әулиеата уездерінде тұрады деп хабарлайды.
1897 жылғы мәлімет бойынша, Сарытауқұм, Мойынқұм, Шу мен Қарақатты өзендерінің бойында тұратындарының түтін саны 1700-ге дейін жеткен, ал М. Тынышбаевтың келтіруінше, 1917 жылы Жетісу уәлаяты Верный уезін 10 мың Сарыүйсіндер қоныстанған. Көптеген авторлар (М. Тынышбаев, С. Аманжолов, В. Востров) Сарыүйсін руы тегінің құрамы туралы айтқанда оның екі ұлы болғанымен шектеледі: Сарыүйсіндердің екі атасы Қалша мен Жақып есімімен аталады. Сарыүйсін руының тегі туралы деректі Алатау округтік басқармасының 1865 жылғы тізімінің негізінде жасаған жұмысында Н. Аристов келтіреді, Сарыүйсіннің Қалша мен Жақып атты екі ұлынан басқа «қазіргі кезде Сарыүйсіндер 1200 шаңырақ, олар Жетісу уәлаяты Верный уезінің Сарыүйсін болысын құрайды, сөйтіп Іле өзенінің оң жағасындағы Күрті өзенінің солтүстігінде Қаратораңғы шатқалындағы Сарытауқұм қонысын Көкімбет (100 үй), Жанай (100 үй), Жолай-Танай (100 үй), ЖанДосай (200 үй), Құлыке-Қырық (200 үй)бәрі 700 үй аталары жайлайды. Бұл Сарыүйсіндердің негізгі тобы, ал жекелеген бөлігі Шымкент пен Әулиеата уездерінде шашырап өмір сүріп жатыр.
Жоғарыда аталғаы Сарыүйсін рулары бұрын Іле өзенінің оң жағын қоныстанып келсе, Түркістан генералгубернаторлығы құрылғаннан кейін Қапал мен Верный уезінің шекарасын Іле өзені бөліп тұрғандықтан, түбі бір туыс Дулаттарға жақындап, сол жағалауға өтті. Сөйтіп, бізге мәлім әдеби деректерді салыстыра қарап, мойындауымыз керек, өте-мөте жадағайлау Қалша мен Жақып атты екі үлкеи атаға бөлінетіп Сарыүйсіндер руы түп-тегін толық жасай алганымыз жоқ. Қалша өз кезегінде екі: Қайқы мен Сопы аталарына жіктеледі, ал Жақып жеті атадан тұрады: Кәкімбет, Жанай, Жолай-Танай, Жандосай, Күлеке-қырық, Баба мен Солтанқұл. Өкінішке қарай, деректердің аздығынан үрім-бұтақтың тұтас кестесін жасаудың мүмкіндігі болмады. Сарыүйсіндердің де ұраны «Байтоқ». Дулаттарға алтыншы атадан баръш қосылады. Сарыүйсіндердің рулық таңбасы астында айқышы бар ( ), төртбұрыш болыпкеледі. Сарыүйсіндердің осы рулық ұраны мен таңбасы бізге белгілі күллі деректер мен ел арасынан жинағаи жазбаларда бір ауыздан мақұлданады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сарыүйсін руы Іленің оң жағасындағы Күрті өзенінің сағасындағы Сарытауқұм ұшы-қиырсыз өңірін қоныстанған болатын.
Сарыүйсіндердің тұрмыс тіршілігі мен өмір деңгейі Верный уезіндегі өз ата қонысының ауа райына байланысты болып келді. Сарыүйсіндердің Әулиеата уезін жайлаған аздаған тобының қоньгсьг Құлдауыт, Шу мен Талас өзендерінің бойындағы Мойынқұм. Сондықтан Верныйдың да, Әулиеатаның да Сарыүйсіидері негізінен малмен айналысты. Олар қыстауларда қора-қопсы салған емес, қой мен енгкіге сексеуілден ашық шарбақ жасап, өздері киіз үйде тұрып жатты. Түйе, ңой, епгкі, жылқы өсіріп, ірі қара малды аз ұстады. Көші-ңонда түйені, жылңыны пайдаланды, ілуде бірен-саран жарлы-жақыбайлар лауға өгізді жекті. Суды құдыңтардан тартьгп, мүмкіндік болған тұста өзен суаттарын, ал қысты күні қарды тұтынды. Қысқа қарай арнайы жем-шөп әзірлеген жоқ. Егіншілік кәсібімен айналыспады. Там-тұм егін өнімдерін (тары, бидай) көрші диқандардан айырбастап алып отырды. Сарыүйсін руларының (Қалша меп Жақып) қыстауы Күрті өзенінен басталып, Іленің оң жағалауына дейін созылып жатқан Тауқұм, Бұйратқұм, Ұялыкесік, Жиек, Ақкесік, Жусан, Жолбарысты-раңды, Ақтоғай, Қарашеңгел, Көкжиде, Шоқсуат өңіріне орналасып жүрді. Көктем меп күзде Сарыүйсіидер Іле озенінің жағалауын қоныстанып, көп шаруашылық сол жерді жайлады, тек ірі байлар жазғытұрымға қарай қойнау-қойнауға көшіп кететін.
Мәселен, Сарыүйсіннен шыққан мыңғырған бай Қали Қарой шатқалында 12 мың бас қой өргізді, бірнеше әйел алып, қыстауда бірнеше қора салдырып, тіпті Верныйдың өзінде үлкен әулеті бар үйі бөлды. Оның тоқалынан туған Қазақстан Республикасының халық әртісі Гүлжаћан Ѓалиева Алматыда дүние салған. Қали Орта Азия, Сібір мен Орынбор арасында қоймен сауданы кеңіпен жолға қойды. Қазан төңкерісінен кейін ол бүкіл мал-жанын Кеңестерге өткізіп, отбасымен Қытайға кетіп, соида айтыс болды.Қалша руынан тараған кішігірім шаруашылықтар Сарыүйсіндердің оңтүстік шекарасында көктем мен күзде өз отарын Желбұлақ, Айдарлы, Аяққұдық, Қапшағай, Жиек, Күрті, Қаратораңғы маңайында өрістетіп, көбісі осында жайлап, ең ауқаттылары Қараойға дейіи көшіпңонып жүрді. Әулиеата уезіндегі Сарыүйсіидер Құрағаты өзенінің Шуга құятын сағасының сол жағалауына қыстап жүрді. Ал, Сарыүйсіндердің екінші бір шағын тобы бұл уақытта Талас өзені бойында қоныс тепті. Сарыүйсіндердің көктемгі-күзгі қонысы Шу мен Талас, Мойынқұм өңірінде болып, жазда Іле Алатауының альпі шабындыңтарына бауыр басатын.
Шу мен Таластың Сарыүйсіндері ішінара егіншілікпен айналысты. Негізінен қыстауларға жақын жерде кедей жатақтар қалып, егін салып, тары, бидай мен бау-бақша өсірді. Сарыүйсіндердің өмірінде бәрібір мал шаруашылығы онімдері айрықша маңыз алды. Күллі заттық мәдениеттің нышандарында, азық-түлік, киім-кешек, үй-орман, тұтынатын бұйымдарға дейін үй жануарлары ерекше орын алатын еді. Сонымен, түріктің ежелгі руларының бірі үйсіндер қазақ халқының ғана емес, басқа да түрік хальгқтарының әтникалық тарихында үлкен маңыз атқарды. Бұл жөнінде төңкеріске дейінгі де, одан кейінгі де зерттеушілер дер кезінде жазды. Мәселен, Н. Аристов қырғыз бен өзбек халықтарының құрамында үйсіндер мен сарыүйсіндердің болғанын атап өтсе, М. Тынышбаев үйсіндер қырғыздар, ңарақалпақтар, өзбектер, түрікмендер мен қырым татарлары, қашғарлар мен ауғандықтардың әтникалық құрамында да бар деп есептейді, ал С. Аманжолов үйсіндердің қырғыздар, өзбектер, қазақтар, татарлар, ноғай және тіпті монтолдар арасында болғаны туралы дерек келтіріп, В. Востров үйсіпдер мен сарыүйсіндердің қазақтардан басқа қырғыздар және өзбектердің ішінде болғанын көрсетеді. Бұл үйсіндер мен сарыүйсіндердің өзге түрік халықтарының әтникалық құрамында болғанын айғақтайтын авторлардың түгел тізімі емес, үйсіндердің ықпалын сезіиген халықтар тізімі түгел деп әлі айта алмаймыз. |
Красная Поляна — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Красная поляна ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Нұра өзенiнiң бойында, аудан орталығы Ақсу-Аюлының солтүстік-батысында 69 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы, шаруашылығы
Іргесі 1956 жылы қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 30-50 жылдары «Карлаг» бөлімшелері орналасқан. 56-90 жылдары Красная Поляна кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы болды. Шаруашылықтың негізгі бағыттары – асыл тұқымды мүйiздi iрi қара төлдерiн өсiру, қосымша саласы көкөнiс, картоп өсiру. Жерiнiң жалпы ауданы 350 мың га.
## Инфрақұрылымы
Округтiң елдi мекендерiнде (Бекет, Деріпсал, Қарамұрын, Байқара, Сұлу-Мәдине ауылдары) 3 мектеп, УДА, мәдениет үйі, кiтапхана, пошта бар. Кеңшар негiзiнде 5 ЖШС-і, 29 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын т.ж. станциясы 2 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Спартак футбол клубы — 1964-2015 жылдары КСРО және Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. Семей қаласының "Спартак" стадионы клубтың базасы болып табылады. 2016 жылы "Восток" клубымен бірге таратылды да, орнына "Алтай" клубы құрылды.
## Тарихы
* 1913-1914 жылдары Семей қаласында алғашқы футбол клубы пайда болды. «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және татар мектебінің «Ярыш» студенттік командалары пайда болды. Футбол сол кездегі Орталық Азия мен Сібір сауда орталығының бірі саналған Семейге Англия саудагерлерінен келген. Ярыш ФК құрамында қазақ халқына белгілі ақын, жазушы, профессор Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Сонымен қоса Ярыш ФК сапында Ахметсәлим Кәрімов, Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев және т.б. пионерлер ойнаған. Тарихшы Евгением Юдиннің мәліметі бойынша Ярыш ең алғашқы болып халықаралық кездесу өткізген. 1914 жылы Семейге Томск қаласының футбол командасы кіріп шықты.
* 1920 жылы 26 қыркүйекте Семей алтайлықтардың ұйымдастыруымен болған Олимпиадаға қатысып екінші орын алды. Финалда Барнауыл командасына жол берді.
* 1963 - «Цементник» командасы Қазақ ССР чемпионы атанды.
* 1964 - «Цементник» шеберлер мәртебесін алып, КСРО чемпионаты мен Кубогында ойнауға рұқсат етілді.
* 1969 - Команда капитаны Виктор Дронкин 1 маусымда 25 доп соқты, бұл Семей командасының КСРО чемпионатындағы ең жоғарғы жетістігі болып саналады.
* 1983 - «Спартак» Қазақ ССР Кубогын жеңіп алды.
* 1994 - Достық (Алматы) клубының таратылуының арқасында семейлік команда Жоғарғы Лигада ойнаға жолдама алды.
* 1994-1995 - «Елімай» 2 жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанады.
* 1996 - бразилялық шабуылшы Маркос Роберто Сампайо Пимента және жартылай қорғаушы Антонио Роберто зе Мария командаға шақыртылып, және олар Қазақстан футболындағы алыс шет елден шақыртылған алғашқы ойыншылар болып саналады.
* 1996 - Қазақстан Кубогының финалында Ақтаудың «Мұнайшы» командасын 2:1 есебімен жеңді. Бірақ футбол қауымдастығының шешімімен финалдық ойын жоққа шығарылды, себебі команда Қазақстан қауымдастығындағы iстелген заңсыздығына қарсы наразылық белгiсi ретiнде кубокты қабылдаудан бас тартты.
* 1998 - «Елімай» Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды.
* 2001 жылы 18 мамырда - «Спартак» стадионында «Елімай» мен Африка клубтарының құрамасы арасында жолдастық кездесу өтіп, 3:0 есебімен семейліктердің пайдасына шешілді.
* 2004 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Семей» Жоғарғы дивизионнан ұшып кетті.
* 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір команда - "Восток" клубымен бірге таратылды да, орнына "Алтай" клубы құрылды.
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 13 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
## Қазақстан чемпионаты және кубогындағы көрсеткіш
### Статистикасы
### Құрлықтық кубоктерде
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1995 — 10:0 («Мұнайшы», Ақтау)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1992 — 0:6 («Целинник», Астана)
* 1993 — 0:6 («Болат-АМТ», Теміртау)
* 1993 — 0:6 («Уралец», Орал)
### Клуб атауларының тарихы
* «Цементник» (1964-1970)
* «Спартак» (1971-1993)
* «Елімай» (1994-1998, 2001-2003)
* «AES-Елімай» (1999-2000)
* «Семей» (2004-2007)
* «Спартак» (2008-о.у)
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы (3): 1994, 1995, 1998
* Қазақстанның қола жүлдегері (1): 1996
* Қазақстан кубогының иегеріі (1): 1995
* Ресми сайты Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2010 жылы. |
Спартак футбол клубы — 1964-2015 жылдары КСРО және Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. Семей қаласының "Спартак" стадионы клубтың базасы болып табылады. 2016 жылы "Восток" клубымен бірге таратылды да, орнына "Алтай" клубы құрылды.
## Тарихы
* 1913-1914 жылдары Семей қаласында алғашқы футбол клубы пайда болды. «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және татар мектебінің «Ярыш» студенттік командалары пайда болды. Футбол сол кездегі Орталық Азия мен Сібір сауда орталығының бірі саналған Семейге Англия саудагерлерінен келген. Ярыш ФК құрамында қазақ халқына белгілі ақын, жазушы, профессор Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Сонымен қоса Ярыш ФК сапында Ахметсәлим Кәрімов, Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев және т.б. пионерлер ойнаған. Тарихшы Евгением Юдиннің мәліметі бойынша Ярыш ең алғашқы болып халықаралық кездесу өткізген. 1914 жылы Семейге Томск қаласының футбол командасы кіріп шықты.
* 1920 жылы 26 қыркүйекте Семей алтайлықтардың ұйымдастыруымен болған Олимпиадаға қатысып екінші орын алды. Финалда Барнауыл командасына жол берді.
* 1963 - «Цементник» командасы Қазақ ССР чемпионы атанды.
* 1964 - «Цементник» шеберлер мәртебесін алып, КСРО чемпионаты мен Кубогында ойнауға рұқсат етілді.
* 1969 - Команда капитаны Виктор Дронкин 1 маусымда 25 доп соқты, бұл Семей командасының КСРО чемпионатындағы ең жоғарғы жетістігі болып саналады.
* 1983 - «Спартак» Қазақ ССР Кубогын жеңіп алды.
* 1994 - Достық (Алматы) клубының таратылуының арқасында семейлік команда Жоғарғы Лигада ойнаға жолдама алды.
* 1994-1995 - «Елімай» 2 жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанады.
* 1996 - бразилялық шабуылшы Маркос Роберто Сампайо Пимента және жартылай қорғаушы Антонио Роберто зе Мария командаға шақыртылып, және олар Қазақстан футболындағы алыс шет елден шақыртылған алғашқы ойыншылар болып саналады.
* 1996 - Қазақстан Кубогының финалында Ақтаудың «Мұнайшы» командасын 2:1 есебімен жеңді. Бірақ футбол қауымдастығының шешімімен финалдық ойын жоққа шығарылды, себебі команда Қазақстан қауымдастығындағы iстелген заңсыздығына қарсы наразылық белгiсi ретiнде кубокты қабылдаудан бас тартты.
* 1998 - «Елімай» Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды.
* 2001 жылы 18 мамырда - «Спартак» стадионында «Елімай» мен Африка клубтарының құрамасы арасында жолдастық кездесу өтіп, 3:0 есебімен семейліктердің пайдасына шешілді.
* 2004 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Семей» Жоғарғы дивизионнан ұшып кетті.
* 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір команда - "Восток" клубымен бірге таратылды да, орнына "Алтай" клубы құрылды.
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 13 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
## Қазақстан чемпионаты және кубогындағы көрсеткіш
### Статистикасы
### Құрлықтық кубоктерде
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1995 — 10:0 («Мұнайшы», Ақтау)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1992 — 0:6 («Целинник», Астана)
* 1993 — 0:6 («Болат-АМТ», Теміртау)
* 1993 — 0:6 («Уралец», Орал)
### Клуб атауларының тарихы
* «Цементник» (1964-1970)
* «Спартак» (1971-1993)
* «Елімай» (1994-1998, 2001-2003)
* «AES-Елімай» (1999-2000)
* «Семей» (2004-2007)
* «Спартак» (2008-о.у)
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы (3): 1994, 1995, 1998
* Қазақстанның қола жүлдегері (1): 1996
* Қазақстан кубогының иегеріі (1): 1995
* Ресми сайты Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2010 жылы. |
Суан — қазақ қоғамындағы, Ұлы жүз құрамындағы көне ру. Албан, Суан, Дулат үшеуі бірге туған, Майқы би мен Домалақ ананың балалары.
## Тарих
Суандар жайында көне деректерде мүлде ешнәрсе айтылмайды. Алайда, бұл бағытта жоғарыда келтірілген Н. Аристовтың сілтемесі аса құнды дерек көзі болып табылады. Бұл мәліметті келтіре отырып, С. Аманжолов Н. Аристовтың пікіріне жан бітіріп, Албан мен Суан рулары Дулат руының одағында болды дегенді қостайды. Қазақ шежіресі де ежелден Дулат, Албан мен Суан руларының түп тамырластығын, тіпті ол үшеуінің Жарықшақтың баласы екеніндігін дәлелдейді.
Суандар Албандарға, әсіресе, Дулаттарға қарағанда онша көп емес. Сондықтан олар көп жағдайда қысымдық көріп, ең бастысы, жер тәлімі мен жайылымнан шеттетілген. Бұл жәйт әлі күнге дейін айтылып келе жатқан аңызбен де расталады. Онда бауырлар арасында сұр бұқаның ені үшін (ол кезде бұқа ені желінеді екен) дүрдараздық шығып, сыбаға тимеген Суан үлкен ағалары Албан мен Дулатқа өкпелеп, шалғай шығысқа көшіп кеткені әңгімеленеді. Шынында да, Суан руының қонысы Қытай шекарасындағы Іле өзенінің оң қабағында, үш ағайындылар Дулат, Албан, Суан жайлаған аймақтың ең шығыс жағында жатыр.
## Болыстары
Жаркент шаһары екі үлкен болысқа бөлінді бірі Тоқарстан бірі Байтүгей, екі болысты Суан руының Ақша атасынан шыққан Мәкен болыс басқарды, кейін Алатау губернаторлығына қарады оны Тезек Төре басқарды.
## Зерттеулер
Суаның ата тегі туралы мәліметтер әдебиеттерде біршама. Бұндай деректер көзіне Н. Аристов, М. Тынышбаев, В. Востровтың бізге белгілі еңбектерімен қатар Жетісу облысының байырғы тұрғындарын зерттеген жұмыстарды жатқызуға болады. Оларда Суандардың екі ата Тоқарыстан мен Байтүгейге бөлінетіні айтылады. Бұның бәрі рас болғанымен, әлгілерде үрім-бұтақтың тыңғылықты кестесі жоқ болып шықты. Біз осы кем-кетікті толтырып, өз пайымдауларымызбен салыстыра отырып, Суандар туралы тармақтардың таралуын бір ізге салдық. Суан руының шежіресі туралы біздің мәлімет берушілеріміз онша көп емес, дегенмен, солардың ішінде Талдықорған облысы, Киров ауданың тұрғыны 1897 жылы туған (Суаннан) Кінәз Дәуітәлиев пен сол облыстың Жаркент қаласының тұрғыны 1937 жылы туған (Суан нан) Нұрахан Хабимолдаевтан жинан алған деректерді құнды деп есептейміз. Сонымен Суаннан ірі төрт ата тарады: Тоқарыстан, Байтөгей, Бағыс, Жесегір (соңғы екеуі Көпбағыс пен Досбағыс деген атпен Алматы айналасындағы дулаттарға сіңіп кеткен).
## Шежіре
Тоқарыстан мен Байтөгей ұдайы көше отырып, қазіргі қонысы Іле өзенінің оң жағасымен Қорғас өзеніне дейін жетеді. Суан руының негізгі ірі атасы төртке: Тұрдымбет, Мұрат, Бердіке мен Баубекке бөлінетін Тоқарыстан болып есептеледі. Тұрдымбет өз кезегінде үш тармақ: Бөргелтай, Есет, Тұрсынға тарайды. Есеттен Қошқар, одан Жанқозы, Бөлек, Одыр, Мейіз. Одырдан Сүйімбай, Сабаз, Қабай. Шежіреде айтылатындай, Мұраттың алты баласы болыпты: Орыс, Қараменде Мұратұлы, Шегірен, Қарабек, Әбдісүгір, Байтөгей. Ел аузында Байтөгейден басқаларын Бес Мұрат деп те атайды. Мұраттың үлкен ұлы Орыс, одан Мырзагелді, Хангелді. Соңғының екі ұлы бар Сұлтанқұл мен Ақша. Ақшадан Бекболат, Құрымбай,Есдәулет,Байтілеу бұларды төрт Ақша деп те атайды. Бекболаттан Сады одан Талтаң. Талтаңнан Шойынтай. Шойынтай дан Нұрбай, Керімбай тарайды. Нұрбайдан Тоқмухаммед Тоқтамамыт, Нұралы тарайды.Тоқмухаммедтен Ұзақ, Байұзақ. Ұзақтан Ермек, Еділ. Еділден Жігер, Байұзақтан Бауыржан, Мағжан. Мағжаннан Жақұт пен Мейіржан.
Мырзагелдінің ұрпақтары недәуір болып, жеті атаға жіктеледі: Қожеке, Тілеке, Кебенек, Олдақсан, Туматай, Еділбай, Мәмбет. Мәмбеттің бірінші Қарлығаш есімді әйелінен Мақпал туса, ал екішпі әйелі Желкілдектен жеті ұл көрген: Сүттібай, Құттыбай, Медеубай, Мес, Айдабол (Сондықтан оларды анасының атымеп Желкілдектің Жеті тазы деп те атайды). Айдаболдан Сабалы, Бабалы, Баба, Байшымыр.
Соңғыдан Тұрғынбай, одан Жақып, Іркітбай, Бүркітбай. Соңғыдан Қайынолда, Қатша, Әбділда, Қабимолда. Соңғыдан Нұрсапа, Нұрахан (мәлімет беруші, 1937 жылы туған), Айдархан. Біз келтірген үрім-бұтақ кестесінде мәлімет беруші Нұрахан Қабимолдаев пен Суанның арасында 11 ата жатыр. Байтөгей үш атаға бөлінеді: Елтінді, Молақ пен Жылгелді. Кейбір әдеби деректерге қарағанда Байтөгейдің ұрпақтары оның екі әйелінің атымен: Нөкейтін мен Сарықыз деп тарайды, біраң, олар қалай бөлінетіні нақты көрсетілмегендіктен, түп- тұқиянын дәл анықтау мүмкін емес. Молақтан Құртымбет, Сексен, Шоқа, Қасаболат, Сүйімбай, Еркебай. Жылгелдіден Аққабақ, Алдияр, Елшібек. Аққабақтың екі ұлы бар: Құдайберді (Аманқұл, Ақбура, Көтен) және Сатай (Абылай, Көпес, Бектемір, Досқұлы, Нәуке, Ақылбек, Әбдіке, Жетімқозы). Сатайдың бес әйелі болды, деп ел айтады. Төртінші әйелінен Әбдіке туыпты, одан Әділбек, одан Дәуітәлі, одап Кінәз (біздің мәлімет берушіміз, 1892 жылы туған). Біздің кестеміз бойынша, ол он екі атадан барып Суанға қосылады. Алдиярдан Есалы мен Дат.
Елшібектен Құлжыкей, Алакүшік, Шабар, Алшор т. б. Сонымен Суан руы екі ата: Тоқарыстан мен Байтөгейге бөлінетінін қайта пысықтаймыз. Алайда, мағлұматтар тапшылығынан үрім-бұтақ кестесінде бүкіл буын қамтылмай қалды. Соған қарамастан екі ата туралы недәуір мәлімет алуға бөлады, өйткені біздің кестемізде Суан руының (5-қосымшаны қараңыз) бұл екі тармағының үрім-бұтағы біршама зерттелді.
## Мекені
XIX ғасырдың аяғындағы Суан руының қанша болғанын Н. Аристов еңбегінен табамыз, онда 4000 шаңырақ десе, М. Тынышбаев олар 1917 жылы 40 мыңға жетті деп нақтылайды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Суан руына жататын қазақтар негізінен Жетісу уәлаяты Жаркент уезінде тұрып жатты. Олар оңтүстікте Іле өзепінің оң қабағын, шығыста Қытай шекарасына дейіи, ал солтүстікте Жоңғар Алатауының тау шабындықтары мен Батыста Верный уезінің шекарасындағы Көктерек өзенінің бөйын қоныстанып жүрді. Демек, бұл Суандар көрсетілген жерлердегі құнарлы да шұрайлы топырақты аймақты алып жатты деген сөз, онда жер де, су да, ну да жеткілікті еді.
Бұрхан, Үлкен және Кіші Үсек (Өсек), Шыпжың мен Қорғас өзендерінің алқабы мен Алтыңкөл көлінің маңайындағы құмда Байтөгей руының қыстаулары бар болатын. Өсек көлінің айналасында, Іле өзені мен Үсек өзенінің орта шенінде, сонымен қатар Көктерек бойында Тоқарыстан руының қысқы қонысы орналасты. Суан рулары мал және егін салумен айналысты. Төрт түлік өсіріп, бидай, арпа мен тары екті, сөйтіп негізінен жартылай көшпелі өмір сүрді. Ірі байлар Жоңғар Алатауындағы альпі шабындықтарына шығып кетіп, шағын дәулеттілері тау етегін төңіректеп, жарлы-жақыбай, жатақтар қыстауларда қалатын.
## Тұлғалар |
Сиқым Дулат руының төрт атасының бірі (№ 3 қосымшаны қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша, Сиқым негізінен он атаға бөлінеді: Борас (Қарақойлы), Тоғатай, Шуылдақ (Байсейіт), Буас, Құлсейіт (Қусирақ), Ақылбек, Құттыбай, Есбол (Аққойлы), Есенгелді (Аққойлы мен Қарақойлы). Түрікмендер ішінде де Аққойлы, Қарақойлылар бар. Олар XIVXV ғасырда Азербайжан мен АрменияДа билікке таласты. М. Тынышбаевтың ескертуінше, оларды да Дулаттан шыққан деп шамалауға болады. Ел аузында Борас, Тоғатай мен Буасты Байсейіт атымен атайды. Байсейіттің шын есімі Шуылдақ. Есбол мен Есенгелдінің ұрпақтарын жай ғана «Естілер» атандырған.
## Шығу тегі
Этимология - кез келген этникалық топтың шығу түсіндіру мақсатында, оның этникалық атауы немесе этоним басында білу үшін қажет. Дыбыс с-ш-ч, қ-к-г, ы-i и л-н, м-д-л түркі тілдерінде және Алтай тіл отбасы (1 28 бар келісім лингвистикалық қайта жаңарту анықталған осы теория сыйқым этнонима айтуынша, тозған чигил қазақ тілінде 31.67 SS) сыйқым сөз басқа тілдерде оқылады чигил болып табылады. Жетісу мен Қашғарды мекендеген Орта ғасыр сыйқым қайта құру үшін түркі тайпалары чигил болды.
Француз ғалымы П. Пелльо этоним чжиси үш қарлұқ тайпаларының бірі чигил сияқты транскрипциясы. Бұл транскрипциясын, этнонима чигил бірінші бөлігінде үшін, Чи тілі Landyk Ғұндардың бір тайпасын құрайтын жылы «қызыл» деген мағынаны білдіреді.
## Тарихы
Бәлкім, олар бір-біріне рухани жақын болған соң басқа аталастары мен көршілер солай жақауратын атаған шығар. Сиқым руының жоғарыда аталған аталарының тегі туралы толық мағлұмат жоқ. Соыдықтан қолдағы бар деректерге сүйеніп, таратып отырмыз. Сөйтіп, халықта Қарақойлы аталатын Борас негізінен бес үрім-бұтаққа бөлінеді: Қораз, Рүстем, Әжі, Наурызбай мен Томай. Бұл буыннан әрі қарай жіктеуге деректер жеткіліксіз. Буас атасы бес бұтақтан тұрады: Боса, Борық, Құл, Есторы мен Қызылқармыс. Боса Құдайберді мен Алакүшікке бөлінеді.
Құдайбердіден Жарымбет, Сайкөк және Сары тарайды. Есторының екі ұлы бар: Тойшы мен Тілеуқабыл, Тойшыдан Қараби, ал одан Сүйіндік пен Аталық. Тілеуқабылдан үлкен үрімбұтақтың атасы болып есептелетін төрт ұл өсіп жетілді: Жаушы, Таңат, Көске, Қосмұрат. Ал, Көскедеи Есті мен Шотке. Естіден Қарабатыр, одан Шенет батыр; Шенет батырдан Тұрыс би мен Рысбек батыр.
Рысбек батырдан Батырбек датқа, одан Тастамбек, Қожай мен Иса; Тастанбектен Белқожа (М. Тынышбаевпен кездескенде 1925 жылы 50 жаста екен). Қосмұраттан Шахмұрат, одан Қараби, одан Мәлік би, одан Асыл би, одан Әлжібек датқа, одан Байсейіт. Ақылбек үш ата: Ағабек, Мырзабек және Атайысқа бөлінеді. Құттыбай тармағынан Бағлан өрбиді. Есболдың (Аққойлы) екі ұлы бар Омар мен Сатыбалды. Омардан Қаржау мен Қайқы. Сатыбалдыдан екі ұл: Елтүзер мен Бөрі. Елтүзерден Рысбай мен Құттыбай. Бөріден Елке мен Естембай. Ал, Есенгелдіден (Ақңойлы) төрт ата: Үлебай, Сырлыбай, Төле мен Болат бөлініп шығады.
Сонымен, Сиқымға кіретін 10 атаның тек алтауының тегін түгел болмаса да таратып, төртеуіне мәліметтер жетіспегендіктен, тоқталғанымыз жоқ. Соған ңарамастан, келтірілген мағлұматтар Дулат руының Сиқым атасы туралы неғұрлым анық деректер береді. Сиқым руының жауынгерлік ұраны «Сиқым» (Н. Аристов, М. Тынышбаев, С. Аманжолов) және «Рысбек» (Н. Аристов, М. Тынышбаев бойынша). Рысбек XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі батыр. Сиқымдардың рулық таңбасы - бұл алғашңыда Н. Гродековтың еңбегінде көрсетіліп, кейіннен Н. Аристов, М. Тынышбаев, С. Аманжолов пен В. Востров оз жұмыстарында содан алып пайдаланады. Үшінші таңбаны жалпы Дулаттың белгісі О түрі деп есептеп, ал алғашқы екі таңба сиқымдардың құрамына енген кірме басқа бір аталардың еншісі деуге әбден болады.
## Тұлғалар
* Рысбек Батыр
* Шінет батыр
* Құдайберген Байетұлы
* Батырбек Рысбекұлы
* Досмұхамбет би
* Асқар Тоқмағамбетов
* Ғани Қалиев
* Халық Абдуллаев
* Зауытбек Тұрысбеков
* Дархан Мыңбай
* Дихан Қамзабекұлы
* Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев
* Тимур Асқарұлы Құлыбаев
* Талғат Асқарұлы Құлыбаев
* Бақытжан Ертаев
* Диханбек Сатылғанов
* Молдияр Оразалиев
* Нұржан Нұржігітов
* Ермахан Ыбрайымов
* Азамат Сатыбалды |
Шанышқылы да Ұлы жүз құрамына кіретін ру. Бұл рудың шығу тегі мен тарихы жайында көне деректерде ешнәрсе жоқ. XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде (П. И. Рычков, А. И. Тевкелев, А. Левитин, Ш. Уәлиханов) «ол (шаныпщылы) Ұлы жүз құрамына кіріп, Қаратау мен Талас өзенінің күнгейінде көшіп жүреді» деген мағлұмат бар. Алғаш рет Шанышқылы руының тарихы мен шығуы туралы Н. Аристов өз жорамалын келтіріп, Шанышқылының отаны Алтайдағы Бийдің бір саласы Аққу өзені мен Шошқалы, Шаңғылбүлақ, Қалжыр өзені ағып шығатын Марңакөлдің сағасындағы құмандар арасында деп тұспалдайды. Қаңлы мен Шанышқылының шығу тегі жоғарыдағы келтірілген аңызда Бақтиярдың өкіл баласы Қатағанмен байланыстырыла ңарастырылып, Шанышқылының ежелгі мекені ретінде Алтай өлкесі айтылады. Қатағандар туралы Әбілғазы еске алый, өзі (Әбілғазы) қазақтар арасында 1632 жылы болғанда қазақ ханы Есім хан Ташкент билеушісі қазақтан шыққан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағандарды тонап, ңысымшылық көрсеткенін айтады. Ол Қатағандарды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бұқым-Қаттаннан шығарады. Ал Рашид әд-Дин Қатағандарды көшпелі ру Қатақин деп атап, оларды Алұн-гоаның үлкен ұлы Бу гунхатақидан таратады. Сол себепті қатағандар Түркістанда тек Шыңғыс дәуірінде, Шағатай сарбаздарының құрамында соларға қызмет етіп, пайда болды деп топшылауға болады. Әрине, олардың саны онша көп емес еді. Сырдарияда қатағандар жергілікті Қаңлы мен Шанышқылылар құрамынан тұрып, әлде бір қатағанның әйгілі бегін қорғау үшін соларға қосылғандар болатын.
Одақтың ыдырап, Есім ханның қудалауының салдарынан Сырдарияның оң қабағындағы Қатаған руы да ізім-ғайым жоғалады. Олардың қалған-құтқан бөлігі басқа тайпаларға қосылып, немесе шанышқылы руларына сіңіп, шанышқылы болып кетті. Қатағандардың басым көпшілігі Шайбани әулетімеп бірге Мауараннахрға кетіп, бір бөлігі Қазақстан аумағын мекендеп ңалды. XIX ғасырдың екінші жартысында қатағандар Әулиеата уезінде тұрып келді (Мақашев пен Смирнов көрсетуінше). Қатағандардың көпшілігі басқа қазақ руларымен мидай араласып кетті, мәселен, Ысты аталарының ішінде Асанқараған мен Байқараған әлі күнге Шымкент уәлаятында тұрып келе жатыр деседі. М. Тынышбаев қатағандардың бір бөлігі Шанышқылы болып, Қаңлы руына қосылып кетті деп есептейді. Шанышқылы руы туралы тағы бір жорамалды Н. Аристов алға тартып, ол: «Шанышқылы атауын сонымен қатар монгол дың «Юактгаоми-шиде» айтылатын Чаншиут, әйтпесе Чанкшикит рулары профессор Березин Рашид ад-Дин бойынша қияттардың тармағы Женшқұт есіміне сай келеді. Олай болса.
Шанышқылы ұрпағы Шағатай кезінде Қаңлының жергілікті руынан қалыптасып, Шағатай монғолдарынан шыққан Чаншиут немесе Шанышқылы атасының атын иемденіп, одақ түрінде құрылды»,деп есептейді. Біздің қолымызда Шанышқылы руының шығуы мен тарихы туралы бұл жорамалды нақтылайтын жазба, немесе басқа деректер жоқ болғандықтан, осымен шектелуге мәжбүрміз. Соған қарамастан, Шанышқылы руы туралы Н. Аристовтың пайымдаулары көңілге қонымды екенін айта кеткен жөн. Шанышқылының Алтайдан шыққаны туралы топонимдер мен әтнонимдер негізіндегі ой, атаулардың кейбір монгол әтнонимдерімен сәйкестігі туралы, олардың жергілікті қаңлылар мен қатағандармен байланысы туралы тағы басқа мәліметтер толық назар аудартады. Шанышқылының ата-тегінің құрамы хақында М. Тынышбаевтың шағын мақаласынан басқа әдеби деректер некен-саяқ. Тынышбаевтың зерттеуінше, Шанышқылыдан Сымыршық, одан Айрылмас (шанышқылылардың ұраны); одан Құрбақа (Балық, Саңырау, Мамыт), Дархан, Қырықсадақ, Бектау (Қырпық, Арапшы, Сырдым), Жойсын, Бағыс (Қырғызтекті). Біздің зерттеуімізде де Шанышқылы туралы жарияланымдар жарытымсыз. Шанышқылы руының жауынгерлік ұраны бәйгеде «Айрылмас», ұрыс-қақтығыста «Шанышқылы». Бұл туралы Гродеков, Аристов, Тынышбаев пен Востров жазды, ал Аманжолов «Айрылмас» пен «Бәйтерек» деп есептейді. Бұл кейбір шанышқылы аталарының қаңлылар құрамына кіргендіктен, олар «Бәйтерек» ұранын пайдаланатын болар. Шанышқылының рулық таңбасы (қолтаңба).
XIX ғасырдың аяғына таман (Мақашевке сүйенгенде) шанышқылылардың аз бөлігі Жетісу өлкесі, Верный уезінің Түрген өзенінің бойында ғұмыр кешкен. Сырдария уәлаяты Ташкент уезінде 2000 түтін, Верный, Қапал, Әулие-ата, Шымкент және Ташкент уезінде барлығы 10 000 түтін болған. М.Тынышбаевтың дерегінше, 1917 жылы қаңлылар мен шанышқылылар Верный уезінде 10 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, ал Ташкент уезінде 160 мың жан өмір сүрген. Тағы да сол көрсету бойынша, жоғарыдағы үш уезд көлемінде 190 мың жан шанышқылылар қоныстанып жүрген. Қаңлылар мен шанышқылылардың саны туралы мәліметтер олардың негізінен Қазаңстанның оңтүстігіне таралғанын көрсетеді. Бұл барша уездерде қаңлылар мен шанышқылылар төрт маусым бойы қоян-қолтық көшіп-қонып жүргендіктен, олар бірге саналады, бірақ жан басы жағынан тепе-тең емес еді. Қапал. Верный, Әулиеата уездерінде шанышқылылардан гөрі қаңлылар басым болатын, ал Ташкент уезінде жоғарыда айтылғандай, шанышқылылар 2000 түтін құрады. Қаңлылар мен шанышқылылардың Қапал уезіндегі ата-қонысы Алтынемел тауларының етегінде, Верный уезінде Түрген өзенінің аңғарында, Әулиеата уезінде Талас өзенінің аңғарында және Ташкент төңірегінде Келес пен Шыршық өзендері бойында орналасты.
Шанышқылы руының негізгі кәсібі төрт түлік мал өсіріп, суармалы егіншілікпен айналысу болатын. Олар жартылай отырықшы және отырықшы ғұмыр кешті. Әлбетте, отырықшылар егін салып, бидай, арпа, тары мен ңауын-қарбыз еккен. Сонымен, біз Ұлы жүздің ірі-ірі он бір руының рулықтайпалық құрылымы, олардың Жетісудың Қапал, Жаркент пен Верный уездеріндегі, Сырдария уәлаятының Әулие-ата, Шымкент пен Ташкент уездеріидегі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қоныстануы туралы қысқаша шолуымызды аяқтаймыз. Әдеби деректер мен біздің зерттеулеріміздің негізінде 11 рудың 20 ата-тегі туралы кесте жасалды. Олардың тұтастығы мен толықтығы бойынша бұл тектану кестесі әр түрлі болды. Кейбір рулар мен аталар бойынша, олардың әтникалық құрылымы жайында әлдеқайда мол қамтылды. Жалайыр, Албан, Шапырашты, Дулаттың кейбір аталары бойынша біздің зерттеулеріміз тектану кестесіне енбей, орташа мағлұматпен шектелінді, ал Сарыүйсіндер мен Шанышқылы жайында деректеріміз тақұлтұқыл болды. Соған қарамастан, біздің тектану кестемізден Ұлы жүздің рулары мен аталық құрамы туралы белгілі жүйеде түсінік алуға мүмкіндік бар.
Рулардың рулық құрылымы туралы мағлұмат бермей тұрып, алдымен мүмкіндігінше ежелгі рулар: Үйсін, Дулат, Жалайыр мен Қаңлылардың шығуы мен тарихы жайында деректер беру қарастырылды. Содан соң біздің кестемізге сәйкес, рулық-тайпалық құрамы келтірілді. Одан кейін рулар мен аталардың қоныстануы, көші-қоны да қағажу қалған жоқ. Ауа райы мен жер ыңғайына байланысты жеке рулар, аталар мен қауымдастықтың негізгі кәсібінің бағыты атап өтілді. Қал-қадарынша әр аудандардағы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі де тілге тиек етілді.
## Тұлғалар
* Бердіқожа батыр
* Қайрат Нематұлы Келімбетов
* Қазанғап Тілепбергенұлы Қырықсадақ
* Темірбек Қожакеев Қырықсадақ
* Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай Көрік
* Бақытжан Алдияр Ағанай-Жолық
* Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі Жұдырық
* Қаратай Тұрысов Жұдырық
* Тұтқабай Иманбеков Саңырау
* Алданов Ермек Араншы
* Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков Қатаған
* Адыл Егамбердіұлы Якубов Қатаған
* Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов Қият
* Жамал Омарова Балықшы
* Шәріпбай Медетбаев Тініке
* Орынкүл Орманқызы Тәжиева Тініке
* Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков Шошым
* Алданов Ермек Араншы
* Тұрдымұрат Әзімбаев Бесуыл
## Дереккөздер
## Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы" |
Ошақты руы туралы да көне жазба деректерде ешқандай мәлімет жоқ. Тек қана орта ғасырдағы бір мағлұматта Ошақты емес, оның бір Байлы руы жөнінде XV ғасырға жататын араб саяхатшысы Масуди «Тарих-и Абулхайырхани» шығармасында там-тұм ескертіп өтеді. Орыс әдеби деректерінде XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін де Ошақты руы туралы бірде бір сөз айтылмайды. Тек 1867 жылы Ю. Южаковтың еңбегі жарияланып, онда Ошақты мен Шапырашты Суанның баласы деп қатеге ұрынады.
Бірақ, Ю. Южаков Ошақты руының тегі туралы ешқандай мәлімет бермейді, Н. Аристов та қолында дерек жеткіліксіз болғандықтан, бұл ірі қауымдастықтың ата тегі туралы ешқандай ауыз тұшытарлық мағлұмат келтірмейді. Тек М. Тынышбаев қана Ошақтылардың рулық құрылымы туралы біраз хабардар етеді, сол біздің ата тек тарату жұмысымызда біршама бағдар болды.
Қазақ шежіресі бойынша, Ошақты Үйсінге шөбере болып келеді. Оның әкесі Жәлменде үш әйел алады: біріпшісі Мапыраштыдан Шапырашты, екіншісі Қарашаштан Ошақты және үшінші әйелі Сландыдан Ысты. Демек, қазақ шежіресі олардың туыстық байланысын айқындап береді. Оыың үстіне, В. Востров Қоңыр атасының Ошақты мен Ысты құрамында болуының өзі олардың туыстық қатынаста болғанын көрсетеді деп есептейді. Огнаңты руының тегін тарқатуда бізге мәлімет беруші Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылының тұрғыны 1889 жылы туған (Ошақты) Мықтыбай Махамбетов көп көмектесті.
Қарапайым әдеби деректер мен біздің зерттеулеріміздің негізінде Ошақты руының тегін жүйелеп, олардың қоныстанған ауданын айқындаудың мүмкіндігі туды (№ 8 қосымшаны ңараңыз). Сонымен, Ошақты руы алты атадан тұрады: Байлы (немесе Байназар), Қоңыр (Қойназар), Аталық (немесе Бекназар), Тасжүрек (Ақназар). Байлы төрт атаға бөлінеді: Сүзік (Созақ), Байсары, Қасқа, Қабыл.
Соңғыдан Қосберді, Есенғұл, Есберді. Есбердінің үш ұлы бар: Ауызек, Есенәлі, Мүсірәлі. Соңғыдан Бекен, одан Панг батыр (К. Қасымовтың ізбасары). Қоңыр руы төрт тармақ: Шуылдақ, Алданар, Жамантымақ, Түлкіші. Аталық атасы да беске бөлінеді: Орақ (Төртауыл, Қарсақ), Жалмәмбет (Берді, Сүгір, Төбет, Тас). Көп аталы Тасжүрек он екіге тарайды: Қосаң, Солақай, Сейіт, Тоқтыауыл, Қараман, Келмембет, Бөлек, Тас, Тілеу, Қайқы, Таз, Кенже. М. Тынышбаевтың мәлімдеуінше, Тасжүрек руынан әйгілі Саңырық батыр шығып, 1725 жылы Торғайда Бұланты, Бөленті өзендерінің жағасында ңалмақтармен болған соғыста жеңіске жетіп, ол ара әлі күнге Қалмаққырған деп аталады. Айта берсе, Аңназар, Қойназар, сонымен қатар көп аталар, Қоңыр, Аталық, әсіресе Тасжүрек жайында мағлұматтар аз болғандықтан шектелуге тура келді.
Ошақтылардың рулық айрықша жауынгерлік ұраны жөнінде ешқандай деректер жоқ, сондықтан оларда үйсіндерге ортақ ұран «Бақтияр» деп шамалауға болады. Аристов, Тынышбаев, Аманжолов пен Востровтың айтуынша, рулық белгі (Тұмар таңба). Ошақтылар онша көп емес, Н. Гродеков, И. Смирнов мәліметтерін негізге алып, Н. Аристов олардың жалпы санын шамамен XIX ғасырдың аяғында Әулие-Ата, Шымкент, Ташкент уездерінде 2000 үй деп көрсетеді. М. Тынышбаев 1917 жылы Әулие-Ата уезінде 60 мың жан, Шымкентте 10 мың жан, екі уездегі олардың бәрі 70 мың жан болды деп тұжырымдайды. Ошақтылар Талас өзенінің төменгі ағысында екі жағаны қоныстанды. Бұл тұрғындар көпшілігінің қыстауы Әулие-Ата уезінде де, шамалы бөлігі Шымкент уезінің жерінде орналасқан.
Талас өзені Шымкент уезіне мүлде жетпеді, бірақ онда басқа өзендер бар болатын. Ошақтылар да өз қандастары сияңты отырықшы және жарты лай отырықшы өмір кешті. Отырықшылар деп жылдың төрт маусымында да Талас өзенінің алқабында қалып, суармалы егін шаруашылығымен айналысқан жатақтарды атайтын. Ал, көшпелі тұрғындар, оның ішінде малы коп байлар Мойынқұм құмын қыстап, киіз үйде тұрып, сексеуілден қора-қопсы жасап, таластағылар жертөле қазып, шошала тұрғызып, қамыс пен сексеуілден ашық немесе жабық мал тұратын шарбақтар құрады.
Малға арнайы азық дайындалған жоқ, көктеу мен күздеу қысқы жайылымнан алыс емес бөлатын, ал жайлау Қаратау қойнауында еді. Төрт түлік мал түгел сай болып, өрісте жататын. Көші-қонда түйеге жүк артатын, жылқы мен өгіз де пайдаланылатын.
## Тұлғалар
* Ұлбике Жанкелдіқызы Тасжүрек.
* Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев
* Мырзатай Жолдасбеков тасжүрек
## Дереккөздер |
Кете – Алшын тайпасынан тарайтын Әлімұлына кіретін қазақ руы. Қызылорда облысының батысы мен Ақтөбе облысын, Атырау облысын мекендейді.
## Тарихы
Кете руы туралы алғашқы деректер 12 ғасырдан бері белгілі. Қидандарға бағынып, 1120 ж. Елюй Даши басшылығымен, Қарахандар әулеті мемлекетіне қарсы жорыққа қатысқан 18 тайпаның бірі кити делінген. М.Н. Галкин түрікмендердің гоклан тайпасында кета, Н.Н. Аристов башқұрттарда кете руы кездесетінін айтады.
Қазақ ғалымы Ә.Нұрмағамбетұлы: “Қырғыз халқының батырлар жырында ұшырасатын “кете” сөзінің мағынасы – қымбат та асыл мата атауын білдіреді, тұңғыс-манжыр тілдерінде “кэтэ” – көп ұғымында айтылады”, дейді. М.Тевкелевтің “Қазақ халқының тарихынан материалдар” атты еңбегінде: “Қашқардан оңт.-батысқа қарай Алай тауының шығыс жақ бөлігін қазіргі уақытта қырғыздың қаракесек және төйт рулары мекендейді. Олар ерте кезден бірге тұрады және өздерінің әңгімелеріне қарағанда – бірге туған туыстар”, – делінген.
Кете руы Ақкете және Қаракете тармақтарына бөлінеді. Ақкетеден Әжібай би, Арал батыр, Қармыс батыр, Болпыш би, Ебескі, Алтай батырлар, Шернияз ақын тараған. Ал Қаракетеден Ешнияз Сал, Құдайназар батыр, Текей батыр, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Омар, Сүйіндік пен Сүйкімбай, Алдашбай, Қуанышбай ақындар, Тоқтаболат, Алтай, Бестібай, Бекмырза, Тұңғышбай, Тайшық, Есетбай билер, Қарақисық батырлар шыққан.
Кете руы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы, Перовск, Ақтөбе, Үлбішін уезі, Темір уезі, Гурьев уезі, Бөкей ордасын қоныстанған.
Ұраны – Майлыбай, таңбасы – П, Х.
## Тұлғалар
## Дереккөздер |
Ботбай – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы дулат тайпасынан тарайды. Ботбайдан төрт ұл туады. Бірінші ұлы Құдайқұлдан Әлімжан, Есбер, Бесторсық, Сиыршы туып, төрт ата ел болған және алты арыс Шағай аталығы (Есенбай, Ақша, Қожай, Асан, Жанқойлық, Тайлақ) мен он екі ата Қоралас (Есен, Ырыс, Мәметай, Бекшора, Қауғаяқ, Шауқар, Итім, Сарым, Мырза, Бура, Томай, Қосан), Бұйдас сияқты аталар да Ботбайға кіреді. Кейбір шежірелерде бұл аталарды қыздан тараған делінген. Алты арыс Шағай әулетінен қол бастаған Өлмес, Сәмен батырлар шығып, кейіннен Сәмен батырдың аты Ботбай руының ұранына айналған. Ұраны — Ботбай, Сәмен. Таңбасы — дөңгелек.
Ботбай Дулат руының төрт атасының бірі (№ 3, За қосымш аларды қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша Ботбай бес атаға бөлінеді: 1. Құдайқұл өз кезегінде төрт арысқа тарайды, төрт ұлдың ұрпақтары төрт арыс аталады: Әлімжан. Бесторсық, Сиыршы, Есбер (Байтүгел, Байкісі (Байшат) Жиенбай мен Бұқар); 2. Шагай келе-ке ле алты арысқа ажырайды, Шағайдың үш ұлы Байкүшік, Есенгелді мен Кішкентай бар. Алғашқы екеуінің ұрпақтарын ел аузында «Кішкентай ботбай», ал кейінгісін «Шоң ботбай» дейді. Олардың әрқайсысынан екі ұл өрбіді, Шағайдың бүкіл алты немересінен тараған көптеген ұр пақтарды «Алты арыс шагай» дейді. Байкүшіктен екі ұл: Асан мен Тайлақ, Тайлақтан Жауыр, Мұрат; Мұраттан Қанат. Есенгелдіден екі ұл: Ақша мен Қожай; Қожайдан Жақсылық, Әлібек, Жазық, Қыдыр; Қыдырдан Жарас, Өтеп, Малғар, Мамыр, Өтеулі; Өтеуліден Өмірбек, Әлібек; Әлібектен Өлмес батыр, одан Сыпатай батыр. Кішкентайдың (Күшпентай) екі ұлы бар: Жанқойлық пен Есенбай; Есенбайдан Алатау, Сарман, Жәнібек. Алатаудан Кешу, Тілеуғабыл рулары, Дода, Сарманнан Шағатай руы өрбіді; Шағатайдан Ауан, одан Сәмен батыр; Сәменнен Қапселем батыр. Өлмес пен Сәмен батырлар Ботбай руының азаткерлеріне бас болып, 1798 жылы ташкенттіктерге қарсы шайқасқа қатысты. Сәмен батыр ботбайлықтардың жауынгерлік ұранына айналды. Ал, Сыпатай батыр болса Кенесары Қасымовты мойындаудан бас тартты, оның зираты Меркіден шығысқа қарай 15 шақырым үлкен жол бойында жатыр . 3. Бидас (кірме). Өкінішке қарай, оның тегі туралы бізде де, әдебиетте де деректер жоқ. 4. Қоралас (кірме, 12 арысқа бөлінеді) одан Жанат; Жанаттан Қалыбай; Қалыбайдан Қарақойлы мен Қарақосай; Қарақойлыдан алты ұл бар: Есен, Ырыс, Мәмбетай, Бекшора, Қауғаяқ пен Шауқар; Қарақосайдан алты ұл бар: Итім, Сарым, Мырза, Бура, Тамай мен Қосан. Міне, олар Қораластан кейін 12 атаға бөлініп, «Қораластың он екі арысы» деп аталады. Тынышбаевтың айтуынша Қоралас кірме, монгол тектес. СанонСисен бойынша, ол жеке ру болып есептеледі, аңызда одан атақты Алангова шығады, одан Шыңғыс-ханның ата бабалары тарайды. 5. Көкірек (кірменің есімі Текежан).
Көкіректен төрт ата ажырайды: Қара, Бұлантай, Бесбала (Бестерек деп атамайды),Туаш. Бұл жерде Бесбала жетім қ алып, оны Көкірек асырап алып, Қазақ шежіресінде Бесбаланы бес баласы бар (Теріскей, Әйтек, Жоламан, Шақабай және бесіншісі белгісіз) кейінгі атасы дейді. Текежанды неліктен Көкірек деп атағанын біз де, әдеби деректер де таратып бере алмадық. Ботбайлардың өзінің жауынгерлік ұраны «Ботбай» атасының а тымен аталады, бәйге кезінде өз руының өмірінде маңызды орын алатын атақты батыр «Сәмен» есімі қолданылады. Бір ғажабы, олардың таңбасының бірнеше түрі бар. Сонымен, Ботбай руының таңбасы ( ) (Гродеков бойынша), (Аманжолов бойынша), (Тынышбаев бойынша). Бұның барлық түрі Дулаттардың негізгі рулық таңбасы дөңгелектен тарап, кейбір жекелеген сипаттармен толыңтырылып отырғаны байқалады.
## Тұлғалар
* Жауғаш Қырбасұлы
* Диқанбай Қапсәлемұлы
* Арқабай Өтеғұлұлы
* Оразалы Қожамжарұлы Батыр
* Асанбай Асқарұлы Асқаров
* Елдос Бақытбайұлы Сметов
## Дереккөздер |
Төртқара - Алшын тайпасынан тарайтын ру. Шежіреде жазылғандай, аталмыс ру Алшын тайпасынан шыққан Алау әмірдің алтыншы ұрпағы Әлімнің Қарамашақ атты баласының төрт ұлынан тарап, Әлімұлы рулық бірлестігінің әйдік бір руын құрайды.
Алшын тайпасының Төртқара руының негізгі қыстауы Сырдың төменгі ағысы, жазда Қарақұмнан өтіп, Ырғыз өзенінің бойын жайлаған.
## Алшынның Төртқара руы
Төртқара – Алшын тайпасының аға рулары тарайтын Әлімұлының бір руы. Төртқара М.И. Тевкелевтің, Л.А. Левшиннің деректерінде ру ретінде жазылады. 19-шы ғасырдың аяғында Әлімнен тараған ру ретінде айтылады.
Шежіре деректері бойынша Төртқарадан:
* Қараш,
* Оразкелді,
* Ораз,
* Жаншүкір аталары шыққан.
Бұл төртеуінен Тоқпан, Аппақ, Қасым, Торым, Бақшақ, Мазы, Келтеқара, Құламан, Құлтас, Ақкиіз, Сейітқұл, Шобан, Тәлтекем, Қонысбек, Қаракемпір аталары өрбіген.
Төртқаралар негізінен Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Навоида (Нұратада), Қарақалпақстанда тұрады. Төртқарадан Жалаңтөс баһадүр, Әйтеке би шыққан.Найман, Матай-Төртқара руының шежіресі. Құраст: Б. Қазығұлов, М. Қазамбаев. Алматы, Атамұра, 2004, 208 бет
## Тұлғалар
* Байбек би Ақшаұлы Қараш-Сейтқұл
* Әйтеке би Байбекұлы Қараш-Сейітқұл
* Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы Қараш-Сейітқұл
* Былшық би
* Төребай Пышанұлы
* Басықара би Құрманұлы
* Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев
* Мәдина Есмалайқызы Ерәлиева Қараш-Сейітқұл
* Ерке Есмахан
## Дереккөздер |
Қазақ шежіресінде Сіргелі Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Қазақ хандығының іргесін қалаушылардан болады. Мәселен, біз келтіріп отырған ата-тегінің таралуына қарағанда (1-қосымша), Сіргелі Бақтиярдың немересі, Үйсінге бауыр болып келетін Ойсылдың ұлы. Сөйтіп, қазақтың шығу тарихы сіргелілерді үйсін дәуіріне дейін апарады. Алайда, зерттеушілер көне деректерден Сіргелі туралы мәлімет тапқан жоқ. Кеңес кезеңінде бір топ зерттеушілер Н. А. Баскаков пен С. К. Ибрагимов XVXVI ғасырға жататын Рузбехан еңбектерінен Сіргелі руы туралы мәліметтер тапты. Рузбеханның көрсетуінше, қазақтар жазда Еділ бойын жайлап, қыста Сырдария жағасына, Түркістан төңірегіне қарай көшіп кетіп жүрген. Қазақстанның батыс аудандары бір кезде Ноғай ордасына қарады. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін олардың бір бөлігі солтүстік Кавказға кетіп, басым көпшілігі жаңа құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Бұл туралы қазақ ру-тайпаларының көбісінің (наймандар, қыпшақтар, қоңыраттар, үйсіндер, ергенекті, ашамайлы, телеу), сонымен қатар солтүстік Кавказда ноғайлар ішінде сіргелілердің үштаңбалы руларының болуы көп жайды аңғартады.
В. Востров бұл мәліметтерді өз еңбегінде келтіре отырып, «бұл екі ру мен аталардың тек жай ұқсастығы емес, сөз жоқ, ноғай ордасы ыдырағаннан кейін екі туысқан халықтың құрамындағы сол ру мен тайпа» деген қорытынды жасайды. Сөйтіп, сіргелілер Батыс Қазақстаннан Сырдария мен Түркістанға, Талас пен Шу бойына Жәнібек және Керей сұлтандармен бірге келген рулар құрамында осы маңда қалып кетуі де ғажап емес. Қалай дегенде де XVXVI ғасырларда Сіргелі руларының аталары Талас пен Түркістан төңірегін мекендеді. Әдеби деректерде Сіргелі руының ата-тегі туралы деректер азын-аулақ. Мәселен, орыс шығыстанушысы Н. Аристов өз еңбегінде Сіргелі руы сегіз ата: Байжігіт, Қарабатыр, Батырлар, Үштаңбалы, Айтбозым, Елібай, Төрттаңбалы, Жаңабайға бөлінетінін тұңғыш рет айтады.
Оған іле шала М. Тынышбаев та Сіргелі руы (манат) төменгідей болып жіктелетінін дәлелдейді: Төрттаңбалы, Үштаңбалы, Батырлар, Қарабатыр, Жанай, Бөдене. Біздің ғасырдың 20-жылдарының басында Шымкент уезінде жүргізген зерттеуіпің нәтижесінде Э. А. Шмидт Байұлы мен Үштаңбалыға бөлінетін Сіргелі руының ататегінің толық таралуын көрсетеді. Байұлы өз кезегінде Елібай, Айтбөзым, Шақабай, Шалдар (Қойсой, Шоман, Қөңыр), Жайдақ (Алпар, Тұрсынай, Итемген), Батыр (Құдаиберді, Бердібай) болып келеді. Үштаңбалы болса: Ақкеңірдек (Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді, Құдыс), Тутамғалы (тамға - таңба, Қасым Аманжоловтың "Қазақстан тарихы" кітабында келтірілгендей тамға сөзі көнерген сөзге жатады. Мағанасы қазіргі таңба сөзімен тең), Қайшылыға бөлінеді. Бұл мәліметтер тек қана Шымкент уезіндегі Сіргелілер тегі туралы ғана сипаттама беретіндіктен, Әулиеатадағы бұл аталар жайында ешнәрсе жоқ. Сондықтан оны түгел емес деп есептейді. Үлы жүздің тегін қарастыратын В. Востров өз еңбегінде Сіргелілер туралы тек қана Н. Аристов деректерімен шектеледі, сол себепті оның зерттеулері Н. Аристов мәліметтерімен дәл келетіндей. Бұл әдеби мағлұматтарды аз болса да өз байқап-түйгенімізбен салыстыра отырып, Сіргелінің ата-тегін жасауға тырыстық (10-қосымшаны қараңыз). Сіргелі шежіресі бойынша, біз біраз мәлімет берушілерден құнды мағлұмат жинап алдық. Олар: Шымкент облысы, Созақ ауданы Жуантөбе қеңшарының тұрғыны 1893 жылы туған (Тама) Әбдуәлі Қондыбаев; сол облыстың Бабаата ауылының тұрғыны, 1892 жылы туған (Дулат) Жұматай Тоқбаев; Шымкент облысы, Алғабас ауданы, Майбұлақ кеңшарының тұрғыны, 1888 жылы туған (Байжігіт) Тәжібай Бердібаев пен Төрткүл ауылының тұрғыны, 1888 жылы туған (Қарақойлы) Қожатай Төлековтер еді. Олардың ішінде Сіргелі ата-тегі туралы ең білгірлер бізге бұл рудың этнонимі жайында қызық аңыз айтып берген Бердібаев пен Төлеков. Мәселен, Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Жәнібек ханның замандасы, бақуатты Бақтиярдың ұлы Ойсылдың бірнеше әйелі және 30 ұлы болыпты. Олардың арасында ақылмандары да, көрікті еркетотайлары мен іскерлері де бар екен. Солардың бірі Жәнібек ханның сұлу қызына ғашық болып, ол қыз екіқабат болып қалады. Бұны білген хан ашулапып, Ойсылдың барша ұлдары мен келіндерін қонаққа шақырып, бәрін қырып тастапты. Тек қана Ойсылдың қырда жылқы бағып жүрген ұлы Өтеп пен оның Ізбике атты екіқабат әйелі Ошақтыда төркіндеп жүріп, аман қалып, Манат атты ұл туыпты. Ол ес жиып, ат жалын тартып мінуге жараған кезде оған сіргелі тай мінгізіп, еліне шығарып салыпты. Ол ата-жұртына жеткенде көкпардың үстінен шығып, бұл додада өзінің епті әрі күшті екенін танытып, тайының да тұлпар тектес топжарғандығын көрсетіп, жиналған ел-жұртты таң қалдырыпты.
Оны енді байқап, бір-бірінен сұрастырып, «сіргелі тай мінген мына мықты бала кім?» дегенге келеді. Тойдан кейін әкесі Өтептің ағасымен көрісіп табысады, ол әмеңгерлік жолмен Ізбикеге үйленіпті. Өтептің ағасынан Тутамғалы мен Қайшылыны табады; ал ханның еқіқабат қызы егіз Ақкеңірдек пен Қаракеңірдекке босанғаннан кейін, оларды Өтеп пен Ізбике асырап алыпты. Ал Манат есімі ел ішінде ұмьгтылып, «Сіргелі» атымен этноним тұрақталып, бүкіл кейінгі әулетке көшіпті. Бұлардың төңірегінде тікелей ұрпақтары ғана емес, басқа да туысқандары, тіпті кірмелер де топтасыпты. Аңыз бойынша Сіргелі дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, көптеген бала-шаға өрбітіпті. Мәлімет беруші Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Сіргеліден Байұлы тарайды, одан Айтбозым, Жаңабай, Елібай, Батыр, Қарабатыр, Жайдақ, Құлшығаш, Шалдар. Өтептің ағасының балалары Тутамғалы, Қайшылы, Ақкеңірдек, Қаракеңірдек те кейіннен Сіргелінің құрамына кіреді. Қожатай Төлековтен жазып алған аңызда Сіргелінің әкесі өте дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, ешкімге де, тіпті ханның өзіне де бағынбайтын 30 ұлы бар екен деседі.
Олардың қаңлы мен қатағанның ханы Тұрсынмен жұлдызы қарсы болыпты. Бірде Тұрсын хан Ойсылдың балаларының бәрін үй-ішімен шақырып, өлтіріп тынады. Одан әрі оқиға алғашқы аңызбен сәйкес келеді. Бұдан көрінгендей, алғашында тарихи тұлға Жәнібек бейнесі айтылса, кейінгі аңызда Тұрсын ханның тұлғасы алға тартылады. Аңыз айырмашылығы да осында. Аңыз түрлері уақытқа байланысты айрықша болып көрінеді. Аңыз бойынша Жәнібек хан XV пен XVI ғасыр аралығында өмір сүрсе, Тұрсын хан Жәнібектің немересі, Есім ханның тұрғыласы. Есім хан ңұба қалмаққа қарсы жорықта жүргенде Ташкентте отырған Тұрсын хан елін шапқаны үшін, оны өлтіріп жібергені тарихтан мәлім. Бұдан басқа біз Қажытай Төлековтен Сіргелі руының ата-тегі туралы мол мағлұмат алдық. Оның дерегі бойынша, Сіргелінің 6 әйелі болып, әрқайсысынан бірнеше бала көріп, олардан бірнеше ата тарайды, ал олардан бертініректе оның мәліметі болмай шықты. Бірінші әйелінен - Батыр мен Байжігіт, екінші әйелінен Қарабатыр, Байіуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауқар, Есім мен Досшабақ; үшінші әйелінен Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қоттақбай, Мамыр мен Ботбай; төртінші әйелінен Жаңабай мен Айтбозым, бесінші әйелінен Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар; алтыншы әйелінен Тутамғалы мен Қайшылы. Әрине, бұл ата-тектің тізімі түгел емес, әсіресе онда бізге басқа деректерден мәлім ірірулар ұшыраспайды. Бұлардан басқа біздің мәлімет берушілеріміз жеткізгендей 2 және 3- әйелден тараған рулар Алғабас ауданында тұрып, бір-бірімен қыз алыспайды. Демек, олар өзара әлі жеті атаға жетпеген болып есептеледі. Қазақтар арасында бұл салт бүгінге дейін бұзылмай келгендіктен, олар деректерде кейінгі ұрпақ болып саналады. Төлекөвтың мағлұматтарын басқа деректермен салыстырғанда, Сіргеліні 1, 4, 5 жәпе 6-әйелінен тарағандар бірінші, екінші ата, ең әрі кеткенде үшінші атадан келіп қосылады. Әдеби деректер мен біздің шежірені зерттеуімізді салыстыра талдағанда, Сіргелі руы: Батыр, Құлшығаш, Қарабатыр, Айтбозым, Үштаңбалы, Жайдақ, Елібай, Жаңабай, Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар, Ақсирақ, Қарасирақ, Тутамғалы, Қайшылы, Торттаңбалы, Жанай, Бөдене болып келеді. Сіргелінің бұл аталары ел ішінде руға бөлініп, өзара қыз алыса беруіне рұқсат етіледі. Бұл, демек, олардың әрқайсысы әкзогамдық кедергіден өтті. Осынау 18 ру алғашқы ата болып есептелмейтін шығар, алайда Сіргеліден бастап екінші, тіпті үшінші буын болғанмен, олар коп ұрпақты рулар болып саналады. Бұл аталардың әрқайсысы туралы тыңғылықты тектаиу құрастырмасаң та, кейбірі жайында толық мәлімет беруге тырысамыз. Мәселен, Құлшығаштан Байжігіт атасы, одан Амалдық, Оразымбет, Келімбет, Көшімбет, соңғыдан Сары, одан Сайдуалы, одан Шақан, одан Байдәулет, одан Таңсық, Желкен, Дербісәлі, соңғыдан Бәсібек пен Бердібай, Бердібайдан Тәжібай (мәлімет беруші, 1888 жылы туған). Шежіре бойынша Сіргеліден Тәжібайға дейін 11 ата. Батыр екі ата: Құдайберді мен Бердібайға ажырайды. Шалдар руы үш ата: Қойсой, Шоман, Қоңыр. Жандақ руы үш ата: Алпар, Тұрсынай, Итемген. Аңкеңірдектен бес ата тарайды: Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді мен Құдыс. Бөдене екі ата: Жәлмәмбет пен Қарқыи, соңғыдан Кошек, Артық. Артыңтан Меңдіқожа, Меңай. Бұдан тыс біздің зерттеуімізде Шымкент облысы, Алғабас ауданында өз дамуында әлі әкзогамдың кедергіні өтпеген бірнеше ата тұрып жатыр. Оған Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауңар, Есім, Досшабақ, Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қонаңбай, Мамыр, Ботбай, Шақабай жатады. Олар Сіргелінің анық қай атасына жататыны туралы мәлімет болмады. Сіргелі руының жауынгерлік ұраны «Бақтияр», ал кейбір аталардың өз ішінде басқа да ұраны бар. Мәселен, Елібайдың ұраны «Елібай», Айтбозым «Байтемір», «Жаңабайда «Жаңабай», Шалдарда «Тоғанас», Жайдақта «Даубай», Батырда «Есболат», Ақкеңірдекте «Тайлақ», Тутамғалыда «Ақшабдар», Қайшылыда «Ақшабдар» болып жалғасады. Әдетте қазақ рулары мен тайпаларының ұраны түп атасының немесе ұлт тарихында маңызды орын алатын батырлар мен билердің атымен аталады. Кейде сирек болса да ұранға арғымақтардың аты айтылады. Бұл жерде Тутамғалы руының ұраны «Ақшабдар» мысал бола алады. Сіргелі руларының таңба белгісінің әдеби деректерде бірнеше түрі келтіріледі. Гродеков, Аристов, Тынышбаев, Шмидт, Аманжолов пен Востров бойынша Бәлкім, халық арасында басқа да түрлері бар шығар. Бұл таңбалардың алғашқы екеуі бұзау мен құлын енесін ембеу үшін тұмсығына кигізетін «сіргені» елестетсе, соңғы екеуі сол күйі «қурай таңба» аталады. Соңғы Шмидт бойынша, үштаңбалы руының белгісі. Сіргелі руы мен аталарының таңбасын Н. Аристов та, одан кейін В. Востров та өзге қазақ руларының таңбасымен ұқсас, немесе кейбір шығу тегінің нышандары дәл келетінін мойындауға бейім. Рулар мен тайпалардың әтногенезін анықтау шындыққа жиі келе бермейді. Кейде таңбаларды сол күйі көшіре салуға болмайды, сондықтан алыс аталарды бір-бірімен туыс деу жаңсақ секілді. Мысалы, Ұлы жүзде Сіргелі руының, Орта жүзде ерейдің,. Кіші жүзде Телеудің таңбалары +х бірдей, сәйкес келеді, алайда олардың тегінің туыстығы ешқаидай ежелгі деректерде айтылмайды. Біздің зерттеуімізде аңыз түрінда болса да олардың туыстығы туралы мағлұмат жоқ. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сырдария уәлаятының Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерінде тұратын Сіргелілер 7000 үйден астам болды. Олардың 4871 үйі Шымкент уезінде (Гродековтың көрсетуінше), 1410 үй Ташкент (Макшеев), ал басқалары (Смирнов) шағын топпен Әулиеата уезінде қоныс тепті. М. Тынышбаев өз еңбегінде 1917 жылы Сырдария уәлаяты Шымкент уезіндегі Сіргелілер 70 мың жан деп жалпы санын көрсетсе, Әулиеата бойынша ешбір мәлімет бермейді. Сіргелілердің ат төбеліндей тобы Шу өзенінің орта ағысының оң жағында Ақмола мен Қарқаралы уездерінің түйіскен жерінде қоныстанды. Олардың Шу өзеніндегі қыстаулары Жалайыр руы қонысының батыс жағын алып жатты. Шу өзенінің сол жағасындағы Сіргелілер қыстауының қарсысында Шапыраштылар көшіп жүрді. Сіргелілердің көктеуі мен күзеуі Шудың шалғай солтүстігіндегі Бетпақдалаға кірігіп жатты. Жарлы-жақыбайлар қыстаулардан алыс ұзамай, жаз бойы суармалы жерде егіс егіп, күзеу мен көктеуді төңіректеп, малдылары Бетпақдалаға ендей еніп, өзі үшін де, төрт түлік үшін де құрақтарды пайдаланды. XIX ғасыр мен XX ғасырдың тоғысында Сіргелілердің басым көпшілігі Сырдария өблысы, Шымкент уезінде отырықшыланып қалды. Олардың қыстаулары Бөген, Шаян мен Боралдай өзендерінің бойында орналасты. Тұрақты тұрмыс кешіп, жартылай көшіп-қонып жүрді. Егін суғарып, сүдігерді де іске асырды.
Онда бидай мен арпа егіп, өзендер аңғарындағы суармалы алқаптарда тары, жүгері мен бақша өнімдерін өсірді. Диқандардың құралы қарапайым болатын (жерағаш, уа, пал, ағаш тырмалар мен орақ). Егіншілікпен тек қолы қысқалар ғана айналысты. Олар күнкөріс қамы үшін байлармен ортақтасып, олардан тұқым, сауынға сиыр мен түйе алып, күш көлігі үшін өнімнің жартысын беріп отырды. Сіргелілердің жатақтарында тігерге тұяқ аз болды. Олар төрт түлік өсіріп, әсіресе қой мен түйені ұстады. Қысқа қарай жем-шөп дайындады. 100 басқа дейін малы бар қожайындар малдарын қорада ұстады. Ал, байлар әдетте Мойынқұм қойнауын қыстады. Сіргелілер ішінде отбасылық ұсталардың әр түрлі кәсібі өркендеді, әсіресе, ағаш, сүйектен, темірден зергерлік бұйымдар жасалды.
Бұған өзбек ағайындармен қоныс қону да недәуір әсер етті. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында Шаян өзенін мекендейтін Сіргелі руының Байжігіт атасынан ағаш пен темірден түйін түйіп, «бес ұста» аталған шеберлер шықты. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қаратау күнгейіндегі диқан Сырымбеттің Құлжан, Батырқұл, Байлар, Айдарқұл, Құрманқұл атты бес баласы болды. Көп ұзамай әкесі өліп, шешесі іпиеттей бала-шағасымен Қазығұрт тауының баурайына көшіп барып, балалар ағаш пен темірді өңдейтін кәсіп үйренеді. Ағайындылар недәуір шеберленіп алған соң еліне оралып, үйінде отырып, тұтас жасау-жићаздар жасап, көрік басып, зергерлікпен айналысыпты. Олар бірге өмір сүріп, ерінбей еңбек етіпті, әлгілерді өнері үшін «бес ұста» деп атайды. Олар дайындаған жасау-жићазға, киіз үйдің әшекейлі есігі, сандық, жүкаяқ, піспек, төсағаш, кебеже мен адалбақан кіретін болған. Олардың бүйымдары әдемі өрнек пен нәзік нақыштармен ерекшеленетін. «Бес ұстаның» заттары Шымкент пен Әулиеата уездеріне кеңінен тарады. Сіргелілер қыстауда жертөле қазып, бір бөлмелі үйлер тұрғызып, қора-қопсы салды. Жазда киіз үйде өмір сүрді.
## Тұлғалар
* Тоғанас батыр
* Елшібек батыр
* Сіргелі Жабай батыр
* Сіргелі Қара Тілеуке
* Сіргелі Шоңай батыр
* Есіркеп Жаманқараұлы
* Қарақозы Әбдәлиев
* Қарсыбай Сыпатаев
* Жұман Есіркепов (Есіркеев)
* Рәтбек Нысанбайұлы
* Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз
* Алдабек Мангелдин
* Әділ Сасбұқаев
* Марс Фазылұлы Үркімбаев
* Алтай Сейдірұлы Көлгінов
* Тамара Босымбекқызы Дүйсенова
* Орынбай Рахманбердиев
* Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов
* Әбдіқадыр Кәрім
* Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов
* Бақытбек Әуенұлы Нақыпбеков
* Көпбай Әлімбетұлы
* Айнабек Нысанұлы
* Манат қыз
* Ақмарал Леубаева
* Біржан Байтуов
* Қалдыбек Құрманәлі
* Жарылқасын Дәулет
* Медеу Уәлиханұлы Арынбаев
* Санжар Ташкенбай
* Бейбіт Әмірханұлы Шүменов
* Нұрхан Сүлейменов
* Сұлтан Заурбек
* Бекман Сойлыбаев
* Шамсат Жақсылықұлы Исабеков |
## Қысқаша мәлімет
Сарыүйсін – Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі тайпа. Ұраны – Байтоқты. Таңбасы – Абақ. Сарыүйсіндер – Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау (Сары бәйбіше) анадан тараған ұрпағы.Сарыүйсіндер ежелден Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерін бойлай) өңірін, Қаратау баурайын мекен еткен. Негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.Сарыүйсіннен көптеген абыз, би, шешен, батырлар шыққан.
* Сары биАлтай шешенЖандосай батырҚошқар батырЖартыбай батырТоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісіСәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі
* Сары биАлтай шешенЖандосай батырҚошқар батырЖартыбай батырТоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісіСәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі
* Сары би
* Алтай шешен
* Жандосай батыр
* Қошқар батыр
* Жартыбай батыр
* Тоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісі
* Сәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі
## Қысқаша шежіресі
Бәйдібек → Байтоқты → Сарыүйсін → Мырзақаз → Жақып, Қалша
## Жалпы мәлімет
Халық жадында сақталып, атадан балаға мирас болып келе жатқан шежірелерде Сарыүйсін тайпасы Бәйдібек бабаның Сары бәйбішесі Марау анамыздан таратылып, тіркестегі "Сары" сөзін, бір деректе Гүлжамал, бір деректе Марау аталатын, анамыздың түрімен байланысты шыққан дейді. Шежіренің негізі ауыз екі айтылатын аңыз болғандықтан біз аңызда айтылып, соңғы ғасырларда санаға сіңген деректерді негізге алуды жөн көрдік. Себебі Бәйдібек бабаның өзін бір деректер Ақсақ Темір көреген (хан тұқымынан қыз алған адамға берілген атақ) заманында ғұмыр кешкен десе, бір деректер (шежірелерде айтылатын аталар өмір сүрген уақытына дәлірек келтіру үшін) XII ғасырда, ал бір деректер біздің дәуіріміздің VIVII ғасырларында өмір сүрді деп дәлелдейді. Осының барлығы, біздің ойымызша, үстірттікген шыққан сияқты. Бәйдібек бабаның тарихта болғаны бұлжымас ақиқат, әруақты бабаның қай дәуірде өмір сүргендігін дәлелдеп айтуды тарихшылардың үлесіне қалдырайық. Бірақ, түркі тілдестер әлемінде "Аталық" деген ұғым бар.
Осы ұғымға сәйкес Алаша хан туралы аңызда айтылатын, ханның ала шықты деген жорамалмен елден шығарылып жіберген баласын іздеп баратын жүздерді (ұлы, орта, кіші) айналып өтуге болмайтын сияқты. Сол аңызда алғашқы жүз жігітті бастап барып, хан баласын қайтып елге көшуге үгіттеген Ақарыс Бекарыс өзіне ергендердің, Жанарыс та, солар сияқты, қасына ергендердің атасы болып шығады. Осы үш адамға бөлек-бөлек еріп барған бір қазақтың балалары, үш батырға еріп хан тапсырмасын орындауға бөлек-бөлек барғаны үшін, үш жүзге бөлініп шыға келеді. Бұдан шығатын қорытынды ой, халқымыздың көшпенді тірлігінде жаугершілік заманда қол бастап, бейбіт заманда топ бастап, қысыл-таяңда сөз бастай алатын адамдарға сол кездегі ел билеушісі "аталық" дәрежесін берген.
Сол себептен де Бәйдібек бабаның аталық болғандығын мойындау керек сияқты. "Аталық" дәрежесін алғандардың айналасындағы бір-бірімен туыстас халық сол адамның еліміз дегенді бір ауыздан мойындайтын болған. Елдің аты аталғанда "Аталық" атын алған адамның есіміне қосылып айтылу дәстүрі болған. Сол дәстүр ақыр-аяғында бүкіл елді сол адамның баласы деп ататқызған сияқты. Бұл мәселе де шешімін болашақтан күтіп жатқан күрделі зерттеулерді талап ететін дүние. Егер Ақарыс, Беқарыс, Жанарысқа ергендердің барлығы да қазақ деген халықтың балалары екендігі, олардың тегі, тілі, генетикалық сәйкестігі бірдей екендігін болашақ дәлелдеп көрсетсе, қазіргі қазақтардың арасында там-тұмдап болса да бой көтеріп қалып жүрген "Мен сенен гөрі қазағырақпын" деген сасық пікір жоққа шығарылып, халқымыздың ынтымағы арта түсер еді деген ойымыз да жоқ емес. Бұл мәселенің жауабының ұштығы Н.Аристовтың "26 поколение тюркоязычных племен" деген еңбегінде жатқан сияқты. Түркі, қазақ жұртын көп зерттеген ғалым, қазақтың жүз-жүзге бөлініп, ырың-жырыңға кіргенін Ұлы Шыңғыс хан мемлекетінің іргесі сөгіле бастаған XII-XIII ғасырларға жатқызып, дәйектеп дәлелдейді. Бір деректе Бәйдібек бабаның әкесі Қараша би Арыстан бидің ару қызы Марауды ұлына айттырып әпереді. Бәйдібек баба бір деректе Марау анамыздан он үл, бір деректе тоғыз ұл көрген делінеді. Сол тоғыз ұл ержетіп, дұшпанына жұмылған жұдырықтай ұйымдасып шабар жасқа келгенде, еншісі мен жері Бәйдібек бабаның басқа әйелдерінен бөлек жатқан Сары бәйбішенің ауылын жау шабады. Еркектері жорықта жүрген қорғансыз ауылдың бар малын айдап, жөңкілтіп жүріп береді.
Бүл хабар құлақтарына жеткен тоғыз ұл (Қазыбек, Жәнібек, Толыбек, Тайлыбек, Әлібек, Тастанбек, Сенбек, Қарабек, Сарыбай) өздерінің күшіне сеніп ешкімді көмекке шақырмастан жауды өздері ғана қуады. Әккі жау жалтаң жолмен жүріп, тоғыз батырды ел арасынан ұзап шығуға мәжбүр етеді. Ақыры қуып жеткендер олармен қазіргі Шымкент маңындағы Ақсу бойында арпалысады. Сол жерде үш ұл мерт болады. Қалған алтауы жауды соғыса отырып қуып, қазіргі Күйік асуына таяу жерге жеткенде мерт болады. Ол жерлер күні бүгінге дейін "Алты сары" деп аталады. Өсіп, өркендеп қалған ұлдарынан айырылған Сарыбәйбіше мосқал тартқан жасында тағы бір ұл көреді. Туғаннан аяқ-қолдарында кемістік бар баланы бай мен бәйбіше алласына шүкірлік айтып, елеусіздеу Сирақты деген есіммен атапты. Сап-сары үлпек шашы мен, сергек мінезі баланы кейінірек ел арасында Сергек сары атандырыпты. Бір деректерде, Алланың берген сиы дегенді меңзеп, Сыйлық сары деп те атайды. Үйсін деген сөздің түбірі ырыс, байлық дегенге сайғандықтан, оның байлығына сай халық өз ішінде сары үйсін атап кетіпті. Ал енді бір деректе Марау ананың кенжесі жау шапқан кезде жеті жастарда екен.
Сол Сарыбай ер жетіп, ағаларының кеткен кегін қайтару үшін, жаумен болған бетпе-бет қан майданда жекпе-жекке қарсы шыққандарды қылышпен шауып, қауынша айырып, шоқпармен соғып бастарын мылжалап, найзамен бауырсақты шиге шаншығандай іліп тастай беріпті. Жапа-тармағай елдің барлығы араласқан қоян-қолтық соғыста айналасын балауса құраққа шалғы түскендей жайпапты. Бұны көрген жау нояны: "Анау жүрген сары үйсінді жыға алмасақ, бізге жеңіс жоқ" деп айқай салыпты. Содан бастап бәйбішенің кенжесі Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті делінеді. Содан бастап үйсіндердің басқыншыларға қарсы болған сол соғысында ерекше ерлік көрсеткен Сарыбайдың атағы Сарыүйсін болып тарап, өз аты ұмтыла бастапты. Тағы бір деректе үш жүздің басы қосылған үлкен жиын-тойда Үргеніш жақтан келген түйе балуанға ешкімнің дәті барып, күресуге шықпай қойыпты. Түйе балуан өзіне тағылып әкелінген темір шынжырды бырт-бырт үзіп, күресуге шықпай жатқан қарсыластарының апшысын онан сайын қуырып, тұрып алыпты.
О сы кезде ортаға Үйсін бабаның әруағына айқайлап сиынып бір жас жігіт шыға келіпті. Балуандар қол алысып, күресе бергенде түйе балуан қолын құрғату үшін ысқан топырақтың алақанында іркіліп қалғанын балаң жігіттің кезіне байқатпай шашып жіберіпті. Бұндай әділетсіздікті күтпеген жас балуан сасып қалғанда, түйе балуан еңкейіп жауырынынан қапсыра құшақтап басынан асырып атып жібермек болып шалт қимылға көшіпті. Балаң балуан бұға қалып, оның екі аяғының арасынан өтіп бара жатып, кетеріп төңкеріп түсіпті. Әне-міне дегенше басынан аттап, жеңісті иеленіпті.
Қолпаштаушылар оны тіл-көзден сақтау үшін басына шапан бүркеп ел арасына алып кіріп кетіпті. Күрестің тез біткеніне таң қалған елі "Кім жықты?", "Жыққан кім?" деп ду ете түскенде бір ақсақал: "Үйсін бабасының әруағын шақырып ұрандап шыққанына қарағанда, Үйсіннің бір сары баласы жықты" депті халыққа. Сол кезден бастап Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті. Қалай десек те Сарыбайдың Сарыүйсін аталуына әкелетін осындай аңыздар көп. Олардың кейбіреуінде санаға симайтын, "дәлел-сымақтар" келтіруге тырысады. Біз жоғарыда негізге алған деректеріміздің барлығы аңыздардан алынып отыр. Кез келген аңыз өзі туған заманның саясатына сүйене отырып дүниеге келеді. Өздеріңіз байқағандай, аңыздардың негізгі мақсаты ел бірлігі. Ел бірге болуы үшін түбі бір болуы керек деген қағиданы негізге алған аңыздарда кей-кейде қисынға симайтын бұрмалаулар да аз кездеспейді. Сондықтан да тарихи деректердің орны әрқашан да ерекше болып шығады. Осыған орай жоғарыда аталған еңбектерде негізін мақұлдатқан, Әлкей Марғұлан еңбектерінде, жалпы дүниежүзілік тарихта аты аталатын Түргештер хандығы жайлы мағлұматтардың айтары көп сияқты. Біздің дәуіріміздің 699766 жылдары билік құрған Тургеш қағанатының құрамына кірген халықтар өздерін сарыүйсіндерміз ден атағаны тарихтан белгілі. Олай болса, Түргеш қағанаты тарих сахнасынан кеткен кезде, оның орнында қалған халықтың Сарыүйсіндер аталуы санаға қонатын сияқты. (Түргештер туралы мақаланы осы кітаптан оқисыз).
Ендеше тарих сахнасында өз кезімен шығып, батысындағы, терістігіндегі байтақ өлкені билеген түргештердің басынан билік кеткенде, сол қағанаттағы халықтың бытырауы заңды құбылыс. Осының нәтижесіңде сонау ішкі Қытайға сіңіп кеткен сарыүйсіндер туралы деректер біздерге орыс тарихшыларының, қытай жылнамашыларының жазбаларында, Казбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме шейін" кітабында айтылады. Аңыздағы ұрпақсыз қалды деген тоғыз ұлдың жер-жерге тарап кеткен ұрпақтарының он тармақтан бір ғана бұтағы қалуынан бүгінгі сарыүйсіңдердің таралуы сонау, алыстан басталса да, сан жағынан кенжелеп қалуына әкеліп соқтырған. Өзімен бірге өскен аталар арасында осы себептерден саны жағынан бірнеше есе кем болуы заңды. Мұндай мысалдарды Қоңырат тайпасының таралуынан да көруге болады. Олардың шежіресінде 34 атаның аты аталып, осы күні төртеуінен ғана тараған ұрпақтар туралы деректер бар. Қалғандары көршілес халықтарға сіңіп кеткен дейді аңыз. Мүндай жайт ескіден келе жатқан қазақ тайпаларының барлығына да сай қүбылыс.
Осы орайда Үлы жүздегі Төбейдің төрт баласы Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Құйылдыр туралы да айта кеткен жөн сияқты. Үйсін тарихында Мекірейілден тарайтын Мың жүзден тоқсан баулы қыпшақтар Қара Қыпшақ Қобыландының елі тарайды делінеді. Ал, Құйылдырдың балалары Қырық жүз аталып Қоқандық сарттарға сіңіп кетті делінеді. Жалпы, тарих тереңіне көз салар болсақ сонау заманнан аты белгілі тайпалардың қазіргі саны тым аз болатындарын көптеп көруге болады. Мысалға, тарихта ерте аталатын Чігілдің тікелей ұрпақтары Шапыраштыдағы Шыбыл мен Албан, Арғындар ішіндегі шыбыл тармақтары деп айтар болсақ, бұл үшеуінің де қазіргі үрпақтары басқа тайпалармен салыстырғанда, аз. Ал, бұдан 1012 ғасыр бұрын өмір сүрген айтулы ұрттың ұрпақтары осы он ғасыр ішінде көбейіп-көбейәп барып, қанша болатынын елестету қиын. Алайда, тарихтың дөңгелегі небір дүрілдеген мемлекеттердің өздерін шаңына жұтып кетті емес пе? Сол секілді біздің заманымыздан бұрынғы 15 ғасырларда белгілі болған қаңлы, үйсін одақтарының кейінгі тағдырын көріп отыр емеспіз бе? Тарап бөлшектеніп, бөлініп сайын сахара төсінде қаншама елге айналып кетті. Міне солардың бір бөлігі Сарыүйсін. Өйткені Сақтар мен Үйсіндер бір заманда ғұмыр сүріп, кейінгісі дәуірлеп бел алғанда Сақтардың бір бөлігі Үйсін құрамына сіңген соң, сол алдыңғысының ішінде жүрген бірлі-жарым топтар Үйсін құрамында өз әтнонимдерін өз аттарын сақтап қалды.
Сондай этнонимнің бірі Сақ яғни, сары. Міне, сол Сақ тайпасы Үйсін тобында жүріп, Үйсіннің Сақысымыз яғни Сарыүйсінбіз (Сары) деп өздерін атап кетті. Осының нәтижесінде казақ-қырғыз шежіресінде Сарыүйсін есімі пайда болды. Сонымен, Ұлы жүздегі Бәйдібек бабаның Бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын Сарыүйсіндер шежіресін бастамас бұрын, жоғарыда айтылған жайларға сүйене отырып, төмендегідей қорытындыға келуіміз керек. Сарыүйсіндер Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын ұрпақтар. Олардың қазақ тарихында алатын өз орыны бар. Сарыүйсіндерден Сары би, Алтай шешен, Құрақ, Қошқар, Жандосай, Елемес, Тұрды, Жартыбай сияқты батырлар, Тоқаш Бокин, Сәбит Оразбаев сияқты елге танымал ел ағалары шыққан. Ел арасында "Дәу Қали", Сарыүйсін Қали аталған атақты ел ағасы Ордабайдың Қалиы сияқты, ардалар шыққан. Сарыүйсіндердің қазіргі мекендері Алматы облысы Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Қарасай батыр аудандары, Жамбыл облысының Шу, Талас, Құлан аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығүрт, Сарыағаш, Келес аудандары. Ұраны Байтоқты, таңбасы Абақ.
## Тұлғалар
* Гүлжиһан Қалиқызы Ордабаева
* Тоқаш Бокин
* Жұбаныш Бәрібаев
* Әнуарбек Жүнісәлі
* Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев
* Торғын Жылқышықызы Тасыбекова
* Әлімқұл Бүркітбаев
* Кеңесхан Ақаев
* Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов
* Айтжан Тұрарұлы Шаңғараев
## Дереккөздер
## Қысқаша мәлімет
Сарыүйсін – Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі тайпа. Ұраны – Байтоқты. Таңбасы – Абақ. Сарыүйсіндер – Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау (Сары бәйбіше) анадан тараған ұрпағы.Сарыүйсіндер ежелден Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерін бойлай) өңірін, Қаратау баурайын мекен еткен. Негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.Сарыүйсіннен көптеген абыз, би, шешен, батырлар шыққан.
* Сары биАлтай шешенЖандосай батырҚошқар батырЖартыбай батырТоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісіСәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі
* Сары биАлтай шешенЖандосай батырҚошқар батырЖартыбай батырТоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісіСәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі
* Сары би
* Алтай шешен
* Жандосай батыр
* Қошқар батыр
* Жартыбай батыр
* Тоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісі
* Сәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі
## Қысқаша шежіресі
Бәйдібек → Байтоқты → Сарыүйсін → Мырзақаз → Жақып, Қалша
## Жалпы мәлімет
Халық жадында сақталып, атадан балаға мирас болып келе жатқан шежірелерде Сарыүйсін тайпасы Бәйдібек бабаның Сары бәйбішесі Марау анамыздан таратылып, тіркестегі "Сары" сөзін, бір деректе Гүлжамал, бір деректе Марау аталатын, анамыздың түрімен байланысты шыққан дейді. Шежіренің негізі ауыз екі айтылатын аңыз болғандықтан біз аңызда айтылып, соңғы ғасырларда санаға сіңген деректерді негізге алуды жөн көрдік. Себебі Бәйдібек бабаның өзін бір деректер Ақсақ Темір көреген (хан тұқымынан қыз алған адамға берілген атақ) заманында ғұмыр кешкен десе, бір деректер (шежірелерде айтылатын аталар өмір сүрген уақытына дәлірек келтіру үшін) XII ғасырда, ал бір деректер біздің дәуіріміздің VIVII ғасырларында өмір сүрді деп дәлелдейді. Осының барлығы, біздің ойымызша, үстірттікген шыққан сияқты. Бәйдібек бабаның тарихта болғаны бұлжымас ақиқат, әруақты бабаның қай дәуірде өмір сүргендігін дәлелдеп айтуды тарихшылардың үлесіне қалдырайық. Бірақ, түркі тілдестер әлемінде "Аталық" деген ұғым бар.
Осы ұғымға сәйкес Алаша хан туралы аңызда айтылатын, ханның ала шықты деген жорамалмен елден шығарылып жіберген баласын іздеп баратын жүздерді (ұлы, орта, кіші) айналып өтуге болмайтын сияқты. Сол аңызда алғашқы жүз жігітті бастап барып, хан баласын қайтып елге көшуге үгіттеген Ақарыс Бекарыс өзіне ергендердің, Жанарыс та, солар сияқты, қасына ергендердің атасы болып шығады. Осы үш адамға бөлек-бөлек еріп барған бір қазақтың балалары, үш батырға еріп хан тапсырмасын орындауға бөлек-бөлек барғаны үшін, үш жүзге бөлініп шыға келеді. Бұдан шығатын қорытынды ой, халқымыздың көшпенді тірлігінде жаугершілік заманда қол бастап, бейбіт заманда топ бастап, қысыл-таяңда сөз бастай алатын адамдарға сол кездегі ел билеушісі "аталық" дәрежесін берген.
Сол себептен де Бәйдібек бабаның аталық болғандығын мойындау керек сияқты. "Аталық" дәрежесін алғандардың айналасындағы бір-бірімен туыстас халық сол адамның еліміз дегенді бір ауыздан мойындайтын болған. Елдің аты аталғанда "Аталық" атын алған адамның есіміне қосылып айтылу дәстүрі болған. Сол дәстүр ақыр-аяғында бүкіл елді сол адамның баласы деп ататқызған сияқты. Бұл мәселе де шешімін болашақтан күтіп жатқан күрделі зерттеулерді талап ететін дүние. Егер Ақарыс, Беқарыс, Жанарысқа ергендердің барлығы да қазақ деген халықтың балалары екендігі, олардың тегі, тілі, генетикалық сәйкестігі бірдей екендігін болашақ дәлелдеп көрсетсе, қазіргі қазақтардың арасында там-тұмдап болса да бой көтеріп қалып жүрген "Мен сенен гөрі қазағырақпын" деген сасық пікір жоққа шығарылып, халқымыздың ынтымағы арта түсер еді деген ойымыз да жоқ емес. Бұл мәселенің жауабының ұштығы Н.Аристовтың "26 поколение тюркоязычных племен" деген еңбегінде жатқан сияқты. Түркі, қазақ жұртын көп зерттеген ғалым, қазақтың жүз-жүзге бөлініп, ырың-жырыңға кіргенін Ұлы Шыңғыс хан мемлекетінің іргесі сөгіле бастаған XII-XIII ғасырларға жатқызып, дәйектеп дәлелдейді. Бір деректе Бәйдібек бабаның әкесі Қараша би Арыстан бидің ару қызы Марауды ұлына айттырып әпереді. Бәйдібек баба бір деректе Марау анамыздан он үл, бір деректе тоғыз ұл көрген делінеді. Сол тоғыз ұл ержетіп, дұшпанына жұмылған жұдырықтай ұйымдасып шабар жасқа келгенде, еншісі мен жері Бәйдібек бабаның басқа әйелдерінен бөлек жатқан Сары бәйбішенің ауылын жау шабады. Еркектері жорықта жүрген қорғансыз ауылдың бар малын айдап, жөңкілтіп жүріп береді.
Бүл хабар құлақтарына жеткен тоғыз ұл (Қазыбек, Жәнібек, Толыбек, Тайлыбек, Әлібек, Тастанбек, Сенбек, Қарабек, Сарыбай) өздерінің күшіне сеніп ешкімді көмекке шақырмастан жауды өздері ғана қуады. Әккі жау жалтаң жолмен жүріп, тоғыз батырды ел арасынан ұзап шығуға мәжбүр етеді. Ақыры қуып жеткендер олармен қазіргі Шымкент маңындағы Ақсу бойында арпалысады. Сол жерде үш ұл мерт болады. Қалған алтауы жауды соғыса отырып қуып, қазіргі Күйік асуына таяу жерге жеткенде мерт болады. Ол жерлер күні бүгінге дейін "Алты сары" деп аталады. Өсіп, өркендеп қалған ұлдарынан айырылған Сарыбәйбіше мосқал тартқан жасында тағы бір ұл көреді. Туғаннан аяқ-қолдарында кемістік бар баланы бай мен бәйбіше алласына шүкірлік айтып, елеусіздеу Сирақты деген есіммен атапты. Сап-сары үлпек шашы мен, сергек мінезі баланы кейінірек ел арасында Сергек сары атандырыпты. Бір деректерде, Алланың берген сиы дегенді меңзеп, Сыйлық сары деп те атайды. Үйсін деген сөздің түбірі ырыс, байлық дегенге сайғандықтан, оның байлығына сай халық өз ішінде сары үйсін атап кетіпті. Ал енді бір деректе Марау ананың кенжесі жау шапқан кезде жеті жастарда екен.
Сол Сарыбай ер жетіп, ағаларының кеткен кегін қайтару үшін, жаумен болған бетпе-бет қан майданда жекпе-жекке қарсы шыққандарды қылышпен шауып, қауынша айырып, шоқпармен соғып бастарын мылжалап, найзамен бауырсақты шиге шаншығандай іліп тастай беріпті. Жапа-тармағай елдің барлығы араласқан қоян-қолтық соғыста айналасын балауса құраққа шалғы түскендей жайпапты. Бұны көрген жау нояны: "Анау жүрген сары үйсінді жыға алмасақ, бізге жеңіс жоқ" деп айқай салыпты. Содан бастап бәйбішенің кенжесі Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті делінеді. Содан бастап үйсіндердің басқыншыларға қарсы болған сол соғысында ерекше ерлік көрсеткен Сарыбайдың атағы Сарыүйсін болып тарап, өз аты ұмтыла бастапты. Тағы бір деректе үш жүздің басы қосылған үлкен жиын-тойда Үргеніш жақтан келген түйе балуанға ешкімнің дәті барып, күресуге шықпай қойыпты. Түйе балуан өзіне тағылып әкелінген темір шынжырды бырт-бырт үзіп, күресуге шықпай жатқан қарсыластарының апшысын онан сайын қуырып, тұрып алыпты.
О сы кезде ортаға Үйсін бабаның әруағына айқайлап сиынып бір жас жігіт шыға келіпті. Балуандар қол алысып, күресе бергенде түйе балуан қолын құрғату үшін ысқан топырақтың алақанында іркіліп қалғанын балаң жігіттің кезіне байқатпай шашып жіберіпті. Бұндай әділетсіздікті күтпеген жас балуан сасып қалғанда, түйе балуан еңкейіп жауырынынан қапсыра құшақтап басынан асырып атып жібермек болып шалт қимылға көшіпті. Балаң балуан бұға қалып, оның екі аяғының арасынан өтіп бара жатып, кетеріп төңкеріп түсіпті. Әне-міне дегенше басынан аттап, жеңісті иеленіпті.
Қолпаштаушылар оны тіл-көзден сақтау үшін басына шапан бүркеп ел арасына алып кіріп кетіпті. Күрестің тез біткеніне таң қалған елі "Кім жықты?", "Жыққан кім?" деп ду ете түскенде бір ақсақал: "Үйсін бабасының әруағын шақырып ұрандап шыққанына қарағанда, Үйсіннің бір сары баласы жықты" депті халыққа. Сол кезден бастап Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті. Қалай десек те Сарыбайдың Сарыүйсін аталуына әкелетін осындай аңыздар көп. Олардың кейбіреуінде санаға симайтын, "дәлел-сымақтар" келтіруге тырысады. Біз жоғарыда негізге алған деректеріміздің барлығы аңыздардан алынып отыр. Кез келген аңыз өзі туған заманның саясатына сүйене отырып дүниеге келеді. Өздеріңіз байқағандай, аңыздардың негізгі мақсаты ел бірлігі. Ел бірге болуы үшін түбі бір болуы керек деген қағиданы негізге алған аңыздарда кей-кейде қисынға симайтын бұрмалаулар да аз кездеспейді. Сондықтан да тарихи деректердің орны әрқашан да ерекше болып шығады. Осыған орай жоғарыда аталған еңбектерде негізін мақұлдатқан, Әлкей Марғұлан еңбектерінде, жалпы дүниежүзілік тарихта аты аталатын Түргештер хандығы жайлы мағлұматтардың айтары көп сияқты. Біздің дәуіріміздің 699766 жылдары билік құрған Тургеш қағанатының құрамына кірген халықтар өздерін сарыүйсіндерміз ден атағаны тарихтан белгілі. Олай болса, Түргеш қағанаты тарих сахнасынан кеткен кезде, оның орнында қалған халықтың Сарыүйсіндер аталуы санаға қонатын сияқты. (Түргештер туралы мақаланы осы кітаптан оқисыз).
Ендеше тарих сахнасында өз кезімен шығып, батысындағы, терістігіндегі байтақ өлкені билеген түргештердің басынан билік кеткенде, сол қағанаттағы халықтың бытырауы заңды құбылыс. Осының нәтижесіңде сонау ішкі Қытайға сіңіп кеткен сарыүйсіндер туралы деректер біздерге орыс тарихшыларының, қытай жылнамашыларының жазбаларында, Казбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме шейін" кітабында айтылады. Аңыздағы ұрпақсыз қалды деген тоғыз ұлдың жер-жерге тарап кеткен ұрпақтарының он тармақтан бір ғана бұтағы қалуынан бүгінгі сарыүйсіңдердің таралуы сонау, алыстан басталса да, сан жағынан кенжелеп қалуына әкеліп соқтырған. Өзімен бірге өскен аталар арасында осы себептерден саны жағынан бірнеше есе кем болуы заңды. Мұндай мысалдарды Қоңырат тайпасының таралуынан да көруге болады. Олардың шежіресінде 34 атаның аты аталып, осы күні төртеуінен ғана тараған ұрпақтар туралы деректер бар. Қалғандары көршілес халықтарға сіңіп кеткен дейді аңыз. Мүндай жайт ескіден келе жатқан қазақ тайпаларының барлығына да сай қүбылыс.
Осы орайда Үлы жүздегі Төбейдің төрт баласы Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Құйылдыр туралы да айта кеткен жөн сияқты. Үйсін тарихында Мекірейілден тарайтын Мың жүзден тоқсан баулы қыпшақтар Қара Қыпшақ Қобыландының елі тарайды делінеді. Ал, Құйылдырдың балалары Қырық жүз аталып Қоқандық сарттарға сіңіп кетті делінеді. Жалпы, тарих тереңіне көз салар болсақ сонау заманнан аты белгілі тайпалардың қазіргі саны тым аз болатындарын көптеп көруге болады. Мысалға, тарихта ерте аталатын Чігілдің тікелей ұрпақтары Шапыраштыдағы Шыбыл мен Албан, Арғындар ішіндегі шыбыл тармақтары деп айтар болсақ, бұл үшеуінің де қазіргі үрпақтары басқа тайпалармен салыстырғанда, аз. Ал, бұдан 1012 ғасыр бұрын өмір сүрген айтулы ұрттың ұрпақтары осы он ғасыр ішінде көбейіп-көбейәп барып, қанша болатынын елестету қиын. Алайда, тарихтың дөңгелегі небір дүрілдеген мемлекеттердің өздерін шаңына жұтып кетті емес пе? Сол секілді біздің заманымыздан бұрынғы 15 ғасырларда белгілі болған қаңлы, үйсін одақтарының кейінгі тағдырын көріп отыр емеспіз бе? Тарап бөлшектеніп, бөлініп сайын сахара төсінде қаншама елге айналып кетті. Міне солардың бір бөлігі Сарыүйсін. Өйткені Сақтар мен Үйсіндер бір заманда ғұмыр сүріп, кейінгісі дәуірлеп бел алғанда Сақтардың бір бөлігі Үйсін құрамына сіңген соң, сол алдыңғысының ішінде жүрген бірлі-жарым топтар Үйсін құрамында өз әтнонимдерін өз аттарын сақтап қалды.
Сондай этнонимнің бірі Сақ яғни, сары. Міне, сол Сақ тайпасы Үйсін тобында жүріп, Үйсіннің Сақысымыз яғни Сарыүйсінбіз (Сары) деп өздерін атап кетті. Осының нәтижесінде казақ-қырғыз шежіресінде Сарыүйсін есімі пайда болды. Сонымен, Ұлы жүздегі Бәйдібек бабаның Бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын Сарыүйсіндер шежіресін бастамас бұрын, жоғарыда айтылған жайларға сүйене отырып, төмендегідей қорытындыға келуіміз керек. Сарыүйсіндер Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын ұрпақтар. Олардың қазақ тарихында алатын өз орыны бар. Сарыүйсіндерден Сары би, Алтай шешен, Құрақ, Қошқар, Жандосай, Елемес, Тұрды, Жартыбай сияқты батырлар, Тоқаш Бокин, Сәбит Оразбаев сияқты елге танымал ел ағалары шыққан. Ел арасында "Дәу Қали", Сарыүйсін Қали аталған атақты ел ағасы Ордабайдың Қалиы сияқты, ардалар шыққан. Сарыүйсіндердің қазіргі мекендері Алматы облысы Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Қарасай батыр аудандары, Жамбыл облысының Шу, Талас, Құлан аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығүрт, Сарыағаш, Келес аудандары. Ұраны Байтоқты, таңбасы Абақ.
## Тұлғалар
* Гүлжиһан Қалиқызы Ордабаева
* Тоқаш Бокин
* Жұбаныш Бәрібаев
* Әнуарбек Жүнісәлі
* Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев
* Торғын Жылқышықызы Тасыбекова
* Әлімқұл Бүркітбаев
* Кеңесхан Ақаев
* Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов
* Айтжан Тұрарұлы Шаңғараев
## Дереккөздер |
Қаңлы — Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі түріктің руы (тайпасы) болып есептеледі.
Бұл рудың (тайпаның) этногенезі мен тарихы туралы жазба деректер аз емес. Олардың ішінде аумақты тұтас зерттеу орыс шығыстанушысы Н. Аристовтың еңбегі болып табылады. Онда аталмыш автор былай деп жазады: «Қаңлылар дулаттар тәрізді ежелгі түрік руы. Бәлкім, Авеста пен Махабхаратада Қаңқа деп еске алынатындар солар шығар.
Қытайлар біздің жыл санауымызға дейінгі бір жарым ғасыр бұрын Сырдариядағы, Зеравшан мен Әмударияның төменгі ағысындағы ұсақ отырықшы аймақтар бағынатын Кангюйдың ұлан-байтақ иелігіне кез болады. Кіші хандар дәуірінде (25-221 ж.ж.) Кангюй мен Қаңлылар Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы аландарды биледі. 568 жылы Византия елшісі Земарх Дзивул түрік ханына келіп, бұл кезде Холиат аталатын түрік қаңлыларының жерін басып өтеді. XI ғасырда Мауараннахр мен Батыс Азияны жаулап алған селжұқтардың өздері қаңлы болмаса да, Рашид ад-Дин атап көрсеткендей, олардың әскерінің негізгі сүйегі қаңлылардан тұрды. Баласағұндағы соңғы қарлұқ билеушісі XII ғасырдың екінші ширегінде өзін қаңлы шабуылынан қорғау үшін Қарақиданның Гурханын шақырды.
Сұлтан Мұхаммед Хорезмшахтың қосынында Таластан келіп он мыңдаған Қаңлы қызмет етті. 1200 жылы Гинь елшісі Буксин Шыңғысханға келе жатқан жолында Мауараннахрда кездескен Қаңлы руының санын айтады. Плано Карпини құмандардан (қыпшақтардан) кейін Қаңлы елімен жүріп өтті. Рубрук та 1258 жылы бұл көшпелілердің (саngle) ата-жұртын басып, сапар шекті. Ақсақ Темірдің кезінде қаңлылар Сырдың оң жағасын жайлады, бірақ саны көп емес еді. Ғасырлар бойы ортасынан оңтүстік пен батысқа басым көпшілікті аттандырып отырды, өйткені Европаға құйындай тиген ғұндар мен қыпшақтардың жауынгерлері өздерімен бірге қаңлыларды ілестіре кетіп, барған сайын олар азайып, өз ата-жұрттарында билігі әлсіреп, шығыстан дулаттар мен солтүстіктен қыпшақтар қыспағына ұшырап, Сырдарияның орта ағысындағы жағалауларға ығысты. Қазақ-қырғыз одағына қаңлылар аз ру болып қосылады, себебі олардың көпшілігі Шайбани әулетімен Мауаранахрға кетіп қалған еді. Қырғыз-қайсақ хандары мен сұлтандарына жеке, сарай күзетшілері мен қосындардың басты құрамын (төлеңгіттерді) бере отырып, қаңлылар бүкіл қазақ даласына таран кетіп, қазіргі кезде жекелеген рулық топ ретінде тек Ташкент уезінде ғана кездеседі. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, Н. Аристов көрсеткендей, қаңлылардың рулық тобы Ташкент төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Жетісу уәлаятының Қапал мен Верный уездерінде де қоныстанды.
Қаңлы руының тегі туралы орыс этнографы А. Харузин өз еңбегінде ғажайып аңыз мәлімет береді. «Қаңлы тайпасы...» бір кездерде Жалайырлар сияқты жеке ру болып өмір сүрді. Қаңлы атын, Рашид әд-Диннің айтуынша, Оғыз ханның (түріктердің атасы) өз туыстарымен күресінде оның жағына шыққан түрік рулары алды: олар «малды жегіп, өз қал-қадірінше арба жасады және түріктер арбаны қаңлы дейді» деп жазды ол. Қаңлылардың шығу тегі туралы Әбілғазы төмендегідей аңызды келтіреді: «Оғыз хан барып, татарларға тиді. Татар ханы сан мың әскерімен оған қарсы шықты; олар шайқасып, Оғыз хан кенет шабуыл жасап, оның (татар ханының) қолын быт-шыт қылды. Оғыз ханның қолына көп олжа түсті, оларды тиеп алып кетуге лау жетпейді. Олардың қасында қолы епсекті бір шебер кісі болып, ол ойланып-толғанып арба жасады. Оған қарап, бәрі де арба құрастырып, оған олжаны тиеп, бәрі үйіне қайтып келді. Арбаны «қаңлы» деп атады. Бұған дейін оның (арба) аты да, заты да болған емес, ол қозғалғанда қаңқ деп дыбыс шығаратын себепті оны «қаңқ» атады. Оны жасаған адамды «қаңқылы» деді. Бүкіл Қаңлы елі сол адамның үрім-бұтағы». Академик В. В. Бартольд те қаңлылар туралы құнды мағлұмат беріп кетеді: «Құмандар мен қыпшақтардың түйісуі, соңғылардың қаңлылармен жақын туыстығы күмән туғызбайды. XII ғасыр мен XIII ғасырдағы мұсылман жылнамашылары қаңлы мен қыпшақ сөздерін синоним ретінде қолданады. Егер кангюй мен қаңлы атауларын өзара жақындастыру мүмкіндігі болса, онда бір кезде түрік халқының ең батысын жайлаған ежелгі тайпа қаңлылар болып табылады».
Одан әрі оқымысты: «Бәлкім, қаңлылардың өнері шығар, қара қырғыздардың сөз саптауы қырғыз-қайсақтарға Енесай түріктерінің тіліне қарағанда әлдеқайда жақын тұрады». Қара қырғыз халқының құрамына енген қаңлы мен қыпшақтар туралы Аристов жазды, одан басқа Қаңлы жұртының мекені бір кезде қиыр шығысқа қарай созылып жатқаны жайында бірқатар тарихи деректер келтіруге болады. XII ғасыр басында қаңлылар қарлұқтармен бірге Баласағұнға қатер төндірді (Джувейни); XIII ғасырдағы Алмалықта құрылған түрік иелігін қаңлылар құруы да ғажап емес, ең ақырында Рашид ад-Дин қаңлылар Наймандар жерінде, Ертістің жоғары жағында тұрды деп көрсетеді. Қалай болғанда да, деп жазады С. Аманжолов, М. Қашқари (XI ғасыр) өзінің әйгілі еңбегінде қаңлыларды ру ретінде еске алмайды. Ол: «Қаңлы қыпшақтардың ұлы адамдарының бірі» деп жазады. Бұл тұжырым қыпшақтар мен қаңлылардың бірлігі туралы академик Бартольдтің ойына жан бітіреді, сондықтан қаңлылар хақында арнайы айтылмайтын шығар. Алайда, бұндай бірлік уақытша да болуы кәдік. XI ғасырдан кейін қыпшақтар мен қаңлылардың жеке өмір сүруі көп жайды аңғартады. Басқа қырынан қарағанда, М. Қашқари дәуірінде қаңлылардың көбісі Кіші Азияда болғаны себеп шығар дейтін ой келеді. Соңғы ұйғарым академик Гордлевскийдің зерттеулерімен пысықтала түседі, ол «оғыздан көп бұрын, елді түріктендіру жүрді. Қалаш, Қарлұқ, Қаңлы, Қыпшақтар көптен бері елдің түз тұрғындарын бағындырып жатты» деп жазады. Қаңлылардың мүлде жоғалып кетуі туралы әңгіме туыидамайтыны айқын. Махмұд Қашқари XI ғасырда ғұмыр кешкен қаңлылардан басқа, Қазақстанмен қоса, Орта Азияда өмір сүрген көптеген руларды суреттеп, қамти алған жоң. Дегенмен, басқа деректер бойынша қаңлылардың дені Қазақстан мен Орта Азияны өте ертеден мекендеп келеді. Бұл, біріншіден, Монғол шапқыншылары (XIII ғасырдың басы) Самарқанға тигенде бұл шаћарда 40 000 қаңлы мен парсы сарбаздары бар еді. Одан әрі Темір жорықтарында айтылғандай, олар Жошы Ұлысында Сырдария мен Талас арасында (Әбілғазы Баћадүр хан) ұшырасады. Қазақтардан басқа түркі халықтарының арасында қаңлылардың бар екенімен есептеспеуге болмайды. Мәселен, Алтай мен Енесай түріктерінің ішіндегі, сонымен қатар сақалар арасындағы кангаластарды өз қандастарынан өте ертеде бөлініп кеткен ежелгі қаңлылар деп қабылдамай отыра алмаймыз. М. Тынышбаев өзінің «Қырғыз-қазақ халқының тарихына қосымшалар» деген құнды, шағын еңбегінде қысқаша, бірақ толық қисынымен Қаңлы тарихын зерттейді.
Ол «Қаңлы қытайларға кангюй атымен б. д. дейінгі II ғасырда мәлім болды» деп жазды. Дау жоқ, Қаңлы Сырдария өзенін мекендеген түрік руы. Самарқан, Бұхара мен Хорезм өңірі де қаңлыларға бағынып отырды. Б. д. алғашқы жылдарында қаңлылар ғұндармен бірігіп, үйсіндер және қытайларға қарсы шайқасты. VI ғасырда қаңлыларда төрт дөңғалақты арба болды. X ғасырда қаңлылар арасынан Селжұқ әулетінің негізін салған Селжұқ деген әлдекім қара үзіп шығып, XII ғасырдың екінші жартысы мен XIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Сырдарияның жоғары жағы мен Кіші Азияда билік құрды. XI ғасырдың басында бұл рудың халарлы атты бір бөлшегі Арменияға қоныс аударды, соның негізінде XIII ғасырда болашаң Осман империясының ұйытқысы құрылды. XII ғасырда қаңлылар Шу өзенінің бойында ұшырасады. X ғасырда Мауараннахрды баса-көктеген түріктердің ең көбі қаңлылар еді. Содан бастап, Мауараннахр Түркістан деп аталады. Хорезмшах (Мұхаммед Хорезмшах) дәуірлеп тұрғанда, Түркістанда қаңлылардың дегені жүріп тұрды; Хорезмшахтың анасы Түркен-қатын қаңлыдан шыққан болатын. Отырар қамалының әміршісі Қайыр хан оның жиені. Хорезмшахтың Шыңғыс-ханға қарсы қойған басты күші қаңлылар болыпты. XIII ғасырда Плано Карпини мен Рубрук қаңлылар жерімен өтіп, олардың ңонысын Сырдарияның төменгі ағысы мен Қарақұмда кездестірсе, Темір жорықтарынан біз олардың XIV ғасырдың аяғында Жошы ұлысының бір бөлігін құрап, Сырдария мен Талас арасында көшіп жүргенін түсінеміз. XVII ғасырдың басында Ташкент уезінде тұратын қаңлылар мен қатағандарды Тұрсын хан жеке билеп-төстеді. 1629 жылы «Еңсегей Бойлы Ер Есім» оңтүстік өңірдегі қазақтарды тонағаны үшін Тұрсын ханды өлтіріп, қаңлы мен қатағандарды қуғындады. Олардың бір бөлігі Сырдың арғы бетіне бас сауғ алап, қалғандары «Шанышқылы» атымен қаңлыларға қосылды. В. Востров өз еңбегінде қаңлылардың ежелгі тайпа және олардың түркі тілдес екенін үзілді-кесілді мойындап, көрсетілген деректер негізінде рудың қысқаша тарихын шолып, ол не себептен екені белгісіз, Қаңлы руының аталық құрамы жөнінде ешқандай мәлімет бермейтіндігі рас.
Қаңлы руының этногенезі мен этникалық тарихы, тайпалық құрылымы мен ерекшеліктері туралы академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдаровтың Қазақ энциклопедиясында мақаласы жарияланған. Бұл мақаланы жазу үстінде ол жоғарыда көрсетілген және көрсетілмеген лингвистикалық деректерді мұқият зерттеген. Ә.Қайдаров Н.Аристов және басқалардың ізін алып, басқа мағлұматтарда кездеспейтін Қаңлы руының тайпалық құрылымын беріп, қысқаша тарихына тоқталып, олардың ежелгі түркі тілдес екенін салмақты дәлелдейді. Ә. Қайдаровтың тектану кестесінде қаңлылардың атасы Майқы би болып саналады. Қаңлы руы Сары-қаңлы мен Қара қаңлы болып екіге бөлінеді, оның үстіне Сырдария мен Жетісу қаңлылары да осылай жіктеледі. Ұлы жүз Төбейден таратсақ, одан Байтерек, одан Қаңлы, одан Қанқөжек, Келдібек. Келдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен Қара қаңлы ұрпақтары өрбиді. Сырдария қаңлылары Сары қаңлы (олар бес ата: Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям) мен Қара қаңлы (олар 6 ата: Тоғызбай, Оңбай, Тоғанай, Бақа, Батырақ, Қара). Жетісу қаңлылары да Сары-қаңлы (бес ата: Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз және Шанышқылы) мен Қара қңаңлы (6 ата: Ерезен, Қаспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа) болып тарайды. Бұл ата-текті салыстырып, Ә. Қайдаров Жетісу қаңлыларының атасы Сырдария қаңлылары болып табылады деген дұрыс қорытындыға келеді. Біздің зерттеулеріміз де соған сәйкес. Жетісуда қоныстанған қаңлының кейбір рулық тобы «Ақ қаңлы» және «Қызыл қаңлы» деп те бөлінеді, соңғылары Сары қаңлының бір тармағы Телқожа атасының ұрпақтары болып есептеледі. Сонымен қатар Ә. Қайдаровтың «Сары-қаңлы», «Қара-қаңлы», «Аққаңлы», «Қызыл-қаңлы» этнонимдерінің бірігу салдары туралы пікірі де орынды. Ол әлгілер ата-бабаларының өз есімдері түр-түсі мен киіміне байланысты емес деп санайды. Бәрінен бұрын бұл қырғыздағыдай кейбір рулардың «сол қанат» пен «оң қанат» аталатын бір-бірімен қатысты географиялың орнын анықтайды. Жоғарыдағы деректерге сүйеніп, Қаңлы руының этногенезі мәселелерін қозғап, оларды ежелгі кангюй-түріктердің тікелей тұқымы деп санаймыз.
Қаңлы руының шығу тегі туралы әлгі авторлар пікіріне қарама-қарсы тұжырым да айтылып қалады. Мәселен, белгілі этнограф, Т. А. Жданко біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдағы кангюларды XIXII ғасырдан кейін пайда бөлған қаңлылармен түйістіру дұрыс емес деп есептейді. Одан әрі ол кангюлер «тек қана қаңлылар ғана емес, ертедегі этникалық қабат» деп түсіндіреді. Қаңлылардың тілдік тәуелділігіне тоқтап, «Арал маңындағы тұрғындар қыпшақтар этногенезінің негізіне жатады «оларды түркілендіру тек біздің дәуіріміздің IV-VIII ғасырында жүрді, сондыңтан ежелгі кантюлерді түркі деп атауға негіз жоқ» деп түйеді. Бұл автордың көзқарасын толық сыйлай отырып, деп жазады В. Востров, ежелгі кангюлер мен қаңлылардың этникалық астасуын көрмеу дұрыс емес деп есептейміз. Ондай ұласулар сөз жоқ болды. Шьш мәнінде біз қаңлылардың Орта Азия мен Қазақстанның қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының саяси және этникалық тағдырында маңызы ерекше екенін білеміз. Т. А. Жданко пікірінше, XI-XII ғасырдан бұрын пайда болған аздаған қаңлы ру-тайпалың бірлестігінің қолынан ондай әлеуетті тіршілік келер ме екен? Оның үстіне Әбілғазы көрсеткендей, бұл қаңлылардың басым көпшілігін Шу мен Талас өңірінде монгол басқыншылары талқандап жіберген болатын. Бұл жерде біз кейінгі уақыттағы қаңлылардың этникалық негізін құрайтын ежелгі әрі саны көп (20 мың шаңырақ) кангюй халқымен тоқайласып отырмыз. Біз В. Востровтың ежелгі кангюйлер мен қаз іргіқаңлылардың терең жалғастығы бар деген толық дәлелі бар дәйектемесін құптаймыз. Әдеби деректерден тыс Қаңлы руының ата-тегінің кестесін жасауға өзіміздің зерттеуіміз көмектесті. Қаңлылардың шығу тегі туралы бізге мәлімет берушілеріміз де құнды мағлұматтар берді, олар: Талдықорған облысы, Қоғалы ауылының тұрғыны, 1906 жылы туған (Жалайыр) Әбілқасым Жантайлақов; Алматы облысы, Шелек ауданы Қызылжиде кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Қаңлы) Нұрыш Нүсіпов; сол кеңшардың тұрғыны 1938 жылы туған (Қаңлы) Стан Мұқашев; Алматы облысы, Шелек ауданы Ащысай кеңшарының тұрғыны 1924 жылы туған (Найман) Файзолла Балмағанбетов; Алматы облысы, Шелек ауданы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты), Қожахмет Кәрібаев аз көмектескен жоқ.
Бұлардың ішінде қолында жазба шежіресі бар білгірлер, әрине, болған жоқ, соған қарамастаи олардың әрқайсысы есте қалғандарымен Қаңлы туралы едәуір мәліметтер берді. Әйтсе де, көптеген рулар, аталар мен топтар туралы толық тектану кестесін бере алған жоқпыз (№ 11 ңосымшаны қараңыз). Ұлы жүздің Төбей деп басталатын шежіресінде, қайталап айтамыз, Төбейден Бәйтерек, одан Қаңлы, одан Қанкөжек, одан екі әйел алған Келдібек аталады. Бірінші қосағы Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен (әлде бір хан қызынан) Қара қаңлы аталары өніп-өсті. Бұл әрбір төп тіршілік ету аясына байланысты екіге бөлінеді. Мәселен, Сары қаңлылар да, Қара қаңлылар да Сырдария және Жетісуда екі атадан тұрады. Сырдарияның Сары қаңлылары бес ата: Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям; Жетісудың Сары қаңлылары 6 ата: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Сырдарияыың Қара қаңлысы 6 ата: Тоғызбай, Онбай, Тоған бай, Бақа, Бадырақ, Қара; Жетісудағылар да 6 ата: Ерезен, Қоспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа. Бұл тізімнен Қызыл қаңлы мен Қаңлы рулық құрылымын қоспағанда, жоғарыда көрсетілген төрт топтан 23 ата тарайтынының өзі бұл тайпалардың бұрын көптігін көрсетеді. Ә. Қайдаров та алғашқы бірінші буындағы аталар 22-ге жетеді. Ә. Қайдаров деректері мен біздің зерттеуіміздің айырмашылығы тек Жетісу Сары қаңлыларының этникалық жағдайына саяды. Оның Жетісу Сары қаңлылары бес атадан: Әлсейіт, Шоңпар, Түрке, Құйысқансыз, Шанышқылыдан тұрса, біздіңше олар 6 атадан құралыпты: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Біздің дерегіміз бойынша, Ақбарақтан Шоқпар, одан Түрке, демек, бұнда айрықша қайшылық жоқ. Қаңлының бұл 23 атасы туралы түтел ата-тегінің кестесін жасадық. Кестеден көрінгендей, біз онда Шанышқылы, Онбай, Ерезен, Қоспан аталары, әсіресе, бүгінге дейінгі Жетісу Сары қаңлыларына кіретін Ақбарақ руының таралу тегін мәлімет беруші 1938 жылы туған Стан Мұқашевтан жазып алып, толық келтіріп отырмыз. Оның айтуынша, оны түпкі атасынан 12 ұрпақ бөліп тұр.
Біздің басқа бір мәлімет берушіміз 1905 жылы туған Нұрыш Нүсіпов өз атасы Ерезеннен бастап, тікелей тұқым қуалап, өз баласына дейін жеті ата өтті деп есептейді, біздіңше, бұл жеткіліксіз болып көрінеді, өйткені Ерезен Ақбарақпен бірдей бірінші ата, одан бері 12 ұрпақ ауысқан. Сонымен, біздің Қаңлы руының тегі туралы жасаған кестеміз мүлде толық болмаса да, ол айқын суретті көз алдыңа келтіреді. Көне түріктен бір кездегі қуатты Қаңлы руы ғасырлар бойында көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, бізге дейін бірсыпыра түрік халықтары: қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт және басқалардың құрамында жеке этникалық топ болып жетіп отыр. Қаңлылардың жауынгерлік ұраны «Бәйтерек», «Айрылмас» (Аристов, Аманжолов, Тынышбаев, Қайдаров бойынша), ал рулық таңбасы жоғарғы деректерде I (көсеу таңба). XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қаңлы руының аталары Жетісу уәлаяты Қапал мен Верный уездерінде, Сырдария уәлаяты Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде қоныстанып жүрді. XIX ғасырдың аяғында Н. Аристов Қаңлының шағын тобы Верный уезінде (300 үй) кездесетінін хабарлайды (Қайдаров). Әулиеатада 350 үй (Мұқашев), Шымкентте 478 үй (Гродеков), Ташкент уездерінде 1650 үй (Мұқашев) мекендеді. Ол тағы бір тұста қаңлылар мен шанышқылардың жалпы саны 10 000 үй болды деп көрсетеді. Ә. Қайдаров Қазақ энциклопедиясында 1885 жылы Ташкент уезінде құрамалардың 24 400 түтіні болып, олардың ішінде қаңлылар мен шанышқылылар 14 мың түтін екенін айтады. М. Тынышбаев өз еңбегінде қаңлылар мен шанышқылардың 1917 жылғы жалпы санын уездер бойынша береді. Мәселен, Ташкент уезінде 160 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, Верный уезінде 10 мың жан өмір сүрген. Жоғарыдағы үш уезде барлығы 190 мың жан тұрып жатты.
Жетісу уәлаятындағы каңлылар Қапал мен Верный уездерінде қоныстанды. Сойтіп, Қаңлы руының үш атасы Қапал уезінің жерінде Алтынемел тауларын қыстады. Қызыл қаңлы руының қауымы Арқарлы, Қоғалы, Байжанбастау, Мамырханбастау мен Дөненбайбастау шатқалдарында қоныс тепті. Қапсан қаңлы руы Қарабастау, Қасқажол, Құмалақты мен Майбұлақ қойнауларын жерсінді. Бадырақ қаңлы Құрөзек, Пішен сай, Шөладыр, Қоянкөз, Ұзынбұлақ, Майтөбе мен Манас маңайын жайлады. Бұл аталардың көктеуі мен күзеулері өздері жеке пайдаланатын жердің төңірегінде жатты. Ол мекенге жаңын тұста Шетенсай, Үшбұлақ, Қарағайлыбасы мен Доланалы шатқалдарында жайлауы орналасты. Жетісудың өзге қаңлылары Верный уезінің шығыс жағындағы Албан руы Сегізсарылармен, батыста Іле өзенінің сол жағасындағы Шапырашты руының Шыбыл аталарымен қоян-қолтық тұрып жатты. Сырдария қаңлыларының аздаған тобы Әулиеата уезінің Талас өзенінің алқабында, Шымкент уезінің Арыс және Келес өзенінің құйылыстарында қоныстанды. Бұл өлке қаңлыларының көпшілігі Сырдың орта ағысындағы Ташкент уезінде орналасты. Сырдария қаңлыларының негізгі шаруашылығы суармалы егіншілік болды, ал жетісулықтар егін салса да төрт түлік өсірумен шұғылданды.
## Тұлғалар |
Жетісу ауданы — Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1936 жылы Ленин ауданы болып құрылып, 1995 жылы Жетісу ауданы болып өзгертілген.
## Әкімдері
* Амандық Баталов (1994—2001)
* Әмір Құлмаханов (2001 — 2009)
* Ербол Әлиқұлов (2009 — 2013)
* Талғат Разақов (2013 — 2017)
* Мұхтар Тәжібаев (2017 — 2019)
* Мақсат Қиқымов (2019 — 2020)
* Гүлнар Кокобаева (2020 жылдан бастап)
## Дереккөздер |
Албан — қазақ халқын құраған ежелгі ірі тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. V-VI ғасырларда Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тайпасы аталып дулу одағында болған. Қытай деректері бойынша чубань тайпасы 7 ғасырда Тянь-Шань мен Алтайдың арасын мекендеген. Н.Аристов “чубань” дегеніміз Дулаттарға туыс Албан және Суан тайпалары деген пікір білдіреді. Бұлардың бәріне ортақ таңбасы — дөңгелек. Албан, Суан екеуінің атауы да көне түріктік “алп” (“алып”), “суб” (“су”) сөздеріне “ел”, “мекен” мағынасын білдіретін “ан” сөзін қосу арқылы жасалған сыңайлы, яғни “албан” — “Алып тау елі”, “суан” — “Су елі”. Осыған қарағанда Албан, Cуан, Дулат ежелден іргесі бөлінбеген туыстас тайпалар болса керек. Мұны қазақ шежірелері де дәлелдейді. Бұл үш тайпа 5-ғасырдан бүгінге дейін Жетісуды мекен етіп келеді.
Орыс ғалымдары еңбектерінде Албан — Атбан, Адман, Адбан, Абдан түрінде кездеседі. 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында Албан тайпасының рулары Жаркент, Верный уезін мекендеген. Верный уезінің оңтүстік-шығысында Албан тайпасының Қызылбөрік және Сегізсары ру бірлестіктері қоныстанған. Сегізсары руының көпшілігі Іле өзенің сол жағасында Алабайтал, Сарыбұлақ, Сауысқан, Сарымсақты деген қыстауларды қоныс етіп, ал жаз айларында Асы, Қарқара жайлауларын жайлаған. Олардың қоныс еткен жерлерінің оңтүстігінде Қызылбөрік руы көршілес отырған. Қыстаулары — Шілік өзенінің жоғарғы ағысы, Далашық, Биесыймас, Айдасу, Жая, Қызылмойнақ, Қараарша, Қондық, Сарыбұлақ, Қызылауыз, Бақалыда болған. Жаркент уезін Албанның Қоңырбөрік және Айт, Бозым рулары мекен еткен. Қыстаулары Алтынемел жотасының оңтүстік бөктерінде, Тізгін, Шылбыр, Ұшбұлақ деген кішігірім өзендердің бойында, Іле өзенінің сол жақ жағалауының Қаратөбе, Қызылжиде, Үшқоңыр, Қоянды, Айдарлы деген жерлерде орналасқан. Кеген және Мерке өзендерінің өңірін Әлжан, Айт, Бозым, Текес пен Шылқыдысу жағалауын Құрман, Әлжан рулары қоныс еткен.
## Саны
Албандар 1889 жылғы деректер бойынша 15 420 түтін болған. Одан бергі жүз жыл мерзімде едәуір өсті, саны 750 000 адамға дейін, яғни 212 000 түтінге жетті. 20-ғасырдың 20–30 жылдарында Албандар шекара асып, Қытайдың Іле аймағына қоныс тепкен. Кеңес өкіметі орнағанда жеріне қайта үдере көшті, біразы қалып қойды.
## Шежіресі
Қазақ шежіресінде Албаннан - Сары, Шыбыл болып таралады. Шыбылдан - Қызылбөрік (Молболды), Қоңырбөрік (Жолболды) туған. Қоңырбөріктен Бөтей батыр. Одан Өтей батыр. Өтейден- Қалқаман, Жарман, Боти (Бода), Тілеуқабыл таралады. Қалқаманнан - Сарқұл, Қарақұл, Кешкіл, Сарысүйіндік болып тарайды. Жарманнан - Біте, Майлы, Тама, Базар, Алаша, делінеді. Ботидан - Құртқа, Мамай. Тілеуқабылдан - Бойдақ (Өтейбойдақ), Топай таралған. Шежіре деректері бойынша Домалақ енеден (Нұрила) жалғыз ұл болған. Оның атын Тілеуберді қойып, Жарықшақ атандырған себебі, бала туғанда жарық шеке болып дүниеге келген. Содан оны алғашында Жарықшеке, кейінірек Жарықшақ деп атап кеткен. Сол Жарықшақтан үш ұл — Албан, Суан, Дулат тарайды. Албан негізінен Сары және Шыбыл деген екі ру бірлестігіне бөлінеді. Сарыдан — Сүйерқұл және Сүйменді. М.Тынышбаевтың шежіре-кестесінде Сүйерқұлдан туған төрт баланы (Шоған, Досалы, Қожмамбет, Жарты) және олардан өрбіген төрт ұрпақты қосып, бәрін “сегіз сары әулеті” атағандығы туралы мағлұмат бар. Сүймендіден Айт, Бозым, Қыстық рулар бірлестігі өрбіген. Сол Сүймендіні кейбір шежірелерде “Таубұзар”, ал В.В.Востров пен М.С.Мұқанов жазбасындағы Ережеп шежіресінде “Таубасар” атаған. Сарыдан тараған аталардан Шоған, Қожмамбет, Жарты, Досалы, Алжан, Шажа, Құрман, Қыстық, Тоқан, Баба, Жәнібек, Қара кісі, Сары, Таз деген рулар қалыптасқан. Шыбылдан — Қызылбөрік (Бөтей), Қоңырбөрік (Өтей), ұрпақтары өрбіген.
Албан Орта Азия халықтарының этногенезінде елеулі ықпал жасады. Мысалы, Қарақалпақ елінің қолдауылы, қытай деген тайпаларында қалқаман руы бар. Қырғыздың мұндыз, шерік тармағында жолболды, күшчі тобында — хангелді, басызда — Шыбыл атасы бар. Албан Өзбектер құрамында да кездеседі. Өзбек — қатаған арасында Қызылбөрік тармағынан тараған Сақау руы кездеседі.
Албан тайпасының аттары аңызға айналған Шоған, Жұман, Қожағұл сынды әділ билер, Хангелді, Түкеұлы Райымбек батыр, Рыскелді, Төлесұлы Байсейіт, Диқанбай Қажаланұлы, Малайсары, Оңқа, Мамай сияқты батырлар шыққан. Албанның ұраны Бақтияр, тайпалық ұраны — Райымбек, Бәйдібек, таңбасы — дөңгелек.
## Толығырақ
Дулаттар одағының бір руы. Қытай деректерінде ежелгі дулулармен қатар албандар мен суандар да аталып кетеді. Бұл туралы орыс шығыстанушысы Н. Аристов былай деп жазады: «Қытайлар Хантәңірі мен Алтай арасын VII ғасырда мекендеген рулардың атын сақтап қалды: шу-юс, шу-ми, шу-мугун, чу-бан және басқалар. Мүмкін, Дулу бастаған бұл рулар ертеректе юсбан тұрғындарын құрайтын айрықша Шу тобын құрған шығар. Бұл атаулардан мәні чу-бан мағынасы қырғыз-қазақтар қастер тұтатын Дулаттарға тамырлас Ад-бан (албан) мен Су-бан (суан) шулықтардың рулары болатынына негіз бар, бәлкім, шу-бан есімімен Дулу аймағының құрамында болған шығар». Бұл қытай қолжазбаларының деректері қазіргі Албан мен Суан Дулат одағына кіргеніне дәлел бола алады. Қазақ шежіресі бойынша, Албан, Суан мен Дулат Бәйдібектің немересі болып келіп, Үйсінге алтыншы атадан барып қосылады. Бұл мәлімет олардың арасында туыстық-тамырластық қарым-қатынастар болғанын көрсетеді. Көптеген ғасырлар бойы олар Дулат басқарған Одақта болады. Ал, шын мәнінде Дулаттар Албандар мен Суандарға қарағанда сан жағынан көп, олар Ташкенттен Алматыға дейінгі аймақты алып жатыр. Албандар болса, Верный уезінің шығыс жағында тұрақтады, қазір Алматы облысының Кеген мен Нарынқол аудандарында қоныс теуіп отыр.
Албан руының ата-тегі туралы XIX ғасыр мен XX гасыр басындағы әдеби деректер мен қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде кесте бар. Бұларда мағлұматтар жиі қайталанса да толық емес, ең дұрыс дегенде жалпы Албан атадан бері қарай 34 буын тармағы дәл. Солардың ішінде М.Тынышбаевтың деректері толық болып саналады. Оған қоса біз 1968–1975 жылдары жинаған мағлұматтар оған қосымша болып есептеледі. Бұл Албан ата-тегі туралы деректер салыстырылып, кейбір жағдайларда бұрын жіберілген сәйкессіздік толықтыра зерттелді. Бәрібір біз қаншама күш салып, бүкіл рулар, аталар, үрімбұтақтар жайында мол мағлұматтар бергіміз келгенімен, деректер жетпегендіктен, ол мақсатымыз орындалған жоқ. Соның нәтижесінде Албан руының кейбір аталарын бүгінге жеткізіп, 1013 атаға дейін ғана таратып әкелсек, кейбіреуі бойынша 34 атамен шектелдік.
Бізге толығырақ мағлұмат беріп, көптеген құнды деректерге қол жеткіздірген мәлімет берушілердің есімдерін атай кетуді парыз деп білеміз. Олар: Шелек ауданындағы 1938 жылы туған (Сарықаңлы) Отан Мақашев; Шелек ауданындағы 1924 жылы туған (Найман руынан) Файзолла Балмағамбетов; Шелек ауданындағы 1897 жылы туған (Албан) Алмабай Шынәсілов; Кеген ауданындағы 1885 жылы туған (Албан) Әкімбай Сөкеев; Таутүрген тұрғыны 1889 жылы туған (Албан) Әжімұрат Жапаров; Шелек ауданындағы 1910 жылы туған (Қызылбөрік) Көмек Жаныманов; Шелек ауданындағы 1940 жылы туған (Албан) Байділдә Әнесов; Кеген ауданындағы 1891 жылы туған (Албан) Көпбосын Тұрсынов.
Қазақ шежіресі бойынша, Албан руы үлкен екі тармаққа: Шыбыл мен Сарыға бөлінеді. Шыбыл өз кезегінде екі ата: Қызылбөрік (шын аты Бөтей), Қоңырбөрікке (шын аты Өтей) бөлінеді. Қызылбөріктің екі ұлы: Молболды және Жолболды. Молболдыдан Тотас пен Есен. Тотастан Торғай мен Байназар. Есеннің бес ұлы бар: Базаркелді, Қазымбет, Еламан, Құланаяқ, Марша. Еламанның бес ұлы бар Қонақбай, Шағаман, Сапы, Шоқай, Найманбай.
Шағаманнан Арыстанбай, Атымтай, Майрық пен Бисары. Бисарыдан Жанбота, Көбек, Маңғыл. Жанботадан Мойнақ, Бекберген, Тоқберген. Мойнақтан Құрман, Жәнібек, Сәке. Сәкеден Әкімбай (біздің мәлімет берушіміз, 1885 жылы туған). Шежіре бойынша, Әкімбайдан Албанға дейін 12 ата.
Найманбайдан Қожамжар, Байназар, Сүгір, Алтай, Әжібай. Әжібайдан Құдайберді, Қыдырәлі, Мәуке, Байыс, Жалбы, Бердіқожа, Айдар, Алқазы. Қызылбөріктің екінші тармағы Жолболдыдан екі ұл туады: Сақау (Қонақкелді), Кереқұл (Ағай). Сақау мен Кереқұлдан өсіп-өрбіген ұрпақ көп болғандықтан, біздің мәлімет берушілеріміз оларды таратып бере алмады. Сондықтан біз Сақау мен Кереқұлдан бері қарай 12 ата шығарамыз: Әзет, Нәзет (Абыз), Еспер, Мәмбет, Бердікей, Тілеу, Дәуетек, Байжан, Жапалақ, Тұманбай, Өтес, Қожас.
Албан руының ірі тармағы Қоңырбөрік үшке топтасады: Қалқаман, Бойдақ, Жарман. Қалқаманнан Біте, Базар, Майлы, Тама. Бойдақтан Құртқа мен Мамай. Жарманнан Қарақұл, Сарықұл. Қарақұлдан Естемес, Кешкіл. Бұдан Қоңырбөріктің үрім-бұтағы туралы біздегі мағлұматтардың аздығы көрінеді. Біздің мәлімет берушілеріміздің арасында бұл рудың бірде-бір өкілі болған жоқ. Шежіре бойынша, Албанның Сары руы екіге айырылады: Сүйерқұл мен Таубұзар (Сүйменді), бірақ, бұл есімдер халық ішінде ата болып аталмай, олардың балалары атында бергі рулар кездесетіндіктен, этноним ретінде алынбайды. Мәселен, Сүйерқұлдың төрт ұлы: Шоған Абыз, Досалы, Қожбанбет, Жарты мен қызы Әлжан (Алжан) бар. Әлжан кірме Мәмбетке тиіп, ата-анасының қолында қалып, төрт ұл табады: Сырымбет, Шегір, Аламан мен Хангелді. Әлжанның жоғарыдағы төрт бауыры мен оның ұлы ел аузында «Сегіз сары» деп аталады. Бүкіл дерлік әдеби деректерде Албанның тегін таратқанда «Сегіз сары» Қызылбөріктің бөлек атасы ретінде көрсетіледі. Иә, «Сегіз сары» атауының өзі де бұлардың Сары ұрпақтары екенін айқындайды. Албан тегінің бұл иірімін М.Тынышбаев өз кезінде анықтады, біздің зерттеулеріміз де оны пысықтай түседі. Алжан ұрпақтары да әдетте қазақ арасында халықта сіңісті болғандай әкесінің емес, анасының атымен аталады. Алжан балаларының бір үрім-бұтағы Хангелдіден XVIII ғасырда Жоңғар басқыншыларына қарсы белсенді күрес жүргізген атақты Райымбек батыр шықты. Кейіннен бұл есім күллі албандықтардың жауынгерлік ұранына айналды. Райымбекті халық қасиетті әулие тұтып, оның есімі ел аузында аңызға айналып жүр. Онда ол өлер алдында өсиет етіп, өзін дүние салғанда денесін ақ киізге орап, ақ аруанаға артып, оған қай бағытта да жүруіне бөгет жасамай, өзін інген шөккен жерге жерлеуді өтінді деседі.
Мәйіт артылған ақ аруана қазіргі Алматы қаласына келіп шөгіп, осында Райымбекті арулап көміп, сабан кірпіштен ескерткіш тұрғызылады. Қазір мазар орнында белгі орнатылып, үлкен даңғылға Райымбек ата есімі берілгенінің өзі оған деген халық құрметі мен махаббатын көрсетіп, аруағын асқақтатады. Сегіз сарылар ішінде үлкені де, беделдісі де Сүйерқұлдың үлкен ұлы Шоған Абыз Тұғыжым (Айтбай, Сиқымбай) мен Дәулет (Аманқұл, Жәдік) болды. Досалыдан Шажаның көптеген ұрпақтары (Тыныбек, Жәнібек, Қалматай, Жәдік), Жансадық (Нияз, Шағыр, Рыскелді) мен Құлсадық (Баймен, Қуат, Биеке, Байсейіт, Еспенбет) өрбиді. Шажа ұрпақтарынан бізге мәлімет берген Ысқақ Мамаділов (1905 жылы туған) сегізінші ата болып келеді. Қожбанбеттен Тілеу (Қалдау, Тұрсын), Сағым (Балта, Қанай) мен Ағым (Бишал, Сары). Жартыдан Тілеуберді, Еспер мен Жақоз.
Бұл Сүйерқұлдан шыққан Сарының ұрпақтары түгел ел аузында «Сегіз сары» деп аталады, ал шындығында бұндай ата болған емес. Сүйменді деп аталатын Таубұзардан да аз ұрпақ тараған жоқ. Одан екі тармақ тарайды: Айт пен Бозым. Ел ішінде оларды жиі қосып айтып, Айтбозым атайды. Соған қарамастан, олар мүлде әр түрлі Албанның ірі аталарын құрайды. Сонымен, Айттан Жанбаба (Қалдыбай), Абата (Бидайшы), Сүйіндік (Сайынбөлек), Маматайыр (Таңатар, Қалыбек, Жорт) мен Қарашаш атты қызы туады. Аңыз бойынша, ол әлде бір сұлтанның (төренің) баласына айттырылып қойылыпты. Бірде күйеу жігіт өз қалыңдығының аулына ресми ұрын барып, еліне оралған соң ол қайтыс болып, құдалар жағынан ешқандай хабарошар түспейді. Әйтсе де, Қарашаш өзінің атастырған жігітінен ұл тауып, есімін Жиенқұл деп қояды, бірақ оны әлденеге «Қыстық» деп атап, тараған ұрпақтары да солай аталып кете барады.
Жиенқұлдан екі ұл қалып, бірі Ақназар ел аузында «Аққыстық» деп аталып кетеді. Ақназардан Құлақай (Майлы, Сарман) мен Тілес (Шойқара, Жайын, Оңтағар, Бегім мен Таңат). Біздің мәлімет берушіміз Алмабай Шынасілов (1897 жылы туған) Ақназарға тоғызыншы атадан қосылады. Қарақыстық деп аталған Тоқтамыстан Бектемір, Қарақұс, Ескене мен Мәлике. Бұл Жиенқұлдың күллі ұрпақтары шежіреде қазірге дейін Қыстық деп аталып келеді. Аңызға сәйкес Қарашаш ұлы Жиенқұлды төркініне тастап, Жалайыр жаққа күйеуге шығып кетеді. Бозымнан үш ұл бар: Жаншық (Әлмірек, Беснайза мен Олжай ), Шобалтаз (Боздақ, Ноғай) және Сарыбай (би) (Өтеп, Дәуіт). Біздің мәлімет берушіміз Көпбосын Тұрсынов (1888 жылы туған) Бозымға 9 атадан барып қосылады (Албан руларының толық ата тегін 4-қосымшалардан қараңыз). Албандар ішінде бүкіл Ұлы жүзге ортақ «Бақтияр» деген жауынгерлік ұраннан басқа XVIII ғасырда өткен атақты Райымбек батыр атымен «Райымбек», «Райымбек ата» дейтін ұраны бар. Албандардың рулық таңбасы Дулаттың шеңберінің бір түрі секілді Н.Аристов, Н.Гродековтың есеп-қисабына сілтеме жасап, XIX ғасырдың аяғындағы албандардың саны 15 500 шаңырақ болғанын келтіріп, олардың негізінен Жетісу облысы, Верный, Жаркент уездерінде тұратынын атап кетеді. Бұл екі уезде қазақ халқы Ұлы жүздің бірнеше руларынан, атап айтсақ, Сарыүйсіндер, Дулаттар, Шапыраштылар, Ыстылар, Жалайырлар, Қаңлылар, Суандар мен Албандардан тұрады. Албандар бұл өлкенің оңтүстік-шығыс жағын алып, Іле өзенінің оң жағасын жайлап, Қытай шекарасына дейін Жаркент уезінің оңтүстік-батысын, Іленің сол және оң жағасын біртұтас мекендеді. Верный уезінің көлемінде негізінен Қызылбөрік пен Сегіз сарылар орын тепті. Алғашқылары таудың оңтүстік аудандарын, ал кейінгілері уездің солтүстік-шығысындағы Іленің сол жағалауын ата қонысқа айналдырды.
Сегіз сарының рулық бірлігінің қыстауы Алабайтал, Сарыбұлақ, Асы сағасы, Сауысқан, Сарымсақты, Шөладыртеріскей, Сөгеті мен Бөгеті шатқалдарын, одан қалса, бір бөлігі Серектес пен Көктерек тау шатқалдарына орналасты. Жайлауы алып шабындығы Асы мен Қарқарада болды. Қызылбөріктердің тұрағы Сегіз сарылардан күнгейге қарай жоғарғы Шелек өзені, Далашық, Биесыймас, Айдасу, Жая, Қызылмойнақ, Қараарша, Қондық, Сарыбұлақ, Қызылауыз бен Бақалы шатқалдарын да орналасты. Жаркент уезінде Албан руының көп атасы шашыраңқы орналасқан. Іле өзенінің сол жағасындағы оңтүстік бөлігінде шығыста Қытай шекарасына дейін, оңтүстігінде Іле Алатауының биік жоталарына дейін, батыста Верный уезінің жеріне дейін Қоңырбөрік рулары, Қызылбөріктің шамалы бөлігі, Сегіз сары, Айт, Бозым, Құрман мен Әлжандардың аталары қоныстанды. Осы кең-байтақ өлкеде қыстаулар, күзеулер, көктеулер мен жайлаулар шоғырландырылып отырды, өйткені онда өзеннің құнарлы алқаптары, тау өзендерінің шатқалдары мен аса биік тау шабындықтары болды.
Мәселен, Іле өзенінің сол жағасын Қытай шекарасына дейін және батыста Шарын өзеніне дейін көптеген Сегіз сары атасының қауымдастығы мен Қоңырбөрік руы иелік етті. Олардан батысқа қарай Верный уезінің шекарасына дейін Айт пен Бозым аталары, ішінара Қызылбөріктер, ал Текес пен Шалқыдысу өзендері бойында Алжандар мен Құрман аталарының қыстаулары қанат жайды. Кеген мен Меркі өзендерінің алқабында, тау баурайларында Қоңырбөрік, Айт пен Бозым руларының қыстауы ірге көтерді. Күнгей Алатауының теріскейіндегі тау өзендерінің шатқалдарында Қызылбөрік рулары мекендеді. Іле өзенінің оң жағасында Жаркент уезінің қарамағында Қоңырбөрік руы қыстаса, Айттар Алтынемел қыратының шатқалында, Алтынемел, Тізгін, Шылбыр, Үшбұлақ, Айнабұлақ өзенінің бойында, сонымен қатар Іле бойындағы Қаратөбе, Қызылжиде, Үшқоңыр, Қоянды мен Айдарлы шатқалдарында қоныстанды. Бұл екі уездегі Албан руларының күзеу, көктеулері қыстаудан онша алшақ емес еді, ал жайлауы таудағы альпі шабындықтарында болатын. Албан руына жататын қазақтардың басты кәсібі мал мен егін, қой-ешкі өсіріп, ірі қара мен жылқы бағып, шамалы түйені кіреге жіберіп, отырықшы және жартылай отырықшылық өмір кешіп, егін салды. Дәнді дақылдан кең тарағаны бидай, сұлы, арпа мен тары еді. Өз қыстауларының маңында қалып, телімдерінде егін өсірген жатақтар да аз болмаған.
## Тұлғалары
* Көдек Байшығанұлы Айт
* Райымбек батыр Алжан
* Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алжан
* Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев Құрман
* Ұзақ Саурықұлы Құрман
* Жаңабай Құдайбергенұлы Қоңырбөрік
* Шормақ Басыбақұлы Қоңырбөрік
* Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов Қоңырбөрік
* Бөлтірік Атығанұлы Қызылбөрік
* Әжібай Найманбайұлы Қызылбөрік
* Қойгелді Мыңтайұлы Қызылбөрік
* Құлмамбет Қызылбөрік
* Ақтоты Көлкенқызы Смағұлова Қызылбөрік
* Бәйсейіт батыр Төлесұлы
## Y-DNA Анализ
Бір өкілі С3
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Жаныс (758–834 жылдары) Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр болған тарихи тұлға. Ұраны - Арқар. Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт (кірме) пен Жантақ. Өкінішке қарай, біздің құзырымызда Жаныс руының төрт атасы туралы мәлімет бар да, басқалары жайында деректер жетіспейді. Олардың екеуі Жарлықамыс пен Жанту туралы мағлұмат толығырақ. Сонымен Жарлықамыс екі бұтаққа: Байыс пен Қасқарауға (Бейімбет) бөлінеді. Байыс өз кезегінде бес ата: Қарымсақ, Назар, Жолсейіт, Қайыпберді, Байсейітке жатады. Қасқарау үш ата: Ораз (оның Сұлтанкелді, Бөкен атты ұлдары болды), Бұқар (Баба, Сырымбет, Құлболды мен Тілеуімбет) және Елтүзер (Төке, Туыс). Өтей атасы екі бұтақтан өрбиді: Мәуетей мен Мауза. Жалмәмбетке (Бөгетжайлы) Бесқалмақ жатады. Бұл әтноним жеке тұлғаның есімі емес, ол әлде бір себептермен Жанысқа қосылатын кірме қалмақтардың тобы деп түюге болады. Дулат (723–816 жылдары) бабамыз қартайған шағында аян түс көріпті. Ертесіне төрт баласын шақырып алып былай деп өсиет айтыпты: - "Төртеуің де дәулетті, ырысты болады екенсіңдер. Ұрпақтарыңның өрісі кең болады екен. Ұрпақтарың мына жағы Құлжадан бастап Алатаудың етегінен ары қарай сонау Қазығұрттың етегі мына жағы Қаратаудың етегіне дейінгі кең жерді жайлайды екен. Менің әруағым ырза болсын десеңдер маған демеу болған мына өзі батыр, текті Шапыраштыдан еш уақытта іргелеріңді ажыратпай бірге болыңдар. Шапырашты мен Дулаттың ынтымағы мықты болса сендерді ешқандай сырттан жау алмайды. Елді билеу билік жүргізуден Сиқым да құр болмайды екен, бірақ бүтін билік Жаныста болады екен. Жаныстың ұрпағына бектік дарыған екен. Ерлік батырлық Ботпай мен Шымырдан шығады екен. Түсімде Нүрила әжем (Домалақ ана) бір етек жұмыртқаны әкеліп төгіп жібергенде бүкіл жер дүниеге шашылып жайылып кетті. Тәңір оңдаса ұрпағым көп болады екен. Төртеуің де тату ынтымақты болыңдар. Осы өсиетімді кейінгі ұрпақтарыма да жеткізерсіңдер" - депті. Қазір бұл сөздің шындыққа айналғанына тарих куә. Жаныстан (758–834) бастап Төле биге (1662–1755) дейін 34 ата бар. Осы 34 атаның бәрі де Дулаттан Төле биге дейін үздіксіз үш жүздің төбе биі, ұлысбегі болған. Төрелерде хандық қалай берілсе билердің ұрпағына да төбе би, ұлысбегілік те солай ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп отырған. Төле бидің жетінші атасы болып саналатын бүкіл Жаныс кіндігінен өрбіген аталардың ішінд егі ең көбі жетіге бөлінетін Жортуылдан Жанту, Жантудан: Жайылмыс, Байыс, Өтеміс. Ал, Жайылмыстан: Қожамберді, Қыбырай, Жамбай. Қожамбердіден: Құдайберді, Құдайқұл, Кәдірқұл, Кәдірберді, Олжанқұл, Сұлтанқұл, Ақберді. Құдайбердіден: Түгелбай, Данай (1-әйелінен), Ақтай, Бақыбек (2-әйелінен), Қарашәуке, Қарасопы (3-әйелінен) Құдайменді, Токпан, Әлібек (4-әйелінен). Әлібектен: Тыныбек, Ақбота, Шора, Өтебай, атақты Төле би, Елібай; Төле биден: Өзбек, Сүйіндік (1-әйелі Серманай), Ниязбек, Қазыбек (2-әйелі Рақыш), Жиенқұл, Жасыбек, Тасыбек (3-әйелі), Қожабек, Жолан (4-әйелі), Қожамжар, Алдамжар (5-әйелі), Жақсықұл (6-әйелі), Айнакөз (7-әйелі), Табылды (8-әйелі). Қожамжардан: Соңғыдан Дербісәлі, одан Шойбек би және одан Момбек датқа. Ниязбек батыр Ташкенттен жоғарырақ «Ниязбек» қамалын салса, Момбек датқа Кенесары Қасымовтың қолдаушысы болған еді. Жантақтан екі ұл: Қадыке (Ерубай) мен Еламан.
Соңғыдан екі ұл: Қотыр мен Жуанбек; одан Қасқа батыр. Көрініп отырғанындай, Өтей мен Жалмәмбет аталары туралы біздің мәліметіміз тапшы, ал Шегір, Жантай мен Оймауыт батырдың тегі туралы мүлде бейхабармыз. Соған ңарамастан, тұтастай алғанда Жаныс руының шығу тегі жайында недәуір мағлұмат алуға болады. Тіпті, XIX ғасырдың алға шқы жартысында өмір сүрген Момбек датқаға дейін туыстық жүйе аңғарылады. Жанысқа ол 37 атадан барып қосылады. Жауынгерлік ұраны «Жаиыс» болғаиымен, кең ауңымда жалпы дулат ұраны «Бақтиярды» да қолданады. Оның үстіне ішкі рулар арасында, әсіресе, бәйгелерде атақты Төле би есімін атап, «Төле» деп шабады. Жаныстың рулық таңбасы Дулаттың да, басқа туыс аталары Ботбай, Шымыр, Сиқымдардың дөңгелек О . белгісіне жақын таңбаларынан да басқашалау - (Гродеков пен Аристов), (Аманжолов, Востров бойынша), бірақ, бұнда тұрған қым- қиғаш айырмашылың жоқ, бәлкім, әлдебір автор кішігірім өрнектеуде дате жіберіп алуы да кәдік, оның үстіне Н. Аристов бұл таңбаны келтіріп отырып, Гродековңа сілтеме жасайды, В. Востров болса өз жорамалында Гродеков пен Аманжоловқа нұсқайды. Дулат рулары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында негізінен Жетісу облысы Қапал, Жаркент, Верный уездерінде, соным ен ңатар Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінде тұрып келеді.
Ұлы жүз руларының саны жағынан ең көбі дулаттар. Оның ең ірі аталары (Ботбай, Шымыр, Сиңым мен Жаныс) Верный, Әулиеата мен Шымкент уездерінде қоныстанды. Әрбір рудың уездерде қалай тұрғанын білу үшін ең алдымен, сол кездегі есеп-ңисапқа жүгінген абзал. 1867–1884 жылдардағы көші-қон жағдайын қаз-қалпында беретін А. Макшеев, Гродеков, Смирнов пен М. А. Терентьевтің ңомаңты кітаптарынан цифр-мағлұматтарды алатын Н. Аристовтың еңбегінде қызғылықты нақты деректер ұшырасады. Әрине, ол мәліметтердің дәл екендігіне ешкім кепілдік бере алмайды, өйткені оларды әр кездегі адамдар (жиырма жыл бедерінде) әр ресми мағлұматтардан алып отырды. Әйтсе де, олар рулардың қоныстану барысын белгілі жағдайда аның көрсетеді. Сонымен, сол мәліметтер негізінде Дулат руларының Верный, Әулиеата мен Шымкент уездеріндегі санын келтіре кету жөн. Бұлардан тыс Н. Аристов Смирновқа сүйеніп, дулаттардың Перовский мен Ташкент уездерінде тұрғанын көрсеткенімен, олардың санын келтірмейді, ру-руға бөлмейді, өйткені бұл аймақта аз қоныстануға байланысты болуы керек, оны Макшеевтің Ташкент уезі бойынша жасаған мәліметі де растайды. Кестеден көрінгеніндей, бүкіл дулаттардың саны 18 682 үй болса, сол беттердің тағы бір тұсында Н. Аристов Іле мен Шыршық өзендерінің арасында шамамен 40 мың үй Дулат тұрып жатқанын атап кетеді. Бұл сан айырмасы 20 мыңнан астам шаңырақ, сол себепті оны біз білетін деректер көзімен түсіндіру оңай емес. Әйткенмен, кестеде келтірілген есеп-қисап дулаттар руының үш уезде қалай қоныстанғанынан біршама хабар береді.
Мәселен, егерде XIX ғасырдың екінгпі жартысында Ботбай руының көпшілігі (78%-і) Верный мен Әулиеата уездерінде тұрса, қалған жартысы (49%) бір ғана Шымкент уезінде ңоныстанды. Егер Сиқым руының басым көпшілігі (75%) Шымкент уезінде болса, төрттен бірі Верный мен Әулиеата уездерінде (25%); ал егер Жаныс руы негізінен (83%) Шымкент уезінде, аздаған бөлігі (17%) Верный мен Әулиеата уездерін жайлады. Сөйтіп, Дулат руының торт атасы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Верный уезінің қазақтары арасында аралас-ңұралас жүрді. Верный уезі Қапал уезінің оңтүстік-батысындағы Іле өзенінің сол жағасында орналасқан. Оның жері ыңғайына қарай жаратылыс - географиялың жағынан оңтүстікте тау етегі қыраттар мен солтүстігінде жазық далаға ұласады. Верный уездерінің қазақ тұрғындары толығымен Ұлы жүздің құра мына енетін Сарыүйсін, Дулат, Албан, Ысты, Шапырашты, Жалайыр мен Қаңлы руларының өкілдерінен құралады. Солардың ішіндегі ең көбі Дулат руының төрт атасы (Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныс). Сан жағынан басымы шығыста Сарыүйсіндер мен батыста Ыстылардың қыстауларының арасында орналасқан Ботбайлар болатын. Олардың арнайы пайдалапатыи ұланбайтақ қыстаулары бар еді. Ботбайлардың бір қауьгмы Аңырақай тауының атырабында Сұмса өзенінің бойындағы Айдарке, Бесқауға, Ақсеңгір мен Доланқара шатқалдарында қыстады. Басқа бір қауымы Ащысу, Алмалы, Қызылсай мен Үзынбұлақ шатқалдарын мекендеді. Үшінші бір қауымы Белбүлақ-Қарасу-Кө тентай басы, Көлтоған, Қарағайлы, Сарыкемпір шатқалдарында ңыстап жүрді. Ботбай қауымдастығының төртінші тобы Ақсай, Қаскелең, Қоралы, Бескөл шатқалдарын иемденді. Ботбайлар жайлауға Қастек, Қараңастек шатқалына шығып кетіп, көбісі ңыстаудан жырақ кетпей, көктем, күз маусымында өз қыстауларының қасында қоныс тепті.
Сиңым руының аздаған қауымы Қараой, Қаскелең шатңалдары, Кіші Ақсай, Кіші Алматы өзені мен Қарасу бойында қыстады. Жайлауы сол маңайдағы Алатау жоталарында болды. Шымыр руының қауымы да аз еді, біреулері Қараой, Қызылеспеде қыстаса, екіншілері Ақжар мен Жалғызағашты мекендеп, жаздыгүні Алатаудың жонын жайлады. Верный уезіндегі Дулат руларының ішінде Ботбайлардан кейін көп тарағандар Ж аныс атасы болып келеді. Олардың бірсыпырасы Қарашеңгел шатқалын қыстады, біразы Есік өзенін, Көжентай шатқалын, қалғандары Қарасу» үлкен Алматы өзендерін, бірнеше топ Ақши, Шамалған мен Көктөбені мекен етті. Жаныстардың үлкен бір тобы уездің батыс шекарасын жайлап, Жамақты, Балажал, Сарықайық, Дөңгелексаз, Боқтозақ, Айғыржалға, Шетенді, Күркіреу, Қордай, Қоянды, Ақтерек," Талдыбұлақ өзендері бойына қыстау салды. Жа ныс руының жайлауы Алатаудың алып шабындықты аймағында болды. Дулат руларының көп бөлігі төрт түлік өсіріп, сонымен қатар, суармалы жер мен сүдігерге егін салды. Сарыүйсіндермен салыстырғанда оларда түйе мен қой өте аз болды, ірі қара мен жылқы басым түсті. Верный уезіндегі дулаттар жартылай отырықшы өмір кешіп, негізінен қыстауларынан онша алысқа ұзаған жоқ. Мүмкіндігі бар дәулетті адамдар жазға салым солтүстіктен тіке күнгейге қарай көшіп, түпкілікті тау шабындықтарын жайлап, күзге қарай қайтадан теріскейге қарай көшіп отырды. Суармалы жермен негізінен тау өзендерінің алқаптарында айналысты. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сырдария облысы, Әулиеата уезі қазақтарының басым көпшілігі негізгі рулардан (Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Жалайыр мен Дулаттар) тұрса, ал Қарқаралы уезімен шектесетін Шу өзенінің оң саласының орта тұсында шамалы арғындар өмір сүрді. Бұл бір тектес рул ар тобы Шу мен Талас өзендерінің бойында топтасын қоныстаиды. Олардың бәрі белгілі айрықша қыстауларды иемденді. Көктемгі, күзгі қоныстары да, қысқы тұрақтарынан ұза май, ең бастысы Мойынқұм өңірінің, орталығына таман орналасты. Ал жайлауы, аймақтың оңтүстік жағындағы Тянь-Шань мен Талас Алатауының етегіндегі шұрайлы жерлерде созылып жатты, солтүстігінде Қарқаралы уезіндегі көптен бері өзара бөлісіп қойған телімге тірелді. Осы орайда бізді Дулат руларының төрт атасы Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныстың көшіп-қонып таралуы қызықтырады. Олардың ішінде бұл уезде ботбайлар мен шымырлар көбірек те, өзге екі ата бұнда салыстырмалы түрде өте аз тұрады. Сонымен, дулат руларының қыстаулары негізінен Шу мен Талас өзендерінің бойында қоныс тепті. Олар Шу өзенінің сол жағасынан, Верныйдан, Шымкент уездеріне дейінгі алқапты алып жатыр. Ботбай руы қауымдастығының мекені Шу өзенінің төмөнгі сағасында, оларға көлденең Шымыр мен Сиқымдардың қыстаулары жалғасты, одан әрі Шапыраштылар орналасқан. Сиқымдар, ал одан соң жалайырлармен қоңсы қонатын Жаныс рулары жайғасты. Шу өзенінің оң жағасында Дулат руының төрт атасы осылай қоян-қолтық тұрып жатты. Дулат руының басқа бір шамалы тобы Талас өзенінің жоғарғы тұсыида орын тепті.
Шынтуайтында, жоғарғы Таластың оң жағалауында, Талас Алатауының баурайында Шымыр қауымдастығының қыстауы, ал сол жағасындағы ыстылардыц ата қонысында Ботбай мен Сиқымдардың қыстаулары мидай араласып жатты. Сөйтіп, төңкеріске дейін қазақтар Әулиеата уезінде Шу мен Талас өзендерінің бойында, олардан тарайтын кішігірім бұлақ пен бастаулардың аңғарында тұрақтап жүрді. Бұндағы елді мекендер, қазақ ауылдары қомақты еді, ондағы шаңырақ саны 15-тен 50-ге дейін жететін. Бұндағы тұрақ-жайлар шағын болатын, ал суармальг жерді жаппай ұжымдасып пайдаланатын. Ол қауымдасқан егінжайды бірлесіп, арық тартып, ескі су жүйелерін жөндеп, әркім өз әлінше, қал-қадарынша еңбеккерлердің санына қар ай игерді. Сүдігерге егін салу көп жағдайда әрбір шаруашылықтың мүмкіндігіне қарай жүргізілді. Қыстаулар қасындағы жайлау да ауыл-ауыл болып, немесе қауымдасып пайдаланылды. Шаруашылықтардың көбісі қауымдастықтың қыстауларында жайласа, малы көп байлар Қырғыз бен Талас Алатауының қойнауына кіріп кетіп, баз біреулері тіпті атақты Сусамырға дейін өрлеп кететін. Күздеуле р мен көктеулер, жайлау жолында, қыстаулар ңасында, ең бастысы, Мойынқұм мен оның ңойнауында болатын. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Шымкент уезінің ңазаңтары әтникалың тұрғыдан үш жүзді түгел ңамтыды. Кіші жүзден мұнда тамалар, жағалбайлылар мен шеркештер тұрды; Орта жүзден қоңыраттар; ал Ұлы жүзден Ысты, Ошаңты, Сіргелі мен Дулат руы төрт атасының басым бөлігі мекен етті. Сондықтан ңазаң халңының мұндағы басым бөлігі Ұлы жүз өкілдері болып есептеледі. Сонымен, Шымкент уезіндегі, Ұлы жүз руларының ішіндегі ең көп тараған әтникалық топ дулаттар. Бұл жерде де біз солардың арақатысын қарастырамыз. Біз кестеден көргендей, бүкіл дулаттарды ң үш уездегі саны 18 682 шаңырақ болса, Шымкент уезінде солардың 11 782 түтіні тұрады, бұл аталмыш рудың 65 пайызын құрайды. Егер Аристов көрсеткен басқа санға жүгінсек, онда олардың ара салмағы 30 пайыз болып, соңғы мәлімет Шымкент маңайындағы дулаттардың санын көбейте түседі. Сол себепті қалай дегенде де «65 проценті» шындыққа жақын деп есептейміз. Олай болса, Шымкент өңіріндегі Дулат руы төрт атасынан сиқымдар 4 570 шаңыраң, жаныстар 3 374, шымырлар 3 334; ботбайлар 274 шаңырақ болып, түтін түтетіп отырды. Шымкент уезінде Дулаттар жинақы отырып, оңтүстік-батыс жақты қоныстанды.
Айта кету керек, олардың мекен еткен жері ауа райы жағынан өте қолайлы еді. Мәселен, Дулат руларының ңыстаулары, ең бастысы, ежелден суармалы егіншілік өрбіген, отырықшылық пен жартылай көшпелі өмір ошақтары өркендеген Сырдария, Арыс, Келес, Бөген, Арыстанды, Боралдай, Шаян, Иқансу, Бадам, Ақсу т. б. өзендердің екі жағалауын алып жатты. Дулаттар ұлылы-кішілі көптеген өзендердің жайылымында қысқа қарай малға жем-шөп әзірлейтін. Ал, Қызылқұмға жақын Сырдария өзенінің сол жағасында дәулеттілер отар-отар қой өргізіп, келе-келе түйе бағып, көшіп-қоиып жүрді. Шымкент уезіндегі ңазақтар, әсіресе дулаттар шаруашылығының бір ерекшелігі бұл диқандардың қауымдастығы ірі болып келеді, мұнда орташа ауыл 30 және одан да көп болып, ынтымақтасып, су көзін пайдалануда, суармалы ж ер мен шабындықтарды игеруде тығыз байланысып, бірлікпен тіршілік етті. Мәселен, көптеген жаныстар Ташкент уезінің шекарасынан бастап, Арыстың Сырдарияға құяр сағасына дейін екі жағалауда, Келес, Бадам өзенінің жоғарғы жағында тұрақтады.
Арыс өзенінің оң жағында, Боралдай, Бөген бойында Шымыр руының өкілдері аумақ-аумақ болыи отырса, Сайрамның солтүстігінде ботбайлардың аз бөлігі мекендеді. Арыстың төменгі саласында ең көп Сиқым руының өкілдері тұрып жатты. Бұл уездегі Дулаттар руының шаруашылық пен тұрмыс тіршілігінде суармалы жер, диқаншылық пен баубақша маңызды орын алды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы, түрлі үй кәсіптері мен ңолөнер де олардың арасында кең тарады. Сөйтіп, Ұлы жүздің саны ең көп Дулат рулары Сырдария облысының Шымкент пен Әулиеата уездерінде, Жетісу облысыньгң Верный уезінде орналасты. Оның үстіне, бұл уездерде шама-шарқынша Дулаттың төрт атасы да бар еді.
## Тұлғалар
## Дереккөздер |
Қызылжар ФК — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, қазақстандық футбол клубы. Петропавл қаласының "Қарасай" стадионы клубтың базасы болып табылады.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 12 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.)өткізді.
### Ірі жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 2005 — 7:0 («Болат-АМТ», Теміртау)
### Ірі жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 2003 — 0:6 («Тобыл», Қостанай)
### Атаулары
* «Авангард» (1968-1969, 1979-1989)
* «Металлист» (1970, 1990-1992)
* «Есіл» (1998)
* «Аксесс-Есіл» (1999)
* «Аксесс-ГолденГрейн» (2000)
* «Есіл-Богатырь» (2001-2008)
* «Қызылжар» (2009-о.у)
### Қазақстан чемпионаттарында
## Жетістіктері
* Қазақстанның күміс жүлдегері (2): 1999, 2000
* Қазақстанның қола жүлдегері (1): 2001
* Қазақстан кубогының финалисті (1): 1999/2000
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 28 шілденің 2010 жылы.
## Дереккөздер |
### Шымыр-шоқай руының тарихы
Шымыр-шоқай руы "Дулат" тайпасының "Шымыр" руының құрамындағы белгілі ру тармағы. 1917 жылғы Большевиктік төңкеріске дейін Сырдария облысы, Шымкент үйезінің, Боралдай және Қошқарата болыстарында отырғандары тарихи құжаттарда тіркелген. Сол кездері ер әйелі және 5 жастан асқан балаларды қосып санағанда кісі саны 3000-ға жуық болған.
### Шымыр-шоқай руының шежіресі
'Дулат' - 'Шымыр'- 'Шыңқожа' - Қобыланды - Алдияр - Сүгірәлі, жанама есімі 'Шоқай' болып таратылады.Шоқайдың үш ұлынан үш ата ел тарайды - Төлеміс (Ұрысқара-шоқай), Тілеміс (Құлатай-шоқай), Кенжеқармыс (Жиен-Шоқай)
## Шымыр-шоқай руының тарихы
Шымыр-шоқай руы "Дулат" тайпасының "Шымыр" руының құрамындағы белгілі ру тармағы. 1917 жылғы Большевиктік төңкеріске дейін Сырдария облысы, Шымкент үйезінің, Боралдай және Қошқарата болыстарында отырғандары тарихи құжаттарда тіркелген. Сол кездері ер әйелі және 5 жастан асқан балаларды қосып санағанда кісі саны 3000-ға жуық болған.
### Шымыр-шоқай руының шежіресі
'Дулат' - 'Шымыр'- 'Шыңқожа' - Қобыланды - Алдияр - Сүгірәлі, жанама есімі 'Шоқай' болып таратылады.Шоқайдың үш ұлынан үш ата ел тарайды - Төлеміс (Ұрысқара-шоқай), Тілеміс (Құлатай-шоқай), Кенжеқармыс (Жиен-Шоқай) |
Панфилов ауданы — Жетісу облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1923 — 42 жылдары Жаркент ауданы, 1942 жылдан 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталады. 1956 жылы ауданға Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) қосылды. Орталығы — Жаркент қаласы.
## Географиялық орны, жер бедері
Аудан солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен (ҚХР) және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен шектеседі. Солтүстік-батысында Жетісу (Жоңғар) Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, солтүстік-батысында Қатутау, Қояндытау жоталарымен шектелген. Ауданның ең биік жері — Мұзтау тауы (4370 м). Оңтүстік-шығыста аласа таулы Ақтау тауы (883 м) жайласқан. Мұнда палеоген кезеңінде (шамамен бұдан 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтологиялық қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық паркінің қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га). Жер қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, Сенім) және Жаркент артезиан алабында термальды су көздері бар.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық орташа температура 8 — 10°С, шілдеде 20 — 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден (жазық өңірде) 500 — 700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады. Аудан жерінен Іле және оның салалары, Іорғас, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Борохудзир (Бұрақожыр) өзендері ағып өтеді. Бірнеше шағын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құркөл, т.б.) бар. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Ауданда өсімдіктердің 100-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркекшөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Аңдардан арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан: қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі. Жалпы, Панфилов ауданындағы 50-ден аса аң-құс түрлерінің 30-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген.
## Халқы
Тұрғындар саны – 129 204 (2019). Аудан халқының басым бөлігін қазақтар (66,59%) құрайды. Одан өзге ұйғырлар (28,44%), орыстар (3,53%), дүңгендер (0,54%), татарлар (0,31%), өзбектер (0,22%), 0,38% т.б. ұлт өкілдері тұрады.
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 42 елді мекен 1 қалалық әкімдікке және 13 ауылдық округке біріктірілген:
## Шаруашылығы
Ауданда 1997 жылға дейін асыл тұқымды қой, ірі қара және жүгерінің гибридті тұқымдарын өсіруге маманданған 6 ұжымшар, 5 кеңшар болған. Қазір осы салаларға қосымша қызылша тұқымын және өсімдік майын алатын дақылдар өсіру дамуда. Панфилов ауданында 2002 жылдың басында 39 ауыл шаруашылығы ӨК, 3 ЖШС, 1 акционерлік қоғам және 3145 шаруа қожалығы, 16 өнеркәсіп орны, 2 жолаушы таситын, 3 жүк таситын көлік ұжымдары, аудандық телекоммуникация бөлімшесі, жергілікті пошта торабы сияқты меншіктің әр түріндегі 336 заңды және жеке тұлғалар тіркелген. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 648,0 мың га, оның ішінде егістігі — 41,0 мың га, жайылымы 587,0 мың га, шабындығы 19,4 мың га (2002). Мал түліктерінен ауданда 40,5 мың ірі қара, 224,0 мың қой мен ешкі, 12,2 мың жылқы, 390 түйе және 116,0 мың әр түрлі құс болды (2002).
## Инфрақұрылымы
Білім беру, мәдени мекемелерінен ауданда 41 орта, 2 орталау, 6 бастауыш, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, Жаркент педагогикалық колледжі, Талдықорған Заң колледжінің бөлімшесі, Талғар медициналық колледжінің бөлімшесі, жекеменшік математика-информатикық лицей, 57 кітапхана, 2 музей, 3 мәдениет үйі, 7 клуб, т.б. бар. Денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен ауданы орталық аурухана, Көктал аудандықдық ауруханасы, Жаркент туберкулез ауруханасы, 9 фельдшерлік-акушерлік, 14 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда “Жаркент-Арасан”, “Керімағаш” санаторийлері және балаларды емдейтін “Көктал-Арасан” физиотерапиялық сауықтыру кешені бар (2002).
## Жол торабы
Аудан аумағынан республикалық бағыныстағы жолдарға Іорғас — Жаркент — Көктал — Сарыөзек және Іорғас — Көктал — Шонжы — Алматы жолдары қарайды. Панфилов ауданындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 437 км.
## Дереккөздер |
Ұйғыр ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1935 жылы құрылған. Аудан орталығы — Шонжы ауылы.
## Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Жетісу облысының Панфилов ауданымен, шығысында Қытаймен, батысында Еңбекшіқазақ ауданымен, оңтүстігінде Кеген, Райымбек аудандарымен шектеседі.
## Жер бедері
Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты татары, Сөгеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Көтеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Жер қойнауында Көлжат (Қалжат) тас көмір кені, радиоактивті кені, Шонжы әк тас кені барланып, өндірілуде. Сонымен бірге жер асты ыстық су көздері де (Албан-Арасан) бар.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Ауданның климаты тым континенттік, кысы суық, аязды, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-8°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250- 300 мм, таулы бөлігінде 400-500 мм. Аудан жерімен Іле, Шарын өзендері және Кетпен жотасынан бастау алатын Шошанайсай, Ақсу, т.б. шагын өзеңдер ағады. Олардың кейбірі Ілеге жетсе, кейбірі құмға, жерге сіңіп кетеді. Ағаш, Тұзкөл көлдері Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Жерінің басым бөлігінің топырағы сұр, қиыршықты сұр, Іле аңғарында шалғынды сұр, сортаң топырақ дамыған. Тауалды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған. Өсімдік жамылғысында жусан, көкпек, ши, жыңғыл, қамыс, құрақ, сексеуіл, арша, шырша, Шарын өзенінің аңғарында табиғат ескерткіштері саналатын аумағы 5014 га реликті шетен тоғайы өседі. Согдиан ерені, емен, тораңғы, Іле итмұрыны, Іле қарақаты, Михельсон кермегі сияқты өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Жануарлардан: Тянь Шань қоңыр аюы, таутеке, шошқа (доңыз), елік, борсық, суыр, қасқыр, түлкі, қоян, ақтиін, ондатра; құстардан: ұлар, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, көгершін, бүркіт, сұңқар, қырғи, т.б. мекендейді.
## Шаруашылығы
Ауданда 1997 жылыға дейін биязы жүнді қой, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, астық, бау-бақша, көкөніс, картоп, құс өсіруге маманданған 3 кеңшар, 18 ұжымшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Олардың негізінде 2 акционерлік қоғам, 13 ЖШС, 1,5 мыңға жуық шаруа қожалығы құрылды. Республика, облысы бағыныстағы Үйғыр аудданыныңсалық к-ті, Шонжы мемлекеттік қазыналық көсіпорыны, № 2534- әскери бөлімше, ішкі істер бөлімі, прокуратура, халықтық сот, аудандық электр энергия жүйесі, телекоммуникация, "Су торабы" кәсіпорны, т.б. мекемелер орналасқан. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 546,2 мың га, оның ішінде 24,6 мың га егістік, 492,1 мың га жайылым, 29,5 мың га шабындық. Ауданда 139,7 мың қой мен ешкі, 21,3 мың ірі қара мал, 11,9 мыңжылқы, 416 шошқа, 94,2 мың құс бар (2002).
## Халқы
Аудан халқының саны 63 288 адам (2019), ұлттық құрамы: ұйғырлар (57,91%), қазақтар (40,06%), орыстар (1,58%), өзбектер (0,17%), басқалары (0,45%).
## Әкімшілік бөлінісі
25 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген:
## Инфрақұрылымы
Білім беру, мәдениет саласында 32 жалпы білім беретін және 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 3 кітапхана, 6 мәдениет үйі, т.б. жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінен: аудандық аурухана, емхана, туб-диспансер, 3 аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдш.-акушерлік пункт, 7 610 фельдш. пункт бар. Сонымен бірге аудан аумағында "Ара-сан", "Таугүл" атты сауықтыру орындары елге қызмет көрсетеді. Ауданнан елге танымал Хангелді, Еспер, Қарақұл батыр, т.б. тарихи тұлғалар шыққан. Ұйғыр аудан аумағынан Алматы-Шонжы-Жаркент-Қорғас және Алматы-Шонжы-Қолжат- Қытай автомобиль жолы өтеді.
Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан Шонжы ауданына дейінгі қашықтық 355 км, Алматыдан Шонжыға дейін 214 км.
## Дереккөздер |
Райымбек ауданы — Алматы облысының қиыр оңтүстік-шығысында орналасқан аумақтық-әкімшілік бөлік. Орталығы – Нарынқол ауылы.
## Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Ұйғыр ауданымен, батысында Кеген ауданымен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Аудан биік таулы аймақта, Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан облыстың ең көркем жерлерінің бірі. Аймақтың оңтүстік бөлігінде тау жоталары Теріскей Алатауы жүйесі жатыр. Тау шыңдарының абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 7010 метрге дейін. Ең биік нүкте - Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Хан Тәңірі шыңы (7010 м). Хан Тәңірі туралы алғашқы ғылыми мәліметтер 19 ғасырдың ортасында, 1856-1857 жылдары орыс географы және саяхатшысы П.П. Семенов-Тянь-Шанскийдің Тянь-Шаньға саяхаты кезінде пайда болды. Бірақ ол Хан-Тәңірін іздеу барсында шыңдарды шатастырып, бұл атауды күн батқан кезде таудың шыңы қызыл түске боялғандықтан жергілікті тұрғындар оны Қанды тауы (Қантау - қазақтар мен Кантоо - қырғыздар) деп атайтын тауға берген. Нағыз Хан Тәңірі кеңестік топографтармен 1943 жылы ғана ашылып, Жеңіс шыңы деп аталды. Аудан түрлі пайдалы қазбаларға бай; алтын (Жарқұлақ кен орны және Баянкөл өзенінің бассейнінде), қорғасын, мырыш (Тұйық кен орны), көмір (Ойқарағай кен орны), түсті және сирек металдар (Қарағайлы, Ақтас кен орны). Аймақтағы ең ірі өзендер - көптеген салалары бар Шарын, Шілік, Текес, Баянкөл.
## Жануарлар дүниесі
Аймақтың фаунасы бай әрі алуан түрлі:аңдардан қасқырлар, түлкілер кең таралған, барыс, сілеусін, аю; жануарлардан арқар, тау ешкісі (таутеке), марал, суыр; құстардан тау күркетауығы, тау кекіліктері бар.
## Тарихи жерлер
Ежелгі сақ дәуірінің, үйсіндер мәдениетінің белгілері қалған Қарашоқы, Таңбалы тас, Тұйық, Ақтастының алтыны, Байынқол мен Шалкөденің көнерген алтын кеніштері, Жібек жолы, Шығу, Құмтекей қаласының орындары бар. Шоқан Уәлихановтың Қашқарға сапары осы өңір арқылы өткен. Уәлиханов өзінің күнделігінде бұл аймақтың ерекше орны - Шартас тауы туралы дерек қалдырған.
## Тарихы
1997 жылы Нарынқол мен Кеген аудандарының біріктірілуінен Райымбек ауданы құрылды. Бұл таулы өңірге өзіндік қиындықтарын ала келді. Ел-жұрттың, әсіресе, шекараға жақын жердегі мекендерін тастап, аудан орталығына, Алматы қаласына қарай көшуіне алып келді. Нарынқол 1936 жылдан 1997 жылға дейін аудан орталығы болды. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы ең шеткі аймағы, Кегеннен шығысқа қарай 98 шақырым жерде, Нарынқол мен Байынқол өзендерінің қосылған тұсында, Меридианальный жотасының солтүстік баурайында, тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. 2004 жылғы мәлімет бойынша Нарынқол ауылында 8,8 мың адам тұрды. Бұл елді мекеннің іргесі 1872 жылы аңшылар тұрағы ретінде қаланған.
## Халқы
Аудан халқының саны 41 732 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (98,92%), орыстар (0,08%), ұйғырлар (0,84%), қырғыздар (0,06%), басқалары (0,10%).
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 20 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:
## Әкімдері
1936 жылы Кеген ауданынан бөлініп шыққан Нарынқол ауданын мына кісілер басқарды (басқарған жылдары нақты емес): Т. Тойбаев, Туркин, Несіпбеков, Қосаев, Айдапкелов, Будкин, Бодамбаев, соғыс жылдары С. Құнанбаев, Н. Бейсенбаев, Р. Ахмедов, А. Ахмедияров, одан кейінгі жылдары Р. Мақашев, Т. Кәрібжанов, Ү. Нұрғазиев, С, Дастихунов, Р. Тазабеков, Ш. Есенаманов, Е. Маханбетов, Т. Тоқсейітов, Баймаханов, Б. Сабаншиев, Ұнасбаев, М. Әшімбаев, Ы. Бектұрсынов сынды азаматтар осы ауданды басқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында жұмыс жүргізді.
* Жанат Тәжиев (2014-2017)
* Жолан Омаров (2017-2019)
* Нұржан Құдайбергенов (2019-2022)
* Берік Дүйсенбев (09.2022 бастап)
## Туристік орындар
Көлсай көлдері және Қайыңды ұлттық саябағы, Шарын шатқалы, Шоғансай шатқалы, биік таулы Тұзкөл көлі, Қазбек Валиевтің "Хан-Тәңірі" Халықаралық альпинистік лагері және тағы басқалары.
## Танымал тумалары
* Райымбек батыр - жоңғар шапқыншылығында ерекше ерлік көрсеткен қолбасшы.
* Ардақ Назаров – ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы;
* Айсара Керімбекова – дзюдан әлем чемпионы;
* Руслан Жұмабеков – классикалық күрестен Азия чемпионы;
* Бауыржан Тәліпов – қазақша күрестен әлем чемпионы.
* Алтынбек Сәрсенбайұлы - қоғам және мемлекет қайраткері.
* Мұқағали Мақатаев - көрнекті ақын, аудармашы.
* Бердібек Соқпақбаев - белгілі балалар жазушысы, "Менің атым - Қожа" - повесінің авторы.
* Сағатхан Әшімбаев - белгілі әдебиетші, сыншы.
* Мәулен Әшімбаев - мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.
* Мақпал Жұмабай - ақын, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" орталығының Бас директоры.
* Кеңес Нұрпейісов - ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор.
## Дереккөздер |
Шөмекей – Алшын тайпасынан тарайтын ру. Кіші жүздің құрамына кіреді. Ағасы Әлім таңба бермеген соң Шөмекей нағашысына Орта жүзге барып таңба алады. Артынан ұялған ағасы бір баласының таңбасын алып Шөмекейге беріп, тарихта Шөмекей екі таңбалы болады.
Шөмекейдің Тәнке тармағының қарақалпақ құрамында болуы да осындай пікірді қостауға мүмкіндік береді. Одан анна, құйын, айтеке, шеруші рулары өрбиді (Т.А.Жданко). Бірақ Кіші жүз Шөмекейінің рулық таңбасы, ұраны дулаттарға ұқсас емес. Соған қарағанда таңбаны кешірек алуы немесе әуел баста өзіне тән таңбасы болуы да мүмкін. Таңба жағынан олар Кіші жүздегі алшын және қаракесек руларының таңбасына ұқсас (И.Мейер, С.Аманжолов). 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басында Шөмекейлер Қазалы оязының, Сырдың төменгі сағасын, Перовск оязының солтүстік-шығыс жағын, Ырғыз және Ақтөбе ояздарының шығысын мекендеген. Мал шаруашылығы мен айналысқан.
Шөмекей руының Батыс Түрік қағанатының негізгі руларының бір болған Чумуген(Шимойын) тайпасына қатысы жоқ.
## Шөмекей тайпасының толығырақ тарихы
Орыс тарихына «Ішкіліктер» (ушкуйниктер) деген атпен енгенін байқауға болады. Ал, осы тайпа орта ғасырда солтүстік, солтүстік-шығыс жерінде өте үлкен күшке айналған. Орыс жылнамаларының /летопись/ жазуына қарағанда, олар Кама, Вятка өзендерінің бойы, Балтық теңізінің жағалауларын мекендеген. Осының жарқын бір көрінісі - Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су топонимдердің осы күнге дейін сақталғаны. Жоғарыда Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су, қала аттары көрсетілді. Тағы бір дәлеліміз, солтүстіктегі Архангельск облысындағы Ақ теңіздің /Белое море/ жағасында Кошкаранцы елді мекенінің болуы. Шежіре бойынша Шөмекейден – Бозғұл – Келдібай – Сейін (Желдір) – Қошқаралы болып тарайды. Кошкаранцы мен Қошқаралы бір сөз. Сол сияқты Акись –/Ақиіс/, Кожым /Қожым/, Аксарка /Ақсары/, Усть-Кара /Үсті Қара, Кия /Қиян/, Индиги /Елдегі/, Койда /Қойда/, т.б. түркі тілінде бір Архангельск облысында ондаған елді мекендердің бар болуы, солтүстікте шөмекей тайпаларының тұрған жері екенін айғақтайды. Сол сияқты Пеньза облысында екі Кошкаровка елді мекені бар. Шежіреде Шөмекейден – Аспан – Есімбет – Төбет – Төлес – Қошқар... болып таратады. Казачья /қазақтар/, Шугурово /Сүгір/, Ахатовка /Ахат/, Чунаки /Сунақтар/ атты елді мекендер бар. Солтүстік орыс жерінде түркі тілінде (қазақ) аталған жүздеген жер-су, ауыл /деревня/, қала аттары бүгінгі күнге жеткен.Үшіншіден, X ғасырдан бастап XVII ғасырға дейін 700 жыл бойы шөмекей тайпасы туралы араб, парсы, орыс жылнамаларында кездеспейді. Соған қарағанда, Шыңғысхан шапқыншылығына дейін, солтүстіктегі ушкуйник /ішкіліктер/ қауымын құрған осы «Шу тайпаларының» бірі шөмекей тайпалары болуы мүмкін. Осы бір болжамымызға сәуле түсіретін Қ.Салғараұлының «Ұлы Дала» зерттеу еңбегіндегі «Географиялық-аумақтық бөлініс» тарауында: «Ерте заманда үлкен өзен – су бойын мекендегендерді, яғни теңіз, көл, дария жағалауларындағыларды «ғұздар» деп атаған. «Ғұз» атауы байырғы түріктердің өзен-су мағынасын білдіретін «үгүз» деген сөзінен шыққан», - деп жазады (Астана, 2013. 84-б).Шөмекей тайпасы бұрынғы Шу өзенінің бойында тұрғандағы аттарын өзгертпеген, не көрші тайпалар шөмекейлерді «ішкіліктер» деп атауы да мүмкін. Мысалы, ішкі қыпшақтар, ішкі оғыздар деп аталуы, олар негізінен орданың маңайында қоныстанған. Яғни, ішкі /ішкілік/ деп атаған.Орта ғасырда (мүмкін одан да бұрын) Қаратеңіз жағалауын, Қырым түбегін, Кавказ тауының баурайын, Дон, Днепр өзендерінің бойында түркі тайпаларының мекені, қонысы болғаны орыс жылнамаларында жазылған, ал шөмекей тайпасы да солтүстік, солтүстік-шығыс орыс жерінде мекендеген деп айта аламыз.VII ғасырдың ортасында: «Шөмекен /шөмекей/ ұлысы әбден күшейген, ол тіптен жеке ел ретінде тарихта аты белгілі Басмыл, Керғұр (Ғырғыз, /қырғыз/), Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады», - деп көрсетеді . Осы кітапта Шөмекей (Шөмен, Шөмекей) қайдан шықты тарауынан оқып білуге болады. Бұған қарап, шөмекей тайпаларының үлкен бір тобы солтүстік орыс жеріне қоныс аударған дейміз.Шуя қаласының Хива деп аталуы, шөмекейлердің Хива қаласында қоныстанғандары, кейінгі бір уақыттарда, аталастары шөмекейлерге, солтүстік-шығыс орыс жеріне көшіп барып, «Молого базарының» маңынан қала салып, Хиуа қаласы деп атап, үлкен сауда орталығына айналдырған болуы керек. Сол сияқты, Кострома қаласы Хорезм қаласы деп аталған. Соған қарағанда шөмекейлердің саудамен айналысқанын байқауға болады. Осы болжамымыздың дұрыстығына С.П.Толстов Гаркавидың «Сказания мусульманских писателей о славянах и русских» атты еңбегіне сүйене отырып мынадай қорытынды жасайды: «Хорезмийская экспансия на север не ограничивается экономическими связами. В X веке Хорезм выступает в качестве активной политической силы по отношению к народам Поволжья. К X веку относится свидетельство ибн-Хаукаля о походах хорезмийцев на границы Булгарского царства, откуда они возвращаются с добычей и рабами», - деп жазуы, солтүстіктегі Молого базары хорезмдіктердің қол астында болған деп айта аламыз . С.П.Толстовтың хорезмдіктер деп айтып жүргені шөмекей тайпалары болуы да мүмкін. «Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады»,-деп жазылудың өзі шөмекей тайпасының жеке ел болғанын білдіреді.
Шөмекей тайпасының ауызша шежіресінде: Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Сырым. Сырым, Асанаға дейін төрт ата. Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Байқонды – Есенәлі – Аю. Аю Аспанға дейін алты ата. Бұл арада Левшинің Аюсырым деп жазып отырғаны дұрыс сияқты. Екіншіден, шөмекей руы өздерін бұрынғы атауларымен түрік деп атап, Қазақ хандығына кейін келіп қосылғанын байқауға болады. Жоғарыда «ішкіліктер» /«ушкуники»/ Бату хан әскерімен соғысқаны туралы жазылған. Соған қарағанда, А.И.Левшиннің жазып алған шөмекей руының аңыздарындағы оқиғалар шындыққа жанасады. Алты ата Әлім тайпасына (Қаракесек бірлестігі) шөмекейлер Шыңғысхан солтүстік-шығыс орыс жерін жаулап алғаннан кейін қосылған болуы мүмкін. Бұл да келешекте зерттеуді қажет етеді.Кейбір шөмекей руының аталықтары Арғын руының ішінде кездеседі. Арғын тайпасының, тоқал арғын бірлестігінің Саржетім аталығында Шақшақ бөліміндегі Көшейдің ішінде Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары бар . Ал, осы аталықтар Шөмекейдің Аспанының Есімбет руының ішінде. Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төлес – Қошқар; Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төбет – Орсақ – Айтқұл – Қарабас; Аспан – Есімбет – Бұғанай – Байқонды – Есенәлі – Аю. . Арғын шежіресінде Қошқар, Қарабас, Аю аталығы Көшейдің екінші әйелі қалмақ әйелінен туған деп жазады. Бұл арадан байқайтынымыз, Үлкен Орда (Алтын Орданың мұрагері), Ноғай ордасы, Қасым, Қазан, Сібір, Астрахан, Қырым хандықтары ыдырап, XVI ғасырдың бас кезінде шөмекей руының негізгі ұйытқы тобынан бөлініп қалып, Аспанның Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары Қазақ хандығына қосылғанда, арғын руының ішінде қалып қойған. Шөмекей руының солтүстік орыс жеріндегі бір бөлігі - «ішкіліктер» III Иван патшаның кезінде Дон казактарына, енді бір бөлігі Кіші жүз, Қаракесек бірлестігіне қосылған дейміз.Көк түріктер, Ашина түріктері немесе Аспан түріктері деп тарихта жазып жүргендеріміз осы Шөмекей тайпасының Аспан аталығы болуы да мүмкін. Бұл ұшқары ой, пікір болып көрінгенімен, Шөмекей тайпасының өткен-кеткен тарихын егжей-тегжей зерттесе, қазақ тарихының «ақтаңдақ» беттерінің талайы ашылары хақ.
## Шөмекей туралы аңыздар мен мақал-мәтелдер
«Ет жаманы — көмекей, ел жаманы — Шөмекей»
Шөмекей өзнің бірінші таңбасын нағашы жұртынан Орта Жүзден алады. Дәстүр бойынша, жиеннің назары қатты, - деген бар, сол себепті жиеннің назаны түсірмейін,- деп нағашылары таңба беруге шешіледі. Ал таңба алу үшін белгілі мөлшерде құн төлеу керек болатын. Бірақ Шөмекейде құн төлейтін малы болмайды. Баланың көңілін қалдырмау керек, бірақ таңбағада құн төлену керек, осы мәселені шеше алмай басы қатқан Орта жүздің билері жігітке шарт қояды: Сайлап он алты жігітті жекпе-жекке шығарамыз, егер жеңсең таңба сенікі, ал егер біреуінен жеңіліп қалсаң бізге ренішің болмасын, - дейді. Шөмекей келісіп жекпе-жекке шығып барлығын жеңіп шығады. Содан соң ол өзінің таңбасын алады. Содан нағашы жұрты Шөмекейге ас береді. Ешкімді күтпей тамақты бастап жіберген Шөмекей үлкендердің келіп қалғанын көріп түйіліп қалады. Арқасынан қағып түсіргенде тамағынан көмекей шығады." «Ет жаманы — көмекей, ел жаманы — Шөмекей» осы нағашы жұрты баланың мықтылығына таңданып айтқан деседі.
Осыдан кейін Шөмекей еркін және тәуелсіз болды және өзнің өжеттілігімен басқа руларға тиімді емес шешімдерді қабылдап тарихта орын алған. Бұл жағдайға жағдай Шөмекейдің көп болғаны да себепші болды. Олар қазақт тарихындағы барлық ірі көтерілістерге белсенді қатысты.
Ашып айтып кететін болсақ қазақтың соңғы Кенесары ханға қолдау көрсеткен алғашқылардың бірі Шөмекей екенін атап өткен жөн, бұл жағдайды Ресей империясының Генштабы Л. Мейер полковнигі былай сипаттайды:
«... Біз көргендей 1840 жылы барлық жағынан қуғынға ұшыраған Сұлтан Кеңесары өте ауыр жағдайға түсті, бірақ көп ұзамай оның жағдайы өз қалпына келді:Он Шөмекей руы құрметпен қабылдап хан, - деп жариялады. Артынан сол ауылдың биінің қызына үйленді. Артынан Әлімнің Төтрқара мен Шекті рулары бірге косылып хан ,- деп мойындады.
Кеңес өкіметіне қарсы 1930 жылы Шөмекейлер соңғы көтеріліске қатысқан ( «Тоқалар көтерілісі»).
Ашығын айтқанда, орыс отаршылдарына қарсы соғысуға Шөмекей руының толық қауқары да дайындығы да жеткілікті болған.
Ресеймен достық және тату көршілік туралы келісімге отырған Әбілқайыр хан соңынан осы келісімнің көп бұрмалануының себептерінен қазақ даласы толық бағынышты күй кешті. Қазақ қоғамын еркін және тәуелсіз дамытуға бағытталған бұл дәуірі әрекет көптеген қоғам қайраткерлері болды. Әлихан Бөкейханов Семей қаласында қазақ автономиясын құрғысы келді, Мұстафа Шоқай Түркістан автономиясының оңтүстігінде құруға тырысты. Бірақ бұл күштер бекер болды. Жалпы көтеріліс қауіпін ескере отырып НКВД, Ресей құпия полициясымен тез-тезден әскери психологтарды жіберіп елді бөліп басқару әрекетіне байланысты әрекеттерді белсенді түрде жүргізіп отырды. Империал Ресей, құпия полиция желісі пайдаланылатын бұрын. Осы әрекеттер рулар арасына араздастықты тудырып ақпатшаға қарсы дайындалған күштерді өзара бөліп отырды. Сонымен қатар, жемқор байларды параға сатып алу жұмыстары жүзеге асырылып отырды, сырттан мал ұрлыққа арандатушы қолдар жалдады. Және бұл істері ақпатшаға өзінің ойына келген іс-әрекетін жасауға мүмкіндік берді.
## Халық жадында қалған аты аңызға айналған қайраткер туралы ақпараттар.
Сәмет Назымұлы (1744-1839) - Алшынның Шөмекей руының Тоқа аймағынан. Ол тарихшылар мен этнографтардың назарынан мүлде шығып қалған кейіпкер. Атақты бартырболған Сәмет қол өнері(қамшы, бау, ертоқым жасаудың қас шебері) бойыншада қас шебер болған. Сатып алған қамшыны Сәмет тоқадан алдым, деген ел аузында аңыздар бар. Тағы бір ауыз-екі әңгіме бойынша, ауыл жәмеңкесінде казактар бір қазақ баласын өлтіріп кетеді. Мәселені шешу үшін ауыл ақсақалдарының алдына өлтірген кісіні(бойы ұзын, денесі үлкен казактың мықты атаманы) алып келеді. Қазақтар жағын жекпе-жекке Сәмет батыр бастап шығады. Айқас ат үстінде басталып кетеді, Сәмет батыр атаманды қамшымен иығынан салып қалып тарты келіп жібереді. Аттар айрылған шақта Сәмет батыр атын тоқтатып ақсақалдарды қасына келіп қарап тұрады. Казактар ой мынау аттан қорқып түсті деп күлгенше болған жоқ, атаманның денесі иығынан беліне дейін екіге бөлініп қалады. Оны көргендер аң-таң болып үнсіз қалады.Атақты батырды өлтіру жолында ақпатша батырдың айналасындағы қосшыларының арасында батыр туралы өсек таратып және оларды ақшалай қаржыландырып отырды. Бін күні Жанқожа үйінде жалғыз қалып, түскі аптапты өткізіп демалып жатқанда, ақпатшаның алдауына түскен нөкерлер үйдің ішіне кіруге батылы бармай, қоршауға алады. Батыр бірнәрсені сезгендей ер-сауытын киіп сыртқа шығады. Батырмен жекпе-жек шығуға батылы бармаған сатқындар кері шегініп алыстан оқ жаудыра бастайды, бірақ көпке дейін батырға оқ тімейді. Батыр сатқындарды жалғыз өзі қуып жүріп ақыры ажалды оқ батырдың сауытының осал жерін тауып кеңсіріктен тиеді, өйткені батыр ер-сауытты кигенде тамағын жабуға үлгермей асығып шығып кеткен болатын. Батыр өзінің өлімі өз бауырларынан болғанына қатты ызаланып, жаратқаннан тәубе сұрап садағына сүйеніп тігінен жан тапсырады. Сатқындар көпке дейін батырдың өлі-тірісін біле алмай қасына жақындауға батылдары жетпейді. Батырға кімдер қастандық жасады дегенде ақпатшаның алтынына сатылғандар бір ауыздан Шөмекейлерді көрсетеді, өйткені осының бәрі алдын ала ұйымдасқан шара болатын. Батырды қоршауға алғанда әдейі Дөйт! - деп ұрандатып келген. Осындай батырдың өлімі туралы елде қайғылы аңыз бар. Шөмекейлердің ұранын пайдаланып ақпатшаның сатқындары талай жерде басқа рулармен араздастыру шараларын жасаған, бірақ Шөмекей ұрпақтарының әрқашанда өз ісіне, сөзіне берік болғандығының арқасында жаланы мойнына қоя алмағандықтан ақпатшаның елден шектету мәселесі өз нәтижесін бермей келген.
## Тұлғалар
## Дереккөздер |
1979 жылы құрылған тағы бір "Екібастұз" клубымен шатастырмаңыздар
«Екібастұз» — Екібастұз қаласының футбол клубы. Матчтарды Шахтёр стадионыңда өткізеді. Бұрында «Энергетик» деп аталған және Павлодарда қаласында жаттықты. Бірінші лигада екі рет женімпаз атанды (2005, 2007).
## Жетістіктері
* Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (2): 2005 және 2007
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі: 2010 жылы — 7:0 «Асбест» Жетіқара
Ең үлкен жеңілістері: 2006 жылы — 0:6 «Асбест» Жетіқара, 2008 жылы — 1:7 «Қайрат» Алматы және 0:6 «Ақжайық» Орал
## Клуб атауларының тарихы
## Құрамы
2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша |
СКИФ-Ордабасы футбол клубы — Шымкентте 1992 жылы құрылған футбол клубы. 1996 жылы клуб жабылып қалған.
## Тарихы
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 5 сезонды жоғарғы дивизионда өткізді.
1995 жылы Қазақстан кубогының финалына шықты да, осы жетістігінен соң 1996 жылы Азия кубок иелері кубогына қатысты. Бұл турнирде Түрікменстанның "Тұран", Қырғызстанның "Металлург" клубтарын қапы қалдырып, үшінші раундқа дейін барды. Үшінші раундта Иранның "Эстегляль" клубынан аса алмады.
1996 жылы тамызда клуб басшысы Мардан Сапарбаев қысмыскерлер қолынан оққа ұшып қайтыс болды да, клуб сол жылы жабылып қалды.
### Клуб атаулары
* «СКИФ-Арсенал» (1992)
* «СКИФ-Ордабасы» (1993-1996)
## Жетістіктері
* Қазақстанның күміс жүлдегері (1): 1992
* Қазақстан Кубогының финалисті (1): 1995
## Атақты футболшылары
* Қанат Бектілеуұлы Мұсатаев
* Александр Степанович Шмариков
* Сергей Владимирович Когай
* Ұлықбек Пахритдинұлы Асанбаев
* Олег Игоревич Воскобойников
* Марат Жалғасұлы Есмұратов
## Сілтемелер
* http://footballfacts.ru/clubs/40289-arsenalskif-chimkent |
Жамбыл ауданы — Алматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Ұзынағаш ауылы.
## Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Балқаш ауданымен, шығысында Іле, Қарасай аудандарымен, батысында Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу, Қордай аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
## Жер бедері
Аулан Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, оңтүстігін Іле Алатауының батыс, оңтүстік-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, т.б. кездеседі.
## Климаты
Климаты континенттік, оңтүтігінде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңтүстігінде –8°С, солтүстігінде –12°С, шілдеде оңттүстігінде 20°С, солттүстігінде 25°С. Тау етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 мм, солтүстігінде 200 – 300 мм шамасында. Таулардан Күрті өзенінің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа). Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендерінің егін суғару, шабындықты суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор.
## Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Жері оңтүстіктен солтүстікке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солт-ндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі. Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің аумағы 1,7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шілбастау, Қопа т. ж. ст-лары бар. Аудан жері арқылы Алматы – Бішкек автомобиль жолы өтеді. Ж. а-нда 900-ге жуық тарихи-археол. ескерткіш мемлекет қарауына алынған.
## Халқы
Аудан халқының саны 166 347 адам (2019), 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: оның ішінде: қазақтар (85,48%), орыстар (6,88%), түріктер (1,51%), ұйғырлар (2,59%), әзербайжандар (0,73%), күрдтер (0,23%), татарлар (0,42%), шешендер (0,24%), қырғыздар (0,25%), немістер (0,30%), корейлер (0,11%), өзбектер (0,30%), украиндар (0,05%), басқалары (0,91%).
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 61 елді мекен 24 ауылдық округке біріктірілген:
## Дереккөздер |
Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Үйсін тайпасына кіреді.
## Тарихы
Жалайырдың шын аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан жалайыр атанған. Жалайыр сырманақ, шуманақ, бірманақ болып үшке бөлінеді. Шуманақтан — андас, мырза, қарашапан, орақты, ақбұйым, қалпе, сыпатай аталары тарайды. Сырманақтан: арықтыным-байшегір, балғалы, қайшылы, күшік тарайды. Бірманақтан тек сиыршы (байбөген) тарайды. Кейбір шежірелерде бірманақтың аты аталмай, сиыршыны сырманаққа жатқызады. Осыдан келіп он екі ата жалайыр атанған. Сырманақ, шуманақ атаулары Сыр мен Шу өзендерінің бойын жайлағандықтан шыққан делінеді. Ал бірманақ жеке-дара, жалғыз дегенді білдіреді. Кейбір шежірелерде жалайырдан шыққан, бір атадан тараған арықтыным-байшегірді екі атаға бөліп, он үш ата жалайыр деп аталады. Аңыз бойынша, қазіргі Қызылорда облысындағы Шиелі ауылына таяу жердегі Оқшы ата (Мерген ата) қорымы жалайырға кіретін орақтының арғы атасы Орақ батырдың лақап аты екен. Кейінгі ұрпақтары оны әулие санап, атын тура атамаған көрінеді.11 ғасырда бұл топ Цзубу одағының құрамында Хэрлэннің төменгі сағасында қидан, шүршіттермен қанаттас тұрды. 9 ғасырдан бастап жалайырлар он рулы “жат жалайыр” тайпасы атанып кетті. Олар: жат, тоқырауын, кунк сауыт, құмсауыт, урьяат (Рашид әд-Дин “ұят” деп көрсеткен), нилқан, құрқын, және шаңқұт деп аталады. Қадырғали Жалайыридің пайымдауынша, жалайырлар “Келуран (Хэрлэн) деген жерді мекендеді. Жетпіс күрен құрылды, әрбір күренде мың үйлік тайпа бар еді” дейді. (Д.Оссон, А. Березин). 1190 жылы Тэмужин (Шыңғыс хан) мен Жамуха арасында болған “он үш күрен шайқасында” жалайырлар Тэмужиннің бесінші күрені болып аттанады. Сөйтіп олар әрдайым Шыңғыс ханмен бірге болды. Шыңғыс ханның әскери құрамында жалайырлар елеулі орын алды. Олардың арасынан әйгілі қолбасшы Төлегет бай Гун гуа ұлы Мұқылай шыққан. 1206 жылы Шыңғыс хан өз мемлекетінің шаңырағын көтеріп, елін 95 мыңдыққа бөлгенде Мұқылай бірінші мыңдықты басқарды. Оның аты еліне еңбегі сіңген 88 қайраткердің ішінен үшінші болып аталған. Шыңғыс хан мемлекетінің тоғыз қолбасшысы (өрлөг), ішкі тоғыз төресінің төбе төресі де осы Мұқылай болды. Ол әуелі уаң (тайпа, өлке билеушісі), одан кейін го ван (ұлыс билеушісі), соңынан хуй ун чинсан тәйші лауазымына ие болды. Шыңғыс хан империясы тарихында “го ван” лауазымына ие болған жалғыз адам Мұқылай еді. Ол өз өмірінде Шыңғыс ханның әскери, дипломатиялық тапсырмасын орындады, шығыс жорығының бас қолбасшысы болды. 1220 — 22 жылдары Мұқылай қолы Цзин әулеті мемлекетінің билігіндегі Хэбэй, Хэдун (қазіргі Шан Си), Шандун өлкесін бірінен соң бірін басып алды. Мұқылай осылай ат жалында қол бастап жүріп Шаньси өлкесінің Вэн Си Сян елді мекенінде 1223 жылы наурыз айында 53 жасында ауыр науқастан дүние салды. Хорезм жорығында жүріп бұл хабарды аса қайғыра қарсы алған Шыңғыс хан оның тұңғыш ұлы Бораға го ван лауазымын беріп, әке орнын бастыруға шығысқа аттандырады. Мұқылайдың ұрпақтары Юань әулетінің ақырғы кезеңіне дейін Шыңғыс хан әулетіне елеулі еңбек етті. Жалпы Шыңғыс хан әскері құрамында жалайыр тектілер елеулі рөл атқарды. Үгідей жасағындағы жалайыр Илугай үш мыңдықтың басшысы болды. Ал Мұқылайдың ағасы Тайсун, інісі Бұқа (әйгілі дарабоз Бұқа) және Ерохан (Ань Ши Сорахан деп жазған), Сартақ ноян, Бала ноян, оның ағасы Архай хоса және Тай Иесур, Мұқа Кәржулар әрқайсысы 95 мыңдықтың бір-бір мыңдығын басқарды. Аталған сегізге Мұқылай мен оның ұлын қоссаңыз Шыңғыс хан әскері құрылымының тоғыздан бір бөлігін жалайыр тектілер басқарды деген сөз. Жалайырдан шыққан Мунхасар ноян Мөңке қағанның тұсында империяның бас жарғышысы (немесе әділет министрі) болды. Мөңке қаған тұсында жалайырлар бұрынғы Төленің иелігіндегі ортүстік және шығыс әскерлері құрамында болды, ерлері батыс және шығыс жорығына аттанды. 13 ғасырдың соңында бұрынғы түркі тектес тайпалардың ең соңғы легінің батысқа қоныс аударуының жаңа процесі басталды. А.И. Левшиннің пайымдауынша, жалайырлар 13—14 ғасырлар тоғысында әуелі Сыр өңірі, одан Қаратау бойына қоныс аударып, сонда бес ғасыр бойы көз жазып қалған сырманақ, шуманақ тобымен қайта табысады. М.Тынышбаевтың пайымдауы бойынша, Шыңғыс ханнан соң жалайырлар төрт топқа бөлінеді. Бірінші бөлігі Моңғолия, Қытайда қалды. Екінші бөлігі Жошы ұрпақтарының билігіндегі Шу бойынан төменірек мекен еткен шуманақ тобы, үшіншісі — Шыршық және Ангран қойнауындағы жалайыр ордасы немесе сырманақ аталатын топ. Төртінші бөлімі Хулагу ханмен бірге парсы еліне аттанған топ. Сонымен, бүгінгі жалайырлар Қазақстанның алып өлкесіне шашырай қоныстанған қазақтың белгілі тайпаларының бірі. Қазақ халқының құрамындағы жалайыр тайпасынан Сүбедей, Мұқылай, Қадырғали Жалайыри, Балпық би, Ескелді би, т.б. белгілі адамдар шыққан.
## Жалайыр туралы жалпы хабар
Зерттеушілер атап көрсеткеніндей, Жалайыр руы туралы көне қытай жазбаларында да, тіпті IXX ғасырдағы араб деректерінде де айтарлықтай мәліметтер жоқ. Ол жайындағы алғашқы мағлұматтар моңғол дәуіріндегі XIII-XV ғасырдағы жазбаларда ғана бар. Мәселен, Рашид ад-Дин ежелден жалайырлар көп өніп өскен ру деп көрсетеді. Сондай-ақ, ол: кезінде жалайырлар Тұран мен Иранда өмір сүргенін, оларды қытайлардың күйретіп, біразының моңғолдарға «Шыңғыс-хан бабаларына» тұтқынға түсіп, ол Шыңғыс-хан кезінде көбісі бек аталып, қоғамда құрметті орын алғаньш жазады. Оған қоса Рашид ад-Дин Жалайыр руының 10 ірі атадан тұратыныи нұсқайды: Жәйіт, Қоң-қауыт, Оят, Көркін, Торы, Тоқырауыт, Құмсауыт, Нілкін, Төлеңгіт, Саңғыт. С. Аманжолов Рашид ад-Дин көрсеткен Жалайыр аталарының кейбір тегі қазіргі қазақтар ғана емес, өзге де рулық тармақтарда барын аңғарады. Мәселен, осы рулардан, деп жазады ол,- Қоң-қауыттан қаңлыны, Санқауыттан саңғылды, Жәйіттен Жүйді (Кіші жүз), сонымен қатар қырғыздарды (шайтейіт руы) көруге болады. Қазіргі заманғы қазақ пен алтай төлеңгіттері ежелгі Жалайырдың төлеңгіттеріне сәйкес келеді. Тордан «торғұлдар» (Алтайдағы татарлар) танылады. «Тоқырауыт» пен «Нілкін» сөздерінен Нілкі немесе Нылқы (Іленің бір тармағы) мен Тоқырауын (Жезқазған) өзендерін аңғарамыз. Бәлкім, Көркін Құрыған, немесе Үшқұрыған (Орхон жазуында) сақалардың ата-бабаларының түп тамыры шығар. Сөйтіп, әзірше Оят пен Құмсауыт өз төркінін таппай отыр, әйтсе де олардың анық түрік сөзі екенін мойындамай қала алмаймыз.
Соған қарамастан Рашид ад-Дин өз еңбегінде XIII ғасырларда Жалайырлар моңғол тілдес деп тұжырымдайды. Бұл орайда екі ұштылық жоқ деп ойлаймыз, өйткені әуелгіде моңғолдарға тұтқынға түсіп, одан соң Шыңғыс-хан мен оның балалары әскерінің құрамына еніп, XIII ғасырда моңғолша сөйлеуі де мүмкін. Бәлкім, осы мәліметтерге сүйеніп, Ш. Уәлиханов пен академик В. Бартольд Жалайырларды моңғол рулары деп есептеген шығар. Олардың ізінше М. Тынышбаев моңғол тарихшысы Соном Сесеннің еңбегіне сілтеме жасап, «Жалайырлар Еке-моңғол (ұлы моңңол) деп аталатын саны көп, күшті моңғол тобынан шықты» деп есептейді.
Шыңғыс-хан қаз-қаз тұра бастағаннан жалайырлар оны жақтап, оның Қытай, Тибет, Түркістан мен Персияға жорықтарын қолдап отырды. Қытайды жаулап алған Шыңғыс-ханның әйгілі қолбасшысы Мұқылы-Тобан Жалайыр руынан шыққан. Шыңғыс-хан тұсында да, кейініректе де Жалайырлар төрт атаға топтасады: біріншісі Моңғолия мен Қытайда қалды; екіншілер Жошының балаларына беріліп, Шу өзенінің орта ағысынан шығысқа қарай қоныстанып, ІП у-манақ деп аталды; үшіншілер Шыршық пен Ангрен алқабында қоныс теуіп, Жалайыр ордасы аталуымен мәлім (Сырманақ); төртінші топ Гулагу ханмен Персияға кетті. Одан әрі М. Тынышбаев жалпы нышандармен жалайырдың соңғы үш тобының негізгі тарихи белестерін қуалайды. Мәселен, Ақсақ Темір көтеріліп келе жатқанда оны қолдап, 1370 жылы олар оның қарсыластары Дулаттар жағына шығып кеткені үшін жалайырлар талқандалып, бытырай қоныстандырылды. Парсы тобы Иранда негізгі маңыз атқарды; жалайыр әулеті тіпті Солтүстік Иранда, ал бір кезде Бағдатта да патшалық құрды.
Жалайырлардың басты бөлігін 1370 жылғы қашқын Сыр-манақтар келіп қосылған Шу-манақтар түзеді. Бұдан әрі М. Тынышбаев Жалайырлардың Жошы ұлысынан шығысқа қарай ойысып, Ежен ханның Ақ ордасына тірек болғанын, Орыс ханның кезінде олар әмірші әскерінің ұйытқысына айналғанын айтады. XVI ғасырдың аяғында жалайырлардың қалың көпшілігі Ұлы-Тауя ауданында болған деседі, осы кезде Оразмұхамет сұлтан өзінің жақыны Қадырғалимен орыстардың тұтқынына түсіп, Мәскеуге жөнелтіліп, Борис Годунов патша оларға Қасымов (Касимово) қаласын беріп, Қадырғали Жалайыри онда Оразмұхаметтің ата-тегінің шежіресін жазды. XVIII ғасырдың басындағы Жоңғар шапқыншылығына дейін Жалайырлар Шу өзенінің орта ағысына оралып үлгіреді, бірақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» қайтадан Бетпақдала шөліне қарай серпілді.
Одан кейін Жалайырлар XVIII ғасырдың ортасында Қазақ жерін азат етуге белсене араласып, қытайлар Жоңғарияны біржола күйреткенше, Аягөз өзеніне дейін жетті. Соның нәтижесінде азаттық алғаннан кейін, Жалайырлар Жетісудың Қаратал өзені жағасы мен Іле сағасын мекендеп қалды. Дегенмен, зерттеушілердің ішінде бірінші болып Н. Аристов Жалайыр руларының аттары негізінде олардың моңғол тектес емес, арғы тегінің аралас түркі-моңғолдан шыққанын ұсынды. Н. Аристовтың пікірін растай отырып, С. Аманжолов оның тұжырымын нақтылап, кемшіліктерін көрсетіп, Жалайырлардың ежелгі түріктерден тарайтынын сенімді түрде дәлелдейді. «Мен Аристовтың пікіріне қосыламын, деп жазады С. Аманжолов, Жалайыр руы мен аталары Ұлы жүзде де әр текті рулар одағының бөлігі. Бірақ, бұл, меніңше, бүкіл қазақ, қырғыз, өзбек руларына да тән. Нағыз жалайыр деп ол, бәлкім, моңғол нышандарын айтатын шығар. Бұл тағы да халықтардың қоныс аударуына байланысты қате көзқарас. Жалайырдың бүкіл рулары кейін түріктеніп кеткен моңғол тектес дегенге итермелейді». Ал, жағдаяттар басқаша баяндайды. Жалайырлар тармағының ішінде моңғол билігіне дейін көптеген ежелгі түрік руларыыың болып, басқа да Ұлы жүз бен қырғыздар руларының құрамында олардың таңқаларлықтай мидай араласып кетуі, ол ардың (Жалайырлардың) моңғол шапқыншылығына дейін түркі тектес болғанын көрсетеді. Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүрхан Жалайырларды моңғолдың Хайду ханының тұтқыны болғаннаы кейін ғана моңғол атанды деп есептейді. Бұдан Жалайырлардың басым көпшілігі моңғол емес, небәрі олардың (500 «бүлікшілері») құлдыққа түсіп, моңғолданып кеткен аз бөлігі деп түйіндеуге болады. Ежелгі моңғолдардың салт-дәстүрі бойынша, олар өз мырзаларының қосынында қызмет етіп, «күнәдан» арылып, жоғары шен, атақ-дәрежеге (бек немесе қолбасы) жетуіне болатын еді. Сондықтан Қытайды жаулап алғандардың ішінде Жалайыр Мұқа-ноянның болуы таңғаларлық емес (Әбілғазы). Одан әрі С. Аманжолов Жалайыр руы ата-тегінің құрамын талдай келіп, олардың Сыр-манақ пен Шу-манақ тармақтарыыа айрықша назар қойып, бұлар ежелгі Дулудың бес аймағын тағы да қайталайтынын еске салады: шу-ми, шу-му ғун, шу-бань және басқалар. Олармен, бәлкім, қырғыз-қыпшақтарының қырғыз аталары: жаманақ пен оманақ та байланысты болуы мүмкін. Диалектілерді зерттеу барысында біз Арал теңізі аймағындағы Шектілердің өздерін Жаманақ деп атайтынын анықтадық. Осыдан қазақ пен қырғыздардың одан да жақын туыстығы мәселесі туындайды, меніңше, «манақ» ең әуелі рулық атау емес, ол тіршілік ету сипатына байланысты белгілі мекендердің тұрғындарына берілуден шығатын ат секілді. Шуманақ сөзін «Шу бақташылары» (егер моңғолдың «ман ақ» сөзін негізге алсақ бағу, қарауылдау, сақтау) және «Шу бағбандары» (егер түр іктің «манау» бағбан») деуге болатындай. Әрі қарай С. Аманжолов өз еңбегінде деректер негізінде Жалайырлардың қоныстануын қадағалайды. Жалайырлардың басым көпшілігі бар уақытта Жетісудағы Қапал уезінде тұрды, деп жазады ол, Бәлкім, біраз бөлігі Зеравшан алқабына қоныс аударған шығар. Жорықтарға қатысушылар, әулеттер мен хандарды көтерген жалайырлар (Қытай, Персия, Мысыр, Ресейдің оңтүстігі мен Сібірде), бәлкім, Шыңғыс-хан мен ұлдарына қызмет еткен жоғарғы әскери топтың өкілдері болуы мүмкін. Жалайырлардың мүлде аздаған тобы бурят-моңғолдар ішінде де бар. Олар мүмкін Әбілғазы жазған Хайду хан құлдарының ұрпақтары шығар.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде жалайырлар туралы құнды-құнды мағлұматтар кездеседі, солардың негізінде бұл рудың этникалық құрамы жайында недәуір мағлұмат табамыз. М. Тынышбаев қазақ халқының үш жүзінің тегі туралы, соның ішінде Жалайырлар жайында да орасан еңбек жариялады. Бұл деректердің бәрін зерттеп, өз жинағын мағлұматтарымен салыстыра отырып, жалайырлардың рулық құрамы мен қоныстануын В. В. Востров монографиялық жұмысында ашып берді. Алайда, Жалайырдың бұл рулың құрамында оның 13 атасының ғана тізімі беріледі. Салыстырмалы түрде біз Жалайырлардың тегін сәл де болса анықтайтын қолда бар деректердің бәрін зерттеп, өз бақылауларымызбен толықтырып, қал-қадарынша Жалайыр руының қомақтық құрамының таралуы жайын түздік (9 а, ә, б, в-қосымшаны қараңыз). Экспедициялық зерттеулер кезінде біздің мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Жамбыл атындағы кеңшардың тұрғыны 1891 жылы туған (Жалайыр) Камал Дүйсенбаев; Талдықорған облысы, Киров ауданы, Куйбышев атындағы кеңшардың тұрғыны 1899 жылы туған (Жалайырдың Мырзабәйбіше руынан) Қожахмет Нұрлыбаев; Талдықорған облысы Киров ауданы, Ленин атындағы колхоздың тұрғыны 1910 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Нұрғазы Иманғазиев; сол облыстың Гвардия ауданы, Киров атындағы кеңшарының тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Әбілқасым Жантайлақов; Талдықорған облысы, Киров ауданы, Мұсабек атындағы кеңшардың тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайырдың Орақты атасынан) Әлдибек Естаев; Талқорған облысы, Киров ауданының тұрғыны, 1909 жылы туған (Жалайыр) Байжомарт Дәндебаев; сол облыстың Киров ауданының тұрғыны 1904 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Шайық Самалтыров; Талдықорған облысы, Киров ауданынан 1901 жылы туған (Жалайырдың Сыпатай руынан) Бекмұхамбет Байтұрбаев; Талдықорған облысы, Киров ауданы, Октябрь аулының тұрғыны 1891 жылы туған (Сыпатай руынан) Әбділда Боранбаев; Талдықорған облысы, Киров ауданының Бозтоған аулының тұрғыны 1900 жылы туған (Жалайыр) Бекқожа Біләлов; сол облыстың Киров ауданы, Кеңарал аулының тұрғыны 1896 жылы туған (Жалайырдың Қарашапан руынан) Сапарғали Майсүтов; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1916 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Керім Байжомартов; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1888 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Мезет Жиенбаев; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1890 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Қосбай Кенжебаевтар қол ұшын аз берген жоқ. Бұл ақсақалдар Жалайыр руының қоныстануы, ата тегі, көші-қонның өтетін жолдары туралы біраз мағлұмат берді. Ал, кейбір қазақ шежіресінің білгірлері Жалайыр руының тұтас ата-тегі туралы жақсы мәлімет түсірді. Солардың санатына Қожахмет Нұрлыбаев, Медет Жиекбаев пен Нұрғазы Иманғазиевты жатқызуға болар еді, олар бүкіл Жалайыр руының жіктелуі және соған байланысты этникалық тарихы жөнінде көптеген аңыз жазып берді. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, жазба деректерде сақталғандай, Жалайыр руы жерсінуіне байланысты екі ірі аймақтық топқа Сырманақ пен Шуманаққа бөлінеді. Біздің мәлімет берушілеріміз Нұрғазы Иманғазиев және басқалардың көрсетуінше тағы бір Бірманақ тобы болған, алайда ол сыртқы жаулаушының қолына түсіп, сонда қалып кетеді.
Ол жергілікті қызға үйленіп, одан Қосай және Қосымбет қалады. Балалары жас кезінде Бірманақ дүние салып, өлер алдында: «Тарақ таңбалы елдеріңді табыңдар» деп өсиет айтады. Жалайырдың рулық белгісі (тарақ таңба). Әкесінің аманатын орындап, балалары қандастарына қайтып оралады. Аңызда айтылғандай, жасөспірім Қосайды Шуманақтың ұлы Андас, ал Қосымбетті Сырманақтың ұлы Байшегір паналатады. Сөйтіп, олар Жалайыр руының құрамына Күшік (Қосай) пей Арықтыным (Қосымбет) болып енеді. Ұлы жүздің басқа рулары арасында, Жалайырдың өз ішінде де жалайырларды «Он екі ата Жалайыр» деп атайды. Алайда, жеме-жемге келгенде әуелгі атағанның өзінде олар 13 ата болып келеді. Ең алғашқы Жалайырдың рулық құрылысы жөніндегі мәліметті біз 1825 жылғы архив деректерінен табамыз, онда жалайырдың он екі атасы: Андас, Мырза, Күшік, Сыйерке, Қалпе, Балехлы, Қарашапан, Сыпатай, Байшегір, Қайшылы, Ларақтынауыл мен Қығысылдар. Бұнда көптеген бұрмалаулар болғанмен, қазіргі этнонимдерді оңай ұғуға болады: Андас Мырза, Күшік, Сиыршы, Сыпатай, Байшегір, Қайшылы, Арықтыным мен Қырғыздар. Алайда, бұл жерде де аздаған дәлсіздіктер бар, біріншіден, әуелгі атадан тарайтын екі ру Орақты мен Ақбұйым жоқ, екіншіден соңғы ру Қырғыздар Андасқа кіреді, сондықтан ол ата болып есептелмейді, кейінгі үрім-бұтақтарға жатады. Келесі Жалайырлардың ру-тайпалық құрылымы жөнінде толық та дәл сипаттама беретін дереккөзі XIX ғасырдың 60-жылдардың ортасында пайда болды. Н. Абрамов өзінің бұл еңбегінде: Жалайырлар басты 12 атаға бөлінеді, олар бейне бір Шуманақ мен Сырманақтан тарайтындай. Шуманақтан жеті ата: Андас, Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақбұйым, Қалпе мен Сыпатай; Сырманақтан бес ата: Арықтыным, Байшегір, Сиыршы, Балғалы мен Қайшылы. 13 ата кейінірек Балғалымен ңосылды. Оның кіріккен аты Н. Абрамовтың ойынша, Күшік болып саналады. Бұл автордың жоғарғы этнонимдердің қазақша баламасын дәл бергендігін атап өту ләзім, себебі тек қана Қайшылыны «Қалшылы» деп біраң рет жаңсақтық жіберген. Бұдан Н. Абрамовтың ата тегін таратуда біздің зерттеуімізде айтылғандай, үшінші «Бірманақ» тармағы жоқтығы көрінеді. Бірманақ рулық бірлестігі жалғыз Н. Абрамовта ғана емес, бүкіл орыс деректерінде кездеспейді. Әрине, бұл жағдай біздің мәліметшілеріміздің деректеріне күмән туғызбай тұра алмайды. Байыпты тұрғыдан Н. Абрамов өз пайымдауларының негізінде жалайырлардың қандай атаға бөлінетінін келтіреді. Мәселен, Андас Қалқа мен Тұлымбек болып екіге бөлінеді. Олардың аға сұлтаны би Тіленші Балпықов болды. Қалқа жеті атадан тұрады: Дүйсенбі, Андабай-Тоңат (600 үй), Қанай-Қонай, Қырғыздар, Жомарт, Айтымбет пен Қарақұс (600 үй). Тұлымбек төрт топқа таралады: Меңлібай, Кенжеке, Шүрек пен Қошқар (350 үй).
Мырза атасы үшке бөлінеді: Әліке (500 үй), Бәйбіше (150 үй), мен Аман (660 үй). Олардың аға сұлтаны Жайнақ Темірбеков. Қарашапан атасы үш тармақтан тұрады: Тәңірберген, Баташы мен Қалжамбет (500 үй). Аға сұлтан Тәжі Қанхожин. Орақты руы екі топ: Жайықбай мен Көкшекөз (300 үй). Аға сұлтан Шынәсіл. Ақбұйым (230 үй) атасының аға сұлтапы Елшін Құлмамбетов, Қалпеде (200 үй), аға сұлтаны Қамбар Аланов, ал олар қандай атаға бөлінетінін Н. Абрамов айтпайды. Сыпатай руы алтыға жіктеледі: Ақ марқа, Қара марқа (300 үй), Сауық (150 үй), Шылымбет (180 үй), Есеней мен Күшік (200 үй). Олардың аға сұлтаны Қамбар Аланов бөлып есептеледі. Арықтыным үш атаға бөлінеді: Өтес, Сүтісіңген мен Өміржан (600 үй). Аға сұлтаны Тілегіүшел Тілеубаев. Байшегір екі атаға ажырайды: Тыныш пен Жамбет (700 үй). Аға сұлтаны Бақай би. Сиыршы руы екі тармаққа тарайды: Сырымбет пен Бәйімбет (800 үй). Аға сұлтаны Тілеуберді Ескелдин. Балғалы руы төртке бөлінеді: Құлым (240 үй), Шағыр (80 үй), Өгіз (55 үй) , Нияз-Бараң (55 үй). Аға сұлтаны Тысыбаев Бөлек би мен құрметті сұлтан Жиқы Айдаров. Қайшылы руы (200 үй). Аға сұлтаны Ұйықтүс Будабаев. Күшік руы төрт тармаққа тарайды: Таз, Жабысқан, Қарасақал мен Маржа (700 үй). Аға сұлтаны Есен Дәулетов. Осылай келіп, Н. Абрамов Жалайырды 12 негізгі атаға бөліп, 13-ата Күшікті кейіннен қосылған деп санайды. Н. Аристов Абрамовпен іле-шала Жалайырдың негізгі 12 атасын санамалап, Күшік оған кейін келіп, балғалы қосылатынын нұсқайды. М. Тынышбаев 12 атаны екі тармақтан Шуманақ пен Сырманақтан қарастырып, Андастың орнына Маңғытай Күшікті атайды, себебі, оның мәлімдеуінше, Маңғытай Андастың атасы, ал Күшік бұл руға қосылған болып есептеледі. Бұл орайда Күшік руының тегі туралы аңызды айта кету артық емес. Оның тағы бір түрінде Шуманақ Ахметқожаның екі ұлы болыпты: Маңғытай мен Барақ. Маңғытайдан Андас, ал Барақтан Наркелді, одан Қосай мен Қосымбет шығады. Наркелді ерте өліп, оның жетімектері Қосайды Андас, ал Қосымбетті Байшегір бауырына басады. Қосайды Андас «Күшік», Қосымбетті Байшегір «Арық» деп еркелетеді. Қосымбет кішкентай, әлжуаз, бір жағынан қартайған Байшегірге қамқор болғандықтан, ол әрқашан «Арығым» деп еркелетеді. Осыған байланысты тағы бір аңызды айта кеткен жөн. Қосымбеттің қызы Арғынға күйеуге шығып, ол төркініне Әлмамбет деген баласын жетелей, екіқабат болып оралады. Көп ұзамай ұл бала дүниеге келіп, оны Тыным ден атайды. Есі кірген Әлмамбет әкесіне кетіп, Тыным нағашыларына сіңіп, Байшегірдің бір атасы болып кетеді. Кейіннен Арық (Қосымбет) пен Тынымның ұрпақтары қосылып, өз алдына жеке Жалайырдың Арықтыным атасын құрайды. Аңыз бойынша Күшік Андастың тұстасы, сондықтан біз Күшіктің Жалайыр руының 12 атасына кірмейді дегенге күмәнданамыз. Оның үстіне Н. Аристов Жалайыр күшіктерінің құрамында ежелгі қырғыздар болғандыңтан, оларды қарақырғыздардан шықты деп есептейді. Біздің мәлімет берушілеріміздің бәрі бір ауыздан «12 ата Жалайыр» деп мойындай отыра, Жалайыр руының бірінші буынын міндетті түрде 13-ке жеткізеді. Ал, біздің бұл сәйкессіздік себептерін сұраған сауалымызға ешкім тиянақты жауап бере алған жоқ. Әлбетте, біз Жалайыр тегінің аралас шығып, ежелден келе жатқан ру екеніне күмәнданбаймыз. Бұл туралы Рашид ад-Диниің ізінше Аристов те, Аманжолов та атап өтеді. Демек, ең әуелі жалайырлар әлде бір көсем мен күшті рудың бастауымен біріккенде 12 ата болған, ал сонан соң табиғи өсім нәтижесінде әлде бір тайпа суырылып шығып, өзінен өзі бірінші буынға қосылады, әйтпесе сырттан әлде біреулер киіп-жарып енсе, ол халық зердесінде қалмай қоюы да ғажап емес. Бұл орайда, Н. Аристовтың Жалайыр руларының кейбір аталарының шығуы туралы оның: «Күшік пен Арықтыным қарақырғыздан шығуы мүмкін, өйткені Күшік пен Арықтың сүйегі ежелгі қарақырғыздар руына жатады. Бұған қоса, Жалайыр рулары Дулат ішінде де кездесе ді (Саршалар Ботбай руында, Шығыр Жаныстарда, Байшегір Жалайырда, Албандарда Сырымбет пен Қошқар). Андас руындағы Қараңырғыздар (Қырғыздар) олардың құрамына бертініректе енуі де мүмкін. Жалайыр руындағы Сыпатай, Ақмарңа мен Қарамарқа өз есімдерімен Алтайдың Марңакөлін еске салып, олар осы есімді Қарлұқ руының бір ңалдығы ма де ген ойға да түрткі береді; Қарлұқтар Батыс Хантәңіріне оңтүстік-батыс Алтайдан келіп, бұнда Марқа есімін таратуы да мүмкін... Жалпы, Ұлы жүздің Жалайыр тармағы әр түрлі рулардан шығып, бас құраған о дақтың бөлігі, олар бастапқыда Жалайырдың әлдебір көсемінің бастауымеи алғ ашқы кезде Жалайырлардың нағыз өзі аз болғанымен бірігіп, әр түрлі жағдай дың әсерімен күшейіп, мызғымастай тұтасып кетуі мүмкін» деген пікірге ден қойғызады.
Қалай дегенде де Ұлы жүз руларының ішінде Жалайы р иоқта ағасы, ең үлкені, құрметтісі және жауынгері болып есептел еді. Жалайырлардың жауынгерлігі жайында коптен бері қалыптасқан «Әзірейіл барда жаным бар деме, Жалайыр барда малым бар деме» деген қазақтың халық мәтелі де растайды. Жалайыр руы өкілдерінің а ғалығы мен құрметтелетінін Н. Гродеков та қуаттайды. Ол: «Жалайырлар қазір иоқта ағасы болып есептеледі. Жиын-тойда, табақ тартқанда рулардың үлк ені Жалайыр бар ма деп сұрайды. Жалайырлар жоқ болса, құрметке Ошақты руы ие болады» деп жазды. Сонымен, әдеби деректер мен қазақ шежіресіне сәйкес, жалайырлар Сырманақ жә не Шуманақ болып екіге бөлінеді. Аңыздағы Бірманақ пен оның ұрпақтары (Қ осай мен Қосымбет) туралы жоғарыда айтылғандықтан, оған қосыпаларымыз жоқ. С ырманақ тармағы бесеу: Арықтыным (Қосымбет), Байшегір, Сиыршы (Байкөбен), Балғалы мен Қайшылы. Аңыздағы Бәйшегір «Арьгқ» деп атайтын Қосымбеттен Қауыс, Жылкелді, Өміржан, Алтын Базар мен Қытай ұрпақтары өрбиді. Тыным Қосымбеттің жиені, тағдырдың а йдауымен нағашысында қалып, одан Майемген, Етемген мен Сүтемген енші алды. Соңғыдан Омажан мен Тілес, кейіннен Арық пен Тыным ұрпақтары қосылып, Сырманақ ішінде бір р у Арықтыным аталып, ақырында 12 ата Жалайырға еніп кетті. Біздің мәліметіміз бойынша, Байшегірден көп ата бөлінеді: Жиембет, Бекпенбет, Нұрымбет, Тынымбет, Абыс, Қобыс, Мыржық, Итай, Есқара, Ақтеке, Атайбоз, Дәулендабыл, Ақша мен Есімбол. Біз Байшегірден бүкіл алғашңы 14 атаны таратқа нмен, бәлкім, олардың кейбіреуі кейінгі буындар болып кетуі де кәдік. Алайда, олардан басңа салыстыру үшін деректер жоқ болғандықтан, ататек кестесінде бұл әтнонимдерді Байшегірден тараған бірінші ата деп көрсетуге тура келді. Ал, олардың Байшегір руына жататынына күмән жоқ. Сиыршы (жанама аты) руы аталмыш шежіреде Байкөбен деп аталады. Бұл есім халық арасы мен ғылымда кеңінен тарағандықтаы, бұдан былай қарай да осы әтнонимді қолданамыз. Сиыршы алты атаға ажырайды: Сырымбет, Шәлімбет, Жақсымбет, Тоқымбет, Жолымбет, Бәйімбет. Тоқымбеттен әйгілі ақын Бақтыбай Жолбарысұлы (18351903) шықты. Бәйімбеттен Жылгелді мен Ескелді би туды. Балғалы екі атадан тұрады: Құлымбет пен Құлын. Құлымбе ттен алты ұл өпіп-өседі: Шағыр, Дәулетай, Қаракөз, Тоқбай, Өгіз, Ниязбара ң. Құлыннан бес тармақ: Шоқы, Алдаберді, Жарым, Ақжол, Барлы. Өкінгенмен, қолымызда Қайшылы руы туралы әдеби де, зерттеу де деректері жоң (9а қосымшаны қараңыз).
Жалайыр тайпасының Шуманақ рулық бірлестігі сегіз і рі атаға айырылады: Андас, Күшік (Қосай), Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақ бұйым, Қалпе, Сыпатай. Шуманақтардың ішіндегі ең көбі мен ірісі Андас руы, ол 10 атаға бөлінеді: Қырғыз, Қалқа, Ақтолымбет, Қаратолымбет, Құттық, Байқара, Жұман, Меңдібай, Алқұлы, Кенже. Қалқа атасынан Дүйсембай, одан Қайдауыл мен Дәрбісәлі. Қайдауылдың 4 ұлы болды: Түрке, Саурық, Аспан, Сайбақ. Дербісәліден де 4 ұл тараған: Балпық би, Салпық, Білдебай, Кешубай. Ел арасында әулие саналатын Балпық бидің есімі Андас руының жауынгерл ік ұранына айналады. Ақтолымбет үш атадан тұрады: Қошқар, Шүрек, Төлек. Қошқар өз кезегінде екі тармаққа тарайды: Төлебай мен Құлболды. Шүректен Сәмен мен Есімбек. Кейінгіден Таймөңке мен Тәттібай батыр (Абылай ханның заманд асы). Таймөңкеден көп ұрпақ өрбіді: Кембала, Көбес, Айдар, Бектас, Жантас, Бейбіт, Бекқалы, Ералы, Байтас, Байыс, Тоқтауыл, Тоқтамыс, Қылыш, Қарамырза. Тәттібай батырдың үш ұлы болды: Түйте , Қаңтарбай, Қарымбай би, соңғыдан Назарбай, одан Керімқұл (1925 жылы ол 65 жаста болған). Қаратолымбеттен екі бұтақ: Аңңау-Абыз бен Лаулык-Абыз. Құттьгқтан да екі ата бөлініп шығады: Қарақұс, Саттар. Байқарадан да е кі бұтақ: Андабай мен Таңат; Жұман атасынан төрт үрім-бұтақ кетеді: Әйтімбет, Жомарт, Шәкі мен Шүкі. Меңдібайдан Көтен мен Бөрте. Кенжеден, біздің қолымыздағы мәлімет көрсеткендей, екі бұтаң өрбиді: Арқар мен Құлжа. Қырғыз бен Алңұлы аталарының тегі туралы біздің ңолымызда әдеби де, зерттеу де деректері болмады. Күшік (Қосай) руы беске бөлінеді: Таз, Жабысқақ, Қарасақал, Самбақ, Сары -Бөкенбай. Таздан Байқара Есентүгел. Есентүгелдің төрт ұлы болды: Майқы, Марңа, Бек назар, Асан. Еспенбеттің бес ұлы атқа қонды: Баба, Досай, Жаманқара, Бақы, Сира қ. Қарасақал бес атаға айырылады: Дәулет, Бекбау, Ырысымбет, Әділ, Жа рмұқан. СамбақтанМолдас пен Сүйіндік. Молдастан төрт ата: Қараменде, Сырымбет, Жалаңтөс, Қойгелді. Сүйіндіктен Байсары, Байтоқ, Өтебай. Орақтыдан бес тармақ кетеді: Әжіке, Тоқа, Кенже, Кокшекөз, Жайықбай. Әжіке екі атаға: Сауыр мен Көшейге бөлінеді. Көкшекөзден Өстемір мен Шынтемір, Жайықбайдан Қарабай, Алшынбай, Ақша.
Ақбұйым атасы екі атадан тұрады: Құяс пен Сары (9-қосымшаны қараңыз). Мырзадан Бәйбіше (Бәйдек), Аман, Әліке. Бәйбішеден (Бәйдек) - Тонды, одан Тағайбек, одан Бегім. Бегімнің екі ұлы болды: Асыр мен Жәнібек. Ас ырдан Төлебай, Қалыбай, Керік (Сақау). Керіктен Алқазы, одан Телбай, одан Жұмыр, одан Қалжатай, одан Нұрлыбай, одан Қожахмет (мәлімет беруші 1899 жылы туған). Біздің мәлімет берушімізден Жалайырға дейін 15 ата. Жәнібектің бес ұлы болған: Сойырғас, Жарылғас, Жайыл мас, Борсық, Мама-Тайыр. Аман Қожаназар, Есберді мен Артық болып бөлінеді. Со ңғыдан Ораз бен Жанақ. Қожаназардың ұрпағы көп: Сәбден, Қалыбек, Есенбай, Есенқабыл, Есқара, Есберлі, Дәулетбай, Асан, Тілеубай, Үсен. Әліке атасы 6 буын: Сүйінішәлі, Қадам, Қожамқұл, Сарыбай , Жиенәлі, Шұңғыр. Сүйінішәліден екі ұл: Сары мен Амандық; Жиенәліден үшеу: Үшқара, Сарғалдақ, Байгелді; Шұңғырдан Сатыпалды мен Қараша. Сатыпалдыдан екі бұтақ тарайды: Өмірұзаң пен Тауасар; ал Қарашадан Маясар, Тақабай, Дуан. Қожахмет Нұрмановтан жазып алға н қолжазбамызда Мырза руының тегі бүгінге дейін жетеді. Бірақ, б із одан бері 34 атамен шектелдік. Қарашапан руы 8 ата: Тәңірберген, Боташы, Қалмамбет, Айтңұл, Кен тай, Қуат, Еспен, Дәулет. Соңғыдан Кішкенебай, одан Шәрілдей, одан Мақабай, одан Майсүт, одаи Сапарғали (мәлімет беруші 1897 ж. туған). Сыпатай руы үш бөлек: Саулық, Шілімбет, Марқа. Шілі мбет атасы үш тарау: Бекбау (Бәйімбет, Майлыбай, Жолдыбай, Шымырбай, Көзайдар), Есенәлі (Байсейіт-Айдарке, Елмәмбет, Байқара, Едіге) мен Кенже (Байдәуле т, Үзбасар, Бекмырза, Сасық). Марқа руынан үшеу: Өтеп, Есеней, Көшек. Көше ктен Есназар, Ерназар, Маматай. Соңғыдан Есенгелді, Байжігіт, Мәуке. Қалпе руының әтыикалық құрылымы бойынша әдеби деректерден де, біздің зерттеуде де ешнәрсе табылмады.
Жалайырдың рулық жауынгерлік ұраны жалпы Ұлы жүз бен Дулатқа тән«Бақтияр» (Гродеков, Аристов), «Бақтияр» мен «Қоблан» (М. Тынышбаев), «Бөрібай» (С. Аманжолов), «Қоблан» (Востров пен біздің зерттеуімізше). Бұлардан басқа кейб ір аталардың өз ұраны болған. Сиыршының ұраны«Ескелді» (Ескелді би есі-мімен), Андаста«Балпық» (Б алпық би есімімен), Ақбұйым, Сыпатай мен Қалпеде ортақ ұран «Бекбау». Мырза мен Арыңтынымның, сонымен қатар жалпы ру ұраны «Әдіке». Бұндай рулың ұрандардың жақындығы олардың әлде бір туыстығын танытады. Жалайырдың рулық таңбасы немесе (Гродеков, Аристов пен Аманжоловтың көрсетуіпше), (М. Тынышбаев). Бұл белгілердің түрлері тарақ таңба делінеді. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Жалайыр рула ры Жетісу уәлаятының Верный мен Қапал уездерін қопыстанды, ішінара топтары С ырдария уәлаятының Шымкент, Әулиеата уездерінде жайлап жүрді. Бұл уездердегі Жалайырлардың саны әр түрлі дерек-терде өткен ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында келтірілгенмен шамалас. Мәселен, Н. Абрамов XIX ғасырдың екінші жартысының басында Жалайыр лардың рулың құрамы, саны мен қонысы туралы 1867 жылы мақала жариялады. Онда Қапал уезіндегі Жалайырлардың санын 13 атамен береді. Андас (1550 үй), Мырза1310, Қарашапан 500, Орақты 300, Қайшылы 200, Ақбұйым 230, Қалпе 280, Күшік 700, Сыпатай 830, Арықтыным 660, Байшегір 700, Сиыршы 800, Балғалы 430 үй бәрі 8410 үй. Бұл мәлімет бәлкім дәл болмас, дегенмен, ру аталарының арақатысы жайында жақсы мағлұмат танытады. Н. Аристов өз еңбегінде басқа құрылымды келтіреді, онда 1889 жылғы жалайырлардың сапы айтылады.
Ол бойынша бүкіл Жалайыр 17 000 шаңырақ. Солардың 16 098-і Жетісу уәлаятының Қапал уезінде, қалғандары Сырдария уәлаятының Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде мекен еткен. М. Тынышбаев 1917 жылғы Жалайырлардың санын есептеп, онда Қапал уезінде 120 000 жан, Әулиеата 10 мың, бәрі 130 мың жаи болғанын тайға таңба басқандай етіп көрсетеді. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Жалайыр руының ең көп атасы Андастың қыстаулары үш қонысты алып жатты.
* Қаратал Тентек аралығынан бастап Қараталдың Балқаш көліне құяр жеріндегі Аралөткел, Еспай-Төлебай, Жаршаған, Үшмола, Жалғызтораңғы, Ақжал, Тентек, Мақаншы қойнауы;
* Малайсары мен Желдіқара таулары, Құлөзек, Шөладыр, Ашудасты, Қарасу шатқалдары;
* Верный уезінің оңтүстік батысындағы Бесмойнақ шатқалы мен Бұғымүйіз жазығы. Аз ата Мырзаның қыстауы әр жерге орналасты. Қауымның көпшілігі Қаратал, өзенінің оң жағасындағы Қарақөй, Б урақой, Дауылбай мен Қайрақты жоталарында, Сарыбастау, Қызылауыз, Қарашоқы мен Шаңырақ шатқалдарында; басқа бөлік Қаратал өзенінің сол жағасындағы Шөпадыр, Достарболды мен Жосалы шатқалдарын сағалады. Мырзаның кейбір атасы Сарыкөл жағалауында ңыстады. Мырза руының жалпы ортақ жайлауы қыстаудан қашық емес Дегерес, Сарыжазық қойнауларында еді. Қарашапан қыстаулары Қаратал өзенінің жағасындағы Кеңарал, Көксу өзенінің Шолақ, Желсаз шатқалдарында, сонымен қатар Алатау баурайына кірігіп жатты.
Орақты руының қыстаулары Қаратал өзенінің орта ағысының батысындағы Жуанқұм мен Жетіжал, Биже өзенінің жоғары жағындағы Ақжал шатқалдарын, сонымен бірге Малайсары тауындағы Өгіз ұшырған қойнауларын алып жатты. Ақбұ йым руьшың қыстаулары Алтынемел тауларында, Қызыл мен Тамшыбұлақ, Іленің төменгі тұсындағ ы Шарқат шатқалдарында ірге көтерді. Қалпе руы Биже мен Тентек өзендерінің сағасында, Баулыбай, Аралқұм, Ақжал, Жаманқұм мен Бестас құмдарын қыстады. Сыпатай руының біраз қауымы зерттеушілердің көрсеткеніндей, үш жерде тұрақтады көпшілік бөлігі Ешкіөлмес, Мұқыр, Лабасы тауларының Бөлекші, Дүңгене, Алтыбай, Киден шатқалдарын қыстаса, басқалары Алтынемел тауының Ащыбұлақ, Қызылбұлақ шатқалдарын, ақырыпда үшінші топ олардан солтүстікк е қарай Жертоған, Қарағайлы, Үшөзек қойнауларында қоныс тепті. Арықтыным руының қыстаулары Қаратал мен Іленің сағаларында, өзендердің екі жағасындағы Қаратал-Қаракөл, Майлыбай, Балқожа, Іленің оң жағындағы Жиделі, Көкөзек, Құрөзек, Ақсақал, Бозтөбе, Есенқожа, Құрлы шатқалдарында болды, ал сонымен бірге кейбір топтар Оңтүстік Балқаш құмын, Бақанас өзенінің құр табанын қыстап жүрді. Байшегір руының көптеген қауымдастығы Арықтынымдықтармен қоңсылас Іле өзені сағасының екі жағын алып жатты. Қапал мен Верный уездерінің шекарасы Іле арқылы өткендіктен, Байшегірлер Балқаш көліпің оңтүстігіндегі байтақ жермен қоса Верный уезінде де тұрып жатты. Байшегір руының көпшілік қауымы Қапал уезінде Іле өзенінің оң жағасыида қоныстанды. Бұл қауымдастық та үш жерде топтасты: байшегірліктердің шағын қауымдастығы балғалылықтармен бірге Аққаптал шатқалында қыстаса, басқа бір бөлігі Іле өзенінің оң жағасында Қараөзек, Көкөзек, Күркі жә не басқа шатқалдарда, ал үшіншілер Балқаш көлінің жағасында Іле сағасындағы құм жиек терінде өмір сүрді. Көктеу мен күзеулер де қыстаулар маңайында орналасты. Жайлауға оңтүхтікке қар ай ойысты, Балықты, Сарыноқай, Қазыбек, Қоскөл қойнауларына дейін жетіп, жарлы-жақ ыбай жатақтар Іле сағасындағы Балқаш көлінің бұғаздарында тіршілік етті. Байшегір руыиың егістігі қыстаулар қасындағы Іледен шыққ ан арық, тоғандар төңірегінде жатты.
## Дереккөздер
Жалайыр шежіресі Мұрағатталған 30 маусымның 2011 жылы. |
Горняк футбол клубы — Қазақстандағы футбол клубы, 1990 жылы құрылып, 2008 жылы жабылды.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
1990, 91 жылдары КСРО чемпионатының екінші лигасында ойнады. 1993 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 1996 жылы төрт турдан соң жарыстан шығып қалды.
2000-08 жылдары бірінші лигада ойнады.
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1995 — 6:0 («Мұнайшы», Ақтау)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1994 — 0:6 («Жігер», Шымкент)
## Жетістіктері
* Қазақстанның қола жүлдегері (1): 1993 |
Шекті — Алшын тайпасынан тарайтын ру. Шежіре деректері бойынша, Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігіне кіреді. Шекті руының бастаушысы Жаманақ атты адам болып саналады. Қазақстанда шектілер "Сыр шектілері" және "Қыр шектілері" болып географиялық орналасуына қарай бөлінеді.
В.Востровтың айтуынша шекті Айт (ру), Бұжыр, Орманбай, Жақайым, Ожырай, Байкөбек, жанқылыш, Өріс (ру) деген сегіз руға бөлінеді. Кезінде Мұхаметжан Тынышбаев келтірген шежіреде шектінің Өріс, Баубек, Жақайым деген үш тармағы ғана аталған. “Қырғыздардың (қазақтардың) жер пайдалануы жөніндегі материалда“ аталатын еңбекте сегіз тармаққа жекей мен шірен қосып көрсетілген. Олар шындығына келгенде бұжырдан тарайтын келесі буынға жатады. Шектінің 12 түрлі таңбасы бар. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл шекті құрамына Ұлы жүз, Орта жүз руларынан аталар қосылғандығын байқатады. Таңба белгілерді салыстырғанда, олардың айырмашылықтары бір-бірінен аса алшақ емес. С.Аманжолов, Тынышбаев зерттеулеріне қарағанда, шекті құрамына найманның, қаракесектің (арғын) аталары қосылған. Бірқатар таңбалар албанның, дулаттың таңбаларына ұқсас. Мұның себебін этнологтар, шектіде албанның айт, алашта (Кіші жүз) албанның қоңырбөрік тармағының болуынан деп пайымдайды. Алаш руы алғашқыда Батыс Түрік қағандығы тұсында аталынады. Кейіннен қағандық Кавказға дейін жорық жасаған кезде, “он оқ“ тайпасының біраз бөлігі Қазақстанның батыс өңірінде қалып, шекті, алаш сынды рулық бірлестіктер қалыптасса керек. Кейіннен олар Орта жүз рулары есебінен толығуы мүмкін. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында шектіге кіретін рулар Орал, Торғай облыстарын, Сырдария облысының Қазалы, Перовск уездерін, Арал теңізінің батысынан Хиуа хандығына дейінгі аралықта мекендеп, мал және егін шаруашылықтарымен айналысқан.
## Тұлғалар
* Нұрпейіс Байғанин Шүрен
* Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов
* Ахмет Қуанұлы Жұбанов
* Болат Ахметұлы Жұбанов
* Есет Құдайбергенұлы Жұбанов
* Құдайберген Қуанұлы Жұбанов
* Қайыр Ахметұлы Жұбанов
* Ғазиза Ахметқызы Жұбанова
* Сартай батыр Жақайым
* Көшербай Дәрібаев Жақайым
* Елеу Көшербайұлы Көшербаев Жақайым
* Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Жақайым
* Жылқыаман Отыншыұлы Жақайым
* Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов Жақайым
* Жетес Қыстаубайұлы Жақайым
* Нұртуған Кенжеғұлұлы Жақайым
* Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев Жақайым
* Ұзақбай Қараманұлы Қараманов Үсен
* Аламан батыр
* Тілеу Айтұлы Тілеу
* Тахауи Ахтанов Тілеу
* Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Тілеу
* Таразы ақын Тілеу
* Мырзағұл би Шыманұлы Тілеу
* Достан Тәңірбергенұлы Тілеу
* Сары Батақұлы Тілеу
* Бекарыстан Амалдықұлы
* Бекбауыл Өтегенұлы
* Көтібар Бәсенұлы
* Есет Көтібарұлы
* Меруерт Қаратайқызы Өтекешeва
* Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайбергенов (Қырғыз)
* Төреғали Төреəліұлы Айдарбек
* Шавкат Рахмонов Алтынбай
* Қаршыға Ахмедьяров
* Бүркірек батыр Марқадамұлы
* Бақтыбай батыр
* Сырлыбай Қожасұлы
## Дереккөздер |
Исаев Бауыржан - әнші. 1979 жылы туған. 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжінің, дербес әншілік бөлігін бітірген. Жас әншінің талантын төмендегі жүлделері арқылы білуге болады: "Арай" жас орындаушылардың облыстық конкурсының Гран-приі, "Жас қанат" республикалық жас орындаушылар конкурсының көрермендер сүйіктісі сыйлығына және II жүлдесі, Түркияда өткен "Памукале" халықаралық фестивалінің дипломы, Азия - дауысы - 96 халықаралық фестивалінің Гран-приі. Бауыржан Исаев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқиды. "Аяулым" деген атпен оның алғашқы ән альбомы жарыққа шықты. |
Асылбек Жасаралұлы Еңсепов (5 сәуір, 1980 жылы Ақтөбеде туған) – қазақстандық күйші, домбырашы, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2004). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2004). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1998).
## Білімі
* А.Жұбанов атындағы музыкалық мектепті бітірген.
* Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
## Шығармашылығы
* Асылбек - көптеген фестивальдер мен конкурстардың лауреаты (Түркияда, Францияда). 1992 жылы ол "Жаңа есімдер" Қазақтың мәдениет қорының стипендиаты болды. 1998 жылы "Ыстық көл" эстрадалық және фольклорлық халықаралық музыка сайысының Гран - приі, 1998 жылы Құрманғазы атындағы Халықаралық конкурстың сыйлығын алды. 1998 жылы "Шабыт" Республикалық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы болу - оның көп қырлы талантын танытады. 1998 жылы Еңсепов Асылбекке Қазақстан жастар Одағының сыйлығы берілді.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1992 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік степендияның иегері.
* 1998 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері атанды.
* 2004 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
* 2004 жылы Қазақстанның тәуелсіз меценаттар клубының "ТАРЛАН" тәуелсіз сыйлығының иегері атанды
* 2016 жылыдың 5 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
## Отбасы
* Әкесі - Жасарал Еңсепов (Педагогика ғылымдарының кандитаты, Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі)
* Анасы - Фарида (Үй шаруашылығында)
* Жары - Айжан Нүсіпбекова
* Бауырлары - Айбек, Сырым. |
Алматы футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 5 сезонды жоғарғы дивизионда өткізді. 2008 жылы клуб қаржы жағдайына байланысты таралып кетіп, "Мегаспорт" клубымен қосылып, жаңадан Локомотив клубы құрылды.
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 2004 — 4:0 («Семей», Семей)
* 2007 — 4:0 («Тараз», Тараз)
* 2007 — 4:0 («Оқжетпес», Көкшетау)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 2004 — 0:5 («Тобыл», Қостанай)
* 2005 — 0:5 («Тобыл», Қостанай)
### Клуб атауларының тарихы
* «Цесна» (2000-2003)
* «Алматы» (2003-2008)
## Қазақстан чемпионаты мен Кубогы
### Еврокубоктар
## Жетістіктері
* Қазақстан Кубогының жеңімпазы (1): 2006
* Қазақстан Кубогының финалисті (1): 2008 |
Айгүл Қосанова (1974 жылы 24 шілдеде Маңғыстау облысында туған) — дәстүрлі әнші, домбырашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (1999). Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. ҚР мәдениет саласындағы президенті сыйлығының иегері.
## Өмірбаяны
1974 жылы Маңғыстау облысында туған.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Президент оркестрінің солисі болып жұмыс істейді, сондай-ақ, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық - цирктік колледжде дәріс береді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы аспирантурасының негізгі бөлімінде оқиды. Израиль, АҚШ, Австрия, Германия, Түркия, Малайзия және әлемнің тағы басқа елдерінде өнерлік іссапарда болды.
## Марапаттары
* Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Республикалық конкурстың І-ші сыйлығының лауреаты.
* 1999 - Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты
* 2010 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
* ҚР тұңғыш президентінің мәдениет саласындағы қоры сыйлығының иегері.
## Дереккөздер |
Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады. Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым.
Бұл аспаптың темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонатрдың қызметін атқарады. Шаңқобыздың негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады. Әуенді әрлеп мақсатында шаңқобыз орындаушылары саусақтарына қоңырау іліп ойнайды. Аталған өнердің өрісін аша түсуді көздеген дарынды перзенттерінің бірі шәкірт тәрбиелесе, енді бірі арнайы шығарма жазып, қолданылу аясын бірте-бірте кеңейтіп, тынысын аша түсті. Нәтижесі жаман емес.Ойналуы күрделі, әуені ойлануға итермелейтін шаңқобыз шын берліген орындаушыға шабыт силап, нағыз тыңдаушысына әсер етпей қоймайды.Бұл аспап бойында әу бастан бар тылсым да табиғи үннің қасиетінен болса керек.
Шаңқобыз аспабы 19-ғасырдың екінші жартысында еліміздің әр өңірінде кездескендігі жөнінде дәлелдемелер бар. Мысалы, 1850-жылы Ордада, қазіргі Батыс Қазақстанда болған саратовтық саудагер Жарковтің жазбаларында батыс аудандарының әйелдері шаңқобызда ойнайтынын тілге тиек еткен. Ал елімізде 1971-жылдың 2-қазанында домбырашы Жарқын Шәкәрім мен шаңқобызшы Талғат Сарыбай Тәттімбеттің «Көкейтесті» күйімен көгілдір экран арқылы көрерменге алғаш рет өнерін көрсетті. Орындаушылары бірте-бірте молайып, ортамызға оралып, өз орнын таба бастаған шаңқобыздың насихатын одан ары жандандыру жұмысы жалғасуда,бұл да болса ұлттық мұраға ұрпақ құрметінің арта түскендігінін жанды айғағы. Шаңқобыздың сирек кездесетін түрі - ағаш шаңқобыз. Үйеңкі, қайың, жеміс ағаштарынан жасалады. Ортадан кесілген ағаш ұштары екі жағынан тесіліп, жіп-бау тағылады. Аспап орындаушысы жіп-бауды тарта отырып, босату, тербету арқылы тілшені қозғалтады. Ағаш шаңқобызда жеңіл әндер мен шағын күйлер орындалады.
Ертеде шаңқобыз кішкентай балалар мен әйелдер аспабы болған. Шаңқобызға арналған «Қыз ұзату», «Қыз зары», «Қыз мұңы», «Шаңқобыз толғауы» сияқты шағын күйлер шығарылған. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерінде, жеке орындауда қолданылады. Аспап көптеген халықтарда әр түрлі атпен кездеседі. Варган, темір қомыз, комуз, аура, комус, ванияр, кубыз, тумра, коусян т.б. атаумен шаңқобызға ұқсас аспаптар түрікмен, қырғыз, өзбек, қалмақ, тува, якут, хакас, татар, қарақалпақ, дүнген, башқұрт, украин, орыс, моңғол т.б. халықтары арасында кең тараған.
## Дереккөздер |
Восток футбол клубы — 1963-2015 жылдары КСРО және Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. Өскемен қаласының "Восток" стадионы клубтың базасы болып табылады. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір клуб - "Спартакпен" бірге таратылды да, орнына "Алтай" клубы құрылды.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 18 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
### Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1997 — 8:0 («Автомобилист», Шортанды)
### Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 2007— 0:7 («Тобыл», Қостанай)
2010 жылдың 2-ші ақпанында Восток қаржы жағдайына байланысты Премьер Лигадан шеттетілді.
### Клуб атауларының тарихы
* «Восток» (1963-1996)
* «Восток-Әділ» (1997)
* «Восток» (1998)
* «Восток-Алтын» (1999-2002)
* «Восток» (2003-о.у.)
## Жетістіктері
* Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (1): 2010
* Қазақстан кубогының жеңімпазы (1):1994
* Қазақстан кубогының финалисті (2): 1997, 1999
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 17 маусымның 2010 жылы.
* Жанкүйерлер сайты Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы. |
Қайсар футбол клубы — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Қызылорда қаласының Ғ.Мұратбаев атындағы стадион клубтың базасы боп саналады.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
КСРО чемпионатына Қызылорданың командасы ең алғаш 1968 жылы қатысты. Ол кезде команда «Кызыл-Орда» деп аталатын. Артынша атауын «Волна» деп өзгертсе, көп ұзамай «Автомобилист» атанды. Кейін қызылордалық команда КСРО чемпионаттарында «Орбита», «Мелиоратор» және «Кайсар» деген атаулармен өнер көрсетті.
Клуб КСРО чемпионаттарында әр жылдары әркелкі нәтижелер көрсетті. Ал 1991 жылы КСРО біріншіліктеріндегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізіп, Виктор Григорьевич Веретновтың жаттықтыруымен команда өз аймағында үздік төрттіктен көрінді.
Кеңестік чемпионаттарда Сыр өңірінің командасы барлығы 858 ойын өткізіпті. Оның 304-ін жеңіспен аяқтаса, 184-інде тең түсіп, 370 кездесуде жеңіліп қалған. Доп айырмашылығы — 1013:1126.
Ал Қазақстан чемпионатында «Қайсар» барлығы 22 маусым өткізді. Оның 17 маусымында командамыз ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында (Жоғарғы лига, Суперлига, Премьер-лига) өнер көрсеткен. 1998/99 жылғы футбол маусымында ел кубогын жеңіп алса, 2008 жылы Қазақстан Премьер-лигасында 4-орынды иемденген.
Қазақстан кубогында 55 ойынның 16-сын жеңіспен аяқтаған. Азия елдері Кубогындағы ең үлкен жетістігі 1999-2000 жылдары 1/8 финалға өтуі.
2019 жылы Қазақстан кубогын иеленді де, тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасына жолдама алды.
## Стадионы
Толық мақаласы: Ғани Мұратбаев (стадион)
Бүгінде команда өз алаңындағы ойындарын Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өткізіп жүр. Стадион 1968 жылы салынған.
## Клуб құндылықтары
Клуб тарихын білу және құрметтеу, дәстүрді сақтай отыра, жаңа дәстүрлердің пайда болуына мүмкіндік беру. Профессионализм, жауапкершілік, іске адалдықпен қарау, көптеген адамдарға үлгі болу. Жоғары спорт жетістіктеріне талпыну. Клуб құндылықтарын сақтай отыра, жанкүйерлерге дәріптеу.
### Ең ірі жеңістері
Қазақстан чемпионаты
* 1998 — 5:0 («Нарын», Орал)
* 2000 — 5:0 («Достық», Шымкент)
* 1999 — 6:1 («Тараз», Тараз)
### Ең ірі жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 0:8 («Қайрат», Алматы)
### Клуб атауларының тарихы
* «Волна» (1968)
* «Автомобилист» (1968-1973)
* «Орбита» (1974-1978)
* «Мелиоратор» (1979-1989)
* «Қайсар» (1990-1995)
* «Қайсар-Мұнай» (1996-1997)
* «Кайсар-Hurricane» (1997-2000)
* «Қайсар» (2001-о.у.)
## Статистикасы
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогы: 1998/99, 2019
* 1 лига жеңімпазы: 1995, 2005, 2013, 2016
## Құрамы
2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша
## АФК кубоктарында
## Есімі белгілі футболшылар
* Сергей Когай (1990-1993, 1994, 1997)
* Сұлтан Әбілдаев (1989-2001, 2002-2005)
* Серік Абдуалиев (1989)
* Марат Қабаев (1996)
* Нүркен Мазбаев (1998-1999)
* Олег Воскобойников (1998-1999)
* Рустам Сахибов
* Роман Пахолюк (2008)
* Мақсат Байжанов (2002-2004, 2006-2008)
* Дәуренбек Тәжімбетов (2003-2009)
* Асхат Борантаев (2007-2009)
* Иван Перич (2011)
* Арслан Сатубалдин (2011)
* Филип Эдейпо (2011-2012)
* Ренат Абдуллин (2012)
* Градимир Цронгорац (2012)
* Кәрім Фахталы (2012)
* Неманя Джоджо (2012)
* Мариан Маркович (2012)
* Вагнер (2012)
* Дмитрий Пархачев (2012, 2013)
* Серік Досманбетов (1999-2001, 2004, 2012-2013)
* Борут Семлер (2011, 2013)
* Митя Морец (2013)
## Қайсар футбол клубының барлық бас бапкерлері
* Петр Боголюбов
* Виктор Шишин
* Юрий Дедиков
* Темір Сегізбаев (1970; 1980)
* Виктор Веретнов
* Русланбек Дзасохов
* Вадим Нұрпейісов
* Александр Прохоров (1981; 1982)
* Анатолий Пак (1985 1-ші жар.)
* Василий Цыпкун (1985, 2-ші жар. — 1986, қыркүйек)
* Юрий Хакимов (1986, қыркүйек — 1990, 1-ші айналым)
* Пернебай Кенжебаев
* Шазидин Кенжебаев (1996—1998, шілде)
* Воит Талғаев (1998, шілде — 1999, шілде)
* Владимир Марьянков м.а. (1999)
* Әбіл Қалымбетов (1990, 2-ші айналым; 1999, шілде-2001)
* Марат Есмұратов (2002)
* Болат Есмағамбетов (2003, мамыр)
* Виктор Кумыков (2003, қазан — 2004)
* Тілеухан Тұрмағамбетов (2003, мамыр-қазан; 2006; 2009, тамыз)
* Сергей Гороховодацкий (2007)
* Хазрет Дышеков (2009, сәуір)
* Сұлтан Әбілдаев (2009, сәуір-тамыз)
* Владимир Линчевский (2009, тамыз- 2011, ақпан)
* Альгимантас Любинскас (2011, ақпан- 2012, қаңтар)
* Сергей Когай (2012, қаңтар- 2012, сәуір)
* Владимир Никитенко (2008, 2012, сәуір)
* Сергей Волгин (2012, қаңтар- 2012, сәуір)
* Дмитрий Огай
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2013 жылы.
* Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Мұрағатталған 25 маусымның 2014 жылы. |
Іле-Сәулет футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында ойнаған Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылындағы футбол клубы. 2007 жылы құрылып, 2013 жылдың соңында қаржы тапшылығынан жабылды.
2012 жылы бірінші лигада жеңімпаз атанды да, жоғары лига жолдамасынан бас тартты.
2023 жылы клуб қайта құрылып, екінші лигада ойнай бастады
## Жетістіктері
Бірінші лига жеңімпазы: 2012
## Танымал ойыншылар
* Вячеслав Котляр
* Андрей Травин
* Айдар Арғымбаев
## Сілтемелер
* Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы. |
Увс аймағы (моңғ. Увс аймаг) Моңғолияның батысында орналасқан. 1931 жылы орнаған. Увс аймағы шырғанағы мен әлемге әйгілі. Бұл аймақта бірнеше ұлт өкілдері тату тәтті тұруда. Жер көлемі 69585 км² .
## Географиясы
Увс аймағы Моңғолияның батысында Ханхөхий, Хархираа, Түргэн таулары Увс көлі маныңдағы шөлейт жерлерде орналасқан. Ең биік тауы 4116 м биік Хархираа тауы. Аймақтың солтүстігінде Ресеймен (Тува республикасы). оңтүстік батысында Баян-Өлгей аймағымен, Ховда аймағымен, шығысында Завхан аймағымен шекараласып жатады.
Увс аймақ териториясында Тэс өзені, Нарийн өзені, Завхан өзені, Ховд өзені ағады, Увс көлі, Хяргас нуур көлі, Үүрэг нуур көлі, Ачит нуур көлі бар.
## Халқы
Увс аймағының халқының көбін батыс моңғол тайпаларының үлесінде — баяттар, дөрбөттер және хотондар (70 %) . Қалғандары — халха моңғолдар, тувалар және қазақтар. Қазақтар көбіне қазақ көп тұратын Баян-Өлгей аймығына шекаралас жерлерде және аймақ орталығы Улаангом қаласында тұрады.
## Сұмындары
## Экономикасы
Халықтың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы және егін егіу. Егін шаруашылықтары аймақтың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Аймақ орталығы Улаангомда құрылыс материалдар комбинаты, азықтүлік комбинаты жұмыс істейді. Ресейге Давст сұмындағы Боршоо, Тэс сұмындағы Тэс боомт бақылау пунктері арқылы қатынайды. Нүүрст хотгор, Хар Тарвагатай кең орындарында тас көмір қазылады. Увс көлінде табиғи тұзды үлкен кеңдері бар.
1993 жылы Батыс Моңғолия электржелісінің "Хандагайты-Улангом" бөлігі арқылы Ресейдің Сібір БЭЖ-не қосылған. Қазіргі таңда бұл электржелісін сұмындарға жеткізу жұмыстары жүрілуде. Қазақстанның Өскемен қаласы және ел астанасы Ұлаанбаатар қаласына үнемі ұшақ қатынауда. Аймақ көлемінде ұялы байланыстын GSM стандартына сай Mobicom, G-mobil CDMA стандартына сай Unitel, Skytel операторлары бар.
Үлгі:Увс аймағыМоңғолия |
Футболдан Қазақстанның XIX чемпионаты — 2010 жылы наурыздың 22 мен қарашаның 6 күндері аралығында өтті. Турнирге 12 команда қатысты. Өз тарихында тұңғыш рет Қостанайдаң "Тобылы" Қазақстан чемпионы атанса, былтырғы чемпион "Ақтөбе" күміс жүлдеге қол жеткізді, ал қола медель Павлодардың "Ертісіне" бұйырды.
## Былтырғы маусыммен салыстырғандағы өзгерістер
Былтырғы маусыммен салыстырғанда турнирге қатысушы командалар саны 14-тен 12-ге қысқартылды. Осыған байланысты 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қызылжар (Петропавл), Қайсар (Қызылорда), Қазақмыс (Сәтбаев), Оқжетпес (Көкшетау) командалары Премьер Лигадан шығып қалды.
Бірақ турнирде 10-шы орын алған Восток (Өскемен) командасы аластатылып, оның орнына 2010 жылы Оқжетпес өнер көрсететін болды. 2009 жылдың қорытындысы бойынша бірінші лигадан Қайрат (Алматы) мен Ақжайық (Орал) командалары қосылды.
## Қатысушы командалар
## Бірінші кезең
### Бірінші кезеңнің қорытынды кестесі
### Бірінші кезеңнің нәтижелер кестесі
## Екінші кезең
Бірінші кезеңнен кейін командалар 2 топқа бөлінді. Бірінші топты 1-6 орынды алған командалар құраса («Тобыл», «Ертіс», «Ақтобе», «Шахтер», «Локомотив» және «Атырау»), екінші топта 7-12 орын аралығындағы командалар бақ сынады («Жетісу», «Ордабасы», «Тараз», «Қайрат», «Ақжайық» және «Оқжетпес»).
### Екінші кезеңнің қорытынды кестесі
Турнир 1-6
Турнир 7-12
### Екінші кезеңнің нәтижелер кестесі
## Сұрмергендер
* (пенальтиден соққан).
## Қорытынды
* Тұңғыш рет Қазақстан чемпионы Тобыл (Қостанай)] атанды.
* Үздік сұрмерген екінші рет Ұлықбек Бақаев (Тобыл) болды.
* Чемпиондар Лигасы 2011/12 маусымында Қазақстанның атынан Тобыл шығады.
* Еуропа Лигасы 2011/12 маусымында Ақтөбе мен Ертіс шығады.
* Ақжайық (Орал) пен Оқжетпес (Көкшетау) Премьер Лигадан қош айтысты, олардың орнын Восток (Өскемен) пен Қайсар (Қызылорда) басады.
* Тобыл (1) мен Ақжайық (11) өз тарихында ең жоғарғы орындарға қол жеткізді.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Кубогы 2010
* Қазақстан бірінші Лигасы 2010
## Сілтемелер
* Премьер Лига 2010 Мұрағатталған 17 тамыздың 2010 жылы.
* Премьер-лига Мұрағатталған 3 ақпанның 2009 жылы. |
Цесна футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Жас команда болғандықтан әлі бірінші Лигада 2010 жылы алғашқы маусымын өткізді. Ең жоғарғы орны - 5 орын 2010 жылы.
Қазақстан Футболына үлкен қосып жүрген "Цесна" командасының негізі 2000 жылы қаланды. Содан бері жасөспірімдерді тәрбиелеумен келе жатқан команда 2008 жылға дейін Алматы ФК деген атпен Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсетіп, тіпті аз уақыттың ішінде Қазақстан Кубогын жеңіп үлгерді. Және Еврокуктарда бақ сынады. 2008 жылы Алматы ФК мен Мегаспорт ФК қосылып Локомотив деген атпен базасын елордасы Астанаға ауыстырғаннан кейін команданы қайта жасақтап Қазақстан бірінші Лигасының алғашқы маусымында-ақ 5-ші орыннан көрінді.
## Құрылу тарихы
2009 жылы 29 маусым күні "Цесна" корпарациясының күшімен "Цесна" балалар-жасөспірімдер клубы ашылды. Клуб құру Әділбек Жақсыбековтың жоспары десекте болады. Ол қаладағы 1986 жылғы жас өрендерді №8 балалар-жасөспірімдер мектебіне шақырды.
Осы бағытпен жыл сайын жас балалардың командаға келуімен дәл осылай команда өз жұмысын тиянақты жасай берді. Бүгінгі күнге дейін "Цесна" клубы Қазақстан футболының ойыншыларын тәрбиелеуші түп тамыры болып саналып келеді.
Қазіргі таңда клубта 7 жастан 18 жасқа 300-дей оқушы тәрбиеленуде. Жаттықтырушылар саны - 21. Барлық жас шамасының тәрбиеленушілері жыл сайын халақаралық және Республикалық турнирлерге қатысып жүр. Жұмыс істеп келген 10 жылдың ішінде клуб 193 футболшы тәрбиелеп шығарды.
### Клубта тәрбиеленген танымал ойыншылар
Сергей ОстапенкоСергей ЛаринАбзал ЖұмабаевАқжол СерікжановТельман ЗунуновБақыт ӘбуовМарат ШахметовАндрей Шабанов
## Сілтемелер
* Рсеми сайты Мұрағатталған 15 наурыздың 2012 жылы.
* Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы. |
Қазақмыс футбол клубы — 2006-2010 жылдары Қазақстан чемпионаттарында ойнайтын Қазақстан футбол клубы. Сәтбаев қаласының "Қазақмыс" Спорт сауықтыру кешені клубтың базасы болып табылады.
"Қазақмыс футбол клубы" —2006 жылы сәуірдің 27-сі күні "Қазақмыс футбол академиясы" жанынан құралған клуб.
2007 жылы тұңғыш рет Қазақстан бірінші Лигасында жеңімпаз атанып, Премьер Лигаға жолдама алды. Бірақ клуб қаржы жағдайына байланысты Премьер Лигада ойнай алмады. Ал 2008 жылы Бірінші Лигада қайтадан жеңімпаз атанып, 2009 жылы тұңғыш рет Премьер Лигада өнер көрсетті.
2011 жылдаң ортасында клуб жабылып қалды.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 1 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 2009 — 2:0 («Ертіс», Павлодар)
* 2009 — 2:0 («Қайсар», Қызылорда)
* 2009 — 2:0 («Қызылжар», Петропавл)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 2009 — 0:5 («Тобыл», Қостанай)
* 2009 — 0:5 («Тараз», Тараз)
## Ойыншылар
### Негізгі құрам
### Қосалқы құрам
## Қазақмыс футбол академиясы
Қазақмыс футбол академиясы 2006 жылы 30-шы сәуір күні Сәтбаев қаласының Қазақмыс Спорт сауықтыру кешенінде құрылды. "Қазақмыс" ФА бас жаттықтырушысы болып Бразилиядан келген маман Дуилио Диас Джуниор болып тағайындалды. жәнеде Бразилиядан тағы басқа мамандар келді. "Қазақмыс" ФА-да Сәтбаев пен Жезқазған қаласынан келген 500 жасөспірімдер жаттықты. Жасөспірімдер командасы Қазақстанның, облыстың және қала чемпионаттырында жақсы өнер көрсетті.
2007жылы Қазақмыс Спорт сауықтыру кешенінде "Қазақмыс" футбол академиясы" ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін "Coca Сola Былғары доп" Республикалық турнирі өткізілді.
2007 жылы тамыз айында "Қазақмыс" "Ливерпуль" (Англия) футбол академиясы ұйымдастыруымен Грузияның Салоники қаласында өткен 1993 жылы туған жас өрендер арасындағы "Liverpool dream" турниріне қатысты. Сәтбаев қаласының жас өрендері сол турнирде 2-ші орынға қол жеткізді.
Жыл сайын "Қазақмыс" ФА-да Қазақстанның футбол федерациясының жасөспірімдер жарыстарының күнтiзбелiк жоспарына енгiзiлген "Күзгі демалыс" және "Қысқы демелыс" атты халықаралық турнирлер өткізіледі.
2007 жылы "Қазақмыс" ЖШС корпорациясы көмегімен "Қазақмыс" ФА-ның 300-дей жас өрендері бірнеше турнирлерге қатысты. Соның ішінде: "Coca Сola Былғары доп"(3 жас шамасына байланысты топтар), Г.А.Козельконы еске түсіруге арналған халықаралық турниры, Д.А.Қонаевты еске түсіруге арналған Республикалық турниры және т.б.
2008 жылы "Қысқы демелыс-2008" турниріне Ресей, Қырғызстан және Қазақстан командалары қатысып 1994 жылғы "Қазақмыс" командасы Алға (Бішкек)командасын алға жіберіп 2-ші орын алды
Тағы айта кетерлік жайт: "Қазақмыс" Қазақстан Чемпионатындағы барлық жас шамаларына байланысты топтарда өнер көрсетеді.
### Ең көп ойын өткізгендер
116-Гейсар Алекперзаде111-Федор Симиниди
### Ең көп доп соққан
93-Гейсар Алекперзаде
## Жетістіктері
* Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (2): 2006, 2007
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 15 қарашаның 2010 жылы. |
ЦСКА Алматы футбол клубы — Қазақстан екінші Лигасында ойнайтын, бірнеше рет таратылып, бірнеше рет қайта құрылған Қазақстан футбол клубы. Клуб 1992 жылы құрылды.
## Тарихы
1992 жылы бір маусым премьер лигада ойнады.
1998 жылы "Қайрат" клубының базасында "Қайрат-ЦСКА" деген атаумен қайта құрылды да, "Қайрат" клубы екіге бөлінуге мәжбүр болды. Бір бөлігі "Қайрат" деп аталды да, екінші бөлігі ЦСКА-Қайрат деп аталды. "Қайрат" бірінші лигаға түсіп кетті де, ЦСКА-Қайрат жоғары лигада қалды.
2002 жылы бір маусым "ЦСКА-Жігер" деген атаумен ойнады.
2008 жылы ЦСКА деген атаумен тағы да қайтадан құрылды. 2010-13 жылдары бірінші лигада тек соңғы орындарда жүрді.
2016 жылы клуб жабылды. 2018 жылы қайта құрылып, екінші лигада ойнай бастады. 2018 жылы Қазақстан екінші лигасында алтыншы орынға табан тіреді.
Қазіргі бас бапкері — танымал футболшы, кезінде осы клубта ойнаған Асқат Қадірқұлов.
Кезінде құрамында Дмитрий Бяков, Ренат Абдулин, Әли Әлиев, Вячеслав Богатырев, Серік Жейлітбаев, Александр Кучма, Қайрат Нұрдәулетов, Рафаэль Уразхбахтин, Руслан Балтиев секілді ұлттық құрамада доп тепкен футболшылар ойнады.
## Сілтемелер
* Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы. |
Абу Абдулла Мәлик ибн Анас ибн Мәлик ибн Әби Ғамир ибн Ғамр Ибнул-Харис ибн Ғайман ибн Хусаиль ибн Ғамр ибнуль-Хаарис қысқаша аты Имам Абу Абдулла Мәлик бин Анас (Арабша الإمام أبو عبد الله مالك بن أنس الأصبحي الحميري) (c. 711 – 795) (93 Хижра – 179) немесе Имам Мәлик, "ШейхулИслам". Мәлик бин Анас Исламның фиқһ ғұламасы. Имам Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафи'и Имам Мәлик жайлы "егер де мен ғұламаларды есіме алсам, Мәлик олардың жұлдызы еді.".
## Биография
Мәлик ибн Әнәс ибн Малик ибн Әбу ‘Амр әл-Әсбәхи әл-Химйәри. Х.ж. 93 жылы дүние келіп, х.ж. 179 жылы дүниеден озды. Ол табиғиндердің алғашқы өкілдерінен болып табылады. Ол дінде имам және аһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның ұлы ғалымы болды. Ол Мәдинада өмір сүрді, сондықтан оны «имам Дәрул-хиджра» (пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалар көшкен жердің имамы) деп атайтын.
Хафиз Ибн Хәджәр имам Мәликке мынадай мінездеме береді: “Ол – Дәрул-хиджраның имамы, білімі ең толық ғалымдардың ішіндегі бастысы және сенімді жеткізушілердің ұлысы”.
Имам Мәликтің діндегі білімі мен басқа ғалымдар ол туралы қандай пікірде болғанын білу үшін имам әл-Бухариден «кімнің иснады ең анық, әрі сенімді деп есептеуге болады» деп сұраған кезде, ол: “Ең жақсы иснад - бұл Мәлик хадисті Нәфи’тен, ал ол – Ибн ‘Умардан, ал ол – пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткізгені”, – деп жауап бергенін еске алсақ болады. Ал оның дінге берілгендігі мен Сүннетті қайта тірілткені туралы сөздер аз айтылмаған. Мысалы, имам Мәлик хадис жеткізу үшін сабаққа шыққанда, ең алдымен дәрет алып, ең жақсы аппақ киімін киіп, басына бас киім киіп шығатын болған. Неге бұлай істейді деп сұрақ қойылғанда, ол былай жауап берді: “Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзіне құрмет көрсетемін”.
Имам Мәликтің бұрынғы шәкірті болған имам әш-Шәфи’и былай дейді: “Табиғиндердің кезінде Мәлик Аллаһтың адамдарға қарсы дәлелі еді”.
Имам ән-Нәсаи айтады: “Менің ойымша, табиғиндерден кейін өмір сүргендердің ішінде Мәликтен асқан ізгі, құрметті, сенімді, әрі хадисте сенімге лайық ешкім жоқ”.
Ал имам Мәлик өзі туралы былай дейтін: “Жетпістен астап ғалым маған фәтуә беруге куәлік етпегенше, фәтуә берген жоқпын”.
Ғалымдардың сөздері имам әл-Миззидің «Тахзиб әл-кәмәл» мен Хафиз Ибн Хәджәрдың «Тахзиб әт-тахзиб» 10/451 кітаптарынан алынды.
### Оқытушылары
Мәлик бин Әнәстің Медине қаласында тұруы оған Ислам оқымыстыларының еңбектеріне қол жетімді болды.
### Хабарлауыш тізбегі
Имам әл-Бұһари Имам Мәліктің хадистерін жеткізген тізбекті Силсилат ул-Жаһаб деп атайды. Бұл тізбектің құрамына Имам Мәлік, Имам Мәлік Нафиғтан, ол ибн Омардан, ал ибн Омар Қасиетті Мұхаммед (с.ғ.с.-Аллаһның оған сәлемі мен игілігі болсын) пайғамбардан естіді.
## Өлімі
Имам Мәлик Хижраның 86 жылы Медине қаласында дүниеден өтті
## Еңбектері
* әл-Муатта
* әл-Мудаууана әл-Кубра
## Сілттемелер
## Сыртқы сілттемелер
* Имам Мәликтің өмірбаяны
* Имам Мәликтің биографиясы Мұрағатталған 3 мамырдың 2007 жылы.
* Имам Мәликтің толық өмірбаяны Мұрағатталған 9 маусымның 2011 жылы.
* әл-Муатта Имам Мәлик
* Норвич мұсылмандары
* (франц.) Имам Мәлик ибн Ана (at-tawhid.net) |
Жамбыл футбол клубы — Тараз қаласындағы Қазақстанның футбол клубы. 2002 жылы құрылып, 2008 жылы жабылып қалған.
2009 жылы ОСШИОСД Тараз деген атаумен басқа клуб боп қайта құрылды.
## Жетістіктері
* Қазақстан бірінші лигасының күміс жүлдегері: 2004 |
Ақтөбе-Жас футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында, ойнаған Қазақстан футбол клубы. Премьер Лигада өнер көрсетіп көрген жоқ. Ең жоғарғы орны - 4 орын 2007 жылы.
2019 жылы "Ақтөбе" бірінші лигаға түсіп кеткен соң таратылды.
## Сілтемелер
* Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы. |
Динамо футбол клубы — Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған.
## Қысқаша тарихы
Шымкенттегі Кеңес одағы дәуірінде құрылған спорт ұйымдарының бірі. 50-жылдары бір рет Қазақ КСР турнирлеріне қатысты. Тәуелсіздік жылдары бір рет қана 1999 жылы Қазақстан бірінші лигасына қатысып, жоғары топқа жолдама алды. Бірақ сол жылдан соң ешқандай турнирге қатыспады.
## Стадиондары
1999 жылғы турнир тек Шымкент пен Сайрамда өткізілгендіктен, "Динамоның" нақты қай стадионды өз алаңы санағаны белгісіз. Ойындарды көбіне Сайрамдағы "Ремонтник" стадионында өткізген. Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында тек бір кездесу ғана өткізді.
## Жетістіктері
* Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (1): 1999
## Дереккөздер |
Ұлытау футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 3 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
## Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
### Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 4:1 («Намыс», Алматы)
* 1993 — 3:0 («Көкше», Көкшетау)
### Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 1:10 («Болат-АМТ», Теміртау)
## Клуб атауларының тарихы
* «Еңбек» (1967-1974)
* «Горняк» (1975-1979)
* «Джезказганец» (1980-1990)
* «Металлург» (1991)
* «Металлист» (1992)
* «Еңбек» (1993-1996)
* «Ұлытау» (1997) |
Айжарық футбол клубы — Шымкент қаласындағы футбол клубы.
2008 жылы құрылып, Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсетті. 26 кездесуден 29 ұпай жинап, 14 клубтың ішінде 13-орын алды. Келесі жылы да 24 ұпаймен 13-орында қалды.
2009 жылғы маусымнан соң жабылып қалды.
## Сілтемелер
* Клубтың статистикасы |
Тұран футбол клубы — Түркістан қаласындағы футбол клубы. 2003 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын 2021 жылдан бастап "Түркістан Аренада" өткізеді, сыйымдылығы 7000 адам.
## Тарихы
### Маусымдар
2003 жылы "Қостүйін" деген атаумен бірінші лигаға қатысып, 20 ойынның бесеуінде жеңіске жетті де, бір кездесуді тең аяқтап, қалғандарында жеңіліп қалды.
2004 жылы "Арыс" деген атаумен ойнап, бірінші лиганың "Оңтүстік-Батыс" аймағында соңғы орында қалды.
2019 жылы команда қайта бас қосты да, Екінші лига мен Қазақстан кубогына қатысты. Кубок ойындарында алғашқы раундта төрт команданың ішінде үшінші орын алып, келесі сатыға шыға алмады.
2020 жылы Қазақстан бірінші лигасының оңтүстік аймағында екінші орын алды. 2021 жылы Премьер лига клубтарының саны 14-ке дейін көбейтіліп, клуб өз тарихында тұңғыш рет элитада ойнайтын болды.
2021 жылы атауы "Тұран" деп өзгертілді де, базасы Түркістанға көшірілді.
### Атаулары
* Қостүйін (2003)
* Арыс (2004—2020)
* Тұран (2021—қазірге дейін)
## Атақты ойыншылары
* Артем Белошапка
* Азат Нұрғалиев
* Таңат Нөсербаев
* Мардан Төлебек
* Ермек Қуантаев
* Олжас Керімжанов
* Тони Силва
* Максим Федин
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 10 маусымның 2022 жылы. |
Ақсу футбол клубы — Степногорск қаласындағы футбол клубы. 1968 жылы құрылды. КСРО және Қазақстан чемпионаттарына қатысты.
## Тарихы
1980-81 жылдары КСРО чемпионатының екінші лигасына қатысты да, команда 1997 жылға дейін бас қоспады. 1997 жылы базасы Шортандыға көшіріліп, "Автомобилист" деген атаумен жоғары лигада ойнады.
1997 жылдың соңында "Химик" боп қайта өзгертілді де, Степногорскіге оралды. 1998, 1999 жылдары екі маусым қатарынан Қазақстан чемпионатының жоғары лигасында өнер көрсетті.
2003 жылы қайта құрылды да, бірінші лигада ойнай бастады. 2003 жылы Солтүстік-Батыс аймағында жеңімпаз атанды.
2008 жылы қалалық әкім клубты қаржыландырудан бас артты да, команда түпкілікті жабылып қалды.
## Клуб атауларының тарихы
* «Арай» (1968)
* «Химик» (1969-1998)
* «Автомобилист» Шортанды (1996—1997)
* «Ақмола» (1999)
* «Химик» (2003-2005)
* «Ақсу» (2006-2007)
## Жетістіктері
* Бірінші лига жеңімпазы (Солтүстік-батыс аймағы): 2003
## Дереккөздер |
Горняк футбол клубы —Қазақстанның футбол клубы, Сәтбаев қаласынан. 1990 жылдардағы нарық заманында жабылып қалған.
## Тарихы
### КСРО Чемпионаттарында
Клуб 1966 жылы "Горняк Никольск" деген атпен құрылды.
1966 жылы "Горняк Жезқазған" деген атаумен Қазақ КСР чемпионатына қатысты.
1978-88 жылдар аралғында ешқандай ресми турнирге қатыспады.
1988-89 жылдары Қазақ КСР кубогына қатысты.
### Тәуелсіздік жылдары
Тәуелсіздік жылдары бір рет Қазақстан кубогына, "Горняк-Атлант" деген атпен қатысып, 1/16 финалда "Восток" клубынан ұтылып қалды — 1:2.
1992 жылы әуесқойлар лигасына (бірінші лиганың аналогы) қатысты.
Соңғы рет 1995 жылы Қазақстан бірінші лигасына қатысып, "Орталық" аймақта төрт команданың арасында соңғы орында қалды. Алты кездесуден бір ғана ұпай еншіледі.
## Сілтемелер
http://footballfacts.ru/clubs/120574-gornyakatlant-satpaev#tab114_120574r |
Динамо футбол клубы — 1937 жылы құрылған Алматыдағы футбол клубы. 1993 жылы жабылып қалды.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
1936 жылы құрылды. Қазақ КСР кубогы мен чемпионаттарына қатысып жүрді де, 1954 жылы клубтың базасында "Қайрат" командасы құрылған соң "Динамо" атауы тіпті ауызға алынбады.
1993 жылы баяғы "Динамоның" ізбасары ретінде қайта құрылды да, бір маусымды (1993) жоғарғы дивизионда өткізді. 1993 жылдың соңында түпкілікті жабылды.
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 6:1 («Спартак», Семей)
* 1993 — 5:0 («Талдықорған», Талдықорған)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 3:0 («Батыр», Екібастұз)
* 1993 — 4:1 («Аңсат», Павлодар)
* 1993 — 4:1 («Зенит», Көкшетау) |
Достық футбол клубы — Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
1993 жылы құрылған. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 1 сезонды жоғарғы дивизионда өткізді. Сол жылы-ақ тарап кетті. Құрамында Владимир Никитенко, Дмитрий Огай, Вахид Масудов, Юрий Коньков, Сергей Пасько, Асқар Қожабергенов секілді атақты футболшылар ойнады.
### Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 8:0 («Талдықорған», Талдықорған)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1993 — 1:5 («Химик», Қостанай)
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогының жеңімпазы (1): 1993 |
Ақжайық U-21 — Орал қаласындағы футбол клубы. Клуб 2007 жылы жабылды да, 2016 жылы "Ақжайық U-21" деген атаумен қайта құрылды.
## Қазақстан чемпионаттарында
2004-07 жылдары Қазақстан бірінші лигасында ойнады.
2004 жылы "Ақжайық-2" деген атаумен Оңтүстік-Батыс аймағында 9-шы орынға табан тіреді. Келесі жылы атауы "Жастар" деп өзгертілді. Ол маусымда 10-шы орынға табан тіреді, Ал 2006 жылы соңғы орында қалды.
2007 жылы 11-орын алды.
2016 жылдан бастап екінші лигада ойнайды. 2018 жылғы маусымда соңғы орында қалды.
## Қазақстан кубогында
2007 жылғы Қазақстан кубогында бірінші кезеңде (1/16 финалда) өз жерлестері "Ақжайықтан" 0:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл матч 23 наурыз күні Шымкентте өтті.
## Атаулары
* 2004 — Ақжайық-2
* 2004-07 — Жастар
* 2016 — Ақжайық U-21 |
Қайрат Ж футбол клубы — 1999 жылы "Қайрат" клубының екінші командасы ретінде құрылды.
## Тарихы
2003-2007 жылдары бірінші лигада ойнады. 2005 жылы үшінші орынға табан тіреді.
2016 жылдан бері "Қайраттың" үшінші командасы ретінде екінші лигада ойнайды. 2016 жылы екінші лига жеңімпазы атанды. 2017 жылы екінші орын алды. 2018 жылы төртінші орынға ие болды.
## Клуб атауларының тарихы
* 1999—2003 — «Қайрат-2»
* 2004—2007 — «Железнодорожник»
* 2007 — «Қайрат спортакадемиясы»
* 2008—2015 — «Қайрат-дубль»
* 2016 — «Қайрат U-21»
* 2017 — «Қайрат Ж»
## Жетістіктері
* Екінші лига жеңімпазы: 2016, 2017
## Құрамы
2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша
## Сілтемелер |
Қайсар-Жас футбол клубы — Қазақстан чемпионаттарында сынға түскен қызылордалық футбол клубы. 2002 жылы құрылып, 2007 жылы клуб жабылып қалған.
2014 жылы "Байқоңыр" футбол клубы құрылды. Ол "Қайсар-Жастың" ізбасары ретінде саналады. |
Қарабастау футбол клубы — 2003 жылы құрылған Шымкент қаласындағы футбол клубы. 2004 жылы жабылып қалды.
## Тарихы
Ерекшелігі сол, кәсіпқой клуб мәртебесін алғанымен клуб өз тарихында Қазақстандағы кәсіпқой деңгейдегі турнирлерде бір ойын да өткізбеген. 2003 жылы Қазақстан чемпионатына қатысатын болғанымен, кейін бас тартты.
### Қазақстан кубогында
2003 жылы Қазақстан кубогына қатысуға ниет білдірді. 1/16 финалда "Ақтөбе-Ленто" клубымен ойнауы тиіс еді. Бірақ 2003 жылы 5 мамыр күні Шымкентте өтетін матчқа қатысудан өздері бас тартты да, бұларға техникалық жеңіліс жазылды.
2004 жылы ешқандай жарысқа қатыспастан тарап кетті.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
Профилі Мұрағатталған 22 сәуірдің 2019 жылы. |
БГС Ақсай футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Базасы Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданы, Ақсай қаласында. 2002 жылы ресми түрде жабылып қалған. Кейінгі жылдары футзал қауымдастығына тіркелді.
## Тарихы
1993 жылы "Қарашығанақ" деген атпен Қазақстан чемпионатының жоғары лигасына қатысты. 1994 жылы бірінші лигаға түсіп қалды да, 2002 жылға дейін ешқандай турнирге қатыспады.
2002 жылы БГС Ақсай деген атаумен екінші лиганың "Батыс" аймағында ойнап, соңғы орында қалды. Команда содан соң кәсіпқой лигаларда бас қоспады.
2017 жылы Ақсай қаласының футбол чемпионатына және Батыс Қазақстан облысының футзал турниріне қатысты.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 1 маусымды жоғарғы дивизионда өткізді.
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі
Қазақстан чемпионаты:
* 1992 — 4:1 («Қайсар», Қызылорда)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты:
* 1992 — 1:7 («СКИФ-Ордабасы», Шымкент)
### Клуб атауларының тарихы
* «Қарашығанақ» (1992-1994)
* «БГС Ақсай» (1994-2002) |
2003 жылы Шымкентте құрылған "Ақсу" футбол клубымен шатастырмаңыздар
Ақсу футбол клубы — Түркістан облысының Ақсукент елді мекеніндегі футбол командасы. 1994-1995 жылдары Қазақстан футбол біріншіліктерінде ойнаған.
## Тарихы
### Қазақстан чемпионатында
1992 жылы "Торпедо" деген атпен құрылды. 1992 жылы Қазақстан әуесқой лигасына қатысып, бірінші кезеңнен аса алмады, "Оңтүстік аймақта" төртінші орында қалды. Келесі жылы да осы лигада осы аймақта ойнап, бірінші орын алды. Бірақ финалдық кезеңде бірінші топтық турнирден өте алмай, бесінші орынға табан тіреді.
1994 жылы Қазақстан чемпионатының бірінші лигасына қатысуға мүмкіндік алды. 1994-95 жылдары екі маусым қатарынан бірінші лигада ойнады. 1995 жылы "Шығыс" аймағында ойнап, алты матчтың үшеуіне ғана қатысты. Қалған ойындарда "Ақсуға" техникалық жеңіліс жазылды да, төрт клубтың ішінде соңғы орында қалды.
### Қазақстан кубогы
1994 жылы бірінші айналымда "Шахтермен" ойнауы тиіс еді. Бірақ матч өткізілмей, "Ақсуға" жеңіліс жазылды.
## Футболшылары |
Атырау U-21 — 2003-07 жылдары Қазақстан бірінші лигасының чемпионаттарында ойнаған Атыраудағы футбол клубы.
## Тарихы
2002 жылы құрылды да, 2003 жылы Қазақстан бірінші лигасына қатысты. Оңтүстік-Батыс аймақта бесінші орынға табан тіреді. 2004 жылы да дәл осы аймақта дәл осы орында қалды. Команда футболшысы Бейбіт Тәтішев 15 голмен лиганың үздік мергені атанды.
2005 жылы сегізінші орынға, 2006 жылы тоғызыншы орынға түсіп кетті. 2007 жылы соңғы рет қатысып, 12 орында қалды.
2016 жылы "Атырау U-21" деген атаумен қайта құрылды. Клуб 2016 жылдан бері Қазақстанның екінші лигасындай ойнап келеді.
## Сілтемелер
* http://footballfacts.ru/clubs/518480-munajly-atyrau |
Жетісу U-21 (Жетісу жастар футбол клубы) — 1997 жылы құрылған "Жетісу" футбол командасының фарм-клубы клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Жетісу" резервті стаионында өткізеді.
## Тарихы
1997 жылы "Жетісу Промсервисхолдинг" деген атаумен құрылып, екі жыл қатарынан бірінші лигада ойнады. 2007 жылға дейін "Жетісу-2", "Көксу" деген атаулармен бірінші лигада және Қазақстан кубоктерінде сынға түсті.
2016 жылы "Жетісу-21" деген атпен қайта футбол сахнасына шықты да, екінші лигада ойнап келеді.
## Атаулары
* 1997-1998 — Жетісу Промсервис холдинг
* 2004-2006 — Жетісу-2
* 2006 — Көксу
* 2007 — Жетісу-2
* 2016 — Жетісу U-21
## Сілтемелер
* Футболшылары |
Subsets and Splits